Page 5

Ќазаќстанныѕ тəжірибесімен танысты

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 2012 жылғы 9 тамызда қол қойылған екі елдің Орталық сайлау комиссиялары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Қырғыз Республикасының Сайлау жəне референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Туйгунаалы Абдраимовпен кездесті. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуге, сондай-ақ, Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Эсенгұл Өмірəлиев те қатысты. Сапардың мақсаты сайлау комиссияларын құру жəне жергілікті атқарушы билік органдарының басшыларын сайлау бойынша Қазақстан тəжірибесімен танысу болды. «Тəуелсіз Қырғызстан мен Қазақстан арасында көп бағыттар бойынша тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін тату көршілік, достық қарым-қатынас қалыптасқан. Сайлау жүйесін дамыту жəне жетілдіру саласындағы тəжірибе алмасу осы бағыттардың бірі болып табылады», – деп атап өтті Қуандық Тұрғанқұлов кездесуде. Сонымен қатар, ол өзі нің əріптесін Қазақстан Респуб ликасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан

халқына Жолдауының негізгі қағидалары туралы, Қазақстанда өткен жылғы жазда өткен ауыл əкімдерін сайлау жөнінде, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аумақтық, округтік жəне учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру жөніндегі қызметі туралы, сондай-ақ, Комиссияның ағымдағы жылғы жоспарлары туралы ақпараттандырды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттері туралы, сондай-ақ, Президент бастама еткен инновациялар жайлы Ортсайлауком мүшесі Лəззат Сүлеймен толығырақ айтып берді. Ал жергілікті атқарушы органдардың басшыларын сайлауды ұйымдастыру жəне өткізу бойынша Қырғызстан мен Қазақстан тəжірибесін талқылау шеңберінде Ортсайлауком хатшысы Бақыт Мелдешов Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округ тері, ауылдық округтің

құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерін сайлау ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып өтті. Ортсайлауком мүшесі Татья на Охлопкова аумақтық, округтік жəне учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын құру бойынша жүргізіліп жатқан ағымдағы істер жайлы хабардар етті. Қырғыз Республикасы Сайлау жəне референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасы өз кезегінде Қырғызстандағы мэрлер мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының басшыларын сайлауды өткізу тəжірибесімен бөлісті. Ол 2014 жылғы 15 қаңтарда өткен елдегі екі ірі қала – Бішкек пен Оштың мэр лерін сайлау, сондай-ақ, Қырғызстанның сайлау органдарын құру ерекшеліктері жөнінде айтып берді. Тараптар кездесуде екіжақты байланыстардың бұдан əрі кеңейіп, нығаятынына сенімді екендіктерін білдірді. «Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да осындай жемісті жəне сындарлы сипатта жалғасатынына сенім білдіремін. Өңірлер бойынша сапар барысында біздің еліміздің сайлау органдарының нақты жұмысымен алдағы танысу сізге ол туралы неғұрлым толық жəне шынайы пікір қалыптастырып, Қазақстан мен Қырғызстан сайлау комиссияларының арасында тəжірибе алмасу үдерісінің тағы да бір кезеңі болатынына сенімдімін», – деді Қ. Тұрғанқұлов кездесу соңында.

Тринидад жəне Тобагомен байланыс орнайды Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Тринидад жəне Тобаго Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Əбдірахманов пен Родней Чарльз екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.

Қол қою рəсімі кезінде екіжақты деңгейдегі жəне бүкілəлемдік ұйым аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары бойынша пікір алысылды. Қазақстан мен Тринидад жəне Тобагоның даму кезеңдерінің ұқсастығы, атап айтқанда, тəуелсіздікке қол жеткізулері, демократиялық дамуы, өңірлік интеграциялық үдерістерге қатысуы, қоғамның толеранттылығы атап өтілді. Тараптар мемлекеттер арасындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңызына

ден қойды. Əсіресе, энергетика, сауда-саттық, өңірлік рыноктарға қолжетімділік, туризм мен білім беру салаларындағы байланыстар ауқымын кеңейтудің қажет екендігі атап көрсетілді. Кездесу кезінде екі мемлекет үшін де қызығушылық танытылатын БҰҰ-ның күн тəртібіндегі маңызды мəселелер де талқыланды. Олардың арасында теңізге шығатын жолдары жоқ елдер мен шағын арал мемлекеттердің проблемаларын шешу, орнықты даму мақсаттарын белгілеу, қоршаған ортаны қорғау, т.б. мəселелер бар.

АСЕАН-да да елшіміз болады Жакарта қаласында (Индонезия) Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі А.Оразбай Оңтүстік-шығыс Азия елдері қоғамдастығының (АСЕАН) Бас хатшысы Ле Люонг Миньмен кездесті. А.Оразбай Бас хатшыға Қазақстанның Индонезиядағы елшісін Қазақстанның АСЕАН жанындағы елшісі ретінде тағайындау туралы еліміз Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың хатын тапсырды. Кездесу барысында елші

АСЕАН-мен ынтымақтастықты, əсі ресе, ұйымның Қауіпсіздік жө ніндегі аумақтық форумы шеңберінде нығайтуға Қазақстанның қызығушылық танытатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан елшісі АСЕАН мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы

Аќтґбеліктер кїре жол ќўрылысын аяќтады (Соңы. Басы 1-бетте). Оның айтуынша, өткен жылдың аяғына қарай ұзындығы 102 километр «Ақтөбе – Мəртөк – Ресей шекарасы» телімінде қатты жамылғы төсеу жұмыстары аяқталған. Осы жолдың 23 шақы рымы жарықтандырылған. Қазірдің өзінде түнгі кезеңде қа ладан шыққан, қалаға кіретін автокөліктер осыншама қашықтықта самаладай жарқыраған электр шамдарының жарығының астында жүреді. Жол салуда Түркияның «Джингиз Иншат» компаниясы жəне қосалқы мердігер «Иврус» компаниясы қарқынды жұмыс істеді. Осы жолдың бойында 46 су құбыры салынды, соның ішінде 14 көпір бар. Мəртөкке кіреберістегі Елек өзенінен өтетін үлкен жаңа көпір құрылысы да пайдалануға берілді. Қазір жол белгілері, аялдамалар, демалыс орындары жəне басқа инфрақұрылымдар салу толықтай аяқталды. Сөйтіп, ақтөбелік жолшылар өңірлер арасында бірінші болып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің өздеріне тиесілі телімін толықтай пайдалануға беріп, ширақтық танытты. Сонымен бірге, қаланың солтүстік айналма жолы құрылысы да іске қосылды. Бұл арада осы айналма жол бойындағы

5

www.egemen.kz

28 қаңтар 2014 жыл

жерлердің иелерінің шаруа қожалық тарының жетекшілерінің мемлекеттік маңызды іске түсіністікпен қарағанын атап өткен жөн. Соның нəтижесінде ғана осы жерлерге төленетін өтемақыдан мемлекеттің 75 миллион теңге қаржысын үнемдеуге қол жеткізілді. Мұнда облыс əкімі Архимед Мұхамбетовтің жер иелерімен ортақ тіл табысуының да қайтарымды болғанын айтқан жөн. – Айналма жол салуға 6 миллиард теңге қаржы игерілді. 40 шақырымға белгіленген қалыңдықта қатты жамылғы төсел ді. Солтүстік айналма жолдағы төрт көпір, үш өткел құрылысы да аяқталды. Көпірлерді жарықтандыру, сырлау, белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді. Айналма жолды салған «КДС «Қазавтодор» компаниясы жұмыс қарқынын бəсеңдетпей өзіне бекітілген жұмысты уақытында бітірді. Бұл айналма жол қаланы көктей өтетін көліктерге де ыңғайлы жəне қаладағы көлік кептелістерін жеңілдетуге де ықпал етеді, – дейді Бағлан Баймағамбетов. Жалпы, «Ақтөбе – Мəртөк – Ресей шекарасы» жол телімінде жəне қаланың солтүстік айналма жолы құрылысында 1400ге жуық адам жұмыс істеді. Оның 50-і ғана шетелдің мамандары болды. Күрежолды салу

Тринидад жəне Тобаго – Кариб теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан арал мемлекет. 1,3 миллион халқы бар. Саяси жүйесі пар ла менттік демократияның британдық үлгісіне негізделген парламенттік республика болып табылады. Экономиканың негізгі секторлары – мұнай мен газ өндіру жəне өңдеу. Сондай-ақ, Тринидад жəне Тобаго – əлемде асфальттің аса ірі табиғи резервуары бар ел. Бұл ел БҰҰ-ға 1962 жылдың 18 қыркүйегінде енген. Америка Мемлекеттері Ұйымына, Кариб қоғамдастығына, Дүниежүзілік сауда ұйымына, Латын Америкасы экономикалық жүйесіне мүше болып табылады. «Егемен-ақпарат».

ын тымақтастықты дамытуға шақырды. Ле Люонг Минь өз кезегінде АСЕАН-ға мүше мемлекеттер Қазақстанды соңғы жылдары əлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге жеткен, зор экономикалық əлеуеті бар ел ретінде танитынын атап өтті. Ол болашақта табысты өзара ісəрекет етуге, сондай-ақ, Жолдауда қойылған үлкен мақсаттарға жету Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімін білдірді. «Егемен-ақпарат». жұмыстарына 400-ге жуық техника жұмылдырылды. Салынған жолдың, көпірлер мен өткелдердің сапасы жоғары. – Біздің облыста «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокеруеніне қатысушылар болып, жаңадан салынған жол былай тұрсын, осыдан он жыл бұрын салынған жолдардың сапасын жоғары бағалап кетті. Ал, жаңадан салын ған жол да халықаралық стан дарттарға толық жауап береді. Тек шөл жəне шөлейт аймақта орналасқандықтан, кейбір тұрмыстық игіліктер кенже қалып отырғаны шындық. Осы автокеруен құрамында болған ТМД жолшылары үкіметаралық кеңесі хатшылығының жетекшісі, техника ғылымдарының докторы Бури Каримов Бресттен бері қарайғы сапарында мұндай сапалы жолды кездестірмегенін айтқанда кеудемізді мақтаныш кернеді. Мұны біздің еңбегімізге берілген əділ баға ретінде қабылдағанымыз рас, – дейді ол. Ақтөбелік жолшылардың қарқынды жұмысы ғасыр жобасын белгіленген мерзімде пайдалануға беруге берік негіз қалады. Қазір осы күрежолдың үстімен өтетін автомобиль жүргізушілері де, жолаушылар да дəн риза. Ендігі мəселе осы көлік дəлізі бойында сервистік қызмет нысандарын салу, туристік инфрақұрылымды дамыту болып отыр. Облыста оның да ізі ашылып, бұл бағыттағы жұмыс бас талып кетті. Бұл жол бізді өркениетке бір қадам жақындата түсетініне сенім мол. Ақтөбе облысы.

Маѕєыстау межесі биік Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына үн қосу, онда айтылған міндеттер мен бағыттарды зерделеу, соған орай өңірлерде жасалатын жұмыстарды бағамдап, пысықтап алу үшін түрлі жиындар өтуде. Маңғыстау облысы əкімдігінде өткен актив жиналысының өзегі мен өрбітері де Жолдау болды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

– Жолдаудың басымдықтары Елбасының тұрақты дамушы мемлекет құруға деген саяси бағытының бірізділігін көрсетті. Жолдау – жоспарлау саясаты, ұзақмерзімді даму мен экономикалық өсуді мақсат еткен «Мəңгілік Еліміздің» тағы бір стратегиялық жоспары. Онда ұзақмерзімді бағыт-бағдарлар, ел дамуының алдағы қысқа мерзімді кезеңге арналған басым бағыттары айқындалған. Бұл жоспар біздің дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы істерімізге жаңа серпін берері сөзсіз, – деді облыс əкімі А.Айдарбаев. Жолдауда нақты міндеттер қойылды. Міндеттерді орындауға жəне жүзеге асыруға болады. Ол үшін барлық алғышарттар бар. Сол себепті, оны мүлтіксіз, сапалы жəне толық іске асыру мақсатында депутаттық корпуспен, барлық деңгейдегі əкімдермен, үкіметтік емес сектормен, қоғамдық ұйымдармен бірге айқын іс-қимыл жоспарын жасап шығару, басымдықтарды анықтау, Жолдаудың əр тармағы бойынша нақты индикаторлар белгілеу қажет. Осылай деп

ойын сабақтаған облыс басшысы аудан, қала əкімдері, салалық басқармалар басшылары, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, этномəдени бірлестіктер өкілдері, жастар жəне БАҚ өкілдері қатысқан ауқымды жиынның бағыт-бағдарын айқындап берді. Одан əрі Жолдауда көрсетілген басым жəне басты бағыттарға жеке тоқталып, олардың Маңғыстау өңірінде жүзеге асу мүмкіндіктерін тарқата сөйлеген А.Айдарбаев Елбасы тапсырмаларын орындаудың аймақтағы нақты тетіктерін ортаға салды. Жолдаудағы геологиялық барлау жүргізу тапсырмасы Маңғыстаудың сайын даласына соқпай кетпейді. Геологиялық болжам бойынша, еліміздегі жалпы мұнай қорының 25 пайызы, яғни 2,6 млрд. тоннасы Маңғыстау жерінде. Жаңаөзен қаласы маңындағы Қансу жеріндегі көгілдір отын қоры 20 млрд. текше метр деп есептеледі. Жолдауда айтылған көмірсутегі шикізатына қатысты тапсырмаға орай биыл Қансуда геологиялық барлау жұмыстары басталмақ. Сондай-ақ, елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мəселесі де маңызды. «Əсіресе, жаңа зауытты мұнайгаз саласына маманданған Маңғыстауда салудың мүмкіндігі мол деп есептеймін.

Сол себепті, осы жобаға қатысты жұмыс тобын құруға тапсырма бердім. Қазіргі таңда ғалымдар, тəжірибелі мұнайшылар, экономистер мұрағат құжаттарын зерделеп, мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты зерттеулермен айналысуда», деді А.Айдарбаев. Актив жиналысында Жолдаудағы логистика саласы бойынша Ақтау портының қуатын арттыру тапсырмасына сай аталған портты солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстарының жалғаса беретіндігін білдік. Сонымен қатар, «Ақтау арнайы экономикалық аймағын» жетілдіру, кəсіпкерлік, əлеуметтік салаларды өркендету, инвестиция тарту, агроөнеркəсіп кешенін инновациялық дамыту бағытындағы атқарылар шаруалар тізбектелді. Олардың бірі – Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласынан ет өңдеу зауытын жəне құс фермасын салу. – Қазақ тілінің біздің өңірімізде қолдану аясы өте ауқымды. Алайда, мекемелерде, əсіресе, шетелдік компанияларда мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстарының мардымсыз екенін білемін, – деген облыс əкімі барлық мекемелердің, шетелдік компаниялардың басшыларына ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді, өз қызметкерлеріне тұрақты түрде қазақ тілі курстарын өткізуді тапсырды. Жолдаудың жүгі – елдің жүгі, жолы – елдің жолы. Сондықтан, оны бірлесе көтеріп, жұмыла əрекет ету шарт. Жиында сөз алған əр буын, əр ұлт өкілдерінің сөзі осыған сайды. Маңғыстау облысы.

«Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы №732 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жəне Мемлекет басшысының 2013 жылғы 10-11 қыркүйекте өткізілген Дамушы нарықтардың еуразиялық форумының қорытындылары бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында əзірленген. Тұжырымдама 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру мақсатында елде əлеуметтік, экономикалық жəне институттық ортаны біртіндеп жетілдіру үшін негіз қалайды. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы ның ағымдағы жағдайын талдауды, ұзақ мерзімді жаһандық трендтердің, сынқатерлер мен мүмкіндіктер сипаттамасын, елдің 2050 жылғы пайымын, стратегиялық даму бағыттарын жəне Тұжырымдаманы іске асыру тетіктерін қамтиды. Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақмерзімді дамуының негізгі стратегиялық басымдықтары: 1) адами капиталды дамыту; 2) институттық ортаны жетілдіру; 3) ғылымды қажетсінетін экономика салаларын дамыту; 4) ғылымды қажетсінетін инфрақұрылымды жедел қалыптастыру; 5) əлемдік жəне өңірлік экономикаға интеграцияны тереңдету болып табылады. Елдің адами капиталы экономиканы жаңғыртудың жəне ғылымды қажетсінетін даму моделін қалыптастырудың басты қозғаушы күшіне айналмақ. Халықтың жоғары табиғи өсімін қамтамасыз ететін дұрыс демографиялық ахуал Қазақстанның бəсекеге қабілетті артықшылығы болады. Қазақстан жоғары ғылыми жəне шығармашылық əлеуетке, жоғары білікті жəне кəсіби еңбек ресурстарына ие болмақ. Осының бəрі білім беру, ғылым жəне мəдениет салаларын, əлеуметтік қорғау жүйесін, денсаулық сақтау саласын дамыту арқылы адамның өзін-өзі көрсетуі, шығармашылық дамуы мен өнімділігі жоғары еңбек етуі үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейді. Қазақстанда институттық ортаны жетілдіру жеке бастаманы дамыту үшін жағдай жасауға, сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейін қамтамасыз етуге жəне

экономикалық əрі саяси өзгерістердің үйлесімді қабысуына бағытталатын болады. Ғылымды қажетсінетін экономика құруға өндіруші жəне өңдеуші өнеркəсіптің бəсекеге қабілеттілігін арттыру, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту, сондай-ақ өндірістің жоғары технологиялық жаңа салаларын біртіндеп дамыту арқылы қол жеткізілетін болады. Бұл ретте өңдеуші өнеркəсіпті жедел дамытуға басты назар аудару көзделуде. Инфрақұрылымды жаңғырту жаңа технологияларды жасау мен меңгеру саласында кəсіпкерлердің, инвесторлардың тəуекелдері мен шығындарын барынша азайтуға, сондай-ақ оны неғұрлым дамыған елдердің деңгейіне жақындата отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу бойынша орнықты дамудың, ғылымизерттеу əзірлемелерінің инновациялар мен кəсіпкерлікті дамытудың орталықтарына айналатын əлемдік деңгейдегі агломерациялар қалыптастырылатын болады. Олар жоғары сапалы білім беру, ақпараттық жəне көлік қызметтерін ұсыну, бəсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау есебінен адами капиталды дамытуды жəне тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда дамыған елдер ашық тық пен халықаралық қатынастар жүйесіне интеграцияланудың жоғары дəрежесін көрсетіп отыр. Жаһандық бəсекелестік жағдайында Қазақстан белсенді интеграциялық саясат жүргізуі қажет. Бұл ретте оның экономикалық аспектісі халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен көші-қонды реттеу мəселелерінен бөлек қарала алмайды. Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру үшін елдің ұзақмерзімді дамуының мынадай басты көрсеткіштері айқындалған. Есептеулер бойынша 2050 жылға қарай əлемдік экономика қалыпты өскен жағдайда Қазақстанда жан басына шаққанда ІЖӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша түзетілумен 2005 жылғы бағалармен) өседі. Бұл үшін 4,3% деңгейінде орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет.

Қолайлы экономикалық конъюнктура сақталған жағдайда Қазақстанда жан басына шаққанда ІЖӨ 70 мың АҚШ долларынан асады. Бұл ретте, ІЖӨ-нің орташа жылдық өсуі 5,5%-ды құрайды. Экономикадағы құрылымдық өзгерістер ІЖӨ құрылымындағы мұнай емес экспорттың үлесін 32%-дан 70%ға дейін ұлғайту үшін жағдай жасайды, бұл экономиканың шикізат тауарлары бағасының құбылуына тəуелділігін төмендетуге жəне макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елдің экономикалық дамуында шағын жəне орта бизнес басты рөл атқаратын болады. Инфрақұрылымды жаңғырту жəне адами капиталға инвестицияларды ұлғайту, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау ІЖӨ құрылымындағы ШОБ үлесін 50 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Əл-ауқаттың артуымен, саламатты өмір сүру салтын нығайтумен жəне медицинаны дамытумен халықтың болжалды өмір сүру ұзақтығы 2050 жылға қарай 80 жасқа дейін ұлғаяды. Қазақстандықтардың бəсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға білім беру жүйесіне үштілділік қағидатын енгізу ықпал етеді. 2050 жылға қарай республиканың барлық азаматтары қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеретін болады. Инновациялық белсенділікті арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық əзірлемелерге арналған ішкі шығындарды ІЖӨ-ден 0,2%дан 3%-ға дейін ұлғайту көзделуде. Осы Тұжырымдаманы іске асыру қолданыстағы жəне жоспарланатын стратегиялық бағдарламалық құжаттар, сондай-ақ тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылатын болады. Тұжырымдаманы іске асыру нəтижесінде Қазақстан əлемнің ең дамыған мемлекеттерінің 30-дығына кіреді жəне халқының əл-ауқат деңгейі жоғары əрі оның құрылымында орта топтың үлесі басым елге айналды. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі.

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың жəне ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасына ТҮСІНДІРМЕ

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы мін деттердің бірі – көлік жүйесінің инфрақұ рылымдық орталықтарын, озың қы инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын жəне Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция бағдарламасын əзірлеу болатын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №725 Жарлығымен Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың жəне ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарлама Дүниежүзілік банк сарапшыларының қолдауымен əзірленді. Мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның əлемдік көлік жүйесіне

ықпалдасуын қамтамасыз етіп, транзиттік əлеуетін іске асыру болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар: Қазақстан аумағында ел ішінде жоғары жəне тиімді көлік байланысын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды жəне жерүсті, теңіз жəне əуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін заманауи көлік-логистика жүйесін құру; өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамыту; Қазақстанның көлік инфрақұрылымының əлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету. Осы Бағдарламаны іске асыру 30 мың км автомобиль жолдарын жəне 8,2 мың км теміржол желілерін реконструкциялау мен жөндеуге мүмкіндік береді. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудегі қажеттілікті өтеу үшін теміржол вокзалдары,

автовокзалдар жəне автостанциялар белгіленген стандарттарға сəйкестендіріледі. Тұрғындарының саны 100 адамнан асатын барлық елді мекендер тұрақты автобус маршруттарымен қамтылатын болады. Барлық негізгі əуежайлар халықаралық ИКАО талаптарына сəйкес келтіріледі. Теңіз порттарының қуаты 2020 жылға қарай 20,5 млн. тоннаға жетіп, 40%-ға ұлғаяды. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізу жүк айналымын 1,6 есеге, жолаушылар тасымалы айналымын 1,5 есеге, ал транзит жүктерінің көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан LPI логистикалық тиімділік индексінде 86-орыннан 40-орынға көтерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Əлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі.

Profile for Egemen

28012014  

2801201428012014

28012014  

2801201428012014

Profile for daulet
Advertisement