Page 1

24 саєат №247 (28725) 26 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Екі университет бірігетін болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

міндеттерді тиянақты орындап келеді. Сондықтан Мемлекет бас шы сы ретінде оған алғыс білді ремін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан През и ден т і басш ылық құрамғ а комитеттің жаңа төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы В.З.Жўмаќановты Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ ќауіпсіздік комитетініѕ Тґраєасы ќызметіне таєайындау туралы Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 25 желтоқсан №140

Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты: Бөрібай Биқожаұлы Жексембин Қазақстан Респуб лика сының Өзбекстан Республи ка сындағы Төтенше жəне

өкілетті елшісі қызметінен; Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі

на кандидатурасы Пар ламент Сенатымен келісілгеннен кейін тағайындалады. Нұрсұлтан Назарбаев комитет конституциялық құрылымды қорғап, елдің қауіпсіздігін қамта масыз ететіндіктен, оған зор жауапкершілік жүктелгенін атап айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Əбіқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Əбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Искандер Қалыбекұлы Бейсембетов Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. қызметін қоса атқарудан; Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мол дова Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Владимир Зейноллаұлы

Жұмақанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Жексенбек Мəкеұлы Əділов Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры қызметінен босатылды.

Жўмыс жергілікті жерлерде жандануы тиіс Биыл еліміз үшін мерейтойлар көп болды. Əсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын атап өту үлкен маңызға ие. Осыған орай, кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіхалықованың төрайымдығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған іс-шараға Мемлекеттік комиссия мен ҚХА Сараптамалық кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырысты сөз сөйлеп ашқан Мемлекеттік хатшы Елбасы алға қойған мақсаттарға қол жеткізілгендігінен хабардар ете кетті. «Өздеріңізге белгілі, өтіп бара жатқан 2015 жыл ел өміріндегі елеулі тарихи жыл болды. Биыл біз еліміздің өткенін саралап, жеткен жетістіктеріне баға беріп, Елбасының бастамасымен «Мəңгілік Ел» құру жолындағы тарихи реформаны қолға алдық», деді Гүлшара Наушақызы. Қазақстан халқы Ассамблея сының ХХІІ сессиясында

● «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13

Баспана – басты ќуаныш

«Егеменќазаќстандыќтар» тїгелдей баспаналы болды Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кеше еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 18 қызметкері баспаналы болды. Басылымның бас ғимаратының жанынан бой көтерген 5 қабатты жатақхананың

тұсаукесер рəсіміне Инвестициялар жəне даму вице-министрі Сəкен Сəрсенов қатысты. Салтанатты шараны аш қан «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов былай деді: – Елбасымыз «Отанымыздың бас газеті» деп баға берген «Егемен

Қазақстан» басылымы 2009 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығы нəтижесінде 8 қабатты жаңа кеңсе ғимараты салынды. Осы ғимараттың ашылу рəсіміне қатысқан Президент Н.Назарбаев бас газетке

табыс тілеп, алдағы міндеттерді айқындаған болатын. Одан бергі 15 жылда газет таралымы 5 еседен астам өсіп, 200 мың данаға жетті. Соңғы 3 жылда осы көрсеткіштен түспей келеді. Экономикалық көрсеткіштеріміз де тəуір. Əр жылды табыспен қорытындылап келеміз. Қызметкерлердің əлеуметтік жағдайы да үнемі басты назарда. Бұған дейін «Жастар», «Егемен» тұрғын үй кешендері салынып, қызметкерлердің игілігіне берілсе, газет тің 90 жылдық мерейтойы тұсында 3 қабаттан тұратын 9 секциялы жатақхана пайдалануға берілді. Қазіргі лентасы қиылғалы тұрған ғимарат осы жатақхананың екінші кезеңі деуге болады. Енді бас басылымның қызметкерлері түгелдей баспаналы болды, менің үлкен бір арманым орындалды деп айта аламын. Ешкімге тіс жарып айтпаған мақсатым еді бұл. Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына қадам басқан сəтте осы бір жарқын сəттің куəсі болып отырмыз, – деген қоғам президенті жылдар бойы тірнектеп жинақтаған қаржыға жатақхана салуға келісім бергені үшін Инвестициялар жəне даму министрлігіне алғысын білдірді. (Соңы 16-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Оймақтай ой Биіктік пен тереңдік – түбі бірге туыстар. Қадыр МЫРЗА ƏЛІ.

Мемлекет басшысы «Болашағы біртұтас ұлт қана орнықты жəне табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болатынын» нақты айтқандығын тілге тиек еткен Г.Əбдіқалықова Қазақстан халқы Ассам блеясының жылы аясында атқарылған іс-шараларды Мемлекеттік комиссия орталық жəне жергілікті мемлекеттік орган дармен бірлесіп, жоғары дəреже де ұйымдастыруға жəне өткізуге барынша күш салғанын атап көрсетті. Мемлекеттік хатшы бұл ретте елімізде шамамен 30 мыңға жуық іс-шара өткізілгендігін көлденең тартты. Елбасының қоғамдық келісім жəне жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі əлемдік қоғамдастықта халықаралық эталон ретінде кеңінен танылғаны да мəлім етілді. (Соңы 2-бетте).

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

ЗЕЙНЕТАҚЫ

ҚАЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?

5-бет

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде оның төрағасы Н.Əбіқаевты зейнет жасына жетуіне жəне басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босату туралы шешім қабылдағанын айтты. – Ол менің қасымда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп, қойылған

В.Жұмақановтың кандидатурасын таныстырды. – Ол – кадрлық қызметкер, сіздермен бірге көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Істің жайымен, комитеттің қызметімен жақсы таныс. Мен оған сенемін, сондықтан да оны таңдадым. Алдына қойылған міндеттерді орындайды деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы. В.Жұмақанов жаңа лауазымы-

КЕЛІН ОЅБАЙ, ЌАЗАЌ ОЅБАЙДЫ 11-бет

Дегдар

14-бет

Ақ ұлпаның астарында

10-бет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды жəне ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, əсіресе, инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зəру екенін атап өтті.

7-8-беттер

Їлкен жауапкершілік жїктеледі

Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен ҚазақБритан техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты.

 Нигерияның Анамбра штатындағы Нневи қаласында орналасқан газ өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан 100-ден астам адам көз жұмды. Оқиға куəгерлерінің сөздеріне қарағанда, үлкен қасірет əкелген оқиғаға қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.  Корея ХалықтықДемо кратиялық Республикасының билігі Вашингтонды Корей түбегінде əскери ахуалды ушықтырып отырған бірден-бір ел деп айыптады. Пхеньянның пікірінше, Корей түбегі АҚШ-тың дұшпандық саясаты салдарынан əскери дағдарыс жағдайында тұр.  Ресей əскери шығынын 2015 жылы 11 миллиард долларға өсірген. Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» хабарлады. Басылымның пікірінше, Кремль қарулы күштерін əлемге ықпалын қайтару жəне Батысқа қарсы тұру мақсатында жаңғырту үстінде.  Түркия премьерминистрі Ахмет Дəуітоғлы күрдтер жағындағы оппозициялық Халықтардың демокра тиялық партиясының серкесі Селахаддин Демирташты мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады. Оның сөзіне қарағанда, Демирташ Ресей саясатына қолдау көрсетіп отырған көрінеді.  Ресми Дамаск қарулы оппозициямен келіссөзге дайын. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Валид Муаллем хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, ресми Сирия Женевада қандай да бір шетелдің араласуынсыз сирияаралық үнқатысу үстеліне отырады.  Сауд Арабиясының Джизан қаласындағы ауруханада орын алған үлкен өрт салдарынан, соңғы дерек бойынша 25 адам күйіп өлсе, 107 адам зардап шеккен. Əзірше өрт себебі белгісіз, биліктегілер оны тексеруге кірісіп жатыр.  Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Румыния аумағында зымыранға қарсы қон дырғы орналастыруына бай ланысты өзінің наразылығын білдірді. СІМ өкілі Мария Захарованың айтуынша, ЗҚҚ орналастыру орта жəне шағын қашықтықтағы зымырандар туралы ережені бұзады.  АҚШ əкімшілігі соңғы бірнеше жыл бойы Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетіру үшін елде əскери төңкеріс жасауды жүзеге асыра алатын Асадтың режімінің өкілімен байланыс орнатуға тырысып келген. Бірақ бұл күш-жігер нəтиже бермеген. Бұл туралы «The Wall Street Journal» газеті жариялады.  Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесу кезінде тікелей эфирден көзіне ерік берген палестиналық оқушы қыз Рим Сахвиль отбасымен Германияда 2017 жылдың 17 қазанына дейін тұруға рұқсат алды. Палестиналық отбасы визасының мерзімі аяқталып қалғандықтан да Сахвиль канцлерге мұңын шағып жыласа керек.


2

26 желтоқсан

www.egemen.kz

2015 жыл

Жўмыс жергілікті жерлерде жандануы тиіс (Соңы. Басы 1-бетте). Сондай-ақ, қазақстандық біртектілік пен бірліктің одан əрі нығаюы мен дамуы қамтамасыз етілгені, қоғамдық санада «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары беки түскені де ерекше аталды. Ең бастысы, Ассамблея жылы Бес инсти тут тық реформаны іске асыруды бастау үшін қолайлы əлеуметтікпсихологиялық ахуал қа лыптастырылған. Г.Əбдіқалықованың сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысын ың бұл жұмысты лайықты бағалауы нəтижесінде 3 мыңнан астам адам Ассамблеяның 20 жылдығы мерейтойлық медалімен, 10 мыңға жуық адам Конституцияның 20 жылдығы медалімен марапатталған. Бұдан кейін жыл басында бекітілген Ұлт жоспарының орындалу қорытындылары қаралды. Алдымен сөз Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановқа берілді. Ассамблея жылын қорытындылауға қатысты сөзінде Е.Тоғжанов 2015 жыл ел бірлігін нығайтуға қосқан елеулі үлесі бар жыл болғандығын ерекше атады. Оның сөзіне қарағанда,

Мемлекет басшысының тапсырмалары, Мемлекеттік комиссия отырысында қатталған 22 тапсырма да орындалған. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ел Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтуінде өзіндік үйлесім бар. Ассамблея жылы аясында Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, сонымен де «Мəңгілік Ел» патриоттық идеясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сəйкес Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының айналасына ұжымдасуға қол жеткізіліп отыр. Екіншіден, еліміз азаматтарын, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың жəне өзге де мекемелердің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу мүмкін болыпты. Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі өзінің сөзінде жыл бойы атқарылған көптеген шаралар барысынан да хабардар ете кетті. Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша

іс-шаралар жоспарының іске асырылуы барысы бұқаралық ақпарат құралдарында нақты көрініс тауып, барлық этностардың бірлігі жан-жақты наси ха т талғанына тоқталды. Сонымен қатар, Ассамблея жылы мерекелік медалі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай арнайы марка шығарылғанына, 500 теңге номиналындағы мерекелік теңге айналымға енгізілгеніне назар аударды. Сонымен қатар, министрлік ел Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы туралы деректі фильмдер циклын түсіргендігін де тілге тиек етті. Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Ашықбаев шетелдік саяси сарапшылық жəне ғылыми топтардың қатысуымен брифингтер, баспасөз мəслихаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілгендігін алға тартты. Сонымен қатар, ол баспа жəне электронды бұқаралық ақпарат құралдарында имидждік материалдар ұйымдастырылғандығын да қаперге салды. Жəне де шетелдік мекемелер тарапынан екі үлкен іс-шара аясында 50-ден астам кездесу, 19 брифинг жəне дөңгелек үстел, 6 фотокөрме, 10 конференция ұйымдастырылып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында 50-ден астам

Марапаттар табысталды

Еліміздің бір топ шығармашылық зиялы қауым өкілдері Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының құрметті белгісімен марапатталды. Марапаттарды Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов табыс етті. «Егемен Қазақстан» газетінің вице-президент – бас редакторы

Жанболат Аупбаев, «Хабар» агенттігінің шеф-редакторы

Руслан Оспан жəне «Казахстанская правда» газетінің журналисі Лаура Түсіпбекова «Баспасөзді жəне ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталды. «Astana Ballet» ұжымының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек

Елдегілердіѕ мїддесін кґздейтін келісім

«Нўр Отан» партиясы мен Денсаулыќ саќтау жəне əлеуметтік даму министрлігі «Ауыл тўрєындарын жўмыспен ќамту» жобасын іске асыру жґнінде меморандум жасасты Ауылдық жерлерде жұмыспен қамту саясатын белсенді жүргізу, кəсіпкерлікті дамыту жəне жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталған меморандумды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастықтың басты мақсаты – «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде шағын несие беру арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке қосалқы шаруашылық негізінде отбасылық бизнесті дамыту. «Мəлім болғандай, Елбасы баршаның алдына əлемдік экономикадағы бүгінгі жағдайға сəйкес халықты барынша жұмыспен қамту міндетін қойып отыр. Партия көптеген мəселелерді жіті зерттеп, зерделей келе, ұсынылып отырған жоба барлық талаптарға жауап береді деген тоқтамға келді.

Жоба аясында ауыл тұрғындарына 6 млн. теңгеге дейін 5 жыл мерзімге төмендетілген мөлшерлемемен шағын несие беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жобаның бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда, отбасылық кооперация мен ауылда өндірілетін өнімді тиімді ілгерілетудің логистикасын дамыту. 2016 жылы партия 5 облыс – Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарымен қанатқақты меморандум жасайды», – деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов. Мұның өзінде, шағын несиенің басты бағыты ретінде жеке мал

шаруашылығын ұйымдастыру жəне кеңейту тармақтары белгіленген. Ұсынылмақ несиеде тұтынушылық мақсаттар, алдыңғы қарыздарды жабу немесе жылжымайтын мүлік иелену, сондай-ақ, бұл жобаны жүзеге асыруға ешқандай қатысы жоқ сауда-саттық жүргізу мəселелері қарастырылмаған. Айта кетейік, «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстанда іске асырылған мал шаруашылығын дамыту Бағдарламасының оңды тəжірибесі негізінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері 26,4 мың тонна ет, 13,2 мың тонна сүт өндіріліп, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Одан басқа, тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам қамтылған. Жалпылай алғанда, үш жылдың көлемінде бағдарлама аясындағы қосымша өнім 87,3 млрд. теңгені, яғни жалпы ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің 10%-ға жуығын немесе облыстың мал шаруашылығы өнімінің 20%-ын құрайды. «Партияның аталған ұсынысы

● Межелер мен міндеттер

мақала жарияланыпты. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен шетелдерде шаралар өткізілгені де мəлім болды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары Игорь Рогов өз кезегінде бірқатар іс-шаралардың жүзеге асырылғандығымен бөлісті. Мəселен, Конституциялық Кеңес Төрағасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекелік медалі эскизіне арнайы конкурс жарияланғанын, соның нəтижесінде 10 мың дана мерекелік медаль əзірленгендігін айтты. Онымен Конституцияның əлеуетін арттыруға қосқан үлестері үшін елдің жəне шетелдердің азаматтары марапатталыпты. Сонымен қатар, мерекеге орай 50 мың дана төсбелгі де əзірленіпті. Оның бір бөлігі жергілікті халыққа табысталса, қалған бөлігі Конституцияға арналған ғылыми конференция қатысушылары арасында таратылған. Отырыс соңында Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықова Мемлекеттік комиссия мүшелеріне жəне мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларына жақсы жұмыстары үшін ризашылығын білдіре келіп, алдағы атқарылар істер бойынша нақты тапсырмалар берді. сіңірген қайраткері Алила Алишева, Астана қаласындағы М.Горький атындағы орыс драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов жəне жазушы, драматург Роза Мұқанова «Мəдениет жəне өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Үкіметте талқыланып, толықтай мақұлданды жəне ағымдағы міндеттерді іске асыруда тиімді деп саналды. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі халықты жұмыспен қамтуды іске асыру үрдісіне жетекшілік етуші мемлекеттік орган ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде жеңілдікпен шағын несие беру мақсаттарына республикалық бюджетте көзделген 11 млрд. теңгені жергілікті атқарушы органдарға уақтылы аударады»,– деді Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Өз кезегінде, партия қолдағы барлық ресурстарды, оның ішінде мəслихаттардағы партия фракцияларын, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын, партияның белсенді мүшелерін, сондай-ақ, партиялық үнқатысу алаңдары мен сараптамалық алаңдарды, оның ішінде Кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесті аудандық жəне ауылдық деңгейде тиімді өзара іс-қимыл үшін жұмылдырады. Жобаны іске асыру барысында жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнаманы, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жетілдіру жəне ауылдық жерлердегі шағын кəсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар енгізу жоспарлануда. Сəулебек БІРЖАН.

Белсенді ќимыл талап етілді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мəжілісінде саяси ұйымның сайлауалды тұғырнамасының жергілікті жерде жүзеге асырылу барысы талқыланды. Оған филиал төрағасы Ерік Сұлтанов төрағалық етті. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алдымен «Ұлт саулығы» бағдарламасы бойынша өңірлік жетекші Анатолий Рафальскийдің есебі тыңдалды. Шешеннің баяндауынша, мемлекеттік-жекеменшік əріптестік тарапынан құйылған қаражат есебінен 100-ден астам хоккей корты, 200-ге жуық футбол жəне шағын футбол алаңдары салынған. Ерік Хамзаұлы барлық ірі елді мекендерде балаларға лайықталған мұз айдындары мен футбол алаңшалары болу, саламатты өмір салтына ересектерді де тарту тиістілігіне назар аударып, бизнес өкілдерін бұл іске

белсене араласуға шақырды. «Ауылды дамыту жəне қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі Еркебұлан Мəмбетов биыл жан басына шаққанда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 129 мың теңгені құрайтынын, елді мекендердің 55,5 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылғанын, бұл салада шешімін таппаған мəселелер аз еместігін жеткізді. «Əйелдерді қолдау» бағыты бойынша сөз алған Светлана Кашенцева бүгінгі таңда өңірімізде əйелдердің жұмыссыздығы азаймай отырғанын жиналғандардың есіне салды. Бір қызығы, ауылдық жерлерге қарағанда, қызке ліншектердің жұмыссыздық

деңгейі қалаларда жоғары екен. Аудандарда өзін өзі жұмыспен қамтып отырған əйелдер жан-жақты қолдауға зəру. Көбіне кəсіптерін жария еткен кезде ғана мемлекеттік қолдау көрсетумен шектеледі. «Мемлекеттік басқару жүйесі» бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстарды осы бағдарламаның үйлестірушісі Сергей Тимофеев əңгімеледі. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының дер кезінде атқарылуына көп жағдайда инженерлік желілердің сапасыз жобалануы үлкен нұқсан келтіреді. Оның ойынша, туындаған мəселелерді тез арада шешу үшін жергілікті жобалаушыларға басымдық берілуі керек. Сондай-ақ, инженерлік коммуникация иелері кадастрды қоса əзірлесе деген ұсынысын ортаға салды. Өйткені, құрылысшылар құбырлар мен кабельдердің иелерін іздеумен алтын уақыттарын сарп ететін көрінеді.

Бір сөзбен айтқанда, құрылыс саласында іркіліс көп, жұмыс баяу. Еліміздегі құрылыс жүргізу нормативінде жалпыламалық, бірізділік аз емес. Теріскей өңірдің климаттық, табиғи ерекшеліктері ескерілмеген. Тапсырыс беруші мемлекеттік сараптамамен жəне жобалаушылармен бірлесе отырып, қысқы уақыттағы жұмыстың тиімді жолын шешу де іргелі мəселелердің бірі. Филиал төрағасы Ерік Сұлтанов бюро мəжілісін қорытындылай келіп: «Былтырғыға қарағанда инвестиция тарту мөлшері 25 пайызға артты, 17 мыңдай жаңа жұмыс орындары құрылды. Алдағы міндет – осы қарқынды төмендетпеу. Жолдау талаптары мен партияның сайлауалды тұғырнамасын орындау нұротандықтар үшін бұлжымас қағида болып табылады», – деді. Солтүстік Қазақстан облысы.

Сыр елі экономикасын əртараптандыруда

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті. Ол облыстың əлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін баяндап, өңірге қатысты мəселелерге орай тілшілерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Облыстағы индустриялық жобалар мен дағдарысқа қарсы жоспарлар туралы айта келе, өңір басшысы қазіргі жағдайда ең басымдық беретін мəселе жұмыс орындарын қысқартпау жəне индустриялық жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу екендігін атап өтті. Осыған байланысты өңірдің экономикалық тұрақтылығын сақтау мақсатында экономиканы əртараптандыруға айрықша маңыз беріліп отырғанын жеткізді. «Мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, өңірдегі мұнай өндіруші кəсіпорындар мен қызмет көрсету компаниялары тұрақты жұмыс істеуде. Жыл басынан бері қысқартылған жұмысшылар саны 900 адам, дегенмен, 2015 жылдың ішінде облыста 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 8,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары», деді Қ.Көшербаев. Өңір басшысының айтуынша, Қызылорда облысында соңғы 3 жылда өңдеу өнеркəсібі 122,2 пайызға өскен. Республика бойынша орташа көрсеткіш 102,5 пайызды құрайды. Егер өңдеу секторындағы өсім үлесі 2012 жылы жалпы өңірлік өнімнің 4,5 пайызын құраса, бүгінде 13,5 пайызға жетіп отыр. Бұл өңір экономикасында шынайы əртараптандыру жүргізіліп жатқандығын білдірсе керек. Яғни, экономика құрылымы да өзгеріп жатыр. Сонымен қатар, ол Елбасының 10 жылда өңдеу өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру туралы тапсырма жүктегенін атап өтті. Бастысы, соңғы 3 жылдың ішінде облыс өнеркəсіп деңгейін 4,5 есеге көтерген. Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы республика көлемінде алдыңғы қатарда тұр. Бүгінде облыста бірнеше ірі индустриялық жобалар жүзеге асырыла бастаған. Солардың қатарында елімізде нөмірі бірінші шыны шығару зауытының құрылысы, «Аралтұз» АҚ негізінде кальцийлендірілген сода шығару өндірісі, «Шалқия» кенішінде жаңғыртып, кен байыту комбинатын салу, «Бала-Сауысқандық» ванадий кен орнын игеру жобаларын айрықша атауға болады. Ал 2016 жылы ферроқорытпа зауытының, асфальт бетон жəне силикат кірпіш, мұнай саласына жəне уранға арнап компонажды цемент өндіре тін кəсіпорындар құрылысы баста лады. Цемент мұнай мен газ өнеркəсібінде бұрғылау кезінде ұңғымалардың жерасты суларының енуінен оқшаулау үшін пайдаланылады. «Неміс компаниясымен бірге біз Қызылорданың индустриялық аймағында құны 253 млн. доллар болатын ферроқорытпа зауытын салуды жоспарлап отырмыз», деді Қ.Көшербаев. Оның айтуынша, зауыттың техникалықэкономикалық негіздемесі дайын жəне сəйкес инфрақұрылымы жүргізілген. Кəсіпорын жылына 160 мың тоннаға дейін құрамында алюминийі аз ферросилиция өндіретін болады. Зауыт отандық ғалым дар жасақтаған инновациялық технологиямен жұмыс істемек. Оның үстіне өндіріс ошағының энергия сыйымдылығы өте жоғары болғандықтан, екінші

кезеңде қуаттылығы 150 МВт газ турбиналық электр стансасының құрылысы жоспарланған. Тағы бір айта кетерлігі, Индустрияландыру күні Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы комбинатының бірінші кезегі іске қосылды. «Құрылыс материалдарын өндіру саласының өсімі өңірдегі тұрғын үй құрылысының артуымен тікелей байланысты. «СамұрықҚазына» мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» АҚ бірлесе отырып, 2015 жылы облыста 121 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салды. Облыс бойынша тұрғын үй құрылысының үлесі 3 есе өсті, ал облыс орталығында – 8 есе», деді өңір басшысы. Облыс экономикасын дамытудың тағы бір бағыты – ауылшаруашылық саласы. Бүгінде Қызылорда Қазақстан бойынша тұтынатын күріштің 95 пайызын қамтамасыз етеді. 2015 жылы қызылордалық диқандар əр гектардан 50,5 центнер құрайтын рекордты өнім жинады. Аталған рекордтың көрсеткішке қол жеткізу пайдаланудың жаңа əдістері мен технологияларын іске қосу нəтижесінде мүмкін болды. Өңірде балық шаруашылығы да оңды дамып келеді. Тіпті, Арал балығы Еуропа нарығына экспортқа шығарылуда. Бүгінде Арал маңында 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. «Арал теңізінен балық алу көлемі 20 есеге өсіп отыр. Бұрын балық өңдейтін 3 зауыт болса, қазіргі уақытта олардың саны көбейді. Көксерке балығын Брюссельге жеткізудеміз. Еурокод та алдық, 400 жұмыс орнын қамтамасыз еттік», деді əкім. Облыс басшысының айтуынша, бүгінде жыл сайын 11 мың тонна Арал балығы өңделеді. «Балқашқа, Қапшағайға жəне басқа да жаққа кетіп қалған Арал балық шыларының барлығы да қайтып келді. Экспорт көлемі 3,6 есеге өсті. Арал теңізіне балықтың 22 түрі қайта оралды», деді Қ.Көшербаев. Əкім Арал теңізінің су деңгейі 4 метрге көтерілгенін де айтып өтті. «Өздеріңіз де білетіндей, кезінде Нұрсұлтан Əбішұлының бастамасымен тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында Арал маңы елдері басшылары Қызылордада бас қосып, арнайы қор құрған болатын. Бірақ, біздің көршілеріміз бұл тұрғыда орнынан қозғалған емес. Тек Қазақстан ғана Прези дентіміздің тапсырмасымен Дүниежүзілік банкпен келісім жасасып, Солтүстік Арал жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырды», деді облыс басшысы. Оның атап өтуінше, қолға алынған жұмыстардың нəтижесінде бүгінгі күні Арал теңізінің су деңгейі 38ден 42 метрге дейін көтерілген. «Əрине, теңізді түгелдей сақтап қалу мүмкін емес. Біз тек солтүстік бөлігін ғана айтып отырмыз. Су көлемі 15-тен 27 мың шақырым текшеге көбейді. Судың минералдануы литріне 23-тен 13 грамға дейін төмендеді», деді ол. Сонымен қатар, ол еліміздің тарапынан нақты шаралар жүргізілмегенде Аралдың өлі теңізге айналу қаупі өте жоғары болғандығын айтты. «Ол кезде теңіз өз жағалауынан 94 шақырымға кері шегінген еді. Таяуда ғана ұшақпен қарап шықтым, теңіз жағалауы Арал

қаласына дейін 17 шақырым қалды», деді облыс басшысы. Ауыл шаруашылығында балықтан басқа да өндіріс түрлері дамуда. Мəселен, келер жылы облыс буферлік аймақтан шығады жəне ет өнімдерін шетелге экспортқа тасымалдау мүмкіндігіне ие болады. Облыс фермерлері 5 мың ірі қара малға арналған бірнеше жаңа ірі бордақылау базасын салуды жəне оны дамытуды жоспарлап отыр. Өсімдік шаруашылығында жеміс, құрамажем жəне майлы дақылдар егістігін кеңейту жоспарлануда. 2015 жылы құрамажем зауыты жұмысын бастады. Мұнда күріш ақталып, макарон өндіріледі, ал қалған қалдықтарынан құрамажем дайындалады. Əкім, сондай-ақ, 2016 жылы Қызылорда облысы толық газдандырылатынын айтты. 2015 жылы 7 аудан орталығының 4-і газбен қамтамасыз етілген. Қалған үш аудан орталығына көгілдір отын алдағы жылы жетеді. Əрине, облыс аудандарын газбен қамту – зор əлеуметтік маңызы бар жетістік. «Біз биылғы жылдың ішінде Арал қаласының Қазалы ауданына қарасты Əйтеке би, Шиелі, Жаңақорған жəне Қызылорда төңірегіндегі бірқатар елді мекенге газ жүргіздік. Биыл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-пен бірлесіп, жалпы сомасы 23 млрд. теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылды», деді облыс басшысы. Оның атап өтуінше, келесі жылы өңірдің елді мекендерін газдандыруға 10,5 млрд. теңге қаржы бөлінетін болады. «Алдағы жылы Жаңақорған, Тереңөзек, Жалағаш жəне Қызылорда қаласында қалып отырған 120 тұрғын үйге газ жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз негізгі елді мекендерді газбен жабдықтау жұмыстарын аяқтайтын боламыз», деді Қ.Көшербаев. Сонымен қатар, 2015 жылы облыс орталығы таза жерасты ауыз суымен қамтылған, енді аудан орталықтарын қамту жұмысы басталып отыр. Елді мекендердің 71 пайызы орталықтандырылған су желісіне қосылған. Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауында облыс орталығының жаңа массивін салу жобасы қолға алынды. Келер жылы жаңа көпір аяқталып, содан кейін қажет ті құжаттар дайындалып, қаланың құрылыс жұмыстары басталады. Жоба жоспары бойынша жаңа қалаға 150 мыңнан аса қызылордалық қоныстана алады. Облыста жыл басынан бері бірқатар əлеуметтік нысандар салынды, оның ішінде 16 жаңа мектеп жəне 3 медициналық мекеме бой көтерген. «Өздеріңіз де білетіндей, Мем лекет басшысы Үкіметке, облыс əкімдеріне бірнеше тапсырма берген болатын. Оның біріншісі – үш ауысымдық мектептер проб лемасын жою. Бұл мəселені біз өткен жылы шештік. Қызылорда облысында үш ауысым мен білім беретін мектеп 2014 жылдан бастап жоқ», деді Қ.Көшербаев. Облыс əкімінің айтуынша, Елбасы жүктеген екінші тапсырма – 2020 жылға дейін мектеп жасына дейінгі балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету. «Біз бұл проблеманы да шештік. Бұған қоса, балабақшалар мен шағын орталықтардың басым бөлігі, яғни 405-і мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыратын жекеменшік балабақша мекемелері. Яғни, осынау үлкен əлеуметтік жобаны жүзеге асыруға бизнес белсене қатысуда», деді өңір басшысы. Айтқандай, Қызылорда облысының халқы 1 миллионға жетуге жақын. Бұл туралы да баспасөз мəслихатында айтылды. «Біздің өңірдегі халық саны тұрақты өсім көрсетіп отыр. Жылдық табиғи өсім 6 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында ресми түрде 754 мың адам бар. Бірақ медициналық есепте 823 мың адам тұр. Мен осы екінші дерекке барынша сенемін. Өйткені, тұрақты тұратын адамдар ғана медициналық мекемеге барып есепке тұрады», деді өңір əкімі. Қ.Көшербаевтың сөзіне қарағанда, халық саны осы қарқынмен арта беретін болса, таяудағы 7-10 жылдың ішінде облыс халқы 1 миллионнан асып жығылатын болады. «Осыған байланысты біздер білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт сынды əлеуметтік салаға қажетті нысандарды қарқынды салуымыз қажет», деді əкім.


26 желтоқсан

3

www.egemen.kz

2015 жыл ● Жолдау жауапкершілігі

АЛЄА БАСУДЫЅ АЙЌЫН БАЄЫТЫ Қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк несиелері бойынша терең талдау жасап, үмітсіз қарыздарды есептен шығаруы керек. 2015 жылдың басында еліміздің банк секторында жұмыс істемейтін қарыздар көлемі 4 трлн. теңгеге жуық болды. Жəне бұл банктер портфелінің 29 пайызын құрады. Бұл – əлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Мерзімі өткен қарыздар көлемі Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінде – 9%, Англияда – 8%, Германияда – 7%, Ресейде – 5%, Оңтүстік Корея мен Сингапурде – 1%. Егер еліміздің экономикасын, шағын жəне орта бизнесті несиелендіруді жаңғыртамыз десек, Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың еліміздің банк секторында жұмыс істемейтін қарыздарды 2015 жылы 15%-ға дейін, 2016 жылы 10%-ға дейін төмендету жөнінде қойған міндеттерін орындауымыз керек. Сонымен бірге, долларсыздандыруға бағытталған іс-

жеткілікті. Мəселен, 2014 жылғы «Республикалық бюджет туралы» заң жобасы Парламентте 2 рет нақтыланып, оны іске асыру туралы Үкімет қаулысына 24 рет өзгеріс пен толықтыру енгізілген. Яғни, орта есеппен айына 2 реттен өзгерістер енгізілген, ең соңғысы 30 желтоқсан күні енгізілген. Соған қарамастан, жыл қоры тындысы бойынша 26,4 млрд. теңге игерілмей қалды. Өңірлерге нысаналы трансферттер ретінде берілген 13,1 млрд. теңге игерілмей, республикалық бюджетке қайтарылды. Ал 2015 жылы қарашада болған Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Е.А.Досаев 2015 жылы бюджет қаражатының 68 пайызы ғана игерілгенін айтты. Дағдарыс кезінде, қаржы жетпей жатқанда бөлінген қаржылардың игерілмеуі тіптен түсініксіз. Оның себептері толық зерттеліп, келешекте ондай жағдайларды болдырмау жолдары қарастырылуы керек. Соңғы кездері еліміздің мемлекеттік жəне мемлекет кепіл

шаралардың барлығын да тиянақты атқарып, ел тұрғындарының ұлттық валютамыз – теңгеге деген сенімін нығайтуға қол жеткізудің маңызы ерекше. Ел басы Жолдауындағы Ұлттық банктің қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің мəселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп отыруы тиіс деген тапсырмасы өте орынды деп есептеймін. Еліміздегі барлық жеке жəне заңды тұлғалар бар жиған-тергенін банкке депозитке салады, банк арқылы жұмыс істейді, несие алады жəне тағы басқа да қызметтер жасайды. Салық төлеушілерден жиналған бюджет қаражатынан, Ұлттық қордан екінші деңгейлі банктердің жұмысын жандандыруға қаржы бөлінеді. Ол қаржылар қалай жұмыс істеуде, қайтарымы қандай, алдағы кезде қандай күрделі мəселелер туындауы мүмкін, несиелердің жағдайы қалай, осы сияқты салымшыларды ойландыратын басқа да сұрақтарға Ұлттық банк тарапынан тиісті дəрежеде ақпарат берілмейді. Керек десеңіз, Ұлттық банктің төрағасын тағайындауға келісімді Парламент Сенаты береді, алайда, Сенат келісімін беріп, тағайындалған Ұлттық банктің бұрынғы басшыларының бірі ұдайы жыл сайынғы Сенатқа беретін есебіне өзінің орынбасарларын жіберіп отырғанын бұқаралық ақпарат құралдары жарысып жазғанын да білеміз. Қазақта «Көрпеңе қарай көсіл» деген мəтел бар. Бұл тура қазіргі дағдарыс жағдайында басшылыққа алынатын қағида болуы тиіс. Себебі, бүгінде елімізде шикізат бағаларының түсуіне байланысты салық түсімдері 20 пайызға азайды. Оның ішінде қосымша құн салығы – 25 пайызға, ал корпоративтік табыс салығы 13 пайызға төмендеді. Елбасы біздің алдымызға мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау, жаңғырту, салықтық əкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұл – өте орынды мəселе. Парламентте талқыланатын Үкімет пен Есеп комитеттерінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебінде осы мəселе жыл сайын көтеріледі. Мəселен, Есеп комитетінің мəліметі бойынша, салықтық əкімшілік ету сапасының төмендігіне байланысты 2014 жылы салықтық түсімдер бойынша бересі (недоимка) 2013 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге ұлғайып 78 млрд. теңге болды. Ал салықтық түсімдер бойынша артық төлемдер 1,7 трлн. теңгені немесе 2014 жылғы барлық салықтық түсімдердің 46%-ын құрады. Əрине, бұл кейінгі қаржы жылының, яғни 2015 жылдың кірістер бойынша жоспарының орындалмауына сөзсіз əсер етті. Елбасы бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында Үкіметке барлық бюджеттік бағдар ламаларға толық ревизия жүргізуді тапсырды. Тиімсіз, артық шығындар немесе жекеменшік сектор арқылы шешілетін шығындар бюджеттен қыс қартылуы керек. Бұл бағытта шешімін табуды қажет ететін мəселелер

берген борыштың көлемі ұлғайып келеді. Шетелдерден еліміздің дамуына тікелей əсер етпейтін қарыздар алу да жиілеп кетті. Мысалы, жуырда Парламентте «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Шағын жəне орта кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Келісімге сəйкес несиеге алынып жатқан 40 млн. АҚШ доллары негізінен кəсіпкерлерді оқыту, əртүрлі консультациялар мен жаттықтырушы шеберлерді даярлау үшін өткізілетін тренингтер, семинарлар мен оқуларға, солардың əртүрлі жолсапар шығындары мен тамақтануларына жұмсалады екен. Əрине, бұл да керек шығар. Алайда, қазіргі қиын жағдайда мұндай несиелердің қажеті бар ма?! Біз қазіргі дағдарыс жағдайында да, алдағы кезде де, экономикада да, басқа секторларда да шикізат бағаларының өсуін күтіп отырмай, жаңаша ойлау, жаңаша іс-қимыл жүйесін қалыптастыруымыз керек. Ол үшін Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың бұрыннан талап етіп келе жатқан, ал қазіргі қалыптасқан жағдайда бірінші кезекке көтеріліп отырған жаппай үнемдеу, ысырапкершілікке жол бермеу мəселесін басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Үнемдеу тек бюджеттік бағдарламаларды қысқар ту емес. Ресурстарды, қаржы ларды, уақытты үнемдеуді науқаншылдыққа айналдырмай, оны барлық салада ендіріп, табыс əкелмейтін артық шығындарды қысқартып, өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құнын азайтуға, сапасы мен еңбек өнімділігін арттыруға, бір сөзбен айтқанда, бəсекеге қабілетті етуге жетуіміз керек. Мəселен, кəсіпкерлерге рұқсат беру мерзімін барынша азайту, əкімшілік кедергілерді жою, артық функцияларды бəсеке лестік ортаға беру жəне тағы басқалар. Мысалы, бүгінде электр қуатын үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру еліміздегі өте өткір мəселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 кВт/сағ. шығындалса, Жапонияда – 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда – 0,27, АҚШ-та – 0,30, Түркияда – 0,56, Қытайда 1,22 кВт/сағ. жұмсалады екен. Яғни, бұл – Қазақстанда электр энергиясы тиімді пайдаланылмайды, ысырапшылыққа жол беріледі деген сөз. Ал дамыған елдердің көрсеткіші бізден бірнеше есе төмен. Сол себепті бүгінде электр қуатын үнемдеу күн тəртібіндегі басты міндеттердің бірі болуы тиіс. Ауыл шаруашылығына келсек, елімізде 1 га ағын су нормадан артық жұмсалады, су пайдалану коэффициенті төмен. Республика бойынша су пайдалану коэффициенті 0,72 болса, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ол 0,6 ғана болып отыр. Егер еліміз бойынша су пайдалану коэффициентін 0,82ге көтерсек, 127 000 гектар жерді суландыратын 1 млрд. 272 млн.

Ґкпек жел ґрлеуге кедергі емес Қуаныш АЙТАХАНОВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың биылғы жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы елді бір серпілтіп тастады. Халқымыз қатты қызығушылық танытып, асыға күтетін жылдың басты саяси оқиғасы болып табылатын Президент Жолдауы – мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын, халықтың алдына жаңа міндеттер қоятын жылдың басты құжаты. Елбасының биылғы Жолдауы аса күрделі кезеңде жарияланып отыр. Алпауыт елдердің текетіресі мен санкциялар алмасуы, халықаралық терроризмнің өрши түсуі, босқындар ағыны, шикізат бағасының төмендеуі мен жетекші елдер экономикасы өсуінің баяулауы əлемдік экономика ны дағдарысқа əкелді. Еліміз əлемдік экономиканың құрамдас бөлігі болғандықтан, біз де басқа елдер сияқты əлемдегі орын алып отырған осы үдерістердің қармағына ілініп отырмыз. Бұл – біз үшін жаңалық емес, саяси экономиканың заңдылығы. Даму мен дағдарыс капиталистік экономикада кезекпекезек алмасып отыратын заңдылық екені бұрыннан белгілі. Қазіргі дағдарысқа біз тəжірибе жинақтап, алдын ала дайындықпен келіп отырмыз. Елбасының тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатқан еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында біз шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз. Бес жылда өңдеу өнеркəсібі 1,3 есеге, химия өнеркəсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есеге өсті. Жаңадан машина жасау өнеркəсібі пайда болды, экспорт 3 есе артты. «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы іске асырылуда. Бізде қажетті Ұлттық қор мен алтын-валюта резерві бар. Ұлттық валютамыз – теңге еркін бағамға көшті. Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге асырыла бастады. Тағы бір ерекше айта кететін жайт, еліміздің тұрғындарының экономикаға деген көзқарасының түбегейлі өзгеруі. Нарықтық қарым-қатынастарды, еңбек өнімділігін, табыстарын, өздерінің даму жолдарын толық меңгерген меншік иелері пайда болды. Нəтижесінде елімізде еңбек өнімділігі 60 пайыздан астамға артты. Халқымыздың əл-ауқа ты көтерілді. Білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалған шығындар соңғы 10 жылда 10 есе өсті. Тəуелсіздік жылдары елімізде жаңадан 1700-ден астам білім беру, 1300-ден астам денсаулық сақтау, жүздеген таза ауызсумен қам тамасыз ететін, тағы басқа көп теген əлеуметтік нысандар іске қосылды. Медициналық қызмет көрсету сапасы жақсара түсті. Халқымыздың саны өсті. Жұмыссыздық азайды. Тари хымыз, мəдени мұраларымыз түгенделіп, халық игілігіне жұмыс істеуде. Халқымыздың əлеуметтік-экономикалық жағдайының түзелуінің

арқасында отандастарымыздың орташа өмір сүруі 72 жасқа жуықтады. Бір шолып қарағанда, адамды бə лендей əсерге бөлей қоймайтын осынау құрғақ цифрлардың астарында көп мəн жатыр. Егер егемендіктің алғашқы жыл дарындағы өндіріс біткен тұралап, жаппай жұмыссыздық белең алып, ішкі жалпы өнімнің жылдық көлемінің құлдырау көрсеткіші 25,4 пайыз болып, инфляция шарықтап (1992 жылы – 3061 пайыз, 1993 жылы – 2265 пайыз), адамдардың жаппай күйзеліске түскен кезеңін еске алсақ жəне сол кездегі жағдайды халықтың қазіргі тұрмысымен салыстырсақ, екеуінің арасы жер мен көктей екені бірден көзге түседі. Осы салыстыру арқылы-ақ еліміздің өсіп-өркендеу жолдарын айқын аңғаруға болады. Əлемдегі сын-қатерлерді талдап, алысты болжап, келешекте атқарылар істерді бүгінгі нақты жағдайлармен шебер ұштастыра білетін Елбасымыз биылғы Жолдауында кез келген дағдарысқа қарсы 3 стратагема бар олар: «өсім, реформалар, даму» деп атап көрсетіп, оны орындауға байланысты міндеттерге тоқталды. Осы бағытта 5 институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін қысқа мерзім ішінде көптеген заңдар қабылданды. Олар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Елбасы өз Жолдауында дағдарысқа қарсы жəне құрылымдық жаңарулардың 5 бағыты бойынша: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру жəне экономикалық бəсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясат жəне жаңа əлеуметтік саясатты іске асыру бағыттарын айқындап, оларды орындау біздің негізгі міндетіміз екенін, біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз – Қазақстанды «Мəңгілік Ел» ету екеніне ерекше тоқталды. Қаржы секторын тұрақ тандырудағы негізгі міндеттері: теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендету, біртұтас зейнетақы қорын, проблемалық несие қорын Ұлттық банктің бақылауынан шығарып, оларды 2016 жылы жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына беріп, зейнетақы қорының табыстылығын арттыру.

текше метр су үнемделеді екен. Дамыған елдерде 1 м3 суға 2,5-6,0 кг ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілсе, бізде небəрі 0,4-0,8 кг ғана немесе 5-6 есе аз өндіріледі. Су үнемдеу технологиясының ең озық түрі – егістікті тамшылатып суару əдісі. Бұл тəсіл суды 3-4 есе үнемдейді, гектар өнімділігі 3-4 есеге артады, тыңайтқыштарды пайдалану коэффициенті 2-2,5 есе артады. Нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді, əр гектардан түсетін таза пайда мен еңбек өнімділігі 3,5-4 есе өседі. Міне, бұл – озық инновациялық технологияны ендірудің жемісі. Осындай мысалдарды экономиканың барлық саласынан келтіруге болады. Алдағы кезде барлық бағытта ресурстарды үнемдейтін осындай озық технологияларды ендіруге күш салуымыз керек. Яғни, бұл біздің күнделікті жұмысымыздың нормасына айналуы тиіс. Кез келген мəселені шешуде, атқаруда, өндіруде əрбір кəсіпкердің, мемлекеттік қызметкерден бастап, əкімдердің, орталық атқару шы орган басшыларының, Үкіметтің жұмыстарының басты бағыттарының бірі болуы тиіс. Тағы бір айта кететін мəселе, қазіргі қиын кезеңнің өзінде жаңа инновациялық технологиялар мен идеяларды іздестіру, оларды өндіріске ендіру арқылы түпкі өнімдер өндіруді, қосымша құн алуды көбейту арқылы жаңа табыс көздерін қарастыру өте маңызды. Елбасы Жолдауында мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін қайта қараған жөн екенін атап көрсетіп «ҚазАгро» Ұлттық холдингі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес екенін өте дұрыс айтты. «Қаз Агро» ҰХ арқылы соңғы жылдары агроөнеркəсіп кешенін индустрияландыру, қаржыландыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Алайда, Елбасы айтқандай, «ҚазАгро» ҰХ қаржылық институттары тарапынан бері летін қаржылар барлық өңірлер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін толық қамты майды. Мысалы, 2013-2015 жыл дары «ҚазАгро» арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерге егін егу мен жинауға жыл сайын республикалық бюджеттен 60 млрд. теңге көлемінде арзандатылған несиелер берілді. Бұл несиелер бүкіл республика өңірлеріне берілуге тиіс болса да, оны негізінен астық егетін солтүстік облыстар ғана алып келді. Мысалы, 2013-2015 жылдары көктемгі дала жұмыстары мен егін жинауға берілген жыл сайынғы 60 млрд. теңге несиенің 95%-ын Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері алып келген. Республиканың қалған өңірлері небəрі 5% несие алса, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыс тарының шаруалары ешқандай несие алмаған. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен тəуелсіздік жылдары елімізде белсенді əлеуметтік саясат жүргізіліп келеді. Əрқашанда, өткен қиыншылықтарға қарамастан, əлеуметтік саланы дамыту ең бірінші кезекте болып келді. Тек, соңғы 10 жылда əлеуметтік салаға жұмсалған мемлекеттік шығын 3 есеге өсті. Мемлекеттік жəрдемақылармен жəне төлемдермен 1,5 миллион адам қамтылған. Əлемдегі дағдарысқа қарамастан, Елбасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 28 пайызға, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға, əлеуметтік қорғау қызметкерлерінікі – 40 пайызға, əлеуметтік жəрдемақылар – 25 пайызға, «Б» корпусындағы мемле кеттік қызметшілердің еңбекақысының 30 пайызға артатынын жариялады. Үкіметке 2016 жылдың 1 тоқсанына дейін еңбекпен қамтудың жаңа «Жол картасын» жасауды тапсырды. Ол елді мекендерді абаттандыруға, инфрақұрылымдарды дамыту жобалары арқылы жұмыссыздыққа жол бермеуге, кадрларды қысқа мерзімде қайта даярлау, біліктілігін арт тыруға мүмкіндік береді. Кəсіпкерлікті дамытуға микронесиелер беруге жағдай жасайды. Елбасы Жолдауы біздерге – Парламент депутаттарына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, біздер өзіміздің заң шығару кəсіби міндеттерімізді атқарып, қабылданатын заңдардың сапасын көтеріп, еліміздің алға дамуына мұрындық болуымыз қажет.

Алаќанєа салєандай аныќ баєдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Тəуелсіз мемлекетіміздің бастауында тұрып, оны қалыптастырған, экономикасын реформалап, мəдениетін көтеру арқылы елін де, өзін де дүниежүзіне мойындатқан заманымыздың шын мəніндегі аса айтулы тұлғасы. Иə, алысты болжай білетін Президентіміздің қысқа уақыттың ішінде атқарған аса ауқымды істері келешек ұрпақтың игілігіне де жарайтыны даусыз. Сан алуан ауырлығын алға тосқан аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың тізгінін мықтап ұстаған Нұрсұлтан сыныптасым өзіне деген қалың халықтың үлкен сенімін ақтап, Қазақстанды айдай əлемге паш етті, мерейін өсіріп, мəртебесін көтерді. Биылғы Жолдаудың айрықша екенін айтқым келеді. Жаһандық қауіп-қатерге байланысты əлем тез өзгеруде. Сондықтан Президентіміз айтпақшы, барлық іс-жоспарымыз соған сай болуы тиіс. Бұл дағдарыстан ешкім қашып құтыла алмайды, бəрін де, барлық жерді де тұрақсыздық жайлаған. Осындай ауыр кезде не істеу керек? Міне, Елбасы осыған толық жауап тауып, алда қайтып жүріптұрамыз, қалай өмір сүреміз – соның бəрін алақанға салғандай жайып берді. Бəрі де анық, бəрі де нақты, яғни Елбасы жаһандық дағдарысқа қарсы еліміздің өзіндік жоспар-жобасын айқындап белгілеп көрсетті. Елбасы айтқандай, жаһандық дағдарыстың кері əсеріне қаймықпай қарсы тұру үшін бүкіл халық тиімді жұмыс істеуі керек. Осыған орай дағдарысқа қарсы стратегияның негізгі үш ұстыны – өсім, реформалар, даму бар екенін атап көрсетіп, қандай қиын жағдай болса да осы бағыттан таймайтынымызды да жеткізді. Əрі əлеуметтік міндеттемелер толық жүзеге асады, жағдайы өте төмен адамдар əлеуметтік жағынан бұрынғыдай қорғалатын болады. Мұны, əрине, Елбасының сара саясатының бір жемісі дегеніміз жөн. Қашанда халқының қамын

жейтін, елінің ертеңін ойлайтын, жұртының жүгін көтерген Елбасының Жолдауында заманмен үндес жаңашылдықтың, байыптылықтың, тіпті, батырлықтың жолы жарқырап жатыр. Мемлекетті дамытудың, оның экономикасын алға бастырудың сан тарау бағыт-бағдарын анық көрсетіп, ілгері жүрудің тура соқпағын белгілеп бергені тағы бар. Мына Жолдауды да осылай бағалауға болады. Онда дағдарысты кезеңдегі атқарылар істер егжей-тегжейлі түрде нақты көрсетілді. Қандай қиын жағдайда да Елбасының басты назарында болатын бір мəселе бар. Ол – халықтың əлеуметтік жай-күйі. Яғни, əлеуметтік сала қаржықаражаттан қысылмайды. Жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектерге, көпбалалы аналарға жəрдемақы, өтемақы тұрақты төленіп келеді. Президентіміз қаржы секторын тұрақтандыру, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану, мемлекет-жекеменшік əріп тестік, жекешелендіру, бəсекелестікке сай болу, нарықтық баға қалыптастыру жəне өмірлік маңызы бар мəселелер жайында да атап айтып, алға нақты міндеттер қой ғаны да көңілді орнықтырды. Сайлаубек ҚЫДЫРАЛИЕВ, Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Алматы облысы.

Ґѕір ґрісі – ґзекті жобалар

Шыєыс ґѕірінде Жолдауды жїзеге асыру шаралары ќабылданды Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының маңызы мен міндеттерін талқылауға арналған актив жиыны өтті. Оған қатысушылар өңірде Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы іс-шараларды пысықтады. Қала жəне аудан əкімдері, облыстық мəслихат депутаттары, басқарма мен департамент, құқық қорғау органдарының басшылары, кəсіпорын жетекшілері, кəсіпкерлер, азаматтық қоғам өкілдері қатысқан алқалы жиында алдағы уақытта Жолдауда жүктелген инвестиция көлемін арттыру, экономиканы одан əрі дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, əлеуметтік саланы нығайту, салық жүйесін бекіту сынды сан-салалы қадау-қадау міндеттер талқылауға өзек болды. – Мемлекет басшысының Жолдауы баршамызды өте жауапты əрі байыпты жұмыс істеуге жұмылдырады. Барлық жұмыс нақты жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі керек. Біз бюджеттік бағдарламаларды мұқият зерттедік. Сондай-ақ, тиімсіз шығындарды қысқарту мүмкіндігін қарастырдық. Оған электр қуатын үнемдеу бағдарламасы да тиесілі. Яғни, электр энергиясынан қатты отынға көшу арқылы 2 миллиард теңге үнемдеуге болады. Президент Жолдауын жүзеге асыру барысында біз үшін Еуропа қайта құру жəне даму банкі, мемлекет-жекеменшік

əріптестігі, даму институттарын тарту сынды инвестициялық жобалар басымдыққа ие болады, – деді Даниал Ахметов. Өңір басшысы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру орайында Шығыс Қазақстанда «Жол картасы», дағдарысқа қарсы іс-шаралар жос пары жасалып, Жолдаудың əр тармағы бойынша шаралар қабылданғанын жеткізді. Мəселен, «Жекешелендіру жəне экономикалық бəсекелестікті ынталандыру» атты үшінші бағыт бойынша облыста 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары, «Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері» атты төртінші бағыт аясында ин вестициялық климатты жақсарту жəне инвесторларды тарту жұмыстарына серпін беретін жəне «бір терезе» қағидатын пайдалануға жол ашатын өңірлік кеңес құрылады. Бюджеттік шығындар оңтайландырылғанымен, тұрғындар алдындағы əлеуметтік міндеттер орындалады. Үлбі металлургия зауытының жастар бірлестігінің жетекшісі Михаил Байтереков, «Статус» əйелдер федерациясының жетекшісі Ирина Унжакова, «Востокагрохолдинг» ЖШС директоры Ержан Нұрбаев Елбасы саясатының нəтижесінде шағын жəне орта кəсіпкерлерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып жатқанын əңгімеледі. Актив соңында облыс əкімі жау апты мекемелерге бірқатар тапсырма жүктеді. ӨСКЕМЕН.


4

www.egemen.kz

АРЫ Т П А Л А Т ДІК ТƏУЕЛСІЗ

26 желтоқсан 2015 жыл

«Экологиялық таза өндіріс саласында жаһандық ойыншыға айналып жəне экологиялық жағынан басымдығы жоғары, бəсекеге қабілетті ұлттық брендтерді қалыптастыру керек» Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Ақталған сенім

Адам жайшылықта «отандық инновация», «ұлттық бренд» деген жоғары пафосты сөздердің мəніне терең үңіліп, байыбына бара бермейтіні де рас. Ал енді микробиолог ғалымдар бұл мəселені микроскоп арқылы шұқшия зерттеп зерделегенде біз сияқты жай пенделер көр мейтінді – көретіні, білмейтінді – білетіні, соған орай пішімдеме жасап, келелі пікір түйетіні жəне хақ. Осындай зерт барысындағы ұзақ сарылыстардан, толғамды тұжырымдардан туған ғылыми жаңалықтар сөрелерде шаң басып жатып қалмай өндіріске енгізілгенде, ол одан əрі экономикалық тиімділікке жеткізіп, саудыратып пайда бергенде отандық инновацияға айналмақ. Олай болса, осындай бір тамаша үрдіс-үлгіні біз Білім жəне ғылым министрлігіне қарасты «Микробиология жəне вирусология институты» республикалық мемлекеттік кəсіпорнының зертханаларынан, институт жанындағы «Өнеркəсіптік микробиология» мөлтек-зауытынан көріп көңіліміз өсіп, ерекше сүйінішке бөлендік. Осы арада, сөз басында бір айта ке терлік жайт, 2011 жылы институт ғалымдарының бас директор Аманкелді Құрбанұлы Саданов бастаған бір тобы «Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған «Казбиосил», «Ризовит-АКС», «Бакойл-КZ» биопрепараттарын дайындау мен олардың өндірісін ұйымдастыру технологиясы» тақырыбындағы еңбектер тізбегі үшін еліміздің ғылым мен техника саласындағы ең жоғары – Мемлекеттік сыйлығына ие болған еді. Одан кейінгі жылдар бұл мəртебелі сыйлықтың ұзақ айлар бойы көз майын тауысып ықтиятты еңбек жасаған салиқалы ғалымдарға бекер берілмегенін айғақтады. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сыйлықты өз қолынан табыс етіп тұрып ғалымбасшы А.Садановқа: «Енді осы ғылыми жетістіктеріңді өндіріске енгізетін болыңдар», деп тапсырма жүктеп, міндет артқан еді. Осыдан аз ғана жылдар бұрын мекеме тізгінін қолына алған бас директорды Елбасы сенімі қанаттандыра түсті, жоғары дəрежелі жауапкершілік жүктелуі ұжымды ортақ іске тас-түйін жұмылдырды десек те, артық айтқандық емес. Нұрсұлтан Əбішұлының бір ауыз əрі қамқоршыл, əрі талапшыл сөздері бүкіл микробиология институты ұжымының бағдаршамына айналды. Иə, ол сөздердің астарында институт ұжымына, жалпы Қазақстан ғылымына деген зор сенім жатқандығы да айдай ақиқат-тын. Ал бүгін біз сол үлкен сенім ақталғанына, ақ желеңді абзал микробиологтар үдеден шыққанына куə-дүрміз. Микробиология жəне вирусоло гия институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Аманкелді Саданов қазақы қалыпта мол пішілген, тұрпаты келіскен, көзінен шуақ шашқан, жүзінен жайдарман жылылық ескен көпшіл де кішіпейіл адам екен. Институт орналасқан Бөгенбай батыр мен Қонаев көшелері қиылысындағы осынау үш қабатты ғимарат сонау 1935 жылы салынғанын, мұнда алғаш Қазақстан Ғылым академиясы қоныс тепкенін, мына залда академик Қаныш Сəтбаев сынды ғылым абызы мəжіліс жүргізгенін тарихтан суыртпақтай сыр тарта айтып жатыр. Институт зертханалары бір керім дүние. Жүздеген миллион теңгелік шетелдік қымбат аппаратура, жабдықтар. Бəрібəрі компьютерлендірілген. Зертханалық

мұнда металдардың микробиологиялық трансформациясының тетіктері зерттеледі, су қоймалары мен топырақ қабат тарын микробиологиялық тазалауға арналған технологиялар мен бактериалдық препараттар, өсімдіктерді инфекциялық аурулардан қорғайтын микробиологиялық құралдар əзірленеді, жаңа антибиотиктер іздестіріліп, ойлап табылады, сондайақ вирустар циркуляциясының тетіктері зерттеліп, жаңа буын вакциналық препараттар əзірленімдерін жасау тұрғысында жəне басқа да жұмыстар жүргізіледі. Ал енді біз тоқталғалы отырған бүгін таңдағы ең сүйінішті əрі Елбасы сенімінің ақталғанын білдіретін жағдай сол, институт қазірдің өзінде қоршаған ортаны қорғауға, ауыл шаруашылығы мен медицина һəм ветеринария жəне өсімдіктерді зиянкестерден қорғау салаларына арналған жаңа биопрепараттар əзірлеу жөнінде үлкен тəжірибе жинақтады деп

Микродүние мәйегі Алматыдаєы Микробиология жəне вирусология институты отандыќ инновацияны енгізіп, ел игілігіне їлес ќосуда Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

ауыз толтыра айта аламыз. Ең бастысы, өзінің өндірістік базасында дайындалып жатқан бұл препараттар республика өңірлерінде кең қолданыс табуда. Таяу болашақта əлемдік нарыққа жол ашып шығатын күн де алыс емес сияқты.

Отандық инновация – ауылға

Елбасы тапсырмасымен республикада мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту қолға алынғаны белгілі. Осы ретте құнары төмен топырақ қабаттарын қайта қалпына келтіру жəне мал шаруашылығы үшін жоғары сапалы жемшөп қорын жасау – бүгінгі аса маңызды міндет. А.Садановтың айтуынша, мал өнімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі азықтандырудың қысқы үлгісін жаздық үлгіге барынша жақындату болып табылады. Бұл орайда мал азығын дайындаудың пішендемелеу жəне сүрлемдеу сияқты озық технологиялары ежелден пайдаланылып та келген. Бірақ осы əдістің, осы азықтардың толымды нəтижеге жеткізер толайым тиімділігін қазақстандық микробиологтар тапты. Сөйтіп, институт ауылға көмек қолын созды, сүрлем мен пішендеме жұғымдылығын жақсартатын отандық топтамадағы арнайы «Казбиосил» бактериалдық ашытқыларын ұсынды. Аталмыш препарат қазір Қазақстанның 12 облысының мал өсіретін шаруашылықтарында кеңінен қолданылуда. 2011 жылдан бері осынау əсерлі биоконсерванттарды қосу арқылы дайындалған сапалы да жұғымды сүрлем мен пішендеме көлемі 2 млн. 700 мың тоннаға жеткен екен. Бір таңғаларлығы, сүрлемделетін

үлесінің аздығында. Оған қоса тұқымдық дəндердің шығымы төмен. Əр гектарға себілген 18-20 кг. тұқымның 75-80 пайызы өнбей, шіріп кетіп, тек 20-25 пайызы, яғни 3-5 килосы ғана өнеді екен. Бұған себеп – тұқымдық дəннің сыртқы қабығының қаттылығы, өнуге кедергі келтіруі. Отандық ғалымдар 10 жыл бойғы үздіксіз ізденістен соң жоңышқа тұқымының сыртындағы целлюлоза қабатын ыдырататын «Фитобацирин» препаратын ойлап тауып, оны өндіріске енгізіп те үлгерді. Бір ғажабы, қолданысқа енген инновациялық жаңалық күткендегіден əлдеқайда жоғары нəтиже берген. Целлюлозаның ыдырауынан дəн қабығының жұмсаруы дəннің ұрығы мен эндоспермасына судың жəне сумен бірге оның құрамындағы еріген минералдық жəне қоректік заттардың өз дəрежесінде жеткізілуіне ықпал етеді. Нəтижесінде тұқымдық дəннің шығымдылығы айтар лықтай артады. Ал тұқымдық дəнді себу алдында «Фитобацирин» биопрепаратымен өңдеу аталған дақылдардың шығымдылығын 80-90 пайызға дейін арттырды. Бұл себуге жұмсалатын тұқымдық дəннің тең жартысына жуығын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы, өндірістік жағдайда əр гектарға 18-20 кг тұқымдық дəндерді себер болсақ, бір килосы орта есеппен 1400-1500 теңге тұратынын ескерсек, əр гектарға кететін шығын шамамен 28-30 мың теңге болары анық. Егер біздің ұсынып отырған биопрепаратпен өңдеп барып себер болсақ, оның тең жартысы, яғни əр гектарынан 14-15 мың теңге тек қана тұқымдық дəннен жеке шаруашылықтардың өз пайдаларына қалады. «2014 жылдан бері Алматы, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында біздің «Фитобацирин» биопрепараттарымызбен өңделген жоңышқа мен түйежоңышқа алқаптары 10 мың гектарды құрады. Қазақстан нарығында аталмыш биопрепараттардың баламасы жоқ. Жаңалықты жұртқа жария еттік.

«Ризовит-АКС»-ты қолданғаннан кейін соя дақылының əр гектарынан алынатын қосымша өнім – 5 жəне 7 центнер, яғни бір центнерінің орташа бағасы сегіз мың теңге тұратынын ескерсек, əр гектарынан орташа 40-50 мың теңге таза пайда алынады. Ал, препараттың бір гектарға кететін шығыны бар-жоғы 600 теңге. Ал осы атаудағы «АКС» дегеніміз – Аманкелді Құрбанұлы Саданов, яғни Саданов қолтаңбасы. Осынау қолтаңба төрт жылдық сыннан өтіп, қазір Қазақстанның 9 облысында, республика шаруа қожалықтарының 85-90 пайызында, 300 мың гектарға жуық алқапта бұршақтұқымдас өсімдіктер (жоңышқа, түйежоңышқа, ас бұршағы, қытай бұршақ, жасымық, нұт, т.с.с.) қолданылып игілік-кəдеге жаратылуда. Сондай-ақ, «Турингин» бактериалдық препараты жоңышқаның түрлі зиянкестерінен қорғау орайында фермерлерге көмекке келген. Ал «Полилактовит» ауыл шаруашылығы малдардың жас төлдері мен құстардың балапандарының жұқпалы ауруларын емдеу мен алдын алуға арналған. Ол да сынақтан өтіп, тоқтаусыз өндірісі жолға қойылды. Сөйтіп, институт препараттарына республиканың 270-ке жуық ірі шаруашылығы тапсырыс беріп отыр, көпшілігі биопрепараттарды сынақтан өткізуге тəжірибелік алқаптар бөлуде. Шаруалар олардың тиімділігіне барған сайын көз жеткізуде.

Назарда – адам саулығы мен экология

Əлбетте, «Бəрі де адам игілігі үшін» деген қағиданы институт ғалымдары берік ұстанған. Сондықтан, мұнда тері ауруларына қарсы қолданылатын, жоғары белсенділікке ие төлтума жаңа медициналық препарат ойлап табылды. Яғни «Розефунгин-АС» жақпа майы

ортадан бастап препарат алу мен жақпа майды тубик құтыларға салуға дейінгі барлық үдерістер тізбегі іске қосылып та қойылған. Тораптың өнімділігі – минутына 60 жақпа май құтысын шығарады. Сөйтіп, «Розефунгин-АС» жаңа отандық өнімі алдағы 2016 жылы тұтынушыға жол тартпақ. Қоршаған ортаны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін ескерер болсақ, мұнаймен ластанған топырақ қабатын тазалауға арналған «Бакойл-КZ» биопрепаратын əзірлеп, көптеп шығарылуын жолға қою соншалықты ғанибет іс болды. Ол Қазақстанның топырақ-климат жағдайына бейімделген мұнай тотық тырғыш жергілікті микро ағзалар негізінде əзірленген, мұнай жəне мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді 100 пайыз дерлік тазалауға қабілетті. Соңғы төрт жылда Атырау мен Маңғыстауда осы препаратты қолдана отырып 300 гектардан астам ластанған аумақ топырағы тазартылыпты. Бұрын мұнайшылар импорттық құралдарды пайдаланып келген болса, енді отандық препараттардың тиімділігін көрген соң соларға көшіпті. 10 шақты компания дереу институтпен келісімшарт жасасуға асыққан. Сөйтіп, зауыт тек қазақстандық қана емес, келекеле атағы жайылып, абыройы артып, шетелдік компаниялардың да тапсырыстары бо йынша жұмыс істей бастады. Мұнда бір маусымда ғана орта есеппен 30 тоннаға дейін «Бакойл-КZ» биопрепараты шығарылып тұрады. Осылайша, профессор Аманкелді Саданов басқаруындағы ұжым ұтымды ұйымдастыра білсе, қазақстандық ғалымдардың қолынан да іргелі іс келетінін дəлелдеп, əлемге таныта бастауы игілік нышаны болар деп ойладық.

Зертханадан – зауытқа

бөлмелердегі температура режімдері де белгіленген мөлшерден əсте мүлт кетпеуі тиіс. Ғылыми жаңалықтар осында ашылып, отандық жаңа биопрепараттар осы жерде ойлап табылып, өмірге келуде. Мұның баршасы ғылыми ұжым басшылығының талапшыл қадағалауымен жүзеге асуда. Иə, айтса айтқандай, бүгінгі таңда институт іргелі жəне қолданбалы мəселелерді зерттейтін жетекші ұйымға айналып отыр. Институттың мəн-жайға қанық емес қаймана жұрт үшін жасырын, жабық мекеме сияқты көретіні бар. Ал ақиқатына келсек, ондай ештеңесі жоқ. Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттары мүлде құпия емес. Аманкелді Құрбанұлына жүгінсек,

1 тонна көк балаусаға небəрі 3 грамм ашытқы əбден жеткілікті көрінеді. Осы отандық препарат бұрын пайдаланылып келген Францияның, Германияның жəне Ресейдің осындай баламалы биопрепараттарын бəсекелестіктен батыл ысырып, олардың республика нарығындағы үлесін бүгінгі күні небəрі 15-20 пайызға дейін түсіріп тастады. Бұл, енді, отандық өнімнің əлемдік бəсекедегі қабілеттілігі жайындағы басқа əңгіменің арқауы. Жоңышқа дақылы – еліміздегі ең көп тараған, əсіресе, ірі қара мал үшін аса жұғымды малазығының бұршақ тұқымдас өсімдік. Түрлері де өте көп. Жоңышқа жеген мал қоңын үстемелей береді. Ол сондай қасиетке ие шөп. Мəселе жоңышқаның ауыспалы егістіктердегі

Фермерлер де дəн риза», дейді Аманкелді Құрбанұлы. Сондай-ақ, институт жаңадан жергілікті штаммдар негізінде əзірленген «Ризовит-АКС» препаратын ұсынған еді. Соның нəтижесінде жоңышқа мен түйежоңышқаның өнімдері де күрт артқан. Тағы бір ғажабы сол, препаратты қолдану кезінде əр гектар сайын топырақта 250-300 килоға дейін биологиялық азот жинақталып қорланады. Осы экологиялық таза нəр-қорек ауыспалы егіс дақылдары үшін аса пайдалы, баршасының да өнімділігін молайтады. Оны қолданғаннан кейін егістікті үш жыл бойы минералды азот тыңайтқыштармен құнарландырмаса да болады. Мына жайтқа да назар аударайық.

– Қазақстандағы тұңғыш əрі əзірге бірден-бір отандық антибиотик. Оның нарықтағы шетелдік баламаларымен салыстырғандағы артықшылығы қазірдің өзінде паш етілді. Себебі, біздің отандық жаңа препарат тері ауру қоздырғыштарының 39 түрімен күресуге əбден пəрменді. Мамандар препараттың клиникалық сынақтардың соңғы сатысынан өтіп жатқанын айтып отыр, яғни, 250-ден астам науқасқа ем-шипа болған нəтижесі де толымды. Аманкелді Құрбанұлының айтуынша, бұл препаратты өндіру технологиясы толық игерілген, қымбат бағалы, бірақ өзін-өзі ақтайтын технологиялық торап та сақадай-сай. Институттың зауытында оны өндірудің: микроағзаларды өсіретін қоректік

Аманкелді Құрбанұлы əуел бетте-ақ институттың тамаша жарақтанған, көз жауын аларлық 9 бірдей зертханасын құлшына көрсетіп шықты, арасында əңгімесін де айта жүрді. Бүгінгі таңда шығарылып жатқан жеті түрлі биопрепараттар нақ осы жерде ойластырылып əзірленген, жаңа штаммдар осы арада дүниеге келеді. Барлық ғылымизерттеу жұмыстары осында жүргізіледі. Институттағы 185 қызметкерлердің ішіндегі 19 ғылым докторы, 38 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы мен 37 магистр мұндағы ғылыми-шығармашылық əлеуетті жақсы сипаттайды. Қызметкерлер жыл сайын бөлінетін 15-20 млн. теңге қаржыға шетелдерде тағылымдамадан өтіп, озық тəжірибеге қанығады. Осындай білікті мамандар микроағзалар мен вирустарды шұқшия зерттеп, қандай да бір инфекцияның шығу түйткілдерінің шешімді жауабын табады. Мысалы, қазір ақбөкендердің қырылу себептері зерттелу үстінде. Олай болса, сол бір өкінішті апаттың анық ақиқатын білетін күн де алыс емес. Институт есебінде қазір 300ге жуық жаңа ашылым патенті бар болса, соның 70-і тікелей А.Садановтың өзіне тиесілі. Ұжымды əлемдік биотехнология

нарығына ұмтылдырған тəлімді басшының бұл да тағылымы деп білсек керек. – Əлбетте, институтымыздың алтын алқасы – өз қолымызбен құрған зауытымыз. Өйткені, жаратылыстану бағытындағы ғылыми ізденістер мен əзірленімдер əрқашан түпкі нəтижеге бағдарлануы тиіс. Қазақстан ғылымы отандық өндірісті өркендетуге үлес қосуы керек, – дейді бас директор. Міне, осы сөздің растығына Алатау бөктеріне жақынырақ орналасқан «Академқалашықтағы» зауытты өз көзімізбен көріп аралағанда көзіміз жете түсті. Үстімізде – ақ желең, аяғымызда – арнайы шұлық. Алдымызда ата қаздай алшаң басып, əңгіме тиегін ағытып Аманкелді Құрбанұлы өзі келеді. «Өнеркəсіптік микробиология» мөлтек зауыты айына 40 тоннаға дейін отандық биопрепараттарды шығара алатын қуаттылыққа ие. Яғни бұл зауыт қоршаған ортаны жəне өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға, ауылшаруашылық малдардың ауруларына қарсы жəне медицинаға арналған биопрепараттарды шығару жөніндегі өндіріске қойылатын барлық стандарттар мен талаптарға жауап беретін əрі нағыз озық та заманауи, жоғары технологиялы керемет жабдық-аппаратуралармен, арнайы аспап-құралдармен жарақтанған екен. Технологиялық ағын-арна зауыттың мұнтаздай цех-бөлмелерінің бірінен-біріне тізбектеле толассыз ауысып жатады, бəрі компьютер арқылы басқарылады. Бұл күрделі де көркем үдерістер зауыттың микробты препараттар зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ирина Александровна Ратникова мен азотсіңіргіш микроорганизмдер биологиясы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Ұлтанбекованың жіті бақылауында. Жабдықтарды сатып алуға 60 пайыз мемлекет бюджетінің септігі тисе де, кəсіпорынның өз табысы да инновациялық серпінді ұлғайтуға өзіндік үлес қосуда. Дəйекті деректерге жүгін сек, ми кробиологиялық зауыттың макроқұлшынысы байқалғандай. Əуелі, ол өзін-өзі ақтап отыр. А.Садановтың тағы бір қағидаты: мемлекет мойнына мініп алмай, өз күніңді өзің көру, табыс табу. Сондықтан, барлық заманауи жабдықтар, институттың жаңғыртылуы, зауыт құрылысы тек бюджет есебінен ғана қаржыландырылып қойған жоқ. Қазір де ғылыми-өндірістік бағдарламаның 40 пайызы институттың өз қаржысымен іске асырылуда. Алдағы уақытта бұл үлес ұлғайып өсе түспек. Нақ осы ретте төлтума өнімдерінің кеңінен насихатталып, жұртшылыққа етене таныстырылып, өмір мен өндіріске жолдама алуы, кəсіпорынға пайда мен тиімділік əкелуі жолында институттың ғылыми əзірленімдерді қолданысқа енгізу бөлімінің меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Ғайни Қылышбекқызы Таубекова да тасты өрге домалатар жігер-қайраттан кенде емес. Олай болса, Елбасы сенімін ақтаған атпал азамат, атақты ғалым, алғыр ұйымдастырушы Аманкелді Саданов айтса айтқандай, шағын зауыт шалқар айдынға шықты. Ғылыми-өндірістік серпінімен сүйсіндіріп, отандық инновацияны жандандыра дамытқан ұйымшыл да ұтырлы, қос қанатты ұжымның бас ты міндеті ел тұтынушыларын, республиканы сапалы да қауіпсіз, əрі арзан, əрі біздің өз жағдайымызға бейімделген препараттармен жəне дəрі-дəрмектермен қамтамасыз ету болса, бұл үде абыроймен орындалуда. Сөйтіп, микробиологтар ғылым мен өндірістегі басқа əріптестеріне үлгі көрсетуде. Институттың ғылыми əлеуеті, шағын зауыттың қарымды қуаты алда жаңа биіктерге жетелей беретініне еш шүбə жоқ. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында міндет етіп қойылған өсім де, реформа да, даму да осы арада тоғысқаны байқалады. Біз танысқан микродүние мəйегі осындай мият сенімді бекіте түскендей. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Юрий БЕККЕР.


І С І Н Ə М ЛЕНІҢ

26 желтоқсан 2015 жыл

5

www.egemen.kz

МƏСЕ

«Қарттыққа дауа жоқ» деседі. Сол себепті де, зейнетақы жүйесі қай кезеңде де барша жұрттың басты назарында. Оның үстіне зейнетақы жүйесі – еліміздегі өзгерістерге ең көп ұшыраған жүйелердің бірі. Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі де өзгереді деген әңгіме бар. Мұндай хабар шыққанда, бұған жастың да, жасамыстың да елең ете қалғаны рас. Өйткені, бүгінде зейнет жасына жеткендер арасында өмір бойы жұмыс жасамаса да, базалық зейнетақы алып, күндерін көріп жүргендер жетіп-артылады. Зейнетақыға қатысты осы және оқырмандар тарапынан жиі қойылатын басқа да сұрақтарға жауап алу үшін жақында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша басқарма басшысының орынбасары Жеңіс БЕРІКОВПЕН жүздесіп, зейнетақы жүйесінде болып жатқан өзгерістер жөнінде әңгімелеп беруін өтіндік.

ЗЕЙНЕТАҚЫ

ҚАЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ? – Статистикалық есеп бойынша бүгінгі таңда облыстағы зейнетақы алушы адамдардың саны 77865 болса, соның 39623-і ауылда тұрады. Зейнет жасына жеткен адам құрметті демалысқа шығып, өмір бойғы жасаған жұмысының жемісін көреді, зейнетақысын алып, оны өз игілігіне жаратады. Облыс бойынша бүгінде орташа зейнетақы төлемінің мөлшері 36079 теңге, ең төменгі зейнетақының мөлшері 23692 теңге. Ал базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 11182 теңгені құрайды. Көпшілік жұрт базалық зейнетақы дегеннің не екенін білмеуі де мүмкін, сондықтан бұл жөнінде қысқаша айта кеткенім жөн болар. Бүгінгі таңда елімізде базалық, міндетті жəне ерікті – көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі дегеніміз, бұл – белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жеке тұлғаларға уəкілетті ұйымнан берілетін ай сайынғы ақшалай төлем жəне ол бюджет қаражаты есебiнен беріледі. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi зейнетақы төлеу орталығынан, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жəне ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне, сондай-ақ, мүгедектiгi бо йынша мемлекеттiк əлеуметтiк жəрдемақы алуына қарамастан беріледі. Оның көлемі республикалық бюджет туралы заңға сəйкес ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, белгiленедi. Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарға еңбек өтіліне жəне жалақысына қарамастан, бірдей мөлшерде, яғни 11 182 теңге шамасында төленеді. Алдағы жылдары бұл тəртіп өзгереді. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сəйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы азаматтарға

зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Мысалы, азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі кемінде 10 жыл болған жағдайда, жүйеде оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ына тең болатын əлеуметтік зейнетақы берілетін болады. Азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан асқан болса, онда əрбiр жылға оның мөлшерi 2%-ға ұлғайтылады. Ал қатысу өтiлi 35 жыл жəне одан да көп болған жағдайда, ол адамға төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі ең төменгi күнкөрiс деңгейiне тең болады. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер үлкен еңбек өтілі бар, бірақ зейнеткерлікке шығар сəтте табысы жоқ немесе ұсынған табыстары төмен азаматтар үшін өте тиімді. Өйткені, олардың еңбек өтілі мен табысына қарай есептелген зейнетақысына мемлекеттік базалық зейнетақы 100 пайыз қосылатын болады. Сөйтіп, көп жыл жұмыс өтілі бар адамдардың зейнетақысы осы мемлекеттік базалық зейнетақы есебінен көбеймек. Зейнетақы жүйесіндегі бұл өзгеріс ынтымақты жəне жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қатысушыларға да өз əсерін тигізеді деп күтілуде. Бұл ретте оларға төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі олардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақтаған еңбек өтіліне жəне зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейін төлеген кезеңіне байланысты тағайындалатын болады. Осыған байланысты жұмыс берушілер өз қарамағындағы қызметкерлеріне міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай зейнетақы қорына ай сайын уақтылы жəне толық көлемде аударып тұрулары керек. Сол себепті жеке шаруа қожалықтарында, ЖШС-ларда, жеке кəсіпкерлік нысандарында жұмыс жасайтын адамдар ерте бастан зейнетақы қорындағы жинақтарын мұқият қадағалауы керек. Қазіргі таңда көптеген жеке шаруашылық басшылары өз қарамағында жұмыс жасайтын жұмысшылардың 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын зейнетақы қорына жылына бір рет аударады. Тіпті, кейбір жеке кəсіпкерлік нысандарының есеп-қисабы «қосарланған» нұсқада жүргізіледі. Мұны бірқатар мекеме басшылары салықты аз мөлшерде төлеу мақсатында əдейі жасайды. Бұл жеке кəсіп қожайыны

үшін тиімді болғанымен, кейін ұжым жұмысшыларына кесірін тигізеді. Өйткені, кезінде жалақысын іс жүзінде тым тəуір алғандар, құжаттарда табысы аз көлемде көрсетілгендіктен, зейнет жасына жеткенде оларға зейнетақы аз есептеледі. Сөйтіп, жұмысшы өмірінің соңына дейін алатын нəпақасын дұрыс ала алмайды. Яғни, бейнетінің зейнетін көре алмайды. Сондықтан, бұл мəселеге жұмыс беруші де, жұмысшы да бірдей сергек қарау керек. Ол үшін жұмысшылар басшыларынан орталықтандырылған зейнетақы орталығына зейнетақы жарнасын ай сайын тұрақты аударып тұруды талап етуі керек. Бұл талап жұмысшы мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек келісімшартында көрсетілуі тиіс. Ал міндетті деңгейде, яғни ынтымақты (еңбек) зейнетақы мемлекеттік бюджеттен жəне жинақтаушы – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленеді. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік бюджеттен ынтымақты зейнетақыны алу үшін азаматтардың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай еңбек өтілі болуы керек. Толық зейнетақыны тағайындау үшін əйелдердің еңбек өтілі 20 жыл, ал ер-азаматтардың еңбек өтілі 25 жыл болуы тиіс. Зейнетақы төлеудің тағы бір жолы жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жүзеге асырылады. Яғни, бүгінгі таңда жұмыс істеп жүрген азаматтардың барлығы да жинақтаушы зейнетақы қорына еңбекақысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы аударымдарын аударып жүр. Олар аударып жүрген бұл қаражаттарының игілігін зейнет жасына жеткенде көретін болады. Сондай-ақ, азаматтардың зейнетақы жинағы ай сайын зейнетақы төлеп тұруға жеткілікті болған жағдайда əйелдерге 50 жастан, ал ерлерге 55 жастан зейнетке шығуға болады. Зейнеткерлікке шығудың бұл нұсқасы сақтандыру компаниялары арқылы зейнетақы аннуитетін сатып алу жолымен жүзеге асырылады. Бұл жөніндегі толық ақпаратты аталмыш жұмыспен айналысатын сақтандыру компанияларынан алуға болады. – Жеңіс Жоламанұлы, тоқсаныншы жылдары қоғамның өзгеруіне байланысты көптеген мекемелер жабылып, біраз адамның жұмыссыз қалғаны белгілі. Осыған байланысты бірқатар жұрттың жұмыс өтілінде үзіліс болды. Кейін олардың бірқатары жұмыс тауып

жұмыс өтілін жалғастырғанымен, тағы бірсыпыра адам əлі күнге дейін жұмыссыз жүр. Зейнет жасына жеткенде олардың жағдайы не болмақ? Яғни, еңбек өтілі үзік-үзік адамдарға зейнетақы қалай есептеледі? – Тоқсаныншы жылдары жұмыс істеген адамдардың сол кезеңге дейін үлкенді-кішілі еңбек өтілі болатыны белгілі. Сондықтан олардың мемлекеттік бюджеттен ынтымақты зейнетақы алуға құқы бар. Азаматтардың жасына байланысты тағайындалатын зейнетақы төлемінің мөлшері олардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне қарай есептеледі. Зейнет жасына толған кезде олардың табысы төмен болса немесе мүлдем табыссыз болса, яғни жұмыс істемеген болса, онда зейнетақы оларға ең төменгі мөлшерде, яғни 23692 теңгеге жеткізіліп тағайындалады. Толық емес көлемдегі зейнетақы төлемі толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне үлес ретінде есептеледі. Сондайақ, жұмыс өтілінде үзіліс бар адамдар да зейнетақысыз қалмайды. Қазіргі əрекет етіп тұрған заң бойынша 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс өтілі бар азаматтарға жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табысы негізінде есептеледі. Басқаша айтқанда, азаматтардың зейнетақы мөлшері оның қатарынан тұрған үш жылғы табысын есептеу арқылы, яғни 36 ай бойы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасы 36 айға бөлу арқылы есептелінеді. Нақтырақ айтқанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек өтілі (ер адамдарға 25 жыл, əйел адамдарға 20 жыл) болған жағдайда, зейнетақыны есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қажетті еңбек өтілінен артық жұмыс істеген адамға əрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақы есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауы керек. Зейнетақы мөлшерін есептеуге арналған табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 41 еселенген мөлшерімен шектеледі. Мысалы, 2015 жылға айлық есептiк көрсеткiштің мөлшері 1982 теңге х 41 = 81262 теңге. Осыған орай қазіргі таңдағы ең жоғары

зейнетақының мөлшері 60947 теңге, ал ең төменгі зейнетақы көлемі 23692 теңгені құрайды. Бүгінгі күні барлық зейнеткерлер, еңбек өтіліне қарамастан, 11 182 теңге шамасында бірдей базалық зейнетақы алады. – Заман ағымына сай бүгінде халықтың көпшілігі жеке кəсіпкерлікпен айналысуда. Олардың жеке кəсібін дамытуға жұмсаған жылдары еңбек өтілі болып есептеле ме? Сондайақ, жеке кəсіпкерлердің жұмысын істеп жүргендерге болашақта зейнетақы алу үшін не істеу керек? Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың жұмыс өтілі не болмақ, жасы жеткенде олардың зейнетақы алуға құқы бар ма? – Кəсiпкерлiк қызметпен айналысатындар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар зейнет жасына жеткен кезде облыстық зейнетақы орталығына жолығулары керек. Егер олар тиісті орындарға 2013 жылдың 21 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» №105 заңының 14бабы 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн сақтандыру жарналарын төлегенi туралы жəне салық органына тапсырған құжаттары арқылы жұмыс жасаған уақыты мен тапқан табысын растайтын құжаттарын тапсырған жағдайда, сондай-ақ, олар Жинақтаушы зейнетақы қорына өздерінің тапқан табысынан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы аударымдарын аударып отырған болса, онда оларға да жұмыс істеп жүрген барша азаматтар секілді еңбек өтілі есептеліп, зейнетақы тағайындалады. – Тағы бір сұрақ. Мүлдем жұмыс істемеген адамдар да қартайғанда зейнетақы ала ма? – Мүлдем жұмыс істемеген адамдарға зейнет жасына жеткенде қалауы бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (биылғы мөлшері – 11182 теңге)) тағайындалады. Аталған төлем жыл сайын əр жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген көрсеткіштерге сəйкес өсіріліп отырылады. – Ал бала күтімімен үй шаруасында болғандарға ше, оларға зейнетақы қалай есептеледі? – Жұмыс iстемейтiн аналардың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн балаларды бағып-күткен уақыты еңбек өтілі

болып есептеледі. Мынаны ескеру керек, əрбiр баланы босанғаннан кейінгі тек 3 жылға дейінгі уақыт қана жұмыс өтілі болып есептеледі. Заң бойынша бала күтімі бойынша есептелетін жұмыс өтілінің жалпы жиынтығы 12 жылдан аспауы керек. Мысалы, жас əйел əр үш жыл сайын босанып, 4 баланы дүниеге əкелген жағдайда, ол үйде бала тəрбиесімен айналысып отырып-ақ, өзіне 12 жыл жұмыс өтілін жасап алады. Бұл заңдылық еліміздің демографиялық жағдайын оңалтуға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. – Оралмандардың зейнетақы мəселесі қалай шешілуде? Мысалы, зейнетке Моңғолия немесе Қытайда жүріп шыққандар арасында зейнетақы алу мəселесі бойынша түйткілдер бар ма? – Жоқ, бұл бағытта түйткілді мəселе болуы мүмкін емес. Өйткені, «Қазақстан Республикасындағы зейнет ақымен қам сыздандыру туралы» Қа зақстан Рес публикасының 2013 жыл ғы 21 маусымдағы №105 заңының 2-бабы 2-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда жəне халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей пайдаланады. Егер Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жəне ол жақтан қайтып келген адамдар зейнетақылары мен жəрдемақыларын ол жерден ала алмаса, бұл жөніндегі анықтама қағазды кеткен елінің уəкілетті органдарынан алып келген жағдайда зейнетақы төлемі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сəтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі. Егер кету кезеңінде зейнетақыны арттыру жүргізілген болса, оның мөлшерін тағайындау кезінде осы арттырулар ескеріледі. Бұл жөніндегі толығырақ ақпаратты қажет еткен адамдар облыстық зейнетақы орталығына арнайы барып, мамандардан алуына болады. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Айша ӨТЕБƏЛІ, журналист.

Батыс Қазақстан облысы.

ҚУЫРШАҚ ТЕК ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанайда облыстық əкімшілік пен ТМД елдері мемлекетаралық ізгілікті ынтымақтастық қорының қолдауымен ІV халықаралық «Ортеке» қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестивальға Қа зақ стан Республикасының Мəдениет жəне спорт

министрлігі құрылтайшылық жасады. Өнер жиынына Қазақстаннан Қостанай, Петропавл, Ақтөбе, Астана, Ақтау қалаларынан облыстық қуыршақ театрлары келді. Сонымен қатар, фестивальға Душанбе қаласынан Тəжік мемлекеттік жəне М.Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақтар театрлары да қатысты. – Кəсіби қуыршақ өнерін көпшілікке тарату, өңіраралық ынтымақтастықты жəне кəсіби қуыршақ өнері саласында халықаралық мəдени байланысты дамыту, отандық қуыршақ театрының көркеюіне жағдай жасау осы фестиваль ұстанған негізгі мақсат болды, – дейді Қостанай облыстық мəдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус. Фестивальдің Қостанайда өтуінде де мəн бар. Бұрын облыстық орыс драма театрының ішінде жеке труппа секілді жұмыс істеп келген қуыршақ театры үш жыл бұрын жеке отау тігіп шықты. Жеке ғимаратқа ие болуы да театрдың дамуына мүмкіндік жасап отыр. Алматы қуыршақ театрының 80 жылдық тарихы бар десек те, жалпы Қазақстанда бұл кенже дамыған өнер. Көптеген облыс орталықтарындағы қуыршақ театрының жұмыс істей бастағанына 30-40 жылдан əрі асқан жоқ. Қостанай қуыршақ театры тəй-тəй басты. Айтпақшы, Қостанай облыстық мəдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус келесі жылдан бастап, Қостанай қуыршақ театрында қазақ труппасы ашылатынынан хабардар етті.

Қазір жалпы еліміздегі қуыршақ театрларының қазақ труппасы саусақпен санарлық ғана. Қуыршақ ойнамай өскен бала жоқ. Оның маңызы ертегі секілді əр халық тарихында тамырын тереңге тартады. Сондықтан ұрпақ тəрбиесінде қуыршақтың орны ерекше. Өйткені, бұл халықтың тұрмысынан, болмысынан бастау алып дамыған өнер. Фестивальға келген Астанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі Бекболат Парманов өнердің бұл түріне ерекше қамқорлықпен қатар заманауи көзқарас керектігін айтты. – Қуыршақ тек ойыншық емес. Оның философиялық мəні өте жоғары. Бүлдіршіндер жүрегіне адалдықтың, еңбекқорлықтың, батылдық пен мейірімділіктің, тазалықтың дəнін егуде, олардың өнер деген қасиетті ұғымды жастайынан түсінуіне, жақсы мен жаманды ажыратып өсуіне қуыршақ театры құдірет секілді ықпал етеді. Біз қазір театрдың бұл түрін тек балаларға арналған деп түсінеміз. Ал шындығында онда ересектерге арналған да шығармалар қоюымыз қажет. Бірақ, қазақстандық қуыршақ театрлары ондай деңгейге əлі жете қойған жоқ. Ол – маңдай терді сыпыратын, өте қиын жұмыс, – деді Болатбек Саттарұлы. Журналистермен кездескен фестиваль қонақтары Түрікменстан мемлекеттік қуыршақ

театрының қоюшы-суретшісі, Түрікменстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Батыр Бекмұрадов, Молдова республикасындағы «Ликурич» қуыршақ театры орыс труппасының жетекшісі Светлана Раду, Алматы қуыршақ театрының актрисасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі Сəбила Əбуова бүгінгі қуыршақ театрларының жетістіктері мен проблемаларын ортаға салды. Халықаралық ІV «Ортеке» қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылуынан кейін қостанайлық кішкентай көрермендер жеті театрдың қазақ жəне орыс тілдерінде əкелген шығармаларын үш күн бойы тамашалады. Фестиваль қорытындысында Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының Б.Заходердің шығармасына қойылған «Отшельник и Роза» атты лирикалық ертегісіне көрермендер тəнті болды, ал мамандар жоғары бағалады. Осы қойылым «Үздік спектакль» аталымы бойынша фестивальдің 500 мың теңге сыйлығына ие болды. Ал «Үздік режиссерлық жұмыс» аталымына Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының режиссер Надежда Насырова қазақ ертегісі желісімен қойған «О чем рассказал степной ветер» атты шығармасы ие болды. «Үздік актер» деп Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының актері Сапар Қапанов танылды. ҚОСТАНАЙ.


6

ДЕРІ М І Р Ө ІР

www.egemen.kz

ӨМ

Қаркен Ахметов. ХХ ғасырдың 60-70-жылдары бұл азаматтың атақдаңқы бүкіл Кеңес Одағына мəлім болды. Қаркеннің көзін көрген, қатар жүрген адамдар ол кісіні əлі күнге дейін сондай бір сағынышпен, ыстық ықыласпен еске алады. Себебі, Қаркен аға ұлтын шын сүйген, үлкен жүректі, мейірбан əрі өте іскер адам болатын. Ол кісі нағыз мемлекетшіл тұлға, көрнекті қайраткер еді. Қаркен Ахметұлы 1930 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Балалар үйінде тəрбиеленген жасөспірім 14 жасынан Қарағанды құрылысына атсалысты. 20 жасында Қарағанды облысындағы Октябрь аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болса, 25 жасында Қарағанды облыстық комсомол комитетінің екінші хатшысы қызметіне тағайындалды. Қазақстан комсомолы Орталық комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін жəне ҚазГУдің тарих факультетін бітірді. 1959 жылы, 29 жасында республика Спорт комитетінің төрағасы болды. Бұл саладан хабары болмаса да, шаруаға білек сыбана, сондай ыждаһаттылықпен кіріседі. Алғашқы күннен жанына білімді əрі білікті мамандарды жинай бастайды. Үлкен лауазым иесі болғанына қарамай, қарапайым жаттықтырушылар мен спортшыларды үйіне ертіп

Темірхан ДОСМҰХАМБЕТОВ, Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

ДАРҚАН

СҰҢҒЫЛА

Ол кезде бапкерліктің қыр-сырына қанығып, қызығына əбден берілген шақ. Айтжан Шаңғараев, Мəден Қалиеков сияқты шəкірттерім ендіенді қанаттары қатайып, түрлі жарыстарда топ жара бастаған. Алдымда қалың тастүлек. Күні ертең-ақ Кеңес Одағының кіл мықтысын қирата жеңіп шығатынымызға күмəнсіз сеніп, құлшынып жүрміз. Жасым – 25-те. Бір күні мені Қаркен аға шұғыл шақыртты. Бардым. Қызмет ұсынып отыр. Дəрежесі – «Буревестник» спорт қоғамы республикалық советінің басшысы. Үш ұйықтасам, түсіме кірмейтін лауазым. Адам таппай шақырып отырмағанын жақсы білем. Сонда да ат-тонымды ала қаштым. Қаркен аға таңданысын жасырмады. Мен болсам: «Аға, ұсынысыңызға көптенкөп рахмет. Біріншіден, мен мұндай қызметті атқаруға еш дайындығым жоқ. Екіншіден, бірнеше жыл үздіксіз

2015 жыл

барып, дастарқан жаяды екен. Келе-келе ұлттық құрамадағы белді спортшыларды тегіс танитын жағдайға жетіпті. Замандастарының айтуынша, білікті мамандарды бірнеше сағат тыңдаудан жалықпаған деседі. Бір естігенін қағып алатын жəне оны өмірі ұмытпайтын зерек екен. Кабинетінің есігі əрдайым ашық болыпты. Бір адамдар бар: атағы мен лауазымын, алған наградасын айтпайақ атын атасаңыз болды, халықтың жадында жаңғыра жөнеледі. Қазақ спортының ардагерлері бас қосқан алқалы жиында Қаркен Ахметұлы туралы бір ауыз сөз қозғасаңыз, дəл сол жерде бір кітапқа жүк болатын естеліктер айтылатынына өз басым күмəн келтірмеймін. «Халық министрі, аса көрнекті мемлекет жəне спорт қайраткері, даңқты Қаркен Ахметов, қазақтың Қаркені...». Ол кісімен дəмдес, сыйлас болған, қол астында істеген адамдар Қаркен ағаның көзі жоқ болса да, ақ жүректен, ақжарма көңілден осылай ақтарыла жөнеледі. Тыңдап отырып, көз алдыңызға ағаның алмас қылыштай жарқылдап жүрген тұлғасы елес беріп өтеді. Мен де Қаркен ағаның шапағатын көрдім. Сондай аяулы тұлғаның есімін кейінгі ұрпақ ұмытпасын, елге сіңірген еңбегін біліп, өнеге тұтсын, деген оймен жадымда қалған естеліктер мен естіген əңгімелерді, көңілге түйгендерімді хатқа түсірдім.

Ќаркен

Қаркен ағаның қарапайым дылығында шек жоқ еді. Бір ерекшелігі – қат-қабат шаруаның бəріне үлгеретін, шаршамайтын адам. Қызметтен тыс қаншама бапкер, спортшылармен, спорт мамандарымен аралас-құралас жүрді. Ол кезде бəсеке дегеніңіз үздіксіз өтеді ғой. Жеңімпаздарды санап тауысу қиын. Ал, Қаркен Ахметов сол дүрмектің бел ортасынан қалмай, үздіктерді марапаттап, жылы лебізін білдіріп, арқасынан қағып қоюдан бір жалықпаған кісі. Коммунистік партияның тұсында басшылық қызмет атқарғандарға қойылатын талап өте күшті еді. Баяндамалары сағаттап оқылатын жиындар тым жиі ұйымдастырылды. Таңнан қара кешке созылды. Бармауға, қатыспауға еш басшының құқы жоқ. Сонда деймін, Қаркен аға сол қаптаған жиындар мен спорттық жарыстардың бəріне бірдей қалай үлгеріп жүрді екен? Қандай төзімділік, не деген қажыр-қайрат. Көп басшының бойынан табыла бермейтін Қаркен ағаның тағы бір қасиеті – есте сақтау қабілетінің күштілігі еді. Оған бір мысал, мен ол кезде қатардағы көп жаттықтырушының бірімін. Үзеңгілес жүріп, тонның ішкі бауындай араласа қоймаған кез. Үнемі есіне салатындай қасында жанашыр кісім де болған емес. Рас, күрес залына арнайы келіп танысты. Жақсы сөз айтып, арқамнан қағып, көңілімді көтерді. Кездейсоқтық шығар деп ойлаған едім. Олай болмай шықты. Қаркен аға мені кейін де назарынан тыс қалдырмады. Мына бір оқиғаны қалай ұмытайын. Ол кезде жатақханада тұрамын. Жалақының басқа тартса, аяққа жетпей жүрген кезі ғой. Теледидар алудың сəті түспей жүрген. Мені танитындардан сұрастырып білсе керек, бірде сол тұстағы ең жақсы теледидарды жігіттерден үйге беріп жіберіпті. Иə, Қаркен аға спорт саласындағы мың сан азаматтардың жағдайына алаң көңіл болудан бір тынбай өткен адам. Мен сол мыңның бірі ғана едім ғой. Қазақы жомарттық, дархандық дегеніңіз осы емес пе.

26 желтоқсан

Голландия, Швеция, Ресей конькишілеріне есе жібермеу үшін Алматыдағы екі ай қыс аздық етіп, Прибалтикаға, Украинаға, Белоруссияға жəне Бурабайға жаттығу жиындарына бара бастадық. Үйден гөрі түзде ұзақ болатынымызды көріп, біліп жүрген төраға Қаркен Ахметов бір жолы менің отбасымды оқу-жаттығуға қасыма жіберді. Айдалада, ет жақындарымнан жырақта жаным жүдеңкіреп жүр еді, бала-шағаммен қауышып, мəре-сəре болдық. Сол сапар Қаркен Ахметұлының сезімталдығына, қамқорлығына жаным семіріп, кəдімгідей марқайып қалдым. Оның есесіне шəкірттерім Кеңес одағын ғана ұтып қоймай, əлем жəне Еуропа рекордтарын жаңғырта бастады. Оңтүстік конькишілері солтүстіктің жүйріктерінен қалыспайтын болды ...Бұл күнде Май Хван ақсақалдың жасы сексен бесте. Уақытында жүздесіп қалғанымыз қандай жақсы болған. Көрдіңіз бе, қария кеудесінде қандай асыл қазынаның тұнып жатқанын.

ӨЗ ПƏТЕРІН ТАРТУ ЕТКЕН

дайындаған шəкірттерімді көздеген биікке жеткізейін. Орта жолдан тастап кетуге дəтім бармайды. Бастаған жоспарымды аяқсыз қалдыра алмаймын», деген уəж айттым. Түсінді. Ақыл-кеңесін айтып, шығарып салды. Кейін естідім. Қаркен аға мені сол кезде-ақ назарда ұстапты.

ЖАНАШЫР

1975 жылы күтпеген жерден бапкерім Асқар Асубаевтың басына бұлт үйірілді. Алматы дене шынықтыру институтының күрес кафедрасында қызмет істейтін ұстазымның үш шəкірті – самбо күресінен Қазақстан чемпиондары, одақтық жарыстардың жүлдегері болған жігіттер бір милиция қызметкерін соққыға жығып, түрмеге түседі. Компартияның дүркіреп тұрған шағы. Асқар аға партия мүшесі болатын. Институттың партия ұйымы үш шəкірті түрмеге түскен бапкерді дереу жиналысқа салады. Сол жиында бастауыш партия ұйымының жетекшісі Финогенова оған қатты шүйлігіп: «Асубаевты партия қатарынан шығару керек», дейді. Ал, ол деген – қызметтен босау деген сөз. Ұстазымның жағдайын естіген соң үнсіз қалуға қалай дəтім шыдасын. Асқар Рахымұлын ертіп, Алматы қалалық партия комитетінің хатшысы Қаркен Ахметовтің алдынан бір-ақ шықтық. Спорт саласынан жырақ кетсе де, мені ұмытпапты. Құшақ жая қарсы алды. Бұйымтайымды айттым. Болған оқиғаға қаныққан Қаркен Ахметұлы бірден Совет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысына біздің көзімізше телефон соқты. Сондағы айтқаны: «Асқар Асубаев мықты балуандар баптап жүрген жаттықтырушы. Ол кісінің шəкірттері шахматшы емес. Жекпе-жекке, айқасқа түсетін жігіттерді баулып жүр. Спортшылар қателікке ұрынған екен. Олар заң жүзінде жазасын алады. Ал, жаттықтырушы соқталдай жігіттерді қалайша үйде байлап отырмақ. Шəкірттері үшін жаттықтырушыны қатты жазалаудың қажеті жоқ».

Нəтижесінде Асқар ағам партия қатарында қалумен қатар, институттағы жаттықтырушылық қызметін де одан əрі жалғастырды. Сөйтіп, жанашыр ағаның көмегімен ұстазымның басына үйірілген бұлтты бір сейілтіп едік.

АТАҚ ЖƏНЕ ГАЗЕТ

Мына əңгімені ілгеріде КСРОның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Май Хваннан естіп едім. Бұл кісі конькишілердің əйгілі бапкері. Шəкірттері бір кезде одақ көлемінде алдына жан салмай тұрды, əлем, Еуропа рекордтарын жаңартты. Өзі Қаркен Ахметұлымен түйдей құрдас. Ұзақ жыл тізе қосып, бірген жүрген досы. Сөз тізгіні – əңгіме иесінде. – Бір күні Қаркен Ахметұлы қасына сол кездегі Алматы физкультура институтының ректоры Хамза Мұхамеджанұлын, мені жəне тағы бір спорт маманын ертіп, Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің хатшысына алып барды. Хатшының алдына жайғасқан бойда: «Мені партия республика спортын көтеруге арнайы жіберді, – деді. – Ал спортты дамыту үшін белгілі алғышарттар қажет. Айталық, Кеңес Одағының спортын биік белеске жеткізген маманға «КСРОның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы беріледі. Осы жерде республика спортына ерекше үлес қосқан адамның еңбегін қалай бағалаймыз, деген сұрақ туады. Мысалы, мына кісінің аты-жөні - Май Хван. Мықты конькишілерді баптап жүрген жаттықтырушы. Жақында «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атанды. Бірақ, бұл атаққа екінің бірінің қолы жете бермейді. Сондықтан, республика спортын алға сүй реп жүр ген мамандарды жігерлендіріп, көтермелеу үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын белгілесек. Сонда жаттықтырушылар жұмысын құлшынып атқарар еді. Сіз осы мəселенің шешілуіне қолұшын берсеңіз», деп мəселені төтесінен қойды. Орталық партия комитетінің

хатшысы Қаркен Ахметұлын мұқият тыңдап отыр. Қаркен əңгімесін əрі сабақтады. Ол кісі елде спорт газеті жоқтығын алға тартып, былай деді: «Мысалы, Май Хванның еңбегін қалың бұқара біле бермейді. Мен осындай мамандарды, майталман спортшыларды көпшілікке үлгі қылу арқылы жұртшылықты денешынықтыру мен спортқа көптеп тартқым келеді. Өзіңіз жақсы білесіз, партиялық газетке спорт туралы мақаланы үнемі басып шығару мүмкін емес. Қысқасы, спорт саласындағы жақсы істерімізді, проблемаларымызды жəне мамандарымыздың тəжірибесі мен жеңістерімізді халыққа жария қылатын арнайы газетіміз жоқ. Қазақстан спортын кеңінен насихаттайтын республикалық спорт газетін ашудың қажеттігі туды». Қаркен Ахметұлының жоғарыдағы екі ұсынысы да аяқсыз қалған жоқ. Көп ұзамай республикалық Спорт комитетінің дербес басылымы – екі тілде шығатын «Спорт» газеті өмірге келді. Ал, 1961 жылы мамырда «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы үкімет деңгейінде ресми түрде бекітілді. Қазақстан бокс құрамасының сол тұстағы аға жаттықтырушысы Ескендір Хасанов пен маған сол жылы республикада ең бірінші болып «Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. ...Елуінші жылдардың ортасында конькишілер аптасына алты-сегіз сағат қана жаттығатын. Сонда бір жылғы жаттығу жүктемесі 350 сағатты құрайды. Мен адам организмінің мүмкіндігін ғылыми негізде сараптай келе, алпысыншы жылдардың басында жылдық жүктемені 500600 сағатқа жеткіздім. Қыста жарыстан босамаймыз. Жазда жалпы дене күші дайындығына кірісеміз. Жыл бойғы үздіксіз жаттығу жүйесін біз енді-енді енгізе бастағанбыз. Қаркен Ахметұлы менің тың бастамаларымды сұңғылалықпен ұғып, ұсыныстілектерімді жерге тастамай, барынша қолұшын созды. Алты ай қыста үзбей жаттығатын

Петр Филиппович Матущак – бүтін ғұмырын спортқа арнап өткен адам. Қазақтың еркін күресінің дамуына үлес қосқан айтулы маман. Қаркен Ахметұлының тікелей қамқорлығымен Петр Матущак пен Қабден Байдосов еркін күрес құрамасын тізе қосып қатар баптаған жылдар (1962-1971 ж.ж.) біздің балуандар үшін табысты болды. Ол кісінің Қаркен ағаға деген құрмет сезімі ерекше еді. Мына əңгімені бұдан бірнеше жыл бұрын сол кісінің өз аузынан естіп едім. ...1963 жылғы КСРО халықтарының үшінші спартакиадасында еркін күрес балуандары Əбілсейіт Айханов пен Алексей Семкин өз салмақ дəрежелері бойынша алтын медальді жеңіп алды. Бұған дейін қазақстандық еркін күрес шеберлері одақтық спартакиадада чемпион болып көрмеген. Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Петр Матущак пен екінші жаттықтырушы Қабден Байдосовтың жанкешті еңбегінің арқасында республика құрамасы осы кешенді бəсекеде Кеңес Одағындағы күшті командалардың қатарынан көрінді. Сөйтіп, Мəскеуден жеңіспен оралған Петр Матущак пен оның зайыбын сол күні кешкісін республикалық Спорт комитетінің төрағасы Қаркен Ахметұлы үйіне қонаққа шақырады. Дастарқан үстінде Қаркен Ахметұлы Петр Филипповичтің зайыбынан: «Қалай, біздің пəтер сізге ұнады ма?» деп сұрайды. Сол кездің өлшемімен кең сарайдай үш бөлмелі үйге сүйсінгенін жасыра алмаған Тамара: «Тамаша!» дейді. «Олай болса, бұл пəтерді сіздерге сыйлаймын!» дейді Қаркен Ахметұлы күтпеген жерден. Петр Матущак пен зайыбы Тамара сенер-сенбесін білмейді. Төрағаның сөзі əзіл емес екен. Арада біраз күн өткенде Матущактар отбасы өздері біраз жыл тұрған бір бөлмелі пəтерден Қаркен Ахметұлының үш бөлмелі кең үйіне көшіп алады. ...Міне, Қаркен аға осындай болатын.

ДОС

Қаркен ағаның ең жақын досы Марченко Александр Григорьевич дегенді жұрттан көп еститінмін. Екеуі көп жыл жұп жазбай қатар жүрген, бір-бірінен сыр жасырмас дос болыпты. Тіпті, Қаркен аға Мəскеуде жол апатынан қайтқанда, сүйегін алып келуге Қазақстаннан барған жалғыз адам осы кісі екен. Александр Григорьевич жан досы туралы таңды таңға ұрып əңгімелеуге бар адам. Айтқан естеліктері сан тарау. Соның арасынан біздің ұсынып отырғанымыз тек достыққа қатысты əңгімелері ғана. – Екеуміз 1954 жылы таныстық. Қаркен ол кезде Орталық комитетте бөлім бастығының орынбасары, мен Ленин аудандық комсомол комитетінің қызметкерімін. Осыдан кейін Қаркенді Қарағанды облыстық

комсомол комитетінің екінші хатшысы етіп жіберді. 1959 жылы республика спортының басшысы болды. Көпшілік Қаркен спортты көтерді деп бағаласа, мен Қаркен Қазақстан спортын жоғары деңгейге көтерді, деп баға беремін. Қаркен мейірімді, қонақжай болумен қатар, жұмысқа келгенде өте талапшыл, қатал басшы болды. Мықты ұйымдастырушы еді. Оның есігі күндіз-түні ашық тұрады. Зайыбы Гүлбаһрам тамаша адам еді. Қаркенді қатты қызғанатын. Себебі, Қаркен кез келген ортаны өзіне қаратып алатын. «Жақсыда жаттық жоқ», демекші, ол адамды тез үйіріп əкететін. Қай жерде болсын, Қаркеннің маңдайы жарқырап тұрады. Ол жаратылысынан көшбасшы еді. Ал, Гүлбаһрам отбасының шырайын кіргізетін, шаңырақтың берекесін ойлаған, отағасы мен балалары десе, жанын жұлып беруге даяр, жайсаң адам болды. Зайыбы ас үйден шықпайтын. Себебі, Қаркен үйге жалғыз келмейді. Қонақ күтуге үнемі дайын болуы керек. 1963 жылдың аяғында Индонезияның Джакарта қаласында Еуропа, Азия, Африка елдері спортшыларының қатысуымен ГАНЕФО ойындары өтті. Осы ГАНЕФО ойындарына совет делегациясын Қаркен Ахметов бастап барды. ГАНЕФО-ның бірінші вице-президенті болды. Бұл оның совет спортындағы беделін көрсетеді. Ол спортшы болмаса да, спорттың ішіне ене білді. Жұрт оны неге жақсы көрді дейсіз ғой. Ол өте жомарт адам болатын. Жомарттығымен досын көбейтті. Оны бүкіл Кеңес Одағының спорт басшылары мен белді мамандары аяғынан тік тұрып сыйлады. Оның беделі туралы Мəскеуде болған бір эпизодты айтып берейін. Мен онда білім көтеру оқуында едім Қаркен екеуміз жолықтық. Қаркен: «Бүгін Мəскеудің «Спартагы» Уругвай құрамасымен ойнайды, барайық. Осы ойыннан кейін «Спартак» бізге, «Қайратпен» ойнауға келеді», деді. Мен: «Қалай кіремін, билетім жоқ», десем, «саспа», дейді. Содан стадионға келдік. Жұрт билетпен кіріп жатыр. Біз үкімет мүшелері кіретін жаққа келдік. Қаркен құжатын көрсетіп:«Мен Ахметовпын, мына кісі менімен бірге, Қазақстан компартиясы орталық комитетінде қызмет істейді», деді. Милиционер туғаны келгендей жол берді. Біз ВИП-ке кірдік. Мына жағыма қарасам, бір маршал отыр, екінші жақта ЦК-ның қызметкері. Жоғарыда Политбюро мүшелері. Қаркен өз үйінде жүргендей еркін. Бəрімен емен-жарқын амандасып, қауқылдасып жатыр. Сонда мен досымның Мəскеудегі беделіне таң қалдым, əрі риза болдым. Ол тумысынан дарынды басшы еді. Медеу мұз айдынының салынуында Қаркеннің еңбегі зор. Ол Дінмұхамед Қонаевпен келісе отырып, Мəскеудің тілін тауып, Медеудің шаруасын өрге сүйреді. Сол мұз айдынында рекордтар туа бастағанда Қаркен қалай қуанды десейші. Ол Медеу үшін Мəскеуден ақша алып, қалғанын Қонаевпен шешті. Бір жолы Қарағандыдағы досымыз бір қолайсыз жағдайға душар болды. Қаркенге жағдайды айттым. Ол: «Қолыңнан келгенше көмектес, тіпті кіндігің үзіліп кетсе де, досты суырып алып шық. Достан айырылуға болмайды», деді. Біз бір-бірімізден сыр жасырмаушы едік. Мен ант берген мемлекеттік құпияны ғана оған айтпаған шығармын. Басқа шындықты Қаркеннен жасырған емеспін. Қаркен мен əйелінің көңілі, қонақжайлығына қарап, оларға осы қасиет қазақ даласының кеңдігінен дарыған ба деп ойлайсың. Шіркін, қазақ даласы қандай ғажап. Бұл даланың мамырдағы кезі қандай. Дала құлпырып тұрады. Жаңа бүршік жарған гүлдің иісі қандай. Оның қасында француз əтірі далада қалады. Мен қазақ халқына, қазақ даласына Қаркендей ұл тапқаны үшін жан жүрегіммен ризамын. Ондай тұлға тым сирек туады. Оны халық шын сүйді. Қазақ халқы аман тұрғанда оның есімі ұмытылмайды. Қаркен Ахметұлының 85 жылдығы кезінде осындай жүрекжарды əңгімелерді оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Алла нəсіп етсе, Қаркен ағаның жарқын бейнесін ұрпақ жадында жаңғыртатын толымды дүние жазу алдағы күндердің еншісінде. Сөз соңында Қаркен Ахметұлының тікелей ұйытқы болуымен Алматыда əлемге əйгілі Медеу мұз айдыны, Балуан Шолақ спорт сарайы, орталық жүзу бассейні, шаңғы трамплині, тағы басқа спорт ғимараттары бой көтергенін, өңірлерде денешынықтыру мен спорттың кең қанат жайғаны жəне қазақ спорты аяғына нық тұрып, əлемдік бəсекеге қабілетті орасан зор жүйеге айналғанын айтуға тиіспіз. –––––––––––––––– Суретте: 1963 жылы ГАНЕФО ойындарына Кеңес Одағының спорттық делегациясын бастап барған, осы халықаралық ұйымның вицепрезиденті Қаркен АХМЕТҰЛЫ (ортада). АЛМАТЫ.


26 желтоқсан 2015 жыл

АТЫ Қ И Қ А Р А ТАҢДАҚТ

АҚ

Ақ ұлпаның астарында қалған қара даққа қатысты ұғымдарды қайта қарастырғанда 1. «ЖАБАЙЫ» ЖƏНЕ «МƏДЕНИ» ҰҒЫМДАРЫ

Жерге өсіп шығатын өсімдік атаулыны осылай екіге бөледі. Айталық, баршаға көзтаныс қызғалдақтың өзі өсетін жəне егілетін түрлері бар. Жабайысы Қаратаудан Алтайға дейін мамыр айының ортасына қарай кең далаға жайқалып шығады, мəдени түрі қала атаулының паркінен жеке үйлердің ауласына дейін егіледі. Алмаңыз да сондай. Алатау мен Тарбағатай қойнауында жабайы түрі сыршыл жазушы Сайын Мұратбековтің хикаясына өзек болған. Апорттан басталатын алуан сұрыпты мəдени түрі сол таулар баурайындағы бауларда жеміс беріп, қаншама ақынның жыр арқауына айналған. Өз кезегінде адам қолымен өсірілген мəдени өсімдік тағы екіге бөлінеді: жеуге жəне техникалық қажеттісі. Алмұрт ағашы – жеуге жарайтыны, каучук ағашы – техникалықтың өзі. Немесе, бидай – азықтық, мақта – техникалық дақыл. Осы жерге атбасын байлайық. Мақта. Ықылым заманнан бері одан жіп иіріліп, мата тоқылды. Қысы суық елдерде өңделмеген қалпы жылы киім мен көрпенің астарына тігілді. Ұлыбритания өз отарлары Мысыр мен Үндістанда, Америка Құрама Штаттары оңтүстік аймағында жаппай егіп, шитті мақтаны сыртқа сатты. Алушының бірі – Ресей. Халқына қажет киім мен көрпежастығы тек импорттық мақтадан. Сауда ойдағыдай жүріп жатқанда, 1863 жылы солтүстік пен оңтүстік штаттар арасындағы азамат соғысынан АҚШ жағалауы құрсауланды. Одан алым мөлшері өсіп кетті. Бір пұт мақтаның алымы 1 сомнан сəл артық еді, енді 4 сомға бір-ақ ырғыды. Оның үстіне ХІХ ғасырда оның талшығынан оқ-дəрі алынып, мақта стратегиялық дақылға айналды. Айналасында швед, жапон, түрік, неміс, лях, тағы басқасымен жауласып жататын империяға оқ-дəрі қажеттігі көрпе мен күпəйкеден кем емес еді. Қайтпек керек? Жанталасып мақта өсірілетін алқаптар ізделді. Оған күн молынан түсетін ыстық топырақ керек. Ресейдің өзіне ежелден тиесілі жердің жазы қысқа əрі салқын. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы «Мақта өсіру» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетаев бұған мынадай түсінік берген: – Халықаралық мақта мəселесі комитетінің мəліметінше, дүниежүзінде тек 70 мемлекет мақта шикізатын өндіреді. Біздің ғалымдарымыз Үндістан, Қытай, Пəкістан, Оңтүстік Африка, Аргентина, Бразилия, АҚШтың мақта егетін аймақтарында болып қайтты. Сонда байқағанымыз: Қазақстан ең солтүстікте өсіреді. Жер шарының эквадордан бергі бөлігіндегі мақта егісі 380-440 белдеу арасын алып жатыр. АҚШ-та 380-інші белдеуге дейін. Іргелес Өзбекстанның ең солтүстігі саналатын Қарақалпақстанда егістік шегі 430-ыншы белдеуден өтеді. Біздің Түркістан аймағында мақта егістігі 440-қа дейін жетеді. Одан солтүстікке қарай бұл дақыл пісіп үлгермейді. Патшалық Ресей

шенеуніктері бұл мəселені жақсылап зерттесе керек. Ақыры назар күні кеше жаулап алынған аймақтарға түсті. Бұрын мақта мен одан тоқылған бөзді Жібек жолы арқылы Шын-Машыннан алып отырған Орталық Азия халқына арық қазғызып, жаңа дақылдың тұқымын септірді. Ташкент маңын аралап келген империялық үкіметтің егіншілік министрі былай тұжырыпты: «Түркістан бидайының əрбір артық пұты – ішкі Ресей мен Сібір астығына бəсеке; Түркістан мақтасының əрбір артық пұты – американ мақтасына бəсеке. Сондықтан бұл жаққа астықты қымбаттау болса да тасып əкеліп, одан босаған танаптарға мақта өсірген жөн». Мұны айтқан министр Кривошеинді бүгінгі көзқараспен «білікті менеджер» деу керек. Сөз арасына қыстыра кетейік, арада өткен бір ғасырдан соң Ресей осы мақта өсетін аймақтарды уысынан шығарып алды. Жүз жыл бұрынғы «қайтпек керек» деген сұрақ тағы алдан шықты. Киім-кешек, көрпе-жастық жағын қайдам, бұл жолы ресейлік ғалымдар оқ-дəрі жасалатын мақтаны зығыр талшығымен ауыстырған. 2010 жылдан бері орыс армиясы дəрісі осы талшықтан жасалған оқты атады. Зығырдан қуат көп бөлінетіндіктен салмағы азайған. Ұзақ сақталғанда ұрыс қабілеті жойылмаған. Жəне бұрынғыдан алысқа ұшатын болған. Алдағы уақытта қара сорадан осындай оқ-дəрі жасамақ. Қуаты мақтадан артық. Дəл осы бағытқа Қазақстан назар аударса, Шу бойын шулататын қара сора кəдеге жарар еді. Хош. Сонымен, 1880 жылдан бастап қазақ жерінің оңтүстігіне жаңа дақыл егіліп, бірден бауыр басып кетті. Мақта өсіруден бастап, жіп-иіру, тоқыма, тігін өнідірістерін əрі оқ-дəрі жасауды молайтқан патшаны 40 жылға жуық сырттағы дұшпаны ала алмағанмен, іштен шыққан жау жерге жықты. Жаңа өкімет – кеңесіңізге де бұл техникалық дақыл ауадай қажет екен. Айналасы анталаған жау. Оның сыртында мақта – бейбіт мақсаттағы өндірістің негізгі шикізаты. Жүздеген жыл бойы ағылшындарды дамытса, енді даму кезегі кеңестердікі емес пе?! 1918 жылы Ленин Америкадан сатып алынатын мақта мөлшерін азайту үшін Түркістан өлкесіндегі суландыру жүйесін жасауға 5 миллион сом бөлгізген. Оған Бетпақдаладағы 50 мың гектар жерді игеру көзделді. 1924 жылы 1 қарашада Түркістан мақта комитеті тұқым шаруашылығын құрды. Бедірейіп жатқан бұдырсыз далада бой көтерген мекен Мақтаарал атанды. Бастапқыда шаруашылық соқаға ат жегеді. Тұңғыш директоры Александр Орлов атақты жүк тартқыш Орлов тұқымдас жылқыны тəуір көрсе керек. 1936 жылы «Махтаарал» совхозының асыл тұқымды жылқысы Мəскеуде өткен көрмеде жүлде алыпты. Орловтың аттары біртіндеп қуаты бірнеше ондаған есе күшті техникаға жол береді. Бəрібір Америкасыз болмайды екен, жер жыртатын тракторларды сол елден сатып əкеліпті. Міне, алғашқы тарауды түйіндесек, бұл өлкеге жаңа техникалық дақыл – мақтаның пайда болу шежіресі шамамен осындай.

2. «СОЦИАЛИСТІК» ЖƏНЕ «КАПИТАЛИСТІК» ҰҒЫМДАРЫ

ХХ ғасырда Жер бетінің саяси картасы осындай екі жүйеге бөлінген. Жер шары деген не, Германия, Вьетнам, Корея бір жағы капиталистік, екінші жағы социалистік мемлекет болды. Корейден басқасының бағы бар екен, түбі қайта бірікті. КСРО мен АҚШ-тың өзара идеологиялық жəне сырт елдердегі қарулы майдандарда мүйіздесуі екіге жара жаздаған елдің бірі – Камбоджа. Алпысыншы жылдар басында екі державаның Үндіқытай түбегіндегі тартысы шарықтау шегіне жетті. 1964 жылдың 1 қаңтарынан АҚШ пен Камбоджа арасында дипломатиялық байланыс үзілді. Маркстік-лениндік бағыт көсемдерінің көксегені орындалып, бұл ел социализм соқпағын таңдады. Дереу Кеңес Одағы əскери ұшақтар мен зенит қаруларын əкеліп берді. Саяси ғылымдар докторы Дулатбек Қыдырбекұлы бұған таңғалуға болмайды дейді: – Өткен ғасырдың 70-80-жылдары Кеңес өкіметі социалистік идеологияны ұстануға ниеттенген мемлекеттерге көмектескені мəлім. Дамушы елдер өзіне маркстік бағытты таңдаған жағдайда КСРО-дан бірден қолдау көрді. Соның ішінде көптеген мемлекеттер бар. Олар – Никарагуа, Ауғанстан, Ангола, Камбоджа жəне басқалары. Кеңес Одағы қайткенде Камбоджада социализм орнатуға кіріскенде, қарсылас та қарап жатпады. Арада алты жыл өткенде елдің билеушісі бекзада Сианук Мəскеуге кеткен кезде елде төңкеріс жасалды. Тізгін генерал Лон Нолдың қолына тиді. АҚШ бірден жаңа билікті мойындай қойды. Ел астанасында коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды. Қапияда аттан ауып қалған Сианук күресті Қытайда жалғастыратын болды. Бейжіңде Камбоджа Ұлттық конгресі құрылып, елдің басты жауы деп «американ империализмі» жарияланды. Империалистерді қуып шығу үшін Камбоджа ұлт-азаттық армиясы жасақталды. Қытай мен Солтүстік Вьетнам əскери кеңесшілері даярлаған жасақ 60 мың адамнан асты. Иə, ол кезде Вьетнамның бір бөлігі социалистік, оңтүстік аймағы АҚШ ықпалындағы капиталистік, ол елдің аспанынан бомба жауып, жерінен мина жарылып жатқан шағы. АҚШ төңкеріс нəтижесінде билікке жеткен жаңа үкіметті қолдап 2 миллиард долларға жетеғабыл əскери көмек көрсетті. Лон Нолдың əскері 130 мың адамға жетті. Елде Азамат соғысы тұтанды. Соғыстың алғашқы кезінде генерал Лон Нол сəтсіздікке ұшырады. Мұны байқаған АҚШ 1970 жылы 22 сəуірде өз əскерін енгізуге шешім қабылдады. Бұл күні Кеңес Одағы Лениннің туғанына 100 жыл толуын атап өтіп жатқан. «Даусыз жеңіс» аталған операция он күн өткенде басталып, ең алдымен солтүстік-вьетнамдық күштерді талқандауды көздеді. Екі рет өткен қақтығыс барысында қарсыластардың 11 мың адамы қаза тауып, екі жарым мыңы қолға түскені хабарланды. Өз жағынан мыңға жетпейтін солдат қаза тапты делінді.

Кеңес Одағы АҚШ-тың елдегі жағдайға əскери араласуын айыптады. Өзі ғана емес, социалистік жүйеге қосылған Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Моң ғолия, Польша, Румыния жəне Чехословакия үкіметтері алдағы уақытта Вьетнам, Лаос, Камбоджаны қолдай беретіндіктерін мəлімдейді. Ал АҚШ-тың өзінде соғысқа қарсы күштер күнделікті шеруге шығып жатты. Оған қарамай Орталық барлау басқармасы генерал Лон Нолдың кхмерлері арасынан іріктеп диверсанттар даярлады. «Жыңғыл жолбарыстары» аталған бұл топтағылар қарсылас қолындағы аудандарда қарақшылық əрекеттер жасауға, ну ағаш ішінен əуежайлар салуға, мина қоюға үйретілді. «Еруліге – қарулы» демекші, Сол түстік Вьетнам мен Қытайдың қолдауымен Камбоджаны азат ету армиясының қатары күн санап өсіп жатты. Оның 30 мың жауынгерін бастапқыда кеңестік мамандар даярлады. Бірақ, біртіндеп кеңес əскери қызметшілері ығыстырылды. Өйткені, бұл тұста Кеңес Одағы мен Қытайдың өз арасындағы жағдай ушығып кетті. Қытай Камбоджаны азат ету армиясының басында Пол Пот тұруына күш салды. Осы құрылым Лон Нол үкіметін қыспаққа салып, тығырыққа тіреді. 1975 жылы генерал Лон Нол мен үкіметтің басқа мүшелері Тайландтағы АҚШ əскери базасына барып бас сауғалады. Елге Қытайдан саяси баспана алған Сианук қайтып оралды. Бірақ оның керегі болмай қалды, 1976 жылғы 5 қаңтардағы жаңа конституция бойынша монархиялық құрылым жойылды. Айтпақшы, мемлекеттің саяси жүйесімен қатар аты да өзгертілді, бұдан былай Демократиялық Кампучия аталды. Премьер-министр болып Пол Пот, оның орынбасарының бірі болып Йенг Сари тағайындалды. Қытай ықпалында болған бұл биліктің үнсіз қолдауымен Кеңес елшілігі тоналды. Дипломаттар зорға бастарын сауғалады. Бұл жеңіліске Кеңес Одағы көне қоймады. Вьетнамды азғыра отырып, ақыры оның əскерін өз қолдауымен 1978 жылы тағы кіргізді. Батыс ақпарат құралдары оны «коммунистік қосынның басқыншылығы» деп бағалады. Жалпы Кампучия халқының бақыт сыздығын тікелей Вьетнамнан көретіндер баршылық. Халықаралық қауымдастық сол жылдарда ел халқын қырғынға ұшыратқандарды жауап қа тарту үшін трибунал құрған. Ол 2009 жылдың басынан 2010 жылдың ортасына дейін жұмыс істеп, бұрынғы көсемдерді жауапқа тартты. Сотталғандардың бірі, Демократиялық Кампучияны жариялаған Пол Поттың «екінші нөмірлі інісі» аталған Нуон Чеа өз сөзінде барлық аласапыран үшін іргелес ел айыпты деп мəлімдеді. Нуон Чеаның Камбоджа жөніндегі төтенше трибуналдағы соңғы сөзінен: – Камбоджалықтардың қасіреті үшін мен емес, бірінші Вьетнам, екінші АҚШ жауап беруі керек. Вьетнам 1930 жылдан бастап кхмер халқын кез келген жолмен жоюға əрекет етті. Керек десеңіздер, олар бұл ниетін əлі жасырмай, енді өктемдігін заңсыз иммиграция түрінде жалғастыруда. Вьетнам аждаһа болып елік сияқты біздің елді

7

www.egemen.kz

жұтқысы келіп тұрады. Біз ол жылдары Камбоджаны басқа елдердің аяғын жуатын қызметші болудан құтқаруды ниет еткенбіз. Бұл – берідегі уəж. 1978 жылғы оқиғалар тізбегіне оралсақ, екі аптадан кейін Пол Пот режімі құлады. Оның əскері партизан болып Тайландқа жақын тұстағы ормандарға тығылды. 1979 жылы қаңтарда жаңа үкімет: Кампучия Халықтөңкерістік кеңесі құрылды. Оны КСРО қолдап, таныды. 1980 жылы Кампучия Халық-төңкерістік кеңесінің төрағасы Мəскеуге ресми сапармен келді. Екі ел экономикалық, техникалық, сауда, ғылым жəне мəдениет салаларында өзара ынтымақтасты. Көсемдер қол қойған мəлімдеменің тіліне салсақ: «Кеңес халқы достас Кампучия халқының империализм тіміскісіне, Пекин озбырлығына жəне халықаралық кертартпалыққа қарсы күресіне қолдау жасайды». Дəл осы құжат Кампучияда, жалпы Үндіқытай түбегінде не болып-не қойып жатқанынан шаруасы шамалы, ол жақта бес бересі, алты аласы жоқ, бұрынғы Бетпақдала, кейінгі Мақтааралда өз дақылдарын өсірумен айналысқандарға қатысты болып шықты.

3. «ДАЙЫНДАУ» МЕН «ДАЯРЛАУ» ҰҒЫМДАРЫ

Бұл екі ұғымды шатастыруға болмайды. Шикізат, оның ішінде ауыл шаруашылығынан алынатын өнімдер де, əлбетте дайындалады. Оны дайындауға қажетті əрі қабілетті мамандарды оқытып, үйретуді «даярлау» дейді. Түрлі дақылдарды өсіру мен өндіру жағын, яғни дайындауды Кеңес Одағы шаруашылықтар арқылы жүргізді. Бұл мемлекет бірінші көсемі Лениннің көзі жұмылған соң жекеменшік атаулыдан бас тартты. Адамдар шаруашылық ұжымдық болса колхозда, кеңестік болса совхозда жұмыс істеді. Ал ауылға керек мамандарды даярлау үш саты арқылы жүзеге асты. Бастапқысы – училище ауыл шаруашылығы жұмысшысын: тракторшы, автокөлік жүргізуші, дəнекерлеуші, қырықтықшы жəне басқасын оқытады. Алқап пен ферма басында жүретін орта буын мамандарын техникум даярлады. Ал шаруашылықтың техникасын, танабын, малын, тұқымын, есепқисабын, құрылысын, тағы басқасын ұйымдастыруға міндетті агроном, инженер, гидротехник, мал дəрігері мен зоотехник, прораб, экономист атаулы институттарда білім алатын. Біртіндеп Кеңес Одағында қос саланы, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін беретін совхоз бен мамандар даярлайтын техникумды қосқан өзгеше құрылым пайда болды. Озық шаруашылықтың негізінде орта арнайы оқу орнын ашса, теория мен практика бір жерге тоқайласады екен. Сексенінші жылдар басында Одақта 245 совхозтехникум жұмыс істеді. Оның бірі əлгі əу-баста Бетпақдала мақта тұқымы ша руашылығы болып құрылатын Мақтаарал совхоз-техникумы еді. Совхоз-техникумның бұрынғы бас экономисі, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Аниса Мурзинаның

айтуынша, бүкіл аймақта мұндай қуатты ұжым болмаған. – Біздің совхоз 1924 жылы құрылып, 1997 жылы ыдырағанша 73 жыл бойы жұмыс істеді. Сол жылдар ішінде шамамен 1 миллион 200 мың тонна шиті мақта жинаппыз. Мақтамыз республика бойынша ең арзан өнім болды. Қазақстан ғана емес Одақ бойынша осылай өзіндік құны ең төмені еді. Өйткені, барлық жаңалық бізде енгізілді. Ең білікті мамандар еңбек етті. Осы шаруашылықтың білім мен ізденуден таяқ жеген тұсы болған. Совхоз-техникум басшылығы кезінде Хрущевтің ауыл шаруашылығындағы өзімбілемдікпен өзеуреген саясатына қарсы тұрған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары мақтаны «шаршылапұялап егу» мен «жаңбырлатып суару» насихатталды. Ол – танап көлемін ұлғайту мен суды есепсіз шашу деген сөз. Міне, Хрущев дəріптеген осы бағытпен Мұрат Майлыбаев, Ештай Өзенбаев, Бəкір Əлібаев, Усман Юсупов сынды ғалым-агрономдар келіспеген. Олар дəстүрлі шағын танаптық əдістің тиімді болатынын айтты. Əр танапты қоршап еккен тұт ағаштары ылғал сақтайды жəне мақтамен бірге жібек өндірісін дамытуға болады. Ал күндіз механикалық жолмен жаңбырлатып суару – судың ысырабы, оның орнына түнде атыз арқылы суғару үнемді. Мұрат Майлыбаев басқарған зерттеушілер мақтаның əрбір гектарына тұқым себілгеннен өнім жиналғанша 3,5 мың текшеметр су жетеді десе, Хрущев қолдаған «жаңашылдар» оған 16,5 мың текше метр, тура бес есе артық су жұмсап жатты. Ғалымдар технологиясы бойынша суармалы танаптан гектарына 100, аз суарылатын жерден 55 центнер өнім алынса, ұланғайыр алқаптаптарға «шаршылап-ұялап егілген» əрі «жаңбырлатып суарылған» мақтаның өнімділігі 20 центнерден аспады. Алқап көлемін ұлғайту жəне əр гектарға керек суды бес есе көбейту – Орталық Азияның қос бұрымы сынды бұратылып ағатын дариялар: Əму мен Сырды суалтып тынарын ғалымдар тобы сол кезде болжады. Арғы қасірет Аралға жетерін анық білді. Осы маман ғалымдар тобы мақта мəселесіне арналған пленумда «шаршылап-ұялап егу» мен «жаңбырлатып суаруды» дəріптеген Хрущевпен келіс пейтіндерін ашық білдірді. Ел мен жер қамын бір сəттік мадақ пен мақтаннан, тіпті өз тағдырларынан жоғары қойды. Соңы не болды? КСРО Мақта шаруашылығы министрі, Өзбекстан Компартиясының бірінші хатшысы сияқты өте жоғары лауазымдарда жүрген Усман Юсупов аты белгісіз совхозға директорлыққа айдалды. КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма бастығы жəне алқа мүшесі Мұрат Майлыбаев партиядан шығарылып, жұмыстан қуылды. Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ештай Өзенбаев қызметтен алынды. Мақтаарал совхоз-техникумының директоры Бəкір Əлібаев қызметтен де, партия қатарынан да аласталды. Өзгелерінің қабырғасы қаусағанмен, басы аман қалса, Əлібаев осы қудалау барысындағы қайғыдан қазаға ұшырады. Бəрібір Қазақстандағы мақта өсірудің бесігі болған «Мақтаарал» совхозтехникумы əрбір бесжылдық сайын өз даңқын асырды. Республикадағы санаулы Ленин ордендi шаруашылықтың бiрі болды. Аудандағы барлық өнiмнiң үштен бiр бөлiгiн бердi. Кемеліне келген кезінде жетi мың гектарға мақта, үш мың гектарға жоңышқа, көкөнiс, жүзiм, бау-бақша ектi. 1 жылыжайы, 8 тауарлы-сүт, 1 тауық, 1 шошқа фермалары бар. 500-ге тарта тракторы, 160 автомашинасы, 180 мақта теретiн арнайы техникасы болды. Мырзашөл аймағында алғашқы 15 ұңғыма қазып, жергiлiктi халық тұщы сумен толық қамтамасыз етті. (Соңы 8-бетте).


8

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 7-бетте).

4. «ЕРІКСІЗ» БЕН «ЕРІКТІ» ҰҒЫМДАРЫ

Егер əлдекім өз ықыласымен бір жаққа барып бір істі атқаруға кіріссе, ол – ерікті. Ал тура сол жаққа барып, тура сол істі атқаруға ішкі ой-ниеті емес, сыртқы күштер мəжбірлеген адам – еріксіз. Күні кешегі тарихта бұған мысал көп. Қазақтың Мəншүгі сұрапыл соғысқа сұранып барды, демек еріктінің нағыз мысалы. Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы металлургия комбинатына өз ықтиярымен аттанды, тағы да ерікті. Ал еріксіздің мысалдарын келтірсек, 1953-1956 жылдары Солженицынның бұрын атын естімеген Шудағы Бірлік ауылына мұғалім болуы. Немесе қазақтың ХХ ғасырдағы жарық жұлдыз деуге де жəне ең қара түнекке түскен тағдыр деуге де тұрарлық айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев бұрын атын білсе де затын көруге құштар емес Магаданға баруы. Мақтааралда кезінде осы екі құбылыс қатар көрініс бергенін байқадық. Бірақ, жергілікті қазақтармен бірге еңбек еткен өзбек, тəжік, корей, украин, орыс, молдаван, татар, еврей, грузин, əзербайжан, не керек Одақты құраған республикалар мен автономиялар, тіпті Сталин пəрменімен ыдыратылған автономиялар өкілдерінің қайсысы еркімен, қайсысы еріксіз айдалып келгенін əрбір тағдырды таразылағанда ғана аңғаруға болар. Ал таза еріксіздер де болды. Кеңес Одағы аумағын мекен етпеген ұлттар өкілдері топ-тобымен осында тоғытылды. Олар – жапон жəне италиян əскери тұтқындары. Ауызекі естеліктерден басқа, мұрағат құжаттары баршылық. «1 май» бөлімшесінің аға агрономы Саечко қол қойған анықтама бойынша жапондық əскери тұтқындарды жерлеу үшін жер бөлінген. Онда зират аймағының биіктігі 2 метрлік үш қатар тікенекті сыммен қоршалып, сыртынан тереңдігі 30 сантиметрлік ор қазылғаны жазылған. Келесі құжат бойынша, совхоз 1947 жылы 27 сəуірде Октябрь мен «1 май» бөлімшелері арасындағы 40 италиялық əскери тұтқын жерленген жер телімін Ильич аудандық атқару комитетіне молалар бүтін, марқұмдардың анықтау белгілері орнатылған жəне қоршалған қалпында өткізіп берген. Көнекөздер болса италиялықтардың бақа жегенін айтады. Сол кезде ауылдардың жас балалары көлшік, шалшық атаулыдан бақа аулап, оны бір дорбаға толтырып алған соң айдауылдар жұмысқа апара бара жатқан тұтқындарға лақтырады екен. Олар дорбаны алған соң балаларға өздеріне тиесілі нанды лақтыратын. Бүгінгі тілмен – бартер. Сол сияқты жапондықтардың темірдей тəртібі есте қалыпты. Ішіндегі біреуі əлдене деп айқай салғанда, бəрі бойларын жазып, тік тұрады екен. Не деп айқайлайтыны түсініксіз. Шамасы ұран тастайтын шығар. Иə, мұнда жапон мен италиялықтың маңдай тері төгіліп қоймай, сүйектері жерленген. Кейін ес жинап, еңсе көтерген елдері қайта жерлеу үшін алып кетеді. Есесіне бұл аймақтан аттанып, басқа елде қапияда қаза тапқандардың мүрделері əкелініп жерленген. Олар – Кампучияда қаза тапқан мақтааралдықтар. Құжат түрінде еріктілер еді. Ал сонау Үндіқытай түбегіне қалай тап болды дегенге келсек, біз 1980 жылы екі елдің экономикалық, техникалық, сауда, ғылым жəне мəдениет салаларында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойғанын айтып кеттік. Тынымсыз соғыс салдарынан Камбоджаның экономикасы артта қалған. Өндіріс жоққа тəн. Электр қуатын өндіретін стансалары болмаған. Ел астанасының əуежайында жарық жоқтығынан ұшақтар кеш түсе іргелес Вьетнамға қонатын. Елді дамытудың бір бағыты ретінде Кеңес Одағы Кампучияда мақта өсірмек болады. «Мақта өсіру» ғылыми-зерттеу инс титутының директоры Ибадулла Үмбетаевтың пікірінше, оған дейін кхмер халқы мақта егуді білмейтін еді. Бірақ олардың тұратын жері мақта өсіруге таптырмайды. Жердің климат жағдайына, бедеріне, табиғи су көзінің молдығына жəне құнарлығына қарағанда мақта дақылы үшін ыңғайлы жер. Сонау 1980 жылдар басында-ақ осындай ғылыми тұжырым жасалады. Енді оны жүзеге асыру үшін ол елді мақта өсіруге үйрету керек. Бетпақдаланы мақтаның мекеніне айналдырған диқандар тобының арасында 6 маман: совхоз-техникумның бас инженері Николай Текменов, «Қазақ КСР-інің 40 жылдығы» бөлімшесінің аға агрономы Хасан Акаджанов, осы бөлімшенің инженері Юрий Грибов, осы бөлімшенің тракторшысы Тағаймұрат Файзиев, «Октябрь» бөлімшесінің агрономы Геннадий Лысенко мен звено жетекшісі Александр Чернов таңдалды. Тосын міндет жүктелгеннің бəрі «ерікті» деп сипатталған. Алты маманның бəрі өз тағдырын қазақ топырағымен байланыстырған. Орыс Юрий Грибов – соғыс кезінде жау басып алған аймақтан Мақтаарал өңіріне эвакуациямен келген бала.

АТЫ Қ И Қ А Р А ҚТ АҚТАҢДА

26 желтоқсан 2015 жыл

Тəжік Тағаймұрат бар бақытын қазақ жерінен тапқан. Топ жетекшісі Николай Текменовтің ұлты – молдаван. Ол алпысыншы жылдар басында Мырзашөлді мақта алқабына айналдыру ұраны тасталғанда өз еркімен келіпті. Жиырма жылда үлкен шаруашылықтың бас инженері деңгейіне жетті. Аниса Мурзина əлі күнге Николай Текменовтің өнегесін тамсанып айтады. Ол бастаған совхоз инженерлері мақта жинайтын машинаны қайта жабдықтап, екі бөлімшеде сынақтан өткізді. Шаруашылық бойынша шиті мақтаның 92 пайызы, кейбір бригадаларында 98 пайызы машинамен жиналды. Рентабельдік жоғары болды. Оның тұсында жаңа агротехника енгізілді. Мамандар мен механизаторлар өз еркімен аттанды дегенмен, отбасылары бұл шешімге қуана қойған жоқ. Бірақ Коммунистік партияның айтқанына қарсы шығуға болмайтын. Олардың наразылықтары іште қалды. Хасан Акаджановтың жесірі Тойгүл апаның еске алуынша, күйеуінің Камбоджаға кетем деуіне қатты ренжіпті. – Біз айттық, «балалар жас, бармаңыз» дедік. Ол айтты «мен партия мүшесімін, барамын, бұл жолдан қайтпаймын», деді. Мен «тоғыз балаң бар, тастап кетсең сені қайта көзім көрмесін» дедім. Күйеуім сонда ауладан үйге қуды. Менің ішім күйіп кетті. Дəл осы сөзге қарағанда алтауының ерікті екені анық. Оларға Əзербайжаннан 3 адам қосылады. Еріктілер.

Ақ ұлпаның астарында қалған қара даққа қатысты ұғымдарды қайта қарастырғанда 5. «ҚОРҒАУ» МЕН «ҚОРЛАУ» ҰҒЫМДАРЫ

Қазақ тілінде оңай ұйқасатын, бір ғана əріптері өзгеше екі сөз тура қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Екі мағынаны біріктіру мүмкін емес. Не қорғаласың, не қорланасың. Бұл екі сөз ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының басында саф ауалы кең даладан ылғалы тыныс тарылтып, ну жынысы жүрек шайлықтыратын түбекке тап болғандардың тағдырына қатысты еді. Қорғала ма, қорлана ма? Сонымен, біздің мақташылар Кампучия жеріне келгенде олардың тағдырын кім шешеді? Аумалы-төкпелі билік пе, əлде одан орманда бас сауғалаған бұрынғы биліктің тобы ма? Олардың өзі банда ма, жоқ партизан ба? Мəселе қандай призма арқылы қарауда. Кампучия жағдайында билік əрлі-берлі ауысқан соң кім партизан, кім банда екені бір Аллаға аян шығар. Айтпақшы, бұл елде мұсылмандар баршылық болған. Пол Потты аттан аударғаннан кейін дінге рақымшылық жасалғанда исламды ұстанушылар саны елде екінші орынға шығыпты. Сонымен, сексенінші жылдар басында Кеңес Одағының астыртын, Вьетнамның ашық қолдауымен Халық тық-төңкерістік Кеңес билікке жетті. КСРО қолдауының бір белгісі – 1982 жылы Сиам бұғазы арқылы Кампучияның Кампонгсаом портына «Сергей Лазо» əскери десант кемесін кіргізуі. Осы кемеде қызмет еткен, кейін генерал-майор шеніне, Қара теңіз флоты Жағалау əскері бастығы қызметіне жеткен Владислав Черномуровтың естелігі: «Порттың өзі тыныш болғанмен маңайдағы ну жыныста ара-тұра атыс жүріп жатты. Əскери жəне өнеркəсіп орындарын вьетнам əскері ұстап тұрды. Көпқабатты «Тəуелсіздік» қонақүйі түрме болыпты. Кхмерлар арасындағы үш аптаны текке өткізбей, жауынгерлік даярлық оқуларын ұйымдастырдық. Кеңес халқы туралы əңгімеледік. Порт пен қаланы қалпына келтіруге көмектестік». «Айналада ара-тұра атыс болып жатты» дегені рас. Енді Пол Потты жақтаушылар Демократиялық Кампучияның қуғындағы үкіметін құрады. 1982 жылы 22 тамызда Малайзия астанасында. Кешікпей бұл үкіметті БҰҰ таниды. Бұлар вьетнамдықтарды елден қуып шығуды мақсат етеді. Ниеттері негізсіз емес, социализм орнату сылтауымен елге кірген көршілер қатары 1983 жылы 700 мыңнан асыпты. Батыс бұған дейін қанқұйлы деп айыптаған Пол Потты қайта ақтайды. Оның «қызыл кхмерлеріне» ақша мен қару береді. Иə, саясаттың сайтаны ариманның періштесінен өктем шықпақ. Пот Поттың төңірегіне топтасқан əскер Тайландпен шекаралас Пэй Лин қаласын тірек етеді. Осы жерден елдің тұс-тұсына қанды жорық жасайды.

«Қызыл кхмерлер» Батыстың тікелей көмегінен басқа Пэй Лин іргесіндегі лағыл тас кенішінің табысын соғысқа пайдаланады. Пол Пот партизандарын Тайланд та қатты қолдады. 1980 жылдан бастап Камбоджа аумағында Тайланд пен Вьетнам əскері жиі қақтығысқан. Вьетнам əскерінің Пол Пот күштерін толық талқандай алмау сыры осында. Бір айта кетерлігі, вьетнамдықтар шекаралық аймақтарды соққылау үшін кеңестік ұшақтарды пайдаланса, тайлықтар америкалық ұшақтармен соғысты. Оған дейін біздің елден бейбіт көмекке барған мақташылар... «...Өлеміз деп бармап еді, елдің даңқын сақтаймыз деп барып еді», деп еске алады сол əріптестерін мақтааралдық еңбек ардагері Есенгелді Балтабаев: – Ол жақтағы жағдайды біліп тұрып кетті. Сол жерде мақта өсіреміз деген сенімде болды. Өйткені, бұған дейін Америкадан, Франциядан, басқа да мемлекеттерден барып бұл дақылды жерсіндіре алмаған. Бəрі Камбоджадан нəтижесіз, құр қайтқан екен. Сөйтіп жүргенде таңдау біздің совхоздың адамдарына түсті. Солар барып мақтаны өсіруге болатындығын дəлелдеді. Бірінші барған жылы жер оншалықты дайын болмады. Қажетті техниканы сайлап, суландыру жүйесін жасап үлгермейді. Есесіне екінші жылы өте жақсы болыпты мақта. Сөйтіп совхоздың абыройын сақтап қалды ғой! Оларды француздардан қалған қонақ үйге орналастырған. Мақта алқабы 40 шақырым қашықта еді. Екі ортада джунгли ішіндегі бұралаңдаған тар жолмен жүреді. Елдегі жағдай қиындығынан көптеген шетелдіктер кетіп қалған. Мақташыларды талай рет ескертіпті. Қонақ үйге, алқапқа «бұл жерден кетіңдер» деген қағаз тастапты. Тіке қоқан-лоққылар жасалыпты. Бұлар жұмыс істей береді. Елмен хабарласқанда ондайды айтпапты. Тағаймұрат Файзиевтың жесірі Бахри апа естелігін былай жалғастырады: – Ол жақтан хат жазатын, бір айға жуық жолда жүріп ол хаты қолға тиетін. Ол кезде халықаралық телефон байланысы жоқ еді. Бір-бірімізбен хат арқылы хабарласып тұратынбыз. «Əлі елге барамыз, жағдайымыз жақсы», деп жазатын. Мына Акаджанов Хасанбай ака демалысқа келді. Грибов демалып кетті. Менің қожайыным келмеді. «23 тамызда еңбек демалысына барып, мауқымды басамын», деп жазды да, бірақ келе алмады. Ал біз қалдық балалармен. Елге демалысқа келгендер артық сөзге бармапты. Жұмыс істеп жатқандарын айтыпты. Бірінші жыл дайындықпен өткенін, енді мақтаның жақсы өсетінінен тілге тиек етіпті. Мақтааралдағы тəжік ұлттық-мəдени орталығының төрағасы Акабай Құдайқұлов мақташылар артық сырдың ұшығын шығармаған дейді:

– Акаджанов еңбек демалысына келгенде шəй үстінде жағдайды сұраймыз ғой. Бірақ ол кісі жағдайды толық айтқан жоқ. Ол елде қалай, не болып жатқанынан еш тіс жармады. Бірнеше күнгі дастарқан үстінде əртүрлі жағынан сұрастырамыз. Сонда «біз, мақтаны өсіруді үйретуге барған едік. Келешекте Камбоджада мақта өсетінін əлемге көрсетеміз», деп қана қоятын. Екінші жылдың жазында бұлардың жағдайы тіпті шиеленісті. Алқапқа баратын жолдарына мина қойылады. Оған басқа автобус түскен. Қатты жарылыстан адам шығыны орын алған. Топ басшысы Текменов ел астанасына барып, кеңестік мамандарға қорған болуды талап етіпті. Бірақ, ол тұстағы өкімет өзге түгіл өздерін қорғауға дəрменсіз еді. Енді Текменов Пномпеньде вьетнамдықтардан күзет беруді сұрайды. Бірақ олар да күзет бермеген. Солай. Қорғау болмаған жерде қорлау басталмақ.

6. «ӨЛІМ» МЕН «ӨМІР» ҰҒЫМДАРЫ

Əлем əдебиеті, өзіміздің классик жазушыларымыз талай қолданған қарамақайшы ұғымдар мақташылардың алдынан шығады. Бұлар қайсысына тап болғанын баяндамас бұрын Кампучия экономикасының қай тұсына үлес қоспағын анықтап алайық. Кампучия Халық-төңкерістік кеңесі 1980 жылы мамыр айында ауыл шаруашылығына арналған конференция өткізді. Ал 1981 жылы тағы сол мамырда бес күнге созылған Партиялық конгресс шақырды. Екі келелі кеңестен кейін ұлттық экономиканы үш тірек құрайды деп табылды: мемлекеттік, ұжымдық жəне отбасылық. Мемлекеттік экономиканы барлық өнеркəсіп орындары, коммуникация мен көлік, қаржы мен ішкі-сыртқы сауда жəне ірі ауылшаруашылық кəсіпорындары құрады. Ұжымдық экономика күріш өсіретін, каучук жинайтын, балық аулайтын жəне халық тұтынатын бұйымдар жасайтын шағын топтардан тұрды. Қамтылған адамдары жағынан ең үлкені сол. Отбасылық экономикаға қолөнер, бөлшек сауда, жөндеу мен қызмет көрсету салалары жатқызылды. Кеңес Одағы күріш өсіру мен каучук өндіруге маманданған Кампучия ауыл шаруашылығын мақта өсіруге бейімдеді. Сол үшін таңдаулы мамандарды аттандырды. «Түлкінің қызылы – өзінің соры» дегендей. Көп жылдан кейін бұл елдегі егін шаруашылығын күріш, жүгері, бұршақ тұқымдастар жəне батат, ямс, маниоку сынды тамыржемістілермен қатар мақта құрайтынын оқығанда жерлестеріміздің бір кездегі күш-жігері тегін кетпегенін түйсіндік.

Мақтаны мемлекеттік ауыл шаруашылығы кəсіпорны егіпті. Демек, мамандар ұжым мен отбасы емес, үкіметтің қарауына барды. Өкінішке қарай, мемлекет оларға қорған бола алмады. Сонымен не болды? Бұл сұрақты 1983 жылдың қаралы қыркүйегінде, ауылға алдымен қаралы хабар, соңынан қара табыттар келгенде бүкіл мақта аралдықтар қойған. Оқиғаға орай тергеу жүрген-жүрмегенін білмедік. Ал жерлестерге бұл тосын жайт мына нұсқада жеткен дейді бұрын «Мақтаарал» совхозы «Правда» бөлімшесінің меңгерушісі болған еңбек ардагері Магомед Хамедов: – Күндердің күнінде олар жұмысқа бара жатқан. Таситын шофер ана жақтан. Біршама уақытта жолдың біраз бөлігінен өткенде оларға банда шабуыл жасаған. Бəрін атып тастайды. Тіпті, терезеден секіріп қашып шыққанды соңынан қуалап жүріп атқан. Ал шофер машинаны тастап қашып кеткен. Ол аман, түк те болмаған. Мұның бəрін Текменовтің əйелі айтып келді. Ол да сонда болған. Бірақ шабуыл жасалатын күні көлікте емес, қонақүйде қалыпты. Жұмысқа шықпаған. Терезеден секіріп кеткен Хасан Акаджанов еді. Пол Пот бандысы оны джунгли ішінде қуып жүріп атқылаған. Сонда да бірден өлмеген. Тауып алып, ауруханаға əкелгенде əлі тірі болатын. Кампучия Кеңес достығы госпиталінің бас дəрігері Н.Шабарин, хи рургия жəне анестезиология-реанимация бөлімдерінің меңгерушілері А.Хрущев пен В.Зверов қол қойған ауру тарихынан көшірме: «Зардап шегуші Хасан Акаджанов госпитальге 1983 жылы 24 тамызда мына себептермен түсті: оң иығында, оң жамбасында жəне сол жақ қылтасында оқ тиген ашық жаралар бар. Рентген суреті оң бұғанасы мен сегізкөзінің оң жақ сүйегі сынғанын жəне сол жақ қылтасында оқ тұрғанын көрсетті...» Ауру тарихынан көшірменің соңғы, төртінші бетінде 1983 жылғы 1 қыркүйекте оның жүрегі соғуын тоқтатып, дəрігерлердің өлімді тіркегені жазылыпты. Денесі елге жолдастарының табытынан бірнеше күн кейін əкелінді. Қаралы оқиға Мақтаарал өңірі еңбекшілерін күңірентті. Жұрттың бəрі тура өз туысы өлгендей қайғыны бөлісті. Жат жерде қаза тапқан азаматтарды арулап көмді. Еңбек ардагері Есенгелді Балтабаев қаралы күнді ұмытпаған: – Совхоздың абыройын сақтайды, Кеңес өкіметінің абыройын сақтайды, Қазақстанның абыройын сақтайды деп теріп-теріп, таңдап алған кісілер болатын. Бəрі қиындықтан қорықпайтын, сыннан өткен азаматтар еді. Бұларға жаман ешнəрсе айтуға дəтіміз бармайды. «Аман барып, есен оралыңдар» деп шығарып салғанбыз. Бірақ арты қайғымен аяқталғаны өкінішті. Бəрі

де сол Комбоджада қайтыс болып, қыркүйек айының басында бүкіл ел жиналып жерледік. Қазақ «орнында бар оңалар» дейді. Текменовтің ұлы кейін белгілі ядрошы-ғалымға айналды. Ресейдегі ядролық орталықта жұмыс істейді. Тоғыз баламен жесір қалған Тойгүл Акаджанова соның бəрін ер жеткізді. Үкімет, шаруашылық көмектесті. Тағаймұрат Файзиевтың жесірі Бахри апа да үш қызын тегіс ұзатты. Ұлдарды үйлендірді. Ең кішкентай, əкесінен үш айлығында қалған баласының өзі жеке отау құрды. Əттең, соның бəрін отағасылар, Бахри апаша айтқанда қожайындар көре алмады. Беріде ел өзгерді. Егемендік алды. Жаңа ұрпақ қалыптасты. Сонда да ақ ұлпаға түскен қара дақты ешкім ұмытпайды. Мақта шаруашылығына арналған бірегей мұражайда алтауының фотолары мен құжаттары тұр. Бұл қастандықты жасап, Қазақстаннан алтау, Əзербайжаннан үшеу, барлығы тоғыз адамды нақақ өлтіргендер ше? Айтпақшы, сол жолы автобуста басқа шетелдіктер болыпты, банда оларға тиіспеген. 2003 жылы Пол Пот нəубетіне орай халықаралық трибунал құру туралы БҰҰ шешімі шықты. Бір кезде АҚШыңыз не, Біріккен Ұлттар Ұйымы да осы билікті қолдаған. 2009 жылы басталған трибунал алдына диктатордың бес серігі келді. Пол Пот өзі 20 жылдай ну жыныс ішіне тығылып, 1998 жылы жүрек талмасынан өліпті. Денесін өз аманаты бойынша отқа өртеген. Мына қызықты қараңыз, енді бейбіт Кампучия Пол Поттың соңғы бас сауғалаған жері Анлонг-Венгті мұражайға айналдырмақ. Туристер тарту үшін. Ең болмаса енді ел бюджетіне үлес қоссын деген шығар. Сөйтіп Мақтааралдан барған алты маман үшін арнайы болмаса да, жалпы миллион құрбан үшін Пол Пот билігінде болғандар жауапқа тартылды. Алды отыз жылдан астам мерзімге сотталды. Сексеннен асып кеткен шалдар үшін ондай мерзім қорқынышты бола қоймас. Бірақ бір зауал барын əлем білуі керек. Халықаралық трибунал сол үшін құрылған. Ал Кампучия... «Мақта өсіру» ғ ылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетаевтың мəліметінше, дүниежүзіндегі мақта өндіретін мемлекеттердің бірі болып саналады. Ол елде қазір мақтаны өндіру, қайта өңдеу, ғылыми-зерттеу жəне жаңа сорттарын шығару жұмыстары дамыған. Осы жұмыстардың барлығының басында тұрып, негізін қалаған бір кездегі «Мақтаарал» совхозынан барған Текменов, Лысенко секілді мамандар. Біз... 2010 жылы қаңтар-ақпан айларында Атакент ауылына арнайы тілші жіберіп мақта шаруашылығы мұражайындағы фотолар мен жəді герлерді камераға түсірттік, естеліктерді жазып алғыздық. Арманда кеткен алтау туралы деректі фильм əзірледік. Тек, сол кездегі басшымыз «мынау – мақтаны өсірушілерге жарнама» деп фильмді эфирге жібертпеген. Дауласпадық. Өткен өтті, енді сондағы сценариіміздің желісімен осы мақаланы жазып шықтым. Бес жыл бойымызда жүрген жүктен жаңа жеңілдеп отырмыз. Қайнар ОЛЖАЙ.


26 желтоқсан 2015 жыл Қазақстан Республикасының Заңы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы 2014 жылғы 15 тамызда Мəскеуде жасалған Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) жəне өздігінен жүретін машина жəне техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу жəне электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісім «Осы Келісімнің күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарына жəне техникасының басқа да түрлеріне жəне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарына қолданылмайды.» деген ескертпемен ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 желтоқсан № 440-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сəйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан əрі – Аппарат) туралы ереже; 2) Аппараттың құрылымы; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен жəне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 23 желтоқсан №137 Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан əрі – Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан əрі – Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырады. 3. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес уəкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Аппарат басшысы өз құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша өкім шығарады. 7. Аппараттың құрылымын жəне жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 1В-кіреберіс, «Министрліктер үйі» əкімшілік ғимараты. 9. Аппараттың толық атауы – «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады. 11. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Аппаратқа өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кəсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. 2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 13. Аппараттың миссиясы Кеңестің қызметі үшін жағдай жасау болып табылады. 14. Аппараттың негізгі міндеті Кеңестің қызметін ақпараттықталдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады. 15. Функциялары: 1) Кеңестің өкілеттігін қозғайтын мəселелер бойынша Төрағаны жəне Кеңес мүшелерін ақпараттық-талдамалық, ұйымдыққұқықтық қамтамасыз ету; 2) Кеңестің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету; 3) заңнамаға сəйкес Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қаржылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеңестің жұмысы жəне сот жүйесіндегі кадр жұмысының жай-күйі туралы ақпарат дайындау; 5) Кеңестің отырыстарын дайындауды қамтамасыз ету; 6) Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету (бақылау); 7) Кеңестің жергілікті немесе басқа соттың, Жоғарғы Соттың судьясының, сондай-ақ аудандық жəне оған теңестірілген сот төрағасының бос орнына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру; 8) жергілікті немесе басқа соттың, Жоғарғы Соттың судьясының, сондай-ақ аудандық жəне оған теңестірілген сот төрағасының бос орнына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сəйкес келу мəніне алдын ала қарау; 9) Кеңестің қарауына шығарылатын ұйымдық-кадрлық жəне басқа да мəселелер бойынша талдамалық жəне өзге де материалдарды дайындау;

9

www.egemen.kz

10) жергілікті жəне басқа да соттардың төрағалары мен алқа төрағаларын, судьяларын лауазымға тағайындау жəне лауазымнан босату туралы жарлықтардың жобаларын əзірлеу; 11) сот жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; 12) соттарда тағылымдамадан өткен жəне облыстық жəне оған теңестірілген соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған адамдардың, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны аяқтаған адамдардың есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету; 13) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізу бойынша Кеңестің өкілеттіктерін қамтамасыз ету; 14) Кеңестің басқа да мемлекеттік органдармен, басқа мемлекеттердің органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 15) жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 16) Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 16. Құқықтары мен міндеттері: 1) мемлекеттік органдардан жəне лауазымды адамдардан, ұйымдардан жəне азаматтардан қажетті құжаттар мен материалдарды белгіленген тəртіппен сұрату; 2) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын белгіленген тəртіппен пайдалану; 3) Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру. 3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру 17. Аппаратқа басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы жəне оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 18. Аппарат басшысын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды жəне лауазымнан босатады. 19. Аппарат басшысының орынбасарлары болмайды. 20. Аппарат басшысының өкілеттіктері: 1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады; 2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мəселелердің тізбесін қалыптастырады жəне бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды; 3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне қолын қойып растайды; 4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады; 5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды жəне олардың келуін қамтамасыз етеді; 6) Төрағаның өкімдерін жəне Кеңестің шешімдерін орындайды; 7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді жəне бақылайды; 8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 10) Кеңес аппаратында атқарушылық жəне еңбек тəртібінің сақталуын бақылайды; 11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шоттарына қол қояды; 12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады жəне оған жауап береді; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Кеңес аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды жəне лауазымынан босатады; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды жəне лауазымынан босатады; 15) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының жəне қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; 16) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мəселелерін шешеді; 17) еңбек қатынастары мəселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Кеңес аппараты жұмыскерлерінің тəртіптік жауаптылығы мəселелерін шешеді; 18) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рəсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 19) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын жəне қаржылық есептілігін əзірлеуді қамтамасыз етеді жəне бекітеді; 20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен жəне өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді; 21) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді; 22) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 23) жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады; 24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сəйкес Кеңес Аппараты жұмыскерлерінің біреуі жүзеге асырады. 4. Аппараттың мүлкі 21. Заңнамада көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады. 22. Аппаратқа бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітілген мүлікті жəне қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тəсілмен билік етуге құқылы емес. 5. Аппаратты қайта ұйымдастыру жəне тарату 25. Аппаратты қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – басшы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі Ұйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №137 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР 1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан əрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат): жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:

«

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты

25

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты

13

».

2. «Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мəселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

«

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

Əкімшілік Басшысы

Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы –Аппарат басшысы

Президент

»

Əкімшілік Басшысы »;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін жəне өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау жəне қызметтен босату тəртібі туралы ережеде: 21-тармақта: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, оның орынбасарлары.»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысы.». 3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті жəне Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен). 4. «Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат): 1-тармақтағы «369» цифрлары «368» цифрларымен ауыстырылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің құрылымында: төртінші жол алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі туралы ережеде: 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының (бұдан əрі – Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының жəне Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;»; 22-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) Мемлекеттік хатшының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру жəне құжаттамалық қамтамасыз етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Əкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы (бұдан əрі – Əкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Əкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Əкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.». 24-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «18) тұрақты негізде Əкімшіліктің Парламентпен, оның Палаталарымен, Парламент Палаталарының жұмыс органдарымен жəне аппараттарымен; Үкіметпен жəне Премьер-Министр Кеңсесімен; министрліктермен жəне өзге де орталық атқарушы органдармен; Конституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Жоғары Сот Кеңесімен, Президентке тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың əкімдерімен, мəслихаттарымен; саяси партиялармен жəне өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке жəне заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;»; 32-тармақта: 1) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттарды іріктеумен байланысты емес мəселелер бойынша;»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Əкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Президенттің көмекшілері, Президент Кеңсесінің бастығы, Президенттің кеңесшілері ие болады.». 6. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 жəне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан əрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы: жоғарыда аталған Жарлықтың 2) тармақшасының 1-тармағында: мынадай жол:

«

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы жəне республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)

мынадай редакцияда жазылсын: « Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы жəне республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері)

Махаббат мўражайы ашылса... Оған осы əулие сезімді əспеттеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əзілхан Нұршайықовтың шығармалары негіз болар еді. Қайсар ƏЛІМ,

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

 Алматы қалалық əкімдігінің назарына

6233

6005 » 6221

5993 ».

журналист-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты.

Алдағы жылдың ақпанында Əзағаңның өмірден озғанына бес жыл толады екен. Зулаған өмір – азаланған көңіл! Бəрібір, өлгендер қайтып келмейді... Бəрібір, тірісінде халқының сүйіктісіне айналған Ə.Нұршайықовтай суреткер-жазушы əр оқырманның жүрек əлдиіне бөлене береді. Ақиқат осы. Осыған көзіміз жете түсті. Басқа шығармаларын былай қойғанда, алғаш баспа бетін көргеніне биыл 45 жыл толып отырған əйгілі «Махаббат, қызық мол жылдар» романының жөні алабөтен ерек қой. Демек, бұл балшырынды кітап өмірге дəйім керек қой! Бұл махаббат жыры алғы ғасырлардың да бозбалалары мен бойжеткендерінің бұла сезімін қастерлеп, байыта береріне күмəн жоқ секілді. Ав тордың өзі айтпақшы, кітап жарық көрген екі жылдың ішінде ғана оқырмандарынан мыңға жуық хат алған екен. Бұған кейінгі жылдардың үлес-хаттарын қосыңыз. Сонда дейміз-ау, махаббатты жырлаған туынды туралы хаттардан тұратын бірнеше кітаптың дайын екендігін көзге елестету мүлде қиын емес. Бір сырласқанда Əзағаң бұл жағын да: «Адамдар өмірге не үшін келеді десем, махаббат үшін келеді екен ғой!» – деп əзілмен астарлап жеткізген-тін. Бұл даңқты дүние оқырман қауымның күні бүгінге дейін қолдан-қолға тигізбей оқып, ғибрат тұтып келе жатқан туындылардың бірі. Роман кейіпкерлері – өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды бастарынан кешкен адал жандар. Ақ махаббатты өмірдің мəні деп түсінген кіршіксіз сезім иелері еді. Періштедей таза, пəк кейіпкерлердің бойынан маңайына сүйіспеншілік ұшқындары себезгіленіп, нұрдай таралып жататын... Əркімнің жанын баураған «Махаббат, қызық мол жылдардан» соң автордың «Мəңгілік махаббат жыры» деп аталатын жаңа туындысы жалпақ жұрттың көзайымына айналып жүре берді. Оның жанрын қаламгер прозалық поэма деп атаған. Қара сөз жəне ақ өлеңмен жазылған бұл туындының əр тарауы поэма тəріздес оқиғаларға толы. Олар бірінен соң бірі оқырманды тартып, тебірентіп, толқытып отырады. Көңілді қозғап, көзге жас үйірілтеді. Яғни, ұлттық тəлімтəрбиелік мəні зор бұл шығармасын автор өзінің жан жары, əдеби серігі, қазақ халқының тамаша қызы Халима апамызға арнаған. Енді осы қос шығарманың тағдырына қатысты мына бір хатты оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік. «Құрметті Əзеке!.. 5/1-де болған кездесуде маған «Махаббат, қызық мол жылдарды», «Халиманы» («Мəңгілік махаб бат жырын» меңзегені – Қ.Ə.) сыйға тарттыңыз. Біріншісін бұрын оқыған едім, екіншісін қолыма алған бойда бас көтермей оқып шықтым. Тəлім-тағылымы мол, керемет шығарма екен. Дəл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз – ел қазынасы. Өміріңіз – үлгі! Аман-сау болыңыз, Əз-аға. Аса сыйлайтын Н.Назарбаев. 06.01.2003». Ұлық басымен əрдайым кішілік жасай білетін Елбасының үнемі елгезек құрметіне лайық болған Ə.Нұршайықов бақытты өмір сүрді, халқына қалтқысыз қызмет етті. Тоғыз жыл ғашық болып қолы əзер жеткен Халимасымен 54 жыл мəнді ғұмыр кешті. Екеуара махаббатын мəңгілік жырға қосты. Ұрпақ сүйді, оқырмандарынан «махаббат жыршысы» деген өшпейтін атақ алды. Сөзіміздің мəні мен мағынасын енді түйіндер болсақ, əкім назарына мынадай ұсыныс тастағымыз

келеді. Мұны жалқының емес, жалпының көзқарасы, пікірі, өтініші деп ескерген абзал. Алматыда «Махаббат жыршысы» аталатын мұражай ашылса деген ой бар. Ол мұражай мүмкін Ə.Нұршайықовтың тұрған үйіне (ондай жағдайда ұрпақтарына басқа пəтер ұсынылуымен, əрине) орналастырыла ма, əлде жеке ғимараттан бой көтере ме? Ол енді атқарушы биліктің қолындағы шаруа! Қазір елімізде əр саланы қамтитын мұражайлар бар. Мысалы, өнерге, мəдениет пен əдебиетке, көркемсуретке, əскери қару-жараққа, т.б. Студент-жастары мол шаһарда махаббатқа қатысты мұражай ашылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Мұра жай Ə.Нұршайықов атымен аталғанымен, онда махаббатты дəріптеп, дəуірлеткен ақынжы раулардың, жазушылар мен өнер қайраткерлерінің, т.б. дарын иелерінің туындылары қойылып, көңілге түрлі ой салса... Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Ақан сері мен Ақтоқты, басқа да ауыз əдебиетінің маржан үлгілері көркем əдебімен əсерлі əлемге айналар еді-ау... Оған бас сұғып шыққан қос ғашық Вавилон аспалы бағын, Тəж-Махалды, Қозы Көрпеш-Баян сұлу кесенесін тамашалап, көз қиықтарымен сынай, ынтыға қарар еді-ау, бір-біріне. Ұлы Абайдың ғашықтық ғақлияларының əр сөзіне имандай сенер еді. Петрарка ақынның қолы жетпей, өмірден ерте өткен Лаура ғашығын ғұмыр бойы жырға қосуының мəнісіне таңдай қағар еді... Жəне де Кеңсайдағы ƏзілханХалима күмбезінің нобайын көріп, махаббаттың маңызын жете түсінер ме еді?! Оның көктасындағы: «Қасиеттеп, құрметтеп, Сенің махаббатыңды, Ұрпаққа үлгі болсын деп, Алашқа жайдым атыңды», – деген Əзілханның өз Халимасына жоқтауын жаны егіліп жаттап алар ма еді?.. Əрине, бұл жақсы тілектен туған жобалық аңсар, арман екені белгілі. Мұражай ашу шындап қолға алынса, махаббаттың мақсаты мен мұраты мұхиттай шексіз, түпсіз ғой! Тылсымға терең түрен салынар еді... Ең бастысы – оны қызықтаушылар махаббаттың сиқырлы сазына бөленіп шығар еді... Махаббатқа табынып, қасындағы сүйгенін жаңа көргендей боп, аялай түсер еді... Махаббат үшін туғандай-ақ боп түрленіп, түлер еді!.. Ойқастаған бойдақтар болса, «өз Халимамды», «өз Джакондамды», «өз Лаурамды» табамын деп ант-су ішкендей əсерленер еді. Сонда ұшқалақ сезімді «Валентина күні» өзінен-өзі мансұқ етілер еді!.. «Тозбайтын, тотықпайтын бір ғана нəрсе бар. Ол – махаббат се зімі. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретін мəңгілік сезім!»,– деп Əзағаңның өзі айтқандай, шіркін, МАХАББАТ, сені үкілепүлбіретіп, сұлу да сүйікті ару Алматың мұражай ашып жатса, асқақ Алатау қасиетті басын изеп, құптап-қуанып мың жасаған шаһардың махаббатшыл жүрегіне жүрегін малып-малып ерітер ме еді, дəурен-ай! Айтшы, Алматым! Жасына қарамай, жанын махаббатпен жылытқысы келмейтін бір тұрғыныңды тауып бере аласың ба?! Əне, басыңды шайқайсың!.. ...Ендігі үкілі үміт – жас əкімнің елдік, ерлік мінезінде, ұлттық мəрт ше шімінде, махаббатты қадірлейтін нəзік жүрегінде! АЛМАТЫ. ––––––––––––– Суретте: автор Ə.Нұршайықовтың жұмыс кабинетінде.


10

26 желтоқсан

РДЕ

www.egemen.kz

ЗЕ

2015 жыл

«Тұлғасы тұтас. Келбеті көркем. Мінезі сырбаз. Сабыры дархан. Білекте қуат. Көңілі шуақ. Сөзге сараң. Іске жомарт!». Бұл белгілі журналист, қуатты қаламгер Ұзақ Бағаевтың əйгілі күрішші Ыбырай Жақаевқа берген сипаттамасы. Егер Ұзағаңмен жақыннан сыйласып жанына үңіле білсең, осы сөздер құдды өзіне арналғандай. Жаны жайсаң аға жүрегіне мейірімнен нұр құйдырып алғандай жан еді.

Сабаз Жақыпжан НҰРҒОЖАЕВ, Қазақстанның құрметті журналисі.

Дегдар Биыл қазақ балалар əдебиетінің негізін салушы, қазақ əдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалиннің туғанына 120 жыл толып отыр. Тағдыр жолы тарихымыздың ақтаңдақтарымен таспаланған жазушы сан қилы замана белес терін бастан өткерсе де адамгершілік қасиетін таза сақтаған болмыс иесі деуге əбден болады. Мұхтар Əуезов баста ған қазақ əдебиетінің классиктері көзі тірісінде-ақ «қа зақ əдебиетінің ақсақалы» деп атаған Сапарғали Бегалиннің 88 жас ғұмыр кешіп, өте сыйлы қалпында өткені де екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Бүгінде ара-тұра кеңестік дəуірдің қанқұйлы кезеңдері саналатын 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, зиялы қауымды қудалауға қатысты тарихи естелік-эсселердің қай-қайсына назар салсақ та сол дəуірдегі ақын-жазушыларымызға қатысты «заманың түлкі болса, тазы боп шалдың» керіндегі көлеңкелі естеліктерді көзіміз шалып қалатыны бар. Дегенмен, Ғабит Мүсіреповтің: «Бейімбет халық жауы болса, мен де жаумын», дейтін əйгілі сөзі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың қандай азап шексе де ақын мұрасын зерттеуге һəм ұстазы Мұхтар Əуезовке адалдығынан таймағандығына қарап тұлғаларға тəн тектілікке тəнті болып бас иесің. Мұн дай адалдықтың тағы бір айқын үлгісін Сапарғали Бе га линнің Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын қолжазба күйінде жастықтың ішіне тығып, сыртынан тігіп сақтағаны кейінгі жылдары ғана айтылып келеді. Қаламгердің қайраткерлік қыры, əдеби ортада беделді болғаны туралы тəптіштей тілге тиек етпесек те белгілі. Қолға қалам алғанда айтқымыз келгені – оның туған күніне орай ғана емес, жалпы Бегалин шығар ма шы лы ғының зерттелуінің назардан тыс қалып келе жатқандығы. Рас, мектеп мұғалімдерінің аратұра С.Бегалин шығармаларын негізге алып ашық сабақтар ұйымдастыратындығын педагогикалық сайттардан көзіміз шалды. Бірақ, əдеби тұрғыдан лайықты талданып, кеңінен насихатталып жатыр десек, шындыққа жанаспайтыны анық. Жə, бұл өз алдына бөлек көтерілетін мəселе делік. Ал, Сапарғали есіміне ұрпақ жадынан білместікпен əлде немқұрайдылықпен қарауға не түрткі болып жүр. Осы бір сауал жақында, жазушының туған жері Семей қаласына қарасты Абыралы өңіріне жолым түскенде қайта-қайта мазалай берді. Бұрынғы Абыралы ауданының орталығы саналатын Қайнар ауылындағы білім ошағы бұрын Сапарғали Бегалин атындағы Қайнар орта мектебі

болып толықтай аталатын. Ал бұл күнде жай ғана Бегалин атындағы Қайнар орта мектебі болып аталатын болыпты. Иə, С. Бегалин емес, ресми түрде Бегалин атындағы орта мектеп. Бұл қалай сонда?! Мектептің 80 жылдығына орай ашылған мұражай төрінен жазушыға лайықты орын берілген. 1983 жылы ҚазақКСР қаулысымен мектепке жазушы Сапарғали Бегалиннің есімі берілгендігі тайға таңба басқандай көрсетілген дерек-тақта кіріп келгеннен назарыңызға ілігеді. Бірақ қазір осы мектептің мұғалімдері педагогикалық мақалаларын жолдай қалса, аты-жөнінен кейін, «Бегалин атындағы Қайнар орта мектебінің мұғалімі» деп көрсететінін жергілікті басылымдардан да талай көргенмін. Сонымен, мектептің «С» əрпі түсіп қалып, неге Бегалин деп қана айтылып жүргендігін директоры Берік Сəрсенбековтен сұра ғанымда одан да түсінікті жауап ала алмадым. Тіпті, мектеп басшысының өзі мұның себебін білмейтіндігі өз алдына, білуге құлық танытпағандығын да: «Əйтеуір, өзім қабылдап алғалы Бегалин», деген жауабынан-ақ аңғардым. Мен мұны біреуді сынау, мінеу үшін емес, арысымызды ардақтап, кейінгіге өнегесін үйретуде түзеуге болатын іс деп ойға салып отырмын. Обалы қане, мұражай төрінде жазушының үстелі, қазақтың белгілі ақын-жазушыларымен түскен əр жылдардағы суреттері қойылыпты. Ғалым Ахмедов, Мұхамеджан Қаратаев, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Гүлнəр Міржақыпқызы Дулатова сияқты ұлтымыздың мақ таныштарына айналған тұлғалармен бірге түскен суреттерінен қаншама тарихи сырлар, қимас сəттер менмұндалап тұр десеңізші! Олардың қай-қайсы да Сапарғали Бегалинді ақылман ағасы, қадірменді қариясы ретінде танығаны бірден байқалады. Иə, қалай десек те Сапарғали Бегалин есімі мен бейнесі – жас ұрпақ жадында əрдайым жарқырап тұруы тиіс тұлға. «Көксегенннің көргендері», «Сəтжан», «Бала Шоқан», «Шоқан асулары» сияқты хикаяттарымен балалардың сүйікті жазушысына айналған қаламгерге «қазақ балалар əдебиетінің классигі» деген баға да бекер берілген жоқ. 1993 жылы Абыралы ауданы қайта құрылғанда жаңадан бой көтерген С.Бегалин атындағы совхоз да болып еді. 1998 жылғы жекешелендіру кезінде аудан да қысқарды, совхоз да таратылып, жазушы есімі бір ауылдан бүтіндей жоғалып кетті. Қазір ол жерде 20-30 шаңырақтан тұратын Айнабұлақ ауылдық округі

ғана бар. Ал бұл ауылдағы білім ошағы қазір бастауыш мектеп деңгейінде. Жоғары сыныпта оқытатын бала жоқтығы, тұрғындардың дені көшіп кетуінен болып отыр. Ауыл болашағы бұлдырап бара жатқаны жасыруға келмейтін шындық. Бұл өз алдына жанды ауыртып тұрған тағы бір бөлек тақырып. Нақтысын айтқанда, елді мекен біртіндеп «болашағы жоқ ауыл» тізіміне іліксе, бір кездері Сапарғали Бегалин атындағы ауыл болғаны да тарих қойнауына кете бармақ. Қанша айтқың келмесе де жазушы 80 жасқа толған мерейтойында туған жеріне келіп, Дегелеңді көргісі келгенде əскери қатаң тəртіптің кесірінен бара алмай құсалықпен қайтқаны тағы да ойға түседі. Бұл туралы жазушының қаламдас інісі, көрнекті ғалым Рымғали Нұрғалидың «Өлген тау» деген естелігінен мына бір үзіндіні келтірсек те жеткілікті болар: «Бұл топта өзін еркін ұстайтын, ойына келгенін айтатын – Кəукен. Сапарғали оның аталарын, елін, жерін жақсы біледі, ағаларымен үзеңгілес дос, дəмдес, табақтас болған, тіпті Шəйбай ағасымен бірлесіп аңшылық туралы кітап та жазған, сондықтан шығар, Кəукенді еркелетіп, қалжыңға өзі тартып, күлісіп отырады. – Сапеке, – деді Кəукен көзі күліп, – қалай ойлайсыз сіз осы, əскери адамдарда бас бар ма? – Сондай сұрақ бола ма екен? – Болғаны ғой, меніңше, əскери адамдарда бас бар деп ойлаймын. – Мынау данышпандық екен, Кəукен. Əскери адамдарда бас бар дейсің, ə, – деп Сапарғали жымиып күлді. Басқалар да күліп жатыр. Кəукен басын көтеріп, малдасын құрып, бойын түзеп отыр ды, қақырынып алды, дауға енді кірісетін бидің кейпіне кірді. – Күлмеңіз, Сапеке. Əскери адамдарда бас бар дейтін себебім мынау. Сіздің туған жеріңіз Дегелең тауына, оның маңайына полигон орнату үшін əскери адамдар ойланбады дейсіз бе, ойланды. Жүз рет, мың рет ойланды. Ақыры лайық деп тапты. Елсіз жер. Өзен-көлі жоқ. Шөл. Қу дала, қу медиен. Ата-бабаларыңыздың күнəсі де бар шығар, мүмкін, – дей бергенде Сапарғали саңқ ете түсті. – Ей, Түйетірсек, не тантып отырсың? Қайдағы шөл, қайдағы қу дала, қу медиен, тапқан екенсің, Бетпақ пен Кербаланың шөлін. Біле білсең, Баяның не, Қарқаралың не, Шыңғыстауың не, Тарбағатайың не, Дегелеңің не – бəрі бір құйқа, бір атырап емес пе? Бұл менің аяғыма кірген шөгір деп отырмысың, біле білсең, қазақ халқының

жүрегіне қадалған оқ емес пе? Жазылмайтын жара, арылмайтын дерт. Бұл зілзаланың басы бар да, аяғы жоқ секілді ғой. Ұрпағыңның қылтасын кесетін зұлматтан қалай құтыласың, тəңірім-ау!.. Көп уақытқа дейін Сапарғали түйіліп, тілін тіс тегендей болып отырды, өзгелерде де үн жоқ. Бір кезде Хамитке иек қағып, бірдеңені əкелші дегендей ымдады. Жолдорбаның ішінен шүберекпен жақсылап оралған дүрбі шықты. Сапарғали орнынан тұрып, ешкімге тіл қатпастан, жота басына көте ріл ді де, алыстан дөңкиіп көрінген Дегелең тауын дүрбімен қарай бастады. Тапжылмай ұзақ отырды. Намазға ұйыған діндар мұсылман іспеттес, қаққан қазықтай қатып қалған. Аяғымыздың ұшынан басып, дыбыс шығармай төбеге біз де көтерілдік. Сапарғалида қан жоқ, сөл жоқ, өңі бұзылып кеткен екен. – Құдайым-ау, бұл не сұмдық?! Дəл осындай болар деп үш ұйықтасам ойыма кірер ме? Дегелең тауын құртып жіберіпті ғой, тауды құртқан! Тау жоғалған! Ұялының шыңы, Əулие асу қайда? Ұзынбұлақ, Қарабұлақ қайда кеткен? Өзенбұлақ өлген, арнасы да жоқ. Тау құрыған, оның орнында тас-қиыршық төбе жатыр. Хамит, Мəжит, бала кезіңде бауырында асыр салған тауларың өліпті! Ата-бабаларыңның зираты да жойылған. Енді ол жерлерді біз ешқашан көре алмаймыз. Бұдан əрі қарай аттап басуға болмайтынын анау белгі айтып тұр, анау қоршау тор айтып тұр, оны мен де білем, неге білмейін. Əй, балаларым, інілерім, о заманда, бұ заман, тау өлгенін көрген кісі бар ма, міне, соған да жеттік, менің атамекенім, туған тауым – Дегелең өлген екен, маған көңіл айтыңдар, – Сапарғалидың көзінен бұршақбұршақ жас ыршып-ыршып кетті». Көрнекті жазушының өмірден озғанына да 32 жылдың жүзі болды. Қазақ балалар əде биетінде бай мұрасын қалдырған қаламгердің есімін қастерлеуіміз қажет. Қастерлей алмасақ онда жазушының да «өлген тауынан» айырмасы болмай қала бермей ме? Иə, Сапарғали Бегалиннің туғанына 120 жыл толуына орай қолға қалам аларда туған жері – Абыралы өңіріне барып қайтқанда өзім көрген жай осы болды. «Көрмейін десем, көзім бар», дегендей, назарға іліккен олқылықты ортаға салсам, ұлт жазушысының атын ардақтап, қадірін білейік дегенім. Сəтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ.

СЕМЕЙ.

Ұзақ Бағаев 1930 жылдың қараша айында қазіргі Алматы облысының Райымбек ауданындағы Бақалының оңтүстік бөктеріне орналасқан Бағай қыстауында дүниеге келген. Бақалының бөктеріндегі Бағай қыстауы тіршілігі мол орта болды. Ұзекеңнің балалық шақ, балғын кезі өткен жері – Алғабас ауылы. Ауыл тіршілігі, адамдардың қарым-қатынасы оның өміріне өшпес із қалдырды, азаматтық мінез қалыптастырды. Ол өзінің ауылына, туған жеріне, еліне бауырларына деген сүйіспеншілігін студент кезінде-ақ əдемі суреттеді. «Елім қандай еркем деп еркелеткен, жерім қандай жас шағым еркін өскен. Досым қандай, құрбылар көңіл жетер, көтеретін сөзімді айтсам өктем. Сағынамын бəрін де аңсап бүгін, əр бұтасын туған жер əрбір түтін. Болашаққа жүрсем де құштар болып, арманымның арқалап ауыр жүгін». Ұзақ аға 1942 жылы Алғабас ауылындағы жеті жылдық мектепті бітіреді. Осылайша 28 оқушы оқу орнынан түлеп ұшады. Себебі, күркіреп тұрған соғыс уақытында одан əрі қарай оқу мүмкін болмай, жасөспірім балалар шаруашылық жұмыстарға араласуға мəжбүр болады. Дегенмен, соғыстан екінші топтағы мүгедек болып оралған Тезек Бабалиев мектептің директоры қызметіне кіріседі де, оқуын жалғастыра алмай қалған балаларды жинап, 1944-1945 жылдары қайтадан мектеп табалдырығын аттайды. Осы кездері Ұзақ аға балаларды мектепке тартуға жанын салып, газетжурналдарға мақала жазып, жастарды оқу-білімге шақырады. 1947 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебін бітірген Ұзақ Бағаев ҚазМУ-дың журналистика бөліміне оқуға түседі. Сол жылы бір ауылдан 14 бала жоғары оқу орындарының студенті болады. Бұл шағын ауыл үшін үлкен жетістік еді. Оған дəнекер болған жас қаламгер Ұзақ Бағаевтың Кеген аудандық «Екпінді малшы» газетінде жарияланған «Жас досқа арнау» атты мақаласы еді. Қызығы мол, қиыншылығы аз емес студенттік дəуір де аяқталады. Жас мамандар қанаттанып, еліміздің түпкір-түпкіріне жол тартады. Ауылдастар, бауырластар, қимастар, сырластардың бір-біріне деген са ғынышы басталады. Олардың еліне деген сүйіспеншіліктері ерте қалыптасты. Соның бір айғағы Ұзақ ағаның күнделігінде жазылған «Елім менің» деген терең ойлы тебіренісі. «…Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! О Жарандар! Табысыма, жеңісіме қараңдар! Сөйлеп тұрған күншығыстан – жомарт өңір Қазақстан, байлығы дархан Гүлбағыстан! Самға, самға, өс-өркенде, жайна өлкем арманда!..». Күнделігіндегі көркем оймен өрілген, көркем тілмен көмкерілген осы бір тебіренісін 1949 жылы 2-ші курста оқып жүргенде жазған екен. Ұзекеңнің өзгеден ерен, тумысы бөлек сырбаз жан екенін, сирек кездесетін шынайы тазалықтың, кəусар суындай мөлдір сұлулықтың, бекем ұстамдылықтың, нəзік іңкəрліктің, парасаттылықтың иесі екенін талай замандастары тілге тиек етті кезінде. Əрі қызметтес, əрі үзеңгілес болған белгілі қаламгер Сапар Байжанов былай толғайды: «Отағасы болған шағында Ұзекеңнің арман аясына Алтынайдай бір алтын ару аққу құстай қалықтап келіп қонған-ды. Олардың өзара түсіністігі мен бір-біріне құрметі əсте ортаймай, сезімдерін əлдилеп, əлпештеген əсем еркеліктері орталарын тəнті етті. Нəзік те кербез, қылаусыз сыйластық пен таза іңкəрлік сезімдер адам өмірін нұрландырып, жанын семіртетінін сезінудің өзі таңғажайып сырлы, əсем, аяулы да асқақ əуез екеніне сырттай қарап жүріп, сүйсінуге тура келген. Мұндай жан сұлулығы мен

мінез сырбаздықты əркімнің басына бермесі анық. Басқа қонған бақытты үркітіп алмай, жаза басып жаңылмай, еркелете əлдилеп құша білу де кез келген ер мен əйелдің қолынан келе бермейді. Ұзақ секілді тумысы ерен, жаратылысы бөлек жандардың ғана еншісіне тиер ақжүрек, ақкербез, ұлпа сезім, армандай аялы бақ болар деп білеміз...» Осы орайда түсінбестік тумауы үшін Ұзақ ағамыз өзі еркелетіп «...менің Нұрым, өмірімнің гүлі, жа нымның шуағы, бауыр басқаным соншалық еркелегім келіп тұрады» дейтін Нұрбибі тəтеміздің «Əлпештеген Ұзаным» дейтін жүрекжарды сөзін келтіре кеткенді жөн санадым. «Алтын ба? Алтын оның да досы, менің де досым. Олар екеуі де бірге болғанда жандары түлейді. Татулықтарына, сыйластықтарына мен де сүйсінемін. Менің де тілеуім – Ұзанның бақыты, мерейі емес пе! Өз басым олардың қарымқатынасынан еш ерсілік көрмеймін. Қызғанбаймын, қайта қызығамын, сенсеңіз! Жандары соны қалай ма, жандары содан түлеп гүлдей ме?.. Гүлденсін, жайнасын, Ұзағыма екі дүниеде де өкпем жоқ. Мені ренжіткен, кеміткен кезі болған емес. Одан ерте айырылып, опынып қалғаным болмаса, еш өкініш жоқ. Ұзағым əлпештеп өткен бақытты жар болдым, бақытты ана болдым, енді міне немерелер сүйген əжемін». Міне, «Ұзаным» деп үзіліп отырған асыл жеңгеміздің жан сыры осындай... 1962 жылы Қызылорда, одан кейін Талдықорған облыстық газеттерін басқарып келген Ұзақ аға 1969 жылы «Социалистік Қазақстанға» редактор болып тағайындалды. Осы орайда қаламгердің күнделігіндегі мына бір жолдар еріксіз еске түседі. «Университет ұясынан ұшып шығ ып , қон ғ ан қарашаң ырақ – «СҚ» 22 жыл бойы тəрбиелеп келеді. Кішкентай еңбегімді таудай етіп бағалап жатқаны. Осы 22 жылдың 7 жылын айтпағанда, осы шаңырақта талай-талай атақабыройға ие болғанымды қалай ұмытарсың. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы советінің депутаты, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдар... Осының бəрі ең алдымен «СҚ-ның сыйы», коллективтің сенімі. Мұның бəрі өз еңбегімнің жемісі, өз қызметімнің байлауы деп ойламаймын да», дейді. Ұзақ Бағаевты көпшілік журналист ретінде, көркем тілді көсемсөзші ретінде жақсы біледі. Ал оның жас кезінде өлең жазғанынан көп адам бейхабар. Қаламгердің мұрағатын көздің қарашығындай

сақтап, сақтап қана қоймай ол жəдігерлерді арагідік баспасөз бетінде жариялап жүрген Нұрбибі тəтеміз Ұзағаңның қойын дəптеріндегі бірнеше өлеңді көрсетіп еді. Олар мынадай шумақтар болатын: «Достықтың туы адалдық, Жаныңмен сүю, аялау. Сырласу, сыйлау, адалдық – Достыққа мəңгі саябау!» – деп, достыққа адалдық туралы толғаса, енді бірде: «Адалдығым – бойыма біткен байлығым, Ұяңдығым – дұшпанға деген айбыным. Үлкенге ізет, кішіге жасау ілтипат – Əсте алдымнан жарқырап тұрар ай-күнім!» – деп, өзінің мінезін, өзінің портретін көрсеткендей болады. Мұндай өлең шумақтары қаламгердің қойын дəптерінде біршама екен. Ағаның осындай жыр шумақтарын оқып отырып, жаны жайсаң адамның ақын болмауы мүмкін емес екен-ау деген ойға қалдым. Осындай биік мəртебелі қызметтерде болған, еңбегіне лайық марапаттардан кенде қалмаған, артына елеулі мұра қалдырған, қалай мақтасаң да, мақтансаң да жарасатын тумысы бөлек, тұғыры мықты азамат. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, кісілікті сақтаудың үлгісі сияқты еді. Мен деп кеуделемейді, өзім деп өзеуремейді, елім деп еміренеді. Жұртым, ұжымым деп еміренеді. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейтін, азаматтың, азаматының ғана қолынан келетін қасиет.

Пенде біткенді Алла əртүрлі қылып жаратқан ғой. Жігері құм болған жасық мінездер де болды. Ал, Ұзақ Бағаев жалын оты лаулап, қызуы бойды балқытып жіберетін от мінез, орақ тілді азамат еді. Ұзекең арнамысы жоғары, жолы таза əрі мөлдір, иі жұмсақ, жүзі жылы, көңілі шуақ, уылжыған уыздай жан болатын. Тағы бір мəрте күнделігіне көз жүгіртейік, «Операция! Бүгін 10 май. Сағат 7. Өзім жарты дүние сияқтымын. Асқазан... «Алаңда» мина жатыр. Сəт пен шеберлік болып, жарылмай алынса, ура! Жарылып кетсе... Жоқ бəрі сəтті болады. Үміт пен сенім бойымды кернеп тұр. Өмір жасасын!». Бұл «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы Ұзақ Бағаевтың соңғы сөзі еді. Ол 1973 жылы 28 шілдеде көз жұмды. Ұзекеңнің аяқ астынан сырқатқа ұшырауы қанатын жайғызбай тастады. Ол өмірдің көлкөсір қуанышы мен қызығына тоймай кетті. «Көзден кеткен, көңілден өшеді» деген сөз бар. Рас та шығар. Дегенмен, көңілдерде мықтап сақталатын аяулы азаматтар да бар емес пе?! Сондай азаматтың бірі – Ұзақ Бағаев еді. Оның ар тазалығы, жан сұлулығы, парасаттылығы өзінен кейінгі жастарға үлгі болды. Өмірден өткеніне 40 жылдан асса да, оны көргендер, онымен кездескендер, ол кісімен замандас болғандар Ұзекеңді іздейді, сағынады. Сондай сағынышын жыр жолдарына сыйғызған ақиық ақын Ғафу Қайырбеков былай толғайды: «...Кел, келе ғой жұмсақ майда қалпыңмен, Менің ыстық көкірегіме жығыл сен, Жадырайын жанға рахат салқынмен...» Ұзақ аға шын мəнінде бақытты адам. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында халқына қадірін арттырды, еліне сүйкімді болды. Ал бүгінде сол халқы, сол елі өзінің қадірлі ұлын ұмытқан жоқ. Өзі оқыған мектепке атын берді. Оның есімімен көшелер аталады. Қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер, көрнекті қоғам қайраткері, парасатты азамат Ұзақ Бағаевтың есімі мен жарқын бейнесі елінің есінде мəңгі қалды. Ұзекеңнің ұлы, ақын Ерұлан Бағаев (бүгінде марқұм) əкесінің 70 жылдығында «Теңеу сөзімді айта алмай келем – Түсінген жанның пірісің. Қайталап айтам, қайталай берем: Біз үшін аға тірісің, Ел үшін аға тірісің», – деп жырлаған еді. Сол жырдағыдай «түсінген жанның пірі болған» Ұзақ аға Бағаев елінің есінен кетпейді, жұртының жадынан өшпейді. АЛМАТЫ.


26 желтоқсан

АС Р А Қ КӨЗ

2015 жыл

Бїгінде статистикалыќ мəлімет бойынша, їйленген жастардыѕ жыл сайын їштен бірі ажырасып жатады. 10000-ы їйленсе, соныѕ 3300 жўбыныѕ шаѕыраєы ортасына тїседі. Сонда он жылда 33 мыѕ отбасыныѕ ойраны шыєады. Одан əрі солай жыл сайын ќосыла береді, тірі жетім мен жесірлер, жалєыз басты аналар еселеніп кґбейе береді.Сонша трагедия деген сґз. Сонда тойда айтылєан: «Босаєаѕ берік болсын, шаѕыраєыѕ биік болсын», деп берген аќ бата мен аќ тілектеріміз ќайда ќалды? Кім кінəлі?

«Адамєа алдымен тəрбие берілуі керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзатты апатќа ўшыратады»

КЕЛІН ОЅБАЙ, ЌАЗАЌ ОЅБАЙДЫ Жақында «Хабарда» көрсетілген «Ус ловие контракта» атты кинода бір келіншек: «Күйеуге тиюге ақылым жеткенмен, сол күйеуді ұстап тұруға ақылым жетпеді», деп өкінеді. Қыздарымыз «күйеуге шықсақ болды, бақытты бола саламыз» деп ойлайды. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деп мақалдағанда таңдайымыз тақылдайды. Ал үй болу несімен қиын? Сол қиындықты қалай жеңіп, қалай жақсы отбасы болу керек? Осыны мектептер мен басқа да оқу орындарында жастарға кім айтып, кім үйретіп жатыр? Ешкім де. Жас отбасылардың босағаларын қалай бекітеміз, мынадай масқара көлемде ажырасуларын қалай тоқтатамыз? Қыздарымызды жақсы келін болуға қалай тəрбиелейміз? Мектептер тəрбие бере алмаса, басқа қандай жолы бар? Енді осыған байланысты жанымды ауыр тып əрі ашындырып жүрген бір жағдайды айтып, соны мысалға келтірейінші. Менің Қазалы қаласында тұратын С. есімді балдызым бар. Көрікті де сымбатты жігіт, жақсы мамандығы, қызметі бар. Соның біраз жыл бұрын келіншегі қайтыс болды, екі қызы қалды артында. Сондағы бір мектептің мұғалимасының күйеуі қайтыс болыпты, оның да екі қызы бар екен. Содан екеуі қосылған. Сөйтіп екеуі төрт қыздың атаанасы болып, көп ұзамай келіншек ұл туып, басында жап-жақсы тұрып жатқан. Жігіттің бұрын мұғалім болып істеген зейнеткер шешесі бар. Ауылына, туыстуғандарына сыйлы да қадірлі адам. Ұл туып орныққан соң, келін мінез шығара бастайды. Енесіне ежірейетін, айтқанын тыңдамайтын, тіпті тіл тигізетін болады. Жігіт анасын қорлағанына шыдай алмай, əйелді өз үйіне қуып жібереді. Іште бала кетіп, тағы бір ұл туады. Арыстай екі ұл. Ішің қалай удай ашымайды? Жігіттің анасы: «Шайпау мінезіне төзейік, екі ұлды көзіміз қиып қалай шыдап отырамыз, келінді алып кел», деп ұлына қолқа салады. Сөйтсе əлгі əйел: «Шешеңмен, қарындасыңмен бірге тұра алмаймын, менің қолыма кел», деп шалқаятын көрінеді. Не деген бетсіздік, не деген көргенсіздік десейші! Жігіт: «Мен анамды тастап, сенің қолыңа кіретін ақымақ емеспін», деп жауап берген. Міне, бұған не деуге болады?! Əлгі əйел сол Қазалының бір мектебінде мұғалима болып істейді. Мынадай көргенсіздікпен ол қалай ұстаз

«Кїйеуге тиюге аќылым жеткенмен, сол кїйеуді ўстап тўруєа аќылым жетпеді»

болып жүр, балаларға қандай тəрбие беріп, өнеге көрсетеді деген сұрақ туады. Бұрын ақсақалдар мен билер төрелігі болған. Қазақта ажырасу деген мүлдем болмаған ғой. Енді мынадай жағдайларда не істеу керек? Меніңше, жігіт сотқа беріп, үлкен ұлын қайтарып алуы керек. Бұған бүгінгі заң мен заңгерлер нендей билік айтады? Бұл бір ғана мысал. «Күйеу бала қолымызға кірмеді», деп қыздарын бақытынан айырып, ажыратып алып жатқан ата-аналар қаншама. Келіншек кезінде енесімен сыйыспаған бір əйел қазір өзі ене болғанда қос келінін қуып жіберіп отыр. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Кеңес заманы кезінде де ажырасатын. Бірақ дəл қазіргідей емес-ті. Өйткені, партия, комсомол, кəсіподақ ұйымдары болды. Күйеуі кінəлі болса, əйелінің арызы бойынша мəселесі қаралып, партиядан, комсомолдан, қызметінен шығарылатын, газетке жазылып əшкереленетін. Туыстарының үлкендері жиналып бітістіруге күш салатын. Қазір ондай ұйымдар жоқ, ақыл айта алатын ақсақалдар да қалмай барады. Енді не істеу керек? Осынау нарық қысқан заманда, үлкен өмірден түк хабары жоқ жас отбасыларды қиындықтармен бетпе-бет қалдырып, қол қусырып қарап отыра береміз бе? «Отбасы – шағын мемлекет», деген қанатты сөзіміз бар. Шынында да солай. Олай болса, мемлекет ішіндегі ыдырап жатқан шағын мемлекеттерімізді қалай қорғаймыз? Егер дұрыс есебін шығаратын болсақ, олардың саны миллионнан асып

жығылады. Мұның сыртында отырса да орнын таппаған қыздарымыз жүз мыңдап саналады. Олардың біразы «басыбайлы жарымыз болмаса да ана болып, бала сүйейік» деп, көңілдестерінен бала туып, жалғызбасты аналар санын көбейте түсуде. Сонша əкесіз өсіп жатқан балалар, сонша көз жасын көл қылып жүрген жалғызбасты аналар деген сөз. Олар «Жар құшпадым құшағымды жандырып» деп бір ақын əйел жыр еткендей, жап-жас кезінде жесір қалып, жар құшағын аңсаумен өмірі өксіп, күн кешеді емес пе. Мұны жүрекпен де, баспен де ұғып түсінсек керек. Əлгі ақын қыздың жалғыздығын жыр еткен мұңды өлеңі мені қатты тебірентіп, «Жаралы жүрек жалғыздар» деген өлең шығардым. Ол бұдан 25 жыл бұрын «Ана тілі» газетінде жарияланып, үлкен талқылау айтысқа мұрындық болған. Газеттің келесі бір санында Тараз қаласынан Сая деген қыздың: «Екінші əйелі болғым келеді», деген мақаласы жарқ ете қалды. Саяның бұл мақаласы сол тұста бұлтсыз ашық күнде күн күркірегендей əсер етті. Компартияның əлі бар кезі. Газет редакторының оны жариялауға қалай батылдық еткені таң қалдырады. Сая: «...Мен ақын аға жыр еткендей отырып қалған сұлу қыздардың бірімін. Оқу, оқу, қызмет деп жүргенде қатарымнан қалып қойыппын. Əйтсе де жар құшып, бала сүйіп, ана болғым келеді. Кейбіреулердей көденең көңілдестен бала тууға намысым жібермейді. Енді қайтпек керек? Оның

бір-ақ жолы бар. Бұрынғы қазақ салтымен бір жақсы ағаның етегінен ұстап, екінші əйелі болу. Сонда заңды күйеуім, баламның заңды əкесі болған болар еді. Ешкім көзтүрткі қылмас еді», деп ағынан жарылған-ды. «Ана тілі» газетінің беттерінде қоғам еркек пен əйел болып екіге жарылып, Сая қыздың мақаласын алты ай бойы талқылады. Ерлер: «Ақылыңнан айналайын, қостаймыз» десе, əйелдер: «Қу бетпақ, көк етіктіні іздеп, көн етіктіні менсінбей жүріп отырып қалған өз обалдарың өздеріңе, енді сүттей ұйып отырған отбасымызға ойран салмақпысыңдар?» деп дүрлікті. Мақала қорытындыланғаннан кейін бұл айтысты «Қазақ əдебиеті» газеті көтеріп əкетті. Сая мақаласы талқыланып, бастап берген мен жайыма қалдым. Бірақ еңбегім зая кетпеді. Сол талқылау мақалалардың қозғау салған дүмпуімен неке заңының «екі əйел алуға болмайды» деген бабы алынып тасталынды. Парламентте де екі рет сөз болды. Газет беттерінде де ауық-ауық қайта талқыланып жатады. Өзім де мақалаларыммен тамызық тастап тұрамын. Қазір əсіресе, оңтүстік өңірлерде мешітте некеге отырып, екінші əйел алып жатқандар, ағасы өлсе жесірін қаңғытпай жеңгесіне үйленгендер көптеп саналады. Соған байланысты жоғарыда сөз етілген жақсы келін тəрбиелеу, жас отауларды қорғап, ажырасуларды азайту, жетімдер мен жас жесірлерді көбейтпеу мақсатында не істеуіміз керек, қандай шаралар қажет?

Мектеп пен ата-аналардан қайыр жоқ. Мектептер оқулықтарды көбейткен үстіне көбейтіп, үстін-үстін төпелеп оқыта беруді ғана біледі. Оқушылардан «оқуың қалай?» деп сұрасаң, «жақсы» деп жауап береді. Ал «тоқуың қалай?» деп қайыра сұрасаң, не жауап берерін білмейді. Себебі, мектеп оқулықтары мен мұғалімдерінің лексиконында «оқу, оқыту» деген сөздер бар да «тоқу, тоқыту» деген сөздер жоқ, қолданылмайды. «Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деген Ыбырай өлеңіндегі талап оқушылардан талап етілмейді. Қыздар жағы «тоқу білмеймін» деп жауап береді. Мен бастауыш мектепте де, орталауда да, педагогикалық жоғары оқу орнында да мұғалім де, оқытушы да болып тер төккен, өмірімнің 20 жылын педагогикаға арнаған адаммын. Жай тер төгіп қоя салмай, сол салада бастамалар көтеріп жəне соларды өз қолыммен жүзеге асырып тəжірибелік жұмыстар жүргізгенмін. Кезінде орталық баспасөз беттерінде солар туралы мақалаларым жарияланып тұрған. Бұдан 50-55 жыл бұрын мектептерде тоқыту мен тəрбие қалай болмаса, қазір де тап сол күйінде екен. Неге десеңіз, тəрбиелік оқу құралы əлі күнге дейін жоқ. Ал əр сыныпқа арналған тəрбиелік оқу құралынсыз, арнайы тəрбие сағаттарынсыз оқушыларға этикалық, эсте тикалық, патриоттық, адамгершілік тəрбиелерін қалай беруге болады? Осыған ешкімнің басы ауырмайды. Бір кезде орыс патшасы І Николайдың атынан А. С. Пушкинге жасөспірімдер тəрбиесімен айналысып, сол жөнінде еңбек жазуға тапсырма беріледі. Ақын мектептерді мұқият тексеріп, патшаның тапсырмасын бұлжытпай орындайды. 1826 жылы ол тəрбие проблемалары жөнінде «Халықтық тəрбие туралы» деген трактат жазып ұсынады. Дарқан дарын, көл-көсір ақыл иесі А.С.Пушкиннің кемеңгерлігі осы трактатынан да айқын көрінеді. Ол мынадай данышпандық қорытынды тұжырым жасайды: «Всюду ощущается недостаток наук нравственных, развивающих личность учащихся, их способность мыслить и объективно судить о событиях и проблемах. В государственных заведениях главной заботой должно стать нравственное воспитание». Бұдан Пушкиннің данышпан ақын ғана емес, кемеңгер қоғам қайраткері екенін де көрсетеді. Бірақ қай заманда да патшалар мен əкімдер ақындардың ақылын алған ба, Пушкин айтты деп адамгершілік тəрбиесі туралы ақылды оқулық құрал жазылмағанға ұқсайды. Кеңес заманы кезінде де ондай оқулық болған жоқ. Егер Ресейде болса, бізде де болған болар еді ғой. Енді орыс ақыны Пушкин мен өзіміздің əл-Фараби бабамыздың: «Адамға алдымен тəрбие берілуі керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзатты апатқа ұшыратады», деген тұжырымын салыстырсақ, арғы данышпан мен бергі данышпанның ойлары бір-бірімен үндесіп тұр. Екеуінің арасы тоғыз ғасыр. ƏлФарабиді Пушкин, мүмкін, оқыған да болар. Тəрбиесіз берілген білімнің салдарынан қазір адамзат апатқа ұшырап жатыр емес пе. Демек əл-Фарабидің кезінде де тəрбие оқулығы болмаған. Егер болған болса, бабамыз мына сөзді ашынып айтпаған болар еді. Жоғарыдағы əл-Фарабидің қанатты сөзін бəрі жатқа біледі, бірақ ол сөздің мəні мен маңызына ешкім мəн беріп жатпайды. Жарықтық айта салған ғой деп жүре береді. Енді мына бетімен жіберілген тəрбие мəселесін не істейміз? Солай бетімен жібере береміз бе? Менің алдыңғы бір жылы «Егемен Қазақстанда» «Бетімен жіберсе бетімен кетпегенде қайтеді» деген мақалам жарияланды. Онда бірінші емен ағашын Президентіміз өз қолынан

Қаз-қалпында

«АНАЅ БІР ҐЛМЕС БОЛСАЙШЫ...» Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Демалыс алып, елге барып келген соң, ауыл жаққа қарай қайтадан кетіп қалғың келіп, елеңдеп тұрасың. Жұмысқа да зауқың соқпай, үйге барсаң, үйіңе сыймай беймаза бір күй кешесің. Туған үйінен биыл ғана алысқа ұзап шыққан жас қыздай жабырқап, қаланың у-шу тірлігінен бірер аптаның ішінде жеріп, кəдімгідей бөтенсіп қалыппын. Ауылға барған күні-ақ, «Əсма, ауылға кеп қапсың, тауға барып қайтайық. Абай атаң айтқандай, «Балалық өтті, білдің бе?», деп мұғалім құрбысы Мəруа қалта телефонына əзілдей хабар жазып жіберіпті. Балалық демекші, біздің Зайсандағы Сауыр-Сайқан тауларында жаздың өзінде қар жатады. Оралхан ағамыз жазатын Алтайдың ұзақ қысы қыркүйектің соңын ала басталатындай-ақ, содан алты ай бойы бір бітіп бермейді. Ұзақ. Қыстың бүркене қымтанып қалың қар жамылған түндері ұйқың да келмейді. Балалықпен байқамаппыз ғой оны. – Сен қыз қауыстың үшінде қарлы боран қыста туып едің. Боранмен жағаласып туған баланың мінезі қай бір оңған дейсің! – деп əжеміз жаратпай отырушы еді жарықтық. – Жайдарлылық қыз балаға жарасады. Боранды күні тумасаң, өтің жарыла ма сенің! – деп қарадай ашуланушы еді. – Ой, əже, қайдағы қыс?.. Мен қараша айында тудым емес пе?.. Күз ғой, қауысыңыз не өзі! – деп кішкене күнімізден-ақ біз де шап ете қалатынбыз. – Əне, айттым ғой, боранда туған мына қыздың түрі жаман. Сауыр тауға қашан қар түсіп, боран қашан соғатынын сол тау бауырында туған мен білем бе, əлде сен білесің бе? Əй, осы сендерге мектепте не оқытады?! Қауысты білмей?! Қобыланды батыр жырын оқысаң, қауыстың қараша айы екенін білесің! Əпкел бері, ана сандықты, аш та оқы ана китапты! – деуші еді ұрсып. Ал содан кешке дейін «Қобыланды»

жырын дауыстап оқып отырғаның. Əйтеуір, намаз уақыты жақындағанда барып, Сəруар əжеміз орнынан тұрғанда бір-ақ уһ дейсің. Ақ шүберекке оралған қалың бір кітапты əжеміз көзі жұмылғанша оқып бітіре алмай кетті. «Бұл кітапты бізге неге оқып бермейсіз?» деген ойын баласы біздерге: «Бұл үлкендер тəртіпті жүру үшін жазылған кітап, өскенде барып түсінесіңдер» деуші еді. Ол кезде əлгі оқылып бітпейтін кітаптың қасиетті Құран кітабы екенін білген де жоқпыз. Аппақ кимешегін киіп, жұмсақ мəсісі аяғында, сырға-білезіктерін сылдырлатып төргі бөлмеге кіріп бара жатады... Сенің намаз оқығаныңды түсінбей, қызық көріп, есіктің пердесінен сығалап қарап тұратынбыз. Сол сурет ғұмыр бойы, міне, көз алдымызда қалды. Балалық өткенін білдік. Қайран, Сəруар əжем-ай!.. Ауылдың шетіндегі зиратта жатырсың қазір. «Қобыланды батыр» жырын оқығалы да қаншама уақыт өтті. Біздер де оң-солымызды танып қалдық. Биыл да Сауыр тауға қар қалың түсті дейсің бе, тағы? Бұрын ауылға барып жүргенде жол бойындағы сен жатқан көк күмбезді зиратты шешем екеуіміз алыстан қарап, біраз тұрып кетуші едік. – Тілдерің дұға, сүрелерді айтуға бір-екі қайырымға келіп, діннің шапағатын сезінген кез келер, сонда барып мола басына келерсіңдер, – деп өзің сөйтіп айтып кетіпсің. – Мола басына, кейін Зайсандағыдай мешіт салына қалса, əйел затына бару шарт емес. Дұға тілеуіңді үйден шықпай жаса, имандылық пен сауап, тазалық сонда, ол жерлерде үнсіздік орнап, іштей еске алып, өлілерге сыйластық орнауы керек, – дейтін. Енді, міне, айтқаның келіп, сенің оқыған намаздарыңның күбірлі шарапаты тиіп, түйсіне бастадық. Амал қанша етек-жеңі дұрыс жабылмаған, орамалсыз жүретін кейбір қыз-келіншектерді қазір мола басынан көріп қалғанда əжеміздің бір ауыз осы сөзі есіме жиі түседі. Əжеміз айтқан үнсіздік емес, күбіркүбір сөздер, орынсыз күлкілер де естіліп қалады.

11

www.egemen.kz

Əнебір жылы əжеміз жатқан мола басынан жолды кеңейтеміз деп машина, тракторлар қаптап сұмдық болды. Əжеміздің зиратын күреп тастауға шақ қалды. Күмбезі шалқалап қалған мола басына қалай жүгіріп жеткенімді білмеймін. Жауын шайып, жылтыры кете бастаған ай күмбезін құшақтап, айғайлап тұрып жылап алдым. Шешем Назифат ауылдың қарттарын алып келді. Жол жөндеуші сақалды біреулер тыңдамады. Көз жасын көл етіп зар илеп жылаумен болды. Андасанда ыңылдап: «Анаң бір өлмес болсайшы-ау, Мынау жалған дүниеде-ау!» – деп жоқтау айтқандай бола ма-ау?.. Бірақ, əлгілер əжеміздің моласына күрек тигізе алмады. Əлгілер келсе-ақ болды, көзді аштырмайтын топырақ араласқан қара құйын соғып, тау жақтан найзағай жарқылдап, жай оты зəрелерін алып, қара жаңбыр төпей берді. Жай оты жердің үстін ала шартылдағанда моланы күреуге ешкімнің дəті бармады. «Проект, проект», деп бой бермей тұрғандарды əжеміздің діндарлығы осылай қайтарды. Күмбезді қайта орнына келтірді. Күн де шайдай ашылып, жадырап сала берді. Жол көк күмбезді əжеміздің зиратын қиғаштай бірталай жерге дейін барып айналып өтетін болды. Шешеміз борша-борша жылап жүр. – Шақылдаған сұр темірлер денесін ауыртып кете ме деп жанымды қоярға жер таппап едім, енді тыныш ұйықтайтын болды-ау, жарықтық, – дейді ағыл-тегіл егіле жылап. Бір кезде қарасам, əжемнің моласының бұрышына жүрелеп отырған күйі рахаттана ұйықтап кетіпті. Əжеміз қайтқалы қаншама жылдар өтті, шешеміз бала құсап еркелеп құшағында жатқандай елес береді. «Анаң бір өлмес болсайшы...» деп күбірлеп ескі əуенмен ыңылдап қояды. Иə, сол жоспарлы жол баяғыда-ақ салынып бітті. Қиғаштай біткен айналма бұрылысы əжеміздің зиратының жанынан өтеді. Көк күмбезі жарқырап

жолаушыларды қарсы алып, шығарып салып тұрады. Жол бойында тұрған зират болған соң, қазір автобустар, арлыберлі жүрген жеңіл машиналар тоқтап, құран оқып, бет сипайды. Қазір қарасаң, молдалар: «Мола басына барып, тазалайық, тазартайық, марқұм болған ағайынтуыс разы болсын», деп жатады. Соны естіп алып қалалықтар түгелімен мола басын тазалауға шығады. Басымызға келіп бір ауыз құран оқысаңдар да болады, ескіден қалған сөз бойынша мұсылман баласы зиратты жаңартпайды, жаңаламайды деуші еді, – əжеміз бала кезімізде. Заман өзгеріп, əр молда əртүрлі сөйлейтін сияқты. Бірі былай дейді, екіншісі басқаша айтады. Жұртты беталды шатастырып бара жатқандай. Ал біздердің жастайынан қазақы жолмен өскен, кейіннен дін жолын тұтып, намазға жығылған əжелеріміз ғұлама жандар екен ғой. Мен де, міне, ауылдан демалыстан қалаға қайтқан көңілім жетімсіреп, жалғызсырап, жүдеу тартып, қарадай алабұрта берем. Көңіл күйді жадырату да оңай емес. Редакция жақтан да тапсырма көп. Ал жылдам жаза қоюың да бір құбылыспен келетін нəрсе. Бүгін радиодан естілген мына халық əні жан дүниемді бір сергіткендей болды-ау, «анаң бір өлмес болсайшы-ау, мынау жалған дүниеде-оу!» дейді... Шешеміз айтатын таныс əуен... ПАВЛОДАР.

отырғызған «Жерұйық» саябағын бетімен кеткен жастардың бүлдіріп жатқанын, аққайыңдарды дəптерге айналдырып, аттарын шимайлап жазып, кейбіреулерінің қабығын сыпырып қуратып өлтіріп жатқандарын айтып дабыл көтергенмін. Бір жеті өткеннен кейін Алматы ауданы əкімінің өзіне телефон соғып, не шара қолданып жатырсыздар деп сұрасам, ешқайсысы оқымапты. «Бұларыңыз қалай? Президентіміздің өзі күн сайын қарап отыратын бас газетімізді оқымайтындарыңыз ұят емес пе» деген соң оқып, бірер аптаның ішінде парктің төрт жағына түнде жабылатын қақпалар орнатты; жұмыс уақыттарын жазғызды; тəртіп бұзғандарға шара қолданылып, тиісті мөлшерде айыппұл салынатынын ескерткен тақтайшалар ілінді. Мен бұл жартылай шарамен тоқтап қалмай, мақаланың көшірмесін көбейтіп, өз аттарынан қосымша тапсырма беріп, аудан көлеміндегі барлық мектептер мен жоғары лы-төменді оқу орындарының бəріне жіберуді ұсындым. Бірақ оны орындамады. Тəрбие дəйектілікпен жүргізілсе ғана нəтиже беретінін бізде біле бермейді. Айтқанымдай-ақ, біраз уақыттан кейін бұзақы жастар əлгі тəртіпке шақырған тақталарды тепкілеп қиратып бұзып тастады. Бұл бір ғана мысал. Мəселенің тоқетерін айтқанда, мектеп тердің барлық сыныптарының оқушылары мен басқа да оқу орындарының студенттеріне арналған əл-Фараби мен Пушкин айтқандай жəне өмір талап етіп отырғандай, «Адамгер шілік тəрбиесі» (Нравственное воспитание) атты тəрбие оқулығын авторлар бірлесіп жазып шығаруымыз керек. Оның ішкі шекесіне жоғарыдағы екі данышпанның əлгі қанатты сөздері жазылып қойылады. Онсыз бəрі бос сөз болып қала бермек. Мен өзім өзгелерге жол салып берейін деп, қыздар мен болашақ келіндер тəрбиесіне арналған «Келіндер оңбай, қазақ оңбайды» атты жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған оқулық жазуға кірістім. Ол «Көңіл күні – махаббат!» атты поэмаммен ашылады. Қыздарымыз поэманың бас кейіпкері Ақмаңдайлым секілді сөз салған жігітінің шын ғашық, шын сүйетініне əбден көз жеткізіп, өз сынағынан өткізіп барып үйленсе, ажырасулар болмайды, махаббаттары да мəңгі сақталады. Екіншіден, əйелдердің өздерін өздеріне таныта түсу мақсатымен жазылған «Əйел кім?!» деген поэмамды əлеуметтік желіге шығарып едім, «Əйелдерді, аналарды осынша ардақтап, бейнемізді асқақтатқаныңыз үшін көп рахмет сізге, Алланың нұры жаусын!» деп алғыстарын жаудырып жатыр. Оқулыққа ақындар мен жазушылардың осындай тəрбиелік маңызы зор шығармалары енгізіледі. Авторлар тартылады. Сонымен бірге, жастарға адамгершілік те, патриоттық та тəрбие берумен тікелей айналысатын жастар газетін шығару мақсатында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы патриоттық қордың төрағасы Махмұт Нəлібаевқа жəне тең төрағаларына сондай басылым болуға ынталы болып, тілек білдірген бір газетті қор қарамағына алу жөнінде ұсыныс хат жолданды. Олар ойласып жатыр. Президентіміз жастарға патриоттық тəрбие беру жөнінде тапсырмалар беруде. Бірақ онымен нақты айналысып отырған ешкім жоқ қой. Сондай газет шығаруға жоғарыдағы қордың күші аздық етсе, Президент қорының өзінен көмек сұраймыз. Жастар тəрбиесі үшін қандай да батыл қадамдарға баруымыз керек. Осы бастаманы қолдауға шақырамын. Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. АСТАНА.


12

26 желтоқсан

www.egemen.kz

2015 жыл

 Үйренетін үрдіс

Жаѕа технологияны жатсынбау керек Елбасы тапсырмасына сəйкес елге инвестиция тартудың сан саласына Алматы облысында жарқын жол ашылған. Осынау игіліктің тағы бір тың қыры су шаруашылығы саласында. Міне, осы мəселені жүйелі түрде айтып беру үшін Алматы облыстық су шаруашылығы Панфилов аудандық өндірістік учаскесінің бастығы Тоқтарбай КЕРІМҚҰЛОВПЕН əңгімелескен едік.

– Тоқтарбай Əкімұлы, Жетісу жерінде су жеткілікті болғанымен, «Судың да сұрауы бар» деп қазақ бекер айтпаған шығар? – Жол түсіп ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Су пайдаланушылар ассоциациясының бастамасымен бір аптаға Испания мемлекетіне іскерлік сапармен барып қайттық. Мақсатымыз жер үсті суын тиімді пайдалану жөнінде испандармен тəжірибе алмасу жəне осы салаға жаңа технологияларды енгізудегі жетістіктерін көру болды. Барселона қаласына ұшақпен жетіп, одан əрі автокөлікпен Лоленсия қаласындағы RAES атты зауытқа бардық. Бұл өндіріс орны егістікті тамшылатып суаратын қондырғыны алюминийден жасап шығарумен айналысады екен. Қондырғылары өте жеңіл, алқаптарда пайдалануға ыңғайлы. Ұзындығы – 6 метр, диаметрі 40 мм құбырдың салмағы небəрі 2 кило. Жалпы аумағы 10 гектар жерді алып жатқан зауыт бүгінде жүзге тарта мемлекетпен қарым-қатынас орнатыпты. Егістік жердің аумағына орай алынатын суды белгіленген мөлшермен бөлетін қондырғы жер бетіне жалғастырыла орнатылып, іске қосылады. Жалғау да жеңіл əрі өте қарапайым жасалған. Егістікке келетін судың екпініне байланысты қондырғыны тікелей жалғауға болады жəне су екпіні баяу болған жағдайда, ыңғайлы жерге егіс көлеміне қарай кішігірім су қоймасын жасап, сол арқылы суландыруға болатынын көрдік. Қойманы жасау да көп шығынды қажет етпейді, яғни біздің

еліміздегідей бетон құймайды. Су қоймасын құммен жауып, оның үстіне су өткізбейтін геомембрана төсемені бүркей салады. Оның көлемін де егістіктің ауқымына қарай жасайтынын көрдік. – Тиімділігі ше? – Жаңбырлатып суаруда ең алдымен жер құнарлылығын жоғалтпайды. Тоғандар арқылы бұрып пайдаланғаннан гөрі су 3-4 есе аз жұмсалады. Кез келген тыңайтқышты сумен езіп беретін жеке қондырғысы тағы бар. Ол тыңайтқыш өсімдіктің құнар лылығын күшейтеді. Нақтылай түссем, тыңайтқыш сумен ағып кетпей алқапта сақталады. Нəтижесінде өнімділік екі есеге артады. Əрине, бұл қондырғыларды Испаниядан жасатып əкелсек, одан пайда алуымыз неғайбыл. Өзіндік құны өте жоғары болатыны анық. Сондықтан, мамандар есептеп, егер осы қондырғыны шығаратын зауытты Қазақстанда салғызуға испаниялықтардың инвестиция құюына келісіп, өзімізде шығаратын болсақ, онда əлдеқайда арзан болатынын анықтады. Мəселен, қондырғыны тек Испаниядан Астанаға дейін тасымалдауға 10 мың еуро керек екен. Екіншіден, қондырғыны жасап шығаруға қажетті алюминий республикамызда бар. Сонда отандық өнім өзіміздің алюминийден түрлі қондырғыларды жасап шығарсақ тіптен тиімді болары сөзсіз. – Маман ретінде тағы не көріп, ой түйдіңіз? – Лорида мен Тарагона аймақтарында су тоспаларының, су қоймаларының, су электр

станса ларының жұмысымен танысып, су қоймаларына төсейтін төсеніш геомембрана жасайтын НУМА компаниясының жаңа технология ны іске асырудағы жетістіктерін көрдік. Төсеніштің 30 жылға шыдайтындығын мамандар дəлелді фактілерімен көлденең тарта айтып берді. Испанияның XIX ғасырдағы ұлы суретшісі Валенсияның атымен аталатын Турия өзенінің бойына орналасқан Валенсия қаласына 25 қыркүйек күні бардық. 1 миллион халық тұратын қалалық аймақ жеміс-жи дектің ең көп өсетін мекені деп есептеледі екен де, жеңіл өнеркəсіп жақсы дамытылыпты. Қаладағы PROEMISA зауытында болдық. Бұл зауыт су тосқауылын жасайтын тетіктері мен қақпаларын озық технологиялық əдіспен шығаратын өндірісті орын екен. Ең қызығарлығы – су тосқауылына керекті кез келген тетік осы бір ғана зауыттан шығады да, барлық қондырғы автоматтандырылған. Іссапарымыздың соңғы күні Барселона қаласында біздің сапарымызды ұйымдастырған «Buladrica» компаниясының қызметкерлерімен апта бойы көрген-білгеніміз жайында түйіндеме жасадық. Онда бізбен бірге болған RAES компаниясының мамандарын Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған, атқарылып та жатқан жұмысты көріп тəжірибе алмасуға шақырдық. Негізінде Испания мемлекеті кез келген салада өркениеттің өзіндік деңгейіне жеткізгенін өз көзімізбен көрдік. Тіптен, ол елде енді істейтін жұмыс жоқ сияқты болып көрінді. Өйткені, біздің пайымдауымызша барған жерімізде бəрі жасалынып тасталғандай болады да тұрады. Бірақ көкейіме түйген бір ойым – қай деңгейдегі өркениеттің жетістігін айтсақ та, біздің қазақтың пейілі мен кеңдігіне жету қайда деген мақтанышпен елге оралдық. – Нəтиже қалай, сіздердің ша қыруларыңызды испандар қабыл алып па еді? – Жақсы. Біздің сол сапарымыздан тура бір айдан соң тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын RAES компаниясының уəкілдері Қазақстанға келді. Күтіп алдық та, уəде бойынша біз қызмет істейтін Алматы облысы, Панфилов

ауданына апардық. Олардың келуіне алдын ала дайындық та жасалынып қойылған еді. Біздің аудан, негізінде жүгері өсірумен айналысатын құтты мекен. Бүгінде 25 мың гектардан астам жүгері егіліп, 130-140 мың тонна көлемінде дəн жинайды. Одақ кезінде осы жүгерімен аты шыққан аудан сол тіршілікті əрі қарай жалғастырып келеді. Сөз реті келгенде айта кетсем, жаңбырлатып суару жазиралы Жаркент жерінің төл дақылы болып саналатын жүгері өсіруге, сондай-ақ, қант қызылшасы, май бұршақ, жоңышқа жəне бір жылдық өсімдіктерді өндіруге таптырмайтын нəрлендіру көзі екен. Ауданда 50 мыңнан астам шаруа қожалықтары бар. Біз осылардың арасынан жаңа технологияны енгізуге қолайлы, жағдайы жақсы, жері бар деген 200-ден астам шаруа қожалығының төрағаларын жинап, қонақтармен нақты жұмыс туралы кездесу өткіздік. Испандар өздерінің жаңбырлатып суару технологиясының тиімділігі мен əдістері жайында толық мағ лұматтар берді. Испанияда уəделескеніміздей, 1 гектар жерді жаркенттік Тасқын Жапарқұлов бас қаратын «Ернар» жеке шаруа қожалығының жерінен бөліп, өздерін апарып көрсеттік. Бірден құптап, қабылдады. – Жөн. Дегенмен, испаниялықтарды неге Панфилов ауданына шақырдыңыздар? – Негізгі себебі, аудан Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Инвестиция құюға тиімді. Қытайға өтетін теміржол салынған. Шығыс Европа – Батыс Қытай автомагистралының құрылысы жақында аяқталады. Шекара аймағында құрғақ порт салынып, іске қосылды. Ең маңыздысы еркін-экономикалық аймақ құрылған. Яғни, кез келген инвесторға тегін жер беріліп, инвестиция салуына мүмкіндік жасалады. Заң көлемінде салықтан босатылады. Осыны испаниялықтарға айтып түсіндіріп қана қоймай, өздеріне нақты сол жерді көрсетіп, теміржолдың бойымен жүргізіп, тақтайдай тегіс асфальт төселген тасжолмен құрғақ портқа апарып таныстырып, олардың басшыларымен кездестіріп, бірнеше

Ядросыз əлем їшін кїрес «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдардың жеткешілеріне арнап семинар өтті. Адамдардың күнделікті тіршілігінде радиацияның алатын орны, оның ағзаға əсері туралы айтылған шараны Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Картоев үйлестіруші ретінде жүргізіп отырды. Жақында ғана оның Германияда Қазақстанның бейбіт атомды насихаттайтыны жөнінде жазылған кітабы шыққан еді. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

бейбіт атомды насихаттау, Семейдегі сынақ полигонынан зардап шеккендерді сауықтыру, экологиялық жағдайды қалпына келтіру мəселелеріне орай берген тапсырмаларына сəйкес бүгінде біздің «Невада-Семей» қозғалысы Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықпен жəне «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығымен бірлесе жұмыс істеуде. Семейдегі радиациялық фон қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта деп айта аламын», – деді Сұлтан Картоев өзінің сөзінде.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы кепілдікке қойылған мүлікті сату бойынша сауда-саттық өткізу жөнінде хабарлайды Сауда-саттыққа шығарылатын мүлік: №1 лот: Жылжымайтын мүлік: Дүкен (Литер Д1) – 119,4 ш.м., гараж (Литер Д) – 168,7 ш.м., жекеменшік құқығындағы алаңы 0,0187 га, кадастрлық нөмірі 05-252-005-070 жəне алаңы 0,0516 га, кадастрлық нөмірі 05-252-005-69 жер телімдерімен бірге, орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Трусов көшесі, №117. Бастапқы бағасы: 21 176 000 теңге; Кепілдік жарнасы: 1 058 800 теңге; Лот бойынша қадам: 635 280 теңге. Сауда-саттық өткізу əдісі: Ағылшын əдісі бойынша аукцион (бастапқы бағасын көтеру талаптарында). Кепілдік жарнасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша есепке алынады. Сауда-саттық өтетін күн жəне уақыт: 2016 жылғы 8 қаңтарда сағат 11.00. Сауда-саттық өтетін жер: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Трусов көшесі, 117. Өзге талаптар: Өтінімдер осы ақпараттық хабар жарияланған күннен басталады жəне сауда-саттық басталардан бір сағат бұрын тоқтатылады. Анағұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы жеңімпаз болып танылады. Мүлік жеңімпазға орналасқан жерінде табысталады. Сауда-саттыққа белгіленген мерзімде кепілдік жарнасын төлеп, сауда-саттыққа қатысуға өтінімін толтырған қатысушы жіберіледі. Сатып алу бағасын төлеу тəртібі мен мерзімі: Жеңімпаз кепілдікке қойылған мүлікті сатып алу үшін, сауда-саттық өткізілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ақша қаражатын «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері бойынша аудару арқылы төлейді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректемелері: ЖСК №KZ459261501105871002, БСК KZKOKZKX, СТН 620 300 007 107, алушы «ҚазАгроҚаржы» АҚ. «ҚазАгроҚаржы» АҚ сенім жүктелген тұлғасының орналасқан жері мен байланыс телефоны: ШҚО, Өскемен қ., Сəтбаев даңғылы, 62-үй. 401-офис, телефон: 8-705- 246-65-23; 8-7232-49-24-79.

«Astana knowledge city» акционерлік қоғамы (БCН:060440005799) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қайта құрылуына байланысты акциялар шығарылымының күшін жою туралы хабарлайды. Акциялардың шығарылымы № А5451 Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Шығарылымның күші 2015 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жойылды.

Дегенмен, радиациялық фон тек полигонда ғана емес, тіршілікте кездесетін басқа да жерлерде орын алуы мүмкін. Мəселен, зауыт-фабрика, өндіріс орындарында көрініс беруі ықтимал түрлі жағдайлар бар екені анық. Бұл жөнінде өз баяндамаларында ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік жəне экология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Асан Айдарзанов, «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының жетекші менеджері Құмар Үсенов жəне облыстық экология

«PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ-тың құрметті акционерлері! «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы өз акционерлеріне хабарлайды. Жиналыс 2016 жылғы 29 қаңтарда Алматы уақытымен 11 сағат 00 минутта мына мекенжайда өткізіледі: 050051, Алматы қ., Достық д-лы, 91/2. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты 2016 жылғы 10 сағат 00 минутта. Жалпы жиналысқа қатысуға жəне онда дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімін жасау күні – 2016 жылғы 20 қаңтарда 00 сағат 00 минут. Жиналыстың күн тəртібі: 1. «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ-тың атауын өзгерту туралы. 2. «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ-тың жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы. 3. «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, олардың өкілеттік мерзімдерін анықтау туралы. 4. Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындауы үшін сыйақы жəне өтемақы төлеу мөлшері мен шартын анықтау туралы. «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ «PNB»-Қазақстан» ЕБ» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болмады деп танылған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2016 жылғы 1 ақпанда Алматы уақытымен 11 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. Акционерлер жиналыстың күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдармен «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімде жəне тəртіпте мына мекенжайда таныса алады: 050051, Алматы қ., Достық д-лы, 91/2. Акционерлер жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі материалдармен мына телефон арқылы хабарласып таныса алады: +7 (727) 244 34 34, ішкі 148 немесе a.zhakupov@pnbkaz.kz электронды пошта мекенжайы бойынша.

Акционерное общество «Astana knowledge city» (БИН:060440005799) сообщает об аннулировании выпуска акций в связи с преобразованием в товарищество с ограниченной ответственностью. Выпуск акций был внесен в Государственный реестр эмиссионных ценных бумаг за № А5451. Выпуск аннулирован Национальным Банком Республики Казахстан с 25 декабря 2015 года.

сағатқа созылған түсініктеме əңгіме жасадық. Сондықтан, олар қатты қызығушылық танытты. – Осы жұмыстан сіздер не ұтып, қандай жақсылық күтесіздер? – Біз қондырғыны Испаниядан əкеліп қоя алмаймыз, жоғарыда айтқанымдай, өзіндік құны жоғары болады. Сондықтан, егер олар келісіп қондырғы жасайтын зауытты осы еркін экономикалық аймаққа салса, онда бізге де оларға да тиімді болар еді. Қондырғы түгелімен алюминийден жасалынады. Ал алюминий біздің елде жетерлік. Яғни, тек шикізат ретінде емес, нақты өңделіп, іске жарататын тауар ретінде сатылатын еді. Біріншіден, алюминийді сату жолы ашылса, екіншіден соның есебінен Қазақстандағы суармалы жерге жаңбырлатып суару қондырғысын арзан бағаға қойдыруға мүмкіндік туады. Шаруа қожалықтарының еңсесі бір көтеріліп, суды тиімді пайдалану əдісін іске асыруға нақты қадам жасайтын едік. Панфилов ауданынан бастау алатын жеті өзеннің артылған суы Іле өзеніне құйып, Қапшағай су қоймасы мен Балқаш көлінде туындаған проблемаларды дұрыс шешуге септігін тигізетініне күмəн келтірмеуге болады. Ал, оларға тиімді болатыны инвесторлар өз қондырғыларын біздің шекара арқылы Шығыс елдеріне толық шығаруларына мүмкіндік туады. Яғни, өздері инвестиция салуға қызығушылық танытары анық. Ендігі мəселе осы жұмыспен қолында билігі бар, шешім қабылдап іске асыра алатын құзырлы мекеме мен білгір мамандар айналысып, есептеп, күрмеуі мол қажетті жұмысты тездетуге ықпал етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Солай болатынына күмəнсіз сенейік. – Бұл кездесудің басықасында кімдер болды? – Қазақстан Республикасы Су пайдаланушылар ассоциациясының президенті Нұрлан Атшабаров, «Казсушар» РМК Алматы облысы филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев жəне Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексенбай Бекішов, «Жетісу» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясының төрағасы Ерлан Шынтөренов, Панфилов ау дан ын ың əкімі Б ер дəу л ет Абдулдаев болды. Əңгімелескен Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

департаментінің бас маманы Сəуле Көшкенбаева кеңінен айтып өтті. Семинар соңында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының атынан атқарушы директоры Наталья Жданова экологиялық қауіпсіздікті жəне бейбіт өмірді насихаттағаны үшін Сұлтан Картоевқа арнайы алғыс хат табыс етті. Жиын соңында үкіметтік емес ұйымдар мүшелері Үлбі металлургиялық зауытында болып, мұнда радиациялық қауіпсіздік шаралары толығымен сақталып отырғандығына көз жеткізді. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Извещение о проведении внеочередного общего собрания акционеров АО «ДБ «PNB» - Казахстан» Уважаемые акционеры АО «ДБ «PNB» - Казахстан»! АО «ДБ «PNB» – Казахстан» извещает своих акционеров о проведении по инициативе Совета директоров внеочередного общего собрания акционеров АО «ДБ «PNB» - Казахстан». Собрание будет проведено 29 января 2016 года в 11 часов 00 минут Алматинского времени по адресу: 050051, г. Алматы, пр. Достык, 91/2. Время начала регистрации участников собрания в 10 часов 00 минут 29 января 2016 года. Дата составления списка акционеров, имеющих право на участие в общем собрании и голосовать на нем – 20 января 2016 года 00 часов 00 минут. Повестка дня собрания: 1. Об изменении наименования АО «ДБ «PNB» - Казахстан». 2. Об утверждении Устава АО «ДБ «PNB» - Казахстан» в новой редакции. 3. Об избрании членов Совета директоров АО «ДБ «PNB» - Казахстан», определение срока их полномочий. 4. Об определении размера и условий выплаты вознаграждений и компенсации расходов членам Совета директоров за исполнение ими своих обязанностей. В случае признания внеочередного общего собрания акционеров АО «ДБ «PNB» - Казахстан» несостоявшимся, повторное общее собрание акционеров состоится 01 февраля 2016 года в 11 часов 00 минут Алматинского времени по вышеуказанному адресу. Акционеры могут ознакомиться с материалами по вопросам повестки дня собрания в сроки и порядке, установленные Законом Республики Казахстан «Об акционерных обществах», по адресу: 050051, г.Алматы, пр.Достык, 91/2. По вопросам ознакомления с материалами по повестке дня общего собрания акционеров обращаться по телефону: +7(727) 244 34 34, вн. 148 или по адресу электронной почты a.zhakupov@pnbkaz.kz

Аршалы ауданының əкімдігі 2015 жылғы 14 желтоқсанда ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге жалға жер учаскелерін беру бойынша конкурс жеңімпаздарын жариялайды: 1) № 1,6 лоттар ЖҚ «Кабдрахманов У»; 2) № 2 лот КХ «Агромикс» ШҚ; 3) № 3,4 лот КХ «Айнур» ШҚ.

Акимат Аршалынского района объявляет победителей конкурса по предоставлению земельных участников в аренду для ведения сельскохозяйственного производства состоявшегося 30 ноября 2015 года: 1) ИП «Кабдрахманов У» лоты № 1,6; 2) КХ «Агромикс» лот № 2; 3) КХ «Айнур» лот № 3,4.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2016 жылғы 29 қаңтарда өткізу туралы ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан əрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен (№ 8 хаттама) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан əрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетіндігін хабарлайды. Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 29 қаңтарда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 29 қаңтарда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куəлігін немесе жеке басын куəландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс. Жеке тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері белгіленген тəртіпте ресімделген сенімхатын жəне өкілдің жеке басын куəландыратын құжатын көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатын жəне өкілдің жеке басын куəландыратын құжатын ұсынуы тиіс. Сенімхаттың түпнұсқасы тіркеушіге өткізілуі қажет. Егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куəландыратын құжатты ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сəйкес акционердің атынан сенімхатсыз əрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мəселелер бойынша дауыс беруге немесе Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді. Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жəне онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-тың дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 22 қаңтарда жасалады. Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала əзірленген күн тəртібі: «KEGOC» АҚ-тың 2016-2018 жылдардағы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау жəне оның қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы. Акционерлер жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселелер бойынша Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-кеңселер мекенжайы бойынша демалыс күндерінен басқа күндері, 2016 жылғы 8 қаңтардан бастап сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-тың www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтында «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады. Акционерлердің жалпы жиналысының материалдарын жəне де өткізілуіне байланысты сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 69-0491; 69-02-98, 69-02-97 телефондары арқылы немесе www.kegoc. kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады. Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 1 ақпанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 1 ақпанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі. «№405 авиажөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Ахметов к-сі, 17, «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-пен ірі мəмілені «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ жасағандығы туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде өзінің кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды. Кредиторларды жəне акционерлерді қызықтыратын ақпарат мына телефон арқылы беріледі: 8 (727) 246-60-43, қосымша 147.

Акционерное общество «Авиаремонтный завод №405», находящееся по адресу: РК, г. Алматы, ул. Ахметова, 17, информирует своих кредиторов и акционеров о принятии Советом директоров решения: о заключение АО «Авиаремонтный завод №405» крупной сделки с АО «Национальная компания «Казахстан Инжиниринг». Интересующая кредиторов и акционеров информация предоставляется по тел. 8 (727) 24660-43, доб.147.

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы қоғамның Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитетімен ірі мəміле – республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша қызметтер көрсету жөнінде мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.

Акционерное общество «Агентство «Хабар» сообщает о принятии Советом директоров общества решения о заключении крупной сделки с Комитетом связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан – договора на выполнение государственного задания по оказанию услуг по проведению государственной информационной политики на республиканском уровне Утерянный страховой полис АО «Kaspi Страхование» AIIG/MTR/CTPL/00210666 считать недействительным.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының ұжымы Қазақстанның халық əртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы жəне ұжымы компанияның инвесторлармен жəне жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Ерлан Қалдыбаевқа анасы РАЙКҮЛДІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграралық университетінің ұжымы технология жəне биоресурстар факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Батырхан Əзімханұлы Бұралхиевке əкесі Əзімхан БҰРАЛХИЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


26 желтоқсан

www.egemen.kz

2015 жыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 23 желтоқсан

№1036

Астана, Үкімет Үйі

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-қүжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде: 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) веб-камерасы бар ноутбук;»; 4) тармақша алып тасталсын; 3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) тифлотаяқтар;»; 2) тармақша алып тасталсын; 4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;»; «8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;». 2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2015 жылғы 27 қараша

№7

Астана қаласы

Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы Азаматтарға тиесiлi өзiндiк мүлiктiк емес игілiктер мен құқықтарды қорғау және оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеу мәселелерiн реттейтiн заңнаманы сот практикасында дұрыс әрi бiркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етедi: 1. Жеке тұлғаларға тумысынан немесе заң бойынша тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот арқылы қорғаудың, сондай-ақ оларға келтiрiлген моральдық зиянды өтеудiң адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың тиiмдi кепілі болып табылатынына соттардың назары аударылсын. 2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (бұдан әрi - АК) 9 және 141-баптары мен республиканың басқа да заңдарына сәйкес, сот өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды қорғауды: құқықты тану; өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру, оның iшiнде мемлекеттік органдардың заңнамаға сәйкес келмейтiн актілерін жарамсыз немесе қолдануға жатпайды деп тану; өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың бұзылуы салдарын жою; моральдық зиянды өтеу арқылы жүргізедi. Өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарды сот жоғарыда көрсетiлген тәсiлдердiң жиынтығын, сондай-ақ олардың әрқайсысын бөлек қолдану арқылы қорғайды. Өзiндiк мүлiктiк емес құқықтарды қорғаудың АК-де көзделген тәсiлдерiн сот осындай құқықтарды қорғау еңбек туралы, неке және отбасы туралы, табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы және басқа да заңнамалық актілерде арнайы бекітілмеген жағдайларда да қолдануы мүмкiн. 3. Бұзылуы, айырылуы немесе кемсiтiлуi жәбірленушіге моральдық зиян келтiруге әкеп соғатын өзіндік мүлiктiк емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесiлi игiлiктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсiну қажет. Адамға тумысынан тиесiлi игiлiктерге өмiрін, денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін, бостандығын, жеке басына қол сұқпаушылықты, ал азаматтың заңмен берілген құқықтарына тұрғын үйiне немесе меншiгіне қол сұқпаушылық, жеке өмiрiнiң немесе отбасының құпиясы, телефон, телеграф хабарларының және хат алысу құпиясы; атын пайдалану; өз бейнесiне; авторлық және аралас құқықтар туралы заңнамаға сәйкес авторлық және басқа да мүлiктiк емес өзiндiк; емiн-еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жерiн таңдау, анық ақпарат алу құқығын, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады. Моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың заңға қайшы бұзылуының, кемсiтiлуiнің немесе олардан айырылуының нәтижесінде туындаған жан немесе тән азабын түсiну қажет. Жан азабы (адамның эмоциялық-еріктік уайымдары) деп оның басынан кешкен қорлануына, ызалануына, қысым жасалуына, ашулануына, ұялуына, түңілуіне, залал шегуіне, қолайсыз жағдайға болуына және т.б. қатысты сезiмдерiн түсiну қажет. Мұндай сезiмдер жәбiрленушiнiң өзiнің, сондай-ақ оның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының өмiрi мен денсаулығына құқыққа қарсы қол сұғылудың; бас бостандығынан заңсыз айырылудың немесе шектелудің, не емiн-еркiн жүрiптұру құқығынан заңсыз айырылудың; денсаулығына зиян келтірілуiнің, оның iшiнде адамның бет әлпетiне танымастай болып жарақат пен сызат түсiретiн; отбасылық, жеке немесе дәрiгерлiк құпиясы ашылуының; хат-хабар алмасу, телефон немесе телеграф ақпараты құпиясы бұзылуының; азаматтың қадiр-қасиетi мен ар-намысына кiр келтiретiн, шындыққа жанаспайтын мәлiметтердiң таратылуының; өз атына, өз бейнесiне құқықтарының бұзылуының; оның авторлық құқығының және аралас құқықтарының бұзылуының және т.б. салдарынан келтірілуі мүмкiн. Тән азабы деп күш қолданылуына немесе денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты азаматтың сезiнетiн тәнiнiң ауырғанын түсiну қажет. 4. АК-нің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарға заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа кездерде талап қою мерзiмi қолданылмайды. Бұл ретте соттар «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-I Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, азаматтардың өзiндiк мүлiктiк емес құқықтарын қорғауды көздейтiн заң актілерінiң, егер заң актілерімен өзгеше тәртiп көзделмесе, олар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн пайда болатын құқықтық қатынастарға қолданылатынына назар аударуы қажет. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Ерекше бөлiм) қолданысқа енгізу туралы» 1999 жылғы 1 шілдедегі № 410-I Қазақстан Республикасы Заңының 8-тармағында АК-нің 922 және 923-баптарында көрсетілген келтiрiлген мүлiктiк емес зиян, егер ол 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, бiрақ 1996 жылдың 1 шілдесінен ерте емес кезеңде келтiрiлсе және өтелмей қалса, өтелетіні белгіленген. Жәбiрленушiнiң осындай зиянды өтеу құқығын көздейтiн заң актісi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылуға жатпайды. Мұндай зиян заң актiсi қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн азамат жан немесе тән азабын тартуын одан әрі жалғастырған жағдайларда да қанағаттандырылуға жатпайды. Егер жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрілген құқыққа қарсы әрекет (әрекетсiздiк) заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгенге дейiн басталса және ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жалғасса, онда заңнамалық акт қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн жасалған құқыққа қарсы әрекетпен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген моральдық зиян өтелуге жатады. 5. Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі. АК-мен көзделген жағдайларда өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтар осы құқықтарды бұзған тұлғаның кінәсіне қарамастан сот арқылы қорғалуға жатады. Талапкер талап қоюда оның нақтылы өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуының мән-жайларын көрсетіп, оны растайтын дәлелдемелерді келтіріп, оларды қорғау қажеттілігін, сондай-ақ оның пікірі бойынша өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеуді қамтамасыз ететін өтемақы сомасын көрсетуге міндетті. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар келтірген моральдық зиянды өтеу туралы азаматтардың талаптары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. 6. АК-нің 917-бабының 1-тармағына сай, моральдық зиянды құқыққа қарсы (қасақана немесе абайсыздықтан) жасаған әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрген тұлға оны толық көлемiнде өтеуге тиiс. Моральдық зиянды толық өтеу деп зиян келтiрушi тарапынан оның заң актілері нормаларының тiкелей талабына сәйкес ол орындауға міндетті іс-әрекеттерді (мысалы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451I Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары ол таратқан шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерге түзету жариялауға міндетті; Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 41-бабына сәйкес, қылмыстық процестi жүргiзушi орган моральдық зиянның салдарын жою жөнiнде ісшараларды қолдануға міндетті) және қойылған талап бойынша жәбiрленушiге сот шешiмiмен белгiленген сомадағы моральдық зиянға өтемақы төлеуді түсінген жөн. 7. АК-нің 952-бабының талаптары бойынша моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі. Осы ретте сот өтемақы сомасын ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып анықтайды. Моральдық зиян өтемақысының мөлшерін, егер оны анықтаған кезде азаматтың өзіндік мүліктік емес құқықтарының бұзылуына байланысты мән-жайлар ескерілсе, ақыл-парасатқа сай әрі әдiл деп есептеген жөн. Ақшалай өтемақының мөлшері құқыққа қарсы әрекет жасалғаны үшін және оның зиян келтірушіге келтірілген салдары үшін жауапкершілік шарасы болады. Бiрiншi сатыдағы сот өндiрген моральдық зиян өтемақысының мөлшерi, егер бұл мөлшер жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтiн болса, жоғары тұрған сот сатыларында қайта қаралуы мүмкiн. 8. Соттар моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде азаматқа келтiрiлген жан мен тән азабының ауырлығын, оның субъективтік бағалануын, сондайақ осы жағдайларды куәландыратын объективтi мәлiметтердi, атап айтқанда: өзіндік мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтардың (өмiрi, денсаулығы, бостандығы, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпиясы, ар-намысы мен қадiрқасиетi және т.б.) өмiрлiк маңызын; жәбiрленушiнiң басынан кешірген жан немесе тән азабының дәрежесін (бас бостандығынан айырылуы, дене жарақаттарының келтірілуі, жақын туыстарынан айырылуы, еңбек қабiлетiн жоғалтуы немесе оның шектелуi және т.б.); моральдық зиянды өтеу үшiн қажет болып табылатын зиян келтiрушiнiң кiнәсiнiң түрін (пиғыл, абайсыздық) назарға алуы қажет. Сот моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде iс материалдарымен бекітілген басқа да мән-жайларды, атап айтқанда, жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жауаптылыққа тартылатын адамның отбасылық және мүлiктiк жағдайын назарға алуға құқылы. 9. АК-нің 917-бабының 1-тармағына және 951-бабының 2-тармағына сәйкес, моральдық зиянның орнын толтыру бойынша міндеттеме мынадай негіздерде: тікелей жеке тұлғаға қатысты осы адамның заңмен қорғалатын өзіндік мүліктік емес құқықтарына және игіліктеріне қол сұғатын құқық бұзушылықты (деликтіні) жасаған; құқық бұзушылық пен жәбірленушіге келтірілген зиян мен ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарына тиесілі өзіндік мүліктік емес құқықтардың бұзылуы мен жан азабына және тән азабына әкеп соқтырған, оған тиесілі өзіндік мүліктік емес құқықтардың бұзылуы арасындағы себепті байланыс болған; заңмен көзделген кінәсіз жеке мүліктік емес зиянды өтеу жағдайларынан басқа, зиян келтірушінің кінәсі болған кезде туындайды. Жоғарыда аталған негіздердің кез келгенінің болмауы өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау мүмкіндігін болдырмайды, өйткені олар бұзылмаған деп есептеледі. 10. Соттар «Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2143-XII Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы» Заң) 22-бабымен жаппай саяси қуғынсүргiн құрбандарына мүлiктiк және мүлiктiк емес зиянның бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз болған әрбiр айы үшiн ақталушы әлеуметтiк қорғау органдарына жүгiнген күнге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен үшi мөлшерiнде 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелуге жататыны қарастырылғанына назар аударсын. Алайда мүлiктiк және мүлiктiк емес зиян өтемақысының жалпы сомасы 100 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы қажет. Моральдық зиянның өтемақысы жәбiрленушiнiң жеке басына ажырамастай байланысты, тиісінше, осы өтемақы есептелген (сот өндiрген), бiрақ ақталған адам қайтыс болуы себебінен алынбаған жағдайлардан басқа кезде, бұл өтемақы жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарының мұрагерлерiне төленбейді. Соттардың «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңның 26-бабындағы осы Заң қолданысқа енгенге дейін ақталған жаппай саяси қуғынсүргін құрбандарына 18-24-баптардың күшінің қолданылатыны туралы нұсқау Заң қабылданғаннан кейін ақталған адамдардың құқықтарын шектеместен осы баптардың қолданылуына кері күш береді деп түсінген жөн. 11. АК-нің 922-бабының 1-тармағына, 923-бабының 1 және 2-тармақтарына, 951-бабының 3-тармағына сәйкес:

мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтiн актiлер шығаруының; заңсыз соттаудың; заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартудың; бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауда ұстаудың, үйқамақта ұстаудың, ешқайда кетпеу туралы қолхат алудың; қамаққа алу түрiндегі әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолданудың; психиатриялық немесе басқа емдеу мекемелерiне заңсыз орналастырудың; заңнамалық актiлермен көзделген өзге де жағдайлардың нәтижесiнде азаматқа келтiрiлген моральдық зиян мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергiлiктi бюджет қаражаты) есебiнен зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтеледi. 12. Мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергiлiктi бюджеттің) есебiнен моральдық зиянды өтеу туралы қойылған талап қоюлар бойынша жауапкер мемлекет болып табылады және бұл жағдайда осы санат бойынша iстердiң соттардың қарауына жататындығын мемлекеттік қазына өкiлiнiң тұрған жерi бойынша анықтаған жөн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі не мемлекеттік қазынаның мүдделерiн білдіру жөнiнде арнайы өкілеттікті иеленген өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар мемлекеттік қазынаның өкiлдерi бола алады. Соттар осы санаттағы істерді қараған кезде мемлекеттік қазынаның және тиiстi бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiнің нақтылы өкілін анықтауға және оларды іске қатысуға тартуға тиiс. 13. Соттар жоғары қауiптiлiк көзi келтiрген моральдық зиян өтемақысын өндiру туралы азаматтардың талап қоюларын қараған кезде, егер осы зиянның жойқын күштің немесе жәбiрленушiнiң пиғылының салдарынан не жоғары қауіптiлiк көзiнiң зиян келтiрушiнiң құқыққа қарсы әрекеттерiнiң нәтижесiнде иесінің ырқынан шығып кетуiне байланысты келтiрiлгенiн дәлелдей алмаса, жоғары қауiптiлiк көзiнің иесi моральдық зиянды өтеуге міндетті екенiн назарда ұстаулары қажет. Соттар жәбiрленушiнiң жоғары қауiптiлiк көзiмен қауiпсiз жұмыс iстеу ережесін бiле тұра қасақана бұзуын (иттер мен басқа да үй жануарларын айтақтау; хайуанаттар бақтарында және олар қамауда ұсталатын басқа да жерлерде жабайы жануарларды айтақтау; өрт қаупi бар, жарылғыш, ионданушы және адам денсаулығы мен өміріне қауiптi басқа да нәрселер мен заттарды пайдалану тәртібін бұзу және т.б.) дәлелдейтiн, оның жәбiрленушiге моральдық зиян келтiруiне ықпал еткен әрекеттерiн жәбiрленушiнiң пиғылы деп түсiнгендерi жөн. Жоғары қауiптiлiк көзi иесінің құқыққа сай иелігінен шығып кетуi деп жоғары қауiптiлiк көзi иесiнiң үшiншi тұлғаның қалыпты жағдайларда жоғары қауiптiлiк көзiн оның еркiнен тыс пайдаланып кетуiн болдырмайтын тиiстi әрi жеткiлiктi іс-шараларды қолдануын түсiну қажет. Жоғары қауiптілiк көзiн иеленген тұлғалар құқыққа қайшы әрекеттерiмен жәбiрленушiге мүлiктiк зиян келтiрген жағдайда, моральдық зиянды өтеу жөніндегі мiндеттердi осындай зиянды келтiрген тұлғалар тiкелей өздерi атқарады. Егер жоғары қауiптiлiк көзi иесінің құқыққа сай иелiгінен шықса, бірақ осы ретте оның кінәсінің бар екені анықталса, онда мүлiктiк зиян үшiн жауапкершiлiк үлестік тәртібімен зиян келтiрушiнiң тiкелей өзiне, сондай-ақ жоғары қауiптiлiк көзiнiң иесiне жүктеледi. 14. Еңбекақыны өндіріп алу және моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды қараған кезде соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 24-бабының негізінде әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына, қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін қандай да бір кемсітушіліксіз сыйақы алуға құқығы бар екенін назарда ұстаулары қажет. Жұмыстан заңсыз шығару, еңбекақыны уақтылы төлемеу қызметкердің еңбегі үшін сыйақы алу конституциялық құқығын бұзу болып табылады, олар еңбекақыны өндіріп алу туралы талапты қойған кезде азаматтардың қорғалуға жататын мүліктік емес құқықтарының да бұзылуына әкеп соқтырады. 15. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрi – Неке туралы кодекс) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жақын туыстар – бұл ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер. Некелік-отбасылық қатынастарды қорғау қажеттілігі Конституцияның 27-бабынан және Неке туралы кодекстің 2-бабынан туындайды, олар бойынша отбасы мемлекеттің қорғауында болады. Қайтыс болған адамның жақын туыстарының, жұбайының/зайыбының моральдық зиянды өтеу туралы талаптары бойынша істерді қараған кезде сот оларға жан азабының келтірілу дерегін, олардың қайтыс болған адаммен шын мәнісінде туыстық, отбасылық қарым-қатынас жасағанын дәлелдеуге, сондай-ақ келтірілген моральдық зиянды бағалаудың басқа да өлшемдерін ұсынуға тиіс. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген адамдардың талаптары қаралуға жатады. Әрбір жақын туыстың, жұбайының/зайыбының азаматтық істер бойынша талап қойып бірнеше мәрте жүгінуін болдырмау мақсатында соттар барлық жақын туыстардың талап қоюшы жағында үшінші тұлғалар ретінде іске қатысуы туралы мәселені істі қарауға дайындау сатысында шешулері және оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі – АІЖК) сәйкес дербес талап қою құқығын түсіндірулері қажет. 16. Жеке айыптау істері бойынша соттың ақтау үкімін шығаруы, сондай-ақ ҚПКнің 35-бабы 1-бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істің қысқартылуы, бұл жағдайда осы шағымдарды қарау құзыретіне жатқызылған органдарға жүгіну жөніндегі конституциялық құқықты іске асыру орын алғандықтан, ақталған адамға моральдық зиян өтемақысын өтеу міндетін жеке айыптаушыға жүктеу үшін өздігінен негіз бола алмайтынына соттардың назары аударылсын. Моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы жеке айыптау ісі бойынша ақталған адамның қойған талабы, егер жеке шағымның ешбір құқықтық негізі болмаған және сотқа жүгіну басқа адамға зиян келтіруге бағытталған жағдайда ғана (құқықты теріс пайдалану) қанағаттандырылуы мүмкін. Осы ретте талап қоюшы айыптаушының тарапынан жіберілген құқықты теріс пайдалану дерегін дәлелдеуге тиіс. 17. АК-нің 143-бабының 6-тармағына сай, азаматқа қатысты оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, ол мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен қатар олардың таратылуынан өзiне келтірілген залалдың және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы. Осы санаттағы істер бойынша жауапкер бағалау пайымы үшін жауаптылыққа тартылмайды. Азаматтың іскерлік беделін қорғау туралы талап, моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолданылады. Заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға АК-де белгіленген тәртіпте залалдарды өтеу туралы қағидалар қолданылады. Азаматтық заңнама заңды тұлғаға моральдық зиянды өтеуді қарастырмайды және соттар осыған байланысты заңды тұлғалардың моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарын қабылдаудан бас тартқандары жөн, ал қойылған талап арыз қабылданған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қысқартылуға жатады. Моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қойылған кезде, талапкер жан азабы мен тән азабын бастан кешіргенін дәлелдеуге тиіс. Сот ұсынылған дәлелдемелерді бағалап, парасаттылық пен әділеттілік өлшемдерін негізге алып, моральдық зиян мөлшерін анықтағанда таратылған мәліметтердің сипатын, таратылудың шегін, жауапкердің кінәсінің түрін, оның материалдық жағдайын және басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескеруге тиіс. 18. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II Қазақстан Республикасының Заңында және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiкті мiндеттi сақтандыру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерде автокөлiк құралы иесінің немесе тасымалдаушының жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян үшiн жолаушылар алдындағы жауапкершiлiгiн сақтандыру көзделмегеніне соттардың назары аударылсын. Сақтандыру ұйымдарына (сақтандырушыларға, қайта сақтандырушыларға) сақтандыру жағдайының туындауына байланысты үшiншi тұлғаларға моральдық зиянды өтеу міндеті жүктелмейдi. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде моральдық зиянды өтеу жөнiндегі мiндет автокөлiк құралының иесiне немесе тасымалдаушыға жүктелуге тиiс. Егер ерiктi сақтандыру келісімінде сақтанушының мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарын сақтандыру көзделсе, онда сақтандыру төлемдерi ерiктi сақтандыру келісімнің шарттарына сәйкес жүргізiлуге тиiс. 19. Соттарға АК-нің 951-бабының 4-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың мүлiктiк құқықтарының бұзылуы моральдық зиянға өтем жасау мүмкiндiгiн болдырмайтыны, атап айтқанда: мүлiктi иеленуге, пайдалануға және басқаруға байланысты құқықтар; құқықтық қатынастарға қатысушылар арасында пайда болатын мүлiктiк талаптар (мүлiктiк немесе мiндеттемелiк құқықтар, оның iшiнде азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге, мiндеттемелердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына байланысты және т.б.), сондай-ақ авторлардың өздерi тудырған шығарма немесе ашқан өнертабысы үшiн сыйақы алу құқығы; мұрагерлiк құқықтар түсiндiрілсін. Егер азаматтардың мүлiктiк құқықтарының бұзылуы оның өзіндік мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуымен қатар орын алса, онда келтірілген мүлiктiк залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырумен қатар моральдық зиянды өтеу туралы талап та қанағаттандыруға жатады (мысалы, тұрғын үйге қол сұқпаушылықты бұза отырып, жәбiрленушiнiң мүлігін заңсыз иелену; тұтынушының сапалы тауарға құқығын бұзу; авторлықты иелену және т.б.). АК-нің 352-бабына сай, егер міндеттемені тиісті түрде орындамау кредит берушінің мүліктік құқықтарының бұзылуымен байланысты болмаса, АК-нің 272-288-баптарында көзделген мiндеттемелердi орындамау моральдық зиянды өтеу үшiн негiз бола алады. Борышкердiң мүлiктiк құқықтарын қозғайтын мiндеттемелердiң тиісті түрде орындалмауы (мысалы, қарыз шарты бойынша ақшаны қайтарудан жалтару; сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған заттың құнын төлеу немесе мәмiле нысанасын беру бөлiгiнде мiндеттемелердi орындамау және т.б.) АК-нің 951-бабының 4-тармағына сәйкес моральдық зиянды өтеу мүмкіндігін болдырмайды. 20. Бiрнеше заңды немесе жеке тұлғалардың бірлесіп жасаған құқыққа қарсы әрекеттерiмен жәбiрленушiге келтiрiлген моральдық зиян АК-нің 287-бабының 1-4-тармақтары мен 932-бабына сәйкес осындай зиянды келтіргендермен ортақ немесе үлестік тәртіппен толық көлемде өтеуге жатады. 21. Жәбiрленушiге жас балалар немесе кәмелетке толмағандар не заңмен белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi не әрекетке қабiлеттi, бiрақ денсаулығына байланысты өз әрекетiнiң мәнiн түсiнуге және оларды басқаруға қабiлетi жоқ азаматтар моральдық зиян келтiрген жағдайда соттар оларды өтеудi АК-нің 925-930-баптарында белгiленген ережелер бойынша жүргiзедi. 22. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің тұтынушылардың анықталмаған тобына моральдық зиянды өтеу туралы арыздары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды, өйткені моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтың жеке басымен тығыз байланысты. 23. Егер талап қоюшы мемлекеттік бажды заңнамаға сәйкес төлеуден босатылмаса, азаматтардың моральдық зиянды өтеу туралы талаптары бойынша АІЖК-не және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік баж төленуге жатады. Талап қоюшы мүлiктiк сипаттағы және моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды бiр талап арызында қойған кезде, мәлiмделген әрбiр талап үшiн мемлекеттік баж бөлек төленуге жатады. Моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы қойылған талаптар бойынша мемлекеттік баж өндірілетін сомадан айқындалады. АІЖК-не сәйкес, моральдық зиянды өндіру туралы талап қанағаттандырылғанда сот талапкер арыз берген кезде төлеген немесе төлеуге тиіс болған мемлекеттік бажды жауапкердің есебінен тиісінше талапкердің пайдасына немесе жергілікті бюджеттің кірісіне өндіруге міндетті. Осы ретте мемлекеттік баждың көрсетілген сомасы моральдық зиянды өтеу туралы қанағаттандырылған талаптың мөлшеріне пропорционалды түрде өндірілуге жатады. 24. Моральдық зиянды өтеу туралы шешімде: жәбiрленушiге моральдық зиян келтiрген құқық бұзушылықтың сипатын айқындап көрсетуге; жәбiрленушiнiң бұзылған құқығы мен өзіндік мүлiктiк емес құқықтары мен игілiктерiн көрсетуге; жәбiрленушi шеккен жан немесе тән азабы туралы мәлiметтерді келтiруге; мүлiктiк емес құқықтарды қорғау тәсiлi (құқық бұзылмай тұрған кездегi жағдайды қалпына келтiру; моральдық зиянның салдарын жою; моральдық зиян өтемақысын өндiру), сондай-ақ моральдық зиян мөлшерiн негiздеуге; шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған материалдық құқық нормаларын көрсетуге тиiс. Сот шешімінiң қарар бөлiгiнде жауапкерге тиесілі жауаптылықтың түрiн (субсидиарлы, үлестік, ортақ, жеке-дара), сондай-ақ моральдық зиянды өндiру көзiн (жеке тұлғаның мүлкi немесе заңды тұлғаның банктiк шотындағы ақшаның; мемлекеттік қазынаның есебiнен) көрсетуге тиiс. Мемлекеттік қазынадан моральдық зиянға өтемақы жасаған кезде сот заңды күшiне енген сот шешiмiнiң орындалуын заңмен белгіленген тәртiппен қамтамасыз ететiн тиiстi бюджет бағдарламасының әкiмшiсiн көрсетуге мiндеттi. 25. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: 1) «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы; 2) «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысы. 26. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.МӘМИ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы Қ.ШАУХАРОВ.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2015 жылғы 27 қараша

№8

Астана қаласы

Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялап (2008 жылғы 4 мамырдағы № 31-IV Қазақстан Республикасының Заңы), халықаралық құқық нормаларын негізге алып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталған тиімді құқықтық шараларды әзірлеу және қолдану ниетін білдірген. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы 31 қазанда қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында (Нью-Иорк) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы қызметті сипаттайтын халықаралық тәсілдер (стандарттар) көрсетілген. Онда қамтылған нормалардың қабылдауына сыбайлас жемқорлық тудыратын проблемалар мен қауіптер, сыбайлас жемқорлықтың барлық қоғамдық және құқықтық институттар мен қатынастардың жұмыс істеуіне теріс ықпалы себеп болды. Олар мемлекеттің, оның саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйелерінің тұрақты дамуын, ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі - ҚК), «Қазақстан Республикасының Қылмыстықпроцестік кодексі (бұдан әрі - ҚПК)», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң), «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және оған қарсы күрестің негізгі бағыттары мен нақты шараларды көздейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының кейбір нормаларын сот практикасында біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қандай қылмыстардың жататынын анықтаған кезде соттар ҚК-нің 3-бабының 29) тармағын басшылыққа алулары қажет. 2. ҚК-нің 3-бабының 16), 19), 26), 27) және 28) тармақтарында көрсетілген адамдар және шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық қылмыстар субъектілері болып табылады. Пара берушінің мүддесі үшін тиісті әрекеттерді орындауға өкілеттіктері болмаса да, бірақ өзінің лауазымдық жағдайына байланысты осы әрекеттерді басқа адамдардың жасауы үшін шара қолдана алатын адамдарды да осы қылмыстардың субъектілері деп таныған жөн. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауда сыбайлас қатысушы болған не жоғарыда көрсетілген адамдарды параға сатып алу мақсатында оларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы ұсынған не осыған ықпал еткен өзге де жеке тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады. 3. ҚК-нің 366, 367-баптарында көрсетілген шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық шарттарымен осындай адамдар деп танылған адамдар жатады. Шет мемлекеттің заң шығару, атқарушы, әкімшілік немесе сот органында қандай да бір лауазымды атқаратын, тағайындалатын немесе сайланатын кез келген адам және шет мемлекеті үшін, соның ішінде жария ведомство немесе кәсіпорын үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын кез келген адам шет мемлекеттің лауазымды адамы деп танылады. Халықаралық азаматтық қызметші не осындай ұйым өзінің атынан әрекет жасауға уәкілеттік берген кез келген адам халықаралық ұйымның лауазымды адамы деп танылады. 4. Әрекеттің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, ал оны жасаған адамдардың осы қылмыстар субъектілеріне жату-жатпау мәселесін дұрыс шешу үшін, қылмыстық процесті жүргізетін органдар заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, соның ішінде қызметтік өкілеттіктердің шеңбері мен мазмұнын айқындайтын лауазымдық ережелер мен нұсқаулықтарды, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамның лауазымдық мәртебесін басшылыққа алу қажет. Сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектісінің мәртебесін, атап айтқанда: оның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылатын-табылмайтынын анықтаған кезде осы нормативтік қаулының 2-тармағында көрсетілген ҚК-нің нормаларын негізге алу қажет. Адамда басқарушылық, ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларының не билік өкілі мәртебесінің болуын анықтау үшін ҚК-нің 3-бабының 5), 9), 37) тармақтарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабындағы ескертпенің мазмұндарын негізге алу қажет. Қылмыстық жауаптылыққа тартылып отырған адамның қылмыс жасаған кезде өзінің мәртебесін, қызметтік өкілеттіктерін және осыларға байланысты мүмкіндіктерді пайдалануына қатысты мәселелерді де анықтаған жөн. Лауазымды адамның оның қызметтік құзыреті шегінде жасауға құқығы бар және (немесе) жасауға міндетті әрекеттерді оның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттер деп түсінген жөн. Қылмыс жасаған адам туралы жоғарыда аталған деректерді оның әрекеттерін саралауды анықтаған кезде сотқа дейінгі іс жүргізу процестік құжаттарында және сот актілерінде көрсету қажет. 5. Қылмыс субъектісіне жататын адамның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге басқа да адамдар мен ұйымдар үшін ақысы төленуге тиіс әртүрлі: құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру, санаторлық немесе туристік жолдамаларды, жол жүру билеттерін пайдалану сияқты көрсетілетін қызметтерді ақысыз қабылдауын не жеңілдіктерді заңсыз пайдалануын, жеңілдетілген шартпен қарыздардың немесе кредиттердің берілуін және т.б. мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алу деп түсіну қажет. 6. Парақорлық туралы істерді қараған кезде, адамның параны алып сол үшін пара берушінің мүддесіне орындауға немесе орындамауға жататын әрекеттердің шеңберін анықтау қажет. Осы ретте парақорлық үшін жауаптылық адамның параны әрекеттер немесе әрекетсіздік жасалғанға дейін немесе жасалғаннан кейін алған уақытына қарамастан, сондай-ақ параның алдын ала белгіленген-белгіленбегеніне, пара берушінің мүддесі үшін қандай да бір әрекеттердің орындалған-орындалмағанына қарамастан туындайтынын назарда ұстаған дұрыс. Құндылықтарды, көрсетілетін қызметтерді, мүлікке құқықтарды немесе жеңілдіктерді алу шарты арнайы келісілмеген, сонымен қатар қылмысқа қатысушылар пара берушінің мүддесін қанағаттандыру үшін пара беріліп отырғанын түсінген жағдайларда кінәлі адамдардың әрекеттері параны беру немесе алу деп танылуға тиіс. 7. Адамның оған бағынысты немесе оның қызметтік өкілеттігі жүретін өзге де адамдардан қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені, оның құзыретіне кіретін мәселелерді оңынан шешкені, сондай-ақ алдағы уақытта шешілуі мүмкін мәселелер үшін ақшалай қаражатты немесе өзге де құндылықтарды алуы пара алу деп бағалануға тиіс. Қызметі бойынша жалпы қамқоршылық, атап айтқанда, бағынышты адамды белгіленген тәртіпті бұзып неғұрлым жоғары лауазымға тағайындаудан, оны көтермелеу төлемдерін төлеуге не марапаттауға және т.б. ұсынылатын адамдардың тізіміне енгізуден байқалуы мүмкін. Пара беруші жасаған бұзушылықтар және т.б. анықталған жағдайда бақылаушы органның лауазымды адамының өзінің құзыретіне кіретін жауаптылық шараларын қолданбауға келісуі қызметінде бетімен жіберуге жатады. 8. Ақша, бағалы қағаздар, материалдық құндылықтар, мүлікке құқық, сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету, соның ішінде мүліктік міндеттемелерден босату пара нысанасы болуы мүмкін. 9. Адамның сол үшін пара алып жасаған заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) (ҚК-нің 366-бабының екінші бөлігі) деп қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, алайда оларды орындау үшін заңмен көзделген негіздер мен жағдайлар болмаған жағдайда (қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау, құжаттарға шындыққа сай келмейтін мәліметтер енгізу және т.б.) жасаған әрекеттерін (әрекетсіздігін) түсінген жөн. 10. Қылмыстық жауаптылыққа тартылып отырған адамның әрекетін ҚК-нің 366-бабының үшінші бөлігі, 367-бабының үшінші бөлігі және 368-бабының екінші бөлігі бойынша пара алған, берген, парақорлыққа делдал болған деп саралау үшін осы баптардың тармақтарында көзделген қылмысты саралаушы бір немесе бірнеше белгілерді анықтап, егер осы мән-жайлар олардың ниетімен қамтылса, оларды қылмыстың барлық сыбайлас қатысушыларына айып ретінде тағу қажет. Сонымен қатар, қылмысқа сыбайлас қатысушылардың әрекеттерін саралаған кезде қылмысқа сыбайлас қатысушылардың біреуіне ғана қатысты және басқа сыбайлас қатысушылардың жеке басын сипаттамайтын мән-жайлар ескерілмеуге тиіс. 11. Қорқытып алу адамның пара берушінің немесе олардың атынан ол өкілдік етіп отырған тұлғалардың заңды мүдделеріне залал келтіруі мүмкін әрекеттерді жасаймын деп қорқытып пара талап етуін не құқықпен қорғалатын мүдделер үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында оны пара беруге мәжбүр болатындай жағдайға қасақана қоюды білдіреді. Егер параны берген адамда осы қатердің төнуінен іс жүзінде сақтануға негіз болса, параны алған адамның аталған қатерді жүзеге асыру мүмкіндігінің болғанболмағанына қарамастан, кінәлі адамның әрекеттері ҚК-нің 366-бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы бойынша (қорқытып алу жолымен пара алу) саралануға тиіс. Қылмыс субъектісінің келісімімен немесе нұсқауы бойынша қорқытып алуды пара алушы болып табылмайтын басқа адам жүзеге асырған жағдайда да пара алуды осы жолмен саралаған жөн. 12. Егер параны алуға осы қылмысты бірлесіп жасау туралы алдын ала сөз байласқан екі немесе одан да көп адам қатысса, пара адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен алынған деп есептеген жөн. Осы ретте, пара алушылардың ең болмағанда біреуі параны немесе оның бір бөлігін алған сәттен бастап және пара беруші параны алуға бірнеше адамның қатысып отырғанын білгенбілмегеніне, сондай-ақ пара алушыда (пара алушыларда) берілген пара нысанасын пайдаланудың немесе оған иелік етудің шынайы мүмкіндігі болған-болмағанына қарамастан қылмыс аяқталды деп есептеледі. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алған кезде параның көлемі барлық сыбайлас қатысушылар алған құндылықтар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнымен айқындалады, ал заңсыз сатып алынған затты мемлекеттің кірісіне өндірген кезде әрбір пара алушы алған ақшалай соманы немесе мүліктік пайданың мөлшерін негізге алған жөн. Егер айдап салушылар екі және одан да көп адамды пара алуға не беруге айдап салса, олардың әрекеттерін ҚК-нің 366-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы және 367бабы үшінші бөлігінің 1) тармағы бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қылмыс жасауға айдап салу деп саралау қажет, өйткені осы қылмыстардың объективтік жағы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беруі не алуы үшін жауаптылықты көздейді. 13. Басқа адаммен алдын ала уағдаласпай пара алған, содан кейін пара берушінің мүддесі үшін соңғыға алған параның бір бөлігін берген адам пара алғаны және бергені үшін қылмыстар жиынтығы бойынша жауаптылыққа тартылады. Пара алу субъектісі болып табылмайтын адаммен сөз байласып адамның пара алуға байланысты жасаған әрекеттері адамдар тобымен алдын ала сөз байласуымен пара алуы ретінде бағаланбайды. 14. Параны бірнеше рет алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу, егер осы ретте қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтпесе, сол бір қылмыстың кемінде екі рет және одан да көп жасалғанын білдіреді. Бірнеше адамнан пара алуды, егер әр пара берушінің мүддесі үшін жеке әрекет жасалса, бірнеше рет пара алу деп саралаған жөн. Пара беруші үшін қалаған нәтиженің туындауын қамтамасыз ететін әрекеттер (әрекетсіздік) үшін пара бірнеше рет бөліп беру не алу, тап солай өзара алдын ала сөз байласу бойынша қылмыс жасаған пара алу субъектілерінің бір тобына пара беру не аталған мән-жайларда делдалдық ету бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қарастырылмайды. Мұндай әрекеттерді жалғаспалы қылмыс деп есептеген жөн. Пара алу субъектісіне бірнеше пара берушіден пара беруге делдал болу немесе бірнеше пара алу субъектілерінің бір пара берушіден пара алуына делдал болуды, егер пара алушы пара берушілердің әрқайсысының мүддесі үшін жекелеген әрекетті орындаса (орындамаса) немесе пара алу субъектілерінің әрқайсысы пара берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекетті жасаса және делдал аталған мән-жайларды ұғынса, бірнеше рет парақорлыққа жасалған делдал ретінде қарастырылады. 15. Параның мөлшерін анықтаған кезде пара нысанасы қолданыстағы бағалар немесе тарифтер ескеріле отырып, қажет болған жағдайларда - сарапшының қорытындысының негізінде ақшалай тұрғыда бағалануға тиіс. Айтарлықтай, ірі және аса ірі мөлшердегі параны анықтаған кезде ҚК-нің 3-бабының 2), 3) және 38) тармақтарында берілген түсіндірмелерді басшылыққа алған жөн. Егер айтарлықтай, ірі немесе аса ірі мөлшердегі пара бөлек-бөлек алынған болса, бірақ осы әрекеттер бір жалғасқан қылмыстың көріністерін білдірсе, жасалған әрекет айтарлықтай, ірі және аса ірі мөлшерде пара алу ретінде саралануға тиіс. 16. Адамның орындалуы үшін пара берілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасағанжасамағанына қарамастан және қылмыстық қудалау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы белгілі болғанына қарамастан, параны алу пара нысанасы қабылданған сәттен бастап аяқталды деп есептеледі. Осы ретте параның толық келісілген мөлшерде немесе оның бір бөлігі алынғаны маңызды емес. Егер пара алушының еркіне байланысты емес мән-жайларға сәйкес пара

13

алынбаса, ол жасаған әрекетті келісілген параны алуға оқталу деп саралаған жөн. Пара алушы ұсынылған параны алудан өз еркімен бас тартқан кезде ол жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал пара берушінің әрекеттерін пара беруге оқталу деп, ал делдалдың әрекетін - делдалдыққа оқталу деп саралаған жөн. Адамға пара түрінде берілген ақша жалған немесе ішінара ұқсастырылған ақша белгілері болып шықса, пара алушының әрекеттерін келісілген пара сомасын алуға оқталу деп саралаған жөн. Егер пара нысанасы мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету болып табылса, мүліктік пайданы иеленуге тікелей бағытталған әрекеттер орындала бастаған сәттен (қарыз қолхаты жойылған немесе қайтарылған, мүлік немесе оған құқықтар пара алушының міндеттемелерін орындау есебіне жатқызылып басқа адамға берілген сәттен және т.б.) бастап қылмыс аяқталды деп есептеледі. 17. Өздеріне лауазымы бойынша бағынысты адамдарға ҚК-нің 3-бабының 16), 19), 26), 27) және 28) тармақтарында көрсетілген адамға, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына пара беру жолымен қалаған әрекетке немесе әрекетсіздікке қол жеткізуді ұсынған мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары пара беруге айдап салушылар ретінде, ал егер пара беруді ұсынудың мақсаты тап өздері үшін артықшылық пен пайда алуды көздесе, онда олар пара берушілер ретінде жауаптылыққа тартылады. Басқа адамның мүддесіне әрекетті пара үшін орындауға пара алушымен келіскен және пара алушыға параны берген қызметкер пара беруге сыбайлас қатысушы ретінде жауаптылыққа тартылуға тиіс. Егер аталған адам тапсырманың сипатын біле тұрып параны тек апарып берсе, оның әрекеттері пара беруге делдал болу ретінде саралануға жатады. 18. Пара алушыға және пара берушіге пара алу және беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе оны іске асыруға ықпал еткен адамның делдал болып табылатынын ескеріп, парақорлыққа делдалдық етуді параны беруден және алудан ара-жігін ажырата білу қажет. Осы ретте мұндай адамды парақорлыққа делдалдық болғаны үшін кінәлі деп таныған кезде оның пара берушіден не пара алушыдан сыйақы алған-алмағаны маңызды емес. Пара беруші мен пара алушының арасындағы параны беру мен алу туралы келісімге жетуге ықпалын тигізген сәттен бастап немесе осындай келісім іске асырылған сәттен бастап, яғни пара алушы келісілген пара сомасының кемінде бір бөлігін қабылдаған сәттен бастап делдалдың әрекеттерін аяқталған қылмыс деп есептеген жөн. Пара беруді немесе алуды ұйымдастырған, осыған айдап салған не пара беруге немесе пара алуға өзгеше түрде көмектескен және сонымен қатар делдалдық функцияны орындаған адам пара алуға немесе пара беруге сыбайлас қатысушы ретінде жауаптылыққа тартылады. Осы ретте сыбайлас қатысушының әрекеттерін саралау туралы мәселе оның кімнің мүддесі үшін, кімнің жағында және кімнің - пара берушінің немесе пара алушының бастамасы бойынша әрекет жасағаны негізге алынып, оның ниетінің бағыты ескеріліп шешілуге тиіс. Мұндай жағдайларда парақорлыққа делдал болғаны үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қосымша саралау қажет етілмейді. Пара берушінің тапсырмасын орындаған және оның мүддесі үшін әрекет жасаған адамның әрекеттері, делдалды қоспағанда, ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігі және 367-бабының тиісті бөлігі бойынша саралануға жатады. Пара алушының мүддесі үшін жасалған осындай әрекеттерді ҚК-нің 28-бабының бесінші бөлігі және 366-бабының тиісті бөлігі бойынша саралаған жөн. 19. Адамның, оның ішінде парақорлық субъектісінің де, өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған парақорлыққа делдал болуы осы адамдарға қызметі бойынша берілген құқықтар мен өкілеттіктердің пайдаланылуын білдіреді. 20. Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа құнды заттарды адамға пара ретінде беру үшін алып, бірақ апарып беру оның ойында болмай өзі пайдаланса, оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде саралануға тиіс. Егер бұл адам құндылықтарды иемдену мақсатында пара берушіні пара беруге итермелесе, онда оның әрекеті алаяқтықпен бірге пара беруге айдап салушылық болып, ал мұндай жағдайларда пара берушінің әрекеті пара беруге оқталғандық болып қосымша саралануға тиіс. Осы ретте пара берілетін нақты адамның көрсетілгенкөрсетілмегені маңызды емес. 21. Егер ҚК-нің 361-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам өзінің қызметтiк өкiлеттiктерiн қызмет мүдделерiне қайшы пайдаланып өзі, басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, өзінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) кім де кімге зиян келтiрген болса және бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, онда жасалған әрекетті (тұрғын үйді кезектен тыс алу, жеңілдігі бар кредит алу және т.б.) пара алу ретінде саралауға болмайды. Мұндай әрекеттер лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану деп саралануға тиіс. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың пайдакүнемдік ниеті материалдық, мүліктік сипаттағы пайда мен артықшылықтарды алудан ғана емес, сонымен қатар қызметі бойынша жоғарылау, бастыққа жағыну және т.б. түріндегі өзге де жеке мүдделіліктен байқалады. 22. Парақорлық параға коммерциялық сатып алудан қылмыс субъектісі бойынша ерекшеленеді, сондықтан коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны немесе өзге де құндылықтарды заңсыз алуы парақорлық үшін жауаптылыққа әкеп соқтырмайды. Мұндай әрекеттер ҚК-нің 253бабы бойынша саралануға тиіс. 23. Параны бергені және алғаны үшін жауаптылық парақорлыққа байланысты болғанымен, алайда өз алдына жеке қылмыстарды құрайтын әрекеттер үшін (қызмет бабын теріс пайдалану, бөтеннің мүлкін жымқыруға сыбайлас қатысу және т.б.) бір мезгілде қылмыстық жауаптылыққа тартуды жоққа шығармайды. Мұндай жағдайларда жасалған әрекеттерді қылмыс жиынтығы бойынша саралау қажет. Егер делдал адам пара берушінің пара нысанасын жымқырып алатынын алдын ала білсе, делдалдың көрінеу жымқырылған бөтен мүлікті беруін қылмыстар жиынтығы бойынша саралаған жөн – парақорлыққа делдал болу және жымқыруға сыбайлас қатысу ретінде. 24. Дәлелдемелерді бағалаған кезде қылмыстық қудалау органдары параны беруге, алуға не парақорлыққа делдал болуға қатысты басқа адамдарды анықтау мақсатында қайтадан жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қажет еткен кезде осы нақты шараларды көрсетіп уәжді қаулы шығаруға міндетті екенін соттар назарда ұстағандары жөн. Осындай қаулы болмаған кезде қылмыстық қудалау органдарының бірнеше рет қайталанған жедел-іздестіру іс-шараларын Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының негізінде заңсыз деп есептеген жөн. Қылмыстық қудалау органдарының ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамды қылмыстық қудалау органдарының араласуынсыз пара алу ниеті туындамайтынын және қылмыстың жасалмағанын айғақтайтын мән-жайлар болған кезде пара нысанасын алуға көндірудің нәтижесінде келісім алынған кезде оған пара беруден тұратын арандатушылық-айдап салушылық әрекеттері өзіне қатысты осы әрекет жүзеге асырылған адам жасаған әрекеттің қылмыстылығын жояды. 25. ҚК-нің 417-бабының екінші бөлігі бойынша парақорлыққа арандату үшін жауаптылық ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға пара нысанасын беруге әрекеттенген адамның ол адамның параны алуға келісімінің жоқ екенін көрінеу біле тұра өзінің әрекетінің қылмыс жасаудың немесе бопсалаудың дәлелдемелерін жасанды түрде қалыптастыру мақсатында жүзеге асырған жағдайда ғана туындайды. Парақорлыққа арандату ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамның білмегеніне не оның пара нысанасын қабылдаудан бас тартқанына қарамастан, мүлік беру әрекетінен не мүліктік сипаттағы қызметтер көрсетілген сәттен бастап аяқталған қылмыс деп есептеледі. 26. Парақорлық туралы істер бойынша техникалық құралдардың (дыбыс-, бейнежазба, пара нысаналарын арнайы бояғыштармен өңдеу және т.б.) пайдаланылуы мүмкін екенін назарға ала отырып, соттар сотқа дейінгі тергеу органдарының дәлелдемелерді анықтаған, бекіткен және алған кезде ҚПК-нің нормаларын сақтауын мұқият тексерулері әрі олардың жарамдылығы туралы мәселені шешулері қажет. 27. Қылмыстық процесті жүргізуші орган ҚК-нің 366, 367-баптарының ескертпелеріне сәйкес: егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, ҚК-нің 366, 367-баптарының бірінші бөліктерінде көрсетілген адамның мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы сыйлық түрiнде бiрiншi рет алуы, бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайтынын және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланатынын; егер ҚК-нің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамның тарапынан параны қорқытып алу оған қатысты орын алса не осы адам пара беру туралы құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, пара берген адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын ескергені дұрыс. Қылмыс туралы хабарлама (жазбаша немесе ауызша) арызданушы басшылыққа алған уәждерге қарамастан өз еркімен берілген хабарлама деп танылуға тиіс. Осы ретте пара беру туралы құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға белгілі болғанына байланысты жасалған хабарлама өз еркімен жасалған хабарлама деп танылмауға тиіс. 28. Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар үшін кінәлі деп танылған адамдарға жаза тағайындауға саралап қарау туралы заңның ережесін қатаң орындаулары қажет. Осы ретте соттар «Қылмыстық жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысының түсіндірмелерін ескере отырып, қылмыстық жазаның тым жұмсақ немесе тым қатаң түрінің тағайындалуына жол бермей, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін негізге алуға тиіс. 29. Пара нысанасы болып табылатын және заттай дәлелдемелер болып танылған алынған ақша мен басқа да құндылықтар мемлекет кірісіне аударылуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізуші органның өтінішхаты бойынша басқа адам берген пара нысанасы тиесілігі бойынша қайтарылуға жатады. Егер пара нысанасы табылмаса, онда сот оның құнын негізсіз сатылып алынған мүлік ретінде мемлекет кірісіне өндіреді не тиесілігіне қарай басқа адамға береді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың нәтижесінде алынған мүлік және (немесе) заңсыз алынған көрсетілетін қызметтердің құны мемлекет кірісіне алынуға жатады. Тиісті шешімді қылмыстық істі қараған сот қабылдайды және оны үкімнің қарар бөлігінде көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаудың нәтижесінде заңсыз алынған мүлікті және (немесе) заңсыз көрсетілген қызметтердің құның мемлекеттің пайдасына өндіру туралы өзге де талаптар, олар бойынша шешім үкімде қабылданбағанда, прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не басқа да мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған уәкілетті лауазымды адамдардың талап қоюлары бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралады. 30. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында мәлімделген азаматтық талап қоюлар ҚПК-нің 20-тарауына сәйкес шешілуге жатады. Осы ретте сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыспен келтірілген зиянның мүліктік қана емес, сонымен бірге моральдық зиян да болатынын да ескерген жөн. 31. Соттардың назары сыбайлас жемқорлық фактілерін жою жөніндегі профилактикалық жұмыстың маңыздылығына аударылсын. Осыған байланысты істі қараған кезде анықталған, Қазақстан Республикасындағы заңдылық жағдайына теріс әсер еткен сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар назардан тыс қалмауға тиіс. Осындай негіздер анықталған кезде соттар ҚПК-нің 405-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал еткен жағдайларды жоюға бағытталған жеке қаулылар шығарулары тиіс. 32. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысы; 2) ««Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 20 қаулысы; 3) «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысы; 4) «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы; 5) «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулысы. 33. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.МӘМИ. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы Қ.ШАУХАРОВ.


14

www.egemen.kz

КӨК

Иман мен ибаға салсақ, біздің халық əлемді тербеген ананың құрсағын негізі атымен атай бермейді. Амал нешік, осы мақаланы қолға алғанда оны да ойлағанбыз. Бірақ, мұндай мəселенің бар екені де, бойына біткен басқа өмірден құтылу үшін ақылға сыймайтын əрекеттердің болып жатқаны да рас. Ақиқатын айтқанда, өз бетімізше зерттеп жүрген тым шікəмшіл тақырыпты ұмыта бастаған кездеріміз де болыпты. Өкінішке қарай, оның бар екенін таяуда ғана болған тағы бір оқиға есімізге салды. Енді оны жабабүркемелей берудің жөні жоқ. Онсыз да адасқақ өмір адамдардың иманы сыналар шақтарда шалыс қадамдар мен күнəларға жетелей бермек. Жуырда ғой, иə жуырда ғана ол өлім мен өмірдің арасында жатыпты. Құрсағына керек емес кезде біткен шаранадан құтыламын деп жануарлардың жүктілігін үзетін дəріні қабылдаған. Ең сорақысы оған осы «ең оңай жолды» гинеколог дəрігердің өзі ұсынған... Сондықтан ұмыт қалып бара жатқан мəселеге қайта оралуға мəжбүрміз. Əйтпесе, есі дұрыс мамандар ара-тұра болса да жануарларға арналған қытай препараттары оқушылар мен студенттер, тіпті дап-дардай қызкеліншектердің арасында кəдімгідей таралып, салдары қиын жағдайларға душар етіп жатқаны жайлы ара-тұра айтып жүр. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл жайлы əріптестеріміз де əлсінəлсін болса да жазып келеді. Бірақ, одан əлі де басына тимей, ол қасірет өзін жанамай сабақ алып жатқандар аз. Есесіне кез келген құпиясымен барлық кезде бөлісуге əзір əйел болмысы құрсаққа біткен қажетсіз баладан құтылудың «оңай жолын» құрбысына айтпай тұра алмайды. Қысқасы, соңы кейде тым қайғылы аяқталатын оқиғалардың сценарийі төмендегідей. Баршаны бірден жазғырудан да аулақпыз. Түрлі-түрлі тағдыр бар. Ересек адамдарды былай қойғанда, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндерді де азғырып, алдап, тіпті, күш көрсетіп жыныстық қатынасқа итермелейтін жайттар орын алып жатады. Бұл жерде заманды да ғайбаттаудың жөні жоқ шығар. Қорқау ниетті адамдар барлық кезде болған. Сонымен бір бойжеткен байқамай шоқ басып алды делік, яки дəл қазір бөпелі болудан үзілді-кесілді бас тартқан адам осындай «бəрін білетіндердің» кеңесімен мысықтарға... түсік тастатқызатын дəріні сатып алады. Əрине, оны қайдан алуға жəне кімнен сатып алуға болатынын да сол «құрбылары» біледі. Сырты түсініксіз иероглифтерге толы алақанға сыятындай қорап іштегі керексіз шаранадан мүмкін бір шермендені құтқарған шығар, көмектесіп те қалар, бірақ табиғатты алдау мүмкін емес жəне ол таблеткаларды жасаған мамандар да оны адам ағзасына арнамаған. Қысқасы, суға кеткен тал қармайдының кері. Жалпы, бұл жағдаят қалай жүзеге асады? Мысалы, дəрігерлердің бақылауымен жүктілікті үзу кəдімгідей қаражат пен (айкүніне қарай 25-40 мың) түрлі медициналық үдерістерді қажет ететін болса, қытай дəрісімен бар болғаны бес мың теңгеге одан құтылуға болатыны жəне ешкім де білмей қалатыны ілуде біреуге ғана көмектеспек. Онда да оның кесірі мен зиянды əсерлері кейін біліне бастайды. Ал көп жағдайда жануарлардың жүктілігін үзетін дəрі ішіп далбасалағандардың барлығы дерлік қан кетіп, жедел жəрдеммен ауруханадан шығады немесе ауыр жағдайда баласымен бірге жатырынан айырылады. Іштегі баланы іріткен дəрі құрсақты да шірітеді. Бұл жерде мəселенің бір ұшығы əлеуметтік жағдайға барып тіреледі десек те, адамның өмірі ешнəрседен қымбат еместігін айтып жатудың өзі де артық. Біз жазудың маманы болсақ та дəрігер емеспіз. Сондықтан сөзіміз құр ақыл мен жалпылама фактілерге құрылмауы үшін біраз уақыт бойы Алматыдағы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне хабарласып, одан əрі жедел жəрдеммен жұмыс істейтін барлық ауруханалардың гинекология бөлімдерімен байланысып, түсініктемелер, қажетті деректер мен кеңестер жинауға ұмтылғанбыз. Бірақ, бұл əрекетімізден түк шықпады десек те болады. Өйткені, осы мəселеге байланысты нақты аты-жөнімен комментарий беруден дəрігерлеріміз көп жағдайда бас тартты. Дəрігерлер бөлім меңгерушілеріне, бөлім меңгерушілері департаментке сілтеп, нақты дəйек ала алмайтынымызға көз жеткізген соң, өз бетімізше осы мəселені қаузай бердік. Жəне бұл жаппай оқиғаға жатпаса да, орын алып тұратын салдары қасіретті өзекті жайттар ретінде, оны жылы жауып қоя салуға тағы болмайтыны анық. Осы жерде мына жайды айту керек. Неге медициналық мекемелер мен құзіретті органдар мұндай мəселеге келгенде түсініктеме беруден бас тартады? Өйткені, дəл осындай жағдайда түсік тастап немесе қан кетіп ауруханаға жедел жəрдеммен түскен адам мұндай дəрі қабылдағанын жасырады. Əйел өз ағзасының əлсіздігінен түсік тастады ма, əлде бұл жағдайға жоғарыдағыдай əрекеттердің салдарынан душар болды ма, ол арасын айтпайды. Белгілісі – «белгісіз у мен уланған». Сондықтан бұл мəселеде дəл статистика жоқ жəне оны жасау да мүмкін емес. Ал енді бізге құдайға қараған бір акушер-гинеколог қана осы жағдай басынан өткен пациентінің ұялы нөмірін берді. Əрине, аты-жөнін жария етуден бас тартқан келіншек сценарий бойынша қытай дəрісін біреулерден біліп, қаладағы неше түрлі қытай дəрілерін сататын қара базардан опоңай тауып алғанын, бұрын бағасы төрт-бес мың деп естісе, бес мыңға алғанын айтады. – Ондай дəріні қаладағы дəріханалар да жасырын түрде сататынын естігенмін. Бірақ, мен «Барахолкадан» таптым. Маған оны бірден сата қойған жоқ. Ұзақ қиналып іздедім деп те айта алмаймын. Ақшамыздың жоқ екенін, түсік жасатқызсам, күйеуім біліп қойса жағдайымыз жаман болатынын айтып, жалынып сұрап едім, сатты. Мен де ешкімге айтпаймын, көмектессе болды дегенмін. Алдымен менен кімнен келгенімді, бұл адресті қайдан алғанымды сұрастырды. Сосын маған ішің бұрап ауырады, сосын шарана түсіп қалады деген. Толғақ сияқты ішім бүріп ауырды, қан кетті,

түсті деп ойлағам. Бірақ, ертесіне, тіпті оның ертесіне де жеріктігім бұрынғыдан жаман үдеп кетті. Токсикоз деп ойладым. Тіпті, бірнеше күн мас адам сияқты жата бердім. Əлсіреп, аздап қызуым көтеріле бастағанда жолдасым жедел жəрдем шақырды. УЗИ-ге түсірген кезде менің ішімде бала өліп жатқанын жəне жатырымда іріңдеу процесі басталғанын білдім. Сол сəтте дəрігерлер бірден хирургиялық операция үстеліне жатқызды. Бірақ, неден болғанын ешкімге айтқан жоқпын. Дəрігерлер тағы бір тəулікке кешіккенімде сепсиске айналып, құрсағымды да алып тастауы мүмкін екенін айтты. Ұзақ емделдім, одан кейін де əлсін-əлсін неше түрлі гинекологиялық ауруларға ұшырай беретін болдым,– дейді ол. Жалпы бұл мəселе жалғыз бізде ғана орын алып жатқан жоқ. Ресей журналистері де сөре астынан сатылатын дəрілердің бала көтеруге қабілетті жастағы қызкеліншектердің денсаулығын

Əрине, осы жолдарды жазып отырып та, мақалаға дерек іздеп жүрген кезімізде де бұл жерде мəселенің тағы бір қыры бар екендігін еш қаперден шығарған емеспіз. Ақыл айту оңай жəне

Бойға біткен баладан кейде сəтсіз, кейде сəтті, тіпті жан баласына білдірмей құтылуға болатын шығар. Бірақ, табиғаттың біз білмейтін заңдылықтары мен құбылыстары бар. Оның күнəсынан арылу қиын, тіпті түсік жасата беретін əйелдердің жолы жабылады. Бақ құтаймайды, болмаса басқа балаларына да кесірі тиеді. Бұл мəселенің үшінші қыры. Бұл туралы да адам тағдырын зерттейтін оқымыстылар талай томдар жазған. Ал түсік жасау, қысқасы ажалмен, анасымен қарсыласуға шамасы жоқ шарананы алып тастау процесін көру адам жүйкесі шыдайтын дүние емес... Бірақ, заманына қарай адамы. Əйтпесе, қазіргідей қаптаған жекеменшік газеттерде жекеменшік емханалардың «Түсік жасаймыз» деген жарнамалары өріп жүрмеген болар еді. Бұл да қоғамның дерті. Мəселен, биыл Қарағанды қаласының қақ ортасында «жүктілікті үземіз» деген жарнамалар пайда болып, жаға ұстатарлық жарнаманы көрген тұрғындардың тіксініп қалғаны жөнінде де жазылды. «Алайда қағаздарды ілген емхана өкілдері істеген істерін мақтан тұтатын секілді. Олар «осының арқасында кəсібіміз қарқынды дамып келеді» деген пікірде. Жасанды жолмен түсік жасауды жарнамалаған бір бет парақтар Қарағандының əр жерінде ілулі тұр.

2015 жыл танысы болса да үйде ешкім жоқта есік ашпауға шақыруы қажеттігін ескертті», деді «Егеменнің» тілшісі. Адам жанын тітіркендіретін мұндай жайттар барлық жерде бар. Жəне оның барлығы да біз көтеріп отырған мəселемен байланысты екендігін қаперден шығармау қажет. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Ал Қазақстандағы ең жас ана 13-те екен. Осындай мəліметтерден кейін тағы да өзіміз білетін акушер-гинеколог мамандарға хабарласып, мəселені əрі қарай қаузағанбыз. – Əйел деген қызық, өлемін деп ойламайды. Абайсызда екіқабат болып қалған қыздар тура денесіне тікен кіріп кеткеннен бетер безектеп, бойындағы баладан құтылудың барлық қадамдарына барады. Тек қана дəрігерлердің бақылауымен қабылдануға тиісті препараттарды өз бетінше қабылдайды, тығылып ішеді. Салдары – сорақы. Медициналық тəжірибемізде үй жануарларының жүктілігін үзетін таблеткаларды былай қойғанда, ішіне кір тасын қойып баласын түсірмек болғандарды да кездестіресің. Неше түрлі шөптердің атын естіп алып ішіп, ыстық ваннаға жатады, ішіндегі адаммен қосып өзін де өлімге байлайды. Бірде біздің дəрігерлер дезинфекциялық мақсатта қолданылатын «Деохлор» таблеткаларын ішіп, қан кеткен əйелді ажалдан əрең арашалап алды. Мысалы, адамдардың жүктілігін үзетін медикаменттердің өзі де кез келген адамға сəйкес келе бермейді. Егер пациент-

«Оѕай» оѕай болмай тўр Алматыда жарнамасы көшеде де, көлікте те самсап тұрғанына қарамастан, қоғамдық көліктердегі «Оңай» төлем жүйесіндегі түйткілді тұстар əлі шешілмей тұр. «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарашаның 1-і мен желтоқсанның 6-сы аралығында жолаушылар «Оңай» төлем картасы арқылы 1732 рет қатынап, 100 960 теңге қаржы жұмсаған. 1,5 миллион тұрғыны бар жəне қала сыртынан күніне жүздеген мың адам жұмысқа, оқуға қатынап жүрген қала үшін бұл аса көп қаржы емес. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, журналист.

се неме арналған рға ыры а л р а жану ріден жат р дә енде г і р і ш құртып, ұлттық демографияға сұмдық кесірін тигізіп жатқанын қайта-қайта қаузап жүр. «Сарафанное радио» дегенің жақсы жұмыс істейді. Соның салдарынан мүлде өзіне түсініксіз тілде жазылған, қайда жəне қалай жасалғаны белгісіз дəріні ішкендер қатты қан кетіп ауруханаларға гемморрагиялық шокпен, тіпті асқынған сепсиспен түсіп жатады. Өйткені, ол препараттар мысықтарға арналған, адам ағзасына дозасы да есептелмеген», дейді ресейлік акушер-гинекологтар да . Сол сияқты өткен жылы 31-ші телеарнадағы əріптестеріміз осы мəселені көтергенде ветеринар Александр Зелинский: «Барлық ветеринарлық препараттардың да аннотациясы екі тілде болуы керек: мемлекеттік тілде жəне орыс тілінде. Яғни дəріханаларда сатылатын медикаменттердің аты, көр сетілімдері мен жарамдылық мерзімдері барлығында қазақша, орысша міндетті түрде көрсетілуі тиіс» деген. Өкінішке қарай, қаншама жерден тыйым салынса да, қара базарларда, кəдімгі сауда орындарында көршімізден ағылып келіп жатқан сөре астынан сатылатын дəрі-дəрмектің түр-түрі табылады. Оның ішінде қандай дəрмек жоқ дейсіз, сүйел кетіретін, буын ауруларын жазатын, бүйрекке, бауырға дейсіз бе, тіпті ер-азаматтардың күш-қуатын арттыратын дегендері де бар. Артық қыламын деп, тыртық қылмаса... Бірақ, оны қай фармацевтикалық компания шығарған? Қалай ішу керек, қай кезде ішу керек, сапасы мен жарамдылық мерзіміне кім кепілдік береді? Қысқасы, қара базарларда бұл сұрақтардың жауабы жоқ. Түсініксіз тілде жазылған түсініксіз дəрілерді сатып жүрген адамдардың арнайы медициналық білімі жоқ екені де бесенеден белгілі. Алайда, сол дүдəмал препараттарды жас қыздар ғана емес, оңы мен солын таныды дейтін жоғары білімді бикештердің де қолданып жатқаны өтірік емес. Кейбір ресми емес деректерге сүйенсек, мысықтарға арналған дəрі ішіп, аса ауыр жағдайда ауруханадан бірақ шығатын пациенттердің жасы көбінесе 15-30 жас аралығында болып келмек. Ал олардың барлығы дерлік медициналық мекемелерден тыс жерде жасалатын түсіктің қылмыстық аборт екен дігін өте жақсы біледі. Мұндайда олар дың алға тартатын басты уəжі – медициналық мекемелерде түсік жасатқызу қымбат. Бірақ, фармкомпаниялар да кездейсоқ жүкті болып қалудан сақтандыратын контрацептивтер мен неше түрлі дəрідəрмектердің жүз түрін жарнамалап жатқан жоқ па?! Бұлардың денсаулыққа да зияны жоқ əрі өте арзан.

26 желтоқсан

ТІ С Е К ЕЙ

оқырмандардың алуан-алуан түсініктері мен тəрбиесі бар. Біреулер үшін сұмдық күнə мен қылмыс болып көрінетін жайттар, екіншілері үшін қалыпты жағдай ғана. Əйтпесе, адамдық жолымен алып қарағанда да, мұсылмандыққа салып қарағанда да түсік жасатқызу, өз атымен айтқанда іштегі баланы өз қолыңмен өлтіру – күнəнің ішіндегі үлкені, қылмыстың – атасы!

Аялдамалардан да, қаладағы кез келген көшелерден де табу қиын емес. Қыз-келіншектерді қауіпті қадамға итермелейтін іске билік тарапынан тыйым салынса да, Қарағанды емханасы қызметін қалай болса да көрсетуді көздегенге көпшілік те наразы. Ал түсік жасайтын емхана директоры Виктор Цешковский: «Мұнда тұрған ештене жоқ. Біз үшін ол бизнес. Адам жасанды түсікті қай жерде жасату керектігін білуі керек. Адамдардың шағымын мен түсінбеймін. Ол дұрыс емес. Қазір ХХІ ғасыр ғой» деп отыр» деп жазды қарағандылық тілшілер. Демек, мұндай клиникаларды қанша сөксек те, «клиенттері» жеткілікті. Бірақ, бұл жерде тəрбиеден де бөлек көкейкесті мəселенің тағы бір қыры ашы латындығын ұмытпаған жөн. Мəселен, Маңғыстауда жыл басынан бері кəмелетке толмаған 11 қыздың балалы болғаны туралы Ақтаудағы тілшіміз Гүлайым Шынтемірқызы жазды да. NUR.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz сайтында тілшіміз Маңғыстау облысындағы мектеп жасындағы, кəмелетке толмаған қыздардың ахуалы туралы ювеналдық полицияның бас инспекторы, полиция майоры Э.Қасанованың мəлімдеуінше, соңғы 11 айда өңірде 6 жасөспірім зорланып, үшеуі азғындық əрекеттердің құрбанына айналғанын, 16 жасқа толмаған 29 жеткіншек жыныстық қатынасқа түскенін жəне кішкентайларды азғырудың 5 фактісі тіркелгенін хабарлады. «Бұл өңірде жыл басынан бері 11 кəмелет жасқа толмаған бойжеткен балалы болса, осы мерзім ішінде 14 жеткіншек жүкті болып қалған. Олардың үшеуі түсік тастаған. Бас инспектор жүкті болып қалған мектеп оқушыларының дені тұрмысқа шыққанын алға тартты. Деректер оқушылардың жүкті болуы Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Мұнайлы, Қарақия аудандарының арасында кездескендігін айтты. Ювеналды полицейлер жеткіншектерге педофилдерден қорғанудың нұсқаулығын құрастырып, балалармен түсіндіру шараларын жүргізіп жатқандарын мəлімдеді. Нұсқаулықта балалар көшеде, лифтіде, көлікте жəне үйде өзін қалай қорғап қала алатыны көрсетілген. Сондай-ақ, Э.Қасанова жасөспірім қыздардың үйде үлкендер жоқта бөтен адамдарға есік ашуы салдарынан зорлық сипаттағы əрекеттердің орын алатындығын мысалға келтірді жəне зорлық əрекеттері тек бөтен адамдарға ғана емес, ағайын-туыс, көрші, отбасымен басқа да араласқұраластығы бар адамдар тарапынан да орын алады екен. Сол себепті, полиция майоры атааналардың, отбасындағы ересек адамдардың кəмелетке толмаған ұл-қыздардың бөтенге, тіпті ол

терде сол дəріге қарсы көрсетілімдері мен денсаулықтарында кінəраттары болса, оны да қабылдауға болмайды. Түсікті қандай мерзімде жасау керек екендігін жəне оны хирургиялық жолмен əлде медикаментоздық тəсілмен үзуге болатынын дəрігерлер ғана шешеді, – дейді біздің мамандар. Сондықтан біз қаладағы орталық емханалардың біріне орналасқан дəріхананың байырғы провизоры Шəрипа Ұлықбековаға хабарласып, осы мəселеге қатысты анық түсініктеме беруді өтінгенімізде: – Жасанды түсік тастатқызатын дəрідəрмектерді өте жас қыздар сұрап келеді. Тіпті мұндай медикаменттерді сол қыздардың жігіттері де сұрап жүреді. Кейде қосылып іздейді. Ал қолында рецептісі барлар – денсаулықтың қадірін білетін жастағылар. Негізінде бұл таблеткалар қатаң түрде рецепт бойынша сатылады. Ал түсік тастатқызатын Қытайда жасалған препараттардың бізде қазір сатылуға лицензиясы бар. Бірақ, бұл тек дəрігердің рұқсатымен жəне акушергинекологтардың бақылауында жүзеге асуы тиіс. Мəселе қайдан туады? Бəрі ақшаға тіреліп тұр. Арнайы медициналық мекемелерде түсік жасатқызу қымбат болған соң, көбінесе жастар 5-6 мың теңгеге осы препараттарды қолға түсіріп, іштегі баладан оңай құтылуға тырысады. Бұл айтып отырған мəселеңіз отбасылық, қоғамдық тəрбиеге де қатысы бар. Қазір бəрі де қолжетімді. Ерте бастан, некесіз, болмаса бей-берекетсіз жыныстық қарым-қатынасқа түсу бұрынғыдай масқарашылық саналмай қалды. Бірақ, адам денсаулығы – бəрінен қымбат екенін күнде көріп отырмыз. Осында бір шыбын жаны үшін шырылдап, алтынға да денсаулық таба алмай жүргендер қаншама?! – дейді. Зерттеп қарап отырсақ, француздар жасаған, бала біткен соң белгілі бір мерзімде əйелге түсік тастатқызатын осы (атауларын əдейі жазбай отырмыз) препараттарды шығаруға Ресейде тек «МирФарм» фармацевтикалық компаниясы ғана патент алған. Бұл препараттар Қытайда да шығарылады. Бірақ, көршілеріміз Қытай препараттары Ресейде сертификация жасалынбағанын, оның құрамы мен сапасы жеткілікті түрде зерттелінбегендігін жазыпты. Ал бізде сатылып жүрген осы дəрілер болса керек. Демек, делдалдар оны Қазақстанда сатуға қол жеткізген... Қысқасы, ЖШС-лар бұл препараттарды елімізде ресми түрде дəріханаларда сатуға қол жеткізгенге дейін оны алыпсатарлар тасып келді. Ресми емес дерек көздеріне сенсек, əйелдер «бэби капут» деп қойған дəрі-дəрмектер болсын, жануарлардың жүктілігін үзетін таблеткалар болсын əлі де тасылып жүр. Ал кедендік бекеттерден мұндай дəрі-дəрмектердің заңсыз өтіп жатқанын арнаулы білімі бар кеден қызметкерлері ғана анықтай алмақ. Мəселен, өткен жылдары ресейлік мамандар Буратия мен Байкалда, Сібір аймақтарында бұл дəріні жасырын қолдану белең алып тұрғаны, əйелдерді өте ауыр гинекологиялық науқастарға шалдықтырып жатқаны жайлы дабыл қағыпты. Қазір бала табатын жастағы қыз-келіншектердің көбісінің денсаулығы онсыз да мəз емес. Қорыта айтқанда, адам өміріне қатысты осынау өзекті мəселенің қай қыры да – келеңсіз, салдары – сорақы. Басқасын айтпағанда, əркімнен естіп алып ішілген бұл дəрілер қыз-келіншектерді сəби сүю мүмкіндігінен мүлде айырып, қасіретті бедеулердің қасына қосатыны айдай ақиқат. Сақтаныңыз! АЛМАТЫ.

Оның басты себебі, халықтың «Оңайға» деген сенімінің аса жоғары еместігінде деуге болады. Біріншіден, оған жолаушылардың «Оңай» картасы арқылы қоғамдық көлікте жолақыны төлегенін дəлелдеудің қиындығы кедергі. Екіншіден, төлем картасын толықтыру мүмкіндігі əзірге тек ресейлік Qivi төлем қызметі терминалдарында ғана қолжетімді болып тұрғаны да өз əсерін тигізуде. Егер бұл ойымызды таратып айтатын болсақ, қоғамдық көлікте «Оңай» картасы арқылы төлем жасағанда жолаушылардың қолына ешқандай билет берілмейді. Жолақының төленгенін билет тексерушілер оны өз құралдарында тексеріп барып біле алады. Алайда, кейбір кезде тексерушілердің қондырғысы да билеттің нақты төленгенін анықтап бере алмауда. Сол себепті олар картаны төлем қабылдайтын турникетке қайта жақындатуға мəжбүр. Ал ол алғашқы төлемнен 30 минуттан кейін қайтадан төлем қабылдай береді. Мұндай жағдайда жолаушының «Оңай» картасындағы қаржының қолды болуы оп-оңай. Оны қайтарудың мүмкін еместігін «Оңай» төлем картасының жұртшылықпен байланыс үшін ашылған орталығындағы телефонға жауап беретін қызметкерлер де мойындап отыр. Олар «тексерушілердің қондырғысы дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, оны олардың қолына бермей қоғамдық көліктің жолаушылар кіретін есіктерінің маңында орналасқан төлем жасалған турникетке өздеріңіз бірге барып тексеріңіздер, болмаса бізге хабарласыңыз» деген кеңеспен шектелуде. Онсыз да бірбірімен иық түйістіріп, қысылып тұрған қалың жолаушының арасынан ары-бері өту бір машақат болса, «Оңай» төлем картасының артында көрсетілген телефон қоңырауына жауап алудың əуре-сарсаңы одан да зор. Өйткені, ондағы қызметкер телефон тұтқасын бірден көтере қоймайды. Көтерген жағдайда да қоңырауыңызға мардымды жауап ала алмайсыз. Сөйлесетін тілді таңдап, қажетті қызметке қосылғанша біршама уақытыңыз өтеді. Байланысқа жұмсалған қаржыңыздан бөлек, əрдайым төзіміңізді де тексеруге шыдамыңыз жете бермеуі мүмкін. Сосын амалсыз бəріне қолыңызды бір сілтейтініңіз анық. Ал билет тексерушілер мен кейбір автобустарда əлі жұмысын жалғастырып жүрген кондукторларға сенім артып, «Оңай» төлем картасын олардың қолына ұстатып өз қаражатынан оңай айырылып жатқанынан көптеген жолаушылар мүлде хабарсыз болуы да күмəнсіз. АЛМАТЫ.


26 желтоқсан

ƏҢ

2015 жыл – Байекең де қызық осы. – Е, не боп қалды? – Елде бір жамағайын өлейін деп жатыр. Вообще-то ол баяғыда өлу керек еді, – дейді. – Сен не дедің? – Жас өле ме, кəрі өле ме, бір Құдай біледі ғой десем, «Əй, слушай, в конце концов умереть тоже не плохо», деп қарап отыр. Не дейтіні бар, аты соншалықты жер жарып тұрса да бұл кісі қарапайым адами ғадеттерді ескере бермейді. Мəселен, қуанышқа ортақтасу, біреуге арнайы барып көңіл айту деген мəселеге келгенде аса құмбыл емес. Кездескен жерде көңіл білдіре береді. «Көңіл көрген жерде» деген сөзді қазақ осы кісі үшін ойлап тапқан тəрізді. Таяуда бір əжептəуір аты бар адамға «Осы сіздің үйде біреу өлді дей ме?» деп еді, ана кісі: «Иə, енем ғой», деді. Ал Байекең болса ол кісіге титімдей де ишара білдірмей, қарсы келіп жалпақтап сəлем берген бір бастықпен əңгімесін жалғастыра берді. Тіпті, қас қылғандай əлгі дұрыстап қазақы жолмен көңіл айтуға тиісті кісінің алдында қолтықтап алған адамымен əрлі-берлі жүріп алмасы бар ма?! Бұл əрекетінің əдепсіздікке жататынын əрине біледі. Бірақ, жұрттың бəрін өзіндей көреді. Мəселен, оған біреу əлгіндей жағдайда уақытында көңіл айтпаса көңіліне алмайды. Өзіне өмірі уақыт жетпейді, жұртты да солай ойлайды. Бірақ, басқалардың Байекеңнің өзіне көңіл айтқанын үлкен мəртебе көретінін, тіпті, «Байекеңнің өзі көңіл білдірді ғой», дегісі келетінін іші сезсе-дағы, қайтесіз, ол кісіні дағдысынан ешкім ажырата алмайды. Шынында, ол өте қызық əрі қиын, біртүрлі көзқарастардың қайшылығынан, жиынтығынан жаралған адам. Оның бұл қасиетіне қазақ қоғамы əбден қанық. Бұл кісіге тост беріліп, біреу туралы сөйлеу керек болса, оған келу үшін алдымен түрлі тақырыптардың басын шалып, ең соңында денсаулық тілей салуы əбден мүмкін. Тіпті, тілек дəметіп отырған кісіні жазатайым ұмытып бара жатса, інішектердің біреуі жүгіріп барып есіне салған кез де болған. Ал енді қырсықтығына құрық бойламайды. Экономика туралы айтып тұрып экологияға, рух туралы айтып тұрып рушылдыққа ауысып кете береді. Бірақ Құдайдың бір құдіреті жалықтырмайды. Кісіні өзіне баурап, тартып алатын бір сиқыры бар. Білім не істетпейді адамға?! Бəкенедей бойында бірнеше оқымыстының оқуымен қоса, Құдай бере салған шешендігі, «Жүремін біреулерге мен де өшігіп, Қайтейін соның бəрі пендешілік» деп əйгілі махаббат жыршысы айтқандай, пендешілігі де жетіпартылады. «Əй, өзім де қумын-ау, Октябрьден əріге бармаймын», деп бір ақын айтқандай, кейбір қитұрқы мəселелерге келгенде бұл кісінің сөз лексиконында «кім біледі, бəлкім, мүмкін, əбден мүмкін, дей тұрғанмен, дей тұрсақ та, əйтсе де, алайда» деген тəрізді тіркестер де ұшырасып жатады. Айттық қой, бұл кісіде қызық дағды көп. Соның бірі кешігіп жүру. Кешіккенде де міндетті түрде кешігу. Бұл өзі ұлттық менталитетіміздің мұзды мұхиттай мызғымас бір бөлшегі, əбден əдетке саналғанымен, кейде əдейілеп, саналы түрде кешігеді. Байекең, тіпті, ЮНЕСКО-ның Париждегі алты құрлықтың марқасқалары бас қосқан алқалы жиынына да, Президенттің қабылдауына да кешіккен деген атышулы аңыз іспетті сөз бар. Президент кеңпейіл адам ғой, оның үстіне Байекеңнің бұл сырына əуелден қанық болса керек, жымиып қана қойыпты. Байекең де тек тұрмай: «Айналайын, бұл ұлттық ауруымыз ғой. Ғафу ет», депті. Өмірінде ешкімнен кешірім сұрамаған адам, патшадан кешірім сұрауды əрі-бері ойланып үлкен мəдениетке жатқызыпты. Той десе тырысып қалатын ауруы əлімсақтан мəлім. Сол мінезін білсе де жұрттан тойға шақыру билеті де үзілмейді. Елдің бəріне бұл кісіні шақыру үлкен абырой, бедел. Қанша кешігіп келсе де Байекеңнің той төрінен көрінуі, төбе көрсетуінің өзі жеткілікті. Шыдамның да шегі бар. Бірде ол үстелді қойып қалды да, дауысы қатты шығып кетті. – Осы ел қай кезде жұмыс істейді. Жыл он екі ай тойдан қолы босамайды. Жұмыс күнінің өзі тойға айналып кетті. Елге еңбек етуді қашан ойлаймыз. Құр босқа кісінің уақытын жеу. Той десе тарс кететін Байекеңнің туған қарындасының тойына бармағаны да аңызға бергісіз əңгіме. Əрине, мақтаныш ететін жағдай емес. Қызық, сонда біреудің уақытын жеймін деп жұрт той жасамауы керек пе? Олай деп те ойлайтын жөні бар өзінше. Үйлену тойы болсын, жарайды делік. Ал енді отызға, қырыққа келдім деп желпіну неге керек? Елуден бастасаң да неден құр қаласың? Атағы жер жарып тұрса да өмірі өзінің мерейтойын жасамаған адам, тіпті, ол туралы айтқан кісіні өмірбақи көрмей кетуге бар. Мынадай оқиға болды. Бірде жігіттер Байекеңнің мерейтойына жасырын түрде дайындалып, өзіне «есіттіруге» асыға қоймайды. Жігіттер жоғары жаққа шығып, араға белгілі адамдарды салып, ақыр соңында бір жыл жүріп көндіреді. Əйтсе де сол көнгенінің өзіне күдікпен қарайды. Бекер күдіктенбеген екен, бірде тойды ұйымдастырып жүрген інісіне «Слушай, мен сенің сол тойыңа бара алмаймын-ау осы» деп телефон шалыпты. Атшаптырым мейрамхана, аста-төк дастарқанға қарасы 300-ден аса қонаққа тапсырыс беріп қойылған. Той күні тақап қалды. Қазақтың кіл жақсы-жайсаңдары, қаймақтары мен қаспақтары жиналмақшы. Біреулер демалысын кейінге шегеріп, біреулер басқа тойлардан бас тартып, енді біреулер өткізетін тойларын кейінге қалдырып дегендей, Байекеңе баруды жоспарлап қойған. Енді соның бəрі əдірем қалайын деп тұр... Осының бəрін сезетін Байекең қарап жата ма? Тағы да əлгі інішекке «Əй, құлдығым, сол тойыңды біздің кемпірдің юбилейі деп

І

ЕМ Л Ə Е ГІМ

өткізе берші», деп жəне телефон соғады. Қысқасы, жігіттер жоғары жақтан тағы да сөзі өтетін адам тапты ма əлде үлкен кісіге айтты ма, Байекең де пенде ғой, əйтеуір былқылдап көніп қалыпты. Содан қойшы, өз тойына бұл кісі екі сағат кешігіп келді. Біреулер екі жарым сағат деп жатыр. Екі жағынан екі кісі құдды бір іздеуде жүрген қылмыскерді ұстағандай алып келе жатты. Жұрт байқағыш қой. Тіпті, есікке аяғын тіреп тұрып алғанын да өз көзімізбен көрдік дейді. Жұрт: «Бəле дейін десе бəле емес, бала дейін десе бала емес, қанға сіңген қасиет қой», дегенге жорыды да қойды. Бірақ көңіл шіркіннің мұндайда бір орнын-

мүмкін екі жарым сағат кешігіп келген тақырыбы мəлімсіз той басталды. Тойда сөйлеген үш адамға өзі араласып отырды. Сөйледі деген аты. Сөз Байекеңдікі болып шықты. Қайта əлгі əжептəуір адамдар «дұрыс айтасыз, əп, бəрекелді», деп қоштап тұрды. Бұдан кейін ешкімге сөз берілмеді. Мерейтойдан аулақтап, түрлі тақырыпта жарты сағатқа жуық өзі сөйледі. Жұрт оған да шыдады. Өйткені, ол кісінің сөзінде көңілге түйіп алатын сəттер, ақыл, нақыл көп болады. Сосын міндетті түрде сипай қамшылап біреулерге тиіседі. Айналып келгенде бұл өзінің тойы емес, жай бір басқосу, шер тарқату, шай ішу екенін

үйіне қонаққа шақырған Сəуірбек деген бір ғылым докторы інісі бар-тын. Бұл кісі түрлі себеп айтып жүрді. Бір күні орнынан көтеріп əкелгендей алып келді. Сəуірбек бір саусағын бүгіп жүретін, өз қулығы өзіне жетіп-артылатын жігіт. Сұңғыла Байекең оны біледі. Ғылым докторы болғанымен, түр-түсі нағыз зиялының сипатын білдіргенімен, инемен құдық қазғандай тірлікке өмірі жоламайтын. Сөзі газетке шығып кететіндей, ешқашан артық сөзге бармайды. Тиіп-қашып оқиды, аздап ізденеді, содан кейін ғой жетпістен асса да əлі торы аттай тепсініп, қунақ, сергек. Үлкен ортада, оқымыстылар арасында көп

Адамды алжастырайын десе түк емес екен, Байекеңді қонаққа шақырып отырып, білгіштігін білдірмек болғаны жарамады. Дастарқан үстінде бірлі-жарым академигі аралас зиялы қауым өкілдері қауқылдасып отырды. Əлемдік тұлғалардың құпия қасиеті, қызықты өмірі, қиын тағдыры қызу əңгіме арқауына айналып кеткен. Байекең байыппен сөйлеп отырған. Əсіресе, Евтушенконың некедегі төрт əйелі, оның ішінде Ахматова туралы əңгіме ұзақ айтылды. Байекеңнің өлшеусіз біліміне бұрыннан тəнті жұрттың оның əңгімесіне елтігені соншалық, тіпті, еттің өзі желінбей қалатын түрі бар. Бір кезде əлде өзінің де бірдеңе

Кешігіп жүретін кісі Қали СƏРСЕНБАЙ.

да байыз таппай, шабыс тілейтіні, түрлі əңгіме туғызатыны бар ғой. Тіпті, осы кісі бəрін əдейі істейтіндей көрі ніп кетті мына жұртқа. Мастықпен жасайды десе, айт паңыз, өмірі жағасына құсып мас болған адам емес. Кейбіреулер əрі-беріден соң бұл кісінің денсаулығына күдікпен қарады. Біреулер шабылып тойын жасап жатса, төрінде төредей болып отырмай ма? Жұрттың бəрін ақымақ көре ме, əлде əдейі істей ме? Бұл Байекеңнің шынымен де ерекшелігі ме, əлде қолдан жасалған ерекшелік пе? Олай болса онда таза ақымақ шығар дейін десең, ондайға қимайсың. Айтуға аузың бармайды. Жұртқа сүйкімі бар. Бала емес, шаға емес, бұл не кергу, ел бетіне қараған адам, қайта рақмет сияқты бірдеңесін айтып, құлдық ұрмай ма? Қысқасы осының бəрін не үшін, кім үшін істейді деген саналуан сауал қызық көрініп, бұл той емес, дөңгелек үстелге жиналғандардың пікірталасына айналып бара жатты. Осынау күбір-күбір əңгіменің соңы ақырында былай байыз табатын тəрізді: осының бəрі кей күндерде мынау еңсені езіп жіберетін, бір сарынды, мақтансүйгіш, көңілсіз қоғам үшін бір қызық думан сияқты. Əлде бұл Байекеңнің сол қоғамға көрсеткен ішкі наразылығы ма екен?! Кім біледі, ұлы адамдардың жан жұмбағы көп қой. Ол кейде мына жұртқа шындықты осындай шоу түрінде жеткізуді ойлайтындай көрінеді. Құдай бетін əрі қылсын, шынында бұл кісі бірдеңе болып кетсе, жұрт қызықсыз қалатын тəрізді. Байекеңнің тойы болады дегеннен бастап «əй, мен ұмыт қалмайын» деп алдын ала сөз сөйлеушілер тізіміне жазылушылар да көбейді. Бұл хабарды ұйымдастырушының бірі шалдың қаперіне салмақ еді, «Оттама, үш адам сөйлесе жарайды, өзім де бармын ғой», деді. Өзін айтқан себебі, əрине, бұл кісіге қайда да сөйлеймін десе мінбер табылады ғой, бірақ Байекеңді кейінгі кезде бəлкім белгілі, бəлкім, белгісіз себептермен, алқалы жиындарға шақырмай, шеттету де бар еді. Сондықтан, бір жағы мына мүмкіндікті пайдаланып, бір есептен кіл жақсының алдында бір армансыз сөйлеп қалу үшін де бұл тойға келісімін берген сыңайлы. Байекеңе кейде тойдың иесі кім екені маңызды емес, оның қонақтары кім, сол маңызды. Алдымен кімдер болатынын сұрап алатын əдеті де бар. Сонан кейін той жайына қалады. Əңгімеге кіріседі. Тойдың өзін жұмысқа айналдырып жібереді. Басшыларды оңаша алып кетіп, мəселе шешіп қайтады. Сөз бере қалса жалпылама бірдеңе айтады. Саясаты не əрі, не бері емес. Талантты адамды қолдайды. Əу бастан оның маңайында дарынсыз адам жүрмейді. Айналасында алаяқ болса да қабілеттілер жүреді. Тіпті, бір тойда «ардақты алаяқтар» деп сөйлегені де бар. Қысқасы, тойға таңдап барады. Бірде бұл кісі бармаса да болатын бір тойға «Мен өмірбақи əнебір келіншекке ғашық болып едім, сол үшін келдім», депті. Ондай перілігі мен серілігі де əлі қалмаған. Сонымен Байекеңнің өзі екі сағат,

аңғарту еді. Соны сезген жұрт ақыры Байекеңнен əбден күдер үзеді де тым болмаса қайысып тұрған дастарқанның шетін бұзуға бет бұрып, беймəлім қуанышты тойлауға кіріседі. Сəлден кейін Байекеңнің бұл тойда бар-жоғы белгісіз болып қалады. Елдің бəрі қоғам, қазіргі саясат əрі кеткенде махаббат туралы өз ойларын айтып, арқажарқа күй кешіп, бұл бір құмардан шығып сырласу жиынына айналып кетеді. Осылай болғанына өзі де дəн риза. Бұл жеңіске Байекең балаша қуанады. Ең бастысы, ертеңгі күні менің тойым болған емес, мен мерейтойымды өткізген адам емеспін дегенге келіп тұр. Өзі де солай. Ешкімге тос берілмеді, ешкім Байекең туралы лəм-мим деген жоқ. Тіпті, біреулер бұл кісі туралы бірдеңе айтса, өзін басынан дау кетпес бəлеге қалатындай сезінді. Байекең қызық болғанда аяғына кроссовка киіп келіпті. Əлгінде отырып сөйлегенде ешкім аңғармаса керек, сол үйге, саяжайға киетін жеңіл-желпі киім, тіпті кеуде жүнінің өзі бұрқырап көрініп тұр. Маңдайы тершіп, орамалы бет жаққа, желке тұсқа жиі барғыштайды. Байекең көп сөйледі. Ал жұрт тыңдаған кейіп танытты. Олай болмаған күнде байқап қалса, сенімен мүлдем жауығып кетуі мүмкін. Арқа басы енді кеңи бастаған жұртты Байекең біртіндеп өзі отырған дастарқан басына шақыра бастады. Əдетте ұнатқан адамын шақырады. Жай шақырып қоймайды, қып-қызыл сүйіс басталады. Ер адамның бір-бірін ернінен сүйгенін елестетіп көріңізші! Өте есер көрініс қой. Біреулер ернін аяды ма, жоқ ерінді ме, барғысы келмеген сыңай танытқан болады. Тағы да бір ұзақ сонар əңгіме басталды. Амал жоқ тыңдау керек. Əсіресе, тура қарсы алдына келе қалған, Байекең əкесі жасай алмай кеткен жақсылық жасаған бір көкмылжың жиені қатты қиналды. Соған қарамастан, бұл Байекеңді анда-санда реті келсе жамандап жүретін, бұл жолы да бес қадамдай жерде тұрып суық сөз айтып үлгерді. Байекең соны сезгендей бұдан қасақана көзін алмай, бір-екі жайсыз сөз де айтып, жіпсіз байлады. Тамақсаулау, арақ құмарлау əлгінің есіл-дерті аста-төк дастарқан еді. Мақсаты – сол дастарқанның шетіне жетіп жығылып, тағы бір сумақай сөзді бағыштап жіберу. Қызық болғанда бұл жолғы тақырып экология болып шықты. Тамада екені бірде белгілі, бірде белгісіз біреу «құлағымыз сізде, Байеке» дегенмен, жұртқа «жей берсеңдерші» дегендей ишарат білдірді. Байекең елімізді қойып, халықаралық аренаға шығып кетті. Жұрт «Ə, бұл тақырып Байекеңнің ауқымына келеді ғой» деп оған да көндіккен сыңай байқатты. Ал кейбіреулер оңаша шығып алып кредит, доллардың сағат сайын құбылуы, қазіргі саясат туралы əңгімені қыздырып жатты. Байекең əңгімешіл адам. Əңгімені шебер əрі сауатты айтқан кісіні жақсы көреді. Қонаққа барса да «Əй, қойшы, тамақ қайда да бар ғой, одан да сөйлесеңдерші», деп əңгімеге көп ерік береді. Ал енді бар ғой қонақ шақыру, оны күту дегеннің өзі үлкен мəдениет, тіпті, саясат екенін жұртқа түсіндіре алмай қойды. Сондай бір көңілі қалған жай есіне түсіп отыр. Содан кейін де ғой шақырған жерге таңдап баратыны. Байекеңді арнайы барып бірнеше мəрте

болады. Əңгімелеріне құлақ түріп отырады. Аз сөйлейді, көп тыңдайды. Соның бəрін оңашада қойын дəптеріне жазып қоюға ерінбейді. Демек, əуре болып оқып жатудың керегі не? Содан кейін білімбілігі өзінен аса қоймайды-ау деген жерде естіген-білгенін өзі оқығандай түрлендіріп, тіпті оқиғаларды да өзгертіп, кейбір дерекдəйекке келгенде əдейі жаңылысқан болып көрініп, тоқтамай сөйлейтіні бар. Африка елдерінің бірінде бір қоңызға ескерткіш қойылыпты. Оның себебін кейін айтамын. Жалпы, өскен, өнген елдерде біз сияқты адамдарға емес, аңдарға ескерткіш орнатады. Осыны үйренбей-ақ қойдық. Мына Балтық елінде ұшып бара жатқан құстарға зəулім ескерткіш орнатып, «халық əні» деп жазып қойған. Қарасаң көзің тоймайды, тіпті, көңілің босайды. Жарайды, əлгі қоңыз екеш қоңызға оралайық. Бұл жорғалаған сүйкімсіз жəндік неге сонша қадірлі болды? Əлгі неме адамдар түнде қалың ұйқыға кеткенде жұмысын бастайды екен. Мəселен, жараңыз болса оны сылап-сипап, ажыраған жерін бүтіндеп қоятын көрінеді. Бұл процесс ұзақ уақытқа созылады екен. Бір күні əлгі жара жазылдыау дегенде, ептеп аузын ашып кетеді екен. Қайсыбір жылы ашаршылық жиі болатын бір елде жара да көбейіп кетеді. Сонда қаптаған қоңызды көрсеңіз. Осылардың арқасында жараға тойтарыс берілген. Кейіннен ғалымдардың зерттеуінше қоңыздардың кереметі ашылған. Міне, содан барып ескерткіш қойылған. Міне, жытқыр Сəуірбек Байекеңнің айтқан осы бір əңгімесіне өз жанынан да қосыңқырап, бірде студенттерге айтып бергені бар.

15

www.egemen.kz

білетінін, не əңгімеге тұздық жасағысы келді ме, не үй иесі екенін сездіргісі келді ме, əйтеуір қарап тұрмай Сəуірбектің де сұғына кеткені. – Ойпыр-ай, əлгі Хан Дог деген суретшіні айтам-ау, өз құлағын өзі кесіп алатын ше? – деді. Етке ентелей кіріскен ел бұл əңгімеге аса құлықты болмаса да алдына бас келген Байекең бір түрлі тіксініп қалды. Қолына ұстап отырған құлағына бір, əлгіге бір қарады. Мұндайда қонаққа шақырмақ түгілі, не сый жасаса да, көңілге қарау дегенді аса ойлай бермейтін Байекең «Əй, мына идиот не деп тұр?» деп қасындағы мал шаруашылығының маманы, қасқабас академикке аларып қарады. – Кім біледі, болса болған шығар, кессе кескен шығар, шизофренник біреу болар, ұлы адамдарда жынсүрей ауру да қоса жүрген ғой, – деді етке есі кетіп отырған академик. Ал енді мұндай сəтті Байекең құр жіберуші ме еді. – Хан Дог емес, Винсент Ван-Гог болар, мына неменің айтып тұрғаны, – деп Байекең езіліп піскен бастың езуінен бір тіліп алып, қылғытып жіберді. Содан бұл кісі Ван-Гог туралы төгілді дейсің бір. Оның тіпті бірнеше уақыт Поль-Гогенмен бірге тұрғанын, оның Гогенді қалай қорлағанын, адами қасиеттерден жұрдай, тіпті, екеуі де гомосексуалистер екенін, кейіннен əлгі кесілген құлағының шатырдан табылғанын тəптіштеп, дерек-дəйекпен айтқанда, еттің желінбей қалғанына əлгі мал академигінен басқасы аса өкіне қоймаған тəрізді. Суретшінің «Овердегі жауыннан кейінгі пейзажы» жөнінде аса бір ынтызарлықпен, үздігіп айтты. Байекеңдей білмейтіні жоқ кісі отырған жерде мұндай əбес əңгіменің

айтылуын үлкен мəдениетсіздік санап, еттің желінбей қалғанына кешірім сұрағандай болған Сəуірбектің сұлу келіншегі «мұны өзі өстіп түлен түртіп жүреді» деп еді, Байекең: – Бұл Сəуірбекті қашан Тəуірбек дер екенбіз. Келін, айналайын, түлен дегеннің не екенін біле ме екен осы жұрт, – деді. – Біз осы қонаққа келдік пе, жоқ əлде ғылыми конференция өткізуге келдік пе? – деп бұрқ еткен əлгі академиктің сөзін елең қылмаған Байекең Түлен туралы толғанысын бастап кетті. – Келін кемеңгер болып шықты. Ал енді қазақтың түлен түртті ме дейтіні қайдан шыққан дейтін болсақ ол былай: бұл түлен дегеніңіз де əу баста мынау идиот сияқты əжептəуір адам болған. Кейіннен осылай білмей, бөстекі сөйлеудің арқасында шайтан азғырып, ақыр соңы шайтанның өкіл баласы болып кеткен. Ол аз болғандай бір күні көзге көрінбей шайтанның ішіне кіріп кетіп, бел баласы болып шыға келеді. Қазіргі кейбір жағымпаздар тəрізді. Əлгі шайтан азғырды дегеннің бəрі сайып келгенде, Түленнің тірлігі. – Байғұс баланың жер-жебіріне жеттіңізау. Ағасы болған соң арқа сүйейді де, – деді етке тойған академик жымысқы жымиып. – Қақпанға өзіңіз келіп түстіңіз. Мен сізге мынаны айтайын. Біздің қоғамда аға деген ауру бар. Онымен сіз де, біз де ауырғанбыз, мыналар да ауырған. Тіпті, сол дертіңіз осыларға өтіп кетті ме деп қорқамын. Академик: – Ой, Байеке, қойшы енді, жарқыным, – деп жұмсақ сөйлеуге тырысқанымен, мұндайда тартынатын Байекең бе, бурадай буырқанып шыға келді. Есік жақта отырған жастарға бұл əңгіме жағып барады. – Мен қазір сол қателігімді əбден түсін ген шақтамын. Егер ағалық ауруға уақытында тосқауыл қойылғанда мына Сəуірбектер баяғыда адам болып кетер еді. Байекеңнің сөзі өзіне арналып айтылғандай академик тіксініп қалды. – Жастардың не кінəсі бар? Тосын сұраққа қапелімде ешкім де ештеңе дей алмады. Оның үстіне Байекеңнен аса алмай отыр. Бірдеңе дейін десе бүлдіріп аламыз ба деген де қауіп бар. Əрине, оған Байекеңнің өзі ғана жауап береді. – Бұл сөздің екеумізге тікелей қатысы бар, – деді де Байекең сəл пауза жасады. – Дүниеге алдымен ағаның көзімен қарау деген сұмдық шыққалы қашан. Ағаны сыйламайтын жерде сыйлау, ағаның айтқанынан аспау біреулер үшін «ата заң» болды. Жастар ағасыз батыл қадам жасай алмады. Болмайды, аға ашуланады. «Сен өзі кімнің арқасында адам болдың?» деп айқайлаймыз. Ағаны ауыртып алу, інісі үшін өліммен тең. Жанталасып кешірім сұрайды. Сонсоң інісінің оқуға, ізденуге уақыты жоқ. Өйткені, ақыл айтатын сіз бен біздей ағасы бармыз. Сөйтіп, бұлар бар алтын уақытын аға сыйлауға жұмсап, жоғалтып алды. Сіз айтпақшы тек ағасына ғана арқа сүйейді. Рушылдық деген пəлені де бастаған біз. Бұдан кейін бұлар кім болады? Сіз бен біздің көшірмеміз болып шығады да. Байекең алқынып барып тоқтағанда есіктің көзінде отырған бір жігіт «пауза» деп қалды. Əр сөзді қалт жіберетін Байекең бе «пауза, айтпақшы пауза, баяғыда бір еврей дос сендерде бір кемшілік бар, ешқашан пауза жасамай сөйлейсіңдер» деуші еді, деп əңгіменің соңын əзілге бұрып, орнынан тұра бастады. Міне, біздің Байекеңнің бар болмысы осы. Қанша көл-көсір дастарқан жайып, алдына астау толы ас əкеліп қойсаң да айтарын айтып кетеді. Оны айтасыз, қайсыбір жолы бір құрдасы қайтыс болып, жұрт қайғырып жатқанда «Ойпыр-ай, өзі бүгін почему-то келіншектер жағы көп жыладыау», демесі бар ма? Жер үйде тұратын сол құрдасы «бір үйге бір ит керек екен» дегенде, «екі итті қайтейін деп едің, өзің бар емессің бе» дегені жəне бар. Солай, Байекең не болса да ішіндегісін айтып тынады, олай болмаған күнде ауырып, төсек тартып жатып қалуы əбден мүмкін. *** Қалай болғанда да Байекеңнің көп қырының бұл жұртқа ең танымалы кешігіп жүретіні. Бірақ, қандай жиын болсын орны қай кезде де дайын тұрады. Егер орын болмаса бір минөтте кідірмей кетіп қалады. Соған қарамастан елдің басым бөлігі оны іздеп, алаңдап отырады. Ол кісі кешігіп келеді дегенді естісе болды қанша асығыс болса да, тіпті, кеш бітпей жатып киіміне жүгіретіндер де күтуге бар. Жұрт жиынға сол үшін баратын тəрізді. Əйтеуір келсе болды. Не сиқыры бар десейші! Былай қарасақ ешқандай құпиясы жоқ. Ол қанша кешігіп келсе той да, жиналыс та енді басталғандай болады. Оның төбесі көрінгеннен-ақ жұрт қуана береді. Ол бір өзі келсе де балалықты, даналықты, бір топ кемеңгерді ілестіріп келгендей əсер қалдырады жұртқа. Ал енді бар ғой кешке қанша кешігіп келсе де, егер ол жерден сəл-пəл болса да надандықтың исі сезілсе болды, тез кетуге ыңғайланады. Ондайда елдің ықыласына да қарамайды. Бұнысы да жарасып тұрады. Байекеңнің тағы бір ерекшелігі өзі қонаққа шақырған адамдар кешігіп келсе оны да іші жақсы көріп тұрады. Тіпті, ерекше кешіккендерін өзіме тартқан деп мақтап та жібереді. Бір қызығы абыройы, беделі осы кісінің ол жақ, бұл жағындағы адамдар да кешігіп келеді. Бірақ оны ешкім елемейді. Байекең қанша сағат кешіксе де жұрт есік жаққа қарап елеңдеп отырады. Бұл не құдірет?! *** Уақыт шіркінде тоқтау бар ма?! Біздің Байекең сол баяғы күйінше кешігіп жүріп жатыр. Кешігіп жүре берсінші, кемеңгер. Тимеңіздерші оған. Олар, тіпті, көп қалған жоқ қой. Ертең көлеңкесіне де зар болып қаламыз ғой. Бұл көптің тілеуі десек те болатын шығар. Кешігу деген не сірə, түзеймін десең түк емес, өз қолыңда. Ең бастысы, ілім-білімнен кеш қалмаған Байекеңдер көбейе берсін деңіз. АЛМАТЫ.


16

26 желтоқсан

ШАР О Р БА

www.egemen.kz www.egemen.kz

ХА

2015 жыл

 Тағзым

Арктикада бір аспаз аќ аюдыѕ ішін жарып жіберген Ресейдің Солтүстік мұзды мұхит ауданындағы Врангель аралында станса аспазы болып жүрген ер кісі қызық үшін ақ аюдың ішіне жарылғыш пакет салып жіберіп, азаптап өлтірген. Мұның алдында осы ұрғашы аю қонжығын ертіп келіп, əлгі қанқұйлы аспаздың қолынан тамақ ішіп кетіп тұратын болған. Əлеуметтік желі арқылы тараған бұл фактіге орай қазір Ресейдің бас прокуратурасына ашулы шағымдар көптеп түсіп жатыр.

Интернет арќылы немере сатып алмаќ болєан əйел ќамалды Америкалық Элейн Уильямс есімді 47 жастағы əйел 14 жасар қызына бөбек, яғни өзіне немере сатып алмақ болып, интернетке хабарландыру жариялайды. Себебі, қызы «баласы болғанын» қалайтынын жəне оны «ешкімнің араласуынсыз жасап алғысы келетінін» айтыпты. Осы оқиға жұртшылықтың ашу-ызасын туғызды. Ақырында полиция əйелді тұтқынға алды. Енді оны сот күтіп тұр.

Пикассо туындысыныѕ тїпнўсќасы ойын картасына айналады

Фариза аќынєа арналєан шарапатты шара Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

Апта соңындағы айтулы жаңалықтардың бірі қазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынқызы өмірінің соңғы жылдары тұрған үйінің қабырғасына мемориалдық тақтаның қойылуы болды. Астананың бас көшелерінің біріне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілгені белгілі. Сол көше бойындағы еңселі ғимаратта ақын 2009-2014 жылдары тұрған екен. Шарапатты шараның тізгінін ұстаған Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов келген қонақтардың келелі пікірлерін

тыңдау үшін кезегімен сөз беріп тұрды. – Жаңа айтылғандай өткен ғасырдың 70-ші жылдарының аяғында, 80-жылдарының соңында қазақ əдебиетіне керемет бір толқын келді. Олар шетінен талантты еді. Солардың ішінде ерекше көзге түскен, келе салып бір-екі жылдың ішінде өзін мойындатқан Фаризаның болмысы бөлек еді. Фаризаға біз еш уақытта қыз бала деп қараған жоқпыз. Бірге жүрген досымыз, замандасымыз деп қарадық. Əсіресе, Астанаға келгеннен кейін бауырмал рухани сананың өкілдері бір ауыл болып кеттік. Қазір Фаризасыз сол ауылдың бір кірпіші кем

 «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13

Баспана – басты ќуаныш

Американың ойын карталарын шығарумен айналысатын Cards Against Humanity компаниясы өз клиенттері үшін Жаңа жыл қарсаңында өзгеше сый ойлап тапты. Енді фирманың сайтына жазылған кісілер əйгілі суретші Пабло Пикассоның 1962 жылы жазылған бір шығармасының түпнұсқасын карта ретінде ала алады. Бұл үшін шедевр 150 мың бөлікке бөлініп тасталыпты.

Парижде Эйфель мўнарасыныѕ тґбесінде мўз айдыны ашылды Табиғаттың аса жылы болып тұрғанының өзі Париж жұртының қыс қызықтарын көрулеріне кедергі келтіре алмай отыр. Мұнда 15 градустық жылылыққа қарамай, Эйфель мұнарасының төбесінде мұз айдыны ашылды. 57 метр биіктікте тұрған айдыннан париждіктер сонымен қатар, Марс алаңын көре алады. Ал мұнда кіру үшін мұнараға көтерілуге алынған билет жетіп жатыр.

Никита Михалков Еуразияныѕ ґз «Оскарын» жасауды ўсынады Ресей кинематографистер одағының басшысы əрі режиссер Никита Михалков Еуразия аймағы елдері үшін Американың «Оскарына» балама бола алатындай киносыйлық белгілеуге шақырды. Режиссердің пікірінше, жаңа награда жыл қорытындысымен «Еуразия аймағына жататын біздің елдердің, Қытай мен Үндістанның өкілдеріне» тапсырылып тұруы тиіс. Оның айтуынша, бұл идея қазір аталған елдерде қызу қолдау таба бастаған.

секілді. Мұқағали қалай жасаса, Тұманбай қалай жасаса, Сағи Жиенбаев қалай жасаса Фариза да солай қазақ тарихында жасай береді. Біз оған сенімдіміз, – деді алғаш болып сөз алған жазушы, Фаризаның жанашыр ағаларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əкім Тарази. Естелік тақтаның ашылу салтанатына ел ағалары да ат басын бұрғанын айта кетсек дейміз. Олардың қатарында мемлекет жəне қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди, Мəжіліс депутаты Оразкүл Асан ғазы, сенатор Бірғаным Əйтімова, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, С.Сейфуллин мұражайының директоры, белгілі ақын Несіпбек

(Соңы. Басы 1-бетте). – Қазақ журналистикасының қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті елдің басты басылымы болып келе жатқанына да жүз жылға жуықтапты. Еліміздің бас басылымын бір кездері алашордалықтықтардың ізін жалғаған көрнекті тұлғалар – Смағұл Сəдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ғабит Мүсірепов басқарып, еліміздің егемендікке ұмтылған рухын жанып, тəрбиеледі. Ал Қазақ елі шын Тəуелсіздікке қол жеткізгенде нағыз ел газетіне айналған «Егемен Қазақстанды» азат ойлы Алаш халқына ақылшы аға бола білген Шерхан Мұртаза,

Əбіш Кекілбаев сынды нар тұлғалар басқарды. «Егемен Қазақстан» басылымының 90 жылдық торқалы тойының қарсаңында мына ғұмырлы ғимараттың тұсауын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі кесіп, газеттің ұжымы осындай құрметке лайық екенін айта отырып, қаламгер қауымға шын ризашылығын білдіргені есімізде. Еліміздің бас басылымының бүгінгі еңбегіне ел куə. Мемлекет басшысының сарабдал саясатын саралап, əр сабағының жемісін жүйелей отырып, халыққа жеткізіп келеді. Шындығын айтқанда, бүгінгі нарық заманында екі жүз мың таралыммен халыққа жетіп отырған бірден бір басылым ел газеті – «Егемен Қазақстан»!

Газет ті осы деңгейге көтеріп отырған басылымның басшылары мен тынымсыз тілшілері екені аян. Оған қоса, қызметкерлерінің əлеу меттік жағдайын алдыңғы қатарға шығарып, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасап, бір емес, бірнеше үй тұрғызып отырған Сауытбек Абдрахманов бастаған ұжым басшылығына министрлік тарапынан айтылар алғыс мол. Бүгін баспаналы болып отырған қызметкерлердің бəрін шын жүректен құттықтаймын. Босағаларыңыз берік, шаңырақтарыңыз биік болсын. Кірген үйлеріңіздің іші балаға толсын! Бəріңізге шығармашылық табыс, баянды ғұмыр тілеймін, – деді С.Сəрсенов. Салтанатты шарада пəтер кілтін алған газет тілшісі Жолдыбай Базар, Эльмира Мəтібаева жəне Рауан Қайдар сынды қызметкерлер сөз сөйлеп, ұжым басшылығына өздерінің ақ жарма алғыстарын айтты. Пəтер дегеннен шығады, жатақхана деуге ауыз бармайтын 15 секциядан тұратын жатақханада барлық жағдай қарастырылған. Жуынатын жəне ас əзірлейтін орындары бөлек болуымен қатар, ғимараттың екі қанатына орналасқан секциялар, 2-3 бөлмелі кəдімгі пəтер деп айтуға болады. Сондықтан, баспаналы болып бақытқа бөленген қызметкерлер шын ризашылықтарын білдірді. ––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Малайзия полицейі педофилдігі їшін 100 жылєа сотталды Жүзжылдық жалғыздық. Малайзия полициясының 54 жастағы бұрынғы қызметкері 13 жасар қызды бірнеше рет зорлағаны үшін осыншама жыл түрмеде отырады. Мұның алдында ол 15 дүркін таяқпен ұрылу жазасын бастан кешетін болады. Бірақ кесімді мерзімі бітпей, тар қапастан шығуға ешқандай мүмкіндігі жоқ.

Брунейде шырша мен Аяз ата ќылмыскер атанды Бруней сұлтанатының королі жаңажылдық шырша мен Аяз атаны қылмыскер деп жариялады. Осыған сəйкес, елде рождестволық шыршаларды безендіріп, үйлеріне орналастырған немесе Аяз атаның қалпағын киіп жүрген кез келген тұрғын қатаң жазаланады. Оларға 20 мың доллар көлемінде айыппұл салудан бастап, бес немесе одан да көп жылдарға бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады. Ал Рождество атрибуттарын пайдалануды басқа дінге берілу деп есептейтін жергілікті мұсылман қауымы мұны қолдап отыр. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Айтұлы, айтулы жыр дүлдүлі Серік Тұрғынбекұлы мен Оңайгүл Тұржан бар. Алаштың ақын қызына деген ізгі ілтипаттарын ағалары ағынан жарыла сөзбен жеткізсе, өлең өлкесінде өкшесін басқан іні-сіңлілері жырмен жолдады. Тақтаның лентасын қию құрметіне Əкім Тарази мен Өмірбек Байгелди ие болды.

 Өнер

Кїнге ќарай ќаєады жыр ќанатын Күні кеше Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан ақын Мұратхан Шоқанның бастамашылығымен құрылған «Əдебиет əлемі» ортылығында «Күнге қарай қағады жыр қанатын» атты шығармашылық кеш өтті. Бұл шығармашылық кеш «Əдебиет əлемі» орталы ғы ның 1 жылдығына жəне тəуел сіздік мерекесіне орай ұйым дастырылған еді. Шараға Исраил Сапарбай, Аманхан Əлім, Береке Дəулетханқызы сынды зиялы қауым өкілдерінің үлкен шоғыры, сонымен қатар, студент жастар қатысты. Кеш барысында жастар сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы өлеңдерін де шарықтата шырқады. Өңірлерден келген жастар да өздерінің өлеңдерін ортаға салды. Орталық жастарының жазған өлеңдері өмірге деген құштарлық пен арманға толы. Олардан лүпіл қаққан жас жүректің дүрсілін естігендей боласыз.

Көңіл қауызын енді жарып, алдағы күндерден үлкен үміт күткен жас ақындардың осындай шығармашылық кешін ұйымдастырып, оларға бағыт-бағдар беріп, кісілік пен кішілікке, адамгершілік пен ізгілікке баулып отырған ұстаз ақын Мұратхан Шоқанға жастардың айтар алғысы шексіз. Кəусардың таза бұлағынан қанып ішіп, жырға тоғайып, айтылған əнге масайып, көңілдің тозаңын əзілмен қағып, жанын жадыратқан жұрттың алдына кеш соңында Исраил ағамыз шығып жастарға ақ батасын берді. «Əдебиет əлемі» орталығы шын мəнінде жастардың рухани ордасына айналып келеді. Оның ғұмыры ұзақ болғай. Ақгүл АЙДАРБЕКОВА, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті, «Əдебиет əлемі» орталығының мүшесі.

АЛМАТЫ.

 Апырай-ай!

Екі ай бойы жїксалєышта ўстаєан

Осыдан екі ай бұрын Павлодар – Жезқазған тасжолында жоғалып кеткен «КамАЗ» жүр гізушісі Виктор Оленбург Петропавлдан табылды. Оны осынша уақыт бойы күдіктілер көліктің жүксалғышында ұстап келген. Павлодарлық жігіт 22 қазан күні Жезқазған қаласынан жүк тиеп, Қарағандыға бет алған бойы хабар-ошарсыз кеткен. 27 қазан күні қарағандылық полицейлер Теміртау қаласының маңында жүк көлігін тапқанымен, онда не жүк, не мыс, не жүргізуші болмай шыққан. Іздестіру шараларын жүргізген Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің уəкілдеріне Қызылжар өңірінің

полицейлері көмекке келді. В. Оленбургтың жоғалуына күдікті ретінде ұсталған Петропавл қаласының екі тұрғыны өз айыптарын мойындап, жоғалған азаматтың қайда екендігін айтқан. Осылайша жергілікті тəртіп сақшылары гараждардың біріне қойылған көліктің жүк салғышынан əбден əлсіреп, құр сүлдері қалған жəбірленушіні тапқан. 18 тонна мысты қолды қылып, 12 миллион теңгеге сатқан қарақшылар ақшаны тең бөліп алғандарын мойындады. Олар уақытша тергеу оқшаулағышында отыр. Айгүл ЫСҚАҚОВА.

Солтүстік Қазақстан облысы.

ан ќ т р а т с а б н а т ўмыс ж , п е д п ґ к ы є ып шыќты л о б ы с Айлы ы ш л о б ќты фут  Солай ма еді?

ияныѕ ата бапкер Румын еңбек сіңірген жоқпын», – деп келтіреді

Кезінде футбол жұлдызы болған румын маманы Георге Хаджи өзіне ұсынылып отырған айлықты тым көп деп есептеп, Қазанның «Рубин» командасына бас жаттықтырушы болуға келісімін бере қоймапты. Мұны журналист Эмануэль Рошу өзінің Twitter-дегі микроблогына жазды. «Мен мұндай жалақы алуға əлі

Г.Хаджидің сөзін. Сөйтсек, «Рубин» маманға жылына төрт миллион еуро төлеуге дайын екенін білдірген екен. Бүгінде жасы 50-ге келген Хаджи Румынияның XX ғасырдағы ең үздік футболшысы атанған болатын. Қазіргі таңда ол румынның «Вииторул» клубын жаттықтырады.

Қазан футбол командасын чемпионаттың алдағы көктемгі кезеңіне Валерий Чалый дайындайды. Ол тізгінді 2014 жылдың қыркүйек айында Ринат Белялетдиновтің қолынан алған еді. Қазір «Рубин» «18 турдан кейін 20 ұпаймен турнир кестесінде 9-орында келеді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

«Ақынның нəзік жүрегі самалдан тоңар гүл еді. Халқының махаббатымен ақсұңқар құстай түледі, ел ғана – тұғыр, тірегі», – деп ақынның өзі жырлаған екен. Кеше Фаризаны елі еске алып, мəңгі тұрар тұғыр тасын өзі тұрған үйге қағып, ақын абыройын өзі жоқта да асырып, артында есті ұлтының ұландары бар екенін көрсетті.

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары Берік САДЫР, Еламан ҚОҢЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №720 ek

Profile for Egemen

26122015  

26122015

26122015  

26122015

Profile for daulet
Advertisement