Page 5

28 тамыз 2015 жыл

5

www.egemen.kz

Н

А

Қ

Т

Ы

қ

а

д

а

м

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ Їлгі

Елдік мїдде жолында Ақмарал ƏЛНАЗАРОВА,

Қызылорда облыстық мəслихатының хатшысы.

Қазақстан ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатымен алға қарай ұмтылып, биік белестерді бағындырып, əлемдік державалар санасатын зайырлы елге айналды. Биылғы өткен Президент сайлауында Мемлекет башысының айшықты да айрықша жеңісі Нұрсұлтан Əбішұлының елімізді мақсатты да тұрақты дамыту жөніндегі орасан зор тынымсыз жұмысының нəтижесі іспеттес. Бүгінде Қазақстанның кемел келешегіне көз салып, басқан қадамдарына қызыға қарайтындар аз емес. Бұл жолда Елбасына сенген, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлесе қимылдаған қазақстандықтардың еңбегінің үлесі зор. Əр мемлекеттің бастауында билік пен халықтың арасын жалғастырып тұратын белгілі топтар болады. Мемлекет басшысының идеясын қолдап, қабылданып жатқан түрлі бағдарламалардың өміршеңдігіне үлес қосатын биліктің өкілді органдарының бірі – мəслихат екені ақиқат. Н.Ə.Назарбаевтың «Мен депутаттардың тарихи міндеттердің биігінен табылатынына əрдайым сенемін. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органмен қоян-қолтық жұмыс істейді деп санаймын. Бірліксіз істе береке болмайтынын, ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүретінін қаперден шығармайық. Басты байлығымыз ел бірлігін сақтай отырып, биік мақсаттарға жетуге ұмтылу. Сол мақсаттарға қол жеткізетін заңнамалық алғышарттарды жасайтын – сіздер. Халық қалаулысы деген абыройлы мəртебенің салмағын ауырсынбай арқалайтындарыңызға мен сенемін. Сіздерге Қазақстанның өркендеуі жолында маңызды шешімдер қабылдап жұмыста зор табыс тілеймін», деген сөздері əрбір халық қалаулысының елі үшін аянбай еңбек етуіне үлкен күш берері сөзсіз. Елбасымыз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен толықтырды. 100 қадам – əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына жетудегі ғаламдық қадам. Алға қойған мақсаттардың орындалуына билікпен бірге қарапайым халықтың да қосар үлесі зор. Сондықтан облыстық мəслихаттың барлық депутаты Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт

жоспарының негізгі тетіктерін түсіндіру жəне пікір алмасу мақсатында халықпен кездесулер өткізіп келеді. Аймағымыздың дамуына өзіндік үлес қосып жүрген облыстық мəслихат жұмысының салмағы зор. Халық қалаулылары Елбасы Жолдауларындағы тапсырмаларының, қабылданған бағдарламалардың уақтылы əрі сапалы орындалуына бір адамдай атсалысып, аймақ халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолында бар күш-жігерлерін салып келеді. Өңіріміздің даму бағытында жасалып жатқан жасампаз жобалардың алды ел игілігіне пайдалануға берілсе, жоспардағы жобалар өз уақытымен жалғасын табуда. Бұл тұрғыда облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының аймақ экономикасын дамытудағы қосқан үлесін ерекше атап өту керек. Аймағымыз өсіп-өркендеудің жаңа белестеріне шығып, экономикалық, индустриялық бағыттарды игеріп, білім, денсаулық салалары жанданып, мəдени, рухани тұрпаты жаңаша өрістеп келе жатыр. Əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, тек Қызылорда қаласының өзінде 2015 жылы жалпы құны 15 миллиард теңгені құрайтын 2090 пəтері бар 41 тұрғын үй жəне 158,4 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға берілмек. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 8 есе көп. Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 23 миллиард теңге қаралды. Жақын күндері осы қаржыға 4 ауданның орталығындағы 25 070 үй көгілдір отынға қосылады. Əлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша да оң өзгерістер байқалады. Облыс бойынша 9 апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектеп, Жаңақорған жəне Жалағаш аудандарындағы емханалар құрылысы жүргізілуде. Жұмыспен қамту саласында жыл басынан бері 4313 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 3630-ы тұрақты. 2015 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетіп, 2014 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыздық сатыға азайған. Халық қалаулылары билік пен елдің арасын жалғастыратын алтын көпір. Өңіріміздегі өзекті мəселелердің шешілуіне атсалысып, өздеріне сенім білдірген халықтың мүддесі үшін қызмет етіп, аймақ дамуына сүбелі үлестерін қосып жүрген облыстық мəслихат депутаттарының еңбегі өте зор. Олар облысымыздың əлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шешімдерді қабылдап қана қоймай, оның орындалуын қадағалап, аймағымыздың дамуына əсерін тигізетін

ұсыныс-пікірлерін ашық айтып келеді. Сыр елі – жыр елі деп бекер айтылмаған. Облысымыздағы мəдениет саласының республикалық деңгейде өзіндік орны мен салмағы бар. Мəдениет саласын одан əрі дамытып, жергілікті халықтың рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында кезекті 35-сессияның күн тəртібіне мəдениет жəне өнер саласын дамытудың жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы мəселе ұсынылды. Облыстық мəслихат депутаттарынан құралған жұмысшы топ тек облыс аумағын ғана бақылап қоймай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына барып тəжірибе алмасу өткізді. Одан соң барлық аудандарда маңызды жиын өткізіліп, аталмыш мəселенің аудандағы жай-күйіне қанығып, өзекті мəселелер қаперге алынды. Кезекті сессияда мəдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын одан əрі жалғастыру жəне басталған құрылыстарды аяқтау жөнінде, алыс-жақын шетелдермен жəне Қазақстанның өзге облыстарымен мəдени байланыстар орнату, тəжірибе алмасу мақсатында гастрольдік сапарлар, шеберлік дəрістер өткізуге қолдау көрсету, Ресей Федерациясы музейлерінің қорында сақталған Сыр өңірінің ескі қалаларынан табылған көне жəдігерлердің көшірмелерін жасату туралы шешім бір ауыздан қабылданды. Облыстағы мектеп оқушыларының жазғы демалысының жайы бойынша депутаттардан құралған жұмысшы топ барлық аудандарды аралап шықты. Аталмыш мəселеге байланысты кеңейтілген отырыс өтіп, онда жазғы демалыс лагерьлерінің жай-жапсары талқыға салынды. Сондай-ақ, сессияда 2014 жылы құқық бұзушылықты азайту, жол қауіпсіздігін жəне жол ережелерін сақтау жөнінде жəне 2014 жылы Қызылорда облысы жастарының əлеуметтік жағдайын жақсарту, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылған іс-шаралар жөніндегі мəселелер тұрақты комиссия отырысында қаралып, қаулы қабылданды. Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы 2013 жылғы 10 шілдедегі шешімнің орындалу барысына қатысты тұрақты комиссияның отырысы барысында депутаттар тиісті мекеме басшыларынан облысымыздағы автомобиль жолдарына байланысты жасалып жатқан жұмыстар жөнінде мəлімет алып, өз ұсыныстарын айтты. Мəслихаттардың құзыретіне жергілікті бюджетті жəне оның атқарылуы туралы есептерді бекіту жүктелген. Бюджет кодексі аясында облыстық мəслихат депутаттары тұрақты комиссиялардың тиісті отырысында жобаларды барынша талқылайды. Кезекті 38-сессияда облыс əкімінің бір жылдық есебімен қоса, өзекті мəселелер қаралып, шешімдер қабылданды. Мəслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сəйкес кезекті сессиясына негізгі мəселе ретінде облыс аумағында еңбек құқықтарының сақталу жайы жəне оны жақсарту шаралары туралы мəселе

ұсынылып, облыстық мəслихаттың депутаттары қаламыздағы бірнеше мекемелерді аралап, жай-жапсарымен танысты. Барлық мекемелердің жұмыстарымен танысқан соң, көтерілген мəселелер мен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, алдағы сессия қарсаңында тағы да кеңейтілген отырыста қаралатын болып шешілді. Сонымен қатар, алғаш рет «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» жəне «Жеңістің 70 жылдығы» мерекелеріне орай, облыс мəслихаттары депутаттары мен аппараттары қызметкерлері арасында үстел теннисінен, волейболдан спорттық турнир өтті. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, өзара байланыс пен сенімді нығайту бағытында өткізілген жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан бірнеше команда қатысып, жарыс соңында жеңімпаз командаларға кубок пен арнайы сыйлықтар табысталды. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыстық мəслихат депутаттарының қатысуымен өтетін жарыстар алдағы уақытта да дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. Нұрсұлтан Назарбаев: «Қоғамның даму барысын өмірде – нəзік, көңілде – биік, ал істе – мығым əйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербеткен қазақ əйелдері қай кезеңде де өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі қай сала болмасын өз қолтаңбасын қалдырып кетіп отыр. Мəңгілік еліміздің жарық жұлдыздарына айналған Қазақ елінің «алтын дауысы» атанған жерлес апаларымыз Роза Бағланова, Мəдина Ералиева, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Сəбира Майқанова түлеп ұшқан қасиетті Сыр топырағынан күш-қуат алып, еңбек етіп жүрген үлгі тұтар алдыңғы буын апаларымызды айтып өтпесек болмас. Бүгінде елімізде биліктің осы органында еліміздің заңнамасын 19 əйел табысты атқарып келеді. Барлық деңгейдегі мəслихаттардағы депутаттардың 17 пайыздан астамы əйелдер. Жас ұрпақтың білімді, денінің сау болуы, əрбір отбасының мызғымас берік болуында əйел-аналарымыздың еңбегі өте зор. «Алтын алқа» жəне «Күміс алқа» тағынған алтын құрсақты Сыр елі аналарының əлі де болса ізгі дəстүрі үзілмегендігін байқауға болады. Облыстың барлық саласындағы қарқынды даму көңіл қуантады. Дүйім жұртшылықтың аузында ырысты, күрішті ел деп бекер аталып жүрген жоқ. Сонау Ыбырай Жақаевтың ізін қуып келе жатқан маңдайалды шаруашылығымыздан қол үзбеу бүгінгі күннің басты мақсатына айналып отыр. Елбасы өзінің Сыр еліне жасаған сапарында «Сыр – Алаштың анасы» деп өзінің жүрекжарды тілегін арнап, бағасын берген болатын. Осы сөздің дəлеліндей, қазақ халқының қаймағы бұзылмаған дəстүрі, халқының берекесі мен ырысы сақталған жер – қасиетті Сыр елінің болашағы бекем, келешегі кемел деп білемін. Қызылорда облысы.

100 наќты ќадам жəне біз Елбасының көрегенді саясатын тағы бір қырынан айқындаған жоба – Ұлт жоспары, яғни бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» екені анық. Ұлт жоспарында денсаулық сақтау саласы да кеңінен айтылған. Бүгінгі күні ауыл медицинасы əрбір тұрғынның денсаулық сақтау мекемелеріне қаралуын қадағалайтын Бірыңғай ұлттық жүйесін енгізумен ерекшеленіп отыр. Яғни, ауыл дəрігерлерінің əрбір пациентті қабылдауы бірден электрондық базаға енгізіліп, ашық түрде көрсетіледі. Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында бастапқы медициналықсанитарлық көмек жүйесін жетілдіру мен одан əрі дамытуға басымдылық берілді. Осыған орай, Жуалы ауданындағы емханалар мен басқа да медициналық мекемелердің

барлығы компьютермен қамтылып, интернет желісіне қосылған. Бүгінде электрондық байланыс денсаулық сақтаудың бірқатар ақпараттық жүйелерін пайдалану, науқастар туралы ақпараттарды алмасу барысында менеджерлерге жедел ақпарат алуға жəне өз уақытында басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруде. Бекітілген халық тізіміне Жуалы ауданы бойынша 50

мың адам тіркелген. Сондай-ақ, аудандағы дəрігерлік амбулатория мен медициналық пункттер телефон желісімен қамтылған. Бұл шалғайдағы медициналық пункттердің аудандық аурухана мен емхана дəрігерлерімен хабарласып, жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беруде. Жалпы алғанда, аудан бойынша орталық аурухана, емхана, туберкулезге қарсы диспансер, 8 дəрігерлік амбулатория, 5 ФАП жəне 32 медициналық пункт қызмет көрсетуде. Аудандық ауруханада телемедицина орталығы жұмыс істейді. Ауыр науқастар түскен жағдайда кезекші дəрігерлер «телемедицина көпірін» пайдалана отырып, облыс орталығындағы дəрігерлерден ақыл-кеңес ала алады. Жылданжылға ауданның денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі артып келеді, 2012 жылы бөлінген қаражат 754 382 мың теңгені құраса, өткен жылы ол 931 385 мың теңгені құрады. БМСК-ды ғимаратпен

жабдықтау мəселесіне соңғы 4 жылда көп көңіл бөлініп, жаңадан 10 медпункт пен 1 дəрігерлік амбулатория ғимараты тұрғызылып, пайдалануға берілді. Кеңестік кезеңнен қалған əртүрлі ведомстволардың, əкімдіктердің теңгеріміндегі медициналық мекемелер ғимараты орталық аурухананың теңгеріміне қайта алынып, күрделі жөндеуден өткізілді. Енді алдағы жылдарда 3 дəрігерлік амбулатория мен 4 фельдшерлік пункт ғимаратын салу жоспарлануда. Аудандық аурухана заманауи аппараттармен жабдықталған. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 32-ден 79 пайызға жетті, 8 дəрігерлік амбулатория медициналық көлікпен қамтылған. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша құрамында 11 маман дəрігерлерден құралған жылжымалы медициналық кабинет шалғайда орналасқан Қошқарата, Билікөл, Ақтөбе, Күреңбел ауылы тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде.

Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Балқаш қаласының тұрғыны Халық Аяшбеков ширек ғасыр бойы ішкі істер органдарында жемісті қызмет етіп, милиция подполковнигі шенінде құрметті еңбек демалысына шыққан ардагер сақшы. Халық ағаның кір жуып, кіндік кескен жері Балқаш көлінің жағасындағы Сарышаған деген елді мекен. Ұлы Отан соғысы ардагерінің отбасында дүниеге келді. Əкесі Шаймағанбет пен анасы Сара ұзақ жылдар теміржол саласында абыройлы қызмет еткен қарапайым жандар. Күндердің бір күнінде үстіме мундир киіп, тəртіп сақшысы болам-ау деген ой Халық ағаның үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Əскери қызметін өтеп келгеннен кейін Қарқаралыдағы мал дəрігерлік техникумды бітіріп, мамандығы бойынша еңбек етуге құлшынып жүрген кезі-тұғын. Сол кезде екі иығына екі кісі мінгендей алып денелі жігітті ішкі істер органдарының басшылары кездейсоқ байқап қалып, жұмысқа шақырған. Қылмыскердің нешеме түрімен аямай күрес жүргізу үшін де дəл осы Халық ағадай қара күшке мығым, тəртібі темірдей жігіттер ауадай қажет болатын. Сөйтіп, ойламаған жерден ішкі істер қызметкері болып шыға келген. Еңбек жолын СМҰКБ (ОБХСС) – социалистік меншікті ұрлауға қарсы күрес бөлімінде бастады. Бөлім бастығы А.Нұрышев жəне А.Байназаров, М.Киякин сынды қызметкерлермен тіл табысып, тізе қоса еңбек етті. Талғат Қасенов сынды ұстазының шапағатын да көп көрді. Халық Шаймағанбетұлының туған ағасы Қалқаман да ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, подполковник шенінде зейнет демалысына шыққан жан. Қызметін адал атқарыпты. Алғыс пен марапат қана алған. Тіпті ағасының Ардақ деген қызы да

Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері.

Жамбыл облысы.

Қарағанды облысы.

Шуаќ шашќан шаѕыраќ Бақберген АМАЛБЕК,

Бұл дəрігерлік бригада жылжымалы автофлюрографпен қамтылған. Сондай-ақ, теміржол бойында орналасқан Шақпақ, Сұрым, Күркіреу су разьездеріндегі тұрғындарға «Денсаулық пойызы» медициналық көмек көрсетті. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін Жуалы аудандық орталық ауруханасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен «Ең үздік 50 аурухананың» қатарына енгізілді. Шыны керек, ауыл медицинасына Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуі үлкен серпін берді. Елдің дəрігерлік көмекке жүгінуіне толық мүмкіндігі бар, осыған орай əрбір пациентке қолжетімді əрі сапалы медициналық көмек көрсетілуде.

Алматы қаласының жол полициясында жемісті қызмет етіп, бұл күнде құрметті еңбек демалысына шыққан екен. Халық ағаның үйдегі зайыбы Баян Бəкенқызы да ішкі істер органдарының ардагері. Енді келіп, «Əке көрген оқ жонар» демекші, екеуінің ұлдары да ата-ананың жолын қуып, тəртіп сақшысы болды. Екі ұлдың екеуі де əке мен шешенің абыройына кір келтірмеді. Қызметтерін мінсіз атқарып жүр. Үлкені Дархан «Мінсіз қызметі үшін» медалінің үш бірдей дəрежесімен марапатталған. Қазіргі уақытта полиция майоры шенінде. Ал екінші ұл Дастан да ағасынан қалыспай, абырой биігінен көрініп келеді. Жас капитан «Мінсіз қызметі үшін» медалінің ІІ, ІІІ дəрежелерін омырауына таққан. Қазіргі уақытта екеуі де үйлібаранды. Əке мен шешеге немере сыйлап, Балқаштағы арқажарқа болып отырған базарлы отбасылардың бірі. Аяшбековтер отбасы биыл Балқаш қаласында өткен «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарып шықты. Полицияның мінсіз қызметкерлері көрермен қауым мен қазылар алқасын сан қырлы өнерімен жəне де өмірге деген шынайы көзқарастарымен баурап алған болатын. Ал Қарағандыда өткен «Мерейлі отбасының» облыстық сынында талай отбасының арасынан озып шығып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. «Мұндай байқауларды ұйымдастырушыларға зор алғысымды айтқым келеді. Біле-білген адамға «Мерейлі отбасы» сынды байқаулар ел ішінде отбасы ұғымының қадірін арттырып, береке-бірлікті күшейте түседі. Ал отбасы айрандай ұйыса, ел қабырғасы да беки түседі. Сонан соң мұндай сынақтар кейінгі жастарға да үлгі-өнеге болатын игі шара», дейді отағасы Халық аға Аяшбеков.

«Егемен Қазақстан».

2015 жылғы облыстық «Мерейлі отбасы» ұлттық бай қауында көкшетаулық Кəкпе н овтер отбасы 1-орын – Гранприді жеңіп алды. Отағасы Жазит Кəкпенов ұзақ жылдар оқу-ағарту саласында қызмет атқарып, облыстың 3

мектебінде директор болды. Зайыбы Қарашаш Кəкпенова 30 жыл кітапхана саласында жұмыс істеді. Биыл қариялар отбасылық өмірдің 60 жылдығын атап өтті. Кəкпеновтер 7 бала, 18 немере, 3 шөбере сүйген. Балаларының бəрі жоғары білімді. Немерелері «Болашақ» бағдарламасымен Германия, Англия жəне Австрияда білім алуда.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement