Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №16 (28494) 27 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мерекелер тиянаќты ўйымдастырылуы тиіс

● Индустрия игілігі

ТЕМІР ТЎЛПАР

шыєаратын зауыт конвейерінде толас жоќ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Əбдіқалықова алдағы мерейтойлық даталарды – Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев осы ісшаралардың жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу, мемлекеттілікті

нығайту, сондай-ақ, республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық жəне өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудқа оның Сауд Арабиясы Корольдігі тағына отыруына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Корольге Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады. «Сіздің басшылығыңызбен Сауд Арабиясы Корольдігі ислам жамағатына қызмет етуді мақсат тұтқан саясатын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Корольдіктің өз дамуында жаңа белестерге көтерілуіне жə не халықаралық аренадағы рөлінің артуына тілектестік

білдіремін», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық жəне əріптестік қатынастар екі елдің игілігі жолында тереңдей береді деп үміттенетінін жеткізді. Қазақстан Президенті жеделхат соңында Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудқа денсаулық пен амандық, болашақтағы игі істеріне табыс, ал достас Сауд Арабиясы халқына береке-бірлік тіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ 20 жылдыєы ќўрметіне арналєан мерекелік медаль туралы Елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне қаулы етемiн: 1. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалi тағайындалсын. 2. Мыналар: 1) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiмен наградтау қағидалары; 2) «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

«АгромашХолдинг» зауытының алып цехтары өндіріс алаңынан гөрі көрерменін күтіп отырған көрмеге көбірек ұқсайды. Жұмысы темірмен, техникамен байланысты цехтардың шыбын тайып жығылатын тазалығын екінің бірі көзге елестете алмас еді. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

«СарыАрқаАвтоПром» зауы тының жапондық Toyoto Fortuner жəне оңтүстіккореялық Ssang Yong Nomad жүрдек

Бїгінгі нґмірде: Беймазалыќ əлі де басым 3-бет Жалдаптар жазасын алды 6-бет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 23 қаңтар. №994 ––––––––––––––––––––– Жарлықтың қағидаларын 5-беттен оқисыздар.

Їрімжі їлгілері 8-бет

Ќаржылай ќолдаудан кґмек кґп Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Людмила Бутенкомен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов пен Ұлттық экономика вицеминистрі Мəдина Əбілқасымова қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобы арасында əріптестік туралы келісімге қол қойылды. Ал қол жеткізілген сол келісімді жүзеге асыру жəне əлеуетті құрылымдық реформа жасау мақсатында Үкімет ынтымақтастықтың 8 бағытын айқындап берген еді. Олар: қаржы

секторын дамыту; экономикадағы жеке сектордың рөлін күшейту, яғни шағын жəне орта бизнесті дамыту мен іскерлік ахуалды жетілдіру; адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру; еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын дамыту; экономикаға инвестициялар тарту жəне мемлекеттік-жеке əріптестікті дамыту; энерготиімділікті арттыру жəне жасыл экономиканы,

инфрақұрылымды, көлікті қоса алғанда, дамыту, энергетика мен қалаларды өркендету; үнқатысуларды қолдау жəне институттық реформаларды жүргізуде қолдау көрсету; өңірлік əріптестік жəне интеграция. Г.Əбдіқалықова Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Жаңа Экономикалық Саясаттың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін бірлескен инвестициялық жобаларды ойдағыдай іске асыру қажеттігін атап өтті. (Соңы 6-бетте).

машиналарын құрастырып жатқан айналасы атшаптырым цехын аралаған кісі оның қуаттылығын əсемдікке бағалайды. Бірдей көк түсті жұмыс киімін киіп алған жұмысшы жігіттердің қолы іске жаттығып, машина құрастырудың

қыр-сырын үйреніп қалғаны байқалады. Техникадан ауылы алыс адамға не екені белгісіз, бұрандалы темірлер желінің аяғына келгенде жұтынған темір тұлпар болып шығады. Оны тексеріп, қабылдап алатын цех шебері Ұланбек Сəрсенов екі жылдың ішінде өзінің біліктілігін де, қызметін де өсірді. Құрастыру цехының бастығы Роман Глущенко маман-жұмысшылар қаңқасын құрап алмай, əлемдік брендті сапқа қоюды меңгере

алмайтынын сезді. Алғашқы айларда цехқа жұмысқа келгендер тұрақтамады. Өйткені, конвейердегі жұмысты игеру оңай емес. Роман мен Ұланбектің екеуі де Оңтүстік Кореядағы конвейерде жұмыс істеуді үйреніп, шетелдік машиналарды құрастырудың бүге-шігесін қалдырмай үйренген жігіт тер. Енді олар қостанайлық жұмысшыларды үйретуде. (Соңы 4-бетте).

● Мүмкіндігі шектеулілер мүмкіндігі

Кемтар жандар мїсіркегенді жек кґреді Амангелді ƏБІЛ, журналист.

Ешкім мүгедек болам демейді. Ананың алтын құрсағынан мына жарық дүниеге кемтар болып келіп, өмір бойы мүгедек болып өтетіндер бар, жалындаған жастық шақта атша шауып жүріп, жазатайым мүгедек болып қалатындар да кездеседі. Оларға оттан, судан, көлік оқиғаларынан, басқа да төтенше жағдайлардан он екі мүшесінің бірінен айырылып немесе бір мүшесі кем болып қалатындарды қосыңыз. Əйтеуір, жұмыр басты пенде

осындай оқиғалардан мүгедек болып жатады. Ондай азаматтар адам өміріне бір-ақ рет берілетін мына жарық дүниеде аман қалғанына шүкіршілік етіп, жан жарасын жазуға талпынады. Бар күш-жігерін жиып, өмір сүруге құлшынады. Мен де Жаңатас қаласында журналист болып еңбек етіп жүріп, 1993 жылдың желтоқсан айында автокөлік апатына ұшырап, сол аяқтағы ортан жілігім қақ бөлінді. Қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде, одан кейін сынық-жарақат бөлімінде айлап жатып, ем қабылдадым. Ол кезде

медицина бүгінгідей дамымаған, қысылтаяң кезең еді. Қажетті дəрі-дəрмек те жоқ. Не керек, ауруханадан тұтастай бір аяғым гипске тұмшаланып шыққанымен науқастан айығып кете алмадым. Алысжақын маңдағы сынықшылардан да қайран болмады. Ақыры Тараз қаласындағы қалалық ауруханаға жатып, «Елизаров» аппаратын салдыруға тура келді. Темір құрсаумен сегіз ай жүріп, екі аяққа тұрғаныммен сынған аяғым қысқарып, өмір бойы үшінші топтағы мүгедек болып қалдым. (Соңы 7-бетте).

● Еңбегімен еленген

ШОПАН Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Ферма меңгерушісінің шаңшаң болған «УАЗигі» Қаратаудың қойнауын бойлай өтіп, əрбір шопанның үйіне барып, жағдайын біліп, малдың жайына қанығып, тынымсыз шапқылап жүретін. Ескі машинаның ішінде бір бала аунап жататын. Меңгеруші – атам. Көлік от алғанда тұра жүгіріп, ішінен түспей қоятын едік біз. Бала күннен қойшылық кəсіптің жай-жапсарын жете білуге осы бір жағдаят əсер еткен болуы керек. Қысы-жазы тақымы аттан босамай, қара қойдың соңында жүру

қияметті тіршілік. Жаз мезгілінде шопан қауымы арқасын кеңге салып, еркін жүреді. Көктем мен қыста қайнаған өмірдің ортасына түседі. Əсіресе, қой қоздай бастағанда күн демей, түн демей шаруашылықтың басынан табылады. Бұл істі социалистік жарыс дейтін ұғым тіпті қыздырып жібереді. Сол кезеңдегі газет тігінділерін ақтарсаңыз, «шопандар 100 саулықтан 150 қозыдан алды» деген деректі міндетті түрде көресіз. Айтуға оңай, ақпараттың арғы жағында азапты еңбектің жатқанын аңғарасыз. Ерте көктемде, күннің қабағы əлі жыли қоймағанда туған қозыларды

үйлеріне кіргізіп алады. Суықта қатып қалмауы керек. Осыны бүгінгі балаларға айтсаң, ертегі сияқты қабылдайды. Айпад пен айфонды құшақтап туған баланың миы малмен араласып жатуды түсінбейді себебі. Қыстың да əбігері көп. Сүйектен өтер суықта айдалада жападан-жалғыз қой қайырып жүргеннің өзі жүйкеңе біраз салмақ салады. Қарайған қойды ит пен құсқа алғызбай, табиғаттың тосын мінезіне ұрындырмай аман сақтау үшін де ептілік қажет. Өйткені, қой бағу – ой бағудан да қиын. Кеңес өкіметі тарап, егемендік келгенде шаруашылықтардың шатқаяқтап кеткенін көрдік. Қойдың да құны қалмады. Жеңгелеріміз бір қорап сабынға бір қойды айырбастаған заман да болған. (Соңы 7-бетте).

● Былтыр мемлекетіміз 2 млрд. 9 млн. кВт/сағат электр энергиясын экспорттады. Энергетика министрі Владимир Школьниктің сөзіне қарағанда, «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасына сəйкес, жаңғыртылған энергия көздерінен алынатын қуатты 2020 жылға қарай – 3, ал 2030 жылы 10 пайызға арттыру жоспарда тұр. ● Елімізде «Инватакси» қызметі жылына 10 мыңға жуық өтінім бойынша қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2014 жылы саланың жұмысын қамтамасыз ету үшін 181 млн. теңге қаралған. Оның 90 млн. теңгесі республикалық, қалған бөлігі жергілікті бюджет есебінен бөлінген. ● Биыл Астанада 3 қосалқы электр стансасы іске қосылады. Қалалық энергетика басқармасы мəлім еткендей, бұл стансалар барлық нысандар мен кəсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар аясында салынады. ● Қарағандыда ауыр жүк көтеретін крандар құрастырылып жатыр. Өңірдегі «Оптим-кран Қазақстан» ЖШС құны 390 млн. теңгелік, жылдық қуаты 30 кран дайындауға жететін жаңа жобаны іске асыруда. Бас инженері Денис Малыкин кəсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен қажетті қондырғылар сатып алынғанын жеткізді. Қазір мұнда 70 адам жұмыс істейді. ● Оңтүстік Қазақстанда индустрияландыру картасына енген жобалардың саны 223-ке жетті. Облыстық кəсіпкерлік, индустриялықинновациялық даму жəне туризм басқармасының басшысы Бақытжан Əшірбеков осы жобалардың жалпы құны 1,2 трлн. теңгені құрағанын, оның 65 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асырылып жатқанын мəлімдеді. ● Ақмола облысында бюст, мүсін жəне ескерткіш шығарыла бастады. Облыс əкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, Аршалы ауданындағы «Қазақстан көркем комбинаты «Қазарт» ЖШС меншігіндегі өндірістік комбинаттың өнімдеріне қазірдің өзінде Астана мен еліміздің өзге өңірлерінен тапсырыстар түсуде. Бұл жобаның құны – 400 млн. теңге. ● Оралда құрастырылған алғашқы ұшақ сынақтан өтті. Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы мен АҚШ-тың Lancair фирмасы бірлесіп шығарған Lancair IV əуе көлігінің қуаты 700 ат күшіне тең. Үш жолаушыға есептелген ол 2 мың шақырымға ұшып бара алады. Жылдамдығы сағатына 500 шақырым. Бұған мемлекет тарапынан қаржы жұмсалмаған. Бұл – турбовинтті двигателі бар, көмірсутегі материалынан жасалған Қазақстандағы бірінші ұшақ. ● Ақтауда 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Маңғыстау облыстық əкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, өткен жылы өңірде жұмыспен қамту жəне халықты əлеуметтік қолдау үшін жергілікті бюджеттен 773 млн. теңге қаралған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» деректері бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

● Біз – қазақстандықтармыз!

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІК Биыл елімізде бірқатар айтулы мерейтойлар өтетіні мəлім. Оның ішінде елімізді еңселі ертеңіне тұрақтылық пен тағаттылық тəрбиесі арқылы жетелеп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толады. Осы орайда өңір басшысы Даниал Ахметов облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, этномəдени бірлестіктердің жетекшілерімен жəне ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерімен кездесті.

Таєаттылыќ таєылымы «Егемен Қазақстан».

Татулық пен тағаттылық – жаңа тұрпатты Қазақстанның негізгі даму басымдықтарының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан жұрты мойындаған этносаралық бірлік моделін жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында елімізде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Шығыс өңірінің əлеуметтік-экономикалық дамуында да этномəдени бірлестіктердің өзіндік үлесі бар. Кездесу барысында өңірдегі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев 2014 жылы жүзеге асырылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Хатшылық меңгерушісінің айтуынша, өңірдегі ҚХА мүшелері мен Достық үйлері өткізетін шаралардың саны мен сапасы жыл сайын артып келеді. – Шығыс Қазақстан – облыстық жəне республикалық деңгейде кең қолдау тауып отырған этносаралық саладағы жаңа идеялардың бастамашысы болып отырған өңір. Мəселен, салт-дəстүр, тəжірибе алмасу, шығармашылық ұжымдардың, халықтық өнерпаздардың жарқын қойылымдары арқылы бір мақсатқа жұмылдырған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-акциясы бізде ғана емес, барлық облыстардың қалалары мен аудандарында өткізіліп, үлкен қолдауға ие болды. 2014 жылы акция шеңберінде еліміз бен «Алтай – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында Ресей, Қытай жəне Моңғолия сияқты жақын орналасқан мемлекеттердегі 113 елді мекенді қамтыған 137 іс-шара өтті. Бұл шаралар 200 мыңнан астам адамды қамтыды. Əлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдарға материалдық тұрғыдан көмек көрсетіліп, дəрі-дəрмек, азық-түлік себетін сатып алуға жəне көз

орталығында тексеруден өтуге жалпы сомасы 4 млн. 440 мың теңге қаржы бөлінді, – деді Еркінбек Аязбаев. Е.Аязбаев ҚХА хатшылығы атынан ұлтаралық келісімді дамытуға үлес қосқан барлық қоғам өкілдеріне ризашылығын білдіріп, биылғы Ассамблея жылында елімізде тұрақтылық пен татулықтың тағы да салтанат құратынын, оған барша отандастармен бірге шығысқазақстандықтардың да белсене қатысатынына сенім білдіретінін жеткізді. Бұдан кейін сөз алған ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі Люция Абдуллина Ассамблеяның соңғы жылдары ірі қоғамдық институтқа айналғанын айтты. – Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері барлық білім мекемелерін бір жобаға жұмылдырып, жастармен жұмыс істеуге, инновациялық шешімдерді енгізуге үлкен мəн береді. Университеттегі Ассамблея кафедрасында, «Назарбаевтану» жəне «Алтайтану» орталықтарында ғылыми жобалар, сараптамалар жүргізілді. Өңірдегі жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары да аталған салада өз ұсыныстары мен идеяларын бөлісуде. Мемлекеттің қарышты дамуындағы сəттіліктер ең алдымен жалпыхалықтық бірлікпен, барша ұлыстардың тілі мен діліне, салты мен дəстүріне деген құрметпен бекітіледі. Ассамблея құрылымы арқылы азаматтардың арасында сенім мен келісім, өзара түсіністік аурасы қалыптасты. Кез келген қазақстандық ұлты мен нəсіліне, діни нанымына қарамастан Конституция аясында бекітілген жəне кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігін пайдалана алады, – деді ол. Сондай-ақ, Люция Ильдаровна елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі кілті кейбір электронды ақпарат құралдары

«Егемен Қазақстан».

арқылы таралатын бөгде идеологиялық ағымдарға тосқауыл қоюда жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда аталған мəселенің ауа жайылмауына қоғамдық бірлестіктердің жұмысын бір арнаға тоғыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл ретте облыстағы түлеу мектебінде мемлекеттік тілді үйрету, түрлі ұлт өкілдерінің тілі мен мəдениетін, тарихын оқыту жолға қойылған. Жиында сөз алған ҚХА мүшелері Ассамблеяның құрылуы мен нығаюына атсалысқан ұйымдардың қатарында шығысқазақстандықтардың есімдері ерекше аталатынын, аталған құрылым этномəдени орталықтардың жұмысын жүйелеуге ықпал еткенін атап өтті. Мəселен, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ саясаттану жəне философия кафедрасының профессоры Лидия Столярова көптеген республикалық құжаттардың негізінде Шығыс өңірі ғалымдарының нақты ұсыныстары мен еңбегі бар екенін атап өтіп, тек облыс көлемінде ғана емес, əлемнің бірнеше мемлекеттерінен келген өкілдердің қатысуымен 14 ғылымитəжірибелік конференция өткенін жеткізді. Кездесуді қорытындылаған облыс əкімі Даниал Ахметов Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бейбітшілікті сақтауда барлық билік органдары мен қоғамдық институттарды, ұлт пен ұлыс өкілдерін бір мақсатқа біріктіріп, бірегей ұлтаралық саясатты жүргізуге мұрындық болып отырғанын атап өтті. – Қазақстанда барлық этностардың дəстүрі мен тілін, мəдениетін дамытуға өте қолайлы жағдай жасалған. Ассамблея қызметінің арқасында мемлекетіміздің этносаралық мəселелерді тиімді шешуіне мүмкіндік туды. Осы арқылы еліміздің халықаралық қауымдастықтағы абыройы

күн санап өсіп келеді. Қырғызстандағы, Украинадағы жағдайлар елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының тұрақтылығына нұқсан келтіргенін көріп отырмыз. Украина кеңестік кезеңде экономикасы жағынан үлгі алатын ел болатын. Алайда, бүгінгі таңдағы келіспеушіліктер елді екіге бөлді. Бізде Украинадағыдай кеме құрылысы мен еуропалық елдерге шығатын мүмкіндік жоқ. Алайда, бізде Президентіміздің жүргізіп отырған кемел саясаты бар. Қазіргі кезде халқының саны жағынан үш есеге аз болғанымен Қазақстанның ішкі жалпы өнімі Украинадан жоғары болып отыр. Мұның барлығы мемлекеттегі этносаралық тұрақтылықтың нəтижесі. Қаншама мектептер, ауруханалар, жолдар салынды. Əлі де салынады. Біз осы тиімді саясатты əрі қарай жалғастыра алсақ, өзіміз өмір сүріп отырған елді, қаланы тағы да дамыта түсетін боламыз. Осы жерде өніпөсіп отырған халық болғандықтан, бірбіріміздің дəстүріміз бен тілімізге деген құрметіміз жоғары болуы керек. Бұл үрдіс ұрпақтан ұрпаққа алмасуы қажет, – деді өңір басшысы Даниал Ахметов. Ассамблеяның алғашқы жиыны марапаттау салтанатымен аяқталды. Атап айтқанда, ҚХА мүшесі Владимир Акулов, «Башқұл» аудандық татар мəдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Хамитов жəне Бесқарағай аудандық мəслихатының депутаты, ҚХА депутаттық тобының мүшесі Вячеслав Харченко «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Сонымен бірге, белорус этномəдени бірлестігінің төрағасы Галина Жампейісова мен ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Алексей Алексеенко Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатына ие болды. ӨСКЕМЕН.

Еѕбегіміз жанды деген осы

Ќазаќ жеріне ўзатылєаныма еш ґкінбеймін Менің Қазақстанға келін болып түсуім қызық. Бала кезімізде ата-əжелерімнен бұл ел туралы, қазақтардың меймандос, ақжарқын қасиеттері жайлы естіп жүретінмін. Бірде Кавказға қонаққа келген ағайындардың тойында бір жас жігіт менімен арнайы танысып, əңгімеміз жарасып кетті. Сірə, мені ұнатқан болу керек, арада біраз уақыт өткеннен кейін тұрмысқа шығуға қолқа салды. Мен де іштей қарсы емеспін. Сала деген есіміне, түр-тұлғасына көңіл тояды. Болашақ жұбайым «Қазақстаннанмын» дегеніне ішім жылып сала берсе де, туған-туыстарымды, кіндік қаным тамған атамекенімді қия алмай жүрдім. Қыздың жатжұрттыққа жаралғанын мойындаған күйі əкешешемнің ақ батасын алғаннан кейін қол ұстасып кете бардық. Қап тауының арғы жағынан қазақ жеріне ұзатылғаныма, тағдырымның бұл жазуына еш өкінбеймін. Керісінше, өте ризамын! Тыныштықтың тал бесігінде тербетілген елде отбасын құрып, тамыр жайдық. Сұлтан, Хасан есімді ұлдарым дүниеге келді. Ата, əже атандық. Бұдан асқан арман жоқ шығар. Өмірде өз орныңды тауып, елге, қоғамға пайда келтіргеннің өзі

зор бақыт емес пе?! Біздің отбасы мүшелері түгелімен ішкі істер саласында мінсіз қызмет етіп, əулет абыройын асырды. Əке жолын жалғастырған жұбайым қазір зейнетте. Отағасынан үлгі-өнеге алған ұлдарымызды жастайынан елді, жерді сүюге, үлкенді қадірлеуге тəрбиеледік. Тəуелсіз мемлекетіміздің одан əрі дамып, көркеюіне өзіндік үлес қосып жүргенімізді əркез мəртебе санаймыз. Немерелерім де жас құрақтай желкілдеп өсіп келеді. Оларға да қазақстандық патриотизм қасиеттері тəн. “Елім!” деп келген əр адамды жатсынбай құшақ жая қарсы алатын Қазақ елі осылайша Магомедовтер əулетінің Отанына айналды. Жүрегіміз де, тілегіміз де қазақстандықтармен бір. Біздің отбасы Мемлекет басшысы ның бастамасымен бірінші рет өткізілген “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауына қатысып, облыста бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласында ұйымдастырылған ақтық байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болдық. Отбасы мəртебесін насихаттауға бағытталған үлкен іс-шарада Нұрсұлтан Əбішұлымен тілдесудің сəті

Тұтынушыларды жылу жəне электр энергиясымен қазіргі қыс қысқан мерзімде қамтамасыз ету қаншалықты жолға қойылған? Міне, бұл мəселе кеше Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен «Электр энергетикасы жəне көмір: қорытындылар мен перспективалар» деген тақырыппен өткен Үкімет сағатында кеңінен талқыланды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Шыєыс ґѕірінде Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ мїшелері марапатталды Думан АНАШ,

Басты маќсат – тапшылыќты болдырмау

түскенін қалай ғана ұмытармыз! Пре зи дентіміздің сөзі бəрімізді толғандырды. Мемлекет басшысы атынан тарту етілген жеңіл көлік мініп қайттық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнегелі отбасылардың басын біріктірген фестиваль береке, бірліктің символы ретінде есте қалды. Отбасының қоғамдағы алатын зор рөлін айғақтап берді. Өз басым бейбітшілікті бағалай білетін, ауызбірлігі жарасқан елде тұрып жатқаныма өте қуаныштымын. Киелі де қасиетті жерге келін болып түскенімді басыма қонған бақ құсы деп ойлаймын. Тұңғыш Президентіміз көп ұлттың басын біріктіріп, барлық азаматтарға тең мүмкіндік жасап, соның арқасында елімізде тұрақтылық, тыныштық орнағанын баса айтқым келеді. Өркениетті елдер қатарына қосылу ұмтылысымызды жарқын болашаққа бастайтын баспалдақ деп есептеймін. Бір кездері бақыт құсының қанатына ілесіп келген Қазақстан қазір туған үйіміз саналады. Қазақ жерінде ұрпақ сабақтастығын жалғастырып келеміз. Бар тілеуім – елімнің амандығы!

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы атап өтіледі. «Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Ал жыл сайын атаулы мерекеде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде ел аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тəтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын кең көлемде атап өтеді. Тараз қаласындағы №6 қалалық емханасында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, татар, дүнген, күрд, марий ұлттарынан құралған медицина қызметкерлері бір ұжымда бірнеше жылдан бері тату-тəтті, ынтымақты еңбек етуде. Жақында осы емханадан тексеріліп, бойындағы сыр беріп жүрген ақауының себебін біліп, оны осы жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи мекемеде емдеп, дертінің алдын алған қала тұрғыны Фируза Кошарова шағым-ұсыныс кітабында былай деп жазыпты: «Мен осы емханада 15 жылдан бері есепте тұрамын. Ауруымыз сыр беріп, дертіміз дендесе, бірден осы жерден табыламыз. Қай кезде келсек те, жылы шырай тынытып, күліп қарсы алып, ауруымызға шипа табуға тырысатын емхана ұжымы – біздің өз үйіміз болып кеткен. Мен – дүнген ұлтының өкілімін. Отбасымызбен еңбекқормыз. Оған сай денсаулығымыз болуы қажет. Осы емхана біздің барлық қажеттілігімізді орындап, деніміздің сау болуына бірден-бір ықпал етіп келе жатыр». Ал Валентина Иванова деген қала тұрғыны осы емхананың дəрігерлері Патима Қосжанова, Феруза Қойлановаға алғыстарын жеткізе отырып, шын ниеттерімен олардың адамгершілік қасиеттеріне бас иетіндерін айтады. Жалпы, дəрігерлерге шын пейілімен ризашылықтарын білдіріп жататындар аз емес. Осындай жылы сөздерді естігенде, алғысынан ұрысы көп жұмысымыздан рахат тапқандай, риза болып қаламыз. «Еңбегіміз жанды деген осы болар», деп қоямыз. Барлық ұлттардың арасындағы достықты нығайтып, ынтымағын жарастыратын айтулы жылда бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, ендеше! Дүйсекүл КЕРІМБАЕВА, №6 қалалық емхананың бас дəрігері.

Макка МАГОМЕДОВА.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы.

ТАРАЗ.

«Электр энергетикасы саласының еліміздің экономикалық жəне əлеуметтік дамуында атқаратын рөлі зор. Елба сы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жəне «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында еліміздің «жасыл» даму жолына көшуі қажеттігін айтып, тиімді жəне тұрақты экономика құру міндетін қойды. Сондай-ақ, энергетиканың дəстүрлі түрлерін дамытуды мақсат етті. Елбасы тапсырмасын орындау үшін осы саланы дамыту туралы орта жəне ұзақ мерзімді Үкімет бағдарламасы қабылданды. Электр энергиясы мен көмір өндіру саласын дамыту, инвестициялау, оларды тарату, үнемдеу, энергия тапшылығын болдырмау, тарифтерді сақтау жəне басқа да өзекті мəселелер əрқашан халықтың жəне депутаттар корпусының назарында», деді вице-спикер. Бұдан кейін депутаттар алдында арнайы баяндама жасаған Энергетика министрі Владимир Школьник Халықаралық сараптама агенттігінің мəліметіне сүйіне отырып, соңғы 40 жылда əлемдік қуат пайдалану көлемі 2-2,5 есеге артқандығын жеткізді. Министрдің мəліметіне қарағанда, мұнай, көмір, газ сияқты қазба байлықтарын тұтыну əлемде 2,12 есеге ұлғайған. Əрбір ел өз мүмкіндігінше дəстүрлі, баламалы жəне қалпына келетін энергияларды тұтынса, мұнай баламасымен есептегенде ол 13,4 миллиард тоннаны құрапты. Соның мұнай 31 пайызын, таскөмір – 29, ядролық энергия – 4,8 пайыз, гидро қуаты 2,4 жəне өзгелері болып кете береді. Ал Қазақстанда болса (2013 жылдың қорытындысы бойынша), отын түрі жөнінен генерация көздерінің үлесі: көмірде – 73,2 пайыз; газда – 18,2 пайыз жəне су электр стансаларында 8,1 пайыз. Бұл ретте, 2014 жылы электр энергиясын тұтыну 91,6 млрд. кВтсағ құрағандығын немесе 2013 жылмен салыстырғанда 102,2 пайызға артқандығын көруге болады. Сала басшысының сөзінен белгілі болғандай, алты жыл шекті тарифті іске асыру есебінен жыл сайынғы инвестиция көлемі 5 есеге артқан жəне бүгінгі күні 700 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылыпты. Бұл өз кезегінде қолданыстағы 5000 МВт-ны жаңғыртуға жəне қосымша 1700 МВт электр қуатын енгізуге мүмкіндік бар екендігі белгілі болды. 2015 жылға жоспарланып отырған инвестиция көлемі 178 млрд. теңгені құрайды. Негізгі жабдықтардың тозуы бойынша еліміздегі ірі электр стансаларының авариялық тоқтауының жылдық саны 2008 жылы 131 тоқтаудан 2013 жылы 39 тоқтауға дейін төмендеген. В.Школьник еліміздің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей Федерациясы жəне Орталық Азия мемлекеттерінің энергия жүйелерімен параллельді режімде тұрақты жұмыс істеуде екендігін жеткізді. Қырғыз тарапының Нарын-Сырдария ГЭС-і судың жиналып қалу аумағы көлеміне байланысты Қырғызстан үкіметінің қол жеткізілген уағдаластығы шеңберінде 2014-2015 жылдары күзгі-қысқы кезеңде 1,0 млрд. кВсағ көлеміндегі Қазақстан электр энергиясын Қырғызстанға жеткізуді ұйымдастырғаны да аталмай қалмады. Өзбекстан энергия жүйесі тарапынан қуатты рұқсатсыз алу жалғасуда екендігі, олардың тұтынған қуатына төлем жүргізбей келе жатқандығы да атап көрсетілді. Қазіргі уақытта Қазақстаннан электр энергиясын экспорттау мүмкіндігі жоғарылауда екен.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында 2019 жылдан бастап жалпы электр энергетикалық нарығын құру жоспарлануда көрінеді. Қазақстанның энергетикалық саласын отынмен қамтамасыз ету жайы да атап өтілді. Еліміз айтарлықтай көмір қорларына ие жəне 400-ден астам кен орындарында тас жəне қоңыр көмірлер бар. Теңгерімдік қоры 33,6 млрд. тонна, оның ішінде тас көмір – 21,3 млрд.тоннаны, қоңыр көмір 12,3 млрд. тоннаны құрайды. 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайында Қазақстан Республикасы бекітілген көмір қоры бойынша əлемде 7-ші орынды иеленеді. Көмір өндірудің қазіргі деңгейінде оның қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Қазіргі кезде республиканың көмір саласы 74% электр энергиясының өндірілуін, кокс-химиялық өндірістің 100 пайыздық жүктемесін, коммуналдық-тұрмыстық секторды жəне халықтың отынға қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Сөз орайы келгенде елімізде «Цинхуа» қытай энергетикалық корпорациясы» ААҚ қатысуымен көмірді кешенді қайта өңдеу жобасын іске асыру жоспарлануда екенін атап кетейік. Болжанған негізгі өнімдер: бензин, дизель отыны, электр энергиясы жəне əртүрлі химиялық өнімдер болып табылады. Талқыланған тақырыпқа Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин қосымша баяндама жасады. Сондай-ақ, отырыс барысында депутаттар өз сауалдарын қойып, пікірлерін де ортаға салып жатты. Депутат Жексенбай Дүйсебаев елімізде өндіріліп жатқан электр қуатының 20 пайызы далаға кетіп жатқандығына қынжылыс білдірді. Оның айтуынша, 1 кв/сағат электр энергиясын өндіру үшін 0,6 кг көмір жағу керек болса, 12 миллион тонна көмір ауаны босқа жылытуға кетіп жатыр. Мұндай пікірмен келіспеген министр «энергия үнемдеу» өзгелермен салыстырғанда, жаман еместігіне сендірді. Бақытжан Ертаевтың сұрағына берген жауабында министр атом электр стансасын салуға екі алаң таңдалып алынғанын жеткізді. Оның біреуіне ресейлік технологияны тарту көзделсе, екіншісіне перспективалы станса ретінде жапондық «Toshiba Westinghouse» компаниясы қарастырылып отырылғаны белгілі болды. Министр АЭС-тің əрбір блогын салу оның құрылымына қарай 3-4 млрд. доллардың шамасында айқындалуы мүмкіндігін де жеткізді. Жалпы, екі стансаның бірі Курчатов қаласы маңынан салынуы керек болса, екіншісін Балқаш көліне жақын жерге салу жоспарланған. Алайда министр қазір елімізде артық электр энергиясының жинақталып қалғандығын тілге тиек ете келіп, енді оны импорттау мəселесі туындап отырғандығына да назар аудартты. Отырысты қорытындылаған С.Дьяченко Үкіметтің тарифтерге шектеу қоюы арқасында электр энергетика саласына инвестиция көбейгендігін, ол еліміздің экономикасына жəне оның дамуына оң əсерін беруде екендігін ерекше атады. «Электр энергиясын, көмір өндіру жəне жаңартылған энергия көздерін дамыту жөнінде атқарған жұмыстар туралы толық ақпарат берілді», деді палата Төрағасының орынбасары. Жалпы, кешегі отырыста кейбір сұрақтарға жауап беруге дайын болмады ма, министр оларға жазбаша жауап берейін деген сөзді көп қолданды. Сол үшін ескертпе де алды. Дей тұрғанмен, көптеген сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді. Отырыс қорытындысы бойынша, Үкіметке бірқатар ұсыныстар жобасы дайындалды.


● Дүние жəне дағдарыс

БЕЙМАЗАЛЫЌ ƏЛІ ДЕ БАСЫМ Соңғы кездері əлемдік баспасөз беттерінде Еуропада орын алып отырған дағдарыс нəтижелері туралы əртүрлі пікірлер білдірілуде. Жалпылай алғанда, ол пікірлерді қайшылықты деп бағалауға болады. Мұны бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарияланып жатқан жаңалықтар мен қоғамдық көңіл-күйдің əрі-сəрілігі қуаттай түседі.

Сарапшылардың бірқатары қазіргі сəл-пəл алға басушылықты көп ұзаққа созылмайтын үдеріске балап отыр. Олардың пікірінше, жағдайды түзету үшін жүйелі шаралар қажет. Сондай-ақ, Еуропалық одаққа кіретін елдер жағдайында да əркелкіліктің басым екендігі көзге ұрынып көрінетіндей. Мұны төменде беріліп отырған хабарлардан да аңғаруға болады.

Грекия: білім мен денсаулыќ саќтау салалары сауыќтыруды ќажет етеді

Білім беру мен денсаулық сақтау – кез келген қоғамның басты мəселесі. Грекияда бұл салалардағы проблемалар бұрыннан да байқалған болатын. Алайда, 2008 жылы басталып кеткен борыш дағдарысы осы жағдайды одан əрі ушықтыра түсті. Бүгінгі күні мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар білім беру саласының елдегі ішкі саясаттың басты бағыты болудан қалғандығын əбден мойындап отыр. Қатаң үнемдеу шаралары оған бөлінетін мемлекеттік шығындарды айтарлықтай азайтып жіберді. Дағдарыс басталғаннан бері мұғалімдердің жалақысы төрттің бір ширегіне дейін қысқарып кетті. Никос пен Мария – жоғары

сыныптарға сабақ береді. Олардың өздерінің төрт баласы бар. «Біз секілді көп балалы отбасылар тапқан еңбек ақыларын айдың аяғына дейін зорға жеткізеді. Өйткені, мұғалімдердің жағдайы бұрынғыға қарағанда, əлдеқайда ауырлап кетті ғой. Олардың қайсыбірі ендігі уақытта штаттан тыс жағ дайда жұмыс істеуге мəжбүр болып жүр», дейді Никос. «Бүгінгі Грекияда оқытушылықпен айналысу үшін ең алдымен энтузиаст болу қажет. Өйткені, алдағы күнге бірдеме өзгереді-ау дегендей сеніммен қарамасақ, қазіргі жағдайда жұмыс істеу өте ауырлап барады. Əрине, біздің мақсатымыз – балаларға білім беру. Осының қоғамға пайдалы іс екен дігінің

өзінен қуат алып отырмыз. Ата-аналар да өз тараптары нан балаларының дұрыс білім алғандығын қалайды. Осы жағдай бізді алға сүйреп келеді», дейді Мария. Əзірге Никос пен Мария өз қызметтерін сəтті жалғастырып келе жатқандар қатарында. Ал төлемақысыз еңбек демалысына шығарылған мұғалімдердің жағдайы бұдан да қиындай түскен секілді. «Жалпы, ондай жағдай да менің басымнан өткен. Мен мектепте суреттен сабақ берген кезімде жұмыстан қысқарып бір жарым жылдай үйде отырып қалдым. Сол кезде қатты қиналдым. Ең бастысы, босқа өтіп жатқан уақытыма жаным ашыды. Сонан кейін үй жұмыстарымен белсенді түрде шұғылдана бастадым. Тамақ

əзірледім. Салоникиде оқитын қызыма азық-түліктен сəлем-сауқат жіберіп тұрдым. Ұлыма көмектестім. Сөйтіп, қол бостықтан туындайтын күйзелісті жағдайдан аман қалдым. Ақырында мені мектеп қайтадан жұмысқа шақырды», дейді Никос. Ол өзінің бос отырған кезінде Грекиядағы білім беру сала сының болашағы туралы көп ойланғандығын айтады. Оның пікірінше, саясаткерлердің бұл проблемаға ұзақ мерзімді көзқарасы əлі күнге дейін қалыптаса қойған жоқ. Димитрис – университет студенті. Ол Еуропалық одақ елдері арасында Грекия басшылығының білім беру саласына көп көңіл бөлмейтіндігін айтып шағынады. «Сондықтан да біз үкімет басына жаңа биліктің келгендігін қалаймыз», дейді ол. Димитристің сөзінің де жөні бар секілді. Грекия дағдарысқа кіргеннен бері білім саласын қаржыландыруды барған сайын төмендетіп келеді. Қазіргі күні бұл ел білім саласына ішкі жалпы өнімнің 4 пайызын ғана жұмсайды. Ал Еуропалық одақтағы орта көрсеткіш 5,26 пайыз болып отыр. Енді денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, бұл салалардағы олқылықтарды Грекияның барлық азаматтары айқын сезініп отыр деп айтуға болады. Əсіресе, тұрмыстық жағынан көп қорғалынбаған азаматтарға қиын тиюде. «Денсаулық сақтау саласында жағдай əбден ушығып тұр. Жақсы дəрігерді табу өте қиын. Дəрілер мен дəрігерлік қызмет барған сайын қымбаттап барады. Ал олардың қызметтерінің сапасы төмендей түсуде. Сондықтан да кейде дəрі сатып алу үшін наннан да бас тартуға тура келеді», дейді афиналық зейнеткер.

Эстониялыќ топ-менеджерлердіѕ экономикалыќ оптимизмі ќўлдырай тїсуде «Зерттеу деректері көрсеткеніндей, Эстониядағы топ-менеджерлердің экономикалық оптимизмі соңғы жылдары едəуір төмендей түсті. Қазір бұл көрсеткіш Скандинавия елдеріндегі топменеджерлерінің көңіл-күйімен теңесті», деп мəлімдеді жуықта эстон теледидары арқылы PricewaterhouseCoopers (PwC) Eesti аудиторлық компаниясының басшысы Аго Вилу. Давос қаласында жуықта ғана болып өткен əлемдік экономикалық

форумда PwC əлемдегі топменеджерлердің көңіл-күйіне жасалатын зерттеулерінің кезекті қорытындысын шығарған болатын. Бұл зерттеулер 180-нен астам елде жүргізілген. Қазіргі экономикалық жағдайға байланысты өздерінің пікірлері мен бағаларын 1300-ге жуық топ-менеджерлер білдірген. Зерттеу жалпы топ-менеджерлердің көңіл-күйі былтырғы деңгейде қалғандығын көрсетті. Компаниялары өткен жылды табыспен қорытындылаған

топ-менеджерлер саны да былтырғы жылғы деңгеймен шамалас шыққан. «Егер жалпы картина былтырғы деңгеймен шамалас деп бағаласақ, ал əрбір елдегі нақты жағдайға келгенде көрсеткіштердің неғұрлым құбыла түскендігін байқаймыз. Мəселен, АҚШ-тағы опти мизм деңгейі бұрынғымен салыстырғанда, едəуір арта түссе, Ұлыбритания мен Батыс Еуропада аздап қана алға басушылық сезіледі. Ал енді осының алдында

ғана экономикалық жұлдыздарға айналған кейбір елдерде экономикалық оптимизмнің деңгейі құлдырай бастапты. Осындай тұжырымды ірі экономикалардың бірі Қытайға қатысты да қолдануға болады. Топ-менеджерлердің көңіл-күйі əсіресе, Эстонияда төмендеп кеткені байқалады», дейді Аго Вилу форумда жасаған есебінде. Аго Вилу бұл ретте Эстония топ-менеджерлерінің көңіл-күйіне бекерден-бекер назар аударып отырмаған секілді. Егер осыдан бір

Денсаулық сақтау саласына бюджеттен бөлінетін шығындар да жыл өткен сайын төмендеп келеді. Егер 2012 жылы бұл көрсеткіш 5 миллиард 280 миллион еуроны құраса, 2015 жылдың бюджетінен бар болғаны 4 миллиард 220 миллион еуро қарастырылып отыр. Елдегі жұмыссыздық бұл мəселені одан əрі ушықтыра түскендей. Өйткені, Грекияда медициналық сақтандыру жұмыс орны бойынша ғана жүзеге асырылады. «Медициналық сақтандыру біздің елімізде сіздің жұмысыңыздың бары мен жоғына қатысты, дағдарыстың алғашқы жылдарындағы жұмыс орындарының жаппай қысқаруы елдегі 2 миллионға жуық адамды əлеуметтік қорғаусыз қалдырып отыр», дейді афиналық дəрігер. Медицина саласындағы жұмыс орындарының қысқаруы өз алдына, сонымен қатар, дəрігерлердің жалақысы да азайтылуда. Бұл жалпы бюджет арқылы қаржыландыратын барлық салаларға қатысты болып отыр. Сондықтан Грекияның мыңдаған мықты деген мамандары соңғы жылдары Еуропаның басқа елдерінен жұмыс қарастыруда. «Соңғы алты жылда жеті жарым мыңнан астам Жоғарғы медициналық кеңестің мүшелері шетелдерден жұмыс тауып отыр. Олар көбінесе Ұлыбритания мен Германияға жəне басқа да скандинавиялық елдерге барып қызмет істеуде», дейді жоғарыдағы дəрігер. Денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы жағдайдың ушығуы Грекиядағылардың барлығын ойландыруда. Қоғамдағы көңіл-күй саясат саласына да үлкен əсер етуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласы бұрынғы кездегідей елдің басты басымдықтарының біріне айналуы керек. Осыны əркім түсініп отыр. Бірақ қаржыға келгенде осы түсінушіліктердің өзі түкке де аспай қайтадан сейіліп сала беретін секілді. жыл бұрын ғана Эстониядағы топменеджерлердің 41 пайызы өздері басқаратын кəсіпорындардың айналым қаржысы арта түсетіндігіне сенімді болса, қазіргі күні бұл көрсеткіш 25 пайыздың айналасын да ғана болып отыр. Яғни, көңіл-күйдің көп құлдырағандығы сезіледі. «Бір кездері Эстония топ-менеджерлері өздерінің шарықтау сəттерін бастан кешірген болатын. Сол кезде мұндағы көңіл-күй көрсеткіші көп жоғарылап кеткен еді. Енді ол Скандинавия елдерінің, атап айтқанда, Финляндия жəне Швециямен теңесіп отыр. Демек, қазіргі кез үшін мұның өзі сонша бір жаман көрсеткіш те емес», деп жұбатты жиналғандарды Аго Вилу.

Тўрєын їйлер ќымбаттай бастады Латвияда өткен жылдың үшінші тоқсанында тұрғын үй бағалары 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11,7 пайызға өскен. «Бұл – жалпы Еуропалық одақ елдері бойынша үшінші көрсеткіш», деп мəлімдеді Eurostat бюросының статистикалық мəліметтеріне сүйене келе осы жағдайға талдау жасаған LETA агенттігі. Агенттіктің келтірген деректері бойынша Ұлыбританияда да тұрғын үйлер 11,7 пайызға қымбаттапты. Ал тұрғын үй бағасының жыл ішіндегі ең шарықтауы Ирландияда байқалған. Мұндағы өсім көрсеткіші 15 пайызды құраған.

инвесторларды еуропалық елдердің облигациялары мен банктер дің активтерін ашық сауда арқы лы сатып алу қажеттігіне түбегейлі сендіргісі келеді. Осы ретте Bioomberg сауалдамасына тартыл ған экономистердің басым бөлігі банктің негізінен алғанда мемлекеттік облигацияларды сатып алатындығын атап көрсеткен. Spiegel журналының деректері бойынша,

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Їкімет ќўруєа дауыс саны жете ме? Грекияда мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауы бойынша дауыс санау аяқталып келеді. Онда басты оппозициялық Радикалды солшыл күштер коалициясы (СИРИЗА) жеңіске жеткен болатын. Оған қарсыластарынан айтарлықтай ұзап кетудің сəті түсті. Дегенмен, бір мəселе түйінді күйінде қалып тұр. Ол – СИРИЗА дербес түрде Грекия үкіметін құрып, өз заң жобаларын негізгі заң шығарушы орган арқылы өткізе ала ма деген мəселе. Афина жаңалықтар агенттігі ол бюллетеньдерді 100 пайыз санап шыққаннан кейін ғана белгілі болады дегенді айтуда. Үкімет құру үшін СИРИЗА парламентте басым орынға ие болуы керек, яғни 300 мандаттың 151-і бұларға тиесілі болуы тиіс.

Ќаза болєанын растады Радикалды «Ислам мемлекеті» тобының содырлары интернет арқылы хабар тарататын өз радиостансаларында кепілге алынған екі жапониялықтың бірінің өлтірілгенін растады. Жапония азаматының өлтірілгені туралы əңгіме небəрі 38 секунд қана жүрген. Бірақ осындай қатаң жазалаудың себептері де, болған оқиғаның егжей-тегжейі де айтылмаған көрінеді. «Ислам мемлекеті» өз айтқанын орындады. Ұйым содырлары белгіленген мерзімнің өтіп кетуіне байланысты тұтқынды о дүниеге аттандырды, делінген радио арқылы таратылған хабарда. Бұған дейін олар 200 миллион доллар төлемақы төлемеген жағдайда жапониялық кепілдердің өлтірілетінін хабарлаған болатын.

Нью-Йорк кїшті дауылєа дайындалуда АҚШ-тың солтүстік-шығысына өте күшті қарлы боран жақындап келеді. Ауа райын болжаушылар таяудағы екі күннің ішінде кейбір аудандарда 1,5 метрге дейін қар түсетіндігін айтуда. Нью-Йорк қаласының мэрі Билл де Блазио дауылдың қала тарихындағы ең күшті дауыл болып шығуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасауда. Қала басшысы жергілікті тұрғындарды сақ болуға, жеке автокөлікті пайдаланбауға шақырып, аса қажет болмаса, көшелерге шықпауға кеңес беруде. Дауыл Нью-Йорк, Нью-Джерси, Коннектикут, Пенсильвания, Массачусетс жəне Мэн штаттарын қамтиды деп күтілуде. Метеорологтардың болжамынша, циклонның беті тек 27 қаңтар күні кешкісін ғана қайтпақ.

Египетте таєы да ќаќтыєыс Египетте «25 қаңтардағы революцияның» төрт жылдығында 15 адам қаза тауып, 40-қа тарта адам зардап шекті. Бұл туралы Египет Араб Республикасының денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған. Осы аталған ведомствоның мəліметтеріне қарағанда, 9 адам Каирдің шет жағында болған қанды қақтығыста қаза тапқан. Қаза болғандардың қатарында əскери қызметші мен бір бала бар көрінеді. Оның сыртында президент Абдель Фаттах Ас-Сисидің жақтастары мен қарсыластары арасында да қақтығыс орын алған. Мұнда осының алдында қаза тапқан социалистік партияның белсендісі Шайма ас-Саббагтың жақындары мен əріптестері жиналған. Олар ереуілшілерге қарсы қару қолданды деп полицияны айыптауда.

Ќорыќќанєа ќос кґрінер Үндістанда полиция АҚШ президенті Барак Обаманың сапарына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, екі ресейлік студентті ұстаған. Оқиға Орисса штатындағы Ниали деревнясында орын алған. Үлкен рюкзактары бар екі жас жігіттің жол бойында автокөлік күтіп тұрғандарын көрген жергілікті тұрғындар полиция шақырған. Сөйтіп, оларды ұстап, Пури қаласындағы полиция учаскесіне жеткізген. Жергілікті полиция бастығының хабарлауынша, екі жігіттің Ижев мемлекеттік технологиялық институтының студенттері екені, тиісті құжаттарының жəне үш айлық туристік визаларының, сол сияқты шетелдік паспорттары мен авиабилеттерінің бар екені анықталған. Олар, тіпті, Обаманың сапары туралы мүлде білмейтін болып шыққан.

Сарапшылар санкцияны ќолдамайды

Эстонияда ол – 13,2, Швецияда 10,3 пайызды құраса, Литвада 10,1 пайыз болған. Агенттіктің келтірген деректері бойынша, жыл ішіндегі тұрғын үй бағасының ең көп құлдырауы Словенияда байқалып отыр. Мұнда баға төмендеуі 5,4 пайыз болған. Италияда тұрғын үй бағасы 3,8 пайыз төмендесе, Румыниядағы төмендеу көрсеткіші – 2,3 пайыз. Сонымен бүтіндей алғанда, Еуропалық одақ елдерінде тұрғын үй бағалары 2013 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өсе түскен. Ал Еуроаймақ елдерінде ол өсім 0,5 пайыз көрсеткішті құраған.

Жақында ғана аяқталған Давос экономикалық форумына қатысқан бірқатар сарапшылар Ресей мен Еуропа одағының бір-біріне қарсы енгізген санкцияларына қарсы шықты. Олардың айтуларына қарағанда, санкциялар экономиканың жəне қарапайым адамдардың өміріне кері əсерін тигізетін тиімсіз құрал болып табылады. Санкциялар олар бағытталғандардан гөрі өзгелерге қаттырақ тиеді, деп мəлімдеген Horasis ұйымының президенті Франк-Юрген Рихтер. Біз өзіміздің инвестициялық қызметімізден бас тартпауға тиіспіз, өйткені, Ресей Батысты қажет етеді, ал Батыс болса Ресейге одан бетер мұқтаж, деп атап көрсеткен ол БАҚ-қа берген сұхбатында.

Еуропалыќ орталыќ банк жаѕа ынталандыру шараларына кірісті Бұдан бұрын күтілгеніндей, Еуропалық орталық банк жаңа ынталандыру шараларын қолға алғандығын мəлімдеді. Банктің жоспары бойынша Еуропалық одақ елдерінің қарыздары 550 миллиард еуро көлемінде сатып алынбақ. Осыған байланысты бірқатар сарапшылар өздерінің пікірлерін білдіруде. Олардың пікірінше, орталық банктің басшысы Марио Драги осы шараны қолға алу арқылы

3

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

облигациялар еуроаймақтағы елдер экономикасының көлеміне сəйкес сатып алынатын болады. Сатып алудың басым бөлігі (18 пайызы) неміс қарыздарына, 14 пайызы француздарға, 12 пайызы испандарға, 9 пайызы италиялықтарға тиесілі. Басқа қалған елдерде бұл көрсеткіш 5 пайызды құрайтын болады. Алдын-ала мəлім болғанындай, сатып алу көлемі əрбір ел

қарызының төрттен бір бөлігінен аспауы тиіс. Грекия бағалы қағаздары бұл бағдарламаға қатыстырылмайды. Себебі, олар қойылған талапқа сəйкес келмейді. Еуропалық орталық банктің бағдарламасы бойынша елдердің ұлттық банктері болуы мүмкін шығындардың кем дегенде тең жарымын өз мойындарына алуға тиіс, деп хабарлаған неміс баспасөзі.

Financial Times газетінің есептеуінше, еуроаймақ елдерінің айналымда жүрген кірістілігі жоқ керісінше, шығынды саналатын бағалы қағаздардың көлемі бүгінгі күні рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,2 триллион еуроны құрап отыр. Осыған байланысты сарапшылар пікірінше, еуроның долларға қатысты бағамы төмендей түсетін болады. Еуропалық банк аталған шешімді қабылдау сəтінде еуроның бағамы 11 жылдық төменгі көрсеткішті көрсетіп, 1 еуроның құны 1 доллар 15 центті құраған. Дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Алты адам ќар кґшкінінен ќаза тапты Альпі тауларында қар көшкінінен кейін алты француздық тау шаңғышыларының денелері табылған. Олардың төртеуі – еркек, екеуі əйел көрінеді. Бұл туралы Гап қаласының префектурасы хабарлаған. Оқиға өткен сенбі күні француздың Жоғарғы Альпі департаментіне қарайтын Кейра таулы ауданында орын алған. Алты тəжірибелі тау шаңғышыларынан тұратын топ таңертең тау басына шығып, түс қайта базаға оралуға тиіс болған. Бірақ олар сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Осыдан кейін жоғалған адамдарды іздестіруге тікұшақ жіберілген. Айта кету керек, тау шаңғысы маусымы басталғалы бері француздық Альпіде қар көшкіні салдарынан 11 адам қаза тауып отыр. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


4

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ІС ЇСТІНДЕ Алда асќаралы міндеттер тўр

Осыдан бес жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасын əртараптандыруға, нарықтағы қазақстандық үлесті арттыруға жəне шағын бизнестің дамуына анағұрлым серпін бергенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама шикізат экспортын арттыруға да ықпал етуде. Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысындаҮИИД бағдарламасының бірінші кезеңін қорытындылап, алға жаңа міндеттер қойған болатын. Бес жылда Қазақстанда бұрын өндірілмеген 400 жаңа өнім игерілгені қазақстандықтарды жаңа биіктерге құлшындыра түсті деу орынды болмақ. Бұл дегенің өте зор табыс екені сөзсіз. Индустриялық бағдарлама аясында 628 миллиард теңгенің өнімі экспортталып, жұмысшылары білікті, еңбекақысы жоғары 75 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Қазіргі таңда өнеркəсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.

Келешегі кемел комбинат

Марат БАЛМҰҚАНОВ,

Темір ҚҰСАЙЫН,

Ақтөбе облыстық индустриялықинновациялық даму басқармасының басшысы.

«Егемен Қазақстан».

Құрылыс пен индустрия ұғымдары, бұл екі саланың арасы бірбірінен қашық кетпейді. Əрі бірін бірі үнемі толықтырып, байытып отырады. Бүгінгі өндірістік қарым-қатыныстарда құрылыс индустриясы деген де ұғым бар. Бұл құрылысқа қажетті өнімдер мен материалдар өндірісі деген сөз. Орал қаласында өткен жылдың аяғында іске қосылған үй құрылысы комбинаты туралы əңгіме қозғалған кезде де құрылыс пен индустрияның бірлігі мен үндестігін айналып өте алмаймыз. Бүгінгі күні тереңірек ой жүгіртіп көрсеңіз тұтастай еліміз бейне бір алып құрылыс пен индустрия алаңына айналып кеткендей күй кешесіз. Қазіргі уақытта бұл екеуінің де қарқыны жақсы екеніне ешкім күмəн келтіре алмайды. Ал осы қарқынды бұдан əрі тағы да екі-үш есе көтеру үшін не істеген жөн? Батыс қақпаның өндірістік қуатын арттыруға үлес қоса бастаған «Болашақ – Т» ЖШС-іне қарасты үй құрылысы комбинаты осы сауалға жауап бере алатындай жарқын мысал. Бұл бірегей нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тұрғызылған. Жаңа өндірістік құрылым иелері тұрғын үй лер мен қатар əлеуметтік-тұрмыстық сала шеңберіндегі құрылыс тарға да өз қолтаңбаларын қалдыруды көздеп отыр. Мұндағы құрал-жабдықтар мен қондырғылар Германия мен Финляндиядан жəне Италиядан жеткізілген. Осы арқылы комбинаттың білікті мамандары заманауи технологиямен жұмыс істеуге қол жеткізе алды. Мұндағы жұмыс үдерісі түгелдей автоматтандырылған. Міне, құрылыс қарқынын көтеруге қажетті тағы бір факторды дəл осы тұстан көреміз. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық дегендей, біз осы өндірістік үдерісті көруге ықыласымыз бар екенін жоғарыда аталған құрылыс компаниясының бас ди ректоры Қ.Қощановқа айтқан кезімізде ол бұл ұсынысымызды бірден қабыл алды. Əрі көп кешікпей бізді өз көлігімен жаңа

комбинатқа алып барып көрсетті. Аталған үдерістің көрінісі келістіақ. Еңсесі биік ғимараттың жоғары бөлігінде орнатылған құрылғы, яғни автоматты жүйе арқылы шартты түрде алғанда төмендегі алып ыдысқа ерітінді құйылып түседі. Содан кейін бұл құйма жазылып тегістеледі. Үй құрылысына қажетті темір-бетон қабырғалардың тұңғыш қаңқасы осылай жасалады екен. Əдетте, құрылыс салу кезінде оның қабырғасын тұрғызу ұзақ уақыт алатыны белгілі. Ал қабырғалық материал темір-бетон нан тұрғызылған жағдайда бұл уақыт əжептəуір қысқаратынына да дəл осы арада айқын көз жеткіздік. – Біздің қазіргі үй құрылысы комбинаты өніміне ұқсас қабырғалық материал бұрын да көп қолданылған. Алайда, қазіргі құрылыс индустриясы өнімінің олардан əжептəуір айырмашылығы мен артықшылығы бар. Оның арасына жылу ұстайтын материалдар салынған. Сондай-ақ, жаздың ыстық күндерінде темір-бетон салқын ауаны да ұстап қала алады, – дейді фирма басшысы Қайдар Жасенұлы. Еліміздің батыс қақпасы – Орал қаласының бас даму жоспарына сəйкес үй құрылысы комбинатының қызметін тиімді түрде пайдаланудың өзге тетіктері де қарастырылған. Бұл жөнінде бір орайы келген сəтінде БАҚ өкілдеріне Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев əңгімелеп берген еді. Мұның жайжапсары төмендегідей. Бүгінде облыс орталығындағы апатты жағдайдағы үйлерді то лықтай жою жөніндегі мəселе жергілікті атқарушы орган

жетек шілерінің назарында тұр. Мыса лы, қазіргі кезде Орал қаласында осындай санаттағы отыз үш үй бар. Мұнда 350 адам тұрады. Сол тұрғындардың үй жағдайларын жақсарту үшін жергілікті мемлекеттік органдар «СВ плюс» жəне «Болашақ-Т» құрылыс компанияларымен келісім жасауды ұйғарған. Егер бұл іс ойдағыдай шешілсе, аталған фирмалар апатты үйдегі тұрғындарға арнап өз қаражаты есебінен баспана тұрғызбақ. Өз кезегінде əкімдік институт өкілдеріне тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөліп, инженерлік-коммуникациялық жүйелер жөнінен көмек көрсетпек. Бұл екі жаққа да пайдалы. Сөз жоқ, мұндай жауапты істі бүгінде қолданыспен дəстүрге батыл ене бастаған мемлекеттік жеке меншік əріптестік арқылы ойдағыдай жүзеге асыруға болатыны кəміл. Түйіп айтқанда, жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап үй құрылысы комбинаты ұжымы алда тұрған ауқымды еңсеруге бет бұрды. Олардың басты мақсаты «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу болып отыр. Сонымен бірге, комбинат басшылығы мен мамандары коммерциялық сипаттағы тұрғын үйлер құрылысын жүргізудің ұтымды жолдарын ойластыру үстінде. ОРАЛ. –––––––––––––– Суреттерде: жаңадан ашылған үй құрылысы комбинатынан көріністер. Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

Жалпы, ұлттық телекөпірде іске қосылған15 кəсіпорынның ішінде Ақтөбе рельс-арқалық зауытының да тұсауы кесілді. Бұл өңір экономикасын өрге сүйрейтін өндіріс орны болады. Зауыт құрылысын салу кезінде 500 жұмыс орны ашылып, жұмысшылардың бір бөлігі Ресей, Беларусь елдерінен шақыртылды. Кəсіпорын пайдалануға берілгенде мұнда 1000-ға жуық адам жұмыс істейтін болады. Жалпы, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде еліміздің Индустрияландыру картасына біздің облыстан жалпы құны 660,2 миллиард теңге болатын 11,8 мыңға жуық жұмыс орны ашылуымен 83 жоба енгізілген болатын. Оның ішінде 547,4 миллиард теңге тұратын 75 жоба іске қосылып, 6,6 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы жалпы құны 220,9 миллиард теңге болатын сегіз жоба жүзеге асып, 1,4 мың жұмыс орны ашылды. Олар – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші жəне үшінші кезегі, «Ақтөбе – Жылыжай» ЖШС кешені, «Казтеплоэнергомонтаж» серіктестігінің фитингтер, бұрмалау бұйымдар өндірісі, «Неохим» ЖШС-нің əктас өндіру зауыты, «ЖанАми и К» серік тестігінің жанар-жағармай, химиялық өнімдер мен мотор майын шыға ратын шағын зауыты, «Южпромснаб» ЖШС-нің мұнай қоймасы, «Пригородный» ЖШСнің көкөніс қоймасы. Қазір пайдалануға берілген кəсіпорындардың барлығы қалыпты технологиялық режімде жұмыс істеп тұр. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында да қыруар шаруа атқарылатын болады. Тау-кен өнеркəсібі, металлургия бағытында ірі құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

ТЕМІР ТЎЛПАР шыєаратын зауыт конвейерінде толас жоќ (Соңы. Басы 1-бетте). Біз қазір керекті жұмысшыларымызды жасақтап алдық. Барлығы да осы іске жүрек қалауымен келген жігіттер. Олардың біразы Қостанайдағы автомобиль жолдары колледжін бітірген, біразы техника жөндеу орындарынан келген. Ең бастысы, машина құрастыру ісіне ынтызар, дейді цех шебері Ұланбек Сəрсенов. Оның өзі де осы іске ынтызардың бірі. Жасынан техникаға əуес болып өскен ол əскери борышын өтеген соң ешқайда бұрылмай, осында келіп бағын сынайды. Жұмысқа қабылданған оған қазір Қостанайдағы З.Алдамжар атындағы техникалықəлеуметтік университетінен алған білімі де жақсы көмек болды. Жоғары білімінің арқасында компьютердің құлағында ойнайды, өте жетік. Ұланбек жұмысшыларын Тойото машинасының қасына жинады. Жапондық брендті сапқа қойған осы жігіттерді біз суретке түсіріп алдық. Цех шебері жарты жылдың ішінде жұмысты үйіріп алған жігіттері үшін кеудесін мақтаныш сезімі кернейтінін де жасырмады. Сержан Ахметовтен, Владимир Савичевтен, Нұрбол Ысқақовтан цех шеберінің үміті мол. Өте тиянақты жастар. Ал құрастыру цехының бастығы Роман

Глущенко Ұланбектің мақтанышын толық қолдайды екен. Себебі, ол адам баласының істеген ісі талпынғанның қолынан келеді деп біледі. – Біздің «АгромашХолдингтің» өндіріс алаңы Оңтүстік Кореядағы бренд машиналар құрастырылып жатқан зауыт цехтарынан еш кем емес. Тіпті, артық дер едім. Өйткені, біріншіден, біздің цехтарымыз өте кең, биік, жарық. Жабдықтарының барлығы жаңа, сырдың иісі шығып тұр. Ал Оңтүстік Корея цехтары тарлау, жабдықтары да жаңа емес екені көрініп тұр. Ал біздің мамандар əлі-ақ олардың қатарына жетіп алады, – дейді Роман Васильевич. Бəрін айт та, бірін айт, Қостанайдағы «СарыАрқаАвтоПром» машина құрастыру зауыты Қазақстандағы осы саланың бірегей нысаны. Өйткені, машина жасау саласындағы өзге зауыттардағыдай емес, мұндағы жұмыстардың 40 пайызынан астамы қостанайлық мамандар мен жұмысшылардың қолынан өтеді. Алып цехта жұмыстар негізінен үлкен үш бөлікке бөлінеді. Алдымен машина қорабы бір цехта дəнекерленеді, екінші цехта арнайы жабдықтармен боялады, сосын барып ең күрделі жұмыс үлкен цехта басталады, құрастырылады.

Ұланбектің жігіттері осы құрастыру ісінің əр тетігін жатқа біледі. Зергерлік жұмыстан артық-кемі жоқ. Жігіттердің күніне он екі машинаны сапқа қоюға шамалары жетеді. – Машинаны сапқа қойғаннан оны сынақтан өткізу үдерісі оңай емес. Алғашқы кезде машиналардың ақауы да шығып жүрді. Өйткені, ол кезде жігіттердің қолы əлі де жаттыға қоймаған уақыт қой. Ондай машиналарды қайта цехқа əкеліп, қате кеткен жерінің барлығын жұмысшылар мен мамандар талқылайтынбыз, қайта көрсететінбіз. Бір жағынан оларды мұндай жұмыс тəртібі пысыта түсті, – дейді Роман Глущенко. Қазір цехта ақаулы машиналар жөнінде сөз тіпті аз болады. Сонда да машина цехта да, сырттағы жолда да сынау үдерістерінен əбден тиянақты өткен соң ғана, сату салонына қойылады. Мысқалдай мін табылмауы тиіс. Қазақстандық Ssang Yong Nomad та, Toyoto Fortuner де жұтынып тұрады. «СарыАрқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2013 жылы Елбасының «Индустрияландыру көшбасшысы» санатындағы «Алтын сапа» сыйлығын алып берген осы цехтан шыққан қарлығаш Ssang Yong Nomad болатын. Ол Еуразиялық

Бағдарламаның бірінші кезеңі облыста ойдағыдай жүзеге асты. Ірі өндіріс орындары іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Тұрғындардың əлеуметтік жағдайы жақсарып, азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіледі. 2015-2019 жыл дар ға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында, жаңа өндірістік технологияларды пайдалану арқылы жоғары өнімділігі бар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады. Екінші бесжылдық аясында Мұғалжар ауданына қарасты «Юбилейное» кен орнында құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу, байыту кешені салынады. Құны 36,2 миллиард теңге болатын кешен жылына 7,2 тонна доре қорытпасындағы алтын өндіреді жəне кешен іске қосылғанда 1200 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Chilisai Chemicals» ЖШС құны 45 миллиард теңге болатын жоғары сапалы МАФ/ДАФ күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісін іске қосады деп күтілуде. Өндіріс жылына 830 мың тонна өнім шығарады, екі мың жұмыс орны ашылады. Ал «Қазхром» ТҰК» АҚ құны 110 миллион АҚШ доллары болатын, қуаттылығы 46 МВт электр стансасының құрылысын бастайды. Бұдан бөлек жылына 460 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндіретін бесінші цехтың құрылысы қолға алынады деп

экономикалық одақ елдеріне шығарылады. Ал Toyoto Fortuner алдымен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге бағытталған. Өткен жылы жазда Қостанайда құрастырылған Тойото машинасының тұсаукесері болғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп, əлемдік бренд қос тұлпардың қорабына өзінің қолтаңбасын қалдырды. Айналдырған бес жылдың ішінде Қазақстанда машина құрастыру ісінің орталығы болып үлгерген Қостанайдағы «АгромашХолдинг» зауытында машина құрастыру ісінің музейі ашылады деген болжам бар. Елбасының қолтаңбасы бар қос тұлпар сол музейдің басты жəдігері боларына сөз жоқ. Олар қазір сақтаулы тұр. Əрине, осы цехтың алғашқы басшылары, алғашқы мамандары мен жұмысшылары – Ұланбек пен Роман бастаған жігіттердің суреті де музейден орын алар бəлкім. Қазірде республикадағы машина шығару өндірісінің көлемінде Қостанай облысының үлесі 17 пайызды құрайды. «СарыарқаАвтоПром» зауыты 2014 жылдың көктемінен бастап 500-ге тарта Тойотоны сапқа қойды. Еліміз өндірісіндегі жаңа сала – машина құрастырудың көлемі 2010 жылдан 2013 жылға дейін 90 есе өскен. Мысалы, 2010 жылы 77 машина құрастырылса, 2013 жылы бұл сан 7 мыңнан асып кеткен. Алдағы уақытта жігіттердің қолы кəнігі зергердей машина құрастыру ісіне ептеле, үйрене түседі. Зауыт толық қуатына көшкенде жылына 3000 Тойотоны ұсынатын болады. Даланы жол таңдамайтын тұлпарлар кезеді. ҚОСТАНАЙ.

күтілуде. ҮИИД бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асатын, құны 24,1 миллиард теңге болатын жобаның бірі — Қарғалы ауданындағы темір рудалы концентратын шығаратын фабрика мен Велихов темір кен орны. «Ақтөбе темір ВС» серіктестігі бұл кен орындарын іске қосқанда жылына бір миллион тонна темір өндіріледі жəне 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС алдағы бесжылдықта құны 50,4 миллиард теңге, жылдық қуаттылығы 533 мың тонна болатын электр болат балқыту зауытын салады. Сонымен бірге, өндірісті өз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 150 МВт болатын электр стансасын пайдалануға береді. Бұл жобаның құны – 30 миллиард теңге. ҮИИД бағдарламасы аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС түсті металл шығаратын кен орындарын игеруді кешенді түрде жүргізбек. Бұрында Көктау жəне Приорск кен орындарында тау-кен байыту комбинаты іске қосылған болса, енді алдағы екі-үш жылда жалпы инвестиция көлемі 400 миллион АҚШ долларын құрайтын «ВесеннеАралчинское» жəне «Құндызды», «Лиманное» кен орындарын игеру жоспарланып отыр. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ін Қазақстан мен Ресей серіктестігінің нақты мысалы деу орынды. Аталған мекеме өндірісті əрі қарай дамыту мақсатында заманауи технологиялар негізінде мыс балқыту зауытын салуды көздеуде. Бұл өз кезегінде жобаның экономикалық тиімділігін арттырады. Жоба іске қосылған кезде шикізат қоры артып, өндіріс орнының ұзақ жылдарға арналған жоспарын нақтылай түседі. Шығарылған өнім Ресей, Қытай жəне басқа да елдердің нарығына шығарылады. Жалпы, екінші бесжылдықта жүзеге асырылатын жобалар өте көп. Мəселен, ұзақ жылдардан бері игерілмей тұрған Қарғалы ауданындағы никель өндірісін қайта жандандыру қарастырылуда. «Қазцинк» ЖШС Кемпірсай

никель кен орнында зауыт салады. Сондай-ақ, қазіргі таңда «Батыс Калий» ЖШС қытайлық «SinoAgri Mining Investment Co LTD» компаниясымен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласы маңындағы Жилянск кен орнында минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын салып жатыр. Зауыт іске қосылғанда жылына бес миллион тоннаға дейін өнім шығарады. Жалпы, бұл біздің өңірде химиялық кластердің дамуына алғышарт жасайды. Сондай-ақ, «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС «Weckenman» неміс компаниясының технологиясы бойынша, бағасы 2,2 миллиард теңге болатын қазіргі заманғы үй құрылысы комбинатын салуды бастады. Экономиканың бəсекеге қабілетті болуы шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық үдерістерге бет бұруға тікелей байланысты. Мемлекет басшысы ұстанып отырған индустриялық-инновациялық саясаттың басты мақсаты бəсекеге қабілетті ұлт тық өнеркəсіпті жəне жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру, осы бағытта кəсіпкерге жағдай жасау болып табылады. Осыған байланысты Ақтөбе қаласының аумағынан индустриялық аймақ құру қолға алынды. Оған 200 гектар жер бөлініп, бұл жерге 15 өндірістік нысанды орналастыру көзделуде. Оның ішінде көлік-логистикалық, химия, мұнай-газ, құрылыс, көлік саласын дамытуға қатысты өндіріс орындары бар. Қазіргі күні жобаның техникалық-экономикалық негіз демесі əзір тұр. Нысанның құрылысына республикалық жəне жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді. Үстіміздегі жылғы шілде айынан бастап, сыртқы инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Индустриялық аймаққа отандық жəне шетелдік инвесторлар тартылады. Сондай-ақ, Алға ауданында да индустриялық аймақ құру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі əзірленіп жатыр. Бұл ауданнан 100 гектар жер бөлінеді. Егер аталған жобалар жүзеге асса, өңірдің əлеуметтік, экономикалық деңгейі көтеріліп, дами түспек. Біздің облыстың экономикалық əлеуеті зор, жер асты қазба байлықтары да мол. Табиғи қазба байлықтарымызды тиімді өңдеп, кəдеге жаратудың кешенді шаралары алынуда. Бұл бағытта алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуал, ірі жобалардың жүзеге асырылу қарқыны діттеген межеден көрінетінімізге сендіреді. Оның үстіне Мемлекет басшысының көреген де сарабдал саясаты мен Үкіметтің экономиканы дамытуға бағытталған ұстанымдары ілгері күнге деген үмітті жалғай түседі. Өңірде үдемелі индус трия лықинновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы бесжылдығындағы сəтті қадамдар алда да жалғасын табары сөзсіз. АҚТӨБЕ.


5

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

● Басқа басылымдардан

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы №994 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

Еѕсені тіктеткен елдік міндеттер ЕАЭО – Минск бастамалары

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өз жұмысын бастады. Күтілгеніндей, бұл мəселе бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жан-жақты көрсетілу үстінде. Сарапшылар мен талдаушылар аталған тақырыпқа бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп пікір білдіре бастады. Бұған ақпараттық себептер де əсер ету үстінде. Жақында Минск тарапынан айтылған ЕАЭО-ны индустрияландыру жөніндегі бастамалар осы сөзіміздің айқын айғағы болып табылды. 2015 жылдың 1 қаңтарынан Беларусь ЕАЭО-ға төрағалық ету құқына ие болды. Іс жүзінде сол сəтте-ақ ел Президенті Алек сандр Лукашенко еуразиялық экономикалық кеңістікті индустрияландыру бойынша өзінің жоспарын жариялады. А.Лукашенко өте қысқа мерзім ішінде Ресей мен Қазақстанның көмірсутегіне тəуелділікті төмендету үшін бірлестік елдерін индустрияландыру үшін жағдай жасау қажет екенін мəлімдеді. Бұл үшін Минск мынадай ұсыныстар жасап отыр: – Одақ шеңберінде өнеркəсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қабылдау; – келісілген, болашақта біртұтас агроөнеркəсіптік саясат жүргізу; – 2016 жылдың 1 қаңтарынан дəрідəрмек құралдары мен медицина бұйымдарының біртұтас нарығы қызметін қамтамасыз ету; – экспортты дамыту бойынша бірлескен іс-қимылдарды меңзейтін шартты жүзеге асыру жөніндегі бастамалар. Бұл шаралардың барлығының көкейкесті екені күмəнсіз. Нақ сондықтан да А.Лукашенконың түрлі мəлімдемелерін қоса алғанда, Беларусь Президентінің сол «қаңтардағы тезистері» Мəскеуде жəне Астанада түсіністікпен қабылданды. Шын мəнінде, мұнайға əлемдік бағаның төменгі конъюнктурасы жағдайында қуат көздерін экспорттаушы елдер экономикасының көптеген проблемалары жалаңаштанып шыға келеді. Ресей Президенті Владимир Путиннің салмақты ұстаным танытып, жұртшылықты экономикада жаңа реформалар жасау жөнінде ұсыныстармен «үркітпеуі» Кремльдің сапалы өсім мүмкіндігін нақ ЕАЭОмен байланыстыратынын айғақтайды. ЕАЭО-ны дамыту тек Ресейдің ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі елдер экономикасын да қайта құрылымдап, оның тиімділігін сапалы жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Батыстың Ресейге санкциялық қысымы біртұтас экономикалық кеңістікті күшейту үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Беларусь Қазақстанмен салыстырғанда Еуразиялық интеграция жобасына саяси жəне геосаяси тұрғыдан іс жүзінде қатысудан үзілді-кесілді бас тартпайды. Алайда, Минск үшін де Астана сияқты аса маңыздысы, А.Лукашенконың жоспарлары айғақтап отырғанындай, интеграцияның дəл экономикалық бөлігі болып табылады. Беларусь Президенті өз жоспарларын сапалы жаңа деңгейде жүзеге асыруға дайын. Айтпақшы, А.Лукашенконың бағдарламалық мəлімдемелерінде ішкі нарықтарды қорғау туралы «сырқат» мəселелерге де орын табылып отыр. Атап айтқанда, Беларусь басшысы былай деп мəлімдеді: «ЕАЭО-ның қызметін жүзеге асырудың нақты тетіктерін ұсынамыз. Олардың бірі – Одаққа қатысушы мемлекеттердің кез келгені өзге үш елге қатысты өз нарқын қорғау үшін біржақты шара қолдана алуы». Басқаша айтқанда, Минск еуразиялық

интеграцияның жаңа санкциялық кезеңін мойындай келіп, еуразиялық интеграция үдерістеріне белгілі бір түзетулер енгізу қажет деп санайды. Жəне де тəжірибесі мол А.Лукашенко бұл арада өз пайдасын да ешқашан ұмытпайды, сондықтан да Мəскеуге уағдаласуға дайын екенін мəлімдеген мөлдір де ашық белгілер жібереді. Мəскеу үшін А.Лукашенко бастамаларында жақсы жақтар көп. Біріншіден, Минск интеграция үшін бүгінгідей күрделі кезеңде де еуразиялық интеграция ісіне адал болып қалып отырғанын меңзейді. Екіншіден, Минск ұсынып отырған бастамалар еуразиялық интеграция елдері басшылары тарапынан бұған дейін де талай мəрте талқыланған жəне елеп-екшелген бастамалар болып табылады. Осылайша, Мəскеу мен Астана тарапынан Минск бастамаларына қарсы ешқандай наразылықтар бой көрсетпейтіні байқалады. Енді стратегия айқындалған жағдайда мəселе тактикаға барып тіреледі. Бұл арада аса маңыздысы – ЕАЭО аясындағы өндірістік кооперацияны ынталандыратын тетік таңдау мəселесі. Бұған мысалды сарапшылар бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламалардан келтіріп отыр. Əрине, Еуразиялық экономикалық одақ елдері жақын арада талқылап, жүзеге асыра бастайтын басқа да тетіктер бар.

Экономикалыќ даєдарысты еѕсеру жолында

Ресей, Беларусь жəне Қазақстан өткен жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойса, ол үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. 2 қаңтарда ЕАЭО-ға Армения қосылса, мамырда Қырғызстан қосылады деп күтіліп отыр. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық оның мүшелеріне экономикалық дағдарысты еңсеруге көмектеседі, деп мəлімдеді Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карлов төрттік Одақ елдері елшілерінің қатысуымен Анкарада өткен баспасөз мəслихатында. «Ресейдегі дағдарыс қана емес, тіпті, əлемдегі дағдарыс та біздің келісім жұмысына кедергі жасай алмайды. Керісінше, ЕАЭО құрылуы біздің Одаққа қатысушы барлық елдерге біз бетпе-бет келіп отырған дағдарысты құбылыстарды тезірек еңсеруге мүмкіндік береді. Өйткені, капиталдың, қызмет көрсетулер мен жұмыс күштерінің бірыңғай нарқы құрылған», деді А.Карлов. Ресей дипломатиялық миссиясының басшысы айтылған сөздер тек өзінің жеке пікірі ғана емес, сондай-ақ, бұған дейінгі ынтымақтастық айғақтап берген тəжірибе де болып табылатынын атап көрсетті. «Бұл – Кеден одағы мен басқа да бірлестіктер қызметінің шеңберінде жинақталған тəжірибелер мен ісəрекеттердің сараптамасы. КО бірнеше жылдың ішінде-ақ біздің ортақ сауда айналымымыз көлемін үштен бірге көбейтуге мүмкіндік берді», деп атап көрсетті елші. Ресей, Беларусь жəне Қазақстан 2014 жылдың 29 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойса, оның 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енгені белгілі. Ал 2 қаңтарда ЕАЭО-ға Армения қосылды. Ал алдағы мамыр айында Қырғыз Республикасы қосылады деп

күтіліп отыр. ЕАЭО құру барлығын қосқандағы ІЖӨ көлемі ТМД жалпы өнімінің 85 пайызын құрайтын бұрынғы Кеден одағына қатысушы елдерді интеграцияның барынша жоғары деңгейіне шығарады. Осылайша, ТМД кеңістігіндегі аса ірі ортақ нарық (170 миллион адам) қалыптастыру аяқталса, бұл өз кезегінде экономикалық дамудың жаңа аса қуатты орталығына айналады.

Мыс экспортын азайтты

Қазақстанда өндірілетін мыс көлемі 2014 жылы жалпы жылдық есеп бойынша 16,5 пайызға азайып, 293 948 тоннаны құрады. Бұл мəлімет Қазақстан Статистика департаментінен алынып отыр. Бірақ мыс өндіру өткен жылдың желтоқсан айында қарашаға қарағанда 21,7 пайызға өсіп, 33 948 тонна болды. Ал қараша айындағы өсім жалпы жылдық есеп бойынша алғанда 8,8 пайызға артып, 27 900 тоннаны құраған еді. Қазақстанда негізгі рафинирленген мыс өндірушілер «ҚАЗ Минералдар» компаниясы мен швейцариялық «Glencore» корпорациясы болып табылады. Аталған мыс өндірушілер 2014 жылы мысқа бағаның арзандауынан айтарлықтай зардап шекті. Хабарланғанындай, 2018 жылы əлемдік мұнай өндіру көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 27 пайызға немесе 5,8 миллион тоннаға ұлғаюы ықтимал. Мұндай болжамды International Copper Study Group жасап отыр.

Ќазаќстан арќылы теміржол салады

Қытай Қазақстан аумағы арқылы жоғары жылдамдықтағы теміржол салады. Құны 1,5 триллион юань (242 миллиард доллар) тұратын жаңа теміржол Бейжің мен Мəскеудің арасын жалғайтын болады. Бұл туралы ҚХР үкіметінің мəлімдемесіне сілтеме жасай отырып, «Блумберг» агенттігі хабарлады. Ақпа ратқа сəйкес, теміржолдың жалпы ұзындығы 7 мың шақырымды құрайды. Теміржол маршруты, бұған дейін де айтқанымыздай, Қазақстан арқылы өтіп, екі тəулік уақытты алады. Теміржол Бейжіңнен Мəскеуге саяхатты айтарлықтай жеңілдетіп, жол жүру уақытын қысқартады, делінген үкіметтің мəлімдемесінде. Агенттіктің атап өткеніндей, Қытай өзінің жоғары жылдамдықтағы технологияларын халықаралық деңгейдегі теміржол саласында да ілгерілетіп отыр. Бұл теміржол құрылысы туралы жаңалық Украинадағы жанжал мен Ресей экономикасы мұнай бағасының түсуінен еңсе көтеруге əрекет жасап жатқан тұста, яғни АҚШ пен Еуропаның жəне Ресейдің арасындағы қарым-қатынас суи түскен кезде пайда болуымен де ерекшеленеді. Ресей Федерациясының Көлік министрлігі, «Ресей темір жолдары», ҚХР Даму жəне реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті, сондай-ақ, «Қытай темір жолдары» корпорациясы 2014 жылдың қазанында жоғары жылдамдықтағы теміржол қатынастары саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді. РТЖ хабарлағанындай, құжаттың мақсаты Еуразиялық жоғары жылдамдықтағы көлік дəлізі – Мəскеу – Бейжің магистралінің жобасын жасау болып табылады.

Ќызмет кґрсету саласы жаќсарады Ақпараттық-жаңалықтық Kapital.kz порталы Қазақстанның қызмет көрсету саласын дамыту мүмкіндігі белгіленген талдамалы материал орналастырды. Ол бойынша Қазақстанның ІЖӨ-сі 200 миллиард долларға дейін көбейеді. Қызмет көрсету саласын 2020 жылға қарай елдің ішкі жалпы өніміне пайыздық есеппен шаққанда 60 пайызға арттыру көзделген. Бұл басымдықтар Қазақстан Республикасының қызмет көрсету саласын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі бағдарламада көрініс тапқан. Ал бұл бағдарламаны жақында Үкімет жасаған болатын. Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі Мəдина Əбілқасымова жақында жобаны таныстыра келе, бағдарлама жүзеге асырылуының соңына қарай қызмет көрсету саласы көлемінің үлесі ІЖӨ-нің 60 пайызына дейін көбейетіні, еңбек өнімділігі 1,5 есе артатыны, қызмет көрсету саласында 830 мың жаңа жұмыс орнын құру, сондай-ақ, экспорт көлемі екі есе ұлғаюы күтілетінін хабарлаған еді. Қазақстан Үкіметінің жоспарлары жаңа əлемдік дағдарыс құбылыстары белең алып тұрған шақта айтарлықтай оптимистік көрінеді. Мұнайға бағаның құлдырауы, осының салдарынан Ұлттық қор қаржысының шығындалуы белгіленген міндеттер үдесінен шығуға мүмкіндік бермейтіндей де болжам қалыптастырады. Алайда, қаншалықты қызық көрінгенімен, осындай кеуделі міндеттерді шешуге əбден болады. Сол Kapital.kz порталы Ресей Жинақ банкінің басшысы Герман Грефтің Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы ІЖӨ үлесін ұлғайту мүмкіндігі туралы өткен жылдың маусым айында айтқан сөзін келтіреді. Ресейдегі аса ірі банктің басшысы Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесіне қатысқан кезде елдің Үдемелі инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының өткен бірінші кезеңі туралы пікір білдірген еді. Сол жолы Г.Греф Қазақстан өнеркəсібі шын мəнінде дамып келеді жəне өнеркəсіп өндірісі көлемі айтарлықтай өсті, деп атап өткен болатын. Бірақ, ҮИИДБ-нің басты мақсатына қол жеткізілмеген еді. Қазақстан Үкіметінің бірінші кезектегі ұзақ мерзімді міндеті экономиканы əртараптандырып, шикізатқа тəуелділіктен арылу болып табылады. Бұл өнеркəсіп өндірісі көлемі ұлғайғанына қарамастан, шикізат секторы бұдан да жылдамырақ дамысын дегенді көздейді. Осыны негізге алған Г.Греф мұндай бағдарламаны қызмет көрсету саласында да қабылдау қажеттігі туралы идея білдірді. Ресей Жинақ банкі басшысының сөзіне қарағанда, шикізатқа тəуелділіктен арылу экономиканың бірнеше саласының ғана үдемелі дамуын қамтамасыз ете алады. Мұндай идеяның Астанада Г.Грефтің сөзіне дейін талқыланғаны немесе талқыланбағаны бізге белгісіз. Алайда, Қазақстан Үкіметі идеяны тез қағып алды. Қазіргі кезде, қызмет көрсету саласының үлесі 54 пайызды құрайтынын ескерсек, алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 60 пайызға дейін жеткізу мүмкіндігі аса зор. Ал белгіленген міндеттерге қол жеткізудегі күрделілік сол, мұнай-газ өндіру саласы қызмет көрсету саласымен бір деңгейде дамуы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда Қазақстанға қойылған міндеттерді шешу үшін ақша жетпейді. Мұның мұнайға əлемдік бағаның түсіп кетуі кезеңінде көкейкестілігі ерекше арта түседі. Елдің географиялық орналасуы, Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциялануы, Ресей жəне Қытай сияқты ірі экономикалармен көршілестік Қазақстан дамуындағы айқындаушы факторлар болып табылады. Көрші елдердің ауқымдылығы, Қазақстанның Еуразияның орталығында орналасуы елдің əлеуетін анағұрлым арттыра түседі. Тек көлік жəне туристік қызмет көрсету секторларының өзі ғана қазірдің өзінде барлық қызмет көрсету экспорты түрлерінің 80 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Елде көлік хабын қалыптастыру қажеттігі туралы айтқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері де жоғарыдағы мəселелерді дамытудан туындағаны анық. Қазақстанда ҮИИДБ айтарлықтай табысты жүзеге асырылып жатқанын қаперге алар болсақ, осындай қағидат бойынша жасалған қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасына да үлкен үміт артылатыны түсінікті.

1. Осы Қағидалар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан əрi – мерекелік медаль) наградтау тəртiбiн реттейді. 2. Мерекелік медальмен елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқы бірлігін қамтамасыз етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлінің артуына, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім тəжірибесін шет елдерде таратуға жəне Қазақстан мен өзге мемлекеттер халықтары арасындағы достық қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары жəне шетел азаматтары наградталады. 3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкiметi, министрлiктерi, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкiмдерi, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгiзедi. 4. Мерекелiк медальдi Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан жəне оның тапсырмасы бойынша мерекелік медальді, сонымен қатар: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; 2) Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкiмдерi, сондай-ақ Мемлекет басшысы уəкiлеттiк берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады. Наградталған адамға медальмен қоса белгіленген үлгiдегi куəлік табыс етiледi. 5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргiзiледi жəне наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентiнiң наградтау туралы Жарлығы жария етiледi. 6. Мерекелiк медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болған жағдайда олардан кейiн орналастырылады. 7. Мерекелiк медальдiң табыс етiлгендiгi туралы наградтауға арналған тiзiмге тиiстi жазба жазылады. Табыс етiлмеген медальдар мен олардың куəлiктерi, қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тiзiмдерге тиiстi белгi қойылады. Жүргiзiлген наградтаулардың есебiн, сондай-ақ мерекелiк медальдардың тапсырылу барысы туралы есептелiктi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Əкiмшiлiгi жүргiзедi.

Сенатор сессия жўмысына ќатысады 26-30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Бекназаров Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 2015 жылғы Страсбург қаласындағы (Франция) жыл сайынғы сессиясының бірінші жартысына қатысады. Сессия аясында Парламенттік Ассамблея Төрағасы мен оның орынбасарларына жəне Еуропа сотының адам құқықтары жөніндегі судьяларына сайлау болады. Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА-ның Тунис пен Молдовадағы парламенттік сайлауға байқау миссиялары

бойынша мониторинг қорытын дыларын, Украинадағы гуманитарлық күйзелістерді, көшіп келушілер мен мүгедектер, төзбеушілік жəне кемсітушілік, Еуропадағы бұқаралық ақпарат құралдар бостандығын қорғау мəселелерін талқылайды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Ќўќыќтыќ мəдениетті кґтеруге назар жоєары

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БҰҰ бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығына құқық мəселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті. Əңгіме барысында Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығының құқықтары жөнінде Арнайы баяндамашыға ұсынылған Шолу құжаты туралы сөз қозғалды. Құжатта Қазақстанның аталған саладағы ағымды жағдайы баяндалған. 2015 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңесінің құрамына Қазақстанның төраға орынбасары ретінде сайлануын атап өтіп, Е.Ыдырысов Қазақстан барлық халықаралық ұйымдармен жəне құқық қорғаушы институттармен əрі қарай тиімді ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді. Қазақстан көптеген құқық қорғау келісімдерін ратификациялады. Аталған құжаттарды іске асыру бойынша, ұлттық заңнама мен құқықтық қолдану тəжірибесін рати фи кацияланған құжаттармен сəйкес тен діру жұмыстары дағдылы атқарылып келеді. Арнайы баяндамашының бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар бостандығы құқық мəселелері мандатына қатысты Қазақстан Үкіметі спорттықбұқаралық, мəдени-көріністік жəне өзге бұқаралық шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасау жөнінде шешім қабылдағаны айтылды. Құқық қорғау

конвенциялары ережелерін жүзеге асыру туралы есептер белгіленген мерзімінде Женеваға жіберіліп тұрады. Осылайша, Қазақстан өткен жылы үш конвенция (нəсілдік кемсітушілік, əйелдер, азаптау) жəне Мерзімді əмбебап шолу бойынша БҰҰ Адам құқықтары кеңесінде төрт есебін сəтті қорғады. Қазіргі таңда Қазақстанда адам өлшеуіші бойынша нормативтікқұқықтық база мен тəжірибелік шараларды одан əрі кемелдендіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. 20102020 жылдарға Құқықтық саясат тұжырымдамасы жасалып, жүзеге асырылуда. Жақын арада 2020 жылға дейінгі адам құқықтары саласында жаңа Ұлттық іс-қимылдар жоспарының жобасы жасалады деп күтілуде. Қазақстанның мемлекеттік органдары халықтың құқықтық мəдениетін арттыруға, азаматтық қоғаммен ынтымақтасуға ерекше көңіл бөледі. Пікірлердің толыққанды мониторингін қамтамасыз ету мен құқық қорғау саласында тиісті шешімдер қабылдауға ықпал жасау мақсатында ҚР СІМ жанында «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» деген атпен Консультативті-кеңесші орган жұмыс істейді. «Егемен-ақпарат».


6 Ќаржылай ќолдаудан кґмек кґп (Соңы. Басы 1-бетте).

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру экономика мен əлеуметтік саланы инфра құрылымдық тұрғыда жаңғыртуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Яғни, алдағы уақытта Қазақстанда экономикалық білімді қалыптастыру үшін ғылыми əлеуетті күшейту, инновациялық жобалар шеңберінде білім мен технология трансфертін жеделдету, ұлттық инновациялық жүйенің жəне оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру қажет. Ал Л.Бутенко 2014 жылы Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында қол қойылған əріптестік туралы келісім аясында Қазақстанның экономикалық дамуын жеделдету бағытындағы күшжігеріне қолдау көрестілетінін айтты. «Бұған қоса, аталған келісім шеңберіндегі жұмыстар Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға, əлемдік жəне өңірлік экономикада қалыптасқан жағдайларды зерделеуге көмектесетін болады», деді Л.Бутенко. Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік банк тарапынан бөлінетін қаражат елдің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканы əртараптандыруға бағытталатынына тоқталды. «Бұған қоса, Дүниежүзілік банк қолға алатын тағы бір бағыт – ол əлеуметтік секторды қолдау. Қазақстанның Білім жəне ғылым министрлігіне инновацияны дамытуға жəне білім сапасын арттыруға, кəсіби білімді жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жастардың экономикаға тартылуына қолдау танытатын боламыз. Шағын жəне орта бизнеске, экономиканың шикізаттық емес секторларына, қызмет көрсету салаларын жандандыруға көмек көрсету де Дүниежүзілік банктің назарында тұрады», деді Л. Бутенко. М.Əбілқасымова 2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасында Қазақстанның орнықты дамуына жəне өсуіне жəрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі əріптестік туралы келісімге қол қойылғанын жеткізді. «Бұл келісім Мемлекет басшысының «Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру» тапсырмасын жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банктің осы бағыттағы құрылымдық жобаларды іске асыруына ықпал ететін болады. Жалпы, қол қойылған келісімнің шеңберінде 2015-2017 жылдар аралығында Дүниежүзілік банктен бөлінетін займ мен техникалық көмек мөлшері шамамен 6 млрд. АҚШ долларына құрайтын болады», деді М.Əбілқасымова. Оның айтуынша, Президенттің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына сəйкес, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 3 млрд. 746 млн. АҚШ долларын көліклогистикалық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылмақ. Бұған қоса, шағын жəне орта бизнесті қолдау жəне инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша іске асырылатын жобалар да бар. Бұл жобалардың шеңберінде шағын жəне орта бизнесті қаржыландыру үшін Дүниежүзілік банк тарапынан 246 млн. АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, су ресурстары, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша арнайы жобалар əзірленіп, оған 363,15 млн. АҚШ доллары бөлінбек. А.Сəрінжіпов өзі басқаратын ведомство мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірқатар жобаларға тоқталып өтті. «Мəселен, бір жоба арқылы біз ғалымдарға, ғылыми ұйымдарға арнайы гранттар бөлеміз, ал ғалымдар сол гранттар негізінде нарыққа қажетті технологияларды шығарып, сол арқылы ел экономикасын дамытуға ықпал етеді. Тағы бір жоба кəсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытуға бағытталмақ. Бұл жоба арқылы біз колледждерге гранттар береміз. Ал колледждер өздеріне бөлінген қаражатты арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жəне өз зертханаларын заманауи технологиялармен жарақтандыруға бағыттайтын болады. Қазіргі таңда біз 60-тан астам кол леджге қаржы бөлдік. Сондай-ақ, 2015 жылдан бастап басқа жобаларды қолға алмақпыз. Бірінші жоба білім беру жүйесін жандандыруға жəне білім беру саласын ақпа ра т тандыруға, ал екінші жоба жастар саясатын дамытуға арналады. Бұл жобаларға бөлінетін гранттар көлемі 5 мың АҚШ долларынан бастап, 50 мың АҚШ долларына дейінгі қаражатты құрайды. Алдағы уақытта Парламент осы жобаларды ратификациялайтын болса, оны əрі қарай жүзеге асыратын боламыз», деді А.Сəрінжіпов. Тараптар Дүниежүзілік банк пен Қазақстан арасындағы əріптестік туралы 2014 жылғы мамыр айында қол жеткізілген Деңгейлік келісімге сəйкес, сол жылы қыркүйек айында қабылданған Ынты мақтастық бағдарламасын іске асыруға байланысты бірқатар мəселелерді талқылады. Басқосу қорытындысында адам капиталын дамыту, ғылым мен инновацияны ынталандыру, еңбек нарығының талаптарына сай келетін еңбек дағдыларын қалыптастырып дамыту жөніндегі бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

 Қылмыс пен жаза 2013 жылдың 24 желтоқсанында шағын ғана Петропавл қаласында бүкіл елімізді дүр сілкіндірген қылмыстық оқиға тіркелді. Қылмыскерлер мемлекеттік биліктің бір тірегі болып табылатын қызметтегі биік лауазымда отырған қызметкерді 10 жасар ұлының көзінше өз есігінің алдында атып өлтіріп, қанға бөктіріп кетті... Бұл – сүмелек қылмыскерлердің өздерінің құрықталмайтындығына көздері əбден жетіп, биліктің өзіне дейін қол жұмсауға барған шектен шыққан дандайсуының көрінісі еді.

Ќылмыс ќўрыќталса єана билікке сенім зораяды

Атақты «Кездесу орнын өзгертуге болмайды» деген кеңестік сериалдың басты кейіпкері Жегловтың аузынан шыққан: «Елдегі тəртіп ұрылардың көптігімен емес, биліктің оларды құрықтай алуымен анықталады» деген сөз бар. Сол айтқандай, мына қылмысты ашу да биліктің барлық беделін таразы басына тартты. Егер осы қылмыс ашылмай қалса биліктің беделіне əбден нұқсан келетін еді. Енді ше... Қайдағы бір сүмелектер лауазымды тұлғаның өзін еш шімірікпей есігінің алдында атып кетіп жатса, жəне ол ашылмай қалса, ондай биліктің өз азаматтарын қорғай алады деген қауқарына сенуге бола ма? Қанішердің қолынан қаза болған Жандос Ахметов өзінің тікелей міндеті сол кездегі Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (финпол) департаменті бастығының бірінші орынбасары болса да бұл уақытта демалыста жүрген бастығы Нұрлан Шабдардың қызметін уақытша атқаруда еді. Кəмелетке толмаған екі ұлы бар Жандос ар-иманы таза, бес уақыт намазын да қаза қылмайтын азамат болған. Тіпті, өзі ғана емес, отбасындағы Айтжаны мен Қалижаны, зайыбы Шолпан да имандылық жолында екен. Ешкіммен қастығы, жасаған қысастығы жоқ екендігі де белгілі болып отыр. Сол күні ол қазақ гимназиясында оқитын 10 жасар кіші ұлы Қалижанды алып, жұмыстан үйіне оралған. Əкелібалалы екеуі кіреберістегі домофонды шұқылап тұрған орта бойлы бөгде адамды көреді. Есіктен кіре алмай тұрған жан екен ғой деп ойлаған болуы керек, екеуі де оған бəлендей мəн бермейді, алайда қырағы бала оның көзі өзінікімен түйісіп қалғанда тез тайқып, теріс қарай қалғанын бақылап қалады. Бірақ қанша жерден сезімтал болса да бала бұдан секем алмайды. Əкесі полицияның майоры, үлкен бастық екенін біледі, неден қорықсын? Бөтен адам əкесі есік ашқан бойында тез кіріп, жоғарыға өрлей жөнеледі. Бірақ келесі сəтте шұғыл бұрылып, есіктен енді кірген бұларға қайрылады. Бала оның əкесіне қарай оң қолын көтергенін аңдап қалады. Келесі сəтте гүрс етіп оқ атылады. (Тапаншаның дыбыс тұншықтырғышы да болмаған). Жандос ілгері ұмсынып қалғанда екінші, үшінші оқтар да атылады. Қалижан қорыққанынан бетін басып отыра кетеді. Қанішер болса бірнеше оқты үзіліссіз атқан бойда сыртқы есіктен атып шығады. Сол кезде ғана есін жиған бала қанға бөгіп жатқан əкесін көреді. Алдымен мылтық гүрсілін, одан кейін баласының «мамалап» шыңғырған дауысын үшін ші қабаттағы пəтерлерінде ас қамымен жүріп естіген Шолпан үйінен жүгіре шығады. Алау-далау болып төмен түскен келіншек бірінші қабаттың алаңында қанға боялып, шалқасынан жатқан күйеуін, жанында ес-түссіз болып отырған ұлын көреді. Күйеуінің аузынан қара қан ағып жатыр екен, бірақ əлі жаны бар екені білінеді. Осыдан арғы оқиғаның бəрі оған қалың тұманның ішінде жүргендей сезіледі. Баласын орнынан тұрғызып, жиналып қалған көршілердің бірінен үйіне жібергенін, өзі күйеуінің басын ұстап отырып, «жедел жəрдем шақырыңдар» деп айғайлағанын, асыл жарының көз алдында өмірден ғайып болғанын ол еміс-еміс қана біледі... Өзі асқар таудай пана тұтып келген əкенің қанға боялып жатқанын көрген 10 жасар Қалижанның қайғысын, алған психологиялық соққысын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол етбетінен жатып алып, əлі біткенше «папамайлап» жылағанды ғана біледі. Асыл əкенің қанға боялып жатқан суреті құлдыраңдаған ұлдың есінен мəңгілік кетер ме?.. Жандостың өлімі тек бұл үйдің жеке қайғысы ғана емес, осы күні өте сирек кездесетін қолы таза, жүрегі жылы, ар-иманы нұрлы, оның үстіне кəсіби біліктілігі жоғары жаннан көз жазған себепті бүкіл құқық қорғау саласының, қала берді осындай азаматынан айырылған бүкіл елдің қайғысы еді. Жазықсыз жанға шімірікпестен бес рет оқ атқан қанішер қылмыс орнында бес гильзаны ғана қалдырып, ізім-қайым болады. Оның ізіне түскен тергеушілердің қолындағы барлық дерек те осы ғана еді. Көп уақыт бойы өзіне өзі келе алмаған Қалижан оның тек еуропалық өңді екенін, үстінде қоңыр куртка, басында тоқыма шəпке болғанын ғана айта алады. Оның сөздерінен жасалған

ЖАЛДАПТАР жазасын алды Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

фотороботтың да дерегі соншалықты кедей болатын. Міне, осындай, дерегі мүлде аз, кəнігі қарақшылардың қолымен жасалған қылмыс ұзақ уақытқа созылмай ашылып, қылмыскерлер шетелдерге кетсе де бір-ақ айдың ішінде сəтімен құрықталып, тиісті жазаларын алды. Бұл қылмыстың ашылуы күндіз-түні тыным алмай еңбектенген Қазақстан Республикасы полициясы мен прокуратурасының ғана емес, бүкіл елдің құқық тəртібін сақтаудағы зор табысы болды. Сондықтан да біз осынау резонанстық қылмыстың қалай ашылғаны жөнінде төменде толығырақ баяндап бергелі отырмыз.

Ќараќшылардыѕ аќыры

Қылмыскерлерді іздестіру тобын басқару Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовке жүктелді. Ал құқық тəртібін сақтау ісін қадағалау Солтүстік Қазақстан облыстық прокуроры Степан Зайтлер мекемесінің мойнында болды. Қаланың барлық аудандарындағы тас жəне теміржолдармен шығаберістегі күдікті адамдарды жазып алу, əсіресе, қоңыр курткалы, қара шəпкелі адамдарды тіркеу жаппай жүріп жатты. Полиция қызметкерлері қылмыс жасалған маңдағы əрбір ауланың əрбір үйіне дейін кіріп, тұрғындардан көргендерін сұрады. Бөтен адамдардың, қонақтардың қашан келіп, қашан, қайда кеткені анықталды. Əсіресе, 24 желтоқсан күні аулаға тоқтаған барлық мəшинелер, олардан түскен бөгде адамдар тегіс есепке алынды. Бұл іске еліміздің ең білікті деген ізшілдері жұмылдырылды. Қоғамдық резонанс тудырған бұл қылмысқа көңіл бөлмеген, айтпаған, жазбаған БАҚ та жоқ. Халық арасындағы гу-гу əңгіменің де басы осы. Финполды ұнатпайтындар арасынан «сауап болған екен» деп табалаушылар да табылмай қалған жоқ. Тек Жандостың финполға келгеніне көп уақыт болмағаны, бұрын прокуратурада істегені белгілі болған соң ғана ондайлар тыныштық тапты. Ал бұл кезде іздестіру тобы күндізтүні тыным алмай із кесіп жатқан. Қылмыс жасалған ауданнан радиусы 1-1,5 шақырым жерге биллинг жүргізілді. Бұл осы аумақта қалтафон арқылы сөйлескен адамдарды анықтау деген сөз еді. Тек 1-2 нөмірмен сөйлескен адамдар ғана табылмайды. Бұл нөмірлер ешкімге тіркелмеген жəне тексерілген уақытта өшірілген болып шығады. Осы телефондардың бірі қылмыскерлердікі болуы керек деген күдік қоюлана түсіп, олар қатаң бақылауға алынады. Кенет... олардың бірі іске қосылып, сайрап қоя береді. Бұл тергеушілерді қатты қуантып, оның қай жерден қосылғанын тез анықтайды. Алайда, онымен сөйлесуші Т.Шлегель есімді кəрі кемпір болғанда ізшілдер сандарын бір-ақ соғады. Бірақ осы кейуана арқылы күрмеуі қиын түйіннің ұшы табылады. Ол үшін осы күнгі озық коммуникациялық техникаға рахмет айту керек. Əрине, ол үшін кəсіби шеберлер жəне арнаулы техникалар керек. Олардың қыр-сырын да арнайы осы мамандар болмаса қалың көпшілік біле бермейді. Т.Шлегельге бұл телефонды күйеу баласы В.Синько сыйға тартқан екен. Жедел тергеу қызметкерлері алдымен оның өзінің алибиін тексеріп, сонсоң телефонды қайдан алғанын анықтайды. Күйеу бала жап-жаңа ақ «самсунг» телефонын қай жердегі аялдамадан жəне қашан тауып алғанын көрсетіп береді.

Тек ішінде батарейкасы мен симкартасы жоқ екен, сондықтан жігіт оны қайын енесіне сыйға тартыпты. Телефонды тауып алған күн мен автобус аялдамасы қылмыс болған уақыт пен аумаққа дəл келіп тұр. Енді мамандар осы телефонға салынған барлық симкарталар мен олар бойынша хабарласқан нөмірлерді анықтауға кіріседі. Соның ішінде күдік Алматы тұрғыны Бинали Хукиевке жəне Расул Наниевке түседі. Прокуратураның рұқсатымен олардың жүріс-тұрысына аңду қойылып, сөйлескен сөздерінің тыңдалуы барысында екеуінің де мəскеулік Жамалдиевпен таныстығы анықталады. Үшеуара əңгімелерден, сөз саптауларынан соңғының қылмыстық іске қатыстылығы хабар беріп қалады. Өйткені, сөз арасында оның Петропавлда болғаны жəне нақ қылмыс жасалған уақытта сонда жүргені жəне т.б. детальдар оған деген күдікті қоюлата түседі. Абдулэдир Жамалдиевтің өзі Мəскеуде тұрғанымен Чешенстанда туып-өскен екен. Бір кезде ол Алматыда да тұрып, есірткіге байланысты істі болып, үш жылға сотталғаны да бар. «Конкурент ремстрой» деген ЖК жұмысшы болып тіркелгенімен нақты айналысатын ісі жоқ, қыдырма, кезбе жолдарда алыпсатарлықпен, делдалдықпен ақша тауып, тамақ асырап жүрген бір қу болып шығады. Қазақстандық ізшілдердің кəсіби шеберлігінің осал еместігін содан біліңіз, олар Хукиевті тұтқындаған бойда оның аузына Жамалдиевті Алматыға келтіретін бұлтартпас себептер салып, телефон соқтырады. Сөйтіп, тағы бір ол жаға қарық болмақ болып келген қанішерді қолға түсіреді. Қылмысты іске асырған Павел Ковалевтің есімін Жамалдиев айтып береді. Оны да ізшілдер Жа мал диевті келтірген жолмен Алматыға шақыртып, келген бойында тұтқындайды. Екеуі де қолдарына кісен, аяқтарына бұғау салынған қалпы айрықша этаппен Петропавлға жеткізіледі. Өзінің анық тұтылғанын сонда білген А.Жамалдиев бар шындықты алғашқы жауаптарындаақ айта бастайды. П.Ковалев те сұрақтан жалтармай, өзінің кісі өлтіруге жалданғанын бірден мойындайды жəне қылмысты іске асырған тапаншаны қалай бөлшектеп, қайда лақтырғанын көрсетіп береді. Ол көрсеткен жерлерден тапаншаның қаңқалары да табылып, Жандосты атқан оқтың нақ осы қарудан шыққанын дəлелдеген баллистикалық сарап оның сөздерін тірілте түседі. Үш адамның ортасында отырған Ковалевті Қалижан да шынының ар жағынан көріп, куəгерлердің көзінше дəл таниды. Жамалдиев 2013 жылдың басында, Мəскеуде Витта Махмаханов деген қандасымен кездеседі. Бұл Витта 2007 жылдың 17-19 наурызында Алматы облы сының Маловодное ауылында болған қанды оқиғаға қатысқан отбасының өкілі еді. Міне, осы Махмахановтардың бірі Витта Қазақстандағы басқа да қылмысқа қатыстылығы үшін қашып, қазір Ресейде бой тасалап жүреді екен. Жамалдиевтің алғашқы жауабына қарағанда Витта оны 100 мың долларға Петропавл қаласында финполдың бастығы болып жүрген Нұрлан Шабдарды өлтіруге жұмсайды. Оның себебін Жамалдиев Виттаның Маловодное оқиғасында қаза болған туыстарының кегін Шабдардан алуды көздегенінен екенін айтады. Алғашқы жауабында осыны айтқан Жамалдиев қылмысты істі тергеу жəне сот процесі барысында алғашқы жауабын өзгертіп, неше түрлі бұлтаққа салып бақты. Соның ішінде тапсырысты

Камал Жамалдиев есімді ағайым нақ Ж.Ахметовті өлтіруге берді деп бір соққан. Сөйтсе, ондай адам Ресей Федерациясында жоқ болып шықты. Одан Жамалдиев Камал емес, Хусейн Жамалдиев деген ағам тапсырыс берді дейді. Ал уақыты туралы айтқанда тапсырыс жаз айында болды деген. Ставрополь өлкесінің Андропов ауданында тұратын бұл адамның Ж.Ахметовпен ешқандай мүдде қайшылығы жоқ екендігі дəлелденді. Сонымен қатар, Жамалдиевтің жаз емес, көктемнен бері Петропавлға бірнеше келіп, барлау жасағандығы анықталған. Сондықтан А.Жамалдиевтің қылмыстың ізін қиындатып, уақытты созбақ болған əрекеттері іске аспады. Айта кететін жайт, Жамалдиевтің В.Махмахановтың тапсырмасын орындадым деген ең алғашқы мəлімдемесі де қылмыстық істің материалдарымен дəлелденген жоқ. Бірақ оны жоққа шығаратын да дəлел жоқ. Əйтеуір Маловодное оқиғасы кезінде Нұрлан Шабдар сол облыс финполының бастығы болғаны ғана анық. Н.Шабдарды өлтіруге Жамалдиев мұқият дайындалады. Алдымен ол кісі өлтіретін қанішер іздейді. Осы мақсатпен алғаш Заур есімді адамды табады. Басында келіскенімен артынан ол бұл істен айнып кетеді. Одан, 2013 жылдың қараша айында өзімен Ставрополь өлкесіндегі Сұлтан ауылында бірге оқыған, жоғарыда айтылған, П.Ковалев дегенді табады. Ол Ресейдің құқық қорғау саласында істеп, бір кездері бейбіт тұрғындарға, кəрі-жасқа, бала-шағаға қарсы оқ атуға машықтанған қанішер екен. Мерзімінен бұрын қызметтен тайдырылған ол қазір жұмыссыз жүрген көрінеді. Мұндайларға тек ішерге ас, жұтарға арақ, киерге киім болса болды. Жамалдиевтің 50 мың долларлық жұмыс бар дегеніне ол жанып кетеді. Сөйтіп, Н.Шабдарға қастандық жасау ісіне Жамалдиев 2013 жылдың ерте көктемінен бастап кіріседі. Бірнеше рет Омбы жəне Алматы қалалары арқылы Петропавлға келіп кетеді жəне жүрген ізін барынша жасырып, үй жалдау, мəшине сатып алу жəне т.б. істерге алматылық танысы Расул Наниевті жалдап, бəрін соның қолымен істейді. Сөйлескен жұрттың бəріне де өзінің шын есімін айтпай, «Тимурмын» деп танысып, қолынан келгенінше жасырынады. Тіпті, Алматыдан «Тальго» пойызымен келгенде де ешқашан билет алмай, суық қолды жолсеріктерге ақша қыстырып, жасырын жүрген екен. Алайда, өзінің артын осылай, мұқият жауып жүрген сұм Н.Шабдарды анықтауға келгенде шу дегеннен адасады. Өйткені, оның ешқандай жерде суреті болмай шығады, қызмет орнындағы «жеке мəселемен қабылдайды» деген тақтада да аты-жөні ғана бар. Біреуден сұрауға артын тиянақтап жүрген сұм именеді. Сондықтан оның жалғыз белгісі – қызметтік мəшине болған. Финполдан шығатын қызметтік мəшинелердің ішін дегі ең бағалысы «Тойота камри-40» екен. Демек бастық осыны мінетін шығар деп түйеді ол. Шын мəнінде бастық оны бұрын мініп, өзіне жаңа «Киа Махава» (джип) берілген соң ескісін ақпан айында өзінің бірінші орынбасары Ж.Ахметовке босатқан екен... Сөйтіп, қызметтік мəшине Жамалдиевті шу дегеннен адастырады. Жамалдиевтің «объектіні» шатастырып алғандығы басқа да материалдармен дəлелденеді. Соның ішінде прокурордың рұқсатымен оның камераластарына айтқан əңгімелері тыңдалғанда да ол жанындағыларға өзінің шатасқанын айтқан. Кісі өлтіретін қаруды Жамалдиев

Алматыда тұратын танысы Бинали Хукиевтен алады. Қорғану үшін денеге жарақат салатын, ешқайда тіркелмеген жəне қылмыстық жолмен ату құралына айналдырылған (травматикалық) тапаншаны ол Жамалдиевке 1500 долларға сатқан. Артынан Жамалдиев осы Хукиевті де қорғаштап, одан тек адамға жарақат салатын тапанша алдым, ал оны оқ атуға айналдырған Петропавлда тұратын басқа, белгісіз адам деп соғады. Мұнысы – қандасының қылмысқа қатыстылығын төмендетудің амалы екендігі белгілі болып тұр. Өйткені, Петропавлда атуға дайын тапаншаны тыққан орнынан ол тек қылмыс жасайтын мезгілде ғана бір-ақ шығарған. Сонымен қатар, ол Хукиевті қылмыс жасалғанын білмейді деп қорғаштап бағады. Алайда, бұрын сөйлескен сөздерін тыңдау кезінде Хукиевтің барлық істен хабары бар екендігі анықталған. Сонымен бірге, ол осы оқиғадан кейін жасырынып, Түркияға, одан Ташкентте бой тасалаған. 2014 жылдың 17 қазанында судья Б.Баймұрзиннің төрағалығымен болған Солтүстік Қазақстан облысының ауданаралық мамандандырылған соты Б.Хукиевті аса ауыр қылмысты біле тұра жасырғандығы, суық қаруды сақтағаны жəне сатқаны үшін 5 жылға, ал А.Жамалдиевті 24 жылға бас еркінен айырды жəне оның алғашқы үш жылын түрмеде өтеуге шешті. Ковалевке берілген жаза бұдан гөрі жеңілдеу болып, ол 22 жылды арқалады. Оның үстіне бұған берілген жаза Жамалдиевтікі секілді айрықша режімдегі емес, қатаңдатылған режімдегі колонияда өтелетін болды (прокурор да дəл осы мерзімдерді сұраған еді). Əрине, судьяның шешімімен таласа алмайсың, бірақ алты аласы, бес берісі жоқ адамды аң құрлы көрмей ата салатын мұндай санасыз азғындар қайғырып, жүйкесін жұқартуды білмейтіндіктен еш шаршамай, 22 жылды да оп-оңай атқарып шыға келері сөзсіз екені ескерілмей тұрған сияқты. Сот процесінде айыптау тарабын қолдаған облыстық прокуратураның басқарма бастығы Салтанат Дəрібаева оның жəбірленушілерге аяныш білдіріп, өз ісіне өкінгенін көре алмағанын айтты. Сондықтан да мұндайлар үшін 22 жыл деген мерзім де түк емес, ең бастысы ондайлар түрмеден келген соң бұрын 50 мың долларға кісі өлтірген болса, енді 5 мың теңгеге де адамды өлтіре салудан тайынбайтыны өмірде көрініп жүр... Осы істердің маңында болып, үй жалдау, мəшине сатып алу сияқты жұмыстарды атқарған Р.Наниевті тергеу орындары да, прокуратура да, сот та қылмысқа қатысы жоқ, тек түпкі мақсатын білмей, Жамалдиевтің тапсырмаларын бейбіт орындаушы болды деп оны жауапкершілікке тартқан жоқ. Əділетті сот болмай, біржақты қаралайтын сталиндік сот болса оны да ату жазасына кесері сөзсіз еді. Енді ондайдың бетін əрі қылсын, əрине.

Сґз соѕы...

Барлық күрделі істің қарапайым шешімі болады. Ол көбіне адамдардың оңай байып, оңайдан мол олжа табуды көздеген ашкөздігінен туады. Негізгі тапсырыс берушінің (ол əлі ұстала қойған жоқ) көздеген мақсаты кек болса, мына орындаушылардың бəрінің көздегені қу құлқынның қамы, көп ақшаны оңай жолмен табудың амалы ғана. Сол үшін сүттей ұйып отырған шаңырақты ортасына түсірді. Орнында бар оңалар-ақ, жетімдік көрсе де екі бозбала аман жетер-ау, бірақ жүректеріне байланған шер тарқар ма? Айдың-күннің аманында сүйікті жарынан айырылған жас келіншектің, сүйкімді ұлдарынан айырылған əке мен шешенің қайғысы ортаяр ма? Тез баюды көздеген қанішерлер болса өз мақсаттарына жету жолында жазықсыз адамның өмірі қиылатынын, бүкіл бір отбасына орны толмас трагедияның туатынын ақылестері дұрыс болғанымен санасы саңырау болғандықтан керек те қылмаған... Сондықтан да, мұндай адам кейпіндегі аңдар бүкіл қоғам үшін, əділетті адамзат үшін жеккөрінішті. Адам қоғамында өмір сүруге қақы жоқ ондайларды ұзақ уақыт бойы атып отырған, əттең қазір ізгілік принципі алға тартылып, өмір сүруіне мұрсат береміз. Кейбір басылымдар қылмыстың оңай ашылып, қылмыскерлердің тез жазаланғанына «қанағаттанбай» қалыпты. Қазір неше түрлі версиялар ойлап тауып, жалаулатып-ақ жатыр. Соның ішінде Жандос өлтірілген уақытта түрмеде отырған Шиманский деген біреудің тапсырыс бергенін айтады. Алайда, оның кісілерінің мəскеулік Жамалдиев пен Ковалевке қатыстылығын таба алмай əлек... Өткен жылдың 11 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырып, оны заң күшіне енгізді. Енді шаңымызды ғана көрсетіп, Жердің екінші шетінен бір-ақ шығармыз деп ойлаған қанішерлер лайықты жазасын өтеуге кірісті. Бұл, əрине, қазақстандық құқық қорғаушылар мен заң қадағалаушылар ісінің жоғары біліктілігінің арқасында қол жеткізілген зор табыс екенін тағы да атап өтуге тиіспіз. Шындап кіріссе олардың ашпайтын қылмысы жоқ сияқты, тек барлық қылмысты ашуға да осындай ыждаһаттылық көрсетсе ғой деп тілейсің. АСТАНА – ПЕТРОПАВЛ – АСТАНА.


 Ойласу

Наєыз педагог

– интеллектуалды ўлт ќалыптастыруєа їлес ќоса алады Пиалаш СҮЙІНКИНА,

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный əлеуметтікгуманитарлық колледжінің оқытушысы, Ы.Алтынсарин медалінің иегері.

Иə, мұғалімдердің көп, нағыз ұстаздардың аз екені рас. Мақалаға арқау болған тақырып та осы заманның үздік педагогы жайында болмақ. Таңдаудың осы мəселеге түсуі кездейсоқ емес. Адами капиталы мықты ел ғана биіктерді бағындырады. Соңғы деректерге сүйенсек, дамыған АҚШ, Еуропа елдерінде мемлекеттік капиталының 70-80 пайызын адам капиталы құраса, қалған бөлігі табиғи ресурстар мен жылжымайтын мүлік, өнеркəсіптік қорлардың үле сіне тиесілі екен. Қазақстанда мемлекеттік капиталының 68 пайызын табиғи ресурс құраса, 21 пайызын – өндірістік қорлардың еншісіне тиесілі. Адам капиталы – 11 пайыз ғана. Енді тақырыпқа оралсақ, «Шынайы ұстаздар деп кімдерді айтуға болады, олар лайықты бағаланып жүр ме?». «Мен жақсы оқытушыны бəрінен де қымбат көремін», дей ді Ы.Алтынсарин. Бұл сөзді көпшілік білген еді. Қалай, қашан жазылғанына мəн бермейміз. Ол əрі ұстаз, əрі дос ретінде аса құрмет тұтқан Н.И.Ильминскийге 1882 жы лы 29 шілдеде жолдаған хатында өз көңілінен шыққан мұғалім А.Мозохин туралы жаза келіп, жақсы оқытушыға қатысты жүрекжарды лебізін былайша түйіндейді: «...Сіздің арқаңызда құдай маған өз ойымдағыдай бір жақсы оқытушы бергенін мен өзіме үлкен бақыт санаймын. Мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегінің бəрінен де қымбат көремін». Ұлы ағартушының хаттарынан «жақсы оқытушы», «іскер оқытушы», «қабілетті мұғалім», «іскер оқытушылар жіберіңіз», «жақсы оқытушылар беріле ме?» секілді сөз тіркестерін жиі ұшыратуға болады. Жақсы маман қай кезде де сұранысқа ие. Мамандардың бəрі бірдей мықты болып кете алмайды. Олардың саны əр салада жеткілікті болғанымен, өз ісінің нағыз шеберлері аз. Елбасы Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген мəжілісінде: «Бір бөлімде 10 қызметкердің екеуі ғана бар ынта-жігерімен жұмыс істесе, қалғандары жай отырады», деуі тегін емес. Шынында да, қай еңбек ұжымында болсын, саңлақтары саусақпен санарлықтай ғана болатыны жасырын емес. Қазақ елі атауын иеленуге бет бұрған тəуелсіз мемлекетіміз тарихында есімдері алтын əріптермен жазылған Құсайын Айтқалиев, Құ маш Нұрғалиев, Рафиқа Нұртазина, Қанипа Бітібаева сынды тау тұлғалар тағылымы өлшеусіз. Олардың дарабоздығын тұтас халық мойындады, жазған еңбектері ел игілігіне айналды. «Қазақтың Қанипасы» атанған Бітібаеваның өз сөзіне мəн берейік: «Мен ұстаз болып туғаным жоқ. Мектеп бітірген соң механизатор болдым, институтты тəмамдаған соң да көп оқыдым, іздендім, қазақ тілі мен əдебиетін тереңдетіп оқытудың атаулы мектебін ұйымдастырдым. Қазір еліміздің түкпіртүкпірінен менің əдіс-тəсілімді үйрену үшін əріптестерім іздеп келеді, білгенімді үйретемін. 44 жасымда Кремльде қазақ тілі пəнін оқыту жайлы баяндама жасадым, КСРО-да 5-ші, ал елімізде 1-ші болып ұстаздар арасында КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандым. Міне, ұстаз беделі қоғамдағы өз орныңды таба

7

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

білгенде, ұзақ жылғы ізденіс нəтижесінде келеді». Ұлағатты ұстаздың айтуынша, табыс – көп оқу, іздену, еңбектенудің арқасында келеді. Осы мазмұндас сөзді Елбасы Н.Назарбаев та айтқан еді: «Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал». Елбасы Н.Назарбаев: «Келешекте мұғалім мамандығы ең мəртебелі жəне жоғары ақы төленетін мамандықтардың біріне айналады» дегеннен бері сең қозғалып, ұстаз беделін арттыру бағытында нақты іс-шаралар қолға алына бастады. Солардың бірі – «Үздік педагог» байқауын өткізу. «Үздік ЖОО оқытушысы» республикалық байқауы 2007 жылдан, ал колледждер мен мектептер оқытушылары мен мұғалімдері арасындағы байқау 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ендігі сөзді «үздік педагог деген атауға кімдер лайыққа» қарай бұрайық. Байқау шартында ұзақ жылдар мінсіз қызмет атқарған, жетістігі мол, шығармашыл мұғалімдер байқауға қатыса алады делінген. Əйтсе де атақ, даңқ, деп мол қаржыны иеленіп, үздік педагог атанғандардың бəрі дерлік шын мəнісінде тарлан ба деген дүдəмалдың тууы да бекер емес. Бұған газет беттеріндегі кейбір сұрауы бар мақалалар, сайтта жазылған пікірлер дəлел. Айталық, «Оқытушылардың бəрі үздік пе?» деген материалында журналист Жолдасбек Дуанабай: «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау конкурсы адал өтетіндігіне күмəнданатын жөніміз бар. Өйткені, кейде министрлік қойған талаптардың үдесінен шықпайтын оқытушылар да үздік атанып жүр...» дейді. Профессор Тоқтар Есіркеповтің де айтқан сөзінің жаны бар. «Білім жəне ғылым министрлігінің сайтында жеңімпаз оқытушылардың аты-жөні ғана жазылады. Олардың еңбектерінің қандай өлшемдер бойынша бағаланғаны жайлы ақпарат жоқ. Конкурсқа қатысқандар қандай еңбегі үшін грант алғандары жəне жолы болмағандар не үшін өтпей қалғандары жөнінде біле алмайды. Олардың бəрі сырт үшін құпия» деуі орынды. Комиссияның сарапшылар кеңесінде кімдердің болғаны да белгісіз болып қала береді. Менің ойымша, үздік атануға келесі өлшемдер тəн болуы тиіс: бірінші, өз пəнін терең меңгерген, сапалы білім, саналы тəрбие беретін; екінші, жүрегі «елім, жерім» деп соғатын, кəсіби тұрғыдан өзгелерден ерек шеленіп, ұжымына еңбегі сіңген, білім беру саласына елеулі үлес қосқан; үшінші, ізденімпаз, шығар машылық қиялы кең, авторлық қызметпен айналысатын; төртінші, ұжымда мойындалған, халық арасында танылған, сыйқұрметке бөленген; бесінші, кəсіби қызметінде кез келген мəселені шешетін, бəсекеге қабілеттілігі айқын, жоғары санатты. «Үздік педагог» республикалық

байқауына облыстардан іріктеліп алынған үміткерлердің материалдары жіберілетіні аян. Осы тұста байқауға қатысуға ниет еткен əр ұжым ұсынатын маманының қызметін əбден елепекшеп, əр қырынан жан-жақты саралап, сіңірген еңбегінің аумағы мен салмағын əділ таразылап, мықтылығына еш шүбə жоқтығына көз жеткізіп барып, додаға қосса ғой дейсің. Өкінішке қарай, үміткерлер арасында кəсіпқойлығы ұжымда, одан тысқары жерлерде мойындалмаған, білімі мен білігі жетіп тұрса да, шығармашылыққа жоқ, шəкірттері де оза шаппаған, өзі болса, арагідік баяндама жазып, бірер ашық сабақ өткізген əйтсе де, жолы болғыш жандар кездесіп жатады. Осы арада жоғары санатты мұғалімдер əлеуетінің де бірдей еместігін айтып өтсек, артық болмас. Арасында отыз жыл ұстаздық етсе де, бірде-бір ашық сабақ немесе маңызды бір іс-шара өткізіп көрмегендері де жүр еді. Мəселе, жоғары санатты растауда емес, қашанда соған лайықты еңбек етуде. Əйтсе де, халық кімнің кім екенін біледі, таниды. Мұндағы айтпағым, ұжым басшылары көтермелеп, қошеметтеуді нағыз лайықтыларға ғана көрсетсе екен. Қай ұжымда болмасын, соның ыстығына күйіп, суығына тоңып, ауыртпалықтың денін бір өзі көтеріп, барын салып жұмыс істейтін ұстаздар бар. Тағы бір ескеретін жайт: бір жерде ұзақ мінсіз еңбек етіп, зейнетке шықса да, қызметін жалғастырып жүргендерге, ұжымға жаңадан қосылғандарға қарағанда ықылас ерекшелеу болғаны абзал. Еліне ерекше еңбек сіңірген Бибігүл Төлегенов, Асанəлі Əшімов, Хабиба Елебекова сынды өнер адамдары Президент тағайындаған стипендияны алатыны, талантты жас ақындарға Президент сыйлығы берілетіні мəлім. «Еңбегіне қарай құрметі» демекші, мұғалімдерге де осындай құрмет көрсетілсе артық болмас деп ойлаймыз. Иə, нағыз ұстаздар ғана еліміздегі адами капитал сапасының өсуіне серпін береді. Олардың қатары көбеюі үшін, бұл мамандыққа нағыз лайықтыларды іріктеу қажет. Жалпы, білім сапалы болу үшін, əлемдік тəжірибеде дəлелденіп, шешуші рөл атқаратын келесі факторларды ескерген жөн: біріншіден, лайықты адам ғана мұғалім болуы керек; екіншіден, олар оқытушылық қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін дайындықтан өтуі қажет; үшіншіден, əрбір оқушы сапалы білім алатындай жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Лайықты адам демекші, мұғалімдік мамандыққа жастар білімі жақсы, жүрегі қалағандықтан емес, амалсыздан баратыны жасы рын емес. Ал шала білімнің салдары қандай болмағы айтпаса да түсінікті. Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз: үздік педагогтар – қоғамның қозғаушы күші, интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы əлеуетті құрам. Оларды дер кезінде танып, лайықты бағалау, іс-тəжірибесін насихаттау, өзгелерге өнеге ету – педагогтар құрамының сапасын арттырудың кепілі. Үздік педагогты марапаттағанымыз – барша ұстаздарды ардақтағанымыз. Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тəрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген өсиеті жадымыздан шықпаса екен. Қостанай облысы.

Келісімшарт əскерилерініѕ саны артып келеді Қазақстанда Қарулы Күштерді келісімшарт бойынша жасақтау жүйесі 2002 жылдан бастап кезеңкезеңмен енгізілген болатын. Қазіргі уақытта Қарулы Күштеріміздегі əскери қызметшілердің 74 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Мұның мөлшері жыл сайын 4-5 мың адамға ұлғайып келеді. Келісімшарт бойынша қызметке қабылданатын əскери қызметшілер мемлекет тарапынан қомақты əлеуметтік қолдау көреді. Келісімшарт бойынша əскери қызметші мен оның отбасы мүшелері тұрғын үймен қамтамасыз етіледі немесе оны жалдағаны үшін өтемақы алады. Жекешелендіру құқығы барлардан басқасы əскери қызметтен босаған жағдайда қызметтік тұрғын үйді қайтарады. Сонымен қатар, тегін медициналық қызмет көрсету көзделген. Жиырма жылдан артық еңбек сіңіріп, қызметтен босатылғандар əскери-медициналық мекемелерде тегін емделуін жалғастырады, ал жиырма бес жылдан аса қызмет еткендер санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй берілуі мен тегін медициналық қызмет көрсетуден басқа, келісімшарт бойынша əскери

қызметші мен оның отбасы мүшелері басқа орынға көшкен жағдайда əуе, теміржол, су жолы жəне автомобиль көліктері қызметтерін тегін пайдалана алады, балаларына балабақшадан кезектен тыс орын беріледі. Келісімшарт бойынша қызмет – саналы түрде жəне кəсіби негізде ерікті Отан қорғаушы болу мүмкіндігі. Бүгінгі таңда Қазақстан армиясы аралас жасақтау қағидатын ұстанып келеді. «Егемен-ақпарат».

Шығыс Қазақстан облысы əкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шығыс Қазақстан тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге тізе қосты. Жуырда Өскемен қаласында облыс əкімі Даниал Ахметов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жəне «Ертіс» ƏКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Манарбек Сапарғалиев Шығыс Қазақтан облысында тұрғын үй құрылысын салу бойынша үшжақты меморандумға қол қойды. Тараптар өңірде тұрғын үй құ рылысын салуға, инфрақұрылымның дамуына, сондайақ облыс тұрғындарын сапалы əлеуметтік баспанамен қамтамасыз етуге мүдделі екенін білдірді. Эконом-кластағы үйлердің

Ќолжетімді тўрєын їймен ќамтылады құрылысы құрылыс салушының, облыстық бюджет қаржысының есебінен жəне мемлекеттікжекеменшік серіктестік қағидаты бойынша қаржыландырылмақ. Əкімдік құрылысқа қажет жер телімін беруді, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді, жобалық-сметалық құжаттардың əзірленуін жəне түзетілуін бақылауды өз мойнына алмақ. Тұрғын үй құры лысына тапсырыс беруші жə не ұйымдастырушы ретінде «Ертіс» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ іске кіріспек. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі болса, тұрғын үйді сатып алушылар пулын құрады. Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинағы есебінен тұрғызылған

баспаналарды өткізетін болады. Сонымен қатар, құрылыс салушыларды қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге шартты депозиттерді орналастыру арқылы, банк құрылысты қаржыландыруға ниетті. Осылайша, құрылыс компаниялары төменгі мөлшерлемемен кредитке қол жеткізеді. Бұл аймақтағы құрылыс саласының дамуына серпін бермек. Мəлімет үшін. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері Шы ғыс Қазақстан облысын да, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 110 мың шаршы метр болатын 1 810 пəтерлі 25 тұрғын үй құрылысын салу жəне оны өткізу

ШОПАН (Соңы. Басы 1-бетте).

Осыдан-ақ қолдағы малдың қаншалықты құнсызданғанын көре беріңіз. Дей тұрғанмен, өмір өзгерді. Дүние өзге өңге енді. Бір кездері босап қалған ен даланың кеудесін малдың тұяғы қайтадан дүбірлете бастады. Жекелеген шаруашылықтардың қойы бұрынғы кеңшардың есебінде болған малдың санына жетеғабыл жағдайға жеттік. Міне, Шиелі ауданының Майлытоғай ауылындағы «Асан» шаруа қожалығы осындай ұжымның бірі. Əулеттің иесі Мадияр ақсақал көзін ашқаннан қой баққан. Бір ғана Сырдария ауданының емес, барша аймаққа аты тараған кəнігі шопан. Еңбегінің еленгені шығар, «Еңбек Даңқы» орненінің үшінші жəне екінші дəрежесін кеудесіне тақты. Осы орденнің біріншісін алып, Социалистік Еңбек Ері атағымен теңесетін кезде, одақ тарап кетті. Əйтпесе, дап-дайын Еңбек Еріңіз осы кісі еді. «Ата көрген оқ жонар» дейді қазақ. Бұл үйдің балалары да жастайынан малдың жайын жетік біліп өсті. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында

жөнінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні жалпы ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пəтерлі 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімге сəйкес, ауданы 59 мың шаршы метр болатын 949 пəтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұған 5 378 млн. теңге жұмсалмақ. Бағдарлама қолға алынғалы бері ШҚО əкімдігіне сатып алынған пəтерлер үшін 4 306 млн. теңге аударылды. 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында 811 млн. теңге аудару жоспарланып отыр. «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы ауданы 32,4 мың шаршы метр

жан-жақтан нəсіп іздемей, өз оттарының басында қалып, шаруа қожалығын құрып, мал өсірумен айналысқаны да сондықтан болса керек. Ал қожалықтың жұмысы Жалғас Асановтың мойнында. Сенбегендік, не өзім білемдік емес. Қойды да өзі бағады. Бұл оның əулеттік жұмысқа бар ықыласымен берілгенін көрсетсе керек. Əйтпесе, ақысын төлеп, шопанын жалдап, шырт түкіріп жүрсе де болады. Бірақ одан тірлік оңбайды. Сондықтан атадан балаға мирас болып келе жатқан кəсіпті бар зейінімен істейді. Бүгінде «Асан» шаруа қожалығының есебінде 1264 бас «Сухандария Сұр» сипатты қаракөл қойы бар. Баяғының бай-бағландары отар-отар қой айдапты дегенде оның саны да осы шеңберде болған шығар. Қойдың жүні де, еті де ақша. Көзін тауып, өнімін өткізе алса, қыруар қаржы кіріс болмақ. Жалғас Асанов оның да ретін тапқан. Соның арқасында осы көрсеткіштер бойынша «Асан» қожалығы облыста алдыңғы орында тұр. Оның үстіне мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға мемлекет те зор қолдау көрсетіп келеді.

болатын 542 пəтерлі 7 тұрғын үй құрылысын салу жəне оны өткізу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Былтыр жалпы ауданы 6,4 мың шаршы метр болатын 107 пəтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Естері ң ізг е сала кет сек, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-тың еншілес компаниясы болып табылады. Холдингті құрудағы мақсат – экономиканың дамуына жəне оны əртараптандыруға, клас терлердің дамуына жəне еншілес компанияларында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге ықпалдастық жасау. Мира КАРИМОВА.

Бұрындары ірі қараға қаржы мол бөлінетін. Жуырда «Алтын асық» атты бағдарлама қабылданып, уақ малдың басын арттыруға да ақша беріле бастады. Аталған бағдарлама бойынша «Асан» шаруа қожалығы Оңтүстік Қазақстан облысынан 260 бас асыл тұқымды қой сатып əкелді. Біле-білген адамға мұның өзі үлкен көмек. «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақал бар. Өткен жылдың соңында Жалғас Асанов аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қолынан «Жылдың үздігі» атағын алды. «Үздік қой өсіруші» номинациясы бойынша бүгінде Жалғас Асановтың алдына түсетін адам некен-саяқ. – Еңбектің еленгені ерекше қуантты. Қияметті тіршілігімізді бағалап, оны ескеріп жатқан ел ағаларына алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қоса бермекпіз,– дейді Жалғас. Сөз бен іс қағыспай жатқан кей сəттерде Жалғас Асанов секілді үндемей жүріп үлкен жұмыс тындыратын азаматтарды көріп, көңіл қуанады. Аттандамай, айқайламай, кеуде соқпай-ақ елге ерен еңбек сіңіріп, онысын ешкімге міндеттемейтін ерлерден айналып қана кетесің ғой. Қызылорда облысы.

Кемтар жандар мїсіркегенді жек кґреді (Соңы. Басы 1-бетте).

Мүгедекпін деп мұңға батып отыру қайда?! Тағдырдың жазғанына көнесің, оның үстіне отбасыңды асырауың керек. Қалалық радиодағы, одан кейін телевиденидегі журналистік қызметімді жалғастырдым. Кейін Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласына қоныстанғанда аудандық газетте тілші, бөлім меңгерушісі болып еңбек еттім. Аяғымның кемдігін білдірмеймін деп, сол аяқкиімнің табанына қосымша табан салдырып алып жүрген кездер де болды. Ешкім мүсіркемесін, «ақсақ» демесін деген намыс қой. Ол жылдары Жаңатастың жанайқайы жаңғырып тұрған шақ. Жылдап жылуы, жарығы жоқ қалада барлық шаруа шатқаяқтап кеткен. Қаланың жанайқайын облыстық «Ақ жол» газетіне үздіксіз жаза бердім. Қала басшыларының қоқан-лоқысын да көрдік, «жаныңа не керек?» деген қамқор сөзін де естідік. Қандай жағдай болғанда да қазақ журналистикасының ұлы ұстаздары Темірбек Қожакеев пен Тауман Амандосов ағайларымыздың алдында

шə кірттік парызға адал бола білдік. Жылдар жылжып өте берді. Жаңатастың жағдайы бірте-бірте жақсара түсті. Енді шешімін күткен проблемаларды, жақсы істерді, жетістіктерді жаздық. Содан 2005 жылдың наурызында «Ақ жол» газетінің сол кездегі бас редакторы Мақұлбек Рысдəулет Сарысу жəне Талас аудандарының меншікті тілшілігіне шақырды. Облыстық басылымда журналист болу арманға айналған маған ол үлкен сый еді. Бірден келістім. Енді екі ауданның арасында, одан əрі облыс орталығына шапқылаумен жүрдім. Шынымды айтсам, мүгедек екенімді ұмыттым. Арада тоғыз ай өткенде редактор редакция аппаратына тілшілікке шақырды. Мұнда да сол кемдігімді білдірмейін деп облыстың қай қиырына ісспарға жіберсе де шауып кете бердім. Сенбілік жұмыстарында да əріптестермен бірге болдым. «Бір айналдырғанды шыр айналдырады» деген. Баяғыда 12 жасымда сол қолымнан жабысқан «остеомиелит» ауруына жасалған операциядан қолым да қысқарып қалған еді,

жең ішінде болғандықтан сырт көзге біліне бермейтін. Ақыры араға пəлен жыл салып, ескі ауру қайта сыр бере бастады. Қазір медицинаның қарыштап өскен заманы ғой, ауық-ауық ем қабылдап тұрамын. Мемлекет басшысының былтырғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «...Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл өзіміздің жəне қоғам алдындағы біздің парызымыз», деп атап көрсеткенінен талай кембағал жанның төбесінің көкке жеткенін көрдік. Жолдаудан кейін іле-шала «Нұр Отанның» бастамасымен Тараз қаласында тұңғыш рет өткізілген мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жəрмеңкеге партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келіп қатысты. Осы шарадан мақала жазуға бас редактордан сұранып, арнайы бардым. Онда арбаға таңылса да, өмірге жəне жұмысқа құштар жандарды көргенде бұл неткен қайсарлық деп сүйсінгенім бар.

Екі қолы жоқтығынан тігін машинасына екі аяғымен отыратын Анар Бексұлтанова мен қос балдаққа сүйенген Шолпан Сұранбаеваның жəрмеңке көрмесіне қойылған «қыз жасауына» талайлар таңдай қақты. Аурудың азабын аз тартпағаннан ба, өз басым кемтар жандарға қол ұшын беріп тұрғым келеді. Бірақ, журналистің қолында қаламынан басқа не бар? Содан мүмкіндігі шектеулі жандар туралы, олардың қилы тағдыры туралы бірнеше мақала жаздым. Жарымжандарға шекесінен қарайтын шенеуніктерге сабақ болсын деп «Мүгедек деп мүсіркегенше, мүмкіндігіне қарай еңбекке тарт» деп жазған проблемалық дүнием газеттің бір бетке жуық көлеміне жарияланды. Жалпы, кемтар азаматтар мүсіркегенді жек көреді. Өзім де «анау ақсақ немесе шолақ» деген сөз естігім келмейді. Құдайға шүкір, он екі мүшесі сау азаматтармен қатар журналистикада еңбек етіп жатқанымның арқасында азды-көпті еңбегім облыс басшылығы тарапынан əркез бағаланып келеді. Жамбыл облысы.


8

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

 Жұмыр Жер Өткен жылдың соңына қарай көрші Қытай еліне, оның Шыңжаң өлкесіне, Үрімжі һəм Құлжа сынды шаһарларына, одан əрі Бейжіңнің өзіне жол түсіп, көптен-көп ғибратты əсерлерге жырғап оралғанбыз. Əлбетте, сөз басында бұл ілкімді сапарды еуразиялық БАҚ өкілдері үшін ҚХР Мемлекеттік кеңесі баспасөз кеңсесінің басшылығымен ШыңжаңҰйғыр автономиялы районы үкіметінің баспасөз кеңсесі ұйымдастырып атқарып шыққанын айту лəзім. Бір апталық семинарда Пəкістан, Түркия, Үндістан, Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Өзбекстан жəне Ресей елдерінің жиырмаға жуық журналисі аспан астын жайлаған алып көршіміз жайында біраз жайларға қанықтық. Бір байқағанымыз, мүдделі тарап та əлемнің Қытай жайлы неғұрлым көбірек біле түсуін, болмыс-сипатын іштен үңіліп тани түсуін бар пейілдерімен қалайтын сыңайлы. Сағаттап санамызға құйып татымды дəрістерін де тыңдатты, талай-талай тамаша көрнекті жерлерін, өркенді өндірістерін де көрсетті. Иə, əсіресе, қазақ үшін Қытайдың бүгінгі бақуатты байтақ аймағы – Шыңжаң бөтен емес, бауыр, таңсық емес, таныс. 1,5 миллионға жетеғабыл қандасымыздың ата мекені, баба топырағы. Қазақтар негізінен Іле Қазақ авто номиялы облысында, Баркөлде, Тарбағатайда, Морыда, Алтайда өмір кешуде. Шыңжаң десе, Шоқан ның жұмбақ сырлы Қашғар, Құлжа сапарлары, атақты Жетішəр хикаялары ойда тұрары да хақ. Шыңжаң тарихта «Шығыс Түркістан» деп те таңбаланып қалған, Қашғар жағы «Кіші Бұхара» деп те аталған. Өткен қарашада ту тіккеніне 70 жыл болған Шығыс Түркістан республикасының намысты алауы да шежіре бетінен өшпес. Ол – бүгінгі Шыңжаңның кешегі тарихы. Əлбетте, біздің Шығысымыз қытай үшін Батыс. Қытайлар бұл аймақты көне замандарда-ақ Батыс өлке, яғни Сиюй немесе Синьцзянь деп атаған көрінеді. Жылнамаларда «Батыс жерлерінің 36 мемлекеті» деп көрсетіледі. Ол «мемлекеттердің» шын мəніндегі саны 50-ден асып жығылған. Бұлардың бəрі көшпенділердің мемлекеттері болған. Солардың ішіндегі ең белгілісі əрі белдісі – Үйсін мемлекеті. Олар жер емшегін емген, бірақ аңшылықты алда ұстаған. Іле өзенінің бойындағы бұл үйсіндер 180 мың садақшы шығара алыпты. Шамамен біздің дəуірімізге дейінгі жəне кейінгі ғасырлардың тоқайласқан тұсы болса керек. Осы уақыттарда көршілес қос халық өміріндегі аса жарқын дипломатиялық оқиға орын алып, Хань əулетінің Си Цзюнь жəне Цзе Ю атты екі ханшайымы Үйсін мемлекетінің əміршілеріне күйеуге ұза ты ла ды. Қытай деректерінде дəріптелген, қазақ-қытай арасындағы құдандалы жекжаттық қатынастың, Шыңжаң тарихының бір үзік сырсипаты осындай. Біздің дəуірімізге дейінгі 138 жылы Хань əулетінің императоры Батыстағы уəлаяттарға Чжан Сянь деген барлаушысын жібереді. Осыдан кейін Батыс пен Шығыс арасындағы барыс-келіс, алыс-беріс жандана түседі. Қытайдан Парсы мен Римге таулар мен шөлдерден асып, жібек пен басқа да бұйымдар тасыған түйелі керуендер легі толассыз ағыла бастайды. Батыс пен Шығысты, сондай-ақ, Азия, Африка, Еуропа сынды құрлықтарды жалғастырған осынау көне жол «Жібек жолы» атауымен əлемге танылды, өркениет тегершігіне айналды. Шыңжаң ежелгі Жібек жолының орталық өзегінде жатты, ал оның қазіргі бас қаласы Үрімжі ол замандарда осы күретамыр бойындағы басты сауда бекеттерінің бірі болды. Реті келіп тұрғанда айта кетелік, «Үрімжі» ұйғыр-түркі тілінде «тоқушы, өрімші» деген мағынаны білдіреді. Өрімші-Үрімші-Үрімжі. Қазақ тілінде, қазақ ұғымында да дəл осы табиғи қалпында қалтқысыз қабылданады. Ертеде Жібек жолы бойындағы бекет-шаһарда адамдар жас шыбықтардан себеттер мен басқа да заттарды өріп жасап, сатуға шығарған. Сөйтіп, Үрімжіде өрімшілер көбірек шоғырланған. Ғасырлар қойнауынан бас көтерген қала атауы да осылай ызылып қалыптанған. Қазіргі Үрімжі – Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районының астанасы, аймақтың саяси, экономикалық жəне мəдени орталығы. Шаһар ТяньШань таулы жотасының теріскей беткейінде жатыр. Əлемдегі мұхит жағалауынан ең алыс (2250 км) орналасқан ірі қала болып табылады. Сондай-ақ, Азияның географиялық кіндігін нұсқаған бірегей ескерткіш Үрімжінің күнгейінде 30 шақырым жерде тұрғанын білу де оқырманға қызықсыз болмас. Сонымен, өткен тарихқа қайта зер салсақ, Шыңжаңда біраз замандар бойы ғұндар да, түркілер де үстемдік еткен. Ұйғыр қағанаты

Їрімжі їлгілері Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

да орнаған, Қара хандар да билік жүргізген. Шыңғыс хан дəуірі өз алдына. Ешкімге дес бермей дəуірлеген жоңғарлар да жойылып тынды. Бір нəрсе анық, осынау ұзақ-сонар екі мың жылдың өн бойында Шыңжаңдағы қытай ықпалы бірде күшейіп, бірде бəсеңдесе де, сүйегін үзбей жалғаса берген. Соған қарап пайымдағанда, нақ бүгінгі көркейген заманауи Шыңжаңды қай істі болсын жеріне жетізбей тынбас қытайлық қайтпас қажыр мен тегеурінді табандылықтың мəуелі жемісіне барлауымыз орынды болар. Ұлы Жібек жолының жұлынжотасында жатуы Шыңжаңның басты сипатын, барша бітімболмысын айқындағандай. Хуанхэ атырабындағы қытайлық, сондай-ақ үнділік, парсылық, гректік ежелгі өркениеттер осы арада тоқайласты. Төрт өркениеттің тоғысқан жері десе, дегендей. Бұған Еуразияның апай төсіндегі далалық көне өркениетті жəне қосыңыз. Шыңжаңды сөйтіп əлемдік басты-басты ежелгі өркениет тер мүсіндепті, батыс пен шығыстың мəдениеті осы арада бас қосып үйлесіпті. Енді мұнда будда, мұсылман, христиан, католик, православие, дао жəне басқа діндер бейбіт қатар өмір сүруде. Сол себептен де Шыңжаң – көпұлтты, мəдени əлеуеті аса зор өлке. Алып Қытайдың алтыдан бірін алып жатқан, елдің үш Франциямен барабар ең ірі провинциясында жалпы саны 22 миллионнан астам 55 ұлт мекендейді. Біздің қазағымыз осының 8 пайыздайын құрайды екен. Солардың ішінде 13і, атап айтқанда, ұйғыр, хань, қазақ, хуэй, моңғол, моңғол-чахар, қырғыз, цзиминь, мəнжу, тəжік, өзбек, даур, татар жəне орыс өлкенің байырғы халықтары болып есептеледі. Тағдыр табыстырған олар өңірді гүлдендіріп, өзгеше өркениет жасауда. Біздің дəріскерлеріміздің айтуынша, дəл қазіргі уақытта Шыңжаң экономика мен қоғам дамуының алтын дəуренін бастан кешіруде. Əсіресе, соңғы 10-15 жыл аясында бұрын кенжелеп қалған осынау шеткері ұлан-ғайыр аймақты өндірісі мен өмірі əлемдік деңгейде өрлеген ішкі Қытаймен теңестіру саясаты үдере жүргізіліп жатқаны айдан анық. Оның үстіне, 1996 жылдан бері Орталық үкіметтің «Шыңжаңды қолдау» жобасы бойынша қаржылай да, кадрдай да жəне басқа жан-жақты көмек күні бүгінге дейін үзбей беріліп келеді. Ал Шыңжаң үкіметі соңғы бес жыл қатарынан «халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту» шарасын іске асыруда. Иə, орасан зор табиғи һəм əлеуметтік əлеуеттерге ие осынау уəлаятты дамытпау күнə болар еді. Шыңжаңның əралуан пайдалы қазбалар қорларының молдығына кім де болса қызыққандай. Елдің жалпы қорымен салыстырғанда өлкедегі мұнай қоры – 30 пайызды, табиғи газ – 34 пайызды, көмір қоры 40 пайызды құрайды. Сонымен бірге, жел мен күн қуатын пайдалану орайында Шыңжаң бүкіл ел бойынша көш бастауда. Ең ғажабы, Қытайдың маңызды энергетикалық базасы бола отырып Шыңжаң өзінің осы орайдағы артықшылықтарын мұнай мен газды өндіру, өңдеу жəне резервте сақтау жөніндегі ірі базаны, алып көмір-электрлі химиялық өнеркəсіп базасын, орасан зор жел-электр базасын жəне елдің энергетикалық ресурстарын тасымалдау арнасын салуды неғұрлым жеделдету жолына жұмсауда. Иə, «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуінде» Шыңжаңның бейнебір Батысқа ашылған емен-жарқын көңіл қақпасы сияқты орталық аудандардың бірі болуға үміткерлігін құптамау да қиын-ау. Осы арада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылдың 7 мамырында Астанадағы Назарбаев Университетте сөз сөйлеп, жаңағы айтқан «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құру жөнінде бастама көтергені еске түседі. Құлжа жағынан келіп Қорғас Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында болғанымызда осы бір жан-жақты ашықтық сипат, қарым-қатынастың қолайлы мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылу жар салғандай жалаулап тұрғанын да аңғармай қала алмағанбыз. Еске

сала кетсек, Қорғас орталығы 2004 жылы құрылып, оны құру туралы келісімге Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытайдың сол кездегі Төрағасы Ху Цзиньтао қол қойған болатын. Осынау халықаралық шекаралық орталық Шанхай Ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі экономикалық ынтымақ-бірліктің үлгісі ретінде бой көтерді. Жалпы алаңы 5,28 шаршы шақырым. Соның 1,85 шаршы шақырымы Қазақстан тарабына тиесілі. Орталықты салу барысында бүгінге дейін 22 жоба іске асырылыпты. Көздеген мақсатқа қазірдің өзінде қол жетті деуге болатындай. Орталықта көп қабатты көптеген ғимараттар, дүкендер желісі салынып тасталыпты. Əлемдік қымбат тері тондар дүкені де осы арада. Тұрақты түрде тауарлар көрмесі ұйымдастырылып тұрады. Келіссөз жүргізу орынжайлары да сақадайсай. Осы жағдай Қазақстан мен Қытай кəсіпкерлерінің елдің шалғай ішкерісіне бармай-ақ, айталық, алыс-беріс, тауар əкелу жөнінде уағдаласып, бар шаруаны шекаралық аймақта бітіруге мүмкіндік беруде. Ал Шыңжаңның өзінің əлеуметтік-экономикалық дамуы жедел арнаға түскен. Əне-міне Ланьчжоу – Үрімжі шапшаң темір жолындағы қозғалыс іске қосылмақ. 2016 жылы Үрімжі метросының бірінші кезегі пайдалануға берілмек. Үрімжіде торкөзді жолдар мен шапшаң автобус маршруттарының ашылуы да қазірде 3,5 миллионнан еркін асқан қала тұрғындарына жайлылық сыйламақ. Еуразиялық қатынас көпірінің маңызды тармағы ретінде Үрімжі Қытайға Батыспен ынтымақтастықтың кең көкжиектерін ашып беріп отыр, сондай-ақ, экономикалық һəм мəдени алмасудың айқарулы терезесі де бола білуде. Осы жайлы таратыңқырап айтсақ, «Алыс туыстан жақын көрші артық» деген қытай мəтелінің мəнін ұғар едік. Шыңжаңдықтар өздерін көршілерге көрсетуді, өздері де көршілерге жиі барып тұруды ұнатады. 2008 жылдан бері Шыңжаң үкіметі Үрімжіде үш Халықаралық ұлттық билер фестивалін, төрт мəрте «Қытай-Еуразия» ЭКСПО көрмесін, «Қытай-Еуразия» БАҚ форумын, 2014 жылдың маусымында Жібек жолының экономикалық белдеуінің мүмкіндіктерін талқылаған халықаралық конференция, сондай-ақ көршілес елдердің бірсыпырасында Қытайдың шыңжаңдық мəдениетінің апталығын өткізген. Өзгелер жайында білудің, өзің жайлы білгізудің көп игілігін алып көршіміз көріп те отыр. Айталық, 2013 жылы өткен үшінші «ЭКСПО Қытай-Еуразия» көрмесі кезінде үрімжілік өнеркəсіп корпорациялары экономикалық жəне техникалық ынтымақтастық орайындағы 100-ден астам жобаның тұсауын кескен, бұған қоса, сомасы шамамен 150 миллиард юань болатын сыртқы сауда келісімшарттарына қол қойыпты. Бұл осының алдындағы «ЭКСПО» көрмесінде жасасылған келісімшарттар сомасынан 31,31 пайыз артық екен. Олай болса, 2013 жылы өлкенің бас қаласы Үрімжінің өзінің де ішкі жалпы өнімі 240 миллиард юаньды құрап, жылдық өсім 16,5 пайызға жеткеніне таңғалуға болмас. Əрине, құлақпен есту бір басқа да, көзбен көрудің жөні бір бөлек. «Жақсыны көрмек үшін» демекші, Шыңжаң ғажаптарының небір озық үлгілерін Үрімжі ішінен, төңірегінен тамсана, таңдай қаға көргенімізді еске алудың өзі бір ғанибет. Көргеніміздің əсері естігенімізден əлдеқайда асып

түсіп жатты. Біз Үрімжідегі орталық кеңсежай-ғимаратын баушарбағымен қоса аралап танысқан Иема корпорациясы Қытайдың аса қуатты 100 кəсіпорнының қатарына кіреді екен. 20 жылдық тарихы бар ҮEМA GROUP CO. LTD айналыспайтын нəрсе жоқ сияқты. Халықаралық сауда, валюта айырбасы, банк қызметі, жер иелігі, қонақ үй бизнесі, халықаралық тасымал, мəдени индустрия, саябақ, туризм жəне басқа қызмет түрлері. Бүгінгі таңда корпорация бірқатар ірі зауыттардың өнімдерін сату құқығын еншілеп, Орталық Азиядағы экспорттың бас дилеріне айналған. Сондай-ақ ол əртүрлі ірі жобаларды жүзеге асыру кезінде қаржылық қолдау көрсету, жабдықтарды əкеліп құрастырып беру, қызметкерлерді оқыту мүмкіндігіне ие. Өзінен алынған техника мен құрал-жабдықтарға кепілдік береді. Корпорация Орталық Азияда тамаша əріптестік қатынастар орнатқан, Қазақстанда, Өзбекстан мен Ресейде өз филиалдары мен өкілдік терін ашқан көрінеді. Алматыда ілкімді сауда желісін құрыпты. Дүниежүзіне танымал осындай атақты корпорацияның басшысы Чен Жи Фенг мырза көңілді де көпшіл адам болып шықты. Бізбен еменжарқын əңгімелесті. Журналистер тобының алдына қарай тұрған маған қарап: «Сіз қазақ емессіз бе, қазақтарды жақсы көремін» деп бір көтеріп тастады. Алуан салалы əйгілі компаниясы өз алдына, бізді Чен Жи мырзаның қара басы көбірек қызықтырып, əрі таңырқатқанын несін жасырайық. Бұл адам табиғатты, хайуанаттарды, өнерді сүйетін қиялшыл романтик көрінеді. Кеңсежай ғимаратының төменгі қабатындағы бірнеше үлкен залды көркем сурет жəне фото-галереясы алып жатыр. Неше түрлі сұлу арғымақ, сым батты сəйгүліктер. Шыңжаңды мекендейтін аз ұлттар өкілдерінің экзотикалық портреттері. Қилы бейнелі, қияпат кескінді кейуаналар. Тосын табиғат. Осылардың көбі əуелі фотоға түсіріліп, кейін кəсіби қылқалам шеберлеріне арнайы тапсырыспен қыруар ақша төленіп сурет етіп салдырылған. Соның əрбірінің алдында қызыға əсерленіп көбірек тұрыңқырадық. Чен Жи мырза ана бір жылы ТяньШаньның тау-құзды қияларында табиғат тамашаларын суретке түсіріп жүргенінде тікұшақтың есігінен құлап кетіп, оңбай мертігіп те қалған. Бірақ сұлулық пен өнер құдіретіне деген құштарлық жан дүниесін жаулап алғаны соншалық, оны еш қиындық, қырсық-қатер де мойыта алмаған. Чен Жидің хоббилері сурет галереясымен шектелмейді. Ат шаптырым аумақты алып жатқан бау-шарбақты аралағанда осыған жетті көзіміз. Ат қораларда, орамшарбақтарда құлан тектес жабайы жылқылар, ергежейлі америкалық жылқы, түрікменнің ақалтекесі ондап, жүздеп бағылуда. Атбегілер жас қазақ жігіттері екен. Екінші рет құлындағалы тұрған ақалтеке биелері у-шудан аулақ, күтім-бабы келіскен бөлек қораға қойылыпты. Атқоралардан аттап ұзамай жатып осы бау-шарбақтағы тағы бір ғаламат ғажапқа жолықтық. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, тас ағаштар орманына кірдік те кеттік. Кəдімгі тасқа айналған ағаштар. Жуандығын қаусыруға екі адамның құшағы еркін жете қоймас. Қадау-қадау орнаған, қарақұрым тоғай дерлік. Ғажабына жақсылап қанығу үшін жарты күн асықпай аралап көру керек сияқты. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деп Абай хакім айтқанындай,

ұзынынан сұлап жатқандары да бірсыпыра. Бұл тас ағаштар динозаврлармен жасты деседі. Жер бетінде жасағанына екі миллион жылдан асқан деген болжамдар да бар екен. Тағы бір тас ағаштың тұсынан «3200 жыл жасаған» деген жазуды көзіміз шалды. Қалай болғанда да, құпиялы құдірет қайран қалдырғандай. Бұлар аспан астындағы тасқа айналған ағаштар мұражайын жасау үшін арнайы алыстағы теріскей Жоңғариядан (Гучун уезі) жеткізілген көрінеді. Бұған кететін қайрат-қажырды, жұмсалатын қаржыны көзге елестетіп шамалаңыз. Не деген жанкештілік десеңізші! Ал осы еріккеннің ермегі ме? Жоқ, олай емес. Адамзат мəдениетінің асыл қазыналары осындай жанкештілікпен қалыптасып құралатындығының бір мысалына баладық бұл жайды. Шыңжаңдағы бес мыңдық татар диаспорасының өкілі, қазақ, қытай, орыс тілдерінің үшеуіне бірдей ағып тұрған тілмəшіміз Елдан Асхатұлы ағамыз айтқан: «Бай мен кедейдің парқы қалтасындағы ақшасында ма, жоқ, əлде, басындағы ақылында ма?» деген тəмсілінен де бір терең сыр түйсінгендейміз. Тасқа айналған ағаштардың көне түркі тілінде «тоғырақ» делінетіні де осы сырдың ішінде. Мың жыл өмір сүріп, одан соң өлуі мың жылға созылатын, содан кейін тағы мың жыл бойы жойылатын өзгеше жойқын ағаштың суретін де осы жолы көрдік. Евфрат көктерегі дейді білетіндер. Ал менің ойымнан тоғырақ кетер емес. Байлығын басқаға шашпай, тоғырақтарды сақтап, өркениет сөресіне іліндірген Чен Жи Фенг мырзаға рахмет. Шыңжаң кереметтерін жасаушылардың алғы шебінде Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы (ШӨҚК) келе жатыр десек, айна-қатесіз солай. Бұл құрылыммен Үрімжі төңірегіндегі Шихецзы қаласындағы Тың игеру музейінде таныстық. Қазірде 60 жылдан асқан тарихы бар ол тыңды əскер игерген, полковниктер басшылық жасаған. Əрине, бұл да бір қияпат тарих, қилы заман болғандығын ішіміз сезеді. 1954 жылдан бастап мақта еккен. Жадау тірлік. Жарты лашық. Ескі үйлер. Мынау Қытайдың сол кездегі жүк мəшинесі. Мына радиоқабылдағыш Сталиннің жіберген сыйлығы көрінеді. Біртіндеп ішкеріден келіп халық өскен, заманауи қалалар бой көтерген, озық өндіріс өркендеген. Былай қарасаң, бүгінгі ШӨҚК мемлекет ішіндегі мемлекет пе дерсіз. Қытай иероглифі сияқты, қытайлық басқарудың қыр-сырларын тану да қиын ба деп қалдық. Себебі, ШӨҚК – саяси, экономикалық һəм əлеуметтік ұйым болып шықты. Ішкі əкімшілік жəне сот істерін де заң шеңберінде өздері жүргізеді. Сонымен бірге өнеркəсіп, көлік, сауда, құрылыс, түрлі қызметтер ауқымын ғана емес, білім, мəдениет, денсаулық сақтау жəне спорт салаларын да қамтиды. Атап айтар болсақ, жер аумағы 74300 шаршы шақырым, осының ішінде 1 миллион гектардан астамы егістік жерлер. Бір қызығы, ШӨҚК құрамында облыстар мен қалалар бар. 14 округ пен 69 уезге таралған. Халқының саны 2,8 миллион шамасында. Корпустың құзырына 14 дивизия, 174 ферма мен мал өсіруші шаруашылықтар, 1358 корпоративтік кəсіпорындар мен əр саланың мемлекеттік мекемелері, 13 холдингілік компания, 6 жоғары оқу орны, 17 ғылыми-зерттеу мекемесі, технологиялқ даму жəне ауыл шаруашылығын дамыту аймақтары қарайды. Осындай ауқымды ШӨҚК өз бетінше əлемнің 70-тен

астам елдерімен ілкімді сауда-экономикалық байланыстар орнатқан. 2013 жылы ІЖӨ-і 148 миллиард юаньді құраған. Сыртқы сауда көлемі 11,59 миллиард доллар болған. Екі көрсеткіш те алдыңғы жылғыдан айтарлықтай артық. Мұның сыртында ШӨҚК өнеркəсіп қалдықтарын өңдеуге мамандандырылған ондаған құрылымдарды өмірге келтірген. Қытайлық даму қисындарының құрық бойламас қатпарлы қатқабаттығына қайран қалмасқа болмас. Соның бір парасы жоқтан бар жасауға, бардың өзін барынша ұқсатуға саяды. Былай қарағанда, зая кеткенді желге ұшқанға балайтын қазақпыз. «Ұшарыңды жел білер», деп басқадан болса да, əйтеуір желден үміт етпейміз. Ал сол желден де жөргем ілетін, күннің жарығы мен жылуынан энергетикалық қуат өндіретін қытайлық инновация құнттылығына кім де болса қызыққандай. Олар Шыңжаңның жел-энергетикалық ресурстарының жиынтық қорының қуаты 872 млн.квт деп шотқа салып санап та қойған. Қай алапта, қай қойнауда қандай алапат жел соғады – бəрі есепте. Желге бай аймақтар жіпке тізілген. Соңғы бірнеше жылда ғана Шыңжаңда 21 жел электр стансасы салынған. Сөйтіп, жел энергетикасы жедел дамытылып, қуаттылығы өсе түскен. Осынау жел энергиясы ұлттық торап арқылы Қытайдың ішкі провинцияларына тасымалданып, өндіріс пен өнеркəсіптің дамуына септігін тигізуде. Осы арада айта кетерлік жағдай, энергия тасыма лы ның желілерін тарту ісі де тиянақталып, жолға қойылған сыңайлы. Көмірдің өзі де əуелі электр энергиясына айналдырылып, Тянь-Шань таулары арқылы əуе жолымен елдің ішкі аудандарына асырылып, оның игілігін жүздеген мың отбасылар, өнеркəсіп орындары көруде. Желдің жойқын алапаты, күннің жылу-жарығының ғаламаты бүгінгі Шыңжаңда байлап-маталған, технологиясы табылған, өндіріс пен тұрмыстың өзегін нəрлендіріп от салып тұрған, түк те таңғалатыны жоқ күнделікті электр қуаты. Энергетика мəселесін кешенді кең ауқымда шешетін ТВЕА компаниясында болғанымызда осындай ойпайымдарға шомдық. Бұл компания электр энергиясын өндіретін жəне тасымалдайтын, жаңа энергия көздерін жасақтайтын жоғары сұрыпты аппаратуралар, кабельдер, трансформаторлар, күн сəулесінің батареяларын, электронды алюминий жаңа материалдарын, құрал-жабдық, атом электр стансаларының реакторларын, аса жоғары кернеулі ток генераторларын жасайды, көптеген шетелдерде жел жəне күн энергиясының нысандарын салып беруде. Бұл қызметті Тəжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Пəкістан жəне басқа елдермен қатар, біздің Қазақстан да пайдаланған. Əсіресе, күн батареяларына, жел электр стансаларына қызығушылық жоғары. Сөйтіп, компания əлемдік энергетика саласында, таза жасыл энергияға өріс ашу орайында алғы шепте келеді екен. Өзінің жобалау ғылыми-зерттеу институты, инженерлік бөлімшелері, тіпті, жеке иелігіндегі көмір кеніші де бар. Мұнда тізбекті, қалдықсыз өндіріс игерілуде. Көмір, электр, кварц, поликристалды кремний, фотовольтажды күн электр стансасы – осының бəрі жаңа энергияның кешенді шешімінің құрамдас бөліктеріне һəм əлбетте, үйренерлік үрдіске жатады. Арнайы экспонаттар залында Үрімжі экономикалық-техникалық даму аймағы дейтін бір өзгеше халық шаруашылығы құрылымымен таныстырды. Бұл аймаққа да ұлан-ғайыр жерлер қарайды. Қалалық əкімдік тарапынан басқарылады. Озық технология қолданылып, үлкен инвестициялар тартылып өркендеп жатқан үлгілі экономикалық аудан екен. Барлық саламен кешенді түрде айналысады. Аса ірі компаниялар жұмыс істейді. Зауыт-фабрикалар ашылуда. Автомобильдер, түрлі құралжабдықтар, мебель, медициналық аспаптарға дейін шығарады. Өндірістің алуан түрі өркендеген. Бұлардың өнімдерін біздің Қазақстан да сатып алып жатыр. Өздерінің мектептері, вокзалдары əуежайлары бар. Жоғары жылдамдықтағы пойыздарды жүргізеді. Ауыл шаруашылығын қоса дамытуда. Ішпек, жемек тамақтың да

алуан түрін өндіреді. Айналыспайтын нəрсесі жоқ. Мысалы, мына «Тянье» деген корпорациясын алып қарайық. Химиялық-технологиялық зауыты бар. Полимерлік өнімдер өндіруде жетекші орынға ие. Фитингтер мен гидрожабдықтар, поливинилхлоридті құбырлар, ауыл шаруашылығында пайдаланатын пленкалар, каустикалық сода, цемент жəне басқа химиялық өнімдер, сондай-ақ оған қоса тамақ өнімдерін шығарады. «Тянье» деп аталатын томат пастасы мен лимон қышқылы елде де, шетте де танымал. Енді мына ғажапқа қараңыз. Мұнымен де қоймай компания кен қазумен, құрылыспен, жылжымайтын мүлік саласындағы коммерциямен шұғылданады. Өз өндірісін жəне азаматтық нысандарды қамтамасыз ететін өз электр стансасын салып алған. Корпорацияның жалпы активтері миллиардтаған АҚШ долларымен саналады. Құрамындағы барлық кəсіпорындар ISO жүйесі бойынша сертификатталған. Компания тек Шыңжаң провинциясының жергілікті материалдарын пайдалану стратегиясын мұрат тұтады. Айталық, көмір, тұз, ізбес, т.б. Айналмалы, циркуляциялық экономика негізінде көмір жəне электрмен жабдықтау индустриясының интеграциясы дамытылуда. Сөйтіп, көп шикізат шығынына, қоршаған ортаның ластануына жол беретін ацетилендік əдістегі бұрынғы дəстүрлі технология түбірінен өзгертілуде. Бұл да бүгінгі қытайлық даму сипаты мен үрдісін танытатын Үрімжі үлгісі дер едік. Нақ осы тайпалған жорға жүрісті үрдісті SANY солтүстік-батыс ауыр өнеркəсіп паркінде болғанымызда да байқадық. Бұл корпорация ауыр техника шығару жөнінде əлемде 5-ші орынды еншілейді. Ал штабпəтері өздерінің бұрынғы президенті Мао Цзе Дун туған Хуна провинциясында орналасқанын мақтан тұтады. Компания зауыттары негізінен бетондық құрал-жабдықтар, автомобиль крандары мен экскаваторлар жəне басқаларын шығарады. Неше түрлі жол техникалары, өздігінен жүретін крандар, роторлы бұрғылау қондырғылары, шынжыртабанды крандар, айлақ техникасы, контейнер көтеріп салғышы, бетонды-насос техникасы – бəрі де өндіріске, өмірге қажет. Осының ішінде автомиксерлер əлемдік нарықта əсіресе белгілі, өзіміздің де көзімізге оттай ұшырап тұр. Бұл техникалар негізінен Орталық Азия рыногына жол тартуда. Ондағы əр елде корпорацияның еншілес компаниялары құрылған. Алматыда да 2005 жылдан бері өкілдігі жұмыс істейді. Астанада 2013 жылы Агенттігі ашылыпты. Атырауда, Шымкентте делдалдық етуші дилерлер қызметін пайдалануда. Тапсырыс Қазақстанның барлық өңірлерінен түсіп жататын көрінеді. Кешке қонақүйдегі теледидардан қазақ тілінде Үрімжі жаңалықтарын тыңдадық. Ертеңіне «Тяньшань» сайтына барғанда осында тілші болып қызмет атқарып жатқан Жанат Толқынұлы деген інімізбен таныстық. Өздері «Тəңіртау» торабы деп атайды екен. «Тяньшаньнет» жетекші сайты қытай, ұйғыр, ағылшын, қазақ, орыс жəне түрік, яғни алты тілде жұмыс істейді. Сайтқа күн сайын 6 миллионнан астам адам кіретін көрінеді. Тораптық меншік құқығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы райондық үкіметтің кеңсесіне тəн. Жанаттың айтуынша, қазақ бөлімінің жұмысын 5 адам, яғни, 4 тілші, 1 техник жүргізуде. Шыңжаң университетінің қазақ филологиясы оқытушыларымен бірлесіп латын алфавитіне көшуге дайындық жасауда. Бір қуанарлық жаңалықтары, 2012 жылы Қазақстанның «Қазақпарат» агенттігімен тоқтамға тұрыпты. Яғни, бір-бірінің материалдарын алмаса пайдаланып отырады. Осындай екіжақты мəдени алмасу жөнінде Қазақстанның бас газеті «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясымен де келісім-тоқтамға отырсақ жақсы болар еді, дейді Жанат Толқынұлы. Бұл жігіттер жақында «Жунго» атты қазақ ғаламтор теледидарын құрып шығыпты. Мұнда кириллица, араб əліпбиі мен латыншаны сəйкестендіріпті. Осы ғимаратта қазақ тілінде шығатын «Көрші» деген журналдың редакциясы орналасқан екен. Оған да мойын бұрдық. Жауапты редактор Жаңагүл Қадайқызы қарын да сымызбен танысудың да сəті осы арада түсті. Көрікті безендірілген көп-көрім келісті журнал Қазақстанда таратуға жəне Орталық Азия бағытындағы халықаралық ұшақтарда оқуға арналған екен. Журналдың Қазақстан тарабынан ақыл қосатын редакторлары да бар. Соңғы кезге дейін қазақстандық бас редакторы Мұрат Əуезов болып келіпті. Одан бұрынғы ақылдастар алқасынан заңғар жазушымыз Мұхтар Мағауин есімін көзіміз шалды. «Көрші» қазақ ішінде кімнен жөнжоба сұрауды біліп-ақ тұр. Көркіне мазмұны сай журналдың мұқабасына: «Есік ашып, ынтымақтастық орнатып, Жібек жолы» экономикалық белдеуін бірге құрайық» деген сөздер көрнекті етіп беріліпті. Қандай жақсы ниет! Осы арада қазақ болмысы, қазақ тілі, қазақ ұрпағы да қатардан қалмай Үрімжі үлгілеріне үлес қосып жүруі де қандай ғанибет. АЛМАТЫ – ҮРІМЖІ – БЕЙЖІҢ – АСТАНА – АЛМАТЫ.


 Өнеге Қазақтың көрнекті ғалымы, механика ғылымының ірі өкілі, еліміздегі геомеханика ілімінің негізін қалаушылардың бірі, жерасты, көлік жəне арнайы құрылыстар механикасы бойынша қазақстандық мектептердің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Шмидт Айталиевтің туғанына биыл 80 жыл.

элементтерінің сейсмикалық əсерлерге қалдық төзімділігін бағалау мəселесі де осы зертхананың маңызды зерттеу тақырыптарының біріне айналды. «Метро құрылысы экономикалық жағынан тиімсіз көрінеді», «Жер сілкінісі бола қалса, қиын екен» деген сияқты түрлі алып-қашпа сөздер пайда болғанда Алматы метросы құрылысының қала тұрғындары үшін тиімді екенін, метро салу арқылы қаладағы экологиялық жағдайды жақсартып, көлік «тығынын» азайтуға болатынын, ал оның сейсмикалық жағынан жер бетінде орналасқан ғимараттармен салыстырғанда əлдеқайда қауіпсіз екендігін де жанжақты талдап, ашып көрсеткен осы академик Ш.Айталиев еді.

Єылымєа телінген єўмыр

Ш.Айталиев 1935 жылы қаңтар айының 28-інде Орал қаласында дүниеге келген. Əкесі Мұса Айталыұлы өз заманының ойы озық, ортақ іске белсенді зиялысы болып, көп жыл партия қызметінде жауапты орындарда істеген екен. 1943 жылы Дондағы Ростов қаласының түбіндегі Злодейская стансасы үшін болған соғыста ерлікпен қаза табады. Айта берсе ол да өз алдына жеке бір əңгіме. Ал бүгінгі əңгімеге қатыстысы мынау. Қазақ ырымшыл халық қой. Біз жылдар бойы жүрек түбінде жүрген асыл арманымызды ел ішінде көнеден келе жатқан жол бойынша бір жақсы нəрселерге ырымдап, ұштастырып жатамыз. 1935 жылы Мұса отбасында дүниеге тұңғыш ұл бала келгенде əкесі мен анасы Күлдірайхан қатты қуанады. Сол уақытта белгілі кеңес ғалымы, математика жəне геофизика саласының көрнекті маманы, Арктика зерттеушісі, көптеген ғылыми экспедициялардың ұйым дастырушысы, əрі жетек шісі, Кеңес Одағы Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Отто Юльевич Шмидттің атағы жер жарып, есімі қазақ даласына да жетіп, ауыздан түспей тұрған кез екен. Сол күндері газеттер де, радио да тек О.Ю.Шмидт туралы жазып, айтып жатады. Бұрынсоңды ата-баба жолымен ырымдап, дүние есігін жаңа ашқан тұла бойы тұңғыштарына Мұса ағамыз халқына білімі мен ғылымының пайдасы молынан тиер академик болсын деген асқар таудай арманмен Шмидт деп ат қояды... Ш.Айталиев 1952 жылы Жəнібек қазақ орта мектебін алтын медальмен бітіріп, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті физикаматематика факультетінің сол жылы жаңадан ашылған механика бөліміне оқуға түседі. Университетте оқып жүріп, өз мамандықтарының шеберлері саналатын ұлағатты ұстаздарынан терең кəсіби білімге қоса тамырлы тəлімтəрбие алады. Бұл жылдары басқа замандастары сияқты Шмидт Мұсаұлы да жұпыны киініп, жұтаң тамақтанып жүргенімен, білім мен ғылымға деген ынтасы мен құштарлығы таусылмастай зор еді. Механиканың күрделі тəжірибелік тəсілдерін Новосібір қаласындағы авиация зауытында өткізген тəжірибе барысында меңгерді. Сол зауытта жүріп болашақ дипломдық жұмысына қажетті құнды материалдар жинады. 1957 жылы есімдері əлемге əйгілі ғалымдар – орыс авиациясының атасы атанған Н.Е.Жуковский мен оның шəкірті, газ динамикасының негізін салушы С.А.Чаплыгиннің артқы жиектері дөңгеленген авиациялық қималарына (профильдеріне) арналған дипломдық жұмысын сəтті қорғап, университетті үздік бітіріп шығады. Жас мамандарды бөлу комиссиясы Ш.Айталиевті Қаз КСР ҒА-да кіші ғылыми қызметкерлікке сай деп тауып, жолдама береді. Бірақ сол кездегі патриоттық түсініктер жүрегінде нық орныққан жас жігіт өзі оқыған мектепке мұғалім болып барып, аймақтың өсіп-өркендеуіне септігін тигізбек ниетпен Ағарту министрлігіне өтініш білдіреді. Министрліктегілер оған «механика» мамандығы бойынша жоғары білімі бар жас адамның ғылыммен айналысқаны жөн болатындығын, тіпті, көнбесе, жоғары оқу орнына барғандығын дұрыс көретіндіктерін айтады. Алматыда қалмайтындығына көздері əбден жеткеннен кейін, оған А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына (қазіргі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті) жолдама беріп, ондағыларға арнайы телефон шалады. Ш.М.Айталиевтің ауданға кетіп қалмай, қайткенде де бір амалын тауып оны институтқа алып қалуларын қатаң тапсырады. Сөйтіп, Шмидт Мұсаұлы институтқа жұмысқа тұрады. Бір қызығы, өзі туған Почи талинская көшесіндегі үйден пəтер алады. Орал педагогикалық институтының жоғары математика кафедрасында үш жыл ассистент болып

9

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

жұмыс істейді. Студенттерге жоғарғы математиканың барлық пəндерімен қоса, механика бойынша да сабақ береді. Кафедрадағы жа сы үлкен ұстаздар Мəскеу, Самара, Саратов, Киевтің математика мектептерінен шыққандар еді. Барлығы да шетінен өз мамандықтарының хас шеберлері болатын. Осындай ортада үш жыл бойы оқытушылық қызметте болған Ш.Айталиев көп нəрсені үйренеді. Бəрінен де өз бетінше түрлі тақырыптарға қызықты əрі түсінікті дəрістер даярлаудың қыр-сырын меңгергендігінің болашақта пайдасы мол болды. Кейін 1978-1992 жылдары ҚазМҰУ-дің профессоры ретінде дəрістер оқығанда педагогикалық институтта жүріп жиған біліктілігі үлкен көмегін тигізді. Жоғарғы математика мен механикадан сабақ беріп, университетте алған білімін педагогика институтындағы ұстаздық қызметі барысында жақсы шыңдап үлгерген Шмидт Мұсаұлы енді нағыз үлкен ғылыммен шұғылдануға болатындығын іштей сезіне бастайды. Сол себептен ол 1960 жылы өзіне кезінде университетті бітіре салып ұсынылған Қазақ КСР ҒА-ның математика жəне механика секторына кіші ғылыми қызметкер болып, сүйікті қаласы Алматыға қайтып келеді. Сол жылы Қазақ КСР ҒА-ның президенті Қаныш Сəтбаевтың шақыруымен Украинадан дайын докторлық диссертациясымен Жақан Ержанов (кейін Қазақ КСР ҒА академигі) Алматыға оралады. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» дөп келіп, ғылыми мектеп құрмақ ниетпен шəкірт сұрастырған дарынды ғалымға Ш.Айталиев жолығып, еліміздегі жаңа ғылыми бағыт – геомеханика саласы бойынша тұңғыш аспирант атанады. Ш.М.Айталиев ұстазының ғылыми жетекшілік етуімен геомеханиканың күрделі де маңызы зор мəселелерін шешуге арналған кандидаттық диссертациясын 1965 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында, ал 1974 жылы Новосібір қаласында докторлық диссертациясын сəтті қорғап шығады. Геомеханика ғылымының Қазақстанда пайда болып, дамуына ұстазымен бірге Ш.Айталиев та үлкен үлесін қосты. Қазақстанда жерасты, көліктік жəне арнайы құрылыстар механикасы бойынша арнайы мектеп құрды. Бергі жағы бүкіл Қазақстан мен Кеңестер Одағына, арғы жағы əлемнің көптеген елдеріне танылған бұл ғылыми мектептен 18 ғылым докторы мен 51 ғылым кандидаты шықты. Қазақ КСР ҒА-ның Математика жəне механика институтымен 1966 жылы бірге құрылған Ш.М.Айталиев жетекшілік еткен жерасты құрылыстарының сейсмикаға төзімділік теориясы зертханасы бұрынғы Кеңес Одағындағы мамандандырылған үш ірі ғылыми орталықтың бірі болатын. Дəл сол Ш.Айталиев басқаратын ғылыми зертханада болашақ Алматы метросының жобаланған аралық жəне стансалық тоннельдерінің құрылымдары 9-10 баллдық жер сілкінісіне есептелген экспертизалық сынақтан өткізілді. Өйткені, ол кезде мұндай күшті жер сілкінісін есепке алатын нормативтік құжаттар бұрынғы Кеңес Одағы бойынша əлі жасалынбаған еді. Жерасты құрылыстары мен метрополитендер құрылымдарын күрделі инженерлік-геологиялық жəне жоғары сейсмикалық аймақтарда жобалаудың жаңартылған нормалары осы ғылыми зертханада Ш.М.Айталиевтің басшылығымен 1991 жылы жасалып бітті. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдары Алматы ме тросының болашағы туралы түрлі пікірлер айтылды. Одақтың ыдырауы көптеген ғылым жəне құрылыс салаларына үлкен кері əсерін тигізгені белгілі. Ғылымға бөлінген қаражат көлемі күрт қысқарып қалды. Алматыдағы метро құрылысы да тоқтап қалған кездер болды. Бірақ зерт хананың метромен байланысы ешқашан да үзілген жоқ. Ұзақ уақыт құрылыс аяқталмай тұрып қалған метро

Бүгінде Алматы метросы – əлемдегі ең заманауи əрі келбетті метролардың бірі. Əлемдік деңгейдегі көптеген жоғары бағалар мен марапаттарға ие болды. Үдемелі даму жолына түс кен Тəуелсіз Қазақстанның бір мақтанышына айналды. Қазақстан ғылымына қосқан елеулі де маңызды еңбегі үшін ол 1983 жылы Қаз КСР ҒА-ның «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша корреспондентмүшесі, 1994 жылы ҚР ҒА-ның «Механика» мамандығы бойынша толық мүшесі (академигі) болып сайланды. Ал 1995 жылы «Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Араға 59 жыл салып, «ұлым Отто Шмидт сияқты академик болса екен» деген əке арманы орындалып, Айталиев Шмидт академик атанды! Қайта құру жылдары академикке АҚШ-тың Аризона университетіндегі доктор Десаидан (C.S.Desai), Жапониядағы Кобе университетінің профессоры Сакураидан (S.Sakurai), Ресейдегі Ленинград теміржол көлігі инженерлері институты мен КСРО ҒА-ның Солтүстік бөлімінің Чита қаласындағы табиғи ресурстар институтынан бірге жұмыс істеу үшін көшіп келуін өтінген ұсыныстар түсті. Шетелге көшу, əсіресе, АҚШ пен Жа понияға бару материалдық жа ғынан тиімді, көрер көз бен айтар ауызға мəртебелі жəне өзі сүйетін ғылым саласымен нəтижелі шұ ғылдануға үлкен мүмкіндіктер беретін еді. Бірақ, ол ойлана келе Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жа ңадан құ ры лып жатқан Батыс аймақтық бөлімшесін басқару туралы ұсынысын қабылдады. Бұл Қазақстанның жаңадан тəуелсіздік алып, еркіндіктің қанатын қаға бастаған 1992 жыл еді. Академияның ашылып жатқан бөлімшесі Атырау қаласында орналасатын болып шешіліпті. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген туған халқының қанатты сөзін жадында сақтаған Шмитд Мұсаұлы егемендігін енді ғана алған елінің еңсесін көтеріп, мəртебесін биіктетуге өз үлесін осылайша қоспақ болды. Бұл – Ш.М.Айталиев өміріндегі жаңа кезең еді. Ол бүкіл білімі мен қажыр-қайратын аймақтық ғылым салаларын дамытуға жұмсады. 19971999 жылдары ҚР ҰҒА физика-математика бөлімінің академик-хатшысы қызметін атқарды, одан кейін Ө.Жолдасбеков атындағы Механика жəне машинатану институтында зертхана меңгерушісі болды. Академик Ш.М.Айталиев кəсіби ғылымға қоса педагогикалық еңбекпен де шұғылданды. Ол 1978-1992 жылдары Қазақ ұлттық университетінің, ал 2000-2007 жылдары Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясының профессоры қызметінде жемісті еңбек етті. Ол 15 монография, 350-ден аса ғылыми еңбектер жариялады. Олардың бір бөлігі ТМД елдерінде, Германияда, Польшада, Португалияда, Жапонияда, Кореяда, Түркияда, Сингапурда жəне т.б. елдерде жарық көрді. Шмидт Мұсаұлы тек ғалым ғана емес. «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген қазақтың қасиетті теңеу сөзі дəл осы Шмидт Мұсаұлы секілді жан-жақты білімді де өнерлі адамдарға қатысты айтылған сияқты. Өзі домбырамен нақышына келтіре орындайтын «Жайыққа жорық» күйі мен «Көктөбе» сияқты бірнеше əндері бар. Міне, бүкіл саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған Қазақ елінің арқа сүйер асқар таудай азаматы болған ардақты тұлғасы, менің жəне мен сияқты жүздеген ғалымдардың ұстазы болған академиктің өмір жолы мен жарқын бейнесі осындай еді. Бағдат ТЕЛТАЕВ, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Жаны жомарт азамат Осыдан жарты ғасыр бұрын 27 қаңтарда Атырау облысында мұнайшы отбасында дүниеге келген Дамир Мединамов орта мектепті үздік бітірген соң, алғашқы еңбек жолын Мақат аудандық комсомол комитетінде хатшы болып бастады. 19861988 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында жүріп, интернационалдық борышын Ауғанстандағы от пен оқтың арасында атқарған бозбала жігіт Дамир ержүректігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденін алды. Бұрынғы КСРО елдеріне тарайтын əскери газеттерде қазақстандық солдат Дамир туралы мақалалар жарияланып, оның батылдығы мен əскери шеберлігі мадақталды. Ол 1989 жылы сол кездегі Қазақстандағы ең таңдаулы жоғары оқу орны болып саналатын С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің оқытушысы мамандығын алып шығады. Университетті бітірген 1995 жылы Қазақстан Республикасының Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігіне қызметке орналасады. Міне, содан бері табаны күректей жиырма жыл бойы кейіннен министрлік болып өзгерген осы органның бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құрылымдық бөлімшесінде қызмет атқарып келеді. 1997 жылғы маусым айында агенттіктің құрамында Дамир Меди намов жаңа астана – Ақмола қаласына көшіп келді. Əрине, бұл айтуға ғана оңай дүние болатын. Қалған 11 əріптесі Ақмолаға пойызбен келіп жатқанда, жасы 30-дан жаңа

асқан жігіттің агенттіктің бүкіл дүниесін бір өзі жүк көлігімен Астанаға əкелуі оңайға түспеді. Оның қолынан келмейтін ісі жоғын, «сегіз қырлы, бір сырлы» екенін, қашан да көмекке əзір тұратынын қызметкерлерден сан рет естідім. Сол 1997 жылы агенттіктің бүкіл ғимаратына электр сымдарын жүргізіп, барлық техникасын іске қосып, шаруашылық мəселелерімен де Дамир айналысты. Дамирдің адамдық, азаматтық қасиеттері жөнінде көп айтуға болады. Оған өзім де сан рет куə болдым. Министрлікте жұмыс істейтін қызметкерлердің басым көпшілігі жастар болғандықтан, олардың мəселелерін шешуге де Дамир көмектесетін. Еңбекте де ерінбей-жалықпай, ізденіп жұмыс атқаратын Дамир Мединамов

талай жасқа тəлімгер де болып, тəлімді тəрбие берді. Осындай игі істері, жақсы еңбегі, кəсіби біліктілігі лайықты бағаланып «Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері» атағымен, «Астана қаласына – 10 жыл» медалімен жəне мақтау грамотасымен аталып өтті. Бүгінгі таңда жігіт ағасы Дамир зайыбы Гүлбаржан екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Бауыржанды үйлендіріп, немере сүйіп отыр. Өзіміз де отбасымызбен 2007 жылғы сəуір айында Астана қаласына Мəдениет жəне ақпарат министрлігіне қызметке ауысып келгелі бері, Мединамовтар отбасымен жақсы араласып кеттік. Оған да дəнекер болған Дамир еді. Астана болғандықтан, пəтер мəселесі қиын екені баршаға мəлім. 2008 жылғы ақпан айында пəтерден-пəтерге отбасымызбен көшіпқонып жүргенімізде, Дамир мен Гүлбаржан екеуі Абай көшесіндегі үйдегі 3 бөлмелі пəтеріне бізді тұрғызды. Жолымыз болып сол жылғы тамыз айында біз де 3 бөлмелі пəтерге қол жеткіздік. Жасым жер ортасына жетіп, қиналған сəтте қол ұшын созған Дамирдің азаматтығына əбден тəнтімін. Қазір Дамир мен Гүлбаржанның немересі Диярдың кіндік шешесімін. Иə, осы отбасының бүкіл ағайын-туғаны, құдажегжаты біздің де туыстарымыз болып кетті. Нағыз жаны жомарт азамат, міне, осындай болса керек-ті! Гүлмаһира НҰРБЕКҚЫЗЫ. АСТАНА.

 Мəселенің мəнісі

Ќўлдыраєан мўнай баєасы Ол жўмыс орындарына ќауіпті емес Ірі елдер арасындағы геосаяси мүдделерден туындаған текетірестер мен мұнай бағасының əлемдік деңгейде құлдырауы қарапайым халықты біраз алаңдаушылыққа алып келген болатын. Əсіресе, мұнайлы Маңғыстауда «мұнай мекемелерінде қысқартулар жүреді екен» немесе «мұнай бағасының төмендеуіне байланысты мұнайшылардың да айлық жалақысы азаятын болыпты» деген əңгімелер қылаң бере бастаған еді. Алайда, Маңғыстау облысы əкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпар өлкедегі аталмыш саладағы алдын алу шараларының барысынан хабардар етті. Айтуынша, Маңғыстау облысындағы ірі мұнай өндіруші компаниялар өз жұмысшылары алдындағы əлеуметтік міндеттемелерін орындайтындықтарын нақтылай түскен. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қаңтардың 15-і күні Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев өңірдегі ірі мұнай жəне газ өндіруші компаниялар басшыларымен кездесіп, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты алдағы уақытта еңбек ұжымдарындағы əлеуметтік тұрақтылықты сақтау мəселесін талқылады. Өткен жылдың басынан бастап əлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі байқалғандығын, қазіргі таңда барреліне 46 доллар болып тұрғандығын, оның аймақтағы мұ най өндіруші кəсіпорындардың қаржылықшаруашылық ахуалында көрініс бергендігін айтқан А.Айдарбаев қазіргі таңдағы ең өзекті мəселе об лыстағы кəсіпорындар қызметінің тұрақтылығын ұстап қалу екендігін назарға берді. – Алдымен жұмыс орындарын сақтап, жалақының төмендеуі мен жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу керек. Біз биыл жəне алдағы жылы барлық кəсіпорындарда əртүрлі жағдайларда тұрақтылықты, жұмыс орындарын сақтау үшін қажетті тиісті шараларды қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл кəсіпорын

басшылары мен кəсіподақ ұйымдары төрағаларының алдында тұрған міндет. Біз өңір тұрғындарының əлеуметтік ахуалының нашарлауына жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруымыз қажет, – деді ол. Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Ш.Ильмуханбетова еліміздің жəне Маңғыстау облысының келешектегі экономикалық саясатының негіз гі бағыттары туралы хабардар ет се, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ жəне «БузачиОперейтинг ЛТД» компаниясы филиалы басшылары 2015 жылға арналған өндірістік жоспарлары туралы баяндады. А.Айдарбаев Маңғыстау облысы əкімдігі мен Маңғыстау облыстық кəсіподақтар кеңесі, Маңғыстау облыстық Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жəне кəсіпорындар басшылары арасында əріптестік меморандумына қысқа мерзімде қол қоюға ұсыныс білдірді. Құжатта кəсіпорындардың еңбек ұжымдарында тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде жұмыс орындарын сақтау жəне қызметкерлерді негізсіз жаппай жұмыстан босатудың алдын

алу, тараптардың келісілген шараларды Қазақстан заңнамаларына сай жүзеге асыру арқылы əлеуметтік салдарды барынша азайту жұмыстары айқын жазылған. Меморандуммен танысудан соң тараптар оған 20 қаңтарда қол қояды деп күтілуде. Əрине, қаржы-экономикалық тұрғыдағы əлемдік ахуалдың, халықаралық жағдайдың қалай болмасын өзге елдерге өзіндік əсері болмай тұрмайтыны белгілі. Алып елдердің өзінің салы суға кеткендей əуре-сарсаңға түскен кезеңде біз ішкі тұрақтылықты сақтап қала алсақ – ол үлкен мерей. Маңғыстау облысы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС! Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшылары (алушылары)!

Қазақстан Республикасының «Зейнетақы қоры туралы» Заңы бойынша БЖЗҚ жыл сайын сіздерге зейнетақы қорының жинақталуы туралы 2015 жылдың 1 қаңтарына ақпарат беруге міндетті. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірме Сізге зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт немесе ақпарат алу тəсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісім жасасқан кезде өз еркіңізбен таңдаған тəсіл бойынша беріледі. Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сəйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген тəртіп бойынша қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына əсерін тигізетін өзгерістердің барлығы туралы БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті. Мұндай өзгерістерге: - егер ақпарат алудың «электронды пошта бойынша (e-mail)» əдісін таңдаған болса, электронды мекенжайдың өзгеруі; - егер зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың «пошта бойынша» əдісі таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгеруі жатады. Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзінің қоныс аударғандығы туралы хабарламаған болса, оған пошта арқылы жолданған үзінді-көшірме қорға қайтып оралады. Мұндай жағдайда, зейнетақы заңнамасына сəйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді-көшірме жолдамау құқығына ие болады. Пошталық мекенжайдың өзгергендігі туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошта байланысы немесе электронды пошта арқылы тегін, атын, əкесінің атын, туған күнін, жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде қоса ұсына отырып хабарлай алады. Электронды мекенжайының өзгергендігі туралы ақпаратты салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келгенде ғана хабарлай алады.

«Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар кеңесі Қарағанды облысының əкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы Əбдібековке, туған-туысқандары мен жақындарына орны толмас қазаға душар болуларына – аналары Роза Балтайқызы БИҒАМБЕКОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы сынақ орталығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Темірхан Ердешұлы Кенжебаевқа ағасы жəне ғылыми талдау-ақпараттандыру секторының меңгерушісі Ұлпан Ермаханбетқызы Кенжебаеваға əкесі Ермаханбет Ердешұлы КЕНЖЕБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Нұра ауданының əкімдігі Киевка кентінде орнатылатын ҰОС батырлары Мүтəш Сүлейменов, Семен Лебедев, Иван Колодия мүсіндерінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурстық жобаның құрамы жəне басқа шарттары конкурстық құжаттарда көрсетілген. Конкурсқа қатысуға Астана, Алматы, Қа рағанды қалаларының көркемдік-өндірістік шеберханалары, заңды жəне жеке тұлғалар қатыса алады. Конкурстық құжаттардың электронды нұсқасын төмендегі мекенжайдан: 100900, Киевка кенті, Тəуелсіздік көшесі, 44, Нұра ауданының əкімдігі, тел. 8 (72144) 22746, Е-mail: akimat_nura@mail.ru тегін алуға болады. Конкурсқа қатысу туралы конкурстық тапсырыс желімделген конвертте Киевка кенті, Мыңбаев көшесі, 44, №2-бөлмеге тапсырылады (жіберіледі). Конкурстық тапсырысты берудің соңғы уақыты 2015 жылғы 15 ақпанда сағат 13.00. Конкурстық тапсырыстың конверттерін ашу 2015 жылғы 15 ақпанда сағат 14.00-де төмендегі мекенжайда өткізіледі: Киевка кенті, Мыңбаев көшесі, 44, мəжіліс залы. Ұсыныс берушілер конкурстық тапсырыстар бар конверттерді ашу кезінде қатысуларына болады. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (72144) 22746.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика факультеті есеп, аудит жəне талдау кафедрасының ұжымы кафедраның аға оқытушысы Алмаш Құмарбекқызы ИБРАЕВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туғантуыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС ұжымы «Компания Ас-Ай ЛТД» ЖШС директоры Асқар Əнуарұлы Жакулинге анасы Бəтима Құлмұқанқызы ЖАКУЛИНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын.


10

www.egemen.kz

27 қаңтар 2015 жыл

 Өңір өнері

«Аќмешіттіѕ» Аралдаєы концерті

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылорда облыстық «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі мен «Томирис» би тобы концерттік бағдарламасымен Арал ауданында сапармен болды.

Концерт Арал аудандық мəдениет үйінде өткізілді. Сазгер Абылайхан Ысқақов жетекшілік ететін өнер ұжымы домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз, сырнай, сыбызғы аспаптарында қазақ халқының күйлерін орындап, жиналған қауымды тəнті етті.

 Апырай-ə!

Ансамбльдің Күнсұлу Түрікпенова, Майра Сəрсенбаева, Марат Сүгірбай сынды танымал жыршыларының орындауындағы термелері аралдықтардың құлақ құрышын қандырды. «Томирис» би тобының мың бұрала билеген билері көрерменнің көзайымына айналып,

кеш ажарын аша түсті. Арал ауданының құрметті азаматы Мұрат Сыдықов халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлаған өнер ұжымына алғысын айтып, ақ батасын берді. «Егемен-ақпарат».

 Мəссаған!

, к ґ к – і «Біреу » . . . ы с ы є а т р е ж біреуі –

Ґкпелеп, ґз ґмірін ќиюєа бола ма? Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

От жаєамын деп… от басты Облыстық Тəртіптік кеңестің жаңа жылдағы алғаш қы отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын аяққа басқан мекеме басшылары аяусыз сын садағына ілініп, оның ақыры қатаң жазалауларға ұласты. Есіл ауданына қарасты Жар қайың бастауыш мектебінің меңгерушісі Кемел Такишевтің тапқаны қапқанына аз болса керек, көп ойланбастан өзін өзі «жаңа қызметке» тағайындау туралы бұйрықты беріп кеп жібереді. Сөйтіп, негізгі қызметіне қоса, қазандықтың от жағушысы «лауазымын» қоса атқарып шыға келеді. Сірə, қолынан келтіріп қоны шынан басқаны аздай, бюд жеттің қаражатын төбеге шырт түкіріп, қалтаға баса беретін майшелпекке баласа керек. Қазандықтың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген қаранардай қара күш иелеріне анда-санда төбе көр сеткені болмаса, жарытып жұмыс істемеген. Ал, еңбекақы алуға келгенде есесін жібермеген. Бірақ, оның оңай олжаға кенелуді арман етіп, арандай ашылған арам пиғылын прокуратура өкілдері əшкерелеп, соңғы нүктені Тəртіптік кеңес қойды. Ол кінəсін мойындап, қанша ақталса да, қызметінен босату туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. От жағамын деп жүріп от басқан оның əділдіктен тайған əрекеті өзгелерге сабақ болса, кəнеки!

«Егемен Қазақстан».

Қостанай облысында өткен жылы жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауы 10 пайызға көбейген. Республикалық Бас прокуратураның құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының бастығы Евгений Пархоменконың мəліметінше, өткен жылы облыс өңірінде жасөспірімдердің 65 өзіне қол жұмсау əрекеті тіркелген. Оның 11-і қайтыс болды, 54 бала өмірін өзі қиюға əрекеттенген. Ал 2013 жылы 59 жасөспірім жасаған теріс əрекеттің 15-і суицидпен аяқталған еді. – Балалардың өзіне қол жұмсауының басты себебі – отбасындағы ұрыс-керіс, өзінің жақсы көретін адамымен ұрысып қалу, күрделі əлеуметтік-психологиялық жағдай. Баланың суицидке баруына отбасының материалдық жағдайы емес, балалар мен ересектер арасындағы түсіністіктің жоқтығы себеп болады. 2013 жəне 2014 жыл дары өзіне қол жұмсауға əрекет еткен, суицидке барғандар негізінен 15-17 жастағы жасөспірімдер. Бұл жаста оларда негізінен психологиялық тұрақсық мінез, көңіл күй күшті болады, – дейді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитеті Қостанай облыстық басқармасының бастығы Евгений Пархоменко. Статистикаға жүгінген мамандардың айтуына қарағанда, қыздар өзіне қол жұмсауға жиі əрекеттенеді, бірақ ұлдар ойына алған нəрсені аяғына дейін жеткізеді. 2013 жылы облыс өңірінде 37 қыз бала, 22 ұл бала, 2014 жылы 49 қыз бала, 16 ұл өзін өлімге қиюға бел байлаған. 2014 жылы 49 қыздың 6-ының, өзіне қол жұмсаған 16 ұлдың 5-інің əрекеті суицидпен аяқталған. Осындай теріс түсініктегі жасөспі рімдер айналасындағы жақын-жуығының өзіне көңіл бөлмейтінін жиі айтады. Өткен жылы көктемде техникалық колледждің 17 жасар студенті Қарабалық ауданындағы Қособа ауылындағы сарайда асылып қалған. Себебі, оған ата-анасының мейірімі жетпеген көрінеді.

Фотоэтюд

Эскиздік модельдің материалы автордың қалауынша орындалады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Жуырда Алматыдағы Сəбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің əдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, ақын Əділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы: Сəбит пен Ғабит» атты кітабы жарық көрді. Кітапқа қазақ əдебиетінің қос классигі, өмірде де, өнерде де жұптары жазылмаған жазушылардың ғұмыры мен шығармашылығы, өскен ортасы мен қызмет кезеңдері, əдеби мұралары мен музейдегі жəдігерлер, қоғамдық-əлеуметтік, азаматтыққаламгерлік тұлғалары жан-жақты арқау болған. «Шəкəрім қажының Сəбеңе хаты», «Михаил Шолохов

Сəбеѕ сыры мен Єабеѕ єибраты пен Сəбит Мұқанов», «Зар-мұңымды ұққан Затаевич», «Кенекең мен Сəбең», «Ғабеңнің тағдырлы төрт хаты», «Ғажайып Ғабең», «Шоқан шыққан шың», «Жамбыл-жырдың жанашырлары», «Батырлар жыры бауырластырған С.Мұқанов пен М. Ғабдуллин», «Ботагөз – Гүлфайрус», «Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов: шығар машылық байланыстар», т.б. ғылыми-зерттеу мақалалар, эсселер, ой-толғамдар, сыр-сұхбаттар негізгі тақырып – Сəбең сыры мен Ғабең ғибратына үйіріп алып келіп отырады. Автор əдебиеттің қос алыбының музейлеріндегі қарапайым жəдігерлерден, сарғайған хаттар мен

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Назгүл АЛТАЕВА. АЛМАТЫ.

 Бəрекелді!

Екі кїнде ќос алтын медаль... Қаңтардың 25-і күні Словакияның Штербск Плесо қаласында басталған ХХVІІ Қысқы Универсиаданың алғашқы екі күнінде Қазақстан спортшылары екі алтын медаль алып үлгерді. Жарыстың бірінші күні биатлоннан 15 шақырымдық жарыс өтіп, онда щучьелік Алина Райкова чемпион атанған еді. Жарыс барысында нысана көздеуде бір рет мүлт кеткен қазақстандық шаңғымен жүгіруде жүйріктік танытты. Соңғы нысанадан кейін ол ресейлік Екатерина Аввакумовадан 9 секундқа қалып келе жатты. Бұдан кейінгі шақырымда жүрісін жылдамдата түскен ол мəреде ең үздік көрсеткіш көрсетіп, чемпион атанды. Екінші орынға Е.Аввакумова, үшінші орынға словак Паулина Фиалкова көтерілді. Қалған

қазақстандықтар Галина Вишневская төртінші, Дарья Усанова тоғызыншы орын алды. Ал кеше шаңғышы Анастасия Слонова 15 шақырымға спринттік жарыста мəреге бірінші болып келіп, команда қоржынына екінші алтын медальді салды. Риддерден келген қыз тартысты жарыста поляк Эвелина Марчиж пен ресейлік Светлана Николаеваны артта қалдырды. 25 ақпанда басталған Қысқы Универсиада 14 ақпанда аяқталады. Екі күнгі жарыстың қорытындысында 2 алтын медалі бар Қазақстан құрамасы бірінші орында келеді. Екінші орында 1 алтын, 3 күміс жəне 3 қола медаль жинаған Ресей командасы тұр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Солтүстік Қазақстан облысы.

 Масқара!

6. Монументінің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары жəне негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «TimesNewRoman» шрифтімен бірінші жоларалығымен басылған 2 парақтан аспайтын мəтіннен тұратын, 2 дана қысқаша түсініктеме жазбада ұсынылуы тиіс. 7. Конверт /желімделген/. Барлық графикалық жұмыстар 60 х 80 см планшетте беріледі. Графикалық орындау əдістері – макеттің түсі, техникасы, материалы жəне мүсін – автордың қалауы бойынша орындалады. Конкурсқа қатысуға авторлар жəне авторлық ұжымдар шақырылады. Конкурс жобалары алты таңбалы сандармен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран байқауға ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ ұран конверттің оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1см.) Жобаға қосымша желімделген ұрандық конвертте авторлардың аты-жөні, тегі көрсетілген ақпараттық парақ тіркеледі. Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді жəне комиссияда қаралмайды. Конкурс мерзімі осы хабарландыру БАҚ-та жарияланған күннен бастап бір ай. Авторлар конкурс материалдарын Мəдениет жəне спорт министрлігіне мына мекенжайға ұсынуы тиіс: 010000, Астана қ., Есіл өзенінің сол жағалауы, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, 5-блок, 5-қабат, 517-бөлме, тел: 8 (7172) 740449, 740441. Сондай-ақ, конкурстың шарттарымен министрліктің сайтында www.mks.gov.kz танысуға болады.

Кґзбояушылыќ Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет бөлген қаражатты дімкəс жандардың қажетіне жұм сау дың орнына өз қалтасынан шығар ған дай «үнемдеп» қалуға тырысатын шенеуніктер облыста жоқ емес. Онсыз да тағдырдың ауыр тауқыметін жастайынан тартып, жығылған үстіне жұдырық сияқты өмірдің ауыр азабын арқалап келе жатқан қиын да қилы жан азабы оларды түк ойландырмаған тəрізді. Адамгершілік асыл қасиеттермен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұндай бассыздық əрекеттер прокуратура тарапынан əшкереленбегенде «жаны ашымастың қасындағы басы ауырмас» қылық əлі де жалғаса берері кəдік еді. Облыстық прокуратураның қоғамдық кеңес отырысында келтірілген мəліметтерге сүйенсек, мүгедектерге «мүсіркей» қараушылық аудандарда жаппай сипат алғанын байқау қиын емес. Соған қарағанда, тиісті мекемелер тарапынан

бақылау-тəртіптің босаңсығаны ма, əлде мемлекет қазынасын «қағудың» бір қитұрқы жолы ма деген ойға еріксіз келесің. Мəселен, Есіл ауданының тұрғыны К.Бекқожин екінші топтағы мүгедек ретінде бір жыл бойы тиесілі 12 арнайы гигиеналық құралдың орнына 2-уін ғана алған. Бір ғажабы, аудандағы мүгедектердің көпшілігі денсаулыққа ауадай қажетті осындай медициналық препараттармен қамтамасыз етілмеген. М.Жұмабаев ауданында өңірдегі дімкəс жандардың төрттен бірі тұратынына қарамастан жоғарыдағыдай фактілердің тіркелгенін былай қояйық, санаторий-курорттық ем-домдарға қатысты жеңілдіктерден қағылғаны таңдандырмай қоймайды. Ал Тайынша ауданының лауазымды тұлғалары тірек-қимыл мүшелері зақымданған жəне көзі нашар көретін ғаріп адамдарға тифлотехникалық құралдарды уақтылы жеткізбеуіне еш өкінбейтін сияқты. Өйткені, мұндай жағымсыз жайттар бірнеше мəрте орын алған. «Бір апамнан бір апам сорақы» дегендей, Шал

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

көне фотосуреттерден көл-көсір əңгіме өрбітіп əкетеді. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен, ел анасы атанған Мəриям Мұқанкелінінің сүйікті жары туралы, ел мен жер, əдебиет пен əлеумет туралы ағытқан сырлары да қымбат. Кітаптың соңында əрбір мақалаға ғылыми түсініктеме берілген. Академик-жазушылардың тұлғаларын жаңа қырларынан тануда, қаламгерлік қарымдарын ой сүзгісінен өткеруде, озық өнегелерін келер ұрпаққа жеткізуде бұл еңбектің қосар үлесі қомақты.

Бақыт РАМАЗАН, журналист.

ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Жамбыл облысының əкімдігі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңыздылығын айшықтайтын монументалды ескерткіштің мүсіндік-көркемдік шешімін табу. Конкурсқа ұсынылған жобалар ансамбльдік үйлесімді шешіммен қорытындыланған жоғары идеялық жəне сəулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Монументтің жобасын іріктеу талаптары: - жоғары көркемдік деңгей, эстетикалық мəнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы; - мүсін алыстан көз тартып, жергілікті кең көріністің (панорама) өзекті композициясына айналуы керек. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы жəне ұсынылатын материалдарды рəсімдеуге қойылатын талаптар: Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар: 1. Орналастыру сызбасы м 1:100 кем емес 2. Бас жоспар м 1: 500 кем емес 3. Нұсқа м 1:50 кем емес 4. Ескерткіш қасбеттері жəне негізгі модель 60х80 см планшетте1:30 5. Модель эскизі м 1:30 кем емес

 Кітап көкжиегі

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

ақын ауданы шенеуніктерінің мына көзбояушылығы айды аспаннан бір-ақ шығарғандай əсер қалдырады. Көру қабілеті нашар Г.Костелеова деген мүгедекке арнайы қолсағат беріліпті. Тіпті, алғаны жөнінде қол да қойған көрінеді. Ал тексеріс барысында қолсағат аудандық жұмыспен қамту бөлімі басшысының сейфінен сопаң етіп шыға келген. Бір ауданның ортан қолдай бір маманы жүрмек түгіл орнынан əзер қозғалатын мүгедекті курьерлік жұмысқа «орналастырып», «сақалшысақалшы дегенге өз сақалын бояйдының» керін келтіріп тынған. Міне, осындай деректерге қарап-ақ мүдделі ведомостволар мен олардың қарауындағы қызметкерлердің өз міндеттеріне қалай қарайтынын бағамдай беруге болады. Жақында құзырлы органдар тағы бір басшының жалғанды жалпағынан басып келген адымын аштырмады. Сөйтсе, ол жүйке ауруына шалдыққан балалар диспансеріне жетекшілік еткен тұста жөргекқаптарды 3-4 есе артық бағаға пұлдап, 3 миллион теңгенің көзіне су құйған. Тықыр таянғанын сезісімен табанын жалтыратқан. Солтүстік Қазақстан облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №487 ek

Profile for Egemen

27012015  

2701201527012015

27012015  

2701201527012015

Profile for daulet
Advertisement