Page 3

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

3

Ата Заѕ – Мəѕгілік Ел ќўрудыѕ кепілі

Ел дамуыныѕ ќаєидатты ќўжаты (Жалғасы. Басы 1-бетте).

Əлбетте, осы көпжылдық жəне ерен еңбектің басы-қасында сол бір күрделі кезеңде өз маңына мил лиондаған қазақстандықтарды топ тастырып, осы жобаны əзір леу кезінде идеялардың қай нар көзі болған Қазақстан Рес пуб ликасының Президенті – Елбасы Н.Ə. Назарбаев еді. Əлемде қазіргі мемлекет басшыларының ішінде Конституцияны əзірлеу жөніндегі тиісті комиссияға басшылық етіп қана қоймай, Конституция құрылымының шетелдік тəжірибесін жеке зерделеп, ел конституциясының мəтінімен кəсіби тұрғыда жұмыс жасаған, ол қабылданғаннан кейін олардың нормалары мен ережелерін күнделікті өмірге енгізуге атсалысқан адам табыла қояр ма екен. Осы орайда Қазақстанның Ата Заңы халық пен Елбасының бірлескен шығармашылығының жемісі деп мақтанышпен айта отырып, оның идеяларының, ережелері мен нормаларының жоғары заңи дəрежесі бар екеніне, ұлттық дəстүрлерге жə не халықаралық құқықтың жалпыға бірдей мойындалған қағидаттарына сəйкес келетініне кəміл сенеміз. Əрине, елдің басты саяси-құқықтық құжатының қабылдануы дамудың қағидатты жаңа кезеңіне көшуді бастаған Отанымыз тарихындағы бетбұрысты сəт. Еліміздің ең жоғары актісі əлемдік заң ғылымының озық жетістіктерін бойына сіңірді, ұлттық дамудың басымдықтарын нақты белгілеп, жаңа мемлекеттілік қалыптасуының құқықтық, саяси жəне экономикалық алғы шарттарын бекітіп берді. Мемлекеттіліктің халықаралық заңдылығы тəжірибесін жəне ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, Конституция өтпелі кезеңнің негізгі міндеті – халықаралық қатынастардың жаңа субъектісі – Қазақстанның тең құқықтық шеңберде құрылу үдерісінің жүруіне мүмкіндік берді. Сол кездегі қиын-қыстау кезеңде қарулы, не өзге де жаппай қақтығыстар мен жанжалдарды болдырмау қолдан келді. Конституцияның өзегі болған ілгерінді заң қағидаттары елдің тəуелсіз даму жолына оңай өтуіне мүмкіндік берді. Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктері еліміздің Ата Заңы мен тығыз байланысты. Өткен кезеңге көз жібере отырып, тарихи өлшеммен алғанда қысқа ғана уақыт ішінде конституциялық құндылықтарды іске асыру бойынша орасан зор жұмыс атқарылды деп сенімді түрде айта аламыз. Бұған Мемлекет басшысының Конституция əлеуетін өмір-тіршіліктің барлық саласында жан-жақты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қатаң нұсқамасы көп ықпал етті жəне ықпал ете береді де. – Осы орайда Ата Заңымыздың рөлі мен маңызына да тоқталып өтсеңіз. – Ата Заңымыздың рөлі мен маңызын нақты салалардың, институттар мен тіршілік ету аяларының қалыптасуы мен дамуы мысалынан нақты көруге болады. Мəселен, Республика Президентінің Конституцияның бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму деген қағидатынан туындайтын (Ата Заңның 1-бабының 2-тармағы) «əуелі экономика, содан соң саясат» деген тəуелсіздіктің таңы атқан тұста айтқан тезисі елде əлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканың қалыптасуына соны серпін берді. Республика Конституциясының 6-бабында бекітілген мемлекеттік жəне жеке меншікті тану жəне бірдей қорғау еркін нарықтың қалыптасуы мен жұмыс істеуінің маңызды кепілдігі болып табылады. Конституциялық Кеңес мен шікті шектеу мен қорғау тəсілдеріне рұқсат беретін оның құқығының конституциялық мəнін ашатын бірқатар құқықтық ұстанымдар жасады. Конституцияның қағидаттары мен нормалары меншік құқығы пайда болатын, өзгертілетін жəне тоқтатылатын барлық кезеңінде оған кепілдік беріп, бекітеді, қоғам мен мемлекеттің тұрақты жəне үдемелі дамуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тиісті шешімдер шығаруының барлық рəсімдеріне қатысты болады (Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 23 сəуірдегі №4 жəне 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №5 қаулылары (бұдан əрі – КК қаулылары) Мемлекеттік жəне жеке меншікті бірдей қорғау туралы конституциялық талаптың мəні мемлекеттік жəне жеке меншік иесі олар үшін заңнама рұқсат берген жəне жол беретін нақты қатынастарда жария салада да (салық, т.б.), жеке салада да (шарттық өзара қатынастар, т.б.) сол бір ғана құқықтық режімге бағынуы тиіс екенін білдіреді. Аталған конституциялық кепілдіктер

жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып бұрын болмаған жерден бастау алған нарықтық экономикасы бар ел ретінде танылды. Тəуелсіздік жылдары ішінде елдің ІЖӨ 24 есеге өсіп, халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ 13 мың долларға, орташа табысы бар ел деңгейіне жетті. Қазақстан БҰҰ-ның мыңжылдық даму мақсаттарының көпшілігіне қол жеткізді, кедейлікті 20 есеге (60%-дан 2,9%-ға дейін) азайтып, жүздеген мектептер мен ауруханалар салды. Еліміз ТМД ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша (200 млрд. доллардан астам) көшбасшы атанды. Үстіміздегі жылдың 27 шілдесінде Женевада Қазақ стан ның Дүниежүзілік сауда ұйы мына қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев азаматтарға арналған өз үндеуінде ДСҰға кіру – күллі Қазақстанның жеңісі, оның жаһандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлшегі ретінде танылуы деп атап көрсетті. 2017 жылы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу баламалы энергия көздері жəне «жасыл экономика» сияқты барша адамзат үшін өзекті салаларда жаһандық экономиканы дамытуға қазіргі заманғы тың тəсілдерін көрсетеді. – Сөз жоқ, бұл аталған Конституция өз тиімділігінің жоғары екенін көрсетті. Десек те 4-бапта Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі деп белгіленген. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену жəне дамыту үшін қандай жағдай жасауға қамқор болып отыр? – Иə, осы жылдар ішінде Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жағдайында үдемелі дамуы ел жетістіктерінің бірі ретінде қабылданды. Бұл құндылықтар қандай да бір конституциялық қағидаттарға негізделгені сөзсіз. Бұл орайда Конституциялық Кеңес осы конституциялық ережелердің мəні мен мазмұнын түсіндіретін шешім қабылдады. Мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мəртебесі оның Конституцияда бекітілуімен жəне оның заңдар арқылы ерекше болып белгіленуі не жария-құқықтық салада қолданылу басымдылығы мүмкіндігімен расталады. «Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны» туралы конституциялық норма мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ жəне орыс тілдері қандай да бір мəн-жайларға қарамастан біркелкі тең дəрежеде қолданылады деп түсініледі. Заңнама жəне құқық қолдану практикасы Конституцияның 14-бабының 2-тармағының талабын ескеруге тиіс, оған сəйкес ешкімді, оның ішінде тіліне байланысты ешқандай кемсітуге болмайды, сондай-ақ əркімнің ана тілі мен төл мəдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тілін еркін таңдап алу құқығын бекітетін конституциялық ереже де ескерілуі қажет. Конституция қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты республиканың негіз құраушы қағидаттары ретінде айқындады (1-баптың 2-тармағы). Олар мемлекеттің, оның институттарының, қоғамдық бірлестіктер мен əрбір азаматтың қызметінде қағидатты түрде маңызды орын алады. Көпұлтты жəне көпконфессиялы ел болып табылатын Қазақстан толеранттық пен келісім идеясын ұсынады. 100-ден аса этностар мен 17 діни конфессиялардың өкілдері тұрып жатқан Қазақстанның тұрақтылығы көптеген

елдер үшін үлгі. Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішінде конституциялық мəртебесі бар бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жалғыз ел, ол көпэтностық қоғамның қазақстандық моделін қалыптастыруға жəне орнығуына ықпал етіп, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда зор рөл атқарады. Астанада Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезі жүйелі түрде өтіп келеді, ол əлемде айтарлықтай қолдау тауып, он екі жыл ішінде конфессияаралық жəне дінаралық қатынастар мəселелері бойынша беделді диалог алаңына айналды. – Бұл орайда Конституцияда үкіметтік емес сектор мəселесі қалай шешіледі? – Конституцияда азаматтық қоғам институттары – қоғамдық жəне діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық мəртебесінің əртүрлі аспектілеріне қатысты нормалар мен қағи даттарға ерекше орын берілген. Мəселен, Конституцияның 23-бабының 1-тармағына сəйкес Қазақстан азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Азаматтардың бұл конституциялық құқығы саяси партиялар, кəсіптік одақтар мен жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін ерікті негізде құрылған коммерциялық емес сипаттағы өзге де бірлестіктер құру арқылы іске асырылады. 2002 жылы «Саяси пар тия лар туралы» Заңның Конституцияға сəй кестігін қарап, Конституциялық Кеңес оның нормаларының қоғам мен оның барлық жіктері үшін өз саяси мүдделерін білдіруге ұмтылатын партиялардың тұрақтылығына жəне олардың саяси қызмет белсенділігіне кепілдік беретін мақсаты бар екенін атап көрсетті. Партиялар туралы заңнамада мұндай нормалар қоғамдағы шынайы плюрализмді қорғайтын жəне ынталандыратын болып танылады. Демек, барлық қоғамдық бірлестіктер ішінде кəсіптік одақтар да саяси партиялар ретінде азаматтардың өздері ұйымдастыратын жоғары нысан болып табылады, əлеуметтік-экономикалық мақсаттарды көздейтін жеткілікті құрылымдық бірлестікті білдіреді. – Өзіңіз де жақсы білесіз, Ата Заңымызды барлық заңдардың бастауы, заңнамалар негізі болып табылады дейміз. Бұған қалай қарайсыз? – Республика Конституциясы тиімді норма шығармашылықтың берік негізін құрайды. 4-бапта елде қолданылатын құқықтың құрылымы айқындалған. Конституциялық құқық жөніндегі көптеген мамандар бұл ережені Ата Заңымыздың сөзсіз басымдығы ретінде қарастырады. Конституциялық Кеңес құзырында заңнама мəселесіне арналған шешімдердің тұтас тегі бар. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы белгіленген тəртіппен құқықты субъектілер қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерде бар нормалар жүйесі ретінде қаралады. Оларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу тиісті органның құзыреті шегінде белгіленген тəртіпті сақтай отырып, жүзеге асырылуға тиіс. Республика Конституциясының жоғары заң күші бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы заңдар, оның ішінде елдің барлық аумағында міндетті күші болатын конституциялық заңдар нысанында заңнамалық актілер қабылдауға құқылы. – Конституцияны мемлекеттік тəуелсіздіктің конституциялық заңдылығының іргетасы дейміз. Осы орайда оның базалық элементтерін заңды түрде ресімдеу процесі аяқталды ма? – Ата Заңның 2-бабында республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтитыны бекітілген. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығы мен бөлінбеушілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституциялық Кеңес бұл конституциялық ережелерге ресми түсіндірмелер береді. 2003 жылғы 23 сəуірдегі №4 нормативтік қаулысында Конституциялық Кеңес аумақтық тұтастық оның аумағын бөлшектеуге, мемлекеттің келісуінсіз табиғи ресурстарды пайдалануға жəне Қазақстан өңірлерінің мəртебесін өз бетінше өзгертуге жол берілмейтінін, мемлекеттік шекараның мызғымайтындығын жəне ұлттық мүдделер мен мемлекеттің егемендігіне нұқсан келтіре отырып, аумақты басқаға беруге тыйым салынатынын білдіреді. Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын өзгерту

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама білдірудің нысанасы бола алмайды. Қазіргі кезде Қазақстанның аумақтық даулы мəселелері жоқ, барлық көрші елдермен мемлекеттік шекара жұмыстарын реттеді. Біздің сыртқы шекарамыз бүгінде – тату көршілік пен ынтымақтастық шебі болып табылады. Конституция ұлттық жəне халықаралық құқық қатынастары туралы мəселені шешті, бұл еліміздің халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуына, интеграциялық процестердің бастамашысы болуына жəне көпвекторлы сыртқы саясат жүргізуіне мүмкіндік береді. Қазақстандық құндылықтардың елдің халықаралық міндеттемелерімен үйлесімділігі туралы орын алған пікірталас Конституциялық Кеңестің бірқатар шешімдерімен шешілді. Мəселен, Конституцияның 8-бабы бойынша Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтеуі туралы ереже оларды мемлекетішілік құқықты жасау кезінде ескеруге ұмтылушылықты білдіреді. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттары немесе оның жекелеген ережелері Ата Заңның 4-бабының 2-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында ең жоғары заң күші бар Республика Конституциясына қайшы келеді деп танылған жағдайда мұндай шарт толықтай немесе Конституцияға сəйкес емес деп танылған бөлігі орындалуға жатпайды. Қазақстан Республикасы тəуелсіз жəне халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болып табылады, Қазақстан халқының мүддесінде Конституция негізінде жəне халықаралық құқықтар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес басқа мемлекеттермен ынтымақтастық жəне тату көршілік қатынастарды жүзеге асырады. Мемлекетаралық (үкіметаралық) экономикалық ұйымдар халықаралық құқық субъектілері ынтымақтастығының маңызды нысаны болып табылады. Конституциялық Кеңес Қазақстан ратификациялаған Шартқа сəйкес құрылған Кеден одағы комиссиясының шешімдерінен туындайтын Қазақстанның құқықтары мен міндеттерін іске асыруды Ата Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де міндеттемелерді орындауы ретінде түсіну қажет екенін атап көрсетті. Аталған актілер қатысушы мемлекеттер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін міндетті сипатта жəне тараптар, олардың мемлекеттік органдары, лауазымды адамдар ұлттық заңнамалық актілерді оларға сəйкес келтіруді қоса алғанда, осындай талапты орындауға бағытталған барлық қажетті ұйымдық-құқықтық іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес өз шешімінде халықаралық ұйымдар мен олардың органдарының Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтитыны жəне Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын жəне аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайтыны туралы Конституцияның 2-бабының 2-тармағының жəне 91-бабының 2-тармағының ережелерін бұзатын шешімдері Қазақстан үшін міндетті деп танылмайтынын атап өтті. Ата Заңның Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялайтын 1-бабының 1-тармағын ескере отырып, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын кемсітетін комиссия шешімдері қазақстандық заңдар алдында басым болмайды жəне тікелей қолданылуға жатпайды. Бұл қағидаттар өткен жылғы мамырда Астана қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізін құрады, оған сəйкес қазіргі кезде жаңа интеграциялық бірлестік құрылды. – Игорь Иванович, сіз де жақсы білесіз Елбасының орасан зор басшылығымен Қазақстан қысқа кезең ішінде таңғажайып табыстарға қол жеткізді. Осы орайда, оның көшбасшылық қасиеттерімен қатар мемлекеттік басқарудың таңдап алынған моделінің сəттілігін де атап кеткен жөн шығар. – Иə, мемлекеттік құрылым туралы айтқан кезде президенттік басқару нысанының айрықша маңызын атап кеткен орынды. Конституцияға сəйкес Қазақстан Республикасының Президенті – Мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. (Соңы 4-бетте).

«Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк жəне татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» деген мақсатпен 1995 жылдың 30 тамызында еліміздің негізгі заңы – Конституция қабылданды. Конституцияны қа был дай отырып, Қа зақ стан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Əрине, барлық мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басты мақсаты халыққа қызмет ете отырып, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Өйткені, Конс титуцияның 13-бабы 2-тармағына сəйкес, əркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудің тағы бір тəсілі ретінде сотқа жүгіну мүмкіндігі бар екендігінің белгісі. Сот-құқықтық реформалардың жүргізілуі мемлекетте тəуелсіз əрі жоғары сот билігінің орнығуына əкелді. Сотқа азаматтардың сенімінің артқандығын жыл сайын сотқа жүгінген азаматтар арыздарының артуынан көруге болады. Алайда, тəжірибе көрсеткендей, сотпен азаматтардың талап-арызының қанағаттандырылуы оның құқықтарының қалпына келтірілуінің кепілі болып табылмайды. Осы жерде азаматтық іс жүргізудің негізгі сатыларының бірі – сот актісін орындау барысына толығырақ тоқтауды жөн көріп отырмыз. Мəселен, азаматтық жəне қылмыстық (сома өндіріп алуға қатысты) құқықтық қатынастардағы соңғы саты ретінде заңды күшіне енген сот актісінің мерзімінде əрі толық орындалуы жоғарыда аталған Конституция нормасын шынайы жүзеге асыру болып табылады. Өкінішке қарай, сот актісінің мерзімінде əрі толық орындалуы бүгінгі таңда көкейкесті мəселе екендігі ешкімге де құпия емес. Осыған орай, бұл мəселені шешу мақсатында сот орындаушылар институтын жетілдіру үшін аталған қатынастарды реттеуге бағытталған еліміздің заң шығарушы органы заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу жұмыстарын жүргізуде. Өйткені, Конституцияның 83-бабына сəйкес, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының жəне өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дəлмедəл əрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, əкімшілік жəне орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ, заңмен белгіленген жағдайда, тəртіпте жəне шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. Осы орайда прокуратура органдары заңдардың Конституцияға сəйкес дəлме-дəл əрі біркелкі орындалуына қадағалау жүргізуші жоғарғы орган болғандықтан заң бұзушылықтар туындауын көрген жағдайда, қарама-қайшылықтарды болдырмауды прокуратура органдарының тікелей міндеті деп білуге болады. Атап айтқанда, Қылмыстық атқару кодексінің 51-бабына сəйкес, сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлемеген жəне өзiнiң кірістерін не мүлкiн мəжбүрлеп өндiрiп алудан жасыратын сотталған адам айыппұл төлеуден жалтарып жүр деп танылады. Айыппұл төлеуден жалтарып жүрген сотталған адамға қатысты сот орындаушысы сотқа Қылмыстық кодекске сəйкес айыппұлды жазаның басқа түрiне ауыстыру туралы ұсыну жібереді. Аталған норманың мазмұнынан сот орындаушысына айыппұлды өндіріп алу туралы атқару құжатын орындау үшін бір ай мерзім берілгендігін түсінуге болады. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушысының мəртебесі туралы» Заңның 39-бабының 1-тармағына сəйкес, мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ, заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс. Аталған екі норманың арасында қарама-қайшылық бар екендігін ескере отырып, «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушысының мəртебесі туралы» Заңның 39-бабының 1-тармағына «мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде, ал соттың үкімдері бойынша айыппұл өндіріп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс», деген толықтыру енгізу қажет деп есептейміз. Елімізде заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар Конституцияның негізгі идеялары мен қағидаларын құқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің аясында өмірімізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жəне тиісінше ұлттық құқықтың тұрақтылығы, құқықтық реттеудің пəрменділігі мемлекеттік биліктің барлық тармағының сындарлы өзара іс-қимылына, билік органдары қабылдаған шешімдердің сапасына жəне лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне байланысты. Айнұр ИБРАЕВА, Алматы аудандық прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры.

АСТАНА.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement