Page 11

11

www.egemen.kz

28 тамыз 2015 жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары Алматы

2015 жылғы 28 тамыз

Ескерткіш монеталарды айналысқа шығару туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 тамызда номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Астана», «Алматы», «Көкшетау», «Шымкент» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады. Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейнелері бірдей. «Астана», «Алматы», «Көкшетау», «Шымкент» ескерткіш монеталарының бет жағының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде оюөрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Жылдар жемісі

«Астана» ескерткіш монетасының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Астана қаласының гербі бейнеленген. Ай налдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан жəне шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекеленетін үстіміздегі жылда жарық көріп жатқан түрлі баспа өнімдері қатарына тағы бір кітап қосылды. Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас» атты жұмысы жарыққа шықты. (Қойшыбаев Б. Қазақ мемлекеті тарихына көзқарас: тарихи очерк. – Алматы: Рух БГ, 2015. – 136 б.). Аталмыш тарихи очеркте қазақ мемлекеттігінің хандық түрінде құрылуы, дамуы, сыртқы жаулардан қорғануы, одақтас іздеуі, біртіндеп тəуелсіздігінен айырылуы, отарлануы жəне қайта жаңғыруы жайында жаңаша əңгімеленіп, алға тосын пайымдар тартылады. Ғасырлар бойы тарих беттеріне түрлі атаумен із қалдырып келе жатқан мемлекеттілігін қазақ халқы XV ғасырдың ортасынан өте бергенде өз есімімен аталатын дербес хандық мəртебесіндегі жаңа сапаға ауыстырды. Сөйтіп, жаңаша рəсімделген, өз атымен айшықталған мемлекетін тарих сахнасына шығарды. Оқырман назарына ұсынылып отырған осынау кітапта сол үдеріс əңгімеленіп, Қазақ Ордасы

тарихына танымды шолу жасалады. Хандықтың негізі қаланған, іргесі кеңейтілген, көршілер душар еткен басқыншылық соғыстардан қорғанған кезеңдері жайында əңгімеленеді. Əр кезгі тарихи ахуал, елдегі ішкі қайшылықтар, басқарушы элитаның ел мүддесін көздеген іс-əрекеттері, сондай-ақ мемлекеттік көзқарас тұрғысынан өрісі тар қадамдарға баруы жəне оларының тұтастыққа, бірлікке тигізген теріс əсері,

соның салдарынан тəуелсіздікті жоғалту, жер-судың, елдің отарлануы, ақыры, азаттыққа, шынайы тəуелсіздікке қол жеткізген тар жол, тайғақ кешуден өту жайында сөз болады. Ел тарихын жазуда еуроцентристік көне бағдардан бас тартып, жаңа əдістемемен қаруланудың өзіндік бір тəжірибесі осынау «Қазақ мем лекеті тарихына көзқарас» кітабында жасалған. Аталмыш тарихи очерк

«Жеті Жарєы» жалєасы Ұлттық музейде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды биылғы жылдың атаулы даталары аясында бірнеше шара өткізілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Оның алғашқысы: «Кон ституция – қазақстандық қоғамның негізі» тақырыбында əңгіме өрбіген дөңгелек үстел отырысы болса, екіншісі – қазақ құқығының тарихына қатысты көрме еді. Дөңгелек үстелге жиылған ғалымдар мен құқықтанушылар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік орган дардың өкілдері Қазақстан Республикасында Конституцияның қалыптасуы жəне дамуы мəселелерін кеңінен ой таразысына салып, өткен тарих пен бүгінді көктей шолып, Конституцияның мемлекеттің негізі, азаматтардың құқықтарының кепілі болып отырғанына тоқталды. Отырыстың модераторлық тізгінін ұстаған Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жəкен Таймағамбетов өз сөзінде: «Орта ғасырларда Еуропаның кейбір мемлекеттерінің іргесі қаланбай жатқан кезде бізде заңдар болған. Ел аузында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деген сөз бар. Осы хандардың ізін жалғастырушы Тəуке ханның «Жеті Жарғысын» білмейтін қазақ жоқ. Қазақ хандарының заңдарында абақтыға қамау, өлім жазасына кесу деген ұғымдар болмаған. Ол заңдар көшпелі халықтың барлық салт-санасын ескере отырып жазылған. Ал Қазақстан тəуелсіздік алған соң жазылған Ата Заңда тіл, ұлт, диаспора ұғымдары ерекше атап өтілген. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, Конституцияда барлығы жанжақты ескерілген. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп тұрады. Бұл – заман талабы», – деп түйіп тұрып ой айтса, Конституциялық Кеңестің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов 1995

жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына 1998, 2007, 2011 жылдары Ата Заңымызға енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударды. Білімі мен білігі астасып жатқан Аманжол Нұрмағамбетов əрі қарайғы ойын былайша өрбітті. «Конституционализмнің тамыры тым тереңде жатыр. Ол бүгінгі күнге түрленіп, жаңғырып жетті. Біз ертеректегі құқықтық актілердің барлығын білеміз дей алмаймыз. Өкінішке қарай, олардың бізге толық мəтіні жеткен жоқ. Алайда, сол жеткен үзіктерімен-ақ олардың идеялары мен ұстанымдары қандай болғанынан хабардармыз. Біз екі ғасырдан астам уақыт Ресей империясының қол астында болдық. Осы уақыт аралығында олар қазақтардың əкімшілік бас қаруындағы құқығын Ресейдің заңдарымен жүйелеп отырғанымен өзге адами қатынастарда, мəселен, жесір дауы, құн өтеу, т.с.с. ежелден келе жатқан дəстүрлі заңдылықтарын еш өзгерте алған жоқ», – дей келе, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында өтпелі кезеңде қабылданған Конституцияның кемшін тұстарын да əңгімелеп, ал қазіргі Ата Заңымыздың тəуелсіз елдің темірқазығына айналып отырғанына тоқталып, ол біздің құқықтарымыз бен бостандығымызға кепіл болады. Дөңгелек үстелде өз ойларымен ортақтасушылар Кон сти туциямыздың 20 жыл ішінде жаңа Қазақстанның толайым табыстарының сенімді кепіліне айналғанын, ұтымды құқықтық жүйенің арқасында экономикалық өсім мен қоғамдық игілікке қол жеткізілгенін, тыныштық пен тұрақтылықтың қамтамасыз етілгеніне баса мəн берді. Ата Заңның өзекті қағидаларының негізінде маңызды өзгерістер жүзеге асырылып, бүгінде эконо микалық жəне саяси тұрақтылығымен, қазақ

даласын мекендейтін сан этнос өкілдері арасындағы келісімімен жəне олардың біртұтастығымен, жаңа биіктер мен табыстарға деген ұмтылысымызбен ерекшеленетін елге айналдық деген пікірлерін жиналған қауымның назарына ұсынған. Екінші шара – еліміздегі конституционализм тарихының тамыры ғасырлар қойнауына кететінін жəне оның 1465 жылы құрылған Қазақ хандығымен тығыз байланыстылығын музей жəдігерлерімен баяндаған, қазақ құқығының тарихына қатысты көрмеде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» жəне Тəуке ханның «Жеті Жарғы» заңдар топтамаларынан бастау алған қазақ құқығының негізгі кезеңдерінің айшықты көрсетілуімен көз тартты. Көрмені тамашалаушылар Қазақстанның қазіргі конституциялық заңының алғашқы ережелері 1917 жылы 13 шілдеде І Жалпы қазақ съезінде жарияланған Алаш автономиясының ІІ съезінің қаулысымен тұжырымдалғанымен, (1917 ж. желтоқсан), одан бергі тарихта Қазақ АКСР-нің 1926 жылғы Конституциясы мен Қазақ КСР-нің 1937 жəне 1978 жылғы Конституциялары жəне Қазақстан Республикасының 1993 жəне 1995 жылғы Конституцияларының негізгі ережелерімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Экспозицияға хандық биліктің нышандарымен бірге 1937, 1978, 1993, 1995 жылдардағы Конституциялар жəне өзге де қызықты экспонаттар қойылыпты. Екі шараға қатысушылардың қай-қайсысы да Ата Заң 20 жыл ішінде жаңа Қазақстанның толайым табыстарының сенімді кепіліне айналды, Конституция ұлттық құқық жүйесін дамытудың құқықтық қайнары болумен қатар, қоғамдық қатынастарға тікелей ықпал етіп, мемлекетке, қоғамға жəне əрбір азаматқа қызмет етуін жалғастыруда, тəуелсіздігіміз баянды болып, ұрпағымыз азаттық рухына суарылып жетілсін деген оймен тарасты.

«Алматы» ескерткіш моне та сының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Алматы қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан жəне шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. тарихшыларға, зерттеушілерге, Отан тарихын сүйетін барша жұртшылыққа жаңаша пайымдалған түрлі тағылымды ақпарат ұсынуымен құнды. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.

«Көкшетау» ескерткіш монетасының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Көкшетау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан

жəне шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Шымкент» ескерткіш монетасының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шымкент қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан жəне шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. Монеталардың бет жағындағы жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, əрбіреуінің таралымы – 50 мың дана. Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін жəне аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады жəне айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сəйкес əзірленген. Əрбір атаудағы монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды жəне арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. «Астана» монетасы екі мың дана санмен «Қазақстанның қалалары» сериясының монеталарына арналған альбом түріндегі орауға оралған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: (727) 273-83-98.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссиясы

Конкурсная комиссия управления здравоохранения Кызылординской области

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны бақылау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды Конкурс өткізілетін күн: конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуына дейін. Конкурс өткізілетін орын: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты, №212 бөлме. Кəсіпорын атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы жəне байланыс телефоны: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 66, байланыс телефоны: 8 (7242) 30-01-38, факс: 8 (7242) 23-20-26, e-mail: polik_3@list.ru Негізгі қызметі: қала халқына амбулаториялық-емханалық, стационарды алмастыратын көмек көрсету. Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптарының бірінің: 1) Денсаулық сақтау саласындағы кемінде он жыл жұмыс тəжірбиесінің; 2) Денсаулық сақтау саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тəжірбиесінің; 3) Денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс: 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) Мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) Үміткердің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 5) Жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнына қабылданған жəне еңбек шартының тоқтатылғандығы туралы бұйрықтардың көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелерінен соттылығы жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы берілген растайтын құжаттар. Үміткер конкурстық өтініштің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні, тегі жəне мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-01-51 (3008), 23-53-41.

Управление здравоохранения Кызылординской области объявляет конкурс на занятие должности члена наблюдательного совета государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения «Городская поликлиника №3 управления здравоохранения Кызылординской области» Дата проведения конкурса: по истечению 30 (тридцати) календарных дней со дня объявления проведения конкурса. Место проведения конкурса: Управление здравоохранения Кызылординской области, адрес: город Кызылорда, проспект Абая, 27, здание управления здравоохранения Кызылординской области, кабинет №212. Наименование предприятия с указанием места нахождения, почтового адреса, телефона: государственное коммунальное предприятия на праве хозяйственного ведения «Городская поликлиника №3 управления здравоохранения Кызылординской области», индекс 120008, Кызылординская область, город Кызылорда, улица Жибек жолы, 66, контактные телефоны: 8 (7242) 30-01-38, факс: 8 (7242) 23-20-26, e-mail: polik_3@list.ru Основная деятельность: оказание первичной медико-санитарной и стационарозамещающей помощи прикленному населению. Требования к лицам, избираемым в наблюдательный совет, включает наличие высшего образования, а также одного из следующих требовании: 1) Наличие опыта работы не менее десяти лет в сфере здравоохранения; 2) Опыта руководящей работы (руководитель юридического лица или его заместителей) не менее пяти лет в сфере здравоохранения; 3) Являющегося членом общественного объединения в сфере здравоохранения. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе представляет комиссии следующие документы: 1) Заявление об участии в конкурсе; 2) Резюме на государственном и русском языках; 3) Автобиографию, изложенную в произвольной форме; 4) Копию документа, удостоверяющего личность кандидата; 5) Копию документа о высшем образовании; 6) Копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора либо выписки из приказов о приеме и прекрашении трудового договора с последнего место работы; 7) Документы, подтверждающие отсутствие судимости и коррупционных правонарушений, выданные территорияльными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. Кандидат запечатывает оригинал конкурсной заявки в конверт, пометив его: «Оригинал». На этом конверте должны быть указаны фамилия, имя, отчество и адрес кандидата. Необходимые длы участия в конкурсе документы должный быть представлены в течение 30 календарных дней с момента публикации данного объявления в управление здравоохранения Кызылординской области по адресу: город Кызылорда, проспект Абая, 27. Телефоны для справок: 8 (7242) 40-01-51 (3008), 23-53-41.

ХАБАРЛАНДЫРУ Білім беру мекемесі «Қазақ инженерлік, қаржы банк» академиясы (бұдан əрі – академия) білім беру мекемесіне «Қазақ қатынас жолдары университеті» (бұдан əрі – ҚҚЖУ) қосылуына байланысты, ҚҚЖУ академиясының құқықтары мен міндеттеріне жəне білім беру саласындағы академияның студенттері мен магистранттары барлық сұрақтарымен тіркеу кеңсесіне, ал қызметкерлер мен профессорлық-оқытушылық құрамы ҚҚЖУ əкімшілігіне мына мекенжайы бойынша хабарласа алады: Алматы қ., Жетісу-1 шағын ауданы, 32-А үй, тел: 376-74-78, 376-74-79.

Аудиторлар палатасының Біліктілік комиссиясының шешiмiмен «аудитор» біліктілігі берілді: Жакипова Асем Серикановна, Харитонов Иван Владимирович, Дайрашева Эльмира Темирхановна, Безуглая Антонина Владимировна, Галиева Динара Фаритовна, Джишамбаева Малика Эрнестовна, Маканов Бахтияр Абаевич, Номаконова Татьяна Сергеевна, Нуржанов Ержан Хасенович, Род Анна Игоревна, Шаяхметова Гульнур Галиевна.

ОБЪЯВЛЕНИЕ В связи с присоединением Учреждение образования «Казахская инженерная, финансово-банковская академия» (далее – академия) в Учреждение «Казахский университет путей сообщения» (далее – КУПС) в котором КУПС является правопреемником прав и обязанностей академии в том числе в области образовательной деятельности обучающихся Академии. Студенты и магистранты академии по всем вопросам обращаться в Офис регистратуру, а сотрудники и ППС в администрацию КУПС по адресу: г. Алматы, микрорайон Жетысу-1, дом 32а, тел.: 376-74-78, 376-74-79.

«Асыл» өнеркəсіптік-сауда компаниясы» АҚ «Асыл» ӨСК» АҚ кредиторларына жəне акционерлеріне ірі мəмілені мыналар бойынша ұлғайту жөнінде хабарлайды: 1). 5 700 000,0 теңге сомаға 47100 000,0 теңге сомадағы кредиттік желіні беру туралы келісім; 1). 2 900 000,0 теңге сомаға 40 000 000,0 теңге сомадағы кредиттік желіні беру туралы келісім. Қосымша ақпарат мына телефон арқылы: 8(727)374-69-46.

Аудиторлыққа кандидаттардың назарына! Аудиторлар палатасының Біліктілік комиссиясы 2015 жылғы 20-23 қараша аралығында біліктілік емтихандарын өткізеді. Анықтама тел.: (727) 397-12-36, kval_ kom@audit.kz

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. «Қазақтелеком» АҚ басқармасы қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры Ержан Сабетұлы Жақыпбекке жəне туған-туыстары мен жақындарына аналары Гүлжаһан АДАМБЕКТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Profile for Egemen

28082015  

2808201528082015

28082015  

2808201528082015

Profile for daulet
Advertisement