№4 пк 2016

Page 49

МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ

мектептерінде пайда болған. Кейс-стади амалтәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіген, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. салаларда жемісті қолданылуда. Осыған орай мен тарих және мәдениеттану пәндерінде бұл технологияларды былайша жүзеге асырдым: Кейс амал-тәсілі бойынша төмендегі функциялар: — Мұғалім бағыт-бағдар беруші; — Студенттер бірнеше микротоптарға бөлінуі; — Көшбасшы әр топтың жетекшісінің басшылығы; — Дерек көзі тақырыпқа байланысты материалдарды алдын-ала студенттердің өздері ізденіп, тауып келуі. Жағдаяттарға байланысты пікірсайыстар ұйымдастырылады: — Мұғалім студентке қарсы сұрақ қояды. — Мұғалім студенттен өзінің тапсырма туралы болжамын сұрайды. — Студент рөлдік ойындарды көрсетеді. — Микротоптар немесе топ жетекшілерінің пікірталасы Кейс біріңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш бөлімнен тұрады: 1. Кейс дайындау бөлімі жаңа тақырып бойынша студенттердің қосымша деректі өздері дайындап келуі (слайд көрсетілімдері, қосымша деректі материалдар); 2. Нақты жағдаяттар бөлімі сөйлеу, сөз саптау, білімді жетілдіру үшін топтардың қақтығысын тудыру; 3. Кейске кіретін қосымша тапсырмалар мұғалімнің немесе жалпы топтардың алмакезек сұрақ-жауап кезеңі. Кейс технологиясын қолдана отырып «Қазақ тілі және әдебиет» бөлімінің студенттерімен өткізген сабағымнан мысал келтіре кетейін. Сабағымыздың жалпы мақсаты: • Кейс амал – тәсілін пайдалана отырып, жаңа сабағымыздың тақырыбын ашып, оны

жан – жақты талдап, ой туындататын сұрақтарға жауап іздеп, салыстырмалы түрде қарастырып, шешімдер қабылдау; • Мәселені шешу жолындағы берілген өмір тарихын баяндайтын материалдарға сілтеме жасау. Аудиторияны алты адамнан тұратын бес микротопқа бөлдім. Әр топтың жетекшісі бар және сырттан бақылаушы (сарапшы) сайланды. Топқа берілген тақырып Түркі жазуы мен әдебиеті. Әр топта талқыланатын тапсырма тақырыптары төмендегідей: І бөлім. Саяси тарихқа шолу 1-сұрақ Түрік қағанаты қалай құрылды? 2-сұрақ Түріктер кімдердің тікелей ұрпағы болып саналады? 3-сұрақ Түркі тілдес тайпаларды ата. 4-сұрақ Егер түрік деген атау V-VI ғ.ғ. пайда болса, не себептен одан арғы дәуірлердегі тайпаларға түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз? 5-сұрақ Түріктер тарих сахнасына нені ала шықты оған мысал келтір? ІІ бөлім. Тарихи диктант 1. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі 2. Көне түркі ескерткішінің жанры 3. Көне түркі ескерткішінің көркемдік ерекшелігі, әдеби сипаты 4. Көне түркі ескерткіштері және қазақ эпосы 5. Күлтегін ескерткішіне сипаттама ІІІ бөлім. Жалпы топтарға қойылатын ортақ сұрақ а) Көбінесе көне түркі ескерткіштері шетел ғалымдары түсіне бермейтін түркі өлеңінің үлгісі ақ өлең өлшеміндегі ұйқасқа негізделген. Ақ өлең дегенімізге түсінік бер және қазіргі уақытта кімнің өлеңдері ақ өлеңге келеді? б) Шығарма авторы белгісіз болса (Иоллых тегін болса) да, онда қолданған көріктеу құралдары, көркемдік тәсілдер, сол кезеңге тән. Бұл ненің дәлелі деуге болады? в) Өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында суреттейді, көркемдеп, әсірелеп жеткізіп отырады. Мысалы: г) Ескерткіште халық даналығы, халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілері жетілдіріліп, орнымен пайдаланылған. Мысалы:

48


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.