Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ќиындыќпен кїрестегі маќсат – даму 5-бет Білім мен тəжірибе ўштасса єана ўтады 6-бет Ўлттыќ трансформациялану– уаќытпен їндесу 7-бет Ауыр атлетика саласындаєы жаѕа əлем чемпионы 10-бет

№227 (28705) 26 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Аймаќ алдында ауќымды міндеттер тўр

 Елдік мінбері

ЕЛБАСЫ ЖƏНЕ ЕЛ МЎРАТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының əкімі Амандық Баталовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

(Ўлы тойдан кейінгі толєаныс)

Ќор басшылыєымен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы қорының басшылығымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңір экономикасын тұрақтандыруды жалғастырудың, мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың, сондай-ақ, жұмыспен қамтылуды ұлғайту жəне халықтың əл-ауқатын жақсарту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың инвестициялық тартымдылығын дамыту, шағын жəне орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыра беруді тапсырды. Алматы облысының əкімі өз сөзінде Елбасына өңірдің негізгі əлеуметтік-эко но микалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жос парлар туралы баяндады. А.Баталов облысты дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты осы мақсатта арнайы əзірленгенін, он алты бағытты қамтитын жоспар болғанын атап өтті. «Сіздің тапсырмаңызға сəйкес, эко номикаға инвестиция тар ту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ха лықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатын да нақты жұмыс бағыты

айқындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, шағын жəне орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл облыс экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды дамыды. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында өсім байқалып отыр», – деді Алматы облысының əкімі. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. * * * Дамыту жөніндегі жоспарда қарастырылған шараларды жүзеге асыру нəтижесінде Алматы облысында экономикада өсімге қол жеткізілді. Бюджет түсімдері 102 пайызға қамтамасыз етілді, дотациялар көлемі 15 пайызға қысқарды. Жер мəселелерін реттеу мақсатында кешенді жер картасы əзірленді. Төрт ауданда қанатқақты негізде ирригациялық желілерді қайта жөндеу жұмыстары басталды, Балқаш көлі мен Іле өзенінің саязданып кетуіне байланысты мəселелер шешілуде. (Соңы 2-бетте).

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында еліміздің басты қаржы құжаттары талқыға түсті. Отырысқа 2016-2018 жəне 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджеттер жобасын талқылау мен депутаттар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беру үшін Премьер-Министр Кəрім Мəсімов бастаған Үкімет мүшелері қатысты.

Еліміздіѕ басты ќаржы ќўжаттары ќабылданды Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіне шығарылған «Қа зақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жəне «2015-2017 жылдарға арналған республикалық

бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жəне Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндама жасады. (Соңы 2-бетте).

Кездесу барысында Елбасы Қордың биылғы қызметінің қорытындылары туралы есепті тыңдады. Нұрсұлтан Назарбаевқа жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мекеменің орта мерзімге арналған жоспарлары да таныстырылды. Қордың атқарушы директоры С.Нұрахановтың айтуынша, 2015 жылы үш негізгі бағыт – ғылыми жəне шығармашыл жастарды қолдау, əлеуметтік бағдардағы жобаларды жүзеге асыру жəне қайырымдылық шаралары, сондай-ақ, ақпараттық-

талдамалық қызмет бағытында жұмыс жүргізілді. – Қор жыл бойы сыйақылар, стипендиялар мен гранттар тапсыру жөніндегі конкурстық бағдарламаларды ғана жүзеге асырып қоймай, «Алтын тобылғы» жаңа əдеби сыйлығы сияқты жаңа бағдарламалар да ұсынды, оның нəтижелері желтоқсанда жарияланады, – деді С.Нұраханов. Кездесу барысында сөз сөйлеген Əлемдік экономика жəне саясат институтының директоры С.Əкімбеков биылғы қарашада Назарбаев орталығында өткен

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Латвия Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Адамдардыѕ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы 2011 жылғы 16 қыркүйекте Ригада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 қараша № 420-V ҚРЗ

Астана клубы оты рысының қорытындылары туралы баяндады. Бұл шарада əр жылдары мемлекеттер мен үкімет тер бас шыларының əкімшілік терінде жұмыс істеген, қазіргі кезде өз елдерінің саяси элитасына консультативтік қолдау көрсетіп жүрген əлемдік зияткерлік ірі орталықтардың сарапшыларының бір үстелдің басына жиналғаны атап өтілді. Нысанда болу барысында Қазақстан Президенті елдің түрлі аймақтарының қайталанбас көріністері қойылған «Беймəлім Қазақстан» фотокөрмесін аралап көрді. (Соңы 2-бетте).

Кеѕестіѕ кезекті отырысы Кеше Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары – Жоғары Сот Кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста сот жүйесінің ұйымдастырукадрлық мəселелері қарастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды жəне ұсынымдары берілді. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі

Ќазаќстан əйелдерініѕ əлеуметтік мəртебесі биік Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Қазақстанның Іскер əйелдері қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған IV Еуразиялық əйелдер саммиті басталды. Оған Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова, ПремьерМинистрдің орынбасары Дариға Назарбаева, депутаттар, шетелдік қонақтар, Ұлттық комиссияның мүшелері, еліміздің барлық өңірлерінен келген 500-ден астам кəсіпкер əйелдер, мемлекет басқаруындағы ірі компаниялардың жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Саммитті ашқан Қазақстанның Iскер əйелдерi қауымдастығының төрайымы, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық

саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Раушан Сəрсембаева қатысушыларды аталған құрылымның 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, əйелдердің қоғамдағы рөліне, ұрпақ тəрбиесіндегі, елімізді дамытудағы белсенді

жұмыстарына тоқталды. Сондайақ, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы арқасында қазақстандық əйелдердің көптеген табыстарға қол жеткізгеніне назар аударды. Мінбеге көтерілген Гүлшара Əбдіқалықова Қазақстанның Іскер əйелдері қауымдастығының еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын, ұйымның Елбасы саясатын қолдаудағы белсенді əрекетін, осы жыл дар аралығында қауымдастық Президенттің гендерлік теңдік бағытындағы стратегиясын орындауда сенімді серіктес бола білгенін атап өтті. (Соңы 4-бетте).

Мəңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мəңгілік Елдің іргетасын қаладық. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Серік НЕГИМОВ.

Заманында Ұлы Даланы дүбірлеткен ер түріктің бүгінгі ұрпағы сол байырғы байтақ далада Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ғибратты, тағылымды той өткізді. Ата тарихын танып-білетіндей, ел санасына сіңіретіндей ұланғайыр шаралар өтті. Дүйім жұрт байтақ тарихының, ел билеген хан дарының, сөз ұстаған биле рінің, қол бастаған көсем дерінің болға нына тағы да көздері жетіп, мəз болысты. Əдеттегідей абыр-сабыр үй тігіп, көшіп-қонып ешкім əбігерге түскен жоқ. Тойдан жар қын із қалды. Құлаш-құлаш мақа лалар, том-том кітаптар жазылды. Хандық орнаған өлке – құт мекен Жамбыл облысы, көне Тараз екі мың жылдықтан кейін қайта түледі. Сөйтіп, еліміз, Отанымыз үшін, ұлан-ғайыр байтақ тарихымыз үшін, Ұлы Даланы дүбірлеткен бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігі үшін бəрімізді мақтаныш сезімі биледі. «Қазақ тарихы – ешкімнен ұялмайтын тарих, үнемі бірігу, тұтастану тарихы. Біз – Ұлы Даланың перзентіміз», дейтін Елбасының сөзіне қайта қанықтық, қайта жігерлендік. Қыркүйектің он бірі күні Астанада, Тəуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Сол тарихи жиында Елбасы: «Біз – Ұлы Даланың мұрагерлеріміз», деп тебіреніп сөз сөйледі. «Мəңгі елдігіңді сақтау», «Ел ұстап төрелік ету», «Барлық сөзімді айтар, мəңгі тасқа бастым», «Ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы еді», «Көкте Түрк Тəңірісі, Түрктің қасиетті жері, суы», «Түрк халқы жойылмасын, Ел болсын» дейтін Күлтегін жазуындағы кемеңгерлік толғамдар Елбасының сөзінде ақ алмастай қайта жарқырады. Замана толғатқан, ғасыр тудырған, халықтың арман-тілегінен жаралған асыл тұлға: «Батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету жəне тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін елдігіміздің іргетасын одан сайын бекітіп, ұлт, тіл, дəстүр, діл, дін тұтастығын көздің ағы мен

қарасындай сақтап, бойтұмардай ұстап, Қазақ елінің айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың керемет, кесек қимыл-əрекеттерін, отаншылдық рухын шалқар шабытпен, ғұламалық, білімпаздық зердемен, мейірлене толғап, байырғы бабаларымыз бөрілі бай рақ ұстап, Байкалдан Балқанға дейінгі алқапты еркін жайлағанын, Қазақ хандығы «Еуразияның Ұлы Даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы Түрік хандығы, Дешті-Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері», екенін айрықша қадап айтты. Елбасының ерекше лебізі көпшіліктің көңілін, жүрегін теңіздей толқытып, қиялына қанат байлап, намысын қайрап, жігер отын тұтатты. Кешкісін «Барыс» көпфункциялы жаңа мұз айдынында өткен Елбасының «Тарих толқынында» кітабының алтын арқауына құрылған ғажайып театрландырылған қойылымда тарихи сана-зерде айнасында мыңжылдықтардың мəдени жады тізбектізбегімен қопарыла қайта тірілді. Баба тарих, Ұлы Дала елі, Алтын Орда мен Қазақ хандығы, Тəуелсіз Қазақстан заманы дүние төрінен, дəуір биігінен сөйлеп тұрғандай болды. Мыңжылдықтар тарихы, бүгінгі «ұлы түркі елінің қара шаңырағы», «тарихымыздың жаңа шамшырағы», «Ұлы Дала елі» – Қазақстанның аршынды қадамдары, тыныс-тіршілігі тұтастай айшықты суреттелді. Тарих толқындарындағы Қазақ елінің этномəдени тұтастығы, тарихи-тəжірибелік таным тереңдігі, ұлттық сана, яғни ұлттың жан-жүрегі, дəстүрлі мəдениеті болғаны, ел басқару жүйесі бəрібəрі барынша кемел, толық сипатталды. «Мəңгілік Ел» қойылымының «Сақтар. Сарматтар. Ғұндар» дейтін бірінші бөлімінде көрермендердің көз алдына тарих тұңғиығындағы мыңдаған жылдар бұрынғы мемлекет келешегін діттеген өжет, өнерлі аталардың жолы Құс жолындай сайрап, қиял құстарын қалықтатты. Ел ұйыды, сілтідей тынып қызықтады. (Соңы 3-бетте).

● Заманмен үндес заңғар басылым

Тарихи сананы сомдаєан «Егеменнің» шыға бастағанына да 100 жылға жақындап қалыпты. Аз уақыт емес. Қыруар іс атқарылды. Соның ішінде маған етене жақыны, газеттің кезекті санын қолыма алған сайын қарайтыным – тарихи тақырыпты қозғайтын мақалалар. Биыл арғы-бергі тарихымызды жаңаша ой елегінен өткізуге тамаша мүмкіндік туды. Қазақ хан дығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы «Егеменнің» бетінде үздіксіз əрі кесек-кесек мақалалар арқылы зерделенді, насихатталды, пікір алмасуға шылбыр ұстатты. Бұлармен танысқан ұлтжанды, мемлекетшіл оқырман өзіне керегін тапты деп ойлаймын. Мектеп оқушысынан зейнеткерге дейін ұлт тарихына бейжай қарамайтынын, əрбір оқиға мен есімнің ар жағында адам тағдыры жатқанын, елдегі ынтымақ пен тұрақтылыққа тікелей əсер ететінін тебіреніспен, үлкен жауапкершілікпен жазуы, менің ойымша, тəуелсіздік идеялары мен құндылықтары сананы билеп алғанын куəландырады.

Тарих пен нарықтың үйлесім табуы оңай емес екен. Тарих адам дардың жан дүниесін нұрлан дыруға қызмет етеді, ал нарықтың көздегені – табыс. «Еге мен» нарық тық қатынастардан тыс тұр ған жоқ. Соған қарамастан бұрмаланған, жоғала жаздаған тарихымызды түгендеуге осыншама қайрат қылуы – ардың да, ердің де ісі. Тарихи санамыз түзелмей, өткеннің тағылымын білмей, бүгінгі азды-көпті қиыншылықты айқай-аттанға айналдыру оп-оңай. Тарихпен ойнау отпен ойнағаннан да қауіпті. Демек, еліміздегі бас басылым көрсетіп отырған үлгімен тарихи сананы сомдау – ұлттық қауіпсіздігімізді дəйектеудің алтын арқауы. Халқына қызмет етуде жаңсақ басуды білмеген «Егемен Қазақстанның» жолы бола берсін. Ханкелді ƏБЖАНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі.

АЛМАТЫ.


2

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

Еліміздіѕ басты ќаржы ќўжаттары ќабылданды (Соңы. Басы 1-бетте).

Ќор басшылыєымен кездесті (Соңы. Басы 1-бетте).

Есепті кезеңде Қор 24500ден астам адамды қамтыған 46 əлеуметтік, ғылыми, мəдени іс-шаралар өткізді. Тағы 17 іс-шараны жыл аяғына дейін өткізу жоспарлануда. Жыл сайынғы «Əлеуметтік идеялар мен жобалар» жəрмеңкесінде Қазақстан өңірлерінен 22 үкіметтік емес ұйым Қордың қаржылық қолдауына ие болды.

Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды əлеуметтік бейімдеуге жəне сауықтыруға, инклюзивті қоғамды дамытуға, түрлі этнос өкілдері арасындағы достық, татулық жəне келісімді нығайтуға, отбасының əлеуметтік ортадағы (социумдағы) мəртебесі мен рөлін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылды. «Мектепке жол» қайы рымдылық шарасы аясында тасқын

судан зардап шеккен өңірлерден 1000 бала 1 қыркүйекте оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құралдар алды. Балаларды қорғау күнінде жетім жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған 300 балаға сыйлықтар берілді. Өңірлік арнаулы мектеп-интернаттардағы мүмкіндігі шектеулі 1300 бала «Аман келешек» атты балалар мəдени-спорттық фестиваліне қатысты.

Қор, сондай-ақ, шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға жəне ғылыми-зерттеулер жүргізуге 9 грант бөлді, мəдениет пен ғылымның жас қайраткерлеріне 20 сыйлық тағайындады. Қазақстан қалаларының белсенді əрі талантты 80 студентіне дəстүрлі стипендиялар берілді.

–––––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Аймаќ алдында ауќымды міндеттер тўр (Соңы. Басы 1-бетте). Ауыл шаруашылығындағы қант қызылшасы егістігі 4020 гектарға дейін ұлғайды, Көксу қант зауыты іске қосылды. Мал шаруашылығында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 50-100

бас малы бар отбасылық тауарлысүт фермаларын құру ісі ынталандырылуда. Шағын жəне орта бизнесті дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарлама аясында 360 компания қаржылық қолдауға ие болды. 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Аудандардың дамуындағы əркелкілікті азайту мақсатында

11 өнеркəсіп алаңы құрылып, экономикалық өсімнің жаңа ошақтары қалыптасуда. Алакөл жəне Балқаш көлдерінің жағалауын дамыту үшін электр желісі тартылып, автокөлік жолдары жөнделуде. Теміржол қатынасы ұйымдастырылды, енді əуе қатынасын ашу да жоспарланып отыр. Білім беру саласында апатты

жағдайдағы мектептерді жою жұмыстары жүзеге асырылуда. 2018 жылға дейін үш ауысыммен оқыту толығымен жойылады. Биыл жекеменшік инвестициялар есебінен 83 балабақша ашу жоспарлануда. Соның нəтижесінде, балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметімен қамту деңгейі 77 пайызға жететін болады.

Кґшбасшы болу – заман талабы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Лидер болу – уақыт талабы» тақырыбында іс-шара өтті. Парламент Мəжілісінің депутаттары, Астана қаласы білім басқармасының əдіскерлері, үкіметтік емес жəне білім беру ұйымдарының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысқан жиын барысында Н.Назарбаевтың тұлғалық феноменін зерттеу жəне еліміздің тəуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктері төңірегінде əңгіме қозғалды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали жастардың бойын да көшбасшылық қасиетті қалыптастыру мəселесі бүгінгі күн талабына сай өзекті болып отырғанын жеткізді. «Өз саласының көшбасшысы болу, əрине, заман талабы. Ал біз бен сіздің міндетіміз – өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына белсенді өмірлік ұстанымды бекіту, болашаққа деген ұмтылыс тарын оятып, талпыныстарын ұштау. Біздің музей 6 жылдай Тұңғыш Президент феномені төңірегінде жан-жақты зерттеу жүргізіп келеді. Бұл бағытта біз Астанадағы бірқатар мектептердің оқушылары мен «Жас Отан» жастар

қанатының белсенді мүшелерінің қатысуымен «Елбасытану», «Көшбас шылық қасиеттерді қалыптастыру» тақырыптарында топтық курстар өткіздік. Бұдан бө лек, «Ақиқат» дебат клубы да бұл мəселе төңірегінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен де көптеген шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да білім беру мекемелерімен, қоғамдық құры лым дармен осы бағыттағы өзара əріптестігімізді одан əрі жалғастырып, нығайта түсеміз деп ойлаймын. Себебі, ақыл-білім, күш-жігер, жақсы мінез-құлық əр жастың бойынан табылса, ол кез келген елдің ілгерілеуіне ықпал етеді», – деді А.Сағынғали. Парламент Мəжілісінің депутаты Əсима Бимендина

жастардың қоғамдағы, мемлекетті алға жылжытудағы рөлі турасында өз пікірін былайша білдірді. «Жастар – Отанымыздың болашағы. Келешекте елге тұтқа болатын да солар. Біз Астана бой көтерген күннен бері Тұңғыш Президент Музейімен тығыз қарым-қатынас орнатып келеміз. Бұл күні біз өз тарихымыз жайында тереңірек білуге мүмкіндік аламыз. Тұңғыш Президент күні – бұл ел тəуелсіздігінің бір көрсеткіші десе де болады. Бұл күнді тəуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктердің айғағы деп те айтуға болады. Біздің халқымыздың қазіргі дең гейі, Отанымыздың дамып, өркендегені, Астанамыздың гүлденгені осы Тұңғыш Президент күнімен байланысты деп ойлаймын. Егер жастардың бойында елі мен жеріне деген ұлтжандылық сезім болса, олар өз Отанының, туыпөскен жерінің тарихын білетін болса, көп кітап оқып, білім алса, ата-анасы мен ұстаздарын құрметтеп, сыйласа, олар үлкен белесті бағындыра алады. Себебі, қазіргі заман – білімділер, дарындылар заманы», –деді Ə. Бимендина. Осылай дей келе, ол

Елбасының «Мəңгілік Ел» идеясын дамыту үшін, ең алдымен, жастарға үлкен жауапкершілік артылатынын атап өтті. Ал Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы педагогтар кеңесінің мүшесі, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Жабай Нұрмақұлы іс-шараға қатысушылар алдына шығып, «Елбасының əлемдік экономиканың даму тəжірибелерін пайдалануы жəне Қазақстан жолы» тақырыбында сөз сөйледі. «Лидер болу – уақыт талабы» тақырыбында ұйымдастырылған жиынның маңызы зор. Себебі, кез келген мемлекет іргетасының берік болуы Президентке байланысты екені сөзсіз. Ал сендер болашақ көшбасшылар ретінде бұл қасиетті осы бастан бойларыңа сіңіріп, заман көшіне ілесуді ойлауларың керек»,– деді Ж.Нұрмақұлы. Жиын аясында Тұңғыш Президент Музейінің қызметкерлері көшбасшылық қасиет, ең алдымен отбасында қалыптасатынын айта келе, білім беру ұйымдарымен бірлесе жүргізген зерттеу жұ мыстарының нəтижелерін көрсетті.

Партия ќатарында – жаѕа мїшелер

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жəне еліміздің Тəуелсіздігі күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы өз қатарына жаңа мүшелерді қабылдауды дəстүрге айналдырған. Соған сəйкес кеше де партия Орталық аппаратының ғимаратында елімізге танымал адамдарды партия қатарына қабылдау салтанаты болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қолынан мүшелік билеттерін он үш адам алса, олардың қатарында əдебиет пен өнер саласының көрнекті өкілдері, спорт шеберлері, бизнесмен мен журналистер бар. А. Мырзахметов жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде нұротандықтар қатарының миллиондық межеге жақындап қалғанын тілге тиек ете келіп, мүшелік билеттерін алған əріптестерін шын жүректен құттықтады. «Жыл сайын партияға деген ел сенімінің артып келе жатқаны үлкен қуаныш. Əсіресе, өздеріңіздей əдебиет пен мəдениет, өнер, спорт, т.б. салаларда толайым табыстарға қол жеткізіп, ел мақтанышына айналған айтулы тұлғаларымыздың партияға өтуінің маңызы біз үшін өте зор. Сіздердің бұл шешімдеріңізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына қолдау білдірген ниеттеріңіз ретінде қабылдаймын», – деді Асқар Исабекұлы.

Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев болып табылатын «Нұр Отан» партиясының қатарында қазір 868 мыңнан астам мүше бар екен. Сонымен де ол еліміздегі ең ірі саяси ұйым болып отыр. Оның құрамында 5643 бастауыш партия ұйымы, ірі кəсіпорындарда 4 филиалы жəне бастауыш партия ұйымының базасында 13 филиалы бар көрінеді. Жоғарыда атап кеткеніміздей, партия қатарына өткендердің барлығы да елімізге кеңінен танымал адамдар. Олардың ішінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман, белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Ақ сұң қарұлы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, ақын Ауыт Мұқибек, спорт саңлағы – Қазақстанның үздік футболшыларының бірі Давид Лория, «Түйе балуан» жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Нұрлан Керімбаев, эстрада əншісі Маржан Арапбаева, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актері, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нұркен Өтеуілов, 2015 жылғы сайлауда Президенттің сенімді өкілі болған «Global Eagles» ЖШС бас директоры Дастан Нүскенов пен БАҚ өкілдері – «Қазақстан» РТРК» АҚ ұлттық телеарнасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шым кент» теле арнасының бас директоры Уəли Қыдыр жəне «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редакторжүргізушісі Ирина Тен бар. Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман өзінің сөйлеген сөзінде қазақ халқының мұрат-мүддесіне, əлемдегі ең озық елдер қатарына қосылуға ұмтылған мемлекетімізге «Нұр Отандай» қызмет етіп келе жатқан ешбір саяси ұйым болмай тұрғандығын атап өтті. «Партияның саясиəлеуметтік құрылысымызды, экономикалық əлеуетімізді жетілдіре отырып, тарихымызды тү гендеп, дəстүріміз бен салтымызды, тіліміз бен дінімізді сақтауға жұмсап отырған күш-жігері көпшіліктің көзқарасымен үйлеседі. Мемлекетіміздің ішкі-сыртқы ынтымағы, бейбіт өмірі осы партияның дұрыс саясатының

арқасы. Республикамыздың тағдырына алаңдайтын əрбір саналы азамат «Нұр Отанның» қатарынан табылуы керек», деді ол. Ал ақын Ауыт Мұқибек партияның уақыт сынынан өткен, халық сеніміне ие өте қуатты саяси ұйым екенін алға тарта отырып, шетте жүрген қандастарымызды Елбасы төңірегіне топтастыру үшін партия қатарына өту жөнінде шешім қабылдағанын жеткізді. Сондай-ақ, жиналғандар алдында басқалар да өз пікірлерін білдірді. Мəселен, өзінің сөзінде «Ертіс» клубының қақпашысы Давид Лория былай деді: «Мен «Нұр Отанның» халықтың игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанын жақсы білемін. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында біз, спортшылар нақты көмекті сезінудеміз. Елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінген. Ел Президентінің Жолдауында бұқаралық спортты жандандыру туралы жақсы айтылған... Мен – грузинмін. Ұлты мен діни сеніміне қарамай, барлық азаматтарға тең жағдай жасалған Қазақстанда туғанымды бақыт санаймын. Елдегі барлық ұлттар болашақ Қазақстанның іргетасын бірге қалап жатырмыз». Жалпы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде партия қатарына қабылдау салтанаты өтіп жатқанын айта кеткен жөн.

əлеуметтік қорғауға арналған шығыстар 6 527 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2016-2018 жылдары 2 198,8 миллиард теңге болатындығын да айта кету керек. Оның ішінде 2016 жылы – 700 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ал білім мен ғылымға бағытталатын шығыстар 2016-2018 жылдары – 1 165,4 миллиард теңге, 2016 жылы 399,3 миллиард теңге болып белгіленген. Бұдан басқа, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңін, «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020»,

миллиард теңгеге 2014 жылғы есептік деректерін нақтылауы есебінен жоғары көрсеткішке ие. Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларында экономикалық өсудің 1,0 %-ға дейін бəсеңдеуін ескере отырып, ІЖӨ-нің нақты өсуінің 2015 жылғы болжамы 1,5%-дан 1,2%-ға дейін төмендетілген. Ішкі жалпы өнім өсімінің төмендеуіне өнеркəсіп өндірісінің 2014 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға қысқаруы, мұнай өндірудің 1,5 млн. тоннаға төмендеуі əсер еткендігі белгілі болып отыр. Жалпы, 2015 жылы нақтыланған жоспар бойынша 79,0 млн. тонна мұнай өндіру көзделген. Ал өнеркəсіптік

аймақтарды дамыту жəне басқа да бағдарламаларды қаржыландыру жалғасатыны да нақты айтылды. «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 20152019 жылдарға арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылауға байланысты əзірленген. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайыновтың айтуынша, əлемдік экономика мен тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдайды жəне осы жылдың 10 айындағы Қазақстанның экономика салаларының даму қоры тын дыларын ескере отырып, Үкімет 2015 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын нақтылаған. Вице-министр үстіміздегі жылы мұ найға əлемдік баға төмендегенін, биылғы жылдың қаңтарқазан айларында мұнайдың орташа бағасы барреліне 54 АҚШ долларын құраса, 23 қарашада «Brent» маркалы мұнай бағасы бар реліне 44 АҚШ долларына дейін құлдырағанын атап көрсетті. Сондықтан да, макроболжамды нақтылау кезінде 2015 жылы мұнайға əлемдік баға барреліне 50 АҚШ доллары деңгейінде сақталған. Сондай-ақ, металл бағалары өткен жылмен салыстырғанда 19,8%-ға төмендеуі ықтимал екен. Доллардың орташа бағамы 300 теңге дең гейінде болуын ескере оты рып, 2015 жылы АҚШ долларының есептік орташа жылдық бағамы 185 теңгеден 220 тең геге дейін өсірілгендігі де атал май қалмады. Үстіміздегі жылы номиналды ІЖӨ 41 701,2 млрд. теңге көлемінде бағаланып, ол ақпандағы болжамнан 393,6

өнім өндірісі мен сыртқы сауда көлемдерінің төмендеуі салдарынан көрсетілетін қызметтер саласындағы өсім 2,5%-ға дейін бəсеңдегені белгілі. Ауыл шаруашылығындағы өсім 5 жəне құрылыс жұмыстарының өсімі 4,5 пайыз деңгейлерінде болады деп күтілуде. Экспорт көлемі 2015 жылы өткен жылмен са лыстырғанда 39,2%-ға төмендеп, 48,8 миллиард долларды құраса, импорт 21,0 пайызға төмендеп, 34,4 миллиард доллар деп болжануда. Ал инфляция 2015 жылғы 6-8%-дан 8-10%ға дейін көтерілген. Бұл орайда, 2015 жылғы республикалық бюджет кірістері 3 174,2 миллиард теңге мөлшерінде бағаланса, бұл бекітілген жоспардан 45,8 миллиард теңгеге төмен болып отыр. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері бекітілген 1 702 млрд. теңге деңгейінде сақталады. Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешіміне сəйкес, Ұлттық қордан берілетін 2015 жылға нысаналы трансферт мөлшері республикалық бюджет құрамындағы бұрын бекітілген 783,5 млрд. теңгеден 755,3 млрд. теңгеге дейін азайтылған. Республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд. теңге мөлшерінде немесе ІЖӨге қатысты 3,0% деңгейінде сақталады. Үкімет мүшелері баяндамалар тыңдалған соң депутаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Баяндамашылардың егжейтегжейлі ақпараттары мен жанжақты пікірсайыстардан кейін сенаторлар еліміздің басты қаржы құжаттарын қабылдады. Сенат, сондай-ақ, басқа да бірнеше заң жобасына қатысты шешім шығарды.

Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рəсімі өтті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілген шараға партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов, партия хатшысы, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

спорт жарыстарын əрі қарай дамыта беретінін айтып, оған қолдау көрсетіп келе жатқан Мəдениет жəне спорт министрлігіне, «Нұр Отан» партиясына, «СамұрықҚазына» қорына, ұлттық ойындарды дамытуды ойынан шығармайтын облыстық əкімдіктерге, кəсіпкер азаматтарға алғысын айтты. – 2015 жыл ұлттық спортымыз үшін табысты жыл болды. Ұлттық спорттың барлық түрінен жарыстар ұйымдастырылып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды. Бəйге, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлері тар шеңберден шығып, халықаралық деңгейге өсті. Ұлттық спортымыз шетелде де дамып, еліміздің имиджін көтеруге ықпал етуде. Ұлттық спорттағы жетістіктеріміз ұлттық құндылықтарды қолдап, дəстүрімізге мəн беріп жүрген Елбасының жəне барша азаматтардың қолдауының арқасы деп білемін, – деді Қ.Сатыбалды. Рəсімде партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов «Елжан» төсбелгісін Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаевқа, Алғыс хатты «Қазақстан» РТРК төрайымы Нұржан Мұхамеджановаға табыс етсе, партия хатшысы, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы көкпардан «Əулиеата» командасын «Үздік көкпаршылар», Ром Əуесханды «Үздік ұйымдастырушы» атағымен марапаттады. Ал биыл ұлттық спорт түрлері нен үздік көрсеткішке жеткен 11 спортшыға «Алтын тұғыр» кəдесыйы табыс етілді.

Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық басым бағыттары туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары сөз қозғаса, Қаржы министрі 2016-2018 жылдарға арналған үш жылдық бюджеттің негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді. Ал Ұлттық банк төрағасы ақша-несие саясаты туралы жан-жақты хабардар етті. Сонымен, үш жылдық бюджетті жобалау параметрлерін қайта қарау жөніндегі Мемлекет басшысы мақұлдаған тəсілге сəйкес Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 2 400 миллиард теңге көлемінде айқындалғаны мəлім. Бұл ретте 2016-2018 жылдар ға Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшер лері Ұлттық қорда төмендетілмейтін қаражаттың қалдығы жөніндегі шарттың орындалуын тиіс ті қаржы жылының соңына дейін ішкі жалпы өнімнің болжамдық мəнінен 30 пайыз мөлшерінде қамтамасыз ететіндігін айта кету керек. Сондай-ақ, 2016-2018 жылдар ға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында əлеуметтік жəне экономикалық міндеттемелердің орындалуы жəне Елбасының тапсырмаларына сəйкес жаңа шығындардың қарастырылатыны да белгілі болып отыр. Осы орайда, түсімдер 2016 жылы – 6 943, 2 миллиард теңге, 2017 жылы – 7 523,6 миллиард теңге жəне 2018 жылы 7 068,9 миллиард теңге көлемінде қарастырылған. Бюджет тапшылығын төмендету саясатына сəйкес ішкі жалпы өніммен салыстырғанда 2016 жылы 1,6 пайыздан 2018 жылы 1,0 пайызға дейін қысқарту көрініс тапқан. Тапшылық абсолюттік мəнде 2018 жылы 552,3 миллиард теңгеге дейін төмендейді деп күтілуде. Ал 2016 жылы ол 723,4 миллиард теңгені құрайды деп жоспарланған. Бюджет жобасы базалық шығыстарды елеулі қысқарту жағдайында қалыптастырылған. Нақтылап айтқанда, түсімдер мен тапшылықтарды ескере келгенде, бюджет шығыстарының болжанатын сомасы 2016 жылы 7 666,7 миллиард теңгені, 2017 жылы 8 124,4 миллиард теңгені жəне 2018 жылы 7 621,1 миллиард теңгені құрамақ екен. Орайы келгенде Елбасы тапсырмасына сəйкес бюджет жобасында мемлекеттің əлеуметтік сектордағы міндеттемелері толық көлемде сақталғанын қаперге сала кеткен орынды. Жəне де бюджет 2016 жылы 416,0 миллиард теңге деп көрсетілсе, ал 2018 жылы оның көлемі 747,7 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Бұл жерде халықтың анағұрлым осал топтарын қолдау мақсатында жəне инфляцияның жылдық орташа деңгейін ескере отырып, жалпы сомасы 93,9 миллиард теңге қосымша шығыстармен зейнетақы төлемдерін ұлғайту қағидаты сақталған. Үшжылдық кезеңде халықты

Ўлттыќ спорттыѕ їздіктеріне ќўрмет Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Рəсімде А.Мырзахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясатының арқасында халқымыздың салт-дəстүрлері мен тарихымыздың түгенделіп, ұлттық спорт түрлеріміздің қайта жанданып, дамып келе жатқанын атап өтті. – Биыл партияның тікелей қолдауымен Қазақстан Республи касы Конституциясының жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана қаласында Теңге ілуден I ашық Азия чемпионаты жəне Асау үйретуден республикалық турнир, сонымен бірге, Астана қаласында аламан бəйгеден екінші рет Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Алтын тұлпар» республикалық турнирі жəне қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі ұйым дастырылды, – деді А.Мырзахметов. «Елімізде ұлттық құнды лық тардың қарқын алып, қайта

жанданып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін «Нұр Отан» партиясы қолдап, оның насихатталуы мен дамуына барынша үлес қосады. Ұлттық жарыстардың үздіктерін анықтап, жылдың қорытындысын шығару мақсатында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы қалыптасқан дəстүр бойынша биылғы жылы да үздік спортшыларға «Алтын тұғыр» сыйлығын табыстау салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып отыр. Партия осындай шараларды, елімізге пайдалы əрбір істі əрқашан қолдайды», деді ол. Салтанатты шарада «Нұр Отан» партиясының хатшысы, Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы елімізде атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық спорт түрлерін дамытуда қолда бар жағдайдың бəрі жасалып жатқанын, өз жерімізде тарам-тарам ұрпақ арқылы жеткен төл ойындарымызды, спорт түрлерін қолдау, оны дамыту əрбір көкірегі ояу, намысшыл азаматтың бойынан табылатын қасиет болу керектігін, Ұлттық спорт қауымдастығы халқымыздың қазынасы саналатын


26 қараша 2015 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте). Арғы ата-бабамыз – ғұндардың кемелденген, өркен жайған, құдіретті державаға айналған заманы – б.з.д. IV-III ғасырлар. Ғұндар мен қытайлар ондаған ғасырлар бойы арпалысты. Небір ерлер тарих сахнасына шықты. Сайыпқыран Тұман, оның мың шақырымға шабатын тұлпар мінген баласы, ұлы мемлекет ұйымдастырған, Көкбөрінің қасиеті дарыған Тəңірқұт-Мөденің (Ботахан) кезеңі – Ғұн тарихындағы жарқын дəуір болды. Сол заманда Мөденің əскерінің саны 300 000 сарбазға жеткен екен, Ғұн жерінде темір қорыту, қару-жарақ өндіру, алтын, күміс, қола сияқты асыл тастарды балқыту ісі кең өріс алған; сом алтыннан жасалынған білезіктер, сəукеленің маңдайына тағылатын тəтілер, əдемі алтын белбеулер; алтын, күміс, қоладан жасалған ілгектер, кестеленген қамқа шапандар, мамық ішіктер, қымбат көркем тондар асқан шеберлікпен жасалынған. Тасқа түсірілген бейнелер, жаңа туған лақтың басына ұқсайтын сұлу күміс сырға, салт атқа мінген жауынгерлер, алтыннан қиып жасаған бөрінің суреті; бір өзінде сегіз мыңдай алтын суреттер бар қамқа тон; нəзік əрі келісті нақышталған алқалар, тұмарлар, сəндік түйреуіштер мен қапсырмалар, сақиналар; ою-өрнегі көз сүйсіндірер шыны ыдыстар, көркемдікке қызмет ететін алтын жапырақтар, сырғалар, ат əбзелдері; бояудан, тастан, эмальдан жасалған жəне əралуан көркемдік жəне техникалық тəсілдермен шебер орындалған түрлі-түсті бұйымдар, сауыт-сайман құралдары – арғы-бергі заманда адамзат жасаған өнердің, сұлулықтың қайталанбайтын тамаша үлгісі еді. Ғұндардың дүниетанымына жаратылыстың ғарыштық қуаты, символикалықфантастикалық, табынушылық-мағыналық мəн, геометриялық өрнек-əшекейлер, гармониялық үйлесім, табиғат пен адамның біртұтастығы тəн еді. Ғұн дəуірінде халықтардың ұлы көші Сақтар мен Сарматтар мекендеген Шығыс Еуропаға қоныстана бастады. Рум тарихшысы Аммиан Марцеллиан мен ақын Клавдий Клавдиан ғұндар Азау теңізі мен Мұзды мұхит жағалауында мекендейтінін жəне атқа үйір екендігін жазып қалдырған. Батыс Ғұн мемлекеті билеушілері Руй, Бледа, əсіресе, Еділ батыр тұсында алтынның мол қорына ие болған. Ғұн заманының əшекейлі бұйымдары – Польша, Румыния, Югославия, Чехия, Словакия, Венгрия, Германия жерінде сақталған. Бағзыда Византия елшісі Земарх Ұлы Даланың мəдениеті жайында, асқан зергерлері, тасты бауырша тілетін бəдізшілері (оюшылары), темірге жан салатын ұсталары, қолашылары хақында жазба деректер қалдырған. Бабаларымыз осылай темір балқытқан, шаһар тұрғызған, егін салған. Көшпелі тайпалар мекендеген аймақты Геродот алтын жəне мысқа толы өлке, сақ тайпаларының ойлап тапқан бір ғажабы темір рудаларын балқытудың құпиясын табу деп таныған. Аспан шырақтарын, құстар дүниесін, гүлдің түрлерін, аңның кескінін, ізін, құрт-құмырсқалардың, қару-жарақтардың суреттерін тасқа түсірумен айналысқан қазақтың ертегі жыры қандай сұлу, қызықты болса, оның ағашқа, матаға, киізге, темірге, сүйекке, шыныға, тағы басқаларға түсірген ою-үлгілері сондай қызықты болған. Жəне де олар жұлдыз ғылымымен айналысқан. Аспан шырақ тарының құпиясына құмартып, шаншыла көз тіккен. Елбасы ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын тарихи айғаққа жүгіне отырып, Қазақ хандығының туын көтерген ел перзенттері, ұлт патриоттары Керей мен Жəнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тəуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жəңгір, Əз Тəуке, Абылай хан турасында тебіреніп, қазақтың алғашқы 14 ханының 7-уі жорық жолында қаза тапқанын еске түсіреді. Қазақ хандығы тұсында тарих сахнасына білікті, парасатты хандар, ақылгөй абыздар, əділетті дана билер, айбатынан ай бұққан қайрат ты баһадүрлер дүркіреп шыққан еді. Төле, Қаздауысты Қазыбек, Əйтеке сынды көсем ойлы, тапқыр тілді, билік-кесім шығарған ділмəр шешендердің; «сарыазбан атқа ер салып, сараман дəуір сүрсін» деп Ұлы Даланы қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Малайсарыдай кемеңгер қолбасшылардың сол бір сындарлы заманда өмір сүруі – қазақ халқының асқан бағы еді. Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен Алаш жұртының қаһармандық дəуірі» – деп айтатыны да содан. Тəуелсіздік – қасиетті ұғым, сəулелі құбылыс. Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған Тəуелсіздік ақ қанатты періште сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды. Отанымыз Тəуелсіздік құшағында асқақтап, замана тарихтың ұбақ-шұбақ көшінің нешеме алуан қисапсыз суреттері, тағдыр тəлкегіне душар болған халқымыздың хал-ахуалы, зобалаң-дүрбелеңдері əлгі қойылымда көз алдыңда қайта тізілгендей; «Елім-айдың» зарлы-мұңлы əуені естілгендей; Ұлы Дала – ұлт рухының шарайнасы, бақ-дəулеті, Ай мен Күндей баға жетпес, теңдесі жоқ қазына болып қайта жаңғырды. Орманбеттің: «Еділ – үйдің есігі, Жайық – үйдің жапсары, Түркістан – үйдің төрі» деп жырлайтыны; Қошке Кемеңгерұлының: «Түріктің алтын бесігі – Алтай, ер жетіп,

www.egemen.kz

өсіп-өнген ордасы – Түркістан» деп толғанатыны; Мағжан Жұмабаевтың: «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой» деп жүрегіне бөлеп жырға қосатыны – көпшіліктің туған жерге деген махаббатын күшейте түсті. Бағзы заманғы алтынжалды арғымақ мінген атақты қолбасшы Еділ батырдың, Түркі қағанаты дəуіріндегі Бумын, Естеми қағандар, Елтеріс, Тоныкөк, Күлтегін

əлем қызығатын, ел сүйсінетін игілік мекеніне, халқымыздың қара шаңырағына, жаһан ға танылған жұртымыздың жарқыраған жақұтына, азаттығымыздың алтын қыранына айналды. Астана – ұлт рухының құдіретті ша райнасы. Ол мемлекетіміздің биік мəртебесі, жоғары дəрежесі, бақ-берекесі, елдік пен тұтастық-бірліктің тұтқасы, дербестігіміздің дара тумасы.

арқан ноқтаның ортасында оттай лаулап, Отанын сақтады, Тəуелсіздікті аңсады. Бабалар аңсаған сол арман – мемлекет тəуелсіздігі сан ғасырлар сағындырып, ақ қанатты періште кейпінде елімізге оралды. Халқымыз Нұх пайғамбардың кемесіне мінгендей хал кешкенде, қайшылықтар шырмауына шырмалғанда, замана теңізінен аман алып шыққан кемел ойлы саясаткер, кемеңгер, дуалы

бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мем лекет орнатты. Орнатып, қалыптастырып, дамытып, əлемге танытып, əлемдік қоғамдастыққа мойындатып қана қойған жоқ, мемлекеттіліктің, ел басқарудың өзіндік жаңа қазақстандық мектебін қалыптас-тырды. Өзі де əлем қауымдастығы мойындаған кемеңгерге айналды. Ел алдындағы, өркениет алдындағы осындай аса жауапты міндетті

ЕЛБАСЫ ЖƏНЕ ЕЛ МЎРАТЫ тəрізді қағанат қаһармандарының ерлігі қайта жарқырап көрінді. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен Абылай хан, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай сынды баһадүрлердің, сонымен бірге, ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушылары Сырым Датұлы, ИсатайМахамбет, Кенесарының қан кешудегі, нар кешудегі жорықтары Ұлы Даланы қорғаудағы теңдесі жоқ ерліктің жарқын мысалдары еді. «Сар дала – сары атандай жауыр еді» деп, Жұмекен ақын зар илегендей еліміз теперіштің, небір зұлымдық, небір жыртқыштықтың бəрін көрді. Дала данагөйі Бұқар жырау күнбатыстан бір қорғасындай қара бұлт шығып, қазақ даласын ойран-топыр ететінін көрегендікпен сезінді; зар заман ақындары Дулат, Мұрат, Шортанбайлар отарлық езгінің елге, жерге, дінге, тілге тигізер зиянын зар еңіреп тұрып жырға қосты. Олар дəстүріміздің, эпостарымыздың түбіне балта шабылатынын күні бұрын сезіп, күйінді. Нарманбет Орманбетұлының: Қалмады, ей, Сарыарқа, сенде қызық, Сандал тау, сары өлкені алды мұжық. Қолыңнан келер де жоқ, өнер де жоқ, Баласы байғұс қазақ қалдың мыжып, –деп күңіренетіні содан. Отарлаушылардың қазақтарды қынадай қырғанын, бидайдай қуырғанын, өзен-көлдің, тоғай-орманның ішінен қу дала қырға қуғанын, бейбіт елдің əбігерге түсіп, мекенінен безіп, шұбырындыға айналғанын қобыздай күңірентті. Қазақта ақыл-ойымен, шешен тілімен халқына риясыз қызмет еткен даналар аз емес. Əйтеке бидің дауылпаз үнінде, сегіз қырлы семсердей тілінде: «Біз қазақ деген – бір ұяның балапаны едік, сұңқар болып жетіліп, самғап ұшайық! Біз қазақ деген – бір тоғайдың ағашы едік, орман болып жайқалып, жасылданайық! Біз қазақ деген – бір биенің құлыны едік, тұлпар болып жетіліп, бəйгеден озайық! Біз қазақ деген – бір дастарқан едік, атамекенді түгел қамтиық» дегені бүгін ерекше естіледі. Дананың осы бір сөзінде рух, сезім, сенім, тазалық, ар-ождан шебер, əдемі қиюласады. Қазақтың арғыбергі заманындағы ұлыларының бəрі де ұлтын əлпештеп, сүттей ұйыған бірлігін жүректеріне бөлейді. Сүйінбай ақын да қырғыз Қатағанмен айтысында бүкіл қазақтың атынан сөйлеп, ұлтының рухын аспанға көтерген еді. Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ елдігін баянды етудің, Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнатудың амалдарын жүзеге асырып келеді. Соның бірі – Астананы Арқаға көшіру. Ызы-қиқы заманда, аса бір қиын кезеңде Бас қаланы көшіру – ол кезде ақылға да сия бермейтін, қиялға да келмейтін, теңдесі жоқ ерлік еді. Астана бүгінде – Отанымыздың орталығына орналасқан ғарыштың тап кіндігіндегі Темірқазық жұлдызына, жаңарған Қазақ елінің інжу-маржанына, қасиетті бойтұмарына, ұлан-байтақ даламызға қан жүгіртетін, жан бітіретін күретамырына,

Астана тарихы Елбасының ерен тұлғасын, қайраткерлік, саясаткерлік ісқимылдарын айқын сипаттайды. Астананың бас сəулеткері өзі, қаланың архитектуралық, философиялық-эстетикалық тұжырымдамасын да өзі жасады. Жаһандық сəулет өнерінің жаңалықты құбылыстарына, үздік үлгі ле ріне жүгінді; саяси-əлеуметтік, мəдени-экономикалық мəні өзгеше жаңа елордаға лайық қайталанбас ою-өрнектер, ұлттық нақыштар, сан алуан бояулармен құбылған бейнелі суреттер салдырды. «Астанасына қарап елін таниды. Астанасының қайда орналасып, қалай өркендеп жатқанынан əр елдің өзінің өткені мен ертеңіне деген көзқарасын аңғарып, өзгелерге деген пейілін сезінеді. Сон дықтан да Астана келбеті – ұлт келбеті, мемлекет дидары, халық мерейі. Күллі əлем атын енді жаттай бастаған жаңа Астана біздің жас мемлекетімізге деген назарды екі есе арттыра түсуде. Оның біз жетпек биіктердей өрелі, біз орнатпақ қоғамдай тартымды болып, көркейіп, өсуі жолында бүгіндері небір қарышты қадамдар жасалуда. Біздің жаңа астананы, жаңа астананың бізді ұятқа қалдырмайтынына нық сенеміз» деп, Елбасы Н.Ə.Назарбаев жүрегінің миуа-жемісіндей, жанының бөлшегіндей ардақты Астанасы туралы көкейкесті, жүрекжарды ойын ылғи осылайша өрнектеп, тебіреніп жеткізумен келеді. Ел Президенті Астананың əрбір ғимаратын, əрбір мекемесін, əрбір ауласын көзбен көріп, зердемен бақылап, тыным таппайды. Көзінің ағы мен қарасындай Астанасын аралап, қаланың тағдыры мен тарихына, сəулеті мен құрылысына, рухани-мəдени өрлеуіне қатысты ой өрбітіп, кеңес береді. «Еуразия жүрегіне, қазақ жерінің кіндігіне Ақордасын тіккен Астана – Қазақ елінің өз қалауымен жасаған дербес таңдауы. Біз оны байтақ даланың шын иесі кім екендігін алыстың да, жақынның да есіне салу үшін жасадық. Бұл арқылы біз қазақтың осы бір құйқалы өңіріндегі ұлттық дəстүрді, тілді, өнерді, əдетті, əдепті шайы лудан, жойылудан сақтап қалу үшін жасадық. Біз оны болашақ ұрпақ үшін, еркін еліміз үшін жасадық», – дейді Елбасымыз. Елбасы Сарыарқа төсіне, қазақ жерінің қасиетті төріне Астананы көшіргені тегін емес. Бұл өңірде небір өркениет дамыған. Астананың іргесіндегі Бозоқ қаласы, Ерейментаудағы байырғы хан ордалары осы Ұлы Жібек жолының бойында қоныс тепкен, тоғыз жолдың торабына орналасқан. Түгін тартса, майы шығатын осынау топырақта мыңдаған баһадүрлеріміздің қаны төгілген. Қазақтың соңғы ханы Кенесарының да айтулы шайқасы осында өткен. Олар қазақ халқының келешегі үшін күрескен. Қазақ жері қасиетті, тарихы мен тағдыры тақсыретті жер. Ұлы Даланы бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, құдіретті рухымен қорғады. Əзіз бабалар елдік пен ерліктің ұлы үлгісін көрсетті. Темір ноқта мен

ауыз, ел бастау тəсіліне жетік Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еді. Əлем тарихында жарқын құбылыс, жаңашыл реформатор деп танылған ұлы саясаткер жайында дүние жүзі қайраткерлерінің жарыса жазатыны содан. Ол пікірлердің қай-қайсысы да ел Президентінің пайым-парасатына, ерлік іс-қимылдарына, төтенше шешімпаздығына берілген мейлінше əділ сипаттамалар. Еліміздің тереңінен толғап, алыстан болжар көсемі, сұңқар пейіл басшысы, алтын жебелі сардары Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен іскерлігі арқасында Астана желкілдеп, жаңарып, жаңғырып, ертегідегі алыптардай аршындап алға басып, қарыштап дамып келеді. Елбасының қым-қуыт заманда Тəуелсіз мемлекет орнатуы да, тез арада Астананы көшіруі де – құбылыс еді. Осының бəрін Мəңгілік Ел орнату үшін жасап жатқанына бүгінде көзіміз жетіп отыр. Өзімізді өзіміз бақпасақ – сырттан келіп ешкім, ешқашан бізді жарылқамайды. Сақ заманындағы би атамыздың: «Арманның жолы қиқалаң, Адалдың жолы төте еді; Жақсы-жаман əркімнің арасынан өтеді; араздаспай, таласпай, тату жүрсең не етеді; Ынтымағы бар болса, бұл дүниенің қызығы бəріне түгел жетеді», деген аталы сөзі бүгін де қажет. Елбасының арман-мұраты да – татулық, ынтымақ, бірлік, тыныштық. Біз аздаған жылдарда талай жолдан, талай дағдарыстардан өттік. Қиындық та аз болған жоқ. Соның бəрін де ел бірлігінің арқасында жеңдік. Президентіміз есепсіз көп нəрсені істеді. Тəуелсіздігімізді баянды етті. Абыройлы асулардан астық. Əлемдегі озық елдердің қатарына қосылдық. Халық өз Президентін жүрегінің төріне шығарды. Нұрсұлтан Əбішұлы – Елбасы. Ұлт намысының қамшыгері. Қазір əлемдік саясатты игеруде, экономиканы еңсеруде, өз халқының тарихын, тілін, мəдениетін білуде Президентке тең келетін адам жоқ. Еуразия кіндігінде ұлт пен ұлысты сүттей ұйытып, күнбе-күн келісім мен жарасым шамшырағын жағып отырған – қарқарадай Президентіміздің еңбегі. Мемлекет орнату, оны қалыптастыру, баянды ету, əлемге таныту дейтін күрделі үдеріске қатысуды Алла кез келген кісінің пешенесіне жаза бермеген. Біздер руханият саласында осы бақытқа ие болғандармыз. Бізді баулыған да, елге қызмет еткізген де Нұрсұлтан Назарбаев, сол кісімен бірге келген Тəуелсіздік, Азаттықтың ақ таңы, ата-бабамыздың сан мың жылғы аңсаулы арманы. Қазақ тарихы бұрын-соңды басынан кешпеген, өзіміз де, өзге де таң қалғандай осы құдіретті істің басында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұрды. Алпауыт күштер сырттан андыздап тұрғанда, ел ішінде адам баласы түсініп болмайтын шытырман оқиғалар арпалысып жатқанда, Назарбаев көрегендікпен, көсемдікпен есеңгіреген елдің есін жиып, Ұлы Далада өте қысқа мерзімде

Елбасы, сөйтіп абыроймен орындады. «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деп Абай айтқандай, Нұрсұлтан Назарбаев қолдауға да, қошеметтеуге де тұратын; қалай мақтаса да сыятын, соған лайықты кісі, ортасынан ойы озған, қатарынан қалпы озған азамат. Жас та, жасамыс та анық білетін ақиқат осы. Тарих үшін, əділет үшін бұл шындықты да айтатын мезгіл жетті. Президент Назарбаев – мемлекеттілігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де əлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жететіні сөзсіз. Аумалытөкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрекеңдей азаматтың ұстауы – Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында жетті. Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық. Н.Назарбаев – ұлттық дəстүрде тəрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мəдениетін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тəнімен сүйетін, оның мəртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын аузы уəлі, сөзі дуалы саясаткері. Шынтуайтына келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, текшіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат. Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз – елдігіміз үшін мақтанғанымыз. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының ендігі арманы – Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнату. Ұлы Далада Мəңгілік Ел орнату идеясы бүгін ғана туа қалған жоқ, ықылым замандардан бері, ел орнап, билік пайда болғалы бері жалғасын үзбей келе жатқан əлемдік құбылыс. Адам баласы

3 өмір бойы жұмақ жерді, жұмақ елді, бақытты, еркіндікті іздеумен, аңсаумен келеді. Ол – арман, татулығы жарасқан, береке-бірліктің елін орнатудың, Мəңгі Ел орнатудың идеясы. Назарбаев бұл идеяны халқының байырғыдан бері жалғасып келе жатқан байтақ тарихынан алып отыр. Ол – қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман, Түрк дүниетанымындағы Өтүкен, халқымыз армандаған Жиделі Байсын; Асанқайғы желмаяға мініп шарқ-ұрып іздеген Жерұйық, бақытты өмір, баянды тіршілік. Қытайлар өзін Аспанасты еліміз дейді, яғни аспан асты, жер үсті еліміз деп отыр, Жапондар өздерін Күншығыс еліміз дейді, біз – Ұлы Дала еліміз. Кез келген мемлекетті дамытатын, халықты арманына жетелейтін күш – идея, идеология. Идеология дегеніміз – сол елдің бағдаршамы, адастырмайтын компасы. Егер ол болмаса кеме – мұхитта, ұшақ – көкте, адам жерде адасады. Арғы-бергі тарихта елім мəңгі болмасын деген бірде-бір мемлекет жоқ. Бəрі де соны армандаған. Бірақ жете алмаған. Мұны Елбасы білмей отырған жоқ, біліп айтып отыр. Бізге елді адастырмайтын компас керек болып отыр, елдің ілгергі үміті керек болып отыр, арманға жетелейтін жарқын идея, мемлекеттік идеология керек болып отыр. Бұл идеяны Н.Назарбаев елінің тəуелсіздігін қорғау үшін, Тəуелсіз Қазақстанды дамыту үшін ұсынып отыр, бабалар жеткізе алмаған арманға елін жеткізсем деп отыр. – Егер сен Өтүкен қойнауында отырсаң, Мəңгі ел орнатар едің – деген сөзді «Күлтегін» жырынан оқимыз. Яғни, Мəңгі ел орнатуды бабаларымыз Бумын, Естеми қағандар жетінші ғасырда-ақ аңсаған. Өкініші, басараздық, алауыздықтың кесірінен қағанат құлап, олар арманына жете алмаған. Демек, Мəңгі ел орнату үшін алдымен жердің тұтастығы, елдің ынтымағы керек, ата тарихын ұрпақ санасына сіңіру керек, Ұлы Даланың тарихын сол Ұлы Даланың ұлы тұлғаларынан алып жазу керек. Мəңгілік Ел бір күнде орнай қалмайды. «Мəңгілік Ел» – өміршең, мəңгілік идея. Ол науқаншылықпен, жарлықпен, бұйрықпен орнамайды, ғасырлар бойы қалыптасады. Сол себепті, «Мəңгілік Ел» идеясын өткінші науқанға, еріккеннің ермегіне, жаяу жарысқа айналдырмау керек. Бұл идеяны ұлттың дүниетанымына, санасына сіңіру керек. Өйткені, ол – терең толғанатын, біліп, иінін қандырып жазатын, жылдар бойы тылсымы ашыла беретін ұлы құбылыс. Қазақ – осы Ұлы Далада туып, өсіпөркендеп, талай ұлыс, талай қағанат орнатқан, көнеден келе жатқан байырғы халық. Ұлы Далада керегесін кең жайған, бүкіл əлемге əйгілі Сақ, Ғұн, Түрк қағанаты секілді іргелі ұлыстардың да аталуы əртүрлі болғанымен, солардың бəрінің тегі бір, заты қазақ еді. Біз данагөй, шежіре қариялардың соңын көре қалған ұрпақпыз. Олар «Сақ Ата заманында» деп байтақ əңгіме бастайтын, Сақтарды өзінің атасы санайтын, Сақтардың ұрпағымыз дейтін. Ұлы Дала мектебін, Ұлы Дала университетін, Ұлы Дала академиясын, Ұлы Даланың бұлжымайтын салт-дəстүрін, тозбайтын тағылымын, ғылымын, білімін, тəлімін қазақ мыңдаған жылдар бойы өзі қалыптастырған. Сөйтіп, ұрпақ санасына құйып отырған. Елбасы өзінің Мəңгілік Ел идеясын мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан даналықты да, шешендікті де, көсемдікті де қайта жаңғырту үшін ұсынып отыр. Халқымыздың шешендігі мен даналығын қайта жаңғырту үшін Астанадан алдымен Төле бидің шешендік мектебін, Абайдың даналық мектебін ашып, дарынды балаларды жинап, сонда оқыту керек. Келешек үшін игілікті істің басы осы болады. Ұлы Дала елі – талай өркениеттердің қауыш қан-тоғысқан алтын құндағы. Мəңгілік Ел – Ұлы Далада керегесін кең жаятын ұлы құбылыс. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Ұлы Дала елі» – Мəңгілік Ел» идеясы күрделілігімен, сан қырлылығымен ерекшеленеді. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін терең, байыпты концепция керек. Оның ең басты шарттары: 1) мемлекет территориясының тұтастығы; 2) мемлекеттің қорға ныс қабілеті, ұлт қауіпсіздігі; 3) мемлекеттің тілі; 4) діні; 5) ізгілік, даналық ілімі, ұлы эпостары; 6) ата дəстүр, атакəсіп; 7) халқының ынтымақ-бірлігі. Жуырда Парламент Мəжілісі «Мəңгілік Ел» идеясының заңнамалық негізін қабылдады. Ендігі міндет – осынау идеяның біртұтас жүйесін жасау. Ол жүйеде біздіңше халқымыздың өткеніне, бүгінгісіне қатысты тарихи-əлеуметтік, əдеби-мəдени, философиялық жəне экологиялық құндылықтардың қамтылғаны жөн. «Ұлы Дала елі – Мəңгілік Ел» идеясының кешенді тұжырымдамасын жасауды «Нұр Отан» партиясы қолға алуда. Бұл бəріміз жұмылып қолдай тын игілікті іс. Иə, сөйтіп, елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтулы той өтті. «Мəңгілік Ел» театрландырылған қойылымы халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, көпшіліктің көкейінен шыққан тамаша туынды болды. Ұлы Далада ата тарихымыз, ұлы хандарымыз қайта тіріліп, бүгінгі ұрпақпен қайта қауышты. Тағылымды, өнегелі тойдың алтын арқауы – Мəңгілік Ел идеясына ұласты. Мəңгілікке қарай қадам бастық, құтты болсын! Еліміз мəңгі болсын, Қазақстан қатарының алды болсын!


4

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

Ќазаќстан əйелдерініѕ əлеуметтік мəртебесі биік

Їш тілде білім беру – ўтымды шешім Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың «Жол картасын» қабылдауға қатысты баспасөз мəслихаты өтті. Онда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 79-қадам – білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшудің тетіктері сөз болды. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

(Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру мақсатымен бес институттық реформаны ұсынғанын айта келіп, əйелдердің мемлекет саясатын іске асыруға белсене қатысуының маңызын сөз етті. «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан- 2050» Стратегиясын іске асыру мақсатында 5 институттық реформаны ұсынды. Мемлекет басшысы атап өткендей, маңыздылығы мен күрделілігі жағынан жүзеге асырылуы тиіс реформалар 90-жылдардың басындағы реформалардан еш кем түспейді. Қазақстан əйелдері Елбасы бастамаларына үнемі қолдау білдіріп келеді. Сондықтан халықтық реформаларды жүзеге асыруда əйелдердің рөлін арттыру уақыт талабы деп ойлаймын. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда əйелдердің рөлі аса жоғары, себебі, еліміздің көліктіклогистикалық инфрақұрылымын дамытуға əйелдер қауымы қызу атсалысып келеді. Аталған жобаларға 2 мыңнан аса нəзік жанды тартылған», – деді Мемлекеттік хатшы.

əйелдерді қолдау жөнінде іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, əсіресе, ауылдық аймақтарда жандандыру жайына маңыз берді. Г.Əбдіқалықова шағын жəне орта бизнес субъектілерінің жартысын əйелдер басқарып отырғанын да еске салып өтті. «Еліміздегі шағын жəне орта бизнестің 42 пайызын əйелдер басқарып отырғандығын қуанышпен атап өткім келеді. 1,2 млн. кəсіпкердің шамамен 600 мыңы – əйелдер», – деді ол. Сондай-ақ, спикер қазіргі таңда қазақстандық əйелдердің экономиканың ерлерге тəн салаларында да белсенділік көрсетіп келе жатқанын жəне елімізде ЭКСПО-2017 маман дандырылған халықаралық көрмесіне кəсіпкер əйелдерді қатыстыру тұжырымдамасы жасалып жатқанын жеткізді. Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева əйелдердің отбасылық өмірдің жүгін көтере жүріп, қоғамымыздың дамуына ер-азаматтардан қалыспай үлес қосып келе жатқанын айта келіп, жекешелендірудің екін ші толқынына кəсіпкер əйелдерді белсенді қаты суға шақырды. «Қазіргі таңда жеке-

Сонымен қатар, ол форумға қатысушылар назарын əйелдер кəсіпкерлігін одан əрі дамыту қажеттігіне аударды. Оның айтуынша, осы мақсаттарға 2015 жылы Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлу қарастырылған. Сонымен бірге, əйелдер кəсіпкерлігін қолдау үшін «Даму» қоры шағын жəне орта бизнес субъектілеріне соңғы 10 айда 1 миллиард теңгеден астам қаржылық жəрдем жасаса, Азия даму банкі 2011 жылдан бері 412 кəсіпкер əйелдің жобасын қаржыландырған, сондайақ, Еуропа қайта құру жəне даму банкі жалпы құны 41 миллион АҚШ доллары болатын несие бөлген. Сондай-ақ, ол: «Бұл саммит əлемдік экономиканың аумалы-төкпелі шағында өтіп отыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар баевтың атап өткеніндей, қа зір 2007-2009 жылдардағы дағ дарыстан да жойқын дағдарыс төніп келеді. Оған жауап ретінде елімізді индустрияландыруға жəне экономикалық өсуге бағытталған 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы қабылданды. Экономикалық белсенді xалықтың 48 пайызы, шамамен 4,4 миллионы əйелдер екенін ескерсек, алдымызға қойылған міндеттердің сапалы орындалуы – олардың белсенді қатысуларына байланысты», – деді. Г.Əбдіқалықованың сөзіне қарағанда, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 395 мың жұмыс орны ашылмақ. Жиын барысында Г.Əбдіқалықова бəсекеге қабілетті өнімдер шығару жəне ұсынылатын қызметтер деңгейін көтеру, инно вациялық бастамалар мен жоғары технологиялық бизнес жобаларын жасау жəне оларды енгізу, өңірлердегі кəсіпкер

шелендірудің екінші толқыны басталды. 90-шы жылдары əйелдердің кəсіпкерлік қозғалысы болмады десе де болады. Оған əйелдердің қатысуға мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан, қазір əйелдерді осы жекешелендіруге қатысып, өз үлестерін алып қалуға шақырамын», – деді ол. Үкім ет басшысының орынбасары əлеуметтік салалар бойынша мем лекетпен қарым-қатынас ты ұлғайту қажеттігіне де мəн берді: «Бүгінде əлеуметтік инфра құрылымдар мемлекет иелігінен шығарылады. Оларға балабақшалар, емxаналар, ауруxаналар, мектептер жəне басқа да мекемелер жатады. Əлеуметтік сала – қоғамда зор мəнге ие. Ол адамға тікелей қызмет етеді. Əйелдерсіз мұндай инфрақұрылымдар қалай дамымақ?! Меніңше, ол мекемелерді басқару тек əйелдердің қолынан ғана келеді», – деді Дариға Назарбаева. Одан əрі вице-премьер: «Бізді өзге шығыс өркениеттерімен салыстыруға болмайды. Біз шын мəнінде Еуропа мен Азия ның тоғыс қан жеріндегі еуразиялық əйелдерміз. Бұл бізге ешқандай кедергі келтірмейді, қайта шығыс пен еуропалық дəстүрдің ең үздігін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді. Бұл біздің артықшылығымыз», – деді. Д.Назарбаеваның айтуынша, қазақстандық əйелдер өз уақыттарын кез келген іске арнай алады. «Əйелдер бизнес пен отбасына 24 сағат көңіл бөледі. Ол жұмыс істеп те, отбасына қарап та, күйеуін күтіп те үлгереді. Жиыннан жиынға қатысып, үйде де, түзде де саясатты ойлаумен болады, таңертең тұрғанда сол күйбең – уайымның жетегінде тағы да кете барады», – деді

спикер. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық əйелдердің таусылмас энергиясы мен жылуы Астананы да қатты өзгертіп жіберген. «Құрметті əйелдер, мен сіздерді біздің елордамыз Астанада көргеніме қуаныштымын. Астана климаты соңғы 15-20 жылда қатты өзгерді. Себебі, талантты адамдар көбейіп, «тірі» энергетика пайда болды», – деді вицепремьер. Саммит барысында «Біртұтас Грузия» демократиялық қозғалысы» партиясының жетекшісі Нино Бурджанадзе, Германияға қарасты Баден-Вюрттемберг жерінің еліміздегі құрметті консулы Халлер-Лайбле Доротея, Ұлыбритания өкілі, Еуропа қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) шағын жəне орта кəсіпкерлікті қаржыландыру жөніндегі басқарушы директоры Виецолле Клаудио, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мінберге көтерілді. Нино Бурджанадзе еліміздің бүгінгі таңдағы жетістіктеріне Қазақстан əйелдерінің қосып келе жатқан үлесін, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулардың арқасында əйелдерге мол мүмкіндіктер беріліп отырғанын жеткізді. Ал ХаллерЛайбле Доротея өткізіліп отырған саммиттің өте қажет екенін, əйелдердің өзара кеңесіп, күрделі мəселелерді бірлесе шешуде мұн дай жиындардың пайдасы болмай қоймайтынын айта келіп, қазақстандық əйелдердің қоғамның қай саласында болсын белсенділігіне қызығатынын жасырмады. Өз кезегінде Виецолле Клаудио ЕҚДБ тарапынан шағын жəне орта бизнес саласындағы қазақстандық кəсіпкер əйелдерді қаржылай қолдау үшін 50 млн.

киім-кешек жəне тағы басқалар жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Көрмеге Астана жəне Алматы қалалары мен 14 облыстан келген 20 кəсіпорын қатысты. Көпшілік көрмені тамашалап болғаннан кейін саммит аясында ұйымдастырылған «Нұрлы Жол – жаңа мүмкіндіктер» атты конференцияға қатысты. Бұл басқосу екі сессия бойынша өтті. Оның біріншісі – «Еуразиялық интеграция – экономикалық дамудың табысты стратегиясы», ал екіншісі – «Кəсіпкер əйелдерді мемлекет тарапынан қолдау» тақырыбына арналды. Аталған екі сессия барысын да «Даму» қорының төрайымы Лəззат Ибрагимова, «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қоры» акционерлік қоғамы жəне «Бəйтерек» холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Жанат Бердалина, Еуразиялық экономикалық комиссияға қарасты Интеграциялық даму департаменті директорының орынбасары Саадат Асансейітова, Өз бек станның Микроқаржы саласындағы ұлттық қауымдастық директорының орынбасары Дильдор Əлімбекова жəне басқалар сөз сөйлеп, кəсіпкер əйелдердің жұмысын жандандыруда мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына көңілдері толатынын жеткізді. Осы орайда «Даму» қорының төрайымы Лəззат Ибрагимованың сөзіне назар аудара кетейік. «2015 жылдың көктемінде Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы əйел кəсіп керлердің бизнесте қар қынды өсуін көрсетті. Осы лайша, бағдарлама аясында несие мөлшерлемесін кепілдендіру құралы бойынша əйел кəсіпкерлермен 491 шарт жасалды.

Іс-шараға қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мəриям Мұқатова үш тілде білім беру шеңберінде 7 стратегиялық бағыт қарастырылғанын хабарлады. Атап айтқанда, жоба негізінде нормативтік жəне құқықтық базаны жетілдіру, мəселелерді зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу əрекеттерін күшейту, əдістемелік жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз ету, мамандар даярлау жəне біліктілікті арттыру, институттық қолдау, ақпараттық демеу, сондайақ, қаржыландыру бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі. – Үш тілде оқыту үдерісін енгізуде мамандар даярлау мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мəселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған орай жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық мамандыққа ағылшын тілінде оқитын 500 магистрант жəне 900 студент (бакалавр) қабылдау жоспарлануда.

Одан бөлек, 500 мұғалім мен профессор-оқытушы құрамы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімдерін жетілдіреді. Жалпы, 2020 жылға дейін тілдік курстарда 2 450 оқытушы біліктілігін арттыратын болады, – деді М.Мұқатова. Сонымен қатар, ол бұл салада осы бағытта білім беретін «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» тəжірибесі қолданылатынын мəлімдеді. Оның айтуынша, жоба аясында алдағы уақытта Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА жанынан үштілді білім беру орталығы құрылады. Бұдан бөлек, жоғары сыныптар мен ЖОО-да үш тілде білім берудің бірыңғай тілдік стандартын дайындау жұмыстары қолға алынады. Бүгінде Білім жəне ғылым министрлігі аталған «Жол картасын» жүзеге асырудың жоспары мен жоғары сыныптардың ағылшын тіліне көшу кестесін дайындап қойған. Соған сай 2017-2018 оқу жылынан бастап 5-сыныптарда информатика, жаратылыстану, физика, химия, биология, сыныптан тыс шаралар жəне жекелеген

тақырып бойынша элективті курстар ағылшын тілінде оқытылатынын айтқан М.Мұқатова: – Бұл 9-сыныпқа дейін жалғасып, кейін тілдер бойынша оқытудың деңгейін сырттай бағалау жүргізіледі. Ал 2022-2023 оқу жылынан бастап қазақ-түрік лицейлері, халықаралық мектептер, гимназиялар, лицейлер жəне көптілді мектептер ағылшын тілінде білім беруге көшеді. Келесі 2023-2024 оқу жылында бұл үдеріс жалпы білім беретін мектептерге де енгізіледі. Осы ретте, ағылшын тілінде оқытуға көшу білім беру ұйымдарының таңдауы жəне педагогтар кеңесі мен ата-аналар комитетінің шешімі бойынша жүзеге асатынын айрықша атап өткен жөн, – деді. Сондай-ақ, ҰБА вице-президенті білім беру ұйымдарындағы оқыту тіліне қарамастан «Қазақстан тарихы» пəнін қазақ тілінде, ал «Дүниежүзілік тарихты» орыс тілінде оқыту мəселесі қарастырылып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Білім бағдарламалары орталығының директоры Жанар Əбділдина тəжірибелерімен бөлісіп, кешенді əдістемелік жұмыстардың тиімділігі жөнінде айтты. Ал Білім жəне ғылым министрлігі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халық аралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Гүлзат Көбенова бүгінде Қазақстандағы білім беру жүйесінде аталған салаға қатысты бірқатар инновациялық шешімнің дайын тұрғанын назарға алды.

 Демократия – даму даңғылы

Алєа ќойєан маќсатымыз ґте ауќымды Ерболат САУРЫҚОВ,

«Ауыл» халықтықдемократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы.

Алдағы уақытта елдің экономикалық дамуының локомотиві ауыл шаруашылығы болуы ықтимал. Бұл – ауыл тұрғындарының лайықты еңбекақысы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өніміне əділетті баға жəне ауылға тиісті деңгейдегі əлеуметтік саясат деген сөз. «Ауыл» пар тиясының мақсаты мемлекетімізді жаңа формацияға көтеру, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, ең негізгісі, əлемдік дағдарысқа қара май, экономикалық өсім ді, халқымыздың əлеуетін жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Қарапайым ауыл тұрғындарының тұрмысын көтеру, жағдайын жасау, ауыл мəселесіне көз жүгірте отырып, бар проблемаларды шешудің жолын іздеу де бүгінгі таңда аса қажетті үдерістер. Əлемдегі, елдегі өзгерістер, құбылыстар партия алдына жаңа міндет-мақсаттар қойып отыр. Соңғы айларда Жамбыл облысындағы ауыл-аймақтарды аралап, елдің жағдайын біліп, олардың мəселелеріне назар аудардық. Алдағы уақытта

біздің партия ауылдың білім беру, денсаулық сақтау, спорт, шаруашылық, балабақша, ауыз су, несие мен субсидияға қол жеткізу мəселелері – бəрі-бəрін кешенді түрде қарастыратын болады. Жақын күндерде «Ауыл» партиясының облыстық филиалының құжаттарын əділет басқармасына өткізіп, заңды түрде тіркейміз деп отырмыз. Одан кейін, яғни желтоқсанның 15-іне дейін партияның облыстағы жиынын өткізіп, бағытымызды айқындап алмақпыз. Əлемдегі озық дамыған елдерде ауыл шаруашылығын қолдау арқылы өздерін азық-түлікпен толық қамтамасыз ету негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Біздің елімізде егістік жерден тапшылық жоқ. Жалпы аумағымыз 272,5 миллион гектарды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің көлемі – 93,4 миллион гектар, немесе барлық жер көлемінің 34,2 пайызын алып жатыр деген сөз. Бұл – қазақ елінің үлкен байлығы. Яғни, агроөнеркəсіп кешенін дамытуға зор мүмкіндік бар. Осы мүмкіншілікті ұтымды пайдаланып, еліміздің экономикасының өсуіне жəне халықтың əлеуметтік жағдайын көтеруге бағыттау маңызды. Қазақстан – аграрлы мемлекет. Осыны естен шығармауымыз

керек. Бізде мұнай, газ, көмір, темір жəне басқа да қазба байлықтары қаншалықты мол болғанымен, одан да бағалы, құнды дүниеміз бар. Ол – біздің ата-бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қалдырып кеткен ұланғайыр жеріміз. Елбасы Н.Назарбаев Х Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында «Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы ауданы 90 миллион гектарға жуық жерге ие бола отырып, азықтү лік қауіпсіздігінің жаһандық орталығына айнала алады», – деген болатын. Елбасының тұжырым дамасы еліміздің экономикасын жоғары деңгейге көтеруге бағыт талған. Сондықтан агро өнеркəсіп кешенін дамытуда осы бастаманы жүзеге асыру мəселелері өз шешімін табуы тиіс. Агроөнеркəсіп саласын қарқынды да мы тып, жаһандық орталыққа айналдыру үшін бұл салада мемлекеттік, ұжымдық, өндірістік ұйымдарды, шаруа қожалықтарын, фермерлік серіктестік жəне жеке кəсіпкерлік құрылымдарды қатар қалыптастырып, олардың тиімді жұмыс жасауына мемлекет тарапынан ауқымды іс-шаралар қарастырылуы қажет. Жамбыл облысы.

Аќын жинаєыныѕ тўсаукесері Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

доллар бөлінетінін мəлімдеді. Ал Елена Бахмутова «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қарасты компанияларда қызмет етіп жүрген əйелдердің еңбегі еліміздің дамуына өзіндік оң əсерін тигізіп отырғанын, қордың кəсіпкер əйелдерді қолдау ісінде ауқымды жұмыстар атқарып отырғанын атап көрсетті. Бұдан кейін Гүлшара Əбдіқалықова Қазақстанның кəсіпкер əйелдері өндірген ең үздік тауарлар қойылған «Бизнестегі əйелдер – 20 қазақстандық бренд» атты республикалық көр мені сал танатты түрде ашты. Ал, сам митке қатысушылар қазақстандық кəсіпкер əйелдердің басқаруындағы өндіріс орындарының өнімдерін қызыға тамашалады. Көрмеге қойылған өнімдердің ішкі жəне сыртқы нарықтарда қазақстандық бренд ретінде таныла бастағанын айтып өтуіміз керек. Олардың арасындағы нан, ет, сүт өнімдері, қолөнер бұйымдары, құрылыс материалдары, телекоммуникация жабдықтары, баспа қызметі,

Жалпы несие сомасы 17,3 млрд. теңгені құрады. Бұған қоса, 242,5 млн. теңге сомасындағы субсидиялау бойынша 2000 жобаға қол қойылды», – деді Л.Ибрагимова. Оның мəлім етуінше, бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркəсібі, көлік жəне қоймалау саласы, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы жəне басқа салаларға қатысты. Жиын соңында форумға қатысушылар «Астана Опера» театрына барып, арнайы ұйымдастырылған гала-концертті тамашалады. Қорыта айтқанда, Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ, «Даму» қорының қолдауымен Қазақстанның Іс кер əйелдері қауымдастығы ұйымдастырған саммиттің алғашқы күні табысты аяқталды. Бүгін Тəуелсіздік сарайында саммит жұмысы жалғасады. ––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Күрмеуі көп күрделі тағдырдың сыры таусылған ба?! Біреуге жұмбақ, біреуге қымбат болып көрінетін көмескі тұстары да жетерлік. Бірақ, негізгі мəселе адам атаулының сол өмір сырын қалай түсініп, жұмбағын шебер шешіп, ой толғанысын жұртпен бөлісіп, ортаға салғанында дер едім. Сол тынымсыз тіршіліктің сырын сыбызғыдай құбылтып, қобыздай күңірентіп, домбырадай күмбірлетіп бүгінгі ұрпақтың санасына салып берген айтулы ақындардың бірі, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы десек, артық айтқандық болмас, сірə. Кеше елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада ақынның шығармалар жинағының 7 томдығы жарық көріп, тұсауы кесілді. Жинақтың 6 томына автордың тырнақалды туындыларынан бастап, ақындық жолында жазылған таңдамалы өлеңдері мен поэмалары енгізілді. Ал соңғы 7-томын автордың публицистикалық еңбектері мен əр жылдары берген сұхбаттары толықтырып отыр. Мұнда əдеби үрдістер, əдеби сын жөнінде айтқан сүбелі ой, толғамды пікірлері бүгінгі қазақ əдебиетінің де жай-күйінен сыр шертеді. Ғибраты мол ғұмыр жолында кейінгі ұрпаққа берері көп бедерлі жырлар мен мағыналы мақалалар топтастырылған 7

томдық бұл туындының тұсауын Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Əбдік, Оралбай Əбдікəрімов сынды ел ағалары кесті. Бұдан кейін көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Мырзатай Жолдасбеков інісі туралы ағынан жарыла сөйлеп, қай заманда да басшы мен қосшы ақынын ардақтағанын, əрбір айтқан сөзінде ұрпақ үшін ұлағат барын ұғынып жүретінінен мысал келтіріп, Несіпбектің соңғы кездегі қалам қарымына ерекше тоқталды. Əсіресе, ел тағдыры дегенде елең етіп, жер үшін жең түріп, жауынан жасқанбаған баһадүр батырлар, жұрт бірлігін сақтаған алып ойлы данышпандар, өзге де тумысы бөлек тұлғалар туралы жазған дастандары оның кемел дарын иесі екенін дəйектейтін дəлелдерді поэмаларынан үзінділер келтіре отырып алға тартты. Тұсаукесер рəсімін қазақ журналистикасында сара жол салған

Намазалы Омашев жүргізіп, оған қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, ақынның əдебиет саласындағы үзеңгілес достары мен белгілі қаламгерлер, бір сөзбен айтқанда, қазақ руханиятының жанашыр жандары қатысқанын да естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, оқырман қауымға айта кетерлік тағы да бір қосымша жағымды жаңалықтың бірі сол тұсаукесер рəсімі өткен Ұлттық академиялық кітапханада 6 мыңнан астам кітап жинақталған «Құнды тарту» деп аталған залдың ашылуы болды. Аталмыш залда VIII ғасырдың аяғынан бастап, XIV ғасырға дейін жазылған Құран Кəрімнің тəпсірі сақталған. Оқырман санасына рухани байлық сыйлайтын осындай орталықтың орны қазақ қоғамы үшін қашанда бөлек. Тұсаукесерге келген ұлт жанашырлары ашылып отырған залға өздерінің ізгі тілектерін де білдірді.


БОЛАШАЄЫ БІРТЎТАС ЕЛ

Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен Шотландияның Эдинбург университетін бітіріп келген жас түлек Райхан УСИНАМЕН əңгімелескен едік.

Жаѕа заман жастары

– Райхан Қайыржанқызы, Елбасы бастамасымен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын шын жүрегімен, патриоттық сезіммен қабылдаған нағыз үлгі тұтарлық жастардың бірі өзің деп білейік. Эдинбург университетінің дипломы құтты болсын!.. – Рахмет. Алда келе жатқан Тұңғыш Президент күні, еліміздің Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын. Жалпы, Эдинбург университеті əлемдегі жиырма ең үздік гуманитарлық университеттердің қатарына жатады. Мен оны биыл халықаралық қатынастар мамандығы бойынша университеттің магистранты ретінде бітірдім. Шотландияның астанасы – Эдинбург қаласында орналасқан бұл мемлекеттік университет ЮНЕСКО тізіміне енген. Бір ғажабы, Чарльз Дарвин, Александр Белл, Вольтер Скотт, Артур Конан Дойл, Джеймс Клерк Максвелл, Дэвид Юм, Томас Байес, Біріккен Корольдіктің бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун, Британия Жоғарғы сотының вице-президенті Лорд Хоуп, Американың тəуелсіздік декларациясына қол қойған Джон Уизерспун жəне Бенджамин Раш осы университет түлектері. Сəуір айында университеттің əлеуметтік-құқықтық ғалымдар мектебінің студенттерімен Брюссельге бардық. Ғылыми-оқу сапары барысында Еуропа Парламентінің депутаттарымен кездесіп, Еуропалық Кеңес жəне Еуропалық Комиссияда болдық, НАТО-ның штаб-пəтерінде

лекциялар тыңдауға мүмкіндік алдық. – Бəрекелді! Бұл аудандық əкімдік, тіпті, біздің облыс үшін үлкен мақтаныш. Ауыл баласының оқу-білім іздеген əлемдік жетістігі ұзағынан болсын! – Тағы да рахмет дейін. Əрине, аудандық əкімдіктің қарапайым маманы үшін бұл керемет кəсіби тəжірибе деп ойлаймын. Қазір аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман болып қызмет істеп жүрмін. Өзім 1986 жылы аудандағы Михайловка деген ауылда дүниеге келдім. Əкем Қайыржан инженер, 40 жыл энергетика саласында еңбек етіп, анам Бейіш өмір бойы үй шаруасымен айналысты, яғни біздерді өсіріп, тəрбиеледі. Үлкен əпкем Гүлбаршын білім саласында, қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі, аудан орталығындағы №2 мектепте директордың орынбасары. Ағам Талғат əкеміз сияқты энергетик. – Михайловкада өссең де, ана тіліңді ұмытпапсың... – Шотландияда, Парижде, Лондонда, Бельгияда болдым, мейлі, əлемнің қай жерінде жүрсем де ана тілім – менің баға жетпес байлығым. Айтпақшы, 2013-2014 жылдары Батыс Англия университетінде оқығанда ағылшын тілін де үйрендім. Ал туған тілдің қадірі отбасынан, үйден, ата-анадан. – Өзіңді ауданда «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрайымы деп те біледі ғой?

Бірлік ќайда болса, ерлік сонда Айжан ТУҒАНОВА,

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары.

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деп Елбасымыз айтқандай, Қазақстан – көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған тұғырлы мекен. Иə, жас барыстай қуатты мемлекетіміз əлемге өзін танытып, дамудың қарышты қадамдарын жасаған серпінді ел ретінде мойындалып үлгерді. Ең бастысы, сүттей ұйыған ұлттар татулығының жарқын үлгісіне айналды. Қасиетті Əулиеата өңірі – ежелден достықтың киелі мекені. Жалпы, Жамбыл облысында сексеннен астам ұлттың өкілдері тұрады. Еліміздегі барлық азаматтардың құқықтары бірдей. Ұлттар арасындағы теңдік қана бізді діттеген мақсатымызға жеткізеді. Яғни, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ. Ұлтаралық келісім мен берекеге бастар бірліктің арқасында экономикамыз қарыштап

дамып, тұрмысымыз жылдан жылға жақсара түсуде. Елімізде қолға алынып, жү зеге асып жатқан барлық жұмыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары атты бес институттық реформасының аясында атқарылуда. Бүгінде біз «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» жобасын жүзеге асыру үстіндеміз. Жоба аясында барлық халықаралық стандарттарға сай республикалық мəндегі жолдар салынып, ел əлеуеті біршама арта түспек. Жалпы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында республикада мыңдаған шақырым жолдар салынды. Келешек ұрпаққа аманат болып қалатын бұл жолдарды болашаққа салынған жол деп қабылдауымыз керек. Өйткені, ол бізге ғана емес, сонымен қатар, болашақ ұрпаққа да қызмет ететін болады. Бұл – біздің «Мəңгілік Елге» қосқан үлесіміз. Жолдар – бұл мыңдаған жұмыс орындары, яғни халықтың бақуаттылығы. Халықаралық мəні бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодəлізінің құрылысы қолға алына бастаған алғашқы жылдары, жасыратыны жоқ, халық арасында біршама сенімсіздік пен

– Иə, Михайловкадан орта мектепті бітіріп, 2003 жылы облыс орталығындағы Инновациялық Еуразия университетінің тарих, құқық жəне экономика негіздері мамандығына оқуға түсіп, қызыл дипломмен бітірдім. Сіз айтқандай, Елбасы бастамасына қолдау білдіріп «Дипломмен – ауылға!» деп университеттен соң аудан орталығына келдім. Ауданның мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет жасадым. 2010-2013 жылдары ауданның «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атқарушы хатшысы қызметін де атқардым. Партияның аудандық филиалының Саяси бюро мүшесімін. Қазір Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, институттық реформалар, «Нұрлы Жол» бағдармаласы аясында Қабиболла Аушахманов басқаратын аудан əкімдігі, бөлімдерімен бірлесе белсенді жұмыс жасаудамыз. Əлемдік дағдарыс біздің аудандағыдай өздерінің жергілікті бай өнімдері бар ауылдарға, жұртшылыққа əсер етпейді деп ойлаймын. Өзіңіз келе жатқанда көрдіңіз, Ресейге дейін алып баратын жолымыз жөндеуден өткеннен кейін жарқырап жатыр. – Ал алдағы уақытта барлық салаға өзің сияқты заманауи менеджмент, жаңа маркетингтік стратегия, жаңа мамандар, жаңа басқарушылар келеді. Бұл үдерістердің солай болуы заңды да. Шалғайдағы аудан орталығында жүрсің. Білігің мен біліміңе сай қызметке шақырылсаң, барасың ба? – Елбасы жоғары біліктілігі жəне жеткілікті тəжірибесі бар қызметкерлер жайлы үнемі айтып келеді. Өзіңіз айтқандай, келе жатқан жаңа мамандар, жаңа басқарушылардан қорықпау керек. Өйткені, қазір уақыт басқа, заман күн сайын өзгеріске толы. Жалғыз мен емес, шетелден білім алған, тілдерді үйренген жастар көп арамызда. Жаңа басқарушылар деген осы. Ал, менің оқу-білім алып, ауылыма оралғаным – осында да керекпін деп ойладым. Шотландияда, Бельгияда, Англияда жүргенде де Ертіс өзенінің жағасындағы туған ауыл, ата-анам, əпкем, ағам, достарымды, ертеден кешке дейін бітпейтін тынымсыз жұмысымды сағындым. Бұл жақта қалмаймын ғой, оқып-білім алған соң, ертеңақ, қайтамын деп қоятынмын өзіме. Əрине, жаңа маман, жаңа басқарушылар қатарына қосып, ұсыныс білдіріп жатса, ойлануға болар, бəлкім. Біздер еліміздің болашағы үшін білікті, білімді болғымыз келіп оқыдық. Қазақстандық, отандық маман атанып, елге оралдық. Əрдайым Елбасына рахмет айтамыз. Шетелде жүргенде адамды Нұрсұлтан Назарбаев сияқты Президентіміз, Қазақстан секілді еліміз бар деген сезім жылытады екен. Əңгімелескен Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы, Железин ауданы. ––––––––––––––––––– Суретте: Р.Усина ата-анасы мен ағаінілері ортасында. «Бұл қалай болар екен?» деген алаңдаушылық болған еді. Енді, міне, көзді ашып-жұмғанша сапалы жолмен мыңдаған көлік жүйткіп жүр. Біз осылайша өз халқымыздың күдігін сейілте отырып, өзге елге мемлекетіміздің қуаты мен қауқарын таныттық. Еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болатынына бүгінде ешкімде титтей де күмəн жоқ. Дана халқымыздың «Еркіндік қайда болса, елдік сонда, бірлік қайда болса, ерлік сонда» деген аталы сөзі бар, тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болса, еліміз тарих төрінен табылары сөзсіз. Бүгінде біз – əлем мойындаған, əлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мəдениеті, лайықты салт-дəстүрі бар елміз. Келісім жоқ жерде бірлік жоқ, ал бірлік болмаса, тірлік те жоқ. Қазақстанда ұлтаралық келісім ең жақсы үлгіде жүргізілуде. Сондықтан əлем елдері мемлекетімізден үлгі алуда, біз бұ ған қуанамыз. Елбасы айтқандай, айқын мақсатқа жетер жетістіктерімізді ортақ табыспен сəйкестендіріп, жұмыла жұмыс жасау əрбір қазақстандық үшін маңызды. Оны санамызға серік етіп, жүрегімізбен ұғынуымыз керек. Тұрақтылық негізі – татулық. Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, келісімге жетелейді.

Жамбыл облысы.

Ґнерлі арулар ґрге жїзді Атырауда тұратын өзге ұлт өкілдерінің арулары да шетінен өнерлі екенін «Достық аруы-2015» байқауында танытты. Бұл байқауға 10 ұлттың 12 аруы қатысты. Олар алдымен өздерін таныстырды. Сонан соң би билеп, əн шырқап, көркемсөз оқыды. Тіпті, қуыршаққа арнап көйлек те тікті. Өздері əзірлеген ұлттық тағамдарын да ұсынды. Заңғар жазушы Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» шығармасынан үзінділер оқыды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

– Қазақстанда 12 жылдан бері тұрамын, – дейді бақ сынаушылардың бірі, түрік қызы Жанна Мурадова. Ол қазір «Достық» білім беру орталығында ағылшын жəне түрік тілдерінен дəріс береді. Ал бірінші жүлдеге ие болған Əсемгүл Стомманың анасы – қазақ, əкесі – белорус. Ата-анасы көп жылдан бері Қызылқоға

5

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

ауданында тұратындықтан, осындағы қазақ мектебінде білім алыпты. Қазір №4 мектеп-интернатында жұмыс істейді. Байқаудың екінші жүлдесі удмурт ұлтының өкілі Наталья Михайловаға берілді. С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатында тəрбиеленген əзербайжан қызы Минура Жунусова үшінші жүлдені иеленді. Ол қазір Қ.Дүт баева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде білім

алуда. Болашақта бастауыш сынып оқушыларын білім нəрімен сусындатуды көздейді. – Бұл байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілді. Мақсатымыз – жастардың бойына танымдылық құндылықтарды сіңіру, сонымен бірге, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге үндеу. Байқауға қатысушы арулардың барлығы да

əртүрлі аталымдарға ие болды, – деп атап өтті байқауды ұйымдастырушы облыстық жас тар саясаты мəселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов. АТЫРАУ. ––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

 Əкіммен əңгіме Піл сауырлы Арқаның бір пұшпағын етек-жеңі кеңінен жайылып Шет ауданы алып жатыр. Аумағы 65,7 мың шаршы шақырым болатын ауданның аумағына Еуропадағы кішігірім мемлекеттің өзі емін-еркін сыйып кетеді. Жері құйқа – малға жай, табан асты – кенге бай, теміржолы тарам-тарам, өндірісті, өнген, өскен өлке. Бүгінгі күнгі бір анық нəрсе дүниежүзілік қаржы дағдарысының салқынын бұл аудан да сезе бастаған. Дегенмен, кесе-көлденең келген қиындық атаулыны дендетпеу жөніндегі дереу іс-қимылдардың арқасында аудандағы алаңдаушылық туғызған ахуалдың беті бері қарай бастағанға ұқсайды. Бұған аудан əкімі Рысқали ƏБДІКЕРОВПЕН сұхбат кезінде көзді анық жеткіздік.

Ќиындыќпен кїрестегі маќсат – даму – Рысқали Қалиақпарұлы, əлемдік қаржы дағдарысының салқыны, теңгенің еркін айналымға жіберілуі аудан экономикасына қаншалықты əсер етті? – Қандай да болсын дағдарыс дамуға себепші болады. Осы тұрғыдан келгенде, Елбасы пəрмені мен Үкімет талабына сай біздің ауданда да аталған экономикалық қиындықтарды еңсеру бағытында нақты шаралар қабылданып, жұмыс жүргізіліп жатыр... – Сөзіңізді бөлейін, бүгінгі тығырықтан алып шығар жолдың бірі – өндіріс секторына инвестиция тарту. Бұл саладағы көрсеткіштеріңіз көңілден қаншалықты шығады? – Негізгі капиталға инвестиция тартудың жылдық жоспарын орындау мақсатында біраз жұмыстар атқарылуда. Алдымызда қолдағы инвестициялық жобаларды іске асыру міндеті тұр. Қайсыбір ірі жобаларды индустрияландыру картасының жоспарына енгізу де кезек күттірмейтін мəселенің бірі. Ақадыр кентінде жобалық құны 50 мегаватты құрайтын «Күн сəулесінен қуат алатын энергопарк» орнату жұмысын қолға алып, қозғау салып жатырмыз. Германияның «Шульц» фирмасы бұл жобаға 13 млрд. теңге инвестиция құюға дайын. Амандық болса, келесі жылдың сəуір айында жобаның құрылысы басталмақшы. Тұрақты экономика, бəсекеге қабілетті өнім шығару – бүгінгі күннің басты талабы. Осы тұрғыда ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, үлкен жоспарларымыз да бар. Соның бірі – «Көктіңкөлі молибден» жобасы. Жоба негізінде Көктіңкөлі кен орнында металлургиялық комбинат салынып, келешекте ол ауданның іргелі кəсіпорнына айналады деген үміт бар. Кəсіпорынның өндірістік қуаттылығы кен бойынша жылына 20 млн. тоннаны құрап, одан молибденнің техникалық тотығы, рений, күкірт қышқылы алынатын болады. Өндірілетін өнімнің ақшалай түріндегі көлемі 74 млрд. 600,0 млн. теңгені құрайды деп болжам жасалуда. Кен-байыту комбинаты құрылысына 103 838,4 млн. теңге көле мінде инвестиция тартылып, құрылыс кезінде 1500 адам жұмыс істейтін болса, комбинат іске қосылғанда 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Қазіргі таңда жобаның техникалық құжаттары финляндиялық «Outotec» компаниясымен бірі гіп, ең озық жəне ин нова ция лық стандарттар бойынша əзірленуде. Бұдан бөлек, Франция, Англия, Германия, Ресей жəне Канада мемлекеттеріндегі ғылыми орталықтар жəне зерттеу компанияларының қатысуы мен жобаның қайта өңдеу технологиялық сұлбасы дайындалу үстінде. Сонымен қатар, «Сарыарқа» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қа тысуымен аудан аумағында жалпы құны 5 635,5 млн. теңгені құрайтын 12 жоба жүзеге асырылмақ шы. Бүгінгі күнде, «Үлкен жол» кен орнында марганец кенін бар лау жұмыстарын «Аdelya Mining» ЖШС, «Сарыадыр» деген жерде мыс-порфирлі кенін барлау жұмыстарын Қазгеология орталығы, «Алмалы» алаңында мыс-алтын кенін барлау жұмыс тарын «Saryarka Resources Gapital» ЖШС, аудан іргесіндегі «Қорғантас» учаскесінде мыспорфирлі кендерді барлау жұмыстарын осы аттас серіктестік жүргізуде. Бұл жобалардың жалпы құны 1 млрд. 670,1 млн. теңгені құрап отыр. Болашақта аудан аумағында орналасқан вольфрамның мол қоры бар «Солтүстік Қатпар», «Ұзынжал» полиметалл кен орындарын игеру жобаларын қолға алу көзделуде. – Шағын жəне орта бизнесті дамыту – күн тəртібінен түспейтін міндеттердің бірі. Шет ауданында бұл саланың даму барысы қандай деңгейде?

– Аудан əкімдігінің назарында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі шағын жəне орта бизнесті дамыта түсу қашанда бірінші кезекте бола бермек. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейінгі мəліметке жүгінсек, аудандағы шағын жəне орта биз нес саласында 2 043 құ рылым тіркелген. Бұл өткен жылдың сəйкес мерзімінен 43 бірлікке артық. Салада жұмыспен қамтылғандар саны 4 408 адамды құрап, олар өндірген өнім көлемі 10 млрд. 780 млн. теңгеге жетті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 37,9 пайыз болды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша шағын жəне орта кəсіпкерлік саласында өндірілетін өнім көлемін кем дегенде 13 млрд. теңгеге жеткізіп, оның ішкі жалпы өнімдегі үлесін 25-26 пайызға дейін көтеру міндеті тұр. Əкімшілік ресурстарының қолдауы мен көмегінің арқасында 9 айда ауылдық жерлерде көлемі 1 млрд. 100 млн. тең гені құрайтын 118 шағын ивестициялық жобалар іске асырылды. Ауыл тұрғын дарының өз ісін дамытуға жəне кеңейтуге əртүрлі несиелік қорлар мен қаржылық ұйымдар тарапынан ағымдағы жылдың 9 айында 279 млн. теңге несие берілді. Бұдан бөлек, шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мақсатында 16 кəсіпкерге аудандық бюджеттен қомақты көлемде аудан əкімдігінің гранттары бөлінді жəне аудан кəсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, мемлекет тарапынан өз істерін дамытуға қажетті көмек терін алуда. Жалпы, осы бағдарлама аясында ауданда 6 жоба жүзеге асырылып, ауылдықтардың 200,8 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуына мүмкіндік жасалды. – Елбасы дағдарыстың заманында ауыл шаруашылығын дамытуды алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі ретінде атады. Жері мал өсіруге қолайлы Шет ауданында қолдағы бар мүмкіндіктер іске қалай асып жатыр? – Ауыл шаруашылығы саласының əртүрлі экономикалық қиыншы лықтар мен дағдарыстарға ең төзімді сала екенін Мемлекет басшысы айрықша мəн бере айтқан болатын. Біздің аудан экономикасының да аса маңызды бөлігін құрайтын ауыл шаруа шылығы саласында биылғы жылдың тоғыз айында 14 млрд. 700 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, оның көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14 пайызға өсті. Бір қуантарлығы, ауыл еңбеккерлерінің жаңа технологиялар енгізуге ұмтылысы болып отыр. Мысалы, аудан шаруашылықтарындағы картоп алқаптарында тамшылатып суару əдісі дендеп ене бастады. Осы əдіспен «ДАРН и Н» шаруа қожалығы 50 гектар жерге картоп өсірді. Қожалық басшысының мəлімдегеніндей, шығын, əсіресе, су ресурсы еселеп аз жұмсалып, керісінше, пайдасы едəуір ұлғайған. Былтырғы күз бен биылғы көк темнің ылғалды болуының нəтижесінде шөп аса бітік жəне мол шықты. Өткен қыстың қытымырлығы мен ұзаққа созылуынан ащы сабақ алған фермерлер 300 мың тоннадан астам мал азығын

жинап, пішен дайындау жоспарын 162 пайызға орындады. Сөйтіп, алдағы жауапты мал қыстату науқанына сақадай сай келіп отыр. – Өңірдің əлеуметтік-эконо микалық дамуының бір көрсеткіші – тұрғын үй құрылысы. Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған осы саланың аудандағы ахуалы туралы не айтуға болады? – Құрылыс салынған жерде жасампаздық өмір өркендейтіні белгілі. Бізді қуантатыны – ауданымызда соңғы жылдары жекеменшік тұрғын үй құрылысының құлаш жаюы. Баяғыдай өкімет үй салып береді деген масылдық пиғыл жоқтың қасы. Сөзім дəлелді болу үшін биылғы 9 айдағы үй құрылысы жайын тілге тиек етейін. 2015 жылы тұрғын үй салу жоспары 7600 шаршы метр болып белгіленсе, оны біз 1 қазанға дейін-ақ орындап тастадық. Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының үштен екісі жеке адамдардың салған үйлері. Жылына 50-60 отбасы өздеріне жаңа үйлер салып, кіріп жатыр. Ал қалған тұрғын алаңдарды «НоваЦинк» серіктестігі мен Қазақстан теміржолы өз қызметшілеріне арнап салған пəтерлер құрайды. Аудандағы мемлекеттік биліктің міндеті сол жекеменшіктің жаңа үйлеріне бюджет есебінен коммуникация желілерін тегін тартып беру. Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бұл жұмыстар іркіліссіз атқарылуда. Тұрғын үй құрылысының өркендеуі халықтың тұрақтануына себеп болуда. Ауданда бұрнағы жылдардағыдай жаппай көшу деген жоқ. Бірнеше жылдан бері халық саны қалыпты деңгейде тұр деуге болады. – Биылғы көктемде облыс аумағында орын алған тасқын нан Шет ауданы да зиян шекті. Табиғи апаттың зардабын жою бойынша жүргізілген жұмыстардың барысы мен нəтижесі қандай? – Су тасқынынан болған апаттың салдарынан ауданда 17 пəтер тұруға жарамсыз деп танылып, бұзылған болатын. Бүгінгі күнде Үкіметтің қорынан 97 млн. 200 мың теңге қаржы түгел игеріліп, зардап шеккендерге баспаналар жаңадан салынды. Көктемгі тасқын судан келген мал шығынын орнына келтіру мақсатында 9 ірі қара, 115 ұсақ мал бастары аудан аумағындағы шаруа қожалықтарының демеушілігімен зардап шеккен отбасыларына малдай таратып берілді. Ал шайылып кеткен аудандық маңыздағы 45 шақырым автокөлік жолы жергілікті кəсіпкерлер демеушілігін пайдалану арқылы, бюджеттен тыс қаржы көздерінің көмегімен 50 млн. теңгеге жөнделіп, көліктердің іркіліссіз жүруі қамтамасыз етілді. – Əңгімеңізді түйіндесек. – Сөзімнің соңында біздің күнделікті қызметіміздегі адастыр мас темірқазық – Елба сы мыз Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы негізіндегі «Нұрлы Жол – бо ла шақ қа бастар жол» Жол дауында көрсетілген міндеттерді мақсаткерлікпен жүзеге асыра отырып, қазіргі дағдарыс кезеңінен елмен бірге абыроймен шығуға мүмкіндігіміз жеткілікті екенін айтқым келеді. Президентіміздің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа ала отырып, халықтың тұрмысын жақсарту жолында аянбай қызмет ету – біз үшін абыройлы іс. Сұхбатымның басында айтқанымдай, Елбасының сөзімен айтқанда: «Дағдарыс бізді белді бекем буып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады!». Яғни, даму үшін дағдарыспен күресу – біздің алдымызда тұрған басты міндет. – Əңгімеңізге көп рахмет. Əңгімелескен Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы, Шет ауданы.


6

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ

Бұл заман – істің көзін, тірліктің тетігін тапқандікі болып тұр. Ал желдей ескендер, бүгінгі «Айхай, керім!» – ертең басар жерін таппай, баспалдағы біртұтам, тұқырып қалып жатыр. Мұндай ақиқаттан кім аттап кете алар дейсің. Батылы жетіп аттағанның алды жөн, арты соқпақ екенін өмір көрсетіп отыр. Адал еңбек, ынталы ісімен озғандар – қай заманда да көш соңында қалмаған. Осының бір əдемі үлгісін, үйлесімін киелі Сыр бойына барған сапарда көріп, біліп қайтқан едік. Қай дəуірдің де тегершігін заулататын білімді де білікті кадр екені дəлелдеуді қажет етпейтін – аксиома. Мақтауын асырып, марапатын көбейтіп жетекке алғандардың арасында бос белбеу, бор кемік, сырты жылтырағанмен, іші мұз кеуегіндей үңірейіп тұратындарды да байқап жүрміз. Ондайларды нарық заманының қатал тірлігі үй айнала бергенде тырапай астыратынынан да хабардармыз. Заман ағымын, уақыт талабын тамыршыдай тап басқан, жоқ деген сөздің жоғалып, бар дегеннің бағы жанатынын С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс жəне бизнес колледжінің директоры Орынбай Қуанышбаевпен əңгімелескенде таңбадағы тастай танып білдік. Алымды азамат қарғадайынан істің көзін тауып, білімнің арнасынан нəр алып, өмір өрнектерінен сабақ үйреніп, ғылымның «қиямет» қиындығынан да сүрінбей өтіпті. Кеңестік заманда Мəскеудің азуын айға білеген мықтыларының алдында ғылыми-зерттеулер жүргізіп, техника ғылымдарының кандидаты атаныпты. Біз Орынбай ҚУАНЫШБАЕВТЫ сөзге тартқанда ол əңгіменің əлқисасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарынан бастады.

оны тек Наурыз мерекесінде, басқа да бір күндік тойда киіп, қалған уақытта тығып қоятын əдетіміздің барын ешкім жоққа шығара алмайды. Шындығына келгенде, ұлт киімінің жауһардай жайнап тұратын үлгілері бар. Оны қалпына келтіру үшін біз бармағынан бал тамған шеберлерді əзірлеуге тиістіміз. Тағы бір ұлтымыздың əдемі ісін айта кетуді парыз санаймын. Ол əсіресе, Сыр өңірінде ерекше дамыған керамикалық жұмыстар. Бұл ежелден бері сақталған құндылық. Бірақ, ол құндылықты біз ескерусіз қалдырдық. Соған байланысты керамика өндірісі мамандығын ашып, талапкерлерге дəріс бере бастадық. Бұл мамандыққа қызығушылар аз болмай тұр. Біз көбіне тас пен кірпіш қалау ісін өзбек ағайындардың еншісіне беріп қойдық. Олардың қолынан келетін іс біздің жастарға да жат емес екенін, дайындаған мамандарымыз барлық саладан көрсете бастады. Бұл істе əрбір теориялық білімді өзіміздің тренинг орталығында талапкерлерге іс үстінде үйретіп жатырмыз. Соңғы кездері мені мына бір нəрсе көп ойландырып жүр. Ол – бəрімізге алтын

Білім мен тəжірибе ўштасса єана ўтады – «Сəулең болса кеудеңде», деп Абай айтпақшы, аумалы-төкпелі заманда Мемлекет басшысы алдымызға зор міндеттер қойып отыр. Президент «100 нақты қадамның» 76-77-78 нақты қадамдарында Отанымыздың даму жолындағы бел-белестерді тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Еңбек нарығына сай маман əзірлеу бізге жүктелген басты міндет деп білемін. Білім беру өз алдына, тəжірибе тағылымсыз, адамдық пен адалдыққа баулитын тəрбиесіз болмайды. Əл-Фараби бабамыз тəрбиесіз берген білімнің құмға құйған судай болатынын айтты емес пе? – Елбасы дуалды білім беру туралы бекер келелі міндеттер жүктеп жүрген жоқ дейсіз ғой? – Əрине. Бұл кəсіби-техникалық оқытуға өте қажет тəсіл. Мұны адами капиталды қалыптастыруда алтын арқау десе жарасады. Білімді тұлға, білікті маман болғанда ғана индустриялық-инновациялық жобалар мүлтіксіз орындалады. Ендеше, дуалды білім – сөз жүзінде ғана емес, іс үстіндегі тəжірибеден көрінуі тиіс. Яғни, талапкер 40 пайыз білімді партада отырып теориядан көкейіне түйсе, 60 пайыз тəжірибе үстінде оқығанын көзбен көріп, қолымен ұстаса ұтылмайды. Кейде осылай болмай, кəсібі арқылы нəсібін тапсам дегендердің ойы орындалмай қалатынын несіне жасырамыз. – Осы мəселенің шешімі сіздерде табылған ба? – Сұрақ орынды қойылып отыр. Нарық найқалып жүруді қаламайды. Жіті қимылдауды, бүгінгі бітетін істі ертеңге қалдыру – алға қойған мақ са тыңа көп жағдайда жеткізбейді. Бəсе келестіктің бəсіне төтеп беретін, үлкен-кіші делінбейтін уақыт талабына сай қабілетті кəсіби мамандар дайындау – алда айтқанымдай, жан-жақты талпынысты қажет етеді. Бұл тұрғыдан келгенде, біздің білім ордамыз қоғам керегіне тура жауап беретін маман дайындауға нық қадам жасап отыр десем, артық айтқандық болмас. Бұрын ағаш ұстасы, тас қалаушы, сылақшы, құрылыс инженері секілді мамандарды əзірлеп келсек, енді алда есте салған, Елбасының əр сөзінде айтылып жүрген, дуалды оқытуды жүзеге асыру ісін, облыс əкімінің ұсынысына қарай мамандықты салаландыруға жіті қадамдар жасадық. Оған балапандай баулу барысында білім алушыны қызықтыра білудің, іске ынтасын арттырудың, ертеңіне талпындырудың жөні бөлек. Осы арада мен талапкерлерді қандай мамандықтар боынша оқытатынымызды айта кетсем деймін. 2 жыл 10 ай оқитын 9-сыныпты аяқтағандар үшін: ғимараттар мен құрылымдарды салу жəне пайдалану, ішкі санитарлық-техникалық құрылғылар мен вентиляцияны монтаждау жəне пайдалану, жиһаз өндірісі, керамикалық өндіріс, сəулет мамандықтары бойынша оқытсақ, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 11-сыныптан кейін 10 ай мерзім ішінде: техникалық жылу жабдықтары жəне жылумен қамтамасыз ету жүйелері, газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру жəне пайдалану, қызмет көрсету жəне телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, өндірістегі электро-механикалық жабдықтар, тігін өндірісі жəне киімдерді үлгілеу, тағы басқа. Бұл мамандықтардың бəріне шəкіртақы берілетінін еске сала кетейік. Ақылы негізде қысқа мерзімді курстарымыз да бар. Жоғарыда айтқан мамандықтар бүгінгі талапқа сай ойластырылып отыр. Он айдың ішінде мамандықты игеріп, еңбекке орналасуға мол мүмкіндік жасалуда. Бұл аз уақытта алған мамандығыңмен еңбек ете жүріп, тəжірибе жинақтауға, əл-ауқатың артып, тұрмысың түзелгенде жоғары білім алуға да жол

ашады. Жан-жағын барлай алған əр азамат үшін, əсіресе, мектеп қабырғасынан шығып, өмір деген алып мұхитқа қайық салған жас жоғары оқу орындарына түсе алмай қалған жағдайда, қысқа мерзімді кəсіптік оқуға келсе, оны бітірген соң жұмыссыз қалмайды. Айталық, университеттер мен институттарды аяқтап, қолына диплом алғандар көп жағдайда өздеріне ұсынылған мамандықтарды олқы санап жатады. Осыдан келіп олар жұмыссыздар қатарын «толықтыратыны» да ақиқат. Ал əрі кетсе 2 жыл, тіпті, 10 айда кəсіптік білімді тəжірибемен ұштастыра алған кəсіби маман қазір кез келген жерде еңбек етіп, мерейі үстем болуда. Осының өзінен-ақ көп нəрсені аңғаруға болады. Мен осы арада тағы да нақтылай түссем, Елбасы айтқан дуалды білім көп жетістікке жеткізуде. Дуалды білім беру жүйесінде екі жақтың жауапкершілігі болады. Оның біріншісі, теориялық білім берушілер болса, екіншісі, тəжірибе үстінде жұмысқа баулу болып келеді. Осы екі тарап жұмған жұдырықтай біріксе, теория мен практиканы таразы басында тең ұстағандар, жаңашылдыққа бой ұрғандар, тың реформаларды бірден қабылдайды. Одан нəтиже шығаруға білім білегі мықты жастар шоғыры осылайша қалыптасып келеді. – Бұрын теория мен практиканы қалай ұштастырып келдіңіздер? – Біз белгілі бер мекемелермен əлеуметтік серіктестік ретінде келісімшартқа отыратынбыз. Оларда ырғақты жұмыс кейде тендерге байланысты тоқтап қалып жатады. Мұндай жағдайда біздің оқушылар тəжірибеден өту былай тұрсын, келісімшарт жасаған мекеменің табалдырығынан аттай алмай қалады. Осындай қиындықтан шығу үшін біздің ұжым жан-жақты іздене келіп, биылғы жылдың басында тренинг орталығын ашқан еді. Ол дегеніңіз, тəжірибеден өтетін алаң. Мəселен, бір кір пішке қанша топырақ, құм, цемент кетеді, соны талапкер өз қолынан өткізеді. Сол жасаған кірпішінен үйдің керегесін тұрғызады. Немесе тігін өндірісі болса киімді үлгілеуді өз көздерімен көріп, қолдарымен жасайды. Айталық, сол тре нинг орталығында тас қалаушылар мамандығы бойынша аймақтық байқау өткіздік. Сайысқа қатысушылар берілген тапсырманы орындау кезінде техникалықтехнологиялық қауіпсіздікті сақтауды, санитарлық-гигиеналық талаптарды өз дəрежесінде орындауды, заманауи технологияларды тиімді қолдануды, жұмыс жасау əдістерінде жаңашылдықты, шеберлікті ұтымды жүргізуді есепке алды. – Ұлтымыздың табиғатына тəн мамандықтар жағы қалай жүзеге асу үстінде? – Қазақ халқының өзіндік салт-дəстүрі бар. Біз соған соңғы кездері баса көңіл аудардық. Мəселен, киім үлгілерін уақыт талабына қарай, күнделікті киіп жүруге ыңғайлы етіп тіксе, кімге де болса жарасады. Ұлт киімін осы күнде олпы-солпы тігіп,

тұғыр саналатын ауыл жастарын кəсіптік мамандыққа тарту жағы. Қандай елді мекенге барсаң да тұрғындардың шабындық жері, өрісте малы, өзге де шаруалары бар. Соны үйлестіретін кəсіби маман кемшін. Сондықтан да, ауылды жерде бастауыш кəсіби білім беруді іске асыру қажет. Егер оны кешіктіре берсек, кəсіби мамандар ауылда азайып, жер күтімі, алған техниканы тиімді пайдалану, мал бағу, оны емдеу тəсілі кенжелеп қала береді. Осыған баса назар аудару қажет деп санаймын. – Кəсіби мамандар даярлауда əлеуметтік серіктестіктермен байланысты қалай жолға қойып отырсыздар? – Студенттер сапалы білімді оқу орнында алса, өзіндік ізденісті өндірісте жетілдіруі тиіс. Əлеуметтік əріптестермен бірлікте жұмыс жасай алсаң, жаңа мүм кіндіктер туады. Ол үшін жұмыс берушілердің талабын ескеріп, еңбек рыногына ауадай қажет кадрларды əзірлей алсаң жетіп жатыр. Айталық, біздің тренинг орталығында барлық мүмкіндік жеткілікті дей алмаймыз. Жаңа талаппыз ғой. Ал əлеуметтік əріптестеріміздің мүмкіндігі мол, заманауи техникамен, станоктармен, өзге де құрал-жабдықтармен қамтылған. Теорияны білетін оқушы сол құрал-жабдықтарды қолдану үстінде жақсы машықтанса, мамандығы бойынша шебер болып шыға келері анық. Мұндай жастар кез келген мекемелерден өз орнын ойып тұрып алады. Бұл жағынан келгенде, біздің колледж түлектерінің жолы болуда. Тіпті, студенттеріміз өндірістік тəжірибеден өту кезінде 25-40 мың аралығында ақы алып жүргенін мақтанышпен айтуыма болады. Егер олар мамандығына сай болмаса, ондай ақша төленбесі анық. Түлектеріміз қазір 100 пайызға жуық жұмыспен қамтылған. Олар жұмысқа тұрғаннан кейін де қадамын қадағалап отырамыз. Төселгенше шебер тəлімгердің үйретушісі болғанын ойластырамыз. Осыдан тəлімгерлік институты шығады. Бұған қоса қайта даярлау жəне біліктілікті жоғарылату бойынша да жұмыстар атқарып келеміз. Бұл іс бойынша бізге тапсырыс берушілер де бар. Колледж базасында «Асар» ЖШС, «Бек и К», ӨС, «ҚЭТТК» АҚ құрылыс мекемелерінің басшыларымен бірлесе отырып, «Бəсекеге қабілетті маман даярлаудағы əлеуметтік серіктестердің маңызы», «Əлеуметтік серіктестік – сапалы білім негізі», «Бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізіп, кеңесіп отыру да өз нəтижесін беріп келеді. Қазір əлемді тітіретіп тұрған дағдарыс заманында қимылсыз отыруға болмайтынын көріп-біліп келеміз. Көптеген өндіріс орындары қысқарып, жұмыссыздар шыға бастады. Мұндай кезде кəсіптік білім алға озары анық. Өйткені, күнделікті тұрмысқа қажет, күнкөріске қолқанат болатын шағын кəсіпке дағдарыс əсер ете қоймайды. Əсіресе бұл ауыл тірлігінде ерекше байқалу үстінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылордада болған сапарында дағдарыс кезінде ауылдың рөлі қандай болатынын атап айтқан еді. Шынында, киер киім, ішер тамақтың бастауы саналатын ауылда қазір еңбектің сан түрі атқарылып жатыр. Өрістегі мал, алқаптағы егін жұртымыздың берекелі тірлігінің түп қазығы. Сондықтан да мен алда айтқанымдай, ауылды жердегі азаматтарға бастауыш кəсіби білім беру ісін алға оздырсақ ұтылмас едік. Өйткені, біздің білім ордасына тəжірибе алаңдарынан, жекелеген мекемелерден, елді мекендерден сұраныстар көбейе бастады. Соның нəтижесі болар, олардың біразымен келісімшартқа отырдық. Мысалы, «Бабас», «Сыр жиһазы», «Альянс», «Абусер», тағы басқа мекемелермен бірлікте жұмыс істеп, білім алушылар тəжірибеден өтіп, болашақтағы қызметтерін іс үстінде дəлелдеп келеді.

– Сіздер де білім жетілдіру, тəжірибе алмасу жағы қалай ұйымдастырылуда? – Өз еліміздің іргелі жоғары, орта оқу орындарымен байланысымыз жақсы. Өз Отанымыздағы оң өзгерістермен қатар, алыс-жақын шетелдердің озық үлгісін үйренуге де ден қойып келеміз. Мəселен, Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Беларусь Республикасының Минск қала сында халықаралық дəрежеде білім жетілдіру жəне тəжірибе алмасу мақсатында өткен курсқа біздің колледжден 8 инженер-педагог қатысып, 3 кезеңнен тұратын оқу бағдарламасы бойынша тəжірибеден өтті. Сол секілді Минск қаласындағы кəсіптік білім жетілдіру институтында болып қайтты. Колледжде сабақ беру əдістері, дуалды оқытуды жүйелі жүргізу, арнаулы пəн кабинеттері мен өндірістік шеберханаларды жабдықтау, оны орнымен пайдалану бойынша «Дуалды оқытуға сəйкес арнаулы пəннің дайындалу жолдары», «Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану əдістері», өзге де тақырыптарда семинар сабақтар, əдістемелік отырыстар, педагогикалық оқылымдар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізу үрдіске айналды. Мұның бəрі кəсіптік мамандықты терең меңгеру үшін жасалып жатқан қадамдар деп білемін. – Орынбай Жантөреұлы, білімнің негізі кітапта десек, оқулық мəселесі туралы не айта аласыз? – Иə, «Кітап – білім бұлағы» деген аталы сөз ақиқат. Əйтсе де, қоғам жаңарып, нарыққа қарай кəсіби маман дайындауда бірдемде оқулық жазу оңай шаруа емес. Дегенмен, біз бұл іс бойынша да батыл қадамдарға барып, арнайы оқулықтар бастыруды қолға алдық. Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан «Тігінші», «Пішуші», «Аспаз», «Ағаш шебері – құрылысшы», «Жылу техникасын жөндеу жəне пайдалану» секілді оқу-əдістемелік оқулықтарын шығардық. Бұл кітаптар білім алушылардың білімін кеңейтуге мол мүмкіндік жасап отыр. Мамандық бойынша оқу əдістемелік кабинеттерге қажет кітаптардың саны 14 799 десек, 1 оқушыға шаққанда 28 оқулықтан келетінін де айта кетуді парыз санаймын. – Кəсіптік маман дайындауда өзіндік беталысы бар колледж туралы не айта аласыз? – Колледжіміз өткен ғасырдың 50-жылдардың ортасында кəсіби мектеп ретінде құрылып кейін училищеге айналған. 2012 жылдан бері облыс əкімдігінің бұйрығымен Қызылорда құрылыс жəне бизнес колледжі болып қайта жасақталды. Қазір колледжде 12 мамандық бойынша 535 оқушы білім алады. 25 оқу кабинеті, 7 зертхана, 5 шеберхана, 1 тренинг орталығы студенттерге қызмет көрсетуде. Оқытушыларымыздың 91 пайызы жоғары, 8 пайызы арнаулы орта білімді мамандар. Білім ұясының материалдық-техникалық базасы күн санап жақсарып келеді. Инженер-педагогтарымыз өздерінің білімбіліктерін арттыру үстінде. Б.Тобжанова, А.Сыздықова, Қ.Омарова, Б.Мəтенов, өзге де инженер-педагогтардың оқу-əдістемелік құралдары колледждің ғылыми кеңесінің шешімімен баспадан шығып, қолданысқа енді. Біздің басты тұлғамыз мұғалімдер десек, оларды ынталандыруға да көңіл бөліп келеміз. Жыл сайын «Үздік мұғалім», «Жас маман», «Өндірістік оқу шеберлері» байқауы өткізіліп, жеңімпаздар анықталуда. Бүгінгі таңда колледжде 3 оқушыға 1 компьютерден келеді. Жалпы компьютер саны 163-ті құрайды. Сол компьютерлеріміз интернеттің кең жолақты желісіне қосылған. Сондай-ақ, «Веб сайт» ашылды. Барлық мамандықтар еліміздің міндетті білім беру стандартына сəйкес оқытылатынын атап айтуға тиістімін. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында бəсекеге қабі летті мемлекет болу үшін сауатты елге айналу мəселесі алға тартылған еді. Біз соны жүзеге асыру жолында білікті ма ман дайындау ісін алға оздыруды мақсат етіп отырмыз. Əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы қимыл-қарекетке еліміздің үлкен-кішісі жұдырықтай жұмылып, білектей бірігіп адал қызмет етуі тиіс десек, біз осы үдеден шығуға талпынып келеміз. Ол үшін жаһандану заманындағы жаңалықтарды, əлемдегі өзгерістерді, Отанымыздың өсіпөркендеуі – осының бəрінен хабардар болып, əр басшы қармағындағы азаматтардың əлеуметтік жағдайын жақсартуға талпынуы міндет екені сөзсіз. Мен əркез осыны басшылыққа алып келемін. Біздің ұжым үшін де келешекте атқарар жұмыс баршылық. 5 гектар жерге алдағы уақытта колледждің жаңа ғимаратын салуды ойластырудамыз. Ол үшін Ислам банкімен меморандумға отырып, тараптардың инвестициясына жаңа құрылысты бастамақ ниеттеміз. Дəуір дамуына орай оқу орнының атауын «Құрылыс жəне жаңа технологиялар» колледжі деп атау ойда бар. Бір сөзбен айтқанда, əрқайсымыз елім маған не береді демей, мен еліме не беремін деген ізгі мақсатпен жұмыс істесек, өркеніміз өсіп, өрісіміз кеңитіні ақиқат. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

ҚЫЗЫЛОРДА.

Əлеует ќўрылымдары меморандумєа ќол ќойды

Кеше Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалық етуімен əлеует құрылымдарының, сот, құқық қорғау жəне арнайы органдардың басшылары қатысқан Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл барысы бойынша кеңес өтті.

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған мемлекеттің маңызды бағдарламалық құжаты 2015-2025 жылдарға қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия. «Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің жүйесін ғана емес, сонымен бірге, негізін бұзатын басты факторларының бірі болып табылады. Ал егер ол күштік құрылымда, оның ішінде мемлекеттік құрылыстың тірегі болып келетін армияда тамыр жайса, онда оның салдарының ауқымы туралы айтудың өзі жөнсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың мына сөзін айрықша атап өткім келіп тұр. «Иығына погон таққан адамдар мінсіз жүріс-тұрыспен ерекшеленуі тиіс, ал олардың қатарында сыбайлас жемқорлықтың етек жаюы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді», – деді Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб аппаратымен қатар, кеңеске өңірлік қолбасшылық, əскер тектерінің қолбасшылары қатысты. Себебі, тікелей бөлімдер мен құрамаларда ұдайы түсіндірме жəне алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты дəл соларға жүргізуге тура келеді. Қорғаныс министрі Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу қадағалау органдарымен бірлесіп жұмыс жасаудың арқасында болғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мə се лелері бойынша өзара ынтымақтастық ету үшін кеңеске қатысушылар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізілетін меморандумға қол қойды.

Аталған құжатқа Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағам бетов, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, Мемлекеттік қыз мет істері жəне сыбайлас жем қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаев жəне Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қол қойды, сондай-ақ, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми қатысты. «Бүгін алдарыңызда кінəлілерді анықтап жəне жазалап қана қоймай, ең алдымен сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу тапсырмасы тұр», – деді Бас Прокурор Асхат Дауылбаев. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны қабылдау Қазақстанның тұрақты дамуы жолында маңызды қадам болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру жəне жемқорлық жағдайын жоюға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді нығайтуы мыз маңызды. Қорғаныс министрі ұсынған меморандум қызметтеріміздің тығыз өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін қосымша шарт болмақ», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаев. Ішкі істер министрі Қал мұханбет Қасымов бағыныстылар үшін үлгі болып табылатын ең алдымен басшылық құраммен кадрлық жұмысты күшейту қажет, деді. Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жаңа заңға жаңа тетіктер енгізілгенін атап айтты. «Егемен-ақпарат».

 Басты байлық

Абай бол: диабет жаныѕда!

Қазақстанда диабетпен ауыратындар саны жыл санап артуда. Соңғы 10 жылда науқастар екі есеге көбейіп, 270 мыңға жетті. Бұл тек анықталған адамдар саны, өйткені, диабетке шалдыққандарын білмей жүргендер қаншама. Дерт білінбейді де, уақтылы ем қабылдамау мүгедектікке, тіпті, өлімге əкелуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының диабеттік ағарту қоры мен «Ново Нордиск А/С» компаниясы өкілдігінің «Абай бол: диабет жаныңда!» əлеуметтік жобасы қалыптасқан жағдайды жақсартуға бағытталып отыр. Қазіргі заманауи қалалық өмір аурудың тез таралуына əсер етуде. Жүріс-тұрысы аз өмір салты мен үйлесімсіз тамақтану 2-типті диабеттің пайда болуының негізгі себебі. Елімізде тіркелген 93% жағдайда дəл осы түрі кездеседі. Өкініштісі, аурудың бұл кезеңі тек 5, кейде 10 жыл өткен соң ғана анықталады. Осы уақытқа дейін дерт денсаулыққа ауыр зардап тигізіп үлгереді. «Диабет» сөзін көпшілік адамдар естіген болар. Бірақ, оның белгілерін жəне қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Диабетпен тиімді күресудің екі жолы бар. Біріншісі – саламатты өмір салтын ұстану мен дұрыс тамақтану. Бұл 2-типті диабетті алдын алуының басты тəсілі. Екіншісі – халықты аурудың пайда болу мен белгілері туралы ақпараттандыру. Бұл қатер санатындағы адамдарды диабетке тексерілуге ынталандырады. «Абай бол: диабет жаныңда!» жо басы халық арасында диабетпен күресуге, оны алдын алуды насихаттауға бағытталған», дейді Қазақстандағы «Ново Нордиск А/С» компаниясы өкілдігінің басшысы Алексей Сакун.

Жоба ағымдағы жылдың сəуір айында басталып, оған 130-дан астам ерікті қосылды. Көпшілігі сту дент-медиктер жобаның қозғаушы күшіне айналды. Биыл жəне келесі жылы еріктілер Ал маты дағы 201 мектепті қамтып, диабет туралы оқушылар мен ұстаз дар арасында дəріс өткізеді. Ата-аналар жиналыстарына қатысып, мектеп директорларымен бірлесе асханалардағы мəзірлер мен оқушылардың физикалық жүктемесі деңгейін тексереді. Мектеп бел сенділерімен бірге спорттық ойын-сауықтық іс-шаралар дың дайындығымен айналысады. Барлық шаралар оқушылар мен олардың ата-аналарының диабеттік сауаттылығын жоғарылатуды көздеп отыр. 2016 жылдың күзінде жоба Астана мектептеріне де енгізіледі деп жоспарлануда. Ал 14 қараша – халықаралық диабетке қарсы күрес күні «Mega Almaty» сауда ойын-сауық кешеніне «Диабет ДНК-сы» арт-инс талляциясы қойылған болатын. Онда газдалған сусын, гамбур гер лер, поп-корн, теледидар пульті жəне басқа зиянды əдеттер түрлері орнатылды. Арт-объект келушілердің диабет түйткіліне назарын аударып қана қоймай, қауіп санатында қаланың əрбір тұрғыны екеніне көз жеткізді. Бұл «Абай бол: диабет жаныңда!» жобасы аясындағы соңғы шара емес. Əлеуметтік жоба 2017 жылдың соңына дейін жалғасын таппақ. Ал қазір кез келген адам жоба шеңберінде 20 желтоқсанға дейін «Сұңқар» клиникалар желісінде диабетке тегін тексерілуден өте алады.

Ғазиза РАЙЫМБЕК.


Отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің шаңырақ көтергеніне 85 жыл толды. Қазіргі уақытта еліміздегі аса беделді жоғары оқу орны əлемдік стандарттар талаптарына сəйкес ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану жұмыстарын қызу қарқынмен жүргізуде. Университеттің білім жүйесіндегі инновациялық жаңашыл бағыттары мен ауқымды жобалық бағдарламалары туралы айтып беруін өтініп, ҚазҰАУ ректоры, ҰҒА академигі Тілектес ЕСПОЛОВТЫ əңгімеге тартқан едік. – Тілектес Исабайұлы, ҚазҰАУдың еліміздегі агроөндірістік кешенді дамыту мен аграрлық білім мен ғы лымды өркендетуге айрықша үлес қосып келе жатқан білім ордасы екенінде сөз жоқ. Білім ордасы Ұлттық зерттеу университетіне транс формациялану бағытында да алғашқы леппен нақты қадамдар жасады. Университеттегі қазіргі таңдағы осы бағыттағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берсеңіз. – Оныңыз рас, 2010 жылы жобаны басқарудың халықаралық стандарттарын пайдалану арқылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі ұлттық мəртебесі бар жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануды бастады. Ол үшін

əріптестерімен бірге биоресурстар, табиғатты пайдалану сияқты жаһандық мəселелер төңірегінде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. Университетіміздің ғылым, білім, өндіріс салаларын интеграциялауда да белсенді қызмет атқарып келетінін ашып айтуға тиістіміз. Осы бағытта 31 зертхана мен 4 инновациялық орталық қызмет істейді. Жапонияның алдыңғы қатарлы JEOL жəне Shimadzu концерндерімен бірлесе отырып ашылған «ҚазақстанЖапония» орталығы нəтижелі ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруда. Сондайақ, инженерлік кəсіп зертханасы ұлттық аккредиттеуден табысты өтті. Енді жаңа инновациялық орталық ашылады. Оның құрамына «Қазақстан-Корея» орталығы, су орталығы, жылыжай, салалық кəсіби мамандар даярлайтын ғылыми-зерттеу лабораториялары кіреді.

Ўлттыќ трансформациялану – уаќытпен їндесу

ең алдымен дамудың базалық ресурстары ретінде университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша бəсекеге қабілеттілікті арттыру нысандары анықталды. Біздің жобаларымызға мемлекет тарапынан қойылған міндетталаптарды байланыстыратын дамудың жаңаша стратегиялық жоспары жасалынды. Мақсатты ісімізді осы жобаны басқара алатын тəжірибелі мамандар дайындаудан бастадық. Ол үшін университеттің материалдық емес активтер, аграрлық ғылыми-өндіріс консорциумының қарқынды интеграциясы, халықара лық ғылым-білім кеңістігіне ену, білім мен ғылым инфрақұрылымдарын дамыту, білім алушылардың дəлелді көзқа растарын қалыптастыру секілді негізгі бес басым бағытты айшықтап алуымызға тура келді. Топтық жұмыс кезінде ұлттық зерттеу университетіне көшудің бастапқы сатысына айналған трансформацияланудың тиімді «жеті қадамы» нақтыланды. Түрлі ғылыми жұмыстардың көлеміне байланыс ты жаңаша түрдегі пилоттық кафедралар құрылды. Университеттің оқытушыпрофессорлар құрамының қызметтерін бағалайтын рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді. Мұндай əдіс еңбек ақысын жүйелі түрде төлеуге жəне оқытушыпрофессорлар резервін қалыптастыруға жол ашты. Университет қызметкерлерінің базалық, техникалық жəне басқару біліктілігін анықтау тəсілдері мен түрлі тесттер құрастырылды. Қазіргі таңда магистратура, PhD докторантура гранттарына үміткерлердің институты құрылу үстінде. Пилоттық кафедралар өз мүм кіндіктерін қайта тексерістен өткізіп, өздерінің жол карталарын жасап, жобалық менеджмент бағытын жүзеге асыратын жұмыстар пакетін жасады. Инновациялық-бағдарланған ка федраларға көшу үшін авторлық курстар дайындалды. Ұжымның ұйымдас тырушылық ресурстарын дамыту тұрғысында оқытушы-профессорлар құрамы, көмекші қызметкерлер мен университет басшылығының қызметтік құзыреттілігі айқындалды. Кафедра, факультет, институт, əкімшілік дəрежесінде толықтырылған команда жоғарыдағы аталған құрылымдармен бірлесіп жұмыс атқару бір-біріне пайдалы ықпал жасайтын механизм пайда болды. – Осы арада түрлі инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті бағдарламалар мен жасалынған келісімшарттар туралы не айтуға болады? Игілікті істің ілгерілеуіне шетелдік əріптестер қосқан үлестің көлемі мен ауқымы қандай? –Жоғарыда аталған екінші басымдылық шеңбері аясында кафедралардың көптеген бизнес жобаларға қатысуына мүмкіндік жасайтын «Агро-даму» аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумы құрылды. Түрлі инновациялық жобаларды іске асыру үшін 15-тен аса келісімшарт жасалынды. Қазақстандағы жалғыз жоғары фермерлер мектебі агробизнестің өзекті мəселелеріне, өндірісте жаңа инновациялық технологияларды пайдалануға байланысты түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізіп тұрады. «Халықаралық ғылым-білім кеңістігіне ену» деп аталатын үшінші басымдылық аясында университетімізде академиялық ұтқырлықты дамыту орталығы құрылды. Əлемнің 70-ке жуық елінің ғылыми орталықтары мен серіктесжоғары оқу орындарының қолдауымен құрылған халықаралық ғылым-білім орталығы жұмыс істейді. Орталықта университетіміздің ғалымдары шетелдік

7

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

2010 жылы ҚазҰАУ-ге жаңа инновацияға бағдарланған деген дəреже берілді. Бұған университет ғалым дарының ғылыми-зерттеулеріндегі инновациялық бағыттар негіз болды. Жаңадан магистрлік жəне докторлық жұмыстардың болашақ жоспарлары жасалды. Берілген бес басымдық шеңберінде «Білім алушылардың нақтыланған контингенті» құрылды жəне білім алушылардың болжамды контингенті үнемі жаңартылу үстінде. Соңғы бес жылда мемлекеттік тапсырыспен бізге оқуға түсуге ниет білдірген балалардың саны екі есеге өсті. Бүгінде университет басшыларынан бастап оқытушылар мен студенттер трансформациялану моделінің түпкі мақсатын жете түсініп отырғанын байқауға болады. – Бүгінгі жаһанданған əлемде уақыт өткен сайын нарық заңдылықтары күшейіп, инновациялық технологиялар дамып, бəсекелестік арта түсуде. Оқу орнының ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану моделінің белгілі сатысын басып өткені көрініп те тұр. Енді осы бағыттың өздеріңіз байқаған ең тиімді тұстарына тоқталыңызшы? – Жоғарыда атап өткендей, университет оқу, ғылыми-зерттеу əдістерінде қазіргі заманғы технологияларды пайдалануды жүзеге асыруда алғашқылардың бірі болды. Бұл процесс QS тобына кірген Шығыс Финляндия, Вагенинген (Нидерланд) жəне Ганновер (Германия) сияқты шетелдің белді университеттерімен тығыз байланыс арқылы жүзеге асырылғанын да ерекше атап өткім келеді. Шетелдік сарапшылар жəне үйлестірушілермен бірге қос диплом бағдарламасы дайындалған. Ғылыми жобаларды қаржыландыру қазіргі кезде 2011 жылмен салыстырғанда 10 есеге артты. Университетте 0,5 млрд. теңгеден астам қаржы көлеміне 60 ғылыми-зерттеу жоба жүзеге асырылу үстінде. Білім ордасы 2002 жылдан бері оқыту, өндіріс жəне ғылымды интеграциялауды дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Студенттер, магистранттар жəне PhD докторанттарға зерттеу жүргізетін ғылыми база болып табылатын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласында орналасқан 10 ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) базасында ҚазҰАУ кафедраларының филиалдары жұмыс істейді. Бұл институттарда қызмет істейтін 12 директор, 80 ғалым университетіміздегі оқытушы-профессорлық құрамның 14%-ын құрайды. ҒЗИ ғалымдары PhD докторлық, магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік етеді. Бұған қоса университетте əлемдік деңгейдегі академиктердің ғылыми мектебі, іргелі ғылыми кітапхана, ғылыми технологияларды коммерцияландыру кеңсесі бар. Мұндай интеграция ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орнының зертханалық жабдықтарын қолжетімді етіп, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл тəжірибе əлемнің жетекші жоғары оқу орындарында кеңінен пайдаланылады. «Агро-даму» аграрлық ғылыми-өндірістік консорциумымен жұмыс істеуі негізінде университетте мемлекеттік, жекеменшік əріптестік дамыды. «Байсеркеагро» оқу-ғылыми-өндіріс орталығы құрылды. Онда 3 мыңнан астам білім алушы 5 айлық оқу-өндіріс, технологиялық жəне клиникалық тəжірибеден өтеді. Университет ғалымдары осында ғылымиөндірістік, инновациялық жобаларын дайындап, іске асырады. «Байсерке-агро» оқу-ғылыми-өндіріс орталығы негізінде интеграция моделі жоспарлануда. Оны мал шаруашылығы кешенін, егістік дақылдар жəне басқа салаларды қамтыған «Амиран» ЖШС сияқты еліміздің басқа

да аймақтарында орналасқан бизнес кəсіпорындарында қолдану көзделуде. Осыған орай Үкіметіміз жоғары білікті кадрларды даярлауда ғылыми жобалар, жоғары технологиялық өндіріс арқылы жүзеге асыруды міндеттеп отыр. Университеттегі барлық ҒЗИ қазіргі инновациялық жабдықтармен, жаңа ғылыми-зерттеу зертханалар құру арқылы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде жұмыс істейді. Оқу орны биылғы оқу жылы «Азық-түлік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша 140, «Топырақтану жəне агрохимия» мамандығы бойынша 50 магистрантты мемлекет тапсырыс арқылы кабылдады. – Тілектес Исабайұлы, сіз басшылық жасап отырған университет ауыл шаруашылығы ғылым, білім жəне өнеркəсіп саласын реформалау бойынша да белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралардың нəтижелі болуына халықаралық ғылыми-ынтымақтастық байланыстардың ықпалы қандай болды? – Мемлекет басшысы еліміздің агроөндіріс кешені қызметкерлері алдына саланы модернизациялауға бағытталған аграрлық білім мен ғылымды реформалауға нақты міндеттер қойып отыр. Бұл талаптарды тиімді орындау арқылы біз – аграрлық білім мен ғылымды дамытып, бəсекеге қабілетті, сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін шығару қарқынын ұлғайтып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер ала аламыз. Осы орайда Қазақстан Үкіметінің қаулысымен биылғы жылдың сəуір айында аграрлық саладағы жетекші үш жоғары оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Сəкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті, Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті – Ауыл шаруашылық министрлігінің қарамағына өтті. Осындай ұйымдық шараларды жетілдіру мақсатында еліміздің агроөндірістік кешенін қолайлы басқару құрылымы ретінде Елбасы қолдауымен коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» құрылды. Ел Президентінің тапсырмасына сəйкес бүгінде аграрлық бағыттағы осы үш жоғары оқу орны негізінде кластерлер құрылуы тиіс. Олар: ҚазҰАУ базасында – «Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс» кластері, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ – бұл «Солтүстік» кластері жəне Жəңгір хан атындағы БҚАТУ негізінде – «Батыс» кластері. Болон үдерісінің қағидаларының бірі «Өмір бойы оқыту» қағидасына

сүйене отырып, ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім берудің үздіксіз жүйесін, яғни, мектеп (орта мектеп), колледж, университет жəне кластерге əрбір өңірдегі жетекші ауыл шаруашылығы колледжін енгізу қажет. Мұндай кластерлерді жасау – өңірлердің экономикасын дамытудың өзекті мəселелерін тез шешуге мүмкіндік береді. Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Қазақстан халқына Жолдауларында «Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс», деп нақты талап-міндеттер қойды. Қазіргі уақытта ҚазҰАУ-дың ұлттық ғылыми-зерттеу университеті бағытында жаңаша даму сипатына ие болуға мүмкіндіктері зор. Бұл ретте университет тарапынан айтулы іс-шаралар қолға алынуда. Жобалық басқарудың халықаралық стандартын жəне жоғары оқу қызметін ұйымдастыру əдісін қолдануда біз өзіміздің оқу орнымыздың стратегиясын іске асыруда миссиямызды, көзқарасымызды, міндеттерімізді, бағыттарымызды анықтап алдық. ҚазҰАУ жанындағы «ҚазақстанЖапония» инновациялық орталығында жəне университетіміздің ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларында шетел ғалымдарымен бірлескен қо мақ ты жобалар жүзеге асырылып отыр. Ауыл шаруашылығы саласында ықпалдасу мақсатында құрылған қазақ-корей инновациялық орталығында «Жасыл технологияларды» дамыту мəселелері зерттелуде. Қазіргі кезде ауыл ша руа шылығы өнімдері жəне азық түлік сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық орталық құрудың алғы шарт тары дайындалу үстінде. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетіміздің студенттері мен магистранттары шетелдің озық оқу орындарында білім жетілдіріп, тəжірибе жинауда. Сондай-ақ, əлемнің беделді университеттерінің білікті ғалымдары біздің университетте дəріс оқуда. Университетіміз білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жəне Болон үдерісін жəне Халықаралық ынтымақтастықты дамытуда келесі орталықтар жұмыс істейді. Болон үрдісін дамыту орталығы, академиялық ұтқырлықты моделдеу орталығы, үш тұғырлы тіл бағдарламасын негізге алған көптілді білім беру орталығы, лингвистикалық білім беру орталығы, жаһандық класс ашылды. Сыртқы академиялық ұтқырлық Жаһандық консорциум, сондай-ақ, «Темпус», «Эразмус Мундус», «Болашақ», DAAD жəне FET бағдарламалары жəне басқадай жобалар арқылы іске асырылады. Университет Еуропа, Америка, Оң түстік-Шығыс Азияның жетекші елдерімен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша бірқатар маңызды келісімшарт жасады. Университетте жыл сайын Қазақстан жəне шетелдік жоғары оқу орындарынан магистранттар Еуропаның серіктес ЖОО ғалымдары мен магистрант қатысушыларымен халықаралық жазғы мектеп ұйымдастырылады. Халықаралық ынтымақтастық аясында əлемнің аграр лық жоғары оқу орындарының Жа һан дық консорциумының жəне ТМД мемлекеттеріне қатысушы үздік Аграрлық жоғары оқу орындар кеңесінің мүшесі ретінде университет бүгінде 200-ден астам халықаралық ғылымизерттеу институтымен, алдыңғы қатарлы көптеген аграрлық университеттермен, агроөнеркəсіптік кешені нысандарымен

ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоя отырып, Қазақстанның аграрлық ғылымының халықаралық аренадағы мəртебесін көтеруге атсалысуда. Еуропа, Америка, Азия жəне Тынық мұхит аймақтарындағы континенттердің ғылымизерттеу институттары мен орталықтары Қазақ ұлттық аграрлық университетімен көптеген маңызды мəселелер төңірегінде бірлесіп жұмыс жасайтындығы зор мақтаныш тудырады. Біздің оқу орнымыз осы күні Еуропа мен Азияның, АҚШ пен ТМД университеттерімен əріптестік қатынасты нығайту үстінде. Əртүрлі шаруа қожалықтарының басшылары мен қызметкерлері үшін білім ошағында «Фермелер жоғары мектебі» құрылған. Онда «Экстеншн» халықаралық моделі бойынша білім беріледі, сондайақ, консалтингтік қызмет көрсетіледі. Тарихы тереңге кеткен оқу ордамызда халықаралық байланыс жылданжылға нығая түсуде. Оған «ҚазақстанЖапония» инновациялық орталығы нақты дəлел бола алады. Ғылыми-зерттеу жұмысының мүмкіндігін арттыру үшін биотехнология, нанотехнология, цитология, ветеринарлық медицина жəне санитария, микробиология жəне вирусология, агроинженерия, биологиялық, органикалық жəне биоорганикалық химия, гендік-молекулярлық, стратегиялықтехнологиялық басымдықтар мейлінше іске қосылып жатыр. Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, ішкі жалпы өнімнің өсуінің 90 пайызы инновациялық технологияны игеру арқылы болады. Оны игеру өндірістің бəсекеге қабілеттілігін көтерудің басты жолы. Ауылшаруашылық саласын дамытуға үкімет тарапынан да келелі шаралар қолданылып жатқанын айтқым келеді. Ауыл шаруашылық министрлігі дайындаған «Агробизнес-2020» бағдарламасы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерінің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер берді. Осы орайда, біз Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарымен, ғалымдармен бірлесе отырып ауыл шаруашылығына қатысты мəселелерді талқылап, нақты ұсыныстарды күн тəртібіне қойып отырмыз. Атап айтқанда, аграрлық ғылымның алдында тұрған мына мəселелерге баса назар аудармақпыз. Ол – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырып, агроөндірістік кешеннің ғылыми, кадрлық деңгейін көтеру; аграрлық ғылым, білім жəне өнді рісінің жəне аграрлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының интеграциясын дамыту; отандық аграрлық білім мен ғылымды халықаралық стандарттарға сəйкестендіру; Қазақстанның аграрлық саладағы ғылыми өндірісінің өнімдерін əлемдік нарыққа шығаруға күш салу; мемлекетаралық интеграция жəне ұлттық аграрлық азық-түлік нарығын қалыптастыру; ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа ғылыми жобалар мен инновациялық технологияларды енгізу процесін жеделдету. – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының əлеуеті осы университетті бітірген мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Университет ұжымы – мемлекет жүктеген міндеттер мен Елбасы қойып отырған жаңа талаптар үдесінен шығып, қарқынды дамып келе жатқан еліміздің өркендеп өсуіне, бəсекеге қабілетті, жаңа заманға сай аграрлық сала мамандарын дайындауда белсенді түрде алғы шептен көрініп те келеді. Оның үстіне дəл осы күндері танымал университет өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өту үстінде. Өткен тарихи кезеңдерде білім ордасында жүзеге асқан ауқымды шаралар хақында не айтуға болар еді? –Тарихымызға көз жүгіртсек, университетіміздің қалыптасуы мен даму тарихы ел экономикасының өркендеуімен тығыз байланысты. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жəне Қазақстанда алғашқы кеңшарларды құру кезеңінде ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыда жетік басқара алатын кəсіби білікті мамандарға қажеттілік туындады. Осыған

байланысты 1929 жылы Алматы зоотехникалық малдəрігерік институты, ал 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты ашылды. Аталған екі институт аграрлық ауыл шаруашылығына білікті мамандар даярлаумен қатар аграрлық ғылымның дамуына, ғылым мектептерін қалыптастыруда қосқан үлесі мол. Мамандар даярлаудағы жинақталған тəжірибе мен ғылымды зерттеулерде қалыптасқан дəстүрлер жал ғасын тауып, дамуда. Осы орайда, біздің университеттің түлектері бүгінгі таңдағы жаңа инновациялық экономиканы жетілдіру жолында үлкен сұранысқа ие болып отырғандығын айрықша атап өткім келеді. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімімен аталған екі институт біріктіріліп, атауы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті болып өзгертілді. Бұл өз кезегінде ерекше маңызы бар оқиғаға айналды. 2001 жылы Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен университеттің жоғары ғылыми əлеуетті жəне кəсіби білікті ма мандар даярлаудағы жетістіктері ескеріліп, ұлттық деген мəртебе берілді. Университеттің қызмет ету жылдарында еліміздің аграрлық секторына 140 мыңнан аса білікті мамандар даярлап шығарды жəне осы саланың дамуына олар қомақты үлесін үзбей қосып келе жатыр. Соның ішінде 2 Кеңес Одағының Батыры мен 25 Социалистік Еңбек Ері, 70 Жоғары Кеңес пен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көптеген көрнекті академиктер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, ғылым жəне агроөндіріс кешенінің басшылары, 11 мыңнан астам докторлар мен ғылым кандидаттары жəне бүкіл Қазақстанды əлемге танытқан айтулы да абыройлы азаматтар бар. Мерейлі белесімізді атап өту – ол тек салтанатты шеру ретінде ғана емес, терең мазмұнды, кейінгі жастарға үлгі болатын шара. Мерекеге біздер мақтаныш ететін, дүниежүзіне танымал ғылым мен өндіріс майталмандары, көрнекті ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, бүгінде ел игілігі жолында ізденіске толы, жемісті қызмет етіп жүрген түлектеріміз қатыспақ. Өзім де осы қарашаңырақ университетте білім алып, ғылым жолын бастадым. Мен үшін бұл зор мақтаныш, биік мəртебе жəне үлкен жауапкершілік. Қазақстанның ғылым-білім саласының көрнекті өкілдері мен əлемнің 40 мемлекетінен 50-ден астам беделді университеттердің белгілі ғалымдары қатысатын мерейтойлық апта аясында «Агроөндірістік кешенді дамытудағы ғылым-білім басымдықтарының жаңа стратегиясы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өткізілмек. Конференция барысында оқу орнының 2010 жылдан бастап мақсатты түрде «Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялану моделі» ұсынылып талқыланады. Мерейтой барысында семинарлар, инновациялық жетістіктер көрмесі, оқу орны ардагерлері жəне түлектерімен кездесулер, студенттік жастар форумы ұйымдастырылып, инновациялық жетістіктер көрмесі өтіп, қазақ-корей орталығы, су орталығы, инновациялық жылыжай, мемлекеттік индустриялықинновациялық даму бағдарламасы шеңберінде мамандар даярлауға арналған оқу, ғылыми-зерттелу зертханаларын қамтитын инновациялық орталық ашылмақ. 27 қараша күні Инновациялық жетістіктер көрмесі жəне «Агроөндірістік кешенді дамытудағы ғылым-білім басым дықтарының жа ңа стратегиясы» тақырыбындағы Халықаралық ғылымитəжірибелік конференция өтеді. Осы күні Алматы қаласындағы Республика сарайында түлектер жəрмеңкесі мен Тұңғыш Президент күні мен университет мерейтойына арналған «Білімді жастар – Ұлы Дала тірегі» атты салтанатты кеш болады. Осының бəрі халықаралық ғылыми қауымдастық пен ел халқының алдында өткенімізді саралап, келешегімізді бағамдау үшін жасалынуда. Қалыптасқан ғылыми мектептер мен олардың кадрлық əлеуетті зерттеу лабораторияларының, патенттердің, қорғалған диссертациялардың саны мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлі нетін қаржы көлемінің артуына байланысты. Оқу орнымыздың институттық жəне мамандандырылған аккредиттеуден, мемлекеттік аттестация мен халықаралық аккредиттеуден өтуі – мамандар даярлаудағы сапа көрсеткішінің артқанын дəлелдейді. Осы жылы біз QS World University Rankings Дамыған Еуропа мен Орталық Азияның 308 университеті арасынан 67-орынға тұрақтадық. Алайда, ұжымымыз бұл жеткен жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Барлық ұжым болып Елбасымыздың аграрлық ғылым, білім, өндірісті дамытуға негізделген талаптарын, алдымызға қойылған биік мақсаттарды жүзеге асыруға күш жұмылдырмақпыз. Сөзімнің сонында ел газеті «Егемен Қазақстан» арқылы біздің оқу орнын бітірген барша мамандарды, бүгінгі күні осында білім алып жатқан студенттерді, білім ордасының тірегі – оқытушыпрофессорларды университеттің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын жəне оларға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

БОЛАШАЌ БОЛЖАМЫ БЎЛЫЅЄЫР Ауєандыќ босќындар арманы – Германияєа жету Соңғы уақытта Ауғанстаннан Еуропаға бағыт алған босқындар саны тым көбейіп кетті. Əрине, олар туған жерінен жетіскеннен қашып жатқан жоқ. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының дерегі бойынша тек үстіміздегі жылы ғана 146 мың ауған азаматы Кəрі құрлыққа қоныс аударған.

Ауғанстанның босқындар ісі жөніндегі министрлігі Еуропаға кеткісі келетін ауғандықтарды тоқтату үшін қолдан келгеннің бəрін жасауда. Олар бұл сапардың өте қауіпті екенін, Еуропаға жеткен күннің өзінде оларды Еуропалық одақ мемлекеттері бірден қабылдай қоймайтындықтарын алға тартып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл насихат жұмыстарына дін басшылары жəне БАҚ өкілдері кеңінен тартылған. Алайда, Кəрі құрлыққа қарай қопарыла көшкен ауғандықтарды азайту мүмкін болмай отыр. «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» дегендей, ел тыныш, жағдай жақсы болса ауғандықтар да туған жерін тастап, жат елге үдере көшпес еді. Ұзақ жылдардан бері тоқтаусыз жүріп жатқан соғыс, шетел басқыншыларының озбырлығы бейбіт халыққа шекара асып босуынан басқа амал қалдырмады. Бұл ретте кəрі сүйегін сүйретіп, Германияға жеткен 105 жастағы ауғандық кейуананың қасіреті кімді де болса бейжай қалдыра алмайды. 105 жасында туған жерінен пана таппай, бөтен елден баспана іздеген қарт ананың қасіреті ауғандықтардың басына төнген ауыртпалықтың қаншалықты зор екендігін көрсетсе керек. Қаншама қиындықтармен Еуропаға жеткен ауғандықтарды Германияның құшақ жайып қарсы алатын түрі көрінбейді. Осы орайда ерекше атап өтетін бір мəселе, Ауғанстаннан жаппай қоныс аударған

босқындардың барлығына тəн бір ғана мақсат – «Джарманияға» (пуштун тілінде), яғни Германияға жету болып отыр. Ауғандықтардың бұл «асыл арманға» жетуіне Германия тарапынан да кедергілер аз емес. Соңғы уақытта Германия елшілігі Кабул қаласының көшелеріне ағылшын, пуштун жəне дари тілдерінде жазылған баннерлер іле бастады. Бұл баннерлерде Еуропаға сапардың өте қауіпті екендігін, ауғандықтардың контрабандашылар сөзіне сенбеуі қажеттігін жазып жар салуда. «Контрабандашылар айтқандай, Германияға жету оңай емес. Онда жеткен күннің өзінде Германия тарапынан босқындарға бірден бұл елде тұруға шектеусіз рұқсат берілмейді. Егер мигранттарға босқын дəрежесі берілмейтін болса, Германия оларды күштеп қайтадан еліне қоныс аудартады. Германия қабылдаған босқындарға көтерме өтемақы төлемейді. Сондықтан контрабандашылардың шақыруына ермеңіздер. Олар адам сататын қыл мыскерлер. Оларды ақшадан басқа ештеңе қызықтырмайды», деген үндеулер ауғандықтарға барынша насихатталуда. Жайлы тұрмыс іздеп Еуропаға бет алған ауғандықтарды мұндай үгіт-насихаттың тоқтататын түрі жоқ. Биылғы жылы Еуропаға жеткен босқындардың 43 пайызын ғана Германия қабылдайтын болды. Босқындардың 53 пайызы өз өтініштерінің тексерілуін күтуде. Егер олар босқын дə режесін алмайтын болса, қайтадан

елдеріне күштеп көшіріледі. Жақсы тұрмыс іздеп, кəрі құрлықты кезген босқындарды көптеген қауіп-қатерлер күтіп тұр. Оған көптеп мысал келтіруге болады. Мəселен, контрабандашылардың алдауына сеніп, жабық жүк машинасымен шекара асқан жетпістен астам мигрант жабық қорапта ауа жетпей қаза тапты. Олардың көпшілігі ауғандықтар болса, арасында Сирия жəне Ирак азаматтары да бар. Толассыз ағылған заңсыз мигранттарды қабылдаудан Германия да титықтап бітті. Бүгінде босқындар мəселесі бойынша Германия үкіметінде ортақ шешім жоқ. Билік басындағылардың біреуі босқындарды қабылдап, қажетті жағдай жасау қажет десе, екіншілері заңсыз мигранттарға саяси баспана беру мəселесін қатаң тəртіпке келтіруді талап етуде. Егер,

бұрын заңсыз мигранттар ірі қалаларда ғана шоғырланған болса, бүгінде Германияның шығыс бөлігіндегі шағын қалалар да босқындарға толды. Жергілікті билік босқындар үшін шұ ғыл түрде баспаналар əзірлеуде. Негізінен 200-300 босқынды қабылдайтын жатақханалар ашылуда. Осы орталықтарға орналастырылған мигранттар жиі-жиі тəртіп бұзып, жергілікті тұрғындарға қауіп төндіруде. Қазір немістердің көпшілігі қала көшелерін кезіп жүрген мигранттарға үрейлене қарайтын болды. Бұл шағын қалаларда қылмыс күрт өсіп, ұрлық жасау, тіпті, адам тонау фактілері орын ала бастады. Қазір Германияда көші-қон саясатын реттеп, елге келіп жатқан босқындар тасқынына тосқауыл қоюды талап еткен ереуілдер етек алды.

Тəжірибе көрсетіп отырғандай, Еуропалық Одаққа қарасты мемлекеттерге көптеп қоныс аударған заңсыз мигранттар проблемасы бақылаудан шығып бара жатқан сияқты. Жуырда Грекия жəне Македония мемлекеттерінің шекараларына шоғырланған Марокко, Пəкістан жəне Иран елдерінің мигранттары бүлік шығарды.

Олар шекара қызметкерлері тарапынан жасалып жатқан əділетсіздікке қарсылық білдіруде. Атап айтқанда, олар Македония шекарашыларының тек Сирия, Ирак жəне Ауғанстан азаматтарын ғана қабылдағандарына қарсылық көрсетуде. Босқындар теміржол тораптарына жаппай жатып алып, пойыздардың жүруіне мүмкіндік

бермеді. Босқындар арасындағы тəртіп бұзушылықты полиция күшімен ретке келтірді. Грекия үкіметі шекарада шоғырланған босқындарды арнаулы автобустармен тиісті жерлеріне жеткізе бастады. Ресми деректер бойынша, жыл басынан бері Болгарияның батыс көршісінің шекарасы арқылы 500 мың босқын шекара асқан көрінеді.

Талќандалєан басќару пункті Франция əскери əуе күштерінің соққысынан Ирактың солтүстікбатысындағы Таль-Афар қаласы маңына орналасқан «Ислам мемлекеті» терроршыл топтарының басқару пункті талқандалды. «Біз Мосулдың батысындағы ТальАфар қаласына орналасқан басқару пунктіне əуеден соққы бердік. Нысана талқандалды», – деп мəлімдеді Вашингтонда АҚШ президенті Барак Обама мен Франция президенті Франсуа Олландтың кездесуіне куə болған дереккөз осы жөнінде. Авиа соққыға «Шарль де Голль» кемесіндегі «Rafale-M» истре бительдері қатысқан. Соққы америкалық қарулы күштердің үйлестіруі бойынша берілген. «Шарль де Голль» кемесінің авиақанаттары 26 бомбалаушы истребительдерден тұрады.

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары молдавиялық тікұшақты жолаушыларымен жəне экипаж мүшелерімен қоса тұтқынға алды. Молдавия ішкі істер министрі Олег Баланның сөзіне қарағанда, алдымен содырлар өздері бақылау жасайтын Фарьяб провинциясы аумағында тікұшақты атқылаған. Экипаж тікұшақты қондыруға мəжбүр болған. Оның бортында Ауғанстанның билік өкілдері мен үш экипаж мүшелерін қосқанда, барлығы 21 адам болған екен. Атқылау салдарынан үш адам қаза тауып, қалғандары тұтқынға алынған. Олардың тағдыры белгісіз болып отыр. Молдавияның қорғаныс министрлігі тікұшақтың азаматтық болғанын жəне ол бітімгершілік миссия орындағанын айтады. Қазіргі кезде Ауғанстанда молдавиялық жеке компаниялардың жеті тікұшағы БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы жұмыстарын орындап жүр.

Шенділер ќызметтерінен босатылды Тəжікстан қорғаныс министрлігінде министрдің бірінші орынбасары жəне өзге де орынбасарлары, сондай-ақ, қарулы күштердің бас штабы əскери барлау басқармасының басшысы қызметтерінен босатылып, олардың орындарына жаңа басшылар тағайындалды. Тəжікстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғандай, бұған дейін ел қарулы күштері əскерінің қолбасшысы болған Эмомали Абдурахим қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, қарулы күштер бас штабының бастығы қызметіне тағайындалған. Сонымен қатар, Тəжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара əскері бас басқармасы басшысының орынбасарлары да ауыстырылған. Осы ауыс-түйістерге 4 қыркүйекте қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Душанбеден 20 шақырымдай жердегі Вахдат елді мекеніндегі ішкі істер бөліміне жасалған қарулы шабуылдар себеп болып отыр. Сол шабуылдардан 9 милиция қызметкері мерт болған еді.

Қысқа қайырып айтқанда:

● Жапония полициясы «Кудокай» якудза тобының 11 мүшесін тұтқындағанын мəлімдеді. Оларға қылмыс əлемінің өкілдеріне қызмет көрсеткісі келмеген мейрамханаларды өртеді деген күдік келтіріліп отыр. ● Жоғарғы рададағы «оппозициялық блок» депутаттары Украина премьер-министрі А.Яценюктен үкіметті таратуды талап етті. «Қазіргі билік елді апатқа апара жатыр. Үкімет əлеуметтік төлемдерді қысқартатын жəне тарифтерді көтеретін реформа жүргізіп отыр», – деп мəлімдеді «оппозициялық блок» фракциясының жетекшісі Юрий Бойко. ● «Газпром» басшысы Алексей Миллер жаңа төлемдер түскенге дейін Ресей газының Украинаға жеткізілуі тоқтатылатынын мəлімдеді. ● Полицейлер Францияның солтүстігіндегі Рубе қаласында тонаушылар кепілге алған адамдарды босатты. Құқық қорғау органдары бұл оқиға терроризммен байланысты емес екендігін атады.

Отыз кїнге тґтенше жаєдай енгізілді Тунис президенті Бежи Каид эс-Себси сейсенбі күні болған террорлық əрекеттерге байланысты ел аумағында 30 күнге төтенше жағдай режімі енгізілгені туралы мəлімдеді. Бұл ақпаратты «Новости» агенттігі таратты. Ел аумағында, сондай-ақ, коменданттық сағат енгізілді. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-ден таңғы сағат 05.00-ге дейін созылады. Сейсенбі күні Тунис астанасының орталығында президент күзеті қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жарылып, соның салдарынан 12 адам құрбан болды жəне 17 адам жараланды. Адам өліміне соқтырған бұл жарылысты ел билігі террористік əрекет деп атады. Соңғы мəліметтерге қарағанда, жанкешті автобусқа жақын келіп, жарылғыш затты іске қосқан. Осыған орай, Тунис президенті Бежи Каид эс-Себси 25-26 қарашаға жоспарланған Швейцарияға сапарынан бас тартты.

Экспорт кґлемі азайды

Үстіміздегі жылғы қазан айында Жапонияның экспорт көлемі 2,1 пайызға төмендеп кетті. Қаржы министрлігінің айтуы бойынша, бұл соңғы 14 ай ішіндегі алғашқы төменгі көрсеткіш болып отыр. соңғы 10 ай бойы жалғасуда. Бұл негізінен мұнай жəне табиғи газ бағаларының төмендеуіне байланысты болып отыр. Жапониядан Қытайға шығарылатын экспорт көлемі қазан айында 3,6 пайызға төмендеген. Ал Қытай Жапонияның ең ірі сыртқы сауда серіктесі болып табылады. Осы айдағы жалпы Азия мемлекеттеріне шығарылатын экспорт көлемі де 3,6 пайызға қысқарды. Жапония экономикасында мұндай жағдай тек 2011 жылы болған апатты жер сілкінісінен кейін ғана орын алған еді.

Əлем жаѕалыќтары

Ўшаќ бортындаєылар тўтќындалды

Баќылаудан шыєып барады

Осы мерзімде Жапониядағы импорт көлемі болжалынған 8,6 па йыз дың орнына 13,4 пайызға құлдыраған. Қазан айында Жапония экспортының жалпы көлемі 6,54 триллион иен (52,9 миллиард доллар) болса, импорт көлемі 6,43 триллион иенді құраған. Сөйтіп, қазан айында экспорт көлемі импорт көлемінен 111,5 миллиард иенге көтерілген. Жапонияның сауда балансындағы профицит соңғы 6 ай ішінде алғаш рет кері сальдо көрсетіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, импорт көлемінің қысқаруы

ШАРАЙНА

Ашќўрсаќ балалар саны артып келеді

Сауд Арабиясы экономикасындаєы тоќырау Əлем рыногындағы мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан, Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін арттырып келеді. JODI агенттігінің дерегі бойынша, қыркүйек айында бұл мемлекет тəулігіне 7,11 миллион баррель мұнай экспорттаған.

Өндіріс көлемін үздіксіз арттыру бұл ел үшін əлемдік рыноктағы өз орнын сақтап қалуға деген құлшыныс болып табылады. Мұнай өнімдерін негізгі экспорттаушы болып саналатын Сауд Арабиясы өнім өндіруді үздіксіз арттыру арқылы соңғы кезде əлемдік мұнай рыногын жаулай бастаған Американың тақтатас мұнайын өндірушілеріне қарсы соққы болып отыр. Алайда, мұндай стратегия болашақта Сауд Арабиясының экономикасы үшін де үлкен кедергі болатын түрі бар. Reuters тарапынан ұйымдастырылған конференцияға қатысушылар алдағы 3-4 жыл ішінде Сауд Арабиясының қаржы саласы үлкен дағдарысқа ұшырауы мүмкін дейді. Халықаралық валюта қорының дерегі бойынша, мұнай

бағасы бүгінгідей ең төменгі деңгейде болатын болса, Сауд Арабиясының жинақталған қоры бес жылға жететін көрінеді. Сонымен бірге, мамандардың пікірінше, Сауд Арабиясының экономикасына ел ішіндегі тұрақтылық мəселесі де шешуші ықпал етеді. Соңғы кезде бұл елдің билік басындағылар арасында түсініспеушілік орын ала бастағаны байқалады. Вице-кронпринц Мохаммед бин Салманның өсіп бара жатқан беделі корольдік отбасының басқа мүшелері арасында келіспеушілік пікірлер туғызуда. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты мамандар əлемдік мұнай нарығында Сауд Арабиясы ұзақ уақыт көшбасшы бола алмайды деген пікір білдіруде.

Топтаманы дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Еуропарламент депутаттары Еуропалық одақ елдері балаларының кедейшілігі мен əлеуметтік теңсіздікпен күрес бойынша ісшараларды ұлғайтуға бағытталған қарарды мақұлдады. Аталған мəселе Еуропарламент таратқан коммюникеде айтылды. «Еуростат» статистикалық бюросының жария етілген ақпаратына қарағанда, 2014 жылы Еуропалық одақтағы шамамен 18 жасқа толмаған 26 миллион бала кедейлік пен əлеуметтік шектеу шегінде болған. Бұл – Еуроодақ елдеріндегі барлық баланың 27,7 пайызы. «Кедейлік тұрмысын кешіп отырған баланы Еуроодақтың кез келген елінен табуға болады. Олардың басым бөлігі Румынияда, Болгарияда жəне Венгрияда тұрады. Кедейшілік тауқыметін тартқандар Данияда, Финляндияда жəне Швецияда да бар», – деп атап өтілді Еуропалық парламентте. БҰҰ балалар қорының деректері бойынша, Эстония, Грекия жəне Италияда дұрыс тамақтануға жағдайы келмейтін балалардың саны 2008 жылдан бері екі есеге артқан.

Жарылєыш зат жасайтын зертхана «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Венгрия полицейлері терроризм күдігімен алты адамды ұстады. Ел астанасы – Будапештке қарай кетіп бара жатқан жеңіл автокөлікті тексергенде, одан жарылғыш зат табылған. Терроризмге қарсы күрес ведомствосының басшысы Янош Хайдудың айтуына қарағанда, тоқтатылған тағы бір автомашинадан автоматтар, оқ пен дыбыс тұншықтырғыштар шыққан. Осы оқиғаларды тергеу барысында полицейлер бомба дайындайтын жасырын зертханаға да тап болыпты. Янош Хайду, сондайақ, зертханадан жарылғыш зат пен оның құрылғылары да табылғанын атап өтті. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


 Тағзым

Елорда кґшесіне – Ер Бўќарбай есімі Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласының төрінен даңқты батыр Бұқарбайдың атына көше берілді. Игі шара Астана қаласы əкімдігінің қаулысы жəне мəслихатының шешіміне сəйкес жүзеге асты.

Бұл қуанышқа батырдың Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды жəне Жамбыл облыстарындағы ұрпақтары арнайы келіп, көше мен ескерткіш-тақтаның салтанатты ашылу рəсіміне қатысты. Шараның шымылдығын ұлт жанашыры, Парламент Мəжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы ашты. «Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы шеңберінде осындай батырларымыз бен билерімізді жас ұрпаққа ұлықтау, олардың ерліктерін ұмытпай дəріптеу мақсатында көше атауларын беру халықтың арман-тілегі», – дей келе, бүгінгі жиынның мəн-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, жиынға қатысқан Сейітсұлтан Əйімбетов пен Мұрат Бақтиярұлы сынды депутаттар ер атанған Естекбайдың ұлы жайында естеліктер айтып, шараның өтуіне мұрындық болған бабаның ұрпақтарына алғыстарын жеткізді. Көшенің ашылу салтанатында абыз ақсақалдар бата беріп, мектеп оқушылары батыр жайлы толғанып, əн-жырларын арнады. Мұнан кейінгі шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жалғасын тапты. Ол жерде батыр тұтынған біраз дүние көшпелі музей ретінде жұртшылықтың назарына ұсынылып, «Еліне пана болған Ер Бұқарбай» атты деректі фильм көрсетілді. Батырға арналған ғылыми-танымдық

конференция барысында «Бұқарбай батыр» ғылыми-танымдық кітабының тұсаукесері өтіп, оқырмандарға жол тартты. Сондай-ақ, батыр баба атындағы қоғамдық қор осы игілікті істің өтуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттап, сый-сияпат жасады. Осы жерде тарихқа сəл шегініс жасасақ... Сырда туып, сайын даланың сардары атанған Бұқарбай батырдың арқа топырағына еш бөтендігі жоқ. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінде ханның сенімді серігі, жорықтас жолдасы, даңқты қолбасшысы болған Бұқарбай 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуда ерекше ерлік үлгісін көрсетеді. Сол шайқаста жаужүректік танытқан оған Кенесары хан мыңбасы атағын береді. Ерлігімен ерте көзге түсіп, бар ғұмырын хан Кененің қасында өткізген батырды қалай ұлықтасақ та, дəріптесек те жарасары хақ. Айтпақшы, баба есімімен аталған бұл көше елорда төріндегі Кенесары Қасымұлы атындағы көшемен қатарлас орналасқан екен. Мұның өзі тарихи заңдылық тегінде... Шараның соңында батырдың ұрпақтары «Əзірет Сұлтан» мешітінде баба рухына арнап ас берді. Тілеген БЕКАРЫСТАНОВ, журналист.

Патриоттыќ фестиваль ґтеді Бүгін əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Жандану» экологиялық жобасы Білім жəне ғылым министрлігінің, Қазақстан Жазушылар одағының, «Жас Отан» жастар қанатының жə не Алматы қаласы əкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың үшінші патриоттық фести валін өткізеді. Бұл шараға «Қазақ радиосы» мен «Нұр медиа» холдингі ақпараттық қолдау көрсетіп отыр. Фестиваль студент жастардың еліміздің болашағына деген патриоттық сезімі мен

9

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

азаматтық жауапкершілігін, əлеуметтік белсенділігі мен рухын арттыруға бағытталған. Осы жиын барысында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студен ттік ин но вациялық əлеуметтік маңызы бар жобалардың, «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты жазылған үздік студенттік эссенің, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбындағы студенттік поэзиялық азаматтықпатриоттық шығармалардың жəне «Мəңгілік ел мұратым!» па триоттық əн байқауының қорытындысы шығарылады. Байқауға жұмыстар бір ай бойы қабылданған болатын.

Форум барысында қатысушылар тақырыптық пленарлық жəне шығармашылық секцияларға қатысады. Сонан соң беделді мамандардан құралған тəуелсіз сарапшылар əр байқау бойынша жеңімпаздар есімін жариялайды. Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтетін галафорумның салтанатты жабылу сəтінде жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Айта кетерлігі, фестивальдің ең басты сыйлығы – əл-Фараби атындағы ҚазҰУда бір жыл тегін оқу гранты жеңімпазға табысталады. «Егемен-ақпарат».

Ќаратґбедегі ќуаныш

Бір басында ізгілік пен іскерлікті асқақтатар сан даған қасиеттер тоғысқан, сонысымен де елінің көшелі азаматтарының бірі болып, есімі жақсылар мен жайсаңдардың қатарында аталып жүрген ардақты інім Оңдасын Елубайұлы ЖИЕНҚҰЛОВ бұл күнде 60 жастың асқарына шығып отыр. Аса қадірлі інім Оң дасын Елу байұлы! Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бəрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе де кемел жас – 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мəлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың «талтүс» аталуы бекер емес. Міне, өзің де аман-есен алтыншы асқарыңның шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір белестері көңіл толтырып, көз тойдырады. Өрелі істеріңді айтқанда ауыз толады, өйткені, сенің өмірің нағыз майталман маманның, ұлағатты əкенің, еліне сүйіспеншілікпен еңбек ете білетін абзал азаматтың үлгісі. Отанымыздың өркендеуі жəне хал қымыздың игілігі жолында əлі де талай істерді атқаратыныңа кəміл сенемін. Қадірменді інім, адам өмі рінің ең бір асқар белі – 60 жасқа денсаулығың қуатты, көңілің шуақты қалпыңда жеттің. Осы болмысыңнан танба. Өсіпөнген, ұрпақ тəрбиелеген,

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген саған тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілеймін. Жастайыңнан басшылық қызметке араласып, осы жолда көп белес-биіктерден өткен қымбатты бауырым, алдағы уақыттарда да тасың өрге домалай берсін. Алпыстың асуынан асып, жетпіске аяқ басқан шағыңда да көзіңнен от, жүрегіңнен жылу кетпесін дей отырып, елге жасайтын еңбегің, келер ұрпаққа беретін тəлімің жалғасын табады деп сенемін. Шаңырағыңа шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, Алланың берген жасын жасап, кісілік келбетіңнен танбай, несібе-дəулетіңнің арта беруіне ағалық тілегімді білдіремін! Ізгі ниетпен, Бағлан ЖИЕНƏЛІҰЛЫ.

ТАРАЗ.

ХАБАРЛАНДЫРУ 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй мекенжайда орналасқан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (бұдан əрі мəтін бойынша – Қоғам), Қоғам теңгеріміндегі қосалқы бөлшектерді жəне құралдарды сату бойынша тендердің өткізілетіні туралы хабарлайды. 1) Тендер арқылы сатуға ұсынылатын актив туралы мəліметтер: №1 лот – «Қосалқы бөлшектер жəне құралдар түріндегі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мүлкін сату» – 12 683 бірлік, оның ішінде: - Қосалқы бөлшектер– 3 040 бірлік. - Құралдар – 9 592 бірлік. - КПГ жабдықтар – 51 бірлік. Сатылатын қосалқы бөлшектердің жəне құралдардың жан-жақты сипаттары мен сипаттамалары тендер құжаттамасында көрсетілген. 2) Қосалқы бөлшектердің, аспаптардың жəне КПГ жабдықтарының алғашқы (бастапқы) сату бағасы: ҚҚС есебінсіз 47 807 908 (қырық жеті миллион сегіз жүз жеті мың тоғыз жүз сегіз) теңге 81 тиын 3) Тендер өткізу күні, уақыты жəне орны: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй, 3-қабат мекенжайы бойынша 2015 жылғы 18 желтоқсанда 10.00 сағат. 4) Сатып алынатын актив бойынша төлем жүргізу тəртібі: Сатуға ұсынылатын активтің бағасы сатып алу-сату шартына қол қойылған сəттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде 100% мөлшерде төленеді. 5) Кепілдік жарнаны қамтамасыз ету мөлшері жəне енгізу мерзімі жəне ол аударылуы тиіс болатын Қоғамның банк шотының деректемелері: Сатылатын актив сомасының 1 (бір) % кепілдік жарнасы, (кепілдік жарнаны қамтамасыз ету мөлшері жəне енгізу мерзімі жəне Қоғамның банк шотының деректемелері тендер құжаттамасында көрсетілген). 6) Тендерге қатысуға арналған өтінімді қабылдау мекенжайы, уақыты жəне мерзімдері: Тендерге қатысуға арналған өтінімдер тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған сəттен бастап 2015 жылғы 14 желтоқсанда сағат 18.30-ға дейін (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй, 3-қабат мекенжайы бойынша қабылданады. 7) Сатылатын нысандармен танысу күні, уақыты жəне тəртібі: 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2015 жылғы 16 желтоқсанға дейін, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін төмендегі мекенжайларға жүгіну арқылы: 1. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 312-атқыштар дивизиясы д-лы, 22-үй. 2. Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй. 3. Атырау облысы, Атырау қ., Досмұхамедов к-сі, 4-үй. 4. Жамбыл облысы, Тараз қ., Қойгелді к-сі, 177-үй. 5. Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Гагарин к-сі, 29. 6. Қостанай облысы, Қостанай қ., Алтынсарин к-сі, 130. 7. Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1. 8. Маңғыстау облысы, Ақтау, 21-ш/а., «ҚазТрансГаз Аймақ» өнеркəсіп алаңы, 312 а/ж. 9. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 20/2. Өткізу тəртібі, техникалық ерекшеліктер жəне тендерге қатысушыларға қойылатын басқа талаптар тендер құжаттамасында көрсетілген. Тендерге тендер құжаттамасының талаптарына жауап беретін барлық қатысушылар жіберіледі. Тендер құжаттамасының жиынтығын 2015 жылғы 14 желтоқсанда сағат 10.00-ге дейінгі мерзімде Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй мекенжай бойынша демалыс жəне мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 10.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) алуға болады. Қатысушының өкілінде тендер құжаттамасын алуға, тендер өтінімін беруге, сондай-ақ тендер өтінімі салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға арналған сенімхат жəне жеке тұлғалығын растайтын құжатының көшірмесі болуы тиіс. Тендер құжаттамасы қатысушыға тегін беріледі. Конвертке бекітілген тендерге қатысуға арналған тендер өтінімдерді қатысушылар 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 11-үй, 3-қабат мекенжайы бойынша өндірістік-техникалық департаментке (А.Е. Тұрман) береді. Қосымша ақпараттарды келесі телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 50-89-60, ішкі нөмір1457, Тұрман А.Е.

ОБЪЯВЛЕНИЕ

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданындағы төрт елді мекен: Егіндікөл, Коскөл, Шалғын, Ханкөлге көгілдір отын келді. Бұл жоспарланған 80 шақырымдық құбырдың құны 706 миллион теңге. От жағып

күл шығарудың бейнетінен құтылған ауыл қыз-келіншектерінің қуанышында шек жоқ. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

АО «КазТрансГазАймақ» (далее по тексту – Общество), находящееся по адресу: 010000, г.Астана, район Есиль, улица 36, д.11 объявляет о проведении тендера по реализации запасных частей и инструментов состоящего на балансе Общества. 1) Сведения об активе, предлагаемое на продажу через тендер: Лот №1 – «Реализация имущества АО «КазТрансГаз Аймак», в виде запасных частей и инструментов» в количестве – 12 683 единиц, из них: - Запасные части – 3 040 ед. - Инструменты – 9 592 ед. - КПГ оборудование – 51 ед. Детальное описание и характеристики реализуемых запасных частей и инструментов указаны в тендерной документации. 2) Начальная (стартовая) цена реализации запасных частей, инструментов и КПГ оборудования: 47 807 908 (сорок семь миллионов восемьсот семь тысяч девятьсот восемь) тенге 81 тиын без учета НДС. 3) Дата, время и место проведения тендера: 18 декабря 2015 года 10.00 часов по адресу: 010000, г.Астана, район Есиль, улица 36, д.11, 3-этаж. 4) Условия оплаты по приобретаемому активу: Цена актива предлагаемого на продажу через тендер оплачивается в 100% размере в течение 30 (тридцати) календарных дней с момента подписания договора купли-продажи. 5) Размер и сроки внесения обеспечения гарнтиного взноса и реквизиты банковского счета Общества, на который он должен быть перечислен: Гарантийный взнос 1 (один) % от суммы реализуемого актива (размер и сроки внесения обеспечения гарантийного взноса и реквизиты банковского счета Общества указаны в тендерной документации). 6) Адрес, время и сроки принятия заявок на участие в тендере: Заявки на участие в тендере принимаются по адресу: 010000, г.Астана, район Есиль, улица 36, д.11, 3-этаж, с момента публикации объявления о проведении тендера (в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов) до 18.30 часов 14 декабря 2015 года. 7) Дата, время и порядок ознакомления с объектом продажи: с 1 декабря 2015 года и до 16 декабря 2015 г. с 10.00 по 16.00 часов путем обращения по адресам: 1. Актюбинская область, г.Актобе, пр-т 312 стрелковой дивизии, 22 2. г.Астана, район Есиль, улица 36, д.11 3. Атырауская область, г.Атырау, ул Досмухамедова, 4. 4. Жамбылская область, г.Тараз, ул. Койгелды, 177. 5. Западно-Казахстанская область, г.Уральск, ул. Гагарина, 29. 6. Костанайская область, г.Костанай, ул.Алтынсарина, 130. 7. Кызылординская область, г.Кызылорда, ул. Султан Бейбарыса, 1. 8. Мангистауская область область, г.Актау, 21-мкр., промплощадка «КазТрансгаз Аймак», а/я 312. 9. Южно-Казахстанская область, г.Шымкент, район Абайский, тр.Темирлановская, 20/2. Условия проведения, технические спецификации и другие требования, предъявляемые к участникам указаны в тендерной документации. К участию в тендере допускаются все участники, отвечающие требованиям тендерной документации. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 10.00 часов 14 декабря 2015 года включительно по адресу: г. Астана, район Есиль, улица 36, д.11, 3-этаж, ежедневно с 10.00 до 18.30 часов (обеденный перерыв с 13.00 до 14.30 часов), за исключением выходных и праздничных дней. Необходимо наличие у представителя участника доверенности на получение копии тендерной документации, подачи тендерной заявки, а также на присутствие при вскрытии конвертов с тендерными заявками и копию документа удостоверяющего личность. Тендерная документация предоставляется участникам бесплатно. Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, представляются (направляются) участниками в АО «КазТрансГазАймақ» по адресу: г. Астана, район Есиль, улица 36, д.11, 3-этаж, производственно-технический департамент (Турман А.Е.) Дополнительную информацию можно получить по телефону: 8 (7172) 50-89-60, вн.1457, Турман А.Е.

Сіздерді 28 және 29 қарашада сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін «ASTANA MALL» (Тәуелсіздік к-сі, 34) сауда орталығында күтеміз ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАНДЫ ТАҢДА! «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 8,0 га кадастрлық нөмірі 03-047-062-207, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу. Бастапқы баға – 61 400 000 (алпыс бір миллион төрт жүз мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 5%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 5% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 1004-бөлмеде 2015 жылғы 7 желтоқсанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық лот бойынша ағылшын əдісімен 2015 жылғы 8 желтоқсанда сағат 15.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі, 157. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385, Кбе 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57, 330 17 83. «Гайса» ЖШС «Гайса» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды. Өткізу уақыты: 2015 жылғы 14 желтоқсанда сағат 11.00-де. Өткізу орны – СҚО, Есіл ауданы, Қарағаш а., «Гайса» ЖШС кеңсесінің ғимаратында. 1. «КТ «Достык» ЖШС-да ашық кредиттік желі бойынша займ алу. 2. «КТ «Достык» ЖШС алдындағы міндеттемелерді жəне «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ алдындағы «КТ «Достык» ЖШС міндеттемелерін «Гайса» ЖШС орындауды қамтамасыз ету ретінде, «КТ «Достык» ЖШСға жəне «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-қа кепілге беру туралы. 3. «КТ «Достык» ЖШС алдындағы міндеттемелерді жəне «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ алдындағы «КТ «Достык» ЖШС міндеттемелерін «Гайса» ЖШС орындамауы немесе тиісті орындамауы жағдайында, кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға «КТ «Достык» ЖШС-ға жəне «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-қа келісім беру туралы. 4. «Гайса» ЖШС атынан кредиттік желінің ашылуына жəне займ алуға байланысты займ шартына, кредиттік шартқа, аралық келісімге, кепіл шарттарына, оларға қосымша келісімдер жəне өзге құжаттарға «Гайса» ЖШС директоры Біржан Байзақұлы Гайсинге өкілеттіктерді беру туралы.

Танхиева Индира Нурмаганбетовнаға С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті берген ЖБ № 0070853 дипломы жəне ИК №0012708 интернатура куəлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

 Еске алу

Ұстаздық еткен жалықпай Досмайыл Бекішев атам 1930 жылдың 17 нау рызында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына қарасты Айнакөл ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарында өтті. Нақтырақ айтсақ, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Досмайыл Төлепұлы 11 жастағы бала болатын. Ер азаматтардың бəрі соғысқа аттанып, ал колхоздың жұмысы бала-шаға мен қарттарға, əйелдерге қарап қалған кез еді. Досмайыл: «Бəрі де майдан үшін, бəрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен таңның атысы, күннің батысы бел жазбай еңбек етті. Осылайша ол кісінің қиындыққа толы балалық шағы өте шықты. Абай атамыз: «Адам болам десеңіз, бес нəрсеге ғашық бол, бес нəрседен қашық бол» дегендей, Досмайыл Төлепұлы қашанда ерінбей еңбек етуге, адал болуға, ғайбат сөз айтпауға, айналасына тек қана жақсылық жасауға асық болды. Қиын-қыстау жылдардың жетегінде жүрсе де оқу оқысам, білім алсам деген құштарлығын жоғалтпады. Оқуға, білімге деген ізденіс оны Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтқа алып келді. Институтта жақсы оқып, қатарының алды болуға ұмтылды. 1952 жылы институттың жаратылыстану факультетін тəмамдап, мұғалім атанды. Əс кери міндетін өтеуге шақырылып, Свердловскіде қызмет етті. Одан оралысымен 1954 жылдың қарашасында жұмысшы жастар мектебінде, одан кейін Қызылорда қаласындағы 1 Мамыр атындағы мектепте жұмыс істеді. Халықтың білімін көтеру жолында елге танымал азаматтармен бірге еңбек етті. Əсіресе, облыстық халық

ағарту бөлімінің басшысы Уəли Тұралиев, аудандық пар тия комитеттерінің бірінші хатшылары Елеу Көшербаев, Қонысбек Қазантаев жəне басқа да басшылармен бірлесе отырып білім саласын да мытуға күш жұмсады. 1967 жылдан 1986 жылға дейін, яғни 20 жыл ға жуық Досмайыл Төлепұлы алғашқыда Тереңөзек, одан кейін Қазалы аудандық халыққа білім беру бөлімдерінің басшысы қызметін абыроймен атқарды. Дос-жолдастармен де жиі араласатын. Атамның Мəдібек Ыбыраев, Болатбек Аманбаев, Бəрзу Ахметов тəрізді достарымен кездескенде көңілі көтеріліп қалатын. Қызылорда қаласындағы Юрий Гагарин атындағы талантты балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры лауазымынан зейнет демалысына шықты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін балаларының жанында болуды ұйғарып, Алматы облысының Көлді кентіне көшіп келіп, бау-бақша өсірумен айналысты. Досмайыл Бекішев атамның қысқаша өмір жолы осылай сыр шертеді. Əрине, айта берсе ол кісі туралы əңгіменің көп болатындығы сөзсіз. 1960 жылы отбасын құрып, менің əжем Дина Тұрғанбайқызы екеуі екі ұл, бір қыз тəрбиелеп өсірді. Балалары ел қатарлы оқып, білім алып, өмірде өз орындарын тапты. Немерелері де ер жетіп, ата өсиетін ұлықтап келеді. Руслан ДОСМАЙЫЛ, Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенті.

АСТАНА.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Валерий Айтмұқашұлы Жандəулетовке анасы Лариса ДМИТРИЕВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің ұжымы Баспасөз қызметінің қызметкері Валерий Айтмұқашұлы Жандəулетовке анасы Лариса ДМИТРИЕВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Спорт

Ауыр атлетика саласындаєы жаѕа əлем чемпионы

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Ол – ќазаќстандыќ Ниджат Рагимов

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБАЕВ. Талдықорған қаласы.

Кеше таңертең АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан əлем чемпионатында 22 жасар қазақстандық Ниджат Рагимов 77 килоға дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол бұған қоссайыста 372 кило салмақ көтеру арқылы жетті.

• Бүгіннен – болашаққа!

 Міне, қызық!

Кґмір де сґйлейді Астанада тұңғыш рет көмірмен салынған графикалық жұмыстардың көрмесі өтуде. Онда «Men Qazaqpyn» жобасының жетекшісі, бір қырынан суретші, бір қырынан саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ өндіретін көмірді пайдаланып, ақ қағазға көмірден сыр төккен. Суретшінің графикалық туындыларын көмірмен орындауының астарында қандай ой жатыр, жалпы табиғаттағы сан алуан бояудың ішінен тек ақ-пен қараны таңдау не үшін қажет болды деген көрермен ойына суретші былай деп жауап беріпті: «Қазіргі заманда түрлі бояулар өте көп. Айналамыз алуан дыбыстарға, шуға, түрлі реңк пен бояуға толы. Сондықтан ол бұл жылтырағанның бəрі не үшін?» деген өзінің басты мəнін жоғалтып алуда. Мен ең кереметтің аяғымыздың астында-ақ жатқандығын көрсеткім келді. Көптеген отбасылар əр жаңа күндерін көмірден бастағандарымен, оны шы ғармашылық тұрғыдан пайдалануға болатындығы жөнінде ойлана бермейді. Балалардың кейде табиғатқа қарап-ақ, ертегі кейіпкерін көре алатын таланттары

бар. Өкінішке қарай, ересек адамдар бұл қабілеттерін жоғалтып алған. Мен аяқ астында жатқан қарапайым көмірдің тағы бір қасиетін ашқым келген. Ал осы ниетімді қолдап, бұл көрменің Қазақстанның үш қа ласында өткізуге мүмкіндік туғызғаны үшін «Шұбаркөл көмір» компаниясына алғысымды білдіремін». «Шұбаркөл көмір» АҚ-тың өндірістік мəселелер жөніндегі вице-президенті Болат Жəкенов биылғы жылы Шұбаркөл кен орнының игеріле бастағанына 30 жыл толғанын айта келе: «Қазір мұнда əлемде теңдесі жоқ көмір өндірілуде. Осындай теңдессіз кен орнының Қазақстан жерінде орналасқанын мақтан тұтамыз. Шұбаркөл көмірінің күлділігі 4 пайызды жəне жылулығы 1 килограмға

шаққанда 5900 ккал құрайды. Бұл – өте жоғары сапа. Осының арқасында Шұбаркөл көмірі дүниежүзіне таралып отыр. Бүгінгі көрмемізге уақыт бөліп келгендеріңіз үшін дəн ризамын. Себебі, мына суреттер арқылы бізге жұмыс істеу бұйырған бірегей Шұбаркөл кен орны туралы анағұрлым көбірек біле аласыздар», – деді. Оның айтуынша, қазіргі таңда əр төртінші қазақстандық өз үйлерін жылыту үшін нарықта «Шұбаркөл көмір оригинал» атауымен танымал осы көмірді сатып алады. Тұтынушылардың басым көпшілігі еліміздің Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұратын көрінеді. «Мен өнеркəсіптік кəсіпорынның жұмысы жайлы осындай жарқын əрі көрнекті пішінде баяндауға болады деп ойламаған да едім. Суреттер, фотосуреттер, бейнефильмдер – бəрі-бəрі «Шұбаркөл көмірдің» қызметі жайлы егжейтегжейлі жəне өте қызықты етіп баяндайды. Бұл өз кезегінде кен орнына жəне онда қызмет ететін

шахтерлердің еңбегіне шынайы қызығушылық пен құрмет сезімін тудырады», – деп өз сезімімен бөлісті көрмеге келушілердің бірі Ердос Хамидуллаев. Графикалық туындылардан өзге, көрмеге келушілердің назарына Шұбаркөл кен орны туралы мұрағаттық жəне заманауи фотосуреттер мен басылым беттерінде жарық көрген жарияланымдар ұсынылды. Шұбаркөл көмір кен орнының 30 жылдық мерейтойына арналған графикалық жұмыстардың көрмесі 2015 жылдың 23 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында Тəуелсіздік сарайында өтеді. Əрі қарай көрме 8-16 желтоқсан аралығында Алматы қаласында жалғасатын болады. Жоба 20-27 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында аяқталады деп күтілуде. Мына жалғанда жақсы мен жаман, ақ пен қара деп бөлінетін ұғымдар болса суретші қаламынан туып, қиялынан кестеленіп өнер туындысы болып өрілген шығармалардан да əрбір көрмеге келушінің көкірек көзіне сəуле түсіп, ақ қағаздың бетіне көмірмен бейнеленген қолтаңбадан түрлі-түрлі сыр ұққандай. Ажар СЕЙДƏЗІМОВА.

АСТАНА.

 Апырай, ə!

Мўсылман ќыздыѕ посты Facebook-ті дїр сілкіндірді Бұдан төрт күн бұрын АҚШ президенттігінен үміткер миллиардер Дональд Трамп NBC News телеарнасына берген сұхбатында жанжалды мəлімдеме жасады. Ол Құрама Штаттарда тұратын мұсылмандар жөнінде мəліметтер базасы, сондай-ақ, оларды «қадағалап отыратын басқа да жүйелер болуы керек» екенін айтты. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, миллиардердің бұл мəлімдемесі мұсылмандар қауымын қатты ашындырып жіберген. Олай болмағанда ше, Трамп мұсылмандарды арнайы картамен, өздерінің кім екенін жəне қай дінді ұстанатынын көрсететін куəлікпен жүрулері керек дегенді жеткізген. Мұның өзі АҚШ мұсылмандарының елдегі екінші сұрыпты адамдар болып қалғандарын айғақтар

еді. Осыны байқаған мұсылман қауымы бірден үміткерге қарсы шықты. Солардың арасында бір жас мұсылман қызының посты Трампқа қайтарған жауаптардың ең үздігі болып есептеліп отыр. «Құрметті @realdonaldtrump. Менің атым – Марва, мен де мұсылманмын. Мен сіз бізге ID-белгісін тағып қоймақшы болып жатыр деп естідім. Сол себепті мен олардың бірін өзіме таңдап алмақшымын. Ал сіз маған қарап, мұсылман

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

екенімді оп-оңай біле қоймассыз, сондықтан мен өзімнің мұсылман екенімді байқататын төсбелгіні мақтанышпен тағып алған болар едім. Мен бейбітшілік белгісін таңдадым, себебі, менің Исламым тап осы ұғымды білдіреді. Мені əділетсіздікке қарсы шығып, бірлікке ұмтылуға үйреткен – Ислам.

Жазықсыз бір адамды өлтірудің бүкіл адамзат баласын өлтіргенмен бірдей болып табылатынын да үйреткен Ислам. Сіз бізді қадағалап тұрады деп естідім. Тамаша! Сіз енді менімен бірге жергілікті мектептегі Cancer Awareness ұйымына немесе менің жұмыс орныма келе аласыз. Сіздің, сондай-ақ, менің жергілікті мешітіме барып, онда үй-жайсыз жүргендерге қалай сэндвичтер мен бутербродтар, тамақ ішкісі келетіндердің бəріне тегін ас дайындалып жатқанын көруге де мүмкіндігіңіз бар. Сол кезде сіз менің мұсылман бола отырып, сізден бір де кем емес америкалық екенімді көресіз. Бəлкім, сіз менің ізіммен жүре берсеңіз, менің өзіңізден ешбір төмен адам емес екенімді де көрерсіз. Саламу алейкум (Сізге бейбітшілік тілеймін)», – деп жазды Марва. Мұсылман қыз Трампқа жазған бұл жауабына екі күннің ішінде 80 мыңнан астам шейр жинапты. Мұрат АЙТҚОЖА.

Ниджат жұлқа көтерудің бірінші талпынысында – 155, екіншісінде – 160, ал соңғысында 165 кило салмақты бағындырды. Осы арқылы ол төртінші орынға тұрақтады. Мұнда 175 килоны алған 31 жастағы қытайлық Олимпиада чемпионы Люй Сяоцзинь бірінші орынға шықты. Екінші орынға 171 киломен 23 жасар КХДР өкілі Ким Гван Сон орналасса, 167 килоны төбесіне көтерген армян Андраник Карапетян үшінші болды. Біздің жігіт серпе көтеруге 195 килодан қосылды. Бұдан кейін əуелі 202 килоға тапсырыс беріп тұрып, оны 207 килоға ауыстырды. Осы салмақты алудың өзі оны əлем чемпионы ететін еді. Себебі, алғашқы жаттығудан соң бірінші болып келе жатқан Люй Сяоцзюнь 201 килоны ала алмай, серпе көтеруде құр алақан қалса, Ким Гван Сон сол салмақпен тоқтады. Ал қазақстандық атлет 207-ні еркін еңсерді де, бірінші орынға ырғып шыға келді. Қорытындыда оның жинаған балы 372 кило болды. Осылайша қоссайыс жиынтығында Солтүстік Корея спортшысымен бірдей салмақ көтерген Рагимов жеке салмағының жеңілдігіне байланысты алтын медальдің иегері атанды. Рас, осыдан кейін Ниджат 211 килоға шабуыл жасап, əлем рекордына өзгеріс енгізбекші болып еді, бірақ онысы

сəтсіз аяқталды. Сонымен бірге, қоссайыс қорытындысы бойынша (363 (162+201) килоға аяқ артқан египеттік Мохамед Ихаб күтпеген жерден қола медальға қол жеткізді. Айта кетуіміз керек, Ниджат Рагимов – Əзербайжанның тумасы. Ол 2010 жылы осы елдің құрамасы сапында Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы бірінші Олимпиялық ойындардың чемпионы атанса, 2013 жылы жасөспірімдердің əлем чемпионатында топ жарды. Ал 2013 жылы Қазанда өткен Универсиадаға Əзербайжан туын көтеріп барып, жарыстан орынсыз қайтты. Ол Қазақстан құрамасына 2014 жылғы ақпанда ауысып келді.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Руслан ИГІЛІК.

«Бенфиканы» жеѕіп кете жаздадыќ Кеше «Астана» футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында өз алаңында Лиссабонның «Бенфикасын» қабылдап, 2:2 есебімен тең ойнады.

«Астана-Аренада» өткен матчта алаң иелері ойын басталғаннан оның тізгінін өз қолдарына ұстады. Олар қонақтар қақпасына қарай тоқтаусыз жөңкіле ұмтылумен болды. Португалиялықтар бұған ара-тұра қарсы шабуылмен жауап қайтарып тұрды. Біздің жерлес теріміз голды өздері жедел ұйымдастырған кезекті қарсы жорық кезінде соғып кетті. 19-минутта алаң

ортасына таман өз қақпасы жақтан доп алған Жуниор Кабананга сол қапталдан алға суырылып шықты. Ол сол бойда тоқтатпастан қақпаға қарай көлбеулете доп жіберді. Оны дəл қақпашы алдында тоқтатпастан ұрған Патрик Твумаси торды дір еткізді. Астаналықтар екінші голды 31-минутта салды. Бұл жолы олар мұны айып добын ұру арқылы

Жарыстар жаѕєырыєы ДЗЮДО. 20-22 қараша күндері Қытайда өткен дзюдодан Гран-при турнирінде 100 килоға дейінгі салмақ дəрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз Максим Раков күміс медальді қоржынға салды. Ол шешуші белдесуде моңғол балуаны Тувшинбаяр Найданға есе жіберді. 29 жастағы Максим Раков финалға дейін тунистік Анис Бен Халледті, қытайлық Ху Минг Чаоны, хорват Златко Кумричті жəне əзербайжан Эльхан Мамедовті жеңді. Сондай-ақ, бұған дейін дəл осы турнирде əйелдер арасында 48 килода бақ сынаған отандасымыз Галбадрах Отгонцэгцэг қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Ол медаль үшін болған белдесуде Оңтүстік Кореяның өкілі Чон Бо Куенгтен басым түсті. АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК. Өткен сенбіде аралас жекпе-жек өнерінің (ММА) шебері қазақстандық атлет Қайрат Ахметов аса жеңіл салмақта One FC лигасының чемпионы атанды. Титулды айқаста ол осыған дейін чемпиондық белдіктің иегері болған бразилиялық спортшы Адриано Мораешпен кездесті.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

Еске сала кетейік, 77 килоға дейінгі салмақта Қазақстаннан тағы бір атлет – Айдар Қазов та күш сынасқан. Біріншіліктің В тобында шайқасқан ол қоссайыста 346 (152+194) кило көтеріп, тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұған дейін Хьюстонда қазақстандықтар сапынан 56 килоға дейінгі салмақта Арли Чонтей тұғырға шығып, серпе көтеруде құр алақан қалған. Ал 53 килоға дейінгі салмақтағы Маргарита Елисеева 6-орынға табан тіреп, командаға қажетті ұпай алып берген болатын.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

кіргізді. Допты алдымен Фокси Кетевоама алыстан қақпа алаңына қарай əуелете жөнелтті. Сол жерде оған арқасы болар-болмас тиіп кеткен Марин Аничич аяқ астынан голдың авторы болып шыға келді. Негізінен бұл допты Фоксиге жазса да болар еді. «Астана» футболшылары бұдан кейін де қарқындарын бəсеңсіткен жоқ. Алайда, таймның соңында меймандар бір доптың қарымтасын қайырып үлгерді. 40-минутта Жонас дарбаза аумағына қарай доп асырды. Оған қақпа сызығы маңында бірінші жеткен Рауль Хименес «тоғыздықты» дəл көздеді. Астаналықтар екінші таймды да жорық үстінде өткізді. Бұл кезеңде де олардың есепті ұлғайта түсуге бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ бəрі сəтсіз аяқталып жатты. Мұның есесіне тағы да қонақтар күтпеген жерден 72-минутта гол соғып кетті. Оны кіргізген алғашқы доптың иесі Рауль Хименес. Осы есеп ойын соңына дейін өзгерген жоқ. Енді топтық кезеңнің бір туры ғана қалды. Оны «Астана» Ыстамбұлда өткізіп, «Галатасараймен» кездеседі. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Бес раундқа жалғасқан кездесуде төрешілердің шешімі бойынша жеңіске қазақстандық спортшы лайық деп танылды. Бұл отандасымыз үшін аталған лига шеңберіндегі дебюттік кездесу екенін атап өткен жөн. Осымен ММА рингіндегі 23 кездесу өткізген Қайрат Ахметов соның барлығында жеңіске жетіп отыр. КƏСІПҚОЙ БОКС. Жексенбі күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орта салмақтағы кəсіпқой боксшылар – пуэрториколық Мигель Котто мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі өтті. 12 раундтан тұрған айқас нəтижесінде Альварес 117:111, 119:109 жəне 118:110 есебімен жеңіске жетіп, WBC тұжырымы бойынша əлем чемпионы атанды. Осылайша Сауль Канело Альварес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) жəне IBF нұсқалары бойынша əлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы атанып отыр. Егер мексикалық Головкинмен жұдырықтасудан бас тартса, WBC ұйымы чемпиондық белдікті біздің боксшыға береді. Ернар МҰХАМБЕТ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 17 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №700 ek


11

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасының Заңы

Ақпараттандыру туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту жəне пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды жəне беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі; 2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, əлеуметтiк-экономикалық жəне ғылыми-техникалық процесс; 3) ақпараттандырудың сервистік моделі – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым мен сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелерін тарта отырып, мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуіне негізделген, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудағы орталықтанған тəсілді іске асыру; 4) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым жəне ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым; 5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде жəне тəртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену жəне пайдалану құқықтарын берген субъект; 6) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы (бұдан əрі – сыныптауыш) – ақпараттандыру объектілерін сəйкестендіруге жəне сипаттауға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі; 7) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан əрі – ақпараттық қауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің жəне ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы жəне ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі; 8) ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтер – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту жəне қолдап отыру, электрондық ақпараттық ресурстарды құру жөніндегі көрсетілетін қызметтер; 9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан əрі – сарапшылық кеңес) – мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мəселелерді қарайтын, уəкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия; 10) ақпараттандыру саласындағы уəкiлеттi орган (бұдан əрi – уəкiлеттi орган) – ақпараттандыру жəне «электрондық үкiмет» саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) ақпараттандыру субъектілері – ақпараттандыру саласында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар; 12) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық əрекеттерді іске асыратын жəне нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың жəне техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы; 13) ақпараттық жүйе құру – бағдарламалық қамтылымды əзірлеуге, иемденуге, ендіруге, ақпараттық жүйенің техникалық құралдарының қажетті кешенін иемденуге жəне (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру; 14) ақпараттық жүйелердің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде екі жəне одан да көп ақпараттық жүйе арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; 15) ақпараттық жүйені дамыту – өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін оңтайландыру жəне (немесе) функционалын кеңейту мақсатында қосымша функционалдық талаптарды іске асыру, оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені; 16) ақпараттық жүйені ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала жəне қабылдау сынақтарын жүргізуді, тəжірибелік пайдалануды қамтитын ақпараттық жүйені қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу; 17) ақпараттық жүйені қолдап отыру – өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттық жүйені оған жаңғырту жүргізбестен жəне қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан жəне оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу жəне оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сəйкес пайдалануды қамтамасыз ету; 18) ақпараттық жүйенің аудиті – ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тəуелсіз зерттепқарау; 19) ақпараттық жүйенің өмірлік циклі – ақпараттық жүйені құру, өнеркəсіптік пайдалану, қолдап отыру, дамыту жəне оның өнеркəсіптік пайдаланылуын тоқтату кезеңдерінің жиынтығы; 20) ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалану – ақпараттық жүйені мақсаттарына, міндеттері мен техникалық құжаттамада жазылған талаптарға жəне нормативтік-техникалық құжаттамасына сəйкес штаттық режимде пайдалану; 21) ақпараттық жүйені тəжірибелік пайдалану – ақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтылымының жұмыс істеуіндегі кемшіліктерді анықтау мен жою жəне оның техникалық құжаттама талаптарына сəйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін, ақпараттық жүйені пилоттық аймақта пайдалану; 22) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық платформасын жəне мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке аттестаттау (бұдан əрі – аттестаттау) – аттестаттау объектілерінің қорғалуының жай-күйін, сондай-ақ олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін айқындау жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар; 23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жəне оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы; 24) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы əлеуметтік жəне (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға əкеп соғатын ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері; 25) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс істеуін жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері; 26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) жəне (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді жəне техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы; 27) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогы – мемлекеттік органдарға «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің бірыңғай анықтамалығы; 28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу əдістерінің жəне аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл əдістерінің жиынтығы;

29) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – экономиканың бағдарламалық қамтылымды, техникалық құралдарды, тұрмыстық электрониканы жəне оның құрамдастарын жобалаумен, жасаумен жəне өткізумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты саласы; 30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы – ақпараттандыру объектілерінің қазіргі бар қауіпсіздік саясатын ықтимал бұзу туралы не ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысы болуы мүмкін, бұрын белгісіз болған жағдай туралы куəландыратын жай-күйі; 31) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн жəне (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiрмесін түсіріп алу, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын іркілістер; 32) ақпаратты қорғау құралы – ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жəне сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық жəне өзге де құралдар; 33) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы; 34) аттестаттық зерттеп-қарау – аттестаттау объектісінің техникалық құжаттамасын зерделеуге, талдауға, бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылу жай-күйін зерттеп-қарауға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені; 35) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған жəне өзгермеген түрде одан əрі пайдалануға, қайталап жариялауға арналған жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар; 36) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы жəне сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы; 37) бағдарламалық қамтылым – бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы; 38) бағдарламалық өнім – əзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамада белгіленген жүйелік талаптарға сəйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, тауар болып табылатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтылымның бір бөлігі; 39) бір реттік пароль – электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сəйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль; 40) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сəйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сəйкес келетiн жəне Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (əрiптiк-цифрлық) белгiлеме; 41) еркін бағдарламалық қамтылым – құқық иеленуші пайдаланушыға бағдарламалық қамтылымға қатысты шектеусіз орнату, іске қосу жəне көшірмесін түсіріп алу, сондай-ақ еркін пайдалану, зерделеу, дамыту жəне тарату құқығын беретін, ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым; 42) жергілікті желі – телекоммуникациялардың басқа желілеріне қосылу нүктесіне дейін тұйық инфрақұрылымы бар жəне ақпарат беруді жəне объектінің аумақтық шектелген кеңістігіндегі (үй-жай, ғимарат, құрылыс жəне оның кешені) желілік құрылғыларға бірлесіп қол жеткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісінің бір бөлігі; 43) жүйелік-техникалық қызмет көрсету – аппараттықбағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар; 44) Интернет – электрондық ақпараттық ресурстарды жіберуге арналған телекоммуникациялардың біріктірілген желілерінің жəне есептеу ресурстарының дүниежүзілік жүйесі; 45) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернетке жəне (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникациялар желілерін қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен; 46) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі жəне (немесе) домендік аты бар жəне Интернетте жұмыс істейтін, мəтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс; 47) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі – мемлекеттердің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарының мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе; 48) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа; 49) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымын жəне олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы жəне жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы; 50) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорын; 51) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттандыру объектілерін құруға жəне пайдалануға (іске қосуға), сондай-ақ олардың ақпараттандыру саласындағы белгіленген талаптарға сəйкестігін бақылауға қойылатын жалпы міндеттерді, қағидаттар мен талаптарды айқындайтын құжаттар жиынтығы; 52) пайдаланушы – нақты функцияны жəне (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі; 53) сервистік бағдарламалық өнім – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті іске асыруға арналған бағдарламалық өнім; 54) техникалық қолдау – лицензиялық бағдарламалық қамтылымның жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық жəне өзге де қызметтерді көрсету; 55) техникалық құжаттама – ақпараттық жүйеге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына жəне бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы; 56) цифрлық сауаттылық – адамның ақпараттықкоммуникациялық технологияларды білуі жəне оларды күнделікті əрі кəсіптік қызметінде пайдалана білуі; 57) электрондық ақпараттық ресурстар – электрондықцифрлық нысанда ұсынылған жəне электрондық жеткізгіште, интернет-ресурста жəне (немесе) ақпараттық жүйеде қамтылған ақпарат; 58) «электрондық əкiмдiк» – жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға жəне оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ жəне электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік органдармен, жеке жəне заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі; 59) «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасы – Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының жүйесін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен көрсетілетін қызметтерді іске асыруына, ұйымдық құрылымына, ақпараттар легіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қойылатын стандарттық құрамдастар мен талаптардың сипаттамасы; 60) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдар көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш; 61) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъект – мемлекеттік немесе өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алуға өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға; 62) электрондық нысанда қызметтер көрсету субъектісі – мемлекеттік немесе өзге де қызметтерді электрондық нысанда көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 63) «электрондық үкімет» – мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға жəне оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы жəне жеке жəне заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;

64) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер; 65) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі (бұдан əрі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі) – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жəне ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар; 66) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы – «электрондық үкіметтің» жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым; 67) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан əрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 68) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы – ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыруға арналған технологиялық платформа; 69) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің сипаттамасы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру жəне дамыту процестерін басқару жəне үйлестіру үшін пайдаланылатын нормативтік жəне техникалық талаптар кешені; 70) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті – «электрондық үкімет» веб-порталының электрон дық нысанда қызметтер көрсету мəселелері, өтініштер ді қарайтын субъектілерге жеке жəне заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мəселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара ісқимылына арналған құрамдасы; 71) «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын жəне «электрондық əкімдіктiң» үлгілік архитектурасын дамытуды əдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға; 72) «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкес «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының қорғалуын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. 2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары 1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру жəне оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының əлеуметтік жəне экономикалық дамуы мен бəсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде жергілікті қамтуды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. 2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай: 1) заңдылық; 2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 3) жеке жəне заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу жəне оның нəтижелерiн пайдалану құқықтарының теңдігі; 4) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді жəне олардың міндетті түрде берілуін (ашықтық презумпциясы) қамтамасыз ету; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында жариялы таратылуының не мемлекеттік органдармен берілуінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толымдылығы жəне анықтығы; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру жəне беру еркiндiгi; 7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жəне адал бəсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау; 9) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін орталықтандырып басқаруды қамтамасыз ету; 10) Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді. 4-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады. 2. Осы Заңның күші: 1) ақпараттың мазмұны мен таратылу тəсілдеріне; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдар «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграцияланбайтын интернет-ресурстарды, ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырған, сондай-ақ ақпараттандыру саласында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде туындайтын қатынастарға қолданылмайды. 2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері: 1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту; 2) мемлекеттік органдардың əкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету; 3) «электрондық үкіметті» жəне «электрондық əкімдікті» дамыту; 4) цифрлық сауаттылықты арттыру; 5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету; 6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жəне оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; 7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға жəне дамытуға жəрдемдесу; 8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, индустриялық-инновациялық саясатты қалыптастыру жəне іске асыру; 9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін

қалыптастыру, дамыту жəне қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 10) мемлекеттік органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі; 11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу жəне оларға жедел ден қою; 12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жүйелі негізде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау; 13) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетілдіру; 14) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; 15) халықаралық ақпарат алмасу жəне ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi ақпараттандыру саласында: 1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторын, операторды айқындайды; 3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекітеді; 4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекітеді; 5) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекітеді; 6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекітеді; 7) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 7-бап. Уəкiлеттi органның құзыретi Уəкiлеттi орган: 1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2) сарапшылық кеңестің құрамын жəне оның қызметі туралы ережені бекiтеді; 3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды əзірлейді; 4) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекітеді; 5) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының жəне «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекітеді; 6) операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының жəне «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді; 7) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне қосу үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық талаптарға сəйкестігі туралы қорытындылар беру қағидаларын бекітеді; 8) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын əзірлейді; 9) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке аттестаттаудан өткізу қағидаларын əзірлейді; 10) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекітеді; 11) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын жəне ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекітеді; 12) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара ісқимылы қағидаларын бекітеді; 13) «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекітеді; 14) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекітеді; 15) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын жəне олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді; 16) сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттік органның интернет-ресурсына жəне ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтар жүргізу əдістемесі мен қағидаларын бекітеді; 17) мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларын бекітеді; 18) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекітеді; 19) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне жəне қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекітеді; 20) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау жəне қарау қағидаларын бекітеді; 21) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну жəне қарау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 22) ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекітеді; 23) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға жəне қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу əдістемесі мен олардың нормативтерін бекітеді; 24) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу əдістемесін бекітеді; 25) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау əдістемесін бекітеді; 26) ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу əдістемесін бекітеді; 27) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру парақтарын, тəуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекiтеді; 28) мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тəртібі мен форматын бекітеді; 29) ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекітеді; 30) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алу жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекітеді; 31) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу жəне сақтау қағидаларын бекітеді;

32) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуын жəне қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді; 33) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы əзірлеген, мемлекеттік органдар үшін сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы бекітеді; 34) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді; 35) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды береді; 36) ақпараттандыру саласындағы инвестициялар тарту жүйесін жəне инвестициялық жобаларды əзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 37) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасайды; 38) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласын дағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстарды тұжырымдайды; 39) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз əрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мəселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жəрдемдеседі; 40) мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеуді үйлестіруді жүзеге асырады; 41) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асырады; 42) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады; 43) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мəселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 44) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мəселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 45) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау жəне болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын əзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады; 46) əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды жəне ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады; 47) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркəсіптік пайдалануға енгізуге қатысады; 48) инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне жəне қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы қорытындыны береді; 49) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар əкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарайды жəне сарапшылық кеңеске қорытынды береді; 50) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келіседі; 51) аттестаттау жүргізеді; 52) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеуді, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алуды жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастырады; 53) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды жəне сақтауды ұйымдастырады; 54) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекітеді; 55) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін жəне «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады; 56) домендік аттардың əкімшісін жəне тіркеуішін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану жəне бөлу қағидаларын бекiтеді; 57) ақпараттандыру саласындағы стандарттау жəне сəйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады; 58) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 59) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 60) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін, ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу жəне оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекітеді; 61) «электрондық үкіметтің» веб-порталы жəне жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітеді; 62) көрсетілетін қызметті алушыны сəйкестендіру тəсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекітеді; 63) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік жəне өзге де қызметтер көрсету нəтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тəртібін бекітеді; 64) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жəне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 8-бап. Сарапшылық кеңес 1. Сарапшылық кеңесті уəкілетті органның басшысы басқарады жəне оның құрамына лауазымды адамдар – мемлекеттік орган қызметінің ақпараттандырылуына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, уəкілетті органның, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының жəне ақпараттандыру саласындағы өзге де ұйымдардың өкілдері аталған органдар мен ұйымдардың келісуі бойынша кіреді. 2. Сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. 3. Сарапшылық кеңес: 1) ақпараттандыру саласындағы мəселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды əзірлейді; 2) мемлекеттік органдардың архитектураларының жобаларын қарайды жəне келіседі; 3) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының есебін тыңдайды; 4) бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері ұсынған, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын қарайды жəне ұсыныстарды тұжырымдайды; 5) осы Заңда жəне сарапшылық кеңес туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 9-бап. Орталық атқарушы органдардың жəне Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi (Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 11-бетте). Орталық атқарушы органдар жəне Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын жəне ақпараттық жүйелерін құрады жəне дамытады; 4) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 5) сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді, оның жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны іске асыруға қажетті жағдайлар жасайды; 6) «электрондық үкiметтi» дамытуға қатысады; 7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 8) ашық деректердің интернет-порталында қазақ жəне орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады; 9) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу жəне сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді; 11) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді жəне оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады; 12) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады; 13) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары жəне нəтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады; 14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын жəне жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 15) уəкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітеді; 16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сəйкес оператордан ақпараттықкоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады; 17) кəсіптік стандарттарды əзірлеу жəне бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді; 18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Орталық атқарушы органдардың құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде де айқындалады. 10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi Жергiлiктi атқарушы органдар: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын жəне «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз етеді; 3) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын жəне ақпараттық жүйелерін құрады жəне дамытады; 4) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын жəне жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті органмен жəне сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді жəне оның іске асырылуын қамтамасыз етеді; 6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 7) өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары жəне нəтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады; 8) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу жəне сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді; 9) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді жəне оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады; 10) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады; 11) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына жəне ақпараттық жүйелеріне жеке жəне заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады; 12) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды; 13) ашық деректердің интернет-порталында қазақ жəне орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады; 14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ олардың анықтығын жəне жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді; 15) уəкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітеді; 16) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сəйкес оператордан ақпараттықкоммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады; 17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ақпараттықком муникациялық технологиялар саласының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық жəне консультациялық қызметтер көрсетеді; 3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен құру арқылы жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім берушілік, қаржылық жəне өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен жəне шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;

5) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді; 6) уəкілетті орган мен мемлекеттік органдарға ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласындағы сараптамалық қорытындыларды жəне (немесе) ұсынымдарды өтеусіз негізде береді; 7) ақпарат жинауды жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асырады; 8) тəуекел етіп инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жəрдем көрсетеді; 9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын талдауды жүзеге асырады; 10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жергілікті қамтуды дамытуға жəрдем көрсетеді; 11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттаманы əзірлейді; 12) уəкілетті органға техникалық, кəсіптік жəне жоғары білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар береді; 13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық гранттар беруге сараптамалық қорытынды береді. 12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы: 1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жəне ақпараттандырудың сервистік моделін ендіруге қатысады; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 3) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды əдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 4) «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасын əзірлейді; 5) мемлекеттік органдардың архитектурасын əзірлейді, іске асырылуын қолдап отырады жəне дамытады, сондай-ақ осыған қажетті іс-шараларды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы сарапшылық кеңес алдында есеп береді; 7) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде операторға жəне əлеуетті өнім берушілерге (мердігерлерге) мемлекеттік органдардың мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктері туралы хабарлайды; 8) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары арқылы жасалатын немесе, дамытылатын сервистік бағдарламалық өнімдерді қоспағанда, сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы əзірлейді; 9) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметін іске асыру үшін сервистік бағдарламалық өнімдерді жасауды, тестілеуді жəне дамытуды ұйымдастырады; 10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінің жəне қаржылық-экономикалық негіздемесінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманың «электрондық үкiмет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасына сəйкестігіне жəне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелер (немесе олардың бөліктері) тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану мүмкіндігінің баржоғына ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізеді; 11) мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына сəйкес мемлекеттік органның архитектурасын басқару жөніндегі процестердің дайындық деңгейін бағалауды мемлекеттік органдарда жүргізіп отырады; 12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметтің тиімділігіне бағалауды жəне электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалауды жүргізеді; 13) сыныптауышты қалыптастырады жəне жүргізеді; 14) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру жəне дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады; 15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру жəне дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық жəне практикалық көмек көрсетеді; 16) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органдардың ақпараттандыру жүйелерін тіркеуді, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алуды жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін сақтауды жүзеге асырады; 17) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды жəне сақтауды жүзеге асырады; 18) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді; 19) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогын қалыптастырады жəне жүргізеді; 20) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзінің интеграциясын ұйымдастырады; 21) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаны басқаруды жүзеге асырады; 22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтына ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді. 13-бап. Оператор Оператор: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 2) уəкілетті орган бекіткен тізбеге сəйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жəне оларды қолдап отыруды жүзеге асырады; 3) өзінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін тартуға құқығы бар; 4) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сəйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді; 5) операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын жəне оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді; 8) əлеуетті өнім берушілердің сервистік бағдарламалық өнімдерді əзірлеуі жəне тестілеуі үшін «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының сұрау салуы бойынша ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өтеусіз негізде береді; 9) мемлекеттік органдардың жергілікті (Интернетке шыға алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық жəне корпоративтік телекоммуникациялар желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына интеграциялауды жəне қосуды жүзеге асырады; 10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ уəкілетті орган айқындаған жəне мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін деректер беру бойынша қызметтер көрсетеді;

26 қараша 2015 жыл

11) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын жəне мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды жəне дамытуды жүзеге асырады; 12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды жəне оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 13) «электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады. 14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет 1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) ақпараттық жүйеге, «электрондық үкіметтің» ақпараттықкоммуникациялық платформасына жəне мемлекеттік органның интернет-ресурсына олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізеді; 2) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің қорғалуын қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады; 3) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің мониторингін жүзеге асырады; 4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын қауіпсіз қолдану жəне ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мақсатында оларды мониторингтеуді жүзеге асырады; 5) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу жəне функционалдылығы шарттарының өзгермеуіне мониторингті жүзеге асырады; 6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін жəне «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады; 7) сервистік бағдарламалық өнімге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына, мемлекеттiк органның интернет-ресурсына жəне ақпараттық жүйесіне, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйеге, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақ жүргізеді; 8) сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асырады; 9) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады; 10) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жəне техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сəйкестігіне сараптама жүргізеді; 11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мониторингі жүйесін ұйымдастырушылық жəне техникалық тұрғыдан қолдап отыруды жүзеге асырады; 12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады; 13) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін адрестеу жəне нөмірлеу жоспарларын əзірлеуді қолдап отырады; 14) ақпараттық жүйелердің жəне мемлекеттік органдардың телекоммуникациялар желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау жəне болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын əзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік монополия субъектісі шығаратын жəне (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны уəкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді. 15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы Бірыңғай байланыс орталығы: 1) мемлекеттік жəне өзге де қызметтер көрсету мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғаларды тəулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады; 2) мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтерінің мəселелері бойынша оларды тəулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады; 3) «электрондық үкімет» мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды тəулік бойы консультациялық қолдап отыруды жүзеге асырады; 4) ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді алушыда туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беру үшін операторға, мемлекеттік органдарға жəне өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді; 5) операторға, мемлекеттік органдарға жəне өзге де ұйымдарға жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша ақпаратты жүйелі негізде жіберіп отырады. 3-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 16-бап. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің құқықтары мен міндеттері 1. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі: 1) ақпараттандыру объектілерін жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге жəне оларға өзгеше түрде билік етуге; 2) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, қорғау жəне оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге; 3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қорғау жəне оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын өз құзыреті шегінде белгілеуге; 4) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшірмесін түсіру жəне тарату кезінде оларға иелік ету шарттарын айқындауға; 5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін иелену жəне пайдалану шарттарын айқындауға құқылы. 2. Ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі: 1) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға; 2) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сəйкес электрондық ақпараттық ресурстарға жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға; 3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 3. Ақпараттық жүйенің меншік иесі ақпараттық жүйені тұтастай мүліктік кешен ретінде иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқықтарына ие болады. 4. Ақпараттық жүйенің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдары немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға жəне оларды таратуға тыйым салуға немесе шектеуге құқылы. 5. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесі осы ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі, сондай-ақ осы ақпараттық жүйе үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншік иесі болып табылмаған жағдайда, ақпараттық жүйені пайдалану жəне электрондық ақпараттық ресурстарға жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізу тəртібі меншік иелері арасындағы келісімде айқындалады. 6. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі жəне қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады. 17-бап. Ақпараттандыру объектілері иеленушісінің құқықтары мен міндеттері 1. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі: 1) ақпараттандыру объектілерін меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге жəне пайдалануға; 2) осы тармақтың 1) тармақшасына сəйкес үшінші тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу жəне оларды пайдалану шарттарын айқындауға; 3) ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға құқылы. 2. Ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі: 1) ақпараттандыру объектілерінің меншік иесінің жəне үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға; 3) электрондық ақпараттық ресурстарға жəне ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес таратуға, ұсынуға, шектеуге немесе оған тыйым салуға; 4) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушісі өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі жəне қорғалуы, ақпараттық жүйелердің қорғалуы үшін электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі алдында жауапты болады. 18-бап. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері 1. Пайдаланушы: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасы, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі айқындаған шарттарда электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде ашық деректерді алуға, пайдалануға, таратуға, тапсыруға, үшінші тұлғаларға беруге, ақпараттық жүйені пайдалануға; 2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, электрондық ақпараттық ресурстарда, ақпараттық жүйеде қамтылатын өзінің дербес деректерімен танысуға құқылы. 2. Пайдаланушы: 1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің жəне үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 2) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйенің қорғалуын қамтамасыз етуге; 3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері 1. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер автоматтандырылу дəрежесі бойынша: 1) толық автоматтандырылған; 2) ішінара автоматтандырылған болып табылады. Қызмет көрсету процесінде қағаз құжат айналымын болғызбайтын қызмет толықтай автоматтандырылған болып табылады. Қызмет көрсету процесінде қағаз жəне электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық көрсетілетін қызмет ішінара автоматтандырылған қызмет болып табылады. 2. Электрондық нысанда көрсетілетін қызмет көрсетілу тəсілі бойынша: 1) ақпараттық; 2) интерактивтік; 3) транзакциялық; 4) композиттік болып табылады. Пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстар беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін ақпараттық қызмет болып табылады. Пайдаланушыға оның сұрау салуы немесе тараптардың өзара ақпарат алмасуды талап ететін келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілетін интерактивті қызмет болып табылады. Интерактивті қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру талап етілуі мүмкін. Пайдаланушыға өзара ақпарат алмасуды талап ететін жəне төлемдерді электрондық нысанда жүзеге асырумен байланысты электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнінде көрсетілетін қызмет транзакциялық көрсетілетін қызмет болып табылады. Транзакциялық қызметті көрсету үшін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру талап етілуі мүмкін. Берілуі үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушы субъектінің сұрау салуы жеткілікті жəне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландыру міндетті болатын өзара байланысты көрсетілетін қызметтер кешені электрондық нысанда көрсетілетін композиттік қызмет болып табылады. 3. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер өтеулілік сипаты бойынша: 1) өтеулі; 2) өтеусіз болып табылады. Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлеуді көздейтін көрсетілетін қызмет өтеулі көрсетілетін қызмет болып табылады. Электрондық нысанда қызмет көрсететін субъектіге сыйақы төлемей көрсетілетін қызмет өтеусіз көрсетілетін қызмет болып табылады. 20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мəліметтер ұсыну 1. Электрондық нысанда қызметтер көрсеткен кезде электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектілер: 1) көрсетілетін қызметтерді алушылардың төлемдері туралы электрондық нысандағы мəліметтерді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінен анық мəліметтер ретінде қабылдайды; 2) жеке жəне заңды тұлғалар берешегінің бар-жоғы туралы электрондық нысандағы мəліметтерді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзіне жібереді. 2. Екінші деңгейдегі банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің жəне электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша мынадай: 1) мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда көрсетілген кезде – банк шотының сұрау салуда көрсетілген тұлғаға тиесілігі жəне жылжымалы жəне жылжымайтын мүлік кепілі шартының бар-жоғы туралы; 2) жеке жəне заңды тұлғалар электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші жəне бенефициар туралы мəліметтерді электрондық нысанда ұсынады. 2-БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ 4-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» 21-бап. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеуі 1. «Электрондық үкіметтің» жұмыс істеу мақсаттары: 1) мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетудің қолжетімділігін, сапасы мен жеделдігін, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты арттыру, ақпараттың қолжетімділігін, барлық деңгейлердегі мемлекеттік басқару мəселелерін шешуде қоғамдық бақылауды жəне халықтың қатысуын қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік басқарудың əкімшілік реформасын іске асыру мен оны қолдап отыруды қамтамасыз ету; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыру; 5) құжаттарды қағаз жеткізгіште пайдалануды жəне оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау) болып табылады. 2. «Электрондық үкімет» жұмыс істеген кезде: 1) мемлекеттік органдардың қызметі туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа жеке жəне заңды тұлғалардың қол жеткізуі; 2) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа мемлекеттік органдардың қол жеткізуі; 3) мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру; 4) мемлекеттік органдардың қызметінде, оның ішінде электрондық нысанда мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жəне мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде электрондық құжат айналымын пайдалану; 5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, жинақтау жəне сақтау кезінде қайталануды болғызбау; 6) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігі жəне қорғалуы қамтамасыз етіледі. 22-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектурасы 1. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 2. «Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар мемлекеттік органдардың стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарына сəйкес айқындалады. 23-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы 1. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлейді жəне дамытады. Орталық атқарушы органдар жəне Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік органның архитектурасы мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына жəне «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сəйкес, сондай-ақ мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттері негізінде əзірленеді. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы жергілікті атқарушы органдар үшін мемлекеттік органның архитекурасын «электрондық əкімдіктiң» үлгілік архитектурасына, мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына жəне «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сəйкес, сондай-ақ мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттері негізінде əзірлейді. 2. Мемлекеттік органның архитектурасына өзгерістер енгізу мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік органдар мынадай талаптарды: 1) мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосқан үлесін; 2) мемлекеттік функцияларды оңтайландыру мен автоматтандыруды жəне оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді; 3) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша басқа да ақпараттандыру субъектілерімен электрондық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруды; 4) мемлекеттік қызметтердің электрондық нысанда көрсетілу сапасын жəне көрсетілетін қызметтерді алушылардың оған қанағаттанушылығын ескере отырып, ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігінің стратегиялық көрсеткіштерін əзірлеу жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. 4. Мемлекеттік орган өзінің құзыретіне кіретін міндеттері мен қызметінің тиімділігі көрсеткіштерінің, функциялар мен көрсетілетін қызметтердің, құжаттардың, деректер мен электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында есепке алынуын, сипатталуын, сыныпталуын жəне жаңартылып отырылуын қамтамасыз етеді. 5. Мемлекеттік органдар ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық өзара іс-қимыл жүргізуге жəне мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуге қажетті тиісті автоматтандырылу деңгейін қамтамасыз етеді. 6. Мемлекеттік органдар ақпарат алмасуды орнату мақсатында «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторынан мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерімен интеграциясын жүргізу бойынша сұрау салуды алған жағдайда, мемлекеттік органдар уəкілетті органмен келіскен мерзімдерде қажетті ұйымдастырушылық жəне техникалық жағдайларды қамтамасыз етеді. 24-бап. «Электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасы 1. «Электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасы «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес əзірленеді. 2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құрады немесе дамытады, «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасының талаптарын ескере отырып, бағдарламалық қамтылымды жəне (немесе) ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сатып алады. 25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру жəне олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету 1. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру жəне олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сəйкес, ал ол болмаған жағдайда – мемлекеттік органдардың архитектураларын əзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру жəне дамыту қағидаларына жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дəрежесіне қарай: 1) толығымен автоматтандырылған; 2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді. Құрамына кіретін процестердің барлық операциялары ақпараттық жүйелерде орындалатын мемлекеттік органның функциясы толығымен автоматтандырылған болып табылады. Құрамына кіретін процестер операцияларының бір бөлігі ақпараттық жүйелерде орындалатын мемлекеттік органның функциясы ішінара автоматтандырылған болып табылады. 26-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы 1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру кезінде ақпараттық жүйелер, сервистік бағдарламалық өнімдер Қазақстан Республикасының аумағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылады. 2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын мемлекеттік функцияларды іске асырудан жəне олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуден басқа өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. 27-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі 1. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа жəне электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік жəне өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесін» білдіретін ақпараттық жүйе болып табылады. «Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге жəне электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды уəкілетті орган белгілейді. «Электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің интеграциясына арналған ақпараттық жүйе «электрондық үкіметтің» шлюзі болып табылады. 2. Электрондық нысандағы мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтер «электрондық үкіметтің» веб-порталы жəне жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілуі мүмкін. 3. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы жəне жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бір реттік парольді пайдалана алады. 28-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі 1. Төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі болып табылады. 2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі: 1) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектінің төлемдер жүргізуге арналған сұрау салуларын беруді; 2) электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектіні электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді. 3. Екінші деңгейдегі банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметтер көрсету шеңберінде төлемдерді қабылдау жəне жүргізу процестеріне қатыса отырып, осы процестерге қатыстырылған өздерінің ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей не банкаралық ақша аударымдары жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциясын қамтамасыз етеді. 29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы 1. «Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін жəне ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уəкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық жəне корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы болып табылады. 2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондайақ уəкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілері жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық жəне корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын ғана пайдалануға міндетті. 3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық жəне корпоративтік желілерді жалпыға ортақ пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілеріне жəне басқа да телекоммуникациялар желілеріне жалғау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі жəне «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі 1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық жəне корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады. (Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде). 2. Мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жергілікті, ведомстволық жəне корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосу ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 3. Арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары – жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қосуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін. 4. Мемлекеттік органның электрондық поштасының сыртқы электрондық поштамен электрондық өзара ісқимылы электрондық хабарларды «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі арқылы қайта жіберу арқылы жүзеге асырылады. 31-бап. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы 1. «Электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы сыныптауышқа сəйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді тіркеуді жүзеге асыруға, есепке алуға, сақтауға жəне бір жүйеге келтіруге жəне ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау жəне жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан əрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе болып табылады. 2. Мемлекеттік орган «электрондық үкiметтiң» архитектуралық порталында мемлекеттік органның құрылатын ақпараттық жүйесі туралы мəліметтерді орналастырады жəне «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, ақпараттық жүйенің тəжірибелік пайдалануға жəне өнеркəсіптік пайдалануға енгізілгені туралы хабарлайды. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тəжірибелік пайдалануға енгізу ақпараттық жүйені «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркеуге негіз болып табылады. 3. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімді пайдалану үшін «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне талдау жүргізеді. 4. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы мемлекеттік техникалық қызметтің «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына қол жеткізуін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды айқындау бөлігінде сыныптауышты қалыптастыруға жəне жүргізуге қатысу үшін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 5. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған техникалық құжаттаманың электрондық көшірмелерін жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді есепке алу жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларына сəйкес уақтылы жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. 6. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы «электрондық үкiметтiң» ақпараттандыру объектілері туралы мəліметтерді «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына орналастыру жəне оларды жаңартып отыру мəселелері бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады. 5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР 32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері 1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншiк нысаны бойынша – мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дəрежесі бойынша жалпыға бірдей қолжетiмдi жəне қолжетiмдiлiгi шектеулі болып табылады. 2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын, сатып алынатын жəне жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тəсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады. 3. Жеке жəне заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын жəне сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тəсiлдермен алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады. 4. Меншiк иесi немесе иеленушісі қол жеткізу немесе пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ еркін қол жеткiзуге болатын жəне берілу нысаны мен таратылу тəсiлiне байланысты болмайтын мəлiметтер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады. 5. Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда олардың меншiк иесi немесе иеленушісі қолжетімділігін шектеген мəлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын жəне құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлiнедi. 6. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 7. Мемлекеттік құпияларды құрамайтын мəліметтерді қамтитын, бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында қолжетімділігі шектелген не олардың меншік иесі немесе иеленушісі қол жетімділігін шектеген электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады. 33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі 1. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығының жəне өзге де мүліктік құқықтардың туындауының, өзгеруінің жəне тоқтатылуының негiздерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленедi. 2. Заңды тұлғаның меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес оның мүлкiнiң құрамына кіреді. 3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мемлекет болып табылады. Мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк электрон дық ақпараттық ресурстар олардың құзыретiне сəйкес мемлекеттiк мүлiк құрамында есепке алынуға жəне қорғалуға жатады. 4. Бағдарламалық қамтылымға, ақпараттық жүйелерге жəне интернет-ресурстарға меншiк құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа меншiк иелері немесе иеленушілері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, олардың көмегімен құрылатын жəне (немесе) оларда орналастырылған, басқа меншiк иелеріне немесе иеленушілеріне тиесiлi электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын туғызбайды. 5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну тəртiбiмен немесе ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарды бiрлесiп пайдалану кезiнде өңделетiн электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесiне немесе иеленушісіне тиесiлi болады. Бұл жағдайда жасалатын туынды өнiмнiң тиесiлiгi жəне пайдаланылуы келісіммен реттеледi. 6. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тəртiппен билiк етуге құқылы. 7. Жеке жəне заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жатқызылған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен иеліктен шығарылуға жатады. 34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жəне пайдалану 1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жəне электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтерді көрсету мақсатында қалыптастырылады. 2. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында

13

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға жəне таратуға құқылы. 4. Пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануы мен таратуы электрондық ақпараттық ресурстардың жəне (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. 35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік 1. Қолжетiмдiлiгi шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады. Мемлекеттік органдар жалпыға бірдей қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың қазақ жəне орыс тілдерінде құрылуын қамтамасыз етеді. 2. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің шарттары мен тəртібін Қазақстан Республикасының заңнамасы жəне осы ресурстардың меншік иесі айқындайды, оның ішінде олар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында келісімдер жасасу арқылы айқындайды. 3. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі болып табылмайтын осы жүйенің иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мен басқа да мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері арасында жасалатын келісім негізінде осы ресурстарға қолжетімділікті ұсынады. 4. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік мынадай тəсілдердің бірімен: 1) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу жөніндегі сұрау салуды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне электрондық поштаны пайдалана отырып жəне сəйкестендіру нөмірін көрсете отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған электрондық құжат нысанында немесе электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген өзге де тəсілдермен беру арқылы; 2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге тікелей өтініш жасауы арқылы жүзеге асырылады. 5. Мыналарды: 1) мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарын қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлерді; 2) төтенше жағдайлар, табиғи жəне техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық жəне азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мəлiметтердi; 3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мəлiметтердi; 4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, архивтер мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мəлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктi шектеуге болмайды. 6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке жəне заңды тұлғаларға ашық деректердің интернет-порталы арқылы қазақ жəне орыс тілдерінде ұсынуға міндетті. Ашық деректердің интернет-порталының қазақ жəне орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады. 7. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уəкілетті органға заңның бұзушылықтарын жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желілері арқылы таратылған жағдайда, уəкілетті органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті. 36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар 1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға жəне қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға бөлінеді. Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын немесе өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады. Қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға өздеріне қол жеткізуді дербес деректердің субъектісі немесе Қазақстан Республикасының заңдары шектеген электрондық ақпараттық ресурстар жатады. 2. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне беру кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауға жəне өңдеуге келісімін алуға міндетті. 3. Мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға жəне өңдеуге дербес деректер субъектісінің келісімі электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау əрекеттерінің элементтерін қолдана отырып өзгеше тəсілмен беріледі. Дербес деректер субъектісі дербес деректерді жинауға жəне өңдеуге «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген өзінің ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы, сондайақ бір реттік парольді беру жолымен немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқаша мəтіндік хабарды жіберу жолымен келісім беруге құқылы. 4. Дербес деректер субъектілері «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін дербес деректерді ақпараттық іс-қимыл шеңберінде пайдаланудың, өзгертудің жəне толықтырудың барлық жағдайлары туралы «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті арқылы автоматты режимде хабардар етуге міндетті. 5. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері жəне дəлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді жəне толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін. 6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік жəне (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді. 6-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР 37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi 1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша – мемлекеттiк жəне мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дəрежесі бойынша – жалпыға бірдей қолжетiмдi жəне қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады. 2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ мемлекеттiк заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тəсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады. 3. Жеке жəне заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын немесе дамытылатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де тəсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын жəне мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау бөлігінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне теңестіріледі. 4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады. 5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады. 6. Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер: 1) құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік шифрлау құралдарын жəне (немесе) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді өзге де қорғау құралдарын

қолдана отырып қорғалуы жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер; 2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді. 7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдаланылуын тоқтату жəне қорғау, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалатын ақпараттық жүйелер аудиті жəне ақпараттық жүйелерді аттестаттау жүргізілмейді. 38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 1. Мемлекеттiк органдар мемлекеттік органның бекітілген архитектурасы жəне сарапшылық кеңестің ұсыныстары негізінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыру жəне олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында өздеріне жүктелген функцияларды іске асыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді құрады. 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сəйкес жəне: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды; 2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын жəне «электрондық əкімдіктің» үлгілік архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды; 3) мемлекеттік органның бекітілген архитектурасын; 4) басқа да ақпараттық жүйелермен шлюздер арқылы интеграцияны (қажет болғанда); 5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу жүйесінің мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын; 6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын; 7) сақтауға берілген бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді жəне бағдарламалық қамтылымды қайталап пайдалану мүмкіндігін; 8) сыныптауышқа сəйкес сынып беруді; 9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады жəне дамытылады. 3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ жəне орыс тiлдерiнде жасалады жəне сақталады. 4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уəкілеттік берген тұлға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын алғаннан кейін мемлекеттік техникалық қызметке ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу жəне функционалдылығы шарттарының өзгермеуіне мониторингті жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізуі үшін мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 39-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту 1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі: 1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тəртіппен автоматтандыру объектісін талдау негізінде мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту туралы инвестициялық ұсыныс əзірлеу; 2) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту туралы инвестициялық ұсынысты уəкілетті органның қарауы; 3) сыныптауышқа сəйкес берілген сыныпты ескере отырып, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін əзірлеу; 4) бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласында сараптама қорытындысын алу; 5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы мемлекеттік орган басшысының шешім қабылдауы; 6) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында есепке алу үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына құрылатын ақпараттық жүйе туралы мəліметтерді ұсыну; 7) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы əзірлеу; 8) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған техникалық ерекшелікті əзірлеу; 9) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы уəкілетті органмен келісу; 10) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 11) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тəжірибелік пайдалануды жүргізу ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес жүзеге асырылады, ол оның ішінде мыналарды: тəжірибелік пайдалануды жүргізу рəсімдерін құжаттауды; ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігін сынауды; оңтайландыруды жəне анықталған ақаулар мен кемістіктерді кейіннен түзете отырып жоюды; ақпараттық жүйені тəжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды. Тəжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс; 12) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін тіркеу; 13) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сəйкес мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін ендіру; 14) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалануға енгізу: аттестаттау жүргізуді; уəкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың өкілдері қатысатын қабылдау комиссиясының ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға енгізу туралы актіге қол қоюын қамтиды; 15) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу жəне сақтау үшін беру тəртібімен құрылады немесе дамытылады. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құру рəсімдерін құжаттандыру ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің əрбір кезеңінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін ақпараттық жүйені тəжірибелік пайдалануға немесе ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға енгізу ақпараттық жүйенің меншік иесінің немесе иеленушісінің нормативтік құжаттарының негізінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін дамыту ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға ақпараттық жүйе енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. 3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің республикалық жəне жергілікті жобалары шеңберінде мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құрған немесе дамытқан жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) жəне 4) тармақшалары қолданылмайды. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің республикалық жəне жергілікті жобалары шеңберінде мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құрған немесе дамытқан кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы заңнамасына сəйкес мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының тұжырымдамасы уəкілетті органмен келісіледі. 4. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) жəне лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу жəне сақтау үшін беру міндетті болып табылады жəне ол уəкілетті орган айқындаған тəртіпке сəйкес жүзеге асырылады. Бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдер мен бағдарламалық қамтылымды заңсыз түрлендіруге, жария етуге жəне (немесе) пайдалануға тыйым салынады. 40-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалану 1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалануға енгізу ақпараттық жүйені тəжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған жағдайда, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке сынақтардың оң нəтижелері бар акті, техникалық құжаттаманың сараптамасы жəне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты болған кезде техникалық құжаттама талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалану кезінде: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуы; 2) электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуы, қорғалуы, олардың іркіліс болған немесе бүлінген жағдайда қалпына келтірілуі; 3) электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшіру жəне олардың уақтылы жаңартылып отырылуын бақылау; 4) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне жасалған өтініштер туралы мəліметтердің автоматтандырылған есебін алу, сақталуы жəне мезгіл-мезгіл архивтелуі; 5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу жəне оның нəтижелерін мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесіне беру; 6) ақпараттық жүйені қолдап отыру; 7) ақпараттық жүйеде пайдаланылатын лицензиялық бағдарламалық қамтылымға техникалық қолдау жасау; 8) мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру жəне мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі құжаттардың пайдаланылуын, сондай-ақ оларды ұсыну жөніндегі талаптарды қысқарту (болғызбау); 9) ақпараттық жүйенің кепілді мерзім кезеңінде анықталған қателері мен кемшіліктерін жоюды қамтитын əзірлеушінің ақпараттық жүйеге кепілдікті қызмет көрсетуі қамтамасыз етіледі. Кепілдікті қызмет көрсету ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға енгізген күннен бастап кемінде бір жыл мерзімге қамтамасыз етіледі. 41-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалануды тоқтату 1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін одан əрі пайдалану қажеттігінің болмауы ақпараттықкоммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сəйкес өнеркəсіптік пайдалануды тоқтатуға жəне «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйе туралы мəліметтерді өзгертуге əкеп соғады. 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін одан əрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі интеграцияланған ақпараттық жүйелердің меншік иелерін жəне (немесе) иеленушілерін, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын пайдаланудың тоқтатылу тəртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып, меншік иесі немесе иеленуші қабылдайды. 3. Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің электрондық ақпараттық ресурстары, техникалық құжаттамасы жəне бастапқы бағдарламалық кодтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес архивке тапсырылуға жатады. 4. Мемлекеттік органның есептен шығарылатын ақпараттық жүйесінің техникалық құралдарын есептен шығару жəне (немесе) кəдеге жарату Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес жүзеге асырылады. 42-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелеріндегi электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау жəне резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар 1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу жəне беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес келуге тиiс. 2. Ақпараттық жүйенiң меншік иесі немесе иеленушiсі, сондай-ақ оператор ақпараттық жүйеде қамтылатын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды жəне қажет болған кезде оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады жəне мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың жоғалғаны, түрленгені немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жəне тараптардың келісімінде белгiленген тəртiппен жауапты болады. 3. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмесiн дайындауды қамтамасыз ету ақпараттық жүйенiң иеленушiсі немесе оператор үшiн мiндеттi болып табылады. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтiк көшiрменi дайындау жəне сақтау тəсiлi келесi резервтiк көшiрменi дайындағанға дейiн электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі ақпараттық жүйеге арналған нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленеді. 43-бап. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы 1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға, қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері «электрондық үкіметтің» шлюзіне қосылмастан интеграциялануы мүмкін. 2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкімет» шлюзі арқылы интеграциясын уəкілетті орган белгілеген мерзімдерде жəне тəртіппен қамтамасыз етуге міндетті. 3. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйені мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен бөлек немесе мемлекеттік органның өзге ақпараттық жүйесімен бір мезгілде интеграциялаған жағдайда, қолжетімділік «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар 1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграциясы «электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясы қағидаларына сəйкес тек қана «электрондық үкіметтің» шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсатында) жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға тек меншік иелері арасындағы келісімде көрсетілген көлемде ғана қол жеткізе алады. 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйенің электрондық ақпараттық ресурстары, интерфейсі, нормативтік-техникалық құжаттамасы жəне басқа да ілеспе құжаттары қазақ жəне орыс тiлдерiнде жасалады жəне сақталады. 3. Ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға қабылдау туралы акті, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтардың оң нəтижелері бар акті, техникалық құжаттаманың сараптамасы жəне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты болған кезде мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланады. 7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ 45-бап. Ақпараттандырудың сервистік моделі 1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттікжекешелік əріптестік туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Ақпараттандырудың сервистік моделі «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сəйкес реттеледі. 3. Ақпараттандырудың сервистік моделі ақпараттықкоммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сəйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға оператордың орталықтандырылған ақпараттықкоммуникациялық қызметтерді көрсетуіне негізделген. 4. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету (алу) кезіндегі оператордың жəне мемлекеттік органдардың міндеттері жəне жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне тараптардың келісімінде белгіленеді. 46-бап. Оператордың мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуі 1. Мемлекеттік органдарға оператор көрсететін ақпараттықкоммуникациялық қызметтерді іске асыру ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру жəне дамыту бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен, оның ішінде мемлекеттікжекешелік əріптестік арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы арқылы құрылатын жəне дамытылатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің құнын есептеу ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер құнын есептеу əдістемесі негізінде жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

3. Оператор, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, сервистік бағдарламалық өнімдердің меншік иелері осы тұлғаларға тиесілі объектілерде орналастырылған мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалану жəне оларға билік ету құқығын иемденбейді. 4. Оператор уəкілетті орган бекіткен əдістеме негізінде ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтің құнын есептейді жəне уəкілетті органға келісу үшін ұсынады. Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы жəне олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады. 5. Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына енгізілетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер осы көрсетілетін қызметтерді алу түрлері мен субъектілеріне қарай сыныпталады. 6. Мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету сапасын мониторингтеу жəне осы көрсетілетін қызметтерді алушыларды консультациялық тұрғыдан қолдап отыруды қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті орган жəне оператор Бірыңғай байланыс орталығын тартады. 7. Оператор ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне тараптардың келісімінде белгіленген тəртіппен электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді жəне ол үшін мемлекеттік органдар алдында жауапты болады. 8. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес оператормен ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасады. 47-бап. Оператордың сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесімен жəне өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы 1. Оператордың жəне оған ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жəне сервистік бағдарламалық өнімдерді беретін тұлғалардың өзара іс-қимылы ақпараттандырудың сервистік үлгісін іске асыру қағидаларымен жəне оператор мен осы тұлғалар арасындағы келісіммен реттеледі. 2. Сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесі: 1) сервистік бағдарламалық өнімді жəне сервистік бағдарламалық өнімге арналған техникалық құжаттаманы өздерінің арасындағы келісімге сəйкес операторға беруге; 2) оператордың талап етуі бойынша сервистік бағдарламалық өнімді пысықтауды жəне дамытуды жүзеге асыруға; 3) оператордың персоналын сервистік бағдарламалық өнімді пайдалану жəне қолдап отыру бойынша, сондай-ақ осы сервистік бағдарламалық өнім арқылы ұсынылатын ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті пайдалану бойынша оқытуға міндетті. 3. Сервистік бағдарламалық өнімнің меншік иесінің бастамасы бойынша келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оператор сервистік бағдарламалық өнімді басқа сервистік бағдарламалық өніммен ауыстырғанға дейін оны пайдалануды жүзеге асыруға құқылы. 8-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ СЫНАУ, САРАПТАМА, АУДИТ ЖҮРГІЗУ, ОЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУ 48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды жəне ақпараттық жүйелер туралы мəлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру Электрондық ақпараттық ресурстарды жəне ақпараттық жүйелер туралы мəлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыруды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба, Ұлттық архив қоры жəне архивтер туралы заңнамасында белгiленген талаптарға сəйкес олардың меншiк иесi немесе иеленушiсі жүзеге асырады. 49-бап. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты, ақпараттық жүйені жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын сынау, сондай-ақ техникалық құжаттаманың сараптамасы 1. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты жəне ақпараттық жүйелерді сынау олардың техникалық құжаттаманың, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сəйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Техникалық құжаттамаға сараптама оның Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттарға сəйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. Бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодты, интернет-ресурсты, ақпараттық жүйені сынау жəне техникалық құжаттаманы сараптау меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады жəне оны сынақ зертханалары осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес жүргізеді. 2. Сервистік бағдарламалық өнімді, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын жəне ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынау міндетті болып табылады жəне ол осы Заңға сəйкес жүргізіледі. 50-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті 1. Ақпараттық жүйелерді құру, ендіру жəне пайдалану кезеңінде ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердің аудиті жүргізілуі мүмкін. 2. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізуді ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тəжірибесі бар жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырады. 51-бап. Аттестаттау 1. Аттестаттау міндетті түрде немесе меншік иесінің бастамасы бойынша жүргізіледі. 2. Мыналар: 1) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі; 2) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйе; 3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйе; 4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасы; 5) мемлекеттік органның интернет-ресурсы міндетті түрде аттестатталуға жататын аттестаттау объектілері болып табылады. 3. Мыналар: 1) мемлекеттік емес ақпараттық жүйе; 2) мемлекеттік емес интернет-ресурс міндетті аттестатталуға жатпайтын аттестаттау объектілері болып табылады. 4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын өнеркəсіптік пайдалануға ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты болған кезде ғана жол беріледі. 5. Аттестаттық зерттеп-қарау мерзімі аттестаттық зерттепқарау жүргізу шарты күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күннен аспауға тиіс. Егер аттестатталатын ақпараттық жүйе аумақтық жағынан бөлінген болса, аттестаттық зерттеп-қарау мерзімі қырық жұмыс күнінен аспайды. 6. Аттестаттық зерттеп-қарау актісін ескере отырып жəне аттестаттау комиссиясы хаттамасының негізінде уəкілетті орган бес жұмыс күні ішінде мынадай: 1) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын беру туралы; 2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын беруден бас тарту туралы; 3) өтінім берушінің анықталған сəйкессіздіктерді жоюы туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Өтінім берушінің анықталған сəйкессіздіктерді жоюы туралы шешім аттестаттауды жүргізуге өтінім бойынша бір реттен артық қабылданбайды. 7. Аттестаттық зерттеп-қарау кезінде анықталып, шешім көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жойылмайтын сəйкессіздіктер ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын беруден бас тартуға негіз болып табылады. 8. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын қоспағанда, көрсетілген мерзім ішінде қорғалатын ақпараттың өңделуін қамтамасыз ететін (Соңы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 11-13-беттерде). жəне ақпараттың қауіпсіздігін айқындайтын аттестаттау объектісінің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмыс істеуі мен функционалдылығы шарттарының өзгермеуі сақталған (қамтамасыз етілген) жағдайда, аттестаттау объектісінің өнеркəсіптік пайдаланылу мерзіміне беріледі. 9. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты бір жылға беріледі. 10. Аттестаттау объектісінің жұмыс істеуі жəне функционалдылығы шарттары өзгерген жағдайда, аттестаттау объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі оны дамыту жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін уəкілетті органға жүргізілген барлық өзгертулердің сипаттамасын қоса бере отырып, осы Заңда белгіленген тəртіппен объектіге қайтадан аттестаттау жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Аттестаттау объектісінің, қорғалатын ақпаратты өңдеу технологиясының жұмыс істеуінің белгіленген шарттарының жəне ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуына жауапкершілік аттестаттау объектісінің меншік иесіне немесе иеленушісіне жүктеледі. 11. Уəкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттау объектісіне қайтадан аттестаттау жүргізу туралы шешім қабылдау үшін аттестаттау комиссиясын шақырады. 12. Уəкілетті орган аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шараларды мынадай: 1) аттестаттау объектісінің меншік иесінің немесе иеленушісінің жазбаша өтініші бар болған; 2) аттестаттау объектісінің Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүргізілген тексеру кезінде анықталған ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкессіздігі; 3) ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мен функционалдылығы шарттары өзгерген; 4) ақпараттық жүйені пайдалану тоқтатылған жағдайларда қабылдайды. 13. Жаңа сервистік бағдарламалық өнімді ендіру, сервистік бағдарламалық өнімді өзгерту «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын кері қайтарып алуға əкеп соқпайды. 14. Аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі аттестаттау объектісінің меншік иесіне немесе иеленушісіне жіберіледі, ол көрсетілген шешімнің көшірмесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестаттау объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатын уəкілетті органға қайтарады. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты кері қайтарылып алынғаннан кейін аттестаттау объектісін аттестаттау осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларда көзделген тəртіппен жүзеге асырылады. 15. Аттестаттау объектісінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уəкілеттік берген тұлға уəкілетті органға жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей ағымдағы жылы аттестатталуы жоспарланатын объектілердің тізбесін жібереді. 52-бап. Ақпараттандыру саласындағы сəйкестікті растау Ақпараттандыру саласындағы сəйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 9-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ 53-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғаудың мақсаттары 1. Ақпараттандыру объектілерін қорғау ақпараттандыру объектілерінің сақталуына, оларға құқыққа сыйымсыз түрде жəне (немесе) əдейі жасалмаған қол жеткізуді жəне (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру болып табылады. 2. Ақпараттандыру объектілерін қорғау: 1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын жəне сақталуын қамтамасыз ету; 2) қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету; 3) ақпараттандыру субъектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу құқығын iске асыру; 4) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты оларға санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған қол жеткізуге, ақпараттың таралып кетуіне жəне өзге де əрекеттерге, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған ықпал етуге жол бермеу; 5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сəйкес жүзеге асырылады. 3. Ақпараттандыру объектілеріне қатысты санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған өзге де əрекеттер: 1) электрондық ақпараттық ресурстарды жəне (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау, яғни электрондық ақпараттық ресурстарға жəне (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға əкелетін əрекеттер жасау;

26 қараша 2015 жыл

2) ақпараттандыру объектілерін санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған түрлендiру; 3) электрондық ақпараттық ресурсты санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған көшiру; 4) электрондық ақпараттық ресурстарды санкцияланбаған жəне (немесе) əдейі жасалмаған жою, жоғалтып алу; 5) құқық иеленушінiң рұқсатынсыз бағдарламалық қамтылымды пайдалану; 6) ақпараттық жүйелердiң жəне (немесе) бағдарламалық қамтылымның жұмысын бұзу не телекоммуникациялар желiлерінiң жұмыс iстеуiн бұзу болып табылады. 4. Ақпараттық жүйелерді қорғау сыныптауышқа сəйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады. 54-бап. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды ұйымдастыру 1. Ақпараттандыру объектілерін қорғауды: 1) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты – олардың меншік иелері, иеленушілері жəне пайдаланушылары; 2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты – олардың меншік иелері немесе иеленушілері жүзеге асырады. 2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері: 1) санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбауды; 2) егер мұндай санкцияланбаған қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды; 3) қол жеткізу тəртібін бұзудың қолайсыз салдарларын барынша азайтуды; 4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына санкцияланбаған ықпал етуге жол бермеуді; 5) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан түрлендірілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіруді; 6) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерін жəне (немесе) иеленушілерін қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздіктің орын алған оқыс оқиғасы туралы мемлекеттік техникалық қызметке дереу хабарлауды; 7) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, олардың қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мониторингі мəселелері бойынша мемлекеттік техникалық қызметпен ақпараттық өзара іс-қимылды; 8) мемлекеттік техникалық қызметтің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізуі үшін оған «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қолжетімділікті беруді қамтамасыз ететін шаралар қолдануға міндетті. 3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер меншік иелерінің жəне иеленушілерінің, сондайақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері меншік иелерінің жəне иеленушілерінің қолдануы үшін міндетті. 4. Əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның объектілерін басқаруды уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырады. 55-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау шаралары 1. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың құқықтық шараларына: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақпараттандыру саласындағы стандарттар; 2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық; 3) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншiк иесiмен немесе иеленушiсiмен жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер жатады. 2. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына ақпаратқа, электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге (ақпараттың электрондық жеткізгіштеріне) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеу жатады. 3. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды

қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына: 1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерге қатысты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленген, дайындалған жəне (немесе) пайдалануға қабылданған, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану; 2) электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуді бақылау жəне қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану жатады. 4. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғаудың техникалық (бағдарламалықтехникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне жəне мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін төндірмеуге тиіс. 56-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері жəне иеленушілері осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сəйкес оларды қорғау бойынша шараларды қолдануға міндетті. Бұл міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап жəне олар жойылғанға не иесіздендірілгенге дейін туындайды. 3-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 10-тарау. УƏКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЖАТТАРҒА САРАПТАМА ЖҮРГІЗУІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ КЕЛІСУІ 57-бап. Инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы 1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған инвестициялық ұсынысты мемлекеттік орган инвестициялық ұсынысқа ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысын алу үшін жыл сайын 15 наурызға дейін уəкілетті органға енгізеді. 2. Ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсынысты уəкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. 58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалықэкономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы 1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Ақпараттандыру саласындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. 2. Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтитын болса, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысын беру мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады. 59-бап. Техникалық тапсырманы жəне жобалауға арналған тапсырманы келісу 1. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді уəкілетті орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады. Егер мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі стандартты шешім болып табылса не ведомствоаралық немесе өңірлік құрамдастарды қамтыса, келісу мерзімі елу жұмыс күніне дейін ұзартылады. 2. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы əзірлеген сервистік бағдарламалық өнімді жасау немесе дамыту жөніндегі жобалауға арналған тапсырманы келісуді тиісті салаға (аяға) жетекшілік ететін мемлекеттік орган құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде жүзеге асырады. 60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уəкілетті органның қорытындысы 1. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі уəкілетті органның қарауына жыл сайын 1 наурызға дейін енгізеді. 2. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын уəкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде қарайды. 3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын қараудан бас тарту: 1) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарының нысаны мен мазмұны

осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарына сəйкес келмеген; 2) құжаттар уəкілетті орган бекіткен белгіленген талаптарға сəйкес ұсынылмаған жағдайларда жүзеге асырылады. 4. Бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарын «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталына орналастырады. 11-тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫН ДАМЫТУ 61-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уəкілетті мемлекеттік органдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты жəне басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады. 2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының индустриялықинновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырады. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын жеке кəсіпкерлік жəне мемлекеттік-жекешелік əріптестік базасында дамыту; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ақпараттық жүйелерді əзірлеуге тапсырыстар алу кезіндегі отандық заңды тұлғалардың басымдығы; 3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін жəне техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығының құрылымын дамыту; 5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығында адал бəсекелестікті қолдау. 4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сəйкес Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы жəне индустриялықинновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген шаралардан басқа, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар саласының өсуін ынталандыру жөніндегі шаралар мыналар: 1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің нормативтік-əдіснамалық базасын қалыптастыру жəне дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру; 2) жергілікті қамтудың жоғары үлесі бар инновациялық бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді əзірлеуге жəне беруге арналған мемлекеттік (квазимемлекеттік) тапсырыстар жүйесін іске асыру жəне жетілдіру; 3) жергілікті қамтудың үлесін өсіруге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды бюджеттен тыс өтеулі жəне өтеусіз қаржыландыру; 4) ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтер үлесін өсіруге бағытталған, мемлекеттік заңды тұлғалардың жəне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыруға арналған шығындар құрылымын үйлестіру; 5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды венчурлық жəне өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау; 6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инвестициялық тартымдылықты дамытуды ынталандыру жəне арттыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады. 62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық жəне ғылыми қамтамасыз ету 1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша техникалық, кəсіптік, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды отандық жəне шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау жəне қайта даярлау үшін жағдайлар жасайды. 2. Ұйымдар, ұлттық компаниялар, олардың үлестес тұлғалары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша кəсіптік, техникалық, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін практика базасы ретінде əрекет етеді. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын ғылыми қамтамасыз ету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. 12-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 63-бап. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарына жəне заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру субъектілері халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге кіруге, халықаралық жəне шетелдік жобалар мен бағдарламаларға қатысуға құқылы. Мемлекеттік органдар уəкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік

органдарымен, халықаралық ұйымдармен жəне шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 3. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық: 1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен жəне шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылдың тұрақты жəне қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға көмек көрсету; 3) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды қамтамасыз ету бойынша шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ кадрлық даму жəне ғылыми ынтымақтастық; 4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына шетелдік заңды тұлғалармен жəне халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұдайы негізде мониторинг жəне болжау жүргізу; 5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мəселелері бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымына қол сұғатын жəне мемлекеттік қызметтің саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне өзге салаларын бұзатын əрекеттерге тыйым белгілеу; 6) Қазақстан Республикасында жəне шетелде семинарлар, конференциялар жəне тренингтер өткізу; 7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адамға, қоғамға жəне мемлекетке зиян келтіру тұрғысынан пайдалануға өзара түсіністік негізінде тыйым белгілеу; 8) ақпараттандыру саласындағы жобаларды шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қоғамдық ұйымдармен жəне қорлармен бірлесіп қаржыландыру жəне іске асыру нысанында жүзеге асырылады. 4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, институттық қамтамасыз ету жəне тəжірибе мен білім алмасу мəселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың жəне шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады. 13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖƏНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 65-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа əкеп соғады. 66-бап. Өтпелі ережелер 1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген жəне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке аттестаты жоқ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері бар мемлекеттік органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде міндетті аттестатталуға жататын аттестаттау объектілеріне аттестаттау жүргізеді. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің техникалық құжаттамасы жəне (немесе) оның ақпараттық жүйені өнеркəсіптік пайдалануға енгізу туралы растаушы құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар осы тармақта белгіленген мерзімдерде ақпараттандыру объектілерін пайдалану жөніндегі жалпы міндеттерді, қағидаттарды жəне қағидаларды айқындайтын қалпына келтірілген техникалық құжаттаманы жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін регламенттейтін құжаттарды бере отырып, осындай ақпараттық жүйеге аттестаттау жүргізеді. 2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған немесе мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған жəне ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестаты жоқ мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жыл ішінде аттестаттаудан өтеді. 67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 қараша № 418-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 2324 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 1112, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 152-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мəміленің жазбаша нысаны қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады.»; 3-тармақтың екінші бөлігі «электрондық құжаттар» деген сөздерден кейін «, электрондық хабарлар» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 397-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жазбаша не электрондық офертада акцептiге арналған

мерзiм қамтылмаған кезде, егер оферта жiберген тұлға акцептiні – заңнамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны ол үшін қажеттi қалыпты уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.». 2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат): 1) 49-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттаманы қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда:»; 2) 72-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.»; 3) 149-баптың 6-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 164-баптың 1-тармағындағы «ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына» деген сөздер «ақпаратты қамтитын жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 289-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар пайда болған кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органда қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда берілетін еркін нысандағы өтінім жəне қауіпті қалдықтар паспорты негізінде тіркелуге жатады.». 3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар;

№ 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 167-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ақпараттық жүйелерді құруға жəне дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдерге ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкілетті органның салалық қорытындысы қоса беріледі.»; 2) 169-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға, ал ақпараттық жүйелерді құруға жəне дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша – сонымен қатар ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкілетті органға донордың уəкілетті өкілі жəне өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.»; 3) 170-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нəтижелері туралы есептерді мемлекеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкілетті органға ұсынуын көздейді.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Есептілікті ұсыну тəртібі мен мерзімдерін жəне нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нəтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жəне бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органдар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген

жағдайларда – ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкілетті орган айқындайды.». 4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) бүкіл мəтін бойынша: «электрондық түрде», «электрондық түрдегі», «электронды түрде», «Электрондық түрде», «электронды түрдегі»,

«Электронды түрде» жəне «ақпараттық-коммуникациялық желі» деген сөздер тиісінше «электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «электрондық нысанда», «Электрондық нысанда», «электрондық нысандағы», «Электрондық нысанда» жəне «телекоммуникациялар желісі» деген сөздермен ауыстырылсын; «компьютерлiк жүйелер», «Компьютерлік жүйе», «компьютерлік жүйенің», «компьютерлік жүйе», «Компьютерлік жүйелерді», «Компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйелерді», «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйенің» деген сөздер тиісінше «аппараттық-бағдарламалық кешендер», «Аппараттық-бағдарламалық кешен», «аппараттық-бағдарламалық кешеннің», «аппараттық-бағдарламалық кешен», «Аппараттық-бағдарламалық кешендерді», «Аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттықбағдарламалық кешендерді», «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешеннің» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 151-4-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 455-баптың 1) тармақшасының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті жəне желілік басылымды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);»; 4) 456-баптың кестесінің 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 9. теле-, радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті жəне желілік басылымды есепке қойғаны үшiн: »; 5) 557-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «орындауы туралы» деген сөздерден кейін «қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 645-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі «байланыс жəне ақпарат саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып,» деген сөздер «ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, (Жалғасы 15-бетте).


(Жалғасы. Басы 14-бетте). 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 12-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiнiң басқа мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiмен ақпарат алмасу мəселелерi бойынша интеграциясы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»; 2) 27-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстары деректерiнiң» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 95-баптың 5-тармағында: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қан мен оның компоненттерінің донорлығына, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың психиканың үнемі бұзылуын, алкогольдік, есірткілік тəуелділікті жəне тəуелділіктің өзге де түрлерін, агрессия мен зорлық-зомбылық əрекеттерін жасауға бейімділікті қоса алғанда, қоғам үшін қауіпті бұзылу мен аурулардан зардап шегетін адамдардың диспансерлік есепте тұрғаны туралы дəрігерлік құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникациялар желiлеріне қосуға жол берiлмейдi.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны жəне өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.». 6. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат): 1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық технологиялар», «ақпараттық технологияларды», «ақпараттық технологиялармен» деген сөздер тиісінше «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мазмұнында 70-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары»; 3) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын: «57) электрондық құжат нысанындағы кедендік декларация – кедендік декларациялауға қажетті жəне электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған құжаттардың негізінде декларант кеден органдарының ақпараттық жүйесінде көрсететін мəліметтердің жиынтығы.»; 4) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «ақпараттандыру ресми жəне өзге де мерзiмдiк баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiкқұқықтық актiлерiн жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия жəне радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткiзу жолымен» деген сөздер «ақпарат беру Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланыла отырып» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 67-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендiру Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»; 4-тармақ алып тасталсын; 6) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын: «70-бап. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары 1. Электрондық-цифрлық нысанда берілген жəне электрондық жеткізгіште, кеден органдарының интернет-ресурсында жəне (немесе) ақпараттық жүйесінде қамтылған ақпарат кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстары болып табылады. 2. Кедендiк операцияларды жасау кезiнде ұсынылатын құжаттар мен мəлiметтер, сондай-ақ оларды жасау үшiн қажеттi құжаттар негізінде қалыптастырылған кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетiмдiлiк шектеулi болады. Кеден органдарының электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыру жəне оларға қол жеткізу тəртiбi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында айқындалады. 3. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстар кеден iсi саласындағы уəкiлеттi органның интернетресурсында жəне «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылады.»; 7) 162-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттықкоммуникациялық желі», «электрондық түрде» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желісі», «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 165-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттықкоммуникациялық желі», «электрондық түрде» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желісі», «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 192-баптың 2-тармағындағы «технологияларды» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 209-баптың 1-тармағындағы «технологияларды» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 288-баптың 1-1-тармағындағы «құжат түріндегі» деген сөздер «құжат нысанындағы» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат): 1) бүкіл мəтін бойынша: «ақпараттық-коммуникациялық желілерді», «ақпараттықкоммуникациялық желі», «ақпараттық-коммуникациялық желіге», «ақпараттық-коммуникациялық желінің», «ақпараттық-коммуникациялық желімен», «ақпараттық-коммуникациялық желіде», «ақпараттық-коммуникациялық желілер» деген сөздер тиісінше «телекоммуникациялар желілерін», «телекоммуникациялар желісі», «телекоммуникациялар желісіне», «телекоммуникациялар желісінің», «телекоммуникациялар желісімен», «телекоммуникациялар желісінде», «телекоммуникациялар желілері» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға», «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан» жəне «ұлттық ақпараттық жүйеге», «ұлттық ақпараттық жүйеден» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан» жəне «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне», «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-баптың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «41) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе тыңдатып-көрсетуге арналған материалдық жеткізгіш;»; 3) 147-бап мынадай редакцияда жазылсын: «147-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу

15

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

1. Дербес деректердi қорғау жөнiндегi шараларды қолдану мiндетi жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер бұл іс-əрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мəлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау жəне (немесе) өңдеу нəтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып не электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру немесе телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты заңсыз ұстап қалу арқылы не өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған іс-əрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мəлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау жəне (немесе) өңдеу нəтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мəліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату – жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат): 187-баптың бірінші бөлігіндегі «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға» жəне «ұлттық ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға» жəне «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж.. № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат, № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 31-тараудың тақырыбында орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді; 639 жəне 692-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу»; «692-бап. Ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкiлеттi орган»; мынадай мазмұндағы 692-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «692-1-бап. Ақпарат саласындағы уəкілетті орган»; 2) 79-бапта: екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Меншiк» деген сөз «Егер осы əрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқпаса, меншiк» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Егер осы іс-əрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа əкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға жəне (немесе) өңдеуге əкеп соққан іс-əрекет – жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кəсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 3) 284-баптың жетінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйелерді» деген сөздер тиісінше «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешендерді» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 423-баптың ескертпелерінің 1-тармағындағы «компьютер желiлерiнде» деген сөздер «телекоммуникациялар желілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 451-бапта: бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгінің хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің жəне желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің жəне желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 456-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы –»; 7) 637-бапта: бірінші бөлікте: бірінші абзацта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сəйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;»; мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) жəне 9-6) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу; 9-2) қалааралық жəне халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бұзу; 9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы; 9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тəртібін бұзу; 9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы; 9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;»; мынадай мазмұндағы 11) жəне 12) тармақшалармен толықтырылсын: «11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы; 12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс операторының жəне (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы түрінде жасалған бұзушылық –»; екінші абзац «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға – он,» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөліктің екінші абзацы «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға – жиырма,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің бірінші абзацы «Абоненттер» деген сөзден кейін «жəне (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацындағы «жекелеген қызмет түрін немесе белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын үш айға дейін тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталып, «бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші жəне он үшінші бөліктермен толықтырылсын: «5. Байланыс операторының жəне (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық жəне техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен əдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы – шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Байланыс операторының жəне (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жеделіздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен əдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы – шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Байланыс операторының жəне (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сəйкес жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы – шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер – байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға əкеп соғады. 9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді жəне (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы – радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға əкеп соғады. 10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау – радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға əкеп соғады. 11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы – шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды жəне жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге – жиырма, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекеттер – радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тəркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге – қырық, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын: «Ескертпелер. 1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан жəне қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге жəне қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi. 2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркəсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға жəне жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi. 3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату жəне (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық жəне (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мəнжайларды қоспағанда, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама жəне басқа да қызметтермен байланысудың мүмкін болмауына əкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы əрекеті (əрекетсіздігі) түсініледі.»; 8) 639-бап мынадай редакцияда жазылсын: «639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу 1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара ісқимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған бұзушылық – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кəсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға əкеп соқтырған əрекеттер (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кəсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 9) 640-бап мынадай редакцияда жазылсын: «640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту – лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Куəландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді жəне қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Куəландырушы орталықтың тіркеу куəліктерін иеленушілер туралы мəліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Тіркеу куəлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден жəне пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кəсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 10) 641-бап мынадай редакцияда жазылсын: «641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын: 1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу; 3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған немесе мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестік аттестатынсыз өнеркəсіптік пайдалану; 4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің əзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау; 5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту; 6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сəйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нəтижесі бар актісі жоқ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркəсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Осы баптың бiрiншi жəне екінші бөліктерінде көзделген, əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк жəне (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 11) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (үшінші, төртінші жəне алтыншы бөліктерінде жəне тоғызыншы бөлігінің 4), 5) жəне 6) тармақшаларында)», «637 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер тиісінше «452 (үшінші, төртінші жəне алтыншы бөліктерінде)», «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы жəне он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 692-бапта: «Байланыс жəне ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «Ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөліктегі «637 (бiрiншi, екінші жəне үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші жəне он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) мынадай мазмұндағы 692-1-баппен толықтырылсын: «692-1-бап. Ақпарат саласындағы уəкілетті орган 1. Ақпарат саласындағы уəкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы жəне оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 2. Мыналар: 1) ақпарат саласындағы уəкілетті органның басшысы жəне оның орынбасарлары; 2) ақпарат саласындағы уəкілетті органның аумақтық органдарының басшылары əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»; 14) 701-баптың бірінші бөлігі «621 (бірінші, екінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 637 (он екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын; 15) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын; 16) 802-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «көрсеткiштерi себептер болып табылады.» деген сөздер «көрсеткiштерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) бақылау-өлшеу аппаратурасының жəне (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.»; 17) 804-бапта: бірінші бөлікте: 12) тармақшадағы «145-баптар» деген сөздер «145, 509-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) тармақша «476» деген цифрлардан кейін «, 637 (он үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын; 23) тармақшада: «байланыс жəне ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; «637 (төртінші бөлiгi)» деген сөздер «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы жəне он үшінші бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын; 50) тармақшада: «451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері жəне тоғызыншы бөліктің 4), 5) жəне 6) тармақшалары), » деген сөздер алып тасталсын; «456,» деген цифрлар алып тасталсын; 62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «62) ақпарат саласындағы уəкілетті органның (451, 452 (үшінші, төртінші жəне алтыншы бөліктері), 456-баптар);»; 18) 903-бап мынадай редакцияда жазылсын: «903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тəртiбi 1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi. 2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уəкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген тəртiппен жүргізеді. 3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тəртiбiн ақпараттандыру жəне байланыс саласындағы уəкiлеттi орган белгiлейдi.». 10. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат, № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат): 1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уəкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»; 2) 8-баптың 9-тармағының 11) тармақшасындағы «саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «саласындағы уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес, уəкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»; 4) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Екінші деңгейдегі банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға жəне жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.»; 5) 50-бапта: 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) жəне 4-2) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің жəне электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша – сұрау салуда көрсетілген тұлғаға банк шотының тиесілілігі жəне «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету кезінде жылжымалы мүліктің кепіл шартының бар-жоғы туралы мəліметтерді электрондық нысанда беруі; 4-2) банктердің электрондық нысанда қызметтер көрсететін субъектінің жəне электрондық нысанда қызметтер алатын субъектінің сұрау салуы бойынша, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін жеке жəне заңды тұлғалар төлемдерді жүзеге асырған кезде ақша сомасы, төлемнің жүзеге асырылған күні, ақшаны жөнелтуші жəне бенефициар туралы мəліметтерді электрондық нысанда беруі;»; 7-тармақтың б) жəне г) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «б) анықтау жəне алдын ала тергеу органдарына: олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша, жеке тұлғаның шоттарда немесе банкте сақтаулы жатқан ақшасына жəне өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олардан өндiрiп алу немесе мүлкiн тəркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларда, анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойған, мөрiмен расталған жазбаша сұрау салу не біріншi басшының немесе тергеушiнің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық нысандағы сұрау салу, прокурордың санкциясы, оның ішінде электрондық нысанда салынған санкциясы негiзiнде;»; «г) прокурорға: қарауындағы материал бойынша оның құзыретi шегiнде, қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылған тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде.»; 6) 51-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж, № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 8-2-баппен толықтырылсын: «8-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет 1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті прокуратура органдары Республиканың Бас Прокуроры бекітетін талдамалық жұмыс жоспарларына сəйкес жүзеге асырады. 2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін жоспардан тыс ақпараттық-талдамалық қызмет үшін: 1) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының тапсырмалары; 2) Республиканың Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының келісімімен мемлекеттік органдардың негізделген сұрау салулары негіз болып табылады. 3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады: 1) құқық бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған шараларды, оның ішінде заңнамалық шараларды тұжырымдау мақсатында теріс құбылыстарды анықтау; 2) құқықтық қатынастардың əртүрлі салаларында заңдылықты бұзу фактілері туралы сандық жəне сапалық мəліметтерді анықтау; 3) теріс құқықтық құбылыстардың профилактикасы жəне жолын кесу бойынша ұсыныстар тұжырымдау; 4) заңдылық пен құқықтық тəртіптің жай-күйін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде сипаттайтын мəліметтерді зерделеу жəне қайта өңдеу. Əрбір негіз бойынша ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру қажеттілігін жəне олардың тізбесін Республиканың Бас Прокуроры қадағалау қызметі шеңберінде айқындайды. Осы баптың 3-тармағында көзделген ақпараттық-талдамалық қызмет, əдетте, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мəліметтерді, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, иесіздендірілген түрде пайдалана отырып жүргізіледі. Айрықша жағдайларда жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып жүргізілетін мұндай ақпараттық-талдамалық қызмет Республика Бас Прокурорының əрбір жағдай үшін жеке қабылданатын тиісті бұйрығының негізінде жүргізілуі мүмкін. 4. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған талдамалық ақпарат мемлекеттік органдарға тек қана олардың өз функцияларын жүзеге асыруы мақсатында, жеке тұлғалардың нақты дербес деректерін ашпай, ақпараттық-анықтамалық материал түрінде беріледі. 5. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстардың толықтығы мен анықтығы үшін осы электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері жəне (немесе) иеленушілері жауапты болады. 6. Ақпараттық-талдамалық қызмет, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызмет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сəйкестікте жүзеге асырылады. Ақпараттық-талдамалық қызмет кезінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді жəне оларды өңдеуді прокуратура органдарының қызметкерлері қорғалған жеткізгіштерде сақталатын электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, сертификатталған компьютерлерде, жеке үй-жайларда жүзеге асырады. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметті жүзеге асыру тəртібін, негіздерін жəне оны жүзеге асыруға құқығы бар прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тізбесін (санаттарын) Республиканың Бас Прокуроры айқындайды. 7. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»; 2) 11-баптың 4-1) тармақшасы үшінші абзацындағы «бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші абзацтармен толықтырылсын: (Соңы 16-бетте).


16

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 14-15 беттерде). «құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған мəліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау жəне жою мəселелері бойынша; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің деректерін пайдалана отырып жүргізілетін ақпараттық-талдамалық қызметтің негіздерін, тəртібін жəне оны жүргізген кезде прокуратура органдары қызметкерлерінің жауаптылығын белгілейтін нормативтiк құқықтық актiлер;»; 3) 12-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы «орындалуын» деген сөз «қолданылуын» деген сөзбен ауыстырылып, «практикасына» деген сөзден кейін «, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мəліметтерді пайдалана отырып» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мəліметтерді алуға байланысты жасырын тергеу əрекеттерін қоспағанда, көрсетілген əрекеттерге санкция Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сəйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куəландырылуы мүмкін.»; 5) 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын: «6-2) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған мəліметтерге Республиканың Бас Прокуроры белгілеген тəртіппен рұқсат алуға;». 12. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат): 1) 12-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) шифрлау жəне шифрды ашу жұмысын ұйымдастыруға, үкіметтік байланысты, шифрланған жəне құпияландырылған байланысты, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүдделерінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін пайдалануға, дамытуға, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;»; 2) 13-бапта: мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: «1-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітетін қағидаларға сəйкес радиоэлектрондық жəне радиотехникалық барлауды жүзеге асыру;»; 11) жəне 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «11) Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органдарындағы, əскери басқару, ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарындағы мемлекеттiк құпиялардың, коммерциялық, банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жəне шифрлау жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мəселелерi бойынша бақылауды жүзеге асыру, əдiстемелiк жəне практикалық көмек көрсету;»; «19) арнайы техникалық жəне өзге де құралдарды қоса алғанда, арнайы байланыс, қару-жарақ жəне жарақтандыру құралдарын əзiрлеу, жасау, сатып алу жəне пайдалану, бұл ретте мемлекеттік шифрлық құралдарды əзірлеу, шығару жəне жарақтандыруға қабылдау жəне оларды (барлаудың техникалық құралдарынан) арнайы қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен жəне ұйымдарымен, шет мемлекеттердiң арнаулы қызметтерiмен жəне ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»; мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4) жəне 20-5) тармақшалармен толықтырылсын: «20-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тəртіппен құру, алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау; 20-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тəртіппен құру, пайдалану, дамытуды, қолдап отыруды, интеграциялауды, пайдалануды тоқтатуды, қорғауды жүргізу; 20-3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тəртіппен, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді, іздеуді, таратуды, пайдалануды, қорғауды, тіркеуді жəне жоюды жүзеге асыру; 20-4) арнайы куəландырушы орталықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тəртіппен құру, аккредиттеу, оның қызметін тоқтату, сондай-ақ оның қызметі туралы ережені əзірлеу жəне бекіту; 20-5) үкіметтік байланыс желілерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының шифрланған байланыс желілерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының мүддесінде пайдаланылатын арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, пайдалануға қабылдау, пайдалану, дамыту жəне пайдалануды тоқтату;». 13. «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1516, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат): 1) 2-бапта: 8-1) тармақша алып тасталсын; 14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14-1) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі жəне (немесе) домендік аты бар жəне Интернетте жұмыс істейтін, мəтіндік, графикалық, аудиовизуалдық немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;»; 2) 9-1-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін (арналған) туындылар (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды, дараландыру құралдары) авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.»; 3) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық желіде» деген сөздер «телекоммуникациялар желісінде» деген сөздермен ауыстырылсын. 14. «Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 4-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) кəбілдік кəрізді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру жөнiндегi;». 15. «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының

Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1-баптың 13) тармақшасындағы «мемлекеттiк» деген сөз «атқарушы» деген сөзбен ауыстырылсын. 16. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші абзацтармен толықтырылсын: «мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйе – мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты жасауға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, бейнелеуге, пайдалануға жəне тұтынуға арналған, қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйе; мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс – электрондық-цифрлық нысанда берілген жəне электрондық жеткізгіште, мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерде қамтылған ақпарат;»; 2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) жəне 5-4) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау тəртібін айқындайды; 5-2) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау, пайдалануды тоқтату жəне қорғау тəртібін айқындайды; 5-3) мемлекеттік құпияны құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды жəне өзге де деректерді мемлекеттік құпияға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу жəне жою тəртібін айқындайды; 5-4) арнайы куəландырушы орталықты құру, аккредиттеу жəне оның қызметін тоқтату тəртібін айқындайды;»; 3) 14-бап мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын: «19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мəліметтер.». 17. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) жəне 8-1) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау жəне оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;»; «8-1) желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уəкілетті органда есепке қою рəсімінен өткен интернет-ресурс;»; 2) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау арқылы жүзеге асырылады.»; 3) 4-3-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттiктерді жəне желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) жəне 8-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттiктер мен желілік басылымдардың тізілімдерін жүргізеді; 2-2) эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізеді;»; «8-1) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) жəне 13-3) тармақшалармен толықтырылсын: «13-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асырады; 13-2) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді; 13-3) мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз жəне электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;»; 4) 4-4-баптың 2), 5) жəне 6) тармақшалары алып тасталсын; 5) 4-5-бапта: тақырыптағы «Мемлекеттік» деген сөз «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын; 1 жəне 2-тармақтар алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды тексерулер нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асырады.»; 6) 5-баптың 1-тармағында: үшінші бөліктегі «құралдарының», «радиоарнасын», «жəне (немесе) ақпарат агенттiгiн», «негіздеме» деген сөздер тиісінше «құралының», «радиоарнаны», «, ақпараттық агенттiкті жəне (немесе) желілік басылымды», «негіз» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші бөлік «талаптар» деген сөзден кейін «, ерікті тəртіппен есепке қойылған желілік басылымдарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу 1. Қазақстан Республикасының аумағында əрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік жəне желілік басылым міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 2. Есепке қою немесе қайта есепке алу үшін мерзімді баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің жəне желілік басылымның меншік иесі не ол уəкілеттік берген тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. 3. Мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қойған кезде, сондайақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның есепке қойылғанын куəландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тəртіппен алым алынады. 4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға жатады. Өтiнiштi қарау қорытындылары бойынша уəкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiне есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куəлiк бередi не одан мынадай негiздер бойынша: 1) егер уəкiлеттi орган бұрын сол атаумен жəне сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің жəне желілік басылымның атауымен айырғысыз дəрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куəлiк берген болса;

26 қараша 2015 жыл

2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса; 3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе; 4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе; 5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей жəне тақырыптық бағыты дəл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мəлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мəлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады. 5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куəлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды. Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондайақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уəкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады. Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уəкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куəліктің күші жойылды деп танылады. 6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік жəне желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты жəне шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.»; 8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын: «11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш 1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште: 1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – жеке тұлғаның тегі, аты жəне əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сəйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi; 2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi); 3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi; 4) негiзгi тақырыптық бағыты; 5) таралу аумағы; 6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, əкесiнiң аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе); 7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс. 2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті жəне желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.»; 9) 13-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Интернет-ресурсқа қолжетімділікті тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын: «6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уəкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті. 7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дəл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға əкеп соғады. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға жəне тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дəл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға əкеп соғады.»; 10) 14-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес бұл туралы уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.»; 11) 15-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мерзiмдi баспасөз басылымының əрбiр шығарылымында мынадай мəлiметтер қамтылуға тиiс: 1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы; 2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi; 3) бас редактордың (редактордың) тегi жəне инициалдары; 4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куəлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi жəне оны берген органның атауы; 5) басылымның мерзiмдiлiгi; 6) мерзiмдi баспасөз басылымының рет нөмiрi мен жарық көрген күні; 7) таралымы; 8) баспахананың атауы, оның мекенжайы жəне редакцияның мекенжайы.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Ақпараттық агенттіктер жəне желілік басылымдар арнайы мақсаттағы бөлімде: 1) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауын; 2) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің тегі мен инициалдарын немесе атауын; 3) бас редактордың (редактордың) тегі мен инициалдарын; 4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куəліктің нөмірі мен берілген күнін жəне оны берген органның атауын; 5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.»; 12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын: «16-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары жəне теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау 1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық-цифрлық нысанын олар əзiрленген күнi ұлттық кiтапханаларға жəне уəкiлеттi органға жiбередi. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеуге жəне оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мəдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры жəне архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тəртiппен сақталады. 3. Уəкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз жəне электрондық архивтерін қалыптастырады.».

18. «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15,118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат): 9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;». 19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат): 1) 79-бапта: 5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Басқару жүйесiн пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды дерекқордың орындауын тексерудi уəкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нəтижелерi дерекқорды басқару жүйесiн пайдалануға беру актiсiнде уəкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.»; 6-тармақтың 3) тармақшасындағы «ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен» деген сөздер «ақпараттықкоммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 82-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы жəне 3-тармағының 5) тармақшасы «ақпараттық ресурстар» деген сөздердің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын. 20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 27-баптың 1-тармағының 21-3) тармақшасы алып тасталсын. 21. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 20-бап мынадай мазмұндағы 11-10) тармақшамен толықтырылсын: «11-10) ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын əзірлеу жəне бекіту;». 22. «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган – ақпараттандыру жəне «электрондық үкімет» саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) арнайы куəландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сəйкестігін куəландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді пайдалануға байланыс ты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уəкілетті бөлімшесі; 3) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уəкілетті органы – архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы; 4) куəландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сəйкестігін куəландыратын, сондай-ақ тіркеу куəлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға; 5) куəландырушы орталықты аккредиттеу – куəландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның ресми тануы; 6) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін жəне оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін жəне ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат; 8) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорын; 9) тіркеу куəлігі – куəландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сəйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат; 10) тіркеу куəлігін иеленуші – өз атына тіркеу куəлігі берілген, тіркеу куəлігінде көрсетілген ашық кілтке сəйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 11) электрондық архив – архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы; 12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық

нысанда ұсынылған жəне электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған құжат; 13) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу; 14) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу жəне тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы; 17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау жəне оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық жəне техникалық құралдардың жиынтығы; 18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді жəне электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дəйектілігі; 19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дəйектілігі.»; 2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: «5-бап. Уəкілетті органдардың құзыреті 1. Ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган: 1) электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін əзірлейді; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба мəселелері бойынша практикалық жəне əдістемелік көмек көрсетеді; 4) электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) куəландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының негізгі куəландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куəландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куəландырушы орталығын жəне Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куəландырушы орталықтың тіркеу куəліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу жəне электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 7) объектілік сəйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сəйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу жəне олардың күшін жою қағидаларын бекітеді; 8) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру парақтарын, тəуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 9) шет мемлекеттердің куəландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу жəне тоқтату қағидаларын бекітеді; 10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді; 11) куəландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын əзірлейді; 12) Қазақстан Республикасының негізгі куəландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куəландырушы орталығының жəне Қазақстан Республикасының ұлттық куəландырушы орталығының тіркеу куəліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу жəне электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Архивтер мен құжаттаманы басқарудың уəкілетті органы: 1) электрондық құжат айналымы жəне электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мəселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-əдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді; 3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы жəне электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін əзірлейді; 4) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мəселелері бойынша, Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы жəне электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру парақтарын, тəуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»; 3) 6-баптың 2) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 7-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңның талаптарына сəйкес келетін жəне оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.»; 2-тармақтағы «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды жəне өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу жəне жою тəртібін, сондай-ақ арнаулы куəландырушы орталықты құру, аккредиттеу жəне оның қызметін тоқтату тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.»; 5) 10-бапта: 1-тармақ 3) тармақшасындағы «пайдаланылғанда, бiрдей заңдық салдарларға əкеп соғады.» деген сөздер «пайдаланылғанда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куəландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куəландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда жəне тіркеу куəлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға əкеп соғады.»; 2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Тұлға əртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды. 3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куəлігін иеленуші – заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.»; 6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану Шетелдiк тiркеу куəлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес; 2) шетелдік куəландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін; 3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады.»; 7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын: (Жалғасы 17-бетте).


(Жалғасы. Басы 14-16-беттерде). «14-бап. Тіркеу куəлігін беру Тіркеу куəлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен беріледі.»; 8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын: «14-1-бап. Тіркеу куəлігін беруден бас тарту Куəландырушы орталық: 1) ұсынылған құжаттар толық болмаған; 2) анық емес мəліметтер ұсынылған; 3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сəйкес; 4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куəлігін беруден бас тартады.»; 9) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) жəне 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) тіркеу куəлігін алған кезде анық емес мəліметтер беру фактісі анықталғанда;»; «2-1) тіркеу куəлігін иеленушінің тегі, аты немесе əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергенде; 2-2) тіркеу куəлігін иеленуші – заңды тұлғаның атауы ауысқанда, ол қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;»; 10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Шетелдiк тiркеу куəлiктерiн тану Шетелдiк тiркеу куəлiгi мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес; 2) шетелдік куəландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін; 3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн куəландырушы орталық берген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куəлiгiмен қатар танылады.»; 11) 20-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысушыларға» деген сөздер «ақпараттық жүйелерінде мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын: «20-2-бап. Куəландырушы орталықтарды аккредиттеу 1. Куəландырушы орталықтарды аккредиттеуді ақпарат тандыру саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куəландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады. 2. Егер куəландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куəландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.»; 13) 21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) тіркеу куəлігінің əрбір үлгісі үшін тіркеу куəлігін қолдану қағидаларын бекітеді;»; 14) 24-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.». 23. «Мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы – қылмыстық құқық бұзушылықтар мəселелері бойынша электрондық ақпараттық ресурстарға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік ақпараттық жүйе;»; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-2), 12-3), 12-4) жəне 12-5) тармақшалармен толықтырылсын: «12-2) кəмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мəліметтерді жариялайды; 12-3) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, оның мониторингін жүзеге асыру; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің іркіліссіз жəне тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оны қорғауды қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету; құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің анықталған кемшіліктеріне жедел ден қоюды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады; 12-4) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған əкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды; 12-5) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»; 3) 8-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «құпиялары жəне заңмен қорғалатын құпиялары бар, алынатын мəлiметтердiң» деген сөздер «құпияларды жəне заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мəлiметтердiң, сондай-ақ құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) кəмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;»; 5) мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 жəне 16-3-баптармен толықтырылсын: «16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі 1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сəйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін, құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу туралы жəне ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырады. 3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тəртібі мен негіздері 1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық рес урстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куəландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы жəне байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сай келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей дəрежеде болады. 3. Қылмыстық, азаматтық, əкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мəн-жайлар көрсетіледі. Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тексерудің оң нəтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.

17

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

Құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу əрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тəртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтікқұқықтық актілерінде айқындалады. 4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сəйкес жəне осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, əкімшілік істер шеңберінде беріледі. 16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер 1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мəлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді. 2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады. 3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады. 4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға жəне оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды. 5. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.». 24. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 2-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпарат (бұдан əрі – қызметтік ақпарат) – жеке тұлғалар үшін жеке сəйкестендіру нөмірін жəне заңды тұлғалар үшін бизнес-сəйкестендіру нөмірін қамтитын, абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы мəліметтер, биллингтік мəліметтер жəне оларға көрсетілетін қызметтер туралы мəліметтер, абоненттік құрылғының желіде орналасқан жері, деректер беру желісіндегі мекенжайлары жəне деректер беру желісінде интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сəйкестендірушілер, деректер беру желісінің хаттамалары;»; мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) жəне 4-3) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу жəне пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет; 4-2) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры – абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мəліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорларды басқарудың аппараттықбағдарламалық кешені; 4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы – абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды жəне дамытуды қамтамасыз ететін жəне оның ресурстарына қол жеткізуді ұсынатын ұйым;»; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;»; 22) тармақшадағы «бағдарламалық-аппараттық кешен» деген сөздер «аппараттық-бағдарламалық кешен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 26-1), 30-1), 30-2), 30-3), 32-1), 32-2 жəне 36-1) тармақшалармен толықтырылсын: «26-1) желілік трафик (бұдан əрі – трафик) – белгілі бір уақыт кезеңінде телекоммуникациялар желісі арқылы берілетін жəне қабылданатын ақпараттың көлемі;»; «30-1) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын жəне байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, жылжымалы байланыс желілерінде (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникациялар желісінде жəне басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы; 30-2) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін жəне қабылданатын ақпараттың көлемі; 30-3) интернет-трафик алмасу нүктесі – Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық жəне (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;»; «32-1) куəландырушы орталық – уəкілетті орган айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға; 32-2) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесі – телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді жəне байланыс арналарын қамтитын, басқарушы өлшемдерді қалыптастыру жəне олардың орындалуын бақылау жөніндегі ұйымдастырушылықтехникалық іс-шаралар кешені;»; «36-1) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;»; 62) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 64-1), 73-1) жəне 73-2) тармақшалармен толықтырылсын: «64-1) тіркелген желінің абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын жəне байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақтың жəне нөмірлендіру ресурстарының шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері бар, тіркелген байланыс желілерінде (жергілікті телекоммуникациялар желісінде жəне басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;»; «73-1) халықаралық трафикті өткізу – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясы мен басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станциялары арасында қосылуды орнату жəне ақпарат беру процесін жүзеге асыру; 73-2) халықаралық түйісу нүктесі – Қазақстан Республикасының халықаралық байланыс операторының халықаралық коммутациялық станциясын басқа мемлекеттердің байланыс операторларының халықаралық коммутациялық станцияларымен қосуға арналған телекоммуникациялар құралдары;»; 2) 7-бап мынадай мазмұндағы 14-10) тармақшамен толықтырылсын: «14-10) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйе мекемелерінің аумағында арнайы техникалық жабдықты пайдалану кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;»; 3) 8-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7), 6-8), 6-9), 8-5), 8-6) жəне 8-7) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) қалааралық жəне халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекіту; 6-2) қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту; 6-3) қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту; 6-4) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануын мемлекеттік бақылау; 6-5) қалааралық жəне халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тəртібін мемлекеттік бақылау; 6-6) куəландырушы орталықты айқындау; 6-7) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізудің қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;

6-8) байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу əдістемелерін бекіту; 6-9) телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;»; «8-5) ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын жəне ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту; 8-6) кəбілдік кəрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту; 8-7) байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;»; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;»; мынадай мазмұндағы 19-17) тармақшамен толықтырылсын: «19-17) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы жəне реттелетін нарықтардағы телекоммуникациялар мен пошта байланысының қызметтері аясындағы реттеу мен бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды жəне қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізуі қағидаларын, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына келетін пайда мөлшерлемесін есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды əзірлеу жəне қабылдау;»; 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;»; 4) 9-1-баптың 1-тармағында: 2) тармақша «иелікке берудің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерінің» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) жəне 5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, қолдап отыруды жəне дамытуды қамтамасыз етуді жəне оның ресурстарына қолжетімділік беруді; 5-2) Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық жəне халықаралық байланыс операторларының интернеттрафик алмасу нүктелерін ұйымдастыруды жəне техникалық қолдап отыруды; 5-3) куəландырушы орталықты ұйымдастыруды жəне техникалық қолдап отыруды;»; 5) 12-бапта: 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсатта байланыс түрі немесе стандарты, пайдаланудың аумағы, пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың типі мен техникалық өлшемдері, сондай-ақ елді мекендерді жəне (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер көрсетіледі.»; 8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8-1. Радиожиiлiк спектрiн пайдалануға арналған рұқсат уəкілетті орган белгілеген тəртіппен мынадай: 1) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмаған; 2) ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді жəне (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда алып қойылады.»; 6) 15-бапта: тақырып жəне 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары жəне (немесе) байланыс желілерін иеленушілер: 1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жеделіздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық жəне техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен əдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен қызметтік ақпаратты жинауды жəне сақтауды жүзеге асыруға; 3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен əдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, желілерге жəне байланыс құралдарына қойылатын талаптарға жəне тəртіпке сəйкес, жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге; 5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сəйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.»; 2-тармақтағы «абоненттік құрылғылардың», «абоненттік құрылғы» деген сөздер тиісінше «жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының», «жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы байланыс желілерінде жеделіздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы мəліметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының жеделіздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарымқатынастары осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сəйкес реттеледі.»; 7) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын: «15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға жəне (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 1. Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ету мақсатында олардың аумақтарының шегінде радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға жəне (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты қолданады. 2. Байланыс операторлары: 1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға жəне (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты орнату кезінде ішкі істер органдарына консултациялық-техникалық жəрдемдесуді; 2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды жəне шаралар қолдануды қоса алғанда, өзінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті. 3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес болуға тиіс.»; 8) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: «16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уəкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада: байланыс операторының атауы; байланыс операторының бизнес-сəйкестендіру нөмірі; байланыс қызметтерінің атауы; байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі. 2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сəйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы жəне байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тəртіппен хабарлама жіберуге міндетті. 3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уəкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада байланыс операторының атауы жəне оның бизнес-сəйкестендіру нөмірі көрсетіледі.»; 9) 21-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мыналарды: халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеу мен пайдалануды; ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушы өлшемдерді қалыптастыруды;

қолданылатын байланыс құралдарына жəне оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін пайдалануға беруді жəне олардың орындалуын бақылауды қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тəртiбiн айқындайды;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникациялар желiсiне кiретін барлық санаттардағы желiлердің байланыс операторлары өз желiлерiн басқару орталықтарын құруға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс. Оператордың техникалық қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиіс. Телекоммуникациялар желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары желiлер жабдығының жедел-iздестiру iсшараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сəйкес болуын қамтамасыз етедi.»; 4-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «көрсетілетін байланыс қызметтерін іске асыру əдісі (бекітілген жəне жылжымалы) бойынша айқындалатын» деген сөздер «ұсынылатын байланыс қызметтерін іске асыру тəсілі бойынша айқындалатын, тіркелген желінің қосылған абоненттік құрылғысына не жылжымалы желінің абоненттік құрылғысына қарай тіркелген жəне жылжымалы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын жəне ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.»; үшінші бөлік алып тасталсын; 7-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желілері Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органдарының, əскери басқару, ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарының мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге арналған, олар ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілерін негіз ретінде пайдалана алады.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шифрланған, құпияландырылған, кодталған байланыс желілерін жəне арнайы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау жəне пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тəртібін осы желілер қажеттіліктерін өтеуге арналған Қазақстан Республикасы уəкілетті мемлекеттік органдарының, əскери басқару, ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.»; 10) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасы уəкілетті мемлекеттік органдарының, əскери басқару, ұлттық қауіпсіздік жəне ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кəбілдік кəріздердегі арналарды жəне алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен, уəкілетті органдар реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.»; 11) 24-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Пошта байланысы операторларының көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында реттеледі.»; 3, 4 жəне 5-тармақтар алып тасталсын; 12) 25-бапта: 2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының шекарасында халықаралық түйісу нүктелерін тіркеу тəртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.»; 13) 26-баптың 2 жəне 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан бас тартуына не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар белгілеуіне жол берiлмейдi. Байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге қойылатын көрінеу шектеуші шарттар деп байланыстың үстем операторы белгілейтін, жалғанатын байланыс операторының оларды орындауы өзге жалғану жағдайларында жұмсалатын шығындарға мөлшерлес келмейтін немесе жер учаскесі меншік иесінің, жер пайдаланушының, ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің өз аумақтарында жəне (немесе) ғимараттарында немесе құрылыстарында телекоммуникациялар желісін төсеуден бас тартуына байланысты мүмкін болмайтын жалғануға арналған техникалық шарттар түсініледі.»; «3-1. Қалааралық жəне (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары: 1) жалғанудың (қосылудың) стандартты нүктелерінің тізбесін жариялауға; 2) өз қаражаты есебінен интернет-трафик алмасу нүктелерінің жəне Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 3) уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен интернет-трафик алмасу нүктелеріне жəне Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне өз желілерінің жалғануын қамтамасыз етуге; 4) Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті.»; 14) 28-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бақылау-өлшеу аппаратурасы жəне радиотехникалық бақылау құралдары деп əкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісін тіркейтін, метрологиялық тексеруден өткен радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың өлшемдері мен сипаттамаларын өлшеудің сертификатталған техникалық құралдарын түсінген жөн.»; 15) 28-8-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «мониторингі» деген сөз «мониторингін уəкілетті орган» деген сөздермен, 6) тармақшасындағы «жүзеге асырылады» деген сөздер «жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 29-бап мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын: «4-2. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілетін байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында телекоммуникациялық жабдықтарды орналастыру үшін байланыс операторларына шарт негізінде алаңдарды тең жағдайларда беруге міндетті.»; 17) 36-бапта: мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын: «1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.»; 4-тармақтағы «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын; 18) мынадай мазмұндағы 36-1-баппен толықтырылсын: «36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру 1. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде абоненттік нөмірді сақтауға жəне пайдалануға құқылы. 2. Ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сəйкес абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді қамтамасыз етуге міндетті. 3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеу жəне оның ресурстарына қолжетімділік беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл жасасу жəне өзара есеп айырысу тəртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады. 5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мəліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.

6. Байланыс операторлары өз желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді жəне абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қам тамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға) өздері көтереді. 7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тəртіппен өз ресурстарына қолжетімділік бергені үшін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операто рының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады. 8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, өзі желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім береді. 9. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мерзімде жəне шарттарда жүзеге асырады. 10. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс абоненттерінің басқа ұялы байланыс операторына ауысуына кедергі келтіруге құқылы емес.»; 19) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын: «39-1-бап. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу кезінде абоненттік нөмірді пайдалану тəртібі 1. Абонент Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алуға құқылы. 2. Абонент жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірді «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосуы қажет. 3. Абонентті сəйкестендіру оның ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу үшін абонент электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланады.»; 20) 40-бапта: 1-1-тармақтағы «абоненттер туралы» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Абоненттер жəне байланыс қызметтерін пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактілерін жасыру мақсатында жасалған, желілік мекенжайларды ауыстырғаны үшін жауапты болады.»; 21) 41-1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының уəкілетті органға заңды бұзушылықтарды жою туралы енгізген нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайда, уəкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеу бойынша дереу шаралар қолдануға міндетті. Телекоммуникациялар желісінде ақпаратты орналастырған тұлға уəкілетті органның нұсқамасына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасай алады.»; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы «1-тармағында» деген сөздер «1 жəне 1-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын. 25. «Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар жəне кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат): 1) 1-баптың 16) тармақшасы «кредиттiк бюроның» деген сөздерден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын; 2) 8-1-бапта: 1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «жүйесін» деген сөзден кейін «өнеркəсіптік» деген сөзбен толықтырылсын; 4-тармақта: бірінші бөліктегі «iске қосу» деген сөздер «өнеркəсіптік пайдалануға беру» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Кредиттiк тарихтардың деректер базасын басқару жүйесiн өнеркəсіптік пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды кредиттiк бюроның орындауын тексерудi ақпараттандыру саласындағы уəкiлеттi органмен бiрлесе отырып құрылған уəкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нəтижелерi кредиттiк тарихтардың деректер базасын басқару жүйесiн өнеркəсіптік пайдалануға беру актiсiнде уəкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.»; 3) 17-баптың 9) тармақшасы жəне 19-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «ақпараттық ресурстар» деген сөздердің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын. 26. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «42) стандарттау жөнiндегi техникалық комитет – бекiтiлген стандарттау объектiлерi немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды əзiрлеу жəне мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысу үшiн ерiктi негiзде экономика салаларында ұйымдар базасында құрылатын консультациялықкеңесшi орган;»; 2) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың жəне мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында ұйымдар базасында құрылады. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың жəне мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.». 27. «Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат): 1) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жəне ақпараттық жүйелердi құруға жəне дамытуға жəрдемдесу;»; 2) 19-2-баптың 3-тармағы «мемлекеттік» деген сөзден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын. 28. «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) жəне 3-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) бейнеконференцбайланыс – өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- жəне бейнеақпарат алмасу мүмкіндігін ала отырып, интерактивтік өзара іс-қимыл жасасуына арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын байланыс қызметі; 1-2) бейнеөтініш – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды адамға жіберілген бейнеформаттағы жеке немесе ұжымдық ұсыныс, арыз, шағым, сұрау салу немесе үн қосу;»; «3-1) онлайн-қабылдау – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, субъектінің, лауазымды адамның жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың өтініштерін бейнеконференцбайланыс арқылы қабылдау жөніндегі əрекеті;»; (Соңы 18-бетте).


18

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 14-17 беттерде). 4) тармақшадағы «электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат» деген сөздер «электрондық құжат, бейнеконференцбайланыс, бейнеөтініш» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 6-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке жəне бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар»; 3-тармақ «жазбаша» деген сөзден кейін «не бейнеөтініш арқылы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына жəне олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тəртібін ақпараттандыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.». 29. «Сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Респуб ликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат): 1) 3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «ақпараттық» деген сөздің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын; 2) 7-баптың 2-тармағы «үшін» деген сөзден кейін «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Сəйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң ақпараттық жүйелерінде электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.». 30. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат): 1) 20-баптың 2-тармағында: 1) тармақшаның екінші абзацындағы «оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңба арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкiлеттi орган көздеген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 21-баптың 2-1-тармағындағы «ақпараттық ресурстар» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 27-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 31-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 34-баптың 1-1-тармағындағы «электрондық цифрлық қолтаңбасымен» деген сөздер «электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын. 31. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат): 1) 1-бапта: 33) тармақшадағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттықкоммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 38) тармақшадағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттықкоммуникациялық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

26 қараша 2015 жыл

«2-1. Мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланыла отырып, электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру жағдайларын қамтамасыз етеді.». 32. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат): 8-баптың 13) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстарын» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарын» деген сөздермен, 9-баптың 11) жəне 27) тармақшаларындағы «ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын. 33. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 11-баптың 7-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық жəне инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне инновациялық технологиялар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы қызметтiң мынадай түрлерi: 1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды жəне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, əзірлеу, ендіру, тəжірибелік шығару жəне шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер; 2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.». 34. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар): 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті, оның iшiнде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның жəне ақпараттықкоммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылады жəне нығайтылады.». 35. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорын;»; 6) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган жəне телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уəкілетті орган жүзеге асырады. 3. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге

нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.»; 3) 6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын; 4) 7-бапта: 1-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады; 3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін жəне телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу əдістемесін бекітеді;»; 5) 8-бапта: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алып тасталсын; 6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия 1. Мемлекеттік техникалық қызмет телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уəкiлеттi органның жиiлiктердi, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық қолдап отыруды; 2) телерадио хабарларын таратуды техникалық қолдап отыру саласындағы уəкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасын бақылауды жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді; 3) телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнаманы сақтау бойынша бақылау жүргiзуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды уəкілетті орган монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.»; 7) 11-бапта: 1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтағы «уəкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 12-баптың 2 жəне 5-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 13-баптың 2 жəне 3-тармақтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын: «18-1-бап. Шетелдік теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі 1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уəкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктерін міндетті есептік тіркетуді жүргізеді. 3. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (үлестер, пайлар) пакеті, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалары бар шетелдік теле-, радиоарналарды Қазақстан Республикасының аумағында тарату Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатыстырылатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады. Мыналар: 1) сот əрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар; 2) тағайындалу кезінде заңда белгіленген тəртіппен алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар азаматтар; 3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар; 4) өздерінің кінəсінен бұқаралық ақпарат құралының

шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған, бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде көрсетілген заңды тұлғаның басшысы жəне (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды жəне оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.»; 11) 19-бапта: 1-тармақ алып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келу тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады. Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.»; 6-тармақ алып тасталсын; 12) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы Заңның 19-бабына сəйкес есепке қою рəсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау жəне (немесе) ретрансляциялау;»; 13) 27-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі «тəртібін» деген сөзден кейін «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 34-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Теле-, радиоарнаны, теле-, радиобағдарламаны ретрансляциялауға тек қана телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның өкілі арасында жасалған шарттың негізінде жол беріледі.»; 15) 42-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін атау лы мемлекеттік əлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының жəне өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі. Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады жəне ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне жəне онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.». 36. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., 19-I, 19-II, 96-құжат): 1) 1-баптың 1) жəне 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақпараттандыру саласындағы уəкiлеттi орган – ақпараттандыру жəне «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; «9) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк жəне өзге де қызметтер көрсету мəселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мəселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»; 2) 9-баптың 8), 9) жəне 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады жəне үйлестіреді; 9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын бекітеді; 10) Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің əкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;»; 3) 10-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»;

4) 11-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;»; 5) 18-баптың 3) тармақшасы «веб-порталы» деген сөздерден кейін «жəне жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 жəне 2-3-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нəтижелері электрондық құжат нысанында «электрондық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мəтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі. 2-2. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нəтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тəртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен реттеледі. 2-3. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нəтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мəні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.»; 7) 23-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы жəне 4-тармағындағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі бірыңғай» деген сөздер «Бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын. 37. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат): 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «тұлға» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының аумағында сақталатын» деген сөздермен толықтырылсын. 38. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат): 1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақпараттандыру саласындағы уəкiлеттi орган – ақпараттандыру жəне «электрондық үкiмет» саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 2) 9-тараудың тақырыбындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 2-қосымшаның 30-жолы мынадай редакцияда жазылсын: « 30. Мерзімді баспасөз басы- Мерзімді баспасөз лымдарын, ақпараттық басылымдарын, агенттіктерді жəне ақпараттық агенттікжелілік басылымдарды терді жəне желілік есепке қою немесе қайта басылымдарды есепке есепке алу қою, қайта есепке алу туралы куəлік »; 4) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 37 жəне 38-тармақтармен толықтырылсын: «37. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 38. Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама.». 39. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат): 1-баптың 2) тармақшасындағы жəне 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттықкоммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 35-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші абзацын, 12) жəне 14) тармақшаларын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 қараша № 419-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы жəне авиатасымалды дамыту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперативтері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 68-2-тараудың, 4765, 476-6, 476-7 жəне 476-8-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені жəне (немесе) ұзартқаны үшін алым 476-5-бап. Жалпы ережелер 476-6-бап. Алым төлеушілер 476-7-бап. Алым мөлшерлемелері 476-8-бап. Алым сомасын есептеу жəне төлеу тəртібі»; 2) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені жəне (немесе) ұзартқаны үшін алымдар;»; 3) мынадай мазмұндағы 68-2-тараумен толықтырылсын: «68-2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені жəне (немесе) ұзартқаны үшін алым 476-5-бап. Жалпы ережелер 1. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені жəне (немесе) ұзартқаны үшін алым (бұдан əрі – алым) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының халықты жұмыспен қамту туралы жəне халықтың көші-қоны саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту (бұдан əрі – рұқсат) туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады. 2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей, рұқсатты алған жəне ұзартқан жеке жəне заңды тұлғалардың орналасқан жеріндегі салық органдарына уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымдарды төлеушілер жəне салық салу объектілері туралы ақпарат береді. 476-6-бап. Алым төлеушілер Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алатын немесе ұзартатын жеке жəне заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады. 2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» жəне «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын жеке жəне заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылмайды. 476-7-бап. Алым мөлшерлемелері Алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 476-8-бап. Алым сомасын есептеу жəне төлеу тəртібі 1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында рұқсат алынғанға немесе ұзартылғанға дейін жергілікті атқарушы органның орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді. 2. Алым төлеген тұлғалар рұқсатты алудан немесе ұзартудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымның төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді. Бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды оларды төлеген жердегі салық органы рұқсаттарды беруден жəне (немесе) ұзартудан бас тарту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

жергілікті атқарушы органы берген құжатты алымды төлеуші ұсынғаннан кейін оның салықтық өтініші бойынша осы Кодекстің 599 жəне 602-баптарында белгіленген тəртіппен жүргізеді.». 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мəдениет жəне тарихи-мəдени мұра мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігі жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 517-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада жəне (немесе) тіркеу кезінде көшіқон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сəйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы – »; 2) 519-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы

анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –». 3. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат): 1) 12-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тəртібімен айқындалады.»; 2) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «16-1-бап. Жеңілдетілген тəртіппен (тіркеу тəртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Жеңiлдетiлген тəртiппен (тiркеу тəртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына: 1) тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын оралмандар; 2) тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары; 3) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн. Жеңілдетілген тəртіппен (тіркеу тəртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс.»; 3) 17-бапта: бірінші бөлікте: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса;»; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса;»; 11) тармақша «қабылдау» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі екінші сөйлем алып тасталсын; 4) 18-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 5) 18-1-бап алып тасталсын; 6) 21-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жəне шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға жəне Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жəне (немесе) жеке куəлігін тапсыруға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы осы баптың екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабарламау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.»; 7) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы өзгереді. Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, онда осы ата-ана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.»; 8) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: «28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде оның келісуінің қажеттілігі 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған, оны қалпына келтірген не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда, сондай-ақ асырап алған немесе қамқоршылық белгіленген жағдайда, оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тəртіппен баланың келісуімен ғана өзгертуге болады.»; 9) 30-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау жəне Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тəртіппен (тіркеу тəртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу жəне Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мəселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу жəне қарау тəртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі əзірлейді жəне бекітеді.»; 10) 33-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны қалпына келтіру немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішке өтініш берушінің жеке басын куəландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.»; 11) 35-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.»; 12) 38-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағында тұру мерзіміне Қазақстан Республикасының соты жəне (немесе) басқа да мемлекеттердің сот органдары тағайындаған қылмыстық жазалау шараларын өтеу уақыты, сондай-ақ республика аумағында іссапарда, емделуде болған мерзімі жəне уақытша тұрудың басқа да жағдайлары есепке алынбайды.». 4. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, (Жалғасы 19-бетте).


(Жалғасы. Басы 18-бетте). 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат): 1) 4-бапта: екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды жəне олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жəне мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады. Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жəбірленуші, куə, күдікті немесе айыпталушы деп танылған шетелдіктер соттың үкімі күшіне енгенге дейін немесе уəкілетті органдар өзге процестік шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тəртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға жəне олар тіркеу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.»; 2) 9-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Егер Конституцияда, заңдарда жəне халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтары болады жəне мiндеттерге жауапты болады.»; екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының заң актілерінде» деген сөздер «Конституцияда, заңдарда жəне халықаралық шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 22-баптың төртінші жəне бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу жəне болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды. Қазақстан Республикасына келген кезде шетелдiктерге көшi-қон карточкалары берiледi. Көші-қон карточкаларының нысанын жəне оларды беру қағидаларын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітеді.». 5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 67-баптың 3-тармағының екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрутұрмауына қарамастан, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне оралмандарға да беріледі. Жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне оралмандарға тұрғынжай берудің міндетті шарты жаңа тұрғылықты жері бойынша, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғынжайының болмауы болып табылады.»; 2) 109-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жəне оралмандарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.»; 2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары жəне оралмандар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.»; 3) 110-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жəне оралмандарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру жəне пайдалану тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын жəне оралмандарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 жəне 95-баптарының күші қолданылмайды.». 6. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын: «10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;». 7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы

19

www.egemen.kz

26 қараша 2015 жыл

23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) əлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы жəне табысы аз азаматтары жəне оралмандар қатарындағы жеке тұлға жəне екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;»; мынадай мазмұндағы 2-1), 15-2), 17-1) жəне 19-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) əлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уəкілетті орган – халықты əлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;»; «15-2) кəсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін жəне еңбек нарығындағы əлеуметтікэкономикалық ахуалды ескере отырып, өзін-өзі кəсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға жəрдемдесудің арнайы шаралар кешені;»; «17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»; «19-1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кəсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына жəне білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;»; 20) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 22-1) жəне 23-1) тармақшалармен толықтырылсын: «22-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау жəне көрсетілетін қызметті алушыға олардың нəтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; «23-1) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын немесе өз бетінше келетін шетелдік жұмыскерлерді тіркеуге, оларға рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторинг жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;»; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;»; 2) 2-бапта: 2) тармақша алып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен жəне қызметтер көрсетумен (өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық кəсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау əдістемесін орталық атқарушы органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті орган бекітеді;»; 4) жəне 5) тармақшалар алып тасталсын; 3) 4-баптың 2-тармағында: 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «15) қосымша жұмыс орындарын жəне мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген қаржылық, салық жəне инвестициялық саясатты жүргізуге;»; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: «16) орталық атқарушы орган айқындайтын шарттарда жəне тəртіппен мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға бағытталады.»; 4) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде: үшінші абзацтағы «жиырма бip» деген сөздер «жиырма тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацтағы «жиырма үш» деген сөздер «жиырма тоғыз» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жəне оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тəртібін бекітеді;»; 6) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 9-12), 9-13), 9-14), 9-15) жəне 9-16) тармақшалармен толықтырылсын: «9-12) мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тəртібін əзірлеуге жəне бекітуге; 9-13) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру жəне (немесе) ұзарту, тоқтату, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тəртібі мен шарттарын əзірлеуге жəне бекітуге; 9-14) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтамалар беру тəртібін, экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) жəне шетелдік жұмыскерлер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кəсіптер тізбесін əзірлеуге жəне бекітуге; 9-15) мүгедектің жұмыс орны стандарттарын əзірлеуге жəне бекітуге; 9-16) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жəне оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу тəртібін əзірлеуге;»; 7) 7-баптың 5-1) жəне 5-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «5-1) орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру жəне (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру жəне кері қайтарып алу; 5-2) орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;»; 8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Уəкiлеттi орган 1. Уəкiлеттi орган: 1) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға жəне бұл туралы халыққа, орталық жəне жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге; 2) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты жəне жұмыспен қамтуға жəрдемдесуді қамтамасыз ететін iс-шараларды iске асыруға міндетті. 2. Уəкiлеттi органның: 1) бiлiм беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білiм беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды жəне олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын əртүрлi ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мəлiметтерді, оқыту жүргiзiлетiн кəсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кəсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған жəне даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға; 3) жұмыстан босату жəне жұмыс орындарын қысқарту тəуекелдері бар кəсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға құқығы бар.»; 9) 9-бапта: 1-тармақтың 7) тармақшасындағы «сақтандыру арқылы қатысады.» деген сөздер «сақтандыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;»; «8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну арқылы қатысады.»; 2-тармақта: тармақтың мəтіні бойынша «уəкiлеттi органға», «уəкiлеттi орган» деген сөздер тиісінше «халықты жұмыспен қамту орталығына», «халықты жұмыспен қамту орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «жол бермеуге міндетті.» деген сөздер «жол бермеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз етуге міндетті.»; 10) 10-бапта: 2-тармақтың 4) тармақшасындағы «жасасуға мiндеттi.» деген сөздер «жасасуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) өтініш берген жəне жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.»; 4-тармақтың екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн əкету жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне жұмыскердің атына кепілді жарна енгiзу арқылы шарт мерзiмi өткеннен кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына жұмыспен қамту жеке агенттігі кепiлдiк берген кезде ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін əкету кезінде шетелдік жұмыс берушінің банктерге кепілді жарнаны енгізу тəртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.»; 11) 11-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігінде: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау жəне жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы нормалары:»; бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтар алып тасталсын; оныншы абзацтағы «табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.» деген сөздер «табылатын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші жəне он төртінші абзацтармен толықтырылсын: «арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде жəне орталық атқарушы органның, жергілікті атқарушы органдардың жəне мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссия орталық атқарушы органның жəне арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі жəне таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тəртіппен айқындайтын санаттар мен адам саны тізбесіне сəйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін; экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кəсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген; Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»; мынадай мазмұндағы 1-2 жəне 1-3-тармақтармен толықтырылсын: «1-2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санына шаққандағы пайыздық қатынаспен белгіленеді, бұл: 1) экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны; 2) еңбек көші-қоны жəне еңбекші көшіп қонушыларды əлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың болуын негізге ала отырып, елдер бойынша шетелдік жұмыскерлерді тартуға квотаны; 3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны қамтиды. 1-3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын жəне мемлкеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.»; 2 жəне 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталық атқарушы орган: 1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте жəне тəртіппен облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының арасында бөледі; 2) «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін жүргізуді қамтамасыз етеді. 2-1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті əкімшілікаумақтық бірліктің аумағында, еңбек қызметін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдарды қоспағанда, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді жəне (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады жəне кері қайтарып алады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушілер тартатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кəсiби даярлығы) жəне практикалық жұмыс тəжiрибесi (өтілі) кəсіби стандарттарға, Жұмысшылардың жұмыстары мен кəсiптерiнің бірыңғай тарифтік-бiлiктiлiк анықтамалығына жəне Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сəйкес жұмысшылардың кəсiптерiне жəне басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келуге тиiс.»; мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 жəне 13-тармақтармен толықтырылсын: «10. Орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен жəне мерзімдерге құжаттар ұсынылған жəне Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген алым төленген кезде жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі жəне (немесе) ұзартылады. Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені жəне (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігіндегі ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. 11. Қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беруді жəне (немесе) ұзартуды орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен жергілікті атқарушы орган, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады. 12. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны орталық атқарушы орган айқындайтын қазақстандық кадрлардың санына шаққандағы пайыздық арақатынасына сəйкес келуге тиіс. 13. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кəсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін үш айдан аспайтын мерзімге, еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында бола алады. Экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кəсіптер тізбесін орталық атқарушы орган алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын жəне мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды. Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, бұл орталық атқарушы органға жіберіледі. Шетелдік жұмыскер өз бетінше жұмысқа орналасуға біліктілік сəйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан

Республикасында болған жағдайда шетелдік жұмыскер Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы орталық атқарушы органға өтініш білдіреді. Анықтамалар беру тəртібін жəне шетелдік жұмыскерлердің біліктілігіне жəне білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ экономиканың басым салалары (экономикалық қызмет түрлері) жəне өз бетінше жұмысқа орналасу үшін олардағы сұранысқа ие кəсіптер тізбесін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органдармен келiсу бойынша орталық атқарушы орган бекітеді.»; 12) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-1-бап. Халықты жұмыспен қамту орталығы Халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын жəне оралмандарды санаттар бойынша іріктеу мен бөлуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес олардың əлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындауды; 2) Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне оралмандарға кəсіптік бағдарлау жəне психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді; 3) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарымен жəне оралмандармен əлеуметтік келісімшарттар жасасуды; 4) осы Заңның 20-1-бабында көзделген жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларының іске асырылуын ұйымдастыруды; 5) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсынуды; 6) өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей адамдарды тіркеуді жəне оларды есепке қоюды; 7) Қазақстан Республикасының азаматтарына жəне жұмыссыздарға жұмысқа орналасу үшін жолдама беруді; 8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен қоғамдық жұмыстарға жіберуді; 9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сəйкес кəсіптік даярлауға, қайта даярлауға жəне біліктілігін арттыруға жіберуді; 10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды жəне жеті жасқа дейінгі балаларды бағыпкүтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сəйкес кəсіптік даярлауға, қайта даярлауға жəне біліктілігін арттыруға жіберуді; 11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді; 12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты тіркелген орны бойынша əлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уəкілетті органға электронды форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді; 13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды жəне жаңартып отыруды; 14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.»; 13) 14-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда əлеуметтік төлемді жүзеге асыру.»; 14) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу 1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, Мемлекеттік корпорацияға не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға жəрдемдесу үшін өтiнiш береді. 2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куəландыратын құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш берген кезде электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады. 3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың жəне (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мəлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде тіркейді. 4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ əкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.»; 15) 16-баптағы «Уəкiлеттi орган», «уəкiлеттi орган», «уəкiлеттi органға», «уəкілетті органның», «уəкiлеттi органда» деген сөздер тиісінше «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығына», «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығында» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 17-бапта: 1-тармақтағы «уəкiлеттi органдарға», «уəкiлеттi орган», «уəкiлеттi органға» деген сөздер тиісінше «халықты жұмыспен қамту орталықтарына», «халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мəліметтерді жасырған, көрінеу жалған мəліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынған жағдайларда, жұмыссыздар тіркеуден шығарылады жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа тартылады.»; 17) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: «17-1-бап. Жұмысынан айырылу жағдайына əлеуметтік төлем 1. Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайына əлеуметтік төлем халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады. 2. Жұмысынан айырылу жағдайына əлеуметтік төлем тағайындау тəртібі жəне оны жүзеге асыру тетігі Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес айқындалады.»; 18) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Мүгедек үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сəйкес келетін, жүзеге асыру үшін оның шектеулі тыныс-тіршілігі ескеріле отырып, дене бітіміне орай қолжетімділігі қамтамасыз етілген жұмыс ыңғайлы деп есептеледі.»; 19) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Əлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жəне қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 20) 18-2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Жастар практикасын ұйымдастыру жəне қаржыландыру орталық атқарушы орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»; 21) 19-баптағы «Уəкiлеттi орган», «орталық атқарушы органның», «уəкiлеттi органда» деген сөздер тиісінше «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «халықты жұмыспен қамту орталығының», «халықты жұмыспен қамту орталығында» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 20-бапта: 2-тармақтағы «жұмыссыздардың» деген сөз «адамдардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дəлелді себептерсіз өз бетiнше тоқтатқан адамдар халықты жұмыспен қамту орталығында қайтадан тiркелген (өтініш берген) күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкін.»; 23) 20-1-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жастарға қызметтік тұрғынжайлар жəне жатақханалардан бөлмелер беру арқылы іске асырылады.»; 24) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жəне заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді, оның ішінде осы Заңның 11-бабына сəйкес тартатын жұмыс берушілер уəкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.». 8. «Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; 2015 жылғы 30 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне халықты əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) əлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы жəне табысы аз азаматтары жəне оралмандар қатарындағы жеке тұлға жəне екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;». 9. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді əлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектерді кəсіптік бағдарлауға қатысады.»; 2) 31-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;». 10. «Сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат): 9-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) оралманның куəлігі;»; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) этникалық қазақтар үшін оралман мəртебесін беру кезінде;». 11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 26-баптың 8-тармағының 5) тармақшасындағы «балаларды қабылдау үшін квота көзделеді» деген сөздер «балаларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді.»; 2) 47-баптың 17-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық жəне ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.». 12. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 28-бап алып тасталсын. 13. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 3 қарашада «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кəсіпкерлік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 10-1) жəне 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін жəне (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;»; «12) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіпқонушы;»; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген жəне осы Заңда белгіленген тəртіппен тиісті мəртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ жəне оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған жəне тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;»; мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) жəне 13-4) тармақшалармен толықтырылсын: «13-1) оралмандарды бейімдеу жəне интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын жəне оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу жəне интеграциялау қызметтерін көрсетуге жəне уақытша тұруға арналған заңды тұлға; 13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сəйкес жұмыспен қамтуға жəрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандар отбасыларының шекті саны; 13-3) оралмандар, этникалық қазақтар туралы ақпараттық дерекқор – этникалық қазақтар, оралмандар жəне олардың отбасы мүшелері, олардың Қазақстан (Соңы 20-бетте).


20

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 18-19 беттерде). Республикасының аумағы бойынша орналасуы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жиынтығы; 13-4) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтама – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кəсіптер бойынша Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптарына жəне білім деңгейіне сай келетін шетелдік жұмыскерге халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен берілетін белгіленген нысандағы құжат;»; 14) жəне 15) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын: «19-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау жəне көрсетілетін қызметті алушыға олардың нəтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;»; 24) тармақша алып тасталсын; 26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «26) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;»; 27) тармақша алып тасталсын; 2) 6-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «келісім бойынша» деген сөздер «келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі,» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнінен бастап күнтізбелік бес күннен астам Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілердің, егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасаған келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзгеше тəртіп белгіленбесе, уақытша тұруға (тіркелуге) рұқсаты болуға міндетті. Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.»; 3) 7-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу»; мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш береді.»; бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында тұрақты тұру визасымен уақытша болатын не Қазақстан Республикасымен кірудің жəне болудың визасыз тəртібі туралы келісім жасасқан мемлекеттерден келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне берілген визаның санатына қарамастан, этникалық қазақтар тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ішкі істер органдарына өтініш береді. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін:»; 1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасына туризм, емделу, жастардың, студенттік жəне мектептік алмасу бағдарламаларына қатысу, гуманитарлық көмекті алып жүру, келіссөздер жүргізу, шарттар жасасу, аудиторлық жəне консультациялық қызметтер көрсету мақсаттарымен, сондай-ақ іссапарға келген;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) Қазақстан Республикасының аумағына діни жəне (немесе) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар өтініш бере алмайды.»; екінші бөліктегі «бірінші» деген сөз «екінші» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 8-бапта: 3) тармақша алып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді;»; 8) тармақша алып тасталсын; 5) 9-бапта: 2) тармақша мынадай реакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау жəне беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тəртібін айқындайды;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады жəне қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды жəне келіседі;»; 6) 10-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1) жəне 4-2) тармақшалармен толықтырылсын: «1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту жəне қысқарту тəртібін айқындайды;»; «4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық жəне оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың жəне олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды жəне келіседі; 4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады жəне қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен əлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;» мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көшіқоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;»; 7) 11-бапта: 4) жəне 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»; мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4) жəне 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді; 4-4) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі; 4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тəртібін айқындайды;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;»; мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) жəне 9-1) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін құрады жəне олардың тиісті уəкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді; 5-2) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сəйкестігі туралы анықтама береді;»; «9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;»; 8) 14-баптың 3-1) тармақшасындағы «уақытша жəне» деген сөздер алып тасталсын; 9) 15-бапта: 1-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;»; 6) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5) жəне 6-6) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) этникалық қазақтардан оралман мəртебесін беруге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-3) оралман мəртебесін беру туралы шешім қабылдайды; 6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды; 6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;»; 7) тармақша алып тасталсын; 8) жəне 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) оралман куəлігін береді; 9) оралмандарды бейімдеу жəне интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады жəне олардың қызметін ұйымдастырады;»; 12) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен қарайды жəне куəландырады;»; 3-тармақ алып тасталсын; 10) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: «17-1-бап. Оралмандардың санаттары Оралмандар мынадай санаттарға бөлінеді: 1) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар; 2) Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген жəне тұрып жатқан оралмандар.»; 11) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Оралман мəртебесін беруге жəне (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тəртібі 1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар оралман мəртебесін беруге жəне (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады. 2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын этникалық қазақтар оралман мəртебесін беруге жəне (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне береді.»; 12) мынадай мазмұндағы 19-1 жəне 19-2-баптармен толықтырылсын: «19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мəселелері жөніндегі уəкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқында