Page 9

 Есімі елдің есінде Өткен жүзжылдықтың жетпісінші жылы. Бағымыз жанып, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскен елудей қыз-жігітті қасиетті қарашаңырақ – оқу орнымыз Алматы облысы Шелек ауданының Байсейіт аталатын ауылына темекі теруге жіберді. Болашақ журналист атанған студенттердің бəрі дерлік шетінен сен тұр, мен атайын дейтіндей арынымен де, шабытымен де айға атылғалы тұрған сойқандар секілді. Əңгімелесе қалсаң, бəрі жазушы, бəрі ақын, оңай-оспақ бірі жоқ, əдебиет, поэзия, проза, баспасөз, радио мен телевизия жайында бірдеңе айтылса, бірінің аузындағы сөзін бірі қағып əкетіп, кез келген тақырыпты жіліктей шағатындар кілең. Кешкілік жұмыстан кейін үсті-басы, бет-ауыздарына қонған шаң-тозаңды суық сумен шая салып, жерге етпеттеп жата кетіп, қалам-қағаздарына жармасып өлең жазуға кірісетіндері қаншама!.. Солардың арасында жүріп, ішіндегі ең осалы мен емес пе екем деп қарадай қуыстанады екенсің. Шынында да, кейіннен курсымыздан күллі елімізге белгілі танымал талай тұлғалар шықты. Ол енді өз алдына бөлек əңгіме.

Дос Заманбек ƏБДЕШЕВ,

халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Жастар жүрген жер қашанда – əзіл, күлкі, сан алуан қызықтар. Біріміздің туған күнімізді сылтауратып, дереу басымыз қосылып, міндетті түрде тойлатамыз, думандатамыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған уыздай жас жігіттер мен қыздардың мінез-құлық, жүріс-тұрысын əлі нақты бағамдай алмай жүрген кезіміз. Бірде осындай кезекті туған күнде отыр едік. Жас шамасы жиналғандардың біразынан үлкендеу Гүлфайза есімді курстас қыздың қасына жайғасқан қараторы өңді, қалыңдау қара мұртты орта бойлы жігіт бөлме толы студенттерге бұйыра сөйлеп: «Əй, былай ығылысып-тығылысып сыйысып отырыңдар!» деп өктемдеу тіл қатты. Өзінің кісіге өткір көзімен шаншыла қарайтын əдеті бар екен. Біреудің бұйыра, əмір ете сөйлегенін онша жақтыра қоймайтын «алаңсыз, ойсыз жас күніміз» (Абай) ғой, несін жасырайық, сол кештің барысында əлгі жігітпен бірер мəрте шəлкем-шалыс кеп те қалғанбыз. Əйтеуір, абырой болғанда, Гүлфайза бəріміз жақсы көретін орыстың тамаша ақыны Михаил Светловтың «Гренада» өлеңін нəшіне келтіре оқып, поэзия құдіретіне ден қойған жұрттың болмашы өкпе-реніші заматта тарап кеткендей болды. Сонымен, қоңыр күзде оқуымыз да басталды. Деканымыз Тауман Амандосов жарықтық кеңес əскері қата рынан жуырда ғана оралған мені сақа жігіт санады ма, кім білсін, əйтеуір, «а» тобының старостасы етіп тағайындап, қолыма сол топтың журналын ұстатты. Біздің топтағылардың бəрі дерлік оқуға түспес бұрын бірер жыл өндіріс орындарында еңбек етіп, əскер қатарындағы азаматтық борышын өтеп қайтқан, қысқасы, не керек, кейін айтып жүретініміздей «өмір көріп» келген жастар екен. Осы күнгі белгілі жазушы, жасы бəрі мізден үлкеніміз Атырау облысының Қызылқоға ауданынан келген Марат Мəжитов, бүгінгі қазақ прозасының іргелі өкілі Тұрысбек Сəукетай, танымал спорт жур налисі Несіп Жүнісбаев, Атыраудағы Балықшы ауылының жігіті, кейін Семей облысының Мақаншы ауданынан келіп, оқуға түскен Майра атты қызымызға үйленіп, университетті тəмамдаған соң, келіншегін ертіп еліне аттанған, талай жылдар бойы Қазақ радиосының сондағы меншікті тілшісі болған Кəрім Бахреддинов, Алматы облысының Панфилов ауданынан келген, кейін Президент Əкімшілігінде көп жыл қызмет атқарған Қадыр Əлімқұлов, ұзақ жылдар бойы «Алматы ақшамы» газетінің, «Парасат» журналының бас редакторы болған Ерғали Сағатов, «Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамы ның президенті Сауыт бек Абдрахманов, қазір «ҚазМұнайГаз» мекемесінде жауапты қызмет атқарып жүрген Ағайдар Ысымов, баспасөз жəне басқа да салаларда абыройлы қызметтер істеп, аттары мұқым елге танылған, бүгінде марқұм болған сайыпқыран журналис тер – Болат Шубаев, Шəкизада Құттаяқов, Жолдығали Бақытов... жəне басқа да курстастар, қашанда мақтан тұтуға əбден тұрарлық əріптестеріміз... Сөйтіп, сабаққа кірісіп кеттік. Қазақ тілі деген пəн оқытылады екен. Оқы тушымыз Дəулетова Ақанай апай кесек

9

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

пішімді, зор денелі адам еді, жарықтық. Шыны керек, осы қазақ тілінің грамматикасы, ережелеріне келгенде мектептегі кезімнен кібіртіктеп қалатыным бар. Курстастарымыздың біразы сондай екен. Содан ғой, апай бір ереже нің мəнін сұрағанда тап басып жауап бере алмаған Ерғали аузына түскенін айта салып, оқытушы: «Оны қайдан білдің?» дегенде, «Жүрегім сезіп тұр», деп жұртты ду күлдіретіні. Осы айтқаны кейін қанатты сөзге айналған, нақты білмей тұрған нəрсемізді «жүрегім сезіп тұр» дей салатынымыз бар. Ал курстасымыз Құттыбай Сыдықов (баяғы «ығылысыптығылысып отырыңдар» дейтін мұртты жігіттің дəп өзі) қазақ тілі сабағында алдына жан салмайтын. Сөз таптарын, грамматиканы жеріне жеткізе талдап, қазақ тіліне қатысты біз біле бермейтін дүниелерді шемішкеше шағып, алғашқы саба ғында жазған диктантымызға жаппай «екілік» қойған ұстазымызды дəн риза қылатын. Құдды, кеше ғана мектеп табалдырығынан шыққан оқушы бала тəрізді, əйтеуір, қазақ тілі пəнінен қамшы салдырмайтын. Тегінде, өзінің мінезі шатақтау ма десем, олай емес, өзім дегенге өзегін жұлып беруге даяр, нағыз жаны жайсаң жігіттің төресі болып шықты. Университетте қатар оқыған жігіттер өзін көтермелеп «Құтташ» дейтінбіз. Сөйтіп, бірінші курстан жан аяспас достар болып кеттік. Бұрын да бірнеше рет айтылғандай, біздің осы достар өз арамызда да, сыртқы ортада да «жеті дəруіш» аталатын. Жас шамасы жағынан үлкеніміз Қызылорданың Жалағаш ауданынан келген осы Құттыбай, одан кейін кеңес əскері қатарындағы екі жылдық мерзімді қызметтен оралған қармақшылық Шəкизада, зайсандық мен, Шымкенттің Келес ауданынан келген Сауытбек, Қызылорданың Шиелі ауда нының тумалары Ағайдар мен Жолдас жəне түркістандық Тілеуқабыл. Қайда барсақ та жұбымыз жазылмай бірге жүреміз. Тіпті, жазғы демалыс кезінде де, ауылшаруашылық жұмыстарына барғанда да, бір бөлмеге орналасуға тырысатын едік. Үшінші курстың қысқы каникулында оңтүстік өңірде тұратын жігіттердің үйлеріне қонақ боп қайтуға ұйғардық. Осы сапарымызды бұрын да жазғанбыз. Əйткенмен, қазіргі əңгіме Жалағаш ауданының Таң ауылында тұратын Құттыбайдың отбасына

барғанымыз жайында. Құтекеңнің ауылына барар алдында Қызылорда қаласында болғанбыз. Сондағы педагогикалық институтта оқитын Шəкизаданың таныс қыздары шақырып, жатақханаларына қонаққа барған едік. Қысқасы, түннің бір уағына дейін сонда отырып, одан шыққан бойда Құтекеңнің енесінің үйіне жетіп, сəл тыныққан ырымын жасағанбыз. Таң атысымен орнымыздан тұрып, шай ішкен болдық. Бірақ дастарқандағы ештеңеге көңіл шіркін шаппады. Енді Жалағашқа аттануымыз керек. Бəріміз сол түнгі сайраннан кейін сең соққан балықтай өзімізге өзіміз келе алмай отырмыз. Сөйткенше болған жоқ есік қағылып, артынша үйге екі қыз кіріп келді. Екеуі де үріп ауызға салғандай əдемі қыздар көрінді. Əсіресе, біреуі тіптен аққудың көгілдіріндей, бет жүзі жұмыртқадай аппақ, аса сұлу екен. Өзі біздің Тілеуқабылдың Түркістан қаласында бірге оқыған сыныптасы екен, келгенімізді естіген соң өз бөлмелеріне қонаққа шақыра ке ліпті. Құттыбайдан басқамыз кіл бойдақ, екі көзіміз əлгі қыздарда, жылан арбаған торғайдай тəңірімізден жаздық та қалдық. Құттыбайдың сөзі уақытымыздың тым тығыздығын, бүгін Жалағашта болуымыз керектігін, онда өзінің отбасы күтіп отырғанын айтып, рахмет, бара алмаймыз дегенге саяды. Сонсын сендер де мені қолдап, бірдеңе десеңдерші деген сыңаймен біздерге қарап қояды. Ал бізде тырс еткен үн жоқ. Жорта шай сораптаған болып, тіл қатпаймыз. Қыздар бір күннің арысы не, берісі не, ертеңге дейін қала тұрсаңыздаршы дейді. Тіпті, сөз арасында декандарының қатал екеніне қарамастан, бізді қонаққа шақыру үшін сабақтан қашып кеткендерін де тілге тиек еткен. «Ой, сіздердің декандарыңыз біздікіне қарағанда не? Нағыз ұрып жіберетін біздің декан ғой», деп күледі Құтекең мұрты едірейіп. Деканымыздың шынында сондай екені рас-ты. Ақыры қыздар тіпті, жалынуға шақ қалған. «Онда мынадан алып қойыңдар, сонсын көрерміз», деді Құттыбай үстел үстінде ешкімнің құлқы соқпай мөлдіреп тұрған стакандарды нұсқап. Қыздар болмашы ғана еріндерін тигізді, ал біз манадан бері қолымыз бармай отырған стақандарды қалай төңкеріп қойғанымызды өзіміз де сезбей қалыппыз. Бірақ, Құттыбай бəрібір

жібімеді. Кетеміз-кетемізбен тас боп қатты да қалды. Амалы құрып, есіктен үнсіз шығып бара жатқан əлгі қыздардың соңынан біз де нəумез күйде қала бердік. Естіртіп айтпағанмен: «Соншалықты мұнысы несі? Бір күн аялдасақ, не бүлінер еді?» дейміз ғой іштей. Бірақ, енді баратын Жалағаштың Таң ауылында екі көзі төрт болып, Құтекеңнің жан жары, үш қызы, əкесі, інілері мен қарындастары күтіп отырғаны, шыны керек, ол кезде біздің қаперімізге пəлендей кіре қоймапты... Университеттегі бес жылға созыл ған оқу кезінде қаншама қызықтарды бірге өткізген жан қимас достар едік. Сол жылдарда кітапханадан шықпай, тек кітап кемірумен болдық десек, онымыз Құдай алдында да, адам алдында да өтірік болады. Жастық дəурен, жалынды шақтарымызда заманымызға тəн қызықтарды бір кісідей көрдік десек шындыққа біртабан жақындар едік. Кейін оқуды тəмамдап, қолымызға диплом алып, өмір соқпағы əрқай сымызды əр жаққа таратып əкет кен кезде де қарымқатынасымыз үзілген емес. Жан жары Қуанышгүл елінде балашағасының қасында қалып, мектепте ұстаздық ете жүріп Құтекеңді бес жыл бойы сарыла күтті. Қолына мамандығы «жур налист» деген қатырма қағазын ал ған Құттыбай еліне қайтты. Біздер Алматыда қалдық. Құтекеңнің туған еліндегі атқарған қызметтері, қалам қайраткерлігі жайында бірге жүрген əріптестері республикалық, облыстық мерзімді баспасөзде, радио-телевизияда жеткізіп-ақ айтыпты. Сол газет беттерін парақтағанда бұған əбден көзіміз жетті. Кейіннен бұрын бойдақ жүрген достар бəріміз үйлі-баранды болдық. Алған келіншектеріміздің бəрі бір-бірлерімен тату-тəтті тіл табысып, жақсы жарасып кетті. Сөйтіп, бəріміз отбасыларымызбен араласып тұратын болдық. Құттыбай мен Жолдастың қызметтері де, үйелмендері де Қызылорда қаласында еді. Күндердің күнінде Құтекең ердің жасы елуге жетті. Ол кезде өзі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің органы «Халық кеңесі» газетінің Қызылорда облысы бойын ша меншікті тілшісі. Тұс-тұстан артынып-тартынып тойға келдік. Қатарымыз кемімеген, аман-сау күйде едік. Бас редактордың орынбасары, белгілі қаламгер Жанболат Аупбаев бастаған бір

топ газет қызметкерлері жəне облыстардағы меншікті тілшілері де осы мерейтойда бас қос ты. Той тамаша өтті. Облыстың түрлі дəрежедегі басшыларының да қатысқаны есімде. Қызылордалық ақын-жазушылар, журналистер де төбе көрсетті. Ортамыздағы үлкеніміз Құтекеңнің ердің жасы елуге келген мерейлі мерекесін осылайша əн-жырмен, жарасты əзіл-оспақ, əуелеген əн, күмбірлеген күй сазымен қарсы алғанбыз... Менің Ақтөбе қаласында бір əпкем тұрады. Сол кісінің шаңырағындағы түрлі қуаныштарға отбасым жəне осы Алматыда тұратын туыстармен бірге анда-санда барып тұрамыз. Ақтөбе жаққа бет алғанымызды Қызылордадағы достарға алдын ала білдіріп қоятынбыз. Пойыз бір тəулік дегенде Қызылорда вокзалына келіп жетеді. Перронда Құт тыбай мен Қуан ышг үл , Жолдас пен Ұлымгүл қолдарына бір табақ етін ұстап, күтіп алатын. Вагоннан түскен Кəбира екеумізді құшақтарына қысып, бəріміз мəре-сəре болушы едік. Тағы бірде барғанымызда қайтпас сапарға аттанған Құтекеңнің орнына туған інісі шығыпты. Түркелбеті ағасынан айнымай қалған. Жүрегіміз шым ете түсті. Енді бірде Жолдастан да айырылған соң перроннан бізді қарсы алуға Қуанышгүл пен Ұлымгүл екеуі ғана шыққан екен. «Достарымыз кеткен соң, келіншектері қарсы алуға да жарамады», деп айтатын шығар деп, ұялғанымыздан келіп тұрмыз деп əзілдеген боп қояды. Кезінде аудандық газетте, одан кейін Қызылорданың «Сыр бойы» облыстық мерзімді баспасөзінде қалам қайратын шыңдаған, бұдан соң «Алтын орда», «Заң» сияқты басылымдардың меншікті тілшісі қызметін атқарған, талай сүйекті, елді елең еткізер мақалаларды дүниеге келтірген, əділдік жолында кімдермен болса да аянбай күрескен ақмылтық журналист Құттыбайдың сондай-ақ, көркем əдебиет саласында да өнімді еңбек еткені баршаға мəлім. Оның «Белгі», «Дария жыры», «Табиғат трагедиясы», «Босқындар» іспетті прозалық шығармалары тұнық сезім, ойлы байлам, қызықты шешімдерімен де оқырманын тəнті еткен туындылар. Бұлар кезінде облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған. Астанадағы «Фолиант», Қызылорданың «Сырдария кітапханасы» сериясымен шыққан əңгіме, повестері аталған кітаптардың ішіндегі сүбелі шығармалардың бірінен саналады. Əрине, Құтекеңнің жазғанынан жазары көп еді. Көкейінде пісіп-жетілген, тек ақ қағазға түсіруге үлгермеген дүниелері өзімен бірге кетті. Амал қанша? Осыған да қанағат дейміз. Əйткенмен, өз басым Құттыбайдың атын əрдайым ұмыттырмайтын, ендігі өмірінің жалғасы артында қалған шынайы шығармалары деп бес қызы мен жалғыз ұлы Мұратты айтар едім. Балаларын аса тəрбиелі ғып өсірді, оқытты, тоқытты, қатарынан кем қалдырған жоқ. Қыздарының əрқайсысы бірбір шаңырақтың отанасы, бұл күнде өздері де бала-шағалы. Сүт кенжесі Мұраты да үйленген, ол үйдегі келін қыз да, ұл да туып, Қуанышгүл шешелеріне немерелер сүйгізіп отыр. Уақыт шіркін жүйрік қой. Егер тірі жүрсе, Құтташ бүгінде жетпіс деген жастың желкесіне шығатын еді. Жетпіске келген мерейтойын ел-жұрты, бала-шаға, туыстары, достарымен бірге тойлатар едік. «Əй, келіп қалдыңдар ма?!» деп қияқ мұртынан күліп тұрар еді қайран Құтекең. Бірақ, тағдырға не шара, жетпісі түгілі алпысын да тойлай алмай кетті. Əйткенмен, артында қыздары мен өзі талай жыл арман еткен ізбасары Мұраты қалды. Өмір бойғы шырақшысы, артында қалған қағаздарын жинап-теріп, болашақта кəдеге асар деген үміттен бір сəт те көз жазбаған жан жары, асыл жеңгеміз Қуанышгүл қалды. Өзі жоғын жоқтап, əділдік жолында талай мəрте отқа түсіп жүретін қалың қазағы – туған елі қалды. О дүниеге аттанған жанға ештеңенің қажеті жоқ. Ештеңе сұрамайды да. Əйткенмен, артында өлмейтұғын сөзі қалған абзал жанның есімін ардақтау өзінің кіндік кесіп, кірін жуған еліне сын. Қайтпас сапарға кеткеніне он жылдан асқан Құттыбай Сыдықовтың атына қалада, оның реті келмесе ауданда бір көше беру Қызылорда секілді қазақ халқының қаймағы бұзылмаған қасиетті мекеннің елі үшін мойнындағы борышы дер едім. АЛМАТЫ.

Тəрбиеніѕ атасы – тарих

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» жəне жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» кітаптарының жаңа басылымдарының таныстырылымы өтті. Шараға белгілі қаламгерлер, ғалымдар, мəдениет қайраткерлері қатысты.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «ҚазАқпарат» баспасы бастамасымен жарық көрген «Тарих-и Рашиди» шығармасының аудармасы Душанбе, Ташкенттің қолжазба нұсқалары жəне Теһранда жарық көрген А.Ғаффарифəрд текс тологиясы еңбегі негізінде жасал ған. Шығыстанушы Ислам Же ме нейдің 2014 жылы Тараз мемлекеттік университетінде жарық көрген парсы тіліндегі текстологиясы да еңбекті аудару барысында пайдаланылған. Зерттеуші ғалымдарға, тарих сүйер қауымға, дінтану, филология, психология, философия, жағрафия, этнография, саясаттану жəне басқа салалардағы зерттеушілерге берері мол еңбектің ерекшелігі, мұнда алғаш рет адам есімдері, жер-су аттары түгелдей қазақ əліппесінің таңбасы бойынша транскрипцияланған» делінген мұндағы қысқаша түсініктемеде. Айтулы екі ірі еңбек туралы Мəдениет жəне спорт министрлігінің маманы Серғазы Тəуекелов жан-жақты баян дап берді. «Отырар» кітапханасының директоры Тұрсын Жұртбай: «Бұл кітаптың аударылуы біздің қазақ мемлекеттігіміздің, қазақ хандығының нақты тарихи кепілі болып табылады», – деді. «Əуезовтен кейінгі Есенберлин сияқты Алаш идеясына кепіл болған жəне қазақтың ұлттық өмірлік идеясын мұратына айналдырған жазушы тарихи тұрғыда жоқ деуге болады... Қазақ хандығының 550 жылдығы жəне І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына орай бұл кітаптардың бір мезетте жарық көруінің өзі ұлы сəйкестік деп ойлаймын» деді ғалым. Кітаптың лентасын мəдениет қайраткерлері, ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Əділ Ахметов, Өмірзақ Озғанбай, Ислам Жеменей, Бүркіт Аяған салтанатты жағдайда қиып, жаңа басылымдардың шығу тарихы мен келешек ұрпаққа

берер тағылымы жайында баяндады. Кітаптардың бір-бір данасы Ұлттық академиялық кітапхананың мұражайына тарту етілді. «Тарих-и Рашиди» кітабының шығарылуына орай «ҚазАқпарат» баспа корпорациясының президенті Қонысбек Ботбай: «Қазақ хандығының 550 жылдығы тұсында тарихымызды түгендеген кітаптардың ішінде шоқтығы биігі болып саналатын «Тарих-и Рашиди» кітабын шығару бойынша биыл көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл еңбек үш тілде жарық көруімен құнды. Қазақша – 4 мың, орысша – 2 мың жəне ағылшынша 1 мың таралыммен жарық көрген кітапты бұрынғы аудармасымен салыстырғанда, бұл жолғысы біршама толықтырылған жəне көптеген суреттерімен түрлітүсті кітап-альбом ретінде жарық көрді. Оның бірінші артықшылығы – қазақ деген атаудың алғаш рет айналымға кіргені осы кітапта айтылады. Екінші бір елең еткізерлігі, қазаққа қатысты көптеген мəлімет терді табасыз. Оған 150-ге жуық қазақ сөздері кіріктірілген. Сонымен қатар, бұрынғы кітаптарда оны Дулати деп жазып жүрсек, ендігі жерде Дулат деп қалыптастыруға тырыстық. Өйткені, «и» əрпі көбіне қаланың, жердің аттарына байланысты жалғанады. Мысалы, Фараби, Тарази... Сондай-ақ, парсы өзбек, тəжік тілдерінде жарық көрген кітаптарда Дулат деп жазылған екен... Бұрын ол əрине, аударылған еңбек. Бірақ, онда біраз кемшіліктер орын алған, біз бұл жолы соларды жетілдіріп, барынша толықтырдық. Ол үшін мамандар жарты жылдан астам жұмыс істеді. Тағы бір айта кетерлігі, заман өте келе бұл кітап жетілдіріліп, мұнан да орнықты зерттей түсуді қажет ететіні сөзсіз. Өйткені, «Тарих-и Рашиди» – көп айтылғанмен, əлі ғылыми айналымға түспеген тылсым тұстары көп кітап. Мұны қазақ ғалымдары, мамандары қолға алып жан-жақты зерттесе, қазақ хандығына, Орта Азияның тарихына қатысты көптеген мəліметтер жеткілікті» деді.

 Достық дəнекері

Їндістердіѕ этномузыкалыќ тобы Ќызылжар ґѕіріне келіп ќызыќты концерт ќойды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Петропавлдықтар Оңтүстік Американы мекен еткен үндіс тайпаларының бірі кичуа екенін Эквадор Республикасынан келген «Қандас бауырлар» этномузыкалық тобының мүшелерінен естіп білді. Оның құрамында көптен бері өнер көрсетіп келе жатқан Альберто Маралис Чиса жəне Эрнесто Агилар есімді талантты əншілер жүрген жерлерінде кичуа үндістерінің музыкасын талмай насихаттап, өнерде шекара болмайтынын ұқтыруды дəстүрге айналдырыпты. Қызылжар өңірінде де ұлттық аспаптарда нəшіне келтіре ойнап, тамылжыта əн шырқап, көрермендерін риза етті. – Шығармашылық топты «Қандас бауырлар» деп атауымызда үлкен мəн бар. Ондағы мақсат– ата-баба мекенінен еріксіз қуылып, резервацияға ұшыраған үндістердің

салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, тілін, мəдениетін паш ету, дейді əншілер. Эквадор Республикасының Отавало астанасынан шығып, əлемді шарлап келе жатқан көңілді жігіттер облыс орталығында бірнеше күн аялдап, қызықты концерттік бағдарламалар ұсынды. Ұлттық киімдері бойларына жарасып, сампония, пана, кена секілді ұлттық аспаптарда құйқылжыта ойнады. Күнделікті нəпақалары мен жол шығындарын өтеу үшін өздерімен ала келген экзотикалық бұйымдар мен күйтабақтарды саудалады. Көбіне «мархабат», «рахмет» сөздерін жиі қолданып, ыстық ықыластары мен ризалық сезімдерін білдіріп жатты. Əншілер қоштасарда Қазақстанның, тұрғындардың қатты ұнағанын, дəмді етіп əзірлеген тағамдарын сүйсіне жегендерін қайта-қайта айтып, алғыстарын жаудырды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement