Issuu on Google+

8

ТӨРТІНШІ БИЛІК

Нұрғожа ЖҰБАНОВ, Мәдениет қайраткері, Журналистер одағының мүшесі:

«ҚАРДЫҢ ДА КӨЛЕҢКЕСІ БАР»

– Алғаш түсірген туын­ дыңыз қашан жарық көрді? – Бірінші курста оқып жүрген кезім. Жаңа жыл қарсаңындағы шырша өтіп жатты. Сол кешке басқа ұстаздармен қатар Мұхтар Әуезов те келді. Жаңажылдық кеш­ті бастан-аяқ суретке түсірдім. Кейін, сол жолғы түсірген сурет­ терімнің бірі «Лениншіл жас» га­ зетіне басылды. ҚазМУ-дің бір топ ұстаздары, араларында Мұхтар Әуезов те бар. Осылайша, сту­ денттік жылдардан-ақ сурет түсіре бастадым. Екінші курстан бастап аудандық, облыстық газеттерге мақала жазып, суретін де өзім түсіретін болдым. – Фототілшілік еңбек жо­ лыңызды қай басылымнан бастадыңыз? – «Қазақстан әйелдері» жур­ налынан басталды. Сол сияқты, «Ұлан», «Шалқар» халықаралық газеттерінде, «Социалистік Қазақ­ стан», т.б басылымдарда істедім. Кеңес заманында іссапарға сұ­ ран­ғ ан журналистерді қолдау мық­ты еді. Маған шалғайда жат­ қан ауылға барып, көріп, сурет­ ке түсіріп, жазған ұнайтын. Бұл журналистикаға аса керек нәрсе. Барлығын өз көзіңмен көріп жаз­ ғандай болмайды. Орыстардың мынадай мақалы бар «қасқырды аяғы асырайды» деген. Сол секіл­ ді журналисті де аяғы асырайды. Бірақ, қазір бәрі басқаша. Жур­ налистерді аяғы емес, компьютер асырайтын болған сияқты. Оның үстіне, Кеңес өкіметі қаламақы ая­ майтын. Жалақымыз мардымсыз

zan@zanmedia.kz

Сауалнама

Фотожурналистика

– Нұрғожа ата, сіз қазақ журналистикасы тари­хын­ дағы алғашқы фототіл­ші­ лердің бірісіз. Бұл ма­ман­ дықты таң­д ауы­ң ызға не се­беп болды? – Бала кезден армандап, таң­ даған мамандығым деп айта алмай­ мын. Ол кезде фототілші тұрмақ, журналист деген мамандықтың бар екенін екінің бірі біле бер­ мейтін. Мектепте жақсы оқыдым. Бірақ, оқуға тапсыруға мүмкіндік болмады. Бірден еңбекке араласып кеттім. Бухгалтер де, инженер де, мәдениет саласында да қызмет атқардым. Мекеме басшысы да болдым. Не керек, сөйтіп жүргенде жасым жиырма сегізге келді. Қызметті жалғастыру үшін жоғары білімі бар деген диплом керек болды. Сөйтіп, 1956 жылы Атырау жақтан Алматыға жол тарттым. Сол кездегі Киров атындағы, казір­ гі ҚазҰУ-дің журналистика фа­ культетіне құжат тапсырдым. Үш жүз талапкердің ішінен 25 баланың ғана жолы болып, студент қатарына алындым. Со­ның ішінде мен де бар едім. Сөйтіп, өзімнен 10-11 жас кіші балалармен бірге оқыдым. Ал, енді фототілшілікке қалай келген­ дігімді айтсам, барлығы бірінші курста оқып жүрген жылы бас­ талды. Маған алғаш фотоаппарат ұстатқан адам сол кездегі «Огонек» журналының фототілшісі Галкин болатын. Сол кісі біз­г е бірінші курста жарты жыл­дай фотожурна­ листика пәнінен сабақ берді. Бір­ де, қолымызға фотоаппарат беріп, сыртқа шығып, көргендеріңді сурет­ ке түсірің­дер деген тапсырма бер­ ді. Тапсырманы орындап, жаңағы оқыту­шының қолына тапсырдық. Бәрі­м іздің не түсіргенімізді не­ гативтен қарап шықты да, маған «сен бұрын бір жерде фотограф болып істегенсің бе?» деп сұрады. Мен бұған дейін қолыма фото­ аппарат ұстамағанымды айттым. Таңданып, сенің түсірген суретіңде фотоөнерде не маңызды соның барлығы ескеріліпті деп мақтады. Міне, сол сәттен бастап мен фо­ тоаппаратты жаныма серік етіп келемін. Оның үстіне, бала кезім­ нен қылқаламмен сурет салғанды ұнататын едім. Мүмкін, алғашқы түсірген суретімнің сәтті шыққаны содан болар.

№95 (2296) 28 маусым 2013

Қай кезеңде де ақпарат құралдары ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Кейде төртінші билік өкілдерінің «турасын айтып туғанына жақпайтыны» секілді, түрлі тақырыптарды талдау барысында жоғары жақтан қысым көріп, соққыға жығылып, сотқа сүйреліп жатқаны бар. Айтылуға тиіс жағдаяттар айтылмай жататын сәт көп. Бүгінгі қазақ журналистикасына келген толқын өзіндік стилімен журналистикаға жаңа екпін ала келді. «Сөз саптасы сараң», «Шимайлағанның бәрі журналист болып кетті», «Тілдік заңдарды сақтамайды» деген сындар айтылып жүр. Әйтсе де жазу, сөйлеу мәнерімен дараланып, халықтың көңілінен шығып жүрген журналистер жетерлік. Әрине, олардың көбісінің қазақ журналистикасының қазанында қайнап, майын ішкен аға және орта буын аға-апаларымыздай болғысы келетіні сөзсіз. Біз бүгін сол кісілердің бірқатарына «Журналистика сізге не берді?», «Танымалдылықтың сіз үшін маңызы қандай?» деген сауал жолдаған едік.

ТАНЫМАЛДЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?

болғанымен, қаламақымыз жақсы болды. Сонау Магаданға барып, материал жазамын десең де жо­ лың ашық, командировкаң дайын тұратын. Соның арқасында талай елді араладым. – Сурет өнерінің де өзіндік құпиясы бар шы­ ғар? – Әрине, оған талас жоқ. Алайда, бізге бұл өнер тым кеш жетті. Мен алғаш қолыма фото­ аппарат алып түсіре бастағанда, Қазақстанның фотожурналисти­ка саласынан не қазақты, не орыс­ты көрмейтінсің. Барлығы еврейлер болатын. Олардың өзі журнали­ стикадан хабары жоқ, қарапа­йым фотографтар еді. Ал, суретке тү­с ірудің құпиясына келер бол­ сам, мұнда адамның ең алдымен фотоөнердің табиғатын түсіне білуі, түйсінуі маңызды. Өнер өнер болуы үшін талант керек қой. Жалпы, сурет түсірсеңіз де, салсаңыз да үнемі ескерілетін бір нәрсе бар. Ол күннің көзі. Яғни, күннің көзі ойыңыздағы нысанаға түскенде оның көлеңкесі қай жаққа түседі. Сіз суретке түсіріп жатқан объектіге әсері қалай? Қай тұстан түсіргенде суретке жан бітеді, шынайы болады барлығы есепте­ луі керек. Мысалы, аппақ қарды түсірсеңіз де оның қар екені бірден көзге ұрып тұру үшін қай жағынан, қалай түсіру қажет. Бір қарағанда, қар аппақ қой. Ал, сол ақ қардан да сан түрлі бояу көруге болады. Қардың да көлеңкесі бар. Немесе сол қар бетіне түскен іздің өзі қарға бояу береді. Оған ағаштың немесе өзге заттың көлеңкесі де түседі. Мұның барлығын біліп қана қоймай, ұзақ еңбектену ке­ рек. Фотоөнерде ең қиын жанр – портрет. Адамның шынайы бей­ несін ашу қиынның-қиыны. Кей адамдар өмірде қандай болса, су­ ретке де солай түседі. Мысалы, кезінде маған Қонаевты түсірген сондай жеңіл болатын. Ол кісі табиғатынан салмақты адам еді, суретте де сол байсалдылығынан таймайтын. Ал, Хрущевті түсіру қиынға соғатын. Сол сияқты, Роза Бағланованы айтуға бола­ ды. Мінезі бала сиқты еді, су­ ретке де сол қалпымен түсетін. Маған балаларды түсірген сондай ұнайды. Жаным да соған құмартып тұрады. Періштелерді түсіру мен үшін бақыт. Қалай түсірсең де, жаманы болмайды. Мөлдіреген көздері, күлгендері, бәрі-бәрі ке­ ремет! Ал, табиғатты түсіру аса талғампаздықты, көрегендікті та­ лап етеді. Бұл да менің түсіруге құштар жанрларымның бірі. – Қазір бейнетіңіздің зейнетін көріп отырсыз. Ішіңіз пыспай ма?

– Пысқанда қандай? Қата­ рымның көбі кетіп қалды ғой. Бірақ, замандастарым қалмаса да, жанымда фотоаппаратым бар. Күні бүгінге дейін жаны­ ма серік болып жүр. Әйел адам қартайса, үйде отыра алады. Ал, ер адамның төрт қабырғаға қамалып отырғаны қиындау болады екен. Сондықтан, қолым тисе, фотоап­ паратымды алып тауға шығамын. Бойымда күш-қуатым бар кезде Алатаудың баурайында талай кү­ німді өткіздім. Қарлы шыңдарға дейін көтерілгенді жаным сүйеді. Қарап жүрмей көркем табиғатты суретке түсіремін. Ешқашан төсек тартып ауырып көрген емеспін. Дәрігерлер маған жүрегіңіз көтер­ мейді тауға шықпаңыз деп кеңес береді. Ал, мен, керісінше, кіш­ кене тұмауратып қалсам болды тауға барып емделіп келемін. Тау басындағы қарға жалаңаяқ жүрсем болды, сырқат атаулы менен сырт айналып кеткендей құлан-таза бо­ лып үйге ораламын. «Суықты суық кетіреді» дейді ғой. Дәрігерлер ме­нің бұл қылығымды құптамаса да, қойдыра алмай жүр. Марқұм Тұманбай Молдағалиев екеуміз керемет әзілдесетін едік. Мен оған «Өзің тау баласы тауға қарап өседі» деп жыр жазасың, бірақ, сені тау­ дан көрмеймін ғой, бұл қалай?» дейтінмін. Ол да сөзден жеңілгісі келмей «Қой, Медеуге жиі бара­ мын ғой» дейтін ақталып. Мен «Сенің Медеуге баратыныңды білем, аяғың жеткен жерге дейін емес, көлігің жеткен жерге дейін ғана барасың», – дейтінмін. – Түсірген суреттеріңізді қайда сақтайсыз? Саны қанша? – Көбін мемлекеттік архивке өткізгенмін. Біразы үйде сақтаулы. Күні бүгінге дейін керек адамдар сұрап жатады. Газет-журналдарға сұрағанын беріп тұрамын. Ал, са­ нынан жаңылуға болады. – Фотожурналистиканың бүгінгі аяқалысына қандай баға бересіз? – Жақсы. Шеберлік деңгейлері де жақсы. Мысалы, бұрын фото­ тілшілер болғанымен, олар жур­ налистикаға қатысы жоқ адам­дар еді. Ал, қазір негізгі мамандығы журналист, бірақ, фототілші бо­ лып жүрген жастар көбейіп келеді. Бұл біздің, әсіресе, баспасөздегі фотоөнер саласына тың серпіліс беретініне сенемін. Яғни, ондай мамандар журналистиканың да, фотографияның да қыр-сырын біледі, табиғатын түсінеді. Демек, сапа да жоғарылай береді. – Әңгімеңізге рақмет. Камила ӘКІМБЕКҚЫЗЫ, «Заң газеті»

Қыдыралы ҚОЙТАЙ, ұлттық, қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналы бас ре­ дакторының орынбасары, ҚР Мәдениет қайраткері: 1. – Журналистиканың ма­ған бергені көп, оны мақ­ танышпен айта аламын. Ең а лдымен армандаған ма­ мандығыма қол жеткіздім. Соншама ел танитын жур­ налист емес те шығармын. Бірақ, осы мамандықпен на­ нымды тауып жүргеніме 43

жылдан асты. Сонау өтпелі кезеңнің ауыр шағында талай әріптесім отбасын асырау үшін мамандықтарын ауыстырып, саудаға шығып кетті. Ал, мен журналистиканы аттай қалап келгендіктен, басқа салаға кетуді ойламаппын да. Қазір негізгі жұмысымнан тыс, «Бас қатырғыш» газетін, «Алақай, балақай» және «Өзін-өзі тану. Самопознание» журналдарын шығарып келемін. Бұл бір жағынан өзімнің жеке хоббиім болғанымен, мамандығыма деген құр­метім деп білемін. Содан кейін журналистиканың арқасында еліміздің түкпіртүкпірін араладым. Одан үлкен әсер алдым. Қал-қадіріңше бі­ реулерге кө­мегің тиеді, көмегің тиген соң алғыс аласың. 2. – Әрине, кімнің болса да танымал болғысы келетіні жасырын емес. Оның үстіне мамандығың журналист бо­ лып, күнделікті басылым беті­

нен аты-жөнің көрініп тұрса, оқта-текте теледидар бетіне бейнең жылт етіп шығып, эфирден даусың естіліп жат­ са, оның несі жаман? Бұған мынадай бір мысал айтайын. Осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиғаның негізінде жазылған «Насыбай» деген дүнием «Айқын» газетінде жарияланды. Бір күні жолда­ сым қонаққа шақырды. Жол­ дасым қонақтарға менің қайда істейтінімді айтып таныс­ тырды. Бұған елп ете түскен ешкім болмады. Бір уақытта әңгімеден әңгіме шығып, менің «Айқында» шыққан «Насыбайдың» авторы екенім айтылып еді, біразы оқыған екен. Әңгіменің ауаны бірден маған бұрылып, «Сол рас па, ол шалдың шынымен кеңес еліне көңілі толмады ма?» де­ ген секілді сауалдар қойылып, бір сәтте танымал болып шыға келдім.

Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: 1. – Журналистика маған ең алдымен кез келген маманмен сөйлесу мәдениетін берді. Ізденуіме септігін тигізген, мұрындық болған мамандық. Өзімді тану арқылы адам тануды, адам тану арқылы халықты тануды үйретті. Ауылдың қарадомалақ баласынан ел танитындай дәрежеге жетуіме мұрындық болған – мәртебелі мамандығым мен ыстық-суығы бірдей журналистік қызметім болуы керек. Теледидардың маған берген пайдасы, атақ-абыройы ұшан-теңіз. Осы бір құдіретті әлемнің арқасында Алаштың талай ардақты азаматтарымен етене танысып, сырлас, пікірлес болдық. Ел, жер көрдік. Төрткүл әлемді терезесіне сидырған осы бір ғажап дүниенің арқасында елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға тырыстық. Халық үшін жұмыс жасадым деп көлгірситін адамдарға мен қазір күмәнмен қараймын. Мен өзім үшін жұмыс жасадым, сол жұмыстың халық игілігіне жарап жатқан тұстары болса қуандым. Аттай 40 жыл телевизия саласында жұмыс жасап келемін. Еткен еңбек, төккен теріміздің арқасында Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткер деген атаққа ие болдым. Кеңес өкіметі тұсында осы журналистиканың арқасында еңбегіміз бағаланып, баспаналы болдық. 2. – Жас кезімізде танымал болсам деп жұлдыз ауруымен ауырған шығармыз. Бірақ, дәл қазір менде ондай ойдың ізі де қалған жоқ. Қазір танымалдылықтан гөрі, мамандығымның жа­ уапкершілігі көбірек артылған. Әріптестерімнің барлығын кәсіби мерекемен құттықтаймын. Біз қазір тәуелсіз болғаннан кейін осы тәуелсіздік төңірегіндегі мәселе көтеруден шаршамай келеміз. Біз тәуелсізбіз деп кімнің алдында ақтала береміз. Менің ойымша, осы тұрғыдан қазақ журналистикасының басын біріктіретін ортақ идея керек.

Жұлдыз ӘБДІЛДӘ, журналист, «Жас өркен» ЖШС бас директорының орынбасары. 1. – «Бала күнімнен жур­ налист болуды армандадым» дейтіндердің қатарынан емес­ пін. Бірақ, журналистің оқуын оқығаннан кейін өз ісіме жауапкершілікпен қарауға тырыстым. Басқа кез келген

сала секілді журналистика да өмір бойы ізденуді, оқуды, үйренуді қажет етеді. Және жыл өткен сайын қиындап келе жатыр. Журналистикаға енді қадам басқан жас әріп­ те стерден де үйренеріміз көп. Әсіре се, бүгінгі жас журналистердің бірнеше тіл білетіндігі, батылдығы көңі­ лімнен шығады. Ал, жеке өз басыма журналистика не берді дегенге келсек, әртүрлі саланың мамандарымен ара­ ласуға мүмкіндік берді. Жур­ налист болғанымның ар­қ а­ сында Қазақстанның оң­түстігі мен солтүстігін, батысы мен шы­ғ ысын түгел араладым. Бірқатар шет мемлекеттерге де жол түсті. 2. – Танымалдылық мен үшін маңызды емес. Кеше ғана балалармен обсерваторияға

Гүлбағыш БОСТАН, журналист, «Шалқар» ұлттық арнасының редактор-жүргізушісі: 1. – Журналистика маған не берді деп емес, мен журналистикаға не бердім деп ойланамын. Қарашаңырақ «Қазақ радиосы». Ой елегінен өткен дүниеңді тыңдаушыға жеткізу бақытына ие етті. Ойып, кешіп-пісіп айтқан ой-пікіріңді сені ауылда тыңдап отырған қария да біледі. Бірақ, ол сөзді жеткізуге, көптің бетін бұрғызып тыңдатуға ие еткен – журналистиканың құдіреті. Ал, қолыңа қа­ лам, микрофон ұстатып мүмкіндікті кең берген журна­листиканың арқасында жү­ректегі дүниелерді халыққа жеткізіп, жа­зарың көп болуы керек. 2. – Менде танымал болсам деген мақсат ешқашан болып көрмепті, демек, бұл мен үшін соншалықты маңызды емес деген сөз. Тіпті, жүргізіп отырған авторлық хабарлардың басы мен соңында аты-жөнімді айтып, өзімді таныстыруды ұмытып кетіп жатамын. Радиода тікелей эфирдегі бағдарлама барысында атыңды айта беру арқылы да тыңдарманның құлағына жатталып қалуға

барған едік. Мен, мысалы, сол обсерваторияның қыз­ меткерлеріне қатты қы­зықтым. Өздерінің бір әлемі бар, сүйікті кәсібімен айналысып, қаншама жұртқа пайдасын тигізіп жа­ тыр. Өте танымал шаштараз­ дар бар. Тіпті, парковщикті де танып аламыз ғой күнде көре берсек. Сондықтан, та­ нымалдылық деген шартты ұғым. Журналистика арқылы жұрт мені жаппай таныды деп те ойламаймын. Себебі, бірін­ шіден, күнде радиодан сөйлеп, құлақ құрышын қандырып отырған жоқпын. Тележурна­ лист емеспін. Ал, мен жұмыс жасаған басылымдардың ең көп болғандағы таралымы қырық мыңға жеткен жоқ. Ол оқырманның да өзінің ұнататын тақырыбы, сүйікті журналис­ тері болуы бек мүмкін ғой.

болады. Алайда, танымалдыққа талпынбай-ақ, көлеңкеде жү­ ріп те үлкен шаруаны атқарып ж ү р г е н к ур с ­ тастарыма қа­ рап, тән дү­н ие шығар деп ойлаймын. Жур­ налис­т ика­н ың бел ортасында жүріп, бірақ, солардың ешқайсының танымал болайын, мені жұрт білсінші деп шоу жасағанын көрмеппін. Бірақ, барлығы өз тақырыптарының майталмандары. Бізге тәлім берген танымал тұлғалар біз үшін танымалдыққа лайық болудың сара жолын салып кеткен іспетті. Сондықтан, ел танып, салмақтап бағалайтындай шаруа атқарған жоқпыз дегенге саяды. Аида ЕРКІНҚЫЗЫ, «Заң газеті»


45b4458ba6f56a2d4fe13ac867bb9cd1