Page 1

24 саєат №180 (28119) 31 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Американың бір қатар штаттарында фас тфуд индус триясы қызметкерлерінің ереуілі болып өтті. Burger King, McDonald’s жəне Wendy’s жедел тамақтану ресторандарының наразылық білдірген қызметкерлері өз отбасыларымен бірге көшелерге шығып, компания басшылығынан жұмыс сағатына төленетін ақыны 7,5-тен 15 долларға дейін өсіруді талап етті.

 Президент тапсырмасы қалай орындалуда? «Əлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан мемлекет негізінен өз жолынан өтті, тұтастай алғанда өзінің осы функциясын тиімді орындады. Енді – кезек бизнестікі». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

«Отау стройдыѕ» ойєа алєан оѕды істері

Бизнес жəне қайырымдылық. Бұл екі сөздің арасында қандай байланыс бар екені бəріне түсінікті ғой деймін. Бизнес жасап, ісің оңға басты ма, шамаң келсе сауап үшін жоқ-жітікке көмектес, қайырымдылық жаса. Əйтсе де, қайырымдылық жасау да оңай тірлік емес. Қазақта «Қайырымдылықты қара шаңырағыңнан баста» деген аталы сөз бар. Бұл алдымен өзіңді, өзіңнің отбасыңды жарылқа, сосын барып өзгеге көмектес деген сөз. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жыл сайын осы тақырыпта Астанада үлкен жиын өтеді. Биылғы «Қазақстандағы қайырымдылық: Бизнес жəне қайырымдылық» атты ІV халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының

бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қайырымдылық істерімен елдің алғысына бөленген кəсіпкер азаматтардың жасаған жақсылықтарын айтып, мерейлерін бір тасытқаны бар. Сол жиынның сахнасында екі адамның суреті ілулі тұрды. Əрине, ол бейнелердің жайдан-жай ілінбегені анық. Бір қызығы, екі азаматтың да жүздері бірден көзіме жылы ұшырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 4-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 25 шілде. № 604 ---------------------------------------(«Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы» Жарлықтың қағидаларын 2-беттен оқисыздар).

 Жанайқай

«Аралда» ќалєан ауылдар Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

«Алло, біз Алматы облысы, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарына қарасты Бəйтерек ауылы жəне Автомобилист, Медик 3, Гвоздика, Луч баубақша бірлестіктерінің мыңдаған тұрғындарымыз. Бірінің аты елге естілсе, екіншісі халыққа көрсетілмейтін құжаттарында ғана жазылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік жəне тағы басқа құрылымдар алып

экскаваторларымен ауылдарымызды айналдыра 7-8 карьер қазып, күндіз-түні тынбай 40 тонналық КамАЗ автокөліктерімен тасымалдауда. Үйімізге кірген шаң-тозаң, ішіп отырған тамағымызға түсетін тас-құмды айтпағанда, күннен күнге баспанамызға жақындап келе жатқан жар қай күні опырылып, жауын суымен үйімізбен бірге қайда ағызып əкетер екен деген үрей маза бермейді. (Соңы 3-бетте).

Бірі – əлемдегі ең бай жандардың бірі болса да қарапайымдылығымен, қайырымды істерімен танымал болған əйгілі Билл Гейтс болатын. Ал, екіншісі – Оңтүстікте ту тіккен, бірақ берекелі тірліктерінің арқасында бүкіл елімізге мəлім болған «Отау строй» құрылыс компаниясының директоры Əлімқұл Молдасейітов еді. Билл Гейтс туралы əңгіме бөлек. Əлем халқы оның əрбір басқан қадамын, əрбір ісін, елге жасаған жомарттығын жақсы біледі. Ал, Əлімқұл Молдасейітов қайдан жүр? Шынын айту керек, алғашында «мына суреттегі адам дəл соның өзі ме, мүмкін қателесіп ілініп кеткен шығар» деген де ойым болған. Бірақ, ғаламторды

 Швейцарияның Гранжпре-Марнан қаласы маңында соқтығысқан пойыздардың бірінің машинисі қираған локомотивтің ішінен өлі күйінде табылған. Оның қаза тапқаны мүрдені ашу процедурасынан кейін ресми расталмақ. Екінші машинист апаттан жарақат алғанымен, тірі қалған көрінеді.  Ирактың астанасы Бағдад пен Басра қаласында бірнеше дүркін жарылыстар орын алған. Алдын-ала хабарланған мəліметтер бойынша, жарылыс сал дарынан 48 адам қаза тауып, 220 адамның түрлі дене жарақаттарын алғаны белгілі болып отыр. Тек Бағдадтың өзінде ғана мина қо йылған 11 автомобиль жа рыл ған, олардың бесеуі мұсылман-шииттер тұратын аудандарда орын алған.

ақтарып, «Отау строй» туралы көптеген ақпараттарды оқығаннан кейін суреттегі жүзі жылы азаматтың Əлімқұлдың нақ өзі екеніне, сондай-ақ оның осы жиынның төрінде тұруға нағыз лайық кəсіпкер екеніне көзім жетті. Əлімқұлдың есімін алғаш рет жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың аузынан естігенмін. Былтыр қаламгер ағамыздың «Жоғалған Жұрнақ» атты шығармасы облыстық драма театрында қойылды. Желтоқсан оқиғасының адамдардың жүрегіне салған зардабын өте нəзік те шебер жеткізе білген осы қойылым соңында сөз алған Мархабат аға «Жұрнақтың» сахна төріне шығуына демеушілік жасаған Əлімқұл Молдасейітовтің еңбегін атап көрсетіп, алғысын білдірген-ді. Сол жолы Əлімқұл Молдасейітовтің өнерді түсінетін, қадірлей білетін, шама-шарқынша қолдай жүретін меценат азамат екенін аңғардым. Иə, он жылдан бері құрылыс саласында нəтижелі еңбек етіп келе жатқан «Отау строй» бүгінде Оңтүстікке ғана емес, бүкіл елімізге танымал компания. Бұл мекеме еліміздің барлық өңірінде құрылыс жұмысы енді-енді қарқын алып жатқан жылдары шырайлы Шымкентте қазығын қақты. Компания басшылығы елде жаппай жүріп жатқан тұрғын үй, өнеркəсіп жəне коммуналдық меншік нысандарының құрылысын салуға белсенді түрде

Тунис үкіметі елде жалғасып жатқан саяси дағ дарыстың одан бетер шиеленісе түсуіне қарамастан отставкаға кетуге ниетті емес. Орын алған тəртіпсіздіктерге байланысты елдің премьерминистрі Али Лараед ұлттық теледидар арқылы сөз сөйлеп, біз билікке жармасып отырған жоқпыз, бірақ біздің алдымызда міндеттер тұр, ал, біз олардың атқарылуы үшін жауаптымыз, деп атап көрсеткен.

атсалысуды басты мақсат етіп қойыпты. «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең əуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тəртіп керек» деген екен заңғар жазушы Мұхтар Əуезов. Сол айтпақшы, жақсы ниетпен, үлкен ерік-жігермен келелі бір істі қолға алған Əлімқұл қай кезде де кəсіпкерлік саласында тəжірибесі мол, үнемі бағыт-бағдар сілтеп отыратын туған ағасы Қайрат Құсейінұлының ақыл-кеңесіне сүйенді. Сөйтіп қажырлы еңбектің арқасында «Отау строй» аздаған жылдардың ішінде етегін кеңге жайып, шынында нағыз құрылыс отауына айналды. (Соңы 2-бетте).

 Мəссаған!

Канададан... соєым келеді Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Сенгің келмесе де амал не, сенуге көнесің. Ғасырлар бойғы дəстүрлі тағамымыз түрлерін жаппай дайындау, ежелден қасиетті азығымызды өндіруді иелену енді шетелдіктер еншісіне көшіпті. Қымыздан бастап құрт, жентке дейін. Бірер күн татылмаса түске кіретін əйгілі қазы-қарта, жал-жая да алыстан əкелінетін болыпты. Ашып айтқанда, апыр-ау, мынау біздің байырғы асыл асымыз ғой дейтін ештеңе қалмай барады екен. Ай-күннің аман-сауында бəрінен айырылып отырғанымызға не жорық?..

 Полицей формасын киген бірнеше ондаған тəліптер сейсенбіге қараған түні Пəкстанның солтүстік батысын дағы Дера-Исмаил-Хан қаласындағы түрмеге шабуыл жасады. Соның салдарынан жүздеген тұтқын қашып кеткен. Бұл түрмедегі бес мың тұтқынның ішінде ондаған тəліптер мен тыйым салынған радикалды топтардың содырлары бар.

Пəленбай тонна ет, пəленбай тонна сүт өндіреді делінетін шаруашылықтардың өнімдері қайда? Əлде бəсекелесе алмай ма? Немесе өзгенің жылтырағына əуестік жеңіп жүр ме? Əйтеуір, бұл сырдың басықасындағылар болмаса басқаларымызға түсіну қиын. Ал түсіну тіпті қиындай түсуі тағы бар. Кеше əлемдік ғаламтор хабарлары ішінен жылқы етін Канадада өндіретіні, бір бөлігін қайда дейсіз ғой, бізге, Қазақстанға жөнелтуі мəлім болып қалды. Сиыр еті Аргентинадан, қой еті Моңғолиядан тасылуын естуші едік. Жылқы еті де алыстан əкеліне бастауына жетіппіз. Шүкір, қинап бара жатқан қысылшаң

жағдай жоқ сияқты еді, мұншалықты кіріптарлыққа неге кірдік. Түсініп көріңіз. Сонда ол даламызда еркін жайылып, шөбін таңдап жеп, суын талғап ішіп, еті шипа болатын жылқымызға тең келсе бір сəрі ғой, жегуден қалжыраған, мінуден шаршаған, қорегі талғамсыз, дəмі нəрсіз, «жеп еті, ішіп сорпасы жоқ», мұны да былай қойғанда, денсаулыққа зиянды əсері бар мал еті болуы мүмкіндігі туралы жай қалай білінбеуі тағы түсініксіз. Қазақ мұндай жылқының етін ешқашан кəдеге жаратпаған. Сол білініп тұрған өзгенің қалдығы еріксіз тықпаланғаны не жөн! «Жолдағы құйрықтан қолдағы өкпе артық» делінген емес пе еді! Өзіміздікі жақсы еді ғой. ҚАРАҒАНДЫ.

Алдын ала бағалаулар бойынша, Канн қаласындағы Carlton қонақ үйіндегі көрмеден ұр лан ған бриллианттардың құны 103 миллион еуроны құрайды. Бұл тек осы өңір тарихындағы ғана емес, сонымен бірге бүкіл əлем бойынша көлемі жағынан ең үлкен ұрлық болып отыр. Күзетшіні тапаншамен қорқытқан тонаушы асыл тастар толған чемоданын алып, қонақ үйден жайбарақат шығып кеткен көрінеді.  Грузияның мəдениет министрі Иосиф Сталиннің ескерткішін оның туған қаласы Гориге қайтару жөнінде шешім қабылдады. Ведомство осылайша кеңестік көсем ескерткішін қайта қалпына келтіру туралы қалалық жиналыстың ұсынысын қанағаттандырды. Ескерткіш Сталиннің туған күніне орай 21 желтоқсанда қалпына келтірілетін болады.  Мəскеу базарларында дүй сен бі күні басталған полицейлердің профилактикалық операциясы бары сында қа зір дің өзінде 470-тен астам адам қамауға алынған. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде:

КЕ П Е Н ЗЕЙ ХАТ «Кереку» деу ќазаќ тілін ќорлау 5-бет

6-бет

Талас аєады...

9-10-беттер

Єарифолладан бата алєан 13-бет

Мезгіл мен мезет 15-бет


2

31 шілде

www.egemen.kz

Кґрмеге дайындыќ ойдаєыдай

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Кездесу барысында Астанада ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру жəне өткізу, Қазақстан мен ХКБ-нің өзара іс-қимылы мəселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

С.Ахметов атап өткендей, ЭКСПО2017-ні өткізуге дайындық Мемлекет басшысының айрықша бақылауында тұр. Мемлекеттік комиссия ЭКСПО-2017ні ұйымдастыру мен өткізудің ұлттық жос парын бекітті, оның жүзеге асуы қатаң бақылауда, деді С.Ахметов. Үкімет басшысы Қазақстанның ЭКСПО-2017-ні ең жоғары дең гей де өткізуге барлық күш-жігерін салатынына, онда баламалы жəне жаңғырмалы энергетика саласындағы ең үздік «ноухау», «серпінді» жəне перспективалы жобалардың ұсынылатынына сендірді.

Қазір біз Тіркеу мəліметтерін оқыпзерттеу жəне тиісті түзетулер енгізу жөніндегі жұмыстарға тікелей кірістік. «Мазмұны бойынша жоспар» мейлінше жақсы əзірленген, ойластырылған əрі сындарлы. Онда Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында қамтылған ой-пайымдары жақсы көрініс тапқан, деді В.Лоссерталес. ХКБ басшысы В.Лоссерталес Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Оның барысында ол Тіркеу мəліметтерін дайындау жəне Астанада ЭКСПО-2017ні ұйымдастыру мəселелерімен танысатын болады.

Бас хатшымен кездесті

Кеше еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында тараптар бірнеше жылдан кейін əлем назарын Астанаға аудартатын ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мəселесін жан-жақты талқылады. Мəселен, Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысына ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізу мақсатында арнайы құрылған Мемлекеттік комиссияның атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат бере келіп, қазақстандық тараптың барлық қажетті деген іс-шаралардың басын қайыратынына сендірді. Ерлан Ыдырысов бұл көрменің Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуіне айрықша серпін берерліктей бірегей жалпыұлттық жоба екенін, сондықтан, оның осы жаңартылған энергетика саласының инновациялық дамуына таптырмайтын алаңға айналуы қажеттігін, аталған көрменің еліміздің

өз егемендігінің 25 жылдық мерейтойын атап өткеннен кейін болатыны да символдық мəнге ие екенін атап өтті. Екіжақты кездесу барысында Висенте Лоссерталес ЭКСПО жобасының белсенді қатысушысына айналғаны үшін Сыртқы істер министрлігіне алғысын білдірді. Ол сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық көрмені өткізуге дайындығы тиісті деңгейде өткізіліп жатқанына тоқталды. «Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық іс-шаралары Халықаралық көрмелер бюросының барлық талап-нормаларына сəйкес дер кезінде орындалуда», деді ол. Кездесу соңында тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізу бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты алдағы уақытта да жалғастыра беретіндеріне мүдделілік танытты. Астанаға жұмыс сапары кезінде В.Лоссерталес, сондайақ, ел басшылығымен жəне «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерімен де кездеспек.

2013 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 604 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары 1. Осы Қағидалар бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне жəне оның стратегиялық объектiлеріне қатер төнген жағдайларда, Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне (бұдан əрі – бұзушы əуе кемесі) қару мен жауынгерлік техниканы қолдану тəртібін реттейді. 2. Бұзушы əуе кемелеріне «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан əрі – Заң) 27-бабының 1-тармағында жəне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Рес публикасының Заңы 73-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзатын ұшақтар мен тікұшақ тар, оның ішінде қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын жəне басқарылмайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары (құралдары), зымырандар, аэростаттар, əуе шарлары, зондылар жəне басқа да ұшу аппараттары жатады. 3. Қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің кезекші күштері мен құралдары, ал қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басқа да түрлерінің күштері мен құралдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезінде өздеріне қолжетімді аймақтағы ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын жəне басқарылмайтын өзге де əуе кемелеріне, экипажсыз жəне жолаушыларсыз ұшу аппараттарына (құралдарына) қару мен жауынгерлік техниканы қолданады. 4. Бұзушы əуе кемесін зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы немесе Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі уəкілеттік берген лауазымды адамдар қабылдайды. Шекара кеңістігінде келісілмеген ұшуларды жүзеге асыратын ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын экипажсыз жəне жолаушыларсыз өзге де ұшу құралдарына қатысты оларды зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді шекара кеңістігінде немесе Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінің аймағындағы теңіз учаскесінде шекара заставасының бастығы немесе оның орнында уақытша болатын адам (бөлімше, бекет бастығы, əскери немесе шекара кораблінің (катерінің) командирі, ұшақ немесе тікұшақ командирі, шекара нарядының жетекшісі, застава сақшысы, шекара заставасы, комендатура бойынша кезекші) қабылдайды жəне ол туралы жоғары тұрған басқару пунктіне дереу баяндайды. 5. Бұзушы əуе кемесі осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген іс-əрекеттерді жасаған кезде əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзуды тоқтату үшін əуе кемелеріне тосқауыл жасайтын экипаждар зақымдауға қару қолданар алдында бұл туралы белгіленген сигналдар беру арқылы бұзушы əуе кемесінің экипажына ескертеді. Бұзушы əуе кемесі əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзуды тоқтату туралы қойылған талаптарға бағынудан бас тартқаннан кейін ескерту мақсатында оқ атылады. Ескерту мақсатында оқ ату туралы шешімді: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пунктіне дереу баяндай отырып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштері бас штабының бастығы), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштері бас командалық пунктінің жедел кезекшісі қабылдайды. Бұдан əрі бағынбаған жағдайда бұзушы əуе кемесіне қатысты зақымдауға қару мен жауынгерлік техника қолданылады. 6. Бұзушы əуе кемесінде əуе кеңістігін пайдалану тəртібін бұзуға қатысы жоқ жолаушылар мен өзге де адамдардың болуы туралы нақты ақпарат болған кезде, егер осы бұзушы əуе кемесінің одан əрі ұшуы

«Отау стройдыѕ» ойєа алєан оѕды істері

(Соңы. Басы 1-бетте). Осы жылдар ішінде «Отау строй» зауыт, тұрғын үй, мектеп, аурухана, шекара заставаларының кешендері, спорт ғимараттарының құрылыстарын жүргізіп, бірқатар шетелдердің кəсіпорындарымен əріптестік жасап, құрылыс жұмысын тез аяқтап, сапасын арттыру үшін өндіріске жаңа технологиялар енгізе білді. Бүгінде елдің басты мəселесі – баспаналы болу ғой. Біз, əрине, бұл компанияның жұмысын сыдыртып бір ауыз сөзбен айта салдық. Əйтпесе, осынау құрылыстардың астарында қаншама ащы тер, қаншама тынымсыз еңбек, ең бастысы, елдің қуанышы, жаңа пəтерге ие болған қаншама отбасының немесе жаңа ғимаратта жаңа партаға отырған қаншама жас баланың, аршыған жұмыртқадай аппақ ауруханадан дертіне шипа тауып, бір аунап тұрған қаншама жандардың батасы, бақыты, алғысы жатыр десеңізші. Шымкент қаласының көркін ашып, үлкен тірліктерді жүрексінбестен қолға алып, тап-тұйнақтай тындыра білгеннен болар, бұл компанияға Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысын жүргізу сеніп тапсырылды. Бұл жауапкершілігі өте

мол нысан болды, дейді бізбен əңгімесінде Əлімқұл Молдасейітов. Бұл жерде мектепті құрылыстың соңғы жетістіктерімен, халықаралық стандарттардың қатаң тəртібімен тұрғызуды былай қойғанда, ғимараттың өзін Германия, АҚШ елдерінің өте сапалы құрал-жабдықтарымен жабдықтау қажет. Мектеп негізінен физикаматематика бағытында дəріс береді. Балалар бұл пəндермен тыңғылықты айналысуы үшін түрлі ғылыми дəрісханалар, сондай-ақ, спортпен шұғылдану үшін бірнеше зал, тіпті альпинизммен айналысуға мүмкіндік беретін арнайы орындар жоспарланған. «Адамның жан дүниесі дегеніміз – оның ісі» деген екен бір ғұлама. «Отау стройдың» елге жасаған қайырымдылығына қарап отырып, компания басшыларының жан дүниесін, адамгершілік қасиетін, дарқан пейілін көресіз, түсінесіз. Осыдан екі жыл бұрын Жамбыл облысының Қордай ауданында 100 орындық балабақша мен мешіт салып беріп, Ə. Молдасейітов туған ауылының алғысын алған болатын. Осы компания өз демеушілігімен киелі Түркістанда 16 пəтерлі үйдің құрылысын салып, 16-ның да кілтін тұрмысы төмен, мүгедек жандарға табыс етті. Одан бөлек дəл осы қасиетті қалада

мүгедек балаларды оңалту орталығын да өз қаржыларына салып, пайдалануға берді. Бұл қайырымды істер жергілікті əкімдікпен бірлесе, ақылдаса отырып істелгенін айта кету керек. «Мың естігеннен бір көрген артық» деген, біз Түркістан қаласында болып, «Отау стройдың» шарапатын көрген жандармен тілдесіп қайтқан едік. Мақсат Батырханов, Түркістан қаласының тұрғыны: – Бұл 16 пəтерлі үйді «Отау строй» компаниясы демеуші ретінде салып берді. Тəуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында осы пəтерге ие болып, бір қауым ел қоныс тойын тойлағанбыз. Өзім мүгедек жанмын, бір аяғым жоқ. Тұрмыстың əбден тауқыметін көріп, талай жыл пəтер жалдап тұрдым. Əкімшілікке тұрғын үй кезегіне де тұрғанмын. Отбасымда екі балам бар. «Отау строй» бұл сауапты іске өте жауапкершілікпен қарады. Үй жылы суға, орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған, яғни барлық жағдайы жасалған. Елбасымыздың салиқалы саясатына үлкен рахмет, мемлекеттен жəрдемақымызды уақтылы алып жатырмын. Əйтеуір, отбасымды асырауға мұнда мүмкіншілік мол. Ең бастысы, баспана мəселесі шешілді.

Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жəне стратегиялық объектiлеріне қатер төндірмесе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қаруды қолданудан тартынады. Бұзушы əуе кемесі əуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органдарының жəне əуе кемелеріне тосқауыл жасайтын экипаждардың қойған талаптарын орындамаған жағдайларда Заңның 28-бабының 4-тармағына сəйкес, егер осы бұзушы əуе кемесінің бұдан əрі ұшуы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жəне стратегиялық объектілеріне нақты қатер төндірсе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы бұзушы əуе кемесіне қатысты оны зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдануға дейінгі барлық шараларды қабылдайды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Рес публикасының Заңы 73-бабының 2-тар мағында көзделген жағдайларда, бұ зушы əуе кемесін зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы ескертусіз қолданады. Бұзушы əуе кемесі басқару пункттерінің жəне тосқауыл жасайтын əуе кемелерінің командаларын орындаған кезде қару мен жауынгерлік техниканы қолдану тоқтатылады. Қолайсыз метеорологиялық немесе басқа да жағдайларда бұзушы əуе кемесінің мемлекеттік тиесілігін жəне түрін анықтау мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы шегінде тосқауыл жасайтын ұшақтар (тікұшақтар) бұзушы əуе кемесіне ілесіп ұшуды жүзеге асырады жəне радиолокациялық құралдармен оны танып-анықтау шаралары алынады. Көрсетілген мəн-жайлар болған ретте, егер осы бұзушы əуе кемесінің одан əрі ұшуы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне жəне стратегиялық объектiлеріне қатер төндірмесе, оларды зақымдауға қару мен жауынгерлік техника қолданылмайды. 7. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған тəртіппен бұзушы əуе кемесін зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану мүмкін болмаған

Эльмира Оразалиева, Түркістан қаласының тұрғыны: – Осы пəтерді алмай тұрып, көшіп-қонып, қатты қиналған едік. Оның үстіне 2011 жылы туылған балам аяқ астынан ауырып, аяғында мүгедек болып қалды. Балам жүре алмайды, азаннан кешке дейін төсекте жатады. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген, осы үйге қол жеткізуіме Түркістан қаласының сол кездегі басшылығы мен «Нұр Отан» партиясының аудандағы филиалы өкілдерінің көп көмегі тиді. Дилара Батырова, Түркістан қала сындағы №2 шағын ауданның төрайымы: – «Жетім көрсең жебей жүр» деген, «Отау стройдың» демеуші ретінде мүгедектерге 2 қабатты, 16 пəтерді соғып бергені, шынын айту керек, Түркістанның тарихында болмаған қайырымдылық. Тіпті, пəтердің су есептегіш құралдарына дейін орнатып берді. Ақмарал Сейітова, психология жəне педагогика кабинеттерінің меңгерушісі: – Бұл мекеме «Кемтар балаларды əлеуметтік медициналық қорғау туралы» заңға сəйкес ашылған еді. Ашылғалы бері көшіп-қонудан көз ашпай, бірнеше рет ғимарат ауыстырдық. Аудандық қаржы бөлімінің ғимаратында, салық басқармасында бөлмелерді жалға алып отырдық. Бəрі басымыздан өтті. Тіпті, шапшағын 2 бөлмеде отырған кезіміз де болған. Мұның бəрі, əрине, мүмкіндігі шектеулі балаларға өте ауыр тиді. Қазіргі таңда бізде 80 оқушы бар. Соның ішінде мүгедек саналатын балалардың саны – 33. Осы жаңа ғимаратты «Отау строй» компаниясы салып берді. Компания басшысы Əлімқұл Молдасейітовтің өзі келіп ғимаратымызды, мүгедек балалардың жағдайын көріп, қолұшын созуға уəде берді. Жəне уəдесінде тұрды. Наргиза Исаева, Түркістан қаласының тұрғыны: – Бұл психология жəне педагогика кабинеттеріне бес жасар қызым Хилола келіп, ем алады. Мамандар массаж жасайды, психолог қызыма қажетті сабақтар өтеді. Аптасына 3 рет келеміз. Бұл мекеменің қызым үшін көмегі өте зор, осы жерге келгелі бері өзін жақсы сезініп жүр. Сондықтан балаларымыз үшін осындай жағдай жасаған «Отау строй» компаниясына үлкен рахмет. ...Əңгімеміздің басын бизнес жəне қайырымдылықтан бастадық қой. Біздіңше, қайырымдылық жасау құмға сіңген судай «мə» деп біреуге ақша ұстата салу емес. «Қарны ашқанға балық емес, қармақ бер» деген, қайырымдылық істер көмекке мұқтаж жандардың үмітін оятып, күш-қуат беріп, тіршілігіне серпін қосуы керек. Бұл жағынан алғанда елмен бірге жасасып, жомарттығымен танымал болған «Отау стройдың» ойға алған істері əлі көп. Оңтүстік Қазақстан облысы. ----------------------------------------Суреттерде: «Отау стройдың» демеушілігі арқасында салынған мүгедек балаларды оңалту орталығы мен 16 пəтерлі үй.

жағдайда бұзушы əуе кемесін жоюды осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адамдардың шешімі бойынша, бұзушы əуе кемесі зақымдау аймағында болатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен құралдары немесе басқа да күштер мен құралдар жасайды. 8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қаруы мен жауынгерлік техникасы Қазақстан Республикасы аумағының үстінде Заңның 27-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда ұшқышсыз ұшу аппараттарын немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын жəне басқарылмайтын өзге де əуе кемелерін, экипажсыз жəне жолаушыларсыз ұшу аппараттарын (құралдарын) зақымдауға ескертусіз қолданылады. 9. Бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техника қолданылған əрбір жағдай туралы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік жəне прокуратура органдары он екі сағат ішінде хабардар етіледі. Шетелдік бұзушы əуе кемелері жəне мемлекеттік тиесілігі белгіленбеген бұзушы əуе кемелері туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабардар етіледі. 10. Бұзушы əуе кемелерін анықтау жəне оларға қару қолдану мəселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жалпы жəне арнайы бөлінген байланыс құралдары мен арналары арқылы жедел өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшелері бұзушы əуе кемелерінің анықталғаны туралы алғашқы ақпаратты дереу барлық қолжетімді байланыс арналары арқылы, өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің əуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен бөлімдеріне жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пунктіне береді. 11. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін бұзушы əуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану жөніндегі іс-қимылының тəртібін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.

 Мəселенің мəнісі

Кґрсеткіштер кґѕіл кґншітпейді

Облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының хабарына қарағанда, осы жылдың алғашқы алты айының қорытындысында өңірде өнеркəсіп өндірісінің көлемі 1,8 пайызға төмендеген. Бұлардың қатарында екібастұздық көмір өндірушілер, металлургия, болат өндіру, мұнай өңдеу салалары аталды. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығындағы «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ 26 шілде күні күрделі жөндеуден кейін зауыт жұмысын жандандыратын негізгі жабдықты іске қосты. Бұған дейін зауыт жұмысы жоспарлы күрделі жөндеуден өту үшін осы жылдың 25 маусымында тоқтатылған болатын. Еліміздегі мұнай өңдеуші бұл кəсіпорын «ҚазМұнайГаз» АҚ басқармасына қарайды. Ал, жалпы күрделі жөндеу жұмыстарына 5,6 млрд. теңге қаражат бағытталыпты. Елімізде ресейлік арзан мұнай өнімдерінің қаптап кетуі себепті сəуір, мамыр айларында зауыттың өнімдері өтпей қиындыққа тірелді. Облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасының өкілі А.Айтқазиннің сөзіне қарағанда, еліміздегі көмір өндіретін кеніштер арасындағы бəсекелестіктен Екібастұздағы кəсіпорындардағы түсім көлемі 3 пайызға азайған. Сондай-ақ, Ресей тарапынан электр қуатын өндіру көлемінің төмендеуі де тағы бір себеп. Бұл мəселе өткен жылдың желтоқсан айында Мəскеу қаласында өткен екі ел арасындағы əріптестік туралы Үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысында қаралған көрінеді. Жиын барысында «Богатырь Көмір» ЖШС солтүстіктегі көршімізге жыл сайын 17 миллион тонна көлемінде көмір жеткізіп тұруды ұсыныпты. Қазір бұл мəселе Ресейдің Энергетика министрлігінің назарында тұрса керек. Сонымен қатар, металлургия саласында көрсеткіш 8,4 пайызға төмендегенін Ақсу ферроқорытпа зауытының №61 пешіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарымен байланыстырады. Ал енді сұраныстың аздығынан облыс орталығындағы «Кастинг», «KSP Steel» серіктестіктерінде болат шығару 58,4 пайызға азайып кетіпті. Мəселенің мəнісіне келсек, жергілікті өндірістердің нарықтағы қызып тұрған бəсекелестік бəсіне төтеп бере алмай, өндіріс көрсеткіштерін төмендетіп алғандарын көрсетіп тұрғандай. Бізде алдымен жоспарға, жөнжобаға, нарық шарттарына үңіліп қарап алмай, бəріне де қол жеткіздік, толдық-болдық деген айғайлау басым. Облыста үдемелі

индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сай индустрияландыру картасының 82 инвестициялық жобасы іске асырылуда, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы құрылды десек, енді бұлардың қатарына Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында ашылатын индустриялық аймақтар қосылады. Облыс орталығындағы индустриялық аймақ Солтүстік өнеркəсіптік аймақтағы ауданы 500 гектар жерге орналасады. Қала əкімі Оразкелді Қайыркелдиновтің айтуынша, таңдалған жер телімі индустриялық аймақ құру жəне оның жұмыс істеу шарттарына сай келеді. Екібастұзда Солнечный кентінен 2,7 шақырым жерден аймақ белгіленіпті. Яғни электр мен су желісіне қосылу мүмкіндігі бар деген сөз. Қала əкімі Болат Бақауовтың айтуынша, Ақсуда қажетті коммуникациямен жабдықталған 52 гектар жер таңдалып алыныпты. Ал, индустриялы аймақ құру, онда өндірістік серіктестіктерді шоғырландырып жұмыс жасату бір күннің шаруасы емес. Өңірдегі бұрыннан қалыптасқан кейбір өндірістердің көрсеткіштері төмен пайыздарды көрсетіп тұрғанда болашақ индустриялы аймақтың күні не болар екен деген күмəн да жоқ емес. Жалпы, облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы өкілінің хабарынша, мұнай өндеу саласының көрсеткіші де биыл 2,9 пайызға төмендепті. Қаңтар айынан бастап Еуро-2 стандартты бензинді Ресей аумағына шығаруға тыйым да салынды. Бұдан ол жаққа импортталатын өнім көрсеткішінің азаюына əкелді. Себепсіз салдар жоқ. Қазір зауыттың өндірістік көлемін арттыру үшін облыс əкімдігі тарапынан тиісті шаралар жасалуда. Сондай-ақ, мұнай өңдеу көлемі 2013 жылы жоспардағы 5,2 миллион тоннадан 4,8 миллион тоннаға дейін азайған көрінеді. Ал, зауыттың бензин, дизель отыны жəне реактивті отын, мазут, газ бен мұнай битумын, мұнай коксы мен күкірт жəне мұнай өнімінің басқа да түрлерін шығаратыны белгілі. Жобалық қуаты жылына 7,5 миллион тонна мұнай өңдеуге есептелінген. Кəсіпорында мұнайды өңдеу тереңдігі шамамен 85 пайызды құрайды. Павлодар облысы.


31 шілде 2013 жыл Жолдау жүгі

Міндеттер мен межелер

Баршамызға мəлім, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің осы кезге дейін жариялаған барлық жолдауларында еліміздің мəдениеті мен ақпараты саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Ертеден берік негізі қаланған бұл дəстүр Мемлекет басшысының былтырғы жылдың шілде айында қабылданған «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында да өзінің орнықты орнын тапты. Астанада Индустрияландыру күніне арналып өткізілген телекөпір кезінде жария етілген бұл құнды құжатта аталмыш саланың жұмысын бұрынғыдан да жандандыра түсуге бағытталған көптеген тұжырымдар келтіріліп, нақтылы тапсырмалар берілді. Онда Қазақстан қоғамының тек бүгінгі көрінісі ғана сөз етіліп қоя салмай, республика тұрғындарының ақпараттықмəдени тұрғыдағы келешектегі келбеті мейлінше кеңінен қарастырылды. Бұл өз кезегінде біздің этномəдени өміріміздің баянды бола түсуіне бастайтын жарқын жолдарға да бағдар жасап берді. Еліміз өз тəуелсіздігінің үшінші онжылдығына қадам басқан қазіргі кезеңінде əлемнің көптеген қуатты

Ќоєамда орасан зор орны бар орта Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД,

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрі.

елдерімен тығыз интеграцияға түсіп, жаһандық экономиканың маңызды бөлшегі болып қалыптасу кезеңін бастан кешуде. Біздегі əлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттың айдыны барынша айбындана түскен уақытпен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған бағдарламасында «жаңғырту үдерісінің, біріншіден, бүкіл қазақстандық социумды ақпараттық қоғам жағдайына бастауы тиіс» екенін, «екіншіден, Қазақстанда экономиканың, əлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас дамуының маңызды факторы бола алатындай ақпараттықмəдени орта құру» қажеттігін атап көрсетті. Бұл əлемдік дамудың трендіне толық сəйкес келеді. Себебі, Елбасы айтқандай, соңғы жылдары біздің елімізде ақпараттық технологиялардың дамуы мен олардың өмірге енуі рекордтық қарқынмен жүзеге асырылуда. Мұны қазір коммуникациялық желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары секілді тұтас ақпарат кеңістігін цифрландыру үдерісінің барысынан да анық байқауға болады. Іс жүзінде республикада қоғамды жаппай компьютерлендіру дəуірі аяқталуға жақындап келеді. Бұл үшін интернетті пайдаланушылар санының өткен жылы ғана соның алдындағы сəйкес мерзімге қарағанда, екі еседен астам өсіп, жалпы санының 8,7 миллион адамды қамтитын мөлшерге жеткенін айтсақ та жетіп жатыр. Нұрсұлтан Əбішұлы осы бағдарламалық баяндамасында сонымен қатар, ақпараттықмəдени фактордың барлық өскелең рөлін ескере келіп, «Қазақстан Республикасының əлеуметтік дамуының 2030 жылғы дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы», «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасы сияқты маңызды құжаттарды əзірлейтін уақыттың келгенін де ашып айтты. Айналып келгенде, бұлардың барлығы Мемлекет басшысы жоғарыда атап өткен ақпараттық-мəдени ортаның құрылып, қалыптасуына қызмет етуге тиіс болды. Осы ретте Елбасы алға төрт тармақтан тұратын негізгі міндеттердің қойылатынын да баяндап өтті. Соның негізінде Үкімет пен Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне алты нұсқаудан құралған нақтылы тапсырмалар берді. Бұл өз кезегінде маңызы айрықша зор тапсырмаларды іс жүзіне асыруға Үкіметпен бірге оның қарауындағы көптеген құрылымдардың белсене араласып, қоғамда үлкен бір серпілістің тууына тікелей себепкерлік етті. Сондықтан ұлан шаруаның ұлағатын тарату жолындағы ұлы идеяның төңірегіне бірқатар мемлекеттік органдар, іскер жəне ғылыми жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері бір

кісідей топтасып, əрқайсысы өз құзыреті шеңберінде іске кірісіп кетті. Осы тұста отандық БАҚ-тарды жаңғырту «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты ретінде қарастырылды. Бұл Журналистік этиканың ұлттық кодексінің нақты үлгілерін жасау кезінде де ұдайы қаперде тұрды. Жаңа Кодекс сонымен бірге, тұтынушыны бұрмаланған, жалған, алдамшы ақпараттардан қорғайтын заңды нормалардың негізінде жасалды. Мұның бəрі қазіргі заманға бүгінгі қоғамға лайықты ақпараттық-мəдени ортаны құрудың бірден-бір басты негізі болып қаланды. Ал «Қазақстан Республикасының əлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасы» айтулы кезеңге дейін əрбір қазақстандық үшін лайықты өмір сүру мүмкіндігін қарастырған құжат болып шықты. Жалпы, тұжырымдама білім, денсаулық, əлеуметтік қорғау, ақпараттық кеңістік, мəдениет, спорт сияқты қоғамның айрықша маңызды салаларын қамтыды. Ол, сондай-ақ, барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарына жетулеріне жəне адами капиталдың бəсекелестігін арттыруға жайлы жағдай жасалуына бағытталды. Тұжырымдамаға сəйкес, мəдениет саласын жаңғырту əр азаматтың, жалпы қоғамның мəдени жəне рухани əлеуетін дамытуды, ел тұрғындарының мəдени игіліктерге барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, сала қызметтерінің түрлері мен сапасын арттыру үшін жағдай жасауды, мəдениет саласын өркендетудің ұйымдастырушылық, экономикалық жəне құқықтық тетіктерін жетілдіру арқылы ілгеріге қадам басуды көздейді. Бұдан басқа, министрлік тарапынан еңбекке, адал кəсіби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарас қалыптастыратын отандық əлеуметтік мəдени өнімдерді жаңғыртудың 2012-2016 жылдарға арналған жоспары қабылданды. Оны əзірлеу барысындағы жұмыстарға Қазақстан Журналистер одағы, Бас редакторлар клубы, жетекші республикалық жəне өңірлік БАҚ өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ, мəдениет жəне өнер қайраткерлері кеңінен тартылды. Ендігі алда тұрған міндет «Патриоттық құндылықтар мен «еңбек адамы» бейнесін қалыптастыруға бағдарланған сапалы мəдени өнім жасау», «Бірыңғай мəдениақпараттық орта құру», «Шығармашылық əлеуетті жəне инновациялық қызметті ынталандыру», «Мəдениет саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жəне бағдарламалық құжаттарды жетілдіру» секілді бағдарламаларды жасап шығу болып табылады. Президент «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек

Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында біздің алдымызға 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кітапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз ету мəселесін нақты тапсырма етіп қойған болатын. Осыған орай арада өткен бір жылдың ішінде ұлттық кітапхананың ақпараттық жүйесін қолдау, электронды қорын жасау, бағдарламалық жасақтамаға техникалық көмек көрсету, қағаз кітаптарын электронды (цифрлы) форматқа ауыстыру, кітапхана қорының орталығын құру секілді нақтылы жұмыстар атқарылды. Бұлардың барлығы да республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылды. Осы аралықта, 2011 жылмен салыстыр ғанда, Қазақ ұлттық электронды кітапханасының (ҚазҰЭК) электрондық қоймасына жүктелген кітаптар мен диссертациялар авторефераттарының е-көшірмелері 32 пайызға өсті, библиографиялық жазбалар саны 11 пайызға (18 000 жазба) ұлғайды. Осының нəтижесінде кітапхана порталына кірушілер саны күрт өсті. Мұны биыл өткен жылға қарағанда тіркелген кіруші санының 20 пайызға өскені де анық аңғартады. Бұған қосатынымыз, порталға тіркелгендер санының 60 пайызға жуығы əлемнің 70-тен астам елінен жиналып отыр. Біз өз кезегінде «Журналистік этика кодексіне» де ерекше жауапкершілікпен қарадық. Осының ыңғайында салаға қатысты мамандардың барлық буынының пікірлерін ескеруге күш салдық. Бұған құжатты əзірлеуге, талқылауға жəне қабылдауға Қазақстан Журналистер одағы, Бас редакторлар клубы секілді беделді ұйымдармен бір ге, еліміздің белгілі журналистері, астаналық жəне республикалық мерзімді басылымдардың редакторлары, интернет-БАҚ өкілдері қатысуы толық дəлел. Кодекс өзінің негізгі қағидаттары ретінде кəсіби борышты, сөз еркіндігін, əлеуметтік жауапкершілікті, адалдықты, шынайылықты, құпиялық сақтауды жəне жеке өмірді құрметтеуді ұстанды. Мұның сыртында отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспары жасалды. Оның шеңберінде интернет желісіндегі қызметті жандандыру, «KazakhTV» телеарнасының хабар тарату шеңберін ұлғайту жəне ағылшын тілінде көрсетілім жасау, отандық тақырыптық телеарналардың («Білім», «Мəдениет») көрермендері санын арттыру, радио желісін дамыту, мемлекеттік БАҚ-тардың сапасын көтеру, кадрлар тапшылығын шешу сияқты мəселелерді қамтыған құжат өмірге келді. Біз осы ретте бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ең соңғы кездегі жаңалық ретінде елімізде тұңғыш дербес спорт телеарнасының құрылып, іске қосылғанын айтар едік. Биылғы шілденің 1-інде тұсаукесері өткен «Қазспорт» атты жаңа мемлекеттік арна қазіргі күндері елімізде танымал болып саналатын бокс,

күрес жəне футбол секілді спорт түрлері бойынша елішілік жəне халықаралық жарыстардан үздіксіз хабарлар жүргізіп келеді. Оның контентінде, сондай-ақ, саламатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортпен шұғылдануға, ұлттық спорт түрлерін ілгерілетуге шақыратын бағдарламалар бар. Телеарна қазіргі таңда əлемнің «Eуроспорт», «НТВ-Плюс» (Ресей), «Идман» (Əзербайжан), «Спорт Украина» (Украина) сияқты компаниялармен өзара тығыз ынтымақтастық қатынас орнатып үлгерген. Еліміздің тұңғыш спорт арнасы, сол сияқты, «Тур де Франс» веложарысы, Уимблдон теннис турнирі сынды белгілі спорт сайыстарынан тікелей көрсетілім пішінінде, HD-нысанында хабар жүргізуді де жоспарлап отыр. Біз бүгінде отандық барша БАҚ-тарды жаңғырту, олардың контентін күшейту жəне мемлекет тарапынан ақпараттық сүйемелдеу көрсету мақсаттарын алған қоятын бірқатар іс-қимылдарға екпін беріп келеміз. Бұл Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсеткен: «Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі Жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс» деген қағидалық тұжырымына сəйкес келеді. Сонымен қатар, «Біз кімбіз, қайда барамыз жəне 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген мазмұнда əр ортада қойылып жүрген сұрақтарға біздің қайтаратын жауабымыз да осы. Осы жерде ерекше екпін беріп атап өтетін жайт, «Қазақстан-2050» Стратегиясының өміршеңдігі мен өзектілігі «20 қадам бағдарламасынан» анық аңғарылады. Бір-бірімен үндесіп жататын, бірін-бірі толықтырып тұратын бұл құжаттар шын мəнінде де біздің қоғамымыздың алдағы 3040 жыл көлеміндегі бағдарламалық бағыты іспеттес. Сондықтын да олар біздің жақын келешектегі дамуымызды айқындап беретін иланымды идеологиямызға айналып келеді. Осы сөздің орайында тоқталып өтетін бір мəселе, Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы мен жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жасалуы тиіс 20 қадамы Жолдаудың бағдарлық-идеялық кешені жəне қосымшасы ретінде көрініс береді. Жұртшылық оны осындай зор құрмет өресінде қабылдау үстінде. Шындығында да біздің əрбіріміз қазір «Қазақстан-2030» Стратегиясының алға қойған мақсаттары мен міндеттері толық іс жүзіне асырылып болғанына көз жеткізіп үлгердік. Біздің əрқайсымыз «Стратегия толығымен іс жүзіне асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп айта аламыз. Мұның өзі, шынтуайттап келгенде, біздің бірлігіміздің, табанды да қажырлы еңбегіміздің нəтижесі, ұмтылыстарымыз бен үміттеріміздің жанды белгісі болып табылады. Елбасы белгілі бағдарламасында барша қазақстандық қауымды тынымсыз еңбекке шақыра отырып, «жаңа əлеуметтік саясаттың ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс» екенін атап өткен болатын. Ал əлеуметтік жаңғыртылудың негізгі қағидаттары мен міндеттері əрбір қазақстандық азамат тұрмысының өсуіне, отбасы игілігіне, ел экономикасының дамуына қызмет етуге бағытталған. Бұл сондықтан да біздің келешегімізді айқындап береді. Сол себепті онда алға қойылған тапсырмалар мен белгіленген міндеттерді орындауға барлығымыз өз күшімізді жұмыла жұмсауымыз керек. Мемлекет басшысы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамның» басты қағидасы есебінде еңбек өнімділігін атады. Осы еңбек өнімділігі біздің экономикалық биіктерге ұмтылыстағы басты құндылығымыз болуы шарт. Баяғы кеңес заманындағыдай кəрі мен жасты түгелдей иіріп əкеліп, бір салаға салып, бір көрсеткішке жеттік деп даурығатын, содан кейін ол сала қандай күйге ұшыраса да назар аудармайтын əсіре науқаншылдықтың уақыты əлдеқашан келмеске кеткен. Біздің қағидамыз қолға алынған əрбір бастаманың, жүзеге асырылған əрбір жобаның өміршеңдігіне негізделуі тиіс. Шағын ғана кəсіпорын ашылып, бес адамға жұмыс берсе де, онда өнімнің сапасы, нарыққа қажеттілігі, еңбек қауіпсіздігі, өнімділігі, табыстылығы – барлығы өзара қанаттаса, қатарласа дамулары керек. Сонда ғана біз көздеген мақсатымызға, Елбасымыз көрсетіп берген межемізге жететін боламыз.

«Аралда» ќалєан ауылдар (Соңы. Басы 1-бетте). Шағымданбаған жеріміз қалмады. Соңғы үмітіміз ел газеті «Егеменде»...» деп ашынған ауыл тұрғындары телефон соққан соң, Алматының дəл іргесіндегі Бəйтерек ауылына бардық. Ауылдардағы орталық көшелерді тұрақты жолына айналдырып алып, қарыс қадам жерді көрсетпейтін шаңды қақ жара екпіндей өтетін көліктердің кейбірі нен қап-қабымен күл-қоқыс шашылып жатқанын да көрдік. Ең қауіптісі сол, алып көліктердің астына бала-шаға түсіп кете ме деп шошынған тұрғындарды мазасыздық билеп, күндіз жұмысының берекесі кетсе, түнде ұй қыдан қалғаны көрініп-ақ тұр. Карьерлер ешқандай келісімсіз қазылып, экологиялық қауіпсіздікті айтпағанда, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

өрескел бұзылып, күл-қоқыс жауын суымен шайыла өзенге барып құйылатыны тағы бар. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратурасының қорытындысымен осы карьер қазылып жатқан жер ауыл тұрғындарының тыныштығы үшін жабылған екен. Бірақ жергілікті шенеуніктер ол қорытындыға да, елдің жанайқайына пысқырмай түпкі құжаты ауыл шаруашылығы саласы жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдалануға берілген жерді жеке кəсіпкерлер меншігіне деп, олар құрған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер түрлі құжаттарға сүйене жалға алып пайдаланылуда. Елдің қолында облыстық, республикалық құзырлы құрылымдардан берілген құжат болса, ал карьерді жалға алып пайдаланушыларда аудандық жер

3

www.egemen.kz

қатынастары бөлімінің құжаты ғана бар секілді, өйткені олар ел жиналған жерге келіп бізге құжаттарын көрсете алмады. Сонда кімдікі заңды? 2007 жылдан бері осы карьерден зардап шегіп келе жатқан ауылдар құдды аралда қалған тəрізді. Арал тəрізді дейтініміз, Алматы – Нарынқол күрежолының бір қалтарысында небары 2-5 шақырым жерде орын тепкен ауылдарды тереңдігін шамамен 20, енін 10 метр етіп айналдыра бірін екіншісі жалғаған карьерлер қа зыл ған. Тұрғындар бала-шаға, шал-кемпір зарын айтып аудан, облыс қана емес Бас прокуратураға биыл тағы да хат жазған екен, жетпепті. Құзырлы орындар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға белгіленген жерді неге карьер қазуға береді? 2008 жылы тұрғындарға Алматы облыстық

прокуратурасының бұл карьер жұмысын тоқтату жөніндегі мəселеге нүкте қойылғандығын хабардар еткен хат жыл құсындай болып ауылға келгенін халықтан естідік. Санитарлық-эпидемиологиялық стансаның да сондай мəтіндегі хаты бар екен. Бірақ карьер жұмысы əлі тоқтаған жоқ. 2008 жылы осы ауыл аумағынан тұрғын үй құрылысын салу үшін 50 адамға Бəйтерек ауылдық округі əкімдігінен ресми түрде рұқсат берілген. Соған сəйкес құрылыс жұмыстары мен дəл бүгінгі таңда жұмысы қайнап жатқан жеке кəсіпкер «Хашиева Р» карьерінің арасы 600 метр жер. Кезінде шаруа қожалықтары меншігіне беріліп, əр-əр жері қазылып тасталған жердің ортасындағы елді ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бас құбыр жеке адам иелігінде. Егер карьер жұмысы тоқтатылмай,

тереңдігі 50-60 метрге жетсе бас құбырдан су шықпай қалатынын дəлелдеудің қажеті жоқ. Ауылды электр жарығымен қамтамасыз етіп отырған станса да сол жерде тұр. Негізі бұл карьер кеңестік дəуірден қалған. Қазір жан-жаққа созыла ауылдарды ортасында қалдырып отыр. Осы екпінінен таймаса, ауылдарға қатынасатын жол да қиылады. Тұрғындардың бастауымен карьерге бардық. Қарапайым халыққа доңайбат көрсетіп, қожайын іспетті болып жүрген өкіл газетке сұхбат беру түгілі аты-жөнін айтпай қашты. Ал, Бəйтерек ауылдық округі əкімдігіне бюджеттік мекемелерде қызмет істейтін тұрғындар «жеп отырған нанымыздан айырылатын жағдайымыз жоқ» деп барудан бас тартқанымен, жалпы халықпен бірге келсек, тұрғындар көтерген өзекті мəселеге қатысты ешқандай жауап бере алмайтын жетекші маман Қабылбек Оразбекұлы ғана бар екен. Жұмыс уақыты болса да ауылдық округ əкімі Осман Абубов та, оның орынбасары да, өзге мамандары да

Ќырыќ ќўбылєан ќылмыс əлемі оєан ќарсы їздіксіз кїресті талап етеді Кеше Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің 2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Оған агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылық жəне жеке құрамдары байланыс жүйесі арқылы қатысты. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Алқаның жұмысын ашқан агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков: «Бірінші жартыжылдық бойынша жұмыстың нəтижелері біздің барлық негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді негіздейді», деді. Р.Түсіпбековтің айтуынша, ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды ашу 25 пайызға өскен, сыбайлас жемқорлық қылмыстар 8 пайызға асыра анықталған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны 20 пайызға артқан. Ал жүйелі жемқорлық фактілері бойынша 221 қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылы экономика сала сындағы қылмыстардың бір бөлігі декриминализацияланды. Қаржы полициясы өз жұмысын қауіптілігі жоғары экономикалық қылмыстарды ашуға бағыттады. Осындай фактілер бойынша 3198 қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы дерлік көлеңкелі экономика саласына жатады. Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес бағытында да оң өзгерістер орын ала бастаған. Осы санаттағы 26 қылмыстық іс қозғалған. Бұл өткен соңғы жылдың қосарланған көрсеткішінен де асады. Осылайша Қаржы полициясы жалған кəсіпкерлікпен күрес нəтижесінде бюджетке түсе тін салықтарды да көбейтті. Баянда ма шының айтуынша, жалған кəсіпкерлік пен жалған мəмілелер жасау фактілерін анықтау 5 есе артқан. Жалған мəмілелер жасау үстінде алаяқтарды ұстау 3 есеге дейін көбейген. Нəтижесінде екінші деңгейлі банктерде қолмақол ақшаға алмастырылған қаражаттың соммасы 605 млрд. теңгеден 511 млрд.теңгеге дейін немесе 16 пайызға азайған. Ал бұрын қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстыру тұрақты түрде өсіп отырған. Қаржы полициясының осы бағыттағы жұмысының жандануы, сонымен қатар шағын жəне орта бизнестен бюджетке түсетін салықтардың 27 пайызға артуына өз əсерін тигізді. Бюджеттен қосымша құн салығын заңсыз кері қайтару қылмыстарын анықтау да 2,5 есе көбейген. Бұл бюджеттен қайтарылатын сомалардың азаюына əкелді. Егер 2012 жылы кəсіпкерлерге бюджеттен 450 млрд. теңге қайтарылса, осы жылдың 6 айында 83 млрд.теңге қайтарылған. Сондай-ақ, Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков алкогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты. Жүргізілген жұмыстың арқасында бюджетке арақ өнімдерін сатудан акциздік төлемдердің 25 пайызға артқаны байқалады. Бұған қоса, қазір алкоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көлемін көрсетуге жəне олардан салық төлеуге мəжбүр. Бұған дəлел – еліміздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7 пайызға өсу көрінісі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын əшкерелеу 3 есе артқан. Нəтижесінде Мұнай жəне газ министрлігінің мəліметтеріне сəйкес, Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана келіп түсетін шығуы күмəнді мұнайдың мөлшері 2010 қызмет орнында жоқ. Ұялы телефондары да сөндірілген. Бұл қалай? Осы мəселеге тиісті орындар не айтар екен? Біздің қолымызда жоғарыда аталған бес елді мекеннің мыңдаған тұрғындары үкілі үміттерін арта мұқият тапсырған, яғни ауыз су, жол, электр жарығы, күл-қоқыс төгетін орын мəселелерін көтеріп прокуратура органдарына, əкімдіктерге, салалық департаменттер мен басқармаларға жазған 12 арызға ауылдық округ, аудандық, облыстық əкімдіктер мен аудандық, облыстық прокуратура, тіпті Бас прокуратура тарапынан жазылған 12 жауап хатпен қатар заңнама талаптарын түсіндірген ережелерден құралған А-4 форматты 143 беттік қағаз бар. Қорыта айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы, Бəйтерек ауылының тұрғындары Бибігүл Мəлікова,Ольга Кнуренко, Жұмабек Ақылбеков, Талғар ауданы, Медик, Луч, баубақша бірлестіктерінің тұрғындары Тамара Куприна, Хабибат Магомедова, Юрий Яковлев деп тізбеленетін

жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған. Қаржы полициясында тергеу сапасы да едəуір жақсарған көрінеді. Олардың өндірісінде болған қылмыстық істердің саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға артқан, тергеу барысында қысқартылатын қылмыстық істердің саны 15 пайызға төмендеген, қосымша тергеуге қайтарылған қылмыстық істердің саны тіптен азайды. Қылмыстық істерді сотқа жолдау 1,5 есеге жоғарылап, барлық аяқталған істердің 80 пайызын құрады. Негізінен оған қаржы полициясында сотқа дейінгі өндірісті жетілдіру бойынша қабылданған шаралар себеп болып отыр. Барлық бөлімшелерде кезекші офицер лауазымы енгізілді, бекітілген жаңа құрылым полицейлік тергеу қағидасының барлық талаптарына сəйкес келеді. Материалдар бойынша тексеріс жүргізу жеделдігі артты. Егер бұрын арыздардың жартысы дерлік 2 айға дейін тексерілсе, бүгін олар бойынша тексеріс 3 тəулікке дейін ғана жүреді. Қылмыстық іс жүргізудің жеңілде тілген тəртібі кеңінен қолданылуда. Жеңілдетілген тəртіппен аяқталған істердің саны 3 есе көбейді. Ең бастысы, Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмысты анықтады. Бұл туралы «Жұмысымыздағы басымдықтарды қылмыстардың алдын алу мен оларды болдырмауға бағыттап, біз қылмыстарды бастапқы сатыларында, яғни, мемлекетке залал келтіруге жеткізбестен анықтай бастадық» – деді Қаржы полициясы агенттігінің төра ғасы. Агенттік ахуалдық орталығы ның жұмысының арқасында жыл басынан 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмса лудан сақтап қалды. Талдау материалдарының негізінде жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Мысалы, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу барысында бюджет қаражатын ұрлау жəне жалған кəсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі əшкере ленді. Олардың қызметінен мемлекетке 16 млрд. теңге залал келтірілген. Алдын алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтарға жағдай жасайтын себептер мен жайларды жою туралы 275 ұсыныс енгізілді. Ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27 пайызға көп. Оларды қарастыру нəтижесінде 210 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 116-сы жұмыстан шығарылды. Рашид Түсіпбеков лаңкестік пен діни экстремизмді қар жылан дырудың көздерін анықтау мен əшкерелеу бойынша қаржы полициясының жұмысының жандануы туралы атап өтті. Алғаш рет қаржы полициясы шет елде лаңкестік қаруланған топтың құрамында соғысып жүрген тұлғаны қаржыландыруды əшкереледі. Радикалдық діни ағымдарды қаржыландыруға қатысы бар 16 кəсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Экстремизм мен лаңкестіктің жақтастарына қатысты 68 қылмыстық іс қозғалды. 63 адамның (диктофондағы сұхбаттары өз алдына) ашынып отырып жазып, жеке қолдарын қойып бізге берген арыздарында негіз бар. Шындық. Нақты дерекке дəйектеме келтіре жазылған. Шығарып салма жауаптар жоғарыдан төменге сырғи келе орындалмай қалып келген. Қазба байлықтарын пайдалану тəртібі жөніндегі түсіндірмелер халықтың қолына тигенімен, іс жүзінде орындалмайтыны да жасырын емес. Тоқ етері өркениетке қадам басқан еліміздің экономикалық тұрғыдан өсуіне, ауыл шаруашылығы жəне тағы да басқа салалар бойынша өркендеуіне Алматы облысының қосып отырған үлесі қомақты. Сол жетістікті əлгіндей келеңсіздіктерімен кері тартып отырған əлеуеті зор, мүмкіндігі мол ауылдық округтің жағдайы осындай. Бұған тиісті орындар не айтар екен? Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бəйтерек ауылы.


4

ДАУА

www.egemen.kz

31 шілде 2013 жыл – ауа-райына тəуелді дүние. Ал, мүйіз кесу науқаны бір жарым айға созылады. Наурыздан бастап жануарға мүйіз өсе бастайды. Күн жылы болса тез өседі. Қорегі – Алтай тауында өсетін дəрілік қасиеті бар марал шөбі, алтыншөп сияқты өсімдіктер. Мұның бəрі сатының ішінде бар. Бұғы мүйізі əбден пісіп-жетілгенде ғана кесіледі. Оны маралшылар бақылап отырады. Ерте жетілгендері ерте кесіледі. Мүйіз кесу бір жарым айға созылатыны сондықтан. Мүйізді кескеннен соң оны қайнатады, көлеңкеде желге жəне жаровняға кептіреді, – деді Толқын Раисов. Тау қойнауындағы шипажай орналасқан орын жаздың ыстық күнінде +35 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ, бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Қыста аяз –38 градусқа төмендейді. Қардың қалыңдығы кейде 2 метрден де асып кетеді, ақтүтек борандар жиі болады. Шаруашылық жұмысшылары Жамбыл ауылынан бері қарайғы 20 шақырымдық тау жолын тəртіпке келтіріп, жүретін жағдайға жеткізіпті. Адамның өзі əзер шығатын жықпылы көп таудың ұшар басына құрылыс материалын машақатпен жеткізіп, емдеу-сауықтыру кешенін салып жатқан кəсіпкерге ырза болдық.

Өр Алтайдың өз əлемі бар Тамсандырған тау. Уылжыған уыз дүние. Сақи сыйға қағанағы қарқ адам дар... Оралхан Бөкейдің тілімен айтқанда: «Алтайдың атқа мініп тұрған кезі». «Жақсыны көрмекке». Асық көңілдің Алтай асқарын беташары болып жатқан жас келіндей тамашалауы тегін емес. Табанымыз тұңғыш тиген еді. Тамылжыған табиғат тартуына тəу еткен тумалары Орағаңның (О.Бөкей), Қалағаңның (Қ.Ысқақ), Əлағаңның (Ə.Асқаров), Дидағаңның (Д.Əшімхан), Асағаңның (А.Алтай) шығармаларын жастана оқыған, көркем əдебиет арқылы Алтаймен анда болған албырт шағымыз еске түсіп келеді. Миығымыздан күлеміз. Жарқ етіп жақпарлардан, шатқалдардан, шың басынан, қалың қарағайдан таныс та бейтаныс кейіпкерлер шыға келетін сияқты... Дүрия орманды дүр сілкінтіп, «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Қаршыға қыл арқанды құрығын безеп, шаңырақ мүйіз бұғыны қуып бара жатқан секілді. Əлде қарағайға қайыстыра байлап, арбиған аша мүйізді аралап жатыр ма екен?.. – Жетіп қалдық, – деді бізді Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарыннан ертіп шыққан Белқарағай ауылының əкімі. «Көрмегенге көсеу таң». Гүлсəрі орта иектеп келе жатқан ойымызды жиып алдық. Алтай алқымына енгеніміз əлгінде еді, ұзамай тоқтағанымызға нəумез болып қалдық. Кешқұрым ауыл ағасы Дəурен Қалибеков бізді «Нұрбұлақ» шипажайына алып келді. – Іздегеніңді осы арадан табасың, – деді.

Марал шаруашылықтары Іздегеніміз – мүйіз моншасы еді. «Нұрбұлақты» түу қиырдан бетке алатындар осы моншаға келеді. Күндіз ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Рақымғали Байғараевпен əңгімелескенбіз. Маралымен мəлім мекеннің мəн-жайын түсініп қалғандаймыз. Жуырда журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен: «Маралшыларға республикалық бюджеттен қолдау бола ма?» деп сұраған. «Біз Қазақстанның халқын марал етімен тойғыза алмаймыз», деп жауап қатқан болатын министр. Оның да бір жөні бар шығар... Бүгінде Катонқарағай ауданында 6 мыңға жуық марал өсіріледі. Облыс бюджетінен марал шаруашылығына субсидия бөліне бастағанына төрт жыл болыпты. Жыл сайын катонқарағайлықтар маралға 29-32 млн. теңге аралығында субсидия алып келеді. Нəтижесінде, өңірде марал басының төмен құлдырауы тоқтады. Кеңес өкіметі кезінде Катонда 20 мыңнан астам марал өсірілетін. Марал басы кемуінің себебі бар: жануарды етке соймайды, жүні алынбайды, сүті сауылмайды. Бұлардан алынатын бір ғана өнім – мүйіз. Былайғы ел «панты» атап жүр ғой. Ол сиыр, қой-ешкіге бітетін мүйізден өзгеше, дəрілік қасиеті бар. Өйткені, Алтайдың адам аяғы баспас биігінде шөптің асылын талғап жейтін бұғы мен маралдың бар нəрі мүйізіне жиналады. Катонқарағайда 11 марал шаруашылығы бар. Заңнама бойынша субсидия асыл тұқымды шаруашылыққа ғана беріледі. Ауданда 9 асыл тұқымды марал шаруашылығы тіркелген. Яғни, ауданда өсірілетін маралдың 85 пайызы асыл тұқымға жатады. Жалпы, маралдың бір-бірінен айырма шылығы жоқ. Себебі, асыл тұқымды дəрежені алу үшін шаруашылықта марал саны 350-ден асуы тиіс. Əзірге бұл межеге «Топқайың» жəне «Баян» шаруашылықтары ғана жете алмай отыр. Катонқарағайдағы ірі марал шаруашылықтары қатарына Коробиха ауылдық округіндегі «Дамир» жəне «Үшбұлақ» атты екі шаруашылықты жатқызуға болады. Онда ауыл тұрғындарының да үлестері бар. Сонымен бірге, шаруашылықтың «Жанат» атты демалыс үйі қызмет көрсетеді. «Ақсу» ЖШС-ы былтыр қысқы азықты дұрыс даярламағандықтан шығынға да ұшырапты. – «Ақсудың» демалыс үйі бар жəне субсидия алып отыр. Қажетті жем-шөп өндірісін жолға қоюға мүмкіндігі жетеді. Ал, олар аудан əкімдігінен қыс ортасында жемшөп сұрады. Мұны қалай түсінуге болады?, – дейді ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Өрел ауылдық округінде Валентин Пантелеев басқаратын «Қарлығаш», Жамбыл ауылдық округінде Сержан Етекбаев жетек шілік ететін «Димаш», Толқын Раисовтың иелігіндегі «Маралды» шаруа қожа лық тары ның əрқайсысы 400-дей марал өсіреді. Ірі шаруашылық қатарында «Катонқарағай бұғы паркін» атауға болады. Аталған паркте теңбіл бұғы бар. Субсидияны тиімді пайдаланып, шаруашылықты тұрақты дамытуға ден қойғандардың бірі осы бұғы паркі. Марал шаруашылығы элиталы жəне І, ІІ, ІІІ санатты болып бөлінеді. Бұл – марал мүйізінің салмағы мен өнімділігі, кеудесінің көлемі, мойнының жуандығы сияқты өлшемдер арқылы анықталады. Оны анықтауға облыс орталығында орналасқан ғылыми-зерттеу институтының мамандары арнайы шақырылады. Жыл сайын аталған мамандар маралдардың сапасын анықтап, қорытындысын береді. Сондықтан, шаруашылықта 700 марал болса да, сапасына қарай 400 марал бағып отырған шаруашылықтан субсидияны аз көлемде алуы мүмкін. Бұдан субсидияның санға емес, сапаға берілетінін байқау қиын емес. «Үшбұлақ», «Дамир», «Ақсу», «Катонқарағай бұғы паркі» шаруашылықтары жаз бойы өздерінің пантымен емдеу-сауықтыру орталықтары арқылы қосымша табыс табады. Қалған марал шаруашылықтарында емдеусауықтыру орталықтары жүйелі жұмыс істемегендіктен қазіргі кезде туристерді мол мөлшерде қабылдау əлеуетін жетілдіруге күш салып жатыр.

Мүйіз қайнату Мүйіз саудасы Кеңес Одағы кезінде мүйіз саудасы қызу жүрді. Бағалы заттың бірі болды. «Маралдың басында көліктің құны жүреді», деген сөзді үлкендерден жиі еститін едік. Алайда, 90-жылдардағы тоқырау кезеңі марал шаруашылығына да салқынын тигізді. Бұғы мүйізін іздемек түгілі, жан бағуға көшкен заман болды. Соңғы жылдары біртіндеп ес жиса да, мүйіз бағамы əлі көтеріле қоймаған. Былтыр маралшылар мүйіздің килосын 180 АҚШ долларына əрең сатыпты. «Бұрын мың доллардан алып кетуші еді» дейді олар. Катонқарағайда бір жылда 3,5 тоннадай консервіленген мүйіз өндіріледі. Осының өзін өткізу кейде қиынға түседі екен. Жергілікті маралшылардан «Мистер Чо» атап кеткен Оңтүстік Кореядан келетін кəсіпкер өтпей қалған барлық мүйізді сатып алатын көрінеді. Сондай-ақ, қазіргі кезде «Ақсу-Дэен» ЖШС-ы мүйіз өңдеумен шұғылданады. Оңтүстік Кореямен бірлескен компания марал мүйізінің ауқымды бөлігін қабылдайды. Мұнда марал мүйізінен 35-тен астам түрлі дəрі-дəрмектер жасалынады. Біз əңгімелескен «Ақсу-Дэен» ЖШС меңгерушісі Ақзия Мағзұмованың айтуынша, марал шаруашылығының өнімдері консервіленіп, даяр болған соң қабылданады. Аталған кəсіпорын спиртті түрінде пантокрин тұнбаларын, бальзамдарын жəне құрғақ ұнтақ түрінде капсулалар өндіреді. – 15 жылға жуық Оңтүстік Корея фирмасымен бірге жұмыс істеп, панты өнімдерін даярлау əдістерін үйрендік. Мүйіз қанын кəсіпорынның ветеринарлық дəрігері қабылдайды. Зауытта пантокринді 50 мл.-лік шақшаларға құямыз. Бұлар Ираннан сатып алынады. Жылына 100-120 мың құты сатып аламыз. Сондай-ақ, мүйізді түгінен тазалаған соң одан кеспе жасаймыз. Кеспені 75 грамнан бөлшектейміз. Кеспе дайындалған соң оны ұнтақтаймыз. Осы ұн іспетті ақ түйіршіктерден капсула жасаймыз. Себебі, иісі, дəмі болғандықтан кей адамдар сұйық күйінде қолдана алмайды. Ал, капсуланы екі жастан бастап қолдануға болады. Бір құтыға 40 капсуладан саламыз. Мүйіз қаны ұнтақ түрінде де пайдаланылады. Бұл дəрі-дəрмектер адам ағзасы шаршап, күйзеліске ұшыраған кезде қалпына келтіруге көмектеседі. Құрамында кальций мол болғандықтан сүйек ауруларына жақсы ем болады. Экологияға байланысты жас балалардың тістері, тырнақтары сынып жатады. Сондықтан, жасөспірімдердің сүйектерінің өсіп, бекуіне қолданылады. Егде тартқан адамдардың ағзасындағы кальций азайған кезінде пайдаланылады. Зауытта түрлі шөптерден бальзам жасалады. «Азамат» бальзамының құрамы пантыдан тұрады. «Эрегин» тұнбасында да мүйіз кеспесі бар. Марал шөбінің тамырын бальзамға, спирттік тұнбаға қосамыз. Өнімдеріміздің бағалылығы осында, – деді Ақзия Мағзұмова. Төр Алтайда мүйіз кесу науқаны маусым айында басталады. Мүйіз бұғыға ғана шығады. Аналығына мүйіз өскен жайт сирек кездеседі. Кейбір шаңырақ мүйіз бұғылар аюдың өзіне сес көрсетеді екен. Жыл бойы сынып, түрлі жағдай болатындықтан мүйіз келесі көктемде қайта өнеді. Күзде тас болып қатады. Мүйіздің бас сүйекке бітетін жерінде ұршық болады, кесілмеген жағдайда осы ұршықтан жоғары қата бастайды. Сүйекке айналар келер жылда алдымен бір жақ мүйізі, сəл уақыт өткенде екінші жағы түсіп қалады. Орман ішінде бұғы тастап кеткен мүйіздер кездеседі. Оның құрамында биологиялық белсенді заттар болады. Орманда жатқан мүйіздер кеміргіштер үшін үлкен олжа. Мүйізде биологиялық белсенді зат мол екенін тышқан екеш тышқан да біледі. Дегенмен, жабайы тағыларда болмаса, қолдағы маралдың мүйізі өздігінен түспегелі қай заман?! Жаз кезінде бұғының төбесіне біткен бар байлығы сұрғылт түспен түктеніп, былқылдап жұмсақ болып тұрады. Кемік мүйізді осы сəтте кеседі. Ішіндегі қанды шашау шығармай консер вілейді. Кескеннен соң қанын ағызбай жоға ры ұстап, суға қайнатады. Сосын ыстап, кептіреді. Құрғақ ыстық буға қояды. Осы үдеріс бірнеше мəрте қайталанады. Қайнатылған сорпаның қасиеті бар. Адамдар осы сорпаға түседі. Мүйіз моншасы дегеніміз – осы. «Нұрбұлақ» пантымен емдеу-сауықтыру шипажайы ғажап мүйісте десе болғандай. Самырсын, қарағай, қайың аралас нудың етегін баса орын тепкен шипажай көркемдігімен көз тартады, тұнық ауасының өзі шипа. Бет-жүзі албыраған демалушылар қалың көк шөпті белуардан кешіп, сейілдеп жүр. Жылы киініп алған. Өйткені, тау ауасы салқын, оның үстіне мүйіз моншасына түседі емес пе! Сауықтыру орталығының əкімшілік қызметкерлері Эльмира Абдрахимова мен Динара Бакинаның айтуынша, қазіргі кезде

шипажайда 18 демалыс үйі жұмыс істейді. Асхана дастарқанынан Алтайдың балы мен қымызы үзілмейді. Етті жəне көкөністі тағамдар, жеміс-жидек ұсынылады. Сондайақ, жазғы спорт алаңы, теннис, жаттығу, хауыз, бильярд залдары жұмыс істейді. Дүкені мен моншасы, 200 орындық мейрамханасы бар. Таза ауада тынығуға арналған шатырларда еліміздің түкпір-түкпірінен жеткендер тау ауасын жұтып, əңгіме соғады. Шипажай аумағы табиғи жəне арнайы жасыл ландшафтпен көз тартарлықтай əдемі жасалыпты. Қазір мұнда 35-тен астам адам жұмыспен қамтылған. Басым бөлігі жергілікті тұрғындар. Шипажай бір мезетте 120 адамға дейін қабылдай алады. «Еңбегіміз дəулет, беделіміз сəулет болды» (Ə.Асқаров) дейтін қалтасы қалың азаматтарымыз көбейді ме, Астана мен Алматы қалаларынан, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан демалушылар жиі келеді мұнда.

Мүйіз сорпасы Мүйіз сорпасына түсіп, мүйіз қанынан бетперде (маска) жасаса, адам терісін жасартып, өзгеше рең береді. Панты астауына (ванна) шомылғандар қыстыгүні суық пен тұмаудан аман-сау өтеді. Мүйіз сорпасы адам иммунитетін көтеріп қана қоймай, буын ауруларына да ем болады. Қазір көптеген қалаларда қолданысқа енген панты астауы болса да, адамдар Төр Алтайдың өзіне келіп емделгенді жөн санайды. Өйткені, мұнда мүйіздің жас сорпасы бар. Шипажай ашылғаннан бері медициналық қызметкер болып еңбек ететін Сəуле Досымбаева сорпаны алғаш рет қабылдаушылар үшін 7-10 күн үзбей түссе тиімді болатындығын айтады. Ал, жыл сайын келуді дағдыға айналдырғандар мерзімді ұзарта түседі екен. Емделуші бірінші рет түскенде дəрігерлер оның қан қысымын өлшеп, судың температурасын белгілейді. Көбінесе астау суы +38...+43 градус жылылықта болады. Мүйіз қанының аздап иісі болатындықтан, майқарағай шайырын қосады екен. Бұл жағымды иіс шығарып, тынысыңызды аша түседі. 80 литр ыстық суға 1,5 литр мүйіз сорпасын араластырады. Күніне екі мəрте қабылдайды. Арасында бір мəрте фитобөшкеге буланады. Фитобөшкесі не дерсіз? Айтайық. Мүйіз сорпасы Алтайда өсетін 18 түрлі дəрілік шөппен бірге қайнатылған соң, оның буы қысыммен түтік арқылы фитобөшкеге беріледі. Балқарағай ағашынан жасалған бөшкенің жататын жəне отыратын екі түрі бар. Терапевт-дəрігер Дамир Муркамеловтің айтуынша, сорпа буы теріні, бұлшық етті нəрлендіреді. Өйткені, сорпа құрамында липидтер, фосфолипидтер, амин қышқылы, дəрумендер, жасушалардың иммундық

жүйесін нығайтатын, қан құрамын жақсартатын заттар бар. Фитобөшке адам ағзасын құнарландыру үшін емдік мақсатта пайдаланылады. Шорбуын, құяң, остеохондроз, артресклероз, асқазан жарасы, қаны аздық, белсіздік ауруларына өте жақсы ем. Ақылой күйзелісі мен дененің шаршауын басады. 15 минөттің ішінде терлетеді. Термен бірге ағзадағы зиянды заттардың барлығы шығып, адам жеңілдеп қалады. Фитобөшкеге кем дегенде 7 күн булану қажет екен. Жалпы, астау мен бөшкедегі мүйіз сорпасына түскеннен кейін душ пен бассейнге шомылуға болмайды. Себебі, сорпа нəрі тəнге сіңуі тиіс. Тіпті, ысқылап сүртінудің қажеті шамалы дейді қызметкерлер. Рахат əлемнен бусанып шыққан тынығушыларға таудың таза балы қосылған фитошай ұсынылады. Оның құрамында Алтайдың экологиялық таза ауданында жиналған 12 түрлі шөп болады екен. Атап айтқанда, тау шөбі, жұпаршөп, киік оты,

жалбыз, шайқурай, итмұрын, түймедақ, сасықшөп, андыз, бозарша, таңқурай, балқурай, мыңжапырақ, қарақат жəне тағы басқа дəрілік өсімдіктердің кеп тірілген жапырақтары мен тамыры бар. Шай – ағзаның жалпы ахуалын, зат алмасуын, ас қорытуын жақсартып, иммунитетін көтереді. Ұйқыны жақсартуға да септігін тигізеді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Катонқарағайдың Ақсу ауылында туыпөскен, қазір Глубокое ауданында тұратын Айнұр Шырғайбаеваның өзі мұнда бірінші мəрте келіп отыр. Ол сорпадан бетперде жасатыпты. – Бетім балбырап, жұп-жұмсақ болып қалғанын сезіп отырмын, – дейді фитошайды сораптап отырған Айнұр. Сорпадан бетперде жасауға қала жастары көп тапсырыс береді екен. Шипажайға келген соң қыз-келіншектер опа-далапты мүлде ұмытады. Қандай қымбат косметика болса-дағы мүйіз қанынан əзірленген маскадай пайдасы болмайды. Сəуле Досымбаеваның айтуынша, Ақтаудан омыртқа жарығымен ауырған Серік есімді жігіт келіпті. Оған қалада дəрігерлер ота жасамақ болған екен. Алайда, науқас таныстарының кеңесі бойынша мүйіз сорпасымен емделуді жөн санаған. Шипажайға үшінші мəрте келгенінде əлгі ауруынан құлан-таза айығып кеткен көрінеді. Сондай-ақ, аяққа да ем-дом жасалады. Мүйіз сорпасы құйылған астауға аяқты салып отырса, адамның қан айналымы жақсарады. Одан өзге моншада сорпаға орануға болады. Яки, мүйіз сорпасына малынған матамен адамды орап, ыстық бу бөлмесіне 15 минөтке жатқызады. Бұл ағзаға өте жағымды əсер береді. «Кəрі тарлан қартайғанда боз шығады» дегендей, мүйіз сорпасын астауда, фитобөшкеде, моншада қабылдаса да, ең бастысы ағзаның, əсіресе жыныс функциясының қызметін жақсартатыны ертеден мəлім.

Қалтасы бардың қарымы ұзын. Бүгінгі күні шипажайларда қаржылық институттар, кəсіпорындар түрлі жиындар өткізуді дағдыға айналдыра бастаған. Еліміз дің қоғам, ғылым, мəдениет пен өнер қайраткерлері де шипажайға жиі мейман болады. Ұлыбритания, Германия, Жапония, Ресейден ұдайы келушілер бар. Былтыр облыстық «Дарын» орталығы шақырған Кембридж университетінің профессоры: «Алтай өлкесі Швейцариядан еш кем емес екен», деп басын шайқап қайтыпты. Фитобөшкеден шығып, фитошай ішіп дамылдап отырған мұнайшы Озғанбай Дүйсенов Ақтау қаласынан келген екен. – Батыстан келген біз, жердің шұрайы Шығыс Қазақстан екен деп отырмыз. Денсаулығымызды жақсартуға келгендіктен, қаржымызды аямаймыз. Оның бізге де, елімізге де пайдасы бар. Ішкі туризм арқылы қаржы елімізде қалады. Мұнда медициналық қызметкерлердің қызметіне көңіліміз толды. Енді шет елдердегідей шипажайдың жалпы қызмет көрсету сапасы жақсара түсуі тиіс. Білікті мамандарды шақырып, сервисті, тəртіпті күшейте түсу керек. Көліктерін автотұраққа қоймай, демалыс үйінің қасына қойып жүргендерді байқадым. Мұндай жасыл жазиралы жерде көк шөпті басу да обал ғой. Осы сияқты бейəдеп қылықтарға тоқтам салу қажет сияқты, – деді мұнайшы азамат. Расында, демалу да биік мəдениет үлгісі. Мұнда алкогольді ішімдік ішетіндер де кезікпей қалмайды. Оларға дəрігерлер тарапынан ваннаға, фитобөшкеге түсуге қатаң тыйым салынады. Өйткені, сорпа суы қан айналымын күшейтетіндіктен алкогольмен бірге жүрекке салмақ түсуі мүмкін. Алайда, қаржысын төлеген емделушілер оны да құлаққа ілгісі келмеген ыңғай танытады. *** Алыстан келгендер маралды көрмекке асығады. Оларды ертеңгілік шипажай көлігі Ақсуға апарады екен. Атыраудан ат арытып жеткен Сағат пен Айгүл Мұратбектер Алтай өңіріне алғаш келіп отырғандықтан, шипажай қызметкерлеріне: «Марал қайда?» деп əлек салды. Панты ваннаны Жаңақорғанның шипажайынан көріп алған кəсіпкер отбасы енді мүйіз сорпасына жайылып жүрген бұғыға қарап отырып шомылуды қиялдап келген сияқты. Көрмеген жанға бəрі таңсық, əрине. – Сұлу жерді көргенге не жетсін?! Бірақ, бізге мүйіз кесуді көру қызық болып тұр, – деді демалушы Сағат Мұратбек. Шипажай қызметкерлері аптыққан жолаушылардың арынын басайын деді ме, көлікті беріп қоя берді. Айдын есімді жүргізуші «Таблетка» атанған УАЗ көлігін тоңқаңдатып, тас жолға шығып алып зымырай жөнелді. Берел мен Өрел, Рахман қайнарына жақын қалғанда қиыс кетіп, жолсызбен заңғарға өрмеледік. Тасты жарып шыққан қайыңға, балқарағай көркіне, үйдей қожыр, тақтай тастың ықпыл-жықпылына қарап отырып байқамаппыз. Төменге көз салсақ, бөркің түсер, бас айналар қия-құз, түпсіз шат. Тауды қабырғалай айна лып қою қорғасын тұманға қойып кеттік. Қарыс қадам жерде гүл мен шөптен басқа ештеңе көрінбейді. Қызық, мына суықта да гүлдер қауыз жарады екен ғой! Қарағайлы орман, қайыңды тоғайды тұман тұмшалаған. «Марал көрмесек болмайды», деп отырған атыраулық демалушылар тау басына көтеріліп, құзды көрген соң-ақ демін тартып, үнсіз қалды... Тек əлдебір қиядан төмен түскенде шарбақпен қоршалған бұғы сатысы көрініп, отбасылы жұп «уһ» десті. Барынду өзенінің жағасындағы Маралды ауылына келдік. Діңгек, Орта, Жалпақ учаскелерінің жанында орналасқан ауылда «Маралды» шаруа қожалығы бар. 1996 жылы құрылған шаруашылықты Толқын Раисов есімді азамат басқарады. Оның əкесі де кеңес кезінде совхоздың бір бөлімшесі болған осы шаруашылықтың басқарушысы болыпты. Александр шыңы, Қаумыш көлі, Мұзтау осы шаруашылық маңында. Алайда, ақ тұман мұнары түк көрсетпеді. «Маралды» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын демалыс үйлерін салуды бастаған екен. Демалыс базасының құрылыс жұмыстары биыл ғана шегіне жетіпті. Əр бөлмеге құбыр арқылы су жіберілген. Бөлмелер қазіргі заманға сай жабдықталу үстінде. Ыстық су жылытқыш арқылы беріледі. Ваннаға, демалуға, асханаға арналған жеке ғимараттар ағаштан қиып салынған. Базаның бір жағында мүйіз қайнататын қазандық, +80 градус ыстықта мүйіз ыстау моншасы орналасыпты. Маралшылар мүйіз ыстайтын моншаны жаровня дейді. 12 адамды жұмыспен қамтып отырған Толқын Раисовтың айтуынша, «Маралдыда» жылына 500-600 келі мүйіз өндіріледі. «Ақсу-Дэен» кəсіпорнымен бірлескен шаруашылық болғандықтан өнімдерін аталған орынға өткізеді. – «Маралды» шаруашылығының 2 жарым мың гектар жайылым жері бар. Маралдар қысы-жазы бағылады. Қыстыгүні тебінге шығарылып, жүдеген, арықтаған маралдар жартылай қолда ұсталады. Бұл

«Маралды» шаруашылығының мүйіз қайнатушысы Мəмбет Тоқтағановты əңгімеге тарттық. Мүйіз қайнату да бір өнер. Ебін білмесе алтынға бағаланар дүние текке рəсуə болады. Мүйіз қайнатушының айтуынша, оны кескен соң екі сағат суытады. 600 литрлік бөшкеге толтырып су құйып, сарқылдатып қайнатады. Мүйізді қайнаған суға малады. Кесілген түп жағын төбеге қаратып, теріс ұстап отырады. Əр мүйізді əртүрлі уақытта қайнатады. Қайнаған суда бірін 2 минут ұстаса, бірін 4 минуттан ұстайды. Қазандыққа жекелей салынған мүйізді қолмен ұстап отырады. Қан аралас көбік шыққанда ала қояды. Одан кешіктірсе жарылып кетеді екен. Екі сағат демалдырған соң тағы қайнатады. Ертеңіне тағы екі мəрте қайнатады. Сосын күн аралатып жаровняға салып, ыстап отырады. Бұл жұмыс аяқталған соң 4 сағаттан желдетуге ілінеді. Төбесі шатырмен жабуланған арнайы желдету орны бар. Бұл кезде тағы да 6-7 мəрте күн аралатып жаровнядағы құрғақ буға ыстап отырады. – Осы жаровняға адамдар булануға кірсе, тыныс ауруларына мың да бір ем болады, – деді Толқын Раисов. Мүйізді тез бұзылатындықтан ылғалды жерге құюға болмайды. Тамыз, қыркүйек айларында шегіне жетіп, пайдалануға, сақтауға келеді. Тіліп келіп жібергенінде қып-қызыл болып тұрса, мүйіздің консервіленуі жақсы деген сөз, нашары көгеріп тұрады. Ал, мүйіз қайнатқан сорпа үш күнге шыдайды. Одан асса борсып кетеді. Сондықтан, төгіп тастап ваннаға жаңа кесілген мүйіздің жас сорпасын құяды. «Маралды» демалыс базасының бір ерекшелігі, мұнда емделушілер мүйіз қайнатылған сорпаның өзіне түседі.

Мүйіз кесу Мүйізді таңсəріден кеседі екен. «Маралдыға» күн тас төбеден ауғанда барғандықтан, тайөгіздей жануардың көлеңкесін де көрмей кері қайттық. Ертеңгілік Алтайда ағарып таң атысымен Ақсуға тарттық. Бара жатқан жеріміз Қалихан Ысқақ ағамыздың жазатын «Ақсу – жер жаннаты» ғой. Жер жаннаты десе дегендей, мүлгіген бейтарап тау аңғары. Астанадан келген, əукесі ерте біткен демалушы жас жігіттер қымбат телефондарымен төңіректі таспаға түсіріп келеді. Көлік жүргізушісі Айдын шипажай орналасқан күре жолдан 55 шақырым жерде орналасқан Жазоба бөлімшесіне алып келді. Мүйіз кесу станогы ағаштан қиып салынған шағын үйшіктің ішінде орналасыпты. Жануарды қос қапталдан қысатын қозғалмалы ағашы, жанында маралды қуып əкеліп қамайтын биік қашары бар. Біз көліктен түсіп келе жатқанда станоктен сұлу мүйізінен айырылған марал ытырыла қашты. Алты-жеті жігіт аттарына міне салып қуалағанымен, жүйрік жануар жеткізбей тоғайға сіңіп жоғалды. Əлден уақытта аттарын алаөкпе қылған жігіттер де оралды. Əлсіздіктерін мойындағысы келмеді ме, «бəрібір ұстап аламыз» десті. Жазоба бөлімшесі Кеңес өкіметінің тұсында құрылған. 1968 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Маралшы Ришат Үйікбаевтің айтуына сүйенсек, мұнда мүйіз кесу 3-маусымнан басталып, 20-тамызға дейін жалғасады. Күніне 4-5 бас бұғының мүйізі кесіледі. Таңғы сағат 4-те айдап əкеліп, қашарға қамаған соң, мүйізі піскенін таңдап алып, қалғандарын шығарып жібереді. Сонан соң бүйірінен түрткілеп, тар қашардың ішімен станокке алып келеді. Тұмылдырығын кигізіп, қозғалтпай тастаған соң көзді ашыпжұмғанша, бір минөтке жетер-жетпес уақытта ашадай арбиған мүйізді аралай салады. Əлгінде ғана осқырынып, тулап тұрған тағы жануар мөлтілдеген құралай көзіне тұқылынан аққан қан жұғып, мүсəпір кейіпке, бар сұлулығынан айырылған аянышты күйге енеді. Ал, адамдарға бəрібір... Алпамсадай «Джип» көлігімен келгендер кесілген мүйізден қалған тұқылдан аққан қанды спиртті ішімдікке жинап алып жатыр. Қанның спиртке қосылған бір шишасы 10-15 мың теңгеге бағаланады. Ал, 100-150 грамын 300-400 теңгеден алып ішесіз. Қою күрең қанды тез ішпесе ұйып қалады. Əйелдер жағы мəз-мейрам болып, қанды беттеріне жағып жатыр. Қып-қызыл қан – қып-қызыл ақша... – Биыл мүйіз сапасы орташа, əр мүйіз 5-6 килодан айналып отыр. Консервілеген соң тағы өлшенеді, – десті мүйіз кесушілер. Мүйізден қан көбірек шығу үшін бұғыны қуып əкеліп, бірден кесу керек екен. Ал, ертерек қамалған, тыныстап алған бұғының мүйізін аралағанда 1 литрге жуық қана қан ағады. Жалпы, мүйізді бұғының екі жасынан бастап 25 жыл кеседі.

Думан АНАШ, журналист.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы. –––––––––––––––

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынды.


31 шілде 2013 жыл

А

АСЫ

АЙН Қ Ы Д М ДА

www.egemen.kz

5

 Жаңа кітап Мен қазақтың бір оқырманы ретінде Момышұлы отбасын үлкен құрметпен еске аламын жəне үлгі тұтамын. Керек десеңіз, батыр ағамыз Бауыржанның атабабаларынан бастап, Бауыржан, Бақыт сияқты олардың ұрпақтарының алдында жəне ибалы келіні – Зейнеп, өзіңіздің алдыңызда басымды иемін. Оған басты себеп, бұл даңқты əулетті, олардың болмысын, батырлығын, зиялылығын, кемеңгерлігін білдіретін кітаптарды оқуымда еді. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ Бауыржан ағамыздың батырлығы бейнеленген Александр Бектің «Волоколамское шоссе» («Арпалыс») атты кітаптан бастап, бертін келе «Ұшқан ұя», Əзілханның «Ақиқат пен аңыз», Зейнеп, өзіңіздің кішкене сары кітабыңыз – «Шуақты күндер», кейінгі көк кітап – «Шуақты күндер» – бəрін де оқығанмын. Бауыржан ағаның майдан тақырыбындағы шығармаларын да оқығанмын. Соңғы жылы бір қуанғаным – Бауыржанның туғанына 100 жыл толуына арналған 30 томдық шығармалар жинағының біздің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кітапханасында пайда болғандығы, оларды оқытушыларымыз бен студенттеріміздің кітапханаға жазылып, оқи бастағандығы. Міне, бір кітап – өзіңіздің «Бабалар аманаты» кітабыңыз менің жеке кітапханамның сөресінде орын теуіп, оны жатпай-тұрмай қызыға оқып шыққаным жəне басқаларға бұл кітап жайлы айта бастағаным менің өмірімдегі бір жаңалық деп білемін. «Жаңалық» деуімнің мəні бар. Əдебиетші ретінде талай кітаптарды, роман, повестердің журналдық нұсқаларын «Жұлдыз», «Таңшолпан» басылымдарынан оқып жатамыз, ал сіздің бұл кітабыңыздың өзгелерден мəні-мағынасының, түртұрпатының, ішкі болмыс иірімдерінің ерекшелігі маған осылай атауыма мəжбүр етті. Оқиғалы шығармалардың жөні бір басқа. Қазіргі дүниеге келіп жатқан шығармаларды оқып отырып, ойға қаласың. Шіркін, баяғы Бейімбет, Мұхтар, Сəбит, Ғабит, Ғабиден, Əбдіжəміл, Тахауи, Зейнолла, Əбіш тудырған парасатты проза қайда деген сұрақ мазаңды алады. Олардан бір кезек қол үзіп, өзіңізбен сырласқандай күй кештірген мына парасатты баяндауларыңызды мен көркем шығарма деп отырғаным жоқ. Бірақ адам санасын соншама жаулай алатындай биіктіктегі жазбаларыңыз ғажап тəнті етті. Оқып болып, тамсанып екі күн бойына «Бабалар аманаты» туралы ой кештім. Ең əуелі: «Бұл кітапты қандай жанрға жатқызуға болады?» деген сұрақ мазалады. Ұзақ толғанысым бұл сұраққа былай деп жауап берді: Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы – психологиялық-педагогикалық, философиялық, публицистикалық эссе, деген тоқтамға келдім. Мүмкін біреулер бұған қарсы болып өздерінше пайымдауы ғажап емес. Бұл – менің педагог ретіндегі пайымым. Бұл кітап – естелік емес, мемуар емес, ақыл-кеңес кітабы емес, оқиғалы, тартысты шығарма емес, көрген-білгенді баяндау емес, бұл – өзіңіздің ақыл-ойыңыз, Алла тағаланың кеңесін тыңдағандай, өз парасатыңыздың туындысы. Қысқасы, сіздің осы кітапты жазудағы пайым-бағытыңыз қаламыңызды қалай жүргізді – бұл осылай туған туынды. Сексенінші жылдардың аяқ кезінде кітап дүкенінен көзіме жарқ етіп ілінген кітап «Шуақты күндер» еді. Алдында шағын кітабыңызды оқыған маған мына қомақтылау кітап одан да қызық болатын шығар деген ой туындады да, дереу оншақты данасын сатып алып, қыздарыма, қарындастарыма, келіндеріме таратып бергенмін. Бір-екі данасы өзімде қалған. Қазір бір данасы да қалмаған. Өзім оқып үлгі еткен кітабымды таратқан адамдарымнан сұрасам, олар да бірінен бірі алып, ақыры, қайда қалғаны, қайда жоғалып кеткені белгісіз болып шықты. «Бабалар аманатын» оқығаннан кейін қалалық кітапханалардың бəрін аралап, ақыры, біреуінен тауып едім. Оның өзінің беттері де жыртылуға шақ қалып, қолдың табынан, жылдардың сағымынан зардап шеккен. Мұны неге алды дейсіз? Бұдан 25 жыл бұрын оқығанды еске түсіру еді. Ол кітаптар енді əр үйден шам алып, іздесең де табылмауы мүмкін. Бірақ санаға сəуле түсіріп, қанша адамды тəрбиелегенін өлшеп айта алмайсың. Беті ашылмай, бір беті бір бетіне жабысып қалған, бірақ кітапханаларда əлі сөреде орын алып тұрған кітаптардан гөрі, көп оқылғаннан жыртылып, қызықтығынан «жымқырылып» кеткен кітаптарға не жетсін! Құрметті Зейнеп! «Бабалар аманаты» тек 4 мың данамен жарық көрген екен. Ертең, бір он жылдан кейін бұл кітапты сондай «қасірет» күтіп тұр деп білеміз. Бұл – кітаптың ішкі дүниесінің қымбаттығымен, оқыған адамның бүкіл тамыр-тамырына тарап, организміне қосылып, əр адамның жүрегін соқтырып, тынысын жиі алдырып, денесін қатайтып, тұғырын берік қылуға қызмет ету процесін атқарды деп біліңіз. Сонымен, «Бабалар аманаты» мынадай қасиеттерге ие: адам психологиясына əсер етуімен, педагогикалық мəн-мазмұнымен, философиялық тереңдігімен, тарихи танымдылығымен... Психологиялық əсерлілігі мынада деп білемін. Бауыржан атаңыздың мінезіндегі өте көтеріңкі болмысты, асаулық, шындықтың шыңына ту тігерлік батырлық қасиетінің көрінісі. Кітап басынан аяғына дейін оқырманға жігер-қайрат береді. Зейнеп келіннің Бауыржанның мінезіндегі ерекшелікті жіті бақылау шеберлігі, зерттеуі, ақыры, бүкіл сырын игерді. Осы терең зерттеулерінің нəтижесінде ол кісімен қандай сəттерде де ғажайып психологиялық иірімділікпен тіл таба білуі. Бақытжанның да мінезіндегі болмысты, батырдың баласының қанындағы батырлықтан өзге батылдықты да Зейнептің бақылай, бағалай білуі, ретті жерінде оны «жеңіп» шығуы. Батырға жасай алмайтын батылдықты Бақытжанға жасаудың психологиялық тəсілдерін игеруі. Бұл айтылғандар оқырманды «əлде қайтып кетер» деген дігірлі қобалжуларға түсіреді. Əр педагог алдына келген 30 оқушының мінезін психологиялық шеберлікпен зерттемесе, бір бағытпен үнемі талап ету, үнемі дауыс көтеру, үнемі шəкірт алдында бипаздау, тағысын-тағыларды бірыңғай қолдана берсе, өзінің педагогтық-психологтік қасиетін аяққа басар еді. Себебі, əр баланың өзіне тəн мінезі, өзгешелігі бар. Осыны түсінген педагог əр баланың мінезін зерттеуі керек. Біріншіден, əрбіреуін жеке тəрбиелеу үшін, əрбіреуіне жеке білім беру үшін, сөйтіп, болашақ орнықты адам, азамат, қайраткер болудың негізін қалау үшін қамал алғандай шебер тəсіл мен

батылдық болмаса, мұғалім діттегеніне жете алмас еді. Ал сіз, Зейнеп, журналистикалық шеберлігіңізді айтпағанда, бала кезіңізде өз отбасыңызда алған ғажайып тəрбиеңіздің нəтижесінде осы кітаптан байқағанымыздай, адамгершілік кəусарына суарылған тəжірибе жинақтаған психолог, педагог екеніңізді дəлелдедіңіз. Екіншіден, бұл кітап педагогикалық ғажайып қасиетімен əрбір оқырманның жүрегін жаулағаны даусыз. Кітаптың əр бетіне, абзацына тоқтап ойға қаласыз: «Ойпырмай, шын мəнісінде де солай екенау, мұны неге байқамай жүрміз», деп əр оқырман өзін сын тезіне алары сөзсіз. Мəселен, кітаптың бірінші тарауы – «сəлемге» байланысты алуан түрлі тағылымдардың өзі оқырманды қызықтырып, талай ой иірімдеріне апарады. «Сəлем» деген сөз өзінің ғажайып қасиетіне – адамдарды тіл таба білуге, бірін-бірі сыйлай білуге, бір-бірімен сырласа білуге үндеуінде, үлкен мен кішінің

өте ұқыпты меңгергендігіңіздің белгісі деп білемін. Мен кітабыңыздың беттерінде кездескен халықтың ой орамдарын, кейбірін Бауыржан атаңыз, кейбірін өзіңіз туғызған мақалдардың бəрін астын сызып отырғанмын. Соларды кітаптың əрбір тарауын оқып болғаннан кейін өзімнің қанатты сөздер жазатын кітапшама əспеттеп түсіріп тұрдым. Қазір мысалға келтіргелі отырған философиялық қанатты сөздерді мен сіз əрбір дерекке байланыстыра айтқандық, оқырманға жаңаша ой саларлық деп бағаладым. Бауыржан ағаның аузымен əңгіме үстінде айтылған мынадай сөз мақалға айналып тұрғанын кім байқамас: «Біреу аспандап көкте жүргендей болады, бірақ басы жерде. Енді біреу жерде жүреді, бірақ мəртебесі аспан-

Е К П Е Н Й ЗЕ Т А Х

Қадыр ЖҮСІП,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры.

ішкі адамгершілік үндерінің бір-бірімен үйлесуінде атқаратын қызметтері оның ұшан-теңіз вариацияларын тудырған халқымыздың адамдар арасындағы тылсым сырларға тереңдеген ақыл-ойына, кемеңгерлігіне, тапқырлығына таңғалдырады. Жоғары оқу орындарында этнопедагогика пəні жүреді. Осы пəн алғаш дүниеге келгенде, кейбір керітартпа пікірдегі адамдардың осы педагогика түріне қарсы болғандығын білеміз. «Педагогика» пəні біреу, тағы бір халықтық педагогика дегенді қайдан шығарып жүрміз осы», дегендер болғандығын өз көзімізбен көрдік. Ал халықтық, яғни этнопедагогика дегеніңіздің өзінің қандай биік қасиеті бар екенін сіздің кітаптарыңыз дəлелдеп берді. «Жетілік ұғым» деген тараудан алатын тəлім де ерекше терең мəнділігімен оқырман жанын үйіреді. «Жеті» санын айтамыз да, оның қасиетіне мəн беріп жатпаймыз. Оның философиялық мағынасын, тарихи мағынасын, діни мағынасының əр адамға өте керекті, өмірге байланысты мағынасын ашқан тараудың өзі «жетілік» ұғымы туралы бір оқулық десе болады. Бұл тараудағы: «Біздің заманымызға дейін 518 жыл Парсы патшасы Дарий сақ-масагаттерді жаулап алу үшін қайысқан қалың қолмен жорық жасайды. Сонда Шырақ деген сақ жігіті өзінің денесін өзі пышақтап, қан-жоса болып, парсылар жағына қашып барады. Сақ басшыларынан қорлық-зорлық көріп азапталғанын, енді олардан кек алғысы келетінін айтып, сақтардың тура үстінен түсіретініне сендіреді. Бірақ ол жауды адастырып, сусыз шөлге апарады да: «Мен сендерді əдейі адастырып алдадым. Елімді, жерімді аман алып қалып мақсатыма жеттім. Енді маған не істесеңдер де бəрібір», дейді. Сөйтіп, Дарий əскерін шөлден қырған Шырақтың əрекеті бір түн бойына түсіме енді. Бұл нағыз елін сүйген патриоттың əрекеті еді. Бұл тараудағы барлық ой-толғамдарыңыздың, келтірілген тарихи деректеріңіздің тəрбиелік мəнінің зорлығын осыдан біле беріңіз. Бұл тарау жастарды халқы үшін, елі үшін қандай қиындықтарға дайын болуға үйрететіндей шынайы, жүрегіңіздің нəрімен жазған жазбалар. «Бабалар аманатының» барлық тарауларында өмірлік философиялық ой-тұжырымдарының соншама молдығы оқырмандарды таңқалдырады. Бұл философиялық қорытындылар сіз баяндап отырған əңгіменің мəн-мағынасын қысқаша мақалға айналған маржан сөздермен түйіндейтіндігінде. Мəселен, мақалды жеңіл-желпі айта саламыз да, оның ішкі астарына мəн бермей өте шығамыз. Осыны халқымыз əуелден сезген, білген ғой. Сол халықтық ақыл беру жүйесін тамаша қолданғандығыңыз сіздің халықтық ойларды

да». Тағы бірде Баукең: «Айналып келгенде, «өмір» деп дабырайтып, ауыз толтырып айтатын адам ғұмыры – кірпікке ілініп тұрған бір тамшы жас. Кірпікке ілінген жас көзге қайта кірмейді, ілінген екен, жерге тамбай қоймайды». Мұншама мысалдарды тізе берсек, сіз атаңыздың аузынан шыққан сөздердің бəрін сол күйінде қағазға түсіргендеріңіздің есебі жоқ десе болады. Ал халыққа жаңаша естілетін: «Ақылдың арты – сайран, ашудың арты – ойран», «Шіріген шөпті мал жаратпас, шіріген жігітті ел жаратпас», «Аузында əзілі жоқтың, қолында шоқпары бар» деген мақалдардың коллекциясы халықтық педагогиканың бір саласындай болып көрінеді. Бауыржан ағаның халық арасында тараған қанатты сөздері, афоризмдері мол естіледі. Оны отыз томдық жинақтағы күнделіктерінен жəне шығармаларынан теріп жинасақ, тіпті бір кітап болатыны сөзсіз. Бұл жазбаларында жоқ, атаңыздың өз аузынан сəтінде жазып алған қанатты сөздерге де бір тарау орын беріпсіз. Нағыз кемеңгерлік деген осы емес пе? Кемеңгер адамның əрбір сөзінен сөз маржандары осылай төгіліп отыратыны таңғаларлық қасиет қой. Əлгі бір ертегідегі алтын киіктің əр аяғын басқан сайын алтын ұшырып жататыны сияқты ғажайып қой бұл. Ал енді солардың кейбіреулерін есіңізге түсіруді жөн көремін. «Адам ешкімге сенбей, бəріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи «алдамшы», «қу», «нашар адамдар» деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасына топталып жинала береді». Атаңыздың айтқаны дəл, мұны біз күнделікті өмірден көріп жүрміз. Өмірде арқаңнан қағып, мақтау сөз айтып тұрып, ішінде саған деген у мен зəр тұрған адамдармен кездесіп жүргенімізді мысал етіп отырмын. Атаңның тағы бір сөзін келтірейік. «Біреуді өсектеп келген адамға сенбе, басқаға сені өсектейтініне сене бер». Бұл тура өмірдің өзінен алынған. Мұндай сұмпайылық аяқ басқан сайын кездеседі. «Өзіңді сыйлайтын жерге қайтақайта жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді». «Сақалдының бəрі ақылды емес, сақал текеде де бар». Ал керек болса, шынайы өмірдің бейнесі атаңның осы ақыл сөздерінде мөлдіреп тұнып тұр. Бұл кітапта осындай керемет ақыл-өнеге бар екенін, оны қойын дəптерге жазып алып, өмірде пайдалануға, немесе ескере жүру керектігін бала-келіндеріме, немерелеріме, жақын жолдас-жораларыма айтудамын. Бұл сіздің кітабыңыздың қасиет-қадірін халыққа білдіруімнің бір саласы деп ойлаймын. Маған тағы ерекше əсер еткен тарау «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз». Мұнда Наурыздың ежелден келе жатқан түркі халықтарының мерекесі екендігін, оның тарихын, оның адамды тəрбиелеудегі мəнін, адам баласын бір-біріне бауырластыратын думанды мейрам екендігін аса білгірлікпен баяндағаныңызды соншама

сүйіспеншілікпен оқып шықтым. 1989 жылы Атырау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланғанымда жəне соншама беріліп, патриоттық сезіммен қопарыла қозғалып, жұмыс істеген кезімде Наурыз мерекесін өткізуге байланысты қиын мəселелермен қоян-қолтық кездестім. Сол кездегі алдымда көлденең кездескен кереғар жағдайлар есіме түсті. Ұлттық тіліміз жөнінде талай қиын-қыстау күйлерді басымнан кешіргенмін. Сол кезде қазіргі Маңғыстау облысы мен Атырау облыстарының қосылған кезі болатын. Маңғыстауда өмір сүріп жатқан орыстардың көбі Ресейден келгендер еді ғой. Ақтау қалалық газетінде сол газеттің редакторы «Наурыз деген қайдан шыққан пəле, оған миллиондаған қаржы шығарып, атап өтудің қажеті не? Жаңа жылдың бір мерекесі бар емес пе?» деп ашық жазды. Бұл сол мекенде тұратын орыстардың да, орыс тілді қазақтардың да қарсылығы еді. Атырауда да осындай пікірлер қоздады. Бірақ қарсылықтарға қарамастан, Наурыз мерекесі гүрілдеп өткен болатын. Наурыз тойлау, сіз айтқандай, бұрынғыдай емес, қазір бəсең тартып қалғандығы рас. Бұл Қазақстанның барлық жерінде осындай күйде. Бұл – үлкен проблема. Мұны өте дұрыс айтқансыз. Бұл – қазіргі əр қазақтың сөзі. Жылдың жаңару кезі – көктемді басқа халықтар да Жаңа жыл деп атау керектігі туралы ойыңызға қосыламын. Қыстың қақ ортасындағы Жаңа жылды тойлауға дайындық екі ай бұрын басталады, ал Наурызға дайындыққа тек бір-екі күн бөлініп, ұйқыдан оянғандай: «Наурыз болып қалыпты ғой», деген көзқараспен тойланып жүр. Бұл – ғасырлар бойына думандатып өткізіліп келе жатқан Наурыз мерекесіне деген немкеттілік. Наурыз халықтық педагогиканың бір тарауы – этнопедагогика пəнінің нағыз өмірлік мысалы ретінде сіздің кітабыңыздағы осы бөлімді пайдалану керек деп білемін. Зейнеп, Бауыржан қайтыс болғаннан кейінгі ескерткішке байланысты эпизодтар менің жүрегімді тебірентіп жіберді. Аруағыңнан айналайын ағатайымның ескерткішін тұңғыш көргенімді есіме түсірдім. Жұмекен Нəжімеденовке байланысты диссертациямды қорғар алдында жерлес ақын ағамыз Əбу Сəрсенбаевқа сəлем бере барған едім. Əбекең: «Тақырыбың Жұмекен болса, ағаңның басына зиярат етуің керек», деді. Мен Кеңсайға барып, Жұмекеннің бейітін таба алмағанымды айтып едім, дереу такси шақырды да: «Кеттік, жолдан он сабақ гвоздика гүлін алайық», деді. Зират ішінде ең бірінші Сəбиттің бейітіне, содан соң Бауыржан, Лəзиза, Меңдекеш, Жұмекен бейіттеріне барып зиярат еттік. Əрбіреуіне екі сабақ гүлден қойдық. «Мынау менің құдіретті ағам – Баукең», деді көзіне жас алып Əбу аға. Сонда Бауыржан аға ескерткішін дұрыстап қарап, өзімше баға бердім. Бауыржан ағаның рухы жер астынан зорайып шығып келе жатқандай болды, мылтықтың найзасы дəл сондай үлкейіп бара жатқандай. Қайта келер жау болса, қасқая қарсы шығуға дайын тұрғандай бейне екен. Бұл – жастарға ой салардай ерек идеясы бар, патриоттық рух беретін елеулі мүсіндік шығарма. Бұл 1985 жыл болатын. Ал тоқсаныншы жылдардың басында барғанымда, Баукеңнің бейнесі жоқ. Ескерткіш сыртындағы мысы сыпырылып алынған да, ішіне құйған гипс қана сорайып тұр. Зейнепжан, сондағы жай-күйімді білсеңіз. Жағамды ұстап, ескерткішке бақырайып қарап қанша тұрғаным есімде жоқ. Жүрегіммен жыладым. Бұл жерде енді Əбу аға, Хамит аға, Зейнолла аға орын тепкен. Мен – Зейнолла Қабдоловтың шəкіртімін, ол менің рухани ағам болатын. Əрі жерлесім, əрі ұстазым, ғылыми жетекшім, кеңесшім, өмірлік ақылшым дүние салғанда Алматы қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов еді. Ұлы ағаны жерлеу рəсімін өзі басқарды. Зейнолла өзін Бауыржанның қасына жерлеуді аманаттап кетіпті. Соны Иманғали орындады. Тірліктерінде бірге жүрген достар, қазір о дүниеде бірге жатыр. Қазір Алматыға барсам, ағалардың рухтарына көзім жасқа тола басымды иіп, тағзым етемін. Қазір Баукеңнің ескерткіші қалпына келтірілген. Қайта тірілгендей кейпінде. 2008 жылы Алматыға іссапармен барғанымда, Кеңсай зиратына соққан едім, содан ойыма мынадай өлең жолдары оралды: Кеңсай-мекен, қазақтың қасиетті жерісің, Фəниінен бақиға аттанғандар төрісің. Бір-бірімен рухтар жатқандайын үндесіп, Ғұламалар өзіңде тапқандайын келісім. Əркімдердің көз нұры – жандарының данасы, Жүрегінің пірлері, сезімінің наласы Бəрі-бəрі осында, Кеңсай-мекен, сондықтан Аузындасың тірінің, о дүние жатақханасы! Мезгілдерді парақтап, ғасырлардан өтерсің, Етегімен қашанда Алатауың көтерсін! Қазақ – қазақ боп егер өмір сүрсе мəңгілік, Сен де мəңгі бас иер керуендері заманның Қасиетті мекенсің! Аса құрметті Зейнеп! Кітаптың соңғы бетін жапқаннан бері менің көз алдымда тұлғалар тұр, олар: Бауыржан, Бақытжан, Зейнеп жəне кішкентай Ержан. Ғасырлар сабақтастығының тіні, қазақ халқының рухани ғұлама сабақтастығының тіні, қазақ халқының əдет-ғұрпының, батырлық, ақылмандық, сезімталдық, тəрбиелік сабақтастығы осы тұлғаларда жинақталған. Ұлы қазақ халқының өлмейтін, өшпейтін ұлылығы осылай жалғасқан. Осының бəрін жинақтап жазған бұл кітабыңызды «Эссе» деп атадық, себебі, мұнда халық өмірінің алуан тармағы бір түйілген жұдырықтай, физиктердің сөзімен айтсақ, бір фокуста бітім тауып, алуан түрлі спектрлі қазақ өмірін түрліше бояумен үйіре сəнді болмысқа айналдырып жіберген. Сіздің публицистикалық шеберлігіңіз, менің көзқарасымда, майдан қыл суырғандай нəзік тіліңіз оқырман жүрегінің ішкі пернесі мен ішегін дəл басқандай, үнсіз үйлесімділік дыбысын шығарғандай. Сіз «Бабалар аманаты» атты кітабыңызбен қазақ халқының ұлағатты əдет-ғұрпының, тарихының махаббатының, ақылмандығының, сезімталдығының, батырлығының жəне басқа ұшан-теңіз қасиеттерінің ескерткішін орнаттыңыз. Сіз ұлы Бауыржан Момышұлының өлмес бейнесін жасадыңыз. Сіз қазақ деген халықтың ұлылығының туын көтердіңіз. Осы кітабыңызбен халықтық педагогика пəнін байыттыңыз. Сіз – асқан психологсыз, педагогсыз, философсыз, тарих білгірісіз, журналиссіз, жазушысыз, сөз зергерісіз! АТЫРАУ.

«Ќос бўрым»

Екі елдіѕ аќын ќыздары їні Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Қилы заманның қырын келген қырсығынан қазақтың бүтін жері қақ жарылып, бүтін жұрты екіге айрылып, бір жағы – Қытай, екін ші жағы – патшалық Ресейдің қол астында қалған еді. Содан бері де жылжып жылдар, ғасырлар өте шықты. Өткен өтіп, кеткен кетті. Өкінішіміз ендігі жерде тарих бетінде қалатын шығар. Ең бастысы, қазақ жұрты өзінде қалған жеріне көк Туын тігіп, азаттығын жариялады. Іргелі елге айналды. Өзгемен иық тірестіріп, сөйлесетін күнге қол жеткізді. Шекарасын ше гендеді. Біз бұл ойды «Фолиант» баспасы шығарып, таяуда ғана қолымызға тиген «Қос бұрым» атты жыр жинағын оқыған соң өрбітіп отырмыз. Жыр жинағына Қытай мемлекетінде тұрып жатқан қандас қазақ қыздары мен Қазақ елінің ақын қыздарының өлеңдері топтастырылыпты. Алғы сөзін Фариза Оңғарсынова жазыпты. Бұл дүниені: «Бұл сирек келетін бақыт сезімі, өмірдің тынысы, тіршіліктің мағынасы ...Қазақ елі мен Қытайдағы қазақ ақын қыздарының жыр жинағынан мен сол «сирек келетін бақыт сезімін» жəне «адам бақытын жасаудағы əрбір істі өнерге айналдыру мүмкіндігі туралы» шерткен сырларын көрдім» дейді. Бұдан кейін: «Қытай еліндегі бауырларымыздың сол жақтағы ұлттық əдебиетіміз саяси дауылдардың астында қалып қоймай, өркендей беруіне қосып жатқан үлесі қомақты дер едім. Бүгінгі Қытай жеріндегі қазақ ақындарының, оның ішінде ақын қыздарымыздың шығармаларынан мен саф алтындай шынайы болмысты көремін. Көремін де соған мың да бір шүкіршілік етемін», деп шындықты алға тартады. Он үш ақын қыздың жырлары кірген кітапқа көз жүгіртіп отырғанда алабағанның ортақ мақсатқа, ұлттық ой-өріске, жан дүниенің тебіренісіне ешқандай да тосқауыл бола алмайтынын бірден аңғарасың. Мысалы, киелі Семейдің ақын қызы Маржан Абсалықова мен шекараның арғы бетіндегі тарбағатайлық Амангүл Мұратбекқызының өлеңдеріндегі ана мен əке туралы толғаныстары бір арнада тоғысады. Маржан Ершудың «Исатай-Махамбет» поэмасындағы өршіл рух пен дөрбілжіндік Жеңіснұр Патқолдақызы жырларындағы лирикалық иірімдердегі əдемі халықтық ұштасулар көңіліңе жылылық ұялатады. Танакөз Толқынқызының өзіне тəн сан қырлы поэзиясы мен арғы беттегі Нұржанат Нұрлықанқызының инабатты жыр жолдарындағы астасып кететін тұстардан қазақы қалыпты көріп ішің жылиды. Жаны бір, қаны бір қазақ қайда жүрсе де, арудың қос бұрымындай бір болады екен-ау дегізеді. Мұндай жыр жолындағы қазақ қыздарының табысуы алдағы уақытта жалғаса берсе, қарым-қатынас бекіп, жатбауыр болудан құтылып, ұлт руханиятының молаюына жол ашыла берері сөзсіз. Оның үстіне жинақтың бірінші бетіне «Бірінші кітап» деп жазылған екен. Соған қарағанда жыр жинақтары жалғаса беретін секілді. Лəйім солай болса, ұлт руханияты ұтылмас еді. Қазақ қыздарының жырлары екі елдің ортасындағы алтын көпірге айналып, табысу мен танысу жалғаса бермек.


6

География институтының аға ғылыми қызметкері, топонимика-терминология тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемоном комиссиясының мүшесі.

Кейінгі кезде Павлодар қаласының атауын өзгертіп, қазақ тілінде қате қалыптасқан «Кереку» деген атауын қайта беру керек деген пікірлер айтылып жүр. Меніңше, осы пікірді қолдап жүрген авторлар тарихқа үңіліп, қазақтың жерсуға, елді мекенге атау беруінің заңдылығы мен тапқырлығын ескере бермейді. Қазақта «Кереку» деген сөз ешуақытта болмаған, ешбір сөздікте мұндай сөз жоқ. Ондай кісі есімі де, жеке фамилиясы да, тегі де кездеспейді. Сонда бұл атау қайдан шыққан, қандай жолмен пайда болған? Кейбір авторлар «Кереку» сөзін «Керегежар» деген сөзден шыққан деп те пікір айтып жүр. Бұл пікір де шындықтан алыс жатыр. Ал көпшілік жұрт «Кереку» сөзінің мағынасына мəн бере бермейді. Оны түсіну үшін Павлодар қаласының пайда болу тарихына байланысты еңбектерге көз салайық. Мысалы, Санкт-Петербургте 1897 жылы Ф.А. Брокгауз бен И.А. Ефронның «Энциклопедический словарь» деген еңбегінде мынадай тарихи дерек бар: «В прежнее время Павлодарская станица носившая название Корякова служила главным пунктом погрузки соли из озера Корякова в 20 верст от станицы. В последнее время эта погрузка производится в разных местах Иртыша и особого склада соли в Павлодаре не имеется» (T. XXII, 574c.). 1925 жылы Москвада жарық көрген «Энциклопедический словарь русского языка библиографического института Гранат» (31T.,17 б.) былай деп жазған: «Павлодар был основан в 1720 году под именем Коряковского поста, затем переименован в Коряковскую станицу, а в 1860 г. в город Павлодар». Осы пікірді Үлкен совет энциклопедиясы да қайталайды: «Город основан в 1720 г. как Коряковский форпост (затем станица, преобразованная в 1861 г. в город Павлодар)» (БСЭ, т. 19,м., 1975, с.68). Қазақстанда шыққан «Краткий энциклопедический словарь. Казахстан» (Алматы, 2005 ж., 350 б.) жоғарыда көрсетілген деректерді қайталайды: «Павлодар основан в 1720 г. как Коряковское воен ное укрепление». Ал 2010

2013 жыл

КӨ

«Манастан» кем емес шыєарма

«Кереку» деу ќазаќ тілін ќорлау Сламқұл ƏБДІРАХМАНОВ,

31 шілде

С А Р А ЗҚ

www.egemen.kz

жылы «Аруна» баспасы жарыққа шығарған «Топонимика Казахстана. Энциклопедический справочник» былай деп дұрыс көрсетеді: «Павлодар ведет свою историю с 1720 года, со времени появления форпоста Коряковский (от названия соленого озеро Коряковское). В 1838 году форпост был преобразован в станицу Коряковскую. 4 (16) апреля 1861 года Коряков получил статус «защитного города с наименованием Павлодар в честь новорожденного Великого князя Павла Александровича» (710 б.) ». Осы қалаға тұңғыш атауын берген тұзды көл Коряковка Павлодар қаласының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан, əлі кеуіп қалмай сақталып келеді. Осы жерде оның атымен аталған Коряковка селосы да бар. Көлге ие болған купец Коряков көлдің тұзын Оралға, Сібірге жіберіп отырып байыған адам болған. Павлодар қаласы тұрған жерде оның тұз артатын шағын пристаны болған. Аталған жəне басқа деректерде қала Кереку деген жерде, не елді мекенде пайда болды деген мағлұмат кездеспейді. Сонымен, Коряков қалайша Керекуге айналған деген заңды сұрақ туындайды. Топонимика ғылымында атауды бір тілден екінші тілге берудің екі жолы бар. Бірінші – транскрипция əдісі. Бұл əдіс бойынша атау берген халықтың ауызша айтылған атауын қабылдаушы халық өзінің естуі бойынша қабылдап, өз тілінің ережесіне сəйкестендіріп қолданады. Осы əдіс бойынша орысша Коряков сөзі қазақ тілінде коряку-кереку болып өзгерген. Мысалы, біздің Уəлиімізді орыстар Вали, Уəлихановымызды Валиханов деген сиякты. Атауды бір тілден екінші тілге берудің екінші жолы – транслитерация. Бұл əдіс бойынша атау берген халықтың атауын қабылдаушы халық өзінің қарпімен, бір қарпін өзгертпей қатесіз дұрыс береді (Коряков-Коряков деп). Сонымен, «Кереку» орыстың Коряков деген фамилиясының қазақша қате транскрипцияланған, яғни бұрмаланған түрі. Енді оны тірілтіп, өнеркəсібі қарқындап өсіп келе жатқан, келешегі өте зор қалаға береміз деу барып тұрған заңсыздық, ұят мəселе, топонимикалық сауатсыздық. Біз қазір тарихи қазақ жер-cу, елді мекендер атауларының орыс тілінде бұрмаланған түрлерінен құтыла алмай жүргенде, қазақша бұрмаланған орыс атауын өндірісті қалаға қайта береміз

деуіміз барып тұрған білімсіздік. ҰҒА География институты Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Ұлттық картографиялықгеодезиялық қоры» РМҚК-мен бірлесіп 32 томдық «Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогын» барлық облыстар бойынша қазақ жəне орыс тілдерінде 20032010 жылдары жарыққа шығарды. Каталог масштабы 1: 100 000-дық топографиялық карталарда бар 120 мыңдай (cілтемесімен) жалпы жер-су, елді мекен жəне т.б. обьектілердің атауларын қамтиды. Оның 91,7 мыңы нақты жеке географиялық объектілердің атауы. Соның 32,4 мыңы орфографиялық объектілер (жота, тау, шоқы, төбе, аңғар, жазық, ойпат, жəне т.б.), 25,9 мыңы гидрографиялық объектілер (өзен, көл, бұлақ жəне т.б.). Каталогқа кірген орфографиялық обьектілердің 7,7 мыңы, яғни 23,9 % гидрографиялық обьектілердің 8,0 мыңы, яғни 31,0 % осы еңбек басылып шық қан ға дейін орыс тілінде қате бұр маланып айтылып жəне жазылып қолданылып келінді. Мысалы: Ертіс-Иртыш (дұрысы Ертис), ЕсілИшим (Есиль), Іле – Или (Иле), Шынғырлау – Утва (Шынгырлау), Көкшетау таулары-Кокчетавские горы (Кокшетауские горы), Ерейментау тауы – Ермантауские горы (Ерейментауские горы), Қызыларай тауы – Кзылрайские горы (Кызыларайские горы), Қарағанды қаласы – город Караганда (г. Караганды) жəне т.б. Каталогта осы сияқты орыс тілінде трансляциясы мен транскрипциясы бұрмаланған мыңдаған тарихи атаулар түзетілді, көптеген байырғы атаулардың тарихи атаулары қалпына келтірілді. Мыс. Жоңғар Алатауы, Жоңғар қақпасы емес Жетісу Алатауы, Жетісу қақпасы сияқты. Өкінішті жағдай, əлі күнге дейін бұрынғы қалыптасқан ескі дəстүр бойынша орыс тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген тарихи географиялық атаулар баяғыша бұрмаланған түрінде қолданылып келеді. Солардан құтылмай тұрып қазақша Кереку деп бұрмаланған орыс атауын Павлодарға қайтарамыз дегенді келешек ұрпақ кешірмес. Павлодарға жаңадан атау береміз десек қазақ тілінің алтын қорының мүмкіндігі өте зор ғой. Оны көп болып кеңесуіміз керек. АЛМАТЫ.

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанның» наурыз айының 23-інде жарық көрген осы газет тілшісі Гүлайым Шынтемірқызының «Қырымның қырық батыры жырының «Манастан» несі кем?» атты мақаласын оқыған кезімде Қазақстанның Еңбек Ері, ғұлама жазушы Əбіш Кекілбаевтың «Жақсысын ұлықтамау, жайсаңын қызықтамау – өз ырысын өзі тепкендік, өз тілеуін өзі кескендік», деген ғибратты сөзі ойға орала кеткен еді. Бұл тұрғыдан қарағанда, еліміз Тəуелсіздік алған жылдар ішінде облысымызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Мəдени мұра» бағдарламасының аясында атқарылған істер ауыз толтырып айтарлықтай-ақ бар. Солардың қатарында Жоңғар соғысының батырлары Шотан, Шоғы, Атағозы батырларға, еліміздің батыс өңірлерін жаудан қорғауға сүбелі үлес қосқан Рысалы батырға, елді жаудан қорғаумен бірге аштықтан құтқаруда ерлікпен қаза тапқан батыр қыз Қаламқас аруға, «Маңғыстау көтерілісінің» басшылары Иса мен Досан батырларға, жыр дүлдүлі Қашаған Күржіманұлына, күй алыбы Құрманғазы Сағырбайұлына, басқа да батырлар мен билерге, халыққа пайдасы тиген байлық иелері – сахиларға арналып ескерткіштер салынып, биік күмбездер тұрғызылуы, ағартушылық қызметпен айналысқан көптеген ардагерлердің есімдерінің көшелерге, мектептерге берілуі бір жағынан сол асылдардың рухына тағзым ету болса, екінші жағынан жас ұрпақты бабалар, аға ұрпақ үлгісімен барлық жан-тəнімен Отанын сүюге тəрбиелеу болмақ. Мақала авторы Мұрын жырау туралы, оның Жаратушы Құдірет берген таңғаларлық талантын қалың жұртшылыққа танытуда облысымызда бірқатар жұмыстар жасалғанын, 2009 жылы Мұрын жырау Сеңгірбекұлының туғанына 150 жыл толу мерекесі аталып өтіп, Ақтау қаласында республикалық дəрежеде ғылыми-теориялық конференцияның өткізілгенін айта отырып, айтулы жырауды ұлықтау, мақтан тұту жайының əлі де жеткіліксіз болып отырғанын сөз еткен.

Қазақ халқының ұлы алыптарының бірі Ахмет Байтұрсынов: «Атадан балаға екі байлық қалады, бірі байтақ жер, екіншісі байтақ тіл», деген болса, Мұрын жырау сол тіл байлығын еркін меңгерген кісі. Тек сондықтан да ол ұшан-теңіз оқиғалы, сан қырлы айшықты тілді шығарма – «Қырымның 40 батырын»: қаһарлы – жеңген батырлардың, бағынышты – жеңілгендердің əртүрлі көңіл-күйлерін өз толғау-əуенімен нақышына келтіре он екі ай бойы талмай жырлап ұрпаққа толықтай жеткізіп бере алған бүтін қазақ халқында, тіпті əлемде десек те артық емес, жалғыз-ақ адам. Мұрын жыраудың кісі таңғаларлық қабілетінің, айту шеберлігінің арқасында «Қырымның 40 батырындағы» алғашқы ала тайлы Аңшыбай батырдан бастап, Қарақыпшақ Қобыланды батырмен аяқталатын жырда 40 батырдың аттары толық аталып, олардың əрқайсысының ісəрекеттері тыңдаушыларға əсерлі де тартымды жеткізіліп отырады. Мұрын жыраудың талас туғызбайтын мəңгі биік орны, айрықша ерекшелігі – оның Сыпыра жыраудан бастап, басқа да ақын-жыраулар жырлаған бөлек-бөлек батырлар жырларын бір ізге түсіріп жадында сақтап, бүтін дүние етіп халыққа жеткізуінде. Батыстың айтулы жыраулары мен жыршылары Қырымның қырық батыры – ноғайлы жырлары туралы топтама жырлардың негізін салушы өмірінің алғашқы кездерінде Маңғыстауда болып, кейіннен ханның шақыруымен Сарайшыққа ауысқан Сыпыра жырау екендігін айтып кеткен. Ал

Осы конференцияға біздің де қатысуымыздың сəті түскен еді. Сонда өз еліміздің ғалымдарымен бірге шет елдерден – Иран, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген оқымыстылар ұлы жыраудың ерекше қасиетіне кеңінен тоқталып, оның өмірі, теңдесі жоқ жыраулық өнері жөнінде бүкіл əлем халқы білуі керек деген пікірлер айтқан болатын. Сондай-ақ, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы төралқа төрағасының орынбасары Қ.Сəтбаев пен КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы Тіл, əдебиет жəне тарих институтының директоры Н.Сауранбаев екеуі ҚКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Н.Оңдасыновқа екінші дүниежүзілік соғыс өрті қаулап тұрған 1942 жылдың өзінде арнайы хат жазып, Мұрын жыраудың жырларын стенографияға түсіріп алуды іске асырғандары да айтылған жəне Мұрын жырау Сеңгірбекұлына арналған ескерткіш пен мұражайдың көңіл ашпайтындығы жөнінде де сөз болған еді. Содан бері де үш-төрт жылдың жүзі болғанына қарамастан, осы кезге дейін мардымды шаралардың алынбай отырғаны жасырын емес. Осыған байланысты Мұрын жырау, оның адамда өте сирек кездесетін қасиет иесі болғанын айта отырып, ендігі жерде іске асырылуға тиісті шаралар туралы пікірімізді де ортаға салуды жөн көрдік.

араб саяхатшысы ибн Батута XIV ғасырда Каспий теңізінің шығыс бетіне жасаған саяхаты кезінде Сарайшықта бір ғұлама жырауды көрдім деген болса, Ə.Марғұлан бұл – Сыпыра жырау болуы керек деп жазған. Мұрын жырау Сеңгірбекұлының зердесінде толық сақталған осы дүниені алып қалуға күш жұмсаған Қ.Сəтбаев, Н.Сауранбаев, ақын М.Хакімжанованың, кейіннен терең талдау жасаған ғалымдар Ə.Марғұлан мен Қ.Сыдиықовтың еңбектері олардың халқымыздың ұлттық өнерінің сақталуына, Мұрын жыраудың осыншама ұзақ жырды тыңдағандарды таңғалдырмай қоймайтын дара қабілетіне айрықша баға беріп, алып жырдың жоғалып кетпеуіне қамқоршы болған тұлғалар екенін тағы бір рет дəлелдеп отыр. Мұрын жырауды қазақтын Гомері деп келеміз. Осы жерде сөз орайына қарай бір жайды айта кеткім келеді. Дұрысына келсек, қай заманда да əрбір данышпан, ғұлама, айрықша қабілет иесі, айтулы ақын, жазушы, тағы басқа саңлақтар табиғат берген қабілетімен халықтың есінде сақталатын жеке-дара тұлғалар. Олай болса, олардың бірін бірінші, бірін екінші деп санамалаудың, немесе, қайсыбір дарынды тұлғамызды мадақтау, оның рухани өмірдегі алатын орнын, кісілік келбетін халыққа жеткізу кезінде

Алаш па, Алаша хан ба? Пəлен ғасыр (мың жылдан астам) өткенде, көненің көзі боп тұрған ұлы адам туралы анықтама беру қиын болса да шамамыз келгенше бір сырдың бетін ашуға тырыстық. «Өткеннен күл алма, от ал» деген екен бұрынғылар. Біз осы дəуірдің жаңа деректерін, Нұқ пайғамбардың шежіресін пайдаландық. Алаша ханның іргесінде туып, өскендердің болжамын ескердік. Арқаның нақ төрінде атақты Алаша хан күмбезі, Ұлытау өңірінің құдіретті бір орны боп тұрған осы ескерткіштің сырына үңіліп көрдік пе? Біз мұны қазақтың бірінші ханы – Алаша ханның күмбезі дейміз. Ал, хандар шежіресінде Алаша хан

түгілі, Алаша деген дара тұлға жоқ. Сонда да зəулім ғимаратқа үш жүздің хан, сұлтан, батыр, билері талай заман тағзым еткен. Бүгінде де адамдар келуін тоқтатқан жоқ. Аңыз, қауесет те көп. Мысалы: 1939 жылдың жазы. Ауыл белсенділері алты қанат үйге жиналған. Манадан бері Алашахан туралы əңгімеге араласпаған, осы өңірде тура сөздің шебері атанған Тұрсекең – Тұрсынбек ақсақал кенет отырғандарға: «Не айтып отырсыңдар? Адасып, ауып келген бала жоқ. Алаштың əкесі баласын əлпештеп Алаша депті деген аңыз бар», деді. Жұрт аң-таң аудан уəкіліне қарады. Ешкім бұған мəн берген

жоқ. Дегенмен, сол ақсақалдың айтқанымен бүгінгі деректердің арасында үндестік байқалады. Қалай десек те тегін адамға мұндай зəулім күмбез салынбасы белгілі. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы 1-томының 248-бетінде Алаша ханға берген тұжырымдаманы оқып көрелік. Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша Алты алашты құраған тайпалардың түп атасы, шыққан тегі қарапайым кісі», делінген. Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде Алаш этнонимінің шығуы да осы Алаша хан атымен байланыстырылады. Алаша хан

қалайда одан бұрын өткен дарын иесімен шендестіріп, сонымен қатар тұратын, не содан кейінгі сондай талант, міне, осы кісі деп отырудың неге қажеттігі бар деп ойлаймыз. Сол əлемге əйгілі Гомерден (ол қазір белгілі жазушы Əнес Сарайдың зерттеулері бойынша протүрік текті Ғұмар деп те айтылып жүр) Мұрын жыраудың айырмашылығы, тіпті артықшылығы мынау дер едім: Гомер өз шығармаларын өзінен бұрынғы аңыздар ізімен жаратылыс берген ақындық қабілетінің арқасында поэмалар түрінде жазып қалдырса, Мұрын жырау көлемі жағынан «Илиада» мен «Одиссеядан», Шығыстың ұлы туындысы «Мың бір түннен» де анағұрлым көп, қырғыздың «Манасынан» екі есе артық «Қырымның 40 батырын» толықтай жадында сақтап, біртұтас эпопеялық шығарма деңгейіне жеткізді. Демек, ол Жаратушы Құдірет берген жаттау қабілеті бар əлемде жалғыз-ақ адам деуге болатын тұлға. Олай болса, осылай екенін бүкіл əлем білуі үшін, біріншіден, оның келесі мерейтойларын халықаралық деңгейде – ЮНЕСКО қамқорлығы аясында өткізуіміз қажет. Біздер, менің замандастарым, «Қырым ның 40 батырындағы» үздік-үздік жырларды оқыдық, қайсыбір үзінділерін жаттап та алдық. Ал осы кездегі жастар біле ме, күмəнім бар. Бұған қазіргі кездегі жыршыларымыздың бұрынғы өткен ақынжыраулардың шығармаларын əдемілеп айта алса да, біз сөз етіп отырған «Қырымның 40 батырындағы» жырлар туралы көп біле бермейтіндігі дəлел. Сондықтан, екіншіден, 2005 жылы «Арыс» баспасынан бар болғаны 2000 дана болып басылып шыққан бұл шығарманы көп тиражбен шығару, болашақ ұрпақ үшін мектептерде оқыту керек деп білеміз. Үшіншіден, ең бастысы, Форт-Шевченко қаласынан əдейі аумақты жер бөліп, онда кеңейтілген мұражай салумен қатар, Қырымның 40 батырын бейнелейтін скульптуралық ансамбль салып (əр батырдың ұлтын, киім кию, қару асыну салттарын сақтай отыра), ортасында домбырасын қолға алып батырлар жырын толғап отырған Мұрын жыраудың тұлғалы ескерткішін салу керек деген ұсыныс-пікір айтамыз (ынтамен тыңдап отырған халықтың көрінісін беру суретшілердің қолынан келеді жəне Жырау, батырлар бейнелері, халықтың көрінісі – бəрі де тозбайтын материалдан жасалуы қажеттігі түсінікті жəйт). Біз бұл ұсыныс-пікірлерімізді бұдан бұрын тиісті қалалық, облыстық билік орындарының алдына арнайы хат арқылы қойып, мақұлдаған жауап та алған едік. Алайда арада екі жылдай мерзім өтсе де бұл мəселенің шешімін табу жайының кешеуілдеп келе жатқаны жасырын емес. Уақыт тез өтеді емес пе, Мұрын жыраудың 155 жылдық мерейтойы да бұрынғы дағды бойынша келесі жылы өтуге тиіс. Осыған байланысты мына бір жайды да еске салып өткім келеді. Мұрын жыраудың өз қолымен КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының төралқасына 1949 жылы жіберген хатында 1860 жылдың 15 қаңтарында тудым деп көрсетілген. Ал Форт-Шевченко қаласының Сислам ата қауымындағы құлпытаста Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 1860 жылы туып, 1954 жылы өмірден озды деп жазылған. Біз осы мəліметтерді негізге алып, Мұрын жыраудың 155 жылдығын 2015 жылы өткізген дұрыс деп есептейміз. Мұрын жыраудың есімін əлемге аян етуге бағытталған, болашақ ұрпақ тəрбиесінде айрықша орын алатын, шетел туристерін сөзсіз қызықтыра түсетін осы аумағы мен көрнекілігі аса күрделі скульптуралық ансамбль-ескерткішті, мұражайды салу Жыраудың 155 жылдығын атап өтуге дейін қалған мерзімде (жоғарыда келтірілген біздің ұсынысымыз бойынша) іске асқан жағдайда Гүлайым Шынтемірқызы жазған: «Біздің айтпағымыз – əлем алдында қазақтың мақтанышына айнала алатын ұланғайыр жырдың, оның айтушысы, айрықша талант иесі Мұрын Сеңгірбекұлының əлі күнге елеусіз қалып келе жатқандығы» деген өкінішінің орны толар еді деп білеміз.

ел жадында жауынгер тайпалар – көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш Алаш (қазақ) мемлекетін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді. Əбілғазы шежіресінде Алаша ханның əкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан, ал немересі оғыздардың түп атасы – Оғыз хан аталғандығы жазылады. Рашид əд-Дин мен Əбілғазы тарихшылар Алаша ханның өмір сүрген жері – Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді». Міне, тарих бізді осылай көне заман қойнауына жетелей түседі. Ұлытаудағы сəулет өнерінің бірегей ескерткіші Алаша хан күмбезінде болған сайын терең ойға берілесің. Ғалымдар бұл кесенені Қара хан əулетіне, Х-ХІІІ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ заманындағы сəулет өнерінің қатарына қосады. Басқа

Дүйсембі ƏРІПҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

да болжамдар аз айтылмайды. Кезінде Ұлытаудан бері 18 шақырым жерде көне қалашықтың орны табылған. Ұлттық энциклопедияда сол орын орта ғасырдағы Алаша хан қаласының орны депті. Сонымен Алаша хан есімі – Алашахан есімі бір есім. Сан ғасыр ортамызда елдің, жердің иесі болған ұлы бабамыздың күмбезі тұр. Қазақтың мықтылығы тектілігі емес пе. Тарих əділдігін сақтап, күмбездің атауын Алаш ата күмбезі деп атасақ та қисынды болар деп ойлаймын. Осы əрекет ұлттық құндылығымызды тануға, ұлтты біріктіруге, ұрпақ тəрбиесіне үлкен əсер етері сөзсіз. Қойшыбек ТОҚТАМЫСҰЛЫ, соғыс жəне еңбек ардагері. Қарағанды облысы, Қ.Сəтбаев қаласы.


31 шілде 2013 жыл

судан да кəусар ! Ə л д е лаққа ім қандырмаса, жұғымы ір ы ей р М а с у ə к Құ мның Ə д е б и е т усар бұлақ ше?) ік қ а н а безеді. Рухани бір жұты а қ ұ т ы н д а й т ə ж т ң ə (К ы с н ! ан сарайы не тігі əдебиет у м а ? И ə , б ір іне үндес ғ ы ж арқырайтынын ойшылдар тілі а с е д с н Е ы ? с е о б т ж м ы е л к й е а с н б қы созылың с ім д іл іг і, м а з м ұ , толғаныс безеген. қшы е п л ің м ы н а ж аз ба гі м еы й зд с ү бі а л б а .А .. п ш ө мен й д Осыла рнесін əд еб ие тт ің əң көңіл пе т а р т а т ү с е р .. . ер-ақ! Сөз бо п са йл ан ға н қ ы ры н та рт ы п , т не т е р е ң ін е жұғысты боп ке , селкеусіз сі ба ст ап қ ы да іп та й ті зг ін ге кө құлаққа а да сеніммен сің бұлақтың қы ңы ра йғ ан ат й т е р с і з . О н ы ң и а сұлбасын р. Асылы, рухан де ғана жан қ о й м а ғ а н ы н қ з у ш ы Ж а қ а у а а н ж е н г рсынала ан қанып сімір а? Қаталап к і л т и п а н ы «қ ам ш ы са л ды н ң м ті ы й ң Д əу ре нб ек ов м ы кəусар іп, тояттанба һə н , а ес қ с ем а а ғы нд л б мерейленар бұлақтан шө бір сəт... Иə, м ағ ан » ас ау лы лығында жатқан кеп кəус радай жанғызар ір демде ба- тəубешіл, сыпайы ы көзіңді ш кепкен аңқаны б еті де... секілді еді... ір ік д т ұ т ə қ с ң ы бір р сусынн сар кəуса

ІҢ ТТТІҢ Т Е Е И ЕББИ МЕЕССІ І І ƏƏДДЕҢГГІМ ƏƏҢ

www.egemen.kz

анықтағанындай, «Көзге көрінбейтін адам» ішінен сөйлей алатын қабілетке ие, осы əйелдің өзі болып шыққан. Бірақ қазақтардың ішінен осы əйелдің нағыз рөлі туралы ешкім де білмейтін еді. «Көзге көрінбейтін адам» орта жүзде бас көтерген болатын, бірақ ол құрған халықтық қозғалыс негізінен Кіші жүздің Тама мен Табын руларының арасында дамыды. «Көзге көрінбейтін адам» халықтың қасіретін жеңілдете алатын «государьдің» (Пугачевтің) маңына топтасуға шақырады. «Қазақ елінің тарихы» атты еңбекте (1943 жылғы басылым, Алматы, 2012 ж. 267 бет): «Көзге көрінбейтін адамның» жүргізген үгіт жұмыстары халық бұқарасы арасында зор табысқа жетті. Оған сыйлықтар ағылып, оның қасына екі мыңдай жігіт топтасты. Толқулар Табын мен Тама руларымен шектеліп қана қойған жоқ. Сұлтандар, олардың ішінде Досəлі де бар, «Көзге көрінбейтін адамды» ұстап алу үшін қарулы отрядтар жіберді. Дегенмен, ол əйел Ойыл өзенінің арғы жағына тығылып

көзге ататын мергендігі қалыптасқан, не нəрсеге де қырын шапса, жаужүректігі ұстай қалып, қарсыласын томардай ғып домалататын бұл сиқырлы Сапура қыз Көктемір атанып, кезіккен жауын тілерсектен қағып, қақырата беретін болды. Күйеуін қалмақтар өлтірді. Анасы ауылда шапқыншылар қолынан мерт болды. Несі қалды енді Сапураның? Жəннат жері күйген туырлықтай қан-сөлсіз тырысып, жиырылып жатыр. Көнталақ! Көтерді қолын Көктемір! «Бəріне аян береді екен!» – дегені елдің шын екен, Көктемір назарын қайда салмасын бел қайыстырған жауының ыңыршағын қапыда айналдыра салады. Уа, құдіретті Көктемір! Сендей де қыз жаратылады екен-ау, бұл жалғанда! Ел еңіреп тілесе, еңку-еңку жер шалған заты бөлек тұлға туылады екен-ау! Халық аңсары – алақұйын заманның алабөтен соққан құйынын терісінен оңға бұра қоятындай адуынды келеді екен. Соның кепілі – Көктемір! Жазушының сомдауында Көктемір бейнесі бір сəт суда жүзген балықтай буынсыз боп

қалды. 1776 жылдан бастап ол əйел туралы мəліметтер тарауын тоқтатты». Міне, осы тарихи шындықтың аясында өрбіген халықтық толқулардың кейбір сəттерін «Көктемір» хикаясына өзге қырынан өре білген Ж.Дəуренбеков ғұмырлы шығарма жазып, мықты қарымын дəлелдеді. Кіші жүз қазақтарының Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы кең қанат жайғаны соншалық, Нұралы хан патша командованиесінен көмек сұрауға мəжбүр болған. Ал осындай қысталаңда СапураКөктемір қолының сойқан сілтесі таңырқатпай қоймайтын... Жазушы таланты да осындайда қылыш жүзіндей қылпып кетеді екен. Сапура-Көктемірдің өміршеңдігін алдын ала көрегендікпен пішкен жазушы бұл кейіпкерінің қимылын Францияның ұлттық батыр қызы, ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған Жанна д’Арктің жанқиярлығымен шендестіргендей болады. Шаруа отбасында дүниеге келген ол бала кезінен діншіл болған, өзін құдай Францияны азат етуге жіберді деп сенді. Ол басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылғы мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны Орлеан қызы деп атады.Талай жеңістер оның есімін халық арасында аңызға айналдырғанымен, халықтық соғыстың өршуі король мен сарай ақсүйектерін қатты шошытты. Ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, оны ағылшындарға сатады. Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жібереді. 1456 жылы осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталады. 1920 жылы католик шіркеуі оны əулиелер қатарына қосты. Құдды, оның күрескерлігі мен сиқыршылығы Сапура-Көктемірге де дарып-ақ баққан секілді... Қарап отырсаңыз, «Көзге көрінбейтін адам» да, Жанна д’Арк те елінің азаттығы үшін жүрекжұтқандығымен таңдай қақтырады. Жақаудың Көктемірі де кез келген қақтығыста көктен түйіле түскендей боп, жау шетіне ытырыла, ызбарлана, андыздап тиіп, үнемі үстемдік құрады. Үшеуінің бойында да болжағыштық, тіпті сиқырлық, диуаналық қасиеттер қабысып жатқандай. Төтеннен жау шауып, жермен-жексен етілген ауылының үстінен қапыда шығудың қасіретін Сапурадан, оның інісінен, басқа да үзеңгілестерінен артық кім аза тұтты десеңізші! Қарақұрым киіздей иленіп, күл-қоқысқа айналған ауылда тірі пенде қалмаса, жүрек қақ айырылмай ма? Кек, намыс, ар-ождан бұрқ-сарқ қайнайды. Нар тəуекел! Қазақ қыздары қысылтаяңда ертегіден өткен қасарыспа мінез танытып, атқа қонып, аңыздағыдай аңыратпа қиқуымен жердүниені қақырата елін-жұртын қасық қаны қалғанша қорғамап па еді?! Сапура да сол найзағай жасынды апаларындай атқа қонып, қол бастап, тақым қысты... Нəзік жүрегі алаулады, ақ білегіне шоқпар іліп, үлбіреген саусақтарымен егеулі найзаны қыса ұстап, Қобыландыдан бетер қоқиланды. Жеті атасынан дарыған батырлығы талдырмаш бойын құрыштай қуаттандырып, əкесінің аңға шығарып шыңдағанынан құралайды

көрінгенімен, кенет сарт-сұрт егесте күллі əлемнің техникалық тұмарындай жарқыл-жұрқылданып, тіпті атомға тəн қырынды құйынның нəубетімен жұмырына жұғын қалдырмай жұтып, басқыншы əулекінің өзін əукесінен сипағандай етіп, момақан күйге түсіретін сиқырға суарылған ерен сипатты сайыпқыран. Күн күркіресе – Көктемір, сел тасыса – Көктемір, жауын жайпаса – Көктемір! Кекті шабуылда тоқым қағып, топырақ сүйіп, тосыннан таптап ала жөнелетін Көктемірдің рухты қимылын суреттеуде жазушы талант тегеурінін аямай, селкеусіз суреткерлігімен сүйсінтеді. Кестелі тіл, кең тынысты көрініс, кернеулі ой, нақты сюжет, шымыр композиция өз-өзінен буырқана үйлесім тауып, Көктемірсіз өмір жоқтай иландырып, жеңіс жаңғырығымен бейбіт заманға уанта түседі. Атаман Самановтың стратегиялық құбылмалы саясатының шырмауық торына түспей жалтарып, аңқауланған боп патша пиғылын пəтуасыздандырып, халық мұқтажын діттей білуімен жəне де жорықтан шығынсыз шығуды мұрат тұтып, үрей билеген жерде ұйысу жоқтығын іс-қимылымен дəлелдейтін Көктемір Нұралы ханның амалсыздан дағдаратын тұсында ақылмандық жолымен ел пайдасын шешерлік шеменді жүрегінің жұмсақтығымен һəм болаттай беріктігімен тамсандыратын сəттерін бейнелі беруде Ж. Дəуренбековтің шеберлік қыры жарқырай ашылады. Мысалы, Нұралы ханның патшалық елшілерді қабылдап, олардың айнымалы ойларын қақпақылдап парықтаудағы əккілік рөлін жіті аңғарып суреттеген автор, оның əкесінің жиі айтатын мына бір нақылдай сөзін есінде тірілтуі өткеннің сабағынсыз бүгіннің тұл екендігінен сыр алғызады: «Қатты айтпа қабағы түйілер, асып сөйлеме алдыңнан тосар. Толқынды ойың шалымды болсын, ырғақты сөзің нанымды болсын. Жүзін жылыт, жүрегін еріт. Ішіңді білсе де ісіңді білмесін», деуінде мəніс бар екендігін айбындатып емес, тұспалдап сыналайды. Сырғытпа, сырдаң емес, сыпайы аңғартады. Осы тоқтам арада апта салмай жатып бекіністерге қаптай шапқан қалың қолдың алдында жаңа патша соғыс бастаған көрінеді деген суық хабар селдей жайылғанда да елдік мүддеге сызат түсірмеуге себесін болғанын жазушының дəлдікпен ықтияттауынан айқын аңғарғандай боласыз. Сенімсіздікті сеніммен шарпуы, сезіктенгеннен серпіліс суыруы, шəлкес қадамнан шынайы талпыныс тудыруы қаламның қыбымен қуаттанатын нəзік құбылыс екендігін ескерсек, Жақаудың ой-иіріміндегі мол əлеуеттің сырына тамсана түсетініміз тағы аян. Жəне де суреткерлік-сыбызғы əуенінің тылсымына үйіріп əкетерлік қыл-перненің уілі бойды қалай еркелікпен, кейде ессіздікпен шарпыса, міне, бұл жазушы көтерілген көркемдік деңгейдің парасатты парқы дер едік. Қалай десек те, Көктемір бейнесі қазақ əдебиетіндегі көкмұнарлы кесек те кемел персонаждың халықтық мүдде тұрғысынан өніпөскен, ел аузында ерлігімен дараланған тұлға екендігінде дау жоқ. Оның сенімді серіктерінің бірі Сейдəлі, Пугачев жорығына қатысуымен, ал тағы бірі Қасайтүрік жасағы орыс хуторларын талқандауымен ерекшеленеді. Сейдəлі сұлтанның патшаға келуі, башқұрттарға қарсы шабуылы, орыс-казак бекіністерін басып алуы сияқты еркін қимыл-текетірес Көктемір бастаған азаттық екпінінің маңызын үстемелей түсері анық. Сол себепті де Сапура-Көктемір туралы аңызға бергісіз шындықты бағалы хикаясына көркемдікпен арқау ете білген жазушының осы туындысымен-ақ əдебиетіміздің алтын қорына енеріне күмəнсіз сенеміз. Көктемірдің шайқасына тəнтілікпен бас ұрғандардың далада Жанна д’Арк пайда болғандай ғып əсірелеп емес, шынайылық тұрғысынан əспеттеп айта жүруін прозада келісті кескінделгенін оқырмандар да жоғары бағалап отыр. Жалпы, Жақаудың тарихи тақырыптар талайына жазылған жазушы екендігін де осы індете зерттеу барысында аңғарғандай болдық. Иə, оның қазақ балалар əдебиетіндегі өзіндік сүрлеулі, айырықша елеулі, сəби жүрегінің лүпілін аңғарымпаздығы, кейінгі жылдардағы бірнеше көркем-кескіндемелік лағыл жырға ұқсас шағын əңгімелері оны «бала үшін туған қаламгер» дегізерліктей айбарландырып қойған еді баяғыдан. Əсіресе, жаңа ғасыр ұрпақтарының ұлттық дүниетанымын түбірлей, ежіктей жазуымен олардың ата-баба дəстүріне лайық өсіп-өркендеуін уағыздайтын

Қайсар ƏЛІМ,

«Егемен Қазақстан».

Ол сыр суыртпаққа салқын қабақ танытты. Басы артық насихатқа кеуілі шаппайтын тəрізді. Жазуын ғана жазып, елеусіздеу жүргенді ұнатады. Анығы – дабырайтып, дараланғысы келмейді. Толықсыған Аралдың жағасында тұрып, толқынмен ой жарыстырып қалыптасқан балаң жазушы сол кезгі ішкі сыры мол асаулықтың, бүгіндері парасаттылық пен сарабдалдыққа, салмақтылық пен саналылыққа, томағалыққа үдерістегендей, оңашаланып ой кеміргендіктен көнтерілілік кейпімен кер маралдай саяқтыққа бой ұрғаны байқалады. Оған мадақ керек емес. Дəметпейді. Қолындағы қалам қасиетіне адал болуға анттасқандай аптықпай, ырғақты ойдың жалына жармасқаны– тағдыры сыйлаған байлығы. Сонысымен құдіреттенеді. Тежеліс сыры осы екен... Əңгімеден əдейі жалтарғанына, əріптестің көңілін жыққанына пысқырып та қарамайтындай паң жазушыға енді қайтіп ықылас, бейіл ояна қояр ма екен дейсің, миға шапқан бастапқы шамданыс пен шамырқанысқа булығып... Бір қызығы, меселіміз қайтудың орнына Жақау замандастың сыртынан сыр түюге, оның ұсынбаған томдары мен кітаптарын тірнектеп былайша жиыстыруға немесе оқу залдарынан сүзгілеп, нəрін сіміруге машықтанып алдық. Бізге керегі Жақаудың келісімінен гөрі, титімдейімізден тілшілік тірлігіміз сырттай табыстырған қаламның құйттай дəнінен өсіпөнген тума таланттың шығармашылық қуаты еді. Соның жылдар бойы жүрек жылытқан шуағының шапағаты еді... Сонымен, автордың ықыласынсыз, əдебиеттің əңгімесін бастап кеп жібердік! Жақау не десе, о десін. Жазуын жалықпай, алаңсыз жаза берсін... Бұған дейін неге үнсіз келгеніме енді өзім таңырқап отырмын. Жазушы Жақау Дəуренбековтің шығармашылығы туралы бір ауыз жақ ашпағаныма қайранмын. Шыққанын шыққанша жүйелі оқып келдім деуден де аулақпын. Дегенмен, жалпы туындыларынан сыбызғы үніндей жан сазын сызылтатын, жүрек түкпіріндегі мұңды суырмалап сыпыратын, тарих пернесін дөп басып, елдік мінез бен ерлік сипаттарды дəлдікпен һəм көркемдікпен əрі сезімді қытықтайтын нəзік уілмен лəззатқа бөлейтін жазбаларын жүйелеп болмағанымен де бірсыдырғы аңсау ауанымен оқи жүргенім өзіме аян. Іңкəрлік деген осы. Ынтықтырады. Тауып оқытқызады. Келесісіне дейін тағат таптырмайды. Баяғы «Күн ұясы», «Саяқ» («Соғыс ойыны») повестері, одан бергі «Соңғы вагон», «Бір нəзік сəуле» хикаялары, жүзге тарта əңгімелер, толғамдық зерделеу сипатындағы «Сөз киесі», тірліктің сан тарабында көңілге түрткі болған түрлі пайымдар тізілісіндей «Ойдауа», оны қазақ балалар əдебиетінің қабырғалы, көрнекті тұлғасы екендігін мойындататын «Жағалау», «Шағала» кітаптарын əлдеқашан ыстық көкірегімізге басып, жұмсақ алақанымызбен күн сайын қысыпқысып қойғандай көтеріңкі күйге бөленетінімізді айтсайшы. Жазушыны жақсы көріп, шығармаларын індетіп оқып, сырттай сыйластығыңды еселеу үшін көп нəрсе қажет емес екен. Ойлантып толғантқан, мұңайтып қуантқан, өмірдің өрт өзегінен күн шуағын себезгілететін серке сөзімен, сергек сезімімен, үзілердей үмітті қайта жалғайтын жүрек лүпілімен сиқырлап алса, жетіп жатады. Сол жазушы – сенікі! Ол сөйтіп оқырманның ортақ байлығына айналады. Жалқыдан жалпылық мархабатқа ұласқан абырой-беделі маңдай тердің өтеуіндей боп жазушыны тұлғаландыра түседі. Сөз тылсымы таңдандырады. Көркемдік көкжиегі кеңіп, əдеби кеңістігі тақырып алуандығымен, образ нақышын əрлендіруімен, сюжеттік мығымдығы композициялық терең түйінделуімен астасып, асқақ полотнолы өмір-сурет, адам-характер, заман-қоғам тұжырымындағы қайраткержазушылық қолтаңбасын қалыптастырады екен. Қалыптасу – ешқандай дабырасыз, байсалды, жүйелі əрі сұғынған көзге де белгісіздеу еңбекпен тұғырланбақ. Жақауға бір сүйсінетініміз – көзге ұрмай жазады. Сөзге сараң, іске жомарт екендігі кезекті жазуына нүкте қойғанда да андағайлап сезілмейді. Кітабы оқырман қолына тигенде де көнтерілілік танытып, тасада қалатын елеусіздеу жазушының бірі екендігін байқатады. Бұл не? Аса сақтық сыры неде? Насихаттық жасанды тегеурінмен əдебиеттің қанжығасына телінуге теңеспейтін шəлкем-шалыс шығармасымақтарын талант тұғырына лезде қондырып-ақ тастайтын кеудемсоқтардың меселін қайтарудың салыстырмалы түрдегі соққы-əрекеті ме екен?! Өзінің жазу стилімен, тілдік талғампаздығымен, ой-дəруменінің құнарлылығымен, көркемдік қуатымен, тақырып сонылығымен, қорытып айтар болсақ, жазушылық ар-ісіне адалдығымен əлгіндей əдепсіздерге жасаған қоқан-лоқысы секілді. Оның мұндай қасиетін тек əдеби орта сезіп-біліп жүрген жоқ, ең əспеттерлігі сол, оқырмандары да аңысын аңдап, жасық пен жаңсақты дəлдікпен ажыратарлық дəрежеге көтерілген. Міне, Ж. Дəуренбековтің құмардан шығаратын өзіндік мəрт мінезі осы болса керек. Сапалық сатылары

сəтті санамаланып, санаулы суреткерлердің қатарына қосыпты. Оның қолтаңбасын жазбай тану – тамыры бөлек туындыларының бағы ашылғандығының айшықты белгісіне лайық. Бір шығармасымен-ақ тарихта қалған қаламгерлердің тағдыр-талайына таңдай қағатынымыз бар. Бағалау бəсін осымен асқақтатқымыз келгендіктен шығар. Асылы, пəлсəпалық негізден (əрине, санның сапаға ұласуы) алшақ кетудің ашынысқа ұрындырары мезгелгендіктен, бұл тұжырымның ұпайы ұдайы түгелдене бермесі тағы анық қой. Дегенмен де, бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді, жазушы бақытын жалғыз шығармасы-ақ шығандатып жіберетініне мысал көп. «Абай жолы» десек, Əуезов тұратыны ақиқат! «Біздің Ботакөз бен Сəбитті айтам» деп бастаушы еді əңгімесін бір əдебиетшіл қария. Не ерсілігі бар? Роман («Ботакөз») мен автордың (С.Мұқанов) тоғысқан тағдырлары мəңгілікке ажырағысыз боп кеткендей ғой. Сол сияқты... Иə, бұл жолғы жаңалығымызға Жақау қалай қарар екен? Оның төл туындысы «Көктемір» хикаясын Дəуренбековтің бүгінгі беймаза, түбі дүбірлейтін дəуреніне теліп жіберсек, тұшыныс болар ма, сірə? Автормен қоса оқырмандардың да меймілдеген қуаныштан шекесі қызғалы тұрау! Мұндай пікір тегін айтылмасы хақ. Мыңдаған оқырманның ойы осындай арнаға құйылса, əділдік толқынын тулатқан тасқынға қарсы автордың қандай қарсы қауқары қалмақшы? Əлсіздігінен емес, əлділігінен-ақ мойынұсынар еді-ау! Кітап жазылып біткенше автор ие, ал оқырман қолына тиген соң кесімді сөз соларда екені тағы аян! Демек, Дəуренбеков «дəрменсіз» күйде қала бермекші... Бір мысалы – əдебиеттің осы əңгімесі ғой... Əзірге төрт томдық таңдамалы шығармаларының бірінші кітабына енген «Көктемір» хикаясының соңғы бетін жапқан оқырман кеудесін керіп, «Көктемір! Көктемір! Көктемір!» дейді жауынгерлік айбатты рухтан айыға алмай алабұртып. Оқырманның шынайы отансүйгіштік сезіміне не жетеді! Елдік тұтастық жолында күрескен, жұртын жаудан қорғап, қол бастаған нəзік жан Сапура ханымның халық алдындағы бедел-абыройы теңдессіз асқақ! Сапура-Көктемір атанып, төтеннен тиген жойқын шабуылдың күйреткен соққысына төтеп беріп, айла-тəсілмен, ақ білектің күшімен, жүрекжұтқан кейпімен қарсыластарын зəрезап қып, орайлы тұсында құдіретті бір тылсыммен-ақ қимылдарын матап-байлап тастайды! Көріпкелдігі мен көнтерлілігі көктен сорғалаған жасыннан бетер жанын қақыратады жауының. Жəне де бүкіл ойранды іс-əрекетін жаутаңдаған халқының қасық қанын аз шығынмен, азапсыз аяқтауға мəжбүрленіп жүреді. Соған лайық ақыл, парасат, данагөйлік мінез танытып, кейбір тұста əдейі жаудан сырғақсып, түпкі мақсатын діттейді. Қолбасылық – алды-артын шолусыз андағай шабысты, берекесіз, бірбеткей, көзсіз тасыртұсыр еместігін дəлелдеп-ақ бағады. Жеңістен соң жеңістің сыры сонда екен!.. Осындай елдік мұратты жолда Ол – Сапура аңыздық бейнеге де айналып кетеді. Əнекей, халқы қанағатпен есімін ардақтап, даралаған дарабоз тұлға – Сапура-Көктемір сол! Көксауытты, қынайбелі небір қақтығыста үзілмей, атпал азаматтай елін, жерін қорғауда ақылына қимылы сай бебеулеткен тосын бейнең сол, кекті келіншек – Көктемір! «Көктемірдің аруағы бар екен, күн күркірегенін қарасайшы! Алдыңнан күнің күркіресе, артыңнан елің дүркірер! Жолың оң болсын, Көктемір! Қолың мың болсын, Көктемір!»– деп ел бабасынан бата алып жорыққа аттанған Көктемірдің екпінінен дауыл тұрғандай екен. Үміт шоғы маздапты. Көксауытты қалқаны бар екенін медет еткен қалың елі бұған дейін қаншама қайғы жұтса да қорғанына айналар нəзік жаратылысты жанға ақ жол, оның қалың қолына қуат тіледі. Тарих сүрлеуінен суыртпақтасақ, 1775 жылдың қаңтарында Пугачев өлтірілді. Бірақ Қазақстандағы көтеріліс одан соң да жалғаса берді. Қазақ даласында оның ең соңғы жаңғырығы «Көзге көрінбейтін адам» деген атауының бас көтеруі болған еді. Алғаш рет «Көзге көрінбейтін адам» туралы хабар 1775 жылдың қыркүйегінде пайда болыпты. Қазақтардың арасында ешкім көрмесе де, бірақ оның дауысын естіген бір адам пайда болады. «Көзге көрінбейтін адам» халық арасынан шыққан қарапайым əйелдің үйінде тұрады екен деген аңыз тарап кетті. Патша тыңшыларының

7

шығармалары, нақ бүгінгідей тəрбиетəлім бағдары батыстық үлгіге емеурінденіп кеткен өткелекті тұста, кішкене оқырмандарына ауадай дəру екендігін сезінеміз. Тіпті Жақаудың қырағы көзінен ауыл баласының да, бұрынғы астаналықтың да елордаға келіп қоныстанып, ертеңгі нұрлы болашаққа қол соза бастауының түрлі тағылымды хикаялары бір сəт қалыс қалмайды. Əсіресе, бала тақырыбының үлкен-кішісі жоқтығын ескерсек, жазушы өз миссиясын адалдықпен орындап жүргеніне дəйектемеміз жетіп артылады. Сөйтіп, балалар жазушысы болып қалыптасқан Жақаудың талант таразысының бір басын тарихи-танымдық шығармалары ауырлатып тұрғанына енді көзіміз жетті. Мəселен, «Көкжалда» Хиуа хандығының сыр бойына қол салуына қарсы шықпақ болғандардың Батырға айлалы тор құруында тылсым мəніс жатыр. Бірақ Батыр алдынан ор қазыла береді. Сəйгүлігін алып кетіп, алдап қолға түсіріп, төбеде өз қандастарының жебесінен ажал құшуы – жау алдында рухы жығылмаған Батыр бейнесін көкжалдай етіп сенімді суреттеген жазушының шеберлігі сүйсінтеді. Немесе, майдан даласындағы қуғыншылардан қашқан арғымақтың иесінің денесі суға ысырылып, батып кеткенімен, асаудың ұстатпай құйындатуынан Ер рухының өшпейтіндігін сөз сырымен бөктірген қаламгерге ризашылығымызды жасырмаймыз əсте. «Үзеңгі дос» хикаясын алсақ, Ақтан батыр мен Жанқожа батырдың Хиуаның өкпесін тіліп, елін езгіден құтқарған олардың енді орысты шаппақ ниетінің өршігенін, соның ыңғайында казактармен айқасын, тарихи шындықты бұрмалаусыз шыншыл суреттеуі – қаламгер табысы. Ақтан батырды жөңкілген ақшулан бұлттардың еске түсіре беруінде де авторлық шешімнің тылсымындай гəп жатыр... Осы аталған тарихи туындылардың қайқайсысында да автордың білімдарлығымен қоса, сарапшылдығы негізінде арқауланған оқиға желісі жүйелене тарқатылуымен, тілдік, диапазондық байыпты қамтылуымен оқырманды қызықтыра елітіп отырады екен. Тарихтың мың қатпары алақандағыдай жазылып, стильдік өңмен əрленіп, түрлі-түсті оқиғалық сипатымен сындарлы ашылады. Міне, дəл осы қуатты қолтаңба жазушының əлеуетін одан əрмен əлдендіріп əкететіндей. Алдымен шығармасын ұнатып, иесін содан соң қадірлей бастайтын талғампаз оқырмандардың қағылез əлде қатқыл мінезін осы тұста аңдап, автордың кəдуілгідей тосын жаңашылдығына қайран қалғандаймыз. Расында да, туындысы авторын сүйрелеп жүретін мысалдарды да əдебиет айдынынан ұшыратып қалмаймыз ба? Иə, солай. Тегеурінді туынды ғана сөйте алады, текті мінез танытады. Бұл жерде қалай десек те Жақаудың танымалдығын тиянақтаған оның сүбелі шығармаларына сүйсінуіміз керек шығар... Суыртпақталған осы сырдың бір ұшығы өзіміздің де əдебиеттің осы əңгімесіне кіріскенде автордың рұқсатына соншалықты иіле қоймай, туындыларының өз туын жықпайтынына зəредей секемсіз құмбылдық танытып, қаламға жүгінгеніміз де сондықтан болар-ау! Ретті сəтінде осылайша ақталғанымыздың да еш сөкеттігі болмас. Əсілі, қаламымен шүмектеткен маңдай тері «Құрмет» орденімен, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығымен орынды əспеттелген жазушының өз-өзіне сенімділігі бек қайран қалдырып, зор үміттендіреді. Бейтаныс адам мінезі жаныңа туа біткендей жақындасып кетсе, одан іргеңді аулақ салуға пұрсатың, тіпті хақың болмаса, жазушы кейіпкерлерінің шынайылығы сол деңіз. Солармен етене өмір кешіп, тыныс алып, қанаттасып жүрсеңіз, жан лəззатындай кəусарлы бұлақ сусыны қаталаған тұста шөл басқызар. Сөзіміздің дəлелі – «Кілт» хикаятындағы образдар галереясы. Əл үстінде жатқан əкенің халін білмекке жиналған балалары іркес-тіркес жеткенімен, шаңырақ киесін ұстанып ешқайда жылжымай отырған қарттың ойын сан-саққа жүгіртеді. Келді, көрді. Үдере жөнелмек енді. Балалық парыз осымен түгесілмек пе? «Бұлар мен өлсем де өстеді. Көме сап тұра жөнеледі ғой. Ит тірліктің ұстатпас қызығын қуып жүрген немелер емес пе. Бастарына келгенше əке көңілінің балада екенін қайдан білсін...», деп өзімен өзі болып жатқанда, жолға асығыс жиналған олар кəрі əкеге өздерімен бірге ала келген дəруді өздерімен бірге алып кетіп бара жатқандарын білген жоқ еді... «Көңілінің түкпірінде қасиетті тұмардай сақтап келген қарашаңырақтың қасиетті кілтінің ешкімге керексіздігін сезінген шал сазарып үнсіз қалды, кемпірі көзіне жас алып кемсең-кемсең етеді». Түсін, шырақ! Өлімнен де ауыр жан азабы бар екен-ау, қинайтын... Жақаудың əрбір əңгімесі ынтықтыра тартады. Тылсымын бір сөзбен тап басып айту тағы қиын: əсерлер əлемі əрқилы; өмірден өткен əңгімешіл жоқ; сенің ойыңның күдігі мен күлкісі өзіңді шошытудан бастап, өзгенің жанын қари жөнеледі; немесе басқаның жүрегі тілімденіп жатқанда сен дым сезбегендей тымырайып қала алмайсың ғой; ең «қорқыныштысы» – жазушы қайбір шығармасында да Сен туралы жазып отыр екен-ау!.. Демек, өзіңді өзіңнен артық танитын бұл қаламгерге бағынбай көр енді. Ырқынан шықпайсың енді оның!.. Қирамаса да сызат түскен шыныаяқ («Хрусталь»), демократияның үрейі билеген ауыл дүрлігісі («Ауыл көлеміндегі төтенше оқиға»), желтоқсаншылдардың мəрмəр тасына қойылған гүлдерді биліктің сыпырып əкете беруі («Имангүл»), арызқойлығын қоя алмайтын «жаналғыш» жан («Анау»), ауыл мінезіндей айнақатесіз жаратылған жігіт («Елекбай екінші»), оңашада дос болып, жұрт көзінше қорашсынатын лауазым иесі («Көңіл»), бастығының «керек адамының» шаруасымен жүріп, оны уақытында үлгерте алмаса да жүкті əйелді босандыруға себесін жасап, нағыз керек адамның дүние есігін ашуына қамқорлық еткен жүргізуші («Керек адам»), т.б. əңгімелер Ж.Дəуренбековтің жазу байлығын еселеген татымды туындылар десек, орынды болар. ...Əдебиеттің əңгімесін əзірге тəмамдадық. Жақау не десе, о десін. Жазуын жалықпай, алаңсыз жаза берсін... АСТАНА.


8 Таңжарық Жолдыұлының жыр керуені енді, міне, Арқа төсіндегі Астанаға да жетіп, ЕҰУ-де дүркіреп ақынның 110 жылдығы өтті. «Алаш идеясы жəне Таңжарық Жолдыұлы мұрасы» атты халықаралық ғылымитəжірибелік конференцияға С.Негимов, Қ.Алпысбаев, Т.Мəмесейіт, Б.Омар, А.Шəріп, Д.Мəсімхан, О.Жəлел, Б.Жылқыбек, Ы.Олжай бастаған білікті ғалымдар шын ықыластарымен атсалысты. Таңжарық Жолдыұлы қазір жұрт қолында жүрген өлең-дастандарымен-ақ қазақ əдебиетінен ойып тұрып орнын алады. Оған күмəн жоқ. Бірақ, өмірі аумалытөкпелі заманға дөп келген, империяның жастай құрбаны болған боздақ үшін, əрине, өз түпнұсқа өлеңдерінің орны мен маңызы қашанда бөлек. Əңгімені осы мəселе төңірегінде қаузау үшін сөзді сəл əріден бастауға тура келеді. 1978 жылы ҚКП 11-құрылтайы ның «Үшінші жалпы жиыны» ашылып, Дэн Сяопиннің үшінші мəрте билік басына келген, екі тізгін, бір шылбырды қолына шындап алған мезгілі – коммунистік жүйедегі Қытай елінің аласапыраннан құтылып, жаңа дəуірге аяқ басқан кезі-тұғын. Келесі, 1979 жылы Бейжіңде бүкіл қытай əдебиеткөркемөнер қызметкерлерінің төртінші құрылтайы ашылды. Дэн Сяопиннің өзі келіп, арнайы сөз сөйлеп, бағытбағдар ұсынды. «Əдебиет-көркемөнер

қалған Əсейін Жақсылықұлы, Ырымбек Сарқұлжаұлы қатарлы көнекөздер түгелге жуық тірі еді. Сол қос томдықтың баспадан шығуына ғана қарап тұрғандай, манағы дана көкірек қарттардың қаламымен ар дақты ақын туралы аса құн ды эсселер мен зерттеу мақалалары толассыз жазыла бастады. Осылайша, бірден таңжарықтануға кең жол ашылды да кетті. Ұзақ жыл көз жазып қалған ақынымен қайта табысу – ол кезде арғы беттегі қазақтар үшін өшкені жанып, өлгені тірілген бір мезгіл болды. Орекең екі томдықты ілдəлдалап шығарып алған соң, ары қарайғы жерде ардақты ақынның шыққан тегі, туған жері, үрім-бұтағы, өскен ортасы, азапты өмір жолы, атқарған қоғамдық қызметі, шетел асқан іздері, ақындық болмысы, өлеңдерінің туу тарихы, көркемдік əлемі, түрмеге түсу себебі, қайраткерлік тұлғасы жайлы кең ауқымды зерттеуге бел шеше кірісіп кеткен болатын. Осының бəрі қазір айтуға оңай болғанымен, əрбірі бір-бір томға жүк болатын күрделі тақырыптар еді. Сол қызық та

ТАҒ

жағынан өзімен замандас қазақ совет поэзиясының таңдаулы үлгілері – «Сұлушаш», «Құралай сұлу», «Күйші» дастандарымен тең тұра алатын аса күрделі еңбек», деп бағалады. Бұл мезгілдің Алшорда көсемдерінің енді ақтала бастаған тұс екенін ескерсек,

Таѕжарыќ тїпнўсќасын тїгендейтін кез келді

қызметкерлері партия мен халықтың сеніміне, аялауына, құрметтеуіне ие болуға тиіс», деді ол осы жиналыста. Бұдан кейін лапылдап тұрған төңкерістік күрес бір жолата аяқталып, саяси, рухани бұғау алынып тасталды. Қытай қоғамының барлық саласында жаңа серпін пайда болды. Бейбіт күн, мамыражай тыныштық орнады. Бұл кезде таңжарықтануды сонау елуінші жылдары бастаған жазушы Оразанбай Егеубаев Тарым алаңындағы жаза мерзімін тəмамдап, жабылған жала дан арылып, жағылған күйеден құтылып, қайта қатарға қосылды. Іркіліптартынбастан бірден қаламын қолына алып, өз шығармаларын жазумен бірге Таңжарық мұраларын жинау, зерттеу жұмысын бастап кетті. Таңжарық Жолдыұлының шығармаларының халық жүрегінен қағаз бетіне шындап түсе бастаған кезеңі де осы сексенінші жылдардың басы. Алғашқы бір-екі жылда ақын өлеңдері қауырт жиналды. Бүкіл Шығыс Түркістанның түкпір-түкпірінен, тіпті алыс-жақын шетелдерден де Таңжарықтың жырдастандары өз мекені Күнес ауданының мəдениет мекемесіне келіп құйылып жатты. «Түрме халі», «Анар-Сəуле» атты шағын кітаптарының шыққаны болмаса, ол кезде толық жинағы жарық көріп үлгермеген еді. Таңжарық Жолдыұлының 80 жылдығы Күнес ауданында аталды. Аталмыш мерейтойға Үш аймақпен бірге, өлке орталығы Үрімжіден де қонақтар қатысты. Сол сапарында болу керек, Омарғазы Айтанұлы Таңжарыққа арнап дастан жазғаны бар. Осы тойдан Үрімжіге қайтарында ақынның Күнес ауданы бас болып жиналған мол мұрасын Оразанбай Егеубаев өзімен бірге ала қайтады. Бұл Таңжарық ақынның қаламымен қалай жазылды, халық жадында солай сақталған түпнұсқа еді. Осыдан кейін көп өтпей, Үрімжі ден Таңжарық Жолдыұлының толық жинағын шығару қолға алынды. Омарғазы Айтанұлы, Ғалым Қанапияұлы, Оразанбай Егеубаев, Қасымхан Уатханұлы əскери қонақ үйде айлап жатып, ақын өлеңдерін кітап етіп құрастыруға кірісті. Өкініштісі, ел аузынан жиналған дүниелерді, сол кездің жағдайында, қаз-қалпында шығару мүмкін емес еді. Гоминдаң үкіметі билік жүргізген тұста өмір сүрген, сол үкіметтің Күредегі мектебінен оқыған, қытайшаға жетік, Кеңес Одағына барыпкеліп тұрған, жасырын ұлт-азаттық ұйым ұйымдастырған, Шығыс Түркістан республикасының құрылуы қарсаңында күдікті ретінде қолға алынған, Шың Шысай түрмесінде жеті жыл отырған аты шулы Алаш ақынының асау өлеңдерінің басы коммунизмнің қайыс ноқтасына сия қойсын ба?! Амал жоқ, тарпаң таланттың тас түрменің қабырғасын қақыратқан, қара аспандай күркіреп тұрған рухы асқақ жырларын жұмсартуға тура келеді. Ақынға өз табиғатына мүлде жат «материалист», «демократ» деген шапан кигізілді. «Шапаны» жабылып, «табы айқындалғаннан» кейін партия мен үкіметтің беті бері қарай бастады. Сөйтіп, екі томнан тұратын қоңыр кітап, «Таңдамалы шығармалар» деген атпен 1985 жылы баспадан шықты. Үшінші томы 2002 жылы жарық көрді. Бұл тұста Таңжарықпен замандас, балалық, жастық дəуренін бірге өткізген, қоғамдық жұмыстарда тізе қосып қызмет атқарған, тіпті түрмеде бірге жатқан, аласапыран жылдардың қанды шеңгелінен əупірімдеп аман

құнды дүниелер Оразанбай қаламының құдіретімен Үрімжіден Шыңжаңның алыс түкпірінде жатқан қарапайым қазаққа дейін күн құрғатпай жетіп жатты. Таңжарық Жолдыұлы туралы ой толғамаған, пікір білдірмеген қаламгер, əй, жоқ шығар деймін. Қазақты қойып, ақынмен кезінде дос болып өткен Қасым Əзезов, Мөмін Сапари бастаған ұйғыр зиялылары да қарап қалған жоқ, өзі білетін шындықтарды қазақ туысқандарының қоржынына бірбірлеп салып отырды. Əркім өз шамашарқынша, таным-түсінігінше безбендеп бақты. Əрине, бұл Таңжарықты зерттеу толқынының үлкен арнасын Орекең – Оразанбай аға Егеубаев осынау керуенді істі алға сүйреді де отырды. Бəрі де елім деп еңіреп өткен ақынға деген жақсы ниеттен, адал жүректен туған дүниелер еді. Əйтсе де, амалсыздан жапсырған сол «материалист», «демократ» деген шапанның қызыл бояуын қалыңдататындардың, ақын жырларынан Ленин мен Мао Цзэдун төңкерісінің боранын іздейтіндердің саны күн санап молайып бара жатты. «Тəкең жауынгер атеист. Халыққа, əсіресе, қазақ халқына атеизм тəрбиесін жүргізу жөнінен жемісті еңбек еткен адам», «Таңжарық тек қазақ халқының ғана аяулы ақыны болып қалмастан, қайта ол жүңге ұлтының да көрнекті ақындарының бірі» немесе «Таңжарық идеясы – материалистік қарапайым диалектика» деген секілді науқандық

Таңжарық тұрақтайтын тұғырдың Маркс негіздеген коммунистік ұрандармен көмкерілген қызыл алаңдар жақта емес, Бөкейханов туын желбіреткен анау алыстағы Алаш топырағында – Ахмет, Міржақыпқа тақау тұрған Жансүгіров, Байзақов шық қан биікте жатқанын Оразханның батылдықпен, көрегендікпен нұсқап көрсетуі, таңжарықтанудың тізгінін өзінің əуелгі бағытына қарай бірден бұрып жіберді. Осыдан бастап ақын өлеңдерін талдауда жаңа көзқарас, тың серпін пайда бола бастады. Бұған сол кездегі əдебиет əлеміне жаңа қадам басқан жас перілер Омарəлі Əділбеков, Ыдырыс Əділханов бастаған сыншылардың мақалаларын атап айтуға болады. Омарəлі «Заман талабы тылсым қаһарман емес» десе, Ыдырыс Таңжарықты бірден «ұлтшыл ақын» деп айта алмағанымен, соған жақын, сол мағынаны беретін «халықшыл ақын» деген тіркесті айналымға енгізе бастады. Əрине, бұл «Таңжарық – ұлттар достығының үлгісі», «Таңжарық – материалист ақын» дегендермен мүлде салыстыруға келмейтін жаңалық еді. Бірақ, бұл қадам да тым алысқа ұзап бара қойған жоқ. Таңжарықтану ғылымы қанатын енді-енді ептеп ұлттық бағытпен қаға бастаған сол кезеңде – 1989 жылы көктем мен жаз аралығында Бежіңдегі студенттердің көтерілісі бұрқ ете түсті. Оған қоса, еркіндік аңсаған ұйғыр мен тибеттіктердің де бас көтерулері жер-жерде жиілеп кетті. Ереуілдердің соңы қанды қырғындарға

«Таңжарық – төңкерісшіл ақын. Оның өмірі, бүкіл еңбегі Отанының, туған халқының азаттығы, жарқын болашағы үшін арналды. Бір үлкен суреткердің бар еңбегін бір идеялық жүйеге сыйғызуға, бір өлшемге түсіруге əсте болмайды. Сондықтан, Таңжарық шығармаларынан тек төңкерістік идеялар биігінен ғана емес, əр дəуірдегі ой толғамның, дүниетанымның логикасы, шындығы тұрғысынан назар салуымыз керек».

тұжырымдарды екі мақаланың бірінен оқуға болатын еді ол кезде. Таңжарық табиғатының тым жайдақталып, мүлде басқа бағытқа кетіп бара жатқанын байқап, шынымен қынжылған болу керек, сол кездегі Іле Қазақ автономиялы облыстық Жазушылар қоғамының төрағасы, қазақтың аса көрнекті жазушысы Оразхан Ахметов 1988 жылы өзі басқаратын «Іле айдыны» журналында «Сөнбес алау» деген атты мақаласын жариялады. Оразанбай Егеубаевтың түрмелес досы, қазақ қара сөзінің зергері Оразхан аға аталмыш мақаласында Таңжарықтың ұлы Абайдың дəстүрінен үлгі-өнеге алған Шығыс Түркістандағы қазақ əдебиетінің алғашқы өкілі екенін айта келіп: «Таңжарық – төңкерісшіл ақын. Оның өмірі, бүкіл еңбегі Отанының, туған халқының азаттығы, жарқын болашағы үшін арналды. Бір үлкен суреткердің бар еңбегін бір идеялық жүйеге сыйғызуға, бір өлшемге түсіруге əсте болмайды. Сондықтан, Таңжарық шығармаларынан тек төңкерістік идеялар биігінен ғана емес, əр дəуірдегі ой толғамның, дүниетанымның логикасы, шындығы тұрғысынан назар салуымыз керек», деді. Ақынның «Анар-Сəуле» дастанының көркемдік əлемін жеріне жеткізе талдаған Оразхан Ахметов тағы да «Анар-Сəуле» дастаны – дəуір сынағынан өткен əдебиетіміздің асыл мұрасы. Ол идея, көркемдік жетістігі

31 шілде

ДЫР

www.egemen.kz

ұласты да, орталықтан «буржуазиялық еркінсуге қарсы» қатаң саяси науқан жүргізілді. Мұндайда науқан ең алдымен баспасөз, ақпарат құралдарынан басталатыны белгілі... Əрине, Таңжарықты зерттеу тоқтап қалмағанымен, оған өз деңгейінде тарихи баға беру қиынға соқты. Бұрынғы кепешін қайта кимегенімен, есесіне көжеге қатуға келмейтін көкжасық дүниелер тағы қылаң бере бастады. Оразанбай Егеубаев секілді тəсілін тауып, тігісін жатқыза алмағандар аяғын аңдып басуға мəжбүр болды. Соған қарамастан, 1993 жылы Таңжарық Жолдыұлының 90 жылдық тойы кең көлемде аталып өтілді. Құлжа қаласындағы Іле пединститутының жанынан, қай бағытта жұмыс істесе де «Таңжарықтану қоғамы» құрылды. Онда арнайы қызмет істейтін адамдарға жұмыс кестесі бекітілді. Қоғам түгелдей мемлекет қазынасынан қаржыландырылатын болды. Күнес ауданынан Таңжарықтың мұражай үйі салынып, құнды жəдігерлер сонда топтастырылды. Ақын кітаптарының таралымы да бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Ең бастысы, алғашқы адымдағы «Таңжарықтану» ғылымы қалыптасты. Сөз реті келгенде айта кеткеніміз жөн шығар, осының бəрінде марқұм Оразанбай аға Егеубаевтың қуатты қолы тимеген, ащы тері тамбаған жұмыс жоқ. Жалпы, Оразанбай Егеубаевтың

2013 жыл

Таңжарық мұраларын ерте бастан толықтай Үрімжіге алып кетіп жариялауынан, дəріптелуі жағынан Таңжарық та, зерттелу тұрғысынан таңжарықтану ғылымы да зиян тартқан жоқ. Əрине, Үрімжіні Күнес не Құлжамен салыстыруға келмейді ғой. Қазақ зиялыларының қаймағы, баспасөз бен ақпараттың ошағы да сол қалада болды. Орекеңнің өзі де фольклорға арналған «Мұра» деген журналдың басында отырды. Ең бастысы, бұл шаһарда пəрменді билік бар еді. Етектегіні тауға шығарудан гөрі, тау басындағы дүниені етекке қарай сырғыту, əрине, оңай. Оразанбай аға осы мүмкіндіктердің бəрін көрегендікпен, ептілікпен өте ұтымды пайдалана алды. Бұл – бір. Екіншіден, Орекең сонау бала жасынан Таңжарыққа басыбүтін берілген, екеуінің табиғаты табысқан, саналы ғұмырын ақын өмірін зерделеуге арнаған, аруақ алдында қандай қиын күндерде де титтей ауытқымай адал қызмет атқарған азамат. Өзі кең құлашты жазушы болумен қатар, аса білікті ғалым да болатын. Оған жанкешті қажырлығын қосыңыз. Ханмен де, қарамен де түгел тіл табысып, сөйлесе білетін алғырлығы тағы бар. Үлкен есіктерді қақпай кіретін атақ-абыройы мен бет- беделі де бар еді. Ғасыр соңына таяғанда Таңжарық Жолдыұлының да, оны өмірлік тақырыбы етіп зерттеген Оразанбай Егеубаевтың да атағы аспандады. Екеуі бірін айтса, екіншісі еске түсе кететін егіз ұғымға айналды. Арада дүние адам таңғаларлықтай өзгерді. Таңжарықтанудың Шығыс Түркістанда басталған сол керуені енді шетел асты. Орекең – Оразанбай аға Егеубаев Таңжарыққа қатысты ғұмыр бойы жиған-терген қолжазбалары мен тасқа басылған дүниелерін арқалап, Меңтайын жетелеп, Қазақстанға келді. Мақсат – Таңжарық армандаған тəуелсіз елде түпнұсқа өлеңдерді шығарып, ақиық ақынды өз үйірі – Алаш арыстарының қатарына қосу. Шынымен де, азат жырдың алып қанатын еркін қағатын, кедергісіз самғайтын жері осы кеңістік. Оны тарлан талант кезінде білмеді емес, білді. Тіпті, елден ерте сезді. Қазақ елі өз тізгінін өз қолына алғаннан кейін де Таңжарықты бұрынғы «шапаны» астында ұстай тұрып, Орекеңнің ақын өміріне қатысты тағы да біраз жұмыстарды тындырып алуға бекігенін жақсы білеміз. Ол – Үрімжі архивіндегі түрменің тергеу материалдары мен ақынға таққан айыбы болатын. Жанкешті ағамыз оған да там-тұмдап қол жеткізді... Бірақ, бұл қадам да оңай бола қойған жоқ. 2003 жылы Таңжарық Жолдыұлының 100 жылдық тойын Қазақстанда тойлау қарсаңында Орекең соның бəрін кəдеге жаратып, «Таңжарық – Алаштың ақыны» деді. Бұл біраз əңгімеге арқау болды. Мынадай үскірік сөз, Оразанбай ағаны қойып, жай тілеулес болып жүрген біздің өзімізді абдыратып тастады. Сонау 1956 жылы алғашқы болып Таңжарық жөнінде «Ақын ауылында» атты мақала жазып, соның себебінен «оңшыл-ұлтшыл» атанып жұмыстан қуылған, сотталып Тарымға айдалған, сан мəрте азаптың адам төзгісіз түрлерін көрген, енді жер ортасы жетпіске таяғанда Тəуелсіз елге келіп еңсе көтере бастаған Орекеңе оңай тимеді. Жүрегіне ауыр салмақ түсірді. «Бітті, Оразанбай Егеубаев Қытайдағы барлық атақ-дəрежесінен, зейнетақысынан айырылады. Сотталып кетуі де мүмкін!» деген суық сөз ерсіліқарсылы есті. Арада аз күн өткенде, қаламгер Үрімжіге барып, тиісті мекемелердің қабылдауында болып, мəн-жайды толық баяндап, «Алаш ақыны» дегенде оның Алашорда үкіметімен «қатысы жоқ», тек ортадан озып шыққандарға айтылатын алаштың азаматы деген «мағынада» ғана қолданылған сөз екенін «түсіндіріп», істі жылы жауып қайтты. Өкінішті жері сол, Оразанбай Егеубаев Таңжарықты шырқау биікке жеткізіп, өз деңгейінде зерттеуге үлгере алмады. Оған оның білім-білігі мен қабілет-қарымының жеткіліксіздігі емес, сол баяғы заманның тарлығы басты себеп болды. Солай бола тұра, ол таңжарықтанудың іргетасын мызғымастай етіп құрыштан құйып беріп кетті. Ары қарайғы зерттеуді болашақтың, жас буынның еншісіне аманат етіп қалдырды. Ендігі жерде Таңжарық ауылына атбасын бұрғысы келетіндердің бірде біреуі Оразанбай Егеубаев əлеміне соқпай өте алмайды. Орағаң кеткелі де біраз жыл болды. Сарғайған түпнұсқа өлеңдер мен Таңжарық ғұмырына қатысты құнды мəліметтер əлі басылмай келеді. Қорапшаларға салынып, желімделген бойы Астанадағы Айдын Оразанбайұлының үйінде, Меңтай апаның қолында сақтаулы. Өткен жылы ШҰАР «Іле халық баспасы» мен «Жазушы» баспасы бірігіп, екі қаріппен ақынның екі томдығын шығарды. Иə, Таңжарық Жолдыұлы тəуелсіз Қазақстанда нағыз Алаш ақыны беделімен, ал Қытайда «материалист», «демократ» шапанымен өмір сүре береді. Онда тұрған дəнеңе жоқ! Ендігі жерде, ақынның архивте жатқан қолжазбасын шығару ісі шешімін табары сөзсіз. Себебі, атамекені тəуелсіздігін алған – Қазақ елі. Таңжарық тұғырын Оразанбай діттеген, Оразхан нұсқаған жерге жеткізу – басты нысана. Түпнұсқаны түгендеп, түптеп шығаратын күнге жеттік. Бұған тəубе деу орынды болмақ. Енді тек қолжазбаларды қолға алсақ дейміз. Ауыт МҰҚИБЕК. АСТАНА.

«...Кебенек киген келеді» Їш «Даѕќ» орденініѕ иегері Əбілќайыр Бегəліўлыныѕ ерлікке толы ґмірініѕ белгісіз ќырлары мен сырлары кґп-аќ Жер бесігіміздің тыныштығын бұзып, бейбіт адамзатты қызыл қанға бөктірген фашистік Германияның салып кеткен ойраны тарих бетіне қара дақтармен жазылып қалды. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, арада қанша уақыт өтсе де, сол бір кезеңнің миллиондаған жүректерді мұздатқан қайғы-қасірет жаңғырығы ұмытылудың орнына зорая түскендей болады. Жуырда жергілікті баспасөзде ұрыста ерлікпен қаза тапқан солтүстікқазақстандық жауынгер Мұқажан Махметовтің медальонын ленинградтық іздеушілер тауып, туыстарын қуантқаны жайлы ақпарат жарияланды. Арадағы 70 жылдан кейін сүйегі табылған боздаққа топырақ туған жерінен бұйырды. Еліміз егемендік алғалы қанқұйлы соғыстың небір ақтаңдақтары ашылып, тың деректермен, ғылыми сараптаулармен толыға түскенін көріп отырмыз. Соның бір мысалы ретінде өзім куə болған төмендегі жайтты газет оқырмандарына жеткізгенді жөн көрдім. Олар 5 ағайынды жігіт болатын. Дүйім елдің тоз-тозын шығарып, əбден діңкелеткен сталиндік қуғын-сүргін бұл əулетті де айналып өтпеді. Үкіметтің қыспағынан құтылмасын білгеннен кейін жат жерде бой тасалауға мəжбүр болды. Осыдан бірер жыл бұрын құдайы көршіміз Назымбек Əйкенов ағамыз бен құдай қосқан қосағы Нұрикамал апайдың бір қуанышына ортақтасқанымда Қарлыкөлден ұшқан бес арыс жайлы көп естідім. Қос зейнеткер Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Қарлыкөл ауылында соғыс жəне еңбек ардагері Əбілқайыр Бегəліұлының 100 жасқа толуына орай ұйымдастырылған еске алу шарасына қатысып, марқұмның аруағына тағзым етіп қайтыпты. Əкелерінің жанқиярлық батырлығы, көзсіз ерлігі жайлы «Көкшетау», «Бұқпа» газеттерінде жарияланған мақалаларды оқып көруімді өтінді. Сталинград шайқасы, Курск иіні, Қырым түбегі, Перекоп, Севастополь, Сапунгора, Бахчасарай, Ялта түбіндегі қанды қырғындарды бастан өткеріп, бейбіт өмір құрылысына да белсене араласқан. Біреуі – бірінші, екеуі – үшінші дəрежелі «Даңқ» орденін жарқыратып кеудеге тағу кез келгеннің пешенесіне бұйырмаса керек. Бір таңғаларлығы, «Даңқ» ордендерінің толық иегерлерінің тізіміне енбей қалған. Назымбек ағай қайын атасының ерлігімен қатар, атағы жер жарған балуан болғанын сипаттап бергенде көз алдыма ірі денелі, қолдары қарулы табиғи қара күштің иесі елестеді. 1970 жылдың жазы болса керек. Бұрынғы Булаев ауданының Тамань ауылында тұрып жатқан мұның үйіне Көкшетау жақтағы Қарлы көлден 15 адам сау ете қалады. 28 жастағы сүрбойдақ Назымбек осы ауылдағы туысына қонаққа келген 18 жастағы үріп ауызға салғандай сымбатты Нұрикамалды қатты ұнатып, сөз байласқан. Қайын атасы Əбілқайырды бірінші рет көруі. Бұрынғының батырларына көп ұқсатқан: кең жауырынды, мойыны мен білектері жуан, саусақтары жұмыр. Оң аяғы тізеден жоғары жоқ болғандықтан, қос балдаққа сүйеніп жүреді екен. Кейін қанша кездессе де табиғатынан тұйық ол соғыс жайлы ашылып сөйлескен емес. Ордендері мен медальдарын жарқыратып таққанын да көрмепті. Тек бір рет шешіліп əңгімелескені есінде. Бірде жолаушылап бара жатып, жол-жөнекей Айыртау ауданында колхозшылардың үлкен жиынтойына кезігеді. Қаумалаған қалың жұрттың ортасында бір еңгезердей жігіт қарсыластарын шетінен жығып, ешкімге дес бермей тұрса керек. «Тағы кім бар менімен күресетін?» деп айғай салады. Ешкімнің жүрегі дауалай қоймайды. Сол кезде шеткерілеу тұрған Əбілқайыр: «Мен бармын», деп атынан түсіп, түйе балуанмен белдесе кетеді. Шалт қимылдап, жамбасқа алып ұрғанда мынадай оқыс көрініске таңғалған ел гу ете қалады. Естерін жиғанша Əбілқайыр көк ала атына міне салып, ғайып болыпты. Тағдырдың жазуымен 40 жылдан кейін екі балуанның

жолы тағы тоғысыпты. 1980 жылы Назымбек қайын атасын Қарлыкөлге апарады. Жолшыбай Аралағаш ауылында бөлімше басқармасы болып істейтін Зəйтөн Сəдіров деген туысының үйіне аялдайды. Əңгіме арасында осы ауылда төңірекке аты шыққан түйе балуанның əбден қартайып, балашағасымен тұрып жатқанын естиді. Əбекең салып ұрып балуанның үйіне барады. Бір-бірімен құшақтасып амандасып, жастық шақтарын еске түсіреді. «Əй, Əбілқайыр, сенің бір аяғың қайда?» деген қарияның сұрағына: «Аяғымнан соғыста айырылдым. Осында тұрып жатқаныңызды естіп, арнайы амандасуға келдім», деп ізеттілік танытыпты. Əбден шау тартқан екі балуанның ағалы-інілідей жарасымды достығы сүйсіндірмей қоймайды. Нұрикамал апамыз – қуғын-сүргін зардаптарын əбден тартқан бай əулетінің тұқымы екен. Аталары Наурызбай Қарлыкөлдің жағасын қоныстанған. Балаларынан мыңғырған ең байы Бегəлінің мал-мүлкі тəркіленіп, өзі айдалып кетіпті. Жасырылған мол дəулеттің бір бөлігін ақшаға, алтын мен күміс бұйымдарға, бағалы заттарға айырбастап, бала-шағаны асырауға жұмсапты. Ұзынкөл деген жерде Əбілқайырдың анасы Сағила қайтыс болып, сол маңайдағы Шаңдақ деген ауылдың зиратына суыт жерленеді. Өйткені, арттарына түскен қуғыннан тезірек із суытып үлгіру керек. Соғыс басталған жылы Қызыл Ту, Еңбек ауылдарын паналайды. Қуғыншылардың жақындап қалған хабарын естісімен қарындастары Ғалияны осы елдегі туыстарына қалдырып, өздері қалың ағаштарға тығылады. Содан не керек, ағайынды бес жігіт– Қабділ мен Қабдрахман Бегімовтер, Қали Жүсіпов, Нығметжан Кəсенов жəне Əбілқайыр Бегалин түнделетіп қашып, Петропавл қаласының вокзалынан жүретін пойыз вагондарының біріне жасырынады. Қанша жүргендерін білмейді, таң сібірлей атқанда пойыз бір жерге ұзақ тоқтайды. Сөйтсе, Новосібір қаласынан бір-ақ шығыпты. Одан жақын маңдағы орманға тығылады. Күн суық, қарын аш. Не істерлерін білмей дағдарып тұрғанда, ішіндегі ең естияры Қабділ: «Елге барсақ, «қасқырдың бөлтіріктері» деп бізге тыныштық бермейді, кейін қайтатын жол жоқ. Соғысқа барайық! Бір тілім нан мен бір стақан шайымызды адалынан тауып жейміз ғой. Бүйтіп қор болғанша, жаумен шайқасып өлгеніміз жақсы», дейді. «Нар тəуекел!» деп қалғандары қостайды. Сұрастырып, Новосібір қалалық соғыс комиссариатын тауып, төртеуі еріктілердің тізіміне жазылады. Жасы 18-ге толмаған Нығметжан милиция оқуында қала береді. «Тірі қалсақ, Қызыл Ту мен Еңбекте кездесейік, онда Ғалия бар ғой!», деп серттеседі. Новосібір қаласында Нығметжан милицияның 6 айлық курсын бітіріп, өз еркімен соғысқа сұранады. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Ағайынды бес қыран соғысқа бастанаяқ қатысып, ел-жұртпен аман-есен қауышады. Əбілқайыр ғана І топтағы мүгедек болып оралады. Қуғын-сүргіннен əбден зəрезап болған бұлар көп уақыт бойы Қарлыкөл жаққа жоламайды. Тек 1950-жылдары бір-бірлеп көше бастайды. Əбілқайырдың қызы Нұрикамал да əкесінің соғыс марапаттарын жарқыратып тағып, қалай соғысқаны туралы мақтанып айтқанын бірде-бір рет естімепті. Госпитальда емделіп, соғысқа жарамсыз деп танылса да елге қайтуға қорқып, шаруашылық бөлімде қалдырылыпты. Қарлыкөлдегі туған-туысқандарымен жамырай табысқан ағайынды арыстар осы күнге жеткендеріне тəубе дескен. Жалғанның жазуымен бүтін бір əулеттің тағдыры тəлкекке түсіп, небір шырғалаңға кезіксе де, шырмауынан шығар жол тауып, атажұртының киелі топырағында ұрпақ өрбіту бақытына кенелді. Қайрат ДҮЙСЕНБІ. ПЕТРОПАВЛ.


31 шілде 2013 жыл

Бір ауылдыѕ тїлеп ўшќан жастары еді Семей қаласының іргесінде бұрынғы Жаңа семей ауданына қарасты Құрманқожа деген ауыл болған еді. Қазірде орны да жоқ сол қасиетті ауылдан халқымыздың мақтанышына айналған небір азаматтар шыққанын біреу білсе, біреудің білмеуі де мүмкін. Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

Айталық, Рим олимпиадасының күміс жүлдегері, шашасына шаң жұқпас желаяқ Ғұсман Қосанов, атақдаңқы шетелдіктерге дейін мəлім болған академик-математик Төлеубай Аманов, бірі республикамыздың халық əртісі, екіншісі еңбек сіңірген əртіс, жезтаңдай əншілер Мəдениет Ешекеев пен Болат Сыбанов та осы ауылдың тумасы. Бүгінде көзі тірі болса бұлардың соңғысының 75 жылдығын дүркіретіп тойлап жатқан болар едік. Ал жан-жақты талант иесі атанған Бөкең оған əбден лайық жан болатын. Алайда, өкінішке қарай ағамыз осыдан он бес жыл бұрын, елі алпыс жылдығын енді тойлаймыз деп дайындалып жатқанда, кенеттен фəни дүниеден бақи дүниеге аттанып кете барды. Иə, жан-жақты талант иесі демекші, бала Болат он жасынан əнші атанды. Он үш жасында Семейге келіп, қала мектебінде оқиды. Ал, он алты-он жеті жасында осындағы Абай атындағы облыстық драма театрына актер болып жұмысқа орналасады. Мұнда қызмет еткен ондаған жылдар ішінде ондаған рөлдерде ойнайды. Соның ішінде М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, сондай-ақ шетел жəне орыс классиктерінің драмалық шығармаларында басты рөлдердің иін қандырып, сахнаға шығара білді. Яғни, өнер сүйер қауымға ең алдымен талантты актер ретінде танылды. Бөкең театр сахнасында осылайша талабын ұштай жүріп, əншілік өнерін де дамыта түсумен болды. Соның айғағындай, Сегіз серінің атақты «Ақбұлақ», Əсет Бейсеуовтің «Жұлдызым» секілді əуезді əндерінің Бөкеңнің орындауында жұлдызы жанғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Сонымен бірге, осы тұста оның «Таң самалы», «Жанымай», «Ғашықтар», «Жан ана», «Бақытым» сияқты жəне басқа өз əндері халық арасында кеңінен таралып кетті. Алпыстан астам əндерінің көбінің сөзін өзі жазғандықтан Бөкеңді ақын деп те есептеу керек. Міне, жуырда осындай талант иесінің мерейтойына орай, бір кезде өзі қызмет істеген Абай атындағы театрда оны еске алу кеші болып өтті. Онда талантты актер, тамаша əнші, белгілі сазгер қақында мазмұнды естеліктер молынан айтылды. Ал Нұриден Иманбаев, Гүлшат Еруова, Тұрсынғазы Рахимов, Бақыт Үдербаева сияқты жəне басқа жергілікті əншілер Бөкеңнің əуезді əндерін келістіре орындап жатты. Осы орайда, Бөкеңнің ұлы Қанат əке жолын қуып əншілігімен жұртшылық көңілінен шыға бастағанын айтпасқа болмайды. Сондайақ, Үміт жеңгемізге де халық дəн риза. Осы кісінің бас болуымен Бөкеңнің əн кітабы жарыққа шықты, қаладағы бір үлкен көшеге есімі берілді. Иə, халқы барда мұндай таланттардың есімі ешқашан ұмытылмайды. СЕМЕЙ.

А

ІК

ЕС Б Л ТА

9

www.egemen.kz

ҚБАС Алатаудың қар жамылып, мұз құрсанған құзқия заңғар шыңдарынан бастау алатын біздің Таластың мінезі қызықақ. Кейде, долдана гүрілдей ағып, екі жағасының жарлауытын еліре омырып жататын асау толқындарынан ақбурыл иірімдер түзсе, енді бірде жуаси жөңкілген мың-мыңдаған ұсақ та жіп-жіңішке ағыстарымен ақылға сыймайтын, өзіне ғана түсінікті өрнектер құрады. Қызық қана емес, күрделі де мінез. Бұл, сірə, бүкіл жаратылысының бір мезгілде тауға да, далаға да тəндігінен шығар.

Талас аєады...

Арнасының түзілісі бұдан да қызық. Ирелеңдеген, сансыз бұралаң-бұлтарысты. Мұның бəрі бұдан мыңдаған, бəлкім миллион жылдар бұрын Мойынқұмның құм шағалдарына өршелене жол салған кезіндегі өз қалауы болар. Ал, еңіске ентелеген мəңгілік ұмтылысында өзі батыс тұсынан айналып ағатын, көне замандарда-ақ аңызға айналған ескі қала орны – Түймекентке иіліп, тағзым етіп өтуден жалықпайды. Түймекент. Уақыт əмірімен бастапқы қалпын жоғалтқан топырақ үйінділері мен төбелерге айналған мылқау, марғау қорғандар тізбегі. Олар құпиясын жасырып, үнсіз шөгіп жатқан түрлеріменақ зейінді жүргіншінің көз алдына ойша болса да Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан Шығыстың көне қаласының саудагер жұрт пен əртүрлі елдерден келген дəруіштер тоқайласар базарларымен, керуен сарайларымен қоса алғандағы көрінісін елестетеді. Əлде бір сиқырлы күш бір мезгілде баяғыда-ақ мына дүниеден баз кешіп, бақилық болып кеткен, алуан киімді адамдардың əрқилы тілде сөйлеген сөздерін қайта жаңғыртып тұрғандай. Міне, көркіне көз тоймайтын Түйме сұлу... Батыр да бағылан жігіттер жүрегін жаулап алмаққа таласқан жергілікті билеушінің жалғыз қызы. Көнеден бүгінге жеткен аңызда əкесі өмірден өткен соң оның өлкені өзі билегені жайлы айтылады. Оның кейінгі тағдыры қандай болды? Бұл фəниден еш зобалаңсыз, сəн-салтанатымен өте алды ма? Көне Мысырдың Клеопатрасының басынан өткергеніндей ауыр тауқыметке тап болмады ма екен?.. Артына не қалдыра алды? Қисапсыз байлық па? Əлде өзінен өрбіген ұрпақтарын ба? Бəлки, əлі күнге ғаламшардың қиырлары мен құйындарын кезіп жүрген əуенінің əсемдігімен, жүрек қылын қозғар сазымен ерекшеленетін ғажайып бір əнді ме?.. Бұл секілді сауалдардың ешбіріне жауап жоқ. Бір нəрсе ғана анық: Айдай арудың жарқын есімі ел есінде мəңгіге қалды. Түймекент – үйме қыздың қаласы... Ескі шаһар орнынан 200-300 қадамдай жерден кейінгі заман адамдарының айтарлықтай үлкен қоныс-мекені басталады. Ол да Түймекент, бірақ басқа, салыстырмалы түрде алғанда біршама жаңа, ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ішкі Ресейден шыққан орыс жəне украин қоныс аударушылары негізін қалаған. Ал бұған генерал Черняев (кезінде Л.Толстой «сұмпайы офицер» атаған) қосынының Ұлы жүздің жергілікті ірі руларының басшысы болған, жасы ұлғайған шағында өз халқын азат ету жолында қаза тапқан даңқты Байзақ датқаның ұлы Ақмолда секілді батырлар бастаған көтерілісші қазақтардың қолдауымен Қазақстанның оңтүстігін қоқандықтардың езгісінен азат етуі жағдай туғызған еді. Рас, көшіп келушілер жаңа мекенді Түймекент деп емес, əлдене себеппен өздерінше Шаповаловка атаған. Мүмкін, бұл олардың арасында Шаповаловтар əулетінен шыққандар көптігінен шығар. Дегенмен, Шестаков, Юрченко, Стародубцев, Романцев, Приходченко, Пономарев, Демченко, Зинченко, Иващенко, Кучеренко, Куценко, тағы басқа да фамилиялылар аз болған жоқ. Бұлар патшалы Ресейдің əр алуан губерниясынан келген, əртүрлі жастағы адамдар-ды. Бəрін де біріктірген қасиетті іс-шаруа еңбегі болды. Келісімен жер жыртты, тұқым септі, өсірген өнімдерін жинап, ризығын көрді. Егіс суару үшін бір кезде Байзақ Мəмбетұлының пəрменімен қазақтар қазған Байзақ тоғанын пайдаланды. Жергілікті елмен тіл табысып олардан мал, күш-көлік алды. Есесіне бұрыннан да тары, бидай өсірумен айналысатын ауылдарға соқа-сайман жағынан көмектесті. Жерді «теңортақ» пайдалану өріс алды. Осындай шаруашылық қарым-қатынас негізінде ұлтаралық, мəдени байланыс біртіндеп жолға қойыла бастады. Орыстар мен украиндар қазақ тілін меңгерсе, жергілікті тұрғындар орысша-украинша араластырып сөйлеуді үйренді. Осындай қолайлы жағдайда Шаповаловка ұлғайып, үлкен елді мекенге айналады. Қауымдастық негізінде шіркеу-приходтық мектеп үйі тұрғызылды. Байыған адамдар да шығады. Солардың арасында шаруасы мейлінше шалқығандардың бірі – жас жесір, сұлу Ефросинья Шаповалова екен. Шаруа қожалығына қоса ол сауда-саттықты да қолға алып, Шаповаловкада ғана емес, Михайловкада, уезд орталығы Əулиеатада дүкендер ашады. Көшіп келгендер мен қазақ тұрғындарына қызмет көрсететін фельдшерді де өзі іздеп табады. Менің əкемді де, қазіргі тілмен айтқанда, менеджер ретінде жұмысқа шақырады. Сүліктей сұлу қара атымен Шаповаловканың базарына жиі келіп тұратын бозым жігіт Бекбосын оған несімен ұнады екен? Ұзын бойлы, сымбатты, үлкен қой көзді, аққұба өңі сəл ғана күнге тотыққан түр-тұлғасымен бе? Əлде сауаттылығымен, бекзаттығымен бе? Бəлкім, Ефросиньяның дүкендеріне тұрақты түрде келіп, керегін алып тұратын ауылдастарының арасындағы беделін ескерген шығар?.. Қалай болғанда да Ефросинья Бекбосынға толық сенім артады. Жүре келе əкемнің өзінің де кəсіпкерлік қабілеті оянса керек. Əсіресе, НЭП (жаңа экономикалық саясат) жылдары. Əкем өз аймағында сатып алынған жылқы мен қойды үйір-үйірімен, отар-отарымен Ташкентке айдайды. Ол жақта саудадан түскен ақшаға тең-тең мата мен мақта сатып алады. Олардан əйелі Теберік – менің анам мен əкемнің інілерінің əйелдері, олар

Арғынбай БЕКБОСЫН.

төртеу болатын, «Зингер» тігін машиналарымен жергілікті ел-жұрт үшін киім тіккен. Отбасылық тігін цехында дайындалған тауардың бəрі де малға сатылады. Сонан соң, тағы да Ташкент... Міне саған Маркс, міне саған қосымша құн... Тауар айналымының осылайша қарқынды жүруінің арқасында əкем де, оның інілері де байып, бақуатты тұра бастаған. Бірақ, көп ұзамай байығандары бастарына сор болып жабысады: тəркілеу, бай-кулактарды тап ретінде жою. Жаңадан құрылған ауылшаруашылық артеліне Бекбосын төрт жүзге таяу жылқы мен қыруар ұсақ малын беріп, өзі Сібірге айдалудан əупіріммен аман қалады. Жергілікті шолақ белсенділер үй мүлкіне дейін талап алады. Бір оқиға есімде қалыпты. Əкем қайтыс болғаннан кейін, 1947 жылы, ол кезде мен он жаста болатынмын, анам екеуіміз не жағдаймен екені есімде жоқ, əкемнің бір тұстасының үйіне бардық. Біздің келгенімізді ол онша жақтыра қоймады. Таңдана қараған қалпынан ақсақал жасындағыларға жараспайтын салқындық, ызғар есіп тұрды. Мен сол үйдегі құрдасыммен асық ойнауға шығып кеткендіктен анамның отағасымен жəне оның əйелімен не жайында сөйлескенін біле алмадым. Көп кешікпей анам үйден шықты. Қайтып келе жатып кенет шешемнің өксігенін естіп қалдым. Қарасам, жаулығының ұшымен көзінен сорғалаған жасын сүртіп келеді екен. Шошып кеттім. – Немене, олар сені ренжітті ме? –Жоқ, ештеңе болған жоқ, балам... Жəй, көңілім бір түрлі болып... Оның бұл жауабына тыншымадым. Ақыры, аздап өзі өзіне келген анам: – Олардың үйінде тұрған піл сүйегімен өрнектелген ағаш төсек біздікі болатын. Əкең Ташкенттен əкелген еді, – деді даусы дірілдеп. Қос көзден аққан жас анамның аққұба жүзін сызып бара жатты... Мұның бəрі де кейін. Ал, Ефросинья қамсыз дəурен сүрген жылдары, өсіп-өркендеген Шаповаловкаға алыстан өз жолындағының бəрін алапат күшпен аяусыз күйретіп, баяу болса да сеніммен жылжып дауыл келе жатқан болатын. Қазан төңкерісінің дауылы. Оның алқызыл тулары астында бəрі өзгерді – мемлекеттік құрылыс та, таптық қырқыстар да, мың-мыңдаған адамдардың тағдырлары да талқыға түсіп жатты. Сондай аласапыранда Ефросинья Федоровна не күйге түсті? Қандай жағдайға душар болды? Жалпы, өзі бауыр басқан өлке үшін көп нəрсе тындырған осынау əйелдің ғұмыры одан əрі жалғасты ма? Белгісіз. Қалай болғанда да өзім ешнəрсе білмеймін. Бəлкім, революция мен нəубет құрбандары туралы бұрындары айтылмағандықтан, үндемеуді жөн көретіндіктен болар... Иə, 1917 жылдың қазанынан кейін бəрі де өзгерді. Тіпті, көптеген қалалар мен ауылдардың атаулары да жаңарды. Шаповаловка Буденновка атанды. Хрущевтің заманында бұл атауы да өзгертілді. Кремльдік əпербақанға Сталиннің серіктері, солардың ішінде атты əскерлердің мұртты маршалы да ұнамаған сыңайлы. Жергілікті басшылық бас қатырар жағдай туды: Буденновкаға қандай ат лайық? Аудан ғана емес, облыста даңқы дүрілдеп тұрған ірі, орденді ұжымшар орталығына қандай ат берген жөн?.. Осы арада əлдебір «данышпан» табыла кетіп, ұсыныс айтпай ма: көрші ауылдан алып, Ақжар атын берсек қалай болады? Ол ауыл болса өте шағын, атсыз-ақ бірдеңе етер... Айтылды-бітті, бекітілді. Жылдар өтіп жатты. Тоқсаныншы жылдардың басында ғана түймекенттік-шаповаловкалық – буденновкалықақжарлықтар ойға қалды: «Е-е-е, ауылымызды қашанғы, шын мəнінде, көршіден тартып алынған атаумен атаймыз? Ұят қой, тіпті! Енді ең дұрысы, ертедегі Түймекент атауын қайтарайық...». Осыған келісті. Бұған да шүкір... * * * ... Талас қайта туған Түймекентті қиғысы келмегендей бірқалыпты, жуасыған толқындарымен оны ұзақ айналсоқтайды. Ұзақ болатын себебі, ауыл өте үлкен, ұзынынан созылған, кейбірі қисық-бұралаң көшелері көп. Біздің ауыл Қарасуға қарай шығатын мына Ленин көшесі тіптен шұбалаңқы. Қырық үшінші жылдың ерте көктемінде, сол кез алты жастағы бала менің осы көшені еш тоқтамастан жүгіріп өткеніме əлі күнге қайран қаламын. Бұл былай болған еді. Бірде жексенбі күні əкем мені артына мінгестіріп,

есекпен Буденновканың базарына бет алдық. Не үшін жолға шықанымызды білмедім. Əкемде сауда жасар ақша да, сата қоятындай зат та жоқ. Бəлки, ол кісіні өткен дəурендерін аңсау осында жетелеген болар. Заманында Ефросиньямен бірге сауда істерімен айналысты емес пе. Əйтпесе не?.. Өзі болса қырық екінші жылдың қатал қысында Моңғолиядан сансыз жылқыны екі ай бойы атпен айдап келген кезінде тапқан ауруынан айыға қойған жоқ болатын. Содан да əлі əлсіз. Жиі науқастанып қала беретін. Денсаулығында кінəрат болған себепті ұжымшар жылқысын бағудан босап, Буденновкадан пошта тасыды. «Қара қағазды» да аз əкелген жоқ. Айтпақшы, алдымен інісі Көпбосынның Сталинград шайқасында, содан соң өзінің үлкен ұлы-менің ағам Əшімнің батыс Украинада қаза тапқаны туралы хабарлаған «қара қағаздарды» да өзі əкелді. Ғұмырында сұрапыл ауыртпалықты бастан өткерген, жасы алпысқа келген адам үшін бұлардың аса ауыр соққы болғандығын ұғыну қиын емес. Міне, базарға да келдік. Кəрі орыс кемпірі ұстап тұрған кішкене қара бəтіңке менің назарымды бірден аударды. Суықтан ба, əлде аштықтан ба сəл дірілдеп тұрған жүдеу боп-боз қолдар əлі күнге көз алдымда. Ал жалтыраған бəтіңкені сатып алып, киіп көрсем деген тілек минөт сайын күшейіп, тіпті, өзегімді өртей бастады. – Ата, мына бəтіңкені алайықшы! – деп қыңқылдай бастадым. – О-ой, балам-ай, бізде ақша жоқ қой. Кейін... кейін... – Кейін бəтіңке қалмайды ғой! – Болады. Шыдай тұр, айналайын... Жоқ, мен шыдай алмадым. Кемпірдің қолынан бəтіңкені қалайша жұлып алып, есі ауысқан адамша жүгіре жөнелгенімді білмеймін. Ештеңеге – балшық-шалшыққа, иттердің үргеніне де қарамастан бездім. Ұзыннан-ұзақ Ленин көшесінің аяғына, Буденновканың шетіне шыққанда ғана барып демімді бір-ақ алдым. Бұдан əрі жағасына бойшаң ақ теректер тізілген тас жолмен тыныш қана ауылға қарай аяңдадым... Түс ауа əкем де жетті. Бешпентімен ғана, қой терісінен тігілген, кең-мол сары тоны жоқ. Маған қарап, мұңая жымиды: – Əи-й,балам-ай... Мейлі, жарайды, құтты болсын, айналайын... Келесі күні таңертең ол есекке бір қап жүгері артып, мені ертпестен Буденновкаға жол тартты. Түске таман қайта оралды. Иығында – сары тоны... Арада бірнеше жыл өткен соң, əкем қайтыс болғаннан кейін ғой, «Заманында қыруар байлық иесі болған адам, сенің үлкен ұлың майданда қаза тапқан соң жалғыз үмітің болып қалған бүлдіршін жастағы балаңа кішкене ғана затты сатып алуға шамаң келмегенін сезінуің жүрегіңе қаншама салмақ түсіріп, жаныңды ауыртты екен!.. Кешір, кешір мені, əкетайым менің!» деп, сан мəрте күйінішпен ойлағаным... Ал, мұндай қатпар-қатпар, бірде езуге күлкі үйірсе, енді бірде сағынышқа, мұңға батыратын естеліктер Тараздан Қарасуға Түймекент арқылы өтіп барған сайын ойға оралады. Ауылға көбіне əкем мен анамның қабірінің басына барып құран оқу үшін келемін. Мұны Алматы мен Астанада жұмыс істеген ұзақ жылдары істей алмаған едім. Əсіресе, Түймекенттен өтерде көне үлгіде қызыл кірпіштен қаланған, темір шатырлы үлкен ескі үйді көргенде естеліктер андыздай жөнеледі. Бұл біздің мектеп, «Қызыл мектеп»!.. Революциядан кейін кеңестік, зайырлы мектепке айналған шіркеу жанындағы приходтық мектептің дəл өзі. Оны неліктен «Қызыл» атағаны белгісіз. Мүмкін, қызыл кірпіштен салынғандығынан ба? Əлде, осындай ат беру арқылы жергілікті большевиктер оған революциялық реңк бергілері келді ме екен?.. Мүмкін? Қалай болғанда да, ол ғасырлық ғұмырында көп жайды басынан өткерді. Қабырғасында кімдер білім алмады. Оның арғы-бергідегі түлектерінің арасында Кеңес Одағының Батыры Ақəділ Суханбаев, Қазақстанның Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов, бірнеше Социалистік Еңбек Ері, КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш депутаты, Қазақ КСР екі депутаты (ҚР Жоғарғы Кеңесі мен Парламентінің бұрынғы депутаты мені қоспағанда), полиция генерал-майоры, үш ғылым докторы, көптеген жоғары шенді əскерилерұшқыштар мен теңізшілер, бірнеше танымал журналист-жазушы, əртүрлі органдардың басшылары, ондаған, тіпті жүздеген мұғалімдер мен дəрігерлер, ауыл шаруашылығы мамандары бар... Алпысыншы жылдары селолық-кəсіптік техникалық училищеге айналып қаншама механизаторды, электриктерді, токарьлар мен слесарьларды түлетті... Осындай білім ордасы əлде бір жолмен тоқсаныншы жылдары жеке меншікке көшкен... ...Көктем еді. Қысқы ұйқысынан оянған Талас бұратыла ағып, суы да күн өткен сайын молая түскен. Дала жасыл көрпеге оранып, шоқ-шоқ қызғалдақты алқаптар көз тартады. Көшелердегі тал-терек жапырақ жайған. Олардағы қанаттылар таусылмайтын көп дауысты əндеріне басқан... Жалпы алғанда, Құдайдың өзі мінсіз етіп жаратқан мəңгі тірі табиғатта ерекше ауан үстемдік етіп тұр. Менің де көңіл күйім тиісінше көтеріңкі еді. Бірақ,

маған əрдайым қымбат мектептің табалдырығын қалай аттадым, солай бəрі де бір сəтте ғайып болды. Дəліздің оң жағындағы есігі жартылай ашық алғашқы бөлмеден жиналмаған төсек пен умаждалған жамылғы, шашылып жатқан үй заттары көзге шалынды. Бөлме ауасы да ауыр... Есігі шалқасынан ашық келесі бөлме-бұл бір кезгі біздің бесінші сынып! – дүкенге айналған болып шықты. Біздің қара тақта ілулі тұратын қабырғасына арақ-шарап пен темекінің неше атасы тізіліп қойылыпты. «О. Алла!..» деген сөз шықты кеудемнен. Осы сəт өзімді қорланған, кемсітілген адамдай сезіндім. Мүлдем қорланған. «Саған не істеген, аяулы «Қызыл мектеп»?! Сенің мына бөлмелеріңде бір кезде ақылы толыспаған бізді есімдері есімізден шықпайтын мұғалімдеріміз білімге, өнерге, өнегелілікке баулыған жоқ па еді. Барын салып бізден – пісуі жетпеген «шикізаттардан» толық құнды Адам жасауға ұмтылды емес пе?!». Қатты толқығаным соншалық, кенеттен көз алдымнан қарғыс атқыр арақ шөлмектері мен шылым қораптары əлдеқайда ғайып болғанын, сауда жасап тұрған қыз бен оның сатып алушылары да жоқ болып кеткенін байқамадым. Мен оларды көруден жəне естуден қалған едім. Көз алдыма сонау бір кездегідей негізінен мақталы күпəйке, керзі етік, ескі солдат құлақшындарын киген сыныптастарым дабырласа топ-топ болып келе қалды... Олардан кейін баяу басып сыртқы түрлері қатал көрінгенімен де ішкі əлемдері мейірімділікке толы мұғалімдеріміз кірді сыныпқа. Кейбірі үстеріне қонымды костюм, енді біреулері офицер кителін киген. «Сəлематсыздар ма, здравствуйте...». Ойша əрқайсысымен амандасып жатырмын... Орысша сəлем сөзін мен, Қарасу бастауыш мектебінің түлегі, 1948 жылдың 1 қыркүйегінде қазақша мəнермен айтқан едім: «Іздрəсте». Дəл осында, «Қызыл мектепте». ...Алғашқы сабақ басталар алдында, біздер, буденновкалықтарды қоспағанда, төңіректегі Жаңатұрмыс, Қарасу, Фрунзе, Көкөзек, Тегістік, Көкбастау, Ақжар, Дихан ауылдарынан жиналған балалар мектеп ауласында иіріліп тұрдық. Кенет əдемі ақшыл көйлек киген сұңғақ бойлы, көрікті əйелдің (кейін ғой, қатты ұқсайтындықтан мен оны сол жылдардағы кеңінен танымал «Тракторшылар», «Соғыстан соң, кешкі сағат алтыда», «Берлиннің құлауы», «Кубань казактары» кинофильмдерінде басты рөлдерді ойнаған, өте танымал киножұлдызы Марина Ладынинаға теңегенім) келе жатқанын көрдім... Көрдім де бірден таныдым. Бұл Ядвига апай болатын. Қырық үшінші жылы ғой деймін, ол жасы менімен шамалас ұлы Арвид пен қызы Эрна үшеуі біздің үйдің бір бөлмесіне қоныстанған. Ядвига апай мен анам екеуі таңның атысынан күннің батысына дейін ұжымшардың қызылша даласында жұмыста жүретін. Ал, біздер, балалар тез достасып кеттік те, қосылып ойын қызығына берілетінбіз. Бізде бұзаулы үлкен қара-ала сиыр бары жақсы болды. Оның сүті бəрімізге жетіп жатты. Осылайша, Еділ бойынан күштеп жер аударылған неміс отбасымен бір жылға жуық бірге тұрдық. Бұдан кейін олар Буденновкаға көшіп кетті. Ядвига апайдың ол жерде мұғалима болып істей бастағанын естігенбіз. Енді, міне өзі келе жатыр! Мен анамның Ақшолақ стансасындағы туысы сыйлаған теміржолшының формалы баскиімін қолыма алып, имене үн қаттым: «Іздрəсте». Ол болса мені көзімен шолып, қуана дауыстап жіберді: – О, пошташының баласы! Салематсың ба, салематсың ба! Сен де бесінші сыныпта оқитын болдың ба? Аһ, уақыт қалай тез өтеді. Қарашы есейіп қалыпсың, қалқам! Мені мейлінше іш тартқан Ядвига Ивановна Люц бізге неміс тілінен сабақ берді. Оның қанша тырысқанына қарамастан бұл тілді меңгерудегі табысымыз мəз емес еді. Сабақ біз əлі меңгеріп үлгірмеген орыс тілінде жүрді. Осы себептен, немісше «Ихь либе геноссен Сталин! Ихь либе ди Совиет Арми! Майн фатерланд-ди Совиет Унион» деп келетін бірнеше сөздерді ғана айта алатын едік. Жалғыз «Лореляй» əнін ғана үйреніп алдық. Арада көп жылдар өткеннен кейін неміс тіліне жетік болмағаныма өкіндім. Егер жақсы меңгеріп алғанымда немістің классикалық əдебиетіне барар жол ашылған болар еді ғой. Сөйтіп, Гетенің «Фаустын» түпнұсқасынан оқығанда ғой, шіркін... Бұның бəрі ешқашан орындалмас арман болып қалды, əрине. Бізге, ауылдан келген балаларға неміс қана емес, орыс тілін де меңгеру өте қиынға соқты. Мені орыс тілінде зат есімнің үш түрге бөлінетіні қатты қинады. «Род» дегенді «ротпен»- ауызбен шатастырдым. «Оо, орыстарда ауыз əртүрлі: еркектікі, əйелдікі болып бөлінеді екен ғой. Сонда «родтың» «среднийі» кімдікі болғаны?..». Шамамен осылай ойладым-ау деймін. Бірақ, мұғалімнен сұрауға батпағаным есімде. Орыс тілінен алғаш сабақ берген мұғалім – ұлты қарашай Али Хасанұлы Лайпанов болатын. Орта жастағы, айбарлы келбеті бар, сəл ғана қырау шалған қалың мұртты оның түр-түсі Сталинге ұқсайтын. Ал, Сталинді біздің бəріміз де қатты қадірледік. Оны «Сталин ата» деп атайтынбыз. Ол шынында да ұлт əкесі саналатын.

(Соңы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

31 шілде

ІК БЕС

ТАЛ

2013 жыл

(Соңы. Басы 9-бетте).

Зайсан ґнерпаздары əнге бґледі

Бүкіл əлемде өзінде жəне ұлы Василийде ғана болған фамилияны естігенде немесе оқығанда əлі де көз алдымда жарты ғасырдан астам уақыт бұрын болған бір оқиға қайта тіріледі. ...5 наурыз 1953 жыл. Көктем таңы бұлыңғыр, ылғалды болып атты. Ауада қалың жауыннан кейінгі ұсақ тамшылар тозаңы. Ұжымшардың жарамсыз, ақсақ-тоқсақ қойларын бағып, ауылдан шеткерілеу жалғыз үйлі отыратын əкемнің інісі Тілебек көкемдікінде тұратын мен, тоғызыншы сынып оқушысы, сол күні неге екені белгісіз Буденновкаға, сабаққа барғым келмеді. Жалқауландым ба, қайдам... Өзіме-өзім бір күндік каникул жарияладым-ау деймін. Бекзада жеңешем ашытатын қымыздың бір кесесін сіміріп салған соң, он алтыншы калибрлі ескі мылтық пен бірнеше оқ-дəрі толтырылған патрондарды алып үйден шықтым. Жақын жерде көктемде еріген қар суынан пайда болып, шілденің шіліңгір ыстығы туған кезде құрғап қалатын көлшік

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Талас аєады...

болатын... Оған кейде көктемде – үйрек, қасқалдақ келіп қонатын. Бұл жолы жағалауды қанша шиырласам да ештеңе көзге шалынбады. Ақыры күдер үзіп үйге қайтып келе жаттым. Кенет əлдекімнің айқайы естілді. Жан-жағыма қарадым. Ауыл арасы жолымен біреу атпен шауып келеді екен. Құйындатып келе жатыр, ат тұяғынан ұшқан балшық кесектері ірі-ірі. Ал, үстіндегі адам күнқағары жалпақ қара киіз қалпағын дамылсыз бұлғайды. Мұндай бас киімді қарашайлар киетін, олар Қарасуда аз емес еді... Мынау Ханафи ғой. Үлкен де, кіші де оны Шайтан-Ханафи деп атаушы еді. Сірə, ұшқалақтығы мен қызу қандылығынан болар. Ал, былайынша, ол жақсы, ақкөңіл бала еді... Жақындаған сайын дауысы да анық естіле бастады: – Еи-й, Арғынбай! Сталин өлді, ойбай Сталин өлді!.. О-о... демек, Сталин-ата өлген болды ғой... Əлдеқандай беймəлім сезім бойымды билеп барады. Тамағыма өксік тығылды. Тыныс жиіледі. Əдетте қызылшырайлы өңді Шайтан-Ханафи де боп-боз боп көрінді. Мен үнсіз оның артына мінгестім. Буденновкаға қарай құйғыта жөнелдік. Көшеге ене бергенде ғана барып арқама мылтық асынғаным, ал, купайкемнің қалталары оққа толы екендігі есіме түсті. Қалдырып кетуді ұмытыппын ғой... Жарайды, енді бəрі де кеш... Буденновканың тең жартысын құйындата шауып өтіп, ақ көбігі шыққан аттың басын орталықта, Ленин жəне Совет көшелерінің түйіскен жерінде ғана тарттық. Мұнда халық көп жиналып қалыпты. Көбінің көзі бұлаудай, талайы қайғыға батқан адам кескінінде. Телеграф бағанасының ұшар басына ілінген ақ қалайы қалпақшадан азалы əуен төгіліп тұр. Ол кенеттен үзілді де, қаралы митинг басталды. Оны қара былғары плащ, дəл сондай фуражка киген, əскери деп қаларлық бейтаныс ер адам, сірə, ауданнан келген басшылардың бірі болар, бастады. Бірде орысша, бірде қазақша, бірақ əсерлі сөйледі. Одан кейін ортаға погондары жоқ əскери киімімен, екі бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысушы капитан, Ленин орденінің иегері, біздің мектептің қарт оқытушысы Дмитрий Григорьевич Михайловский шықты. Оның сөздері бəрімізге де қатты əсер етті. Көзге жас үйірілді. Ал, біздер, мектеп оқушылары, ол жерде аз емес, мыңға жуық ұлдар мен қыздар жиылыппыз. Қарт жауынгер де сөзінің соңында өксіп жылап жіберді. Осы жақында ғана оған Германияда, кеңес əскерлері тобында майор шенінде қызмет ететін ұлының қазасына байланысты бүкіл мектеп болып көңіл айтқанымызда оның көзінен жас көрген жоқ едік. Ал, қазір болса, міне... Хрущев СОКП ХХ съезінде белгілі баяндамасын жасағалы бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті (айтпақшы, баяндамашы Сталиннің көзі тірі кезінде оны жаны қалмай көкке жеткізе мақтап, мадақтап, Кремльдегі отырыстарда, көсемнің алдында гопак биін билеген). Əлемде Сталинге баға берудегі айтыс-тартыс əлі күнге жалғасып келеді. Талайлар оны ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы санайды, енді біреулер үшін ол жауыз, жендет, тіптен ақылесі ауысқан адам, паранойк. Тиянақты, бірауызды пікір жоқ. Шыңғыс ханға, Əмір Темірге, император Наполеонға қатысты да осылай... Бұлардың бəріне де ерте ме, кеш пе тарих өз бағасын берер. Бірақ, мұны адамзаттың саны сан миллиардтан асып отырған жəне осыншама əртүрлі көзқараста болатын, заман да сан құбылған қазіргі жағдайда əділдіктің ең жоғарғы ұстанымына сəйкес атқару мүмкін бе? Жоқ, ең дұрысы құдіреті күшті Алланың өз құлдарына – ұлылары мен ұлы еместеріне де өз бағасын беруі ғой. Бəріне де, ешкімді де елеусіз қалдырмай... Иə, біздің Əли Хасанұлы сыртқы түр-сымбатымен Сталинге мейлінше ұқсаса да мүлде басқа адам болатын. Мейірбанның нақ өзі, нағыз педагог. Біздің əлі орнықпаған, шикі санамызда орыс тіліне деген ынтаықылас бүршік жаруы үшін қолынан келгеннің бəрін де істеді. Ал егер кімде-кім тыңдамай, өзгелердің де назарын бөлсе, онда қарашай-қазақ тілдерін араластырып бетке басып, ұялтатын. Сірə, осылай істесем ұғынықты болады деп санаған болар. Бір-екі жылдан соң Лайпановты басқа мұғалім – Иван Павлович Прудников алмастырды. Бұл ерекше жаратылысты адам еді. Тіпті, сыртқы кескін-келбеті де. Ол мен бүгінге дейін көрген орыстардың бірдебіріне ұқсамайтын. Күн тотығы титтей де шалмаған бет-жүзін мəпелеп күтетіндей көрінер-ді. Əрқашан да мұқият тарап жүретін сұйық, ақшыл сары шашты. Өткір, сонымен қатар, байыпты қарайтын көк көзді. Дауысы жанға жағымды, əуезді... Байсалды тұлғасына құйып қойғандай жарасатын қаракөк түсті шевиот костюм киіп жүретін. Бəрі де оның зиялылығын, бізге беймəлім əлде бір ортадан шыққандығын аңдатып тұратын. Біз үшін көп нəрсе түсініксіз болса да, көп ұзамай мұғалім Прудниковтың еңбекқор жəне ісіне тыңғылықтылығын байқай бастадық. Бізге алғаш рет конспектілеуді үйретті. Ауызша айтқандарын жазып үлгермей көп қате жіберген кезімізде, мəтінді тұтастай тақтаға бормен жазып шығатын. Жазуы да керемет болатын. Оған еліктеп əріптерді көркемдеп жазуға тырысқаным есімде. Орыс классиктерінің өлеңдерін дауыстап оқыған кезде дауысы мүлде өзгеріп кететін. Ерекше шабыт лебі есетін! Ұстазымыздың осындай халі өлеңге деген ерекше қызығушылық туғызды.

Мен бір түнде, май шамның жарығымен сан мəрте қайталап оқып, Пушкиннің «Узник» өлеңін жаттап алдым. «Орел молодой» деген сөзінен басқасын жөнді түсінбесем де... Біраз уақыт өткеннен кейін мұғаліміміздің бізге саяси көзқарасы үшін жер аударылып келгені, Мəскеуден қуылғаны жөнінде əңгіме тарады. МҚКнің арнаулы командатурасында, капитан Байқожаевта есепте тұратыны... Арада аз уақыт өте Иван Павлович те көзден ғайып болды. Араға уақыт салып барып білгенім – дəл сол жылдары, кейін Нобель сыйлығын алған атақты Александр Солженицын да жер аударылушы ретінде біздің Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында тұрған. Киров атындағы мектепте біздің құрдастарымызға математика мен физикадан сабақ берген... Ал, бізге бұл пəндерден сабақ берген ақкөңіл, жомарт жанды Əмір Тайпақов ағай еді. Ол кісінің сабағын кілең «беске» оқуға тырыстық. Бірде Əмір ағай: «Арғынбай, сенен жақсы математик шығады», деді. Бірақ, менен математик шықпады. Себеп... себеп сірə, сегізінші сыныпта бізге жаңа мұғалімнің – Қадырбай Аманиязовтың келуі болар. Түркімениядан жақында ғана көшіп келген ол, түркімен сөздерін араластырып сөйлейтін. Мен мұндай жағдайда əрдайым ойға қалатынмын: бұл сөз нені білдіреді, түбірі қандай?.. Содан барып катеттер мен гипотенузалар, математикалық формулалар бірте-бірте менен алыстап, олардың орнын шығармашылыққа əуестік басты. Мүмкін, осы өзгеріс менің филологияға, филология арқылы журналистикаға баруыма жол ашқан болар? Мүмкін. Мұның бəрі де кейін. Ал, ол кезде, бесінші класта менің басымды ежелгі тарих айналдырып алды. Бұл пəннен жасы егде тартқан, тамаша əңгімеші мектеп директоры Саршаевтың өзі сабақ беретін. Көне əлем қандай қызық десеңші! Мысыр мен грек патшалары, перғауындар, əртүрлі Рамзестер, Аменхотептер... Атақты Троя соғысы... Мұғалімнің сөзін тыңдай отырып, бала түйсігім мен қалыптасып келе жатқан өз ұстанымдарыма сəйкес, батырларға жеке-жеке баға бере бастайтыным есімде. Маған бəрінен де Ахиллес алабөтен ұнады, өкшесі қорғалмағанына қатты өкіндім. Ал, Паристі бірденақ мүлде жек көріп кеттім. Оңбағанның нағыз өзі екен, деп ойладым, егер батыр екендігі шын болса, онда неге ашық жекпе-жекте жаудың батырларын жеңген біздің Қобыланды немесе Алпамыс сияқты Ахиллеспен əділ шайқасқа шықпайды?.. Балалық қиял кейде мені сыныптан, сабақтан уақытша қол үздіріп алыс қиырларға жетелеп кететін... – Смирно! – қысқа да қатаң бұйрық өз қиялыммен құрған жұмбақ əлемнен қазіргі болмысқа қайтаратын. Бұйрық беруші бізге дене тəрбиесінен, жоғары сыныптарда əскери даярлықтан сабақ берген, Дон майданында шайқасқан жəне ауыр жараланған бұрынғы эскадрон командирі, аға лейтенант Ушаков. Николай Федорович сыртқы кескін-келбетімен де, ішкі жандүниесімен де тамаша адам, нағыз орыс еді. Ұзын бойлы, жауырынды, əр сөзі мен қимылынан мол рухани жəне дене қуаты сезіліп тұратын. Буденновкада туып-өскен ол біздің ауылдың адамдарын да жақсы білетін, қазақша еркін сөйлейтін. Осыдан да болар бəлкім, бізге жақсы қарады, оның тарапынан тек қана пайдасын тигізетін қаталдық та болып тұратын... Бірде, бесінші сыныптың бірнеше оқушысы сабаққа кешігіп келдік. Николай Федорович бəрімізді сапқа тұрғызып, спорт алаңына алып келді де бұйрық берді: – Жер бауырлап жүз метрге, алға! Амал не, таңертеңгі үскірік аязда қасат қалың қардың үстімен, бауырымызбен жер сызып жүз метр еңбектеуге тура келді. Ол бізді шынықтырып қана қоймай, ерікжігерімізді де шыңдады, төзімді, шыдамды болуға тəрбиеледі. Осы арада алға оза отырып, жуырда Астанада ұлыммен болған қысқа сөз қайырысуды келтіре кетейін. – Мұндай ерік-жігер саған, көке, кімнен жұғысты болды? –деп қалжыңдай сұраған еді ол. – Жарым-жартылай Ушаковтан... – Адмирал Ушаковтан ба? – деп таңғалды балам. – Жоқ, Қызыл Армияның аға лейтенанты Ушаковтан... Ушаков пен оның жұбайы, майдангер, болашақ Кеңес Одағының Батыры өзіміздің Əлия Молдағұловамен мергендер курсында бірге оқыған Анна Андревналар біздің «Қызыл мектептің» мақтаныштары еді ғой... Николай Федорович болмашы əділетсіздікке де төзбейтін. Сол қыста мынандай оқиға болғаны бар. Ертеңмен мен аяғыма коньки байлап, сабаққа келе жаттым. Буденновкаға ендім. Кенет кілт бұрылыстардың бірінде маған үш ер бала қарсы шыға келді. «Ал, кəне, конькиіңді шеш!» – деп бойы өзгелерден биігі дүрсе қоя берді. Есімді жинауға мұрша бермей, екеуі қолымды артыма қайырса, айқайлағаны мұрны пысылдап аяғымнан конькиді тез-тез шешіп алды. Мен оны білетін едім – Қисық Ленька. Мұндай озбырлыққа зығырданым қайнап, мектепке қарай ілбідім. Не істеу керек? Намыстан да өліп барамын. Соңғы сабақ дене тəрбиесі болатын. Спорт алаңында біздің сапымызды айналып шыққан Николай Федорович маған қарама-қарсы тоқтай қалып: – Ал, сенің конькиің қайда, кеше конькиден жарыс

өтетінін ескерткен жоқпын ба? – деп сұрады. – Менен тартып алып қойды, – дедім мен көрген зəбірден дірілдеген үнмен. – Кім? Кім тартып алды? – деп қатаң сұрады мұғалім. – Қисық Ленька... – Қисық болсын, қисық болмасын коньки иесіне қайтарылуы тиіс. Ол жалғыз өзі тартып алды ма? – Жоқ, олар үшеу болатын. – Со -л-ай де... Исабеков, Аманқұлов. Бекбосынов! Саптан шығыңдар! Біз бір адым алға аттадық. – Мен сендерді сабақтан босатамын. Əлгі оңбағандардан конькиді қайтарып алыңдар. Түсіндіңдер ме? Ертең баяндаңдар. Болды. Барыңдар... Төлен Исабеков пен Сейсенбай Аманқұлов жергілікті балалар, буденновкалықтардың бəрін де біледі. Қисық Ленька мен оның достарын сол тасалау бұрылыста, талға жасырынып қарауылдадық... Міне, үшеуі де келе жатыр. Орталарында мəз-майрам Қисық Ленька, аяғында менің конькиім. Тасадан шыға келдік. Бізді көріп есі шығып кеткен Ленька бірден жалбарынып, аянышты үнмен мұрын боғы бырқылдап: – Ой, ұрмаңдаршы, ұрмаңдаршы! – деп, аяғындағы конькиді тез-тез шеше бастады. Ол конькиді шешіп маған берген кезінде, оң тіземмен бөксесінен қатты теуіп жібердім. Етпеттей құлады... Жалпы, қыс күндері коньки маған жақсы көлік болатын. Ал, өзгелер, əсіресе, фрунзелік балалар мектепке есек мініп келетін. Біздің үйде де əкем өмірінің соңғы жылдары мінген жүрдек қара есек бар-ды. Əр жексенбі сайын мен оны шанаға жегіп ертелетіп өзге балалармен бірге Қарасудан бес-алты шақырым жерден басталатын құмға баратынмын. Құм шағалдарынан сексеуілдің кіші «тумаластары» сынды жүзген мен қоянсүйек жинайтынбыз. Олар пеште керемет ызылдап, гуілдеп, тарсылдап жанатын, ең бастысы – қызуы мол. Анам екеумізге үй бірден жылы, жайлы болып кетуші еді. Отын жинауды жаман атқармаған сияқтымын. Тіптен, екі рет Буденновканың базарына апарып саттым, əр жолы бір шана отын үшін үш сомнан алдым. Сөйтіп, жеті сомға былғары портфель сатып алып, мектепті бітіргенше ұстап жүрдім. Мұндай пайдасымен қатар біздің құмға, Тораңғылы шұратына жорықтарымыз аз рахат сыйламайтын. Əсіресе, қайтар жолда. Көкжиектегі батар кезде аса ұлғайып кеткен күн күндізгіден жұмсақ, қызыл сəулесін мол төгеді. Айнала төңірек қатып қалған теңіз толқындарына ұқсас құм төбелері, ал, ары қарай қар жамылған кең дала. Қар жамылғысы жазықта жұмсақ, жылы, ал, еңістерде көкшіл тартып, суық, ызғарлы лебі еседі. Əн салғың келеді. Қазақтың даласындай кең, қарапайым бірақ терең ойлар қабаттасып жатқан əндерін шырқаймыз. Ал оларды ұғынуға бізге мұғалімдеріміз Омар Сүгірəлиев, Латап Əбдірахманова, Достай Еселбаев, Жұмаш Тəжібаев, Жанұзақ Бəкібаев жəне Шеттікбай Иманқұловтар көмектескен-ді. Кешкі əндеріміз, мен кейінірек оларды Есениннің жəмшіктерінің əндерімен салыстырдым, бүкіл дала аспанын кернеп өзімізден озып, ауылға бұрын жетіп жатты. Бұл біздің соғыстан кейінгі қиын балалық шағымыздың алтын күндері, ең бақытты мезеттері болатын. Ал, уақыт деген біздің шырқаған əндерімізден де тез өтті. Біз тез есейдік. Балалықтың бал қызығын көрмеген жас өскін есейді. Оның балалығын соғыс шарпыған еді. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы, қасіретті, еш аяушылық дегенді білмеген, жүздеген, мыңдаған жүректерді талғамастан жалмаған, жаралаған, отты лебі Түймекентке де, Қарасуға да мол жеткен соғыс... ...Міне, бұрынғы «Қызыл мектептен» оның бұрынғы оқушысы мен сəл де болса жасарып, сонымен бір мезгілде сəл қартайып шығып келемін. Жасарған себебім, адам табиғатына бұйырған құпия күштің арқасында артта қалған ондаған жылдармен араға қойылған кедергілерді бұзып-жарып жастық шақтағы достарыммен жүздестім, қымбатты ұстаздарымның алдында тұрдым. Олардың ұмытылмас дауыстарын естідім. Олардың көбі мына жарық дүниеде жоқ екендігін түйсінуден қартайдым. Біздің мұғалімдердің бірде-бірі тірілер санатында жоқ бүгінде... Менің сыныптастарым Шахман, Төлен, Сейсенбай, Орынбай, Асылхан, Мақсұт, Кеңес бақилық болып кеткелі де не заман... Кавказдағы Асланби дос та аттанды... Таразда сирек болса да Əмірбек Дəуреновті ұшыратып тұрамын. Ескермес Қожабековті кездестіруші едім, көрінбей кетті. Таластың төменгі бойындағы «фазендасында» ма қайдам. Сатыбалды Дүйсенбеков болса, ауылда – сол баяғы Ақжарда. Ал, «Əй, Арғынбай, мен де сен сияқты сəмбетпін ғой, так что екеуіміз туысқанбыз», деп жүретін Борис Стародубцев жиі жолығып қалады. Əлі де тың, бір кездегідей сабырлы, тиянақты. Басшылық қызметтер атқаруына осы қасиеттері жол ашқан болар. Кезінде Луговой, Меркі аудандарын басқарды. Оның əкесі Тимофей Емельяновичті де көргенмін. Менің əкем «Темке» деп атайтын. Ол кісі мығым денелі, дембелше еді. Олардың бүкіл əулеті Стародубцев деген фамилияны тектен-текке алмаған-ау, сірə. Старый дуб... Кəрі емен... Ағаштың бұл түрі төтенше беріктігімен жəне

тереңге кететін қуатты тамырларымен ерекшеленеді... Тіпті, өзінің бауырлары Қазыбек жəне Айтекемен бірге жоңғарлармен ғасырға жуық шайқасқан кезде өз халқын жойылудан сақтап қалған ұлы Төле би жау көсеміне «Біз, қазақтар, кəрі, қара емендей барлық дауылға қасқайып қарсы тұра аламыз!» деген жоқ па. Кəрі емен... Стародубцев... Мен бұл фамилияны бірде Мəскеуде, 1997 жылдың жазында ауызға алдым. Ресейдің Федерациялық Кеңесінде ТМД елдері парламентарийлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тақырыбы – «ТМД-дағы ұлтаралық қарым-қатынас». Ресми түрде осылай аталғанымен де, əу бастан-ақ əңгіме негізінен бұрын Кеңес Одағының құрамында болған республикалардағы орыстардың жағдайлары қандай екендігіне қатысты өрбіді. Мұндай ауанда пікірталас болуына депутаттар емес, ресейлік əр алуан ғылыми-зерттеу институттары мен Мəскеу мемлекеттік университеті, Халықтар достығы университеті, Мəскеу халықаралық қатынастар институты сияқты жоғары оқу орындарының ғалымдары белсене ықпал жасады. Менің назарымды бір тақырбас, көзілдірікті професссордың сөзі өзіне аударды, ақырында барып наразылығымды тудырды. Ол қызына, біршама домбыта сөйледі. КСРО құлағаннан кейін, деді ол, жиырма бес миллион отандастарымыз Ресейден тысқары жерлерде қалып қойды. Олардың бес миллионы Қазақстанда. Қазір олар құқықтары шектеліп, кемсіту, қорлау, қысым көрсетудің неше атасын бастан өткеруде. Оны осы ауанда сөйлеген тағы бір жастау ғалым толықтыра түсті. Мұның сөзі алдыңғысынан да қатаңдау шықты. Бірақ, бірде бір дəлел мен айғақ келтірген жоқ. Жалпылама, жалақорлық сөздер... Бұл арада үнсіз қалуға болмайтын еді. Басында басқосудың үйлестірушісі, Федерация Кеңесінің комитет төрағасы, Қорған облысы губернаторының сөз сөйлеу туралы ұсынысына келіспеген едім. Енді өз еліме арсыздықпен жала жабылып жатқан соң, сөз сұрадым. Зығырданым қайнап кеткен еді, сондықтан сөзімді əдеттегідей емес, сыпайылықты жиып қойып, бірден қатты бастадым: «Жалған қамқорлық көрсетпес бұрын, – дедім мен – «отандастар» деген түсінікті нақты анықтап алу қисынды жəне дəйекті болған болар еді. Онда да құдайға ұнамды əділдік принципінде анықта ған. Иə, Қазақстанда орыстар аз емес. Тағдырдың жазуымен алғашқы орыстар бағзыдан бергі қазақ жерінде ХVІІІ ғасырдың орта тұсында пайда болып, қоныстанған. Қазір ХХІ ғасырға иек артып тұрмыз. Сол уақыттан бері Ертісте, Тобылда, Есілде жəне Жетісуда қаншама су ақты? Көп, өте көп. Осы өзендердің бойын қоныстанған орыстардың бірнеше ұрпағы ауысты. Жапырағы қалың кəрі емендей тамырларын кеңге жайды. Қиыншылықтар болғанымен де қазақтармен жақындасып, туыстасты. Ондаған, жүздеген жылдар тағдырлары ортақ болды: қиын кездердің қайғы-қасіретін бірге өткерісіп, жаймашуақ кездер қуанышын бірге бөлісті. Осыдан барып мынандай сұрақ туады: өткені осындай қазақстандық орыс кімнің отандасы болып шығады – Мəскеулік профессордың ба, əлде біздің нағыз Отанымыз болып табылатын Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін иықтасып қолдан келгеннің бəрін жасап отырған менің бе? Ойланыңыздар, ғалым мырзалар! Ал, біздің елдегі түпкілікті тұратын орыстардың құқықтарының қандай да болмасын шектелуі туралы айту – бұл барып тұрған жалақорлық! Осы арада сөз сөйлегендердің бірқатары Кеңес Одағы тарағаннан кейін Қазақстанда мүлде болып көрмеген сыңайлы. Ал, болған болса, онда өздерінің зиянды тұжырымсымақтарының жетегінде көздерін таңып, құлақтарын тығындап алып жүрген болар. Бұл жақсылыққа апармайды. Ешқашан да. Рас, қазірде қаржы-экономикалық тұрғыдан біздің елімізде қиыншылықтар кездесуде. Ал, Ресейде оңай болып тұр ма? Бірақ, бізде ешкімнің де құқығы қай ұлтқа жататындығына қарай шектелмейді. Біздегі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өмірдің барлық саласында абсолютті тең құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясы алдында бəрі де тең. Бұл – біздің мемлекеттік саясатымыз, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты. Бұл саясат өзгермейді.Ешқашан да...». Көзілдірікті қоңқақ мұрын профессордың өңі күреңденіп, өзгеріп кетті. Əлденені қыңқылдап айта бастады. Бірақ, оны тыңдап жатқан ешкім болмады... ...Кəрі емен. Стародубцев... – Туған жер төсінде дəуренді ғұмыр кеш, менің қымбатты құрдасым, сыныптасым бала Боря, қазіргі Борис Тимофеевич, Темке ақсақалдың ұлы!.. Қалай дегенде де, біздің Талас өзенінің мінезі қызық-ақ. Қайран қаларлық бұрылыс-қалтарыстары көп. Міне, қазір де қанатын кеңге жайған, өсіп ұлғайған, жаңа Түймекенттің ең шеткі көшесін жанай ағып шұғыл батысқа бет түзеді. Ал, ол жақта, сол жағалауда, кешкі мұнармен буалдырлана биіктеу төбе көрінеді. Ол жатжерлік шапқыншылармен елу жыл аттан түспей шайқасқан, жауынгерлік жолын атақты Аңырақай шайқасында аяқтаған менің арғы атам Қосы батыр Сəмбетұлының сөрісі... – Ұлыңның сəлемін қабыл ал, ұлы Ата! Мың тағзым саған туған жер, аяулы мекен Түймекент! Аға бер арайлым, ардақтым Талас! ТАРАЗ.

Шығыс Қазақстан облысында аудандардың мəдени күндерін өткізу дəстүрге айналған. Зайсан ауданының Өскемендегі мəдени күндері есте қаларлықтай болып өтті. Оған осы өңірдің талантты ұл-қыздары, бұл күндері Алматыда тұрып жатқан ақын Ұлықбек Есдəулет, күміс көмей əншілер Дəлел Уəш, Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, техника ғылымдарының докторы, академик Марат Бітімбаев, Өскемендегі зиялы азаматтар, Зайсанның өнерпаздары қатысты. Алматыдан келген əншілер, Үржар ауданының талантты өнерпазы, дəулескер күйші Секен Тұрысбек, зайсандық өнерпаздар төрт сағат бойы облыс орталығы тұрғындарын əн мен күйге бөледі. Кешкілік қала тұрғындары гала концертті тамашалады. Кеште сөз алған Зайсан ауданының əкімі Алмас Оңдақанов өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен қанат қаққан «Туған жерге тағзым!» акциясының ауылдарда да жалғасып жатқанын тілге тиек етті. Осы сенбіде Аягөз ауданының Өскемендегі мəдени күндері өтпек. Тəлім аларлық мəдени шара жыл соңына дейін жалғаса береді. ӨСКЕМЕН.

Оќу жылына дайындыќ ойдаєыдай Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қорғалжын ауданында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары белсенді түрде атқарылуда. Қазірдің өзінде ең ірі «Дружба» орта мектебі алғашқы қоңырау салтанатына əзірліктің соңғы нүктесін қоюға жақын. Аталған мектепті күрделі жөндеуден өткізуге «Жұ мыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 78 миллион теңге бөлінген болатын. Бүгінгі күні қаржы толығымен игеріліп, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берілуде. Мұнда 32 орындық интернат пен 40 орындық мектеп жасына дейінгі шағын орталық жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында жергілікті тұрғындарды жөндеу жұмыстарына тарту жəне мектептің əмбебап қызметін қамтамасыз ету сияқты екі бірдей əлеуметтік жоба жүзеге асырылып отырғанын айтқымыз келеді. Дайындық кезеңінде Қорғалжын мектеп-гимназиясына 26 миллион теңгенің жаңа блок-модульдік қазандығы сатып алынды. Қос қазандықты орнатумен бірге мектептің көмір қоймасы жөнделіп, қосалқы ғимараттар жаңғыртылды. Жаңадан жабдықталған қазандықтың қуаты оқу орнының бес қабатты ғимаратын толық жылыта алады. Мұндай блок-модульдік қазандықтар «Балауса» балалар бақшасы мен аудандық мəдениет үйінде де орнатылатын болады. Сондайақ, Аманкелді, Қызылту, Майшұқыр жəне Ш.Уəлиханов атындағы мектептердің жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Бұл мақсатқа 2 миллион 700 мың теңге қаржы бөлінген. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.


31 шілде

ҒАН

АР Ж П О Т

2013 жыл – Людмила Вячеславовна, аты əлемге белгілі спортшылардың бірісіз. Бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігіңіз қандай? Біз сізді спорт алаңынан жоғалтып алған жоқпыз ба?.. – Жоқ, қайта керісінше, спорттағы екінші бір өмірім басталғандай. Қазір мен облыс орталығындағы «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушымын. Ал, осыдан үш жыл бұрын осы мектептің директоры қызметіне тағайындалдым. Мұз айдынының бетінде сырғанап, спорттағы жолымды жалғастыруға əлі де мүмкіндік бар еді. Дегенмен де, бəріміз де уақытқа бағынамыз. Солай ғой. Жаттықтырушым да мені қолдады. Қырық жастан асқан соң адамның бəрі қайта жасаратындай көрінеді маған. Спорт – жастық, спорт – денсаулық дейміз ғой. Сондықтан жаттықтырушы ретінде қысқы спорт түрлеріне жақын конькиші болғысы келетін жасөспірімдерді жаттықтырып, тəрбиелеу, үйрету əрине мен үшін бақыт, екінші өмір деген сөз. Балалардың бəрі де таңдаумен, өзімнің іздеуіммен келді. Бастысы мұз айдынында батылдықты, еркіндікті сезіне алатындай болулары керек. Мақсат – болашақта халықаралық жарыстарда ел намысын қорғай алатын конькишілер дайындау. Қазір спортпен айналысамын деген жастарға бəрі де бар, тіпті конькидің түр-түрі толып тұр... – Өзіңіздің балалық шағыңыз өткен 80-ші жылдарды қалай еске алар едіңіз? – Коньки дегеннен шығады ғой, əлі есімде, ата-анам маған Чехословакиядан пошта арқылы тапсырыс беріп коньки алдырды. Жалт-жұлт еткен конькиді аяғыма киіп алып, үйдің ішінде де шешпей, қатты қызықтағанымды білемін. Тіпті, осы күннен менің үлкен спортқа деген жолым басталды деуге болады. Павлодар қаласындағы №4 орта мектепте оқыдым. Біздің Борис Андриенко деген денешынықтыру пəнінен мұғаліміміз бар еді. Ол кісі мектепте коньки тебу спортына жаттығатын оқушыларды жинады. Оның ішінде мен де бармын. Спорттағы тағдыр деген осы. Сөйтіп, Борис Андриенко менің алғашқы жеке бапкерім, жаттықтырушым болды. Осы адамның біліктілігі, табандылығы, жігерлілігі арқасында менің коньки тебу жолындағы үлкен спорттағы жеңісті жолдарым басталды. 90-шы жылы облыс орталығындағы педагогикалық институттың денешынықтыру факультетін бітірдім. – Біз сізді тəуелсіздік жылдарында қыс қы спорт түрлерінен əлем біріншілігі мен Олимпия ойындарында еліміздің атын шығарған алғашқы спортшылардың бірі деп білеміз. Ешқайда кеткен жоқсыз. Отаным, елім, жерім деп Павлодарда қалдыңыз. Бұл қазіргі Қазақстанды өз Отаным деп енді түйсініп келе жатқан жастарға жақсы үлгі деп ойлаймын... – Менің ата-анам – əкем Вячеслав Спиридонович пен шешем Надежда Даниловна Қазақстанға тың жəне тыңғайған жерлерді игеру кезінде келді. Осы жерде тағдыр қосты. Ағам екеуміз осы екі жанның бас қосқан қарапайым отбасында туып-өстік, ержеттік. Біздің отбасымызда басқа елге қоныс аударайық, көшіп кетейік деген сөз болған жоқ. Қай жерде жарыста жүрмейін, көз алдымда Ертіс өзені, əсем қалам, кең дала, атаанам, достарым, бүкіл қазақстандық жанкүйерлер қасымда бірге жүргендей əсер беретін. Менен кейін Наганода Владимир Смирнов та шаңғымен жарысып, екiншi қола медаль алдық. Бізде бір ғана мақсат болды – ел намысын жоғары көтеру, қазақстандық конькиші немесе қазақстандық шаңғышы деген атақты биікте ұстау. Қазақстандық конькиші деген сөздің өзінде қаншама жауапкершілік жүгі, зор мақтаныш жатыр. Спорттың тілі де, жүрегі де ел намысы деп соғады. Əрине, спорттағы жетістіктерімнен соң, маған басқа елдерден ұсыныстар да болды. Бірақ, өзге елде жүріп өмір сүру дегенді көз алдыма елестете алмадым. Мүмкін, сол кездері айтыла қоймаған жасандылығы жоқ қазақстандық патриотизм деген осы болған шығар. Бұған атаанамыздың осы елді, жерді берік тұғыр етіп қалғандары, бізді де сол бағытта өсіріп тəрбиелегені əсер етті ме деймін. – Наганодағы қола медаль біздің еліміздің коньки спортындағы жалғыз марапаты болды ғой деймін... – Иə. 1994 жылы Лиллехаммердегі Қысқы Олимпиаданың алдында жүйкеге

Наганода ґткен ќысќы Олимпия ойындарыныѕ ќола жїлдегері, əлем чемпионатыныѕ кїміс жїлдегері, Ќысќы Азия ойындарыныѕ екі дїркін жеѕімпазы, конькиші Людмила ПРОКАШЕВА:

«СПОРТТЫЅ ТІЛІ ДЕ, ЖЇРЕГІ ДЕ ЕЛ НАМЫСЫ ДЕП СОЄАДЫ...» тиетін де біраз қиындықтар кездесті. Мұндай жағдай қай спортшыға болмасын ауыр тиері анық. Ал осы өзіңіз айтып отырған 1998 жылғы жалғыз медаль да оңайлықпен келген жоқ. Күншығыс еліне барарда, тіпті, Прокашеваның жарысқа баруға жасы келмейді деп шықты. Ал, қараңызшы, мен қандай өнер көрсеттім! 29 жасымда 5000 метр қашықтыққа жақсы жүгірдім. – Бұған дейін, 1996 жылы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атандыңыз... – Туған ел демекші, сол кезде Қытайда жүргенде «Харбиннің аспаны да, ақпаны да бізге жақты, табиғаты менің Павлодарыма келеді екен...», деп сұхбат алған журналистерге айтқаным бар еді. 1996 жылы ақпанда өткен Азия ойындарына еліміздің спортшылары жақсы дайындалды. Тағы да патриотизм тақырыбы алдымыздан шығады, өйткені, сол кезде спортшылардың көбі Кеңес Одағы спортының түлектері еді. КСРО құрама командасы қатарында 1987 жылы конькимен жүгіруден əлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атандым. Ал, Қытайдағы ойындарда 3000 метр қашықтыққа жүгірдім. Бұл мен үшін спорттағы ұмытылмас жеңісті сəттер болып мəңгі есте қалды. – Мысалы, 1960 жылы өткен Римдегі Олимпиадада жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов күміс медаль иеленсе, 1972 жылы Мюнхенде өткен Олимпия ойындарында КСРО баскетбол құрамасында өнер көрсеткен Əлжан Жармұхамедов, 1980 жылы өткен Мəс кеу Олимпиадасында грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіров, Шəміл Серіков алтыннан алқа тағынды. Қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин 1976 жылы Инсбрук қаласында өткен Қысқы Олимпия ойындарында екі бірдей қола жүлде жеңіп алды. 1988 жылы Калгариде өткен Қысқы Олимпия ойындарынан шаңғышылар Владимир Сахнов күміс, Владимир Смирнов екі

күміс жəне қола медальдармен оралды. Бəрі де қазақстандықтар. Ал сіз тəуелсіз Қазақстанның атынан өнер көрсеттіңіз... – Иə, біздер араға 10 жыл салып барып, 1996 жылы тəуелсіз елдің спортшысы ретінде жарысқа шыққанда жүректе бір сөз – біз қазақстандықпыз деген сөз тұрды. Жалпы, қай жағынан алғанда да бұл қиын кездер еді ғой. Спортқа қарайтын, көңіл бөлетін уақыт па еді?! Спорт мектептері жабылып, өңірлердегі олимпиадалық даярлау орталықтары мүшкіл халде қалды. Ал қысқы спортта тіпті тоқырау болды. Қайта бізге Алматыдағы спорт базаларының пайдасы тиді. Осы күнге дейінгі спорттағы жетістіктерді санасақ та, спортшыларымыздың медальдар жиынтығын есептесек те, Алматының орны ерекше. Сондықтан «Медеу» мен «Шымбұлақ» кешендерін толығымен пайдаланған спортшылар қысқы спортта өздерін əлемге таныта алатындай жағдайға жетті. Мысалы, қысқы спорт түрлерінен өткен 1994 жылғы Лиллехаммердегі Олимпия ойындарында 3 медаль еншіледік. Еліміздің тарихындағы алғашқы Олимпиаданың алтын медалін сол кезде шаңғышы Владимир Смирнов сыйлады. Мен де Алматыда жаттықтым. Еліміздің олимпиадалық құрамы тек Алматыда жаттығатын. Басқа өңірлерге қарағанда, қысқы спортқа жағдай жасалды. – Мүмкін кейбір спорт түрлерінің спортшылары таза табиғи жағдайды пайдалануға мəжбүр болған шығар? – Мүмкін. Бірақ, мемлекет спортшыларын далаға тастаған жоқ. Өзге елдер спортшыларымен бірге өзімізді таныттық. Енді ғана дербес ел болған Қазақстанның намысын қорғау бізге жүктелді. Əлемдік жарыстарда топ жару өте қиын. Сондықтан Отанына алтын медаль əкелу əрбір спортшының арманы. Топ жарғаның өз еліңнің спорттағы жетістігі. Сол жылдары «Жерлесіміз, қазақстандық Людмила Прокашева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

11

www.egemen.kz

атанды. 1500 метрлік қашықтықта алдына жан салмаған Людмила 3 мың метрлікте де құстай ұшты. Қашықтықты 4 минут 25,98 секундта өтіп, Азиаданың рекордын жаңартты. Ол Қазақстан спортшыларының арасынан бірінші болып Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды, əрі бұрын болмаған рекорд жасады...», деп радио-теледидарлар асыға хабарлап жатқанда жүрегің дүрсілдеп, бақыттан басың айналады. Ал биатлоншылар Дмитрий Пантов пен Валерий Иванов та, Инна Шешкиль де ешкімге дес бермеді. Шаңғышы қыз Оксана Яцкая да чемпион атанды. Сөйтіп, Азия ойындарында Қазақстанның спортшы ел екенін таныттық. Кеңес Одағы ыдыраған соң Қазақстан спорты қалай болар екен деген желауыздарға осылай қақпақ қойылды. Яғни, сол кездің өзінде қазақстандық патриотизмнің ұшқындары спортшылардың бойында елім, жерім деп жүректері арқылы соғып тұрды ғой. Олай болмаса, жеңіс қайдан келер еді?! – Сырттан легионер спортшыларды да шақырған кездер болды ғой... – Кезінде Ресей мен Беларусь үшін өнер көрсеткен биатлоншы Елена Хрусталеваны Қазақстанға шақырттық. Алаңсыз даярлануына жағдай жасалды. 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында алауы тұтанған Ақ Олимпиадада Хрусталева күміс медальді еншіледі. Өте тамаша көрсеткіш. Немесе сол 2010 жылғы Олимпиадада Словенияға алтын əперген ресейлік биатлоншы қыз Анастасия Кузьминаны алайық. Жалпы, мұндай жағдайлардың өзін ақтайтын кездері де жоқ емес. Ауыр атлетші Светлана Подобедова да Мəскеуден келген. Ресей құрамасында орын тимеген қыз намысқа тырысып, өзінің мықтылығын дəлелдеді. Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанло туралы да осыны айтуға болады. Былтырғы жылы Лондонда өткен ХХХ Жазғы Олимпия ойындарына қараңызшы. Еліміз 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші

орынға табан тіреді. Спортшылардың бəрі де қазір Қазақстанда тұратын əртүрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыздары, бəрі де қазақстандықтар. Демек, мəселе кімнің қайдан келгенінде емес. Мəселе мемлекеттің мерейін асыра алатын спортшылардың бар екенінде!.. – Былтыр қазақ жерінде тұңғыш рет өткен Қысқы Азиаданың Алау эста фе тасына қатыстыңыз. Алған əсеріңіз қандай? – Еліміздің көк туын хоккейші Талғат Жайлауов ұстады. Азиаданың туын ортаға Майя Хван, Серік Қонақбаев, Владимир Смирнов, Əлия Юсупова жəне мен алып шықтық. Стадионға жиналған 30 мың халықтың алдына шығатынымды естігенде толқып көзіме жас келді. Еліміздің спортшы қызы деп осынау салтанатты рəсімге қосқандарына ырза болдым. Қысқы Азиадаға біздің облыстан Сергей Берестовский мен Андрей Головко қатысты. Екеуі де жақсы шыныққан, еліміздің қысқы спортшылары қатарында есімдері танымал тəжірибелі спортшылар еді. Өкінішке қарай, сəтсіздікке тап келді, спортта ойынның тағдырын секундтің бір бөлшегі шешіп кететін кездер де болады. Қазір олар келесі ойындарға дайындық жасауда. Жалпы, мемлекеттің əнұраны мен оның туы екі жағдайда ғана орындалып, көкке көтерілетіні белгілі. Біріншісі – мемлекеттің президенті шетелге сапармен барғанда, екіншісі – халықаралық жарыста спортшы чемпион атанған кезде. – Қысқы спорт түрлерінің дамуы елімізде жалпы қандай деңгейде деп ойлайсыз? – Бір ғана мысал айтайын. Біздің облыстағы шаңғы тебу орталықтарына барып көрдіңіз бе? Үлкен-кішісі бар қаптаған ауыл-қала тұрғындары. Яғни, қысқы спорт бар, ол даму жағдайында деген сөз. Адамдар денсаулыққа мəн беріп, саламатты өмір сүруге ұмтылуа. Спорттың, қимыл-қозғалыстың қадірін түсіне бастады. Біздің өңір қары қалың, қысы қатал солтүстікте орналасқан.

Сөйте тұра, қысқы спорт түрлері біздерде қолға алынбаса, бəрімізге сын ғой. Хоккейге, фристайлға, шаңғы мен коньки тебуге деген, əсіресе, жастардың, жасөспірімдердің құлшыныстары жақсы. Облыс орталығында жасөсіпірімдер арасында хоккей жарыстары өтетін «Астана» мұз сарайы бар. Былайғы күндері барсаң да іші толған балалар, сырғанап коньки теуіп жүреді. Былтыр облыс орталығындағы «Баянтау» спорт кешенін Елбасының өзі келіп ашты. – Спорт нысандарын салу – жеңіске жол бастау демексіз ғой. – Еліміздің коньки тебуден өтетін жарыстарының бəрі, өкінішке қарай, Челябіде өтеді. Ал бұл қаражатқа елімізде бірнеше стадион салуға болар еді. Конькишілер жарыстарын өз елімізде өткізетін болсақ, жасөспірімдердің қызығушылығы оянар еді. – Сіз «Нұр Отан» партиясының мүшесісіз. Үлкен спорттан қол үзсеңіз де, өзіңіз айтқан дай, екінші өмір басталғандай айнала тынымсыз жұмыс емес пе? – 1994 жылы əлем біріншілігінің қола жүлдесін алғанда бар арманым орындалды дегенмін. Сөйтсем, олай емес екен. Адам құлшыныссыз өмір сүре алмайтынына көзім жетті. Спорттағы 15 жылым айтарлықтай жеңістер əкелді. Ішкі істер органдарында да қызмет атқардым. Ішкі əскердің құрамына енетін «Динамо» қоғамдық бірлестігінде спортшы маман болдым. Спорттық іс-шаралар ұйымдастырдым. Үш жылда бір рет сынақ өткізіп тұрдық. Подполковник деген шенім де бар. Партияның қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысамын. Өзің өмір сүріп отырған ортадан, қоғамнан тысқары қалып өмір сүру деген мүмкін емес. Қазіргі жастарға отансүйгіштікті, елдік мақсатты, елің үшін намыстанып күреске түсуді біздер сияқты спортшылар, басқа да салада табысқа жеткен адамдар үйретіп айтпағанда кімдер айтады. Өзіме ұнайтын жаттықтырушылық жұмысым, өміріме, жандүниеме сəуле сыйлайтын отбасым бар. Қолым босай қалғанда кітап оқығанды жақсы көремін. – Сізді қазір «Қазақстандық қысқы спорттың ханшайымы» деп атайды... – Өткенде трамвайда бір жолаушы, өзіміздің қала тұрғыны ғой деймін, маған қарап: «Сіз Людмила Прокашева, конькиші чемпионсыз ғой», деп жатыр. Қай жерде де өзімді танып, жылы жүзбен қарсы алатынына қуанамын. Бұл – елдің алдында еңбегің бағаланды деген сөз. Бұдан артық не керек?! – Людмила Вячеславовна, жаттықтырушы болған қандай екен? – Кезінде мəн берген жоқпыз. Оңай сияқты көрінетін. Жаттықтыратын баланың бойында қысқы спортқа деген құлшыныс, қызығушылық болмай, түк шықпайды. Конькимен көк мұзға тұруды үйрету одан да қиын. Дегенмен, конькиші шəкірттерім көбейіп келеді. Біреуінің əлемге танымал спортшы болып шығуы да мүмкін ғой. Қазір қарағандылық қыз Екатерина Аидова, қостанайлық Денис Кузин жақсы келе жатыр. – Сұхбатымыздың басында мақсатым болашақта ел намысын қорғай алатын конькишілер дайындау дедіңіз. Бірақ, облыс орталығында балаларды жаттықтыратын мұз сарайы жоқ емес пе? – Балаларды қысқы спорт түрлеріне дайындайтын облыстық мектеп 2005 жылдан бастап жұмыс жасайды. Басқа қалалардың конькишілері бірнеше рет жарыстарға қатысып та үлгерді. Біздің қаламызда, өкінішке қарай, өзіміздің мұз сарайымыз болмай тұр. Ал бізде 12 жасар Кристина Ганиева сияқты болашағынан үміт күттіретін жасөспірімдер аз емес. – Людмила Вячеславовна, сіз өзіңізге берілген пəтерді басқа спортшыға тарту етіпсіз... – Иə, ол пəтерді мүмкін сатуға да болушы еді. Жұбайы жоқ, екі баласы бар баскетболшы əйел үйсіз жүрді. Адамгершілік деген бар. Сондықтан, менің орнымда басқа кім де болса осындай жақсылық жасар деп ойлаймын. – Рахмет əңгімеңізге. Жолыңызды қуатын конькишілер көбейсін. Облыс орталығында мұз сарайын салу туралы өтініш-тілегіңіз спортқа жанашыр, қолдайтын басшылардың құлағына жетсін. Əңгімелескен Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Владимир Кличко тїнгі клубта тґбелес шыєарды Кешелі бері əлемдік ғаламтор украинның атақты кəсіпқой боксшысы Владимир Кличконың Испаниядағы Ибицаның түнгі клубтарының бірінде өзінің бұрынғы қарсыласы Дерек Чисорамен шекісіп қалғаны туралы ақпаратқа тұнып тұр. «Испания курортына демалуға келген ауыр салмақтағы қос боксшы күтпеген жерден түнгі клубта кездесті. Бір-бірлерін көрген бойда сөзге келісіп қалған 37 жастағы украин мен 29 жасар британиялық жігіттің ұстасуы көп ұзамай төбелеске ұласты. Олардың текетіресін тек клубтың

уақытында жеткен күзетшілері ғана əрең айыра алды», – делінген сол дереккөздердің бірінде. Мұндай оқиғаның орын алғанын Чисораның жаттықтырушысы Дон Чарльз да жоққа шығара қоймады. «Иə, екі боксшының бір-біріне деген көзқарасы түзу деп айту қиын. Бірақ олар демалып жатқан

жерлерінде түнгі клубта жоқ жерден жолығып қалды», – деп мəлімдеді ол. Естеріңізде болса, өткен жылдың ақпан айында Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқауы бойынша əлем чемпионы атағы үшін тартысты кездесу алдында өткен өлшеу рəсімі кезінде британиялық боксшы украиналық қарсыласы Виталий Кличконың жағынан шапалақпен тартып жіберген еді. Келесі күні кездесу қарсаңында шымқай қара түсті жігіт бəсекелесінің інісі Владимир Кличконың бетіне

түкіріп жіберген болатын. Сол кезде Виталий англиялық бəлеқорды бұл қылығы үшін шаршы алаңда сыбағасын беретінін айтып еді. Ақыры соңында Кличколардың үлкені сол сөзінде тұрып, қарсыласын рингте біраз төпелеп алды. Бірақ, нокаутқа түсіре алмады. Ол осылайша Чисораны ұпай санымен жеңіп шықты. Артынан Бүкілəлемдік бокс кеңесі Чисораны əлгіндегі əдепсіз қылығы үшін жазаға тартып, оған $50 мың айыппұл салған болатын. Алайда, бұл жаза британдық спортшыны ақылға шақыра

алмаған тəрізді. Кличкомен болған кездесуден кейін бірнеше сағаттан соң-ақ баспасөз мəжілісі үстінде ол Бүкілəлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқауы бойынша бұрынғы əлем чемпионы Дэвид Хэдпен ұстасып үлгерді. Тіпті, сол оқиғадан кейін ол Дэвидті атып өлтірем деп қорқытқанын да жұртшылық əлі ұмыта қоймаған шығар. Міне, сол Дерек тағы да көргенсіз əрекетімен көзге түсіп отыр. Дерекке өзі не керек? Мұрат АЙТҚОЖА.


12

31 шілде

www.egemen.kz

2013 жыл Тұрғын үй сатып алушылардың жаңа пулдардын құрудың басталғаны туралы хабарландыру Құрметті салымшылар!

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік орман қоры учаскелерінің орман ресурстарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру туралы 2013 жылы 19 маусымда Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26-үй, 302-бөлмеде өткізілген тендердің қорытындысын хабарлайды:

Орталық саябақтағы Шәкәрім ескерткішінің жанына қазақы киіз үй құрылып, іші ұлттық жиһаздармен, қолөнер бұйымдарымен, жәдігерлермен безендірілді. Сонымен қатар, қазіргі заманға сай заманауи сөрелер мен үстелдерге ақын өмірі мен шығармашылығына арналған кітапхана қорында бар әдебиеттер мен басылым беттеріне шыққан мақалалар қойылды. Ұлы ғұламаның шығармаларын насихаттау мақсатында онкүндік бағдарлама ұйымдастырылды. Абай атамыздың ақын інісі, дарынды шәкірті, мұрагері, ізбасары Шәкәрім бабамыздың өшпес мұрасын осылай әспеттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуді өзімізге парыз санаймыз. Шараға қатысушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының ақын, сазгер, шебер аудармашы, терең ойшыл философ, тарихшы, түрік әдебиеттерін де зерттеген, жан-жақты энциклопедиялық білімі бар оқымысты болғанын әңгімеледік. Ақын бабамыз нақақ жаланың құрбаны болып, ГПУ жендеттерінің қолынан қаза тапты, Бақанас ауылындағы «Саятқора» маңындағы құдықта 30 жыл бойы көмусіз жатқан. 1961 жылы Ахат Шәкәрімұлының арқасында ғана ағасы ұлы ақын Абайдың қасына жерленді. Мерекелік онкүндік аясында ұйымдастырылған шаралар Орталық саябақта, Шәкәрім көшесінің бойында, жалғасын табады. Ақын шығармашылығымен кеңінен танысқысы келетін көпшілік қауым үшін қазақ үйінде «Сахараның дана ойшылы» тақырыбындағы кітап көрмесі он күн бойы қызмет етеді. Шолпан АЙКЕБАЕВА, Абай атындағы кітапхана қызметкері.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылымизерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі. Институттың негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау проблемалары жөнінде іргелі және қолданбалы ғылымизерттеулер жүргізу; қауіп тудыру көздерін, кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттану себептерін болжау және үлгілеу; өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және жүргізу; еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; әзірленіп және салынып жатқан өндірістік объектілердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келу жағынан сараптамалық қорытындылар дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, техникалық, экономикалық, заңгерлік медициналық (еңбек гигиенасы) мамандықтары бойынша, ғылым докторы немесе кандидаты дәрежесінің болғаны жөн, мамандығы бойынша кәсіпорын бейініне сәйкес экономика саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - конкурсқа қатысу туралы өтініш; - кадрлар есебі жөніндегі жеке парағы (қазақ және орыс тілдерінде); - өмірбаяны; - білімі туралы құжаттардың белгіленген тәртіппен расталған көшірмелері; - еңбек кітапшасының белгіленген тәртіппен расталған көшірмесі; - денсаулық жағдайы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады. Құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: Астана қ., Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 6-шы кіреберіс. Анықтама телефондары: 74-33-65, 74-32-27. Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әңгімелесуден өтеді. Хабарландыру «Баймырза-Агро» ЖШС Баймырза ауылында 2013 жылғы 15 тамыз күні сағат 10-да жалпы жиналыс болатынын хабарлайды. Күн тәртібінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тан ЖШС-ның қаржы лизингін алу туралы мәселесі қаралады. Анықтама телефоны: 8 716 2 (411232).

Алматы қаласының маман­дан­ дырылған ауданаралық эконо­ микалық сотының 29.07.2013 жылғы ұйғарымымен «ATM En­ gi­n eering» ЖШС жөнінде (СТН 600 500 557 593, мекенжайы: Алма­ ты қаласы, Рысқұлов к-сі, 101) бан­ кроттық туралы іс қозғалды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 16 тамызда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншік нысандарын сату бойынша № 3 электрондық аукционды өткізу туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен, республикалық меншіктегі нысандарды сатудың орындалуын сәйкестендіреді. Сауда-саттықтың ағылшын әдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктің мына нысандары қойылады: 1. Газ 31029 автокөлігі, 1995 жылы шы­ ғарылған, мемлекеттік нөмірі М873DB, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік гүлзары. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңсесі) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 28000 теңге, кепілді жарна – 4200 теңге. 2. Газ 31029 автокөлігі, 1992 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М786СО, Қара­ ғанды қаласы, Театр көшесі, 26. Баланс ұстау­ шы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігі Мемлекеттік санитарлықэпи­демиологиялық қадағалау комитетінің «Қа­ рағанды облыстық санитарлық-эпиде­мио­логия­ лық орталығы» РМҚК. Бастапқы (алғаш­қы) баға – 60000 теңге, кепілді жарна – 9000 теңге. 3. Газ 2705 автокөлігі, 2000 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М510ВХ, Қара­ ғанды қаласы, Театр көшесі, 26. Баланс ұстау­шы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпиде­ миологиялық қадағалау комитетінің «Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталығы» РМҚК. Бастапқы (алғашқы) баға – 223000 теңге, кепілді жарна – 33450 теңге. 4. Volkswagen Passat автокөлігі, 1993 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М757СО, Қа­рағанды қаласы, Театр көшесі, 26. Баланс ұс­таушы – «Қазақстан Республикасы Ден­сау­­ лық сақтау министрлігі Мемлекеттік сани­ тарлық-эпидемиологиялық қадағалау комит­е­ тінің «Қарағанды облыстық санитарлық-эпи­ де­мио­логиялық орталығы» РМҚК. Бастапқы (алғашқы) баға – 185000 теңге, кепілді жарна – 27750 теңге. 5. Газ-33021-212 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М757СО, Қарағанды қаласы, Жезқазған айналма тас жолы, 7-орам учаскесі, 200-ші құрылыс, «Мир» автобазары. Баланс ұстаушы – «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шарушылығы инспекциясы» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 123000 теңге, кепілді жарна – 18450 теңге. 6. Ваз-21213-223 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М784СА, Қарағанды қаласы, Степной-2 шағын ауданы. Баланс ұстаушы – «Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шарушылығы инспекциясы» ММ. Бастапқы (алғашқы) баға – 123000 теңге, кепілді жарна – 17700 теңге. 7. Газ 53 14 01 автокөлігі, 1987 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М491BF, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кенті, Садовая көшесі, 2. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМКның «Высота» филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 89000 теңге, кепілді жарна – 13350 теңге. 8. Кавз 3976 автокөлігі, 1993 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М487BF, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кенті, Садовая көшесі, 2. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМКның «Высота» филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 142000 теңге, кепілді жарна – 21300 теңге. 9. Ваз 21213 автокөлігі, 2000 жылы шыға­р ылған, мемлекеттік нөмірі М920AY, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кенті, Садовая көшесі, 2. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМК-ның «Высота» филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 97000 теңге, кепілді жарна – 14550 теңге. 10. Газ 3110 автокөлігі, 1998 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М285BU, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Южный кенті, Садовая көшесі, 2. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМК-ның «Высота» филиалы. Бастапқы (алғашқы) баға – 67000 теңге, кепілдің жарна – 10050 теңге. 11. Land Rover автокөлігі, 1996 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М733DD, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысының прокуратурасы». Бастапқы (алғашқы) баға – 305000 теңге, кепілді жарна – 45750 теңге. 12. Ваз 21070 автокөлігі, 2006 жылы шыға­ рылған, мемлекеттік нөмірі М795DD, Қара­ ғанды облысы, Қарағанды қаласы, Құры­ лысшылар даңғылы, 28а. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысының прокуратурасы». Бастапқы (алғашқы) баға – 51000 теңге, кепілді жарна – 7650 теңге. 13. Газ 31105-411 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М771DD, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысының прокуратурасы». Бастапқы (алғашқы) баға – 152000 теңге, кепілді жарна – 22800 теңге. Сауда-саттықтың голланд әдісімен электрондық аукционға республикалық

меншіктің мына нысандары қойылады: 1. Газ 31029 автокөлігі, 1993 жылы шы­ ға­р ылған, мемлекеттік нөмірі М553DB, Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 7. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңсесі) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ. Бастапқы баға – 514000 теңге, ең төменгі баға – 5538 теңге. (Алғашқы) баға – 51400 теңге, кепілді жарна – 7710 теңге. 2. Газ 31029 автокөлігі, 1996 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М817DB, Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 7. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңсесі) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ. Бастапқы баға – 838000 теңге, ең төменгі баға – 9030 теңге. (Алғашқы) баға – 83800 теңге, кепілді жарна – 12570 теңге. 3. Ваз 2107 автокөлігі, 1998 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М594DB, Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесі, 7. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңсесі) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі» ММ. Бастапқы баға – 483000 теңге, ең төменгі баға – 5204 теңге. (Алғашқы) баға – 48300 теңге, кепілді жарна – 7245 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бас­ тап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ060705012170172006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БИН 120240019369, КБе 11, КНП 171. Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының жарнамада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық

аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сәттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы қағидамен бекітілген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады Әрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нәтижелері электрондық аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6 мекенжайында, жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куәландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпа­­ рат­т ы www. gosreestr. kz сайтынан және мына телефон арқылы алуға болады: 8(7212) 42-57-53.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 20 тамыздан бастап 20 қазанға дейін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының аясында Шымкент қаласында салынады деп жоспарланған көппәтерлі тұрғын үйлерден «таза» әрленген 1 ш.метрі 90 000 теңге тұратын пәтерлерді сатып алушылар мен жалдаушылар пулдарына қатысуға өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды: 1) «Нұрсәт» шағын ауданындағы 9 қабатты 108 пәтерлік № В-1 тұрғын үйіндегі 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 108 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы. 2) «Нұрсәт» шағын ауданындағы 9 қабатты 324 пәтерлік № В-2 тұрғын үйіндегі 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 324 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы. 2) «Нұрсәт» шағын ауданындағы 5 қабатты 35 пәтерлік № 15 тұрғын үйдегі 2, 3 бөлмелі пәтерлер, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатыны – 35 пәтер. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың қараша айы. Пайдалануға берілетін мерзім: 2014 жылдың желтоқсан айы. Құрылыс нысандары бойынша толық ақпарат алып, өтініш беруге болатын мекенжай: Оңтүстік Қазақстан обл., Шымкент қ., Қонаев д-лы, 13-үй, тел: 8 (7252) 21-33-62, 21-32-45. Факс 8 (7252) 21-38-58. Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады. Көрсетілген мекенжай бойынша Банк филиалында не Банктің www. hcsbk.kz интернет ресурсындағы «Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар мен жалдаушылар пулдарын құру тәртібімен және құрылыс нысанының сипаттамасымен толық танысып, ғимараттардың қасбеті мен пәтерлердің жоспарын көруге болады. Өтінімдер қабылдау мерзімін ұзарту/қосымша іріктеу жарияланған кезде ақпарат Банктің интернет ресурсына және Банк филиалдарының операциялық залдарындағы ақпараттық стендіге орналастырылатын болады.

Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының аясында салынып жатқан үйден «таза» әрленген тұрғын үй сатып алушылар және жалға алушылар пулына қатысуға өтініштердің 2013 жылдың 26 тамызынан бастап 28 қазанын (қоса алғанда) қабылданатыны туралы хабарлайды. Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 3-шағын ауданында, №28 «Д» тұрғын үй. 50 пәтерлік (1; 2; 3 бөлмелі пәтерлер) тұрғын үй. Бағасы – 1 ш.м. үшін 105 462 теңге. Құрылыс аяқталатын мерзім: 2014 жылдың сәуір айы. Құрылыс объектісі бойынша толығырақ ақпарат алып, өтініш беруге болатын мекенжай: Алматы облысы, Талдықорған қ., Төлебаев к-сі, 86-үй, байланыс телефондары: 8 (7282) 244-048, 241-446. Өтініштер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларынан Банктің барлық филиалдарында қабылданады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулдарын құру ережесімен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсының «Салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу» бөлімінде танысуға болады. Өтінімдер қабылдау мерзімін ұзарту/қосымша іріктеу жария­ ланған кезде ақпарат Банктің интернет ресурсына және Банк филиалдарының операциялық залдарындағы ақпараттық стендіге орналастырылатын болады. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР САПАСЫНА ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ГРАНТТЫҚ ЖОБАЛАР САЙЫСЫ Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) «Мемлекеттік қызметтер көрсету және сапасын бағалау жүйесін жақсартуға көмектесу» жобасының шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін гранттық жобалар сайысын жариялайды. Сайыс туралы толық ақпаратты www.undp.kz сайтының «Тендерлер» бөлімінен таба аласыз. Ұсыныстар 2013 ж. 19 тамыздан жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 кешіктірілмей төменде көрсетілген мекенжай бойынша курьерлік поштамен жіберуі қажет: БҰҰ Даму Бағдарламасы 010000, Астана қаласы, Бөкей хан көшесі, 26 Жоба менеджері Гульнар Смаиловаға Телефон, факс: +7 (7172) 591402, +7 (7172) 592560 эл. почта: Gulnar.Smailova@undp.org Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет итоги закупа способом запроса ценовых предложений 2013.ЦП-2922, проведенного по адресу: г. Актау, 12-микрорайон, здание 74, корпус 1, по следующему лоту: № Лот

Өскемендегі Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымы жақында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Сахараның дана ойшылы» тақырыбындағы библио-шаңырақ жобасының ашылу салтанатын өткізді.

6. Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: № 1 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Скрын­­­ ников» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Көкжар а.; № 2 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Шматов» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Гагарин к-сі, 30-үй; № 3 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Болдырев» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Көкжар а.; № 4 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Мурзагельдинова» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Көкжар а.; № 5 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Сингуров»ЖК ұтып алды, мекенжайы: Жамбыл обл., Қордай ауданы, Ауқатты а., Комсомол к-сі, 39-үй; № 6 лот – Көкжар орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Назар» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Алакөл ауданы, Қабанбай а., Хұсайынов к-сі, 127-үй; 7. Жаркент орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: № 1 лот – Іле орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» РҚБ ұтып алды, мекенжайы: Астана қ., Республика д-лы, 18-үй; 8. Қаскелең орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: № 1 лот – Іле орманшылығы – аң шаруашылығы қажеттілігі үшін «VIPSafari Service» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлов д-лы, 155-үй. Төмендегі лот бойынша тендер өткізілмеген деп танылды: 1. Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Бөрлітөбе орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №3 лот – Бөрлітөбе орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №4 лот – Бөрлітөбе орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №2 лот – Қарқара орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №3 лот – Ұзынбұлақ орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Көксу орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №8 лот – Көксу орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; №9 лот – Көксу орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 5. Шелек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №2 лот – Шелек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 6. Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: № 7 лот – Тентек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін; 9. Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: № 1 лот – Қарой орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін; 10. Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Кетмен орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін.

1

Наименование

Услуги по проведению аттестации рабочих мест в офисе филиала «Каспий Меруертi Оперейтинг Компани Б.В.» в соответствии с действующими правилами, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1457 «Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда»

Единица Стоимость, измерения в тенге не (рабочее включая место) НДС 12% 200 9 133 800

- закуп признан состоявшимся, согласно пункту 298 Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Победителем признан: ТОО «Білімпаз».

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы 2013.ЦП-2922 баға ұсыныстарын сұрау арқылы, Ақтау қаласы, 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпуста өткізілген келесі лотты сатып алудың қорытындысын хабарлайды: № Лот

Шәкәрімге арналған онкүндік

1. Бөрлітөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №2 лот – Бөрлітөбе орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Нұрмолда» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Ақсу ауданы, Матай стансасы, Молықбай к-сі, 21-үй; 2. Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Екіаша орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Нұрзат» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Жалаңаш а., Молдыбеков к-сі, 6-үй; 3. Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Байынқол орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Олжас» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Тегістік а., Биеке батыр к-сі, 2-үй; №2 лот – Текес орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Круг» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Қапшағай қ., Сейфуллин к-сі, 60-үй; №3 лот – Текес орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «ЮРНА» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 37-үй, 29-бөлме; №4 лот – Сарыжаз орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Кудайбердиева Т.К.» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Райымбек ауданы, Қарабұлақ а., Мақай к-сі, 12-үй; 4.Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №2 лот – Қаратал орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Ақ жибек» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Көксу ауданы, Жарлыөзек а., Сейдіқожанов к-сі, 23-үй; №3 лот – Қора орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Гайворонский» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Текелі қ., Қонаев к-сі, 498-үй; №4 лот – Қора орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Гайворонский» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Текелі қ., Қонаев к-сі, 498-үй; №5 лот – Қаратал орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Турганбекова Л.Р.» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Талдықорған қ., Желтоқсан к-сі, 103-үй; №6 лот – Қаратал орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Саткынбаева Назгуль Токтакунова» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Талдықорған қ., Лесная поляна к-сі, 1-үй; №7 лот – Текелі орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Сулейменов А.К.» ЖК ұтып алды, мекенжайы: Астана қ., Тәшенов к-сі, 12/1-үй, 27-пәтер; №10 лот – Қаратал орманшылығы – сауықтыру, рекреациялық және спорттық мақсаттар үшін «Артель Со. Ltd» ЖШС ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Талдықорған қ., Ж.Жабаев к-сі, 119-үй; 5. Шелек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі: №1 лот – Шелек орманшылығы – жанама орманды пайдалану үшін «Өтеген» ШҚ ұтып алды, мекенжайы: Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек а., Жібек жолы к-сі, 284-үй;

Атауы

1 «Каспий Меруертi Оперейтинг Компани Б.В.» филиалының кеңсесінде қолданыстағы ережелерге сәйкес 2011 жылдың 5 желтоқсанында бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестациялау қағидаларын бекіту туралы» № 1457 қаулысы бойынша жұмыс орындарының аттестациясын өткізу .

Өлшем Құны, бірлігі теңге (жұмыс 12% ҚҚС орны) қосылмаған

200

9 133 800

С. Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 2013-2014 оқу жылына біржылдық және екіжылдық интернатураға интерндерді қабылдауды хабарлайды - 10.08.2013 ж. Университеттің интернатурасы- дәрігер Басқа аймақтардан келгендерге на конкурстық негізде ҚР азаматтаҚұжаттарды қабылдау: 01.08. жатақхана беріледі ры, шетел және азаматтығы жоқ аза- 10.08.2013 ж. Құжат қабылдайтын мекенжай: маттар, жоғары медициналық немесе Екіжылдық интернатураға төмен­ Университеттің интернатура деканамедициналық білімі (бакалавриат) бар дегі бағыттар бойынша: ты, орналасқан мекенжайы: азаматтар бекітілген тәртіп бойынша заң 1.Акушер және гинекология Алматы қаласы, Төле би көшесі жүзінде қабылданады. 2.Хирургия 94, Ректорат ғимараты, 1-ші қабат, Біржылдық интернатураға тө­ 3.Терапия 111-бөлме. мендегі мамандықтар бойынша: 4.Педиатрия Байланыс тел. (8727) 292-69-69 (114), 1.Жалпы тәжірибелік дәрігер 5.Жалпы тәжірибелік дәрігер 2. Жалпы тәжірибелік стоматолог Құжаттарды қабылдау: 01.08. факс 2-92-20-63.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы Персоналды басқару қызметінің жетекшісі Әлия Құсайынқызы Мұстафинаға анасы Ақжамал Бердіғалиқызы ТАСҚОЖИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«ТОРҒАЙ-Петролеум» акционерлік қоғамының басшылығы мен кәсіподақ комитеті компанияның мұнай мен газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілік жабдықтар жөніндегі 1-санаттағы механигі Ерлан Сапарұлы ТОҚСАБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Еркебұланов Темірлан Нұрланұлына берілген ВК №3020425 ҰБТ сертификаты және жалпы орта білім туралы ЖОБ №0512221 аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету және жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 298-тармағына сәйкес сатып алу орындалғандығы туралы хабарлайды. «Білімпаз» ЖШС жеңімпаз деп танылды.


31 шілде

УАР С Ш А Л ӨОҢЙІ

К

2013 жыл

ЌАЖЫМЎЌАН

есімі неге ќаєажу ќала береді? Зейнолла ƏКІМЖАНОВ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Егер əлеуметтен “Қажымұқан Мұңайтпасов кім?” деп сұрай қалсаң, “Қазақтың атақты балуаны” деп жаңылмай жауап беретінін білеміз. Алайда, “Ол қай жерлерде, қандай жетістіктерге қол жеткізді?” деген сауалға екінің бірі мүдірері анық. Одан əрі “Балуанның өмірбаянынан не білесіз? деген тереңдеу сұрақ жұртшылықтың көбін ойлантар еді. Менің Қажымұқан Мұңайтпасов есімін алғаш рет естігеніме жарты ғасырдан асыпты. Бала кезімде Сəкен Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” повесін оқып шыққаннан кейін онда автор асқан сүйіспеншілікпен жазған Қажымұқан туралы біле түскім келді. Менің іштегі алаңымды қимылəрекетімдегі, бет-əлпетімдегі өзгерістен аңдай қоятын анамнан мұның мəнісін сұрағанымда, бір қызық əңгіменің тиегін ағытқан еді. Бұл менің он-он бір жасар кезім. Шешем Мəдина Қостангелдіқызы алғашқы жұбайы, қазақтың белгілі жазушысы, “Кеңес ауылы” газетінің (қазіргі “Солтүстік Қазақстан”) қаламгері Əбдірахман Айсариннің 1932 жылы Қызылжарда болған атақты балуан Қажымұқанды қонақ қылып, қой сойып, дəм бергенін айтқан-ды. Бұл сапарға Қажымұқан Қызылжар мен Омбыда күресу жəне халыққа арнайы күш амалдарын көрсету мақсатымен шығып, қаланың циркінде бірнеше күн аялдайды. – Оған қарсы шығатын балуандар – кілең жастар, ал Қажымұқан – шау тартқан адам. Жығыса алмайды. Əлде жұртты жинау үшін əдейі сөйте ме екен, əйтеуір, цирктің алды күнде құжынаған халық, ине шаншар жер болмайды, – дейді шешем. – Бəріміз оның жеңуін тілейміз. Жас орыс балуандары оған қайрат қыла алмайды. Сосын ол бірнеше рет зілмауыр қара тастарды ойыншықша лақтыра ма керек, шалқасынан жатып алып, үстіне он-он бес адамды шығарып, тақтайдан жасалған қақпаны қарнымен шірене итергенде, аналар шашыраған тарыдай домалап кетеді. Сол жолы қонақта болған Қажымұқан анамнан тер сүртетін үлкен сүлгі сұрап алыпты. “Аға, не бұйымтайыңыз бар?!” деген Əбдірахманға айтқан өтініші сол екен. Бірақ жазушы арнайы шапан тіккізіп, балуанның үстіне жауыпты. Ал аттанарында сол жылы екі жастағы ұлы Аянның аузына түкіртіпті. Алайда, ағам балуан болған жоқ, бүгінде өмірден озған. Шешем айтқан əңгімеден аңғарғаным – сол жылы Қажымұқанның жасы алпыс-алпыс екі шамасында. Бұл сөзге қарағанда, кейбір зерттеушілердің оны “1886 жылы туған” деп жүргендері қисынға келмей ді. Демек, “Қажымұқан 1870 жылы өмірге келген” дейтіндердікі шын дыққа жақындайды. Жəне мұны мына дерек те айғақтай түседі: «Мен өмірімнің 55 жылын күреске арнадым. Талай рет өлім аузында болдым. Америкадан өзге шетелдердің бəрін де араладым. Қазір жасым 75-те. Менің қазіргі тұрмыс жағдайым нашар» деп өз қолымен 1945 жылдың 26 маусымы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы Əбсəмет Қазақбаевқа жазған хаты 1990 жылы Алматының “Қазақстан” баспасынан шыққан “Күш атасы” деген естеліктер жинағында көзіме ұшырасты (321-ші бет). Осыны басшылыққа алғанда Қажымұқан 1870 жылы туған болып шықпай ма? – Тағы бір айтарым, оның түртұлғасының адам назарын бірден аудартатыны. Қалың қабақты, бетəлпеті жалпақтау, қарны шығыңқы, қолы-қары сұмдық сом, биік, зор тұлғалы, – деген еді шешем. Ендігі бір əңгіме Қажымұқанның Қызылжарда қазақ, орыс байларында жалшылықта болуы туралы. Ол жайындағы жазылған кітаптарда, əсіресе, өткен ғасырдың сексенінші жылдар ын да ш ыққан дарында жəне басқа мақалаларда балуан өмірінің Қызылжар тұсы аса на зарға алынбайды. Осылардың кейбірінде оның туған жеріне күмəн

келтіретіндері де барына көзім жетіп жүр. Мысалы, республикалық газеттердің бірінен Қажымұқан Мұңайтпасұлы оңтүстікте туып, Арқа жерінде өсті деген пікірді оқығаным бар. Анығында, оның ата-бабалары Алтыбас қыпшақтан тарап, олар, расында да, Оңтүстік Қазақстанды қоныс еткен екен. Сəбит Мұқановтың əңгімелерінде Қажымұқанның Қараөткел түбіндегі Қоспа ауылында туғаны айтылады. Бұл сəйкессіздіктің тамырына филология ғылымының докторы, профессор Əуелбек Қо ңыратбаевтың “Өз аузынан естігендерім” деген естелігі балта шабады. Бұл естелігін белгілі ғалым 1946 жылы Ғабит Мүсіреповтің арнайы тапсырмасымен Қажымұқан қайтыс болардан екі жыл бұрын балуанды Шəуілдірге іздеп барып, өз аузынан жазып алғанын айтады (“Күш атасы”, Алматы, “Қазақстан”, 1990 ж. 145-146-беттер). Естеліктің “Жастық шағы” деген тарауында: “Қажымұқан Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген” деп тайға таңба басқандай жазылған жолдар бар. Бұл дерекке сенетініміз – оның балуанның өз аузынан айтылғаны. Демек, оның əкесі Мұңайтпас күнкөрістің амалымен оңтүстіктен Арқаға ауып, Ақмола өңіріне келіп, осында қоныстап қалған. Сəбит Мұқановтың ұлы Мараттың “Расселение казахов среднего джуза” деген ғылыми еңбегінде, Мұхамеджан Тынышбаевтың ұлы қазан төңкерісіне дейінгі ұлттық орналасуымыз, демограф Мақаш Тəтімовтің халықнама жайындағы кітаптарында Қоқан, Бұхар хандықтарының қысымының зардабынан оңтүстік өңірлерден тұрмысқа қолайлырақ, тыныштығы жақсылау теріскей өңірлерге қоныс аудару жиі болып тұрғанын оқығанбыз. Ал балуанның жастық шағында Қызылжарда тұрғаны, байларда жалшылықта жүргені туралы деректерді ешкім жоққа шығаруға тиіс емес. Мұның мəнісі мынада: Қызылжар төңкерістен бұрын Арқа жерін орыс империясының саудасаттық, өнеркəсіп өркендеген ірі қалаларымен байланыстырудың белөзегі болғаны тарихтан белгілі. Қорған, Омбы, Түмен, Екатеринбург сияқты ірі орталықтарға тура қарымқатынас Қызылжар арқылы жасалған. Сондай-ақ, Омбы, Орынбор генералгубернаторлықтарының ықпалы сонау Жетісу жəне Шымкент, Ақмешіт (бүгінгі Қызылорда), Таразға дейін қамтылған. Жұмыс іздеген жалшыбатырақтар осы мақсатпен кіре тартатын көпестерге, саудагерлерге, кəсіпшіліктер басшыларына жалданған. Осындай себеппен тақыр кедейдің баласы Қажымұқан да жасөспірім шағында бірде қазақ байларында, келесіде орыс, татар көпестері мен саудагерлерінде жалшылықта болып, ақыры Қызылжарда тұрақтап қалған. Бұл жайында Сəбең де, Қалмақан Əбдіқа дыров та, Əлімқұл Бүркітбаев та жазғанымен, Қажымұқан қызметте тұрған қызылжарлық орыс көпесі Масликовтың есімі бірінде Николай, екіншісінде Орлий, ал тағы басқаларында тегі Масликов емес, Кожулин деп əрқилы жазылған. Бірақ Қажымұқан соңғы жалданып, содан соң Омбы, Қазан қалалары арқылы кəсіпқой күреске аттанатын жері – Қызылжар, оны жалдаған көпес Григорий Масликов екенін Қажымұқанның əйелдерінің алғашқысы, балуанның өзі қазақшалап “Бəтима” атаған, 1894 жылы Белоруссияда туған Надежда Николаевна Чепковская нақты айғақтап береді. Екеуі 1909 жылы Рига қаласында кездесіпті. Сол жылы қосылған. Ол Қажымұқан туралы естелігін 1960 жылы, өзі дүниеден озардан алты жыл бұрын Омбы облысының Называев ауданындағы Редькое ауылында тұңғышы Халиолланың қызы, яғни немересі Рəзияның қолында тұрғанда жа зып берген екен. Осы естелігінде ол Қажымұқанның 1911 жылы Мəскеуде,

www.egemen.kz

Варшавада өткен жарыстардан соң Омбыға аттанғанын айта келіп: “Ұмытпасам, не осы жылы, не 1912 жылы, əйтеуір, осы екі жылдың бірінде бір жолы біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қажымұқан жас кезінде жалшылықта болған көпес Григорий Масляков (ол “Масляков” деп жаңсақ айтуы мүмкін. Дұрысы “Масликов” екені анық З.Ə.) кісі жіберіп, үйіне шақырып қонақ етті. Ба тырдың болған жерлеріндегі күрес əңгімелерін қызыға тыңдап, көп сұрақ қойды. Дастарқанын жайып, сыйлы қонақтарын шақырып Қа жымұқанға, бізге үлкен сый көрсетті. ...Қажымұқанның астына ат мінгізді, маған 5 метр көк мақпал, таза күмістен əшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты” (“Күш атасы”, 19-20- беттер) дейді. Осы Масликовта (Масляков) жалшылықта жүргенде орасан зор күшімен көзге түсіп, Омбы циркі балуандарының бірі, орыс алыбы А.Злобинмен белдескен бозбала оның ұйғарымымен Қызылжардағы тəнті болып, тілеуін тілеген жанашырларының көмегімен Петербургтегі Иван Лебедевтің күрес мектебіне біздің қаламыздан аттанған. Өзі жазған өтініште айтылғандай, ғұмырының 55 жылын күреске арнаған Қажымұқан əлем елдерін шарлап, қазіргі грек-рим күресі бойынша жекпе-жектерге шығып, дүниенің небір алып балуандарын жерге қаратқан. Оның қарсыластарының арасында Иван Поддубный, Иван Заикин, Иван Шемякин, Иван Корень, Вейланд Шульц, Гаккеншмид, Алекс Аберг, Георгий Лурих, Циклоп, Поспишил, Чемберс Ципс, Поль Абс, Иван Яго, Станислав Зыбышко-Цыганевич сияқты жойқын күшті балуандар болған. Қажымұқан бабамыз Лебедевтің күрес мектебінде жарты жылдай жаттығып, кəсіпқой күреспен шұғылданғанда əлемнің 24 еліндегі жарыстарда алтыны, күмісі бар – барлығы 48 алқаны жеңіп алған. Ал бүгінгі еркін күрес “Америка күресі” деп аталып, сол бойынша белдесулерде оған тең келер қарсылас болмаған. Бірақ күрестің бұл түрі ол кездері, бүгінгідей құрметке бөлене қоймапты. Сондықтан Қажымұқанды грек-рим күресі бойынша көбірек ардақ тұтқан екен. Орыстың даңқты балуандарының бірі Иван Заикин Қажымұқанды əр кездесуде жиырма минуттың ішінде жығуға уəде беріп, бəске мол ақша тігіп, ақыры үш мəрте жеңе алмағаны аян. Ол жылдары күреске жұртшылықты ағыл-тегіл тарту мақсатымен Қажымұқанды “Қазақ” демей, “Жапониялық “Муханура” деген лақап атпен шығарған. Тіпті, орыс елінен əлем біріншіліктеріне жіберуге де ықы лас қоймай, оны Иван Поддубныйдың араласуымен ғана қатыстырғанын Қажымұқан жайлы естеліктерінде Вейланд Шульц айтқан. Қажымұқанның жанының жомарттығын пайдаланып кететін алаяқтар да болған. Солардың қатарында үнемі кездесетіндері – Балтық бойы елдерінің балуандары Георг Лурих пен Алекс Аберг. Мысалы, студент кезімде оқыған “Алекс Аберг – загадка ковра” деген кітапта мұның мысалдарын кездестірген едім. Олар, əдетте, жарыс басталып, он-он бес күн өткеннен кейін келіп, тыңнан қосылады екен. Цирк басшыларын сатып алатыны да ақиқат делінеді кітапта. Бұл уақытта қанша мықты дегенмен, Қажымұқан сияқты нағыз лайықтылар шаршапшалдығады. Ал тыңнан қосылғандар жеңіске жетеді. Демек, оларға жүлденің үлкені, қаржының молы тиеді. Əділ, аярлыққа төзбейтін орыс балуаны Иван Корень жəне кейбір сол тектілер əлгіндей жағдайлардан соң цирктерден кетіп қалып жүрген. Ал Қажымұқан бұған амалсыздықтан көнуге мəжбүр болған. Өйткені, күрес – оның тұрмысының өзегі, күнкөрісінің көзі. Қажымұқанның Қызылжарда жалшылықта болғанына он екілер

шамасындағы кезімде естіген мына оқиға да көз жеткізер еді. Мен əкем Рамазан қайтыс болғаннан кейін сегіз жасымда анам, əпкем үшеуміз шешемнің алғашқы жұбайы Əбдірахманнан туған Аян ағамның қолына көшіп келдік. Ол кездері қазынаның үйі атымен жоқ, пəтер жалдап тұрдық. Сондай пəтеріміздің бірі бұрынғы Карл Маркс, бүгінгі Абай көшесінде болды. Ұмытпасам, бұл 1962 жылы. Бізге үлкен ауланың ішіндегі оңаша жеркепесін жалға берген адам Қызылжардың атақты саудагері Сəду ақсақал сол кезде сексеннен асқан. Бай, дəулеті тасып тұрған адам, əрі саудагер болғасын қора-қопсысы кең, тұрмысы нығыз, қысы-жазы қонақ арылмайтын үй еді. Əсіресе, қысты күндері атшаналы қонақтар ағылып келіп, түстеніп жатады. Сəкең өзінің менімен тетелес баласы Сансызбай екеумізге үнемі ауланың қарын күретеді, қонақтардың қолдарына су құйдырады. Осындай астың бірінде шалшауқандар Қажымұқан жайында əңгіме айтқанда елең ете қалдым. Бақсам, Сəкең оны өзінің тоғызон жасында Қызылжарда көріпті. Масликовтың үйі осы біз тұратын Карл Маркс көшесінде болыпты. Бірақ нақ қай тұс екені есімде жоқ. Пайымдауымша, қазіргі Абай жəне Жамбыл көшелері түйіскен маң болса керек. Қажымұқан 1948 жылы өмірден озған. Ол қазақ атын əлемге шығарған тұңғыш атақты кəсіпқой спортшы болғандықтан, Қазақстанның біраз елді мекендерінде оның есімімен аталатын көшелер бар. Осы ретте бұл қатарда біздің қаланың да болуы заңды емес пе? Ұлы балуанның өмірінің бір кезеңі Қызылжарда өткені əмбеге аян. Сондықтан қаланың бір көшесін, мысалы, Ярослав Гашекті өзгертіп, оған Қажымұқан есімі берілсе, несі ерсі? Бұл көшеде спортқа дарынды балалардың облыстық мектеп-интернаты орналасқан. Оқу орнында жас балуандар тəлім-тəрбие алады. Бұл да оларға рухани күш-қуат бермей ме?! Өңірдегі ұлттық спорттың да муына үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі, КСРО-ның құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменовтің мына пікірін жергілікті билік орындары ескерер деген үміттеміз. – 2007 жылы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатқа басшы болып тұрған кезімде ұжым жиналысында Я.Гашек көшесіне Қажымұқан Мұңайтпасовтың атын беру мəселесі талқыланды. Онда сөйлеген түрлі ұлт өкілдері Я.Гашектің Қазақстанға құрмет тұтарлық еңбек сіңірмегенін, бар болғаны маршал Тухачевский басқ а р ғ а н ди ви зи я н ың с а я с и бөлімінде қызмет атқарғанын айтып, қалалық ономастика комиссиясына көше атауын өзгерту жөнінде ұсыныс жасады. Сол талқылауда дарынды күш иесінің Қызылжарда тұрғаны, М.Жұмабаевтың, С.Мұқановтың, Ə.Айсариннің онымен талай рет кездескені айтылды. Ұсынысымызды осы көшеде орналасқан мекеме-кəсіпорын басшылары да қолдаған еді. Өкініштісі сол, содан бері 5 жыл өтсе де, жұртшылықтың талап-тілегі əлі күнге дейін аяқсыз қалып отыр. Меніңше, жалғыз көше атын берумен шектелу жеткіліксіз. Мектептердің, не жастар мен жасөспірімдер спорт ұйымдарының бірі есімін алса, қандай жарасымды болар еді. Сонымен қатар, оның атында арнайы дəстүрлі турнир өтіп, жүлде тігіліп жатса, еш артықтық етпейді. Құймақұлақ қариялардың сөзіне құлақ түрсек, Қызылжар қаласында қазақтың екі алып ұлы – Балуан Шолақ пен Қажымұқан кездескені жайлы əңгіме айтылады. Бұл – тиянақты зерттеуді қажет ететін жеке тақырып. Қалай десек те, атақты балуанды Қызылжар өңірінде де қандай құрметке де бөлеудің мезгілі жеткенін баса айтқым келеді. Солтүстік Қазақстан облысы.

13

«Ел іші, өнер кеніші» деп халық бекер айтпаса керек. Қанша əн айтса да жалықтырмай, көркем дауысы көкейіңді əсем күйге бөлейтін, жан дүниеңді ерекше лəззатпен сусындататын əншілер қай өңірден де табылады. Дегенмен, батыс өңірінің əншілік мектебін өрге сүйрейтін өнерпаздардың қатары сиректеу ме деп қаласың кейде. Мұхит, Ғарифолла сияқты көмейіне құдіретті де қуатты дауыс ұялаған ұлы тұлғалардың əндерін өзіндік өрнек, əдемі нақышпен салатын Амангелді Жұмановты сол сиректер қатарынан деуге əбден болады. Əншілік өнердің теориялық бұлағынан қанып ішпеді, музыкалық білім алмады демесеңіз, оның қай сахнаның да ажарын келтіретін дарабоз дарын екені сөзсіз. Батыстың ішкі қуатқа түсетін, көтеріңкі дауыспен шырқалатын əндерін өзіндік өрнекпен өршіл рухта шалқытып салатын оның халықтың қошеметіне бөленуінің бір сыры осында жатса керек. Күйбең тіршіліктің қамы, қолдың қысқалығынан ауылдан ұзай алмаған əнші облысқа ғана емес, батыс өңіріне жақсы танымал өнер иесі. Мұндайларды халық тума талант деп бағалайтыны да сондықтан. Мектепте оқып жүргенде марқұм ағасы Аманжолдың домбыра тартып, əн салатыны оны қызықтыратын. Өнерге құштар өреннің домбырада ойнап, шамасы келгенше əн салуына өнерпаз жігіт Бисенғали Құсайыновтың да ықпалы болмай қалмады. Табиғатынан əншілікке деген құмарпаздық

Єарифолладан бата алєан Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

қонақтаған ол осылай өз бетінше талпынып, домбыра тартып, əн айта бастады. Ауыл-үйдің арасында əнші бала атанған ұлының өнерге деген ықыласын байқаған əкесі Рамазан да балалық қызығушылық, ет пен терінің арасындағы желөкпелілік демеді, қайта қонақ келе қалса, «балам, бір əн салып берші» деп өзі қолқалап отыратын. Мұнысы көптің алдын көрсін, ысылсын деген əке көкірегінің көпке ашыла бермейтін ішкі құпиясы болар, бəлкім. Қарап отырса, 12-13 жасында-ақ домбырамен достасып, əншілікке бүйрегі бұрған екен. Домбыраға қолы жаттығып, əуезді əуенді мəнеріне келтіріп айта бастағанда да осы өнерді қуамын деп ол əсте де ойлаған емес. Он жылдықты бітірген соң оқу іздеп əуре болмады. Отбасындағы жалғыз ұл болғандықтан атаанаға қарайласуға тура келді. Аудан орталығындағы тұрмыстық қамту комбинатына киіз үй шығаратын цехқа жұмысқа тұрды. Кейін аудандық мəдениет үйіне қатардағы қызметкер болып қабылданды. Ол кезде Ойыл колхоз-совхоз драма театрының даңқы дүрілдеп тұрған. Халықтың қалың ортасынан шыққан өнердің «самородок, сары алтындары» Жалғасбай Маханов, Жаулыбай Қазтуғанов, Бегман Оразбаев, Аққали Берғалиев жəне басқаларынан үлгі алды. Олардың сан алуан өнердің тізгінін ұстаған талант қырлары қызықтырды, солардай болу ға талпынды. Термеші-жыршы Жалғасбай Маханов, Жаулыбай Қазтуғанов тыңдарманның құлақ құрышын қандырып жыр-термені ағытқанда бəйге атындай көсілсе, сахналық қойылымдарда ойнағанда екінші қыры актерлік шеберліктері жарқырай көрінетін-ді. Сол ағаларының көненің көзіндей асыл өнер-жыр мен термені төгілтуі, сахнадағы кейіпкерлерінің образына кіріп жасындай жарқылдауы, қай спектакльде, қай пьесада ойнаса да қателеспейтін жадыларының мықтылығы тəнті ететін. Өзі лап етіп жанғалы тұрған жас жүрекке солардың алқаусыз ағалық қамқорлығы от бергені де рас. – Алғашқыда дəстүрлі əндерді кітапханашы Қайыр Елеуовтен үйрендім. Ол кісі Мұхиттың, Ғарифолланың, Ойыл өңірен əн оздырған Қызыл ақынның əндерінің əуенін өзгертпей салатын, ырғақ-иірімдерін келістіріп келтіретін. Кейін өз бетімше үйреніп, шеберлігімді шыңдай түстім. Аудан бір жабылып, бір ашылған 1965 жылы аудандық мəдениет бөліміне автоклуб меңгерушісі болып жұмысқа тұрдым. Əрине, драма театрдың жұмысына да қатысып жүрдім. Ол бір шаршамайтын, шалдықпайтын, қызығы мен қуанышы мол жылдар еді ғой. Режиссерлер Алдияр Сисенов, Сəдуақас Жоламанов, Сахи Жақыпбеков қойған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «ЕңлікКебек», «Шұға», «Жалбыр» пьесаларында басты рөлдерде ойнадым. Қодар да, Қозы да болдық, Кебек те болдық, Төлегенді де сомдадық. Қай рөл бұйырады талғағанымыз жоқ, халықтың көңілінен шығуға тырыстық. Кейін зейнетке шыққанша Ойыл халық театрының режиссері болуыма да сол кездегі актерлік қызметімнің көмегі көп тиді, – дейді Амангелді аға. Ойыл аудандық халық театрында режиссер болған жылдары өзі де көптеген қойылымдарды сахналады. Соның ішінде, ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев туралы ақын Нұрлыбек Қала уовтың «Шығанақ» қойылымын сахналап, өзі басты рөлді сомдағанын мақтанышпен еске алады қазір. Шыны керек, ауылдық жердегі автоклуб меңгерушісінің жұмысы бастан асады. Өзі жүргізуші, өзі киномеханик, өзі əнші дегендей. Міне, тірлігі беймаза қызметті қалтқысыз атқарған өнерпаз ағаның Ойыл өңірінде табаны тимеген жер жоққа тəн. Қашан барса да, қай мезгілде барса да алыстағы малды ауылдың, пішеншілер мен егіншілер қосынының құтты қонағы бола білді. Жұрт əнші Амангелдіні, Абекең бүкіл аудан халқын таниды десек артық кете қоймаспыз. Шай қайнағанша дыр еткізіп моторын қосып, киносын қойса, кешкі аспанды əн мен жырға бөлейтін осы бір əмбебап өнер иесінің елі үшін еткен еңбегін бұлдаған кезі жоқ. Қашан көрсең халықты əнімен сусындатып, мəдени қызметімен қамтамасыз етіп жүргені. Сонау айтыстың бастау алған жылдары ақындықтың ауылына да қоңсы қонғаны бар.

Елдің намысы үшін десе делебесі қозатын Абекең өнердің бұл өлкесіне осылай ат шалдыртқан. Кейінгі толқын жастарға қозғау салып берді де, сөз өнерінің құдіретін түсініп қоя қойды. Сөз арасында «сізді Ғарифолладан бата алған дейді. Тіпті өзінің класында оқытуға алып кетпекші болған көрінеді. Бұл екінің қолына түсе бермейтін мүмкіндік қой, пайдаланып қалмадыңыз ба?», дедік ішкі дүниесіне үңіліп. Ақсары жүзіне қан ойнап, «иə, ондай жағдай болған» деп жылы жымиды да əңгіме желісін жалғады. – Ұмытпасам 1968 жылы болуы керек, елге атақты əнші Ғарифолла Құрманғалиев гастрольдық сапармен келіп, ауылдарды аралап, концерт берді. Елдің аузында Ғарекеңнің əншілігі жайлы гу-гу əңгіме. Өзім де концертіне арнайы барып көргенмін, дауыс диапазонына, əн айту шеберлігіне, сахнадағы қимылқозғалысына тəнті болдым. Халықтың əншіге деген ықыласы алабөтен, халық «жайылып төсек» болып жатыр, əрине. «Жетікөл» кеңшарындағы қонақасыда шаруашылық басшысы марқұм Отар Қылипанов «Ғареке бізде де өзіңнің əніңді айтып жүрген Амангелді Жұманов деген інің бар, соны тыңдасақ» демесі бар ма. Ғарекең «айтсын, айтсын» деді де, шегір көздерін аударып-төңкеріп, жарқ еткізіп, қаршыға қимылмен түзеліп отырды. «Жаудан қайтпаған жүрегім» дегендей, сахнаның құдіретін сезініп қалған кезім, Ғарекеңнің алдында шамам келгенінше Мұхиттың «Айдайынан» бастап өзім білетін бір-екі халық əнін айтқан болдым. Атақты əншінің ашаң жүзіне қан ойнап, бұрынғыдан гөрі де ажарланып кеткендей болып көрінді маған. Іштей риза болғанын аңғардым. Сол сапарында Ғарекең Алматыға шақырып, өз класында əншілік мектептен өтуге қолқа салғанды. Бірақ, тіршіліктің орайымен оған мүмкіндік болмады. Алайда, осы өнерге келгелі Ғарекеңнің батасына сай болуға тырысқаным шындық. Ой, Ғарифолла Құрманғалиевтан бата алған əншілерің мынау ма, дегізген кезім жоқ, – деді де, сол бір көңілге ыстық кездерді жадында жаңғыртқандай сəл-пəл ойланып қалды. Біз де оның атақты əншінің батасына лайықты болғанын білеміз. Ол «Айдай», «Ақбөбек», «Шымыр», «Гүжансара», «Дидар» сияқты халықтың жəне Мұхиттың, Ғарифолланың əндерін салғанда көрерменнің сахнаға қайта-қайта шақыратыны да сондықтан. Кей кездерде Ғарекеңнің қимылқозғалысының ұшқындары да байқалып қалып жатады. Мұнда ұлы ұстазға еліктеу емес, табиғилық басым түсіп жататыны да рас. Оның əншілік үлгісін ұстанған əншілер Света Мырзабекова, Мұқан Сатыбаев жəне басқалары оны ұстаз тұтады. Алайда, əнші Амангелді Рамазанұлы зейнеткер екеніне қарамастан өзі еңбек еткен аудандық мəдениет бөлімімен байланысын үзген емес. Мəдени шараларға барып тұрады, қолқа салып жатса, өнерін де аямайды. Шамасы келгенше өзінің ізбасарларына ақыл-кеңес береді. Ойыл өңірінде өнердің оты маздап жануына көмегім тисе екен деген перзенттік парызына адал болуға тырысады. Жақында облыс орталығында өткен халық театрларының фестиваліне де əріптестеріне қолдау көрсету үшін барып қайтты. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Амангелді Жұмановтың бұл қасиетін білетін мəдениет саласының басшылары да оны іздеп тұрады. Бұдан артық қандай құрмет керек. Құрмет демекші, əнші-режиссер Абекеңнің республикалық, облыстық байқаулардан оза шауып ал ған мақтау қағаздары мен дипломдары да, тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы медальдары жетерлік. Ол ҚР мəдениет қайраткері атағының иегері. Аудандық деңгейдегі мəдени қызметтің қарбаласы өз алдына, отбасында апталап болмайтын кездері көп кездеседі. Соның бəрінде құдай қосқан қосағы Тыным жеңгеміздің де тындырымдылығы Абекеңнің артына қарайламай еңбек етуіне мүмкіндік берді. Қазір олар немерелерінің қызығын қызықтап отырған ардақты ата мен аяулы əже. Өнерінің арқасында Ойыл өңірінің өркендеуіне үлес қосқан азаматқа деген ауылдастарының құрметі өз алдына бөлек, əрине. Ақтөбе облысы.


14

www.egemen.kz

31 шілде

Н Е К Е АТАМ

2013 жыл  Айтайын дегенім...

«Мен ойлаймын... жўмыс жасаймын...» Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»,

Берік РАХЫМОВ, ғалым.

ШАРЫН ШАТЌАЛЫ

Мўнда 5 миллион жылдан бергі табиєат ескерткіштерініѕ ізі бар Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қызғылт түсті құм жоталарынан түзілген Шарын шатқалына дендеп енген сайын күндердің күнінде бұл қыраттарды да жауын шайып, жел ұшырып əкетер деген бір ой жылт етері хақ. Артынша дəл қазір табанымыз тиіп тұрған Шарын шатқалы – палеолит, мезолит, неолит деп үш кезеңге бөлінетін Тас дəуірінің алғашқысы палеолит (көнетас) б.з.д. 2,6 млн. – 12/10 мыңжылдыққа дейінгі дəуірінің ескерткіші екені санада қылаң береді. Қылаң беріп қана қоймай, жер шарындағы осынау ең ірі экзотикалық орын құпияларын ашуға бастайды. Сусылдаған қызғылт топырақ іспетті көрінетін ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер біртіндеп бағзы замандарда құм тауларынан жасалған ертегілер əлеміне алып кете барады... «Шарын шатқалы туралы мағлұматтар мерзімді басылымдарда ғана емес интернет желісінде де өте көп жазылған. Бірақ соның денінде бірізділік жоқ. Көшірмелер. Негізі табиғат – ананың інжу-маржаны болып саналатын Шарын шатқалы туралы сөз қозғағанда алдымен динозаврлар дəуірінің жұрнағы һəм халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан соғды ерені жайлы айтып қана қоймай сол құндылықты сақтап, келер ұрпақ өкіліне жеткізу мəселесін көтерген лазым. Құдайға шүкір, 1964 жылдан бастап табиғат ескерткіші деп саналып, мемлекеттік қорғауға алынған ерен тоғайы бүгінде 5014 гектар жерді алып жатыр. Тоғайда 7 ересек адам қол ұстаса шеңберлене тұрғанда құшақтары əрең жететін ерен ағашы бар» деді Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары аумағында ҚР Үкіметінің 2004 жылғы № 213 каулысына сəйкес ұйымдастырылып, бүгінде 93,2 мың га жерді алып жатқан Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов. Əсілі, табиғат-ана шебер ғой. Шарын шатқалын қақ жара батыстан шығысқа қарай арындай аққан Шарын өзені теңіз деңгейінен 6995 метр биіктікте жатқан əлемдегі екінші биік шың қасиетті Хантəңірінен бастау алатын Шалкөде, Қарқара, Кеген, Шет Меркі, Орта Меркі, Кеңсу, Темірлік атты үлкенді-кішілі тау өзендерін қосып алып Іле дариясына барып құяды. Бұл жерде ұлылық хақында айта кеткен жөн. Адуынды өзен секілді Шарын шатқалының кереметтігі сол, əлемде соғды ерені сынды табиғат ескерткіші бар Үлкен шатқал Солтүстік Америкада, ал Кіші шатқал Шарында ғана сақталған. Соғды ерен тоғайының ғаламаттығы дейміз бе, мүмкін құдіреттің күші шығар, əйтеуір бұл өңірде өнетін өсімдіктер мүлде бөлек, түрі де мол. Соның əсері болар аң-құстары, тіпті балық, бақа, шаян, құрт-құмырсқасына дейін дараланып, үңіле қалсаңыз көне заман құпияларынан сыр тартатын да тəрізді. Бүгінде Ұлттық бақта 940 түрлі өсімдік өседі, оның 60-қа жуығы эндемиктер. 21 түрлі өсімдік қорғауға алынып Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүт қоректілердің 60, құстардың 300, бауырмен жорғалаушылардың 20, балықтың 10 түрі бар. Бағзы замандарда осы өңірде тіршілік етіп, құдіреттің күшімен жойылып кеткен пілдердің, мастодонттардың, мүйізтұмсықтардың, қорқау қасқырлардың, стенон

жылқысының қаңқалары əр, əр жерлерден табылып, саяхатшы-мамандар пікірлерімен расталғаны тағы бар. Көне тарих жəдігерлері жайлы сөз қозғап отырған себебіміз, атақонысымыз болған ұлттық бақ аумағындағы Сарытоғайға бала күнімізде сан рет келіп, табиғат таңғажайыптарын тамашалап, əдемі бір əсерге бөлене сəбилік сезімді жарыса ағытатынбыз. Келесі кездесуде бірімізден екіншіміз асып түсу, яғни тосын əңгіме айтып, тең-тұсымызды ұйыту үшін қарияларды қажағанда «қызыл қамалдар аңғары», «жалмауыз кемпір шатқалы» деген атауларды еститінбіз. Өңір өзендері батысқа бет алғанда Шарын өзені неге шығысқа қарай ағады? Құдды саңырауқұлақ іспетті қалқайып атты адамнан да биік əрі енді болып тұрған қызғылт құмнан түзілген шыңды алапат дауылды – жел неге құлатпайды? Аң-құсын айтпағанда сан алуан өсімдіктері өзіндік ерекшелігімен неге дараланады деген сұрақтарды ағытатынымыз тағы бар еді.. «Шарын шатқалының климаты – континентальды. Қоңыржай климаттық белдеуге кіреді. Материктің ішінде аумақтың географиялық орнымен, мұхиттарға алыстығымен, төменгі ендікпен, атмосфералық айналымның жағдайымен анықталады. Қысты күні аумаққа Сібір барикалық жоғары сілемдері, жазда Орта Азиялық термиялық депрессия əсер етеді. Көктемі созылып, құбылмалы болады. Кей жылдары үсік жүріп, қар жауады. Күзде қарсы жəне циклонды құбылыстар күшейеді. Ұлттық бақтың негізгі аумағы Іле тауаралық шұңқырының орталық бөлігінен айқын көрінеді. Сонымен бірге, шығыстан батысқа қарай қуаңшылық байқалады. Батысында жəне Сөгеті – Бұғыты сілемдерінде көктемде 325 мм, ал шығысында 125 мм жауын жауады» дейді Ұлттық бақ бас директоры. Шарын шатқалының рельефі туралы сөз қозғалғанда баса назар аударатын ғылыми негіздегі бір мағлұмат: Солтүстік Тянь-Шанның солтүстік-шығыс бөлігі мен Шарын өзенінің орта жəне төменгі ағысы орналасқан жер бедері мен компоненттері еш жерде қайталанбайды. Əрі ландшафтарының қалыптасуы мен дифференциясының негізіндегі марфақұрылымы мен марфабедері ғылыми һəм эстетикалық маңызы зор құбылыс. Зердеге тоқитын тағы бір құндылық қалыптасуы эндогендік жəне экзогендік құбылыстардың арақатынасының ақпарат көзі болып есептеледі. Жер бедерінің осы күнгі бейнесі неоген дəуірінде дифференциялды тектоникалық қозғалыстың нəтижесінде, комплексті денудация жəне аккумуляция процестерінің нəтижесінде қалыптасқан. Тізбелей берсеңіз Шарын шатқалында бірінен екіншісі асып түсетін құндылықтар санатына кіретін соғды еренінен басқа, яғни төрткүл дүниеде сирек кездесетін ауған терегі, əртүрлі жапырақты терек, іле ұшқаты, семенов үйеңкесі, жоңғар реомюриясы, іле сексеуілі өседі. Сонымен қатар, сирек кездесетін қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, үкі, ителгі, жұртшы, орта азиялық бақа, шұбар батбат кесіртке де бар . Қорыта айтқанда, осынау баға жетпес табиғат ескерткіштері қалай қорғалуда? Ұлттық бақтағы Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысында қарақұйрықтар мен текелердің жайылымдарын кеңейтіп, сексеуіл секілді 61 түрлі сирек кездесетін

өсімдіктерді қорғау дұрыс жүйеге қойылғаны қуантады. Негізі Кызыл Қарасай қарақұйрықтың жəне дуадақ, бүркіт, ителгі өмір сүретін өңірі болғандықтан, Ұлттық бақ бас директоры тікелей қамқорлығына алған. Тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаш тектес сораң секілді өсімдіктердің 11 түрі қамқорлыққа алынып, ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидрологиялық нысан да күтіледі. «Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті – табиғи кешендерді қорғау, сақтау, зерттеу жəне қал пына келтіру, ғылыми жұмыс тарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, экологиялық туризмді, рекреацияны, шектелген шаруашылық қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады. Республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жұмыс істейтін 46 адам тұрақты еңбекақыларын алып, өз ара үздіксіз радиобайланыспен, автокөліктермен, мініс аттарымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 6 айында табиғи кешендерді қорғау мақсатында 144 рейд ұйымдастырылып, табиғат заңдылығын бұзушылықтың 2 фактісі анықталды. Соған сəйкес, 2 адамға əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынып, келтірілген залал бюджетке құйылды. Ұлттық бақ бойынша 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалынып, соғды еренінің орман өсірушілікэкологиялық жағдайын бағалау жəне оның табиғи түрде қайта жаңғыру жолын зерттеу, жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу жəне мекендейтін ортасын анықтау, өсімдіктер дүниесінің түрлік гербарий жиынтықтарын жасау жəне төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, балдырлар) дүниесін түгендеу барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда жыл сайын ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізіліп, Табиғат жылнамасы кітабы жасалынады. Ұлттық бақ аумағында 49 шақырымдық 3 туристік маршрут бар. Олар – Шарын ерен тоғайы, Қазақстанның жеті кереметінің қатарына кіретін Шарын шатқалы жəне бейіттер мен қорғандар. Бұл маршруттар Алматы облысында туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Алтынемел, Көлсай көлдері, Шарын атты төрт ұлттық бақ бойынша бірлесіп жасалынған «Жетісудың алтын айналымы» атты біріккен маршрутына енгізілді. Біздің тарапымыздан бағыттарда көру алаңдары, фотосуреттерге түсу орындары, автотұрақ жасалынып, киіз үйлер, айналымдарда 12 орындық 2 қонақ үй ал Ұлттық бақ орталығында 40 орындық қонақ үй жұмыс істейді. Нəтижесінде ағымдағы жылы 1500 турист қабылданып, мемлекеттік бюджетке 265 мың теңге, арнайы есеп шотқа 2000 мың теңге құйылды», деді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов. Тұтастай алғанда, үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл жұмыс ең бастысы тұрғылықты халықпен тіл табыса отырып, саяхатқа келушілердің ешнəрсені бүлдірмеуін жіті бақылауда ұстауды қажет етеді. Ұлттық бақ аумағында 3 га жерде уақытша орман тұқым бағы (питомник) егіліп, əртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету мақсатында 165 текше метр отын дайындалды. Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы кезінде аудан орталығындағы мектептердің қатысуымен парк кеңсесі төңірегіне 550 мың теңгелік 2 мың түп көшет отырғызылды. Тоқтам Бектемісовтің осы еңбегі мемлекет тарапынан да ескеріліп, 2010 жылы Қазақстан Республикасы «Туризмінің құрметті қызметкері», 2013 жылы «Экология саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Табиғат ескерткіштерін көзінің қарашығындай қорғап, табиғат-анаға жантəнімен беріле қызмет етіп, онымен сырласа білетін жанға бұл да бір ілтипат белгісі емес пе?! Алматы облысы.

Əрбір халықтың кір шалмас ары, рухын тоздырмас ұжданы туған тілінен көрінеді. Кеңес дəуірінде қазақ тілінің тағдыр-талайы алаңдатты. Енді бүгін мемлекеттік тілдің мəртебесі үшін күресіп жүрміз. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сөзі жұрт көңілінен шыққан еді. Президент биылғы дəстүрлі Қазақстан халқына Жолдауында да қазақ тілінің келешегіне қатысты кемел пікірлер айтты. Туған тілге байланысты зиялы қауым өкілдері тарапынан мақалалар жазылып, күнделікті өміріміздегі қолданыс аясына байланысты сын-пікірлер айтылып келеді. Əдетте, өткір сындар көшедегі ілінген жарнамаларға, құлақтандыруларға, саудаға жіберілген заттардың сапалық белгісін білдіретін аудармаларға қатысты айтылады. Ресми жиындар мен үлкендікішілі мəжілістердің де басы қазақша басталып, негізгі мазмұны басқа тілмен аяқталуы көңілге кірбің туғызады. Тіл – ұлттың жаны, ең қымбаттысы болғандықтан, халықтың алаңдауы орынды. Мемлекеттік тілге деген құрметтің деңгейін əлгі жарнамалар, аудармалар бұлтартпай дəлелдеп тұрса, арнайы баспалардан шыққан дүниелерде де қателер өріп жүреді. Жылан жылы шыққан күнтізбеге қаралықшы. Екі тілде жарияланған күнтізбеде қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың тегі қате жазылған. (2013 ж. ГНПФ зейнетақы қоры шығарған күнтізбе. Пр. Абая Кунандаева, 9-58, осылай жазылған). Мұндай қателерді тізе бастасаң, оған жауап беретіндер техниканы кінəлайды. Солай болған екен дейік. Жазылған жарықшақ сөйлемдерді жайына қалдырып, осы біз қалай сөйлеп жүрмізге келейікші. Бірде үлкен ғылыми жиын өтетін болып, көпшілік конференцияға жиналды. Арамызда отырған тілші ғалым көптен көрмеген інісін ұшырастырып, шұрқыраса амандасты. – Бауырым, қайда жүрсің, халжағдайың жақсы ма? – деген сауалына əлгі азамат: – Осында оқытушы болып қызмет жасап жатырмын, – деді. – Қызмет қайырлы болсын. Бірақ «жасауың мен жатқаның» қиын екен деген аға əріптесінің əзіліне сол арада тұрғандар күлді. Əйтсе де, əлгі азаматқа айтылған сөз бен жұрттың күлкісі əсер етпеді. Мұндай сəттер күнделікті өмірде көп кездеседі. «Жұмыс жасаймын» деген бүгінде үйреншікті сөзге айналған. Теледидардағы депутаттар мен журналистердің сұхбаттарындағы «жаңағы» сөзінің қайта-қайта қайталануына жұрт күлетін болды. Қазақ

тілінде хабар тарататын арналардағы тележурналистердің сөйлемдеріндегі ақауларға ешкім назар аудармайтын секілді. Əсіресе, тележурналистер тарапынан қылмыс жасағандарға қатысты «Қылмыскерді ұстап, түрмеге тоғытты» дейтін сөйлем үздіксіз ұшырасады. Бұл сөздің қолданысын бір отар қойды қырқар алдында суға тоғытқанда, одан кейін жабағы немесе күзем жүні қырқылысымен арнайы дəріленген суға тоғытқанда естуші едік. Тағы да тележурналист «оқыс оқиғаға байланысты маманданған комиссия құрылды» дейді. Дұрысы «мамандандырылған комиссия» болуы керек. Радио, теледидардан ауа райына байланысты «Ертең Солтүстік жəне Батыс Қазақстан аймақтарында 30-35 градус аяз күтілуде» дегенді естисің. Ауарайының бораны, қары, дауылы, жаңбырына да осы сөз қолданыла береді. БАҚ тілшілерінің сауалдарына жауап беретін жауапты қызмет атқаратын тұлғалар: «Мен ойлаймын...». «Мен ойлағанмын...», «Біз оны жасаймыз» дегенді қолдануды əдетке айналдырған. Осы сөздердің орыс тілінен еніп жатқанын біле ме екен, сол шіркіндер?! Теледидардағы қорытынды жаңалықтарда шетелден əкелінген асыл тұқымды сиырлар көрсетіліп, соңынан Ауыл шаруашылығы министрінің сұхбаты берілді. Тілшінің шетелден əкелінген ірі қара санын көбейту, жыл сайынғы алынатын төлдері туралы сұрағына министр оны да ойластырғанын айта келіп, «Біз өгіздер сатып алғанбыз» деп жауап берді. Мүмкін бұқалар сатылып алынған шығар. Кезінде айтыскер ақын Қ.Əбілов «Бешбармақ» деген атауға қарсы болып, көп күресті. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегеннің кері келіп, біздің телеарнада аспазшылар мен өнер адамдары бірлескен «Бешбармақ» атты хабар пайда болды. Эфирден айғайлата жазылған «Бешбармақ» сөзі шыға келіп, қазақтың ханнан бастап, қараға дейінгі тартылатын қасиетті асы «бешбармақ» болып баттитылады. Күнделікті БАҚ құралдарында көрсетілетін мəдени бағдарламалар, эфирді жаулаған «жұлдыздар» айтқан əндеріндегі мəтінді бұрмалау, əні мен сөзін бірдей шығаратын атаққұмарлар сөз өнерінің сиқын кетіріп, шеңберін тарылтып барады. Бүгінгі жастардың кітап оқымайтыны, классикалық дүниелердің атауларын ғана білетіні бізге мəлім. Шығармашылық ойлау қалыс қалып, ғаламтордың тасқынына иек сүйеу белең алды. Адамның ақыл-ойының толысуына ғаламтордың да пайдасы бар, алайда туған тілдің қадір-қасиеті халық тудырған асыл сөзде емес пе! Тіл құдіреті сөзден, адам бейнесі сөйлесуден танылады. Осыны ұмытпайық, ағайын! ҚАРАҒАНДЫ.

ЌАРАСОРА

ґздеріне сор болып жабысты Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстың Байғанин ауданында қарасора өсіріп, одан есірткі заттарын дайындап, өткізбекші болғандар құрықталды. Мұның өзі қаншама алдын алу шаралары жүргізілгенімен, есірткі заттары мен наша өндірудің өндірістік жолға қойыла бастағанын көрсетсе керек. Сонау Қызылорда облысынан келіп, Байғанин ауданы аумағындағы Қаражар ауылына жақын маңдағы өзен жағасына жайғасып алып, 2 гектар жерге төрт танап қарасора егіп, жасырын есірткі дайындауды кəсіп еткен екі азаматтың арам ойы жүзеге аспады. Олар қарасора егісі маңынан қамыстан күрке тұрғызып, қарасора егілген алқапты екі су сорғымен суарып, 3 мың жасыл бұтаны баптап келген. Енді аз ғана уақыт өткенде, яғни, тамыз айында осы қарасора егіндігінен 350 келіден астам есірткі заттарын дайындамақшы екен. Абырой болғанда қарасораның айналымға түсу жолы кесілді. Қарасора егушілерден екі мылтық тəркіленді. Күдіктілер азық-түліктен қор жасап, сонымен бірге, аң-құс аулап, азықтанып келген. Бұл азаматтар бұрын да түрменің дəмін татқандар көрінеді. Əзірге тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыскерлердің адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін əрекеттерге баруы қауіптендіреді. Шу бойында өсетін жабайы қарасорамен күресіп жүргенде іргеден – ақ қарасора өсіргендердің шыға бастауы бұл бағытта батыл қадамдарға баруды қажет ететіні сөзсіз. Ақтөбе облысы.


31 шілде 2013 жыл

ЫҚ

Р Ы Ғ Ң А

Ж

www.egemen.kz

15

(Мұхаммед (с.ғ.с.), Раббың араға: «Таулардан, ағаштардан жəне лапастардан ұялар жасап ал!», – деп нұсқады (Жаратылыс қабілет берді.) «Сосын əртүрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайлы (деп тапқан) жолына түс!» Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында, мұнда да зерделейтін қауым үшін ғибрат бар. («Нахл» сүресі, 68-69 аяттар)

Апитерапия немесе арамен емдеудіѕ пайдасы

Əлемдегі ең кең тараған табиғи ем, мың бір ауруға шипа – бал арасының өнімдері. Əдетте балдың пайдалы екенін, бал арасымен де ем жасалатынын білеміз. Бірақ соған мəн бере бермейтініміз анық. Соңғы онжылдықта бүкіл əлемде апитерапияға, араға шақтырып емдеу, бал арасының өнімдерімен емделуге, балмен, прополис (ара желімі), ара уы, сүті, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар жəне емдік əсері өте күшті оны медицинада пайдалануға деген қызығушылық арта түсті. Ежелгі Үндістанда бал мен ара сүтін жастық пен денсаулық эликсирі деп атаған. Ал Қытайда 3000 жылдан бері үздіксіз қолданылып келген бұл емдік тəсіл XX ғасырда сəл бəсеңдегенімен, бүгінде қайта жандана бастады. Жапония, АҚШ, Германия, Францияда апитерапия кеңінен қолданылады. Ал бізде бұл жағдай қалай немесе бал арасының өнімдерімен емделудің қандай кереметтері бар деген сауалмен көп жылдан бері сүлікпен емдеп, енді бал арасының өнімдері арқылы ауыр кеселдерді жеңіп шығуға болатынына көз жеткізе бастаған жоғары дəрежелі дəрігер Рүстем ИСАЕВПЕН əңгімелескен едік.

Мезгiл мен мезет Қолына қаламын ұстап, жанына қиялын серік еткен журналист ағайын айналасына ұдайы сергек қарайды. Сондықтан да, өмірде кездесіп тұратын алуан түрлі көріністерге қатысты: «Неге олай? Неге бұлай?» деген сұрақтарды өзіне де, өзгеге де жиі қойып тұрады. Сондай сəттерде пайда болған сауалдардың бірқатарын бүгін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Диссертация дїдəмалы Есімі қалың оқырманға кештеу танымал болған орыстың ұлы жазушысы Михаил Булгаковтың шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Шебер мен Маргарита» романы бүгінде алуан түрлі бояу-тəсілмен безендіріліп, баспадан қайта шығарылып та, оның желісі бойынша талай сценарийлер жазылып, фильмдер түсіріліп те жатыр. Сөз əлемінің құпия сырына қаныққысы келген ғалымдар осы шығарманың негізінде қаншама ғылыми диссертациялар да қорғап үлгерді десеңізші. Ғылымның шалқар айдынында еркін жүзуге емеурін білдіруші оқымысты жұрттың зерттеулері арасында можантопай тақырыптардың болып тұратынын біз кеңес кезеңінде республиканың сол кездегі басшысы Дінмұхамед Қонаевтың жетпісінші жылдардың екінші жартысында өткен партия пленумында жасаған баяндамасынан бірінші рет біліп едік. Сол заманда бір əпенді «Топырақтың шынжыр табанды трактордың бір жүріп өткенінен кейін құнарлануы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғапты. Дəл сол шамада естідік, Өзбекстанда тағы біреу «Пахта териш таги чап қулнинг хизмати» деген тақырыптың арқасында мүдуар, яғни кандидат атағын алыпты. Бұл шіркіндердің бірі осылайша трактор бір жүріп өткеннен кейін жердің қыртысы қалай құнарлана қалатынын, екіншісі мақта терімде сол қолдың қаншалықты маңызды қызмет атқаратынын дəлелдемек болған! Ал осы таяуда Ресей баспасөзінің бетінен мынадай бір «тамаша» тақырыпта ғылыми атақ қорғалғанын оқып, таңғалғаннан жағамызды ұстадық. Ол «Бұзаубастың үй іргелік жердің құнарын арттырудағы рөлі жəне көкөніс-бақша дақылдарының өсуіне келтіретін залалы», деп аталады. Енді бұзаубастың пайдасынан зияны көп жəндік екені рас. Оның одан да басқа зарарлары болуы əбден кəдік. Бірақ əрбір бұзаубас пен атжалманның, кесіртке мен ешкіемердің айналаға келтіретін кесапатын тізіп алып, оны дəлелдеп шыққаннан ғылымның көсегесі көгере қояр ма екен?!

Пржевальский жылќысы Қайсыбір күні «Қазақстан» телеарнасынан Пржевальский жылқысына арналған хабар көрдік. Баяны басқаша болса, оншама көңіл бөлмес пе едік, сөз арасында жүргізуші жігіт осы тіркесті сан қайталап айта бергесін, амалсыз ойланып қалдық.

Шындығында əңгіме тақырыбы болып отырған жылқы есте жоқ ескі кездерден тек Орталық Азия аумағында ғана тіршілік етіп келген екен. Сол бағзы заманнан бар байырғы жануарды XIX ғасырдың үшінші ширегінде осы өңірді зерттеуге келген орыстың белгілі саяхатшысы Николай Пржевальский көре қалады да жұртқа жеткізеді. Тек сол еңбегі үшін ғана оған зерттеушінің есімі таңыла салады. Бұл қалай? Егер аталмыш жиһанкез əлгі жануарды өзі қолдан будан етіп шығарған болса, гəп жоқ, соның аты берілуіне ешкім де қарсы келе алмас еді. Бірақ шын мəнінде саяхатшы оның тек кескінін ғана суреттеп берген ғой. Тіпті, сол жылқының терісі мен сүйегін Петербургке жеткізіп, ғалымдарға таныстырған да саяхатшының өзі емес, оның соңынан Орталық Азияға кейіндеу келген зоолог досы Иван Поляков көрінеді. Аталмыш жылқыны Николай Пржевальский 1878 жылы Моңғолия жеріне екінші мəрте саяхат жасаған кезінде бірінші рет кездестірген. Бір жолы ол шөл далада дүркірей шауып бара жатқан жылқыға ұқсас жануарлар үйіріне қарсы ұшырасады. Бұған дейін Орталық Азия аумағынан құлан, қодас секілді жартылай есек тектес тағылар тобын көп кезіктіріп келген жиһанкез алыстан көз салғанның өзінде, бастары үлкен, тікірейген жалдары қысқа, құйрықтары ұзын шоғырдың шоқтығы бөлек екенін байқайды. Артынан моңғолдар мен қырғыздардың аталмыш хайуанды бұрыннан жақсы білетіндерін, оны екі жұрттың да «кертағы» деп атайтындарын анықтап алады. Осы тұста қазақтардың оған «керқұлан» деген ат бергені де қазір белгілі болып жатыр. Ал Петербургтегі оқымыстылар 1881 жылы бұл жануарды жеке тіршілік иесі деп танып, оған ғылым тілінде «Equus Przewalskii» деген ат қояды. Атақты зерттеушінің қырғыз жеріне бірінші рет қадам басқан кезімен сəйкес келген 1869 жылы Ресей патшалығы Ыстықкөлдің маңайындағы Шу алқабында, Қашғарияға баратын керуен жолдың бойында Қарақол атты əкімшілік-əскери қалашық салуды бастайды. Елді мекен тағы бірқатар уақыттан кейін Пржевальский есімін иеленеді. Ол 1922 жылы қайтадан бұрынғы Қарақол нұсқасына ауысқанымен, 1939 жылы жиһанкездің туғанына 100 жыл толуына байланысты кейінгі қалпына келеді. Осы өзгеріс 1992 жылға дейін сақталды. Қырғыз елі тəуелсіздікке қол жеткізгеннен соң алғашқылар қатарында бұл шаһардың да тарихи аты қалпына келтірілді. Енді түпкі түбіріне қазық байлай алмай тұрған бір ғана атау əлгіндегі жылқыға қатысты болып отыр. Біздіңше, оған өзіне ерте кездері ата-бабаларымыз таңып кеткен кертағы немесе керқұлан атауларының бірін қайтарып беретін уақыт жеткен сияқты.

Паскаль пайымдары Қазіргі мектептерде «Өзін өзі тану» деген сабақ бар. Бірақ бұл осы пəнді толық меңгерген түлектердің бəрі өздерін өздері толық танып шығады деген сөз емес. Өйткені, адамның адам болғалы бері шеше алмай келе жатқан проблемасының бірі осы. Бұған дейін де сан ғасырлар бойы небір данышпандар қаншама рет жаһан жүзіндегі жалғыз ақыл-ой иесінің өмірдегі орны туралы орман ойлардың түпсіз тереңіне шомылып, бастарынан сан талай бу ұшырған. Олардың қатарында бүкіл саналы ғұмырын осы мақсатқа бағыштап, шаштарын аққа малдырған алыптар да аз еместін. Солардың бірі – француздың XVII ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы Блез Паскаль тіпті өмірінің екінші кезеңінде бұған дейін шұғылданып келген математика, физика, механика, əдебиет жəне философия ілімдерінің бəрін жиып қойып, барлық тіршілігін бірөңкей жаратылыс күшінің кісі кірмесін жалпақ жалғанға жібергендегі түпкі мақсатының неде екенін зерттеуге арнаған. Ойшыл оқымысты еңбегінің ернеуін: «Мен кіммін? Мені бұл дүниеге жіберген кім? Менің жаным мен тəнім неден тұрады? Рухым не істейді? Өзім қайда жүрмін? Өлгеннен кейін қайда жəне қалай боламын? Мəңгіге тозаңға айналып жоқ болып кетемін бе, əлде басқа қалыпқа көшемін бе?» – деген қаптаған сауалдарға жауап іздеуден бастайды. Алайда, ізденіс ұзаған сайын мұндай сұрақтардың сорабы созыла түседі. Бұрын Жер күллі əлемнің кіндігі, ал адам Жердің тұтқасы саналып келген еді. Ал Кеңістіктің шексіз екені ашылған соң Жердің сол түпсіз дүниенің титтей ғана бөлшегі екені мəлім болады. Сонда адам баласының Кеңістіктің алдында тозаң құрлы да тұрқы жоқтығы өз-өзінен айқындалып шығады. Француз ғалымының екінші пайымы адамның тікелей өзінен өріледі. Мұнда ол бір басында қашанда жақсылық пен жамандық ұштасып жүретін, қарамақайшылығы көп жұмыр басты пенденің туа табиғатын тануға талпынған. Соңында: «Адамның ұлылығы – оның трагизмінде», – деген тұжырымға тоқтаған. Адам баласы өзін түбінде бір өлімнің күтіп тұрғанын жақсы біледі. Бұл көп жағдайда оның сезімінің ақыл-ойды жеңіп кетуіне апарып соқтырады. Сондықтан гомо сапиенстің күшті жағы əлсіздік болып кететін кездері де аз емес: кейде күш-қайрат əлжуаздыққа айналады, жақсылық жамандық болып қайтады, ақыл сезімнің жетегіне ереді. Философ бұған адамды қоршаған əлемнің əсері көп деген уəж айтады. Себебі, кез келген жағдайда ақиқат салыстырмалы түрде ғана алға қойылады. Абсолютті ақиқат болмайды. Ендеше, адамгершілік моралі қағидаттарының өзі де салыстырмалы нəрсе. Бұл дүниедегі əділдік, зұлымдық, шындық, бақыт, бақытсыздық, тəртіптілік дегендердің бəрі де салыстырмалы түрде ғана айқындалмақ. Адам табиғаты ойлануға, мінез-құлқы қимылға, ал шындығы ил лю зияға бейім. Ғалым осылардың бəрін талдай келіп, адам табиғатының тұнба тылсымын толық шеше алмағанын мойындайды. Ал адам өзіне өзі жұмбақ болудан қалған күні тіршіліктің де мəні жоғалатын шығар.

– Рүстем Қайратұлы, бүгінде сан мың аурудың өршіп кеткені сонша, дертіне дауа таппай, медицинадан күдерін үзіп, жан қайғы болушылар аз емес. Ал Аллаһ тағала пендесін ауру-сырқаумен сынай отырып, оның барлық емін де жаратқан ғой. Мəселен, бал арасының емдік кереметін біз біле бермейміз, соны түсіндіріп берсеңіз? – Араға шақтырып емдеудің ерекшелігі бал арасының уында көптеген ферменттер мен аминқышқылдар бар. Адам ағзасына 24 аминқышқыл қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тіршілігінің қызметі үшін аса қа жет ті. Ара уындағы қабынуға қарсы ферменттер гармондық дəрінің əсерінен 100 есе күшті. Ауырсынуды басатын қасиетін айтсақ, бір ғана морфиннің өзінен 100 есе артық. Ісікке қарсы қасиеті бар, əдетте антибиотик дəріні қолдансаң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді т.б. бактерияларға қарсы емдік қасиеті жоғары. Ара уының биологиялық белсенділік құрамы сыртқы жағдайлардан өзгере қоймайды. Сондықтан 10 күн бойы 100 градустық ыстықта ұстасаңыз да оның бактерияларға, қабынуларға қарсы емдік қасиеті сақталады. Суыққа төзімділігі де дəл солай. Уды бірнеше жыл бойы құрғақ түрде сақтаса да əсері өзгермейді. Ара уымен емдегенде ара өнімдерінің өзге түрлерін қатар пайдаланамыз. Мəселен, Ресейдің Челябі қаласындағы бал арасымен емдейтін халықаралық орталықта сусамырдың (қант диабеті) бірінші түрін емдегенде науқас инсулинмен қатар ара желімін, гүл тозаңы, сүті, барлығын кешенді түрде қолданады. Ара уының ағзаны қалпына келтіру əсері өте жоғары. Жүйке жүйесінің тіндерін қалпына түсіреді. Ұмытшақтық, көру жүйкесінің атрофиясын емдейді. Ыдырату қасиеті жоғары, түрлі киста, ет өскіндері, аналық без бен қалқанша безінің ауруларына қарсы ферменттер, өте пайдалы микроэлементтер бар. Қысқасы, адам ағзасының жалпы тонусын, жұмысқа қабілетін арттырады, ұйқы мен тəбетті реттейді. Қан тамырлары мен артерияларды кеңейтіп, ауру мүшеге келетін қанды жақсартып, ауырсынуды азайтады. Гемоглобинді көбейтіп, лейкоцитоз реттеліп, СОЭ (қабыну белгісі) төмендейді, жүрек бұлшық етін жақсартып, жоғарылаған қан қысымын қалпына түсіреді, зат алмасуға əсер етеді. Қан тамырларының қысылуына себеп болатын қан құрамындағы холестеринді азайтады. – Челябі қаласындағы халықаралық орталық жөнінде айтып қалдыңыз. Сіз сол орталықта тəжірибеден өттіңіз бе? – Челябідегі халықаралық апитерапия орталығына емделуге əлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Голландия, Дания, Германиядан... Мен сол жерде біліктілігімді шыңдап, үш апта профессор Игорь Кривопалов-Москвиннен дəріс алдым. Апитерапия – болашақтың емдеу тəсілі. Ағзадағы бүкіл зат алмасуына əсер ететін, склероз, құяң, аутоиммундық ауруларға, гирудотерапия (сүлік) мен ине терапиясының күші жетпеген

кеселдерді емдеуде нəтижесі жоғары. – Ал осы бал арасымен кез келген адам емделе ала ма? – Əрине. Тек ара уымен емдеуге аллергиясы бар жəне жүкті əйелдерге, қатерлі ісік ауруына болмайды. Ем алдында міндетті түрде биологиялық сынақ жасалады. Ауру тарихын жинаймыз. Псориаз, экземалық жараларға, басқа тері ауруларына, эндокриндік жүйе ауруларын, иммун тапшылығы мен созылмалы шаршау, астма (демікпе), бауыр, асқазан, ішек, ас қорыту жүйесін реттейді. Сосын жарық (грыжа) ауруларына, церебральды сал ауруы (ДЦП)... – Балалардың церебральды сал ауруын емдеп жаза ма? – Облыстан келген 30 жастағы науқас аяғынан тік тұрып кетті. 20 күндік емнен кейін қозғалыссыз аяқтарында тіршілік нышаны байқалды. Əр аурудың түріне қарай қолданылатын аралардың саны да əртүрлі. Мəселен, ревматоидтық артритке 150 араға дейін қолданамыз. Ол тек буын ауруын ғана емес, бүкіл ағзаға əсер етеді. Қан қысымын азайтып, зат алмасуын реттейді. Жүректің ишемиялық ауруын, инфаркт алған науқасты керемет емдейді. Менде бір науқас емделуде, соның қан қысымы 160/100 болса, емдеу нəтижесінде 120/80-ге түсті. Ешқандай дəрі қолданған жоқ. Ара өнімдері жүйкесі жұқарғандар үшін, күйзеліске қарсы қасиеті жоғары. Шизофрения, қояншық, сананың дамымай қалуы, ми, қан айналымдарына оң ықпал ететін əсері бар. Қуаныш гормондарының бөлінуіне атсалысып адамның өмірге құштарлығын арттырады. – Буын ауруларынан, полиартриттен зардап шегіп жүргендерді көреміз. Осы аурудың еміне толығырақ тоқталсаңыз? – Ревматоидтық полиартрит ол өмір бойы гармондық дəрі лер ді қолдануға мəжбүрлейтін аутоиммун дық ауруларға жатады. Егер

ара уындағы фермент гармонның əсерінен 100 есе артық болса, онда өзіңіз бағамдай беріңіз. Əрине емдеу ұзаққа созылады. Буын қызметі жақсарып, ісігі қайтып, сүйек тіндері қалпына келеді. Себебі, ара уында сүйек кемігінің алдын алатын, сүйек, бұлшық ет тіндерін қалпына келтіретін ферменттер бар. – Ал дені сау адамның аурудың алдын алу үшін апитерапияға жүгінуінің маңызына тоқталсаңыз? – Өмір бойы сүлікпен емдеп келсем де, бал арасымен емдеуге ұмтылуым аз уақытта өз нəтижесін бере бастағаны мені қатты қуантады. Өйткені, апитерапия табиғи жолмен ауруға қарсы қабілетін күшейтіп, ағзаның жасаруына жол ашады. Жасушалар ішкі құрылымнан да, сырт жағынан да жаңарады. Сондықтан

адамның жүзі нұрлана түседі. Ресейде апитерапияның кереметін косметологияда кеңінен пайдаланады. Əрине, хирургиялық тəсілдер өз алдына, ал бал арасының өнімдері ағзаны іштен жасартып, токсиндерді сыртқа шығарады. Қанды сұйылтып, микроцеркуляция, қанның толық айналымы жақсарады. Осының өзі көп түйткілдің түйінін тарқататын секілді. – Елімізде апитерапия саласының дамуына қандай баға берер едіңіз? – Бізде апитерапия ешқандай дамымаған. Ал Ресейде сонау кеңес заманында 1956 жылы ресми түрде мойындалып, медицинаның білдей бір саласы ретінде дамыған. Өзге əріптестерім туралы ештеңе айта алмаймын, бірақ Қазақстанда арамен емдеу жоқтың қасы. Бұл өкінішті, əрине. Өйткені, апитерапия əлем бойынша қарқынды дамуда. Германия, Швейцария ғалымдары үлкен қызығушылықпен қолға алса, бізде еш өзгеріс жоқ. – Маман ретінде оның басты себебі неде дейсіз? – Бəлкім, халық толыққанды дұрыс ақпарат алмауынан болар. Тіпті біздің адамдар апитерапияның не екенін білмейді деуге болады. Ресейде халықаралық емдеу орталығында бірнеше науқасқа қарадым. Сонда көктамырдың варикоздық кеңеюі бір емдік курстан соң кішірейіп, ісігі қайтып, ауру синдромы кетіп, тіпті толығымен айығып кетті деуге болады. Ал 82 жастағы психологиялық тұрғыда алжи бастаған науқас екі курстық емнен соң айналаны аңғара бастады, жадысы оралып, аты-жөнін есіне түсіріп, жан-жағындағыларды тани бастады. Одан өзге көргенім, таз болған 7 жастағы баланың шашы шықты. Əдетте шаш құйқасындағы зат алмасуын реттеу кешенді емді қажет ететіндіктен, оған ара уымен қатар, бал, прополис қолданылады. Ішкілік пен темекіге қарсы керемет ем жасауға болады. Оның емдеу тəсілін тауып, арнайы патенттеп алған профессор Кривопалов өз шəкірттерінің арасынан маған ғана ішкілік пен темекіге қарсы емнің құпиясын үйретті. Бұл мен үшін үлкен мəртебе болды. – Ал сіз араны қайдан аласыз жəне табиғаттағы қаңғып жүріп шағып алатын жабайы аралардың апитерапияға қатысы бар ма? – Біз өзіміз бал арасын өсіреміз. Оның арнайы өз тағамы бар. Бұл өзі бал арасы деген өте керемет жəндік қой. Аллаһ тағала оларды тұрған бойы адамға пайдалы етіп жаратқан. Кейбір адамдар менің араға аллер-

гиям бар дейді. Оның түбірі сол адамның аллергиясын қоздыратын өсімдікке бал арасы отырған жағдайдан туындап жатады. Ал жабайы аралар мен соналарға келсек, олар өте қауіпті деп айта аламын. Себебі, жабайы аралар мен бал арасы екеуі екі бөлек жəндік. Жабайы аралар кез келген жерде ұшып, көрінген өсімдікке қонып, тіпті етпен қоректеніп, қоқысқа қона беретіндіктен, олардың уы өте зиянды. Ал бал арасы гүлден өзге нəрсеге қонбайды. Сондықтан табиғаттың тамаша емін біздің халық та жақсы түсініп, денсаулығын жақсартса деп тілеймін. Əңгімелескен Абзал САПАРБЕКОВ.


16 16

31 шілде

АР Ш О Р БА

www.egemen.kz

ХА

2013 жыл

 Табиғат терезесі

у а т ара

Ќ

Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

аңалық  Жағымды ж

 Толғауы тоқсан тіршілік Техника деген күн санап дамып жатыр. Осыдан он-он бес жыл бұрын жалақымызды темір жəшік арқылы аламыз деп ойлаған ба едік?! Банкоматтың бір жақсы жері – көңілі бірде көл, бірде шөл кассир келіншек сияқты қабағын шытпай, айлығыңды алаламай, сөйлеместен береді, əйтеуір. Бірақ, кей кездері темір жəшіктің түймесін басып жатқан адамдарға көзімнің қиығымен қарайтыным бар. Біреудің қанша ақша алып жатқанына емес, қалай алып жатқанына көңіл аударамын. Алайда, сенесіз бе, осы уақытқа дейін бірде-бір мəрте банкоматтың арнайы түймесін басып, ақшасын қазақша мəтін арқылы алған адамды көрген емеспін. Бəрі ақшасын зу еткізіп «орысша» «суырып» алады. Бір-екі адамға айтып көріп едім, қазақша мəтінді басып көрді, бірақ, артынша шатасып қалды. Əрине, бұрынсоңды басып үйренбеген соң сөйтеді. Сөйтіп, қолдарын бір сілтеп, үйреншікті жолына түсті. Елбасымыз «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді қадап айтты. Бұдан артық енді қалай жеткізіп айту керек?! Меніңше, банкомат та бір қазақ сияқты. Оның да қазақша сөйлескісі келеді. Қазаққа қазақ тілінде қызмет көрсеткісі келеді. Бірақ, біз оған орысша сөйлейміз. Қайта тілден қиналып жүрген жандар алғашқы сабағын осы банкоматты «қазақша» басудан бастаса қайтер еді?! Қателестің деп ол ашуланбайды. Əрине, бұл ұсақ-түйек нəрсе сияқты, бірақ, мемлекеттік тілдің мерейін көтеру, құрметтеу, қадірлеу осындай кішкентай шаруадан басталады. Өз басым осыған ұқсас оқиғаларды көп көрдім. Солардың кейбіріне тоқтала кетсем. Бірінші мысал. Қайбір жылы өзбек

ағайындарды жалдап, ауылда қора соқтық. Өзбектің төрт жігіті ауылда екі ай жатты. Ферғана өңірінің тумалары екен, ауылдарында таза суға жарымаған көрінеді. Екі айда таудың таза суын ішіп, «бүйрегіміз ауырғанын қойды» деп айтып жүрді өздері. Біздің ауыл тауға жақын орналасқан,

Ќашан бастаймыз? Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

бұлақтарының бəрі сол жоғары жақтан бастау алады. Екі сайды қуалай орналасқан төрт ауылда басқа ұлттың өкілі жоқ. Бəрі өзіміздің қазақтар, бір атаның балалары, бір-біріне жақын ағайын жандар. Аптасына бір-екі рет барып, соғылып жатқан қораның жағдайын көріп қоямыз. Сондағы таңғалғаным... Соншама қазақтың ортасында жүріп төрт өзбектің бір ауыз қазақша сөйлемеуі болды. Тіпті, қазақша сөйлейін-ау деген ой мүлдем қаперлерінде жоқ. Есесіне ауылдың бəрі өзбекше сөйлеп жүр. Ағам да, ағайындар да құрылысшы жігіттермен сөйлессе де немесе бірнəрсені сұраса да, түсіндірсе де өзбекше шүлдірлей жөнеледі. Тіпті, сексендегі əжеміздің өзбектерді шайға шақырғанда «шойға келинлер» дегенін естігенде не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Екінші мысал. Қалада кей кездері бағыттық таксилерге (маршуртка) мінгенде, оның есігін ашып-жауып əрі ақша жинап орыстың немесе кəрістің жігіттері отырады. Өз басым оларға орысша сөйлемеймін.

 Спорт

«Шахтер» бір адым алєа басты Кеше Қарағандының «Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Албанияның «Скендербеу» клубымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Бұл матч елорданың «Аста на Арена» стадионында аса қызықты жəне тартысты жағдайда өтті. Кездесуде «Шахтер» салған беттен шабуылға шығып, қарсыластар қақ пасына бірінен соң бірі қауіпті жағдайлар жасап отырды. Сондай сəттердің бірінде қарағандылықтардың ойыншысы Джилич есеп ашып, командасын алға шығарды. Осыдан кейін де «Шахтер» албандардың айып алаңынан шықпай, есепті еселеуге бар күшін салды. Бірақ қонақтардың қорғанысын бұза алмаған алаң иелері бірінші таймда жалғыз ғана гол соға алды. Ойынның екінші жартысында Роман Мұртазаев пен Сергей Хижниченко бір-бір голдың авторы атанды. Жалпы, бұл кездесуде «Шахтердің» бұдан да үлкен есеппен

жеңіске жетуге мүмкіндіктері болды. Мəселен, ойынның бірін ші таймында қарсыластар қақ пасына бір емес, бірнеше доп соғуға мүмкіндігі болса да, «Шахтердің» барлық ойыншылары мұндай сəтті тиімді пайдалана алмады. Екінші таймда да жағдай осылай қайталанды. Бұл матчта «Шахтерге» Еуропа командаларымен ойында əлі де тəжірибе жетіспейтіндігін көрдік. Осындай үлкен есеппен жеңуге болатын ойында отандастарымыз үш голды ғана қанағат тұтты. Енді келесі ойын 6 тамызда Албанияның Тирана қаласында өтеді. Осы кездесуде алаң иелері «Шахтерді» 4 доп айырмашылығымен жеңбесе, қарағандылықтар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығады. Егер онда қарсыласын жеңсе, топтық кезеңге, ал жеңілсе, Еуропа лигасының топтық турниріне қатысады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Бəрібір айтатыным екі-үш-ақ сөз. Бірде əлгі жігітке «повороттан тоқтатып жіберші» десем, орысшалап «түсінбедім» дегені. Қайтадан айттым. Ол да жауабын қайталады. Кəріс жігіттің сөзімді ұғып тұрғанын, тек қырсығып, түк білмегенсіп отырғанын бірден түсіндім. «Ей, мен саған қазақшалап

айтып тұрмын...» деп даусымды қаттырақ шығара беріп ем, алдыңғы орындықтарда отырған бір қазақ апай əлгі кəрістің баласына «ол саған «повороттан тоқтатып жібер» деп айтып жатыр» деп орысшалай жөнелгені... Қайтсін енді, «тіл білмейтін» мені мүсіркегені ғой. Көлік бұрылыстан

тоқтады. Мен түсіп қалдым. Бірақ тек қазақ апай ғана емес, «маршрутка» тола қазақ маған аянышты көзбен қарап тұрғанын бірден байқадым. Олардың əрқайсысының көкейінде: «Қайтсін, бұл байғұс, орысша білмегеніне қарағанда оралман болуы керек» деген сөздің тұрғаны анық еді. Тағы бір мысал. Кештетіп алыс ауданның бірінен қайтып келе жатып үлкен бір үлкен дүкенге тоқтадық. Сатушы – орыс қызы екен, ар жағында қарауыл болуы керек, екі-үш қазақ жігіті карта ойнап жатыр. Сатушыға қазақша сəлемдестім. Ол да «Саламатсыз ба?» деді. «Тіскебасар бірнəрсе бар ма?» «Бар». Қыз бəрін қазақша айтып шықты. Тіпті, алған затымыздың қанша болғанын да қазақша айтты. Ақшасын төлеп жатсам, əлгі жігіттердің бірі: «Е, Таня, сен қазақша біледі екенсің ғой» деді. «Иə, білемін» деді қыз жымиып. «Онда неғып бізге қазақша сөйлемейсің?» «Не қыламын сендерге қазақша сөйлеп, өздерің үнемі орысша сөйлейсіңдер». ...Осыдан кейін қазақ тілінің кең қанат жаюына Үкімет, билік қаншама күш жұмсасын, қаншама бағдарлама енгізсін, əрбір қазақтың бойында ана тіліне деген жанашырлық, қамқорлық болмай істің бəрі бекер екен-ау деп ойға қалатының анық. Яғни, Қазақ тілінің қамқоршысы ең алдымен Қазақ болуы тиіс. Ендеше, Сіз ана тіліңіздің абыройын арттыруға қандай үлес қосып жүрсіз? Қазақша сөйлеуді қашан бастаймыз? Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Жарыстар күнделігі  Бразилияға баратындар белгілі. Дзюдодан Рио-деЖанейро қаласында өтетін əлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі жарияланды. Бас жаттықтырушы Ермек Иманбеков 26-31 тамызда өтетін чем пионатқ а Ел дос Сметов, Асхат Телманов ( 60 кг), Сергей Лим, Азамат Мұқанов ( 66 кг), Ертуған Төренов (73 кг), Дəулетхан Жақыпов (81 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Максим Раков (100 кг) жəне Ержан Шынкеев (+ 105 кг) баратынын хабарлады.  АҚШ – кубок иегері. Жақында АҚШ құрамасы осымен бесінші рет қатарынан өз елінде өткен КОНКАКАФ кубогын жеңіп алды. Бұл додаға Солтүстік Америка мен Кариб теңізі аумағы елдерінің құрамалары қатысады. Биылғы турнирде жылдағыдай 12 команда күш сынасты. Финалда АҚШ Гондурас командасын 1:0 есебімен ұтты. Биылғы құрлықтық турнир осымен 22 рет өткізілсе, оның соңғы бес жарысын АҚШ қабылдап келеді.  Төрт шабандозымыз жеңімпаз. Жақында Ресей Федерациясы Рязань облысының Спасск-Рязаньский қаласында ат жарысынан өткен халықаралық жарыста біздің елдің төрт шабандозы жеңімпаз атанды.

Командалық есепте Есенаман Қой шиев («Үштоған»), Бектас Мұқырбаев («Жары»), Əнес Ереков («Жас Аққанат») пен Наталья Долгих («Чекист») жеңіске жетті.  Жартылай финалға жолдама алды. Қазақстандық бокс федерациясы кубогының жартылай финалында Астана, Маңғыстау, Қарағанды жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары кездеседі. Бұл жекпе-жектер 14 желтоқсанда Астанада өтеді. Осы күні жартылай финалда Маңғыстау жəне Қарағанды облыстары, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының құрамалары күш сынасады. Келесі күні сол жерде Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалы өтеді.  Əзербайжан əзірленеді. Жуырда Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясы бас қауымдастығының мəжілісінде 2015 жылы Бүкілəлемдік ислам ойындарын өткізу құқығын Баку қаласы жеңіп алды. Ал биылғы Ислам ынтымақтастығының кезекті ойындары Индонезияда өтетін болады. Осы мəжілісте, сондай-ақ, əзербайжандық Шыңғыс Хұсейнзада ISSF-тың вицепрезиденті болып қайта сайланды.  Əлем чемпионатына барады. Жақын арада Ресейдің Мəскеу қаласында жеңіл атлетикадан

өтетін əлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды. Жаттықтырушылар кеңесінің шешімі бойынша, чемпионатқа мына спотшылар қатысады. Олар – онсайысшы Дмитрий Карпов, Георгий Шейко мен Виталий Аничкин (спорттық жүріс), Михаил Красилов (марафон), Роман Валиев (үш қарғып секіру), Никита Филиппов (ұзындыққа секіру), Константин Сафронов (биіктікке секіру), əйелдерден жүгі руден Қазан Универсиадасының чем пионы Маргарита Мұқашева, Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, спорт тық жүрістен Айман жəне Шолпан Қожахметовалар, Галина Кичигина, Анастасия Сопрунова (кедергілерден өтіп жүгіру), Ирина Карпова (жетісайыс), Ирина Эктова (үш қарғып секіру) мен биіктік ке секіруден Марина Аитова қатысады.  Жүлде жауған күн. Қазақстанның дзюдодан жасөспірімдер құрама командасы Таиланд жəне Че хия да өткен халықаралық турнирде барлығы 11 медальді жеңіп алды. Қыздар құрамасы Бангкокте өткен сынға қатысып, екі алтын, үш күміс жəне үш қола жүлдені иеленсе, Либерецте өткен турнирде жасөспірімдер командасы бір күміс жəне екі қола медальге ие болды. «Егемен-ақпарат».

нты Жапон гра рілді руханаєа бе у аудандыќ а Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Жапония үкіметі Ақмола облысындағы Есіл аудандық ауруханасына халықаралық «Шөп тамырлары» бағдарламасы бойынша грант бөлетін болды. Соның арқасында медицина жабдықтарын жаңғырту жəне мекеменің материалдықтехникалық базасын нығайту жобалары бойынша 31 миллион теңгеден астам қаржы есілдіктер игілігіне жаратылмақ. Жаңа жабдықтар алдағы тамыз-қыркүйек айларында жеткізіледі деп күтілуде. Аса қажет құралдардың ішінде қанның биохимиялық сараптамасын жеделдететін коагуломтрлер, КФК-5 фотометрі, тіс

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Ақмола облысы, Есіл ауданы.

 Оқыс оқиға

ы ќаза є а д м ы р ы ќ 3565-ші ша соқтығысып қалды. Оқиға болКөсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тараз-Шу бағытында сапарға шыққан пойыз Ақшолақ пен Ақыртөбе темір жол стансалары аралығындағы 3565-ші шақырымда Audi автокөлігімен

ған жерде жеңіл мəшиненің жүргізушісі мен оның қасындағы екі жолаушы қаза тапты. Жол-транспорт оқиғасы басқа пойыздардың қозғалысына кедергі келтірген жоқ. Жамбыл облысы.

 Қылмыс

нды ы ќ с а ќ ы т ќ Алая Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде оңай олжаға құныққандардың дəніккендері соншалық, алдап-арбаудың түрлі əдісайлаларын меңгеріп, қарапайым халықты қан қақсатуда. Бұған дəлел ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, таяуда ІІД-нің кезекші бөліміне 34 жастағы Ембі тұрғыны хабарласып, 19 сəуірде Əуе қалашығы ауданында 33 жастағы əйелдің оған несие алып беруге көмектесетінін айтып, 52 мың теңгесін алып кеткендігін хабарлады. Криминалды полиция күдіктіні қолға түсірді. Ілешала полиция қызметкерлері 35 жастағы тағы бір əйелді ұстаған. Ол тыйым салынған пəтерді алып беремін деп, екі əйелдің бірінен 80 мың, екіншісінен 800 мың теңге алып, алдап кеткен. 46 жастағы тағы бір ақтөбелік жөндеу жұмыстарын жүргізуге уəде беріп, 28 жастағы жігіттің 200 мың теңгесін қағып кетіпті. Полицияға шағыммен келген 38 жастағы əйел өзінің танысы

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

емдеу жабдықтары, «ЛОР-комбайндар», сəуле шашыратқыш шамдар, электрокардиограмма мониторингі, перзент хана əмбебап кереует-трансформері, тағы басқалары бар. Мамандар бұл жабдықтар аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыратынын айтып отыр. «Шөп тамырлары» қайтарым сыз бағдарламасы Қазақстанда 1997 жылдан бастап жүзеге асы рылып келеді. Ол шағын ауқымдағы əлеуметтік жобаларды қолдауды көздейді жəне қарапайым халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат санайды.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

35 жастағы құрбысының үйіне келіп, «Нұрбанк» АҚ арқылы төмен баға бойынша пəтер алуға көмектесетінін айтып, 80 мың теңгесін қолды қылғанын айтқан. Ал 26 жастағы қыз бала 27 жастағы таныңқырамайтын бір жігіттің несиені төлеп тұрамын дегеніне сеніп, оның атына «Каспий банкінен» несие рəсімдеп, «Сулпак» сауда үйінен түрлі-түсті теледидар алып берген. Қыз сеніміне кірген азамат кейін ізін суытып, көрінбей кеткен. Ақша табудың арам жолын таңдаған ақтөбелік алаяқ тар беттің арын белге түйіп, аңқаулардың аузын айға қаратып кетуге əбден дағдыланып алған. Қазір кім-көрінгенге сенетін кез емес. Сондықтан «майшелпек» жаудыруға дайын «пысықтарға» алданып қалмауға тырысу керек. «Бұл не деген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» дегендей, заңды айналып өтіп, игілікке қол жеткіземін деу əурешілік екенін ұдайы есте ұстаған жөн. Ақтөбе облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Жақсыбай САМРАТ, Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №111 ek

31072013  

3107201331072013

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you