Page 1

Бїгінгі нґмірде: Экономикалыќ интеграция ўлттыќ мемлекеттілікті ныєайтады 3-бет Ыќпалдастыќ – уаќыт талабы 4-5-беттер Тїркологияныѕ келешегі – Тїркі академиясында 7-бет

№103 (28327) 28 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Дайындыќ мəселелері жґніндегі кеѕес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізуге дайындық мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы осы аптада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою жоспарланып отырғанын айтты. – Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дəлелдеуге тиіспіз. Еліміз ұзақ мерзімді болашаққа жоспарланған бұл Одақтан пайда көреді. Біз шартқа экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан қол қоюға ұмтылып отырмыз. Атап айтсақ, біздің еліміздің теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескеру керек, мұны жəне көлік инфрақұрылымына қолже тімділікті көршілеріміз қамтамасыз ететін болады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы көр шілерімізбен тығыз экономикалық байланыс Қазақстанның дамуына оң əсерін тигізетіндігін атап көрсетті. – Біздің елімізде шығарылған тауарлар Ресей мен Беларусьтің нарықтарында бəсекеге түсуі тиіс. Қазақстан тауарларының, капиталының, жұмыс күшінің

еркін қозғалысы, бірлескен кəсіпорындар құру, сондай-ақ, байланыстарды күшейту – осының бəрі еліміздің экономикасына пайдасын тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Премьер-Министр К.Мəсімов шарттың жобасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сəйкес дайындалғанын жəне онда аса

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Е.Х.Сўлтановты Солтїстік Ќазаќстан облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр. № 825

Ерік Хамзаұлы СҰЛТАНОВ

1956 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін «Экибастуз шахтострой» комбинатында механик, аға прораб, бас инженер, бірлескен кəсіподақ комитетінің төрағасы болды. Павлодар облысында ағаш өңдеу комбинатының директоры, Екібастұз қаласы əкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Экибастузшахтакурылыс» акционерлік қоғамының президенті болды. 1996-1998 жылдары Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары, Көлік жəне коммуникация министрлігінде департамент директоры, бас үйлестіруші, комитет төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Астана қаласы əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті қызметтеріне тағайындалды. 2013 жылғы сəуірден – «Қазавтожол» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

Жаѕа əкім таныстырылды

Кеше Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерік Сұлтановтың Солтүстік Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалғанын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ, Н. Нығматулин облыстың «Егемен Қазақстан». бұрынғы əкімі Самат Ескендіровтің қызметке 2013 жылдың қаңтарынОблыстың кезектен тыс ХХV да тағайындалып, біршама жұсессиясына қатысқан Н.Нығма- мыстар атқарғанын, алайда қызтулин Президенттің өңір басшы- мет əдебі мен мемлекеттік тəрсы лауазымына Ерік Хамзаұлы тіпті босаңсытып, сыбайлас жемСұлтановтың кандидатурасын қорлыққа жол бергені үшін отсұсыну туралы хатын оқып берді. тавкаға кету жөніндегі өтінішін Халық қалаулылары Елбасы Пре зиденттің қабыл алғанын, ұсынысын бірауыздан қолдап, да- құрылыс басқармасы басшысының уыс берді. міндетін атқарушының парамен Сессиядан кейін облыс активі ұсталып, облыс əкімінің орынөтті. Оған қатысқан Президент басарына қатысты қылмыстық іс Əкімшілігінің Басшысы жинал- қозғалғанын жеткізді. ғандарды Президент Жарлығымен Актив жиынында сөз алған тағайындалған облыстың жаңа Солтүстік Қазақстан облысының əкімімен таныстырды. «Сіздер Ерік жаңа əкімі Е. Сұлтанов Елбасының Хамзаұлын жақсы білесіздер деп өзіне зор сенім көрсеткені үшін ойлаймын. Ол осы өңірдің тумасы, алғыс айтып, ел экономикасын да1956 жылы туған. Бірқатар лауазым- мытуға қабілет-қарымы мен күшды қызметтер атқарған. Тəжірибесі жігерін аямайтынына сендірді. мол. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя біледі», деді Н.Нығматулин. Солтүстік Қазақстан облысы.

маңызды бірнеше мəселе қамтылғанын мəлімдеді. – Одақ біздің елімізге қазіргі дей турбулентті экономика жағдайында тұрақты əрі орнықты даму үшін зор экономикалық мүмкіндіктер береді. Бұл шартта көпвекторлы саясат жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы Одаққа қатысудан бөлек, біз

ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді жəне өзге де халықаралық бірлестіктермен келісімдер жасауды жал ғастырамыз, – деді Премьер-Министр. К.Мəсімов жалпы құжаттың 4 бөліктен, 28 бөлімнен, 118 баптан жəне 32 қосымшадан тұратынын да атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы С.В.Кулагинді Аќмола облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр. № 828

Сергей Витальевич КУЛАГИН

1952 жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Целиноград облысы Астрахан ауданының Николаев кеңшарында инженер, бас инженер болып бастаған, кейіннен «Райсельхозтехника» өнді ріс тік бірлестігінің басқарушысы, «Қы зылжар» кеңшарының директоры болып істеді. Целиноград жəне Торғай облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. «ИнтеграцияЦелина» халықаралық қоры ның президенті болды. Торғай облысының əкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруа шылы ғы министрі, Ақмола жəне Қостанай облыстарының əкімі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Ґѕір басшысы ауысты Кеше Ақмола облыстық мəслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы болып, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сергей Кулагинді Ақмола облысының əкімі лауазымына тағайындау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Сессия мен облыс активінің жиналысына қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Елбасы Жарлығымен С.Кулагин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалғанын хабарлады.

Ақмола облысының əкімі С.Кулагин Елбасының жоғары сеніміне алғысын білдіріп, алға қойылған тапсырмаларды орындауға тəжірибесі мен күшжігерін сарқа жұмсайтынын айтты. С.В.Кулагин бұған дейін, 1998-2004 жылдары Ақмола облысының əкімі болған еді. Ақмола облысы.

Хроника Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Самат Сапарбекұлы Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының əкімі қызметінен; басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов Ақмола облысының əкімі қызметінен босатылды; басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Витальевич Кулагиннің өкілеттігі тоқтатылды.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтеге президенттік лауазымға қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

орынбасары Б.Сағынтаев бүгінгі таңда Үкіметтің тиісті қаулысын келісімдеу мен қабылдаудың мемлекетішілік рəсімдері аяқталғанын мəлімдеді. – Шарт жобасы тəуелсіз сарапшылардың сараптамасынан өтті. Сіздің ұстанымыңыз бен тапсырмаларыңызды басшылыққа ала отырып, шарт жобасымен жұмыс барысында экономикалық емес ережелер алынып тасталды. Келіссөздер барысында біз Одақты саясиландыруға жəне оның аясында ұлттық өкілеттілік пен мемлекеттік еге мен дік мəселелерін талқылауға болмайтындығы туралы ұста нымды қорғап қалдық. Сіз дің нұсқауларыңыз бен тапсырмаларыңыз жүзеге асырылғанын, шарт жобасы тараптармен келісіліп, қол қоюға дайын екенін тағы бір рет атап өткім келеді, – деді Б.Сағынтаев. Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов шарт жобасының институттық бөлігінде егемендікті, аумақтық тұтастықты, əрбір мүшемемлекеттің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу, сондай-ақ, шешім қабылдаудағы консенсус қағидаттары қарастырылғанын айтты. – Одақ органдарында мүшемемлекеттер өкілдерінің конкурстық негізде тең болуы қамтамасыз етілді. Бұл шарттың өзге халықаралық шарттарды жасауға кедергі келтірмейтіні айрықша маңызды. Институттық бөлікте туындаған барлық түйткілдер жойылды, – деді Е.Ыдырысов.

Мемлекет басшысы құттықтауын Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Даля Грибаускайтенің көшбасшылық мол тəжірибесі Литваның дамуына айтарлықтай серпін беретіндігіне сенім білдірді. «Сіздің қайта сайлануыңыз дос тық жəне өзара түсіністік

негізінде қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықты əрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне кəміл сенемін», делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президентіне зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметте табыс, ал достас Литва елінің халқына бірлік пен бақ-береке тілеген.

Ортаќ шешімдер ќабылданєан отырыс Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік жəне прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста аталған сыйлықтың дəрежесін көтеру жəне нығайту, шетелдерде осындай марапаттарды тағайындау тəжірибесі туралы мəселелер қаралды.

Қаралған мəселе бойынша ортақ шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға алда атқарылар жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді.

Іріктеудіѕ ќорытындысы шыєарылды Кеше Ақордада Қазақстан Респубикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды. Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рəсімінен кейін 365 үміткер əңгімелесуге жіберілді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Əңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды. Резервшілердің толық тізімі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындаєы Ќазаќстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныѕ əуе шабуылына ќарсы ќорєанысыныѕ бірыѕєай ґѕірлік жїйесін ќўру туралы келісімді ратификациялау туралы 2013 жылғы 30 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының əуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 мамыр. № 205-V ҚРЗ

Ықпалдастық – ынтымақ ырысы Игорь ШУВАЛОВ:

Біз Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ саяси даналыєына таѕ ќаламыз Ресей Федерациясы Їкіметі Тґраєасыныѕ бірінші орынбасары И.И.ШУВАЛОВПЕН сўхбат – Құрметті Игорь Иван ович! Осы күндерде жұмысыңыздың ерекше қауырт екенін білгендіктен де сұхбатқа келісім бер геніңіз үшін алғысымды айтамын. Айдың аяғында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Шартқа қол қояды деп күтіліп отыр. Сіз 2010 жылдың қаңтарынан бері Экономика лық даму мен ин теграция жөніндегі бір лескен үкіметтік комиссияны бас қарып келесіз, Шарт жобасын дайындауға тікелей қатысқансыз. Əңгімеміздің басында жалпы əлемдегі, соның ішінде

кеңестен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің мəнмаңызы туралы не айтар едіңіз? – ТМД кеңістігіндегі ин теграциялық бірлестіктердің жұмыс тəжірибесі ықпалдастық əлеуетін экономикалық дамудың елеулі факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ТМД шеңберінде интеграцияның екі арнасы дамып жатқан сияқты. Олардың біріншісі – бүкіл ТМД көлемінде көпқырлы еркін сауда аймағының негізінде ынтымақтастықты нақты тереңдету, екіншісі – интегра цияны Кеден одағы мен

Біртұтас экономикалық кеңістік түрінде үдемелі дамытудың өзегін қалыптастыру, бара-бара бұл үдеріске қатысушылардың құрамын басқа да мүдделес елдердің есебінен кеңейту. Мұндай көзқарас əртүрлі жылдамдықтағы немесе əртүрлі деңгейдегі интеграция деген атау алды. Ол интеграцияны тереңдету бағытында алға жылжуға дайын елдердің озық пішімдерінің дамуын бірте-бірте Достастық мемлекеттерінің басқаларына да таратуға мүмкіндік береді. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

Біз Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ саяси даналыєына таѕ ќаламыз (Соңы. Басы 1-бетте).

Тегінде, «кеңейтілген» тректің негізгі жетістігі тауарлармен өзара сауда жасаудағы кедергілерді жою мақсатымен толыққанды жəне көпқырлы еркін сауданың аймағын (бүгінде оған ТМД-ға мүше 9 мемлекет кіреді) құру болып табылады. Осы арқылы біз Достастықтың жалпы пішімінде қазірдің өзінде өз шешімін Ресейдің, Белоруссияның жəне Қазақстанның интеграциялық бірлестігінде тапқан мəселелер мен проблемаларға жақындап келеміз, онда еркін сауда қарымқатынастарын ұстанумен қатар экономикалық өзара кең іс-қимыл жүзеге асырылады да, іс тəртібінің ортақ қағидалары қалыптасады. Сауда статистикасы бұл жұмыстың нақты нəтижелерін көрсетіп отыр. Өткен 2013 жыл жалпыəлемдік жағымсыз үрдістердің кесірінен аз индикативті болды, алайда, 3 жылдық кезеңнің қорытындысы бойынша біз Кеден одағына мүше елдердің өзара саудасы экономикалық тұрғыдан қолайлы жылдарда табысты өркендейді, сонымен бірге, қолайсыз жылдарда азаймайды деп қорытынды жасай аламыз. – Кеңестен кейінгі кеңістіктегі толыққанды еуразиялық интеграция идеясы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі екендігі белгілі. Қазақстан Президенті тəуелсіздікке қол жеткен алғашқы жылдардың өзінде оқшаулану саясаты тығырыққа тірейтінін басын ашып айтқан еді. Біздің мемлекетіміздің басшысы Еуразиялық одақ идеясын алғаш рет 1994 жылғы наурызда Мəскеу мемлекеттік уни верситетінде жария еткен. «Еуразиялық одақ идеясын ойластыра отырып, мен бұл он шақты жылдың ішінде біте қоятын шаруа еместігін біл генмін», дейді Нұрсұлтан Əбіш ұлы. Соның өзінде бұл мақсатты жүзеге асыруға небəрі жиырма жыл ғана қажет болды. Сіз тарихи тұрғыдан салыстырмалы түрде алғанда қысқа ғана мерзімде осындай нəтижеге жеткізген үдерістегі Назарбаевтың рөлін қалай сипаттар едіңіз? – Қазір, 2014 жылы, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға

тақау келіп тұрған уақытта біз шын мəнінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты ғылыми тұрғыдан болжау дарынына жəне терең саяси даналығына таң қаламыз. Бұрынғы кеңестік республикалардың өркениетті түрде айырылысуынан туған масайрау көңіл-күйі біздің бұрынғы бірге өткен өміріміздің артықшылықтарын да, сонымен қатар, нарықтық экономиканың артықшылықтарын жүзеге асыру барысында жаңадан қол жеткен дағдыларды да пайдаланудың негізінде интеграцияға ұмтылумен алмасуы мүмкін екенін жəне солай болуға тиіс екенін ол басқалардан бұрынырақ түсіне білді. Кеден одағын, Біртұтас экономикалық кеңістікті, ал қазір Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бүкіл жұмыстың ба рысында біз Н.Ə.Назар баевтың қызу мүдделілігі мен нақты қолдауын ұдайы се зі ніп отырғанымызды қадап айтқым келеді. Көптеген күрделі экономикалық түйіндер келіссөздерге нақ оның тікелей қатысуының арқасында тарқатылды. Н.Ə.Назарбаевтың тікелей қатысуынсыз бұл жобаның жүзеге асуы неғайбіл еді десем, мұным артық айтқандық болмайды. – Сіздің ойыңызша, үш елдің интеграциясынан келетін жалпы макроэкономикалық тиімділік қандай? Қазіргі қолда бары жəне ең бастысы – ЕЭО құрылғаннан кейін күтетініміз? – Біздің интеграциямыздың макроэкономикалық тиімділігін сараптамалық бағалаулар аз емес. Əдетте, əңгіме көптеген миллиард доллар туралы болады, алайда, бұл сандарды «таза» күйінде айта қою қиын, неге десеңіз – əлемдік конъюнктура факторларының ықпалы əсер етеді. Біз үшін интеграцияның басты нəтижесі – алда. Ол нəтиженің мəні біздің елдеріміз азаматтарының өмірі, бизнес жүргізу жағдайы қолайлы да ыңғайлы бола түсетіндігінде. – Еуразиялық экономикалық одақтың еңбек рыногын кеңейтуге, қозғалыс еркіндігін арт тыруға байтақ жағдай жасай тынына, саудада кең мүмкін діктер ашатынына күмəн жоқ. Бұл Қазақстан үшін, халқының саны небəрі 17 миллион, яғни базары тар ел үшін

ерекше маңызды. Ал Ресей үшін бұл орайдағы пайда қандай? Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің ЕЭО-ны барынша қолдайтынының жəне еуразиялық интеграция үшін көп іс атқаратынының себебі неде?

үлкен беделі жəне əлеуеті бар, экономикалық тұр ғы дан қуатты мемлекет. Синер гетикалық тиімділіктің есебінен біздің ресурстарымыз бен рыноктарымызды қосудың нəтижесі ресейліктер үшін де нақты білі нетін болады.

барған сайын халықаралық экономикалық қатынастардың тікелей қатысушысы ретінде танылып, барынша еркін сауда режімдерін белгілеу жөніндегі жекелеген елдермен жəне олардың бірлестіктерімен келіссөздер шеңберін кеңейтіп келеді. Бұл бағытта да алдағы жылда біз нақты нəтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін. – Біздің Президентіміз Еуразиялық экономикалық одақты саясаттандыруға нақпа-нақ қарсы болып келеді. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Бізден халықтарымыз талап етіп отырған нəрсені істейік те. Бұл орайда бастысы – саяси тəуелсіздік, егемендік, мемлекеттің тұрақтылығы. Біз тəуелсіз жəне егемен мемлекеттер болуымыз керек», деп мəлімдеді. Осыдан екі жылдай бұрын Ресейде аяқ астынан ұлтүстілік парламент құру жөнінде əңгіме қозғалды, рас, бұл идея Қазақстан мен Белоруссия парла мент арийлерінің тарапынан тиісті қолдау таба қойған жоқ. Сіздің бұл жөніндегі пікіріңіз қандай? – Бүгінгі əлемде мемлекеттік тəуелсіздік пен егемендікті экономикалық интеграциялық бірлестіктерге қатыса отырып сақтаудың жалпы сұлбасы жапжақсы пысықталған. Сондықтан, Қазақстанның бұл мəселелердегі көзқарасы бізге түсінікті, оның үстіне Ресей де осыған ұқ сас қағидаттарды ұстанады. Эко-

Кеден одағын, Біртұтас экономикалық кеңістікті, ал қазір Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бүкіл жұмыстың барысында біз Н.Ə.Назарбаевтың қызу мүдделілігі мен нақты қолдауын ұдайы сезініп отырғанымызды қадап айтқым келеді. Көптеген күрделі экономикалық түйіндер келіссөздерге нақ оның тікелей қатысуының арқасында тарқатылды. Н.Ə.Назарбаевтың тікелей қатысуынсыз бұл жобаның жүзеге асуы неғайбіл еді десем, мұным артық айтқандық болмайды. – Сіз өз сұрағыңызбен Қазақстанның маңызын кемітіп көрсетіп тұрсыз деп ойлаймын, мұныңыз дұрыс емес. Бүгінде Қазақстан – серпінді дамып келе жатқан,

БСҰ-ның, бірқатар өңірлік интеграциялық құрылымдардың, жекелеген елдердің тарапынан Кеден одағына қызығушылық жайдан-жай емес. Біздің интеграциялық құрылымымыз

номика мен экономикаға жатпайтынның шекарасын ажырату əжептəуір күрделі болатыны басқа мəселе. Мысалы, экономикалық одақтың бір бөлігі – ортақ еңбек рыногы.

Біздің елдеріміз азаматтарының мүдделеріне осыдан артық сай келетін саланы табу қиын: рынок үлкейген сайын мүмкіндік те көбейеді, əл-ауқат та арта түседі. Алайда, мұндай рынок білім саласында (біліктілікті тану), əлеуметтік жəне зейнетақылық қамтамасыз ету ісінде нақты интеграциялық шешімдерді талап етеді. Жасырмай айтайын, біз өзіміз ұсынып отырған шешімдер елдің егемендігіне нұқсан келтірмейтініне қазақстандық əріптестеріміздің көзін жеткізу үшін едəуір уақытымызды жұмсадық. Парламенттік органға келетін болсақ, ол белгілі бір кезеңде бізге экономикалық даму бағыттарының халықтарымыздың мүдделеріне сəйкес келуін талқылаудың форумы ретінде қажет болуы мүмкін деп санаймын. – Экономикалық одақты құру барысында қандай келіспеушіліктер көрінді? Оларды қалай еңсердіңіздер? Үш мемлекет басшыларының наурыздағы кездесуінде Президент Назарбаев келісілмей қалған мəселелерді табанды түрде реттеу қажеттілігін айтқан еді. Мұнда не ескеріліп тұр? Ол мəселелер қазір реттелді ме? – Бүгінде, мерекенің қарсаңында – мұндайлық аса ауқымды жұмыстың аяқталуы оған қатысушылар үшін үлкен мереке деп білемін – бұған дейін еңсеріліп қойылған келіспеушіліктер туралы айтып жатқым келмес еді. Тек келіссөздерге қатысушылардың бəрі де өз елдерінің көзқарастарын қызғыштай қорғағанын ғана баса айтқым келеді. Рас, біз Қа зақстанда интеграцияның жақтаушыларымен қатар оны онша қолдамайтындар да бар екеніне назар аудардық. Біздің жұ мысымыздың экономикалық нəтижелері тұтастай алғанда Одақтың əрбір елі оны құрудан пайда табатынына ондайлардың да көзін жеткізеді деп үміттенемін. – Еуразиялық экономикалық одақтың төртінші қатысушысы, тегінде, Армения болатын шы ғар деушілер бар. Сіздіңше, ЕЭО-ны кеңейтудің перспективасы қандай? Оны қазір дің өзінде кеңейтудің қажеті бар ма? – Кеден одағына кіру ниетін Армения мен Қырғыз Рес публикасы берік айтып отыр. Қыруар

нақты жұмыс атқарылды, «жол картасы» пішінінде қажетті ісшаралардың тізбесі анықталды. Əңгіме қазірше нақ Кеден одағы туралы болып тұрғанын қадап айтайын. Əр жағдайда бізге қалыптан тыс міндеттердің тұтас кешенін шешуге тура келеді. Одақты құру жөніндегі шартқа қол қойылғаннан кейін біз бұл мəселеге жақынырақ келеміз ғой деп ойлаймын. – Астанада жақында ортақ тарих жəне ортақ кеңістік біріктіретін біздің халықтарымыздың алдынан үлкен көкжиек ашатын құжатқа қол қою арқылы шын мəнінде тарихи оқиға болатынына сенімдіміз. Бəрі де жақсы болады деп үміттенеміз. Шартқа қол қойғаннан кейін жəне ЕЭО құрылатын 2015 жылғы 1 қаңтардан кейін қандай жұмыс алда тұр? – Соны ойлауға да қор қамын, бірақ Одақты құру жөніндегі негізгі жұмыс мереке аяқталысымен басталады. Одақты құру туралы шарт – қосымшаларымен есептегенде оның көлемі 1000 бетке жуықтайды – барлық елдер парламенттерінде ратификация лануға тиіс. Осымен қабат біз Үкімет пен Комиссия арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу ыңғайында басқару жүйесіне өзгеріс енгізуге, Комиссияны Одақтың нақты іс жүргізетін органы ретінде нығайту жөнінде бірлескен жұмысты жалғастыруға тиіспіз. Қазақстан тарапының Ко миссия аппаратындағы «өз позицияларын күшейтуге» ұмтылысына өте қызыға қарай мын. Кейде бұл жөнінде біз Б.Ə.Сағынтаевпен айтысып та қаламыз, бірақ қағидатты түрде алғанда қазақстандық əріптестеріміздің Одақ аппаратында лайықты орындарды барынша көбірек иемденуге деген ұмтылысы мені қуантады. Оның үстіне біз ағымдағы шешімдердің көпшілігі қабылданатын Кеңестің мəжілістерін жүйелі түрде өткізіп тұруға тиіспіз, ал ол мəжілістерде біздің алдымызға Президенттер қандай жа ңа міндеттер қоятынын кім білсін? – Ол міндеттердің бəрі жүзеге асатынына сенеміз. Ортақ жұмыста табыс тілейміз. Сұхбаттасқан Сауытбек АБДРАХМАНОВ.


Экономикалыќ интеграция ўлттыќ мемлекеттілікті ныєайтады Бақытжан САҒЫНТАЕВ,

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан басшысының Еуразиялық одақ құру туралы идея көтергені белгілі. Осы бағытты ұстана отырып біз экономикалық интеграцияны тереңдету жолымен тоқтаусыз алға басудамыз. Бүгін Елбасының стратегиялық болжамы іс жүзінде өмірге ене бастады деп батыл айтуға болады. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті табысты құра отырып, біз енді Еуразиялық экономикалық одақ құрудың табалдырығында тұрмыз. 29 мамырда үш мемлекет басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қоюы жоспарланып отыр. Бұл оқиғаға дайындық жұмыстары əлдеқашан-ақ басталған болатын. Сонау 2011 жылдың қарашасында Қазақстан, Белоруссия жəне Ресей президенттері 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеден одағының жəне Ке ден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік туралы халықаралық келісімшарттардың кодификациясын аяқтау жəне соның негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру міндетін белгілеген еді. Содан бері жан-жақты қамтылған Шарт жобасын дайындау, жетілдіру жəне келісу бойынша өте ауқымды жұмыстар жүргізілді. Құжат қазіргі уақытта қол қоюға дайын. Құрылғалы отырған Еуразиялық экономикалық одақ туралы төмендегі жəйттерді атап көрсеткім келеді. Бүгінде қоғамда Ресеймен жəне Белоруссиямен ин тегра циялануға байланысты мемлекеттік егемендікті сақтау жөнінен сауалдар орын алды. Сол сияқты əлдебір КСРО-ны қайта қалпына келтіру туралы да пікірлер айтылуда. Осыған орай, мынадай жəйттерді түсіне білген абзал. Бірінші, Еуразиялық экономи калық одақ саяси бірлестік болып табылмайды. Шарт тек экономикалық ықпалдастық мəселе лерін ғана қамтиды. Келіссөздер бары сында біз одақты саясиландыруға жəне оның мəселелері шеңберінде ұлттық өкілеттіліктер мен мемлекеттік егемендікті қозғай тын мəселелерді талқылауға жол бермеу туралы ұстанымды қорғап қалдық. Біздің əріптестеріміздің ұсыныстарына қарамастан, біз денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мəдениет, азаматтық, құқықтық көмек, шекараларды қорғау, ортақ парламент, жалпы көші-қон, қорғаныс, қауіпсіздік сияқты Тараптардың экономикалық емес салалардағы қызметтестік туралы нормаларын қарастырған жоқпыз. Олар шарт жобасында жоқ. Екінші, Еуразиялық экономикалық одақты құру КСРО-ға қайта оралу емес. Тараптардың теңдік, тең құқылық жəне ұлттық мүдделерін ескеру қағидаттары барынша қамтамасыз етілген. Шарт жобасында барлық деңгейлерде стратегиялық маңызды шешімдер қабылдаған кездегі консенсус тетігі айқын көрсетілген, ол басқа да шаралармен бірге қандай да бір мемлекеттің үстемдік құру мүмкіндігіне жол бермейді. Мəселен, іс жүзінде ұлтүстілік орган болып табылатын Ко миссия Алқасында ше шімдерді консенсуспен жəне білікті көпшілікпен қабылдау тетігі ескерілген. Неғұрлым сезімтал мəселелер бойынша шешімдер консенсуспен қабылданады да, қалғандары бойын ша үштен екі дауыспен білікті көпшілік тəсілімен қабылданады. Оның сыртында алқа қабылдаған кез келген мəселеге шешімдер тек консенсуспен ғана қабылданатын Комиссия Алқасының тосқауыл қою мүмкіндігі бар. Тіпті, Комиссияның бұл шешімдерінің өзі, олар жекелеген мемлекеттің мүдделеріне сəйкеспеген жағдайда, мемлекет басшылары деңгейіндегі Үкіметаралық жəне Жоғары кеңестерде қайта қаралуы ықтимал. Жəне ең соңғы инстанция, кез келген даулы мəселе құрылатын Одақ Сотында қаралатын болады. Осылайша шешімдер қабылдау кезінде барлық қатысушы

3

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

мемлекеттердің мүдделерін міндетті түрде ескеру қағидаты қамтамасыз етіледі. Үшінші, Шартқа сəйкес, біздің үшінші бір мемлекеттермен жəне халықаралық ұйымдармен келісімшарт жасасуымызға ештеңенің де тыйым салмайтынын атап көрсетудің де маңызы зор. Қазақстан жүргізіп отырған аса маңызды көпвекторлы сыртқы саясат қағидаты сақталады жəне оны болашақта дербес жүргізу немесе өзгерту мүмкіндіктері талассыз күйде қалады. Төртінші, Қазақстан Одақ органдарында тиісті деңгейде көрініс таппақ. Одақта екі тұрақты жұмыс істейтін орган – Еуразиялық экономикалық комиссия мен Сот болады, оларда да тараптар теңдігі қамтамасыз етілмек. Комиссия екі деңгейден – Кеңес пен Алқадан тұрады. Кеңесте премьер-минис тр лердің үш орынбасарлары болады. Алқаға «үштік» мемлекеттердің əрқайсысынан үш өкілден енеді. Одақ Сотында да солай, оған мемлекеттердің əрқайсысынан үш судьядан тағайындалады. Егер Комиссияның, сондайақ Одақ Сотының құрылымдық бөлімшелеріне келер болсақ, біздің ұсынысымыз бойынша, Шартта олардың бірдей өкілеттілік қағидатын сақтауды ескере отырып, директор жəне директордың орынбасарлары лауазымдарын Тараптар өкілдері иеленетін болады. Қалған қызметкерлер Тараптардың осы органдарды қаржыландыруға үлестік қатысуына тепе-тең жағдайда тағайындалмақшы. Біздің еліміздің экономикасы үшін үлкен мүмкіндіктер ашатын тең құқылы экономикалық əріптестіктің қағидатты жаңа деңгейіне шығып отырғанымызды атап көрсеткім келеді. Еуразиялық экономикалық интеграция үдерісінің қазірдің өзінде Қазақстан экономикасында оң сипатты алға басулар туындатқанын сеніммен айтуға болады. Осылайша, Кеден одағы құрылған сəттен бері Қазақстанның өңдеу өнеркəсібіне құйыл ған тікелей шетел инвестицияларының көлемі екі есе дерлік өсіп, 2009 жылғы 1,8 миллиард доллардан 2012 жылы 3,4 миллиард долларға жетті. Бұл ретте тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28 миллиард долларды құрап, 34 пайызға өсті. Бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының айтарлықтай артып отырғандығын көрсетеді. Егер саудаға келер болсақ, 2013 жылы Қазақстанның Ресеймен жəне Беларусьпен арадағы тауар айналымы 24 миллиард доллардан асып түсті. Бүтіндей алғанда, Кеден одағы жұмыс істеген бүкіл кезеңде, 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Кеден одағы бойынша əріптес елдермен арадағы тауар айналымы 88,3 пайызға ұлғайды. 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде тауар айналымы өсуінің орташа жылдық қарқыны 18,4 пайызды құрады. Осы орайда біз сауда бəсекесінде ұтылысқа шығып жатырмыз деген сияқты мəлімдеулерге сенудің қажеті жоқ. Бізде кондитер бұйымдары мен шоколад экспорты 3 есеге ұлғайса, трансформаторлар экспортының

көлемі 11 есеге артты. Ал Ресей мен Беларусьқа біздің шағын тонналық жүк көліктерін жеткізіп беру көлемі 17 есеге ұлғайып отыр. Сол сияқты цемент экспорты да 16 есеге өскен. Бұл тек аз ғана мысалдар. Бүтіндей алғанда, Кеден одағы құрыл ғаннан бергі кезеңде əріптес елдерге экспорт көлемі 62,7 пайызға ұлғайды. Кеден одағы елдеріне шығарылған экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлар үлесі 44 пайыздан 54 пайызға дейін өсіп шықты. Бұл өте тамаша тенденция жəне біз оны болашақта да сақтай бермек ниеттеміз. Өндірістік көлік құралдарын, қара металдан жасалған дайын бұйымдарды, пластмассаны, резинаны, қағазды, тұрмыстық техниканы өндіруде де оң тенденциялар байқала түсуде. Ресей мен Белоруссия кəсіпорындарының қысымына жəне олардың бəсекелестікке қарсы іс-əрекеттеріне отандық өндірісшілер қарсы тұра алмай, рыноктан ысырылып қалады деген қорқыныш та жоқ емес. Дегенмен, Еуразиялық экономикалық одақтың шарт тық-құқықтық база сының экономикалық қызмет үшін бірдей бəсекеге қабілетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап көрсеткім келеді. Бұл қазақстандық кəсіпкерлердің мүдделеріне заң сыз қысым жасау мүм кіндіктері жоққа шығарылады дегенді білдіреді. Баршаға белгілі, ішкі индустриялық бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету Қазақстан үшін басымдыққа ие. Осыған байланысты Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі бұрынғы бар уағдаластықтарды қайта қарадық жəне Комиссиямен алдын-ала келіспей-ақ ерекше өнеркəсіптік субсидиялар (жекелеген кəсіпорындарға немесе кəсіпорындар тобына қолдау көрсету) қолдану құқына қол жеткіздік. Сонымен бірге, біз экономикалық одақ шеңберінде өнер кə сіптік кооперацияларды да дамыта беретін боламыз. Бұл Қазақстанның ірі бірлескен өндірістер құруына жəне өн дірістік-кооперациялық тізбекті дамытуына жағдай жасайды. Болашақта ол біздің ірі кəсіпорындарымызға халықаралық рыноктарда əлемдік өндіріс шілермен бəсекеге түсуге мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, Қазақстанның 2016 жылға қарай халықаралық қағидаттарға негізделген ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету есебінің жаңа əдістемесін əзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін де атап өтпекпін. Қазақстан негізгі өткізу рыноктарынан шалғай жатқан жəне теңіз порттарына тікелей шыға алмайтын ел болып табылады. Осыған орай қазақстандық экспорт тау шылардың əріптес елдердің көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділігіне жол ашу біз үшін өте маңызды. Мұндай мүмкіндік көліктік шығындарды қысқартуға, соған сəйкес қазақстандық өнімдердің үшінші елдер ры ноктарындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды. Автомобильмен жүк тасушыларға мүше-мемлекеттердің

əрқайсысының ішкі рыноктарына қолжетімділік туғызу сатылап жүзеге асырылатын болады. Бұл мəселе 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін əзірленіп, дайын болатын Тасымалдарды бейтараптандыру бағдарламасында көрініс таппақ. Осы бағдарлама шеңберінде бейтараптандыру жұмыстары 2016 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта жүзеге асырылатын болады. Қазақстан 2025 жылы қолжетімділікке ие болмақ. Сондай-ақ, біз мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ рыногын қалыптастыру 2025 жылға дейін сатылап жүзеге асырылатын болады деген ұйғарымға келдік. Оның нəтижесінде өзара саудада экспорттық кедендік баж салықтары мен шектеулер қолданылмайтын болады. Оның сыртында газ тасымалдау инфрақұрылымдарына жол ашылмақ. Бүтіндей алғанда, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ рыногын сатылап құру жəне газ тасымалдау инфрақұрылымдарына қолжетімділік туғызу тұжырымдамаларды, бағдар ламаларды жəне тиісті келісімдерді бірізділікпен талдап, əзірлеу негізінде жүзеге асырылатын болады. Ортақ электр энергиясы рыногын Белоруссия, Қазақстан жəне Ресей электр энер гия ларының ұлттық рыноктарын интеграциялау жолымен 2019 жылға қарай құру жоспарланып отыр. Ортақ электр энергиясы рыногын сатылап құру шеңберінде ортақ электр энергиясын құру тұжырымдамасы мен бағдарламасы əзірленіп, оларды мемлекет басшылары деңгейінде Жоғары эконо микалық кеңес бекітетін болады. Тұжырымдамалар мен бағдарламалар бекітілгеннен кейін мүше-мемлекеттер ортақ электр энергиясы рыногын құру туралы (2019 жылдың 1 шілдесіне дейін) халықаралық келісімшартқа қол қояды. Біз дəрілік құралдардың ортақ рыногы 2016 жылдан бастап жұмыс істейді деп ойластырып отырмыз. Бұл орайда қазақстандық тарап бұл рынокты тиісті фармацевтикалық тəжірибелер негізінде құру қажеттігін қорғап қалды. Тиісті келісімдерге 2015 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей қол қойылуы тиіс. Қазақстандық бизнес үшін жұмыстың тағы бір мейлінше жаңа бағыты – ол отандық рыноктан 26 есе асып түсетін Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік сатып алулар рыногы екенін де естен шығаруға болмайды. Бұл ретте əңгіме жыл сайынғы 198 миллиард доллар туралы болып отыр. Бұл отандық тауар өндірушілерді дамыту үшін көзге ұрып тұрған əлеует. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызмет көрсетулер рыногын да сатылап құру қарастырылған. Бейтараптандыруды мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімдерге сəйкес «Жол картасы» негізінде жүзеге асыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, осы келісімшартта бейта раптандыруға жатпайтын қызмет көрсетулер секторы тізімін тікелей қамту жөнінде де өзара келісімге келгенімізді айта кетпекпін. Осылайша Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстан экономикасы үшін өте үлкен экономикалық мүдделер ұсынады. Біз елдің одан əрі дами түсуі үшін өткізу рыноктарын кеңейте түсу қажеттігін түсінуіміз керек. Еуразиялық экономикалық одақ – бұл өте тамаша əрі мінсіз нұсқа. Шарт жобасымен жұмыс істеген барлық уақыттар бойында біз 800 мыңнан астам кəсіпкерлерді біріктіретін Ұлттық кəсіп кер лер палатасы тұрғысындағы бизнес қауымдастықпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істедік жəне барлық ережелерді бірлесе отырып қарадық. Еуразиялық интеграцияның Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанды 30 əлемдік көшбасшылар қатарына шығару жөніндегі стратегиялық міндетті жүзеге асыруға көмек тесетінін атап көрсеткім келеді. Ойымды түйіндей келіп, Мемлекет басшысының экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтуға, экономиканы дамыту арқылы Қазақстанды бұрынғыдан да гөрі тұрақты етуге жағдай жасайды деген сөзін еске сала кетпекпін.

Мїдделер толыќ ескеріледі Бейсенбі күні Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп күтіліп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Сыртқы істер вицеминистрі Самат Ордабаев пен Əділет вице-министрі Эльвира Азимова өткізген брифингте осы шарт жобасына қатысты мəселелер сөз болды.

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. «Егемен Қазақстан».

Брифинг барысында атап өтілгендей, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасы екі бөлімнен – Одақты құрудың негіздік жағдайлары мен қағидалары бекітілген институттық жəне экономиканың нақты салаларын интеграциялау бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің келісімдері көрсетілген функциялық бөлімдерден тұрады. Алдымен сөз алған Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев шарттың институттық бөлігін əзірлеудегі жұмыстарға тоқталды. «Еуразиялық эконо микалық одақ бірден қалыптаса салған жоқ, – деді ол осы жөнінде. – Оған мүше болатын мем лекеттер ТМД-дан бастап, ЕурАзЭҚ арқылы Елбасымыздың Еуразиялық одақ туралы идеясына дейінгі үлкен эволюциялық жолдан өтті. Бұл мəселеде ТМД мен ЕурАзЭҚ ерекше тарихи рөл атқарды. Интеграциялық байланыстар жасай отырып, тəжірибе жинадық. ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағы құрылды, одан кейін Біртұтас экономикалық кеңістікке өту басталды. Ал 2011 жылдың қарашасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шешім қабылданды». Бұдан соң ол шартты əзірлеу барысында жүргізілген келіссөздер жайын атап өтті. Вице-министрдің хабардар етуінше, Еуразиялық экономикалық комиссиясы бастапқыда көлемі екі мыңға жуық

беттен тұратын шарттың жобасын ұсынған. Оған Одаққа қатысушы елдер өмірінің барлық жақтарын регламенттейтін қағидаларды енгізуге тырысыпты. «Біз ол жобаны дəл сол күйінде қарастырмадық жəне талқыламадық, – деді Самат Ордабаев. – Өйткені, құжатта саяси мəселелер де көрсетілген екен. Қазақстанның бірізді ұстанымының нəтижесінде шарт жобасынан ортақ азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, шекаралардың жалпы күзеті жəне басқа да мəселелер алынып тасталды». Вице-министрдің атап өтуінше, Еуразиялық эко но ми калық одақ туралы шарттың қазіргі жобасында еліміздің барлық ұлттық мүддесі ескерілген. Олар көпжақты құжаттар бойынша реттеледі. Онда тек экономикалық мəселелер болады. Қандайда бір саясат жоқ. «Одаққа мүше мемлекеттермен саяси жəне гуманитарлық ынтымақтастық бұрынғысынша жалғаса береді, – деді Самат Ордабаев. – Дегенмен, осы салалардағы біздің қатынастарымыз өзге алаңдарда да дамитын болады. Нақтырақ айтқанда, өзара қарым-қатынастар ТМД жəне ҰҚШҰ шеңберінде жүргізілмек. Сонымен қатар, бүгінде əлеуметтік мəселелердің блогы ескерілген ЕурАзЭҚ жұмыс істеп келеді. Мысалы, елімізде Ресеймен түрлі салалардағы ауқымды келісімдер базасы бар. Ол 500-ден астам құжатты қамтиды. Сондықтан құқықтық вакуум пайда болады деген күдік болмауы тиіс».

Шарт жобасында Одаққа жаңа мүшелердің кіруіне байланысты бөлек бап бар. Одақтың мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін барлық мемлекеттердің тараптар келіскен жағдайда Одаққа кіруі үшін есігі ашық. Ал Одақ органдарының қызметін қаржыландыру тараптардың үлестік жарналары есебінен қалыптасатын бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Бюджеттің қаржылықшаруашылық қызметіне екі жылда бір рет тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, бюджет қаржыларының басқарылуы мен жұмсалуын жəне тиімділігінің қалыптастырылуын анықтау үшін аудит жүргізу тетігі де қарастырылған. Əділет вице-министрі Эльвира Азимованың сөзіне қарағанда, құжат Одақтың ресми сайтында Комиссия шешімінің Одақ аясындағы халықаралық аудармалары мен тараптардың мемлекеттік тілдегі жариялануының міндетті қағидаты белгіленіп отыр. «Еуразиялық экономикалық одақ шартында мемлекеттік тілге үлкен мəртебе берілген, – деді вицеминистр. – Қатысушы елдердің мемлекеттік тілін құрметтеу арқылы ұлттық мүддені сақтау айқындалған. Осыған байланысты кез келген азамат Комиссия шешімдерінің жобасына қатысты ұсыныс-пікірлерін, ескертпелерін мемлекеттік тілде де жолдай алады. Ал Комиссия оған сол елдің мемлекеттік тілінде жауап қайтаруға міндетті. Шарт үш тілде – қазақ, беларусь жəне орыс тілдерінде дайындалған». Эльвира Азимова, сондайақ, соңғы кезде айтылып жүрген кейбір күдіктерді де сейілткендей болды. «Одақтың құрылуы еліміздің тəуелсіздіктен айырылуына ешқандай əсер етпейді, – деді ол осы жөнінде. – Бұған шарттағы бірқатар баптар кепілдік береді. Құжат 120 баптан тұрады. Оның ішінде 68 халықаралық келісімдердің ережелері дəрежеленген. Қазақстан тарапы шартқа өзімізге нағыз қажетті маңызды мəселелерді ғана енгізді. Одақтың барлық органдарының шешімдері тек консенсус бойынша қабылданады». Əділет министрі орын басарының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ БҰҰ қағидаларын орындауға міндетті. Себебі, жаңадан құрылған кез келген халықаралық ұйым БҰҰ-ның тізілімінде тіркелуі тиіс. Құжатта Одақтың халықаралық ұйым екені негізделген.

Кəсіпкерлер сыбайлас жемќорлыќтан ќорєалуы тиіс

Астанада Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен Республикалық жемқорлыққа қарсы іс-əрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Іс-шара барысында РЖҚК мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы кəсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мəселелерін талқылады. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдері Еуразиялық экономикалық одақ құрудың алдында тұрғанда сыбайлас жемқорлықтан қорғау жəне отандық бизнестің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мəселесінің өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті. Əсіресе, мұның негізгі қызметі Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан кəсіпкерлерге қатты қатысы бар. Ашық аймақ жағдайында бизнестің бəсекеге икемделе алуына жағдай жасау партия мен бүкіл қоғамның міндеті болып табылады. Зор өндірістік əлеуеті бар Шығыс Қазақстан облысы Кеден одағындағы əріптес-елдердің компанияларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қоғамдық кеңестің сараптама

тобы Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында аймақтағы 120дан астам бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, аймақта кəсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғаудың жай-күйін тексерді. Отырыста Қоғамдық кеңестің мүшесі, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының кəсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің хатшысы Ғалымжан Қанатбеков жемқорлық құқық бұзушылықтың өсуінің жағымсыз үрдісін атап көрсетті. Бұл бір жағынан құқық фактілерін тіркеудің жолға қойылмағанына да байланысты, деді ол. Оның ақпараты бойынша, аймақта пара алу 2009 жыл мен 2011 жыл аралығында 2 есе өскен, ал 2012 жылы аздап төмен дегенімен, 2013 жылдың

қорытындысы бойынша тағы да өсе бастаған. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде жемқорлық көріністерінің өсуі байқалыпты. Кəсіпкерлікті қорғау мақсатында 2011 жылдан бастап 2014 жылғы І тоқсан аралығында про куратура органдары 190 тексеру жүргізді, бұл ретте 2,3 мыңнан аса заң бұзушылықтар анықталды, оларды жою үшін 200-ден аса қарсылықтар мен ұсыныстар енгізілді. Мəселен, оларды қарау нəтижелері бойынша мемлекеттік органдардың 230-дан астам лауазымды адамдары, оның ішінде 30 жемқорлық құқық бұзушылық үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылды. Тəртіптік жауапкершілікке тартыл ғандардың саны бойынша жергілікті əкімдіктер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері көш бастап тұр. Отырыстың нəтижелері бойынша қаулы қабылданды, онда кəсіпкерлікті жемқорлықтан қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған мүдделі құрылымдарға арналған нақты ұсынымдар баяндалған. «Егемен-ақпарат».


4

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

ЫЌПАЛДАСТЫЌ –

Еуразиялық экономикалық одаққа қол қойылуға санаулы күндер қалғанда осы ұйым туралы пікірін білмек болып бизнес саласында жақсы қырынан танылып жүрген кəсіпорындардың бірі – «Шарқұрылыс» компаниясының бас директоры Жанна БЕКТЕМІРОВАМЕН сұхбат жүргізген едік.

– Негізінен Ресейден аламыз. Сондай-ақ, Еуропа елдерімен де тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз. Сапалы құрылыс материалдары сол жақтан да келеді. Біз құрылыс материалдарын ұсынатын елдердің негізінен баға-

Экономикалыќ одаќтыѕ артыќшылыєы айќын – Құрметті Жанна Жақсылыққызы, алдымен оқырмандарға өзіңіздің компанияңыз туралы айтып берсеңіз. Құрылыс саласында қашаннан бері істейсіздер, қандай белгілі ғимараттар тұрғыздыңыздар, қанша адамға жұмыс беріп отырсыздар? – Біздің компания құрылыс рыногында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір ол – Астананың белгілі құрылыс фирмаларының бірі. Біз өзіміздің Президент жобаларын іске асыруға белсене қатысып, лайықты үлес қосып жүргенімізді мақтан етеміз. Астана қазір барша қазақстандықтардың мақтанышы ғой. Оны бүгінгіден де жақсартуға бəріміз де атсалысуымыз керек деп санаймыз. Біздің компания салған белгілі құрылыстар қатарында 1998 – 2000 жылдары тұрғызылған «Қазақстанның халық банкі» АҚ, «Центркредитбанк» АҚ, «Дойчбанк» сияқты банктердің бірнеше əкімшілік ғимараттарын атауға болады. 2006 жылы «Шарқұрылыс» Есілдің сол жағалауында, «Бəйтерекке» қарсы көппəтерлі «Меруерт» тұрғын үй кешенін пайдалануға берді. Дəл осы жылы Президент саябағының маңында, Р.Қошқарбаев даңғылының бойында «Сказочный мир» тұрғын үй кешенін салуды бастадық. Бұл кешендегі пəтерлер элиталық, бизнестік жəне экономикалық кластарға жатады. Сұрағыңызға орай фирманың салған белгілі құрылыстарын атап жатырмын. Соның ішінде 2009 жылы Мирзоян көшесіне салынған «Еуразия» сауда орталығы мен «Сулпак» сауда үйінің құрылысын мақтан тұтуға қақымыз бар. Екеуінде де сəулет өнері нің жетістіктері молынан қол данылды. 2011 жылы 7-ші Қысқы Азия ойындарына арнап «Барыс» спорт кешенін салып бітірдік. Бұл осы ойындар инфрақұрылымындағы төртінші нысан болды. Ол халықаралық олимпиадалық талаптардың барлық стандарттарына сай болды. Қысқы ойынға қатысушылар да нысанның барлық қырына ырзалықтарын

білдіріп, өздерінің оң пікірлерін жазып кетті. Бұл – біз үшін үлкен баға. 2012 жылы біздің компания Астананың «Шұбар» ауданында бизнес-класқа жататын көппəтерлі тұрғын үйді пайдалануға берді. Жалпы, осы 2012 жылы фирмамыз көптеген нысандарды тұрғызды. Соның ішінде Қорғалжын шоссесінің бойындағы аумағы 30 мың шаршы метр болатын кəсіптіктехникалық лицейдің ғимаратын да атап өтуге болады. Сондай-ақ, Абылай хан мен №12 көшенің қиылысындағы 350 орындық қалалық балалар ауруханасын да осы жылы пайдалануға бердік. Бұл аурухананың бір артықшылығы – онда барлық хирургиялық мамандықтардың бастары біріктірілген. Медициналық жабдықтары мен технологиялары əлемдік ең үздіктердің қатарынан. Міне, осы аурухананың жанынан өткен сайын оны балаларға өзіміздің салып бергенімізді үнемі мақтан етіп қоямыз. Қазір астаналықтар əуежай ауданындағы тікұшақтар құрастыратын зауытты жақсы бі леді. Ал оның ғимаратын «Еурокоптер Қазақстан» ЖШС-нің тапсырысымен біздің салып бергенімізді көп адам біле бермейді. Бұл құрылыс та 2012 жылы пайдалануға берілді. Енді бүгінгі күні салып жатқан құрылыстарымызға да тоқтала кетейін. Қазір біз Астана тұрғындары үшін 500 орындық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Ол қаланың «Теміржолдық» деп аталатын тұрғын үй аудандарының солтүстік-шығысында. Аурухана бір-бірімен жылы жолдар арқылы жалғасатын 7 ғимараттан тұрады. Қазіргі біздің негізгі құрылысымыз да осы ғимараттар. Ал компанияда қанша адам жұмыс істейді дегенге келетін болсақ, бүгінгі күні бізде 2 мыңға жуық адам жұмысқа тартылған. – Құрылыстарға қажетті индустриялық материалдарды қай мемлекеттерден көбірек аласыздар?

ларының тиімділігі мен жеткізілу уақытының ұтымдылығына қараймыз. – Енді əңгімеміздің негізгі сұрағына келейік. Сізге Еуразиялық экономикалық одақ тиімді ме? Тиімді болса, несімен? – Ең бастысы – ол бізге кедендік тарифтердің төмендеуіне жол ашып беріп отыр. Ал бұлар төмендеген соң біздің өнімдеріміздің өзіндік құны да төмендейді. Мұның өзі бəсекелестікке қабілеттілігімізді арттырады. Сонымен бірге, қатысушы елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайтып, экономиканың өсуіне, соның арқасында халықтың хал-ахуалының жақсаруына жол ашылады. Бүгінгі күні осы одақ туралы шарт барынша пысықталып жатыр. Əрине, біз үшін оның қазақ стандықтар мүддесінің қорғалуына қызмет еткені маңызды. Мен енді өзіміздің фирмамыз үшін бұл қадамның қаншалықты тиімді екеніне нақты тоқталып өтейін. Біз Кеден одағының пайдасын Ресейден металл жəне ағаш өнімдерін сатып алғанда көбірек көріп жүрміз. Бұрын біздің жүк көліктеріміз кедендік құжаттарды толтыруға, одан кедендік ресімдердің орындалуына (тексеру, өлшеу, санау) байланысты шекарада ұзақ уақыт тұрып қалатын. Қазір ондай жоқ, жүктеріміз елге тез арада жеткізіледі. Сонымен бірге, Ресей мен Белоруссиядан жеткізілетін құрылыс өнімдеріне елге əкелінген соң екінші рет сертификациядан өткізілудің де қажеттілігі болмай қалды. Бұл да біздің қаражатымыз бен уақытымызды үнемдеуге үлкен пайдасын тигізіп отыр. Сондай-ақ, екіжақты салық салу істерінде де жеңілдіктерге қол жеткізілуде. Мəселен, қосымша құн салығы сияқты жанама салық бойынша жеңілдікке қол жеткіздік. Ал енді кедендік ақылардан үш мемлекет кəсіпкерлерінің экспорт жəне импорттары мүлде босатылды. Сонымен бірге, кедендік құжаттар толтырып, декларация жасаудан мүлде босатылдық. Міне, осындай жеңілдіктер біздің

бизнесіміздің жандана түсуіне оң ықпалын тигізіп отыр. – Сонымен қатар, болашақтағы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі əріптестеріңіздің сандары да артқан шығар? – Əлбетте. Бұрын Ресей мен Белоруссиядағы біздің əріптестеріміз санаулы ғана болатын. Тіпті, бір-екі компаниямен ғана шектелетінбіз. Қазір ресейлік жəне беларусьтік компаниялармен тығыз араласып кеткеніміз сондай, олармен ынтымақтастығымыз қазақстандық компаниялармен бірдей болып қалды. Өзіміздің компаниялармен қалай батыл байланыс жасасақ, ешқандай шетелдік деп қарамай, беларусьтік жəне ресейлік компаниялармен де солай араласа береміз. Осының өзі сауда-саттықтың тығыз болуына, оның арта түсуіне игі ықпалын тигізіп отыр. – Кедендік тарифтердің бірізділігінің қаншалықты пайдасы бар? – Бұл, басқасын айтпағанның өзінде, біздің кейде болып қалатын шаруашылық таластарымыздың өзін оңай шешуге мүмкіндік туғызып отыр. Егер кедендік тарифтер əртүрлі болса, сот мəселе қарағанда əр ел тарифінің əртүрлілігіне қарап, əділетті шешім шығара алмай қиналатын. Осы себепті бұра тартушылық та болмай қалмайтын. Нақты айтқанда, елдер арасындағы тарифтердің айырмашылықтарын нақты есептеп, компаниялар үшін əділетті сот шешімін шығаруға қол жеткізу қиындап кететін. Қазір ондай проблема жоқ. Тарифтер бірізді болғандықтан, сот процесінде əділетті шешімге оңай қол жеткізуге болады. – Еуразиялық экономикалық одақ тағы несімен тартымды? – Бұл одақтың болашағы зор. Жоғарыда айтылған кедергілердің жойылуы себепті өзара экономикалық ынтымақтастық қазіргіден де белсендірек болады. Ал мұның елдеріміздің экономикалық дамуына игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Беларусьтік жəне ресейлік инвестицияны Қазақстанға тарту перспективасы да жоғарылайды. Өйткені, олар үшін салық жеңілдетілген, ресурстардың бағасы төмен. Біздің бизнестеріміз үшін де аталмыш елдерге инвестиция шығару перспективасы жоғары. Осындай жеңілдетілген бизнес, сайып келгенде, елдеріміздің экономикалық дамуын арттырады, ал ол өз кезегінде халықтың тұрмысын жақсартады. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Энергетиктерді бірлестірген іс Николай ТУШИНСКИЙ,

«ГРЭС-2 стансасы» АҚ басқарма төрағасы.

Екібастұздың «ГРЭС-2 стансасы» АҚ ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сəуір айында М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзін жəне осыдан 20 жыл бұрын Елбасы ұсынған еуразиялық интеграция, ортақ нарық құру туралы бастамасын ерекше саяси маңызы бар идея деп бағалайды. Оның маңыздылығы сол, əлемдік қауымдастықтың да бұл бастаманың қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналғанына көздері жетті. Нұрсұлтан Əбішұлы өз баяндамасында Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты «интеграциялық үдерістің өзегі» деп атағаны да сондықтан болар деп ойлаймын. Тіпті, «Бүгінде біздің екі ел арасында сенімді қарым-қатынас орнамаған сала жоқ десек те болады. Энергетикалық серіктестік ойдағыдай дамуда...», деп атап өтті Елбасы. Бұл сөздер энергетика саласында еңбек етіп жүрген біздерге үлкен міндет жүктейді, сенім мен серпіліс əкеледі. Бұған екі ел басшыларының бастамасымен бірлесе құрылған əрқайсысы акциялардың 50 пайыз иеленуші қазақстандықресейлік кəсіпорындар болып табылатын, қазақстандық «Самұрық –Энерго» АҚ жəне ресейлік «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ энергетика саласындағы сенімді ынтымақтастықтың дəлелі болып отыр. Бұл күндері екібастұздық энергетиктер ГРЭС-2 стансасының ұжымы өндірісті дамытып, жаңа технологияларды енгізіп, қолданыстағы энергоблоктардың техникалық жағдайын жақсарта отыра алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқаруда. Соңғы жылдары станса дамудың жаңа тармағына көшті. Қазір қуаты 630 МВт болатын жаңа №3-ші энергоблок құрылысы жүргізілуде. Осыдан екі жыл бұрын өңірімізде Қазақстан мен Ресейдің IX аймақаралық ынтымақтастық 9-шы форумы болып өтті. Екі елдің энергетика саласындағы əріптестік қарым-қатынастары да осы форум

тақырыбына айналды. Жалпы, стансадағы жобалардың жолға түсіп, жұмыс жасап жатқаны да екі ел арасындағы бұрыннан бері келе жатқан өзара байланыстың нəтижесі. Энергия қуатына деген сұраныс күн санап өсуде. Форум барысында инвестициялық жоба Екібастұз ГРЭС2 стансасының №3 энергоблогын салу жəне пайдалану туралы Ресей жəне Қазақстан арасындағы келісім де сөз болды. Ал, жалпы, біздің стансамыз Елбасының көз алдында дамып келеді. Станса құрылысы 1979 жылы басталды. Сол кезде ГРЭС-2-нің негізін салудың салтанатты рəсіміне Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен

КСРО Энергетика министрі П. Непорожний келіп қатысады. Ал, №1 энергоблок 1990 жылғы 25 желтоқсанда, №2 энергоблок 1993 жылғы 31 желтоқсанда іске қосылады. Бұл күн стансаның, Екібастұздың ғана емес, бүкіл еліміз өміріндегі тарихи оқиға болды. Стансалардың іске қосылуына ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Интеграцияның болашақтағы дамуы біздің мемлекетіміздің қазіргі жəне болашағы алдындағы борышы деп білеміз. Президентіміздің бұл ойын Екібастұз ГРЭС-2 стансасы энергетиктері де қолдайды. ЕКІБАСТҰЗ.

Əріптестік алєа бастайды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазір не көп, жаңадан пайда лануға беріліп жатқан кəсіпорындар көп. Ірісі дейсіз бе, шағыны дейсіз бе, əйтеуір жетіп артылады. Шыны керек, солардың барлығы бірдей ырғақты жұмыс істеп кетіп жатыр деуге ауыз бармайды. Ілуде біреуі ғана уақыт ағымына ілесіп, жұмысын қалыптастырып жатады. Қысқа уақытта жобалық қуатына шығып жатқандары да сирек. Сол сиректің қатарында «Ситаль-2» ЖШС-нің кірпіш зауыты аталып жүргені де рас. Қала сыртынан осы серіктестіктің керамикалық кірпіш зауытының бой көтергеніне көп бола қойған жоқ. Дегенмен, қазірдің өзінде кəсіпорын кірпіштері өтімділігімен, өнімдері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруымен жақсы қырынан танылуда. Бұл жоба облыста үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында 2009-2010 жылдары жүзеге асырылды. Зауыт Батыс Қазақстан аумағында ке ра микалық кірпіш жəне тас бұйымдарын шығаратын бірденбір ірі кəсіпорын болып табылады. Өңірде құрылыс материалдарын шығаратын мұндай қуатты кəсіпорын бұрын-соңды болған емес. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында кірпіш зауытының өнімдерінің орта табысты тұтынушыға қолжетімділігі əрі керамикалық кірпішке соңғы кездері сұраныс жоғары болып тұрғаны да ескерілген. Жобаға 1,5 миллиард теңге инвестиция салынды. Кəсіпорынның өндірістік қуаты жылына 20 миллион дана шартты кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Бұл өңірде қысқа мерзімде іске қосылып, тез арада жобалық қуатына шыққан бірден-бір зауыт. Бізді өндірістің бүгінгі жайкүйінен кəсіпорынның бас технологы Наталья Курочкина хабардар етті. Зауытта керамикалық кірпіш пен тас бұйымдарының 40-тан астам түрі шығарылады. Өндірістік желі үш ауысымда жұмыс істейді. Мұнда 190 адам еңбек етеді. Жұмысшыларға еңбек жəне өндірістік жағдай жасалған. Жұмысшылар қаладан кəсіпорынның автобусымен жеткізіледі, өздерінің асханасынан тегін тамақтандырылады. Ырғақты жұмыс істеп тұрған зауытта еңбекақы да жоғары, тұрақты беріліп тұрады. – Біздің керамикалық кірпіштерімізге өз өңірімізді былай қойғанда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан сұраныс жоғары. Бұдан басқа көршілес Ресейдің Орынбор облысына да өткіземіз.

Еліміздің Кеден одағына енуі біраз жеңілдіктер əкелген болатын. Енді Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қойылуынан да үмітіміз үлкен. Бұған дейін оларға өз өніміміздің 10 пайызын өткізіп келсек, Еуразиялық одақ шарты күшіне енгеннен кейін бұл көлем бұрынғыдан да арта түсетіне сенімдіміз. Оның үстіне біздің кірпіштеріміздің жылу ұстағыштық, ылғалға беріктік, дыбыс пен суық өткізбейтін қасиеттері жоғары. Бізге 1 мың шақырымнан қашық жерлерге өнімдерімізді өткізу тиімсіз. Сондықтан болашақта көршілес Ресейдің Оңтүстік Уралға жататын өңірлерін де керамикалық кірпішпен қамтамасыз етудің жолдары қарастырылуда. Өзара əріптестік алға бастайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Орынборда, Тұзтөбеде өткен өнеркəсіптік көрмелерге ұдайы қатысып, өз өнімдерімізді тұтынушыларға таныстырып жүрміз. Ақтөбе қаласында өткен «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық өнеркəсіптік көрмесінде біздің өнімдерімізге сұраныстың жоғары екені байқалды. Осы көрме үстіміздегі жылдың маусым айында Орынбор қаласында өтеді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, өздеріміздің өнімдерімізді жарнамалайтын боламыз. Ресейдің Оңтүстік Урал өңірінің облыстарынан жаңа əріптестер табуға тырысамыз. Себебі, оларда бізбен бəсекелесетіндей кəсіпорындар жоқ. Əрі біз керамикалық кірпіштерге бағаны көтерген жоқпыз, салыстырмалы түрде басқаларға қарағанда арзан, – дейді Наталья Сергеевна əңгіме ауанын экономикалық ықпалдастыққа бұрып. Оның айтуынша, кəсіпорынның болашағы зор. Зауытқа қажетті шикізат саз топырақ кəсіпорыннан небəрі 6 шақырым жердегі Жоғары Сазды кенішінен жеткізіледі. Оның қоры жеткілікті. Кірпішті өндіру үдерісіне ешқандай химиялық қоспалар қосылмайды, сондықтан мұнда шығарылатын керамикалық кірпіштер экологиялық таза да сапалы құрылыс материалы болып табылады. Өндіріс қалдықтары қайтадан пайдаланылып, кəдеге жаратылады. Мұнда газ бен электр қуаты ғана пайдаланылады. Серіктестіктің өзінің зертханасы бар, шығарылатын өнім ұдайы тексеріліп, сапасы бақылауда ұсталады. – Саз алдымен ұсақтау учаскесіне түседі. Содан соң балшық иленіп, ол нығыздалып, кірпіш түрінде кесіліп, арбаларға тиеледі. Содан кейін пешке қойылып, кептіріледі. Осылай күніне 120140 арбаны пешке қоямыз, айына 1600 мың шартты дана

кірпіш өндіреміз. Өндірістік желілерге уақытылы техникалық қызмет көрсетіп, кезі келгенде жаңартып тұрамыз. Зауытта түрік фирмасының қондырғысы орнатылған. Алғашқы кезде түрік мамандары жергілікті мамандарға осында орнатылған қондырғыда қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп, тəжірибеден өткізген болатын. Қазір өндірістік үдерістің барлығын өзіміздің жергілікті маман жұмысшылар атқарады. Жұмысшыларымыз тұрақты болғандықтан бұл бағытта проблема жоқ. 2010 жылы Мəскеудің «ВНИСТРОМ» керамика ғылыми зерттеу институтының көмегімен қондырғыны жаңғырттық, – деп сөзге араласты өндірістік бөлімнің бастығы Əділхан Биманов. Біз өндіріспен таныса жүріп, еңбек адамдарымен де əңгімелестік, Олар керамикалық кірпішті теміржол вагондарына тиеуге дайындап жатыр екен. Өзін Байбура Бозшин деп таныстырған краншы жігіт жұмыстың ырғақты жүріп жатқанына, еңбекақы, əлеуметтік мəселелердің оң ше ші ліп отырғанына риза шылы ғын білдірді. Кеден одағы ның жеңілдіктері өз кəсіпорындарындағы өнім өткізуді арттыруға ықпал еткенін сезінген жұмысшылар Еуразиялық эконо микалық одақтың шекаралас аймақтармен əріптестік қаты настарды нығайтатынына да сенімді. Əріптестермен ықпалдастықтың тиімділігіне көз жеткізген ұжымдағы əр жұмысшының өнім сапасын басты назарда ұстайтыны аңғарылады. Өндірістік желінің əр буынында өз ісіне деген жауапкершілік жоғары, жұмысшылар ақаулы өнімге жол бермеуге мүдделі. Өнім өтімді болса, еңбекақы да жоғары болатынын олар бек түсінеді. Сондықтан болар əзірге кəсіпорынның керамикалық кірпіштері мен тас өнімдерінің сапасына реніш білдіргендер болған емес. Серіктестік жаңа қондырғыларды енгізу жəне технологиялық үдерістерді жетілдіру арқылы өндірілетін өнімнің сапасын жəне тауарлық түрін тұрақты түрде жақсартып отырады. Оны зауыттың əртүрлі көрмелер мен байқауларда алған сертификаттары мен алғыс хаттары да айғақтайды. Мысалы, кəсіпорын облыс бойынша «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық конкурс-көрмесінің 2011 жылғы жеңімпазы, «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынты мақтастық» халықаралық өнеркəсіптік көрмесінің бірнеше мəрте дипломанты болып табылады. Сондайақ, сапа жəне менеджмент сертификаттарының иегері де. Ақтөбе облысы.


5

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

УАЌЫТ ТАЛАБЫ Тиімді ќўрылым Нұржан МАҚСОТОВ,

Батыс Қазақстан облыстық кəсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мəселелер жөніндегі орынбасары.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар баев 1994 жылдың наурыз айында Мəскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуде Еуразиялық идеяны ұсынған болатын. Бірақ бұл идея ұзақ уақыт бойы сөз жүзінде қалып қойды. Алайда Кеден одағы құрылғаннан кейін интеграция жолында кез келген жобаны жүзеге асыруға болатыны дəлелденді. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ туралы мəселе жан-жақты талқылануда. Аталмыш одақ құрылған жағдайда мемлекетіміздің экономикалық дамуына, инвестиция тарту мəселелеріне оң ықпал етеді деп күтілуде. Президент Н.Назарбаевтың Еуразия идеясын көтергеніне биыл тура 20 жыл болды. Бұл идея қазіргі таңда өмірде де, тəжірибе жүзінде де іске асырылуда. Бұлай дейтініміз, осы идея көтерілгеннен бері мемлекетіміз ықпалдастықтың үш сатысынан өтті, бастапқыда Кеден одағы, кейін Біртұтас экономикалық кеңістік жəне экономикалық ықпалдастықтың ең биік шыңы – Еуразиялық экономикалық одақ. Бүгінгі таңда осы одақтың табалдырығынан аттауға дайын тұрмыз. 2001 жылдың қараша айында Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Парламентаралық Ассамблея сының бірінші отырысы өткізілді. Осы елдердің мемлекет басшыларының арасында бұл туралы келісімге 2000 жылдың 10 қазанында қол қойылды, ал 2001 жылдың 31 мамырында ол ратификацияланды. Оның шеңберінде жүзден астам келісімшарттарға қол қойылды. Негізінен, жаңа заманғы еуразиялық идея бұл ықпалдастық жəне экономикалық аспектілер ғана емес, сондай-ақ, көптеген жалпы адамгершілік проблемаларды шешуде бірден-бір өміршең шешім болып табылатындығын атап өткен дұрыс. Себебі, Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Ықпалдастық туралы сөз қозғай отырып, біздер экономикалық аспектіні ғана айтпауымыз қажет. Ин теграцияны адамгершілік тұрғыдан да қарастыруымыз керек», деген болатын. Сонымен қатар, Елбасы «Біз ХХІ ғасырдың жа һандық өзгерістеріне еуразиялық ықпалдастықпен жауап бере аламыз. Біздер Ресей жəне Белоруссиямен бірге Біртұтас экономикалық кеңістікті

құрдық жəне Еуразиялық экономикалық одақты құруға қадам жасаудамыз. Бұл, жалпы аймақтық тұрақтылықты, біздің экономикаларымыздың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы», деп ықпалдастықтың болашаққа апаратын төте жол екендігін баса айтты. Яғни, əрбір мемлекет жəне қоғам жаһандандырылып жатқан əлемде өзінің жеке кеңістігінде ғана қалып қоюға болмайтындығын түсініп, бір шешімге келуі тиіс. Қазақстан ықпалдастықтың еріктілігі қағидатын ұстанушылардың бірі болып қала береді. Ал енді «Еуразиялық экономикалық одақ деген не жəне оның кəсіпкерлерге қандай пайдасы бар?» деген сұраққа жауап ретінде мен Елбасының жоғарыдағы «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық өзгерістеріне еуразиялық ықпалдастықпен жауап бере аламыз. Біздер Ресей жəне Белоруссиямен бірге Біртұтас экономикалық кеңістікті құрдық жəне Еуразиялық экономикалық одақты құруға қадам жасаудамыз. Бұл – жалпы аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, біздің экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы» деген сөзін тағы да мысалға келтіргім келеді. Бүгінде жұрт Еуразиялық одақтың маңызын жете түсінбей, ол туралы əртүрлі пікірлер айтады. Бұл дұрыс емес. Еуразиялық одақтың құрамына кірген мемлекеттер тепе-теңдікті сақтап, бірбірінің ішкі істеріне араласпайды, зайырлылықты құрметтеп, мемлекеттік шекараларға қол сұқпайды. Еуразиялық экономикалық одаққа кіру жөніндегі шарт елімізде көптен бері талқыланып келеді. Бұл шарттың мемлекеттер арасындағы кəсіпкерлердің байланысына, тауар айналымдарына үлкен ықпалы болады. Ал бұл өз кезегінде ұлттық кəсіпкерлер палатасына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған орай, Ұлттық кəсіпкерлер палатасында отыздан астам кеңестер шақырылып, онда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың əрбір бөлімі талқыланды. Аталмыш шарттың 750-ден астам парақтан тұратынын ескерсек, осы бағытта жасалған жұмыстың өте ауқымды болғанын көреміз. Жоғарыдағыдай отырыстар біздің өңіріміздегі кəсіпкерлер палатасында да жиі өткізілуде. Шартты талдау барысында аймақ кəсіпкерлері мұның маңызын жете түсініп, кəсіпкерлікті дамыту бағытындағы өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізуде.

Шарттың тараптары болып саналатын Ресей жəне Беларусь мемлекеттері алдымен өндірілген өнімдердің сапасына қарайды. Отандық өнімдер бəсекеге қабілетті болған жағдайда ғана өз еліміздің, сондай-ақ одақ құрамына кіретін өзге де мемлекеттердің сұранысына ие болмақ. Сондықтан біздің өнім өндірушілеріміз экспортқа шығаратын тауарларының сапасына баса назар аударуы тиіс. Бұл ретте біз əрбір мемлекеттік бағдарламалар, бөлінген қаржы тұтынушыларымызға дер кезінде жетіп, кəсіпкерліктің дамуы үшін серпіліс беретін салық немесе басқа да салалық заңнамаларға өзгерістер енгізу қажет деп есептейміз. Қысқаша айтқанда, бұл кəсіпкерлер үшін капитал, жұмыс күші, инвестиция тартудағы еркін айналым дер едім. Себебі, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда сауда-экономикалық ынтымақтас тығына шағын жəне орта бизнес деңгейінде əріптестік байланыстардың тұрақтылығы тəн екендігі белгілі. Мысалы, жеке бизнес саласындағыларға ынтымақтастықты дамытудың басты салалары ретінде энергетика, транзиттік-көліктік, химия, фармацевтика, жеңіл жəне ауыр өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, телекоммуникация мен байланыс бағыттарын бөліп көрсетуге болады. Қорыта айтқанда, кəсіпкерлік саласының дамуы мемлекет, бизнес жəне білім саласының бірлесіп əрекет етуіне байланысты дегім келеді. Жоғарыда аталған сала өкілдері бір-біріне көмектесіп, бірлесіп қимылдағанда ғана нəтижелі жұмысқа қол жеткізе аламыз. Елбасымыз биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты», деген болатын. Елбасының осы пікірінің өзі Еуразиялық одақтың қаншалықты тиімді екенін көрсетіп тұрған жоқ па? ОРАЛ.

«Баян сұлу» кондитер фабрикасының аумағы атшаптырым. Бұрынғы ғимараттардың қасынан тағы да құрылыс жүріп жатыр. Олар заманауи қоймалар мен цехтар санын арттырмақ. Карамель цехына соңғы жылдары заманауи жабдықтар қойылған. Жылжып отыратын желімен қағазға оралып, картон жəшікке «секіріп» түсіп жатқан кəмпиттерді ақ желеңді қыздар жинап үлгеріп тұр. Соңғы жылдары мұнда барбарис дəмді ұсақ кəмпиттерге сұраныс өте мол. Кəмпит қоймаға келмей жатып, сұраныс бойынша Қазақстанның қалалары мен одан сырт жерлерге жөнелтіледі. Қазір фабрика өнімін Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Əзербайжан жəне Германия сұратады.

«Баян сўлуды» бəрі біледі Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

– Біз фабрика өнімін Беларусь Республикасына да сатамыз. Бірақ бұл жұмыс əлі басталу деңгейінде тұр. Алдағы уақытта оның аумағы кеңейіп, экспорттық өнімнің салмағы көбейе түсері сөзсіз. Ал Ресейге жіберілетін өнімнің көлемі жыл санап артып келеді, – дейді кəсіпорынның маркетинг жəне сауда жөніндегі директоры Евгений Конрат. «Баян сұлу» акционерлік қоғамының конфеттері Ресейде өте жақсы бағаланады. Сонау Сібірден, одан əрі Қиыр Шығысқа дейін, Ресейдің орталық, Урал аймағы тұтас «Баян сұлу» кəмпитін алдырады. Фабриканың барлық өнімінің өтімі жөнінен Ресей Қазақстаннан кейін екінші орында тұр. Евгений Владимировичтің айтуынша, Ресей қалаларымен ай сайын жаңа келісімшарттар жасалады. Ресей біздің тарихи көршіміз ғана емес, ол шекарадағы Қостанай облысы кəсіпорындарының ең басты тұтынушысының да бірі. Өндірілген тауарлар тұтынушыға жеткенде ғана бизнестің жолы ашылары хақ. Осы орайда «Баян сұлудың» сыртқы саудасын қыздыратын да Ресей. Кəсіпорын басшылығы мен мамандары алдағы уақытта қостанайлық кəмпиттерді Ресейдің бүкіл аймағына жеткізуді ойластырып отыр. Кəсіпорын қазір өндірген өнімнің 35 пайызын экспортқа шығарады. Сыртқы сауданы кеңейту өнім сапасын арттыру жұмысымен бірдей жүреді. Фабрикада жыл сайын жаңа өнім түрлерінің желісі іске

қосылады. Заманауи жабдықтар алуға көп көңіл бөлінеді. Осыдан бес жыл бұрын фабрика №2 жаңа шоколад цехын іске қосты. Жыл сайын осы цехтың өзінен 8 тонна шоколад өнімі шығарылады. – Жаңа шоколад цехы тұтас кəсіпорынның локомотивіне айналды. Осыдан екі жыл бұрын карамель конфетінің жаңа желісін іске қостық. Жылына бір желіден 4250 тонна карамель өндіріледі. Мұның Қазақстанда баламасы жоқ. Ал фабрика кəмпиттеріне осы карамель желісінен кейін сұраныс күрт артты. Қазақстаннан, сырт жерлерден сұраныстың көптігі сонша, өндіріс желісінен шыққан карамель кəмпиттерді қоймаға қойып үлгермейміз, – дейді инженер-маркетолог Оксана Суркан. Осындай жұмыстардың арқасында кəсіпорынның өндіріс қуаты бес жылдың ішінде екі еседен астам өсті. Кəсіпорын бұрынғы 27 мың тоннаның орнына қазір жылына 61 мың тонна кондитерлік бұйымдар өндіріп, 12 миллиард теңгенің

өнімін өткізеді. «Баян сұлу» түрлі жобалары арқылы «Бинестің жол картасы-2020» бағдарламасының да белсенді қатысушысы болып отыр. Мысалы, былтыр фабрика инвестициялық жобаларға 1,5 миллиард теңге салды. Соның бірі вафли желісінің іске қосылуы болатын. Бұл жоба 571 миллион теңгеге түсті. Қазір заманауи жабдықтарда жасалған жоғары сапалы вафли дүкен сөрелерінде көп жатпайды. Интеграция кəсіпорын өнімінің сапасын көтеруге ықпал жасайтын үдеріс. Қазір фабрикада 200ден астам аталыммен өндірілетін кондитер тауарларының алдымен сапасына мəн беріледі. Кəмпит сапасы озық технология мен жабдыққа жəне шикізаттың құрамына тікелей байланысты. – Біздің өнім табиғи, экологиялық тазалығымен де тұтынушылар мен мамандардың жоғары бағасын алған. Кəмпиттің тіл үйіретін дəмімен қатар, оның сақталу мерзімінің ұзақтығы да сапа жоғарылығы емес пе? Біз осы үшін ізденістерді

тоқтатпаймыз. Мысалы, қантпен қатар сүтсіз, өсімдік майынсыз жасалатын кондитер бұйымдары кемде-кем. Өзімізде өндірілетін сүттің сапасы біздің мамандарды қанағаттандыра бермейді. Сондықтан біз оны Еуропадан алдырамыз. Өсімдік майы да солай. Соңғы жылдары пальма майын қолдана бастадық. Бұл кондитер бұйымдарының тез ашып кетпеуін, ұзақ сақ талуын қамтамасыз етеді, – дейді инженер-маркетолог Оксана Суркан. Интеграциялық қатынастар «Баян сұлу» кəсіпорнының өрісін, тынысын кеңейтеді. Жүк тасымалы кəсіпорын жұмысының негізгі бөлігінің бірі. – Еуразиялық экономикалық одақ интеграциялық қатынастарды бұрынғыдан да өрістете түседі. Алыс-беріс болмай, тəжірибе алмаспай даму жоқ. Біздегі экспортталатын өнім көлемі артқан сайын, кəсіпорын қуаты да арта түседі. Ал ол деген жұмыс орнының көбеюіне де ықпал етеді, – дейді Евгений Конрат. Интеграция – даму, интеграция – əлеуметтік жағдайдың жақсаруы. «Баян сұлу» кəсіпорнында 2006 –2013 жылдар аралығында 1407 жұмыс орны ашылды. 602 адам оқып, жұмысшы мамандығын алды, 709 жұмысшы біліктілігін көтерді. Кəсіпорын өз қаржысына 43 жастың жоғары оқу орындарында, колледждерде білім алуына мүмкіндік жасады. Міне, «Баян сұлудың» кəмпиті тəтті ғана емес, ондағы əр іс сəтті. «Баян сұлуды» бəрі біледі! ҚОСТАНАЙ.

Мїмкіндігімізді едəуір кеѕейтеді Руслан ЛЕПЕСОВ,

Өңірлік даму министрлігі Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс департаментінің басқарма басшысы.

Халықаралық құқықтық субъектіге ие жаңа халықаралық өңірлік экономикалық интеграция ұйымы аясындағы ережелерге сəйкес тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал жəне жұмыс күші қозғалысының еркіндігі қамтамасыз етіледі. Халықаралық шарттармен анықталған экономика салаларында үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізілетін болады. Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі мақсаттары өмір лік маңызы бар мына мəсе лелер болып табылады: халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүдделерінде олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау, тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капиталдың жəне еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмт ылу, жаһандық экономика жағдайларында ұлттық экономи каларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау жəне бəсекеге қабілеттіліктерін арттыру. Мұндағы аса маңызды

элементтердің бірі – техникалық реттеу. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияның маңызды бағытының бірі – сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс саласы. Осы салаларға қатысты техникалық реттеудің жалпы қағидаттарының іске асырылуы Одаққа мүше мемлекеттердің таяу болашақта əлемдік экономикалық нарықта бəсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Адамның өмірін жəне денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, тұтынушыларды қателікке ұрындыратын

əре кет терді болдырмау, сондай-ақ, Одақ шеңберінде энер гетикалық тиімділік пен ресурстардың үнемделуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық регламенттер қабылданады. Ал құрылыс салаларын интеграциялау барысында Одаққа қатысушы елдер арасында техникалық кедергілерге жол бермеу үшін материалдарға ұлттық стандарттарды жəне ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу жөніндегі нормативтерде көрініс табатын бірыңғай базалық талаптар белгіленеді. Одаққа қатысушы елдер экономиканың ұлттық даму

деңгейін, табиғи-климаттық жəне сейсмологиялық ерекшеліктерді, сонымен бірге, материалдар мен жұмыстардың нормативтер талаптарына сəйкестігін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жүйесін есепке ала отырып, белгіленген бірыңғай техникалық регламент бойынша əр мемлекет ұлттық деңгейде техникалық талаптар да белгілей алады. Бұған қоса барлық қатысушы елдер үшін ортақ талаптар мемлекетаралық нормативтер мен мемлекетаралық ережелер жинақтарына біріктіріледі. Олар қажет болған жағдайда қатысушы елдердің ұлттық қосымшалары ретінде осы елдердің нормаларымен толықтырылатын болады. Бірыңғай техникалық регламентінде ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын жалпы талаптар көрсетіледі. Ал мемлекетаралық құрылыс нормалары ғимараттар мен құрылыстар түрлеріне жəне инженерлік жүйелерге қойылатын ең аз талаптарды нақтылауға арналған. Осы талаптарды іске асыру жолдары ұсынбалы түрде мемлекетаралық ережелер жинақтары мен ұлттық ережелер жинақтарында көрініс табады. Түпкі мақсат – жобалаушыларға

шығармашылық қабілеттерін таныту жəне жобаларда жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану мүмкіндігін беру. Бұл адамның тұруы жəне өмір сүруі үшін қолайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Одақ аясындағы аккредиттеу: аккредиттеу саласындағы ережелер мен тəсілдерді халықаралық стандарттармен үйлестіруге, аккредиттеудің еріктілігін, аккредиттеу процедуралары, ережелері жəне нəтижелері туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдарының əділдігін, риясыздығын жəне біліктілігін қамтамасыз етуге, аккредиттеуге өтінім берушілер үшін аккредиттеуге жəне аккредиттеу кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қатысты тең жағдайлар жасауға жол ашады. Бұлар Еуразиялық экономикалық одақ елдері нің əрқайсысының заң шығармашылық ерекшеліктерін неғұрлым толық есепке алатын құрылыс саласындағы техникалық реттеуге қатысты ішкі ұлттық саясатты анықтау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін болады.


6

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

Маѕызды мəселелер їнемі Їкімет назарында

 Өңір өмірі

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысында қаралған мəселелерге орай қорытынды баспасөз мəслихаты өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев, Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу комитеті төрағасы Біржан Қанешев қатысты. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Нобель сыйлыєыныѕ лауреаттары – Кенді Алтайда

«Ґскемен ЭКСПО-2014» кґрмесі Шыєыстыѕ əлеуетін паш етті Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірінде тұңғыш рет «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі өтті. Бұл көрме өткен аптада мəресіне жеткен VII Астана экономикалық форумының қисынды жалғасы іспетті болды. Өңірдің ғылыми-техникалық жетістіктерін таныстыру, жаңа «жасыл» технологияларды енгізу, халықаралық экономикалық жəне ғылыми байланыстарды кеңейту мақсатында ұйымдастырылған көрмеге Парламент депутаттары, ірі кəсіпкерлер мен ғалымдардан құралған əлемнің 12 елі нің өкілдері қатысып, Астана экономикалық форумының мəртебелі мейманы болған Нобель сыйлығының лауреаттары Курт Вютрих пен Святослав Тимашев алғаш рет аталған көрме аясында Шығыс Қазақстан облысына арнайы келді. Көрме қонақтары қатарында əлемдік ғылымда есімі кеңінен танымал Клаус Тиссен, Джузеппе Эрамо, Лали Бердзенешвили, Алексей Кавокин жəне Оңтүстік Африка Республикасы, Финляндия, Ресей Федерация сы елшіліктері, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ өкілдері, Ресей Федерациясының Алтай аймағы, Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиясы мен Оңтүстік Кореядан келген арнайы делегация да бар. «Алтай» технопаркінде өт кен көрмеден бүгінде кеңінен қолданысқа енгізілген жəне креативті жобаларды байқауға болады. Мəселен, Өскеменнен шығарылатын «Азия Авто» көліктері мен Семейде құрастырылатын «Дэу» автобус тары мен бірге «ДЭТ-250М» шынжыртабан тракторы үлкен қызығушылық туғызды. Бұл – кеңестік заманда Челябі зауыты шығарған ауыр өнеркəсіп техникасы. Бүгінгі өндірісте жоқ тракторды «К Мəди» ЖШС мамандары өз күштерімен жасаған бөлшектерімен қайта жаңғыртып ұсынып отыр. Аталған трактор шетелдік техникалардан қуаты жағынан жоғары, бағасы жағынан төмен екен. Қыс қатты болатын Шығыс өңірінде бұл техниканы жолдарды тазалауға, кен қазуға кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Өскемендегі «КЭМОНТ» АҚ өндіретін электр реттеуші панель, Жарма ауданынан əкелінген күн мен желден қуат алатын вагон, Бесқарағайдан жеткізілген қоршаған ортаға зиянсыз экоотын жобалары мəртебелі меймандардың көңілінен шықты. Өңір дегі өнертапқыштардың ұсынған жобалары да назар аударды. Мəселен, күршімдік Мейір жан Серікбаев мал тезегін энергиялық қуат пен қорек көзі жəне тыңайтқыш ретінде пайдаланатын жылыжай жобасын таныстырды. Технопарк ауласында, дəліз бен залда қойылған көптеген жобалардың соңында «Бола шақтың қуаты» байқауында жеңімпаз болған жұмыстар таныстырылды. Олардың арасында Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары жəне Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан түскен 21 инновациялық жоба бар. Мамандардың пікірінше, «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі өндіріске инновациялық технологияларды енгізіп, жаңа идеялардың коммерциялануына тың мүмкіндіктер бермек. Яғни, мемлекет, ғылым жəне бизнес өкілдеріне өзара тиімді байланыс орнатуға жан-жақты мүмкіндіктер жасауымен ерекшеленеді. Бұдан кейін «Өскемен ЭКСПО-2014» көрме жұмысы пленарлық отырыспен жалғасты. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев елдегі инновациялық өнімнің төрттен бір бөлігін өндіретін өңірдің əлеуеті туралы əңгімеледі. – Энергетика – өнеркəсіптің негізгі салаларының бірі. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 9 негізгі энергия көзі, оның ішінде жалпы қуаты 2076 МВт құрайтын 5 су

электр стансасы, 4 ірі жылу стансасы орналасқан. Облыс экономикасы энергияны тұтынушы өндірістің үлкен үлесімен ерекшеленеді. Айталық, электр энергиясының 70 пайызға жуығын өнеркəсіп кəсіпорындары пайдаланады. Экономиканың индустриялықинновациялық дамуға бет алғанын есептесек, энергияның баламалы түрлерін дамыту, энергиялық қауіпсіздік жəне энергияны үнемдеу технологиясын енгізу мəселесі өте өзекті, – деді өңір басшысы. Облыс əкімінің айтуынша, Шығыс Қазақстан – жаһандық энергия мəселесін шешу жолында бірқатар инновациялық жобаларды қолға алып отырған өңір. Мəселен, өткен жылы Өскеменде жылына 50 МВт қуатқа жететін күн батареяларына арналған кремний пластинкалары өндірісі іске қосылды. Баламалы энергия көзінің бірі – су. Шығыста елдегі су қорының 60 пайызы шоғырланған. Басым бөлігі тау өзендері болғандықтан, оны қуат көзі ретінде пайдалану ойластырылуда. Яғни, өңірде жалпы сомасы

200 миллион долларға жетеғабыл шағын су жəне жел электр стансаларының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта 13 жоба бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Өмеш жел жəне Тұрғысын су электр стансаларының құрылысы жүргізілмек. – Атом энергетикасын дамыту мəселесі де еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің басты салаларының бірі болып табылады. Онсыз энергия өндірісін əртараптандыру мүмкін емес. Атом энергетикасы Чернобыль мен Фукусима апатын қайталамайтындай, қауіпсіздіктің жоғары шегінде дəстүрлі түрде де, баламалы түрде де дамуы тиіс, – деді Б.Сапарбаев. Бұл үшін Курчатов қаласында ядролық физиканы дамытуға қажет инфрақұрылым да, мамандар да, ғылыми база да жеткілікті. Əсіресе, торий энергетикасының артық шы лықтарын тиімді пайдалану қажет. Қоршаған орта жəне су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев əлемнің жетекші елдерімен бірге Қазақстанда да жаңа энергия көздерін іздеуге көңіл бөлінгенін, бұл ретте министрлік тарапынан табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалануға назар аударылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, аталған көрменің Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық іспетті болғанын жəне Астана экономикалық форумының көшпелі отырыстар кезегін бастап бергенін атап өтті. Шығыс өңіріне алғаш рет табан тигізіп отырған Нобель сыйлығының лауреаттары бүгінде жасыл экономика мен жасыл энергетиканың алға шыққаны жөніндегі тұщымды ойларымен бөлісті. Химия саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Курт Вютрих Шығыс Қазақстан өңірін түсті металлургия өлкесі ретінде бұрыннан білетінін, ал

көрме барысында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңаша көзқарасты байқағанын атап өтті. – Əсіресе, мені малдың тезегін қажетке жарату идеяларының сан алуандығы таңғалдырды. Елдің табиғи жағдайы баламалы қуат көздерін алуға өте қолайлы, – деді К.Вютрих. Келесі кезекте сөз алған Нобель сыйлығының лауреаты Свя тослав Тимашев Астанадағы экономикалық форум аясында Президентпен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше мəселені көтергенін жеткізді. – Біздің қолымызда Президент көтерген кейбір мəселелердің ғана шешімі бар екен. Нұрсұлтан Назарбаев – ұлттық шеңберден тыс мəселелердің шешімін нұсқауға қабілетті тұлға. 2007 жылы жаһандық экология жайы əлемдік саясаттың басты нысанасына айналу керектігі Қазақстан Президенті тарапынан айтылды. Бүгінгі таңда ғаламдық жылынудың зардабын жою жəне оның жағымды тұстарын кəдеге асыру жобаларына сұраныс көп. Өндірістік

қалдықтарды шығаруды мемлекетаралық деңгей де реттеу барысындағы идеялар да экологиялық мəселелердің шешімін табады. Адамзаттың орташа өмір сүру жасын ұзарту туралы да ойға қонымды ұсыныстарыңыз бар. Сондықтан жасыл экономикаға көшу тұрғысында Қазақстанның ұзақ мерзімді көзқарасқа құрылған байыпты қадамын айрықша атап өтуге болады. Қазақстанда энергияның барлық түрлерінің болғанына қарамастан, жел, су, уран жəне тағы басқа қуат көздері мəңгілік емес. Мұнай мен газ сарқылатын келешектегі қуат көзі туралы қазірден бастап ойлану қажет. Осы бағыттағы зерттеулер жалғасуы, кеңеюі жəне дамуы тиіс. Бүгінгі көрмеден мен көптеген идеяларды көрдім. Бұл идеялар жақын арада Қазақстан мен əлемнің энергиясына қомақты табыс əкелуге үлес қосады деп санаймын, – деді С.Тимашев. Ал күн энергиясын пайдаланудың бірнеше жолы туралы айтқан əлемдік танымал сарапшы Клаус Тиссен бүгінде ғалымдар оның түрлі модульдерін, жылжымалы жəне жылжымайтын құрылғылары төңі регінде ойласып жатқанын жеткізді. – Осы елге келе жатқанымда, жасыл экономика туралы Қазақ станның ұстанымы мен менің пікірім қабысатынын алдын-ала сездім. Қазақ елі күн энергиясының қуатын өте ертеде байқаған. Тіпті, Шығыс Қазақстанда күн энергиясына арналған зауыт бар екенінен де хабардармын. Қазақстанның нағыз патриоты күн энергетикасын игерумен шұғылдану керек. Жарығы өте мол күн энергиясын неге пайдаланбасқа?! – деді К.Тиссен. Ғалымның айтуынша, «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі қуат көздерінің

көптеген түрлерін жаңғырту идеяларын көрсете білді. – Осыдан 20 жыл бұрын Мəскеу мемлекеттік университетінде Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың дəрісіне қатысқан едім. Мен – аталған университеттің түлегімін. Сол кезде Қазақстан Президенті алғаш рет Еуразиялық даму жолы туралы айтты. Қазіргі кезде өз идеясын халқымен бірге іске асыруда. Аталған идея жөнінде Шарль де Голль: «Еуразиялық аймақ Лиссабоннан Қиыр Шығысқа дейін созылып жатыр» деген еді. Еуразиялық тұтастық өте маңызды бастама. Бұл идея іске асса, қазіргідей аймақаралық қақтығыстар орын алмайды, – деді К.Тиссен. Еліміздегі «Жасыл экономика» үшін жəне G-GLOBAL дамыту коалициясы бірлестігі» қо ғамдық ұйымының төрайымы Сал танат Рақымбекова алдағы уақытта шығыстағы бірқатар кəсіпорындар жасыл компаниялар тобына енетінін жеткізді. – Дəстүрлі уран реакторын алмастыруға арналған торий энергетикасы жобасы жəне басқа да жұмыстар ЭКСПО-2017 көрмесінің аса қызықты жобаларының бірі болады деп ойлаймыз. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесіне алдын ала жасалған дайындық көрмесі деп ойлаймын, – деді ол. Торий энергетикасының артықшылықтарына жапондық «Киото Нейтроникс» компаниясының президенті Такаша Камей де тоқталып, аталған элементтің қоры жөнінен Қазақстанның үшінші орынға ие болуы торий энергетикасы саласын өркендетуге негіз болатынын жеткізді. Техас университетіндегі нанотехнологиялар институтының директоры Анвар Захидов аймақ басшысының болашақтың энергиясын іздеуші жергілікті ғалымдардың барлығын түстеп танитынына ризашылық білдіріп, Техас ковбойының символы болып табылатын төсбелгі тарту етті. Отырыс соңында бірқатар меморандумдарға қол қойылып, байқауға қатысушы үздік жоба авторлары марапатталды. Көрме күнінің екінші жартысында Нобель сыйлығының лауреаттары Курт Вютрих пен Святослав Тимашев, сондай-ақ шетелдік ғалымдар, күн энергия сын зерттеуші Клаус Тиссен, Англия дағы Саутгемптон университетінің нанофизика жəне фотоника кафедрасының меңгерушісі Алексей Кавокин мен Жерорта теңізі іргелі физика институтының президенті Джузеппе Эрамо шығысқазақстандық студенттермен кездесті. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті жəне Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық универ ситетінің студенттерімен кездесу барысында жастар баламалы энергия, инновациялық техноло гия, физика мен химияға қатысты көкейдегі сауалдарын қойды. Танымал ғалымдар жастармен ашық сұхбат барысында жетістікке жету жолындағы сырларын ақтарды. «Қазір ғылымға ағылшын тілін білу міндетті. Ғылымның тілі – ағылшын тілі» деді К.Вютрих. Ал С.Тимашев адам бойында құштарлық болса, кез келген көздеген мақсатқа жетуге болатынын жеткізді. Мəртебелі меймандар кездесуден соң еліміздегі үдемелі индустриялықинновациялық бағдарлама аясында салынған фотоэлектрлі пластиналар шығаратын «Қазақстан Солар Силикон» зауытының жұ мысымен танысты. Зауытта ғалымдарға күн батареяларына қажетті күн сəулесін энергияға айналдыратын фотоэлектрлі ұяшықтар жасау барысы көрсетілді. ӨСКЕМЕН. ––––––––––––

Суреттерді түсірген Есімхан ОРЫНБАЕВ.

Баспасөз мəслихаты барысында Үкімет отырысында талқыланған мəселелерге орай əр министр өзіне қатысты тақырыпта баяндама жасады. Мəселен, жылу-энергетика кешенін дамыту, инвестиция тарту мəселелері, көктемгі дала жұмыстарының барысы, техникалық реттеуді дамыту жоспары, сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары туралы айтылды. Өз кезегінде Ə.Исекешев Үкiметтiң кешегі отырысында 2030 жылға дейiнгi жанармай-энергетикалық кешенін дамыту тұжырымдамасы қарастырылғанын атап өтті. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп əзiрлеген. Сондай-ақ, ол бүгiнгi таңда жаһандық сын-қатерлерге бай ланысты энергетикадағы инвесторлардың ойын ережелерiн өзгерту қажеттiгi туындап отырғанына тоқталды. «Қазiргi уақытта электр энергетикасы саласында жекешелендiру жүрiп жатыр. Сондықтан саланың дамуына қажеттi құрылымдық өзгертулер аталмыш тұжырымдамада көрсетiлген. Онда бiрнеше блоктар бар, мəселен, электр энергетикасы, уран өндiрiсi, көмiр өнеркəсiбi мұнай-газ секторы, дедi Ə.Исекешев. Мұнымен қоса, тұжырымдамада электр энергетикасының нысандарына инвесторлар тарту қарастырылған. Осы орайда бұл саланы тартымды етудiң кешендi шаралары жасалған. Жылуэнергетика кешенін дамыту шараларына орай Мұнай жəне газ министрі де қосымша баяндама жасап, өз саласында

қандай жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Бұл ретте министр Қазақстанда 2030 жылға қарай газ өндіруді 60 млрд. текше метр ге жеткізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Қазіргі маусымда маңызы артып, қызу жұмыс жүріп жатқан саланың бірі – көктемгі егіс жайы. Үкімет отырысында бұл мəселе де кеңінен талқыланып, тындырылған жұмыстар жайы пысықталған. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков атап өтті. Ми нистр дің мəліметінше, биыл ауылшаруашылық дақылдары 21,8 млн. гектарға егiледi деп жоспарлануда. Бүгiнгi жағдай бойынша, жаздық дəндi-дақылдарды егу 9244,9 га алқапта жүргiзiлген. Сондай-ақ, оңтүстiк аймақтарда жүгерi мен күрiштен басқа жазғы дəндi дақылдарды себу аяқталған, батыс пен шығыс өңiрлердегі облыстарда жоспарланғанның 79 пайызы шамасында жүргiзiлді. Ал қазіргі науқанның бірі – ҰБТ төңірегіндегі қарбалас. Бұл мəселе жайында Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов баяндады. Министрдің айтуынша, ҰБТ-ға үстіміздегі жылы 133 226 түлектің 92 077-сі қатысады. Сынақты 63 603 түлек қазақ тілінде, 28 447 түлек орыс тілінде тапсырады. Сондай-ақ, ҰБТ форматы өзгермейді. Сонымен қатар, қауiпсiздiк шараларын сақтау, ҰБТ-ны шынайы жəне ашық өткiзу үшiн дəстүрлi түрде барлық жерде техникалық құралдарды: 1108 сымтетiк дыбысын тұншықтырғыш, 402 металл iздегiш жəне 1585 камера мен бейнекамера қолдану жоспарланып отыр. ҰБТ 2 маусымнан бастап 8 маусымға дейін 155 арнайы жабдықталған пункттерде өтеді. Барлық пункттерде штабтар мен мемлекеттік комиссиялар жұмыс істейді.

 Мəселенің мəнісі Cоңғы жылдары біздің облыста көптеген шаруа қожалықтары мақта өсіріп, «ақ алтын» өндіруден бас тартып, басқа дақылдарға ауысып жатыр. Əрине, бұл құбылыстың дұрыс жағы да, бұрыс жағы да бар. Бірақ, елдің бəрі мақтамен айналысудан алыстай берсе, Оңтүстігіміздің брeндіне айналған «ақ алтынның» жағдайы төмендеп кететінін де түсінген жөн.

Шешімі табылса дейміз Осыдан ондаған жылдар бұрын Түркістан аумағындағы Қарашық ауылының жанынан бірнеше гектар жер алып, шит септік. Өнім жаман болмады. Содан бері біздің «Тұран» шаруа қожалығы осы дақылды өсіріп, игілігін көріп келе жатыр. Қазір бүкіл ауылдың береке бастауына айналды десек, артық айтқандық емес. Өткен жылы 110 га алқаптың əр гектарынан 26 центнерден өнім жиналды. Тек шитті мақта өсірумен шектелмей, шағын өндіріс көздерін де аштық. Бізде май, сабын, тағы басқа да заттар шығарылады. Өзімізде МТС бар. Тамшылатып суаруға арналған құралдарды да əзірлей береміз. Даму банкі арқылы несие алып, өндірістік желі аштық. Израильдің тəжірибесін үйреніп, жүзеге асырдық. Там шы латып суарудың арқасында өнімділік үш есе артты. Биыл тамшылатып суаруды екі есеге көбейтеміз. Шлангілерді шығару үшін Ресейден полиэтилен гранулдерін сатып аламыз. Бұл жұмыс Кеден одағына байланысты бұрынғыдан жеңілдей түскені сөзсіз. Қазір «Тұран» шығаратын барлық құралжабдықтарға деген сұраныс өте күшті. Шағын кəсіпорындарымыз тұрақты түрде табысқа қол жеткізуде. Айта кетейік, əлі де шешімін таппаған бір мəселеміз бар. 2007 жылға дейін мақта өсіруден бастап, оны жан-жақты өңдеп, өнім түрлерін, құрал-жабдықтар шығаруға дейінгі жүйелеріміз жақсы еді. Иіру жəне тоқыма цехтарымыздың өнімдерін Қазақстан ғана емес, өзге елдер де таласып

алатынға айналған. Өкінішке қарай, біртебірте ертеректе сатып алынған тоқыма станоктары моральдық тұрғыдан мүлде ескірді. Кеңестік жүйе кезінің дүниелері болғандықтан, оларға қажетті қосалқы бөлшектер де шығарылмайтын болды. Жабдықтарды түгелдей жаңартуымыз қажет-ақ. Ол үшін молырақ несие алуға тиіспіз. Бірақ, мəселе бірден шешілмеуге айналды. Себебі сол, мақта өсіруші ретінде біз Aуыл шаруашылығы министрлігіне қараймыз. Ал, «ақ алтын» өңдеу жағы Индустрия жəне жаңа технология министрлігіне қатысты болғандықтан, біздің өтінімдерімізді қарау кезінде осы екі ведомстволық құрылымның шенеуніктері өзара келісе алмай, бірібіріне сілтейді. Міне, осындай кедергілер біраздан бері шешімін таппай отыр. Германиядан келетін техниканы да таптық, шығынымыз бен табысымызды да мұқият есептеп қойдық. Амал қанша, жағдай жоғарыда айтқандай, шенеуніктер шешетін емес. Елбасымыз кəсіпкерлікке, оның ішінде отбасылық бизнеске айрықша көңіл бөліп, үлкен қамқорлық жасап келеді. Біз Президентімізге ризамыз, қосымша өндірістер ашу үстіндеміз. Соңғы кездердегі жаңа талаптарға сəйкес екі министрлік бір-біріне сілтеместен, жанашырлықпен жол табады деп сенеміз. Хабибулла АЗИМОВ, «Тұран» шаруа қожалығының басшысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.


www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік

7

 Туыстық туы

Адамзат тарихында ғылым мен білім үздіксіз дамып отыратын, сарқылмайтын процесс екені анық. Біз осы білім мен ғылым туралы Парламент Сенатының депутаты, профессор Елеусін САҒЫНДЫҚОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Елеусін Наурызбайұлы, сіз білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, оның барлық сатыларынан өтіп қана қоймай, қай уақытта да педагогикалық қызметте елең еткізерлік жаңалықтар енгізіп, тың ізденістеріңізбен танылдыңыз. Бүгінгі күні тəуелсіз еліміздің жалпы білім беру ісіндегі ахуалға қандай баға берген болар едіңіз? – Айтуыңыз орынды. Маған білім саласы етене жақын. Өйткені, онымен ширек ғасырға жуық уақыт тікелей айналыстым. Елбасы Н.Назарбаев еліміз

беру стандартына сəйкес жоспарлармен оқытылады. 1-6 сынып оқу жоспарының вариативтік бөліміне сəйкес 3 сағаттан ағылшын тілі, шахмат, информатика пəндері жүргізіледі. «Нұр Орда» түлектері төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын жəне түрік тілдерін толық меңгеріп шығады. Оқу үдерісіндегі тағы бір басты ерекшелік – жетілдірілген оқыту жүйесі негізінде енгізілген интеллектум пəні. Пəннің мақсаты жаңа ортаға бойындағы қабілеттерімен бейімделіп, абстракты тұжырымдаманы түсініп жəне оны

тəуелсіздік табалдырығын аттаған алғашқы күннен-ақ жас ұрпақтың болашағына, оқу-тəрбие ісіне баса назар аударып келеді. Қазір білім беру саласының көшбасшысы болып отырған жоғары оқу орындары, интеллектуалдық мектептер, кəсіптіктехникалық жəне қазақ-түрік лицейлері, гимназиялар соның айғағы. Қазақстан өзінің егемендігін жариялағанда ең бірінші болып тəуелсіздігімізді таныған – Түркия болатын. Бауырлас екі ел бір-біріне қақпасын ашты, алыс-беріс, қарым-қатынас басталды. Қазақ жерін бүкіл түркі жұртының Отаны деп таныған сол кездегі Түркия мемлекетінің басшысы Тұрғыт Өзал өз еліндегі жетістіктерді ұлтымызға ұсынумен болды. Түрік қағанатының ұлан-байтақ даласын мекендеген бауырластардың Анадолы топырағымен тамырымыз қайта жалғасты. Білім министрлігінің тікелей басшылығымен 1992 жылы қазақ-түрік лицейі алғаш рет Алматыда, сонан соң Көкшетау, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан қалаларында ашылды. Қазір олардың саны 30-ға жетті. Оқушылар саны 10 мыңға жуық. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті, Астана мен Өскемен қалаларында халықаралық мектептер, Алматы мен Таразда колледждер жəне оңтүстік астанада Сүлеймен Демирел атындағы университет оқутəрбие, білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай жүргізуде. Олардың барлығы да 1997 жылы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорына біріктіріліп, Қазақстан мен Түркия арасына рухани көпір салынды. Астанада 2007-2008 оқу жылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұсауын кесіп, жаңадан халықаралық «Нұр Орда» білім кешенінің ашылуы, еліміздің білім беру саласын да айтулы оқиға болды. Білім кешенінің ашылу салтанатында Елбасы «Интеллектуалдық мектептерге айрықша мəртебе беріледі, олар айрықша жабдықталады, ұстаздар да айрықша іріктеуден өтеді», деп атап көрсетті. Сол уақыттан бергі қысқа мерзім ішінде халықтың ілтипатына бөленіп, құзырлы орындардың жоғары бағасына ие болып үлгерген «Нұр Орданың» қанаты қатая түсті. – Осы білім ордасының басқа қазақ-түрік лицейлерінен айырмашылығы қандай? Нендей өзгешелігі бар? – Кезінде Білім министрінің орынбасары болғанымда, тəуелсіз еліміздің жаңа орта білімінің базистік оқу жоспары мен бағдарламасын əзірлеген топқа жетекшілік еттім. Осы үлкен іске Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдарын тартып, барлық пəндерді қамтыған 120 жаңа оқулық əзірледік. Олар мазмұнмағынасы жағынан əлемдік деңгейге көтерілді. Осылайша білім беру саласында қайнап-піскендіктен «Нұр Ордадағы» ерекшелік, жаңалық мені қатты қызықтырып, кешеннің барлық нысандарын араладым, тəжірибесімен таныстым. Білім берудегі интеграцияны, жаңа модульді айқын көрдім. Осы білім кешенінің басшысы Орхан Озтумсуктың əр жас өскіннің бойындағы қабілет ұшқынын тауып, оны əрі қарай дамытуға ықыласы өзгеше. Педагог осындай болуы керек. «Нұр Орданың» ең бірінші ерекшелігі, ол балабақша – қазақ-түрік лицейі – халықаралық мектеп тізбегі жасалған. Бұрынғы қазақ-түрік лицейлеріндегідей 6-7 сыныптан емес, бала мұнда үш жастан қабылданады. Білім беру мазмұны үш сатыда, яғни, бірінші балабақшада, сосын 1-6 сыныптарда жүзеге асырылады. 7-11 сынып оқушылары Білім жəне ғылым министрлігі мен «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп əзірлеген мемлекеттің жалпы білім

қолданысқа енгізіп, шешім қабылдай алатын, өзін-өзі басқару үшін өз білімін қолдана алатын адамдар қалыптастыру. – Алғаш рет қазақ-түрік лицейлері ашыла бастағанда ел ішінде оған күмəнмен қараушылар да болғаны жасырын емес. Күмəн былай қалып, ҚТЛ қазір жалпы білім беруде көш басына шықты. Жалпы білім берудің жаңаша үрдісін əкелген «Нұр Орда» оқушыларының жетістіктері қандай екен? – Ашылғаннан бері оқу жылының алтыншы кезеңін аяқтағалы отырған «Нұр Орда» кешеніндегі лицей оқушылары жер-жаһанның түкпір-түкпірінде өткізілетін халықаралық білім жарыстарында өздерін Қазақстанның үкілі үміті мен жарқын болашағы екенін дəлелдеп үлгерді. 2011-2012 оқу жылындағы 58 түлектің 24-і еліміздің жоғары оқу орындарына, 34-і АҚШ, Швейцария, Корея, Англия, Қытай, Ресей, Сингапур, Канада, Малайзия, Түркия, Шотландия, Германия мемлекеттерінің əлемге танымал, алдыңғы қатарлы оқу орындарына түскен. Өткен оқу жылында лицейді 43 оқушы бітіріп шыққан. Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектер 106,4 орта баллмен Қазақстандағы үздік мектептердің ондығына енген. Лицейдің жетістіктерге ие болу сыры мынада деп білемін, ол – халықаралық іс-тəжірибелерді зерделеп, зияткер, рухани жағынан жан-жақты дамыған, бəсекеге қабілетті, ұлтын сүйетін, мінезқұлық қағидаларына берік сауатты ұрпақ қалыптастыруды мақсат еткен. «Нұр Орда» кешенінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған балабақша бар. 16 топтың əрқайсысына 14-16 баладан жинақталған. Балалар кішкентайынан-ақ «Өзін-өзі тану», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша мектепке дейінгі дайындықтан өтіп шығады. Бүлдіршіндер қысқа мерзім ішінде-ақ тілді игеріп, тіпті шебер сөйлеуге дағдыланады. Балабақшадағы халықаралық топтарда қазақстандық жəне Кэмбридж білім беру бағдарламаларының біріктірілген нұсқасы қолданылады. Балабақша меңгерушісі Жанар Молдабаеваның мектепке дейінгі бала тəрбиесін жетік білетінін байқадым. – Елеусін Наурызбайұлы, аталған білім кешенінде оқушылар төрт тілді тең меңгеріп шығады дедіңіз. Бұл оқу ордасының қабырғасынан үлкен өмір жолына аттанған түлек үшін керемет жетістік қой. – Əрине. Ел Президенті «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» деп аталатын 2011 жылғы Жолдауында: «Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады», деген еді. Оның шынайы көрінісін осы білім ордасынан көруге болады. Қазақ-түрік лицейлерінің қызметін үйлестіріп отырған «KATEV» халықаралық қоғамдық қоры мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру мақсатында

Їйренуге тўратын їлгі

2008 жылдан бастап республикалық қазақ тілі олимпиадасын өткізуді дəстүрге айналдырды. Биыл осы үлкен ісшараны алтыншы мəрте өткізді. Мұны мəдени-рухани интеграция жолындағы сəтті қадамдардың бірі деп атауға болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы: «Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер үндестіріп, бірлікті нығайта түседі», деп атап көрсетті. Тіл мəселесіне келгенде дəйексіз дауға бармай, оған басқа жағынан қарау керек. Мемлекеттік тіл – біздің тіліміз – қазақ тілі. – Өткен ғасырдың 90-шы жылдары елімізде алғаш лицей, гимназия ашыла бастағаны белгілі. Соған сіздер ұйытқы болдыңыздар. Сонда қандай тəжірибеге сүйендіңіздер? – Менің өсу, қалыптасу жылдарым кəсіптік білім беру ісімен тікелей байланысты. Кезінде кəсіптік-техникалық училищелерде оқу өндірісі шебері, индустриялдық-педагогикалық техникумды бітірген соң сонда оқытушы болдым. Маған оқушылардың оқу-тəрбиесі де, тұрмысы да, мінез-құлқы да бес саусақтай белгілі, алақандағыдай аян. Сол кездері кəсіптік-техникалық училищеге тəртібі мен оқу үлгерімі төмен жастарды жіберу үрдіс алды. Əрине, олардың арасында отбасы жағдайына байланысты бір кəсіпті игеріп, ертерек еңбекке араласуды көздеген ұл-қыздар да болды. Біздің ұлтымыздың бұрыннан сақталып келе жатқан қазынасы мол. Бір ғана Абайдың өзін елеп-екшеп, оқи берсең – маржаны көп, арзаны жоқ. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында мен Ақтөбе облыстық білім басқармасын басқарған уақыт тəуелсіздік туын тұғырына қондырған, үлкен өзгерістер, санадағы сілкіністер кезеңімен тұстас болды. Сондықтан көп ізденуге тура келді. Біз бұрынғы мен бүгінгі озық тəжірибелерден үйренуден қашпауымыз керек. Мəселен, көршілес Ресейдің білім беру жүйесінде ХІХ ғасырдың басында ашылған император лицейінің өзіндік орны бар. Мұнда дворяндардың балаларын мемлекеттік қызметке дайындау мақсат болған. Лицейдің құқығы университетпен теңестірілген. Лицей оқушылары өнер, сурет салу, таза жазу, би, семсер, мергендік, атқа міну, жүзумен айналысқан. Тəртіп – қатты, талап – қатаң! Лицейді басқарған граф А.Разумовскийдің əскери шені – бас қолбасшы. Бақылау Ресей императорының өз қолында болған. Лицейге қабылдау талаптары қатаң болғаны сонша, талапкерлерді дайындайтын оқу орны ашылған. Осында оқып-тəрбиеленіп шыққан А.Пушкин, А.Дельвиг, А.Горчаков, декабристер – В.Кюхельбекер, И.Пуш кин, мемлекеттік қайраткерлер, елшілер, сенаторлар – ағайынды Гире, А.Головнин, Д.Замятин, Н.Корсаков, М.Корф, Д.Толстой, оқымыстылар – К.Веселовский, Я.Корт, Н.Данилевский, тағы басқа да əйгілі тұлғалардың есімдері лицейдің даңқын асырған. Осы оқу орнының тарихы, білім сапасы, жалпы оқу-тəрбие тұжырымы мені қатты қызықтырды. Ресей Федерациясының ғылыми-зерттеу институттарымен келісім жүргізе отырып, Царицын гимназиясымен жете таныстық. Өзіміз де бардық, мамандарымызды жібердік. Осы іске отандық ғалымдарымызды тарттық. Сол уақытта Жезқазған облысында кəсіптік білім беруді жаңа жол, тың сүрлеуге салған Болат Əбдікəрімовтің есімін əріптестеріміз аңыз қылып айтып отыратын. Бұл ағаның тəжірибесімен де тікелей танысып, көп үйрендік. Нəтижесінде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, Ақтөбе қаласында №107 кəсіптіктехникалық училище-лицей, 11-ші шағын ауданда мектеп-гимназия аштық. – Бүгінгі күні сол кездегі еңбектің нəтижесін көріп отырмыз ғой. – Əрине! Мысал ретінде бір ғана Ақтөбедегі дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатын алып қараңыз. Лицей өзінің жиырма жылдан асқан тарихында үнемі алға ұмтылумен, шыңға көтерілумен келеді. Президенттік «Болашақ» стипендиясына ие болған 37 түлек əлемнің озық оқу орындарында жоғары білім алуда. Тағы да соншама жігіттер мен қыздар Назарбаев Университетіне оқуға түсті. Бүгінгі таңда еліміздегі қазақ-түрік лицейлерінің шəкірттері түрлі дүниежүзілік білім додаларында Қазақстанның атын əлемге танытып жүр. Қазірге дейін қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары қанжығаға 10097 медаль байлады. Жыл сайын өткізілетін ҰБТ сынағының нəтижесі бойынша ҚТЛ республикада көш басында. ЖОО-ға түсу көрсеткіші – 100 пайыз. Өткен оқу жылында қазақ-түрік лицейлерінің ҰБТ бойынша орташа көрсеткіші 100 пайызға жуық балл құрады. – Мазмұнды əңгімеңізге рахмет.

АҚТӨБЕ.

Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Өткен аптада елорда төрінде «Түркі жазуы күнін» атап өту барысында Түркі академиясының ұйытқы болуымен үлкен форум ұйымдастырылып, оған алыс-жақын түркі тілдес елдерден көптеген оқымысты ғалымдар жиналып, түркі жазуына, жалпы түркологияға қатысты бірқатар өзекті мəселелерді талқылап, ой-пікір бөліскені есте. Төмендегі мақала сол үлкен жиыннан тəбəрік.

Тїркологияныѕ келешегі – Тїркі академиясында

Абдылдажан АКМАТАЛИЕВ,

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2010 жылдың 25 мамырында ашылған Түркі академиясы Қазақстанда ғана емес, шет өлкелерде де танылып, қоғамдықгуманитарлық ғылымдар тармағы бойынша түркологиялық зерттеулерді қолға алып, талмай еңбек ету мен ізденудің арқасында аз уақыттың ішінде түркі тілді елдердің мағыналы-мəнді ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Түркі академиясы ашылған күннен бастап тарихы бір, тағдыры ортақ түркі елдерінің мəдениеті, əдебиеті, тілі, тарихы, этнографиясы, археологиясындағы ізденістерді үйлестіріп, Түркі дүниесінің, Түркі өркениетінің дамуына өзгеше үлес қосуда. Əрбір мемлекет өз алдына егемендік алғаннан кейін түркология ғылымы қалай дамиды екен деген жүрекжарды ой барлығымызда да болды. Шындығында кеңестік түркология өз тұсында дүниеге танымал ғылымдардың қатарында дамып келе жатқан еді. Айталық, түркологтар комитеті «Советская тюркология» журналын шығарып тұрды. Кейін КСРО құрамындағы республикалардың ғалымдары бір-бірінің еңбектерін оқу былай тұрсын, қатынастары да үзілді. Міне, осындай жағдайда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасын Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев жəне Əзербайжан Республикасының Президенті Илхам Алиев қолдап, Түркі академиясының Астанада ашылып, қамқорлыққа алына бастауы, оған қоса академия жұмысының бірден нық басталуы келешекте түркология ғылымының дамып, түркі тілді мемлекеттерге ортақ заманауи ғылым орталығының құрылатынына көзімізді жеткізгендей. Ашық айтуымыз керек, егемендік алғалы бері түркология ғылымы солғын тартып, ортақ мəселелерді жеке бір елге тели салу күш алып бара жатқан еді. Енді Түркі академиясының дүниеге келуімен түркі елдеріне тиесілі ортақ мəселелер бір елдің ғана зерттеу нысанына айналмай, кешенді, əр тарапты зерттеуге алынар деген сеніміміз бар. Түркі академиясының ғылыми болжамдары өте өзекті, жаңашыл мінезге жəне тəжірибелік мəнге ие. Бүгінгі күні түркі тілді елдерді жақындастырудың бірден бір жолы – ғылымындағы, тарихындағы, əдебиетіндегі жəне философиясындағы ортақ жайттарды баса көрсету арқылы жастарды тəрбиелеу. Қазіргі күні Батыстық теріс идеологияның кесірінен түркі тілді елдер бір-бірінен алыстап барады. Бұл жастарда «мəңгүрттік» синдромының пайда болуына алып келуде. Түркі академиясының негізгі басылымдарынан «Асыл мұра», «Түркілік тəрбие» антологияларын атап өту лəзім. Əрбірі 60 баспа табаққа жақын материалды қамтыған бұл еңбектер түркі елдеріне ортақ рухани-мəдени мұралардан тұратын

ғылыми-танымдық еңбектер. «Асыл мұра» қазақ, қырғыз, түрік, əзербайжан, өзбек, татар тілдерінде дайындалған. Түркі академиясы əр елдің мəдени мұраларының еш өзгеріссіз өз тілдерінде оқылуына мүмкіндік берген. «Түркі тəрбиесі» деп аталған екінші антологияда түркі елдерінің фольклорлық шығармаларынан, кəсіби əдебиетінен, балалар əдебиетінен, сондай-ақ, Қорқыт ата, Əл-Фараби, Ахмет Ясауи, Низами, Абай Құнанбаев, Тоқтағұл Сатылғанов, Шыңғыс Айтматов сынды ойшыл, заңғар тұлғалардың əдеби мұраларынан алынған тəлім-тəрбиелік үзінділер топтастырылған. Түркітанушы ғалымдардың тəрбиенің өзекті мəселелеріне арналған ғылыми мақалалары өзінше бір бөлімде. Бесік тəрбиесі, əдет-ғұрып, салт-сана, адамгершілік-иман тəрбиесі, ерлік, отансүйгіштік, еңбек, сұлулық-сымбат, дене тəрбиесі, экологиялық тəрбие деген айдарлардан тұратын бұл бөлімде қазіргі жастарды ұлттық рухта, патриоттық сезімде тəрбиелеуге көңіл бөлініп, оларды даңқты бабаларынан қалған елдік салт-сананы сақтауға, əрі қарай жалғастыруға үндейді. Жалпы, бұл еңбек түркі тəрбиесінің тарихынан, түркі елдерінің дүниеге көзқарасынан, мəдениетінен, жаңа саяси-идеологиялық түсініктерінен хабар береді. Тағы бір негізгі еңбектердің бірі – «Түркі дүниесі» альманағы. Бұған дейін бұл жинақтың екі кітабы жарыққа шыққан болса, үшінші кітабы енді даярлануда. Қазақ, қырғыз, түрік, əзербайжан, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген соңғы басылымда Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің түрколог оқымыстыларының ғылыми жəне ғылыми-танымдық зерттеу мақалалары қамтылған. Жинақта түркілердің байырғы бабалары ғұндар мен сақтар заманын қамтыған еңбектермен қатар амери калықтардың түркілерге қатысы туралы мақала да берілген. Альманах Түркі академиясы тарапынан жыл сайын шығарылып, ғалымдар арасында қолдауға ие болып жүр. «Алтаистика жəне түркология» деп аталатын еларалық ғылыми жинақ 2011 жылдан бері басылып, түркітанушы ғалымдардың зерттеулерін жариялауды қолға алды. Бұл жинақта да филология, тарих, этнография жəне археология, этнопедагогика, өнертану (мəдениет, кино, театр, музыка), дінтану бағытындағы ғылыми зерттеулер қамтылған. Аталған еңбектерден басқа «Қазіргі түркология» дейтін сериямен жарық көрген 24 кітап Қырғызстан, Əзербайжан, Түркия, т.б. мемлекеттерінің ғылыми кітапханаларынан ғана орын алмай, дүние жүзінің ғылыми ортасына кеңінен таралды. Ғалым-түркологтардың ғылыми-зерттеулері үшін бұл кітаптар да кəдеге асуда. Түркі академиясының ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарына тоқтайтын болсақ, академия ашылған күннен бастап Қазақстан, Қырғызстан, Əзербайжан, Түркия, тағы басқа да түркі мемлекеттерінің белгілі оқымыстыларының басын қосып бірқатар ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, жержерлерде еңбектердің тұсаукесерлерін ұйымдастыруда. Аталған іс-шаралар түрколог-ғалымдардың жақыннан көрісіп, түркология бағытындағы өзекті

мəселелерді бірге талқылап, келешекте атқарылуы тиіс істердің жобаларын жасауға қолайлы мүмкіндік туғызуда. Бұл түркі елдеріне қатысты тарихты, мəдениетті, тілді, басқа да зерттеулерді жүзеге асырып, түркі өркениетін таныта түсуге жол ашуда. Жақында ғана барлығымыз қайтадан Түркі академиясында бас қосып, түркі жазуы күнін өткіздік. Байырғы жазулар түркі тілді елдердің мəдени жəдігерлігі. Оларды зерттеу, үйрену арқылы біз бабаларымыздың тарихын танып-білеміз. Егемендіктен кейін жəне бүгінгі күні де көптеген тасқа, балбалға жазылған жазулар Қырғызстан аймағынан табылып жатқаны – бабаларымыздың жазба мəдениеті ертеден қалыптасқанынан хабар береді. Орталық Азия мен Орта Азияда өмір сүрген түркі елдерінің тарихында түркі жазуының орны ерекше. Бұл жағынан алғанда Орхон-Енисей жазба ескерткіштері байырғы түркі елдерінің дүниелік өркениетке қосқан зор үлесі ретінде бағалануы тиіс. Тас бетіндегі сол жазулардан біз байырғы түркілердің, оның ішінде байырғы қырғыздардың əлеуметтік жағдайы, саясиэкономикалық құрылымы, философиясы мен діни түсініктері, ғарыштық танымы мен мемлекеттік құрылымы жөнінде де мəлімет ала аламыз. Байырғы Орхон-Енисей жазуы тілші ғалымдар мен тарихшылардың ортасында ғана белгілі болып, ал басқа оқырмандардың кең аудиториясына онша танымал емес. Мұндай ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық істерді алға жылжытуда Түркі академиясының қызметкерлері зор еңбек жасауда. 7 доктор, 6 кандидаттан тұратын ғылыми қызметкерлердің тобы басқа түркі тілді мемлекеттердің 140-тан аса ғалымдарын ғылыми-зерттеу істеріне тартып, олардың ісін үйлестіріп, біріктіріп, үлкенүлкен еңбектерді шығаруға зор үлес қосуда. Бүгінде Түркі академиясының кітапханасы 15000 нұсқа кітаптан тұрады. Онда түркология бағытындағы мықты еңбектер жиналып, электрондық кітапхана құрылған. Кітапхана сайтынан ғалымзерттеушілердің қажетті мəліметтермен танысуға мүмкіндігі бар. Түркі мұражайын құру бойынша да бірқатар істер жүргізілуде. Мұражайға түркі елдерінің əскери құрал-жабдықтары, музыкалық аспаптары, зергерлік бұйымдары қойылған. Келешекте бұл мұражай түркі елдерінің мəдениеті мен тарихын қамтып, үлкен орталыққа айналады деп есептейміз. Түркі академиясының алдында үлкен міндеттер тұр. Оларды кешіктірмей орындау қажет деп білемін. Атап айтар болсақ, түркі тілді елдердің əліпбиін жəне терминологиясын біріздендіру, əртүрлі сөздіктерді даярлап шығару, ортақ мəдени мұраларды кешенді қарау, тарихтан, əдебиеттен, ортақ оқу кітаптарын, антологияларын, хрестоматияларын, оқу құралдарын құрастыру жəне оларды оқу бағдарламаларына кіргізу, кафедралар ашу, магистратура, аспирантура, докторантура арқылы мамандарды даярлау, түркі тектес республикаларда Түркі академиясының филиалдарын ашуға кірісу, көшпелі жиындарды, конференцияларды, симпозиумдерді өткізу. Түркі академиясы жұмысының алға басуына оның бірінші президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Шəкір Ибраевтың тиісінше үлес қосқанын айтпай кетуге болмайды. Ал қазіргі президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырəлі де жастық жігерімен академия жұмысын жандандыру үстінде. Бүгінгі таңда академия жұмысына əртүрлі мемлекеттердің тəжірибелі ғалымдарымен бірге жас ғалымдардың да тартылуы бізді қуандырады. Түркі академиясы құрылғанына үштөрт жыл ғана болса да, өзінің ғылыми бағытын дүние жүзіне көрсете алды. Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығын жəне Тоқтағұлдың 150 жылдығын жоғарғы деңгейде өткізгені үшін академияның басшылығына жəне ұжымына қырғыз елінің атынан ризашылық білдіруді өзіміздің парызымыз деп есептейміз. Ш.Айтматов та, Тоқтағұл Сатылғанов та түркі дүниесінің мақтаныштары. Түркі дүниесі əдебиет жұлдыздарының рухани альбомдарының құрастырылуына жəне оның түрлі түркі тілдерінде жарыққа шыққанына қуаныштымыз. Түркі тілді елдердің бүгінге дейін басып өткен жемісті жолдарын, оған қоса тарихи ұлы адамдардың шығармашылығын насихаттайтын ғылыми-танымдық деректі фильмдерді түсіру жəне оны жалпы халыққа таныстыру да Түркі академиясының міндетіне кірсе жақсы болар еді. Түркі академиясына барлығымыз көмек көрсетуіміз керек. Ғалымдардың жəрдемі – ғылыми болжамдарды дер кезінде жазу. Түркі академиясына қызмет ету – бұл арнамыстылық, елге, жерге, қоғамға, кейінгі буынға қызмет қылу дегенді білдіреді. Түркі жазуы күнін белгілеу – түркі тілдес елдердің ежелгі жолының бір екенін дəлелдеп жатыр. Қырғызшадан аударған Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».


8

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

ШАРАЙНА

 Атамекен

Əлем жаѕалыќтары

Белгісіз мерзімге шегеруді ўсынды Сириялық оппозиция президенттік сайлауды белгісіз мерзімге шегеруді ұсынды. Мұны оппозиция өкілдерінің бірі – Кадри Джамиль Мəскеу қаласында өткізген баспасөз мəслихатында мəлімдеді. Оның айтуынша, сайлаушылардың көпшілігі дауыс беруге қатыса алмайды. Сондай-ақ, ол оппозиция «президенттік сайлауға байкот жариялауға шақырып отырған жоқ» деп атап өткен. Бұл елде сайлау 3 маусымға белгіленген. Башар Асадқа негізгі бəсекелес ретінде екі саясаткердің аты-жөні аталады. Бірі – 43 жастағы аллеполық коммунист əрі депутат Махер Абдель Хафиз Хаджар, екіншісі – елдің бұрынғы министрі 54 жастағы Хассан Абдель Илляхи ан-Нури.

Шарын Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат паркі экологиялық, тарихи-ғылыми, сондай-ақ, эстетикалық табиғат байлықтарын қалпына келтіру жəне оларды сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Қазақстан Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы бұйрығымен құрылған бұл парктің аумағы алғашында 93150 гектар болатын. Кейін, яғни 2009 жылы парк аумағы кеңейтіліп, мемлекеттік жер қоры есебінен 32900 гектар жер қосылды. Қазіргі кезде парктің жалпы аумағы 127050 гектарды құрайды. Паркке өзінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты республикалық маңызы бар табиғат қорғау жəне ғылыми жұмыстар жүргізілетін мекеме мəртебесі берілген. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ерен тоєайы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат паркі Алматы облысының үш ауданы – Райымбек, Ұйғыр жəне Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Ұлттық паркте өсетін өсімдіктер əлемі мен онда тіршілік ететін жануарлар дүниесінің орналасу ерекшеліктеріне қарай парк аумағы бірнеше бөлікке, нақтырақ айтқанда, бірнеше учаскеге бөлінген. Соның бірі – Шарын ерен тоғайы. Тоғай ерекше қорғалатын республикалық маңыздағы табиғат ескерткіші болып табылады. Оның жалпы аумағы 5014 гектар жерді алып жатыр. Осы аумақтың 2315 гектарында ағаш түрлері өседі. Ал əлемде өте сирек кездесетін ерен ағашы өсіп-өнетін алқап 1015 гектарды құрайды. «Шарын ерені» деген атпен көпшілікке белгілі соғды ерені ылғалды жерді ұнатады, құнарлы топырақта жақсы өсіп-жетіледі, сондай-ақ, ол ағаш түрлерінің майлы тұқымына жатады. Ұлттық парктің өзгеше бір символына айналған бұл ерен ағашы өзінің ұзақ жасайтындығымен де ерекшеленеді. Ғалым мамандардың деректеріне қарағанда, өніп шыққанына 30 жылдай болған ереннің биіктігі 25-30 метрге дейін жетеді. Ұзақ жасайтындығы соншалық, ол үш ғасырдан астам уақыт бойы жапырақ жайып, табиғи реңкін жоғалтпайды. Оның бұтақ жіберу кезеңі 40-60 жылға созылады, тамыр жүйесі аса қуатты болып келеді. Тамыры топырақ қабатынан өтіп, жерасты суына дейін жетеді. – Парк аумағындағы орманның негізгі тегі таза ерен ағашының алқабы болып табылады, – деді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің директоры Елнұр Ахметов бізбен əңгімесінде. – Оның фитоценозы орманның 35 пайызын құрайды. Олар негізінен Шарын өзенінің бойында өседі. Ал екінші терассада шөлге шыдамды сексеуіл мен жыңғыл тектес өсімдіктер өседі. Ерен ағашы мен сексеуіл, жыңғыл, басқа да өсімдіктер əлемі бірлесіп, жапырақ жайған жаз бен күз маусымында төңіректі ерекше бір көрініске бөлейді. Керемет орта қалыптастырады екен. Ерен тоғайының айналасында тораңғы да жиі ұшырасады. Парк директорының айтуынша, тораңғы соғды еренімен бірге полеоген заманынан бері сақталып келе жатқан көрінеді. Бұл екі ағаш түрі де Қызыл кітапқа енгізілген. Тоғайда, сондай-ақ, Қызыл кітапқа енгізілген жапырақты-бұталы əрі сəнді болып келетін ұшқаты да көптеп кездеседі. Бұл өсімдіктердің жидектерін осында мекендейтін аңдар мен құстар қорек ретінде пайдаланады. Шарын ерен тоғайында екі-үш ғасыр жасаған, жеті-сегіз адамның құшағы əрең жететін алып ерен ағаштарын да кездестіруге болады. Олар бірінші терассада ғана табиғи түрде өседі. Ал екінші терассада соғды ерені

тұрақты суару арқылы қолдан өсіріледі. Ондағы мақсат – əлемде өте сирек кездесетін ерен тоғайын табиғи түрде сақтап қалу. Бұл жұмыстар 1970-1980 жылдары жүзеге асырылыпты. Қолдан отырғызылған сол ерен ағаштары бүгінде бір-бірімен бой таластыра өсуімен қатар, өзінің сымбаттылығымен де табиғи орман тыныштығының сақшысы болып тұрғандай əсер қалдырады. – Осы ерен тоғайында сирек кездесетін қолаңтас, жыланшы қыран, қара дегелек, ителгі, үкі, жұртшы, ортаазиялық бақа, шұбар батбат кесірткісі секілді құс тар мен жəндіктер де мекендейді, – деді Елнұр Ахметов əңгіме барысында. – Орман-тоғайды, ондағы жануарлар мен

құстарды қорғаудың режімі бекітілген. Мұнда ұйымдастырылмаған туристердің келуіне шектеу қойылған. Тоғай ішіндегі ағаштарды кесуге жəне онда мал жаюға тыйым салынған. Өйткені, Шарын ерен тоғайы ұлттық парк аумағындағы ерекше қорғауға алынған маңызды жерлердің бірі болып есептеледі.

Шарын шатќалы Шарын шатқалына жолы түсіп, ондағы табиғат салған кереметтерге куə болған адамның көз алдына сол көріністер жиі келетіні анық. Дəлірек айтсақ, шатқалдағы табиғат ескерткіштерін көрген де арманда, көрмеген де арманда! Өйткені, онда тас аралас биік жартастар, көне дəуірдегі жануарлардың тасқа айналған қалдықтары, палеонтологиялық қазбалар жетіп артылады. Шатқалда, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарлар түрлері молынан кездеседі. Шатқал республикалық маңызы бар, ерекше қорғалатын аумақ саналады. Əрі ол Қазақстан Үкіметінің шешімімен жасалған экологиялық жəне ғылыми құндылықтар көп кездесетін жер қыртыстарының тізіміне енгізілген. Шарын шатқалы түрлі пішіндегі қамалдар мен қорғандар тəріздес жер бедерінің геморфологиялық нысандарына жатады. Сонымен қатар, шатқалдың қос қапталы неше түрлі табиғат ескерткіштеріне

толып тұрғандықтан, бұл жер елімізде саяхатшылар мен туристерді ерекше қызықтыратын бірден-бір орын болып табылады. Өйткені, қамалдары мен қорғандары жетіп-артылатын осындай шатқалдар əлемде екі-ақ жерде кездеседі. Бірі – АҚШ-тың Аризона штатында, екіншісі – Қазақстанның Алматы облысында. Табиғат сыйы – ғажайып ескерткіштерді теледидар мен суреттерден көру бір басқа, ал оны турист ретінде арнайы келіп көру мүлде бөлек. Шарын шатқалына атбасын бұрып, ондағы биік қорған-қамалдарды,

Үлкен Бұғыты аумағындағы ағаш бұталарында ұя салып, балапан өрбітетін қос қанаттылар да аз емес. Арасында көпшілігіміз өзін көрмек тұрмақ, атын естімеген құс түрлері де бар. Жамансары, сұр шыбыншы, еменмұрын, үлкен құралай құс... Бұл учаскеде, сондай-ақ, «отырықшылар» тобына жататын құстардың 26 түрі – бүркіт, сақалтай, ителгі, бидайық, кекілік, көк кептер, құлақты үкі, ақ қанатты тоқылдақ, мүйізді бозторғай, шатқал өрмелегіш жəне басқа қосқанаттылар мекендейді. Сонымен қатар, бұл жер Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген сұр құр мен қарабауыр құрдың да соңғы мекені саналады. – Ұлттық парк аумағында сүт қоректілердің 32 түрі мекендейді, – деді парк директоры Елнұр Ахметов. – Мысалы, тұяқтылар тобына жататын қабан, сібір елігі, сібір тауешкісі, қарақұйрық, жыртқыш аңдардан – қасқыр, түлкі, қарсақ, дала күзені, борсық, аққалақ. Парк аумағы осы аңдардың тұрақты мекеніне айналған. Соңғы жеті-сегіз жылдың ішінде олардың саны едəуір көбейе түсті. Бұл, біріншіден, мемлекет тарапынан табиғат байлықтарын қорғауға деген шынайы қамқорлықтың, екіншіден, біздің инспекторларымыздың өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарап келе жатқандығының нəтижесі деп айтуымызға болады.

Туристік баєыттар

өзге де дүниелерді тамашалауыңызға əбден болады. Өкінбейсіз. Алматы қаласынан онша қашық емес, 200 шақырымдай жерде. Халықаралық Алматы – Қалжат автокөлік жолы бірер сағатта жеткізеді.

Їлкен Бўєыты Бұл учаске Бұғыты тауының солтүстікшығыс бөлігін алып жатыр. Ол солтүстігінде Іле өзенімен, шығысында Шарын өзенімен, батысында Шелек өзенімен, оңтүстігінде Сөгеті алабымен шектеседі. Оның жер бедерін негізінен эрозиялық-тектоникалық тізбектерден тұратын монолитті тау сілемдері құрайды. Парк аумағына кіретін Үлкен Бұғыты тауының ең биік жері теңіз деңгейінен 1818 метр болады. Біраз жылдардан бері құрғақ əрі шөлейт болып келетін парктің осы бөлігіне шетелдік натуралистер ерекше назар аудара бастады. Себебі, онда шөл далаға бейімделген өсімдік түрлері молынан кездеседі. Олардың түрлерінің жалпы саны алпыстан асады. Бұлардың жартысына жуығы сирек кездесетін өсімдіктер қатарына жатады. Осы өсімдіктердің ішінде еліміздің Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауды қажет ететіндері де бар. Мысалы, қылқан жапырақты қазжуа, Краснов ырғайы, көпсабақты тұтасжапырақ, Бунге қоянжапырағы, тағы басқалар.

Шарын мемлекеттік ұлттық паркі өсімдіктер мен құстарға, жан-жануарларға өте бай. Мұнда өсімдіктердің 985 түрі, сүтқоректілердің – 32, құстардың – 130, бауырымен жорғалаушылардың – 18, қосмекенділердің 4 түрі өседі жəне тіршілік етеді. Паркте жалпы көлемі үш гектар болатын тұқымбақ бар. Онда негізінен сəндік ағашты-бұталы болып келетін өсімдіктер – емен, бозарша, терек, талжаңғақ, қарағай, аққайың, сиверс алмасы, жөке, көгілдір шырша сияқты өсімдіктердің көшеттері өсіріледі. Тұқымбақ аумақты көгалдандыру жəне орман-тоғайды көшеттермен қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінде елімізде туризм индустриясын дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Бұл жағынан Шарын ұлттық паркі де сырт қалып жатқан жоқ. Туристерді көптеп тарту мақсатында парктің инфрақұрылымы бұрынғыға қарағанда едəуір жақсара түсті. Жалпы қашықтығы 50 шақырымды құрайтын үш туристік бағыт ашылды, оларға жеткізетін автокөлік жолдары талапқа сай жөндеуден өткізілді. Бірінші бағыт бойынша туристер Шарын ерен тоғайына барып, ондағы бірнеше ғасырлық соғды ерені табиғат ескерткішімен таныса алады. Екінші бағыт – зираттар мен қорғандарға апарады. Онда туристер осы өлкенің ортағасырлық тарихына куə болады. Ал үшінші бағыт – жоғарыда тоқталып өткен Шарын шатқалы. – Туристердің парк аумағындағы тарихи жерлерді тамашалауларына, ойдағыдай дем алуларына қажетті жағдайлар жасалған, – деді Елнұр Ахметов. – Оларға 42 төсектік екі қонақ үй қызмет көрсетеді. Көліктер қойылатын автотұрақ бар. Жыл өткен сайын келушілер қатары көбейіп келеді. Туристер мен саяхатшылар арасында алыс-жақын шетелдерден арнайы келгендер де кездеседі. Біздің ең басты міндетіміз – өсімдіктер əлемі мен жануарлар дүниесін, сондай-ақ, қайталанбас табиғат ескерткіштерін қорғау. Парк ұжымы осы үдеден шығып келеді. Ұлттық паркте 46 адам еңбек етеді. Олардың 16-сы мемлекеттік инспекторлар. Барлығы қажетті байланыс құралдарымен, табельді қарулармен, көліктермен, тағы басқа да техника түрлерімен толық қамтамасыз етілген. Ерекше атап өтерлігі, парк құрылғалы бері мұнда тілсіз жау – өртке бірде-бір рет жол берілмеді. Бұл мемлекеттік инспекторлардың өз істеріне жауапкершілікпен қарайтынын, кез келген мəселеде қырағылық танытатынын көрсетеді. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы.

Ќылмыскерлер тиісті жазаларын алады Мəскеу қаласында журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор соттан айыпталушыларды 15 жыл мерзімнен өмір бойы түрмеде отырғызу жазасын сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Политковскаяны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін Гайтукаев пен Мəскеу қаласы ішкі істер басқармасының қызметкері Хаджикурбановты тиісінше бірін өмір бойы бас бостандығынан айыруды, ал екіншісін 22 жыл түрмеде отырғызу жазасына кесуді сұрады. Прокурор, сондай-ақ, өлтіруді ұйымдастырғандар жазаларын қатаң режімдегі колонияда өтеулері тиіс деп есептейді. Политковская 2006 жылдың 7 қазанында өз үйінің кіреберісінде киллер оғынан қаза тапқан еді.

Туристерді осылай тартса керек Тарихта алғаш рет аса мол көлемдегі туристік топ Қытайдан Лос-Анджелес қаласына келді. Құрамы алты мың адамнан тұратын топты осында жеткізу үшін 70 авиарейс қажет болған. Туристермен кездесу алдында бір сауда орталығында қызыл түсті төсеніш төселіпті. Туристер жүзге жуық шағын топтарға бөлінген жəне əр топтың өз бағдарламалары бар көрінеді. Бұл туристік топтың келуін «Перфект» деген сауда компаниясы ұйымдастырған. Əрі осы компания туристердің бар шығынын көтерген. АҚШ сауда департаментінің мəліметтері бойынша, өткен жылы АҚШ-та 1,8 миллионнан астам қытайлық болған екен. Олардың əрқайсысы орта есеппен 10 мың доллардай қаржы қалдырыпты.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  Бурятияда анасы ұлының қалтасынан тауып алған насыбайды жеуге қыстаған. Соның кесірінен ұлы ажал құшыпты.  АҚШ əкімшілігі кездейсоқ жағдайда Орталық барлау басқармасының Ауғанстандағы резидентура бастығының жеке басын жария етіп қойды. Оның аты-жөні Барак Обаманың Ауғанстанға сапары барысындағы іс-шараларға қатысатын 15 адамның тізіміне кіргізілген екен.  Сирия аумағында ұрланған химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым миссиясының қызметкерлері босатылды. Қазір олар өздерінің базасына оралды.  Ресейлік бизнесмен Антон Зингаревич «Рединг» футбол клубының бақылау пакеті акцияларын сатуға қою жөнінде шешім қабылдады. Ол, сондай-ақ, акцияларды небəрі бір фунтқа сатуға дайын екенін мəлімдеді.

Ќаржылыќ алаяќтыќты мойындады Францияның оппозициялық «Халық қозғалысы одағы үшін» партиясына 2012 жылғы президенттік сайлауда Николя Саркозидің сайлау кампаниясы кезінде қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні партияның штаб-пəтеріне тінту жүргізілген. «Кампанияның 11 миллион долларға жуық қаражаты басқа мақсатқа жұмсалды» деп мəлімдеді Жером Паврийе. Бұл адам сайлау науқаны кезінде Саркозидің сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары болған екен. Оның айтуынша, бұл мəселелерден Саркози мен партияның қазіргі басшысы Жан-Франсуа Коле хабарсыз болған. Сондықтан Ж.Лаврийе алаяқтыққа қатысты мəселені өз жауапкершілігіне алып отыр. Оларды адвокаты Патрик Мезонневтің сөзіне қарағанда, бұл «экономикалық бопсалау болып табылады».

Ќай жерде екендері аныќталды Нигерия қорғаныс штабының басшысы Алекс Бадех елдің қарулы күштеріне ұрланған оқушы қыздардың қай жерде екендігі белгілі болғанын мəлімдеді. Бірақ, оны атаудан бас тартты. Ел билігі тұтқындағы қыздарды құтқаруға қазірше кірісе алмай отыр. Себебі, құтқару операциясы барысында содырлар кепілге алынғандарды өлтіріп тастауы мүмкін. «Боко харам» террорлық ұйымы осы жылдың 14 сəуірінде Шибок қаласындағы мектепке шабуыл жасап, содырлар 276 қызды ұрлап кеткен еді. Терроршылар оларды құлдыққа сатамыз деп қорқытқан да болатын. Дерек көздеріне қарағанда, екі жақ кепілдегі 50 қызды «Боко харам» ұйымының қамаудағы 100 мүшесіне айырбастауға келіскен сияқты. Нигерия үкіметі бұл мəлімдемеден бас тартып отыр. Оның себебі белгісіз.

Ауыр салмаќтыныѕ бірі ќайтыс болды 2007 жылы əлемдегі салмағы ең ауыр деп танылған мексикалық Мануэль Урибе 48 жасында өмірден озды. «Ассошейтед пресс» агенттігінің ақпараты бойынша, ол Монтеррей қаласындағы ауруханада жүрек талмасынан қайтыс болған. Урибені ауруханаға көтергіш кранның көмегімен кіргізіпті. Оның артында зайыбы Клаудия қалды. Урибенің салмағы 2001 жылы 597 килоны тартқан екен. Диета ұстаудың арқасында ол 360 килоға дейін арықтапты. Қазіргі кезде əлемдегі салмағы ең ауыр адам Сауд Арабиясының тұрғыны Халид Мохсен Шаариден есептеледі. Оның салмағы 610 килоны құрайды. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


Жемќорлыќќа ќарсы жїйелі іс-ќимыл Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінің белең алуы қай мемлекеттің болмасын экономикалық дамуына айтарлықтай тұсау салатыны белгілі. Сыбайлас жемқорлықтың қаупін түпкілікті зерттеу барысында оның қоғамға келтірер залалы да орасан екені əбден анықталған. Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Ал қазіргі таңда қандай елде болмасын жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудің тетігі де жеткілікті. Біздің еліміз осыдан жиырма жыл бұрын өзінің тəуелсіздігін жариялады. Осы уақыт аралығында Қазақстанға нарықтық экономиканы жəне оң инвестициялық ахуал мен тұрақты əлеуметтіксаяси жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік туды. Осы кезең ішінде Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі еуропалық жəне азиялық бірқатар елдердің беделді органдарымен тығыз ынтымақтастық орнатуға қол жеткізді. Қазіргі күні Агенттік көптеген халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасайды. Мəселен, үстіміздегі жылдан бастап Қазақстан 2010

9

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

жылы БҰҰ аясында халықаралық ұйым болып құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық аралық академияның толық мүшесі атанды. Жалпы, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқ орлыққа қарсы күрес агенттігі Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жүйені үйлестіруші органы болып табылады. Бұл орайда кеше Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мəжілісі депутаттары қатысқан, Қаржы полициясы, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы, Əділет,

Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрліктерінің жəне басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бас қосқан халықаралық сарапшылар тобының бірінші тақырыптық кездесуі өтті. 2003 жылғы қыркүйекте Ыстамбұл қаласында (Түркия) Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін дегі Ыстамбұл іс-қимыл жос пары қабылданған болатын. Оның құрамына көптеген елдер кіреді. Міне, енді осы Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл ісқимыл жоспары шеңберінде Астанаға еліміздің заңнамалары мониторингінің үшінші раундын өткізу үшін сарапшылар тобы келді. Бұл Ыстамбұл ісқимыл жоспарының мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жетілдіру болып табылады. 2011 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Францияның Париж

қаласында Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының 10-мониторингтік кездесуі шеңберінде Қазақстан заңнамасы мониторингінің екінші раундының есебі қабылданған болатын. Есеп темеде Қазақстанның саяси еркі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына, соның ішінде елімізде соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге ықпал етіп, іске асырыл ған маңызды реформалар барысы жоғары бағаланған-ды. Сонымен қатар, Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы əрі қарай жетілдіруге арналған үш салада: сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жəне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 17 жаңа ұсыныс əзірлеу тапсырылды. Міне, осы орайда өтіп жатқан мониторингтің үшінші раундының мақсаты да мониторингтің екінші раундын өткізу барысында түрлі елдерге берілген ұсынымдардың орындалу жетістіктерін бағалау болып табылады.

Аталған мониторинг тобының құрамына ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия елдері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жүйе хатшылығының өкілдері, Нидерланд, Украина, Өзбекстан, Литва жəне Еуропа Даму банкінің өкілдері кіреді. Барлық кездесулер сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылған. Мемлекеттік органдардың өкілдері сарапшылардың əр ұсынымы бойынша қойылған сұрақтарына толық ақпаратты ұсына отырып, жауап беруде. Сөйтіп, осы кездесу нəтижесі бойынша сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсынымдар дайындау үшін мониторингтің үшінші раундының есеп жобасын əзірлейді. Ал бұл ұсыныстардың іске асырылуы біздің мемлекетіміздің имиджін жəне халықаралық алаңда елімізге деген инвестициялық қызығушылықты арттырып, сонымен қатар, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындата түседі деген үлкен сенім бар.

Судьялар намысты таразылады Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағы VII спартакиадасының іріктеу ойындары өз мəресіне жетті. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен іріктеу ойындарының жабылу салтанатында Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзаке аталған шараға белсене қатысқан командаларға алғысын айтып, жеңімпаздарды құттықтады. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Аймаќтыќ фестиваль аяќталды Таяуда Павлодар қаласында аймақтық театрлар фестивалі өтті. Фестиваль қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері, жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналды. Аймақ театрларының фестивалі ұлттық театр өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі, қазақ өнерінің қаймағы Жүсіпбек Аймауытовтың рухына бағышталды. Артында өшпес мұра қалдырған, еліне аянбай еңбек еткен, «Ақбілек», «Қартқожа», «Мансапқорлар», «Шернияз», «Рабиға», т.б. көптеген туындылар қалдырған ұлы тұлғаның есімі ұлықталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қа зақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасында халықты саламатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Мемлекет саясатының стратегиялық бағытының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту аясында судьялар арасында спорт жарыстарын өткізу дəстүрге айналған. Соған орай Қазақстан Республикасы Судьялар одағының спартакиадасы 2003 жылдан өткізіліп келеді. Игі шара денсаулықты жақсартумен қатар, судьялар арасындағы сый лас тықты қалыптастырады, олардың араласуын, достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Күші мен ептілігін, шыныққан шымыр екенін байқататын нағыз спорт мерекесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы соттарының құрама командалары спорттың волейбол, мини-футбол, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, шахмат, дойбы түрлері бойынша бақ сынасты. Үлкен бəйгеде озып, өңір намысын қолдан бермеген ең үздік

командалар мен спортшылар анықталды. Шағын футбол мен волейболдан Қостанай облысы сотының командасы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, үлкен теннистен Қос танай облысы ның ма мандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Ордабаев ешкімге дес бермеді. Үстел теннистен Жоғарғы сот судьясы О.Қожабаев, əйел дер арасын да Ақмола облысындағы Жақсы аудандық сотының судьясы З.Жоламанова, бильярдтан Жоғарғы Соттың судьясы Р.Мамырбаев, шахматтан ерлер арасында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Б.Кенженов, əйелдер арасында Қостанай қаласы №2 сотының судьясы А.Байжұманова, дойбыдан ерлер арасында Жоғарғы Соттың судьясы Б.Мақұлбеков, əйелдер арасында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотының судьясы А.Досымова үздік көрсеткішке қол жеткізді. Іріктеу ойындарының жеңім паз дары қыркүйек айында Алматыда өтетін финалдық ойындарда өз өңірлерінің намысын қорғайтын болады. ҚОСТАНАЙ.

ХАБАРЛАМА 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев к-сі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ тиесілі «832 Автожөндеу зауыты ҚИ» АҚ жай акцияларының 51 (елу бір) пайызын (бұдан əрі – Актив) сату бойынша тендердің өткізілетіндігі туралы жариялайды. Активтің ең төмен бағасы 123 619 410 (жүз жиырма үш миллион алты жүз он тоғыз мың төрт жүз он) теңгені құрайды. Тендерге қатысу үшін ықтимал сатып алушы (25 (жиырма бес) пайыздан астам акциялар пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды қосапағандағы заңды тұлға) Активтің ең төмен бағасының 3 (үш) пайызы мөлшеріндегі тендерге қатысушының кепілдік жарнасын төлеп, өзінің тендерлік ұсынысын кепілдік жарнаны төлеуді растайтын құжатпен (төлем Компанияның жеке шотына жүргізіледі: «БТА БАНК» АҚ, «АСТАНА» филиалы, Астана қ., БИК ABKZ KZ KX, ИИК KZ46319Y010000360106, СТН 620300226777, БСН 030440000693, КБЕ 17) бірге Астана қаласы, Қонаев к-сі, 10, 2706-бөлме мекенжайы бойынша 2014 жылғы 13 маусымға дейін беруі тиіс. Актив, кепілді жарнаны төлеу əдісі мен деректемелері, ықтимал сатып алушыларға қойылатын біліктілік талаптары, тендерлік ұсыныстар бар конверттерді ашу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерлік құжаттама көшірмесін қағаз немесе электронды тасығышта 2014 жылғы 13 маусымда сағат 17.00-ге дейін мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Қонаев к-сі, 10, 2706-бөлме. Тендерлік құжаттаманы алу үшін ықтимал сатып алушылар өкілдері тендерлік құжаттама көшірмесін алу бойынша тиісті түрде ресімделген өкілеттікті құжаттамалық растауды жəне жеке басты растайтын құжат көшірмесін беруі тиіс. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды тендер ұйымдастырушысы Р.Ə. Тоқтаровтан 8 (7172) 69 55 99, ішкі 1003 телефоны бойынша алуға болады.

ОБЪЯВЛЕНИЕ АО «НК «Казахстан Инжиниринг», расположенное по адресу: 010000, Республика Казахстан, г. Астана, ул. Кунаева, 10, объявляет о проведении тендера по продаже принадлежащих АО «НК «Казахстан Инжиниринг» 51 (пятидесяти одного) процента простых акций АО «832 Авторемонтный завод КИ», (далее – Актив). Минимальная цена Актива составляет 123 619 410 (сто двадцать три миллиона шестьсот девятнадцать тысяч четыреста десять) тенге. Для участия в тендере потенциальный покупатель (юридическое лицо, за исключением юридических лиц, в которых более 25 (двадцати пяти) процентов акций (долей участия) в уставном капитале принадлежит государству) должен оплатить гарантийный взнос участника тендера в размере 3 (три) процента от минимальной цены Актива и предоставить свое тендерное предложение с приложением документа, подтверждающего оплату гарантийного взноса (оплата производится на лицевой счет Компании: филиал «АСТАНА» АО «БТА БАНК», г. Астана БИК ABKZ KZ KX, ИИК KZ46319Y010000360106, РНН 620300226777, БИН 030440000693, КБЕ 17), в срок до 17.00 часов 13 июня 2014 года по адресу: г. Астана, ул. Кунаева, 10, кабинет 2706. Информация об Активе, способ и реквизиты оплаты гарантийного взноса, условия определения победителя тендера, квалификационные требования к потенциальным покупателям, место, дата и время вскрытия конвертов с тендерными предложениями указаны в тендерной документации. Копию тендерной документации можно получить на бумажном или электронном носителе до 17.00 часов 13 июня 2014 года по адресу: г. Астана, ул. Кунаева, 10, этаж 27, кабинет 2706. Для получения копии тендерной документации нарочно представители потенциальных покупателей обязаны предоставить документальное подтверждение полномочий, оформленное надлежащим образом, на получение копии тендерной документации и копию документа, удостоверяющего личность. Дополнительную информацию и справки можно получить у организатора тендера Токтарова Р.А. по телефону: 8 (7172) 69 55 99, вн. 1003.

ЧУ «Карагандинский университет «Болашак» объявляет конкурс на замещение должностей

«АЛАТАУ» сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру полистерінің (сақтандыру түрлерінің) жоғалуына байланысты хабарлайды. КОМЕК сақтандыру шарты БСО №№ 0144140, 0144141, 0144142, 0149441, 0149764, 0149772. НС-тен сақтандыру БСО №№ 0012274, 0012277. КАСКО сақтандыру шарты БСО № 0000763 жарамсыз деп танылсын.

Ертістің бойын жайлаған Павлодар қаласындағы аймақтық фестивальді Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры ұйымдастырды. Театр директоры, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязовтың басшылығымен өткен фестивальге аймақтық театрлар атсалысты. Семей қаласынан Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры Ш.Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары», Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры ЖанБатис Мольердің «Лекарь поневоле», Семейдің «Дариға-ай» жастар театры А.Айтыбаевтың «Ызғарлы желтоқсан», Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Ұ.Есдəулетовтің «Қара пима», Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Ə.Таразидің «Үкілі жұлдыз», С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театры М.Кəрімнің «Ай тұтылған түн», Бикен Римова атындағы Алматы облысы əкімінің Талдықорған драма театры Иран Ғайыптың «Негізгі шаруа», А.Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры А.Гончаровтың «Без слез, без жизни, без любви» драмаларын ұсынды. Аймақтық театрлар фестивалінің қазылар алқасы құрамында КСРО халық əртісі А.Əшімов, белгілі сыншы, профессор Ə.Сы ғаев, ҚР-ның

мəдениет қайраткері М.Байжұманов, ҚР-ның еңбек сіңірген əртісі Р.Тəжібаева, ҚР-ның мəдениет қайраткері А.Қанафина сынды танымал тұлғалар болды. Бас жүлдені Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры иеленді. Басқа театрлар да өзіндік нақыштарымен ерекшеленді. Аймақ тық театрлар фестивалінен құралақан қайтқан ешкім жоқ. Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры «Əдебиетті насихаттағаны үшін» аталымы бойынша марапатталды. Халық əртісі Б.Имахановтың театрдағы көп жылдық еңбегі ерекше аталып өтті. Ф.М.Достоевский атын дағы орыс драма театрының əрті сі А.Сухов «Үздік ер бейнесін сомдағаны үшін» жүлдесімен марапатталды. Семей қаласынан шығармашылық ұжымды бастап бар ған, Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрының директоры Б.Түлеков пен Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрының директоры Я.Горельников өнер ұжымдарының аламан бəйгеге қатысуына ерекше еңбек сіңіргенін атай кеткен жөн.

Профессоров кафедр: Уголовного права и процесса – 6 ед. Политологии и ООД – 4 ед. Иностранных языков и переводческого дела – 3 ед. Педагогики и психологии – 4 ед. Казахского языка и литературы – 2 ед. Фармацевтических дисциплин – 1 ед. Экономики и менеджмента – 4 ед. Информационных систем – 1 ед. Доцентов кафедр: Уголовного права и процесса – 7 ед. Гражданского права и процесса – 8 ед. Политологии и ООД – 9 ед. Иностранных языков и переводческого дела – 6 ед. Педагогики и психологии – 14 ед. Казахского языка и литературы – 8 ед.

Мерей ҚАРТОВ, Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры əдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Фармацевтических дисциплин – 6 ед. Экономики и менеджмента – 11 ед. Финансы – 8 ед. Информационных систем – 11 ед. Старших преподавателей кафедр: Уголовного права и процесса – 6 ед. Гражданского права и процесса – 5 ед. Политологии и ООД – 7 ед. Иностранных языков и переводческого дела – 12 ед. Педагогики и психологии – 15 ед. Казахского языка и литературы – 3 ед. Фармацевтических дисциплин – 6 ед. Экономики и менеджмента – 10 ед. Финансы – 6 ед. Информационных систем – 10 ед. Преподавателей кафедр:

Иностранных языков и переводческого дела – 4 ед. Срок подачи заявлений – месяц со дня опубликования в газете. Лица, желающие участвовать в конкурсе с последующим заключением трудового договора, подают заявление на имя руководителя высшего учебного заведения с приложением следующих документов: личный листок по учету кадров; автобиография; нотариально заверенные копии дипломов о высшем образовании, академической и ученой степени, документ об ученом звании; копии сертификатов о переподготовке и повышении квалификации; список научных работ и изобретений; медицинская справка формы № 086. За справками обращаться в кадровое управление, тел: 8 (7212) 42-04-25 (010).

АО «Страховая компания «АЛАТАУ» извещает, что в связи с утерей, страховые полисы (вид страхования). БСО договор страхования КОМЕК №№ 0144140, 0144141, 0144142, 0149441, 0149764, 0149772. БСО страхования от НС №№ 0012274, 0012277. БСО договор КАСКО № 0000763 являются недействительными.

Құрметті абоненттер! 2014 жылдың 6 маусымынан бастап ALTEL 4G:GSM, Pathword, Dalacom абоненттері үшін халықаралық бағыттарға қоңыраулар мен SMS тарифтеу құнының өзгертілетінін хабарлаймыз. Енді, сіз Қытайға, Ресейге, Қырғызстанға, Германияға, АҚШ-қа, Тәжікстанға және Өзбекстанға БАР БОЛҒАНЫ минутына 10 теңгеге қоңырау шала аласыз. Компанияның жаңа тарифтері туралы толығырақ www.altel.kz сайтынан немесе +7 (727)2 584 777 телефоны бойынша білуіңізге болады. Сіздің АЛТЕЛ. «Құрылыс» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120001, Қаратоғай көшесі, 1) Директорлар кеңесі (бұдан əрі – Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 51-бабына сəйкес 2014 жылы 24 мамырда болған акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары туралы хабарлайды. Қоғамның дауыс беруші акцияларының 3. Үшінші мəселе бойынша: жалпы саны – 118432. 2013 жылға дивидендтер төлеу туралы. Дауыс беруге қатысушы дауыс беруші Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» акциялардың жалпы саны – 113203. – 113203 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, Бекітілген күн тəртібіндегі мəселелер «қалыс қалған» – дауыс жоқ. бойынша: 4. Төртінші мəселе бойынша: 1. Бірінші мəселе бойынша: 2014 жылға қоғамның аудитін жүҚоғамның 2013 жылғы жылдық зеге асыратын аудиторлық ұйымды қаржылық есептемесін бекіту. белгілеу. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» – 113203 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, – 113203 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, «қалыс қалған» – дауыс жоқ. «қалыс қалған» – дауыс жоқ. 2. Екінші мəселе бойынша: 5. Бесінші мəселе бойынша: 2013 жылдың Аудиторлық есептілігін Директорлар кеңесінің шешімдерін бекіту. бекіту. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» – 113203 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, – 113203 дауыс, «қарсы» – дауыс жоқ, «қалыс қалған» – дауыс жоқ. «қалыс қалған» – дауыс жоқ.

«Құрылыс» АҚ мекенжайы: Қызылорда қ., Қаратоғай көшесі, № 1, деректемелері: ТСН 331000000979, БСН 990640004048, е/ш KZ456010201000022267, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БИК HSBKKZKX. «Құрылыс» АҚ акционерлерінің назарына 2013 жыл үшін артықшылықты жəне жай акцияларға дивидендтер төленеді. Артықшылықты жəне жай акцияларға дивидендтер 2014 жылғы 3 маусымнан бастап төленетінін хабарлайды. Бір артықшылықты акцияға 20 теңге мөлшерінде дивиденд төленеді. Бір жай акцияға 20 теңге мөлшерінде дивиденд төленеді. Дивидендтер «Құрылыс» АҚ-ның есеп-қисап бөлімінде ҚР ұлттық валютасы – теңгемен төленеді. Акционерлердің алмаған дивидендтері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да қоғамның дивидендтері бойынша қарыздарды аударуға арнайы ашылған депозиттік шотына аударылады.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Садықбек ХАНГЕЛДИН Қазақ əдебиеті тағы бір қарымды қаламгерінен айырылды. 78 жасқа қараған шағында ақын Садықбек Хангелдин дүниеден озды. Ол 1937 жылы 12 сəуірде Қызылорда қаласының іргесіндегі Тереңсай ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Қызылорда педагогикалық институтын, ал 1969 жылы Алматы жоғары партия мектебін тəмамдады. Еңбек жолын 1955 жылы Қызылорда локомотив депосында қатардағы жұмысшы ретінде бастаған ол 1959 жылдан Қызылорда облыстық радиосының дикторы қызметін атқарды. 1962 жылдан Қызылорда облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, идеология жөніндегі хатшысы, Қызылорда қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің насихат жəне мəдени-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі болды. 1974 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімінің нұсқаушысы, кейін осы бөлімнің кадр даярлау секторының меңгерушісі лауазымдарын атқарды. 1979 жылдан Қазақ КСР Халықтық бақылау комитетінің ғылым-білім жəне мəдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1991 жылдан Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті кадр басқармасының бастығы, Алматы облыстық жəне қалалық радиосының бас редакторы, 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті кадр басқармасының бастығы қызметтерін жемісті атқарды. 1997 жылы зейнет демалысына шықты. Ежелден жыр өлкесі атанған қасиетті Сыр топырағының перзенті С.Хангелдин сан-салалы, жауапты қызметтер атқара жүріп, шығармашылықпен де белсенді айналысты. Ол «Пернелер», «Шапақты шақ», «Уақыт сазы», «Күтемін сені», «Сенім», «Ағынды арна», «Аңсаған əнім», «Сұлу Сырдың сырғасы» сынды жыр жинақтарының жəне «Жанартау жүрек» атты таңдамалы кітаптың авторы еді. Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Аяулы азамат, айтулы ақын Садықбек Хангелдиннің есімі əрдайым ел жадында сақталады. Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы.

 Еске алу Сыр еліндегі Қазалы ауданының тумасы, бауырымыз Айсұлтан Нұрсұлтанұлы ДƏРМЕНҚҰЛОВТЫҢ 40 жасында оқыс жағдайда өмірден өткеніне де 1 жыл болып қалыпты. Ол өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Қызылорда педагогикалық училищесін бітірісімен Қазалы ауданының №134 орта мектебінде мұғалім болып істеп келді. Өз ортасына беделді, еліне сыйлы қадірменді жан еді. Көңілі көктем, жүрегі жаз жанның рухы жоғары. Өйткені, артында зайыбы Бейбіткүл, төрт ұл-қызы, туған бауырлары қалды. Оның жарқын бейнесі туған-туыстарының, дос-жолдастарының жадында əрдайым сақталады. Бұл дүниенің биігінен көрінген, Абзал адам өтсе-дағы өмірден. Туыс-бауыр дұға тілеп рухына, Еске алады сағынышты көңілмен. Айсұлтанның рухына арнап Əйтеке би кенті, Жанқожа мешітінде 2014 жылғы 7 маусым күні сағат 12.00-де ас беріледі. Анасы, бауырлары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының ұжымы кафедраның аға оқытушысы Шынар Байронқызы Салықжановаға əкесі Байрон АЙТЖАНҰЛЫНЫҢ дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы мен ұжымы Қостанай өндірістік филиалының директоры Сағидолла Ашуұлы Мақашевке ƏКЕСІНІҢ дүние салуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

28 мамыр 2014 жыл

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Айбын

Кґшбасшы компаниялар келген кґрме 25 мамырда Астанада «KADEX-2014» үшінші халықаралық қару-жарақ жəне əскери-техникалық мүлік көрмесі аяқталды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұл іс-шараға əлемнің 28 мемлекетінен 208 шетелдік компания, 54 ресми делегация қатысты. Сонымен қатар, 92 қазақстандық кəсіпорын əскери мақсаттағы өнімдерін ұсынды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Көрменің алты павильоны мен ашық алаңдарында бес тақырыптық бағыт бойынша қару-жарақ пен техниканың 300ден астам үлгісі қойылды. Көрме құрлық əскерлері мен əскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен техникасы, авиация жəне авиациялық қару-жарақ, əуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдары, арнайы мақсаттағы құралдар

мен мүліктер, ІТ-технология, байланыс жүйелері мен құралдары, əскерлерді тылдық жəне техникалық қамтамасыз ету секцияларынан тұрды. Биылғы «KADEX» көрмесіне алғаш рет əлемдік «Боинг», «Сикорски», «Дженерал Атомикс» сияқты көшбасшы компаниялар келді. Көрме күндері құрлық əскерлері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің, авиациялық техниканың көрсетілімдері ұсынылып, ату қарулары мен оқ-дəрілердің сынағы өткізілді.

 Бəрекелді!

Азия додасы тасжолда жалєасады

Молдова, Ресей, Тəжікстан, Түрікменстан секілді ТМД-ға мүше 11 мемлекеттің үкімет жетекшілері анықтады.Тəуелсіз Мемлекеттер Достас тығы елдерінің қызмет көрсету жəне өнім сапасы жөніндегі сыйлығы байқауы екі жылда бір рет конкурстық негізде өткізіледі. Оның ішінен бірнеше мəрте сараптаудан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. ТМД елдері экономикалық кеңесінің сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің кəсіпорындары өндіретін өнімдер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын жəне жаңа экономикалық жағынан тиімді инновациялық жобаларды бағалау үшін ұйымдастырылып келеді.

Дін ќайраткерініѕ тəлімі

Алматы қаласында «Ислам əлемінің қасиетті орындары» (орыс тілінде – «Святыни Исламского Мира») кітабының тұсаукесері болды. Кітап авторы белгілі дінтанушы, қаламынан бірнеше ғылыми еңбектер туындаған Аманкелді Əбдіхалық.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Осы кїндері елімізде велоспорттан Азия чемпионаты ґтуде Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Еркін БАЙҒАБЫЛҰЛЫ.

 Жаңа кітап

Ол – 2007 жылдан бері «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті. 2011 жылы халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, имандылық саласында жүргізген еңбегі үшін халықаралық «Ата Түрік» алтын медалімен марапатталған. Бұл тұсаукесерге еліміздің Діни басқарма өкілдері, танымал спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибрагимов, əншілер Ақжол Мейірбеков, Роза Əл-Қожа, Жəкен Омаров, қажылар мен əр облыстардан келген қонақтар қатысты. Бұл кітапта Сауд Арабиясы мен Палестина аймағындағы киелі орындар кеңінен сипатталған. Мекке, Мəдина жəне Иерусалим қалаларының бай тарихы, олардың Ислам дүниесіндегі əртүрлі тарихи кезеңдерде болған өзгерістері жөнінде баяндалады. Сонымен қатар, бұл кітапта автордың еңбек жолында өзі көріп куə болған өнегелер мен қажылардың естелік мақалалары берілген. Аталмыш еңбек дін мамандары мен имамдарға жəне көпшілік қауымға арналған. Қайсар СЕРДƏЛИН.

АЛМАТЫ. Суретте: қазақша, орысша кітап мұқабасының суреті.

 Қарсаңда Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан төралқада қасиетті Рамазан айының бірінші күні 28 маусымға белгіленіп, оған дайындық жұмыстары пысықталды. Бас мүфти сауабы еселеніп берілетін қасиетті айда қайырымдылық акцияларын көбірек ұйымдастыруды өкіл имамдардың қаперіне салды.

ЌМДБ: Рамазан айы 28 маусымнан басталады Еліміздегі мешіттер мен медреселерде Рамазан айы жоғары деңгейде өткізілмек. Қоғамдық көліктерге, қоғамдық орындарға, сауда үйлеріне баннер мен билбордтар ілінбек. Сонымен қатар, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар ұйымдастыру жоспарланды. Қалалық автобустарда қасиетті айдың құрметіне тегін жүру акцияларын жүзеге асыру көзделуде. «Ынтымағы ыдырап, бірлігінен береке кеткен елдің болашағы да бұлыңғыр болмақ. Қаншама жұрттың жер бетінен жоғалып, тегі мен тұтастығынан айырылуының негізгі себебі – бауырмалдықтың болмауы. Құдайға шүкір, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бір шаңырақ астында тату өмір сүруі – Алланың берген сыйы мен нығметі. Сондықтан біз осынау игіліктерді уағыздарымызда көбірек айтуымыз керек. Рамазан – мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыратын, өзара бауырмашылдығын нығайтатын қасиетті ай. Мүбəрак айды жоғары деңгейде өткізуге бəріміз атсалысуымыз қажет», – деді Ержан қажы Малғажыұлы, деп хабарлады www.muftyat.kz.

Кеше Астанада 34-ші құрлықтық чемпионат мəресіне жетті. Бұл жарыс «Сарыарқа» велотрегінде» трек бойынша 22-26 мамыр күндері өтті. Ал жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты кеше Қарағанды қаласында басталды. Онда командалар тасжолда сынға түседі. Осы екі жарысқа 30 елден 500-ден астам спортшылар қатысуда. Кеше тасжолда, яғни шоссе бойынша басталған бəйге осымен 21-ші рет өткізіліп жатыр. Ол Астанада өткен құрлықтық чемпионат секілді елімізде алғаш рет өтуде. Астанада тректен өткен Азия додасында еліміз 4 алтын, 3 күміс жəне 1 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте бесінші орынды місе тұтты. Біздің спортшылар жарыстың соңғы күні екі алтын мен екі күміс жүлдені жеңіп алды. Қазақстан құрамасында Екатерина Юрайтис пен Роман Василенков

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

пен Надежда Женелева жекелей сында топ жарды. Осы сайыста Екатерина Юрайтис Азияның жаңа рекордын жаңартты. Сонымен бірге ол Надежда Жанелева, Фаина Потапова жəне Светлана Рябова қуалау (4000м) бойынша командалық жарыста алтын жүлдені иеленді. Ал жалпыкомандалық есепте бас жүлдеге қытайлық трекшілер ие болды. Одан кейін Оңтүстік Корея, Қытайдың Сянгань құрамасы екінші жəне үшінші орынды иеленді. Тағы бір айтатын нəрсе, Астанадағы жасөспірімдер жəне ересек спортшылар арасында өткен жарыстың алғашқы күнінде екі құрлықтық рекорд жасалды. Рекордтың екеуі де жасөспірімдер арасындағы гит сайысында жаңартылды. Алдымен Азияның үздігі оңтүстіккореялық Джунг Джихи 1 шақырымды 1:04.517 секундта жүріп, чемпион атанса, одан кейін малайзиялық велошабандоз Мохд Зонис Мухаммад Фирдаус жаңа рекорд жасады. Ол 1 шақырымды 1:03.962 секундта өтті.

Жалаулы жарыстар ТЕННИС. Қазақстан теннисшілері «Ролан Гаррос» турнирінің жарысы саналатын Франция ашық біріншілігіне қатысуда. Жарыстың алғашқы күні Ярослава Шведова бірінші айналымда америкалық Лауран Дависті 3:6, 7:5, 6:4 есебімен ұтты. Енді ол франциялық, əлемнің 213 ракеткасы Паулин Парментиермен кездеседі. Шведова жұптық жəне микст сынына да қатысады. Ерлер арасында Михаил Кукушкин бірінші айналымда Франция теннисшісі Николас Маюды 6:3. 6:7. 6:3. 6:4 есебімен жеңді. Оның келесі қарсыласы – əлемнің оныншы ракеткасы америкалық Джон Ишнер. Сол сияқты Александр Недовесов үндістандық Сомдев Девварманнан 5:7. 6:3. 7:6, 6:3есебімен басым түсті. Енді ол əлемнің алтыншы ракеткасы Томас Бердыхпен (Чехия) кездеседі. Андрей Голубев əлі ойнаған жоқ. Ол бірінші айналымда Энди Марреймен күш сынасады. КƏСІПҚОЙ БОКС. Жақында қазақ боксшысы Қанат Ислам өзінің кəсіпқой бокстағы он жетінші кездесуін өткізіп, жеңіске жетті. Ол Колумбияда жергілікті боксшы Франсиско Кордероны ұтты. Кездесудің екінші раундында Қанат қарсыласын нокаутқа жіберді.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

барлығы 45 мыңнан астам адам келді. Алыс-жақын шетелдерден келген жоғары кəсіби əскери оркестрлер ұсынған дефиле «KADEX-2014 көрмесіне қатысушылар мен қонақтардың айрықша назарын аударды. «KADEX-2014» көрмесіне ақпараттық қолдау көрсету үшін қырықтан астам қазақстандық жəне шетелдік БАҚ-тың 200-ге жуық журналисі қатысты. Көрменің маңызды қорытындысы ретінде сатып алатын өнімдердің спектрін анықтау мен Қазақстанның қорғаныс-өнеркəсібі кешені кəсіпорындарын дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауды, қару-жарақ пен əскери-техникалық мүлік өндіретін жетекші шетелдік кəсіпорындармен əскеритехникалық ынтымақтастықты жетілдіруді айтуға болады.

 Спорт

Оза шауып бəйге алды Белоруссия астанасы Минск қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ТМД сыйлығымен марапатталды. Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету жəне өнім сапасы жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жария етті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша ғылыми табыстары үшін Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының иегері атанды. Кеше Минскіде ТМД Атқарушы комитетінің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа арнайы диплом мен сыйлықты табыс етті. Жеңімпаздарды Əзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан,

Іскерлік бағдарламалар шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшыларының қорғаныс-өнеркəсібі кешендеріне жетекшілік ететін орынбасарларының кеңесі, сондай-ақ, Əскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жанындағы іскерлік жəне үйлестіру кеңестерінің жарнамалық-көрмелік қызметі бойынша отырысы өткізілді. Көрме қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2,6 миллиард долларға жуық келісімшарттарға, меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. «KADEX-2014» көрмесіне күн сайын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен, құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдарынан 10 мыңға жуық маман тартылды. Көрмені тамашалауға

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Бұл Қанаттың кəсіпқой бокстағы 17 жекпежегіндегі 17-жеңісі. Ол бұған дейін өткізген айқастарының бəрінде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген. Ал Қанатпен кездескен Кордероның бұл үшінші жеңілісі. Қазір Қанат WBA тұжырымы бойынша орта салмақта (69,85 кг) рейтингінде 12 орында тұр. Оның салмағында əлемнің супер чемпионы америкалық Флойд Мэйуэзер көш бастап келеді. Қанаттың рингтегі лақап аты – «Қазақ». Осы күндері ол АҚШ-тың Майами қаласында жаттығады. БОКС. Алматыда тұңғыш рет əскери қызметкерлер арасында 55-ші əлем чемпионаты өтеді. Жарыс Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы», еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовті еске алуға арналады. Оған əлемнің 25 елінің, атап айтқанда Колумбия, Франция, Бразилия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Ресей, Голландия, БАƏ, Кувейт, Тунис, Грузия, Ирак, Нигерия жəне басқа да елдерінің боксшылары қатысады. Биылғы чемпионат 26 мамыр мен 4 маусым аралығында «Достық» спорт кешенінде өтеді.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №319 ek

Profile for Egemen

28052014  

2805201428052014

28052014  

2805201428052014

Profile for daulet
Advertisement