Page 6

6

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ ШАРАЛАР – Бүгінде əлем экономикасы өте күрделі жағдайды бастап кешіп отыр. Оған белгілі бір дəрежеде шикізат көздерінің құнсыздануы, атап айтқанда, мұнай бағасының құлдырауы да себепкер болуда. Бұл ахуалдың əлемдік рынокқа өз тауарларын шығаратын біздің елімізді де айналып өте алмасы анық. Осыған орай Қазақстан

Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. Бұл мəселені қалың жұртшылық қалай қабылдауда? Үкімет не істеуде? Төмендегі материалдарда, міне, осы жөнінде айтылады.

Жігеріміз жасымайды

Кəсіпкерлерімізді бəсекеге баулиды Мұрат ТАҒАЕВ,

«Ордабасы құс» ЖШС бас директоры.

Əлемдегі бүгінгі дағдарыс жайындағы қалыптасқан экономикаға қатысты Қазақстан Үкіметінің жаңа экономикалық саясат ұстануы ертеңге қарайлатпайтындай мемлекеттік шешім деп қабылдаймыз. Рас, халыққа оңай тиіп жатқан жоқ. Төл теңгеміздің долларға шаққандағы бағамының тұрақсыз болуы, соң ғысының бағасының артуы доллармен несие алған азаматтарға оңай соқпағаны белгілі. Бірақ Ұлттық қордағы қаржымен баяғыдай ұстап

тұрудың мүмкін еместігін, мұның соңы тəуелсіздімізге қатер, мемлекетімізді орға жығатындығын да ойлау керек. Осындай қиын жағдайларға қарамастан, Қазақстан Үкіметі Елбасының

тапсырмасымен халықтың əлеуметтік жағдайына аса залал тимейтіндей жұмыстар жасап жатыр. Негізгі тұтынатын азықтүлік тауарларына үстеме баға қоюға шектеу қойылуда. Кəсіпкерлер де жағдайға түсіністікпен қарап, қолдан келген көмектерін жасап жатыр. Оңтүстіктегі базарлар қауымдастығының президенті Қайрат Балабиевтің өз иелігіндегі базардағы саудагерлерден үш айға дейін сауда нүктелерінен ақша алмауға шешім қабылдағанын отаншылдыққа, мемлекетшілдікке жатқызуға болады. Қазір ешкімнің үріп ішіп, шайқап төгіп жүрген жағдайы жоқ. Кəсіпкерлердің барлығы дерлік несие алып жұмыс жасайды. Ал оның қайтарымы бар.

Соның бірі «Ордабасы құс» ЖШС инвестициялық жобасының жалпы құны 5 млрд. 580 млн. теңге. Осының 18 пайызы серіктестіктің өз қаражаты. Қалған 82 пайызын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан қаржыландырған. Осыған қарамастан, біз өз өнімдеріміздің бағасын көтерген жоқпыз. Жаңа экономикалық саясаттың кəсіпкерлеріміздің бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етіп жатқанын да айтайық. Бүгінгі қиындықтан шығудың даңғыл жолы, бəріміз бір кісідей Елбасын қолдайық. Сонда дағдарыс бұлты сейіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы.

30-ДАН АСТАМ ЕЛ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ТАРГЕТТЕУ РЕЖІМІН ҰСТАНАДЫ

Ұлттық валютаның еркін айырбас бағамына жіберілуі бастапқыда ел ішінде біраз дүрбелең тудырғанымен, Елбасының экономикалық саясаттың алдағы шараларын нақты белгілеп бергеннен кейін ахуалдың оң қалыптасқанын аңғаруға болады. Жергілікті жерлерде құрылып, жұмыс істей бастаған жедел штабтар да жағдайдың қалыпты, бағаның қолжетімді болуын тұрақты назарға алған. Қазір адамдардың қайқайсысымен сөйлессең де теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу жөніндегі мəжбүрлі шараны түсіністікпен қабыл алып, қиын кезеңнен қиюын келтіріп шығатынымызға үлкен сенім артып отырғанын байқау қиын емес. Дағдарысты еңсере отырып, бəсекеге қабілетті деңгейге шығу жолдарын Үкімет жан-жақты ойластырары анық. Үкімет пен Ұлттық банктің мəлімдемесінде өзге елдер секілді Қазақстанның да экономикалық күрделі жағдайды кешіп отырғаны ашық айтылды. Оны шекаралас облыстар айрықша сезінді. Ресей рублінің құнсыздануы салдарынан жергілікті кəсіпкерлер тауарлары мен өнімдерін өткізе алмай үлкен шығын шекті. Оған негізгі шикізат көзі болып табылатын мұнай, металл бағаларының төмендеуі сияқты бірқатар объективті себептерді санамалауға болар еді. Ираннан санкциялар алынғаннан кейін мұнайдың бір баррелінің бағасы одан əрі құлдырауы мүмкін деген болжамды сарапшылар айтып отыр. Бұл да өз кезегінде алға қарай дамуымызға өз салқынын тигізбей қоймайды. Сол себепті, экономикалық өсім мен баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатымен жаңа ақшанесие саясатына көшу бірден-бір дұрыс шешім екені талассыз. Президент экономикалық саясаттың алдағы шаралары кеңінен талқыланған жиында құрылымдық экономикалық реформаларды жандандыру бағытында жүйелі шешімдер қабылдауды

1990 ж.ж.

Чили, Канада, Ұлыбритания, Швеция, Финляндия

1990 ж.ж соңы – 2000 ж.ж. І жарт. Оңтүстік Корея, Бразилия, Колумбия, Таиланд, Польша, Чехия

2000 ж.ж. ІІ жарт.

Индонезия, Румыния,Түркия, Сербия, Гана, Парагвай

2014 ж. Ресей

2015 ж.

Қазақстан Еуразиялық интеграция институты əзірлеген

ПЕТРОПАВЛ.

Жаңа ақша-несие саясаты жайындағы əңгіме кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мəслихатында жалғасын тапты. Бұл жолғы брифингке Ұлттық банк өкілдері қатысып, теңге бағамының өзгеруіне орай банк тарапынан қолға алынған шараларды тілге тиек етті. «Егемен Қазақстан».

Жаңа Зеландия

Бақытжан СƏМИЕВА, Солтүстік Қазақстан облыстық іскер əйелдер қауымдастығының төрайымы.

Теѕге баєамы алдаєы аптада онша ґзгермейді Динара БІТІКОВА,

1989 ж.

тапсырды. Ол бойынша жаңа жағдайға бейімделген əлеуметтік бастамалардың енгізілетіні сөзсіз. Азық-түлік өнімдеріне бағаны негізсіз көтермеу шаралары қолданылады. Айырбас бағамының өзгеруінен салымшылар жапа шекпейді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына қатысты да оңтайлы жол ойластырылады. Міне, мұның бəрі қарапайым халық үшін жасалып жатқан əлеуметтік қорғау тетіктері болып табылады. Тəуелсіздік алғаннан бері небір қиындықтардан сүрінбей келе жатқан себебіміздің басты сыры оған қарсы тұратын бағдарламалардың алдын ала, тыңғылықты əзірленуінде болса керек. Ауызбірліктің, ынтымақтың арқасында бұл жолғы бəсі бөлек дағдарыстан да аман-есен өтеріміз еш күмəн тудырмайды. Аталарымыз «сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», деп текке айтпаса керек. Осындайда Президентіміздің: «Асықсақ та аптықпайық», деген даналық сөзі ойға оралады. Шүкіршілік, қазір жағдайымыз ешкімнен кем емес. Уақытша қиындықтар жігерімізді жасытпайтынына, керісінше, бəсекелестікке шыңдап, тығырықтан шығуға мүмкіндік береріне сенім мол.

«20 тамыздан бастап Ұлттық банк жаңа ақшанесие саясатын қолға алды. Жаңа несие саясатының, яғни, инфляциялық таргеттеудiң мəнi – инфляцияны көздеу саясатына көшу. Инфляцияны көздеу саясатына көшу барысында теңге бағамын бос жiбердiк. Теңге бағамы алғашқы күндерден бастап бiр доллар үшiн 255-258 теңге, қазiр 239-241 теңге аралағында тұр. Инфляцияны көздеу саясатының негiзгi мəнi – 2020 жылға дейiн бағаны тұрақтандыру. Бағаны тұрақтандырып, қымбаттауға жол бермеу үшiн 2020 жылға дейiн жылдық инфляцияны 3-4 пайызға дейiн түсiрудi көздеп отырмыз», дедi баспасөз мəслихатында Ұлттық банктің мемлекеттiк органдармен жұмысты үйлестiру жөнiндегi департаменті директоры Бақытжан Сəреев. Теңге бағамы өзгергеннен бері валюта айырбастау пункттерінде біршама қарбалас белең ала бастаған еді. Мұндай сəтте əркім өз бетінше «ақша жасап» қалғысы келетіні анық. Алайда, мемлекеттік органдар ондай келеңсіздіктерге жол бергісі жоқ. Мəселен, елордада валюта айырбастау операциясының тəртiбiн бұзғандар қатаң бақылауда тұр. Бұл туралы Ұлттық банктің Астана қаласы бойынша орталық филиалының директоры Ғазиз Шегенов мəлiм еттi. «Теңгенiң еркiн айналымы енгiзiлген соң, Ұлттық банк валюта айырбастау пункттерiнiң жұмысын қадағалауды күшейттi. Астана қаласы бойынша мəлiмет беретiн болсам, бiз валюта айырбастау операциясының тəртiбiн бұзған 7 айырбастау пунктiн анықтадық. Осы 7 фактiге қатысты үш айырбастау пунктiне жазбаша түрде ескерту жарияланса, екi факті бойынша талапты орындау мiндетi бекiтiлдi, ал бiр банктiң филиалына қатысты əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол филиал доллар мен еуроның курсына қатысты бағаны қымбаттатып сатқан», деп түсiндiрдi Ғ.Шегенов. Ол сондай-ақ, орайы келген сəттi пайдаланып, валюта айырбастау пункттерiне қатысты Ұлттық банктiң құқықтары мен құзырын қайталап өттi. Яғни, валюта бағамын реттемесе де, валюта айырбастау пункттерінің қызметін реттеуге құқылы екендіктерін еске салды. «Ұлттық банктен валюта айырбастауға рұқсат алып, лицензия иеленген ұйымдарға қатысты орындап жатқан мiндеттерi туралы хат сұратуға, жазбаша түрде ескерту жариялауға жəне орындауға мiндеттi жазбаша түрде ескерту беруге құқылы. Сонымен қатар, Ұлттық банк валюта айырбастау

тəртiбiн бұзған пункттердiң лицензиясын қайтарып алуға да қауқарлы», деп ескерттi Ғ.Шегенов. Брифинг барысында сондай-ақ, қазіргі күні халық арасында талқылау тудырған «демалыс күндерi доллардың теңгеге шаққандағы құны күрт өседі екен» деген алып-қашпа əңгімеге орай да Ұлттық банк өкілдері түсiнiктеме берiп өтті. Бұл ретте банкирлер халықты демалыс күндерi доллар бағасына алаңдамауға шақырды. Себебi, валюта айырбастау пункттерi валюта бағамын тек жұмыс күндерi жəне жұмыс уақыты кезiнде, сағат кешкi 18.00-ге дейiн ғана белгiлей алады. «Өткен аптадан бастап Ұлттық банк барлық өңiрлерге тиiстi қаражатты жеткiздi. Бiздiң есептеуiмiзше, қаражат 1,5 айлық мұқтаждықты өтеуге жетедi. Яғни, өңiрлердегi айырбастау пункттерiнде доллар болсын, теңге болсын жеткiлiктi. Сонымен қатар, ақша айырбас тау пункттерiне қойылатын негiзгi талап – олар валюта бағамын тек жұмыс күндерi жəне жұмыс уақыты кезiнде ғана белгiлеулерi керек. Ал демалыс күндерге арналған доллар бағамын аптаның жұма күнi белгiлеуi керек жəне оны демалыс күндерi өзгерте алмайды, деп нақтылады ол. Ал Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қыркүйек айының басында доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қатты қымбаттап немесе қатты арзандап кетедi деген болжамның жоқтығын айтты. «Қазақстандықтар, мереке күндерiнде теңгенiң төмен курсын iздеп алаңдамаңыздар. Қазiр 240 теңгеден сəл қымбат курс бiр апта бойы тұрақты жəне болжамды курс болмақ. Қыркүйек айының басында теңгенiң долларға шаққандағы курсы не тым қымбаттап, не тым арзандап кетпейдi», дедi Н.Құсайынов. Теңге бағамының төмендеуіне орай халық көңілін күпті еткен тағы бір мəселе теңгемен сақтаған депозиттер жайы болатын. Осыған орай, журналистер қойған сұраққа қатысты Ұлттық банк өкілдері теңгемен ашқан депозиттердiң шығынын өтеу бағдарламасы алдағы қыркүйекте бекiтiлетінін жеткізді. Бұл туралы брифингте Ұлттық банктiң қаржылық қызметтi тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi департамент директоры Александр Терентьев айтып берді. «Мемлекет басшысы теңгенiң еркiн айналымға түсуiне байланысты депозиттерi теңгемен ашылған халыққа шығындарын өтеп беру туралы тапсырма берген. Президенттiң тапсырмасына сəйкес, 1 миллионға дейінгі барлық теңгелік депозиттерге өтемақы жүргізіледі», деді А.Терентьев.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement