Page 2

2

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

Ќўрмет грамотасын табыс етті

Мəскеуде Қазақстан Республикасы ғарышкерінің халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөнінде келісімшартқа қол қойылды.

Ќазаќ єарышкері ұшуын қамтамасыз ететін кешенді келісімшартқа қол қойылды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өкілеттігі тоқтатылған Жоғарғы палатаның бұрынғы депутаттары Ерлан Нығматулинге жəне Серік Нөгербековке Құрмет грамотасын табыс етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Олар Мемлекет басшысының Стратегиясы мен реформаларын

заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге зор үлес қосқаны үшін

марапатталды. Қ.Тоқаев өз сөзінде Е.Нығматулин мен С.Нөгербековтің кəсіби біліктілігі мен принциптілігін атап өтіп, Сенаттағы заң жобалары бойынша белсенді жəне нəтижелі жұмыстарына алғысын білдірді. Тек өткен парламенттік сессияда ғана Сенат 113 заң қабылдаған болатын.

Кеше Мəскеу төңірегінде өткен «МАКС-2015» халықаралық авиағарыш салонының шеңберінде Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовтің Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) ресейлік сегментіне ұшуын жүзеге асыру жөніндегі келісімшартқа қол қою рəсімі болып өтті. Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан Қазғарыш төрағасы Т.Мұсабаев пен Ресей тарапынан Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігі басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Иванов қол қойды. Келісімшарттың мəні қазақстандық ғарышкер А. Айымбетовтің ғарышқа ұшу дайындығы мен оны жүзеге асыру жəне ғарышкерді ұшып келген соң оңалту жөніндегі қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындауға байланысты екендігін атап өткен жөн. Қол қойылған құжаттың тармақтарына сəйкес, жоспарланып отырған ұшырылым ұзақтығы ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінің ХҒС-пен түйісуіне дейінгі 2 тəулік пен бұрын бекітілген ұшу бағдарламасына сəйкес, халықаралық ғарыш стансасы ресейлік сегментінің бортында 8 тəулік болуын қоса алғанда, он күнді құрап отыр. Келісімшарт құны бір миллиард жүз миллион рубльді құрайды жəне ол өзгермейтін құнға ие. «Бұл өте маңызды құжат, онда ғарыштық ұшырылымның барлық қыр-сыры қарастырылған. Негізгі бөлімнен басқа, оның тағы 11 қосымшасы бар. Мен қазақстандық жəне ресейлік мамандарға ризамын. Олар қысқа мерзімде, яғни 2 жарым айдың ішінде келісімшартты дайындап шықты. Шын мəнінде, осы бағытта орасан зор жұмыстар жүргізілді», – деп атап өтті Талғат Мұсабаев. Келісімшарт оған қол қойылған күнінен, яғни 2015 жылдың 26 тамызынан бастап күшіне енді, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Вьетнам елшісін ќабылдады Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоаны қабылдады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара ынтымақтастық мəселелеріне тоқталып, əсіресе, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайтуға көңіл бөлді. Тараптардың атап өткеніндей, Вьетнам Премьерминистрінің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы

келісім екіжақты экономикалық ықпалдастықты одан əрі тереңдетуге серпін бермек. Қ.Жақыпов əлемдік экономикалық дағдарыс жағдайына айрықша назар аударып, оны еңсеру жолында қолға алынып жатқан шаралардың барлығы экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғанын айтты. Өз кезегінде елші экономикалық, саяси, парламентаралық, достық байланыстарды дамытудың

маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта Вьетнам Социалистік Республикасы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Жақыпов үсті міздегі жылғы тамыз айының соңында Қазақстан дағы миссиясының аяқталатындығына орай, елшіге соңғы үш жыл ішінде қос мемлекеттің қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғысын жеткізді.

Аймаќтаєы тўраќтылыќ пен ќауіпсіздік – басты назарда Астана қаласындағы Тəуелсіздік сарайында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысы өтті. Оты рыс жұмысына Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Цао Цзяньмин, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Индира Джолдубаева, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайка, Тəжікстан Республикасының Бас прокуроры Юсуф Рахмон, Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаевтың басшылығымен делегациялар, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хат шысы Дмитрий Мезенцев жəне ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррористік құрылымы атқарушы комитеті директорының орынбасары Ахтамхон Пиров қатысты. ШЫҰ-ның бақылаушы-мемлекеттері бас прокурорларының қатысуы форумның жұмысын жаңа мазмұнмен толықтырды, олар: Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры Джалал Нур Хабиб, Беларусь Республикасының Бас прокуроры Александр Конюк, Үндістанның Бас прокуроры Мукул Рохатги, Моңғолияның Бас проку роры Энх-Амгалан Магванноров, Пəкістан Ислам Республикасы Бас прокурорының орынбасары Насер Ахмед Бхутта. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев жиынның ашылуында сөз сөйлеп, ШЫҰ аясындағы өзара ынтымақтастықтың жаңа бағдарларын анықтады. Асхат Дауылбаев отырысты ашып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы үшін аймақта тұрақтылықты жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəсе лелері əрқашан назарда болғанын атап өтті. ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер про куратураларының бірлескен күш-жігері арқасында осы ұйымның тиімді жұмыс істеуіне берік негіз қаланды, бұл сенім мен өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Сондықтан прокуратура органдарының сұхбаттасу алаңы жəне ынтымақтастықтың құрылған жүйесі мемлекет басшылары белгілеген жоспарларды іске асыру үшін үлкен мүмкіндік туғызды. Форум барысында терроризммен жəне экстремизммен күрес, есірткі

жəне қарудың заңсыз айналымы, трансшекаралық қылмыстардың басқа да түрлері мен заңсыз көші-қон саласында тəжірибе алмасу мəселелерінің кең ауқымы талқыланды. Қатысушылар терроризм мен экстремизм сияқты қазіргі заманның ең қауіпті құбылыстары бүгінде халықаралық сипат алғанын жəне олардың əскери, экономикалық қуаты мен діни сеніміне тəуелсіз барлық мемлекеттерді қозғағанын атап өтті. Өз кезегінде А.Дауылбаев террористік əрекеттерге Қазақстанның негізгі күш-жігері қазір діни радикалдардың қылмыстық пиғылдарының алдын алуға жəне уақтылы анықтауға бағытталған деп баса айтты. Қазақстан экстремизм жəне терроризммен халықаралық күрес аясында үлкен жəне жүйелі жұмысты жүргізуде. Біздің еліміз БҰҰ-ның терроризммен күрестегі барлық 14 халықаралық əмбебап конвенцияларына қосылды, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттердің бірігуіне бастамашылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар құзыретіне ШЫҰ-ның мүше-мемлекеттерінің шекаралары арқылы есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды жəне олардың прекурсорларын заңсыз алып өтуге қарсы əрекет ету бойынша міндеттерді шешу жататын органдардың жұмысын үйлестіру бойынша ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер прокуратураларының жұмыс тəжірибелерімен алмасты. Күн тəртібіндегі мəселелерді талқылау нəтижелері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокуратураларының басшылары өзара құқықтық көмек көрсету мəселелері, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары жөнінде тəжірибе алмасуды жалғастыру, əртүрлі трансұлттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұру жөніндегі ұтымды шараларды қолдану бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру жөніндегі отырыс хаттамасына қол қойды. Сонымен қатар, 2016 жылы ШЫҰға мүше бас прокуратуралардың кезекті отырысын Қытай Халық Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ. журналист.

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

Сенаторлар сайлаушылар арасында Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Көкшетау қаласының əлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, шағын кəсіпкерлік жəне денсаулық сақтау нысандарын аралады, еңбек ұжымдарында еңбеккерлермен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қала əкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы игілікті істер туралы сенаторды хабардар етті. Көкшетау қаласының экономикасы нығая түсуде, өнеркəсіп өндірісінің көлемі ұлғайып, тұрғын үй құрылысы артты, халықты жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткіштері жоғарылады. Сенатор «Ақмола Бидай» ЖШС-де болды. Оның басшысы, Ауғанстаннан қоныс аударып келген Абдул Халил Наджибулла Елбасының отандастарына деген қамқорлығына орай алғысын білдірді. Ж.Ерғалиев сондай-ақ, «НовоПэк» кəсіпорнындағы технологиялық кезеңдермен танысты жəне «Авиценна» емдеу орталығында болды. Депутат, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық бөлімшесі ұйымдастырған «Бақытты балалық» жобасы аясындағы «Мектепке жол» шарасына да қатысты. Облыстық жəне қалалық мəслихаттың депутаттары өз қаржыларынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған көмек берді. Халық қалаулылары 49 оқушыға 1 миллион теңге көлемінде сертификат берді. Сенатор Ж.Ерғалиевтің ақшалай сертификаты Көкшетау қаласындағы №21 орта мектептің оқушысына табыс етілді. Сенатор сапар аясында Ақмола облысының Зеренді аудандық мəслихатының кезекті 38ші сессиясына қатысты. Сессияда сөз алған Ж.Ерғалиев Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының тарихи маңызына тоқталды. Қазіргі даму кезеңінде əлем жаңа қатердің – жаһандық қаржы дағдарысының алдында тұр, – деді сенатор өз сөзінде. Елбасы экономиканың кез келген дағдарысына дайын болуға, одан қуатты мемлекеттер мен бірлігі мен ынтымағы мықты елдер ғана шыға алатындығын ұдайы ескертіп келеді. Бізде еліміздің қарқынды дамуына арналған нақты жоспарлар мен бағыттар бар. Солардың ішіндегі маңызды бағдарламаның бірі «бес институттық реформаны іске асыру

жөніндегі 100 нақты қадам» болып отыр, деп атап өтті сенатор. ***

Парламент Сенатының депутаты, Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитетінің мүшесі Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық басқармасының бірқатар қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенатор еліміздің əлеуметтік саласының даму келешегі, Парламент қабылдаған заңдар жəне Мемлекет басшысының бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі жоспарланған заң шығару жұмыстары туралы əңгімеледі. Кездесулер барысында аймақтың өзекті мəселелері, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар мен салалық министрліктер арасындағы өзара іс-қимылы талқыға салынды. ***

Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев Ақмола облысының Жақсы аудандық мəслихатының кезекті 38-ші сессиясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жақсы ауданының əкімі Қанат Сүйіндіков «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сəйкес ауданда 918,2 миллион теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылып жатқанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артық екенін айтты. Шағын жəне орта кəсіпкерлік дами түскені анық байқалады. Ақмола облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз мəслихатында қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту, барлық колледждерде бірте-бірте дуалды оқытуға көшу мəселелері көтерілді. Сенатор Ш.Ерғалиев оқыту сапасын арттыру қажеттігіне мұғалімдер назарын аударды. Сондай-ақ, ол Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткері Мəлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналып Зеренді ауданында өткен «Ақын халықтың батыр ұлы» атты облыстық мəдени көпшілік іс-шараға қатысты. – Ел ерсіз болмайды. Сол елдің ері Мəлік Ғабдуллин болса, батырдың соғыстағы да, бейбіт өмірдегі де өмірі бүгінгі жəне келер ұрпақтарға əрдайым өнеге болып қалары анық, – деді сенатор Ж.Ерғалиев өз сөзінде.

 Елдестірмек – елшіден

Əріптестік əрекет еткенде тереѕдейді

Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы 24 жылға жуық уақыт өтті. АҚШ Қазақстанға қомақты инвестиция салған елдер қатарында. Оның үстіне екі ел арасында өзара сенім мен түсіністікке құрылған үнқатысу бар екенін айта кеткен жөн. Осыны қаперге ала отырып, біз АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Джордж КРОЛМЕН əңгімелескен болатынбыз.

– Елші мырза, екі ел арасындағы стратегиялық əріпте стікті нығайтуда нендей шаралар атқарылуда? – Келесі жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуын атап өтпекпіз. Бұл айтулы дата тек мереке ретінде ғана емес, өзіндік тағылымы бар үлкен оқиға болғалы тұр. Уақыт жағынан алғанда да, тарих бедерінде де ұзақ кезең болмағанымен, осы уақыттың ішінде біраз нəтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанның сыртқы саясаттағы жəне экономикадағы қадамдары сəтті болып, халықаралық қоғамдастық алдындағы беделі артып келеді. Мұндай нəтижелерге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мəселеде көрегендік танытқанын атап өткім келеді. Осындай оңды шешімдердің арқасында америкалық компаниялар Қазақстанға өз сенімдерін арттырып, инвестиция құя бастады. Қазіргі кезде əлемде саяси жəне экономикалық өзгерістер орын алуда. Əлі де саяси жəне əскери қауіп-қатерлер сейіле қойған жоқ. Тағы қайталап айтайын, қазірдің өзінде Қазақстан саясат пен экономикада айтар лықтай табыстарға ие болды. Биыл Президент Н.Назарбаев үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» жоспарын жария етті. Міне, осы бес институттық реформаның жүзеге асуына біз сенім білді реміз. Əрине, мұндай аса ауқымды істі жүргізу оңай емес. Оған көп уақыт қажет. Жалпы, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық əріптестік тереңдей береді. Тараптар арасындағы өзара үнқатысу жанданып келе жатқаны осыны аңғартады. – Бірде профессор Фредерик Старр «АҚШ өңірлік деңгейінде сол елдермен өзара ықпалдастық платформасын құрып алмай, өз мақсатына жете алмайды» деген пікір айтқан-ды. Сіз осы пікірге қосыласыз ба? – Мен АҚШ-та Кеңес Одағы тарқамай тұрып, Орталық Азия мəселелерімен айналысатын саясаткерлермен жақсы таныс болдым. Сондағы байқағаным – тəуелсіздігін алған елдер өздерінің ішкі мəселелерін барынша оңтайлы шешіп алуға тырысуы еді. Қазақстандағы оңды өзгерістерге ішкі жағдайлар ғана емес, сыртқы факторлардың да ықпал ететіні белгілі. Сондықтан да елге көршілес мемлекеттермен жақсы қарым-қатынастарда болуы орынды саналса, солардың бірі – алыс та болса АҚШ дегім келеді. Біздің саясатымыз сол баяғы 25 жыл бұрынғысындай, өңірлік ынтымақтастықты ынталандыру жəне өңілік проблемаларды ынтымақтаса шешу. – 1994 жылы Демократиялық əріптестік туралы хартияға қол қойылғаны мəлім. Содан бері көп уақыт өтіпті. Қазір бұл бағытта не істеліп жатыр дей аласыз? – Əрине бұның барлығы уақытпен байланысты. Оның үстіне жылдан жылға жағдай өзгеріп келеді. Қоғамға қалайша демократиялану керектігі мəселесінде əр ел өзінше əрекет етеді. Тіпті, АҚШ-тың өзін алып қарағанда мұнда қоғам «жетіліп болды» деп түйіндеуге болмайды. Сондықтан да бұл құжат біздің алдымызға міндеттер жүктеп, іс жоспарларын құруға бағыттайды. Олай болса бес немесе жиырма жылда осыны атқарып тастау керек дегендей нақты меже қойылмайды. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс толастамағаны жөн. – Қазақстан ядролық қарусыздануда көптеген бастамалар көтеріп, оның біразы халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапты да. Еліміздің бұндай игі əрекеттерін қалай бағалайсыз?

– Бұл жерде Президент Н.Назарбаевтың сол кездегі көрегендік ұстанымы болғандығын айтпай кетпеске болмас. Президенттеріңіз бұл қаруларды ұстап отырудың өзі қымбатқа соғатынын жақсы түйсінді. АҚШ, Ресей жəне Қытай ядролық қаруға ие ел дер ретінде қомақты қаржы жұмсайтынын ескерсек, тəуелсіздігін жаңадан алған елдер үшін оны сақтау, күзету өте қымбатқа түсетін еді. Н.Назарбаев үшін елдің қауіпсіздігі маңызды болды. Əрине, қауіпсіздікті ядролық қару арқылы емес, экономиканы аяғынан нық тұрғызу жолымен жəне елдегі саяси біртұтастықты сақтай отырып ше шу дұрыс ұйғарылды. Сондықтан бұл оң ды шешім болды деп ойлаймын. – Сіздің қазақ ті лін үйренуге деген талпы ны сыңызды естідік. Оның үстіне елшілік ауласына қазақтың киіз үйін тігіп қойған екенсіз. Бұны сіздің қазақ халқына құрметіңіз деп қабылдауға бола ма, жоқ əлде мəдениетке қызығушылығыңыз бар ма? – Мен қазақ тілін меңгеруге тырысып жүрмін, əлі де тіл сындыруға біраз уақыт керек. Ал киіз үй тігуге келер болсақ, оның əртүрлі себептері бар. Біріншіден, ол əдемілік. Қазақстанның нышаны болып та табылады. Келген қонақтарым киіз үйді көріп тамсанып жатады, өйткені қазақ мəдениетіндегі оның əрбір бөлшегінің өзіндік мəні бар. Сіздердің сыртқы істер министрлеріңіз келгенде де таңданысын жасырмады. Өзге елдер елшілері қонаққа келгенде қызыға қарай отырып: «Қазақстанда сен ғана осындай киіз үй тігіп отырсың», деп айтып жатады. Негізі киіз үйдің жаныма жаққаны соншалық, мен басымды сұққаннан оның əдемі безендірілгеніне тəнті болып келемін. Осындай əдемі үйді АҚШ елшілігі резиденциясының жанында тігу жөнінде шешім қабылдауым сондықтан. Бір жағынан алғанда бұл қазақстандықтарға көрсеткен құрметім болса, екіншіден, резиденциямның аумағын осындай жолмен кеңейткім келді (күлді). Ал шынын айтқанда, əртүрлі шараларды өткізіп тұратын бұл киіз үй мен үшін маңызды орын саналады. Əрине, бұның барлығы прагматикалық, адамдық, тіпті саяси ойдан туындаған шешім. Ең бастысы, АҚШ-тың Қазақстандағы өкілі ретінде менің қазақстандықтарға деген терең құрметім екендігін көрсеткім келді. – Қазақстан туризм саласын дамытуға ерекше маңыз беріп отыр. Оның үстіне 2017 жылы халықаралық көр менің елімізде өтетінін білесіз. Осы тұрғыдан келгенде АҚШ тарапынан белгілі бір қадамдар мен жобалар бар ма? – Туризмді алар болсақ, ол бизнеске қатысты. Сондықтан да Қазақстанда туризм саласын дамытатындай ауан қалыптасуы тиіс. Бұл орайда сіздердің елдеріңіздің үлкен əлеуеті бар екендігін реті келгенде айта кету керек. АҚШ Қазақстаннан алыс орналасқандықтан да тұрғындар мұндағы жағдайды, оның əдемі табиғаты бар екендігін біле бермейді. Менің ойымша, оған да біраз уақыт керек. ЭКСПО-2017 Қазақстан дамуының көр сеткіші болуы тиіс. Жəне де Қазақ елін əлемге паш етеді деп ойлаймын. Аталған шараға қатысқысы келетін көптеген америкалық компанияларды жақсы білемін. «Болашақ энергиясы» баршаға ортақ, сондықтан да америкалық компаниялардың қатыспай қоймайтынына сендіргім келеді. – Əңгімеңіз үшін рахмет. Əңгімелескен Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement