Page 8

8

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ТЫЄЫРЫЌЌА ТІРЕЛГЕН ТІРЛІК

Бразилиядаєы шиеленіс ушыєып барады Бразилия экономикасы бұрын-соңды болып көрмеген терең дағдарысқа тірелді. Ел экономикасын құрсауға алған бірнеше басты проблема бар. Атап айтқанда, федералдық қор жүйесінің ставкаларды арттыруы, Бразилияның ең үлкен сауда серіктесі Қытай тарапынан сұраныстың азаюы жəне шикізат бағасының ең төменгі деңгейге құлдырауы бұл елдің тынысын тарылтып жіберді. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне ел ішінде белең алған саяси шиеленісте кері əсерін тигізуде. Ел президенті Дилма Русефке жемқорлық қылмысқа барды деген ауыр айып тағылды. Қарсыластарының айтуы бойынша, Дилма Русеф президент болғанға дейін 7 жыл Petrobras компаниясын басқарған екен. Міне, нақ осы кезеңде ол сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан көрінеді. Төзімі таусылған Бразилия халқы көшеге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етуде. Соңғы айларда бұл елдің экономикасы қатты тұралады. Үстіміздегі жылдың екінші

тоқсанында инфляция деңгейі күрт көтеріліп кетті. Қазір бұл елде дағдарыстың ең ауыр түрі – стагфляция белең алуда. Халықтың төзімін тауысып, көшеге шығуға мəжбүр еткен ауыртпалық – соңғы уақытта елде күрт көбейіп кеткен жұмыссыздық болып отыр. Жұмыссыздықтың артуы биылғы жылдың 7 айы бойы жалғасты. Қазір бұл кесел Бразилияда соңғы 5 жыл ішінде болмаған деңгейге көтеріліп отыр. Сарапшылардың пікірінше, биылғы жылы Бразилияда ешқандай жаңа жұмыс орны ашылған жоқ. Керісінше, қолда бар жұмыс орындары қысқартылуда. 2015 жылдың өткен мерзімінде 2014 жылмен салыстырғанда, 547,7 мың жұмыс

орны қысқартылған. Табысы тамағына жетпей отырған жұрттың сұраныс қабілеті күрт төмендеді. Міне, осы келеңсіздіктердің бəрі

елдегі экономикалық-əлеуметтік ахуалдың шиеленісуіне əкеп соқты. Bank of America Merill Lynch сарапшыларының

Босќындар мəселесі: «єасыр проблемасына» айналды Елінен, жерінен айырылып, жаппай еріксіз қоныс ауған босқындар «барар жері, басар тауы» қалмаған соң, Еуропаның аяқтары іліккен жерлерінде тұрып қалуға тырысуда. Бірақ кəрі құрлық тұрғындары «шақырусыз қонақтарды» аспен емес, таспен қарсы алды. Германияда босқындарды уақытша қоныстандыруға арналған баспана өртелді, Ұлыбритания Ла-Манш арқылы өтетін пойыздар қозғалысын

тежеуде. Италияда босқындар мен полиция арасында қақтығыстар орын алған. Ал Еуроодақ бұл «ғасыр шиеленісінің» шешімін табуда дəрменсіздік танытуда.

Ахуал осылай тығырыққа тірелген сайын кəрі құрлық арқылы үдіре ауған босқындар проблемасы шиеленісе түсуде. Күні кеше Германияның Унтервайсс қаласында тағы да босқындар паналайтын ғимарат өртелді. Милан қаласында босқындар мен полиция арасында үлкен төбелес орын алды. Бұл оқиғалар бірең-сараң

емес. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кең ауқымда көрініс тауып отырған заңсыз мигранттар тасқыны Еуропаны титықтатып отыр. Тынышы кеткен кəрі құрлық тұрғындары тағдыр тəлкегімен бас сауғалаған босқындарға жауша шабуылдауда. Мəселен, Германияның Хайденау қаласында орын алған босқындар проблемасына қарсы ереуіл соңы тұрғындар мен полиция арасындағы үлкен жанжалға ұласты. Соның салдарынан ондаған адам жарақат алып, жүздеген адам түрмеге қамалды. «Мен мигранттарға қарсы бағытталған қандай да болмасын зорлық-зомбылыққа қарсымын. Біздің елімізде ксенофобияға жол жоқ. Босқындар проблемасын шешу үшін біз Грекия жəне Италияда босқындарды тіркеу орталықтарын салуымыз керек. Өйткені, бұл босқындардың Еуропаға ең бірінші қадам басатын орындары», – деп мəлімдеді канцлер Ангела Меркель. Ал оқиға шиеленіскен Хайденау қаласына барып қайтқан Германияның вицеканцлері Зигмар Габриэль «Еуропалық одақ Грекия дағдарысы, еуроның құлауы сияқты барлық экономикалық дағдарыстарға қарсы тұра алады. Алайда, қалыптасқан жағдайдан шығудың шұғыл

пікірінше, жұртшылықтың билікке деген наразылығы барған сайын артып, елде терең дағдарыстар орын алмақ.

шешімін таппаса, Еуропалық одақ босқындар проблемасынан құлайды. Қазірдің өзінде біздің бірлігімізге жарықшақ түсті», – деп атап көрсетті. Босқындар проблемасының Еуропалық одақ үшін «ғасыр проблемасына» айналғандығын Италия да мойындап отыр. Жақында босқындардың үлкен тобы Милан қаласының шет жағында ереуіл өткізді. Олар жергілікті билік тарапынан босқындарға жасалып отырған жағдайдың ешбір сын көтермейтіндігін ашық мəлімдеді. Олардың басты шарты – босқындарға тиісті құжат беріп, кəрі құрлық елдерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігін жасау. Босқындардың бейбіт шеруінің ақыры полициямен қақтығысқа ұласты. Екі жақтан да зардап шеккендер бар. Ұлыбритания өз шекарасын босқындардан қорғап қалудың барлық жағдайын қалт жібермейді. «Біздің еліміздің тұрғындары бір мəселені – шекарамыздағы тұрақтылықты талап етеді. Егер Еуропалық одақ біздің шекарамыздың қауіпсіздігі үшін қажетті шаралардың бəрін жасамайтын болса, біз Еуропалық одақтағы өз еліміздің мүшелігін қарауға мəжбүр боламыз», дейді Британ қазынашылығының канцлері Джордж Осборн. Қалай болғанда да, Еуропа үшін босқындар мəселесі күн тəртібіндегі ең жауапты да күрделі проблема болып отыр. Босқындар проблемасының нақты шешім табуы, Еуропалық одақ болашағының кепілі болмақ.

Топыраќ кґшкіні жиіледі

Индонезияның шығысында орын алған орасан зор лай көшкіні салдарынан 8 адам қаза тапқан. Нөсер жаңбыр кесірінен құтқарушылар əлі күнге дейін апат болған аймаққа жете алмай отыр.

Индонезия полициясының өкілі Патридж Ренвариннің айтуынша, апат Папуа провинциясындағы Ялимо ауданында орын алған. Апат аймағына жіберілген құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты əлі күнге дейін жұмыс жүргізе алмай отыр. Соңғы уақытта Индонезияда лай көшкініне байланысты апаттар жиі орын алуда. Мамандар мұны ешбір бақылаусыз жасалатын орман

ағаштарын кеcу шаралары салдарынан болып отырғандығымен түсіндіреді. Индонезияда соңғы жылдары жаппай орман ағаштарын кесу науқаны белең алған. Ағаштан босаған аймақтарда топырақ көшкіні апаттары жиі болады. Мəселен, 2014 жылдың желтоқсан айында Джемблунг қаласында орын алған осындай үлкен апат салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, 600 адам баспанасынан айырылған.

Орман ґрті ќаулап барады

АҚШ-тың Вашингтон штатында орман өрті қаулап барады. Мамандардың айтуынша, мұндай жойқын апат бұл штаттың тарихында болып көрмеген екен.

Қазір өрт жалыны 250 мың гектар орман алқабын қамтыған. Əсіресе, өрт орман жиегіндегі елді мекендерге үлкен қауіп төндіруде. Өрт салдарынан 200 құрылыс нысаны жанып кеткен. Бүгінде өрт қаулаған аймақтарда 1500 үй отқа орану қаупінің алдында тұр. Жергілікті билік бұл үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жақтарға шұғыл көшіріп үлгерді. «Біз өрттің бетін қайтару үшін

барлық күш-жігерді жұмсаудамыз. Алайда, табиғи апаттың қарқыны қатты. Қосымша тың күш келмесе, біз өз күшімізбен бұл апаттың бетін қайтара алмайтын сияқтымыз», – дейді өрт сөндірушілер бригадасының жетекшісі. Бүгінде қаулаған өрт көрші Орегон штатына да қауіп төндіруде. Сонымен бірге, Американың Монтане, Калифорния жəне Айдахо штаттарында да орман өрттері орын алған.

Дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Раќымшылыќ ќаєидатына негізделген акт Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Өткен аптаның аяғында Белоруссия президенті Александр Лукашенконың жарлығымен алты саяси тұтқын бостандыққа шығарылды. Президент əкімшілігі оны рақымшылық қағидатына негізделген акт деп сипаттады.

Шын мəнінде бұл оқиғаға əлемде біраз жұртшылық назар аударды. Əсіресе, Батыс пен АҚШ-тың саяси ортасында ерекше мəн беріп отыр. Кейбір саясатшылардың пікірінше, Белоруссия президентінің ойлағаны да сол болса керек. Алдымен кімдер босағандарын айтайық: Николай Статкевич, Игорь Оленевич, Николай Дедок, Евгений Васькович, Артем Прокопенко жəне Юрий Рубцов. Бұлардың ішінде 2010 жылғы президент сайлауына қатысқан Николай Статкевичті бөлежара айтуға болар. Оған сайлау аяқталғанда оның нəтижесіне байланысты адамдарды бүлікшілікке бағыттады деген айып тағылған. Соттаймын десе кінə табу қиын емес дегендей, аталғандардың біразы саяси емес, қылмыстық кінəларымен сотталған. Содан бері, əсіресе, Батыста Лукашенконы айыптаған, сотталғандарды босатуды талап еткен сөздер көп болды. Соның бірі – өткен жылы желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік департаменті Белоруссия прездиентіне үндеу тастап, сол саяси тұтқындарды босатуға шақырған. Лукашенконың бүгінгі қадамын біраз жұрт соған жауап деп те қабылдады. Иə, алғашқы үн қатқан АҚШ Мемлекеттік департаменті болды. Оның баспасөз хатшысы Джон Керби бұл акцияны «Белоруссия халқы үшін игілікті оқиға жəне

АҚШ-пен арақатынасты реттеуде маңызды қадам болды» деп атап көрсетті. Батыстың қуанышын Еуроодақтың шетел істері жəне саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мен Еурокомиссияның көршілік саясаты жөніндегі комиссары Йоханнес Хан білдірді. Олар бірлескен мəлімдемесінде Лукашенко рақымшылдығын «көптен күткен қадам» деп сипаттады. Бұл қадамды айрықша белсенділікпен сөз еткен Ресей саясатшыларының пікірлерінен оны иə құптағанын, немесе айыптағанын ажырату қиын соқты. ГУВШЭ-нің əлемдік экономика жəне саясат факультетінің деканы Андрей Суздальцев мұны демократияға қарай бетбұрысқа мүлде қатысы жоқ десе, Ұлттық стратегия кеңесінің директоры Валерий Хомяков Лукашенконың Батысқа жағынуы деп тұжырымдады. Лукашен коның Еуроодаққа кіргісі келеді деген де айтылды. Лукашенко бүгінге дейін «Еуропадағы соңғы диктатор» атағына ие болса, енді Ресейдегі жағдайға байланысты бұл атаққа лайықты басқа да адам барлығын көрсеткісі келді деп те кекеткендер табылған. Айтылып жатқан пікір көп. Қазан айында бұл елде – президент сайлауы. Біреулер соған қатыстырады. Жақында Лукашенко БҰҰ Бас Ассамблеясының мəжілісіне қатысуға Нью-Йоркке барады. Сол сапарында АҚШ президенті Барак Обамамен жолығуы мүмкін. Сол үшін дейді тағы біреулер. Кейде жақсылық жасағандардың да осылай сөзге қалатыны бар. Қалай десек те, Белоруссия президенті өз мінезіне тəн тосын əрекетімен біраз жұртты таңдандырды. Бұл шын мəнінде Белоруссияны Батысқа жақындата түсуі əбден мүмкін.

Жаєдай жаќсы болса, халыќ кґтерілмейді Бразилияда халық көшеге шықты. Қарсылық шеруі елдің 240 қаласын қамтыды. Талаптары – президент Дилма Русеф қызметінен кетсін дейді. Оған себеп – рецессия, инфляцияның өсуі, жұмыссыздықтың етек алуы.

Мұндай жағдай қазір қайда жоқ дейсің. Рецессия, яғни өндірістің кері кетуі, құлдырауы, жұмыссыздық əлемнің көптеген елін есінен тандырып отыр. Сол үшін басшысын қуа берсе, береке сонда кетпей ме? Əлемдік дағдарыс кезінде қай жерде де ынтымақ, түсіністік, қиындыққа қарсы бірігу қажет-ау деген ой көңілге орала береді. Оның үстіне əйел басшы белден басып, қиянатқа бара қоймас деп те ойлайсың. Бірақ қарсыластардың талабында да қисын көп. Құлдырау негізінен осы социалист қайраткер Дилма Русефтің билікке келуінен, яғни, осыдан 5 жыл бұрын басталыпты. Соған қарамай, осыдан үш-төрт ай бұрын ол президент сайлауында екінші мерзімге тағы сайланған. Рас, екінші турда қарсыласын 51 пайызбен əзер жеңген. Əрине, бұл бұрынғы президентке, билік ресурстарын пайдаланған адамға тым аз. Ең қиыны – елдегі Петробраз мұнай компаниясына байланысты дау-жанжалға қатысы бар деген айыптау. Президенттің өзі бұған ешқандай қатысым жоқ, тазамын дегенді айтады. Ел прокуратурасы ел президентіне мұнауың бар деп көрсетпегенімен, биліктегі «Еңбек» партиясының көптеген саясаткерлеріне, парламент басшыларына, үкімет мүшелеріне,

тіпті президенттің өз кеңесшісіне айып тағып отыр. Прокуратураның есебінше, биліктегілер 2 миллиард доллардай қаржы жымқырған. Тіпті, өзі алмағанмен, айналасындағылардың сондай болғаны үшін де, оны аңғармағаны үшін де Дилма Русефті жазғыруға болғандай-ау. Өз кезегінде биліктегілер қарсыластарын бүлікшілерге қосып, елде диктатура орнатқылары келеді деп айыптайды. Оппозиция қатарындағы əсіре оңшылдардың мақсаты заңды сайланған билікті қалай да құлату дейді. Олар диктатураны жайдан-жай еске салып отырған жоқ, бұл елде 1964 жылдан 1985 жылға дейін əскери диктатура билік құрып, елді қатаң тəртіп құрсауында ұстаған. Сөйтіп, біраз жылдан бері биліктегі социалистер халықты əсіре оншылдардың билікке келу қаупімен қорқытады. Қалың көпшіліктің талабы басқарақ. Олар биліктен əлеуметтік жағдайға көңіл аударуды талап етеді. Шеруге шыққандар қатарында тек əсіре оңшылдар ғана емес, солшыл партиялардың да өкілдері бар. Күні кеше президент сайлауына қатысып, алғашында басты үміткердің бірі болған Анна Суарес былай дейді: «Біз барлық жерде, денсаулық сақтауда да, білім беруде де тəртіп болуын қалаймыз. Содан да түк істемей отырған президенттің кетуін талап етеміз!» Оны даурықпа сөз дейін десең, президенттің рейтингі қазір 8 пайызға дейін құлдырап отыр. Əлемнің бір алып елінде (халқы 203 миллион) тыныштық кетіп тұр. Оның басқаларға да əсері болары анық.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement