Page 1

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында әлемдік саясатқа қатысты жалпы пікірталаста сөз сөйледі. Елбасы сөзі БҰҰ тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде сөйленуімен де ерекше бағалы.

№185 (28663) 29 қыркүйек СейСенбі 2015 ЖЫЛ

Нұрсұлтан Назарбаев:

Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге шақырамын

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзі Құрметті Төраға мырза! Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті әріптестер! Ханымдар мен мырзалар! Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазір­дің өзінде жаһандық тұрғыдан тарихи мәні бар міндеттерді орындады. Біріншіден, планетамызда адамдар жетпіс жыл бойы дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді. Екіншіден, әлемде аса ауқымды отарсыздандыру жүзеге асырылды. Біріккен Ұлттар Ұйымын 70 жыл бұрын елу бір мемлекет құрды. Ол кезде әлемнің көп бөлігін колониялар мен тәуелді аймақтар алып жатты. Бүгінде әлемдік қоғам­дастықта 193 тәуелсіз ел бар. Үшіншіден, Біріккен Ұлттар Ұйымы күн сайынғы, қиын, бірақ қауіп­сіздік пен даму үшін баршаға қажет­ті үнқатысудың бүкіләлемдік мін­б еріне айналды. Адамзат одан өзінің әралуандықтағы бір­л і­г ін, біздің ғажап бірегей плане­т а­­мыз­ дың тағдырына қатысты­л ы­ғ ы­н ың ортақтығын сезінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының не­ гізін салушылар алдағы алыс бо­ лашаққа ой көзімен қарай білді. Әлем бүгінде олардың бастамалары мен орындалған арманының жемісін көріп отыр. Ханымдар мен мырзалар! Қазақстан халықаралық қаты­ настардағы өзара сенімді қал­пына келтіруге, халықаралық құ­қық­тың негізінде бейбітшілік пен қауіп­сіздікті нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Жетпіс жыл бойы әлем­д ік қо­ ғамдастық әскери қақты­ғ ыс­т арды ақылға қонымды шешудің түйінін табуға тырысып келеді. Бірақ қақ­ тығыстар азаяр емес. Олар кей­бір елдерде мемлекеттілікті күйретудің салдарынан шектен шыққан халықаралық терроризмге ұласуда. Адамзат соғыстардың алдын алу және қақтығыстардың сал­дарын еңсерудің ескірген тәсіл­дерінен оларды мәнмағынасыз ететін жаңа даму стратегиясына өтуге тиіс. Ол үшін алыстағы болашаққа батыл көз салып, Біріккен Ұлттар Ұйымына 100 жыл толатын кездегі әлемнің қандай болатынын көре білуіміз керек. Мен Жер бетіндегі өркениет таяудағы отыз жылда соғыстар мен қақтығыстардың шиеленген түйінін даналықпен тарқату үшін күш-жігер таба алатынына сенімдімін. ХXI ғасырда адамзаттың ең бас­ты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс. Сол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стра­тегиялық Бастама – 2045 жос­парын әзірлеуді ұсынамын. Оның мәні – барлық ұлттардың әлем­ дік инфрақұрылымға, ресурс­т арға және нарықтарға қол жет­кізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондайақ, адам­заттың дамуы үшін жалпыға

ортақ жауапкершілікті орнықтыру. БІРІНШІ. Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыруды ұсынамын. Оның құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы сайлаған мүше мемлекеттермен қатар, Бі­рік­ кен Ұлттар Ұйымының маман­дан­ дырылған мекемелерінің барлық басшылары, соның ішінде Халықаралық валюта қорының да басшылары ене алар еді. Кеңеске Жаһандық эконо­ми­калық реттеушінің міндеттері жүктелуге т и і с . К е ң е с ж ү з е г е а с ы р­ а т ы н бүкіләлемдік жобалар жаһандық экономикалық өсім нүкте­леріне айнала алады. Бұл жаһан­дық дағдарыстар қатерін айтар­лықтай азайтуға, сондайақ, мем­лекеттердің ұлттық экономика және әлеуметтік саясат мәселе­ леріндегі жауапкершілігін күшей­туге септігін тигізеді. Жобасы Астана Экономикалық форумы аясында қызу талқыланып келе жатқан Дағдарысқа қарсы дү­ ниежүзілік жоспар идеясы өте өзекті болып көрінеді. Әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелер – терроризм, мемлекеттердің күйреуі, көші-қон және өзге де келеңсіз құбылыстар эко­­но­микалық дағдарыстың, ке­дей­ ші­ліктің, сауатсыздық пен жұмыс­сыз­ дықтың салдарлары болып табы­лады. Жаһандық дағдарыспен кү­р ес­ ті қазіргі кезде заңдылық, демо­ кра­т иялылық, бәсекелестік, тиім­ ділік және халықаралық бақылау

ұстанымдарына сай келмей отыр­ған эмиссия мен әлемнің резервтік валюталары айналымын реттеуден бастау қажет. ХХI ғасырда әлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек. Жаһандық орнықты даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлт үстілік әлемдік валюта әзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет. ЕКІНШІ. Хиросима мен Нагасакиді атом қаруымен бомбалаудан соң 70 жыл өткенде ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы бас­ты мақсаты етуге шақырамын. Бірік­кен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларация­с ын қабылдауды ұсынамын. Қазақстан – ядролық полигонды жапқан және ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ, Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел. Ядролық қарусыз аймақты әлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста да құрған жөн. Ядролық державалар ядролық қаруға иелік етуден бас тартқан барлық елдерге күш қолданбауға кепілдік беруге тиіс. Біз Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екі раун­ дын 2013 жылы Алматыда өткізуге бастамашы болдық. Иран ядролық бағдарламасы бойынша жалпыны қамтитын іс-қимыл

жоспарына қол қойылуын қоштаймыз. Қазіргі таңда мемлекеттердің бейбіт мақсатта қолданылатын атомға және ядролық отынға кем­ сітусіз қол жеткізу құқығын кепіл­ дендіру қажет. Нақ осы себепті біз Қазақстанда МАГАТЭ-нің Ха­ лықаралық аз байытылған уран бан­ кін құру туралы келісімді қолдап, қол қойдық. Бұл – жаһандық ау­қымдағы оқиға. Әлем оны атом­ды қауіпсіз әрі бейбіт мақсатта қо­л­данудың маңызды қадамы ретінде бағалауға тиіс. Сонда атом энергетикасын дамытқысы келетін елдер үшін уранды өздері байытудың еш қажеттілігі болмайды. Жаһандық антиядролық қоз­ғалыс құру маңызды міндет болып отыр. Жер бетіндегі әрбір адам ядролық сынақтарға тыйым салу ісіне өз үлесін қоса алады және солай болуға тиіс. ҮШІНШІ. Халықаралық құ­қық­тың қадірінің азаюы мен жаһандық институттар рөлінің әлсіреуі қауіпті сынқатер болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы дүние­жүзілік соғыстар мен әскери қақты­ғыстардың миллиондаған құрбандарының қанымен жазыл­ғ анын ұмытпау маңызды. Оның баптарының, әсіресе, мем­л е­к ет­т ердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жө­нін­дегі баптарының қандай да бір бұзылуы адамзатты өткеннің қасі­ретті қателігін қайталауға ұрын­ дырады. Санкцияларды Біріккен Ұлт­ тар Ұйымының Жарғысы мен ха­ лықаралық құқық нормаларына қайшы келетін әрекет ретінде бағалап,

олардың өз бетімен қолда­н ылуын болдырмау қажет. Мил­л иондаған адамдардың игілігіне әсер ететін халықаралық санкция­л ар қолдану құқығы Қауіпсіздік Кеңе­сінің ерекше құзырында болуға тиіс деп сенемін. Бұл қағи­дат­тарды сақтамау қазіргі әлем­дік тәртіптің негіздерін ыдыратады, «қырғи-қабақ соғыстың» сар­ қыншағына айналады. Әмбебап ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыра алатын балама жоқ екенін атап айтқым келеді. Елдердің өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындауы қазіргі әлемдік тәртіптің ең басты мәселесі болып қала береді. Қазақстан Украина дағдарысын бейбіт жолмен реттеуді және Минск келісімін қақтығысушы тарап­тардың толық орындауын дәйекті түрде жақтап келеді. Қазір барлық күш-жігерді ха­ лық­­аралық қатынастарда үнқаты­ суды, өзара түсіністікті және се­нім­ ді қалпына келтіруге жұмыл­д ыру керек. Сол үшін 2016 жылы Бі­ рік­к ен Ұлттар Ұйымының халық­ аралық құқықтың арқаулық қағи­ дат­тарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конфе­рен­ циясын шақыруды ұсынамын. ТӨРТІНШІ. Терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһан­д ық ауқымға жайылып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының қол­д ауы­м ен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра ала­тын бірыңғай әлемдік желі құ­руды ұсынамын. Бұл

міндетті жү­зеге асыру үшін Біріккен Ұлт­т ар Ұйымының терроризммен күрес жөніндегі мәселенің бә­р ін қамтитын құжатын әзірлеп, қа­был­ дау қажет. БЕСІНШІ. Біріккен Ұлттар Ұйы­ мының «Баршаға арналған тұрақты энергетика» бастамасын қолдау үшін Астанада 2017 жы­лы «Болашақтың э н е р г и я с ы » т а қ­ ы р ы б ы м е н бүкіләлемдік көрме өтеді. Барлық мемлекеттерді көр­мені дайындауға және өткізуге қаты­суға шақырамыз. Болашақты ескеріп, «ЭКСПО-2017» көрмесі инфра­құрылымы негізінде Астана­дан Біріккен Ұлттар Ұйымы қол­дауымен Жасыл технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ашуды ұсынамын. Құрметті әріптестер! Біріккен Ұлттар Ұйымының қол­ дауымен «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) тұжырымдамасын әзір­леу Жаһандық Стратегиялық Бас­т ­а ма – 2045 жоспарын жүзеге асы­рудың алғашқы қадамы болар еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының құ­ рыл­ғанына 70 жыл өткеннен кейінгі адамзат дамуындағы жаңа кезеңнің міндеттерін нақты айқындау қажет. NEW FUTURE дегеніміз – ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі, сенім, өзара түсіністік және реформалар. Қазақстан Еуразия өңіріндегі қақтығысушы тараптарды бітістіру үшін араағайындық жасауға күш салып келеді және күш сала бермек. Аталған бағыттар мен қағи­даттар Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлану науқанына арқау болып отыр. 70-ші сессияға қатысушылардың барлығын біздің еліміздің кандидатурасын қолдауға шақырамын. Ханымдар мен мырзалар! 70 жыл бұрын Женевада, жұмыс істеуден қалған Ұлттар Лигасының орнына Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылған кезде оның штаб-пәтерін Нью-Йоркте орналастыруға шешім қабылданды. Бұл сол кезеңде халықаралық қатынастар бойынша Батыс Жарты шарының рөлі арт­ қандығына байланысты болған еді. Әлемді дамыту орталығы Кә­р і құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еу­р о­ падан жаһандық өрлеудің жаңа орны – АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нәрсе өзгерді, әлем өзгеше қалыптасты. ХХІ ғасырда даму орталығы әлемнің ең үлкен континенті – ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа сер­ пін беру үшін бұл тарихи мүм­кіндікті пайдаланудың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының штабпәтерін Азияға көшіру мә­се­лесін ойластыруды ұсынамын. Қа­зақстанның бастамаларын ұлттар қауымдастығы қабылдайды деп зор үміт күтемін. Назарларыңызға рахмет!


2

www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

ЖЕР-ЖАЋАННЫЅ ЖИЫНЫ

Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен.

Ўлт – ўлы ўєым Өткен аптада «Əлемге əйгілі» ав торлық айдарының аясында жариялаған «БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы» атты мақаламызды «Бі ріккен Ұлттар Ұйымы туралы қалған əңгімені жақында Нью-Йорктен, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясынан жолдайтын репортажымызда жалғастырармыз» деп аяқтаған болатынбыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам блея сының сессиясына қатысу үшін НьюЙоркке жасаған сапарының алғашқы күнінің жай-жапсарын жазардың алдында осы Ұйымның атауына байланысты бір жайдың басын аша айтып алу шарт. Біріккен Ұлттар Ұйымы... Мемлекеттер емес. Елдер емес. Халықтар емес. Ұлттар. Мұнда көп гəп бар. Қандай ұлттар? Немістер, француздар, поляктар, қазақтар, түрікмендер деген сияқты ма? Олай деуге де болады, дəл олай емес деуге де болады. Мемлекет негізі ұлт деп қарасақ, ал ұлт сөзін этностың бір баламасы деп білсек, солай айтудың жөні келетіні күмəнсіз. Бұл арада біз «ұлт» сөзі қазақ тілінде кəдімгі этностық сипат түрінде де, мемлекеттіліктің басты бір белгісі ретінде де пайдаланылатынын, яғни екі ыңғайда қатар қолданылатынын ескеруге тиіспіз. Елдің басын біріктіретін ұлт ұғымы жайында сөз етіле қал ғанда, «Бізді ұлтымыздан айырғалы жатыр» деп шоршып түсетініміз сондықтан. Ондай сақсынудың жөні де бар болар еді, егер бұл арадағы бар кілтипан жаңағы айтқан қосарланған контексте жатпаса. Расында да, ел азаматтарын бір ұлтқа біріктіріп сөйлегенде қазақ қазақтығынан, өзбек өзбектігінен, украин украиндығынан айырылып, əр адам ұлттық сипатынан сыпырылып шыға келетіндей,

кəдімгі космополитизмнің көлеңкесі көлбең ете қалғандай көрінеді. «Ұлт» сөзін этностық тұрғыда («национальность») қарастырғанда солай екені рас, əрине. Ал «ұлт» сөзін елдіктің сипаты ретінде («нация») қолдансақ ше? О, онда сөзге көзқарас өзгеріп шыға келеді. «Ұлттық кітапхананы» тек қазақтар баратын кітапхана деп қарау, «Ұлттық академияны» тек қазақтар ғылым қуалайтын академия деп санау ешкімнің ойына да кіріп шықпайды. Арасында бірді-екілі ғана қазақ ойыншысы бар құрама командамыз анда-санда қақпаға гол соға қойғанда шетелдік комментатор «қазақтар есеп ашты» десе, арқаланып қаламыз. Тіпті, еліміздегі этнос өкілдерін былай қойғанда, сырттан сатып алынған легионердің өзі жеңіс тұғырына көтерілгенде «қазақ спортшысы» деп атаса да «Мұның қазаққа қатысы қандай?» деп таңданыс танытып жатпаймыз. Ата Заңымыздың ең басында тұрған «Біз, Қазақстан халқы...» деген сөзге байланысты да «Не болды өзі, қазақ халқы да, басқалар да бір халыққа бірігіп, бітісіп, бытысып кетті ме?» деп сөйлеу де құлаққа кірмейтіні анық. Конституцияның бұл анықтамасы ортақ үйімізде орнаған тыныштықтың, шаңырағымызда ұйыған татулықтың Негізгі Заң тілімен тиянақталған тұжырымы түрінде тəнті етеді. Өткен жиырма жылдың ішінде «Біз бір халықпыз» деген түсінік санасезімімізге сіңіп үлгерді. Ал «ұлт» категориясы бұл ұғымнан да биік. Ұлт – қауым, жұрт, ел, халық ұғымдарының квинтэссенциясы, қазақшалап қарапайымдатып қайырсақ – сығындысы. Ойлап отырсаңыз, сөздік қоры соншама бай Абайда «ұлт» деген сөздің қолданылмауы, бұл сөздің жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан кейін ғана айналымға енуі тіпті де тегін емес. Абай заманында қазақтың ел, жұрт болуы мəселелері көтерілген де, ұлт сипатында тұтастана көрінуі нақты мақсат етіле де қоймаған. Ондай мақсатты күн тəртібіне алдымен

Алаш арыстары шығарған. Ал шынтуайтына келгенде ұлт болу, ұлтқа айналу елдіктің ерен межесі, халықтың, этностың басты биігі, мемлекеттілік мығымдығының негізгі шарты. Мынандай күрделі заманда ұлттар ғана мемлекет құра алады. Бəсеке билеген бұл дүниеде ұлттар ғана ел болып тұра алады. Тəуелсіздік – ұлтқа айна ла алған халықтардың ғана маңдайына бұйыратын бақыт. Саны жағынан қазақты бірнеше орап кететін, тарихының тереңдігі де, мəдениетінің деңгейі де бізден кем түспейтін, бірақ сан түрлі, объек тивті жəне субъективті себептермен мемлекет құра алмай отырған этностар мына əлемде баршылық, олардың арасында бір кездерде мемлекет құрғандарының ішінде де кейде ішкі, кейде сыртқы факторларға

биыл өткізілген президенттік сайлаудың басты қорытындысы Қазақстан халқының біртұтас ұлтқа айналуын айғақтауы деп айшықты айтты. Ұлттықтың ұлы белгісі – тұтастық. Президенттік сайлауға азаматтардың 95 пайызы қатысатын, солардың 97 пайызының қалауы бір адамға түсетін елде халықтың ұлттық тұтастық танытып тұрғандығы талассыз. Елбасымыздың қазір қолға алынып жатқан Бес институттық реформаның бел ортасына ұлттық біртектілікті қойғаны да сондықтан. Тұтастықты ту еткен елдің ғана түтіні түзу ұшпақшы. Əсіресе, жаһандасқан, жанталасқан, жағаласқан мына əлемде.

Ана жылы, Қазақстан ЕҚЫҰға төрағалық ететін тұста, 56 мем-

Ассамблеясының көшпелі сессиясын Астанада өткізсек те саспайтын түріміз бар ғой», дегені бар еді. БҰҰ Бас Ассамблеясының көшпелі сессиясы болмайтынын біле тұра, елдігіміздің ерендігіне ризалықтан, елордамыздың мүмкіндігіне сенгендіктен айтқаны ғой. Сонымен бірге, бұл сөзде Бас Ассамблея сессиясының алапат ауқымын аңғарту да бар. Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 193 мемлекет мүше. Əр мемлекет Бас Ассамблеяның əр сессиясына делегация жасақтауға міндетті. Ел делегациясын мемлекет басшысы басқарып баруы міндетті емес. Мысалы, Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына соңғы рет 2011 жылдың қыркүйегінде барған. Осы жолғы сессия бөлекше болып тұр. Біріншіден, Ұйымның 70 жылдығында өткізіліп жатқан

байланысты дербес ел болып тұра алмай қалғандары да аз емес. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев жақында теледидар арқылы берілген сұхбатында

лекеттің басшылары, делегациялары бас қосқан Астана Саммитін табысты өткізіп, көңілді демдеген кезде бір досымыздың: «Ойпырмай, мына қалпымызбен БҰҰ Бас

70-ші, мерейтойлық сессия, екіншіден, тарихтың тар кезеңінде, адамзат тағы бір дағдарыстың табалдырығында тұрған шақта шақырылған, оның үстіне 2000

Мыѕжылдыќ маќсаттары

жылғы Мыңжылдық саммитінде қабылданған 2015 жылға дейінгі Орнықты даму бағдарламасының орындалуын бағалап, 2030 жылға дейінгі бағдарламаны белгілейтін сессия. 15 қыркүйекте ресми түрде бас талған 70-ші сессияның шырқау шыңы – 28 қыркүйек пен 3 қазанның аралығында өткізілетін Жоғары деңгейлі сессия. Осы күндерде болатын жалпысаяси пікірталасқа қатысатын мемлекет басшыларының қатары қай кездегіден де қалың – НьюЙорктегі жер-жаһанның жиынына 90-нан астам мемлекеттің бірінші басшысы келген. Сессия кезінде демалыс күндері деген болмайды. Жексенбі күні Орнықты даму бағдарламасының орындалуы туралы пікірталас басталды. Сессия мəжілісінде бірінші сөз əдеттегідей Бразилия басшысына берілді. Неге «əдеттегідей»? Дəстүр солай дейді. Бразилия президенті Дилма Русеф сөзінің басты арқауы айналадағы ортаны қорғаудың жайы болды. Аталған елде энергияның 25 пайызы қайталама қуат көздерінен алынады екен. Бразилияда шектен шыққан қайыршылықты жою жөнінде жап-жақсы жұмыс тəжірибесі бар. Венесуэла президенті Николас Мадуро осы тақырыпты қаузап сөйледі. «Теңсіздік бар бəленің басы» деген ол босқындар проб лемасын империалистік соғыстардың заңды салдары деп мəлімдеді. Босния жəне Герцеговина, Сербия, Тəжікстан, Болгария, Оңтүстік Африка Республикасы президенттерінің сөздерінде де əлемдегі кедейшілік пен босқындар мəселесі əр қырынан қозғалды. Біріккен Ұлттар Ұйы мында Қазақстанның бастама шылығымен жүзеге асырылған немесе асырылып жатқан нақты істердің өзі бірқыдыру. Бұл орайда біз АӨСШК-ні шақыру, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ жасау, Аз байытылған уранның халықаралық банкін құру, БҰҰ-ның Орталық Азия елдері үшін арнаулы бағдарламасын (СПЕКА) тағайындау, Арал мен Семейдегі экологиялық

апат аймағын сауықтыру, 29 тамызды Яд ро лық қаруға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау, 2010 жылды Мəдениеттер жақындасуының жылы жəне 20132022 жыл дарды Мəдениеттер жақындасуының онжылдығы деп жариялау, БҰҰ аясында Орталық Азия бітімгершілік батальонын (Центразбат) құру сияқты қадамдарды халықаралық қоғамдастық біледі де, бағалайды да. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 27 қыркүйек күні БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзін еліміздің 2000 жылы қабылданған Мыңжылдық мақсаттарының сегізін жүзеге асыруда елеулі табысқа қол жеткізгенін айтудан бастады. Біріншіден, біздің еліміз мемлекеттіліктің негізін нығайтып, аза маттық қоғамды дамытуға қажетті жағдайларды жасай алды, деді Қазақстан Президенті. Екіншіден, елдің ішкі жалпы өнімі 19 есе өсіп, жан басына шаққандағы табыс 13 мың АҚШ долларына жетті. Үшіншіден, қазақ стандықтардың орташа өмір жасы 71 жастан асты. Кедейшілік деңгейі 11 есе төмендеп, 34 пайыздан 3 пайызға түсті. Бала жəне ана өлімінің 65 пайызға төмендеуі де қомақты табысқа қосылады. Қазақстан жылу (парниктік) газдарын шығаруды азайта бастады жəне планетаның биологиялық сантүр лілігін сақтауға септесуде. Біздің елімізде «жасыл экономикаға» көшудің ұлттық тұжырымдамасы бекітілген. Арал апаты туралы айтқанда, Елбасымыз Бүкілəлемдік банктің қолдауымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келті руге қол жеткенін хабарлады. БҰҰ-мен жəне халықаралық қоғамдастықпен бұрынғы Семей ядролық полигонын оңалту бойынша нақты ынтымақтастық жақсы жеміс беріп келеді. Сонымен бірге, Елбасымыз мəртебелі мінберден Орталық Азия елдері өңірдің экологиялық проблемаларын шешу үшін көмекке мұқтаж екенін де айтып өтті. (Соңы 3-бетте).


www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

3

ЖЕР-ЖАЋАННЫЅ ЖИЫНЫ (Соңы. Басы 2-бетте).

Нұрсұлтан Назарбаев Орнықты даму мақсаттарын қабылдау əлемнің елдері мен халықтары үшін бетбұрысты сəт екенін қадап көрсетті. Бұл мақсаттарды жүзеге асырудың негізгі жауапкершілігі ұлттық үкі меттерге жүктеледі. Қазіргі заманның сын-қатерлеріне біздің нақты жауабымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы болды, ол еліміздің əлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуын мақсат етеді, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан қолға алып жатқан «Ұлт жоспары. Бес институттық реформа» мемлекеттік басқару аппаратын жаңғыртуды, азаматтық жəне құқықтық институттардың жұмысын жетілдіруді, экономиканы одан əрі индустрияландыруды көздейді. Еуразия елдері үшін Ұлы Жібек жолының экономикасын қазіргі заманғы деңгейде қайта жаңғырту маңызды міндет болып табылады. Əлемде байлар мен кедейлердің арасы барған сайын ашыла түсуде. Бұл жағымсыз үрдісті Таяу Шығыстағы, Африка, Азия елдеріндегі қақтығыстар тереңдетуде. Қазіргі миграциялық дағдарыс соғыстарға ғана емес, дамудағы үйлесімсіздікке байланысты да өршіп барады, деді Қазақстан Президенті. Стокгольм зерттеу институты ның мəліметтері бойынша, өткен 2014 жылы барлық мемлекеттердің əскери шығындарының көлемі 1,7 триллион долларды немесе əлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құрапты. Осы ғаламат қаржы көлемін хабарлай келіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаев əр ел өзінің қорғаныс бюджетінен 1 пайыз қаржыны жыл сайын БҰҰ-ға бөліп отыруы, оны тиісті мақсатқа жұмсау үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына жұмсалатын Арнаулы қорын құру жөніндегі ұсынысын жария етті. Қазақстан Президентінен кейін сөйлеген мемлекет басшыларының арасында Беларусь басшысы Александр Лукашенконың эмоцияға толы сөзі есте қалды. Ол əлем осы саммитке бұрынғысынан да көбірек алауыздықпен келіп отыр, деп мəлімдеді. Атом бомбасы бар екен деп Иракқа бас салды. Қайда сол қару? Табылған жоқ. Жоқ болса, Ирак президенті не үшін өлтірілді? Олар мұнымен де тоқтап қалмады. Одан кейін Каддафиді қорлап өлтірді. Енді жететін шығар десек, тағы бар екен. Ли виядағы, Сириядағы сұмдықтар басталды. Бəлкім, Еуропаның қақ ортасындағы Украинада болашақ ірі соғыстың ұшқыны лаулап келе жатпағанына кім кепілдік бере алады? А.Лукашенко сөзінің бір тұсында: «Қазір сіздерді тоқтата алатын күш болмай тұр. Бірақ Құдайдың қарғысына қалмаймыз деп

ойлайсыздар ма? Құдай қаһарланса, кім-кімнің де халі мүшкіл болатыны анық», деп те өтті. Грекияның парламенттік сайлауында жақында ғана жеңіске жеткен Алексис Ципрас алдағы кезде бəрін де нарықтың өзі реттеп, орын-орнына қояды дейтін неолибералдық идеяның күні өтті деп мəлімдеді. Украина президенті П.Порошенко сөзінің біраз бөлігі елдегі қиын жағдайға, оңтүстік өңірдегі мəселелерге арналғаны айтпаса да

түсінікті. Оның есесіне ілешала сөз алған Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров аталған мəселені мүлдем айналып өтті. Соған қарағанда, бұл тақырып Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінде қозғалады деп шамалауға болады. Мұндағы дəліз əңгімелерінде Бас Ассамблея сессиясының қарсаңында Украина Ресейді Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето қою құқынан айыруға БҰҰ-ға мүше елдердің қолын жинаған деген сөз де айтылып қалып жатыр. Түстен кейін Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылғы 11 қыркүйектегі тағылық террорлық акт құр бандарына арналған монументке барып, гүл шоғын қойды, тағзым етті. Кезінде, сол алапат лаңкестік жасалғаннан кейін дəл жүз күн өткенде Қазақстан басшысының Дүниежүзілік сауда орталығының 104 қабаттық қос ғимаратының тас-талқаны шыққан орнына барып көргені көз алдымызда тұр.

Активтер ќўны – 10 триллион доллар «Қадірлі Президент мырза, Сізбен кездесуге келіп отырған осы шағын топтың қолындағы активтерінің құны 10 триллион долларды құрайды» – бұл сөздер жексенбінің кешінде, Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі тоқтаған «Four Seasons» отелінің «Cosmopolitan Suit» залында АҚШ-тың жетекші корпорациялары мен қаржы институттарының басшыларымен кездескен кезде айтылды.

«Жексенбінің кешінде» дегенді əдейі екпін түсіре айтып отырмыз. Уик-энд десе тақ тұратын америкалықтарды сенбі, жексенбіде кездесуге келтіру өте бір қиын шаруа. Ал қарамағындағы актив тері жүздеген миллиард долларды құрайтын Америка бизнесінің «капитандарын» сондай кезде, оның үстіне қалаға əлем бас шылары қаптап келіп жатқан қапы лыс күндерде бір жерге жинау деген тіпті болмастай шаруа сияқты.

Бірақ Назарбаевтың беделі сол болмастай көрінген шаруаны да болдыртты. «Blackstone», «Gug genheim», «JR Morgan», «Chevron», «Mikrosoft», «Rfiser» секілді атағы жер жарған бизнес құрылымдарының жетекшілері Елбасымызбен кездесуге бірі қалмай келіп, тəуелсіздік тарихындағы алмағайып жылдар, сол қиындықтарды еңсеру жолдары, жас мемлекеттің инвестиция тартудағы тұңғыш талпыныстары, бүгінгі жеткен биігі туралы əсерлі əңгімені зор ықыласпен тыңдады. «Өзіміздің валютаны шығаратын кезде сол үшін қажетті 400 миллион доллардың өзін таба алмаған елде қазір 100 мил лиард долларлық қор бар. Əрине, Америка үшін бұл

соншалықты көп ақша болмас, бірақ 17 миллион халық үшін онша аз ақша емес», деді Президент. Нұрсұлтан Əбішұлы Америка бизнесінің алыптарына «Нұрлы Жол» бағдарламасы, Бес институттық реформа жайында қолмен қойғандай етіп айтып берді. «ЭКСПО-2017» əлемдік көрмесіне, Астана арнаулы экономикалық аймағына байланысты толық мағлұмат берілді. «1992 жылы келгенімде ел президенті

үлкен Бушқа Қазақстанның қай жерде орналасқанын картадан көрсетуіме тура келген еді. Бүгінде сіздер Қазақстан экономикасының қуаты Орталық Азия мен Кавказ елдерінің барлығының қуатын қосып есептегеннен артық екенін білесіздер», деді Елбасымыз. Президенттің ел өмірінің негізгі қырларының бəрін түйіптүйіп айтып шыққан қысқа қайырым əңгімесінен кейін кездесу модераторы: «Рахмет, Президент мырза. Бұл айтқаныңыз əрі шабытқа толы, əрі шабыттандыратын сөз болды», деді де атақты саясаткер Шимон Перестің «Арман даушылар көп. Арманын жүзеге асыра алатындар аз. Президент Назарбаевтың армандары

көп. Ол сол армандарының бəрін де уақыт өткізіп жатпай жүзеге асырып үлгеріп отырады», деген сөзін келтірді. Қазақстан басшысының сөзінен кейін сөйлеуге ұмтыл ғандардың көп болғаны сондай, модератордың олардың сөзі 4 минуттан аспағаны жөн деп санайтынын қайта-қайта ескертуіне тура келді. Бизнес баһадүрлерінің теңгені еркін бағамға жіберу жөніндегі шешімді қай жағынан алғанда да дұрыс деп бағалағанын

осы арада атап айтуды парыз санап отырмыз. Бұл адамдар – не айтарын білетін, өз сөзіне жауап беретін адамдар. Америка бизнесінің аса ірі өкілдері Елбасы əңгімесінен қазіргі таңда Қазақстан шын мəніндегі серпілістің алдында тұрғанын айқын сезінді. Мысалы, ел Парла мен ті нің қарауына қазірдің өзінде 68 заң жобасы берілгені, олардың барлығы 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енуге тиіс екендігі тиісінше қызығушылық туғызды. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу кезінде тек экономикалық мəселе лерді егжей-тегжейлі айтып берумен шектелген жоқ. Қойылған сұрақтардың бірқатары əлемдегі бүгінгі күрделі геосаяси

ахуал, қақтығысты түйіндерді тарқатудың жолдары, Қазақстан Президентінің бітімгершілік миссиясы жайында бол ды, олардың бəріне де тыңғылықты, уəжді жауаптар қайтарылды. Айналып келгенде, кездесудің бүкіл өн бойында Елбасымыздың бүкіл əлемді қамтитын ой көкжиегі, тығырықтан жол табар кемел ақылы, Шығыс даналығына суарылған бейнелі тілі жиналғандарға қандайлық əсер еткенін сəт сайын сезініп, мақтаныш сезіміне бөленіп отырдық. БҰҰ-ның мерейтойлық сессиясына қатысу аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Cisco Systems компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джон Чем берс пен кездесті. Кездесу барысында трансұлттық компанияның Қазақстандағы қызметін одан əрі дамыту мəсе лелері талқыланды. Бұл ретте ин новация лар жəне жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылды. Қазақстан Президенті Cisco Systems компания сымен ықпалдастық аясын кеңейтудің маңыздылығын, бұл жұ мысшыларының саны 70 мыңнан асатын ірі компания екенін атап өтті. Д.Чемберс компания шешімдері «ақылды қалалар» құру

ісінде, білім беру, денсаулық сақтау жəне қауіпсіздік саласындағы түрлі үдерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін екенін айтты. Мемлекет басшысы, сондайақ, Ха лық аралық қаржы корпорациясының атқарушы вицепре зиденті Цзин-Юн Кай мен кездесті. Кездесу ба ры сында жеке секторды дамыту жəне инвестиция салу сала сын дағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар Қазақстанның орнықты дамуды қамтамасыз ету жəне шетелдік инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне де айрықша назар аударды. Дүниежүзілік банк құрылымына кіретін Халықаралық қаржы

корпорациясы дамушы елдер нарығына арналған инвестицияларды басқару мақсатында құрылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның негізгі, соның ішінде орнықты даму, қарусыздану жəне ядролық қару таратпау режімін нығайту, өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелеріндегі өзара іс-қимылын күшейту жолдары талқыланды. Тарап тар Қазақстан ұсынған халық аралық бастамаларды, əсіресе, маусым айында бесінші отырысына Пан Ги Мун қатысқан Əлем дік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезін əрі қарай жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы күн тəртібіндегі негізгі халықаралық мəселелерді де қозғады.

Тіліміз əлем тґрінде Кеше кешкілік Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйы мы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы жалпы пікірталаста сөз сөйледі. Бұл сөз қай тұрғыдан қарағанда да тарихи сипатқа ие дей аламыз. Ең алдымен, Президент сөзі əлемдік ауқымдағы кең тынысымен, адамзат алдындағы күрделі түйіндерді тарқатуға септесетін сындарлылығымен ерекшеленді. Біз оны БҰҰ-ның баспасөз залында дүйім дүниенің қиыр-қиырынан жиналған журналистердің разылық танытқан жүздерінен де көрдік, еліміздің, Елбасымыздың атына айтылған жылы сөздерін де естідік. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөзі əлем саясаткерлерінің қызығушылығын туғызатыны, ондағы аса ауқымды, батыл əрі тосын ұсыныстардың талқылау арқауына айналатыны талассыз деп ойлаймыз. Одан кейінгі айтарымыз мынау. Кеше, яғни 2015 жылғы 28 қыркүйек күні тəуелсіз Қазақстанның шежіресіне мемлекеттік тіліміздің, айналайын ана тіліміздің əлемнің ең биік мінберіне – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төріне көтерілген күні ретінде енетін болады. Иə, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас мінберінен өз сөзін қазақ тілінде сөйледі. Елбасымыздың сөзі əлемдегі ең ірі Ұйымның ресми тілдеріне қолма-қол, тікелей аударылып тұрды. Бұл оқиғаның руханиятымыз үшін ерекше мəнділігін ескеріп, біз Елбасы сөзін, Астана уақыты бойынша түн ортасында айтылғандығына қарамастан, шығып бара жатқан газет нөміріне жедел жолдауды жөн көріп отырмыз.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


4

www.egemen.kz

● Президент поштасынан

Ата-аналар алєысы

Президенттің баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектеп балабақшасында тəрбиеленушілердің ата-аналарынан хат келгені туралы хабарлады.

Балабақша, бастауыш мектеп жəне жоғары сыныптар арасындағы сабақтастық қағидаты жүзеге асырылған бірегей оқу орны құрылғаны үшін ата-аналар алғыстарын білдірген. Мəдениетті, жанжақты дамыған, зияткер əрі табысты тұлға болып қалыптасу үшін балалар қолайлы жағдайда тəлімтəрбие мен білім алып жатқанын атап өткен. Авторлар, сондайақ, осы мекемедегі тіл үйрету бағдарламасын жоғары бағалап, соның арқасында балабақша түлектері мемлекеттік тілді меңгеру жөнінен үздік нəтиже көрсетіп отырғанын айтқан. «Балаларымыздың жетістік теріне қарап, қазақ тілін үш жас тан бастап үйрету жақсы нəти же беретінін, бұл оларға бола шақта қажет болатынын

түсі неміз», – делінген хатта. Ата-аналар педагогтар ұжымының кəсіби деңгейі жоғары екенін, тəрбиеленушілермен қатар олар ата-аналармен де белсене жұмыс жүргізетінін атап өткен. «Балабақшада түрлі тақырып бойынша шеберлік сыныптары, фестивальдар, конкурстар, спорт жарыстары, отбасымен бірге киноға, сырғанаққа, табиғат аясына бару сияқты шаралар өткізіледі. Біз өзіміз де «тəрбиеші – атаана – бала» қарым-қатынасының жаңа қырларын танып-біліп жатыр мыз. Педагогтардың əрқайсысына өз жұмысына деген ыжда ғаттылығы мен алға қойған мақсат-міндеттерді іске асырудағы жаңашыл қадамдары үшін алғыс білдіргіміз келеді», – дейді хат авторлары.

29 қыркүйек 2015 жыл

Исатай батырєа ескерткіш орнатылды

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің облыс аумағынан өтетін телімінің құрылысы өзге өңірлерге қарағанда ертерек аяқталды. Енді осы

арасында Исатай батырдың ұрпақтары да бар. Батыр ескерткішінің ашылу рəсімінде сөз алған Қобда ауданының əкімі Асқар Жүсібəлиев еліміздің егемендігі жолын да ерлігімен есте қалған батырларымыздың жанкешті күресі ұрпақ жадында мəңгі сақталатынын айта келіп, күре жолдың бойында орнатылған Исатай батыр ескерткішінің кейінгі ұрпаққа ұлағаты мол, мұның өзі ұрпақтар сабақтастығының айқын дəлелі екеніне тоқталды. Осындай жайлы аялдама салып, Исатай батырға еңселі ескерткіш орнатқан «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетовке ризашылығын білдірді.

Сапалы заѕ шыєаруєа шаќырды

Сенат бюросының отырысында палатаның 1 қазанда болатын кезекті отырысының күн тəртібі келісілді, сондай-ақ, таяуда Мəжілісте мақұлданған 23 заң жобасы жұмысқа қабылданды.

Бюрода Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев атап өткендей, «Мемлекет құрылысындағы 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған заң жобаларын Мəжіліс мақұлдап, Сенаттың қарауына жібере бастады. Қазіргі кезде Сенатта Президент Н.Назарбаевтың институттық реформалары аясындағы 22 заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төрағаның айтуынша, Сенат алдында қауырт жұмыстар күтіп тұр, «қабылданатын заңдардың маңыздылығын ескере келе, біз оларды жан-жақты талқылап, өте мұқият қарауымыз қажет. Уақыттың тығыздығына қарамастан, заң жобалары бойынша қайшылықтар туындаған жағдайда ол мəселелерді терең пысықтап, Үкіметпен бірлесе отырып шешім қабылдаған жөн болады», – деді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Сенат Төрағасы еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты Мəжіліс жедел түрде мақұлдаған екі заң жобасына да назар аударып, сенаторларды заң жобаларын басымдық ретімен қарауға шақырды. Бұл жерде əңгіме 1994 жылғы 15 сəуірдегі ДСҰ-ны құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы жəне біздің еліміздің осы ұйымға кіруіне байланысты заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобалары жайында болып отыр. Бюрода Мəжілістен түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Ал Сенаттың 1 қазанда болатын жалпы отырысына 13 заң жобасы шығарылатын болды. Атап айтқанда, депутаттар ДСҰ-ны кұру туралы Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы

туралы хаттаманы ратификациялап, ДСҰ-ға кіруге байланысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарайды. Палата ЕАЭО шеңберінде дəрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді, ЕАЭО шеңберінде ме дициналық бұйымдар (медици налық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді, Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны, қазақстан мен Ресей арасындағы қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары жəне оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан əрі пайдалану тəртібі туралы үкіметаралық келісімді, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, Қазақстан мен Иран арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауды жоспарлап отыр. Одан басқа, сенаторлар «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ, жолкөлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиа тасымалды дамыту мəселелері бойынша; арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша; сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша; сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша заңнамаға бірқатар түзетулерді бірінші оқылымда талқылау жоспарланды.

күре жолдың бойында сервистік қызметті дамыту, жолаушылар мен жүргізушілерге жағдай туғызу қолға алынуда. Міне, Ақтөбе жəне Батыс Қазақстан облыстарының шекарасында салынған əсем аялдаманы осы бағыттағы сəтті қадам деу орынды. Əңгіме аялдамада да емес, ең бастысы – мұнда күре жолдың бойына елі үшін шыбын жанын пида еткен ер Исатайға еңселі екерткіштің орнатылуында еді. Жақында осы аялдама мен Исатай батыр ескерткішінің салтанатты ашылуы болды. Бұл шараға Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан қонақтар келді. Олардың

– Мен бір келгенімде, Исатай батырдың зираты қоршалмай, күтімсіз жатқанын айтып, сол кездегі билік басындағы жігіттерді ұялтқанмын. Шыны керек, ол кездің саясаты басқа, көзқарасы бөлек еді ғой. Дегенмен, жігіттер намысқа тырысып, басына белгі орнатып, тым тəуір шаруа жасағанды. Кейін батырдың ұрпақтары бас болып, келісті кесене орнатқанын да білемін. Ал, мына күре жолдың бойындағы ескерткіш – ұрпаққа ұлағат болатын іс, – деді Алаштың ақын қызы Ақұштап Бақтыгереева. Философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанов бұл

істің ұлағаттылығына тоқталды, үлкен жолдың үстіндегі жолаушылар бұл кімнің ескерткіші деп бұрылып келіп, батырды есіне алатынын, жас ұрпаққа өнегеүлгі болатынын, сайып келгенде, осындай қадамдар арқылы жас ұрпақтың бойында елге, жерге, батыр бабаларға деген сүйіспеншілік қалыптасатынын жеткізді. Мұны Мəңгілік Ел болудың шаруасы деп бағалады. Атыраудан арнайы келген Исатайдың бесінші ұрпағы Ғазиз Шамақов елдік істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс сезімін білдірді. «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек айтқандай, Қобда өңірі – батырлар мекені. Мұнда Қобыланды батыр, Абат-Байтақ, Исатай батыр мəңгі дамылдауда, кешегі Ұлы Отан соғысында сегіз бірдей Кеңес Одағының Батыры шыққан қасиетті топырақ. Осы жерден он-жиырма шақырымдай жердегі Шейітсайда Исатай батырдың зираты бар. Оның басына келісті кесене орнатылғанын жоғарыда айттық. Жаңа ғана ашылған ескерткіш алыс жолдың үстіндегі жолаушыларға осы маңда Исатай батырдың соңғы шайқасы болғанын, денесі де осында жер қойнауына берілгенін көрсетіп тұратын болады. Осы шаруаны тиянақтап жүзеге асырған «Қазақавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Бағлан Баймағамбетов бұл жолшылардың Қазақ хандығының 550 жылдығына қосқан үлесі екенін айтты. Аялдама мен Исатай батыр ескерткішін орнатуға бюджеттен ешқандай қаржы шықпапты. Жолшылар бұл нысандарды өз күштерімен, іскер азаматтардың демеушілігімен салған көрінеді. Өңірге белгілі суретші-мүсінші Аяпберген Қарпықов ескерткішті екі айда ұлутастан қашап дайындаған. Батыр ескерткішінің салтанатты ашылуына қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызып, ескерткіш маңын көріктендірді. Қонақтарға дастарқан жайылып ас берілді, Исатай батыр рухына құран бағышталды.

Тарихќа – таєзым Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында тағылымды бір іс-шараны Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы ұйымдастырды. Ер қанаты атқа мініп, қазақ хандары мен батырларының тұлғасын сомдаған студенттер бастаған топ Төле би көшесімен шеру жасап жүріп өтті. Сондай-ақ, ТарМПИ оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Тарихқа тағзым» атты Ұлы Дала өркениетінен театрландырылған көрініс қойылды. Тұмар-ана аманаты бүгінгі ұрпақтардың көңілін толқытып, жүрегін тебірентсе, Майқы би, Кетбұға, Асан қайғының тектілігі де көрініске арқау болды. Əсіресе, Керей мен Жəнібек хандардың Есенбұғадан жер сұрап, Қазақ хандығын құруға талпынған

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі кезде қарапайым жұмыскерлердің еңбегіне деген құрмет ұлғайып келеді. Оны екі жылдан бері мемлекеттік деңгейде аталып келе жатқан Еңбек күнінен көруге болады. Осынау ізгі шараның маңызы бұдан былай бұрынғыға қарағанда əлдеқайда арта түсті. Ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Еңбек даңқы» төсбелгісінің үш бірдей дəрежесін алған азамат бірден «Қазақстанның Еңбек Ері» мəртебесімен теңесетін болды. «2013 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Еңбек күні бекітілген болатын. Бұл мереке жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде тойланады. 2014 жылы Елбасының

Жамбыл облысы. ––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Ақтөбе облысы.

Еѕбек адамына ерекше ќўрмет Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вицеминистрі Біржан Нұрымбетов баспасөз мəслихатын өткізді. Оған Республикалық кəсіподақтар ұйымы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмағалиева мен «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев қатысты.

тұсын студенттер шынайы бейнелей білді. Өз дəуірінде барша қазаққа жанашыр болған Абылай ханның асқақ болмысы қойылым барысында көпшілік назарына ұсынылды. Одан бөлек, «Біржан мен Сараның» айтысынан үзінді қойылып, қазақтың қазыналы айтыс өнеріне де көпшілік куə болды. Абай Құнанбаевтың даналығы, қалың елі қазағына «Бес нəрседен қашық бол, бес нəрсеге асық бол» деген өсиеті бүгінгі ұрпақтардың жүрегіне жетіп, толқытты. Ұлы Отан соғысынан көрсетілген көріністер де шынайылығымен баурады. Бауыржандай батырдың үні рухты жаныды. Қойылымның өн бойынан асқақ рух, айбын байқалып тұрды.

тапсырмасына орай, елімізде «Еңбек ардагері» медалі пайда болды. Бұл медаль өзінің еңбек жолында жоғары нəтижелерге қол жеткізген зейнет жасындағы адамдарға беріледі. 2014 жылдың 26 қыркүйегінде өңір-өңірден 300-ден астам жұмысшының қатысуымен Астанада «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» атты форумда еңбек адамдары алғаш рет осы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған болатын. Ал биыл Мемлекет басшысының наурыз айындағы Жарлығына сəйкес, жаңа үш дəрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі бекітілді. Айта кетерлігі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің үш дəрежесіне ие болған азамат мəртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие азаматтармен теңеседі», деді Б.Нұрымбетов. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бұл марапат тек қарапайым жұмысшыларға беріледі жəне осы жылы Тəуелсіздік күніне орай орден алғаш рет тапсырылады екен. «Осы марапат ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен, сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға жəне ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі нəтижелі жұмысы үшін тек қарапайым жұмысшылар мен еңбек адамдарына беріледі. «Еңбек даңқы» орденін алғаш рет алдымыздағы Тəуелсіздік күніне орай тапсыру жоспарланып отыр», деді ол. Орден туралы жағымды жаңалығын

жариялап болған министрдің орынбасары сөзін дəйектей түсу үшін Мемлекет басшысы айқындаған бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 88-қадамын жүзеге асыру, сондай-ақ, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын əрі қарай ілгерілету мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары 2015-2016 жылдарға арналған «Еңбек күні» мейрамын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіткенін айтты. Бұған қоса, осы кезде аталған мереке республиканың барлық аймақтарында кең көлемде тойланып жатқанын алға тартты. Одан кейін сөз алған кəсіпкерлер палатасының өкілі мереке жөнінде жылы пікірін білдіре отырып, еліміздегі маман тапшылығына тоқталды. Жұмысшы мамандардың мəртебесін көтере келіп, жастарды нақты кəсіптерге тарту керектігі жөнінде айтты. Сөйтсе, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігімен бірге 5 мыңнан аса кəсіпорынға зерттеу жүргізген «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы осы ұйымдарға 67 мың маман қажет екенін анықтаған. «Еліміз бойынша индустрияландыру ісі қарқын алған. Əртүрлі салада ашылып жатқан кəсіпорындар жаңа технологиялар мен жаңа құрылғылар əкелуде. Еліміз инвесторларды көптеп тартып жатқанымен, кадр даярлау ісі əлі де ақсап тұр. Яғни, индустрияландыруға ілесіп үлгере алмай жатырмыз. Жаңа құрылғыларды еркін

меңгерген маман табу өте қиын. Білікті маман тапшылығы ел экономикасының бұдан да жақсы дамуын тежеп отырған факторлардың бірі», деді Н.Алтаев. Маман дайындаудың маңыздылығына қайта оралған төраға орынбасары бүгінгі таңда Қазақстандағы колледждердің 14 мыңнан аса студенті дуалды бағдарлама бойынша білім алып жатқанын жеткізді. «Былтыр «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы дуалды білім беру бағдарламасын енгізу жөнінде жол картасын əзірлеген болатын. Бүгінгі таңда осы бағдарламаға Қазақстанда 838 кəсіпорын қатысуда. Бұл кəсіпорындар, ең алдымен, колледждерге қажетті маман оқыту үшін тапсырыс береді, екінші жағынан, болашақ маман иелерін өндірістік тəжірибеден өткізу үшін өздері де атсалысады. Бүгінгі таңда 14 мыңнан аса колледж студенті осы дуалды бағдарлама бойынша білім алуда. Кəсіпорын тарапынан тиісті келісімшарт пен тапсырыс бар болған соң, бұл түлектер жұмыссыз қалмайды», деді ол. Тіпті, кəсіпорындар колледждерге белгілі бір деңгейде басшылық жасайтын бағдарлама да бар екенін айтып, оның жөнжобасы жөнінде баяндады. Ол бойынша, кəсіпорын қажетті мамандықтар жөнінде неше студент оқыту керегін айтып, колледж жұмысына ішінара қатысып отырады екен. «Қазір кəсіпорын мен колледж арасындағы өзара байланыс бойынша 31 келісімшартқа қол қойылды. Кəсіпорындар жанынан мамандардың біліктілігін арттыратын 39 оқу орны да құрылған», деді палата төрағасының орынбасары.

Жалпыўлттыќ инновациялар байќауы басталды Кїн тəртібі наќтыланды

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, онда жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутаттар назарына қайырымдылық, демеушілік жəне меценаттық қызмет, органикалық өнім өндіру, ақпаратқа қол жеткізу жəне Еңбек кодексі жобасына қатысты заң жобаларын ілеспе құжаттарымен бірінші оқылымда, ал қоғамдық кеңестер туралы заң жобасын ілеспе құжатымен екінші оқылымда қарау ұсынылған. Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тəртібіне

халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы мəселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда, жергілікті полиция қызметінің жұмысына байланысты түзетулер екінші оқылымда енгізіліп отыр. Мəжіліс депутаттары, сондайақ, волонтерлік қызмет туралы заң жобасына қатысты бейінді комитетке қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындайтын болды.

Елімізде Жалпыұлттық инновациялар байқауы басталды. Осыған орай биыл Инвестициялар жəне даму министрлігі алға бірқатар міндеттер қойып отыр. Олардың ішінде барлық аймақтардан бөлек, оқушылардан бастап ірі кəсіпорындарға дейін халық арасында барша категорияларды қамту мəселесі тұр. Сондықтан, байқау барысында біршама өзгерістер болады деп күтілуде. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Мысалы, «Оқушылар арасындағы үздік жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік өнертапқыш шешімі», «Кəсіпорында өнертапқыштықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновациялар тақырыбындағы үздік тілші материалы» сынды бес аталымды ерекше атап өтуге болады. Бұл жөнінде Президент жанындағы

Орталық коммуникациялар қызметінде болған бас пасөз мəслихатында аталған министрліктің Технологиялық жəне инновациялық даму департаментінің директоры Азамат Батырқожа мəлім етті. Сонымен қатар, журналистермен болған кездесуде ағымдағы жылдың байқауы аталымдардың кеңейгендігімен өзгеше екендігі сөз етілді. Бұл ретте елімізде ал ғаш рет балалардың үздік

инновациялық жобалары Британ ия кеңесімен таңдалмақ. Сондай-ақ, Британия кеңесінің қолдауымен Лондондағы FameLab сайысының гранд финалында мемлекетіміздің намысын қорғайтын үздік жас ғалым анықталатын болады. Бел гі лі болғандай, осынау бастамаларға Білім жəне ғылым министрлігінің əріптестері мен «ЭксонМобилКазахстанИнк» жəне «Samsung» компаниялары қосылып отыр. Байқау арқылы жас таланттар мен қызықты зерттеулердің дүниеге келуіне жəне келешегінен мол үміт күттіретін инновациялық жобаларды табуға мүмкіндік молаймақ. Айтар болсақ, FameLab байқауының Қазақстанға келуі үлкен қуаныш тудырып отыр.

Сонымен қатар, «Ньютон-ƏлФараби» қазақстандық-британдық серіктес бағдарламасының бөлігі болып табылатын оқушыларға арналған сайыстың да елімізде алғаш өткізілуі жасөспірімдердің жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру бойынша Ұлыбританияның озық тəжірибесімен алмасуға мүмкіндік бермек. Бұл орайда, аталымдарға байланысты бірқатар мəліметтер тарқатылып айтылды. «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба» бойынша оған орта мектептердің 5-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1 жəне 2 курс студенттері қатыса алады. Қатысу үшін өтінімдер үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегі мен 22 қарашасына дейінгі

мерзімде қабылданады. «Үздік жас ғалым» аталымы бойынша жеңімпаз 7 500 000 теңгені құрайтын бас жүлдені иеленеді. Ал байқаудың жүлдегерлері, яғни 2 мен 3-орындағыларға сəйкесінше 2 500 000 жəне 1 500 000 теңге тағайындалған. Олар Ұлыбританияда Education Tour сапарына баруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері арасында инновация тақырыбындағы үздік журналис тік материалдар байқауы ұйымдастырылады. Онда «Мерзімді басылымдағы үздік материал», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік телевизиялық бағдарлама», «Үздік интернет-материал» делінген аталымдар бойынша жүлде тағайындалатын болады.


29 қыркүйек 2015 жыл

 Теледидар терезесі

Тең-тең жүк артқан түйелер... Көпестердің киімдерін киген саудагерлер... Бес қаруы сай күзетшілер... Əрине, көше бойынан дəл осындай керуен көрген болсаңыз, сіз де таңғалар едіңіз. Құдды бір баяғы заманға тап болғандай күй кешіп, маң-маң басқан түйелер керуеніне көз алмай қарап қалар едіңіз. Міне, шынында, өткен апта соңында Жамбыл облысына аяқ басқан осынау сауда керуеніне өткен-кеткеннің бəрі таңырқап қарап қалғаны анық. Тіпті, түйені түртіп көріп, естелікке суретке түсіп жатқандардың қатары мол болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылған «Балапан» телеарнасы – Қазақстанда балаларға арналған жалғыз телеарна. Жуырда отандық балалар арнасы өзінің 5 жылдығын жоғары деңгейде атап өтті.

Бабалар жолын жаѕєыртќан керуен

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл керуен өткен жылдың қыркүйек айында Қытайдың Сиань қаласынан шыққан болатын. Екі мыңжылдық тарихы бар Ұлы Жібек жолы осы қаладан басталған екен. Тек сауда емес, мəдениет пен өркениеттің де күретамыры болған Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртып, көне заманның көрінісін көз алдымызға келтірген осынау керуен қазақ пен қытайдың достығын паш етіп, өткен тарихтан сыр шертті. Құрамында бағалы жүк артқан 136 түйе, 8 ат арба жəне жүзден астам қарауылы бар бұл керуен он мыңға жуық шақырым сапар шегіп, бабаларымыздың жүрген жолын жаңғыртты.

Өткен жылы Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барып, екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейде қол жеткізген келіссөздерінің аясында Шэньси провинциясы халық үкіметінің төрағасы Лоу Циньцзянмен бірқатар меморандумға қол қойған болатын. Атап айтар болсақ, Шэньси провинциясының Сиань қаласында бірлескен мəдени халықаралық фестиваль өткізу, өнер мен мəдениет саласындағы технологиялар мен тəжірибе алмасу, сондай-ақ, Қытай археологғалымдарының Көне Тараздың ғылыми-қазба жұмыстарына жəне ҚХР-дың өнер қайраткерлерінің

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін салтанаттарға қатысу туралы келісімге келген-ді. Міне, енді, дүбірлі тойға қатысқалы отырған бұл керуеннің басты мақсаттарының бірі – Əулиеата жерінен Шай үйін ашу. Қытайдың Шэньси провинциясы – əлемге əйгілі «Фуча» емдік шайының отаны болып саналады. Қытайдан шығып, қазақ жеріне аяқ басқан керуенге осынау емдік шай молынан артылыпты. Мұны Қытайдың «Ицзэ Фуча» компаниясы Алматы облыстық кəсіпкерлер пала тасы жəне «Жаңа Жібек жолы» мəдени жəне экономикалық байланыстар халықаралық академиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Əрине, бір жылдан астам уақыттан бері жол жүріп келе жатқан керуенді жамбылдықтар Қордай ауданының шекарасында салтанатты түрде қарсы алды. Қазақы қонақжайлылықпен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар ұсынды. Қонақтар ұлттық ойынымызды тамашалады. Енді, алдағы күндерде бұл керуен Жамбыл облысының бірқатар аудандарын аралап, 8 қазан күні көне Тараз қаласының қақпасынан енетін болады.

Салтанатты кештің шымылдығын ашып берген «Қазақстан» РТРК төрайымы Нұржан Мұхамеджанова: «Елбасы өзiнiң «Қазақстан-2050» Стратегиясында «бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деп атап өткен еді. Мiне, бiз, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Балапан» телеарнасы жəне басқа да медиа-жобаларымыз арқылы осы инвестицияға үлес қосып жатқанымызды зор мақтанышпен айта аламыз. Жас ұрпаққа танымдық, ағартушылық, ойын-сауық, спорттық бағыттағы бағдарламаларды көрсетуден бастаған телеарна қазiр отандық телемультфильмдердi, анимациялық мультфильмдердi, сондай-ақ, телехикаяларды өндiрудi де қолға алғанын жақсы бiлесiздер», – дедi. «Балапан» балалар танымдық ойынсауық телеарнасының негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан жас буынның ұлттық жəне мəдени тұлғасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен үлкендерді сыйлауға, «интеллект» иесі, білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ержетуіне ықпал жасау жəне дені сау, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбексүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тəрбиелеу. Аталған телеарна балаларға танымдық, спорттық, отбасылық, ойын-сауықтық, білім беру жəне ағартушылық бағдарламаларды ұсынады. Тікелей эфирде жүретін балалардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын дамытатын «Ойлан, тап!» жəне балаларға үй тапсырмасын орындауда көмек беретін, олардың оқуға деген ынтасын оятатын «1000 түрлі сұрақ» бағдарламасы; балалардың бойына отансүйгіштік сезімін, достық пен бірлікті дарытатын алғашқы анимациялықфантастикалық «Томпақ» хикаясы; ана тілді жетік меңгеруге жəне қоршаған ортаны жақсы қабылдауға жол ашатын «Балапан жəне оның

«Туєан кїніѕмен, «Балапан!» достары» анимациялық топтамасы; «Əли мен Айя» анимациялық топтамасының кейіпкерлері қоршаған əлемнің жаңа құпияларын күнделікті ашады; балаларды спортқа бейімдеуге бағытталған «Жүзден жүйрік», «Шытырман» жəне «Алақай, балақай!» спорттық-танымдық бағдарламалары; балаларға ағылшын тілін үйрететін «АВС+» бағдарламасы; түрлі тағам даярлауды үйрететін жəне дұрыс тамақтану туралы кеңес беретін «Аспаз мектебі» бағдарламасы; «Əн салайық!» бағдарламасында балалар танымал композиторлармен кездесіп, əн салу өнерін меңгереді; сəнді киінуді үйрететін «Əдемі-ай» бағдарламасы; балаларға білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, олардың дүниетанымын кеңейтетін, технологиялардың жұмыс істеу қағидаттарын үйрететін «Керемет ондық» бағдарламасы; өзінің ерекшеліктері мен қалыптасқан қарымқатынасы бар 6 мен 15 жас аралығындағы балаларға арналған алғашқы отандық «Санжар мен Қайсар» хикаясы, Санжар мен Қайсар əрбір серияда түрлі өмірлік жағдайларға тап болып, туындаған мəселелерді шешеді жəне бірлігі жарасқан топ болып қалады. Сонымен қатар, бес жылдық мерейтой қарсаңында «Балапан» телеарнасы «Батырлар» анимациялық хикаясымен Душанбе қаласында (Тəжікстан Республикасы) өткен «ТЭФИ-ынтымақтастық» Бесінші халықаралық телевизиялық фестивалінде телевизия өнері саласында қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін арнайы жүлдеге ие болғанын мақтанышпен айта аламыз. Хабар таратқан күннен бастап телеарна өз контентін жасаудың көлемін ұлғайтуда. Бүгінгі күні арнаның өз контенті 70%, 30 жоба өз өндірісін құрайды. Телеарнаның Disney, Dreamworks, SONY, Nickelodeon, Iconix, Miramax, Dreamworks, ZDF, Zodiak, Ciber Group, DPS сияқты ірі əлемдік дистрибьютерлермен ынтымақтастығын атап өткен жөн. Сондай-ақ, «Гон», «Майя», «Ақылды Зази», «Пороро жəне оның достары», «Саяхатшы Дара», «Диего», «Əуежай» жəне тағы басқа

Жамбыл облысы. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

Жўртшылыќ ілтипатпен ќарсы алды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық мотошеруге қатысушылар Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласына келіп жетті. «Kz Bike» қоғамдық бірлестігінің президенті, əлемге танымал байкер Дмитрий Петрухин бастаған делегация ат тұяғын тоздырған, құс қанатын талдырған ұлан-байтақ жерімізді мотоциклмен жүріп өту мақсатында тамыз айында Алматы қаласынан жолға шыққан

болатын. Айналасы бір айдың ішінде Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Астана, Талдықорған, Петропавл, тағы басқа аймақтарда болып үлгерген мотошерушілерді көкшетаулықтар да ыстық ықыласпен қарсы алды. Меймандар алдымен облыс орталығының басты көшелерімен шерулетіп жүріп өтіп, Тəуелсіздік алаңында ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты. Облыстық мəдениет басқармасының басшысы Сəуле Бөрібаева киелі Көкше жерінде тарихи тұлғалардың дүниеге келгендігін, Қазақ хандығының 550 жылдық

Болат Ґтемўратов – ITF мїшесі болды Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы (ITF) директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл Чилидің астанасы – Сантьяго қаласында өткен Халықаралық теннис федерациясының президенті мен ITF директорлар кеңесінің мүшелерін сайлаудың қорытындысында белгілі болды.

Жаңа директорлар кеңесінің құрамына əртүрлі елдерден келген 24 үміткердің арасынан 13 функционер мүше болып өтті. Бұған қоса, жыл сайынғы дəстүрлі сайлаудың бұл жолғы кезегінде федерация президенті де жаңарды. Енді ұйымға америкалық Дэвид Хэггерти басшылық етеді. Ол федерацияны 16 жыл басқарған Франческо Риччи-Биттиді алмастырды.

мерейтойын абыроймен атап өтуге ақмолалықтар да өз үлестерін қосып жатқандығын айта келе, қонақтарға зор ризашылығын жеткізсе, ел ағасы Мейрамбек Қиықов ақ батасын арнады. Делегация жетекшісі Дмитрий Петрухин ақмолалықтарға ұлы тойдан естелік ретінде патриоттық жалауды сыйға тартты. Ендігі кезекте Қостанайға бағыт алған мотошерушілердің тағылымдық сапары Тараз қаласындағы дүбірлі тойда өз мəресіне жетпек. Ақмола облысы. Халықаралық теннис федерациясы – əлем теннисінің басқарушы құрылымы. Бүгінгі күнге ол 250 ұлттық ұйымның ба сын біріктіріп отыр. Ұйым теннис ойынының ережесін қайта қарап, өзгерте алады, спорттың бұл түрін Халықаралық олимпиялық комитетке ұдайы таныстыра отырып, оның түрлі жарыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ, теннисті дамытумен жəне күллі əлемге таратумен айналысады. «Егемен-ақпарат».

Мўраєаттаєы Мўстафа мўралары Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақтың алтын құрсақты аналары алты құрлықты аузына қаратқан дарынды ақындар мен арынды батырларды дүниеге əкелгені əмбеге аян. Елім деп еміренген, тілім деп тебіренген ұрпақтың ұлттық рухы өлмесін деп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған арыстай азаматтары да аз емес. Солардың бірі де бірегейі Мұстафа Шоқай десек, артық айтқандық болмас, сірə. Ол ұлт алдындағы парызын өтеді. Енді біздер Алаш азаматының еңбегін ескеріп, ұрпақтық қарызымызды қайтаруға тиістіміз. Осы мақсатты алға қойып өткен аптада елордадағы Ұлттық мұрағатта қоғам қайраткері, ойшыл, ғалым Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына орай «Мұстафа

5

www.egemen.kz

Шоқай: Алаш арысы» атты құжаттық көрме көрсетілді. Көрмеге алғаш рет Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне қатыс ты Армения, Венгрия, Мысыр, Иран, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция мұра ғат тары, кітапханалары мен ғылы ми орталық та рынан алынып Қа зақстан Респуб ликасы Ұлттық мұра ғаты ның №83 қорын да сақтала тын құжаттардың түп нұсқа лары мен көшірмелері қойылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірдебір дəуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан, халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да

қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дəуірде өмір сүрсе де, дəйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген», деген сөзі Мұстафадай арыс қа арналып айтылғандай əсер қалдырады. Аталмыш көрмеге қатысқан қонақтар қатарында Ұлттық мұрағаттың бас директоры Марат Əбсеметов, профессор, мұстафатанушы Əбдіжəлел Бəкіров, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Төлен Əбдік сөз сөйлеп, ұлтым деген ұлы тұлға туралы ойларын ортаға салды. Бұдан кейін Мұстафа Шоқай қоғамдық қорының ұлт тұлғаларын ұлықтауға қосқан үлесі үшін берілетін «Мұстафа Шоқай 125 жыл» мерекелік төсбелгісін тиісті азаматтарға тапсыру рəсімі болды.

көптеген мултьсериалдар эфирге берілді. Қазақ тілінде хабар тарататын «Балапан» телеарнасы алғашында 12 сағат хабар таратса, бүгінде 14 сағат бойы эфирге шығады. Бұл телеарна үш жастан он жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналғанымен, ересек аудиторияның да ықыласына бөленіп үлгерді. Шетелдік контенттің санын азайтудың арқасында меншікті құрамды ұлғайту мүмкін болып отыр. Бүгінгі таңда меншікті өндіріс саны 30-дан 80 пайызға дейін өсті. Сонымен қоса, балалар телеарнасы 6 шілдеден бастап 70 мың халқы бар Байқоңыр қаласында да хабар тарата бастады. Ал көрермен қауымға бұл арна «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік телевизия желісі, 78 кабельдік операторлар мен 2 эфирлік хабар таратушылар арқылы жеткізіледі. Мерейтойды атап өту барысында «Қазмедиа орталығында» «Балапанның ертегі əлемі» атты көрме өтті. Көрмеге елордамыздағы түрлі балаларды дамыту орталықтарының үйірмелері қатысты. Оның ішінде «Оқушылар сарайы» МКҚК саз балшықпен мүсін жасаудан, аквагриммен шеберлік-сыныптар, апликация жəне тағы басқа өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, телеарна көрермендерін биыл тосынсый күтуде. 9 маусым мен 24 тамыз аралығында «Балапан» телеарнасы бүлдіршіндердің ата-аналары арасында ертегі жазудан байқау жариялаған болатын. Байқау қорытындысы бойынша 30 үздік ертегі іріктеліп, жинақ болып басылады. Осы ертегілердің желісімен «Менің ғажайып ертегім» атты бірегей жинақтың телевизиялық нұсқасы шығады. Мұнда еліміздің танымал тұлғалары (эстрада əншілері, актерлер жəне қоғам қайраткерлері) жинаққа енген ертегілерді кішкентай телекөрермендерімізге арнап оқитын болады. Аталған мерейтой қарсаңында кішкентай көрермендерге арналып, Дисней ұсынған «Ақшақар» мультфильмінің тұсаукесері өтсе, ал 24 қыркүйекте балдырғандарға арналып мерекелік шаралар мен көрмелер ұйымдастырылып, келген қонақтарды сан түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламаларымен таңғалдырды. Қысқасы, 5 жасқа толған «Балапанның» мерейтойы балғынбүлдіршіндердің есінде мəңгі жатталып қаларлықтай əсерлі өтті. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

 Өңір өмірі

Кґненіѕ кґзі жертґледе тўрмауы керек Ќызылордада «Ўлттыќ музейге сый тарту» атты шара ґтті Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі сауапты іс бастады. Осыған дейін Астана жəне Алматы қалаларында елдің қолындағы жəдігерлерді жинап, «Ұлттық музейге сый тарту» атты акцияның тұсауын кескен. Бұрнағы күні осы игі шара Қызылорда облысында жалғасын тапты. Шараға Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мен Қызылорда облысы əкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты. Ұлттық музейге сый тартуға Социалистік Еңбек Ерлері Ш ы р ы нк ү л Қ а з а нб а е в а м е н Сəлима Жұмабековалар арнайы келді. Ілтипатты сөзін арнап, өздері тұтынған заттарын тарту етті. Мəселен, Шырынкүл Қазанбаева осыдан елу жыл бұрын өз қолымен тоқыған кілемін берсе, Сəлима Жұмабекова өзі киген қамзолын сыйлады. Сонымен қатар, шараға Тұрмағамбет Ізтілеуов, Ыбырай Жақаев, Ұлбала Алтайбаева, Зейнолла Шүкіров, Асқар Тоқмағамбетов, Дүкенбай Досжан, Батырхан Шүкенов сынды, т.б. ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жəдігерлерін Ұлттық музейге табыстады.

Солайша, кезінде дала академигі атанған Ыбырай Жақаевтың тақиясы мен кетпені Астанаға жол тартты. Сондай-ақ, акция аясында Сыр өңірінің тумалары, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев пен даңқты спортшымыз Илья Ильиннің жеке заттарымен қоса, жергілікті суретші, мүсіншілердің де туындылары музейге тарту етілмек. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы биылғы наурыз айында Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде салтанатты түрде бастау алғанын айта кетейік. Одан кейін маусымда Алматыда жалғасын тапқан еді. Сол кезде Ілияс Жансүгіров, Тахауи Ахтанов, Қаныш Сəтбаев, Өзбекəлі Жəнібеков, Əлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Əзілхан Нұршайықов,

Еркеғали Рахмадиев, Ғарифолла Құрманғалиев, Кəукен Кенжетаев сынды белгілі тұлғалардың ұрпақтары, туыстары қатысып, олардың көзі тірісінде қолданған заттарын Ұлттық музей қорына тапсырды. Осы уақытқа дейін Ұлттық музейге барлығы – 918 зат табысталды. Құнды жəдігерлер бүгін Сыр өңіріндегі азаматтар тарту еткен мұралармен толыға түсті. Аталған шара туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай былай дейді: «Ел іші – өнер кеніші». Жұрттың сандығы мен шкафында, шатыры мен жертөлесінде əлі ашылмаған, ғылыми айналымға түспеген небір құнды жəдігерлер тұр. Оны «бабамның бабасының к ө з і » д е п, е шк і м г е а йт па й, көрсетпей ұстау арқылы сақтаймыз

деп ойлайды. Ал шындығында, бетін аулақ қылсын, оның оттан-судан сақтандырылмағаны былай тұрсын, кез келген зат биологиялық өзгерістердің салдарынан жылдан-жылға жойыла береді. Жəдігердің бүтін қалпын тек бірнеше ұрпағы ғана көруі мүмкін. Кəдімгідей жылмен есептегенде, 50-70 жылда жеке азаматтың қолындағы бұйым, зат жойылып отырады. Əркім өз отбасындағы қадірлі бұйым туралы ойланып көрсінші, соның көбі жоғалған, жойылған немесе қолды болған. Сондықтан, «кез келген мұра музейде сақталыну керек» деген елдік ұстанымды жалпыхалықтық парыз санаудың уақыты туды деп санаймын. Музейге лайықты бұйымды, затты, құжатты экспонат ретінде қорға тапсырудың өзі Қазақстанның кез келген азаматы үшін абырой, дəреже болатын күн де алыс емес. Бұл əлемде бар үрдіс». Шара мақсаты – ұлттық тарихи-мəдени мұрамызды сақтау мəселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ірі тұлғаларының жəдігерлерін кəсіби тұрғыда сақтауға жəне көпшілік назарына ұсыну үшін Ұлттық музейге тапсыруға үндеу. ҚЫЗЫЛОРДА.


6

www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ЕУРОПАДАЄЫ АУЫЗБІРЛІК

Босќындарєа арналєан квота: тґртеуі бір жаќ, ќалєандары бір жаќ Еуроодақ босқындарды бөлу тəсілін айқындады. Бірақ, мұның өзінде ауызбіршілікке қол жеткізе алмады. Осы жағдай мұнан əрі іс барысында қалай көрініс беретіндігі əлі де түсініксіздеу күйде қалып отыр. Брюссельдегі DW тілшісі Бернд Ригерт осы сұраққа жауап іздеп көрген еді. «Егер Еуропалық одақтың 28 елінің ішкі істер министрлері шынымен қажет ететін болса, олар босқындар проблемасымен бетпе-бет келе алады. Себебі, Брюссельде олар мəжіліс құрған ғимараттан үш шақырымдай жерде ғана, соның ішінде мигранттар ісі жөніндегі мекемеге жақын жердегі саябақтағы палаткаларда 800-ге жуық босқындар тұрып жатыр. Олар үшін ауызсу жеткізу, дəретхана ұйымдастырылған. Грекиядағы немесе Хорватиядағы босқындарға қарағанда, бұлардың жағдайы біршама

тəуір деуге келеді. Дегенмен, мұндағы осынау көріністің өзі Еуропаның бейресми астанасын кез келген аралап көрушіні əсерге бөлейтіні анық. Алайда, министрлердің бұл көріністі тамашалауға мұршалары жоқ. Олар босқындарды Еуропаға қалай бөліп орналастыруға болады деген мəселе бойынша қызыл кеңірдек болып жатыр. Осының қорытындысында 22 қыркүйек күні көптеген мемлекеттер Чехия, Словакия, Венгрия жəне Румынияның қарсылығын басуға қол жеткізді. Еуропалық одақтан баспана іздеп келген жəне Грекия мен Италияға тап болған 120 мың адамды бөлу туралы шешім жоғарыдағы аталған мемлекеттердің еркінен тыс қабылданды. Финляндия бұл мəселені дауысқа салуда қалыс қалды», деп хабарлады Брюссельдегі DW тілшісі Бернд Ригерт.

ƏЗІРГЕ МІНДЕТТІ ШЕКТЕУСІЗ Ішкі істер министрлері кеңесінің төрағасы, Люксембург сыртқы істер министрлігінің басшысы жəне миграция істері жөніндегі министрі Жан Ассельборнның мəлімдеуінше, жоғарыдағыдай шешімді Еуропалық одақтың кейбір мүшелерінің қарсылығына қарамастан, олардың еркінен тыс қабылдау қажет болған. «Егер біз шешім қабылдамасақ, онда бізді өзара келісе алмайтын жəне сенімге ие бола алмайтын адамдар қатарына қосқан болар еді», деп мəлімдеген ол. Еурокомиссия əрбір елдің ішкі жалпы өнімінің көлеміне жəне олардағы тұрғындар санына байланысты босқындарды бөлу туралы міндетті квота енгізу мəселесін алға тартып келеді. Бұл мəселені көп кешіктіруге де болмайды. Алайда, бұл жолғы басқосуда да квота туралы нақты бір келісімге қол жеткізілмеген. Отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған құжатта əрбір мемлекет қабылдауға тиіс босқындардың шекті мөлшерлі саны ғана көрсетілген. Мəселен, Германия 31 мың босқынды орналастырса, Чехия – 3 мың, Словакия 1,5 мың адам дегендей цифрлар келтірілген.

Чехия премьер-министрі Богуслав Соботка аталған мəселе жөнінде дауыс бермес бұрын, мұн дай күйдегі босқындарды орна ластыру жүйесі жұмыс істемейтіндігін мəлімдеген еді. Ал оның Словакиядағы əріптесі Роберт Фицо Братиславада отырып, Брюссельде қабылданған шешімді орындамайтындығын жария етті. Сарапшылардың түсіндіруінше, өзіне бөлінген мөлшерге қарағанда, неғұрлым азырақ көлемдегі босқындарды қабылдағысы келетін немесе босқындарды қабылдаудан мүлдем бас тартқысы келетін мемлекет Еуроодақ келісімдерінде бұл мəселе туралы жазылмағандығын алға тарта алады. Мұның өзі Еуропалық одақ елдері ішкі істер министрлерінің осы жолғы шешімдерін орындауды соза түсуге мүмкіндік береді. Алайда, босқындарды қабылдау міндетінен бір адамға 6 500 еуро төлеу арқылы құтылу жөніндегі ұсыныс Брюссельдегі басқосуда қабылданбады. Бұл жөнінде Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер «Босқындардан ақша төлеу арқылы бас тартуға болмайды. Біз мұндай шараға бара алмаймыз», деп мəлімдеген еді.

ТАҢДАУ ЕРКІНЕН ТЫС Еуропаның оңтүстігіндегі босқындарды іс жүзінде қалай бөлуге болады? Қазір Еурокомиссия бұл жөніндегі өз жоспарын əзірлеу үстінде. Венгрия ішкі істер министрі баспана іздеп жүрген босқынды оның өзі тұрғысы келетін жерге жөнелту туралы ұсыныстың орындалатындығына күмəн білдірген еді. Көптеген дипломаттар мұндай жағдайда оларды мəжбүрлеп жөнелтуге бола ма деген сауалдарды қойды. Мəселен, өз еліндегі азамат соғысынан қашып шыққан көптеген сириялықтар Германияда немесе Швецияда тұрғылары келетіндіктерін мəлімдеген. Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер Еуропалық одақ елдері бойынша бөлінген адамдар қай елде тұрғылары келетіндіктерін таңдай алмайтындықтарын, сондықтан олар өздерін қабылдаған жерде

Чехия президенті: егер босќындар біздіѕ тəртібімізді саќтаєысы келмесе, онда ґз їйлеріне ќайтсын Чехия президенті Милош Земан өзінің заңсыз келіп жатқан мигранттарға деген жағымсыз көзқарасын тағы бір дəлелдеді. Ол елдің солтүстік шығысында орналасқан Вышни Лготы кентінде болып, оның тұрғындарымен əңгімелесті. Кент халқына олардың іргесінде мигранттар үшін лагерьдің пайда болғандығы ұнамайды екен. Өз отандастарының алдында сөз сөйлеген президент өзінің

заңсыз келіп жатқан мигранттарға деген жағымсыз көзқарасын тағы бір дəлелдеді. Ол мұнда сонымен қатар, пайда болған лагерь тұрғындарына да арнап сөз айтты. Земан оларды Чехияның дəстүрі мен тəртібін сыйлауға жəне оны сақтауға шақырды. «Сіздерді мұнда ешкім де шақырған жоқ. Ал шақырусыз келген екенсіздер, біздің тəртібімізді сақтаңыздар. Біз де сіздердің елдеріңізге барғанда

осылай етеміз ғой. Ал егер бұл тəртіп сіздерге ұнамайтын болса, онда өз үйлеріңізге жол ашық!», деп мəлімдеді Чехия президенті. Кент тұрғындары мемлекет басшысының бұл сөздерін қол шапалақтаумен қабыл алды. Hospodarske noviny газеті болып өткен осы оқиға туралы жазды. Осы ретте өткен сейсенбі күні Еуроодақ елдерінің басшылары кезектен тыс шұғыл

отырыс өткізіп, онда 120 мың мигрантты өзара бөлу мəселесін қарағандығын тағы бір еске сала кетейік. Осы отырыс қорытындысында тек 3 ел ғана босқындарды бөлу туралы ұсынысқа қарсылығын білдірді. Міне, осы қарсылық танытушы 3 елдің бірі Чехия болды. Сонымен қатар, Венгрия мен Словакия да аталған ұсынысты қолдамайтындықтарын ашық мəлімдеді.

қалуы керектігін атап көрсетті. Өткен аптада Еуропалық одақ 40 мың босқынды ерікті түрде бөлу келісіміне қол жеткізген болатын. Енді таяудағы 2 жыл ішінде тұру үшін 160 мың қосымша орынды табу қажет. Босқындарды орналастыру жөніндегі мəселеге қатысушы өкілдердің бірқатары Еуропадағы босқындар проблемасы мұндай амалдар арқылы олардың проблемаларының шешіліп кететіндігіне күдікпен қарайды. Солардың бірі БҰҰ өкілі Мелисса Флемминг босқындардың жаңа ағыны пайда болған сайын, орын қарастыру арқылы мəселе шешудің қиындыққа түсетіндігін айтады. Еуропаға босқындар аз келген жоқ. Енді қанша келетіндігі тағы белгісіз. Сондықтан, қазіргі қолданылып жатқан амалдар проблеманы түбегейлі шешуге қабілетсіз болып табылады.

БОСҚЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ТЕК ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ Грекия мен Италияға келген адам дарды қабылдау мен бөлудің ірі орталықтарын құру босқындарды ұйымдасқан түрде таратудың алғышарты болып табылады. Мұндай орталықтарды құруды Еурокомиссия бұрыннан ұсынып келеді. Ішкі істер министрлерімен бірлескен мəлімдемелерінде жəне миграция мəселелері жөніндегі еурокомиссар Димитрис Аврамопулостың құжаттарында олар (қабылдау орталықтары) жиі көрініс тауып жатады. Осыған орай Брюссельде мынадай жағдай орын алды. Босқындар мəселесін дауысқа салған кезде Еуропалық одақ елдерінің министрлеріне көпшілік дауыс құқын пайдалануға тура келді. Яғни мəселеде бір ауызбіршілік байқалмады. Бірқатар сарапшылар мұны жаман нышанға балап отыр. Словакия Еуропалық одақтың сотында Еуроодақтың босқындарға квота туралы шешіміне шағым жасамақ.

Ал Германияда құрылыс жүргізу қызу қарқынға ие болады деп күтілуде. Өйткені, мұнда мигранттар үшін əлеуметтік пəтерлер салынбақ. Frontex сыртқы шекараларды қорғау жөніндегі Еуропа агенттігін деректері бойынша, Грекияда əзірге бұл жөнінде құрылысты жоспарлау жұмысы ғана енді қолға алынуда. Осыған орай əртүрлі мекемелердің шенеуніктерінен тұратын жұмыс топтарын құру ісі жүргізіліп жатқан көрінеді. Əзірге мұндай жалғыз орталық Сицилиядағы Катания қаласында ғана жұмыс істеп тұр. Оның үстіне келген босқындарды тіркеу мен оларды одан əрі бөлу бұл орталықтың міндетіне кірмейді екен. Орталық Еуропалық одақ аясындағы əртүрлі мекемелер арасын байланыстырушы қызметін атқаруда. Италиядағы билік органдары босқын мəртебесін беру мəселелерінде осы жерден кеңестер алған екен.

БІР ҒАНА ҚАДАМ, ОДАН КӨП ЕМЕС Бұл мəселені өркениетті түрде шешу жолына кедергі болып отырған тағы бір түйін бар. Ол баспана іздеушілердің барлығын осындай орталықтарға хабарласудың пайдалы болатындығына қалай сендіру керек деген сұраққа келіп тіреледі. Егер босқындар қазіргідей өз беттерімен Еуропаға ағылып келе беретін болса, оларды ұйымдасқан түрде тіркеудің өзі көп қиындыққа түседі. Сондықтан, Австрияның ішкі істер министрі Йоханн МикльЛяйтнер Еуропалық одақтың сыртқы шекаралары қазіргіге қарағанда, əлдеқайда жақсы қорғалуы керек деп есептейді. Демек, Сербиямен аралықтағы шекараларына тосқауылдар тұрғызу арқылы Венгрия аталған мəселеде қателесе қоймаған секілді. Мұндай тосқауылдар Грекия, Болгария жəне Испанияда да бар.

Осыған орай Германияның ішкі істер министрі Томас де Мезьердің айтуынша, əзірге «Тек бір қадам ғана жасалды». Оның пікірінше, мəселе тек босқындарды орналастыру туралы ғана болмауы керек. «Еуропаға босқындардың ағылуын қалайша тоқтатуға, тіпті болмағанда, шектеуге болады? Босқындардың ірі лагері орналасқан елдерге қайтіп көмектесеміз? Түркиямен қалайша тығыз ынтымақтастық орнатып, қорғауды онша қажет етпейтіндерді қайтіп өз елдеріне қайтара аламыз? Міне, бізге осы мəселелер туралы қағидатты шешімдер қажет», дейді ол. Бұл жерде əңгіме қазіргі күні Түркия аумағында тұрған сириялық 2 миллионға жуық босқындарды қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін Анкараға қосымша қаражат бөлу мəселесі туралы болып отырғандығы түсінікті.


29 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

АУЫР СЫНАЌ ЇСТІНДЕ Миграциялыќ даєдарыс немістердіѕ тўтынушылыќ кґѕіл-кїйін бўзып жіберді Германиядағы тұтынушылық көңіл-күй индексі 0,3 пунктке төмендеді. Сарапшылар мұны босқындар дағдарысымен жəне əлемдік экономиканың қазіргі жағдайынан туындайтын қауіпқатерлерден сақтанушылықпен байланыстырады. Нюрнбергтегі GfK маркетингтік зерттеулер институты қазан айында тұтынушылық көңіл-күй индексінің төмендейтіндігі туралы болжам жасаған. Ұйымның сайтында 24 қыркүйек күні жарық көрген есепте осы туралы жазылған. Келесі айда бұл көрсеткіш қыркүйекпен салыстырғанда 9,6 пунктке дейін төмендеуі мүмкін делінген есепте. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі тұтынушылық көңіл-күйді тежеп отырған басты фактор Германияға Таяу Шығыстан босқындардың рекордтық деңгейде ағылуы болып табылады. Сондай-ақ, əлемдік экономиканың қазіргі жағдайы да олардың көңілін қауіпке бөлеуде. Тұтынушылық көңіл-күй индексі

соңғы 4 айдан бері төмендеп келеді. Германиядағы халықтың еңбекпен қамтылу деңгейі, адамдардың табысы жоғары, ал инфляция деңгейі төмен болғанымен, тұтынушылық көңіл-күйде осындай жағдай орын алып отыр. Дегенмен, жоғарыдағы институт мамандарының атап көрсетуінше, қазіргі тұтынушылық белсенділік индексі өткен жылғыдан жоғары. Мəселен, 2015 жылдың мамыр айында бұл көрсеткіш 10,2 пунктке дейін көтерілген болатын. Мұндай жоғары көрсеткіш осыдан 14 жылдай уақыт бұрын, яғни 2001 жылы тіркелген еді. GfK маркетингтік зерттеулер инс титутының мамандары тұтынушылардың көңіл-күй индексін айқындау үшін 2000 азаматқа сауалдама жолдаған. Бұл индекс үш көрсеткіштен құралады екен. Олар: халықтың сатып алуға əзірлігі; адамдардың өздері күтетін табысы; сондай-ақ, Германия тұрғындарының экономикалық жағдайға байланысты сақтанушылығы.

Италияны, Австрияны жəне Еуропалық одаққа мүше тағы да 16 мемлекетті босқындармен қатынас жасаудың шарттары туралы Еуропа келісімін сақтамады деп айыптаған. Осы туралы хабар таратқан

RT тілшісі Питер Оливер былай деп жазады: «Брюссельде Еуроодақ елдері жетекшілерінің миграция мəселелері жөніндегі кезектен тыс саммиті болып өтті. Оның қорытындысында Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод

Дональд Тусктің айтуы бойынша, бұл проблема алдағы уақытта тек шиеленісе түспек. Алайда, бұл мəселені үйлестіру, оған түзету енгізу, тіпті болмағанда біртұтас саясат белгілеу қиын соғып, бұл саммитте оның сəті түспеді. Словакия, тіпті, отырыста қабылданған шешімнің күшін жою немесе оны өзгерту жөнінде сотқа жүгінетіндігін мəлімдеді. Даудың негізі шекаралардағы қалыптасқан жағдай туралы болып отыр. Бұл ретте əңгіме Венгрияны айналып өтпейді. Бұл ел шекараны қорғау мақсатында дуал тұрғызып, оны сым темірлермен керіп тастады. Мұның өзі оның батыстық көршілері тарапынан сын-ескертпелердің өріс алуына алып келді. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан саммиттен ренішті жағдайда кетіп қалды. Оның Еуроодақтың сыртқы шекараларында неғұрлым қатаң бақылауды қамтамасыз ету үшін мигранттар ағынының астында қалған Грекияға көмек көрсету туралы талабын ешкім тыңдап жарытпады. Ақырында бəрі де қаржыға келіп тірелетін секілді. Сириялық босқындарға көмек көрсету қорына 1 миллиард еуро қажет. Мəселені дұрыс шешу үшін

Түркияға да 1 миллиард бөлуге тура келеді. Басқа да өтпелі елдерге, халықаралық агенттіктерге жүздеген миллион еуро жұмсау керек. Осыларды есептегенде тіпті цифрлардың өзі шамырқана түсетіндей. Франция президенті Олланд болса, Еуропаның бұл проблемамен жалғыз өзінің айналысуын əділетсіздік деп есептейді.

Əлем жаѕалыќтары

Асадтыѕ билікте ќалуын ќалайды Əлемдік саяси қоғамдастық Сирия президенті Башар Асад өз қызметінде қалуы қажет деген келісімге келеді. Бұлай болмаған жағдайда, бұл ел «терроршылар үшін жұмаққа айналады», деп мəлімдеген Иран президенті Хасан Рухани CNN телеарнасына берген сұхбатында. «Бүгінгі күні Башар Асадтың билікте қалуы қажеттігіне барлығы келіседі деген ойдамын, – деп атап өтіпті Иран президенті. – Осылай еткенде ғана біз терроршыларға қарсы іс-қимыл көрсете аламыз. Қазіргі билікті нығайтудан басқа əдіс жоқ». Сонымен бірге, ол терроршыл топтармен, əсіресе, «Ислам мемлекетімен» күрес басым мақсаттың бірі болып табылатынын атаған. Бұған қоса Хасан Рухани бұл Сирия үкіметі реформалауды қажет етпейді дегенді білдірмейтінін, аталған мəселелерге экстремистермен күресте айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізген соң қайта оралуға болатынын да атап өткен.

Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Чарли Роузге берген сұхбатында Украинаның бұрынғы басшысы Виктор Януковичтің биліктен тайдырылуына АҚШтың қатысы бар екенін атап өтті. В.Путин іс басындағы билікті конституциялық емес əдістер жəне төңкерістер арқылы кетіруге өзінің қарсы екенін білдірген. «Біздің Құрама Штаттарындағы əріптестеріміз президент Януковичке кімдер қарсы шықса, соларға қолдау көрсеткендерін жасырмады», – деп атап өткен ол осы жөнінде. Президенттің сөзіне қарағанда, Януковичті биліктен кетірерде кімдердің қай жерде жəне қай уақытта кездескенін, оларды қалай қолдағанын, қанша ақша төлегенін, инструкторлардың қайсы елдің қандай аумақтарында дайындалғанын Ресей тарапы біледі. Сонымен қатар, Путин сұхбат барысында Украина Ресейге ең жақын мемлекет екенін де айтқан.

Президент катеріндегі жарылыс

Юнкер одақтың 19 мемлекеті мигранттарға баспана беру туралы Еуроодақ заңдарын бұзғандығын, осыған орай олардың барлығына ескертулер жасалынғандығын мойындады. Бұл елдердің қатарында Австрия, Бельгия, Грекия, Германия, Франция, Швеция жəне басқалар бар. Бұл елдер босқындарды мойындаудың, оларға баспана берудің стандарттары мен үдерістерін жүзеге асырудың еуропалық заңдылықтарын сақтамағандығы үшін айыпталады. Юнкердің сөзі бойынша Брюссельде осы арқылы əрбір еуропалық ел Еуропалық одаққа бекітілген заңдарға бағынуы керектігіне ерекше екпін беріліп отыр. Бəлкім, Еуропа елдерінің басшылары мигранттар санының күрт көбейетіндігін дұрыс бағалай алмай қалған да болар. Шын мəніне келгенде жағдай осылай болып отыр». Тілші, міне, осылай деп жазады. Расында да миграциялық дағдарыстың ауқымы Брюссельдің күткендегісінен əлдеқайда кең арналы болып шықты.

«Бүгінгі күні біз Еуропаға келуге ұмтылатын мигранттар туралы əңгіме қозғағанда тек мыңдаған ғана емес, миллиондаған адам туралы айтуға мəжбүрміз», деген болатын басқосудағы сөзінде Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск. Мұның алдында Еуропалық кеңес төрағасы қалыптасқан жағдайды өткір, қиын сипатты деп мəлімдеген болатын. Өйткені, оның айтуынша, Таяу Шығыстағы, əсіресе, Сирия мен Ирактағы жанжалдың жуық уақытта басылатын түрі жоқ. Сондықтан Дональд Туск Еуропалық одақтың сыртқы шекараларын қорғау қазіргі уақыттағы барынша жедел шешуді қажет ететін мəселе деп есептейді. Алайда, созылмалы сипат алған бұл дағдарысты шешу үшін орасан зор қаражат қажет көрінеді. Еуроодақ елдері БҰҰның миграциялық дағдарыс мəселелерімен айналысатын агенттігіне қосымша 1 миллиард еуроның қаржысын бөлетіндігі хабарланды. Мұның өзі бұрын қабылданған бюджетті екі еселендіретін болады.

Бірлестік мемлекеттерініѕ басшылары сириялыќ келімсектер їшін керісіп ќалды Еуропалық елдер босқындар проблемасына байланысты бірбірімен ашық қарсылыққа шығып отыр. Белград Хорватиядан келетін жүк машиналарын енгізуге тыйым салды. Осыған жауап ретінде Загреб Сербиядан келетін кез келген автокөлік үшін өз шекарасын жапты. Еуроодақ келушілердің проблемаларын шешу үшін бөлінетін қаржы мəселесін де, квота бойынша мəселені де шеше алмай отыр. Өйткені, ортақ келісім жоқ. Таяудағы уақыттың өзінде миллиард еуроны жұмсауға тура келеді. Ал таяудағы жылдарды есепке алатын болсақ, ондаған миллиард еуроның қаржысы қажет болмақ. Қаржы бөлу шешімі Еуроодақ басшыларының кезектен тыс шұғыл отырысында қабылданды. Бұл отырыс Брюссельде болып өтті. Бұл жөнінде келісу жеңіл тиді ме? Аталған шешімді бəрі бірдей қолдап отыр ма? Осы сұрақтарға берілетін жауап жағдайдың əлі де болса тұйықта тұрғандығын көрсететіндей. Еуропа елдерінің басшылары бірнеше сағаттар бойы осы өңірге ағылып жатқан мигранттар мəселесін қалай шешуге болады деген сұрақпен бас қатырды. Еуропалық кеңес төрағасы

ШАРАЙНА

Януковичті кетірудегі АЌШ-тыѕ «їлесі»

Еурокомиссия Еуроодаќтыѕ 19 елін босќындар туралы заѕды бўзды деп айыптады

Үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде Брюссельде миграциялық дағдарысты шешу жөнінде Еуропалық одақтың кезектен тыс саммиті өткені белгілі. Die Welt жариялаған ақпараттар бойынша Еурокомиссия Германияны,

7

www.egemen.kz

Алдағы уақытта Еуропалық саммиттің кем дегенде екі отырысы нақ осы миграциялық проблемалар мəселелеріне арналатын болды. Олар қазан жəне қараша айларында өтпек. Брюссель осы уақыт аралығында Еуроодақ бойынша əріптестер бірінбірі кінəлауды артқа тастап,

оның орнына бірлескен ісəрекеттерге көшетін болар деп үміттенеді. Сарапшылардың айтуы бойынша, мигранттар проблемасы Біртұтас Еуропа үшін бірінші ең күрделі сынаққа айналып отыр. Алайда, бұл проблема əзірге еуропалықтардың бірлесіп əрекет етуге қабілетсіз екенін көрсетіп келеді.

Мальдива республикасының президенті Абдулла Яминнің катерінде жарылыс болды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан мемлекет басшысының зайыбы Фатима Ибрагим жəне катер бортында болған бірнеше шенеунік жараланған. Оқиға кеше А.Ямин Сауд Арабиясына қажылыққа барып, қайтып келе жатқанда, дəлірек айтқанда, катер ел аумағындағы кеме тоқтайтын жағалауға жақын қалғанда болған. Президентпен еріп жүрген министрлердің бірі Мұхаммед Шарифтің айтуынша, жарылыс катердің машина бөлігінде орын алған. Себеп-салдары тексеріліп жатыр.

Ќысќа ќайырып айтќанда:

● «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласына шабуыл жасап, провинциялық кеңес орналасқан ғимаратты жəне аурухананы басып алды. Соңғы мəліметтер бойынша, 14 полицей қаза тауып, 13 содырдың көзі жойылған. ● Ұлыбритания 300-ден астам əскери қызметшісін Оңтүстік Судан мен Сомалиге аттандырмақ. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Суданда БҰҰ миссиясы қызметкерлерінің əскери дайындығымен айналысады жəне инженерлік жұмыстар бойынша кеңестер береді. ● Кишиневте мыңдаған адам қатысқан қарсылық шеруі өтті. Қатысушылар мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді жəне ел президенті Н.Тимофтидің отставкаға кетуін талап етті. ● Қытай басшысы Си Цзиньпин БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде шағын аралдың ең кедей бірқатар мемлекеттердің қарыздарын кешіретінін айтты. Бірақ, ол қайсы елдерге қатысты екенін атаған жоқ.

Жер ойылып, елдіѕ їрейін ўшырды Австралияның Квинсленд штатында көлемі футбол алаңына жақын келетіндей шұңқыр пайда болған. Жергілікті ақпарат құралдарының таратқан хабарларына қарағанда, əлгі шұңқырға бірнеше автокөлік батып кеткен. Аталған төтенше жағдайға байланысты оқиға орнына шұғыл жеткен полиция мен құтқарушылар сол маңда демалып жүрген 140-тай адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оқиғаға куə болған адамдардың бірі Алекс Гловер: «Біз саяхаттап жүр едік. Аяқ астынан қазан шұңқырға тап болдық. Ол тіпті жүк көлігін де «жұтып» жіберіпті», – деді. Ал шұңқырдың ені – 150, тереңдігі – 3 метрдей екен. Квинсленд штатының саябақтар мен табиғат жөніндегі қызметінің мамандары осы жағдайды бақылауда ұстайтынын мəлімдеді. Сондай-ақ, оқиға болған аумаққа геотехника инженерлері келіп, ондағы қауіптілік деңгейін анықтау үстінде.

Билік жария еткен ресми мəлімет Соңғы мəліметтер бойынша, қасиетті Меккенің іргесіндегі Мина жазығында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар саны 769 адамға жеткен жəне 934 адам жарақат алған. Бұл ресми мəліметті Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі таратты. Ал осы елдің ішкі істер министрлігі қажылық рəсімдерін орындау кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тағы 100 мың қызметкер бөлінгенін хабарлады. «Біз құрбан болғандардың көпшілігінің мəйіттерін туыстарына бердік, жерлеуге дайындық шаралары да тез қолға алынды. Бірақ, əлі жеке басы анықталмаған марқұмдар да бар. Тиісті қауіпсіздік органдары мен сот-медицина қызметкерлері орын алған қайғылы жағдайдың себеп-салдарын жан-жақты тексеріп жатыр», – деді елдің денсаулық сақтау министрі Халид əл-Фалиһ.

Тəуелсіздікке ќарай таєы бір ќадам «Рейтер» ақпарат агенттігі жексенбі күні Каталонияда өткен жергілікті парламенттің сайлауында Каталонияның Испаниядан тəуелсіз болуын жақтаушылар жеңіске жеткендігін хабарлады. Алдын ала мəліметтерге қарағанда, сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де аяқталған, дауыс беруге келген сайлаушылар 63 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2012 жылы өткен өңірлік сайлаудан жеті пайызға жоғары. Сайлаудың нəтижесіне орай, төрт партияның басын қосатын «Тəуелсіздік үшін» блогы жергілікті парламенттегі 135 орынның 63-65-ін алмақ. Сондай-ақ, солшыл «Халық бірлігіне кандидаттар» партиясы парламенттен 11-13 орынға ие болуға ниеттеніп отыр. Ұлтшыл партиялар сайлаудағы бұл жеңісін өңір тəуелсіздігі мəселелері жөніндегі жетістігі деп мəлімдеді. Егер олар жергілікті парламенттен ең кемі 68 орын алатын болса, ол үкіметті құруға жəне заңнамаларды өзгертуге мүмкіндік береді. Айқарма бетті дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Интернет материалдары негізінде əзірленді.


8

www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

 Есімі елдің есінде

 Дінің тұрсын дін аман

Дін саясаты – мемлекеттік идеологияныѕ ќўрамдас бґлігі Талғат НЫҒМЕТОВ,

Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Дін саласындағы мемлекеттік саясат Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында, сондай-ақ, «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан хал қына Жолдауында айқындалған шеңберде қалыптасуда. Қазақстанның перспективалық дамуы мен қоғам өмірінің барлық салалары бойынша тапсырмалар айқындалған осынау стратегиялық құжаттарда еліміздегі дін саласындағы қауіп-қатерлер де ескерілген. Жолдауда Елбасы: «Қазақстан – зай ы р лы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дəстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін əлдебір қоғамдық нормаларды

тықпалайтын əрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп ерекше атап өтті. Сол себепті мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық жəне конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды əрі қарай дамыту міндеті тұр. Облыста азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, əртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары атқарылуда. Қоғамды діни сауаттандыруда, жалған діни ағымдарға арбалғандарға көмек беруде теологтардың алар орны ерекше. Бүгінде облыста теолог мамандар саны 8-ге жетті, діни ахуал бірқалыпты дамуда. Бұл, əрине, мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы жолдарды жүзеге асыра білуінің нəтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мемлекеттік құзырлы органдар, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет жасауда. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы аумағында 9 конфессияны құрайтын 74 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті. Атап айт сақ, ислам бағытында – 43 мешіт (ҚМДБ филиалдары, соның ішінде 1 облыстық, 2 қалалық, 12 аудандық, 28 ауылдық), православиелік бағытта – 18, протестанттық бағытта – 11, буддизм – 1, католицизм – 1. 2013 жылы қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер түгел таратылып, олардың қызметіне жол берілмеуде. Бұл тұрғыда 2014 жылдан бастап 19 адамға əкімшілік хаттамалар толтырылып, əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал тіркелген діни ұйымдардың

мем лекеттік билік өкілдерімен өзара қа ты настарының дəйекті жолдары мен те тіктерінің қалыптасқандығын, конфессияаралық қатынастардың қалыпты жолға қойылғандығын атап өткен жөн. Нəтижесінде адамдар арасында діни қақтығыстар мен араздықтар жоқ. Жүргізілген əлеуметтанулық сауалдамаларда респонденттердің 88,1%-ы конфессияаралық қатынасты сəтті жəне тыныш деп бағалаған. 11%-ы шиеленісті жəне дау-жанжалды деп есептейді. Қалғаны жауап беруге қиналған. 2011 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң өз күшіне енді, онда алғаш рет Ханафи бағытындағы исламның жəне православиелік христиандықтың халықтың мəдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі жəне Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндердің құрметтелетіндігі атап өтілді.

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орыс православие епар хиясымен бірлесе отырып, қоғам үшін маңызды шараларды жүзеге асырып келеді. Өткен жылы аудан, ауыл имамдарының біліктілігі мен беделін арттыру мақсатында 7 күндік екі оқыту семинары өткізілді. Православие шіркеуінің өкілдері де дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға жəне қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған саясат жүргізіп отыр. Олар мемлекеттік органдар өткізген барлық ісшараға белсенді қатысуда. Архиепископ Антоний өңірдегі тыныштық пен тұрақтылықтың дамуына жергілікті атқарушы биліктің үлкен үлес қосып келе жатқанын айтып, Астана жəне Қазақстан митрополиті атынан облыс əкімі Н.Ноғаевқа «Алғыс» орденін табыстады. Н.Ноғаев өз кезегінде облысқа сапармен келген Астана жəне Қазақстан митрополиті Александрды қабылдап, ұлтаралық татулықты сақтау жолындағы діндердің маңыздылығы туралы пікір алмасты. Арнайы мекемелерде жазаға тартылған адамдармен теолог мамандардың кешенді, жеке түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде террористік іс-əрекеттері үшін жазаға тартылған адамдардың басым бөлігі дəстүрлі діни бағытқа қайтарылды. Мысалы, Орал қаласындағы түзеу мекемелерінде 2013 жылы дəстүрлі емес дін жолын ұстанған 25 азамат болса, 2014 жылы соның 8-і Ханафи мазхабына оралды. Санасы уланған жастарымыз қатарымызға қосылу арқылы өзімен бірге адасқан жамағатқа оң ықпал етіп жатыр. Батыс Қазақстан облысы əкімінің шешімімен 31 наурызда БҚО дін істері басқармасы жанынан «Дін мəселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі ашылды. Мекеменің басты мақсаты – елдегі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты деструктивтік діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардан зардап шеккендерге көмек көрсету, дін саласына қатысты əлеуметтік зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру. Орталыққа жергілікті бюджеттен едəуір қаражат бөлініп келеді. Соның ішінде діни сауаттылықты арттыруға арналған діни-танымдық кітаптар мен аудио-бейне дискілер шығаруға қаражат қарастырылған. Нəтижесінде, 114 түрлі 130 849 дана баспа өнімдері, 8 түрлі 6 000 дана аудиодискілер облыс тұрғындарына таратылды. Орталықтың тапсырысымен еліміздегі дəстүрлі діни сенім жəне дін саласындағы мемлекет заңнамасын түсіндіруге бағытталған «Ислам дінінің тарихы», «Влияние деструктивных религиозных направлений», «История и идеология традиционных религий и нетрадиционных направлений», «Қайырсыз білім» атты фильмдер түсірілді. Бүгінде діннің мəселелері тек қана діннің мəселелері болудан қалғаны рас. Өйткені, оған саясат, саясат болғанда да үлкен саясат араласып кетті. Сол себепті қоғамда туындап жатқан діннің мəселелерін шешу үшін əр мұсылман діни сауатына қоса саяси сауаты болуы қажет. Бұл дінді саяси мүдделері үшін пайдалануға тырысатын кейбір саясаткерлердің лас ойындарының құрбаны болып кетуден сақтану үшін ауадай қажет. Осы мақсатта үстіміздегі жылы діни экстремизм мен терроризм мəселелерінің алдын алуға бағытталған «Ақпараттық-насихат топ мүшелеріне арналған оқыту семинары» өтті. Семинарда республикалық АНТ мүшесі, теолог ғалым, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Сыздықов 3 күн бойы дəріс оқыды. Діни сауатын ашқан 120 АНТ мүшесі тестілеуден өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды. Бүгінде құрамына мемлекеттік органдардың мамандары, дінтанушылар жəне теологтар енген 26 ақпараттықнасихаттық топ елді мекендерді аралап, халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Олар өткізген шараларға 65 000-нан астам адам қатысты. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жалған діни ағымның жетегінде кеткен жас жігіттің қилы тағдыры туралы «Жəннат» атты қойылымды дүниеге əкелді. Облыс аудандарын түгел аралап шыққан қойылым халыққа оң əсер тудыруда. Құрамында Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығының басшысы А.Əбдірəсілқызы бар республикалық ақпараттық-насихат тобы облысқа келіп, бүгінгі күннің басты мəселелерін қамтыған бірнеше шараға қатысты жəне жартылай бостандыққа шыққан адамдармен жұмыс істеу мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, радикалды діни топтардың сипаттарын кең көлемде түсіндірді. Насихат жұмыстарының екінші бағыты – теріс дін жолында жүрген азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мəселелерін зерттеу орталығы 2015 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында облыстағы діни ағымдардан жапа шеккен азаматтарға көмек беру жəне теріс діни ағым жолындағы азаматтармен оңалту бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. 270 адамды құраған дін ұстанушы жекелеген адамдармен бейресми кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде Сирия, Ирак елдеріндегі діни фанатизмнің жетегінде жүрген содырлардың іс-əрекеттері ешқандай да джихад емес екендігі туралы, тікелей Құран жəне сүннетпен жүруге қарапайым мұсылманның білімі жетпейді, сондықтан Мазхаб ұстану керектігі туралы, адамдарды діни негізде бөліп, қоғамның бірлігіне жік салуға болмайтындығы туралы мəселелер қозғалып жатыр. Ислам дінінің тек қана мейірімділікке шақыратыны, такфир идеологиясының дұрыс еместігі, намаз оқымайтын мұсылманды кəпір деуге болмайтыны туралы хадистерден қуатты дəлелдер келтіріліп, дəрістер оқылуда. Нəтижесінде, санасы мықтап уланған бірқатар азамат дəстүрлі Ханафи мазхабына қайтарылды.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген қазақы ақиқаттың əділдігіне Серік Торғауытов сынды атпал азаматтың өмір жолына үңілгенде көзіңіз жете түсері кəміл. Осы бір тамаша адам жайында əсіресе шымкенттік жерлестері, тағдыр тоғыстырған еңбектес əріптестері аса бір ілтипатты сезіммен елжірей еске алады. Солардың көбіне ол ұстамды ұстаз, біразына əрі дос, əрі тағылымды тəлімгер болған. Таңдаған мақсатына адалдығын айқындай түскен өмірінің ең бір өрелі шағы да осында өткен екен. Иə, бірақ жазмыштан асқан кім бар-ау?! Əйтпегенде осы күзде ел ішінде сонау көзі тірісінде-ақ «Толағай Торғауытов» деген атағы шыққан қазақтың нарқасқа азаматтарының бірі 70-ке келіп, бір жасамас па еді, айнала қауым жұртымен бір мəре-сəре болмас па еді...

Толаєай Торєауытов Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Серік Көмекбайұлы бұрын Китаевка деп аталған, қазіргі Бəйдібек ауылында дүниеге келген екен. Қазақ тарихының шерлі шежіресіндей Қаратау баурайында, бар қазаққа қасиетті Бəйдібек баба мен əулиелер санатындағы ДомалақАна кесенелерінде болғанда өткен уақыт сыбырлап сыр айтқандай, үнсіз кеңістік жапырақ жайып жанданғандай, боз жусан даланың бетімен ықылым заманалар рухы толқындана көшіп өткендей болады. Осындай қасиетті жердің түлегі болудың да тағылымы бөлек. Көп балалы үлкен отбасында Серік те, басқа бауырлары сияқты, өз орнын, міндетін біліп өсті, ерте есейді, еңбектің дəмін ерте татты. Ауыл тірлігі белгілі. Мал жайлау, отын дайындау, үйдің таусылмайтын шаруасы – соның дені балалардың мойнында. Кез келген нағыз талантты адамның талабына қанат бітіруші – еңбексүйгіштік қасиет дəл осылай, балалық шақта қалыптасатын сияқты. Болашақтағы толағай Торғауытовтың да таланты мен талабы осылайша өмірдің өзінен, ең алдымен, өз өмірінен нəр алды. Болар бала жоғары сыныптарда-ақ жоғары деңгейге талпыныс танытқанды. Мектепті үздік бітірді, орыс тіліне ағып тұр. Көп оқыды, тіптен, көркемөнерпаздар үйірмесіне де белсене қатысты. Мына ғажапқа қараңыз: ұлы жазушы Мұхтар Əуезов 1960 жылғы өзінің атақты Оңтүстік сапарында Бəйдібек ауылындағы мектепте болған кезінде Серік айтқан əндерді де тыңдаған екен! Қолына аттестат алған арманшыл бозбала əскери ұшқыш болуға бекініп, Мəскеу авиациялық училищесіне жол тартады. Қабылдау емтихандарын жақсы тапсырады, дене дайындығы бойынша да шыныққан шымырлығын көрсетеді. Бірақ қыркүйектің басында «бойы тапал болғандықтан» өтпеді деген бір жапырақ анықтамамен ауылға қайтып келеді... Əйтсе де ауылдағылар кəдік-кəкірдің басқада екенін бес саусақтай білетін-ді. Иə, гəп мынада-тын. Серіктің анасы, тоғыз бала тəрбиелеп өсірген ақпейіл де ақжарқын, ақылды əйел София қырым татарының қызы еді. Əкесі Əмет Қырымда белгілі адам болыпты. Оның үлкен ұлы Əбирек Əметов соғысқа дейін Симферополь қалалық партия комитетінде қызмет атқарған, немістер қалаға жақындап қалған кезде партизан жасағына қосылып, тауға кетіпті. София да партия мүшесі болған, сондағы аудандық комсомол комитетінде жұмыс істепті. Оңтүстік Қазақстанға апайымен бірге келеді. Келес ауданында орныққан соң көп ұзамай оны жергілікті аупартком жұмысқа шақырады... Ал енді қырым

татарларының Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Орталық Азияға қандай жағдайда келгендігі көпке белгілі. Тұтас халықтар еріксіз, зорлықпен көшірілді, туған жеріне қайтып оралуға құқы болмады, саяси тұрғыдан сенімсіз саналды... Мəскеуден оралған кезде басқа жоғары оқу орнына түсуге кеш болып қалып еді, сондықтан Серік еш шамданбастан Шаян кəсіптік училищесінен механизатор мамандығын игеріп шықты. Ал келесі 1963 жылы Қазақ химия-технология институтының студенті атанды. Екінші курста жүргенде əскер қатарына шақырылып, десантшылар бөліміне түсті. «Көгілдір Дунай» операциясына қатысып, темір тезде шыңдалды. Төрт жылдан кейін үйге қайтып келгенде шарболаттай сомдалған сайыпқыран офицер еді. Ата-ана, туысқандары бұған мерейленді. Сол жақта жүріп бедел жинап, жастығына қарамай партияға да өтіп келіпті. Іле-шала институттағы оқуын қалпына келтіріп, кешкі бөлімге ауысты да, Шымкент фосфор зауытына пеш цехының аға аппаратшысы болып жұмысқа тұрды. Зауытта мансап баспалдағының барлық сатыларынан өтті. Зауыт жатақханасы өз үйі, өлең төсегі болды. Жұрт оның қоғамдық белсенділігін, ұжым мүддесін қорғаудағы табандылығын көріп, бастапқыда цехтық кəсіподақ комитетінің төрағасы етіп сайлаған-ды. Біршама уақыттан кейін ол жалпы кəсіпорын кəсіподағын басқаруға лайықты деп танылды. Содан соң зауыт парткомының хатшысы болды. Кейінірек ол облыстық партия комитетінің өнеркəсіп жəне көлік бөліміне қызметке шақырылды. Ал енді осы толағай Торғауытовтың өмірбаянында ерекше, ауғандық өрнектер бар екенін екінің бірі біле де бермес. 1980 жылы Серік Көмекбайұлы «Каскад» ерекше міндет жүктелген полкінің қазақстандық «Алтай» жасағының замполиті лауазымында қызмет атқарды. Жасақтың алдына қарақшы құрамаларға қарсы агентуралық жұмысты ұйымдастыру жəне Ауғанстандағы жаңа тəртіпке неғұрлым өршелене қарсыласып жатқандарға тойтарыс беретін арнайы операцияларды іске асыру міндеті қойылған болатын. КСРО КГБсында жəне Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында 30 жылдан астам қызмет еткен əрі жаңағы топты жасақтаумен айналысқан запастағы полковник Қабдолда Бекжановтың айтуынша, іріктеу талабы өте қатаң болған көрінеді. Соның нəтижесінде олар 700 əскери міндеттінің ішінен бар болғаны 73 адамды ғана таңдап алыпты. Бұлар негізінен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының кəсіпқой қызметкерлері жəне КГБ-ның ерекше кезеңге

Ел мəртебесі Гүлмира ҚҰРМАНƏЛИЕВА,

Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі əкімшілік жұмыс департаментінің бас консультанты.

Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қазақстан халқының тілдері күніне байланысты «Тіл мəртебесі – ел мəртебесі» атты іс-шара өткізілді. Агенттіктің мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сəйкес 2015 жылғы 15 тамызда аумақтық бөлімшелерде, яғни Батыс аймағы бойынша – Ақтөбе қа ла сында, Солтүстік аймағы бойынша – Көкшетау қаласында,

Оңтүстік аймағы бойынша – Тараз қаласында, Шығыс аймағы бойынша Семей қаласында өткізілген сайыста жеңімпаз болған командалар, атап айтқанда, агенттіктің Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстары бойынша департаменттерінің командалары орталық аппаратымен жəне өзара сайысқа түсті. Сайыстың негізгі мақсаты – ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мəртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, сондай-ақ қызметшілердің тілге жүй ріктігін, сөзге шешендігін, өнерлерін тамашалау. Сайыс жарысын əділ бағалап отыратын қазылар алқасына агенттік басшылығымен

қатар, Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясынан байқаушылар шақырылды. Сөйтіп, сайыстың шымылдығы агенттіктің бір топ қызметкерлерінің орындауындағы «Қазақ елі» əнімен ашылды. Агенттік төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі. Күнделікті жұмыстарында ақ қағаз бен қаламды серік ететін қызметшілер əн салып, би билеп, əртістік өнерлерін көрсетіп, көрермен қауымның көңілінен шықты. Əріптестерін тағы бір қырынан көріп, өнерлеріне тəнті болған көрермендердің дүркін-дүркін қол соғуларынан олардың ризашылығы

байқалды. Агенттіктің қызметшілері Лаура Оразбекова, Бақтыбай Ержан тамылжытып əн салса, Нұргүл Жанназарова, Мирхан Ермағамбетов, Оңғарбай Дəнебеков əртістік қабілеттерін көрсете білді. Л.Оразбекованың сыңсуы

мен жеңге рөліндегі Н.Жанназарованың қоштасу өлеңінен көрермен қауым көздеріне еріксіз жас алды. Агенттіктің орталық аппаратынан кейін екінші орынды еншісіне байлаған Алматы қалалық

екшелген арнайы резерві болған. Капитан Торғауытов осы сайыпқырандардың ішіне кірген. Оның запастағы офицерлік есеп карточкасындағы «лауазымы» деген тұсында «барлаушы» деп жазылған. Одан əрі іссапарлар көрсетілген (олардың құпия «тілінде» тапсырманы орындау осылай аталса керек). Əрі қарай зер салсақ, 1972 жылы – 60 күн, 1975 жылы – 45 күн, 1979 жылы 45 күн іссапарда жүріпті. Өзін сол кездерде қайда жібергенін, қай елге барғанын ол ешқашан ешкімге тіс жарып айтпаған. Тек интернационалдық көмек көрсету мақсатында 1980 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасына барған 180 күндік, яғни табаны күректей жарты жылға созылған соңғы іссапары ғана белгілі. Ал осы əскери-барлау іссапарларында Торғауытов көрсеткен ерліктер, білім-білік, сабыр-шыдам, батылдық, тапқырлық жайынан біз, əлбетте, бейхабармыз. Бейбіт өмірде Торғауытов Қазақстандағы шина жасау өнеркəсібін құрудың, одан кейін оның қалыптасуының бастауында тұрды. Ауғанстаннан оралғаннан кейін ол сол тұста салынып жатқан өнеркəсіп алыбы – «Шымкентшина» өндірістік бірлестігінің партком хатшысы болып сайланды. Зауыт одақтық бюджет қаржысына салынды. Ал оның 10 мыңдық дерлік ұжымының алдына жеңіл жəне жүк автомобильдері, ауылшаруашылық машиналары, соның ішінде «Дон-1500» комбайны үшін де шиналар шығару орайындағы өндірісті құрудың шын мəнісіндегі ұлан-ғайыр міндеті қойылды. Аса маңызды құрылыс республика басшысы Дінмұхамед Қонаевтың тікелей бақылауында болды. Сол кездегі Орталық комитеттің өнеркəсіп жөніндегі хатшысы, одан кейін республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болған болашақ ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнда атбасын жиі де жүйелі бұрып тұрды. Торғауытов оған іс жайын баяндайтын, оның тапсырмаларын орындайтын. Сонымен бірге Нұрсұлтан Əбішұлының қолдауқамқорлығын да үнемі сезініп жүрді. Алымды да шалымды партком хатшысы 1987 жылы Орталық Комитеттің Химия өнеркəсібі бөліміне қызметке алынды. Одан кейін Мемлекеттік техни калық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Осы жұмыстарда жүріп те қызмет бабында «Шымкентшина» өндірістік бірлестігінен қол үзбеді, сонымен қатар металлургия өнеркəсібіндегі, машина жасау, уран жəне химия өндірістеріндегі еңбек қауіпсіздігі мəселелерін қадағалап, назарда ұстады. Нақ осы тынымсыз Торғауытовтың бастамасы бойынша əмбе белсенді қатысуымен жаңада ғана ұйымдасқан Шымкент химия технологиясы жəне өнеркəсіп экологиясы ғылыми-зерттеу институтында басты міндеті химия саласындағы еңбек қауіпсіздігін қадағалау болып табылатын Қазақстандағы тұңғыш ғылыми орталық құрылып еді. Сол орталық бүгінгі таңда да жұмыс істеп тұр, оны бірінші күннен бастап бүгінге дейін Серік Көмекбайұлының жан досы, профессор Асан Шарафиев басқарып келеді. Сол уақыттарда бұл жұмысқа мүлдем жаңа тұрғыдан, жаңа қырынан келу нағыз жаңашылдық болатын. Өйткені, мемлекеттік комитет түрлі себептерге, соның ішінде, бюджет қаржысының тапшылығына байланысты өз қызметін ғылыми негіздеумен айналыса алмайтын. Ал Торғауытов болса осы тығырықтан жол тауып кетті. Ол осындайымен де республикалық деңгейдегі бағалы кадрлар санатына қосылған-ды. Торғауытовтардың отбасында осынау өршіл өмір иесі, сүйікті жар, абзал əкеге қатысты нəрселердің бəрі көздің қарашығындай сақталған: əскер қызметінде жүргенде жазған күнделіктері, қызыл сызықтың ар жағынан жолдаған хаттары, Ауғандағы ұрыстардың қыршын қиылған боздақтары мен көзі тірі қаһармандары хақында сыр шертетін газет-журнал қиын дылары, өзімен қызметтес болған немесе кездескен адамдардың естеліктері. Осылардың бəрі жинақтала келе кейін толағай Торғауытовқа, оның жарқын бейнесі мен өнеге шашқан рухына арналған «Берега памяти» атты кітапқа кірген екен. АЛМАТЫ.

департаментінің қызмет шілері Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қойған бояуы қанық, əсерлі де қызықты «Хан көтеру» қойылымы көрермен қауымды рухтандырып жіберді. Бағзы адамдарша киініп, боянып алған қатысушылардың көрінісі, жүрек түбінен шыққан сөздері барша көрерменді таң қалдырды. Сайыста қанжығасына үшінші орынды байлаған Ақмола облысы бойынша департаментінің «Оқжетпес» командасы да туымыз түстес көгілдір киіммен, қазақша ою-өрнегімен сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыстың екінші кезеңі, яғни бейнероликте өздері басты кейіпкерлердің рөлін сомдаған, мемлекеттік тіл мен қызметін ұштастыра білген А.Бекахметова, Е.Сүлейменов, А.Мағауова, Ə.Əленова, Н.Сəкеновтің өнерлерін атап өту қажет. Байқау болған соң біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Бұл – заңдылық. Алайда жеңілу ол командалардың

нашар дайындығынан емес немесе өнерлі жастардың жоқтығында емес. Бірінен-бірі өткен өнерлі, сөзге шешен қызметшілерді бағалау қазылар алқасына да оңай түскен жоқ. Қазақ халқының салт-дəстүрін паш ететін, сəнді де əдемі киімдерімен көзге түсіп, «Көрермен көзайымы» атан ған Ақтөбе облыстық департаментінің командасы қанжы ғаны қолдан бермеуге тырысты. Қ.Толыбаев «Бейнені үздік сомдаушы» номинациясына ие болды. Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», деп атап көрсеткендей, агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында өткізілген іс-шараның мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеруге, маңызын кеңінен насихаттауға, қолданыс аясын кеңейтуге қосар үлесі зор деп ойлаймын. Сайыстың өтуіне зор үлестерін қосқан əріптестерге алғыс білдіреміз.


9

www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

 Спорт

Ќараєанды ќабыланы

Осымен Алматыда он бірінші халықаралық кинофестиваль де аяқталды. «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс арасындағы үндестік» қағидасымен өткен биылғы байқаудың бас бəйгесі қырғызстандық режиссер Мирлан Абдықалықовтың «Көктегі қоныс» фильміне бұйырды.

Геннадий Головкин əлемдегі еѕ їздік боксшы атанды

Ќырєыз картинасы

«Еуразия-2015» кинофестивалініѕ бас жїлдесін алып кетті Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Кинофестивальде «Ең үздік ре жиссерлік жұмыс» жүлдесі «Набат» фильмі үшін əзербайжандық Эльвир Мусаоглуға берілсе, «Жат» фильмінде ойнаған Ерлан Нұрымбетов «Ең үздік ер адам рөлі» аталымы бойынша марапатталды. Əйел образын үздік сомдағаны үшін «Набат» фильмінің актрисасы Фатима Мотамед-Арья жеңімпаз атанып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне «Сүйікті іс» фильмінің режиссері Адитья Викрам Сенгупта (Үндістан) ие болды. Оқырманға түсінікті болуы үшін осы арада биыл бірінші рет «Еуразия» кинофестивалінің аясында «Шəкен жұлдыздары» кинофестивалі қоса өткізілгенін еске сала отырып, «Еуразияда» негізгі халықаралық қазылар алқасымен бірге FIPRESCI жəне NETPAC киносыншылары жұмыс істегенін айта кетелік. Сонымен FIPRESCI қазылар алқасының жүлдесін «Шлагбаум» фильмі үшін қазақ режиссері Жасұлан Пошанов иеленді. NETPAC қазыларының «Орталық Азиядағы үздік фильм» жүл десін режиссер Досхан Жол жақсыновтың «Құнанбай» фильмі жеңіп алды. Сонымен қатар, ең үздік əйел жəне ең үздік ер адам рөлі аталымдарының жеңімпаздары да анықталды.

Бұл жүлдеге театр мен кинематографияда қатар танылған актер Еркебұлан Дайыров («Шлагбаум») пен «Сағынтайдың бірінші əйелі» фильміндегі басты кейіпкер Əлфия Сымбаева лайық деп табылды. Аталмыш фестиваль қазақ киносына не берді деген сауалға келсек, күн сайын халықаралық байқаудың аясында алыс-жақын шетелдерден келген киногерлермен кездесулер өткізіліп жатты. Болашағын кинематографиямен байланыстырған студенттер үшін ұйымдастырылған шеберлік сыныптарында танымал актерлар білгенін ортаға салды. Шеберлік дəрістерінің соңын кинофестивальдің соңғы күнінде кеңестік жəне ресейлік кинематографияның майталманы Сергей Соловьев мəреге жеткізді. «Eurasia Spotlight: Kazakh next wave» бағдарламасы бойынша өткен қорытынды кездесуде советтік кинематография шекпенінен шыққан Соловьев əңгімені бірден былай бастады: «Шындап келгенде, мен мастеркласс дегеннің не екенін онша түсіне бермеймін, бірақ осындай кездесулерге қатысып тұрамын. Шеберлік дəрісі – бірдеңеге баулу, үйрету болар. Бірақ, сіздер білетін нəрселерден артық мен де бірдеңе білемін деп ойламаймын». – Кино біздің жанымызды ауыртқан дүниелермен бөлісу үшін ғана емес, тереңдегі жеке

жағдайларды көрсету үшін өмір сүруі қажет. Бастан өткендерді – ішкі күйзелістерді беру керек. Меніңше, кинематографист қандай да бір ойды кинотілімен жеткізуі тиіс, – дейді əйгілі режиссер. Соловьевтің ойынша, миллиондаған көрермендер үшін жүретін күрес ойыны күлкілі. Өйткені, мұндай ойындар жекелеген əрбір адамға өз айтарыңды жеткізуге деген тілегіңе көлеңкесін түсірмей қоймайды. Қысқасы, ресейлік қонақ табысты фильм түсіруге қатысты: «кейде түкке тұрғысыз далбасадан абсолютті шедевр туады, өйткені, кино – соншалықты қитұрқы іс» деді. Айтқандай, кинофестиваль аяқталатын күні бірқатар режиссерлермен баспасөз мəслихаты жүрген болатын. Ал бас жүлдені алып кеткен қырғыз режиссері Мирлан Абдықалықовтың «Көктегі қоныс» картинасына келсек, бұл картина айыр қалпақты бауырлардың түп тамырына жетелейді. «Мен осы туындым арқылы көрермендерді еліміздің табиғаты мен ұлттық дəстүрлерін көздің қарашығындай сақтауға шақырғым келді», дейді қырғыз режиссері. Кинофестивальдің негізгі байқауында «Ең үздік режиссерлік жұмыс» жүлдесін жеңіп алған «Набат» фильмі əзербайжан əйелінің бірегей рухын паш етеді. Режиссер Эльвир Мусаоглу осы

картина арқылы əлемді тербеткен əйелдің ішкі сұлулығын ұлықтау арқылы тамаша табысқа жетіп отыр. FIPRESCI қазылары «Шəкен жұлдыздары» I Алматы халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін Досхан Жолжақ сынов тың «Құнанбай» фильміне бергенін жоғарыда атады. Қазылар алқасы бүкіл халықтың басынан өткен нəубеттерді тамаша сомдаған актерлар құрамының жұмысын жоғары бағалап, бұл кино барлық тілде түсінікті екенін атады. Баспасөз мəслихатында қазақ режиссері Ақан Сатаев бірінші рет халықаралық фестивальде қазылық етіп отырғанын айтып, бұл мен үшін мəртебе деді. Ким Дон Хо мен Джамаль Сохэйл жеңімпаз картинаны анықтау қазылар алқасына оңайға түспегенін айтады. Ал Польшадан келген Ханна Марголис Қазақстанның көп өзгеріске түскені жайлы баяндады. Айтқандай, балаларға арналған «EurasiaKids» байқауының жүлдесі Ресей режиссері Юрий Фетингтің «Небесный верблюд» фильміне берілді. «Еуразия» кинофестивалінің аясында қазақстандық белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмінің əлемдік премьерасы өткенін білесіздер. Осы кинофести вальға орайлас тырылған кинопремьераға басты рөлді сомдаған америкалық Каллэн МакОлифф келген-ді. Əйгілі актер еліне «Еуразия» кинофестивалінің құрметті төрайымы Айман Мұсақожаева сыйға тартқан домбыраны алып кетті. АЛМАТЫ.

Ўлттыќ олимпиада комитетіне жаѕа басшы сайланды Алматыда Ұлттық олимпиялық комитетінің сессиясы өтті. Оның жұмысына Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, спорт қайраткерлері мен спорт федерацияларының басшылары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Сессияда бірнеше мəселе қа ралды. Онда ҰОК-тің өткен жылғы жұмысы, қазіргі атқарып жатқан қызметі мен алдағы жоспарлары талқыланды. Сонымен бірге, жиында Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа басшысы сайланды. Сессияда ҰОК Атқарушы комитеті президент лауазымына Ти мур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты сессияға қатысушылар қолдады. Сөйтіп, ҰОК президенті болып Спорттық жекпе-жек жəне күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев бірауыздан сайланды. Тимур Асқарұлы Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (AIBA)

вице-пре зиденті қызметін де атқарады. Енді ҰОК-тің жаңа басшысына жекелеген спорт түрлерінен басқа еліміздің спортын дамытуда жаңа міндеттер жүктеледі. Өздеріңізге белгілі, бұған дейін ҰОК президенті қызметін Темірхан Досмұхамбетов атқарған болатын. Ол 2006 жылдан бері ко митет басшысы болып қызмет етті. Жиында ҰОК бас хатшысы қызметіне Қазақстан бокс федерациясының басшысы Да нияр Əбілғазин тағайындалды. Сондайақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин Ұлттық олимпиялық комитеттің вицепрезиденті қызметін атқаратын болып шешілді. Ол қысқы спорт түрлеріне басшылық жасайды. Ал осы кезге дейін Ұлттық олимпиялық комитеттің бас хатшысы

болған Тимур Досымбетов жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент болып тағайындалды. Сессияда ҰОК атқарушы коми теттің мүшелері де қайта сайланды. Соның ішінде «Астана Арланс» кəсіпқой бокс клубының басшысы Серік Сəпиев те бар. Жиын соңында ҰОК-тің жаңа президенті Тимур Құлыбаев өзіне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Ұлттық олимпиада комитетінің алдағы міндеттеріне тоқталып өтті. Енді ҰОК-тің президенті туралы аз-кем мəлімет. Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Республикалық физикаматематикалық мектептің 1983 жылғы түлегі. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде «халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша білім алған. Мамандығы – экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР мемлекеттік

жоспарлау комитеті жанындағы экономикалық жоспарлау жəне нор мативтер ғы лыми-зерт теу институтында бастаған. Еліміз тəуелсіздігін алған кезде кəсіпкерлікпен айналысты. Одан кейін мұнай жəне газ саласында қызмет етті. Қазір Т.Құлыбаев – «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төралқа төрағасы. 2004 жылдан бастап қоғамдық жұмыспен белсене араласты. Ол қызмет еткен жерінің бəрінде спортқа демеушілік жасап келеді. 2009 жылы Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланған кезде елімізде спорттың осы түрі жаңа қарқын алды. Қазір Спорттық жекпе-жек жəне күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы қызметінде де олимпиялық жарыс түрлерін дамытуға атсалысуда. Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиялық комитетте қоғамдық негізде 2010 жылдан бері жұмыс істеген. Сол жылы атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.

НООТРОП – КЕЗ КЕЛГЕН ЖАСТА ЖАҚСЫ ЖАД! Жақсы жад пен алғыр ақыл – адамға ең қажетті қабілеттердің бірі. Бірақ, өкінішке қарай, жасымыз ұлғайған сайын есте сақтау мен ақпаратты жеткізу қабілетіміз бірте-бірте төмендейді. Егер сіз өзіңізге керекті сөзді есіңізге түсіре алмай, не бір оқиғаның бөліктерін ұмытқаныңызды байқасаңыз, бұл – миыңызға көмек қажет деген маңызды ескерту. НООТРОП – ғалымдар жад пен ойлау қабілетін қайта қалпына келтіру мақсатында жасап шыққан табиғи препарат. Оның құрамы тек өсімдік тектес заттар мен дәрумендерге және микроэлементтерге негізделген. Бәріне таныс глицин, готу кола, бүкіл әлемге танымал гиго биола, миға пайдалы В3, В6, В5, В12 дәрумендері

және сирек кездесетін К1 дә румені бар. Табиғи белсенді компоненттер жанжақтан мидың жақсы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Қан айналымының жақсаруы, қан тамырларының икемделуі, ми құнды заттармен толығып, ми жасушаларының оттегімен толық қамтамасыз етілуі – бұл НООТРОП препаратының нәтижесі. Жеке түйсінуіңізге

тоқталатын болсақ, бұл жерде прогресс айқын – жадтың және ойлау қабілетінің қайта қалпына келуі, жедел реакция, мидың төзімділігінің артуы. НООТРОП препаратымен емделу барысында ма ңызды кезеңнің бірі – нейрондық байланыстың қалпына келуі. Өйткені, олар ми мен ақылдың дұрыс қызмет атқаруын қадағалайды. НООТРОП ешқан дай химиялық қос пасыз ж ән е тәу елділі кке әкелмейді. Оны өте үлкен жаста да қорықпай қолдануға болады. Емдік курстан соң, қол жеткізген нәтижеңіз ұзақ сақталады.

Тегін телефон желісі: 8-800-080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00-23:00). Алматы қаласындағы анықтама телефоны: 8-727-297-59-59

НООТРОП – ЖАДТЫҢ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ЖАҚСАРУЫНА АРНАЛҒАН ТАБИҒИ ПРЕПАРАТ

Жарнама. ББҚ. Дәрі болып табылмайды. Қолданар алдында маманмен кеңесіңіз.

Қазақстандық кəсіпқой боксшы, əлемнің WBA (Super), IBO жəне WBC (Interim) нұсқаларының орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин The Ring басылымы салмақ өлшеміне бөлінушілік принципінсіз (Pound-forPound, P4P) жүргізген сауалнама негізінде жаһанның ең үздік боксшысы атанды. Бокс жанкүйерлері арасында «Қарағанды қабыланы» деген ат алған қазақстандық тарлан сауалнамаға жауап берушілердің 72 пайыз даусына (69 071 адам) ие болды. Екінші орынға 24 пайыздық дауыс жинаған никарагуалық Роман Гонсалес көтерілді. Ал топ бастаушылар үштігін 1 пайыз дауыс алған филиппиндік Мэнни Пакьяо тиянақтады. Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сəуірде Қарағанды қаласында туған. Өмірге егіздің сыңары болып келген ол бауыры Максиммен бірге 11 жасынан боксқа қатыса бастады. 2000 жылы Гена Будапештте өткен жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатын ұтты. Ал 2001 жылы Шығыс Азия ойындарында жеңімпаз атанды. 2002 жылы Астанада өткен Əлем кубогында Қазақстан құрамасы сапында күміс медальға қол жеткізді. Онда өзі өткізген 4 шайқастың бəрін жеңіспен аяқтады. Бұдан кейін 2002 жылы Пусанда (Корея) жалау желбіреткен Азия ойындарында, 2003 жылы Бангкокта (Таиланд) шаршы алаңды шайқаған əлем чемпионатында,

2004 жылы Пуэрто-Принсесседе (Филиппин) қанат жайған құрлық жарысында топ жарды. Ал 2004 жылы Афинада салтанат құрған Олимпиялық ойындардың финалында шайқасты. Геннадий 2006 жылдан бері кəсіпқойлар рингінде күш сынасып келеді. Ол бірінші ұрысын 6 мамырда венгр Габор Балогпен өткізіп, оны 4-раундта таза нокаутпен жеңді. Қазақстандық боксшы бұдан кейінгі 7 ұрысын да осылай мерзімінен бұрын аяқтады. Сосын арасына ұрыс аралатып, ұпай санымен жеңді де, соңғы 20 жекпе-жегін тағы кезеңіне жеткізбей бітіріп отырды. Осылайша Майк Тайсонның рекордын жаңартты. Осы кезге дейін Головкин кəсіпқойлар рингіне 33 рет шығып, солардың барлығында жеңіске жеткен.

Аталған айқастардың 30-ын ол нокаутпен не техникалық нокаутпен немесе қарсыластарының шайқасудан бас тартуымен аяқтап шыққан. Айта кетейік, The Ring басылымы аталмыш дауыс беруді америкалық Флойд Мейвезердің кішісі өзінің боксшылық мансабын аяқтағанын жариялағаннан кейін жүргізді. Тағы бір айта кететін жайт, Геннадий Головкин өзінің келесі ұрысын 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Давид Лемьемен өткізеді. АҚШ бұл жекпе-жекті ақылы трансляция жүйесіндегі PPV телеарнасынан көрсетеді. Ал біздің еліміздегі спорт жанкүйерлері оны «Қазақстан» арнасы арқылы тамашалай алады. Руслан ИГІЛІК.

Алтынбекова əлі елде жїр Əдемілігімен əлемге танылған қазақтың волейболшы қызы Сəбина Алтынбекова Жапонияға қоныс аударуы мүмкін. Себебі, ол бүгінде осы елдің GSS Sunbeams клубымен келіссөздер жүргізуде. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Аталған волейбол клубы əйелдер арасындағы Жапония чемпионатының екінші дивизионы – V.Challenge Ligue лигасында ойнайды. Жасақтың базасы ел астанасы – Токио қаласында орналасқан. Кестеге сəйкес бұл елде жаңа маусым қараша айында басталады. Спортшының анасы Нұрипа Алтынбекова отандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Сəбинаны ол жаққа Қазақстан волейбол федерациясы жібергенін мəлімдеді. «Федерация қызымды спорттық

тұрғыда біліктілігін арттыру үшін арнайы жіберіп отыр. Соған байланысты біз тамыз айында Жапонияға барып, жаңа команданың сапында күніне сегіз сағаттық жаттығуларға қатыстық. Мамандар Сəбинаның физикалық жəне техникалық шеберліктеріне айрықша мəн берді. Қазір аталған клуб басшылығы келісімшарт жасасу туралы мəселені қарастыруда. Алдағы уақытта бұл жайт оң шешімін табады деп үміттенемін», – деді ол.

Анасының айтуынша, бүгінде Сəбина Қазақстанда. Ол қызының қандай клубта ойнаса да, ұлттық құрамаға келгенде, тек туған елдің намысын қорғайтынына ерекше назар аударды. Айта кетейік, Сəбина Алтынбекова 2014 жылғы волейболдан жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін танымал болып шыға келді. Бұған оның əдемілігі себеп болды. Сол кезде Сары құр лықтағы б а сы лымдардың басым бөлі гі Сəбинаның сұлулығы туралы жарыса жазған еді. Нəти жесінде, спортшыны жар намаға түсуге жəне модель болуға шақырушылар көбейді. Алайда, бірінші орынға спортты қойған атлет кезекті сұхбатында өз мүмкіндігін волейбол ойыны жақсы дамыған Жапония мен Бразилия елдерінде сынап көргісі келетінін айтқан болатын. Осыған дейін Сəбина «Алматы» волейбол клубының намысын қорғап келді.

Жарыстар жаѕєырыєы АУЫР АТЛЕТИКА. Қазақстан зілтеміршілері Қытайдың Фучжоу қаласында өткен квалификациялы Гран-при жарысында 6 медаль жеңіп алды. Онда Кирилл Павлов – күміс, Сəуле Сəдуақасова, Александр Ким, Семен Линдер, Айдар Қазов жəне Əсем Садықова қола медальдардың иегерлері атанды. ФУТБОЛ. Сенбі-жексенбі күндері Қазақстан премьер-лигасы 27-турының ойындары ойналды. Өз алаңында «Ақтөбені» қабылдаған Алматының «Қайраты» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, өзінен кейінгі «Астанадан» 7 ұпай алға кетті. Ал елордалықтар қонақта Павлодардың «Ертісіне» тап осындай есеппен есе жіберді. Турдың қалған ойындары мынадай нəтижелер əкелді: 1-6 орындар үшін. «Атырау» – «Ордабасы» (Шымкент) 1:3. 7-12 орындар үшін. «Тараз» – «Шахтер» (Қарағанды) 2:0, «Қайсар» (Қызылорда) – «Жетісу» (Талдықорған) 3:1, «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тобыл» (Қостанай) 1:2. Осы күндері еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа-2016 чемпионатының қорытынды іріктеу турнирінде гректерден 0:6 болып жеңілді. Олар бұған дейін Исландиядан 0:5 жəне Даниядан 1:4 болып ұтылып қалған еді. ХОККЕЙ. Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Омбыда жергілікті «Авангардпен» ұшырасып, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Жерлестерімізден Евгений Рымарев, Дас тин Бойд – бір-бірден, Найджел Доус екі Тендер қорытындылары туралы хабарландыру «Семей орманы» МОТР» РММ жер телімін туристік жəне рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беретін, 09.07.2015 ж. өткізілген тендер жарамды болып саналады. Тендер жеңімпаздары: № 32 лот – «Мега Трейд Плюс» ЖШС № 33 лот – «Мега Трейд Плюс» ЖШС № 35 лот – «Мега Трейд Плюс» ЖШС

шайбадан соғып, осы жеңісті қамтамасыз етті. Айта кетуіміз керек, бұл бұған дейін бас жаттықтырушы болып келген Ерлан Сағымбаевты алмастырған Евгений Корешковтың жетекшілігіндегі бірінші матч болды. ВОЛЕЙБОЛ. Павлодарда Қазақстанның Кубогы үшін ерлер спорт ұжымдары арасындағы жарыс аяқталды. Ол «Атырау» командасының жеңімпаз болғанын айғақтап берді. Жайық жағалауының таспадоп шеберлері финалда «Таразды» 3:1 етіп тізе бүктірді. Айта кету керек, маусым аралығында атыраулықтар клубының тізгінін ресейлік маман Сергей Грибов ұстаған еді. Жаңа жаттықтырушы командамен бірге бірінші турнирлік жеңісіне жетті. БОКС. Еліміздің қыздар арасындағы жасөспірімдер жəне жастар құрамалары Польшаның Гливице кентінде өткен халықаралық турнирден табысты оралды. Онда сайысқа барған 5 спортшының 4-і жүлдегерлер сапынан табылды. Атап айтқанда, қызылордалық Аида Оңдаш (81 кг) – алтын, Алматы облысының өкілі Меруерт Қонысбай (51 кг) – күміс, ал қарағандылық Аида Əбікеева (60 кг) мен тараздық Арайлым Бекділда (75 кг) қола медальдарға қол жеткізді. Бұлардың алдыңғы төртеуі жастар чемпионатында сынға түсті. Құрамаларды жаттықтырушы Ерік Алғабек бастап барды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ұжымы Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы Əлібек Ақылбекұлы Темірбековке əкесі Ақылбек ТЕМІРБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, белгілі ғалым-ұстаз Күлəш Құнантайқызы Құнантаеваға жұбайы Зейнолла ҒАБДОШҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

29 қыркүйек 2015 жыл

2015 ЖЫЛДЫҢ 1 ТАМЫЗЫНА «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БІРІНШІ БАҒЫТ «ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЕСЕБІНЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»

2015 жылы

13 792,9

млн.

теңге бөлінді

Ауылдық жерлерде

инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған Қосымша жұмыс орындарын ашу

2015 жылдың 1 тамызына адам инфрақұрылымдық жобаларда жұмысқа орналастырылды

бағдарламаға қатысушы

жұмысқа орналастырылғандардың -ы ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты әзірлеген

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Еламан ҚОҢЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №658 ek

Profile for Egemen

29092015  

2909201529092015

29092015  

2909201529092015

Profile for daulet
Advertisement