Page 1

Бүгінгі нөмірде: Жаужүрек

4-бет

Күрес күшейіп, қауіп сейілді ме?

6-бет

Пассионар

№157 (28096) 27 МАУСЫМ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

7-бет

«Жиһад» мұсылманның алтыншы парызы емес

9-бет

Астана айшықтары Қала күні бүгінде бүкіл қазақстандықтардың ерекше ықыласпен атап өтетін айтулы мерекесіне айналды. Биыл 15 жылдығы аталып отырған Астана тəуелсіз Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму тұғырына айналып, елімізді ертеңгі биіктерге бастауда. Бүгінде елордамыздың мерейлі мерекесіне дайындық шырқау мəресіне жетті.

Ќарсаѕда

«Жасыл белдеу» дамыса жарасымды Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» дамыту мəселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ќала ќауырт ќимыл ќўшаєында

Кеңеске Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қоршаған ортаны қор ғау министрі Н.Қаппаров, Қоршаған ортаны қорғау вицеминистрі Е.Нысанбаев жəне Астана қаласы əкімінің орынбасары В.Крылов қатысты. Мемлекет басшысына Астана маңындағы «жасыл белдеуді»

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қаламыздың барлық еңбек ұжымдары, тұрғын-үй аулалары, əсем көшелері шынайы мерекелік рухқа бөленген. Ақиқатында Қала күніне дайындық шаралары жыл басынан, яғни, аулаларды, көшелер мен гүлзарларды, демалыс орындарын, тұрғын-үй аулаларын тазалаудан, қаламызды көгалдандыру мен абаттандырудан бастау алған болатын. Мереке қарсаңында Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарында 300 аула абаттандырылады. Қала күніне орай 15 спорт алаңы жəне 26 балалардың ойын алаңы пайдалануға беріледі. Биылғы Қала күнін атап өту мақсатында 100-ге тарта мəдени бұқаралық шаралардан тұратын мерекелік бағдарлама жасалды. Оның ішінде 20 концерттік бағдарлама мен фестиваль, 50ден астам бұқаралық мəдени шаралар өткізілмек. Биылғы жылы астаналықтар мен қала қонақтарына алаңдар мен скверлерде үлкен мерекелік концерттерді тамашалауға мол мүмкіндік жасалды. Мереке аясында «Астана Арқау» түркі музыкасының фестивалі, «Астана мыңжылдық аясында» атты көшпенділер өркениетінің дəстүрлі фестивалі, «Серпер» халық аспаптар оркес трлерінің байқауы өткізілетін болады. Мереке шеңберінде тұрғындардың əлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын қолдау

Ќауіпті ќару сату тыйыла ма? Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі екі айлық жазғы үзіліске шығу алдындағы кезекті жалпы отырысында депутаттар ішкі істер органдары мен халықаралық қатынастарға қатысты заң жобаларын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

мақсатында 7 түрлі атаулы акциялар ойластырылған. Арқа төсіндегі ару Астана ша дыман шаттық құшағында.

Сыбайластыќ – кесірлі дерт

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне маңызды екі саладағы – көлік-коммуникация жəне құқық қорғау орган дарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мəселесі қойылыпты. Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы: «Көлік жүйесі – отандық экономикадағы ірі саланың бірі. Өткен жылы бұл салаға мемлекеттен 400 млрд. теңге қаражат бөлінді. Осы аса ауқымды қаржыны игеру барысында бірқатар жемқорлық фактілері орын алды. Сонымен бірге, заңдылықты өздері сақтауға тиіс құқық қорғау органдарында да жемқорлыққа қатысты қылмыстар тіркелген. Осындай қылмыстардың салдарынан халықтың алдында мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келуде. Сол себепті біз құқық қорғау саласы мамандарының арасында

 Масқара!

қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етілді. Орманды алқап аймағында рекреациялық аймақ құруға, сондайақ қала аумағын жасылдандыруға жəне жас көшеттер алаңын ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбие жұмыстарын жүргізіп, олардың қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек», деді. Бұдан əрі Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске бағытталған реформаларды одан əрі дамыта беру еліміздің жалпы өркендеуінде əрі Отанымыздың бəсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуында алға қойған міндеттерді іске асыруда маңызды шарттардың бірі екендігін баса айтты. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нəтижелі болуы алдымен құқық қорғау органдарының қызметіне тікелей байланысты екендігіне мəн беріліп, Елбасының биылғы жылы сал а қызметкерлерімен өткізген соңғы кеңесінде осы орган қызметкерлерінің арасында тиісті тəрбие жұмыстарының

Қаланың алаңдары мен мəдени демалыс орталықтарында мерекелік шараларды өткізуге арналған қауырт жұмыстар қарқын алған.

тиімді тетіктерін жолға қоюды тапсырғаны айтылды. Алайда, осы бір қоғамды іштен жейтін, кесірлі дерт түріне сала қызметкерлерінің өздері шалынуы ойланарлық жайт. Мəселен, аталған қылмыс түрлерімен құқық қорғау саласында – 289, Төтенше жағдайлар минис трлігінде – 45, кедендік бақылауда – 43, ал қаржы полициясында 15 оқиға тіркелген екен. Комиссия алдында Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Бож коның, Қаржы министрлігі Ке дендік бақылау комитеті төра ға сының орынбасары Аманияз Ержановтың, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жем қорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіп бе ков тің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменовтің, Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусиннің хабарламалары тыңдалды. Отырыс нəтижелері бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

Марихуана сатќан мўєалім оќушыларєа ќандай тəлім беріп келген? Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысып жүрген орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі қолға түсті.

«Қызылорда ОІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына Сырдария ауданының екі азаматы есірткі заттарын сатумен айналысып жүргендігі жайлы хабарлама келіп түскен. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы жедел іс-шара нəтижесінде «Жалағаш – Тереңөзек» тас жолының бойында 1 кг. 523 гр. марихуана сатып тұрған аудан тұрғындары, 1972 жылы туған, бұрын сотты болмаған, осы аймақтағы орта мектептің денешынықтыру пəнінің мұғалімі мен еш жерде жұмыста жоқ, 1976 жылы туған азаматтар құрықталды», – делінген облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 259-бабы 3-бөлігі «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi əлденеше рет жасау). Бұл бап бойынша он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қылмыскерлер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жыл басынан бері есірткі бизнесіне қарсы күрес басқарма қызметкерлері есірткі заттарына байланысты 35 қылмысты анықтады. Олардың 17-сі есірткі сату фактілерін құрайды. Сұлтан БОЗАЙҒЫР.

Астаналықтар мен қала тұрғын дарының жүздері жайдары, көңілдері көтеріңкі, оларды барлық алаңдар мен мəдени орталықтарда

күмбірлеген күй мен əуезді əн төгілген мерекелік шаралар күтуде. Астананың 15 жылдығына арналған материалдар топтамасын 3-беттен оқи аласыздар.

Жемқорлық – індет, жою – міндет

2 миллион теѕге парамен ўсталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда басқасы басқа, қалалық прокурордың көмекшісіне ірі көлемде пара беру оқиғасы орын алды. Нақтылай айтқанда, тұрғын үй инспекциясының бөлім инспекторы Атырау қаласы прокуро рының көмекшісіне 2 миллион теңге көлемінде пара беру кезінде қолға түсті. Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Сауғабаев мəлім етті. Оның айтуынша, ірі көлемдегі параны бірнеше мердігер мекеменің басшылары алдын ала сөз байласқан топ болып, тұрғын үй инспекциясының ұсталған инспекторына бергені анықталып отыр. Мұның алдында Атырау қалалық прокуратурасының қызметкерлері 9 тұрғын үйдің терможаңғырту жұмыстарына тексеру жүргізген екен. Сол тексеру барысында мердігер мекемелердің бөлінген

АҚПАРАТТАР аєыны

Қазақстанға 2012 жылы 22,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жалпы, 1993-2012 жылдары ел экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 171,2 млрд. доллар болса, оның 81,6 млрд. доллары 2009-2012 жылдардың үлесіне тиеді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры осы аптада 1 422,6 млн. теңге көлемінде несие таратады. Ауыл тұрғындарын қолдауға арналған бұл құрылым несиесінің ең жоғары шекті көлемі 3 млн. теңге, ал мерзімі 4,5 жылға созылады. «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында еліміздің 15 өңірінен 53 инвестициялық жобаға

қаржыны үнемдеу үшін құрылыс материалдарын толық көлемде пайдаланбағаны анықталған. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлерге жүргізілген жөн деу жұ мыстарының сапасыз атқарылуына себеп болған. Бұдан басқа қолданыстағы заңнамалардың талаптарына қайшы атқарылған жөндеу жұмыстарына жəне оларды қабылдауға техникалық қадағалау өкілдері қатыстырылмаған. Осы кемшіліктерді жасыру мақсатымен тұрғын үй инспекциясының бөлім инспекторы прокурордың көмекшісіне пара ұсынған. Инспектор бұл қадамға бірнеше мердігер мекеме басшыларының өтінішімен барғаны, сонымен бір ге, оларды жауапкершілікке тартылмауын көздегені белгілі болды. Қазір осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 312-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. АТЫРАУ.

қолдау көрсетілді. Бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде жобалардың жалпы құны 154,3 млрд. теңгені, 2013 жылы – 1,8 млн. теңгені құраған. Көкшетауда «Вектор» комбайндары шығарылатын болды. Бұл Ресейдің «Ростсельмаш» компаниясы мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында өзара ынтымақтастық ту ралы меморандумға қол қоюдың арқасында мүмкін болды. Аталмыш жобаның іске асырылуы республиканың ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылады. Жаңа құры лымның бағынысына ба ла лар үйлері, жасөспірімдер үйлері жəне облыстық кəмелетке

Алдымен Төраға жаңадан келген Светлана Қадыралиеваны əріптестеріне таныстырып, артынан палата оны Аграрлық мəселелер комитетіне мүшелікке сайлады. Бұдан кейін депутаттар назарына «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» (жаңа редакция) жəне оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды. Онда полицияның міндеттері мен құқықтарын айқындау жəне заңдылықты нығайтудың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ, оған тəн емес функциялардан жəне мемлекеттік орган дардың басқа да функцияларын қайталаудан арылту көзделген. Қоғамдық тəртіпті сақтау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ішкі істер органдарында қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылаушы комиссиялардың қызметі заңмен айқындалып отыр. Құқық қорғау органдарының қарумен қамтамасыз етілуі мəселесі ілеспе заң жобасында көрініс тапқан. Əсіресе, ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруымен қатар, өзге де қа руды қолдану құқығы жанжақты қарастырылған. Мəжіліс Төрағасы қаруға қатысты мəселеге ерекше назар аудартты. Осы ретте спикер отырысқа қару сататын бизнеспен айналысушылар өкілдерінің де шақырылғанын еске сала отырып, бұл кəсіптің қайда апарарын меңзеді. «Əңгіменің ашығын айтатын болсақ, ешкім де ол кəсіпті шеттетіп отырған жоқ. Мə селе олар тек травматикалық қаруларды ғана сатып отырғандай болатындығында. Ал, олардың аңшылыққа арналған жəне газбен атылатын қарулар сатып жүргені мəлім. Травматикалық қарулар анау айтқандай көп сатылмайды. Мəселе басқада: біз кейін не істейміз? Басқа ел дер де не сұмдықтар болып

толмағандарды бейімдеу орталығы секілді құрылымдар беріледі. Петропавлда Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығы кеңінен атап өтілді. Ақынның туған күніне орай оқу орындары мен облыс орталығының мəдени-ағартушылық мекемелерінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан облысында əр 100 адамның 14-інде көлік бар. Бұл көрсеткіш бір жағынан халықтың əл-ауқаты артқанын көрсетсе, екінші жағынан көліктің көбеюі ауаның ластануына да елеулі əсерін тигізіп отыр. Осыған орай мұнда қазір қа ла дағы қоғамдық көліктердің зиянды əсерін төмендету мəселелері қарастырылуда. Тараз қаласының алаңында мың адамнан құралған хор қазақ

жатқанын көріп отырмыз. Бұл «жынды құмырадан шығарып жібергенмен» бірдей, енді сол құмыраның қай жағынан баруды білмей бас қатыруда», деді Нұрлан Нығматулин. Төрағаның пайымынша, біздің елге ол жолмен жүруге əсте болмайды. Статистика деректері травматикалық қару 19 жағдайда ғана өзін өзі қорғау мақсатында пайдаланылғанын көрсетеді. Жүздеген жағдайда ол азаматтардың өміріне қауіп төндіреді. «Біз келесі логикалық қадамдар жасауға тиіспіз. Заңсыз травматикалық қару сақтағандарға жазаны қатаңдата түсу керек», деді Нұрлан Зайроллаұлы сөзінің соңында. Бұдан басқа, заң жобасында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мəдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді анықтаған жаңалықтар да енгізілгені белгілі болды. Сондай-ақ, кешегі жалпы отырыста Қазақстан мен Румыния үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы да қолдауға ие болды. Онда инвестициялық ахуалды жақсарта түсу үшін өзара ин вестициялық қатынастар кезінде инвесторларды қосымша кепілдіктермен қамтамасыз ету мəселесі көрініс тапқан. Əр тарап өз аумағына Келісімдегі өзге тараптың инвестицияларын мүмкіндігінше ынталанды рып, сол инвестиция ны өз мем лекетінің ұлттық заңнамаларына сəйкестендіре отырып қабылдайды. Қазақстан мен Ресей үкімет тері арасындағы шека ра маңындағы аумақтар тұр ғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тəртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мəселесі де қолдау тапты. (Соңы 2-бетте).

əндерін шырқайды. «Қаратау сарыны» деген атпен өтетін екі күндік халықаралық дəстүрлі музыка фестивалінде Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Түркия, Əзербайжан жəне Башқұртстан əншілері өнер көрсетеді. Көлік полицейлері биылғы 5 айда 131 есірткі қылмысын анықтады. Осы уақытта заңсыз айналымнан 1 тонна 118 килодан астам əртүрлі есірткі заттары алынды. Каспий теңізіндегі Шалыга аралында шағалалардың қырылғаны байқалды. Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері əзірге құстардың нендей себептен қырылғанын айта алмай отыр. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

 Əкіммен əңгіме

дегендей, олардың талаптарын ұштап отыру біздің басты парызымыздың бірі. – Бүгінде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде сөз көп те, іс аз ба деп қаламыз. Осы орайда, сіздің көрсетіп жүрген жеке өнегеңіз, облыстағы үлкенді-кішілі жиындарды мемлекеттік тілде сөйлеп, аудиторияның ыңғайына қарай қажет жерінде ресми тілге ауысатыныңыз мыңдаған батысқазақстандықтардың көңілінен шығып жүргені кəміл. Дегенмен, арамызда сол баяғы əдетпен «көпшілікке түсінікті тілде» сайрайтындар да жеткілікті. Бұған не дер едіңіз? – Бүгінде тілдерді дамытуға мемлекет тарапынан қомақты қаражат бөлініп келеді. Соның ішінде біздің облыс бойынша бұл мақсатқа жұмсалған қаражат өткен жылдармен салыстырғанда əлдеқайда жоғары. Əйтсе де, тіл үйренуді тек бір

Нұрлан Ноғаев 2012 жылдың 20 қаңтарында Президент Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалған. Бұл бірқатар істердің басын қайырып, өңірді алға дамытудың стратегиясын белгілеуге молынан жететін уақыт. Осы мерзім аралығында облыс басшысымен газетімізде сұхбат жүргізудің сəті түспепті. Мұны бір есептен облыс əкімінің баспасөз бетінде шыға беруден гөрі, алға қойған мақсаттарды тындырымды орындауға, ел мен Елбасы сенімінен шығуға көбірек ден қоятынымен де байланыстыруға болады. Бір-екі рет сұхбат алуға ыңғай танытқанымызда ол кісі: уақыт бар ғой, ең алдымен, шұғыл шешімін күтіп тұрған мəселелерді жолға қойып алғанымыз жөн шығар деп жауап қайтарды. Біз болсақ, Нұрлан Асқарұлының мұнысы да жөн екен деген ойда қалғанбыз. Дегенмен, кешегі күні аяқастынан облыс басшысымен қағазсыз, қаламсапсыз, диктофонсыз емін-еркін əңгіме жүргізу мен пікір алмасудың орайы келе қалды. Енді осы əңгіме желісін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Сенім жїгі – салмаќты

– дейді Батыс Ќазаќстан облысыныѕ əкімі Нўрлан НОЄАЕВ – Нұрлан Асқарұлы, сіздің тарихы терең, келешегі кемел, республиканың батыстағы қақпасы іспеттес Орал өңірін алға дамытудың стратегиясы жөніндегі ой-пікіріңізді білгіміз келеді. – Менің ойымша, уақыт пен ауқымдылық жағынан алғанда, стратегия мəні мен маңызы өте терең ұғым. Алдағы онжылдықтар мен жүзжылдықтарға барлау жасап, стратегиялық міндеттерді қалай ойластырып, қалай жоспарлауды біз бəріміз, ең алдымен, Елбасынан үйренуіміз қажет деп есептеймін. Егер Елбасымыз тұтастай мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын айқындап берген болса, біз өңір басшылары белгілі бір аймаққа қатысты стратегиялық даму жолдарын белгілеуге бастамашы бола білуге тиіспіз. Осындай өрелі өзгерістерді қажет етіп отырған өңірлердің бірі – Ақжайық. Мен бұл өңір үшін кездейсоқ, тосыннан келе қалған басшы емеспін. Елбасы Жарлығымен облысқа əкім болып тағайындалған кезге дейін мұнда бес жылға жуық уақыт бойы облыс əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқардым. Менің ойымша, əрине, түбегейлі өзгерістер қажет. Өңірлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мемлекетімізде қабылданған өміршең бағдарламалар баршылық. Бейнелеп айтқанда, өңір басшылары сол бағдарламаларды орындау мен оған басшылық жасаудың бас ты опе ра торлары іспеттес. Мен аймақ басшысы ретінде революциялық емес, эволюциялық өзгерістерді қолдаймын. Əрі дəл осы мақсатқа қызмет жасауды басты парызымның бірі деп білемін. Сауалыңызда айтылған Орал өңірін алға дамытудың стратегиясы сынды сындарлы мəселеге де дəл осындай көзқарас тұрғысынан келуге болады. Əрине, мақсат біреу ғана. Бұл облыстың іркіліссіз алға қарай өсіпөркендеуін жолға қою. Өмір заңы осындай. Бұл үшін динамикалық қимыл-қозғалыстар қажет. Əрине, қатып-семіп қалған ештеңе жоқ. Стратегиялық даму үрдісіне өмір өз талаптары мен түзетулерін енгізіп отыратыны жазылмаған заңдылық екені анық. – Сіздің ойыңызша, өңір экономикасын өркендетуді мұнай-газ секторына тəуелділіктен құтқарудың басты жолдары қандай? – Иə, тек бір ғана Қарашығанақ мұнай-газ кенішінен түсетін табыс пен пайдаға иек артып отырсақ, көп нəрседен ұтыламыз. Сондықтан, бізде өңір экономикасын əртараптандыруға баса мəн берілуде. Қазіргі басты мақсаттың бірі – индустриялық-инновациялық дамуға жұмсалатын инвестициялар көлемін ұлғайту болып отыр. Бұл бағытта нақты қол жеткізілген табыстар да мол. Биылғы жартыжылдықта өңірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қырық бір пайызға өсті. Мұның ішінде шетелдік инвес тициялар көлемінің үлесі алпыс пайызға жақындайды. Орал өңірі ежелден республикамыздағы ауыл шаруашылығын дамытуға ыңғайлы өңірлердің қатарына кіреді. Əсі ресе, облыстың оңтүстік бетінде орналас қан аудандар жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Бұл мəселе, Елбасымыздың алдыңғы жылғы жолдауларының біріне өзек болып тартылды. Біз атакəсіпті бүгінгі заман талабына сай жаңғырту мəселесіне келгенде өткен тарихымызға тағы бір үңіліп, одан тиісті тағылым алуды жөн көреміз. Айталық, Бөкей ханның мал жайылысы үшін тиімді де оңтайлы тактика белгілеп, оған түгін тартса майы шығатын Еділ мен Жайықтың аралығындағы ұшы-қиыры жоқ кең алқапты таңдағаны бүгінгі күні де мəнін жоя қойған жоқ. Малды жайылымда бағу – арзан мəрмəр ет өндірудің басты жолы. Осындай жолмен өсірілген мал еті экологиялық тұрғыдан таза, əрі сіңімді келеді. Жоғарыда айтылғандай, атакəсіпті жаңғырту мəселесіне ендігі жерде біз кешенді көзқарас тұрғысынан келе білуге тиіспіз. Яғни, мұның өзі оның өнімдерін қалдықсыз технология бойынша өңдеу қажеттілігінен туындайды. Аймақта мұндай жобалар жеткілікті. Оның бəрін тізіп жату шарт емес шығар. Дегенмен, Ақжайық ауданында күніне мың марқа қозыны сойып, тұтынушыға жеткізетін республикада баламасы жоқ айрықша жоба жүзеге асып жатқанын айта кеткен артық бола қоймас. Аталған кешенге итальяндық құралжабдықтар алынған. – Ал өңірдегі егістіктің жай-күйі қандай болмақ?

– Бұл мейлінше тиімді технологияға негізделген. Алдағы кезде облыстағы дəн ді-дақылдар алқабын тым далита берудің тиімсіз екендігі бұған дейінгі тəжірибелерден айқын көрінді. Мұндағы басты мақсат интенсивтік технология жолы арқылы гектар берекесін арттыруға, көлемі аз алқаптан барынша мол өнім алуға жұмылдырылған. – Облыстық бюджеттің қаражатын толықтыру үшін қолға алынған нендей іс-шаралар бар? – Бұл іс өңірдегі салық базасы жүйесін ұлғайтудан басталады. Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферт пен қаржылай көмектерді айтпағанда – жергілікті ресурстар есебінен бюджет қоржынын толықтыру үшін тың іс-шаралар кешені белгіленді. Оның алғашқы нəтижелері де атап айтуға тұрарлықтай. Жеке инвестициялар жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді. Салық базасын жетілдіру ісінің тек өзіне ғана тəн иірімдері мен ерекшеліктері бар. Оны ұдайы назарда ұстаған жөн. Мысалы, салық түсімдері тұрғысынан алғанда, облыс орталығын, кеншілер қаласы Ақсайды айтпағанда əр ауданға тең бірдей көзқараспен қарауға болмайды. Оның əрқайсысының өз даму ерекшеліктері ескерілмесе, бұл жағдай сөз жоқ үстірттікке əкеліп тірейді. Айталық, шалғайдағы Қаратөбе мен

урбанизация мен ішкі көші-қон үрдісі күрт тыйылғаны да бүгінгі күннің шындығы. Жасыратыны жоқ, əлі күнге дейін ауызсудың азабын тартып жүрген ауыл тұрғындары жоқ емес. Оны жауып жасырудың қажеті жоқ. «Егеменнің» өткен мамыр айындағы нөмірлерінің бірінде осындай ауылдың бірін өзіңіз де жазыпсыз ғой. Өмір болған соң бəрі бірдей теп-тегіс келе қоюы қиын-ақ. Əртүрлі проблемалар да орын алып жатуы табиғи жайт. Уақыты келгенде, оның да шешімі табылар. Қалай десек те, жоққа сабыр, барға қанағат қылу керек шығар. – Ақжайық өңірінің шежіресі мен тарихы қатпар-қатпар. Өңірдегі руханимəдени құндылықтарды одан əрі байыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз? – Кешегі күнсіз бүгініміз жоқ. Бүгінгі күніміз болмаса, біз ертеңге қалай аяқ баса аламыз. Ұшқан құстың қанаты мен жер апшысын қуырып зымыраған тұлпардың тұяғы талатын ұлан-байтақ жеріміз бар біз шын мəнісінде бақытты халықпыз. Осындай алып аумақта салтдəстүріміз бен мəдениетіміздің, діліміз бен тіліміздің тамыры үзілмеген кезде ғана Елбасы атап көрсеткендей, біз шын мəніндегі мəңгілік ел болып қала аламыз. Осы тұрғыда, тұтастай еліміздегі, əр өңіріміздегі үлкенді-кішілі əрбір лауазым иесі осындай баға жетпес ұлттық

Ауыл адамдарының о бастан қалыптасқан бір-біріне деген шынайы қарым-қатынасы мен ауызбіршілігі, қуаныш пен қайғыны бірге бөлісе алатын дарқан көңілі – бүгінгі күні ұлттық құндылықтар деңгейінде қарастырылуы қажет деген ойдамын. Осындай баға жетпес брендімізді жойып алмасақ болғаны. облыс орталығының іргесіндегі Зеленов аудандарының салық төлеу мүмкіндіктері əртүрлі. Сондықтан бұл аудандардағы салық төлемдерінің мөлшері де бірдей бола бермейді. Бүгінгі күні салық төлемдерінің түсімін көбейтудің басты жолы шағын жəне орташа бизнесті нығайту болмақ. Бұл үшін облыста шағын жəне орта кəсіпкерлікке облыс тұрғындарын неғұрлым көбірек тарту жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы белгіленді. Бүгінгі күні оның саны жүз мың адамға иек артады. Бұл облыстағы жалпы халық санының шамамен алтыдан бірі. Əрине, мұны нашар көрсеткіш деуге болмайды. – Облыс тұрғындарының тең жартысынан астамын ауыл адамдары құрайды. Олардың əлеуметтік-тұрмыстық деңгейін көтеру бағытындағы қадамдар қандай? – Ауыл – барша қазақ баласының алтын бесігі. Ауыл десе, жүрегі елжіремейтін, оған бүйрегі бұрмайтын ағайындарымыз жоқтың қасы. Ауылда тұрудың тек өзіне ғана тəн ерекшелігі, жағымды əсері мен рахаты бар. Бəріміз де ауылда туып, ауылда өстік. Сондықтан да, ауылда тұру сезімінің артықшылығын бір кісідей сезіне аламыз. Ауыл адамдарының о бастан қалыптасқан бір-біріне деген шынайы қарым-қатынасы мен ауызбіршілігі, қуаныш пен қайғыны бірге бөлісе алатын дарқан көңілі – бүгінгі күні ұлттық құндылықтар деңгейінде қарастырылуы қажет деген ойдамын. Осындай баға жетпес брендімізді жойып алмасақ болғаны. Бір кездерде кешегі кеңестік саясат тұсында ауыл мен қаланың арасындағы айырмашылықты жою керек деген шындыққа сəйкес келе бермейтін жадағай ұран алға тартылды. Егер шындықтың көзіне тура қарасақ, бұлай болуы еш мүмкін емес. Өйткені, қаланың аты қала. Ауылдың аты ауыл. Ал ауылдағы тұрмыс деңгейін қала жағдайына біршама жақындату қажеттігі жөнінде мəселе көтерілсе, мұның жөні бір басқа. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарын ауызсумен, көгілдір отынмен, қыста от жақпайтын жылы баспанамен қамту деген сөз. Бұл жөнінде облыс аумағында шешімін тауып үлгерген проблемалар аз емес. Мысалы, Ақжайық аймағы көгілдір отынмен қамтылу деңгейі бойынша республика өңірлері арасында ең алғашқы орынды иеленеді. Пайыздық есеппен алғанда, мұның мөлшері сексен алтыға тең. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауызсудан тапшылық көріп отырған ауылдар қатары жылдан жылға көбейіп келеді. Халқымызда «Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар» деген нақыл бар. Мұның мəнісі тұрмыс кешу қиын жерден өзге жаққа қоныс аударып кету деген мағынамен тең. Рас, тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай көріністер орын алғаны маған жақсы мəлім. Ал енді соңғы бес-он жылдың бедерінде жабайы

құндылықтарымызды сақтауға, оның қадір-қасиетін кейінгілерге ұғындырып, түсіндіріп отыруға ниет танытса, сөз жоқ, көп нəрседен ұта аламыз. Міне, рухани-мəдени құндылықтарды одан əрі байытудың жолы осындай. Біздің бай тарихымыз бар. Əлгінде өзіңіз айтқандай, тарих пен шежіреге терең өңірлердің бірі Ақжайық. Əрі оның тарихы азаттық пен еркіндік, егемендік пен елдік талаптарынан туындайтыны, осы тұрғыда Еділ мен Жайық аралығындағы ұшы қиырсыз кең жазықтықтың қиыр-шиыр күрестің орталығына айналып келгені де ақиқат. Өңірде бұған дейін жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары осынау ежелгі қазақ жерінде орта ғасырлардың өзінде өркениет шешектері бүр жарғанын көрсетіп отыр. Өткен тарихты білу əрбір отандасымыздың парызы. Түсінбестік – тарихи шындықтардың аражігін ажырата білмеуден басталады. Өңірде дəл осындай себептен кешегі КСРО-ның іргетасы сөгіле бастаған кезде əрі тəуелсіздік алар қарсаңда кейбір кереғарлықтар да орын алғанын білеміз. Əйтсе де, отандық тарих өкілдері бұл олқылықтың орнын толтыра білгені, соның нəтижесінде толық əрі терең түсіністікке қол жеткізе алғанымыз – аз олжа емес. – Облыстағы аға буын өкілдері мен кейінгі жастарға деген сіздің ерекше ілтипатыңыз бен қолдауыңызға куə болып жүрміз. Олардың ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудағы рөлін қалай бағалайсыз? – Біз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген, қай кезде де, қандай күрделі жағдайда да осындай дарқан қалпымыздан айнып көрмеген халықпыз. Жасы үлкен адамға деген сыйластықты қалыптастыратын, ең алдымен, отбасылық тəрбие, тұтастай қоғамдық орта. Осындай тəлімі мен тағылымы мол отбасында туып-өскенім мен үшін бір мерей. Бұл сөз жоқ – теңдесі жоқ мектеп. Жасы

ғана қаражаттың аздығы не көптігіне тели салуға болмайды. Тілді ешкім декретпен немесе жарлықпен үйрете алмайды. Бұл біріншіден, əркімнің төл ісі. Тіл үйренуде əркім өзінен бастаса, оның нəтижесі де солғұрлым тəуір болмақ. Біріншіден, біз қазақ халқының өкілдері өз тілімізге өзіміз құрмет көрсетпесек, өзгелерді қазақ тілінде сөйлемедің деп кінəлауға ешқандай моральдық құқымыз жоқ. Осы сөзіме бір мысал келтіргім келеді. Мен Мəскеудегі Губкин атындағы мұнай институтын бітіріп келгеннен кейінгі жылдарда біріккен шетелдік компаниялардың бірінде қызмет жасадым. Сонда байқағаным, алғашқыда сол компанияда істейтін шетелдіктердің қазақ тілін білуге деген құштарлығы мол болды да, уақыт өте келе бұл құлшыныстары су сепкендей басылып қалды. Бір күні олардың бірінен мұның сырын сұрағанымда – қазақ халқының өзі қажет етпеген тілді біз қайтеміз деген жауапты естуге тура келді. Екіншіден, бізде қазақ тілін үйренгісі келіп, талпынып, оны бірде қате, бірде түзу айтып жүрген өзге ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, оларға қолдау мен ынталандыру жақтары жетісе бермейді. Тіпті оларға күле қарайтын əдеттеріміз де бар. Бұлайша олардың намысына тию өрескелдік деп түсінемін. Бұл мүлдем дұрыс емес. Тіпті үлкен жиындарда бірқатар лауазым иелері қазақ тілінде сөйлеуіміз керек деп мəлімдеп алып, одан шыға бере орысша сөйлесетініне, отбасында да осылай жасайтынына куə болған кездеріміз көп. Ең бастысы, тілге деген ілтипат шынайы болғанға не жетсін. – Жергілікті мемлекеттік органдарға басшы тағайындау қажет болғанда сіз басшылыққа алатын басты критерий? Кадрларға қойылатын талап жөнінде не айтуға болады? – Біліктілігі мен білімі, ой өрісінің тереңдігі. Кеңінен ойлай білетіндігі. Адамдармен ортақ тіл табыса алатын, əлеуметтік қарым-қатынастар кезінде оралымдылық пен ойлылық көрсете білетін кадрларға үлкен құрметпен қарағанымыз жөн. Кадрлар тəрбиелеу ісі қай кезде де өзінің өзектілігін жоймайды. Бүгінде мемлекетімізде бұл орайда жаңа жүйе қалыптасып келеді. Қазір республика тұрғындарының басым көпшілігі мен əлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болған еліміздегі əкімшілік реформалардан да күтеріміз көп. Бір басшыға – мың қосшы дейді халқымыз. Өзіне берілген лауазым мен өкілеттіліктер аясында білімі мен білігі үйлесім тапқан кадрлар еліміз бен өңіріміздің өркендеуі үшін адамдарды ортақ іс мақсаттарға жұмылдыра алатынына сенімім мол. – Біз əлемдегі жер аумағы үлкен, халқы аз елдің қатарындамыз. Сондықтан демографиялық саясат пен ахуалды дұрыс жүргізу үшін не істеуге болады деп ойлайсыз. Бүгінде отбасын жоспарлау деген де мəселе бар. Əрине, жас отбасылар көп балалы болуды көксейтініне шек келтіруге болмайды. Дегенмен, тұрақты жұмыс пен баспананың жетіспеуі бұған қолбайлау болатыны тағы да белгілі. Осы кереғарлықты ше шу үшін облыста қандай жобалар қарастырылған? – Жаһандану үдерісінің əлем жұртшылығы мен халықаралық қауымдастыққа əкелетін пайдалы жақтарымен қатар, оның теріс əсерлері мен ықпалдары да болатыны белгілі болып отыр. Осындай келеңсіз жағдайлардан біздің еліміз де тыс қала алмауы мүмкін. Соның бірі отбасындағы бала санын шектеуге келіп саятындай. Бұл біріншіден алғанда, халықтық салтымыз бен өмір сүру дағдымызға мүлдем

Ұшқан құстың қанаты мен жер апшысын қуырып зымыраған тұлпардың тұяғы талатын ұлан-байтақ жеріміз бар біз шын мəнісінде бақытты халықпыз. Осындай алып аумақта салтдəстүріміз бен мəдениетіміздің, діліміз бен тіліміздің тамыры үзілмеген кезде ғана Елбасы атап көрсеткендей, біз шын мəніндегі мəңгілік ел болып қала аламыз. ұлғайса да қадір-қасиетін жоғалтпаған, төмен түсірмеген аға буын өкілдеріне əр кез үлкен ілтипатпен қарай аламын. Аға буын мен бүгінгі толқын арасындағы байланыс пен қарым-қатынас біздің ізгілікті қоғам құруымызға жəрдемдесе алады, үлкеннің ұлағатын жерге қалдырмаған елдің мəртебесі қашан да жоғары. Ал өңірдегі жастар өкілдерімен кездесіп, ой-пікір алмасу менің жаныма əр кез жылылық пен рахман нұрын себелейді. Бізде дарынды, талантты жастар жеткілікті. Бұлақ көрсең көзін аш

сəйкеспейтін жайт екені айтпаса да түсінікті. Дана халқымыз «Қой егіз тапса, қос түп жусан артық шығады», «Əр баланың өзінің несібесі бар» демей ме? Көп балалы болудың артықшылығы мен қажеттілігін осындай халық даналығынан асырып айта алмасақ керек. Елбасымыздың саясаты да осы халықтық ұстанымға толық сəйкес келеді. Əрине, жас отбасыларды түгелдей баспанамен, əрі қызметпен қамту үшін белгілі бір уақыт аралығы қажет шығар. Дəл қазіргі күні біз бірінші кезекте ауылға

дипломмен баратын жас мамандар мен отбасыларға қолдау көрсетуді басты назарда ұстап келеміз. Жалпы алғанда, көп балалы отбасылар төңірегіндегі мəселелер өте нəзік келеді. Оны реттеудің бұл бағыттағы проб лемалар мен кереғарлықтарды түбегейлі жоюдың рецептісі мен жолы іздестірілу үстінде. Жоғарыда өңірде шағын жəне орташа бизнестің өрісі өсіп келе жатқанын айтқан болатынмын. Мұнда жастардың үлесі жоғары. Оларды жұмыспен қамтудың бір жолы осындай деуге болады. Облыста «Жас отау» деп аталатын жас отбасыларды баспанамен қамтуды көздейтін республикада баламасы жоқ жоба мен бағдарлама да бар. Əрине, əзірге оның ауқымы онша кең емес. Дегенмен, осындай бастамалар келешекте керегесін кеңірек жаятын болса, мұның өзі аймақта көп балалы жас отбасылардың көбейе түсуіне пайдалы əсер тигізетініне күмəн келтіруге болмайды. – Сіздің өмірдегі басты ұстанымыңыз, айта жүрер қағидаңыз. – Жеті басты болсаң да, елмен елдеспей, кеңеспей еш нəрсе шеше алмайсың деген халықтық қағида. Əрине, жергілікті жəне жоғары билік органдары басшылары қабылдаған шешімдердің бəрі халық пен тұрғындардың бəріне бірдей майдай жағуы еш мүмкін емес. Əрі басшы алған шешімдердің түгелдей дерлігі халықтың бəріне бірдей ұнауы, көңілдерінен шығуы шарт та емес шығар. Мəселе, халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие бола алатын өміршең бастамалардың қоғамдық өмірге көбірек жол тартуында емес пе? Қазақстанның батыс өңірінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген, кезінде «банды Аманғали» деген атаумен есімі көпшіліктің аузында жатталып қалған халқымыздың өжет, нар, намыстан жаратылған қайсар да, қаһарман ұлы бір өлеңінде былай деген екен: Жігітке қиын екен, жұртқа жақпақ, Көңілін бай-кедейдің бірдей таппақ. Қара қылды қақ жарып жүрсем-дағы, Кетеді біреу мақтап, біреу даттап. Сірə, шындыққа суарылған шумақтардың бірі осындай болса керек. – Өмірде өзіңізге жол көрсеткен ұстаздарыңыз бар шығар. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген сөз бар халқымызда. Көпшік қоя сөйледі деп ойламаңыз. Сіздің бойыңыздағы осындай ұстамдылық пен орнықтылықты əр кез байқап жүреміз. Бұл кімнен жұққан қасиет? Əлде ата-анаңыздың қанымен дарыған ба? – Сүтпен келген мінез, сүйекпен шығады дейді халқымыз. Ата-анам мен өскен орта əрі алғашқы ұстаз тəрбиесі мені оң жолға бастай білгені талассыз. Алтыға толмай жатып əліппе танығаным да осындай ортаның нəтижесі болса керек. Бала кезімде оқыған кітаптарым да адами қасиеттерді бойыма сіңіруге əсерін тигізді ғой деп ойлаймын. Мектепке барған кезге дейін тентек болыппын. Менің осы балалық шалдуарлығым мен шалалығымды алғашқы ұстазым, мейірімі мол жан Мария Жұбанова жөнге қоя білді. Ол кісі: Нұрлан, шашың өсіп кетіпті ғой, қидырсаңшы, алдырсаңшы, – деп маған мейірлене, күлімсіре қараған кезде алдағы күндерге деген романтикалық сезімдерім де, сабаққа деген ынтам мен ықыласым да көтеріліп сала беретін. Бала жаны мен жүрегінің пердесін қалай ғана дөп, дəл баса біледі десеңізші, тұңғыш ұстаз. Кейін ер жетіп, қызметке орналасқан кезде де мен өзіме тілектес ағалардың аялы алақанына тап болдым. Олардың бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіруге ұмтылдым. – Нұрлан Асқарұлы, тентек болып өстім дейсіз. Біздің ойымызша, тентек болып өсудің ешқандай айыбы мен сөкеттігі болмаса керек. Тентектен түзелген жақсы. Ол кейін өскенде, ат жалын тартып дұрыс азамат болып қалыптасады. Өмірдің əртүрлі қиындықтары мен сыни сəттері кезінде жүнжіп кетпейді демей ме алдыңғы толқын ағалар. Қадыр ағамыздың мынандай бір шумақ өлеңі де бар емес пе? Көздің жасын бір ғана емес, мың жұтқан, Жуастардан тентектерді кім жыққан. Шындап кетсе, шығаратын бірдеңе, Тентегіңнің өзі жақсы ынжықтан. Мүмкін сіздің осындай бала кезіңіздегі тентектігіңіз облыс басшысы секілді жауапкершілігі мол қызметті атқаруға себебін тигізген де шығар. – Кім біледі?! – Облыс басшысының бос уақыты бола бермейтінін білеміз. Дегенмен, осындай мүмкіндік туа қалса, оны қалай пайдаланар едіңіз? – Иə, уақыттың бола бермейтіні рас. Дегенмен, қолым қалт еткенде отбасыммен, зайыбыммен жəне балаларыммен əңгімелескенді, атпен серуенге шығып қайтқанды ұнатамын. – Нұрлан Асқарұлы, сіз биылғы жылдың басында ел мен Елбасына адал қызмет ету жөнінде Ақордада ант бердіңіз. Осы ант сізге қандай міндеттер жүктейді деп санайсыз? – Ант бергенім менің ел мен Елбасы алдындағы жауапкершілігімді тереңдете түседі. Сөз жоқ бұл өте үлкен сын, əрі өте жоғары сенім. Ант жолдары мен талаптарына селкеу түсірмей, жоғары ұстай білу, сонымен бірге ел мен Елбасы сенімін ақтау өзімнің басты азаматтық парызым деп санаймын. Əрі осы сенім үдесінен шығу үшін оған бар күш-жігерім мен қайратымды жұмсай бермекпін. – Ағынан, шын жүректен ашылып айтқан əңгімеңіз үшін сізге көп рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.

Ќауіпті ќару сату тыйыла ма? (Соңы. Басы 1-бетте). Ол бойынша Қазақстан жағынан – Қостанай облысының Меңді қара ауданындағы Қостанай; Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Айымжан; Уəлиханов ауданындағы Үлкен Қараой; Павлодар облысының Ертіс ауданындағы Ертіс; Ақтөбе облысының Əйтеке би ауданында Əйтеке би жəне Қобда ауданындағы Жиренқопа; Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Казталовка пункттері ашылатыны белгілі болды. Керісінше, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданын дағы Қызыл Шемонайха, Бо ро дулиха ауданындағы Бурко тово мен Коростели; Пав лодар облысының Успен ауданындағы Екатеринославка; Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев ауданындағы Суворов пункттері жабылады деп көрсетілген. Қазақстан мен Біріккен Араб Əмірліктерінің арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы үкіметаралық конвенция да мақұлданды. Конвенция мақсаты екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды инвестицияларға қолайлы жағдай жасау жолымен нығайту жəне дамыту болып табылады. Сонымен бірге, біреуінің немесе екі келісуші мемлекеттердің резидент жеке жəне заңды тұлғаларының табыстарына қосарланған салық салуды жою ды көздейді. Конвенция салық тың барлық түріне қолда ны лады. Кейбір дивидендтерге, пайыздарға жəне роялти ге табыстың пайда болу мемлекетінде төмендетілген мөлшерлеме бойынша салық салынатын ережелер қарастырылған.

Нидерланд Корольдігіне сəтті сапар Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркəсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков бастаған Қазақстан делегациясы Нидерланд Корольдігінде болып, іс-шара аясында маңызды кездесулер өтті, деп хабарлады ҚР СІМінің баспасөз қызметі. Сапар барысында қазақстандық делегация Нидерланд Корольдігінің Инфрақұрылым жəне қоршаған орта министрі Мелани Шульц Ван Хаген-Маас Гистерануспен, «Royal Dutch Shell» компаниясының, НК Сауда-өнеркəсіп палатасының, «VNO-NCW» ең ірі жұмыс берушілер конфедерациясының жетекшілерімен, сондай-ақ, орта жəне шағын бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көр месінің Астана қаласында өткізілуі жоспарлануына байланысты сапар барысында Қазақстанға Нидерлан дының «жасыл энергетика» саласындағы озық тəжірибесін тарту мəселесіне айрықша көңіл ауда рылды. Нидерландының алдың ғы қатарлы технологиялар мен ғылыми зерттемелерді ел экономикасына ендірудің оң тəжірибесін ескере отырып, НК Инфрақұрылым жəне қоршаған орта министрлігінде болған кездесу барысында М.Шульц ЭКСПО-2017 нидерландтық компанияларға халықаралық көрме барысында соңғы технологияларды кеңінен таныстыруға жəне ұтымды энерге тикалық бағдарламалар мен жаңа шешімдерді жылжытуға мүмкіндік ашып отырғанын айрықша атап өтті. М.Шульцтің айтуынша, нидерландтық бизнес қауымдастығы аталмыш ісшараның дайындық жұмыстарына қызығушылық білдіруде жəне Қазақстанға сауда миссиясымен баруға мүдделілік танытуда. Сонымен қатар, сапар аясында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан əрі кеңейту мақсатында нидерландтық тарапқа Қазақстан-Нидерланд Іскерлік кеңесін құру ұсынысы білдірілді. Нидерландтық əріптестер екі ел бизнес өкілдерінің екіжақты байланыстарын ілгерілетуге бағытталған құрылымды қолға алу идеясын қолдап, тараптар арасында бұл бағытта іс-əрекеттесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Нидерландының бизнес ортасы өкілдерімен өткен келіссөздер аясында өзара маңызды сау да-экономикалық байланыстар, тəжірибе алмасу жəне ынтымақтастықты одан əрі дамытуға бағытталған мəселелер талқыланды.


www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

3

АСТАНАНЫҢ АСҚАҚТЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІ

Агрономдар мен нағыз дихандар жақсы біледі. Астананың айналасындағы жердің топырағы құнарлы əрі өнімі сапалы. Мұны жазбай таныған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 5 жыл бұрын Астананың азық-түлік белдеуін жасауды Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласының, сондай-ақ Ақмола облысының əкімдеріне қадап тапсырды. Тек елорданың ғана емес, бүкіл солтүстік аймақтағы халықтың əл-ауқатының жақсаруына серпін беріп, сапалы азық пен саламатты өмір салтына кепіл болатын иманды жобаны жүзеге асыруға тиісті мекемелер əрекет етіп-ақ жатыр. Оны атқарылған жұмыстардың ауқымынан аңғаруға болады.

Азыќ-тїлік белдеуі айрыќша назарда Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда қала əкімдігі Елбасының азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатындағы шараларды атқарып келеді. Жалпы, жұмыс тиісті іс-шаралар жоспары бойынша жүргізілуде. Өткен жылдың мамыр айында Ақмола облысының əкімдігімен бірлесіп азық-түлік белдеуін дамытуға арнайы қаулы да қабылданған. Қараша айының басында ПремьерМинистр Серік Ахметовтің өкімі шықты. Онда Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін тиімді дамытуға кедергі келтіретін мəселелерді шешу жөнінде ұсыныстар əзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Негізі, Астана азық-түлік белдеуінің радиусы 300 шақырым аумақты қамтып отыр. Бұған Ақмола облысының 17 жəне Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді. Белдеу шекарасын Астананы қосып алғанда азық-түлік өндіру жəне қайта өндеу саласында 916 кəсіпорын жұмыс істейді. Соның 270-і ірі жəне орта кəсіпкерлік нысандар екен. Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде қаланың 58 негізгі сауда орындарымен сауда үстемесі мөлшерін қолдану жəне өнімдерді өткізу бойынша меморандум жасалған. Бұдан бөлек, 15 850 тоннаға есептелген 3 көкөніс қоймасы салынып, жалпы қуаттылығы жылына 2500 тонна көкөніс өндіретін 2 жылыжай кешені жұмыс істейді. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін шаһардың сауда нүктелерінде ретро бонустар мен қосымша алымдар жойылып, базарлардан сауда орындары берілген. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша тағам өндірісімен айналысатын 15 кəсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Қабылданған шаралардың нəтижесінде азық-түлік белдеуі аймағына əлеуметтік маңызды өнімдер жеткізу көлемі жалпы азықтүлік тұтыну көлемінен 35 пайызға дейін ұлғайып, импорт үлесі 2011 жылғы 72 пайыздан 2012 жылы 52 пайызға дейін қысқарғанды. Ақмола облысының əкімдігімен ауылшаруашылық өнімдерін қалаға жеткізу көлемін арттыру бойынша жұмыс толассыз жүргізілуде. Нəтижесінде, Астананың азықтүлікке қажеттілігін өтеу ісі ілгерілей түсті. Нақты сандарға жүгінсек, ет – 43%, сүт жəне сүт өнімдері – 38%, жұмыртқа – 97%, картоп – 77%, көкөністер 32%-ға қаланың азықтық қажетін жауып отыр. Жалпы, жыл басынан бері азық-түлік белдеуінен жеткізілген өнімдердің көлемі қаланың азыққа қажетінің 35%-ын құраған. Осы мəліметтерге жүгінсек, қабылданған шаралар азық-түлік тауарлары инфляциясын төмендетуге мүмкіндік тудыра бастаған. Бас қаланың əкімдігі 2013 жылға да маңызды міндеттер белгілеген. Онда сауда орындары арқылы азық-түліктің жеткізілуі мен сатылу

көлемін 60%-ға дейін арттыру көзделген. Оны жүзеге асыру мақсатында азық-түлік өнімдерінің өндірісі саласында елордада 56 жоба пайдалануға берілді. Бұл кəсіпорындар «ҚазАгро» АҚ арқылы қаржыландырылған. Негізі, тұрғындарды көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету үшін кемінде 60 мың тоннаға жуық көкөніс сақтау қоймалары қажет екен. Ал, бүгінде елорда аумағында жалпы сақтау көлемі 22 850 тоннаны құрайтын 5

көп салалы кешеннің құрылысын жүргізіп жатыр. Оған қоса, өндіріс көлемі жылына 1800 тонна ет өнімдерін өндіретін «Бакунов» кəсіпорнын жобалау ісі қолға алынған. Ақмола облысында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау кешені салынды. Ондағы мал санын 2500 басқа дейін жеткізу жоспарлан отыр. Тағы осы іспетті 5 жобаның жоспарлық іске қосылу мерзімі ағымдағы жылдың 4 тоқсаны деп белгіленген. Осынау іргелі жобаларды жүзеге асырып отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Астананың азық-түлік белдеуін дамытуға 34 млрд. теңге бағыттаған. Қазіргі уақытта, Астана қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме базарының құрылысы Астана – Көкшетау айналма жолының солтүстік-батыс аймағында қолға алынған. Базардың уақытша сақтау

Елорда тойы – елдіктіѕ тойы Төсінен жусанның жұпар иісі аңқыған ұлан-ғайыр қазақ даласы елорданың дүбірлі тойын бастап та жіберді... Түркі жұртының қара шаңырағы саналатын Қазақ елі үшін бұл тойдың мəн-маңызы ерек. Сондықтан сəн-салтанаты да бөлек. Бұл той, əуелі, бұдан он бес жыл бұрын тəуелсіз елдің ертеңі еңселі болуы үшін жасалған аса маңызды саяси шешімнің мерейлі мерекесі, сол шешімнің даусыз дұрыстығын дəлелдеп-дəйектеген даналық пен жасампаздықтың даңқ шеруі, кемеңгер көсемінің ерік-жігеріне сенім артқан миллиондаған жүректің орындалған арман-мұратының тойы. Кезінде көпшіліктің кіді көңілінде алма-кезек итжығыс түскен үміт пен күдік күресінде алдыңғысының бір жола бағын асырып, даңқын төске өрлеткен ұлы мереке. Ол, ең бастысы, егемен ел болудың ең ауыр əрі аса жауапты кезеңіндегі Елбасының зор көрегендігі мен саяси сұңғылалығының, қажыр-қайраты мен табандылығының жемісі һəм жеңісі. Демек, бұл той – келешек үшін жасалған көзсіз ерлікке берілген лайықты алғыс пен марапат. Елорда тойының дақпырт пен даңғаза үшін емес, тарихтан тағылым, ұлылықтан ұлағат алу үшін өткізілуі де маңызды. Бүгінгі Астана – Шығыс пен Батыстың арасын жалғайтын алтын арқау. Жағырапиялық орналасуы жағынан кəрі құрлық пен сары құрлықтың қақ ортасынан орын тепкені өз алдына, қаншама елдің

өркениет көшінде тоғысқан геосаяси мүдделері арасынан халқына өзінің мемлекеттік бет-бағдарын табанды ұстануына мүмкіндік əперген бас қала. Елбасының аса маңызды саяси шешімінің арқасында елордаға айналған Астана небəрі 15 жылдың беделінде жалпыадамзаттық, ғаламдық деңгейдегі проблемаларды түйінін тарқата талқылайтын жаһандық жиындардың ордасына айналды. Төрінен төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріндегі түрлі түйткілге төрелік айтылады. Жауыққанды жарастырып, араздасқанға ара ағайындық жасайды елорда. Астана – бүгін бар қазақтың ұлттық, мемлекеттік ары мен абыройы. Беті мен беделі, рухы мен намысы. Жалпақ жаһан алдындағы мақтанышы. Қазақтың астанасы – Қазақ елінің əлемдік ауқымдағы айбыны һəм айдыны. Дөңгеленген дүниенің түрлі елінен арнайы атбасын бұрған қаншама ақыл-ой алыптары, білімғылым мен мəдениет өкілдері, саңлақ саясаткерлер мен іскерлік ортаның іребдел қайраткерлері, алыс-жақыннан ағыл-тегіл ағылған жалпы жиһанкез қауым Астанаға таңдай қағып тамсанады. Бұл – дүниенің кеңдігін ат жалына жармаса жүріп сезінген еркін де ерікті, сайын даласындай жомарт жанды, ат басындай үлкен жүректі,

«Қазақстанның өркендеуі – Астананың өрлеуі» деген атпен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Астананың 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған деректі көрме өтті. Аталмыш көрменің салтанатты ашылу рəсіміне Парламент депутаттары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, тарихшылар, мұрағатшылар мен қала тұрғындары қатысты.

Мўраєат ўлаєаты көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Бұйыртса, таяу уақытта сақтау аумағы 48 800 тонна құрайтын 9 жоба жүзеге асырылмақ. Оның екеуінің құрылысы басталып та кеткен. Ал жетеуінің жобасы жасалып жатыр. Осы нысандар пайдалануға беріліп, толық қуатымен іске қосылғанда қаланың көкөніске қажеттілігі 100%-ға жабылады деп күтілуде. Таяуда, қала аумағында «Астан а ЭкоСтандарт» ЖШС мен «Наурзалин» жеке кəсіпкердің екі ірі жылыжай кешені іске қосылды. Олар бір жылда 2500 тоннаға дейін өнім шығаратын болады. Сондай-ақ, жалпы қуаттылығы 3500 тонна құрайтын 3 жылыжайдың жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл игі шаралар жүзеге асырылса, елордалықтардың жылыжай өнімдеріне (қияр, қызанақ) қажеттілігі маусым аралығында 80%-ға өтеледі екен. Ал, қайта өңдеу кəсіпорындары туралы айтатын болсақ, қазіргі таңда индустриялы саябақ аумағында «Мир Круп» ЖШС жарманы қайта өңдеу бойынша

қоймалары, қайта өңдеу, көтерме сауда секторы жəне көлік терминалдары болады. Жобаны «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ пен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ қаржыландырып отыр. Сондай-ақ, елорда аумағында келесі салынатын жылыжайлар мен көкөніс қоймалары солтүстік-батыс, яғни Алаш тасжолы ауданы Астана – Ерейментау автожолының 4 шақырымына, ет комбинаты ауданы Көктал көшесінің бойы мен ТЭЦ-2 аудандарында салынбақ. Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында қаланың 94 сауда нысандарында мониторинг жүргізуде. Оның нəтижесі Астана күніне дейін анық болар деген үміт бар. Ал қазіргі уақытта, қала əкімдігі азық-түлік белдеуі аумағында өндірілген өнімдердің сапасы туралы пікірлерді анықтау үшін тұрғындар арасында сауалнама өткізуді жоспарлап отыр.

«Астана – Қазақстан Рес публикасының жаңа астанасы», «Астана – халықаралық оқиғалар орталығы», «Астана – спорт мекені», «Астана туралы кең таралған фото жəне ғы лыми басылымдар», «Астана – фестивальдар орталығы», «ЕХРО-2017: Астанаға хош келдіңіз» атты алты бөлімге бөлінген. Құжаттық көрмеге қала тарихынан сыр шертетін 200ден астам бірегей мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдар, Мырзатай Жолдасбеков, Кəкімбек Салықов, Илья Ильин сынды белгілі азаматтардың жеке қорынан алынған құжаттар, сондай-ақ, №59 мектеп-лицейі оқушыларының бұл көрмеге тарту етіп жасаған қала ғимараттарының макеттері де қойылған. Сонымен қатар, шара қонақтары елордамыздың құрдасы, Оңтүстік Кореяда өткен «Жас

ғалым» халықаралық конкурсының лауреаты Жанболат Хайруллиннің баяндамасын тыңдады. «Бүгін тамаша шара болып жатыр. Мұрағат тарихи дерек тердің бəрін жинап, сол жиналған құжаттарға тек күзетші ғана болып отырса, оның ешбір құны болмайды. Тамашалығы – мына құжаттардың бəрін халыққа көрсетіп, салтанатты түрде жариялап жатыр. Көрмені көре отырып, қала тарихының тынысын сезіп, үлкен ойға шомасың», – деп атап көрсетті қарымды қаламгер Кə кімбек Салықов. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Əбсеметовтің айтуынша, деректі көрме өз жұмысын бір ай көлемінде жалғастырады. Мəдина ЖАҚЫП, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.

Астана аулалары абаттанды

Астана қаласының 15 жылдық мерейлі мерекесі бұл бас қаламыз үшін ғана емес, сонымен бірге, бүкіл Қазақстан үшін ерекше маңызы бар оқиға. Сондықтан да Елбасының Жарлығымен соңғы жылдары Қала күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтілуде. Осы мемлекеттік мереке аясында өткізілетін шаралар қатарында елордамызды көріктендіру мен көгалдандыру мақсатындағы кешенді жұмыстардың қала тұрғындары үшін мəні мен маңызы зор. Осы орайда қала əкімдігі мереке қарсаңында елордамыздың көшелері мен аулаларын абаттандыруды дəстүрге айналдырып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, алаштың ардақты азаматтарының бірі Иманғали Тасмағамбетов қала əкімі болғаннан бергі жылдар ішінде осы игілікті үрдіс ерекше қарқын алып, қала көшелерінің көркі көз сүйсіндіріп, аулалары ажарлана түсуде. Биылғы Қала күні мерекесі қарсаңында елорданың Сарыарқа, Алматы жəне Есіл аудандарында 300 аула абаттандырылады, деп жоспарланған. Астана аулаларын абаттандыру

жұмысы əкімнің тікелей тапсырмасымен биылғы жылдың 15 сəуірінде бастау алып, жұмыс күннен-күнге қарқынды сипатта жалғасуда. Есілдің қос жаға лауындағы қала көшелеріне асфальт төселіп, жарық бағаналары орнатылуда. Аулалар жаңа архитектуралық сипат алып, балалардың ойын алаңдары, демалу орталықтары əрлендіріле бастады. Мəселен, тек Есіл ауданында Қала күні мерекесі қарсаңында 15 спорт алаңы жəне 26 балалар ойнайтын алаңдар жабдықталатын болады. Сарыарқа ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы сəуір айынан бері кешенді түрде жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде мұнда 90 аула қайта жарақтандырылды. Аулаларға жаңа спорт жабдықтары орнатылып, жұмсақ төсеніштер төселінуде. Ауланың маңайына асфальт жабылып, оюлы шар бақтармен қоршалуда. Жеңіс көшесіндегі 5/1, 5/2, 5/3, Сарыарқа даңғылындағы 39 жəне 39 а, Жангелдин көшесіндегі 26, Ш.Айманов атындағы көшенің 16/1, 11, Біржан-сал атындағы көшенің 1, 3, 3/2 жəне басқа

үйлердің аулалары күрделі жөндеуден өтіп, сəулет тұрғысынан мүлде басқа сипат алды. Жалпы, Сарыарқа ауданында биылғы жылғы жаз айларында 260 аула жарақтандырылады деп жоспарланған. Тек үстіміздегі жылдың өзінде ғана, қаламыздың 15 жылдық мүшел мерекесін атап өту аясында Астанада жалпы көлемі 11 гектар аумаққа парапар 13 гүлзарлар мен скверлер салынатын болады. Сонымен бірге, қазір жалпы аумағы 67,4 гектарға тең қалалық мəдениет жəне демалыс паркін жаңғырту жəне қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы толық жаңғырту жұмыстары аяқталған кезде бұл парктің мүмкіндігі екі есеге дейін артып, күніне 105 мың адамға қызмет көрсететін болады. Аулаларды көріктендірумен қатар тұрғындардың дене тəрбиесімен шұғылданып, бұқаралық спортқа бейімделуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Мəселен, өткен жылы тек Алматы ауданы бойынша ғана 8 футбол алаңы жасанды көгал жабдығымен

пейіліне сай байлығы да ағыл-тегіл қазақтай дарқан халыққа таңдану, оның ұлылығын мойындау деген сөз. Ұлтының ұлы мұраттарын өмірлік ұстанымына ұластырған Елбасына таңырқау деген сөз! ...Жұмыс бабымен кейде жыл аралатып елордаға бару бақыты бұйырып тұрады. Сондайда, еліміздің қиыр оңтүстігіндегі саялы Сарыағаштан сағынышпен сапар шеккенде əр кез көңіліңді алақұйын сезім шарпып өте шығатыны бар. Астанаға табаның тигеннен-ақ толқу мен тебіреністен құйқаң шымырлайды. Сылаң қаққан ару сипатты ерке Есілдің екі жағалауындағы көкке қарай шаншыла бой түзеген ғимараттар, оқтаудай түзу, тақтайдай тегіс жолдар көкейіңдегі мақтаныш пен шаттық сезімін кеу-кеулей жөнеледі. Сондайда ұлы жиһангер Əмір Темірдің: «Егер біздің күшқуатымызға шəк келтірер болсаң, онда біз тұрғызған ғимараттарға назарыңды сал!», деген сөзі еріксіз есіңе түсе кетеді. Бас қаланың бас сəулетшісі Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа, Қазақстанның жасампаз халқына деген құрметің арта түседі. Астана тойы – елдігіміздің тойы. Той құтты болсын, қадірлі ағайын! Əбдіманап ТАСБОЛАТ, Сарыағаш ауданының №4 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепинтернатының мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Оркестрлер шеруі Астананың 15жылдығына «Астана Самалы» атты үрмелі аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары дабыл мен да уылпаздың мықты əрі əуезді дыбысымен əрленген бірегей думанның куəсі болмақ. Үрмелі аспаптар оркестрінің əуендері тыңдаған жанның құлақ құрышын қандырып, көңіл күйін көтеріп, əрі мерекенің ажарын аша түседі. Биылғы тарту – тым ерекше. Оркестрлер Астананың аш ық алаңдары мен орталық кө ше лерімен салтанатты түрде жүріп өтпек. Мерекелік шерудегі концерттік бағдарлама нағыз саздыəуенді думанға айналып, көпшіліктің көңілін көтерері сөзсіз. «Астана Самалы» фестивалінде Қазақстанның үрмелі аспаптар оркестрлерінен өзге «Мехтер» Түркия əскери-этностық үрмелі аспаптар оркестрі, сондай-ақ, алыс-жақын шетелдерден келген оркестрлер өнер көрсетеді деп күтілуде. «Мехтер» – əлемдегі ең байырғы əскери оркестр. «Мехтер» əскери оркестрінің музыкасы түрік дəстүрлерінде көңілді музыка болып саналмайды. Ол мемлекеттің күші мен мызғымас бірлігін білдіреді. Түркия түсінігінде мемлекет пен халық бірлігі, елдің ұлылығы. Осман мемлекеті алғаш рет музыканы армия өміріне енгізген. Осыдан кейін бір қаланы жау лап алғанда османдардың əскери басшылығының алдында «Мехтер» сазды əуезбен ойналған. Осы тылсым үн бағзы замандардағы өркениеттің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. «Мехтер» оркестрінің музыкасы жаңа əскери оркестрлер құруда еуропа лықтарға елеулі əсер еткен көрінеді. Үрмелі аспаптар оркестрі фестивалі – қаламыздың мəдени өміріндегі жарқын əрі бірегей шара. Фестивальдің басты мақсаты – оркестрлердің əуезді шығармалары арқылы тыңдармандарды қайталанбас шынайы əсерге бөлеу. Гүлжаз ҚЫДЫҚБЕКОВА.

жабылды. Ал Есіл ауданында 33 спорт жабдықтары орнатылды. Астана қаласындағы ауларды абаттандыру жолындағы бұл кешенді шаралар 2017

жылға дейін белгіленген жоспар бойынша қарқынды да жүйелі жүргізілетін болады. Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Бетті дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».


4

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

Басты ґлшем – уаќыт талабы Жасыратыны жоқ, кеңес дəуірінде жоғары оқу орындарын былай қойғанда, мектептердің өзінде Қазақстан тарихы мүлде оқытылмай келді. Рас, 1960-жылдары белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың мектепке арналып шығарылған «Қазақстан тарихы» оқулығы пəн ретінде оқытылуға тиіс еді. Бірақ, арнайы байқауда үздік деп танылған бұл оқулықтың Ресей патшалары мен КОКП-ны дəріптейтін КСРО тарихының қасында бағасы болмай, шетке ығыстырылып тасталды. Заманның өзгеруіне байланысты, бүгінде Қазақстан тарихы 5-ші сыныптан бастап 11-ші сыныпқа дейін оқытылады. Алайда, кейінгі жылдары Қазақстан тарихын ЖОО-да одан əрі тереңдетіп оқыту мəселесіне келгенде, кейбір құзырлы ұйымдар тарапынан көпшілік түсіне бермейтін салқындық қылаң бере бастады. Атап айтқанда, былтырғы жылдан бері бұрынғы мемлекеттік білім стандартының орнын «Білім бағдарламасы» дейтін алмастырып, оның модульдерінде көптеген пəндер мен оның негізгі бөлімдерінің атаулары өзгеріп шыға келді. Соның ішінде «Қазақстан тарихы пəні» «Қазіргі Қазақстан тарихы» болып өзгертіліп, жаңа атаумен берілген. Бұл дегеніміз, «Қазақстан тарихын» 1991 жылдан бері ғана, яғни Отан тарихын орта жолдан, қысқа қайырып оқыту дегенді білдіреді. Хош, бұны 2012 жылдың жаңалығы делік. Ал осыдан бір жыл бұрын ғана еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тарихшылардың 1-ші конгресінде бұл жөнінде ешкім тіс жарып ештеңе деген жоқ еді ғой. Осыған орай, қаржы тапшылығына қарамастан, ат арытып Астанаға келіп, конгреске жиналған тарихшылардың көз алдында айтылмаған жаңалықтың бір жыл өтпей жатып көтеріліп отырғанына таң қалмасқа болмайды. Бұл өзгерістен М.Қойгелдиев басқаратын «Тарихшылар қауымдастығы» да бейхабар болып шықты. Тоқетерін айтқанда, елдің төбесінен жай түскендей болған тарихты қысқа қайырып оқыту «жаңалығы» бүгінде бүкіл тарихшыларды ойға қалдырып отыр. 2013 жылдың мамыр айының басында Білім жəне ғылым министрлігі

тарапынан барлық жоғары оқу орындарының ректорларының назарына «Қазақстан тарихының» өзекті мəселелерін оқытуды талқылау жөнінде арнайы нұсқау келіп түсті. Онда мектептер мен колледждерге жəне жоғары оқу орындарына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығының сапасына əдістемелік жағынан назар аудару қажеттігі айтылған. Бір қызығы, осы нұсқауда жоғарыда біз көрсеткен «Білім бағдарламасының» жобасымен санасу талап етілмеген. Онда «Қазіргі Қазақстан тарихын», яғни Отан тарихын орта жолдан, қысқа қайырып оқыту талаптары да жоқ. Бұны, тек жақсылықтың нышанына жатқызғанымыз дұрыс болар. Дегенмен, жоғарыда нұсқау ЖООға бекерден бекер жіберіліп отырған жоқ деген ой да мазалайды. Қазіргі күн талаптарымен сан а с с а қ, біздің , ой ымыз ш а, минис трліктің кейінгі нұсқауы Елбасы Н.Ə.На зарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауынан туындап отырған сыңайлы. Жолдауда Президент: «Үдеудің сыры – бірлікте, Жүдеудің – сыры алауыздықта», – дей келіп, осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дəлелдегенін» атап көрсеткен болатын. Елбасының тарихқа көзқарасы, оған жанашырлығы бұрынғы Жолдауларында да үнемі көрініс беріп келеді. Егер біз Елбасының осы сөздеріне, əсіресе, «Қазақстан

-2050» Стратегиялық бағытындағы «бірліктің» маңыздылығы туралы ақыл-кеңестеріне құлақ ассақ, өткеннен сабақ алып, іске жұдырықтай жұмылғанымыз жөн емес пе?! Алайда, жағдай олай болмай отыр. Кеңес дəуірінде, орыс тілді тарихшы ғалымдардың беделі мен мерейі үстем болып келсе, қазір де белгілі мысалдағыдай, тарихшылардың басы қосылар емес. Қазір тарих ғылымында не көп, бағыт көп. Олардың қайсыбірін айтып тауысасың. Жұқалап айтсақ, тарихшылардың арасында атаққұмарлар да, орыс тіліндегі диссертацияларды қазақшаға аударып, қатардан қалмауды мақсат етіп жүргендер де, ықпалды немесе қалталы адамдарды жағалайтындар да бар. Ал өздерін тарихшымыз деп жүрген кейбіреулер жан-жақтан дерек іздеп тауып, бедел жинап, нан тауып жүр. Сол сияқты, бірнеше жерде сабақ беруді кəсіпке айналдырған. Қазақтың ауызша тарихнамасын қаперіне ілмейтін, қазақ тіліне шекесінен қарайтын тарихшылар да жоқ емес. Осындай ала-құла ортада, қандай ынтымақ пен бірлік болсын?! Ал, ынтымақ пен бірлік болмаған жерде істің алға баспайтыны белгілі. Шындығында, басқаны былай қойғанда, тарихшыларға тарих ғылымының зерттеу əдісіндегі əділ де, өткір сын жетіспейді. Осыған байланысты, тарихи білімдегі өзекті мəселелерді іріктеу жолындағы жоғарыдағы кедергілер қоғамға орасан зор зиян тигізіп отыр. Мəселен, 2002 жылы шығарылуы тиіс көп томдық тарих оқулығының

4-ші жəне 5-ші томдары 2011 жылы қолға əрең тиді. Соның салдарынан көптеген мектеп оқушылары мен студенттер кеңестік дəуірдің тарихын оқи алмады. Міне, осындай олқылықтар, тарихшылар арасындағы бірліктің болмауы біздің жас тарихымызды жанбай жатып, өшіруге итермелеп отыр. Осы орайда, əлемдегі тарихтың жеке пəн ретінде оқы тылу тарихына үңілсек, ол антикалық мектептерде оқытылған жоқ. Бірақ, ертедегі Грекия мен Персия, Египет пен Рим империялары уақытында мемлекеттер мен халықтар кейде соғысып, кейде бейбіт өмір сүріп, қарамақайшы қатынаста болғанмен, олардың ылғи да бір-біріне əсер етіп, бірінен бірі үйреніп келгені еске түседі. Ол халықтар өздерінің тарихын нақты өмірде жаңғыртып, адамзат баласының өркениетке қол созуына өзіндік ерекшеліктерімен атсалысты. Алайда, бүгінгі заман ғы мəдениеттің көптеген құбылыстарының түп тамырын тек қана Грекияның сан қырлы мəдениетінен іздеуді өсиет еткен марксизм ілімін уағыз даушылар мен Еуропа пікір ағымы қалыптастырған біржақты ұстанымдармен келісе алмаймыз. Шығыстанушы ғалым В.П. Юдин: «Далалық ауызша тарихнама – Еуразия халықтары ауызша тарихнамасының бірі ғана», деген пікір айта отырып, қазіргі Қазақстан аумағында орта ғасырға дейін даланың ауызша тарих айту дəстүрі тарихи білім рөлін атқарды деген қорытынды жасады. Ал осы кездегі Батыста тарихи мəліметтер, орта ғасыр мектептеріндегі əдебиет

үшін тек мəнерлеп оқу материалы ретінде ғана пайдаланылды. Сөйтіп, Отан тарихы Батыс Еуропа мектептерінде оқу пəні ретінде XVI ғасырдан бой көтере бастады. Бұл арада біз, бір ғана Ресей мысалына жүгініп көрейік: Ресейде тарихты оқыту I Петрден басталды. Бұл елдегі Отан тарихын əуелгі оқыту жалпы тарих мəліметтері негізінде жүргізілді. Отан тарихы алғашқы орыс гимназиясының жоспарына енгізілді. Сөйтіп, Отан тарихының арнайы пəн ретіндегі ережелері 1786 жылы халық училищесінің жарғысында бекітілді. XIX ғасырда тарихты оқыту үлгісі ежелгі тілдер мен антикалық əдебиеттерді оқыпүйренумен қатар құрылды. Оны оқытуға кейбір жылдары аптасына 12-14 сағат бөлінді. Дегенмен, XIX ғасырдың орта кезеңіне қарай, Батыс Еуропада басталған революциялық толқулар тарих пəнінің мазмұнын өзгертуге тікелей ықпал ете бастады. Дəл осы кезде тарих пəні саясат құралына айналу сияқты өзіне тəн емес дəстүрге бой алдырды. Əсіресе, 1848 жылдардағы Батыс Еуропадағы революциялардан кейін монархиялық құрылысқа қарағанда, республикалық құрылыстың артықшылығы жұртқа белгілі бола бастаған тұста, монарх и я л ы қ құ р ы л ыс жо л ы н д а ғ ы Ресей оқу бағдарламаларынан ерте дүние тарихын алып тастады. Сөйтіп, тарих курсының мазмұнында жаппай тазалау өріс алып, мұғалімдер республикалық құрылыстың артықшылығы жөнінде оқушылармен арнайы əңгіме өткізу құқығынан айырылды да, Отан тарихы басыңқы рөл атқара бастады. Осы мақаланы түйіндер болсақ, оны сөз басында айтылған Білім жəне ғылым министрлігінің арнайы нұсқауын талқылауға орай, 14 маусымда Алматы қаласындағы екі техникалық (Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ мен АЭжБУ) жоғары оқу орындарының «Қазақстан тарихы» пəнінен дəріс беріп жүр ген профессор-оқытушылар өкіл дерінің бас қосқан мəжіліс қоры тындысымен аяқтаймыз. Мəжіліске Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры Х.М.Əбжанов қатысып, өз ұсыныстарын білдірді. Оның ЖОО-да «Қазақстан тарихын» проблемалық тұрғыдан оқыту мен пəннің атауын бұдан былайғы жерде «Қазақ елінің тарихы» – деп атау жəне Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың жа ңа тұжырымдамасын жасау жө ніндегі ұсыныстары көптің көңілінен шықты. Өз кезегінде сөз алған Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің профессор-оқытушылары К.Чатыбекова, Д.Салқынбек, Л.Болатбекова, Е.Қалмырзаев талқылауға белсене араласып, кейбір «Қазақстан тарихы» оқулықтарының сын кө термейтіндігін айтты. Олар оқулықтардың мазмұнындағы басы ашылмаған екіұшты мəселелерге академиялық тұжырымның қажеттігін, тарихшылардың енжарлығына қынжылыс білдірді. Олардың ойлары Тəуелсіздік жылдары ғана кең тұрғыда қолға алынып, мектептер мен колледждерде жəне жоғары оқу орындарында толыққанды оқытыла бастаған Қазақстан тарих ғылымы шын мəнінде жас ғылым болғандықтан, оны проблемалық жағынан барлық кезеңдер бойынша оқытуды жалғастыра беруді жақтаймыз дегенге салды. Иə, бұл ретте ойласатын жайлар аз емес. Мектептер мен колледждерде жəне ЖОО-да Қазақстан тарихын оқытудың арнайы бағдарламалары қайта жасалып, қайталау түріндегі ұқсастықтарға жол бермеу жағын ойластыру керек-ақ. Техникалық оқу орындарында оқитын студенттер үшін жаңа оқулық жазудың конкурстық түрін ұйымдастырудың да уақыты жетті. Таяудағы уақытта осы жəне басқа мəселелер өз шешімін тапса, Қазақстан тарихын ЖОО-да оқытудың бүгінгі қиыншылықтарынан абыроймен шығарымыз анық. Бағдəулет БЕРЛІБАЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақ халқының тарихында елі үшін қасық қанын аямай, жұртын қорғаған жəне оның тəуелсіздігі жолында бүкіл өмірі жаумен күресіп өткен батырлар аз болмаған. Міне, солардың қатарында əкелі-балалы Барақ, Асау батырлардың да алатын ерекше орны бар. Барақ батыр туралы сөз қозғағанда, тарихта осы кісі аттас бірнеше адамның болғандығы есте ұсталуы шарт. Бұл туралы кезінде қазақтың белгілі жазушыларының бірі Смағұл Елубай да: «Жетінші Барақ – ер Барақ», деп атап көрсеткен болатын. Оқырманның есіне сала кетейік, бірінші Барақ XV ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, қазақтың тұңғыш ханы делінетін Жəнібектің əкесі Барақ хан. Екінші Барақ XVIII ғасырда өмір сүрген, 1848 жылы кіші жүз ханы Əбілқайырды өлтірген Барақ сұлтан.Үшіншісі – Əбілғазы баһадүр ханның «Түрік шежіресі» кітабында айтылатын, Шағатай

Садағына салады. Алдында тұрған баланың Қақ жүректің басы деп Толғап тартып қалады. ...Кəпірдің атқан бұл оғы Оң жағынан өтеді Оқ далаға кетеді Батырға кезек жетеді. ...Екі батыр айқасып Нар бурадай шайқасып Бірін-бірі ала алмай, Бірін-бірі байқасып, Салды соғыс айланы, Өлімге басын байлады. ...Мінді батыр күшіне Тұрсын ба қарап күшіне

соңына түсетіні айтылады. Барақ батыр қалмақ ханымен болған жекпе-жекте де жеңіске жетеді. Келесі бөлімде Асау мен Барақ батырлардың Сырым батыр бастаған 1783-1797 жылдардағы халықтың отаршылдық саясатқа қарсы күресі баяндалады. Жырдың кейбір нұсқаларындағы соңғы тарауда Иранның билеушісі Нəдір шаһтың (Нəдіршенің) Орта Азияға жасаған шапқыншылығы барысында, Хиуа ханының Барақ батырды көмек көрсетуге шақырғаны, оған ақылшы ағасы – Досы бимен екеуі сарбаздармен жəрдемге барып, жа-

Жаужїрек

ханның немересі Ясумункиұлы хан Барақ. Төртіншісі – аталған кітапта келтірілетін Ташкентті билеген қазақ Тұрсынның баласы – Сұлтан Барақ. Бесіншісі – Ш.Уəлихановтың «Қырғыз жазбалары» деп аталатын еңбегінде айтылатын, Абылайдың 1770 жылы қырғыз еліне жасаған жорығына қатысқан, қалмақ батыры Күршімді өлтірген, найманнан шыққан Көкжал Барақ. Алтыншысы – Сотабайұлы Барақ XIX ғасырдың орта шенінде өмір сүрген. Бұл Барақ та мейлінше батыр жəне Аягөздің аға сұлтаны болған. Ол туралы деректер 1846 жылы қазақ жерінде айдауда болған поляк Адольф Янкушкевичтің жазбалары мен М.Əуезовтің «Абай жолы» романында кездеседі. Жетінші Барақ – Сатыбалдыұлы ер Барақ (1743-1840), XVII-XIX ғасырлар аралығында қазақтың солтүстік-батыс өңірін – Ақтөбе, Маңғыстау, Орал жəне Еділге дейінгі кең аймақты жаудан қорғап, елге танылған қаһарман тұлға. Бұл бабамыздың ерлігі жалпақ қазақ даласына танымал болған, кейін аты табын руының ұранына айналып кеткен. Тарихтан белгілі, 1758 жылы жоңғар қалмақтарының сағы сынған соң, Еділ қалмақтары 1759-1760 жылдардың қысында ғана Жайықтың сыртына өткен қазақтардың қырық мыңға тарта жылқысын тартып алған. Мұндай талаушылық 1771 жылға дейін жалғасқан. Соның салдарынан малдан, күйден айырылған қазақтар көптеп қырылған. Міне, осы тұста Барақ батыр ел қорғаған ер ретінде танылып, жыр-аңыздарға арқау болған. Барақ жəне оның баласы Асау батырдың (1763-1843) ерлігін толғайтын «Асау-Барақ» жыры бүкіл қазақ жұртына белгілі. Оның бірнеше нұсқалары бар, күйтабақтары мен CD-дискілері шыққан. Жырдың авторы Ті леу мағанбет Аманжолұлы (жыр Қазақстан Республикасы Ұлт тық ғылым академиясының қолжазбалар қорында сақтаулы, № 365-бума). С.Салқыновтың «Асау-Барақ немесе табын тарихына кіріспе» атты кітабында, жоғарыда айтылған Т.Аманжолұлы нұсқасынан басқа, Е.Құлпыбаевтың «Барақ батыр», М.Ахметовтің «Барақ батырдың жыры» жəне Е.Білеуовтің «Барақ батыр» нұсқалары да берілген. Сөз еткелі отырған шығарма қазақтар мен қалмақтардың шайқасы кезінде 18 жастағы Барақ деген жігіттің ерекше көзге түскен ерлігін жырлайды. Қалмақтың Алакөбек дейтін батыры жекпежекке алғашқы шыққан қазақтың екі батырын жеңгеніне масайрап, жас жігітті менсінбей: – Алдымда тұрған жас бала, Бола берме мас бала. Үмітің болса жаныңнан, Қарсыласпай қаш бала... Қай батырдың ұлысың, Қай қазақтың затысың, Жылдам білдір жөніңді, – дейді. Сонда, Барақ: – Сатыбалды ұлымын, Қазақтың бір туымын. Нағашым Сəрке батыр-ды, Ежелгі ердің соңымын. Руым қазақ табын-ды, Төгейін деп келемін, Жауыз қалмақ қаныңды. Жіберуге келемін, Жеті тамұқ түбіне, Бір шыбындай жаныңды, – деп тайсалмай жауап қайтарды. Жырда, одан əрі Алакөбек: – Жолым үлкен, жасым да Əуелгі кезек менікі, Соңғы кезек сенікі, Кезегімді бер деді. Сонда Барақ бүй деді: – Алакөбек батырсың, Дінің бұзық кəпірсің. ...Əуелі саған берейін Ат, кезеген оғыңды Қазам жетсе өлермін. Егер қазам жетпесе Менде саған төнермін. ...Алакөбек ақырды Көп оғына қол салды, Көп оғының ішінен, Сұр жебе деген оқ алады

Нағашысы Сəркеден Қалап алған алмасын Ашуменен тартқанда Көк алмас өтіп кетеді Алакөбек киген сауыттан. ...Қылышын алып ер Барақ Қия тартып қалмақтың Екі бөлді кеудесін, Кесіп алды кəллесін. ...Жау қалмақты өлтіріп, Қанаты бар қара атты Жетелеп алып шығады, Басына бақыт қонады... Жоғарыда жырда айтылған Сəрке батыр Өмірқұлұлы – Ер Барақтың нағашысы, анасы Қарқараның бауыры, Шақшақ Жəнібек, Есет батырлармен үзеңгілес болған əйгілі қазақ батырларының бірі. Сыр өңірінен шыққан. Сəрке батырдан – Ақайдар, Бекайдар батырлар; Ақайдар батырдан Байқадам батыр (1785\92 – 1850-\53), Бекайдар батырдан Шірен батыр; Байқадам батырдан Сейіл батыр (1827-1902) дүниеге келген. Сəрке батыр кейбір деректер бойынша, 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасында болған Бұланты шайқасы кезінде шейіт болған. Оның қайтыс болған жері Жезқазған өңірінің Жезді ауданындағы кейін «Сəркенің Сарытөбесі», «Сəркенің Ақшиі» деп аталып кеткен алқап көрінеді. Сəрке батырдың əулетін Базар жырау, Тұрмағанбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары жəне басқа ақын-жыраулар өз шығармаларына арқау етті. «Асау-Барақ» жырында, Түгел қарттың бастауымен Кіші жүз батырларының Еділ қалмақтарына қарсы соғысы төмендегіше суреттеледі: Барақ батыр ері бар, Шөміштінің ол кезде, Қай қазақтан кемі бар. Қарақойлы төрт Асан, Дуа тиген ері бар: Сол заманда табынның, Асыл туған бағы бар. Қарақойлы Асаннан, Бармақ батыр тағы бар. Жау қарасын көргенде, Бір басын мыңға балаған. Аттаныпты аламан, Аттаныпты азаннан. Батыр шықты Сазаннан, Көней менен Таңатар, Туғаннан тауға таласар... «Асау-Барақ» жыры бірнеше бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде бабамыздың қалмақтармен шайқасы туралы, оның ішінде қалмақ батыры Алакөбекті өлтіргені, қалмақ ханы Қатты Сыбан інісі Алакөбектің өлгенін естіген соң қасына əскерін ертіп, Барақ пен серіктестерінің

уды жеңгені жырланады. «Асау-Барақ» жырын халық арасында жырлаған ақын-жыраулар тобына А.Тасқынбаев, Н.Раманқұлов, Қ.Иманғалиев, Ғ.Сарыбаев, Ж.Аралбаев, М.Жұмағалиев жəне басқа да жыршылар жатады. Барақ, Асау батырлар – жырдастандардың ғана кейіпкерлері емес, нақты өмірде болған адамдар екенін төмендегідей жəне басқа да көптеген мұрағат материалдары дəлелдейді. Мысалы, 1785 жылдың 15 наурызында жолданған Орал əскери кеңесінің рапортында, Сарайшық қорғанынан қырғызқайсақ қарақшыларын жазалау үшін 1250 казак əскерінің Жем өзенінің құйылысына қарай жіберілгені туралы хабарланды. Осы отрядқа қарсы белгілі рулардың əскер жинап жатқандығы, оның ішінде Сырымның 2700, Барақтың – 2000, Тіленшінің – 1500 адамнан тұратын қолы бар екендігі айтылады (Вяткин М.П. Батыр Сырым. М.-Л.,1947). Сырым батыр 1786 жылы жау қолына түскенде Барақ батыр бастаған елдің бас көтерген азаматтары барон О.А.Игельстромға хат жазып, қолдарын қойып, оны тұтқыннан босатуды сұраған. Барон О.А.Игельстром Сырым батырды босату бойынша 1789 жылы 10 мамырда император Екатерина II атына жіберген мəлімдемесінде: «Старшын-батырлар Сырымның, Барақтың, Жиеншораның, Жанболаттың басқаруымен үш жерде күшті топ жиналғанын, біріншісі – Елек өзені бойында 2000, екіншісі Таналық бекінісіне жақын 3000, үшіншісі Дендер тауында 800 қазақ қолы тұрғанын, бұлардың бекіністерге күшті шабуыл жасау үшін жиналып жатқандарын», хабарлайды. 1749 жылы жаз айларында қазақтар Жайық өзенінен мал суара алмайтын болды, олар үшін арнаулы жерлер белгіленді, Жайық өзенінен балық аулауға да тиым салынды. Осындай қысымшылықтарға шыдамаған халық Орынбордың əскери генерал-губернаторы П.К.Эссенге арыз береді. Олардың ішінде Барақ батыр да бар екен. Бұл арызда патшаның жарлығын бұзып, Жайықтың екі жағына күзет қойылғанына, Нарынды пайдалануға тиым салынғанына, қазақтардың мал жаятын жері тарылып кеткеніне наразылық білдіріледі. Хаттың аяғында: «Мен жетіру Барақ батыр Сатыбалдыұлы мөрімді бастым», деп өз мөрін басады. Міне, жоғарыда айтылған заңды əрекеттер нəтиже бермеген соң, Барақ пен Асау сияқты батырлар отарлаушылардың бекіністеріне

шабуыл жасайды. Ақсақ Майырды тұтқынға алып, оны бұрын тұтқынға алынған Айшуақ ханға айырбастайды. Барақ жəне Тіленші (Бөкенбайұлы) батырлар 1785-1792 жылдары аралығында мылтықпен, зеңбірекпен қаруланған патша өкіметінің əскерлерімен ашық шайқасқа шығады. Олар 17931794 жылдары халықты орынсыз қырғынға ұшыратпау үшін мəселені бейбіт жолмен шешуге күш салады. Соның нəтижесінде, қазақ ауылдары Еділ мен Жайық бойына көшіп қонуына, қыстауына уақытша болса да мүмкіндік алады. Бірақ патша өкіметі 1810 жылдан Еділ, Жайық, Елек өзендері бойларында қазақтардың мал жаюына тағы да тиым салады. Оған қарсы ел арасында жаңа бас көтерулер басталады. Барақ батыр мен оның баласы Асау батырлар бұл көтерілістерге де белсене қатысады. Асау батыр туралы кейбір тарихи деректер Н.Жетпісбайдың Жоламан батыр туралы жазған зерттеу еңбегінде кездеседі. Жоламан Тіленшіұлы 1822-1840 жылдары Жайық пен Елек өзендері аралығындағы жерлердің Илецк тұз басқармасы қарамағына беріліп, оны қорғау үшін Жаңа Елек шебі деп аталатын əскери бекіністер салына бастаған кезде халықтың азаттық үшін күресіне жетекшілік еткен қазақ батырларының бірі, табын Бөкенбай батырдың немересі. Ол 1822 жылы сəуір айында Орал (Жайық) казак əскери атаманы, генерал-майор Бородинге хат жолдап, онда өздері бұрын қоныстанған Нарын құмдары мен Үш өзен бойын қайтаруды, егер ол мүмкін болмаса, ең болмағанда Елек бойынан салынған Жаңа шепті алып тастауды сұрайды. Патша өкіметі бұл өтініштерді орындамауы өз алдына, батырдың өзіне қарсы іс қозғайды. Осыған байланысты, көтерілісшілер 1822 жылы жаз айларынан бастап өз шабуылдарын бастайды. 1822 жылғы тамыз айының соңына қарай Жоламан бастаған көтерілісшілер саны мыңнан асса, қарашаның аяғында үш мың адамға жеткен. Сарбаздарды Жоламанның өзі, Құттыбас, Жаналы, Асау, Дербісəлі, Сүйінқара батырлар жəне басқа да жекелеген сардарлар басқарған. Сондай-ақ, осы тəріздес дереккөздерде Барақ батырдың ұлдары Асау жəне Қитар батырлар есімдерімен қатар, Шындауыл Қитарұлының есімі де аталады. Барақ батырдың шөбересі Дəуіт Асауұлы (1787-1874) патша өкіметі шығарған 1868 жылғы «Ереже» тұсында Торғай облысындағы ұлт-азаттық қозғалысын басқарушыларының бірі болған деген дерек те кездеседі. Айта кететін бір жəйт, кейбір жарияланымдарда Асау атамыздың қайтыс болған жылы 1866 жыл деп көрсетіліп жүр. Осыған байланысты Н.Күзенбаев ағамыздың 1992 жылы жазған мақаласынан үзінді келтірейік: «...Оның (Асаудың) құлпытасында: «Табын руы, шөмішті, тоқал тайпасы Асау батыр Барақ баласы, опат 1263» деп қашалған. Бұл хижра бойынша, ал қазіргі жыл есебімен ол 1843 жылы дүниеден өткен. Деректерге қарағанда əкесінен үш жыл кейін қайтыс болған». Сондықтан, кейін қателіктерге бой ұрындырмау үшін Асау атамыздың дүниеден өткен жылын 1843 жыл деп көрсеткен дұрыс. Соңғы кездегі зерттеулер нəтижелері шежірелер Барақ-АсауДəуіт батырлардың арғы аталары «ел қамын жеген Ер Едіге» батырға (биге) тірелетінін көрсетеді. Барақ жəне Асау аталардың сүйегі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінен 12 шақырым жердегі Сам құмында жатыр. Барақ атаның басында 1992 жылы күмбезді кесене (сəулетші М.Нұрқабаев) бой көтерді, 1993 жылдың маусым айында Ақтөбе облысының Байғанин ауданының Қарауылкелді елді мекенінде Барақ батырдың – 250, Асау батырдың 230 жылдығына орай ас берілді. Ал, 2010 жылы маусым айының 25-26-ларында Сам құмында (Тұрыш елді мекеніне таяу жерде), еңселі «Асау барақ» мешіттілеуханасы салынып, жиын өтті. Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін жан аямай күрескен əкелібалалы Барақ-Асау-Дəуіт батырлар – қасиетті Лабақ атаның үшінші ұрпағы. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының рұқсатымен Алматы облысындағы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында Лабақ ата мешіті бой көтеруде. Аманшылық болса, осы жылдың жаз айларында мешіт құрылысы аяқталады деп күтілуде. Батыр бабалар ұрпақтарының біраз бөлігі, қазіргі кезде Алматы облысының Қарасай жəне Жамбыл аудандарында қоныстанған. Батыр ұрпақтары биылғы қыркүйек айында Бейнеуде Барақ атаның – 270, Асау атаның 250 жылдығына арнап ас бергелі жатыр. Бабаларымыздың əруағы бəрімізді əрқашан қорғапқолдап жүргей! Кеңес ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ, биология ғылымдарының докторы. АЛМАТЫ.


 Тағдыр Қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің қанды шеңгеліне ілінбеген қазақтың арда ұлы аз ба, сірə? Қырық жыл ғұмырымен ел жадында Зəкəрия ақын ретінде сақталған ол кім болған? Оған үштіктің үкімімен қандай айып тағылып еді? Өкінішке қарай, осы кезге дейін Зəкəрия ақынның өмірі де, шығармашылығы да толыққанды зерттелген емес-ті. Дегенмен, сірескен соң қозғалған секілді. Өйткені, Зəкəрияның тұлғалық болмысы мен шығармашылығына бет бұрушылар бар. Соның бірі – Есентүгел Əзиев. С.Бəйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Түркі фольклорының философиясы» ғылымизерттеу орталығы директорының міндетін атқаратын ол ақын Зəкəрия Сағындықұлы туралы əңгімелеп берген еді. – Зəкəрия – Абыл, Нұрым бастаған Қазақстанның батыс аймағында ерекше орны бар ірі ақындық-жыршылық мектептің белді өкілінің бірі. «Қырымның қырық батыры» аталатын қаһармандық дастандарын нақышына келтіре жырлап дəріптеушіжыршы. Бұл ойымызды Ə.Кекілбаевтың «Маңғыстау» энциклопедиясына жазған мына дерегі нақтылай түседі: «Алтын Орда, Дешті Қыпшақ заманындағы тарихи болмысымызды баяндайтын «Қырымның қырық батыры» атты батырлар жырының топтамасының осы аймақта ғана тұтасымен сақталып, атақты Мұрын Сеңгірбекұлы жыраудың аузымен біздің заманымызға жетуі де кездейсоқтық құбылыс емес. Ежелгі ноғайлы заманындағы Сыпыра жырау осы өлкеде туып, өмір сүріпті деген мəлімет бар. Демек, Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Сəттіғұл, Зəкəрия, Сүгір қаһармандық жыраулық мектебінің бүгінге дейін мұрты сынбай жетуінің де тамыры тым тереңде». Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай – ел ішінде белгілі «бес жүйрік» атанған əйгілі дүлдүлдер. Зəкəрия осы «бес жүйріктің» бірі, даңқты жырау Ақтан Керейұлының жанына еріп, өнегесін көрген. Дүлдүл Қашағанның да тəлімін алған. Жасынан зерек өскен зерделі жан тек өнерпаз ғана емес, халқының қамын көксеген сол кезгі қоғам қайраткерітұғын. Іскерлігі мен шаруашылықты жүргізе білетін қабілеттілігі арқасында, маңайындағы жұртты Қоғалыкөл, Қоңырсай, Сулыкөл, Наршөккен секілді малға жайлы өңірді түбегейлі қоныстануға көндіріп, шұрайлы жерлерді игеруге бастайды. Бірақ осынау келелі ісі мойнына тұзақ боп түсіп, тарихта «байлар мен молдалардың жаңа қоғамға қарсы ұйымдастырған көтерілісі» деген атпен қалған Адай көтерілісінің белсенді ұйымдастырушыларының бірі ретінде 1929 жылы Тобанияз Əлниязұлының тобымен бірге тұтқындалып, жазықсыз жапа шегеді. Еңбек ардагері Ізтұрған Сариев «Атамекен» газетінде (N14, 1997ж.) жариялаған «Зəкəрияның тағдыры» атты мақаласында «...бұл кісінің үстінен жүргізілген қылмыстық істің көрсетуінше, Зəкəрия 1893 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданының №14 ауылында туған. Адай руының Қосай бөлімінің, Тіней тармағынан. Білімі төмен. 2 əйелі, 5 баласы бар. 1930 жылы 9 қазанда Қазақстандағы мемлекеттік біріккен саяси басқармасының өкілеттік үштігінің ұйғаруымен үкім кесілген 70 адамның ішінде, ол да дүние мүлкі тəркіленіп, 10 жылға концлагерге айдалған. Зəкəрия мұсылманша оқып, сауатын ашқан. Ел басқару жұмысына қатынасып, Кеңес үкіметінің орнаған кезінде, белсенді түрде 1927 жылға дейін ауылдық кеңестің төрағасы болған. Бірақ зерделі азамат, үкімет саясатының өрескел бұзыла бастағанына наразылық білдіріп, кеңес жұмысынан өз еркімен кетіп тынған», – деп жазады. Зəкəрияның бабалары байрақ көтерген баһадүрлер еді. Аталары Жұбан, Қалнияз, Тұрнияз, Атанияз, берідегі Шам, Талпақ та мыңғырған жылқыны жусатқан байлар болатын. Ел ішінде: «Жұбан балаларына, «мені жылқымның өрісіне қойыңдар, дүбірін естіп жатайын, депті» дейтін аңызға бергісіз əңгіме кең тараған. Ал бабасы Жанаман халқына қорған болған батыр болса, өз атасы Тұрнияз – жұртқа сыйлы саналы азамат екен. Бір кездері осы Тұрнияз, Жұбан, Қалнияздар Жем, Жайық, Маңғыстау аймағына аты жайылған белгілі ислам оқымыстысы Абдолла хазірет Жаналыұлы Сағыз өзені бойына мешіт салғанда қаржылай, малдай көп көмек көрсеткен дейді қариялар. Мүмкін. Тұрнияздың сүйегі осы «Көкмешіт» аталатын Абдолла хазірет қорымында жатса керек. Зəкəрияның əкесі – Сағындық, шешесі – Кемешбек. Сағындық 25 жасында, «көкпар» тартып жүргенде қарынына ердің ұшы кіріп кетіп жазатайым жазым болады. Сөйтіп, Зəкəрия əкеден бір жарым жаста көз жазады. Сағындық қайтқасын Кемешбек əмəңгерлік жолымен қайын ағасы Сəрсенбаймен отасады. Əкеден бір жарым жаста қалса да ынтымақты бірлігін сақтап, сабын бұзбаған салиқалы қауым ортасында таршылық, жасқау көрмей өседі. Атасының мол дəулеті мен жұртқа сыйлы құрметі арқасында зиялы қауымның ойлы ортасынан салиқалы сөз тыңдап, ескіше сауат ашып əжептəуір ілім иесі атанып кемелденеді. Аласапыран мезгілдің тұманды даласынан аймағын аман алып шығуды көздеп белсенген ақынды, «қылышынан қан тамған» қызыл империя алшаңдатпай, қырқады. Өзі ғана емес, оның айналасы, отбасы, тума – туысы тегіс құрыққа ілінеді. Зəкəрия жайлы деректер ел ішінде жеткілікті болғанымен көп жинақталмаған. Ақынның көзін көрген қариялар күні кешеге дейін өмір сүрді. Бірақ, мардымды мəліметтер қалдырған жоқ. Білсе де білмеген кейіп танытқандары да жоқ емес. Өзге түгілі өз баласынан тараған Хамит пен Жазит те аталары жөнінде айтуға жасқанған. Расында, «соның ұрпағымын» деуге қорыққан. Ақынның шығармаларын сақтағандардың бірі Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді қаласының байырғы тұрғыны, елге сыйлы дəрігер, өткен-кеткен, естігенкөргендерін түртіп жүретін ұқыпты азамат Есқалиев Ордабай. Ордабайдың қолындағы жазбадан ақынның тың толғаулары кезікті. Қолжазбасы туралы Ордекең өзі бүй дейді:

5

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

«Бұл өлеңдерді маған əкем Қуанышбек Есқалиұлы қалдырған. 1967-1968 жылдардан бері сақтап жүрмін. Əкем 1972 жылы қайтыс болған. Осы 1967- 1968 жылдары үлкен əкем, яғни, атам Есқали Денешұлы (1883-1981) біздің қолымызда бір жыл тұрды. Сонда мен 8-сыныптамын. Есқали көкем ертедегі жыр-қиссаларды жатқа айтып отыратын. Зəкəрия өлеңдерін де əкем сол жылдары көкемнен жазып алған болуы мүмкін». Ол, сəй гү лі гімен қоса жүйрік баптап, та-

куə болған бір оқиғаны былай мəлімдейді: «Бірде, жаздыкүні ағаш үйдің ішінде отырған Зəкəрияға бір құрдасы келіп: «Апыр-ай, мына шайтанның нарттай болып отырысын-ай», дегенде Зəкең: «Шайтан деген шамалының көзіне шалынбайды деуші еді, оны көріп тұрған сен де шайтанның ібіліс сияқты бір шатағы болмасаң неғылсын», – депті. Осы сынды əзіл-қалжың аралас айтқандарынан көптеген үзінді келтіруге болады. Бəйбішесі Жадырасын шайқорлау кісі болса керек. Түскі шайын ішіп тысқа шықпақшы болған ақынды бəйбіше шəйін ұзақ ішіп бөгейді. Сонда Зəкең: Шəйдің келді иесі, Қанбайтыны несі. Бір жерінде бар шығар, Байлаулы тұрған месі, – деп ас қайырып, тұрып жүре беріпті. Тағы бірде, кешқұрым,

р а З

Тоталитарлыќ жїйе тўсында ќуєынєа ўшыраєан Зəкəрия аќын туралы не білеміз?

лай ірі астардың бəйгесін қанжығаға өңгерген атбегі-тұғын. Тұстасы, əрі туысы Талпақ екеуінің баптаған тұлпарларының топ жармаған кезі сирек екен. Талпақтың «көгі», Зəкəрияның «шұ бары» қосылған аламан жүлдесінің өзгелерге бұйырғаны шамалы деседі. Бұл жерде Талпақтың да, Зəкəрияның да ат таңдауына еріксіз бас шайқайсың. Зəкəрияның нағашысы Бекше бір бəйгеден жүлдемен оралып, жолда апасына сəлем бермек оймен жиенінің үйіне соғады. Сонда Зəкəрия: – Нағашы, қалағаныңды тауып берейін, маған шұбар атынды бер, – деп қолқалайды. Кім жүйрігін бергісі келеді дейсің, нағашысы келіспей өз жөніне кете барады. Салы суға кеткен Зəкəрия үш күн бойы нəр татпай жатып алады. «Ананың көңілі балада», демей ме қазақ. Үш тəуліктен бері баласының қасқабағына қарап отырған анасы: – Құлыным, саған не болды? Бір жерің ауырып жатыр ма? Үш күннен бері асқа жақындамадың ғой, – дейді. – Шеше, менде нағашы, сенде бауыр жоқ екен,– деп шорт кеседі сонда ұлы. Мəнжаймен толық танысқан шешесі үн-түнсіз үйден шығады да, сыртта байлаулы тұрған қара жорғаға мініп алып, шаба жөнеледі. Сол шапқан күйі Жем өзені бойында алаңсыз кетіп бара жатқан інісін қуып жетіп: – Балама шұбар атыңды беріп, қалағаныңды ал. Болмаса, мені осы жерде өлтіріп кет, екінің бірін таңда, – дейді. Қазақтың əдебімен апасын сыйлағаны ма, əлде жиенінің назасына қаламын деп қорықты ма. Інісі қайта келіп, жиеніне: – Қойларыңның ішінен төрт жүз ісек бересің, оның екі жүзі қара, екі жүзі қызыл болсын, – деп шарт қояды. Зəкəрия қойларының ішінен бар болғаны жүз елуақ ісек шығады. Ат десе ішкен асын жерге қоятын Зəкəрия дереу рулас ағасы Талпақ Жұбанұлына кісі жіберіп, екі жүз елу қоспасыз ісек тауып беруін өтінеді. Талпақ лезде екі жүз елу ісек тауып, айдатып жібереді. Мұндайды күтпеген нағашысы: – Болмады, мен жеңілдім, шұбар сенікі, – деп төрт жүз ісегін алдына салып, жиенінің атқұмарлығына таң-тамаша болады. Естуімше, шұбар ат Зəкəрияның пырағы болған. Осы оқиғадан кейін ел аузында: «Баласын Тұрнияздың өңшең қаққан, Айырылып бір мың қойдан шұбар баққан», – деген өлең кең тараған. Ол байлық қумаған. Оған мысал: Арғы атасы Жұбанның баласы Шамға 1922 жылы алты жүз үй тігіліп, бас бəйгеге елу жылқы бөлініп, үлкен ас беріледі. Осы аламанда шұбар жеке келеді. Бірақ ақын бəйгеге тіккен ірі жүлдені алмай, ошақ басына қалдырып кетеді. Табан астында өлең шығарып, түрлі оқиғаларды əзілге айналдырып, қара сөзбен, жырмен суреттеп, көпшілікті күлкіге кенелтіп жүреді екен. Сондай сəттердің бірін, ақынды көзі көрген Тəжбен Мыжбаев: «Зəкеңді көрдім. Киімді талғаммен киетін, дөңгелек жүзді, орта бойлы, ақсары кісі еді», дей келіп,

Беркімбай деген молдалықты ұстанған құрдасы, тумасы жастармен белдесіп, бір кездегі қайраты қайтқан шағы, ұшып түскен бөркіне қарамай сыбанып жатқанын көріп: Сұрасаң сенің атың молда Беркін, Жетеді бір кісіге анық еркің. Байлардың қашағаншыл айғырындай, Жастарға ұмтыласың дүркін-дүркін. Сартылдап сары өгіздің буынындай, Алдырар аяғыңнан кəрілік шіркін Жаспенен жағаласып нең бар еді, Басыңнан ұшып кетті-ау жаман бөркің, – деп жұртты ду күлдіріпті. Осы тақылеттес қысқа, ауыл арасында əзіл-қалжың үшін айтқан шумақтары əр жерде ағайындары арасында еске алынады. Ақынның ақындығын дəлелдейтін негізгі, сүбелі шығармасы оның Ойылда абақтыда жатып «ұшырған» толғаулары. «Адамзаттың баласы», «Күн қайда жүретұғын ырғалып-ай?», «Көлденең жатқан Маңғыстау», «Қош-аман бол ерлерім», «Мұңымды кімге шағайын?» сынды толғауларының дені абақтыдан елге жолдаған сəлемі ретінде келеді. Жазықсыз жапа шегіп, күнəсіз күйіп бара жатқан қайран ақын қабырғалы халқын қимай, сағыныш толы жүректен туған жыр жолдарымен қоштасқандай болады. Қапастағы мұңы бір өңшең есіл ерлер Зəкəрияның жырынан жабыққан көңілдеріне жұбаныш іздесе керек. Тазартып оқып бес намаз Тəубе-тауыс қылайын. Ер басына не келмейді – Тəуекел етіп тұрайын, Білмедік мұның қалайын? ...Құр қайғыдан пайда жоқ, Əңгіме-дүкен құрайын, Айдаса да қай жаққа Несібем тартса барайын... Ақын өзін де өзгені де жырымен жұбатып, басына түскен тауқыметті: «Бұл да Алланың бұйрығы болар», деп түйіп, қара нардай көтеріп бағады. Түрменің түбінде кінəсіз шырмалған талай арыстың көңіліне демеу болар жыр төгеді. Қараңғы үй тастан соққан керегесін, Темірмен қойған торлап терезесін. Жауапты тоқсан тоғыз, жүз қайырып, Толтырдық тергеушінің кенегесін. Жатырмыз тұтқын үйде қаулыменен, Шабарман винтовкасын кезегесін, Ерлерім күйзеледі ақтығына, Ешкімнен пара-пайда жемегесін. Жазықсыз жалған іске шаталаған, Адамның қоздырады делебесін. Жазықсыз шаталғанына күйініп, сөзін тыңдар қазақтың бір жақсысын таба алмай зарлайды. Еркін көшіп-қонып жүрген шағын, бұрынғы өткен ақ-қараны айыра білген əділ де ақиқатшыл бабаларын жоқтайды. Ішіне сыймаған ауыр дертті өлеңдетіп шығарып, өзегін құртша жеген шерін саябырлатып баққан ғой. Ал осы кезде ақынның бұл толғаулары өзіне, қасындағы серіктеріне қатынаған ауыл адамдары арқылы кең дала төсіне шағаладай самғап, таралып жатқантұғын. Жазықсыз іске шатаған,

«Жауыз» деп бізді атаған. Анығын ашпай қылмыстың, Тұтқынға бізді матаған. Бұзықтың сөзі «шын» болды, Болса да нахақ-қарадан. Жүректі езген ауыр дерт, Толтырды ішті жарадан. Қайғырды сыртта ата-ана, Күдерін үзіп баладан... Жалған жаланың шырмауында қалып, бауырын жаза алмаған ақын бір өлеңінде: Келген екен қорғаушы, Ақтөбе деген қаладан. Қаратаев біреуі, Жасы жеткен шал адам. Тыңдамады айтқанын, Дерегі қолда бар адам, – дейді. Осындағы Қаратаев деп отырғаны халқының қамын жеген қазақтың аяулы ұлдарының бірегейі – Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітіріп, Орал облысынан 1907 жылы Мемлекеттік II думаға депутат болып сайланып, жер мəселесі бойынша сөз сөйлеген заңгер Бақытжан Қаратаев болатын. Бақытжандай сол кезгі беделді адамның шалғайдағы Ойылға келіп, қорғаушы болуының өзі Зəкəрияның ел ішіндегі қадірі мен беделін айғақтап, өкіметтің де назарын өзіне аударған тегін адам еместігін растайды емес пе. Ол келер күнін болжар көріпкелдіктен де кенде болмаған. Оған мына оқиға куəлік етсе керек. Зəкəрия Ойылдан Орал қаласындағы түрмеге ауыстырылып, одан əрі су жолымен Жайық арқылы асырылған. Оралдан шығатыны жайлы ақпар туған еліне жетіп, елден жақын інісі, бостандығында бірге жүрген серігі, сыр бөлісер досы Бейнеу дидарласып, қоштасып қалмаққа, астына ақынның Шұбар тұлпарын мініп, бір ісектің етін түгелдей қарынға салып жолға шығады. Міне, осыны Зəкəрия сезіп серіктеріне: «Ертең маған сонау Наршөккеннен адам келеді. Кеменің жағалауға жақын шетіне таман қайратты біреуің отыр. Сəлемдемені суға түсірмей қағып алу керек», депті дейді. Келесі күні айтқанындай болыпты. Бейнеу жағалаудан барынша жақын келіп лақтырған бір қарын етті əлгі сайланған жігіт қағып алады. Бейнеудің астындағы шұбар сəйгүлікті көрген қазақтың ат құлағында ойнап өскен ұлдары, Зəкəрияның жанындағы тұтқын жігіттер: «Пах!, мына шұбардың келісін-ай!» деп таңданыпты. Мұны естіген Зəкəрия інісі Бейнеуге: «Шұбарды құрт, əйтпесе, түбіңе жетеді», – деп хат жазады. Ағасының сөзін екі етпеуге дағдыланған Бейнеу шұбарды сойып, айналасындағы көрші-көлем, ағайын-тумаларына арзан бəспен сатып жіберген сияқты. Жарық дүниеден кейінірек көшкен, Зəкəрияның жанында көп жүрген інісі Бейнеу жанға тіс жармай бар сырын өзімен əкетіпті. Кейде күңірене күрсініп, домбырасын шалып: Домбыра күйге келмейді, Оңды-солды бұрамай. Адам таныс болмайды, Жай-жапсарын сұрамай... ...Домбыра тарттым сынсын деп, Сынса бір көңіл тынсын деп, – дегендей үзінділерді ыңылдап айтып отырады екен. Зəкəрияның інілері Бейнеу мен Аманқосты көзі көрген Атырау облысы, Сағыз кентінің тұрғыны Толтыр қарт: «Бейнеу толғанып: «Ағамыз қайтып келгесін біз байлықты да, барлықты да көрдік. Басқа түскен күні тарлықты да көрдік. Істі болған күні жанымыз қала ма деп, үйде 8 қырмызы ішік бар еді. Бəрін бастықтарға бердік, бірақ одан ешқандай жəрдем болмады, айдалып кеттік. Ағам Зəкəрия айтып отыратын: «Мінетін атың, ішетін асың болса, дүниеге қызық па», деп. Бірақ кезінде оның айтқанына мəн бермедік қой» деп отыратын», – дейді. Сонымен, Зəкəрияның 1929 жылы жазықсыз тұтқындалып, ату жазасына ілікпегенімен ит қорлықты көріп, 1930 жылы 10 жылға сотталып, қудаланғаны ақиқат. Əуелі Əулиеата жаққа, кейін Түркіменстанның Шарджоу аймағына жер аударылады. Бұны ақынның: «Айдалмақ алыс жолға Əулиеата, Айырылып ел-халқынан азаматтар» – дегені растайды. Немересі Райгүл де: «Менің білетінім, атам Ойылдағы абақтыдан Əулиеатаға (қазіргі Тараз қаласы) айдалып, сол жақтан Түркіменстанға жер аударылған. 1933 жылы Түркіменстанның Шарджоу қаласы маңында ауыр науқастан көз жұмған. Бүгінде онда атамның бейітін көрсете алатын адамдар бар көрінеді», – дегенді айтады. Зəкəрия Шарджоуға соңынан екінші əйелі Мақпалды Рашид, Бəтес есімді ұл мен қызын қоса алдырады. Тағдыр тəлкегін көп көріп, қуғында жүріп асқынған ауруы асқынып, сол жақта көз жұмады. Көзі жұмылғанша елдегілерге өсиет, арнау жазып, өлерінде қасында бірге жатқан орыс жігітіне аманаттапты. Соңынан іздеп барған інісі Бейнеуге əлгі орыс жігіті: «Соңғы демі біткенше жазды» деп қолжазбаны табыс етіпті. Бейнеу өсиет сөз жазылған қалың дəптерге ие болып, Бəтес пен Рашидты Фараб деген қаладағы балалар үйіне береді. Бұл, елдің аштық қысып, тоз-тоз болып босып жатқан кезітұғын. Бейнеу Рашид пен Бəтесті балалар үйіне Қасымов деген жалған фамилиямен тапсырып: «Руым – тіней, əкем – Зəкəрия» деген сөзді жаттатып кетіпті. «Қасымов» деп жалған фамилиямен қалдыруының себебі бар. Сол бір кезде «халық жауының» балаларын мұндай интернатқа алмайды. Сондықтан амалсыз осылай істеуіне тура келген. Ал, əйелі Мақпалдың қандай жағдайға ұшырағаны белгісіз. Бейнеу əлгі бағалы қолжазбаны елге келе жатқанда Атырау базарында ұрлатып алған. Тарихтан өз бағасын ала алмай жүрген ақтаңдақтардың бірі осы Зəкəрия ақын. Баржоғы 40 жыл ғұмыр сүріп, заманының зұлым пиғылының зардабынан қыршын кеткен жүйріктің соңындағы мұралары аз болса да құнды дүниелер екені даусыз. Жазып алған Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Сенім мен стратегиялыќ їнќатысу

Əділбек Жақсыбеков Бішкек қаласында өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысты. Қырғыз Республикасының астанасында қорғаныс ведомстволарының басшылары бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздік мəселелерін талқылады. Кеңесте Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тəжік стан қорғаныс ведом стволарының басшылары, сондайақ, Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ШЫҰ-ның қазіргі жағдайда дамуы жөнінде пікір алмасты. – Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Бұл үрдістер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global бастамасымен ұштасады. Аталған форум ынтымақтастықпен өзара түсіністіктің белсенді дамуына жəне біздің ортақ мүддемізге қызмет етеді. Сенім мен стратегиялық үнқатысуды алға бастыру идеясы Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты элементтердің бірі, – деді Əділбек Жақсыбеков. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшылары халықаралық коалициялық күштердің белсенді орерациялары аяқталғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдайды талқылады. – Біздің еліміз Ауғанстандағы мəселелердің ретке келтірілу сұрақтарына ШЫҰ шеңберінде де белсенділік танытуда. Қазақстан келешекте де бейбіт өмірдің қалпына келуіне – əсіресе, əлеуметтік жəне білім бағдарламасы мен жобаларына, гуманитарлық көмек көрсетуге жəрдем береді, – деді Қазақстан Қорғаныс министрі. Қорғаныс ведомстволарының басшылары аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау

үшін, сондай-ақ, терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз есірткі айналымына жəне трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы қорғаныс министрлері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажет екендігін атады. Кеңеске қатысушылар халықаралық келісім нормалары мен ұйымның жарғылық құжаттарын ШЫҰ кеңістігінде сақтаудың нəтижесінде серіктестік қарым-қатынастар қалыптасқандығын атап өтті. – Инспекциялық қызметті жүргізудегі өзара қарымқаты нас та жоғары деңгейде екен дігі байқалды. Біздің елдеріміз, достық пен тату-көрші лікті қолдай отырып, өздері қабылдаған халықаралық оның ішінде əскери саладағы міндеттерін жоғары дəрежеде жауапкершілікпен орындауға қол жеткізуде, – деді Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы. Кеңесте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары 20142015 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті жəне ұйымға қатысты 2014 жылы Қытай Халық Республикасының территориясында өткізілетін «Бейбітшілік миссиясы-2014» бірлескен əскери террорға қарсы жаттығуына дайындық пен оны өткізу мəселелерін талқылады. Кеңестің қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Бірлескен коммюникеге қол қойды. «Егемен-ақпарат».

Рухани ќауіпсіздік – ґзекті мəселе Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде қоғамда мемлекетіміздің салт-дəстүрлері мен мəдени құндылықтарына сəйкес келетін діни сананы қалыптастыруға айрықша көңіл бөлініп отырғандығы мəлім. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығының ұйым дастыруымен ака де мик Е.А.Бөкетов атын да ғы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақстанның рухани қауіпсіздігі жəне жаңа діни ағымдар» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел басындағы келелі əңгімеге осы орайда алда тұрған міндеттер өзек болды. Дін саласының өкілдері, танымал сарапшылар мен зерттеушілер, ғалымдар қатыс қан бұл алқалы жиынды ұйымдастыру орны ретінде Қарағандының таңдап алынуы себепсіз емес еді. Соңғы уақыттарда аймақтың елі мізде пайда болған жа ңа діни ағымдардың кең таралған орталығына айналуы, дəстүрлі емес түрлерінің ең көп шоғырлана бастауы байқалады. Қоғамның рухани қауіпсіздігіне, тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізер діни экстремизм қаупі бар. Оның алдын алу, жат идеологиялардың таралу үрдісіне қарсы күресті күшейту, əсіресе, жастар жандүниесін кемелдендіру қажеттілігіне байланысты өзектілігі өсіп отыр.

Дөңгелек үстел барысында елдің рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа діни ағымдардың қызметімен тікелей немесе жанама түрдегі ықтимал қауіптер мен қатерлерден сақтандыру, сондай-ақ, оны болдырмау жолдары мəселелері талқыланды. Бұл жөнінде ҚАРМУ философия жəне мəдениет теориясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Байжол Кəріпбаев, «Виктория» əлеуметтік-психологиялық көмек орталығының директоры Виктория Артемьева, дін іс тері жөніндегі Қарағанды облыстық департаментінің директоры Серік Тілекбаев, дін қайраткерлері мен сарапшылары ой бөлісті. Олар өз сөздерінде Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша қандай да əрекеттерге қарсы тұруға жəне оларды бейтараптандыруға мүмкіндік беретін іс-шараларды талапқа сай атқаруға толық негіз барын айта келіп, бұған қоғамдық күштерді жұмылдыруға бағытталған кешенді жұмыстарды жетілдіре беру, дін атын жамылған ағымдардың соңғы кезде кең көлемде сипат алуына мықты тосқауыл жасалу керектігіне тоқталды. Бұған байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстелде көтерілген мəселелерге қатысты қарарлар қабылданды. ҚАРАҒАНДЫ.


6

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

 Жастықтың жұлынқұрты Есірткі – адам денсаулығына жəне қоғамға аса қауіп төндіреді, мемлекеттің дамуы мен саяси тұрақтылығына зиян келтіреді, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер тудырады. Бүгінде бұл проблема жаһандық мəселеге айналған. Əлемдегі барлық мемлекеттер осы есірткіге қарсы ымырасыз күрес жүргізуде. Бұл орайда біздің мемлекетіміз де есірткі бизнесіне, нашақорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар қабылдап отырғаны белгілі. Міне, осы толғауы көп мəселе қазір елімізде қалай шешімін тауып жатқаны туралы білу үшін біз ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан БЕЙСЕЕВКЕ жолығып, бірқатар сұрақтар қойдық.

Кїрес кїшейіп, ќауіп сейілді ме? – Бақытжан Халелұлы, есірткі қылмысымен айналысушылар əрекеттерінің жолын кесу жөніндегі іс-шаралармен қатар, нашақорлықтың алдын алу, есірткіге тəуелділерді емдеу жəне оңалту жұмыстары атқарылып жатқаны белгілі. Қауіпті кеселге қарсы бұдан басқа қазір қандай шаралар қолға алынып жатыр? – Əрине, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Соның бірқатарына тоқтала кетсем, мəселен, қазіргі уақытта еліміздегі есірткінің заңды айналымын бақылау жүзеге асырылуда. Бұл ретте қызметтері есірткінің айналымымен байланысты субъектілерді лицензиялау электрондық форматқа толық көшірілді. Құрамында белсенді есірткі заттары бар шөптерді шегуге тыйым салынды. Сонымен қатар, құрамында есірткі бар дəрілік препараттардың тек рецепт арқылы сатылуы бақылауға алынды. Ал жалпы есірткіге қарсы бағытталған кешенді шаралар Нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрестің 20122016 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленгенін жақсы білесіз. Осы бағдарламаның бюджеті 6 млрд. теңгеден асады. Оның басым бөлігі – 5 млрд. теңге шекараны одан əрі нығайту шараларын жүзеге асыруға бөлінді. Бағдарламада негізгі үш бағыт бойынша атқарылатын іс-шаралар қамтылған. Бірінші бағыт – нашақорлықтың алдын алу, емдеу жəне есірткіге тəуелділерді оңалту жүйесін дамыту; екінші бағыт – есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу, есірткі қылмысына жол бермеу; үшінші бағыт – есірткінің заңсыз айналымының жəне оларды теріс пайдаланудың жолын кесу, бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту. – Қазіргі күні еліміздегі есірткіге қатысты ахуал қандай деңгейде? – Жалпы алғанда, есірткі ахуалы тұрақты. Дегенмен, жылына 4 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталады. Жыл сайын шамамен 30 тоннаға жуық əртүрлі есірткі заңсыз айналымнан алынады. Оның ішінде 300 килограмнан астам героин тəркіленеді. Тек үстіміздегі жылдың өткен бес айында ғана ішкі істер органдары 1700 есірткі қылмысын анықтады. Бір мыңнан астам есірткі сату фактісінің жолы кесілді. 5 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 80 кг. героин алынды. Есірткі қылмысын жасаған 12 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Сол сияқты есірткі контрабандасының 52 фактісі анықталды. Заңсыз есірткі саудасынан алынған кірісті заңдастыру əрекеттері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. – Бұл цифрларға қарап отырсақ, нашақорлар саны азаймаған ба, қалай? – Жоқ, азайғаны ғой. Нашақорлардың жалпы саны соңғы алты жылда 26,5 пайызға азайды. Соның өзінде қазір 40643 адам есепте тұр. Оның ішінде əйелдер 35 пайызға азайды. Бүгінде олардың саны – 3069. Кəмелетке толмағандар 46,5 пайызға азайды. Қазір есепте тұрған кəмелетке толмағандар саны 2052-ні құрайды. – Орталық Азия арқылы «ауған героині» тасымалданады деген мəлімет бар. Ел арқылы өтетін есірткі транзитінің көлемі қандай? Жалпы, «ауған героинін» өткізудің қанша арнасы бар? – Иə, Ауғанстаннан келетін героин трафигі – біздің еліміздің есірткі жағдайына теріс əсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі. Жасыратыны жоқ, ол біздің еліміз арқылы өтіп, Ресей

Федерациясына жəне одан əрі Еуропаға жол тартады. Кейбір деректер бойынша Ресейде 2 миллионнан 4 миллионға дейін есірткі тұтынушы бар көрінеді. Жалпы, ауғанстандық героиннің бірнеше маршруты белгілі. Оның бірі – «солтүстік маршрут» деп аталады. Ол Тəжікстан, Өз бекстан жəне Қырғызстан ау ма ғы арқылы Қазақстанға, одан əрі Ресей мен Еуропаға өтеді. Ресейлік əріптестеріміздің ақпараты бойынша, соңғы жылдары «балқандық» деп аталатын маршрут пайда болды. Бұл «балқандық» маршрут та Ауғанстаннан бастау алып, сонан соң Иран, Түркия елдері арқылы Қара теңізбен өтіп, Балқан түбегі елдеріне, сосын Еуропаға жетеді. Ал «каспийлік маршрут» бойынша Ауғанстанның солтүстігінен шыққан героин Түркіменстан жəне Өзбекстан республикалары арқылы өтеді. Одан əрі Каспий теңізі арнасымен Кавказға (Əзербайжан) жəне Ресейге (Астрахань) жетеді. – Халықара лық сарапшылардың деректеріне сəйкес, Қазақстанның аумағы жəне əуе кеңістігі арқылы өтетін өзіңіз айтқан «солтүстік маршрут» деп аталатын бағыт бойынша «ауған героині» транзитінің жыл сайынғы көлемі шамамен 50 тоннаны құрайды екен. Бұлар қалай өткізіледі? Шекара бойы толған кеден бекеттері... – Контрабандалық есірткі Ауғанстанда тиеліп, одан əрі транзит маршрутымен жол тартады. Ал Халықаралық жүк тасымалдау туралы конвенцияға сəйкес кейбір көлік құралдары тексеруге жатпайды. Олар – «TIR» режімінде қозғалатын жəне пломбыланған транзиттік автокөліктер, темір жол вагондары, контейнерлер. Міне, героин көбіне осылар арқылы тасымалданады. Мысалы, Тəжікстаннан Варшаваға бағытталған «TIR» режімі бойынша қозғалатын пломбыланған жүк машинасын бастапқы пункттен шыққан соң тек Польша елінің аумағындағы жеткізілетін пунктте ғана ашып, толық тексеруге болады. Сонымен қатар, есірткі контрабандасына теңіз, əуе көліктері, автомобильдер, темір жол көліктері пайдаланылады. – Сонда ішінде есірткі заттары болса да, көлік пломбыланған деп қол қусырып отыра беру, қалай ойлайсыз, тиімсіз емес пе? – Иə, осы жағдайды ескеріп, республиканың мемлекеттік жəне кеден шекараларында тосқауыл қоятын жедел іс-шаралар кешені, оның ішінде тасымалданатын жүктер мен автокөлік бөліктеріне спектрлік талдау жасауды қамтамасыз ететін инспекциялық қарау кешендерін пайдалана отырып, тексеру жүргізу жандандырылуда. Бірақ, жасырмай айтайын, осындай жағдайлардың өзінде де контейнерлердің, жүктердің

немесе автокөліктердің бір де бірін қалыс қалдырмай тексеру қиындық тудырады. Сондықтан да көрсетілген шектеулер шекараның ең жүктемесі көп учаскелерінде есірткі контрабандасын құрықтау үшін пайдаланылуда. Қазақстанның халықаралық ірі автоөткелдерінде (мысалы, Қордай бекеті) орташа алғанда тəулігіне шекараны 5,5 мың көлік құралы жəне 60 мың адам кесіп өтеді. Аталған маршруттар құқық қорғау органдарының ұдайы бақылауына алынған. – Дегенмен, сіз бəрі бақылауға алынған дейсіз, бірақ Ресейге жеткізілетін марихуана мен гашиштің дені «біздің отандық өнім» деген мəлімет бар. Бұл орайда осы Шу алқабы қаншалықты деңгейде бақыланады? – Баршаға əйгілі Шу алқабында құрамында есірткі бар жабайы өсетін қарасораның алқабы, шамамен, 140 мың гектар аумақты құрайды. Қылмыскерлер немесе оларға табыс табу үшін жалданған адамдар осы Шу алқабынан қарасораны орып, дайындайды. Көбіне, олар қарасораны орып, кептірген соң, көзден таса жерлерге жасырып кетеді. Сонан кейін қыс немесе көктем кездерінде келіп, алып кетпек болады. Жыл сайын маусым айынан бастап қазан айы бойы кең ауқымды «Көкнəр» арнайы операциясы өткізіледі. Əр операция барысында осы өңірден 20 тоннадан астам есірткі алынады. Таяуда Шу алқабының Сарғау жырасында «Көкнəр» арнайы операциясы барысында 46 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталып, одан өзі дайындаған 800 кг. марихуана алынды. Басқа облыстарда осы қарасораны қолдан өсіру фактілері анықталып отыр. Атап айтқанда, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан жəне Алматы облыстарында жиі кездесуде. – Жоғарыда айтылған «ауған героиніне» тағы бір оралсақ. Өйткені, Ауғанстаннан коалициялық күштердің шығарылатындығына байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде? «Ауған героині» легіне Қазақстан қарсы тұра ала ма? – Жалпы, коалициялық күштің аталған елден шығарылуы біздің еліміздің есірткі ахуалына айтарлықтай ықпал ете қоймайды. НАТО қарулы күштерінің Ауғанстаннан шығарылуына байланысты туындайтын жағдайларға қарсы тұру шаралары бүгіннен бастап қабылдануда. Жоғарыда айтып кеттім, шекараларымызды нығайтуда кешенді іс-шаралар қабылданды, əлі де жүріп жатыр. Ауғанстан героинінің барлық бағыттары бойынша есірткі трафигінің алдын алу шаралары жүргізілуде. Сонымен бірге, Ауғанстанда есірткі өндіру ошақтарының солтүстік аумағынан оңтүстігіне қарай ойысуы байқалуда. Мұның əсерінен

 Көзқарас

«ауған героинін» Еуропаға жеткізу маршурттары өзгеруде. Бұл ретте сарапшылар «Иран – Түркіменстан – Қазақстан – Ресей – Еуропа» маршруты пайда болғанын айтуда. Осы маршрут біздің еліміздің батыс аумағын, Ақтау порты мен тораптық Бейнеу стансасын да қамтитыны белгілі болып отыр. Содан еліміздің батысында есірткі тұтынушылар санының өскені байқалды. Ал елдің оңтүстігінде героин тапшылығы пайда болып, нашақорлар арасында есірткінің жаңа түрлерін жасау, пайдалану əрекеттері бой көтеруде. Мəселен, құрамында кодеин бар препараттардан, тіпті көз тамшылары «Тропикамидтен» есірткі дайындап, пайдалану, одан улану фактілері тіркеліп отыр. Сондықтан таяуда еліміздің батыс өңірлерін қамтыған кең ауқымды «Шеп» арнайы операциясын жүргіздік. Ол бірінші рет ұйымдастырылды. Оған барлық құқық қорғау органдары қатысты, көптеген күш құралдары пайдаланылды. Операция барысында теңіз порттары, кемелер, əуе көліктері, темір жол көліктері қатаң тексерілді. Бірнеше есірткі контрабандасының жолы кесілді. – Жастардың, кəмелетке толмағандардың синтетикалық есірткіні тұты нуына қарсы қандай алдын алу іс-шаралары қабылдануда? Бұл синтетикалық қауіпті заттар қайдан келіп жатыр? – Жоғарыда айтып өткенімдей, оңтүстік шекараның бақылануы нығайтылғаннан кейін, нашақорлар үшін героин тапшылығы басталды. Осыған байланысты есірткі тұтынушылардың синтетикалық есірткілер мен олардың аналогтарын, сондайақ қолдан жасалған есірткілерді тұтынуға көшу əрекеттері бой көрсете бастады. Бұл, əрине, жастар арасында бел алды. «Дəріханалық нашақорлар» көршілес Ресейде танымалдығы жағынан екінші заңсыз есірткі болып табылатын «дезоморфинді» пайдалануда. Халық арасында оны «крокодил» («қолтырауын»), деп атайды. Ол қолжетімді дəрілік препараттардан дайындалады. Дезоморфинді тұтынған нашақор оған бірден тəуелді болады жəне көп ұзамай денелері қолтырауынның денелері сияқты бүртіктеніп, шіри бастайды. Жедел-профилактикалық ісшаралар барысында Павлодар мен Петропавл қалаларында дезоморфин өндіретін зертхана жойылды. Сол сияқты түнгі клубтардан «экстазиге» ұқсас препарат алынды. Біздің тізімде болмағанымен бұл зат Ресейде бақылауға алынған психотроптық зат екені анықталды. Қытай елінен дизайнерлік есірткілердің келу фактілері анықталуда. «Допинг» жедел-профилактикалық ісшарасының барысында Алматы қаласының халықаралық əуежайының кедендік тексеру бөлмесінде ішіне 154 полимерлік қалташалар салынған, сыртында «gorbiMix» и «fidelMix» деп жазылған бандероль алынды. Сараптама барысында бұлардың тетрагидроканнабинолға ұқсас зат екені анықталды. Бұл бандероль Қазақстан азаматына Португалиядан жолданған. Алматы қаласының «Жетісу» кедендік бекетінде ақ түсті ұнтақ салынған екі бандероль алын ды. Сараптама бойынша марихуананың психотроптық ком понентінің аналогы екені анықталды. Бұл Қытайдан жіберілген. Бандерольді алушының Қазақстан азаматы екені анықталып, тиісті жедел-іздестіру ісшаралары жүргізілді. Дизайнерлік есірткілерді түрлі шөптерге қосып темекі ретінде тұтыну немесе иіскеу арқылы есірткіге мас болу жағдайлары анықталуда. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

«Адам баласын заман ґсіреді...» Иə, шынайы патриотизм барлық жекебастық қарым-қатынастар мен мүдделерден жоғары. Оған алысқа бармай-ақ кешегі елі үшін бақайшағына дейін қаруланған жаумен арыстандай арпалысып өткен, тіршілігінде-ақ аты аңызға айналған халық қаһармандары: Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев жəне басқа да жүздеген ардагер ағаларымыз бен Алаш арыс тарының өнегелі өмірлері мысал бола алады. Олар, ең алдымен, өз бастарының емес, халықтың қамын ойлады. Шын мəнінде өз елінің адал перзенттері бола алды. Мемлекеттің болашағы үшін күресті. Сөйтіп, мағыналы ғұмыр кешті. Адам қоғамнан ешқашан тыс бола алмайды. Қазіргідей тəуелсіздігімізді одан əрі бекемдей түсіп, басқару институттарын жетілдіруге баса мəн беріліп жатқанда, əрбір саналы, көзі ашық, көкірегі ояу азамат оған атсалысқысы келеді. Мемлекетіміздің одан əрі көркеюіне қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да септігін тигізуге ұмтылады. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатын қолдамайтын адам қазір елімізде кемде-кем. Оған өткен президенттік сайлауда анық көз жеткіздік. Мысал үшін айтсам, үйге екі қайным келді. Екеуі де жұмыс істемейтін. Дауыс беріп, сайлаудан келе жатыр екен. «Кімге дауыс бердіңдер?» деп сұрадым. «Əрине, Нұрсұлтан ағамызға», деп мақтанышпен жауап берді. Дауыс бергендеріне шынайы қуанып тұрды олар сол сəтте. Тек ол екеуі ғана емес, ауылдағы малды адамдарға жалданып нəпақа тауып, күндерін көріп жүргендердің көбісі Елбасын жантəндерімен қолдайтындықтарын анық аңғартты. Өйткені, олардың өз халқын шексіз сүйетін, елінің болашағын тереңнен ойлайтын Нұрсұлтан Əбішұлының ғана мемлекетімізді көркейте алатынына сенімдері бекем. Үміттері де тек Елбасында. Қазір еліміздің экономикалықəлеуметтік даму қарқыны жақсы. Қарт құрлықтағы дамыған алып мемлекеттердің өзі қаржы дағдарысынан тұралап, халқы күнде демонстрацияға шығып дүрлігіп жатқанда, біздер əлеуметтік нысандарды салуға да қыруар қаржы бөліп, жыл сайын аздан болса да қарттардың зейнетақысын көтеріп келеміз. Арыстандай арпалысып еңбектенген адамның қолына бақыт құсы өзі келіп қонады деген сөз рас. Бүкіл дүние жүзі мемлекеттері президенттерінің дені Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымының дұрыстығын, көрегендігін мойындайды. Қазіргі заманда қандайда болсын бір мемлекеттің интеграциясыз, жеке өзі дами алмайтынына əлем халқы көшбасшыларының да көздері анық жеткен. Еліміздің дағдарыстарға ұрынбай, серпінді қарқынмен дамуы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамымыздың дамуын тамыршыдай тап басып, нақты шараларды дер кезінде қабылдай білуінде. Тəуелсіздік алған жиырма екі жылға талдау жасасақ, оған анық көз жеткіземіз. Қаншама сəтті реформалар жүзеге асты. Осыдан үш-төрт жыл

бұ рын Елбасы ел экономикасын көтеруге қарапайым адамдарды да араластырғысы келді ме, «жергілікті басқаруға мəслихаттарды да араластырсақ қалай болады?» дегендей ой айтқан еді, əкімдер оған іштей қарсы болды. Ақыры олар өз ойларын Өскемен қаласында өткен үлкен жиында білдірді. «Əкімдік институты өз ре сурсын əлі сарқып, тауысқан жоқ. Қазіргі даму қарқынымыз жақсы. Осы ұстанымнан айырылып қалмайық», деді олар. Əрі ол əрекеттері сəтті шықты. Елбасы бірден қабылдады. Бəлкім, дұрыс та болған шығар. Бірақ ерте ме, кеш пе, біз бəлкім он, жиырма жылдан кейін болар, алдымен аудан əкімдерін, сонан кейін облыс əкімдерін бүкіл халық болып сайлайтын сияқтымыз. Сол кезде халықтың санасынан қайтадан тəуелсіздік алған 1991 жылдар көрініс беріп қала ма деп алаңдаймын. Оған негіз де жоқ емес. Бұрынғы Күрті ауданы тарамай тұрғанда, шамамен 1980-жылдардың соңы болу керек, Компартияның темір құрсауы сəл босағанын сезінген ақшиліктер Алматы қаласы тұрғындары пайдаланған қалдық су – Сорбұлақты алдыға тартып, «қауіп төніп тұр» деген желеумен күнде демонстрацияға шыққан да кездер болды. Ол кезде Кеңес өкіметі əлі тарқамаған. Мəскеуден тілшілер келіп, «Время» жаңалық-хабарына түсіріп, Одаққа таратып жатты. Сол кездері таным-түсінігі мүлде төмен, оқымаған, ұрыстан басқа ешнəрсені білмейтін бəдік əйелдер белсеніп, елдің алдына шығып кеткен еді. «Əкімдерді бүкіл халық болып сайласын» деген сөзді естісем болды, неге екенін қайдам, сондағы сүреңсіз көріністер əлі күнге дейін есіме түседі. Алып империя – Кеңес өкіметінің құлауына көптеген себептер ықпал етті. Сол себептердің бірі ғана емес, бірегейі өсіріп жазу десек, əсте қателеспейміз. Қазір де рейтинг қуып, жоғары жаққа өтірік ақпарат беру белең алып бара жатқандай... Бұған бірінші кезекте билікте қалу секілді ұмтылыс «мəжбүрлейтіні» айтпаса да түсінікті. Кез келген лауазым иесі билік басында мүмкіндігінше көбірек отырғысы келеді. Ол үшін өзін қалайда жақсы көрсете білуі керек. Өйткені, билік деген тəтті. Осыдан екі жыл бұрын Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Серік Білəловтің атына сын айта келіп: «Облыста облыс тізгінін ұстай алатын басқа адам бар ма деп сұраған едім, «ешкім жоқ» деп жауап берді» деп, қатты ренжіген еді. Сонан кейін облыс əкімдерінің барлығына орындарына кадрлар даярлауды қатаң тапсырған болатын. Биліктен айырылу шынында да оңай емес. Ал өз еркімен бас тарту үшін кемел ақыл, мықты ерік-жігер керек. Ондайлар бар болар, бірақ өте сирек. Ал біздер қазіргі облыс əкімдері туралы аса көп біле де бермейміз. Кім болса да биік лауазымға ұзақ жыл ие болып отырса, одан айырылғысы келмейтіні күмəнсіз. Атақ пен мансаптың буы билеген адамдар одан да жаман болады. Оның үстіне, сыбайлас жемқорлықтың тізгін бермей келе жатқанында биліктегі адамдардың ұзақ жылдар ауыспағанының əсері бар ма деп те ойлаймын.

Марқұм Аманкелді Өксікбаев ағамның облыстық қаржы-бақылау комитетін басқарып тұрғанда: «Заң жазуды маған тапсырса, қай пунктке сүйенсе де менің дегенім болатындай етіп жазар едім», деп айтқаны есімде. Сол сияқты əкімдерге салса, бар билікті қолдарынан ешқашан шығармас та еді. Бірақ адам баласының еркіне бағынбайтын жəйттер де болады ғой. Бұл күнде Елбасы маңайындағылардың денін əкімдік шекпенінен шыққандар құрайды. Олар «Болашақ» бағдарламасын бітіріп, жаңа көзқарас, тың оймен келген талантты жастардың өзін басқару аренасына оңай жібере қоймайды. Ал экономика үздіксіз ілгері басуы үшін кадрлар үнемі алмасып, қан үздіксіз жаңарып отыруы тиіс. Ол – еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілдерінің бірі. Мемлекетіміздің экономикасын көтеруде білікті, жас кадрлардың

арасындағы алуан көзқарастық та жақсы. Пікірталас арқылы ақиқатқа апаратын даңғыл жол табуға болады. Реті келгенде айта кетейік, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің қарқынды дамуы үшін орасан істер атқарды. Бабалар сан ғасырлар армандап кеткен іргесі мығым, босағасы берік мемлекет құрып қана қоймай, əлемге паш етті. Əрбір Қазақстан азаматының өз дəулетін өздері жасап алуына барлық жағдайды жасады. Осы орайда көптің бəріне бірдей топырақ шашқан да жараспас. Осындай ынтымағы жарасып, сүттей ұйып отырған елге бар болмыс-бітімімен қызмет еткісі келетін, етіп келе жатқан əкімдер, басқа да лауазым иелері бар екеніне де сенімдімін. Шағын əңгімемізді түйіндейтін болсақ, қазіргі біздің қоғамның келесі бір кемшілігі – жоғары қызмет атқарып жүргендерге қатысты ашық сын көп айтыла бермейді. Қызметтен түсіп, басқа мемлекетке отбасымен қоныс аударып кеткенде барып, аттан салып жатамыз. Ұлы Абай Құнанбаев атамыз: «Адам баласын заман өсіреді, кім де кім жаман болса, оған оның замандастарының бəрі виноват», деп осыдан 170 жыл бұрын айтқан. Осы пікірге қосылмайтындар жоқ болар, сірə! Марат ҚАШҚЫНБАЕВ.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.

Тїйткілді мəселе талќыланды Қазіргі кезде қоғамға жат қылық – өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы жиі ұшырасып жүргендігі жасырын емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметіне сүйенсек, Қазақстан жер бетінде аталған жағымсыз жайт саны жөнінен алдыңғы қатарда екендігі жасырын емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сəйкес, адамдар суицидке негізінен 15 пен 44 жас аралығында барады екен. Алайда, мамандарды соңғы 45 жыл ішінде суицидтің саны 60 пайызға артқандығы жəне ол жыл сайын өсу үстінде екендігі бейжай қалдырмайды. Айталық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтері бойынша əлемде 2000 жылы бір миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, 2020 жылға бұл көрсеткіш бір жарым есеге көбеюі мүмкін екендігі болжанған. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары суицидтердің алдын алуға байланысты жұртшылыққа оның теріс əрекет екендігін пəрменді түрде жеткізуі қажет. Өкінішке орай, өзіне өзі қол жұмсау фактілері азаймай, керісінше, саны ұдайы арта түсуде. Суицидке деген қоғамның көзқарасын түбегейлі өзгертпейінше, осындай фактілердің өршуі тоқтамайтыны анық. Дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шетін аймақтарды анықтап, халықтың, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай шаралар кешенін құру керектігі өткен сейсенбіде Алматы қаласы балалардың құқықтарын қорғау департаменті,

«Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі мен «Балаларды қорғау мен отбасын қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Өмір сүру керек пе, əлде өлімді таңдау керек пе: ХХІ ғасырдағы суицид мəселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырып, оған мүдделі ұйымдарды қатысуға шақырды. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты – ведомствоаралық ынтымақтастық аясында халық арасындағы өзіне өзі қол жұмсау ахуалының алдын алу бойынша тетіктерді құру болатын. Осы шара барысында жеке, соның ішінде бала мен ата-ана, педагог арасындағы қарымқатынастар, бұл бағыттағы мəселелердің талдануы мен мониторингі жүргізіліп, оларды шешу жолдары қарастырылды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ой-пікірлерін бөлісті. Бүгінгі таңдағы түйткілді мəселенің туындау себептері талқыланып, тиісті ұсыныс-шаралар қабылданды. Зүлфия БАЙСАҚОВА, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының басшысы.

АЛМАТЫ.


 Əріптес туралы əңгіме Қазақта өзі де, сөзі де көркем кісілер көп. Қай уақытта да аз болмаған. Арғы аталарымызды айтпағанның өзінде қазіргі көзі тірі жайсаңдарымыз да жетіп артылады. Олардың əрқайсысы бір-бір əлем. Сондықтан да болар, «Əбдіжəміл əлемі», «Əбдік кеңістігі» деп айтып жататынымыз. Тұлғаларымызды насихаттау бізге оларға табыну үшін емес, ұлтты ұйыстыру үшін керек. Қазақ қашан да аузы дуалы адамға қараған, көшелі кісінің сөзіне тоқтаған. Осы орайда кесек турап, келелі іске бастайтын көшбасшыларымыздың жөні бөлек. Қай мəселеде болсын. Қазіргі қазақ көп параметр бойынша басы тұтаспай тұрған кезеңді бастан өткеріп жатқаны шындық. Біреуі қазақша, біреуі орысша, енді бірі аралас сөйлейтін қазақтың басы бірігіп тұр деп өтірік көлгірси алмайсың. Қазақтың «басқа бəле тілден» деген мəтелі бұл күндері жаңа реңкке ие бола бастады. Қазақты тіл бөліп тұр. Орысша хат танығандар бізге шікірейе қарайды. Біз оларды мойындағымыз келмейді. Осындай итжығыспен алысқа бара алмайтынымызды біле тұра бір мəмілеге келе алмай жүрміз. Тығырықтан шығар жол қайда? Осы сұрақ алдымнан шыққан сайын менің көз алдыма Ғаділбек Шалахметов келеді. Неліктен? Ол кісі бірде маған айтып еді: «Дүниедегі ең сорақы нəрсе – қасаңдық. Біздің түбімізге бір нəрсе жетсе, томаға-тұйықтық жетеді. Осыдан арылуымыз керек». Өте есті сөз! Шынымды айтсам, бұл мақаланы жазудың өзі басқалар да осы сөздің астарына үңіле түссе екен деген ниеттен басталғанын жасырғым келмейді. Шынында да Абай орыс əдебиетін мойындамаса, философияның көгіне көтеріле ала ма? Капица «английский мальчик» болмағанда Кеңес Одағының қорғаныс қабілеті қорғансыздың күнін кешер едіау! Осындай риторикалық сұрақтарды одан əрі шексіз жалғастыра беруге болады. Иə, өз мəдениетімен ғана шектеліп қалу ешкімді де əлемдік масштабтағы ұлы істердің авторы болуға жеткізе алмайтыны – басы ашық əңгіме. Əлгі Ғадекеңнің меңзеп тұрғаны осы мəселе! Əрі қарай былай деп еді: «Қазақ тілділер мен орыс тілділер ең соңында тіл табысатынына сенгім келеді. Оған бізде алғышарттар көп. Солардың ішіндегі ең бастысы – қазақ халқының толеранттылығы». Ғадекең шалыс шамаламайтын секілді. Астындағы аты оқыста кісінесе де Аллаға тəубесін айтып отыратын халық екеніміз рас! Барға қанағат, жоққа мезірет білдіруді бұлжымас əдетке айналдырғанымыз қашш-ш-ааан?! Төзімділік төл қасиетіміздей көрінеді. Заманауи тілмен айтсақ, тұла бойымыз тұнып тұрған – толеранттылық. Бұл қасиет біздің қанымызда бар. Бар тəтті-жұмсағын туған балаларына қимай, қашан келетіні бір құдайға мəлім құрметті қонағына сақтап отыратын əже-апаларымыздың ақ сүтімен келген осы тамаша қасиет бізді өзімізден бұрын басқаның күйін күйіттеуді көксетеді де тұратыны – қызық құбылыс. Ең аяғы ХІХ ғасырда орыс империясына қылыш алып жүгірген Кенесарының өзі генерал Перовскийге жазған хатында Абылай атасының кезінен берік орын алған Ресеймен дос-жарандық, тату-тəтті сыйластыққа адал екенін, осы тұрғыдан алғанда орыс халқына емес, отарлық басқыншылыққа қарсы күресетіндігін айтып өлген жоқ па?! Жаратушының алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтын қазақтан асқан альтруист халық бар ма екен?! Бақыт құсы барын бағалай білетін елдің ғана басына қонатынын қазақ əлімсақтан біледі. Білгеннен кейін бəріне де шыдамдылықпен қарайды. Тəуелсіздігімізді үркітпей ұстап тұруымыздың басты қазығы да осы төзімділікпен қағылған. Қоян-қолтық ғұмыр кешіп жатқан жүзге жуық ұлыс өкілдерін өзекке теппей, керісінше өз бауырына тартудан жалықпайтын қаққан шегедей қалыпты қалпымызды бəзбіреулер төменшіктеумен шатастырып алып жатады. Солай ма? Жоқ. Құс қанаты талатын сайын даламыздай кеңпейіл көңілмен ұлттық санамызға қапысыз қонған кемелділік кей сəттерде кемшілігіміздей көрініп қалатынына қарның ашады. Бірақ, барлық ұлы қасиеттердің қарапайым көрінетінінің өзі ұлы дархандықтан туған кемеңгерлігімізді көмкере алмайды. Ұлты үшін мен деген бір қазақтай еңбек сіңірген қайраткер ұлдарымыздың бірі Ғаділбек Шалахметовті көрген сайын маған міне, осындай ойлар келеді. Жалпы, толеранттық қазақ болса, жалқы толеранттық Ғаділбек Мінəжұлы сияқты. Толеранттылықтың туын көтеріп келе жатқан тұлғаларымыздың біріне айналған оның бойынан дүниенің басқа бір түкпірінде бір адамның аяғына су өтсе, бүкіл адамзаттың балтыры сыздағандай күй кештіретін барлық гуманистік қасиеттерді іздемей-ақ табасыз. Ол орыс мектебінде оқыған, Ресейде білім алған, қызмет бабымен талай елге табан тіреген. Бірнеше шет елде тұрағы да болған. Бір қарағанда, төл мəдениетінен қол үзген космополит қазақтардың бірі деп ойлап қалуыңыз ықтимал. Алайда, оны жақынырақ біліп, дүниетанымына бойлай келе, бұл ойыңыздың асылық екендігіне көз жеткізеріңіз хақ. Жайшылықта ұлтым деп кеуде қағып, сын сағатта көлеңкені паналайтындармен салыстырғанда, Ғаділбек Шалахметовтің ұлтшылдығы мен гуманистігі анағұрлым артық екенін дəлелдейтін деректің ұшықиыры жоқ. Соларды бір-бір сөйлеммен жазып шыққанның өзі жарты беттен асып жығылады. Назар салыңыз. Қазақтың Корчагині атанып кеткен Рахмет Өтесінов ағамыз туралы сонау Жаңаөзенде шаң-топырақ жұтып жүріп, деректі фильм түсірген туындыгерді өмір бойы басшы болып, комфорт іздеп жүрген пенде деп кінəлай алмайсыз. Ол осы фильмі арқылы қазақты айдай əлемге

7

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

таныстарғаны халықаралық кинофестивальде белгілі болған-ды. Балапан басына, тұрымтай тұсына кетіп, бұрынғы КСРО халықтары тəуелсіз мемлекеттер құрып жатқанда сол елдердің бəріне тарайтын ортақ «Мир» телерадио компаниясын құрған біздің кейіпкеріміздің амбициясы кейіннен заманауи озық ойды толық ақтады. Жекежеке отау тіккен елдердегі қантөгістер мен қақтығыстардың жолына кешенді арнадағы диалогтар арқылы тосқауыл қойылғанын көзіміз көрді. Желтоқсан көтерілісі кезінде

меңгеріп алғаны мəлім. Ал Шалахметов көзқарасы оңай құбыла қоймады. Жоқ, ол бұрынғы кеңестік билікті көксеушілердің санатынан емес, керісінше, оның келеңсіз тұстарын əшкерелеушілердің бірі. Сонымен қатар, ол алып «мұзжарғыш кеменің» ішінде орын алған жақсылықтарды да мүлде жоққа шығарудан, сөйтіп, тарихқа əділетсіздік жасаудан да аулақ. Азаматтық ары ақық, өмірден түйгендері мол адамның əрекеті бұл. КСРО құлағаннан кейінгі көзқарасын Ғаділбек Шалахметов үнемі ашық айтып келеді.

 Еркін елдің ертеңі мұрағатында сақталып келген құнды дүниелер. Егер алаңдағы сұрапыл шырқау шегіне жеткен бас-аяғы екі күннің ішінде телевизия қызметкерлері осы оқиғаны таспаға түсірмегенде, бүгінгі ұрпақтың қолында сол қаһарлы күндер туралы бейнедеректердің болуы екіталай еді. Ғаділбек Шалахметовтің жетекшілігімен республикалық телевизия мамандары алаңдағы оқиғаны таспаға түсірумен ғана шектелген жоқ. Желтоқсан оқиғасын халыққа ешбір тараптардың сойылын соқпай, қаз-қалпында жеткізуге тырысып бақты. «Саптаяққа сусын құйып, сабынан қарауыл қарайтын» қиын кезеңде халыққа объективті ақпарат жеткізу оңайға түспеді. Желтоқсан оқиғасынан шошынған орталық телевизия қазақтардың жұмысын кірпік қақпай қадағалап отырған еді. Қазақ ұлтшылдығының өршуіне не ықпал еткендігін анықтау үшін Мəскеуден арнайы келген комиссия бірінші кезекте телевизияның жұмысын бақылауға алды. – Мен Қазақ телевизиясының үнемі жоғары бағаланып келгенін, тіпті бірқатар бағдарламалардың Мəскеуде, Ресейдің бірқатар аймақтарында, басқа да республикаларда эфирге шығатынын

Пассионар

Мемлекеттік телерадио комитетінің төрағасы ретінде таза қазақша арна ашу жөнінде іссапармен Мəскеуде жүргенінде елдегі аласапыранды ести сала осылай қарай құстай ұшқан азаматтың Отаны үшін отқа түсуге бар екенін бажайлау қиын емес. Елу жыл бойы халқын қасіретке ұшыратқан Семей полигонын жабуға тікелей əсер еткен Ғаділбек Мінəжұлын кейде «человек тотального действия» деген атқа ие болған Эрнест Хемингуэйге ұқсатқың келеді. Айқын да ұстамды белсенді өмірлік бағдары бар Ғаділбек Мінəжұлының шетелден бас сауғалап қашып келген талантты əріптесін ешқандай құжатсыз өз қарамағына қаймықпай жұмысқа қабылдағанын қандастарын қолдаудың классикалық үлгісі деп айтқан абзал. Қазақта Абай жəне Мұқағали бар. Осы екі алыптың өлеңдерін орыс тіліне үлкен шеберлікпен аударып, бұл салада жанкештілікпен жұмыс істеген Ғадекеңнің көп қырлы талант иесі екенін танисыз. Жуырда ғана жарық көрген «В пустыне каждый на виду» авторлық кітабы осы сөзімізге дəлел. АҚШ-тың экс-президенті Картермен талай рет табақтас болып, адамзатқа пайдасы бар бірнеше жобаларды бірге жүзеге асыруға қатысқаны үшін оған қазақ халқының атынан алғыс айтқың келіп тұрады. Алмағайып тоқсаныншы жылдардың бел ортасында БҰҰ-ның Бас хатшысы Бутрос Галиден сұхбат алған жалғыз қазаққа қайта-қайта қол соққың бар. Оның мұндай өрелі істерінің бəрін тізіп шығу мүмкін емес. Енді солардың бірқатарына кеңірек тоқтап өтсек те жеткілікті. Біз білетін Шалахметовтің барша адамзат баласын «ұлық» немесе «кішік» деп бөлмейтін, əлемнің əр түк піріндегі өркениеттерді бір-бірінен бөлежар майтын, керісінше сабақтастыра түсін діретін көзқарасы оның өмір жолында түйген тəжірибесінің, кемел білімнің арқасында келгені тайға таңба басқандай анық білінеді. Сондай-ақ, ғұлама ғалымдардың еңбектерін оқып қана қоймай, олармен тікелей пікір алмасудың арқасында қанына сіңген түсінік деп айтсақ та қателесе қоймаймыз. Əсіресе, Еуразия арыстаны Лев Николаевич Гумилевпен араласуы оның еуроазияшылдық көзқарасының қалыптасуына айрықша ықпал еткені байқалады. Ол – өзі айтқандай «красный ледокол» палубасында дүниеге келген, сол алып кеменің қатал тəртібіне бағынып ер жеткен, қызығын да, шыжығын да бастан өткерген буынның өкілі. Тəуелсіздік алысымен бұрын тоталитарлық жүйенің сойылын соғудан алдына жан салмаған талайлар басқаша сайраудың тəсілін тез

– Əрине, тəуелсіздіктің не екенін білмейтін немесе оны əлдеқашан ұмытқан халықтардың өз алдына отау тігіп, бөлек мемлекет болғаны жүрек жарыла қуанатын нəрсе. Иə, бізге бұрындары шетелге шыққанда өзіміздің қазақ, молдован, армян емес, баршамыздың орыс екенімізді есту өте ерсі болатын. Біз бұрын өзімізді барша адамзаттың тағдырына ықпал еткен ұлы елдің бір бөлшегі ретінде сезінетінбіз. Енді оның орнын тəуелсіз ел ретіндегі мақтанышымыз алмастырды. Хакім Абайдың: «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал», деген дана сөзі бар. Осы тіркесті бір жағынан сəл өзгертіп: «Ісіне қарап кісіні ал», деп түсінуге де болатындай. Адамның тіршілікте жасаған істері, қайраткерлік қадамдары оның халық алдындағы кескінкелбетін қалыптастыратыны белгілі. Қазіргі əсіреұлтшылдардың популистік сарындағы «асқақ» ұрандарына елтіген жандар Шалахметовті сыртынан шала қазақтардың санатына қосып жіберуі əбден мүмкін. Алайда, ұран мен істің үнемі бір жерде тоғыса бермейтіні бар. Осы орайда, Ғаділбек Шалахметов сонау 1986-1987 жылдардың өзінде қаһарлы Желтоқсан оқиғасы хақында халық арасында объективті көзқарастың қалыптасуы үшін аянып қалмаған жандардың бірі. Қазақ мемлекеттік Телерадио комитетінің басшысы Ғаділбек Шалахметов сол күндері Мəскеуде одақтың мемлекеттік Телерадиосының алқа жиналысына қатысып, қазақ тілді бағдарламаларды кеңірек таратуға, таза қазақша арна ашуға қажетті қаражаттың көбейтілуін талап етіп жатқан болатын. Кенет Алматыдан орынбасары, көрнекті сыншы һəм қоғам қайраткері Сағат Əшімбаев қоңырау шалады. Ол қиын жағдайдың орын алғандығын айтып, шұғыл түрде елге оралуын сұрайды. Бір нəрсеге қатты толқып тұрғаны байқалады. Ол кезде республикалық телевизия ғимараты Үкімет үйінің дəл іргесінде орналасқан еді, терезеден қарағанда, орталық алаңға жиналған қарақұрым халық алақанға салғандай айқын көрінеді. Екеуі телефон арқылы сөйлесе келе, барлық түсіру тобын жіберіп, алаңдағы сұмдықтарды кеңінен қамтуға уағдаласады. Сөйтіп, Ғаділбек Шалахметов Мəскеуге келген шаруаларын жиып қойып, бірден Алматыға ұшады. Одан кейінгі жайттан көзі ашық, көкірегі ояу жандардың баршасы хабардар. Алаңда билік тарапынан болған сұмдықтардың талайы телеоператорлардың назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда телеарналардан беріліп жүрген Желтоқсан оқиғасына қатысты кадрлардың көпшілігі сол бір қиын-қыстау күндері таспаға түсіп, республикалық телевизияның

айтып, жағдайдың мүлде басқаша екендігін ұғындыруға тырыстым. Бірақ, комиссия тіпті «Тамаша» сынды əзілсықақ, басқа да публицистикалық бағдарламалардан ұлтшылдықты насихаттайтын элементтерді тапты. Маған тағылған айыптар қызметімнен алып тастауға жететін еді. Шыны керек, оларға қарсылық ретінде партбилетімді столға тастап, қызметімнен кетіп, сол арқылы арымды таза қалпында сақтап қалғым келді, – дейді Ғаділбек Мінəжұлы. Алайда, осындай қадам жасаған жағдайда оны қоғамның түсіне қоюы неғайбыл еді. Қызметтен өз еркімен кетсе, Орталықтан келген комиссия бұл қадамды кінəсін мойындадыға балайтыны анық. Мұның арты телевизиядағы өзге əріптестеріне соққы болып тимек. Орнына басқа адам тағайындалып, бұған дейін іргесі қаланып қойылған талай тележобалар жарыққа шықпай жатып келмеске кететіні тағы бар. Осының бəрін ойша саралай келе, ашу-ызаға емес, салқын ақылға ерік бергенді жөн санап, əліптің артын бақты. Желтоқсан оқиғасына атсалысқан бірқатар əріптестерін қорғап қалуға күш салды. Шалахметовтің мемлекеттік Телерадионың тізгінін ұстап тұрған тұста жасаған ерлігін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Сексенінші жылдардың соңында алаш ардақтыларының құт мекеніне айналған Семей өңіріндегі ядролық сынақтардың зардабынан запы болған жергілікті халық мұң-мұқтаждарын ұлттың рухани көсемдеріне аманаттай бастағаны мəлім. Бүтін аймақтың халқын апатқа ұшыратқан осы атышулы сынаққа əлемнің назарын аудару Олжас Сүлейменовтің қолынан келді. Ал Олжас ақынның сөзі жалпақ жұртқа бұлжымай жетуіне бірден-бір себепкер болған адам Ғаділбек Шалахметов осы іс туралы: «Мен солай жасап едім», деп жұрт алдында ақтарылғанын көрмеппін. Бірақ тарихқа қиянат болмас үшін оның естеліктерінен осы мəселеге қатысты мына бір жолдарды аттап кете алмаймыз: «1989 жыл ядролық полигонда кезекті сынақтар жасалды, апат орын алып, радиоактивті газдар жер бетіне шығып кетті. ...Дəл сол тұста Олжас КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер еді. 25 ақпан күні Қазақ телевизиясында сайлау алдындағы сөзін сөйлеуге тиіс болатын. Соның қарсаңында таудағы санаторийлердің бірінен ол маған қоңырау шалды. Бейнежазба арқылы емес, тікелей эфирде сөйлегісі келетінін айтып өтініш білдірді. Толқып тұрғанына қарап: «Неге?» деп сұрауға дəтім бармады. Бұл телефон арқылы шешілетін мəселе еместігін сездім. Кешкілік телеорталыққа келді... Менен: Эфирді үзіп тастамауын қадағала! – деп өтінді...». Он бес елдің телевизиясын міз бақпай қадағалап отырған Мəскеудегі мықтылардың қаһарына ұшырайтынын білсе де, Шалахметов өзінің сол кездегі өкілеттігін пайдаланып Семей полигоны туралы ақиқаттың айдай əлемге жария болуына себепкер болуды жөн деп шешті. Олжас Сүлейменовтің осы «сайлау алдындағы» атақты сөзі осылайша барша одақтың телекеңістігіне таралды. Ақын сайлау алдындағы бағдарламасын емес, қазақ халқының трагедиясын əлем жұртшылығына жайып салды. «Ядролық полигон жабылуы керек», деген қаһарлы сөз тұңғыш рет айтылды. Олжас Сүлейменов кеудесінде намысы бар, рухы өлмеген адамдардың баршасын Жазушылар одағы ғимаратының алдына шеруге шығуға шақырды. Бұл тоталитарлық режімнің темір ноқтасына бас имеген азаматтық қарсылық болатын. Осылайша, кейінірек «Невада-Семей» деген атты иеленген атақты антиядролық қозғалыстың ең алғашқы қадамы Қазақ телерадио кешенінің қабырғасында

бастау алған-ды. Ғаділбек Шалахметов мемлекеттік Телерадио комитетінің басшысы ретінде осы қозғалыстың қарқын алуына ықпал ететін түрлі бейнесюжеттердің жарық көруіне тікелей атсалысты. Оған қарсы болған мүйізі қарағайдай мықтылардың қорқытыпүркітуге тырысқан қарекеттерінен түк шықпады. Ғадекеңнің мен байқаған керемет қасиеттерінің ішіндегі адам қызығарлығы – оның достыққа беріктігі. Өмірдегі достарының тізімі салақұлаш. Оның үстіне достары əлемнің əр түкпірінде. Əсіресе, Аспанасты елінде дүниеге келген қандасымыз, белгілі ғалым, ақын əрі журналист Айтан Нүсіпханмен арадағы достығы тілге тиек етуге сұранып тұр. Айтан Нүсіпхан – тағдыры аласапыран қоғамның талқысына түскен жандардың бірі. Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында қазақ тілі мен мəдениетінің Қытай билігі тарапынан қысымға ұшырағанын сынға алғаны үшін, оған қарсылық білдіргені үшін қуғынға түскен азамат туған жеріне бас сауғалауға мəжбүр болған. Ала баған асып келгендердің бəрін көз қырына алатын үш əріптің назарына ілікпеу үшін атпал азаматтың көрмеген құқайы аз емес. Тіпті, Ресейдің Хабаров өлкесінде орманда ағаш шауып, жан бағуға дейін барған. Кейінірек Алматыға атбасын тіреген. Мұрат Əуезовтің себепкер болуымен Ғаділбек Шалахметовпен танысады. Кеңестік тоталитарлық жүйе шетелден келгендер, əсіресе, құпиясы көп Қытайдан келген жандар тиісті органдардың көз қырына алынатыны белгілі. Соған қарамастан, Ғаділбек Шалахметовпен таныстығының арқасында Айтанның алдынан ақ жол ашылды. Оның қытай, ұйғыр тілдерін жетік білетіндігін алға тартқан Ғаділбек Шалахметов Айтан Нүсіпханның радио, телевизия саласында жұмысқа орналасуына, барлық қарымқабілеттерін көрсете алуына мүмкіндік туғызды. Алаштанушы ғалымдар Айтан Нүсіпханды XX ғасыр басындағы қызыл қырғынның құрбанына айналған қазақ зиялыларының тағдырын зерттеуші тұлғалардың бірі деп біледі. Ұзақ жылдар бойы құпиялылық құрсауында қалып, есімін атауға тыйым салынып келген Мұстафа Шоқай сынды Алаш ұлының еңбектері елге жетіп, есімі қайта оралуына бірден-бір себепкер болған да осы Айтан Нүсіпхан. Қытайдан келгені үшін құзырлы органдардың қырағы назарына алынған, құжат дегенде қайдан келгендігі, кім екендігі туралы жазылған бір жапырақ қағазы ғана бар қандасымызды кеудесінен итермей, керісінше оған қамқор бола білген Ғаділбек Шалахметов шынында да ұлтжанды тұлға. Соңғы кездері Ғаділбек Мінəжұлының қасында жиі жүремін. Одан үйренетін нəрсе жетеді. Пайдалы коэффициенті көп адам. Қай жағынан алсаң да пассионарлық қасиеті көзге ұрып тұрады. Біріншіден, өз ісіне деген пассионарлығы. Қолға алған кез келген ісін мұқият атқармай көңілі жайлана қоймайды. Бұрында да солай болған. Қазірде де солай. Тыным көрмейді. Қолды-аяққа тұрмайтын қағылез. Астанадағы толып жатқан жұмысына нұқсан келтірместен бір айдың ішінде бірнеше елге іссапармен шығып келуге де үлгеретінін қайтерсіз. Мамандыққа деген махаббат құдіреті осы болар. Екіншіден, өмірге деген пассионарлығы. Ол кеше жетпіске толды. Бірақ, тың. Бойын тік ұстап жүретіндігін былай қойғанда, ешқашан консерватизмге берілмейтіндігімен тəнті етеді. Өткенін айтып, мақтанбайды. Қазіргі күнгі тіршілігімен сені өзіне бағындырғысы келіп тұрады. Бұрынғы жинаған ұпайларымен мысыңды баса беретін кісілердің қатарынан мүлдем кездестіре алмайтын керемет қасиет. Əйтпесе, телевизия патриархы дегендей атқа жеткен оның бұрынғы істері он адамның өміріне жетерлік. Үшіншіден, айналасындағы адамдарға деген пассионарлығы. Онысы өзінің туа біткен төл қасиетіндей көрінетін қарапайымдылығынан анық байқалады. Алайда, бұлардың барлығы – біз білмейтін көп адамдарда да ұшыраса беретін жалпыадамзаттық құндылықтар. Ал, енді оның бойындағы төртінші құштарлық біздің қоғамда өте сирек кездеседі. Бұл қазақ біткеннің бойына кездейсоқ құйыла кететін қасиет деп айта салу мүмкін емес. Ол үшін ең алдымен рух ірілігі керек. Одан қалды, азаматтық мəдениет керек. Сонда ғана ұлты мен адамзатқа деген пассионарлық бойға бітеді. Əрине, бұл дəрежеге жету өте қиын. Қазір біздің арамызда жүрген Ғаділбек Мінəжұлы осынысымен құнды. Оның атасы Шалахмет – жүз жасаған кісі. Немере де ғасырды иектеп құласа деп тілеймін. Неге? Негесі сол, əлгі рух ірілігі бір адамның, не бірнеше адамның бойында болғаны жеткіліксіз. Ол бүкіл қоғамның бойында болуы тиіс. Сонда ғана біз мықты мемлекет боламыз. Азаматтық мəдениеті жоғары ел дəрежесіне көтерілеміз. Қадір-қасиеті күшті халыққа айналамыз. Қазаққа өзі де, сөзі де көркем кісілердің көбірек болуы сол үшін керек! Шархан ҚАЗЫҒҰЛ, журналист.

АСТАНА.

Сержанттар легі сап тїзеді

Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын кезекті түлектер бітіріп шықты. Оқу орнының қабырғасынан шығып отырған 176 кəсіпқой сержанттың 15-і оқуды үздік аяқтады. Салтанатты шараға кадеттердің ата-аналары мен туған-туыстары, қонақтар, Ұлы Отан соғысының жəне Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысты. Дəстүр бойынша əскери оқу орнын бітірушілер тізе бүгіп, Тумен қоштасу қасиетті рəсімін орындады. Тумен қоштасу құқығына оқу озаты, Кадет корпусын бітіруші Қағазбек Мерей ие болды. Жиналғандар асыға күткен сəт сержанттардың вальс орындау сəті болды. Бұл оқу орны құрылған алғашқы жылдардан бері Кадет корпусының айнымас игі дəстүріне айналған. Биыл он бесінші түлектер бітіріп шығуда. Осыншама рет Кадет корпусының саптық алаңында кадеттердің бітіру салтанатында вальс биленді. Əскери мансап жолына сəттілік тілектерінің белгісі ретінде аспанға ақ көгершіндер ұшырылды. Кадет корпусы офицердің бірінші көмекшісі саналатын кəсіпқой сержанттарды даярлайтын бірегей оқу орны болып табылады. Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уəлиханов атындағы Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1996 жылғы шілде айында құрылған. Оқуды аяқтаған кадеттер «Əскери басқару» мамандығы бойынша «əскери басқарудың кіші маманы – менеджер», «В. С. санаттарының жүргізушісі», «Жауынгерлік машинаның үшінші сыныпты жүргізушісі» біліктіліктерін алып шығады. «Егемен-ақпарат».

 Айбын

Ўшу ўшќырлыќты ўштайды Алматы авиабазасы əскери авиациясының ұшу құрамы Ми-26, Ми-17 əскери-көлік ұшақтарымен ормандағы өртті өшіру жөніндегі жаттығуларын өткізді. Ұшқыштар жаттығуларды таулы аймақта жəне жазық жерлерде «Бэмби» су төккіш қондырғысын пайдалану арқылы пысықтады. Олармен қатар, өз елімізде құрастырылған отандық «Еурокоптер» тікұшақтары да ұшу жаттығуларын бастап отыр. Экипаж жаралыларды қауіпсіз аймаққа көшіру, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдау жұмыстарын іске асырды. Майдандық авиацияның ұшқыштары да əріптестерінен қалыс қалмай, оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастырды. Су-27 жəне МиГ-29 жойғыш ұшақтарының ұшу топтары өз тəжірибелерін жетілдірді. Алматы облысының «Қызылағаш» полигонында талдықорғандық жəне жетігендік авиабазаның тəжірибелі кəсіби ұшқыштары арнайы нысаналарға ракеталармен, бомбалармен шабуыл жасады. Ұшқыштар əуеде əртүрлі жаттығулар жасап, алыстан жəне жақыннан ұрыс салу қимылдарын көрсетті. Қысқаша айтқанда, Əуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде оқу-жаттығулар жауынгерлік дайындық бағдарламасының жоспары бойынша аптасына үш рет жоғары қарқынмен жүргізілді. «Егемен-ақпарат».


8

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

 Спорт

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Їш алтын, бір кїміс, екі ќола Астанада аяќталєан Азия чемпионатында Ќазаќстан атлеттері осынша медаль алды Маусымның 25-і күні кешке Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өзінің мəресіне жетті. Содан 4 күн бұрын басталған зілтеміршілер сайысына континенттің 21 елінен 150-ден астам спортшы қатысып, 15 медальдар жиынтығын сарапқа салды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Кезекті əлем біріншілігі алдын дағы сынақ болып саналатын байрақты бəсекеге барлық елдер бірдей қазіргі таңдағы ең мықты құрамымен келген жоқ. Осы орайда, қатарында Лондон Олимпиадасының үш чемпионы болған Солтүстік Кореяның, сондай-ақ күштілерінің барлығын дерлік теріп əкелген Иран мен Тайпей командаларының турнирде үлкен үміттері болғанын да айта кетейік. Мұның есесіне, Қытай құрамасы өзінің үшінші-төртінші лектегі атлеттерін сынға салуды жөн көріпті. Сол сияқты соң ғы Олимпия ойындарында айды аспаннан шығарған тарландар орнына əлемнің жастар мен жасөспірімдер арасындағы додаларында көзге түсіп жүрген кейінгі толқынын бəсекеге қосқан Қазақстан да өзіндік мақсатқа сүйенді. Расы керек, біздің құрама жаттықтырушылары тіпті сол жас буын арасындағы сайыстарда жарқырап көрініп келген үздіктерінің де бəрін түрлі себептермен бұл сапқа қоса алмады. Айталық, əлемнің жастар арасындағы үш дүркін чемпионы Надежда Ногай жарақат алуына байланысты тізімнен шығып қалды. Ал бірінші Жастар Олимпиада ойындарының чемпионы Жазира Жапарқұл ішкі бəсеке елегінен өте алмағандықтан, құрамға ілікпеді. Сонымен бірге,

бұлардың қатарында өткен жылы Олимпия ойындарына қатысқан тағы екі атлетіміз болды. Бұлардың арасынан біреуі (А.Нұрмұхамбетова) өзіне көрсетілген сол сенімді молынан ақтап шықты. Көпшілік күткендей, құрамы аса күшті Солтүстік Корея спортшылары бірден ең биік мақсаттар үшін күреске белсене араласты. Қорытынды нəтижеде бұл елдің зілтемірші жігіттері мен қыздары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді. Бұл олардың командалық бірінші орын алуларын да қамтамасыз етті. Екінші тұғырға 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді қоржындарына салған Иран атлеттері орналасты. Ал үшінші орын 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жинаған Қазақстан құрамасына бұйырды. Бұлардан басқа, алтын медальді омырауларына ілгендер тізімінде Тайпей, Қытай жəне Өзбекстан елдерінің спортшылары да болды. Алдын ала болжанғандай, чемпионаттың бастапқы шағы Қазақстан құрамасы үшін пəлендей табыс əкеле қойған жоқ. Дегенмен, біздің Галина Мамотова (48 кг), Маргарита Елисеева (53 кг), Арли Чонтей (56 кг) сынды саңлақтарымыздан чемпиондық тұғыр болмағанымен, үштіктен орын алуларын күткеніміз де рас еді. Алайда, үшеуі бұл шеңберден сырт қалды. Ал чемпион болып қалуы да мүмкін саналған, біздің құрама сапында бірінші рет үлкен

додаға қатысып отырған Арли тіпті серпе көтеру жаттығуында бірдебір талпынысын дұрыс пайдалана алмай, жарыс жолынан мүлдем шығып қалды. Осылай пəті қайта бастаған көңілді кенет 62 килоға дейінгі салмақтағы оның серігі – Фархат Харки көтере түскендей болды. Қоссайыс қорытындысында алдына тек Солтүстік Корея өкілі Ким Ун Гукті ғана жіберген ол күміс медаль еншіледі.

Біздің сосын Фархаттың табысынан кейін 85 килоға дейінгі салмақта сынақ өткенше жүлде күте тұруымызға тура келді. Осы топтағы Евгений Евстафьев қоржынымызға қола медаль түсірді. Сол салмақтағы тағы бір атлетіміз – Ербол Мейірманов сайыс барысында жарақат алып, күні бұрын жарыстан тысқары қалды. Ал бұл медальға дейін Карина Горичева (63 кг), Əділбек Балқаев,

Жылдыѕ басты жарысы Кеше «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен 30 маусым күні Астанада қазақ күресінен Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық кездесуіне байланысты жиын өтті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Кездесуде Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов биыл осымен үшінші жыл қатарынан елімізде «Қазақстан барысы» жобасының жүзеге асып, қазірде оның қарқыны күшейіп, көрермендер санының артып келе жатқанын, қазақ күресін насихаттауда жəне дамытуда аталған турнирдің мəні мен маңызын айтып, оның болашақта əлемдік деңгейдегі үлкен жобалардың бірі болатынына сенімін білдірді. Одан кейін мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақыт биылғы турнирге балуандардың дайындығы, төрт ай бойы еліміздің жер-жерінде өткен

іріктеу жарыстары туралы кеңірек айтып берді. Осы жерде ол биылғы финалдық белдесуге алдын ала келісілгендей, 33 балуан емес, 32 балуанның қатысатынын, Жамбыл облысынан финалға жолдама алған Дəулетхан Жақыповтың салмағының жетіспеуіне байланысты турнирді жалғастыра алмайтынын жеткізді. Сөйтіп, ол Жамбыл облысынан былтырғы «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев пен Айдос Теңгебаевтың қатысатынын айтты. Ал турнирдің бас демеушісі атынан Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ-тың өкілі Айдар Махметов биылғы турнирде қалыптасқан дəстүр бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлерге қомақты сыйақы берілетінін атап өтті. Соның ішінде ол жеңімпазға «Қазақстан барысы-2013»

атағымен қоса «Алтын Белбеу», алтын «Тайтұяқ», автокөлік пен 150 мың доллар табыс етілетінін, биыл қор турнирге жалпы жүлде қоры 23 миллионнан астам теңге көлемінде демеушілік жасайтынын жеткізді. Жиында осы турнирдің идеясы мен жобасының авторы, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев турнирдің мəні мен маңызы, оның өз дəстүрін сақтап, халықтық жоба жəне еліміздің талантты да еңбекқор жастары үшін əлеуметтік лифт болып қала беретінін айтып, биылғы іріктеу сындарының жоғары деңгейде өткенінен хабардар етті. – Биылғы турнирдің іріктеу сындарына 100 мыңнан астам балуан қатысып, 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 миллионнан астам көрермен тамашалады. Осыдан-ақ «Қазақстан барысы» жобасының жыл сайын дамып, қанатының астына мыңдаған, миллиондаған жанкүйерлерді жинап жатқанын көруге болады. Қазіргі күні турнир нағыз бұқаралық сипат алып, халыққа

айтады. Халық айтса, қалт айтпайды демекші, мүмкін айтқандары рас шығар. Бірақ, біз білетін Арслан халықаралық аренада, елішілік жарыстар мен турнирлерде болсын əлі өзін толық көрсете алмай келеді. Мүмкін, біз де қателесетін шығармыз. Қалай десек те, Алматы сияқты алып шаһардан «Қазақстан барысының» финалдық белдесуіне жолдаманы жеңіп алу оңай емес. Бұл екінің біріне бұйыра бермейтін, маңдайына жазылмайтын бақ. Жақында Арслан дайындық жұмыстарының қызу жүріп жатқанын тілге тиек етіп: «Қазақстан барысы» турнирінің финалына шығу кез келген балуанға бұйыра бермейді. Іріктеу сындарына қатысқан қаншама спортшының арасынан финалдық сынға жолдама алу үшін біраз еңбектенуге тура келді. Алатау бауырындағы алмалы қаланың жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысамын. Алайда, финалға қатысатын балуандардың барлығы да шын мықтылар қатарынан», – депті. Басқа балуандардың мықтылығын мойындап, өзіне де сенетінін, жанкүйерлердің көңілінен шығып, жерге қаратпайтынын айтса, бұл да балуанның шын көңілі деп білеміз. Бұдан балуанның өз-өзін алдамайтынын, жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салатынын көруге болады. Біздің ойымызша, осындай психологиялық жағынан жарысқа дайындалған балуандар ғана жеңіске жете алады. Ендеше, оған да турнирде сəттілік тілейміз! Арсланның да бүркеншік аты бар. Оны кілем үстінде қарсылас жақ тың адамдары «Алматы барысы» дейді. Арслан 1986 жылғы 17 ақ пан күні туған. Салмағы – 98 кило, бойы – 185 см. Оны Дүйсенбек Аязбеков пен Мақсат

Қиқымов жаттықтырады. Алматы қаласының намысын қорғайтын екінші балуанның есімі – Виктор Демьяненко. Виктор дзюдодан ұлттық құрама мүшесі. Максим Раков белдесетін 100 килоға дейінгі салмақта екінші нөмірлі балуан саналады. Жастар арасындағы Азия жəне əлем чемпионаттарының қола жүлдесіне қол жеткізген Виктордың немере ағасы Виктор Демьяненко Мəскеу Олимпиадасында күміс медаль алған даңқты боксшы. Виктор Демьяненконың бүркеншік аты – «Алатаудың ақ аюы». Ол: 1991 жылы 11 маусымда туған. Салмағы – 103 кило, бойы – 183

Суретті түсірген Алмас МАНАП.

ең жақын жарысқа айналды, – деді ол. Осыдан кейін ол биылғы финалдық белдесулерді ақпараттық жағынан насихаттау мəселесіне тоқталып, турнирдің тікелей көрсетілімін «Қазақстан» ұлттық арнасы мен КТК жəне шетелдіктер үшін ресейлік «Боец» жəне грузиялық «GMG» телеарналары көрсететінін, ресейлік арнада біздің екі отандасымыздың комментатор болатынын, ал, ұлттық арнада комментаторлық жұмыстың біреуін былтырғы күміс жүлдегер Шалқар Жоламанов жасайтынын атап өтті. Сонымен бірге, ол сапалы тікелей эфир үшін түсіру техникасының соңғы үлгідегі жабдықтары қолданылып, «Еуроспорт» үшін əлем жəне Еуропа чемпионаттарын түсіретін мəскеулік кəсіби түсірілім тобы жұмыс істейтінін айтты. Кездесуде А.Шораев «Қазақстан барысы» қазақ халқының ұлттық дəстүрлері мен нақыштарын көрсетіп қана қоймай, шетелдік қонақтарға еліміздің дəстүрлері мен өмір салтымен танысуға ерекше мүмкіндік беретін жоба екеніне, биылғы додаға танымал спортшылармен қатар, сумоның 25 мəрте чемпионы Асасеру Акинори, моңғолдың екі дүркін чемпионы Сумибазардың да келетінін жеткізді.

Алматы мен Атырау балуандары Бүгін біз «Қазақстан барысы» турниріне қатысатын балуандарды таныстыруды одан əрі жалғастырамыз. Газеттің өткен сандарында еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерінің атан жілік, апайтөс балуандарын кеңірек жазсақ, бүгін Алматы қаласы мен Атырау облысының атынан бозкілемде белдесетін балуандарды таныстырудың реті келіп отыр. Қазіргі кезде Алматыда спорттың басқа түрлері сияқты ұлттық ойындарымыз, оның ішінде төл күресімізді дамытуға жəне соны насихаттау мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жұмыстар мемлекет тарапынан ғана емес, «Қазақстан барысы» турнирін ұйымдастырып жатқан Арман Шораев сияқты көкірегі ояу, жаны жомарт, қолынан іс келетін, қолы ашық азаматтардың қолдауымен де жасалып жатқанын айтуға болады. Міне, осындай жұмыстардың нəтижесінде жақында Алматыда «Қазақстан барысының» финалына өткен іріктеу бəсекелері жанкүйерлер көңілінен шықты. Ұйымдастырушылар турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ден қойып, жеңімпаздар жүлдесіз қалған жоқ. Жиырмаға жуық түйе балуандар арасында финал жолдамасын Арслан Əбдамит пен Виктор Демьяненко жеңіп алды. Арслан Əбдамит дзюдодан елішілік турнирлерде талай рет топ жарған балуан. Бүгінде Алматы қалалық қаржы департаментінде қызмет атқаратын ол облыстық сынның финалдық айқасында қарсыласын таза жеңіп, жанкүйер ықыласына бөленді. Жалпы, Арсланның күресін көргендердің бəрі оны болашағынан көп үміт күттіретін балуан дегенді

Гүлназ Наурызова (69 кг), Кирилл Павлов (77 кг) секілді спортшыларымыз беделді белдеуге сəл ғана жетпей тоқтап жатты. Міне, осыдан кейін біздер үшін нағыз «алтын» жауатын шақ туды. Құрама бапкерлерінің турнир қарсаңында айтқан үш алтын медаль межесі осы кезде орындала бастады. Командаға алғашқы алтын медальді 77 килоға дейінгі салмақтағы Анна Нұрмұхамбетова (суретте) алып берді. Екі жаттығуда да алдына жан салмаған ол қоссайыс қорытындысында 249 кило салмақ жинады. Оның қарсыластарынан көп ілгері кеткенін өзінен кейінгі үш спортшының алғандары 231 кило болғанын айтсақ та жеткілікті. Сөйтіп, Лондонда төрешілер соңғы талпынысын есепке алмай тастағандықтан ғана қола медальға жетпей қалған қызымыз бұл жолы өзін ерекше қырынан танытты. Мұның соңын ала қоссайыс бойынша 385 кило салмақ алған 94 килоға дейінгі салмақтағы Александр Зайчиков чемпион тұғырына көтерілді. Бұдан соң 253 кило жиынтық көрсеткіш көрсеткен 75 килодан жоғары салмақтағы Александра Аборнева да құрлық чемпионы атанды. Ал ең соңынан 105 килодан жоғары салмақтағы Ибрагим Берсанов құрама қорына тағы бір қола медаль қосып қойды. Осылайша, еліміздің ауыр атлеттері өздерінің алдарына қойған мақсаттарын абыроймен орындап шықты. Бұлардан басқа Азия чемпионы атанғандар туралы толық деректер газеттің интернет-басылымындағы (Egemennews.kz) «Дода» блогында жарияланған. –––––––––––––––––

см. Жат тық тырушысы – Талғат Биабулин. – Негізі, дзюдо күресімен шұғылданамын. Ұлттық күресті де меңгеріп алғанмын. Қалалық сында Арслан Əбдамиттен жеңілгеніммен, екеуміз бірге жаттығып жүрміз. Дайындығым жаман емес. Кімнің мықты екенін кілем көрсетеді, – дейді Виктор. Мұнайлы мекен Атырау өңіріндегі іріктеу сындарында Сұңғат Закарияев пен Қайрат Өтеген есімді балуандар топтан озып, финалдық сынға қатысу құқын иеленді. Сұңғат Закарияев дзюдодан жастар арасында ел чемпионатының

жүлдегері атанған. 20 жастағы балуан Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген. Бүгінде ауылдастары Сұңғаттың тілеуін тілеп отыр. Сұңғаттың «Ағатай» деген бүркеншік аты бар. 1992 жылы 9 тамызда туған. Салмағы – 82 кило, бойы – 185 см. Аманбай Қыздарбаев де ген азаматтың қарамағында жаттығады. – «Қазақстан барысы» бəсекесіне тұңғыш рет қатысқалы отырмын. Турнирдегі ең жеңіл салмақты балуандардың қатарынанмын. Бірақ, қазақта да жеңіл салмақтағы түйе балуандар көп болған. Сондықтан, өз күшіме сенемін. Əрине, алыптармен айқасу оңайға соқпайды. Алайда, намысқа тырысып бағамын, – дейді Сұңғат. Атырау облысының абыройын жоғары ұстауға ниеттенген келесі балуанның есімі – Қайрат Өтеген. Қайрат дзюдодан Қазақстан біріншілігінде екі рет жүлдегерлер қатарына енген тəжірибелі балуандардың бірі. «Шеркеш» деген бүркеншік аты бар Қайраттың да көз дегені «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық сынында жүлделі орынды алу. Қайрат 1987 жылы 18 шілдеде туған. Салмағы – 114 кило, бойы – 180 см. Ол Жандос Қиянов деген маманның қол астында жаттығады. – «Қазақстан барысы» турнирі арқылы ұлттық күресімізге деген халықтың ықыласы оянды. Бүгінде əрбір балуан үшін турнирге қатысу үлкен мақсатқа айналды. Жеңіп жатса, бұл доданың сыйлайтын абыройы да жоғары. Сол себепті, жанкүйерлер үмітін ақтап, турнирде жақсы өнер көрсетуге ниеттеніп отырмын, – деген Қайратқа біз де сəттілік тіледік. –––––––––––––––– Суреттерде: Виктор ДЕМЬЯНЕНКО мен Арслан ƏБДАМИТ жəне Қайрат ӨТЕГЕН мен Сұңғат ЗАКАРИЯЕВ.

2013 жылғы 15 ақпан

№138

Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. «Қазақстан Республикасында автомобиль тасы малдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 708-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидасында: 4-тармақта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдiк рұқсат, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат);»; 10) тармақша алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Жолаушыларды, багажды жəне жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай түрлердегі шетелдік рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады: 1) жүк тасымалына арналған шетелдік рұқсаттар; 2) жолаушыларды жəне багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар; 3) күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Жыл сайын 10 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтiнiмдердi қабылдайды. Жылдық өтiнiмде: 1) отандық тасымалдаушының атауы; 2) қызметтiң түрi; 3) заңды мекенжайы; 4) ұсынылған автокөлiк құралдарына рұқсат беру куəлігінің жəне (немесе) лицензиялардың, рұқсат беру карточкасының нөмірі; 5) тасымалдың түрi; 6) тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, елдер жəне орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады. Жылдық өтiнiмнiң нысаны Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің (бұдан əрі – уəкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады.»; 9-тармақ алынып тасталсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Жыл сайын 10 - 30 қыркүйек мерзiмінде уəкілетті орган отандық тасымалдаушылардан күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттардың қажеттi саны туралы жылдық өтiнiмдердi қабылдайды.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Жиынтық жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша жалпы жиынтық жылдық өтінім қалыптастырылады. Қалыптастырылған жалпы жиынтық жылдық өтiнiм уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»; 14 жəне 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Шетелдік рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын белгілеу мəселесi бойынша тиiстi мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiссөздер жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн аумақтық органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейiнгi мерзiмде уəкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттарға деген қажеттiлiгінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтiнiмдi жібереді. 15. Уəкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.»; 21 жəне 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «21. Уəкілетті орган шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген, белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiреді. 22. Аумақтық органдар бөлінісінде үлестірілген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мəліметтер уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Отандық тасымалдаушылар жолаушыларды жəне багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүк тасымалына жəне жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген жəне талап етілмеген шетелдік рұқсат бланкілері болмаған жағдайда уəкілетті орган шет мемлекеттің уəкілетті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиісті шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.»; 27 жəне 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «27. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды: 1) жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куəлiгi, рұқсат беру карточкасы жəне жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлiк құралдарына техникалық байқаудың халықаралық сертификаты; 2) жолаушыларды жəне багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық қатынастарда жолаушыларды жəне багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензия бар болғанда бередi. 28. Көлiктiк бақылау комитетi отандық тасымалдаушыларға күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды халықаралық қатынастарда жолаушыларды жəне багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялары бар болғанда бередi.»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Көлiктiк бақылау комитетi жəне аумақтық органдар қайтарылған шетелдiк рұқсаттардың есебiн елдер бөлiнiсiнде жүргiзедi. Шетелдiк рұқсаттардың есебi елдер бөлiнiсiнде берiлген жəне қайтарылған шетелдiк рұқсаттардың есеп журналын электронды түрде жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Журналда мынадай мəлiметтер көрсетiледi: 1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi немесе бизнес сəйкестендiру нөмiрi, жеке сəйкестендiру нөмiрi; 2) отандық тасымалдаушының атауы; 3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны; 4) жөнелту елi; 5) бару елi; 6) қатынау маршруты; 7) рұқсат түрi; 8) рұқсаттың қолданыс мерзiмi; 9) рұқсаттың берiлген күнi жəне нөмiрi (сериясы); 10) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымды төлегенiн растайтын құжаттың нөмiрi (болған кезде) жəне күнi, алым сомасы (рұқсат берiлген кезде).»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беруден бас тартылады: 1) жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куəлiгiнiң, ұсынылған автокөлiк құралдарына рұқсат карточкаларының болмауы; 2) халықаралық жəне қалааралық қатынастарда жолаушыларды жəне багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялардың болмауы; 3) бiр автокөлiк құралына екi жəне/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкаларының анықталуы; 4) шетелдік рұқсаттарды беру туралы немесе күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды жəне багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды беру туралы хабарла маның отандық тасымалдаушыға жолданған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенiн куəландыратын төлем құжатын ұсынбауы; 5) шетелдiк рұқсаттардың аумақтық органда жəне Көлiктiк бақылау комитетiнiң резервiнде болмауы; 6) осы Қағиданың 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы; 7) осы Қағиданың 33-тармағында белгiленген талаптарды жыл ішінде орындамауы.»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта қайтып бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткені үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уəкiлеттi орган беретiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.»; 47-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «47. Тіркеу жəне ерекше белгілері жоқ жəне басқа мемлекет аумағында пайдалануға арналған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жəне Қазақстан Республикасының аумағынан жүгі бар немесе жүгі жоқ автокөлік құралдарының транзиттік жүруі, егер осы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сəйкес келетін болса, көлік құралдарының (жаңа немесе пайдалануда болған) алғашқы бос жүрісін қоспағанда, рұқсат құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.»; 48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, сондай-ақ, егер келісімдерде Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіруіне (шығуына) арналған рұқсат бланкілерін іске асыру көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көлiктiк бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыреттi органдардан тиiстi рұқсатқа сұрау салады. Көрсетілген рұқсат оған Кеден Одағының кедендiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау постыларында Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткені үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн берiледi.»; 49-тармақ алынып тасталсын; 52-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж жəне жүк тасымалын жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, сондай-ақ үшiншi елдерге (елдерден) тасымалды, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiрудi (шығуды), шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн, отандық рұқсат беру құжаттарын берудi тiркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.»; 53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «53. Отандық рұқсаттар, үшiншi елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттар бланкiлерiнiң нысандарын Көлiктiк бақылау комитетi əзiрлейді жəне бекiтедi, олар баспаханалық тəсiлмен дайындалады, реттiк нөмiрi жəне кемiнде үш қорғану дəрежесi болады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 10 сəуір

№328

Астана, Үкімет Үйі

«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру жəне қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру жəне қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 362-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру жəне қайта қабылдау қағидаларында: 5, 6, 7 жəне 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пəндердің академиялық айырмашылығы айқындалады. 6. Жұмыс оқу жоспарларының пəндеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан əрі - анықтама) көрсетілген оқыған пəндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды. 7. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданган кезде меңгерілген оқу бағдарламалары туралы (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рəсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңгы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. 8. Жұмыс оқу жоспары пəндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пəндерге жазылады, академиялық кезең ішінде оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады. Егер академиялық айырмашылық пəндері ағымдағы академиялық кезеңнің оқу сабақтарының кестесіне енгізілмеген жағдайда, білім алушы оларға жазғы семестрге жазылады.»; 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Білім алушының жоғары оқу орнында (бұдан əрі – ЖОО) белгіленген ауысу балынан төмен емес үлгерімнің орташа балына (ОРА) қол жеткізуі білім алушыны курстан курсқа ауыстырудың міндетті шарты болып табылады.»; 25-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «25. Егер білім алушылар жеке оқу жоспарына сəйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.»; 26, 28, 30 жəне 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «26. Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу курсы пререквизиттерді есепке ала отырып айқындалады. Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу тиісті білім беру бағдарламасын меңгеру үшін қажетті білім беру траекториясына сəйкес жүргізіледі.»; «28. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдің нəтижелерін жəне қол жеткізген ауысу балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.»; «30. Белгіленген ауысу балына қол жеткізген жəне академиялық қарызы бар болған жағдайда келесі курсқа ауыстырылған білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.»; «32. Білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖООға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады.

Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы жəне жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс. Шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық жəне кəсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтаманы, транскриптті), бадет белгіленген өту балынан төмен емес ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты болмаған жағдайда, студент ауысу туралы бұйрық шыққанға дейін кешенді тестілеу тапсырады.»; 34-тармақта: 2) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді (бакалавриат үшін) тапсырғаны туралы сертификаттың, түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификаттың (магистратура жəне докторантура үшін), білім беру гранты иегері куəлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс; 3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пəндер айырмашылықтарын айқындайды жəне меңгерілген пререквизиттерге сəйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сəйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді жəне тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар мен докторанттар ауысқан жағдайда, осы Қағидалардың 33-тармағына сəйкес білім беру саласындағы уəкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін ЖОО басшысы бұйрық шығарады.»; 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Білім алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке іс қағаздарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды. Сұрауға білім алушыны ауысу тəртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Ақылы негізде оқитын білім алушыны бір ЖООдан екіншісіне ауыстыру кезінде онымен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасалады.»; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Оқу жоспарларының пəндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың тəртібі мен мерзімі факультет деканының (институт директорының) өкімімен ағымдағы оқу жылына ресімделеді жəне білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.»; 45-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған анықтаманың негізінде оқу жоспарларының пəндеріндегі айырмашылықтарды айқындайды жəне меңгерілген пререквизиттерге сəйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сəйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді жəне тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.


www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

 Дінің тұрсын дін аман

«Жићад» мўсылманныѕ алтыншы парызы емес Тіл – тамыр болса, дін – діңгек. Осы екеуінен айырылған жұртты ұшы-қиыры жоқ кеңістікте қайда барып қайырылары белгісіз ескексіз қайық десек жөн болар. Бүгінде Елбасы тапсырмасымен елімізде осы екі құндылықты сақтау, қорғау жолында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Алайда, аяқтан шалып, бұра тартып тұрған кедергілер кездеспей қалмайды... Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Ақтауда Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі мен Маңғыстау облысы əкімдігінің ұйымдастыруымен «Ислам жəне жиһадизм» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Қазіргі таңдағы Ислам əлеміне жағылған қара күйе «мен – мұсылманмын» дегеннің абыройын аяқасты етіп, енді бірқатарын бағзыдан бері ата-бабасы ұлықтаған наным-сенім, ұстанымнан шошындырып жатқаны жасырын емес. Ал жастарды арандатумен айналысатын ағымдардың көбеюі мен олардың апарып тірер тығырығы туралы ойлаудың өзі қорқынышты... Əсіресе, əлдебір орын алған келеңсіз оқиғалар кінəсін ислам дінінің мойнына іліп, болмысынан бірлік пен адалдықты, имандылықты уағыздайтын асыл дінді жанжалдың құралы ретінде көрсету, сол арқылы діннің айрандай ұйыған ішкі бірлігіне іріткі салу өзгелердің ойыны екенін ұғынбайтынымыз өкінішті. Өлтіру, тонау, зорлау-қорлау секілді қылмыстар жолда қалып, жарылыс, лаңкестік деген жан түршігерлік оқиғаларды жиі ести бастадық. Бейбіт тұрғындардың өмірін астаңкестең еткен осы жағ дайларға қарап, біреудің ала жібін аттамау, құмырсқаға да қылдай қиянат жасамау, «тозаңдай күнə емес, тозаңдай жақсылық жасауды» насихаттайтын дініміздің бірқатар өкілдері бүгін жат ұғым мен жалған сенімнің жетегінде желігіп жүргендей əсерде боласың. Сонда олар өздерінің əрекетін қандай негізге сыйғызып, қандай ұғыммен байланыстырды дейсіз ғой? Олар Құранда 39 жерде айтылып, оның

төртеуінде ғана бейбіт мақсаттағы «күресу» мағынасын білдіретін «жиһад» сөзін жамылады екен. Өздерін «таза жолда жүрміз, иманы түгел мүмін біздің жолымызды қолдап, қатарымызға қосылуы шарт» деп түсінетін, қолдамағандарды шімірікпестен өлтіре салудан тайсалмайтын жəне лаңкестік жасауға қай кезде де дайын тұратын олар мұндай өлімді «дін жолындағы қасиетті соғыста шейіт кетумен» түсіндіреді. Расында солай ма? Мұның аныққанығына дін мамандары қатысқан жиында көз жеткізе түстік. Жиынды ашқан Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев конференцияның маңыздылығына тоқталып, діндегі жиһад ұғымының ауқымы кең екендігін, оны əрбір жастың жете түсіне білуіне жұмыстану керектігін айтты. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қ.Лама Шəріп «жиһад» сөзінің маңызына тоқталып, мағынасын ашуға тырысты. – Діни сауаты жоқ жастардың «жиһад» терминін саясиландырып отырғандығын атап айту қажет. Жиһадшылыққа елігіп жүргендердің теориясына сəйкес, бүкіл əлем «ислам аумағы», «соғыс аумағы» болып екіге бөлінген. Біріншісіне мұсылмандар билігіндегі елдер, екіншісіне өзге діндегі билеушілер басқаратын елдер жатады. Жиһадшылардың сенімі бойынша «осы екі əлем мəңгілік соғыс жағдайында болуы тиіс». Сондай-ақ, радикалды көзқарастағы кейбір идеологтар «бейбіт келісімдегі аумақ» дегенді де айтады. Бұған мұсылмандар билік жүргізбегенмен, ол жерлердің билеушілері мұсылман мемлекеттерінің боданы болып, белгілі бір мөлшерде салық төлеп

тұруға тиіс деп саналады. Мұндай «надан» қоғаммен Қиямет қайымға дейін талмай күрес жүргізу керек деп ұғынатын олар «жиһад» сөзін малданады, – дейді Қайрат Қайырбекұлы. Агенттік төрағасының жəне конференцияда сөз алған ИСЕСКО кеңсесі Бас директорының сарапшысы, мароккалық доктор Абдел Кадер əл-Идриси, Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Өркениеттер əріптестігі орталығының сарапшысы, исламтанушы М.Ражбадинов, «Нұр» қазақегипет Ислам мəдениеті университетінің оқытушысы М.Иса, ҚМДБның уағыз насихат жəне ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаровтардың айтуынша, «жиһад» біздің тілімізде «күрес» мағынасын білдіреді, бірақ күрес деген алашапқын соғыс, жойқын жарылыс, қанды қырғын емес екен. Ол «жүрек жиһады», яғни адамның өз бойындағы кемшіліктермен күресі, «тіл жиһады» – жақсылыққа шақы ру жəне жамандықтан тыю, сондай-ақ адамгершілік нормаларын бұзушыларға қатысты тиісті жаза қолдану мақсатындағы «қол жиһады». Бұған Мұхаммед пайғамбардың «жиһадтардың ең ұлысы – адамның өз нəпсісіне қарсы жиһады» деген сөзі дəлел. Тіпті, бүгіннің биігінен мысал келтірер болсақ, қуаңшылықпен, ысырапшылдықпен, боран-дауылмен күресіп, елдің ырыздығын қамтамасыз ететін Ауыл шаруашылығы министрлігі Иран елінде «Ауыл шаруашылығындағы жиһад министрлігі» деп аталуының өзі біраз жəйді аңғартқандай. Қ.Лама Шəріп «жиһадқа» қатысты аяттардың шығу төркінін зерттеу үшін алдымен Мұхаммед пайғамбардың

«АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесі құрамының өзгеруі

Меккедегі өмірі мен қызметі туралы баяндайтын тарихи деректерге көз жүгірту қажеттігін айтса, Е.Оңғаров «жиһадизмді» желеу етіп, террорлық əрекетке барып жүргендердің дəстүрлі Исламға қатысы жоқтығын айтты. – «Жихадизмге» бой ұрғандар діни сауаты бар діндардың алдында отырып сабақ алмаған, əліпті таяқ деп танымайтын, рухани кеңістігін жалаң ақпаратқа толтырған шала сауаттылар. Дəстүрлі Исламның құндылықтарынан сусындап, мешіттердегі сауат ашу курстарынан дəріс алғандардың ішінен бірде бір жанкешті «жиһадист» шыққан емес, – деді ол. Ал доктор Абдел Кадер əл-Идриси де «жиһад» сөзінің бүгінгі күнде белең алып отырғаны соншалық, оған назар аударып қана қоймай, оның дұрыс-бұрыстығын халыққа түсіндіріп, кешенді шараларды қолға алудың маңызы зор деп санайтындығын жеткізді. Жастарды діни сауаттылыққа баулу жұмыстарының əлі күнге кемшіндігін, оның салдары жас буынның азғырған ағымның шырмауынан шыға алмай қалуына соқтыратынын айтқан М.Иса мек тептерде дінтану сабағының əлсіздігін сынға алды. «Діни сауаты жоқ жастарымыз «жиһад» деп жанын қиып, көз алдымызда белгісіз ұғымның қолшоқпарына айналуда. Бұл мəселеге бейжай қарауға болмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Əбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз», дей келіп, «мемлекет пен азаматтар радикализмнің, экстремизмнің жəне терроризмнің барлық түрлері мен бой көрсетулеріне қарсы біртұтас шеп құруға тиіс» деген болатын. Осы негізде біз мектептерде идеологиялық жұмыстарды жандандырып, барлық деңгейдегі білім мекемелеріне «Ханафи маз һабы» пəнін енгізуге тиіспіз. Сондай-ақ, халқымыздың ұлы тұлғаларының ілім-білімін, жүрген жолын жастарға үлгі ету мақсатында өңірлерде орталықтар құруымыз қажет», деді ол. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсыр масымен діни экстремизм көрі ністерінің алдын алу жəне терроризм қаупін болдырмау ар қы лы адамның, қоғамның жə не мемлекеттің қауіпсіздігін

қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» жасалған. Діннің дін амандығын, халық пен мемлекеттің тыныштығын сақтау, жастарды адасудан арашалау мақсатында еліміздің Дін істері агенттігі насихаттық шаралар ұйымдастырып келеді. Жыл басынан бері республикамыздың əр өңірінде бес ірі шара өткізген олар алтыншы шараны Ақтау қаласында өткізуді жөн санапты. Алдағы уақытта тағылымды жиындарды жиі өткізуді жоспарлап отырған олар, 2017 жылға қарай Қазақстан халқы, оның ішінде жастар, əсіресе діни негіздегі радикалды идеология ықпалына бейім немесе оған ұшырағандар – экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарымен қамтылатындығын айтты. Діни радикализм мен экс тремизмнің таралуы жəне теріс сипаттағы діни идеялар мен əрекеттердің алдын-алу, оларға қарсы пəрменді іс-қимылдар жасауға қатысты өзекті мəселелер көтеріліп, қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне елдегі конфессияаралық келісімді одан əрі нығайту жолдары қаралған конференция соңы қатысушылардың үндеу қабылдауымен қорытылды. Сөз бен сыбыстың күші теңдессіз. Əлем жұртшылығы түрлі құралдар арқылы күнделікті хабар-ошарға қанығып отыр. Осы тұрғыда ақпараттың барынша айқын, анық жəне əділ берілуі аса маңызды. Бұл тұрғыда БАҚ-тың алар орны мен атқарар қызметі айрықша. Əрбір мұсылманға міндет болған бес парызды «жиһадты» қосу арқылы алтыға жеткізіп, діни сауаты жоқтарды қатарына тоғытып жүргендер мен соның салдарынан мұсылман дінін қаралап жүргендердің «бетін бері қаратуда» да БАҚ-қа жүктелер міндет зор. Сондықтан конференция соңы дін өкілдерінің Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген журналистермен жүздесіп, түрлі сұрақтарға жауап іздеген дөңгелек үстелге ұласты. АҚТАУ.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: С-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. В-5, С-5 санаттары үшін: білімі – жоғары. - «Б» корпусы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген). Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат В-5 С-3

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 121 719 164 642 118 516 160 158

Санат C-5

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max 80 078 108 266

I. ҚР Президентiнiң Мұрағаты, 050010, Алматы қ., Достық д., 87-б, анықтама үшiн телефон: тел./факс 8 (3272) 64-68-21, тел. 8 (3272) 64-69-07 бос əкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Мұрағаттық технологиялар басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік Функционалдық мiндеттерi: Қағаз құжаттарын атрибуттау жəне сканерлеу, жинақтарды жедел полиграфиялық əдіспен шығару, құжаттардың көшірмесін жасау. Компьютер мен көбейту техникасында жұмыс істеу дағдысы, мемлекеттік тілді білуі дұрыс Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім келесі саладағы: Техникалық ғылымдар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету); Білім (тарих, қазақ тілі мен əдебиеті, химия, биология); Гуманитарлық ғылымдар (тарих); Əлеуметтік ғылымдар (мұрағаттану, құжаттар жүргізу жəне құжаттамалық қамтамасыз ету). II. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 24-19-11 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті халықаралық ұйымдармен өзара əрекеттесу басқармасының сарапшысы, С-5санаты (1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Халықаралық ұйымдармен, қорлармен жəне қаржы институттарымен ынтымақтастық шеңберінде хаттамалық шешімдерді іске асыру туралы есептерді дайындау. Қазақстанның халықаралық ұйымдармен, қорлармен жəне қаржы институттарымен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу. Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың, қорлардың жəне қаржы институттарының қызметіне мониторингті ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргізу, атап айтқанда бірлескен семинарларды, конференцияларды өткізу, бағдарламаларды, жобаларды жəне басқаларын іске асыруға қатысу. Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың, қорлардың жəне қаржы институттары қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу. Қазақстанның халықаралық ұйымдар, қорлар жəне қаржы институттары шеңберінде ынтымақтастығын дамытуға талдау жүргізу. Халықаралық ұйымдармен, қорлармен жəне қаржы институттарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі ақпараттық-анықтамалық жəне талдау материалдарын дайындау. Конкурс қақатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар. 2. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті екi жақты ынтымақтастық жəне хаттама басқармасының сарапшысы,С-5санаты(1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Министрлік құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссияларды, кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыру жəне өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне шетел мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мəселелері бойынша есептерді дайындау. Министрлік басшылығының шетел мемлекеттерінің өкілдерімен сапарларды, кездесулерді өткізуге материалдарды дайындау. Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мəселелері бойынша ұсыныстар əзірлеу. Шетел мемлекеттерінің өкілдерімен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастық мəселелері бойынша Министрлік басшылығының кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Шетел мемлекеттерімен екіжақты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту саласындағы келісімдерді, шарттарды,

бағдарламаларды, іс-қимыл жоспарларын əзірлеу. Конкурс қақатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар. III. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8; 15-кіреберіс, 2-қабат, «А» блогы, 349-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(7172)74-24-52, электр. адресі: s_urkumbaieva@kazcosmos.kz, бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға (С-3 санаты бойынша 1 бірлік) орналасуға конкурс жариялайды: Тілдерді дамыту жəне ақпарат басқармасының басшысы, (С-3, 1 бірлік) Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін насихаттау жəне жариялау саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарын жүргізу бойынша ұсыныстарды; Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуды насихаттау жəне жария ету бойынша имиждік бейне-, аудиоөнімдердің əртүрлі тұжырымдамаларды (деректі фильмдер, бейне-, аудиороликтер, тележурналдар, өзге де бейне-, аудиоөнімдер); Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүргізу мəселелері бойынша стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды əзірлейді жəне ұйымдастырады. Қазғарыштың жəне оның қарамағындағы ұйымдардың ақпараттық саясатын жүргізу, Қазғарыштың жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмыстарын жариялау мəселелері бойынша отандық жəне шетелдік БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау; Қазғарыштың қызмет саласын қозғайтын, БАҚ-тың келеңсіз сыни мақалаларына Қазғарыштың басшылығының шұғыл жауап беруі (өтініштер, комментарийлер, сарапшылардың пікірлерін, пресс-конференциялар, брефингтер дайындау) бойынша ұсыныстар енгізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (журналистік, саясаттану) немесе гуманитарлық ғылымдар (филология) мамандықтары бойынша жоғары. Мүмкіндігінше негізгі қызметінің бейіні бойынша курстардан мерзімдік қайта даярлықтан өткендігі туралы сертификаттарының болуы. IV. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 741606, факс/телефон: 741892, бос мемлекеттiк əкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшін конкурс жариялайды: 1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі коммерциялық емес қорлардың қызметін үйлестіру секторының сарапшысы (В-5 санаты, 1 бірлік): Функционалдық міндеттері: Коммерциялық емес қорлардың қызметіне қатысты нормативтік құжаттардың жобаларын дайындауды үйлестіру. Коммерциялық емес қорлардың нормативтік құжаттарын, шығыстар сметасын жəне штат кестесін əзірлеу мен дайындауға қатысу. Коммерциялық емес қорлардың қызметі туралы мəжіліс хаттамаларына мониторинг жүргізу. Сектор құзыретіне кіретін мəселелер бойынша қызметтік жазбалар мен талдамалық ақпаратты дайындау. Мемлекеттік органдардың, заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асыру. Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес» саласындағы жоғары, жұмыс тəжірибесінің болуы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Нақты лауазымы бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін басқа да қосымша білімі, Word, Excel бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі, Интернет жəне электрондық поштамен жұмыс істеу дағдысы болуы қажет. 2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының əлеуметтік-тұрмыстық жəне медициналық қамтамасыз ету секторының сарапшысы (В-5 санаты, 1 бірлік): Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй комиссиясының отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастыру жəне оның шешімдерін рəсімдеу, Іс Басқарманың Тұрғын үй комиссиясының құжаттарының тіркеуін жүргізу, мемлекеттік органдардың, Іс Басқарманың, оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың жұмысшыларының тұрғын үй алуға, тұрғын үйді жақсартуға берілетін өтініштерінің тіркеуін жүргізу. Қызметтік пəтерлермен жатақханаларда тұратын мемлекеттік органдардың, Іс Басқарманың, оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың жұмысшыларының арасында пəтерлерді үлестіру, резервтік пəтерлерді саны бойынша есеп жүргізуді, Мемлекеттік қызметшілерге жаңадан салынған тұрғын үйді бөлу үшін ұсыныстар дайындау. Мемлекеттік органдардың, Іс Басқарманың, оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың жұмысшыларына жаңадан қолданысқа енгізілетін тұрғын үйлерді бөлу бойынша ұсыныстарды əзірлеу. Жалдаудың шарттарын ресімдеу. Тұрғын үй мəселелері бойынша хаттарды, арыздарды тексеруді жүзеге асыру жəне оларға жауап дайындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, жұмыс тəжірибесінің болуы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Нақты лауазымы бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін басқа да қосымша білімі, Word, Excel бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі, Интернет жəне электрондық поштамен жұмыс істеу дағдысы болуы қажет. 3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімі күрделі құрылыс секторының сарапшысы (В-5 санаты, 1 бірлік): Функционалдық міндеттері: Объектілерді салуға рұқсат алу жөнінде жұмыс жүргізеді. Объектілерді

салу мəселелері жөнінде мердігерлік пен өзге де ұйымдармен хат жазысады. Объектілердің құрылысына қатысты жедел мəжілістерге қатысады. Объектілер бойынша ақаулық актілерін дайындайды, бақылау өлшемдерін жүргізеді. Объектілердегі орындалған жұмыстарды қабылдайды жəне құрылыс барысын бақылайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, жұмыс тəжірибесінің болуы, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін атқаруға қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Нақты лауазымы бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін басқа да қосымша білімі, Word, Excel бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істей білуі, Интернет жəне электрондық поштамен жұмыс істеу дағдысы болуы қажет. V. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрлік үйі» гимараты анықтама үшін телефон: (8-7172) 74-34-77, факс 74-37-14, kadry@ geology.kz бос əкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Экономика, қаржы жəне мемлекеттік сатып алу басқарамасының басшысы, С-3 – 1 бос орын Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын басқару, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жəне жоспарлауды ұйымдастыру, республикалық бюджеттік бағдарламаларды уақытында қаржыландыруды ұйымдастыру, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жобалық-смета құжаттарына салалық экономикалық сараптама жүргізуді, бухгалтерлік есепке алуды енгізу жəне ҚСҚЕХС (Қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандарттары) стандарттарына сəйкес есеп берулерді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру жəне өткізу, ведомстволық ұйымдардың қаржышаруашылық қызметтеріне мониторинг енгізу, Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің жəне ведомстволық ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (Экономика, қаржы, есеп жəне аудит) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куəландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куəландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сəтінде уəкілетті органмен белгіленген шекті мəннен төмен емес нəтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сəйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi əкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы: С-3 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi; В-5, С-5 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй жəне жеңілдіктер берілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.kz ТҮЗЕТУ: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы материалдық-техникалық қамсыздандыру Басқармасы 2013 жылғы 18 маусымдағы №150 (28089) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Басқарманың бас сарапшысы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасу хабарландыруы жарамсыз деп саналсын.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылдың 16 шілдесінде сағат 11.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысандарын мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізетіндігін хабарлайды. Мекенжайы: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй Тендерге шығарылатындар: № 1 лот - Астана қаласы, Интернациональный тұрғын алабы, Армандастар көшесі, 2/1 үй мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 74,3 ш.м. (пайдалы көлемі – 67,5 ш.м., қосалқы көлемі – 6,8 ш.м.) асхана үй-жайы жəне қалдық құны 171 689,36 теңге құрал-жабдықтары, теңгерім ұстаушы − «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметі» ММ, нысанға кіру рұқсаты шектеулі. № 2 лот - Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11/1 үй мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 435,2 ш.м. (пайдалы көлемі – 250,7 ш.м., қосымша көлемі – 184,5 ш.м.) кеңсе үй-жайы, теңгерім ұстаушы − «Қазгидромет» РМК. № 3 лот - Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11/1 үй мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 338,2 ш.м. (пайдалы көлемі – 196,1 ш.м., қосымша көлемі – 142,1 ш.м.) кеңсе үй-жайы, теңгерім ұстаушы − «Қазгидромет» РМК. Бастапқы жалдау ақысы айына: № 1 лот – 34 054 теңге. № 2 лот – 805 123 теңге. № 3 лот – 625 673 теңге. Мүлікті жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге есептеулер, нысанға қызмет көрсету үшін

төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемдерді жалдаушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа да қызметтерге төлейді немесе теңгерім ұстаушымен келісімшарт бойынша төлейді. Мүлікті жалға беру шартын жасасу мерзімі, теңгерім ұстаушының келісімі бойынша одан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл. Тендердің талаптары: 1. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалға төлеу ақысы бойынша ұсыныстар. 2. Жалға беру нысанының тиісті техникалық пайдалану жағдайында бүтіндігін сақтауын қамтамасыз ету. 3. Жалға алу уақытына үй-жайдың пайдалану бейінін сақтау. 4. № 1 лот бойынша: нысан режімді нысан аумағында орналасқандықтан оған кіру мекемелердің ішкі тəртібі ережелеріне сəйкес рұқсат қағаз арқылы жүзеге асырылады. Тендердің жеңімпазын таңдау өлшемдері Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

Тендерді өткізу ережелері Тендер өтетін күні отырыста тендер комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады. Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Тендердің қатысушысы ретінде тіркелу үшін келесіні ұсыну қажет: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық

9

төлеушi куəлiгiнiң көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат тың, салық төлеуші куəлігінің жə не үй кітапшасының көшірмелерін не құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қаты сушылар тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын; 6) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 7) өтiнiш беру сəтiне салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын беруi қажет. Тендерге қатысу үшін тілек білдіргендерден өтініштерді қабылдау жəне оларды тіркеу, құжаттардың толық жинағы бар

болған жағдайда ғана жүргізіледі. Өтінімдер ақпараттық хабарламаның жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылдың 15 шілдесінде сағат 11.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Астана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің – БСК KZ880705012170181006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340010824, Банк − ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті, ТБЖ171, ММ коды 2170181 есептік шотына енгізіледі. Кепілді жарналардың мөлшері: № 1 лот бойынша – 62 992 теңге. № 2 лот бойынша – 423 749 теңге. № 3 лот бойынша – 329 302 тенге. Тендердің өткізілуі, тендерге қатысу үшін өтінімдер мен тендерлік құжаттамалардың топтамасын қабылдау мына мекенжайда жүргізіледі: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй, № 2 бөлме. Құжаттарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады. Тендердің өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы: 8 (7172) 32-73-23, 32-89-20 немесе www. gosreestr.kz сайтында алуға болады.

«АТФБанк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы – «АТФ Финанс» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті №0401201652 жəне №0403200900 04.02.2008 жылғы лицензиялары) Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 102-бабының 4-тармағына сəйкес «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің (жалғыз акционер) отырысы (20.06.2013 жылғы №16-з/20.06/2013 хаттама) «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөніндегі келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлайды: 1. «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Аблаев Р.Н. өкілеттігін мерзімінен бұрын 2013 жылғы 20 маусымнан бастап тоқтату; 2. «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Нұрманбетова А.С. өкілеттігін мерзімінен бұрын 2013 жылғы 20 маусымнан бастап тоқтату; 3. «АТФБанк» АҚ басқарма төрағасы Эспина Э. 2013 жылғы 20 маусымнан бастап төлемақысыз «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (жалғыз акционер өкілі) лауазымына тағайындау; 4. «АТФБанк» АҚ басқарма мүшесі Абдугалиев Е.М. 2013 жылғы 20 маусымнан бастап төлемақысыз «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (жалғыз акционер өкілі) лауазымына тағайындау; 5. «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің (Эспина Э., Абдугалиев Е.М.) өкілеттік мерзімін «АТФ Финанс» АҚ Директорлар кеңесінің толық құрамының өкілеттігіне сəйкес анықтау (жалғыз акционердің өз өкілеттігін тоқтату туралы шешімін қабылдағанына дейін).

ҚР Көлік жəне коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды, мекенжайы: 050039, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 38 А, телефон: 8(727)3905115. «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» РМК қызметінің мəні: азаматтық авиация саласында сертификаттық тексеруге алдын ала қорытындыны дайындау мен беру жəне негізгі қызметпен технологиялық байланысты қызметтерді ұсыну. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары авиациялық білім жəне ұйымның тиісті кəсіптік түріндегі басшылық лауазымдарында еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Мүмкіндігінше командалық-əкімшілік құрам үшін курстардан өтуі, сондай-ақ азаматтық авиация кəсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс тəжірибесінің болуы тиіс. Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш; 2) мемлекеттiк жəне орыс тiлдерiнде түйiндеме; 3) еркiн нысанда жазылған өмірбаян; 4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi; 5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде, ҚР Көлік жəне коммуникация министрлігіне, мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 411-бөлме, тел. 8(7172) 29-90-67 тапсырылуы тиіс. Конкурсқа қатысуға жіберілген кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған соң он жұмыс күні ішінде, ҚР Көлік жəне коммуникация министрлігінде, мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, 805-бөлмеде əңгімелесуден өтеді.

Комитет гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций РК объявляет конкурс на занятие вакантной должности директора Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Центр по обеспечению безопасности полетов», расположенного по адресу: 050039, г. Алматы, ул. Майлина, 38 А, телефон: 8(727)3905115. Предметом деятельности РГП «Центр по обеспечению безопасности полетов» является: подготовка и выдача предварительного заключения к сертификационному обследованию в сфере гражданской авиации и предоставление услуг, технологически связанных с основной деятельностью. Требования, предъявляемые к участникам конкурса: высшее авиационное образование и стаж работы на руководящих должностях в соответствующем профилю организации не менее 5 лет. Желательно наличие прохождения курсов для командно-административного состава. Конкурс проводится на основе Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2011 года № 1353. Необходимые для участия в конкурсе документы: 1) заявление об участии в конкурсе; 2) резюме на государственном и русском языках; 3) автобиографию, изложенную в произвольной форме; 4) копии документов об образовании; 5) копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора с последнего места работы; 6) справку о состоянии здоровья по установленной форме. Необходимые документы должны быть представлены в течение 15 календарных дней со дня публикации данного объявления в средствах массовой информации в Министерство транспорта и коммуникаций РК, 010000, г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 32/1, каб. 411, тел. 8(7172)29-90-67. Кандидаты, допущенные к участию в конкурсе, проходят собеседование в Министерстве транспорта и коммуникаций РК по адресу: 010000, г. Астана, пр. Кабанбай батыра, 32/1, каб. 805, в течение десяти рабочих дней после окончания срока приема документов.

«Ялтинский-2» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 12 шілдеде сағат 12.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан обл., Ғ.Мүсірепов атындағы ауд., Ялта а., «Ялтинский-2» ЖШС кеңсесінің ғимаратында. Күн тəртібі: 1. Серіктестіктің 2012 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есебі. 2. Жылдық қаржылық-есептілікті бекіту жəне таза табысты бөлу. 3. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: - «Ялтинский-2» ЖШС қатысушыларының құрамынан жер телімінің бөлігінен табиғи түрде қатысушылардың шығу тəртібіне қатысты, - «Ялтинский-2» ЖШС қатысушыларының тізілімін жүргізуге бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісіне қатысты.

АО «Медтехника» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о совершении крупных сделок с АО «Народный Банк Казахстана».

«Медтехника» АҚ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне басқа да мүдделі тұлғаларға хабардар етеді.

В ТОО «Арилана-Групп» изменился уставной капитал с 250.000.000 тенге на 110 000 тенге.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Марат Саянұлы Қасеновке анасы Əмина Кəуішқызы ҚАСЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

27 маусым 2013 жыл

 Мерей

 Құлағыңыз түрік жүрсін

Алда – аламан айтыс

Елордада «Тілеп қобыз» сарайында «Мемлекеттік тіл жəне бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рəсімі өтті.

Ел жəне Елбасы. Елбасы жəне елорда. Егіз ұғымдар. Сарыарқаның төсінде Астана секілді асқақ қала тұрғызып, оны ұлтты ұйытудың, елді еңселендірудің, Қазақстанды қарыштатудың нышаны еткен Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың тарихи ерлігін қалай əспеттесе де лайықты. 8-9 шілде күндері Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін «Ел. Елбасы. Елорда» атты аламан айтысқа еліміздің ең таңдаулы айтыскер ақындары қатысып, өнер сынасады. Құрметті астаналықтар мен елорда қонақтары! Жыр додасын өз көздеріңізбен көріп, тамаша думанға куə болыңыздар! Билет «Қазақстан» Орталық концерт залында,

Жеѕімпаздар мен жїлдегерлер Шарада Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Құрманбай Шерубайұлы сөз сөйлеп, еліміздегі тіл саясатын жүзеге асыру барысына, биылғы байқауға ерекше тоқталып, тіл мəселесін көтерудегі журналистер еңбектерін атап өтті. Ал «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов журналистерді кəсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Қарағанды облысында шығатын «Арқа ақшамы» газетінің тілшісі Дулат Аманжол мен «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Мəриям Əбсаттар байқау жеңімпаздары деп танылды. Алматы облысындағы «Еңбекші қазақ» газетінің тілшісі Ахметжан Хайролла екінші, «Ана тілі» газетінің тілшісі Дəуіржан Төлебаев үшінші орындарды иеленді. Үздік телехабар аталымында «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының қызметкері Елена Рыбина бірінші орын иегері атанса, «Астана» телеарнасының журналисі Айжан Тұрлыбекова мен «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының шығармашылық ұжымы да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Радиодағы үздік хабар аталымы бойынша «Шалқар» радиосынан Ғалым Есенсариев жеңімпаз болса, екінші орынды да аталған радио журналисі Құралай Жұмаханова иеленді. Павлодар облыстық радиосының өкілі Ай нұр Бисмелдиноваға үшінші жүлде бұйырды. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық радиосының аға редакторы Мақұлбек Малдарбеков «Тілім барда тірімін» хабары үшін ынталандыру сыйлығымен жəне Тіл комитеті төрағасының алғыс хатымен марапатталды. «Егемен-ақпарат».

Жастар жəне Конгресс-холл сарайларының кассасында сатылады. Басталуы сағ: 17:00.

Астана жайлы деректі фильм Елордадағы «Керуен» кинопаркінде «Хабар» агенттігі түсірген «Звезда Евразии» деректі фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Табиєат аясындаєы тамашалар Журналистер қауымының төл мерекесі қарсаңында халық пен биліктің арасындағы алтын көпірдің қызметін атқарып жүрген жандарға көрсетіліп жатқан сый-құрмет аз емес. Жуырда «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі де осындай игі шараға ұйытқы болды. Ерлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан».

Аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен бір топ журналист елорданың іргесіндегі «Құлагер» демалыс орнында спорттық шеберліктерін сынға салды. Бірнеше командаға бөлінген қыз-жігіттер алдымен волейболдан күш сынасты. Бұл сында «Қазақстан Ұлттық арнасының, «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы», «Нұр Астана», «Экспресс-К» газетінің журналистерінен жасақталған «Елорда» командасының мерейі үстем болды. Жарыс десе жанып түсетін қыз-жігіттер асық ату, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінің де көрігін қыздыра түсті. Бұл күні ат жалын тартып, желмен жарысқандар да аз болған жоқ.

«Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің ресми өкілі Оксана Лоскутова спорт сайыстарының қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озып шыққан «Елорда» командасына кубокты табыстады. – «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесінің атынан журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз. Қоғамды алға сүйреуші күш ретінде сіздер зор жауапкершілікті арқалайсыздар. Қоғамдағы жағымды жаңалықтардың жаршысы болып, кемшіліктерді əшкерелеп, халықтың кө ңілінен шығуларыңызға тілектеспіз,– деді Оксана Лоскутова. Осылайша, журналистер кəсіби мерекелерінің қарсаңында табиғат аясында бой жазып, сергіп қайтты.

«Бұл фильмдегі басты кейіпкерлер – сəулетшілер. Фильмге елордадағы құрылыс жұмыстарының тарихы, қаланың қалыптасуына негіз болған басты тезистер, сондай-ақ, Астананың архитектуралық нысандары негіз болған. Ақорда, Бейбітшілік жəне келісім сарайы, «Мəңгілік ел» қақпасы, Хан шатыр, Оқушылар сарайы сынды елорданың мақ танышына

айналған нысандарда құрылыс жұмыстарының жүргізілу сəттері де айшықталып, көрермен назарына ұсынылмақ» – деді фильм басталар сəттен сəл бұрын Президенттің баспасөз хатшысы Дəурен Абаев. Деректі туынды 1 сағат жиырма минутқа созылды. Фильм барысында Елбасы Н.На зар баев тан, əлемге əйгілі сəу лет ші лер Манреда Николетти мен Джилса Робинсоннан алын ған сұх баттарға, отандық сəу летшілердің ой-пікірлері мен ыстық

ықыластарына куə болдық. Түрлі видеоэффектілер, тікұшақтың көмегімен түсірілген арнайы сюжеттер мен мұрағаттан алынған тарихи құнды материалдар фильмнің бағасын арттырып тұрғаны сөзсіз. Фильмді Сергей Шановичтің ShanDesigne компаниясы түсіріпті, режиссері де нақ сол Шановичіңіз. Титрден байқағанымыз, сценаристері де, операторлары да, монтажшылары да мəскеуліктер... Ал, идея авторы «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібай.

 Сақтансаң – сақтайды

Жер де, желсґз де тыншымай тўр

Соңғы күндері ғаламтор бетінде Алматы қаласында 25 маусым мен 7 шілде аралығында қуаты 6,5 балдық күшті жер сілкінісі болады деген дүрліктірме хабар дүмеп кеткен еді. Алайда, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Виктор Инюшин жоғарыдағы дақпырттың шындыққа жанаспайтындығын алға тартты. Бұл жайында Total. kz cайты хабарлайды. Профессордың айтуынша, шынымен де 24-28 маусым аралығында сейсмологиялық белсенділіктің артуы байқалады. Бірақ қуаты əрі кетсе екі балдан аспауы тиіс екен. Ал одан сəл қуатты дүмпулер солтүстік-шығыста, біздің құрылғылардың көрсету бағыты бойынша бұл

– Саян, Тува, Моңғол Алтайында болуы мүмкін деп болжануда. Ондағы қуат 4-5 балдың төңірегінде. Жер-Ананың бұл «мінезін» тек 13-15 қабатта тұратын алматылықтар ғана сезіне алады. Басқалар білмей қалуы да мүмкін, дейді профессор. Дегенмен осы жолғы буырқану Азияның оңтүстігіне де оңай соққалы тұрған жоқ. Қырғызстанның оңтүстігінде, Үндістанның Кашмирінде, Пəкстанда, Қытайда зілзаланың күші 5 балға дейін жетуі ықтимал көрінеді.Ал, бұл аймақтардың Алматыдан тым əріде жатқандығын ескерсек, аса көп байбалам салудың реті де жоқ сияқты, дейді ғалым. «Егемен-ақпарат».

 Тіршілік түйткілдері

д ю т э о т о

Ит пен мысыќќа да тəртіп керек

Ф

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облыстық мəслихаты облыс көлемінде мысық пен итті ұстау ережесінің жобасын шығарды. Тұрғындардың талқылауы үшін оны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Жоба бір ай бойы облыс тұрғындарының талқыла уынан өткен соң, облыс тық мəс лихат қайта қарап, ұсыныстарды енгізе отырып, бекітетін болады. Ит пен мысық туралы мəселе күнделікті тұрмыстың ұсақ-түйегі емес екенін қазір жұрт түсінген. Сондықтан оны халық қалаулылары дер уақытында қолға алып отыр. Жобада Қазақстан Республикасының заңдары негізге алынған, сонымен қатар Қостанай қалалық əкімдігі мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жүргізген жұмыстар нəтижелері де ескерілген. Қазірде қалалар мен ауылдарда қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбейіп кеткендігі, олардың жұқпалы ауру тарату қаупі де жоқ емес екендігі белгілі жайт. – Мысық пен ит асырау ережесі əлдеқашан-ақ пісіп-жетілген мəселе. Ол қазір талқылау сатысында тұр. Тұрғындар оған өз пікір-ұсыныстарын қосады деп ойлаймыз.

Соған орай ережеге өзгерістер енгізілетін болады, – дейді облыстық мəслихат аппараты жетекшісінің орынбасары Светлана Қалдыбаева. Жаңа жоба бес бөлімнен тұрады. Онда ит пен мысықты асырау, оларды қыдырту, қаңғыбас ит пен мысықты ұстап алып, арнайы үйшікті алаңдарда бағу, ережені бұзғандардың жауапкершілігі мəселелері қамтылған. Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сəйкес ит пен мысық асырау ережесін бұзғандар 3 ай лық көрсеткіш көлемінде, егер үй жануарлары адам денсаулығына зиян келтірген жағдайда оның иесі 10 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады. Бұл, əрине, əзірге жоба ғана. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, тұрғындар талқылауынан кейін оны халық қалаулылары тағы да қарап, бекітетін болады. Мұндай ереже еліміздегі Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана бар. Енді Қостанай облысында да ит пен мысықты ұстау тəртібі түрлі аурудың жəне зардабы бар оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жақсарта түсетін болады. ҚОСТАНАЙ.

 Оқыс оқиға

Алапат апат

Ќоќиќаздар Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Жолдар жөнделіп, тұрмыс түзелген сайын өлім-жітім азая ма десек, барған сайын көбейіп бара жатқандай. Əсіресе, жол-көлік оқиғасынан көз жұмғандар санының еселеніп өсе түсуі жанға батады. Жуырда елімізде тағы бір сондай қаралы жағдай тіркелді. 26 шілде күнгі түнгі 02.30-да «СарыағашЖыл ға» бағытындағы күрежолдың 30шы ша қырымында «Ауди» мен «Газель» көліктері соқ тығысып, соның салдарынан оқиға орнында «Ауди» мəшинесіндегі сегіз бірдей жолаушы тіл тартпай кетті. Солардың ішінде көлік жүргізушісі 1976 жылы туған Е.Босинов пен жеті жолаушы

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

(1953 жылғы З.Босинова, 1985 жылғы Ж.Босинова, 1980 жылғы А.Босинова, 1991 жылғы Г.Босинова) ересектер. Ал үшеуі (2002 жылғы Б.Балғынбекова, 2005 жылғы К.Сапаралы мен 2008 жылы туған Т.Сапаралы) бала еді. «Газель» көлігінің жүргізушісі 1971 жылы туған Н. Омаров пен оның жанындағы жолаушы 1974 жылы дүниеге келген Б. Байтұрсынов ауыр халде ауруханада жатыр. Қара жолдың бойында болған қаралы жағдайдың анық-қанығын білу үшін тексеру жұмыстары жүргізілуде. «Егемен-ақпарат».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Сұңғат ƏЛІПБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №88 ek

27062013  

2706201327062013

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you