Page 2

DIDAR

2

Qoǵam

№8 (17709) 22 қаңтар ӨҢІРЛІК ДАМУ

Таза су тапшы болмайды

(Соңы. Басы 1-бетте) Ауданның жаңашыл бастамасын өзге аудандар да енгізе бастады. Ұңғыма үстінен павильон салу әдісі өте тиімді екенін уақыт дәлелдеп берді. Аудан орталығынан 200 шақырым жердегі Үштөбе, Сарыөлең, Жаңаталап ауылдары осы тәсілдің арқасында ауызсудың қызығын көріп отыр. Жыл соңына дейін тағы осындай төрт шағын елді мекенде ұңғыма үстінен қазылатын павильон пайдаланылуға беріледі. Тарбағатай ауданы.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Әлеуметтік тапсырыстарды орындауда озып тұр (Соңы. Басы 1-бетте) Көбісі тым биік әрі мүгедектер арбасына қолайсыз ені тар немесе кең болып кеткен. Сонымен бірге өңірдің ірі қалаларындағы қоғамдық көліктерде де арбаға таңылған мүгедектерге мүмкіндіктер қарастырылмаған, арнайы көтергіштер жоқ. Сонымен бірге алдағы уақытта инватаксилердің де санын арттыру қажет. Бұл жөнінде облыстық қоғамдық кеңес жанындағы мүгедектер ісі бойынша сараптау жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева мәлім етті. Жиында мұнан бөлек, Алтай ауданында өткен жылы еңбек ресурстарын жұмылдыруды арттыру бойынша атқарылған іс-шаралардың да есебі тыңдалып, ол жөнінде аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мәлім етті. Сондай-ақ жиында 2018 жылы халыққа көрсеткен сапалы қызметтерімен үздік деп танылған қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері марапатталды.

РЕЙД

Мұз үстінде сақ болуға шақырады Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Әдеттегідей қыс айларында балық аулайтындар саны еселеп артады. Алайда олардың көпшілігі қақаған аязда мұз басқан өзенкөлдерден балық аулау қаншалықты қауіпті екенін біле бермейді. Мамандардың айтуынша, қалыңдығы бес сантиметрлік мұз тек бір адамды ғана көтере алады екен. Ал сегіз сантиметрлік мұз қатар тұрған екі адамды, 12 сантиметрлік мұз жеті адамды көтере алады, дейді құтқарушылар. Осыған орай Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, №2 құтқарушылар отряды мен Шығыс өңірлік аэроұтқыр жеделқұтқару жасағының жетінші бөлімі Ертіс өзеніне, сондай-ақ Шүлбі су қоймасына жалпы саны 31 рейд жүргізіпті. Демалыс және мереке күндері құтқарушылар 89 балықшыға ескертпе қағаздарын таратып, ақыл-кеңестерін берген-ді. – Мұз үстіне балық аулауға күндіз ғана шығу керектігін ұмытып кететіндер бар, – дейді Семей қалалық ТЖ басқармасының бас маманы Айгүл Мирсайытова. – Мұз айдынына балық аулауға келген адамдар бір-бірінен кем дегенде 5-6 метр алшақтықта отырулары тиіс. Қар жауғанда, жел тұрғанда, қатты аяз кезінде балықшылар брезенттен, қалың материалдан, пленкадан күрке жасап отырады. Бұл дұрыс, десек те кейбір балықшылардың сол шағын лашықтың ішін құрғақ спирт, майшам немесе от жағып жылытуға тырысуы әсте қате. Мұндайда түтін шығатын жолдың жоқтығынан адамның улы газға тұншығып қалу қаупі жоғары. Сондай-ақ рейдтер барысында мұзға көліктерімен шығып кететіндерге де ескерту жасаудамыз. Семей.

ОҚИҒА

Жоғалып кеткен Айнұрды іздеп жатыр

Жарма ауданының Қалбатау ауылында жұмысына кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 1988 жылы туған қыз іздестіріліп жатыр.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Биылғы додаға 10 елдің мықтылары қатысты

(Соңы. Басы 1-бетте) – Бұл жарыстың мән-мағынасы айрықша зор. Өйткені оған қатысушылар өзара мықтыны анықтап қана қоймай, тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы доданың жастарға да берері мол. Осымен бесінші рет жалауын желбіреткен жарыстың деңгейі де жыл өткен сайын арта түсуде. Бұған өзіміздің саңлақтармен қатар, өзге мемлекеттерден арнайы ат арытып келген атлеттер де септіктерін тигізуде. Сол үшін бүгінгі турнирге жиналған барлық спортшыға алғыс айтқым келеді. Осындай жарыстарда жақсы нәтижелер көрсеткен жас жеңілатлеттер болашақта даңқты жерлесіміз Ольга Рыпакованың жетістіктерін қайталап, Олимп шыңын бағындырады деп үміттенемін, – деді аймақ басшысы жарыстың ашылу салтанатында. Облыс әкімінің ізгі тілегіне үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да қосылды. – Бұл бәсеке – жас спортшылардың шыңдалар ортасы. Бүгінгі жарысқа қатысып отырған атлеттердің ішінен болашақта әйгілі саңлақтар, Әлем және Олимпиада чемпиондары шығатынына кәміл сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! – деді О.Рыпакова. Айта кетейік, биылғы турнирге Армения, Беларусь, Грузия, Кения, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия мен Украинадан жалпы саны 100-ден астам спортшы қатысып, 60, 400, 800 және үш мың метрге жүгіру, сырықпен

Тілеубек Шаяхмет секіру, биіктікке, сондай-ақ ұзындыққа секіру, эстафета сияқты спорт түрлерінен сынға түсті. Биылғы додада жарыстың бес бірдей рекорды жаңарды. Атап айтсақ, ерлер арасындағы 60 метрге жүгіру сайысында украиналық Сергий Смелик, үш мың метрге жүгіруде еліміздің кениялық легионері Шэдрак Коеч, кедергілері бар 60 метрлік қашықтыққа жүгіруде украиналық Богдан Чорномаз, үш қарғып секіруде армениялық Левон Агасян мен биіктікке секіруде өзбек аруы Сафина Садуллаева жаңа рекордтардың авторы атанды. Жарыста шығысқазақстандық

жеңілатлеттердің де қанжығасы майланды. Турнир қорытындысы бойынша жерлестеріміз екі алтын, бір күміс және бір қола медаль еншіледі. Тағы бір айта кетер жайт, биылғы бәсеке аясында «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының қолдауымен балалар арасындағы «Kids cup» жарысы да өткізіліп, жүлдеге іліккен балақайлар естелік сыйлықтармен марапатталған-ды. Ал мерейтойлық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғаш рет арнайы тапсырыс бойынша жасалған медальдар табыс етілгенін айтқан абзал.

БАҒА

Қымбатшылыққа жол бермейді

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ Қалбатауда аудандық мәслихат депутаттары және өңірлік кәсіпкерлер палатасынан құрылған арнайы жұмыс тобы азық-түлік сататын бірқатар сауда орындарын, сондай-ақ муниципалды базарды аралады. Мұндағы мақсат - күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, ет және сүт өнімдерінің бағасымен танысып, негізсіз қымбатшылыққа жол бермеу.

Өңір кәсіпкерлері көтерме бағадан 10 пайыз асырмау жөніндегі келісімге келіп, өз міндеттерін атқарып келеді. Жасақталған жұмыс тобы осы келісімнің қаншалықты орындалып жатқанына ерекше мән берді. Оның құрамында аудандық

мәслихат хатшысы Айгүл Сахметжанова, аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Мейірхан Оспанбаев, аудандық мәслихат депутаты Айгерім Балабаева және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы

аудандық филиалының директоры Дастан Мұхаев болды. Олар әуелі аудан орталығындағы муниципалды базарға ат басын тіреді. Бұл сауда орны ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа еш делдалсыз ұсынуға негізделген. Сондықтан да мұндағы баға тұрғындар үшін тиімді болуы міндетті. Аталмыш базардағы ет өнімдерінің келісі 1500-1600 теңгенің шамасында. Тартылған ет 1800-2000 теңгенің көлемінде. Сауда нысаны халық сұранысын қамтуға қауқарлы. Әйтсе де сатушылардың да айтар уәждері жоқ емес. Анықталғандай, базар ғимараты қыста суық әрі есік-терезелері әбден тозып ескірген. Ғимаратқа жөндеу жүргізіліп, жылу жүйесі реттелсе, келушілердің саны артатынына сенімді. Осы жұмыстар қолға алынса деген ниеттерін жеткізді. Депутаттар бұл проблеманың бұрыннан көтеріліп келе жатқанын жасырмады. Мәселені шешу жолдары жергілікті әкімдікпен бірге қарастырылатынын тілге тиек етті. Сол сияқты жұмыс тобы «Назерке», «Кәмшат» және «Ай» дүкендеріне де аялдап, әлеуметтік өнімдердің бағасын саралады. Сауда нысандарының басшылары бағаның тұрақты ұсталып тұрғанын алға тартты. Тіпті кей өнімдерге тиісті 10 пайыздық көтерме оның құнына жетпейтінін нақтылады. Десе де кәсіпкерлер өнімнің дені облыс орталығы, сол сияқты Семейдегі көтерме сауда орындарындағы бағаға тәуелді болып келетінін мәлім етті. Жарма ауданы.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды (Соңы. Басы 1-бетте) Мамандар қарлы боран туралы алғашқы сигнал 20 қаңтарда түнгі сағат үш шамасында түскенін айтады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, қар құрсауында барлығы 10 жолаушы автобусы, 143 жүк көлігі мен 78 жеңіл автомобильдің қалып қойғаны белгілі болды. – Көмекке Аягөз және Өскемен қалаларынан, сондай-ақ Қалбатау мен Үржардан арнайы техника шықты. Бір ғана Таскескен ауылына 312 адам эвакуацияланды. Олар аталмыш елді мекендегі ауруханаға, мектеп пен дәмханаларға, сондай-ақ ауыл тұрғындарының үйлеріне орналастырылды. Барлығы жататын орынмен және ыстық тамақпен қамтылды. 197 адам өз автокөліктері мен автобустарын тастап кетуден бас тартты. Олар үшін су, ыстық тамақ пен дизель отынын тасымалдау шаралары ұйымдастырылды, – деді басқарма басшысы. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыста аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды. Штабқа облыс

әкімінің орынбасары Серік Ақтанов жетекшілік етті. – 19 қаңтарда «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан аумағында желдің екпіні күшейетіні туралы хабарлаған болатын. Расында да, желдің қатты соққаны соншалық, оған қарсы автокөлік есігін ашу мүмкін емес еді. Қазір трассаның осы учаскесіндегі құтқару операциясы аяқталды, көліктер керуені Алматы мен Аягөзге қарай жол жүріп кетті. Дегенмен, трассаны тазалау жұмыстары жалғасуда, – дейді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Александр Ломыгин. Айта кетейік, жолаушыларды құтқару жұмыстарына «Қазавтожол» компаниясының, облыстық ТЖД мен Аягөз, Үржар аудандарының 40-тан астам техникасы, 100-ге жуық маманы жұмылдырылды. – Қалың қардың салдарынан тасжолдағы көлік қозғалысы алғашқыда бір бағытта ғана болды. Оқиға орнына арнайы техника келіп жеткеннен кейін ғана жолды жаппай кеңейту жұмыстары қолға алынды. Оған негізінен «Қазавтожол» компаниясының техникасы жұмылдырылды, – деп мағлұмат берді ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің

ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Мамандар қазір Алматы – Өскемен тасжолы бойындағы жағдай бірқалыпты екенін айтуда. Соған қарамастан, құтқарушылар жолға шыққан жолаушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керектігін тағы бір мәрте ескертеді. *** Өскемен – Алматы бағытындағы тасжолдың бойындағы «92-ші шақырым» деп аталатын бұрылыста қатты боранның кесірінен бір тәуліктен астам тұрып қалған 400-дей жолаушы құтқарылды. Қар құрсауында қалған жолаушыларды «Қазавтожол» мекемесі қар тазалайтын техникаларын жіберіп, құтқарып алды. Сондай-ақ Аягөз, Үржар ауданынан келген қар тазалағыш техникалардың арқасында жол азабын тартқан жандарға уақтылы көмек көрсетілді. Екі ауданның қар тазалағыш техникасы бір тәулік бойы байланыссыз қалған 100-ге жуық жолаушыны қардан аман-есен алып шықты. Нұржан Кенжеұлы, Берікхан Тайжігіт

Бағдарлама туралы ел хабардар болуы тиіс Ержан ӘБІШ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы бойынша өңірлік сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтіп, бағдарламаның орындалуы туралы есеп тыңдалды. Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында үйінен жұмысына қарай шығып кеткен. Алайда жұмыс орнына сол бойы жетпеген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Айнұрдың жоғалғаны туралы арыз аудандық полиция бөліміне 17 қаңтар күні ғана келіп түскен. – Үйден шығарда мектептен келген бауырына жұмысқа барып келем деп айтқан екен. Сол беті оралған жоқ. Келіп қалар деп екі күн бойы күтіп жүрдік. Айнұр отбасылы, үш баласы бар. Ажырасқан. Мектепте жұмыс істейді. Қазір қызымды полиция қызметкерлерімен бірге еріктілер де іздеп жатыр, – дейді Айнұрдың анасы. Жоғалған күні үйдегілер Айнұрды іздеп қайтақайта телефон шалғанымен, ешкім алмаған. Сағат түнгі 12-ге дейін телефоны қосулы болған. Оның хабар-ошарсыз кеткеніне сегіз күн болды. Айнұр Семсенова туралы қандай да ақпарат болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізді сұрайды: +7 747 349 57 17 немесе 102. Айнұрдың ерекше белгілері: бойы 165-170 сантиметр, бетінде үлкен меңі бар. Жоғалған күні үстіне қою көк түсті күртке мен бас киім, аяғына қара түсті етік киіп жүрген. Жамал Ермен

Өңірлік жобалық кеңсе басшысының міндетін атқарушы Серік Құсымбаев 2018 жылы бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп берді. – Жыл бойы атқарылған шаруалар өте көп, олардың сапасына мән беру керек. Іс-шараларға жас ғалымдарды көптеп тартқан жөн, – деді ол. Өткен жылы сенсациялық археологиялық жаңалықтар, халықаралық ғылыми конференциялар, өлкетану бойынша кітаптардың шығуы сияқты бірқатар айтулы оқиғалар болып, көптеген қызықты жобалар жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста республикалық тізімге енген 27 жоба және 18 кіші жоба іске асырылуда. Қазіргі кезде 27 жобаның 24-і жүзеге асырылудың келесі кезеңіне өткен. Өңірдегі үш жоғары оқу орны – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы СМУ республикалық тізімдегі жеті облыстық жобаны қолға алған. Негізгі жобалар жөнінде айтар болсақ, олар – «Шығыс Қазақстанның көне қазыналары», «Абай әлемі», «Арт заман», «Ертістің музыка әлемі», «Әдеби Шығыс», «Шығыс Қазақстанның інжу-маржандары», «Үштілділік білім беру», «Білікті маман» жобалары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына қазіргі кезде «Туған жер. Шығыс Қазақстан» интернет платформасы жан-жақты

талдау жүргізіп келеді. – Осы жылы бағдарлама шеңберінде түрлі саладағы жаңа жобалар іске асырылатын болады. Оның бірі – «Кәсіби-техникалық білім беруді дамыту» үшжылдық жобасы. Ол бойынша колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылады, жаңа мамандықтар ашылады, оқыту сапасы арттырылады, – деді өңірлік жобалық кеңсе басшысының міндетін атқарушы Серік Құсымбаев. Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жоба да үш жылға арналған. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін 1200 ұстаз дайындалады. 38 мектептің аумағында кедергісіз орта жасалып, 495 мектеп коррекциялық құрал-жабдықтармен, әдебиетпен жарақталады. Семей, Алтай, Шемонайха, Аягөз қалалары мен Тарбағатай ауданында психикалық-педагогикалық коррекция кабинеттері ашылады. Шағын мектептердің сапасын арттыруға арналған жоба да әзірленіпті. Оқушыларының саны 60-тан аспайтын 159 аз комплектілі мектепке талдау жүргізілген. «Еңбек жастары» жобасы аясында 22 мың жасты оқумен және еңбекпен қамту көзделуде. «Жігерлі жастар – ауылға» жобасы жастардың бастамаларын қолдауды, оларға кәсіпкерлікті үйретуді жоспарлап отыр. Облыстағы ауыл жас-

тары 98 мыңды құрайды, яғни жалпы өңірдегі жастардың 40%-ы. Сондай-ақ мүгедектер үшін «кедергісіз орта» жасауды жалғастыру үшін «Ақ жүрек» жобасы әзірленген. «Шығыс Қазақстанның көне қазыналары» жобасы жалғасады. Қазақстан халқы Ассамблеясы фольклорды зерттеу жөніндегі «Этностардың мәдени мұрасы» бағдарламасын ары қарай іске асыра бермек. «Ертіс музыкасы» жобасы бойынша «Ертіс концерт» филармониясы Қытай мен Ресейге гастрольмен шығады. «Арт Заман» жобасы аясында биыл тағы да суретшілер пленэрі, картиналар сатып алу жоспарланған. Кеңес отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит бағдарламаны іске асыру бойынша 2019 жылға арналған ісшаралар жоспарының жобасын ұсынды. «Зубр» әлеуметтік-корпоративтік қорының жетекшісі Юлия Натарова бағдарламаның тиімділігіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі туралы айтты. – Өкінішке қарай, бағдарлама туралы ел аз біледі. Әлеуметтік желілерді, өзге пиар технологияларды белсенді қолдану қажет. Бағдарламаның іске асырылу барысы, іс-шаралар халық арасында қызу талқыланып отыруы керек, – деді Ю.Натарова. Кеңес мүшелері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Ұлтты бастар – рухты жастар» және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «X, Y, Z буындарының университеті» жаңа жобаларын да қарады. Сарапшылар іс-шараларға тұрғындардың барлық топтарын қалай тарту жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Profile for dgazety

№ 8  

№ 8  

Profile for dgazety
Advertisement