Page 1

Ырыс, Бақыт қондырған ел басына, Ұлықтап, тізгін бердік Елбасына!

Менің халқым – ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық. Мың­жылдық тари­хын­дағы ең бі­ре­­гей бетбұры­ сында халқымның зор сенімін арқа­ла­ ғаным – мен үшін ең биік мәртебе. 

№80 (28558) 30 сәуір Бейсенбі 2015 ЖЫЛ

Н.Ә.Назарбаев.

Жарқын жеңісімен құттықтады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлау­да айқын жеңіске жетуіне бай­ланысты шын жүректен құттық­тайтынын жеткізген. – Дауыс беру қорытындысы Сіздің отандастарыңыз алдындағы биік беделіңізді толығымен қуат­тайды. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары арқылы Сіздің елді әлеуметтікэкономикалық тұрғы­дан жеделдетіп дамыту, еура­зиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысу және Ресеймен стра­т егиялық әрі одақтастық серік­тестік қатынастарды нығайту жө­н індегі бағдарыңызға кеңінен қолдауын көрсетті, – делінген жеделхатта. Ресей Федерациясының Пре­зи­денті сенімді диалог пен екіжақты байланыстардың ауқы­мын одан әрі өрістету жөніндегі бір­лескен жұ­мысты, сондай-ақ, Еу­ра­зиялық эко­но­микалық одақ пен өзге де халық­аралық құрылым­дар аясын­дағы сындарлы ықпалдас­тықты жалғастыруға дайын екен­дігін атап көрсетті. – Бұл Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының түпкі мүд­делеріне сай келетініне, біздің құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақ­тылық пен қауіпсіздікті қамта­масыз ету жөніндегі бағытпен үнде­сетініне сенімдімін, – делінген құттықтауда. Соңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат және мемлекет басшылығындағы аса жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­ баевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Құрама Штаттар мен Қазақстанның арасында жаһандық және өңірлік мәселелерді табысты шешу жөніндегі тығыз ықпалдастықтың жарқын тарихы бар. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты қарым-қатынастарымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі тереңдей беретініне сенемін», – делінген жеделхатта. Ақ үй басшысы АҚШ Қазақстанмен серіктесе отырып, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдауды және ядролық қару таратпау ісіндегі ортақ мақсаттарды ілгерілетуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты. «Көптеген қауіп-қатерлері бар әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке өкілді және есеп беруші институттарды, сондай-ақ, азаматтық қоғамды дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Мен елдеріміздің игілігі үшін осы барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін», – делінген құттықтауда. Соңында Барак Обама Америка халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізіп, татулық пен бақ-береке тіледі. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­ баев Қытай Халық Республикасының Төра­ ғасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөй­ лесті, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәу­ ір­де өткен сайлаудағы жеңісімен құттық­тады. Қытай басшысы Қазақстан Президентінің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның ор­ нықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақ­т ас­т ық­т ың әлеуеті жоға­ ры екенін айтып, «Нұрлы Жол» және «Жі­бек жолының экономикалық белдеуі» бағдар­ла­ма­ ларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халық­ аралық өзекті мәселелерге қатысты екі ел­дің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды. Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Прези­ден­ тін биыл Қытайға сапарлап келуге шақыр­ды. Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бас­ тамашы болды.

Асу бермес асқар жоқ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды.  Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның

таңдауы! Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы! Өзінің, ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз –  Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері! Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы!  Қазақстанды ең

қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы! «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақ­ стан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдар­ ламасы мен «Бес халықтық реформаға» елімнің білдірген қолдауы. Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды.  Мен үшін

ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын.  Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты достар! Серіктестерім мен тілектестерім!  Ел Конституциясына сәйкес жаңа ғана мен өзімнің халқыма ант бердім! Ондағы сөзді мен бүгін алғаш рет ең ізгі де жарқын мереке – Халық бірлігі күні қарсаңында айттым. Болып өткен президенттік сайлау біздің қоғам бірлігінің күшін нақты айғақтап берді. Мен біздің барша халқымызға ризамын! (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы

Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №4

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №1

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей

бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №2

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың

әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №3


2

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

АСУ БЕРМЕС АСЌАР ЖОЌ

азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, екіншіден, инклюзивті, бəрін қамтитын жаңғыртулар жүргізуге жағдай жасайды. Тəуелсіздік алған алғашқы жылдары біз егемен мемлекеттің негізін қаладық. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың бірінші сатысы болатын. Одан кейін нығайып алған соң, біз қалыптасқан мемлекетке қарай қадам жасадық. Бұл екінші саты болатын. Енді ұлы реформаларды бастай отырып, біз Мəңгілік Елге жол саламыз. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың үшінші сатысы болмақ.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Біз бүкіл əлемге халықтың бірлік күші мен берік топтасқандығын көрсеттік. Болып өткен сайлау тарихқа электораттық қатысу жөнінен халық ең көп қатысқан сайлау ретінде кіретін болады. Қазақстандықтар Отанға қызмет етуге шақырып, тағы бір мəрте маған үлкен сенім көрсетті. Біз бірге күрделі жолдан өттік: өзімізге сендік, Тəуелсіздік алдық, мемлекет құрдық, əлемге жаңа Қазақстанды таныттық, өзімізді біртұтас жəне ұлы ұлт ретінде таптық. Сіздердің сенімдеріңіз мені қашанда рухтандырып, сенімділік пен күш берді. Қазір мен, бұған дейінгі жылдардағыдай, барлық жауапкершілікпен халыққа адал қызмет ететінімді, еліміз бен барлық азаматтарымыздың игілігін сақтайтынымды, біздің жоғары жалпыұлттық мүдделерімізді қорғайтынымды айтқым келеді. 2015 жылдың 26 сəуіріндегі сайлау Қазақстан халқының топтасқандығын, жұдырық тай жұмылғандығын, болашаққа бағыт ұстанғандығын қуаттап берді. Біз – бір отбасымыз жəне біздің бір ғана Отанымыз бар. Əрқай сымыздың тағдырымыз – Қазақстан тағдырында. Біз бей-берекеттіктен берекелі өркендеу жолына бірге өттік. Біз əсіреліксіз жəне катаклизмдерсіз күрделі «үшжақты транзиттен»: кеңестік жүйеден нарықтық экономикаға, демократия мен жаңа этносаралық келісімге өте алдық. «Қазақстан-2030» алғашқы ұзақ мерзімді Стратегиясын қабылдап, біз орнықты даму жолына нық түстік. Еліміз 1997-98 жылдардағы «Азия дағдарысын» еңсерді. Сын-қатерлерге қарамастан, біз жаңа елордамыз – Астананы, барлық қазақстандықтардың мақтанышын салуды бастадық. Біздің мемлекеттік құрылысымыздың əлеуеттілігі 2007-2009 жылдардағы жаһандық экономикалық дағдарыстың сын-қатерлерін табысты еңсеруімен дəлелденді. Басқа мемлекеттерден ерекшелігі Қазақстан экономикалық өсімін сақтады жəне азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін төмендеткен жоқ. 2012 жылға қарай Қазақстан əлемдегі бəсекеге аса қабілетті экономиканың елулігі қатарына енді. Біз халықтың табыс деңгейі орташа ел болдық. Біз əлемдегі 50 аса ірі экономиканың қатарына қосылдық. «Қазақстан-2030» Стратегиясы діттеген жеріне жетті. Мен 1997 жылы алға қойған басты міндеттер бар-жоғы 15 жылдың ішінде орындалды. Мен біздің мемлекеттілігіміздің қадір-қасиеті туралы нақты көзге елестетуге мүмкіндік беретін маңызды асуларды атадым. Қазір мұның барлығы аға ұрпақтың жақсы есінде. Бірақ жас ұрпақ еліміздің бүгінгі игілігінің бағасын білуі жəне есінде сақтауы тиіс. Халқымыз мінезінің ең үздік сипаттары – сындарлылық, салмақтылық, прагматизм дəл сол қиын жылдары көрінді. Осы құндылықтарға адалдық біздің Мəңгілік Ел – ғасырларға ұласатын күшті де тиімді мемлекет құру туралы арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2050 Стратегиясы ұлт алдына жаңа кеудешіл міндет: əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндетін қойып отыр. Екінші онжылдықтың басындағы əлемдегі жағдай біздің жедел дамуымызға ықпал етті. Бірақ бүгін жаһандық əлем онша оңтайлы емес сценарий бойынша дами бастады. Дағдарыстар мен жанжалдар дүниенің төрт бұрышын біздің көз алдымызда тітіркендіріп отыр. Азаматтары қайыршылықта өмір сүріп немесе əскери жанжалдарда қаза тауып жатқан жолы болмаған мемлекеттер саны ұлғая түсуде. Тұрақсыздық Орталық Азияның шекараларына да тым жақын келіп тұр. Соңғы 2-3 жылда, жаһандық проблемалардың өсе түскенін көре отырып, мен Қазақстанымызды қалай нығайту мен қауіпсіздендіру жəне аса табысты 30 елдің қатарына ену жолынан адастырмау туралы ойладым. Мен жағдайды басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен талқыладым. Барлық жауапкершілікпен ұлтқа мына жайды ескерткім келеді. Біздің əрі қарайғы дамуымызға əлі 5 жаңа сыртқы сын-қатерлер қауіп төндіруін жалғастыруда. Бірінші. Бұл – əлемдік тəртіптің дағдарысы мен ортақ белгісіздіктің өрістей түсуі. Қауіпсіздіктің əлемдік жүйесінің беріктігі жаңа сипаттағы жанжалдармен сыналуда. Əлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жаңа жүйесіз ойыншылар пайда болуда. Екінші сын-қатер – əлемдегі экономиканың турбуленттілігі жалғасуда. Санкциялық, «валюталық» жəне сауда соғысы барлық елдерде проблемаларды ушықтыра түсуде. Үшінші. Климаттың өзгеру үдерістері бүгін болжап болмайтын салдарлармен өтіп

Құрметті қазақстандықтар! Ұлт Жоспарын табысты орындау қолайлы халықаралық ахуалды қажет етеді. Біз өзіміздің стратегиялық əріптестеріміз – Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақ елдерімен, Ислам əлемімен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біз халықаралық ұйымдарда белсенді жұмыс істейтін боламыз. Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде Қазақстан біздің өңіріміздегі қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ архитектурасына қолдау көрсетеді. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ бойынша өзіміздің ең жақын əріптестеріміз – Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен жəне Армениямен қатынастарымыз айрықша болмақ. Қазақстандық дипломатия ислам əлеміндегі жəне посткеңестік кеңістіктегі өткір өңірлік дау-жанжалдарды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі күш-жігерін ұлғайта түсетін болады.

жатыр, түрлі катаклизмдерге жетелеуде. Төртінші. Орталық Азия əлемдік опырылудың жаңа желілеріне ілігуі ықтимал, бұл да бүкіл өңір үшін сын-қатерге айналмақ. Бесінші сын-қатер – жаһандық тəртіптегі дағдарыс пен əлемдік экономиканың тұрақсыздығы осы сын-қатерлермен күрес жөніндегі халықаралық үйлестіру жұмыстарына күмəнмен қарауға мəжбүрлейді. Əлемдік экономиканың турбуленттілігіне жауап ретінде біз «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын дайындадық. Оның басты мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа экономикалық өсім үшін іргетасты нығайтуда батыл да жедел ісқимыл таныту болып табылады. Алайда, сыртқы қатерлер өсе түсіп отырғанын түсіну маңызды. Сыртқы қатерлермен күресте шамамыз жету үшін бізге ішкі жағымызды нығайту қажет. Осы жылдары қол жеткізілген таңғалдырарлық табыстарымыз бен игіліктеріміз мызғымайды деп есептеу үлкен қателік. Мен ел алдындағы тұрған бес ауқымды ішкі міндеттерді көріп тұрмын. Біріншіден, бізге тұрақтылығымыздың тірегі ретіндегі орта таптың үлесін ұлғайтып, бизнесті дамыту жəне елге орта табысы бар тұрғындарының саны басым мемлекет болуға көмектесу керек. Екіншіден, біз – ұлан-ғайыр елміз. Сондықтан, бізге Біртұтас ішкі нарықты дамыту жəне бүкіл өңірлерді теңдестіріп дамыту керек. Үшіншіден, жемқорлықпен күрес біздің жұмысымыздың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру, ол үшін индустриялық бағдарлама жүзеге асырылып, бизнес дамытылуда. Бесіншіден, тарихтың жаңа белесінде ұлттың бірлігін нығайту. Осының барлығы біздің мемлекеттілігіміздің ХХІ ғасырдағы сын-қатерлері. Əлемдік өзгерістер уақыты əр мемлекетті таңдау алдына қояды: реформалар немесе құлдырау. Өзгерістер кезеңінен өзін өзі жаңартуға, яғни реформаларға қабілеттілер лайықты өте алады. Біздің алдымызда орасан зор қағидатты міндет тұр: біздің мемлекеттік кемемізді суға батпайтын ету. Алдағы жылдарға міндет: Қазақстанды нығайту жəне тіпті, əлемдік дауылдарға қарамастан, əлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына сенімді түрде ену. Мен өзімнің сайлауалды тұғырнамам болған 5 институттық реформаны ұсындым. 26 сəуір күнгі дауыс беру қорытындысын мен халықтың жедел түрде реформалар жүргізуге деген тікелей мандаты ретінде қабылдаймын. Мен реформаларды

жүзеге асыру үшін өзімнің барлық ерік-жігерімді, шешімділігімді көрсетіп, мемлекеттік аппаратты қоғамның күш-жігерін реформаларды орындауға жұмылдыру ниетіндемін. Аса таяу уақытта ел Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылатын болады. Оның миссиясы – 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды басқару жəне мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның іс-қимылын үйлестіру. Ұлттық комиссия жанында құрамында беделді шетелдік жəне қазақстандық сарапшылар бар Халықаралық консультативтік кеңес жұмыс істейтін болады. Бұл ең үздік халықаралық тəжірибені пайдалануға жағдай жасайды. Комиссияның бірінші отырысында мен бес реформа бойынша біздің не істегелі жатқанымызды түсіндіретін «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынамын. «100 қадам» – бұл біздің жаһандық жəне ішкі сынқатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет. Мен реформалар жоспарын Ұлт Жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның əрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Реформалардың мəні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу жəне тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған жəне бола береді. Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын. Бірінші. Алда тұрған мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау, онда қызметшілер азаматтар құқықтарын құрметтеп жəне олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін əділ қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналады. Екінші. Реформа сот жүйесін жеке мүдде қуушылықтан ада етеді. Əділ сот төрелігі инвесторлар мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Жекеменшік құқығы мызғымайтын болады. Инвестициялық сот жəне халықаралық төрелік сот орталығы үздік халықаралық тəжірибенің үлгісі бойынша елдегі бизнес ахуалды əлемдегі ең тартымдылардың бірі етуі тиіс.

Үшінші. Əлемде «қазақстандық эко номикалық ғажайып» термині қазірдің өзінде пайда болды. Шынымен де, біз қысқа мерзімде өте көп жұмыс атқардық. Бүгінде Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы. Бірақ тоқтауға болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады. Шешуші міндет – қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту. Бұл кең көлемде орта тапты құру үшін қағидатты түрде маңызды. Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформаларды жүзеге асырамыз. Білім беру мен денсаулық сақтау Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше елдердің стандарттарына бағдар ұстанатын болады. Экономиканы əртараптандыру үшін біз өңдеу өнеркəсібіне трансұлттық компанияларды тартамыз, ол Қазақстанның əлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді. Біздің еліміз Еуразияның көліктік жəне логистикалық орталығына айналмақ. «ЭКСПО-2017»-нің жоғары технологиялы инфрақұрылымдары арқауында ерекше мəртебемен «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. Төртінші. Біздің қоғамымыздың көптүрлілігі – біздің əлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап жəне түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты жəне біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден жəне мəдениеттерден қалыптасты. Бүгінде бізді Мəңгілік Ел құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық культі, толеранттылық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді. «Егер алдағы бір жылды ойласаңдар – астық өсіріңдер; егер алдағы жүз жылды ойласаңдар – ағаш өсіріңдер; егер мəңгілікті ойласаңдар – Адамды тəрбиелеңдер» деген біздің ата-бабаларымыз. Мəңгілік Ел құндылықтары біздің бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы үшін одан əрі де өзіміздің ортақ азаматтық біртектілігімізді нығайтуымыз керек. Бесінші. Реформа мемлекеттік аппараттың жұмысын мөлдір жəне азаматтарға есеп беретіндей етеді. Мемлекет жинақы болуы тиіс жəне өкілеттіктердің көбін мемлекеттік секторға беру қажет. Мен ұлтқа ұсынып отырған реформалар жоспары, біріншіден, беймаза əлемде

Құрметті отандастар! Қымбатты достар! Бүгінде біздің алдымызда жаңа сын-қатерлер туындап отыр. Біздің жауабымыз – мемлекетті нығайту жəне ұлтты жаңғырту. «Асу бермес асқар жоқ» дейді қазақ даналығы. Қазақстандық жол біздің ұлтымызды бір мақсат пен ортақ арманға топтастырды. Сайлау əрбір қазақстандықтың өз алдындағы жəне ел алдындағы өз борышын түсінетінін көрсетіп берді. Менің реформалардың табыстылығына, менің халқым мен мемлекеттің табыстылығына деген сенімімнің қайнар көзі де осында. Мен ұлтқа өзім мəлім еткен реформаларға барынша кең түрде атсалысу жөнінде үндеу тастаймын. «Республика» сөзі латыннан сөзбесөз «ортақ іс» деп аударылады. Қазақстанды жаңғырту – біздің ортақ ісіміз де осы. Алда қандай сынақтар тұрмаса да, біз мемлекетіміздің қуаты мен халық даналығына арқа сүйей отырып, оларды еңсеретін боламыз. Осынау салтанатты сəтте Ақтаудағы №7 мектеп-лицейдің бесінші сынып оқушысы Карина Данилованың конкурстық шығармасынан менің жан дүниемнің ең бір тереңіне қозғау салған сөзді келтіргім келеді: «Менің Чешенстан мен Тəжікстандағыдай соғыс болмайтын, əр кезде де қолайлы жəне бейбіт елде өмір сүргім келеді, Ұлы Отан соғысының ардагері болып табылатын менің ұлы атам мен ұлы əжем ол елден кетуге мəжбүр болды. Аспанымыз бейбіт болсын – міне, əрқайсымыз үшін де ең бастысы осы», деп жазады ол. Біз есейген ұлтпыз, жаңа дəуірге батыл қадам жасаудамыз. Біздің мəңгілік Қазақстан жері ізгілікті болсын! Біздің біртұтас ұлтымыз қуатты болсын! Қымбатты отандастар! Менің халқым – ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық. Мыңжылдық тарихындағы ең бірегей бетбұрысында халқымның зор сенімін арқалағаным – мен үшін ең биік мəртебе. Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – баршамызға ортақ парыз. Жаңа ғасырдың сын-қатерлеріне төтеп беріп, дамыған елдердің қатарына қосылу – ортақ жауапкершілік. Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты мирас етеміз. Бүгін Қазақстан тарихының жаңа беті ашылды. Біз дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ басамыз. «Бес халықтық реформаны» табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз. ХХІ ғасыр – бірлік пен достықтың қуатымен озатын ғасыр. Біз бейбітшілік пен келісімге, татулық пен тұрақтылыққа тəу етіп, тəубе дейміз. Осы құндылықтарымыздың қадіріне жету арқылы Мəңгілік Ел боламыз. Сол жолда талмай еңбек етейік, қадірлі халқым! Қазақстанның жұлдызы жоғары, жолы нұрлы болсын! Елдіктің туы биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


3

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

Мəжілістіѕ жалпы отырысына ќатысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің жалпы отырысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Фракция басшыларымен кездесті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісіндегі фракция басшыларымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуіне байланысты ел Үкіметі өз өкілеттігін доғарды, сондай-ақ, Президентке тікелей бағыныстағы жəне оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары, Астана мен Алматы қалаларының жəне облыстардың əкімдері өкілеттігін тоқтатты. Мемлекет басшысы ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігін ескере отырып,

Үкіметтің басталған жұмысты жалғастырғаны жөн екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті ПремьерМинистр лауазымына Кəрім Мəсімовтің кандидатурасын ұсына отырып, Үкімет пен Парламенттің үйлесімді жұмысының маңызды екенін айтты. «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жетекшісі В.Косарев бұл шешім

жан-жақты салмақталғанын атай келе, қолдау білдірді. Қазақстанның «Ақ жол» демо кратиялық партиясы фракциясының басшысы А.Перуашев ұсынысты қолдап, К.Мəсімовтің дағдарысқа қарсы басқару тəжірибесіне назар аударды. «Нұр Отан» фракциясының басшысы Д.Назарбаева да ұсынысты қолдады жəне депутаттар мен Үкімет арасында қалыптасқан сындарлы қарым-қатынас олардың өзара іс-қимылына оң ықпал ететінін атап өтті.

Жиын басталмас бұрын Парламент Мəжілісі бюросының отырысы өтті, онда Парламент Мəжілісі комитеттерінің төрағалары мен Парламент Мəжілісі фракцияларының жетекшілері сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының шешіміне қолдау білдірді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сəйкес, Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын ұсынды. – Қазір біз жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Маған мерекелерден соң дереу жұмысқа кірісетін комиссияны бекіту қажет. Істің мəн-жайын ұғынуға уақыт шығындамас үшін, менің ойымша, бізге Үкімет жұмысының сабақтастығын сақтаған жөн. Кəрім Мəсімовтің қолынан келеді, оның əлеуеті,

тиісті білімі бар, біз оған жүргізіліп жатқан жұмысты əрі қарай жалғастыруды сеніп тапсыра аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парламент Мəжілісінің депутаттары Премьер-Министр лауазымына К.Мəсімовтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Өз сөзінде К.Мəсімов

көрсетілген сенім үшін ризашылық білдіріп, қойылған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігері мен білім-білігін жұмсайтынын айтты.

Їкімет ґкілеттігін доєарды Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов Үкімет отырысын өткізді.

Үкімет мүшелері қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бағытталған өкілеттікті доғару туралы

жазбаша мəлімдемеге қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Германия Федералдық канц лері Ангела Меркельден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ангела Меркель Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. «Қазақстан Германия үшін маңызды серіктес болып қала береді. Сіз елдеріміз арасындағы сенімге құрылған серіктестік қарым-қатынастар аясын бұдан əрі кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда демократия, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам қағидаттарын нығайту ісінде əрдайым Федералдық үкіметтің қолдауына сенім артуыңызға болады», – делінген жеделхатта. Соңында А.Меркель Қазақстан Президентінің қойылған міндеттерді одан əрі жүзеге асыру бағытындағы жауапты қызметіне табыс тіледі. ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Франция Президенті Франсуа Олландтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Мен Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өткім келеді, бұл менің таяуда Сіздің елге жасаған сапарымда айқын көрінді», – делінген жеделхатта. Франция Президенті Қазақстанмен ынтымақтастықты екі елдің игілігі үшін одан əрі дамытуға ниетті екенін білдірді. «Сіздің тұрақтылықты жəне Орталық Азия елдерімен тату көршілік қарымқатынасты қамтамасыз етуге, сондайақ өңірдің əлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған күшжігеріңізді Францияның қолдайтынына сендіргім келеді», – делінген құттықтауда. Ф.Олланд, сондай-ақ, Қазақстан Президентіне елді жаңғырту жəне демократиялық реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмероннан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қазақстанның

экономиканы əртараптандыруға, орнықты дамуға жəне елді саяси жаңғыртуға бағытталған күш-жігерін құптайды жəне қолдайды», – делінген жеделхатта. Ұлыбритания Премьер-министрі Қазақстанға 2013 жылғы сапарын жылы сезіммен еске алатынын атап өткен. «Біз Қазақстанмен берік, ашық жəне даму үстіндегі өзара байланыстарымызды бағалаймыз, сондай-ақ, екіжақты күн тəртібінің кең ауқымы бойынша бұдан да бекем қарым-қатынастар орнатуға бейілдіміз», – делінген құттықтауда.

құттықтайтынын жеткізген. «Қазақстан халқының бірлігі байқатқан сайлауға қатысудың өте жоғары көр сеткіші халық игілігі жолындағы көпжылдық қажырлы еңбегіңізді ғана емес, елді бұдан əрі де жан-жақты дамыту үшін Сіз қойған мақсаттарды да қалтқысыз қолдаудың көрінісі болып саналады. Қазақстан халқы Сіздің дана саясаткер жəне мемлекет қайраткері ретіндегі бай тəжірибеңізді ескере отырып, татулық, тұрақтылық үшін, азаматтардың жəне бүкіл республиканың бұдан арғы бақуаттылығы үшін таңдау жасағаны сөзсіз», – делінген жеделхатта. Грузия Президенті Қазақстан-Грузия қарым-қатынасын нығайтуға байланысты мəселелер алдағы уақытта да Нұрсұлтан Назарбаевтың назарында боларына үміттенетінін жеткізген. Соңында Г.Маргвелашвили Қазақстан Президентіне Қазақстан халқының игілігі жолындағы барлық бастамаларына табыс тіледі.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Сіз алған халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің табысты дамуына қосқан үлесіңіздің мойындалғанын айғақтайды», – делінген жеделхатта. Украина Президенті еліне оның тарихының күрделі кезеңінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген. «Бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз екіжақты қарым-қатынасты жандандырып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық аясын кеңейтеміз деген сенімдемін», – делінген құттықтауда. Соңында П.Порошенко Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақуаттылық жəне жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Финляндия Президенті Саули Ниинистёден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Саули Ниинистё Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. «Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне сайлануыңызбен риясыз көңілден құттықтауға маған рұқсат етіңіз. Соншалық жоғары əрі жауапты қызметіңіздің одан əрі табысты болуына тілектестігімді қабыл алыңыз», – делінген жеделхатта. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Иордания Королі II Абдалла ибн Хусейннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

***

II Абдалла ибн Хусейн жеке өзінің жəне иордан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. «Қазақстанмен барлық саладағы мемлекетаралық қарым-қатынасымызды одан əрі де өрістетуге, сондай-ақ, достас елдеріміздің мүддесі жəне бүкіл мұсылман əлемінің игілігі үшін қауіпсіздікті, тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етудегі күш-жігерімізді арттыруға деген ұмтылысымызды атап өткім келеді», – делінген жеделхатта. Соңында Иордания Королі Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық тілеп, достас Қазақстан халқының ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Египет Президенті Абдель Фаттах ас-Сисиден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Абдель Фаттах ас-Сиси Нұр сұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. «Сіздің қажырлы қызметіңіз мемлекетті дамыту мен өркендетуге бағытталған. Екіжақты ынтымақтастықты одан əрі дамытуға жəне екі ел халқының игілігі үшін достық, тарихи байланыстарымызды кеңейтуге ниеттестік білдіруге рұқсат етіңіз», – делінген жеделхатта. Соңында Египет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына татулық пен бақбереке тіледі. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының

Президенті болып сайлануына байланысты Германия Президенті Йоахим Гауктен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Йоахим Гаук Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Сізге елдің халықаралық аренадағы белсенді қызметіне жəне құқықтық мемлекет пен демократия қағидаттарын дамытуға байланысты алдағы мақсаттарыңызды жүзеге асыру жолында табыс тілеймін. Қазақстанның жəне бүкіл өңірдің алдында зор сын-қатерлер тұр. Германия болашақта да экономика мен қоғамды жаңғырту ісінде Сіздің елдің айнымас серіктесі болып қала беретініне сенімді болыңыз», – делінген жеделхатта. ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Алмазбек Атамбаев Елбасын айқын жеңісімен құттықтады жəне бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы еңбегін Қазақстан халқы даусыз мойындайтынын тағы да дəлелдеп, оның елді орнықты дамытуға жəне халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясиэкономикалық реформаларына деген жоғары сенімді көрсететінін айтқан. «Біз бауырластық қарым-қатынастарымызды, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті бірлескен күш-жігер арқылы бұдан əрі де жан-жақты дамыта

беретінімізге сенімдімін», – делінген жеделхатта. Соңында А.Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық жəне жауапты лауазымында алға қойған барлық мақсаттарын жүзеге асыруда табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі. ***

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Гурбангулы Бердымұхамедов Нұрсұлтан Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Түрікменстан Президенті екі елдің жəне халықтың арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан əрі де дамытуға дайын екендігін білдірді. Г.Бердымұхамедов Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақыт жəне республика халқының ілгерілеуі мен дамуы бағытындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. ***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиден құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Георгий Маргвелашвили Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлау дағы жеңісімен шын жүректен

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньштен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Андрис Берзиньш Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаған. «Елдеріміздің екіжақты қарымқатынастарын тереңдетуге Сіздің қосып отырған жеке үлесіңіздің арқасында Латвия мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып, нығайып келе жатқанын айтқым келеді. Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне жоғары баға беруге рұқсат етіңіз. Латвия өз тарапынан бұл үдеріске бұдан əрі де белсенді ықпал етуге ниетті», – делінген жеделхатта. Латвия Президенті Қазақстан Президентіне мықты денсаулық жəне жауапты мемлекеттік лауазымында табыс, ал достас Қазақстан халқына гүлдену тілеген. ***

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорждан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Цахиагийн Элбэгдорж Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады. «Сізбен Моңғолия жəне Қазақстан арасындағы дəстүрлі достық қарымқатынастар аясын одан əрі кеңейту ісінде ынтымақтасатынымызға қуанамын», – делінген жеделхатта. Соңында Ц.Элбэгдорж Қазақстан Президентіне денсаулық, жұмысына табыс, ал достас Қазақстан халқына бақбереке тіледі.


4

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

Сəрсенбініѕ сəтіндегі сара сґз Тарихтың тереңінен талай-талай түпсіз тұңғиықтарды кешіп келіп, тұғырлы ту көтерген толағай тəуелсіздігіміздің 24 жылының тағы бір таңы арайлап атты. Сəуір туса да тəуір болмай, қысқы сызынан арыла алмай тұрған Арқаның ауа райы бүгін ашуынан алабөтен арылып, күн нұры шуағын молынан шашып тұрды. Еліміздің айбары, елдігіміздің айғағы Астанаға шұғылалы көктемнің келгенін 29 сəуірде шашырай төгілген мол шуақ шаттана паш етті. Сағат тура 10.50 болғанда Қазақстан халқының бірауызды қалауымен сайланған Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадан шығып, Тəуелсіздік сарайына апаратын автомобиліне отырды. Қазақстан Республикасының Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген еді. Бұл салтанатты рəсім осы жылдың 10 желтоқсаны күні Алматыдағы Республика сарайында өткен болатын. Ол кез КСРО ыдырап, егемендік алған елдер қатары көбейіп келе жатқан кезең еді. Қазақстан бұл кезде Мемлекеттік тəуелсіздік табалдырығына қадам басып үлгерген болатын. Н.Назарбаев сол жолы, ант беріп тұрып, елімізді жарқын болашаққа бастар жолдың оңай болмайтынын айтқан еді. Содан бергі небір ауыр жылдарда ол алған бағытынан таймай, елімізді талай қиындықтардан алып шықты. Қазақстан мемлекеттілігін дамытудың басты басымдықтары сол кездері анықталды. 1999 жылы Қазақстан халқы жоғары сенім мандатын тағы да Нұрсұлтан Назарбаевқа табыстады. Президент Қазақстан Республикасының Конституциясын ұстап тұрып, ант берді. Бұл жолғы ұлықтау рəсімі еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласында өтті. Елордалық мəртебесі болғанымен, астанаға тəн жетістіктерге əлі қол жеткізе қоймаған шаһар енді-енді ғана өсіп-өркендей бастаған. Содан бері Астана адам танымастай болып өзгерді. Бұл жылдары Қазақстанның əлемдегі беделі де артып, қоғамда тұрақтылық нығайып, экономикада даму қарқыны үдей түсті. Осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырған қазақстандықтар 2005 жылғы желтоқсанның 4-інде кезекті президенттік сайлау өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев тағы да Қазақстан халқының басым көпшілігінің сеніміне ие болып, айқын жеңіске жетті. Бұл саналы таңдау болатын. Себебі, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат нəтижелі жəне жемісті еді. Президенттің үшінші инаугурация рəсімі еліміздің қазіргі заманғы тарихында ерекше орын алды. Бұл рəсім Есілдің сол жағалауындағы жаңа қалада, Президенттің жаңа Ақорда сарайында өтті. Мемлекет басшысын ұлықтау рəсімін Қазақстан тарихындағы айрықша маңызды оқиға деу керек. Бұл іс-шараның еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделі мен ұстанымдарын күшейту тұрғысында үлкен саяси маңызы бар. Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рəсімі елордамыз Астанада осымен төртінші рет өтіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың сəнді мотоциклшілер эскортынан тұратын салтанатты кортежі бас қаланың əсем ғимараттары мен үйлері орын тепкен үлкен көшелерімен өтті. Аспанмен таласқан əрбір сəулет туындысының бойында Елбасының қолтаңбасы бар. Көрсең көзің тоймайтын осынау əсем ғимараттардың салынуын Н.Назарбаев тікелей өзінің назарында ұстап отырды. Сондықтан да Елбасы мен елорда түсініктері тəуелсіз қазақ шежіресінде егіз ұғымға айналды. Елбасының салтанатты кортежі Тəуелсіздік даңғылында орналасқан Тəуелсіздік сарайының алдына келіп тоқтады. Осы жердегі «Қазақ елі» монументінің айналасында қала тұрғындарының қалың

легі жəне ұлықтау рəсімінен кейін шеру жасайтын əскер тұрған еді. Олардың бəрі Елбасын қуанышты үндермен, көңілді дауыстармен қарсы алды. Салтанатты əскер шеруіне «Тік тұр!» деген команда берілген соң Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, генерал-майор Амантай Күреңбеков мемлекет тік күзет қызметінің жеке құрамы сайланған Президентті ұлықтау рəсімін өткізуге дайын екендігін айтып, рапорт берді. Астана аспанына қуатты елдің, шуақты елдің шашуындай 21 дүркін артиллериялық зеңбіректерден оқ атылды. Сағат 11.00-де ұлтының дарабозы, халқының маңдайына біткен біртуар перзенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздік сарайының Үлкен залына қадам басты. Ұшқан құстың қанаты талар қазақ даласының төрт бұрышынан түгел жиналған зал толы жұрт, өңір өкілдері Қазақ елінің Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты тік тұрып, зор құрметпен қарсы алды. Атшаптырым зал кеңістігін Елбасының сөзіне жазылған əуезді əн – «Елім менің» асқақтай кернеп кетті. Ел жəне Елбасы! Біртұтас жерің, тəуелсіз елің барда бір-бірінен ажырамас, айырылмас егіз ұғым. Міне, бүгін ажырамас осы қос қасиетіміз тұтаса қабысып, алты алаштың айбынын асқақтатты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сарайдың салтанатты төріне көтерілді. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов еліміз Конституциясының 42-бабына сəйкес Қазақстан халқына ант берген сəтінен бастап Қазақстан Республикасының Президенті өз қызметіне кірісетіндігі туралы мəлімдеді. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолын қойып, салтанатты жағдайда: – Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы

мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мəртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін! – деп мемлекеттік тілде ант қабылдады. Содан кейін Елбасы Мемлекеттік туды сүйді. Қуатты Əнұран əуезімен зал ішін бір сəт толқыған сезім, тебіреністі көңіл-күй кернеп кетті. Жиналған жұрт жүректеріне қолын қойып, еркін елдің айбарлы Əнұранын асқақтата шалқытты. Салтанатты зал төріне Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов көтерілді. – Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, 2015 жылдың 26 сəуірінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындысы бойынша мемлекетіміздің тиісті заңдарына сəйкес Сізге Президент куəлігін тапсыруға рұқсат етіңіз, – деп салтанатты рəсім жағдайында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куəлігін тапсырды. Бұдан əрі Мемлекет басшысы биік мінберден ұлықтау рəсіміндегі Қазақстан халқына арнаған жүрекжарды сөзін жолдады (Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рəсіміндегі сөйлеген сөзі газетімізде жеке жарияланып отыр). Мемлекет басшысының сөзінен кейін ұлықтау салтанаты Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Қарулы Күштерінің салтанатты шеруін қабылдауымен қорытындыланды. Елбасы Тəуелсіздік сарайының бас кіреберісінен Қазақ елі алаңына шыққанда, Жоғарғы Бас қолбасшыны еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алып, Жоғарғы Бас қолбасшыға Қазақстан Қарулы Күштерінің əскерлері Қазақстан Республикасының

Президентін ұлықтауға арналған сапқа тұрғызылғаны жөнінде рапорт берді. Бұл кезде мерекелік əскери үлгіде киінген жауынгерлер сымдай тартылып, салтанатты шеруді бастауға пəрмен күтіп тұрған еді. – Сəлеметсіздер ме, жауынгерлер? – деді осы сəтте Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев. Ал взводтар мен роталарға бөлініп, сапта тұрған сарбаздар: «Сəлеметсіз бе, Жоғарғы Бас қолбасшы?» деді де, ілешала үш мəрте «уралап» Президентке құрмет көрсетті. Артынша əскери шеруді бастауға пəрмен берілді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері əркез мемлекеттік символдардың қатарында тұрады. Өйткені, мемлекеттіліктің, Тəуелсіздіктің негіздерінің бірі саналатын отандық əскердің еліміз дамуындағы рөлі ерекше маңызды жəне əрқашанда маңызды бола бермек. Еліміз егемендігін ала салысымен, Президент өз Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы шешім қабылдағаны есімізде. Осылайша, Тəуелсіз Қазақстанның төл армиясы дүниеге келген еді. Бұл 1992 жылдың 7 мамыры болатын. Мемлекет басшысының осынау тарихи Жарлығынан бергі уақыт ішінде еңселі еліміздің Қарулы Күштері аспанкөк түсті Мемлекеттік туымызда айшықталған құс төресі – текті де тəкаппар қыран секілді қанатын кеңге жайып, көкке самғап келеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті өзінің сарабдал саясаты арқылы, орнымен жүзеге асырған реформалары арқылы Қазақстанды əлем жұртшылығына танытты. Тəуелсіз елдің тəуелсіз Қарулы Күштерін құру арқылы оны еліміздің қауіпсіздігін қорғайтын қуатты күшке айналдырды. Ұлықтау шеруіне қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлері жүктелген міндеттерді ойдағыдай, жоғары деңгейде орындады. Əскери шеру Қорғаныс министрлігінің əскери оркестрінің жүріп өтуімен аяқталды. Өркениет əлемінің өркенді болашағына өрісті қадам басқан қазақ жұртының Көшбасшысын құрметтеуге жиналған жұртшылық қатары көп болды. Ұлықтау рəсіміне Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Президент Əкімшілігі мен ПремьерМинистр Кеңсесінің өкілдері, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекеттік басқарудың орталық органдары басшылары, Үкімет мүшелері, жауапты хатшылар, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының əкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, діни конфессиялар өкілдері, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, Конституциялық Кеңес мүшелері, президенттікке кандидаттар, республикалық жəне өңірлік қоғамдық штабтар, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшелері, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, Тұңғыш Президент мекемелері мен ұйымдарының жетекшілері, демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы мүшелері, «Халық Қаһарманы» жəне «Еңбек Ері» атақтарының иегерлері, ел генералитеті, сенім білдірілген адамдар, қоғамдық-саяси бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, көрнекті ғылым, мəдениет жəне өнер қайраткерлері, республиканың іскер топтар өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Іс-шараға барлығы 3 000-ға жуық адам шақырылыпты. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 2015 жылғы 26 сəуірде өтті. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мəліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 дауысына ие болды, бұл – дауыс беру рəсіміне қатысқан сайлаушылар даусының 97,75 пайызын құрайды. Қалаған ұлын халқы ұлықтаған күн енді тарихымызға алтын əріптермен жазылады. Халқы сенім артқан Елбасының əрбір бастамасы берекелі, еліміздің келешегі кемел болғай. Жақсыбай САМРАТ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан».

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Жыр-шашу

Нўрлы жол салєан саѕлаєым (Елбасына арнау)

Тарихтың елеулі белестерінде ел бастаған тұлғаларға жырдан шашу шашу, өлеңмен бата беру, тілек арнау ежелден келе жатқан дəстүріміз. 1991 жылғы алғашқы президенттік сайлауда жасы тоқсаннан асқан халық ақыны Шəкір Əбенов ақсақал батасының аяғын өлеңмен өрген. 1999 жылғы сайлауда Елбасына деген ағыл-тегіл ақтарылған көңілін Бекболат Тілеухан жырмен төгілдірген. Қазақы қалпымызға жарасатын сол жоралғы кеше де жасалыпты. Бұл жолы жырдан шашуды айтыс өнерінің жарық жұлдызы Аманжол Əлтаев шашыпты. «Жасалыпты», «шашыпты» дейтініміз – мұны біз «Хабар» арнасының кешкі жаңалықтарындағы сюжеттен көзіміз шалып қалды. Көре салысымен Аманжолды іздедік. «Сен Елбасына арнауыңды суырып салып айттың ба?» дейміз. «Жоқ, бұл өте жауапты сəт қой. Алдын ала шығарып айттым», дейді Аманжол. «Онда бізге электронкамен жібере қойшы тез», дейміз. Тез-ақ жетіп келді арнау мəтіні. Біздіңше, бұл арнауды Тəуелсіздік сарайы алдында тұрған қауым ғана тыңдап қоймауы керек, мұндай жүрекжарды жырдың бар қазақтың жүрегіне жеткені жөн. Ақын сөзі – халық сөзі қашанда.

Алатаудай ордалым, Каспийдей шалқар арналым. Сарыарқадай байтағым, Көшімді бастар тарланым. Өзіңізді халқым қолдады, Дəлелдеп биік талғамын. Дəл осылай əлемде, Кім қолдай алар заңғарын. Түн ұйқыңызды төрт бөліп, Елін ойлаған ардағын. Орындадыңыз халқымның, Сан ғасыр күткен арманын. Нұр жолыңызға, Нұраға, Мейірімі жаусын Алланың. Батыстың тілін таптыңыз, Шығыстың тілін таптыңыз. Тəуелсіз Қазақстанның Шырағын жарық жақтыңыз. Еңсесін елдің көтеріп,

Тұлғасын тіктеп тұрғызған. Тай төбеліндей қазаққа, Əлемнің мойнын бұрғызған. Көтеріп көк ту байрақты, Мемлекет құрған қайратты. Шекарамызды бекітіп, Барыстай басқан айбатты. Еңсесі биік Елбасым! Құтты болсын тағыңыз, Бақытты кемел шағыңыз. Халқыма сəуле шашып тұр, Баянды болған бағыңыз. Өзіңіз салған Астана, Жайқалып өскен жас қала. Тамсанып əлем қарайтын, Байсалды Орда – бас қала. Бақыттың еркін кіретін, Есігі болған Астана. Ынтымақ пенен бірліктің,

Бесігі болған Астана. Тəуелсіз мынау елімді, Кең-байтақ мынау жерімді. Көрмегендерге көрсетіп, Білмегендерге білгізген. Елшілік ашып əлемнен, Төріне байрақ ілгізген. ООН-ға мүше болғызып, Шырайымызды кіргізген. ОБСЕ-нің тағына, Қазақстанды мінгізген. Еуразияның құрып одағын, Керуенін алға жүргізген. ЭКСПО да ертең өтеді, Өзіңіз салған нұрлы ізбен. Осының бəрі, Нұраға, Кемеңгерлікті білгізген. Жақынын жатқа қимаған, Халқына бақыт сыйлаған. Моңғолия, Қытай, Иранға, Шашырап кеткен қазақтың, Бастарын қосып жинаған. Жүз отыз ұлттың өкілін, Алалап бірін бөлмеген. Ассамблея жасақтап, Еңбегіменен ерлеген.

Бірліктің мұндай үлгісін, Əлемнен ешбір көрмегем. Еңсесі биік Елбасы, Нұрсұлтан сынды ерім бар. Осындай ерді туғызған, Қазақтай қайсар елім бар. Ақ сақалды атаға, Қайрат бердіңіз, Нұраға. Жалындаған жастарға, Айбат бердіңіз, Нұраға. Ақ жаулықты анаға, Қуат болдыңыз, Нұраға. Ақ пейілді балаға, Шуақ болдыңыз, Нұраға. Ырысы артты елімнің, Береке бізде, Нұраға. Ынтымақ, бірлік орнады, Мереке бізде, Нұраға! Елім деп соққан жүрегі, Жұртымның Сізсіз тірегі. Құтты болсын ұлықтау, Халқымның осы тілегі. Аманжол ƏЛТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

● Қатысушылар лебізі Ералы ТОҒЖАНОВ, Қ а з а қ с т а н х а л қ ы А сса м б л ея сы Төрағасының орынбасары: – Бұл күн – халықтың таңдауы заң жүзінде өз күшіне енген күн. Ал халықтың таңдауы – біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев болды. Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауын өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясы көтергені белгілі. Ал қазақстандықтар бұл бастамаға қолдау көрсетті. Сайлау қорытындысы халқымыздың Нұрсұлтан Əбішұлына деген сенімін айқындап берді. Бұл – Қазақстан үшін тарихи маңызы бар айтулы оқиға. Бұл – біздің Елбасымыз үшін ғана емес, еліміз үшін де айтулы күн. Себебі, жұртшылық тұрақтылық, келісім, осы жерді мекендеген түрлі этнос өкілдерінің бірлігі үшін дауыс берді. Бұл – кез келген мемлекеттің ілгерілеуінің басты көрсеткіші. Тіні мықты жəне тұрақты мемлекет қана дами алады, өркендеп, өсе алады. Нұрлан НОҒАЕВ, Батыс Қазақстан облысының əкімі: Кеше Тəуелсіздік сарайында Президенттің ресми түрде іске кірісуіне орай өткізілген ұлықтау рəсімінің басты мəні – Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына ант беруінде деп түсінемін. Бұған дейін өткізілген ұлықтау рəсімдерінде де Елбасымыз ант бергені барша қазақстандықтарға жақсы мəлім. Оның бəрі де ойдағыдай орындалғаны тағы да ақиқат. 26 сəуір күні өткізілген Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен жеңіске жетуінің басты сыры да берген антының беріктігінде екені кəміл. Өз антына адалдық – Мемлекет басшысына тəн басты қасиет екеніне барша қазақстандықтардың көздері жеткелі қашан. Өйткені, Президент анты қай кезде де елдікті еңселендіру жөніндегі нақты істермен, ел мерейін өсіру жолындағы қарышты қадамдармен үйлесім тауып келеді. Иесі бар анттың киесі де бар. Анттан аттауға болмайтыны да сондықтан. Ант – серт пен уəденің ұшар шыңы. Осы шың мен биіктен Президенттің Қазақстан халқына берген анты елдіктің туын қашанда жоғары көтере беруге қызмет жасай беретіні анық. Туды жоғары ұстаумен бірге оны сүйе де білу керек. Ұлықтау рəсімінде өз халқының шексіз сеніміне тағы бір мəрте ие болған Елбасымыз еңкейіп барып туды сүйгені отандастарымыздың жан сарайына Прометей отын жағып, елдіктің қадір-қасиетін тағы бір мəрте асқақтата түскендей əсер қалдырды. Жанарларға жас үйіріп, жүректерді діріл қақтырған ғажайып сəт болды кеше Тəуелсіздік сарайында. Антына адал, антынан аттамайтын Президенті бар – Қазақ елі бақытты ел деп білемін. Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, Қазақстанның халық əртісі: – Бұл – Қазақстан үшін, оның халқы үшін айрықша оқиға, үлкен той. Біз үшін бұдан үлкен той жоқ. Себебі, біздің Президентіміз өз орнында қалып, алдағы уақытта да мемлекетімізді басқарып, елімізді одан əрі дамыту жолында еңбек ететін болады. Бұл орайда, біздің қуанышымыз орасан. Қуанышымыздың ұзағынан болғанын, еліміздің, Елбасымыздың аман болғанын тілейміз. Біздің еліміз – тұрақтылық пен келісімді, бірлікті қуаттайтын ел. Бұл ретте, біз ел тұтастығының нығайып, халқымыздың өмір сапасының артып, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделбиігінің шарықтай бергенін қалаймыз. Мен бұған дейінгі ұлықтау рəсімдеріне де қатысқанмын. Президентіміздің алдағы уақытта да халқымызды биік белестерге жеткізетініне сенімдімін. Осы орайда, баршаңызды мемлекет үшін маңызды кезеңнің басталуымен құттықтаймын! Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, Мəдениет жəне спорт министрі: – Президентті ұлықтау рəсімі – бəріміз үшін айтулы салтанатты шара. Оның мемлекет үшін маңызы зор. Елбасы өзі айтқандай, бүгін еліміз өз тарихының тағы бір жаңа бетiн ашты. Қазақстан қазір нұрлы жолда, айқын бағдарда тұр. Осы нұрлы жолдың жалғасы алдағы уақытта бəрімізге үлкен бақыт, үлкен молшылық алып келетіні сөзсіз. Елбысымыз алға қойған мақсат-мүдделер міндетті түрде орындалуы керек. Бес халықтық реформаны табысты жүзеге асырып, болашағы бiртұтас елге айналуға тиіспіз. Президенттің реформалары еліміздің алға қарай қадам басуының негізгі жолдары. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жаңғырту – біздің ортақ ісіміз екендігін баса айтты. Алдымызда қандай да сынақтар болмасын, біз мемлекетіміздің қуатына, халқымыздың даналығына сүйене отырып, оны еңсеріп шығатынымызға сенімін білдірді. Ендеше, алдағы уақытта біздерді зор жауапкершілікті істер күтіп тұр. Мұрат ƏУЕЗОВ, мəдениеттанушы-ғалым, қоғам қайраткері: – Кезектен тыс президенттік сайлау биылғы жылы өтеді деген əңгіме алғаш айтыла бастағаннан-ақ мен бұл ойды саналы түрде қолдаған болатынмын. Өйткені, шынымен де қазіргі халықаралық жағдай, геосаяси жағдайлар біздің елде де осындай шешімді қабылдауға қажеттілік тудырып отырғанын жақсы білеміз. Қазіргі күні тəуелсіз мемлекеттерге сын болатын көптеген халықаралық жағдайлар шиеленісіп келе жатыр. Əрине, қазір ынтымақты ел болуымыз керек. Бұл тұрғыда Нұрекең өзін дəлелдеді, ал еліміз бірлігін, елдігін дəлелдеді. Елбасы көптеген жылдар бойы барын салып, ата-баба армандаған тəуелсіз, көршілермен терезесі тең мықты мемлекет болу жолында аянбай еңбек етіп келе жатыр. Біздің осындай мықты басшымыз бар. Ал ендігі мəселе – халық болып бірігіп, ірі-ірі тарихи істерге кірісіп, оны нəтижелі жүзеге асыру. Мен бұл сайлаудың нəтижесіне қуанып отырмын. Бұл шынайы жетістік. Себебі, өзім де барып дауыс бердім. Жұрттың, көпшіліктің қандай көңілмен барғанын, қандай үмітпен барғанын, қандай сеніммен барғанын көрдім. Михаил БОРТНИК, Парламент Сенатының депутаты: – Президентті ұлықтау рəсімі əрбір қазақстандықтың бойында үлкен мақтаныш сезімін оятып, тебіреніс тудырды деп білемін. Əсіресе, бұған жастар жағы үлкен ықыласпен қарағаны анық. Өйткені, кешегі өткен саяси додада жастар сайлауға дайындық барысына жəне дауыс беруде өте үлкен белсенділік танытты. Мен бұған дейін соншама жастардың сайлау учаскелерінде болғанын бұрынсоңды байқамаппын. Мұны мен жастардың еліміздің өркендеуіне қызығушылығы деп танимын. Жəне де олар бойында елдің болашағына деген жауапкершілік сезімі оянып, патриотизм рухы қалыптасып келе жатыр деп түсінемін. Еліміздегі жүргізіліп жатқан реформалардың жастар тарапынан қызу қолдауға ие болуының астарында да осындай түсінік жатыр.

––––––––––––––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


5

www.egemen.kz www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

Президент поштасынан

«Біз Сізге сенеміз»

Қазақстан Президенті атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық жəне мемлекетаралық ұйымдардан, еңбек ұжымдарынан, мəдениет, білім жəне спорт саласы өкілдерінен құттықтау хаттар легі жалғасуда. Атап айтқанда, Татарстан Республикасының Президенті міндетін уақытша атқарушы Р.Минниханов сайлаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі лайықты əрі маңызды екенін атап өткен. «Əлемге өзінің бірлігін, билікке деген сенімі мен Өзіңіз жүргізіп отырған «Нұрлы Жол» экономикалық саясатына қолдауын көрсеткен сайлау қорытындылары Сіздің Елбасы ретіндегі беделіңіздің биік екенін тағы да дəлелдеді», – делінген жеделхатта. БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры міндетін атқарушы М.Мёллер Қазақстан Президентінің жаңа мерзімге сайлауын БҰҰ бөлімшесі мен біздің елдің арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға жəне кеңейтуге мүмкіндік жасайтынына тоқталған. Испанияның бұрынғы Премьерминистрі Х.Сапатеро Нұрсұлтан Назарбаевты қайта сайлануымен құттықтап, екі ел үкіметтерінің жемісті ынтымақтастығына тоқталған жəне еліміздің гүлденуіне тілектестік білдірген. Литва Республикасының бұрынғы Премьер-министрі, Латвия Халықтық партиясының құрметті төрағасы К.Прунскене Қазақстан Президентінің сайлаудағы жеңісі бүкіл халықтың шүбəсіз жеңісі екенін айтады. «Сіз өз еліңіздің ғана емес, жақын мемлекеттердің де тірегі əрі тұрақтылығының кепілі болып саналасыз. Сіздің көреген саясаткер жəне Мемлекет басшысы ретіндегі бай тəжірибеңіз Қазақстанның мүддесі үшін, оның гүлденуі, сондай-ақ біздің елдеріміз бен халықтарымыздың арасындағы достық жəне тату көршілік қарым-қатынастарды нығайту үшін бұдан əрі де қызмет ете беретініне сенімдімін», – деп жазады автор. Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы əрі төрағасы К.Шваб Қазақстан Нұрсұлтан Назар баев тың басшылығымен өңірдің бейбітшілігі мен гүлденуіне маңызды үлес қосып жатқанын атап өткен. «Басты мақсаты елді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу болып отырған «Қазақстан-2050» Стра тегиясы ның маңыздылығын Дүние жүзілік экономикалық форум мен Қазақстанның арасындағы алдағы жылдардағы ынтымақтастықты нығайтуға əзірлік тұрғысынан атап өткім келеді», – деп жазады автор. ИСЕСКО Бас директоры Əбдел Əзиз Əт-Туэйджри Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміз орнықты даму, гүлдену жəне əл-ауқатын арттыру бағытында нық жүріп келе жатқанын атай отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық жəне амандық тіледі. Испания депутаттар конгресінің төрағасы Х.Морено Қазақстан Президентінің жаңа мандаты екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан əрі нығайтуға мүмкіндік тудыратынын атап өткен. «Йоббик» партиясының жетекшісі Г.Вона жəне партияның парламенттік тобы жетекшісінің орынбасары М.Дьёндьёши Қазақстанның Орталық Азия өңірінің көшбасшысы жəне халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесі болып қалыптасуы жолындағы теңдессіз ілгерілеуіне тоқталған. «Біз Қазақстанның соңғы жиырма бес жылдағы табысты дамуы барлық елдер, соның ішінде Венгрия үшін де үлгі көрсетіп, баршаға пайдасы зор тəжірибе беретініне сенімдіміз. Біз елдеріміз əлдеқайда тығызырақ қарым-қатынас өрбітеді жəне Қазақстан үшін де, Венгрия үшін де көптеген артықшылықтарға жеткізеді деп үміттенеміз», – делінген жеделхатта. «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци сайлау нəтижесі сенім деңгейінің жоғарылығын, Қазақстан Президентінің дана басшылығымен жүзеге асып жатқан Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саясатын халық қолдайтынын тағы дəлелдегенін атап өткен. «Біздің компания өз қызметін 1992 жылдан бері Қазақстанда жүзеге асырып жатқан шетелдік ірі инвестор ретінде елдің экономикалық табыстарына үлесін қосқанын мақтан етеді. Сіздің қолдауыңыз арқылы ынтымақтастығымыз

жалғасатынына жəне Қазақстанның экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенімдіміз», – делінген құттықтауда. «Consolidated Contractors International» компаниясының инжиниринг жəне құрылыс жөніндегі президенті С.Хури өз құттықтауында Мемлекет басшысының қуатты əрі табысты Қазақстанның əрі қарай гүлденуін қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап көрсеткен. «Сіздің жаңғыру мен мемлекеттілікке негізделген өршіл реформаларды жүзеге асыруға ұмтылысыңыз жұрттың кең қолдауына ие болғаны анық, бұған Сізге берілген дауыстар саны дəлел. Біз Сіздің көшбасшылығыңызды қолдаймыз. Біз Сіздің ұлы еліңіздің болашағына қатысты көзқарасыңызды құптаймыз», – делінген хатта. Шанхай ынтымақтастық ұйы мының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің директоры Ч.Синьфэн дауыс беру қорытындылары Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған ішкі жəне сыртқы саясатты кеңінен қолдайтынын, мемлекет пен қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету ісіндегі еңбегінің мойындалуын, сондай-ақ елдің əлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып отырғанын дəлелдейтінін атап айтқан. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы В.Христенко дауыс беру қорытындылары Қазақстан азаматтарының Мемлекет басшысына, оның қызметіне жəне елді бұдан əрі дамыту бағытындағы бастамаларына деген сенімінің жоғары деңгейін айқын көрсеткенін атап өткен. «Сіз қоғамдық келісімнің жемісті атмосферасын қалыптастырып, Қазақстан тұрғындарына ертеңгі күнге деген сенім ұялатып, ел дамуының стратегиясын жасай алдыңыз. Сіздің көпжылдық тəжірибеңіз, жоғары кəсіби деңгейіңіз бен сарқылмас қуатыңыз баршаның шынайы құрметіне лайық бола алды. Біз өзіміздің күнделікті жұмысымызда Сіздің назарыңыз бен қолдауыңызды сезінеміз деп Сізді сендіре аламыз жəне алда да солай болады деп үміттенеміз», – делінген құттықтауда. Еуразиялық экономикалық комиссиясының энергетика жəне инфрақұрылым жөніндегі комитетінің мүшесі (министр) Т.Мансұров Мемлекет басшысын сайлаудағы айқын əрі сенімді жеңісімен құттықтаған. «Қазақстан халқы Сізге – Елбасына сенімді түрде дауыс берді, өйткені өзінің қазіргі жəне болашақтағы игілігін Сіздің жасампаз қызметіңізбен байланыстырады. Қазақстандықтар Сіздің қуатты саяси ерікжігеріңіз бен стратегиялық көрегендігіңіз əлемге Қазақстанның жəне халқымыздың жаңа бейнесін танытқанын мақтан етеді», – деп жазады Т.Мансұров. Қазақстан Президентінің атына құттықтауларын Кəсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясы өкілдері де жолдап, сайлау Мемлекет басшысы ұстанып келе жатқан бағытқа деген сенімін тағы да білдірген Қазақстан халқының тарихи таңдауының айшықты да айқын айғағы болғанын атап өткен. «ТМД-дағы кəсіподақтар қозғалысы азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру, еңбек адамдарын əлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде кəсіподақтармен тең құқылы диалог өрбітудегі Сіздің қамқорлығыңызды жоғары бағалайды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан алда да достықты, мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту, сондай-ақ жан-жақты ықпалдастықты тереңдету ісі бойынша өңірде жəне əлемде маңызды рөл атқара береді деп сенеміз», – делінген құттықтауда. Еуразия медициналық одағының төрағасы А.Саркисян Қазақстан халқы көрсеткен жоғары сенім Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық тұрғыдан дамыған жəне əлеуметтік жауапты мемлекет құру, Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау, халық денсау лығын қорғау ісіндегі еңбегінің мойындалғандығының белгісі екенін айтады. Мемлекетаралық авиациялық комитет төрайымы Т.Анодина сайлаушылардың бірауызды қолдауы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі жоғары қызметіндегі еңбегінің мойындалуының дəлелі екенін атап өткен. «Сіздің алысты көздеген жəне

байыпты басшылығыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесіне айналып, қарқынды даму үстіндегі елдер қатарынан лайықты орын алды», – делінген жеделхатта. Қорған облысының губернаторы А.Кокорин Қорған облысы үкіметінің жəне жеке өзінің атынан Қазақстан Президентін сайлаудағы айқын, лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. «Сізге Қазақстанға жəне өз халқыңызға қызмет ету ісінде бұдан əрі де табыс жəне барлық жоспарлар мен бастамаларыңыздың толық жүзеге асуын, мықты денсаулық, бақыт, амандық тілеймін», – делінген жеделхатта. Жылы лебізді құттықтау Челябі облысының губернаторы В.Дубровскийден келіп түсті. «Көп жылдар бойы Сіз елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның барша халқының игілігі жолындағы ауқымды міндеттерді ұдайы табыспен атқарып келесіз. Ресей мен бауырлас Қазақстанды байланыстыратын тығыз, өзара тиімді экономикалық жəне гуманитарлық қарым-қатынас алда да дами береді деген сенімдемін», – деп жазады автор. Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко бүгінде Қазақстанның қуатты, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет əрі Ресей Федерациясының сенімді серіктесі екеніне назар аударған. «Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық Санкт-Петербург үкіметі жұмысының басымдығы бар бағытының бірі болып саналады. Біз сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени жəне гуманитарлық салалардағы қалыптасқан достық сипатындағы əрі сындарлы диалогты жоғары бағалаймыз. Петербург бастамаларына деген Сіздің оң ықыласыңыз бен қолдауыңыз бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жоғары нəтижелерге жетуге кепілдік береді», – деп жазады автор. Қызылорда облысының Байқоңыр қалалық əкімшілігінің басшысы міндетін атқарушы А.Петренко Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген əрі сындарлы саясатының, қажырлы еңбекқорлығы мен стратегиялық ойлау қабілетінің арқасында Қазақстан жер жүзіндегі ең бақуатты жəне қарқынды дамушы ел болып саналатынын атап өткен. «Сайлау нəтижелері отандас та ры ңыздың Сізге деген сенімінің ең

жоғары деңгейін көрсетті. Сіз көп жылдар бойы елдің мемлекеттік жəне саяси көшбасшысы, жалпыадамзаттық қ ұ н дыл ық т а р дың , бе й бі т ші л і к т і ң , ха лықтар достығы мен шынайы демокра тияның сақтаушысы болып келесіз. Байқоңыр тұрғындары Сіздің қала мызға деген қамқорлығыңызды жоғары баға лайды жəне ертеңгі күнге деген сенімді сезінеді», – деп атап өтілген құттықтауда. «РЖД» ААҚ президенті В.Якунин Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақ құруға бағытталған жүйелі саясаты оған қатысушы мемлекеттердің ықпалдастығын тереңдету үшін шынайы алаң қалыптастыруға мүмкіндік бергенін айтқан. «Қазақстандықтар ел басшылығын Сізге тағы да сеніп тапсырды. Бұл – Сіздің ел Президенті лауазымындағы еңбегіңіздің даусыз мойындалуының айғағы. Қазақстан Республикасы бұрынғысынша Ресейдің сенімді серіктесі, тату көршісі жəне адал досы болып қалатынына сенімдімін», – деп жазады автор. Кеңес жəне Ресей жоғары оқу орындары түлектерінің Египет қауым дастығының төрағасы Ш.Гед соңғы жылдары Қазақстан бірқатар маңызды реформалар жасап, жаңа елорда – Астананы салғанын, сондай-ақ жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау саласында маңызы зор бастамалар көтеріп келе жатқанын айтады. Ол сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты қазірдің өзінде шынайы сипат ала бастағанына тоқталған. Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры, РҒА академигі А.Торкунов Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстан əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін едəуір жақсартып қана қоймай, инновациялық даму жолына да батыл түскеніне назар аударған. «Сайлау нəтижесі Қазақстан халқы өзгерістерді оң бағалайтынын, Сізге сенім артатынын жəне ел татулық, тұрақтылық жəне гүлдену бағытында ілгерілеп бара жатқанына сенімді екенін тағы дəлелдеді. Сізге Отаныңыздың игілігі жолындағы қызметіңіздің жемісті болуын тілеймін», – делінген жеделхатта. Мəскеу драма театрының жетекшісі А.Джигарханян жылы лебізді құттықтауын жолдады. «Сіз – ұлы елдің ұлы басшысысыз. Сіз

ең күрделі, көпқырлы міндеттерді еңсере аласыз. Сіздің айналаңызға адамдарды тартып, достарыңыздың, үзеңгілестеріңіз бен пікірлестеріңіздің қатарын кеңейтетін жасампаз қуатыңыздың ұзақ жылдар бойы сақталуын шын жүректен тілеймін», – деп жазады автор. «ИТАР-ТАСС» РАА Бас директоры С.Михайлов Нұрсұлтан Назарбаевтың бай əрі жан-жақты тəжірибесі, кəсібилігі мен басқарушылық машығы Қазақстанды дамыту мен гүлдендіруге бағытталған жаңа идеялар мен тиімді шешімдерді өмірге əкелудің кепілі болатынына сенімділік білдірген. Сондай-ақ, Курск облысының губернаторы С.Михайлов, «Астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясының» президенті міндетін атқарушы, Орынбор қаласының басшысы Ю.Мищеряков, РФ Мемлекеттік Думасы Федералдық жиналысының депутаты, генерал Б.Громов, ресейлік мемлекет қайраткері П.Бородин жəне Новосібір тұрғыны Н.Пензюр өз құттықтаулары мен тілектерін жолдаған. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович Мемлекет басшысын оқу орны ұжымының атынан құттықтап, оның халықаралық аренадағы жəне бүкіл ел азаматтары алдындағы беделі биік екенін атап өткен. «Сіздің бастамаңыздың арқасында ММУ-дың Қазақстан филиалы дамып, Сіздің сеніміңізді ақтап келеді. Біз Сізді ұятқа қалдырмайтынымызға жəне дана басшылығыңызбен жаңа кезеңге аяқ басқан елдің дамуына қосар үлесімізді еселей беретінімізге сендіреміз», – деп жазады автор. Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Е.Мəмбетқазиев қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімінің ақталғандығын айта келіп, ұжым атынан шын жүректен шыққан құттықтауын жеткізген. «Көпэтносты республика халқының игілігі жолындағы жасампаз қызметіңіз əрқашан Сіз үшін бақуат тылықтың, ұзақ өмірдің, тəуелсіз Қазақ станның өркендеуіндегі, халықаралық беделінің нығаюындағы бұдан арғы жетістіктердің сарқылмас қуат көзіне айнала берсін», – делінген құттықтауда. Алматының «Қайрат» футзал клубының президенті Қ.Оразбеков өз құттықтауында клубтың Еуропа аренасындағы табысы барша отандастарға тамаша тарту боларына сенім білдірген. «Біз УЕФА кубогының ақтық ойын ында каталондық «Барселонадан» 3:2 есебімен басым түскен жеңісімізді қуанышты көңілмен осы жалпыұлттық мерекеге арнаймыз», – делінген хатта. Наганода өткен қысқы Олимпия ойындарының қола жүлдегері Л.Прокашева Президенттің сайлаудағы күмəнсіз əрі айқын жеңісі барша қазақстандықтардың таңдаған саяси бағыттың дұрыстығына деген терең сенімінің жемісі əрі бүкіл халықтық сенімнің көрінісі екенін атап өткен. «Біз мемлекетімізді Сіз бастап келе жатқан жолда елдің кезекті саяси жəне экономикалық жеңістерінің қатары толығатынына сенеміз. Біз Сізге сенеміз, Қазақстанға сенеміз, жарқын болашағымызға сенеміз», – делінген құттықтауда. Өз құттықтауларын Алматы көпір конструкциялары зауытының ұжымы да жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ғана елдің кез келген қиындық пен ауыртпалықты еңсере аларына, жаңа биіктерге жетеріне, сондайақ республиканың тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етеріне сенім білдірген. Алматы қаласынан «Келет» АҚ президенті А.Папп əрбір қазақстандық Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тəуелсіздік жылдарында елдің жеткен табыстарын лайықты бағалайтынына сенім білдірген. «Бүгінгі таңда біздің ел татулық пен келісім, өзара құрмет пен толеранттылық негізінде көпэтносты қоғам құрудың бірегей үлгісі болып саналады», – деп жазады автор. «Казэнергокабель» АҚ бас директоры О.Крук кəсіпорын ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі туралы хабарды терең қанағаттанушылықпен жəне

шынайы қуаныш сезімімен қабылдағанын атап өткен. «Сіздің басшылығыңызбен егемен, экономикалық дамыған мемлекеттің құрылысы бізге таяу он жылға қойылған биік міндеттерді жүзеге асыру үшін сенімділік пен күш-қуат береді. Мемлекетімізде жасалған əлеуметтікэкономикалық, құқықтық жағдайлардың, инвестициялық климаттың арқасында біз балаларымыздың болашағы жарқын болатынына, бизнесіміз бен елдің гүлденетініне сенімдіміз», – деп жазады автор. Алматыдағы «Ақсай» НТК» ЖШС ұжымы атынан алғыс білдірген кəсіпорынның бас директоры О.Самаренко Қазақстан Президентінің сайлаудағы даусыз жеңісі барша қазақстандықтар үшін ортақ жеңіс болғанына назар аударады. «Сайлау ел тұрғындарының теңдессіз белсенділігін танытты. Бұл əрбір қазақстандықтың өзіне деген мемлекет қамқорлығы мен қолдауын сезінетіндігінің айшықты айғағы болып саналады. Сіз таңдаған бағыт елімізді əлемнің ең дамыған жəне табысты мемлекеттері деңгейіне жеткізеріне сенімдіміз», – делінген жеделхатта. Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС директоры А.Поляков Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі тəуелсіз Қазақстанның бұдан кейінгі тарихы үшін тағдыршешті оқиғаға айналғанын атап өткен. «Сіздің Қазақстанның болашағына қатысты болжамыңыздың дұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Еліміз шынында да заманауи əрі өркендеу үстіндегі, халықаралық аренада беделі бар мемлекетке айналды. Сіздің дана бас шылығыңызбен республика зор өзгерістерді жүзеге асыра алады. Бүгінде ауыл жұртында өз елінің болашағына берік сенім бар. Біз, ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының табыс ты орындалуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деп жазады автор. Өз құттықтауында С.Терещенко Қазақстан халқы сенімді достың жəне серіктестің үлгісін танытып, Мемлекет басшысының соңынан еріп келе жатқанын, жалпыхалықтық дауыс беру нəтижесі соны дəлелдейтін атап өткен. Түркі академиясының президенті Д.Қыдырəлі Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдері ықпалдастығының басында тұрғанын айта келіп, денсаулық пен бақуаттылық тілеген. Еңбек ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы С.Досмағамбетов Президент сайлауы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жалпыхалықтық сүйіспеншілікке жəне қолдауға ие екенін бүкіл əлемге көрсеткенін айтады. Астанадан Рогалевтер отбасы елдегі барлық саяси жəне экономикалық өзгерістер тек Қазақстан Президентінің есімімен байланыстырылатынына назар аударған. «Сіз басқарған жылдары Қазақстан қуатты да қарқынды даму үстіндегі мемлекетке айналды. Сіз мемлекетшілдердің тұтас бір шоғырын тəрбиеледіңіз, бізді бүкіл əлем біледі жəне құрметтейді, ал ең бастысы – Сіз көп ұлтты Қазақстан халқының татулығын, тыныштығын жəне достығын сақтай отырып, оны жасампаздық пен өркендеу жолымен бастап келесіз», – делінген жеделхатта. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен Қостанай қаласынан Социалистік Еңбек ері К.Дөненбаева, Қазақстанның халық əртісі С.Тыныштығұлова, М.Айтхожин атындағы Молекулярлық биоло гия инс ти тутының директоры, ака демик Н.Айтхожина, Қызыл жарты ай қоғамының пре зиденті Е.Арғым баев, Астана қаласынан профессор Д.Мəсімханұлы, Ақмола облысы Степногор қаласындағы халықтық хор ұжымы, Астана қаласынан еңбек ардагері З.Қадырова, Алматы облысы Көксу ауданы Мəмбет ауылынан Бикешевтер отбасы, Павлодар облысының Құрметті азаматы Ə.Сарқыншақов, «Рысбаева жəне К» ЖШС директоры С.Рысбаева, Тараз қаласынан Р.Тəттіғұлов, Жамбыл облысынан Е.Нəби, Ақмола облысы Қосшы ауылының тұрғыны Ф.Ғибадулина, Оңтүстік Қазақстан облысы Жеті сай қаласынан А.Жолбарысов құттықтады. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

● Қатысушылар лебізі Шəріпбек ƏМІРБЕКОВ, Шəкəрім атындағы Семей мем лекеттік университетінің ректоры: – Бұл күн – сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде кіріскен айтулы күн. Елдегі үлкен саяси үдерістің нəтижесі халықтың айрықша белсенділігін көрсетіп, Елбасын қаншалықты қолдайтынын тағы бір айғақтап берді. Қазақстан Президентінің лауазымына ресми түрде кірісу рəсімі барысында Нұрсұлтан Əбішұлы алдағы уақытта атқарылар қадау-қадау мəселелер мен жауапкершілікке толы бастамаларды атап өтті. Олар елімізді жаңа сатыға көтеретін реформалардың негізгі жүйесі болады. Бұл реформаларға шетелдік сарапшылармен қатар, еліміздің бүкіл интеллектуалдық күштері қатысады, сонымен бірге,

Қазақстанның барлық экономикалық əлеуеті жұмылдырылады. Сондықтан, Н.Назарбаевтың Президент лауазымына кірісуі еліміздің дамуындағы жаңа, тарихи кезеңнің бастамасы болып табылады. Ерғали ƏБДІҚАЙЫМОВ, Қырғызстан қазақтары қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы: – Мерейлеріңіз үстем бола берсін! Тым жырақта болмасақ та, шетте жүрген соң атажұртымыз бізге ыстық. Тарихи Отанымызда не болып жатқанына зер салып, байқап отырамыз. Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау болады дегенде, оған біз құрметтеген Нұрсұлтан Назарбаев талапкерлігін өзі де қойса деп тілек еткенбіз. Ол тілегіміз қабыл болғанына

бір қуанған едік. Енді Нұрағамыздың мерейі үстем болып, мемлекет тізгінін қолынан шығармай, ісін бұрынғыдан да жігерлі қайта жалғастырғанына тағы да қуанып отырмыз. Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтар ғана емес, түпкілікті ел қырғыздар да Нұрсұлтан Назарбаевтың қадірін жақсы біледі. Ең бастысы, Нұрсұлтан Əбішұлы көрші елдерге мемлекеттің дамуының орта жəне ұзақ мерзімдік жоспарлы, эволюциялық жолмен дамуындағы игіліктің үлгісін көрсетіп берді. Қырғызстан халқы Ассамблеясының құрамындағы Қырғызстан қазақтарының қауымдастығы – бүгінгі күнде республиканың барлық облыстарындағы қазақтардың басын біріктірген ұйым. Қауымдастықтың мүшелері қырғыз жерінде түтін түтеткен 33 мың 700 қазақтың атынан атажұртымыздың бұдан əрі де қарыштап өсіп-өркендеуін қалап, мəртебелі Елбасына жəне сайлауда дұрыс таңдау жасаған отандастарына құттықтау лебізін «Егемен Қазақстан» газеті арқылы білдіріп қоюды жөн көрді.

Денис ТЕН, мəнерлеп сырғанаушы: – Мен үшін Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рəсіміне қатысу – үлкен қуаныш. Себебі, биыл президенттік сайлауалды науқанына бірінші рет қатысып, сенім білдірілген адамы болдым. Сондықтан, бұл оқиға мен үшін өте маңызды. Нұрсұлтан Əбішұлы – біздің Тұңғыш Президентіміз. Елбасы – мемлекетімізді қалыптастырған, Қазақстанды мүлдем жаңа биікке көтерген тұлға. Бұл орайда, халықтың айрықша белсенділік танытып, Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіргеніне ризамын. Алдағы уақытта ел өмірінде, мемлекет құрылымында жаңа өзгерістер мен маңызды реформалар жүргізілетініне, Қазақстанды жаңа, үлкен асулардың күтетініне сенімім мол. Ал спортшы ретінде Қазақстан тұғырының биіктеуіне, еліміздің Көк байрағының желбіреуіне өзімнің тарапымнан үлес қосуға ұмтыламын.


6

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

ЎЛЫЌТАДЫ ХАЛЌЫЅЫЗ,

Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті лауазымына ресми кірісуініѕ АЛМАТЫ Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУде студенттер мен қызметкерлер Президенттің салтанатты ұлықтау рəсімін теледидардан тамашалады. Атап өтер жағдай, саяси науқан күні университет студенттері мен қызметкерлері алғашқылардың бірі болып 100 пайыз қатысумен белсенділік танытты. Олардың қатарында 1000 студент алғаш рет дауыс берді. Ұлықтау рəсімін көрген қай адамның да көңілі толқыды деп білеміз. Себебі, біздер тарихи сəттің куəсі болдық. Бізден кейінгі толқын, келер ұрпақ тарихтан оқитын сəттің ішінде болып, соның ауасымен тыныстадық. «Біз ұрпаққа көркейген елді, нығайған бірлікті, мызғымас тұрақтылық пен еселенген байлықты

КӨКШЕТАУ мирас етеміз, дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ басамыз. Бес халықтық реформаны табысты жүзеге асырып, болашағы біртұтас елге айналамыз», – деді Елбасы. Президенттің реформасын қолдай отырып, университетіміз ғылымиинновациялық қызметі тарапынан еліміздің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға, отандық жəне шетелдік компаниялармен серіктестік қатынасын дамытуға, Қазақстан экономикасының ғылыми-технологиялық дамуына бағытталған міндеттерді орындауға бар күшін салады. Римма ЖАНБАЕВА, ҚазҰТУ-дың ақпараттық-талдау орталығының бас маманы.

АҚТӨБЕ Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рəсімін теледидардан көріп, егеменді еліміздің абыройын асқақтатар тағы бір тарихи маңызды оқиғаға куə болдық. Елбасының Қазақстан халқына ант беру сəті елдіктің салтанатындай əсерге бөледі. Мұны жалғыз мен ғана емес, барша қазақстандықтар асыға күткені шындық. Сөйтіп, егемен еліміз Елбасын ұлықтау рəсімін бастан өткерді. Мұның өзі Қазақстанның демократиялық жəне саяси дамудың даң ғыл жолымен өркениетті елдер қатарына еркін енгенінің айқын мысалы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзін тыңдап, болашағымыз бұдан да нұрлы болатынына сеніміміз нығая түсті. Мемлекет басшысы сайлаудың бірлігіміздің қуатын паш еткеніне тоқтала келіп, елдің əрі қарай дамуының төңірегіндегі бірқатар сыртқы ықпалдарды да атап өтті. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол»

Көпұлтты халқымыз Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рəсімін еліміздегі ұлық оқиға ретінде қабылдағанына шек келтірмеймін. Өйткені, бұл жай ғана мерекелік рəсім емес, баршамыздың үкілі үміттеріміз бен асыл мұраттарымызды тағы бір жаңа белеске көтерген қадам болды. Тəуелсіз елдің Тұңғыш Президенті өз халқы алдындағы антына адалдығын мүлтіксіз орындаған тұлға ретінде еліміздің абыройын асқақтатуда. Осы жолы да халқы мызға адалдықтан тай мауға, заңда ры мызды қатаң сақтауға, барша мыз дың құ қықтарымыз бен бос тан дық та рымыз ға кепілдік беру ге салтанатты түрде Ант бергенде аса зор құрмет

бағдарламасын, бес халықтық реформаны жүзеге асыруды жалғастыра отырып, жаңа белестерді бағындыруға бағыт ұсталып отырғанына көзіміз жетті. Ұлықтау рəсімінен өркендегенімізді, өскенімізді аңғардық. Мен өзім əзербайжанмын, зайыбым қазақ қызы. Біздің отбасының өзінен еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық аңғарылады. Ал, республикамызда 130-дан астам ұлттардың өкілдері тұрып жатыр. Елбасы мен ел бірлігінің мерейлі сəті біздің əрқайсымыздың көңілімізде мəңгілік орнығып қалары сөзсіз. Бұл – біздің ортақ қуанышымыз, болашағымыздың бастау бұлағы. Ертеңіне ер кін қадам басқан Қазақстанның шығар биігі, алар асуы аласармасын. Қазақстанды аса дамыған 30 елдің қатарына енгізуге құлшына кіріскен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қадамына сəттілік тілейік.

сезімінде болдым. Көңілім жайланып, көкжиегім кеңейе түсті. Біз болашағымызға сенімдіміз жəне Елбасы мыздың көрегендігі арқа сын да сол болашақты өзіміз жасап, ұрпақтарымызға аманаттайтынымыз анық. Қазақ елі биыл аса мəртебелі мерекелер құшағында күн кешуде. Елбасы құрған Ассамблея мен халқымызды топтастырған Конституциямыз 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өту салтанатымызға қадірлі Президентіміздің сайлану тойы мерей қоса түсті. Біз енді жаңа жігермен алға басатын боламыз. Валерий СИМЧУК, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Ақмола облыстық мəслихатының депутаты.

Айќын таѕдау адастырмайды

Шахбаз ЖАМАЛОВ, «Əзербайжандар қоғамдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қаласындағы филиалының төрағасы.

АТЫРАУ Өткен жексенбіде барша қазақстандықтар секілді өзім де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бердім. Өйткені, тəуелсіздік алғалы бері Қазақстанды экономикасы жаңғырған, əлеуметтік ахуалы жақсарған қуатты мемлекетке айналдыруда Нұрсұлтан Əбішұлының ерен еңбегі бар. Елі үшін емірене еңбек еткен ер қашанда сенімге лайық екені бұл жолғы сайлауда да тағы бір мəрте дəлелденді. Еліміздің абыройы əлемдік өркениетте кеңінен танылды. Отандық экономика өрге басты. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында елімізде жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды шығару қолға алынып жатыр. Өз елімізде мұнай-газ кеніштері барланып, «қара алтынды» өңдеу сапасы арта түсті. Міне, осының бəрі «Алдымен – экономика...» қағидасын ұстанған Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен қолға алынып, сəтті жүзеге асырылып келеді. Кеше біздің ұжым Президентті ұлықтау рəсімін арнайы мəжіліс залында орнатылған үлкен монитордан көрді, сөзін тыңдады. Елбасының

«Қазақстандықтар маған ұлы сенім көрсетіп, Отанға тағы қызмет етуге шақырды. Біз күрделі жолды бірге жүріп өттік: өзімізге сеніп, Тəуелсіздігімізді алдық, мемлекет құрып, əлемге жаңа Қазақстанның есігін аштық, өзімізді біртұтас ұлы ұлт ретінде таныттық. Сіздердің сенімдеріңіз мені əрдайым шабыттандырды, сенімділік пен күш-қуат берді. Қазір барлық жауапкершілікпен айтқым келеді: бұған дейінгі жылдардағы сияқты халыққа адал қызмет етіп, елдің жəне барлық азаматтарымыздың амандығын сақтап, жалпыұлттық биік мүдделерімізді қорғайтын боламын», – деген сөзін естігенде мақтаныш сезіміне бөленіп отырдық. Елбасы ұдайы елді алға жетелеп келеді, айтқан сөзінде тұрады. Демек, тəуелсіз еліміз алда əлі талай биікке көтеріледі. Дамыған 30 елдің қатарына еніп, қуатты мемлекет атанарымызға кəміл сенемін. Қуандық ҚАЛИДУЛЛИН, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Астанадағы Президентті ұлықтау рəсімі Қызылжар өңірінде салтанатты жағдайда кеңінен атап өтілді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жиналған этномəдени бірлестіктер, студент-жастар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері салтанатты рəсімді тікелей эфир арқылы тамашалағаннан кейін флешмоб ұйымдастырды. Онда Шыңғыс Құрбанов, Мария Чернышова, Александр Плотко, тағы

басқа спикерлер сөз алып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурация барысында ант беруі өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық сезімдерін қалыптастырумен қатар, ерен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді. – Жастар! Сендер жаңа ғана Мемлекет басшысының сөздерін тебірене тыңдадыңдар. Мен бəріңді Елбасымыз секілді халыққа адал қызмет етіп, ел мен ұлт мүддесін алдыңғы орынға қоюға шақырамын. Бүгінде Қазақстанды əлемдік қоғамдастық жақсы таниды,

демократиялық ел ретінде мойындайды, – деді спикерлердің бірі, жергілікті күрд қоғамдық ұйымының жетекшісі Рашид Надиров. «Дослук» татар-башқұрт мəдени қоғамының төрағасы Əмір Баязитовтің сөздері де жарқын шықты. Ол Елба сының ұлықтау рəсі мінде белгілеп берген міндеттеріне тоқталып, тарихтың жаңа беті ашылғанын мəлімдеді. Сондай-ақ, кейінгі ұрпаққа Қазақстанды табыстау баршамызға ортақ парыз, халықтың зор сенімін арқалау ең биік мəртебе, жаңа ғасырдың

сын-қатерлеріне төтеп беріп, өркениетті елдер қатарына қосылу – басты жауапкер шілік, деген Елбасы талаптары жиналғандар тарапынан қызу қолдау тауып, жігерлі ұран сөздермен жауап берілді. Тек бейбітшілік, ынтымақ, келісім арқылы ғана қуатты мемлекет болып қалыптасамыз, ол үшін қажымай-талмай еңбек ету керек, деген ой түйілді жиында. Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––––

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Жастар ќашанда Елбасымен бірге Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Шымкенттегі «Көрме» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рəсімін қол даған мыңдаған жас тар флешмоб ұйымдастырды. Қазақстан секілді алып мемлекетке кірпіш болып қаланып жүрген жастардың Мемлекет басшысын əрдайым қолдап, құрмет көрсетуі, ұйымшылдық танытуы олардың деңгейін көрсетеді. Елдің жақсылығына, бағындырған биігіне ниеті таза, халқына жүрегі шын ашитын жандар ғана қуана алады. – Бүгін оңтүстіктің 700 мыңнан астам жастары атынан флешмоб ұйымдастырып отырмыз. Жеңіске жеткен Елбасымызды біз – жастар қолдаймыз, қуаттаймыз. Елбасымыздың еткен еңбегі, сарабдал саясаты қашанда қыз-жігіттер назарынан тыс қалған емес. Сондықтан да нұрлы жолға, нұрлы болашаққа бірге қадам жасайық! Елбасын қолдайық! – деді «Шымкент жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жандос Өсербаев. ШЫМКЕНТ. –––––––––––––––

Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ.


www.egemen.kz www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

7

СЕНІММЕН АЛЄА ТАРТЫЅЫЗ! салтанатты рəсімін тікелей эфир арќылы тамашалаєан отандастарымыздыѕ ортаќ ойы осы ҚАРАҒАНДЫ Маған қазір алыстағы тарихи отандастарымнан елімізде кезектен тыс өткен президенттік сайлауға байланысты ойпікірімді білу үшін хабарласушылар көп. Шынын айтқанда, оларды дауыс берушілердің сайлауға жаппай қатысуы жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың аса жоғары деңгейде дауыс жинауы таңғалдырғаны сезіледі. Əрине, Қазақстандағы ішкі қоғамдық жағдайды сырттай естігендерінен, жете білмеулерінен бе деп ойлаймын мұны. Ал бізге еш таңданарлығы жоқтығына өмірдің өзінен куəміз. Этносаралық достық пен татулық арқасында бəріміз ді ортақ мақсатқа ұйыстырған мемлекеттік сарабдал саясат, келешегімізге берік сенімділік осындай ауызбіршілікке тығыз топтастыра түсуін мақтаныш тұтатынымызды айтамын. Президентімізді ұлықтау рəсімін

ҚОСТАНАЙ теледидар арқылы көріп, көңіліміз мақтанышқа бөленді. Бұл салтанатқа облыстағы этномəдени бірлес тіктер өкілдері қатысуы бəрімізге ортақ мерей болды. Елбасын барша қазақстандықтар өз жүрек қалауымен таңдады. Халқымыздың Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап, бірауыздан еліміздің алға дамуына, сол ұлы мұратқа белсенділікпен атсалысуға ниеттілік танытуы елдіктің, отаншылдықтың жеңісі болып табылатындығы талассыз. Мызғымас бірлік пен бұлжымас татулықты ту еткен Отанымыздың одан əрі өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашылуына қуаныштымыз. Қазақстанымызбен, Назарбаевпен біргеміз.

Астанадағы ұлықтау рəсімі басшысын жаңылмай таңдаған мемлекеттегі елдіктің салтанаты десе болады. Теледидардан қарап, көңілімізді мақтаныш кернеп отырды. Осындай елде, кең-байтақ жерде өмірге келіп, азамат атанғаныма тəубе деймін. Түркі тілдес түбі бір қазақ пен татар қашаннан бірге келеді. Рухани жағынан да бірін-бірі толықтырған қос халықты туыстық жағынан да ешкім бөле алмайды. Біздің бірінші байлығымыз – ынтымақ, бірлік, содан кейін елді болашаққа адастырмас тура жолмен бастаған Елбасымыз екенін білеміз. Шүкіршілік етеміз. Біздің мемлекеттің тізгіні тағы да сенімді қолға тапсырылғанына қуандық. Қазақстан бүгінде əлемге танылды. Тəуелсіз жас мемлекет халықаралық көптеген мəселе бойынша үлгі көрсетіп

Виктор КИСТ, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамының жетекшісі.

«Біз Елбасын ўдайы ќолдаймыз» Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырауға ықыласы ерекше болса, мұнайлы өңір тұрғындары да мем л екеттің саясатына ұдайы қолдау білдіріп келеді. Соның жалға сы секілді жас буын өкілдері Елбасы саясатына флешмоб өткізу арқылы қолдау білдірді. Бейбарыс сұлтан алаңына жиналған жастар патриоттық əндер сазына биледі. Тəуелсіз елдің көк байрағын бейнеледі. – Біз, жас буын өкілдері Елбасы саясатының жемісін көріп келеміз. Еліміз тыныш, экономикамыз өркен жайды. Алаңсыз білім алдық. Жұмысымыз бар, жалақымызды тұрақты алып тұрамыз. Келешекке сеніміміз мол, туған Отанымыз – Қазақстан бəрінен қымбат. Отаныңа, туған жерге жетер ел де, жер де жоқ. Оны ешбір елмен айырбастағым келмейді. Əлем елдері біздегі тұрақтылық пен бірлікке, экономикалық өркендеу мен жаңғыруға қызығып та, қызғанып та қарайды. Мұның бəріне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі арқылы қол жеткіздік. Елбасы – біздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сол себептен, біз Елбасымызды əрдайым қолдаймыз, – деді қазақшаны еркін меңгерген белсенді жас Светлана Любина. АТЫРАУ. –––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Флешмоб: кґк Ту, бїркіт жəне кїн Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы жастары Астанадағы Елбасын ұлықтау салтанатына орай, Тұңғыш Президент саябағында флешмоб өткізді. Игілікті бастаманың алғы шебінде тұрған жалын жүрек, жас жігер Елбасының əрқашан да өздеріне иық сүйейтінін мақтанышпен атап өтті. Қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Толғанай Бекмұқа президенттік сайлау кезінде университеттегі барлық

замандастарының ұйымшылдықпен дауыс беріп, зор белсенділік танытқаны туралы əңгімеледі. Президентті ұлықтау салтанатын теледидардан тамашалап болысымен, жастар флешмобына келген Толғанайдың құрбылары Айдынгүл Айтуған мен Əйгерім Бостан: «Біз Президентке сенеміз, Президент бізге, жастарға сенеді», деді бірауыздан. Жастар қауымының жылдам басқосуы салтанатына 1000-нан астам Алматы жастары жиналды. Олардың ішінде студенттер, мемлекеттік емес

ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бар. Елбасын ұлықтау салтанатын қолдап, азаматтық ұстаным танытқан алматылық жастар, сазды музыка ырғағымен алаңда жүгіре жүріп, елдің көк Туын, бүркіт пен күннің кескінін өрнектеп салып, халық бірлігін дəріптеді. АЛМАТЫ. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

келеді. Атом қаруынан өз еркімен бас тартуы, түрлі діни конфессиялардың, түрлі ұлттардың бірлікте өмір сүруінің қазақстандық үлгісін паш етті. Сөйтіп, Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің бірлігі мен достығы салтанат құрып келеді. Бізді уақыт осы қалпымыздан айырмасын деп тілеймін. Мен – татар халқының ұлымын. Өзім Қостанайдағы Əулиекөл ауданында туып, қазақтың əн-күйіне елтіп өстім. Қазақ даласының ерке самалындай əндегі: «Құбыла соққан желден, Тілегін Тəңір берген, Қасиет қонған елден, Елі үшін туған Ерден, айналайын!» деген жолдар əр қазақстандықтың жүрегінен төгіліп тұрғандай естіледі. Ренат БЕКТЕМІРОВ, татар-башқұрт этномəдени бірлестігінің төрағасы.

ӨСКЕМЕН Шығыс өңірінің жұртшылығы Елбасын ұлықтау рəсімін зор қуаныш пен тамашалады. Біз, облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассам блеясының мүшелері мен этномəдени бірлестіктер жетекшілері жəне Ассамблея жанындағы ғылымисараптамалық топ өкілдері бас қосып, теледидардан тікелей эфир арқылы Президентті ұлықтау рəсімін көрдік. Биылғы сайлауда қазақстандықтар өздерінің бір мақсатқа жету жолындағы арман-мүддесін іске асыруда бір Тудың астына топтаса алатынын байқатты. Елбасының жеңісі – барша халықтың жеңісі. Инаугурация еліміздің заңнамасына сəйкес салтанатты жағдайда өтті. Президент Ата Заңымызға қолын қойып, Қазақстан халқы алдында Отанға қызмет етуге

ант берді. Еліміздің көк байрағын сүйді. Əрине, мұның бəрі барлық отандастарымыз үшін жан толқытарлық көріністер. Елбасы атап өткендей, қазіргідей алмағайып дүниеде елдігіміздің айнасы іспетті осындай мемлекеттік салтанатты шаралар тарихымызға алтын əріптермен жазылып жатыр. Бұл – бүгінгі Қазақстан азаматтары мен келешегіміз үшін тағылымды, Отан алдындағы рухты оятатын маңызды оқиға деп білеміз. Енді барша қазақстандықтар Мемлекет басшысымен бірге жаһандық сынқатерлерге қарсы қабылданатын ісшараларға, бес халықтық реформаны жүзеге асыруға жұмыла кіріседі деген сенімдеміз. Александр АЛЕКСЕЕНКО, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

ТАЛДЫҚОРҒАН Біз күллі қазақстандықтардың ақ тілеуі мен ақ ниеті нəтижесі Елбасын ұлықтау рəсімін көгілдір экраннан көрдік. Өте разы болып, көңіліміз шалқыды. Алматы облысында тұратын 103 этнос өкілдері тату-тəтті ынтымағы жараса отырып, ел бірлігінің бірегейлігін паш етті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалың елдің алдында салтанатты жағдайда ант қабылдауын əлемдік деңгейдегі аса ірі саяси сəт болды деп түсінеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен осы қадамды жасап, үлкен жеңіске жеткен Елбасы шын мəнінде теңдессіз тұлға екендігін дəлелдеді. Осы бір сəтте біз шын жүрегімізден қуандық. Елімізді өркениетке бастай білген Елбасы «Нұрлы Жол» бағдарламасын ұсынып, бес халықтық

реформа бағытын айқындағанын бұл күні тағы нақтылай түсті. Бұл бес бағыт Қазақстан Республикасын əлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытқан үстіне дамытып, ел бірлігін нығайтарына кəміл сенім бар. Көреген саясаткер арғы-бергіні екшеп, батыл қадам жасай алатын дығымен жəне бейбітшіліктің тірегіне айнала білуімен ерекшеленеді. Еліміздегі тұрақтылықтың кепілі бола білген Көшбасшымызбен біз, қазақстандықтар, мақтанамыз. Сондықтан да жалпыхалықтық қолдаумен Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Бұл елдің үлкен қуанышына айналып, Астанада өткен ұлықтау рəсімі жұртшылықты қуантып отыр. Татьяна КРИВОРУЧКО, Алматы облысындағы украин этномəдени бірлестігінің тең төрайымы.

ШЫМКЕНТ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы айқын жеңісі – елдегі жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты халықтың айқын қолдауының жемісі. Оны шетелден келген байқаушылар да өз көзімен көріп, бірауыздан айтты. Елбасының Тəуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рəсімін теледидардан көріп, сөзін тыңдадық. Халықтың Мемлекет басшысына деген үлкен құрметін ерекше сезіндік. Халық қашанда Елбасымен бірге.

Қай кезде де тіреу болуға, сүйеу болуға жарайды. Бүгінгі жеткен жетістіктерге тоқмейілсімеу керек. Алда үлкен жұмыстар бар. Қазақстанды жаңа жеңістерге жетелеу үшін Алла тағала Елба сына ден саулық, қуат, халыққа сабыр, ынтымақ берсін деп тілейміз. Дархан САБЫРХАНОВ, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.


8

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

2015 жыл. 29 сəуір. Астана. Тəуелсіздік сарайы

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


САЙЛАУ-2015: елдік жеѕісініѕ хроникасы Үстіміздегі жылғы 26 сəуір күні өтіп, бүкіл Қазақстан халқының ортақ жеңісі мен жетістігі ретінде бағаланып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 29 сəуір күні керуен керген Мемлекет басшысын ұлықтау рəсімімен бірге өзінің толық мəресіне жетті. Ол ақпанның 14-і күні алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс көтерілген уақыттан бергі қысқа аралықта біздің еліміздің елдігі мен ертеңге қол созған міндет-межелерінің өрісі мен өресін таныта алатын айтулы жолдардың жондарымен жүріп өтті. Бұл аралық біздің барша ұлттар мен ұлыстарының бірлігі жарасқан жасампаз еліміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің сара да сарабдал саясатының арқасында дұрыс бағытпен жүріп келе жатқанын тағы бір мəрте айқын айғақтап берді. Ал осы күндердегі оқиғалардың тізбегі былайша сөйлейді.

14 ақпан

Астанадағы Бейбітшілік жəне келі сім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы болды. Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, республикалық этномəде ни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарап тамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыста Ассамблея Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков сөз алып, Ассамблея атынан 2015 жылы кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу жөнінде бастама енгізді. Ол бұл ұсы нысты Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдап отырғанын айту арқылы жеткізді. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісіндегі Ассамблеяның депутаттық тобына, сая си партияларға, мемлекеттік емес ұйымдарға жəне бүкіл Қазақстан халқына кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізуге бастама көтеру туралы Үндеу қабылдады. Бастама көтерушілер мұны əлемде қазіргі таңда қалыптасып отырған экономикалық дағдарыспен жəне күрделі халықаралық жағдаймен байланыстыра отырып алға тартты. «Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет, – делінген одан əрі. – Əлемде тұрақсыздық орын алған жаңа əрі күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақ станды жаңғырту жəне дүниежүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы Н.Ə.Назарбаевқа сенім білдіру қажет». Кеңес мүшелері атап өткендей, əлемдік экономикалық дағдарыс кезінде біздің елімізде кезектен тыс сайлау өткізу «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген елімізді дамытуға бағытталған бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік береді.

жариялады. Ол Мемлекет басшысы ел ішінде биыл кезектен тыс президенттік сайлау өткізу мəселесінің қызу талқыланып жатқанына тоқтала келіп, өзіне еліміздің түкпір-түкпірінен осы мазмұнда күніне жүздеген хаттардың келіп түсетінін жеткізді. «Бұл күндері менің атыма кəсіпорындардың еңбек ұжымдарынан, ардагерлерден, студенттерден, жасы жəне кəсібі əртүрлі адамдардан көптеген хаттар мен жеделхаттар түсіп жатыр. Мұның өзі біздің азаматтарымыздың өсе түскен саяси белсенділігі мен олардың ел тағдырына шынайы қамқорлығын білдіреді. Барлықтарыңызға осы үшін зор рахмет», – деп мəлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Үндеуінде. Ал біздің азаматтарымыз үшін бүгін не нəрсе аса маңызды? Біріншіден, Елбасына жолданған барлық үндеулерде ешқандай ішкі кикілжіңдер мен сыртқы жанжалдар біздің елімізге кесірін тигізбесін деген бүкілхалықтық алаңдаушылық байқалады. Адамдар бұл үшін тұрақтылық пен қоғамымыздың бірлігін нығайту қажет екенін түсінеді. Екіншіден, əлемдік экономикалық дағдарыс белең ала түскен

11 наурыз

Осы күні Астанадағы Тəуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі болып өтті. Онда Мемлекет басшысы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатынын мəлімдеді. Президент алға қойған белгілі бір мақсатың жоқ болса, сайлауға қатысудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Президенттікке кандидат ретінде Нұрсұлтан Назарбаев Лингвистикалық комиссияға мемлекеттік тіл бойынша

«Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа» деп аталды. Онда Елбасы өзінің 5 тармақтан тұратын жұмыс жоспарын ұсынды. Бағдарламаның «Қазақстандық ұлы жол» деп аталатын бірінші тарауында еліміздің тəуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолдарына қысқаша шолу жасалып, қол жеткізілген жетістіктердің жайы тарқатылып айтылады. Ал «Дəуірдің сын-қатерлері» деген атау алған келесі тарау арқылы қазіргі əлемнің жай-күйі, Қазақстанның ондағы алатын орны сарапталып көрсетіледі. Қазір Қазақстан экономика саласында

сессияның жұмысына 1500-ден астам адам қатысып отырды. Олардың арасында еліміздің барлық өңірлерінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық жəне өңірлік этномəдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік орталық атқару органдарының, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ мен ЖОО-лардың басшылары, шетелдік дипломатиялық миссиялар мен шығармашыл зиялы қауым өкілдері болды. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі, көңіл-хошы ерекше екендігі үлкен залдың барлық бұрышынан көрініп тұрды. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын, – деп бастады сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Бұл – Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін Ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен Ұлы Отанға мəңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз». Сессия жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан халқына Үндеу қабылданды. Онда ҚХА ХХІІ сессиясы Мемлекет басшысының «Мəңгілік Ел» идеясы, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты сияқты көрнекті бастамаларын толығымен қолдайтындығы айтылды. Сондай-ақ, қазақстандық біртектілікті одан əрі нығайтып, тілдердің үштұғырлылығын дамытып, орта тапқа негізделген «Болашағы біртұтас ұлт» қана табысты мемлекеттің сенімді іргетасы болатыны атап өтілді.

24 сəуір

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция кепілі ретінде жалпыға ортақ сайлау құқығын жүзеге асыру туралы Қазақстан азаматтарына Үндеу жариялады. Бүкілхалықтық сайлау – біздің

25 ақпан

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мəселесіне қатысты үндеу

«Демократия институты» ғылымизерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі жүргізген exit-poll нəтижелері бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев үшін сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 97,5 пайызы дауыс берген. Сайлаудағы екінші кандидат – Қазақстан халықтық коммунистік партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов 1,87 пайыз дауыс алған. Үшінші кандидат – өзін өзі ұсынушы, Қазақстан Кəсіподағы федерациясының төрағасы Əбілғазы Құсайынов үшін электораттың 0,63 пайызы өз дауыстарын берген. Exit-poll осындай нəтижелер көрсетті. Қазақстан Президенті сайлауын 37 елден 200-ден астам шетелдік журналистер жазып көрсетті.

27 сəуір

Бас прокуратура сайлау туралы қо рытынды мəлімдеме жариялады. Онда сайлау науқанында сайлау процесінің барлық қатысушыларының заңнама талаптарын жəне азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау мəселелері прокуратура органдары үшін жұмыстың басты басымдылығы болғаны атап көрсетілді. Жүргізілген қадағалау іс-шаралары кезінде сайлау комиссиялары немесе мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ. Сайлау науқанында прокуратура органдарына сайлаумен байланысты небəрі 4 өтініш түсті, олардың 3-уі заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпарат немесе шағымдарды қамтымаған. «Сайлау күні қандай да бір елеулі бұзушылықтарсыз, тыныш жағдайда өткенін атап өтеміз. Дауыс беру күні қарсаңындағы кезеңде тек қана сайлау алдындағы үгітті өткізу, сондай-ақ, қоғамдық пікірге сұрау салу нəтижелерiн жариялау шарттарының жекелеген бұзушылықтары тіркелген, олар бойынша алдын алу сипатындағы шаралар қолданылды», – делінген мəлімдемеде. Ал Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Президенті сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңімпаз атанғаны ресми түрде жарияланды. Сайлаушылардың 97,75 пайызы Назарбаевтың кандидатурасын жақтап дауыс берген. «Сайлауда барлық дауыс берушілердің 95,21 пайызы өз таңдауын жасады. Олардың дауыстары төмендегідей бөлінді: Əбілғазы Құсайыновқа – 57 718 немесе 0,64%, Нұрсұлтан Назарбаевқа – 8 833 250 немесе 97,75%, Тұрғын Сыздықовқа – 145 765 немесе 1,61% сайлаушы дауыс берген. Облыстардан жəне Алматы мен Астана қалаларынан алынған нəтижелер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан Президенті болып саналсын деп қаулы етеді», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

29 сəуір

19 ақпан

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысын қарап, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндеу жолдады. «Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Парламент Сенаты Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайды, – деді палата атынан Үндеуді оқыған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. – Уақыттың өзі талап етіп отырған бастама барша халықтың қызу қолдауына ие болды, қазақстандық қоғамда оң пікірлер қалыптастырды». «Халықаралық шиеленістің артып отырған жағдайында жаһандық экономикада дағдарыс құбылыстары күшейе түскен уақытта ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Сіз айқындаған əлемнің озық 30 елінің қатарына енуді мақсат ететін «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын, Мəңгілік Ел тұжырымдамасын, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруға жағымды ахуал қалыптастыру қажет, – деді ол сосын. – Сіздің дана əрі күшті көшбасшылығыңызбен Қазақстан өзінің дамуы мен қалыптасуына қатысты барлық қиыншылықтарды лайықты еңсерді. Тəуелсіздік жылдары Сіздің саясатыңыздың нəтижесінде нарықтық экономикасы дамыған, халықаралық қауымдастық алдында беделді, қуатты мемлекет қалыптасты. Сондықтан да, қазақстандықтар барлық жетістіктерді Сіздің атыңызбен байланыстырады».

9

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

кезеңде халыққа ертеңгі күніне деген сенімділік керек. Бұл, ең алдымен, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, əлеуметтік төлемдердің, жалақының, стипендиялардың тұрақтылығы. Үшіншіден, жаһандық геосаяси қарамақайшылықтар ушыға түскен жағдайда, біздің азаматтарымызды ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі алаңдатады. Сондықтан қазақстандықтар теңдестірілген ішкі жəне сыртқы саясаттың əрі қарай жалғастырылғанын қалайды. «Менің Мемлекет басшысы лауазымындағы конституциялық өкілеттілігімнің мерзімі 2016 жылы аяқталады, – деп осы ойды жалғай түседі Елбасы. – Осыған байланысты екі ұсыныс айтылуда. Бірінші – кезектен тыс ел Президентінің сайлауын өткізу. Екінші – Мемлекет басшысының өкілеттілігін ұзарту туралы референдум өткізу. Екі ұсынысты да жүзеге асыруға болады. Көңілге қонымдысы, Конституция талаптарына жауап беретіні сайлау өткізу болып табылады. Сондықтан халықтың мүддесіне орай, оның өтінішін, жалпыға ортақ ерік-жігерін есепке ала отырып, Негізгі Заңды бұлжытпай сақтау үшін мен Конституцияның 41-бабының 3.1 тармағына сəйкес шешім қабылдап, 2015 жылдың 26 сəуірінде кезектен тыс президенттік сайлау белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым».

емтихан тапсырды. Комиссия мүшелерінің баяндауларынша, ол жазба жұмысы барысында бірде-бір қате жібермеген. Комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков: «Жазба жұмысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі таңдаған конверт бойынша «Біздің күшіміз – бірлікте» деген тақырыпта болды. Бұл кісі Президент болғалы бері мемлекетіміздің туын тұғырлы етіп, елдің ынтымағын көтеріп келе жатқан адам. Сол ынтымақ-бірліктің арқасында Қазақстан 23 жылдың ішінде осындай дəрежеге жетті. Осының бəрін екі парақ қағазға өте кең, ауқымды, сыйымды етіп, тақырыпты өте əдемі аша білді. Қате жоқ. Кандидат осындай болу керек деп ойлаймын», – деді.

13 наурыз

Бұл күні Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат – іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабы құрылды. Оған бес партия кірді. Ал штаб жұмысын басқару Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедке тапсырылды.

30 наурыз

Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы

тағы да сенімді жауап қайтара алды. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты дер кезінде əзірленіп отыр. Ол, біріншіден, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде əлемдік дағдарысқа қарсы тұру шараларынан, екіншіден, екінші бесжылдық шеңберінде индустрияландыру бағытын жалғастырудан құралады. Бағдарламаның «Бес институттық реформа» деп аталатын тарауы бүгінгі Қазақстанның алдында тұрған басты міндеттері атап көрсетіледі. Елбасы осы бес реформаны «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет», «Заңның үстемдігі», «Орнықты экономика», «Болашағы біртұтас ұлт» жəне «Ашық жəне халыққа есеп беруші мемлекет» деп аталатын тармақтар бойынша жіктеп береді. Жəне бұларды кезең-кезеңімен іске қосу керек екеніне қазық байлайды.

23 сəуір

Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған ХХІІ сессиясы болып өтті. Мерейтой жылында болған

Конституциямызда, арнайы заңымызда көрініс тапқан аса маңызды саяси ісшара. Сайлау арқылы азаматтарымыз, біріншіден, өзінің конституциялық құқығын жүзеге асырады, екіншіден, ел басқару ісіне тікелей қатысады. Əрбір азамат өзіне ұнайтын, саясатын түсінетін, халықты алға бастай алады деп сенетін кандидатқа дауыс береді. Бұл – əлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударатын ел өміріндегі елеулі оқиға. Сайлауды байқау үшін елімізге 1 мыңнан астам байқаушы, 200ге жуық шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері келеді. Олардың алдында біз ынтымағымызды көрсетуіміз керек. Халық неғұрлым белсене қатысатын болса, соғұрлым еліміздің бірлігі нығаяды, болашаққа деген сенімі беки түседі. «Баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырамын», – деп атап өтті Елбасы.

26 сəуір

Қазақстанның іс басындағы Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында айтарлықтай басымдықпен жеңіске жеткені алдын ала белгілі болды. «Бұған сайлау учаскелерінде жүргізілген сауалдама барысы айғақ болып отыр», – делінген хабарламада.

Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті болып сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рəсімі өтті. Іс-шара Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының Тəуелсіздік сарайының Үлкен залына салтанатты жағдайда əкелінуінен басталды. Мемлекет басшысының кор тежі «Ақорда» резиденциясынан Тəуелсіздік сарайының басқы есігінің алдына келді. Осы жерде жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентіне Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы А.Күреңбеков рапорт берді. Нұрсұлтан Назарбаев артиллериялық от-шашу болып жатқан кезде Тəуелсіздік сарайына кірді. Тəуелсіздік сарайының Үлкен залында Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов Конституцияның 42-бабына сəйкес, Қазақстан Республикасының Президенті халыққа ант берген сəттен бастап лауазымына кірісетінін мəлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаев оң қолын Конституцияға қойып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мəртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін!», – деп мемлекеттік тілде ант қабылдады. Содан кейін Елбасы Мемле кеттік туды сүйді. Мемлекеттік гимнді орындау барысында 21 рет зеңбіректерден оқ атылды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің куəлігін тапсырды. Мемлекет басшысы ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзінде Президент сайлауы қоғам бірлігінің қуатын паш еткеніне тоқталды. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мəліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлау шылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 даусына ие болды, бұл дауыс беру рəсіміне қатысқан сайлаушылар даусының 97,75 пайызын құрайды. Сайлау Қазақстан халқының өз көшбасшысының төңірегіне бұрынғыдан да жақын топтаса түскенін айғақты түрде анық көрсетіп берді. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».


10

30 сəуір 2015 жыл

www.egemen.kz

ХАЛЫЌТЫЌ РЕФОРМА ХАЛЫЌ Индустрияландыру жəне экономикалық өсім бүкіл жүйенің əртараптандырылуын қамтамасыз етіп, мықты орта тапты жасақтауды тездетеді. Жалпыұлттық рухани «Мəңгілік Ел» идеясының біріктіруші құндылықтары қазақстандықтардың ұлттық бір тектілігіне əкеледі. 100ден астам этнос пен 17 конфессия өкілдері болып табылатын біздер үшін

АСТАНА Н.Ə.Назарбаевты президенттік сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жетуімен жəне ел Президенті қызметіне кірісуімен құттықтаймыз! Халықтың бұл таңдауының астарында Елбасына деген үлкен сенім жатыр. Өйткені, Мемлекет басшысында алдағы іс-қимылдарға байланысты нақты стратегиялық жоспар бар. Астана қаласының этномəдени бірлестіктері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ұсынған институттық реформалардың көкейкестілігін атап көрсетеді. Салмақты мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстан бүгінде көптеген бітімгершілік бастамалар мен серпінді экономикалық реформалардың интеграторы. Қазақстан іс жүзінде табысты даму үстіндегі мемлекет құру жолымен нық қадам басып келеді. Біз Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік қызмет, индустрияландыру, оның ішінде заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы халықтық реформалар еліміздің жаңа табыстарға жетуіне оң ықпал ететініне сенімдіміз. Біздің 100-ден астам этнос тұратын көпұлтты қоғамымызда бейбітшілікті, бірлік пен толеранттылықты сақтау жөніндегі қазақстандық саясат – баға жетпес құндылық. Қазіргі таңда Қазақстанның

этносаралық келісімді нығайту жөніндегі тəжірибесі əлемдегі ең табыстыларының бірі ретінде мойындалып отыр. Болашақтың біртұтас ұлты мен транспарентті жəне есеп беруші мемлекет – шешуші институттық реформалар шеңберінде – тұрақтылық пен келісімнің өзіндік ұлттық жүйесін дамыту жалғасатын болады. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы қағидаттарына негізделген қазақстандық бірегейлікті одан əрі нығайту маңызды екенін ерекше атап көрсетсек дейміз. Роза ПАК, корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

Ақтөбе облысының этномəдени бірлестіктері Н.Ə.Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы айқын жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды! Бұл – біздің ортақ жеңісіміз, бүкіл Қазақстан халқының жеңісі. Əлемде жəне елімізде болып жатқан жағдайлар бізді де толғандырмай тұра алмайды. Сондықтан біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның ерекше маңыздылығын атап көрсетеміз. Жиырма жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осынау бірегей институт біздің қоғамның басты қағидатын – Қазақстан халқының татулығын, келісімі мен бірлігін іске асырады. Президент Н.Ə.Назарбаевтың халықтық реформаларын іске асыру Қазақ станның одан əрі табысты əрі қарқынды дамуы үшін көкейкесті əрі уақыт талабы. Мемлекет басшысының салиқалы саяси бағытының арқасында Қазақстан экономикасының негізі берік. Реформалардың бірінде ұсынған одан əрі индустрияландыру бұл тұғырды барынша нығайта түспек. Индустрияландыру бағдарламасының орындалуы біздің облыстың өндірістік кəсіпорындары мен шағын жəне орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Реформаның арқасында бұл жұмыс жалғасын тауып,

мүмкіндік беріп қана қоймай, Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін тиімді ете түсуге ықпал ететін болады. Мұның шағын жəне орта бизнесті дамытуға, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға оң əсер ететіні сөзсіз. Аталған секторды қолдаудың ел Президенті ұсынған тетіктері оны əрі қарай дамыту үшін басты ынталандырушы күш ретінде көрінеді. Мемлекет басшысының институттық реформаларын жүргізу туристік сала үшін де үлкен перспективаларға есік ашады. Еліміз бен Елбасының жоғары халықаралық беделі өмірдің барлық сала сы үшін дамуға барынша оң тайлы жағдайлар туғызса, бұлар Қазақстанның қазіргі жəне болашақтағы табыстарының берік негіздері болады. Бес институттық реформаны жүзеге асыруды дəл қазір бастаудың маңызы өте зор. Мария ПАПП, венгр этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары, «Келет» АҚ əкімшілік бөлімінің басшысы.

Институттық реформалардың бірі – мемлекеттік қызметтің кəсіби жəне автономды корпусы экономикалық бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін жəне мемлекеттік қызметтерді ұсынуды арттыруға мүмкіндік бермек. Заң үстемдігін қамтамасыз ету орайындағы реформа судьялар жұмысына біліктілік талабын қатаңдандыра түсуге жəне бүкіл сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Осы арқылы судьялар қатарындағы сыбайластық проблемасы шешімін таппақ.

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы тамаша жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын пейілден құттықтаймыз! Бұл тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күнінің – біздің халқымыздың ынтымағы, біздің ұлттық бірлігіміз бен қоғамдық келісім мерекесінің қарсаңында өтуі айрықша нышанды. Мемлекет басшысының дана саясаты, оның көрегендігі мен салиқалылығы, барлық іс-қимылдарының айқындығы мен негізділігі, шешімталдығы мен қажыр-қайраты Қазақстан Республикасының даму тарихындағы жаңа өркен ретінде өз жемістерін беруде. Біз, Алматы облысының этномəдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған бес институттық реформаның уақыт талабына сай өзектілігін атап көрсетеміз. Институттық реформалау – əлемдік экономика мен геосаясатта қалыптасқан ахуалға берілген нақты жауап. Мемлекеттік аппаратты реформалау жəне мансап бойынша əділетті өсу мен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру қағидаттарын нығайту саяси шешімдерді қабылдаудың тиімділігі мен сапасын арттырады. Сайып келгенде, бұл мемлекеттік қызметтің абыройбеделінде көрініс тауып, азаматтардың сенім деңгейін өсіреді. Заңның үстемдігі – қоғамдағы əділеттіліктің міндетті шарты. Ондай жерде бизнес еркін дами алады. Қазір құқық қорғау жəне сот органдарында кəсібилердің жұмыс істеуі өте маңызды. Алматы облысының өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығында еліміздің барлық ұлттарының өкілдері тату-тəтті келісім жағдайында өмір кешіп, еңбек етуде. Облысымыздың берекелі жерінде егіншілік жəне мал өсіруші фермерлік шаруашылықтар табысты дамуда. Орта жəне шағын бизнестің, сондай-ақ, аграрлық сектордың дамуын мемлекеттік қолдау біздің жерлестерімізге жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етіп, жастарымызға жаңа көкжиектер ашады.

өңдеуші секторды кеңейту жəне жаңа экспорттық өнімдерді жасау жолымен елдің экспорттық əлеуетінің дамуы қамтамасыз етілетін болады. Қазақстан жеріндегі татулық, достық жəне толеранттық философиясы əлемдік қоғамдастық үшін үлгіге айналды. Осы қағидаттардың барлығы «Мəңгілік Ел» идеясының жəне ортақ болашақты құру жөніндегі реформаның негізіне алынды. Біз Елбасының халықтық реформалары қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты, этносаралық жəне конфессияаралық татулық пен келісімді сөзсіз қамтамасыз етеді деп есептейміз. Біз Көшбасшымен біргеміз, бірге болғанда біз біртұтаспыз жəне күштіміз! Гайк ТЕРТЕРЯН, «Урарту» армян қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

біртектілікті нығайту жолында ілгері баса беретініне сенімдіміз. Мемлекет басшысы атап көр сет кендей, азаматтық қағидаты табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады. Юрий КУСТАДИНЧЕВ, Атырау облыстық «Возрождение» болгар этномəдени бірлестігінің төрағасы.

Батыс Қазақстан облысының этномəдени бірлестіктері Н.Ə.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен жəне еліміздің Президентін ұлықтау күнімен шын жүректен құттықтайды! Қазақстан халқы тағы да өздерінің ауызбірлігін, ел дамуындағы бірлігін, бақытты да дамыған Қазақстанды құрудағы шынайы көзқарасын білдіріп, бірден-бір таңдауын жасады. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институттық реформаның айрықша көкейкестілігін атап өткіміз келеді. Бес халықтық реформа – бұл қазақстандық болашақ біртұтас ұлтқа жасалынған бес қадам. «Ашық үкімет» тетігі арқылы транспарентті жəне есеп беретін мемлекет құру, мемлекеттік органдардың жауапкершілік кеңістігін тарылту – азаматтық қоғамның күнделікті өмірде, көкейкесті салаларда маңызды шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына мүмкіндік əпереді. Заң шығару саласында, қоғамда өзін өзі басқару жүйесін кеңінен енгізу жөнінен қарастырылған кешенді бұл шаралар мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған. Біз Президент Н.Назарбаевтың саясаты арқасында Қазақстан қол жеткен

жетістіктері мен табыстарын нығайтып, əлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жөніндегі жоғары стратегиялық мақсатының үдесінен шығатынына сенімдіміз. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге жəне ұлтаралық келісімін нығайтуға бағытталған барлық бастамаларын əрқашан да қолдайтын боламыз. Максим ПАК, Батыс Қазақстан облыстық корей этномəдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Біз, қазақстандықтар, болашақтың біртұтас ұлты ретінде ел Президенті алға қойған реформаларды іске асыруға бірауызды зор құлшыныспен əзір отырмыз. Алдағы жұмыстағы ең басты нəрсе – біздің ынтымағымыз бен бірлігіміз. Біз мемлекеттің транспаренттілігі жəне есеп беріп отыруы ұлтаралық бірлікті, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға жасампаздық серпін беретіндігіне сенімдіміз. Бұл – Мемлекет басшысының дана саясатының басты жетістіктері. Бес негізгі бағыт бойынша ұсынылған реформалар заманауи талаптарға əбден сай келеді жəне озық сипатқа ие. Əркез алда жүру күшті көшбасшылардың қасиеті. Осы қасиет жалпы алғанда, бүкіл халықты жəне мемлекетті табыс пен өркендеуге жеткізеді. Біз жəне біздің Отанымыз – Қазақ стан ғылыми ой мен өнеркəсіптік тех нологияның соңғы жетіс тіктерін пайдалана отырып, өз даму қарқынымызды баяулатпай, Көшбасшымызбен бірге əлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуға қадам басқан өз жолымызды кəміл сеніммен жалғастырамыз. Расим КУШАЛИЕВ, Республикалық «Ахыска» түрік этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Атырау облысының этномəдени бірлестіктері Елбасын сайлаудағы лайықты жеңісімен жəне Президент қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды! Елбасының ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбегіне, əрбір қазақстандыққа деген қамқорлығына өз сүйсінісімізді білдіреміз.

өзектілігін атап көрсетеміз. Бүгін таңда күрделі геосаяси үдерістер, əлемдік экономикадағы тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан серпінді жəне сенімді дамуын жалғастыруда. Осы заманғы сын-қатерлер жаңа жауаптарды, қалыптан тыс шешімдерді, алдын алу шаралары қолданылуын талап етеді. Сондықтан біз Қазақстан экономикасының одан əрі сатылап дамуын жəне қоғамның əлеуметтік көңіл күйі жақсаруын қамтамасыз етуге бағытталған Президенттің бес халықтық реформасының жария етілуінің маңыздылығын ерекше қадап айтамыз. Елде мемлекеттің қолдауымен этностық БАҚ-тар шығарылуда, ұлттық театрлар жұмыс істейді. Этностық топтардың көптеп тұратын жерлеріндегі мектептерде ана тілдерінде пəндер оқытылады. Біз «Мəңгілік Ел» идеясы құндылықтарының негізінде топтасқан, тең құқықты жəне тең мүмкіндіктерге ие қазақстандық қоғамның қазақстандық

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ Дауыс берудің керемет қорытындыларын тұтастай жəне толық қолдай отырып, Н.Ə.Назарбаевты Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтаймыз! Биылғы жылғы 1 мамыр күні – ерекше мереке қарсаңында бүкіл халық болып сайлаған Президенттің қызметіне кірісуінің салтанатты рəсімі өтті. Бұл біздің қоғамдық келісіміміз бен ұлттық бірлігімізді бұрынғыдан да нығайта түспек. Біз Мемлекет басшысы Н.Ə.Назар баевқа қазақстандық қоғам ның топтасқандығы, бірлігі, этносаралық келісімі үшін терең алғыс сезімін білдіреміз. Азаматтардың тату-тəтті жəне бақытты өмірі, əл-ауқаты – мұның бəрі ел Президентінің дана əрі көреген саясатының жемісі. Елдің халықаралық беделі нығая түсуде, бізді бүкіл əлем біледі жəне құрметтейді. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар – бұл Қазақстанның жаһандық сын-қатерлерге дер кезінде берген мығым жауабы. Елбасы ұсынған бес реформаның жиынтығы Қазақстан мемлекеттігін нығайтудың алғышарттары болып табылады.

Елена МАЩИНСКАЯ, ҚХА мүшесі, Ақмола облыстық мəслихатының қоғамдық жəне этносаралық келісім мəселелері жөніндегі партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобының жетекшісі, «Чуваш этномəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

АЛМАТЫ Мемлекет басшысы – Елбасы Н.Ə.Назар баевты кезектен тыс сайлау дағы жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен шын жүректен құттықтаймын! Ел Президентінің ұлықтау салтанаты Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында өтуінің терең нышандық мəні бар. Дəл қазір, əлемдік экономикалық дағдарыс белең алып, Қазақстан экономикасына қысым көрсете бастаған кезде, бізге тұрақтылық, бірлік жəне қоғамымыздың топтасқандығы ауадай қажет. Елбасын сайлау арқылы біз Қазақстан халқының бірлігі мен өзінің Көшбасшысының төңірегіне топтасқандығын дəлелдеп бердік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бастамашылық жасаған институттық реформалар Қазақстан Президентінің даналығы мен стратегиялық тұрғыдан ойлай білетінін кезекті мəрте дəлелдеп берді. Қазақстан қоғамын дəйектілікпен экономикалық, саяси, құқықтық, мəдени салаларда жаңғырту мемлекетімізді əрі қарай нығайтуға бағытталған. Бүгінде еліміздің кез келген өңірінде тұратын əрбір қазақстандық өзінің əлеуетін жүзеге асыруға жəне өз Отанының игілігі үшін жұмыс істеуге толықтай мүмкіндіктерге ие. Елбасы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыруда Алматы қаласына ерекше орын берілген. Мұнда қаржы орталығын құру, сондай-ақ, арнайы мəртебесін заңды тұрғыдан бекіту қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға

Еуразиялық идея біріктіруші мұратқа айналуы тиіс.

Бұл оқиға тағы бір рет Қазақстан халқының шынайы бірлігінің айғағына айналды. Ұлықтау рəсімінің 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өткендігі тегін емес. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болған бес институттық реформаның ерекше

Біз Н.Ə.Назарбаевты сайлаудағы бұлтартпас жеңісімен жəне еліміздің Президенті қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының Нұрсұлтан Əбішұлының басшылығымен бұдан да қуатты мемлекетке айналатынына сенеміз! Татулық пен келісімнің қазақстандық озық моделі көптеген өзге мемлекеттерге үлгі болары анық. Толеранттылық пен бірлік «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты да құнды негізі ретінде ресми түрде жарияланды. Ұлықтау рəсімі 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында өтуі тегін емес. Бұл мереке шын мəнінде біздің елімізде өмір сүріп жатқан бар лық этностар арасындағы нағыз достықтың символына, ынтымақтастық пен жаңарудың үлгісіне айналды. Президенттің бес халықтық реформасы қазіргі заман сын-қатерлеріне жауап болып, экономикалық жəне əлеуметтік дамуда жаңа биіктерге өрлеуге жол ашады. Бүгінде ТМД елдері арасында Қазақстан – халқының өмір сүру дəрежесі ең жоғары, инвестициялық климаты мейлінше қолайлы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен əкімшілік аппараты реформасын жасауда озық көшбасшы санатында танылып отыр. Мемлекет басшысының «алдымен экономика, содан кейін саясат» ұстанымының негізінде іске асқан саясатының арқасында барлық сала тиімді дамып келеді. Бес институттық реформаның негізгі

бір мақсаты – транспарентті жəне есеп беруге тиісті мемлекет болып саналады. Біз мемлекеттік органдар басшыларының есеп беру тəжірибесі халықтың сенім дəрежесін арттырады деп санаймыз. Сондай-ақ, мемлекет пен тұрғындар арасындағы тиімді байланыста «ашық үкімет» тетігін ерекше атап өту керек, бұл арада азаматтар шешімдер жасау үдерісіне қатысуға мүмкіндік алады. Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік органдар мен əкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтудің де маңызы зор. Бұдан тыс, азаматтық қоғамды – аумақтық дəрежедегі бюджеттендіру үдерісіне тартудың да маңызы зор. Амир ХАЛИКОВ, Жамбыл облыстық «Айнұры» татар-башқұрт этномəдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.


30 сəуір 2015 жыл

11

www.egemen.kz

ИГІЛІГІНЕ ЌЫЗМЕТ ЕТЕДІ басшысы – келешек бір ұлт қалыптастыру үшін қазақстандық қоғамды бұрынғыдан бетер ұйыстырып, бəсекелестік ахуал туғызуды міндеттеді. Мұндай институттық реформаны жариялау барлық қазақстандықтарға теңдей мүмкіндіктерге ие болуға құқық береді.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ Біз, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы кəміл жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз! Нұрсұлтан Əбішұлының жеңісі – біздің еліміздің одан əрі өркендеуінің кепілі. Біздің Көшбасшымыздың басшылығымен Қазақстан көз алдымызда жас мемлекеттен əлем елдері арасындағы нышанды құбылысқа айналды. Біз Президент тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан үдемелі индустрияландыру бағдарламасының жəне «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының нақты нəтижелерін көрудеміз. Елбасының бес институттық реформасы қазіргі даму қарқынын сақтауға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге жəне қазақстандық қоғамды бұрынғыдан да топтастыра түсуге қызмет етеді. Транспарентті жəне есеп беріп отыратын мемлекетті қалыптастыру азаматтық қоғамның біздің өміріміздің əртүрлі салаларына байланысты аса маңызды шешімдерді қабылдауға белсендірек қатысуына мүмкіндік береді. Заңнамалық салада қарастырылған шаралар кешені, қоғамның өзін-өзі реттестіру жүйесін кеңінен енгізу біздің мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған. Биыл біз еліміздің тарихындағы маңызды межелерді – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның 20 жылдығын атап өтеміз. Қазақстандық қоғам үшін Елбасының бес институттық рефор масының да қуатты біріктірушілік идеясы бар. Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Қазақстан экономикада жақсы мығымдық қорына ие, барлық салаларда одан əрі дəйекті даму үшін барлық жағдайлар жасалған. Татулық пен келісім ісіне, одан əрі тұрақты дамуға шынайы берілгендік қазақстандықтарды жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Н.Ə.Назарбаевтың татулық пен келісім саясаты біздің халқымыздың алдынан күш-жігерді біріктіре отырып, берекелі де көркейген Қазақстанды құру жолында бірлесе еңбек етудің, балаларымызды өсірудің, біздің ортақ болашағымызды құрудың тарихи ұлы кеңістігін ашып берді. Сондықтан ұлықтау жəне ел Президенті қызметіне кірісу рəсімінің 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында өтуінің терең мəні бар. Бұл оқиға Қазақстан халқының шынайы бірлігінің тағы бір айғағына айналды. Біздің шын жүректі құттықтауымызды жəне игі тілектестігімізді қабыл алыңыз. Увайс ДЖАНАЕВ, Қарағанды облыстық «Вайнах» чешен-ингуш этномəдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Н.Ə.Назарбаевты өткен сайлаудағы айқын жеңісімен жəне Ел Президенті қызметіне кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз! Сайлау қазақстандықтардың ауызбірлігі мен Елбасына деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетті. Сайлау қорытындысы халықтың өзінің Елбасына деген толық сенімін паш етті, Мемлекет басшысы ұсынған халықтық реформаның көкейкестілігі мен өміршеңдігін байқатты. Қазақстан мемлекеттігін одан əрі нығайту жолындағы бес қадам – бұл шын мəніндегі халықтық реформалар. Еліміздің аграрлық өңіріндегі біздер үшін Елбасының жаңа кешенді даму бағдарламасының негізінде ауыл шаруашылығының шикізат өңдеу секторын дамытуда алдымызға қойған міндеттердің мəн-маңызы өте зор. Бұл бізге жаңадан жұмыс орнын ашу үшін жағдай жасап қана қоймай, ең алдымен, қажет етіліп отырған жоғары сапалы өнімдер өндіруді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты шағын жəне орта бизнестің келешегіне жол ашылмақ. Мемлекет басшысының бес институттық реформасы – экономиканың осы секторының қосымша өркендеуіне, дамуына жетелейтін кешенді шаралар десе де болады. Бұл əлеуметтік-экономикалық мəселелерді тиімді шешуге, аймақтық

қана емес, күллі республика рыногын жаңа тауарлармен толтырып, халықтың тұрмысын көтеруге мүмкіндік береді. Нақ сол себептен де Қазақстан Президентінің институттық реформасының еліміздің барлық аймақтарында табысты көрсеткіштерге ие болары анық. Еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі тек біздің Мемлекет басшысының жүргізіп отырған татулық пен келісім саясатының арқасында ғана жүзеге асты. Толеранттылық идеясы негізінде дамып, өркендеу – болашақ біртұтас ұлт құру міндеттерін айшықтайды. Андрей ДВУРЕЧЕНСКИЙ, Қостанай облыстық ҚХА орыс этномəдени бірлестігінің мүшесі.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ Қызылорда облысының Ассамблея мүшелері Н.Ə.Назарбаевты сайлаудағы теңдессіз жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтайды! Біз əлемдегі қазіргідей аса күрделі экономикалық дағдарыс кезеңінде, тек қана нағыз Көшбасшы – Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті əлеуметтік прогреске сенімді бастай алады деген сенімдеміз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ұсынған институттық бес реформаны жүзеге асыруды уақыттың өзі міндеттеп отыр. Қазақстандық қоғамды жаңғыртудың басты бағыттары – қазіргі заманға сай кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппаратты құру, заң үстемдік етіп, жекеменшіктік құқықты қорғау. Экономикадағы тұрақтылық пен болашақ біртұтас ұлт негізінде транспарентті жəне есеп беретін мемлекет – барлығымыз үшін заманауи мемлекет болып табылады.

Біз Елбасымен ғана қуатты да тұрмыс дəрежесі жоғары мемлекетте өмір сүруді көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Галина ЩЕРБАКОВА, «Славяне» қоғамдық-мəдени бірлестігінің жетекшісі.

Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Елбасын сайлаудағы айқын жеңісімен жəне Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтайды! Бұл – өз Елбасына деген зор сенімнен туындаған халық еркінің көрінісі. Біздің барлық жетістіктеріміз Президенттің ұлттық бірлікті басты назарда ұстауының арқасында мүмкін болды. Ел Президентінің қызметіне кірісу рəсімі бүкілхалықтық мереке – Қазақстанның барша халқының бірлігі күні қарсаңында болғандығы тегін емес. Халық өз Көшбасшысына өз болашағын сеніп тапсырған. Тек Елбасы бастауымен ғана біз ортақ бақ-берекені орната алмақпыз. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев белгілеген институттық реформалардың маңыздылығы мен өзектілігін атап көрсетеміз. Бүгінде елде ауқымды «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске асырылуда, жаңа кəсіпорындар ашылуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда. Қазақстан Президенті қабылдаған елді одан əрі тұрақты дамыту жөніндегі шаралар ертеңгі күнге деген сенімділік ұялатады. Көлік-логистикалық жəне туристік əлеуетке ие біздің өңір үшін біреуі туризмді дамытуға бағытталған бес институттық реформаның қабылдануы үлкен көкжиектер ашады. Маңғыстау – Қазақстанның инвестиция ең көп салынатын облыстарының бірі. Сондықтан Мемлекет басшысының

шетелдік жəне отандық инвесторлар тарапында заңның үстемдігін жəне қазақстандық сот орындарының əділдігін қамтамасыз ету жөнінде қойып отырған міндеттерінің біз үшін маңызы үлкен. Барлық қазақстандықтар үшін жалпықазақстандық «Мəңгілік Ел» идеясы үлкен біріктірушілік қуатқа ие. Біз көпұлтты халқымыз Көшбасшы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге басты мақсатымызға жететініне – біздің еліміз бұрынғыдан да күшті болып, өркендей түсетініне сенімдіміз. Магомед ЛОРСАНОВ, Маңғыстау облысының «Вайнах» чешен-ингуш этномəдени бірлестігінің төрағасы.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Оңтүстік Қазақстан облысының этномəдени бірлестіктері Н.Ə.Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен жəне Мемлекет басшысы лауазымына ресми кірісуімен шын жүректен құттықтайды! Бұл – оның тарихының күрделі сəтінде Елбасы саясатының төңірегіне біздің топтасуымызды қажет ететін біздің еліміз үшін нағыз ақиқат сəті. Сондықтан ұлықтау рəсімінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр қарсаңында өтуінің терең символдық мəні бар. Əлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде біз Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформаның заманауилығын атап өтпекпіз. Қазақстан экономикасының шешуші бағыттарын жəне мемлекеттік менеджмент жүйесін реформалау Қазақстанның баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет ретінде одан əрі дамуының маңызды сатысына айналады. Олар «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыруға жəне Қазақстанның əлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуіне жағдай жасайды. Əлемдік экономикада энергия ресурстары мен металға бағаның құлдырауы, саяси салада шиеленісті жəне дау-жанжалды ахуалдар байқалуда. Дəл осынау күрделі кезеңде Мемлекет басшысы жаңа бағдарлар қойып, Қазақстанның бүкіл қоғам игілігі үшін жасампаздықпен даму жолында алға басу бағытын таңдауды көрегендікпен белгіледі. Біз əртараптандыру негізінде индустрияландыру жөніндегі міндетті көтеріңкі көңіл-күймен қабылдадық. Сонымен бірге, ел Президенті аграршыларды субсидиялау тиімділігін арттыру арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауды бірінші кезекке қойды. Бұл шаралар бізге отандық тауарлардың бəсекелестігі мен Қазақстанның экспорттық əлеуетін арттыруға жағдай жасайды. Біздер, облыстық Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының өкілдері бүгінде

мемлекеттік басқару жүйесін қайта пішіндеудің маңызды екенін атап өткіміз келеді. Қазіргі заманғы қазақстандық мемлекеттік қызметшілер ең жоғары талаптарға жауап беруі тиіс. Ол мемлекеттік қызметке əділ жəне тең қол жеткізгенде, олардың сіңірген еңбегіне қарай мансаптық өсуінде, моральдық жəне материалдық ынталандырудың икемді жүйесінде ғана мүмкін. Жекеменшік құқығына кепілдік беретін заң үстемдігін қамтамасыз ету əлемдік экономикадағы қазіргі заманғы теріс ағымдар ықпалына қарсы тұрудың маңызды тетігі болмақ. Бүгінде елде кəсіби жəне жеке мүддеге салынбайтын судьялардың, құқық қорғау жүйесінің принципті қызметкерлерінің жұмыс істеуі өте маңызды. Қоғам өмірінің барлық салаларындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік шетелдік бизнес үшін Қазақстаның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі. Мемлекет басшысы ұсынған барлық шаралар біздің қоғамымызды біріктіріп, оны келешек буынның игілігі үшін бірегей міндеттерді шешуге бағыттайды. Марина ЛИМАРЕНКО, «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Бүгінгі таңда Қазақстанда 100 ұлт пен ұлыс, 17 конфессия өкілдері өзара ынтымақ пен келісім жағдайында өмір сүріп жатыр. Біз бір халықпыз, біз – қазақстандықтармыз! Біздің мемлекетіміздің

Павлодар облысының этномəдени бірлестіктері өкілдері кезектен тыс сайлауда айқын жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің Президентін сайлау біздер үшін – тағдыршешті оқиға. Отанымыздың гүлденген болашағын біз тек қана Н. Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Мемлекет басшысы 5 институттық

реформаны дер уақтында ұсынды деген ойдамыз. Кез келген жоспардың стратегиялық дамуы əрқашанда тактикалық қадамдар жасау арқылы игерілмек, ол институттық реформа болып табылады. Павлодар облысында өнеркəсіптік өндірістер қарышты дамып келеді, оның қатарында отандық металлургия көш бастап, энергетика мен пайдалы қазбалар өндіру дамып отыр. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық

қалып тасты. Мал шаруашылығы мен астық өндіру аграрлық бизнесте дəстүрлік салаға айналды. Мемлекет басшысы ұсынған мемлекеттік басқару саласын қайта құру, заң үстемдігін нығайту, индустрия мен ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Мемлекеттік қызметке жаңаша басымдық беру сапалық көрсеткіштерге бағытталған менеджменттің жаңаша жүйесін қалыптастыруға оңтайлы жағдай жасайды. Тең қолжетімділік қағидаттары, материалдық ынталандырудағы əділдік, мемлекеттік қызметшілердің мансап баспалдағымен өсуі – барлық салада стратегиялық басымдық пен мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды оң шешуге септігін тигізері хақ. Павлодар облысында өңдеуші өнеркəсіпті жеделдетіп дамыту үшін барлық жағдай жасалынған. Энергетикалық кешен, қолайлы географиялық орналасу, табиғи жəне жасанды тасымалдау желілері табысты индустрияландыруға, əртараптандыруға негізделген экономикалық өсудің алғышарты болып табылады. Білікті мамандар жəне өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығында қалыптасқан

əлеуеттер зор экономикалық қуатты күш болып саналады. Ынтымағы жарасқан үлкен шаңырақтың мүшелері, біздер, облыс тұрғындары аға ұрпақтың даңқты дəстүрін лайықты сақтап, жалғастырып келеміз. Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған институттық реформалар шын мəнінде бір мақсатқа ұйыстырушы фактор болып табылады. Любовь БОГНАТ, Павлодар облыстық «Беларусь» мəдени орталығы» ҚБ төрайымы.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Солтүстік Қазақстан облысының этномəдени бірлестіктерінің өкілдері Н.Ə.Назарбаевты сайлаудағы абсолюттік жеңісімен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуімен құттықтайды! Елбасына соның арқасында түрлі ұлттар өкілдері татулықта, достық пен келісімде өмір сүріп жатқан кемеңгер саясаты үшін өзімнің сарқылмас ризашылығымды, терең құрметім мен шын жүректі алғысымды айтқым келеді. Мемлекет басшысы ұсынған 5 институттық реформа біздің мемлекетіміздің баршаға арналған заманауи мемлекет ретіндегі одан əрі дамуын қамтамасыз етіп, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының табысты жүзеге асуына жағдай жасайды. Мемлекеттік басқару жүйесіне көз қарастарды қайта қарау жəне «қайта жүктемелеу» саяси шешімдер қабылдау мен жүзеге асыру деңгейіндегі мемлекеттік басқару жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Барлық мемлекеттік қызметшілер үшін əділ жағдайлар туғызу жəне ынталандыру жүйесін белгілеу бүтіндей алғанда, мемлекеттік менеджментке оң əсер етеді. Біздің облысымызда өңір экономикасының барлық салаларында бірге жұмыс істейтін бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді. Ел Президенті ұсынған реформалар əртараптандыруға негізделген өнеркəсіптің буырқана өсуін қамтамасыз етуі тиіс. Біз үшін шағын жəне орта бизнес саласын қолдау айрықша маңызды.

Солтүстік Қазақстанда өсімдік жəне мал шаруашылығымен бірге ауылшаруашылық өңдеу кəсіпорындары дамуда. Қазіргі уақытта мемлекеттік қолдау мен аграрлық өндірісті субсидиялау бізге айрықша маңызды. 5 институттық реформа жұмылдырушы сипатқа ие. Олар бізді Қазақстанның біртұтас халқы ретінде қазіргі заманғы маңызды проблемаларды шешуге жəне Елбасы қоғам алдына қойған жалпымемлекеттік міндеттерге қол жеткізуге жұмылдыруы тиіс. Бізге, барлық қазақстандықтар сияқты елде болып жатқан оң өзгерістерге өз қатыстылығымызды сезіну, болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның ортақ даму ісіне өз үлесіміздің қосылғанын сезіну маңызды. Рашбиль ЕВДАЕВ, «Солтүстік Қазақстан облыстық еврейлер мəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ Шығыс Қазақстан облысының этномəдени бірлестіктері Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан Респуб ликасы Президентінің кезектен тыс сайлаудағы жеңісі туралы хабарды құптау жəне біздің еліміз үшін мақтаныш сезімімен қабыл алды. Біз бəрі де адам үшін жасалып жатқан Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстарды жалпы жұрт мойындаған Көшбасшы, ғаламдық ойлау жүйесін жете меңгерген тұлға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Осының бəрінің негізінде біздің еліміздегі достық пен тұрақтылықты нығайту жолындағы Сіздің бағытыңыз жатыр. Ұлықтау рəсімінің жəне ел Президенті қызметіне кірісуінің Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің қарсаңында болғандығы тегін емес. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашысы болған бес институттық реформаны іске асырудың өмірлік маңыздылығы мен қажеттілігін атап көрсетеміз. Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстан татулық пен келісімнің, толеранттылық пен бірліктің өзіндік ерекше моделін сақтай алып отыр. Біз өз еліміздің жетістіктерін, өздерін біртұтас ынтымақты ұлт сезінетін адамдар арасындағы достық рəуіштілікті мақтан тұтамыз. «Мəңгілік Ел» идеясының негізгі құндылықтары қазақстандық қоғамды қазақстандық біртектілікті нығайту орайындағы жалпыұлттық мақсаттар төңірегіне одан əрі топтастыруға қабілетті. Мемлекет басшысы бес халықтық рефор маны жария еткенде атап көрсеткендей, заманауи мемлекет орнатудың негізгі қағидаты азаматтық теңдік болып табылады.

Барлық азаматтар құқықтарды тең дəрежеде пайдалануы, бірдей жауапкершілік арқалауы, мүмкіндіктері бірдей болуы тиіс. Бұл қағидат табысты мемлекет факторына айналмақ. Қазақстанның барлық азаматтары үшін, ешбір кедергісіз жəне алалаусыз, əлеуметтік лифтілерді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың дұрыстығын ерекше атап өткім келеді. Біз жалпыұлттық құндылықтар – құқық үстемдігі, мемлекеттік дəстүрлер, қазақстандық құндылықтар – этностық сипаттағы модельдерден əрқашан жоғары тұратынына сенімдіміз. Белгіленген барлық бес институттық реформаны жүзеге асыру біздің еліміз үшін жаңа перспективалар, қазақстандық қоғамның прогресс пен бейбітшілік жолымен ілгері басуында жаңа көкжиектер ашады. Габдулхай ИШМУРАТОВ, «Идел» татар жəне татар-башқұрт этномəдени бірлестіктері қауымдастығының президенті.


12

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

АЌ ТІЛЕКТЕР АЄЫНЫ Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевты лауазымға ресми кірісуімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Қазақстан халқы Ассамблеясы Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз Сіз жүргізген реформалардың жалпыхалықтық қолдау тапқанын білдіреді! Сіздің Мемлекет басшысы лауазымына кірісуіңіз – ақиқат сəті жəне Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы. Осы тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күні – біздің халқымыздың ынтымағы, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мейрамы қарсаңында өткізілуінің мағынасы зор. Қазақстан халқы Ассамблеясы, барлық Қазақстан азаматтары үшін заманауи мемлекет құруға бағытталған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының іске асырылуының, бес институттық реформаның табысты жүзеге асырылуының сенімді кепілі – Сіздің саяси ерік-жігеріңіз екенін жоғары жауапкершілікпен мəлімдейді. Бұл міндеттер барша халықтың түпкілікті мүдделері мен қалауына сай, оның қолдауына ие. Барша халықтың жоғары сенім мандатымен бекітілген Сіздің саяси көшбасшылығыңыз, ел дамуының ауқымды мақсаттарына жетудің – «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың берік іргетасы болып табылады. Сіз, Президент жəне Елбасы ретінде, баянды болашаққа ұмтылған ел бірлігінің негізі – жалпыұлттық Мəңгілік Ел болу идеясын алға тартып, іргелі дүниетанымдық көзқарас қалыптастырдыңыз. Сіздің саясатыңыздың ажырамас бөлігі мен негізгі қағидаттары– экономикалық жетістіктер, халықтың əл-ауқатының артуы, тұрақтылықты біздің миллиондаған отандастарымыз қолдайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздің дана да көреген мемлекеттік қайраткер ретіндегі жоғары халықаралық беделіңіз жаңа кезеңде жəне одан кейін де табысты сыртқы саясатты қамтамасыз ететініне, біздің еліміздің жəне халқымыздың қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатынына толық сенеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚХА жылының, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «20 ізгі іс» республикалық акцияларының жалғасуы, миллиондаған азаматтың азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, əлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға қатысуы – халқымыздың Елбасын қолдау, бірігу мен шоғырлануын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының экономикалық жəне əлеуметтік дамуда жаңа белестерге жетуге əзірлігінің айқын дəлелі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы болашақ алдындағы зор жауапкершілікті сезіне отырып, халық пен елдің биік мүдделерін ескере отырып, өзінің азаматтық жəне патриоттық парызын орындау мақсатында, Қазақстанның барша халқын көркейген жəне өсіп-өркендеген Қазақстан құру жолындағы барлық алға қойған мақсаттарға жету жолында өздерінің жеке үлесін қосуға шақырады! Ассамблея Қазақстанның барлық халқын Ұлт Жоспарын – «Мемлекет құру ісіндегі ендігі 100 нақты қадамды» іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға үндейді, себебі, бұл – біздің халқымызды біріктіретін ортақ іс. Елбасымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге – Қазақстан, тек алға! Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Біздер, Қазақстан ардагерлері Сізді салтанатты ұлықтау рəсімімен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлықтау рəсіміндегі сөйлеген сөзіңізде Сіз бізге Сізбен бірге жүзеге асыруға тура келетін 5 институттық реформаның маңыздылығын атап өттіңіз. 5 институттық реформа – баршамыз үшін қазіргі заманғы мемлекет құруға бағытталған халықтық реформалар. Бүгінгі күні мемлекеттік аппаратқа реформа жүргізу айрықша көкейкесті. Біздің қоғамымызда өзінің бүкіл күш-жігері мен білімін Отан игілігі үшін жүзеге асыруға дайын сауатты басқарушылар, шынайы патриоттар көп. Əділеттілік қағидаты мен кəсібилік негізіндегі лауазымдық өсу, сондай-ақ, ұсынылып отырған мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесі тəлімгерлік пен ұрпақтар сабақтастығына арқа сүйеп, кəсіпқойлық дəстүрлерге қолдау көрсетеді. Біздер, соғыс жəне еңбек ардагерлері ретінде заңнама саласында, сот жəне құқық қорғау жүйесінде реформалар жүргізуді уақтылы шара деп санаймыз. Бүгінде заңның үстемдігі, сот төрелігінің əділдігі мен сапасы қай кездегіден де ерекше маңызды. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің қауіпсіздігі мен қорғалғандығының кепілі болып табылады. Əртараптандыру негізіндегі индустриялық даму, ауыл шаруашылығының өңдеу өнеркəсібін дамыту болашаққа деген сенімді нығайтып, қазақстандықтардың, əсіресе, біздердің – аға буынның бойына əлеуметтік оптимизм сіңіреді. Біздер институттық реформалардың «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын, одан арғы жерде «Қазақстан-2050» Стратегиясын табысты жүзеге асыруға жағдай жасайтынына сенімдіміз. Қазақстанның ардагерлер ұйымы. Жоғары мəртебелі Елбасы! Сізді салтанатты ұлықтау рəсімімен шын жүректен құттықтаймыз! Тəуелсіздік алғалы бері Қазақстан халқы талай белестерге қол жеткізді: еліміз дамудың жаңа сатысына көтеріліп, экономикалық жəне əлеуметтік өсімді қамтамасыз еткен берік мемлекеттік жүйе қалыптасты. Қазақстандықтардың əл-ауқаты бірнеше есеге артты. Осының бəрі – Сіздің сарабдал саясатыңыздың жемісі. Ұлықтау рəсімінің Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына тұспа-тұс келуі де кездейсоқ емес. Себебі, Сіздің көреген басшылығыңыз бейбітшілік пен келісімнің айнымас кепіліне айналып, көпұлтты елімізді ұлы жетістіктерге жеткізді. Осы тұста ұлтаралық татулық тақырыбының Сіз ұсынған бес институттық реформада қамтылуы аса қуантады. Себебі, бүгінгі жетістіктерімізге біз мызғымас бірліктің арқасында қол жеткіздік жəне сол толайым табыстарымызды еселей түспекпіз. Болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру идеясы барша қазақстандық берік ұстанатын азаматтық қағидатқа, Мəңгілік Елдің басты құндылықтарының біріне айналады деп сенеміз. Тағдыры бір елдің – болашағы бір. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымыздың болашағы баянды болсын! Қазақстан Жазушылар одағы. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! «KAZENERGY» ассоциациясы мұнай-газ жəне энергетика саласының барлық қызметкерлері атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтайды! Біз салтанатты ұлықтау рəсімінде айтқан Сіздің бастамаларыңызды толық қолдаймыз. Біз Сіз бастамашы болған 5 институттық реформаны жүзеге асыру – елдің қазіргі тарихи дамуы кезеңінде мейлінше маңызды жəне уақтылы үдеріс деп есептейміз. Соңғы жылдары басталған əлемдік саяси жəне экономикалық жүйені түбегейлі қайта пішіндеу үдерісі айтарлықтай жеделдей түсуде. Энергия ресурстары мен металдардың əлемдік рыногындағы бағалар теңсіздігі жаһандық жəне өңірлік

тəуекелдерді күрт ұлғайтып, көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның да экономикасына теріс ықпал етуде. Елдер мен мемлекетаралық корпорациялар мүдделерінің соқтығысы тек саяси жəне экономикалық қана емес, сонымен бірге, қарулы қарсы тұрулар арқылы да тосыннан көрініс беруде. Мұндай жағдайда тек қуатты мемлекеттің ғана өз егемендігін сақтап, өзінің мүдделерін қорғауға жəне табысқа жетуге мүмкіндігі бар. Сіз ұсынған 5 институттық реформа мемлекеттік пен Қазақстан экономикасын нығайтудың дəл сондай ықпалды құралы болып табылады. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік аппарат ұлттық бағдарламаларды бірізділікпен жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Тек күшті мемлекеттік аппарат қана жемқорлықпен күрес жөніндегі жүйелі жұмысты жолға қоюға жəне меритократия қағидаттарын нығайтуға, яғни мемлекеттік қызметшілерді мансаптық саты арқылы олардың жұмыстарының нəтижелері жəне ел мен халық алдындағы еңбегі бойынша жоғарылатуға қабілетті. Мұндай «Əлеуметтік лифтілердің» болуы мыңдаған дарынды жəне талантты қазақстандықтардың қуаты мен шығармашылығын оятуға жағдай жасайды. Заң үстемдігін қамтамасыз ететін реформа ашықтық, əділдік пен салқынқандылық қағидаттарының əрбір сот үдерісінде шешуші факторға айналуына жағдай туғызады. Отандық кəсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар қазақстандық сот үкімінің əділдігіне сенімді болмақ. Біздің полицияға, құқық қорғау органдарына деген қоғамның сенімі артады. Қазақстан жағдайындағы тұрақты экономика – ең алдымен елді индустрияландыру, өңдеу саласын дамыту жөніндегі одан арғы шаралар. Тек əртараптандырылған экономика ғана жаһандық экономикалық тəуекелдер үшін сенімді кедергі бола алады. Таяудағы жылдары өңдеу өнеркəсібінде шамамен 10 ірі жоба жүзеге асырылмақ. 3-4 қағидатты жаңа экспорттық өнімдер шығару экономиканы əртараптандырудың нəтижесі болуы тиіс. Бірлікті жəне қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, ұлттық емес, азаматтық қағидатында жаңа қазақстандық біртектілікті қалыптастыра отырып қана қазақстандықтар алға қойылған міндеттерді шеше алады. Тек біртұтас болашақтың Ұлты ғана ел бейнесін өзгертетін жəне оның болашақ əл-ауқаты мен өркендеуін айқындайтын ауқымды даму жобаларын жүзеге асыруға қабілетті. Барлық өткен жылдар бойы қазақстандық қоғам өзгерістерге біртіндеп бейімделіп отырды. Бəрінің сатылап жəне бірізділікпен жүруі ішкі сілкіністердің, қарамақайшылықтар мен дау-жанжалдардың алдын алуға жағдай жасады. Жоғарыда аталған төрт басымдық транспарентті жəне халыққа есеп беретін мемлекет құру, елді демократияландыру бойынша маңызды шешімдер қабылдау жөнінде Сіз алға қойған бесінші маңызды институттық міндетке көшуге мүмкіндік береді. Біз 5 халықтық реформада кемеңгер стратегиялық есеп пен біздің халқымыз бен мемлекетіміздің күшіне деген сенімділік бар деп есептейміз. Мұндай сараланған бағдарламамен Қазақстан барлық ағымдағы жəне ықтимал қатерлерді еңсеріп, тұрақты, орнықты даму жолына шыға алады. «KAZENERGY» ассоциациясы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Біз, Қазақстан бизнесінің өкілдері, Сізді лауазымға ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Салтанатты ұлықтау кезіндегі өз сөзіңізде Сіз мемлекеттік саясаттың бірінші кезекті міндеті ретінде бес институттық реформаны айрықша атап өттіңіз. Біз Сіз ұсынған бес институттық реформаның өз уақытында ұсынылғанын атап көрсетеміз. Оның бəрі біздің еліміздің одан əрі ырғақты дамуына, алға қойылған міндеттерді орындауға қоғамды жұмылдыруға бағытталған. Мемлекеттік аппаратты одан əрі жетілдіру шаралары оның тиімділігін арттыруға жəне жемқорлықпен күресті күшейтуге жағдай жасайды. Оның бəрі бизнестің одан арғы дамуына, инвестициялар тартуға жəне Қазақстанның халықаралық бизнес-қауымдастық пен экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға оң əсер етеді. Мемлекет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Қазақстандық тауарлардың бəсекелестік қабілетін нығайтып, біздің тауарларымыздың сыртқы рыноктарға сенімді түрде шығуына жол ашылуда. Ұсынылған институттық реформалар ауыл шаруашылығының дамуына да оң ықпалын тигізбек. Қарамағында кең ауқымды ауылшаруашылық егістіктері мен құнарлы жерлері бар қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері біздің азаматтарымызды отандық ұн, сүт жəне ет өнімдерімен қамтамасыз етеді. Сөз жоқ, Қазақстан халқының бірлігін нығайту, əлеуметтік саланы жетілдіру, құқық тəртібін нығайту жəне экономикалық сала мен бизнестің дамуы үшін жағдайлар жасау – Қазақстанның экономикалық өсуінің, экономикалық əлеуетті арттырудың, бəсекеге қабілеттілікті жетілдірудің жəне еліміздің экспорттық əлеуетін дамытудың басты факторлары. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру біздің еліміздің дамуына қуатты серпін беріп, оны барлық бағыттар бойынша алдыңғы қатарлы позицияларға алып шығады. «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Қазақстан кəсіпкерлерінің форумы Сізді Қазақстан Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіздің инаугурациялық сөзіңіздегі негізгі қағидалар – біздің одан əрі дамуымыздың бағдарлары. Бүгінде Қазақстанда Сіздің арқаңызда болашақ дамудың берік негізі қаланды. Сіз бастамашы болған халықтық реформалар маңызды бағдарламалар мен жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдайларды туғызуға арналған. Қазірде, біздер Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей бастаған кезде біздің экономикалық саясатты жаңғырту айрықша маңызға ие. Қазақстан экономикасының жəне қазақстандық өндірушінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру оған тікелей байланысты. Шағын жəне орта бизнесті мақсатты түрде қолдау, тариф саясатын жаңғырту, елдің экспорттық əлеуетін дамыту жөнінде Сіз алға қойған міндеттер əрбір қазақстандықтың əл-ауқатының өсуіне де оң əсерін тигізеді. Қазақстан кəсіпкерлері қызмет көрсету саласын, əсіресе, қызмет көрсету секторының шағын жəне орта кəсіпорындарын дамыту сияқты шешуші бағыттардың маңыздылығын атап көрсетеді. Олар, əсіресе, ауылдық аумақтар тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары, жаңа мүмкіндіктер. Біздер Сіз, Елбасы ұсынған Қазақстан қоғамын жаңғырту жөніндегі

реформалардың еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясын табысты орындауға жəне əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге жағдай жасайтынына сенімдіміз. Қазақстан Кəсіпкерлерінің форумы. Қымбатты Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізге осынау даңқты оқиға – Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізге байланысты ең бір шын жүректі жəне қуанышты құттықтауымызды жолдауға рұқсат етіңіз. Салтанатты ұлықтау рəсіміндегі сөзіңізде Сіз бес институттық реформаның маңыздылығы мен оны жүзеге асыру қажеттігіне айрықша назар аудардыңыз. Қазақстан Кəсіподақтары федерациясы Сіз айтқан бес халықтық реформа негізінде елдің одан əрі дамуын толық қолдайды. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде атап өткендей, 5 бастаманы жүзеге асыру экономиканың одан əрі дамуына жəне қоғамның əлеуметтік əл-ауқатын арттыруға қуатты серпін береді. Индустрияландыру – тек экономиканың құралы ғана емес, сонымен бірге орта тап пен өңдеу секторы үлесі дамуының маңызды факторы. Индустриялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында шағын жəне орта кəсіпорындар саны артады, қосымша жұмыс орындары құрылады. Шикізатты тереңдетіп өңдеу үдерісі, жаңа технологияларды енгізу есебінен қазақстандық экспорттық өнімдер қатарын кеңейту міндеті қойылып отыр. Елдің аграрлық секторының буырқана дамуын қарастыратын үшінші институттық реформа да Сіздің салтанатты ұлықтау рəсіміндегі сөзіңізде атап өтілді. Жаңа кешенді бағдарлама негізінде трансұлттық компаниялардың қатысуымен 10 ірі өңдеу жобалары жүзеге асырылатын болады. Бүгінде бүкіл мемлекеттік органдар, еңбек ұжымдары белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға шоғырланды. Қазақстан Кəсіподақтары федерациясы əркезде де Сіздің елді тұрақтандыруға бағытталған бастамаларыңызды қолдай беретін болады. Қазақстан Кəсіподақтары федерациясы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізді салтанатты ұлықтау рəсімімен шын жүректен құттықтаймыз. Өткен сайлауда біздер көптеген қазақстандықтармен бірге Сіз үшін өз дауысымызды бердік. Салтанатты ұлықтау рəсімінде Сіз əлеуметтікэкономикалық тұрақтылықты, қоғамдағы татулық пен келісімді, бірегей мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған 5 институттық реформаны жүзеге асыру маңыздылығын айттыңыз. Реформалаудың бірінші бағыты ретінде Сіз мемлекеттік басқаруға көзқарастарды жаңартуды атап көрсеттіңіз. Мемлекеттік аппарат стратегиялық жоспарларды əзірлеуден бастап, оларды толық жүзеге асыруға дейін қазіргі заманғы менеджменттің ең бір жоғары талаптарына жауап беруі тиіс. Соған байланысты бүгінде Сіздің олардың қызметін экономикада қол жеткен табыстарға ықпал етуі бойынша бағалау туралы ұсынысыңыз өте маңызды. Бүгінде біздерге, іскер топтар өкілдеріне реформалаудың негізгі бағыты болып табылатын бизнесті дамыту саласын мемлекеттік қолдау да өте маңызды. Өңдеу өнеркəсібін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, кедендік процедураларды жеңілдету, қызмет көрсету саласын дамыту – бұлардың шешім табуы бизнестің жəне бүтіндей алғанда Қазақстан экономикасының дамуына қуатты серпін бермек. Осының бəрі отандық тауарлар мен қызметтің бəсекеге қабілеттілігіне жағдай жасап, Қазақстанның экспорттық əлеуетін нығайтады. Бизнесмендер үшін сот төрелігін реформалау айрықша көкейкесті. Еркін бəсекелестік пен тұрақты экономикалық даму тек əділ қоғамда ғана мүмкін болмақ. Транспарентті мемлекеттің қолдауымен ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу – Сіздің көреген жəне кемеңгер пайымыңыз. Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысын қайта пішіндеу толық өзара сенім мен тең əріптестікке арқа сүйеуі тиіс. Қазақстанның Іскер əйелдер ассоциациясы. Суретшілер одағының атынан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтай отыра, ең ізгі тілектерімізді жолдауға рұқсат етіңіз! Бұл салтанатты күн тағдырдың оң жағынан орайластыруымен Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында мерекеленіп отыр. Біз əркез мақтан тұтатын қоғамымыздағы достық пен келісімнің таңғаларлық феномені, Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Біз Сіздің тарапыңыздан бастамашылық танытылған 5 халықтық реформаны толығымен қолдаймыз. Өйткені, оның ерекше маңызын Сіз өзіңіздің ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңізде жан-жақты айтып өттіңіз. Бес халықтық реформаны заманауи дамыған мемлекет құру ісіндегі нақты қадам, тең құқықтар мен мүмкіндіктер қоғамы деп санаймыз. Ілгерілетілген бес институттық реформаны қазіргі заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап, еліміздің қол жеткізген табыстарын нығайтуға бағытталған нақты қадам ретінде бағалаймыз. Бес реформаны дəйектілікпен нақты жүзеге асыру əлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі болмақ. Реформаның шешуші бағыттары мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіру болып табылатыны Сіздің тарапыңыздан инаугурация салтанаты барысында атап өтілді. Сондай-ақ, Сіз өзіңіздің сөзіңізде экономиканы əртараптандыру жөніндегі стратегиялық жоспарлар мен əлеуметтік əл-ауқатты арттыру бойынша міндеттерді шешу жəне осы бағыттарда мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғарылату бойынша сапалы жұмыстар көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер корпусының кəсібилігіне, басқару қабілетіне байланысты екенін əділетті түрде атап көрсеттіңіз. Біз қазақстандық мемлекеттік қызметтің мансаптық модельге көшуі, еңбекақы төлеудің нəтижеге бағдарланған жаңа жүйесі, мемлекеттік аппаратқа талантты кадрларды тарту елімізде мемлекеттік басқарудың заманауи тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Алғашқы институттық реформалар шеңберіндегі меритократия қағидаттарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмыстар мен коррупцияға қарсы шаралар мемлекеттік қызметті əділетті Қазақстан қоғамының прототипі етуге мүмкіндік береді. Біз біртұтас қазақстандық болашақ игілігіне бар күш-жігеріміз бен білімімізді беруге дайынбыз! Қазақстан Суретшілер одағы.


www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

13

АЌ ТІЛЕКТЕР АЄЫНЫ

Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! G-GLOBAL бастамасын дамыту жəне жасыл экономика үшін коалициясының барлық қатысушылары атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми түрде кірісуіңізбен құттықтаймыз! Сіздің салтанатты ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңіз орасан зор жігерлендіру күшіне ие. Біз оның бүкіл негізгі тұжырымдарын толық қолдаймыз жəне оны іс жүзіне асыруға өзіміздің үлесімізді қосуға дайынбыз. Сіздің бастамаңызбен өмірге келген реформалар шын мəнінде халықтық сипатта, өйткені бұл қазақстандық мемлекеттілікті одан əрі нығайту жолындағы нақты қадамдар. Қазіргі таңда, бүгінгі заманның көпқырлы бейбітшілік моделін қалыптастыру жағдайында, Сіз қазақстандық қоғамның экономикалық, саяси жəне əлеуметтік салаларындағы өмірді жүйелі түрде жаңғыртуды ұсынып отырсыз. Бұл біздің мемлекетімізге ең алдымен əлеуметтік-экономикалық даму дəрежесі бойынша өңірдегі көшбасшы ретінде қалуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге, жалпы алғанда елдің бəсекеге қабілеттілігін арттырады. Сіздің азаматтық қоғамның рөлін, шешім қабылдаудағы ашықтық үрдісін, қоғамдағы өзін өзі реттеуді дамыту жөніндегі бастамаларыңыз ерекше жоғары маңызға ие деп есептейміз. Қазақстандық ұлттың негізі орта тап болып отырғандығы үлгі тұтарлық. Кəсіби мемлекеттік аппарат құру үдерісіндегі басты рөл нақ осы тұжырымға беріліп отыр. Қазақстанның кадрлық əлеуетін арттыру – «Қазақстан-2050» жəне «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзіне асыру мақсатында зор тиімділік бермек. G-GLOBAL бастамасын дамыту жəне жасыл экономика үшін коалициясы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Бұл ерекше оқиғаның Қазақстан халқы бірлігі күнімен тұспа-тұс келуінің де символдық маңызы бар. Бұл қазақстандықтардың өздерінің Көшбасшысы маңында бірігуінің жəне топтасуының жоғары деңгейін көрсетеді. Біз Сіздің салтанатты ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңіздің барлық тұжырымдарын толық қолдаймыз. Бүгінде, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта оның маңыздылығы одан əрі арта түспек. Сіздің 5 жаңа институттық реформаңыз – бұл Қазақстанның болашақта бірыңғай мақсатқа жету жолындағы нақты қадамдары. Бұл халықтық реформаларды ең алдымен біздің еліміздің өскелең ұрпағы ерекше жоғары құлшыныспен қарсы алатындығына сенімдіміз. Өйткені, қазақстандық мемлекеттілікті одан əрі нығайтуды көздейтін бұл бағыттар бірінші кезекте жастарға жағдай жасамақ. Бүгінгі заманның кəсіби мемлекеттік аппаратын құру, заңның бəрінен үстемдігін қамтамасыз ету, экономикалық реформалар кешені, бірыңғай болашақтың ұлтын транспарентті жəне есеп беретін мемлекет құру бізге экономикалық реформаларды сапалы деңгейде іс жүзіне асыруға, біздің еліміздің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жəне қазақстандықтарды одан əрі берік топтастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде біздің əрқайсымыз барлық əлеуетімізді, барлық білімімізді, өзіміздің ең батыл идеяларымызды туған еліміздің гүлденуі үшін жұмсайтындығына сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының ассоциациясы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Біз миллиондаған азаматтық қоғамның мүддесін білдіретін бірлестік ретінде Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз салтанатты ұлықтау рəсімінде 5 институттық реформаны жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап көрсеттіңіз. Əсіресе, бізге жоспарланған мемлекеттік қызметті «қайта құру» шарасы ұнайды. Қазақстанда экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды жəне мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін бүгінгі заманның кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппарат құрылуы керек, деп атап көрсеттіңіз. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде. Сондықтан біз Қазақстанда мемлекеттік қызметті реформалау, жемқорлықты болдырмау жəне меритократия үдерістерін қорғау жөніндегі жұмыс жүйесін жандандыру туралы шешімді толық қолдаймыз. Бес реформа шеңберінде мыналар ең өскелең бағыт болып саналады: ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде қайта өңдеу секторын дамыту; Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тарифтік саясатты оңтайландыру; полицияға кəсіби жəне психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу; қоғамда өзін өзі реттеуді кең көлемде қамтамасыз ету; экономикалық жəне əлеуметтік салаларды дамытуға қосқан үлесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін қалыптастыру; жергілікті атқарушы органдардың жаңа сайланбалы жүйесін құру. Əсіресе, жекеменшік құқығына кепілдік беретін жəне кəсіпкерлік қызметке жағдай жасайтын заңның үстемдігін қамтамасыз ету айрықша маңызға ие. Біз сот жүйесінің жұмысын жетілдіру, судьялар корпусының ашықтығын қамтамасыз ету қоғамның құқық қорғау органдарына сенімін арттыратындығына сенімдіміз. Сонымен бірге, қазақстандық құқық қорғау жүйесіндегі əділеттілік мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын арттырып, отандық жəне шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауды жақсартудың негізгі факторларының біріне айналады. Қазақстанның Азаматтық альянсы.

Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Біз, Жастар конгресінің өкілдері Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз салтанатты ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңізде еліміздің дамуы үшін 5 институттық реформаның тағдыршешті маңыздылығын атап көрсеттіңіз. Қазақстандық біртектілікті одан əрі нығайту үшін, біздің жеке толеранттылық жəне татулық моделімізді сақтауды қамтамасыз ету үшін азаматтық үдерістері көшбасшылық рөл атқаруға тиіс екендігін Сіз əділ атап көрсеттіңіз. Біздің еліміздің барлық азаматтары бір шеңбердегі құқықтарды пайдалануға, бірыңғай жауапкершілік жүгін көтеруге жəне тең дəрежедегі мүмкіндіктерге ие болуға тиіс. Еңбексүйгіштік жəне адалдық, ғылым мен білімге табыну, толық толеранттылық біздің Мəңгілік Ел идеямыздың тұғырлы құндылықтары болып жарияланды. Біз қоғамның бəсекеге қабілеттілігін арттыру факторы болып табылатын қазақ, орыс жəне ағылшын – үштұғырлы тілді дамытуды қолдаймыз.Терең білім алуға бет алған қазақстандық жастар қазірдің өзінде өмірдің негізгі басымдықтарының бірі ретінде өздеріне шет тілін білуді таңдап алды деп есептейміз. Сонымен бірге, бізді өскелең ұрпақ өкілдері үшін өмірлік жолды, білімді, кəсіби лауазымды, жеке өсу жолын таңдауда тең мүмкіндіктердің жасалғандығы ерекше қуантады. Реформаның шешуші бағыты экономикалық бағдарламаларды сапалы деңгейде іс жүзіне асыруға қабілетті жəне мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, шешім қабылдауда кəсіби білікті мемлекеттік аппарат құру болып табылады. Институттық реформалар мемлекеттік қызметте кадрлық саясатты өзгертуге мүмкіндік беріп, жалпы алғанда мемлекеттік басқарудың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін болады. Біз бүгінде ұлттың бəсекеге қабілеттілігі жастардың еңбексүйгіштігімен, талантымен, білімімен айқындалатынына сенімдіміз. Ал жастардың алдында экономиканы жаңғырту үрдісін жүргізу, бес маңызды халықтық реформаны іс жүзіне асыру міндеті тұр. Жастар конгресі.

Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Еліміздің ғылыми қауымдастығы Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің сайлаудағы тамаша жəне сөзсіз жеңісіңізді бөлісеміз! Бұл шын мəніндегі бүкілхалықтық қолдаудың салтанат құруы болды. Сіз салтанатты ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңізде 5 институттық реформаны іс жүзіне асыруға басымдық бердіңіз. Осы ретте Сіз қазақстандық біртектілікті одан əрі нығайту азаматтық үдерістер негізінде жүргізілуі қажет екендігін атап көрсеттіңіз. Бұл барлық азаматтар бір деңгейдегі құқық көлемін пайдаланып, бір жауапкершілік жүгін көтеру жəне тең мүмкіндіктерді бірдей пайдалану деген сөз. Біздің басты мақсатымыз, Сіз атап көрсеткендей, қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық құндылықтар – құқық үстемдігі, мемлекеттік дəстүрлер, қазақстандық құндылықтарды – өздерінің этникалық мінез-құлқы моделінен жоғары қоюы болып табылады. Бүгінде қазақстандық толеранттылық моделі əлемдік қоғамдастық үшін үздік үлгі ретінде ұсынылуда, бұл құнды тəжірибе БҰҰ-да жəне басқа да мемлекеттерде зерттелуде. Ұлықтау рəсімінде сөйлеген сөзіңізде Сіз бес халықтық реформаның басты мақсаты кəсіби мемлекеттік аппараты, индустриялық экономикасы, мөлдір сот жүйесі, əлеуетті орта тап өкілдері бар қуатты да дамыған мемлекет құру болып табылатындығына ерекше басымдық бердіңіз. Біз қазақстандық қоғамның стратегиялық жоспарларын, экономиканы əртараптандыру жөніндегі шараларды іс жүзіне асыру жəне əлеуметтік саланы дамыту жаңа формациядағы менеджерлер, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігіне, талантына жəне еңбекқорлығына байланысты екендігіне сенімдіміз. Қазақстан Ғылым академиясы. Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Қазақстаның Жоғары оқу орындары ассоциациясы Сізді біздің бүкіл еліміз үшін айрықша оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтайды! Бұл күн жаңа Қазақстанның тарихына кіретін болады. Бүгінде, біздің еліміз өзінің жаңа даму дəуірінің табалдырығында тұрған кезеңде Сіз салтанатты ұлықтау рəсіміндегі сөзіңізде маңыздылығын ерекше атап көрсеткен 5 институттық реформаны тиімді жүзеге асыру зор маңызға ие. Сіздің сөзіңіздің негізгі тұжырымдары іс жүзінде барлығы үшін өскелең мемлекетті құруға жұмылған халықтық реформаларды жүзеге асырудың ресми бастауы болып табылады. Біртұтас болашақ ұлтын құру жөніндегі мақсатты саясат қазақстандық қоғамды өздерінің Көшбасшыларының маңайына одан əрі топтастырады. Құқық үстемдігі, мемлекеттік дəстүрлер, қазақстандық құндылықтар сияқты жалпыұлттық идеяларды жəне Тəуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді дамыту Сіз атап көрсеткендей, мемлекет мүддесі жеке этностық мінез-құлық моделінен басым тұратын қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ешқандай шектеусіз жəне айырмасыз Қазақстанның барлық азаматтарына тиімді əлеуметтік баспалдақ қалыптастыру ерекше маңызды болып табылады. Бұл біздің жастарымыз үшін қосымша ынталандыру үлгісі болмақшы. Сіздің үштұғырлы тілдерді дамыту туралы тапсырмаңыз қазақстандық жастар арасында толық қолдау табуда. Біздің еліміздің өскелең ұрпағы бұл жаһандану əлеміндегі бəсекеге қабілеттіліктің жəне жетістіктің кепілі екендігін жете түсінеді. Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіз белгілеген реформаларды жүйелі түрде іс жүзіне асыру əрбір жас қазақстандық үшін өзінің əлеуетін, өзінің білімін толық жұмсай отырып, туған елінің өркендеуі жолында тиімді жұмыс істеуге жұмылдырады. Қазақстан Жоғары оқу орындары ассоциациясы. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Шығармашылық зиялы қауым өкілдері Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Біз Сіздің инаугурация рəсімінде сөйлеген сөзіңіздің тұжырымын қолдаймыз. Сіздің бастамаңызбен өмірге келген 5 институттық реформаны іс жүзіне асыру – елімізді дамытудың қазіргі кезеңіндегі аса маңызды жəне дер кезінде қолға алынып отырған үдеріс деп санаймыз. Сіздің сара басшылығыңыздың арқасында еліміз ойдағыдай дамуда, əрбір азамат мемлекет тарапынан өзіне деген қамқорлықты жəне қолдауды сезінеді. Халықтық реформаларды іс жүзіне асыру қазақстандықтарды мемлекеттік құрылыста жаһандық дағдарыстардың келеңсіз ықпалынан қорғайтындығына сенімдіміз. Бұл шаралар Қазақстанға даму қарқынын сақтауға жəне əлемнің ең дамыған 30 елінің құрамына кіру жолындағы бастаманы одан əрі дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа пішімдегі тиімді мемлекеттік аппарат, құқық қорғау жəне сот жүйесі этностық тегіне қарамастан, меритократия қағидаты негізінде əркімнің өз қабілетін ашуға бірдей мүмкіндік жасалған əділетті қазақстандық қоғамның баламасы болып табылады. Экономиканың əртараптылығын қамтамасыз ететін Сіздің бастамаңызбен жүргізіліп жатқан индустриялық реформа жаһандық экономикалық тəуекелдерге жауап болып табылады. Аграрлық сала, шағын жəне орта бизнес еліміздің экспорттық əлеуетін дамытуға жаңа серпін беретін болады. Тұрақты экономикалық даму болмайынша халықтың рухани өркендеуі мүмкін емес. Осы ретте рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік реформалардың маңызы одан əрі арта түспек. Жалпыұлттық идея Қазақстан халқын топтастырды жəне біріктірді, бəріміз бірге біз кез келген қиындықтарды жеңеміз! Нұрсұлтан Əбішұлы, Қазақстанның барлық шығармашылық адамдары атынан Сізге қамқорлығыңыз үшін алғысымызды айтамыз жəне Сіздің Көшбасшылығыңызбен біздің еліміздің өркендей беруіне тілектеспіз. Қазақстан Композиторлар одағы, Қазақстан Дизайнерлер одағы.

Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізді ерекше маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз салтанатты ұлықтау рəсімінде Өзіңіз жариялаған 5 халықтық реформаның ерекше маңыздылығын жəне өзектілігін атап көрсеттіңіз. Осы ретте Сіз атап көрсеткендей, 5 институттық реформаның шешуші бағыты экономиканың үдемелі дамуына, кəсіпкерлік қызметтің еркіндігіне, жекеменшік құқығына кепілдік беретін заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сіз өзіңіздің инаугурациялық сөзіңізде əділетті түрде атап көрсеткендей, сот жүйесіндегі кадр саясаты қайта қарауды қажет етеді. Судьялар арасындағы жемқорлықты жою, Фемида қызметкерлерінің жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Сонымен бірге, барлық дəрежедегі судьялардың біліктілігін, жұмыс өтілін арттыру жалпы алғанда судьялар корпусының кəсіби шеберлігін нығайтатын болады. Сонымен бірге, реформа еліміздің құқық қорғау жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында ішкі істер органдарының қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кəсіби жəне психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу шеңберінде полицейлердің дəрежесі артады, олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігі өседі. Біз, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жаңғырту ісі де маңызды жəне дер кезіндегі мəселе деп есептейміз. Біздің армиямыз дамыған елдердің қарулы күштерінің дəрежесінде жарақтандырылған, жауынгерлік міндеттерді орындауға əлеуетті, кəсіби армия болуы керек. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлер ұйымы. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізді қазақстандық əйелдер атынан Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! «Республикалық əйелдер кеңесі» АҚ Сіздің инаугурация рəсімінде жариялаған 5 институттық реформаны іс жүзіне асыру жөніндегі міндеттерді бірауыздан қолдайды. Біз экономикалық бағдарламалардың тиімділігін жəне мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған қазіргі заманның автономды мемлекеттік аппаратын құру бүгінгі таңда өте ауқымды маңызды міндет деп есептейміз. Меритократия қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметке тең дəрежедегі қолжетімділікті, қызметкерлерді ынталандырудың жəне лауазымдық өсудің əділ жүйесін қамтамасыз ету – бұл мемлекеттік аппараттағы реформалар жүйесін жүргізудің жалғасы болып табылады. Мұндай жүйе жаңа мүмкіндіктер ашады жəне бүгінгі заманның қызметкерлерін ынталандырады. Сіз ұсынған шаралар транспаренттілік жəне серіктестік негізінде азаматтық қоғам институттарының мемлекетпен қарым-қатынас жасау тетігін жетілдіруге мүмкіндік беретіндігіне біз сенімдіміз. Экономикалық өсім үшін жағдай жасайтын жекеменшік құқықтарына кепілдік жəне заңға үстемдік беру азаматтардың іскерлік белсенділігін арттырады. Сот жүйесінің кəсіби деңгейін жəне құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын арттыру азаматтардың бұл жүйелерге деген сенімін күшейтеді. Сонымен бірге, азаматтық бастамаларды іс жүзіне асыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Ірі бизнесті, қайта өңдеу өндірісін жəне шағын жəне орта бизнес субъектілерін дамыту өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға оң серпін береді жəне жалпы алғанда азаматтық қоғамды дамытуға бағытталады. Мемлекет басшысының халықтық реформалары – баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет ретіндегі Қазақстанның ойдағыдай дамуы жолындағы тағы бір маңызды қадам болып табылады. Республикалық Əйелдер кеңесі. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ассоциациясы Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіңізбен шын жүректен құттықтайды! Сіз инаугурация рəсімінде сөйлеген сөзіңізде, əдеттегідей біздің еліміздің болашақ дамуының барлық маңызды бағыттарын айқын белгіледіңіз. Институттық реформалар ретінде Сіз ұсынған қазақстандық мемлекеттілікті одан əрі нығайту бағыттары іс жүзінде біздің өміріміздің барлық саласын қамтиды. Біз, өздерінің өмірлік тəжірибесімен бейбітшілік пен тұрақтылықтың бағасын білетін адамдар ретінде Қазақстан армиясын жаңғырту жөніндегі маңызды бағыттың ерекше қажеттілігін атап өтеміз. Патриотизмнің жоғары рухы Қарулы Күштердің əрқашан туған жерін қорғауға деген толық əзірлігі біздің елімізге тұрақтылықты одан əрі нығайтуға, сонымен бірге, əлеуметтік-экономикалық дамудың барлық басым бағыттарын шешуге мүмкіндік береді. Заңға үстемдік беретін реформалар экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдары қызметін одан əрі жаңғырту, атап айтқанда, ашықтықты, ақпараттық технологиялардың дамуын, патрульдік қызметті бейнеқондырғылармен қамтамасыз ету, сонымен бірге, полицейлерді кəсіби жəне психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізу барлық халықаралық талаптарға жауап беретін жоғары кəсіби дəрежедегі полицейлік корпусты құруға мүмкіндік береді. Сіз ұсынған халықтық реформалардың əрқайсысы Қазақстан қоғамындағы бейбітшілікті, келісімді жəне дамуды қамтамасыз етуге қызмет ететіндігі де өте маңызды. «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ассоциациясы.


14

30 сəуір 2015 жыл

www.egemen.kz

ЎЛЫН ТАЅДАП, ЎЛЫЌТАДЫ ЎЛЫ ЕЛІ Нўрсўлтан Назарбаев дауысын Нўрсўлтан Назарбаевќа берді Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Назарбаевы бар Ќазаќстан – сеніммен тўраќты дамитын ел! Назарбаевы бар ќоєам – алаѕсыз ґмір сїретін ќоєам! (Ґзімдегі осы бір сеніммен дауыс бердім) Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты.

Астана қаласының Есіл ауданындағы №91 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Кезекте тұруға тура келді. Бірақ, сайлау учаскесіндегі бұл жолғы кезектің жөні мүлдем басқа болатын. Сол кезекте тұрғандардың бəрінің де көңілдері жарқын, қабақтары ашық еді, көңілдерінде қуаныш тұрды. Мен өз басым, отбасыммен Қазақстанның қазіргі Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев үшін дауыс бердім! Отандастарымның басым көпшілігінің де Назарбаев үшін дауыс беретіндіктеріне сенімді едім. Бұған көңілімде еш күмəн да болған жоқ. Өйткені, тəуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры Қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр – тұтас бір халықтың тағдыры! Міне, сол қос тағдыр тағы да тарих алдындағы ұлы жауапкершілік жүгін бірге көтеру үшін тағы да адал көңіл, адал ниетпен табысып отыр. Қазақстандықтардың сайлау учаскелеріне асыққандары да, ұзын-сонар кезекте тұрып, дауыс бергендіктерінің де терең мəні осы болатын. Əңгіменің бірден адалын айтайық, бұл жолғы сайлауда да Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жеңіске жететіндігіне ешкімнің де күдігі де, күмəні де болған жоқ. Өйткені, барлық қазақстандықтар ел тəуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, Елбасының өз сенімдерін ақтап келе жатқандығын ғана біледі. Кешегі кеңестік өкімет құлап, шаруасының берекесі əбден қашқан, тіпті, халқының тиесілі жалақысы мен зейнетақысын, түрлі төлемақыларын берейін десе қазынасында көк тиыны да қалмаған, «бұлар енді ел бола алмайды» деген күдікті ойларымен атажұрттарына қотарыла көшіп, ел шеті сөгіліп, жүгі жұртта шашылып қалғандай болған Қазақстанға, былайша айтқанда, иесіз қалған өз елі мен өз жеріне қорған болған, сөйтіп, тəуелсіздіктің алғашқы бір онжылдығында Қазақ елін əлемнің дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің легіне ілестірген Нұрсұлтан Назарбаев сынды дара да дана ұланына барлық қазақстандықтардың бір кісідей дауыс беретіндіктерін ешкімнің үгітінсіз-ақ, ешқандай насихатсыз-ақ қалың ел сайлау болар күнге дейін айтып та жүрген болатын. Мұны ел ішінде жүргенімізде естіп те жүрдік. Бұл сайлауда Елбасына деген елдің сенімі жеңді! Əңгімеміздің осы бір парасын тарата айтар болсақ, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің осыған дейінгі ел билігінде жүріп, сол елдің сенімін ақтап қана қойған жоқ, тіпті, ешкімнің ойына да кіріп-шықпас игі де жақсы істер атқара білді. Тəуелсіздігіміз əлі де тəлтіректеп тұрған сонау тоқсаныншы жылдары Алматыда жатқан астананы бұрынғы Ақмола, Целиноградқа көшіртіп, бүгінгі Астана қаласын салады деп кім ойлаған?! ХХ ғасырда өз елінің астанасын басқа орынға көшіртіп, жаңадан салған Қазақстан əлемдегі бірден-бір жалғыз ел болса, сондай батыл қадамға, батыл шешім қабылдауға барған да жалғыз Назарбаев болатын! Бүгінгі Астана

елдің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген берік сенімінің бір символы! Тəуелсіздіктің ширек ғасырға жақындап қалған қилы-қилы жолдары мен ғасырға татырлық жылдары Назарбаевы бар Қазақстан сеніммен тұрақты дамитын ел, Назарбаевы бар қоғам алаңсыз өмір сүретін қоғам екендігіне барлық қазақстандықтар мен əлем жұртшылығының көзін жеткізгендігі де жəне де соған ешбір шүбəсіз сенім қалыптастырғаны бар! Бұл сайлауда тəуелсіздіктің алғашқы сəтінен бастап «менің бар тілегім де, зар тілегім де елдің бірлігі» деп Елбасының өзі ұйыстыра білген елдің бірлігі жеңді, елдің ынтымағы озды! Əлем тарихының күні кеше басталды дейтін XXІ ғасырының бүгінгі он екі жылының ғана сиясы кеуіп үлгермей жатқан беттеріне үңілер болсақ, небір сойқанды да аласапыранды оқиғалар мен қан төгістер əр ел мен əр халықтың өз бірліктері мен берекелерін, ынтымағы мен тыныштығын сақтап тұра алатын да, сақтап қала алатын да сол елдің бірлігі мен халықтың ынтымағынан өзге ешбір қуатты қару жоқ екендігіне иландыра түседі. Бізге, барлық қазақстандықтарға осы бір ұлы ақиқатты ұғындырған да, əлі де күн құрғатпай айтып, ұғындырып келе жатқан да Президент Назарбаев! Қазақстандықтар тағы да сол өздерінің бірлік пен ынтымақ жөніндегі Елбасының киелі ұғымын терең ұғына білген қасиеттерімен əлем алдында тағы да өз абыройларын асқақтатып, жарқын жүздерімен тарихи жаңа бір биік белеске көтерілді! Бұл сайлауда Елбасының Қазақ елін «Нұрлы Жол» бағдарламасымен дамытып, Қазақстанды əлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосу жолында басталып кеткен ұлан-ғайыр істерді барлық қазақстандықтардың Назарбаевпен бірге атқарсақ, Елбасының тарихи маңызы аса зор «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформа» атты сайлауалды бағдарламасын бірге жүзеге асырсақ жəне де Мəңгілік ел болсақ деген аңсарлы мақсаттары жеңіске ие болды! Алда əлем назарының ұшына байланған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу міндеті тұр. Алда «барлық сырттан соққан дауылдар мен қиындықтарға қарамай, Қазақстан тек алға жүруге тиіс!» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың сол сайлауалды бағдарламасында атап көрсетіп отырған осы қағидамен қазақстандық ұлы жолды дəуірдің сын қатерлеріне төтеп бере отырып, одан əрі жалғастыру жəне нығайтудың қиын да күрделі міндеттері тұр. Бұларды

да Елбасы нақтылы анықтап, айқындап та берді. Бес институттық реформа арқауының бес тұғыры бар. Олар: баршаға бірдей осы заманғы мемлекет, заңның үстемдігі, орнықты экономика, болашағы біртұтас ұлт жəне ашық жəне халыққа есеп беруші мемлекет! Бəрі де маңызды! Бұл біздің Мəңгілік ел болуымыздың кепілі жəне алғышарттарының бірі! Бұл сайлауда Елбасының Сайлауалды бағдарламасы барлық қазақстандықтардың зор қолдауына ие болды! Жеңісті де Назарбаевтың осы Сайлауалды бағдарламасы əперді! Жəне де бір атап көрсетерлік жай сол, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өз бағдарламасында адамзат баласының алдында тұрған түрлі жаһандық сын-қатерлер мен тəуекелдердің тереңдігі сондай, ол кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығына тура əсер етіп отырмақшы деген ойын ашық айта білді. Біздің елімізде сол тұрақтылық пен табыстылық болуы үшін Елбасы Қазақстанның алдына жаһандық дағдарыстың мемлекет құрылысына ықпалының теріс əсеріне жол бермеу, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау, жаңа серпіліс үшін жағдайлар дайындау, əлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай ілгері жылжуды одан əрі жалғастыру міндеттерін қоя отырып, қазіргі жаһандық сын-қатерлерге жауап беруге дайын тұру міндеттерін алға тартты. Сөйтіп, Елбасының осы бес институттық реформаны мемлекетімізді одан əрі нығайтудың жəне «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының барлық міндеттерін шешу мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізудің негізгі тұжырымдамасы етіп белгілеп, ел алдына қойған осы бір заманауи əрі тарихи міндеттерін барлық қазақстандықтардың əрқайсысы ел алдында, мемлекет алдында атқаруға тиісті өз міндеттеріндей сезіне алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы талассыз жеңісінің бір тетігі де, бір сыры да осында жатқандығын айтқан лəзім! Бүгінгі сайлаудан кейінгі көңіл толғанысымен Елбасының 2012 жылдың 10 тамызында өз сапары кезінде Көкшетаудың бас алаңына қойылған хан Абылайдың ескерткішінің қола мүсінді айбарлы жүзіне қарап тұрып: «Мен Абылайдың арманын орындадым! Абылайхан қала сала алмадым деп еді, қала салдым, халқымның басын қоса алмадым деп арманда кетсе, мен қала да салдым, халқымның басын құрап егемен ел де еттім!», – деген жүрек сөзін айтқан сəті тағы да есіме түскені бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл айтқанында əлдеқашан мойындалған ақиқат жатыр. «Мен Абылайдың арманын орындадым!». Иə, мəртебелі Елбасы, Сіз Абылайдың да, Абылайханға дейін де, одан кейін де өткен ата-бабаларымыздың бар үміті мен зар үмітін де, аңсарлы бар арманы мен мүдделі бар мақсаттарын да орындадыңыз! Бұған талас та жоқ! Бұған күдік пен күмəн де жоқ!» деген адал ойымызды сол кезде айтқан да болатынбыз. Иə, біз өзінің ел үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей адал еңбек еткен ер ұланын хан көтеріп əспеттеген ел едік! Бұл жолы да солай еттік! Бəрі де құтты болсын, туған ел! АСТАНА.

Семейлік сайлаушылар бозала таңнан сайлау учаскелеріне жарыса келді десек артық емес. Таңғы сағат 7-ден бастап қала ішіндегі барлық бағыттағы автобус, бағытты таксилер тұрғындарға тегін қызмет көрсеткендіктен сайлауға белсенділік ерекше болды. Азаматтардың маңызды науқанға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында жолаушылар тасымалымен айналысатын кəсіпорындар басшылығы тегін тасымалдайық деген шешімге келген екен. Осылайша олар азаматтардың өз сайлау учаскелеріне еш кедергісіз жетуін қамтамасыз етіп, саяси науқанды ұйымдастыруға үлес қоспақ ниеттерін білдіріп, бұған жергілікті халық риза болды. Көтеріңкі көңіл күйде таңмен таласа сайлау учаскелеріне келгендердің ең алғашықысы №42 мектептің оқушысы, 18 жасқа енді толған Нұрсұлтан Назарбаев болды. Таңғы сағат 7.00-де №164 сайлау учаскесінде дауыс берген Нұрсұлтан Назарбаев бұл өзінің тұңғыш рет дауыс беруі екендігін айтып, қуанышымен бөлісті. – Отбасымызда барлығымыз сайлауға белсене қатысамыз деп кеше нақты шешім қабылдадық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев, – анам Күлəнда Төкенбаева екеуміз міне, осы себепті сағат таңғы жетіден алғашқы болып сайлау учаскемізге келіп дауыс бердік. Мұнда барлық жағдай жасалған, əуезді əн, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету сияқты əдептілікті барлығы сақтауға тырысып жатыр. Əркім өз таңдауын жасауда. Мен, əрине, өзімнің аты-жөнім Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, бұл сайлаудың халық болашағы үшін маңызды екендігін толығымен ұқтым. Мектептегі ұстаздарым да, əсіресе,

дене тəрбиесі пəнінің мұғалімі Батыр Мырзабековті ерекше атап өтуіме болады, сайлаудың мəнмағынасын біз сияқты жастарға кеңінен түсіндірді. Сондықтан да міне, өздеріңіз байқасаңыз, сайлауға қатысушы 18-19 жастағы жастардың да қатары қалың. Мен өз дауысымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім. – Əркім өз қалауынша дауыс беруде, – дейді сенімді өкіл, ардагер-ақсақал Сағындық Бейсенбаев, – №160 сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров кіріп келгенде, дауыс берушілердің барлығы риза болып, қол соғып, қошеметтеді. Тек ел алдында жүрген танымал, беделді адамдар ғана емес, демалыс үйлерінде, емханаларда, қатынауы қиын елді мекендерде жатқан қарапайым еңбек адамдарын да осы сайлауға атсалысулары үшін ұйымдастыру шараларын тыңғылықты жүргіздік. Барлық мəселе жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ, ауру-сырқаулы,

жүріп-тұруы қиын адамдар үшін көшпелі жəшіктер жұмыс істеуде. №160 сайлау учаскесіндегі бірнеше кабиналарда ешқандай іркіліс, кідіріс, бөгет жоқ. Сондай-ақ, біз болған №22 мектепте орналасқан №175 сайлау учаскесінде де сайлаушылардың қатары толастамады. Солардың бірі облыстық Абай атындағы əмбебап кітапхана қызметкері Шолпан Үбіғожақызы сайлауға белсене қатысушылардың бірі ретінде осындағы ұйымшылдыққа риза болды. Ал Семей қаласының əкімі Айбек Кəрімов Семейдегі №260 сайлау учаскесінде өзі қалаған кандидатқа дауыс берді. – Біз үшін Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуі ең маңызды мəселе. Жылдан-жылға өркендеп келе жатқан еліміздің ертеңгі дамуын қамтамасыз ете алатын кандидатқа дауыс бердім, ол менің азаматтық парызым, – деп қала əкімі өз ойымен бөлісті. СЕМЕЙ.

 Өмір жəне өлең

Ќашанда еліміз киелі Бəйгеден келдің, Нұрағам! Тілегі бұл елдің сұраған. Аман-сау болып, еліңнің, Тізгінін ұстап жүр аман. Баршаның осы тілегі, Бол елдің дəйім тірегі. Осылай дейді халқыңның, Дүрсілдеп соққан жүрегі. Оңай да емес ел бастау, Бірлікшіл елде болмас дау. Киелі қазақ перзенті, Бұйырды Сізге жол бастау. «Нұрлы жолыңды» жалғастыр, Кедергі бұған болмас бір. Солай деп жедел жолданды, Жүректен туған жалғас жыр. Сұранары осы ініңнің, Жағдайын болжап бүгіннің. Білемін, білем, Нұраға, Ауыр боларын жүгіңнің. Қашанда еліміз киелі, Бас иген сөзге жүйелі. Кемеңгер басшы бастаса, Бақытты ел өмір сүреді.

Ќалыѕ ел ќолдайтыны аныќ Сізді Қазақтың қыран ұшқан тауы сынды, Сізге бердім, Нұр-аға, дауысымды. «Нұрлы Жол» – Сіз таңдаған мəңгілік жол, Білмеймін басқа жолға ауысуды! Шөлейтті орасам деп ну орманға, Көшті түзеп барасыз ұлы арманға. Сізге ғана сүйенем сəл мұңайсам, Сізді ойлаймын артықтау қуанғанда! Құрмет тұтып Шығысың, Батысыңыз, Төрден орын береді АҚШ-ыңыз. Төрелі іс бітіресіз Төбе би боп, Қазақи бұзылмастан нақышыңыз! Алғысым, тілегім көп, Аға, сырлы, Жас ұрпаққа тостыңыз бар асылды. Қазыналы карттардың қамқорысыз, Сізден артық таппаймыз жанашырды! Бірліктің алтын дəнін уыстаған, Ұлттың ұлы дос маған, туыс маған. Қалың ел қолдайтыны анық Сізді, Алашта Елді бастап, Ту ұстаған!

Төлеген КƏРІБЕКОВ.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

Нұрғали ИБРАЙЫМ.

ШАРДАРА.

Ќамќорлыќќа ризашылыќ Қарағанды облысында бұрын-сонды болып көрмеген су тасқыны əсіресе, селолық округіміз аумағындағы Жұмабек ауылы тұрғындарына ауыр соқты. Жан-жақтан жөңкілген селдің алды осы жерді басып өткен болатын. Облыс, аудан тарапынан шұғыл шаралар қолданудың арқасында болжап болмас қатердің беті қайтарылды. Алайда 17 үй қызыл суға көлкіп, мал-мүлік шығыны орын алды. Қазір жағдай оңалып келеді. Табиғат қысымынан зардап шеккен отбасылар азық-түлікпен, киіммен, төсек-орынмен дер кезінде қамтамасыз етілді. Бұл күнде əрбір үй иесінен бүлінген тұрмыстық заттар тізбесі алынып, орнын толтыру қарастырылып жатыр. Ауыл тұрғындарының осындай

қысылшаң шақта өздеріне көмекке келіп, қамқорлық жасаушыларға разылығы ерекше екенін жеткізе кету дұрыс көрінеді. «Қазагромаркетинг», «ҚазМұнайГаз» АҚ облыстық филиалдары, Абай аудандық кəсіпкерлер палатасы сияқты ұйымдар алғашқылардың бірі болып қол ұшын созды. Оған жергілікті кəсіпкерлер де қосылып, көмекқолдау көлемін одан сайын өсірді. Мəселен, Ақпаржан Тұмабаев баспанасын су шайып кеткен отбасыға уақытша тұруға өзінің бос тұрған үйін берсе, Фарида Аңсарова, Несіпкүл Лиясова, Рима Шин, тағы басқалары ауылдастарымен қолдарында барымен бөлісуде. Бұл күнде қиындық беті толығымен қайтты. Аудан əкімі

Серік Шайдаровтың ұйымдас тыруымен аймақтағы ірі кəсіпорындар демеушілікке тартылып, олар бірнеше үйлерді, қораларды қалпына келтіруді өз мойындарына алды. Бір үйдің жаңадан салынуы басталып та кетті. Адамдардың бір-біріне бауыр малдығы, қиындықтарды бірлесіп көтеруге ынтасы, көмекке дайындығы, мемлекеттік нақты қамқорлық шуағы қадірін су тасқыны зардабына ұшыраушылардың өз бастарынан сезініп, соған деген шынайы риза лық сайлауға белсенділікпен қатысулары арқылы білінді деуге болады. Селолық округімізде дауыс беру бұрынғыдан да жоғары деңгейде өтті. Жанат ЖҰМАДІЛ, Құрма селолық округінің əкімі.

Қарағанды облысы, Абай ауданы.


30 сəуір 2015 жыл

www.egemen.kz

 Дəуір дауысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 25 сәуір

2015 жылғы 26 сəуірде өткен кезектен тыс президенттік сайлауда Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сайлаушылардың аса басым дауысын алып, ірі жеңіске жетті. Бұл Елбасының ғана емес, оның тілекшісі болған Қазақстан халқының жеңісі деп білемін. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев – елі сүйген, елін сүйген, халықтың сеніміне, ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген Мемлекет басшысы. Қай халықтың болса да болашағы басшысына байланысты екені белгілі. Бұл ретте, Нұрсұлтан Əбішұлының сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді. Елдің көшін алға сүйреп, əлемдік қоғамдастықтағы əлеуеті зор елге айналдыруда Елбасының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Құрамына түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айнал-

аймақтық текетірестерді болдырмауда үлкен қажыр-қайрат көрсетті, өнеге боларлық үлгілі саясат ұстануда. Білім мен тəрбие – егіз, екеуі қарлығаштың қос қанатындай. Адамгершілік құндылықтар осы екеуі арқылы қалыптасады. Осыны ескерген Елбасы білім мен ғылымның, ұлттық тəрбиенің дамуына айрықша мəн беріп, халқымыздың бəсекеге қабілетті ұрпағын тəрбиелеуді қолға алды. Мемлекеттің, халықтың болашағы

жетекшілерінің басын қосып, ислам, христиан, йудаизм, буддизм бағытын ұстанушыларды бір дастарқан басында жинап, қол алыстырған, бейбітшілікке үндеген бірден-бір адам – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Дінбасылардың Астана қаласындағы жиыны дəстүрге айналып, тұрақты өткізіліп келеді. Бұған дейін əлі ешкім бұл істі осынша сəтті ұйымдастыра алған емес. Бұл дүниежүзі халқын бейбітшілікке шақырудың бір-бірімен жауласпай, сыйластықта өмір сүруге үндеудің негізі. Осы тəрізді игі бастамаларымен Нұрсұлтан Əбішұлы халықаралық деңгейде зор құрметке бөленді. Қазақстанның ішкі тұрақтылығына əлемнің көзін жеткізе білді. Халқымыздың мерейін тасытып, абыройын асқақтатты. Еліміздегі жарасымды татулық пен берік орнаған бірлікті өзгеге өнеге етіп көрсетті. Мемлекет басшысы ел ертеңі –

Елбасы жеѕісі – халыќтыѕ жеѕісі Серік ПІРƏЛИЕВ,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі.

дырды. Өзінің дана саясаткерлігімен Қазақстанды əлем жұртшылығына таныта білді. Мемлекетті халықаралық аренада жоғары дəрежеге көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев – халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры, тəуелсіз Қазақстанның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халқының əл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел Көшбасшы. Ол бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тəуелсіздігімізді орнықтыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген кемеңгер Мемлекет басшысы. Тəуелсіздік жариялаған кезеңде мемлекет құлдырау шегінде тұрған. Елдің өз алдына түтінін түтетіп, аяғынан тұрып кететініне сенімсіздік білдіргендердің саны көп болатын. «Қазақстан өз бетінше күн көре алмайды» дегенді ашық айтатын «көріпкел» саясаткерлер де болды. Н.Назарбаевтың сара саясатының, қажырлы қайратының арқасында сол күмəн-күдіктің бəрін жеңіп, бүгінде болашағы жарқын мемлекеттердің біріне айналдық. Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылдық. Əлемнің ең алып мемлекеттері бізбен санасатын болды. Жиырма жылдан сəл асатын уақытта жас Қазақстан тыныштық пен тұрақтылық берік орнаған жерұйық мекенге айналды. Орталық Азиядағы көшбасшы ел ретінде танылдық. Əлемнің ең алып мемлекеттері бізбен санасатын болды. Жас Қазақстан тыныштық пен тұрақтылық берік орнаған жерұйық мекенге айналды. Республиканың экономикалық əлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі ауыз толтыра айтарлықтай өзгерді. Тəуелсіздіктің туын көтерген Елбасы еліміздің тамырына нəр беріп, қажымай-талмай халқын алға бастап келеді. Елімізді бəсекеге қабілетті, қай салада болса да мойны озық дамушы елдердің санатына қосуды мақсат еткен Тұңғыш Президентіміз осы жолда аянбай тер төгуде. Əлемді шарпыған қаржылық-экономикалық дағдарысты дүниежүзінде елдің алды болып еңсеріп келеміз. Индустриялықинновациялық дамудың он жылдық жоспарын жүзеге асырдық. Дүниенің алпауыт мемлекеттері құрметтейтін аса беделді Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалық еттік. Елбасы өзінің озық ойлы, өміршең қағида, ұстанымдарымен, əділ де турашыл мінезімен құрметке бөленген жан екеніне бəріміз де куəміз. Оның бір ғана дəлелі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен жаппай қырып-жоятын қаружарақтарды қысқартып, оған кететін қаражатты ауру-сырқау, жағдайы төмендерді емдетуге, нəрлендіруге беру жайлы ұсыныс айтып, зор қошемет пен үлкен қолдауға ие болғаны. Бұл Нұрсұлтан Əбішұлының жалпы адамзат қауымына деген ықыласын, мейрімділігі мен жанашырлығын танытатын адами қасиеттерінің бірі ғана. Президент Н.Назарбаев халықты мыңжылдықтар ауысып, ғасырлар тоғысқан алмағайып заманда бейбітшілік пен тыныштықта, ынтымақтастық пен татулықта ұстап тұруы еліміз тəуелсіздік алған сəттен бастап басты нысанасы етті. Соның арқасында осы тұста тəуелсіздік алып, түрлі қақтығыстарға килігіп қалған басқа елдердей емес, Қазақстан бірден бейбіт даму даңғылына түсті. Елбасы ел ішіндегі өзара түсіністік пен тұрақтылықты сақтаумен қатар,

15

жастарда екенін қаперінде ұстап, жыл сайын мыңдаған жасты өз бастамсымен қолға алынған республикалық «Болашақ» бағдарламасы бойынша алыс-жақын шетелдерге оқуға жіберіп отырады. Тұңғыш Президенттің ел жастарын əлемдік ең озық оқу орындарына жіберіп оқытуы, тəрбиелеуі, өз елімізде білім алушы басқа жастардың да заманауи технологияларды меңгеруіне, ғылым-білімнің соңғы жетістіктерімен сусындауына жағдай жасауы ел ертеңін ойлаған көрегендігі еді. Бұл біздің ілгері қарай дамуымыздың шешуші факторына айналды. Сонымен бірге, жас буынның бойында өркендеген Қазақстанды орнатуға деген құштарлық пен сенім ұялатты. Елбасының талапты жастарға қолдау көрсетіп, жалпы білім саласына ерекше назар аударатыны күнделікті бəріміз көріп, қанық болып жүрген жайт. Талапты жастарды оқытып, елімізге пайдалы мамандарды тəрбиелеуге назар аударып отыр. Бір жағынан, мұны Мемлекет басшысының жастарға артып отырған сенімі деп білген абзал. Мемлекеттің қамқорлығымен ең беделді оқу орындарында оқып жатқан ұл-қыздарымыз осыны ескеруге тиіс. «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бəрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр. «... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңіздің кəдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін», – деп еді Елбасы білімді жастарға арнаған бір сөзінде. Елбасы егемен еліміздің болашақ азаматтарын өркениетті өзге халықтардан кем болмасын, солармен терезесі тең болсын деп оқытып отыр. Бұл өз кезегінде жастарға деген үміттің кө рінісі. Жастарды туған елінің мəртебесінің биік, абыройының асқақ, ар-намысының жоғары болуы үшін жақсы білім алып, адал еңбек етуге шақырады. Президент ел жастарының ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тəрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, əлемдік қоғамдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді бəсекеге қабілетті маман болғанын тілейді. Бар құндылықтарымызды игерген, мемлекетіміздегі бірлік пен елдікті нығайтуға, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабілетті жастарды тəрбиелеуді назарына алып отыр. Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мəдени мұра» бағдарламасы халықтың рухани өрлеуіне серпін беріп, жастардың ұлттық құндылықтарына қанық болып өсуіне мүмкіндік тудыруда. Халқымызды кезінде тағдыр тауқыметімен айырылып қалған рухани қазынасымен қайта қауыштыруда жəне елімізді əлемге танытуда «Мəдени мұра» бағдарламасының маңызы зор. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер

балалардың өз заманындағы озық ойлы азамат болуына баса мəн беріп келеді. Елдегі білім ошақтарының саны мен сапасының артуына барлық жағдайды жасап отыр. Мəселен, егемендік алған тұста қазақ тілді балабақшалар мен мектептер өте аз болатын. Қазір олардың саны айтарлықтай көбейген. Білім мекемелерінің материалдықтехникалық базасының нығаюына көңіл бөлінді. Ауыл мектептерін қамтамасыз ету мақсатында «Ауыл мектебі» бағдарламасы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы нəтижелі іске асты. Жоғары оқу орындарының жаңа корпустары мен жатақханалары салынды. Осындай жан сүйсіндірер істері арқылы жастарға қамқорлық көрсетіп келеді. Халқына адалдық, жерін сүю – адамдық борыш болуға тиісті қағидалар. Президент Н.Назарбаевтың бойындағы осындай биік адамгершілік қасиеттерді жастар үлгі тұтуға тиіс. Елбасының əрбір ісінен өнеге алуымыз керек. Сонда ғана елдің келешегіне, мемлекеттің болашағына сеніммен қарайтын, Елбасының ағалық үмітін алға апаратын жəне сара саясатын жалғастыра алатын білімді де, білікті, парасатты ұрпақ қалыптаса алады. Адам өмірі қилы белестерден, қилы асулардан тұрады. Сол асуларды еңбегімен еңсеріп, жоғары білім мен біліктің, биік парасат пен пайымның, елім деп соққан жүректің арқасында қарапайым шойын құюшыдан Мемлекет басшысына дейін өскен Нұр-ағаның өмірлік тəжірибесінен алар тəлім мол. Нұрсұлтан Əбішұлының халқын сүйгендігі, салиқалы саясаткерлігі тоталитарлық жүйеден күйреп шыққан Қазақстанды ширек ғасырда төрткүл дүние түгел қызыға қарайтын қарқынды дамушы жəне болашағы зор мемлекетке айналдырды десек, артық айтқандық емес. Елбасының бастаған əрбір ісі жастарға үлгі-өнеге боларлықтай. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқатын жақсарту, аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ынталандыру барысында халықты дене тəрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға үндейтін, есірткіден, темекіден, ішімдіктен аулақ болып, тазалық шараларын сақтауды насихаттайтын пəрменді іс-шаралар жүргізіп отыруы жастардың келешекте кемел адам болып қалыптасуын көздегені. Заңғар жазушымыз Мұхтар Əуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегені бар. Біз болашақ ұрпақтың елдік рухы мықты болсын десек, оларды рухани мəдениет уызына жарытып өсіруге тиіспіз. Мемлекетшілдік, ерлік, бірлік, татулық ұғымдарын бала санасына жастайынан сіңіруіміз қажет. Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Біз өзіміздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға жəне түсінуге, басқа ұлттардың тілі мен ділін, салт-дəстүрін құрметтеуге тəрбиелеуіміз керек. Онсыз қазіргідей жаһандану дəуірінде ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Қазақстан жастары өз елінің патриоты болулары керек. Түрлі экстремистік сипаттағы «көз бояушылықтарға» қарсы тұрар иммунитеттерін күшейтулері қажет», – деп еді. Елбасы Н.Назарбаев – күллі адамзат дүниесінің бейбітшілігі мен татулығын, өз халқының тұрақтылығы мен тұтастығын көксеген заман жаршысы, халық тəрбиешісі. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан сүрінбей, үлкен абыроймен өткен көреген көсемнің кемеңгерлігі мен даналығы тарихымыздың бұдан кейінгі кезеңдерінде ұрпақтан ұрпаққа тарала беретініне еш күмəн жоқ. Қабырғалы қалың елдің еңсесін көтеріп, есесін қайтарып, халқымыздың бүгінгі дəрежеге жетуіне күш салған Елбасы жайлы қалай айтсақ та жарасады. Ал оның сəуірдегі сайлауда ірі жеңіске жетуі Қазақстан халқын қанаттандыра түсті.

№296

Астана, Үкімет Үйі

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгілеу және басым жобаларды іске асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған: 1) «Рельс-арқалық зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 2) «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу» басым жобасын (өтініш беруші – «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 3) «Цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 4) «Рудный қаласында цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Рудный цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 5) «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын (өтініш беруші – «Шымкентцемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 6) «Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары; 7) «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту» басым жобасын (өтініш беруші – «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысына қосымша Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар Р/с № 1 1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

Жобаның атауы Өтініш беруші 2 Рельс-арқалық зауытын салу

Іске асыру орны Іске асыру мерзімі 3 4 5 «Ақтөбе рельс- Ақтөбе облысы, 2012 – 2015 арқалық Ақтөбе қаласы ж.ж. зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Bapy Mining» Алматы об2013 – 2015 жауапкершiлiгi лысы, Текелі ж.ж. шектеулi қаласы серiктестiгi

Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу Цемент зауы«Көкшетын салу Цемент» өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Рудный «Рудный цеқаласында це- мент зауыты» мент зауытын жауапкершілігі салу шектеулі серіктестігі Цемент зауы«Шымкенттын жаңғырту цемент» акционерлік қоғамы Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту

«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Квота, адам Жыл Барлығы 6 7 2015 35

2015

61

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Заозерное ауылы

2005 – 2015 ж.ж.

2015

239

Қостанай облысы, Рудный қаласы

2010 – 2015 ж.ж.

2015

250

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2014 – 2016 ж.ж.

2015 2016

300 300

2014 – 2016 ж.ж.

2015 2016

40 40

2012 – 2019 ж.ж.

2015 2016 2017 2018 2019

60 60 60 60 60

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Рельс-арқалық зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу» басым жобасын (өтініш беруші – «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауы тиіс; 2) «Инновациялық технология бойынша өңделген шойын ала отырып темір кенін өндіру және қайта өңдеу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Bapy Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауы тиіс. 3. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынасы сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) «Цемент зауытын салу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы

азаматтарының саны «Көкше-Цемент» өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 60 %-ынан кем болмауы тиіс. 3. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Рудный қаласында цемент зауытын салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Рудный цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынасы сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) «Рудный қаласында цемент зауытын салу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Рудный цемент зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші, төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 55 %-ынан кем болмауы тиіс. 3. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасын (өтініш беруші – «Шымкентцемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу» басым жобасын (өтініш беруші – «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай қатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) «Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші, екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауы тиіс; 2) «Темір жолға арналған доңғалақтар өндірісі бойынша кешен салу» басым жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі, бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 55 %-ынан кем болмауы тиіс. 3. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 5. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №296 қаулысымен бекітілген «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көмiртектi феррохром өндiрiсiн ұлғайту» басым жобасын (өтініш беруші – «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттарда мыналар қамтылуға тиіс: 1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi); 3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін). 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады. 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі.


16

www.egemen.kz

30 сəуір 2015 жыл

 Сайт сөзі Елімізде сəуірдің 26-сы күні өткен Президент сайлауы шын мəнінде бүкілхалықтық мереке болды. Дауыс беруге келген электорат өздерін мейрамда жүргендей сезініп, жаппай көтеріңкі көңіл күй ұстады. Жұрттың бұл күнді асыға күткендері сондай, барлық жерлерде дерлік таңертең сайлау учаскелері ашылмай тұрып-ақ есіктердің алдарында ұзын-шұбақ кезек қалыптасып қалды. Бұл кезектің қарасы мен қайнары түс əлеті ауып, күн екіндіге құлағанша селдірей қойған жоқ. Осылайша бағзы бір уақыттардағы көрініс пен сипат көз алдымызға қайта келе қалғандай əсер етті. Президент сайлауын еліміздің барлық ендіктері мен бойлықтарында қызу, қауырт жəне белсенді түрде өткенін сəт сайын беріліп тұрған телеарналардағы

хабарлар, интернет-ресурстардағы ақпарлар мен əлеуметтік желілердегі пікір алмасулар дүркін-дүркін байқатып тұрды. Сол сағаттарда біздің газетіміздің интернет нұсқасы да тоқтаусыз жұмыс істеп жатты. Ал біздің жер-жердегі меншікті тілшілеріміз бен орталықтағы қызметкерлеріміз үсті-үстіне жариялап тұрған хабарларға орай үн қатып, ой білдірген оқырман қауымда да толас бола қоймады. Осының бəрі бүкіл елімізде бұл жолғы Президент сайлауына жұртымыздың айрықша көңіл бөліп, өзгеше мəн бергендерін анық байқатты. Ең бастысы, бұл сайлау халқымыздың бір тудың, бір идеяның, бір көшбасшысының аясына берік топтаса түскенін анық көрсетіп берді. Сайлау, айналып келгенде, Еңселі Ел

мен Еңсегей Ердің ересен ерлігін, жетістікті жеңісін, бітімді бірлігін толайым танытқан нағыз назардағы науқан болды. Қазақ елі тағы да өзінің алдағы бес жылдағы лидерін жазбай танып, қапысыз таңдады. Бұл таңдау бүкіл халықтың бір леппен, бір деммен, бір ырғақпен соққан жүрек лүпіліндей болып бір нүктеден көрінді. 97,75 пайыздық үлес біздің осындай тұжырым жасауымызға толық негіз береді. Міне, осы жеңіске еліміздің барша тұрғындары бір кісідей қуанды, үлкен жеңіс үшін ақтарыла шаттанды. Бұған біздің сайтымызда осы күндері жарық көрген хабарларға келіп түскен көптеген пікірлер толық куə бола алады. Ал біз бүгін сол комменттер тасқыны мен нөпірінен аздаған бөлікті ғана екшеп алып, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Ел мен Ердіѕ ересен ерлігі

«Астанада бүгін туған күні болған сайлаушыға сыйлықтар берілді» Абдулла Маханов Иə, расында халықтың белсенділігі жоғары. Ал мына үрдіс шынымен ұнайды. Шырын Болар елдің балаларындай барлығымыз бірлесе атсалысып, елдің ісіне азаматтық көзқарас танытып жатырмыз. Ынтымағыздың арқасында. Уəли Көптен күткен керемет сəттерімізді бастан өткізіп жатырмыз. Елор далықтардың көңіл-күйлері керемет. «Батыс Қазақстанда дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде» Айсана Бүгін мен үшін аса маңызды күн. Алғаш рет сайлауға қатысып, ел алдындағы азаматтық міндетімді орындадым. Рас, сəл қобал жуда болдым. Бірақ таңдауымды дұрыс жасадым деген ойдамын. Жігерлі Біздің жерде таңертең учаскелер жұмысын бастасымен өшірет болып, сайлаушылар кезекпен дауысын беріп жатыр, қарап тұрып сүйсінесің. Халық мерекені сезініп отыр. Тəрбие Иə, біздің Орал өңірінде осындай ұйымшылдық жақсы сақталған, біздің облыс жұрты қандай сайлауда да белсенділігін ешқашан жоғалтқан емес. «Қарағандыда су басқан ауыл жұртының 90 пайызы сайлауға келеді» Беделхан Апат айтып келмейді. Жаратқанның жазуына амал жоқ. Мемлекет, халық бар көмегін аяған жоқ. Өмір алда. Сондықтан зардап шеккендердің сенімі өшпесін деп тілеймін. Тоқсан пайыз сайлауға қатысу сол сенімнен туып отыр. Марал Міне, нағыз патриоттар, қандай жағдай болмасын, ел үшін маңызды кезеңде белсенділік танытқандары қуантады. Ақжүрек Сайлау осындай деңгейде болады деп ойламаған едім, қандай керемет, жігерленіп кеттім. «Ақмола облысында жасы жүзден асқан қария өзі келіп дауыс берді» Думан Мен Қазақстанда 114-тегі адамның бар екенін бірінші рет естіп отырмын. Өткенде 117-ге келген жапон кемпірі қайтыс болып, оны əлемдегі ең үлкен адам етіп шығарды. Сосын Өзбекстанда тағы бір кемпір қайтыс болып, оның жасы бұдан да үлкен болып шықты. Ал біздің əжеміз солардың ізін басып келе жатыр екен. «Мемлекет басшысы дауыс беру рəсіміне қатысты» Омар Енді айта берсем болатын шығар,

«Елімізде сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс берді» Рахымжан, Алматы Немерелерім Жансая мен Жазираны сайлауға ертіп бардым. Кімге дауыс береміз десем, екеуі де... «ата ға» дейді. Бізді Алматыдағы №158 мектеп əдеттегідей музыкамен қарсы алды. Адам легі таусылар емес. Осы жерде талай таныстарымды кездестірдім. Бірақ мынау көрсеткіштегі 17 пайызға көңілім толмай тұр… Жолай қаншама сайлау учаскелерінің жанынан өттім, халықтың нөпірі баршылық. Тегінде Алматы дауыс беруде ешкімнен кем қалмас деп ойлаймын. Ақайша Біздің бала кезімізді ата-анамыз сайлау учаскесі ашылмас бұрын барып, оның есігінің алдында тұратын. Дауыс беруді өздеріне зор міндет санайтын. Біз де сол жасқа жеттік, сосын жолдасымызбен екеуміз бірінші болмағанмен, алғашқылардың сапында дауыс беріп қайттық. Еркетай, Ұзынағаш Алматы облысы қай сайлауда да үнемі алда келеді. Бəрі де ұйымдастырушыларға байланысты дегенге сенбеймін. Бəрі адамдардың өздерінің сана-қабілетінен шығады. Мешітке бірге баратын түрік, ұйғыр, күрд көршілеріммен сайлау учаскесінде кездесіп қалдым. Əңгімедүкен құрып, қауқылдасып қайттық. Бəрінің көңіл-күйлері көтеріңкі. Майра Куала-Лумпурда туризм менеджеріне оқитын ұлым Димаш Қазақстан елшілігі ұйымдастырған сайлау учаскесіне барып, Президент сайлауына дауыс беріпті. Жаңа ғана skype-пен сөйлестім. Міне, ғылымның дамығаны! «Шымкентте сайлаушылар белсенді түрде дауыс беруде» Айғаным Болатқызы Шымкенттің халқы ертешіл екен. Мен осында іссапармен келгенмін. Дауыс берейін деп келсем, ұзынсонар кезек. Түске таман зорға кіріп, дауыс беріп шықтым. «Ж.Сүлеев: кəдеге асқан интернет қуатында шек болмады» Серікхан Расында интернет желісі жақсы жұмыс жасап тұр. Бұл байқаушылар мен ақпарат құралдарының өкілдеріне өте қолайлы. Дауыс беруді тоқтатпайық! Ғайникамал Орманбекова Мен ұлтым үшін, ұрпағымның болашағы үшін дұрыс таңдау жасадым. Жадыра Мəлік Біз алдымен кандидаттың президент болуға лайықты қарым-қабілетіне қарап барып, дауыс беруіміз керек. Сонда ғана егемен елдігімізді берік сақтап қаламыз.

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі музыкант, эстрада əншісі əрі композитор Батырхан Шөкеновтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғантуыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта Б.Шөкенов жан-жақты дарындылығымен, жоғары орындаушылық шеберлігі жəне жеке басының қасиеттерімен миллиондаған тыңдаушының сүйіктісі болғаны атап өтілген. «Осындай адамның кенеттен қайтыс болуы бəрімізді өкіндіріп отыр. Оның есімі жəне орындауындағы шығармалары халқымыздың жадында сақтала береді», – делінген жеделхатта.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қазақстандықтардың ой-арманы, тілегі, қалауы! Мүталлап, ақын, Петропавл Елбасының жеңісі – бəріміздің жеңісіміз. Енді ел болашағы үшін еш алаңдамауға болады. Президентіміздің маңайына ауызбірлікпен топтассақ, алынбайтын асу жоқ. Елбасының амандығы алдымен қазаққа керек.

мен осы кісіге – қымбатты Нұрсұлтан Əбішұлына дауыс бердім. Мен ғана емес, əйелім мен қызым, ұлым мен келінім – барлығы бір үйден бес адам дауыс беріп келіп отырмыз.

«Жеңімпаздар форумы Жетісу жерінде де жалғасын тапты» Сəбит, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы Халықаралық байқаушылардың Президент сайлауын ең демократиялық сайлау болды деп бағалауы көңілімді марқайтты. Егемен еліміз өркениетті елдер қатарынан осылай ойып тұрып орын алатынына сенімдімін. Атқарған жұмыстарымыз берекелі, өміріміз мерекелі болсын, Президентіміздің іргелі істерге бел буып отырғаны халқының қамы ғой, зор денсаулық, жемісті еңбек тілейік, достар! Аружан Асылбек Мен биыл алғаш рет Президент сайлауына қатысып, дауыс бердім. Осындай Қазақстанның ауасын жұтып, жерін басып жүргенім үшін ерекше бақыттымын. Алланың нұры жаусын баршаңызға! Аян Ауылдағы ата-апаларымыз сайлауға дəстүрлі кимешектерін киіп, өте əдемі болып барып, дауыс берді. Сəкен Сайлауға Елбасымыздың өзі де келіп, дауыс беріп жатқанын көріп, біз де қалыс қалмай дауыс берейік деп, сайлауға бардық. Гүлнұр Бұқаралық ақпарат құралдарынан барлық министрлеріміз бен депутаттарымыздың жұрт қатарлы кезекке тұрып, дауыс бергендерін көріп қуанып жатырмыз. «Өскемендіктер сайлауда дауыс беріп, ұтыс купондарын ойнады» Рауза Өскемендіктер қатырған екен! Сайлаудың қорытындысында да осылай алда болыңдар, жерлестер! «Маңғыстауда сайлаушылар ерекше белсенділік танытуда» Арыс Қашаннан өзіндік үні бар, өзіндік ойы бар, өршіл де өрелі Маңғыстау жұр тының əрбір дауысы бағалы. Мен Үстірттегі жұрттың Президент таңдауда ешбір қателеспейтініне сенемін. «Карин Штренц: бұл сайлау жаңа жетістіктерге екпін береді» Маралтай Шынтемірұлы Көп ұлтты ел екеніміз осы. Өзге ұлттың өкілдері Қазақстанды атамекені санайды. Біздің болашағымыз жарқын болмақ. Санжар Бақдəулет Тіліміз бен дініміз жойылмас үшін ел тізгінін лайықты жанға ұстатайық. Дауыс беруге кел, ағайын! Гүлсім Айбар Балаларымның болашағын ойлап, елімнің келешегін ойлап, таңдауымды Президент бола алатын кандидатқа жасадым. «Кəмшат Дөненбаева: бақытты болашақ, тыныштық үшін дауыс беремін» Иса Кəмшат апай, сіздер елдің ұстынысыздар ғой. Халық сіздердің соңдарыңыздан ереді, сөздеріңізді тыңдайды. Ал сіздер оларды дұрыс жолға бастай аласыздар. Қазір көненің көзі сияқты болып қалған

сіздер аман болыңыздар. Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын, апа! Сіздер қолдайтын Президентіміз де аман болғай. Заман Барлық жерде сайлау өте қызу өтіп жатқанға ұқсайды. Мұндай белсенділікті бұрын байқамаппын. Осының бəрі елдің сана-сезімі түзелгенін көрсетеді. Сол саналы топты кешегі кеңес заманынан бері халықтың алдында жүрген Кəмшат апай сияқты ардагерлеріміз бастаса əсте жаман болмаймыз. Апайға мен де зор денсаулық тілеймін. «Еліміздегі сайлаушылардың 89,69 пайызы дауыс берді» Рамазан Ел таңдауын жасады! Біз күткен, ел күткен Президент дайын. Оның кім екеніне де ешбір күмəн болмаса керек. Лайым осы бірлігіміз бен тірлігіміз жараса берсін, жалғаса берсін. Мереке Көмбенің шеті көрініп қалды. Артынша кімнің озып келгенін де білеміз. Дегенмен, оның кім екенін де бəріміз біліп отырмыз ғой деп ойлаймын. Өз басым қатты қуаныштымын. «Тəуелсіз байқаушылар Маңғыстаудағы сайлауды жоғары бағалады» Самал, Ақтөбе. «Егеменнің» ұжымы ұйымшылдықтарын көрсетті. Елбасын сайлау елдігімізді тағы бір айқындады. Соның жер-жердегі көрінісі газет сайтында беріліп тұруы сүй сінтті. Мұндай шаруада асқан ыжда ғат тылық танытқан редакция ұжымының қимылына тəнті болдық. «Назарбаев Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті» Құдірет Ортақ жеңіс құтты болсын, ағайын! Бұл сайыста Елбасының жеңіске жететініне ешкім де күмəнданған жоқ. Бірақ 97,5 пайыздық дауыс деген шынында тамаша көрсеткіш! Бұл – Президентке лайықты баға! Нұрлан төре Мен осындай болатынына еш шүбə келтірген жоқпын жəне ойлағаным орындалғанына қуаныштымын! Данил, Ақтөбе Елбасына таңдау жасадым. Бұл жалпы халықтың ойындағы сенім екені сөзсіз. Біз алдағы болашағымызды Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлымен бірге көреміз. Бұл – барша

«Ақтөбеде жеңімпаздар форумы жоғары деңгейде өтті» Самғат Байдуллин, жұмысшы, Ақтөбе Елбасы сайлауда жеке дара озып келді. Елді басқаратын басшыға тізгін ұс татқанымыз дұрыс болды. Назарбаев алдағы бес жылда бірталай шаруа тындырады деп ойлаймын. Өзі де екі есе күшпен жұмыс істейтінін білдірді ғой. Ал Елбасының қолынан ол келеді. Құтты болсын, денсаулық берсін. «Жеңімпаздар форумы Павлодарда жалғасты» Жантас Мен Павлодар қаласында ЖОО студентімін. Мұз сарайында болдым. Форумға қатыстым. Павлодар өндіріс өлкесі деп айта аламын. Форумға мұнайшылар, ардагерлер, теміржолшылар т.б. өндіріс орындарының жұмысшылары қатысты, Көңіл күйлері тамаша, Форумға қатысушылар алар асуларымыз, жетер белестеріміз алда деп ойларын жеткізді. «Назарбаев Президент сайлауында ресми түрде жеңімпаз деп танылды» Орал Ең бастысы, халық бір ауыздан өз таңдауын жасады. Енді болашаққа алаңдамауға негіз бар. Бұл – талай жылдар бойы жасалған, əлі де жасала түсетін еңбектің жеңісі. «Халық өз таңдауын жасады» Ыдырыс Бұл – расында елдің өз таңдауы. Бұл – елдің дамуына деген халықтың сенімі, Елбасына сенімі. Жаратқан жар болып, елдіктің ерлік үлгісін көрсетейік, ағайын! «Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына ант берді» Ғабиден Елбасының ұлықтау рəсімін теледидардан бастан-аяқ көріп шықтым. Бұл кісі əдеттегідей алда тұрған міндеттерді əдемі жіктеп айтып берді. Осыдан да еліміздің келешегіне деген сеніміміз арта түсті. Өз басым Нұрсұлтан Назарбаев штурвалінде тұрған елдің болашағы баянды болатынына бек сенемін. Əсел Мемлекет басшысын қайта сайлап алғанымыз бəріміз үшін де құтты болсын. Елбасының осы орында отырғаны ең алдымен бізге, халыққа керек. Соны жақсы түсінген отандастарыма ризамын. Жасы ратыны жоқ, дəл қазір біз

еліміздің ертеңін Назарбаевсыз көз алдымызға елестете алмаймыз. Бұл кісі – біздің еліміздің тыныштығына, татулығы мен бірлігіне, осы арқылы қалыптасып, жасалатын экономикалық өрлеуіне кепіл. Дария Инаугурация өте жақсы өтті. Ұлықтау рəсімінде Президентімізді жаңа қырынан танығандай болдық. Оның алдағы алуан асудан тұратын абыройлы істерімізге тың күшпен, соны серпінмен кірісетіні көрініп тұр. Арыстанбек Жамбылұлы Ұлт көшбасшысының ұлықтау рəсімін телеарнадан тамашалап, үлкен əсер алдым. Енді сол əсерімді сіздермен бөліссем. Осыдан тура 24 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті етіп сайлаған тұста халықтың көңілінде мемлекетіміздің тізгінін тұңғыш рет ұстап еді. Сол кезде Елбасының əрбір қабылдаған бағдарламасына қолдау білдіріп, Қазақстанның жарқын болашағына үмітпен қарадық. Ал қазір сол сенім ақталды, əлеуметтің əл-ахуалы жақсарды. Бастысы, еліміз қарыштап дамып, экономикалық деңгейіміз ілгері басты. Бұл – Нұрсұлтан Əбішұлының сындарлы саясаты мен халықтың тұтастығының арқасы. 24 жылда Қазақстанда үлкен өзгерістер, оң бағыттар мен игі істер атқарылды. Осы жетістіктердің көшінд е Елбасымыз тұрды. Енді міне, тағы бір мəрте Президент сайлауын өткізіп, Ұлт Көшбасшымыздың ұлықтау рəсі мінде антына куə болдық. Президентіміздің алдағы еңбегіне сəттілік тілеп, сенім арттық. Ең бастысы, Елбасы мен еліміз аман болсын! Қаламқас Шашубайқызы Меніңше, ұлықтау деген сөз ұлтымыздың ұлы тұлғасын құрметтеу, оның жасаған жақсылығын паш ету дегенге саяды. Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың алдында ұлықтау рəсімін өткізіп, ант беруін: «Менің жаным да, қаным да қазақ, еңбегім адал, жұмысым жемісті болады. Халқыма қорған, елдің тыныштығына кепіл боламын жəне Сіздердің қамқорлықтарыңызды бағалай білемін», – деп түсіндім. Демек, Президентіміздің салмақты сөзі мен салиқалы саясаты біздің жүрегімізге нұр ұялатып, бойымызға жігер беретіні анық. Дана халқымыз «Əкім бол, халқыңа жақын бол!» деген. Елбасымыз əр кез егемендікті, елдікті, ерлікті бағалап, халықпен санаса отырып, игі лік ті істің ұйытқысы болып тұрады. Біз Қазақстанның кемел келешегі мен жарқын болашағына сенеміз. Ұрпағымыз иманды, саналы, білімді болып өсіп келеді. Бұл – Елбасымыздың жастарға барлық жағдай жасап, үнемі қолдау білдіріп отыруының жемісі. Мен осы елдің тұр ғыны ретінде Президентіміздің жаңа қызметіне сəттілік тілеп, Қа зақстанның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесімді қосамын. Күш-жігерімізді аямай жұмсаймын дегім келеді. Назарбаевқа халық сенім артты, ел тізгінін ұстатты. Енді біз Елбасымызға сүйенер тірек, дем берер жүрек болайық. Ахмет Омаров Елін сүйген, елі сүйген Елбасы. Бүгінде тұрақты сөз тіркесіне айналып кеткен осы жолдарды тағы бір қайталап айтуға тура келіп тұр. Өткен сайлау бұл тіркестің шындыққа жанасымды екенін тағы да танытып берді. Біз Елбасының елін сүйетініне де, елінің Елбасыны сүйетініне де еш күмəнданған жоқ едік. Сол ойымыздың оралымды екеніне тағы да көз жетті. Біз алдағы қандай да бір жетістіктерге еліміздің осы кезеңдегі бағына туған Еңселі Еріміз – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен бірге жететініне ешбір күмəнданбаймыз. Ендеше, осы жеңі сіміз баянды болсын!

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12. БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Жүніс қажы Қазақстанда тағы да ақ түйенің қарны жарылды. Қазақ елінің жасы мен кəрісі, ері мен əйел жұрты, барлық ұлттары мен ұлыстары Президенттің қайтадан сайланып, халықтың жаңадан мандатын алып жатқан күнін бүкілхалықтық үлкен мереке санайды. Біз Елбасына тағы да сенім артып, таяудағы бес жылымызды сол кісінің қолына тапсырдық. Жəне мұны өте дұрыс жасағанымызды бүкіл жан-жүрегімізбен сезініп отырмыз. Оралхан Мен Қазақстанда, соның ішінде осы кезеңдері туып, өмір сүріп жатқаныма қатты қуанамын. Мен мұны Нұрсұлтан Назарбаев ел билеген дəуірмен байланыстыра айтып отырмын. Енді Елбасына сарқылмас қуат-қажыр, мұқалмас денсаулық жəне саламатты ұзақ ғұмыр тілеймін. «Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады» Болат АҚШ секілді əлемдегі ең ірі дер жава басшысының біздің Елбасымызды осындай ұлан-асыр жеңі сімен құттықтап жатуының өзі көп нəрсені білдіреді. Бұл – Америка президентінің біздің лидерімізбен санасуының белгісі. Осының өзі біздің еліміздің əлем қауымдастығында айтарлықтай орны бар екенін білдіреді. Ал мұндай беделге Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзінің қарымы мен қабілеті арқасында жетіп отыр. Біз осыны бағалай білуіміз керек. Иман Мен осы хабарды күттім. Жəне АҚШ президентінің біздің басшымызды сайлаудағы орасан зор жеңісімен құттықтайтынына еш күмəн келтірген де жоқпын. Себебі, Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік елдер ли дерлері арасындағы ең рейтингісі жоғары тұрған президенттердің бірі болып табылады. Онымен жер жүзінің қай елінің де басшысы санасып тұрады. Темірлан Əлемдік саяси аренада Елбасының абыройы артып келеді. Оның жүргізіп отырған саясатына халық аралық беделді саясаткерлердің біразы қызығушылық танытады. Еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің арқасында көптеген дамушы елдер бізбен əріптестік құруға мүдделі бола түсті. Жаһангер Н.Назарбаев бүкіл əлемге Қазақстанды қашанда халықаралық қауіпсіздіктің сақталуына атсалысатын ел ретінде, бейбітшілік пен келісімнің жаршысы ретінде таныта білді. Жаһандық ядролық қарусыздану процесіне қосқан үлесіміз үшін біз бұл салада да көшбасшы атандық. Ал Украинадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жүріп жатқан процеске қосып жатқан үлесі үшін Петр Порошенконың өзі Елбасына алғыс білдірді. Осы жетістіктермен-ақ Қазақстан көпте ген елдерге үлгі бола алатыны анық. Раушан Елбасының жүргізіп отырған көпвекторлы саясатының арқасында біз барлық елдермен тиімді əріптестік құра аламыз. Қазақстан дамуының негізіне айналған келісім мен тұрақтылықтың арқасында көптеген шетелдік инвесторлардың бүйрегі бізге қарай бұрып тұратыны да жасырын емес. Дүрия Шыны керек, АҚШ сынды алып елдің бірінші басшысы Елбасын құттықтағаны үшін кəдімгідей марқайып қалдым. Мұның өзі Барак Обаманың бұл кісіге деген құрметі мен қошеметіне айғақ болады. Пікірлерді реттестірген Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №552 ek

Profile for Egemen

30042015  

3004201530042015

30042015  

3004201530042015

Profile for daulet
Advertisement