Page 1

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі əлемдік ауқымда жоғары бағаланатыны тағы да тиянақтала түсті: Біріккен Араб Əмірліктеріне жұмыс сапары барысында Елбасымызға «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы табыс етілді. Елбасы мерейі – ел мерейі!

№211 (28434) 29 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Елбасымыз – исламдыќ ќаржы бойынша жаћандыќ кґшбасшы

Марапаттау рəсімі болып ґтті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Global Islamic Finance Awards ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының

аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Global

Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рəсімі б о л ып ө т т і . М емл ек ет б а сшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited»

компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды. Марапаттау рəсіміне Біріккен Араб Əмірліктерінің ВицеПрезиденті – Премьер-министрі, Дубай Əмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Əл Мактум қатысты. Сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік жəне халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен зор табыстар үшін берілді. (Соңы 2-бетте).

Басым баєыттар талќыланєан кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Əмірліктерінің Вице-Президенті – Премьер-министрі, Дубай Əмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Əл Мактуммен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өза ра іс-қимылдың сау да-эко но ми калық, инвестициялық, индустриялықинновациялық жə не кө ліклогистикалық салаларындағы басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ, Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру жə не Қорғас көлік-сервис торабын дамыту бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды.

Ќазаќстан – ислам əлемін дамытудыѕ табанды жаќтаушысы Елбасы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының «Экономикалық өсу жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған 10-шы отырысында сөз сөйледі. Қазақстан Президенті əлемдік энергетикалық ресурстардың

Экспорт еселене тїсуде

Кеше Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көші-қон заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ ЕАЭО аясында өнеркəсіптік кооперацияға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыстың қорытынды брифингінде мəлім болды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Инвестициялар жəне даму ми нистрлігінің мəліметінше, Қа зақстан мен Кеден одағы ара сын дағы тауар айналымы өткен жыл дың қорытындысы бойынша 24,6 млрд. АҚШ долларын құрады, ал экспорттың жалпы көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларына жеткен. Экспорт құрылымының өзгеру факторына оң баға беруге болады. Егер бұрын шикізаттық тауарлар басым болса, соңғы жылдары экспорт құрылымының өзгергені байқалады. Өңделген тауарлар көлемі шикізаттық тауарлардан

асып түскен. Ал қамтамасыз ететін дайын өнімнің жалпы сомасы бір миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге, Ресей Федерациясының импортты алмастыру бағдарламасына қазақстандық кəсіпорындардың қатысуы бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның нəтижесінде талдау жүргізіліп, қазақстандық өндірушілердің 30 тауар позициясы бойынша Ресейді сапалы өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін анықталған. Əлеуетті экспорттың жалпы құны 6,7 млрд. АҚШ долларын құрайды. (Соңы 11-бетте).

24

саєат

 Жексенбі күні өткен Брази лиядағы президенттік сайлауда іс басындағы президент Дилма Руссефф ханым сəл ғана басымдықпен жеңіске жетті. Сайлауда оған бір ғана үміткер – оппозиционер Аэсио Невес қарсы шыққан еді. Сайлау бюллетеньдерін есептеудің қорытындысы бойынша ол өзінің жеңілгенін мойындады.  Украинада жексенбі күні өткен Жоғарғы радаға сайлауда президент Виктор Порошенконың блогы мен премьер-министр Арсений Яценюктің «Халықтық майдан» партиясы үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Енді бұл екі саяси ұйым парламентте үлкен коалиция құра алады. Аталған екі саяси ұйым сайлаушылардың 20 пайыздан астам дауысын алған еді.  Үстіміздегі қаржы жылы АҚШ-тың əскери экспорты 34,2 миллиард долларға жетті. Бұл

туралы Пентагонның баспасөз қызметі хабарлады. Өткен қаржы жылында аса ірі тапсырыс беруші Катар саналады. Ол жалпы құны 11 миллиард доллардың əскери техникасын сатып алмақшы екен. Біріккен Араб Əмірліктері тамыз айында 2,5 миллиард долларға 4569 бронды автомобиль үшін тапсырыс беріпті.  Сирия күрдтері ресми Дамаскіден əскери көмек алғандарын жоққа шығарды. «Демократиялық одақ» партиясы төрағалары бірінің сөзіне қарағанда, бұл Кобани қаласын қоршауға алған исламистердің өтірік насихаты болып табылады. Исламистер аталған қаланы осы айдың басынан бері шабуылдап жатыр. Бүгінде шаһардың көп бөлігіне бақылау орнатып үлгерген.  Исламистердің «Ан-Нахда» («Қайта өрлеу») партиясы Тунисте өткен парламент сайлауында жеңіліс тапты. Мұны аталған партияның өкілі Лотфи Зитун мойындаған. Сондай-ақ, ол елдегі саяси күштерді «Ан-Нахданы»

70 пайызына бақылау жасайтын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына əлемдік ІЖӨ-нің тек 7,5 пайызы жəне жаһандық тауар айналымының 11,2 пайызы ғана тиесілі екенін айтты. Бұл ретте мұсылман əлемі халық санының өсуі, кедейлік,

құрамына қосатын коалиция жасақтауға шақырды. Елдегі зайырлы санатындағы «Нида Тунс» партиясы парламенттегі 217 дауыстың 80-ін алса, «АнНахданың» көрсеткіші – 67.  Жапония жақын уақыттарда өзінің ресми құжаттарында Грузияны Джорджия деп атай тын болады. Осындай уағдаластыққа Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Грузия президенті Георгий Маргвелашвили қол жеткізді. Грузия президенті Токиоға ресми сапармен келген болатын.  Үш ресейлік Үндістанның батыс жағалауларында катердің апаты салдарынан қаза тапты. Ресейлік 10 турист теңізде дельфиндерді көру үшін катер жалдаған. Қатты толқыннан жүзу құралы Гоа штатындағы танымал Бутул жағажайынан 1 шақырым жерде аударылып қалған. 3 қыз катерден шығып үлгермесе керек. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

табиғи ресурстардың біртіндеп сарқылуы, экологияның нашарлауы секілді елеулі мəселелерге кезігіп отыр. – Осы сын-қатерлерді лайықты қарсы алып, еңсеру үшін батыл ынтымақтастық жəне қажетті бастамалар қабылдау керек болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына біздің елдің төрағалығы барысында

ислам əлемінің ХХІ ғасырдағы дамуының негізі ретіндегі жаңғыру мен реформаларға бағытталған ИЫҰ-ның Астана декларациясы қабылданғанын еске салды. – Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ислам əлемін əрі қарай нығайту мен дамытудың табанды жақтаушысы болып қала береді, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

МАРЌАКҐЛ-ШАНАЄАТЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ертіс суы 5-бет

7-8-беттер

Аќбоз атты 11-бет

АТТИЛА

Тəукенов 10-бет


2

29 қазан

www.egemen.kz

2014 жыл

Елбасымыз – исламдыќ ќаржы бойынша жаћандыќ кґшбасшы

Ќазаќстан – ислам əлемін дамытудыѕ табанды жаќтаушысы (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстан Президентінің атап өткеніндей, біздің еліміз жаңа индустриялық бағдарлама аясында БАƏ, Иран, Түркия жəне Малайзиямен белсене жұмыс жүргізуде. – 2,5 миллиард доллар болатын перспективалы 15 жобамен жұмыс жасалуда жəне бұл бастамасы ғана, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан инвесторлар тарту үшін барлық жағдайды жасап, тиімді көліктік-логистикалық

инфрақұрылым қалыптастырып жатқанын айтты. – 10 мың шақырымнан астам автокөлік жолы, 2,5 мың шақырым теміржол салынды жəне қайта жөнделді. Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы ауданы 90 миллион гектарға жуық жерге ие бола отырып, азық-түлік қауіпсіздігінің

Дїниежїзілік ислам экономикалыќ форумы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын құру туралы идея 2003 жылдың 15 қазанында Малайзияның Путраджая қала сында өткен Ислам Ынты мақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) 10-шы саммитіндегі бизнес-форум барысында туған еді. 2004 жылы Куала-Лумпур қаласында өткен ИЫҰ-ның екінші бизнес-форумында Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы (ДИЭФ) ресми тұрғыдан бекітілді. Нəтижесінде 2005 жылы Куала-Лумпур қаласында ДИЭФтің алғашқы мəжілісі, келесі жылы (2006 ж.) Исламабадта екіншісі, одан кейінгі жылы (2007 ж.) тағы да КуалаЛумпурде үшіншісі, 2008 жылы Кувейтте төртіншісі, 2009 жы лы Джакартада бесіншісі, 2010 жылы қайтадан КуалаЛумпурде алтыншысы, 2011 жылы Астанада жетіншісі, 2012 жылы ДжохорБаруде сегізіншісі, 2013 жылы Лондонда тоғызыншысы өткен болатын. Ал биыл Дубайда мерейтойлы 10-шы мəжілісі өткізіліп отыр. Форум мұсылман əлемінде іскерлік байланыстарды қалып тастыру үшін жаңа мүмкін діктер беру мақсатында Үкімет басшыларының, бизнес, академиялық орта өкілдерінің, өңірлік сарапшылардың, корпоративтік менеджерлердің бастарын біріктіретін жаңа талқылау алаңына айналды. Осылайша, ол Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер мен мұсылман қоғам дастығының жаһандық экономикалық үнқатысуы үшін зор мүмкіндіктер туғызатын форум мəртебесін иеленіп үлгерді. Форумның басты міндеттері мыналар: - сауда-саттықтың көлемін арттыру жəне бизнес мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану арқылы мұсылман елдерінің жəне бүкіл əлемдік қоғамдастықтың экономикалық əлеуетін көтеру; - түрлі елдерден инвесторлар мен əріптестер тарту мақсатында мұ сылман əлемінде сауда-саттық пен экономикалық қызмет үшін жағдайлар туғызу; - идеялар, ақпараттар мен білім алмасу арқылы стратегиялық одақтастардың желісін нығайту жəне ілгерілету; - іскерлік əріптестік мұсылман жəне мұсылман емес əлемдер арасында көпір қызметін атқара алатынын есепке ала отырып, мұсылман жəне мұсылман емес бизнесмендер арасында үнқатысу мен ынтымақтастықты ілгерілету. Форумның маңызды үнқатысу алаңдары аса перспективалы салаларда нақты жобалар мен бағдарламалар

жаһандық орталығына да айнала алады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ислам даму банкімен біздің елдің инвестиция тарту жəне ислам банкин гін дамыту саласындағы ынтымақтастығының жемістілігіне назар аударды. Бүгінде бұл бағыт бойынша отандық экономикаға 700 миллионнан астам доллар инвестиция салынған. Мемлекет басшысы 2007 жылы біздің еліміз БАƏ-мен бірлесіп, Қазақстанда 500 миллион долларды капиталдандыру

Форум аясындаєы екіжаќты жїздесулер Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясында екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

арқылы «Əл-Хиляль» алғашқы ислам банкін ашуға шешім қабылдағанын еске салды. Қазіргі кезде Қазақстан Алматыны ТМД жəне Шығыс Еуропа елдері үшін исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы ретінде көрсетіп отыр. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысушылар əлемдік экономиканы дамытуға деген көзқарасты қайта байыптау ісіне өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.

Малайзияның Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесуде екіжақты, соның ішінде саудаэкономикалық, инвестициялық, сондай-ақ, инновация мен жоғары технологиялар саласындағы ынты мақтастықты дамытудың кең

Марапаттау рəсімі болып ґтті (Соңы. Басы 1-бетте). – Қазақстан 2009 жылдан бері исламдық қаржыландыру қағидаттарын заңнамалық тұрғыдан енгізу жөнінен ТМД мен Орталық Азияда көшбасы саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ислам банкингі, сақтандыру жəне лизинг саласында өз қызметтерін

ұсынатын исламдық қаржы институттарының тұтас бір шоғыры жұмыс істейді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, Қазақстанның халықаралық ислам ұйымдарының қызметіне белсене араласатынын ескере отырып, оның исламдық қаржыландыруды дамытудағы

МƏРТЕБЕ БИІГІ

бойынша бөлінген Білім беру қоры, Іскер əйелдер желісі, Жас көшбасшылар желісі, сондай-ақ, дөңгелек үстелдер сериялары болып табылады. Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының институттық қызметін қамтамасыз ету үшін 2006 жылдың наурыз айында форумның жыл сайынғы мəжілістерінің əкімшісі болып табылатын арнайы қор құрылған еді. Ол басында төрағасы отыратын Қамқор-

институттары сияқты құрылымдар да жұмыс істейді. Сонау 1963 жылы Малайзияда қайырымдылық қоры құрылса, ол Меккеге қажылыққа бару ниетіндегі мұсылмандар қаржысын өзіне тартуымен ерекшеленді. Соңында оның негізінде əлемдегі аса ірі исламдық инвестициялық қорлардың бірі – «Tabung Haji» пайда болды. Алайда, исламдық банк істерінің күрт дамуы 80-ші жылдары басталды. Сол тұста, яғни 1983 жылы

Islamic Investment Bank (Бахрейн), The International Investment Bank (Кувейт), жергілікті инвестициялық банктер, сондай-ақ, халықаралық банктер жұмыс істейді. Олар шариғатқа сəйкес келетін (кəдімгі банктердегі ислам терезесі деп аталады) қызметтер ұсынады: HSBC, UBS (негізінен Бахрейн мен БАƏде). Citibank те ұзақ уақыттан бері исламдық банктер құрылымдарымен ынтымақтасып келеді.

ислам қаржысы бойынша зерттеулер, семинарлар, конференциялар өткізеді. Өз кезегінде ААОІҒІ бухгалтерлік есеп, аудит, басқару, ислам қаржы институттары үшін шариғаттың этикасы мен стандарттарына дайындық бойынша маманданады. Оған 40 елден 155 қатысушы кіреді. Австралия, Малайзия, Сауд Арабиясы жəне Оңтүстік Африка Республикасы үкіметтері ислам дық қаржылар бойынша ААОІҒІ стандарттарына негізделген нұсқамалар шығарған. Əлемде ислам активтерінің 71 пайызы Таяу Шығыс елдерінің, 24 пайызы Азияның өзге елдерінің үлесіне тиеді. Батыс елдерінің ішінде ислам қаржыландыруы бойынша көшбасшы ел Ұлыбритания болып табылады. Оның үстіне, белгілі бір шектеулерге орай, ислам қаржы институттары инвестициялау үдерістерінде əлемге төтеннен келген 2007 жылғы қаржы дағдарысына басқаларға қарағанда мықтырақ болып шықты.

Ќўрылымдар ќаєидаттары

шылар кеңесіне, Куала-Лумпурде орын тепкен Халықаралық кеңесу тобы мен Тұрақты хатшылық қолдау көрсететін өзінің жеке корпоративтік əкімшілік құрылымына ие. Қазіргі кезде қордың төрағасы Ма лайзияның бұрынғы премьер-министрінің орынбасары Тун Мұса Хитам болып табылады.

Əлемде исламдыќ ќаржыландыруды дамыту туралы Исламдық қаржыландыруды дамытудың ресми бастауын алғашқы исламдық банк – Египетте құрылған Мит Гамр Банк деп есептеуге болады. Бұл 1963 жыл еді. Ислам қаржысы бойынша танылған əлемдік орталықтардың бірі – Малайзия. Осы мемлекеттің қаржы жүйесінде дəстүрлі де жəне исламдық қаржы

«Islam Malaysia Berhad» банкінің негізі қаланған еді. Осыдан 10 жыл өткеннен кейін ғана, 1993 жылы пайызсыз банктік бағдарлама іске қосылды. Оған сəйкес, дəстүрлі банктер ислам қаржылық құралдары бойынша қызмет көрсете бастады. Соңынан айтарлықтай жедел түрде бірнеше ондаған жаңа ойыншылар пайда болса, өнімдік желі қызмет көрсетулердің 40 түріне дейін ұлғайды. ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарында араб елдерінде алғашқы ірі ислам банктері пайда болды. Олардың қатарында Dubai Islamic Bank (БАƏ), Faisal Islamic bank of Egypt (Египет), Faisal Islamic Bank of Sudan (Судан) сияқты банктер бар. Бұдан бөлек, мұсылман елдеріндегі аса ірі ислам банктеріне Abu Dhabi Islamic Bank (БАƏ), Al Rajhi Banking & Investment Corp (Сауд Арабиясы, филиалдары Малайзияда да бар) Shamil Bank of Bahrain (Бахрейн) жатады. Парсы шығанағы елдерінде First

ауқымдағы мəселелері қарастырылды. Ал Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье Беттелмен кездесуде сауда жəне инвестициялық бағыттарды қоса қамтитын экономикалық өзара іс-қимыл аспектілері талқыланды.

Ал ислам қаржыландыруы саласын дағы халықаралық стандарттарға қатысты айтатын болсақ, екі шешуші ұйымды атаған орынды – олар Ислам қаржыландыруы жөніндегі кеңес (Islamic financial services board) жəне Ислам қаржы институттарының бухгалтерлік есеп жəне аудит бойынша ұйымы (Accounting and auditing organization for islamic financial instutions – AAOIFI). Исламдық қаржыландыру жөніндегі кеңес – бұл ислам қаржы индустриясы қызметінің тұрақтылығын ілгерілету жəне ұлғайту бойынша стандарттар мен қағидаттарды орнықтырудың халықаралық ұйымы. Оған 185 қатысушы кірсе, олардың 43-і реттеуші болып табылады, олардың қатарында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Халықаралық есептер банкі, Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының жеке секторын дамыту жөніндегі ислам корпо рациясы, 6 халықаралық ұйым мен 136 нарыққа қатысушы бар. Кеңес

Ислам қаржы құрылымдары – бұл қайырымдылық емес, пайда табуға бағытталған коммерциялық ұйымдар. Егер оларға пайыздар алуға тыйым салынса, бұл олардың қызметі тегін дегенді мүлдем білдірмейді. Алайда, оның үстіне, ислам банктері жəне этикалық қағидаттарды ұстанатын басқа да құрылымдар өз қызметтерін шариғат нормаларымен сəйкестендіреді. Осы арада атап көрсе тетін бір жайт – бұл қағидаттар көптеген мұсылман еместерге де жақын. Ислам банкінің, үлестік қорының немесе сақтандыру компаниясының клиенттері діни сенімнанымына, нəсіліне, ұлтына, жынысына қарамастан, кім-кім де бола алады. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйы мының (ЭЫДҰ) ақпа раттарына сəйкес, қазіргі кезде ислам қаржы ұйымдары клиенттерінің 50 пайы зы мұсылман еместер болып табылады. Ислам қаржыландыру қағидаттарына сəйкес, ақшаны айырбас құра лы немесе табыс табу көзі ретінде пайдалану ынталандырылады. Бірақ ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздық үлес алуға тыйым салынады. Сондықтан ислам қаржы институттарында дəстүрлі түрдегі депозиттер, займдар мен облигациялар жəне овердрафтар деген атымен жоқ. Сондай-ақ, тəуекелдерді бөліспеуге

рөлі күшейе беретіндігін атап өтті. Соңында Қазақстан Президенті жоғары наградамен марапаттағаны үшін GIFA-ға алғыс айтып, ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету жолында табысты болуына тілектестік білдірді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

де тыйым салынады. Осылайша, мəселен, банк кəсіпкерге қарызға ақша бере отырып, тəуекелдерді де өз мойнына алады. Бұдан бөлек, темекі, алкоголь өнімдері, қару-жарақ жəне оқ-дəрі, ойынсауық, құмар ойындар, исламның қаржы қағидаттарына қайшы келетін қаржы қызметін көрсету сияқты сала ларға инвестиция салуға рұқсат берілмейді. Мəселен, деривативті құралдарды, яғни артында ешқандай нақты активтері жоқ құнды қағаздар деп ата латынды инвестициялауға болмайды. Ислам қаржы құрылымдары үшін басымдықтар экономика, өмір сапасын арттыру мəселе сінде үлкен маңызға ие сала ларға беріледі. Мысалы, инфрақұ рылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркəсібі. Тұрғ ын дарын ың басым бөліг і мұсылман болып табылатын көптеген елдерде ислам қаржы құрылымдарының пайда болуы көлеңкеден айтарлықтай көлемдегі қолма-қол ақшаны алып шығуға мүмкіндік берді. Бұған дейін діни сенімдегілер өз ақшаларын «күнəлі» бизнеске салғаннан гөрі, үйде сақтағанды жөн көріп келген еді.

«Global Islamic Finance Awards» халыќаралыќ сыйлыєы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа Əлемдік ислам қаржыландыруының «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) сыйлығын тапсыру салтанаты болып өтті. «Global Islamic Finance Awards» Ислам қаржылары бой ын ша халықаралық сыйлықты тап сы ру рəсімі 27 қазан күні Біріккен Араб Əмірліктерінің Дубай қаласындағы «The H Hotel» қонақ үйінде Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының 10-шы мерейтойлық мəжілісі қарсаңында өтті. Сыйлық ислам банкингін дамытуға жəне өңірлік, сондай-ақ, əлемдік деңгейде қаржыландыруға айтарлықтай қол жеткізген табыстар үшін беріледі. Сыйлықты жыл сайынғы тапсыру салтанаты шеңберінде ислам банкингі мен қаржы саласында үздік халықаралық жəне өңірлік тəжірибелер атап өтіледі, сондай-ақ, мақсаты ислам дəстүрлеріне сəйкес келетін жəне ислам банк жүйесі мен қаржысына үйлесетін əлеуметтік жауапкершілікті ілгерілету болып табылатын институттар мен биз нескөшбасшыларға құрмет көрсетіледі. Самат МҰСА, Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».


29 қазан

3

www.egemen.kz

2014 жыл

НҰРЛЫ ЖОЛ – ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ҒАСЫР ҚҰРЫЛЫСЫ Таяуда Астана қаласының активімен болған кездесуінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланатынын мəлімдеді. «Бізге елордасынан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кəсіпорындар тапсырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кемітпеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мəселемен айналысып жатыр», деді Елбасы. Осыған орай Инвестициялар жəне даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек БАРМАҚОВТЫ əңгімеге тартқан едік.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Дамыєан елдіѕ бір белгісі – Сайранбек Сұлтанбекұлы, Мемлекет басшысы Астанадан еліміздің барлық өңірлеріне сапалы жолдар тартылуының қажеттігі жөнінде айтты. Негізі Қазақстанда халықаралық стандарттар үдесінен шығатын жолдар салу қаншалықты мүмкін? – Қазақстанның қазіргі мұраты мен мақсатына жəне қабілеті мен қауқарына қарасақ, Еуропаның көлік жолдарына ұқсаған автомагистралдар салуға толық мүмкіндігі бар. Егер транзитті мемлекет атанып, əлемдік сауда хабына айналуды көздеген болсақ, көлік жолдарындағы кез келген кедергілерді жойып, ел аумағынан өтетін тауар жəне жолаушы ағындарының еркін қозғалысына барлық қолайлылықты жаратуға тиіспіз. Бұл ғаламат жобаны ойдағыдай жүзеге асыра алсақ, еліміздің жан-жақты өрлей дамитынына шүбə жоқ. Бірақ Қазақстан үшін бұл биік мақсатқа жету оңайға соқпайды. Себебі, біздің ел Еуропа немесе көрші Азия елдері сияқты жер көлемі шағын мемлекет емес. Оны жолдардың ұзындығынан анық аңғаруға болады. Атап айтқанда, елдегі пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығы 96 мың 800 шақырымды құрайды. Мұншама ұзақ жолдарды Еуропа стандарттарына теңестіру, қанша жерден дамушы əрі қауқары қуатты мемлекет болғанымызбен қиынның қиыны. Сондықтан, Мемлекет басшысы əзірге транзиттік һəм республикалық маңызы бар жолдарды халықаралық талаптарға сай етіп салуды жүктеп отыр. Бұл тапсырманың қанатқақты жобасы жемісті жүзеге асырылғанына халықаралық қауымдастық куə. Бұл орайда «Астана-Бурабай» автобанын айтып отырмын. Осы жобаны іске асыруға білек түріп, бел буған шақта көңілде түрлі күмəннің болғаны рас. Бірақ ел мамандары ғажап жобаның ине-сабағына дейін зерделеп, жүктелген міндетті тамаша атқарып шықты. Нəтижесінде, сала мамандарында өз білім-білігі мен ісіне деген сенімділігі артып, елдегі барлық ірі тас жолдарды осындай бейінге келтіруге болатынына көз жетті. Сондықтан, ұзындығы 1 276 шақырымды құрайтын Ташкент-ШымкентТараз-Алматы-Қорғас, ұзақ тығы 2 013 шақырымға тартылған Шымкент-Қызылорда-АқтөбеОрал жəне Ресей Федерациясының Са мара қаласына шығатын тас

жолды, сондай-ақ 1 688 шақырымнан тұратын Алматы-ҚарағандыАстана-Қызылжар мен АстраханьАтырау-Ақтау-Түрікменстанға жалғанатын 1 323 шақырымдық магистралды, бұлармен бірге ОмбыПавлодар-Семей-Майқапшағайды басып өтетін 1 130, АстанаҚостанай-Челябі күрежолдарын халықаралық транзиттік магистралдармен теңестіруге кірісіп кетті. Бұйыртса, Қазақстан бұл талабына 2020 жылы жететін болады. – Транзиттік дəліздер туралы əңгімені кідірте тұрып, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар туралы айтсаңыз? – Жергілікті көлік жолдарының да жай-күйі Үкімет назарында тұр. Ол автожолдардың ұзындығы 73,2 мың шақырымға созылған. Осы уақытта облыстық жəне аудандық маңызы бар автожолдардың техникалық жағдайы толық зерделенген. Атап көрсетер болсақ, 13,9 мың шақырым жолдың жағдайы жақсы. Ал 32,2 мың шақырым жолдың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Қалған 27,1 мың шақырымға тартылған жолдардың жағдайы нашар күйде болып тұр. Елімізде көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың жəне ынтымақтастығының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен 13 725 шақырым облыстық жəне аудандық маңызы бар автожолдарын салу жəне жөндеу жұмыстары көзделген. Бұл өз кезегінде облыстық жəне аудандық маңызы бар автожолдардың жақсы жəне қанағаттанарлық техникалық жай-күйдегі үлесін 78 пайызға жоғарылатуға мүмкіндік береді. – Ел аумағындағы автожолдар мен жол бойындағы сервистер халықаралық стандарттарға қаншалықты сəйкес келеді? Автомобиль жолдарына жауапты мекемелер саладағы қандай халықаралық ұйымдармен жəне мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр? – Қазіргі таңда ел аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 2 029 жол-сервис нысандары бар. Солардың ішінде 44-ін кешенді жəне қолайлы жағдайда деп айтуға болады. Жол сервисі нысандарынан көрсетілетін қызметтер жолаушылардың автомобиль жолдарындағы туындаған барлық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен олардың шаршауын басып, сол арқылы жүргізушілердің жұмыс

істеу қабілетін жақсартып, қайта ынталандыруы қажет. Ағымдағы жылы автомобиль жолдары комитеті жол бойындағы сервис нысандарын дамыту жоспарын жасады. Осы жоспарға сəйкес «Қазақстан Республикасы аумағындағы жол сервисі объектілерінің қызметі» ұлттық стандарты бекітілді. Аталған стандарт жол қызметтері жəне жол сервисі нысандарынан жалпы пайдалану үшін автокөлік жолдарындағы берілетін, көрсетілетін қызметтерге, сонымен бірге, оларды орналастырулар мен абаттандыруларға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Сондай-ақ, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мен ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына сəйкес 260 кешенді нысан салу жəне қайта құру жоспарлануда. Қазіргі таңда Инвестициялар жəне даму министрлігі жол бойындағы сервис нысандарын дамыту саласында жергілікті атқарушы органдармен, Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Гелиос» ЖШС жəне т.б. ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқаруда. – Мемлекет басшысының «Ұлы Жібек жолын» жаңғырту бойынша берілген тапсырмаларының орындалу барысы қалай? Көліктік логистиканы дамыту барысында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? – Ұлы Жібек жолы – əлемдік өркениет тарихындағы аса маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Керуен жолдарының тарам-тарам желілері Еуропа мен Азияны Қытайға дейін қиыстырды жəне көне дəуір мен орта ғасырда Батыс пен Шығыстың мəдениеті мен сауда-саттық қарым-қатынасының маңызды құралы болып табылды. Ұлы Жібек жолының ұзақ бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан аумақтары арқылы өтті. Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы қазіргі заманға сай дамып жатқан экономикалық қатынас көне Жібек жолын жаңа техникалық деңгейде қалыптастыруды қажет етті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Ұлы Жібек жолын» қайта өркендетуге тапсырма берді. Қазіргі Жібек жолының нұсқасы Қытайдан Қорғас автомобиль шекаралық жолы арқылы, одан əрі Көктал, Шонжы, Алматы, Бішкек, Тараз, Шымкент, Ташкент, Бұхара жəне орталық теңіз елдері арқылы өтеді. 2009 жылы Қытай-Қазақстан, Қытай-Орталық

Азия, Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс Еуропа үш басты бағыттар бойынша халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін Батыс Еуропа – Батыс Қытай ірі жобасын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта дəлізді қайта жаңарту бойынша үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жалпы, дəлізді қайта жаңарту жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бұйыртса, 2020 жылға қарай дəліз бойынша жүк тасымалының көлемі 2 есеге артады. Көліктік логистиканың дамуына келетін болсақ, ағымдағы жылдың 2 тоқсанында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы эконо микалық аймақтың құрылысы басталды. Оны толық жүзеге асыру 2016 жылға көзделген. Аталған жоба Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль дəлізімен технологиялық үйлесімін табуға, қысқа мерзімде Еуропадан Азияға шығуға мүмкіндік беретін индустриялы-логистикалық хабты құруға ықпал етеді. Сөйтіп, Қазақстанның іскерлік, сауда жəне логистикалық хаб ретіндегі ел болуына үлкен септігін тигізеді. – Ұлан-байтақ жеріміздің əр аймағында ауа райы əрқалай. Осыған байланысты жаңа жолдар төсеу барысында жергілікті жерлердің климаты ескеріліп, соған сай технологиялар енгізіліп жатыр ма? Ауыл мен қала жолдарын алаламай жөндеу жұмыстарын тең жүргізетін кезге қашан жетеміз? – Қолданыстағы жол климаттық

сыныптауға сəйкес, еліміздің барлық аумағы III-V аймақтарға жатады. Көп бөлігі IV-V аймақтарда тұр. Қазақстанның аумағын жол-климаттық аудандастыру – есептік температураларды аудандастыру жəне негіздеу бойынша нақты мəліметтерді жинау үшін ғылымизерттеу жəне инженерлік-географиялық іздестірулердің маңызды нысандарының бірі болып табылады. Жолдарды тексеру, материалдардың сапасына сараптама жүргізу нəтижелері төсемнің уақы тынан бұрын бұзылуы, сораптануы, босаңсуы жəне төмен температурада жарықшақтардың пайда болуы, көліктік-пайдалану көрсеткіштерінің нашарлауының негізгі себебі қолданылатын битумның климаттық жағдайларға сəйкес келмеуінен екен. Сапалы асфальт-бетон қоспаларын алу үшін тұтқыр битумды таңдау кезінде төсемнің пайдалану ауданының климаттық талаптарын жəне тұтқыр битумның жұмысқа қабілеттілігінің интервалын ескеру қажет. Осыған байланысты қазіргі уақытта ведомстволық бағынысты ғылымизерттеу институты «ҚазжолҒЗИ» АҚ нəтижелері Қазақстанның аумағын асфальт-бетон төсемінің есептік температурасы бойынша аудандастыру нұсқаулықтарын əзірледі. Соның негізінде жаңа заманғы əдістер мен аспаптарды қолдану арқылы битумның жəне асфальт-бетонның пайдалану ерекшеліктеріне зерттеу жүргізді.

Онда жол құрылымын жобалау кезінде климаттық жағдайларды есепке алуға мүмкіндік беретін табиғи-климаттық жағдайлардың жалпы жол құрылымына əсер етуін зерттеуге ерекше назар бөлінді. Осы жұмыстарды 2015-2016 жылдары аяқтау жоспарланып отыр. Өз кезегінде, Инвестициялар жəне даму министрлігі жұмыс сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмыстарды орындауда. Ол үшін əрбір облыста жол зертханалары жұмыс істеп тұр. Оған техникалық қадағалау бойынша аттестацияланған мамандар тартылуда. – Елімізде ақылы жолдар жүйесі кеңге қанат жаймақ. Осы ретте ақылы жолдарға қатысты мониторингтер жүргізіліп, оның тиімді немесе тиімсіз тұстары зерттеліп, зерделенді ме? Ел бюджетінен алынған қыруар қаржыға салынатын бұл жолдар таяу немесе алыс болашақта жеке секторға жалға берілуі немесе сатылуы мүмкін бе? – Екінші сауалдан бастайын. Мемлекет қаржысына салынған жəне келешекте салынатын ақылы жолдардың ешқайсысы ешқашан ешкімге жалға да берілмейді, сатылмайды да. Қазіргі таңда белгілі болғандай, республикалық бюджетке түсетін ауыртпалықты жеңілдету мақсатында көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мен ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы

бар автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Жоспар бойынша 2022 жылға дейін 7 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына ақылы жүйе енгізіледі. Оның ішінде 3,5 мың шақырымы – І деңгейлі, ал қалғаны ІІ деңгейлі болмақ. Мəселен, Астана-Атбасар жолы осы екінші деңгейлі жолдар санатына кіреді. Онда жүк көліктеріне жол ақылы болғанымен, жеңіл көліктерге жол тегін болады. Ақылы жүйе тиісті жол телімдеріне құрылыс жəне қайта жаңарту жұмыстарын аяқтағаннан кейін енгізіледі. Былтырғы 1 шілдеде қосылған, ұзындығы 211 шақырым болатын «Астана-Бурабай» автомобиль жолының учаскесіне 2012 жылы ақылы жүйе енгізу құрылысын іске асыру жұмыстары басталғаны белгілі. Осы жүйені орнату франциялық «G.E.A.» ұйымымен бірлесіп жүзеге асырылды. Онда өткен жылы жиналған қаражат қоры – 560 млн. теңгені құрады. Ал биыл жыл басынан бері 830 млн. теңге қаржы жиналып үлгерді. Осы орында айрықша айта кетерлігі, ақылы жолдың жүргізушілерге де, жолаушыларға да өте тиімді екені айқындала бастады. Бұлармен бірге тақтайдай тегіс транзиттік жолдар ел экономикасының дамуына да қомақты үлесін қосады. Əңгімелескен Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Алєашќы жолайрыќ Ұзындығы 2,6 шақырым, биіктігі 7 метр, ені 4 метр болатын екі жолақты жол өткелі пайдалануға берілді Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Екі жылдан бері Астана– Петропавл бағытындағы автомобиль жолдарын жаңғырту қызу қарқынмен жүргізіліп келеді. Биыл да бұл салаға қомақты қаржы бөлініп, Көкшетаудан Келлеровкаға дейінгі күрежол қалпына келтірілді. Қалған 4 учаске бойынша жұмыс ауқымы еңсеріліп, екі жолақты трассаны кеңейту ісі қоса-қабат жүргізілуде. «KAZPACO» мердігер компаниясы жуырда осы бағдарлама аясында Петропавл–Астана жəне Петропавл – Жезқазған бағыттарының түйіскен тұсында қауіпсіз қозғалыстың барлық талаптары мен стандарттарына сай келетін алғашқы жолайрықты пайдалануға берді. Оны тұрғызуға 155 мың текше метр топырақ, 33 мың шаршы метр асфальт жабындысы, 1700 қума метр қоршау жұмсалған. Құрылыс жұмыстарына 150 адам тартылып, 2,5 жылда аяқтап шыққан. Облыс орталығынан шыға берісте бой көтерген заманауи жол торабының ұзындығы 2,6 шақырымды, биіктігі 7 метрді, ені 4 метрді құрайды. Тек мемлекеттік тілде жазылған «Сəт сапар!», «Қош келдіңіздер!»

деген жазулар бірден көзге шалынады. Түнде де маңайы самаладай жарқырап тұрады. Қос бағыттағы жол кептелісін азайтып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін жобаның құны 986 миллион теңге болса, жол айрығын салуға 263 миллион теңге бағытталған. Жобаның жетекшісі Ерлан Божкеновтің айтуынша, өңірде бұрын-соңды мұндай жолайрық болмаған. Енді көліктер Петропавлдан Астанаға өткелдің үстімен, Жезқазған жаққа астымен қатынап, жол кептелісін барынша азайтуға барлық мүмкіндік тудырылған.

Жол өткелінің ашылу жиынында сөз алған фирма жəне «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы жергілікті филиалының өкілдері Астана – Петропавл бағытындағы автожолдарды жаңғыртуға шетелдік инновациялық технология қолданылып жатқанын, Ресейдің Қорған облысына дейін таспа жол тартылатынын жеткізді. Солтүстік Қазақстан облысы. –––––––––––––––

Суретті түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.


4

29 қазан

www.egemen.kz

2014 жыл

ІЛГЕРІЛЕУГЕ ІЗ АШАТЫН ИГІЛІКТІ ІСТЕР «Кґмірсутегі шикізаты рыногында ірі ойыншы болып ќала отырып, біз энергияныѕ балама тїрлерін ґндіруді дамытып, кїн мен жел ќуаттарын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуіміз керек»

Н.НАЗАРБАЕВ

(2012 жылєы 14 желтоќсандаєы Ќазаќстан халќына Жолдауынан)

Ќарабўтаќтыќтар енді газды пайдаланады Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Алєашќы энергетикалыќ нысан Стахан БЕЛҒОЖАЕВ,

Мойнақ ГЭС-і директорлар кеңесінің төрағасы.

Осыдан сегіз жыл бұрын құрылысы басталған Мойнақ ГЭС-і бүгінде əлемдік деңгейдегі жер астын ұңғылау əдісімен салынған алдыңғы үштікке ілінді. Су бөгетінің биіктігі 94 метр, қуаттылығы 300 кВт сағ. болатын Мойнақ ГЭС-і еліміз Тəуелсіздігін төрткүл дүниеге паш еткен жиырма жылда салынған алғашқы энергетикалық нысан болып саналады. Елбасы Мойнақ ГЭС-іне арнайы келіп, өз қолымен екінші гидромашинаны іске қосып берген еді. Сол сəттен бастап екі гидромашина ауысыммен тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Бір жылда беретін электр қуаты 1 млрд. 27 млн. киловат сағатты құрайды. Бұл дегеніміз оның еліміздің оңтүстік өңірінің электр қуатына қажет тілігін өтейтінін білдіредіі. Мойнақ су электр стансасы ТМД

мемлекеттерінің ішінде деривация əдістемесін қолданатын бірінші су электр стансасы жəне бұл стансада технологиялық үдерістер жаңа техникалық жетістіктермен қамтылған. Сондықтан, кəсіби, жаңа технологиялық үдерістерді білетін, бүгінгі күнге сай мамандарды дайындау бізде бірінші кезекте тұрады. Дамыған мемлекеттердің ең басты мақсаты – ұлттық бəсекеге қабілетті болу, яғни жаңа

технологияларды меңгеру, осы мақсатта мамандар біліктілігін арттыру үшін мамандарды көршілес мемлекеттерде тəлім алғызып жəне тəжірибеден өткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, кəсіби мамандарды дайындау əрқашан біздің жоспарлы жұмысымыз болған, бола да береді. Мойнақ су электр стансасының техникалықэкономикалық негіздемесіне сəйкес, өндірістік үдерістердің жабдық тары Австрияда жасалған. Біз дің өндіріс орнына ұқсас су электр стансасы көршілес Қытай Халық Республикасында бар. Сондықтан, су шаруашылығы жəне энергетика саласындағы Қытай халық аралық корпорациясына Мойнақ су электр стансасының негізгі нысандарын жобалау жəне құрылыс жұмыстарын жүргізуге екі мемлекеттің арасында келісімшартқа қол қойылды. Электр қуатын өткізу тарифі жөнінде айтсақ, тарифті қалыптастыру базасы ретінде жобаны жүзеге асыруға

жұмсалған шығындар көлемі есептеледі. Мойнақ су электр стансасын салу жəне іске қосу барысында Қытай мемлекеттік Даму банкімен несие келісімі бойынша 200 млн. АҚШ доллары, «Қазақстан Даму банкі» АҚ-пен несие шарттары бойынша 51 млн. АҚШ доллары жəне де «Қазақстан Даму банкі» АҚ-тан несие шарты бойынша 12 285 млн. теңге тартылды. Аталмыш шығындарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бұйрығымен 2011 жылы 7 қарашада Мойнақ ГЭС-інің электр энергиясын өткізу тарифі 1 кВт сағатына 7,4 теңге деңгейінде бекітілді. Мамандардың білімін толықтыру үшін практикалық семинарларға қатысу кəсіпорын бюджетінде жыл сайын жоспарланады.

Кезінде Қарабұтақ ауылы өзімен аттас ауданның орталығы болған-ды. Кейін іргелес жатқан екі аудан біріктіріліп, Əйтеке би ауданы атанды. Сол кезде Қарабұтақ ауылының басынан бағы тайып, халқы басқа жақтарға қоныс аударып, ауылдың ажары кетіңкіреп қалып еді. Ауылдықтардың көңіліндегі күптілікті сейілткен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дəлізінің салынуы болды. Халықаралық көлік дəлізінің құрылысы басталысымен халыққа жұмыс табыла бастады. Облыс орталығына қатынайтын жол жақсарды. Күрежолдың бойында болғандықтан шағын жəне орта кəсіпкерлікпен айналысудың мүмкіндіктері молайды. Барыс-келіс жақсарған соң халықтың үдере көшуі тоқтады. Ауыл тірлігінің бойына қан жүгірді. Кезінде қаңырап қалған əлеуметтік нысандар қайта жұмыс істей бастады. Сөйтіп, Қарабұтақтың басына үйірілген болашағы бұлыңғырлық бұлты сейіліп сала берді. Қазіргі Қарабұтақ ауылында жаңалықтар көп. Соның бірі жақында осы ауылға газ құбырының пайдалануға берілуі дер едік. Ауылға ең жақын деген Бөгетсайдан тартылған газ құбырының ұзындығы 71,1 шақырым құрайды. Бұл жұмыс өткен жылы аяқталды. Жобаның жалпы құны – 1606,7 мың теңге. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Биыл 41,9 шақырым ішкі орамдық газ құбыры желісінің құрылысы аяқталды. Оған облыстық бюджеттен 269,8 миллион теңге қарастырып, толық игерілді. Осы жұмстардың барлығын «АСУ-К» ЖШС сапалы əрі тез жүргізді. Серіктестік директоры Бақытжан Ержановтың мəлімдеуінше, ауылға көгілдір отын межеленген мерзімнен алты ай бұрын беріліп отыр. Елді мекеннен сыртқары орналасқан газ тарату стансасын іске қосу салтанатына ауылдықтардың ағылып келуінің астарында қуанышты сəтті бөлісудің ізгі ниеті жатқаны аңғарылады. Ауа райының кілт құбылып, салқындап кеткеніне қарамастан ауылдықтар көңілді, жүздерінен қуаныш лебі еседі. Қуанбағанда ше, енді қарабұтақтықтар отын іздеп сарсылмайды, күл шығармайды,суық үйде тоңып бүрсеңдемейді. Салтанатты сəтте сөз алған облыс əкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Н.Назарбаевтың кемеңгерлігі, салиқалы саясаты арқасында еліміздің түкпіртүкпірінде жыл сайын емес, күн сайын əлеуметтік нысандардың көптеп іске қосылып жатқанын айта келіп, соның бір мысалы осы ауылға көгілдір отынның келуі екенін жеткізді. Қазірдің өзінде ауылдың 20 үйі көгілдір отынды пайдалануда. Газ құбыры əр үйге барып тұр,

емес. Дəл осы энергиямен əлемдік ауқымда жабдықтау проблемасының өзектілігі Астанада өтетін дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбынан туындап отыр. «Жас Энерго» жастар қанаты – жастар саясатын іске асыру мен бастамаларды қолдауға қатысатын еңбеккерлердің ерікті бірлестігі. Филиал директорының бұйрығымен бекітілген ережесі бар. Төрағасы болып филиал директоры сайланған. Оның бір жыл мерзімге сайланатын жұртшылықпен жұмыс, өндіріс жəне жалпы мəселелер жөніндегі үш орынбасары бар. Олар директор өткізетін барлық аппараттық жəне өндірістік мəжілістерге қатысып отырады. Ережемен олардың құқықтары, міндеттері, мүшелікке өту мен одан айрылу тəртібі бекітілген. Қозғалыс мүшелігіне 32 жасқа жетпеген, мақсаттарды, міндеттерді бөлісетін жəне қолдайтын əрі оларды іске асыруға белсене қатысатын филиал еңбеккерлері өте алады. Негізгі мақсаттары мен міндеттері мыналар: - филиалдың бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қатысу; - жастарды тарту, оларды бейімдеу мен бекіту жүйесін дамыту; - жастарды корпоративтік міндеттерді шешуге тарту жəне кəсіби құзыретті дамыту; - жастар арасында саламатты өмір салты мен спорт құндылықтарын ендіру; - компанияның жастар саясатын іске асыруына ықпал жасау; - жастар саясатын жасауға, оның білімдік, зияткерлік жəне кəсіби деңгейін арттыруға ықпал ету; - жастардың маңызды

Ақтөбе облысы.

Алматы облысы.

«Жас Энергоныѕ» жасампаздыєы Жастарды еңбекпен тəрбиелеу, оларды өндірісте бекітіп қалдыру, кəсіби деңгейін көтеру мен қызметін өсіру үшін жағдайлар жасау проблемалары əлі де өте өзекті болып тұр. Жастарға əрдайым алға ұмтылу, жасампаздық пен шығармашылық, жаңа мен озықты іздеу тəн. Оның əлеуметтік ахуалы мен зияткерлік даму деңгейі мемлекеттің жай-күйі мен болашағын айқындаудың басты факторларының бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бізді Алматы ЖЭТ (жүйеаралық электр тораптары) филиалындағы «Жас Энерго» жастар қанаты мүшелерінің жиналысына шақырды. Осында тың бастаманың туындағаны туралы жылдың басынан бері естіп едім. Осы сəтте ойыма 40-50 жыл бұрын ауылдық елді мекендерді тұрақты электр энергиясымен қамту өткір проблема болғандығы түсті. Жарық беру үшін трактор моторы пайдаланылатын. Моторист болып əдетте сырттан келген механизаторлар істейтін. Сол кезде жергілікті кадрлар осы жұмысты атқаруға қабілетсіз деген ұғым қалыптасқан болатын. Кешке жақын белгіленген уақытта жарықты өшіретінін ескертіп жыпылықтата бастайтын. Естері шыққан жұртшылық электр стансасына, əсіресе үйлерінде қонақтар отырғанда шөлмегін ала жүгіретін. Жалпы, энергетика жүйесінде басшы лауазымдарда қазақ жігіттері аз болатын. Осы естелік мені форумға қатысып, Алматы ЖЭТ филиалы жастарының жаңа бастамасы туралы жақынырақ білуге итермеледі. Қазіргі заманда тіршілікті байланыссыз жəне энергетикасыз елестету мүмкін

болашақта осындағы 500 үй, əлеуметтік-мəдени нысандар толық газға қосылатын болады. Бұл мұнда шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуына серпін береді. Қазір облыс халқының 80 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр, 2017 жылы бұл көрсеткіш 90 пайызға жетеді. Жақында ғана Байғанин ауданының орталығына газ барды, таяу күндері Қобда ауданында газ құбыры іске қосылады. Келесі жылы Ырғыз ауданына газ жеткізіледі. Əйтеке би ауданының орталығы Комсомол селосына дейінгі жалпы құны 2122 миллион теңге болатын 87 шақырым газ құбырын тартуға техникалық-экономикалық негіздемелер жасалды. Комсомол селосына газ тартылғанда жолшыбай Ақкөл, Аралтоғай жəне Жамбыл ауылдары да газдандырылады, деді облыс басшысы. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ахметжан Түймебаев елді мекендерге көгілдір отынның келуін Елбасының халықтың əл-ауқатын көтеруге бағытталған сарабдал саясатымен сабақтастыра келіп, осындай игілікті істері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне, оның ұстанымдарын жүзеге асырып отырған өңір басшысына ризашылығын білдірді. Ауылдағы көгілдір отынды алғашқылардың қатарында пайдаланып отырған шеткі үйге бас сұқтық. Үй иесі ауылдық дəрігерлік – амбулаторияның меңгерушісі Сəкен Нұржанов қаладан осында жұмысқа келген азамат болып шықты. Медбике болып істейтін жары Ұлжанның қуанышында шек жоқ. Келе бюджеттен бөлінген үйден баспаналы болса, енді міне, осы сыңғырлаған жаңа үйде көгілдір отынды пайдаланып отыр. Ұлжан қарындасымыз газды жағып, алаулап жанған көгілдір отынның игілігіне ризалығын айтты.

бастамаларын қолдау мен іске асыру; - оң қоғамдық жастар бастамасын іздеу, қолдау жəне ынталандыру. «Жас Энерго» мүшелеріне жүктелген мін деттердің өрісі кең, оларға үлкен уəкілеттіктер берілген. Маған жас кезімде комсомол өткізетін көптеген қозғалыстар мен бастамаларға қатысуға тура келді. Ал бұл қозғалыс ірі өндірістік ұжымдағы барлық құрылымдық бөлімшелердің жас еңбеккерлерін кең ауқымды мəселелерге тартумен ерекшеленеді. Жиналысты жас қанат мүшелерінің өздері даярлап, жүргізді. Əсіресе беделді кəсіпті игерген қазақ қыздарының жалынын, белсенділігі мен кəсібилігін көргеніміз сондай жағымды болды. Форум барысында олар сауалнама, тренинг, іскерлік ойындар өткізді жəне «KEGOC» АҚ-тың «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша түсіндірме жүргізді. Филиал директоры Қ.Уражанов қысқаша кіріспе сөзінде «ұжымда тұтастай энергетика жүйесіндегі секілді соңғы жылдары сауатты да жоғары кəсіби кадрлар жетіспеушілігі байқалып еді, ал осы жастар қозғалысы маңызды проблеманы шешуде үлкен демеу болып табылады», деді. Ол солардың бастамаларын іске асыруға толайым дербестік берген. Бірде-бір құнды ұсыныс далада қалмайтын болады. «KEGOC» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаментінің директоры Х.Айменов бастамаға жоғары баға берді жəне оны басқа филиалдардың жастары қолдап кететініне сенім білдірді. Талантты жас кадрларды тəрбиелеу, ынталандыру жəне тұрақтандыру мəселелеріне баса назар аударды. Ол «KEGOC» АҚ басқармасының төрағасы Б.Қажиевтің бұл

қозғалысты мақұлдағанын, Қазақстандағы электроэнергетикалық сектор компаниялары арасындағы қанатқақты жоба деп атағанын жеткізді жəне оның құттықтауын тапсырды. Жастарды корпоративтік міндеттерді шешуге белсене қатысуға жəне кəсіби құзыреттерін дамытуға, саламатты өмір салтын ұстануға тарту, сөз жоқ, компания қызметкерлері арасында адалдықты арттыруға жəне энергетика саласы еңбеккерлерінің жоғары мəртебесін нығайтуға қосымша мүмкіндік береді. Жас қанат мүшелерінің айтқан сөздері туған ұжымының болашағына қамқорлық жолына арналды. Мəселен, қозғалыстың өндіріс жөніндегі орынбасары Павел Бородин өмірдің өзі қайдағы бір айлалы əрекеттер кезегі деп бастап, əрқашан тиімді жағдайда қалу үшін оларды зерделеу, артынан қузап отыру керек, деді. Ол Алматы ЖЭТ-ке 2010 жылы метрология қызметіндегі инженер лауазымына жұмысқа келгенде дəл осылай істеген. Күн сайын аға əріптестердің тəжірибесіне үңілген, өндірістік мəселелермен, əсіресе жаңа есепке алу аспаптары мен жабдықтарын орнатумен жəне баптаумен шұғылданған. Тəжірибе жинаған, өз пікірін ашық айтқан, сөйтіп көзге ілінген. Белсенділігі мен кəсібилігі үшін 2-ші санатты инженер лауазымына көтерілген. Қазіргі тұста күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері лауазымын иеленді. Мұны ол жеткен шегім деп санамайды. Биыл компанияның материалдық құралдарын – ӨА АБЖ (өндірістік активтердің автоматты басқару жүйесі) есептен шығаруды жоспарлаудың қанатқақты жобасы іске қосылды. Осы бағдарламаны

игеруге қаражат бөлінді, əзірлеушілерден оқытушылар шақырылды, бірақ та тиісті нəтижелер болмады. Қиындықпен ұшырасты. Бюджет пен инвестициялық бағдарлама кейбір қызметкерлердің біліксіздігі салдарынан кешігіп қорғалды. Бұл жерде де «Жас Энерго» мүшелері көмекке келді, олар сескенбей жауапкершілікті өз мойындарына алып, деректерді ӨА АБЖ-ға енгізу үдерісін тездетті. Сонымен қатар, ол жас, тəжірибесі мен кəсібилігі жеткіліксіз еңбеккерлердің «қоңыраумен» жəне «көкелерінің» көмегімен əжептəуір лауазымдар иелене тін көптеген жəйттер кездесетінін қынжыла атап өтті. Олардың жаман үлгісі болашағынан үміт күттірер дарынды да қабілетті мамандарды салы суға кетіретіні рас. Жастардың басты проблемалары əлі де жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, тұрғын үймен қамтамасыз ету мəселелері, оқыту мен бос уақытын ұйымдастыру болып тұр. Жастарды уəждемелеу мен көтермелеу мақсатында «Жас Энерго» жастар қанатының 10 белсенді мүшесінің санаттары мен лауазымдық қызметақылары арттырылды. Орталық АЭТ-тен жас ұтымгер Оспанбек Қайсар өз əріптестерімен бірге үш фазалы электр қозғалтқыштарын қорғау үшін фазаларды бақылау релесінің схемасын ендірді. Қозғалыс мүшесі Равиль Иминов «СамұрықҚазына» тобына кіретін компа ния лар еңб еккерлері арасында бірінші орын алған «KEGOC» АҚ құрама футбол командасының мүшесі болып табылады. Жандос жастарды компанияның қоғам дық өміріне белсенді атсалысуға шақырды. Жас қанаттың өндіріс жөніндегі топ

мүшесі Əсел Мұстафинаның сөзі əсерлі шықты. Ол сөзін былай деп бастады: «Бірінші болу үшін қуып жетудің керегі жоқ. Өз бағытыңда тез жүгіру қажет. Біз əлемге өзіндік көзқарасы бар сандық технологиялар буынымыз». Ол немқұрайлы емес, келешегі бар жастарды анықтау, үздік, зияткер жас маманға тестілеу, конкурстар жүргізу керек деп санайды. Жиналыста айтылған əңгімені қорыта келе, «Жас Энерго» қозғалысы ерекше, заманның бүгінгі талабына сай бастама деп ой түйдім. Қазақстан экономикасының жаңа өрлеу кезеңінде туған осы қозғалыс өте маңызды жəне құптарлықтай. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген үндеуіне қосып жатқан нақты үлесі ретінде түсіндім. Тəжірибесі аз жас мамандарды өндірістің барлық саласындағы жұмыс процесімен танысуға, өзіндік сараптама жасауға, еңбек ұйымдастыру тəсілдерін үйренуге көптеген басшылар мұндай жағдайда бара бермейді. Жастарды осындай мемлекеттік көзқарастағы қамқорлықпен, жүйелі жəне мақсатты түрде қолдауды кездестірген емес едім. Бұл жиналыстан көп əсер алып қайттым. «Жас Энерго» ұйымының алғашқы қадамдары қуантады. Алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының бағдарламасы да белгілі. Кəсіби тəжірибелері əлі аздау қыздар мен жігіттердің жүрегінен берік орын алған осы игі бастама электрэнергетикасы саласының компанияларында кеңінен нəсихаттауға лайықты деп тұжырымдадық. Энергетика саласының қыр-сырын толық игеруге талпынған жастардың құлшынысы құптарлықтай. Мұхамбетқасым ШƏКЕНОВ, «Энерготехкəсіподақ» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.


29 қазан

ЫП

ЫР Қ А Т Р А Р Ы ТОЛҒАНД

2014 жыл

www.egemen.kz

Оны егінге неге пайдаланбаймыз? Гидроэнергетика саласының ардагері осындай ой айтып, тиімді жоба ұсынады

Əлем бойынша өндіріс пен халықты сумен қамту проблемасы жылдан-жылға асқына түсуде. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс тұрған жоқ. Кеңес Одағының құлап, оның қалыптастырған су реттеу жүйесінің жойылуы Орталық Азия өңірінде су тапшылығын туындата түсті. Бұл жүйенің жойылуына байланысты Сырдария мен Амударияның жоғарғы жағында отырған Тəжікстан, Қырғызстан секілді елдер ендігі кезекте суды қолдарындағы күлшеге айналдыруға кіріссе, Ертіс пен Іленің жоғарғы жағында отырған Қытай өзінің батыс өңіріндегі өндірістің қаулап өсуіне сəйкес екі өзенге де тұсау сала бастады. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Осы жағдайға байланысты кезінде жүзеге аспай қалған жарқын идея – Сібір суларын Қазақстан мен Орталық Азияға бұру мəселесі қайта көтерілген болатын. Ресейдің Сібір өңірінде су көздері өте мол. Мəселен, Енисей өзенінен жылына 590 текше шақырым, Лена өзенінен 528 текше шақырым, Ертіс пен Обь өзендері арқылы 397 шақырым су ағып, Солтүстік Мұзды мұхитқа қосылып жатыр. Бұл ағынды сулардың Ресей үшін беріп жатқан пайдасы шамалы. Ендеше, осы сулардың аздаған ғана бөлігін əлемдік мұхиттардан алыста жатқан, суға шөліркеген Орталық Азия өңіріне неге бермеске? Міне, осы мəселе соңғы біржарым ғасыр уақыттан бері қарапайым диқандардан бастап ірі ғалымдар мен мамандардың, саясат жəне қоғам қайраткерлерінің санасын сілкіп келеді. Сібір суларын Орталық Азияға бұру мəселесін журналист ретінде сол тұста біз де өз тарапымыздан біраз зерттеп көрген едік. Сонда осыдан 150 жылдай уақыт бұрын харьковтық гимназист Я.Демченко алғаш рет көтерген бұл өміршең идеяның дəл қазір қай кезде екендігін кесіп айту қиын, бірақ əйтеуір, бір уақыттары жүзеге асатындығына көзіміз жете түсті. Өйткені, идеяның маңыздылығы жылдар өтіп, заман өзгерген сайын арта түсуде. Мəселен, əлемде соңғы уақыттары қалыптаса бастаған көптеген факторлардың, атап айтқанда, адамзат саны мен өндірістің соңғы елу жылдың ішінде күрт өсуінің, бос жатқан жерлердің азаюының, азық-түлік бағасының қымбаттауының, жобаларды арзан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялардың дамып-жетілуінің, жаһандану үдерісінің күшеюінің, климат өзгерісіне байланысты Батыс елдерінде тасқын қаупінің ұлғаюының жəне осыған ұқсас басқа да көптеген факторлардың ықпалымен бұл жобаны жүзеге асыруға бірте-бірте суға шөліркеген Орталық Азияның өзін былай қойып, Еуропалық одақ мемлекеттері де, Ресей де мүдделі бола түспек. Тіпті, егер жағдай біз атап көрсеткен факторлар бойынша өрби беретін болса, онда басқаны былай қойып, енді бір елу жылдың ішінде су иесі Ресей Федерациясы басшыларының өзіақ халықаралық қауымдастыққа, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне осындай ұсыныспен шығуы əбден мүмкін. Міне, осындай жағдайларға байланысты əзірге Қазақстан үшін Сібір суларын бұру жобасын жүзеге асырудың уақыты келе қойған жоқ деп есептейміз. Тіпті, қазір асығамыз деп арандап қалуымыз мүмкін. Өйткені, дəл қазіргі есептеулер бойынша жоба өте қымбатқа түседі. Екіншіден, оны жүзеге асырған жағдайда Ресей Сібір суларын бізге сатуға кіріспек. Тіпті, сатпады деген жағдайдың өзінде біздің тəуелсіздігімізге ықпал ете алатын үлкен саяси-экономикалық тетікке ие болмақ. Оның үстіне, су проблемасын шешуде біздің əлі өз ішімізде тындыратын шаруалар да жеткілікті. Біз əзірге су ысырабын да жойғамыз жоқ. Су үнемдеу технологияларын ендіенді ғана қолдана бастадық. Міне, осыларды əбден ретке келтіргеннен кейін барып қана бізге Сібір өзендерінің суын Орталық Азияға бұру секілді іргелі жобаны оған мүдделі жақтар Ресей, Еуропа мемлекеттері, Өзбекстан секілді елдермен бірлесе отырып, яғни қаржыландырудың ауыр жүгін бөлісе отырып қана қолға алуға болады. Дегенмен, өміршең идеялар да жаны бар адам секілді. Олар өмірге келгеннен кейін сананы жаулай бастайды. Қашан жүзеге асқанша адам миына тыныштық бермейді. Шамасы, «мысль имеет свойства материализоватся» деген сөздің өзі осыған байланысты айтылған болса керек. Мəселен, қазіргі күні бірқатар қазақстандықтарды Сібір өзендерін Қазақстанға бұру идеясы жүзеге аспаған жағдайда оған балама бола аларлықтай қандай жобалардың болуы мүмкін деген ойлардың мазалайтындығы анық.

Жуықта біздің редакциямызға Тоқтар Басабиков деген ақсақал келді. Жасы – 79-да. Красноярдегі гидроэнергетикалық техникумды, Жамбыл гидромелиоративтік институтын бітірген. Ригадағы, Краснояр, Мурманск облыстарындағы Кольск, Юшкозерск секілді ірі су электр стансаларын салуға қатысқан. Ұзақ жылдар Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігінің суландыру нысандарын өндірістік пайдалану, іске қосу-жөндеу басқармасын басқарған. 1991 жылы Қазақ КСР Құрылыс комитеті басшысының бірінші орынбасары деңгейінде зейнеткерлікке шыққан. Қысқасын айтқанда, өз заманында бай тəжірибе жинақтап, жоғары лауазымды қызмет атқарған білікті инженер-гидротехник маман. Біз əңгіме барысында Тоқтар Басабиков ақсақалдың Қазақстанның су проблемалары мен оны шешу жолдарын зерттеу мəселесімен өмір бойы шұғылданып келе жатқандығын білдік. Ол өзінің патриоттық болмысына сəйкес еліме қайтып пайдамды тигізсем екен деген ізгі ниетпен Сібір суларын Қазақстанға бұру жобасының тиімділігін көп зерттеп, одан бірқатар кемшіліктерді де байқаған. Сөйтіп оған балама боларлықтай жобаларды қарастыра бастаған. Ондай жобаны əзірлеп, Мəскеуге апарғанда орталықтағылардан қолдау таппай меселі қайтқан. Сондағы кінəсі өз жобаларын жалпы одақтық емес, тек қазақстандық мүдде тұрғысынан қарастырғандығы екен. Біздің редакциямызға Тоқтар аға өзінің ұзақ жылдар бойы əзірлеген «Арал теңізі мен оған іргелес өңірлерді су тапшылығынан құтқару үшін Обь өзені суының бір бөлігін бұру жобасына балама схемалардың бірі» жəне «Ертіс өзенінен Семей ТЭС-ін салудың балама жобасы» атты екі еңбегін ала келген екен. Бізді қызықтырғаны осының екіншісі болды. Өйткені, Тоқтар ағаның «Арал теңізі мен оған іргелес өңірлерді су тапшылығынан құтқару үшін Обь өзені суының бір бөлігін бұру жобасына балама схемалардың бірі» атты бірінші еңбегіндегі қозғалған жағдайлар Қазақстан Үкіметінің ұйғарымымен Сібір суларын Қазақстанға бұру мəселесі белгісіз бір уақыттарға дейін тоқтатылуына байланысты əзірге күн тақырыбында тұрған жоқ. Үкіметтің бұл мəселеге жуық уақыттар ішінде қайта оралмайтындығы анық. Ал «Ертіс өзенінен Семей ТЭС-ін салудың балама жобасы» атты екінші еңбекте қарастырылған мəселе нағыз қазіргі күн тəртібінде тұрған іс болып табылады. Мəселен, Үкіметтің «Электроэнергетиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында» бұл мəселе жайында «Шүлбі ТЭС-інің белгіленген қуатын толық пайдалану үшін оған қарсы реттегіш болып табылатын қуаты 78 МВт Семей ТЭС-ін 20062010 жылдар аралығында салу қажет. Бұл ТЭС құрылысын жүргізу Сантри Пауэр Лимитед компаниясының инвестициялық міндеттемесіне енгізілген» деп анық жазылған. Бірақ өкінішке қарай, ал бəлкім қуанышқа орай, бұл су электр стансасы əлі салына қойған жоқ. Тіпті, оны айтасыз, Семей ТЭС-інен бұрын салынуға тиіс Шүлбі ТЭС-інің табанындағы Бұлақ ТЭСінің құрылысы да əлі қолға алына қойған жоқ. Сондықтан Семей ТЭС-іне Тоқтар аға ұсынып отырған балама жобаны талқылауға əлі уақыт бар деп есептейміз. Ал енді Тоқтар Басабиков ақсақал ұсынып отырған бұл балама жобаның қандай артықшылықтары бар? Енді осыған келейік. Ол үшін Тоқтар Айтымұлының өзіне сөз берейік. «Қазақстан үшін Ертіс суының маңызы зор. Жылына бұл өзенмен 30 текше шақырымға дейін су ағып өтеді. Осы судың басым бөлігі Қазақстанның өз ішінде қалыптасады. Себебі, Қытайдан келетін Қара Ертістің суы соншама мол емес. Ол шамамен алғанда 4,5 текше шақырымды ғана құрайды. Ертіс суы негізінен Зайсан көліне келіп қосылатын өзендер мен бұлақтар суынан байып шығады. Жолжөнекей оған Қалжыр, Күршім, Нарым, Бұқтырма, Үлбі, Ұба, Шар, Шаған жəне басқа да өзендердің суы келіп қосылады.

Осылайша еліміздің бүкіл шығыс өңірінің суларын бойына жинап, қуат алған ұлы өзен Ресей аумағына өтеді де, Обьқа барып құяды. Демек, Обь суының бір бөлігін Қазақстан мен Орталық Азияға бұрудың Юрий Лужков айтқан жобасы жүзеге асатын болса, онда біз өзіміздің Ертістің суын қайта сатып алатын болып шығамыз. Осы істе қандай əділеттілік бар? Бұл – бір. Екіншіден, осы уақытқа дейін Қазақстан Ертіс суын негізінен алғанда электр қуатын өндіру мақсатында пайдаланып келді. Осы мақсат үшін Ертістің үстінен Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі су электр стансалары салынды. Ертіс суын шаруашылық мақсатына пайдалану ісі Қаныш Сəтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналы салынғаннан кейін ғана барып дұрыс мəнінде жүзеге аса бастады. Қазір Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астананың халқы осы каналдың суын ішіп, тұрмысқа пайдаланып отыр. Бұл Ертіс суының Қазақстан үшін қаншалықты пайдалы екендігін білдіретін қосымша бір фактор. Сонымен, сайып келгенде айтарым, Қазақстаннан су электр стансаларын салу үшін Ертісті үш жерден бөгеген кезде негізінен электр қуатын өндіру мақсаты ғана алға қойылды. Олардың құрылысын жобалаған адамдар мен ұйымдар судың ертеңгі күні үлкен тауарға айналатындығын, сондықтан оны іркіп ұстап тұрудың, осы арқылы өңірлерді ылғандандырып, ауыл шаруашылығына су берудің мүмкіндіктерін ескермеген. Əйтпесе, ондай мүмкіндіктер əбден болған. Мəселен, соңғы салынған Шүлбі ТЭС-інің су қоймасы бар болған 2,5 текше шақырым суды ғана ұстап тұра алады. Ал егер осы бөгеннің биіктігін тағы да 20 метрге көтерген жағдайда ол 12 текше шақырымға дейін суды ұстап тұра алар еді. Қосымша 10 текше шақырым су дегеніміз – Қазақстан үшін үлкен байлық қой. Біз бұл мол суды ауыл шаруашылығы мақсатына, балық өсіруге жəне басқа да халық шаруашылығы мақсаттарына пайдаланған болар едік. Бір жақсысы, кезінде жіберген бұл кемшілікті əлі де түзетуге, яғни Шүлбідегі бөгенді əлі де

көтере түсуге болады. Оған бөгеннің беріктігі жеткілікті. Бұл жобаны мен ғана емес, біздің бұрынғы Су шаруашылығы министріміз Нариман Қыпшақбаев та қолдайды. Ол кісі бұл мəселе жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірлерін талай айтқан да болатын», дейді ақсақал. Ендеше, Тоқтар Басабиков ұсынып отырған осы бір пайдалы да қызықты идеяны неге қарастырып көрмеске?! Бұл – біздің Үкімет назарына салар бірінші ұсынысымыз. Енді, екінші, яғни, негізгі мəселеге келейік. Тоқтар Басабиков өзінің «Ертіс өзенінен Семей ТЭС-ін салудың балама жобасы» атты ондаған жыл уақытын сарп етіп əзірлеген еңбегінде Ертіс суын ауыл шаруашылығы мақсатына пайдаланудың тағы бір маңызды идеясын ұсынады. Ол – осы уақытқа дейін жобаланып, бірақ əлі күнге дейін жүзеге асырылмай келе жатқан Семей су электр стансасының (ТЭС-тің) орнына, дəлірек айтсақ, одан сəл төменірек жерден Семей су жинақтау электр стансасын (гидроаккумулирующая электростанция (ГАЭС) салу. Тоқтар Басабиков аталған еңбегінде бірқатар техникалық есептеулер арқылы оны қалай жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетіп берген. «Əлемде қазір 400-ден астам су жинақтау электр стансасы жұмыс істейді. Бізде əлі біреуі де салынған жоқ. Ал электр қуатын пайдаланудың тиімділігін арттыруда біздегі су электр стансаларына қарағанда су жинақтау электр стансасының маңызы зор. Мəселен, бізде

тонна кепілді астық қоры, мыңдаған тонна көкөніс пен бақша өнімдері деген сөз. Əлбетте жаңбыр суларымен өнім беретін тəлімі егістерге қарағанда суармалы жерлердің өнімділігі бірнеше есе артық болып келеді. Мəселен, аталған өңірдегі қара топырақты жердің жүз жылдық кестесі бойынша жүргізілген талдау ол жерден жылына бар болғаны 5 центнер ғана астық алынып келе жатқандығын көрсеткен. Себебі, қара топырақты өңір суға əбден шөлдеп тұр. Егер осы өңір қолдан суаруға көшірілсе, онда оның əр гектарынан жыл сайын ең кем дегенде 25 центнерден астық алуға болар еді. Мұны Шортандыдағы ғылыми-зерттеу институтының тəжірибелері дəлелдейді», дейді Т.Басабиков. Ал енді Тоқтар аға суландыру үшін қарастырып отырған өңірдің жағдайына келейік. Ол өңір өзінің оңтүстік батысында Ертіс өзенінің бойымен Семей қаласынан Павлодар қаласына дейінгі жерді, солтүстік шығысында Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жерді, ал оңтүстікшығысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданының бірқатар аумағын алып жатыр. Көрсетіліп отырған аумақтың жалпы көлемі – 251,40 шаршы шақырым. Міне, осы аумақтың 1,2 миллион гектарын көп шығын жұмсамай-ақ жеңіл жағдайда суландыруға болар еді. Бұл жердің 1040 мың гектары Павлодар облысының, 160 гектары Шығыс Қазақстан облысының аумағына кіреді.

электр қуаты күндіз көбірек пайдаланылады. Түнде оған деген қажеттілік азаяды да электр қуатының 30 пайызға жуығы босап қалады. Міне, осы артылған қуат басқадай пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан босқа кетеді. Егер біз су жинақтау электр стансасын салсақ, осы артылған қуаттарды пайдалана алар едік. Бұған Ертіс өзені өзінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты жақсы мүмкіндік береді. Себебі Ертіс əлемдегі ең жайылмасы мол өзендердің бірі болып табылады», дейді Тоқтар аға. Т.Басабиковтің айтуынша, Кеңес Одағы кезінде Ертістің оң жағалауындағы 95 мың гектар бос жатқан жерді суландырып, өнім алу жөнінде нақты жоба болған. Ол жобаны жүзеге асыру басталғанымен аяқсыз қалған. Яғни, Ертіс суын ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалану мəселесі сол кездің өзінде көтеріліп, іске асырыла бастаған. Бірақ, аяғына дейін жеткізілмеген. Тоқтар Басабиков осы мəселені енді жаңа қырынан жəне неғұрлым ауқымды түрде қайта көтеріп отыр. Өйткені, Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігінің 1980 жылғы зерттеулері бойынша Ертістен жылына 10 текше шақырым суды басқа мəселелерге зиянын тигізбейтін жағдайда алуға болады. Міне, осы суды ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалану үшін Семей қаласынан 11 шақырым төмен жерден секундына 450 текше метр су жұмсайтын, қуаттылығы 350 мВт. болатын су жинақтау электр стансасы салынуы қажет. Бұл станса салына қалған жағдайда оның қызметі арқылы біз қандай жерлерді суара аламыз? Тоқтар ағаның зерттеулерінде көрсетілгеніндей, Семей-Павлодар- Шарбақты үш тағанындағы Құлын стансасына дейінгі жол бойында 3 миллион гектардың қара топырақты құнарлы жері жатыр. Семей су жинақтау электр стансасын салу арқылы соның 1 миллион гектарын еркін суаруға болар еді. Өйткені, станса күндіз аққан судың есебінен электр қуатын өндірсе, түнде оның насостары жоғарыға су көтеріп, оны жағалаудағы қара топырақты жерге жаюға қызмет еткен болар еді. «Бұл дегеніңіз жылына миллиондаған

Көрсетіліп отырған аумақ Құлынды жазығының оңтүстік шығыс бөлігін қамтиды. Кезінде Кеңес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитеті қарастырған «Сібір өзендері суларының бір бөлігін Орталық Азия мен Қазақстанға бұру жобасының» техникалық-экономикалық негіздемесінің негізгі ережелерінде жалпы су балансында Ертіс өзені неғұрлым халық шаруашылығы мақсатында, соның ішінде егістерді суландыру мақсатында пайдалану үшін қолайлы өзен ретінде атап көрсетілген болатын. Соның ішінде Ертістің Семей қаласынан басталып Ресейдің Омбы облысымен шектесетін аралығында жатқан жердің болашақ үшін суландырудағы маңызы зор екендігі көрсетілген. Сондай-ақ 1976 жылы «Казгидроводхоз» институты жасаған «Ертіс өзені бассейінінде суармалы жерлерді орналастыру схемасында» аталған аймақтың алқаптары суландыру мақсатында пайдалану үшін неғұрлым қолайлы екендігі жазылған. Мұның сыртында Қазақ КСР Су шаруашылығы министрлігі «Сібір суларының бір бөлігін Орталық Азия мен Қазақстанға бұрудың» техникалықэкономикалық негіздемесін қарай келіп, Ертіс өзені бассейінінде орналасқан осы өңірдің 2-2,5 миллион гектарын суландыру жөнінде ұсыныс жасаған еді. Əңгіме міне, аталған жердің Қазақстан аумағындағы бөлігін суландыру туралы болып отыр. Демек, Тоқтар Басабиков көрсетіп отырған далалық алқапты суландыру мүмкіндіктері осыдан көп бұрын білікті мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен əбден зерттелген. Оны енді қайта зерттеп жатудың да қажеті жоқ. Тек ақсақал айтып отырған Семей су жинақтау электр стансасын салу мүмкіндіктерін қарастырып, оның техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлесе жетіп жатыр. Ал бұл жобаның тиімді екендігін кезінде білікті мамандардың пікірлері дəлелдеген. Мəселен, соның бірі техника ғылымдарының докторы, профессор А.Тұрсыновтың осыдан ширек ғасырдай

5 уақыт бұрын бұл еңбекті оқып таныса келе берген мына бір тұжырымына назар аудара кетейік. «Т.А.Басабиковтің «Ертіс өзенінде Семей ТЭС-ін салудың баламалы схемаларының бірі» атты еңбегінде Семей ТЭС-інің орнына су жинақтау электр стансасының торабын салу жөнінде ұсыныс жасалады. Бұл екі стансаның да қуаттылығы бірдей. Бірақ Басабиков ұсынып отырған су жинақтау электр стансасы бірқатар артықшылықтарға ие. Бұл жоба Семейден 11 шақырым төмен жерден Ертістің бойында биіктігі 10 метрлік бөген тұрғызуды көздейді. Сонда осы бөген бойында сыйымдылығы 180 миллион текше метрді құрайтын шағын су қоймасы пайда болады. Бұл су қоймасының бір ерекшелігі ол өзеннің бойымен ұзағынан созылып жататындықтан оның маңайындағы көп жерлер су астында қалып кетпейді. Екіншіден, бөген арқылы қалыптасатын су қоймасының ұзынынан созылып жатуы өзен ағысын баяулатып, жинақталған судың жылынуына жəне онда кеме жүздіруге жағымды ықпал етеді. Жобаның тағы бір басты артықшылығы – оны салу шығынының аздығы. Ол Семей су электр стансасын салуға қарағанда шамамен алғанда 2 еседей арзанға түседі. Оның үстіне, су жинақтау электр стансасының салынуы энергожүйенің пайдалану сапасын əлдеқайда арттырады. Өйткені, мұндағы жылу стансасы тұрақты түрде жұмыс істейтіндіктен оған жұмсалатын отын шығындары жəне жылу агрегаттарының тозуы əлдеқайда азаяды. Сөйтіп, онда өндірілетін электр қуаты мейлінше тиімді жағдайда пайдаланылатын болады». Тоқтар Басабиков ұсынған жобаға берген қорытындысында А.Тұрсынов бұл жобаның басқа да артықшылықтарын атап көрсеткен. Сонымен қорыта келгенде, Тоқтар Басабиковтің бұл жобасын жүзеге асырған жағдайда біз не ұтамыз? Біріншіден, еліміз қосымша 1 миллион гектар жаңа суармалы жерге ие болады. Қазіргідей азық-түлік бағасының жылдан-жылға шарықтап отырған кезеңінде бұл Қазақстан үшін жаңа байлық көзі болып есептеледі. Себебі, біздің қолымыздағы кейбір мəліметтерге қарағанда, Қазақстандағы суармалы жер көлемі өте аз. Оның қазіргі көлемі 1 миллион гектар ғана. Алайда, осы азғана жерден алынған өнімнің құны республика бойынша алынған жалпы өнімнің 25 пайызын құрайды екен. Демек, 6 гектар тəлімі егістен алынатын өнімді бір гектар суармалы егістен алуға болады. Міне, сондықтан да суармалы жер дегеніміз біздің барша жер байлығымыздың алтын қоры болып табылады. Ертіс суын егінге пайдалану арқылы біз осы байлықты еселей түсетін боламыз. Екіншіден, жаңа салынған станса жыл бойында тұрақты жұмыс істейді. Егер жерді суландыру үшін пайдаланылатын насос стансасы жылына ең əрі кеткенде үш-төрт ай ғана жұмыс істеп, басқа уақыттары бос тұратындығын, бірақ соған қарамастан оны күту мен күзету үшін қызметкерлердің едəуір штаты ұсталып, олар тұрақты түрде еңбекақы алып отыруға тиіс екендігін есепке алатын болсақ, стансаның тұрақты жұмыс істеуі жағдайында осының өзінен талай қаржы үнемдеуге болатындығына көз жеткіземіз. Мəселен, осы уақытқа дейін Бесқарағай далалық өңірінде 96 насос стансасын, Лебяжі далалық өңірінде 19 насос стансасын орнату мəселесі қарастырылған болатын. Бірақ осыншама көп насос стансасы бар болғаны 95 мың гектар аумақты ғана суаруға арналып орнатылмақ. Ал Басабиковтің жобасы болса, 1 миллион гектар аумаққа дейін суару мүмкіндігін береді. Семей қаласының адамдары үшін жазда суға шомылып, демалатын жаңа бір орынның пайда болатындығы, кеме жүзу мүмкіндігі қалыптасатындығы – жобаның тағы бір артықшылығы. Тағы бір үлкен артықшылық, егер 1 миллион гектар жерді қолдан суару мүмкіндігі пайда болса, осы өңірде жүздеген жаңа шаруашылықтар құрылып, адамдар тиімді де пайдалы еңбекпен шұғылдана алар еді. Олар ең кем дегенде миллиондаған тонна астық пен бақша өнімдерін, малазықтық дақылдарын өндіріп, еліміздің азықтүлікпен қамтылуына орасан зор үлес қосатын болады. Сондай-ақ 60 гектар жерге ағаш отырғызу мүмкіндігі пайда болып, Семейдің қылқан жапырақты орманын қалпына келтірудің жəне дамытудың қосымша жолдары пайда болады. Сонымен, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегендей, бұл жоба кезіндегі Сібір суларын Қазақстанға бұру мəселесіне кішігірім балама да болып табылған болар еді. Бар айырмашылық, Обь өзені арқылы Торғай үстіртіне су шығару мəселесі кейінге қалдырыла тұрады. Оның есесіне, біз Ертіс суындағы өз үлесімізді Ресей мүддесіне жəне су бөлудің халықаралық тəртібіне нұқсан келтірмейтіндей деңгейде өзімізде алып қалатын боламыз. Осы арқылы өнім жақсы шығатын қара топырақты өңірді суландыру мүмкіндігіне ие боламыз. Тоқтар Басабиков ақсақал ұсынып отырған жобаны жүзеге асырудың осындай көптеген пайдалы жақтарын жəне білікті мамандардың бұл жобаны қолдаған пікірлерін ескере келе осы мəселені еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде жариялап, оны Үкімет пен оның Инвестиция жəне даму министрлігінің, Су ресурстарын басқару комитетінің жəне осы іске мүдделі болуға тиіс Шығыс Қазақстан жəне Павлодар облыстары əкімдіктерінің назарына салғанды жөн көрдік.


6

www.egemen.kz

НЫСЫ А Ғ Л О Т Р ЛҒАЛА

ТҰ

29 қазан 2014 жыл

Әдетте газет үшін сұхбатты журналистер алады. Солар сұрақ қояды, солар жауаптарды қағазға түсіреді. Бұл жолы басқаша болды. Бұл жолы ел газеті «Егемен Қазақстан» үшін сұхбат материалын дайындауға екі бірдей елге танымал тұлға білек сыбана кірісті. Оның бірі – тіл білімінің көрнекті маманы, академик Шора Сарыбаев, екіншісі – академик, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев. Бірі келер жылы тоқсанға толғалы отырған, екіншісі енді екі жылдан кейін сексенге толғалы отырған екі бірдей ардақты ағамыздың мұндайлық шала бүлініп, сұрақ дайындап, жауаптарды жазып алып, қағазға түсіріп, редакцияға жолдап жатуына не себеп? Себеп – қазақ тіл білімінің аса көрнекті тұлғасы, академик Әбдуәли Қайдардың биыл 90 жасқа толатын торқалы тойы! Шіркін, осындайда азамат ардақтаған алашыңнан, аға құрметтеген қазағыңнан қалай ғана айналып кетпессің! Ал Әбдуәли Қайдар – қалай құрметтеуге де лайықты тұлға. Академиктің лексикология, диалектология, этнолингвистика, тіл құрылысы, түркітану және алтаистика, ғылым тарихы, тіл саясаты, оқулықтар дайындау салаларындағы монография, сөздік, жинақ, мақалалары ұшан-теңіз. Әбдуәли Туғанбайұлының «Қазақ тілі» қоғамын құрудағы еңбегі, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе алып беру мәселесінде көрсеткен ерлігі өз алдына, арнайы әңгімелейтін тақырып. Сонымен, биыл тоқсанның төріне көтеріліп отырған академиктің сұхбатына назар салыңыз, қадірменді оқырман.

«ҒЫЛЫМНАН БАСҚА» ДЕГЕН УАҚЫТ МЕНДЕ ЖОҚ. БОЛҒАН ДА ЕМЕС» (Академик Әбдуәли ҚАЙДАРМЕН сұхбат) – Сіздің шәкірт дайындау үлгіңіз қызықтырады. Сонда оларға тақы­ рыпты қандай қағидат бойынша таңдап бересіз? – Қағидат болғанда мен берген та­­ қырыптардың баршасы көне де жаңа үрдіске еліктеуден туындаған тақырыптар емес. Олардың барлығы өзім шұғылданып, ойланып-толғанып жүрген идеялар­ дан туындаған, өз зерттеулерімнің бір жалғасы, жаңа деректер арқылы жаңа қырларын ашып, тереңдете түсетін, өзім зерттеуге уақытым болмай жүрген, мақсат, нәтижесі алдын ала айқындалған, тек соны ғылыми жүйеге салып, орындап шығуды талап ететін тақырыптар. Сондықтан да болар, жетекшілік жа­ сап, ақыл-кеңес айту мен үшін қиын емес. Мен мұны өз ой-пікірімді шәкірттерім арқылы жалғастыру деп түсінемін. Мұны рухани жалғастық деп те айтса болар. – Өз идеяларыңызды ойдағыдай жалғастырушылары бар ма? – Әрине, бар. Мәселен, түркі тілдер түбірін зерттеу идеясын доктор шәкіртім Ерден Қажыбеков ойдағыдай жал­ ғастырды. Оның синкретикалық бір буын­ ды түбірлерге, байырғы түркі сөздерінің мағынасына байланысты еңбектері осының айқын айғағы. Этнолингвистика саласы бойынша доктор шәкірттерім Жамал Манкееваны, Әділ Ахметовті, т.б. атай аламын. Кандидаттық диссертация деңгей­ індегі зерттеулердің баршасы өз идея­ ларымның жалғасы. – Сіз саналы өміріңіздің 25-30 жы­ лын ұйғыртану саласына бағыштады­­ ңыз. Бұл саланы таңдауыңыздың сыры неде? – Университеттің соңғы курсында оқып жүргенде мен Шоқан Уәлихановтың ұйғырлар туралы еңбектерімен таныса бастадым, оған қызықтым. Ұйғыр тілін білгендігімді пайдаланып, мен де Шоқан дәстүрін жалғастырғым келді. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деген еді ғой ұлы Абай. Мен де солай, ғылыми ізденістеріме ұйғыр тілін таңдап ал­ дым. Ол үшін өкінбеймін. Кандидаттық, докторлық диссертацияларымды мен ұйғыр тілі бойынша қорғадым. Сөйтіп өз өмірімнің саналы да сапалы жас кезеңін мен ұйғыртануға арнадым. Еңбектерім бағаланды. Шәкірттерім де бар. Ұйғыр тілі бойынша ұжымдық еңбегіміз қытай тіліне аударылды. Қытайда ұйғырша араб жазуымен қайта басылып шықты. – Ұстаздарыңыз кімдер? Және олар өзінің қандай ерекшеліктерімен жадыңызда қалды? – Ғылымдағы ұстаз дегенді мен кең мағынада және тар мағынада түсінемін. Кең мағынада өз зерттеулерімізде енбе­ гін, ғылыми мұрасын пайдаланған ғұла­­­ ма­л ардың баршасы мен үшін ұстаз. Олар ақыл-кеңесін, өнеге-үлгісін жазып қалдыр­ғ ан ұстаздар. Және олар біреу емес, көп. Ал тар мағынада тікелей жетекшілік еткен, ақыл-кеңес беріп, жөн-жоба көр­­­ сеткен ұстаздарымды айтамын. Олар да бір адам емес. Ана тілін сүйіп өсуіме ұс­­­ таздық еткен, оның асыл қасиетін болмы­­­­ сыма сіңіріп, бойыма дарытқан анам­ды да (аты Жанбала еді, 95 жасында дүние салды) ұстаз санауыма болады. Екін­ші ұстазым дұрыс сөйлеуге үйреткен алғаш­­­ қы мұғалімім – Алтынбекова Мырза апай. Ғылым-білімнің тіл саласына баулыған ұстазым – академик Ісмет Кеңесбаев. Тіл құдіретін тілші маман ретінде таныпбілуге жол-жоба көрсеткен ұстаздарым С.Е.Малов пен К.К.Юдахин сынды ұлағатты жандар. Олардың әрқайсысының бірін-бірін қайталамайтын өз орны, ерекшеліктері бар. Ұстаз шәкіртке сыншы дейді, әдетте. Мен айтқан болар едім: «Шәкірт те ұстазға сыншы». Бұл өз алдына әңгіме. – Сіз 14 жыл Тіл білімі институ­ тында директордың орынбасары, 18 жыл директор болдыңыз. Басшылық пен ғалымдықты қатар алып жүру жұ­­­ мысыңызға кедергі келтірген жоқ па? – Басшылықтың ғалым ретінде өсуіме зияны болған жоқ, бірақ ғалымдық мүм­к іншілігімді толық пайдалануы­ ма ке­д ергісі (әсіресе уақыт жағынан)

болды. Бастықтың көп уақыты жиналыс­ тар мен қоғамдық-әлеуметтік шараларды орындауға кетеді. 75-тен кейін жариялап жатқан жұмыс­­­ тарымды да көп жыл директор болмасам, әлдеқайда бұрын шығарған болар едім. Міне, ғылымда басшы болудың пай­ дасы мен зияны осындай. – Сіздің зерттеулеріңіз тілтанудың негізгі салаларын түгел қамтиды. Осының себебін түсіндіре кетсеңіз? – Біріншіден, ғалымдар ұжымын басқару деген сөз өз тақырыбыңмен ғана шектеліп қалмай, тіл білімінің сан са­ ласынан хабардар болуды талап етеді. Міне, осындай өндірістік қажеттілік менің де әр салаға қызығушылығымды арттыра түсті. Біріншіден, ұжымға бастық болу сол ұжымдағы істеліп жатқан зерттеушілердің баршасына бағыт-бағдар беру ғана емес, «баға беру» міндетін де жүктейді. Үшіншіден, тіл білімінің (син­ таксистен басқа) әр саласына, әсіресе лексикологияның салаларына (этимоло­ гия, фразеология, параммилология, лек­ сикография, т.б.) жеке басымның маман ретінде қызығуым басымырақ болды. Қазақ тіл білімінде де, жалпы түркітану саласында да бұрын болмаған зерттеу ны­ саны – этнолингвистика да мені қатты қызықтырды. Бұл салада ғалымдардың пікірі бойынша (М.Копыленко) менің өз мектебім қалыптасты.Түбіртану бойынша да осыны айтуға болады. – Егер Сіз дүниеге қайта келіп, мамандықты қайта таңдаған жағдай бола қалса, қандай мамандықты таңдаған болар едіңіз? – Тек қана тілші мамандығын. Өйткені, тілші ретінде менің тап аңғарғаным, тіл – барша ғылымның бастауы, түп-негізі, тіні, ұстыны, мән-мағынасы, ма­­­ңы­з ы. Сондықтан да тілші болу барлық ғылым­­­­ нан хабардар болу деген сөз. Ең бас­­­ тысы, тіл – адам дүниесін, рухын, дінін, ой-тұжырымын, өткені мен бүгінгісін, болашағын түсінуге болатын асыл қазы­­ на, мәңгіліктің мәңгілігі. Этнос өзін өзі тек өз тілі арқылы ғана танып-біле алады. – Жастық шағыңыздың ұмытылмай жүрген сәттері бар ма? – Жастық шақ қызығы мол өткен өмірдің елесі ғой. Әрине, есте қалған, жадымда сақталған жайттар баршылық. Бұған сол жастық өмірдің өзі де (егер ол өмірді 25-ке дейін деп есептесек) мен үшін тұтас дүние бола қойған жоқ қой. Ол жыл­ дарым отты жылдардың өртіне шалдықты. Отан соғысы басталғанда мен 16 жаста едім. 17 жасымда өзім сұранып майданға аттанып кеттім. Содан 22 жасымда ора­ лып, қиыншылық кезеңде мектеп пен КазГУ-ді бітірдім. Студенттік өмірді де өз қатарымнан ересек шағымда өткердім. Мұның аржағы түсінікті болар. – Сіз 9-шы сыныпты бітіре салып, соғысқа өзіңіз сұранып кеттіңіз. Бұл не, патриотизмдік сезім бе, жоқ әлде басқа ма? Қалай түсіндірер едіңіз? – Бұл сауалға дәл сол жылдардағы сезіміммен жауап берсем, иә, бұл Отанға деген шынайы патриоттық сезімнен туған әрекет дер едім. Бүкіл ауыл еркектерсіз қаңырап бос қалғанда, бір үйден бірден 3 адам (әкем, екі ағам) аттанып үй іші бос қалғанда мен өзіме лайықты орын таба алмадым. Солардың қатарында болғым келді. Соғысқа сұранып арыз жазуыма бұл бір себеп болса, екінші себеп 41-жылдың қыркүйегінде еркек мұғалімдердің барша­ сы майданға кетіп, мектепте 10-сыныптың сабағы басталмай қалды. «Бәрі Отан үшін, жеңіс үшін!» дейтін ұран жас та болсақ жан дүниемізге қатты әсер етті. Көшеде ойнап жүруді ар көрдік! Несі бар, жас болсақ та, азаматтық боры­ шымызды абыроймен орындап қайттық. 5 әскери орден, 12 медаль – соның бір белгісі. Ғылыми тірлік «Олжабай» болып қайтқаннан бергі тірлік нәтижесі. – Қызметтес болған ғалымдар жөнінде не айтар едіңіз? – Менің өмірім 60 жыл бойы Тіл білімі институтының қарашаңырағы астында өтіп келеді. Барым да, базарым да осы ұжым құзырында деп айта аламын. Ұжым болғаннан соң онда әртүрлі адамдармен қызметтес болуға тура келеді. Әсіресе, бастық үшін солардың бәрімен тіл табы­ су міндетті нәрсе. Мен де соны істеуге

тырыстым. Бірақ сөйтіп жүрсең-дағы, халық айтқандай, «Біреу даттап кетеді, біреу мақтап...». Талас-тартыс та болды, үстімізден «домалақ арыз» домалатқандар да болды, мақтап-мадақтағандар да аз болған жоқ. Қысқасы, өмірді өз салтымыз бойынша «қазақша» өткізіп келеміз. Олай дейтін себебім, қазақтың біpeyді мақтаса алты қабат аспанның ар жағына асырып жіберетін, ал даттаса, жетіқабат жердің астына батырып жіберетін әдеті бар ғой. – Ғылымнан басқа уақытта немен шұғылданасыз, яғни хоббиіңіз не? – Күлкілі болса да айтайын, «Ғы­лым­ нан басқа» деген уақыт менде жоқ. Болған да емес. Өйткені, ғылым деген тұңғиық терең мұхит қой. Ғылымға тұтас берілген адам (атақ-дәреже алу үшін ғана жүрген адамдардай емес) оны өз саласы бойын­ ша толық меңгеруге тырысады. Ол деген табиғат сыйлаған дарын мен қасиеттен

өз өмірімді мәнді-мағыналы өткізгенім, таңдап алған мамандығымның маған мол рухани, моральдық азық сыйлағандығына байланысты. Сондықтан өмірді тек мамандық деңгейімен ғана өлшеуге бол­ майтын сияқты. Сүйіп іcтeгeн ісіңнен еш уақытта шаршамайсың да жалықпайсың. 90-ге келгенше 64 жыл бойы шұғылдансам да, мен тіл табиғатын зерттеуден жалыққан емеспін. Әрқашанда ойлайтыным: өзімнің ең сүйікті, “үкілі” еңбегімді, әлі жаза ал­ май жүрмін ғой деймін. Мүмкін, Алла тағала рақым қылса, оны әлі жазармын да. – Достарыңыз кім? Дос таңдауда, достық қатынасты сақтауда ұстанатын принципіңіз қандай? – Дана халқымыздың «Мың досың болса да аз сана, біp дұшпаның болса, көп сана» деген дана cөзі бар. Әрине, дұшпандарым жоқ емес,

басқа ұлан-ғайыр уақытты талап етеді. Ал, ол уақытты карта ойнауға, бильярд ойнауға, аңшылық, балықшылық, т.б. осы сияқты еркектердің құмартып істейтін кәсіптеріне жұмсасаң, сөзсіз ғылымың ақсайды. Ал дәл осы құмарлық ойында­ рында «қызықты», рахаттанатын ермекті сол ғылымның өзінен тапсақ көп дүниені орындауға болады. Мен осы аталған қызығы мен рахаты мол дүниені сөз құдіре­тінен таптым. Сөздіктерді қарап, сөздер­дің таби­ғатына үңілу, соны таныпбілу мен үшін ең жоғары рахат сезімін алумен бара бар. Шора, мен сен сияқты «коллекционерлік» кәсіпке үйрене ал­ мадым. Менің коллекциям қазақ тілінің (басқа түркі тілдерімен салыстырмалы түрінде) сөз байлығын жинақтаумен, жүйелеумен, соларды анықтаумен ғана шектеледі. 4 томдық «Қазақтар ана тілі әле­мінде» атты этнолингвистикалық сөз­ дік, т.б. сөздіктер, міне, соның нәтижесі. – Тіл білімі, тілтану Cізгe рухани, моральдық азық бола алды ма, жоқ әлде ол мамандық дәрежесінде ғана қалып қойды ма? – Егер таңдап алған мамандығың жан дүниеңе, болмысыңа рахат сезім сыйлама­ са, ондай өмірдің өзі де қызық емес. Мен

біpaқ достарым көбірек. Қолынан кел­ ген жақсылығын күнде емес, күндердің күнінде, әсіpece қиын-қыстау сәттерде іcтeгeн достарды ұнатамын. Күн ашықта көлеңкедей жаныңнан қалмайтын, бұлтты сәттерде іздесең де табылмайтын достар­ дан аулақ жүргенді абзал көремін. Сондықтан да болар, барша сыннан өтіп сұрыпталған, «барлауға бірге баруға болатын» достарым көп емес және олар жыл өткен сайын азайып келеді. – Ғылымдағы жастарға деген көзқарасыңыз қалай? – Ғылымға, тіл біліміне бүгін келіп жатқан жастар – сол ғылымның ертеңгі болашағы. Менің түсінігім бойынша ғылым да, ғылымның болашағы да са­ нымен емес, сапасымен өлшенеді. Шора досым, сенің мұқият жинақтап жүрген мағлұматың бойынша қазақ тіл білімі саласында бұдан 10-15 жыл бұрынғы 70 жылдай дәуірде қорғалған (докторлық және кандидаттық) диссертациялардың жалпы саны бір мыңға жетер-жетпестей болса, ал сол кейінгі 10-15 жыл барысын­ да қорғалғандардың саны 500-ге жетіп қалыпты... – Қазақ тіл білімінің бүгінгі даму үрдісі мен барысына көңіліңіз тола ма?

– Тіл білімі бойынша істеліп жатқан зерттеулердің санына, тақырып аумағына көңілім толғанымен сапасына онша көңілім толмайды. Толмайтын себебі жаңалық аз, қайталау, таптаурын болған ізбен жүру көп сияқты. Біз кеше егемендік алғанға дейін өз зерттеулерімізде коммунистік идеология шеңберінен шыға алмай, диссертация­ ларымызды тек орыс тілінде қорғауға, еңбектерімізді тек орыс тілінде жазуға мәжбүр болып, көп нәрседен шектеліп келсек, бүгін «еркіндіктің» екінші бір әсеріне душар болып отырмыз. Филология саласында қазір ғылыми жұмыстар жаппай қазақша жазыла бас­ тады. Ол ғалымдардың өз пікірін еркін айтуға мүмкіндік тудырады. Әрине, ай­ татын нәрсе болса, қазақша айтқан-ақ жақсы ғой. Бірақ сол айтылып жатқан пікірлердің, теориялық тұжырымдардың басым көпшілігі кейде түркология саласындағы орыс т.б. ғалымдардың бұрын айтып, тайға таңба басқандай та­ нытып кеткен ой-тұжырымдарын ауда­ рып, өңін айналдырып қолдану, қайталау болып келетіні өкінішті-ақ! Тіл ғылымының бұл үрдісі мен даму барысын өзгерту қажет сияқты. Түрко­ логия – мол қазына-мұра қалдырған көне сала. Оны жеке тілдерді зерттеу арқылы дамытқымыз келсе, әрбір зерттеуші аз бол­са да, бір жаңалық қосқаны жөн бо­ лар еді. Тіл білімі бойынша зерттеулердің санының көп, сапасының төмендеу болуы­ның тағы бір себебі – бұл ғылымның табысы мен жаңалығын бақылау және бағалау орталығы жоқ. «Әр кәллада бір қиялға» бүгінде жол ашық. – КСРО ыдырағаннан кейін отандық түркологияның бұрынғы тығыз байла­ нысы, түрколог ғылымдардың тығыз қарым-қатынасы тоқтаған сияқты. Сіздің осыған көзқарасыңыз қандай? – Тоқтағаны рас. Жеке тілдерді ғана зерттеумен шектеліп, жалпы түрко­­ло­ гиядан томаға-тұйық қалу осы ғылымның болашағына нұқсан келтіретіні сөзсіз. Иә, отандық түркітану ғылымының біpтұтас іpгeтacы да құлаған сияқты. Ға­ лымдардың бұрынғы өзара тығыз қарымқатынасы тоқтады, байланыс үзілді, түркі тілдеріне тән ортақ идея, ортақ проблема­ лар бары байқалмайды. Жалпы, бұл түркология үшін оң құбылыс емес, келешекте біp орталық – түркология кауымдастығын құру қажет. – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын құрып, көп жылдар бойы тіл майданында жүрсіз. Осы еңбегіңіздің нәтижесіне қанағаттанасыз ба? – Біріншіден, ол іcкe мен емес, барша халық, қазақ қауымы қанағаттанарлық сезімін әлдеқашан білдірген. Өйткені, біз құрған қоғам қалғып кеткен халқымыздың санасын оята алды. Жүздеген, мыңдаған қазақ балабақшалары мен мектептері ашылды. Қоғамдық өмірден тәркілене бастаған ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Енді біз оны қорғауға заңды құқық алдық. Қоғам әрекеті алғашқы 4-5 жыл ішінде бұқаралық қозғалыс сипаты­ на ие болды. Бірақ амал нешік, қоғамды қолдаушы заң, қаржыландырған Үкімет бола қойған жоқ. Оның үрдісі бәсеңдеді. Бірақ қоғам өз жұмысын жалғастырып келеді. Әлі де жалғастыра бермекке мен қоғамның президенттігін, Өмірзақ, саған тапсырдым. – Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың қалай болуын қалайсыз? – Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарымқатынас әдетте ресми сипатқа ие болады. Бірақ, кейбір шәкірттер бұл шеңберден шығып, ғалымдықпен қатар адамдық қарым-қатынасқа да бейім келеді. Олармен ғылым туралы ақылдасумен қатар өміp және өмір тәжірибесі туралы да сырласуға, пікірлесуге болады. Мұн­­­ дай шәкірттер менің өмірлік ғылыми тәжірибемнен көбірек тағылым, өнегеүлгі алуға мүмкіншілігі көбіpeк бола­ ды. Ал кейбір шәкірттер о бастан-ақ тек ресми қатынаста жүруді қалайды. Ондайлардың кейбіреулерінің диссер­ тациясын қорғағаннан кейін ұстазын ұмытып, тіпті аман-сәлеміңді жөнді ал­ майтыны да кездеседі.

– Өміріңізде жамандық іcтeyгe әрекеттенген адамдар да болған шығар? Қарымта ретінде кайырған әрекеттеріңіз болды ма? – Көбіне-көп «Таспен атқанды аспен ат!» деген қағидатты ұстанамын. Бірақ көп жағдайда маған ойлайтын жамандықтың себебін қолма-қол айқындауға тыры­ самын. Менің тарапымнан түсінбестік болса, кeшіpім сұрауға, оны жөндеуге тырысамын. Дос болып жүріп, қастық істеуге барған адамдар менің өмірімде аз болған жоқ. Оның ең басты себебі – пендешілік: «Бірге өсіп, бірге жүрген адам қалайша менен озып кетті?» деген іштарлық, көреалмастық. Мен ондай «достарым­ нан» өш алуға, кегімді қайтаруға, шырақ алып, артына түсуге ешқашан барған емеспін. Өз денсаулығымды сақтауды артық көрдім. Ал ұзақ ғұмырымда үстімнен «домалақ арыз» жазғандар да аз болған жоқ. Олармен де қатарласып, қауымдасып өмір сүріп келе жатырмын. Ұялса, өздері ұялсын, бірақ менің ұялатын жерім жоқ. – Үйдегі бала-шаға тәрбиесіне қалай көңіл бөлесіз? – Үш қызым бар. Олардың бойжетіп, ересек болғанын білмей де қалған сияқтымын. Барлығы дұрыс білім алып, ел қатарында өмір сүріп келе жатыр. Үлкен қызым Жанна Америкада жұмыс істеп жүр. Компьютер техника­ сын, ағылшын тілін меңгеріп жүр. Оның қызы – Аян біздің қолымызда. ҚазМУде оқыды, қазақ орта мектебін бітірген, ағылшын тілін жақсы біледі. Екінші қызым – Әсел. Араб тілінен мамандық алған. Академияның Тарих институ­ тында араб тіліндегі бұлақтар бойынша қызмет істейді. Үшінші қызым – Баян. Шетелдік фирмада қызмет істейді, аға аудитор. Ағылшын тілін жетік меңгерген. Мамандығы – экономист. КИМЭП-ті бітірген. Ол да үйлі-жайлы болды. – Демалысты қалай өткізесіз? – Мен «демалыс» деген ұғымның шынайы мәнін түсіне алмай келе жатқан адаммын. Кейбіреулердей демалысты жылына бір рет те жөнді ұйымдастыра алмай жүрмін. Ғылыми жұмысымды істеуге тыныштық, жағдай болса, мен үшін ең жақсы демалыс сол. Жастау кездерімде біраз санаторийларға барғаным бар. Соларды қайталай беруді міндетті деп са­ намаймын. Алла тағаланың берген қуаты әзірше жетіп жатыр. – 75-ке келгеннен кейін 25 кітап жазуды жобаладыңыз. Осының жайы қалай? – Бұл Алла тағала денсаулық берсе, орындалуға тиісті реальді жоспар. Олай дейтін себебім: мен 32 жыл бойы институт бастығы болдым. Тілдің әртүрлі проблемаларын ойлану, ой елегінен өткізу көбірек болды да, кітап жазу мүмкіншілігі аздау болды. Солай болса да мен жариялаған 40 шақты кітап менің ғылыми ой-толғаныс, идеяларымды толық қамти алмады. Мен әр алуан мәселе бойынша (фразеологизм, мақал-мәтел, этимология, этнолингвис­тика, қос сөздер, еліктеуіш сөздер, тіл тарихы, азаматтық тарих, т.б. ) материал жинап, топтастыра бердім. Міне, енді қол босағаннан кейін мен со­ ларды кітап етіп жариялап жатырмын. Жобаланған 25 кітаптың жартысы жарық көрді. Қалғаны денсаулық болса, жақын жылдары жарық көрмекші. Солардың ішінде 2 томдық этимологиялық сөздік, 4 томдық этнолингвистикалық сөздік, «Қазақ қандай халық?» деген де еңбек бар. – Өмірде ұстанған принциптеріңіз қандай? – Көп болмаса да, тұрақты ұстанатын принциптерім бар. Жанымдағы адамға қолымнан кел­ генше жақсылық қылу. Бірақ «қанша жақсылық қылсаң да, оны міндет етпе, оның қарымын қайтаруды талап етпе» деген принципті қатал сақтаймын. Жасы үлкенді, атақ-лауазымды құр­ мет­­­­­­теуді ешуақытта құлшылдық, табыну­­­ шылықпен шатастырып көрген емеспін. Демек, адамға деген шынайы құрмет пен жағымпаздану – екеуі мүлдем екі басқа дүние деп білемін. Менің өмірлік принципім – қандай адам болсын, оның жамандығын, пасықтығын, т.б. сүйкімсіз мінез-құлқын, іс-әрекетін өз көзіммен көрмейінше оған оң көзіммен қарап, оған құрмет көрсетуге тырысамын. – Жек көретін адамдарыңыз бар ма, олар қандай адамдар? – Әрине, жек көретін адамдарым бар. Ол жалпы адамға тән ең жоғарғы адамдық қасиеттен жұрдай болғандар: айтқан сөзінің пәтуасы, шындығы жоқ, берген уәдесінде тұрмайтын, біреу ту­ ралы арамдық ойлайтын, жақсылық істеу қолынан келмейтін, мейірімсіз, қатыгез, қарау, даурықпа, даукес, т.б. осы сияқтылар. Сөзі тәтті, діні қатты, суайт, жалақор, бәлеқор, т.б. осы сияқты қасиетсіздіктерді бойына сіңірген адам­ дарды жек көрем. Сөзінің пәтуасы жоқ, көк мылжың, малтасын езіп, көп сөйлейтін үлкенкіші замандастардың қасында қас-қағым уақыт та тұрғым келмейді. Көпе-көрінеу өтірік мақтап, өзіңде жоқты бар етіп, өзіңе жамап, өзіңді-өзің танымайтындай етіп, аспанға шығарып, жерге түсірмей мақтайтындардың жанынан тұра қашқым келеді. Сыпайы түрдегі жақсы лебізбен жаныңа жарасатын достық пікірдің жөні бір басқа деп білемін. – Әңгімеңізге рахмет. Тоқсанға толар тойыңыз құтты болсын! Ұзақ өмір тілейміз! Әңгімелескендер Шора САРЫБАЕВ, Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ.

АЛМАТЫ.


29 қазан 2014 жыл Шанағаты – ұзын жолдан шалғай бұрыста, арнайылап бармасаң, былайғы кезде табан түспес қиыр қоныс. Территория жағынан əйгілі Марқакөл алабына қарағанымен, Марқаның көгілдір зеренін аңсап келген ағайын Шанағаты жайында біле де бермейді. Білсе де, Марқадан ары жолсыз жүз шақырымдық ит арқасы қиянға, аю жортқан алыс қойнауға айдасаң да бармайды. Оның үстіне ол маңайға екінің бірін жібере де бермейді... Шекара. Арнайы рұқсат керек. Біз сол сапарға биыл тəуекел еткенбіз, жолымыз оңынан туып, осы жазда қиялдағы мекенге аман-есен барып қайттық. Турасында, Шанағатыға өткен жылы жиналған едік. Бірақ ол жыл еңсені езген жаңбырлы болды да, сылбыраған лайсаңда толарсақтап жүре алмадық... Жаздың өзінде ауық-ауық қарлы бұрқасын соғып тұратын Шыңғыстайдың желкесіндегі Бұрқат асуынан ілдебайлап өткенімізбен, Алатайдың шыңырау-құз кезеңдері жабылып, Қарақабаның онсыз да қисайып əзер тұрған жеті көпірінің үшеуін су шайып кетіпті. Содан амалсыз Шанағаты сапарын биылға қалдырған болатынбыз. Өткен жылғы қытымыр қыста Марқакөл өңірінде 59 градус аяз тіркелгенін естігенбіз. Осы сұрапыл аяз тіркелген мекен

қойшы қазақ əлгі бұлақтың маңайында жайбарақат қой жайып жүреді. Қой ішіндегі жүні қап-қара сүйкімді бір қозы бастаудан су ішем деп, оқыс жарқабақтан құлап, суға күмп беріп қойып кетеді. Қойшы қозыны судан зорға сүйреп шығарады. Сол кезде қозы құлаған жерден бұлақ қайнарының көзі ашылып кетіп, бұрқақтап су атқылай жөнеледі. Атқылаған су күндіз-түні тоқтамайды. Ақыры су бүкіл аңғарға жайылып, сай-саланы, жайқалған шалғынды басып, бір жылдың ішінде айдыны шалқыған аумақты көл пайда болады. Мамандар бұл шалқар көл теңіз деңгейінен бір жарым шақырымдай биікте деп

ЕН

ЕК М А АТ скарбом, засаленными мешками, старыми столами и грязными люльками… Людей было много, и они показались киргизам грязными и злыми, с тягучей русской бранью и крикливыми ребятишками. Приехали эти люди ранней весной и сразу же стали пахать цельную девственную степь, живя под телегами и под открытым небом. Потом косили и ставили огромные стога сена, а когда прошла страда и появилась на гумнах солома, они намешали ее с глиной и выложили низкие, подслеповатые избушки… А теперь уже выросла целая деревня, в которой было несколько деревянных изб с тесовыми крышами. За последнее же время вырос из соломенных кирпичей огромный дом, покрытый железной зеленой крышей. Время шло, и шли незваные гости, числом все больше и больше. Наехали чиновники, молодые и сердитые, наставили столбов, и в привольной киргизской степи закопошилась новая, чуждая кочевникам жизнь. Киргизы оказались как бы загороженными в своих извечных просторах внезапно вырастающими новыми деревеньками...» Тағдыры талай мəрте тарихтың

барып, жұ мысшылардан жөн сұраса – «бастықтардың бұйрығы, шаруаң болмасын» деп трактористер бет бақтырмайды. Бір сұмдықтың боларын сезген директор шапқылап кеңсесіне келіп, атой салып Алматыға телефон шалады. Сəті түскенде, оның зары бүйрекбет бітеуге емес, құймақұлақ біреуге жетіп, астаналық лауазым иелерінің араласуымен əлгі жөнсіздік дереу тоқтатылған екен. – Ал, шын мəнінде тау басындағы алып көлді ағызып жіберсе не болар еді? – деп қайран қалады бұл оқиғаны естігендер. – Бір жарым шақырым биікте жатқан Марқакөл ақтарылып құлар болса – етектегі бейбіт елді бір-ақ сəтте топан сумен шайып кетпес пе еді! Көл құласа – егін суару қайда – бүкіл егістік алқаптар лай батпақ пен қой тастардың астында қалатынын əлгі бастық ойлады ма екен! Ең өкініштісі – қазақ жерінде Марқадай ғажайып көл мəңгі-бақиға құрып кетер еді-ау! Дариғаай десеңші, Құдай-тағала расында да бізді адам сенбес алапат қатерден сақтаған екен! Тарихтың осы секілді тарпаң тағылымынан соң тағы да Алла берген Тəуелсіз-

бөгейді де, балықты түгел алмайды, бөгеген ауды да жинамай тастап кетеді. Содан су тартылған кезде балықтар көлге қайта алмай қамалып, қайраңда қырылып қалған ғой». Саяхатшы қолқаны қапқан сасық иіс шыдатпай бара жатса да, бұрылып əлгі жерді көргісі келеді. Үйіліп жатқан бір топ балық шығар деп ойлайды. Сөйтсе, көргені ойлағанынан да сұмдық болып шығады... Бір кездегі иірімнің іші толы іріп-шіріп жатқан аткөпір балық. Суы баяғыда тартылып қалған, төменгі жағы – балықшының бөгеті, өзен арнасына көлденең тартып тастаған сүзекі-ау. Құрғаған иірімдегі балықтың саны жүздеп емес, мың-мыңдап саналады. Мұндай жексұрын көрініске қарап тұруға тіпті жүрек құрғыр дауаламайды екен! Адамдардың табиғатқа деген аяусыз немкеттілігін, осыншалық оңбағандықты көрген саяхатшы қатты қиналып, бірнеше күн ұйықтай алмай жүріпті. *** Марқадағы арналы өзеннің үлкені – Теректі. Тастан тасқа секіріп, таудың таз биігінен құлап аққан асау өзен. Қашан

МАРЌАКҐЛ-ШАНАЄАТЫ немесе Ќазаќстанныѕ еѕ суыќ нїктесіне сапар

Əлібек АСҚАРОВ, жазушы.

бұрын Орловка аталыпты, біздің Шанағаты деп жүргеніміз сол ауыл еді. Бұл жерде 40-45 градус суық əдеткі жағдай деседі. Ал, 1969 жылы 62 градус аяз болғанын Интернеттен оқып-білдік. «Япыр-ай, қазақтың жерінде де Оймякон бар екен ғой, бұл қандай феномен, неткен ерекше құбылыс?» деген сұрақ көңілді мазалаумен болған. Бір «вездеход» уазикпен бір «джипке» керек-жарақ, асай-мүсейлерімізді тиеп, артынып-тартынып сапарға Алматыдан аттандық. Арада Аягөзде бір түнеп, келесі күнгі қоңыр кеште Теректі ауылына жеткенбіз. Теректі – көрші Қытай елімен шекараның дəл түбінде тұр. Кеңес кезінде Алексеевка аталып, Марқакөл ауданының орталығы болған. Бұл айтулы ауыл қазір Күршім ауданының қарауында. Біз «джипті» осы ауылға қалдырып, бұдан əрі жол талғамайтын «уазиктерге» аяқ арттық. Аспанмен астасып жатқан Асутау сілемдері осы Теректінің іргесінен басталады екен. Алдымызда Асутаудың арғы жағындағы Марқаның көліне шығаратын шыңырау-шатқалды, құз-жартасты əйгілі «Мəрмəр жолы» жатты. Мəрмəр жолды 1914 жылдары бірінші Дүниежүзілік соғыста қолға түскен мыңдаған австриялық тұтқындар салыпты. Тұтқын жазғанның жағдайы белгілі ғой, осы қиян жолдың ұзын бойында талайы опат болған деседі. Расында да, тауды тіліп, тасты жарып жолды салған жойдасыз күшке таң қалғандайсың. Топырақ емес, тіпті үйреншікті көк тас та емес, қырмызы қызғылт гранит, ұшар басы сазарған сұр мəрмəр... Мəрмəрдан ары шалғыны жайқалған бұйра жон, бөтегедей бұлтиған қоңыр белдер екен. Не заматта көз сүрінер ағаштан ада жусанды жасыл жазыққа шықтық. Жазықтың бел ортасында «Ақжайлау» атты шағаладай шағын ауыл ағарады. Ай, қазағым-ай, ат қоюға келгенде алдарына жан салмайды-ау... Осындай ұрымтал атты тапқан бабама қалайша сүйсінбессің! Атына сай, Ақжайлау десе дегендей-ақ екен! Тұрмыстары да жаман емес сияқты: ішінара жарқыраған жаңа үйлер, қаңылтыр «черепицамен» қаптап тастаған қызылды-жасылды шатырлар көзге түсті. Егін жоқ, маңайдың бəрі көкпеңбек кілем альпі шалғыны. Малды кең жазыққа емін-еркін өргізіп тастап, сары саумалды сапырып, жамбастап жата беретін қан жайлаудың нағыз өзі! Ақжайлаудың жазығынан соң қабырғалап аңғалақтай терең шатқа түстік. Одан тау бөктерін бауырлап, қабырғалай ыңыранып өрге шықтық. Қайыра тағы бір кертпеш сайға түсіп, иір-қиыр өзенді жағалап кеттік. Əйтеуір, ойдым-шұңқыр қара жолда көлігіміз шоршып билеп тоқтаусыз келе жатырмыз. Əлдебір түксиген тау тұмсығын айнала бергенде қарсы алдымыздан шет-жиегіне көз жетпестей көгілдір көл жарқ етіп шыға келген. Əйгілі Марқа осы болатын! Көлдің бергі жағалауын жиектеп, иін ағашша иіле созылған Ұраңқай ауылы көрінді. Біз көліктерімізден түсіп, алдымыздан оқыс ашылып салған мұнарлы панорамаға құмарта үңілдік, қызықтай қарадық. Асутау жоталары мен ақ басты Күршім сілемдерінің арасындағы мол пішілген қазан шұңқырда көкпеңбек теңіз шалқып жатты. Айтары жоқ, Марқаның көркі көңіл суарғандай сұлу екен! Ақындардың сөзімен айтсақ, Өр Алтайдың көз жасындай мөлдіреп, жүректі тербейді. Көксағым көкжиекте асқақ та асау, кербез де керім көсіледі жарықтық. Терістіктегі тау баурайы – жайлаған қалың мал: қора-қора қой, табын-табын сиыр, бірер үйір жылқы жасыл жонда қаперсіз маңғыстап жатыр. Көл жайында ел аузында алуан түрлі аңыз барын білетінбіз. Солардың бірін ертеректе белгілі ақын, қазақтың қара өлеңін жинаушы Оразақын Асқар ағамыз жазып алыпты. Ол аңыз мынаған саяды... Осынау ару көлдің орнында баяғыда орасан үлкен аңғар болған екен. Аңғар бойында шөптің нелер түрі андыздай өсіп, самал желмен жап-жасыл жайқалып жатады. Аңғардың орта тұсында сылдырап аққан тастай суық мөлдір бұлақ болыпты. Бірде жергілікті

жазыпты. Ұзындығы 38, ені 19 шақырым, орташа тереңдігі 15 метр шамасында. Ал ең терең жері 32 метрге жетеді. Марқакөл – ертедегі мұздық дəуірінен қалған су айдыны деседі. Қалай болғанда да, мынандай жайқын суды бір рет көру, оның уыз көркін тамашалау əр қазақтың арманына лайық секілді... Шындығында, көлдің көз арбаған алапат əсемдігін кезінде əйгілі жиһанкездер П.П.Семенов-ТянШанский, К.В. Струве, Г.Н. Потанин, В.В. Сапожниковтар тамсана жазып кетіпті. Қазақтың төкпе ақыны Иса Байзақов та Алтай табиғатын төгілдіре жырлаған сирек дарын иесі ғой. Ақынның «Алтай аясында» атты көлемді дастанындағы шым-шытырық оқиғалар дəл осы Марқа маңайында, Қалжыр өзенінің жағасында өтеді. Төл əдебиетіміздің классигі, көркемсөздің зергері Жүсіпбек Аймауытов та өзінің əйгілі «Ақбілек» романында Марқакөл табиғатын тамылжыта суреттегіні есімізде: «Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан – Марқакөлі. Марқакөлді арқалаған ақ ауылды Алтай елі. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау құт сорғалап, көнек-көнек лақылдайды; қара саба еміздіктеп, қою салқын сары қымыз, быжылдаған дəрі қымыз шара-шара шыпылдайды!» Қараңызшы, қара сөзбен жырлаған ғаламат сурет емес пе! Бұдан асырып қандай теңеу айтарсың! *** Марқа маңайын ежелден қазақтың найман мен керей тайпалары мекен еткені тарихтан мəлім. Кейіннен «Жер жəннатын», орысша айтсақ, «Беловодье» іздеген переселендер келіп, бұрқыратып поселкелер сала бастаған. Бала күнімізде Ұраңқайдан біздің ауылға келген Сара деген кемсеңдеген бір кемпірдің əңгімесі еміс-еміс есімде қалыпты... Марқа жерін өріс еткен, көл жағасын қоныс еткен азғантай қазақ едік біз, – деп күрсініп еді, кейуана. – Мен алты жасқа толғанымда, арқасында дорбасы бар, иегінде дорбадай сақалы бар, ұзақ жолдың азабын тартып азып-тозған, қайыршыға ұқсаған бір жүдеу кісі келді сүлкиіп. Көзі тұздай, шашы сап-сары, жыртық сарафан киген ұзынтұра əлгі кісіден біз, балалар, өлердей қорқушы едік. Қорықсақ та жасырынып барып, кісікиік кеспірін қызық көріп сығалайтынбыз. Қазақтардың əлгі сақалдыға жандары ашыды ма, тамақ берді, моншаға түсірді, жуындырды-шайындырды. Қысқасы, бір аптадай асырап күтті. Сосын жан шақырып, адам кейпіне келе бастаған кезде оның тілегін орындап, көлдің арғы бетіндегі алыстау бір бұлақтың жағасынан жер кесіп берді. Келесі жылы қарасақ – əлгі тентіреп келген келімсектің əйелі, шулаған бала-шағасы бар екен, төбесінен түтінін будақтатып, жарқабақтың бүйірінен жертөле салып алыпты. Енді бір жыл өткенде бұлақ жақта қаба сақалдылардың қарасы көбейе бастаған. Содан қарағайдай қаптаған қаба сақалдылар маңайдағы орманды қынаша қырды, күндіз-түні тықылдатып балта шабумен болды, əр тұстан қарайтып қарағай үйлер көтере бастады. Арада бес жыл өткенде Еловка деген поселке пайда болды. Шығыс Қазақстанның Шемонайха маңында туып-өскен орыстың аса көрнекті жазушысы Георгий Гребенщиков қазақтардың ата-баба жерінен қалай қуылғанын, сөйтіп, өгей баланың күнін кешкен зұлмат заманды жеріне жеткізіп жазып кеткен қаламгер. Жазушы өткен ғасырдың басында өзі сол дауылды да зауалды жылдардың бел ортасында жүрген, куəсі болған. Переселендердің алдымен қазақ жеріне сыналап кіріп, соңынан мылтықтың күшімен шұрайлы жер, құнарлы мекеннің бəрін зорлықпен тартып алғандарын көзбен көріп, көңіліне тоқыған. Жер ғана емес, азаматтың малсыз, арғымақтың жалсыз қалған сол жылдарын жазушы өзінің повестері мен əңгімелерінде асқан шындықпен суреттей білді: «Эта деревня появилась здесь как-то вдруг, неведомо когда и откуда. Лишь не многие из киргизов видели, что года три-четыре назад здесь появился громадный серый обоз из телег и бричек, нагруженных домашним

көрсең алқымынан дем алып, бұрқ-сарқ қайнап жатқаны. Теректі өзені құлаған таудың үсті құйқалы жазық, кер жайлау, алуан гүлшөпке малынған альпі белдеуі. Өзен өзінің басын мəңгі мұздықтардан алады да, жайлаудағы жазықта момақан жылжып, жайылып ағады. Көлден шыққан балықтың қалың керуені уылдырықты əлгіндей жайылма суларға шығып шашады. Осы сапарымызда Алтайда адам ғана емес, аюдың да балық аулайтынын естіп, жаңалық ашқандай болғанбыз... Аляска мен Камчаткада сарқырамада тұрып балық қақшыған аюларды теледидардан талай мəрте тамашалаған едік. Бірақ... Сөзден сөз туып, Нүркен Көпжасаров деген марқакөлдік азамат өзі куə болған бір қызық жағдайды есіне алған. Ол ініміз бұрнағы жылы жазғытұрым жайлауға бара жатып, Теректі өзенінің басында əр тұста шоқиып балық аулап отырған үш аюды көріпті. Аюлар жағалауда қимылсыз суға телміріп тұрады да, қарғып барып балықты бас салады екен. Енді біреуі шалпылдатып, суды бойлап балықты қуалап ойнап жүр дейді... Қазақ жерінің біз бұған дейін ешкімнен естімеген, білмей келген бұл да бір құпиясы болды. Жергілікті кəсіпкер Сергей Бердюгин Марқакөлде майқан балығын аулау ісі ертеректе кəсіптік деңгейде болғанын, сол үшін арнайы мекеме жұмыс істегенін сөз еткен. Əлгі мекеме аулаған балығын баптап, қаптап, мөрлеп, жылына бірнеше мəрте Санкт-Петербургке, ақ патшаның дастарқанына жіберіп отырыпты. Жазба құжаттарда 1911 жылы көлден 135 тонна балық ауланғаны жайында дерек бар. Кеңес кезінде көлден балық аулау кəсібі Зайсан балық комбинатының құзыретінде болған. Алғашқы кезде олар 20 тоннадан, кейіндері 15 тоннаға түсіп, ал Марқакөл мемлекеттік қорығы құрылған жылдардың алдында 8-10 тоннадай ғана балық аулап отырыпты. тəлкегіне түскен Марқа жерінің өткені мен бүгіні жайында кітаптар мен зерттеу еңбектер баршылық. Солардың соқталысы – ХХ ғасырдың басындағы атақты шайыр, Зайсанның тумасы Арғынбек Апашбайұлының отты жырлары дер едік: «Құзғынды мен Жайдағым, жайлаушы еді аймағын. Қаратай мен Саржомарт, мекендеген найманым. Ойлағанда іш күйер, Алтайдың қызық сайранын. Ерік өзіңде тұрғанда, емін-еркін жайладың. Қазақ халқы сол тұста, шалқып өсіп жайнадың. Атамекен жеріңнен, қасірет болды тайғаның. Қалам алсам қолыма, ойыма түсер қайдағым...». Сол Арғынбек ақын тағы: «...Бұл өңірде орыстар, игермеген сала жоқ. Төлетеді күнде мал, бермеймін деуге шара жоқ. Орыс атып өлтірсе, қимылдауға шама жоқ... Қайсы бірін айтарсың, жүректе жатқан нала көп!» деп замана зорлығынан запыран құсып, зар илеп кетіпті. Марқаның елі мен жеріне кешегі Кеңес дəуірінде де қатер төнген кездер болыпты. Волюнтаристік биліктің ол заманда кемелдене толысып, шырқау шегіне жеткені мəлім... 1974 жылы Алтайда алапат құрғақшылық болып, орман алқаптарының көп аймағы өрт құшағында қалған еді. Шабындықта сарғайып шөп шықпай, егістік алқаптарда дəнді дақылдар күреңітіп күйіп кеткен. Тіпті, ауылдағы адамдарға дейін қақалыпшашалып, көк түтіннің ішінде қалғанына біз де куəміз. Сол таңдайды кептірген аптап жазда ауданның бір басшысының басына Марқакөлден ағып шығатын жалғыз өзен – Қалжыр есіне түссе керек. Өзеннің көлден шығар шүмегінің арнасын кеңейтіп, түбін тереңдетіп, ақтарып молырақ су алмақшы болады. Сол сумен аңқасы кеуіп, құрғап жатқан егістік алқаптарды суару туралы «ғаламат идеяны» жүзеге асырмақшы болады. Сөйтіп, бұл іске бел шешіп, білек сыбанып кірісіп те кетеді. Дереу биіктегі Қалжырдың сағасына бір топ жұмысшыларды аттандырады. Сол кездегі орман шаруашылығының директоры А.А.Чириков деген кісі бірде шаруашылығын аралап, көл жағалап келе жатса, Қалжырдың бойында екі бульдо зердің бұқадай өкіріп, тұрбасынан түтіні күркілдеп жарқабақты қазып жатқа нын көреді. Арнайы бұрылып

дігіміздің қадірін түсінгендей боласың! Шүкір дейік, азаттықтың арқасында бүгінгі таңда қазақ өз жеріне өзі ие болып, үзілген үміті жалғанды, езілген есесі көтерілді, асыл арманы орындалуда. Қазір Оңтүстік Алтайдың тұмса табиғатын бүгінгі ұлт мұраты, ертеңгі ұрпақ мүддесі үшін сақтау мақсатында Марқакөл мемлекеттік қорығы қайырлы жұмыс істеп жатыр. *** Марқада ерінбеген жанның бəрі балықшы. Балық күнделікті дастарқан мəзірінің міндетті əрі дəстүрлі тағамы. Көнекөз қариялар көп жылдан бері көлдегі лосось текті «ускуч-ленок» (қазақша «майқан» деп атайды) дейтін балықтың ұсақталып кеткенін қынжыла сөз етеді. Оның басты себебі – балықты жөн-жосықсыз аулауда жатыр деседі... Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін балық уылдырық шашар көктем айларында іргедегі Қытайдан бастап, сонау Бийскіге дейінгі мұжықтар Марқа жаққа сабылған екен. Ол мұжықтар балықтың табиғи өсуіне мұрсат бермеген, жүрер жолын кесе-көлденең бөгеп, сүзекіаумен суда түк қалдырмай сүзіп алып отырған. Содан соң ішін жарып, тонналап уылдырығын ғана жинап, балықтың өзін ірітіп-шірітіп, жағалауда тастап кете баратын болған. Осылайша, балықтың тұқымы азып қана қоймай, мүлдем құрып кетудің аз-ақ алдында қалған. Қазіргі майқан 1-2 килограмнан аспайды деседі. Ал, жазба деректерде – 1940-жылдардың соңында 12 килограмдық майқан ұстағаны айтылады. Одан бұрынырақта бір қайықшы көл бетінде қайқаңдаған зор майқан балығын ескегімен соғып алыпты. Ол балық 16 килограмм тартыпты десе-ді. Марқа жеріне 1907 жылы келіп, зерттеулер жүргізген Н.И.Яблонский деген орыс саяхатшысы өзі көрген бір жиіркенішті оқиғаны жазыпты... Саяхатшы бірде жолсерігімен аты жоқ кішкентай өзеннің бірін жағалап келе жатады. Бір заматта маңайды сасытқан жаман иіс мұрындарына келеді. Жолсерігінен «бұл неткен өткір иіс» деп сұрайды. Жолсерігі «өлген балықтың иісі ғой» деп немқұрай жауап береді. «Ол не қылған өлген балық?» деп таңданады саяхатшы. «Көктемде кейбір балықшылар суды

7

www.egemen.kz

*** Ұраңқай ауылында бізді Төсқайың ауылдық округінің əкімі Əлижан Бектембаев деген елгезек ініміз күтіп алған еді. «Барар жеріміз əлі алыс» деген соң біз дастарқан басында ұзақ отырмадық, аздап жүрек жалғаған соң, аялсыз тағы жолға шығып кеттік. Ендігісі Марқакөлді артқа тастап, ат арытып арнайы іздеп келе жатқан белгісіз өңірге бойлай бергенбіз... Өркештенген тау сілемдерінің арасы ел көшкендей кең, далиған аңғар екен. Бұл өлке жайында таңдай тақылдатқан талай мақтауларды естіп едік, соған көзіміз де, көңіліміз де иланғандай. Шын мəнінде, қазағымның байтақ жері, киелі төрі осы ма дегендейсің. Алматыдан шыққаннан бері көргеніміз – жөргектей сарғайған сайын дала, құйын үйіріп, сағым ойнаған жапан түздер еді. Жаздың ортасы болмай жатып жер жəннаты Жетісудың өзі бозаң тартып, Аягөздің ақшулан тегісінің шаңы шығып, сары жұрт болғанына көз жатырқап, көңіл шіркін құлазыған. Мынау алап көктемедей көгереді, жап-жасыл боп бусанып жатыр, желегінің хош исі танау жарады, төңірек шіркін шешек атып жайнап тұр. Құлағыма кеше ғана Теректіде естіген ақын-сазгер Нəбиолда Кемешевтің əн əуені келгендей болады: «Ойпырым-ай, қарашыай, жасыл кілем даласы-ай, бойыңды баурап сергіткен, Марқакөлдің ауасы-ай!». Расы солай екен, басыңды үнсіз шұлғып, көркем теңеудің қай-қайсысын да мойындауға мəжбүрсің. Бұл жақтың жолы манадан бетер болып шықты: қой батпақ, ойдым-шұңқыр, сықырлаған қиыршық. Ырғатылып билеген, секіріп-селтеңдеген «уазикпен» сапар шеккенімізге сағат жарым уақыт өткенде теңіздей толқыған шалғын бетінде баяу жүзіп бара жатқан алғашқы ауыл нобай берді. Шалғынды жазықтың арғы жиегі түнерген орман, түксиген түкті таулар. Тура жолдан қиыстау қалып бара жатқан бұл ауылды жолсеріктеріміз «Бұғымүйіз» деп таныстырған. Бəрі де қарағайдан «сібір стилінде» салынған еңселі сұп-сұр үйлер. Көбісі мүк басып ескірген, терезелері үңірейіп бос тұрғандары да байқалады. Бұралаң жолда тағы сағатқа жуық уақыт ұтқызып, кештетіп Төсқайың дейтін ауылға

іліктік. Жол ауырлығын қатты сезгендейміз, қонар жерімізге құлап түстік. – Асфальттің бізге керегі шамалы! – деді біздің шаршағанымызды байқаған Əлижан ініміз. – Асфальт түссе – қаланың халқы құмырсқадай қаптай ма деп те қорқамыз. Сосын мына тамылжыған табиғат ұзаққа бармай құриды. Əзірше құдай тағала бізді өркениеттің қаупінен сақтап тұр! Əкім сөзінің астарынан біз əдемі əзілді де, құдай салды, біз көндік дейтін шырылдаған шындықты да аңғарғандай болдық. Дəл осындай əңгімені бұдан екі жыл бұрын Қазығұртқа барғанымызда Ұя деген ауылдың қарттарынан да естігенбіз. Олар да иен таудағы мекендеріне асфальт жол салмаққа ниеттенген билік орындарына əлгіндей қауіпті айтқан екен. *** Ертеңінде ертемен жол талғамайтын көліктерге мініп, ат тұяғы сирек түсетін мынау жұмбақ өңірмен жақынырақ танысуға аттандық. Марқа жерінде жеті Қаба бар екен. Жетеуі де суы мол, Алтайдың ақбас мұздықтарынан нəр алған, ақ көбіктеніп самауырдай қайнап жатқан асау өзендер. Жігіттер жетеуінің де аттарын тізіп берген: Қарқаба, Аққаба, Арасанқаба, Темірқаба, Буыршынқаба, Данақаба, Жаманқаба. – Қазақ жер мен суды «жаман» демеуші еді ғой? Неге «Жаманқаба» деп аталған? – Ол өзеннің ежелгі аты «Сармөңкеқаба» болыпты. Бірақ адам шығыны көп бола бергеннен кейін алдымен «Қандысу», кейін «Жаманқаба» аталып кетіпті. Осы Қабалардың жетеуі де қазақтың жерінен басталып, соңынан небір шатқалсай, жыныс орманды көктей тіліп, бұраң қағып Қытайға өтіп кетеді екен. Ол жақта жетеуі бір арнада табысып, бір дереде тоғысып, арқыраған алып өзен – Қара Ертісті құрайды. Қара Ертіс көрші елде бірер иін жасап ентігін басады да, шыр айналып Қазақстанға қайта кіреді. Шүкіршілік, Қабалардың аттары алаңы көп алмағайып замандарда құбылудан да, құрудан да аман қалыпты. Ал, елді мекендер талай мəрте өзгеріске түскенін естідік. Кезінде колхоздар мен совхоздарға Молотов, Каганович, Ворошилов, Калинин аттарын беру үрдісін осы Марқа өңірі де бастан өткеріпті. Тəуелсіздіктің арқасында бүгінде солардың көпшілігіне ежелгі атаулары қайтарылып жатқан көрінеді. Сөйтіп, қазіргі кезде Успенка – Ақжайлау, Сорвенка – Бұғымүйіз, Бобровка – Төсқайың, Владимировка – Балықтыбұлақ, Орловка – Шанағаты болып қайта аталған. – «Уранхайка» атауын өзгерту ойда бар ма? – деп сұрадық біз. – Ол мəселе де бірнеше рет талқыға түсті, – деді Əлижан. – Ұраңқай деген ел – тува халқы ғой. Олар да біз секілді түркі жұрты, туысқанымыз. Сондықтан, оны өзгертудің қажеті бар ма дегендей де пікірдеміз. Күршім ауданындағы жер мен судың ежелгі атауларының қайта қайтарылуына мұрындық болған аудан əкімі Ал тайбек Сейітов «ускуч», «хариус» деген балықтардың да қазақ сөзінен шыққандығын айтып, бізді қайран қалдырған. – Марқакөл – қазақтардың ертеден бергі жасыл жайлауы, жайлы қонысы, – дейді Алтекең. – Көл тереңіндегі лосос туыс тас балықтар маусым туа тау кіндігінен құлап аққан бұлақтарға уылдырық шашуға шығады. Күркіреп аққан тау суында не көп, сарқырама көп. Балық жазғанда басқадай амал жоқ, биіктегі жайылма суларға жету үшін тастан тасқа қарғып-шоршиды, сарқырамаға қарсы екпінмен секіріп ұшады. Сол көріністі сырттан қызықтаған қазақтар оны «ұшқыш балық» атап кетіпті. Кейін келген жиһанкездер əлгі сөзді өз тілдеріне қарай икемдеп, «ускуч» деп жазып жіберсе керек. – Ал, хариус ше? Біз ғана емес, күллі Сібір алабы бұл балықты осылай атайды ғой? – деп біз қасымызды керіп, күмəн келтіргендей болдық. – Оның рас! – деді Алтайбек. – Сібірдің жарымы – якуттан бастап, долған, шор, тофа, хакас, тува, алтай халықтарына дейін түркі жұрты екені белгілі. Сондықтан, хариус та – «қара ауыз» деген түркі сөзінен шыққан. Байқасаңыз, бұл балықтың аузы да, жон арқасы да қап-қара. Ал керек болса! Төсқайыңның байырғы тұрғыны, бүгінгі қарақұлақ қарияның бірі Карлхан Бектембаев ағамыз осыдан бірер жыл бұрынғы мына бір жағдайды тілге тиек еткен. 2008 жылы жазда құрғақшылық болып, шөп көктемей жатып қурап, жер сарғайып күйіп кетеді. Алтайдың омырауынан саулап аққан сансыз бұлақ шілде туа кеуіп қалады. Қырсыққанда, сол жылғы қыс та тосын мінез танытып, көк аспанды қақыратқан қытымыр суық түсіпті. Күндіз-түні толассыз қар жауып, жерді жапқан қардың қалыңдығы үш метрден асып кетеді. Толассыз жауған қар ауылдың аузы-мұрнын мақау бітеп, үйлердің бəрін шатырымен қоса басып тастайды. Көше жабылып, жүріс тоқтап, көршілер біріне бірі қар астындағы үңгір арқылы қатынапты. Даланың тұяқты аңдары – марал мен елік топ-тобымен қырылып, тірі қалғандары қарға малтығып ауылдың қора-қопсысын паналапты. Қыстың соңы нағыз ақсирақ жұтқа айналып, ауылдағы ағайын сол жылы ілдалап қу жаны əзер шығыпты. Осындай төтенше жағдайды көптен білетін, бастарынан кесапат қиындықтың талайын өткерген бұл өңірдің халқы құрық мініп қапы қалмас үшін алдағы қысқа дайындыққа көктем шыға – қар кетіп, күн жылына кірісіп кетеді екен. Мұндағы ағайын ондай қарбаласты ресми тілде «Северный завоз» дейтінін айтты. Артынып-тартынып неше мəрте етектегі ел жаққа барып, əр отбасы 10-15 қап ұн, бірер қап қант, бірер жəшік шай, сосын тұз тасып, «лабаза-қоймасына» жинап, қазан туа алақанын қағып сақадай-сай отырады.

(Соңы 8-бетте).


8 (Соңы. Басы 7-бетте). Əсіресе, қыстық жылы киім-кешекке ерте бастан қамданады. Мал басын аман сақтау үшін де жазда жеткілікті шөп шауып, күз түсе оны қораға тасып алу міндет. Отынды да мол етіп күн жылыда жинап алмасаң – сегіз айға созылар суықта күнің қараң. Қыста етектегі елге бастар жалғыз күре жол тас жабылып, «үлкен жермен» айлатып хабар-ошарсыз қалатын кездер жиі болып тұрады. Алғашқы қар жауған күннен – келесі көктемге дейін қарға адым шыға алмай, байланыссыз қор болған жылдар да есте. Ондайда қол ұшын берер, қолтықтан демер көмек жоқ. Жүрек жұтқан кейбір азамат іргедегі Ұраңқайға барамын деп, ақыры торғайдай тозып, жарым айдан соң сүйретіліп əзер жетіпті. Көрдіңіз бе, ару Алтай, ажарлы Алтай, асқақ Алтай кейде осындай да шамшыл, қатыгез, мейірімсіз болады екен. «Ресми түрде» жеті ай қыс, үш ай лайсаң, екі ай жаз болатын бұл таулы өлкеде «монша культі» барын байқадық. Қара монша əр үйде бар, дəулетті ағайыннан еуро-

www.egemen.kz

дыңғырап шыға келген. Содан кейін сабат сусынды қаншалықты сімірсе де былқ еткен жоқ. Кейін Орман шаруашылығы сөздігінен қарап едік, «скрипунның» тағы бір атауы – «заячья капуста» болып шықты, қазақшасы «күрең бозкілем» деп аударылыпты. Горно-Алтайск қаласында тұратын биология ғылымдарының кандидаты Алтынай Əшімова староверлердің, қазақтардың, алтайлықтар мен төлеңгіттердің шөппен емдеу тəсілдерін біраз зерттеген білікті маман. Алтынайдың пікірінше, шөппен емдеу – Алтай жұртында халықтық терапияның ежелден бергі дəстүрлі бағытының бірі. Өздерін қоршаған табиғатты бақылай жүріп, олар өсімдіктердің қасиеті туралы білімдерін ұдайы жинақтап отырған, оларды жылма-жыл толықтырып отырған. Сөйтіп, ғасырлар бойы емдік шөптерді теру тəсілдерін, кептіру мен сақтау амалдарын, сондай-ақ, оларды «қолдану ережелерін» ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізген. Жергілікті халық емдік шөптерді əлгі өсімдіктің қай бөлігі шипалы екеніне байланысты дайындаған. Шөптердің

ЕН МЕК

АТА

өкпе ауруларын, несеп түтігін емдейді. Шұғылықтың тамыры да, шөбі де шипалы, асқазан, бауыр, ішек ауруларына пайдалы. Оны жара мен ісікке де қолданады. Тіпті, улы саналатын меңдуананы да ретімен, мөлшерімен пайдаланса – дертке таптырмас дауа десе-ді. Енді мына қызықты қараңыз... Алтай əйелдері ертеректе іште жатқан болашақ сəбидің жынысын анықтау үшін «телпексүйсін» деген шөпті пайдаланыпты. Бұл өсімдікті «телпекті» деп те атайды екен, орысшасы «шлемовидный ятрышник». Көлеңкелі жерлерде, терең жыраларда ерте көктемде тамыры адам қолының бес саусағына ұқсаған көкшіл өсімдік көктейді-міс. Осы «бес саусақ» тамырдың тұнбасын ішкен əйел міндетті түрде перзентті болады. Бұл тұнбаны менменсіген тəкəппар қызға да жасырын ішкізіп жіберсе, оның да танауын көкке тіреп кердеңдегені күрт басылып, жігітіне мойынсұнады. Ертеректе əйелдер «бес саусақ» тамырды табаға қуырып, түйнек пішініне қарап, болашақ сəбидің жынысын анықтапты.

кітабына кірген өсімдік. Сондықтан, ол мемлекет тарапынан қорғауға алынған. Орманшылар да, полиция да бұл өсімдікті қазуға тыйым салған. Соған қарамастан тау-таста жасырынған халықты тоқтату мүмкін болмай отыр, – деп төсқайыңдық егерлер қолдарын жаяды. – Алаңдайтын дəнеңе жоқ,– деп «құрт қазғыштар» өз дəлелдерін оларға көлденең тартады. – Тамырын қопарғанға «пион» құрып кетпейді. Ол үшін шымын лақтырып тастамай, қайыра өз орнына мұқияттап салып кету керек. Біз сөйтеміз. Жау тигендей бүлдіретіндер – қаладан келген келімсектер... Солай істесе – келесі жылы бұл гүлшөп ерекше жайқалып, қаптап шығады. Соңғы кезде біз бұл құртты «пион» ғана емес, «иван-чай» мен «ужапырақтың» тамырынан да қазып алып жүрміз. Бұрнағы жылы Мəскеуден келген қырма сақал, селеу мұртты бір орыс ғалымы бұл маңайдағы қазақтар мен кержақтардың тіршілік-тұрмысын ұзақ зерттепті. Əбден зерттеп болған соң: «Сіздер табиғатпен етене болып кеткен адамдар екенсіздер. Бастық жоқ, полиция жоқ, тəртіпсіздік,

29 қазан 2014 жыл болған жоқ, сондықтан, оның аязын да өлшеген ешкім болмады. Ал малшы жұрты жер жағдайын жақсы біледі ғой... біздің айтарымыз – бұл жақтағы ең суық жер сол ара. Мықты болсаңыздар қыста келіп сол маңайдың суығын өлшеп кетсеңіздерші? Біз келе жатқан бұралаң жол сайдауыт жазыққа құлады да, шөпті жапырып бірнеше соқпақтың жолымызды көлденең кесіп өткенін байқадық. Серіктеріміз бұл араны «Проходная» деп таныстырған. Күз түсіп, алғашқы қар жауа аю мен қасқыр, бұғы-марал, бұлан мен елік осы жолмен үдере көшіп, ой жаққа қарай жосылады екен. Содан бəрі жылы жақта қыстап шығады десті. – Бозбала күнімізде Шанағаты мен Төсқайыңның арасын атпен шапқылап талай жүргенбіз, – деді Əлижан ініміз. – Бірде біз, оқушы балалар, бұғы-марал қыстайтын Кейкі деген жерде бес жүзге тарта маралды көргеніміз бар. Тағы аңның бір жерге бүйтіп жиналуы ғаламат көрініс екен... Осы жолдың бойында да, əр төбенің басында мүйіздері шаңырақтанып бұғы мен марал тұратын маңқайып. Біз оларға мал секілді

МАРЌАКҐЛ-ШАНАЄАТЫ немесе Ќазаќстанныѕ еѕ суыќ нїктесіне сапар

стильде жарқыраған фин моншасын да кездестіресіз. Қалай десек те, марқалық ағайын моншаны тағдыршешті проблема ретінде түзу жолға қойып, бұл шаруаға асқан жауапкершілікпен қарайды екен. Əңгіме үстінде моншаға қатысты бір этно графиялық детальға көңіл аударуымызға тура келген... Əдетте монша атаулының баршасына тас жинайтыны белгілі. Марқалықтар ондай тасты іздеуге таң қараңғысынан аттанып, жылға мен сайды тентіреп кетеді екен. Көбіне суы тартылған жылауық бұлақтың табанын тінтеміз десе-ді. Көкжиектен күн қылтия малта тастар таңғы шықпен жалтырап шыға келеді. Моншашылар ондай жалтыраған тасты емес, таңғы шықты бойына жолатпаған, өздерінің айтуынша, «матовый» тастарды тереді. Өйткені, ондай малталар күні бойы күн сəулесін бойына сіңірген, сөйтіп, мол жылу жинаған, таңғы шықты ілезде кептіріп жіберген ерекше тастар. Мінеки, осындай тастар ғана моншаға лайық, олар ыстықты өз бойына тез қабылдайды əрі оны ұзақ уақыт сақтай алады. Мінеки, қара табан, қара жон шаруаның өмір тəжірибесінен туған бұл да бір бізге керек əңгіме болды. Əлижан Төсқайың ауылында тұрған Анфиса Овчинникова деген «старовер» əйелді құрметпен еске ала отырып, жаңа бір əңгіменің басын шығарған... Марқұм, ол əйел осы маңайға аты шыққан «знахарьдуагер» болыпты. Ала жаздай тау мен тас, сай-саланы тентіреп, күйбең қағып дəрілік шөптер жинайды екен. Содан қыс бойы əлгі жинаған шөптерін кептіріп, бұрқсарқ қайнатып, нілін бөліп, ауылдастарын емдеумен айналысқан көрінеді. – Егер жылқы мен сиырды жылан шақса – ол ұзаққа бармайды, оны жазар ем жоқ, ұзаса екі тəулікке жетер-жетпесте өліп қалады, – деді Əлижан. – Бірде менің атым ақсап, жүні жығылып мөлиіп қалды, – деп ол əңгімесін жалғастырған. – Өзім маман мал дəрігерімін ғой, домбыққан тірсегін сипап көріп, жылан шаққанын білдім. Арнаулы жоғары білімім болса да, менің қолымнан жылқыны емдеу келмеді. Не істеу керек? Анфиса апамыздың дуагерлігі есіме түсіп, сол кісіге жүгірдім. Естігенім бар, баяғыда ол апамыз көршісінің жылан шаққан сиырын жазыпты дегенді... Міне, ғажап, апай күбірлеп бірдеңе оқыды, аттың аяғын сипалады, үшкірді. Сенесіз бе, жоқ па, содан сүлкиіп өлгелі тұрған атым екі күнде құлан таза жазылып кетті. Марқаның елі мен жерін аралаған сапарымызда тағы бір ұққанымыз – əлдебір қиын жағдай болмаса, тіршіліктің қоңыр күйін күйттеген қарапайым жұрт дəрігер дегенді оншалықты іздей қоймайтын сияқты. «Үкіметтің дəрі-дəрмегін көп пайдалана бермейміз, оларды сатып алатын дəріханамыз да жақында жоқ» деп ақталысты. – Тілін тапсаң табиғат жарықтық мейірімді, атымтай жомарт, – дейді олар. – Тани білсең, төңірек толы дəрілік шөп, орнымен, ретімен пайдалана білсең – мінеки, дəрі де, дəрмек те сол. Өзің білмей жатсаң – старовер кемпірлерден сұрап ал. Біздің көзіміздің жеткені – кемпірлер ғана емес, кейбір малшы азаматтар да, от басы – ошақ қасындағы əйелдер де қандай шөп неге дəру екенін үйреніп алған секілді. Білмей жатқанын білетіннен сұрап, өздерін де, балаларын да шөпдəрімен емдейтіндерін жасырмады. Құдайға шүкір, ауылдастардың мұндай балгерлік əрекеттері əзірге нəтижесіз емес те секілді. Сапарлас серігіміздің біреуі қызыға отырып, қымыздан көбірек тартып жіберді ме, асқазанын алай-дүлей бұзып алсын. Біз қарманып қапшықтан «үкіметтің» түймедəрісін іздеп жатыр едік, Əлижан ініміз «оған əуре болмаңдар» дегендей ишара жасаған. Аяңдап қыр жаққа шықты да, айналасы 15-20 минуттың ішінде бір уыс шөп жұлып алып келді. – Мынау «скрипун» деген шөп, – деді қолындағысын желпілдетіп. – Қазақшасы қалай екенін білмеймін. Осы шөпті бүгін үш уақ жесеңіз – жетіп жатыр. Солай болды да. Серігіміз сол күні уыстап, күйіс қайырғандай үш мəрте шөп малжаңдап еді, ертеңінде түк болмағандай

бірінің тамырын қазып алса, келесі бірінің жапырақтарын немесе гүлдерін терген. Ағаштардың жемісі ғана емес, қабығынан да алуан дəрі жасаған. Əдетте, жапырақтарды гүлденудің алдында жинаған. Ал жердің астындағы тамырды, түйіндерді – өсімдік бойында шырын қозғалысы тоқтағанда – күзде немесе ерте көктемде қазып алатын болған. Қабығын – керісінше, шырыны толықсып бойында тұрған шақта, яғни көктемде, тұқымдары мен жемістерін – əбден пісіп жетілген кезде жинаған. Тағы бір естігеніміз – Алтайда емдік шөптерді ай жаңарғанда ғана теріп, дайындайды екен. Өсімдікті құрғақ ауа райы жағдайында, түс мезгіліне таман, шық бəсеңдегенде жинау керек десе-ді. Жиналған дəрілік өсімдіктерді құрғақ, желдетілген шатыр үстінде, бұлтты күні кептіреді. Соңынан оны мақтадан жасалған қапта, картон немесе ағаш қорапта сақтайды. Емдік дəрілер ішу үшін – қайнатпа, тұнба, ұнтақ түрінде, ал сыртқы дене үшін – булау, тарту, компресс түрінде пайдаланады. Алтайда күнделікті өмірде емдік шөптерге үлкен маңыз беріп, оларға құрметпен қарауға, ұқыпты сақтауға үйрететінін естідік. Ең бастысы – емге қанша қажет болса, шөпті албаты рəсуа етпей, сонша мөлшерде ғана дайындап отырған. Жалпы, табиғатпен үйлесім жағдайында өмір сүріп жатқан тау жұрты балаларды жастайынан шөпті бей-берекет жұлмауға, ағашты себепсіз сындырмауға тəрбиелеген. Шоқан Уəлихановтың кадет корпусында бірге оқыған досы, кейіннен Сібірді зерттеген ориенталист-ғалым Григорий Потанин «маралтамыр» деп аталатын шөптің 14 түрлі дертке шипа екенін 1879 жылы жергілікті жұрттың аузынан жазып алыпты. Бұл асыл шөп адамды дертінен айықтырып қана қоймай, жасартып та, жаңғыртып та жіберетін көрінеді. Маралтамырдың жалпы адамның денесін сергітетіні, жұмыс қабілетін арттырып, ағзаның төзімділігін күшейтетіні медицинада баяғыдан белгілі. Оның «маралтамыр» аталатын себебі – маралдар күзге қарай күйекке түсер мезгілде осы шөптің гүлі мен жапырағын жұлып, тамырын тұяғымен қазып жейді екен. Марал ғана емес, бұл шөп ер адамға да күйлі-қуат береді, тыңнан күш қосады десе-ді. Алтайдың шипалы шөптеріне біздің қызыққанымыз соншалық, орысы бар, қазағы бар, кездескен жұртты əңгімеге шақырып, суырылған сұрақшыл болып алдық. Расын айтсақ, олармен сұхбатта шөп жайындағы аздаған біліміміз кəдімгідей толығып, біршама мəлімет жинағанбыз. Мысалы, дəрілік шөптердің ішінде, əсіресе, женьшень туысына жататын «алтын тамыр» көп мақталды... Сирек кездесетін бұл өсімдік биік беткейлерде плантация-плантация болып өседі. Оның алтынға ұқсас сап-сары тамырын қазып алып, адам ағзасы əлсірегенде, қатты шаршағанда қайнатып, компот сияқты ішеміз дейді. Алтын тамыр, жалпы, адамның көңіл күйіне мықты əсер ететіні, жүрек-қан тамыры жұмысын жақсартатыны медицинада баяғыдан белгілі. Кейбір балгерлер кəдімгі аршаның дəнін қайнатып та дəрі жасайды екен. Аршаның тұнбалары несеп айдайтын, өт айдайтын дəрі ретінде жұмсалады. Оның жапырағын қайнатып, жүректің жұмысын жақсарту, қан қысымын реттеу үшін, сондай-ақ, шошынғанда ішкізеді дейді. Баданның жапырағымен жараның іріңін сорып алады. Қалақайды ұнтақтап турап, араққа салып езгеннен кейін адамның арқасына жағып, ревматизм, остеохондроз, құяң ауруларына пайдаланады. Шайқурай – шай үшін ғана емес, сонымен қатар, ол асқазан, ішек, жүйке ауруларын емдеп, қан тоқтата алады. Ал, маңқашөп деген өсімдік жылқыда болатын қиын дерттің бірі – маңқа тигенде таптырмас дауа екен. Оны алдымен ұнтақтап турайды, сосын дорбаға салып, аттың басына іліп қояды. Көп өтпей-ақ, аттың маңқасы өзінен өзі ағып түсіп қалады. Ат жазылған соң дорбаны ішіндегі шөбімен қоса алысқа апарып өртеп жібереді. Балқарағай шырынымен туберкулезді, бүйрек пен

*** Жергілікті тұрғындардың бəрі, былайша айтқанда, ауыл-аймақ, бота-тайлағымен құрт қазатыны біз үшін тосын жаңалық болды... Ол құрттың аты «кадиецепс» екен. Марқалықтар бұл құрт өздері үшін шын мəнінде бұлды дүние екенін ұқтырған. – Иə, жаз шыға бəріміздің құртпен айналысатынымыз рас! – деп, олар өздерінің құпия іс-əрекеттерін бізден жасырмады. Теледидардан құрт қазған тибеттіктерді көргеніміз бар-тын. Тибеттің құрты – «ярцагумба» деп аталатын. Мына «алтай құрты» сол тибет құртының жақын туысы іспетті. Құрттың бір килограмы миллион теңгеге дейін бағаланады дейді. – Бұл сома – делдалдардың, яғни жергілікті халықтың қолынан алғандағы баға. Делдалдар оны Қытайға апарып өткізгенде 25 мың евроға сатады. – Мінеки, үш жылдың жүзі болды, осы құрт оң жамбасқа келген оңтайлы тірлігіміз! – деп марқалық ағайын мақтана түскен. Шындығында, түртпектеп қазып, тірнектеп жинаған осы құрттың арқасында жергілікті халықтың қалтасы қорланып, біршама қоң жинасыпты. Өкініштісі – құнжың қағып құрт тергіштер саны жыл санап көбейіп бара жатқан сияқты. Оңай ақшаға кенелгісі келгендер Өскеменнен де, Алматы мен Астанадан да ағылып, тау мен тастың ұры қойнауына тығылуда. Жергілікті жұртты кəсіптен де, нəсіптен де айыратын түрі бар. Күндесе де, тілдесе де ауыл билігін тыңдап жатқан олар жоқ. Осылайша, Марқаның таулары тіміскі тірлікке тап болып, қотыр тайдың жон арқасына ұқсап барады десе-ді. Қазылған топырақ, қопарылған шым, əжімделген қырқа-жон. – Кадиецепс құртын «марин-корень» дейтін гүлшөптің тамырынан қазып аламыз, – деді Валентина деген қызыл шырайлы домаланған келіншек. – Ол шөпті ғылыми тілде «Алтай пионы» деп атайды. «Алтай пионының» қазақша ресми атауы «шұғылық» екен. Катонқарағай қазақтары «таушымылдық» дейтінін де естігенбіз. Жазушы Асқар Алтай ініміз бұл өсімдікті түркі бабаларымыз «модағай» атаған деп, «Алтайдың алқызыл модағайы» атты роман да жазып тастағанын білеміз. – «Шұғылық» – Қазақстанның Қызыл

қылмыс дегенді білмейсіздер. Қазақорыс деп бөлмей, тамырлық достықта, татулықта, қоршаған табиғатпен нағыз гармонияда өмір сүріп жатқан жандарсыздар!» деп таңдайын тақылдатып таңғалып, «ғылыми тұжырым» жасап кетіпті. *** Жөні бөлек, жосығы ерек көрінген Шанағаты ауылын іздеп шыққан біз жолай Балықтыбұлақ ауылына соққан едік. Өткен ғасырдың басында ақындардың «Балықтыбұлақ, Марқакөл, айнала қонған қалың ел. Өзінен өзі толқиды, соқпаса да самал жел. Көз тойғысыз қараса, айнала өскен балғының, жылқы түссе көрінбес, шүйгін шыққан шалғының. Разы болар жеріңе, көңілі өсіп малдының» деп жырлаған Балықтыбұлағыңыз осы. Қазір де Табиғат-ананың сол заманнан бері өзгергені шамалы секілді, бірақ, ауылдың сиқы тозыңқырағаны байқалды. Өр Марқада алты ауыл деп еді, соның бесіншісі Балықтыбұлақты да соңымызға тастап, қойнауға сіңіп кетіп барамыз. Ендігі қалғаны – шығандағы Шанағаты. Шанағатыға бастаған қырық шақырымдық бұралаң жолда бірнеше күркіреген өзенді, шапшыма шағыл, құдима сайларды басып өттік. Ауыл əкімшілігінің қызметкері Бағжан Бітімбаевтан: «Шанағаты қазақ жерінің ең суық нүктесі екенін білетін шығарсыздар?» деп жорта сұраған едік. – Əрине, солай деп естігеміз. Бірақ сіздерге суық көрінгенімен бұл мекен біздің ыстық ошақ, жылы ұямыз. Сондықтан, Шанағаты суық дегенге күмəніміз бар, – деп ол ернін тыржитты. – Күмəніміз бар дейсіз бе? Ол қандай күмəн? – Қалай десем екен... – деп, Бағжан мүдіріп ойланып қалды, сосын. – Бізде «Круглая сопка» деген доғалақ тау бар, – деп сөзін жалғады. – Əне, көкжиекте шошайып өзі де көрініп тұр. Сол таудың балағында баяғыда Керей деген ауыл болған. Керей ауылының тұрғындары сол араның суығына шыдай алмай, жарымы анау Шанағатыға көшіп кетті. Қалған жарымы Төсқайыңды барып паналады. Керей ауылы Шанағатыдан əлдеқайда суық жер. Аңғардың жалаңаш бетінде, желдің өтінде тұрған ашық мекен. Ол жерде метеостанция

қарайтынбыз, көңіл де бөлмейтінбіз. Содан ба, марал да, елік те бізден сескеніп қаша бермейтін. Тіпті, қоңыр күздің бірінде қарсыдағы анау тепсеңде күйекке түскен екі бұғының сарт-сұрт мүйіздескенін де көргеніміз бар. Айтып-айтпай не керек, бертінге дейін бұғы мен елік көп еді бұл маңайда. Тəуелсіздіктің алғашқы бес-алты жылында біршама қиын кезең бастан өткені белгілі... ел экономикасы тұралап жатты, халықтың тұрмысын түзеу, əскерді асырау керек дегендей алуан проблемалар туды. Сол жылдары шекарашылар бұлан мен бұғыны мұқтаждықтары үшін автоматпен атқылап ойсыратып жіберді. Оның үстіне дəл сол кезде «интурохота» деген пайда болып, марал саны күрт азайып кетті. Одан аман қалғандары 2008-2009 бен 20122013 жылдардағы қары қалың екі қыста қырылды. Жығылғанға жұдырық дегендей, осы екі қыста қасқыр да қабағат көбейіп, қарға малтыққан бұғыларға қырғындай тиді. Көктем шығып, қар еріген кезде – əр жерде ақсөңке боп шашылған сүйектерді көп көрдік. *** Шанағаты өзеніне келгенде жолсеріктеріміз осы өзеннің атауының шығу тарихына байланысты мына бір аңызды баян етті. Баяғыда бір шаруа қыстың жаймашуақ күнінде шанамен шөп əкеле жатады. Қызылсуы жайылып жатқан осы өзеннен өте бергенде, аты тарта алмай тарғаяқтап, тарбаңдап қалады. Қанша əуреленгенімен шана шөпті өзен арнасынан алып шығуға аттың шамасы жетпейді. Амалы таусылған шаруа атты шешіп, жайдақ мінеді де, көмек сұрап іргедегі ауылға кетеді. Ол жақтан қосымша тағы бір атты жетектеп, қайтып келсе – шана белуардан мұзға қатып қалыпты. Сол шананы шаруа мұз еріп көктем шыққанда ғана босатып алған деседі. Содан бері бұл өзен «Шана қатқан» деп, жылдар өте қазақ тілінің үнем заңдылығымен ықшамдалып, «Шанағаты» аталып кетсе керек. Өзеннің атымен қасындағы ауыл да осылай аталыпты. Ақыры, кең ойпаттың арғы шетінде бұлдырап Шанағаты ауылы да көрініс берген. Ауылдың түстік жағында мұнарасы шошайған застава ағараңдады. Одан арғысы – ұшар басын қар басып, сағымданған асқар таулар тізбегі. Атақты Қаба сілемдері осы. Қаба сілемдерінің арғы етегі Қытай жері. Қол созғандай ғана жақын тұста. Сол арада Марқаның егізіндей Қанас көлі жатқанын ойлағанда, көңіл шіркінді мұңлы сағыныш шарпып өткен. Ат арытып іздеп келе жатқан Шанағаты ауылына да келіп кірдік. Шанағатының дəуірлеген шағында бұл жерде 137 үй болыпты, қазіргі қалғаны 25 шаңырақ. Қалаға барған жастар жатағынан түңілгендей қайтпай қалуда, қара жұртта қарайып отырған үлкендер болса біртіндеп азайып жатыр. Сонымен, ауылда қазір пошта да, телеграф та, тіпті, дүкен де жоқ екен. *** Ауылға кірген бойда, алдымен метеорологиялық станцияны іздегенбіз. Метеостанцияның қазіргі қызметкері шаруамен ылдидағы ел жаққа кетіпті. Біз осы станцияның қарт ардагері Күлжазира Чеканова апайдың үйіне атбасын тіредік. Аман-саулықтан соң Интернетте бұл метеостанцияның 1908 жылдан бері жұмыс жасап жатқанын оқығанымызды айтып, осы деректің растығын сұрадық. – Сендердің ол жазғандарың қате! – деді апайымыз. – Станция одан он жыл бұрын, 1898 жылы құрылған. 1998 жылы біз шама-шарқымызша станцияның жүз жылдығын атап өткенбіз. Соңынан Күлжазира апай асықпай сөйлеп, қоңыр дауысымен станцияның тарихынан біршама ақпарат беріп өтті. Метеорологиялық станция, мінеки, 116 жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді екен. Басқа станциялар бірде ашылып, бірде жабылып, заманның жағдайына қарай қырық құбылып жатқанда, Шанағаты станциясы айдың аты, күннің сəтінен жаңылмапты... Күніне сегіз рет ауа райының жағдайын телеграфпен ұдайы хабарлап отырған. Бұл жағдай шын мəнінде үлкен ерлік. Тек 1919 жылы ғана станция бірер айға жұмысын тоқтатуға мəжбүр болған. Себебі,

қара қуғын сүргелең жылдары колчакшылар станция бақылаушысы Михеич деген шалды ұстап алып, қамап тастайды. Содан ол кісіні тұтқындалған топпен Катонқарағайға айдап əкетеді. Бұлар қызылдармен ауыз жаласқандар, бəрін атамыз деп тұрғанда, Катонның приставы атылатындар арасындағы Михеич шалды танып, оны босатуға бұйрық береді. Содан Михеич күннің жылынғанын күтіп, тау асып, Шанағатыға жеткенше тағы бір ай уақыт өтіп кетіпті. Əйтпесе, қандай өкімет келсе де Шанағаты метеостанциясы күндіз де, түнде де əрбір 3 сағат сайын ауа райы жағдайын тексеріп, үздіксіз ақпарат беріп отырған. Қысқасы, ғасырдан астам уақыт халыққа адалынан қызмет жасап келген. – Қазіргі жағдайы қалай? – деп сұрадық біз. Күлжазира апай аздап күмілжіді. Өзінің арнайы курсты бітіріп, осы станцияда 1968 жылдан бастап отыз жыл қызмет атқарғанын, содан 1998 жылы, станцияның жүз жылдық мерейтойынан соң, зейнет демалысына шыққанын айтты. Апай зейнетке шығысымен станцияны да жауып тастапты. Қазір оның орнында тəулігіне екі рет қана ақпарат беретін бекет-пост қана қалған екен. Беттерін күн сүйіп, шаштары желмен желкілдеген бір топ азаматтар қызықтап бізді қаумалап тұрып қалыпты. Біз де олармен сөз арасында: «Шанағаты Қазақстанның ең суық нүктесі ғой, аюдай ақырған аязда тоңып қалмай қалай өмір сүріп жатырсыңдар?» – дегендей топ ортаға сұрақ тастағанбыз. «Жылы киініп, жылы жүрсең қорқатын дəнеңе жоқ, – деді ковбой қалпақ киген мұртты сұлуша жігіт. – Ауа құрғақ, жел жоқ, аузы-мұрныңды орап сақтанып жүрсең – ауырмай аман жүресің. Аузыңды ашып алдың-дұлдың жүрсең, əрине, екі өкпең бірдей қабынып шығуы ғажап емес. Құдай сақтансаң сақтаймын деген... – Якутиядағы Оймякон елді мекенін естіген шығарсыңдар? – Естігенде қандай! – деп осы арада жолбасшымыз Əлижан іліп əкетті. – Якутсаха – исі түркі жұрты ғой, қысқасы, өз ағайынымыз. «Оймякон» деген орыс транскрипциясы. Ал түркіше ол «Ой мекен» деген сөз. Яғни ойда тұрған елді мекен. Мына Шанағаты да ояң жерде, ойпатта тұр. Анау Төсқайың мен Ұранқайда үш метр қар түскенде, бұл араға ары кетсе 4050 сантиметр қар жауады да қояды. Анау жақта аппақ қар, арқыраған боран тұрса, Шанағатыда боран да, жел де жоқ, мұнарлы тыныштық. Қары жұқа, қарабайыр қыс мұнда. Сондықтан да, Марқа аймағының бар жылқысы Шанағаты маңайын тебіндеп, қыстап шығады. Оймякон мен Шанағатының суық болатыны да ойыс жерде тұрғандықтан... Суық, ауыр ауа ойпатта жиналып, мұнартып тұрып қалады. – Бізде қыс кезіндегі минус 30 градус – жылы күн саналады, – деп күлді ковбой қалпақты мұртты жігіт. Суыққа адам да, мал да шыдайды екен. Бірақ... өткен бір жылдары біреулердің қаладан əкелген картобымен бірге ілесіп, бұл жақта колорадо қоңызы қаптап кетіпті. Сол жылғы қыста суыққа шыдамай қоңыздың бəрі қырылып қалыпты. Бір қызығы, Шанағатының жазы ми қайнатқан ыстық келеді екен, 40 градусқа дейін жетеді десті. Біз барған күні де термометр отыздың бел ортасынан асып тұрды. Сонда қыс пен жаздың арасындағы градус айырмашылығы жүзден асып кететін сияқты. ...Күлжазира апайдың үйінде төстеріне Социалистік Еңбек Ерінің Алтын жұлдыздарын тағып, қасқайған үш қазақтың фотосуретіне көзіміз түскен. Суретке таңдана қарап тұрған бізге апамыз тағы бір əңгіменің ұшығын шығарды. Суреттегі Есімхан Чеканов – əйгілі жылқышы, Күлжазираның атасы екен. Қасындағы екеу жылқышының көмекшілері – Нұратсалық Ойакенов, Шəріп Дəуітбаев деген кісілер деп таныстырды. Үшеуі соғыс кезінде қатарынан бірнеше жыл 100 жылқыдан 100 құлыннан алып, шығын шығармай өсірген. Сол еңбектері үшін 1949 жылы Еңбек Ері атағын үшеуіне қатарымен беріпті. Мұндай зор атақты қатар алған Шанағатыдай ауыл бізде бар ма екен? Күлжазира апай дастарқан жайып, бізге исі танау жарған бір ерекше шай ұсынған. «Біз осылай кəдімгі қара шайға мизамгүл қосып дəмін шығарамыз» деді. Төсқайыңда жалбыз қосқан, қарақаттың жапырағына қайнатқан, сосын қарабүлдірген езген үш түрлі шай ішкеніміз бар-ды. Мынасы шайдың кезекті түрі болды. Кейін қалаға келіп, сөздіктен іздегенде – мизамгүлдің орысшасы «иван-чай», ресми аты – «кипрей» екен. Қазақша оның «күреңот», «құлын құйрық» деген атаулары да бар болып шықты. *** Біз қиыр жайлап, шет қонған Шанағаты ауылында бірер сағат болып, күн бесіндікке еңкейе Төсқайыңға қайтқан едік. Даңғаза дүниенің айғай-шуынан алыста, беймарал ғұмыр кешкен тұрғындардың риясыз ақ көңіліне марқайып, риза болдық. Риза бола тұрып, тағы да: «Марқадай жер іздеп қайдан табасың, жұпар ауа, кəусəр суға қанасың. Елі жомарт, жері дарқан жазира, Марқакөлді қалай қиып барасың?» деген өлең жолдарын есімізге алғандай едік. Марқакөлге арнайы келіп, тамаша фильм түсірген атақты жиһанкез Юрий Сенкевич те тұнығы шайқалмаған осы өңірден аттанып бара жатып: «Сіздер неткен бақытты жандарсыздар! Жер-ананың барлық белдеулері – шалғынды дала да, таулы-тайга да, құйқалы субальпі де, тұнжыраған тундра да мөлдіреп, алақандай алапқа сыйып тұр!» деп қайта-қайта басын шайқап қоштасыпты деседі. Біз де осындай əдемі əсерде, тамыры ортақ болғанымен, тағдыры өзгешелеу ағайынмен қимай қоштасып, қалаға қарай жол тарттық. Шығыс Қазақстан облысы.


29 қазан 2014 жыл

Ж

 Замана запыраны Қазақтың кең-байтақ даласында халқының қамын ойлаған, адамдықты пір тұтқан талайдың ізін уақыт шіркіннің желі көмескілендірді-ау. Оған заманның алақұйын желі себеп еді. Кеңес өкіметі кезіндегі қызыл саясат елімізді ғана емес, біздің санамызды да бодан етті. Дінді құбыжық, дін арқылы халықтың бірлігін ойлаған, имандылыққа ұйытқан молдаларды дүмше етіп көрсетті. «Халық жауы» болған қалиелер қуғындалды, итжеккенге айдалды, тіпті атылды. Қасиетті Тəуелсіздікке қол жетіп, жоғымызды іздедік, іргемізді бүтіндедік. Əлі күнге дейін адалдықты аттап өтпеген, тазалықты, шынайы шындықты пір тұтқан дін өкілдерінің есімі ескерусіз келеді. Солардың бірі жұртын имандылыққа ұйытқан Аймұхаммед Спанұлы болатын.

Ол 1900 жылы Торғай топырағында дүниеге келген. Текті тұқымнан, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың тумасы болатын. Əкесі Спан қызы Дыбысты, ұлдары Жақыпбек пен Аймұхаммедті арнайы молда ұстап оқытады. Ол кісі бо лашақтың білімде екенін сол кезде-ақ болжаған. Балаларының ескіше болса да хат танып, қолына қалам алғанын көздеген. Жастайынан зерек болып өскен албырт жас, есейе келе шалымды, қабілетті екенін байқатады. Кеңес өкіметі 1928 жылы ағайынды Жақыпбек пен Аймұхаммедті «байдың тұқымы», «діндар», «Алашорданың туысы» деп қуғын-сүргінге ұшыратады. Амалы қалмаған Аймұхаммед Башқұртстан асып кетеді. Əйткенмен, оның ойынан туған жер бір сəтке де шыққан емес. Ақыры «өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болғаным жақсы» деген оймен 1940 жылы Тобыл топырағына қайта оралып, Қостанайда түбе гейлі тұрақтайды. 30-шы жылдардың қуғынсүргінінен зəрезəп болған жұрт еңсесін көтеріп үлгермей-ақ, 1941 жылы соғыс басталып кетті. Сөйтіп, Отан үшін қарбаласқан қиын тұста ағасы Жақыпбек Челябідегі еңбек армиясына алынса, Аймұхаммед 514-ші зауытта маңдай терін төкті. Қинала жүріп қуанышқа толы Жеңіс күніне де жетеді. Елдің қуанышын бірге бөлісе жүріп, əрдайым жетім-жесірге, көмекке зəру жандарға қол ұшын беруді ұмытқан емес. Қостанайда ғибадат-құлшылық жасауға, бас иіп, маңдайын

сəждеге қоюға баратын мешіт ашсам деген ізгі арманы болды. Қасиетті Құранда былай делінеді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға жəне ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі». Осы «Тəубе» сүресінің 18-аятында келтірілген мысалдың бəрі де Аймұхаммед молданың бойынан табылатын. 1947 жылы төрт татар молдасы жəне өзі бесінші болып, Қостанайдағы Ақмешіт деп аталған мұсылмандар мешітін қайтаруды сұрап, И.В.Сталинге хат жолдайды. Бірақ, ол өтініш діттеген жеріне жетпеген еді. (Бұл хатты кейін «Марал Ишан» мешітінің бас имамы марқұм Ертай қажы іздеп таптырған). Жазған өтінішінен күдер үзген соң, Аймұхаммед өзі бастама көтеріп, Қостанайдағы барша мұсылман бауырларының басын біріктіріп, өз күшімен мешіт тұрғызып алуға үгіт-насихат жүргізеді. Кеңес Одағы кезіндегі ақшамен жан басына 5 сомнан қаржы жинап, мешіт салуға жетті-ау дегенде, солақай саясат тағы да қармағын көлденең тастайды. Биліктегілер мешіт салуға тыйым салып, жиналған мол ақшаны балалар үйіне аудартады. Кейін «Аймұхаммед жиналған қаржыны өзінің үй салуына жұмсап жіберген екен...» деген сыңайдағы сыбыс та сылаң қақты. Бұған мойымаған Айекең ақыры өзінің ақтығын дəлелдеп, аяқтан шалғандардың аузына құм құйылады. Мешіт ашсам деген арманы үнемі зая кетіп, жандайшап, əпербақандардың

Қ

РЫ Ы Ғ Ң А

талқысына түседі. Амалы қалмаған Аймұхаммед молда өзінің шағын үйін мұсылмандар бас қосатын зиялы орынға айналдырған. Осы тұста кеңестік шенділерге əртүрлі ақпар түсіп, шұғыл тексеріс жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл астыртын жұмыс мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері Павел Даценкоға тапсырылады. Ол кісінің өзімен кездесіп, мəн-жайды білгенімізде: «Аймұхаммед Спанов жастарды ұлт араздығына бастайтын ұйымға үгіттеп жүр» деген мəлімет келіп түсті. Біз тексеру жүргізгенде, ұлттық саясатқа қайшы келетін ешқандай əрекеттерді байқамадық, бар болғаны ислам дінінің негізгі деген шарттарын ұстанатын адам боп шықты. Заңда қай дінді ұстанам десең де ерік берілген. Ол кісі де заңға қайшы еш қылық жасаған емес. Өзім Спановпен тексеріс шеңберінде көзбе-көз кездестім де. Оның жылы жүзді, мұқтаж жандарға көмектесуге деген ниеті мол адам екені алғашқы сəттен-ақ аңғарылып тұратын еді...», деп ағынан жарылды көзкөрген қария. Аймұхаммед Спанұлының көпшіл, қонақжай, отбасына тəрбиесі мол адам екендігін былай қойғанда, оның білімділігі өз алдына бір төбе еді. Дін аяқасты болған құдайы жоқ заманда, бір Аллаға қызмет етті. Құдайдың есімін ауызға алмақ түгілі, бата беруге, бата бергенде қол жаюға қорыққан жылдарда ол кісі қайтыс болған адамдардың жаназасын шығарды, діни рəсімдерін жасады, дұға оқыды, құлшылық етті. Аймұхаммед Спанұлы Ферғанадан Мұхаммед Уəли Усмани, Пермь мешітінен – Харисов Халим Набиахметұлы, Уфадан – Мансур Хаджы, Троицк мешітінің имамы – Ахмəд Əли саф Алиұлы сияқты жəне Кабардин-Балқар рес публикасының Нальчик, Дағыстанның Махачкала қалаларынан сол дəуірдің даңқты дін қайраткерлерімен хат алысып тұрған. Сонымен қатар пошта арқылы Қостанай тұрғындарының пітірі, підиясы мен зекет-құрыштарын ақшалай салып жіберген. Ол жақтардан да жауап хаттар үсті-үстіне келіп, ырзашылдықтарын білдіріп отырған. Хаттармен қатар Ресейдегі, Өзбекстандағы мешіттер имамдарына қайтыс болған кісілердің підиясын жібергендігі жөніндегі түбіртектеріне дейін Аймұхаммед атамыз сақтап отырған. Мұны дін жолындағы кісінің ұқыптылығымен қатар ар-ұжданының тазалығы, имандылығы, тектілігі дер едік. «Байлар мен молданы, қойдай қу қамшымен» деп мектеп қабырғасынан бастап

тақпақтатқан уақытта, елде молда деген сиреп кеткені бізге аян. Кеңес өкіметі молдаларды «халық жауы» деп атты, итжеккенге жер аударды. Құраннан ептеп хабары бар, бес уақыт намазын оқып отырған қарияларды келеке етті, газетке жазды. Дінді тұрпайы етіп көрсетті. Кеңес дəуірінде Ташкент қаласындағы Орта Азия мүфтиятынан «молда» деген ресми құжат алған Қостанай өңірінде осы Аймұхаммед ақсақал болыпты. Ол облыс орталығынан шалғай жатқан қазағы мол Амангелді, Жангелді, Науырзым аудандарына барып, ағайынды имандылыққа ұйытқан екен. Аймұхаммед Спанұлы жай лы сөз қозғағанда, мына жағдайды да айта кетуді парызымыз деп білеміз. Бір жылдары жергілікті билік өкілдері Қостанай қаласының орталығындағы мұсылмандар зиратын тегістеп, орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуді қолға алмақшы болады. Өйткені, қорымға соңғы мəйіттің жерленгеніне 25 жыл уақыт өткен екен. Үкіметтің заңы бойынша осынша уақыт өткен соң қорымды жоюға болады. Əрине, бұл жағдай халықтың на разылығын туғызып, бар мұсылман жағаларын ұстайды. Бірақ, билік органдары алған бағытынан таятын түр көрсетпейді. Істер амалдары қалмаған жұрт: «...Сіз молдасыз, айтыңыз, көндіріңіз...» деп Аймұхаммедке салмақ салады. Дəл осы кезде аяқ астынан бір кісі дүниеден озады. Аймұхаммед молда əлгі марқұмның туыстарына ақыл айтып, өтініш жасап, марқұмды осы ескі қорымға жерлеттіреді. Биліктегілерге жаңа мүрдені көрсетіп, қорымды қиратудан аман алып қалыпты. Бұл ұлт үшін істелген іс емес пе?! Жасы ұлғая келе қарияның денсаулығы сыр береді. Сонда да мұсылмандық парызын орындауды доғара алмаған. Өзі жол жүре алмайтын болған соң, Аймұхаммед молда өзінің орнына басқа кісіні өкіл етіп, нə піл қажылығын жасатқан, қа жылықтың сауабын алған. Бедел қажылық жасамас бұрын Ташкенттегі имамдарға хат жолдап ақылдасқан. Кейін ол кісіге келген хаттардың бірінде Аймұхаммед молдаға «қажы» деп басталған жолдамалар да бар. Аймұхаммед Спанұлы 1984 жылы дүниеден озды. Ол кісі Қостанай қаласынан 11 ша қырым жерде орналасқан Қонай ауылындағы зиратқа қойылды. Атаның жалғыз ұлы Боранбайдан тараған ұрпақ бүгінде сол қарашаңырақтың түтінін түтетіп отыр. «Алтынның сынығы да асыл» дейді қазақ. Ұрпақтары да ата жолынан тайған емес. Жүздерінен иманы төгілген жандар. 1988 жылы қыркүйек айында Қостанайда өткізілетін бір шараға байланысты Араб əмірлігі елінен, яғни, Сириядан 14 адамнан құралған делегация келген. Солар баратын мешіт болмағандықтан Аймұхаммед марқұмның үйінде екі күн болып, дұға бағыштап, жұма намазын өткізеді... Сөйтіп, қазақтың қонақжайлылығына ырза болып аттанады... Бүгінде еліміздің бар шалғайында мешіттер тұрғызылып, елді имандылыққа ұйытатын жұмыстар жүргізілуде. Қостанай қаласының өзінде қос мешіт көпшілік үшін қызмет етсе, тағы біреуі тұрғызылуда. Ата арманы орындалды деген, міне, осы болса керек! Ғалихан МƏУЛЕТОВ, еңбек ардагері.

ҚОСТАНАЙ.

9

www.egemen.kz

 Қазақы қалып

Қызыл тілдің құдіреті

Бұрынғы Күршім өңірінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында атақты үш болыс болыпты. Олар Ақнайманнан – Омар, Өтейден – Мамыр, АндағұлЖəркеден Қатпа деген адамдар екен. Солардың ішіндегі Ақнайманның Байекешінен тарайтын Омар туралы айтайық. Байекештің Омардан басқа да үш ұлы болыпты. Солардың ішінде Омардың орны бөлек екен. «Бес саусақ бірдей емес», дегендей, балалардың ішінде біреуі ерекше болатыны өмірден белгілі. Мысалы, Қалмақ ханына елшілікке барған қаз дауысты Қазбек Қоңтажының ордасына түсіп: – О, хан, сен ел шабуды қоймадың, мен елшілікке келуден тынбадым,– дейді. Қоңтажы бұған: – Қазбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар кү ніңде айтқан сөздеріңді естіп: «Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді?», – деп ойладым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп: «Ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін», дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргеңді аулақ салып əрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған еліңді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы – сенімен достасуға құмармын.

іздейді. Жоғарыға құлаш-құлаш арыз жолдайды. Ел ішінде Омардың сыртынан өсек-аяң таратып, қарапайым халықты оған қарсы дауыс бермеуге үгіттейді. Өскемен уезінен келетін ұлыққа пара дайындайды. Оны берудің жолын қарастырады. Омар мұның бəрін сезіп-біліп жүрсе де сыр бермейді. Мені жақтай ғой деп ешкімге бас ұрмайды. Бірақ, ол да қарап жатпайды, пендеге сездірмей өз жоспарын жүзеге асыруға кіріседі. Өскеменге біраз дайындықпен сапарға шығып, сонда он күндей жүріп аужайды түйеді. Əуелі уезден келетін ұлықты анықтап алады. Онымен бірге əйелінің де келетінін біледі. Бұл өзі көрсеқызар, жылтыраққа əуес, күйеуіне айтқанын істететін еркетотай екен. Күйеуі елудің бесеуінде болса, ерке келіншек одан жиырма жас кіші. Жуықта отыз бес жасқа толған туған күнін тойлапты. Омар мұның бəрін уезде қызмет істейтін бір тамырынан естіп, біледі. Сайлаудың қашан өтетінін анықтайды. Сонымен барған шаруасын тындырып, елге қайтады. Сайлауға екі-үш күн қалғанда Өскеменнен келетін қонақтарға алты қанат ақ үй тіктіріп, жан-жақты дайындығын жасатады. Барлығын əзірлетіп, өзі қонақтарды

«Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді»,–деуші еді. Сондықтан не қыз бер, не қыз ал», депті. Қазбек ханға: – «Саған беретін қызым жоқ, ал өзің берсең алайын, – дейді. Хан: «Ұлың нешеу еді?» деп сұрайды. Қазбек: «Бір жарым ұлым бар», – деп жауап береді. Хан бұған таңданып: «Бір жарымы қалай? Сенде бес ұл бар деп еститін едім», дейді. Қазбек: «Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ. Аты – Бекболат. Соны бүтінге есептедім. Ал мал мен қатынға ие болатын қалғанын есепке алып жүргенім жоқ» – деп Қоңтажыға қарапты. Сол қаз дауысты Қазыбек атамыз айтқандай, Байекештің балаларының ішінде Омар пысық, ширақ , сөзге шешен, іске икемді, жұртқа жайлы болған деседі. Содан болар, ол Ақнайманға 30 жыл болыс болады. Ол кезде мұндай лауазымды сайлау арқылы таңдаған. Демек, халық кез келген адамды болыстыққа лайық көрмесе керек. Рас, сайлау тəртібінің бұзылатын кездері де болған. Мұндай қараулық уезден сайлау өткізуге келген құлқыны зор ұлықтар тарапынан жасалған. Осындай бақай əрекет Омардың тұсында да болады. Бірақ халық оны қолдап, шын ниеттерімен сайлап отырған. Ол 25 жыл болыстықтан кейін де кезекті сайлауға түсуге ниет білдіреді. Мұны жақтырмаған шынжыр балақ, шұбар төс бəсекелестері оны бұл жолғы бəсекеде өткізбей тастаудың амалына кіріседі. Оның да себебі бар еді. Омар олардың тарапынан кедейкепшіктерге зорлық-зомбылық жасауға жол бермейтін. Қашанда қарапайым халықтың сөзін сөйлеп, қорғап, қолдап жүретін. Бұл əрекет байларға ұнамайды. Сондықтан одан құтылудың жолын

қарсы алуға Ертіс өзеніндегі өткелге аттанады. Сөйтіп олардың алдын тосып, бергі жағада қарсы алады. Ұлық сұлу мұртты, орта бойлы, етжеңді кісі екен. Жүріс-тұрысына, сөз лəміне қарағанда байыпты адам сияқты. Əйелі өте көрікті, нағыз хордың қызы дерсің. Дөңгелек көздерін төңкеріп тастап, жалт-жұлт етіп қарағанда бойыңнан құмырсқа жүріп өткендей сезінесің. Омар да келісті кісі еді. Орысша жақсы сөйлейтін. Дəлірек айтсақ, өз ойын тілмашсыз-ақ жеткізе алатын. Не десек те қонақтармен амансəлемі көңілдегідей болады. Омар қонақтарын шатырға кіргізіп, алдын ала дайындалған дастарқанға отырғызады. Дəм алардан бұрын ұлықтың ханымын туған күнімен құттықтап, кішкентай қобдишаны сыйға тартады. Қобдишаның іші əшекейлі заттарға толы еді. Əрине, бағасы да айтарлықтай қымбат екені сөзсіз. Мұны көрген бикеште ес қалмайды. Ұлықтың да қуанышында шек жоқ. Ханым екеуі қосарлана: «Ой, Омар Байекешович, большое спасибо вам!» деседі. Түс ауа қос ақбоз ат жегілген күйме Ақши өңіріндегі Омардың ауылына тігілген алты қанат ақ үйге кеп тұмсық тірейді. Күтушілер құрақ ұшып, қонақтарды қарсы алады. Бұл кезде ауыл үсті құжынаған халық еді. Олар Омарға қарсы наразылық белгісі ретінде бүкіл Ақнайманнан жиналған, Омарға қарсы бай-шонжарлардың сойылын соғып келгендер болатын. «Кедейдің бір тойғаны, шала байығаны» дегендей байшонжарлар оларды ас-сумен тойындырып, айтақтап қойған. Бұл нөпір ақыры ұлықпен кездесіп, арыз-шағымдарын қарша боратады. Арада үш күн өтеді,

Омардың болыс болуына қарсылардың ізі суымайды. Үш күннен кейін ұлық Омарды шақыртып, бұл сайлауда оның жолы болмайтынын айтады. Осы тұста күтпеген жерден ұлықтың ханымы сөзге араласып: «В любом случае Омар Байекешович должен остаться на месте», деп айтып салады. Сүйіктісінің сөзін екі етпейтін ұлығың қипалақта: «Да, да, так и будет», деп оның ыңғайына көше берді. Дегенмен, бір қулық ойлай қояды. Онысы: «Мен саған үш сұрақ берем, соған дұрыс жауап қайтарсаң, болыстықта қаласың. Ал бұрыс айтпасаң лауазымыңмен қоштасасың», деді. Бұған сүйіктісі де келіседі. Омар да тəуекелге бел байлайды. Ұлық мынадай сұрақтар қояды: Қазақта 18 ғалам бір тарының қауызына сыйып кетеді деген сөз бар екен. Ол қалай сыяды? Орыс халқының əйел заты ерлеріне адал болады. Көздеріне шөп салмайды. Бұл неліктен? Ұрыс-жанжал неден шығады? Омар бұл сауалдарды тыңдап тұрады да: «Ханым атпен серуендегенді жақсы көреді екен. Бүгін соның реті келіп тұр. Мен екеуіңізге екі жорға даярлатып қойдым. Сіздің сұрақтарыңызға жауапты серуенде жүргенде берсем қайтеді?» дейді. Сөйтеді де ол Омар ұлық пен ханымды тау өрмелетіп бір биіктен келесі биікке жоғарылата береді. Осылайша Қарасеңгір тауына шығарады. Биіктеген сайын маңайда не көрініп тұрғанын ұлықтан сұрай отырады. Ең соңғы биік тау шыңына шыққанда алыстан Зайсан көлі, солтүстік шығыстан Танаш, Барлыбай құз-қиялары көрінеді. Сонда Омар: «Тақсыр біз осы бетімізбен аспанға көтерілсек, не көрер едік?» дейді. Ұлық бөгелместен: «Əрине, бүкіл əлемді көреміз», деп жауап береді. Омар: « Оны көздің қарашығымен көреміз. Қарашықтың үлкендігі тарыдай. Олай болса 18 мың ғалам бір тарының қауызына сыйып кетеді деген сөз осыдан шыққан», деп бірінші сұрақтың жауабын тəмамдайды. Бұлар енді Ақши жазығындағы Қалғұты өзенінің төменгі ағысын жағалап жазықпен келе жатады. Судың бір жайдақтау жеріне келгенде Омар шауып барып өзенге түседі. Ағынның ортасына таман барып, суды қамшымен сабалай жөнеледі. Ұлық пен ханым мынау жынданған шығар деп аң-таң болады. Омар біраздан соң қайтып келеді де, ұлыққа қарап: «Жаңа мен сабалаған судың бетінде қамшының ізі қалды ма?» дейді. Ұлық жазғыра сөйлеп: «Суда қамшының ізі қалушы ма еді?» деп, қайыра сұрақ қояды. «Олай болса сіздің халқыңыздың төмен етектері де ерінің көзіне шөп салады, бірақ одан із қалмайды», дейді Омар. Мұны естіген ерке ханымның екі беті ду етіп қызара қалады да теріс айналып кетеді. Сөйтіп екінші сұрақтың жауабы тəмамдалады. Одан əрі үнсіздік басталады. Біраздан соң ұлық үшінші сұрақтың жауабын талап етеді. Омар үндемейді. Сауал шегі өтінішін бірнеше рет қайталайды. Бұл үндемейді. Ұлық ашу шақырып соңғы рет талап етеді. Сол кезде Омар жұлып алғандай: «Əй, өзің бір жаман адам екенсің!» дейді. Бұған ашуланған ұлық тапаншасын жұлып алып, оны жауап берушіге бағыттайды. Сонда Омар: «Ғафу етіңіз, тақсыр, ұрыс-жанжал осындайдан шығады», дейді. Сөйтіп ол үш сұраққа да жауап береді. Ұлық та сөзінде тұрады. Сайлау өткізіп, үйреншікті əдетін іске қосып Омарды болыстыққа қайта сайлатады. Сөйтіп Омар Байекешұлы өз өкімінде тағы бес жыл болыс болады. Қазақтың болыстық жүйесінде жалпы саны 30 жылға созылған болыстық билік Күршім өңірінде Омардан басқа бірде-бір пендеде болмаған. Советхан ҚАЛИҒОЖИН.

ӨСКЕМЕН.

 Оқырман ойы

ГҮЛДІҢ ТАМЫРЫ СОЛМАСЫН немесе ўлттыќ тəрбиемізге бекем болайыќ

Жансая ҚОЖАХМЕТОВА,

Қостанай облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы.

Қымбатты құрбым, Диляра! «Егемен Қазақстан» газетінің 8 қазандағы санында жаның ауырып жазған «Ет бұзылса тұз себеді, қыз бұзылса ше?» деген мақалаңды оқи отырып, сай-сүйегім сырқырады. Бəлкім, «көйлектің кірі жуса, көңілдің кірі айтса кетеді» дегенді алға тарқан боларсың, сіңлім?! Десек-тағы, барша жұртқа жар салып, «қазақтың қызы анандай, қазақтың қызы мынандай» дегеннен түк шықпайды, күнім. Жаманын жасыру, жақсысын асыру, көнбіс, кең, сабырлы, салмақты, ақылды

қазақ қыздарына, қазақ əйелдеріне тəн мінез емес пе? Көшедегі екі-үш қыздың қылығын көріп, яки ауылдан қалаға жаңа келіп, бой түзеп, қатарымнан қалмаймын деген оймен оқыс басып жатқан бірен-саран шөпжелкелерге қарап, қалған күллі қара көз қазақ қыздарына топырақ шашуың қалай?! Кезінде Шернияз ақын атамыздың өзі: «Асылдарға ой керек, Бозбалаға той керек, Сұлу қызға бой керек», деген екен. Қыздарымыздың бой түзеуінің несі айып?! Аяулы құрбым, Диляра! Жер бетінде қанша соғып тұрған жүрек болса, сонша пікір бар. Менің бұл хатым бір қазақ қызының пікіріне екінші қаракөздінің қарсы шығуы емес, сенің жүрегіңді сыздатқан

жай біздің де қабырғамызды қайыстыратынынан хабар беру еді. Қазақ қызы дегенде көз алдымызға майданда ерлерше жауға қасқайып қарсы тұрған Əлия мен Мəншүк, қазақ поэзиясындағы құбылыс Фариза апай, ғылымда, еңбекте, өнерде жүрген апаларымыз бен замандастарымыздың биік тұлғасы келеді көз алдымызға. Осылардың жалғасындай бүгінгі құрбыларыңды сөз қамшысының астына алып, дүрелеуіңе не себеп болды екен? Əрине, уақыт өзгереді, келесі ғасырдың адамы да, олардың қөзқарасы да бөлек болады. «Адам өзі өмір сүрген қоғамнан тыс тұра алмайды» деген данышпандардың қанатты сөзі рас. Алайда, ғасыры, уақыты бөлек болғанмен, адам да

гүл секілді тамырынан көктемей ме? Əр ағаштың өз топырағынан сіңірер нəрі болуы қажет. «Ғасыр өзгерген екен» деп, тамырынан айырылған гүл секілді солып қалсақ, ел-жұрт болудан қалармыз, сірə. Сұрақтың ауыры да осы болар. Қазақтың қай қызы болсын халқының дəстүртамырына нəр беруші емес пе? Өйткені, ол халқымыздың ұрпағын ғана емес, сол ұрпақ арқылы дəстүрсалтымызды, мінезді, болмысты жалғайды. Сіңлім, айтпағым – бес саусақ бірдей емес. Таяуда, Қостанай өңіріне қазақтың талантты ақын, əнші қыздарының бірі Роза Əлқожа концерттік бағдарламасымен келген еді. Əнші қызға қарап тұрсаң көзің де, көңілің де тояды. Əншілігі,

дарындылығын айтпағанда, тəрбиелілігі, инабаттылығының өзі залдағы көрерменге рухани азық берді. Сахна төріне шыққан Роза елмен амандасып, хал-жағдайды сұрасып жатқанда, қалың елдің арасынан Социалистік Еңбек Ері, Қостанай өңірінің ғана емес, барша Қазақстанның мақтанышы, Кеңес Одағы заманындағы «К-700» тракторын бірегейі Кəмшат Дөненбаеваны көзі шалып, иіліп сəлем берді. Жақсы ырыммен бастау алған əн кеші жоғары деңгейде өтіп, кеш соңында Кəмшат апамыз ұлт тəрбиесін сіңірген, тілін, ділін ардақтаған сіңлісіне батасын беріп, ақ жол тіледі. Айтыңыздаршы, мұн дай қылық, мұндай тəрбие қазақтың қызынан басқа кімге тəн?!

Қазақ баласы ұлттық тəрбиені ұмытуға болмайды. Біз қай қоғамда өмір сүрсек те, дарқан даланың ұрпағы өз бет-бейнесімен, тілімен, ділімен ерекшеленуі тиіс. Құрбым, айтуыңның жаны бар, қыз тəрбиесі жеңіл-желпі қарайтын нəрсе емес. Бүгінгі заман қыздары ұлттық тəрбиеге сусап жүр. Өйткені күрделі уақытта өмір сүріп отырмыз. Ақпараттық күштер, компьютердің жастар бойындағы ұлттық бояудың көмескіленуіне ықпалы зор болып отыр. Міне, осыған қарсы тұрып, неғұрлым ұлттық тамырдан, түбірімізден көз жазып қалмаудың қамына кірісуіміз керек секілді. Ал бұл іс тек қазақ қыздарын жамандаумен шешімін таппайды.

Жаһандану иірімінен аман болу үшін де ұлттық тəрбиеге барынша мəн беруіміз қажет. Ал оның бастау бұлағында тағы да қазақ қызы тұрады. Жас ұрпақтың бойынан мін іздей бергенмен мұратқа жетеміз бе? Халқымыздың текті əйелдерінің бүгінгі саналы ұрпағына ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуді жеткізейік. Қазақ қызына мін тағушы да, оның жақсы болуы керектігін айтушы да көп табылар, соның тəрбиесіне атсалысушылар мол болса, шіркін. «Астың дəмін келтірген – тұз əулие, елдің сəнін келтірген – қыз əулие» демекші, өмірдің аязы мен аптабына қасқая қарсы тұрар рухы биік, көкірек көзі мөлдір, елдіктің ұраншысы қыздарымыздың, аналарымыздың тұнып тұрған жақсы қасиеттерін айтудан жалықпайық. Жақсы сөзіміз қазақ қызының, анасының атына кір келтіретін ілуде бір жетесіздің құлағы жетер деген үмітті де жоғалтпайық. ҚОСТАНАЙ.


10

www.egemen.kz

ТЫСЫ Қ А Д Р А Ң АЛАШТЫ

Өмірде қақ-соқпен ісі жоқ, бар ойы мен мақсаты адамдарға адал болсам, соларға жақсылық жасасам, көмектесіп қол ұшын берсем деп тұратын жүрегі жылы жандар болады. Туған жерінен табан аудармай еңбек етіп, жыры да, сыры да атамекені – Сарыарқа болып кеткен аңшы, этнограф, өлкетанушы Қасым Аппасұлы Тəукенов міне, осындай адам. Ғұмырында пендешіліктен ада, шешенсіп көзге түсуден аулақ, бірақ қариялық канон мен ақсақалдық атаққа адал аға мінезіндегі жоғарыдағыдай тұрақтылық пен бірқалыптылық құпиясының сыры неде деген сұрақ туады осы арада. Бұған кесіп-пішіп, біржақты жауап беруге болмайтын сияқты. Кейіпкеріміздің болмыс-бітімін ашып көрсету үшін оған жанжақты тұрғыдағы өмірлік мысалдар арқылы келу қажет. Сосын бұларды ол кісінің əр жылдары өзіміз байқап, білген нақты оқиғалармен қабыстыра баяндап айтуымыз керек. Міне, сонда бəрі де түсінікті, ұғынықты болмақ. Ендеше... ...Көз алдымызға 1999 жылдың ақпаны келеді. Бұл «Егемен Қазақстан» газетінің Алматыдан Астанаға көшіп, қаланың Ломоносов көшесіндегі екі қабатты ескі үйге орнығып жатқан кезі-тін. Бөлмеге: «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзбен қатар бір құшақ суық ауаны ілестірген еңсегей бойлы ел ағасы кіріп келе жатты. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал алдынан шығып сəлем береді» деген. Сіздерге: «Көш көлікті болсын!» – деп амандасуға келдім, – деді аяғындағы унтасы мен үстіндегі қоңыр тоны тіп-тік денесіне əдемі жарасқан бейтаныс кісі. – Қасым Тəукенов деген ағаларың боламын. Көш ауған жаққа бақ ауады. Осы жерде өсіп-өніңдер. Көгеріпкөктеп, бақытты, ғұмырлы болыңдар, қарақтарым!». Мына сөзді естігенде ол кісіні бұрыннан білетін таныс адамымыздай бірден шұрқыраса амандасып, табыса кеттік. Олай болатыны қайта құру жүріп жатқан 1985 жылы ғой деймін, жазушы Сайын Мұратбеков ағамыздың «Жұлдыз» журналында осы Қасекең туралы жылы лебізі жарияланған болатын. Онда автор Қазақстан Жазушылар одағының жұмысымен жолға шыққан сапарында республикамыздың солтүстік облыстарындағы парасатты бір өңір басшысымен танысқанын, намысқой, ұлтжанды қасиетімен өзіне ерекше əсер қалдырғанын жазған. Мақаладағы деректерден білгеніміздей, туған жеріндегі саналы өмірінде бұл кісі алдымен мал дəрігері, кеңшар директоры, аудан басшысы болып абыроймен еңбек еткен. Содан кейін облыстық атқару комитетінің төрағасы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы секілді жауапты жұмыстардың тұтқасын ұстап, жоғары лауазым иесі атанған. Соның бəрінде де асып, таспаған. Өзіне біткен адамшылығынан айнымай, ел, халық дегенде шығарда жаны басқа болған. Енді міне, арада 14-15 жыл өткенде елорданың елеусіздеу көшесіндегі ескі үйде сол кісімен жүздесіп, əңгімелесіп отырмыз. – Астананың Ақмолаға көшкені жақсы болды, – деді Қасекең сырттағы ішін тартқан тентек боран үніне сəл құлақ тосып барып. – Елорданың келуімен жаншылып қалған рухымыз оянды, жоғалған жер атаулары қалпына келуде. Ең бастысы көбейіп қалдық. Өсти-өсти бəрі жақсы болады, əлі. Осылай деген əңгіме иесі бұл өңірдегі отаршылдықтың бұрынғы нəубеттерін былай қойғанда, мына бертінгі уақыт – 50-60-шы жылдардың өзіндегі тың игеру кезінің қиғаштықтарынан зардап шеккен солтүстік облыстардың аянышты жағдайын жаны күйзеле отырып сөз етті. Қайта құру заманындағы жариялылықтың арқасында белгілі болған деректерге қарағанда, біріншіден, мұнда сол тұста кездейсоқ адамдар көбейген. Айналасы 4-5 жылдың ішінде ұзын саны 1,5 миллионға жетіп, қаңбақша қаптаған олардың толассыз тасқынынан 60-шы жылдары солтүстік өңірлердегі жергілікті халықтың үлес салмағы 40, ал 80-ші жылдары бұрынғы Целиноград облысындағы қандастарымыздың мөлшері 27-ақ пайыз болып қалған. Екінші, ел-жұрт екенімізді білдіріп, халықтық қалпымызды сездіретін жер аттарының бас-көз жоқ ауыстырылып, бөтен атауларға телінуі. Осындай кеудемсоқтықтың салдарынан 1954-1984 жылдар аралығында бір ғана Ақмола өңірінде Киров, Херсон, Павловка, Минский, Московский, Одесский, Шуйский, Сочин ский, Армавирский, Киевский, Самарский деген кеңшарлар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, қазақ ауылдарының бұрынғы Қостомар, Нұралы, Айнакөл, Бидайық секілді табиғи атауларын жұтып қойған. Сөйтіп, айналасы 30 жылдың бедерінде өзіміз əңгіме етіп отырған өңірдегі 241 елді мекен байырғы атынан айырылып қалған. Үшінші, республикамыздың сол кездері игерген тың жерден миллиард пұт астық алып, еліміздің атағын əлемге паш еткені жақсы-ау, өкініштісі, сол кезеңдегі миллиондаған гектар егіс алқаптарының жоспар қуушылық кесірінен обал-сауапқа қарамай орынсыз жыртылып, топырақ эрозиясын туындатып кеткендігі. Осындай жаны ашымастықтың салдарынан 80-ші жылдары Ақмола аумағындағы жер құнарлылығы 28-30 пайызға дейін құлдырап төмен түсіп кетті. Ол аз дегендей мұндағы 19 пайыз алқап ты арамшөп басып, егіншілікке де, жайылымдыққа да жарамсыз болып қалды. Мəскеудегі атақты ғалым Н.Костычевтің Шортандыдағы академик А.И.Бараев атындағы өңірлік ғылымизерттеу институтына жіберген жазбасына қарағанда, мұндай келеңсіздік əсерін жою үшін енді 40-50 жыл уақыт керек екен. Қасекең осындай əңгімелерді айтқанда біз ойланып қалдық. Сөйттік те:

29 қазан 2014 жыл

айнала кеңіп, төңіректі жылылық жайлап жүре бергендей болды. ...Қасекеңнің ел айтқан азаматтығы мен кісілік келбеті жəне белсенді өмірлік бағдары туралы жоғарыдағы əңгімелерді естіп, тыңдап отырғанда көз алдымызға енді ол кісінің дүниетанымы мен эрудициялық болмыс-бітімін байқататын мына бір оқиға келді. 2000 жылдың қаңтары. «Егемен Қазақстан» газетінің Астанаға көшкеніне жылға жуық уақыт өтсе де редакцияның бай кітапханасының Алматы бөлімшесінде қалып, əлі келмей жатқан кезі. Соның салдарынан күнделікті жұмысқа қажет сөздіктер мен анықтамалықтар жəне энциклопедияларға зəрулік артып, елорданың С.Сейфуллин атындағы кітапхана есігін ашқанымыз бар. Мекеме басшысы қолымыздағы тізімді көріп басын шайқады да: «Болмайды», – деп кесіп айтты. Бұл: «Мұндағы дүниелер кітапхана залында отырып қана пайдалануға арналған. Қолға немесе жаздыртып алып, ұзақ мерзімге əкетуге берілмейді», – деген сөз еді.

– 60-шы жылдары, – деді ағамыз сəл ойланып барып, – еңбек жолымды кеңшардағы мал дəрігері болып жұмыс істеуден бастадым дедім ғой жаңа бір əңгімемде. Міне, сол жəне содан кейінгі аудан, облыс бас шысы қызметтерінде жүрген кездерімде Мəскеудегі К.А.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы мен Мемлекеттік жоспарлау комитетіне, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне жиі шақырылатынбыз. Жұмыс бабындағы сол сапарлардың ара-арасындағы бос уақыттарда менің көбірек үйірсектейтін жерім Тверь даңғылындағы «Антиквариат» дүкенінің «Букинист» жертөлесі мен Кузнецк көпірі орамындағы «Баспа өнімдері» қара базары жəне КСРО Ғылым академиясының Вавилов көшесіндегі «Академкнига» болатын. Ішкі беттерінде қазақтар мен ата-бабаларымыз мекен еткен ұлы дала туралы бір сөз немесе сөйлем кездескен кітаптарды, міне, сол жерлерден сатып алып жүрдім.

Осыны іштей ұғып, сыртқа беттегенімізде Қасым аға кездесіп қалды. Аман-саулықтан кейін: «Не болды? Бір нəрсеге алаңдаулы сияқтысыңдар ғой», – деді. Біз болған жайды баян еттік. «Олай болса ертең біздің үйге келіңдер. Іздегендеріңнің біразы менен табылып қалар», – деді қысқа ғана үн қатып. Бір күннен соң редакцияның екі-үш жігіті Қасекең айтқан қаланың Желтоқсан көшесіндегі 9-шы үйден табылдық. Табалдырықтан аттаған сəттен бас тап бізді таңғалдырғаны ағамыздың шаңырағындағы халықтық дəстүрдің тіні деп есептелетін мол қолөнер бұйымдары мен өте бай кітапханасы болды. – Отбасыңызда ұсталықпен немесе зергерлікпен шұғылданатын біреу болған-ау, сірə, – дедік біз қабырғадағы самсаған қару-жарақ пен əшекей заттарға қарап тұрып. – Жоқ, – деді үй иесі. – Бұлардың бəрі Тəуке атамыздың шаңырағындағы мұрадан қалған жұрнақтар ғой. «Егер отағасының жұрнақ деп отырғаны мынау болса, онда бір кезде ол бұдан да мол болған-ау шамасы», дедік іштей. Сөйттік те жəдігерлерді қолымызға ұстап қарай бастадық. Сонда бұлардың ішінен ерекше дараланып көрініп тұрғаны пошымы ерекше ертоқым мен болмысбітімі бөлек ожау жəне көне қайқы қылыш пен күміс тостаған болды. Соңғы екеуіне араб əлде ауған елдерінікі ме екен, əйтеуір солардың бірінің батырып тұрып басқан мөртаңбасы көрінеді. Ал ертоқым мен ожауға келсек, бұлардың екеуі де сүйектен жасалыпты. Күміспен əшекейленген олардың біріншісі құрастырмалы болса, екіншісі ешбір жалғау немесе құрсаусыз атан түйенің жіліншігінен ойылып тұрып өмірге келтіріліпті. Неткен шеберлік, не деген еңбекқорлық десеңізші!.. Осыдан кейін біз кітап сөрелері тұрған бөлмеге беттеп, үй иесінің рұқсатымен редакция қызметкерлеріне уақытша пайдалануға қажет сөздіктер мен анықтамалықтарды тауып ала бастадық. Оларды жинастырып жүргенде тəнті болғанымыз: біздің бұрын Алматыдағы Орталық кітапхананың сирек қорынан ғана көрген немесе осы уақытқа дейін өзіміз тіпті мүлдем кездестірмеген керемет еңбектердің тұрғандығы еді. Олардың арасында Н.Рычковтың, М.Костомаровтың, С.Соловьевтің, Н.Баскаковтың аса құнды еңбектерін, Брокгауз-Ефрон энциклопедиясының бүгінде раритетке айналған толық басылымын, ХІХ ғасырда Мəскеу мен СанктПетербургте шыққан жəдігер кітаптарды бөле атауға болады. – Бұл жеке кітапханаңыздағы осы күнге дейін жинақталған шығармалардың жалпы саны қанша? – дедік біз үй иесіне бөлмеден шығып келе жатып. – 10 мыңға жуықтап қалды. – Мұнда бір ғана «ЖЗЛ» сериясының өзі тұтас қабырғаны алып тұр екен. Олардың мөлшері... – 422. – Тарихшы ғалым емессіз. Осыдан 200-250 жыл бұрын жарық көрген кітаптарды қалай тауып жинап жүрсіз?

Содан соң... иə, содан соң тың игеру кезінде мұндағы жаңадан құрылған кеңшарлардың еңбеккерлерін РСФСР-дегі ірі қалалардың шепке алуы деген үрдіс бартын. Сондай бастамамен біздің Целиноград облысының елді мекендеріндегі мəдениет үйлеріне алыстағы Ленинград, Новосібір, Рязань қалаларынан бума-бума кітаптар келіп жатты. Мұндай «рухани көмек десантының» ішінде диқан, механизатор қауымының түсініп оқитын Н.Думбадзенің «Əжем, мен, Илико жəне Илларион» секілді шығармаларынан басқа ғалым В.Радловтың патша заманында жарық көрген 6 томдық «Словарь тюркского языка» тəрізді тістері батпайтын дүниелер де жеткілікті еді. Бірде селолық кітапханалардың сөрелеріндегі шаң басып тұрған сондай еңбектерді көргенде: «Бұларды неге басқа шығармалармен ауыстырып алмасқа?» деген ой келгені бар. Сөйтіп, жергілікті мəдениет үйі меңгерушілерінің «Рұқсат-келісім» атты акт қағазымен оларды өз ақшама сатып алған Ю.Казаковтың «Осень в дубовых лесах», Ю.Бондаревтің «Горячий снег», А.Ивановтың «Тени исчезают в полдень» сияқты қарапайым еңбек адамдары қызығып оқитын кітаптарға алмастырып жинағаным бар. Ал енді осы əңгіменің басындағы: «Мұндай ғылыми шығармалар зерттеуші емес сізге не үшін керек болды? деген сұрағыңа келсек, оған жауапты төмендегідей өте қысқа əрі нұсқа сөзбен беруге болады. Олжас Сүлейменов кезінде: «Академик ғалымдар маған туған халқымның тарихын дұрыс түсіндіріп, айтып бере алмады. Сондықтан ақын маған өлең жазуды қоя тұрып, тарихпен айналысуыма тура келді», – демеп пе еді. Менің де уəжім осы. Ес біліп, етек жапқан шағымнан бастап елімнің өткенін, ұлтымның түп-тамырын, түркі жұртының қадір-қасиетке толы шежіресін білгім келді. Бірақ, 50-60-70-ші жылдардағы оқулықтардан оны таба алмадым. Оған жауап беретін тек қана жоғарыдағыдай көне кітаптар еді. Міне, оларды сол үшін жинауыма тура келді. ...Қасым ағаның өмірі ерекшеліктерге толы. Болмыс-бітімі алмастың сан түрлі қырлары секілді өзгеше сипатқа ие. Сондықтан кейіпкеріміздің үлгі аларлық қадір-қасиетін жұртшылыққа сипаттап көрсеткенде, оларды əсірелемей табиғи түрде ашып көрсететін ұстанымнан айнымауымыз керектігі өте маңызды. Бұл ретте енді оған əдебиет теориясындағы шендестіру ұғымы арқылы келгеніміз жөн шығар, сірə. Ол салыстыру, сол арқылы сөз болып отырған тақырыпты байытып, олардан байыпты ой түю деген сөз. Мəселен, қазақ ертегілеріндегі «Сырлы сандық» атты халықтық туындыны алайық. Онда əу баста көзге қарапайым боп көрінген жай сандықтың ішіндегі күміс, алтын, гауһар қобдишалар уақыт өте келе өзінің қыр-сырын біртіндеп жарқыратып ашпай ма? Қасым ағаның жандүниесіндегі құпиялар қоймасы да міне, осындай. Оны, əсіресе, қарияның аңшылық, саятшылық əлеміндегі ғажайыптар арқылы байқап, білгендей боламыз. Аңшылық кейіпкеріміз үшін табиғат аясындағы жеңіл-желпі серуен

ТƏУКЕНОВ Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

«Өңір тарихы мен тіршілігін терең білетін керек те қажет автор алдымызда отыр ғой», – дедік іштей. Қоштасып, сыртқа шығарып саларда ағамызға жоғарыдағы ойымызды ашық айтып, газетке қатысып тұруын өтіндік. Содан бастап бұл кісі мен басылым арасындағы жанды байланыс басталған. Ара-тұра жергілікті қаламгерлерден Қасекең туралы пікір де сұрап қоямыз. Ондай сəттерде олардың ағамызға айтатындары тек алғыс. Мəселен, көп жылдар аймақтық телерадиода жұмыс істеген журналист Смағұл Рахымбек: «Ой, ол кісі ғажап адам! 1984 жылы Целиноград қаласының бас жоспары қайта қаралып, облыс орталығындағы қазақ зиратына қауіп төнді. Сонда оны қызғыштай қорып, қиратылудан аман алып қалған осы Қасекең болатын», десе, жазушы Алдан Смайыл: «Қасым Аппасұлының 1989 жылы Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеп жүргенінде əуежайдағы «Кокчетав» атауын бір түнде «Көкшетауға» айналдыруы бұл енді... өзінше бір аңыз», – деген астарлы сөзін қосыңыз. Жоғарыдағы пікір айтқан жандардан осы оқиғаларды естігенде бізге бұлардан кейіпкеріміздің ірі іс, кесек қимылдың иесі екендігі көрінгендей болды да тұрды. Солардың кейбіреулерін ағамыздан аратұра кездескенде: «Бұл өзі қалай болып еді?» деген ыңғайда сұрағанымыз да бар. Кейіпкеріміздің əр кездері əртүрлі жағдайда айтқан үзік-үзік əңгімелерінен сондағы ұққанымыз мына төмендегі жайттар еді. – 1984 жылы, – деп бастаған болатын ол кісі алғашқы бір əңгімесін, – қала құрылысының қарқын алуына байланысты қазақ зираты Целиноградтың Молодежный шағын ауданы үйлері арасында қалып қоятын болды. Облыстық партия комитетінің жабық бюросында оны көшіру немесе қирату арқылы көп қабатты ғимараттар салуға орын дайындау туралы суық сөз өрбіді. Осы жерде, құдай өзі кешірсін, дардай лауазымды атағыммен тұңғыш рет аруақтар мүддесі үшін өтірік айтуыма тура келді. «Сəл сабыр етіңіздер! Мəселе былай, – дедім дабырлаған топқа. – Ол зиратта 1931 жылғы ашаршылықта Ақмоладағы оба ауруынан көз жұмған адамдардың мүрделері жатыр. Медицинадағы қалыптасқан қағидат бойынша ондай қабірлерге 100 жылға дейін тиісуге болмайды. Мұндай жерді білмей ашып, ондағы сүйектерді басқа жаққа көшіруге əрекет еткен жағдайда қатерлі індет қайтадан бас көтеріп, елге ауру таралуы мүмкін. Сондықтан...». Осы сөздерді айтып бола бергенімде жан-жақтан: «Жетеді... Түсінікті... Бұл мəселені күн тəртібінен алып тастайық» деген үрейлі дауыстар естілді. Байқаймын, егер қазақ зиратының орнындағы жерді құрылыс салуға алса ұпайлары түгенделетіндей боп шулап отырған топтың манағы белсенділігінен ештеңе қалмаған. Керісінше, көздері бақырайып, осы əңгімені қайдан қозғап едік дегендей төңіректеріне үрке қарайды. Жиналыстан шыққан соң қалалық атқару комитетінің төрағасы Аманжол Бөлекбаев екеуміз облыс орталығының Молодежный шағын ауданы аумағындағы жүдеп тұрған қазақ зиратына келдік. Аянышты көрініс көңілімізді құлазытты. Бейсауат жүргіншілер бейіт арасын соқпақ жолға айналдырып алыпты. Төңіректегі үйлердің ит жетектеген тұрғындары зират арасынан ерсілі-қарсылы өтіп, мына жердің адамдар жерленген қорым екеніне мəн берер емес. Жүрегіміз қан жылаған Аманжол екеуміз не істеу керектігін айтпай-ақ үнсіз түсіндік. Ертесіне менің ақылыммен ол «Целинсельмаш» басшыларына тапсырма беріп, 15 күннің ішінде зауыттың Софиевка сайына босқа апарып төгіп жатқан шойын шлактарынан биіктігі 1 метр 20 сантиметр қоршау блоктарын құйдыртты. Сөйтті де оларды ешкімге дабыра етпей əкеліп түсіріп, қаланың күнделікті жұмыс ағымындағы ісі секілді «Зеленстрой» құрылысшыларына қоршатты да тастады. (Осы арада сөз ретіне қарай мына жайттарды айта кетейік. «Егемен

Қазақстан» газеті 2008 жылы өзінің қызметкері Жылқыбай Жағыпарұлына арнайы тапсырма беріп, «Қазақ зираты» атты мақала жаздыртқаны бар. Сонда бұл жерде Кенесары ханның 1838 жылғы Ақмола бекінісін алу кезіндегі шайқаста қаза тапқан сарбаздары мен атақты Балуан Шолақ əнге қосқан Ғалияның жерленгені белгілі болды. Ал, 1984 жылғы сол кездегі облыстық атқару комитетінің төрағасы Қасым Тəукеновтің пəрменімен тұрғызылған шойын құймалы қоршау 2013 жылға дейін аман-есен жетті. Содан соң ол қаладағы іскер топ өкілдерінің бастамасымен берік те əдемі қақпасы бар биік кірпіш дуалмен ауыстырылды). ...Жоғарыдағы əңгімеден кейін Қасекең нен жазушы Алдан Смайылдың бізге айтқан 1989 жылғы Көкшетаудағы жер атауларын қалпына келтіру жайын сұрамақ ниетте едік. Бірақ ол кісі бұған онша құлық танытпай, өзі істеген істі өзіне айтқызуды жарата бермейтінін білдірді. Ол оқиғаны кейін əріптесіміз, Солтүстік Қазақстан облыстық телекомпаниясының төрағасы Кəрібай Мұсырманнан естіп білдік. – Қасым Аппасұлы Көкшетау облыстық партия комитетіне бірінші хатшы болып келгенде мен «Социалистік Қазақстан» газетінің осы өңірдегі меншікті тілшісі едім, – деп бастаған-тын өз əңгімесін ол. – Жаңа басшы алғашқы жұмысын қаладағы ірі-ірі көшелердің аттарын республика көлемінде бірінші болып жаңадан ақталған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов жəне Мағжан Жұмабаев есімдерімен ауыстыруға шешім шығартқызудан бастады. Содан соң көп кешікпей қалалық атқару комитетіне əуежайға баратын жолдағы жəне əуежай ғимаратының маңдайшасындағы «Кокчетав» деген сөзді байырғы «Көкшетау» атауына ауыстыруға тапсырма берді. Бірақ атқарушы билік күн сайын бір сылтау айтып, бұл істі орындауға құлықты емес екендіктерін танытты. Олардың соңғы ойлап тапқан уəждері: «Əуежай маңдайшасындағы жазу халықаралық əуе навигациясы тізіміне кіргендіктен, оны өзгертуге болмайды екен. Ауыстырған жағдайда келе жатқан ұшақтар бағдарынан айырыладымыс», – дегенге сайғандығы да есімізде. Сонда оны айтқан қызметкерлердің көзінше Алматыдағы Қазақ азаматтық авиация басқармасымен тіке сөйлескен Қасекең əуежай ғимараты атауының ұшақтардың ұшып-қонуына еш қатысы жоқ екеніне жауап алып, шаруаға өзі кірісті. Сонда ағамыз не істеді дейсіз ғой. Алдымен қалалық сəулет басқармасына «Көкшетау» деген екі атау-анықтаманы көрнекі етіп жазып, тез жасап бітіруді тапсырды да оттегі зауыты директорына өзіне екі слесарь-дəнекерлеушіні жіберуді өтінеді. Бəрі дайын болған соң оларды ертіп, алдымен қаланың шыға берісіндегі, содан соң əуежайдың маңдайшасындағы «Кокчетав» деген сөздерді электр дəнекерлеушілерге кескізіп алдыртып тастап, орнына «Көкшетау» атауын орнатып бекіттірді. Содан бастап бұл өңірдегі

немесе еріккеннен туған ермек емес. Ол – халықтық дəстүр, өнер, ұлттық құндылық жəне таным. Аңшылық осы екен деп жанжануарларға ашкөздікпен тиісу Қасекеңе жат əдет. Саят кезінде ағамыз ауа райын бақылайды, даладағы өзен-көлдердің жағдайымен танысады, аң-құстардың тыныс-тіршілігін зерттейді. Сондықтан да кейіпкеріміздің Арқадағы табиғат əлемі туралы білетіні ұшан-теңіз. Соңғы 15 жыл бедерінде жүріп байқағаным, «зоологиялық тақырыптың» аталары деп жүрген Сетон-Томпсон мен Максим Зверевіңіз бұл кісінің алдында жіп есе алмай қалады. Олай дейтінім... 2001 жылғы күз айының бірінде Əупілдек көліне құс атуға барып, жиекке қонатын қаздардан жасырыну үшін шұңқыр қазуға кірістік. Сонда іші жусанға толы тышқан індеріне кезігіп қалдық. «Бұлардың өсімдікпен қоректенбейтіні анық. Ендеше, жусанға не себепті əуес болды екен?» – деп сұрадым демалып отырғанда Қасекеңнен. «Соғыс жылдарындағы бала кезімізде, – деді ағамыз, – ауыл адамдары шымнан салынған жеркепелерде тұратын. Оларда бүрге қалың болушы еді. Жазғытұрым өзен жағасындағы киіз үйде күн кешіп, ал күзде əлгі бəкене тамдарға келіп кірер алдында атам бөлмеге жүн-жұрқаларды тастап, біраздан соң оларды сыртқа алып шығып өртеп жататын. Себебі, аш бүргелер əлгі ескі-құсқыға жабыла кететін. Содан соң қария жеркепе ішіне жусан əкелдіріп төсеттіретін де үстіне киіз текеметтерді жайдыртатын. Тышқандар да солай, қарағым. Олар да кене мен бүргеден қыс бойы қатты азап шегеді. Ал одан құтылудың жолы – жусан шөбінің исі. Сондықтан бұлар күз түсе осы өсімдікті сырттан тасып əкеледі де індерінің бұрылыс-бұрылысына көпіртіп төсеп тастайды. 2003 жылдың жазы. Қасым аға екеуміз Қорғалжын өңіріндегі Асаубұлақта балық аулап отырмыз. Менің қармағым қабар емес, ал ол кісі аз ғана уақыттың ішінде судан бір шортанды тулата шығарып үлгерді. Желбезегі желпілдеген жыртқыштың түрі қорқынышты еді. Жанталасып, əлсінəлсін аузын аша береді. Сондай бір сəтте ағамыз жерде жатқан қу бұтақты оның езуіне көлденеңінен апарып тістете қойды. Сол-ақ екен шортанның көзі аларып қатты да қалды. «Мұныңыз не?» деймін ғой мосыағаштағы шай қайнап, тал көлеңкесіндегі дастарқанға отырарда Қасекеңе. «Саған бір құпияны көрсетіп, соның сырын ашу үшін істедім», – деді ол кісі. Сөйтті де аузы арандай ашылып, жаны жаһаннамға кеткен жыртқышқа жақындап: «Шортанның астыңғы жəне үстіңгі тістері, – деді, – бірінің үстіне бірі тимейді. Кірігіп тұрады. Сондықтан су кешіп келе жатқан адам не малдан қорғану үшін олар бір жеріңді тістесе, ағаш кесетін ара секілді қырқып түседі. Бұл – бір. Екінші, сөз етіп отырған жыртқыштың тістері инеге ұқсас болып келеді. Олар шортанның апандай аузының түкпіріне қарай жығыла орналасқан. Сол себепті оның ерніне іліккен ірілі-ұсақ балықтың кері бұлқынып шығуына мүмкіндік жоқ. Өйткені, əлгі тістер оны артқа жібермей, өңешке қарай тартып, сырғытады да отырады». 2004 жылдың көктемі. Ерейментаудың Тойғанкөл жотасында отырмыз. «Ана қызыққа қарашы, – деді Қасым аға дүрбісін көзінен ала бере. – Мə, асықпай көр». Мен ол кісі нұсқаған күнгейге көз салдым. Дүрбіден суырларды айналсоқтап жүрген қараторғайлар көрінді. Олардың кейбіреуі тіпті керіліпсозылып күнге қыздырынып жатқан дала мақұлықтарының үсті-басына қонақтап та алыпты. Ал суырлар болса мəз. Бірде шалқасынан жатып, енді бірде жотасына қарай аунап түсіп, сықылықтап күліп жатыр ма, қалай?.. Құс пен дала мақұлығының мына «ойынына» түсіне алмаған мен Қасекеңе қарадым. «Қазақта, – деді ағамыз, – балақтағы бит аттан түсіреді деген сөз бар. Сол айтқандай, қыс бойы далаға шықпай індерінде жатқан суырлар денесін басып кеткен қансорғыш паразиттерден қатты азап шегеді. Мамыр айы туып, далаға шыққанда оларға бірінші болып торғайлар көмекке келеді. Сөздің тоқетерін айтқанда, қанатты құстар суырлардың үстіне қонақтап алып, тері жүндерінің арасындағы сайран салған биттің бəрін шоқып жеп, денелерін қансорғыштардан тазартып береді. Мына қараторғайлардың күнге қыздырынып жатқан ана мақұлықтардың қарнын қытықтап күлдіріп жатқаны сол». Біз жоғарыдағы үш мысал арқылы нені айтқалы отырмыз дейсіз ғой, құрметті оқырман. Ол кейіпкеріміздің керемет аңғарымпаздығы мен болжампаздығынан хабардар ету, өзі ғұмыр кешкен дəуірдің жанды мысалдар шежірешісі екендігін айту. Өмірден көргені көп ағамыз кейінгі жылдары көңіл түкпіріне қаттап жинаған жоғарыдағыдай, одан басқа да мысалдар қоймасының кілтін аша бастағаны тағы бар. Соның нəтижесінде «Абай бол, арлан!», «Зов...», «Ойтұмар», «Поклонись небесным тюркам» атты кітаптарды жазып, оқырманға ұсынды. Бұл еңбектердің ерекшелігі жəне қадір-қасиеті, қажеттілігі туралы кезінде мен олардың əрқайсысына жазған алғысөзімде айтқанмын. Сондықтан ондағы ой-пікірлерді қазір қайтадан қаузап жату ретсіз. Тек сөз соңында ескерте кететін бір жайт, абзал аға жоғарыдағы кітаптардың барлығын өз қаржысына шығарғандығы. Сөйтіп, оларды еркін елдің ертеңі – жас ұрпаққа тегін таратқаны. Өмірдегі мол тəжірибе, ақыл-кеңес, болған оқиға сатылмайды, айтылады емес пе?! Біле-білсек, бұл да бір өзінше өнеге əрі үлкен ғибрат. АСТАНА.

––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.


29 қазан

К

ДЕРЕ

2014 жыл

11

www.egemen.kz

Мəлімдеме жасады Украинада өткен парламенттік сайлаудың нəтижесі бойынша ҚР СІМ-і мəлімдеме жасады, деп хабарлады Қазақстанның осы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы үстіміздегі жылғы 26 қазан күні Украина Жоғарғы Радасына өткен сайлауды қолдайды, делінген мəлімдемеде. Одан əрі жаңа парламент құру – жалпыұлттық татулыққа, қоғам дағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол

беретін маңызды қадам болатыны атап көрсетіледі. Біздің елдерімізді тарихи қалыптасқан өзара сенімділік пен түсіністік негізінде қаланған достық жəне əріптестік қарымқатынастар байланыстырады. Біз украиналық азаматтардың таңдауына құрметпен қараймыз жəне Украина мен əлемдік қоғамдастықтың саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктірудегі жəне елдің дəйекті түрде дамуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне қолдау көрсететін боламыз, делінген мəлімдемеде.

Экспорт еселене тїсуде (Соңы. Басы 1-бетте).

Ақбоз атты

АТТИЛА

суреті Римдегі Ватикан музейі ќорынан табылды

Қалқаман ЖҰМАҒҰЛОВ,

тарих ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Геттинген университетінің құрметті профессоры.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген арнайы сұхбатында ұлт туралы толғаныстарын ортаға салды, əсіресе, тарихқа үлкен көңіл бөлді. «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады – деді Елбасы. – Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек». Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Қазақ елінің ежелгі жəне ортағасырлық тарихын жаңаша ғылыми деңгейде, объективті түрде қалыптастыру қажет. Əсіресе, бұл жерде біз ғұндар тарихынан бастауымыз керек. Ғұн державасына келсек, оның Еуразиядағы тарихы күні бүгінге дейін əлі де айтарлықтай ашылмай келеді. Түркі-ғұндар Орталық Азиядан шыққан. Б.з.д. ІV ғ. қытайлықтар оларды өздерінің қауіпті қарсы лас тары ретінде көрсеткен. Ғұндардың əскери көсемдері Хань империясымен соғыста бірталай жеңістерге жеткен. Б.з. ІІ ғ. бірінші жартысында ғұн тайпаларының қазіргі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Орал, Каспий жағалауларынан Еділдің арғы жағындағы далаларға көшіп-қонуы басталды. ІV ғ. ортасында ғұндар Еділ мен Дон аймағына бойлап енді. Азов жəне Солтүстік Кавказдағы аландарды, Босфор патшалығын өзіне қаратып, олар Оңтүстік–Шы ғыс Еуропадағы Остгот патшалығының билеушісі Эрманарихтың көп тайпалы державасын 375 жылы жеңіліске ұшыратты. Осы уақыттан бастап Еуразия мен Еуро пада халық тар дың ұлы көшені үдерісі (великое переселение народов) жүрді. Біз осы мақаламызда ғұндардың ІV-V ғасырлардағы Еу разиядағы тарихын Ватиканнан табылған латын тіліндегі деректер негізінде кеңінен жандандыра аламыз. Ғұн державасының Батыста территориялық жағынан кеңеюі мен қуатының асып-тасуы 434-453 жылдар аралығында билік құрған Аттиланың (Еділдің) тұсында орын алды. Аттила жəне оның дəуірі Еуразия тарихында өшпес із қалдырды, ол тек тарихи шығармалар, хроникалар мен эпикалық ескерткіштерде ғана сақталып қалған жоқ. Біз өз тарапымыздан германдықтардың эпостары мен Скандинавия сагаларында (das Niebelungenlied, Edda, Sagen, т.б.) ғұндардың жəне олардың қолбасшысының ұлы істері көрініс тапқандығын анықтадық (бұл шығармаларда ол Attila, Etzel, Atzel, Atli, Ätla деп көрсетіледі). Осы жерде

бір айта кететін жағдай, бірқатар герман тайпалары, сонымен бірге, Солтүстік, Орталық жəне Шығыс Еуропаны мекендеген халықтар мен тайпа ұйымдары күшейіп келе жатқан Ғұн державасын өздерін Рим империясынан қорғаушы күш ретінде де сезінді. Биылғы жылдың шілде айында мен Мемлекеттік бағдарламаға сəйкес, ҰҒАның Тарих жəне этнология институтының қолдауымен Италияға сапарға бардым. Оның мақсаты – ғұндар, аварлар, Түрік қағанаты, Алтын Орда тарихы бойынша сирек кездесетін деректер мен материалдарды анық тау еді. Ватиканда деректік материалдарды – манускриптілер жиынтығын Vaticani Latini (Латын қорлары) қолжазбалар залында қараған кезде мол олжаға жолықтық. Мысалы, түркі-ғұндар жəне олардың Рим империясымен өзара қарым-қатынастарына қатысты мəліметтер Рим папасы Лев І-нің (440-461) хаттарында бар болып шықты. Ол Шығыс Рим империясын Еуропадағы үстемдік үшін күресте ғұндарға қарсы бірлесуге шақырған (Biblioteca Apostolica Vaticana (BAV), Vaticani Latini (Vat. lat. 541, f. 67-68 R). BAV, Vat. lat. 1319, f. 96ᵛ , Vat. lat. 544, f. 183-184R). Деректер билеуші Аттиланың бейнесін объективті түр де ұлы істерді атқарған зор мемлекеттік қайраткер ретінде жаңғыртуға мүмкіндік береді. Аттиланы І мыңжылдықтың ең белгілі толағай тұлға деп есептеуге толық негіз бар. Бұл жерде біз қысқаша мына мəліметтерді бергеніміз жөн. 451 жылы Солтүс тік Галлияда (Фран ция) дүние жүзі тарихындағы ең ірі шайқастардың бірі – Ката лаун даласындағы ұрыс өтті. Сол кезеңдегі əлемнің алып державасы – Рим империясының өзінің көптеген одақтастарымен Ғұн əскеріне қарсы қақтығысы ешқайсысының да басымдыққа ие бола алмауымен аяқталды. Алайда, осы шайқастан кейін де ғұндардың күш-қуаты елеулі болғандықтан, ұлы қолбасшы Аттила аз уақыттың ішінде қайта атқа қонып, енді жорықты тікелей Рим империясының жүрегі Италияға бағыттады. 452 жылдың көктем-жазында ғұндар Солтүстік Италияға келіп, Аквилея, Конкордия, Альтин, Патавий (қазіргі Падуя), Ви цетия (қазіргі Виченца), Верона, Бриксия (қазіргі Брешия), Бергамо, Милан, Тицин (қазіргі Павия) қалаларын алды. Аттила өз резиденциясын Миландағы Рим императорларының сарайына орналастырды. Бұл жеңістерден кейін Римге жол ашыл ды. Осы қиын жағдайда Рим империясы Аттилаға елшілік жіберуді ұйғарды. Елшілікті Папа Лев І өзі басқарды. Сол кездің куəгері хронист Проспер Тироның ла тын ша жазған хроникасына қа ра сақ: «Барлық елшілер сыймен қабылданып, патша шіркеудің жоғарғы басшысының қатысуына ерекше ризашылығын білдіріп, соғысты одан əрі жүргізуден бас тартып, бейбітшілікті сақтап, Дунайдың арғы жағына қайтуға уəде берді» (Prosper Тiro. Epitoma de Chronicon, 1367, - MGH, T. IX, p. 482). Аттила Римге жорықтар жасаған басқа

замандастарынан ерекшелене білді. Ол христиан діні мен Рим папасына құрметін көрсетті. Сондықтан, қазір де басты христиан храмы – Римдегі Əулие Петр соборында Ғұн империясының ұлы билеушісінің бейнесін көруге болатындығы кездейсоқтық емес. Бірінші көрініс – бұл собордағы XVII ғ. мүсіншісі Алессандро Альгардидің Лев І-нің Аттиламен кездесуін бейнелеген барельеф. Екіншісі – осы тақырыптағы Рафаэльдің фрескасы. Сонымен бірге, осы ізденіс сапарымызда бұған дейін Ғұн им периясының, Рим мен Ватиканның тарихына арналған ешбір еңбекте кездеспеген Аттиланың маңызды суреті табылғанын айрықша атап өткім келеді. Мəселен, Ватикан музейінің қорындағы көптеген суреттердің арасынан 452 жылғы ғұн билеушісі Аттила мен Папа Лев І арасындағы кездесуді бейнелейтін фреска көзімізге оттай ұшырады. Бұл жерде Ватикан музейлері құрамына кіретін Географиялық карталар галереясы жөнінде сөз болып тұр. Бұл галереяда (Galleria della Carte Geografiche) 40 карта бар екен, оларда Католик шіркеуінің бұрынғы иеліктері көрсетілген. Рафаэльдің белгілі Элиодор Станцасындағы (Stanza di Eliodorо) «Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін» көрсеткен суретпен салыстырғанда, біз тапқан фрескада Аттила ақбоз аттың үстінде, басына алтын патшалық тəж киген маңғаз бейнеде тұр. Оның келбетінде Солтүстік Италияны бағындырған жəне Рим империясына соққыларды жаудырған құдіретті əміршінің айбын-салтанаты көрініс тапқан. Аттила қайтыс болғаннан кейін Батыстағы Ғұн державасы оның мұрагерлері тұсында ыдырап кетті. Ғұндардың бір бөлігі төменгі Дунайдың солтүстігінде қалды. Үлкен бөлігі Қара теңізге кетіп, ары қарай шығысқа, Орал жəне Арал теңізі бағытына, яғни кең байтақ Ғұн империясының ежелгі шығыс шекараларына оралды. Ғұн одағы бұдан былай Орта Азия тайпаларының бірігуіне əсер етіп, қазақ халқының да қалыптасуына өз ықпалын тигізіп, құрамына енді. Еуразия тарихының ортағасырлық кезеңіне өтуі мен жаңа өркениеттің қалыптасуына алып келген Еуропадағы халықтардың ұлы көшені дəуірінде Ғұн державасы маңызды тарихи рөл атқарды. Ватиканның кітапханасында мен еуропалық саяхатшылардың ерекше ілтипатында болған Орта лық Азия мен Шығыс, яғни Моңғолия мен Қытай жерлері бойынша мəліметтерге назар аудардым. Олар халықаралық қатынастардың тарихы, сондай-ақ шаруашылық пен тұрмыс, əлеуметтік-экономикалық қарымқатынастар, дін мен əдет-ғұрыптары туралы айқын мəлімет беретін ерекше тарихи деректердің бір парасы болып табылады. Табылған осы мағлұматтардың ішінен ХІІІ ғасырдың ортасынан XV ғасырдың ортасына дейін Шығыс пен Орталық Азияға саяхаттарды ұйымдастырған 126 саяхатшыны атап көрсеткім келеді. Олардың басым көпшілігі белгісіз болып келген еді. Тек

Батыс Еуропаның жекелеген мамандары ғана оларды біршама білетін болар. Олардың кейбірін келтіруге болады: Balduin von Hennegau, Odorico da Pordenone, Isachus Venerio (Venier), Jacobus von Florenz, Paschalis Hispanus de Victoria, Gottifredo Morosini, Giovanni Querini жəне басқа да бірқатар саяхатшылар мен миссионерлер. Айталық, италиялық саяхатшылар Орталық Азия мен қыпшақтар қағанаты (Khanat Кipchak) жерлерінен өтуге болатын жолдарды атап көрсеткен. Бұл арада «қағанат» анықтамасы «мемлекет» сөзіне сəйкес келеді. Түркі термині «қағанат» өзінің мазмұны бойынша «мемлекет» ұғымын білдіреді. Ватикан кітапханасының материалдарында Алтын Орда, Шағатай мемлекеті, əртүрлі хандардың басқаруы туралы мəліметтер кездеседі. Қазақстан тарихы, түркі əлемі мен Орталық Азия тарихы бойынша Рим папалары мен Алтын Орда хандарының жазысқан хаттары ерекше маңызға ие. Біз жекелеген манускриптілердің мазмұнымен таныстық. Бірақ бұл жұмысты əлі де қарқынды түрде жалғастыру керек. Ғұн мұрасын əлем дік ғылымға белгілі археологиялық қазбалар арқылы да бағалауға болады. Қазіргі кезеңде қазбалар Қазақстанда, Орталық Азия, Еуразия мемлекеттерінде, т.б. аймақтарда жалғасып жа тыр. Бұлар ғұндардың өзін дік материалдық мəде ниетінің, қолөнерінің, саудасының, əскери өнерінің сөзсіз куəсі болып шығады. Ғұндардың зергерлік үлгілері мен нақыштары, мəселен, қазақтардың зергерлік өнерімен терең үйлесімділік табатынын байқауға болады. Ол бұйымдардың ішінен алтын жəне күміс диадемалар, алқалар, сырғалар, тарақтар, т.б. заттар ерекше көзге түседі. Жоғарыда көрсеткендей, түркіғұндардың біздің отандық тарихымыздағы, сонымен бір ге дүние жүзі тарихындағы орны ерекше. Бұл тарихты зерттеуді жаңа тұрғыдан одан əрі жалғастыру қажет. Көптеген дерек-құжаттар грек, латын, көне герман жəне Скандинавия тілдерінде сақталып қалғандығы бізге бұл орайда үлкен мүмкіндіктер тудырады əрі Ұлытау төрінде Елбасы айтқандай, қазақтың арғы түбі ғұндардан басталатын тарихын түген деуге көмектеспек. АЛМАТЫ. Суретте: профессор Қ.Жұмағұлов тапқан Ватикандағы фреска. Көрініс Ғұн империясының, Рим мен Ватиканның тарихына арналған еңбектерде күні бүгінге дейін кездеспеген. Фреска XVI ғасырда орындалған. Суреттің төменгі жағында «S. Leo Pont. Max. Attila. Furentem. Reprimit» деген жазу бар. Ол латын тілінен аударғанда «Ұлы папа Лев қаһарлы Аттиланы тоқтатты» дегенді білдіреді.

«Аталған тақырыпты талқылау барысында Үкімет отыры сында индустриялы аймақтарды құру жəне олардың жұмыс жасау мəселелері, экспорттық қаржыландыруды қолдау механизмдері, шетелде қазақстандық сауда өкілдіктерін ашу жайы, тағы басқа да маңызды тетіктер қаралды», деді брифинг барысында Инвестициялар жəне даму вице-министрі Альберт Рау. Үкімет мүшелері, сондай-ақ, автомобиль өнеркəсібін қолдау шараларын талқылаған. Осы ретте А.Рау таяу арада Үкіметке автомобиль құрастырудың отандық саласын қолдау бойынша шаралар кешені ұсынылатынын хабарлады. Бүгінгі таңда іс-шара лар жос парын əзірлеудеміз. Онда қандай шешім қабылдануы тиіс, кім жауапты екені анықталады, бірнеше апта дан соң Үкіметке осы іс-шаралар жоспарын ұсынамыз», деді А.Рау. Оның айтуынша, мұндағы басты міндет – автомобиль өндірісін барынша дамыту. Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан 122 мың көлік сатып алды, им порт тың жартысының көбін Ресей автоөнеркəсібінің өнімі құрайды. Сонымен қатар, ведомство басшысының орынбасары соңғы 4 жылда Қазақстанда жиналатын автомобиль өндірісінің көлемі 10 есеге өскенін атап өтті. «Бұл – үлкен жетістік. Осы бағытта біз жоспар аясында жүріп келеміз. Қазіргі кезде елімізде көліктің екі моделі дəнекерлеу мен бояу жұмыстарын қамти отырып шығарылады. Жыл сайын бұл көрсеткіш арта береді. 2018 жылға қарай экспортқа баратын модельдер елу пайыз локализациямен қамтылуы тиіс. Баяу болса да, отандық өн діріс артып келеді. Кезінде ресейлік жаңа көліктерден басқа машиналар болмаған кездер естеріңізде шығар. Бұдан кейін шетелден тасымалданған ескі көліктерден басқасы болмады. Бүгінде нарық өркендей түсті, яғни жаңа көліктер жеткізіліп жатыр. Алайда, Ресеймен арада кедендік кедергілер болмағандықтан ресейлік машиналар басымдау. Турасын айтсам, қазір өз нарығымызға көңіл бөлуіміз

керек. Шамамыз келген уақытта экспорт туралы сөз қозғаймыз. Индустрияландырудың екінші бесжылдығындағы басты тапсырма да сол – экспортқа қол жеткізу», деді министрдің орынбасары. Үкімет отырысында қаралған тағы бір маңызды мəселе – көшіқон заңнамасын жетілдіру барысын брифингте Денсаулық жəне əлеуметтiк даму вице-министрi Дəулет Арғандықов баяндады. Ол алдымен еңбек миграциясы жайында кеңірек тоқталды. «Еңбек миграциясына келсек, елiмiзде 32 мың шетелдiк маман жұмыс iстеп жатыр. Оларға қарастырылған квота экономикалық белсендi халық көрсеткiшiнiң 0,7 пайызын құрайды», дедi Д.Арғандықов. Вице-министр Қазақстандағы шетелдiк жұмыс күшiнiң 4 санатқа жiктелетiнiн тiлге тиек еттi. Біріншісі – топ-менеджерлер мен олардың орынбасарлары, екіншісі – құрылымдық бөліністердің басшылары, үшіншісі – жоғары білімді мамандар жəне төртіншісі – білікті жұмысшылар. Бүгінгі таңда осы 32 мыңның 44 пайызын жоғары білімді мамандар құрап отыр. Ал білікті жұмысшылар 25 пайызды құрайды. «Ал шетелдік мамандарды келген елдеріне бөлер болсақ, қытайлықтар 23 пайыз, түріктер 13-14 пайыз, үнділер 4 пайызды құрайды, сондай-ақ, Ұлыбритания, Сербия, Италия елдеріне де көп бөлігі тиесілі», деп атап өтті вице-министр. Оның мəліметінше, шетелдік жұмыс күшінің 44 пайызы құрылыс саласына, 14 пайызы тау-кен ісіне, 5 пайызы өңдеу өнеркəсібіне тартылады. «Халықаралық тəжірибе бойынша, бұл еңбек көшіқоны отандық еңбек нарығына сон шалықты қысым көрсете ал майды. Мəселен, Біріккен Араб Əмірліктерінде шетелдік жұмыс күші 80-90 пайызға дейін жетеді. Ал Еуроодақтың дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 5-7 пайыз аралығында болады», деді Д.Арғандықов. Оның айтуынша, бүгін Үкіметте таныстырылған еңбек көші-қонына байланысты заң жобасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар əсіресе ғылыми қызметкерлерге, ІТ саласының мамандарына қолданылады.

Астыќ жинау аяќталып келеді Биыл ауа райының қолайсыздығы астық жинау науқанына біршама кедергі келтірді. Күздің бірінші айының ортасынан күні бүгінге дейін жауын-шашынның толассыз жауып тұруы салдарынан ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа өнімін жинау қиынға соқты. Соған қарамастан егін жинау науқаны жалғасуда. Қазіргі ақпарат бойынша егін жинау көлемі 15 млн. гектардан 13 млн.-ға жақын жиналған, ол 87,5%-ды құрайды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ Агроөнеркəсіп кешені мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов хабарлады. Оның айтуынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау аяқталған. Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналса, гектарына 10,4 центнерден 3,3 млн. тонна астық бастырылған. Егін жинау жұмыстары Амангелді, Əулиекөл, Жангелдин, Жіті қара, Қамысты, Науырзым аудандарында жəне Арқалықта аяқталыпты. Ақмола облысында 3,8 млн. гектар (93,6%) жиналды, гектарына 12,0 центнерден 4,6 млн. тонна астық бастырылды. Бұл ретте Атбасар, Ерейментау, Есіл, Жарқайың аудандары егін жинауды аяқтапты. Үстіміздегі жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам астық жиналып, гектарына 12,3 центнер

орташа өнімділікпен 16,2 млн. тонна астық бастырылған. Тап мұндай қолайсыздық 1987 жылы орын алған болатын. Кедергі келтіріп отырған, біріншіден, ауа райы десек, екіншіден, техниканың жетіспеушілігі, деп атап өткен Сақташ Хасенов бұл орайда техникалардың ескіріп тұр ғандығын қоса айтты. Қазіргі кезде 5 млн. тонна астық элеваторда тұрған болса, оның 4,2%-ы бидай, 80%-ы бидайдың үшінші сыныбына жатса, қалғаны төртінші сыныпты бидай екен. – Сонымен қатар, сатып алу бағасын ұлғайту мəселесі қарастырылуда. Егер өткен жылы астықтың бастапқы бағасы 28 мың теңге болған болса, биыл ол 42 мың теңгені құрап отыр. 30 мың теңге көлеміндегі бидайдың төртінші жəне бесінші сыныбын сатып алу алға қойылды. Əртараптандыру бағдарламасы бойынша бидайдың көлемі төмендеді жəне керісінше, май жəне жемшөп дақылдары көбейіп жатыр, – деді комитет төрағасы.


12

29 қазан

www.egemen.kz

2014 жыл

 Талап жəне тəртіп

Айєаќтарды саќтау – маѕызды Қоғамдағы демократиялық үрдістер адам құқын қамтамасыз етудің нақты тетіктерін құру мақсатында жүзеге асырылатын заңнамалық реформалармен тығыз байланысты. Ал бүгінгі таңда адам құқының толыққанды қорғалу барысы жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жаңа қырынан көрініс тапқан.

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қылмыстық іс жүргізу жүйесін жетілдіру қажеттілігі жанжақты айтылды. Бұл орайда қылмыстық процесті оңайлату, оңтайлы құқықтық тетіктерді енгізу үшін, қылмыстық-процессуалдық заңнаманың тиімді қолданылуын көздейтін жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекске «айғақтарды сақтауға қою» институты енгізілді. Айғақтарды сақтауға қою институты – тергеу судьясының сот тергеуіне дейінгі сатыда тараптардан жауап алу рəсімі. Енді жаңа қылмыстық-процессуалдық заңнаманың 217-бабының талаптарына сай прокурор, адвокат, күдікті немесе жəбірленуші, не куə болып табылатын адамнан, егер олардан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ, кəмелетке толмаған куəлар мен жəбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергептексеруді жүзеге асыратын адам прокурор алдында айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты тергеу судьясына

жіберу туралы мəселеге бастама жасауға құқылы. Сотқа дейінгі тергептексеруді жүзеге асыратын адам ұсынымға қылмыстық істің жəбірленушінің, куəнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді. Прокурор ұсынылған материалдарды қарап, бір тəулік ішінде айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты тергеу судьясына жіберу туралы мəселені шешеді. Тергеу судьясы өтінішхатты алған кезден бастап үш тəулік ішінде қарайды жəне оның нəтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру, немесе оны қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын белгілейді. Бұл туралы прокурорға, күдікті мен оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына хабарлайды. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы кодекстің 107-бабында көзделген тəртіппен шағым жасалады жəне наразылық білдіріледі. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу негіздерінің болуын көрсететін мəн-жайлар туындаған жағдайда, яғни 217-баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының жəбірленуші мен куəдан жауап алуы олардың айғақтарын сақтауға қою туралы

өтінішхат берген тұлғалардың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа қатысушылардың қатысуымен жүргізіледі. Егер күдіктінің жауап алуға қатысуы жəбірленушінің, куəнің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, ол жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде адамдардың сот отырысына қатысу үшін келуін қамтамасыз ету тергеу судьясына өтінішхат мəлімдеген тұлғаларға жүктеледі. Күдіктінің қорғаушысы адамдарды шақыру үшін тергеу судьясының алдына адамдардың жауап алуға келуін қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтінішхат беруі мүмкін. Прокурордың, қорғаушының, күдіктінің дəлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер 217-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мəн-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тіркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезінде өткен процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшірмесін алуға жəне оған өздерінің ескертулерін келтіруге құқылы, оларды тергеу судьясы дəл сол күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан кейін сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескерту келтірілген болса, осы ескертулер жəне судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық іс материалдарына қосып тігу үшін процессуалдық прокурорға жіберіледі. Жалпы, айғақтарды сақтау институты тараптарға мынадай артықшылықты: тергеу судьясы сот тергеуіне дейінгі сатыда тараптардан жауап алған жағдайда оған сот отырысына жəбірленушіні жəне куəгерлерді шақыртпау мүмкіндігін береді. Азамат ТІЛЕШЕВ, Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданының прокуроры.

 Еркін елдің ертеңі

Тəрбие негізі – мектептен Алматы қаласындағы Медеу ауданына қарасты мектеп оқушыларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқарма офицерлері бұл жолы тағы бір игілікті іс-шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болды.

Тəрбиеші офицерлер жасөспірімдерді отансүйгіштікке тəрбиелеу мен Отан қорғаушылардың жоғары рухын, батылдығын, ерлігін, жауапкершілігін, ұрыстағы беріктігін қалыптастыру үшін бірқатар мектеп оқушыларын академияға арнайы шақыртқан еді. Бұл тұрғыда Медеу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы подполковник Қайрат Қыдырахуновтың айтуынша, мектеп оқушыларын əскерипатриоттық тəрбиелеудің негізгі мақсаты олардың патриоттық парызын терең түсініп, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру болып табылады. «Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тəрбиелеп, олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру халық тəрбиесінде жетекші орын алады. Жастарды Отан қорғауға даярлау, жас азаматтардың

патриоттық тəрбиесінің танымдары мен мінездерін қалыптастыру – күрделі жəне сан түрлі үдеріс. Сондықтан оқушылардың дүниетанымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда мектеп шешуші рөл атқарады. Аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіріп отыруымыз қажет. Сол арқылы əр жас жігіт, бойжеткен еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы керек екенін жете түсінуі тиіс. Ержүрек адамды, табанды күрескерді тəрбиелеудің негізі мектепте басталады. Жас өренді Отанды қорғауға ұдайы əзір болуға моральдық жағынан даярлау ұстаздар құзырында», – дейді бізге берген сұхбатында Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастапқы əскери

дайындық бойынша əдіскері подполковник Сағатбек Құсайынов. Академия ауласына кірген оқушылар оқу ордасының кіші залында оқу орнының құрылу тарихы жайлы деректі фильм көрді. Содан кейін төрт топқа бөлініп, тəрбиеші офицерлердің жетекшілігімен академия ауласын аралады. Қару-жарақ жəне атыс кафедрасына барып, ондағы атыс тирінде электронды тапаншамен нысана көздеді. Араларында нысананы дəл көздегендері де болды. Кинология жəне атты əскер кафедрасының ауласында шекара бұзушыны қызмет итінің көмегімен құрықтау əдісі көрсетілді. Оқу корпусының сыныптарына кіріп, курсанттардың партасына отырды. Тақтаға шығып, өз тілектерін жазды. Содан əрі болашақ офицерлердің казармасына бас сұқты. Тəрбие бөлмесіне кіріп, қабырға тақтайшаларындағы ақпараттармен танысты. Жанат ЖАБЫРБЕКОВ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы.

Республикалық мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық меншіктегі нысандарды мүліктік жалға алуға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізеді Тендер мына мекенжайда болады: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75. Тендер өткізу уақыты: 2014 жылғы 18 қарашада сағат 11.00. Тендерге мына нысандар ұсынылады: 1. Жабдығымен бірге асхананың жалпы алаңы 92,3 ш.м. үй астындағы жайы (бұдан əрі – №1 нысан), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 88 949,26 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 83 821,10 теңге. 2. Бөлек есікпен кіретін əкімшілік ғимараттың бірінші қабатындағы жалпы алаңы 244,7 ш.м. тұрақжайы (бұдан əрі – №2 нысан), орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Текелі қ., Абылай хан к-сі, 25. Баланс ұстаушы – «Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 161 446,94 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна – 84 972,1 теңге. Нысандар барлық инженерлік-техникалық құрғыларымен бірге, жақсы пайдалану жағдайында тұр. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері - Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін №1 нысанды пайдалану. - Өндірісті ұйымдастыру, офис жəне басқадай үшін №2 нысанды пайдалану. - Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады.

- Нысандарды мүліктік жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл (ұзарту құқығымен). Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет: - Үміткердің келісімі жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтінімі; - Үміткердің ұсынысы. Құжаттар екі конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматты тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматты тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелері немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірме; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірме (серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін

– қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) салық органының қатысушының салықтық берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасы; 6) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың бар екендігін растайтын анықтамасы. Ішкі конвертте қатысушының ұсыныстары болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сəтте жабық болуы жəне қатысушы оны мөрлеуі тиіс. Өтінімді қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетінде қол қойып, мөр басылған құжаттарды (жеке тұлғалар үшін, егер мұндай мөр бар болса) ұсынылған кезде жүргізіледі. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментіне мына мекенжайға хабарласу керек: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75, 213-бөлме. Анықтама алу телефондары: 27-08-03, 27-10-04. Тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын, яғни 2014 жылғы 17 қарашада сағат 11.00-де аяқталады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2014 жылғы 28 қарашада сағат 10.00-де (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында www.gosreestr.kz басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобының активтерін сату бойынша электрондық конкурс өткізу туралы жариялайды Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жəне акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін жəне объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына жəне «Ақпараттықесептік орталық» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік меншік Тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сəйкес жүзеге асырылады (бұдан əрі - Регламент). № р/с

Активтің атауы

Меншік иесі

Электрондық конкурсқа келесі активтер қойылады Орналасқан Бастапқы Кепілді жері бағасы, жарна, теңге теңге

Қызмет түрі

1

«Ақ Берен» ЖШС «Локомотивжарғылық капита- жөндеу» АҚ лындағы 100% үлесі

Жылжымалы құрамды жөндеу ОҚО, Түркістан қ., Абылай хан көшесі, 9-үй

551 964 000

82 794 600

2

«БАС-Балхаш «Локомотив» 2004» ЖШС АҚ жарғылық капиталындағы 100% үлесі

Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жүргізу

Қарағанды облысы, Балқаш-1 ст.

162 387 000

24 358 050

3

«Біржан-Атырау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі

«Локомотив» АҚ

Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жүргізу

Атырау облысы, Атырау қ., СМП-163 шағын ауданы

394 706 000

59 205 900

4

«ҒасырМаңғыстау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% үлесі «КаскорТранссервис» АҚтың 13,403% акция пакеті

«Локомотив» АҚ

Теміржол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жүргізу

5

Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Маңғыстау ст., Депо к-сі, 1 Маңғыстау об«Қазақстан Теміржол көлігімен жүк татемір жолы» сымалдау бойынша қызметі, лысы, Ақтау қаласы, ұлттық компа- көліктік-экспедиторлық ниясы» АҚ қызмет көрсету, теміржол жол- 3 «б» шағын аударын жөндеу жəне салу, жыл- даны, 48-үй жымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу

Саудаға қатысушыларды Тізілімнің вебпорталында тіркеу хабарлама Тізілімнің вебпорталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне сауда басталуға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004 «Казкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілді жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілді жарнаның өлшеміне банктік қызмет атқарудың төлемақысы кірмейді). Кепілді жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды. Кепілді жарналардың «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінішті қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады. Саудаға қатысушыларға кепілді жарналардың кез келген санын төлеуге болады, бұл ретте кепілді жарна қатысушы саудаға қатысу үшін кепілді жарна төлеген объектіні сатып алуға ғана құқық береді. Саудаға қатысу үшін алдын ала Тізілімнің вебпорталында келесі мəлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірді (бұдан əрі - ЖСН), фамилиясы, аты жəне əкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес- сəйкестендіру нөмірді(бұдан əрі - БСН), толық атауы жəне бірінші басшының фамилиясы, аты əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейлі банктің банктік есепшоты деректемесін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е- mail). Жоғарыда көрсетілген мəлімдемелер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің вебпорталында көрсетілген мəлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет. Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін Тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған Регламентке сəйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінішті тіркеу керек. Конкурсқа қатысушылар конкурстың шарттарымен келіскендері туралы өтінімді келесі құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмесін қосып тіркейді: 1) конкурсқа қатысушының қолы қойылған, арнайы веб-парақтағы электрондық конвертке жүктелген бағалық ұсынысын; 2) конкурстық ұсынысын; дерекқорының арнайы веб-сайтына 3) сауда жүргізу туралы хабарламада көрсетілген мүлікті сатып алушыларға жəне/немесе қатысушыларға ерекше жəне қосымша қойылған талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттарды. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ жəне/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалды куəландырылған көшірмелерін ұсыну керек. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен жəне келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылу немесе белгіленген тəртіпте апостилдену қажет. Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін Тізілімнің веб-порталын қолдана отырып, кез келген уақытта төленген кепілді жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімнің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілді жарнасының түсуі туралы мəліметтердің барлығы туралы Тізілімнің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі. Егер «Ақпараттық-есептік орталық» АҚтың есепшотына кепілді жарнаның түсуі

66 824 000 10 023 600

720 101 000

108 015 150 1%

туралы мəліметтер бар болса, Тізілімнің вебпорталы өтінімді қабылдайды жəне қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, қатысушы активтер жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпаратты бөлмесіне құқылы. Назар аударыңыз! 1. Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы жəне «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның: 1) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – ПШЭП арқылы кепілді жарна төленгенде; 2) сауда басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын – кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тəртібімен төлеудің басқа əдістері Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдаудан бас тартудың негіздемесі болып табылады. Автоматты тексерістің нəтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталы қатысушының Тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 2. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауап кершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сəуірдегі № 220-I Заңына сəйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды. 3. Саудаға қатысу туралы өтінімге Тізілімнің веб-порталында орналасқан нысанға сəйкес саудаға қатысу ниеті туралы арызының сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Электрондық конкурсты өткізу тəртібі Сауда өткізу туралы хабарламада көрсетілген сауда басталу күні мен уақыты келгенде автоматты түрде Тізілімнің веб-порталымен конкурсқа қатысу өтінімдерінің ашылуы жүргізіледі. Комиссия конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді ашқан кезден бастап 5 күнтізбелік күндер ішінде берілген өтінімдерді (конкурстық жəне бағалы ұсыныстардан басқа) қарастырады жəне сауда туралы хабарлама жəне Регламент талаптарына қатысты анықталған сəйкессіздіктер (егер бар болса) туралы конкурсқа қатысушыға оның өтініміндегі электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы хабарлайды. Хабарлама өтінімдерді ашу хаттамасының негізінде қалыптасады, Тізілімнің веб-порталында 4 күнтізбелік күн ішінде комиссияның хатшысымен жинақталады. Өтінімдерді ашу хаттамасына ЭЦҚ қолдана отырып комиссияның мүшелері 5 күнтізбелік күн ішінде қол қояды. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады: 1) өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия қол қойған күннен бастап 7 күнтізбелік тағайындалған күнде конкурсқа қатысушылардың өтінімін қайтадан ашу күні жəне уақыты; 2) конкурстың шарттарын қанағаттандыратын қатысушылар тізімі; 3) қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған, Тізілімнің веб-порталына қосымша өтінімді (конкурстық жəне бағалы ұсыныстардан басқа) беру арқылы қайта өтінімді ашу күніне дейін анықталған сəйкессіздіктерді жоятын, себебі көрсетілген конкурстың шарттарын қанағаттандырмайтын қатысушылар тізімі. Өтінімді ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (өтінімге деген ескерту жоқ болса) немесе өтінімді қайтадан ашу кезінен бастап комиссия өтінімдерді, конкурс ұсыныстарымен қоса қарастыра бастайды жəне Тізілімнің веб-порталына комиссия хатшысы жасаған рұқсат беру хаттамасына қол қояды. Аукционға қатысушының қатысуына рұқсат ету туралы комиссияның шешімі Тізілімнің вебпорталында конкурсқа қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға комиссия мүшелерінің барлығы ЭЦҚ-ны

«СЕВЕР ПТИЦА» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Затобол кенті, Механизаторлар көшесі, 2А. Жиналысты шақырудың бастамашысы – қоғамның Директорлар кеңесі. Жалпы жиналыс 2014 жылғы 30 қарашада өткізіледі, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Затобол кенті, Механизаторлар көшесі, 2А, жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – Астана уақыты бойынша сағат 9.00. Егер жиналыс болмаса, қайталама жиналыс 2014 жылғы 2 желтоқсанда өткізіледі, басталуы Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де. Жалпы жиналыстың күн тəртібі: «СЕВЕР ПТИЦА» АҚ-ты қаржылық сауықтыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сəуірдегі №379 қаулысымен қарастырылған, мемлекеттік бағдарламаға АҚ-тың қатысу шартын талқылау. Жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдар 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде танысу үшін дайын жəне қолжетімді болады.

АукКонкурстың шарты цион қадамы 1% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. 5% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау. 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы. 2,50% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау 2. Жұмыс орындарын сақтау, сол сияқты еңбек ұжымымен қол қойылған ұжымдық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, 1 жыл бойы 7% 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау.

Активті сатып алушы мүмкіндігінше келесі барлық шараларды қабылдауға міндетті: 1. Қызметтің бейінін 1 жыл бойы сақтау; 2. Жұмыс орындарын 1 жыл бойы сақтау.

қолдана отырып қол қойған күннен бастап жарияланады, байқауға қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық поштасына автоматты хабарлама жіберіледі. Қатысуға рұқсат ету хаттамасында келесі ақпарат болады: 1) себебі, көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылар тізімі; 2) аукцион өткізілетін күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылар тізімі . Аукционды өткізу күні мен уақыты Тізілімнің вебпорталында екеуден кем емес қатысушыға рұқсат ету туралы комиссияның шешімі жарияланған күннен бастап автоматты түрде Тізілімнің вебпорталымен тағайындалады (сауда нысаны аукционсыз бір қатысушыға сатылатын үшінші жəне келесі саудадан басқа) тағайындалады. Аукционға жіберілген қатысушылар бір сағат ішінде Тізілімнің веб-порталы берген ЭЦҚ жəне аукцион нөмірін қолдана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион Тізілімнің веб-порталы тағайындаған уақытта басталады жəне төмендегідей жүргізіледі: 1) аукцион басталған кезде аукцион бөлмесінде конкурсқа қатысушылардың өтінімде көрсетілген бағалық ұсыныстары көрсетіледі, олар сатушы комиссиясы белгілеген бастапқы бағадан кем бола алмайды жəне ағымдағы баға қалыптасады; 2) аукцион басталған кезден бастап қатысушыға басқа қатысушының ең көп ағымдағы бағасын сатушы комиссиясы белгілеген жəне конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға ұлғайтуға мүмкіндік беріледі; 3) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукционның ешбір қатысушылары ең көп ағымдағы бағаны көбейтпесе, ұсыныс берген қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал аукцион орындалды деп есептеледі; 4) егер аукцион басталған кезден бастап жиырма минут ішінде аукцион бөлмесінде қатысушылардың біреуі объектіні сату жолымен ең көп ағымдағы бағаны өсіру арқылы өзінің иемдену ниетін білдірсе, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады; 5) егер ағымдағы бағаны арттырған соң жиырма минуттан кейін қатысушылардың ешбірі өзінің иемдену ниетін объектіні сату ағымдағы бағаны арттыру жолымен нақтыламаса, онда объектіні сату баға арттыру жолымен растаған қатысушы жеңімпаз болады, ал аукцион аяқталады. Аукцион басталған сəтте екі жəне одан артық қатысушының бағалық ұсыныстары сату объектісі үшін бірдей ең жоғары бағадан тұрса жəне осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғаймаған жағдайда осы қатысушылардың арасынан аукционның жеңімпазы болып өтінім ұсыныстары бірдей ең жоғары бағадан тұратын қатысушылардың басқа өтінімдерінен бұрын берілген қатысушы табылады. Əрбір сатылған объекті бойынша конкурс нəтижелері сауда-саттықтың нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған аукцион өткізілген күні Тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдаланумен сатушы жəне жеңімпаз қол қояды. Сауда-саттықтың нəтижелері туралы электрондық хаттама конкурстың нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының веб-порталға шоғырланған тізілімде сату бағасы бойынша объектіні сатып алу-сату үлгі шартына қол қою туралы міндеттемелерін бекітетін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда Тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нəтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды. Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 309 824 ішкі 211 («АЕО» АҚ) жəне 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.

ТОО «Ладыженка» извещает своих участников о том, что 14 ноября 2014 г. по адресу: Акмолинская обл., Атбасарский район, а. Есенгельды, состоится собрание со следующей повесткой дня: 1. Получение займов либо кредитных линий для пополнения оборотных средств в АО «DeltaBank». 2. Предоставление имущества ТОО «Ладыженка», а именно движимое и недвижимое в количестве, достаточном для покрытия обязательств, в залог АО «DeltaBank» в обеспечение своих обязательств. 3. Предоставление согласия на внесудебную реализацию залогового имущества в случае неисполнения либо ненадлежащего исполнения своих обязательств перед АО «DeltaBank». 4. Предоставление всех полномочий на совершение сделки по получению банковского займа либо кредитных линий, предоставления в залог на вышеуказанных условиях исполнительному органу ТОО «Ладыженка».


29 қазан 2014 жыл

Атаны алғаш көруім – Ең басынан бастасақ. Момышұлы əулетімен алғашқы таныстығыңыз қалай басталды? – Жасымыздан қазақтың атақты жазушылары жайлы естіп, олардың шығармаларын оқып өскен адамбыз. Құдайға шүкір, өсіп-өнген, көзі ашық, сауатты отбасында бойжеттім. Əкем – дəрігер, шешем де оқыған, зиялы адамдар болғандықтан үйімізде Александр Бектің «Арпалысынан» бастап, түрлі дастандар мен қиссалардың неше түрі болатын. Ата туралы аңыз əңгімелерді көп естігендіктен бе екен, қиялымда ол кісіні баяғының батырларындай бейнеге айналдырып алғам. Кейін ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, студент боп жүрген кезімде, 1963 жылы болуы керек, университетте батырмен кездесу болды. Қателеспесем, ол кісі соның алдында ғана Кубада болып келді-ау деймін. Шетелге бару деген ол кезде сирек жағдай. Жай турист ретінде барса да бүкіл бір мемлекеттің қадірлі қонағына айналып кетпеді ме ол кісі. Содан университеттің үлкен залы. Киров көшесі дейтінбіз ол кезде, сол жерде, лық толы студенттердің ортасына таман отырғам. Бір кезде келді. «Ойпырмай, мына кісі де ел сияқты екен ғой», деймін ішімнен. Бірақ сонау жерден қарағанның өзінде көзіндегі от адамға сұмдық əсер етеді екен. Əңгімесін ұйып тыңдадық, сұрақ қойылып жатты. Менің атаны бірінші көруім сол жолы болды.

Бақытжанмен танысу – Содан кейін университетті де бітірдік дейсіз ғой. – Иə, сыртта бір жылдай жұмыс істеп келдім. Үйіміз Алматы қаласының іргесіндегі «Горный гигант» ұжым шарында болатын. Əкемнің Шонжы селосында тұратын досының қызы бар еді. Сол үйге қонаққа келіп қалды да əңгіме үстінде: «Мына жерде

Н

ЗЕ Ө – ӨМІР

Бір жолы сол дүкенге бір зат алуға барған кезімде əлгі апайды кездестіріп қалдым. Қолында сүт, айран салған сөмкесі бар екен. Есігінің алдына дейін көтеріп апарып беріп ем: «Жүр, шай іш», деп қоярда-қоймай үйіне ертіп кірді. Сол кезде Бақытжанды екінші рет көрдім. Онда да ортамыздағы əңгіменің бəрі əдебиет болды.

кеткенде Бəкең жеті айлық іште қалған бала. Ата кейін айтты ғой: «Балам, қазақтар, мұсылмандар «зауал» дейді, орыстар «карма» дейді. Бұл адамның істеген, сенің қиянатың айналып келіп өзіңе, өзіңе болмаса балаңа, балаңа болмаса ұрпағыңа соқпай қоймайды. Мені Отан қорғады дейді, мені батыр дейді, бірақ мен қан төккен адаммын. Соғыста жүргенде маған тиетін оқ Бақытжанға тиді», деді. «Ойпырмай, осыдан енді Ержан аман болса екен», деді. Құдайдың құдіреті бар ғой, атаның қаупі айнымай келді. Ол кісі қайтыс болардан бір күн бұрын Ержанның көзі «отслоение сетчатки» боп, көрмей қалды. Ана жақта атамыз қайтыс боп жатыр, мына жақта баламыздың көзіне операция жасалып жатыр. Əйтеуір, Алла сақтады, Ержанның көзін аман алып қалдық.

Қыз кететін кезде ешнәрсеге қарамайды

– Содан... – Содан біраз күндер өте берді. Бір жағы таңғаламын, атағы жер жарған адамның баласы зейнеткер кемпірдің құртымдай екі бөлмелі пəтерінде неге тұрады деп. Сөйтсем, Бəкеңнің шешесінен қалған кішкентай болса да өз үйі бар екен. Бірақ қарайтын адам болмағаннан кейін, ауруханадан соң нағашы апасымен бірге тұрыпты. Бақытжанды кішкене кезінде де осы нағашы апасы көп бағыпты. – Осыдан кейін көп ұзамай үйлендіңіздер ме? – Жеме-жемге келіп Бақытжан екеуміз басымызды біріктірейік деген кезде... менің бауырларым қарсы болды. Түгел. Ол кезде əкем қайтыс болып кеткен. Үлкен бауырым Алматы облысының Кеген ауданындағы дəріхананың бастығы болатын. Біздің үйдің адамдарының көбісі медиктер ғой. Сол тулап, тас-талқаны шықты. «Оның əкесі көп əйел алған, сен менің жалғыз қарындасымсың», дейді. Шешем он құрсақ көтеріп, тоғыз ұл, бір қыз сүйген адам. Бесеуі жастай шетінеп, қалған бесеуміз аман өстік. Сөйтіп мен төрт ұлдың ішінде жалғыз қыз болдым. Алдымда үш ағам, өзімнен кейін бір інім бар. Солардың бəрі қарсы шықты. Бірақ қыз кететін кезде ешнəрсеге қарамайды екен. Мен қазір де айтып отырамын: «Айналайын, қыздың жолын бөгемеңдерші», деп. Сонымен қойшы, апа атаға: «Балаң үйленем деп жатыр», деп айтыпты. Ол кісі: «Апа, енді бала сіздікі, өзіңіз үйлендіріңіз», деп біраз қаражат беріп:

Құда мен құдағи немесе бір «торттың» хикаясы

– Менің бір сұрайын дегенім, Баукең құдаларымен араласты ма? – Араласып үлгермеді. Əкем жоқ болатын ол кезде. Үлкен ағаммен бірнеше рет кездесті. Ержан туғанда ата «Горный гигантқа» барып, қақпадан айғайлай кіріпті. Менің шешем де сөзге тапқыр, былайша айтқанда ешкімнен беті қайтпаған кісі болатын. «Неменеге айғайлайсың сонша, алдыңда неміс тұр ма немене?!.» деп салыпты атаға. Сонда ол кісі келіп анамды құшақтап: «Əй, мынау нағыз Момышұлына лайық құдағи екен», депті. Атам құдағиымен осылай табысқан. Қызық болғанда, мен тұрмысқа шығар кезде: «Құдалыққа кім барады апа?» деймін. Бибінұр апам: «Өзім барам», дейді. Мен: «Апа, олай болмайды, ер адамды ертіп бару керек», деймін. Ата болса Мəскеудің бір жерінде демалып жатыр. Əлия Молдағұлованың ағасы Əубəкір Молдағұлов дейтін кісі болған. Апам сол кісіге жабысты. «Ойбай, айналайын Əубəкір, сен жүр. Əлияның ағасы деген

Қасиетті шаңырақ Аты аѕызєа айналєан батыр Бауыржан Момышўлыныѕ келіні, жазушы Зейнеп Ахметовамен əѕгіме менің нағашы апам тұрушы еді, кіріп шығайықшы», деп қоймады. Бардық. Апайының қала адамы екені көрініп тұр. Амандасып едім, жаңағы қыз: «Сен мына жаққа бара бер», деп мені есігі ашық тұрған бір бөлмеге кіргізді де жіберді. Төсекте аппақ қағаздай боп кеткен бір жігіт кітап оқып жатыр. Қысылып қалдым. Ол да ыңғайсызданды. Не шығып кетерімді, не отыра берерімді білмей, сасып қалдым да амандастым. Ол да амандасты, бірақ қызарып кетті. Орнынан тұра алмаса да, аяғын жинамақ болды ма, əйтеуір, əрекет жасады. Сөйтсем операциядан кейін төсекте жатқан кезі екен, оны кейін білдім ғой. Үстелдің үстінде жазу мəшіңкесі тұр. Оның қасында Шерағаңның «Табылған теңіз» деген кітабы. Əлгі кітап маған сылтау болды. «О, мен мына кітапты оқығанмын», дедім сасқанымнан отыра қалып. Сөйтіп едім: «Иə, мен оны аударып жатырмын», деді. Сөйтіп, Бақытжан екеуміздің алғашқы əңгімеміз өзімнің болашақ қайнағам Шерағаңның кітабынан басталды. – Сонда осының бəрі Бақытжан екеуіңіздің танысуларыңызға ықпал ету үшін ұйымдастырылған ба? – Жоға, жəй барғанбыз ғой. Содан кейін шай ішіп отырған кезде апай: «Ой, айналайын, кімсің?» деп жөн сұрай бастады. Ол кезде арқама түсетін қос бұрымым бар. «Шашың əдемі екен, əлі күнге дейін шашыңды кеспей жүрген жақсы бойжеткен екенсің», деп қояды. Мен ол кезде: «Бақытжан кім, кімнің баласы?», ол жағын түк білген жоқпын. Бірақ, бір байқағаным, ой, Алла-ай, көзі дегенің ботадай, ал кірпігі ұп-ұзын боп төгіліп тұрды. Содан апаймен қоштасып, бері шыққанда жаңағы ақкөңіл құрбым: «Нағашы апамның үйінде жатқан біздің жиен, ол Момышұлының баласы», деді. – Құрбыңыздың аты кім еді? – Оның аты Бибінұр болатын. Бірақ менің түк ақылыма сыймайды. «Сондай атақты адамның баласы нағашы апасының үйінде неғып жатыр?» деймін ғой. «Жақында ғана операция жасатқан, ауруханадан шықты», деп түсіндірді. Өйткені, ол дастарқан басына таяққа сүйеніп келіп отырды. – Сонда қанша жаста еді? – Қазір айтайын, бұл 1967 жыл болатын. Ол өзі 1941 жылы туған, сонда есептей бер... – 26 жаста екен. – Алматыда «Столичный» деген дүкен бар емес пе еді. Апа сол жерге жақын Байсейітова мен Калинин көшесінің бұрышындағы үйде тұратын.

«Мен өзім Мəскеуге, Малеевкаға кетіп бара жатырмын», депті. – Малеевка – шығармашылық үйі ғой. Антон Чеховтан бастап Шыңғыс Айтматовқа дейінгі атақты ақын-жазушылардың көбісі сонда демалып, жұмыс істеген... – Иə, байқасам Бақытжанды: «Əкем тойда болмайтын болды-ау», деген сияқты нəрселер өкіндірмек тұрмақ, тіпті, ойына да кіріп те шықпайды. Сөйтсем, əке мен бала бір-бірінен «шет жайлап, қиыр қонып» жүріп мұндай жағдайға үйреніп қалған екен. – Сонда сіз Бақытжанның нағашы жұрты... Бибінұр апаның үйіне келін боп түстіңіз бе? – Иə, сол үйге келін болып түстім. – Алматы – үлкен қала. Оның үстіне апаңыз қала орталығында тұрады екен. Келін боп түскен кезіңізде беташар жасады ма сізге? – Жоқ, ол кезде Кеңес өкіметінің кезі, ештеңе болмады. Содан кейін Бəкеңе айтам да: «Жарайды, сенің əкең тойда болмай-ақ қойсын, бірақ туысқандарың бар емес пе?» деп. Сөйтіп өзім, Главпочтамтқа бірге еріп барып, жеделхат салғыздым. – Жуалыға ма? – Иə. Өкінішке қарай, ешкім келген жоқ. Қазір көбісі өмірден өтіп кетті. Кейін барып араласты. Атаның нағашысы да кейін бізді өзі іздеп тапты. Рахметхан көкем. Келесі жылы тоқсанға келеді. – «Музей апа» ше? – Мен келгенге дейін «Музей апа» қайтыс боп кеткен екен. Содан кейін барып апам бізді өзіміздің үйімізге жіберді. – Өзіңіздің үй болғанда?.. – Бақытжанның қайтыс болып кеткен анасының үйі. Кəдімгідей отау үй болып тұрдық. Бұрынғы ВДНХ, қазіргі «Атакент». Сол жерде шағын ғана əп-əдемі екі бөлмелі үйі болды Бəкеңнің. Сол кезде ата келді. Оны мен «Шуақты күндерде» жаздым...

«Черновик» немесе қайын атаның алғашқы сынағы – Енді соны өз аузыңыздан естісек? – Ол кезде сендер жас болдыңдар, білесіңдер ме, білмейсіңдер ме, қалай егін орағы басталды, солай көшпелі редакциялар солтүстіктегі астықты өңірлерге баратын. Бəкеңнің «Огни Алатау» газетінде қызмет істеп жүрген кезі. Сондай көшпелі редакциямен Целиноградқа кетіп қалған. Үйде жалғызбын. Алдында, анау үлкен

ағайым тұратын жерде, Кеген аудандық оқу бөлімінде мектеп жасына дейінгі балалардың инспекторы дейтін жұмыс істеп əрі кешкі мектепке сабақ беріп жүргем. Тұрмыс құрғаннан кейін біржола келдім ғой Алматыға. Содан жұмыс бірден табыла қоймай, оның үстіне жаңадан үйленген соң үйде болатынмын. Түс кезі. Шай дайындап, енді ішейін деп отырғанымда есік сынып кетердей тарсылдады. Тарс, тарс, тарс... Зəрем ұшты енді. Тапа-тал түстің кезі, бірақ сұмдық қорықтым. Есіктің алдына барып, даусым зорға шығып: «Бұл кім?» деппін ғой. Сөйтсем: «Бұл – мен! Атаңмын!» деді. Есікті аштым да «нартəуекел» деп сəлем жасадым. Өйткені шешем: «Үлкен кісілер қаласын, қаламасын сəлем жаса», дейтін. Сөйтіп едім қолын болар-болмас басыма тигізіп: «Бақытты бол, балам!» деп ішке қарай өтіп кетті. Қасында бір кісі болды. Кейін білдім, ол Мекемтас ағай екен. Мырзахметов. Содан тездетіп дастарқан жасап, шай беріп отыр едім «Черновик қайда?» деді. Сөзінің мəнісін түсінбей, «Черновигі несі?» деп үндемей отырып қалдым. Соны сезді ме: «Момышұлы екіншіні айтам», деді. Зəрем ұшып отырып: «Целиноградқа кетті», деп айтамын деген болуым керек: «Целиноградқа ұшып кетті» дедім. Сөйтіп ем: «Тоже мне птичка божья», деп дүрс етті. Содан кейін: «Ол сияқты қаланың жалқауларына елге барып, еңбек адамдарымен араласқан пайдалы», деді. Шай құя бастам ем «маған сүт қатпай, қарадай құй», деді. Імм, бұл əдетін есте ұстау керек екен дедім. «Мынау менің інім Мекемтас Мырзахметов деген сенің қайынағаң болады», деді. Қайтадан орнымнан тұрып, сəлем жасадым. Үндемей отырмын төмен қарап. Бір уақта: «Немен қоректеніп жүрсің?» деді. «Апам келіп тұрады, тамақ бар үйде», дедім. Сөйтіп ем: «Тамағың бар шығар, бірақ мынаны ал», деп алдыма ақша тастады. Сыпайылық танытайын дедім бе, білмеймін: «Рахмет, ақша бар үйде», деп ем: «Ал!» деп ақырып жібергенде қорыққанымнан бас салдым жаңағы ақшаны. Содан кейін ағаға қарады да: «Əй, Мекемтас, нағашыңның үйіне келгендей неғып шалжиып отырсың? Бар, тұр да, такси алып кел», деді. Аға шығып кетті, мен де орнымнан тұрып, атаны шығарып салдым. Сол кезде жалт бұрылып қарады. Қараған кезде денесімен бұрылады екен. «О, тоба», дедім ішімнен. Содан кейін: «Аман бол, балам», деді де шығып кетті. Талайға

дейін есімді жия алмай, аяқ-қолым дірдір етіп, отырдым да қалдым.

Әке мен бала мінезі – Менің ол кезде жас кезім. Атаға дейін Бақытжан екеуміз 3-4 жыл бірге тұрып, өмірге үйреніп қалғанбыз. Ата немересін көруге келіп тұратын. Мен баланы көтеріп апаратынмын алдына. Бақытжан араласа қоймайтын. Кейін Кəмеш апай қайтыс болды. Ол кезде атаның денсаулығы да нашар болып жүрді. Үлкен ағалар, Шерағаң бар, Жұбан аға бар: «Бақытжан, əкелеріңмен бірге тұрыңдар», деді. Біледі ғой енді бұлардың бөлек жүргенін. Бірақ Бəкең «бармаймын» деді. Мен: «Бармасаң барма, онда мен Ержанды алам да, өзім кетем», дедім. «Ендігі сын маған қалады. Сенің қарым-қатынасыңда шаруам жоқ, мен қызметімді тастаймын», дедім. Кеңес өкіметінің кезінде жас адамның жап-жақсы істеп жүрген жұмысын тастауы деген, қазір ойласам, ерлік екен. Ондағы ойым «Ойбай-ау, енді қызмет, жұмыс деген табылар, бірақ мынандай адамның алдында келін болып жүру кез келген адамның маңдайына жазылмаған ғой. Мен қалай болғанда да осы кісіні күтуім керек, қарауым керек. Бұл мен үшін емес, бүкіл қазақ үшін керек адам ғой», дегенге сайды. Оның үстіне анам да соны құлағыма құйды. Сөйтіп, баласы мен əйелі кететін болған соң, Бəкең қайда барсын, ол кезде Бақытжанның отыздан асып қалған кезі. Сөйтіп келдік атаның қолына. Бірінші жылы өте қиын болды. Неге десең, үш Момышұлының басы қосылған кезде, əкесі, баласы, немересі дегендей, оңай емес еді. Кейде əкелі-балалы екеуі бір демде шарт-шұрт болады да, енді бір уақытта қарқылдап күліп отырады. Таңғаламын. Бақытжан əкесімен «сен» деп сөйлеседі екен. Ашық-ашық айтады, кейде ата «пошел вон, идиот» деп қуып шығады. Енді бір қарасаң қайтадан екеуі түк болмағандай сөйлесіп отырады. Менің бір байқағаным, бұлардың кетісулері де, бітісулері де тез болатын. Бəкең ол кезде төртінші операцияға түсіп шыққан болатын. Жалпы, ол жамбас сүйегін жеті рет операциядан өткізді. Соқырішек, жүрек, тағы басқасы бар, ағаң он ота жасатты ғой.

Зауал – Ағаның жамбас сүйегіндегі дерт о баста неден болған? – Үш айлығында үстелдің үстінен құлатып алыпты. Ата соғыста жүргенде болған жағдай екен. Əкесі соғысқа

13

www.egemen.kz

атағың бар», дейді. Сөйтіп құдалыққа екеуі кеткен. Мен олардың құдалыққа не апара жатқанын қайдан білейін. Сөйтсем «Сказка» дейтін торт болатын баяғыда, сонау 250 шақырым жерге сол бір тортты көтеріп барыпты ғой апам. Аналар: «Ойбай, құда келе жатыр, Момышұлы келе жатыр», деп тай сойған ба, көлдей ғып дастарқан жайған ба, əйтеуір, улап-шулап ауданның бəрі дүркіреп жатса, бір шал мен бір кемпір кіріп келе жатыр дейді қолдарында бір торты бар. Мен ылғи Бəкеңе: «Мен бір тортқа келген адаммын», деп қалжыңдайтынмын. Қазір қоржынқоржынмен, бриллиантпен келіп жатқан құдалықтарды көргенде сол «торт» оқиғасы есіме түседі.

«Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» – Қара шаңыраққа ие болып отырсыз. Осы жылдардағы Сіздің қайсарлығыңыз, төзімділігіңіз қайдан дарыған? Анадан ба, əкеден бе? – Жақсы көретін бір мақалым бар. «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады», дейді. Сол секілді мен уызымнан жарыған адаммын. Өйткені анам өле-өлгенше қазақтың бүкіл-салт дəстүрінің үкісін қисайтпай ұстап өтті. Ол айналасына қарамайтын, кім не десе, о десін, онда шаруасы болмайтын. Бізді де солай тəрбиеледі. Маған: «Жалғыз болсаң өзің жалғызсың, қылығың жалғыз емес, албасты, мынаны үйрен», деп тұрып кішкентай кезімнен үйдің тірлігіне де, кесте, тоқыма, нан илеу, нан жаю, бəріне үйретті. – Анаңыздың аты кім еді? – Мəлике болатын. Албанның қызы. Нағашыларымның барлығы Кеген, Нарынқол жақтан. 1970 жылы, Ержан бір жасқа толғанда қайтыс болды. 68 жасында қайтты. Əкемнен 12 жас кіші еді. Əкем əскери дəрігер болған. Ол кісінің ұлты түрік қой. – Сталиннің репрессиясымен келген түріктер ме, жоқ басқа түріктер ме? – 1914-1918 жылдардағы, Бірінші дүниежүзілік соғыстағы кəдімгі Түркияның, Анадолының түрігі-тін. Қара теңіз маңында, он үш, он төрт жасар бала боп оқ тасып, қамалдағы басқа да жұмыстарға көмектесіп жүргенде қолға түскен. Ол өзінше бір үлкен тарих. Бірақ етінің тірілігінен, бір шағын ғана дəріханасы бар еврейдің (өзі «жүкит» дейтін, біз «жөйт» дейміз ғой) қолына түсіпті. Ол түрік тілін біледі екен. Адал қызмет еткен соң, қожайын əкемді баласындай жақсы көріп, оқыта бастайды. Өзінің туғантуысқаны жоқ адам болса керек,

бір күндері кемпірі қайтыс болады да, дүниесін əкеме тапсырады. Бұл Ленинград жақта болған оқиға. Қолбала болып жүргенде дəрі-дəрмек жасауды да үйренеді содан. Кейін орыс армиясына да қызмет етіп, əскери дəрігер болады. Мұсылмандардың ортасында болуды ойлап, Қазақстанға келіп, шешемнің Қанафия деген ағасымен танысып, достасады. 1937 жылғы репрессия əкемді біраз əлекке түсірген көрінеді. Үкімет оны Шыңжаңдағы Құлжаға жібереді. Көп тілді білген ғой, 12 жыл сол жақта тұрған. Сөйтіп мен інім екеуміз Құлжада туғанбыз. Бас дəрігер болды. Құлжадағы ол аурухана əлі тұр. 90-шы жылдары Ержанымды ертіп барып: «Мынау сенің нағашы атаңның 12 жыл қызмет еткен жері», деп көрсеттім. – Əкеңіздің аты-жөні кім еді? – Əскербек Ахметов. – Қазақшаға қандай еді? – Судай болатын. – Сонда түрікше, қазақша, орысша, ұйғырша да білетін болды ғой. – Кейін қытай тілін де үйреніп алды. Құлжа қаласында жүргенде мен құрбыларымнан айырылмаймын деп алғашында ұйғыр мектебіне барып, қызық болғанмын. Ұйғырша да жақсы сөйлеймін. Содан кейін шешем: «Мына қыздың тілі бұзылып бара жатыр», деп қазақ мектебіне берді. Қазақстанға 12 жаста келдім. Інім 7 жаста болатын сол кезде. – Қазақстанда қай жерде оқыдыңыз? – Талғарда он жылдық мектеп болды. Сол жерде бітірдім мектепті. Інім де сонда оқыды. Ал ағаларымның бəрі орысша оқыды. Үш ағамның үшеуі де. Əкем Тибет медицинасын да зерттеген кісі-тін. Өте аз сөйлейтін, біртоға, өңі сұсты, ұзын бойлы адам еді. Шешем: «Əкең келе жатыр», деген кезде бəріміз жым болатынбыз. Міне, осындай өнегелі отбасында өскендіктен қайыната, қайынене, үлкенді сыйлау жағынан, Аллаға шүкір, мақтана аламын.

Момышұлы бірінші мен Момышұлы үшінші

– Баукең немере тəрбиесіне қалай еді? – Ата: «Мен солдат тəрбиелеуге шебер болғам, ал бала тəрбиелеуде сауатсызбын», дейтін. Өйткені, ол кісі баламен бала құсап сөйлесуді білмейтін. Түсіне ме, түсінбей ме, онда шаруасы жоқ. Баланың ешқашан бетінен сүймейтін. Ең керемет жақсы көргенде арқасынан қағатын. Ержанға курорттан значоктар алып келетін. Болды. Ойлайтынмын: «Ата балаға бір тəуір сыйлықты неге əкелмейді?» деп. Сөйтсем былай бопты. Ол кісі соғыстан қайтқанда Мəскеуден Бақытжанға əдемі бəтіңке сатып алыпты. Сосын бір жақсы ойыншық алыпты. Сөйтсе Бақытжан қарап тұрыпты да бақырып жылап лақтырып жіберіпті. «Сен немісті өлтіріп, соның баласының заттарын алып келдің», деп. Ата содан былай Бақытжанға тек жейтін нəрсе əкеледі екен де сыйлық əкелмейтін бопты. Бірақ сол кезде: «Балам адам болады екен», деп ойладым дейтін. Дүниеге жақын болмайтынын айтқаны ғой. Бір күні Жазушылар одағына баратын болдық. Маған: «Есенберлиннің кітабы бар ма?» деді. Аяқ астында тапқаным «Алтын құс» деген романы болды. Соны алдым. Əнуар Əлімжановты «Энвер» дейтін, «Энвердің кітабын ал», деді. Алдым. Жазушылар одағынан шыққанда: «Мə, балам, мынаны ал», деді. Жаңағы үйден алып шыққан екі кітап екен. «Балам, мен бүгін мынаны бастадым, бірінші рет екеуінен автограф алып шықтым». Енді осыны əрі қарай жалғастырыңдар. Мына қазақтың жазушыларынан Ержанға қолтаңбамен кітапхана жинаңдар», деді. Содан кейін бірде Бақытжан екеуміз одаққа Қадыр ағаның өлеңдер жинағын ала бардық. Жазушылардың бəрі автографтарына атамыздың атын байланыстырып жазатын. Соны білетін Бақытжан Қадыр аға қаламын алып, қолтаңба жаза беріп еді қолынан шап беріп ұстай алып: «Айналайын, Қадеке, «атаңдай бол» деп жазбашы. Өзі жалғыз бала, көп қатын алып итімізді шығарып жүрер», дегені. Ана кісі рахаттана кеп күліп: «Əй, Бақытжан-ай, басқамызға жараспаса да Баукеңе бəрі жарасады ғой», деді. «Мен сияқты қиналмасын», деп Бақытжан Ержанды Кеңес өкіметінің кезінде-ақ қазақша мектепке берген. Күлгендер де болды қызмет таппай қалады ғой кейін деп. «Таппаса таппасын, қазақ болса болды», деп Бəкең өз ойын бір-ақ айтқан сонда. – Ержаннан немерелеріңіз бар ма? – Иə, екі ұл. – «Момышұлы төртіншілер» де келіпті ғой өмірге. – Бесіншілер де келіп жатыр. Ата Бəкеңе: «Сен менің фамилиямды ұрлап алғансың», дейтін қалжыңдап. «Аһа, тапқан екенсің жынды адамды, мұндай фамилиядан кім бас тартады?» дейтін ол да əзілдеп əкесіне. Кейін ата: «Осылай Момышұлы боп кете берсін, кім біледі, кейін бір ру елге айналып кетер ұрпағымыз», деп рұқсатын берді. Əңгімелескен Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ.

ТАРАЗ.


14

ТА

ОЙ

Дидар АМАНТАЙ.

БОРХЕС ЖƏНЕ МҰРАТ ƏУЕЗОВ Соңғы жылдары менің кітапқа деген көзқарасым ақырындап өзгере бастады. Бұрын мен кітапты құпия қалтарысы, жұмбағы мол дүниенің кілті тұрғысында түсінетін едім, бірақ кейінгі кездері кітаптың қорғансыздығына бірталай көзім жетті. Кітап авторын қорғай алмайды екен. Өзі де бүгін, тегінде, қорғансыздың күнін кешіп отыр. Кітап ессіздіктің өтінде тұр. Бірақ та, көпғасырлық адамзат мəдениетінің жиынтығы, – қай кезеңде болмасын, тарихтың рухани келбеті. Кезінде Борхес əлем құрылымын көз алдына кітапхана бейнесінде елестетіп еді. Кітапты уағыздың үлкені деп таныды. Оның бүкіл ғұмыры алып кітапханалар ішінде алып кітаптармен өтті. Данышпан қаламгерге кітап кем-кетігі жоқ, толық, кемел өмір болды, күрделі тіршілік, аласапыран өмір – алапат кітапқа енді, сосын əфсана туды... «Əдебиет əфсанадан басталып, əфсанамен аяқталады», – деп жазды ол. Ол Буэнос-Айрес қаласында туып-өсті. Борхес өз шығар маларына Буэнос-Айресті кейіпкер етіп алды, серік тұтты, дос қылды, кетсе – сағынып жүрді. Буэнос-Айрес... Борхес... Сосын – иррационализмге бой ұрған Шығыс... Ол Шығысты жақсы көрді. Жақсы білді. Сондықтан да талқыға салды, сараптады. Бір сұхбатында Борхес «Мың

АЛЬБЕР КАМЮ – МЕНІҢ ДОСЫМ Альбер Камю тақырыбына қалам тартпас бұрын оны екі жыл оқыған жоқпын. Біреуге ұқсаудан қорықтым. Əдетте, басқа қаламгердің шығармасынан, зады, алған əсер көңіліңде сайрап тұрады да, айтылған дайын тіл орамы, ой өрісі – тартылған сызық, қойылған үтірінен ғана айырылып, нүктесіне леп белгісі қосылып – сенікіне айналып, дағдылы ағаштан жасалатын қағаз бетіне таңбаланып, жазылып түсіп жатады. Маған дегдар Камюді ұмыту керек болды. Екі жыл уақыт ішінде қай толғанысы, қандай мəнері ұмытылмай қойды, соны жазып шығуға бекіндім. Сана қойнауына тереңдеп сіңген əсер тоқтаусыз ойланудан соң, ақыл-парасаттың қасиетіне өзгереді. Ықпалдың жүрек табиғатына қол созатыны осы тұс, пайымның құрылымы жаңарады, қабылданған дүниетаным, тұрақталған көзқарас сыртқы əлемге үңілген терезенің порымын қалыптайды. Ғалам тұлғасы – əркім өз алдына жеке сомдаған көркем туынды немесе бас қаһарман. Адам санасындағы жарық дүние елесі, асылында, кəдімгі тұңғиық əлемге – дəл, нақ емес – қалайда сəйкес келмейді. Птолемей алғаш пішінін сызып көрсеткен, Коперник діни көзқараспен түс шайысып, қатты ұстасып – əбден қастасқан, кейін өлімі арқылы дəлелдеуге тырысқан, Галилей өміріне қауіп төнгенде, əзілмен оңай бас тартуға қиналмаған планеталар жүйесі хақындағы тебіреніс – кісі қолынан шыққан əсем бейне, өйткені біз оны көз жанарымызбен көре алған жоқпыз, астрономия ғылымында осындай түзілім бар екені алақанға салынып, алдымызға жайылды. Білім, ілім, тарих дегеніміз, тегінде, куəлік ету емес – иланым. Адамзат ұрпағы – сенімге жүгініп, нанымға үміт артып, жағдайға көніп – өмір кешеді. Бірақ білімнің ақиқатына үшінші сатыда, яғни, нəтижесінде ғана көз жеткіземіз, ол – автомобиль, телефон, электроника. Демек, ғылымның көтерген туы – соңғы ғаламат жаңалықтарын, сүбелі табыстарын қажетіне жаратушы қоғам – қабілет-қарымы өткенде тоқсан тетікті меңгеріп, соңыра жалқы түймені басып, төңірегін басқаруға жеткен, дайын нəрсені тұтынушы қалың елдің ордасы. Қара халық ешқашан себепке көңіл аударып

бір түн» үнемі оның жадында жүретіні туралы əңгіме қозғайды. Сонда əңгімеге араласып отырған Бартеломью: «Менің ойымша, əлем қазынасына, жалпы, ислам мəдениетіне қосылған ең қомақты үлес – «Мың бір түн», – деген тосын пікір айтады. Борхестің өзі де бір сөзінде: «Мың бір түн» деп айту дегеніміз шексіздікке – тағы, бір мəрте – бірді қосумен тең. Шексіздік идеясы мен

29 қазан

НЫМ

www.egemen.kz

айтып жүрді Борхес қартаң тартып, еңкейген шағында. Дүние жүзі оны ғұлама деп танып, мойындап, түрлі əдеби сыйлықтармен марапаттауға көшкенде, Хорхе Луис Борхес Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласындағы Ұлттық кітапханаға директор болып орналасты. Сөйтіп, əфсанашыл Борхес жəне мол қазыналы кітапхана – бір ұғымның аясында бірікті. Себебі, Борхестің өзі кітапхана тəрізді рухани байлыққа толы, шексіз болатын. Қалам тартқан тақырыбы əртүрлі, шығармаларының тынысы кең əрі мазмұны терең, содан соң... еріксіз мой-

«Мың бір түн» кітабы – пара-пар», – деген ойды көлденің тартады. Сол Борхес орта жасқа келгенде əлемге танылып, өз елінде үлкен құрмет, асқақ абыройға бөлене бас тайды. «Атақ-даңқ маған зағиптық тəрізді біртіндеп, байқатпай келді», – деп қайталап

ындау қажет, сіз оны жəне ол туралы жазылған еңбектерді ешқашан оқып тауыса алмайсыз. 2006 жылғы бір кездесуде

жатпайды, ол салдармен жұмыс істейді, күнделікті тұрмысында пайдаланады – жемісін жейді. Сондықтан, теледидар экранынан əрдайым жариялап жүрген ғарыш шексіздігі ұғымы тек салдардың анықтауышы, себеп – əрбіреуіміз оқып-тануға талпынбаған Ньютон мен Эйнштейннің кітабында, бірақ қос жаратылыстанушы ғалымның ашқан заңдарының тегі əлі күнге шейін белгісіз, əйтпесе маған бір аттас зарядтардың неліктен бірбірін тебетінін түсіндіріп берсін. Немесе, бүкіл əлемдік тартылыс күші қайдан келді, молекула неге атомдардан тұрады, позитрон, нейтрон жəне электрон броундық қозғалыс тұманында қайтіп қиюласқан жігінен ажырап, жан-жағына шашырап кетпейді. Ядролық физиканың жұмбақтары, тіпті, миды ашытып, есті шығарады. Ұсақ бөлшектердің сұлулығы мен үйлесімділігіне таң қаласың. Сол кезде жадыңа Тəңір оралады. Бəрін түгел орны-орнына қойып, барлық құбылыстың себебі бола алатын Абсолютті іздейсің, ұдайы – бұлжымайтын заң мен бұзылмайтын тəртіпті – аңсаған пенде тəнсіз Рухқа қапелімде жолығады. Түсінгісі келетін жайттарды түсініксіз толғаммен шешеді. Түсініксіз толғам – жоғарыдан қадағалап отыратын Жыр. Сонымен қатар, таусылмайтын көп мəселенің екінші бір көне тобы бар, оны да Құдай жеңіл бітіре салады, онысы – ажал. Гегель өзінің абсолюттік идеясына Алланың қуаты мен мінезін сыйлады, Маркс рухани құбылысты материалдық жаратылыстың тіліне аударды, ал жиырмасыншы ғасыр – кеше атүсті жауап беріп, тез құтылып шыққан Блез Паскальдың мəңгілік сауалдарын қайтадан жандандырады. Ғұмырдың мəні туралы ізденістің, Тəңірдің жарлығы жайлы таластың ауық-ауық жанданып отыруы, асылында, тірліктің қысқалығынан, сосын – өлім тəжірибесінің болмауынан. Мен əкемнің қайда кеткенін білмеймін. Оны тауып беруге ұмтылған дүмше ғалым дүмбілез жорамал, жалған қисынды маған шындық етіп ұсынбақ. Ол қайдан біледі, аруақтар майданына барып көрген жоқ, қылкөпірді күмəнді қылып та, нақты жақтап та сөз жарыстыра алмайды. Камю адам əфсанасының шекарасына тосқауыл қойғысы келді. Қаламгер мен ақын кейіптеген өмір жыры мəңгілік

байыпты талқыдан өткізіп, айқын тұжырымға тірелуден шалғай, үнемі алып эпикалық жанрдың елге таныс, жаттанды, жалпылама эпитеттеріне шалынады, еті өліп кеткен теңеудің бойына қан жүгіртіп, ұйқыдан оятып, қалауын айтып қолқа артқысы келеді, алайда жиі қайталанатын ежелгі метафора сезім мен ойда дүмпу жасай алмайды. Тұйықталған шеңбер бойымен тынымсыз қозғалады, жаңа роман ескі кітаптың тəсілімен сипаттайды. Жаңа үлгіні қалыптастыру үшін категория өзгеруі керек. Хайдеггер құсап өз пəлсапалық сөйлеу мəнеріңді туғызасың, оның тілі – бөлек, айрықша. Алғашқы повесі алабөтен түйінге жықты. Түрлі, қабат тоғысқан қаһарлы сын ұғынбаудың белгісі еді. Повесте кескінделген Мерсоның оқшау бейнесі əдебиет шежіресіндегі жалқы кейіпкер екені бірден аңғарылады. Анасының дүние салғанына күйінішін де білдірмеу психологиялық негізсіздігі делініп, Мерсо талай сыншының оқ атар жамбысына айналды, күдігі аз, сенімі жоқ, ештеңені тура кесіп, таразыға тартпайтын, бос дақпырттан үнсіздікті қалаған, махаббаттың тауын шаққан, тірлікті үйреншікті сорабынан адастырған, моральдың тағын шайқалтып, мəнін тұтас бұзған, қоршаған ортаның шартты ғұмыр кешу ережесінен қайшылық тапқан, адамгершіліктен қатыгездіктің ізін байқаған, жəрдемнен – тұзақты, ақылдан – екіжүзділікті, заңдылықтан – кездейсоқтықты, оқиғадан – жайшылықты аңдаған, ақырында көмейге толған ыза, көкіректі қысқан ашу повестің түйінінде сан алуан сұрақтар болып адамзат ұрпағына толассыз бағытталып жатады. Абсурд – өзінің шекарасын анық аңғарып отыратын сана. Онымен келісуге болмайды, егер абсурдтығын мойындасаң, онда абсурд жойылады. Жауабын алған толғақ абсурдтың аймағынан шығады. Сауал күйінде, жанталас түрінде, аласапыран қалпында тұрақты сақталған қарым-қатынас қана – абсурд. Сондықтан, Камю Достоевскийдің «Албастылар» романын абсурдқа теліді, ал «Ағайынды Карамазовтар» абсурдтық ұғымдағы өңірден тысқары кетті. Кафка – абсурдтық қаламгер. «Қамал» шығармасы тоталитарлық империяны болжау еді. Меніңше, Əбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесі – абсурдтық

Алматыдағы Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Мұрат Əуезовтің: «Кітапханаға келіп əңгімелесіңіздер. Сол кезде сіздер ескі кітаптардың сықырын, қолжазбалардың сыбдырын жəне көне лұғаттардың парақталып жатқанын естисіздер», дегені бар. Борхес өмір бойы сүйенішін кітаптан тапқан. Мұрат Əуезов мемлекеттік қызметтен, саясат жəне қоғамдық жұмыстардан кейін шаршап, аяулы кітапқа қуанып қайта оралды. Кітаптан бақыт пен жұбаныш іздеді. Жаңа тыныс тапты. Бала кезінде кітаппен көзін ашып, кітапты сүйіп өскен биік парасат иесі алпысты алқымдап қалғанда, қорғансыз асыл кітапты қайыра өз қамқорлығына алды. Кітап, Алматы, əфсана... Ол талай мəрте жеке кітапхана сын соңынан ерген інібауырларына сыйлап еді... Былтыр Мұрат Əуезов өз кітапханасынан тағы да бірнеше бума кітапты Моңғолиядағы ағайындарымызға жөнелтті. Мұрат Əуезов те данышпан Борхес тəрізді бір өлшемге сыймайтын интеллектуал тұлға. Кейде оны бұл қасиеті үшін жаппай сынап та жатады. Синолог, əдебиеттанушы, саясаткер, мəдениеттанушы, тарихшы, киногер, елші, шешен, өнертанушы... Борхес те ешқашан қалыпты түсінік шеңберіне сыймай кеткен бүкіл халықтық, тіпті, жалпыадамзаттық ақын еді. Қаламгер. Дінтанушы. Қысқартып айтқанда, білгір. Хəкім. Мұрат Мұхтарұлы 1978 жылғы күнделігіне былай деп жазып қойыпты: «Жөйіттер арнайы əдебиетті оқиды, орыстар бүгін сəнге айналған дүниелерді қарайды, ал қазақтар «Жұлдыз» бен «Жалынға» жарияланғандарды түк қалдырмай түгел оқып отырады...». Əрине, бұл сөзде, түсіне білген адамға, жанға бататын ащы мысқыл да жатқан еді. Сол күнделігін Мұрат Əуезов келесі бір бетінде былай деп жалғастырады: «Идеал тұрғысынан алсақ, қазақтардың өзгеше ойлауы жаңа ұлттық дүние-болмысты қалыптастырудан шығып отыр, ал орыстардың ниеті қолда бар жүйені жақсарта түсуде жатыр. Орыстың басқаша ой жүйесі үшін күресі, бір жағынан, ішкі мəселелерді шешуге бағытталған, екінші тараптан, аталмыш күрес əлемдік өркениеттің мұрат тұтқан құндылық-қасиеттерімен үндес (демократиялық еркіндік, жеке тұлғаның құқы жəне

2014 жыл т.б.) сондықтан, əрине, олар эмиграцияға қиналмай, оңай кете салады, қолдаушылары табылады, түрлі мұратты көздеген қозғалыстар ұйымдастыра алады... Бізде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Батылсыздығымыздан не шетел асып кетуге шамамыздың жоқтығынан емес, бұл қиындық тудыратын мəселе деп айта алмаймын. Шетелге кетпес бұрын, біз өз жерімізден сыртқа шығып, кеңестік тоталитарлық бодандық жүйеге қарсы оппозициялық күштермен байланыс орнатуға оң жағдай жасау үшін, əуелі біраз жұмыстарды іште жүргізуіміз қажет. Сөз ағартушылық қызмет туралы болып отыр...» «Мұрат Əуезов аз жазады» деген зиялы қауым арасында қалып тасқан бір жаңсақ пікір бар. «Шешен, алғыр екендігінде шек жоқ, бірақ кітабы жоқтың қасы...», – дейді кейбір əріптестері. Меніңше, егер Мұрат Мұхтарұлы жазған-сызғандарын жинап, кітап қылып бастыратын болса, онда кітап саны оншақты томға жетіп қалатынына менің сенімім мол. Ол – өмір бойы күнделік жазып келе жатқан адам. Өте үлкен қасиет. Жəне де күнделіктері күнделікті тұрмыс-тіршілік жайында емес, терең сараптамалық, ойлы дүниелер. Бұл күнделіктерді оқу үшін əжептəуір интеллектуалдық дайындық қажет. Сіз Борхесті білімсіз оқи алмайсыз. Борхес – күрделі тұлға. Борхес, əрине, жиырмасыншы ғасырдың ұлы перзенттерінің бірі. Тегінде, оны қарапайым оқырмандардың бəрі де – ұға бермеуі мүмкін, сондықтан да – аргентиналық ке мең герді елдің жаппай оқуы, түсінуі, қабылдауы міндет емес. Адамзат тарихында ондай шарт жоқ. Бұл жазбада мен Борхестің де, Мұрат Əуезовтің де өмір тарихы мен шығармашылығына тоқталған жоқпын. Ізденімпаз оқырман оны өздері-ақ тауып, оқып алады. Зады, мен екеуінен бір ұқсастық тапқанымды ортаға салғым келді. Оқымысты қос тұлға, Жердің шалғай екі түкпірінде ғұмыр кешкен ғалам перзенттері. Бір-біріне іркестіркес жалғасқан замандары ғана қатар, қайғы-қасіреті мол дəуірі ғана – бір. Интеллектуалдар. Десек те, екеуінде бір ұқсастық бар. Əрине, кез келген аналогия, са лыс тыру қашанда қауіпті əрі адасты рып жіберуі де мүмкін. Дегенмен де. Борхес жəне Əуезов... Əйтсе де, пікір туды, соны айттым. секілді қанмен жазу қажет еді, сол уақытта қанның рух екенін түсінесің, сөздің ше, ол қай кезде жоғалып кетіп еді, төгілген қан ешқашан құрғамайды. Бүлік осылай туды. Камю жарқын болашаққа қол созған қайрат-жігердің мұқалмайтынына, гуманистік идеалдың алған бетінен қайтпайтынына, бүлікшіл дүмпудің шырықты бұзатынына, зұлымдықтың шегі-нетініне

сюжет. Онда, жалпы, адамзат үшін түбегейлі, басы бүтін дайындап берген даяр модель жоқ. Құдықшының кеудесінде күрметіле түйіліп, тарқатылмай қалған қорғасын мұң, қолқаны қапқан ащы күйік бар. Камю шынайылықты іздеді. Айдалаға лаққан шұбыртпалы сөйлемдерден қашты, ой мен қимылды əдемі де қысқа қайыратын, түсінігі айқын, дəлдігі нақты ықшам лексиканы жақсы көрді, əлемді тек эстетикалық категория ретінде ғана ақтап алуға болатын еді. Шағын новелла, құйтақандай эсселер, жайылып аққан өзендей үндесіп жазылған жолдар, сондай əсем суреттер, жаңбырдың аңқыған иісін уақиға дəрежесіне дейін көтерген метафоралар, тұтқиылдан жаңаша идеяны ұсыну, ең бастысы – ешқашан қаныңа суарылмаған сөзге, сөйлемге жоламау, өйткені онда қызу жоқ, жасық тіркесім тек көңілді суытады, рухты жылыта алмайды. Алжирлік француз жүректен тербеді. Жүрек еркіндікті сүйді. Бостандық күресте еді. Ұдайы күресу – талай жүзжылдықтар бойы меңгеріп, дəуірімізге кемел машық, асқан шеберлікпен түрлендіріп əкелген жазалау, пікір алуандығымен санаспау, көзқарасты бұрмалау, көңілді басу, сағын сындыру, жаппай үрейлендіру, абақтыға тастау, қинау, қорлау, ар-намысты аяққа таптау, даралап дарға асудан топтап атып өлтіруді игеру тəрізді – қиянатқа қарсы көтерілу екені анық, мұндай қауіп жағдайында адами қасиетіңді сақтау үшін Ницше

«Алтын жїректі» жанныѕ сыйлыєы табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Абай атындағы опера жəне балет театрында «Алтын жүрек» сыйлығының иегерін марапаттады, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Ақтөбелік Талғат Маратұлы бірнеше жылдан бері өз қаржысы есебінен ауылға жол салып, білім мекемелерінің құрылысына көмектескен. «Жылдың қайырымды жаны» аталымын иеленген Талғат Маратұлының сыйлығын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз қолымен табыстап: «Осындай қайырымдылық жобаны жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан жандарға өзімнің жəне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан алғысымды

білдіремін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ең жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген адам», – деген. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады», – деді. «Алтын жүрек» жобасының ұйымдастыру комитеті жыл сайын қоғамда түрлі салалар бойынша қайырымдылық шараларына мұрындық болған жанашыр жандарды марапаттап келеді. 8 жылдық тарихы бар «Алтын жүрек» жобасы ұлттық жобаға айналып та үлгерді.

Ќазаќстан мен АЌШ

ґѕіраралыќ ынтымаќтастыќты дамытуєа мїдделі Жуырда Пенсильвания штатының конгрессмені Джо Питтстің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров дипломатиялық корпус делегациясының құрамында штаттың Ланкастер аймағында болып қайтты. Сапар барысында Қ. Омаровтың шаруашылығы жəне машина жасау Джо Питтспен екіжақты кездесуі салаларында тығыз жұмыс істей өтіп, онда Қазақстан мен АҚШ алатын мүмкіндіктері бар екенін арасындағы екіжақты қарым-қаты- атап көрсетті. настың өзекті мəселелері талқыСапары барысында елші ланды. Осы орайда, АҚШ кон- «Сикорский» компаниясының грессмені Қазақстандағы инвес- тікұшақ жасау зауытының жұмытициялық климатты жақсарту сымен танысып, компа ния ның бой ынша Елбасының бастама- Еуропа жəне Орталық Азия бойларымен жəне «Қазақстан-2050» ынша вице-президенті Кэролин Стратегиясының шеңберіндегі Вандедринкпен кездесті. Негізгі жоспарлармен таныстырылды. мəселелер ретінде Қазақстанда Конгрессменнің АҚШ Конгре- Сикорский ұшу аппараттарын сінің беделді «Хельсинки комис- құрастыру орталығын құру мəсесиясының» мүшесі ретінде дін тұту лелерін талқылау мақсатында Астаеркіндігінің үлкен қолдаушысы наға компанияның басшылығының екенін ескере отырып, Джо Питтс жоспарланып отырған сапарлары 2015 жылы Астанада өтетін V Əлем- талқыланды. Компания өкілдері дік жəне дəстүрлі діндер көшбас- ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шыларының съезіне шақырылды. өздерінің ниетін білдірді. Конгресмен өз штатының «Егемен-ақпарат». Қазақстан аймақтарымен ауыл

● Атамекен

Жас жїрген жер – мереке

Жастар – үлкен күш. Жастар дегеніміз – жалын от. Жас жүрген жер – мереке. Жамбыл жері қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де жалынды жастарының көптігімен ерекшеленеді. Тəуелсіз Отанымызда елін, жерін сүйетін, халқына адал қызмет ететін жастардың шоғыры көбейіп, жаңа келбетті жас толқынның өсіп келе жатқанын көргенде, көкірегіңде мақтаныш сезімі оянады. Осы жастарға қарап ел болашағының баянды, зор екеніне көзің анық жетеді. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

сенді. Бірақ ойсырай жеңілу жылдам келді. Ол енді «Құлау» кітабының желісін салмақтауға кірісті. Бұл құс самғар биік тен, зеңгір көктен тоқтаусыз құлдырау еді. Экзистенциалистік ағымның метафизикалық мəселесін əріптестерінен дара пысықтаған Камю «Бірінші адам» романын – автомобиль апатынан бақиға аттанар алдында – үлкен қиындықпен жаңа бастап жатқан болатын. Аяқталмаған шығарма Камюдің өзіне ұқсады. Адамзаттың мол мəдени мұрасымен жан-жақты таныса отырып, ол ұлан-ғайыр қарама-қайшылықтарға жолықты. Оны түзетуге жүз Толстой керек еді. Камю қауға сақалды тынымсыз шалдың жарты ғұмырын ғана кешті. Ол жалғыз болды, Кафка дүниеден ерте озған еді. АЛМАТЫ.

Кеше киелі Тараз жеріне аяқ басқан «Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден – Алтайға дейін» атты жастар жобасының автошеруі ел санасына осындай ой салғаны анық. Еліміздің Көк туын көтеріп, Тəуелсіздігімізді насихаттап, өңірлер арасында мəдени байланысты нығайтуды мақсат еткен бұл топты жамбылдықтар зор қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның батысынан сапарлап шыққан экспедиция мүшелері алдымен Тараз қаласында этномəдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесіп, бұл басқосуда Тəуелсіздігімізге тірек болып отырған татулық пен ынтымақ, бірлік пен достық жайын əңгімеге арқау етті. «Достық үйінде» қонақтарға арнайы көрме ұйымдастырылып, Көк туды желбіреткен автокөліктер қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында облыс жастарымен кездесіп, облыстық өлкетану мұражайы мен «Қарахан», «Айша бибі» сияқты бірнеше тарихи-мəдени орындарды аралады. Жамбыл облыстық жастар

саясаты мəселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев бірлік пен ынтымақты насихаттап жүрген осынау керуеннің жас ұрпаққа берер тағылымы мол екенін айтып, экспедицияға сəт сапар тіледі. – Мемлекетіміздің негізгі бағыттарының бірі – ұлтаралық ынтымақтастық болып табылады ғой. Міне, осы ұлы қасиеттердің елімізде берік орын алғанына əр қалада куə болып келе жатырмыз. Еліміздегі бірнеше ұлттың бір ел болып өмір сүріп келе жатқанының өзі осы идеяның жүзеге асып жатқанын, жалпы мемлекетіміздің дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетеді, – деді экспедицияның бір мүшесі Бекболат Төлегенұлы. Жастардың арасында жалпыға ортақ татулық пен келісім құндылықтары негізінде отаншылдық сезімін оятуды мақсат еткен топ мүшелері бұл күні Жуалы ауданының жастарымен де кездесіп, əңгімелесіп, əрі қарай көрші Оңтүстік Қазақстан облысына бет түзеді. Жамбыл облысы.

––––––––––––––––

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.


29 қазан

ЫМ

С ТЫЛ

2014 жыл

АДАМДАР мен АҢДАР

ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАСҚЫР

«Бірақ олар сізді есік алдына тастады да, өздері келген іздерімен жөндеріне кетті. Ірі денелісі арлан қасқыр болса керек, алдыңғы аяғын сылтып басады екен». Бұл əңгімені зейнет жасындағы Мақарбек қарттың өз аузынан естігелі де біраз уақыт өтіпті. «Аң аулауды күнкөріске айналдырғанмен етін қалдырып, терісін сатып жіберетінмін, – деді ақсақал. – Таңертең қақпан құрып, түс ауа іліккен олжаны алып қайту – күнделікті жұмыстарымның ең негізгісі. Сондай күндердің бірі еді. Кешкілік қақпан құрған мен таңертең барғанымда қыңсылап жатқан қасқырдың бөлтірігін көрдім. Көзін енді ашқан оның тілерсегін қақпанның қатты тістері қиқалап, терісін алба-жұлба етіпті. «Бейшараның жанын қинамай-ақ өлтіре салсам ба екен?» деген ой келді. Бірақ бір уыс болып бүктелген бөлтіріктің шарасыз көздерін аяп, оны бостандыққа жібере салдым. Бұл оқиға осылай ойдан шығып ұмыт болып кетер ме еді, егер де… Əйел, бала-шағамды жылы бөлмеге жайландырдым да, түн баласы ұйқы бетін көрмей, талай аңның ажалына себепкер болған аңшылық мылтығымды тазалап, оқ-дəрімді дайындап қойдым. Сол түннің ертесіне жорыққа жол бастадым. Қанжығама қомақты олжа байланған соң жемтік іздеген жыртқыштай ауылдан едəуір алыстап кетіппін. Түс қайтқан мезгілді айнала аласапыран болып, көзге түртсе көргісіз ақ боран басталды да кетті. Келген іздерімді қар басып, кері қайтар жол таппай əбден адастым. Астымдағы тұлпарым да əлденеге сүрініп, омақаса құлады. Бетім қарға көміліп, денем икемге келмей қимылсыз қалдым. Бар білерім – құлағыма əлсін-əлсін жеткен қасқырлардың ұлуы ғана, жырқыштардың жамыраған сол бір ұлуы… Арада өткен уақытты дөп басып айта алмаймын. Əйтеуір есімді жиғанда өз үйімде жатқанымды білдім. Үсік шалған аяқ-қолым оттай жанып барады. Ернім құрғап, сусыраған мен: «Үйге қалай келдім?» – дедім ыңырси əзер сөйлеп. «Отағасы, сізге көп қимылдап, уайымға беріле беруге болмайды. Денсаулығыңызға салмақ түсіріп, ауруыңызды үдетіп аласыз», – деген əйелім мұздай суға малынған шүберекті маңдайыма басты. Араға апта салып, төсектен бас көтеріп, тəуір болған соң əйелім дастарқан басында отырып үйге қалай жеткенімді əңгімелеп берді. «Дарбаза есігі дауыс беріп ашылған соң, терезеден сыртқа қарай салғанмын. Сізді сүйрелеп əкеліп тастаған екі қасқырды көріп, жүрегім тас төбеме шықты. Бірақ олар сізді есік алдына тастады да, өздері келген іздерімен жөндеріне кетті. Ірі денелісі арлан қасқыр болса керек, алдыңғы аяғын сылтып басады екен», – деді əйелім. Сол кезде ғана өзім қақпаннан құтқарған бөлтірік есіме оралды», – деп қасқыр екеш қасқырдың да бойында адалдық пен мейірімділік болатынын айтқан Мақарбек қарт əңгімесін тəмамдады. Жасаған жақсылығыңның қай тарымсыз қалмасы анық. Сон дық тан қолымыздан келгенше айналамыздағыларға адами шарапатымызды тигізіп жүргенге не жетсін?!

ЖУАС ҚАСҚЫР

Кеңес өкіметі тарап, «əй» дейтін əже, «қой» дейтін қожа жоқ, дүниенің астаңкестеңі шығып жатқан уақыт. Сонау 1993-тің тақырланған тауық жылы-тұғын. Қараша айының соңғы парақтары қырқылып, сүреңсіз желтоқсанның сұрғылт бұлты қоюланып, əне-міне терістен орай соғатын сырғыма ақ боран басталатын сыңайда, аспанның толғағы ауырлап, еңсені көңілсіз зіл басқан күндердің бірі еді. Жиегі қырқылып, ақтазданған, əрі ыстанып, түтін иісі сіңген түлкі тымағын милықтата киіп, Кəден шал сыртқа шықты. Желді күнгі көлдің толқынындай қатпар-қатпар əжімін тыржитып аспанға қарады. – Япырмай, мына күннің ашылатын түрі жоқ. Қосындағы балалар не болып жатыр екен? – деп кеңшардың жылқысы қыстайтын қүрең адыр жаққа қарап ұзақ тұрды. Заман осылай құбылады деп кім ойлаған. Көрген түс сияқты өтіп жатқан өмір. Кəден жыл жарым бұрын екі отауын жетелеп, əулеттің қарашаңырағын бастап, атамекеніне сонау Алтайдың арғы бетінен көшіп келген. Алғашында кеңшардың бір отар саулық қойын бақты. Жаз жайлауға шықты. Қобданың боз талынан иіп жасаған, уығының қары бозбаланың білегіндей алты қанат ақ үйін Жетімтөбенің бауырына тікті. Сарысудың кебер арнасын жағалай қонған шопандар Кəденді ерулікке шақырып, мəре-сəре жаз да өтті. Қыркүйектің аяғында күзекке келіп қонды. Құдайға шүкір, малдың бабын бір кісідей біледі, саулықтарының күйі жақсы. Бірақ бір түсінбейтіні: осы қойлар мал сияқты дүркіреп тұрып, өмірі бір үрікпейді. Айдалада тоқтап тұрған жүк көлігін көрсе болды, солай қарай маңырай шұбырады-ай келіп. Сөйтсе, ала қыстай машинамен жем шашып, жаман үйреткендіктен, мал екеш мал да жанын қинамай жейтін тегін тамақты аңсап, мотордың үнін естісе, азанның дауысын естіген сопылар сияқты елеңдеп тұрады екен. Ештеңеден үркіп, қорықпайды. Қазақстанның қойы осындай жуас болады деп кім ойлаған. Мал емес, жаңа тұрпаттағы адамзатқа əлі белгісіз хайуан сияқты. Кəден осының құпиясын таппай басы қатып жүр. Əнеугүні жайылымға шығуға жарамай, ауылдың шетінде қалған төрт-бес қойға тапа-тал түсте қасқыр шапты. Қыста туған бөлтірік екен. Ақсақ қоңыр тоқтыны алқымдап апарып, жалғыз тартып жұқа шабын жарды да, ішек-қарнын

ақтарып жей бас тады. Мына құдіретті қараңыз, қасындағы ба с қа қойлар түк болмағандай пысқырып қойып, қасқырды айналып жайылып жүр. Шабдар бестісін омыраулатып шауып келе жатқан Кəден мына сұмдыққа қарап тұрып қалды. «Е, бəсе! – деді, – бұл мал емес екен ғой». Көкірегіне біреу ине шаншып алғандай ашып кетті. Күйінгеннен болар «аһ!» деп бір ақырып жіберіп, атының басын кері бұрып жүре берді. Айналып артына қараса, жетім қара қозы бөлтіріктің құйрығын иіскелеп тұр екен. Кəден күні-түні ойланумен болды. Бұл не сұмдық! Содан бір күні зоотехник Дəукен келді. «Ертең қыстауға көшіңіз, кеңшардан адамдар келіп, қой ұрықтандырады» деді. Түсінікті, қазан айы орталап қалды, күйек алатын болғаны ғой. Ертеңінде қыстаққа қошқар емес, шала масаң, рең-басы қураған кəрі теректің қабығы түстес үш еркек келді. Содан зоотехник айтқан қой ұрықтандыру науқаны басталды. Кəден сонда барып: «Е, енді білдім, барлық пəле осында екен-ау», – деді. Табиғат жаратқан малды қолмен ұрықтандырып, жасанды хайуанға айналдырып жіберген. Бақандай жиырма жыл осылай істеген. Көріңде өкіргір Кеңес үкіметі. Басқасы – басқа, қойдың қасқырды танымауы деген нағыз сұмдық емес пе! Осы малдың етін жеген адам да кімнің дос, кімнің жау екенін ажыратпайтын мəңгүртке айналмай қайтеді. Мына қойдың етін жеген əлгі қасқырдың өзі көкбөрі атынан айырылып, қотанның жуас «ит-құсына» айналатын шығар… Сол күннің ертеңінде Кəден бір отар саулықты өткізіп беріп, екі баласымен бірге жылқы бағуға шықты. «Бүйтіп қор болып қой баққанша Қамбаратаның қылқұйрығын қайырайын». Кəден жабағы бұлт байланған аспанға тағы қарады. Мына күннің райы жаман, қатты боран болатын түрі бар, балаларға бас-көз болып сол жаққа барғаны жөн шығар. Арба торыға ер салып, жылқышылар қос тіккен Көкөзекке қарай беттеді. Алыстан байқап келеді: екі атты адам қүрең қырқаны кесіп өтіп, ылдиға қарай ағызып барады. Бірдеменің артынан түсіп тақымдап қуып жүрген секілді. Əне-міне дегенше, əлгілер шаң боратып қайтадан өрлей шапты. Қым-қиғаш, қиқулап шапқан екі адам ескі зиратты айнала беріп, опыр-топыр болды. Алыстан анық байқалмайды, атты адамдар бірдемені ұстап алып, байлап- матап күйбеңдеп жатыр. Арада сүт пісірімдей уақыт өткенде Кəден де келіп жетті. Қызықты қараңыз, екі ұлы арлан қасқырды ұстап алыпты да, аузына қамшының сабын көлденең тістетіп, тұмылдырықтап байлап тастаған, жетектеп жүр. Оқиға былай болыпты. Жылқыға қасқыр шапқан. Оны көрген екі ұл жаратып дайындап отырған жүйрік аттарына мініп алып, қуып берген. Кішісі қасқырға жақындап келіп, қанжығасындағы шыжым арқанды тастап жібергенде, Алла сəтін салып қыл мойыннан іліне кеткен. Қасқырды жарты шақырымдай сүйретіп əбден есінен танғанда аттан түсе қалып байлап алған. Қасқырдың жүні жығылып, сүйретіліп əзер тұр. Кəдуілгі ит сияқты жетектеп еді, жүріп кетті. «Е, осылай боларын білгем, деді Кəден: – Бұл елдің қасқыры да жуасып қалған. Мұның бəрі «жынды» қойдың етін жеген». ...Арқан тастап, даладан қасқыр ұстаған осы оқиға туралы облыстық «Семей таңы» газетінде қысқаша хабар жарияланды. Оқыған ағайындар болса есіне түсіре жатар. Ал қолмен қасқыр ұстаған азамат Қарағанды мен Астана арасындағы «Тұзды» теміржол бекетінде аман-есен еңбек етіп тіршілігін жасауда.

«ОРАЛМАН» ҚАСҚЫР

Өткенде сонау шекараның арғы жағында қалған ағайындарға барып қайттым. Баяғы бай-кулактарды кəмпеске жасаған жылдары ауып кеткен ғой. Содан арақатынас үзіліп, соңғы жиырма жылдың ішінде қайта жалғасты емес пе? Міне, жылына болмаса да үштөрт жылда бір барып қайтамыз. Сонда Саяси атты бір жездем бар. «Айына көрмесеңіз ағайын жат, жылына көрмесеңіз жекжат жат», деген пікір бекер айтылмаған-ау. Əрбір өткен күнді ой елегінен өткізіп, мен бүгін не істедім, жақсылығымды мөлшерлеп, мейірімділігімді арттыру керек деп есеп беру қасқыр емес, адамға тəн емес пе? Ойланыңыз! Сол жездеміз мен барғанның ертеңінде-ақ жетті. Құдай өзіне мал мен басты берген екен. Бес ұлы – бес отау. Əрқайсысында 500-1000 бас ұсақ малы бар. Бір-бір қыстақты иемденіп алып, шалқып жатыр. Бұл жақ ондай өмірді «Абай жолы» романынан талай оқыған. Шіркін, қазақтың иісі мұрнына бармайтын, қалада өскен кісікиік бейбақтарды осында апарып, Саяси жездемнің қолына бір ай ұстатқанда ғой, қыбын қандырып, ұрмай-соқпай орта ғасырдың қазағын жасап шығарар еді. Ол Сəкеңнің қолынан келеді. Сəкең жездейдің келе жатқанының өзі сұмдық. Апырып-жапырып сөйлеген сөзі сонадайдан естіледі. «Қайда, əлгі Қазақстаннан келген неме, өзі қазақша біле ме екен? Орыс болып кетпесе, мені келіп аттан түсірсін…» – деп шіренеді шіркінің. Аттан түсіріп алайын деп жетіп барсаңыз: «Іздірасти», деп қамшымен жон арқаны көздеп тұрып тартып жібереді. Онымен қоймай: «Атаңның қамшысын сағынған шығарсың, ырым жасағаным ғой», деп шалқақтайды-ау сабазың. Содан Сəкең сөйлейді ғой… «Е, Қазақстанда жер көктеді ме? Мұнда ет жеп, бір тойынайын деп келдің бе?». Жауап беріп үлгермейсің. Жауап беріп те қажеті жоқ. Бас изеп қойсаң, Сəкеңе сол қанағат. Тиегі ағытылған тоғанның суындай сылдырап отырған жездеміздің анда-санда құйрығына оқ тиген тау құлжасы секілді танауы сəңірейіп, отырған орнынан тақымын көтеріп, оқшырайып тұрып қарайтын əдеті бар еді. Бұл жолы да сөйтті. Маңызды бірдеме айтар алдындағы əдеті. Содан кейін маған қаратып: «Əй! – деді, лақ текенің сақалындай ақ-қарасы аралас қылшық өскен иегін шошаңдатып. – Сендер неге Қазақстанның бар қасқырын біздің жаққа айдап жібересіңдер?! Мен мұны жездейдің қырық қалжыңының бірі шығар деп: «Сіздің малыңыз өсіп кетіпті, соны жесін деп, бір үйір қасқыр жіберген едік, соны айтып отырмысыз?» – деп əзілдеген болдым. От айналып отырған жұрттың бəрі бір ауыздан: «Сəкең рас айтады. Қазақстанның қасқыры келгелі оншақты жыл болды», – дегені. Шынында солай екен. Бір жылдары ұжымшар-кеңшар жекеленіп, ауылдарда мал қалмай таратылғанда, ашыққан қасқырлар далада малы сыймай жатқан арғы бетке ауып кетіпті. Жергілікті халық көшпенді қасқырлар ды алыстан айнытпай таниды екен. Олардың айтуына қарағанда, тұрқы қысқа, терісінің түбіті аз, ақшулан қылшық жүнді байғұстардың күш-қуаты да шамалы көрінеді. Қозы-лақ, бота-құлын тəрізді жас төлдер болмаса, ірі малдарға шамасы жетпейді. Оның үстіне ғасырлар бойы Алтайдың теріскейін мекендеп, сай-саласын меншіктеп алған жергілікті қасқырлар əлгілерді күркіреп қуғанда бейшаралар қашып қораға өздері келеді екен. Алдынан əупілдеп шопанның төбеттері шығады. Тыраңдап қайта тауға қашады. Біздің ауылдың шайқы шалдары осы қызыққа ұз-а-қ қарап отырыпты да, əлгі ел-жерге сыймай жүрген сорлыларға бірауыздан «оралман» қасқыр деген ат қойыпты. Кейде қымыз ішіп желіккен жігіттер не «азаматтығы», не «баспанасы» жоқ бейбақтарды бытырлатып соғып алады. Менің Сəкең жездем есік көзіне таман отырған балдыздарын қамшымен нұсқап: «Мына боқмұрындар «қасқыр соққан» деген атақ алып, бір ерлеп қалды» – деп, кеңк-кеңк күлгенін көрсеңіз ғой. Шекараның арғы бетінде екі апта жаттым. Аттанардан бір күн бұрын: «Қош бол!» айтайын деп Сəкеңнің үйіне барсам, есік алдында отыр екен. Сəкең: «Кеше Құйған жаққа балалар қой өрістетіп қайтып еді, жаңа туған екі-үш қозыны қасқыр жеп кетіпті», – деді. Мен: «Оралмандар жеп пе?» деп сұрадым. Сəкең: «Солар ғой», – деп, тым сүлесоқ жауап берді. Одан кейін батысты бетке алып қаңқылдап ұшқан бір топ сарыала қаздың артынан ұзақ қарап тұрды да: «Жей берсін, атажұрттың өзі болмаса да, көзі ғой. Алланың оған берген ырыздығы емес пе, білгенге мұның өзі – сынақ… Жүр үйге, дəм татып шық! Сенің де ырыздығың үзілмесін!» – деді. ... Содан көп кешікпей мен елге қайттым. ШЫМКЕНТ.

15

www.egemen.kz

Ілесхан СМАНОВ, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Өзіміз өмір сүріп жүрген Жер ғаламшары түрлі тіршілік иелеріне толы. Бірі жер бетінде, екіншісі жер қыртысы астындағы інде, үшіншісі ағаш бұтақтары мен қуыста, қос мекенділер теңіз бен құрлықта, су тереңінде өз тіршіліктерін кешіп жатыр. Ғаламшарымыздағы бір клеткалы тіршілік иелерінен бастап саналы адам баласына дейін өзінің ішкі биологиялық биоритміне тəуелді. Бірқатар эндогендік биоритмдер сыртқы биоритмдермен – Жер ғаламшарының өз осінде айналуы, одан туындайтын күн мен түннің, жарық пен қараңғының алмасуы, ауа температурасы мен ылғалдылығының, атмосфералық қысымның өзгерулерімен сəйкестеніп отырады. Жылы қанды жануарлар мен адам баласының тəулік бойындағы белсенді əрекеті мен демалысы, сергек сəті мен түнгі ұйқысы физиологиялық процестердің тəуліктік ритмімен тығыз байланысты.

Жан жўмбаєы

Жүніс САХИЕВ,

жазушы-фантаст.

Осындай қым-қуыт өмірде қимыл-əрекеті жағынан саналы адамға ұқсайтыны маймыл. Сондықтан да кезінде кейбір ғалымдар: «Адам баласы маймылдан сұрыпталған» деген болжам жариялап жіберді. Бірақ солай дей тұрса да осы кезге дейін ешбір маймыл адамға айналып, адамша сөйлеп кеткен емес. Ал оның есесіне, түр-тұрпаты адамға келмейтін қос қанатты тоты құстар адамша сөйлейді. Африканың эквадор аймағындағы қалың орманды алқабының биік ағаштарының қуыстарына ұялайтын сұр түсті, құйрық қанаты қызыл Жако аталған тотықұстың адамша сөйлеу қабілеті ерекше. Ол адам айтқан жеке сөз бен сөйлемді ғана емес, түрлі аңдар мен құстардың, тіпті, темір көліктің дыбыстарын да айнытпай салады. Елімізде өзіміз жиі көретін қара қарғалардың кейбір қабілеттері тотықұстардан да асып түседі. Орнитолог А.Ф.Ковшарь «Сайрағыш құстар» кітабында ғалым А.Э.Бремнің қара қарғаның қабілеттері жөніндегі мынандай пікірін келтіреді: «Бұл құсты қолыңнан ұшырып, өзіңе қайта ұшып келуге, адамша сөйлеуіне үйретуге əбден болады. Ол қажет десеңіз, ит құсап үре де, адам сияқты күле де алады...». Көгершіндер адам сөзін түсіну қабілеттеріне сай бүгінде де ел мен ел арасына хат тасуға, спорттық жарыстарға, цирктегі ойындарға қатыстырылады. Үйретілген бал аралары белгіленген аймақтағы гүлдерден ғана нəр жинайды. Жеті қазынаның бірі, тас ғасырынан бері қолға үйретіліп келе жатқан иттер дің ми қабілеттері жақсы дамығандықтан қай тілде сөйлесең де айтқан сөзіңді түсініп, үйреткеніңді бұлжытпай орындайды. Өз инстинктісімен адам баласын түрлі қатерлерден аман алып қалған иттер де көп. Олар бүгінде тек аңшылық қана емес, шекараны қорғауда, қылмыстарды ашуға, цирктерде өнер көрсетуге пайдаланылады. Иттердің ғарышқа адам ұшардан бұрын жол ашқаны да тарихтан жақсы мəлім. Адамға жасаған осындай қызметтері үшін күні кеше ғана Ақтөбе қаласында итке ескерткіш те орнатылды. Ал түнгі жортуылында жер иіскеп те, иіс сезіп те, ізге түсіп те емес, аспандағы мың сан жұлдыздарға бір көз тастап алып жол табатын түлкі секілді жыртқышқа қайран қалмасқа еш шара жоқ. Сондай-ақ, тиіндер жаңғақ пен пісте шағудан, өрмекші өрмек тоқудан, қарлығаш лай түйіршігін ауыз сілекеймен біріктіріп, үйдің төбе қабырғасына, құрқылтай ағаштың бір бұтағының ғана ұшына түрлі шөп сабақтарынан бір шетіне кірер тесік жасап, шар іспетті кең ұя жасаудан, қара қоңыз екі артқы аяқтарымен сиыр жапасын домалақтап, ілгері-кейін қарай домалатып ұлғайтудан қолы шебер адамнан да асып

түседі. Таулы, далалы жерді мекен ететін қояндар жазғы жылы айлы түндерде екі аяғына тұрып адамша шыркөбелек айналып би билейді. Су беті мен тереңіндегі тіршілікке үңілсек, одан да небір дыбыстар мен адам əрекетіне ұқсайтын түрлі əрекеттерді байқаймыз. Балық атаулының ақылдысы дельфиндер су тереңінде үнемі топтанып, кейде қатар түзеп жүзеді. Ауыз қуыстарынан шығарған дыбыстарының затқа шағылысып қайтуынан олар алдарында не барын жақсы біледі. Дельфиндердің көптеген қылықтарының адам баласы іс-əрекеттеріне жақын екені, көп нəрсені түсінетіні белгілі. Естіген дыбысын қайталауға талпынатын дельфиндер де бар. Америка ғалымдары Гранвильдегі ескі парк үңгірінен бет-əлпеті адамның бейнесінен аумайтын, қанаттылар отрядына жататын жарқанатты да тапты. Оның терісі адам терісіне өте ұқсас. Кісіден сескенуді де, қашуды да білмейді. Қайта ол адамға жақындай түсуді ұнатады. Американың белгілі зоологы, профессор Ричард Клемент бұл ғажайып тіршілік иесімен тез түсініскен. Арнайы зертханаға əкелініп, кең бөлме ішіне еркіндікке жібергеннен кейін де жарқанат өзін жайлы сезініп, ұшу барысында иесіне қайта-қайта жақындап, тіпті, адамша езу тартқан. Ал əлденеге ренжіген кезде бет-əлпеті əжімденіп, қабағы түйілген. Бірақ зерттеуші ғалымдардың айтуларынша адам бейнелі жарқанаттың ондай ренжуі өте сирек болады екен. Оның үстіне ол кең бөлмеде бейберекет ұшпайды, үйдегі əрбір затқа жақын ұшып барып, оған тұмсығын тақап «зерттейді». Жаратылыстың сезім қабілеті де адамның сезім қабілеттерімен бірдей. Тағы бір ерекшелігі, көздері өте өткір, көргіш, дауысы мейлінше ашық. Рентгендік түсірілімдер оның бас сүйегінің де адам бас сүйегіне ұқсас екенін, миының үлкен жарты шарында адамдікіндей көптеген ми қыртыстарының бар екенін көрсеткен. Осының негізінде ғалымдар оның ақыл-ойының да адам ақыл-ойымен теңесетінін тұжырымдап отыр. Ғажайып жаратылыс қимыл-қозғалыстарын адамның айтқан сөздеріне қарай өзгертеді. Ол бірде профессор кітаптан дауыстап оқыған сөздерді адамның анық дауысымен қайталап айтып шық қан. Оның осындай тамаша қабілеттеріне қарап «қанатты адам» деуге де негіз туындайды. Ұлы табиғаттағы қым-қуыт тіршілік əрекеттері мен даму үрдісі үйрету, тəрбиемен жалғасын табады. Саналы адам баласының өзі де əке мен анадан ұлтына тəн ана тілін үйренбесе, тəрбие алмаса, өз тілінде сөйлей де, оқи да, жаза да алмас еді. Өзге тіршілік иелерінің бəрі де ұрпақтарын өз тіршілік əрекетіне сай азығын тауып жеуге үйретеді. АСТАНА.


16

29 қазан

АР Ш О Р ХАБА

www.egemen.kz

2014 жыл

 Өнер

 Жəдігер

Тастаєы «Тобыл ойшылы»

Астанадаєы Ўлттыќ музейге кґшті Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

1976 жылы Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин атындағы шаруашылықтың алма бағының аумағынан, яғни Тобыл өзенінің оң жағалауынан табылған адамның отырған кейпіндегі тас мүсін бүгінге дейін тарихшылар мен археологтардың, жалпы жұртшылықтың қызығушылығын тудырып келеді. Оның ғылыми сипаттамасында археолог Г.Зданович: «Тас мүсін сұр-қоңыр түсті түрлі түйіршікті құмтастан пикеттеу, қашау, тегістеу техникасымен жасалған. Мүсіннің биіктігі 202 мм, салмағы 4 кг. Олжа біздің дəуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықтың соңы, ІІ мың жыл дықтың бас кезіне, ор мандыдалалы Азияның антроморфты мүсін тобына жатады», деп жазды. Ал қостанайлық археолог Андрей Логвин: «Менің əкем, Қостанай – Торғай өңірінен бірнеше мəдениет үлгілерін тапқан белгілі археолог Виктор Николаевич Логвин бұл мүсінді тас ғасырына жатқызады», деген еді. Қазір Ресейдің Челябі облысындағы атақты «Арқайым» тарихи-мəдени қорығының даңқы алысқа кеткен. Оған жер жүзінің əр түкпірінен туристер ағылып жатады. 80-ші жылдардың аяғында су қоймасын салатын болып, аэрофототүсірілім жасаған кезде, дүниежүзі археологтары мен тарихшыларының басын ауыртып келген «Күн қала» осы жерден табылады. Ресей археологтары шулап, су қоймасының басталып кеткен құрылысын тоқтатады да, қазба жұмысын бастайды. «Арқайым» қорығы ашылған кезде археолог Геннадий Зданович Қостанайға мүсіншісін бірге ертіп келіп, өзі ғылыми сипаттамасын жазған тас мүсіннің бір түн отырып, көшірмесін алып кетеді. Сол көшірме «Арқайым» тарихи-мəдени қорығының эмблемасына айналып кете барды. «Арқайымға» келген турист «Аспанға қараған адам» деп Зданович атын өзгерткен «Тобыл ойшылы» бейнеленген сыйкəде сатып алмай кетпейді... Бірақ «Арқайымды» қызықтаған туристер «Аспанға қараған адамның» Қостанайдан табылғанын, түпнұсқасы облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрғанын білмейді. Өйткені ол жерде бұл туралы бір ауыз сөз айтылмайды. Айтпақшы, осы жазда «Тобыл ойшылы» Астанаға көшті. Ұлттық музей ашылғанда, еліміздің, жеріміздің мыңжылдық жылнамасын жырлайтын жəдігердің бірі болып, «Тобыл ойшылы» оның көрнекті жерінен орын алды. Енді туристер мен Астана қонақтары ол арқылы біздің тарихтың тереңіне үңілетін болады. «Тобыл ойшылы» Астанаға өзі кетсе де, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне «туы сын» тастап кетті. Оған өте ұқсас осындай мүсін сəл кейінірек Қостанай қаласының іргесіндегі, «Краснопартизан» шаруашылығының шетінен табылған болатын. Оны да археологтар «Тобыл ойшылының» замандасы деп сипаттайды. Ал олар табылған орындар археологиялық қазба орны болған жоқ, өркениет көшінің жолына айналып кеткен. «Тобыл ойшылын» біздің ежелгі мүсінші бабамыз неге жасады екен? Ол құдайды, əлде сол кездегі адамдарды бейнеледі ме? Бұл жөнінде ештеңе айтылмайды. Жер-Ананың қойнына жасырған құпиясы көп қой. ҚОСТАНАЙ. ––––––––––

Суретте: облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Тобыл ойшылының» көшірмесі.

Шартарапќа кеткен Шəмші əндері-ай! Елордада Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен өткен Шəмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты V халықаралық əн фестивалі өз мəресіне жетті. Бас жүлде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 2-курс студенті, бүгінде белгілі əнші Сəкен Майғазиевтің қолдауымен «Парасат» тобында өнер көрсетіп жүрген жас əнші Айбек Қанатбектің қанжығасына байланды. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Бір миллион теңгелік Гран-При жүлдесін жеңімпазға Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз қолымен табыстады. Сала басшысы Шəмші əндерімен сусындаған өнерлі өрендерді жетістіктерімен құттықтай келіп, мұнан да биік табыстарға қол жеткізе берулеріне тілектестік білдірді. Байқаудың ең басты ерекшелігіне келсек, мұның əділ əрі халықтың көз алдында өткізілуі көпшілік тарапынан кең қолдау

 Ғажап!

Адамзат тарихында бірінші рет «өлі» жүректер үш бірдей пациентке салынды. Австралияның Сиднейдегі Əулие Викентий ауруханасы хирургтері соғуын тоқтатқан жүректі қажеттілікке пайдаланып көрді. Ғалымдар бұл операцияны дəуірдің үлкен жаңалығы деп қабылдап отыр. Жаңа техниканың арқасында адам органдарының алмастырып салуға болатын бөлшектерінің саны көбейіп келеді. Олардың қатарына енді тоқтап қалған жүрек те қосылды. Мұның өзі адамдардың тағы 30 пайыздай бөлігінің ғұмырларын ұзартуға болады дегенді білдіреді. Бұған дейін жүрек трансплантациясы тек «тірі» органдар бойынша ғана

жасалатын. Олар клиникалық өлім халінде жатқан адамдардан алынатын. Алайда, австралиялық дəрігерлер бұрын ойға келмеген тірлікке құлаш ұрып, оны оңымен аяқтады. Олар осы операциядан 20 минут бұрын тоқтап қалған донордың жүрегін сəтті алмастырып салып, əлемде бұрынсоңды болмаған ғаламат нəтижеге қол жеткізді. Аталмыш операцияны бастан кешкен екі пациент қазір өздерін жақсы сезініп отыр. Ал біреуі əлі интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Жобаның жетекшісі Питер МакДональдтың айтуынша, ол 20 жылдан астам уақыт бойы жүректің организмнен тыс жердегі өміршеңдік

рєын ауылдарында ашылды Та не жə р єы Са ыѕ ын ан ауд Ўлан Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

анында қос бірдей Өткен аптаның соңында Ұлан ауд ына куə болдық. анат салт лу бері Мəдениет үйінің пайдалануға ғимараттары клуб лған ашы а ынд лдар ауы ғын Сағыр жəне Тар ді. бөле а ышқ қуан екі ауылдың тұрғындарын зор 160 миллион теңге Сағыр ауылындағы мəдениет үйі . Жаңа ғимараттың нды салы на көлеміндегі мемлекет қаржысы дігі мен кіта пха на, 200 ішін де ауы лды қ окр угті ң əкім Клубта 4 үйірме мен қан. алас орындық мəжіліс залы орн йді. Басым бөлігі Қытай дыбыс жазу студиясы жұмыс істе н қан дас тар ымы здан арға ауд мен Моң ғол ияд ан қон ыс бір жарым мың адамның тұратын Сағыр ауылындағы клуб үйі қазірдің өзінде ауыл ет ени игілігіне қызмет етеді. Мəд ты. Мəд ени ет үйін ің тұр ғын дар ына қыз мет ете бас тап Бердібек Сапарбаев ысы басш жұмысымен танысқан өңір керектігін жеткізді. клубты барынша тиімді пайдалану

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қасиетін зерттеп келген. Осы ізденіс оны алдымен «қорапшадағы жүрек» қондырғысын ойлап табуға жетелеген. Оның мəні осындағы арнайы контейнерге донордың қаны құйылады, сосын онда орган қондырылады. Соңынан электр жүйесі іске қосылып, органның соғып кетуіне жеткізіп, қалыпты температураны ұстап тұрады. Донор жүрегі салынар алдында контейнерде кемінде төрт сағат ұсталады. Дəрігерлер осы арқылы транс плантациялы органның қалай жұмыс істеп кететінін алдын ала біліп отырады. Мұрат АЙТҚОЖА.

Сондықтан өңірдегі – Ауылдар – еліміздің келешегі. жақсартуға, білімі ғын аулы ауылдардың тұрмысы мен денс ан Назарбаев жіті сұлт Нұр асы Елб руге көте мен мəдениетін 30 мемлекетінің н ыға дам нің көңіл бөліп отыр. Еліміз əлем е мəдениетіміз бірг збен камы оми экон үшін қатарына қосылуы луда. Мұның жаса ай жағд де бен руханиятымыздың ілгерілеуіне ім мəдениет зəул а мын лген бері ге ріңіз ікте игіл дəлелі – сіздердің анатында. салт лу ашы ың ратт сарайы, – деді облыс басшысы ғима да тура ғы оша ениет Тарғын ауылында ашылған мəд н аудаҰла . рген көте бой н Сағырдағы ғимараттың үлгісіме ың тард дық ын мблі тарғ нының «Бескөл» этнографиялық анса ындаған концерттік дай айы қуанышына ортақтасып, арн бағдарламасын ұсынды. Тілейханның айтуынМəдениет үйінің меңгерушісі Хамит ндық мектебі жəне ақы , месі үйір а быр дом та ша, ауылдық клуб йді. 400 отбасы тұратын фольклорлық ансамбль жұмыс істе н Моңғолиядан көшіп бұры жыл он ит Хам а Тарғын ауылын сында еңбек еткен ол енді келген екен. Баян-Өлгейде өнер сала істеп, ауыл өнерпаздарын ыс жұм да сын сала өз атамекенінде де ығын жеткізді. шыл риза а даярлауға мүмкіндік туғанын

Ќос Мəдениет їйі

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы. –––––––––––––––––––––

ЕВ.

Суретті түсірген Есімхан ОРЫНБА

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Симфониялыќ оркестр Аргентина мен Бразилияда ґнер кґрсетеді

Құрылғанына 80 жыл толып отырған Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының академиялық симфониялық оркестрі алдағы күндері мұхит асып, Аргентина мен Бразилияға аттанбақ. Осылайша филармония тарихында симфониялық оркестр тұңғыш рет Оңтүстік Америкаға өнер сапарына шыққалы отыр. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қарашаның 4-14 аралығына жоспарланған шығармашылық сапар туралы филармонияның бас директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, профессор Мұхтар Өтеуов былай дейді: – Алдын ала Мəдениет министрлігімен ақылдасып, келісілген жоспар бойынша біздің Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр ұжымы Аргентина мен Бразилия елдерінде 6 концерт бермек. Оркестрді біздің арнайы шақыртуымызбен француз дирижері Николас Краузе

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

––––––––––––––––––––––––

 Мерей

Австралия хирургтері ґлген кісініѕ жїрегін тірі адамєа салды

 Жағымды жаңалық

Меншік иесі:

табуда. Айта кету керек, фестивальге қатысушылар екі кезеңде «қазақ вальсі королінің» 4 əнін орындап шығуға тиіс болатын. Бұл ретте əн мерекесін ұйымдастырушылар қазылар алқасы тарапынан қойылған осынау талаптарды орындаушылардың мүлтіксіз орындап шыққандығын алға тартады. «Қазақстан» Орталық концерт залында галаконцертпен түйінделген фестивальді өткізудегі мақсат əн салу мəдениетін дамыту, «қазақ вальсі королі» əндерін жиі насихаттап жүрген дарынды жастарға кеңінен қолдау көрсету жəне қазақстандық эстрада өнер шеберлерінің əн дəстүрін

барынша қолдап, таратуға мүмкіндіктер туғызу болып табылады. Гала-концертке қатысқан КСРО халық əртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық əртісі Нұрғали Нүсіпжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Аза мат Жылтыркөзов, Жəмила Жарқымбаева, сонымен қатар Шəмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2013» халықаралық əн фестивалінің Гран-При иегері Нұрболат Абдуллин жəне т.б. өнер жұлдыздары Шəмшінің əн қанатын қалықтатуға талмай үлес қосты деуге толық негіз бар. Бірінші жүлдеге Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті Шаһризада Тыныштық, Қазақ ұлттық өнер университетінің 2-курс студенті Мұратбек Хайролда, Қызылорда облыстық филармониясының солисі Назерке Нұраддинова ие болса, екінші жүлде Шəкəрім

атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі Қуаныш Ерзатұлы, Қазақ ұлттық өнер академиясының магистранты Жанел Болат, Қорғаныс министрлігі ансамблінің солисі Ибрагим Жантули мен Қырғыз академиялық опера жəне балет театрының солисі Тілек Найманбаев еншісіне бұйырды. Ал үшінші орынды Астана Мемлекеттік филармониясының əншісі Нұрбол Балапанов, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің 3-курс студенті Сұлтан Ахмет, сондай-ақ қалалық мемлекеттік филармонияның əншісі Диана Маева бөлісті. Шəмшідей асқаралы тұлғаның əндеріне қазір ешқандай насихаттың қажеті жоқ, өйткені ол онсыз да халқымыздың жүрегіне берік ұялаған халықтық қазына саналады. Дей тұрғанмен өзге елдерден келген əншілер Шəмші əндерін шырқап, сөйтіп «қазақ вальсі королінің» үні қиырларды шарлап, қияндағы жұрттың құлағына жетіп жатса, одан қазақ эстрадасы ұтпаса, ешқандай зиян шекпесі анық. Бұған дəлел, биыл да Шəмші есімі ұлықталған додаға шет мемлекеттерден бірталай өтінімдер келіп түсті. Соның ішінен, мысалы, жүлдеге іліккен қырғызстандық өнерпаздың атын айрықша атап өтер едік. Құлашын кең жазып, құшағы жайыла түскен сайын ғажайып інжумаржаны сыңғырлай төгілген Шəмшінің жыр қыраны мұнан да заңғар шыңды бағындырып, əн көгінде мəңгі қалықтай береріне сенім мол.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

басқарып барады. Оркестрдің жеке орындаушы солисі (скрипка) Ғалия Бисенғалиева. Гастрольдік концертте америкалықтар назарына П.Чайков скийдің «№6 симфониясы», М.Мусоргскийдің «Ночь на лысой горе», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Қыз Жібектің түсі» шығармасы (Р.Салауатовтың өңдеуінде) жəне М.Брухтың Скрипка мен оркестрге лайықталған концерттік шығармасы ұсынылмақ. Бүгінгі күндері өнер сапарына дайындық қызу жүріп жатыр. АЛМАТЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары Динара БІТІКОВА, Нұрбай ЕЛМҰРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №427 ek

Profile for Egemen

29102014  

2910201429102014

29102014  

2910201429102014

Profile for daulet
Advertisement