Page 1

24 саєат №186 (28664) 30 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

NEW FUTURE

НЎРСЎЛТАН НАЗАРБАЕВ ƏЛЕМДІК ЌОЄАМДАСТЫЌТЫ ЖАЅА БОЛАШАЌ ЖОСПАРЫН ЖАСАУЄА ШАЌЫРДЫ Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатының түйінді басымдықтарының бірі. Ұйымның қызметін қай жағынан да толықтай қолдайтын Астана БҰҰ-ны халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, орнықты даму мен əлемдік қоғамдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тікелей жауапты жаһандағы жалғыз əмбебап сан қырлы институт ретінде қарастырады. Əсіресе, соңғы жылдарда еліміздің БҰҰ-мен өзара іс-қимылы мазмұны жағынан анағұрлым байи түсті, бүгінгі таңда əріптестіктің жаңа деңгейіне көтеріле алатындай əлеует бар деп те айтудың жөні келеді.

отарсыздану жүзеге асырылғаны, БҰҰның бүкілəлемдік мінберге айналғаны анық. Бұл аз ба? Аз емес. Жоқ, аз емес деудің өзі аз. Бұл – ұлы міндеттердің жүзеге асырылуы. БҰҰ жетпіс жылда жүріп өткен жолға осындай жинақтаушы бағаның дəл осы сессияның барысында бір берілуі əбден орынды болды.

Еѕ басты байлыќ – бейбітшілік

Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен.

Бас мінберден берілген баєа

халықаралық өмірдің сан қырына əдемі əсер етіп келеді деудің ешқандай артықтығы жоқ. Нью-Йорктен жолданып, газеттің кешегі нөмірінде жарияланған «Жер-жаһанның жиыны» атты репортажымызда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан атынан енгізген ұсыныстары арқылы БҰҰ қабылдаған шешімдердің бірқатарын көзінен тізіп өткендіктен, ол тақырыпқа қайта оралып жатпаймыз. Осы жылдар ішінде Елбасымыз Қазақстанның БҰҰ-мен сан қырлы ынтымақтастығына көп көңіл бөліп келді, Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ штаб-пəтеріне 7 рет ресми сапар жасауы, Ұйымның Бас Ассамблеясының жұмысына 6 рет қатысуы соның бір дəлелі. БҰҰ Бас хатшылары Қазақстанға бірнеше рет сапар жасады. Қазіргі Бас хатшы Пан Ги Мунның, тіпті, бір жылда (2010) бізге екі рет келген кезі де болған. Ол Қазақстанға биыл да келіп, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысып қайтты. 2011 жылдың наурыз айында тағы бір жақсы жаңалық жетті – Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женева бөлімшесінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті 2013 жылдың қазан айына дейін атқарған Қасым-Жомарт Кемелұлын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Женева бөлімшесін соғыстан кейінгі кезеңде басқарған адамдардың арасындағы ең жемісті жұмыс істегені деп бағалағанын да газет оқырмандарына айта кетуді артық көрмей отырмыз. «Соғыстан кейінгі кезеңде» дегенге таңданып, «БҰҰ-ның өзі соғыстан кейін құрылған жоқ па еді?» деп қалмаңыз,

бұлай бөле айтудың себебі бар – БҰҰ-ның ізашары болған Ұлттар Лигасының штабпəтері Женевада орналасқан болатын. Ел абыройын асырған бұл баға ең алдымен осынау аса лауазымды қызметке Қазақстан өкілін ұсынып, БҰҰ тарихында тұңғыш рет Женева бөлімшесінің басшылығына бүкіл Азия елдерінің арасынан біздің азаматымыздың тағайындалуына қол жеткізген Елбасымыздың БҰҰ басшылығы алдындағы, халықаралық қоғамдастықтағы биік беделінің арқасы екені талассыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың алдыңғы күні əлемнің бас мінберінен сөйлеген сөзі Елбасымыздың дүйім дүние дидарындағы абыройын асыра түсетін болады. БҰҰға бұрын келгенімізде де көргенбіз, осы жолы да үш күннен бері таңертеңнен кешке дейін баспасөз қызметінің атшаптырым залында отырып, планета елдері көшбасшыларының кейбірі сөйлеген кезде бірқатар журналист ағайындардың талайы орнынан тұрып, бой жазып келетініне, кофе ішіп, сергіп қайтатынына көзіміз үйреніп те қалды. Баспасөз қызметін айтасыз, мұндағы басты залдың өзінде шешендер сөйлеп жатқанда сыртқа шығып жүре беру табиғи жай саналады. Назарбаев сөйлегенде журналистердің бəрі үлкен мониторларға көз тіге қалды. Елбасымызға дейінгі сөйлеген шешендер БҰҰ Бас Ассамблеясының бұл сессиясы 70-ші, мерейтойлық сессия екенін онша ауызға ала қоймаған болатын. Адамзат мұншама мəселеге алаңдап отырған мына аласапыранда қайдағы жетпіс жылдық, қайдағы мерейтой деген қисынға салса керек, тегі. Дегенмен, осындай белесті бір

кезеңдерде өткен уақытқа оймен оралып, Ұйым жұмысының негізгі қорытындыларына баға берудің əбден-ақ жөні бар емес пе? Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің ə дегеннен баршаны үйіріп алғанының бір себебі алдымен осы жайдың басын аша айтқаны дер едік. Қазақстан басшысы өз сөзінің кіріспе бөлігінде былай деді: «Біріккен Ұлттар Ұйымы қазірдің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мəні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар жетпіс жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, əлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымын 70 жыл бұрын 51 мемлекет құрды. Ол кезде əлемнің көп бөлігін колониялар мен тəуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде əлемдік қоғамдастықта 193 тəуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіпсіздік пен даму үшін баршаға қажетті үнқатысудың бүкілəлемдік мінберіне айналды. Адамзат одан өзінің əралуандықтағы бірлігін, біздің ғажап бірегей планетамыздың тағдырына қатыстылығының ортақтығын сезінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін салушылар алдағы алыс болашаққа ой көзімен қарай білді. Əлем бүгінде олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр». Не нəрсеге де көңіл толмаушылық білдіруге болады, атқарылған қандай іске талап қоя беруді де орынды дейік, əйтсе де барды бар деу жөн. БҰҰ құрылғалы бергі жетпіс жылда əлемде дүниежүзілік соғыс өрті тұтанбағаны, аса ауқымды

● Əлем жəне Қазақстан

Есіл-Нева: келешектіѕ кґкжиегі кеѕ Үстіміздегі жылғы 23-25 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Əбдіқалықова жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық əйелдер форумына қатысып, баяндама жасаған болатын. Сапары барысында Гүлшара Əбдіқалықова аталған қалада тұратын отандастарымызбен жүздесіп, ТМД-ға қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің төрайымы, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.И.Матвиенкомен кездескен еді. Гүлшара Наушақызы сапарының соңында аталған форумға арнайы келген бірқатар елдердің делегация басшыларымен де кездесулер өткізген-тін.

Ежелгі көрші, етене əріптес са налатын Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының сан алуан салада жаңа белеске шығып, жандана түсуіне екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арасында жасалып келе жатқан стратегиялық

маңызды уағдаластықтар елеулі рөл атқаруда. Тамыры тереңге кеткен екіжақты экономикалық, əлеуметтік, мəдени байланыстар бұл жолы тағы бір жаңа арнамен толықты. Ресейдің солтүстік астанасы саналатын Нева жағалауындағы Санкт-Петербург қаласында

тұңғыш рет өткізілген Еуразиялық əйелдер форумы – əлеуметтік қауіпсіздік пен орнықты даму, сенім мен ілгерілеушілік жолындағы халықаралық ынтымақтастық, өзгермелі экономика тұсында əйелдердің қатысу мүмкіндігін кеңейту жəне басқа да əлеуметтік маңызды мəселелерді басты тақырып етіп алды. Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова бастап барған қазақстандық делегацияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың жəне Ұлттық банктің басшылары, Ұлттық комиссияның мүшелері енді. Ал аталған форумға əлемнің 77 елінен 700-ден астам делегат қатысты. Бұл мəртебелі форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассам блея сы Кеңесінің шешімімен ұйымдастырылды. (Соңы 3-бетте).

● Оймақтай ой Даңққа жеткізетін жол еңбекпен салынады.

(Жалғасы 2-бетте).

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

Ойрат одағы Қыл байрақты, құрым тоқымды қалмақтар кім?

7-8-беттер

Публилий СИР.

11-бет

Ұлылар ұластығы

ЌАЛТАРЫСТА ЌАЛМАЙТЫН Аќын ЌАЋАРМАНДАР атаусыз, кесене ќараусыз 6-бет

Мұның басты кепілі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің сыртқы саясатын ұдайы басты назарда ұстауы. Бұл арада «басты назарда» деген сөз тіркесін журналистік штамп деп қарай салудың жөні жоқ. Былайша қарағанда, Президент ел дамуына қатысты барлық мəселелерге бірдей қарауға тиісті. Солайы солай. Бірақ сол мəселелердің арасында да мəселенің мəселесі бар. Мемлекет басшысының тікелей өзі ұдайы басты назарда ұстамаса болмайтын ол мəселе – сыртқы саясат. Сондықтан да Елбасымыз егемендіктің елең-алаңында-ақ, Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісінде сөйлеген сөзінде «Сыртқы саясат – Президент саясаты» деп басын ашып тұрып айтқан. Сыртқы саясатты ел Президенті өзі айқындайды, қалыптастырады, жүргізеді. Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы қомақты табыстарының арқауын іздегенде бізді егемендік жолына өзімізбен қатар түскен елдердің алғы легіне шығарған факторлардың арасынан сарабдал сыртқы саясатты алдымен айтатынымыз анық. Осы ширек ғасырдай уақыттың ішінде таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы, халықтың ұйқыға алаңсыз жатуы ең алдымен елдің айналасын таспен емес, доспен қоршаған, жан-жағымыздағы шекараны біржолата шегендетіп берген, алыс-жақындағы елдердің бəрімен бірдей өзара тиімді ынтымақтастық орната алған, Қазақстанды халықаралық қоғамдастықтың лайықты да белсенді мүшесіне айналдырған Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси қызметі екендігі айдан анық. Елбасының бұл қызметі елдің өзіне қатысты мəселелерді шешумен қатар,

Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің терроризм қатеріне байланысты айтқан тұсы кім-кімді де ойлантарлықтай. «Жетпіс жыл бойы əлемдік қоғамдастық əскери қақтығыстарды ақылға қонымды шешудің түйінін табуға тырысып келеді. Бірақ қақтығыстар азаяр емес. Олар кейбір елдерде мемлекеттілікті күйретудің салдарынан шектен шыққан халықаралық терроризмге ұласуда» – бұл сөздерге ендігі жерде талай-талай сілтеме жасалатынын осы бастан-ақ айта беруге болады. «Мемлекеттілікті күйрету», «шектен шыққан халықаралық терроризм» деген сөздердің салмағын сезіну үшін сыртқы саясаттың жілігін шағып, майын ішу тіпті де міндет емес. Сонда қалай ету керек? Не істеу керек? Қазақстан басшысы бұл орайда мынандай ойларын əлемдік қоғамдастық талқысына салып отыр: «Адамзат соғыстардың алдын алу жəне қақтығыстардың салдарын еңсерудің ескірген тəсілдерінен оларды мəнмағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өтуге тиіс. Ол үшін алыстағы болашаққа батыл көз салып, Біріккен Ұлттар Ұйымына 100 жыл толатын кездегі əлемнің қандай болатынын көре білуіміз керек. Мен Жер бетіндегі өркениет таяудағы отыз жылда соғыстар мен қақтығыстардың шиеленген түйінін даналықпен тарқату үшін күш-жігер таба алатынына сенімдімін. ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті əлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын жəне оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын əзірлеуді ұсынамын. Оның мəні – барлық ұлттардың əлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға жəне нарықтарға қол жеткізуінің əділ шарттары негізінде əлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ, адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру». Дəл осылай айтылды. Зулап бара жатқан заман. БҰҰ-ның 100 жылдығы деген де жетіп келеді əлі. Бұйыртса, ол күнді біз де көріп қалармыз, көре алмағандарымыздың балалары көрер, немерелері көрер. Елімізді ойласақ, өзімізді ойласақ, балаларымызды, балаларымыздың балаларының балаларын ойласақ, біз бұл туралы толғанбай тұра алмаймыз. Сол кезде мына əлем қандай болады?

 Таулы Қарабақта тағы да кикілжің көрініс берді. Дүйсенбіге қараған түні Армения мен Əзербайжан арасында пайда болған қарулы қақтығыс кезінде екі жақтан оншақты əскери қызметкер қаза тапты. Соңғы жылдары Таулы Қарабақ пен оған жапсарлас жатқан жеті аудан – Əзербайжан аумағының 20 пайызы Армения қарулы күштерінің бақылауында.  Ауғанстанның əскерилері талибтер басып алған Құндыз қаласына қарсы шабуылға шықты. Ауғанстан қорғаныс министрлігінен хабарланғанындай, Құндызға жақын маңға жаңа күштер жеткізілген. Əскерилер қазірдің өзінде түрме мен полиция басқармасының ғимаратын қайтарғаны туралы мəлімдеп отыр.  Иран президенті Хасан Рухани өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясы алдындағы сөзінде Меккедегі қажылыққа барушылар арасындағы жүздеген адамның қазасына алып келген оқиғаға жол берді деп Эр-Рияд тарапына сын садағын қадады. Ал ол АҚШты Ирак пен Ауғанстанға баса-көктеп кірді деп айыптай келе, Вашингтонның террорлық саясат жүргізіп келе жатқанын көлденең тартты.  Ресей Федерациясының көлік министрлігі үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің тапсырмасы бойынша 25 қазаннан бастап Украина əуе компаниялары үшін Ресейдің əуе кеңістігін жабатын болды. Ал бұған дейін Украина мемлекеттік əуе қызметі 25 қазаннан бастап Ресей əуе тасымалдаушыларының Украинаға ұшып баруына тыйым салған еді. Ресей жағынікі Украина шешіміне жауап болып табылады.  Катар алдағы бес жыл бедерінде АҚШ экономикасына шамамен 35 миллиард доллар салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Блумберг» хабарлады. Аталған елдің арнайы қоры Нью-Йоркте өзінің кеңсесін ашып үлгерсе, ол Америкадағы жаңа жəне бұрынғы инвестициялық əріптестермен байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді.  Куба НАТО мен Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының кеңейтілуіне қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Куба мемлекеттік жəне министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы барысында мəлімдеді. «Біз аталған елге қатысты əділетсіз де біржақты мұндай шешімге наразымыз», деп атап көрсетті Кастро.  Ресей президенті Владимир Путин жаңа пре зиденттік мерзімге қалатынқалмайтынын елдегі, сондайақ, əлемдегі жағдайларға жəне өзінің көңіл-күйіне байланысты шешетінін мəлімдеді. Ол бұл мəлімдемесін америкалық журналист Чарли Роузға берген сұхбатында жасады. Путин, сонымен қатар, өзі кеткеннен кейін Ресейді бəсекеге қабілетті, дамыған мемлекет ретінде көргісі келетінін де жасырған жоқ.  НАСА Марс планетасында маусымдық кезеңдерде пайда болатын тұзды сұйық су анықталғанын мəлімдеді. Бұл сұйықтық жылдың жылы кезеңдерінде көрініс берсе, суық түскен соң ғайып болады екен. АҚШ-тың ғарыш агенттігі бұл жаңалығын арнайы ұйымдастырылған баспасөз мəслихатында жария етті.

10-бет

9-бет

СОҒЫСТЫҢ СҰҒЫ ТИГЕН 14-бет


2

30 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл

NEW FUTURE

НЎРСЎЛТАН НАЗАРБАЕВ ƏЛЕМДІК ЌОЄАМДАСТЫЌТЫ ЖАЅА БОЛАШАЌ ЖОСПАРЫН ЖАСАУЄА ШАЌЫРДЫ (Жалғасы. Басы 1-бетте).

Дүние осы қалпымен бір дағдарыстан кейін бір дағдарысқа ұшырап, біресе ана жақтан, біресе мына жақтан шиеленіс оты тұтанып, ауық-ауық соғыс өрті өршіп, адамзат сол өрттерді өшірумен өкпесі өшіп жүре бере ме, жоқ əлде, Назарбаевтың сөзімен айтқанда, соғыстардың алдын алу жəне қақтығыстардың салдарын еңсерудің ескірген тəсілдерінен оларды мəн-мағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өте ме? Бұл өзі баяғы Гамлеттің «Боламыз ба, бордай тозамыз ба?» деген сұрапыл сұрағының («Быть или не быть?») тап өзі. Қазақстан басшысы əлем қоғамдастығының алдына осы сұрақты көлденең тартып отыр. Күтеміз. Ұзақ күтуге тура келетінін біле тұра күтеміз. Тек көппен бірге күтіп отыра бермейміз, сол сұрақтың жауабын жаһан жұртшылығымен қосыла іздейміз. Түптің түбінде табамыз. «Ядролық қарусыз əлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге шақырамын» – Елбасымыздың алдыңғы күнгі сөзі «Егемен Қазақстанға» осындай тақырып қойып жарияланды. Қай кезде де бейбіт өмірдің қадірі бөлек қой дегенімізбен де, қазіргі таңда адамзаттың басты мақсаты сəл басқашалау болып бара жатқандай да əсер қалдырады кей-кейде. Адамның жаратылысы сондай, ол кез келген нəрсеге үйреніп алады. Ана жылы Ауғанстанға барғанымызда біздің елшілік қызметкерінің: «Мұндағы жұрт соғыс жағдайына да əбден үйреніп алған», дегеніне таң қалып едік. Соғысыңыздың өзіне сөйтетін адамның бейбіт өмірге үйреніп алатыны былай тұрсын, ол өмірді үнемі, өзінен өзі осылай болуға тиістідей көріп кететіні тіпті анық. Үлкен соғыссыз өткен осы жетпіс жылдың ішінде адамзат баласы бейбіт əлемге əбден бой үйретіп, бар назарын экономикаға аударып алғандығы тағы талассыз. «Басты байлық – денсаулық», ал ең басты байлық – бейбітшілік. Адамның басты құқы – өмір сүру құқы. Ядролық қаруға ие мемлекеттердің көбейіп бара жатқанын, ол қарудың жан-жағымен жанжалдасып жүрген елдердің қолына, тіпті, жаман айтпай жақсы жоқ, терроршылардың қолына түсуі мүмкін екенін ескерсеңіз, Қазақстан Президентінің əлем жұртшылығы алдына бəрінен бұрын бейбітшілікті сақтау міндеті ғасырдың басты мақсаты болуға тиіс екендігін айтуының мəн-маңызы біліне түседі.

Даєдарыстан шыєудыѕ кілті Елбасымыздың сөзінде жаһандық экономика мəселелеріне қатысты ірі-ірі ұсыныстар ортаға тасталды. Мысалы, Жаһандық даму кеңесін құру, оған дүниежүзіндегі экономикалық реттеуші міндеттерін жүктеу ұсынылды. «Əлемді алаңдатып отырған маңызды мəселелер – терроризм, мемлекеттердің күйреуі, көші-қон жəне өзге де келеңсіз құбылыстар экономикалық дағдарыстың, кедейшіліктің, сауатсыздық пен жұмыссыздықтың салдарлары болып табылады. Жаһандық дағдарыспен күресті қазіргі кезде заңдылық, демократиялылық, бəсекелестік, тиімділік жəне халықаралық бақылау ұстанымдарына сай келмей отырған эмиссия мен əлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет. ХХI ғасырда əлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Деп қана қойған жоқ, Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлтүстілік əлемдік валюта əзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет деп санайтынын мəлімдеді. Бұған дейін Президенттің «Дағдарыстан шығудың кілті» атты мақаласында қозғалған, Астана экономикалық форумында айтылған бұл ұсыныс енді əлемнің басты мінберінен жария етіліп отыр.

Оларға қолдау көрсеткендерге қатысты ең қатаң санкциялар қолданылатынын нақтылап бекіткен жөн екенін атап көрсетті. Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмнің салдарымен ғана күресіп қоймай, оның бастапқы себептерін жою қажеттігін де айтты. – Бұл орайда мемлекеттердің қандай елде болмасын, мемлекеттілікті күйретуге əкелетін кез келген күштің конституциялық емес жəне құқықтық емес əрекетін қолдаудан түпкілікті бас тарту маңызды мəнге ие, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның террорға қарсы мемлекеттер коалициясына он төрт жыл бұрын, 11 қыркүйектегі қасіреттен кейін мүше болғанын еске салды. – Биылғы маусым айының аяғында Астанада Орталық жəне Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі өңірлік конференциясы өтті. Біз қазір де зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен халықаралық терроризмді жою жөніндегі ұжымдық күш-жігерді қолдайтынымызды тағы да мəлімдейміз, – деді Қазақстан Президенті.

Обамамен ойласу

Ұлтүстілік əлемдік валюта идеясы ана жылдары біздің елімізге келген бірқатар Нобель сыйлығы лауреаттарының тарапынан да қолдау тапқаны есімізде. Əрине, кез келген көзі қарақты адам бүкіл əлемге əсер ететін мұндай ұсыныстардың жылдар, бəлкім, тіпті, ондаған жылдар бойы талқыланатынын, оны шешу тұрмақ, бұл мəселені күн тəртібіне енгізудің, қарауға кірісудің өзінің қырық қатпар қалтарыстары бар екенін жақсы біледі. Бүкіл шығынының ширек бөлігін бір ел, оның үстіне доллар станогының монополиясына ие ел көтеріп отырған БҰҰ-ның бұл қадамға баруы (қазірше шешуді емес, қарастырудың өзін айтып отырмыз) оңай болмайтыны да белгілі. Соның өзінде де Қазақстан басшысы айтқан осы идея ендігі жерде жаһандық деңгейге шығарылғанының өзі Елбасы сөзінің жаңғырығы ұзаққа баратынын дəлелдейді. Солай болып та жатыр. Қазақстан басшысының БҰҰ-ның жоғары мінберінен сөйлеген сөзі шетел БАҚтарының айтарлықтай назарын аударды. Мəселен, «Ассошиэйтед Пресс» (АҚШ), «Синьхуа» (Қытай), «Жаңалықтар» (Ресей), ЭФЕ (Испания), «Джихан» (Түркия), «Азаттық радиосы» (АҚШ), БҰҰ-ның ресми вебсайты, беделді «Дипломат» онлайн-порталы (Жапония) жəне басқа да бірқатар БАҚ-тар Елбасының сөзіне өздерінің оң пікірлерін білдірді. Халықаралық БАҚ-тар, əсіресе, Қазақстан басшысының ядролық қарудан азат аймақ құру мақсатында Жаһандық антиядролық қозғалыс қалыптастыру қажет деген сөзіне зор ықылас қояды. Сондай-ақ, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл танытатын біртұтас əлемдік желі құру туралы бастаманы дер кезінде көтеріліп отыр деп есептейді. БҰҰ хатшылығын Азия құрлығына көшіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс та елді елең еткізген ұсыныс болғаны ерекше атап көрсетіледі. БҰҰ-ның ресми порталы (un. org) Н.Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықты реформалау жоспарын, ұлтүстілік валюта құруды қоса алғанда, Нью-Йорктегі штаб-пəтерді Азияға ауыстыру туралы бастамасын «алысты болжаған батыл бастама» деп атайды. Ал «Ассошиэйтед Пресс» Н.Назарбаевтың əлемдік қоғамдастықты БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына дейін қолдарындағы барлық ядролық қарудан бас тартуға шақырғанына екпін түсіреді. Қытайдың «Синьхуа» агенттігі болса, Қазақстан көшбасшысының БҰҰ өзінің əмбебап ұйымы ретіндегі бірегейлік мəртебесін сақтап қалуы тиіс деген сөзіне əлем елдерінің басшылары құлақ түргендері жөн деп санайды. Испанияның ЭФЕ ақпарат

агенттігі Елбасының бастамалары мен ұсыныстарын батыл деп бағалаған. Түріктік «Джихан» өзінің жарияланымында терроризммен жəне экстремизммен күрес мəселелеріне байланысты айтылған бастамаларға назар аударады. Танымал «Дипломат» халықаралық ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстан басшысының сөзіне кең көлемді талдау жасай келіп, БҰҰ-ның штаб-пəтерін Нью-Йорктен Азияға көшіру туралы бастамасын халықаралық бас ұйымды реформалау қажеттігімен байланыстырады. Жəне де Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін құру туралы ұсыныс жайында айта отырып, мұның бейбіт атом энергетикасын дамыту үшін шикізат дайындауда тұрақтылыққа кепілдік беретінін атап көрсетеді. Қысқасы, Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында көтерген бастамалары мен жасаған ұсыныстары əлемдік БАҚтарда айтарлықтай қызығушылық туғызғанын оларды «батыл», «кеуделі» жəне «стратегиялық» деп атағандарынан анық аңғаруға болады. Бізге бұл дəйексөздерді тауып, ағылшын тілінен аударып, электронды поштамызға жедел жіберген Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне алғыс айтамыз.

Жаѕа болашаќ Елбасы сөзінің жаңашылдық сипатын тамаша танытатын тұстың тағы бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) тұжырымдамасын əзірлеуді ұсынуы. Бұл Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болар еді. «Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл өткеннен кейінгі адамзат дамуындағы жаңа кезеңнің міндеттерін нақты айқындау қажет. NEW FUTURE дегеніміз – ядролық, энергетикалық, су жəне азықтүлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік жəне реформалар», деді Қазақстан Президенті. Расында да, қазіргі таңда адамзаттың ақыл-ойында белгілі бір дəрежеде тоқырау деуге болмағанмен тежелу дейтіндей жағдайлар байқалатыны анық. Ғылым мен техникада ғажайып құбылыстар бары анық, ал экономика ғылымында қаржылық дағдарыстарды болдырмау былай тұрсын, солардың толқындарын есептеп шығарудың қиындыққа түсіп тұрғаны ойландырмай қоймайды. Осындай жағдайда жаңа кезең міндеттерін нақты айқындап алмайынша, оны БҰҰ деңгейінде жан-жақты ақылдасып шешпейінше адамзат алға жылжудың ең көкейкесті мақсаттарына жете алмақ емес.

Адамзаттың жаңа болашағы дегенде көп нəрсеге басқаша қарауға тура келетіні түсінікті. Осы орайда Қазақстан басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясына қатысушылардың барлығының назарын аударған тағы бір ұсынысын ерекше атау жөн. Иə, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның штаб-пəтерін Азияға аудару мəселесін ойластыруды ұсынды. Өзінің ойын былай түсіндірді: «70 жыл бұрын Женевада, жұмыс істеуден қалған Ұлттар Лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штабпəтерін Нью-Йоркте орналастыруға шешім қабылданды. Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының рөлі артқандығына байланысты болған еді. Əлемді дамыту орталығы Кəрі құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің жаңа орны – АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нəрсе өзгерді, əлем өзгеше қалыптасты. ХХІ ғасырда даму орталығы əлемнің ең үлкен континенті – ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарымқатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор», деп түсіндірді. Бəрі де апайқын айтылған. Бұл шын мəнінде əлемдік қоғамдастықтың жиырмасыншы ғасыр бойында берік қалыптастырып үлгерген геосаяси түсінігін төңкеріп түсіретіндей соншалықты тың, соншалықты тосын ұсыныс. Астана ауыстыру арқылы тарихымыздың жаңа бетін ашуға мүмкіндік алған, жалпы ойлау жүйемізге өзгеріс енгізген, қасаң қалыптардан айырыла бастаған мына біз осындай аса ауқымды ауысулардың қандайлық пайдалы болатынын жақсы түсінеміз. Жаңа басталған ғасырда дамудың жаңа орталығы Азияға көшетінін пайымдаудың өзі қиын, ал оны мойындау одан да қиын. Бірақ, қазірдің өзінде төрт миллиардтай адам мекен ететін, оның үстіне демографиялық дүмпуі тоқтамай тұрған, экономикалық қуаты артқан үстіне артып бара жатқан Азияның əлемдегі рөлі саясатта да өсе беретіні талас тудырмайды.

Террорєа тўсау Кеше түс əлетінде (бұл кезде Астанада түнгі сағат 11 болған еді) Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының зорлықшыл экстремизммен күрес жөніндегі саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық

сипатындағы экстремизм бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген ең елеулі қатерге айналып, халықаралық терроризмнің өсуіне ықпал етіп отырғанын атап көрсетті. – Бізге жаңа əлемдік мəміле керек. Мемлекеттер саяси ерік-жігер танытуға жəне ортақ қауіпке қарсы күш біріктіруге тиіс. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде əлемнің қолынан келді. Біз 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін бірлігімізді паш еттік. 2013 жылы Вашингтон мен Мəскеудің жаһандық жауапкершілігіне куə болдық, олар Сириядағы химиялық қаруды жою бойынша ынтымақтастық жөнінде уағдаласты. Биылғы шілде айында Иран ядролық бағдарламасы бойынша тағдыршешті келісімге қол жеткізілді. Жетекші державалар қазіргі келіспеушіліктерінен жоғары тұра білді. Бүгін де олар бүкіл өркениетті адамзатқа елеулі қатер төндіріп отырған терроризмге қарсы біріге алады деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев елдердің бірлескен күш-жігерін жұмылдырған жөн болатын бірқатар бағыттарды атады. Соның ішінде Мемлекет басшысы терроризмді жаһандық қатер ретінде танудың маңыздылығын айтты. – БҰҰ антитеррорлық коалициясын құрып, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге жəне террористік қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеу, ұстау жəне экстрадициялау бойынша бірыңғай іс-қимыл тетігін əзірлеген жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті БҰҰ аясында зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған барлық қарарлар мен шешімдердің ұсынымдық сипатынан міндеттеу тұрпатына көшу қажеттігін де айтты. – Олар Қауіпсіздік кеңесі деңгейінде қаралуға жəне бекітілуге тиіс. БҰҰның 2006 жылы қабылданған Жаһандық контртеррористік стратегиясының негізгі ережелерін Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекіткен жөн, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев əлемге террористер мен экстремистерге қарсы ісқимылдың əмбебап жəне барлық мемлекеттерге міндетті нормалары мен ережелері қажеттігіне назар аударды. – БҰҰ аясында экстремистік жəне террористік құрылымдар ұғымын біріздендіру қажет, оларды əлемдік заңнамадан тысқары деп жариялау құқығын тек Қауіпсіздік кеңесіне беру керек. Террористік ұйымдардың бірыңғай тізбесін жасау маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы халықаралық терроризмге жəне экстремизмге қатысы бар тұлғаларды қудалау жəне экстрадициялаудың ортақ тетігін əзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция жəне отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тəртібіндегі халықаралық өзекті мəселелер жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын жəне қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Елбасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен де кездесті. Кездесуде саудаэкономика жəне инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары күн тəртібіндегі аса өзекті халықаралық мəселелер жөнінде пікір алысты. Нұрсұлтан Назарбаев А.Дуданы сайлаудағы жеңісімен жəне Польша Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Елбасы Польша Президенті өз қызметінде екіжақты, əсіресе, сауда-экономика саласындағы қарымқатынастарды одан əрі дамытуды жалғастырады деп үміттенетінін жеткізді. – Қазірдің өзінде Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 90-ға жуық кəсіпорын жұмыс істейді. Олар түрлі салаларды, соның ішінде фармацевтика, өңдеуші жəне ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды, – деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті, сонымен қатар, біздің еліміз индустрияландыру бағдарламасын жəне инфрақұрылымдық дамуды жүзеге асырып жатқанын айтты. Біздің елімізде инвесторлар үшін ерекше артықшылықтар жасалған. Поляк компанияларын елімізде ынтымақтастық орнатуға шақырамын, деді Нұрсұлтан Назарбаев. А.Дуда кездесу үшін алғыс айтты жəне өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін жеткізді. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында, сондай-ақ, Люксембург Премьерминистрі Ксавье Беттельмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарымқатынастарды дамыту жəне Қазақстанның Еуропалық одақпен ынтымақтастығын нығайту мəселелері қозғалды. Қазақстан Президенті еліміз бен Люксембург арасындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға əзір екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, К.Беттельді Еуропалық одақтағы төрағалығымен құттықтай отырып, Қазақстанның Еуропалық одақпен арада қол қойған жаңа келісімі таяу уақыттары ратификацияланады деп үміттенетінін жеткізді. Люксембург Премьер-министрі өзінің Астанаға сапары кезінде жасалған қабылдау үшін алғыс білдірді жəне дамудың маңызды мəселелерін талқылау үшін салиқалы қонақтарды жинаған Астана экономикалық форумының табысты өткенін атап айтты. (Соңы 3-бетте).


30 қыркүйек 2015 жыл

NEW FUTURE

НЎРСЎЛТАН НАЗАРБАЕВ ƏЛЕМДІК ЌОЄАМДАСТЫЌТЫ ЖАЅА БОЛАШАЌ ЖОСПАРЫН ЖАСАУЄА ШАЌЫРДЫ (Соңы. Басы 1-2-беттерде).

«Мен айтпасам, кім айтады?» Қазақстан Республикасының Прези денті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентімен кездесуден кейін өзінің БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысуының қорытындылары туралы отандық журналистерге брифинг берді. Онда Елбасымыз сапардың мақсаты туралы тұжырып айтып, өзінің сөйлеген сөздерінің мəн-мағынасына тоқталды. Соның алдында ғана өткен кездесудің өте нəтижелі болғанын Елбасымыздың жарқылдаған жүзінен де, əдемі əзілдерінен де аңғарып тұрдық. Əңгіме барысында Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының сан түрлі мəселелері бойынша стратегиялық əріптестікті алдағы кезде де жалғастыра беру қажеттігі айтылыпты. Барак Обама мен Владимир Путиннің кездесуі, тұтастай алғанда, сындарлы тұрғыда өткенін, екі жақ та өз көзқарасын ашық ортаға салып, белгілі бір дəрежеде түсіністікке қол жеткенін АҚШ Президенті Елбасымызға разылықпен айтқанын да осы брифинг барысында естіп, көңіліміз аздап жайланып қалды. Қазақстан Президентінің бұл сапары БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен мерейтойлық

3

www.egemen.kz

сессияға қатысу үшін жасалғанын атап өтті. Мен Бас Ассамблеяның жалпы дебатында еліміздің жаһандық саяси жəне экономикалық мəселелерге қатысты көзқарасын ортаға салдым. Сонымен қатар тағы екі саммитке – 2015 жылдан кейінгі даму кезеңінің күн тəртібін қабылдау жөніндегі жəне зорлықзомбылық сипатындағы экстремизмге қарсы күрес жөніндегі самиттерге қатыстым. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен кездесудің мүмкіндігі туды. Мұның бəрі Қазақстан үшін маңызды, еліміздің пікірін əлемдік қоғамдастық естіді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өзі көтерген негізгі мəселелерге де тоқталды. Бірінші кезекте, мен БҰҰ Экономикалық жəне Əлеуметтік кеңестерін Жаһандық даму кеңесіне айналдыруды ұсындым. Келесі мəселе – ядролық қаруды таратпау. Қазақстан бұл бағытта жетекші əрі белсенді рөл атқарады. Бұл ретте əлем қоғамдастығының қатысуымен ілгері жылжу керек, адамзат ХХІ ғасырда жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуы тиіс. Экстремизмге қарсы іс-қимылға келсек, оны біздің ел де сезініп отыр, осындай кейбір топтардың қатарында Қазақстаннан тартылған жастар да бар. Жалпы, 2001 жылғы 11 қыркүйектен

кейін болған бірліктің маңыздылығы атап өтілді. Мен сондай-ақ, тиісінше қолдау болатынына үміттене отырып, қатысушылардың назарын Арал теңізінің, Семей полигонының проблемаларына аудардым, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, адамзат 2045 жылға қарай барлық негізгі мəселелерді, əсіресе, қақтығыс ошақтарындағы проблемаларды шешуі тиіс. Жер бетіндегі кедейшілік деңгейі өте жоғары, миллиардқа тарта халық тоя тамақ ішпейді, миллиондаған адам сауатсыз, балалар арасындағы өлім-жітім жыл сайын 40 миллионды құрайды. Бай елдер кедейлерге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мен барлық мемлекеттердің əскери шығыстарының 1 пайызын Мыңжылдық мақсаттарын жүзеге асыру ісіне бөлуді ұсындым, бұл зор көмек болар еді. Біздің еліміз көтерген барлық мəселелер тиісті қолдау тапты деп есептеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы БҰҰ штабпəтерін орналастыратын орын тағы бір тақырып ретінде қозғалғанын айтты. 1945 жылы Ұйымды Нью-Йоркке көшіру туралы шешім қабылданды. Содан бері 70 жыл өтті, əлем өзгерді. Бүгінде Азияның қарқынды дамуы байқалып отыр. Сондықтан БҰҰ қызметін жаңарту жəне жандандыру мақсатында оның штаб-пəтерін Азия құрлығына көшіру

туралы ұсыныс айттым, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен еліміздің мемлекеттік тілінде алғаш рет сөз сөйленгеніне тоқталды. Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Б.Обамамен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мəселелері талқыланғанын айтты. Атап айтқанда, Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Д.Керридің келуі жоспарлануда. Б.Обамамен барлық жеті жыл бойында өткен диалог жемісті болды. АҚШ біздің республикамыздың ДСҰ-ға кіруіне атсалысты, барлық бастамаларымызды əрдайым қолдап келеді. Қазақстанда 500-ге жуық америкалық компания жұмыс істейді, АҚШ-тың тікелей инвестицияларының көлемі 30 миллиард доллардың шамасында. Мен біздің еліміз өз талпыныстары мен экономикалық бағдарламалары АҚШ тарапынан қолдау табады деп сенетінін атап өттім, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сондай-ақ, Ресей Президенті В.Путин мен АҚШ Президенті Б.Обаманың кездесуіне қанағаттанушылық білдірді. Бұл

кездесу екі елдің арасындағы қарымқатынастарды жолға қоюға септігін тигізеді. Мемлекет басшысы Америка іскер топтарының ірі өкілдерімен болған кездесудің маңыздылығын айтты. «Бизнес капитандары» активтерінің жиынтық құны 10 триллион долларды құрайды. Кездесуді өткізген модератор айтқандай, мемлекет басшылары бұған дейін бизнесмендердің осыншалық көп құрамымен кездеспеген. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып, оларды «Нұрлы Жол», ҮИИДБ сияқты бағдарламаларға қатысуға шақыруға мүмкіндік туды. Мен сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың, Еуропалық одақтың жəне Жібек жолы экономикалық белдеуінің күш-жігерін біріктіру бүкіл Еуразияның экономикалық дамуы үшін пайдалы болатынына да назар аудардым, – деді Қазақстан Президенті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілі журналист Ерлан Бекхожиннің БҰҰ штаб-пəтерін Азияға ауыстыру жөніндегі ұсыныстың мəнін түсіндіру жөніндегі тілегіне орай да жауап қайтарды. Расында да, БҰҰ құрылымдары жаңалық күтіп тұрғандай. Қазір онда 40 мың шенеунік жұмыс істейді екен, олардың 2015-2016 жылдарға бөлінген жалақы қорының өзі 5 миллиард долларды құрайтын көрінеді. Болашақта осы мəселе қарала қалса,

Азияда осындай міндетті тамаша атқара алатын Шанхай, Сингапур сияқты қалалар дайын тұрғандығы да анық. «Қазақстан» телеарнасының журналисі Жайнагүл Төлеміс Елбасына əлемнің бас мінберінен қазақ тілінде сөйлеп, еліміздің, тіліміздің мерейін тасытқаны үшін толқи тұрып, журналистер атынан рахмет айтты. Негізінде, бұл рахметті бүкіл халықтың атынан жеткізілген ақ алғыс ретінде қарауға да болады. «Мен айтпасам, кім айтады?», деді Президент. Біз де өз тарапымыздан бір ауыз пікір қосып, ілеспе аударманың бас жағында байқалған сəл-пəл кідірістің əбден жарасып кеткенін, қайта мұның өзі бұл сөз БҰҰ тарихындағы қазақ тіліндегі тұңғыш сөз екендігін одан сайын айшықтап көрсетуге мүмкіндік бергенін, залдың назарын аудара түскенін айтып қалдық. Біздің əріптестеріміз баспасөз залындағы журналистердің Елбасы сөзінің ара-арасында аударманы емес, тікелей мінбердегі дауысты тыңдап отырғанын, қазақ тілінің соншама əуезділігін таңдана да тамсана сөз еткенін Президентке айтып бергенде де Нұрсұлтан Əбішұлының жүзінен елі үшін, тілі үшін перзенттік мақтаныш сезімі аңғарылып тұрды. Иə, қазақ тілі тəуелсіздік тарихының алғашқы ширек ғасырының өзінде əлем төріне шығып үлгерді деп айта аламыз. Ал еліміздің əлем төріне əлдеқашан шығып үлгергенін, əлемдік қоғамдастықтың ортасынан ойып тұрып орын алғанын Қазақстан Президентінің Нью-Йорк сапары тағы да таныта түскені талассыз. Бүкіл адамзат тағдырына əсер ете алатындай жаһандық ұсыныстарды дүниенің бас мінберінен əлем мойындаған Ел ғана, əлем таныған Ер ғана енгізе алатыны анық.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Əлем жəне Қазақстан

Есіл-Нева: келешектіѕ кґкжиегі кеѕ (Соңы. Басы 1-бетте).

Форумның пленарлық отырысында Мемлекеттік хатшы «Қазақстан Республикасының əлеуметтік жəне гендерлік саясаты: нақты қадамдар жəне келешегі» тақырыбында баяндама жаса ды. Г.Əбдіқалықова Қазақстан Республикасында əлеуметтік жəне гендерлік сая сатты іске асыру мəселелері бой ынша өзінің баяндамасында Қа зақстан Дүниежүзілік экономи калық форумның Жаһандық ген дерлік теңдік рейтингінде 43-орынға ие екенін атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстан əйелдерінің əлеуметтікэкономикалық, қоғамдық-саяси жəне мəдени-гуманитарлық салаларда өздерін жаңа қырынан танытуда мүмкіндіктері кең екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, Гүлшара Наушақызы форумға қатысушылардың назарын 2015 жыл Бейжің декларациясының қабылданғанына 20 жыл толуы гендерлік мейнстриминг мəселелерін ілгерілетудегі елеу лі кезең екендігіне аударды. Баяндама барысында Мемлекеттік хатшы 2014 жылы Жаһан дық бəсекеге қабілеттілік индек сі нің «Ерлерге қарағанда жұмыс істейтін əйелдердің үлесі» көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орынға көтерілгеніне тоқталды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет шілердің 55 пайызын қызкеліншектер құрайды. Биліктің атқарушы органдарында басшы əйелдердің саны соңғы он жыл бедерінде екі есеге ұлғайды, деді ол. Осылайша, 1995 жылы БҰҰ-ға мүше 189 елдің белгілеген мақсат тары мемлекетімізде сапалы орындалуда. Сол себепті, атқарылған жұмыстың ауқымы мен қол жеткізілген жетістіктерін есепке ала отырып, еліміз жаңа қадамдар жасауға кірісті. Айталық, мемлекет тарапынан əрбір отбасында еңбекке қабілетті ер мен əйелдің қатар жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Соның нəтижесінде, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы іске асырылуда. Ауылдық аумақтарда тұратын əйелдер кəсіпкерлігін өрістетуге маңыз беріліп, «Даму»

қоры арқылы іскерлік жобаларға шағын несие беру жолға қойылды. Жаһандық нарықтағы өзгермелі қаржы-экономикалық жағдайға байланысты Қазақстанда əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты жəне елімізді кезең-кезеңмен жаңғыртуға бағытталған Бес институттық реформа іске асырылуда. Г.Əбдіқалықова елдің əлеуметтік əлеуетін нығайтуда отбасының ден сау лығын сақтау мəселесінің маңыздылығын атап көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды əлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіргізу жөнінде алға өршіл мақсат қойды. Осы межеге жету жолында халықтың мықты денсаулығы үлкен рөл атқармақ. Өз кезегінде, отбасы денсаулығын нығайтуда, ең əуелі ана мен баланың денсаулығын сақтау негізгі міндеттердің қатарына шықпақ. Соған орай, 2009 жылдан бері жүргізілген жүйелі ісшаралардың нəтижесінде республикамызда ана өлімі 3 есеге, сəби өлімі 1,8 есеге азайды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда демографиялық өсім ұлғайып, алдын ала мəліметтер бойынша 2014 жылы елімізде 400 мыңдай нəресте дүниеге келген. Бұл 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, екі есеге көп. Мемлекеттік хатшы, сонымен бірге, Қазақстанда өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік бағытта дамуына ерекше мəн беріліп келе жатқанын айтты. Бүгінгі таңда ел аумағында отбасын нығайту бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Нəтижесінде,

екі жылдан бері «Отбасы күні» мерекеленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы дəстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұдан кейін, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ұсын ған елімізді жан-жақ ты жаңғырту бойынша Бес институттық реформаларды іске асыруда əйелдер рөлінің артқандығын форумға қатысушыларға айрықша атап көрсетті. Сөзінің соңында Г.Əбдіқалықова бірқатар нақты ұсыныстарды алға тартып, форум қонақтарын «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астана қаласына келуге шақырды. Жұмыс сапарының аясында

тіліміз бен мəдениетімізді, яғни ұлттық құндылықтарымызды сақтауларыңызға жан-жақты қолдау көрсетіле беретін болады. Қазақ бауырлар шоғырланған елдерде ұлттық-мəдени орта лық тар құрылды. Дүниежүзі қазақ тары қауымдастығының ұйымдастыруымен жыл сайын Еуропада, Қытайда, Моңғолияда, Өзбек станда жəне Ресейде кіші құрылтайлар өткізіліп келеді. Бұл, əрине, ең əуелі, шетелде тұратын отандастарымыздың тарихи Отаны – Қазақстанмен арадағы байланыстарын нығайтуға, сондайақ, олардың рухани-мəдени, тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруларына кең жол ашып келеді, деді Г.Əбдіқалықова. Кездесу барысында Мемлекеттік

балет жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Түстен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ресей делегациясының жетекшілерімен жəне басқа да қатысушы елдердің делегация басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы елдер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңе сі нің төрайымы В.Матвиенкомен, РФ Үкі меті төрағасының орынбасары О.Го ло децпен, Армения Республикасы Ұлттық жиналысының вице-спикері Э.Нагдалянмен, Вьетнам Ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Т.Фонгпен жəне Тəжікстан

Гүлшара Наушақызы Санкт-Петербургте тұратын отандастарымызбен кездесті. Жылы шырайлы жүздесуде Мемлекеттік хатшы шетелдегі отандастар мəселесі біздің мемлекеттің ұдайы назарында екенін атап өтті. Тəуелсіздік жылдарында Елбасының сындарлы саясатының арқасында қаншама қандасымыз елге оралды. Əлемнің көптеген елдерінде тұратын отандастарымызбен тығыз байланыстар орнатылды. Сіздердің ана

хатшы басты мақсатымыз – Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жəне Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» маңыздылығына назар аударды. Сол күні Қазақстан делегациясының басшысы ТМД-ға қатысушы елдер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың шақыруы бойынша Мария театрында болды, бұл сахнада Ресейдің опера жəне

Оли Маджлиси намояндагон вицеспикері Ю.Хайриниспен кездесті. Кездесулер барысында əлеуметтікгуманитарлық даму саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері мен келешегі талқыланды. Халықаралық форум аясында Мемлекеттік хатшы Ресей журналистеріне арнап брифинг берді. Журналистермен жүздесуде сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың

тапсырмасы бойынша СанктПетербургте өткен алқалы жиынға ел өмірінде елеулі еңбек етіп жүрген белгілі əйелдерден құралған делегация арнайы келгенін, бұл Қазақстанның «бейбітшілікті, үндестікті жəне əлеуметтік игілікті» мемлекетті ны ғайтудың маңызды құралы ретінде белгілейтінінің дəлелі екенін атап өтті. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы республикамыздың əлеуметтік жаңғырту келешегіне жəне гендерлік теңдікті орнықтыру мəселесінде атқарылып жатқан ауқымды істерге жан-жақты тоқтала келе, Қазақстанның кедейшілікті жою, жалпыға ортақ бастауыш білім беру жəне гендерлік теңдік саласы бойынша БҰҰ-ның Мыңжылдықтарды дамыту мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізгенін көлденең тартты. Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық əйелдер форумының екінші күні аясында Г.Əбдіқалықова Беларусь Республикасы Премьерминистрінің орынбасары Н.Качановамен кездесті. Гүлшара Наушақызы екі ел арасында өзара сенімге құрылған қарымқатынастың орнық қанын айтты, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан мен Беларусь көшбасшылары елеулі рөл атқарып келе жатқанын айрықша атап көр сетті. Тиімді серіктестіктің негізі үшін əртүрлі деңгейде қол қой ылған бір неше ондаған тараптық құжаттармен есеп телетін өзара іс-қимылдың нормативтік-құқықтық базасын атауға болады. Мемлекеттік хатшы əріптесімен арадағы əңгіме барысында бүгінде елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде атап өтіліп жатқанына тоқталып, бұл салтанат Қазақстан халқының тұғыры берік екенін тағы да бір паш еткенін атап көрсетті. Сонымен бірге, көпэтносты Қазақстан халқының ішінде 80 мыңнан астам адамды құрайтын белорус этносының еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес терін қосып келе жатқанын жеткізді. Г.Əбдіқалықова, сондай-ақ, Əзер бай жан Республикасының Отбасы, əйелдер жəне балалар

мə селелері жөніндегі мем лекеттік комитет төрайымы И.Гу сейновамен жəне Оңтүстік Африка Респуб ликасы Ұлттық Ассамблеясы төрағасының орынбасары С.Тсенолимен кездесті. Кездесулер кезінде əйелдерге қатысты заңнамалық жəне құқық қолдану тəжірибелері, ана мен баланы қорғау, ЭКСПО-2017 көр ме сіне қаты су мəселелері талқыланды. Сол күні Мемлекеттік хатшы ТМД-ға қатысушы елдер Парламент аралық Ас сам блеясының «Дре во жизни» сыйлы ғын жəне Еуразиялық əйелдер форумының сый лығын тапсыру салтанатына қатысты. Түстен кейін Мемлекеттік хатшы Ха лықаралық еңбек ұйымы Бас дирек торының орынбасары Сандра Поласкимен де кездесті. Екіжақты кездесу барысында тараптар еңбек қатынастарын реттеу жəне еңбекті қорғау саласының кең ауқымды мəселелерін талқылады. Г.Əбдіқалықова С.Поласкиге Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жаңғыртылғанын жəне отандық мамандарды оқытудағы жəне біліктілігін арттырудағы Халықаралық еңбек ұйымының маңызды рөлін атап өтті, сондай-ақ, ТМД жастарын еңбекпен қамту саласы бо йынша саясаттың тиімділігін арт тыруға бағытталған ХЕҰ техникалық ынтымақтастығы жобасын қарастыру барысы жайлы хабарлады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың Санкт-Петербургке жасаған жұмыс сапары Қазақстан-Ресей қарымқатынастарын жаңа бір қырымен еселеп, қос ел басшыларының өзара байланысты өрістетуге негізделген уағдаластықтарын одан əрі тереңдетуге, Ұлы Дала елінің рухани-мəдени, əлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жан-жақты таныстыруға мүмкіндік берді. Гауһар ҚАСЫМЖАНОВА, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

АСТАНА – САНКТ-ПЕТЕРБУРГ – АСТАНА.


4

30 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл ● Дүние жəне дағдарыс

ƏЛЕМ ЇЛКЕН ЌАТЕР МЕН Соңғы күндері күллі əлемнің көзі мен құлағы, ынтасы мен ықыласы Нью-Йоркке, ондағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясына ауды. Бұл бекер емес еді. Қыркүйектің 15-інде басталған аталмыш ұлы жиын жаһанның жүзінде қазіргі таңда қабырға қайыстырып тұрған басты мəселелерді талқылауға арналды. Бұл, əсіресе, іргелі мемлекеттер басшыларына сөз берілген айдың соңындағы саммитте кеңінен бой көрсетті. Бас Ассамблея отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та биік мінбеде қазіргі таңда көгілдір планетамызды түгел толғандырып отырған бірқатар өзекті жайттар жайында сөз қозғап, оларды шешудің өзіндік тиімді жолдарын жұрт назарына салып үлгерді. Біз Елбасының сол сөйлеген сөзі мен басқа да кездесулерде айтылған ұтымды ұсыныстары газетімізде толық

жарияланып жатқандықтан, оларға арнайы тоқталмаймыз. Дегенмен, сонда да болса, осы жерде Президенттің таза қазақ тілінде жаһан жұртын ядросыз дүниеге қол жеткізуге, БҰҰ-ның ендігі орталығын Азия құрлығына көшіруге жəне бүкіл ғаламға ортақ жаңа валюта енгізуге шақыруы сияқты кесек-кесек ойлары жүрегімізді жылытып жібергенін айтпай, тағы тұра алмасақ керек. Жасыратыны жоқ, Бас Ассамблея сессиясына қатысушылар да, оның əрбір демі мен жүрек дүрсілін сырттай бақылап отырған Жер шарының əлденеше миллиондаған тұрғындары да мұнда Ресей президенті Владимир Путиннің сөзін асыға күтіп еді. Жұрттың бəрі жаһанды торлаған барлық өзекті мəселелерді шешудің ендігі шешімді түйінін РФ басшысы жіліктеп шағып, айтып беретіндей көріп отырды. Əлем халқының сол үміті

мен сенімін Владимир Владимирович ақтап шыққандай əсер қалдырды. Оның бұдан кейін АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінің нəтижесі де осы кезге дейін қордаланып қалған проблемаларды бірлесіп шешуге деген үміттің отын жандыра түскендей болды. Бірақ əлемнің алдында тұрған үлкен қауіп-қатер мен зор апаттың қою бұлты əлі тарап кете қойған жоқ. Ол сол бұрынғы қалпында тұр. Сонымен бірге, жаһанның алдына тағы да бір таңдау қойылды. Бұл қазіргі таңдағы оттай лапылдап, дауылдай ұйтқып соғып тұрған барша мəселелерді ғана емес, одан кейін де жыл санап көбейе беретін өмір сүруді қиындатушы басқа да кең ауқымды апаттарға қарсы күресуге үндейтін бетбұрысты кезеңді ұсынады. Ресейдің жəне онымен пікірлес көптеген елдердің ұсыныстары да осы.

Владимир ПУТИН:

БЎЎ кїші – пікір алуандыєында

Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігі Владимир Путин 28 қыркүйекте Бас Ассамблеяда сөйлеген сөзінің түйінді тұстарын екшелеп алып, оқырман назарына ұсынды. Ол былайша өрбиді: Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы. БҰҰ-ның негізі қаланып жатқан кезде мұнда бір пікірдегі адамдар билік құрады, деген ой болмаған. Ұйымның басты мақсатының өзі де барлық тараптардың мəмілеге келулері болып табылады. Ал оның күші əртүрлі көзқарастар мен пікірлердің əртүрлі сипатта болып келетіндігінен туындайды. Таяу Шығыс туралы. Əлбетте, бұл аймақта саяси, əлеуметтік проблемалардың туып келе жатқанына талай уақыт болып еді. Мұндағы жұрт сондықтан өзгерістер күтіп

отырған. Шын мəнінде не болды? Өте өктем сыртқы күштердің араласулары мемлекеттік институттарды реформалаудың орнына ондағы тұрмыс салтының өзінің аяусыз быт-шытын шығарып жіберді. Демократия мен прогрестің салтанат құруының орнына зорлық-зомбылық, қайыршылық, əлеуметтік апат жайлады, ал адам құқығын қорғау жөніндегі желеу тіпті оның өмір сүру мүмкіндігінің өзін айырып тастады. Енді осыны жасағандардан, осындай ахуалды туғызғандардан: «Сіздер тым болмаса өздеріңіздің не істеп қойғандарыңызды түсінесіздер ме?», – деп сұрағымыз келеді. Сирия билігімен ынтымақтастық туралы. Бүгінде біз террорлық тобырлармен күрес жүргізіп келе жатқан

Иракқа да, Сирияға да, осы аймақтағы басқа елдерге де əскери-техникалық көмек беріп отырмыз. Лаңкестікпен ерлерше шайқасып жүргендерге – Сирия билігімен, үкімет əскерлерімен ынтымақтастықтан бас тарту орасан зор қателік болар еді, деп есептейміз. Лаңкестермен ойнаудың қауіптілігі туралы. Лаңкестермен ойын жүргізудің кез келген түрі, əсіресе, оларды қаруландыру дегеннің тек алысты болжай алмаушылық қана емес, оны сонымен қатар, оттай қау ете түсетін өте қауіпті тірлік деп санаймыз. Осының салдарынан кең ауқымды террорлық қауіп-қатер барынша қатты көтеріліп, планетаның жаңа бір аймақтарына жайылып кетуі мүмкін. Антитеррорлық коалиция туралы.

Ресей мен АЌШ басшыларыныѕ ойлары бір жерден шыќты Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен кездесуі үш түрлі сипатымен ерекшеленді. Ол, біріншіден, салыстырмалы түрде, өте қысқа мерзімде бітті. Екіншіден, онда əңгіме барынша ашық айтылды. Үшіншіден, тараптардың пікірлері көп мəселе бойынша бір жерден шықты. «РФ президенті Владимир Путиннің америкалық əріптесі Барак Обамамен келіссөзі ашық сипатта өтті, ол тараптардың ортақ проблемаларды шешуде бірлесе жұмыс жасай алатындарын көрсетті», – делінген ТАСС хабарламасында. «Кездесу (Обамамен) өте пайдалы болды. Ол, əсіресе, өте ашық өтті», – деді Путин соңынан журналистерге. Кейінірек осы сұраққа қайта оралған ол əңгіменің «таңғаларлық жағдайда ашық болғанын», тіпті конструктивті жəне іскерлік бағытта өрбігенін тағы бір еске алып өтті. «Маған америкалық əріптестеріміз де көптеген мəселелер бойынша, соның ішінде Украинадағы жағдайды, Сириядағы, жалпы Таяу Шығыс аймағындағы проблемаларды ретке келтіру жөнінде өздерінің позицияларын барынша айқын айтып бергендей болып көрінеді. Таңғаларлық нəрсе, осыған байланысты біздердің көптеген пікірлеріміз бен көзқарастарымыз бір-бірімен үйлесетін болып шықты»,

– деді Ресей лидері. «Бірақ алшақтық та бар», – дегенді қосты Путин, бұл айырмашылықтардың қай тараптарда екені онсыз да белгілі екенін білдіре отырып. «Дегенмен, менің көзқарасым бойынша, ортақ проблемаларды шешу бағытында бірге жұмыс істесуге мүмкіндік бар», – деп түйіндеді Ресей президенті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бұл кездесуге кімнің бастамашы болғаны жайында Вашингтон мен Мəскеудің екі түрлі мəлімдеме білдіріп отырғанына байланысты қойған сұрақтарына жауап бере келіп, Владимир Путин былай деді: «Менің көмекшім (Юрий Ушков) бұған дейін айтып қойғанындай, бұл кездесуді өткізу туралы ұсыныс америкалық əріптестерімізден шықты. Олар сонымен бір мезгілде екі түрлі вариант ұсынды. Біз солардың бірін таңдадық. Бар болғаны осы». Путин, сонымен қатар, өзінің ұзақ уақыт бойы америкалық əріптесімен ешқандай байланысы болмады деген тұжырымды да жоққа шығарды. «Олай болған жоқ. Біздің байланысымыз болып тұрды. Телефонмен де сөйлестік, халықаралық алаңдарда да əңгімелестік, қысқа уақытқа кездесіп те қалып жүрдік. Соларда қалайда бір түйінді мəселелерді, екіжақты қарым-қатынас пен күн тəртібіндегі халықаралық тақырыптарды талқыласып отырдық», – деп түсіндірді Ресей президенті.

Бұл тарапта біз іс жүзінде өркөкіректікті емес, халықаралық құқық негізіндегі жалпыға ортақ құндылықтар мен ортақ мүдделерді басшылыққа алуды, алдымызда тұрған жаңа проблемаларды табысты шешу үшін күш біріктіруді жəне нағыз кең көлемді халықаралық антитеррорлық коалиция құруды ұсынамыз. Сонда ол да кезіндегі антигитлерлік коалиция сияқты өзінің төңірегіне нацистер сияқты зұлымдық пен адамзатты жеккөрушілік сезімін сеуіп жүргендерге шешімді түрде қарсы шығуға дайын тұрған алуан түрлі күштерді топтастыра алған болар еді. Жекелеген елдердің əлемдік сауда құқығын өзгертуге əрекет етулері туралы. Бəзбір елдер топ басындағы шағын топқа жағыну үшін тағы да бұл ойынның ережелерін қайта жазып жіберіп, бізді болған іске бой ұруға мəжбүр еткілері келеді. Оны жəне Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысуынсыз жасайды. Бұл жүйедегі теңдіктің толық бұзылуына, кең ауқымды экономикалық кеңістіктің бөлінісіне алып барады. Украинадағы жағдай туралы. Егер биылғы жылғы 12 ақпанда қол қойылған Минск келісімі талаптарын толық жəне ар-ұятты сақтай отырып орындайтын болсақ, қанды қырғынды тоқтатып, тұйықтан шығып кетуге əбден болатынына біз сенімдіміз. Қорқытып-үркітумен, қарудың күшімен Украинаның тұтастығын қамтамасыз ете алмаймыз. Еуропадағы көші-қон дағдарысы туралы. Өздерінің туған жерлерін тастап шығуға мəжбүр болып, алдымен көрші жатқан елдерге қарай лап қойған жұрттың саны əлденеше жүз адамнан асып түсті. Бұл – халықтардың жаңа да ащы көші. Босқындар өздерінің жағдайларын түсініп, қолдау көрсетуді керек етеді. Алайда, бұл проблеманы тек жойылып кеткен мемлекеттілікті қалпына келтіру жолымен, əлі де сақталып қалған жерлердегі мемлекеттік институттарды нығайту жолымен, қиын жағдайда қалған елдерге жан-жақты əскери, экономикалық көмек көрсету жолымен ғана түбірінен өзгертуге болады.

Си ЦЗИНЬПИН:

«Ќырєи-ќабаќ соєыстан» бас тартуєа тура келеді БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин əлемнің болашағы барлық елдердің күш салуларымен қалыптасуы тиіс екенін мəлімдеді. «Елдер өздерінің əлеуметтікэкономикалық даму жолдарын таңдап алып, соны қорғаулары керек», – деді ол. «Мұнда көпжақты қарым-қатынастың болуы мен біржақты əрекетке тыйым салуға ықпал жасау қажет, – деп атап өтті Қытай лидері. – Сондай-ақ, жеңімпаз жақ бəрін өзіне ала беретін ескірген тəсілден де бас тартқаны абзал. Дау-шарларды өзара үнқатысуымен жəне кеңесу жолымен шешуге тура келеді. Бізге халықаралық жəне аймақтық деңгейдегі қарым-қатынастарды дамытып, əріптестік негізіндегі байланыстарды өркендету керек». Ол, əсіресе, «қырғи-қабақ соғыс менталитетінен» бас тартудың мəні зор екеніне назар аударды. Си Цзиньпиннің айтуынша, қазіргі заманғы мемлекетаралық қарым-қатынаста «джунгли заңын» пайдалануға болмайды. Қытай БҰҰ аясында капиталы $1 млрд. болатын бейбітшілік пен даму қорын ашады. «Мен Қытайдың БҰҰ аясында 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын капиталы бар «Қытай жəне БҰҰ бейбітшілік жəне даму қорын» ашатынын жəне оның он жылдың беделінде жұмыс жасайтынын хабарлағым келеді», – деді Си Цзиньпин.


30 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл

5

● Дүние жəне дағдарыс

БЕТБЎРЫСТЫЅ АЛДЫНДА ТЎР Еуропалыќ одаќ босќындар сынаєынан ґте алмады

Лукашенко ќазіргі былыќтаєы Батыстыѕ «рґлін» кґрсетіп берді БҰҰ Бас Ассамблеясында 27 қыркүйек күні сөйлеген Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзі өзінің батылдығымен жəне орындылығымен талай адамды таңырқатты. Халықаралық қоғамдастықтан бірқатар уақыт оқшау қалғандай болып жүрген Беларусь лидері осы мінбеде көп адамның көкейінде жүрген ойларды қозғады. Сөзінің əлқиссасында Лукашенко қазіргі əлемдегі ашықтан-ашық жасалып жатқан саяси арсыздықты, өтірік пен адамға қарсы қылмыстарды айта отырып, соны жасап жүрген аттөбеліндей елдердің басшыларын сынға алды. Осыған орай ол жақында болған оқиғаларды еске түсіруді ұсынды. «Иракта химиялық қару бар деген желеумен бірқатар белгілі мемлекеттер оны демократияландыруға шешім қабылдады. Ал қайда қазір сол химиялық қару? Немесе қайда елдің демократияланып кеткені? Ирактың президенті неге өлтірілді? Жалпы, қазір қайда бұл ел, ирак халқының болашағы қандай болмақ? Енді осы мемлекеттің территориясында тұрып, өмір сүру жеңілдеп кетті ме? Жоқ», – деді Лукашенко. «Сіздер, осының бəріне кінəлілер, қателесіп кетіппіз дедіңіздер, сонымен бəрін тоқтату керек еді, бірақ олай жасаған жоқсыздар, мұның орнына одан да əріге кеттіңіздер. Енді Тунистен бастап, Ливиямен аяқтадыңыздар. Ал сценарийлеріңіз сол баяғыша. Президент Каддафиді қазыққа қағып, мемлекетті жойып жібердіңіздер. Осыдан Ливия жақсы болып кетті ме? Жоқ. Жалпы, қайда қазір тұтас мемлекет ретіндегі Ливия?» – деп ақтарылды Беларусь лидері. «Мырзалар, бəлкім, осымен жететін шығар? Жоқ, сіздер тоқтай қоймадыңыздар, енді Сирияға ұмтылдыңыздар. Соған орай: «Неге» деген сұрақ

туады. Неге бостан-босқа жұртты қырасыздар, неге елдің іс басындағы президентін құртуға асығып отырсыздар, ол сіздерге несімен жақпай қалды? Бұған қоса, қанды қырғынды ұйымдастыру арқылы бұл елдегі сіздер мен біздердің өркениетіміздің алғашқы белгілерін жойып жатырсыздар», – деп тоқтады Лукашенко. «БҰҰ Бас Ассамблеясының мінбесін пайдалана отырып, əлемдік қоғамдастыққа енді нені істегілеріңіз келіп отырғанын жəне қалай қарай ұмтылып бара жатқандарыңызды айтып беріңіздер», – деп түйреді сосын Беларусь басшысы. Осы сөздің желісінде Александр Лукашенко өз сөзімен əлемді билеп отырған күштерді бір ойға құлақ түруге шақырды. «Қазір сіздерді тоқататын күштің жоқ екені түсінікті. Бірақ осыншалықты жүгенсіздікті жүзеге асырып жүрген мемлекеттер басшыларының бəрі дінге сенетін, көпшілігі, тіпті, елдің көз алдында құлшылық етіп тұратын адамдар ғой. Сонда Құдай мұның бəрін көріп отырған жоқ па? Ол қашанда əділ. Егер қаһарына мінсе, айыптыларды жазалап тастамай ма? Ал сіздердің арандатушылық тірліктеріңіз үшін өз халықтарыңыз жазықсыз жапа шегеді. Мен сіздердің енді тоқтауларыңыз керек деп есептеймін. Кедей елдердің жұрттарын киіндіріп, емдеп, білім алып беруіміз керек. Аш адамдарды тамақтандырыңыздар, балаларды өлімнен құтқарыңыздар, сонда сіздерге де жақсы болады», – деп сөзін аяқтады ол. Айта кетуіміз керек, осыдан кейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад əл-Хусейнмен кездескен Лукашенко бұдан да қатты сөзге ерік берді. «Біз өзімізге адам құқығы деген желеуді алға тартып, оны саясаттандырып жіберуге жол бермейміз», – деді ол.

Каталония парламенті сайлауында тəуелсіздікті жаќтайтындар жеѕді

Бұдан бұрын Еуропалық одақ шұғыл өткізген саммитінде өз территориясына келетін 120 мың босқынды қабылдап, орналастыруға шешім қабылдағанын жариялаған еді. Бірақ кейін келулері ықтимал келесі жүздеген немесе тіпті миллиондаған мигранттар туралы əзірге ешкім ештеңе айтып жатқан жоқ. Мұның орнына егер алғашқы жеткендерге адам тұрып, өмір сүре алатындай жақсы жағдай жасалса, олардың соңдарынан ағылып келетін тасқынды тоқтату мүмкін болмай қалады, ал келімсектер ит байласа тұрғысыз геттоларға орналастырылса, жалпы оларды қабылдап не қажеті бар, деген мазмұндағы əңгімелер де көтерілмей қалып жатқан жоқ. Проблема осылайша қысқа мерзімдік өзекті мəселеден ұдайы үрейді алып тұратын жаһандық жайтқа айналып кеткелі тұр. Қазір босқындар тасқынынан туған

шығуларына апарып соқтырды. Сосын хорват премьер-министрі Зоран Миланович келісімге келуге мəжбүр болды. «Біздің шекарамыз барлық автомашиналар үшін ашық, бірақ бір ескертпе бар: сербте тіркелген машиналар мен автобустар Хорватияға өте алмайды», – деп мəлімдеді ол. Сербия мен Хорватия осылайша аяқастынан кеден жүзінде болса да, бірбірлеріне соғыс жариялап үлгерді. Сөйтіп, босқындардың Еуропа аумағына қарай өтулері жолай дүрлігіспен қоса, дүрдараздық ахуал туғызып жатыр. Тəуелсіздікке жетер алдында Югославия халықтары арасында біраз қақтығыстар орын алып еді. Осы күні сербтер мен хорваттар арасындағы қарулы шайқастардан кейін арада 20 жыл уақыт өтіп кеткеніне қарамастан, оның салқыны əлі сақталып келе жатқаны байқалып

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Орбан көтеріп отырған бұл проблема таяуда Брюссельде өткен шұғыл саммитте талқыланды. Бірақ ол қанша шұғыл болғанымен, мəселені шұғыл шеше алмады. Рас, Еуроодақтың ақшасына Грекияда, Италияда жəне Болгарияда қосымша лагерьлер тұрғызылғалы жатыр. Бірақ қаржы тек қарашаның аяғында, яғни екі айдан кейін ғана берілмекші. Еуропа одағы бұған қоса «сыртқы шекараларды бекіту» үшін тағы 600 миллион еуро қарастырса, 1 миллиард 700 миллионды ЕО-дан тыс транзит елдерге бөледі. Бірақ саммитте бұдан басқа мəлімдеме де жасалды. «Біз бұл тақырыпта мүдделі барлық тараптармен, соның ішінде Башар Асадпен де сөйлесіп көруіміз керек», деді Германия канцлері Ангела Меркель үлкен жиында. Мұндағы басқалары – Иран, Сауд Арабиясы, Ресей жəне АҚШ.

сынақ осылайша көші-қон дағдарысының Еуропа елдеріне ортақ тоқырауды туғызып отырғанын көрсетіп берді. Əзірге келгендер саны 270 мың адамды құрайды. Ал алда келетіндері, ойша есептегенде, бұдан он еседен де көп болатын сияқты. Бірақ қазіргі көрсеткіштің өзі елдер арасындағы аяқтабақтың сылдырлауына жетіп жатыпты. Бұл бұрынғы бір шаңырақ астындағы елдер – Сербия мен Хорватияның сол босқындар тасқыны салдарынан бір-бірлерімен шəлкем-шалыс келіп қалуынан да көрінді. Тіпті, лексемаларының жекелеген басқы əріптерінің бір-бірлерінен сəл өзгертіліп айтылатыны болмаса, тілдері де бір болып саналатын, бір ұлт болып есептелетін, тек дін жағынан бірі – православие, екіншісі католик болып қана бөлінетін сербтер мен хорваттардың жүйкелері осы тұста сыр беріп алды. Мұнда алғашқы соққыны Загреб, яғни батыс қапталдағы хорваттар берді. Олар өз жерлеріне Белград жүк көліктерінің кірулеріне қатаң тыйым салды. Хорватия босқындар легінің венгр шекарасына беттемей, өз жеріне қарай ағыла бастағандарына ашу шақырды. Мұның соңы елдегі жүргізушілердің ереуілге

қалды. Ең қиыны, туыстас, ағайынды, тегі бір екі ұлт арасындағы қоғамдық текетірес əлі жалғасуда. Хорватияның оңтүстігіндегі сербтер мен хорваттар бір-бірлерінен бөлек тіршілік етеді – əрқайсысы өздерінің ресторандарына барады, балаларын бөлек мектептерге апарады. Себебі, тұрғын үйлердің қабырғаларында баяғы атылған оқтардың іздері əлі сайрап тұр. Сол оқтар жүректерде қалып қойған дақ сияқты əсер етеді. Еуропа басында Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келетін босқындар жөнінде қазіргіден басқаша пікір ұстанған сияқты. Тіпті, əуелгіде орталарына өздері шақырып отырғандай да болып көрінген. Ал енді қашып құтыла алмайтындай кейіпті киіп отыр. Сондықтан қолдарынан келгенше олардан қорғанып бағуда. «Біздің бірінші міндетіміз – өз шекараларымызды қорғау. Екінші міндет – қалыптасып отырған жағдайды түсінбейтін саясаткерлерге, Брюссель саясатына қарсылық білдіру. Егер елдің өзі қаламаса, ешкім де бізге мигранттарды күштеп таңуға тиіс емес. Сол сияқты босқын қандай елге баратынын өзі шеше алмайтын болуы керек», деді

Əйткенмен, Асадпен келіссөз жүргізу, тіпті, Сириядағы ұрыс қимылдарын теория жүзінде тоқтатудың өзі ондағы босқындар тасқынын азайтуға септесе алмайды. Немістің шекара қызметі, сонымен бірге, өздерін сириялық ретінде таныстырған мигранттардың кемінде 30 пайызының шын мəнінде олай болып шықпайтынын да айтып отыр. Ал БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі осы тұста көші-қонның тағы бір толқыны Ирактан Еуропаға қарай ағылғалы тұрғанын мəлімдеп үлгерді. Таяу Шығыстағы ахуалды барып, көріп қайтқан Дональд Туск мұны расқа шығарды. «Сирияда 8 миллион адам үй-жайларын тастап, кетіп қалуға мəжбүр болған, тағы 4 миллион адам көрші елдерге қашып барған. Біз енді Ирак пен Ауғанстанды, басқа жерлерді айтпағанның өзінде, Сириядан Еуропаға қарай тағы ағылғалы тұрған миллиондаған ықтимал босқындарды естен шығармауымыз керек. Қарап тұрсақ, басты қуатты толқын əлі алда тұрған сияқты. Сондықтан біз ашық есік саясатын өзгертуге тиіспіз», деді Туск. Бұл сол есікті қаттырақ қымтап жабуды нұсқап тұрғандай əсер қалдырады.

Əзербайжан зейнет жасын 65-ке дейін кґтермекші

Испанияның Каталония аймағындағы парламент сайлауында аталмыш автономиялы қауымдастықтың тəуелсіздігін қалайтын каолиция топ бастап келеді. Алдын ала сауал салу осыны көрсетті. Осылайша Junts pel Si коалициясы Каталония парламентіндегі 135 орынның 63-66 орнын алатын болып отыр. Мұның өзі абсолютті (68 орын) басымдық алу үшін жеңімпаздарға коалициямен ынтымақтас болатын тағы бір партияны іздестіруге тура келеді. Қазір бұл орынға тəуелсіздікті жақтайтын тағы бір партия – əсіресолшыл CUP партиясының келетіні айтылуда. Бұдан бұрын Каталонияның тəуелсіздікке

жетуін жақтаушылар парламентте абсолютті басымдыққа ие болудың Испаниядан бөлініп шығудың алғашқы қадамы болып табылатынын ескерткен еді. Сепаратистердің есептері бойынша Каталония 2017 жылы тəуелсіз мемлекет атануы тиіс. Ал Мадрид өз тарапынан əңгіме Каталония парламентінің əдеттегі сайлауы туралы болып тұрғанын, оның бұл қауымдастықты тəуелсіздікке жеткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін мəлімдеді. Мұның соңы тағы қандай шараларға апаратынын əзірге болжау қиын. Алайда, тəуелсіздіктің туын желбіреткісі келген жұрттың бірден тыйылым алып, тоқтай салатынына сену қиын.

Еуропадағы қалың дүрлігістің арасында даусы естілмей қалып жатса да, Əзербайжанда орын алғалы тұрған мына жағдай да елді елең еткізетін болса керек. Ел билігі мұнда бюджеттік мекемелерде қызмет ететіндердің зейнетке шығу жасын ұзартуды қарастырып жатыр. «Кəсіби іс-əрекет ету мүмкіндігі мен зейнетке шығу жасы аралығында үйлесімділік болуы керек», деді осы орайда журналистерге Əзербайжанның мемлекеттік əлеуметтік қорының төрағасы Эльман Мехтиев. «Мəселен, бүгінгі күндері бюджеттік мекемелерде 65 жасқа дейін жұмыс жасауға əбден болады. Бірақ біздегі зейнет жасы тез келіп қалады. Біздің ендігі ұсынысымыз: ерлерге – 65, əйелдерге – 60 жас. Біз бұл саладағы демографиялық көрсеткіштер бойынша тиісті жұмыстарды толық атқарып шықтық. Мемлекеттік қордың ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін саладағы зерттеулер мен ізденістерді жалғастыра берудің маңызы зор», деді Э.Мехтиев соңында. Осының бəрі жайдан-жай шығарылып жатпағаны айтпаса да түсінікті.

Айқарма бетті дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».


6

30 қыркүйек

0

-7 ЕҢІС

www.egemen.kz

Ж

2015 жыл

Талтоайдаы ызыл мектеп НЕМЕСЕ

тарихи мўраныѕ таєдыры Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ЌАЛТАРЫСТА ЌАЛМАЙТЫН ЌАЋАРМАНДАР Райымбек ТОҚСАНБАЕВ, тарихшы.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласы тарихындағы алапат соғыс болды деу айтуға жеңіл болғанымен, қаншама боздақтың өмірін жалмаған, əрбір отбасын орны толмас өкініште қалдырған ең үлкен трагедия саналады. Соғыс жылдары Қазақстаннан 1 миллион 196 300 адам əскер қатарына шақырылған, əрбір бесінші қазақстандық майданға аттанған. Қазақстандағы 27 əскери оқу орнынан 16 мың офицер даярланып шықса, 1941-1945 жылдары əскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілгені тарих тақтасына таспен қашалып жазулы. Брест қамалын қорғаудан бастап, екінші дүниежүзілік соғыстағы ең атақты шайқастар мен операцияларда – Ленинград, Мəскеу түбіндегі, Сталинград, Курск доғасындағы, Берлин шайқастарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазақтардың есімін көптеп мысалға келтіруге болады. Жалпы, КСРО бойынша 11 600-ден астам адам соғыста Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, олардың ішінде 500-ге жуығы қазақстандық азаматтар болып табылады. Соған қарамастан, қаншама батыр ағаларымыз бен апаларымыз сол кездегі өктемшіл, шовинистік пиғылдың салдарынан, коммунистік партия қатарында болмады немесе бай, болыстың ұрпағы деген желеулермен жоғары атақтан қағылып отырған. Бірақ, ол уақытта ержүрек ұлдар атақ-даңқты мансап тұтып, Отанға деген сезімін темір-терсекке теліген жоқ. Атағымды шығарайын деген мақсатпен жау оғына кеуделерін тоспағаны тағы аян. Қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ біле жүрсін деген мақсатпен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне біз де өз өңіріміздегі майдангерлер туралы біраз тың деректерді іздеп көрдік. Мəлім болғанындай, Мақтааралдан 15 321 адамның соғысқа аттанғаны, олардың тең жартысына жуығы, яғни 7 215 адамның қаза тапқаны ресми дəлелденген. Мырзашөлдің майданға қосқан үлесін қарап отырсаңыз, жекежеке баяндауға лайық өнегеге толы. Соның бір мысалы, аймақтан 11 Кеңес Одағының Батыры, 27 Социалистік Еңбек Ері шыққан. Бұл өте сирек жағдай. Сол себепті біз өңір шежіресі əлі де соңынан қуалай зерделеуді талап ететін тың сала деп есептейміз. Əдетте біздер, тарихшылар мектепте тарих пəнін оқытқанда, қазақстандық қаһармандардың ерлігін баяндай отырып, негізінен туған өлкенің тарихын да сол дəрісте қоса қамтуға тиіспіз. Сонда əрбір түлек өз жерлестерінің, өңірдің тарихын, шежіресін көкірегіне түйіп өседі. Тарих пəнінің нақты бағдарламалары қамтылумен бірге, өңір тарихына қатысты деректер көлденең тартылады. Сонымен қатар, осы арқылы баланың өзі туыпөскен өлкенің тарихын білуге деген қызығушылығын оятуға жол табылады. Бұл ретте мектептер кешегі майдангер ұрпақтың ерлік жолдарын насихаттап, дəріптейтін бірден-бір тəрбие ошағы болып табылады. Өйткені, кешегі батыл ағалар өнегесі тек музейлер мен мұрағаттарда ғана сақталатын тарихи жəдігерлер күйінде қалмауы тиіс. Олар кейінгі жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанды, елді қалай сүю керектігін үйрететін тəрбиелік құралдарға айналып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?

Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға жалаң ұрандар қажет емес, оған өмірдің өзінен алынған осындай нақты шежірелер əлдеқайда маңызды. Мырзашөлдік Кеңес Одағының Батырлары кімдер? Олар қандай ерліктерімен ерекшеленеді десек, Жолдыбай Нұрлыбаев, Тоғанбай Қауымбаев, Петр Жуков, Иван Решетников, Төлеген Əбдібеков, Федор Нижурин, Қарақозы Əбдəлиев, Михаил Егоров, Игорь Воровенко, Василий Гусев жəне Абылай Əлімбетов сынды тұлғалар тарихын жеке-жеке зерттеуге тура келеді. Біз осылардың ішінен Кеңес Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың өмір жолына байланысты деректерді іздестіргенімізде, батырдың кейінгі ұрпағы жайында біраз қызық мағлұматтар таптық. Жалпы, Мақтаарал ауданында екі мектеп, бір амбулаториялық емдеу орталығы, бір ауылдық əкімшілік Ж.Нұрлыбаев есімін иеленген. Жерлестері қаһарман ұлдарын қалтарыста қалдырып қоймағанын осы атаулардың өзі айқын айғақтап тұр. Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық əкімшілігіне барып, батырдың туыстарын, болмаса батырдың өзін білетін адамды сұрастырғанымызда, əкімшілікте бас маман болып жұмыс істейтін Шүкір Жолдыбаев есімді зерттеуші Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округінің бастауыш ардагерлер кеңесін басқаратын, ауданның құрметті азаматы Сейдулла Молдабеков ағамызбен жолықтыруға үйіне ертіп апарды. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан Сейдулла ақсақал жылы шыраймен қарсы алып, келген мақсатымызды естіген уақытта риясыз қуанды. Сұрастыра келсек, ардагер қарт батыр жайында көп дерекке қанық жан болып шықты. Өзі Жолдыбай ағамызға бір жағынан туыс болып келеді екен. «Жолдыбай Нұрлыбаев есімі хабарсыздар қатарында кеткен еді», – деді ақсақал əңгімесін əріден жалғап. 1970 жылы қазақ күнтізбесіндегі Кеңес Одағының Батыры Жол дыбай Нұрлыбаевтың суретін көзі шалған Сейдулла аға аудандық əскери комиссариатқа барып, Мəскеу облысының Подольск қаласындағы КСРО Қорғаныс министрлігіне хат жолдау үшін Кеңес Одағының Батыры жайлы хабарлама сұрайды. Ол жақтан Украина КСР-інде Ростов облысы Белая Калита қаласы, Степной көшесі №6 үйде батырдың зайыбы Екатерина Прудникова мен ұлы Георгий Жолдыбайұлы Нұрлыбаев тұратындығы жөнінде хабарлама алады. «1970 жылы газетте Жолдыбай Нұрлыбаев туралы мақала жарық көрген соң, батырды білетін ауыл ақсақалы Тастан Текеевтен ол жайлы сұрастырған едім. Тастан ақсақал Жолдыбайдың əкесі Нұрлыбаймен қатар өскен едік, екеуміз ауыл диқандары үшін құрал-саймандар, ат əбзелдерін жасайтынбыз. Нұрлыбайдың перзенті жоқ еді, ол «сендер сияқты мен де қашан перзент сүйер екенмін?» деп асыға күтіп жүретін. Бір күні Нұрлыбай екеуміз, күнделікті жұмысымызбен айналысып жатқанымызда, бір əйел ентелеп жүгіріп келді. «Нұрлыбай, сүйінші, ұлды болдың», деді. Біз қуанышына құтты болсын айтқалы үйіне бардық, Нұрлыбайдың жүрегі жарыла қуанып, сəбидің есімін Жолдыбай қоямыз деді. Жолдыбай жастайынан сабақты жақсы оқып, алғырлығымен, зеректігімен ерекшеленді. Ол «Өнімкер» колхозындағы жеті жылдық мектепті үздік бағамен аяқтап, 1937 жылы

сол колхоздың басшысы, ағайыны Мəміш Бекботаев оны Алматы қаласына оқуға алып барады, сол жерде мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курсқа түседі. Оны бітіргеннен кейін Жолдыбай елге оралып, 1939-1941 жылдары «Земля и труд» колхозындағы Қызылабад мектебінде тарих пəнінен сабақ береді. 1941 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1941 жылдың желтоқсан айында өз еркімен, Алматы қалалық əскери комиссариаттан майданға аттанады. 507-ші танкіге қарсы күйретуші артиллериясының Кишинев полкі құрамында шайқасты. Батарея командирі капитан Жолдыбай Нұрлыбаев Отан соғысы жылдары Сталинград, Оңтүстік, 4-ші Украина, 1-ші Белоруссия майдандарындағы ұрыстарға қатынасты. Висла-Одер шайқасында дайындық кезінде 1-ші Белоруссия майданының құрамында генерал Берзариннің басқаруындағы 5-ші армияның жауынгерлері ерекше көзге түсті. Магнушевский əскери алаңының қорғаныс шебін бұзып өтіп, 1945 жылдың 14-ші қаңтарында елеулі табыстарға жетті. 19 қаңтар күні Скорневица, Варшава-Познань елді мекендері, Кола қаласы жеті сағаттық шайқастан кейін азат етіліп, Варта өзеніне жол ашылды. Одер өзенінен өту үшін болған ұрыстарда 5-ші армия шайқастың он сегізінші күні 570 шақырым жерді азат етті. Осы шайқастарда батарея командирі П.И.Никулин, кіші сержант Т.Казаков, сержант И.А.Кутиновтар жаудың əскери қорғаныстарына қарай оқтарын дəл тигізе атып, өздері ерлікпен қаза табады. Жолдыбайдың шайқаста ерлікпен қаза болғанын, майдандас досы, запастағы капитан Симонов Алексей Парфенович өз күнделігінде былай деп еске алады: «....1945 жылдың 31 қаңтар күні болатын. Лукац-Крейц қаласының іргесіндегі шайқаста Нұрлыбаевтың батареясы жаудың миномет батареясын талқандап, қолма-қол шайқаста елуден астам жаудың көзін жойды. Гитлершілердің танкілері батареяға жақындаған кезде, Жолдыбай екі қолына гранатаны ұстаған бойда оларға қарсы ұмтылып, бір танкіні отқа ораса, екіншісіне граната лақтыра берген сəтте өзі жау оғынан құлап түсті деп жазады». КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен Одер өзенінен өтудегі ерлігі жəне ірі əскери плацдармды алу үшін болған ұрыстардағы қаһармандығы үшін Жолдыбай Нұрлыбаев Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. «Жоғарыда айтылғандай, жауынгер ағамыздың артында ұрпақ қалмады деп жүргеніміз бекер болып шықты, – деді Сейдулла ақсақал əңгімесін жалғастырып. – Сөйтсек, Жолдекең өзі басқарған батареяда байланысшы болып істейтін майдандасымен, Екатерина Прудникова есімді орыс қызымен көңіл жарастырыпты. 1944 жылдың ортасында əйелінің аяғы ауырлап, əскер қатарынан босатылады. Ростов облысына келеді. Осылайша батырдың қазасы туралы, Кеңес Одағының Батыры атағын алғандығы туралы хабарлар туған жерге жетпей, Ростовтағы келіншегінің мекенжайына жіберіліп отырады. Біз хабарсыз кеттіге санап жүрген ағамыздың əйелі, артында ұлы қалғанын естігеннен кейін өлгеніміз қайта тіріліп келгендей қуандық. Бұрынғы Киров

аудандық əскери комиссары Мұтажбек Қалдыбеков, Қалдыбай Айдағараевпен кеңесе отырып, батырдың зайыбы Екатерина Прудникова мен ұлы Георгийді елге шақырдық. 1970 жылдың 9 қыркүйегінде олар ардагердің кіндік қаны тамған жерге келіп, бауырымыз оқыған мектепте кездесу өткізді. Ол кезде мен осы мектептің директоры болатынмын». Бізге осындай қызық деректерді суыртпақтай баяндаған Сейдулла ағамыз: «Оқушылар соғыс жайлы көріністер қойып берді, орысша əндер орындалды. Іле-шала батырдың зайыбына сөз берілді. Екатерина Прудникова толқып, дұрыс сөйлей алмай көз жасына ырық берді: «Маған Жолдыбай əке-шешеден ерте айырылдым. Жетіммін» деп еді, сөйтсем, жалғыз емес екен-ау, артында қадір тұтып, ардақтайтын сіздер сияқты жанашыр жұртының барлығына қуанғаннан толқып кеттім. Мен Жолдыбайдың осыншама туысқаны бар деп ойламаппын. Осыған дейін ат ізін салмауымның себебі содан. Айыпқа бұйырмаңыздар», деді жанарын мұң шалып. Олар ауылда аунапқунап жиырма күндей жатты. Оның өзінің баяндауы бойынша, Екатерина 1944 жылы 10 желтоқсанда ұлын босанғаннан кейін осы қуанышты хабарды жарына хатпен жазып жібереді. Жолдекең дүниеге маңдайы торсықтай ұл келгенін естиді. Екатеринаға ұлдың есімін Жора деп қоюды тапсырады. Өйткені, Жолдыбайды майдандас достары осылай атайтын. Осы сапардан кейін 1972 жылы Жолдыбайдың ұлы Георгийден туған жерге көшіп келуді өтіндік, сөйтіп ағайындар жиналып, Алматыдан оған үй алып бердік. Георгийді қазақ қызы Райханға үйлендірдік, олардан қазір Айдар, Дидар есімді ұлдар өрбіп отыр», деп батыр ұрпағының Қазақстанда жалғасып жатқанын мақтанышпен əңгімеледі. Сейдулла Молдабеков ол оқыған мектепке батыр есімін алып беруге атсалысқан азаматтың бірі. Мектеп оқушылары 1973 жылы 10 гектар жерге тұт ағашын отырғызып, сенбілік ұйымдастырған, одан түскен қаражатқа мүсін орнатқан. Сол жылы сондай-ақ, Славянский селолық амбулаториясына батыр есімі берілген. «Жолдыбай ағамыздың өзі мұғалім болып жұмыс істеген мектебі, ауылдық əкімшілік бүгінгі таңда батыр есімімен аталады, – дей келіп ардагер мұнан кейін атқарылған іс-шаралар да аз емес деді. «Соғыс аяқталғанына 67 жыл толғанда Жолдыбай Нұрлыбаевтың сүйегі Польшадағы Пила қаласы маңындағы майдандастар зиратында жерленгенін жиен қызымыз экономика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Төлембаева тапты. Батырдың інілері, ұлы Георгий, немерелері бастаған топ, Пила қаласына аттанды. Батыр зиратына туған жердің топырағын салып, басына белгі орнатып қайтты. Жолдыбайдың жатқан жерінің топырағы əкелініп Қарақыр қорымына қойылды. Ол жерге мүсіні орнатылды. Құран оқылып, ас берілді. Бүгінде Мырзакент қалашығындағы əкімшілік ғимаратының алдындағы Жолдыбай Нұрлыбаевтың ескерткіші елдіктің символындай елең еткізеді. Осы алаң батыр атындағы гүлзар деп аталады», деп сөзін түйіндеді Сейдулла қария.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы.

«Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілші қосынына Мəкəрім Бағытов деген азамат арнайы келді. Жай келген жоқ, Ойыл өңірі туралы жазылған бір дорба кітапты қолтықтай кірді. Келген мақсаты – ХІХ ғасырдың куəсіндей тарихи ғимарат – Талтоғайдағы қызыл мектептің азып, құрып кетудің алдында тұрғанын естір құлаққа жеткізу екен. Көзі қарақты, көңілі ояу ағамызбен əңгіме ауаны бірден осы тағдырлы тарихи ғимаратқа ойысты. – Қызыл мектепті тарихи ескерткіш ретінде қорғау жөнінде түрлі жиналыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып та, жазылып та жүр. 2012 жылы Ақтөбе қаласында жəне Ойыл ауданында «Мəдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы аясында өткен «Ақтөбе облысының тарихимəдени мұраларын зерттеу-зерделеу жəне қорғаудың бүгінгі жайы мен болашағы» атты аймақтық семинар-кеңесте облыстық тарихи-мəдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның сол кездегі басшысы Бекарыстан Мырзабаев қызыл мектепті мемлекеттік қорғауға алу туралы нақты айтқан болатын. Бірақ, əзірге нəтиже жоқ. Кірпіші қанша берік болғанымен, төбесі ашық-шашық жатыр. Кейін мектеп жанына тақтайша белгі қойылды. Енді осы мектеп ғимараты күтімге алынып, айналасы қоршалып, тарихи орын ретінде бағаланбаса үйінді болып қалатынына күмəн жоқ. Бұл нысан облыстық табиғи-мəдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының тізіміне №597 болып енгізілген, – дейді ол. Жалпы, Ойылдың тарихын тереңнен таратуға болады. Бұл қазақтың əргі-бергі тарихына арқау болған өңір. ХІХ ғасырда Ресей империясы қазақ жерін иелену мақсатында шекаралас өңірлерде бекініс тұрғызып, қазақ даласына ішкерілеп енген тұста Ойыл бекінісі салынғаны тарихтан белгілі. Көне Көкжарда салынған ғимараттардың бірқатары Ойыл селосында күні бүгінге дейін сақталған.

1865-1880 жылдар аралығында бой көтерген Көкжар жəрмеңкесінің сауда қатарлары, тұрғын үйлер, одан кейін салынған мешіт əлі күнге іске жарап, көненің көзіндей, тарихтың өзіндей көрінеді. Мəкəрім Бағытовтың айтуынша, Талтоғай, Ақшатау ауылдары маңын кезінде естек кете аталығының ұрпақтары мекен еткен. Естектен тараған ұрпақтың бірі Күмісбайдың Меңдібайы осы мектепті қызыл кірпіштен өз қаржысына салдырған. Ол кезінде Көкжар жəрмеңкесінде писарлықтан қазынашылыққа дейін қырық жыл еңбек еткен. Өңірдегі алғашқы білім ошағының типтік жобасы Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеппен егіздің сыңарындай ұқсас болуының өзі қай кезеңде тұрғызылғанын аңғартады. Мəкəрім Бағытовтың «Новел» баспаханасынан 2007 жылы шыққан «Өмір жолы» кітабында бұл мектептің шамамен 1878-1884 жылдары тұрғызылғаны айтылады. Мектеп алты жыл бойы салынған. Ойыл энциклопедиясында «Қызыл школ» туралы дерек бар. Онда Меңдібай-Серікбай кесенесі – Ойыл бойының Ақшатау, Талтоғай тұсында екені, осы өңірді естек Меңдібай, оның балалары мекендегені туралы айтылады. Меңдібайдың үлкен ұлы Мұқаш əулеттің шаруа басы, Дəукен болыс, ал, Серікбай ағартушы болған. Меңдібай орыстарға жалдана жүріп, тілін меңгерген, мəдениетін игерген. Өзінің қаржысына Талтоғайға тал, терек отырғызып, алма бағын өсірген, тұрмыстарын түзеп, қала тəртібімен ғұмыр кешкен, типтік жобамен 2 кластық мектеп салдырған. Тіпті, шай өсірген деген де дерек бар.1930 жылдың басында Мұқаш пен Дəукен Кеңес өкіметінің байларды тəркілеуіне ілігіп, өздері жер аударылған. Ұрпақтары туған жерлеріне кейін оралған. Меңдібай жəне Серікбай Ұзынтам қорымына жерленген. «Қызыл мектеп» алғашқысында екі кластық орысша-қазақша мектеп болған, кейін «Школа крестьянской молодежи» (ШКМ) деп аталған. Бұл оқу орнының ғимараты əр кезде əрқилы мақсатқа пайдаланылған. Мұнда 1952 жылға дейін балалар үйі, елуінші жылдардың ортасынан жетпісінші жылдарға дейін өкпе ауруымен ауырғандарды сауықтандыратын санаторий болды. Тіпті, кеңшардың қоймасы ретінде де

пайдаланылған. Қазір жартылай құлаған. 2000 жылдың жазында Меңдібайдың ұрпақтары Ұзынтамда жатқан аталары Меңдібай мен Серікбайға арнап кесене тұрғызды, туғанқайтыс болған жылдары жазылған гранит тақта қойды. Жазушы Құрал Тоқмырзаұлы «Ақ күмбез» кітабында қызыл мектеп құрылысының ерекшелігіне кеңінен тоқталады. Оның жазуынша, мектеп салуға қолданылған қызыл кірпіштің ұзындығы 20 см., ені 15 см., биіктігі 5-6 см. Мек тептің негізгі үйінің ұзындығы 30 м. Ені 20-23 м, биіктігі 35 м. Шатырының жерден алғандағы биіктігі 5 м, үйдің жоғарғы төбесінен алғандағы арқалығы 6-7 м. Онда 20 бөлме бар. Дəлізінің ені 4 м, ұзындығы 20 м. Қосымша құрылысының ұзындығы 15 м, ені 7-8 м, биіктігі 4 м. Мұнда сегіз бөлме болған. Осы егіз үйдің Ойыл өзені жақ бетінде яғни, терістік жағында ұзынша етіп ас үй салынған. Бұл құрылыстардың төбесі қиықталып, қаңылтырмен қапталған. Міне, осының өзіақ, мектептің қандай құрылыс болғанын анық аңғартады. Кезінде Күмісбайдың Меңдібайы салдырған қызыл мектепті ойылдықтар ауызекі тілде ШКМ деумен бірге,«қызыл үшкөл» деп те атаған. Оның себебі – мектептің күйдірілген тастан, яғни қызыл қыштан салынғандығынан дейді білетіндер. Жергілікті халықтың Ойылдың сазы мен құмынан осыншалық берік құрылыс бұйымын жасай білгендігі кеңес кезеңде талай ғалымдардың назарын аударған. Ресей ғалымдары келіп зерттеген де көрінеді. Бірақ, құпиясын аша алмаған сыңайлы. Құрылысқа қажетті қызыл кірпіштер жергілікті жерде дайындалған. Пайдаланылып отырған материалды иін қандыра илеп, белгілі бір мөлшерде қалыпқа құйған соң, құрғақ қалпында күйдіретін пешке салып, от жағылған. Құймаларды мектептен 100-250 метр жерде күйдірген. Бұл жер «Таскүйдірген» деп аталады. Отын ретінде баялыш, тобылғы, қараған, жусан, саралжын, шағыр, түзгін сияқты бұта, шөптер пайдаланылған. – Бұл кірпіштердің сапалылығы сондай,

бір ғасырдан астам күтімсіз тұрса да, желге, жауын-шашынға, күннің сəулесіне, ауа райының түрлі құбылыстарына шыдас беріп келгенмен үйінді болудың алдында аз-ақ тұр. Себебі, осы маңға жақын орналасқан Қаракемер, Ақшатау елді мекендерінің халқы тарихи ғимараттың сапалы қызыл кірпішін пеш салуға бұзып алуда. Оған қой дейтін болмай тұр, əзірге. Мұның өзі тарихи орынның иесіздікке ұшырауын көрсетеді, – дейді Мəкəрім Бағытов ағамыз. Мектепте осы өңірден шыққан біраз адамдар білім алған. Олардың арасында Рахметжан Шотаев (1898 жылы туған), Ахметжан Қойшығұлов (1903 ж.), Жұбан Жанин (1903 ж.), Серғали Мереев (1908 ж.), Ахмет Мусин (1908 ж.), Амантұрлы Екібаев (1912 ж.) жəне басқалары бар. Сонымен қатар, Мұқаш, Дəукен, Серікбай балалары Бағыт Дəукенов (1901 ж.), Аққұс Дəукенов (1906 ж.), Абдолла Серікбаев (1909 ж.), Абзал Дəукенов (1912 ж.) Меңдібай аталарының мектебінде оқып, сауат ашқан. Олардың туған жылын көрсетіп отырғанымыз – қызыл мектептің тарихы тереңде екенін тағы жадыда жаңғырту болып табылады. Меңдібайдың ұрпағы болып келе тін Мəкəрім Бағытов материал дайындалғанша Талтоғайдағы қызыл мектепке тағы бір рет барып қайтты. Сол сапарда мектептің қазіргі жағдайын суретке түсіріп алыпты. Мектептің қазіргі күйі кəдімгідей алаңдаушылық тудырады. Қабырғалары құлай бастаған. Кезінде құрылысшы-сəулетшілердің назарын аударған, Санкт-Петербургтен арнайы келіп, зерттеген ғалымдар құпиясын аша алмаған қызыл кірпіштен салынған мектеп шынымен де күтімге алынуға тиіс тарихи жəдігер екені сөзсіз. Мектеп ғимаратын тарихи ескерткіш ретінде қоршап, қорғауға алмаса кейінгі ұрпақ оның орнын сипап қалуы бек мүмкін. Оны күтімге алу қазір қолға алынбаса, кейін кеш болары сөзсіз. Барымызды бағалай білгенге не жетсін. Көне Көкжар мен Барқын құмына туристер табан тірейтін кез де келер. Сонда Талтоғайдағы қызыл мектеп те тарихи мұра, таптырмас жəдігер ретінде келушілердің назарын аударар еді деген ой келеді көңілге. Ақтөбе облысы.


30 қыркүйек 2015 жыл

ДА

ЫН Н Ы Қ Л О ТАРИХ Т

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы», деп айта келіп, Қазақ хандығының 550 жылдығы, тарихымызды ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екенін еске салды. Осыған байланысты ел басылымы – «Егемен Қазақстан» өзінің биылғы жылғы №1 санын газет шолушысы Жылқыбай Жағыпарұлының «Қазақ хандығы» атты қысқаша танымдық мақалаларының сериясымен ашқан еді. Енді осы дүниелердің заңды жалғасы ретіндегі «Ойрат одағы: қыл байрақты, құрым тоқымды қалмақтар кім?» атты мақаланы оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 28 қыркүйек

№800

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі №800 қаулысына қосымша

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Болат ханның билік құрған жылдарымен бірге төрт ғасыр дəуірлеген Қазақ хандығының «алтын ғасыры» аяқталып, Жоңғар одағы кең сахараны қанға бөктіріп, қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының толайым тағдырында не болып, не өтпеді?! Бірақ 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды» мен 19321933 жылдарғы «Голощекин геноциді» халықтың бұдан кейінгі ғасырлар бойғы даму болашағына жазылмас жара салған өте зұлматты апат еді. Шəкəрім қажының айтуынша, «Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақ халқы «үш есенің екеуінен» айырылса, кейбір тарихшылардың есебі бойынша «Жоңғар əскері атының тұяғы жеткен жеріне дейін, сол кезде екі миллиондай қазақ халқы тұрған екен. Басқыншылар соның бестен үшін өлтірген, яғни екі миллион адамның бір миллион екі жүз мыңын жоқ еткен. Жантүршігерлік апат!» (І.Есенберлин «Жанталас»). Тарихи мəліметтер бойынша, Жоңғар мемлекеті билігінің тізгінін Сыбан Раптан ұстаған кезеңде, жоңғарлар қазақ жеріне жеті рет (1698-1711-1712-1714-1718-17231725 жылдары) жойқын шабуыл жасап, басып кіріпті. Соның ішінде төрт алапат соғыс əз Тəуке ханның тұсында орын алған. Сыбан Раптан қонтайшы 1698 жылы жазда қазақ хандығының жеріне басып кіреді. Асығыс жиналып, қарсы тұрған қазақ əскерін талқандап, Шу өзенінің сағасында, Талас бойында қоныстанған қалың елді қырып-жойып, он мыңнан астам адамды тұтқындап, орасан мол мал-мүлікті олжалайды. Олардың тағы да Қазақ еліне жорық жасағалы жатқанын естіп, 1710 жылы Тəуке хан бүкіл Қазақ мемлекетінің құрылтайын шақырады. Бабаларымыз бас біріктіріп, тізе қосып, Жоңғарға қарсы күреске шығу туралы шешім қабылдайды. Тарихта алғаш рет Қазақ хандығы əскерінің басшылығына хан да емес, сұлтан да емес қарадан шыққан қас батыр Бөкенбай сайланады. 1711 жылы Бөкенбай батыр жасағы қазақ жерінде қарсылық көрмей дандайсыған қалмақтарды тоқтатып, алғашқы соққы береді. 1712 жылы Жоңғар басқыншыларын ойсырата жеңіп, қазақ жерінен түріп шығарды. Ал 1714 жылы Қазақ еліне тағы да басып кірген қалмақтарға қарсы тұрған біздің қосындар ойсырай жеңіліс табады. Міне, осы бір жылдар соғыс қимылдары қорытындысынан анық көрініп тұрғандай, қазақ əскерінің ешқандай стратегиялық бағдары болмаған. Əйтеуір, басқыншы жаудың бетін қайтарып, тоқтатқанына мəз болып, қаншама боздақтар құрбан болған жеңістің нəтижесін жоққа шығарған. Жеңілген жауды қазақ жерінен қуып шыққанды місе тұтпай, індете шабуылдап, енді қайтіп бас көтермейтіндей етіп, өз ордасында талқандау керек еді. Осы соғыстың қорытындысынан аңғарылатын бір мəселе, Тəуке хан тұсында қазақ əскерінің құрылымында Қасым хан салған жеңімпаз жорықтардың, Есім ханнан қалған ұлы стратегиялық шабуылдардың, Жəңгір ханның тактикалық соғыс үлгісіне айналған ерлік өнегесінің жалғасы үзіліп, сабақтастығы жойылған еді. Күштіні ғана мойындайтын, қорыққанын ғана сыйлайтын қатыгез заманда əлсіздік танытып, босаңсуға болмайтынын, көсілгеннің бəрі көрпені өзіне тартып, бөлектену опа бермейтінін уақыттың ащы сабағы тағы көрсетті. Бірі хан, бірі сұлтан болса да біріне бірі мойынұсынбай қазақ əскерін қосарласа басқарған Қайып хан мен Əбілқайыр сұлтан 1718 жылы Жоңғар басқыншыларына қарсы дарынсыз соғыс жүргізіп, 30 мың əскерді түгел шейіт қылды. Бұл сəтсіз əрекеттер қалың қасіреттің басы, «Ақтабан шұбырындының» əлқиссасы ғана болатын. Міне, нақ осы кезеңде ұлы таққа отырған Болат хан өткеннен шұғыл қорытынды жасап, нəубеттің алдын алу керек-ақ еді. Əттең!.. Осы орайда, енді Қазақ хандығын қайта-қайта қан қақсатып, ақыры тұтас бір халықты «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратқан қыл шашақты қызыл тулы Жоңғарлар кім? Əлемдік өркениетке өзіндік өрнегін қалдырған Еуразия құрлығындағы ұлы көшпенділер мəдениетінің тамырына балта шапқан құрым тоқымды, тапал атты бұл қалмақтар қайдан шықты, деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіп көрейік. Қазақтар «қалмақ» деп атаған жоңғарлар негізінде батыс Моңғолияны мекен еткен ойрат қауымы болатын. Кейбір жазба деректерде оларды батыс моңғолдар деп те атайды. Жауынгер ойрат халқы Шыңғыс хан тұсындағы тарихта кеңінен белгілі

7

www.egemen.kz

Ойрат одағы www.mgibbs.net

Ќыл байраќты, ќўрым тоќымды ќалмаќтар кім? Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

болған. Ойраттар 1206 жылы Моңғолияда жасақталған Шыңғыс хан əскерінің сол қанатын құрайды. Сол қанат моңғол тілінде «жоңғар» (сол қол) деп аталады. «Жоңғар», «Жоңғария» деген атаудың түп-төркіні моңғолша «сол қанат» немесе «сол қол» (сол қанаттағы əскер) деген мағынадан шыққан. Кейінірек, яғни 1635 жылы екінші Ойрат одағының туын көтерген Ердене-Батұр жаңа мемлекетін осы атаумен Жоңғар хандығы деп атады. Орталық Азия мен Шығыс Түркістан халықтары ислам дініне біржола бет бұрған кезеңде ойраттар өздерінің ежелгі шаман дінінде қалды. 1368 жылы біртұтас моңғол-қытай мемлекеті – Юань империясы құлағаннан кейін ерлік дəстүрлерін берік сақтаған көшпенді ойраттар дербестік туын көтерді. XV ғасырдың алғашқы жартысында Ба тыс моңғол (ойрат) билеушілері бүкіл Моңғолияға билік жүргізе бастады. Ойрат одағы ту тіккен өңір базарлар шоғырланған қалалардан шалғай жатты. Сондықтан олар Шығыста Қытайдың, Батыста Мауреннахрдың қалаларындағы сауда орталықтарына шығу үшін күресуге мəжбүр болды. Сонымен бірге, Шығыс моңғол билеушілері мен Батыс моңғол билеушілері ішкі өлкелерге кіретін керуен жолдарына иелік ету үшін күресті. Барлық ойрат ұлысын бір орталыққа біріктірген Тоған хан (1418-1440) Халханы жаулап, 1420 жылдары бүкіл Моңғолияға билік жүргізді. Əкесінің жауынгерлік жолын жалғастырған Есен хан (1440-1455) Қытайға қарсы шешуші жорық жасап, 1449 жылы Қытай əскерін талқандап, Еженханның өзін тұтқынға түсірді. Ойраттар құрған жаңа моңғол хандығының күш-қуатын осыданақ байқауға болады. Əлі тарих сахнасына Қазақ хандығы шығып та үлгермеген кезеңде Еуразия кеңістігінде осындай қуатты көшпенділер мемлекетінің болуы болашақта жойқын қарсыластар қақтығысынан хабар берсе керек. Дегенмен, ежелгі моңғол мемлекетіндегі ойраттардың билігі ұзаққа созылған жоқ. Шығыс моңғолдар халха тайпаларынан жеңілген Батыс моңғолдың ойрат тайпалары өздерінің бұрынғы жерлерінен айырылып, тоз-тоз болып қоныс аударуға мəжбүр болды. Олар бірте-бірте қазақ даласына жəне Моғолстан қарамағындағы Жетісу өңіріне ене бастады. Сөйтіп, жайылымдық жерлер үшін жергілікті қазақ руларымен бітіспес соғыстар басталды. Сол бір кезең туралы қазақтың көрнекті жазушысы, білгір тарихшы Мұхтар Мағауин: «Орталық Азиядағы үстемдік үшін күрескен екі халық арасындағы кенеусіз ұрыстар 1520 жылдары басталып, ара-тұра аз ғана үзілістермен 1758 жылға дейін, яғни екі ғасырдан астам уақытқа созылады. Екі елдің де барлық күш-қуатын жалмаған, экономикалық жəне рухани дамуын тежеп, тікелей ұрыстарда жүз мыңдаған адамның қанын төгіп, халықтардың табиғи өсімін біржолата шектелген екі жүз жылдық соғыс нəтижесіне ойрат жұрты ажал қақпасынан аттап, жер бетінен мүлдем жоғалды, қазақ жұрты құлдық қақпасынан аттап, отарлық кепке түседі», деп жазды. Алып даланың тентек желімен жарысып, азат күндерін аттың жалына жармасып өткізген қос жауынгер халық бір ту астына біріксе, ешбір жау бетін қайтара алмайтын жойқын күш болар еді. Тарихта осындай кезеңдер де болды. Дешті Қыпшақ даласынан бастап бүкіл Мауреннахрға билік еткен, Орта Азияның барлық қаламемлекеттері бағынған тегеурінді Тəуекел ханның тұсында ойраттар Қазақ хандығына

тəуелді болған. 1595 жылы Мəскеуге келген қазақ елшісі Құл-Мұхаммед осындағы Ораз-Мұхаммед сұлтанға: «Сенің туысың Тəуекел ханзада Қазақ ордасына хан болып орнықты, ол өзінің інісі Шах-Мұхаммед сұлтанды қалмақтарға хан етіп отырғызды» деген («Қазақ ССР тарихы», Алматы, 1957 ж.). Ал Тəуекелдің өзі осы кезде Мəскеуге жіберген грамотасында өзін қазақтар мен қалмақтардың патшасымын деп атаған. Сонымен бірге, Ресей патшасы Федор Иванович Тəуекел ханға жолдаған хатында: «Құдайдың рақымымен екі Орда – қазақ пен қалмаққа қатарынан билік жүргізіп отырсыз», деп атап көрсеткен. Алайда, Есім хан тұсында аражігі ашылған қалмақ-қазақ соғысының жаңа кезеңі басталды. XVI ғасырдың басында ежелгі қоныстарынан қуылған, өрісі тарылған ойрат тайпалары тағы да біршама уақыт бірлікке қол жеткізеді. Бір ту астына топтасқан ойраттар 1604 жылы Қазақ ордасына қарсы жорыққа шығады. Бірақ қатты жеңіліс тауып, Батыс Сібірге дейін босып кетеді. Осы тұста жиырма жылдық қазақ-бұхар соғысы басталып, Есім ханның қалмақтарды індете қуып, өз ордасында талқандауға мүмкіндігі болмай қалады. Оның үстіне 1614 жылдар шамасында Қатаған Тұрсын сұлтан дербес хандық құруға бет бұрып, қазақ арасында билікке таласқан қанды соғыс басталады. Осы жағдайларды пайдаланған қалмақ қонтайшылары тізе қосып, Қазақ хандығына қарсы соғыс қимылдарын күшейте түседі. Қазақ хандығының шекарасына тыныштық бермеген бұл əрекет 1627 жылға дейін созылады. Сол жылы Есім хан екінші бұхар-қазақ соғысын жеңіспен аяқтап, бұл тараптағы Қазақ ордасының шекарасын берік бекітіп, қалмаққа қарсы шешуші жорыққа аттанады. 1627 жылы осы жорық нəтижесінде Есім хан бірінші Ойрат одағының тас талқанын шығарады. Ойрат одағының құрамындағы тайпалар тоз-тоз болып, жанжаққа ыдырай басып, жан сауғалайды. «Дүрбін-Ойраттар туралы аңыздың» авторы Башұр Убаш Түменнің айтуынша: 1627 жылы қазақтардан жеңілген ойраттар одағы ыдыраған. Торғауыт князы Хо-Ұрлұқ қырық мың үймен Сібірдің оңтүстік шекарасына келіп, 1630 жылдары Оралдан өтіп, Волганың (Еділ өзенінің) сағасында қалмақ хандығын құрған. (Ресей құрамындағы қазіргі қалмақтар осы хандықтың ұрпақтары). Ал сан жағынан торғауыттан асып түсетін шорас пен дүрбіттер əуелгі қоныстары – Жоңғарияға қарай қайта шегінеді. Бүкіл ойраттың бас билігіне таласқан, енді ауыр шығыннан əбден қансыраған хошауыттар Тибетке өтіп кеткен. Арада жеті-сегіз жыл өтпей жатып жоңғар тайпалары қайта топтасты. Шорас тайпасының қонтайшысы Хара-Хұла бытыраңқы ойрат ұлыстарын ұйыстырды. 1634 жылы Хара-Хұла өлгеннен соң оның ұлы Ердене-Батұр (1635-1653) əуелгі Ойрат одағынан да қуатты жаңа қалмақ мемлекеті – Жоңғар хандығының туын көтерді. Оның құрамына шорас, хошауыт, дүрбіт жəне хойыт атты төрт жауынгер тайпа топтасты. Батұр қонтайшының тұсында қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісті. Бұл кезеңде жоңғарлар Қазақ хандығына үш рет 1635, 1643 жəне 1652 жылы ірі шапқыншылық жорық жасады. 1653 жылы Батұр қонтайшы өліп, орнына баласы Сенген (1653-1670) билікке келді. Бұл тұста жоңғарлар өзара билікке таласып, ішкі тақталас соғыстар үдей түсті. Осындай тақталастың бірінде Сенген қаза тауып, оның орнына інісі Халдан Бошұқты (1670-1697) хан болды. Халдан Бошұқты қытайдың Цин патшалығына қарсы үздіксіз соғыс жүргізіп, 1695 жылы қатты жеңіліске ұшырады. Сөйтіп, Сенген

мен Халдан Бошұқты тұсында, яғни 1653 жылдан 1697 жылға дейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы аса бір күшті жорықтар жасалмаған сияқты. 1697 жылы Халдан Бошұқты хан өліп, оның орнына Батұр қонтайшының немересі Сыбан Раптан таққа отырды. Жоңғар мемлекетінің билігіне ие болған отыз жыл ішінде Сыбан Раптан (1697-1727) қазақ даласында қанды судай ағызып, тұтас бір халықты тарихта бұрын-соңды болмаған «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратты. Жасанған жаудың 1723 жылдың көктеміндегі тұтқиылдан соққан жойқын шабуылдары мамыражай жатқан қалың елді мүлде естен тандырды. Қатты қыстан күйзеліп шыққан қазақтар жан жадыратқан көктемнің алғашқы көгіне ілігіп, енді ғана жайлауға көшу қамына кірісіп жатыр еді. Дəл осы бір өліара шақта жау шабуылы бола қояды деп күтпеген бейбіт елдің бас біріктіріп, қарсы тұруға да шамасы жетпей тоз-тозы шықты. Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен асып кетті. Бір бөлігі Алқакөл маңынан Бұхара мен Самарқанға қарай босты. Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, Хиуаға қарай ағылды. (Қалың жауды көз жаздыру үшін қазақтар Сауран қаласын айнала көшкендіктен бұл оқиға «Сауран айналған» деп аталыпты). Туған жерін жау табанына тастап, мал-мүлкінен айырылып, аш-жалаңаш жаяу шұбырған қалың қазақ жаздың аптап ыстығында жат жерде шөлден қырылды. Аштыққа ұшыраған əйелдер мен балалар, күші қайтқан қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай жапан түзде көмусіз қалды. Шоқан Уəлиханов туған халқының басына түскен осы бір нəубетті жанжақты зерттеп, «XVIII ғасырдың алғаш қы 25 жылы қазақ халқының тарихындағы аса ауыр зұлмат заман болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары тұс-тұстан қазақтарды қырғынға ұшыратты, малдарын айдап əкетті, бүкіл үйелмендерімен тұтқындап алды», деп жазады. (Ш.Уəлиханов. Шығ.жинағы. 4-том. Алматы 1985 ж.) «Жұт жеті ағайынды» дегендей ақтабан шұбырындыға ұшыраған қазақтарды қынадай қырып, ұланғайыр даласынан айырып, талантаражға салғысы келген тек жоңғарлар ғана емес еді. Қазақ еліне көз аларт қан жаулар жан-жақтан анталады. Жоңғар басқыншылары қазақ даласына оңтүстік шығыстан қаптағанда, Еділ бойындағы Қалмақ хандығының əскері солтүстік батыстан, Жайық бойынан казак-орыс атамандарының жазалаушы отрядтары шапқыншылық жасады. Тағдыр теперішіне тап болған қазақтарды бір жағынан Қоқан, бір жағынан Бұхара мен Хиуа хандары да қасқырша талап, жаппай құлдыққа салғысы келді. «Мал құлағы саңырау». Жоңғар басқыншыларының жауыздығын айтуға тіл күрмелді. Тұтас ондаған ауылдардың адамдарын қойша қаумалап, қамыс-қоғаға айдап тықты. Жүздеген-мыңдаған адамдар қамысқа кіргенде, жан-жағынан от қойды. Жау қолындағы өңірлерде қару ұстайтын азамат қалмады. Бесіктен белі шыққан еркек кіндікті балалар түгел найзаға ілінді. Қарындас қорланды, ағалар оққа байланды. Аналардың көз жасы сел болып (Соңы 8-бетте).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 77 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 34-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 413-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 577 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 299-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 598 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 312-құжат). 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 554-құжат). 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 462-құжат). 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 557-құжат). 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 696 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 560-құжат). 10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 642-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1591 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 63-құжат). 12. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 сəуірдегі № 342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 393-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 863-құжат). 14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сəуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жəне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 540-құжат).

Əлеуметтік ќорєауєа жəрдемдесу Кеше Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің еңбек туралы, еңбекті қорғау жəне халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуы жəне қамтамасыз етілуі жөніндегі қызметін талқылауға ар налған кеңейтілген отырыс болып өтті. Аталған тақырыпта Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады. Комиссияның жұмысына ел билігінің заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарының өкілдері, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шығып сөйлеушілер қазіргі уақытта еңбек нарығындағы тұрақты ахуалды сақтауға, қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында қызметкерлерді босату тəуекеліне ұшыраған кəсіпорындардағы ахуалға мониторинг жүргізілетіні атап өтілді. Өйткені, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат лайықты еңбек етуге арналған мүмкіндіктерді ұлғайтуға жəне азаматтардың, соның ішінде əйелдердің, жастар мен мүгедектердің конституциялық

құқықтарын іске асыруға, жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауға, жұмысты таңдау мен жұмысқа тұруға жəрдемдесуге бағытталған. Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен қамтуға жəр демдесуге мемлекеттік қолдаудың белсенді шаралары Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы іске асырылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары өз қызметін барлық аудандарда, облыстық маңызды қалаларда, республикалық маңызды қалада жəне елордада жүзеге асырады. Жалпы, республика бойынша 204 орталық бар. Ал еңбек нарығындағы ахуалды жақсарту мақса тын да сөз сөйлегендер жұмыссыздықтың өсуіне жол беруге бол май тындығына жəне əлемдік экономикалық дағдарыс жағ дайында қандай да болмасын болуы мүмкін еңбек жəне əлеуметтік жанжалдардың алдын алу бойынша тиісті оқу семинар-тренингтерін өткізуге ерекше назар аударды. Комиссияның осы отырысында əзірленген ұсынымдары Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметінің назарына жеткізілетін болады.

ОБЪЯВЛЕНИЕ

«Егемен-ақпарат».

ТОО «Astana Green Resource» (БИН 970540000315) извещает своих участников о проведении внеочередного общего собрания участников товарищества. Дата и время проведения: 16 октября 2015 года, в 10.00 часов. Место проведения: г. Астана, пос. Железнодорожный, Промзона, 4/39, офис 11. Собрание созывается по инициативе участников товарищества. Повестка дня: 1. О переизбрании исполнительного органа товарищества; 2. Об отмене решений исполнительного органа товарищества. Начало регистрации участников с 9.00 часов, 16.10.2014 г., окончание регистрации 9 часов 45 минут. Регистрация проводится по адресу: г. Астана, пос. Железнодорожный, Промзона, 4/39, офис 11. Ознакомиться с материалами повестки дня можно по адресу: г. Астана, пос. Железнодорожный, Промзона, 4/39, офис 11. Телефон для справок: 8 (7172) 787401.


8

30 қыркүйек

НДА Ы Н Ы Қ Л О ТАРИХ Т

www.egemen.kz

2015 жыл

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Жігіттер бар нарќасќа... Мағира ҚОЖАХМЕТОВА, жазушы.

2009 жылдың 17 ақпанында «Егемен Қазақстан» газетінде «Омбы жұрты құрметтейді. Ал бізде...» деп, Омбы қаласында Қожахмет Əлімбайұлы хазірет атаның атында мешіт бар, туған жері Қызылтуда неге мешіт салынбайды деген сауал қойылған мақалам шықты. Міне, осы мақала мен хазіреттің келіні Күлəйім Асхапқызының билік орындарына, қоғамдық мекемелерге толассыз жазған өтініштері өз нəтижесін бергеніне де екі жылдай болып қалды. Бұл күнде Қожахмет ха зірет Əлімбайұлының мешіті Көкшетау – Омбы тас жолының бойында бой көтеріп, Кішкенекөл ауылының тұрғындарының ғана емес, Солтүстік Қазақстан облысы, Уəлиханов ауданының руханита нымдық орталығына айналып келеді. Құрғақ уəде, бос сөзден аса алмай жүрген кезде жаңа мешіттің салынуына астаналық сəулетші Сүйіндік Айсақов тікелей ықпал жасады. «Омбы жұрты қадірлейді. Ал бізде...» деген мақаланы оқып, əдейі Қызылтуға барып, хазірет атаның ұрпақтарын іздеп, мешіттегі азаматтарға жолығады. Сол жерде 80 жастан асқан Қожахмет атаның немерелес туысы Еслəмбек Мағзұмұлына кездеседі. Мешіттің мемлекеттік жобасын тегін жасап беріп, оның үстіне 10 мың АҚШ долларын сый лаған. 2009 жылы Уəлиханов ауданына қарайтын 85 жылдық тарихы бар Кішкенекөл жерінде Сүйіндік Айсақовтың жобасымен 500 орындық мешіт құрылысының қазығы қағылып, əкімдіктен жер бөлініп, заңды түрде белгіленді. Сең қозғалып, жергілікті тұрғындар да белсенділік танытып, қолдау көрсете бастады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайниден Жағыпаров, хатшысы Сансызбай Қалиев, бас имам Сағынай Қабдулхамитұлы, сол тұстағы аудан əкімі Р.Елубаевтың қолдауымен жаңа мешітті салу қолға алынды. Сүйіндік Айсақовтың жобасы бойынша қарқынды жұмыс басталды. Сүйіндіктің бастамасы сəтті жалғасып, мешіт құрылысына билік басындағылар, əкімдер, кəсіпкерлер, жергілікті тұрғындар мыңдап, миллиондап қаржы құйды. Солардың арасында «Жолдасбай агро» фермерлік қожалықтың жетекшілері – Сүйіндік пен Серік Жолдасбаевтар да бар. Бұлардың немере атасы Қали Тіржанов та Қожахмет хазіретпен бірге ұсталып кеткен. Ардақты ана Алтын Жолдасбаева бұл кісі жайлы тебірене сыр шертіп еді, арнайы бізді шақырып. Мешіттің ашылу салтанатына Күлəйім Асхапқызымен барғанымызда, атаның көзін көрген қарттарды да кездестірдік. Əсіресе, бес жасында Қожахмет хазіреттің сипағанынан көзінің жазылып кеткенін есіне түсірген Қабылкəрім Сəдуақасұлының əңгімесі ерекше əсер етті. Нəтижесінде, Күлəйым Асхапқызының көмегімен Қожахмет хазірет ұрпағы кешкен қиын да қилы тағдыр туралы деректі шығармам да аяқталып қалды. Құрылыстың салынуын қадағалап, архитекторы мен прорабын алып келген Сүйіндік Кенжетайұлына Қожахмет хазірет ұрпағының, қызылтулықтардың алғысы шексіз. Алғаш қаржы құйғанының арқасында ғана қыруар іс тындырылды. Атымтай жомарт Алаш азаматының орасан зор ықылас-ниетін алғашқыда түсінбей де қалдық. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған шағын ғана мақаламды оқып, ешкімнің нұсқауынсыз дереу əрекет еткен жанға өзім де кəдімгідей таңырқадым. Күлəйім Асхапқызының қуанышында шек жоқ еді. Бұл кім, қайдан дегендей, ол туралы ғаламтордағы мəліметпен танысуға асықтық: Сүйіндік Кенжетайұлы Айсақов (1949 ж.т.) – сəулетші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1976 ж.). Ақмола облысында дүниеге келген. ҚазПТИ-ді бітірген (1972 ж.). 1972-85-жылдары Гипровуз, Гипрогор (Алматы қ.) жəне Целингорсельпроект (Цели ноград қ.) жобалау институттарында сəулетші, аға сəулетші, топ жетекшісі, 1985-89-жылдары Алматы облаткомында бас суретші болыпты. Қарағанды, Целиноград, Алматы жəне Астана қалаларында əр жылдары бой көтерген бірқатар объектілердің авторы. Авторлық ұжымдар құрамында ҚарМУ-дің бас корпусы, Ленин жəне Совет аудандарының əкімшілік үйлері, «Горизонт» (Целиноград қ.) тұрғын үйі, «Номад» (Астана қ.) тұрғын үй кешенін салуға атсалысқан. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Құрметті сəулетшісі, Дешті Қыпшақ дүниежүзілік конгресі қоғамдық қорының вице-президенті екен. Онымен кездескенде мұнша

лауазымы бар деп ойламайсың. Кішіпейіл, ақжарқын, қарапайымдылығына риза болдық. Кішкентайынан Сүйіндік Айсақ атасы жайлы не естісе де бар ынтасымен тыңдайды екен. Айсақ атасы ХХ ғасырдың басында Мекке-Мединеге қажылыққа екі рет барады. Үшінші рет 1908 жылы інісі Жақып пен əкесі Омар Пұсырманұлын ала барыпты. Амансау оралған соң ауылы, Ақмоладан (Астана) 18 шақырым жердегі «Қаражар» елді мекеніне медресе салдырып, жұрттың арабша сауатын аштырған. Сол медреседе білім алған Сағадат, Кəкен, Кəмал, т.б. Айсақ қажыдан сабақ алып, оның шəкірттері болады. Өкінішке қарай, бұл медресе сақталмапты. Қазіргі Астанадағы Абай атындағы қонақ үйдің алдында сол кездегі мешітті Айсақ қажының досы Қосшығұлов деген кісі салдырыпты. Кейін бұл мешіт жойылған. 1910 жылы Айсақ қажы мен Қосшығұлов оба ауруынан қайтыс болыпты. Інісі Жақып қажының баласы Сағадат молла қазіргі Сəдуақас Ғылмани мешітінің жанындағы ескі мешіттің тұңғыш имамы болған. 1932-37-жылдары Сағадат молла қуғынға ұшырағанда, Кенжетайдың көмегімен аман қалады. Сол кезде Кенжетай өте беделді Қара жар ауылының азаматы, Тайтөбе ауылында балалар үйінің директоры болған. Осы балалар үйінде Рахымжан Қошқарбаев тəрбиеленген. Кейін, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға аттанып, Рейхстагқа Ту тіккен батырды ел біледі. Ал Сағадат молланың баласы Хакім Омаров Сəкен Сейфуллиннің өлеңін жатқа айтқаны үшін айыпталып, 1937 жылы сегіз жылға айдалып кеткен. Елге оралып, өмірінің соңына дейін Ақмолада тұрған. Қазіргі кезде осындай азаматтың еңбегін бағалап, Хакім Омаровтың атында шахмат клубы жұмыс істейтін көрінеді. Хакім ағасы «Иегіңе сақал қойса, тура Айсақ атаңның өзісің», дейді екен Сүйіндікке. «Қазақстан қажылары» деген альбомның бірінші томынан Айсақ атасының есімін көріп, біраз дерекке қаныққан Сүйіндік ата əке аманатын орындауға ниет қылады. Яғни, Омар, Жақып, Айсақ қажыларға Қаражар елді мекенінде мешіт салуды көздейді. Айсақ Қажының баласы Кенжетай кезінде əке тілегін орындап, мешіт салуға мүмкіндігі болмапты, мұны ұлы Сүйіндікке аманат еткен. – Туып-өскен мекенімізде Алланың үйін тұрғызу алдымен атамның, кейін əкемнің айтып кеткен аманаты, – дейді ол. – Аталарым осы аймақтағы ислам дінінің өрістеуіне қызмет еткендіктен, туған ауылыма мешіт салу менің де міндетім деп ұғындым. 2012 жылдың 19 тамызында Целиноград ауданы, Қаражар ауылында аталарына құлпытас орнатып, ас берген дұғасына қазақтың көрнекті қаламгері, белгілі киноактер Сəтімжан Санбаев, сенатор Серік Ақылбай, аудан, ауыл əкімдерімен бірге Күлəйім Асхапқызы да қатысты. Ұлт мүддесіне аянбай адал еңбек етіп келе жатқан Сүйіндіктің шығармашылық ізденісі өз алдына бөлек əңгіменің желісі. Ал қазір оның Қожахмет хазірет мешіті құрылысын бірінші болып қолға алғаны арқасында қыруар іс тындырылғанын қайталап айтамыз. Кім білсін, өткен ғасырда Айсақ, Жақып, Қожахмет аталарының кездесуі де мүмкін-ау, тіпті, Кенжетай Айсақов Қожахмет хазіретпен дəмдес болған деген де сөз бар. Сүйіндік Кенжетайұлына Алланың рахымына бөленіп, оған, бала-шағасына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, аталарының атын жалғастырушы болсын дейміз. Бұл тілегіміздің де нақтылы көрініс тапқаны қызық. Енді, ол Қошқарбай батырға ескерткіш тұрғызсам дейді. Зеренді ауданы, Қошқарбай ауылында туғаныммен, бұл тұлғаға қатысты ештеңе білмейді екенмін. Марат Смағұловтың «Свой путь» кітабының қолжазбасы жəне бүгінге жеткен көптеген деректер арқылы кейінгі ұрпағынан Кейкі сынды ерен ер шыққан Қошқарбай батырды қалай дəріптесек те лайық екенін ұқтым. Қолыма түскен мəліметтердің негізінде «Ер Қошқарбайды білеміз бе?..» деп, «Балбұлақ» балалар журналына, Зеренді ауданы басылымдарына материалдар дайындап жарияладық. Бұған тікелей себеп болған Сүйіндік Айсақов пен Марат Смағұлов Зерендіде Қошқарбай батырға музей ашып, ескерткіш орнатуды армандайды. Бəлкім, бұл мақсат та орындалар. Міне, осылайша, «Егеменде» жарық көрген бір мақала небір тың идеяларға арқау болып, игі істердің жүзеге асуына тікелей көмектесті. АЛМАТЫ.

Ойрат одағы www.1465.kz

Ќыл байраќты, ќўрым тоќымды ќалмаќтар кім? (Соңы. Басы 7-бетте). ақты. Халық қасіреті мұңлы əуені ешбір халық тарихында кездеспеген «Елім-ай» атты зар заман толғауын тудырды. «Мына заман қай заман, қысқан заман, Басымыздан бақ-дəулет ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман...»

Абылайдың азаттық жорығы

Ұлы нəубет «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» зұлмат апаты бес жылға (1723-1728) созылды. Қасі рет құрсауына түскен қазақ елінің ауыртпалығы қаншама жан күйзелткенімен халық дербестік туын жықпады. Еңкейген қарттан бастап, еңбектеген балаға дейін басқыншылар алдында тізе бүкпей, бітіспес күрес жүргізіп, елінің еркіндігі мен жерінің азаттығын көкседі. Əрбір қазақтың бойында шоқ болып жанып, өртше қаулаған осы ерлік рухы бүкіл халықты басқыншыларға қарсы бір кісідей жұмылған Ұлы Отан соғысына бастады. Жоңғар шапқыншылығынан қансыраған қазақ жұртының ес жиып, басқыншыларға қарсы күш біріктіріп, алғаш тойтарыс беруі 1727 жылы Сыбан Раптанның көзі жұмылып, Жоңғария тағына Қалдан Серен қонтайшының отыруымен тұспа-тұс келді. Қазақ елінің азаттығы жолындағы Ұлы Отан соғысының алғашқы шешуші айқасы Арқадағы Бұланты өзенінің бойында болыпты. Үш арыс қазақтың ұландары тізе қосып, жау табанында тапталған туған жердің азаттығы үшін қыршын кеткен қандастарының, қорланған қарындастарының кегі үшін намыс туын көтеріп, бес жыл бойы тойтарыс көрмеген қалың жауды қақырата жеңді. Бұланты бойындағы алғашқы жеңісті шайқаста бас қолбасы – Əбілқайыр сұлтан еді. Қазақ əскерінің басқыншыларды қан қақсатқан екінші ұлы жеңісі 1730 жылдың көктемінде, Балқаштың оңтүстігіндегі Итішпес деген көлдің маңындағы Аңырақай соғысы болатын. Бұланты жəне Аңырақай ұрыстарындағы үлкен жеңістер еңсесі езілген елге дəт беріп, еркіндік жолындағы үміттерін үкіледі. Дəл осы кезеңде Қазақ хандығының ұлы тағына «иелік» етіп отырған аты бар, заты жоқ Болат хан дүниеден өтті. Қазақ сұлтандары арасында таққа талас туындады. Кеше ғана бас біріктіріп, жоңғарларға қарсы жойқын жорықтарда ортақ жеңіске қол жеткізген сұлтандар ат құйрығын үзді. Қанқұйлы жауға жұмыла қарсылық көрсеткен бірыңғай қазақ əскері енді Əбілқайыр, Батыр, Сəмеке, Əбілмəмбет, Жолбарыс, Барақ сұлтандардың иелігіндегі қосындарға бөлініп шыға келді. Төгілген қан, мұқалған жігердің күшімен келген алғашқы жеңістердің жалғасы тығырыққа тірелді. Қол жеткен жеңістерді баянды етіп, əлсіреген жауды індете шауып, жоңғарларды түбегейлі талқандайтын кезең туыпақ еді. Бірақ Қазақ елін қырық руға бөлшектеген сұлтандар бас басына билік құрып, бір тудың астына бірігуге мүмкіндік бермеді. Сол уақыттағы Қазақ хандығындағы ахуалды орыс экспедициясының бастығы И.Крылов былай бейнеледі: «Егер жалпы ауызбірліктері болса, бұл

қазақтар басқыншыларды жеңіп шыққан болар еді. Бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып отыр» («Қазақтың көне тарихы». «Жалын». 1993). Қазақ халқының тағдыры қыл үстінде тұр еді. Жоңғар қалмағының енді бір жойқын шабуылы болса, батыстан Еділ қалмақтары анталап кіруге дайын болатын. Жан-жағын қанқұйлы ата жауы қоршап, іштен таққа таласқан сұлтандар бөлшектеген Қазақ хандығының құрып кету, тіпті, қазақ халқының өзіне жойылып кету қаупі төнді. Міне, нақ осы кезеңде тарих сахнасына қазақ халқының біртуар перзенті Абылай хан шықты. Ол туған халқының азаттық жолындағы ұлы жорығының ту ұстаушы дарабозына айналды. Туған халқының болашағы жолында атқарған хан Абылайдың тарихи ерлігі хақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ хандығы деген ұлан-ғайыр жерімізді жаудан азат етіп, еліміздің етек-жеңін бүтіндеді. Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақылпарасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дəуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», деп атап көрсетті (Н.Назарбаев, «Абылай аңсаған азаттық». «Егемен Қазақстан», 2013 жыл.). Абылайға дейін Қазақ хандығының ұлы тағында тура 20 хан отырған екен. Солардың ішінде Абылай хандай жан-жақты зерттелгені кемде-кем. Абылайдың өмірі мен заманы хақында тарихи еңбектер де, көркем шығармалар да көптеп жазылды. Сондықтан, көпшілікке белгілі оқиғалар төңірегінде қайталауға ұрынбай, тарихи тұлғаның өмірі мен заманына қатысты кейбір көмескі жайларды ғана қозғайық. Күні бүгінге дейін кейбір зерттеушілеріміз Ресейдің жазбаша деректеріне сүйеніп, Абылай Орта жүзді ғана билеген, бүкіл қазақтың ұлы ханы болған жоқ деген пікірді көлбеңдетуді қоймай келеді. Қазақ жерін қайткенде де отарлауды мақсат еткен патшалық Ресей қазақ халқының басын біріктірмеуге, барынша бөлшектей беруге күш салды. Сондықтан, Абылайдың бүкіл Қазақ еліне билік құрғанын, ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып сайланғанын көрсе де, көрмеген сыңай танытып, бүкіл құжаттарда əдейі «Орта жүздің ханы Абылайға...» деп жазды. Ресей Абылайдың тұсында Қазақ хандығы қайта күшейіп, біртұтас ел болғанын көпе-көрнеу мойындамады. Ақиқатында, жиырма жасында алты Алашқа танылған Абылай жарты ғасырға жуық билік құрып, Абылай туы астына топ тасқан барша қазақтың, бірыңғай Қазақ хандығының ұлы ханы болды. «20-ға жасың толғанда, қалмақпен соғыс болғанда, алғашқы бақты тапқанда, Шарыштың басын шапқанда, қанжығаңа бас байлап, жау қашты деп айғайлап, «Абылайлап» шапқанда...» деп Үмбетей Тілеуұлы жырлаған ұлы шайқастан кейін Əбілмəмбет хан Əбілмансұрмен (Сабалақпен) жеке танысып, халқына айтыпты: «Баяғы Бақидың (Уəли Бақы) нəсілінен бір жалғыз бала қалды деп естіп едім, мынау сол екен, сіздер құп алсаңыздар, үлкен хандық осыныкі» деп үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып, Жəнібек деген кісіден бата алып, Əбілмансұрды (Абылайды) ұлы хан сайлапты. Абылайдың хан болғаны 1735 жылы еді» (Ш.Құдайбердіұлы, «Қазақ шежіресі»). Ал Бұқар жырау Қалқаманұлы былай дейді: «Сен жиырма жасқа жеткен соң, алтын

тұғыр үстінде, ақ сұңқар құстай түледің, дəулет құсы қонды басыңа, Қыдыр келді қасыңа, бақ үйіне түнедің, алыстан тоят тіледің, қылышыңды тасқа біледің, алмаған жауды қоймадың, алған сайын тоймадың, несібеңді жаттан тіледің... Жиырма беске келгенде, бақыт берді басыңа, тақ берді астыңа... Алтын тақтың үстінде үш жүздің басын құрадың», дейді («XV-XVIII ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы»). Ендеше, қандай да бір жазбаша көздерден алынған жанама деректердің ешқайсысы барлық саналы ғұмырында Абылайдың оң жағында отырып, ақылкеңесшісі болған Бұқар жыраудың жəне ұлы ханның замандасы Үмбетей жыраудың аузынан шыққан сөздерінен сенімді емес шығар. Олай болса, Абылай орыс жазба деректерінде жиі айтылатындай, Орта жүздің ғана ханы емес, бүкіл қазақ жұртының Қазақ хандығының ұлы ханы болған. Жоғарыда келтірілген деректерден айқын болғандай, Абылай Қазақ хандығын 1771-1781 жылдары ғана емес, 1735 жылдан 1781 жылға дейін тура 46 жыл билеген. Осы орайда, тақтан өз еркімен бас тартып, ұлы хандықты Абылайға берген Əбілмəмбеттің даналығы мен парасаттылығы еріксіз бас идіреді. Кейбір тарихшылар Əбілмəмбет ұлы хан болған (1729-1735) жылдары Əбілқайыр, Сəмеке жəне басқа сұлтандардың таққа таласы күшейіп, жоңғар шапқыншылығы жиілеп, «ұлы хандықты» ұстап тұру қиындады. Сондықтан, Əбілмəмбет жақсы атақпен ұлы хандықты Абылайға беріп, өзіне қарасты елін жеке билеп отыруды жөн көрді, дейді. Солайақ болсын!.. Əбілмəмбет көзі тірісінде үш жүзге билік құрған Абылайға қызғаныш танытып, іштарлық жасап, қарсылық көрсетті деген бірде-бір тарихи дерек жоқ. Керісінше, Əбілмəмбет замандастарының айтуынша, Абылайға туған інісіндей қамқорлық жасап, ағалық ақыл-кеңесін айтып, шынайы жанашырлық танытып отырған. Күшке ғана табынатын, билік үшін жан алысып, жан беріскен тақ таласы заманында мұндай мəрттік жасау – елге деген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі. Басқа тарихтарды қайдам, ал Қазақ хандығының шежіресінде мемлекет болашағын, ел мүддесін қарақан бастың қамынан биік қойып, азаматтық парызына адалдықтың үлгісін танытқан тұлғалар баршылық. Бұл ретте Қазақ хандығының іргесін шайқалтпай, жан-жақтан көз алартқан басқыншыларға таба қылмай, тəуелсіздік мұратын пір тұтып, ел басқарудағы Қасым сұлтанның ерен қасиеттерін көре біліп, өз еркімен тақтан түсіп, Əз Жəнібектің баласы Қасымға жол берген Бұрындық ханның ұлықтауға тұрар ұлағатын айтсақ та жеткілікті. Абылайдың алғырлығы мен ерлігіне сүйсініп, елінің болашағын сеніп тапсырар тұлғаны танып, өмірінің соңына дейін 35 жыл бойы оны ұлы хан ретінде мойындап өткен Əбілмəмбет ханның мəрттігі де аталардан қалған қасиетті үрдістің шынайы жалғасы еді. Əбілмəмбет ханның өз еркімен ұлы тақты босатуына байланысты 1735 жылы үш жүздің ханы болып танылған Абылайдың 1771 жылы Əбілмəмбет қайтыс болғанға дейін өзін ресми түрде ақ киізге отырғызып, ұлы хан ретінде жариялауға рұқсат бермегендігін інінің ағаға деген ілтипатының, елінің азаттығы үшін киелі күрес жолындағы Əбілмəмбеттің ағалық ұлағатына деген шексіз құрметінің белгісі деп түсіну парыз. Абылай Əбілмəмбет ханның ақ батасын алып, ұлы хандықты өз қолына алғаннан кейін үш жүздің басын қосып, Қазақ хандығының іргесін бекіту, «Ақтабан шұбырынды» жылдарында айырылған қазақ жерлерін қайтарып алу жолында қасиетті жорықтарын бастады. Еуразия құрлығындағы күні кешегі ірі де іргелі мемлекет – Қазақ хандығының

бұрынғы беделін қалпына келтіру жолындағы Абылайдың жасампаз күресі жарты ғасырға жуық жалғасты. Дана басшының ел азаттығын көксеген жорық жолдары ауыр да абыройлы болды. Ғасырлар бойы Орталық Азиядағы қырғын соғыстардың бастауында тұрған, ортағасырлық іргелі мемлекет – Қазақ хандығымен 200 жыл бітіспес соғыс жүргізген қыл шашақты, қызыл тулы империя – Жоңғар мемлекетінің тарихта енді қайтып көтеріліп көрмеген шаңырағын құлатқан да Қазақ ордасының ұлы ханы Абылай еді. 1746 жылы Жоңғар империясының əміршісі – Қалдан Серен қонтайшы қанды жорықта мерт болады. Үлкен империяны ұзақ жыл «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстаған қатал əміршінің көзі тайысымен оның ұрпақтары арасында тақ таласы жолындағы аяусыз күрес басталды. Қалдан Сереннің ізін басып, тағына отырған ұлдарының бірі Цеван Доржыны туған інісі Лама Доржы өлтіріп, таққа отырды. Қалдан Сереннің ұлдары Дауашы мен Əмірсана тақ таласы жолында Лама Доржымен соғысады. 1751 жылы Лама Доржыдан ойсы рай жеңілген Дауашы мен Əмірсана Қазақ хандығына қашып келіп, Абылайдан бассауға сұрайды. Абылай жоңғардың атақты екі ноянын құрметпен қарсы алып, жекежеке ауыл етіп, жанына қондырады. Көп кешікпей Лама Доржыдан елші келеді. Қалмақ əміршісі басбұзар екі туысын – Дауашы мен Əмірсананы байлап беруді талап етеді. Абылай өзінің билері жəне батырларымен кеңеске отырып, қалмақ нояндарын қайтармау туралы шешім қабылдайды. Дипломатиялық өресі биік Абылай қалмақ нояндары Дауашы мен Əмірсанаға қолдау көрсету арқылы қуатты Жоңғар империясын əлсіретуді мақсат тұтты. Себебі, қалмақтың беделді қос ноянын қолдайтын Жоңғарияда қалың жұрт бар екенін ол жақсы түсінді. 1752 жылы Лама Доржы қазақтарға қарсы соғыс ашты. Жау шабуылын күтіп отырған Абылай қалың əскерін бастап, қарсы шықты. Күз айларына ұласқан қырғын соғыста қазақ əскері тамаша жеңіске жетіп, Лама Доржы күйрей жеңілді. Бұл 200 жылға созылған қазақ-қалмақ соғысында үлкен нəтижелерге бастаған нағыз бетбұрыс жеңісі болды. Бұдан кейін Абылай ата тағынан үміткер Дауашы мен Əмірсананы кезек-кезек қолдай отырып, қалмақ ішіндегі өзара соғыстарға иек артты. 1953 жылы Дауашы Лама Доржының ордасын талқандап, ханның басын шабады. Көп кешікпей Дауашы бүкіл Жоңғарияның ханы атанады. Енді Əмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дауашыға қарсы шықты. Туған халқының болашағы үшін Абылай Жоңғар империясының əміршісі Дауашыға қарсы соғыс жариялап, Əмірсанаға қолдау көрсетті. 1755 жылы бір жағынан Қазақ хандығының қыспағына, екінші жағынан Қытай императорының əскеріне қарсы соғыс жүргізген Дауашы енді бас көтере алмайтындай қырғын жеңіліс тапты. Ежен ханның əскерлері Жоңғар жасағын қойша қырып, Дауашыны тұтқындады. Міне, нақ осы кезеңде бүкіл ойрат жұрты қытай басқыншыларына қарсы азаттық күресіне шығады. Көтеріліске Əмірсана басшылық жасайды. Қалмақтар қоныстанған бүкіл Жоңғар империясының жерін өзінің иелігіне балаған қытай императоры Цяньлун (Хун Ли) Дүрбін-Ойратқа қарсы 200 мың əскер аттандырып, бүкіл ойрат халқын жер бетінен жойып жіберуге үкім шығарады. Əскері талқандалып, халқы қырғынға ұшыраған Əмірсана тағы да Абылайды паналайды. Жоңғар ноянына қолдау көрсеткен Абылай ханның саясатына өшіккен Цяньлун 1756 жылы Хадаха жəне Дардана деген қолбасшыларын Қазақ елін шабуға аттандырды. 1756-1757 жылдардағы қазақ-қытай соғысы қытай қолбасшысы Фу Дэ арқылы келіссөз жүргізіп, бейбіт бітім жасаумен аяқталды. Сол жылы Жоңғар империясы жойылып, Дүрбін-Ойрат біржола талқандалды. Цин империясы жоңғар жерін жаулап алды. Сөйтіп, жеңімпаз қолбасы, дарынды дипломат Абылай ханның сұңғыла саясатының арқасында Қазақ хандығының бітіспес жауы – Жоңғар империясы тарих сахнасынан мүлде жойылып, Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай империясымен бейбітқатар өмір сүру туралы берік бітім жасалды. Міне, осыдан кейін данышпан Абылай күні кеше дəуірлеген ежелгі Қазақ хандығының иелігін қалпына келтіру мақсатындағы қасиетті жорықтарын бастайды. 1765 жылдары қырғыз-қазақ шекарасын бекітеді. 1771 жылы Еділ қалмақтарын талқандайды. Өмірінің соңғы жылдарын Орта Азия хандықтары басып алған атажұртты қайтару жолындағы күреске арнады. «Абылай ұлы мақсаттарын орындау жолында бірталай табысқа жетті. Оның Орта Азия хандықтарымен соғыстары сəтті аяқталып, Түркістан, Сайрам, Шымкент жəне басқа қалалар қазақтардың қолына өтті. Ал Ташкент алым төлеп тұратын болды» (М.Мағауин. «Алдаспан»). Жарты ғасырға жуық хандық құрған Абы лайдың даңқты ғұмыры туған халқының еркіндігі жолындағы азаттық жорығында үзілді. 1781 жылдың мамыр айында Ташкентті қазаққа қарату жолындағы жеңісті сапардан қайтып келе жатқанда Арыс өзенінің жағасында қайтыс болды. Абылай дəуірі Еуразия құрлығында төрт ғасыр салтанат құрған Қазақ хандығының мемлекеттік атрибуттарын төрткіл дүниеге паш еткен, əлемдік империялар дипломатиялық қарым-қатынас жасап, іргелі мемлекет деп мойындаған қайта түлеу кезеңі болды. Абылай дəуірі. Ол Ресей мен Қытай сияқты алып державаларды санасуға мəжбүр еткен көшпенділер империясы – Жоңғарияны, яғни екінші Ойрат одағын ойрандап, 200 жылға созылған қазақ-қалмақ соғысының соңғы нүктесін қойған, бүгінде төрткіл дүние түгел таныған өркениетті тəуелсіз Қазақстанның азаттығы жолындағы қасиетті жорығының бастауы болды.


30 қыркүйек 2015 жыл

Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастауымен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жалпы ұлт шеңберінде ерен тарихымызды бұрынғыдан да ыстық ықыласпен танып-білуге, біртұтас тектік сана-сезімнің өсе, нығая түсуіне, соның арқасында еліміздің экономикасы мен əлеуметтік, мəдени салаларында жасампаздық серпілістердің өрістеуіне оңды ықпал етуде. Бұл үдерістің ізгі ізденістерге, шығармашыл ынтаға тың тыныс əкелгеніне куəміз. Ұзақ ғасырлар бойы халық пен жер жадының қалың қойнауларында сақталып, біртебірте аңызға, мифке, ертегілерге айналып кеткен тарихи тұлғалар мен оқиғалардың бүгінгі шақта, көктемде топырақтар қабаттарынан қаулап көкке ұмтылған өсімдіктердей, ақиқат өскіндерге айналуы – осының бір дəлелі. Біз шамалас қазақ балаларының негізгі киелі кітаптары – ежелгі даналардың көзін көргендерден сабақтастыра жалғап, түп-тұқиян тарихты осы күндерге эстафетадай əспеттеп жеткізген абыз да кəріқұлақ қариялар еді. Заманында «Дала уəлаяты» ұсынған деректер түгілі, одан бергі Сейфуллиннің, Əуезовтің, Мағауиннің зерттеу еңбектері де қияндағы ауылдарға толық жете қоймаған, кемелденген социализм аталған кезеңдегі том-том Қазақ ССР тарихы, Қазақ Совет Энциклопедиясы əйдік басылымдары əлі ұлт көкейінде жарық күнін күтіп жатқан сонау жылдарда бағзы бір дəуірлерде жалпақ жұртының қамын ойлап мұң кешкен Асан Қайғы туралы əуелі сол үлкендерден құлағдар болып ек. Желмаясымен желкілдей желе қазаққа сулы, нулы кең қоныс, шұрайлы мекендер, Жерұйық жер іздеген бұл бабамыз туралы аңыздар ел ішінде баршылық. Сол мұра сөздер Маңғыстауда мұнай, газ көздері ашыла бастаған 1960 жылдарда жаңғыра түскені бар. Уақыттар қатпарынан жеткен өсиеттерді еске түсірген ауыл көнекөздері: «Бұрынғы өткендер жарықтық Асан деген атамыз баяғыда Маңғыстаудың ойы мен қырын шарлап, Ман Ата биігінен маңайды шола «қойнауың толы қазына, ырысты өлке екенсің, еліме берекелі мекен болғайсың» деп толғанған деуші еді. Сол рас екен-дағы. Көмбе көзі ашылды ғой», – деп марқайып отыратын. Бертін келе Қазақ жерінің табиғи байлығы ғана емес, ұлт тарихының көмбелері де молынан ашылды. Қазақ тегінен сирек сыр шерткен кітаптар, мақалалар, телерадио хабарлары көбейді, халық өз құнарына қанықты. Енді, жастай құлағымызға сіңген, санамызға нəр берген аңыздар мен тарихи, ғылыми мəліметтерді сəйкестіріп қарауға мүмкіндік туды. Сөйтсек, Асан Қайғының Маңғыстауға сапары Қазақ хандығы құрылып, оған дейінгі ықылым замандарда Ұлы Дала, Алтын Тұран кеңістіктерінде өмір сүрген алып империялардың (Түргеш, Қарлұқ, Түрік, Батыс Түрік қағанаттары жəне одан бергілері) рухын бойына дарыта туған жаңа мемлекеттің, жаңа империяның керегесін кеңейте бастаған, қуаты арта түскен уақытта жүзеге асқан екен. Бұл сапардың мемлекет болашағы үшін стратегиялық маңызы болғанына барған сайын көзіміз жете беруде. Асан Қайғының Қазақ хандығы құрылған тұста жасы ұлғайған ақылман, абыз дəрежесіне жеткені мəлім. Ол Алтын Орданың ыдырауын, сосын Үстірттен Сарытау, Мамайға (бүгінгі Волгоград, мұнда бұрын Мамай ханның орталығы болған, Мамай қорғаны атанған биікте «Отан ана шақырады» ескерткіші тұр), сондай-ақ Солтүстік Кавказға, Азауға, Қырымға дейінгі өлкелерді қамтыған Ноғайлы империясының да əлсіреп, «он сан ноғай бүлініп, ел айырыла», тоз-тоз бола бастауын қайғыра бастан кешті. Олардың орнында пайда болған хандықтар арасындағы бір-бірін əлсіреткен бітіспен соғыстар күшейіп келе жатқан орыс патшасының Солтүстік Кавказ бен Қазанды, Сібірді жаулап алу құлқын ұлғайтқанын көрді. Сарайда, Қазанда Ұлығ-Мұхаммедтің пəрменді билерінің бірі бола жүріп, қыпшақ жұрттарының біртұтастығын сақтап қалуға күш салды. Алайда, арасы бір сетінеген ұлттар мен ұлыстар селкеуі сирей берді. Ұлы Даланың негізгі аймағын, яғни орта ғасырлардағы Қазақ Даласы аумағын қолда ұстап қалудың бірден-бір жолы Керей мен Жəнібек хандар қуатымен жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығын нығайтып, өрісін кеңейту екенін білді, күшті Оңтүстік Сібір, ЕділЖайық бойына, Қажы Тарханға жұмылдыруға ықпал етті. Сосын халық көптен көз тігіп жүрген Маңғыстауға бет бұрды... Біздің кейбір аңғалдау, содан да жұпынылау түсінігімізде Асан Қайғы Қазаққа Жерұйық жер іздегенде жалғыздан-жалғыз желмаясымен жалпылдап желе бергенге ұқсайды. Шындығында, бұл сапарды бүгінгі тілмен əскери, ғылыми экспедиция деп айқындау қонымды. Асан Қайғының өзі үлкен білімді, кең дүниетанымды философ, ақын, саясаткер болғанмен, оның қарауында экспедицияны шабуылдан қорғап, тойтарыс беретін қарулы жасақ, аймақтың жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесін, жер беті мен жер асты суларын, табиғи минералдар мен физикалық заттардың қасиетін танып-біліп, ақыл қоса алатын, теңіздің ризығы мен су жолының мемлекет үшін өлшеусіз маңызын қуаттай білуге қабілетті адамдар болғаны күмəнсіз. Өйткені, соған дейін Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Ордадан да тыс қалған, Қазақ хандығы Ордасынан, Кіндіктен мүлде шалғай жатқан Маңғыстаудың сырт көзге жұмбағы көп-ті. Ендеше, бұрын бұл маңайдан хабары аз Асан Қайғының осы сапарына алғаш ой салып, бағыт беруші кім болған? Зер сап қарасақ, қоғам бойында қайнаған ру хани күш-қуат қандай апатты жағдайда да бостан-бос жойылып кетпейді екен, ол халық сынды алып жанды құбылыстың бір тұсынан қалай да атойлап бас көтеріп, жасампаз өмірін жалғастыра алады екен. Əлгі империялар ыдырағанмен, Қазақ хандығының тарихи аренаға көтерілуінің, оған кішігірім қазақ хандықтарының, ноғай, башқұрт хандықтары бір шетінің жаппай, күш көбейте қосылуының осындай табиғи заңдылығы бар. Бұл қыпшақ дүниесінің қайта жаңаруының бір көрінісі деу орынды. Міне, осы кезеңде ұйысып, ширығып үлгерген қазақ ұлтында біз жоғарыда айтқан немесе енді атап өтетін даңқты тұлғалар легінің дүркіреп өмірге келуі де заңды. Қазақ хандығы құрылу қарсаңында туған ірі қолбасшылардың

АС Р А Қ КӨЗ

Ұлылар ұластығы

Асан Ќайєыныѕ Ман Ата басындаєы тебіренісі

Мір ШАЙЫР.

бірі – Адай батыр. Адай хан деп те айтады. 1435-1550 жылдарда 115 жас өмір сүрген. Тағы бір мəліметте оның билік құрған кезеңі 14351449 жылдар делінген. Адай Бексұлтан төренің қызы Айымнұрға үйленген. Қашағанның «Мен өзі төре нəсіл қыздан болдым», Қалнияздың «Нəсілім төре болғасын», Түменнің «Анамыз төре қыз екен» деген жолдары бар. Адай тайпасы осы Адайдан тараған деу қате. Төменде көз жеткіземіз. Қазақ хандығынан қуат алып, бүгінгі Қазақстан мұраттары жолында сол бір алыс ғасырларда жанпида қайрат қылған көсемдер мен қол бастаған батырлар, сан мыңдардың жұмылған ерлігі туралы бұл мақалада айтқанда біз анықтамалық, ғылыми əдебиеттермен бірге ұзақ уақыттан бергі өз тоқтамдарымызға, Əнес Сарайдың ерте дүние мəліметтерін уақыт тозаңынан аршып шығарған «Көнеліктер» кітабына жəне Мұхаммед Хайдар Дулати мен Əл Ибн Бахуриден бастап, талай-талай қазақ, орыс ғалымдарының еңбектерін салыстыра байыптаған Бектұр Төлеуғалиұлының зерттеулеріне сүйенеміз. Асан Қайғының Маңғыстау сапарын ұйымдастыруға Адай жұртының көсемі Адайдың тікелей қатысы болғанын қуаттауға негіз көп. Соның ең бастысы – Адай ханның да, оның ұлдары Құдайке (1460-1537) мен Келінбердінің (1479 жылы туған), немерелері Ер Қосай (1507 жылы Шу бойында туып, 1594 жылы Нөкісте қайтыс болған) мен Тəзіке баһадүрдің де қаһарман өмірлері Керей, Жəнібек хандармен, олардан кейінгі Қасым (1445-1521), Хақназар (Ақназар – 1509-1580) хандармен қоян-қолтық өтіп, жаңа мемлекеттің баянды болуы үшін ерлікпен күресе білгендігі. Бүгінге жеткен аңыз əңгімелерде жəне сол кезгі керуенбасы, жаһангер Əл Ибн Бахуридің «Алғашқы қазақтардың бірігуі» жазба ескерткішінде Құдайке тұңғыш ерлігін он бес жасында, 1475 жылы Созақ даласында Қазақ хандығы мен Шайбани қолдарының арасындағы соғыста көрсеткен. Сол кездегі Созақ билеушісі, Жə ні бектің ортаншы ұлы Махмұт сұлтан Əбілқайырдың баласы Махмудпен жекпе-жекте ауыр жараланып, аттан құлап бара жатқанда, қазақ қолының ішінен торы төбел атты жас жігіт оған көмекке тұра шабады. Сарбаздың əлі бұғанасы қатпаған ұлы Құдайке екенін танып қалған Адай шыдай алмады, қара арғымақтың басын қоя берді делінеді. Қылышын қынабынан суыра, өзіне таяп қалған Құдайкеге ұмтыла берген Махмуд, екпіндеп келе жатқан Адайды көріп, өз тобына қарай тайқып береді. Құдайке Махмұтты аттан құлатпай, сүйемелдеумен қазақ қолының ішіне кіріп кетеді. Махмұт ажалдан аман қалады. 1484 жылы Сайрам мен Шаштың арасында Мұхаммед Шайбани мен Қасым хан қолдарының ұрысында да Құдайкенің ерлік көрсеткені, Шайбани қолының күйрей жеңіліп, əскерінің қалған бөлігімен Хорезм жағына қашып құтылғаны аталмыш жазбада көрініс тапқан. Тағы бірде Ұлытауға бағыттап келе жатқан Сүйініш қожа бастаған шайбанилықтар алдынан Қасым қазақ қолын бастап шығады. Екі күнге созылған бұл соғыста да Құдайке жүрек жұтқан ерлігімен дараланады. Қазақ Ордасын өздеріне бəсекелес санаған шайбанилар тұқымы оны жойып жіберуге тырысады. Өзбек ханы Ұбайдолла (Абдолла) Моғол ханы Əбдрашитпен бірігіп, Сан-Таш жерінде 40 мың қолмен қазақтың 13 мың əскерімен соғысады. Осы кескілесуде жараланған Құдайке екі айдан соң 77 жасында дүние салады. 102 жастағы Адай Ташкент қаласының оңтүстікбатысында 60 шақырымдай тұстағы өз ата-бабалары жатқан Қазақмола зиратына Құдайкені арулап жерлейді. Əл Ибн Бахури Құдайке ержеткенде Тама батыры Шора ұлы Бурахан сұлтанның қызы Гүлжанат Бикемге Қасым ханның өзі құда түсіп үйлендіргенін айтады. 1509 жылы Қасымның əйелі Ханық сұлтан-ханым ұл туғанда баланың есімін Адайға қойғызған, нəресте Хақназар

аталған. Бұл Адай əулеті мен Қазақ хандығы билеушілерінің арасындағы жанұя жақындығын көрсетеді. Қасым хан дүниеден өтіп, ұлдары Мамаш (Момыш), Тайыр, Тоғымнан кейін хан болған Хақназардың 1538-1580 жылдардағы соғыстарының бəрінде əскербасы болып Қосай жүрді делінеді. 1555 жылы моғолдармен соғыста Абд Əл-Лəтиф ханның Қосайдың қолынан мерт болуы, оның Ташкент билеушісі Шайбани тұқымы Барақ ханды үш жыл бойы үрейде ұстап, ақыры Ташкентті бағындырып тынғаны, батыста орысқа қосылмақ ниеттегі ноғайларды, маңғыттарды, Қазақ хандығынан қорыққаннан патшамен ымыраласпақ болған Көшім ханды тəубесіне түсіргені, 1554 жылы Шығыс Жетісуда ойраттарды күйрете талқандағаны, ноғайлар Мəскеуді шауып өртеп, маңайының бəрі Қазақ хандығына мойынсұнғасын Иван Грозныйдың жиі-жиі мекен-жайын өзгертуге мəжбүр болғаны... Сөйтіп, ол Ер Қосай атанады. Терістіктегі күшейіп келе жатқан империяға айбын (орыс ертегілерінде Қосай «Кощей Бессмертный» деп үрейлі бейнеде суреттеледі), Қазақ Даласы мен Тұран ойпатындағы елдерге бірдей беделді, сыйлы тұлғаға айналады. Данила Губиннің 1539 жылғы 22 тамызда патшаға жолдаған хаттары, мысалы: «Казаки захватили много земель калмыков и пленили людей. Хан Хакназар весьма смел, предводитель его войск Косай человек хорошо владеюший тактикой и стратегией войны» немесе Ивашка Поздеевтің 1570 жылғы хабарламалары, Көшім ханның: «Ныне деи сбираю дань Господарю вашему царю и великому князю послов пошлю, а нынеча деи мне война с казацким царем, и одолеет деи меня царь казацкий и сядет на Сибири ино и тот Господарю дань учнет не давати» деген шағымы («Қазақтың Қасым, Хақназар хандары» жинағы), ұлты өзбек Əкрам Мұхитбердінің (1701 жылы Иранда туған, Бомбейде, Иракта қызмет еткен, шешесі Адай ауылының қызы) «Алшын шежіресі», «Қазақ құрамасы» еңбектері Қазақ хандығы билеушілерінің, соның ішінде Хақназар хан мен Ер Қосай өмірінен дəлелді де құнды сыр шертеді. Атышулы батырлар бастаған қазақтар, өздеріне дейінгілердің дітті мақсатын жалғастыра, Маңғыстаудың Қара Ойын біраздан жайлап қалған елдерді ығыстырып, түбектің таулы аймақтарына түбегейлі ене бастаған кездерде, пайғамбар жасына таяған Ер Қосай Адайдың қалған қалың жұртымен жəне оған қосылғандарды ілестіре Маңғыстауға беттейді. Ол ерте көктемде молдасымен бірге бірнеше отбасының көшін бастап Шу өзенінен өткен сəтте мұз ойылып, көш опат болады. Қосай 1525 жылы Арғын Ақжол бидің немересі, Нəдірқожаның ұлы Сұлтан сопының қызы Сақыпжамалға үйленген-ді. Бұл бір ғажайып хикая. Сонымен, Ер Қосайдың отбасы, оған ерген екі үй Арғын, барлығы 49 адам шулап суға кетеді. Өзен содан бастап Шу аталған дейді халық сөзі. Бұл туралы көп еңбек жазылған. Қайғыдан Ер Қосайдың екі көзі зағип болып қалады. Ел арасының тыныштығын көздеген досы, түрікмен ұлысының көсемі Эр Сары (Исан-Дұрды) Ер Қосайға Оғылмеңлі есімді қызын тұрмысқа береді. Оғылмеңлі анамыз Қосайдың көзін емдеп жазып, одан алты ұл туады. Даңқты ұрпақтар тарайды: Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Қашаған... Қосай бұдан кейін хандық істеріне араласуды сиреткенмен, Хақназар оны үлкен кеңестеріне шақырып, ақылдасып отырады. 1580 жылы зауза айының 19 жұлдызында Хақназар сатқындықпен өлтірілгенде Ер Қосай оны Қаракеңгір өзенінің бойына жерлесіп, хан ордасында үш айдай болған. Əкесі Қасым ханның қасқа жолымен Қазақ хандығын нығайтып, қағанат деңгейіне дейін көтере білген, елдің ынтымағын асырған Хақназар (Ақназар) хан да осылай өмірден озды. Ұлтымыздың бағына туған асқаралы даналар Керей, Жəнібек, Қасым, Хақназар хандар Асан Қайғыдай пайғамбар тұрпатты ұлыларды, Адай, Құдайке, Қосай сынды жəне аттары тарихта аталып жүрген, аталмай жүрген ірі тұлғаларды төңірегіне топтастыра білді, этностық құрамы аса күрделі елді бір ұлт туы астына біріктіріп,

9

www.egemen.kz

бір идеяға, бір мақсатқа жұмылдырды, соның арқасында Қазақ хандығы жаңа кеңістіктерге ие болды, қазақ саны миллионға жетті. Бектұр Төлеуғалиұлының Ресей Сыртқы істер министрлігі мұрағаттарынан сəтін салып сирек мəліметтерді тапқан жұмысын Еңбек Ері Əбіш Кекілбайұлы сен мұхит ішіндегі жалғыз жаңқаны қайықпен іздеп қолға түсіргендейсің деп бағалады. Бекеңнің «Адай тарихы сыр шертеді» роман-эссесі талай-талай сирек еңбектерден түзіліп туған шығарма. Маңғыстау мəселесін Ер Қосай немересі Есекмерген (қазақ ертегілеріндегі жезтырнақпен, таутайлақпен (динозавр) айқасып жеңген атышулы кейіпкер) бастаған баһадүрлер легі түбегейлі тиянақтайды. Хан Ордасы мен Адай əулетінің ынтымақты қарым-қатынасы, сол кезгі қазақтар өмірі көп əңгіме. Біз бұл қысқа дəлелдерді Асан Қайғының Маңғыстау сапарына орай келтіріп отырмыз. Орданың ықпалды тұлғалары Адай мен Асан Қайғы заманы бір, бір мақсатты көксеген пікірлес адамдар болғаны анық. Сонымен бірге, шығу тарихы бірнеше мың, тіпті жеті-сегіз мың жылға дейін əрідегі Арғын, Найман, Үйсін секілді, Адай тайпасының бағзы замандардағы іздері Таяу Шығыста (аде, адей), Кіші Азияда ( б.д.д. 18-12 ғғ. Анатолияны мекендеген Адай таңбалы халық), Маңғыстау (ада – дай) мен Солтүстік Кавказда (Адай-хох тауы, адай жұрттары), Дағыстанда, Қырым мен Еуропада, жалпақ Үстірттің өнбойында, Алтай мен Сібірде (адай жұрттары), Жетісу өңірі мен Қырғыз (Қосай тауы), Қарақалпақ, Өзбек, Түрікмен, Ауған елдерінде сайрап жатыр. Сол ұлы жорықтар барысында Адай жұрты əр жерде бөлек-бөлек қоныстанып қала берген. Бұл тайпа, салжұқтар секілді, атажұрт үшін мал-жанымен көшіп жүріп соғысқан. Күллі қазақ болып қалмақтар мен жоңғарларды қырғанда Қазақстанның талай жерінде ауыл-ауыл болып отырып қалған. Жақұт жүректі ұлы ақын Төлеген Айбергенов «Қазаққа атақоныс бұл аралар» деп жырлағандай, бұл жұрт Маңғыстауды атажұртым, үйім деп аңсап, бір көзі осы өлкеде болған. Адай атауы ада (арал) сөзінен туған, біз нəсілді халықтарда, гиперборейлерде арал адамы, арал жауынгері, рыцарь деген ұғымды білдіреді деп 1970 жылдардан бері мəлімдеп келеміз (ада – дай, ада– дах, адай, адах). Ескілеу карталарда Кендірлі мен Фетисовке таяу тұста Үлкен Ада, Кіші Ада деген аралдар көрсетілген-ді. Қазір екеуі де су астында. Ерте дүниеде өлкенің таулы аймағын ара-тұра деңгейі көтерілгенде теңіз қоршап, арал (ада) болғаны мəлім. Сөйтіп, Адай ой салып, хан ордасы қуаттаған Асан Қайғының бұл сапары ұлттың Маңғыстауға қайта қоныстануына жол ашып, өлке ежелгі де жаңа Қазақ мемлекетінің берік босағасына айналды. Кейінгі ғасырларда Құрманғазы мен Есір «Ман Ата», «Манатау» күйлерін толғаған, əулиелер мен пірлер, көсемдер, періште халқымыз тізелері топырағына тие сиынған Ман Ата басында Асан Қайғының толғақты тебіренісі неліктен деп білеміз? Ерте-ерте-ерте дүниеден бері мұнда адам баласының ең бастапқы əулиесі, Маңғыстаудағы 360 əулиенің көшбасы Ман деген сирек қасиет иесі жатыр деп білген. Оны Маңғыстаудың кілтін ұстаушы, қақпасының иесі, сақшысы деп қастерлеген. Ман Ата əулие өз есіміне ие Ман Ата тауының адам жүрегі бата бермейтін Ман Ата таулы асуында жатыр. Шатқалдар мен аңғарларды айналып, құздарды жағалап өтетін қауіп-қатерлі жолдың бойында. Бұл Маңғыстаудың Қара Ойынан Үстіртке көтерілетін, Үстірттен Ойға құлайтын негізгі жол. Заманында осы таудың етегін теңіз шырпып жатқан. Түбектің ондаған жеріндегідей, мұнда да алғашқы адам тектестердің, алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының тіршілік орындары əлі бар. Түмен ақынның сонау жылдардағы: «Маңқыстау – Мəшайықтың жатқан жері, Ашылған абыройын жапқан жері», – деген жолдары сол бастапқы адамдардың алғаш ес кіріп, ұялу сезімдері пайда болған, қолайсыз жерлерін лыпамен көлегейлеген, сөйтіп, кісілік

кейіпке, қастерлі сипатқа ене бастаған кездерін бейнелейді. Əулие маңынан сізді сол ықылым замандар лебі орай ескендей. Ман Ата асуынан даңғыл жол салынған бүгінгі күндерде де біз өтуге рұқсат сұрағандай əулиеге кідіріп, аятымызды оқып, қобалжып, елге, жерге кінəлі болып жүрген жоқ па екенбіз дегендей өз-өзімізді іштей тексеріп, əлек боп қаламыз. Жақсылық пен жамандықтың, ақиқат пен өтіріктің арасындағы қыл көпірде тұрғандай. Аңыз жайлаған, дəулер, диюлер қаптап жүр деген (соның бəрінде негіз барын тарих дəлелдеді) жұмбақ өлкенің маңайы сұсты əулиесінде Асан бабамыз кешкен күй бұдан да əсерлі болар. Сол уақыттарда Ман Ата етегін су көмкеріп жатса, ілдəлап Жармыш тауларының, Қаратаудың қыр арқаларымен əрі асып, табиғат тамашаларын, қарауытқан қалың əскердей самсаған айбынды жартастарды былай қойғанда, ойпаңдардан шып-шып шыққан мұнай нышандарын, гидрондарды көріп, ол аз дегендей, баяғы Ескендір Зұлқарнайынның осы аймақта кілкіп жатқан қара сұйықтың жанатынына қайран қалып, сонау Македониядан бермен қасында қолбала болып жүрген екіестілеу он бестегі жасөспірімнің үстіне құйып, от беріп өртеп қызықтағанын естіп, ауыр ой кешкен болар. Осындай сезімде Ман киесінен тағы да рұқсат сұрап, көп айналымды өрмелі жолмен қинала Ман Ата тауының үстіне шыққанда бір тыныстаған ол əлгі толғанысты өсиетін айтқан болар. Маңғыстауды ата көкірекпен нəресте бесігіндей мəпелегендей. Кеңбайтақ Жерұйық елімнің жəне бір жылы ұясы болғайсың деп. Содан бері, бəз-баяғыдай, Ман Ата жұмбақ болып қала берген. Адамдар ол кім болған, не істеген, қай заманның өкілі деп сұрақ қоюдан да жалыққан. Себебі – жауап аз. Бар білетіні – бұл кісі адам баласына көп жақсылық жасаған, лайықты өмір сүруге, ілімге, білімге үйреткен. Содан оны халық баламалы сипатта Адам Ата – Ман Ата деп атаған. Адамның əкесіндей қамқоры дегені. Ақиқат ұзақ жылдар бойы мысқалдап ашылды. Заратустраның «Авестасындағы» Воху-Ман, Құдай Адам, Бақыт сыйлаушы Ман, Бақ-Ман осы Ман Атаға ұқсай берді. Сөз трансформациясы: бақ– вох– бог (А. Шапошников. «Заратустра. Учение огня, гаты и молитвы». Гат– хат, жолдау.) Адам жады көмескі тартқанмен, Жер жады ескірмепті. Тым бағзы кезде бүгінгі Батыс Қазақстан облысы аумағында, ЕділЖайық өзендері арасында туған Заратустра 30 жасында Үстіртке келгенде басына Ой қонады. Бір өзеннің жағасында (Ман Ащы) оған Ман бейнесі, рухы нұрланып көрінеді. «Авестаны» (ағылшын Мэри Бойс жəне басқалар ашып, дəлелдеген дəл тəржімасы «Обоснованное изречение», «Негізді нақыл» немесе «Абыз») жаза бастайды. Ман Атаға қатысты қазақ аңыздары мен үнді-арий, герман мифологиясындағы мағлұматтар «Авестамен» үндесіп, оның Үндістанда, Əзербайжанда Ман империялары негізін салғаны, Күн Құдайдың шапағаты түскен Кангюй қала-мемлекетін ұйытқаны, Манкент қаласы, Ман əулеттері... Еуразия аумағындағы Ман есімін иеленген басқа да қалалар, өзендер, таулар... Мысалдың шегі жоқ. Жердің əр шалғайындағы елдерге Ман заңдары, жақсы өмір сүре білу, өндіріс, шаруашылық, кеме жасау, мемлекет ісін жүргізу, тұрмыс құру, əдет-ғұрып, əдеп ережелері еніп, ризыққа бастағаны (БСЭ, СЭС)... Ман дүние сапарының соңында адамзаттық ұлы мұратпен, сол кездердеақ киесімен əйгілі Ман – қыстауға келген. Бұл жөнінде 2014 жылғы тамызда Ақтауда өткен Еуразиядағы бүкілəлемдік мұралар қалаларының VII Халықаралық конференциясында жасаған баяндамасында Еңбек Ері Əбіш Кекілбайұлы: «Зороастризмдегі Алғашқы Адам Манның өзі Маңғыстауда, Ман Ата тауында мəңгілік орнын тапқан», деп қорытындылады. Ал «Авестаны» зерттеуші А.Шапошников: «Ман – Атлант... Миф о Первочеловеке Ман – сыне Земли и Неба – известен иранцам, германцам... но только у скифовсаков сформирован общеиндоевропейский образ Первочеловека», деп айқындады. Президент Н.Ə.Назарбаев адамзат өркениетінің тым арғы дəуірлерін қамтыған «Ман Ата. Первочеловек Ман» кітабымызды Мəңгі Ел мұраларын жинақтаған дүниелер қатарындағы еңбек ретінде бағалап, шығарушыларға алғысын жеткізді. Егер Аристотель «Зороастр (Заратустра деп бастапқы үлгісіне, біздің тілімізге бейімдеп түзеген Фридрих Ницше) жил за 6000 лет до Платона» деп мəлімет қалдырса, Ман есімді ғұламаның қай заманның адамы екенін тек қиял көкжиегімен пайымдауға болады. Міне, Батыс пен Шығыстағы көп халықтар арғы тегім Прародитель всех людей Ман деп атаған, біздің қазақ та, ұлтымыздың бастауындағы Майқы би де өзінің түп атасы санаған Ман еді бұл. Ұлты үшін бейбіт күрескен, дəл сол Ман Ата сынды халқының бақ-берекесін көксеген Асан Қайғы Ман Ата басындағы сол сəттерде оның кім екенін дөп таныған да болар, содан да тебіреніп, толқыған болар. Топырағы адамзаттық, адамгершілік Һəм əлеуметтік ұлы идеялардың бесігі болған туған елінің бағзыдан мұра осынау жерлерін сүйікті халқы болашақта өрістей жайлап, өркендей береріне елжірей сенген болар. Маңғыстаулық азаматтар болып біз Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында пікірлесіп, Ман Ата зиратына көрнекті белгі орнату, таудың үстінде Ман Ата тарихи-танымдық ескерткіші мен туристік орталығын салу қамында жүрміз. Бұл жерде əрісі ең алғашқы адамдар мен берісі Ман Атаның, тұңғыш пайғамбар Заратустраның, Спитаменнің (Заратустраның Спитама руы құрметіне қойылғанын байқау қиын емес), Асан Қайғы, Адай, Құдайке, Келінберді, Ер Қосай, Пір Бекет пен Саназар, Құлбарақ, Қашаған мен Құрманғазы, Есір... О, қаншама бабаларымыздың, тіршілік қамында шарқ ұрған аяулы халқымыздың табан табы қалған! Сол іздердің өзі бүгінгі біздерге сарқылмас қуат беріп жатыр. Маңғыстау облысы.

––––––––––––––––– Суретте: Асан Қайғының бейнесі. Суретті салған Сəрсен ОМЫШЕВ. (Алматы).


10

www.egemen.kz

«Ақын деген табиғат қой, қысы, күзі, жазы бар. Көктемі бар шуақты», деп еді Мұқағали Мақатаев ағамыз. Осы мінез Нарынқол өңірінен шыққан тағы бір жыр тарланы Еркін Ібітановқа да тəн. Қаламгер өмір суреттерін ақ қағазға айнытпай түсірді. Оқысаңыз арқаңыз шымырлайды. Сөз өнерін жетілдіру арқылы адуын ақын халыққа қызмет етті. Биыл Ерекең сексенге толатын еді. Ортамызда өзі жоқ болғанымен, өлеңдері ел аузында. Ақынның жары Алтынкүл ЫСҚАҚОВА апамыз күліп отырып, мұңайып отырып сұрақтарымызға жауап берді.

30 қыркүйек

ЕРДЕ

З

басшыларының сарыла күткенін қоя тұрып, Еркін ағаның үйіне түсіпті, екі қаламгер баяғыдай емен-жарқын сырласыпты деп естідік. Соның анық-қанығы қалай болған еді. – 80-ші жылдардың басы. Əбіш Кекілбаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде сектор меңгерушісі. Бір күні шағын топты ілестіріп аудандық партия

2015 жыл Еркін сол кітаптарды тастатқызбай, үйге тасығаны бар. Əкеден қалған əдет балаларына дарыды, соған қуанамын. – Мықты ақынның бəрі мықты журналист бола бермейтіні белгілі. Ал, Еркін ағамыз осы екі саланы теңдей меңгерген. Ол кісінің қаламынан туған мақалалар көпшіліктің көңілдерінен шықты. Сіз ағаның жары ғана емес,

– Сіздердің, Еркін аға екеуіңіздің алғашқы таныстықтарыңыз қалай басталды? Ол мезгіл қай жылдар еді? Келін болып түскен сəтіңізді ойға оралтып көріңізші? – Екеуміз бір өңірде, Шалкөде аңғарында өстік. Еркін – Қарасаздың тумасы. Мен одан он шақырым жердегі Шибұт елді мекенінің қызымын. Мұқағали мен Лашын да тура біз секілді жұп еді. Мұқаң – қайын ағам, Лашын – əпкем. 50-ші жылдардың аяғында Нарынқол ауданы халық өнерпаздығына ерекше көңіл бөлді. Таулы өңір жастарының болмысы бөлектеу. Шетінен өлең-жырға құмар. Түрлі бастамалар ел арасындағы таланттарға дем берді. Халық театрын құрамыз деп жүрген сол кезеңдер

«Рухы кїшті жан еді» өміріміздің сəтті əрі тəтті шақтары еді. «Сахнада – Еркін Ібітанов!» дегенде қошемет көрсеткен жұрт орындарынан тік тұратын. Хантəңірінің жас қыранындай жанары жалт етіп көпшілікті өзіне қарататын. Дауысы зор əрі тұнық. Керемет өлеңдерін керемет ырғақтармен оқығанда «құлақтан кіріп, бойды алады». Оның ақындық даңқы тым ерте естілді. Жиырмадағы жас жігіттің еншісіне бұйырған мəртебе ерекше болатын. Біз халық театрында жүріп таныстық. Сұңғыла сезімталдығына тəнті боласыз. Не ойлап тұрғаныңды бірден аңғарады. Бойжеткенге көрсетілер қазақы əдептің ережелерін қапысыз сақтайтын. «Алтыкен, əн салшы», дейтін. Сенің дауысыңды белгілі ақын тыңдағысы келсе, одан артық қандай қуаныш бар?! Қос жүрек бір-бірімен əн арқылы тіл қатыстық. 1960 жылы отау құрдық. Табалдырықтан оң аяғыммен аттап, Ібітановтар əулетінің келіні болып үйге кірдім. Елу жылғы отбасылық ғұмырымыз жемісін берді, жапырағын жайды. Шүкір деймін. – Сонымен, маңдайыңызға жазылып, ақынға жар болдыңыз. Өлең жазбасаңыз да, енді сіз үшін өлеңге қызмет ету кезеңдері басталды. Ақын шабытының жыр төккен сəттеріне куə болған бір-екі оқиғаның əдемі мысалын бізге əңгімелеп беріңізші. – Ақынның қасында жүргеннен де, ақын өмірін алыстан қызықтаған əлдеқайда əсерлі. Еркіннің төл құрдасы Қадыр Мырзалиев бұл күйді дəл суреттеген. «Жынды дер жынды емессің, Сау деуге жəне болмайды», дейді. Осындай жаратылыстағы адаммен жолдас болу оңай емес. Менің білетінім, Еркін өлеңші емес, нағыз тума талант ақын болды. Ол өлеңді жазбайтын, ол алдымен жырды жүрегінде тербетіп, дүниеге нəресте əкелгендей туатын. Мұндай құбылыстарды өз басынан өткізбеген адам бұл ерекшелікке ешқашан сенбейді. Егер, жанын қинамай жалаң ұйқас қуалайтын болса, бір түнде бір поэманы жазып бітіріп, көлеміне қол соққызатын еді. Нағыз ақынның өлеңшіден айырмашылығы осында. Ол ой құшағынан арылмайтын. Темекісін бұрқыратып, Мұзтаудың биіктеріне үнсіз қарап тұрған шағы басында өлең шумақтарының құралып жатқанын сездіретін. Ақын өміріне кейде қуанасың, кейде ақын болып туғаны үшін оны аяйсың. Менің байқағаным, ақынның сырты қартайғанымен, жүрегінің жаратылысы баяғы он сегіздегі қалпында қалады екен. Алпыстағы адам он сегіздегі жастың сөзін сөйлесе қандай күлкілі?! Өмірдің мұндай үйлесімсіздіктері тек ақынға ғана тəн. Бəрін қазір ой елегінен өткізгенде, басымды шайқап таңғалғанымды өзім де байқамай қаламын. – Еркін, – дедім бір күні, – жақсылы, жаманды ғұмыр кешіп жер ортасынан астық. Анау Тұманбай құрдасыңның Күлтайына арнап шығарған өлеңдері жуан бір кітапты құрайды. Сен олай етпейақ қой, бірақ дұрыстап маған бір өлең арнасаңшы. Ең болмаса немерелерім айта жүрсін, – деп күлдім. Ол үндеген жоқ. Мен айтқан шындықты іштей мойындағанын сездім. Түстен кейін төркініме, Шибұт ауылына қонаққа кеттім. Енді мына қызыққа қараңыз. Келесі күні Нарынқолға кіреберістегі көпірде Еркін мені күтіп тұр. Мына халі көретін көзге тіптен ерсі. Жүрегім зу ете түсті. Дереу машинадан түсіп қалдым. Алайда, ағаларыңның жүзі мүлдем бөлек. Бетіме қарап жылы жымияды. – Еркін-ау, қылығыңды түсінбедім. Не боп қалды?! – дедім. – Сабыр ет. Сенің мені түсінгенің де шамалы ғой. Саған арнап түнде поэма жаздым. Көптен көкейімде жүруші еді. «Сырласайық, бəйбіше» деп аталады. Таң атқанша көз ілгем жоқ. Шамалауымша жақсы шықты. Анау көк майсаға барып отырайық. Мен оқиын, сен тыңда , – деді. Үйге кіріп асықпайақ оқыса да болады. Бірақ ол алабұртып тұрды. Ақынға дауа жоқ деген осы.

Қазір сол поэма түгел жатталып жадымда сайрап тұр. Іштей қайталай беремін. Менімен сырласты дегені болмаса, ол өмір құпиясын өлеңмен өрген аса сəтті шығарма. Біз ақындық музаны екі қолынан жетектеп жүріп осылай өмір сүрдік. – Естуімізше, бірінші жинағы «Қойшылардан» соң Еркін аға ұзақ уақыт кітап шығармай жүріп алған көрінеді. Осы жайлардың себептері мен құпиясын қалай айтып берер едіңіз? – «Қойшылар» поэмасы – қой баққан адамдар туралы емес. Халқымыздың негізгі кəсібін өзек ете отырып қазақ туралы жазылған дастан. Оның «Ата-бабам», «Əкем», «Өзім» атты үш бөлімі осыны анық аңғартады. Бұл поэма Еркінді əдеби ортаға, күллі оқырманға танытқан ерекше дүние болды. Кезінде оған ірі əдебиеттанушылардың өзі үлкен баға берді. Туынды «Социалистік Қазақстанға» жарияланды. Республиканың бас газетіне шығу ол кезде мыңнан біреудің ғана тəлейіне бұйыратын. Іле-шала «Қойшылар» деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Біздің өңірде бұл дастанды түгел жатқа білетін адамдар көп болатын. Тұңғыштың жолы болған соң, алдағы жинақтар бір-біріне жалғасуы керек еді. Бірақ, олай болмады. Аттай жиырма жыл ақын «Қойшылармен» ғана шектеліп тұрып қалды. Оның себептерін Еркіннің өзінен артық ешкім білмейді? Ал, ақын ағаларың арамызда жоқ. Десек те, отағасымыздың айтқан бір əңгімесінің шеті əлі есімде. «Қойшылармен» қанаттанған ақын «Қазақтар» атты жаңа поэмасын бастаған. Оның алғашқы жолдарын қаламдастарына оқып та берген. Идеясын, жоспарын жасырмай жария еткен. Албырт жастың осы əрекеті тым асығыстық болған секілді. Айтылған ойларының арқауы ортақ пайдалануға түсіп кеткені жас ақынға тұсау болды ма деп болжаймыз. Əбіш Кекілбаев өзінің «Ханшадария хикаясында» дастанның: «Бұл өзі əлде шындық, əлде өтірік. Ақиқатын білетін адамдарды, Уақыт өзі жіберген көрге тығып», деген əлі жарық көрмеген шумағын эпиграф етіп алған. Көпшілік Еркінде ондай поэманың болғанын осыған қарап біледі. Жиырма жылдан кейін «Арман əлемі» шықты. – Жиырма жасында үлкендердің назарына ілінген ақынның ауылдан алыстап кетпегенін қалай түсіндіресіз? Өлең үшін үй-орманын тастап Мұқағали да Алматыға көшкен еді ғой. Бəлкім солай еткенде, бұдан да зор құбылыстар болар ма еді деп ойлаймыз. Ақынның тізгінін тартқан кім? Сіз бе, əлде аудандық газет пе? – Бекер обалы не, Еркінді Алматыға кел деп қызметке шақырғандар болды. Бірақ ол ел-жұртын қиып тастап кете алмады. «Не деген жел айдаған көбелекпін, Тасқа əкеп өзімді-өзім шегелеппін», деп ұлы Мұқағалидың өкініп жазғаны бар ғой. Кім біледі, егер қалаға көшсек өкінгеннің көкесі Еркінде болар ма еді деп те ойлаймын. Ол аудандық газеттің редакторы Əлнұр Мейірбеков ағасын ерекше жақсы көрді. Көрмесе тұра алмайтын. Ауданда өмір сүрген осы аға ұрпақ өкілі адамының білімі мен парасаты республика деңгейіндегі қайраткерлерден кем емес еді. Бұл да себеп болған бір жағдай. Сонымен қатар, аудан мəдениетінің өсуіне аз үлес қосқан жоқ. Артынан ерген шəкірт інілері соның жанды дəлелі. Нарынқол ауданы – сол кездегі ел астанасы, əрі облыс орталығы Алматыға соншалық қашық емес. 350 шақырым ғана. Мəселен, Қарағанды, Торғай өңірлеріндегі екі ауылдың арасы осы шамалас. Қаламдас достары үйге үзбей келіп тұратын. Оспанхан, Тоқаш, Əбіш секілді қатар құрбыларымен бірге, Əсет Бейсеуов сияқты інілері де біздің шаңырақтың бір мүшесіне айналатын. Ал еңбек демалысында Еркін алматылықтардың қатарына қосылатын. Сондықтан ақынның өз таңдауына алып-қосарымыз болған жоқ. – Еркін ағаның талантын танығандар аз болған жоқ. Соның бірегейі ретінде Əбіш аға Кекілбаевты айтқымыз келеді. Үлкен билікте жүрген Əбекең іссапармен Нарынқолға барғанда, аудан

комитетіне іссапармен келетін болыпты. Басшыларда ес қалған жоқ. Бəрі далақтап дайындалып жатыр. Ресми шарада біздің не жұмысымыз бар. Еркін болса қаперсіз үйде отырған. Кенет біздің қарапайым үйдің «түңлігі» желпілдеді де кетті. Ə дегенде түкке түсінбедік. Аудан басшылары ғана ұрттап тататын ас судың алуан түрі біздің дастарқанға қарай ағылды. Əншейінде бас изеп өте шығатын бастықтар отын жарып, су əкеліп зыр жүгіріп жүр. Мəн-жайды дұрыстап айтуға мұршалары жоқ. Мен өзімше сасқалақтадым. Еркін миығынан күліп отыра берді. Сөйтсек жағдай былай болыпты. Келетін адамдарға арнайы қонақ үй дайындалған. Енді бəрі бітті деп отыра бергенде, іске шұғыл өзгеріс енген. Топтың жетекшісі Əбіш Кекілбаев қонақ үйге емес, Еркін Ібітановтың үйіне түсетін болыпты. Осында тамақ ішіп, осында демалады екен. Мынандай зыр жүгіру содан кейін басталған. Əбіштің əдемі əңгімелерін, өлеңдей болып естілетін əсерлі сөздерін көпшілік біздің үйде тыңдады. Мұншалық терең, мұншалық шешен адамды көргендеріне бəрі таңғалды. Əбіш лауазымдық шекпенін сыртта қалдырған болуы керек, үйде біздің бауырымыз, Еркіннің досы болып қана отырды. Сөйтсек Əбіштің бұл келісі: «Ақын ауылда тұрады деп мұрындарыңды шүйірмеңдер, Еркін – қазақтың Еркіні», деген ескертуі екен ғой. Əулеттік өмірде мұндай оқиғалар аз болмайтын. – Мұқағали десек Ерекеңді сөз етеміз, Еркін аға десек Мұқағалиды айтамыз. Ол кісілер əрі туысқан, əрі ауылдас. Осы екі тұлғаның арақатынастары қалай болды? Сол жайындағы естеліктерге тоқталсаңыз. – Еркін туралы неше түрлі қалжың бар. Соның бірі былай баяндалады: «Кездесуге келген Еркін Ібітанов бір кезде Мұқағалидың өлеңдерін оқи бастаған. Соны ажыратып қалған тыңдаушы: «Ереке, танып тұрмыз, мына өлеңдер сіздікі емес, Мұқағалидікі», депті. Еркіннің де жауабы дайын екен. «Оны өзім де білемін. Мұқағали менің ағам жəне бауырым. Біздің арамызда сенікі, менікі деген болған емес. Сол дəстүр жалғасып кетсе, оның не ерсілігі бар?» депті. Əрине, өлеңдерін ауыстырмайды, ал қалғанының бəрі шындық. Олар бірбірінің тілеуін тіледі, бір-біріне ниеттес болды. Ағасы Алматыға шақырып, Мұқаң дүниеден озардан сəл ғана бұрын екеуі оңаша кездесіп сырласқан. Сол кездесу Еркінге өте жаман əсер етті. «Құлағыңды түріп жүр, келмей қалма», депті. Одан артық ауыр өтініш бола ма?! Бəрін күні бұрын білу деген азап екен ғой! Мұқаң дүниеден озғанда арнау өлеңдер баспасөзде қарша борады. «Неге екенін білмеймін, бір нəрсе көкейіме кептеледі де тұрады. От болып жанып, өзегім өртенеді. Санамда бəрі сайрап тұрғандай, бірақ соны қағазға түсіре алмаймын. Жұрт мен туралы не ойлап жатыр екен?!» деп күрсінгені бар. Сөйтсе, құлашын кеңге жайған екен ғой. Тура он жыл өткенде Мұқағали өміріне арналған «Хантəңірі, қайдасың?» дастаны өмірге келді. Оны өзі өлең-роман деп атағанды ұнататын. Бəлкім, солай шығар. – Еркін аға сыртынан қарағанда қосалқы уақыттары аз сияқты болып көрінеді екен. Алайда, кітапты ең көп оқитын адамдардың қатарында саналыпты. Аудандық кітапхананың есебінде ол кісіден өткен оқырман болмаған. Соның жайын қалай айтар едіңіз? Жəне осы дəстүрді балаларына қалай дарытты? – Тəуліктің белгілі бір бөлігі кітап оқуға арналатын. Жас кезінен қалыптасқан əдеті еді. Кітапты өте жылдам оқиды. Мəнін де, мазмұнын да тез қабылдайды. Орыс тіліне жүйрік. Əлем классиктерін қайталап қарағанды жақсы көретін. Бір сөзбен айтқанда, кітапсыз отыра алмайтын. «Бір барғанда он кітап аласың. Парақтарын аударыстырып қарап, қайтадан өткізетін шығарсың», деп қалжыңдайды кейбір замандастары. Сірə, күмəнданатын болуы керек. 90-шы жылдардың ортасында Қарасаз ауылындағы кітапхана тарады.

аудандық газетте бірге жұмыс істеген қызметтесі болдыңыз. Ендеше, осы туралы ойларыңызды білгіміз келеді. – Аудандық «Советтік шекара» газетінде Еркін журналист, мен корректор болып еңбек еттік. Ақпарат құралына ақындықтың түк керегі жоқ. Өлең – көркем шығарма. Қаламгердің жеке жұмысы. Өзің білесің, газетте кідіріс болмайды. Уақытысында шығып, оқырманға жетуі керек. Сондықтан материалдар күндіз де, түнде де толассыз жазылады. Еркін осындай жайларды басынан кешірген қаламгер. 60-шы жылдардың басында Қарасаздағы мұғалім Еркінді Əлнұр Мейірбеков ағасы газетке шақырды. Меніңше, ол ағаның үмітін толық ақтады. Өйткені, өзіндік ерекшелігі бар «Ібітанов мектебі» қалыптасты. Жастар одан үйренді. Қысқа хабар – жаңалықтар жазудың асқан шебері еді. Өлеңге өте қатал болды. Көлденең көк аттының жазғаны аудандық газетке шыға бермейтін. Ешкім содан жамандық көрген жоқ. Очерктері əңгімедей əдемі оқылатын. Ал фельетондары, əзілсықақтары ішек-сілеңді қатырады. Еркін осының бəрін алдымен басына қорытып, содан кейін машинкаға ауызша баяндайтын. Əдемі сөйлемдер маржандай төгілуші еді. «Ағаның бір айтқанын біз он ойланып жүріп əрең табамыз», деп күлетін інілері. Ол өз ортасында тұлға болды. Ақынға деген ілтипат толастаған емес. Бəрі оны тек биіктен көргісі келетін. Аудандық бюрода партия қатарына өткелі жатқан жас жігітке: «Газеттің редакторы кім?» деген сұрақ қойылыпты. Ол ойланбастан: «Еркін Ібітанов», деп жауап беріпті. Дұрыс айтпағанын білсе де бірінші хатшы жымиып күліп, жауабын қабылдаған екен. Осы мысалдың өзі-ақ талай нəрсені аңғартады. «Екеуміздің бір мекемеде қызмет еткеніміз дұрыс болмады», дейтін. «Неге?» деймін мен түсіне алмай. «Өйткені, мен мəңгілік қара жұмысқа кесілген адам секілдімін». «Бұл сөзіңмен не айтқалы отырсың?». «Шындығы осы, қарашы, айлықты санап сен аласың, одан кейін оны сөмкеңе саласың. Мен тек тізімге қол қойып беремін» – деп күлетін. Соның бəрі қазір сағыныш болып есіме оралады. – Еркін ағаның шешендік сөздері, тапқыр əңгімелері ел арасын кезіп жүр. Əзілдері ойлы, бейнелі жəне сүйкімді. Тіпті, өмірден озудың соңғы сағаттары таяғанның өзінде қалжыңдарын қалқан етіп, сыр білдірмеген деседі. Сол туралы не дер едіңіз? – Еркін ешкімге тəптіштеп, тақылдап ақыл айтпайтын. Бəрін де астарлап жеткізген жайы бар. Ұғатындар ұғады, ұқпайтындар ұқпайды. Сол үшін əзіл-қалжыңды қолданады. Ажалы есік қағып тұрған кезде де сыр алдырған жоқ. Халін сұрағандар: «Көңіл-күйі жақсы екен. Қатарға қайтадан қосылатын шығар», деп үміттенетін. «Қорықпа, бəйбіше! Маған алаңдамай, ісіңді жалғастыр» деді соңғы күні арқамнан қағып. Кəдімгідей жадырап қалдым. Бірақ артынша ақын жүрек біржолата тоқтады. Елу жылға жуық жұптасқан Еркінді білемін ғой деуші едім. Білмейді екенмін. Ол рухы күшті болып жаратылыпты. Өлеңдерінің дауылдап тұратыны сондықтан екен. – Ақынның сөзі ұмытылмаса, ең мықты ескерткіш деген сол. Десек те, елжұртыңызға айтар қолқаңыз бар шығар. Өйткені, уақыт бəрін ескереді. – Құдайға, шүкір, Еркін Ібітановты оқырмандары ұмытқан жоқ, Ал, өлеңдерімен жаңа танысқандар оның нағыз ақын екенін мойындап жатыр. Қаламгер үшін керегінің өзі осы емес пе? Егер елжұрты əдеби мұрасын ұлықтап жатса, ол ағайынның білімділігі мен мəдениетін көрсетеді. Басқа айтарым жоқ.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы.

Əңгімелескен Болат МƏЖИТ, журналист.

––––––––––––––––– Суреттерде: ақын қызы Айнұрмен бірге; Алтынкүл мен Ерекең.

Аќын атаусыз, кесене ќараусыз Бəрі күні кешегідей көз алдымда. Бұдан аттай 25 жыл бұрын атақты жыр дүлдүлі, өзінің шешендік өнерімен одаққа танымал болған халық ақыны Орынбай Таймановтың 125 жылдық мерейтойы республикалық дəрежеде аталып өтіп еді. Сол кездегі астанамыз Алматыдан ғылым докторлары Рахманқұл Бердібаев, Нысанбек Төреқұлов жəне тағы басқа бірнеше филолог ғалымдар қатысқан ғылыми конференцияда мазмұны терең баяндамалар жасалып, қызықты əңгімелер айтылған-ды.

Сол той қарсаңында ақынның өзі туып-өскен Тесіктам ауылындағы зиратта Орынбай Таймановқа арнап кесене тұрғызылды. Кеңшар орталығындағы үлкен орта мектеп пен бұрын төменгі Боралдай деп аталатын ауылға Орынбай Таймановтың аты беріліп, білім ұясы ауласына жыр жампозының мүсіні де орнатылған болатын. Қысқасы, 1990 жыл ақынның өмір жолы мен өнеріне ерекше көңіл бөлінген кезең еді. Ал, қазір ше? Қанша жыл болды тып-тыныш. Орынбайдай дүлдүл ақынның ауданымыздан шыққанын екінің бірі біле бермейді. Өйткені, ол кісінің көзін көргендер өмірден өтіп кеткен. Еске алып, атақтының ақындық қасиеті туралы кеңінен айтып, кейінгі ұрпақ, қазіргі ел арасында жеткілікті насихат қалдырып жүрген ешкім жоқ. Орекеңнің айтулы мерейтойлары да аталып өткен емес. Ұмыт қалып қойды. Мысалы, ауданымызда атақты тұлғаларымыздың атымен аталатын М.Əуезов, Ж.Жабаев, Ғ.Мұратбаев сияқты тағы да басқа мектептердің қатары баршылық. Атап айтқанда, Мұхтар Əуезов мектебінің ұжымы жыл сайын атақты жазушының туған күнін аппақ үйлер тігіп, арнайы конференция ұйымдастыруымен айтарлықтай етіп атап өтеді. Бұл сияқты іс-шараның кейінгі толқын жастар мен мектеп оқушылары үшін тəрбиелік мəнінің жоғары екені айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ, Əуезов пен Мұратбаев мектептерінің жанына орнатылған ол кісілердің мүсіндері қайта жаңғыртылып, айналасы жыл сайын ерекше абаттандырылып отырады. Оған əрине көпшілік қауымның айтар алғысы мол. Ал мектеп оқушылары болса Мұхтар мен Ғани аталарының өмір жолы мен атқарған қызметтері жайлы жатқа біледі. Рахмет. Ал, Орынбай ақын туралы оқушылар тұрмақ үлкендердің өзі мандымды ешнəрсе айтып бере алмайды. Мектеп жанындағы ақын мүсіні жарылып, жан-жағы қоршалмағандықтан айналасын арам шөп басып кеткен. Мүсіннің мұншалықты жүдеу көрінісінің себеп-салдарын сұрайық деп мектеп директоры Нұржан Тұрғанбаевты біз қанша рет іздеп барсақ та оны орнынан таба алмадық. Бірақ біз кездесе алмағанымызбен бəрібір Тұрғанбаев мырзаның Орынбай ақынға байланысты қаншалықты жаңаша іс бастап, жанашырлық танытып отырғаны мектеп жанындағы мүсіннің мүшкіл халінен-ақ көрініп тұр емес пе? «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің», демекші, біз ауылдан небəрі 5-6 шақырым жердегі О.Таймановқа орнатылған кесененің адам төзгісіз сиқын көріп өзіміз ыңғайсыз жағдайда қалдық. Шіркін, ойы жүйрік, қабілетқарымы жоғары, тілі өткір Орынбай ақын қандай еді! Сол бабамыздың қабірі енді, міне, құлаған кірпіштерге көміліп жатыр. «Ел кімдікі, жер кімдікі?» – деген сұраққа: «Елдің де, жердің де иесі ауыл əкімдері», деген жауаптың даяр тұратыны рас. Бірақ Орынбай ақын кесенесінің мынадай көріксіз күйде, жүдеп-жадап тұрғанын Боралдай ауылының əкімі Мұхтар Қаратаев барып көрмеген де. Əкім: «Сол кесенені аудан орталығынан ашылған бір мекеме бар дейді, соның қарауына өткізсек пе деп отырмыз, – дегенді айтты бізге. Біраз жылдан бері Боралдай ауылдық округін басқарып отырған, еліне, жеріне жанашыр болатын азаматтың айтып отырған мына жауабын сонда қалай түсінуге болады? Мен бұл мақаламды Əсет Кембаевтың 2009 жылы «Нұрлы əлем» баспасынан шыққан «Боралдайдың бозторғайы» атты кітабындағы есімі елге танымал бірі жазушы, бірі сазгер Мархабат Байғұт пен Мұхамеджан Рүстемовтің «... Орынбай Таймановты «ұмыт қалдыруға» ауыл-аудан, облыс-республика болып аянбай-ақ үлес қосып келеді екенбіз. Ұялуымыз керек-ақ», деген сөзімен аяқтағанды жөн көріп отырмын. Серікбай ДƏУЛЕТБАЙҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бəйдібек ауданы.


30 қыркүйек

Ж

2015 жыл

Құпия деген дүниенің бәрі адамды ежелден қызықтырады. Неге құпия, несімен құпия деген сұрақтар жан атаулының бәрінің білгісі келген қызығушылығын тудырып, дегбірін қашыратыны шындық. Сол құпиялардың ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік құпия. Оның ашылып қалуы немесе жалған мәліметтің мемлекеттік құпия деп қабылданып қалуы үлкен қасіреттерге де соқтырып жатады. Біз төменде осы жайында әңгімелегелі отырмыз.

Астары ќалыѕ аќпарат Мемлекеттік құпия – ең жоғары санаттағы қатаң қорғалатын дерек. Оны білген адам ешкімге, ешқашан айтпайтыны, таратпайтыны жөнінде қолхат береді. Əскер, қауіпсіздік, сыртқы саясат, экономика, барлау, қарсы барлау жəне т.б. салалардағы таратылып кетуі мемлекетке залал келтіреді деп саналған деректердің бəрі мемлекеттік құпия деп есептеледі. Мемлекеттік құпия туралы заңға сəйкес уəкілетті мемлекеттік орган мəліметтің құпиялығын анықтайды. Ондай мəліметтер жəне олар сақталатын құралдар да тек мемлекет меншігі болып есептеледі. Мұндай құпияға жататын мəліметтер деңгейіне қарай «аса маңызды», «өте құпия» жəне «құпия» болып бөлінеді. Оларды құпия күйде сақтау мерзімі арнаулы қаулыда көрсетіледі. Мемлекет мүддесіне залал келтіргендіктен оны қасақана таратқан немесе қарсы жаққа ақы алып, өз еркімен берген адамдар Отанын сатқандар қатарына жатқызылып, ату жазасына дейін жазаланады. Бізде басқа қылмыстарға өлім жазасы ауыстырылғанымен дəл осы қылмыс үшін өлім жазасы қалдырылған. Дін Ислам да Отанын сатқан жансыздықты күнəнің ең үлкені деп санайды. Осыған байланысты бір тəмсіл де бар. Ертеде бір батыр жас күнінде жаманшылық жолға түсіп, қарақшылықпен айналысыпты. Кісі де өлтіреді, керуен де тонайды. Артынан ақылы кіріп, Алланың хақ жолына мойын бұрған кезінде жасаған күнəларын қалай жууды білмей, бір данышпан адамнан ақыл сұрайды. Данышпан оған айдалаға барып ақ үй тігіп отыр, ұрлықпен жиған малыңның бəрін алыс жолдан қиналып келе жатқан барлық жолаушыны дем алдыруға жұмса дейді. Батыр бұған келіссе де Алла менің күнəмді кешіргенін қайдан білемін дейді. Сонда данышпан оған дарақтың бір тал өскінін беріп, осыны үйіңнің алдына ек, егер ол гүлдесе, сенің күнəңнің де кешірілгені дейді. Содан батыр елсіз, сусыз айдалаға үй тігіп, өткенкеткен жолаушының аузына асын, астына атын тосып, алғысқа кенеледі. Алайда, еккен дарағы гүлдемейді. Бір күні асығып келе жатқан кезекті жолаушының алдынан шығып, үйіне кіріп, дəм татуға шақырады. Сөйтсе, анау бұлданып, асығыс екенін айтып, мойын бұрмайды. Тіпті, атын бұрып алып, жөнеп береді. Сонда батыр менің асымды аттап кететін сен кім едің деп ашуланып, белінде жүрген қанжарын жолаушыға қалай лақтырғанын өзі де сезбей қалады. Қанжар дəл қадалған жолаушы аттан ауып түсіп, жантəсілім қылады. Мұны көрген батыр «мені құдай атты, енді күнəлерімді ешқашан кешірмейді» деп қатты күйінеді. Алайда... Өлген жолаушыны көміп үйіне келсе... Есігінің алдындағы дарақ гүлдеп қоя беріпті. Мұны көргенде шалқасынан түсе жаздаған батыр өлген адамның қалтасынан түскен қағазды еске алады. Ол қағаз жолаушының еліндегі əскердің құпиясы екен. Əлгі сатқын соны жауына жанталасып апара жатқан жансыз болып шығады. Сөйтіп, қапылыста жансызды өлтірген батырдың барлық күнəсі кешіріліпті... Демек... Тəмсіл сатқынды өлтіргеннің өзі де сауапты іс дегенге мегзеп тұр. Кеңес Одағы жылдарында мемлекеттік құпияны сатуды жеке басының мүддесі үшін пайданың көзіне айналдырып, оны қызығушылық танытқан тараптарға ақшаға алып беріп отырған адамдар көп болды. Біз төменде соның бірі Дмитрий Поляков туралы айтып өтелік. 1921 жылы өмірге келген ол əскердің Бас барлау басқармасында (БББ) қызмет етіп, генерал-майор шеніне дейін көтерілген адам. Ол өзіне белгілі мемлекеттік құпияларды 20 жыл бойы америкалық барлау қызметіне сатып келген, тек 1986 жылы ғана ұсталып, 1988 жылы ату жазасына кесіледі. Ұлы Отан соғысына қатысып, белуардан қан кешіп, бірнеше орден-медальдар алған, оның үстіне кейінгі қызметінде үнемі өсіп, шетелдерде қызмет етуге мүмкіндік берілген адамға не жетпеді екен деген сұрақ тумай қоймайды. «Википедия» энциклопедиясындағы мəліметтерге қарағанда соғыстан аман келген соң ол Фрунзе атындағы əскери академияны бітіреді. Осы жылы шетел тілін білетін оны Бас барлау басқармасына қызметке жібереді. 1951 жылдан 1962 жылға дейін ол шағын үзіліспен АҚШ-та БҰҰ-дағы əскери комитеттің КСРО өкілдігінде қатардағы офицерлік қызметте жұ мыс істейді. Негізгі қызметі барлау жұ мыс тары болған ол АҚШ-та өзінің отбасымен тұрады. Осы жылдары оның ұлы өмірге

РЫ Ы Ғ Ң А

Қ

www.egemen.kz

соң ақпараттарға «қиындықпен» қолдарын жеткізіп, кеңестік əскери, қорғаныс, экономика жəне т.б. жұмыстарына теріс мəліметтермен орасан зор зиянкестік келтіреді. АҚШ-та болған сапарының соңында Д.Поляков кеңестік барлау ісіне үлкен пайдасын тигізіп жүрген Мэйсиді де (БББ капитаны М.Доброва) ұстап береді. Сонымен қатар, БББ-ның құпия құжаттарының көшірмесін де ұрлап алып сатады. Əрине, осының бəрі үшін қомақты қаражат алып отырған. Поляковтың көздегені де сол болса керек. Ол жалғыз баласына кедейшілігінен көмектесе алмағандықтан, енді қайтсе де баюды өзінің алдына мақсат етіп қойғандай. Екі жақтың да барлау қызметінде жүргендіктен ол ізін жасырудың да қитұрқы əдістерін жақсы меңгеріп алады. Кейін оны ұстауға үлкен үлес қосқан генерал-лейтенант Леонид Гульевтің айтуына қарағанда, ол америкалық əріптестеріне өзі атап көрсеткен кеңес барлаушыларын бұл жоқта, бұған сезік келтірмейтіндей етіп ұстауды тапсырып отыруды да ұмытпайды екен. Соның арқасында ұзақ жылдар бойы ізін жасыруына мүмкіндік туады. Ақшаға құныққан Поляков 1962 жылдан Мəскеуде қызмет етіп жүргенде де америкалық барлау қызметімен байланыстарын жалғастыра береді. Мұндағы қызметі де БББ-да болғандықтан, қолы жеткен құпия дүниелердің бəрін ол құпия орындар арқылы АҚШ-тың барлаушыларына жеткізіп отырған. Оның құпия орындарының қатарында орталық парк те болыпты. Сондағы елеусіздеу тастың астына құпия деректің көшірмелерін тастап кетеді. Оны алған шпион келісілген ағашқа белгі салып

қоржындарында КСРО-ны ауған «батпағына» батырып, «өздерінің Вьетнамдарын» жасау туралы идея қолға алынып, оны іске асыру басталған екен. Ол үшін АҚШ, Англия жəне Германия Ауғанстанның солтүстігіне көз тігіп, онда шағын жəне орта қашықтағы «Першинг» зымырандарын орналастыруды көздеп отыр, сөйтіп Ауғанстанды өз ықпалдарында ұстап, Пəкістаннан Иранға көпір тартпақшы, ал Амин болса, кезінде АҚШ-та оқыған, сонда жүргенде ОББ-ның құрығына түскен жансыз деген дақпыртты аса «құпия» жағдайда кеңес барлаушыларының құлағына тигізеді. Мұндай арандатуды сараптап, кəсіби тұрғыдан саралауға, өтірік екендігін əшкерелеуге КГБ-ның қауқары болмай шығады. Сол жылдары КГБ-ның сыртқы барлау басқармасын басқарған В.Крючков өзінің естелік кітабында: «Бізге бірқатар батыс елдерінің Ауғанстанда белсенді қимылдай бастағаны жөнінде ақпарат ұдайы түсіп тұрды. Оларда кеңеске қарсы əрекет белең ала бастағаны анық болатын. Мұны байқамау, тіпті, мүмкін емес еді», деп жазған. Ал ақпараттарды саралап едік, ол теріс болып шықты дегенді ауызға да алмайды. КГБ-ның осындай үркітулерінен кейін Саяси Бюродағы саққұлақ шалдар АҚШ-тың алдын орап, Ауғанстанды уыстан шығармау жөніндегі ұсынысты сөзсіз қолдайды». Сол мақаладағы көрсетілген дерек көздері қатарында АҚШ президентінің сол жылдардағы кеңесшісі болған З.Бжезинскийдің өзі 1998 жылы журналистерге берген сұхбатында осыны тікелей мойындағанын да келтіріппіз. АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) тарапынан шыққан осындай жалған, аранда тушылық ақпараттар Поляков сияқты сатқындардың «жанқиярлық шебер» жұмыстарының

кетеді. Осы жерде де Поляков асқан сақтықпен қи мылдайды. Бірде ол өзінің мəліметін алған белгіні көре алмайды. Басқа адам болса бас салып, құпия орынды тексерер еді ғой. Ал Поляков оған мойын да бұрмай, өзара келісілген газеттің жар намалық бөліміндегі шын мазмұнын өзі ғана түсінетін «хабарландыруды» күтеді. Арада біршама уақыт өткеннен кейін ғана өзіне керекті «хабарландыру» шыққан соң «жұмысты» одан əрі жалғастырады. Поляковты ұстағанда оның үйінен сол кездің нарқымен 94 мың доллардың дүниесі мен ақшасы тəркіленіпті. Алайда, оны ұстағандар Поляковтың АҚШ банкілерінің бірінде біреудің атына жазып қойған есепшоты болғанына сенімді. Мұны өзі мойындамағанымен басқа ұсталғандардың «гонорарларына» қарағанда, оған төленген ақы миллиондардың үстіне шығып кеткені анықтап отыр. Көпжылдық еңбегі үшін Д.Поляковқа Кеңес Одағы 1974 жылы генерал-майор атағын береді. Айта кететін жайт, америкалықтар да іскерлік беделін өсіру үшін Поляковқа өздерінің кейбір резиденттерін «айналдырып» алуға мүмкіншілік жасаған. Сосын оларды жалған мəліметтермен қамтамасыз етіп, КСРО-ның құлағы түрік барлаушыларына оларды «аса құпия» жағдайда жеткізіп тұрған. 2014 жылы «Егемен Қазақстанға» «Кеңестік кезекті кеңкелестік» атты мақаламыз шыққан еді (14.02.14 ж). Сонда Кеңес Одағының Ауғанстанға кіруінің ең басты себебі, америкалықтардың арандату ақпараты болғанын түрлі дерек көздеріне сүйеніп былай деп жазғанбыз: «Ең негізгі себеп, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасында (ОББ) болып шығады. Осы қызметтің құпия

нəтижесі ретінде қабылданғаны сөзсіз. Кеңес əскерлерінің қаншама мың адамдық, орасан зор материалдық-техникалық, қаражаттық шығынға ұшыраған соң «Ауғанстан батпағынан» 1989 жылы шығарылуының бір себебі, тек осы Поляков ұсталғанда шындықтың ашылып, алдауға түсіп қалғандарын білгендіктен сияқты. Поляков 1986 жылдың шілдесінде ұсталып, бір жыл бойы тергеліп, барлық қылмысы ашылған соң 1988 жылы атылған. Міне, мемлекеттік құпияның шашылуы мен жалған деректердің мемлекеттік құпия деп қабылдануының қаншама зиян келтіретінін осыданақ біле беріңіз. Бəлки, ақшаға құныққан Поляков сияқтылар оның ауқымын болжай да алмаған шығар. Бірақ, бұл олардың қылмысының күнəсін жеңілдете алмайды. Сондықтан, мемлекеттік құпиямен «ойнаған» сатқындықтың зардабы осындай гипертрагедияға да ұрындырады. Тергеу барысында Д.Поляковтың АҚШ тарабына барлығы 119 кеңес барлаушысын ұстап бергені анықталады. Сонымен қатар, Кеңес Одағының мүддесі үшін қызмет істеген 150-ден артық шетелдік жансыздарды өздеріне айтып берген екен. Америкалықтар оны «Орталық Барлау басқармасы тəжіндегі жақұт» деп бағалаған.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

келеді. Үш жылдан кейін бала ауыр дертке ұшырап, оны емдету үшін 400 долларлық ота жасату керек болады. Сол жылдары бұл көп ақша болса керек, Поляковта ондай қаржы табылмайды. Басқа амалы қалмаған соң БББ-ның резиденті, генерал-майор И.Скляровтан көмек сұрайды. Анау Орталықпен хабарласып қаражат сұратқанда, БББның безбүйректері осындай болмашы қаражатты да бөлуден бас тартады. Жедел ота жасалмаған соң барлаушының жалғыз ұлы жан кешеді. Осыдан кейін Поляков желдің өтінде, жаудың шетінде шыбын жанын шүберекке түйіп жүрген еріне де жақсылық жасамаған өкіметтен қол үзсе керек... Ұсталғаннан кейін оның сатқындыққа бару себебі сұралғанда ол алдымен осы оқиғаны ауызға алады. Одан кейін КСРО-дағы саяси режімнің идеологиясымен келіспей, батыстық демократияның Хрущевтың əскери жəне сыртқы саяси озбырлықтарын ауыздықтауына көмек қолын созғысы келгенін айтыпты. Осылай да болуы мүмкін, бірақ жеке басының өкпесі немесе Хрущев пен оның жанындағылардың оспадарлықтары үшін бүкіл Отанына зиянкестік жасауға бола ма? Кеше ғана өзі кеудесін оққа төсеп қорғаған Отанын бүгін əлдекімдердің əрекетіне бола сатқаны, əрине, ешқандай ақтау болмайтын іс. Бұл жерде гəп басқада болса керек.

Жансыздыќ əрекеттер Қолға түскеннен кейінгі мəліметтерге қарағанда ол 1961 жылдың 8 қарашасынан бастап ФБР-ға қызметін өз еркімен ұсынады. Алдымен АҚШ-тағы кеңес өкілдіктерінде істейтін алты шифровальщикті ұстап береді. Арада аз уақыт өткенде Кеңес елінің АҚШ-та жүрген 47 барлаушысын атап береді. Одан кейін барлау жұмыстарымен қосымша айналысатын өзіне белгілі кеңестік дипломаттарды да көрсетеді. Əрине, АҚШ оларды бірден ұстамайды, керісінше олардың жансыз екенін білген

Опасыздыѕ аќыры Бір шоқып екі қараған, аса сақ əрі жоғары дəрежелі кəсіби маман Дмитрий Поляковты əшкерелеу де оңай болмаған. Алайда, орыстар айтпақшы, «жіп қанша шырмалса да ұшы табылады» емес пе, оның да ақырғы сағаты соққан екен. Оған америкалықтардың өзі «көмек» береді. АҚШ-та кеңес барлаушысы, ұлты фин Туомидің ұсталу хикаятына арналған еңбек белгілі бір журналға жарияланады. Оны барлау жұмысына дайындаған... Д.Поляков екен. Мақалада оның барлық əрекеттері мен берген сабақтары Туомидің айтуы бойынша жан-жақты жазылады. Осы мақаланы БББ-ның арнаулы бөлімі мұқият зерттеуге салады. Сөйтсе... о ғажап, мақалада

11

Туомиді дайындаған барлаушылар мектебінің барлық ұстаздарының аты-жөндері толығымен беріліпті. Ал барлауға баратын адамдарға олар тек псевдониммен ғана белгілі болып, шын атыжөндері білдірілмейді екен. Бұл арнаулы қызметте баяғыдан бар дəстүр көрінеді. Демек, бұл фактілер Туомидің айтуынан алынбағаны белгілі болып қалады. Сонымен бірге, автор «Туомидің айтуы бойынша» деп алып, оның кейбір ұстаздарының ол барлауға аттанғаннан кейінгі іс-əрекеттері туралы да жазыпты. Бұларды Туомидің білмейтіндігі, тіпті, анық. Ең сұмдығы сол, мақаланы жіті сүзген кезде Туомидің журналға жарияланған фотографиясы... оның «жеке ісі» үшін арнайы түскенінің көшірмесі болып шығады. КСРО-дағы тəртіп бойынша кез келген қызметкердің «жеке ісі» құпия сақталатын еді ғой. Ал барлаушы – офицердің «жеке ісі», тіпті, жеті қабат құпияның аржағында болатыны белгілі жəне ол үшін түскен фото арнаулы жерде артық данасыз шығарылады. Ендеше, оны алып жүрген осындағы бастықтардың бірі болды ғой деген ой БББ қызметкерлерінің бəрін үркітіп, бір-бірінен күдіктеніп, шала бүлініп қалады. Сең соққан балықтай болған барлаушылар есеңгіреп, көрінген нəрседен күдіктеніп, «ол кім болды екен?» деген сұрақпен бір-бірін аңдитын жағдайға жетіп қалады. Осы кезде көптеген қызметкерлерді отставкаға жіберу де орын алады. Барлық жұмыс тоқырап, сал ауруына шалдыққан жанның күйін кешеді. Осы тығырықтан оларды тағы да америкалықтар «құтқарады». Журналға шыққан мақала енді жеке кітап болып басылыпты. Əлгіні қолға алып жіберіп жіті зерттесе... Журналда басылған нұсқада өріп жүрген генерал Поляковтың есімі еш жерде жоқ. Бірінші күдік осылай туады. Алайда, осыны негізге алып Поляковты тұтқындай алмайсың. Өйткені, қулығына құрық бойламайтын америкалықтар оны арандату үшін қасақана да істеуі мүмкін ғой. Алайда, БББ-ның ішкі қызметі Поляковтың барлық əрекеттерін жасырын зерттеуге алады. Соның ішінде КСРО-ның америкалықтар əшкерелеген барлық барлаушылары мен агенттерінің қызметі мен өмірлері мұқият сарапталады. Бұл іске БББ-дағы ең үздік кəсіби кəнігілер тартылып, барлық «провалдар» сарапқа салынғанда, бəрінде де Поляковтың фамилиясы қылаң беріп шыға береді. Барлау қызметтері өз арасындағы сатқындарды көртышқан (крот) деп атайды. Ал сол «көртышқан» өздері құрметтейтін офицер, барлау ісінің маманы деп танылған, көбінің ұстазы болған генерал болса қайтпек керек? Білетін қызметкерлер өздерін сонша шошындырған бұл сұмдықты іштеріне сыйдыра алмай, оңаша жерде, екеу-екеу қалғанда талқыға салатын болыпты. Сондайда жоғары қызметтегілер өздеріне Поляковтың қымбат сыйлықтар жасағанын еске алады. Əрине, бұл сыйлықтарды ол оңашада тапсырғандықтан бөгде ешкім білмейді ғой. Бірақ, əңгіме оған қатысты болған кезде бастық атаулының бəрі өздеріне осындай тосынсый жасалғанын айтады. Америкалықтардың төлеген ақшасын Поляков та аямай жұмсаған екен, жасалған сыйлықтардың бəрі өте қымбат дүниелер болып шыққаны бастықтарды ойландыра түседі. «Гауһар қол» атты атақты комедияда: «Біздің адамдар тоқаш алуға таксимен бармайды» дегені сияқты еңбекақысы қанша көп болса да кеңестің барлаушы офицерлері мұндай шығынға бармайтыны белгілі еді. Сондықтан, бұл факт Поляковтың «көртышқан» екендігін, тіпті, дəлелдей түседі. Бұл кезде Д.Поляков Үндістанда кезекті «іссапарда» жүрген екен. Оны сезік тудырмай шақыртып алудың өзі үлкен операцияға жүк болады. Өйткені, Үндістанда барлау жұмыстарын «табысты» атқарып жүр делінген офицерді шақырту үшін де толымды себеп керек. Оның «көртышқан» екенін басқа түгіл, жоғарыға да əлі ашық айтылмаған ғой. Қысқасы, мəселе сол кездегі Бас штабтың бастығы маршал Николай Огарковтың алдында ғана шешіліп, ол Поляковты шақыртып алуға рұқсатын береді. Соның өзінде ол күдік алып, өзінің америкалық əріптестеріне «мені анда бауырластар зираты күтіп тұр ғой» деген екен... Бір қызығы, Отанға оралған соң да Поляков бірден қамауға алынбайды. Ол кезде «ведомстволық намыс», «ведомстволық репутация» дегендердің қатты белең алып тұрған кезі. Əсіресе, БББ мен МҚК (КГБ) арасындағы бəсекелестік қатты. Олар бір-біріндегі «провалдарды» халыққа қуана жеткізіп, қарсыласын белден соғудың əдістерін біледі. Сондықтан, БББ өз ішіндегі былықты сыртқа шығармай бағады. Тіпті, Поляковтың жасы келіп, зейнет демалысына шығуына дейін күтеді. Өзінің аңду үстінде екенін тағылардың сезінгіштігіндей алтыншы түйсікпен аңғарған Поляков та бұл уақыттарда америкалықтармен ешқандай байланыс жасамайды. Бірақ, бəрібір оның барлық істеріне жасалған сарап тоқтаусыз жүргізіліп жатады. Ақыры, 1986 жылы барлаушылар ардагерлерімен кездесуге шақырылған кеште оны ұстайды. Соңғы сəтке дейін опасыз өзін атпайтын шығар деген үмітте болады. Өйткені, оны қолданып, ОББ-ның өз істегендерін өздеріне істеп, жалған мəліметтермен қамтамасыз етуге болады ғой. Алайда, бұл кезде ОББ тарапы Поляковтың əшкереленгендігін сезіп қалғандығы белгілі болады. Сондықтан, опасызды əділетті жаза күтіп тұрған еді. Ол 1988 жылдың басында атылады. Бұл туралы ақпарат Кеңес Одағының баспасөзінде тек 1990 жылы ғана жарияланды. 1988 жылы М.Горбачевпен кездесуінде АҚШ президенті Р.Рейган Поляковқа кешірім беруді өтінеді. Тіпті, оны өздерінде ұсталған кеңестік бірнеше барлаушыға айырбастайық деген де ұсыныс жасалады. Бірақ, бұл уақытта Д.Поляков бұл өмірде жоқ еді, оны ату жазасы орындалып қойған. Алайда, осы бір оқиғадан АҚШ-тың өзіне қызмет еткен жандардың еңбегін ұмытпайтын адамгершілік қыры да көрініп қалады. Ал Кеңес Одағы өзі үшін қыл көпірдің үстінде жүріп қызмет еткен Рихард Зоргені құтқарып алуға саусағының ұшын да қимылдатпаған ғой. Тіпті, беті бүлк етпей оны «біздікі емес» деп те жариялаған. Тек Хрущев кездейсоқ білген соң ғана оның есімін ақтап, 1964 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын бергізген... Міне, мемлекеттік құпия дегеннің қиы ны осындай үлкен істерге де соқтырады. Демократиялық елдерде олардың əрекетін зерттеп, уақыты өткеннен кейін мемлекеттік құпияны сақтаған қызметтердің немесе қарсыластың қитұрқылықтарын құпия жолдармен анықтаған барлаушылардың істерін халыққа білдіріп, арнайы жазып отыратын ғалымдар мен журналистер болады. Бізде бұл іс əлі кенжелеп жатыр, бəлки уақыты келгенде қазақстандық барлаушылардың да əрекеттері туралы ашық айтатын болармыз деген үміт бар...


12

30 қыркүйек

www.egemen.kz

2015 жыл

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ Биылғы жылдың 27 шілдесінде біздің Мемлекет басшысы мен Дүниежүзілік сауда ұйымы басшылығының Қазақстанның оған қосылуы туралы хаттамаға қол қоюымен отандық қаржы нарығына қатысушыларды шетелдік бəсекелестермен тікелей бəсекеге түсуін жеделдететін дайындық басталды.

Əлем есігі ашылды

Маѕызды мəселені наќты шешу жолы

Ќазаќстанныѕ ќаржы секторы ДСЎ-єа кіруге əзірленуде Еліміздің ДСҰ-ға кіруінен кейін шамамен алғанда 2020 жылы аяқталатын өтпелі кезең біткеннен кейін шетелдік банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстанда өз филиалдарын кедергісіз аша алады. Талдаушылардың болжамдары бойынша, мұндай тарихи сəт қазақстандықтарға Ресей, Қытай, АҚШ жəне Еуроодақ елдері банктерінің филиалдары, сақтандыру компаниялары мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар көрсететін қаржы қызметтері көлемінің едəуір көбеюіне əкеледі. Əлбетте, қаржы жүйесінің ашықтығы жағымды жағдай болып табылады, алайда отандық банктер, сақтандырушылар жəне бағалы қағаздар нарығына қатысушылар 100%-ға түгел шетелдік алыптармен тікелей қатаң бəсекелестікке дайын деп сенімді түрде айта алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күні қаржы нарығының реттеушісі болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ерекше тарихи жауапкершілік жүктеледі. Оған барынша қысқа мерзім ішінде шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына қолжетімділігін ырықтандыру бойынша ДСҰ талаптарымен үйлесетін, заңнамаға қажетті өзгерістерді дайындау ғана емес, сол сияқты отандық қатысушылардың алдағы өзгерістерге мейлінше əзір болуын қамтамасыз ету қажет. Қазақстан қаржы нарығының қызметін реттейтін отандық заңнамадағы өзгерістердің қандай болатыны еліміздің ДСҰ-ға кіруі аясында қабылдаған қаржылық қызметтер секторы бойынша ерекше міндеттемелер тізілімінен белгілі. Мəселен, негізгі қаржы ұйымына Қазақстанда филиалын ашу үшін активтер мөлшеріне жəне депозиттің ең төменгі мөлшеріне талаптар белгіленеді, ол шетелдік банктердің рейтингі бойынша қабылдай немесе шектей алады, сондай-ақ ол елімізге берілген рейтингтік бағалаудан төмен болмауға тиіс. Тағы бір талап – шетелдік банктің Базель қағидаттарының барлық талаптарына сəйкес келуі. Сондайақ, қазақстандық реттеуіштің филиал дың қызметіне қосымша пруденциялық талаптар белгілеу құқығы көзделген – мəселен, Ұлттық Банктегі капиталдандыру, кепілдік қорлары жəне депозиттер бойынша, есептілік жəне оның жариялануы мен басқалар бойынша. Осы есепке байланысты негізгі бағдарламалық құжат – ҚР қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында банктік жəне сақтандыру заңнамасына қажетті өзгерістерді 2015-2016 жылдары енгізу болжанып отыр. Сонымен қатар, Ұлттық Банк қаржы нарығына қатысушылардың əлеуетін арттыруды белсенді түрде ынталандырып, бір мезгілде оларды сауықтыру бойынша шаралар қабылдап отыр. Реттеуші банк секторының несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейін 10%-дан төмен қысқартуға мерзімінен бұрын қол жеткізгені белгілі – бұл көрсеткіш 1 шілдедегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басында 23,55%-дың орнына 9,98%ды құрады. Биыл «Базель III» талаптарына өту аясында, банктердің капиталы бойынша халықаралық стандарттарға сəйкес келетін талаптар күшіне енді. Банктерге арналған капитал бойынша ең төменгі талаптардың межесі – 100 млрд. теңге белгіленді, ол межеге банктер 2019 жылы жетуге тиіс. Реттеуші бұл межені біртіндеп келесі жылы – 10 млрд. теңгеден 30 млрд. теңгеге дейін, 2017 жылы – 50 млрд. теңгеге дейін, 2018 жылы – 75 млрд. теңгеге дейін көтереді. Бұл ретте банк тартатын депозиттердің жалпы мөлшері оның капиталының шамасына байланысты. Мəселен, келесі жылы капиталын 30 млрд. теңгеге дейін көбейте алмайтын

нарыққа қатысушылар жалпы көлемі 10 млрд. теңгеден аспайтын депозиттерді тарта алады. Капитал бойынша меже 2017 жылы 50 млрд. теңгеге дейін көтерілгенде, осы шамамен 30-50 млрд. теңге шегіндегі капитал мөлшерімен банктер үшін тартылатын депозиттер мөлшері шектелетін болады. Ал 2019 жылы 100 млрд. теңгеге дейін капиталын арттырмаған нарыққа қатысушылар үшін депозиттер көлемі бойынша тиісті шектеу күшіне енеді. Реттеушінің деректеріне сəйкес, ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, 100 млрд. теңгеден астам капиталды нарықта жұмыс істейтін 35 банктің 7-еуі иеленді. Тағы бес банк бұл межеге таяу күндері өз күштерімен жетуі мүмкін, ал басқа қатысушылар мұндай талапты орындауы үшін бірігуіне не нарықтан кетуіне тура келеді. Сондықтан да талдаушылардың 2018 жылдан кейін нарықта шамамен 15-20 банк қалады деген бағалауына таңғалуға болмайды. Жоғарыда аталған Тұжырымдамаға сəйкес, артық шоғырландыруды шектеу мақсатында басты назар нарықтың ірі қатысушыларына емес, орташа банктер тобын дамытуға аударылатын болады. Бұл топқа отандық капиталы бар 15-20 қаржы институты, сол сияқты шетелдік банктердің «еншілестері» де кіреді. Реттеушінің ойынша, мұндай тəсіл елдің банк секторындағы бəсекелестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Банк тердің беріктігін тексеру үшін реттеушіге олардың клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындауға дайындығын бағалауда өтімділік, кредиттік жəне нарықтық тəуекелдер бойынша стресс-тестілеу əдіснамасын дамытуға тура келеді. Капиталдандыруға талаптарды арттыру сақтандыру секторына да қатысты, себебі ДСҰ талаптары бойынша оны ырықтандыру сəтінде мұнда төлем қабілеттілігінің халықаралық стандарттарына жауап беретін капитал деңгейі жеткілікті ірі сақтандырушылар қызмет етуге тиіс. Өтпелі кезеңнің аяқталуымен шетелдік сақтандырушылар мұнда тұрақты «еншілестерін» құрмастан тікелей отандық нарыққа шыға алады жəне мұнай-газ, энергетика жəне кен өндіру салаларындағы ірі тəуекелдерді сақтандыруға қол жеткізеді. Шетелдік сақтандыру ұйымдарындағы ірі тəуекелдерді бағалау жəне орналастыру жөнінде шетелдік сақтандыру делдалдарының (сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлерінің) белсенділігі де артатыны сөзсіз. Бағалы қағаздар нарығын дамыту да кіретін барлық осы жəне басқа шаралар ҚР қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген. Онда үздік халықаралық стандарттар негізінде отандық қаржы жүйесінің бəсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру бойынша жан-жақты жоспар қамтылған. Бұл жоспарға қаржы нарығын реттеудің озық əлемдік іс-тəжірибесі, оған қатысушылардың қаржылық мүмкіндіктерін арттыру үшін оларды шоғырландыру, қаржылық қызметтердің қолжетімділігі жəне басқа шаралармен қатар тұтынушылардың қаржылық сауаттылығы кіреді. Халықаралық ұйымдар өкілдерінің пікірінше, Тұжырымдамада ұсынылған ісқимыл жоспарын іске асыруға толық сай келеді. Ал жақында біздің елімізге келген ХВҚ Таяу Шығыс жəне Орталық Азия елдері департаментінің директоры Масуд Ахмед Ұлттық Банк Төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесуі кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі отандық бизнеске халықаралық стандарттарды жəне əлемдік деңгейде жұмыс істеу үшін талаптарды қолдануға қосымша ынталандыру болады деп əділ түрде атап өтті. Төлеген АСҚАРОВ.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 25 мыңнан астам қарыз қайта қаржыландырылады, оның ішінде қарыз алушылардың 5 мыңнан астам қарызы əлеуметтік тұрғыдан осал азаматтардың санатына жатады. Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке Үкіметпен бірлесіп ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөнінде шаралар кешенін əзірлеуді тапсырды. Президенттің тапсырмасына сəйкес, Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу үшін 130 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, проблеманың өзектілігі біртіндеп азая бастады. Бұл қаражат Проблемалық кредиттер қорын қоса капиталдандыруға жұмсалды. Қор, өз кезегінде, депозиттерді жылдық 2,99% сыйақы мөлшерлемесімен 20 жыл мерзімге екінші деңгейдегі банктерге орналастырды. Олардың тізбесі айқындалды: Қазкоммерцбанк, Қазақстанның Халық Банкі, Fortebank, Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Kaspi Bank, Цеснабанк, Еуразиялық банк жəне Нұрбанк. Банктер ақшасын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға бағыттады. Аталған бағдарламаның бірегейлігі оны əзірлеуге тек мүдделі мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуында. «Бағдарлама қарыз алушылардың барынша ықтимал санына жалғыз баспанасын сақтау үшін іске қосылды, – дейді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов. – Оның мақсаты сондай-ақ проблемалық кредиттер деңгейін төмендету болып табылады. Бұрын хабарланғандай, Бағдарламаға сəйкес 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығында берілген ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар қайта қаржыландырылады. Қарыз алушыларға барынша икемді талаптар ұсынылды: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3%-дан аспайды, валюталық қарыздарды теңгеге айырбастау жəне қарыз мерзімін 20 жылға дейін ұлғайту». Ұлттық Банкте сонымен бірге қарызды қайта қаржыландырған кезде банктердің жақсартатын жағдайларды қосуына жол берілетіні атап көрсетілді. Алайда

«борыштарды толық есептен шығару» туралы, оларды «толық кешіру» жөнінде мəселе қозғалмайтынын тағы да атап өтеді. Банк қағидаты өзгеріссіз қалады: алынған кредиттерді қайтару қажет! Алайда, мемлекет пен банктер ипотека алушылар мен үлескерлердің жағдайын ескере отырып, қайта қаржыландырудың икемді талаптарын ұсына отырып, борыштық жүктемені едəуір жеңілдетуге барады. Қарыз алушылар ұсынылатын талаптарды мұқият зерделеп, мұндай мүмкіндікті пайдалануы қажет. Бағдарламаның өлшемдері, оның басымдықтары туралы талай рет жария етілді. Олармен Ұлттық Банктің сайтында, Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыбанктердің сайттарында танысуға, сондайақ осы банктердің менеджерлерінен консультация алуға болады. Оның өзекті сəттерін ғана еске салайық: бағдарлама ең алдымен халықтың əлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған. Негізгі борыштың қалдығы қайта қаржыландырылады. Сыйақы, комиссиялар бойынша берешек, қарыз алушының осындай қарыздар бойынша тұрақсыздық сомасын банктер кешіреді. Қайта қаржыландыруға, сондай-ақ заң күшіне енген сот актілері бар ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыздар жатады. Бағдарлама маусым айынан бастап жүзеге асырылуда жəне ҚР Ұлттық Банкінің жəне ҚР Президенті Əкімшілігінің тұрақты мониторингі мен бақылауында. Алдын ала бағалау бойынша, ол 25 мыңнан астам қарызды қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді, оның ішінде қарыз алушылардың 5 мыңнан астам қарызы азаматтардың əлеуметтік тұрғыдан осал санатына жатады. Қазіргі уақытта Ұлттық Банк ипотека алушылардың проблемаларын шешу үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізуде: Бағдарлама бойынша қарыз алушының берешегін кешіру кезінде банктерді жеке табыс салығын төлеуден босату жөнінде шаралар жүргізілуде, сондай-ақ Бағдарлама аясында қарыз шарттары бойынша сот орындаушыларының шығыстарын төлеу мəселесі пысықталуда. Бағдарламаны жүзеге асырудың айқындылығын қамтамасыз ету үшін облыс əкімдіктерінде жəне Астана қаласының əкімдігінде, сондай-ақ Ұлттық Банктің

Алматы облыстық жəне Алматы қалалық филиалдарында Бағдарламаны қайта қаржыландырудан бас тарту туралы қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құрылды. Олардың құрамына құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізілді. Бұл жұмыс жүйелі əрі стандартталған. Ұлттық Банк комиссия туралы үлгілік ереже жасады, ол Бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқан банк шешіміне қарыз алушылардың шағымдарын комиссияның қарау тəртібі ретінде өзекті өлшемдер бойынша оның қызметін регламенттейді. Бұдан басқа, Ұлттық Банкте Бағдарлама аясында қайта қаржыландыруға жатпайтын қарыздары бар қарыз алушыларға көмек көрсету жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық Банктің мамандары проблемалық берешекті өтеу бойынша ымыраға келетін шешімдерді қарыз алушылармен жəне банктермен бірлесіп əзірлеуге жəрдемдеседі; тұрақты негізде халық арасында ақпараттық-түсініктеме жұмысын өткізеді. «Ұлттық Банк тұрақты негізде коммерциялық банктерге қарыздарды қайта құрылымдау шарттарын қарыз алушыларға қолайлы етіп ұсыну жөнінде ұсынымдары бар хаттар жолдайды, – деп атап көрсетті Ұлттық Банктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев. – Ұлттық Банк проблемалық қарыз алушылардың банктердің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастырып, өткізеді; апта сайын қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулерді жүргізеді». Сондай-ақ оның айтуынша, ипотека алушылардың проблемаларын шешу жөнінде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Осының бəрі жұмысты жүзеге асыру барысын қадағалауға, қарыз алушылардың нақты мəселелері, шағымдары бойынша жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк жүргізіп отырған түсіндіру жұмысы тек борышты есептен шығаруды талап еткен қарыз алушылар мен қоғамдық бірлестіктердің орын алған масылдық көңіл-күйлерін біршама төмендетуге мүмкіндік берді. Қарыз алушылардың көп

жағдайда банктермен келіссөздер жүргізу жəне ымыраға келетін шешімдер əзірлеу барысында проблемаларды ше шу дің өркениетті əдістерін пайдалану қа жеттілігіне түсіністікпен қарағаны қуантады. Қарыздарды қайта құрылымдау туралы өтінішпен банктерге жүгінген қарыз алушылар бойынша банктердің мəліметтеріне талдау жүргізген реттеушінің жүйелік мониторингі бірқатар маңызды тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Талдауға сəйкес, қарыз алушының ағымдағы қаржылық жəне əлеуметтік жағдайы мен төлем тəртібін есепке ала отырып, банктер қарыздарды қайта құрылымдау мəселелерін дербес тəртіппен қарастырады. Борышкерлермен сындарлы сұхбат болған кезде, көп жағдайда банктер белгілі бір жеңілдіктерге барады: өсімпұлды, ішінара не толығымен мерзімі өткен сыйақыны есептен шығарады. Тек ерекше жағдайларда – егер отбасындағы асыраушы қайтыс болса жəне төлем жасау қабілеттілігі жоқ ата-аналар мен жас балалар қалса, негізгі борыштың бөлігін де есептен шығарады. Бұл жұмыс нəтижесін беріп отыр. Мəселен, 2014 жылдың қорытындысы бойын ша қоғамдық бірлестіктердің, банктердің жəне Ұлттық Банктің бірлескен іс-əрекеттері арқасында ипотекалық қарызы бар 6 мыңнан астам қарыз алушылардың проблемаларын шешуге көмек көрсетілді. Ұлттық Банкті бұл мəселеде жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» партиясының филиалдары, Банк омбудсманы, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ) қолдауда. Соңғы жыл ішінде жұмыстың тиімді пішімі, өзара іс-қимыл жасаудың нəтижелі тетіктері қалыптасты. 2014 жылы Ұлттық Банктің бастамасы бойынша қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін Қазақстан қаржыгерлерінің қауым дастығымен, Алматы қаласының əкім дігімен, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалымен, бірқатар банктермен жəне қоғамдық бірлестіктермен Өзара қарым-қатынас жəне ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске сала кетейік. Құжаттың мақсаты – кредиторбанктермен ынтымақтасатын ипотекалық қарыз алушыларға жəрдемдесу жəне азаматтарды жылыту маусымы кезеңінде борышкерлерді баспанасынан шығаруды болдырмау бойынша мəселелерді реттеу (егер үйден шығару сəтінде банк меншік иесі болып табылатын жағдайда). Халықтың əлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғау мақсатында «Тұр ғын үй қатынастары туралы» жəне «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына жылыту маусымы кезеңінде жалғыз баспанадан мəжбүрлеп шығару туралы сот ісін жүргізуге тыйым салуды жəне тоқтата тұруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Қарыз алушыларды қорғауға бағытталған заң жобасының нормаларын əзірлеген кезде Ұлттық Банк жұмыс тобының құрамына, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін енгізді. Банк заңнамасына түзетулер бойынша заң шығару жұмысы жалғасуда. Осылайша, Ұлттық Банк ипотека алушылардың толық ақпаратқа қолжетімділігін, сондай-ақ оның түйткілдерін шешу тетіктерін қамтамасыз ете отырып, бұл жұмысты бір жүйеге келтіре алды. Қарыз алушылардың өз еркі жəне бұл күрделі мəселелерді заңнама аясында, мемлекеттің, банктердің жəрдемдесуімен, реттеуші мен қоғамдық бірлестіктердің бақылауымен реттеуге тырысуы нəтижесінде кез келген нақты жағдайда ымыраға келетін мəселелердің түйінін шешуге болады. Сонымен қатар, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін ескере отырып əрі қарай дамуға тиіс. Ол мақсатты орындау үшін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытудың алдағы кезеңдерге арналған тұжырымдамасын əзірлеу қажет. Алла ДЕМЕНТЬЕВА.

Кері байланыс Ќарапайым арифметика

«Менің Қазақстан банктерінің бірінде сомасы бір миллион теңгеге жетпейтін мерзімді салымым бар. Маған бағам айырмашылығы төлене ме, өтемақының шамамен сомасын қалай есептеуге болады? Əлібек Н., Алматы». Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сəйкес Қазақстан Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамының режіміне өтуге байланысты ұлттық валютада (теңгеде) ашылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы төлеу тетігін əзірлеп, тəртібін бекітті. Бұл ретте бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Тəртіпке сəйкес, бағамдық айырма салымшыға оның екінші деңгейдегі банктерде жəне/немесе «Қазпочта» АҚ-та 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күнінің соңында теңгемен ашылған депозиті болған жағдайда төленеді. Осылайша, сіз депозитті қайта ресімдеу үшін банкке өтініш

жасауыңыз қажет. Салымшы бағамдық айырманы алу үшін депозитті арнайы шотта кемінде бір жыл мерзімге сақтау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайтынын атап өткен жөн. Бағамдық айырма сомасы есептелетін формула мынадай:

мұндағы: Cөтемақы – жеке тұлғаға төленуге жататын бағамдық айырма сомасы; Сқалдық – өтемақы төлеу жүзеге асырылатын депозит сомасы; – Т1 – 2015 жылғы 18 тамыздағы ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына қатысты бағамы (188,35 теңге); Т2 – 2016 жылғы 30 қыркүйектегі ұлттық валютаның (теңгенің) АҚШ долларына қатысты бағамы.

Депозит хикаясы

«Менің бір банкте екі депозитім бар. Біреуі – 100 мың теңгеге жетпейтін сомада, ал

екіншісінде – 250 мың теңгеден сəл астам сома. Менің жағдайым бағамдық айырма төленетін талаптарға сəйкес келе ме? Наталья М., Астана». Жеке тұлғаның бір банкте əрқайсысы бойынша қалдығы бір миллион теңгеден аспайтын бірнеше депозиті болған жағдайда, бағамдық айырманы төлеу осы депозиттердің əрқайсысы бойынша жүргізіледі.

Аќшаныѕ да есебі бар

«Егер мен 19 тамызда бағамдық айырма төленетін талаптарға сəйкес келетін депозиттен өз қаражатымның бір бөлігін алсам, келесі күні белгілі бір соманы қайта салсам, өтемақының қандай сомасына өтемақы төленуге тиіс? Нұржан О., Алматы облысы». Мысалы, 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша сіздің банк шотыңыздағы қалдық 100000 теңгені құрады делік. Сіз 19 тамызда өзіңіздің шотыңыздан 400

000 теңге алдыңыз, нəтижесінде осы күннің соңындағы қалдық 600 000 теңгені құрады. 20 тамызда сіз өз шотыңызға мəселен, 200 000 теңге салып, күн соңында банк шотыңыздағы қалдықты 800 000 теңгеге дейін ұлғайттыңыз. Одан əрі шот бойынша өзгерістер болған жоқ жəне депозитті қайта ресімдеу күнінде сіздің банк шотыңыздағы қалдық 800 000 теңгені құрады.

Аталған жағдайда 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы қалдық шегінде қайта ресімделген депозит сомасына бағамдық айырма төленуге тиіс, яғни депозитті 1 000 000 теңге сомаға қайта ресімдеген жағдайда 1 000 000 теңге. Егер сіз 1 000 000 теңгеден аз сомаға, мысалы 800 000 теңгеге депозитті қайта ресімдесеңіз, онда бағамдық айырманы төлеуге 800 000 теңге жатады.

Түсініктемелер мен консультацияларды ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдау бөлмесінен мына мекенжай бойынша алуға болады: Алматы қ., Əйтеке би к-сі, 67, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарында, ҚР Ұлттық Банкінің сайтында «Кері байланыс» нысаны арқылы (http://www.nationalbank. kz/?getpg=Feedback%20for%20page&switch=russian), сондай-ақ мына телефондар бойынша: +7 (727) 2 788 085, 2 788 008.


30 қыркүйек 2015 жыл

Қ

ЙЛЫ А Б Ы БАСТ

Елімізде келесі жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа бағдарламасы күшіне енбек. 2011-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылған «Саламатты Қазақстанның» орнын басатын «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикада міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі отыр. Саладағы осынау жаңалықтарды біз осыдан үш жыл бұрын құрылған Денсаулық сақтау ұлттық палатасының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қадыр ОМАРОВПЕН талқылауды жөн көрдік.

Жаѕа баєдарламаныѕ жаѕалыєы неде? – Қадыр Тоқтамысұлы, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы бағыты мен меншік түрі сан алуан 120-дан астам медициналық ұйымдардың басын біріктіріп отыр. 20162020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жобасы ұйым мүшелерін бейжай қалдырмаған болар? Бұл құжатқа байланысты ортақ ұстанымға келе алдыңыздар ма? – Əлбетте, бұл бағдарлама еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуы мен болашағын айқындайтын стратегиялық құжат. Сондықтан, Денсаулық сақтау ұлттық палатасының өкілдері жобаны жанжақты зерделеді. Қуанарлығы, алдыңғы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында негізі қаланған өзгерістер түпкілікті сараланып, жаңа бағдарламада сабақтастығын тапқалы отыр. Түбегейлі өзгерістер қоғам тарапынан ауырлау қабылданады əрі оларды жүзеге асыру да əлдеқайда күрделі. Сондықтан да, саланың одан əрі дамуы осы уақытқа дейінгі жетістіктерімізге негізделгені біздің көңілімізден шықты. – 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жоспарланған межелерден шыға алды ма? – Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымының қандай да бір мемлекеттің денсаулық сақтау саласының даму деңгейін бағалайтын индикаторлары бар. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында біз көптеген көрсеткіштер бойынша жақсы нəтижеге қол жеткіздік. Жаңа туған нəрестелердің шетінеуі 40%-ға кеміді, ана өлімі 2 есе дерлік азайды, халықтың өлімжітім көрсеткіші де айтарлықтай төмендеді. Соңғы 5 жыл ішінде туберкулезден қайтыс болатындар 2,5 есе кеміді. ВИЧ/СПИД ауруының көрсеткіші 2009 жылғы деңгеймен бара-бар күйінде сақталып отыр. Бұл аурудың таралуына тосқауыл қойылды деген сөз. Мұның ар жағында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытуға, медициналық кадрлардың əлеуетін арттыруға бағытталған тыңғылықты жұмыс тұр. Бірақ бағдарламаның басты жетістігі ретінде саладағы қаржы ағымдарын басқарудың жаңа механизмдерінің жасақталуы мен Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінің (ДСБҰЖ) енгізілуін айтар едім. Осы жүйенің арқасында біздің пациенттеріміз дəрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау құқына ие болды. Жоспарлы госпитализация барысында стационарды өз ықтиярына қарай таңдаған азаматтар саны – 2,3 есе өсіп, жылына 800 мың адамға жетіп отыр. Сонымен қатар, кардиохирургия, интервенциялық араласу, трансплантология саласындағы отандық медицина жетістіктері бүкіл халыққа қолжетімді болды. Егер 2009 жылы жоғары мамандандырылған медициналық көмекке 7 мың науқас жүгінсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 60 мыңға жетті. Жыл сайын магистратура мен докторантураға мемлекеттік тапсырыс артуда. Жаңа бағдарлама аясында бұл жұмыстар жалғасын табатыны қуантады. Дегенмен, «Денсаулық» бағдарламасының басты мақсаты – саланы əлемдік экономикадағы күйзелістердің сал дарынан ішкі нарықта туындайтын тербелістерден тəуелсіз, дербес жұмыс істей алатындай деңгейге жеткізу. – Жақында Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтқан міндетті əлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуі осымен байланысты болар? Бірақ, міндетті медициналық сақтандыру туралы айтылғанда, 90-жылдардағы сəтсіз тəжірибе еске түседі... – Сұрағыңыздың астарын түсініп отырмын. Əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасын дайындау барысында алдыңғы қордың тəжірибесі мен оның жабылу себептері жан-жақты сараланды. ММСҚ-ның «жоғалуын» көпшілік оның сол кездегі басшысының заңға қайшы əрекетімен байланыстыратыны құпия емес. Дегенмен, бұл жерде мəселенің бəрі оның басшысына келіп тірелді деу де бола қоймас. Шын мəнісінде, қордың жабылуының объективті терең себептері болды. Əрі дəл сол сəтте қор денсаулық сақтау саласында белгілі бір тұрғыда жағымды рөл атқарғанын да жоққа шығаруға болмайды. Алайда, ол кезде еліміздегі экономикалық ахуал өте күрделі болатын. Халықтың басым бөлігі жұмыссыз қалғандықтан, жергілікті атқарушы органдар қорға жарнаны аударуға қауқарсыз еді. Жұмыс берушілердің де тиісті сомаларды уақтылы төлеп отыруға мүмкіндігі болмады. Естеріңізде болар, ол кезде қолма-қол ақша тапшы болғандықтан, негізінен мекемелер бартерлік келісімдермен жұмыс істейтін. Бұған қоса, бірыңғай тарифтік саясат болған жоқ, медициналық қызмет көрсетушілердің бəсекелік ортасы да қалыптаспаған шақ. Еліміздің қазіргі əлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бүгінгі күнмен салыстыруға келмейді. Қазір мемлекетіміздің өзінің əлеуметтік міндеттемелерін орындауға қауқары жеткілікті, ел экономикасы тұрақты дамуда. Сондықтан, міндетті медициналық сақтандыру енгізілген күнде де, əлеуметтік

қолдауға мұқтаж топтар үшін жарна төлеу міндеті мемлекет мойнында қалмақ. МƏМСні енгізу жобасында қорға тиесілі жарнасы бюджет есебінен аударылатын азаматтардың 15 категориясы нақты жазылған. Олардың ішінде студенттер, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, т.б.бар. Яғни еліміздің бірде-бір азаматы медициналық көмексіз қалмайды. – Яғни дəл қазір əлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін барлық алғышарттар бар деген сенімге үміт артуға болады дейсіз ғой. – Əлбетте. Қазір жарналар үшін жауап беретін бірегей төлемші бар, бірыңғай тарифтік саясат та қалыптасты. Өткен ғасырдың 90- жылдарындағыдай емес, бүгінгі таңда бастапқы көмек жан басына шаққандағы норматив бойынша, ал стационарлық көмек клиникалық шығынға қарай қаржыландырылады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында жеке медицина инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды. Есіңізде болса, бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры құрылған кезде де жарналар жоғалып кетпей ме деп күмəнданушылар көп болған. Қазір, міне, қор қаншама жылдардан бері бірқалыпты жұмыс істеп келе жатыр. – Жаңа жүйе бойынша сақтандыру қорына төленетін жарнаға байланысты негізгі салмақ жұмыс берушіге түскелі отыр екен. Олардың жұмыскерлер үшін төлемі табыстың 5 пайызын құрамақ көрінеді. Кейбір саясаткерлер бұл көлеңкелі бизнестің етек жаюына ықпал етеді деген пікір айтып жүр. Осымен келісесіз бе? – Расында, кəсіпкерлер бастапқыда бұл ұсынысты оншалықты құлшыныспен қабылдаған жоқ. Дегенмен, көптеген пікір алмасулар мен түсіндірмелік жұмыстардан кейін бизнес-қауымдастық жаңа жүйенің қажеттілігіне көз жеткізді. Əрі МƏМС жүйесін енгізуде кəсіпкерлердің ұсыныстары мен тілектері де ескерілді. Біріншіден, жұмыс берушілердің төлейтін жарна көлемін кезең-кезеңмен өсіру туралы шарт бекітілді. Мысалы, 2017 жылдан бастап жұмыс беруші қорға табысының 2 пайызын, 2018 жылы – 3 пайызын, 2019 жылы – 4 пайызын, 2020 жылдан бастап қана 5 пайызын төлейді. Екіншіден, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің жарналары корпоративті табыс салығы мен жеке табыс салығының есебіне жатқызылады. Осыны ескерсек, кəсіпкерлер мен жұмыскерлерге түсетін салық ауыртпалығы айтарлықтай өседі деу – жаңсақтық. Қалай болғанда, əлеуметтік медициналық сақтандырусыз денсаулық сақтау саласының жұмысын тиісті деңгейде жолға қою мүмкін емес. Денсаулық үшін жауапкершілік мемлекет, азамат пен жұмыс берушіге ортақ болу керек. Əлемнің көптеген елдерінде сəтті қолданыс тапқан əлеуметтік медициналық сақтандырудың мəнісі де осында. – «Денсаулық» бағдарламасы аясында тағы қандай маңызды өзгерістер енгізіледі? – Барлық азаматтарға тікелей қатысты жаңалық ретінде мен отбасылық дəрігерлердің енгізілуін атар едім. Бірнеше жылдан бері бұған қажетті инфрақұрылым қалып тастырылып, мамандар дайындалуда. Əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жəне «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында бастапқы медициналықсанитарлық көмек (БМСК) жетекші рөлге ие болады. Кеңестік денсаулық сақтау жүйесінен бізге стационарлық көмектің басымдық қағидатымен құрылған үлгі мұраға қалды. Негізгі кадрлық, қаржылық, техникалық ресурстар осы буында шоғырланды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бұл жағдайды түбегейлі өзгерту міндеті қойылып отыр. Себебі, бүкіл əлем стационарға иек арту тым қымбат, əрі тиімсіз екенін əлдеқашан түсінген. Жаңа жүйе бойынша отбасылық дəрігер тəжірибесі енгізіліп, пациенттерге оларды таңдау құқы беріледі. Бұл кең профильді, практикалық жəне коммуникативтік біліктілігі жоғары, командада жұмыс істей алатын мықты мамандар болу керек. Отбасылық дəрігер пациенттерді өмір бойы қарап, барлық емдеу шараларының үйлестірушісі болуы тиіс. Мұндай дəрігер өз пациентінің анемнезін, тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін жіті біліп, оларды

ескере отырып, шара қабылдайды. Бұл медицина саласының жұмысын, науқастың алдын алуға бағыттауға мүмкіндік береді. – «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыруда жеке медицина қандай рөл атқармақ? – Денсаулық сақтау саласындағы жеке медицинаның рөлі жыл сайын күшейіп келеді. Бұл өте қуанарлық жағдай. Себебі, осының арқасында əділ бəсекелестік орта қалыптасып, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы өсіп келеді. Жоғарыда айтып кеткендей, соңғы жылдары жеке клиникалар мемлекеттік ұйымдармен қатар, мемлекеттік тегін медициналық көмек ауқымы (МТМКА) аясында қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. Мысалы, пациент қайда ота жасататынын өзі таңдай алатын болды. Егер, жеке клиника аккредитациядан өтсе, яғни қызмет сапасын дəлелдеген болса, пациент сол клиниканы таңдаса, қаржы сол медициналық ұйымға аударылады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, кепілдендірілген қызметтің төрттен бірі жеке клиникалардың үлесіне тиді. Жаңа бағдарламада мемлекеттік-жеке əріптестікті (МЖƏ) дамытуға ерекше мəн берілген. Бұл бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан белгілі бір кепілдіктерге иек арта отырып, медицинаға қаржы салуға мүмкіндік береді. Жақында МЖƏ əдісімен жүзеге асатын алғашқы концессиялық жобалар таныстырылды. Олар Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің жанынан ашылатын 300 орындық кең профильді аурухана мен Қызылордадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емхана жобасы. Болашақта мұндай жобалар көбейе беретініне сенімдімін. – Медицина саласындағы жеке сектордың əлеуеті толыққанды пайдаға асып отыр деп айтуға бола ма? – Бұл бағытта əлі де назар аударатын тұстар баршылық. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты бағдарламасындағы 81-қадам жеке медицинаны жетілдіру жəне медициналық мекемелерде корпоративті басқару əдісін енгізу мəселесіне арналған. Онда мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту қажеттігі айтылған. Денсаулық сақтау ұлттық палатасы медицина саласындағы ең ірі бизнес-қауымдастық ретінде бұл стратегиялық маңызы бар міндеттерді жүзеге асыру бағытында мемлекеттік органдармен одан əрі қоян-қолтық əрекет етуге дайын. Жалпы, медициналық саладағы жеке секторға тəн бірнеше мəселе бар. Олар: мемлекеттік тегін медициналық көмек ауқымын атқаруда жеке клиникалардың мүмкіндігінің тиісті дəрежеде пайдаланылмауы, мемлекеттік емес медициналық мекемелерде лизингтік құрал-жабдықтарды жаңалаудағы түйткілдер, республиканың түрлі аймақтарын медициналық қызметпен қамту көрсеткіштерінің біркелкі болмауы, Кедендік одақтың техникалық регламентінің қабылдануына байланысты отандық медициналық қызмет көрсетушілерді шетелдік компаниялардың нарықтан ығыстыру қаупі, тағысын тағылар. «Денсаулық» мемлекеттік бағ дарламасында бұл түйткілдердің бəрі дерлік көрініс тапқан. Сондықтан, бағдар ламаны жүзеге асыру барысында бұл мəселелер оң шешімін табады деген үміттеміз. Бүгінде Қазақстанда денсаулық сақтау сала сының мəселелерімен айналысатын жүзден астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыруда олардың рөлін күшейту керек. Мысалы, қоғамдық ұйымдардың əлеуетін мамандар дайындауда, олардың біліктілігін бағалауда кеңірек қолдануға болады. Ендеше, бағдарламада үкіметтік емес ұйымдардың рөлін нақтырақ көрсету керек деп санаймыз. – Медицина саласындағы бизнес-қауымдастық «Денсаулық» бағдар ламасынан қандай нəтиже күтеді? – Жеке медициналық ұйымдар халыққа медициналық қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Қосымша жұмыс орындарын ашып, салық төлеу есебінен мемлекет қазынасына үлес қосады, мемлекеттік медициналық ұйымдардың жүктемесін жеңілдетеді. Біз жеке медицинаның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосар үлесі арта түсетініне сенімдіміз. Денсаулық сақтау ұлттық палатасы бұл бағдарлама басқа да оң нəтижелермен қатар, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы жеке секторды дамытуға, кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған нормативті – заң актілерін жетілдіруге, үкіметтік емес ұйымдардың маңызды инвестициялық жобаларға қатысуына ықпал етіп, медициналық бизнесқауымдастықты қолдаудың нақты механизмдерін қалыптастыруға түрткі болады деген ойдамыз. Өз кезегінде жеке медицинаның дамуы денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосатыны айқын. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

www.egemen.kz

Алтайдаєы той

13

Катонќараєайда Ќаратай баба ескерткіші мен Ќалихан Ысќаќтыѕ бюсті ашылды Алтайдың асқарында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында Қаратай баба мен көрнекті жазушы-драматург Қалихан Ысқақтың 80 жылдық мерейтойлары өтті. Төр Алтайдағы торқалы тойға Алтайдың төрт емшегін тел емген Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан, Ресейдің Алтай Республикасы мен Қосағаш ауданынан, Қытайдың Алтай қаласынан келген мəртебелі меймандар, сондайақ, қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдері Бексұлтан Нұржекеев, Кəдірбек Сегізбаев, Қуанышбек Құрманғалиев, Əлібек Асқаров, Əділғазы Қайырбеков жəне Астана мен Алматы қалалары, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан мен басқа да облыстардан келген қонақтар қатысты. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шара барысында Катонқарағай ауылының мəдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, ауылға кіреберістегі күре жол бойына орнатылған Қаратай бабаның ескерткіші жəне Қалихан Ысқақтың туған ауылы – Топқайыңның орта мектебінде жазушының кеудемүсіні ашылып, ас берілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы шеңберінде шығыс өңірінде де айтулы шаралар қолға алынғанын жеткізген облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар Алтайдың алты алаштың атақонысы ғана емес, айбарымызға айналған қасиетті жер екенін жеткізіп, жиналғандарды Катонқарағай төрінде тұсауын кескен тағылымы мол тарихи сəтпен құттықтады.

Алқалы жиында баяндама жасаған белгілі ғалым, этнограф Ахмет Тоқтабай Қазақ хандығы мерейтойының Алтайдан басталуы тегін емес екендігін, осыдан мың жарым жыл бұрын, яғни 552 жылы Алтайда арғы атабабаларымыз түріктің алғашқы мемлекетін құрғанын атап өтті. «Көк түрік қағанаты қазақ мемлекетінің алғашқы іргетасы болды. «Күшті», «ержүрек», «айбынды» ұғымдарын білдіретін көк түріктердің мемлекет басшысы – қаған, қағанның жəрдемшісі, елдің ұйытқысы – қатын аталды. Қатын сөзі ол заманда анағұрлым кең мағынада – Ел анасы дегенді білдірген. Көне түріктер суға табынған. Яғни, Қатын өзені, Қатын қарағай атауы – Ел анасының өзені, Ел анасының жайлауы ұғымдарын береді. Қазақ өзін «алаш елі, алаш жұрты» дейді. «Алаш алаш болғалы, алаша атқа мінгелі» деген мəтел бар. «Алаша» – жылқы тұқымы, алаша атқа мінген, атпен біте қайнап, бірге өсіп біртұтас болып кеткен ел басқалардан өздерін ерекшелендіріп, əсіресе, жаяулардан өздерін жоғары ұстап, «алашпыз» деген. Алаш жұрты Алтайда туған, Алтайда ержетіп, ат жалын тартып мінген. Оған дəлел – Алтайдағы Алаш өзені. Орыстың лошадь сөзі – «алаштың аттары», «алаш ат» сөзінен шыққан. Бұл сөздің шығу тегін, этимологиясын В.Даль, академик С.Трубачев дəлелдеді. Ал «Қазақ» сөзін алаш еліне таңған басқа халықтар, көршілер. Бұл – еркін өскен, еркін жүрген, дала серісі деген мағынада. Осы тұрғыдан алғанда, 1870 жылдары Петербургте шыққан екі томдық «История казачества» атты еңбекте «казак» сөзінің мағынасын «вольница», «степные рыцари» деп дұрыс көрсеткен. Əу баста, əсіресе, орта ғасырларда қазақтар ханның, сұлтанның əскери бөлімдері, əскери қосындары, княздың жеке гвардиясы есебінде сарай маңында болған. «Қатының болсын қалмақтан, қосының болсын қазақтан» дейді Бұқар жырау. Қазақтардың əскери даңқы орта ғасырларда бүкіл Еуразияға белгілі болды. Орта Азия тарихшысы Рузбехан «Өзбектердің үш тайпа елі бар, бұлар Шыңғыс хан иелігіндегі атақтылары: бұлардың бірі – шибандар, оның ұлы мəртебелі ханы Мұхамед Шайбани... Екінші тайпа – қазақтар, бұлар жойқын күшімен жəне ержүректілігімен əлемде атағы шыққан, үшінші тайпа – маңғыттар, бұлардан астрахан билеушілері тарады», дейді. Орта Азия хандарында, сұлтандары мен бектерінде кімде-кім ханға, сұлтанға бағынбай кетіп қалса, «ол қазақ болып кетті», «ол енді қазақ» деген тəмсіл болған, – деді Ахмет Тоқтабай. Міне, осындай қазақтың басынан кешкен алмағайып заманның бір тұлғасы – Қаратай батыр. Ел аузында: «Шабанбайдай жер қайда, Қаратайдай ел қайда?» деген сөз бар. Бүгінде өсіп-өнген қалың қаратай елі Алтайды айнала жайлаған төрт мемлекетте өмір сүріп жатыр. Батыр бабаға арналған ескерткіштің еңсесі биік, тұғыртасымен есептегенде он метрге жуық. Баба кейпі аттан түсіп, бір қолымен найзасын жерге шаншып, бір қолын көкке сермеп тұрған кейпінде сомдалыпты. Бұл ретте жазушы Бексұлтан Нұржекеев: «Ақ найзасын ұстап, қолын көтеріп тұрған бабамыз бізге «сабыр қыл, мына найза, мына жүрек тұрғанда осы жердің иесі – сендер ауызбірлікте болыңдар, тəуелсіздік көктен түскен жоқ, мына найзамен, мына жүрекпен келді дегенді меңзеп тұр», деп тұжырды. Салмағы 10 тоннаға жуықтайтын алып кешенге жергілікті кəсіпкерлердің қолдауымен жалпы құны 50 млн. теңге қаржы жұмсалған. Мүсін авторы – Жеңіс Молдабаев. Сондай-ақ, ескерткіштің ашылу салтанатында Ресей Федерациясындағы Қосағаш ауданының əкімі Əуелхан Жатқамбаев Катонқарағаймен қоңсы қонған ауданды мекендеген орыс, қазақ, төлеңгіт ұлыстарының атынан, Қосағаш аудандық депутаттар кеңесінің төрағасы Сергей Майхиев Алтайдағы түркі халықтарының

бірі – шүй ұлысының атынан, Моңғолияның БаянӨлгей аймағының əкімі Дəрмен Қозыкейұлы алыстағы ағайынның атынан ыстық ықыластарын жеткізді. Алтайдың жыршысы, жазушы, кинодраматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ станның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, халықаралық Жамбыл атындағы жəне Ғабит Мүсірепов атындағы əдеби сыйлықтардың лауреаты, Катонқарағай жəне Аягөз аудандарының құрметті азаматы Қалихан Ысқақтың 80 жылдығы да осы мереке шеңберінде жоғары деңгейде аталып өтті. Алтайды шығармашылығының алтын арқауына айналдырған классик жазушының мерейтойына еліміздің Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жолдаған құттықтау лебізін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Əлібек Асқаров оқып берді. «Қалихан Ысқақ қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар, аса көрнекті қаламгер, ірі суреткер еді. Оның қаламынан туындаған «Қоңыр күз еді», «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты» атты кітаптары мен Л.Толстой, А.Чеховтан аударған шығармалары, «Ұшы қиырсыз жол», «Сарша тамыз» сынды сценарийлері оқырманның жоғары бағасына, ыстық ықыласына ие болған дүниелер. Алтайдың асқақ жыршысы, қара сөздің кəнігі ұстасы Қалихан Ысқақтың есімі үлкен құрметке лайық деп білемін. Қаламының қуатымен, дара дарынымен қазақ прозасында ерекше стиль қалыптастырған, Алтайдың асыл келбетін көркем тілмен кестелей отырып, оның адамдарын қадір-қасиетімен, мінез-келбетімен Қалихандай көрсете білген қаламгер кемде-кем. Қалағаңа деген ел құрметі – мəңгілік. Өр Алтайдағы Қалихан ағаның мерейтойы құтты болсын, ағайын!» делінген министрдің хатында. «Қалихан ағамыз ұлттық əдебиетімізге Қаратай деген ұлы есімді əдеби үрдіс ретінде кіргізіп, үлкен образбен шегелеп кетті. Ол – қазақ сөз өнерінде кешегі Мұхтар Əуезовтің ізін жалғаған, Əуезовтің классикалық стилінің бір дəуірін аяқтаған жалғыз тұлға. Қалихан Ысқақ – осы өңірден шыққан, соңынан ілескен інілерін, алдындағы ағаларын аялап, Алматыда білім алса да, Мəскеуде оқыса да, қай қиырда жүрсе де тек сөз өнерімен айналысқан қарасөздің керемет шебері. Аз уақыт бұрын жазушының сүйегін алып, осы өлкеге келдік. Етегімізге сүрініп, етбетімізден жығылып, көзімізді жас, көкірегімізді өксік буып, Əлібек Асқаров ағамыз, марқұм Дидахмет Əшімхан ағамыз бар, түнгі сағат екіде Өскеменге қонған кезде, иманы саламат болсын, Бошай Кітапбаев ағамыз əуежайда таяғына сүйеніп тұр екен. Кезінде Ғабит Мүсіреповтің аузына іліккен, шығармасына арқау болған Бошай ағамыз ұшақтың қанатының қасында тұрып, борттан шыққан бүкіл халықты іркіп қойып, түннің бір уағында «ой, бауырымдап» жоқтаған еді. Осының барлығы туғандық, бауырлық. Бошай Кітапбаев та қазақтың сөзін сөйлеп кеткен, əділетті, ақиқатты көмейіне ірікпеген бірегей тұлға. Əрине, Алматыда да тапсыратын жер бар. Алатаудың қойны-қонышында күллі ұлы аруақтар жатыр. Алайда, Қалихан ағамыз ақырғы аманатымен Алтайына, Топқайыңына келіп жатты. Аудан əкімі Қалихан Байғонысов інілік міндетін атқарды. Бұрынғы облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та арнайы ұшып келіп, топырақ салды. Жазушының туған ауылына Қалихан Ысқақтың есімін беруге уəде берді. Ресми түрде болмаса да, жазушы ауылының жанындағы тауға Қалихан

Ысқақ ауылы деп жазылып қойғанын көрдік. Мұның барлығы қазаққа, елдікке, азаматтыққа, рухқа қызмет деп есептейміз», – деді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Əшімжан. Ол өз сөзінде қаламгердің көркем шығармалары мен жазбаларында Еуропаны жаулаған, өркениеттің бастауында тұрған Аттылы, Аспарух, Шыңғыс хан сынды бабаларымыздың жорық жолы көне түріктің алтын бесігі – Алтайдан бастау алатынын шебер тілмен кестелегенін, кино саласында да айтарлықтай із қалдырғанын, найзағайға нан пісіріп алатын алағай-бұлағай заманда қазақ киносы арқылы азаматтық үнін айтқан бір шоғыр классик қаламгерлердің бастауында тұрғанын жеткізді. Топқайың ауылының орта мектебінде бой көтерген Қалихан Ысқақтың кеудемүсінін Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Əшімжан мен жазушының жиені Сайлаухан Қабатайұлы салтанатты түрде ашты. Аталған шарада қаламгердің достары, жазушы Кəдірбек Сегізбаев пен Қуанышбек Құрманғалиев естелік айтса, жазушының немересі, Топқайың орта мектебінің оқушысы Жанкөбек Айдынұлы атасына арнаған жырын оқып берді. Сондай-ақ, меймандар мектепте жазушы құрметіне ашылған мұражайды тамашалады. Торқалы той соңы Катонқарағай ауылының атшабарында түйінделді. «Алтай барысы» атағына таласқан түйе балуандар тартысында катонқарағайлық Мансұр Аликбаев жеңімпаз атанса, құнан жарыста Зырян ауданының, 15 шақырымдық жарыста Күршім ауданының жүйріктері топ жарды. Ал жорға жарысы мен аламан бəйгеге тігілген темір тұлпарлар катонқарағайлық сəйгүліктердің иелеріне бұйырды. Бұл күні катонқарағайлықтармен бірге Ресейдің Қосағаш ауданынан келген өнерпаздар да өз өнерлерін ортаға салып, тойға əн мен жырдан шашу шашты. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы.


14

30 қыркүйек

АЙДЫ П Т А Ж А Ғ У ЖАРИЯЛА

www.egemen.kz

2015 жыл Тыныќ мўхиты

3. жаєасындаєы тəлкек

мўхиты 1. Атлант жаєасындаєы арпалыс

РУАН. Францияның солтүстік-батысында арналы Сенаның екі жағындағы биік қабақтың астын қуалап салынған қала екен. Орталық көшесі ұзыннан-ұзақ өзенмен жарысып отырады. Көлденең көшелер шағын əрі тым шолақ. Біздің бозбала шағымыз өткен Қызылкесік деген ауыл Боғас атты өзенді бойлап, екі жақтағы қырдың үстіне шыға алмай, осылай шұбалаңқы салынған еді. Француздың бұл қаласы қайсар қыз Жанна д,Арк атымен тығыз байланысты. Реті келсе, кейін бір мақала арнармыз. Сəбең жарықтықтың жазбасынан беріде Жанна тақырыбына қалам қаузаған ешкімді байқамадық. Əзірге діттегеніміз басқа. Ги де Мопассанның кейіпкері. Университеттегі «Шетел əдебиеті» пəнінде «Пышка» деген новелланы оқығанда шынайы отаншылдық үлгісін көргенбіз. Жасандылықтың жиіркенішті екенін аңғарғанбыз. Новелланың мазмұны қазақтың: «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деген мақалына саяды. Беріде Мопассанды қазақша жолықтырдық. Бізге ұнаған туындыны жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы аударыпты. «Пышканы» «Томпыш» деп. Иə, пруссактар басып алған Руаннан əрі қарай бір арба болып аттанған ығай мен сығай топтағыдан жолды тосқан неміс жаулаушыға керегі – жалғыз Томпыш. Анығында оның тəні. Əйелдің өз қаласында тəн саудасымен айналысқаны ешкімге жасырын емес. Ол сөйте тұра жаулаушының құмарын қандыруға келіспейді. Соның салдарынан ығай мен сығай бірнеше күн кідіруге мəжбүр. Қабақпен байқату, қимылмен сездіру, сөзбен алдап-арбау арқылы олар Томпышты жатжерліктің ындынына жығып беруге əрекеттенеді. Осы жерде біз де өз арбамыздың тізгінін тежейік. Новелланы талдау мен түсіндіру міндетіміз емес. Айтпағымыз, соғыс атаулының сұлуларды сорлататыны. Əйелдің тыныш өмірден айырылатыны, күйеулерін немесе əкелерін, тіпті бауырлары мен балаларын майданға аттандыратыны, баспанасыз, аш-жалаңаш қалатыны өз алдына, соғыс кезінде жері жат табанына, өзі жау қолына түссе, сол жаттың қолымен етегі түрілуі кəдік. Əлемнің талай аймағында өткен түрлі соғыстың жылнамалары мен естеліктерін, тіпті соңындағы ресми соттар мен қоғамдық айыптаулардағы құжаттарды сараладық. Көбінде бұл зорлау отырықшы елдерге тəн болып шықты. Көшпелі халықтарда басқаша жағдай. Қалай екенін түсіндірмес бұрын мына оқиғаны баяндап кетелік. Көзіміз көрмеген. Еш жерден оқымадық. Тек естігеніміз. Бала кезімізде. Шалдардан. Біз туып-өскен төрт жағын түгел тау қоршаған ауыл Үштөбе аталды. Іргеден Боғас өзені ағады. Əлгі екі қабақ астына суды қуалай салынған Қызылкесік – өзен ағысындағы келесі ауыл. Біріншісі – бөлімше, екіншісі – бес бөлімшені біріктірген кеңестік шаруашылық орталығы. Үштөбеде сегізжылдық, Қызылкесікте онжылдық мектепті бітіргендіктен, екеуі де ойдан шықпайды. Үштөбенің төрт жағындағы таудың бірінің аты – Доланқара. Оған ауылдың екінші шетінде қарсы қарап тұратын тау – Желдіқара. Желдіқара қазаққа бірден ұғынықты, ал Доланқара – түсініксіз атау. Қабанбайдың қолы Тарбағатай аймағын жүз жылдай жайлаған қалмақтан қайта азат етер шақта қара тау Долан атты батырдікі екен. Бабаларымыз ауылына жақын келіп, «соғысса тұрысатын жерін айтсын, соғыспаса атамекенді босатсын» деп жаушы жібереді. Анау да сабаз екен, «Қатыным жаңа босанды, балам қырқынан шыққанша күтсін», депті. Көшпелі елдің салты ұқсас, екі жағы да баланы қырқынан шығаратын. Қырық күннен кейін іргесіне келсе, ауыл жоқ, мыңғыраған мал жоқ, жалғыз қараша үйді жықпай көшіп кетіпті. Қараша үйге он алты жасар қызын қалдырыпты. Көшпелі елдің көшелі екені осыдан көрінбей ме? Қарсыласқа деген құрмет. Жау болса да мəрттікті сыйлау. Мыналар сөзге тоқтап қырық күн күтті. Анау соған риза болып, қызын қалдырып кетті. Баласы аман, бауыры бүтін. Малы таланған жоқ, жанына сауға. Əттең, сөзге тұра білген, дала заңдарымен өмір сүрген Доланнан жəне Долан сияқты мың-мыңдаған қалмақтан ұрпақ қалмады. Оған тарих алдында біздің бабалардың кінəсі жоқ. Қайта мына қара таудың атын өзгертпей Доланқара қалпында сақтапты. Сонымен, анталап келген батырлар. Алдарында толықсып тұрған он алтыдағы қыз. Енді тағдыры шешілмек. «Кім аладыға?» келгенде мəселенің тоқетерін қыздың өзі айтыпты. «Менімен күресіп жеңгендерің аласыңдар». Ағалы-інілі екі атамыздың кішісі аттан түсіп алыса кетіпті дейді. Сөйтсе, қалмақ қызы алаңғасар батырды кемер белдіктен ұстап шыр үйіреді. Біздің жарықтық атамыздың, ол заманда əрине жас жігіттің қолына ілігетін дəнеңе жоқ. Қыз не қамзол кимеген, не қынай белдік буынбаған, матасының аты белгісіз судыраған жалаң көйлекшең екен дейтін шалдар. Өкініштісі, мұнда Томпыштың ескерткіші мен басқа белгісі жоқ екен. Жанна д,Арк өртеліп өлтірілген жерде 20 метрлік крест тұр. «Топырағы орта ғасырдағы қалпы» деп текше қағылыпты. Сосын қайсар қыздың құрметіне шіркеу тұрғызылған. Астында сауда орындары. Бұдан бөлек Жанна д, Арк музейі салынған. Кезінде Сəбит Мұқановтың жолжазбасынан бірер сөйлем түрінде оқығанымызды ақыры көзбен көрдік. Бəрібір ойымыздан Томпыш шықпаған. «Неге Мопассан кейіпкерінің құрметіне ештеңе жоқ?» десек, гидіміз күледі. «Өз сұрағыңызға өзіңіз жауап беріп тұрсыз, ол бар болғаны кейіпкер ғой». Руанда бұған дейін өзіміз ешқайдан оқымаған бір оқиға естідік. Екінші дүниежүзілік соғыста немістер бұл аймақты тағы басып алған. Одақтастар күшімен. Қарсыласу қозғалысының қолдауымен 1944 жылы ел қайта азат етілді. Содан Францияда бұрын ешкім естімеген науқан өтіпті. Ол жауға қызмет еткен, оның ішінде төсек

• Руан лəззатын көрсеткен əйелдердің шашын тақырлап алып тастау. Жаза ма, масқаралау ма? Оны білмедік. Тек «Томпыштың шашын қайтер еді?» деген сұрақ көкейімізде кеткен. Француз сұлуларының жаулаушы əскердің құмар құшағына түсуінің кезекті дерегін ағылшын тарихшысы Тойнби келтірген. Ол Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс солдаттары офицерлердің бұйрығымен, тіпті бұйрығынсызақ Францияда қыз-қырқынды жаппай зорлап, майданда жəне тосқауылда бардель ашқанын жазыпты. Осының бəрінен түйгеніміз, мемлекеттің азаматтары, яғни армиясы мықты болмаса, əйелдердің басына қасірет орнайды.

«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің», деген қазақтың сөзі дəл келді. Бас сауғалап АҚШқа қаш қан бірталайы кейін ұсталды. Мына жақта: АЛЖИР үшін ешкімді соттаған жоқ. Берияға тағылған айыптың ішіне «Ақмолада отанын сатқандар əйелдерінің лагерін ұйымдастырғаны» кірген-кірмегенін білмедік. Айып тау құжаты қолға түспеді, оның есесіне Берия атылған бункерді көргеніміз бар. Жаза дейміз-ау, аласапыран замандағы оқиғалардың арасында жүйеге қызмет ете жүріп кісілік қалпын сақтағандар табылады. Ғажап. Олар жаза емес, марапатқа лайық. Бірде Ресейдің телеарнасынан АЛЖИР-ге арналған деректі

СЕУЛ. Себебін білмейміз, бізге əскери музейлер ұнайды. Оңтүстік Кореядағы мүлде өзгеше əсер етті. Ғимаратының үлкендігінен емес. Түркияда Ататүрік жерленген кешен де кең құлашпен салынған. «Алуан-алуан жүйрік бар, əліне қарай шабадының» кері. Дəл аумақ жағынан салыстырсақ, Қытайдың Сиань қаласындағы əйгілі «сары саз сарбаздары» мұражайы Сеулдегіден қомақты. Бірақ, онда тақырып біреу – атам заманда саздан жасалып, жер астына жасырылған əскер. Киімі мен қаруы, аратұра аты мен арбасы болғанмен, ол белгілі уақытты қамтиды. «Сары саз сарбаздары» музейінің екі ғимараты жəдігерлерге, оны түрлі технологиямен зерттегендегі нəтижелерге арналған. Айналдырып ат шаптыруға болатын орталық ғимарат тұтас армия табылған аймақты қымтап салынған. Мынадай ғимарат тұрғызу – теңдессіз инженерлік шешімдердің арқасы. Қытайлықтар оны абыроймен атқарып шыққан. Тамашалағандар фотолары арасынан АҚШ пен Ресей президенттерін таныдық. Оларға қазба жасалған орға түсуге мүмкіндік беріпті. Біз сияқты пақырлар жақындамай, жер үстінен қарайды. Хош. Ататүрік мемориалы мен Сиань музейін талдауды доғарайық. Енді Сеулдегі музей. Ауладағы бірнеше ескерткіштің еңселісі сынтас түрінде. Соны ортасынан қақ жарған. Бір корей елінің екіге бөлінуін бейнелейді. Қарап тұрғанда өзіміз өскен Тарбағатай қойнауы еске түссін. Талдыбазар өзенінің жағасында Сынтас

СОҒЫСТЫҢ СҰҒЫ ТИГЕН сўлулар таєдыры сананы тітіркендіреді Балтыќ теѕізі

2. жаєасындаєы бассыздыќ

ФЮРСТЕНБЕРГ. Германияның екі астанасы болып тұрған 1995 жылғы Жеңіс күні Бонн қаласынан Берлинге дейін автокөлікпен жүріп өткенбіз. Өзі ерекше ел. Шағын тұрмақ ірі қалалары кешкі сағат сегізден кейін жым-жырт күйге енеді. Жайшылықта осылай тым-тырыс ел 9 мамырда не əсіре жоғары, не алдамшы төмен көңіл-күй байқатпады. Неміске тəн ұқыптылықпен салынған Фюрстенберг қаласында концентрациялық қосын болған. Соғыс жылдарында мұнда əйел тұтқындарды тоғытқан. Аты – Равенсбрюк. Енді ашық аспан арасындағы мұражай, іші-сырты небір ескерткіштер. Америкалық əйел жазушы Сюзан Броунмиллердің: «Соғыстан кейін қаза тапқан солдаттарға ескерткіштер орнатып, ары қорланған, қалыпты өмір сүру қабілетінен айырылған əйелдерді ұмытып кетеді», деген сөзі мына мұражайды көрмей тұрғанда айтылғаны анық. Равенсбрюк пен біздің бұрын Малиновка, кейін Ақмол атанған мекендегі əйелдер лагерін ойша салыстырдық. Анда Гиммлер, мұнда Берия, демек империялардың қауіпсіздігіне жауапты министрлік басшылары ашқызған. Ашылған уақыттары да сəйкес келмек: Ақмоладағы отанын сатқандар əйелдерінің лагері 1938 жылы, Германиядағы азап апаны 1939 жылы алғаш тұтқын қабылдаған. Андағы лагерьде тоқыма жəне тері-былғары өндірісі ашылған. Бұдан біздің АЛЖИР де қалыспайды. Майдан үшін киім, көрпе-жастық тіккен. Көкөніс пен ет өндірген. Екі жақта да ескерткіш бар. Германияда сонау 1945 жылдан кейін оншақты ескерткіш пен мүсін жəне тақта қойылыпты. Біз АЛЖИР шындығын одан 45 жылдан кейін біліп, əупірімдеп жүріп мемориал тұрғыздық. Равенсбрюкте тұтқын əйелдерге арналған барақтар сол қалпы сақталған. Малиновкадағы барақтар саман кірпіштен салынғаны себепті сақталмапты. Өкінішті. Айырмашылығы бұл ғана емес. Ақмоладағы отанын сатқандар əйелдерінің лагері бейбіт заманда құрылды. Германия алдымен Еуропаны, одан жер жүзін жаулау соғысына қарсы шыққандарды қамады. Бұл – Кеңес Одағының ұтылатын тұсы. Оның есесіне АЛЖИР міскіндері тек ауру жəне аштықтан өлетін. Равенсбрюкте жұмысқа қабілетсіз болғанды желкеден атса, 1943 жылдан бастап газ камерасына қамау тəсілімен қырып отырды. Өйткені, əр əйелді жекелеп атудан 150 əйелді бірден газға тұншықтыра салу «тиімді». Неміс – қайда да есептің адамы. Алғашқы газ камерасын Гиммлер келіп сынақтан өткізіпті. Осылайша, мұндағы өлім машинасы алты жылда 90 мың əйелді құрбан еткен. Бұл орайда АЛЖИР-іңіз айналайын. Алты жылда 90 мың əйелді өлтіру Равенсбрюктегі жендеттердің мінез-құлқына əсер етпей қоймайды. Санадағы ауытқуды азайтып, ағзаны сергіту мақсатында мұнда арнайы нəпсі үйін ашыпты. Көзі қанталаған, жүйкесі жұқарған жендеттердің астына тек тұтқын əйелдерді жатқызған. Олардың арасында аяғы ауыр болып қалғандары болса, сорлының көзін дереу жойып, басқасын əкеліп отырған. Есерлердің нəпсісін қандыруға алты жылда алты мыңдай жас əйел керек болған. Жаза. Осындай сұмдық қылмыстан кейін жаза болуы керек қой. Ана жақта: Равенсбрюкте қызмет еткендер одақтастар жеңісінен кейін əскери қылмыскер ретінде сотқа тартылған. 16 адам өлім жазасына кесілген.

• Равенсбрюк фильм көргенбіз. Оның алдында қазақ режиссері Аяған Шəжімбаев деректі фильм түсірген. Сол тұста белгілі журналист-зерттеуші Армиял Тасымбеков ондаған мақала жазған. Аяғанның фильміне Армиялдың зерттеулері өзек болып еді. Енді екеуі де арамызда жоқ. Жандары пейіштің нұрында шалқысын. Хош, бұл фильмдерді еске алғандағы айтпағымыз басқа еді. Кісілік. Əлгі ресейліктер түсірген фильмде бір қарт бар. Баринов. Қызметі АЛЖИР бастығы болғанмен, жүрегі жұмсақ, санасы тұнық екен. АЛЖИР-ге бастық болуы – мансап қуғаннан емес, керісінше төмендетілгеннен. Отызыншы жылдар ортасында Калинин облысының НКВД басқармасын басқарған. Жаппай қуғынсүргін басталғанда, «Асыра сілтеп жатқан жоқпыз ба?» деп жоғарыға сұрау салған. Сол хаты үшін дереу төмендетілген. Қайта бағы бар екен, өзі атылып кетпей, айдаладағы Ақмоладан лагерь ашуға жіберілген. Фильмде «Мен лагерьге бастық бола жүріп осында жер аударылғандардың кінəсі бар дегенге сенбедім», дейді. АЛЖИР-де басқасы орын алса да арнайы нəпсі үйінің ашылмағаны, демек айдаудағы əйелдердің абыройы төгілмей шыққаны – Бариновтың кісілігінен. АЛЖИР майданнан мыңдаған шақырым алыста жатты, ал жаудың жеріне кірген 1945 жылы Кеңес жағындағылар түгел кісілік танытты дей алмаймыз. Бір ғана құжатпен шектелейік. Соғыс кезінде алғы шептегі əскердің желкесінде тұрып, қашқан-пысқанды жазалау үшін «Смерш» Қарсы барлау бас басқармасы құрылған. Бұл атау «смерть шпионам» деген тіркесті қысқартудан шықты. 1946 жылы «Смерштің» Германия аумағындағы 109-шы Далалық басқармасының бастығы капитан Григорий Веляда «қызмет бабын асыра пайдаланған» деп тұтқындалды. Тергеу барысында оның неміс мұғалім əйелді жыныстық жұқпалы ауруы болғандықтан атқызып тастағаны жəне 17-18 жастағы қыздар тобын жалаңаштап, өзі бастап зорлағаны анықталды. Мемлекет қауіпсіздігі министрлігінің Айрықша кеңесі оны сегіз жылға соттап, үш орден, үш медалінен айырды. Сталин қайтыс болған соң басқалармен бірге түрмеден босатылған. Сосын КСРО Жоғарғы Кеңесіне наградаларын қайтып беру туралы арызданады. Жоғарғы Кеңес Президиумы «Г. Веляда социалистік заңдылықты өрескел бұзғаны жəне орден иегері деген атаққа кір келтіргені үшін» марапаттарын қайтып беру туралы арызын қанағаттандырмады. Пəлен беттік құжат «азаттық армиясының» керісінше «азап армиясы» болып кеткенін айғақтайды.

деген дара жартас бар. Алып жүрекке ұқсайды. Биіктігі он-он бес қабаттық үймен тең шығар. Ол да ортасынан екіге жарылып тұрған. Бірі қолдан салынған, екіншісін табиғат өзі жасаған сынтастардың ұқсастығына таңырқап, айналаны шолдық. Келесі ескерткіште екі корей азаматы құшақтасып тұр. Бауырлар. Айырылудың ауыр екенін əрбірі түсінгендей. Баяғыда қазақ пен ноғай екі бөлінгенде балбалдан басқа ештеңе қоймайтын заман. Есесіне небір жырлар туған. Сайып келгенде сондағы жыр мен мұндағы мүсіннің ұғындырмағы ортақ – бауырдан ажырамаңдар! Музей алдына 1950-1953 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы əскері құрамында соғысқан елдердің тулары ілінген. Қапталдағы аумақты алаңда əскери ұшақтың, тікұшақтың, танктің, зеңбіректің жеті атасы тұр. АҚШ, КСРО, Қытай, Британия, тіпті Мысыр мен Ирак сияқты елдердің техникасы. Майданның солтүстік бетінде КСРО мен Қытайдың, оңтүстік шебінде АҚШ пен Батыс Еуропаның техникасы атойлаған. Оңтүстік жағында миллиондаған кореймен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының əскері соғысты. Солтүстік жағында екі жүз мыңдай корей мен қытайдың сегіз жүз мыңнан астам əскері жəне Кеңес Одағының жүздеген ұшқыштары қақтығысқа қатысқан. Жанжал – социализмнің қос көсемі – Мао мен Сталиннің арандатуы. Екеуінің кесірінен оққа ұшқан барлық жауынгердің аты жазылған қаз-қатар тақталар тізбегі таусылмайды. Екі қанаттағы галереяларды толтырып тұр. Оңтүстік бөлікті қорғауда қаза тапқан шетелдік қаруластардың аты да ұмыт қалмапты.

Құрбандар аттарын сақтаған тағы бір қабырға бар. Оған үнемі гүл қойылады. Ондағылар мылтық ұстап майдандаспаған. Əрі бір түбек емес, жер-жаҺанды тұтас шарпыған алапаттың құрбандары. Бұл қабырға екінші жаһандық соғыста зорлық-зомбылықтан қаза тапқан корей əйелдеріне арналған. Жер шарының əр аймағында өзгелерден өктем шығып, көршілерінің мазасын алған мемлекеттер болды. Скандинавия түбегін аралағанда Швецияның бірнеше ғасыр бойы іргелес Норвегия мен Данияның зəресін қашырғанын білдік. Данияда жаулаушылар кемесін аңдып отыратын қамалды аралағанбыз. Оның бір мұнарасында қас қақпай тұратын қарауыл бұғаздың екінші жағынан швед кемелерін көрсе, дереу екінші мұнараның есігін ашады. Сонда қамалған қалың кептер көкке көтеріліп, «жау шапты» деген хабарды басқа қамалдарға жеткізеді. Германия талай уақыт Еуропадағы көршілерінің зəресін кетірді. Американың үндіс тайпалары арасында басқаларына өктемдік еткендері болыпты. Осындай аймақты азулы ел Шығыс Азияда да бар еді. Жапония. Аралдағы ел құрлықтағыдан əрдайым мықты шығып отырды. Тек бастапқыда, Шыңғыс хан ұрпақтары қалың кемені жапон аралдарына қарай аттандырғанда жаулап алатыны анық еді. Тек теңіздегі сұрапыл дауылға тап болған Құбылайдың кемелері жапон аралдарына жетпек түгіл, басымен қайғы болды. Бұдан кейін жаулау бағыты керісінше өрістеді. Əсіресе, 1930 жылдан 1945 жылға дейін Қытайдың оңтүстік-шығысы мен Корей түбегін басып алған жапон əскері екі ұлттың қыз-қырқынына қырғидай тиді. Соғысқан əскердің соңынан «дамылдау станциясы» еріп жүретін. Ол – түсінікті тілмен айтқанда, жезөкшелер үйі. «Дамылдау станциясын» толтырумен қатар, жауланған екі елдің қыз-келіншектерін Жапонияға күштеп алып кеткен. Ол жақтағы «нəпсі нысандарында» қызмет қылу үшін. Көпшілігінің жасы сол кезде 16-дан аспаған. Рас, беріде Жапония үкіметі осы зорлыққа ұшыраған əйелдерден ресми кешірім сұрады. «Болары болып, бояуы сіңген соң». Екі елде қалған аз ғана кейуана соған да тəубе депті. Жекелеген əйелдердің тарихы бұл күні əлемге əйгілі. Гиль Вон Окті 13 жасында жапондардың барделіне қосқан. Байғұс қызға мерез жұғады. Ақыры жатырын алғызып, жаны қалған. Жатыры жоқтықтан, ұрпағы жоқ. Ким Бок Дунді 14 жасында жапондықтар ұстап алып, «дамылдау станцияларының» біріне апарған. Жай күндері 15, демалыс күндері 50-ге жуық жауынгермен «кездестірген». Жаудан зорлық көргендердің арнайы баспанасына тұрақтаған Ли Ок Сунді 15 жасында жапон жезөкшелер үйіне кіргізген. Бұл 1942 жыл екен. Содан өзінің туған түбегіне ол бейшара 2001 жылы қайтқан. Жапон жеңілген 1945 жылдың күзінде «елге қай бетіммен қараймын» деп Қытайда қалыпты. Қытайдың өзі бұдан зор құқайды көрген. Халық неғұрлым көп болса, мысал да соншалық жеткілікті. 1936 жылы жапондар Нанкинді басып алғанда, 80 мың əйел зорланған. Арасында бəлиғатқа толмаған қыздары, белі бүкірейген кемпірі, бұл дүниенің күнəсінен бетін аулақ салып, құдай жолына түскендері түгел бар. Бейжіңде Жапониямен соғысқа арналған музей ашылған дейді. Арнайы көре алмадық. Жұмыс бабымен, оқу ретімен бірнеше барғанда бəрібір жол түспеді. Ол музейге күнделікті мыңдаған жастарды – оқушылар мен студенттерді арнайы əкеледі дейді. Жапондардың қарақшылық əрекеттері сақталған фотоларды көрсету үшін. Иə, екі ел бір-бірімен экономикалық қарымқатынас жасағанымен, жүрегінде қатқан мұздары ери қоймапты. Əсіресе, Қытай жағының. Содан шығар, мұнда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қыздарды күштеп жезөкше ету фактілерін зерттеу комиссиясы құрылған. Хош, осы Сианьның бір тұрғыны Чжан Сянтуды 15 жасында жапондар баяғы «дамылдау станциясына» күштеп апарған. 20 күнде қаншама солдат ермек еткенінің есебінен жаңылыпты. Жалпы, 1942 жылы Қытайда осындай 280 станция жасақталған. Кілең жас қыздардан. Чжан Сянту 1995 жылы Жапония үкіметін сотқа беріпті. Өзі сияқты жас кезінде зорлық көрген 16 кемпірдің басын қосып. Олар өтемақы талап етеді. Жапон жағы бəрін соғысқа жабады. Жаулаушылар Шаньси провинциясының келесі тұрғыны Хао Юэлянды 17 жасында жезөкшелік жолға түсірген. Ол да кейін бала көтере алмаған. Бұл провинцияда бір қамал бар. Соғыстан қираған қалпында қалдырылған. Осында үш жыл бойы жапон солдаттары сайран салған. Өздерімен бірге қытайлық 50 қызды зорлықпен ұстаған. Бұл сарайдың сырын көзі тірі, Шаньсидің Гучен қаласындағы Хао Цзюсян жақсы біледі. 15 жасында əлгі елудің бірі болып ермекке айналыпты. Айтқан естелігінен төбе шашың тік тұрады. ...Не керек, соғыстарда сұқ тиген сұлулардың сыры мұнымен таусылмас. Біз өзіміз көрген аймақтардағы ақпараттарды сараптадық. Осы дəуірде Судан, Сирия, Ирак жəне басқа елдерде жүріп жатқан соғыстар салдарынан ары тапталған арулардың жыры мүлде бөлек. Ол əзірге саясатшылардың тақырыбы шығар. Қайнар ОЛЖАЙ. РУАН – ФЮРСТЕНБЕРГ – СЕУЛ – СИАНЬ.

• Сеул


30 қыркүйек

А ДОД

2015 жыл Жылқыны бағу мен оның өнімдерін адам игілігіне жарату – күнелтіс қамы болса, оны баптап, жаратып, бəйгеге қосу – өнер. Өнер болғанда да қанмен сіңетін қасиет, аса қызығушылықпен жылдар бойы ден қоя үйренбесе, зерттемесе сырын оңайлықпен аша қоймайтын ғылым. Жылқы түлігін алғаш қолға үйреткен немесе жылқы түлігі алғаш даласынан табылған деп аталатын біздің халқымызда жүйрікті жазбай танып, оны балаша баптап, құстай ұшырған дала перзенттері – атбегі, сейістердің орны бір бөлек.

Сейіс Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі технологиялық жаңғыра жетілу заманында бірқатар ұлттық құндылықтар мен салт-дəстүрлеріміздің, көненің көзі саналатын кəсіптік-тұрмыстық құралжабдықтарымыздың қолданыс аясы тарылып немесе біржолата қолданыстан шығып, енді біреулері ұмытыла бастағаны жасырын емес. Ат өнерінің өзі тамырында қаны бүлк-бүлк ойнаған баяу қалыпта, яғни төрт аяғын көсілте шапқан кең көлемдегі қолдауға ие болып кете алмай тұр. Мұндай жағдайда ел арасында кешегі Толыбай сыншының ізбасарлары қалды ма, қалса ол атбегі, сейістердің жағдайы нешік? Атадан балаға мирас болған əз өнерді қалай жалғастырып жүр? Еш жерден қаржыланбайтын, ешқандай бағ дарлама мен жоспар-жобаға кірмейтін «дала мектебінің дана ұстаздары» жас ұрпаққа «сабақдəрістерін» қалай үйретуде? Ұлан-ғайыр кеңістікке кең қонып, көлбей жайлаған Ұлы дала елінің даңқын алысқа жайып, ТМД аясындағы айтулы додалардан байрақпен оралып жүрген Адай жылқыларының өрісі болған Маңғыстауда атбегілік өнердің тіні пытырлай үзіліп, барынша жұқарған сəттер болды. Бірақ үзілген жоқ. Ел арасында ондаған болмағанмен бірен-саран сейістер алтын тінді аялап əкеліп, бүгінгі буынға жалғап үлгерді. Бүгінде ащы шөпке жайылып, қатаң қыс пен шіліңгір шілдеге бейімделе жетіле түскен Адай жылқыларының өсіп-өнуінде, тұқымдық тұрғыда жаңарып-жетілуінде, халықаралық жарыстарда топ жаруында осы атбегілердің ерен еңбегі тұр. Сондайақ, бұл жеңістер мен жетістіктер - үйірлеп сəн-салтанатымен жылқы айдап, оларды тек сан жағынан ғана емес сапалық жағынан асылдандырып, тұяғының желі, қанының қуаты бар текті тұлпарларға мəн берген, оларды құлын кезінен танып, адам таңғаларлық құн төлеп сатып алып, баптап бағын ашқан, тіпті қажетті жерінде бір тай үшін бəстесіп, бір байтал үшін жа нынан баз кешкен аталардың атқұмарлығының нəтижесі. Бір ғана мал атаулының бабы мен оны бағу-қағудың қыр-сырын «біліп туған» сұңғыла Ескелді Саназар əулиенің əсіресе жылқы түлігіне қатысты көріпкелдігі, сейістігі тарихтан мəлім. Қалмаққа қарсы аттанбақ болған Тоқтамыс батырдың тақымы толатын аткөлік іздегенде Жем бойындағы Саназар байды іздеп барып, үйірінен ат таңдауы тегіннен-тегін емес. Сол сияқты Саназар бай жиені Балуанияз батырға құла атты мінгізіп жолға шығарып салғалы тұрып, аттың басындағы жүгенін сыпырып жəне шоқтығынан бір уыс қылды қиып алады да, езуіндегі сілекейді орамалына сүртіп, оны түйіп қалтасына салады. Қазір Маңғыстауда ат жаратып, ат қосып жүргендердің арасында Тілеген Өрісбаевтың орны бөлек. Ол бүгінгі жас буынның ұс тазы, кешегі құрық ұстаған сейістердің ізбасары. Атадан əкеге, одан өзіне дарып, бүгінде балаларынан немерелеріне өткен сейістік өнердің жуан ортасында жүр. Жеті жасында бəйге атқа отырған ол əкесі Өрісбайдың айтулы Қарабурыл айғырының жалында ойнап өсті, қашаған қуып, тай жуасытты. Тіпті, жүген-құрық тимеген шу асауды жүйрікпен қуып жетіп, қапталдай жүріп ноқталап, үстіне қарғып мініп шауып кете беретін əдісті, кей кездері ноқталамай-ақ асаудың жалынан ұстап шабуды, асау тай, құнан, дөнендерге мінуді Тілекең он-он екі жасында-ақ меңгеріп алған болса, бесті асауларға бас білдіруді 14-інде үйренген екен. Қарғадайынан жылқы малының қыр-сырына қанығып, құрығы құтты əкесінің ілімі мен тəлімін сіңіріп өскен ұл оны өзінің зердесіне сала байытып, тəжірибесімен жетілдіріп, кəнігі жылқышы болып қалып тасты, жылқыны алыстан таныр сыралғылық, сыншылық қасиеті ашылды. Кушкада əскер қатарында жүргенде атқұмар түрікмен жігіттерімен танысып, олардың ат сынатуға бөлімнен арнайы

алып кеткен кездері де бол ған жəне қазақ жігіті танып, «осы жылқыдан бірдеңе шығады, баптай бер» деген асауларының алды бұл əскерден кеткенше-ақ топ жарып, бірі «Волга» автокөлігін, екіншісі «Урал» мотоциклін ұтып алып, олжа салып үлгерген екен. Осылайша жастайынан əкесі Алданов Өрісбайдың қасына еріп, жыл қы шаруашылығын бойына да, ойына да сіңіріп өскен Тілеген бүгінгі ағалық, аталық жасқа дейін бірнеше жылқы баптап, аламандардың дуын қыз дырды. Өзінің сейістік дəстүрін жалғастыратын ізбасар шəкірттер тəрбиелеп шығарды. Ол жылқы малына қатысты шаруалар – қысырақ байлау, асау жуасыту, құрық салу, күзеу, ақталау, құлын байлау, тағы да басқа жұмыстарды еппен, баппен, біліктілікпен жүргізудің хас шебері. – Жылқыға салынатын құрықты тым жоғары көтеріп, көздеріне көрсетуге болмайды. Мұндай жағдайда əккі айғырлар мен биелер құрыққа ілінбеу үшін бас бермей жалтарып кетеді. Сондықтан құрықты көрсетпей келіп, иə иектің астынан, иə қос құлақтың тұсынан қағып салу керек, – дейтін Тілеген дөненді күзеуді «жалын түбіне тақамай төрт елідей биіктікте сыпыра күзеп шығып, уысқа толық ілінетіндей шоқтық қалдырамыз. Көзіне түспес үшін кекілін де сəндеп қысқартып қою керек. Ал құйрығын түбіне дейін сыпы ра күзеп, тек ұш жағына ғана азғантай «шыбын қағар» шашақ қалдырасың, дейді шəкірттеріне. Тілекеңнің айтуынша, ат баптаудың бірыңғай қалыптасқан қағидасы, қалып үлгісі – стандарты жоқ. Баптау əр аттың өзінің мінезі мен ерекшелігіне қарай жүргізіледі екен. Демек, қанша ат бар десек, олардың сонша мінезі бар, яғни сонша баптау түрлері мен ерекшеліктері

тастап, жеңілдей түседі. Келісімен 5 сағат қысқа қаңтарып, суытуға қойылады. Ертесіне осы жағдай тағы қайталанады. Суы тылған аттың ноқтасы алынып, арқандаулы тұрған өзінің үйірінің қасына бос жіберілсе жақсы болады. Аунапқунап еркіндікті сезінеді. Үшінші күні тағы да бірнеше шақырымдық жолды үш түрлі жүріспен, яғни аяңмен, желіспен жəне шабыспен жүруі керек. Бұдан соң атты желге қарсы жетелеп, терін қырмай, сүртпей кептіріп, 6-7 сағат суытып, отқа жіберген жөн. Атты ашықтыруға болмайды. «Шабар аттың тоғы игі» деген сөз бекер айтылмаған. Аш аттың қартасы түйіліп, өліп кетуі де мүмкін. Тоқ ат өлмейді. Сортаң жерге жаймаған жөн. Себебі, ат шөлдеп, артық су ішіп, бүкіл ішкі бабы бұзылады. Төртінші күні де кем дегенде 10 шақырымдық жолды игеру керек. Бұл күні жолдың ортасына дейін желдіріп, қалған бөлігін шауып өтсе болады. Ең бастысы, ат терлеу керек. Таң асыру міндетті. Сол сияқты түнгі өріс те пайдалы. Жайылу уақытының ұзақтығы 8 сағат шамасында болуы керек. Ыссыға қалдырмай көлеңкеге байланады. Ертесіне қаражарысқа салып, терлетіп, тағы да таң асырып, баптауды жалғастыра береді. Қаражарыста озамын деп ұмтылу артық. Аттың ішкі мүмкіндігін тексеру үшін жасалатын амал бұл. Семіз атты арықтату, керісінше, арық атты семірту, терлету, күн сайын белгілі бір қашықтыққа шабу, суыту, қаңтару сынды шаруалар мен шаралар ат баптау емес, мұның бəрі ат жаратудың белгілі бір жүйесіне кіреді. Қатар тұрған екі атты бір əдіспен баптау мүмкін емес. «Аттың сыры иесіне мəлім» дегендей, оның ішкі сырын, мүмкіндігін білу керек. Негізінде спортқа адам баптаудан, ат баптау қиын. Адамның тілі бар, айтасың, сұрайды, түсіндересің, ал аттың тілін өзің табуын керек. Жаясы жалпақ, жонды да қоңды

болады деген сөз. Шебер атбегі болу үшін əрбір жылқының психикасын, ішкі сырын, мінез-құлқын толық меңгеріп, соған сай əрекет ете білу керек дегенді ұғындырады. Бірде мал да болса көңіл-күйі болмағандықтан жақын арада өтетін аламанға қатыстырмаймыз деп шешкен жүйрігі иесінің ойын оқып, одан сайын мүжіліп, жабыға түскен екен. Жануар аламанға қатысқысы келгендігін оқыс дауыс шығарып, ұйқыда жатқан иесін далаға жүгірте шығарады. Қараса кеше ғана көңілсіз жүрген жылқы біртүрлі өзгеріп, оқыранып тұр. Нар маяның жаңа сауылған бір шелек сүтін сіміріп ішіп алып, одан сайын жайнай түседі. Түр-тұрпаты ұнаған соң, Тілекең оны аяқ астынан аламанға əкеліп, қосып жібермей ме? Бір-екі сағаттық жаратудан соңақ тынысы ашылған хас жүйрік қара үзіп келеді. Тілекеңнің өмірінде жылқыға қатысты осындай алуан əңгімелер, адам айтса нанғысыз жағдайлар өте көп. – Бəйге аттарын жазғы маусымда жұлдыз шыға салқынмен отқа жіберіп, күн шыға ұстаған жөн. Таң асқан жүйрікті түнгі сағат 3-4-тер шамасында отқа қойып, 7-8 сағат жайылған соң байлап, кешкі ымырт түсе қайтадан өріске жібереді. Бұл жерде жайылымның сапасын да ескеру керек. Атты аяңдатып, желдіріп, шаптырып жаратқанда тыныс жолдары ашылады, бұлшық еттері ширайды. Сіңірі бекіп, ащы тері шығады. Алғаш ұсталған жүйріктер осындай кезде артық тезегін

құлын сауыр қара етті жүйріктерді жаратып, арытамын деп жілік майын үзіп алудан, олпы-солпы пішінде жұпыны, жүдеу тартып тұрған тұлпарларды семіртуде сақ болу керек. Дене тұрқы онша ірі емес, семіздікті сүйетін құлын сауыр жүйріктер негізінен етіне сеніп шабады. Мұндай аттарды ретіне қарап бір айдан асырмай жаратып, 4-5 рет суына тиіп, таң асырып, бəйгеге қоса беруге болады. Ал етті, қол-аяғы балғадай балуан денелі жүйріктерді көбірек əурелеу керек. Оларды қаражарысқа салып терлетіп, 7-8 рет таң асырған жөн. Аттардың бапқа келуі де əртүрлі. Тоқжарау күйінде жақ сы шабатын аттар бар, əбден жеңілдетіліп жарағанда бабы келетін аттар да бар, қабырғасының жігі білінбей, жаңбырлығы тілінбей семіз қалпында жақсы шабатындары бар, əбден арып-азып, қабырғасы санап аларлық дəрежеге жеткенде шабатындары да кездеседі. «Тайында – қақта, құнанында – сақта, дөненінде – бапта, бестісінде – бəйгеге қосып бағын сына» деген рас екен, дейді сейіс. Тұқымына, күйіне, жалпы физикалық жағдайына байланысты атты бабына келтіруге шамамен 4060 күн кетеді. Ал бұрыннан бабында жүрген бəйге аттары оншақты күн тынығып қайта қосыла береді екен. Қазылы семіз ат асықпаса 60 күнде бабына келеді, асыққан жағдайда 35 күннің ішінде шұғыл жаратып бабына түсіруге болады. Мұндай əдістер маңғыстаулық

атбегілердің іс-тəжірибесінде қолданылған. Оны Тілекең де өз тəжірибесінде жетілдіре түсуде. Жоғарыдағыдай жағдайда атты шыңыраудың мұздай суына шомылдырып, қант береді екен. Сосын саздақты жерге арқандайды. Сонда аттың іш майы, қазысы ыдырайды. Мұндай шұғыл баптауды көп адам біле бермейді, қыр-сыры Тілекеңнің өзіне мəлім əдіс-тəсілі. «Неше рет шомылдырып, неше күн арқандау керектігін аттың өзі айтады, яғни аттың қалыпқа түсуіне байланысты болады», дейді ол. Бəйге атының терін алу, бəйге атын сынау, бəйгенің түрлері, атты баптау, атқа қатысты спорт түрлері, шабыс түрлері, жылқы малының аурулары мен оларды емдеу, жылқы терісін баптап, бұйымдар жасау, жылқыны жасына қарай күзеу, жылқы сүтін сақтау, ат əбзелдері мен оларды дайындау, күтіп ұстау, жайылым түрлері, оны тиімді пайдалану – Тілеген мектебінің тылсым дəрістері. Бұл мектеп туралы егжей-тегжейлі, толық айтып шығу мүмкін емес, өйткені ол өз алдына бір ғылым, оны тек зерттеп оқыған, жылдар бойы зерделеген адам ғана меңгеріп, бүге-шігесіне дейін əңгімелеп бере алады. Сейістің айтуынша, тұлпар болатын атта жарылмайтын əсем тұяқ, төрт аяғын тең басуы, жағының етсіз болуы жəне орналасуының айқын байқалуы сынды есектің үш белгісі, жорытқанда алды-арты кезек солқылдамай, атқан оқтай болып жортуы, яғни «түлкі жортақ», құлағының екі шекелігінде болуы, құйрығының ұшына қарай жіңішкере түсуі тəрізді түлкінің үш белгісі, басы етсіз, жеңіл, жарқыраған көзі танадай, аяғы жеңіл, ұшқыр болатан қоянның үш белгісі болуы керек. Жарты ғасырға жуық жүйрік жаратып, ат қосқан, оның ішінде бұл жұмысқа дендей кіріскен 1991 жылдан бері Тілегеннің тұлпарлары шаң қауып артта қалған көрген жоқ. Алған сый-сияпат, байрақтары да осал емес – көліктің неше түрі, кілем, тіпті арасында қаладан ойып тұрып пəтер алған да кездері болды. Бүгінде өзінің немерелерімен бірге, өзге де балаларды атадан қалған мұра өнерге, мирас іске баулып жүрген Тілекең нəтижелілікке қол жеткізу үшін сəйгүлік пен сейіс жəне бəйге бала үштігіне баса мəн береді. Бəйгеге шабатын балаға да қойылатын талаптары бар. Бəрі өзі шыңдалған, өзі өтіп, ысылған мектептің сабақтары. Жуырда ғаламтордан Моңғолияда зертханаларда жүріп, столдарда отырып көз майын тауысып ізденбей-ақ, еңбек тəжірибесінде əбден ысылған, дала сыры мен мал жағдайын бес саусағындай білетін майталман малшыларға профессор

атағын бергендігін, мұндай жоғары атаққа тағы бірнеше малшының ұсынылғандығын оқығаным бар еді. Тілеген Өрісбаев та қазақ даласындағы құрығы құтты жылқышы, сыралғы малсақ, дала табиғатының тамыршысы, дала профессоры. Теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ, өзге де ат спорты түрлеріне жеткілікті көңіл бөлініп, кең көлемде қолдау тауып кете алмай жатқан кезде ұрпақ санасынан жоғалып кетпесін деп ат жарату, жылқы баптау ісін өз бетінше дəріптеп келеді. Сейістік – қазақ даласының сəнін кіргізген, қазақ баласының қанында бар əз өнер, оны жылқы малының мінез-құлқын, жаратылыс-жаңалығын, болмысбітімін жете танып, соған сай лайықты іс жүргізе алатын табиғаттың тума таланты ғана алып жүре алады. Ол – ғылым, оны жылқылардың суретіне қарап отырып, кең кабинеттердегі стол басындағы қағаз ақтарғандар емес, шаруашылықтың арасында шыңдалып, дала желімен сырласып, жылқы жалына жармасып, құлағында ойнаған дала қырандары меңгере алады. Ендеше, дала перзенттерін атбегілікке баулып жүрген Тілекеңдердің жұмысы – ұлттық құндылықтарды түгендеудегі нағыз еңбек. «Алтынның қолда барда қадірін біліп», ел арасындағы сейістерге қолдау көрсетіп, білгені мен істəжірибесін қағазға түсіріп хаттап, тəжірибе түрінде қазақ жастарына үйрету кезек күттірмейтін іс. Маңғыстау облысы.

www.egemen.kz

15

«Галатасарай» –

тїрік футболыныѕ туы

Бүгін – Қазақстан футболы үшін тағы бір тарихи күн. Бүгін «Астана» командасы Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңі шеңберінде өз алаңында бірінші кездесуін өткізеді. Ол түрік футболының флагманы – Ыстамбұлдың «Галатасарайын» қабылдайды. Əрине, осы кезге дейін өз елінің 20 дүркін чемпионы болып үлгерген, бұған қоса 16 мəрте Кубокты иеленген жасақтың айбаты басым көрінетіні де анық. Мұның сыртында галатасарайлықтардың бұдан бірқатар жылдар бұрын УЕФА Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алғандары тағы бар. Осының бəрі астаналықтардың бүгінгі қарсыластарының оңай шағыла салатын жаңғақ емес екенін байқатады. Біз соған қарамастан, өз командамызға сəттілік тілейміз, оның мыңдаған тілеулестерін жақсы ойынымен риза етіп, топтағы ілкі жеңісіне жететініне сенгіміз келеді.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Біз бұдан бұрын бір рет түрік футболы жайлы сыр толғай отырып, оның Анадолы жерінде əлдеқашан ұлттың ұстынын танытатын уəжі мол уағызға айналып кеткенін жазған едік. Турасын айтқанда, өткен ғасырдың 60шы жылдарынан бері қарай ғана дамудың дұрыс жолына түсіп, ілгері қарай жүріп келе жатқан түрік қардаштарымыз үшін футбол бүгінгі күнге спорттың нөмірі біріншісі болып табылады. Бұл елде онымен терезесін тең санап, шендесе алатындай қауқарлы спорттың бір түрі болса, ол тек османлы ұрпағына ата-бабаның қанымен келгендей көрінетін күрес қана шығар. Ал сайыстың ұжымдық сипаты арасында мұнда асығы баяғыда-ақ алшысынан түсіп қойған аяқдоппен кеуде түйістіріп, иық тірестіретіндері мүлдем жоқ. Сондығынан болар, қа зіргі əлемде: «Нағыз футбол жанкүйерін көргің келсе, түрік топырағына бар», деген қанатты сөз жиі айтылады. Осы сөздің сыңайында: «Егер Айда сұлу қыздар мен футбол бар десе, түріктер сонда да барар еді» деген əзіл де естіліп қалады. Дегенмен, əр қалжыңның астарында шөкімдей шындық жатады. Сол ақиқаттың пайымдысы – түріктер жақсы футбол үшін «жанын беруге» дайын. Ал футбол десе, ішіп отырған астарын жерге қоятын бұл жұрт жерінде біз сөз етіп отырған «Галатасарайдың» жөні тіпті бөлек. «Галатасарай» – қай жағынан алғанда да түрік футболының алды, оның ең атақты командасы, сырт жерлерде желегін желбіретіп келген жалауы. Оның нағыз жұлдызды сағаты 1999/2000 жылдарғы футбол маусымында түріктің атақты бапкері Фатих Теримнің қол астында жаттығып жүрген кезінде соқты. Сол маусымда УЕФА турнирінде бірінші жəне əзірге соңғы рет топ жарып шыққан команда сайысты бірде-бір жеңіліссіз аяқтаған тарихтағы екінші жамағат атанды. Ал топтан үшінші жасақ ретінде шыға отырып, соңында турнирдің бас жүлдесін ала білген бірінші ұжымға айналды. Сол маусымда «Галатасарайдың» жолында қарсы ұшырас қан қарсыластары да осал емес еді. Ол алдымен италияның «Болоньясымен» екі ойынның бірін ұтып, бірінде тең ойнады. Сосын Германияның «Боруссия» (Дортмунд) клубын да дəл солай сүріндірді. Ал ширек финалда испанның «Мальоркасын» екі рет ұтты. Соның бірін 4:1 деген ірі жеңіспен аяқтады. Жартылай финалда ағылшынның «Лидс Юнайтеді» алдынан шыға келді. Түріктер мұнда да бастапқы матчтардағы көрсеткіштерін қайталап, бір ұтысты бір тең ойынмен толтырды. Бірақ финалда оларды Англияның ең атақты ұжымдарының бірі – Лондонның «Арсеналы» күтіп тұр еді. Əлбетте, 17 мамыр күні Данияның астанасы – Копенгаген қаласында ойналған бұл кездесудің

қар саңында Альбион жерінен келген канонирлердің десі басым екеніне ешкім шүбə келтірген жоқ-тын. Бірақ ақырында бəрі басқашалау болып шықты. Аса тартысты өткен айқастың негізгі кезеңінде де, қосымша уақытта да есеп ашылмады. Төрешілер сосын мамандар арасында сенсациялық нəтиже ретінде қабылданған матчтың соңында пенальти сериясын белгілеуге мəжбүр болды. Онда жүйкелері сыр бере қоймаған түріктер енді сенсацияның нағыз көкесін көрсетіп, тəжірибелі де тегеурінді бəсекелестерін 4:1 есебімен ұтып кетті. Сөйтіп, алыс жылдардан асыл арман болған Кубокқа қол жеткізді. «Галатасарайдың» сенсациясы мұнымен де тоқтай қоймады. Осы 2000 жылы ол енді Суперкубоктың иегерін анықтау үшін Мадридтің «Реалымен» беттесті. Мұнда да сапында Роберто Карлос, Луиш Фигу, Пауль, Гути сынды саңлақтары бар испанның атақты командасы бірден фаворит саналып еді. Бірақ тағы да мамандар мен сəуегейлердің сарап-болжамдары айдалаға лағып кетті. Атағынан ат үркетін айбынды қарсыластарынан ешбір қаймықпай, қайтпай шайқасқан оғыз оғландары нəтижесінде Икер Касильяс қорғаған қақпаға екі гол соғып, өздеріне тек бір доп қана жіберіп алды. Осылайша Ыстамбұл клубы Еуропаның екі бірдей трофейін үйлеріне арқалап қайтты. Командаға мұндай ұланғайыр ұтысты түрік футболының нағыз жарқын жұлдыздары Хакан Шукюр, Бюлент Коркмаз, Эмре Белезоглу секілді сайыпқырандар алып берді. Бұдан бөлек, 1994 жылы Бразилия құрамасы қатарында əлем чемпионы атанған Клаудио Таффарел өз дарбазасын өте сенімді қорғады. Сол сияқты бұған дейін «Реал» мен «Барселона» сапында ойнап келген румындар Георге Попеску мен Георге Хаджи де ортақ жеңіске үркердей үздік үлестерін қоса білді. Осы қосарланған толайым табыс бір жағы сол жылы құрылғанына 85 жыл толып отырған «Галатасарай» клубының мерейтойына керемет тарту болды. Ал жасақ негізін 1905 жылы бір топ энтузиаст студенттер құрған екен. Ыстамбұлдың тамырын 1481 жылдан тартатын ең байырғы жоғары оқу орындарының бірі – Галатасарай лицейінде білім алып жүрген сол жастар команданы құрылған бойда шаһардың біріншілігіне қосып жібереді. Салғаннан жақсы ойынымен көзге түскен жамағат көп ұзамай, 1907/1908 жылғы маусымда қала чемпионатында топ жарады. Османлы империясы дəуірінде дəурен сүрген бұл команда тағы талай жыл осылай қала ішіндегі сайыстардан аса алмайды. Себебі, ол кездері Түркияның футболдан ұлттық чемпионаты əлі қолға алынбап еді. Анадолы түбегі мұндай мерекені тек 1958/1959 жылғы маусымнан бастап қана бастан кешті. Ал 1952 жылы кəсіпқойлық мəртебесін алып, аймақтық чемпионаттарға қатысып үлгерген «Галатасарай» бұл дүбірлі додаға бірден қосылып

кете барды. Алғашқы бəсірелі бəсекеде кейін «Галатаның» өмір бойғы басты қарсыласы, бір қаладан шыққан дербибəсекелесі болатын «Фенербахче» топ жарды. Ал галаталықтар чемпиондыққа тек 1961/1962 жылғы біріншілікте ғана қол жеткізе алды. Содан бері олар тағы 19 рет алтыннан алқа тағып, өзімен бұл жөнінен бəсекеге түсіп жүрген Ыстамбұлдың тағы бір ежелгі ұжымы – «Бешикташтан» біраз алға кетіп қалды. «Галатасарайдың» бұдан да басқа үздік саналатын көрсеткіштері аз емес. Соның ішіндегі ең қомақтысы, сірə, оның 2001 жылғы 13 мамырдан 2002 жылғы 8 желтоқсанға дейінгі аралықта өз алаңында өткізген барлық 24 ойынын жеңіспен бітіргені шығар. Осы жетістігі арқылы команда үйде қатарынан көп рет ұтысқа қол жеткізу көрсеткіші бойынша əлем рекордын жасады. Аталмыш жамағат 2001 жылғы қаңтарда «Əлемнің ең үздік футбол клубы» деген атаққа да ие болды. Осы клубқа қатысты тағы бір дерек, оның жанкүйерлері 2011 жылдың 18 наурызында Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұған команданың Түркия чемпионатының 26-турындағы «Фенербахчемен» кездесуі кезінде фанаттардың спорт алаңдарынан естілетін шудың күштілігін өте жоғары биікке көтере білулері себеп болды. Сондағы ду-дабырдың деңгейі 131, 76 децибелге жеткен екен. «Галатасарай» ұзақ жылдар бойы өзінің негізін қалаған Али Сами Йен есімімен аталған стадионда ойнап келді. Бірақ оның əбден ескіруіне жəне қазіргі заманғы аренаның керектігіне байланысты клубқа жаңа жай соғуға тура келді. Бүгінде «Тюрк Телеком Арена» деп аталатын бұл кешен 2011 жылғы 15 қаңтарда пайдалануға берілді. Оның 52 650 орындық трибуналары қазір қандай бір ойындарда да толып тұрады. Түріктің бұл атақты командасы бұған дейін де Қазақстан командасымен ойнап көрген. Ол 2009 жылы Еуропа лигасының іріктеу жарысында Қостанайдың «Тобылымен» күш сынасты. Ұшырасулардың Ыстамбұлда өткен біріншісінде алаң иелері 2:0 есебімен жеңсе, Тобыл жағасындағы қарымта кездесуде 1:1 деген тең нəтиже тіркелді. Ал биылғы Еуропа чемпиондары лигасын «Галата» бірден топтық кезеңнен бастады. Ондағы бірінші ойында Мадридтің «Атлетикосына» өз алаңында 0:2 есебімен есе жіберіп алғаны да белгілі. Бірақ команда 15 тамызда жалау көтерген өз елінің жаңа ұлттық біріншілігін жаман бастаған жоқ. Ол осы кезге дейін 6 матч өткізіп, солардың тең жартысында ұтты, 2 ойында тең түсті. Осы арқылы алған 11 ұпаймен əзірге төртінші орында келеді. «Галатасарайдың» қазіргі сапында Хамит Алтынтоп, Лукас Подолски, Умут Булут, Бурак Йылмаз, Уэсли Снейдер, Хакан Балта сияқты белгілі футболшылар ойнайды.


16

ХА

«Алла» деген жазуы бар ќўлын ґсіп келеді

Таран ауданының Набережный ауы лында тұра тын Жұбанышевтардың шаруашы лығында «Алла» деген жазуы бар құлын өсіп келеді. Осыдан төрт ай бұрын биесі құлындаған кезде мойнындағы ағарған белгіге отағасы Кенжетай да, балалары да аса мəн бермепті. Құлын өсе келе əлгі ақ жолақ араб жазуына ұқсайды. Оны Кенжекең суретке түсіріп алып, ауыл мешітінің имамына көрсетеді. Имам əлгі жазудан «Алла» сөзін оқиды. Кенжетай Жұбанышев отбасының бұл ауылда тұрып жатқанына біраз жыл болыпты. Алғашында ауылдағы жекенің малын бағады, одан кейін

 Апыр-ай!

Ирандаєы суретші əйел

өздері жылқы өсіріп, «Құлыншақ» атты жеке шаруашылық құрады. Кенжекең таңбалы құлынның асыл тұқымды жылқының тұқымы екенін айтып отыр. – Осы ауылда Алексей деген досым бар еді. Жарықтық орыс болса да жылқыны жақсы көретін кісі еді. Ылғи асыл тұқымды жылқыларды баладай мəпелеп ұстайтын. Сол қатты ауырып жүретін. Бірде маған тез келсін деп хабар айтыпты. Нашарлап жатыр екен, ол өзіндегі асыл тұқымды жылқының барлығын сатып алуымды аманат етті. Асыл заттың қор болмауын ойлады ма екен, кім білсін. Содан мен досымның аманатын орындау үшін қолымдағы бар малымды сатып, келгенінше 7-8 бас жылқысын сатып

алдым. Үш бас жылқыға бір асыл тұқымды жылқыдан келді. Оған да төрт жыл болды. Мына құлын сол асыл тұқымды жылқылардан тараған, – дейді Кенжетай. Қазір жирен құлын шапқылап жүр. Осы құлынның алдында Жұбанышевтар отбасында үлкен қуаныш болады – Кенжетайдың ұлы Беріктің үш қыздан кейінгі күттірген ұлы дүниеге келіпті. Келінінің аяғы ауыр кезде Кенжетай түс көреді. – Түсімде немеремді қолыма алып жатыр екенмін, мойнында ақ таңбасы бар ма деймін. Кейін түсімнің дəл келгеніне таңғаламын. Келінім аман-есен босанып, немерелі болдық, атын Ырысхан қойдық. Алланың құдіретін қараңыз, немере ұлымның мойнында дəл түсімдегідей ақ таңбасы бар, – дейді Кенжекең. Сөйтіп, қос құлын бұл күнде тел өсіп келеді. Мұны кездейсоқ сəйкестік пе, əлде Жаратқан иеміздің бір қасиетті белгісі ма, ол жағы Жұбанышевтар отбасына да беймəлім. Əйтеуір өз еңбектерімен күн көрген, ешкімге жамандық жасап көрмеген, айналасына өз қадір-қасиеті мол жандар мұны жақсылыққа жориды. Ал таңбалы құлынды қызықтаушылар да, оны саудалаушылар да көп екен. Алды құлын үшін Кенжекеңе 15 миллион теңге ұсыныпты. Бірақ, ерекше құлынды сату олардың ойында жоқ. Үш ұл, бір қыз өсірген Кенжетай мен Ырыскүл балаларының да, құлынның да амандығын тілейді. Қостанай облысы, Таран ауданы.

Тїрік тілінде сґйлетті Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Үстіміздегі жылы Қа зан қаласында Мəдениет министрлерінен құралатын ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі қазақтың ақтаңгер ақыны Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығын кеңінен атап өтуге мəміле жасаған болатын. Осы шешім аясында қазір ұлағаты зор нақты істер тындырылуда. Түркі халықтарының ауызбіршілігіне қызмет етіп отырған

Халықаралық түркі мəдениетін дамыту қоры (ТҮРКСОЙ) Сүйінбай Аронұлының шығармаларын тұңғыш рет түрік тіліне аударуға ықпал етіп қана қоймай, оны жарыққа шығарып, Алматыда арнайы таныстырылымын өткізді. Кітапта ақын атамыздың өлеңдері мен осы тұлға туралы қалам тербетіп жүрген қа лам герлердің бірқатар мақалалары түрік тіліне аударылып берілген. Сондай-ақ, Түркия бойынша Сүйінбайдың шығармашылығын білетін

 Бəрекелді!

Алып асыќ Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Ақсуат ауылына кіреберістегі көрнекі алаңға асықтың алып ескерткіші орнатылды. Бұл істің бастамашысы – осы өңірдің тумасы Болат Тағабай есімді азамат. Ол қазақтың ұлттық ойыны – асық ойнауды дəріптеп, жеке коллекциясына жинаған асығын 35 мыңнан (он жеті жарым мың қойдың асығы) асырып, Гиннестің рекордтар кітабына жаздырған болатын. Қазір жеке қорындағы

асығы 50 мыңға жуықтап қалды. Ескерткіштің ашылу салтанатында Тарбағатай ауданының əкімі Ділдəбек Оразбаев игілікті істің танымдық-тəрбиелік мəніне тоқталды. – Бұл – ұлттық салтдəстүріміздің қайта ора луының жарқын көрініс терінің бірі. Асық ойнау жас ұрпақтың денесін шынықтырып қана қоймай, оны мергендік, ұстамдылық, жылдамдық, ептілік

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

жəне оны насихаттап жүрген 2 ғалымның мақалалары кірген. Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен кітап тұсаукесерінің рəсімін Кəдірбек Құныпияұлы, Ахметжан Ашири, Темірхан Тебегенов, Нұрдəулет Ақыш сынды қаламгерлер сөз сөйлеп ашты. Оның алдында бұл шара Сүйінбай Аронұлының кіндік қаны тамған Алматы облысындағы Жамбыл ауданы жұртына таныстырылған. – Өздеріңізге мəлім Жамбыл ата мыздың кітабы əлемнің 156 тілін де жарияланды. Ол қазақ ақын-жазушыларының

Əбден қуғын көріп зорыққан қасқыр екі бүйірі солықтап тұрып: «Ет тəтті болмаса, қойда нем бар», деп налыпты дейді. Сол сияқты тендердің, яғни мемлекеттік сатып алу конкурсының құлағында отырғандарға оңай олжа дегеніңіз тəтті тоқаштай сезіледі екен. қасиеттеріне тəрбиелейді. Баланың жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді. Əрине, асыққа арналған ескерткіштер еліміздің көптеген жерлерінде кездеседі. Дегенмен, дəл мұндай алып ескерткіш басқа жерде жоқ екен. Сондықтан, ауданымыздың, өңіріміздің, еліміздің асығы əрдайым алшысынан түссін дегім келеді, – деді аудан əкімі. Алып асықтың салмағы – 17 тонна. Ескерткіштің салтанатты ашылуынан соң мектеп оқушылары асық атудан Ырғызбай Досқанаұлы атындағы жүлде үшін төртінші рет ұйымдастырылған «Алтын асық2015» турниріне қатысып, шеберліктерін сынасты. Айта кеткен абзал, Тарбағатай ауданы облыс көлемінде өтетін халықтық спорт ойындары спартакиадасында биыл бесінші мəрте жеңімпаз атанған болатын.

Маєан, маєан жəне маєан... Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Мəселен, Шымкент қалалық жұ мыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектер үшін «міндетті гигиеналық құралдарына» конкурс өткізіп, əр данасын 2571 теңгеден сатып алмақ болады. Сатып та алар ма еді, қайтер еді, егер облыстық Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің қырағылығы болмағанда. Департамент қызметкерлері

күмəнданып, аталған заттың негізгі нарықтық құнын шотқа салып кеп жіберсе, орташа бағасы 960 теңге ғана екен. Сонда саудаға салған əр заттан түсетін пайда 1600 теңге! Егер Шымкент қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі сатып алу конкурсын жүзеге асырғанда, онда мемлекеттік бюджетке 14 млн. теңгеден астам залал келуі мүмкін еді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қысқы маусымға негізгі нарықтық орташа бағасы тоннасы 6-6,5 мың теңге тұратын «Шымкент қаласының

ТҮРКСОЙ ұйымындағы Қазақ станның уəкілі Мəлік Отарбаев көпшілікке Анкара қаласында Сүйінбай ақынның 200 жылдығына орай айта жүрерліктей үлкен жиын ұйымдастырылғанын жеткізді. Оған Алматы облысының əкімі үлкен делегацияны бастап барғанын тілге тиек етті. Содан соң: «Түркияда да Сүйінбай атамыздың түркі дүниесіндегі орны бағаланып, Анкарадағы тамаша саябаққа Сүйінбай Аронұлының есімін берді. Бұл расында да үлкен мақтаныш! – деді ол ағынан жарылып. АЛМАТЫ.

Алаяќтыѕ аќыры Есік қаласындағы кəсіпкерлердің бірінен Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасына шағым түсті. Содан дереу тексеру жұмысы жүргізілді. Сөйтсе, 52 жастағы Толқын Омаров деген азамат жергілікті кафенің біріне барып, оның иесін «үлкен бастықпын» деп алдап, қорқытқан. Алғашында «жүргізушім», кейіннен «орынбасарым»

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

көшелеріне көктайғаққа қарсы техникалық тұз себу» лотын 11,8 мың теңгеден жариялаған. Баға тым қымбат. Департаменттің ұсынысы негізінде конкурс тоқтатылып, 7,8 млн. теңге көлемінде мемлекет қаражаты тиімсіз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Айта кету керек, жоғарыда аталған фактілер құқық қорғау органдарында, білім саласында, əкімдіктерде, денсаулық сақтау саласында жəне т.б. мемлекеттік мекемелерде (тіпті, мемлекеттік университеттерде де) орын алған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, департамент тарапынан жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде жалпы көлемі 165 млн. теңге мемлекеттің жан қалтасында қалды. Бұл теңізге қосылған тамшыдай ғана дүние ғой. Оның ақиқатын үріп ішіп, шайқап төгіп жүргендер біледі. Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Масқара!

деп таныстырған қасындағы адамы шындығында, туған баласы Рүстем Омаров екен. Содан екеуі мұнда жиі-жиі келіп, тегін тамақтануды əдетке айналдырған. Есік қаласында үлкен лауазымды қызмет істейтіндігін жасырмағандығына əрі беделді адамдармен араласатындығын аңғарта сөйлегеніне əбден

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

ішінде шетел тілдеріне ең көп аударылған адам. Ал Жамбыл: «Менің пірім – Сүйінбай» деп атаған баба шығармалары осы уақытқа дейін басқа тілдерге аударылмай келген еді. Оны тікелей өз бастамасымен жəне ұсынысымен аударып, кітап етіп шығарып, бүгін сүйінші данасын əкеліп отырған Мəлік Отарбаев деген бауырымыз. Сондай-ақ, Анкарада түрік тілінде ай сайын шығатын «Kardeş kalemler» журналының бір нөмірі Сүйінбай атамызға арналыпты. Ол бүгін, міне, осындай қос қуанышты арқалап алып келді, – деді жиында жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы.

 Мəссаған!

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

• Ерлікке тағзым

 Сүйінбай-200

ер адамєа ќол беріп амандасќаны їшін сотталады

Иранда шенеуніктер кескіндерін карикатураға айналдырып жүрген Атена Фаргадани есімді суретші əйел енді уақытының біраз кезеңін түрмеде өткізуі мүмкін. The Independent газетінің жазуынша, бұған бойжеткеннің өз адвокаты – Мохаммед Мохими есімді ер кісімен қол берісіп амандасқаны себеп болыпты. Басылымның ақпарына қарағанда, қорғаушы қазір түрмеде отырған 29 жастағы əйелмен кездескен кезінде қолдасып амандасады. Ал Иранның заңы бойынша əйел мен еркектің бір-бірімен қолдасып амандасуларына тыйым салынған. Сондықтан кескіндемеші келіншектің қылығы заңды сыйламау əрі лайықсыз əрекет ретінде бағаланып отыр. Мұндай айып адвокаттың өзіне де таңылған. Жылдың басында Фаргадани Иран шенеуніктерін маймыл мен ешкі кейпінде көрінетін карикатура етіп салғаны үшін 12 жыл 9 айға сотталған еді. Оған «ұлттық қауіпсіздікке қарсы келісімге келген», «жүйеге қарсы насихат жүргізген», сондай-ақ, «өнер арқылы парламент мүшелерін қорлаған» деген айыптар тағылыпты. Ал карикатура суретшінің ел билігі қойған түрлі шектеулер мен тыйымдарға білдірген нара зылығы болатын. Ол бұл келемеж суреттерін өзінің Facebook-тегі парақшасына орналастырған екен.

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Суретті түсірген Гүлнара ЖАЯБАЕВА, Павлодар облысы.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Міне, қызық!

«Егемен Қазақстан».

30 қыркүйек

ШАР О Р БА

www.egemen.kz www.egemen.kz

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

сен ген кəсіпкердің барлық шығыны 200 000 теңгеге жеткен. Қайтарым жоқ. Сондықтан амал жоқ прокуратураға шағымдануға мəжбүр болған. Оның арызына сəйкес аудандық ішкі істер бөлімі ҚК 190-бабы, 1-тармағымен қылмыстық іс қозғады. Алаяқтар тұтқындалды. Төлеген ИМАНБАЕВ, Еңбекшіқазақ ауданының прокуроры.

Алматы облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Берік САДЫР, Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №659 ek

Profile for Egemen

30092015  

3009201530092015

30092015  

3009201530092015

Profile for daulet
Advertisement