Page 1

24 саєат №162 (28640) 26 ТАМЫЗ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

 Əлем жəне Қазақстан

Пəкістан Премьер-министрі Наваз ШАРИФ:

«Біз Ќазаќстанныѕ жаћандыќ бейбітшілік пен ќауіпсіздік жїйесіндегі рґліне таѕєаламыз»

Жаѕєырту жґніндегі ўлттыќ комиссия отырысы Жиында бес институттық реформаның жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаңғыртудың əрбір бөлігі бойынша нақты қадамдар көзделгенін атап өтті. Бүгінгі таңда комиссия үлкен жұмыс атқарды. Біз қолданыстағы

заңнамаға өзгеріс енгізуге бағыт талған актілердің жобасын тыңғылықты қарауды қажет ететін кезеңге келіп жеттік. Қазірдің өзінде 57 заң жобасы əзірленді, соның 29-ын Үкімет 1

қыркүйекке дейін Парламенттің қарауына енгізеді, – деді Қазақстан Президенті. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Біздің елімізге Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Миан Мохаммад Наваз Шариф ресми сапармен келді, ол Қазақстан Республикасы басшылығымен кездесу өткізеді. Оның қорытындысы бойынша өзара мүдделерді білдіретін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылу күтілуде. Сапар қарсаңында пəкістандық Премьерминистр көпжақты пішімді қоса алғанда,

қызметтестіктің түрлі салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылдардың перспективалары туралы өз елінің экономикалық бастамалары туралы əңгімелеп, өңірлік қауіпсіздіктің көкейкесті мəселелері бойынша ой бөлісті, сондай-ақ, оқырмандарды Пəкістанның мəдени дипломатиясының постулаттарымен жəне өзінің саяси кумирлерімен таныстырды. (Соңы 4-бетте).

 Орақ-2015

Алтын астыќќа аттаныс Қызылжар өңірінде шығарылған жаңа комбайндарды сынақтан өткізу басталды

Елбасыныѕ апталыќ жоспары Президенттің баспасөз қызметі былай деп хабарлады:

26 тамызда Пəкістан Ислам Республикасының Премьерминистрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ. 27 тамызда Нұрсұлтан Назар баевтың ТМД елдері мен

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған. Қазақстан Президенті сондайақ, осы күні МАГАТЭ бас директоры Ю.Аманоны жəне АҚШтың бұрынғы сенаторы С.Наннды қабылдайды. Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.

Ынтымаќтастыќ арта тїсетін болады Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жəне ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли Пекинде Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің жетінші отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бұл отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 тамыз – 3 қыркүйек

ара лы ғын дағы Қытайға сапары қарсаңында өтіп отыр. Отырыс барысында тараптар

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сол күні ел Консти туциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарлануда. Қазақстан Президентінің ҚХРға сапары барысында қол қойылатын бірқатар келісімдерді қарады, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ал олар елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын болады. (Соңы 4-бетте).

Облыс əкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен Аққайың ауданы «Солтүстік Қазақстан тəжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында орақ науқанына қатысты барлық шараларды қарастыруға арналған «Алқап күні» семинар-кеңесі өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров, А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жексенбай Қасқырбаев, аудандар мен ауылдық округтердің əкімдері, аумақтық жəне облыстық ведомстволардың, аумақтық инспекциялардың, «ҚазАгро» АҚ филиалдарының, аудандық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімдерінің, астық қабылдау кəсіпорындарының басшылары, ғалымдар қатысты. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»,

Ќўрылыс ќарќыны бəсеѕдемеуі тиіс Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарымен танысты. Еліміздің 14 облысы көмекке келіп, көне қаланың той өтетін жерлерін абаттандыру, жаңарту, көркейту жұмыстарын жүргізуді міндеттеріне алғалы бері Тараз күн санап құлпырып келеді. Қазірдің өзінде Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстары міндеттеріне алған құрылыстарды

толық аяқтаса, Атырау, Солтүстік Қазақстан жəне Павлодар облыстары жұмыстың 95 пайызынан астамын еңсеріп тастапты. Көне қаланың қақ төрінен бой көтеріп жатқан «Ежелгі Тараз» музейі, ашық аспан асты мұражайы, «Қазақ хандығы» монументі, «Атшабар» ипподромы, Достық үйі секілді нысандардың құрылысы қызу жүруде. Алғашқы үш нысанның құрылысын қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында аяқтау жоспарланған. Ал, Достық үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. (Соңы 4-бетте).

 Мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі

Ўстаз – ўлт ойыныѕ діѕгегі Кеше елордада «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар жəне білікті ықпал ету – табысты мектепке бастар қадам» деген тақырыпта білім беру қызметкерлерінің республикалық педагогикалық тамыз кеңесі болып өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Пленарлық отырыста алдымен сөз алған Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов Елбасы ұсынған жаңа экономикалық саясат бəсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыру үшін орта білім беру саласын жаңғыртуды талап ететіндігіне ерекше тоқталды. Бүгінгі таңда адами капиталды даярлау білім беру арқылы шикізатқа деген тəуелділіктен құтылуға, экономиканы əртараптандыруға

жəне бəсекеге қабілеттілікті арттыруға өзіндік ықпал беретін болады. Алайда, министр білім беру практикалық қолданысқа емес, теорияға негізделетінін баса айтты. Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше елдердің білім беру жүйесі біліктілікті арттыруға негізделген. Сондықтан да жаңа білім беру моделі оқушылардың жағдайды бағалауға жəне саралауға, сондайақ функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

(Соңы 4-бетте).

Нұрсайын ШƏРІП,

● Оймақтай ой Жаның жай тапсын десең – еңбектен. Жан Жак РУССО.

журналист.

Алқалы басқосу басталар ал дында қатысушылар «Солтүстік Қазақстан тəжірибе шаруашылығы» ЖШС-нің тəжірибе алқаптарында болып, бастауыш тұқым шаруашылығы бөлі мінің өнімдерімен танысты. Ерік

Хамзаұлы Петропавл қаласындағы «КазТехМаш» ЖШС базасында шығарылып жатқан «Sampo Asia» комбайнын тізгіндеп, масағы кереқарыс бидай алқабына шалғы түсірді. Соңғы рет 1978 жылы СК- 5 комбайнында жұмыс істеген едім. Екі мəрте астық бастыратын тетігі бар, жоғары жылдамдықта сабан үгітетін, бункеріне 8 тонна астық сиятын заманауи техниканың артықшылығы бірден байқалды,

 Еркін елдің ертеңі

ОЌУЛЫЌТАРМЕН ЌАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ контурлық карталар жəне т.б.) ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатынын атап өткен жөн. Оқу жылының басында дүрлігіс болмау үшін оқушылар мен олардың ата-аналарына оқулықтарды, сондай-ақ, қосымша əдебиеттерді жəне мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз. Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің жəне оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстар да оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында жедел желілер қосылады. Атап айтқанда, БҒСБК сайтындағы «Азаматтарды қабылдау» бөлімінде «Оқулық2015» чаты орналастырылған, сол жерге пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар, деп хабарлайды ата-аналарға Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

(Соңы 5-бетте).

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

Партияныѕ алдаєы міндеттері

«Мектепке жол» акциясы: Жаңа оқу жылының баста л уына бірнеше күн қалды. Биылғы 2015-2016 оқу жылындағы оқу барысында 4, 5, 6 жəне 11-сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар пайдаланылатын болады. Ол оқулықтарды жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд. теңге бөлінді. Облыстық жəне Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сəйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды. Ал 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10-сынып оқушыларын алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта респуб лика ның барлық мектептерінде оқушыларға оқулық тарату жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қосымша білім беру əдебиеттерін (жұмыс дəптерлері, атластар,

деді облыс əкімі қанағаттанғандық сезіммен. Қоңыр күзге дейін оның 50 бірлігін құрастыру көзделіп отыр. Ауылшаруашылық техника лары мен мал шаруашылығы жетістіктері көрмесінде қостанайлық «ESSIL-740», «ESSIL-760», көкшетаулық «Vector» комбайндары мен шетелдік техникалар ұсынылды. Тайынша ауданындағы «Алабота» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-нің 1245 килолық 5 жасар «герефорд», Мамлют ауданындағы «Қызылəскер» ЖШС-нің қалмақ бұқаларына, «М.Жұмабаев ауданындағы «ЖНВ» ЖШС-нің 560 килолық белоруссиялық «лимузиніне», Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС-нің ирландиялық асылтұқымды мініс жылқысына жəне тағы басқа да қара малдардың «элита-рекорд» тұқымдарына қызығушылар көп болды.

 Иранға қарсы санкцияның келесі жылғы көктемде толық алынып қалуы мүмкін. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Филип Хаммонд осындай пікір айтты. Оның ойынша, Иран мен АҚШ шілдеде қол жеткен ядро жөніндегі келісімді қазанда тиянақтап шыға алады. Министр тек тараптардың Сирия президентінің бола шағы жөніндегі ғана түбірінен екі бөлек көзқарас ұстанатындарын атап өтті.  Германияның канцлері Ангела Меркель елдің шығысындағы Хайденау қаласында демалыс күндері оңшыл бағыттағы экстремистердің бастауымен орын алған босқын дарға зорлық-зомбылық жасаумен ұласатын наразылық акцияларын «масқара тірлік» ретінде бағалады. «Мен Саксонияның Хайденау қаласындағы оқиғалар барысынан түсірілген сұмдық кадрларға қарай отырып, ондағы көрініс көрсеткен зор лық-зомбылықты, ондағы нəсілшілдік атмос фера сын қатты айыптай мын. Экстремистер мен неонацистердің өз өшпенді ліктерін қа лай көрсетіп жатқанына қараудың өзі жиіркенішті», – деді ол. Швейцария АҚШ-тың өтініші бойынша Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримованың барлық қаржыларына тұсау салып тастады. Америка билігі өзінің Еуропадағы əріптестеріне осы іске байланысты Скандинавияның TeliaSonera, Ресейдің «Вымпелком» жəне МТС атты ұялы телефондар провайдерлерінің $1 миллиардқа жуық ақшаларын айналымнан тоқтатып қоюды сұраған болатын. Мəскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастың жақсара бастауының алғашқы қоңыраулары қағыла бастаған сияқты. Мұны білдірген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі арадағы бір жарым жылдан бері нашарлап кеткен байланысты қайта қалпына келтірудің кейбір ишаралары соңғы күндері қарсы жақтан көрсетіліп жүргенін тілге тиек етті. АҚШ пен Еуропа одағы бəсекелестерін санкциялар арқылы тұқырта түсуге ынта танытып келгендерімен, көптеген халықаралық мəселелер бойынша түсіністікпен жұмыс жасаспауға болмайтынына көз жеткізген сияқты.  Қытайдың Тяньцзин қаласындағы қоймада орын алған жарылыстар салдарынан қаза тапқандар саны кеше 135 адамға жетті. Бұдан бұрын бұл апаттан 129 адамның ажал құшып, 38 адамның хабар-ошарсыз кеткендері туралы хабарланған еді. Тағы 582 адам əртүрлі дене жақараттарымен ауруханаларда жатса, олардың ішіндегі 11 адамның ахуалдары ауыр қалпында қалып тұр. Жарылыстың алды 12 тамыз күні басталды.

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен партияның республикалық жиналысы өтті. Онда 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар талқыланып, екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер белгіленді.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жиналысты ашқан кіріспе сөзінде А.Мырзахметов Президент Н.Назарбаевтың бес институттық реформасына жəне оны іске асырудың 100 қадамына

байланысты партияның алдында тұрған міндеттер, «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуын бақылау туралы Елбасының тапсырмаларын еске салып өтті. Бүгінгі жиынымызда осы алда тұрған мақсаттарды орындауға байланысты атқарылатын

жұмыстарды айқындағалы отырмыз. Екіншіден, үсті міздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған істердің қорытындысын қарайтын боламыз, деді ол. (Соңы 5-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

Қарқара қасіреті ІЗАШАР

10-бет

11-бет

Дала

дастаны 14-бет


2

26 тамыз

www.egemen.kz

2015 жыл

ЖАЅА ЭКОНОМИКАЛЫЌ ШАРАЛАР – Бүгінде əлем экономикасы өте күрделі жағдайды бастап кешіп отыр. Оған белгілі бір дəрежеде шикізат көздерінің құнсыздануы, атап айтқанда, мұнай бағасының құлдырауы да себепкер болуда. Бұл ахуалдың əлемдік рынокқа өз тауарларын шығаратын біздің елімізді де айналып өте алмасы анық. Осыған орай Қазақстан

Бəрі де сўранысќа байланысты болады

Еѕсені тїсірмей, еѕбекке жўмылєан жґн

Баршаға мəлім, бүгінде жаңа экономикалық саясат бойынша мемлекетіміз теңгенің еркін бағамына көшіп отыр. Бұған себеп əлемдік нарықтағы жағдайдың күрт өзгеруі екені белгілі. Бұл – əлемдік құбылыс. Ұлттық банктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Айдайбек ХАЛЫМБЕТОВ осы туралы əңгімелейді.

– Еліміз əлемдік экономикамен кіріктірілген байланыста болғаннан кейін осындай жолмен жүруімізге тура келеді. Бұрын мемлекеттің орталық банкі ретінде Ұлттық банк бағамды реттеп отыратын. Ендігі жерде теңге ер кін айналымға жіберілгеннен кейін тек мемлекеттің, халықтың мүддесін қорғау қажет болған күрделі жағдайларда ғана болмаса, Ұлттық банк бұл іске араласпайды. Теңгеге, басқа да валюталарға бағамдар ұсыныс пен сұраныстың негізінде құралады. Валюталық биржада қажетті валюталарға сатып алу бағамдары соған сай қалыптасатын болады. Жалпы, теңгені еркін айналымға жіберуден тек қана бағам жоғары болады, өседі деген сөз емес. Баға төмен де болуы мүмкін. Бəрі де экономикалық құбылыстарға, сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Нағыз нарықтық экономиканың ең негізгі заңы бұл. Дегенмен, доллар бағамы тұрақтанғанда бұдан аз-кем төмендеу болады деген ойдамыз. Бəрін де уақыт көрсетеді. – Елбасымыз экономикалық мəселелердің оң шешілуін тұрақты назарда ұстап отыр. Əрине, мұның бəрі сарапшылар мен мамандар тарапынан əбден пысықталып, ойластырылып барып қабылданған іс екені де белгілі. Бұл жағдайдың салдары қандай болмақ? – Əлбетте, шетелден əкелінген тауарлардың бағасы өсуі мүмкін. Бірақ, оған еш негіз жоқ. Сауда орындарындағы тауарлар бұрынғы

бағамен сатылып алынып қойылған. Азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар бізде. Ал тауарлардың теңгемен сатылып алынғандарының бағасы тұрақты болуға тиіс. Ендігі жерде жергілікті атқарушы билік органдары, Ұлттық банк жəне екінші деңгейдегі банктер тарапынан сауда орындарында бағаны, инфляцияны өсірмеу бағытында біраз түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет етіледі. Сонымен қатар, Елбасымыздың халықтың айырбас бағамының өзгеруінен шеккен шығынын азайту мақсатында Ұлттық банкке берген тапсырмасына сəйкес, қазіргі уақытта Ұлттық банк тарапынан 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша теңгемен ашылған жəне есепшоттарында 1 миллион теңгеге дейінгі қалдық сомасы бар шұғыл депозиттері үшін өтемақы төлеу тетігін енгізу мəселесі қарастырылуда. – Жалпы, инфляциямен, құнсыз данумен күресудің қандай жолдары бар? – Екі жолы бар. Оның бірі – «монетарлық», екіншісі – «монетарлық емес» деп аталады. Монетарлық бағыт – Ұлттық банк құзыретіндегі мəселелерді қамтиды. Монетарлық емес бағыттағы жұмыс, бұл – жергілікті билік өкілдерінің нарықты тұрғындар үшін ең қажетті, тапшы тауарлармен толықтырып, олардың үзбей жеткізілуін қадағалап отыруы. Тауарлардың бағалары қатаң бақылауда ұсталынуда. Тауарлар бағасының өсірілуі негізді ме, негізсіз бе – оны түрлі комиссиялар ұдайы

Үкіметі ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін теңге бағамының еркін айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. Бұл мəселені қалың жұртшылық қалай қабылдауда? Үкімет не істеуде? Төмендегі материалдарда, міне, осы жөнінде айтылады.

Қазір жаһандағы экономикалық жағдай хақында əрқилы пікірдің айтылып жатқаны мəлім. Яғни, əбігерлі əлем қандай, əңгіменің алуандығы сондай. Алайда, қаладағысы болсын, ауылдағысы болсын, біздің батысқазақстандық ағайынның да толғамын бір ауыз сөзбен былайша түйіндеуге болар еді: «Бұл бір-ақ күнде келген тосын жағдай емес. Əлемдік дағдарыс дегеннің не екенін жақсы білеміз. Оның үстіне, Елбасымыз тіпті күтпеген бөгесіндер, күрмеулер кездесуі ықтималдығын о бастан-ақ халқына қаперлеп келеді ғой». Еліміздегі үлкен ауданның бірі – Ақжайыққа еңбегі мəлім кəсіп иесі Өміржан АЙТМАҒАНБЕТОВПЕН əңгімелескенімізде де ол осы орайда біраз пайымын ортаға салып, ағынан ақтарылды.

қадағалайтын болады. Елбасымыз да, Үкіметіміз де бұл мəселені басты назарда ұстап отыр. Халықтың қобалжуына еш негіз жоқ. Бүгінде банк саласында бұрын-соңды болмаған жағдай, тұрғындардың доллар бағамы өскен сайын қолдағы шетел валюталарын жоғары бағамен өткізуі байқалып отыр. Валюталарды сатып алу онша көп емес, есесіне оларды жоғары бағамен өткеру басым. Бұл қазіргі таңдағы дұрыс құбылыс деп ойлаймыз. Жалпы, банктер, айырбас пункттері шетел валюталарының түр-түрімен толықтай жеткілікті қамтамасыз етілген. Бұл мəселеге байланысты ешқандай дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Ал бұл орайда нақты жағдаймен қабыспайтын бос əңгімелер таратушылар үшін қолданылар жаза бар екені баршаға мəлім шығар деген ойдамыз. Қазірдің өзінде жергілікті атқарушы органдар өздеріне тиісті жұмыстарын мүлтіксіз атқаруда. Дүкендерде тауарлар əр уақытта да жеткілікті, үзілмейді, тиісті қорлары бар, халықтың ең қажетті, негізгі тұтынатын тауарлары бойынша сатып алулар да талапқа сай жүзеге асырылып жатыр. Əңгімелескен Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

20 тамыз 2015 ж. Экономикалық саясаттың одан арғы шаралары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен өткен

КЕҢЕС

Əлемдік рынокта соңғы жылдағы доллардың нығаюы

– Шүкірлігімізден жаңылмаған жұртпыз ғой. «Қара қазан, сары баланың қамы», деп елдің амандығын, маңдай тердің қарымын, атар таңның арайын тілеп жүріп жатқан жайымыз бар. Жаһанның көп жеріндегі жағдай «Жыласаң, тағы сабаймынның» кері болып тұр. Қайсыбір жайкүйді салыстырып қарамаймыз. Еліміздің небір құқайға төтеп беруге мүмкіндігі де, қуаты да жететінін айтып жату артық шығар. Тəуелсіздік жылдарында талай қиыншылыққа қарсы шаралар уақтылы алынғаны жадымыздан шыққан емес. Соны бағалай білуге тиіспіз. – Өмеке, бүгінде өзіңізді, ағайын-бауырды қандай бір жайттар ойландырып отыр? – Кейбір азық-түліктің, киімкешектің бағасы қандай болар екен деген сауал көлденеңдеп тұр. Баға егер көтеріліп жатса, бұған əрине, бір жағынан таңғалуға да болмас. Сарапшылар əлемдік нарық ахуалы сан сұрақ туындатып жатқанын, болжап білмейтін жағдайлар ұшырасуы мүмкін екенін айтуда ғой. Ұлттық банк пен Үкіметтің дағдарысқа қарсы саясаты, жаңа ақша-несие режімі жағдайында əлеуметтік төлемдерді тұрақты ұстау жөніндегі шешімдер сенімімізді нықтай түсті. Мен де осы бекем бағыт баянды іске асса, абыржуға еш негіз жоқ деп санаймын. Тек кейбіреулердің аяқ астынан бағаны аспандатуына қарсы бақылау жүйелі түрде жүргізілуі керек. Қалың жұрттың тілегі осы. – Өзіңіздің шаруа қожалығындағы тірлігіңіз қалай?

– Аз-кем өткен уақыттан бастайын. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» демекші, 90-шы жылдардағы өтпелі кезеңнің нағыз қиын кезінде өзімдей жігіттермен балық аулап, күнкөрістің қамын күйттеп бақтым. Қолға тигенді зайыбым Лəззат екеуміз Орал, Атырау қалаларына апарып саудаладық. Біріне-бірін құрадық. Жол жүрудің азабы өз алдына, көліктің мезгілінде табылмай қалатыны, жолда түрлі тексерулер секілді кедергілердің талайын көрдік. Əйтеуір, алған беттен қайтпадық. Бұл болашақ үлкен істердің басы еді. Сөйтіп, құдіретті еңбекке бауыр бастық, іргедегі «Бағырлай» өзені бойынан 2006 жылы 15 гектар жер алып, бақша салуға кірістік. «Болашақ» атты шаруа қожалығымыз өмірге келді, өңіріміздің азық-түлік бағдарламасының орындалуына үлес қоса бастадық. Жыл өткен сайын тəжірибе толыға түсті. Өнімнің түрін де молайттық. Қазір тек қарбыз емес, қауын, қияр, қызанақ, пияз, сəбіз де өсіреміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның əлеуметтік

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның ет-сүт өнімдері одағының атқарушы директоры Сансызбай Өмірбеков баспасөз мəслихатын өткізді. Ол журналистерге одақтың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде əңгімеледі. «Егемен Қазақстан».

Жапон иенасы

Австралия доллары

Канада доллары

Норвегия доллары

Малайзия рингиті

Чили песосы

Бразилия реалы

Еуразиялық интеграция институты əзірлеген

Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы. Алмалы ауылы.

Теѕгеніѕ сїт ґндірушілерге тиімді тўсы Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

Еуро

жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы мына сөзді жаттап алғанмын, орайы келгенде ауылдастарыма айтып жүремін: «...мемлекет көмектеспеуге болмайтын жерлерге көмек қолын созатын болады. Бірақ, азамат өзінің қолынан келетін шаруаны өзі атқаруы тиіс. Жəне бұл əділетті болмақ! Тағы да атап көрсетейін, бүгінде əлеуметтік дамудың жаһандық тренді «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» өтуге барып тіреледі. Сондықтан, адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру – Қазақстандағы əлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мəселелерінің бірі», – дегенінде біле-білсек, зор мəн, салмақ жатыр. Бəрімізге қатысты айтылған. Егіншілікте туысқандарым сенімді көмекші болып табылады, өздері де қанаттас бақша салады. Ағам Серік, жиенім Бауыржан, Лəззаттың ағалары Ерсайын, Ерболат, олардың балалары, басқалар да ерте көктемнен күзгі жиын-терім аяқталғанша осы бақшаның төңірегінде жүреді. «Бақшаны баптай білсе – бақ, білмесе – қу жақ» деген, таңның атысы, күннің батысы қыз-қыз қайнаған еңбекпен беттесіп, ынтымақпен ырыстасып жатамыз. Сөйтіп, ағайынның бірлігі үлкен шаруаның шашаусыз жүруіне кепіл қалайды. Сізбен əңгімемізді пайдаланып, тек мен емес, біраз еңбеккер ді мазалайтын гəптерді де айта кетейін. Алған өніміңді

өткізу қиямет-қайым. Қаладағы базарларда сатар өнімге орын алу қиынның қиыны. Табылса да арзанға түспейді. Шаруа адамының алдынан шығар кедергі-ақ бұлар. Қожалықта «ДТ-75», «МТЗ80», «ГАЗель», «КамАЗ», сусорғы, сондай-ақ, шөп машиналары, басқа да құрал-жабдық жеткілікті. Қара мал, уақ жандық та өсіреміз. Балам Айнарбек те еңбекке үйірсек, қала базарларына көкөніс тасиды. Қайтарда анасының «Айдана» дүкеніне азық-түлік əкеледі. Кейде «Джиптің», «КамАЗдың» рөліне, «ДТ-75»ке де отырады, арық-арналардың «қабырғасын» көтереді. Мал азығын дайындауға да қолғабысы жетіп-артылады. Мұның бəрін айтып отырғаным, осындай өрендердің бəрі нағыз еңбек азаматы болып өссе, елдің береке-бірлігі деген сол емес пе, ата-ананың, бүкіл ауылдың мерейі тасыды деген де сол ғой. Лəззат Алмалы орта мектебі мен М.Өтемісов атындағы негізгі мектептерді де азық-түлікпен қамтиды. – Елбасының сөзінен үзінді келтіргеніңізге қарап, сізді масылдықтың нағыз «қас жауы» деп біліп отырмын... – Бəріміз де солай болғанға не жетсін. Осы сұрақтан туындайды, өкінішке қарай, «өкімет өлтірмейді» деген психология əлі күнге бар. Егер мемлекет бізді еркелетіп жіберді-ау десем, артық айтпаспын. Мүмкіндігі бар, бірақ еңбекке қырсыз, шыбық басын сындырмайтындарға да көмек көрсетіліп жататыны неге екен? Соны малданып алғандар аз емес. Рас, бұл таңда əлеуметтік атаулы көмектің сипатына өзгеріс енгізуге талап бар. Осыны күшейту керек. Қысқасы, мына дəуірге қарайық, бала-шағамызбен маңдай тер төгейік. Қаншама жерден дағдарыс келсе де, еңсемізді түсірмей, еңбекке жұмылайық. Басқа шегінер жер жоқ. Келешек ұрпақтың алдында бетіміз қызарып қалмауды қаперден шығармайық.

Тілшілер қауымын таңғал дырған жағымды ақпараттың бірі, спикердің айтуына қарағанда, теңгенің еркін бағамы қазақстандық сүт өндірушілерге тиімді болмақ. «Теңгенің еркін бағамы біздің салаға оң əсер етпек. Бұйыртса, еш қоспасыз таза сүт өндірушілерге теңгенің еркін бағамы көмектесетіні анық. Яғни, отандық сүт өнімдері Ресей бағасымен біршама теңеседі. Сөйтіп, бұдан былай импорт соншалықты арзан болмайды деген үміт бар. Шындығын айтқанда, негізінен бізге таза сүт жеткізілмейтін еді. Көршімізден əкелінген сүт өнімдері елімізге ұнтақ күйінде жеткізіліп, осында оны қайта өңдеп, қалалардың сауда орындарына ұсынып отырды», деді директор. Баспасөз мəслихатында мұндай жолмен əкелінген сүттің қандай технологиямен өңделгені жəне Қазақстанға қалай жеткізілгені белгісіз, сондықтан сапасына күмəн көп болғаны да əңгіме арқауына айналды. Кептіріліп, ұнтақталған сүттің биологиялық дəрумендерінің дені өз құнарын жойып, жəй ғана суға шылаған ақ сусын болып шығатынын айтқан одақ өкілі мүмкіндігінің барынша отандық қоспасыз таза сүтті пайдаланған дұрыс екеніне кеңес берді. Десе де, соңғы кездері қазақстандық сүт шаруашылықтары қиын жағдайға тап келгенін де жасырмады. Оның сөзіне илансақ, 2014 жылы сүттің сатып алу бағасы 115 теңге болса, ресейлік рубльдің бағамы төмендегеннен кейін сүт бағасы 70 теңгеге дейін арзандаған. Яғни, 40 пайызға жуық төмендеген. Оған

қоса, ұнтақтан қайта өңделген сүттің литрінің бағасы сүт зауыттарына 50-60 теңгеден болыпты. «Осының салдарынан арзан импорттық сүттердің нарыққа келуінің нəтижесінде 1000-1200 сиыры бар сүт шаруашылықтарының шығыны күніне миллион теңгеге дейін жетті. Бұл жағдайда көптеген кəсіпорындар тек несиелерін төлеуге ғана мұршасы келіп, шаруашылықтарын кеңейте алмай жүріп қалды», деді С.Өмірбеков. Тілшілердің сұрағына орай ұнтақталған сүт мəселесіне қайта оралған спикер еліміздегі супермаркеттердегі сүттердің басым бөлігі табиғи емес, ұнтақтан жасалғанын айтты. «Қазіргі таңда елімізде өз нарығымыз үшін 60 пайыз сүт жəне сүт өнімдері өндіріледі. Бұл өнімнің қалған 40 пайызы импортталады. Ал супермаркеттердегі сүттердің негізгі бөлігінің сақтау мерзімі ұзақ, яғни табиғи емес сүт өнімдері құрайды. Олар ұнтақ сүттен қайта қалпына келтірілген. Негізінде, табиғи сүттің сақ тау мер зімі 3-7 күн болса, им порт талған сүттердің қаншалықты «пайдалы» екенін білеміз. Мұ ның бəрі бақылаудың болмауынан, техникалық регламенттің сақталмауынан орын алып жатыр. Қаперге алар мəселе, ЕАЭОның техникалық регламенті бойынша сүт өнімдерінің қорабында табиғи сүтке «Ішуге арналған табиғи сүт», ал ұнтақтан жасалған болса «Қалпына келтірілген сүт» деп жазылып тұруы тиіс. Сонда халық өзінің нені тұтынып жатқанын анық біледі. Осы шаралар толық атқарылғанда отандық сүттің тұтынушылары көбейетініне кепілдік мол болады», деді директор.


26 тамыз

3

www.egemen.kz

2015 жыл

ЎЛТТЫЌ МЇДДЕНІ ЌОРЄАУ

Жастар тїсіністікпен ќабылдауда Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Тянь-Шань тауының етегіндегі «Бəйшешек» спорт-сауықтыру орталығында облыс жастарының қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан» «Достық» лагері үш күндік семинар өткізді. Алуан тақырыптарда тренингтер ұйымдастырылып, оған арнайы жаттықтырушылар шақырылды. «Достық лагеріндегі алқа-қотан жүздесуге облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов та келген. Халықаралық Қазақ-түрік университетінің студенті Рахым Азамат Əуесханұлы облыс əкімінің орынбасарына жастардың шешімін табуға тиісті мəселелерді айта келе, əлемдегі бүгінгі дағдарыстың негізгі себептерін таратып беруді сұраған. Ерлан Қуанышұлы бүкіл əлемді қамтыған дағдарыстың екі бағытта, яғни шикізат пен қаржы нарығында қат-қабат келгендігін жастарға ұғынықты оймен баяндап берді. Мұнай бағасы былтырғы барреліне 115 доллардан қазір қырық долларға дейін төмендеп барады. Металл бағасы да құлдырап кетті. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры да дағдарыс жағдайында дəрменсіздік танытып отыр. Жақын, қуатты көршілер Ресей мен Қытай тығырықтан шығу үшін қайта-қайта ақша бағамын еркіне жіберіп қояды. Олардың арзан тауарлары Қазақстан кəсіпкерлерінің өнімдерін нарықтан тықсырып жатыр. Мұндай жағдайда долларға қатысты бағамды Ұлттық қор есебінен төлеп, тежей беру мемлекетімізді дефолтқа ұшыратуы мүмкін. Үкіметтің долларды еркін айналымға жіберуінің себебі осы. Елбасы мұнай мен металл бағасының төмендеуі бес жылға дейін сақталуы мүмкін екендігін айтты, дейді Ерлан Айтаханов. – Ел басына қым-қуыт жағдай

төніп тұрғанда елге жаны ашығансымақтардың валюта бағамын ұстап тұруды үсынғаны мемлекетімізді түпсіз тұңғиыққа итерумен бірдей. Негізгі əріптестеріміз Ресей мен Қытай тарапынан Қазақстанның экспорттық тауарларына сұранысты азайтқаны кəсіпорындарымыздың тоқырауына алып келеді. Сіздер, жастар, мұның бəрін жақсы түсініп əсіреойбайшыларға тосқауыл болуларыңыз керек. Жастар бұл мəселеде түсіністік танытатындықтарын білдірді. Созақ аудандық мəдениет бөлімінің қызметкері Мархабат Бейсенова, М.Əуезов атындағы ОҚМУ студенті Есжан Талғат, Шымкент студенттер альянсының атқарушы директоры Мағжан Исаков, Назерке Асқарова сияқты жастар жаңа экономикалық саясаттың дер кезінде қолға алынғанын, Елбасының шешімдерін қолдайтындықтарын айтты. «Достық» лагеріндегі жастар жүздесуін ұйымдастырушылардың бірі Анар Исмаилов соғыстан қалжыраған, экономикасы əлсіреген, мемлекет есебінде құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған корей мемлекетінің сонау кездегі жағдайын еске салды. Бүкіл халық болып жиналып, бар байлығы асыл бұйымдарын түгелдей мемлекет қазанына салып, Отанын сақтап қана қоймай, əлемдегі озық елдердің қатарына көтергендігін айтты. Біздің халықтың мойнына ондай күндер түсірмей-ақ қойсын, деді А.Исмаилов. Қазақстан – арманы асқақ, қуатты мемлекет. Осындай сын сағатта Елбасының қасында болсақ дағдарысты əлі-ақ еңсереміз. Кездесу соңында облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жастарға рахмет айта келіп, осындай жүздесулерге уақыт табатынын айтты. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы.

Бəсекеге ќабілеттілік əркімнен басталады Біз сияқты ауыл адамдары да дүниенің түндігін желбіретіп, шаңырағын шайқалтқан дағдарыс экономикасы мықты талай елдерді емендей иілтіп, сындыра жаздағанын жете сезініп отыр. Əлемдік экономикадағы үлес мөлшері 20-ға жуық пайызды құрайтын алып держава Қытай юаны құнсызданғаннан кейін не айтуға болады? Алдағы кезеңде дағдарыстың одан əрі жалғасып, мұнай баррелінің 30-40 долларға дейін құлдырайтынын ескерсек, теңгенің еркін айырбас бағамын енгізуін жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы дер кезінде бағытталған бірден-бір шара ретінде қабылдаған жөн. Меніңше қобалжитындай, даурығатындай ештеңе жоқ. Өз басым бұл сыннан да мүдірмей өтетінімізге сенімдімін. Өйткені, сыртқы нарықта доллар нығайса да, ішкі сауда айналымында ұлттық валюта негізгі басымдыққа ие. Оның үстіне Үкімет əлеуметтік көңіл-күйдің нашарлауына жол бермеу үшін азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттамауына толық кепілдік беріп

Сенім сынаќтан алып шыєады

– Төл валюта теңгеміздің АҚШ долларына қатысты бағамына түзету енгізу еліміз экономикасының дамуына кедергі келтіретін ауыр сынақтың бірі болды. Жасыратыны жоқ, бұл жағдайдың қарапайым халыққа да ауыр тиетіні белгілі. Девальвацияның соңы бағаның

шарықтауына əкеліп соғатыны айдан анық деген халықтың бұл күндегі күдігін əбден түсінуге болады. Дегенмен, мəселеге зер сала бір қарайықшы. Қазіргі таңда біз мың құбылған геосаяси кеңістік пен бəсекелестігі өршіген заманда өмір сүріп жатырмыз. АҚШ жəне Батыс елдерінің солтүстіктегі көршімізге салған санкциясының салқынын сезіп отырғанымыз да ащы шындық. Ал Ресеймен жылдар бойы қалыптасқан экономикалық байланыстардан бас тарту – бүгінгі өмір шындығымен қабыспайтын тірлік. Сондықтан да, «Көппен көрген ұлы той» демекші, басқа түскен бұл қиыншылықтың ауыр жүгіне біздің де иық тоспастан басқа амалымыз жоқ.

Əрине, қиыншылықтың аты – қиыншылық. Дегенмен, біз мұнан да ауыр сынақтардан өткен елміз. Сондықтан да, бүгінгі күнде Қазақстан халқы бір жұдырық болып жұмылып, төтеден тап берген дағдарысқа қарсы тұра білуіміз керек. Ең бірінші кезекте байбаламға бой бермеген жөн. Болар іс болды, бояуы сіңді. Тəуелсіз еліміздің болашағына, оның төл валютасы теңгенің күш аларына деген сенім біздерді алға жетелеуі тиіс деп ойлаймын. Жуырда өткен Қауіпсіздік Ке ңе сінің шұғыл отырысында Елбасы орын алған мəселе бойынша Үкіметке нақты тапсырмалар беріп, жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанына куə

болдық. Бұл – біздің болашаққа деген сенімімізді нығайта түседі. Елбасының орын алған жағдайға байланысты жергілікті жерлерде бағаның шарықтап өсуіне жол бермеу керектігін əкім-қараларға шегелеп тапсырғаны қарапайым халықтың көңілінен шықты деп сеніммен айтуға болады. Мемлекет басшысының жағдай барысын назарда ұстап отырғаны əлеуметтік мəселелердің ушығуына жол бермейді деп сенемін. Сенімнің күші сол – ол қандай да болсын сынақтан аман-есен алып шығады! Аман ЖАНҒОЖИН, саясаттанушы.

ҚАРАҒАНДЫ.

Шаєын жəне орта бизнесті ќолдау ќарќыны саќталады Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшысы мен қызметкерлері баспасөз мəслихатын өткізді. Онда бұқараға осы күндері орын алып отырған теңгенің еркін бағамына орай айтарлықтай күрделі ахуалдың болмайтынына байланысты бірқатар мəліметтер тарқатылып айтылды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл ретте қордың басқарма төрағасының орынбасары Дəулет Əбілқайыров шағын жəне орта бизнес субъектілерін қаржыландыру тек қана теңгемен жүзеге асырылып, сондықтан теңге бағамының түзетілуі «Даму» қоры заемшыларына кері əсер етпейтінін атап өтті. Дегенмен, ол шетелдік валютамен берілген несиелерді субсидиялауға рұқсат етілетіндігін айта келе, қазіргі уақытта «Даму» қоры бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 53 млрд. теңгені құрайтын 27 компания үшін шетел валютасындағы несиелерін

субсидиялау жүзеге асып жатқандығын жеткізді. Оның ішінде валюталық түсімі бар 11 кəсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Валюта лық тəуекелдерді төмендету» атты үшінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылды. Бұл ретте «Даму» қоры қарыз алушыларының арасындағы шетел дің валюта несиелерінің үлесі аз ғана жəне бар болғаны 3, 85% құрайтындығы аталып өтілді. Сонымен қатар, ол аталған қордың 228 млн. долларға Азия даму банкінен үшінші траншты тарту жоспарымен таныстырып, бұған қоса шағын жəне орта бизнесті несиелендіру теңгелей

іске асырылатындығы жөнінде кеңінен əңгімеледі. Д.Əбілқайыровтың айтуынша, «Даму» қорының валюталық қатері екінші деңгейлі банктердің АҚШ долларын теңгеге айырбастау бойынша валюталықпайыздық айырбас операциясы жолымен хеджирленеді. Үшінші транш ағымдағы жылдың соңына дейін түседі деп күтілуде. Олар ШОБ субъектілері үшін айналым қаражаты мен негізгі қорды сатып алуға бағытталады, деді ол. Сондай-ақ, АДБ бағдарламасы шағын жəне орта бизнестің қызмет салаларын кеңінен қамтуды қамтамасыз ететін салалық шектеу лердің болмайтындығын қарастыратындығын айта келе, қосымша үш мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отырғандығына тоқталды. Жəне де Азия даму банкіндегі қаржылай бағдарламаға 1300-ден астам қарыз алушыны қатыстыру қарастырылуда. Бұл орайда теңге бағамын түзету кəсіпкерлік ахуалға салқынын

тигізе қоймайтынын, келешекте кəсіпкерлер жұмысының жандана түсу ықтималдығы аталып өтілді. «Даму» қоры шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсету қарқынын төмендетпейді, керісінше, оларға көмек қолын созуда біздің тараптан оң жағдайлар жасалатын болады, деді. Оның айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының нəтижесі бойынша 5 536 қарыз алушы 1 143 млрд.теңге көлемінде несие алған. Ағымдағы жылы субсидиялау құралына қолжетімділік айтарлықтай өсіп, моно жəне шағын қалалар мен ауылдық елді мекен кəсіпкерлері үшін 10% мөлшеріндегі субсидиялау салалық шектеусіз берілуде, деді. Сондайақ, ол өңдеу өнеркəсібінің басым салаларындағы кəсіпкерлер үшін субсидиялау мөлшері 10%-ға дейін көтерілсе, экономиканың өзге де басым секторлары үшін субсидиялау мөлшері 7%-ға тең екендігін көлденең тартты.

отыр. Жергілікті жерлерде шұғыл түрде баға жəне тариф өсуін тұрақтандыру бағытында құрылған штабтар ахуалдың бақылауда тұрғанын аңғартады. Ең бастысы, жаңа экономикалық саясат сыртқы нарықтағы бəсекелестікті арттыруға зор мүмкіндіктер береді. Түпкі мақсатымыз айқын, ол – бұрынғыша жол тауып, дағдарысты еңсеру, сөйтіп, озық елдердің қатарына қосылу. Бүгінде нақты жағдайға байланысты туындаған мəжбүрлі шараға еңсемізді түсірмей, əрқайсымыз өз саламызда, жұмыс орнымызда бəсекеге қабілеттілік қасиетін көрсете білсек, сапалы тауарды да, азық-түлік түрлерін де молынан өндіреріміз, сыртқы импортқа телмірмесіміз анық. Өйткені, қазіргі уақыт белсенді іс-қимылды, шұғыл шешімді қажет етеді. Жайбарақаттықты, найқалуды көтермейді. Мен бұл сөзді өз тəжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Ауылда тұрғандықтан, түліктің төресі – жылқыны үйірлеп өсіріп келемін. Бастапқыда қиын тигені

рас. Алайда, тынымсыз еңбектің, адал маңдайтердің арқасында өрісім кеңейді, жағдайым жақсарды. «Құлан» бағдарламасы аясында 24 Қамбар ата түлігін сатып алып, 33-ке жеткіздім. Сапалы əрі қолжетімді ет өнімдерін Астана, Көкшетау қалаларына жөнелтемін. Бұдан тысқары желмен жарысқан сəйгүліктер баптаймын. Тазы иттер асыраймын. Осылайша, ұлттық спорт пен ата дəстүрді жандандыруға да қалқадерімше үлес қосып келемін. Еңсемізді тік ұстайық! Бəсекелікке қабілеттілікті өзімізден бастайық дегім келеді, ағайын. Мақсат АЗБАЕВ, Аққұдық ауылының тұрғыны.

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы.

20 тамыз 2015 ж. Экономикалық саясаттың одан арғы шаралары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен өткен

КЕҢЕС

ВАЛЮТАНЫҢ ШЕКТЕУЛІ БАҒАМЫ

Зардаптары: - отандық кəсіпорындардың жақын жəне алыс шетелдерде бəсекеге қабілетсіздігі - отандық өндірістің қысқаруы - еңбек рыногы – жұмыс орындарын жоғалту - халықтың əл-ауқатының төмендеуі - Ұлттық қордың алтын валюта қорының жұқаруы - қазақстандық экономиканың күйреуі

ТЕҢГЕНІҢ ЕРКІН БАҒАМЫ (валютаның құндылығын ҚР Ұлттық банкінің қатысуынсыз сұраныс пен ұсыныс айқындайды)

Зардаптар: - отандық кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігінің артуы - отандық өндірістің белсенділігінің жоғарылауы - еңбек рыногы – жұмыс орындарын сақтау жəне ұлғайту - еңбекақыны сақтау жəне деңгейін арттыру - Ұлттық қордың алтын валюта қорын сақтау жəне ұлғайту - дағдарысты еңсеру жəне экономикалық өсімді қамтамасыз ету Еуразиялық интеграция институты əзірлеген


4

26 тамыз

www.egemen.kz

2015 жыл

Ынтымақтастық арта түсетін болады

l Әлем және Қазақстан

(Соңы. Басы 1-бетте).

Келіссөздер барысында сол сияқты, сау­д а-экономикалық, индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық, транзиттік көлік жобалары шеңберіндегі өзара іс-қимылдар, трансшекаралық өзендердің су рес­у рстарын оңтайлы пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар

энер­гетика, ауыл шаруашылығы, ғылымитехника­л ық қызмет және басқа да салалардағы әріп­тестікті әңгіме өзегіне айналдырды. Қазақстан Республикасы ПремьерМ и н и с т­ р і н і ң б і р і н ш і о р ы н б а с а р ы Қытай компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ, көрме шеңберінде ШЫҰ павильонын ашу туралы Қазақстанның бастамасын жүзеге

асыруға нақты маңыз беруді ұсынды. Бақытжан Сағынтаев сол сияқты, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кез­ десу өткізіп, оның барысында тараптар мемлекеттердің мұнай-газ секторы, атом энергиясы, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да басымдықты салалардағы ынтымақтастығын жалғастыруы қажеттігін атап көрсетті.

Құрылыс қарқыны бәсеңдемеуі тиіс Пәкістан Премьер-министрі Наваз ШАРИФ:

«Біз Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік жүйесіндегі рөліне таңғаламыз» (Соңы. Басы 1-бетте). – Сіздің алдағы Қазақстанға сапарыңыздың негізгі мақсаты қандай? – Менің сапарымның мақ­ саты Пәкістан-Қазақстан қа­р ымқатынастарын одан әрі ны­ғ айту, түрлі салалардағы ынты­мақтастықты ұлғайту, екіжақты сауданы, инвес­ тициялар мен экономикалық ықпалдастықты арттыру болып та­ былады. Біз, сондай-ақ, бейбіт және тұрақты өңірге қол жеткізу үшін қандай қызметтестіктер қажет екендігі туралы да пікір алысатын боламыз. – Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өткен жылы 33 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетіне сәйкес келмейтіні анық. Біздің еліміздің ДСҰ-ға өтуіне байланысты сіз сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың қан­дай перс­ пективалы бағыт­тарын көре алар едіңіз? – Пәкістан мен Қазақстан ара­ сындағы екіжақты сауда өз әлеуетінен әлдеқайда төмен. Дей тұрғанмен, екі ел арасындағы сауданы кеңейту үшін орасан зор әлеует бар. Ынты­ мақтастықтың жаңа бағыттарын бір мезгілде зерттей отырып, барлық қол­ж етімді нұсқаларды пайдала­ ну үшін екіжақтың да күш-жігер жұмсауы қажет. Осыған байланыс­ ты Қазақстанның ДСҰ-ға мүше бо­ луы елдің Ұйымның құрыл­тайшы елі Пәкістанмен сауданы белсенді жүргізуге жағдай жасайтын болады. – Қазақстан Тәуелсіздік ал­ ған сәттен бастап Пәкістан қа­ зақ­­­стандық сыртқы саяси бас­ тамаларға белсенді қолдау көрсетіп келеді. Бүкілазиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара ісқимылдарға бағытталған және пәкістандық тарап оған барынша белсенді атсалысатын АӨСШК үдерісі оған мысал болып табылады. Сіздің ойыңызша бүкілазиялық қауіпсіздіктің негізгі постулаттары қандай? – Пәкістан АӨСШК үдерісін қолдайды және оның қызметіне бел­ сенді атсалысады. Біз таяуда Шан­ хай Ынтымақтастығы Ұйымының қызметіне қосылдық, оның қызметі де қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Пәкістан БҰҰ Хартиясына қосылу Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін маңызды сипатқа ие деп есептейді. Өзгенің ішкі ісіне аралас­пау, достық қарымқатынастарды дамыту және даудамайларды үнқатысу жолымен реттеу қағидаттарын ынталандыру қажет. Даму мен қауіпсіздік ара­ сында ішкі байланыс болады. Соған сәйкес біз өңірлік өзара байланыстар мен экономикалық ынтымақтастық орнатуға бағдар ұстануымыз қажет. – Пәкістан 2012-2013 жылдары БҰҰ-ның Қауіпсіздік Ке­ ңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Қазақстан 2017-2018 жылдар кезеңіне кандидат болып табылады. Бұған қатысты сіздің еліңіздің ұстанымы қан­дай? – Пәкістан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлау барысын­ да Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсететін болады. – Сіз Қазақстан бітім­гер­­­шіліктің жаңа орталық­тарының бірі бола алар еді деген саясаттанушылардың көптеген пікірлеріне қандай баға берер едіңіз? – Пәкістан халықаралық бей­ бітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіне үлкен маңыз береді. Біз БҰҰ-ның бүкіл әлем бойынша бітімгершілік операцияларында ең ірі әскерлер до­ норы болып табыламыз. Біз Қазақстанның жаһандық бей­б ітшілік пен қауіпсіздік құру

жүйесінде атқаратын рөліне таң­­ ғаламыз және өзіміздің бауырлас елге және оның алысты болжайтын басшылығына толық сенімдіміз. Қазақстан басшылығы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жағдай жасай­ тын АӨСШК-ні құрды. Қазақстан, сол сияқты, ШЫҰ-ның маңызды мүшесі болып табылады. Біз Қазақстанның бітімгершілік орталық ретіндегі өскелең рөліне қолдау көрсетеміз. – Ауғанстан проблемасы өңірде ғана емес, сонымен бірге, әлемде де шешуші про­блемалардың бірі болып табы­лады. Ол елдегі ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізу жөнінде Исламабадтың рецепті қандай? Ауғандық есірткі тасы­ малының жолын қалай кесуге болады? – Біз ауғандық биліктің өзі жүзеге асырып жатқан бейбітшілік пен бітім орнату үдерісін толық қолдаймыз. Бұл елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік Пәкістан үшін де және бүкіл өңір үшін де өте маңызды. Біздің бейбіт және тұрақты Ауғанстанға қатысты мүддеміз ортақ. Мен ол лауазымы­ на кіріскен сәттен бастап президент Ашраф Ганимен үнемі байланыс орнатып отырамын. Таяуда 2015 жыл­д ың 12 мамырында Ауғанс­ танға барған сапарымда мен ауған басшылығымен кездесу өткізіп, оның барысында біздің екіжақты қа­ рым-қатынастарымыздың барлық аспектілерін, әсіресе, Ауғанстандағы бітімге келу, бейбітшілік пен қауіп­ сіздік мәселелерін талқыладық. Экономикалық даму үшін қолайлы орта туындататын бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатқаннан кейін есірткі сияқты бүкіл апаттар елден аластала­ ды деп ойлаймын. – «Ислам мемлекеті» деп аталатын ұйымды жою үшін қалайша күрес жүргізу қажет? – Пәкістан ИГИЛ деп аталатын­ дар жүзеге асырып жүрген террорлық актілерді үзілді-кесілді айыптайды. Ол ислам қағидаттарына қайшы келеді. Біз экстремизм мен терроризм қатерін жою жөніндегі «Зарб-э-Азб» операциясына атсалысамыз. Операция табысты жүруде, біз көп ұзамай тер­ роршылар мен экстремистерден ары­ латын боламыз. Халықаралық қауымдастық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ИГИЛ-ге қатысты 2170 және 2178 қарарларын толық дәрежеде орындауы тиіс. Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының шеңберінде, БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру ол қауіп-қатерлерді жоюда маңызды бо­ лып табылады. – Пәкістандық іскер топтар өкілдері Еуразиялық эко­но­ микалық одақ (ЕАЭО) кеңіс­тігінің әлеуетін пайдалануға атсалысуды жоспарлап отыр ма? – Пәкістан мүше елдермен сау­ да қатынастарын тереңдету үшін Еуразиялық экономикалық одақпен Еркін сауда туралы (ЕСК) келісімге келмек ниетте. Ол ЕАЭО мен Пәкістанның бизнес-қауымдастығы арасындағы жемісті ықпалдастыққа жағдай жасайтын болады. Қазақстан осы бірлестіктің белсенді мүшесі бола отырып, Пәкістанның ЕСК бекіту

жөніндегі ұсынысына қолдау жасауда өте пайдалы бола алар еді. – Исламабад Қазақстанды аса зор «Пәкістан-Қытай эко­номикалық дәлізі» жобасының қызметіне қатысу үшін тартуға мүдделі ме? – Пәкістан Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізін өңірлік өзара байланыстар мақсатына қол жеткізу құралы және өз өңірі үшін өсу мүмкін­ діктері ретінде қарастырады. Біз осы мақсатқа қол жеткізуге алып баратын кез келген бастаманы қолдаймыз. Біз әрқашанда үлкен экономикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін және барша үшін де ұтылмайтындай ахуал құратын Орталық Азия өңірімен өз байланыстарымызды дамытуға ұмтылып келдік. – Пәкістанның ұзақ та бай тарихы бар, сонымен бірге, салыстырмалы түрде жас мемлекет болып табылады. Пәкістанның мәдени дипломатиясының негізгі постулаттары қандай? – Пәкістанның мәдени дипло­ матиясы оның Оңтүстік Азиядағы географиялық жағдайымен және Орталық Азиямен тарихи байланыс­ тарымен бір қатарда оның исламдық біртектілігінің көрінісі болып табы­ лады. Пәкістан жас мемлекет болып табылғанымен, біздің еліміздің негізі Инд жазығы өркениетінде жатқан бай тарихы бар. Соған сәйкес Пәкістан бүкіл осы факторлар арқылы орасан зор мәдени тиімділікке ие болды. Пәкістан өзінің мәдени дипломатиясын өзінің ас үйі, киімі, тілі мен өнері арқылы жүргізеді. Пәкістандық қоғамдастық пен Пәкістанның шетелдердегі мис­ сиялары да біздің еліміздің мәдениетін жаһандық ауқымда дамытуға ықпал жасайды. – Өкінішке қарай, кейде Ис­ ламды зорлық-зомбылықпен және террормен астастырып жатады. Осынау стереотипті өзгерту үшін не істеу керек? – Исламды зорлық-зомбылықпен және экстремизммен байланыстыру мүлде дұрыс емес. Ислам бейбітшілік пен ұстамдылық діні болып табы­ лады. Шағын ғана азшылықтың ісәрекеттері, өкінішке қарай, Ислам зорлық-зомбылықпен және террор­ мен байланысты деген негізсіз әсер тудырады. Дегенмен, тенденция өзгеріп келеді. Ол халықаралық алма­ су бағдарламалары мен түрлі елдердің жекелеген адамдарының арасындағы байланыстар арқасында жүзеге асуда. Бүгінде әлем Ислам туралы анағұрлым құлағдар болып, ақпараттана түсуде. Біздің дініміздің бейнесін ашып көр­с ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді де күшті құрал ретінде пайдалануға болады. Дәл сол сияқты әлемді жақсы жағына қарай өзгерткен мұсылмандардың жетістіктері туралы да әлемнің есіне салуға тиіспіз. – Сіздің ең жоғары деңгейде өте бай және ұзақ саяси тәжірибеңіз бар. Қазіргі заманғы саясаткердің бойында қандай қасиеттер болуы тиіс? Сіздің саяси идеалыңыз кім? – Қазіргі заманғы сая­си көшбас­ шы үшін адалдық, сезім­талдық және ар тазалығы неғұрлым маңызды қасиеттер болуы тиіс. Саясаткер жұртшылық үшін қолжетімді бо­ лып, қоғамның бүкіл топтарының әл-ауқатын жақсарту үшін тынбастан жұмыс істеуі керек. Дәл сол сияқты ол өз елінде үйлесім, бірлік пен өркендеу орнату жолдарын көре білуі қажет. Оның сыртында саясаткер өз адамдарының сенімі мен қолдауына ие болуы тиіс. Өзімнің саяси идеалым деп санай­ тын Пәкістанның негізін қалаушы Каид-и-Азам Мухаммад Али Джинна бізге қымбат отанымызды сыйла­ ды және бізге ар-ожданмен және абырой-даңқпен бірге қалай өмір сүру керектігін үйретті. Әңгімелескен Ілияс ОМАРОВ.

(Соңы. Басы 1-бетте). – Дайындық жұмыстарында іл­ герілеушілік бар. Енді осы қарқынды бәсеңдетіп алмау қажет. Әрбір уақытты тиімді пайдаланып, тәулік бойы жұмыс тоқтамауы тиіс. Оған Тараз қала­сының ауа райы мүмкіндік береді. Қыркүйек ай­ ынан бастап сенбіліктер ұйымдастырып, қаланың тазалығына қатты мән беру ке­ рек, – деді Бердібек Сапарбаев. Айтпақшы көне қаланың орнында қазба жұмыстарын

жүргізіп жатқан топ табыссыз емес екен. Жа­қында қазынаның үстінен шығып, ал­ тын мен күмістен жасалынған білезік және басқа да бұйымдар салынған кішігірім құмыра тауыпты. Бұл құнды жәдігерлер алдағы уақытта арнайы сараптамадан өтетін болады. Премьер-Министрдің орынбаса­ ры Б. Сапарбаев бұл сапарында Тараз қаласындағы сауда орындарында бо­ лып, теңге еркін айналымға жіберілгелі бері аймақтағы азық-түлік бағасының

тұрақтылығына назар аударды. Бас-аяғы 250 адамды жұмыспен қамтып отырған «Скиф-Трейд» сау­да орталығында бағаның негізсіз көтерілгені байқалмайды. Халық көп тұтынатын азық-түлік түрлері бұрынғы бағамен сатылуда. «Қазфосфат» ЖШС-інің бас дирек­ торы Мұқаш Ескендіров кәсіпорынның жағдайы тұрақты екенін айтты. Шы­ғарған өнімінің 95 пайызын шетелге сататын бұл кәсіпорында бүгінде 6 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Ешқандай жұмыс орны қысқармаған, жалақы уақтылы беріліп тұр. Ал, теңге еркін айналымға жіберілгелі бері «Тамақ» ЖШС-нің өнімдеріне сұраныс көбейіпті. «Біздің серіктестікте 300-ден астам адам жұмыс істейді. Соңғы бір аптада сұраныстың көбеюіне байланысты 26 вагон өнім жөнелттік. Шынымды айтсам, соңғы 15 жылда мұндай көлемде тауар сатқан емеспіз», дейді «Тамақ» ЖШС-нің дирек­ торы Гүлмира Қоңқашева. Жалпы алғанда, облыста және аудан­ дарда бағаны тұрақтандыру жөнінде ар­ найы штаб құрылған. Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ең бас­ тысы бағаның негізсіз шарықтамауын, жұмыссыздықтың көбейіп, жалақының кешігіп берілмеуін қадағалауды тапсырды. Жамбыл облысы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Ұстаз – ұлт ойының діңгегі (Соңы. Басы 1-бетте).

Бұл ретте Корея, Жапония, Финляндия сияқты елдердің адами ресурстарының бәсекелестікке қабілеттігі осындай жол­ мен келетіндігіне назар аудартылды. Тағы бір белгілі болғаны, мектепке дейінгі дайындық 1-сыныпқа алмастырылып, «1+11» құрылымы негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірілетін болады. Биылдан бас­ тап қанатқақты жоба 30-ға тарта мектепте бейінделуден өтетіні белгілі болды. Және де НИМ тәжірибесі 30 қанатқақты мектеп­ те басталары да аталмай қалмады. Бұдан өзге жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқыту біртіндеп енгізілгенімен, басымдық бәрібір мемлекеттік тілге берілерін атап кеткен жөн. Одан кейін сөз алған Парламент Сенаты­ ның депутаты Бірғаным Әйтімова білім сала­ сы бойынша көптеген заңдық құжаттардың қабылданғанын санамалап өтті. Соның ішінде Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасындағы Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын қазақстандық тарапқа беру туралы келісімді ратификациялау мәселесін айтқанда сенатор өзі осы саланың министрі болып тұрған кезде уақыттың қысқалығына орай оны шешудің мүмкіндігі болмағандығын да тілге тиек ете кетті. Б.Әйтімова сөз реті келгенде 12 жылдық білім алудың артықшылығын айта келіп, оқушының 8 немесе 9-сыныптан бастап жұмыскер немесе арнайы техникалық қызметкер болғысы келсе, оған техникалық училищелерге баруына мүмкіндік беру қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар, де­ путат оқығысы келетіндер үшін мемлекеттік жинақтаушы жүйенің құрылғаны өте орын­ ды екендігін де тілге тиек ете кетті. Ал білім беру жүйесінде қазақ ті­лін үзіліссіз оқытудың жаңа моделі тақыры­бында баянда­ ма жасаған белгілі ұстаз Балзия Оразбаева қазақтың бай сөздік құрамын сақтау арқылы біз жалпы елдік қасиетімізді, парасатты ойы­ мызды, бүгінгі толерантты келбетімізді, көп ішінен топ жарып шығар бәсекеге қабілетті білім мен білігімізді сақтаймыз әрі дамыта­ мыз дегенді баса айтты. «Ұстаз – ұлт ойының діңгегі. Ұстазға деген құрмет – Қазақ елінің руханиятына деген құрмет. Ұстаздың тұлғалы қабілеті мен қасиетіне халық та, қоғам да ерекше сенім артып, жауапкершілік жүктеп отыр. Қазіргі ұстаз сыпайы тәрбиеші, білімді мұғалім, мейірімді ана, қамқор әке және сыр­ лас жетекші», деді шешен. Деңгейіне қарай мемлекеттік тілді оқыту барысын да көпшілік назарына ұсынды. Атап айтқанда, бірінші, мектептің тілі бола алмаған тіл, мемлекеттің тілі де бола алмайды (қарапайым деңгей); оқыту оқулықтан өмірге қарай емес, өмірден оқулыққа қарай жүреді (негізгі деңгей); мұғалім аз үйретсін, оқушы көп үйренсін (орта деңгей); мәдениетті тіл ғана мәртебелі (ортадан жоғары деңгей). Бұл деңгей 10-11 сыныптарды қамтуы тиіс. Оқушы мектептегі өмірінің 17 мың сағатын сыныпта өткізетіндігін тілге тиек ет­ кен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова олардың осы уақыт аралығында 40-қа тар­ та мұғалімнің алдынан өтетіндігіне на­ зар аударта кетті. Сондықтан да ұстаздың

біліктілігін арттыру – уақыт талабы. Жапония педагогтардың білімін көтеру үшін және мектептегі білім беруді арттыру үшін 50 жыл жұмсаса, Финляндия бұған 30 жыл жіберіпті. Ал Азия елдері екі онжылдықта мектептерді жоғары деңгейге көтеруге қол жеткізіп үлгерген. Олай болса әлемдегі озық тәжірибе мен білім саласындағы қалыпты көзқарасты өзгерту арқылы Қазақстан да осындай нәтижеге жете алады. Сондай-ақ, педагогтар турасында сөз қозғағанда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова әлемде 4 мыңнан аса мамандық бар деп са­ налады, бірақ қандай қоғам, қандай зама­ науи өзгерістер болмасын білім саласында мұғалім шешуші тұлға болып қала беретіні даусыз дегенді баса айтты. «Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдері­ нің стандарттарының негізінде адам капита­ лының сапасын көтеру педагогикалық білім­ді жаңарту арқылы жаңа бағыттағы мұғалімді даярлау мәселесі өзекті болып табылып отыр», деді Дария Пернешқызы. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты ту­ ралы сөз қозғаған шешен оның бәсекеге қабілетті, педагогикалық, инновациялық құзыреттіліктің барлық құралдарын мең­ герген, өзін өзі жетілдіруге талпынған, ру­ хани дамыған, толыққан, шығармашылық жаңа формациядағы ұстаздарды даярлау екендігіне баса назар аудартты. Сондықтан да педагогикалық мамандықтарға қабылдаған кезде шығармашылық емтихан алған орын­ ды. Сөз реті келгенде ректор педагогика саласындағы бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарының шетелдік білім ордалары­ мен әріптестік қатынастар орнатқандығы, олардың білім беру бағдарламалары жер­ гілік­т і ортаға қарай оңтайландырылып жатқаны да тілге тиек етіле кетті. Қызылорда облысы әкімінің орын­ басары Рауан Кенжеханұлы өз кезегінде облыстың жет­кен жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, 2014 жыл­ дан бері үш ауы­сымдық мектептер мәселесі толығымен шешімін тауыпты. Ал апатты жағдайдағы 34 мектептің 22-сі қайта салын­ са, қалған 12-сі 2017 жылға дейін жаңарады деп күтілуде екен. Биылғы жылдың соңына дейін 19 мектеп және 3 балабақшаның құрылысы аяқ­та­­­лып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жалпы өңірде «Балапан» б а ғ д а р л а м а с ы б о ­й ы н ­ш а м е к т е п к е дейінгі балаларды қамту 100 пайызға орындалады деген жоспар да жоқ емес. Ал Ақсу ферроқорытпа зауытының ди­ ректоры Олег Прокопьев өндірісті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуде дуалды білім берудің маңызы басым екендігін ерекше атады. Оның сөзіне қарағанда, Павлодар об­ лысында металлургия, машина жасау, химия өндірісі және өзге де салаларды қамтитын 50-ге тарта ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Ақсу зауытының жылына 1 миллион тонна ферроқорытпа шығаратынын алға тартқан зауыт директоры оның білікті техникалық кадрларсыз жүзеге асыру мүмкін еместігі тұрғысындағы ойын да ортаға салды. Тағы бір белгілі болғаны, аталған зауыт 150-ге тарта шағын және орта бизнес субъектілерін жұмыспен қамтып отырғандығы. Отырыста қорытынды сөз сөйлеген

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев тәуелсіздік алған күннен осы салаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көп көңіл бөліп келе жатқандығын ортаға салды. Әсіресе «100 нақты қадам» – Ұлттық жоспарын, индустриялық-ин­ новациялық және «Нұрлы Жол» бағ­ дарламаларын жүзеге асыруда, сондай-ақ 30 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуде Президент білім мен ғылымды пайдаланып, бәсекелестікке сай маман­ дарды даярлау жөнінде білім саласы­ на нақты тапсырмалар бергендігімен бөлісті. Осы ретте Үкімет басшысының орын­б асары министрлік пен жергілікті билік арасындағы байланыстардың на­ шарлап кеткендігіне де назар аудартты. Ал нәтиже бірлесіп жұмыс істегенде ғана жүзеге асарын алға тартты. Білім берудің іргетасы мектеп болып табылатынын ерек­ ше атаған Бердібек Сапарбаев тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанда 1200 мектеп пен 450 мектепке дейінгі меке­ ме салынғандығынан хабардар ете кетті. Бұл салынған ғимараттардың барлығы да халықаралық стандарттарға жауап бере алады. Ендігі мәселе балабақшадан бастап, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы кешенді білім беруді ұйымдастыра білу. Сонымен бірге, жоғары оқу орындарын­ да білім алып жатқан жастардың, әсіресе, педагогтардың мектеп өмірімен танысуға мүмкіндік жасауы орынды. Сонда ғана нәтижеге қол жеткізуге болады. Мектептен тыс уақытты дұрыс пайдалану деңгейінің 25 пайыздан аспай отырғандығына қынжылыс білдірген Бердібек Сапарбаев оның Алматы облысында 10 пайызды, Оңтүстік Қазақстан облысында – 14, ал Атырау облысында 16 пайызды ғана құрап отырғандығына екпін бере мәлімдеді. Мұның барлығы балалардың құқық бұзушылыққа, өзіне өзі қол салуына және жәбір көрсетуге апаратын төте жол болғандықтан, оның алдын алу балаларды бос қалдырмауға байланысты болмақ. Қазақ қыздарының төбелесін, олардың өз өзіне қол салуы бұрын-сонды болмағандығын алға тартқан Үкімет басшысының орынбасары оны соңғы кездегі тәрбиенің нашарлауымен түсіндірді. Сондықтан да ата-аналар мен Ішкі істер министрлігі, арнайы мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар ара­ сында бірлесе жұмыс істеуі қажеттігіне назар аудартты. Залда отырған ұстаздар қауымына қаратып Бердібек Мәшбекұлы былай деді: «Мәңгілік Ел болуымыз, болашағымыздың бірден бір тірегі тәрбиеге, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтап, Отанымызды сүюге байланысты. Осыны жүзеге асыру сіздердің қолдарыңызда». Жалпы, екі күнге созылған талқылау «Жоғары білімнің әлемдік және еуропалық трендтер жағдайындағы перспективала­ ры мен жаңа міндеттері»; «Техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңарту»; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім – мектепті жаңғырту негізі»; «Жан ба­ сына қаржыландыру: проблемалары мен перспективалары» және «Бастауыш білім мазмұнын жаңартуда апробация рөлі», «Диалог алаңы» атты панелдік сессиялар жұмысында жалғасын тапты. Астана


26 тамыз

5

www.egemen.kz

2015 жыл

Мəселелердіѕ маѕыздылыєына назар аударды Еліміз тəуелсіздік алған жылдардың басында күрделі сатылардан өтті. Мемлекеттің тыныс-тіршілігі, іс-қимылы жаңа мемлекет құрылып жатыр деп кідіріп немесе тоқтап қалған жоқ. Əйтсе де, жаңа талап, жаңа өзгеріс əкелді. Оларды орынды қолдану, заңдастыру қажет болды. Сол өтпелі кезең аясында Жоғарғы Кеңес 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясын қабылдаған болатын. Осы мезгіл ден бастап, мемлекетімізде конституциялық даму жолы басталды. Бұл Конституцияда мемлекеттік құрылым, қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидалары нақтыланбағандықтан өміршең болмады. Көп ұзамай, Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқының мүддесі мен жарқын болашағын қорғау үшін конституциялық реформа өткізу туралы қабылдаған зайырлы шешімін халықпен бөлісті. Əрине, жуырда ғана қабылданған жаңадан құрылған мемлекеттің Ата Заңын қайта қабылдау қажет деген шешім қоғамда əртүрлі ой өрістетті. Талай ғасырлардан бері көп өзгеріске түспеген АҚШ конституциясын мысалға алып, кереғар пікірде болғандар да аз емес еді. Олардың пікірлеріне, еркін ойласуына республикадағы оңтайлы саяси ахуал мүмкіндік берді. Тəуелсіз деп аталып жүрген БАҚ-та жаңа ұстанымды сан-саққа жүгірткен материалдар жарияланып жатты. Бірақ, Н.Назарбаев үшін Конституцияның базалық құндылықтарын сақтай отырып, биліктің бір-бірін теңгеріп отыратын рөлін айқындап, оны нақтылап алу қажет болатын. Үкіметтің, Парламенттің, Президенттің өкілеттік шектерін айқындап алу жаңа Қазақстан жағдайында жаңа саяси үрдіс еді. Халық тезіне, халық таразысына салу ең оңтайлы шешім болды. Сондықтан да, Қазақстанда конституциялық өзгерістер бүкіл халықтық референдумға шығарылды. Сонымен, халық Елбасы ұсынған жобаны талқылауға қатысып, бүкілхалықтық референдумда жаңа Ата Заң қабылданды. Ол экономикалық даму, саяси реформалардың жеделдігін арттырды. Халықтың саяси белсенділігі, біліктілігі өсті. Бұл халықтың қоғам өміріне араласуының ең бірінші көрінісі жəне құқықтық сипатқа ие болды. Уақыт сол дер кезінде қабылдан ған Конституцияның өміршеңдігін дəлелдеп отыр. Соның нəтижесінде біз тұрақтылық пен дамуды көздеген бейбіт, ұлттық татулығы жарасқан мемлекетте өмір сүрудеміз. Яғни, кез келген мемлекеттің əдеттегі эволюциялық жолмен дамуына кететін ондаған жылдарды Қазақстан тарих өлшемімен алғанда аз ғана уақыт ішінде өткерді. 1995 жылғы 30 тамызда

Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25ші жиналысы аясында осы ұйымның атқарушы хатшысы Леонид Ермолаевпен кездесті. Кездесу барысында жоспарланып отырған жиналыстың күн тəртібі талқыланды, бұл жиын мерейтойлық болып табылады жəне ол ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналды. Тараптар форум барысында талқылауға ұсынылатын

«Ќазпошта» Конституцияєа арнап мерекелік марка шыєарды

Жасампаздыќ пен жаѕєыру қабылданған Ата Заңымыз уақыт пен тəжірибе сынынан өтіп, елімізді жасампаздық пен жаңғырту жолына əкелді. «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан хал қы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк жəне татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», деген кіріспедегі құндылықтар Қазақстан халқының рухани жайкүйін, оның жаңа мақсаттар мен идеяларға, жақсы өмір сүруге деген бірегей ұмтылысын білдіреді. Демек, жаңа Конституция жаңа дəуірдің бастауына айналды. Ата Заң қағидалары Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табыла тын де мок ратиялық, зайырлы, құ қық тық жəне əлеуметтік мемлекет құруды көздеді. Осы атал ған қағидалар қандай да болмасын конституциялық реформалар өткізген жағдайда қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты, бүкiл халықтың игiлiгiн көздей тiн экономикалық дамуды, қазақстандық патриотизмді, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн демократиялық əдiстермен шешуді негізгі басымдық ретінде ұстанды. Құрылысы бойынша біртұтас унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан көпұлтты мемлекет. Сон дықтан да, Ата Заң норма лары халықтың мүддесі мен оның еріктілігін басты

қағида ретінде ұстана отырып, қазақстандықтарды тұтас ұлт ретінде топтастыру амалдарын қарастырды. Консти туцияның «Адам мен азамат» тарауындағы 30-ға жуық бап адам жəне азамат құқығына, бостандығына арналды. Олар халықаралық стандарттарға сəйкес деңгейде қарастырылды. Адам мен азамат теңқұқықтығы оларға берілген құқықтар мен олардан талап етілетін жауапкершіліктердің бірдей болуын жəне берілетін мүмкіндіктердің де əркімге қолжетімді жағдайда болуын құптады. Ата Заңға 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сəйкес Мəжіліс депутаттарының сайлауында Мəжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Бұл – жаңа саяси мектеп еді. Бұл – Конституцияның жасампаздық пен жаңару Ата Заңы екенін паш етті. Өйткені, Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс тардың өкілдері жалпы қа зақстандық құндылықтар негізінде өз ұлттарын Парламент Мəжілісі төрінен көрсету құқығына ие болды. Оларды ортақ үй – Қазақстанның гүлденуі біріктіреді. Біздің мемлекетімізде ұлтаралық татулық, ынтымақтылық, өзара түсінісушілік жəне сенімділіктен тұратын ерекше ахуал орнықты. Бұл Қазақстанды бүкіл əлемге танымал етіп отыр. Мемлекеттігіміз, тəуелсіздігіміз жəне егемендігіміздің заңды негізі Ата Заңымызға 20 жыл ішінде, өмір талаптарына сай үш рет өзгерістер енгізілді. Олар мемлекетімізді басқарудың тетігін одан əрі жетілдірудің жолдарын ашты. Əрине, қоғам болған соң ол қозғалыс, өзгеріс үстінде болады, үздіксіз дамып отыратындығы да заңды құбылыс. Сол себепті де, жергілікті өзін өзі басқару,

сайлауды демократияландыру, билік тармақтарының рөлін арттыру секілді мəселелер күн тəртібіне көтеріліп отырды. Ата Заңымызға алғашқы өзгерістер 1998 жылы енгізілді. Ол Қазақстан халқының мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыруға, еліміздің саяси жүйесін одан əрі жетілдіруге бағытталды. Саяси партиялардың тізімдері бойынша тең сайлау жүйесін енгізу осы бағытта жасалған маңызды қадам болып табылды. Қос палаталы Парламенттің Мəжілісіне депутат сайлауы кезінде жеңген саяси партияларға арнайы 10 мандат берілді. Үкімет мүшелерінің депутаттық корпус алдындағы жауапкершілігін арттыру, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, оған сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімін – Мəжіліс депутаттарына 5, ал Сенат депутаттарына – 6 жылға дейін көбейту, алқабилер институтын енгізу, т.б. қарастырылған еді. Саяси тарих ауқымында 2007 жылғы конституциялық реформалар жаңа кезеңді бастады, олар: Президенттік мерзімді қысқарту, Парламенттің өкілеттігін кеңейту жəне депутаттар санын арттыру, қоғамдық ұйымдар мен партияларды ішінара мемлекеттік қаржыландыруды қамту болды. Саяси реформаларға сəйкес, Парламенттің, саяси партиялардың рөлі артты. Қазақстан халқы Ассамблеясы да конституциялық мəртебеге ие болды. 2011 жылғы ақпанда Консти туцияға сайлау мерзімін созып, мерзімінен бұрын сайлаулар өткізуге қатысты Президент уəкілетін кеңейту жөнінде өзгерістер енгізілді. Осы өткізген жұмыстардың нəтижесінде қос Палаталы кəсіби тұрғыда жұмыс

жүргізетін, саяси партиялардың фракциялары өкілдік ететін Парламент құрылды. Қазақстанда мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі тармақтарына бөліну қағидатына негізделіп құрылды, олар мемлекеттік биліктің дербес бір тармақтары ретінде Конституцияда белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асырып келеді. Негізгі Заңымыз ережелерінің күнделікті өмірде іске асырылуы үздіксіз жəне ауқымды жұмыс жасауды қажет етеді. Ол жұмысқа мемлекеттік органдар, оның құрылымдары, қоғам жəне əр азамат үлесін қосып отыруы тиіс. Конституция, əркiм еліміздің Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқық тарын, бостандықтарын, абы ройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi деп таниды. Конституцияны ұғыну əр адамның аза маттық борышы жəне міндеті, ол қоғам мен адамның өмірлік бағдаршамы. Сондықтан, Ата Заңымызда бекітілген ережелерді орындай білу, оны құрметтеу, ардақтау, сақтау Қазақстан Республикасының əрбір азаматының басты міндеті болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің іргетасы берік орнықты. Қазақстанды əлем таныды, оның саяси көшбасшысы, Елбасы Н.Назарбаев бүкіл ғалам мойындаған саяси лидерлердің алдыңғы қатарынан берік орын алды. Бұл бабаларымыз армандаған – Жерұйық Қазақстан! Ата Заң – тəуелсіздігіміздің аманаты! Бұл – тарихи шындық, бұл – бұлжымас айғақ! Баян ОЛЖАБАЕВА, заңгер.

АСТАНА.

Партияныѕ алдаєы міндеттері (Соңы. Басы 1-бетте). Осы мəселелер бойынша алғашқы сөз «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақаловқа берілді. Ол алдымен партияның сайлауалды бағдарламасының үш жылдағы орындалуы туралы хабардар етті. Соның ішінде 49 көрсеткіш бойынша оң нəтижелер алынды. Соның ішінде 20 міндет мерзімінен бұрын іске асуда. Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 70,5 жасқа жетті, мектептер мен тұрғын үй құрылысы бойынша міндеттер орындалып, 401 мектеп, 25 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Қазір құрылыс материалдарының 80 пайызы елімізде өндіріледі, ал жоспар бойынша 50 пайыз болған еді, деді ол. Сонымен қатар, ол Парламенттегі партия фракциясының жұмыстарына да тоқталып, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3 заң жобасы əзірленіп, олар палатаның қарауына енгізілгенін жеткізді. Сайлауалды уəделерді орындау мақсатында барлығы 30 заң қабылданған екен. Қазіргі таңда партияның облыстағы филиалдарында Ұлттық қордан бөлінген қаржылардың тиімді жұмсалуын

бақылау бойынша комиссиялар құрылғаны жəне олар əлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша жедел ақпарат алып, 278 нысанның орындалуына мониторинг жүргізуде екені айтылды. Сонымен қатар, есепті кезеңде 43 мыңнан артық адамның партияға өтініш-шағымдармен келгені, соның 20 пайыздан артығы бойынша оң шешімдер қабылданғаны жеткізілді. Шешен олардың қаншасы қандай мəселелерге байланысты екені де талданғанын айтып берді. Идеологиялық жұмыстарға байланысты атқарған шаруалар туралы партия хатшысы Фархад Қуанғанов баяндады. Партияның идеологиялық жұмыстары доктринаның басты қағидалары мен құндылықтарына негізделді, дей келіп ол 12 мақсатты жобалар республика тұрғындарының негізгі бөлігін шарпып, оларды алаңдататын барлық мəселелерді қарастырғанын айтты. Мəселен, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық» жобалары бойынша 5,5 мың ардагердің, 1600 жетім баланың проблемалары шешіліп, 656 мың отбасына материалдық көмек берілді, деді ол. «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» жобасының шеңберінде ұлттық кəсіпкерлердің палатасымен

бірлесе отырып, шағын жəне орта бизнесті дамытуға байланысты 10 заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 600-ден астам адам бизнестің негіздері бойынша оқуларды аяқтады. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмек қолы созылғанын атап өтті. «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша 6 мыңнан астам мүгедек жұмысқа орналастырылды, деді ол. Бұдан кейін жиналыста партия белсенділері, Мəжілістегі партия фракциясының мүшелері Қ.Сүлейменов, О.Киколенко жəне т.б. сөйледі. Жиналыс жұмысын А.Мырзахметов қысқаша сөзбен қорытындылады. Біз алдағы уақытта да бюджет қаражаты есебінен атқарылып жатқан бағдарламалардың орындалуына назар аударып, бақылауды күшейтуіміз, олардың тиімді жəне мақсатты жұмсалуын қатаң қадағалауда ұстауымыз керек, деді ол. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдаулар бөлмелерінің белсенділігіне назар аударды. «Жыл өткен сайын қоғамдық қабылдауларға мұң-мұқтажын айта келушілердің арта түсуі «Нұр Отанға» деген халық сенімінің бір көрсеткіші. Алайда, ендігі жерде біз істің нəтижелілігін тек келіп түскен өтініштер көлемімен

ғана емес, қарапайым тұрғындар мəселелерінің қаншалықты түбегейлі шешімін тапқанымен өлшеуге тиіспіз. Ол үшін арызшағымдардың түп-төркініне үңілген жөн. Яғни, белгілі бір өтініш қандай себеппен түсті, бұл қандай орган жұмысының кемшілігі дегенді анықтап, соған сай халықтың мəселесін нақты шешудің тетіктерін іске асыруымыз қажет», деді партия Төрағасының бірінші орынбасары. Осылайша «Нұр Отан» билеуші саяси күш ретінде азаматтарды толғандырған мəселелердің шешілуіне ықпал етіп, жұртшылықтың сенімін арттыру арқылы партияластар қатарын одан əрі ұлғайтуды жалғастыра бермек. Сонымен қатар, ол бастауыш

мəселелердің маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, Бас Прокурор ТМД аумағында қылмыспен, терроризммен жəне өзге де зорлық экстремизмнің көріністерімен, есірткі заттарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен, адам саудасымен күрес мəселелерінің өзектілігін ерекше атап өтті. Пікір алмасу барысында ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 20142018 жылдарға арналған жұмыс жоспарының орындалу мəселелері сөз болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

партия ұйымдары жұмысының сапалылығына, «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын жетілдіру мақсатына назар аударды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мəселесі де назардан тыс қалмады. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің іс-қимылын арттыру мəселесі көтерілді. Селекторлық жиналысқа партияның Парламент Мəжілісіндегі фракциясының мүшелері, партияның хатшылары, орталық аппараттың құрылым басшылары, өңірлердегі облыстық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары жəне бейнебайланыс арқылы өңірлердегі аппарат қызметкерлері қатысты.

«Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған марканы пошталық айналымға шығарды. Айтулы шараға орай, ұйымдастырылған марканы бастыру салтанатына Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов пен «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысты. – Ілуде бір орын алатын, өте сирек ұйымдастырылатын мұндай шаралардың өзіндік мəн-маңызына орай, бұл тарихи оқиғалардың бірі. Сондықтан да, атаулы күнде арнайы марка басып шығару ісі біздің Конституциямыздың құндылығын одан сайын арттыра түседі. Ата Заңымыздың абырой-беделін білдіретін мерекелік марка филателиимен айналысушылар арасында (марка жинаушылар) зор сұраныс тудырып, тарих қойнауынан өзіне тиесілі тұғырлы орнын алады деген сенімдемін, – деді Конституциялық Кеңес төрағасы. Осылайша, жүрекжарды лебізін білдірген Игорь Иванович атаулы күнге арнайы марка шығаруға мүдделілік танытқан «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинге шексіз алғысын айтып,

естелік сый ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының əшекейленген суретті басылымын тарту етті. Өз кезегінде сөз алған «Қазпошта» АҚ төрағасы марканың «Естелік жəне мерейтойлық даталар» сериясында шыға рылғандығын атап өтті. Төрт бояулы офсетті баспа перфорациясы жоталы болып келеді. Ал шығарылым түрі маркалы парақ. Өлшемі – 130х108 миллиметрлік пошталық марканың номиналы – «А» литерлі, құны – 112 теңге. Бұл заңды тұлғаларға арнал ған Қазақстан Республикасы аумағында жер үсті көлігімен 20 грамға дейінгі салмақта қарапайым хатты жіберу тарифіне сəйкес келеді. Таралымы – 5000 дана, деді Бағдат Батырбекұлы. Айта кетейік, мерекелік марканың суретін Қуат Ибрайшин салған болса, оны басып шығарған орны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Банкнот фабрикасы» республикалық кəсіпорны болып табылады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, журналист.

Алтын астыќќа аттаныс (Соңы. Басы 1-бетте).

Семинар-кеңесті ашқан Е.Сұлтанов жиынның маңыздылығын атап өтті. Облыс ауа райына тəуелді өлкеде орналасқандықтан, күз көбіне құбылмалы келетіндіктен, əрбір ашық күнді барынша тиімді пайдаланудың, орақ науқанын ұзаққа созбаудың маңызы зор. Оны жылдағы тəжірибе анық байқатып жүр. Үкіметтің жан-жақты қолдауы арқасында өсімдікті қорғау шараларына, жанармай сатып алуға, машина-трактор паркін жаңалауға қомақты қаражат бөлінді. Алдағы басты міндет 15 центнерлік межені сақтай отырып, 6 миллион тонна астық жинау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің экспорттық əлеуетін арттыру болып табылады. Жақын жəне алыс шетелдерге 2 миллион тонна астық, оның ішінде, 200 мың тоннадан астам майлы дақылдар экспортталатын болады. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың баяндауына қарағанда, 3,2 миллион гектар дəнді, 470 мың гектар майлы дақылдар себіліп, шығымдылық көңіл қуантады. Жыл басынан бері 577 техника сатып алынды. Астық ору науқанына 9 мыңға жуық комбайн қатысады деп күтілсе, үштен бірі – жоғары өнімді техникалар. Күзгі дала жұмыстарына 73 мың тонна жанармай қажет болса, 91 пайыз қамтылған. 53 астық қабылдау кəсіпорындарының жалпы сыйымдылығы 3,4 миллион тоннаны құрайды. Бұған агроқұрылымдар иелігіндегі 3,1 миллион тоннаға жетеғабыл астық қоймаларын, жуық арада 191 мың тонналық 9 астық сақтау кəсіпорны пайдалануға берілетінін қоссақ, қамбаларға құйылған астықтың сапасы жоғары болады деген сөз. Жауапты науқан қызған кезде тəуліктік қуаттылығы 191 мың тонна болатын 298 астықкептіргіш толық іске қосылады. Баяндамашы орақ науқанын 35-40 жұмыс күні ішінде толық аяқтау, бірінші кезекте 480 мың тонна дəнді жəне майлы дақылдар тұқымын құйып алу талабына ерекше екпін түсірді. Еңбекке ақы төлеу жəне басқа

да материалдық ынталандыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бөліп айтылды. Жасыратыны жоқ, экономиканың басқа салаларына қарағанда, ауыл шаруашылығы қызметкерле рінің еңбекақысы 20 пайыз төмен. 65,4 мың теңге төңірегінде ғана. Жылдағы тəжірибе бойынша норманы орындаған комбайншылардың күндік табысы 16-24 мың теңгеден айналуы тиіс. Сонда бір маусымда 435-653 мың теңге еңбекақыға қол жеткізе алады. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жексенбай Қасқырбаев дəнді жəне майлы дақылдарды жинау мен топырақты күзде өңдеу технологияларының өзіндік ерекшеліктеріне нақты мысалдар келтірсе, «Тайынша-Астық» ЖШС директоры Анатолий Рафальский, Ақжар ауданының əкімі Серікбай Тұралинов егін орағына дайындық жайын сөз етті. Гидрометрология орталығының директоры Қымбат Мерғалимова қыркүйек айының ауа райы болжамын алға тартып, онша қуанта қоймады. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров ауыл шаруашылығын қолдауға қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын айта келіп, «Азықтүлік келісімшарт корпорациясы» АҚ арқылы астық сатып алу бағасы өткен жылғы деңгейден төмендемейтіндігін мəлімдеді. Ерік Хамзаұлы семинар-кеңесті қорытындылай келіп, облыс аграршыларының алдына орақ науқанын ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету, астық шығынына жол бермеу, сапасын төмендетпеу, дəнді дақылдардың пісу қарқынын жеделдету үшін егінге десикация қолдану сияқты нақты тапсырмалар жүктеді. Қызылжар өңірінде бұған дейін тез пісетін сұлы, арпа секілді дақылдарға шалғы түсіп, гектар шығымдылығы 15-18 центнерден айналып жатса, енді үлкен астық үшін жаппай аттаныс басталып та кетті. Солтүстік Қазақстан облысы.


6

26 тамыз

www.egemen.kz

2015 жыл  Сараптама

Бес басты ќатер

Əлемде қалыптасқан бүгінгі экономикалық, саяси жəне əлеуметтік тəуекелдерді ескере келіп, Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымы «таяу арадағы екі жыл ішінде əлемдік экономика жəне бизнес ахуалын елеулі өзгеріске ұшыратуы мүмкін» бес басты қатердің тізімін жариялады.

Бұл қатерлердің əрқайсысы ең жоғарғы – 25 балл бағамен белгіленді. Сөйтіп, EIU болжамы бойынша əлемдік экономикаға басты қатер мыналар болып белгіленді: – 5. Əлемдік экономиканы тұрақсыздандыратын лаңкестік қатері. Бұл қатердің деңгейі: 12 Сирия жəне Ирак аумағында құрылған «Ислам мемлекеті» бүкіл əлем бойынша адамдарды лаңкестік оқиғаларға тартуда. «Егер лаңкестік шабуылдар одан əрі күшейетін болса, ол тұтынушыларға жəне бизнеске ерекше ықпал етіп, америкалық жəне еуропалық рыноктарды елеулі күйзеліске ұрындыруы мүмкін» деп атап көрсетілген EIU есебінде. – 4. Халықаралық қаржы саясатындағы əртектілік валюта рыногының тұрақсыздығына əкеліп соғады. Бұл қатердің деңгейі: 16. Федералдық қор жүйесі биылғы жылы негізгі ставканы көтермек. Осының салдарынан қаржылық жағдайы əлсіз елдер жоғары бюджет тапшылығын көретін болады. Сонымен бірге, олардың қатарына

бюджеті шикізат тауарларының экспортына тікелей байланысты елдер де қосылады. Оған Түркия, ОАР, Ресей жəне Венесуэла мемлекеттері кіреді. – 3. Ресей жəне Украина арасындағы ахуалдың шиеленісуі, «қырғиқабақ соғыс» əлегінің күшеюі. Бұл қатердің деңгейі: 16. Қазіргі Батыс елдері мен Ресей арасындағы жағдай «қырғиқабақ соғыс» кезеңін еске түсіреді. Жақында Еуропалық одақ шілде айында аяқталуға тиіс санкцияны одан əрі ұзартты. Оған қарсы Ресей экономикалық жауап шараларын қолданған жоқ. Ал мұндай шаралардың болатындығы сөзсіз. «Оның үстіне сауда санкциясы жасалмаған күннің өзінде, сауда қарым-қатынасының əлсіреуі Ресей экономикасына кері əсер етеді. Ал бұл өз кезегінде Орталық жəне Шығыс Еуропаның өнеркəсіп өндірісінің құлдырауына əкеп соғады» делінген EIU есебінде. – 2. Шикізат бағасының күрт құлдырауы жəне Қытай рыногының құлауы дамушы рыноктардың өсімінің төмендеуіне əкеліп соғады. Бұл қатердің деңгейі: 20. Қазір əлем экономикасы Қытай

Еуропалыќ одаќта бірауыздылыќ жоќ Германияның вице-канцлері Зигмар Габриэль Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің көпшілігінің «келісілген квота» бойынша босқындарды қабылдаудан бас тартуын «үлкен масқаралық» деп атап көрсетті. ARD телеарнасына берген сұхбатында Зигмар Габриэль Еуропалық одаққа кіретін үш мемлекет қана – Германия, Швеция, Австрия босқындардың басым бөлігін қабылдап отыр. Қалған мемлекеттер бұл мəселеде немқұрайлылық танытуда. Олар соғыстан қашқан адамдар үшін шекараларын жауып, Еуропалық одақтың ашық шекара жөніндегі ішкі саясатына қауіп төндіріп отыр. «Менің ойымша, блогқа кіретін мүше-мемлекеттердің көпшілігі «бұл бізге қатысты емес» деп іргесін аулақ салғандығы, үлкен масқаралық болып табылады. Еуропаны қайтадан жабық шекара жағдайына əкелу түптің-түбінде күрделі экономикалық, саяси жəне мəдени келеңсіздікке ұрындыруы мүмкін», – деп атап көрсетті ол. Зигмар Габриэльдің атап көрсеткеніндей, Германия биылғы жылы əдеттегіден төрт есе көп, яғни 800 мың босқынды қабылдағалы отыр. Алайда, Германия шексіз емес қой, дейді ол. Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Берлинде өтетін кезекті кездесуге Ангела Меркель мен Франсуа Оланд

босқындарға қатысты квота мəселелерін талқылайтын болады, деп атап көрсетті. Бұдан бұрын Еуропалық одақ мүшемемлекеттердің əрқайсысы қабылдауға тиіс босқындардың квотасын белгілеген еді. Алайда, бұл қадам жүзеге аспай қалды. Себебі, Одаққа қарасты мемлекеттердің көпшілігі бұл идеяға қосылудан бас тартты. Венгрия елге босқындарды кіргізбеу үшін Сербия мемлекетімен арадағы шекара бойынша қорған тұрғызуда. Шілде айында Дания мемлекеті Таяу Шығыс жəне Солтүстік Африка елдерінен келетін мигранттар тасқынын азайту үшін босқындар статусы бойынша берілетін көмек қаржыны қысқартатындығын мəлімдеді. Эстония екі жыл ішінде тек қана 150-200 босқын қабылдайтындығын атап көрсетті. Ал Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон босқындарды Ұлыбритания аумағына заңсыз кіруге ұмтылған «аралар үйірі» деп мысқылдады. Еурокомиссия Италия мен Грекияға 40 мыңнан астам босқындар жиналып қалғаннан

экономикасы өсімінің төмендеуіне, сондай-ақ, жақын арада болған Қытай рыногының күйреуіне жəне юаньнің құнсыздануына өте алаңдаушылық танытуда. «Дамушы əлемнің сұранысына тəуелді батыстық өнім өндірушілер мен ритейлерді ескергенде, дамушы рынок өсімі қарқынының ұзақ уақыт төмендеуі Еуропалық одақ жəне АҚШ елдері үшін елеулі түрде кері əсер етеді» деп атап көрсетілген есепте. – 1. Грекиядағы қалыптасқан ахуал еуроаймақтың ыдырауына əкеп соғуы мүмкін. Бұл қатердің деңгейі: 20. «Біздің ойымызша, мұндай қауіп 2016 жылы одан əрі күшейе түспек. СИРИЗА партиясы тап болған күрделі жағдайды ескере келгенде, несие берушілермен жасалатын жаңа келісімдердің де үлкен қиындыққа тап болатындығы сөзсіз» деп атап көрсетілген есепте. Егер Грекия шын мəнінде еуроаймақтан шығатын болса, онда Еуропалық одақ құрамындағы елдердің арасында үлкен қобалжушылық туындайды. Бірқатар мемлекеттер Грекияның жолын қууы мүмкін. Еуропалық одақта мұндай келеңсіз жағдай орын алатын болса, оның əлемдік экономикаға тигізетін кесірі зор болмақ. «Əлемдік қаржы жүйесі тығырыққа тіреліп, əлемдік экономика терең рецессияға ұрынады» дейді сарапшылар. Сонымен бірге, EIU əлемдік экономикаға жəне əлемдік рынокқа үлкен қатерлердің бірі ретінде Солтүстік жəне Оңтүстік Корея арасында орын алған жанжалды да атап көрсеткен. кейін мүше-мемлекеттерді квота бойынша тең дəрежеде адамдарды қабылдауға шақырды. Шілде айында одақ мемлекеттері 32 256 босқынды қабылдауға шешім қабылдады. Ал бұл ретте үстіміздегі жылы Германиядан баспана сұрап өтініш білдірген босқындар саны 800 мыңнан асып кеткен. Германия билігі үстіміздегі жылы елге бұрын-соңды болып көрмеген босқындар тасқыны қаптайтындығын күтуде. Биыл Германияға келетін босқындар саны 2014 жылы бүкіл Еуропалық одақ мемлекеттерінен баспана сұрап, өтініш білдірген босқындар санынан асып кетейін деп тұр. Өткен жылы Еуропалық одақ елдерінен баспана сұраған заңсыз мигранттар саны 626 мың адамды құраса, оның 202 мыңы Германияның үлесіне тиген еді. Қазірдің өзінде Сирия, Косово жəне Албания елдерінен келген босқындар тасқыны Германияда əлеуметтік күрделі жағдай қалыптастырып отыр. Жергілікті тұрғындар ел аумағында құрылып жатқан уақытша қабылдау орындары мен босқындар лагерьлеріне жиі-жиі шабуыл жасайтын болды. Жақында Хайденау қаласында полиция мен жергілікті тұрғындар арасында үлкен қақтығыс болды. Германия бүгінде кəрі құрлық тап болып отырған күрделі мəселеде Одаққа мүше мемлекеттер көрегендік танытады деп сенеді. 27 тамызда осы мəселе бойынша Венада өтетін саммитте бұл күрделі проблеманың алдын алу мақсатында тиімді шешімдер қабылдануға тиіс.

ЌАЙШЫЛЫЌ

Азиялыќ рыноктаєы «ќара дїйсенбі» Тамыз айының осы аптадағы дүйсенбісі азиялық рынок үшін нағыз «қара дүйсенбіге» айналды. Азиялық рынокта Қытай акциялары құлдырап кетті. Сол-ақ екен өңірдегі басқа рыноктардағы ахуал да шиеленісті.

Токио биржасы дүйсенбі күні 2,44 пайызға төмендесе, Гонконг биржасы 3 пайызға дейін құлдырады. Дүйсенбі күні биржа жұмыс істей бастаған алғашқы бірнеше минуттың ішінде Жапонияның Nikkei индексі соңғы 5 ай ішіндегі ең төменгі деңгейге құлдыраса, Shanghai Composite шанхайлық индексі 8 пайыздан астам деңгейге дейін төмендеді. Инвесторлар ерекше алаңдаушылық танытуда. «Бұл не деген сұмдық? Котировкалардың үнемі тоқтаусыз құлағанын бұрын-соңды кім көрген? Бір күн құлады, екі, үш, төрт күн құлады, бес күн қатарынан... Міне, бесінші күн қатарынан құлдырауда, көтерілетін түрі жоқ. Əдетте, құлдыраудан кейін қайтадан көтерілу болушы еді. Бұл жолы оның ешбір нышаны байқалмайды. Мұндай жағдайда инвесторлар қайтіп жұмыс істемек? Ендігі əрекеттің бəрі тек шығынға батыруда! Біз қазірдің өзінде осы уақытқа дейін тапқан табысымыздан айырылдық» дейді олар. Инвесторлардың алаңдайтын-ақ жөні бар. Соңғы күндері Қытай экономикасында қалыптасқан ахуал жəне соңғы 6 жыл ішінде болып көрмеген ең төменгі деңгейге дейін құлаған мұнай бағасы əлем экономикасын шын мəнінде терең тығырыққа тіреді. Сарапшылардың болжамы бойынша, Қытай алдағы уақытта да юаньды құнсыздандыру бағытын ұстанады. Ал бұл əлемдік экономика үшін тағы да үлкен соққы болмақ.

Македония босќындар тасќынына тґтеп бере ала ма?

Македония үкіметі ел аумағында топталып қалған заңсыз мигранттарды Еуропалық одақ шекарасына жеткізу үшін арнаулы көліктер ұйымдастыруда. Үкімет бөлген автобус жəне пойыздармен мыңдаған босқындар Сербия шекарасына сапар шегуде. Македония мемлекеті Еуропалық одақ мемлекеттеріне ағылған босқындардың орталығына айналуда. Алақандай мемлекет ондаған мың босқын тасқынынан күрделі экономикалық жəне əлеуметтік қиындықтарға ұшырауда. Ондаған мың адамды тасуға қажетті көлік те жоқ. Алайда, Македония қалыптасқан жағдайды одан əрі ушықтырмау үшін қолдан келгеннің бəрін жасауда.

«Ахуалды толық бақылауда ұстап келеміз. Біз солтүстікке қарай сапар шегетін адамдарды тіркеу үшін орталық құрдық. Əзірге бəрі рет-ретімен жүргізілуде», – дейді Македония қорғаныс министрі Зоран Йолевский. Грекия, Македония жəне Сербия арқылы Батыс Еуропаға жетуге ұмтылған заңсыз мигранттар қатары күннен-күнге көбейіп барады. «Балқан дəлізі» аталатын осы жолмен

Еуропадағы «жұмаққа» ұмтылған адамдар қатары сирейтін емес. Еуропа шекарасына шоғырланған босқындар саны соғыс өрті лаулаған Сирия, Ирак жəне Ауғанстаннан қашқан босқындармен толығуда. Тек соңғы айдың өзінде ғана бұл «дəліз» арқылы 40 мың адам шекарадан асуға ниеттеніп отыр. Өткен аптада Македония мемлекеті Грекия мемлекетімен арадағы шекарада төтенше жағдай жариялауға мəжбүр болды. Топан судай қаптаған босқындарды күшпен ғана тоқтатып отыр. Түбегейлі шешім қабылдамаса, бұл мəселенің одан əрі ушығып, кəрі құрлықты күрделі қақтығысқа соқтыруы əбден мүмкін.

Тувалу мемлекеті халќын кґшірмек Тынық мұхитындағы Тувалу мемлекетінің үкіметі Австралия жəне Жаңа Зеландия елдері аумағынан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін, алдағы уақытта өз адамдарын көшіретін жер сатып алуды ойластыруда. Бұл туралы Жаңа Зеландия радиосына берген сұхбатында Тувалу премьер-министрі Энеле Сопоага мəлімдеді. Оның айтуынша, Тувалу халқын туған жерінен үдере қоныс аударуға мəжбүрлейтін соңғы кезде белең алған жаһандық жылыну үдерісі болып отыр. Жаһандық жылыну үдерісі бойынша тек соңғы 60 жылдың ішінде бұл мемлекет орналасқан Экватор сызығының маңында əлемдік мұхит деңгейі 30 сантиметр көтеріліпті. Ал Тувалу мемлекеті орналасқан аралдардың ең жоғарғы нүктесі теңіз суы деңгейінен 4,6 метр биіктікте қоныс тепкен. Осыған орай жақын арадағы ондаған жылдың ішінде Тувалу мемлекеті жəне басқа шағын аралдарда орналасқан – Кирибати мемлекеттері түгелдей дерлік су астында қалатын түрі бар. Тувалу премьер-министрі Париж қаласында жаһандық ауа райы өзгерістеріне байланысты желтоқсан айында өтетін саммитке қатысушыларға шынайы жанайқайын ашық

жеткізді. Ол əлемдік жетекші мемлекеттердің басшыларын «жаһандық жылыну үдерісін тежеуге ықпал ететін кешенді шаралар қабылдау үшін шешім қабылдауға» шақырды. Ол өз сөзінде Париж саммиті қандай шешім қабылдаса да, Тувалу халқын көшіру бастамасы тоқтамайтындығын мəлімдеді. Өйткені, туған жерлері жылдан-жылға су астында қалу қаупі күшейіп келе жатқан тувалулықтар үшін басқа амал қалмаған. Бұл мемлекет туралы айта кететін болсақ, Тувалу экватор сызығынан оңтүстікке қарай Тынық мұхитта орналасқан маржан аралдары мен шағын аралдарда қоныстанған мемлекет. Тувалу мемлекеті қоныстанған аралдардың жалпы көлемі 26 шаршы шақырымды құрайды. Халқының саны 11 мың адамнан асады. Тувалу əлемдегі ең шағын мемлекеттер ішінде (Ватикан, Монако жəне Наурудан кейінгі) төртінші орынды иеленеді. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Тувалу «Пум» тропикалық дауылынан үлкен зардап шекті. Дауыл аралдарды алып толқындар соққысына алып, тұрғындардың 40 пайызы баспанасыз қалды.


26 тамыз

www.egemen.kz

2015 жыл

7

 Сараптама

ЌЎРСАУЫНДАЄЫ ЌЎРЛЫЌТАР Жаѕа їкімет жасаќтау мїмкіндігі берілді

Грекия президенті Прокопис Павлопулос жаңа үкімет құру мандатын – «СИРИЗ» партиясынан бөлініп шыққан «Халық бірлігі» қозғалысының көсемі Панайотис Лафазаниске берді.

Иран мўнай ґндіруді арттырады Мұнай рыногындағы өз елінің үлесін қорғап қалу үшін Иран қандай жағдай болса да мұнай өндіру көлемін арттыратын болады, деп мəлімдеді мемлекеттің мұнай министрі Биджан Намдар Зангане.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Иран мемлекеті ОПЕК елдері тарапынан мұнай бағасының төмендеуіне байланысты шаралар қабылдау жөніндегі шұғыл отырыс шақыру шешімін қолдайды. «Иран ОПЕК тарапынан шұғыл отырыс шақыру шешімін қолдайды», деді Зангане. Оның ойынша, бұл басқосу мұнай нарығындағы бағаның тұрақтануын қамтамасыз ету үшін тиімді шешімдер іздестіруі тиіс. Бұдан бұрын мəлім болғандай, мұнай нарығындағы бағаның құлдырауын

тоқтатудың амалын іздестіру үшін ОПЕК мəжілісін шақыру туралы Алжир мемлекеті бастама көтерген болатын. Бұл шақыруды Ливия жəне Венесуэла мемлекеттері қолдады. Енді осы шақыруға Иран да өз келісімін беріп отыр. Мұнай бағасының бұрынсоңды болмаған деңгейге дейін құлдырауына қарамастан ОПЕК мұнай өндіру көлемін төмендетпей келеді. Қазір əлемдік рынокта мұнай өнімінің сұраныстан едəуір асып кеткендігі белгілі. Шілде айында ОПЕК тарапынан өндірілетін мұнай көлемі

тəулігіне 32,1 миллиард баррельді құрады. Ал əлемдік рыноктағы мұнай бағасы күннен-күнге төмендеп барады. Дүйсенбіде WTI маркалы мұнайдың əрбір баррелінің бағасы 40 доллардан төмендеп кетсе, Brent мұнайының əрбір баррелі 45 доллардан төмендеген.

14 кїдікті ўсталды

пен Сирияда болып жатқан соғыс қимылдарына қатысуға тартып жүрген «ИГИЛ» жансыздары болып шықты. Барлау мекемелерінің мəліметі бойынша, «Ислам мемлекеті» əскерінің

Ўшаќ апатынан 11 адам опат болды Англиядағы Шорхэме авиашоуы кезіндегі ұшақ апаты салдарынан 11 адам опат болды. Тамыз айының 22 жұлдызында Батыс Сассекс графствосындағы шоссе бойынша жүріп келе жатқан бір топ автомобильдің үстіне апатқа ұшыраған ұшақ құлап, 11 адам қаза тауып, 15 адам ауыр жарақат алды. Авиациялық шоу кезінде апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы тірі қалған. 1950 жылы шығарылған истребитель-бомбалаушының ұшқышы

Сарапшылардың айтуынша, Лафазанистің жаңа министрлер кабинетін құру жөніндегі талпынысы ең соңғы мүмкіндік болып отыр. Егер үш күн ішінде ол

жаңа үкімет жасақтай алмайтын болса, техникалық үкімет жасақтауға мəжбүр болады. Ал бұл саяси дағдарыс мерзімінен бұрын сайлау жүргізуге алып келеді.

Босќындар арасында ата-анасыз ќалєан балалар кґп Италия мемлекетінің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі елге келіп жатқан заңсыз мигранттардың арасында кəмелетке толмаған жастардың көп екендігіне алаңдаушылық білдірді.

Испания жəне Мароккода «Ислам мемлекеті» жағынан Иракта жəне Сирияда болып жатқан соғыс қимылдарына қатысу үшін еріктілер тартқан 14 күдікті ұсталды. Екі мемлекеттің арнаулы қызметтері Мадрид қаласының шетіндегі СанМартин-де-ла-Вега шағын ауданында жəне Марокконың Фес, Касабланка, Надор, Эль-Хосейм жəне Дриуш қалаларында біріккен іздестіру шараларын жүргізді. Осы шұғыл жүргізілген шаралардың барысында тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізіп жүрген 14 күдікті ұсталды. Олар жергілікті тұрғындарды, негізінен жастарды Ирак

Грекияда бұрын-соңды болмаған нағыз саяси дағдарыс орын алуда. Осыдан бұрын жаңа үкімет құру мандатын алған оппозиция серкесі Вангелис Меймаракис көпшілікті əуре-сарсаңға салып, жаңа үкімет құру мүмкіндігін іс жүзіне асыра алмады. Саяси сарапшылардың айтуынша, Лафазанистің Алексис Ципрастан айырмашылығы, ол несие берушілермен қандай да болсын келісім жасауға үзілдікесілді қарсы. «Біз бұл мандатты еліміз үшін бүгінде ең қажетті бір мəселе – үнемдеу саясатына тұрақты түрде қарсылық білдіретін жаңа парламент құру үшін пайдаланамыз», дейді ол. Тамыз айының басында «Үшінші көмек бағдарламасы» туралы шартқа дауыс беруден премьер-министр Алексис Ципрастың көптеген жақтастары бас тартқан болатын. Осының салдарынан бұл коалиция парламенттегі көпшілік дауыстан айырылды. Оның құрамынан «Халық бірлігі» қозғалысы бөлініп шықты. Ал Ципрас отставкаға кетуге мəжбүр болды.

авиациялық шоу кезінде «ажал тұзағын» жасауға үлгере алмай автомобильдер ағылып жатқан трассаға құлаған. Бұл апатқа авиациялық ойындарды тамашалауға келген 20 мыңнан астам көрермен түгелдей куə болған. Куəлердің айтуынша, апат салдарынан екі үлкен жарылыс орын алған. Соның салдарынан бірқатар автомобильдер жарылып, көптеген адамдар зардап шекті. Қазіргі кезде ұшақ апаты орын алған трасса жабық.

құрамына бүгінде əлемнің 80 мемлекетінің адамдары тартылған. Олардың қатарында Франция, Ұлыбритания, Германия, Сауд Арабиясы, АҚШ, Канада жəне Ресей азаматтары бар.

Осы аптаның басында Сицилиядағы Палермо теңіз айлағына Жерорта теңізіндегі апаттан құтқарылған 550 босқын жеткізілді. Олардың 130-ы атаанасы жоқ 14-17 жас аралығындағы балалар болып шықты. Апаттан құтқарылған жеткіншектер қауіпті «теңіз сапарына» ешкімнің бақылауынсыз шыққаны мəлім болды. Бұл балалар шұғыл түрде сауықтыру орталықтарына жөнелтілді. Сол күні Сардиния аралына 963 заңсыз мигрантты тиеген Норвегия кемесі келді. Олардың басым көпшілігі Сириядағы соғыстан бас сауғалаған босқындар болып шықты. Босқындар арасында ата-анасынан айырылған балалар шоғыры да көп. Сицилия бұғазында күн сайын апатқа ұшыраған мыңдаған мигранттарға көмек көрсетілуде. Теңіз апатына ұшыраған босқындарды құтқару шараларына Италияның əскери кемелері көптеп тартылуда.

Су тасќыны орын алды Францияның оңтүстік шығысында орын алған су тасқынынан 3 адам құрбан болды. Төтенше жағдайға себеп болған нөсер жаңбырдың əлі басылатын түрі жоқ. Монпелье елді мекенінде ерлі-зайыптылар машинамен су тасқынының астында қалған. Қала ортасын кесіп өтетін Лез өзені бар болғаны 40 минуттың ішінде ернеуінен шығып тасыған. Тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан бірқатар өңірлерде топырақ көшкіні орын алған. Осының салдарынан Оңтүстік Францияның маңызды бағыттарында теміржол байланысы тоқтаған. Топырақ көшкінінің қаупі орын алған аймақта жолаушылар пойызынан 250 адам құтқарылды. Ауа райының қаупі əлі басылмай тұр. Əсіресе, Эро жəне Гар департаменттерінде жағдай ушығып кеткен. Ал Кантар департаменті қатты дауылдың құрсауында қалған. Онда дауылдан құлаған ағаш астында қалып 71 жастағы турист қаза тапқан. Айқарма беттің материалдарын дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».


8

www.egemen.kz

Менің бала кезімнен құрметтейтін ғажап дəрігер, Тарбағатай, Алтай тауларынан шөп жинап, дəрі жасайтын Сақайып қожаның аса білімді ағамыз Мұсаұлы Төлеужанға айтқан əңгімесін ұсынып отырмын. Абай атамыз туралы мұндай əңгімені, менің ойымша, көп ешкім біле қоймас. Тіпті, естімеген де болар. Соны қазақ жұртшылығына хакімнің 170 жылдығына орай жариялаған дұрыс болар деп есептедім. Сақайып қожа Семей губерниясы Абыралы өңірінде 1906-1907 жылы салынған медресені 1912 жылы бітіріп, Кеңес заманында үш жоғары дəрежелі білім алған. Мұсаұлы Төлеужан өз естелігінде былай дейді: Сақаң ел арасында инабатты, қадірлі адам еді, алдау, өтірік, өсек дегендерден өзін аулақ ұстаумен қабат, олармен аянбай күрескен. Бұл ізгі, саналы адам 1960 жылы 76 жасында дүние салды. «Абай жолы» эпопеясының авторы, ұлы Мұхтар Əуезов Абай толығынан, жан-жақты, терең зерттеліп бітпеген тақырып деп айтпап па еді. Ұлы адамның өскен ортасы, басынан өткізген қилықилы оқиғалар, алдына қойған мақсаттар, ұстасқан қастары мен пікірлес достары – осының бəрі бірдей сол заманда қағаз бетіне қатталып түсірілмеген ғой. Алайда, Абаймен байланысты көптеген оқиғалар сол уақыттағы замандастарының есінде қалған, ел арасына таралған. Сол орайдағы бір əңгімесін айтпақпыз. Мұндағы мақсат, өзіміз əдебиетші болмасақ та, келешекте Абайды зерттеушілердің титтей де болса керегіне жарар деген ой. Қожалардың ішінен үздік шыққан кейбіреулері Абайдың сол мезгілде өз ортасынан дара шыққан ерекше адам екендігін танып, осы ұлы адаммен кездесіп, жақын болудың əрекетін іздестірген. Сақайып ақсақал сондай қожаның бірі, өзінің ағасы Омарханның Құнанбай ауылына Абаймен кездесуді тілеп барған сапарын əңгімелейді. Əңгіме Қанқожаның кіші ұлы Омархан атынан айтылады. – Семейде имамның бас шəкірті болып жүрген кезім. Осындағы имамдар маған Абай паң, тəкаппар екен, сонымен сөйлесіп, дінді сыйлатқызуды, шариғатқа бағынуды талап етіп көруді сізге тапсырамыз, – деді. Осы мақсатпен бір жылы қасыма бір кісі ертіп, ақбоз атқа мініп, үстіме ақ шапан киіп, арнайы Абаймен жолығуға ауылына келдім. Абай үйінде екен. Келгендерді қарсы алып қабылдайтын жігіттің: «Қандай шаруамен келіп едіңіз?» – деген сұрағына Абаймен дидарласып, дін жайында пікір алысуға келгендігімді, қайдан, кім екенімді айттым. Жігіт жылдам басып кетті де, біраздан соң қайтып келіп: «Сіздерді Абай ағаның қабылдайтын уақыты жоқ жəне ол кісінің айтқаны: «Қожа, молдалардан дін үйреніп мұсылман болмай-ақ қояйын», депті. Омархан қожа беделін сақтағысы келген болар: «Сірə, Абай менімен сөйлесуге қаймыққан болар», деп бөсіңкіреп кеткен екен. Сонда тыңдап отырғандардың арасындағы інісі Рахманберлі ағасының сөзіне мұртынан күліп: «Абайдың сізді қабылдамағаны жақсы болған, əйтпесе астыңыздағы атыңызды, киген киіміңізді, басыңыздағы сəлдеңізді сынап, бір шумақ өлеңге сыйғызып ұрып жықса, халық алдында күлкі болар едіңіз», депті. «Мен Абайдан жеңілетін болсам, 12 мешіттің ғұламалары мен хазіреттері мені айтысуға жіберер ме еді, сен де Абайдың қауымдарымен ниеттес болғаның ғой», деп Омархан інісі Рахманберліге ашуланып, бұлқан-талқан болады. Рахманберлі одан сайын күліп, ағасына: – «Сіз одан да бізге Петербургтен православие дінінің министрлермен правосы бірдей бас архиерей өкілі патша өкіметінің тапсыруымен Семейге арнайы келгенін айтсаңызшы. Осы келген архиерейдің сұрақтарына 12 мешіт имамдарының ішінен жауап берген бірде-бір адам болмапты ғой. Сонда имамдардың жауап бере алмаған сұрақтарын Абай шешіп беріп, архиерейді таң-тамаша қалдырып, мешіттердің басындағы жарты айдың үстіне «крест» орнатылудан аман қалыпты. Осы қауымға сіз солардың арасында болған адам ретінде архиерейдің не білгісі келгенін, ол Абайдан қалай жеңілгенін айтып берсеңіз қайтер еді», – депті ағасына. «Иə, бұл жайға мен қанықпын. Архиерейдің сұрауы бойынша олардың арасындағы болған əңгімені Абай жазып та беріпті», дей келе, Омархан қожа төмендегі жайды айтыпты. Абай Семейдегі Камалитдин хазіретпен жиі-жиі кездеседі екен. Бұл адам басқа имамдармен бас қосқанда əрдайым Абайды мақтап, дəріптеп жүрсе керек. Ал басқа имамдар Абаймен тікелей жолығып, пікір алыспағандықтан да болар, Камалитдиннің Абай жөніндегі пікірлеріне күмəнданған да көрінеді.

ӨНЕГЕ

РІ Е Т К Е Н ӨР

астында жатқандай, мына биіктен айналаға қарап тұрмыз, қанша жерді көресіз? Архиерей: – Мен көзім жеткен жердің бəрін көріп тұрмын, – депті. – Көрген жерлеріңіздің барлығын көзіңіздің ағы көре ме, əлде ортасындағы титтей қарашығы көре ме? – Əрине, қарашығы көреді. Сонда Абай: – Ендеше көздің қарашығы тарының

сол шариғатпен тепе-тең заң-закондардың тəптіштеп жазып берген тұжырымынан да артық, кейде қапталдас түсетін қанатты сөздермен айтылатын мақал-мəтелдері бар. Қазақ халқымен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан бұлар көлем жағынан өте қысқа келеді, мазмұн жағынан ұғымды, терең, барлық адамға бірдей қонымды, көңілкүйінің бабына лайық, үлкен-кіші, жарлы-жақыбай деп бөлмейді, əділетті

26 тамыз 2015 жыл ғасырлар бойы ұмытпай, көпшілігін жадында сақтап, біздің заманымызға дейін жеткізген көшпелі қараңғы қазақ халқы не деген зерделі халық екендігіне қайран қаламын, – деп архиерейдің зердесіне жетті ме екен дегендей оған шұқшия қарайды Абай. Архиерей Абайға: «Сіз қазақтардың дау-шар, таластары қандай заңдарға сүйеніп шешім тапқандығын маған жазып берсеңіз қайтер еді, мен оларды правоға

Ўлттыќ кітапханада «Конституция залы» ашылды Ұлттық академиялық кітапханада Ата Заңымызға 20 жыл толуына байланысты «Конституция» залының салтанатты ашылу рəсімі өтті. Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Айтылмаған әңгіме Болатбек НƏСЕНОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Бір орайда Абай Семейге келіп жатқанда, Камалитдин 12 мешіттің имамдарымен бірге қонаққа Абайды да шақырыпты. Осы мəжілісте Абай əңгімеге тамызық тастап, имамдарға бірнеше сұрақ қойыпты. – Қалада кəсіп істемек деген не нəрсе? Отырғандардың біреуі: – Парыз, – депті. – Ал парызды орындамаса не болады? Сіздер бастарыңызға 12 кез сəлде орап алып еңбексіз, қарекетсіз көрінген үйге барып «Аллаһуакбар» деп, бетті бір сипап нан тауып жүрсіздер. Адал еңбек, адал кəсіп сіздерде жоқ, енді сіздерді кім болды деп есептейміз? – дегенде отырғандар Абайға ешқандай жауап қата алмапты. Енді Абай мен орыс архиерейінің кездескен əңгімесіне тоқталайық. «Ислам діні үстем болуға жарамайтын əлсіз дін, өйткені сахара қазақтары оны кейінгі кезде ғана қабылдады, ислам дініндегілерді христиан дініне мойындату керек», деген мақсатпен келген екен архиерей. Ол Семейдегі молдалармен пікір алысып, ең алдымен оларды идеялық жағынан жеңу мақсатын көздеген. Оларға бірнеше сұрақтар қойғанда молдалар шариғат кітаптарынан, Құраннан қарап жауап бере алмаса керек. Қысылған молдалар елге қос ат шаптырып, Абайды осы архиереймен кездесіп, қойған сұрақтарына жауап беруге шақырады. Абай келіп, архиереймен кездеседі. Поптың қойған бір сұрағы мынадай. «Алла қаһарланса 18 мың ғаламды бір тарының қауызына сыйғызады» деген ислам дінінің қағидасы бар. Осыған қалай сенуге болады, осыны қалай дəлелдер едіңіз? – депті. Абай: «Бұл сұрағыңызға шіркеу мұнарасының басында тұрып жауап беремін», – депті. Қазіргі Семей қаласындағы Ленин атымен аталатын парктің орнында ертеде «Александрийский собор» дейтін шіркеу болатын. Осында Абай мен архиерей екеуі кездеседі. Екеуі шіркеу мұнарасына көтеріліп, жан-жаққа көз салып қарап тұрады. Абай попқа: – Сіз байқайсыз ба, Семей аяғымыздың

қауызынан үлкен емес, көзіңіздің жеткен жері бəрі оған сыйып тұр, сондықтан бір тарының қауызына сыйғызуға болады деген ұғым, соны мысал еткен, – дейді. Архиерей жеңілгенін сезеді, бірақ үндемей біраз аялдап тұрады да: – Абай мырза, осы ислам діні немере туыстарға өзара үйленуге, тұрмыс құруға, басқа діндегілердей емес, рұқсат етпейтіні неліктен? Қазақтар да осыны берік ұстайды екен, – депті. – Иə, дұрыс айтасыз. Қазақтар 6-7 атасына дейін, өз арасында құда болып қыз алыспайды. Өйткені, туысы жақындардың қаны бір, олар бір-біріне үйленсе, олардың ұрпағы азғындап кетеді. Кемеңгер, ақылды адамдар аз туады, əртүрлі дерттерге ұшырағыш келеді. Қаны жағынан неғұрлым бір-бірінен алыс болса, ұрпақтар азбайды. Сонымен бірге, басқа ұлттармен де тұрмыс құруға ислам діні тыйым салмаған. – Архиерей мырза, – дейді осыдан кейін Абай, – қазақ халқы адам баласының ұрпақтары қан жағынан жақын болмауы жаратылыстағы заңдылық деп тануымен қабат, кейбір үй хайуандарының да өз тумаларымен шағылысқа түспейтінін байқаған екен. Менің халқымда мынадай мақал бар «Жақсы айғыр жақынына шаппайды» деген. Келешек ұрпағы жақсы болады деп үйірге салу үшін мұндай айғырдың құны 100 жылқы болса да сатып алған. Сондықтан да болар, қазақ халқы жылқыны төрт түлік малдың ішінде ерекше ардақтайды. Архиерей Абайдың жауабына қайран қалып, қарсы пікір айтудан бас тартып, əйтсе де əрі қарай сұрақтарын қоя береді. – Осы сіздер құдай-құдай дей бересіздер, оның не əсері бар? – Жаныңыз қысылса жəрдемшіңіз кім болады, сонда білерсіз. Архиерей бұл орынды айтылған сөздерге басын шұлғып, рас дегендей ізет білдіріпті. – Қазақтар өз іштеріндегі жер дауы, жесір дауы, өлім дауы, тағы-тағы толып жатқан дауларды патша законына да, шариғатқа да сүйенбей-ақ бітіседі екен. Олар сонда неге сүйенеді? – дейді тағы архиерей. – Қазақтың қандай да қиын шиеленіскен уақиғаларды, əділ шешімді керек ететін мəселелерді қараған уақытта,

келеді. Міне, сондықтан халқымыз мақалмəтелдерді даудың дауасы етіп қолданған, – деп жауап беріпті. – Мəртебелі архиерей мырза, сіз христиан дінінің өкілі ретінде сонау Петербургтен келдіңіз. Аз уақыт болса да біздің халқымыздың көптеген жағдайын байқағандығыңызды аңғарып тұрмын. Сіз дұрыс айтасыз, қазақ оқымаған, көшпелі халық болып келген. Өз араларындағы қарым-қатынас, ұрыс-жанжал, дау-дамай, қорлық пен зорлық, жəбірлеушілер мен жəбір көрушілер арасында толассыз жүріп жатқан қайшылықтарды шариғат, болмаса сол өзіңіздің келген Петербургтегі патша үкіметінің бекіткен заң жобаларын қолданып шешпек түгіл, оларды қараңғы қазақ оқып та көрген жоқ. Алайда, өз даналығымен өмір сүріп келеді. Аз уақыттың ішінде мен сізге оқымаған қараңғы қазақ елінің мол даналығын айтып жеткізе алмаймын. Бұл халықтың айтыста, тойда, ас бергенде, жауға аттандыратын батырсарбаздарына беретін баталары, ру арасында, болмаса, үш жүзге бөлініп елдің намысын қорғаған билер сайыстары, соғыста жауды жеңіп қайтқан жауынгерлеріне, халықтың көне заманнан бері басынан өткізген тарихын айтқыш шежірелерінің, барлығын жекежеке талдасақ, əрқайсысынан бірнеше дастан, кітаптар жазуға болады. Халық даналығы, – дейді Абай архиерейге, – қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақалмəтелдері. Халық сол астарлы, ақылды, ұшқыр асыл сөздерімен билік айтып, соны заң дəргейіне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік тапжылтпайтын үкім деп есептелген. Еуропа елінің əдебиеті мен мəдениеті, олардың даму жолы ғасырлар бойы жазылып, тарихта қалып отырды. Сондықтан да біз олардың атақты ғалымдарын, əдебиетшілерін, ақындарын, əйгілі философтары мен қайраткер тұлғаларын білеміз. Ал қазақ халқының осындай белгілі, кейде олардан шоқтығы биік көрінетін зерделі данышпан адамдарының сөздері, айтқан ойлары, амал не, хатқа түспей, көпшілігі ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып келді. Соларды

енгізуге əрекет жасар едім», – дейді осы арада. – Құп болады, мəртебелі архиерей мырза, – дейді Абай, – мен сізге ел арасында жиі-жиі болып жататын даулардың қайдан шығып, олардың ана өзіңізге айтқан қанатты сөздер мен мақал-мəтелдерді пайдаланып қалай шешілгендігін жазып берейін, – деп тарасқан екен. Рахманберлі сол арада мынау Абайдың архиерейге арнайы жіберуге дайындаған ережесінің көшірмесі деп өзінің көп кітаптарының арасынан дəптерді алып жиналғандарға оқып беріпті. Сақайып қожаның ағасы Рахманберлінің архиерейге жіберуге дайындаған Абайдың қолжазбасынан көшірмені қай жерде, қашан, қалай кездесіп жазып алғандығын айтпапты. Оның ағасы Омархан қожа көкіректеу, бетті адам болған. Осы адам Абайдың өзімен бірнеше рет кездескендігі ақиқат. Əлде, осы кісі арқылы көшіріп алды ма, біз бұл күнде тап басып айта алмаймыз. Сақайып қожаның тірі кезінде ол кісіден қадағалап сұраған да адам болмапты. Біздің анық білетініміз, Сақаңның ағасы Рахманберлінің қолжазбасын əлденеше рет оқып, есіне сақтағандығы, ел арасында талай рет айтқандығы. Рахманберлінің ағасы Омарқан қожа да осы жоғарыда айтылған оқиғаның егжей-тегжейіне қанық екен. Абайға деген ізгі сүйіспеншіліктерін, риза болғандығын жүрген жерлерінде айтып жүруден талмайтын еді, деп Сақайып қожа аузынан тастамаушы еді. Оны біз талай естігенбіз. Өкініштісі сол, кейін қызылдардың қырғын өкіметі орнағанда Сақайып қожа ағасы Рахманберлінің көп жылдар бойы жинаған парсы, түрік, араб, орыс тілдеріндегі барлық кітаптарын, қолжазбаларын, оның ішінде жоғарыда айтылған Абайдың архиерейге деп жинаған қолжазбасының көшірмесін бір нəрсеге ұшырап кетермін деген қауіппен 1938 жылы өртеп жіберіпті. Осы асыл қазынадан айырылып қалғандығын айтқанда Сақаң көзінің жасын тия алмайтынын көргендердің əңгімесі біздің де көкірегімізде сайрап тұр. АЛМАТЫ. ––––––––––––––––

Суретті салған Евгений СИДОРКИН.

Конституция туралы оқырмандардың таным-түсінігін арттыру, сондай-ақ Ата Заңды құрметтеуге тəрбиелеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын əрі құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында ашылған «Конституция» залына қарапайым қағидалардан бастап, егеменді еліміздің құқықтық жүйесіне дейінгі құжаттарды, шетелдердің конституциялары қойылыпты. Олардың арасында Конституцияның құрылу тарихына қатысты фото, баспа, аудио жəне бейнематериалдар, Негізгі Заңның əр жылдардағы басылымдары, Президент Н.Назарбаевтың ұлықтау рəсіміндегі жазбалары, Конституциялық Кеңестің жұмысы туралы материалдар оқырман назарына қойылған. Аталған салтанатты ш араға Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов, Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, елор далық зиялы қауым, белгілі заңгерлер, ғалымдар, қаладағы мəдени мекемелердің жетекшілері қатысты. «Конституциялық Кеңес пен елдің барлық заңгерлерінің атынан баршаңызды алдағы Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын. Негізгі Заңның мерейтойы қарсаңында Ұлттық академиялық кітапханада «Конституция» залының ашылуы таңбалы оқиға болып отыр. Бұл күні Конституция мəтінін қайта қарап шығып, елімізде осы құжатқа негізделе отырып жүзеге асырылған ауқымды жұмыстарға көңіл аударуымыз керек деп ойлаймын. Бүкіл Қазақстан халқы Конституцияның авторы болып табылады, өйткені Негізгі Заң республикалық референдумда барша халықтың дауыс беруі арқылы қабылданған болатын. Осы сəтті пайдалана отырып, баршаңызды тағы да Ата Заңымыздың 20 жылдығымен құттықтаймын», – деген Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов жаңадан ашылған «Конституция» залы ның тұсауын кесті. Конституция залының экспозициясы 4 бөлімнен тұрады: қазақтың əдет-ғұрып ережелері, Қазақстан Консти ту ция сының тарихы, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясы жəне шетелдердің конституциялары. Экс по зи ция ның басты бұйымдары қазақтың əдет-ғұрып ережелері мен Қазақстан Конституциясының, сондай-ақ шетелдердің Кон с титуцияларының тарихына байланысты 300-ден аса кітап, кітапша, кино-фотофоно құ жат тардан құралған. Конс ти ту ция залы ғалымдар, студенттер, оқушылар, кітапхана оқыр мандары, кітапқұмарлар, сондай-ақ мемлекет тарихы бойынша əуесқойлардың жұмыс жасауына арналып отыр. Сонымен қатар, залдың ашылуы аясында Конституциялық Кеңес төрағасы кітапханаға бірқа тар тарихи бағалы кітаптар табыс етті. Соның бірі, «Уголовное обычное право казахов» атты кі тап тың қайта басылған нұс қа сы. Оның авторы Тай ыр Молдағалиұлы Күлтелеев – тұңғыш заң герғалым, Қазақстандағы құ қық тық білім беру мен заң ғылымын дамытуды алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың əдет-ғұрып ережелерін зерт теуші. Көп жылғы зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Т.М.Күлтелеевтің докторлық диссертациясы дүниеге келді, алайда оны қорғап үлгере алмады. 1955 жылы аталған еңбек С.Болатов, Л.Дюков, С.Зиманов, А.Филимонова жəне В.Ким бас та ған ғалымдардың күш салуы мен монография түрінде жарық көрді. Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева Конституциялық Кеңестің төрағасы мен барлық ұжымына жаңа залдың ашылуына көмек көрсетіп, шараға қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ол «Конституция» залының ашылуына тікелей қолдау көрсеткен Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына алғыс айтты.


26 тамыз 2015 жыл

ЫП

ТАҚЫР Р А Р Ы Д ТОЛҒАН

www.egemen.kz

9

 «Егеменге» елден келді

Еңбек ету – жақсы өмір сүрудің алғышарты. Бүгінгідей жұмыс көзінің тапшылығы кезінде жұрт еңбекақысын тұрақты төлейтін жер болса, қандай жұмысты да атқаруға пейілді. Бала-шағасын асырау үшін олар күндіз-түні жұмыс істеп, тіпті, Қытай асып кетуге де бар. Айша ӨТЕБƏЛІ, журналист.

Қытай демекші, былтыр бір топ қазақ жігіттері көрші Ресей еліне хабарландыру арқылы жұмыс істеуге барып, 2-3 айдан кейін жалақысыз, азып-тозып елге əрең жеткенін жақсы білемін. Айтуларына қарағанда, жұмыс берушілер оларды уақытша жатын орынмен жəне ас-сумен ғана қамтамасыз еткен. Үш айдай солардың жұмысын ақысыз-пұлсыз

танымал «СВ+», «Жером», «ҚазАрмаПром» жəне «СпецСтройСервис» ЖШС секілді ірі кəсіпорындар да бар. Мысалы, «СВ+» ЖШС өзінің 313 жұмысшысына 18 млн.500 мың теңге, «Жером» ЖШС 52 жұмысшыға 9,5 млн. теңге, «ҚазАрмаПром» ЖШС 256 адамға 11 млн. 400 теңге жəне «СпецСтройСервис» ЖШС 36 адамға 5 млн. теңге қарыз болып, бүгінде олар жұмысшыларына берешектерін толық өтеді жəне аталған кəсіпорындардың əрқайсысы ƏҚБ кодексінің 87-бабы-

жағдайлардың барлығы да еңбек қауіпсіздігі қадағаланбағандықтан болып жатады. Сондай-ақ, мұндай өкінішті жағдайлардың орын алуына кейде жұмысшылардың өздері де кінəлі. Олар жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін ескермей, қорғаныш киімдерін кимей жұмыс істей береді. Өндірісте тек ер адамдар ғана емес, түрлі жағдайларға байланысты əйел адамдар да жарақаттанып жатады. Мысалы, ағымдағы жылы өндіріске қатысты 5 əйел жарақат алды. Оларды атап айтар болсақ, қаладағы №10 орта мектептің жұмысшысы София Мұқатова жоғары жақты тазалаймын деп жүріп, бірінің үстіне бірі қойылған үстелдерден құлап, жарақат алды. Екіншісі – қалалық жедел жəрдем стансасының фельдшері Ахметжанова, ол жұмыс барысында жол-көлік оқиғасына тап болып, жарақаттанып қалды. Бұл жағдайларда

68 адам жараќаттанып, 11 жўмысшы опат болды... істеген Оралдың бір топ жігіті олардың жалақы бермейтініне көздерін жеткізген соң, бір-біріне тиын-тебендерін қосып жолға ақша жинап, елге əрең жетіпті. Ресейлік жұмыс берушілермен олар соттаса алмады. Өйткені, оралдықтар олармен еңбек шартын жасаспаған. Жігіттердің айтуынша, Мəскеу маңында үш айдай жұмыс істегенде, компания басшыларын бір де бір рет көрмеген. Соған қарағанда Оралдан Ресейге жұмысшы тасып жүрген делдал жігіттер тəрізді. Бұл жерде делдалдар белгілі бір компаниямен еңбек шартына отырып, жұмысты өзге елдің адамдарына алдап-сулап жасатып қоятын сияқты. Жалақыны əне береміз, міне береміз деп, түк татырмай, ең соңында елдеріне кетуге жиналған жұмысшыларға соңынан салып жіберуге уəде етіп, шығарып салыпты. Кейін хабарласса, ұялы телефондарының нөмірін ауыстырып жіберіп, адастырып кеткен. Сөйтіп, былтыр ала жаздай біреудің жұмысын тегін істеген жігіттер текке кеткен уақыттарын айтып, əлі күнге дейін өкініп жүр. Мұны айтып отырған себебім, биыл да алыс-жақын шетелге жұмысқа шақырған хабарландырулар көп. Мұндай хабарландырулар арқылы жұмысқа барар алдында адам жұмыс беруші компания жайында жақсылап ақпарат жинап алулары керек, əйтпесе, жоғарыда айтылған жігіттер тəрізді кез келген адамның опық жеп қалуы мүмкін. Бұдан басқа өз еліміздегі байшыкештер де жалшы ұстауды «модаға» айналдыра бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде қанша «байдың» қаншама «құл» ұстап отырғанын кім білсін, əйтеуір бүгінде өздерінің əлсіздігінен ішерге ас, киерге киім таба алмай қалған ауылдастарын немесе тағдыр тəлкегіне ұшыраған жандарды еш ақысыз-пұлсыз бір аяқ асын ғана беріп, шаруаларына жұмсап отырған адамдар жөнінде жиі естиміз. Өкініштісі, бұл адамдар өз өмірлерін осыншама азапқа салған «байшыкештерді» сотқа бере алмайды, себебі, олардың ресми дəлелі жоқ... Сөйтіп, қарнының тойғанын ғана місе тұтқан олар біреудің жұмысын өмір бақи жасап жүре береді. Бұған, əрине, олардың өздері кінəлі... Облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысы Жанат Асантаевтың айтуынша, еңбек қанаушылығы орын алмау үшін əр адам жұмысқа орналасар алдында жұмыс берушімен міндетті түрде еңбек келісімшартын жасауы керек. Мұндай келісімшарт болмаған жағдайда жұмыс берушінің көрсеткен қиянатын, əділетсіздігін дəлелдеу мүмкін емес, олармен соттасып та ештеңе өндіре алмайсыз. Дегенмен, қалай болғанда да, еңбек заңдылығы бұзылған жағдайда азаматтар бұл жөнінде жедел түрде тиісті орындарға хабарлауы керек. Бұл бағыттағы жергілікті тұрғындардың сауаты жылдан-жылға артып келеді.

Жалақы бермегендер жауапқа тартылуда

Жанат Асылханұлының сөзінше, биыл алғашқы жарты жылдықтың өзінде облыс бойынша тұрғындардан барлығы 704 арызшағым түссе, соның 654-і жеке тұлғалардан, ал қалған 50-і заңды тұлғалардан келіпті. Осыған орай, 218 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Осы тексерулердің нəтижесінде 335 еңбек заңдылығын бұзушылық анықталыпты. Мұны таратып айтар болсақ, еңбек қатынастары бойынша – 294, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша 23 жəне халықты жұмыспен қамту бойынша 18 заң бұзушылық орын алған. – Еңбек қатынастары бойынша заң бұзушылықтардың орын алуына негізінен жұмыс берушілердің жұмысшыларға жалақыны уақтылы жəне толық мөлшерде төлемеуі немесе еңбек шартының жасалмауы кесірінен жұмыс шылардың мүлдем жалақысыз қалуы себепші болуда. Кейде еңбек шартының мазмұны Еңбек кодексінің нормаларына сəйкес келмей жатады. Сондай-ақ, еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы төлемдері дұрыс жүргізілмейді. Мысалы, биылдың өзінде жалақы бойынша заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге 65 ұйғарым беріліп, 46 жұмыс беруші əкімшілік жауапқа тартылды. Оларға 4,043 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Сөйтіп, 148 кəсіпорын 1850 қызметкерге барлығы 132,1 млн. теңге мөлшерінде жалақы берешегін өтеді. Бұл мекемелердің қатарында өңірімізге

на сəйкес жұмысшылардың жалақысын уақытылы бермегені үшін 118 мың 920 теңгеден айыппұл төледі. Сөйтіп, еңбек инспекциясының қызметкерлері еңбек заңдылығын бұзған мекемелерден мемлекет пайдасына ауқымды қаражат өндіріп берді. Қазіргі таңда жалақы берешегін өтей алмай жүрген жалғыз «СПМК-123» ЖШС қалды. Бұл мекеме 58 жұмысшысына 4,7 млн. теңге берешек, бүгінде аталмыш серіктестікке қатысты оңалту процедурасы жүргізілуде, – дейді Жанат Асылханұлы.

Өкініші көп өндіріс жарақаты

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 68 жазатайым оқиға орын алды. Мұның 15-і жеңіл жəне орта, 53-і ауыр дəрежеде, оның ішінде 4 топтық жəне 11 оқиға бойынша адам өлімі тіркелді. Кісі өлімімен аяқталған 11 оқиғаның 5-і өндіріспен тікелей байланысты, деген Жанат Асылханұлы одан əрі өндірістік жарақат жөніндегі деректерге нақты мысалдар келтірді. Мысалы, өндіріс орнында ажал құшқан бесеудің екеуі «СамұрықТабиғат» ЖШС-нің жұмысшылары. Олар Атырау облысында жұмыс істеп жүріп, мерт болған. Оқиға Атырауда болса да, серіктестік Батыс Қазақстан облысында тіркелгендіктен, бұл оқиғаны біз есепке алып отырмыз. Осы оқиға бойынша комиссия жұмыс берушіні 100 пайыз кінəлі деп таныды. Тағы біреуі – «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Орал мұнай құбыры басқармасының жұмысшысы. Бұл жігіт жұмыс барысында электр тогына соғылып, қайтыс болған. Комиссия қорытындысы бойынша бұл жерде жұмыс берушінің кінəсі 30 пайыз, ал жұмысшының кінəсі 70 пайыз. Төртінші өлім оқиғасы «Ткалун» ЖК-де орын алған. Құрылыс жұмысы кезінде жұмысшы алтыншы қабаттан құлап, мерт болған. Бұл жерде еңбек қатынасы жоқ, аталмыш компания қызмет көрсету үшін құрылыс бригадасын жалдаған, жаңағы биіктен құлап, жан тапсырған жігіт сол бригаданың адамы. Бұл жағдаят бойынша тексеру комиссиясы айыптыларды анықтау барысында жеке тұлғаның кінəсін 30 пайыз, жұмысшының кінəсін 50 пайыз, «Ткалун» ЖК-ның кінəсін 20 пайыз деп тапты. Бесіншісі – Ақсайдағы «РостНефтКомплект-Қазақстан» ЖШС-нің монтажшы-құрастырушысы. Бұл жерде де құрастырушы жігіт биіктен құлаған. Осы оқиға бойынша жұмыс беруші, яғни Ақсайдағы «РостНефтКомплект-Қазақстан» ЖШС 100 пайыз кінəлі деп танылды. Жоғарыдағы оқиғалардың орын алуына байланысты сол кездері үш жақты комиссия (құрамында жұмыс берушінің, жұмысшының жəне мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілі бар) құрылып, тексерілді. Сөйтіп, оқиғалардың себеп-салдары анықталып, олардың бірқатары екі жақтың кінəсінен орын алған деп танылса, кей жағдайларда таза жұмыс беруші айыпты болып шықты. Қысқасы, осындай қайғылы

100 пайыз жұмыс беруші кінəлі деп танылды. Өкініштісі, мұндай мысалдар аз емес. Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, өндіріске байланысты жазатайым оқиғалардың 41 пайызы жұмыс берушілердің кінəсінен, 33 пайызы жұмысшылардың кінəсінен болған. Ал жазатайым оқиғалардың 26 пайызына екі жақ та кінəлі болып шыққан. Өндірістік жарақаттанудың ең көбі құрылыс саласында болған, яғни 10 адам жарақат алған, бұл 31 пайызды құрайды. Былайғы жұрт қауіпсіз деп санайтын бюджет саласында 9 адам жарақат алыпты, бұл 28 пайызды құрайды. Бұдан кейінгі орында шағын бизнес субъектілері тұр, мұнда өндірістік жарақаттану 4 адам, яғни 12 пайызды құрайды. Өндірістік жарақат алғандардың көбі биіктен құлаған жəне жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен. Орын алған жазатайым оқиғалардың 50-нің арнайы тергеп-тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық ішкі істер департаментіне жолданды. Аталған департаменттің салыстырмалы актісінің мəліметіне орай арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабына сəйкес 47 қылмыстық іс қозғалды.

2,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды

Бұдан соң Жанат Асылханұлы басқарманың жұмыспен қамту жөніндегі заңнаманың орындалу барысын да қадағалайтынын жеткізді. – Бұл бағытта жыл басынан бері 18 тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою мақсатында жұмыс берушілерге 18 ұйғарым берілді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жұмыс берушілер əкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 2,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Ағымдағы жылы шетел компанияларында 9 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасының бұзылу жағдаяттарына қатысты заңды тұлғаларға 2,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы Орал қаласы жəне Бөрлі аудандық прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсыныс хаттарын қарап, нəти жесінде уəкілетті органның шетел жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат құжаттарында көрсетілген лауазымға сəйкес емес шетел мамандарын жұмысқа тарту жағдаяттарын анықтады. Осыған орай, «ЖайықМұнайГаз» ЖШС, «СайпарДриллинг Компани б.в Карачаганак Проджект» филиалы, «Дженерал Электрик Интернешнл Инк» корпорациясы филиалы жəне «Персоннел Рекруитмент Карьера -Холдингс» ЖШС ҚР ƏҚБ туралы Кодексі 519-бабының 2-тармағына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деген Жанат Асылханұлы еңбек заңдылығы сақталған жағдайда ғана өнімді жұмыс болатынын жұртшылықтың қаперіне салды. Батыс Қазақстан облысы.

, п ы л ы т ў т р е д з і Əлс . ы д л ы т ў ќ р е л і д л ə Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

«Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: əлсіздер тұтылып, əлділер құтылып кете береді». Қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние» кітабында осылай деп толғаныпты. Əрине, заңда тұрған не бар? Тəуелсіз еліміздің заңдары тайға таңба басқандай апанық, рет-ретімен, бапқа, тармаққа бөлініп жазылған. Тек соны бұзып, бұрмалайтын кімдер? Шер-ағаңның да тұспалдап айтып отырғаны осы ғой. Өмір болған соң түрлі-түрлі жағдайлар кездеседі. Қайбір жылы Жамбылда тауық ұрлаған төрт адамның 3-4 жылдан сотталып кеткенін көргенде, сот тым артық кеткен жоқ па деп ойланғанымыз да рас. Бірақ, қайтесіз, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек. Заң кімге қатал, бірақ əділетті. Қаратау қаласында 40 мың теңге пара алған қарттар үйінің басшысы да бірнеше жылға темір тордың ар жағына кеткенде кінəлі адамның жазасыз қалмайтынына, бұл жəйт басқаларға сабақ болатынын іштей пайымдағанбыз. Иə, заңның аты – заң. Заң осынысымен құдіретті. Əйтсе де заң бəріне бірдей жүре ме? Жақында «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысындағы тілшілер қосынына Ғани Рысқұлбек деген азамат бас сұқты. Əділдік таппай, құзырлы мекемелердің есігін тоздырып, тауы шағылып, ақырында тілші ағайындардан араша сұрап келген бұл азаматтың соттасып жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болыпты. Қолында соттың барлық құжаттары бар. Тараз қаласында орналасқан «Жамбыл Құнарлылық» ААҚ өсімдіктерді химиялық баптаумен айналысып, əп-əжептəуір жұмыс істеп жатқан мекеме екен. Алайда, Сағынбай Жұманов деген басшылыққа келгелі бері акционерлік қоғамның мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, əбден тоналып бітіпті. Содан мекеменің жұмысынан береке кетіп, жұмыс жайына қалған. Соттасудан соттасу. Соттың қағаздарына қарап отырсаңыз, Жұманов бұл мекемеге жұмыс істеу үшін емес, тек мекемеге тиесілі дүние-мүлікті оңды-солды шашып, «қолында барда қонышынан басуға» ғана келген сияқты көрінеді. Сіз мынандай сұмдықты естігенсіз бе? Біз тек сот анықтаған, солардың қағазына түскен фактілермен ғана сөйлеп көрейікші: Тараз қаласында орналасқан «Жамбыл Құнарлылық» ААҚ-тың президенті Сағынбай Жұманов ешқандай акционерлерге айтпастан фирмаға тиесілі «КамАЗ» көлігін өзінің əйелінің атына жекешелендіріп алған. Тағы екі «КамАЗ»-ды өзінің атына аударып алып, біреуін 8 мың АҚШ долларына, екіншісін 80 мың теңгеге сатып жіберген. Акционерлерді шақырып, ақшаны бөліске салса да мейлі-ау, жоқ, өз қалтасына басады. Бастық екенін пайдаланып, тағы бір көлікті баласының досының атына рəсімдеп, оны да 5200 АҚШ долларына сатады. Тағы бір көліктерді бас бухгалтеріне жекешелендіріп берген. «Ашыққаннан құныққан жаман» деген, рас екен. Аумағы 1, 645 гектарды құрайтын, сол кездегі бағамен құны 30 млн. теңгеге жуықтайтын Байзақ ауданында орналасқан химия базасын өзінің жүргізушісіне, тағы екі танысына небəрі 300 мың теңгеге сатып, жекешелендіріп жіберген. Бір жыл өтпей жатып бұл базаны үшеуі Тараз қаласындағы «БТА» банкке кепілдікке қойып, 21 млн. теңге алып, несиені қайтармастан, зымзия жоқ болады. Енді өзіңіз ойлаңызшы, небəрі 300 мың теңгеге сатылған базаны кепілдікке алып, миллиондап ақша беретін банк ақымақ деп отырсыз ба? Осыданақ, о баста базаның бағасы тым-тым төмендетіліп, жекешелендіру пиғылымен сатылғаны анық байқалып тұр. Кейін қылмыстық іс қозғалып, іздеу салынғанда сыбайластардың бірі З. Шатаева С. Жұмановтан химия базасының жартысын 800 мың теңгеге қолма-қол сатып алғанын мойындапты. Бұл ақшалардың бірде-бір тиыны есеп-шотқа түспеген, акционерлер мүлдем білмейді. Дəл осындай жасырын жолмен тағы да біраз саудалар жасалған. Байзақ ауданында орналасқан жер телімі 10,6 гектарды құрайтын, құны 22 994 462 теңгеге бағаланған «Ақ шолақ» химия базасын С. Жұманов ешқандай акционерлермен ақылдаспай, «ML-Коммерц» ЖШС-не 500 мың теңгеге сатып жібереді. Арада 9 ай өткенде бұл ЖШС химия базасын «ВТ-ГАЗ» ЖШС-не 11 млн. теңгеге, ол артынша «ГАЗ ТРЕЙД-Е» ЖШС-не 17 млн. теңгеге сатады. Сөйтіп, бұл базаның жұмысы тоқтайды. 2002 жылы Байзақ ауданы Диқан ауылындағы шошқа асырайтын базаны да ешкімге айтпастан сол жылдары лауазымды қызмет істейтін бір шенеунікке 2 млн. теңгеге сатып, қаржыны жеке басына жаратып жіберген. Ал, Меркі ауданындағы ғимаратты өзінің танысына болмайтын қаржыға сатып, бүгінде ол танысы ғимаратты Меркі аудандық ішкі істер бөліміне жалға беріп отыр екен. Енді не істеп жатқанын ешкімге айтпай, өте құпия жұмыс істеудің нағыз шебері Жұманов қандай жазаға тартылды деп ойлайсыздар, құрметті оқырман? Рас, С. Жұмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2013 жылғы 8 сəуірде Тараз қаласының №2 сотының судьясы Н. Ариповтың үкімімен жеті жылға сотталып, жеке мүлкі тəркіленіп, екі жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметкер болу құқығынан айырылған болатын. Алайда, 2013 жылғы 10 маусымда Жамбыл облыстық қылмыстық істерді қарау апелляциялық сотының судьясы А. Тлепов С. Жұмановқа қатысты ауыр дəрежедегі ҚКнің 176-бабының 3-бөлігін жеңіл дəрежедегі ҚК-нің 228-бабына ауыстырып, қарау мерзімі өтіп кеткен деген сылтаумен, қылмыстық істі қысқартып, бостандыққа шығарып жібереді. Яғни, Шер-ағаң айтпақшы, Жұманов мықты боп шығып, заң деген өрмекшінің торын бұзып, құтылып кетті. Мықтыны қашанда мойындау керек. Дəл осы іс бойынша Жамбыл облысының прокуроры Е. Сыбанқұловтың өзі «Айыпкер С. Жұмановтың қылмыс жасағаны 100 пайыз дəлелін тауып тұр» деп, судья А. Тлеповтың шығарған қаулысына наразылық білдірген-ді. Бірақ кассациялық сот алқасының судьясы У. Жаржанова облыс прокурорының жазған наразылығын елеместен сот алқасының шығарған қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Шынында да мықтының аты мықты екен ғой, шіркін. Дəл осы іс бойынша еліміздің Бас прокуроры А. Дауылбаев та наразылық білдіріп, осы іске алаңдаған Жамбыл

Неге?

облыстық мəслихатының бірқатар депутаттары да құзырлы органдарға хат жолдаған. Бірақ, соттың аты сот дегендей, біздің сотқа шыбын шаққан құрлы əсері болмапты. – ҚР Жоғары соты С. Жұмановқа істеген қылмыстарының дə лел денгенін айтып, «ЖамбылҚұнарлылық» ААҚ-тың акционерлерінен кешірім сұрап, қоғамға келтірілген қаражатты қайтаруын, орындамаған жағдайда, іс қайта Жоғары сотқа келсе оның қатаң түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен болатын. Алайда С. Жұманов болса кешірім сұраудың орнына Жамбыл облысында болған сот отырысынан шыға сала, сыртта жиналып тұрған акционерлерге қарап: «Көздерің жетті ме, бəрібір маған ештеңе істей алмайсыңдар», деп мұқатып кетті. Ал соңғы сот отырысы басталар алдында С. Жұмановтың балалары акционерлердің заңды өкілі болып жүрген маған артық ауыз ешнəрсе сөйлемеуді ескертіп, қоқанлоқы көрсетті. Олардың талабына көнбеген едім, соттан шыққан соң сот ғимаратының алдында жағамнан алып, əбден балағаттады. С. Жұмановтың қорғаушысы Ғ. Пірмағанбетов пен сол жерде тұрған басқа жандар араша түсіп, бұзақыны сабасына түсірді, – дейді бұл жөнінде «Жамбыл Құнарлылық» ААҚ акционерлерінің заңды өкілі Ғани Рысқұлбек. Ал, содан соттасудан соттасу... Бұлар сотқа болса беруден, соттар істі қысқартудан жалықпайды. Жалпы алғанда бұл қылмыстық істі қараған барлық деңгейдегі судьялар Жұмановтың көптеген ауыр дəрежедегі қылмыстар жасағанын байқап, қылмыстық істегі жиналған дəлел құжаттармен толық танысса да, неге екенін қайдам, оған жанашырлық танытып, кассациялық сотта шартты түрде босатып жібере жаздап барып, əйтеуір əрең дегенде орта дəрежелі қылмыстық бапқа түсіріп, бес жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарыпты. Енді бұл шешімге келіспей С. Жұманов наразылық арызын жазады. Алайда, Жамбыл облыстық сотының кассациялық сот алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырады. Бірақ, қолдан-қолға өткен бұл істің ақырында Жамбыл облыстық сотының бұрынғы төрағасы Бектұрғанов С. Жұмановтың қоғамға келтірілген материалдық шығынды қайтармағанына, заңсыз қаржы операциялар жасап, бухгалтерлік құжаттарды кіріске алмай, мемлекетке төленетін салықты төлемегеніне көз жұма қарап, оны 2 жыл мерзімге шартты түрде соттап, бостандыққа шығарады. – Бостандыққа шыға салып С. Жұманов құпия тірліктерін қайта жалғастырды. «ЖамбылҚұнарлылық» ААҚ-тың иелігіндегі 6 500 000 теңгеге сатып алынған су жаңа «TOYОTA CAMRY-50» жəне 4 жүк көлігін құжаттарымен қоса жасырып тығып тастап, «сатып жібердім» деп отыр. Автокөліктерге Жамбыл облыстық ІІД-мен іздеу салынған. Бірақ ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұған дейін «Жамбыл-Құнарлылық» ААҚ-тың жарғысын, мөрін жəне бухгалтерлік құжаттарын тығып тастап, бермегені бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған мөрдің күші жойылып, іздеу салынған-ды. Бұл бойынша да Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті ешқандай шара қолданбауда. Енді осы іс бойынша жоғарыдан арнайы комиссия құрылып, қайтадан тексеріп, сараптаса деген үмітіміз бар, – дейді Ғани Рысқұлбек. Жалпы алғанда С. Жұмановтың үстінен 5 эпизодты қылмыстық əрекеттері үшін қылмыстық іс қозғалып, айып тағылып, жəбірленушілер сотқа жолдануға дайын тұрған іспен танысып, соңғы нүктесін қойған болатын. Алайда, С. Жұманов шартты түрде жазаға тартылған соң, іс өзгеріп шыға келіпті. Сотқа жолдануға дайын тұрған қылмыстық істі Жамбыл облыстық ІІД ТБ-ның тергеушісі Б. Бейісбаев қысқартып тастайды. Бас прокуратураның араласуымен қылмыстық іс қайтадан Жамбыл облыстық ІІД-не жолданып, облыстық прокуратураның бақылауына берілген. Тіпті, заңсыз шешім қабылдап келген тергеуші Б. Бейісбаев жəне бірқатар басшылар қадағалауды əлсіреткені үшін тəртіптік жауапкершілікке тартылады. Бірақ, бəрібір тергеуші Б. Бейісбаев алған бетінен қайтпай, қылмыстық істі бас-аяғы 4 мəрте қысқартыпты. Төртеуінде де прокуратурамен бұзылып, тергеушінің заңсыз əрекеттері үшін шара қолданған. Бірақ бəрібір ешқандай нəтиже жоқ. Осыдан кейін заң дегенді өрмекшінің торына айналдырып, əлсіздер тұтылып, əлділер құтылып кете береді деуге осындай жағдайлар себеп болады екен-ау деген ой келеді. «Мықтының арты диірмен тартады» дегенді де дана халқымыз тегін айтпаған ғой. Бұдан кейін сотқа қалай сенеміз енді? Жамбыл облысы.


10

даңғылының Алматыдағы Абай арқа сүйеп ауға басындағы Алат ң алып тұлғасы ы ұлы Абайымызд ш і Х а к і м ж а н ін с ү м ы н О тұр. л жасаған. Бұ Н а у р ы з б а е в қ ба рд а, А ба й ес ке рт кі ш қа за ра ды . С о н да тұ ба рд а о сы н да де ге нд е, ж ұр т ы ад ас он ы кі м ж ке алады. Наурызбаевты ес ры зб ае вт ы ң Х ак ім ж ан Н ау ас аң , о да н қ ар ө м ір ж о лы н а лықтың көп си қазақ дейтін ха а й б о л а с ы ң . д патын тапқан

ең қастерлілерін. Сипат дегенде, н тт ы де й м із . Х ал қ ы м ы з та лалі – Х ак ім ж ан . С о н ы ң бі р дә ле лықтан шығады Санаулылар әр ха бір ауыз өлең ақ дер біреулер. Бір за қ си ре к. Ә р қа н ш ы ға рм ай ты н ы ба р, то лғ ап ау ы лы н да ақ ы р халық та сиба і тартар күйшісі ы н м үс ін өн ер ұр Б р. ға ре к ш ы з бі атса, одан да бізде көрінбей ж з. Тек қана сонбі кенде емес екен көрсете алмай ді із ім ет си қа дай келіппіз.

қою керек? Бұрын оны теміржол вокзалына қою ұйғарылған. Сондағы ой: келген-кеткен жұрт оны көреді делінген. Жолға асығып бара жатқан немесе өзінің жақындарын жолықтырған, əйтпесе қайда қонып-жататынын ойлаған адамның ескерткіште жұмысы болатын ба еді? Тіпті сол ескерткішке көзі түскенмен, кемеңгер тұлғаның осынау толғанып тұрысына мəн бере қоя ма? Жұрт оған арнап баруға тиіс, оның толғанысына ортақтасып, ойласуға тиіс. Басқа лайықты жер іздеу идеясын Мұхтар Əуезов те қолдаған. Содан кейін-ақ мүсінші талай күн Алматыны шарлады. Бір жер қолайлы-ау дегенде, оны Мұхаңа көрсетіп, ұлы жазушы оны ұната қоймайды. Бұл жай бірнеше рет қайталанады. Ақыры Хакімжан оны тапқандай болады – ол ескерткіштің

Ізашар Мамадияр ЖАҚЫП,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Ол Қостанай облысының Меңдіғара ауданының тумасы. Қарапайым отбасында өскен. Атааналары өнерден хабары бар жан дар болыпты. Əкесі Есімхан ағаштан түйін түйген шебер болса, шешесі Рақыш ауыл құрметтеген əнші, ақындығы да бар екен. Ал Хакімжанның мүсін жасауға қабілеті мектепте жүргенде-ақ аңғарылған. Жай құмарлықпен, қызық үшін жасаған. Дүкендерден көсемдердің, түрлі аң-құстардың мүсіндерін көріп, соған ұқсатып жасауды қолға алады. Оған жөн айтатындай адам ауылда жоқ. Тек өзінше. Тіпті, оған топырақ емес, саз балшық керек екенін де білмеген. Біреулердің айтуымен көрші ауданда гүл өсіруге ыдыс жасайтын саз топырақ барын естіп, соған қолы жеткен соң ғана, оның жасағандары кəдеге жарап, кейбір жұмыстары мектептердің көрмелеріне қойылады. Басқалардікінен дұрысырақ болған соң, сыйлықтар да алады. Сол жасағандарының қайда кететініне де мəн бермейді. Сірə, Хəкең өзінің осынау қабілетін аңғарып, біраз айналысса да, оны кəсіпке айналдыруды ойламаған тəрізді. Мектепті бітірген соң, ауылда ұста болып жұмыс істейді. Бұл жұмыстың да белгілі дəрежеде өнерге қатысы бар. Кез келген адам ұста бола бермейді. Оған икем керек. Сонда соғыс жүріп жатқан кез. Хакімжанның соғысқа шақырылмауының себебі – оның бір көзінің кемістігі болды. Ал ауылда сауатты жас жігітті күткен жұмыс көп. Бірде ауылдарына аудандық атқару комитетінің төрағасы Жалаледдинов келіп, өзімен сөйлесіп, біраз жайды сұраған. Оның мəнін біраз уақыт өткен соң өзін ауданға шақырғанда ғана білген. Аудандық атқару комитеті жалпы бөлімнің меңгерушісін əскерге шақырыпты да, өзін сол орынға тағайындапты. Оны ауданға келгенде бəрінен бұрын таңдандырғаны – мектепте жүргенде жасаған мүсіндері осындағы басшылардың кабинеттерінен табылды. Көрнекті жерлерде тұр. Соны жасаған менмін деп ешқайсысына мақтанған да жоқ. Басқалар да оған мəн бере қоймағандай. Бірақ көп кешікпей сол мүсіндер күтпеген əңгімеге айналды. Алматыдан Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасынов облысқа ауыспалы Қызыл туды тапсыруға келгенде, сол мүсіндерді көреді де, оны кімнің жасағанын сұрайды. Жұрт Хакімжанды сонда табады. Үкімет басшысы оған жоғары баға беріп, мақтап, алда оның оқуы керектігін айтады. Хакімжан мұның да оқуы болатынын сонда біледі. Оңдасынов сол жолы қалайда оқуға жібереміз деп қатал шешім айтпағаннан кейін, оны ұмытқандай да еді, арада бір жыл өткенде, өмірінің бағытын өзгерткен оқиға болады. Бір жыл ішінде аудандық атқару комитетінің жұмысына біршама икемделіп қалған. 1943 жылдың мамырында Хакімжан сол соғыс үшін ауылдан ауылға заем таратып, үйіне соға кетпек болғанда, мұндағылар өзін Алматыға шақырып жатқанын айтты. Киімдерін де əзірлеп қойыпты. Ал ауданда жұмыстан да босатып, жолға қамдап, Қостанайға жіберуді күтіп отыр екен. Өзінен келісім сұраған да ешкім жоқ. Сірə, жоғарыдан сондай нұсқау болған. Ол заманда нұсқау тек орындалады. Жасөспірім жігітке бəрі таңсық. Сонда 18-ге шыққан кезі. Тіпті, өзін облыстық атқару комитетінің төрағасы Даниал Керімбаевтың қабылдағаны да қызық. Оның кабинетінде де өзі жасаған Жамбылдың бюсті тұр. Соны нұсқап, Керімбаев: «Мына жасағаныңды сатып алсақ, қанша

сұрайсың?» – деп күлгені бар. Жəне: «10 мың сом берсек, көнесің бе?» – дегенді де айтты. Əрине, мұның бəрі оған оғаш көрінген. Сөйтсе де, өзінің жасағандарының бағасын аңғарды. Облыс орталығында өзін жақсылап киіндіріп, Алматыға қарай пойызға мінгізді. Осының бəрін жасап отырған Оңдасынов екенін де ұқты, көп кешіктей оған көзі де жетті. Алматыға келісімен Нұртас ағасына да барды. Біраз əңгіме де айтылды. Оның нұсқауымен көркемсурет училищесіне қабылданды. Мəскеудің, Ленинградтың атақты мүсін шілері, сəулетшілері осы Алматыға жиналған екен. Солар сабақ берді. Хакімжанның бағына қарай, бəлкім Оңдасыновтың тапсыруымен де болар, оны Ольга Николаевна Кудрявцева өз қамқорлығына алды. Сөйтіп, мүсін дейтін өнердің үлкен қыр-сыры барлығын, табиғат берген дарынды үлкен оқумен ұштағанда ғана табысқа жететінін ұқты. Сол оймен ол Мəскеуге де аттанды. Бөтен жердің қиындығын да, қызығын да көрді. Қиындығына шыдады. Дайындық курсында оқуға тура келді. Күнкөріс қамы үшін от жағушы да болды. Ақырында сол Мəскеуден өз ұстазы Ольга Кудрявцеваның шақыруымен Харьковке ауысып, сондағы Сəулет институтының мүсін факультетіне түсіп, осынау мамандықты игерген алғашқы қазақ болып шықты. Қашанда алғашқының жолы қиын. Хакімжан сол қиындықты жеңген адам. Ол сонысымен де ерекше. Оны алғашқы дипломды мүсінші қазақ деу аз айтқандық, ол институтты бітіріп келе салысымен көркемсурет училищесінде мүсіншілер үйірмесін ашып, алғашқы шəкірттерін баулыды. Училищедегі 15 жылдық ұстаздық қызмет қазақстандық мүсіншілер мектебіне негіз болды. Шын мəнінде ол қазақ өнерінің жаңа бір арнасын ашты. 1953 жылы «Жеңімпаз қаһарман» туындысы үшін республиканың Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сонда əлі отызға да толмаған еді ғой. Мұны сирек кездесетін жай демей не дерсің? «Отызында орда бұзған» деген сөз бар қазақта. Хакімжан сол отызында кемеліне келгендей еді. Ол қандай да істі қолға алуға дайын еді. 1954 жылы ұлы Абайдың дүниеден өткеніне елу жыл толып, соған оның үлкен ескерткішін жасауға конкурс жарияланды. Хакімжан бұған дейін ұлы ақынның бюстін жасап, ол опера театрына қойылған. Əрине, бюст пен үлкен ескерткіштің арасында үлкен айырмашылық бар. Сөйтсе де, сол бюсттен ұлы тұлға бейнесінің ерекшелігі аңғарылар еді. Конкурсқа Мəскеудің, Ленинградтың мүсіншілері де, респуб ликаның да біраз адамдары қатысқан. Таңдау комиссияның қолында дегенмен, олар биліктен асып, ешқайда бара алмайды. Ал билік Хакімжанға тоқтапты. Бұл жайында мүсіншінің өзінің айтқаны да бар. Бірде оны Үкімет үйіне шақырады. Кіл мықтылар: В.Беляев – Орталық партия комитетінің бірін ші хатшысы, Д.Қонаев – Үкімет басшысы, Т.Тəжібаев – Үкімет басшысының орынбасары, Мəдениет министрі қ ызм е ті н қ ос а атқарады. А л М.Əуезовтің беделі олардан кем емес. Əңгіме Абай ескерткішін кім жасайтыны жайында. Өнерге жауапты адам Төлеген Тəжібаев, неге екенін кім білген, əлде қайрағысы келді ме екен, Хакімжанды шақырып отырып: «Мына Хакімжан əлі жас қой, сондықтан осыны тəжірибесі мол Урманчеге берсек қайтеді?» дейді. Мұндай ұсынысты күтпегендіктен бе, жұрт аңтарылып, арада екі-үш минуттік үнсіздік орнайды. Сол үнсіздікті Мұхаң бұзып: «Əй, Төлеген-ай, қашанғы осы өзімізді өзіміз олқысына береміз.

26 тамыз

ДЕ Р Е З

www.egemen.kz

Біле-білген адамға Хакімжан халқы мыздың тұңғыш мүсіншісі ғой, Мемлекеттік сыйлықтың да иегері. Бұдан басқа қазақтың қай баласы саз балшықтан өнер өріп жүр. Ал енді сен қазақтың Абайдай алыбының мүсінін осы азаматқа беруге азырқанып отырсың. Абай ескерткішін Хакімжан жасауы керек», дейді. Бұл əңгімені Хакімжан ағамыз ешқашан ұмытқан емес. Өзінің ес телігінде үнемі айтып отырады. Ол да жөн: бұл өзінің бүкіл шы ғармашылығының шы ңы ұлы Абайдың ескерткішін жасауға апаратын жол болғаны белгілі. Сол жолды ұлы Мұхаң, Мұхтар Əуезов осылайша ашқан. Ұлы Мұхаңды Хакімжан ағамыздың бағалағаны жөн делік. Ал басқамызға да əлі отызға тол маған, Абайдың, Шоқанның ескерткіштеріндей кемел туындыларын əлі жасамаған Наурызбаевты қалай бағалағаны айрықша қымбат-ау. «Біле-білген адамға Хакімжан халқымыздың тұңғыш мүсіншісі ғой». Осы бір сөзді Мұхаң қазіргі ұрпаққа, əсіресе Наурызбаевтай өнер алыбының өмірден озғанын білмей қалатын керенау шенеу ніктерге қарата айтқандай көрінеді де тұрады. Ұлы Абайдың ескерткішін жасаудың үлесі тию – қуаныш, ал оның жауапкершілігі зіл батпан екенін жас мүсінші бірден аңғарған. Мұны кейін Хакімжан ағамыз үнемі естеліктерінде айтып та, жазып та жүрді. Сол қиналған шағында тағы да ұлы Мұхаң оған көмекке келіпті. «Əй, Хакімжан, жасыма, жігерлен. Абай атаңның аруағы қолдайды, батыл іске кіріс. Ойланып-жырғалуға уақыт жоқ», – деп əңгімені шегелеп қайырады. «Сонымен, ақын образын мүсіндеуге қауырт кірісіп кеттім», – дейді Хəкең. Қауырт кірісудің де көп қиындығы болыпты. Ең алдымен сол ескерткішті жасайтын орын табу оңайға түспеген. Мүсіншінің үлкен шеберханасы жоқ. Бұл жай бюст емес, оған үлкен орын керек. Ақыры ауыл шаруашылығы институтынан тарлау орын табылады, барына – базар. Жасап жатқанда, оны Мұқаң да көріп, ақыл-кеңестерін айтып жүреді. Бір күні ескерткіш бітіп, оны сыртқа шығарады. Үйдің ішіндегі бір бөлек те, сыртқа, кеңістікке шыққаны бір бөлек. Сол кеңістікке шыққаны Мұхаңа ұнамайды. Ол бұлқан-талқан болады. Тіпті қатты сөздер айтады. «Ол кісі өзі ренжісе де қатты, бар көңілімен құлазитын, қуанса да, бала сияқты шын көңілімен ақтарыла қуанатын. Мен бір жұма жылап жаттым», – дейді Хакімжан аға өз естелігінде. Əрине, жылаудың ар жағында ізденіс бар. Мүсінші ескерткішке көп нəрсе қосады. Ақыры қайта бітіреді. Бітіреді дегенде, оны жұрттың қабылдауы бар. Ең алдымен Мұхаң «қабылдауы» керек. Кешегі ұрысқаннан кейін жүрек шайлығып қалған. Сол кісі мақұлдаса, басқалардың мақұлдайтыны да анық. Мұхаңның жүзінен жадыраған кейіпті көріп, мүсіншінің де жүрегі орнына түседі. «Алдыңғысы Абайға жасаған карикатурадай еді, мынауың «тамаша» деп мақтайды. Мақтаумен шектелмей, ұлы жазушы сонда тұрғандардың барлығын үйіне шайға шақырады. Ескерткіш бітіп, көптің көңілінен шығып, үлкен өнер туындысы дүниеге келді деп баға алып, енді оны қоладан құю сияқты техникалық жұмыстары ғана қалды дегенде, тағы бір мəнді мəселе көтеріледі. Сол ескерткішті қайда

қазіргі тұрған жері. Онда базар болған екен. Базарды басқа жаққа көшіру қиын да емес. Сонда ұлы ақынның еңселі тұлғасы орнықса, ол Алатаудан ой арқалап түсіп келе жатқандай көрінер еді. Бұл мүсіншінің, суреткердің қиялы. Мұхаңа да ұнайды деп ойлады. Ол таңның атуына əзер шыдап, құлқын сəріде Мұхаңның есігін қағады да, орынды тапқанын баяндайды. Ұлылықтың қасиеті ғой, неге сонша ерте оятасың, кейінірек көрсек те болмай ма демей, мүсіншінің соңынан ереді. Рас, бұл жер ұлы Мұхаңа да ұнайды. Алатау мен Абай. Екі алып иық тіресіп тұрғандай деп, ризашылығын білдіреді. Ескерткіш жасалды. Тұратын жері табылды. Оны тұғырына орнықтыру – бұл негізінен техникалық жұмыс. Сөйтіп, қазақ өнерінің айтулы шығармасы дүниеге келді. Шын мəнінде бұл елдің мəдени өміріндегі үлкен оқиға еді. Ол Абайдай ұлы тұлғаның мүсіндік бейнесінің жасалуымен бірге Хакімжан Наурызбавтай өнер тұлғасын да біржола мойындатқан оқиға болды. Қазақ десек, ұлы ақынымыз, ойшылымыз Абай көңілімізе оралады. Абай десек, əрине, алдымен оның шығармаларын айтамыз ғой. Сөйтсе де сол ұлы тұлғаның өнердегі бейнесін жасағандар, əдебиетте Мұхтар Əуезов, музыкада Ахмет Жұбанов, бейнелеу өнерінде Хакімжан Наурызбаевтың ойға оралатыны заңды. Алматыны айтсақ – көз алдымызға Алатаумен иық тірестіріп тұрған Абай ескерткіші келеді. Оны жасаған Наурызбаев. Бұл шығарманың орны бөлектеу. Аңызға да айналған тұстары бар. Ескерткіш 1960 жылы орнатылды. Бірден жоғары бағаланды. Республикада ғана емес, Одақта да. Мəскеу мойындаған. Республика Мемлекеттік сыйлығына ұсынылса, шаппай алатыны сөзсіз еді. Бірақ ұсынылмады. Онда да гəп бар екен. Басшылық оны Лениндік сыйлыққа ұсынуды ойластырыпты. Ол кезде бұл сыйлық КСРОдағы ең жоғары сыйлық еді. Тіпті оны Нобель сыйлығынан кем көрмейтін. Шетелдік айтулы қайрат керлерге де берілетін. Біздің республикамызда əдебиетте, жалпы өнерде Əуезовтің ғана қолы жеткен. Енді сол сыйлыққа Абай ескерткіші ұсынылмақ болыпты. Бұл жайында нақты құжаттармен таныс емеспіз. Жұрттың əңгімесі, Хакімжан ағаның өз айтқандары. Екінші рет Мемлекеттік сыйлық алған шығармасы – Шоқан ескерткіші. 1969 жылы жасады. Бір жылдан соң, сыйлық берді. Хакімжан ағамыздың сұрамағаны анық. Ал бұл шығарма сыйлық бермесе болмайтын туынды. Сол Ғылым академиясының алдындағы алаңды Шоқан ескерткішінсіз көз

2015 жыл алдыңызға елестетіп көріңізші. Бұл ескерткіш зиялы қауым өкілдері барып, кемел ойға тағзым ететіндей жер. Оны да жасаған Наурызбаев. Сонда баратын жұрт ардан аттамайтындай, жалған сөйлемейтіндей. Наурызбаев жасаған Шоқандай ұлыдан сескенеді. Сол ескерткішке барған бір кеш ойға оралады. Біздің демалыс күндері тауға шығатын бір əдетіміз бар-ды. Ортамызда жүретін біраз ақсақалдарымыз болды. Соның бірі – академик-дəрігер Бүркітбай Айдарханов ағамыз. Бала мінезді пəк көңілді адам. Бұл жерде ол кісінің барлық ерекшелігін айтып жатудың қажеті жоқ. Бүгінгі əңгімеге қатысы бар лығы – шайға шақырғыш. Бізден жиырма жастай үлкендігі бар, көңілін қалдырмай, барамыз. Əдетте Зейнолла Серікқалиев екеуміз. Бір барғанда, көршісі Герольд Бельгерді де шақырып қойыпты. Ол Зейнолламен құшақтаса кетті. Əдемі əңгіме-отырыс болды. Тамақ ішілгеннен кейін Герольд Карлович бастама жасады. – Əй, қазақтар, тамақтарың тойғаны анық. Енді əңгімені сыртта жалғайық. Тамақтарың сіңеді. Шоқан Шыңғысұлына барайық, – деді. Ескерткішке барып, сол маңда жүру, күнде болмағанмен, жиі қайталанатын əдеттері екен. Жолда Əбілмəжін Жұмабаев ағамыз қосылды. Сөйлеп келе жатқан – Бельгер. – Басқасын былай қойғанда, мен Хакімжан ағаға зиялы қауым бас қосатын осындай орын жасап бергеніне мың да бір рахмет айтам. Шоқанның ескерткіші болмаса, мұнда жұрт бас қоспайтындай көрінеді де тұрады. Жаздың əдемі жанға жайлы кеші еді, біраз адам бас құрап қалыпты. Орындықтар бос көрінбеді. – Əй, Бельгер, мұнда кел, – деді отырғандар ішінен жасы үлкеннің бірі. – Кешіріңіз, көке, қонақтарым бар, – деді Герольд Бельгер. – Қонақты үйде күтпейтін бе еді? – Біз, немістер, қазақтар сияқты шашыла бермейміз. Əңгімемен де тойдырамыз. Жұрт күліп жатыр. Ескерткіштің қасында біраз тұрдық та ары қарай жылжыдық. Тағы да əңгіме тізгіні Бельгерде. – Оқтын-оқтын осында Хакімжан ағаның өзі де соғады. Үнсіз қарап, біраз тұрады да қайтады. Қасына барып сөзге тартсаң ғана, қысқа қайырып сөйлейді. Таң қалам: керемет талант пен ақылға сыя қоймайтын қарапайымдылық қалайша бір адамның бойына сыйып тұр. Біз итпіз ғой, кеуде көтергендерді ғана сыйлаймыз. Хакімжан аға осында келгенде, біразымыз «байқамай» қаламыз. Бұл əңгімеден өзімізше қорытынды жасап, біз үйлерімізге тарадық. Мүсіншінің екі шығармасын азкем сөз еттік. Ал оның қолымен үш жүздей мүсін жасалғанын жұрт біле бермейді. Əрине, бəрін де өнердің шыңы деуге келмес, бірақ бəрінде де шебердің қолтаңбасы бары анық. Абай мен Шоқанның, Жамбылдың ескерткіштерін жасағанға дейін де ол танылған мүсінші еді, кейін де шабысынан жаңылмаған. Хакімжан Наурызбаев – өз заманының перзенті. Уақыт нені қажет етсе, ол соған жауап берді. Жастайынан Жамбылдың жырын жаттап өскен балаға абыз ақынның портреті жақын болған соң, бұл тақырыпқа ол көп барды. Жұртқа белгілі «Бала Жамбыл», «Жасөспірім Жамбыл», «Жамбыл ат үстінде», сондай-ақ Тараз қаласында «Жамбыл» монументті ескерткіштерін айтпағанда, алғашқы шəкірттік шағында жасаған, Қостанай облысының біраз басшыларының кабинеттерінен орын алған ақын бюсттерінде де мүсіншінің балғын қолтаңбалары бар. Басқа батырларымызды айта алмай, Амангелді Имановты ғана алға тосқан заманда «Амангелді» туды. Ұлы композиторымыз Құрманғазының 150 жылдығы тұсында «Құрманғазы» дүниеге келді. Асылдарымыз ақталған шақта Сəкен Сейфуллиннің қайталанбас портретін жасады. Несін жасырайық, уақыт оған Лениннің, Калининнің де бейнелерін жасаттырды. Жұрт оларды да өнер туындылары ретінде жоғары бағалап қабылдады. Өзі де еңбекпен өскен суреткер еңбек адамдарының мүсіндік портреттері галереясын жасағанын жұрт біледі. Оны біреулер тапсырыстық дүниелер дер. Қалай десе де, Нұрмолда Алдабергеновтен бастап, Еңбек Ерлері Қ.Досанов, Б.Шаяндин, Д.Серіков, тағы басқалардың жүздерінен нұр төгіліп тұрған портреттерінен адамгершіліктің, азаматтықтың сипатын көреміз, көңілімізді жадыратады. Хəкеңнің жасаған мүсіндерін көргенде, оның ар жағынан суреткердің өзін көргендей болатының бар. Оған ол туралы айтылатын əңгімелерді қоссаңыз, көз алдыңа қасиетті бір адамның тұлғасы сом далады. Бұл тұлға ол жасаған шығармалардан кем соқпайтындай көрінеді. Біз сол адамның өзін де танысақ, жұртқа да танытсақ, бір өнегелі іс

тынар еді, оны таныған жұрттың бойына рухани нəр құйылғандай болар еді-ау деген де ой келеді. Басқасын былай қойғанда, бүгінгідей қатыгездеу заманда, оның бойындағы ұлы қарапайымдылықтың өзі не тұрады?! Ұлы деген сөзді қағыс айтып отырғанымыз жоқ. Ондай қарапайымдылық сирек қазір, бəлкім, сірə, жоқ та шығар. Ондай қарапайымдылық тек аңызға ғана айналған. Сол аңыз Хəкеңнің атымен бірге айтылады. Сондай аңыздың бірі мынадай. Үлкен жазушымыз Ғабит Мүсірепов дүниеден озғанда, арнаулы комиссия оның басына қойылатын ескерткішін де ойластырады. Ол күні бұрын Хакімжан ағамызға ескертіледі. Сонда мүсінші жазушыны жерлеп жатқан кезде өзінше болашақ ескерткіштің жайын ойлап, өзінше өлшеппішіп, қабірдің басында олайбұлай өтіп жүрсе керек. Қарапайым күпəйке киген «жаман шалдың» бұл əрекетін ұнатпаған бір даңғой, əлде жазушы, əлде шенеунік, сірə жерлеу комиссиясының мүшесі болса керек, Хəкеңді қолымен жасқап: «Алдымыздан көлбеңдеп өте бермей, былай тұрыңызшы!» деп жекиді. Жерлеуден кейін комиссия мүшелері Ғабеңнің үйіне жиналады. Сонда зират басында күпəйке киіп жүрген шал төрде отырғанын көріп, əлгі даңғой таңданады. Оның атақты Хакімжан Наурызбаев екенін білгенде, жерге кіріп кете жаздайды. Бір ол ғана емес-ау, бұл əңгімені естіген талай даңғой тəубесіне келмегенмен, байқап сөйлейтін, аяғын байқап басатын болатын шығар. Бұл кісінің шəкірттері туралы айтқанда, аттап кетуге болмайтын бір адам бар. Ол – мүсінші Тілеуберді Бинаш, Қазақстан Республикасының еңбек сіңір ген қайраткері. Тілеуберді Хəкеңнің ең сүйікті шəкірті болды. Сірə, оларды табыстырған табиғи талант тары, халықтан шыққан «сап алтын дығы» шығар. Хакім жан ағамыздың оқымай жүріп-ақ жасаған мүсіндері республика Үкіметі төрағасының кө зіне түссе, ал Тілеуберді оқымай жатып-ақ ұлы Қажымұқанның мүсінін жасап, атағы шыққан. Кейін Хəкең Тілеубердіні өзі оқытты. Ауылдың баласы, саяси сабақтардан үлгермей, училищеден шығып қалатындай болған кезде: «Бұл баладан марксизмленинизм теоретигі шықпауы мүмкін, бірақ жақсы мүсінші шығатыны анық», – деп ұстазы ара түсіп, алып қалған. Кейін Хакімжан ағамыздың бір сұхбатында былай дейтіні жəне бар: «Соғыс кезінде Мəскеу, Ленинградтағы белгілі, атақты мү сіншілер, суретшілердің бəрі Ал матыға көшіп келген еді ғой. Ольга Николаевна Кудрявцева мені тəрбиелеуге сұрап алды. Оның ұстазы Эльенора Абрамовна Блок болатын, ал ол Роденнің шəкірті еді. Міне, айналып келгенде, талантты мүсінші, менің шəкіртім Тілеуберді Бинашевтің қайдан шыққанын біле бер...» Сөйтіп, айтып та қоймай, өзінің күш-қуаты сарқылып, көзінің нұры кеміп, шығармашылық жұмыстан шектелген кезінде, Хəкең сүйікті шəкіртін шақырып алып, өзі пайдаланған барлық құралсаймандарын, заттарын аманаттап тапсырып кеткен еді. Осынау асыл дүниелерді Тілеуберді өз үйінде ашқан мұражайдың төріне қойып, жұртқа көрсетіп отырады. Күні кеше ұлы ұстазы дүниеден озған кезде, шенеуніктер қауымы ұмытқан кезде, Хакімжан Наурызбаевты ақырғы сапарға шығарып салған шағын топтың ортасында да Тілеуберді жүрді. Кеңсайдағы зиратының басына қойылған мүсінді де Тілеуберді жасады. Мұны ұстазға деген ізеттің ауқымында қарамай, бүкіл қоғам атқарар жұмыстың басында жүргендік деп бағаласақ жөн болар. Тілеуберді жақында ұстаздың туған жеріне барып қайтты. Сондағы жұртқа ұлы мүсіншінің туғанына жақында 90 жыл толатынын естеріне салды. Бұл да жақ сылық шығар. Ондағылар бұған оң қабақ танытыпты. Наурызбаевтай тұлғаны жерлестерінің мақтаныш ететінін,

мерейтойын атап өтетінін айтыпты. Шəкіртіне ұстазының ескерткішін жасауды да ұсыныпты. Ал ол сол сəтте-ақ оған кірісіп кеткен. Ауылдың, ауданның, тіпті облыстың алып тұлғаларды ардақтап жатқаны жақсы ғой. Бірақ сол тұлғалардың көпшілігі бір аймақтың ауқымынан асып жататынын да ойлайсың. Хакімжан Наурызбаев шын мəнінде сондайлардың қатарындағы тұлға. Ол ұлттық ауқымда ардақталатын, барша халық мақтанышына айналса ғана орны толатын тұлға. Содан да осы бір өнер алыбы дүниеден өтер кездегідей жоқтаусыз қалмай, бойына лайық құрмет жасалса, парызды іс өтелер еді-ау дейсің. Сөйтсе де, секем алып қалған жүрек, бұрынғы жай қайталанбас па екен деп қобалжиды. Тек көңілге бір демеу – ұлы мүсінші дүниеден өткенде, жоқтаушының бірі болған, Хəкеңді жерлеуге азын-аулақ қар жы тауып берген сол кездегі Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы еді. Енді ол – министр. Өнердің қам қоршысы, сол өнерді жасаушылардың қамқоршысы. Соған біршама көңіл тоғаяды. Жақында мүсінші Тілеуберді Бинаштың шеберханасында болдық. Ұстазының бейнесін мүсіндеп бітіпті. Өнердің алып тұлғасы, қарапайымдылықтың ұлы өнегесі уақыт биігінен ойланып қарайды. Заман өзгерер, бірақ құндылық, асыл қасиеттер өзгермейді деп тұрғандай. Оның осынау қарасы бізге керек-ақ сияқты. АЛМАТЫ.


26 тамыз 2015 жыл Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ел еңсесін көтерген оқиға болып отыр. Табиғатынан өр мінезді, еркін ойлы, азаттық сүйгіш бабаларымыз «қара қазан, сары баланың қамы үшін» құрбан болып, жүздеген жылдар сыртқы жаулармен жан аямай арпалысқа түсті. Бұл күрес орыс отаршылдығына түскенде де тоқтаған жоқ. Ғасырларға созылған ерлікке толы тарихымызда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өз алдына бір төбе. Алдымызда, яғни 2016 жылы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы келе жатыр. Оның ішінде өзіндік орны бар оқиға – Қарқара өңірі қазақтарының бас көтеруі. Енді осы тарихи жағдайды келешек ұрпақтың назарына тәуелсіздік талабына сай жан-жақты зерттеп ұсыну – бүгінгі зерттеушілердің парызы әрі абыройлы міндеті.

ДА

ЫН Н Ы Қ Л О ТАРИХ Т

отыр. Қалай дегенмен де бүгінгі заман талабынан шығатын түрлі жанрлардағы туындылар əлі де болса қажет-ақ. Тақырыпты терең түсіну барысында тарих ғылымына жүгінуге тура келеді. Бұл басы ашық мəселе. Ал маман тарихшыларымыз Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісті жалпы қамтып жүр. Оның ішіндегі Қарқара, Бекболат батыр, Ботпай, Қастек, Лепсі көтерілістері туралы əрқайсысына жекелеген маман ретіндегі кəсіби зерттеулер өкінішке қарай əлі жоқ. Сонымен қатар, көтерілістің басында болған тұлғалар туралы да тұшымды зерттеулерді осы күнге дейін көре алмай отырмыз. Тек бұрын белгілі болған, айтылған жайларды қайта-қайта шиырлап жүрміз. Тың дерек, терең

зерттеу, жан-жақты қамту мəселесі алда келе жатқан 100 жылдық қарсаңында қолға алынар деген үміттеміз. Тарихи деректер Қарқара көтерілісінің он жылдығы 1926 жылы Ораз Жандосовтың басшылығымен атап өтілгенін айтады. Көтерілістің туы тігілген Айттөбе сонда Ереуілтөбе атанады. Содан кейін көтерілістің 80 жылдығы 1986 жылы атап өтілді. Он жыл өткен соң белгілі қоғам қайраткері, сол кездегі Алматы облысының əкімі Серік Үмбетов Ереуілтөбе басындағы ескерткішті жаңалап тұрғызып, Қарқара қасіретін кейінгі буын ұрпақтың кең көлемде еске алуына жағдай туғызды. Бұл бағытта ел ағалары Құсайын Бижанов,

түбегейлі зерттеліп, халыққа егжей-тегжейлі түсіндірілмеді деуге болады. Үркіншілікке ұшыраған халықтың жай-күйі қандай болатынын бүгінгі ұрпақ сезінуі қажет. Ел бірлігі деген ұғымның қадірін жас ұрпақ сонда түсінеді деген ойдамыз. Шекаралық аудандар тыныштығының сақталуы Ресей мемлекеті үшін де онда көшіпқонып жүрген қазақ рулары үшін де маңызды мəселе еді. Ресей империясы Қарқара өңірін шекаралық аудан ретінде əркез жіті бақылауда ұстаған. Себебі, жергілікті халық Қытай ауып кетуі мүмкін деген күдік басым болатын. Айтса айтқандай, 1916 жылғы көтеріліс тұсында Қарқара мен Қарақол өңіріндегі халықтың басым бөлігі босқыншылыққа ұшырап, Қытай жеріне ауа көшті. Төменде қарамағына осы өңірдегі бүкіл тау мен дала кіретін Жаркент уезіндегі албан болыстықтарындағы қуғын көрген халықтың нақты түтін саны берілген. Қожбамбет болысы – 1351 түтін, қалғаны – 410 түтін, Қытайға ауғаны – 450 түтін; Шелек – 1102 түтін, қалғаны – 520 түтін, Қытайға ауғаны – 682; Мерке – 1169 түтін, қалғаны – 50 түтін, Қытайға ауғаны – 1119; Торайғыр – 777 түтін, 140 түтін, Қытайға ауғаны – 637; Сарытоғай – 677 түтін, қалғаны – 190 түтін, Қытайға ауғаны – 487; Қоңырбөрік – 1122, қалғаны – 215, Қытайға ауғаны – 907; Бөдеті – 802, қалғаны – 265, Қытайға ауғаны – 508; Кеген – 972 түтін, қалғаны – 140, Қытайға ауғаны – 832; Құрман – 927 түтін, қалғаны 80 түтін, Қытайға ауғаны 847; Айт – 912 түтін, қалғаны 90 түтін, Қытайға ауғаны – 822; Алжан – 903 түтін, қалғаны – 100, Қытайға ауғаны – 803; Иванов – 787 түтін, Қытайға ауғаны – 787; Байынқол – 863 түтін, Қытайға ауғаны – 863; Əділбек – 388 түтін, Қытайға ауғаны – 388. Яғни, барлығы: 12843 түтіннен туған елде қалғаны небəрі – 2200 түтін болса, Қытайға ауғаны 10643 түтін. Бұл мəліметке Верный уезіне қарасты албан болыстықтары кірген жоқ. Сол кезде 16 болыс албанда жалпы жан саны 69440 болса, оның ішінде 56950 адам босқын болды. Мұхамеджан Тынышбайұлының есебінде босқын болғандардың ішінде 35100 адам қырғын тапқан. Яғни, тау халқының 1916-1917 жылдары жартысынан астамы қырғынға ұшырапты. Ресей империясының өктемдігінен жазықсыз жапа шегіп, опат болғандардың рухына тағзым етеміз. Бұл кезде Аспанасты елінде ғасырларға созылған Цин династиясы өмір сүруін тоқтатып, Қытайдың орталық билігінде алмағайып күндер туып тұрған заманмен қырғыз-қазақ тың босқыншылық дүрбелеңі тұспа-тұс келді. «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» көптомдығының 11-томында 1912-1928 жылдары Шыңжаң өлкесінің генерал-губернаторы болған Яң Зыңшиннің «Өткен жазбалардың толықтамасы» кітабынан 1916 жылға қатысты 16 құжат белгілі ғалым, тарихшы Нəбижан Мұхамедханұлының аудармасымен берілген екен. Енді сол құжаттарға назар аударалық: № 1 құжат. «Қыркүйектің 1-і күні Іле қорғаныс командирі Ян Фишаның мəліметінде, Е лылогу қарауылының бастығы Амридің мəліметінде тамыздың 28-інде Ресей қазақтарының мал-мүлкін Ресейдің Қалжат деген жерінде ресейліктердің түк қалдырмай талан-таражға салғаны жəне көп адамды атып өлтіргендігі, сонымен қатар Ойрат батальонының сол қанат бас басқармасының бастығы Нашүн батырдың мəліметінде 28 күні Ресейге қарасты қазақтардың Ресейдің Албансу қарауындағы офицерлерді жəне олардың отбасындағыларды 21 адамды атып өлтіргендігі жəне олардың Қашын деген жерде қорғаныста тұрған Ресей офицерлері мен əскерлерін бір-ақ қырып салғандығы айтылған». Мұрағат деректерінде орыс офицерлері өз шығынын ашып айтпайды. Мəселен, шекара қорғанысында тұрған орыс солдаттарын

Шінəй Шорманов, Қазтай Ұлтарақов, Заманбек Батталханов, аймақ басшылары Сəдуақас Серкебаев, Ызғарбек Бектұрсынов, Босатқан Ұлдарбековтің өнегелі істері жадымызда. Қарқара көтерілісінің 1916 жылғы тамызқыркүйек айларындағы шарасына бес мыңнан астам адам қатысады. Оған Монай-Мұқан, Ыбырай басшылық етіп, Қарқара аймағын мекен еткен кедей шаруалар: қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, татар, дүнген сынды ұлт өкілдері де қосылып, бір кісідей патша жендеттеріне қарсы шығады. Көтерілісшілер арасынан Əубəкір, Тұрлықожа, Саламат, Шұлғаубай, Мұса, Мұстафа, Жəйшібек, Нұр, Ыбырай, Жансейіт сияқты батырлар мен мергендер ерлік көрсетеді. Осы кезде ел ішінде: «Өзгелер тас атады, Жақыпберді бас атады», деген сөз сақталған. Тамыз айының аяғында көтерілісшілер өз штабын Қарқара жəрмеңкесінде құрады. Содан соң Қарқара, Қарақол, Ыстықкөл аймағы, Сүмбе, Үлкен Ақсу, Кетмен, Қалжат, Шарын ауылдары көтерілісшілер қарамағына өтеді. Қарқара көтерілісін тануда бүгінгі оқырманға ең бір көмескі жағы – босқыншылық мəселесі. «Қытай ауып кетіп, босқын болыпты» деген сөзді естиміз. Бірді-екілі маман болмаса, осы мəселе

көтерілісшілердің қырып салғандығы туралы іс мұрағатта жоқ. Есесіне, қытай офицерлерінің мəлімдемелерінен шығып отыр. №11 құжат. «Іле қорғаныс комиссары Яң Фишаның айтуынша, 22 қазанда Текес өзені бойындағы қорғаныс заставасының қолбасшысы Го Ибаоның мəлімдеуінше, 19 қазан күні таң азанда Ресейдің 500-ден артық əскерінің екі зеңбіректен атқан оғы Нарынгона жеріне, яғни қолбасшы командир тұрған қарауылға түскен. Зеңбіректен бірнеше дүркін оқ атқан, одан соң Ресей əскері қазақтарға оқ жаудырған, сансыз ер-əйел, үлкен-кіші, ұл-қыздар қырылған. ...Біздің əскер оларға бірнеше жүз оқ атып, оларды қорқытып тоқтатпақ болып еді, бірақ Ресей қазақтары өлгеніне-тірілгеніне қарамай Қытай шекарасының ішкі жағына қарай өтті. ...Ресейдің қолбастаушысы өзінің бес офицерін біздің қарауылымызға жіберіп: «Ресейдің бүлікші қазақтары Қытай жеріне кірсе, неге оларды атып өлтіріп, бізге тапсырып бермейсіңдер?» деді. Осылайша қырғыз-қазаққа топалаң тиіп жатқанда, 1916 жылдың 15 қазанында Түркістан өлкесінің басшысы генерал Куропаткиннің ықпалымен көтеріліс болған Пржевальск жəне Жаркент уездерінен тек орыстар тұратын

Қарқара қасіреті Күні кеше Ресей бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығын атап өтті. Соған қатысты ісшараларда олар өздерінің қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін ашып көрсетті. Міне, бұлар ұлттың рухын көтеретіні, асқақтататыны ақиқат. Бірінші дүниежүзілік соғыстың салқыны қазақ даласын да шарпыды. Майданнан шалғайда жатқан аталарымыз соғысқа қатыспаса да, алдындағы малын, басқа да материалдық игіліктерін жіберді. Сол соғыстың салдарынан өз елінде, өз жерінде қырғынға ұшырады. Оған майдан даласындағы қара жұмысқа адам беруден бас тартып, наразылық білдіруі ең басты себеп болды. Бұл «Қарқара қасіреті» атауымен тарихтан белгілі. Көтеріліс басшылары Ұзақ батыр мен Жəмеңке би жəне албанның ең беделді адамдары, яғни болыс-билер саяси ахуалды жіті бақылауда ұстаған, заман сырын, патша саясатын терең түсінген адамдар еді. Олар сол кездің өзінде орыс бодандығын қабылдағаннан бері Қазақ елінің күн санап бас бостандығынан айырылып, ен даланы еркін жайлаған халықтың барар жер, басар тауы қалмай бара жатқанын, жыл санап тынысы тарыларын жақсы түсінді. Енді, тіпті, шегінерге жер қалмады. Ұзақ батырдың: «Берсек бала өледі, бермесек шал өледі. Бала өлгенше шал өлсін!» деген сойылмен соққандай сөзі басын бəйгеге тіккен елдің мақсаты мен мұратын айқындады. Ұранға айналған осы бір ауыз сөздің қуаты қалың бұқараға қанат бітірді. Атқамінер азаматтар тəуекелге бел буды. «Июнь жарлығы» шыға салысымен Түркістан генерал-губернаторы Куропаткинге əрбір уез бастығы күніне үш мəрте жағдайды айтып телеграмма салып отыруға міндетті болды. Яғни, ол бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда əр күні не болып жатқандығынан хабардар болып отыру деген сөз. Елде наразылық басталысымен тез арада құрамына Жетісу жəне Сырдария облыстары кіретін Түркістан өлкесіне əскери жағдай енгізілді. 7 шілде күні Нарынқол-Шарын бөлімшесінің приставы Подворковтан шыққан болыс билер 10 шілдеде Ұзақ батырдың ауылында бас қосады. Оған қырғыздар, ұйғырлар да қатысты деген мəлімет бар. Сол жерде сұқ саусақты қанға матырып анттасқан жағдайлар тыңшылар арқылы уақыт оздырмай уез бастықтарына, ары қарай Түркістан генерал-губернаторына жетіп жатты. Текес шекара постының күзетшісі Горячинов: «Мен Қарқара жəрмеңкесінде таныс қырғызымды кездестірдім. Ол қазақтар өлтіреді деген сақтықпен өзін айтпауды өтінді де болған жайды баяндап берді. Құрметті кісілер жиналып, адам бермейміз, Қытайға қашамыз десті де соңында, орыстар аз, Қытайға қашпайық, қаруы бар адамдарды ұйымдастырып, қарсылық көрсетеміз. Сəтсіздікке ұшыраған жағдайда тауға, болмаса мал-мүлік, отбасымен Қытайға өтіп кетейік десті. Бұл іске ұйытқы болып, ұйымдастырып жүрген құрметті адамдар ретінде мыналарды атады: Жəмеңке Мəмбетов, Ұзақ Саурықов, Тұрлықожа Жансеркин жəне Қазыбек Шорманов». Осы хабарды естіп, олардың ширақ қимылдап, көтеріліс көсемдерін тез арада тұтқынға алуы да сондықтан. Жазалаушы отряд шыққанда халық басшысыз қалды... Егер Ұзақ пен Жəмеңке бастаған болыс, билер мен ықпалды адамдар ел ішінде жүргенде қарулы қақтығыс анағұрлым ұйымдасқан түрде өтетіні даусыз еді. Елдің өре түрегелуіне, арты қарулы қақтығыстарға ұласып, халықтың босқыншылыққа ұшырауына билік тарапынан істелген зорлық пен өктемдік, жергілікті əкімшіліктердегі белден басқан заңсыз əрекеттер мұрындық болды. Соның салдарынан ауыл тұрғындары айдауылдар Хлыновский мен Склюев бастаған 14 солдаттың қаруларын түгел тартып алып, алғашқысына дүре соғып, бəрін жаяу айдап жібереді. Егер Хлыновский алды-артын пайымдап, байсалды іс қылғанда бұл оқиғаның болмауы да мүмкін еді. Ендігі мəселе: «Қарқара қасіретінің ұлтазаттық көтерілістері ішінде өзіндік ерекшелігі бар ма? Бар болса қандай?» – деген сауалдар. Осы тақырыпты дендеп зерттеген тарихшы маман Шəмек Тілеубаев жалпы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілісті төмендегідей төрт кезеңге бөледі. 1. Шілде айы – стихиялық наразылық білдіру кезеңі; 2) Тамыз-қыркүйек айының басы – оның қарулы көтеріліске ұласуы; 3) Қыркүйек-қазан айлары – көтерілістің басып-жаншылуы жəне жеңіліске ұшырауы; 4) Көтерілісшілердің босқыншылыққа түсуі, олардың тарихи Отанына қайту кезеңі. Ш.Тілеубаевтың тұжырымдауы бойынша сөз етіп отырған көтерілістің өзіне тəн ерекшелігі

дегенде Жетісуға қарасты Қарқара өңірінің тарихи-географиялық, саяси-экономикалық, əскери-стратегиялық тұрғыдан да маңызы зор. Себебі, бұл өңірге ХІХ ғасырдың 40-50-жылдарынан бастап орыс өкіметінің ықпалы жүре бастады. Содан ХХ ғасырдың басында Ресей мен Қытайдың арасында шекаралық аудан ретінде қай жағынан алғанда да маңыздылығымен ерекшеленді. Кейінгі Кеңес заманында да, қазіргі тəуелсіз Қазақстанда да бұл өңір – шекаралық аудан. Ел іргесінің, шекаралық аудандардың тыныштығының сақталуы Ресей мемлекеті үшін де онда көшіп-қонып жүрген қазақ рулары үшін де маңызды мəселе болатын. Сонымен қатар, Қарқара өңірі туысқан екі халық – қазақ пен қырғыздың бір-бірімен түрлі деңгейде еркін араласып тұрған аймағы. Сондықтан, Қарқара мен Қарақолдың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыста туысқан екі халық бірлесе отырып əрекет жасауға ұмтылды. 12 шілде күні Қарқара басшылары мен Пржевальск уезіндегі қырғыз елінің көсемдері Қарақол қаласында бірге қырғын тапты. Ұлтаралық мəселе дегенде осы үркіншілік жылдары кең-байтақ Ресей империясының Қазақстан мен Орталық Азия аймағында жергілікті ұлттар мен орыс қоныстанушыларының арасы қатты шиеленісті. Переселендер мен қырғыз-қазақтар бірі-бірімен жауласты. Бұл оқиғаны кеңестік коммунистік мораль бірте-бірте ұмыттырды. Көтерілістің өзіне тəн тағы бір ерекшелігі – мұнда Орталық Азия, Ресей мен Қытай елдеріне танымал болған атақты Қарқара жəрмеңкесі жұмыс істеді. Жазда бұл жер өзбексарт, қытай, Кашмир саудагерлері мен орыс көпестерінің араласып жатқан ордасы еді. Ол жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен менталитетіне əсер етпей қойған жоқ. Жəрмеңке Ресей мемлекетіне шашетектен пайда келтіріп тұрған маңызды сауда нүктесі болатын. Мұнда алғашында бір қорап сіріңкені аңқау қазаққа бір қойға саудалаған пысықайлар да болды. 1916 жылы таулы өңірді соғыс жайлаған кезде жəрмеңкені көтерілісшілер өртеп жіберіп, оның жұмысы уақытша тоқтады. Осы қанды оқиғалардың куəгерлері болған Көдек Байшығанұлы, Бөлтірік Атыханұлы, Əбен Атамқұлұлы сынды ақындардың өлеңжырларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау жолдарын қарастыруымыз қажет. Сондағы ұлттық қасіретті суреттеген өлең-жырлардың біразын өткен ғасырдың 20-шы жылдарында көтеріліс болған жерлерді аралаған Ілияс Жансүгіров хатқа түсірген. Ақынның қолжазбасы мемлекеттік архивте сақтаулы. Енді елімізде Қарқара көтерілісінің зерттелуі мен насихатталуы барысына аз-кем тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. Көтеріліс сипатының əдеби нұсқасы М. Əуезовтің «Қилы заман» романында жан-жақты көрініс тапқан. Оны кезінде оқымаған адам жоқ шығар. Кейіннен ұлы жазушы өзінің осындай тарихи көзқарастары үшін қудаланғаны да белгілі. «Қилы заманды» 1972 жылы қайраткер, қаламгер Əди Шəріпов Əдебиет жəне өнер инс титуты арқылы ұйымдастырып, Шыңғыс Айтматовтың алғысөзімен 1972 жылы «Новый мир» журналының №6 санында орыс тілінде жариялаттырды. Бұл сол кезде қазақ əдебиеті үшін үлкен жеңіс болды. М.Əуезовтің «Қилы заманынан» кейін осы шығарма негізінде оны сахналық нұсқасын жасауға нартəуекел жасаған ақын Нұрлан Оразалин еді. Оның «Қырғын» пьесасы 1979 жылы жазылғанымен, кеңес дəуірі театрларында сахналаудың сəті келмеді де араға 17 жыл салып, тəуелсіздік орнағаннан соң барып қойылды. Қоюшы-режиссер – Əубəкір Рахимов. Сонымен қатар, 1991 жылы академик Кеңес Нұрпейісовтің алғысөзімен шыққан, Сапар Байжанов құрастырған «Қарқара айбаты» мақалалар жинағы мұрағаттық құжаттарды қамтуға талаптанған еңбек болды. 1992 жылы ғалым Тұрсын Жұртбаев «Қилы заман» секілді əдеби шығармадағы өмір шындығын мұрағат деректерімен дəлелдеген «Бейуақ» зерттеу кітабын жариялады. 2002 жылы Сейдəлім Тəнекеевтің «1916 жыл. Қарқара – албан көтерілісі» атты тарихи зерттеу шығармасы ұлт-азаттық көтерілісін шола отырып, мұрағат деректерін молынан қамтыған еңбек болды. Бұл шығармалардың кез келгені өз уақытында Қарқара көтерілісін əр қырынан тануға, мəн-мағынасын ашуға бағытталды. Еліміз тəуелсіздік алған соң ұлтазаттық көтеріліс тақырыбына кəсіби мамандар келді. «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша редакциясын белгілі тарихшы Мəмбет Қойгелдиев басқарған «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» атты көптомдық құжаттар жинағы осы тақырыпты зерттеушілерге шын мəнінде бағдаршам болып

www.egemen.kz

11

Пржевальск уезін қайта құру туралы жоба жасалынды. Ол бойынша қарақолдық қырғыздар көрші Нарын уезіне, Жаркент уезіне қарасты Шалкөде, Текес, Қарқара аймағында тұратын албандарды Верный уезіне, қызылбөрік арасына жəне Сөгетіге қоныстандыру мəселесі қаралды. Сөйтіп, Ыстықкөл мен Нарынқол өңірі таза орыстар мен казактарға берілетін болды. Алайда, ақ патша тақтан құлап, бұл жоба жүзеге аспай қалды. Ал енді Қытай жеріндегі босқындар жайлы деректерге назар аударалық. 1917 жылдың мамыр айында «Қазақ» газетіне А.Найман Қожа баласы деген атпен жарияланған мына бір мақаланы оқыған адамның төбе құйқасы шымырлайды. «Өзім 25 апрельде Қапалдан Құлжаға келіп едім. ...Бұл Құлжа алабына босып келген қырғыздар орыс əскерлерінің талауынан қалған малдарын Қытай жеріне алып өткен соң, Қытай шерігі, Құлжа ақсақалы Нұр-Ахун, консул – бəрі компания болып, «орыс жеріне қайта айдаймыз» деп қорқытып, ...бұл малдарың қолдарыңда тұрса, қытай кісілері талап алады. Менің атыма шығарып беріңдер, сақтап беремін» деп 9000 жылқыны Текеске өткен жылғы сентябрь айында айдатып жіберген екен. Осы күнге дейін жылқыдан да, Нұр-Ахуннан да дерек жоқ. ...Аштықтан, суықтан босқын қырғыздардың үштен екісі өлген. Қазір топалаң тиген қойдай аштан қырылып жатыр. Өлгенін көмуге де хəлдері келер емес. ...Құлжаның көшелерінде қырғыз тіленшілерінен кісі жүре алатын емес. Тіленшілік еткен қырғыз əйелдерінің киімдері тозғандықтан құрым киізден денесін жабарлық лыпа жамылып жүр. Қырғыз хəлін көрген қазақ жігіті болса шыдай алмайды, жылайды: қайсыбіреулері көшеде шалқасынан жығылып өлейін деп жатқаны. Қайсы біреулері шаһардың тысында, далада ауырып өлейін деп жатқаны». Осы оқиға 6-7 ай жалғасып келеді де ақыры баспасөз беттеріне жазылып, дабыл көтеріліп, Босқын жəрдем комитеті құрылады. Құлжа қаласы атқару комитетінің төрағасы Ювашев мұсылмандар тұратын қалаларға хабар беріп, нəтижесінде Алматы қазақтарының комитеті «Уақыт» басқармасы, Ырғыз уезі комитеті, Ақтөбе мұсылмандары бюросы, Семей мұсылмандары комитеті, Құлжа мұсылмандары, сондай-ақ, Түркістаннан Нəсіров, Омбы имамы Пономарев, Тройцкіден Яушев – барлығы 14716 сом қаржы жинап, аштан қырылып жатқан қырғыздар мен қазақтардың аш өзегіне талғажау жасайды. Босқын болып қырғын тапқан тек қана қырғыз емес, төменде «Қазақ» газеті көтерген мəселе осының айғағы. «...Жаркент уезіне қараған Мерке, Торайғыр, Байынқол, Иванов һəм Əділбек болыстарының бас адамдары мынадай хат жазады: Жаркент уезіне қараған 14 болыс елдің көбі қытай жеріне босып бардық. Мал-мүліктерімізді қытай-қалмақ тонап алды. Көбімізді атып өлтірді. Аштан, суықтан қырылдық. Жоқ нəрсені сылтау етіп қытай-қалмақ дүре соғатын болды. Бостандық болғаннан кейін тірі қалғанымыз елге шұбырдық. Жолда қаншамыз қырғын таптық. Ұл атадан, қыз анадан айырылды. Басымызға қиямет күн туды. Мерке болысында 1169 үй бар еді, соның осы күні 310 үйі ғана қалды. Өзгесінің қайда екенін білмейміз, əрине, қырылды ғой. Ел болған соң арамызда шалқыған, мыңды айдаған байлар да көп еді, ең кедей деген үйдің күн көргіштігі бар еді. Бұл күнде бəріміз дерлік бес-он ағаштың басын құрап, қарақұрым киіз жауып, лашық қылып отырмыз. Кіруге үй, киюге киім, ішуге тамақ жоқ. Тірі қалған балаларымыз аштықтан, жалаңаштықтан шырылдап, əйелдеріміздің денесі көрініп, жалаң аяқ, жалаң бас шаштары дудырап, табандары ойылып, жақын жерлердегі қалаларға барып, тіленшілік қылып жүр. Құдай басымызға мұндай пəле мен азап қоса салды, қашан ел-жұрт боламыз! Міне, ызғарлы қыс келіп қалды. Енді қайтеміз? Осы уақытта дүниежүзінде біздей қор болған ел жоқ шығар. (Босқын қырғыз-қазақтар, 3 қараша, 1917 жыл, «Қазақ» газеті № 248). Келтіре берсе дерек көп. Сөз соңында мынаны айтпақпыз. Көтерілістің 100 жылдығына орай оған ұйытқы болған бабаларымыздың есімін ардақтап, лайықты құрмет көрсетіп, батырлардың басына еңселі ескерткіш орнату керек. Тарихтың қатпарқатпар қойнауында көмескіленіп бара жатқан бабалар рухына осылайша мінəжат етіп, құрмет көрсетуге тиіспіз. Мұндай ұлағаты мол игілікті іс-шараға ұлтжанды азаматтар ұйытқы болуы керек деп есептейміз. Сонымен қатар, Қарқара қасіретінің бел ортасынан табылған Қарқара жəрмеңкесі бүгінде ұмытылып барады. Меніңше, жəрмеңкені қайта жаңғыртудың мезгілі жетті. Оны қайта жаңғырту дегенде жəрмеңкені бүгінгі заман талабына сай сол өңірде атқарылатын мəдени-рухани іс-шаралар өтетін орынға айналдыру. Сөйтіп, кешегі қаны төгілген бабалардың бүгінгі ұрпақтары еңсесін тіктеп, мəңгілік елдің мұраттарын жүзеге асыратын болса дейміз. Ұлттық тарихта болған агрессиялық саясатты көрсету бұл ұлтшылдыққа жатпайды. Қайта сол тарихи шындық арқылы халықты бірауыздылыққа үндеп, санасына сілкініс ендіріп, танымын жолға қоюымыз керек. Бұл өзiмiздiң кереметтiгiмiздi, ерекше ұлт əрi халық екендiгiмiздi көрсету емес. Олай түсiну жаңсақтық. Тарихи тұрғыдан алғанда, бiз қорғаныста болған ұлтпыз. Сол қилы замандарда найзамыздың ұшына үкi тағып, достасқанға құшағы ашық туыстай, ал қастасқанға қиып түсер қылыштай жағдайда өмiр сүруге тура келдi. Атамыз қазақтың бар мақсаты өз жерiнiң берекесiн болашақ ұрпаққа қалдыру, бақытты өмiрiн қамтамасыз ету болды. Тарихты осы тұрғыдан түсіну керек деген ойдамыз. Тəуелсіздіктің арқасында бұл тақырыпты терең зерттеп, ұлт үшін болған ұлы күрес жайында терең талдаулар жасайтын кез келді. Сондықтан, ұлт-азаттық көтерілісті мемлекеттік деңгейде, оның бір тармағы Қарқара көтерілісін өңірлік деңгейде атап өту барысына қазірден бастап дайындық шараларына кірісуіміз керек. Бұл бағытта халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастырып, деректі фильм түсірудің де маңызы зор. Өйткені, осындай көрнекі насихат арқылы жастардың жүрегіне тез жол табуға болады. Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, «Қарқара – Ереуіл» қоғамдық қорының төрағасы.

Алматы облысы.


12

26 тамыз

www.egemen.kz

2015 жыл

 Мирас Бұрын, бала кезімізде, «Көңілім Нілдей бұзылып», «Ұлын – Ұрымға, қызын – Қырымға қондырған» деген сөз тіркестерін естігенде, «көтермелеу үшін айтыла салған сөз ғой, әйтпесе, мал соңында жүрген момын қазаққа Ұрым (Рим) қайда, Қырым қайда, Ніл қайда» деп ойлаушы едік. Ол кезде кеңестік құндылықтармен тәрбиеленген біздер үшін қазақ бабаларымыз Ұрым, Қырымға бармақ түгілі оның қайда екенін білмеген де сияқты болып көрінетін. Бірақ, бұл біздің нағыз ата-баба тарихын білмегендіктен туындаған көзқарас екен. Соңғы есептеулер бойынша Орталық Азияның солтүстік батысында (жобамен қазіргі Қазақстан аумағы) орта ғасырларда қорғанмен қоршалған 1334 қала болыпты. Тек түріктердің соңғы ғасырлардағы үздіксіз өзара соғыстары қалаларды тып-типыл етіп, түрік халықтарын нағыз көшпендіге айналдырған, өркениеттен артқа жіберген.

Тегін білу – тектілік Еуропаның мақтан тұтатын, ең алғашқы жоғары өркениетке қол жеткізген елі – гректер. Ұлы Дала перзенттерінен гректердің арасында болған екі-ақ адам туралы тарихта мəлімет бар. Олардың біріншісі – Тоқсары. Тоқсары туралы «Элладалықтар оған жат елден келген Балгерəулие ретінде жыл сайын құрбандық шалады» дейді Лукиян «Скиф жəне қонақ» атты еңбегінде. Эллада еліне екінші болып аяқ басқан көшпенділер өкілі – Анақарыс данышпан. «Анақарыс – аңызға айналған скиф, өзінің Грекияға жасаған саяхаты кезінде даналығымен даңққа бөленді» – дейді Платон. Гректер Анақарысты дөңгелекті, кеменің зəкірін, ұста көрігін жəне құмыра жасауға арналған дөңгелек жозыны ойлап тапқан дегенді айтады. Ал шын мəнісінде Анақарыс оларды ойлап тапқан жоқ. Бұл бұйымдарды Ұлы Дала ұлдары одан əлдеқашан бұрын ойлап тауып, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген. Анақарыс тек соларды гректерге үйретуші болды. Гректер ұста көрігін енді көріп жатса, бұл кезде Алтайда болат қорытатын пештерді ойлап тауып, оны күнделікті өмірде қолданып жатқан болатын. Гректер «Анақарыс данышпан ойлап тапты», деп жүрген біздің ата-бабалардың бұйымдары, адамзат өркениетінің бастауында тұрған ғылым мен техниканың алғашқы жетістіктері болатын. Дөңгелек дегеніңіз қазіргі барлық қозғалыс құралдарының негізі. Дөңгелексіз бір де бір көлік орнынан қозғала алмайды. Ұста көрігі дегеніңіз металл өңдеудің бастауында тұрған бұйым. Құмыра жасайтын жозы дегеніңіз, ең алғашқы қозғалтқыш, ең қарапайым механикалық жүйе. Ал кеменің зəкірі дегеніңіз тіптен, көшпенділерге тəн емес бұйым, теңізшілер қолданатын құрал. Бұл, əлі тарихқа саясат араласпаған кездегі грек ғұламаларының жазбалары, көне гректердің өркениеті қазір «көшпенділер» атап жүрген біздің бабаларымыздың өркениетінен əлдеқайда төмен болғанын дəлелдейді. Бірақ, əлемнің алдыңғы қатарлы өркениеттерімен иық теңестіріп жүрген гректердің «Миной өркениеті», «Эгей өркениеті» дегендері бар емес пе еді? Олар сонда қай халықтың өркениеті? Жақында осы жəне басқа да сұрақтарға жауап беретін бір еңбек жарық көрді. Авторы өзінің керемет туындыларымен қазақ халқының алғысына бөленіп жүрген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының жəне Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым əрі жазушы Қойшығара Салғараұлы. Еңбек «Жер-жаһанда арғы атаңның ізі бар» деп аталады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығынан таяуда жарық көрген аталмыш еңбек тың деректер, соны материалдармен айрықша назар аудартады. Тақырыбы – адамзат өркениетінің бастауындағы түріктердің қалдырған іздері, атқарған рөлі. Бұрынсоңды зерттеушілердің қаламына ілікпеген əлем халықтарының мифологиясындағы деректерді бүгінгі ғылым жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы бабаларымыздың адамзаттың дамуына қосқан үлесін керемет шебер көрсеткен. Автордың бұрыннан жеңіл тақырыптарды таңдамайтыны белгілі. Кезінде «Алтын тамыр», «Көмбе», «Қазақтың қилы тарихы» атты кітаптары ұлтымыздың құнды еңбектеріне айналған болатын. Одан кейін жарық көрген «Қазақтар», «Ұлы қағанат», «Ежелгі түріктер», «Шығыстағы түріктер», «Орта ғасырлық түріктер» атты еңбектер де қазақ халқының санасын оятып, ел

тарихын түгендеуге қосылған зор үлес болды. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болса да ұзақ зерттеудің терең білімді қажет ететін күрделі тақырыптар болатын. Кезінде бұл еңбектерді оқыған оқырман, кеңес өкіметі кезінде жасырылып, айтылмай келген халқымыз тарихының жаңа беттерін ашып, көне тарих тереңінен сыр шертетінін жақсы біледі. Ал мына жаңа еңбектің зерттеу ауқымы тіпті, тереңге кетіп, адамзаттың жаратылыс кезеңі мен алғашқы өркениеттер туралы сыр шертеді. Автор бұл еңбегінің алдына қойған басты мақсаты туралы: «Біз бұл еңбегімізде зияткерлік, руханиəлеуметтік өзгерістер төңкерісін жасаған «кіндік уақыт» ғұламаларының осылайша қайта пайымдауларынан өтіп, кейінгі заманға екшеліп, іріктеліп, сүзгіленіп жеткен мифологияның таным дық толғамдарынан тілдік, тарихтық деректері арқылы адамзат баласының ресми ортақ тарихындағы түрік халықтарының ғұмырнамасының х.э. кейінгі VI ғасырдан басталуының дұрыс еместігін, олардың атамзаманнан бері бар, ежелгі көне халықтардың бірі екенін дəлелдеуге талаптанып көрмекпіз», – дейді. Бұл еңбек сол естен өшкен ескі замандардаақ Дельфі храмының маңдайшасына айшықтап жазылған «Өзіңді таны» қағида сының мəнін түсіндіруден басталып, бұдан мыңдаған жылдар бұрын жазылған, əлемнің түкпір-түкпірінен табылған тарихи мəтіндерді қазақша сөйлетумен аяқталады. Сөйлеткенде қандай сөйлеткен! Еуроцентристік пиғылдағы зерттеушілердің біле тұра «білмей», «танылмаған жазулар» деп жауып кеткен жазуларын таза қазақ тілінде сайратса, қазақтың көне аңыздарын жердің басқа бір шетіндегі мыңдаған жылдар бұрын тасқа шекіп жазылған жазулардан сол күйінде тауып көрсетеді. Үш бірдей эгоцентризмдердің: техникалық прогрестен соңғы ғасырларда ғана озып алға шыққан еуропалықтардың еуроцентризмінің, өздерінен басқаның бəрін төмен санайтын қытайлықтардың азияцентризмінің, ұлыорыстық идеяның туын көтерген русоцентризмнің бұрмалау ларының зардаптарынан көп қиянатты бастан кешкен, бүгінге дейін біз оқып келген «түрік тарихының» бояуының қалың болғандығын ашып көрсетеді. Автор «Құдайлар дəуірі» бөлімінде, бұрынғы тарих бойынша, барлық өркениеттердің бастауы

Нарыным – ќазаєымныѕ бір бґлшегі Əлеммен араласып емен-жарқын, Мінеки, шаққа жеттік жұрт танитын. Қол жеткен тəуелсіздік арқасында, Халқымыз еске алуда түп тарихын.

Тар кезде бастаймын деп елді өксітпей, Ер шыққан Сейітқали Мендешевтей. Тайыр, Қайрат, Фариза – халық үні Ғалым Асан Тайманов ол – бірегей.

Тарихтан Нарында да қалған із бар, Мекені аруақты ер, батыр қыздар. Ақжүніс, күйші Дина, Мəншүк, Хиуаз, Көгімде жарқыраған шам жұлдыздар.

Көтерген Жəңгір туын – білім туын, Ағам Мырзаш түседі еске бүгін. Жəнібекте талай жастың оқуына, Жол ашқан саясаттан тауып жігін.

Өткенді айта берсем, ол бір дастан, Ер Тарғын келген жаумен жағаласқан. Еліме білім нəрін себемін деп, Хан Жəңгір Ордада алғаш мектеп ашқан.

Нарыным – қазағымның бір бөлшегі, Ел болдық бүгін міне, біз еңселі. Тарихын зерделеген Қазақстан, Болашақ бигінен көрем сені.

Жерімді қоймаймын деп беріп қолдан, Исатай, Махамбеттер атқа қонған. Дауылпаз күйін төгіп Құрманғазы, Сол кезден тəуелсіздік болған арман.

Хайролла ИСМАҒҰЛОВ, кəсіпкер.

Батыс Қазақстан облысы.

делінетін Еуропаның ең көне мəдениеті гректер туралы тарих атасы Геродоттың «Тарихынан» үзінді мəлімет береді. Онда Геродот: «Вообще почти все имена эллинских богов происходят из Египта. А то, что эти имена варварского пройсхождения, как я полагаю, скорее всего-египетского, это я точно установил из расспросов», – дейді (35-бет). Ал Египет жеріндегі құдайлар туралы тағы да грек аңыздарын автор былайша сөйлетеді: Зевс (бас құдай деп түсініңіз) сүйіктісі Ионы ақ танаға айналдырып, əйелі Герадан жасырады. Бірақ, бəрібір біліп қойған Гера ақ тананы қуғынға салады. Скиф даласында жолыққан Прометей Иоақ танаға «Сен əлі ұзақ жол жүресің. Скиф даласынан соң Кавказдан, Босфордан өтіп, Азияның көптеген елдерін шарлап, ақырында Бибілі таулары мен құнарлы Ніл өзеніне жетіп, Нілдің теңізге құяр сағасына тұрақтайсың. Осында Эпаф атты ұл табасың. Ол ұлың бүкіл Египетті билейтін даңқты əулеттің басы болады», – дейді. Прометейдің жорамалдары бəрі дұрыс келеді. Осы Египет жеріндегі жер атауларын «Бибілі тауы», «Ніл дариясы», «Тыныс номы», «Тана өзені», «Тана көлі», «Тана жұрты», «Ергене қон» (Иерихон қаласы) деп оқиды. Египет аңызы бойынша Сет өлтірген Өсір(Осирис) мен Ісеттен(Исидадан) Египеттің болашақ патшасы Гор туады. Бұл түріктердің өлген анасынан көрде туатын Көроғлы дастанын қайталайды. Екі аңызда да өлік Өсірден туған Гор (Көр) мен өлі анасынан туған Көроғлы еліне патша болады. «Əжемнің ертегісі жəне Геродоттың дерегі» атты тарауда Жер шарының алыс түкпірлерінде жатқан Египет пен Қазақ еліндегі аңыздардың бірін-бірі дəлме-дəл қайталайтыны керемет көрсетілген. Х.э.д. V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Геродот, бұдан 4700 жыл бұрынғы Египет билеушісі Протей баласы Рампсиниттің басынан өткен деп баяндалатын оқиға, Египет абыздарының аузынан жазылып алынған. Ал Шаншар хан мен Үбедейдің арасындағы оқиға қазақтардың ауызша əдебиетінің дерегі. Енді осы аңыздарды қорытындыласақ: 1) Тарих атасы грек Геродот «гректердің барлық құдайлары Египеттен алынған, «жабайылардың» құдайлары» деп мойындайды.

2) Ал Египеттің билеушілер əулетін «Ақ тана-Ио» арқылы, Прометейдің елі-скифтерден шығарып, қаншама жол жүргізіп, Египетке орналастырады. Осы Ақ танадан Египетті қаншама ғасырлар билеген əулет шығады. 3) Египеттік аңыздар мен түркілік аңыздардың айна қатесіз қайталануы жəне Египет жеріндегі жер-су атаулары мен тіпті, құдайлардың аттарына дейін түрікше болып келуі екі ел арасындағы ертеде болған тығыз байланысты білдіреді. 4) Грек аңыздарының өзі адамзатқа техникалық прогресті əкелген Иапеттің ұлы Прометейді скифтер мекендейтін Кавказ тауына бұғауланған дейді. Прометейдің болашақты болжайтын көріпкелдік қасиетін Ақ тананың болашағын дəл болжауы арқылы көрсетеді. Ол заманның гректері үшін Кавказ дүниенің шеті есепті болған. Сол Прометей бұғауланған Кавказды «скифтер елі» дейді. Қазіргі түріктер мекендейтін өлкелерден бір емес бірнеше «Прометей аңызын» қайталайтын орындар табылған. «Мұхитқа жұтылған Му», «Аңыз ел-Атлантида», «Тілі – түрік, жазуы басқа» атты тарауларда осыған дейін жарық көрген еңбектерді талдау арқылы, адамзат өркениетінің бастауында тұрған өте көне өрке ниеттерге түрік халықтарының қатысы туралы сөз болады. ...Континент Му распологался в Тихом океане и простирался от Гавайских до островов Фиджи и Пасхи. В этой стране жил народ, колонизировавший всю Землю, и этот край был уничтожен ужасными землетрясениями и погрузился в океан около 12 тысяч лет назад» деп жазады зерттеуші Джеймс Черчвард. Юкатаннан табылған жазуда: «первосвященник страны Му пророчествовал ее гибель, и некоторые, прислушавшись к предсказанию, покинули эти земли, отправились в колонии и так спаслись» деген дерек ұшырасады. Му құрлығының байырғы тұрғындары ішінен қазіргі бар екі халық – майялар мен ұйғырлар аталады. Майялардың тегі түрік текті екені жанжақты дəлелденген. М.Черчвард Му құрлығының байырғы тұрғындары қатарында майялармен бірге ұйғырларды да атап, олар əуелде Му империясының отары болғанымен, кейін айтарлықтай дамып, олар да үлкен империяға айналған дейді. Өзі тапқан мəліметтер бойынша Ұйғыр империясының жер көлемінің деңгейін анықтап, оның картасын жасайды. Черчвард ұйғыр мен майя халықтарының шыққан тегі ортақ, бір халық деп біледі. Оны археолог Уильям Нивен тапқан, бұдан 35-40 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар қалдырған тас тақтайшадағы жазулар дерегіне сүйеніп айтқан оның мына ой толғамынан аңғаруға болады. Ол былай дейді: «Эти таблички задействуют две формы письменности: рисунки, составленные из символов, и сакральные надписи уйгуров-майя. Сакральный алфавит уйгуров-майя был создан на основе алфавита Прародины и включает в себя множество совершенно не изменившихся букв этого «праалфавита». Мұндағы Черчвардтың «ұйғырларын» түріктер деп түсінген дұрыс. Қойшығара Салғараұлы бұл еңбегінде Джеймс Черчвардтың өзінің бұл еңбегін жазған кезінде бұл өмірде «түрік» деген халықтың болғанынан мүлдем хабарсыз екенін айтады. Ол, тіпті, ұйғырлардың «Түрік» атты алып бəйтеректің көп бұтағының бірі екенін де білмейді дейді. Автор Атлантида тақырыбын жас зерттеуші Бекжан Бейсенбайдың «Атланттар туралы аңыз бен ақиқат» атты еңбегімен бірге талдайды. Қазіргі таңда генетик ғалымдардың ДНК тəсілі арқылы Американың ежелгі тұрғындары – майяларды ежелгі түріктектес халықтардың бір тармағы екенін дəлелдеп, оны ғылыми айналымға енгізгені белгілі. Қорыта келгенде автор, осы еңбекті жазғандағы басты мақсаты – «Түріктердің, бұрынғы еуроцентристік ғалымдар қалыптастырғандай, «х.э. кейінгі VI ғасырда пайда болған жас халық» емес, тамыры адамзаттың бастауына кететін, жер бетіне өркениеттің ұрығын сепкен, ең текті халық екенін» жан-жақты дəлелдеген. Автор осы еңбегі арқылы, түрлі центризммен уланған шет ел тарихшыларының түрік тарихына қатысты жасаған қиянаттарын əшкерелеумен қатар, қазақтан шыққан жас таланттардың еңбектерін де таныстыра кетуді ұмытпапты. Бұл үлкен жүректі азаматтарға тəн қасиет. Қойшыға Салғараұлының бұл кіта бынан отаншылдықтың, елшілдіктің, ұлтжандылықтың самалы еседі. Жалған, жасанды «патриотизм» мен шынайы отаншылдықтың аражігін ажырата білуіміз керектігі туралы тереңірек ойлануға бекінесіз. Рухымызды көтеріп, намысымызды жаниды. Керімжан СЕЙІТЖАНОВ, техника ғылымдарының докторы, профессор, Сағынғали ƏБУБƏКІРОВ, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

Əріптестік ауќымы кеѕейе тїспек Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экономиканың шикізаттық емес секторына отандық жəне шетелдік инвестициялар тарту көлемін ұлғайту жəне экспорттық əлеуетті дамыту бойынша алға қойған міндеттерге сəйкес үстіміздегі жылдың 13-14 тамызында Ақтөбе облысының əкімі Архимед Мұхамбетовтің бастауымен Түрік Республикасының Конья қаласына бизнес-делегация сапары ұйымдастырылды. Делегация құрамына аймақтық кəсіпкерлер палатасы, «Ақтөбе» ƏКК» ҰК» АҚ инвесторларға қызмет көрсету орталығы өкілдері енді. Сапардың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы Түркияның жеделдетілген дамуының жинақталған

тəжірибесін, негізінен өнеркəсіптік орталық – Конья қаласы индустриялық аймағының қызмет ету механизмін зерттеу болып табылады. Конья қаласында 9 ұйымдасқан өнеркəсіптік аймақ пен 15 шағын индустриялық аймақ жұмыс істейді. Аймақаралық ынтымақ тастықты дамыту мақсатында Ақтөбе облысының əкімі Архимед Мұхамбетов Конья аймағы басшы лығымен кездесті. «Жасыл технологияны» қолданатын энергетика, құрылыс индустриясы, металл өңдеу саласындағы бірқатар кəсіпорындарда болды. Сондай-ақ, облыс əкімі Анталья қаласының мэрімен кездесіп, туристік саладағы инвестициялық ынтымақтастық мəселелерін талқылады. 2049 гектар аумақты иеленген Коньяның ұйымдасқан өнеркəсіп аймағында өндірістің 80 əртүрлі секторында 520 кəсіпорын жұмыс

істейді, оларда 30 мың адам еңбек етеді. Автомобиль өнеркəсібі, машина жасау жəне жабдықтар, металл өнімдері өндірісі, азық-түлік жəне сусындар өндірісі, жиһаздар, тері, пластмасса, резеңке, тоқыма бұйымдары, ағаш, қағаз жəне металл емес минералды өнімдер секілді салалар даму үстінде. Коньяның ұйымдасқан өнеркəсіп аймағында болу барысында Ақтөбе облысының инвестициялық əлеуеті мен жобалары таныстырылды, экономиканың əртүрлі салалары бойынша əріптестік туралы кəсіпорындардың ұсыныстары білдірілді. Ақтөбе облысының əкімдігі ірі деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға Түркия инвестициясын тартуға мүдделілігін білдірді. АҚТӨБЕ.

«3-Энергоорталық» АҚ өз акционерлерінің назарына 2015 жылғы 24 тамызда болған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысын ұсынады

Жиналысқа 10 050 000 (он миллион елу мың) дана жай акцияға иелік етуші акционерлер құрайтын дауыс беруші акциялардың 100 (жүз) пайызы қатысты. Процедуралық мəселелер бойынша: 1. Жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлау мəселесі бойынша. Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 2 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: Малинкович А.Д. – жиналыстың төрағасы, Тажденова М.Н. – жиналыс хатшысы болып сайланды. 2. Регламентті бекіту жөніндегі мəселе бойынша. Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 2 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: Жылдық жалпы жиналыстың жұмыс регламенті бекітілсін. 3. Дауыс беру түрін таңдау жөніндегі мəселе бойынша. Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 2 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: Ашық дауыс беру түрі таңдалсын, «бір дауыс беруші акция – бір дауыс» принципі бойынша. 4. 2015 жылғы 24 шілдедегі акционерлерге хабарлама бойынша «3-Энергоорталық» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысының күн тəртібін бекіту мəселесі бойынша. Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 10 050 000 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: 2015 жылғы 24 шілдеде «3-Энергоорталық» АҚ-тың жалпы жылдық жиналысын өткізу хабарламасында көрсетілген «3-Энергоорталық» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының күн тəртібі бекітілсін. Күн тəртібінің мəселелері бойынша. 1-ші мəселе: «Қоғамның 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту». Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 10 050 000 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: 2014 жылғы қоғамның «КПМГ Аудит» ЖШС аудиттеген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. 2-ші мəселе: «Қоғамның 2014 жылғы таза табысын бөлу тəртібі». Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 10 050 000 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: Қоғамның 2014 жылы таза табысының болмауына байланысты қоғамның акциялары бойынша дивиденд 2014 жыл үшін есептелінбесін жəне төленбесін. 3-ші мəселе: «Қоғамның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне акционерлердің өтініштері». Дауыс бергендер: «Жақтағандар» – 10 050 000 дауыс, «Қарсылар» – жоқ, «Қалыс қалғандар» – жоқ. Шешілді: 2014 жылы қоғамның жəне оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекетіне акционерлердің өтініштері жоқтығы туралы ақпарат назарға алынсын.

АО «3-Энергоорталык» доводит до сведения своих акционеровитоги голосования годового общего собрания акционеров, состоявшегося 24 августа 2015 года

Присутствовали акционеры и их представители, владеющие 10 050 000 (десять миллионов пятьдесят тысяч) штук простых акции, что составляет 100% голосующих акций общества. По процедурным вопросам. 1. По вопросу об избрании председателя и секретаря общего собрания. Голосовали: «За» – 2 голоса, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Избрать Малинковича А.Д. – председателем собрания, Тажденову М.Н. – секретарем собрания. 2. По вопросу об утверждении регламента. Голосовали: «За» – 2 голоса, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Регламент работы годового общего собрания утвердить. 3. По вопросу о выборе формы голосования. Голосовали: «За» – 2 голоса, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Выбрать форму голосования – открытое, по принципу «одна голосующая акция – один голос». 4. По вопросу утверждения повестки дня годового общего собрания акционеров АО «3-Энергоорталык», о котором было сообщено акционерам извещением от 24.07.2015 года. Голосовали: «За» – 10 050 000 голосов, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: 1. Утвердить повестку дня годового общего собрания акционеров АО «3-Энергоорталык», о котором было сообщено извещением от 24.07.2015 года. По вопросам повестки дня. По 1-вопросу: «утверждение годовой финансовой отчетности общества за 2014 год». Голосовали: «За» – 10 050000 голосов, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Утвердить годовую финансовую отчетность общества за 2014 год, аудированную ТОО «КПМГ Аудит». По 2- вопросу: о порядке распределения чистого дохода общества за 2014 год. Голосовали: «За» – 10 050 000 голосов, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Ввиду отсутствия чистого дохода общества за 2014 год, дивиденды по акциям общества за 2014 г. неначислять и невыплачивать. По 3-вопросу: об обращениях акционеров общества на действия общества и его должностных лиц. Голосовали: «За» – 10 050 000 голосов, «Против» – нет, «Воздержались» – нет. Решили: Принять к сведению информацию об отсутствии в 2014 году обращений акционеров на действия общества и его должностных лиц.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1379 қаулысына сəйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін қайта жарияланған конкурстың қорытындысы жөнінде жариялайды Объект атауы Жеңімпаздың атауы Маңғыстау облысындағы XXXIII- «Тепке» ЖШС 16-A(ішінара), B, C, D(ішінара), E(ішінара),F(ішінара),17-A, B, D(ішінара), E(ішінара) блоктары шегінде мұнай мен газды барлау

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің басшылығы мен депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашит Сайранұлы Ахметовке анасы Фарида Ғазизқызы АХМЕТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Сансызбай Шəрапиұлы Мəдиевке əкесі Шəрапи МƏДИҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


26 тамыз 2015 жыл

Қауышу

Бұл өзі күтпеген сапар болды. Үржар а уданы Қытайдың Шағантоғай ауданында мəдени күндерін өткізбек екен. Дереу жиналып, іңірде жолға шыққан едік. Таң сібірлей бергенде Үржарға жетіп, Бақты кеден бекеті арқылы Қытай Халық Республикасынан бірақ шықтық. Тарбағатай аймағының орталығы Шəуешекте аз-кем аялдаған соң Шағантоғайды бетке алдық. Шағантоғай – атымтайлығымен аты шыққан көрнекті меценат, Тарбағатай аймағының тұңғыш уəлиі (губернаторы) болған, Қытай қазақтары арасынан шыққан мемлекет қайраткері Баспай Шолақұлы Бапиннің

күрделілігіне орай үш бөлікке бөлінеді. Солтүстіктегі Құлыстай – теңіз деңгейінен 398 метр төменде орналасқан ойпат. Орта бөлігі жазық болып келсе, биік нүктесі Барлықтағы теңіз деңгейінен 3252 метр жоғарыда орналасқан Көңтапқан жотасы. Шағантоғай қаласына Бақты жəне Алатау кеден бекеттері жақын. Бақтыға дейін 90, Алатау өткеліне дейін 180 шақырым жол жүресіз. Шағантоғайлықтар өздерінің Еуразияның кіндігінде тұратындықтарын айтады. Яғни, Жұңғо академиясының Шыңжан жағрафиялық институты төрт тараптағы мұхиттан 2400 шақырым қашықтықта жатқан, құрлықтың ең шалғай жері екенін айқындаған. Солтүстігі Шəуешек қаласымен, шығысы Толы ауданымен шектеседі. Ертедегі Ұлы

Т АЛИС НДЕ Н Р У Ж ЖҮРГЕ А ЖОЛД

www.egemen.kz

Жабайы апиын гүлінің дəнегі жанға батқан ауруды басуға көмектеседі. Бұл – біздің кəдімгі қызғалдақ. Ал қойжуа мен доланадан денсаулыққа пайдалы тосап қайнатылады. Бəйшешекті қарды тесіп шығатындықтан қар гүлі атайтынын естідік. Шетен – асқазан ауруларына мың да бір ем. Қараған шайы қан қысымын төмендетуге септігін тигізеді. Жайнаның айтуынша, көк түсті ақ жүрек аталатын өсімдік Шағантоғайда ғана өседі. Бұл гүлдің ерекшелігі, жылда бір гүл ашады. Сабағындағы гүл шоқтарын санап, қанша жылдық өсімдік екенін оңай анықтауға болады. Оның тамырынан жөтелді басатын дəрі жасалады. Сасыр саңырауқұлағы да табыла бермейтін бағалы өсімдік. Сүттіген гүлін қазақтар ертеден емге қолданады.

Баспай байдың ауылында

дұңған, ханзу сынды ұлт өкілдерінің отбасы құруларына жағдай жасайды. Осы көмегі үшін өзге ұлт өкілдері қазақ тілін тез үйреніп алады.

Көпір

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

туған жері. Қабырғалы Қаракерей елі, ханбатыр Қабанбайдың үрім-бұтағы мекендеген Барлық жотасының екі етегіндегі ел мен жер кейінгі ғасырларда империялардың бөлінісіне түскені, ағайынның бір-бірін көруге мүтəйім болғаны белгілі. Сексенінші жылдардың соңында социалистік құрылыстың екі алыбы арасындағы салқын қабақ, тоңтеріс қатынастың көбесі сөгілсе, соңғы ширек ғасырда тəуелсіз Қазақстан дипломатиясы мемлекетаралық байланыстың жаңа кезеңіне аяқ басты. Барыс-келіс жиіледі. Біздің сапарымыз да екі ел арасындағы достық рəуіштің жемісі. Баспайдың есімін бала кезімізде жиі еститінбіз. Нағашы атам Тұрсын Ермалаев – қара күштің иесі еді. Ақсақалдар əңгіме шерткенде ара-тұра «Баспай бай» деген сөзді құлағымыз шалатын. Кейін білдік, атамыз жас күнінде Баспай байдың палуаны болыпты. Қазақ байларының төңірегіне жілікті жігіт, жезтаңдай əнші, балбармақ күйші жинап, салтанатын арттыратын сақи дəуірінің сарқыны Баспай болған сияқты. Міне, сол атына бала кезден қанық, дəулеті мен сəулеті келіскен, ырысы шалқыған Баспай байдың ауылы – Шағантоғайға келіп, əйдік қонақүйге орналастық. Заманында келелі түйесі, үйірлі жылқысы, табынды сиыры, отарлы қойы ен жайлаған берекелі Шағантоғай ғой бұл! Шеткерідегі аудан болса да төңіректе жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлер, жарқыраған автокөлік жолдары айдаһар нышанды елдің экономикасы кейінгі кезде қарқынды дамығанын байқатады. Аудан басшылары, өнерпаздар мен кəсіпкерлерден құралған ресми делегацияны Үржар ауданының əкімі Серік Зайнулдин бастап барған-ды. Қазақстандық меймандарды Шағантоғай ауданы партия комитетінің бас хатшысы Цзы Уы Би бастаған аудан басшылары жоғары деңгейде күтіп алды. Серік Зейнолдаұлы салтанатты қабылдаудан соң, жұңғолық журналистердің сауалына қос аудан арасындағы байланыс Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан мен Қытай елдерінің арасындағы достық қарым-қатынастардан бастау алатынын, екі елдің арасында 2002 жылы 23 желтоқсанда қол қойылған құжатқа байланысты даму бағдарламасы айқындалғанын, бұл сапарда сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру жөнінде келісімге қол қойылғанын айтып, тұщымды жауап берді. Аудандық партия комитеті бас хатшысының орынбасары, аудан əкімі Майнұр Жақанқызын əңгімеге тартқанымызда, ол 1944 жылы құрылған Шағантоғай ауданында 19 ұлт өкілінен құралған 60 мыңға тарта халық тұратынын, оның 33 пайызы қазақтар екенін, аз ұлттардың саяси қызметте жоғарылауына, əлеуметтік жағдайының жақсаруына, ұлттық дəстүрлерін жаңғыртуына көп көңіл бөлінетінін жеткізді. – Ауданымыздың жалпы көлемі 6100 шаршы шақырымды құрайды. Қытай елінің даму қарқыны жоғары екені белгілі. Шағантоғайда мал, егін шаруашылығы мен туризм саласы ілгерілеп келеді. Айталық, мал басының саны 700 мыңға жуықтады. Бізде негізінен Баспай қойы өсіріледі. Ауданда 1 қала, 5 ауыл, 1 ферма бар, – деді Майнұр Жақанқызы. Шағантоғай – Жоңғар ойпатының батысы мен Құлыстай жазығының түстігінде орналасқан. Батысы мен оңтүстікбатысында Қазақстанмен шекараласады. Барлық тауының зеңгір шоқылары мен шатқалдары жəне Тянь-Шань сілемдері Алтай тауына ұласады. Қарабура, Шағантоғай, Тасты жəне Бұрған өзендері сияқты Көңтапқан шоқысынан тарайтын ірілі-ұсақты 24 өзен бар. Қарабура өзенін ауыз суға пайдаланса, қалған өзендер Қазақстандағы қасиетті Алакөлге құяды. Шəуешек пен Шағантоғай арасын жалғайтын басты өткел – Баспай көпірі. Осы көпірден өтіп, Шағантоғайға беттеген жан Құлыстай жазығын басып өтеді. Мұны қазір «Құлыстай экологиялық саяхат орыны» деп атайды екен. Қытайдың батысындағы үлкендігі жағынан екінші жазық саналады. Осы бағыт арқылы жолай Баспай зиратын, Бардақұл таңбалы тасын жəне көне Шағантоғайды көруге болады. Одан өзге Төрежайлау, Ақшоқы сияқты көптеген саяхат орны бар. Жер бедерінің

Жібек жолы Ноян қаласынан шығып, Тұрпан, Қашқар, Қоқан, Самарқан қалаларын басып өтіп, Жерорта теңізіне дейін барғаны белгілі. Ал түйелі керуенмен сахараны кесіп өтетін жолды қытайлық қандастарымыз «Жайылым жолы» атайды. Алтай, Балқаш көлі жəне ішкі теңізді көктей өтіп, Стамбұлға жететін Жайылым жолы Жібек жолынан бұрын пайда болған көне бағыт деседі. Шағантоғай – осы Жайылым жолының орталығы, тоғыз жолдың ескі торабы. Яғни, сауда-саттық ерте дамығанын көруге болады.

Мұражай

Шағантоғайдың орталық көшелерінің бірінде Баспай Шолақұлының мұражайы орын теуіпті. Қытай өкіметінің қаржы бөлуімен 2006 жылы салынған мұражайда бізді Баспайдың жиен шөбересі қарсы алды. Жайна Төрехан есімді жас қыз мұражайда таныстырушы болып жұмыс істейді. Баспайдың Құрманғажы атты баласы Жайнаның туған нағашысы болып шықты. Құрманғажы Баспайұлы атамекеніне оралып, Үржар өңірінде тұрған болатын. Шағантоғай туралы кеңінен əңгімелеген Жайна: «Сəби сəттен жаттадым атын тынбай, Демократ, отаншыл, атам – Баспай, Байлығына сан жетпейді, санамаппын, Қойлары қызыл қасқа тайыншадай, Өз күшіне таянудың өнегесі, Маңдайына бақыт нұры басылғандай!» – деп, нағашысына арнаған өлеңін оқып берді. Мұражай Баспайдың тағылымды өмір жолымен бірге ауданның өлкетану тарихынан да сыр шертеді. Мұндағы археологиялық мұралар қатарында мыстан жасалған айнаның бағзыда тұрмыстық бұйым əрі кіреуке-сауыттан қылыш өтпеуі үшін қолданылғаны қызықтырды. Қытай тарихында Бардақұл таңбалы тасын б.з.б. VI-VII ғасырларда осы өңірді мекендеген түркі халықтарының ойып қашағаны жазылған. 1860 жылдары Бардақұл есімді малшы мекендеген жер расында қатпарлы тарихқа тұнып тұр. Ханзулар қандай дүние болса да, əділ бағасын беріп, кəделеріне жарата біледі. Айталық, Шағантоғай арқылы өткен ілкідегі Үрімжі, Сібе жəне қырғыз саудагерлерінің көне суреттері ұқыпты түрде сөреден орын алған. Шағантоғай Үржар өңірімен шекаралас. Осы ала бағандар бойында əскери борышын атқарған ұлты сібе, құлжалық жауынгер шекаралық бекетке 10 тал шыбық отырғызады. Жауынгерлер ауыз суды бір шақырым жердегі өзеннен тасып əкеледі екен. Бұрып жасалғандықтан Бұрған аталып кеткен өзен суынан нəр алған шыбықтар аз жылда алып терекке айналыпты. Бірде биік мұнарада қарауылда тұрған жас жауынгер ақ теректің жел тербеген сыбдырына құлақ түріп, Отанның тыныштығы мен тұтастығы үшін туғантуысынан, думанды шаһардан айырылып, алыста жүрген сағынышын ақтарған өлең жазады. Осылайша, Қытайда патриоттық əн ретінде кеңінен танымал болған «Ақтерек» əні туыпты. Осы əннің желісіне арқау болған ақ теректің суреті мұражайдан көрініс тапқан. Отаншылдық тəрбие дегеніңіз, міне, осы!

Гүлдер мекені

Əдетте, біз көңіл аудара бермейтін əр өсімдіктің пайдасы мен бағасын шағантоғайлықтардан сұраңыз. Шағантоғай – гүлдер мекені. Мұнда мыңнан астам өсімдік түрі өссе, оның көбі дəрілік шөптер ретінде пайдаланылады. Солардың ішіндегі əдемісі – шұғынық. Мамыр айында қауыз жаратын шұғынықтың ұрығынан дəрі, сабағынан үйді ағартатын əк алады. Алтайда өсетін таушымылдыққа ұқсайды. Шашыратқыдан австралиялықтар кофе, дəрі жасайды екен. Алапес ауруын емдейтін сасыр Шыңжанда сирек кездесетін бағалы өсімдік. Ал астра гүлі қызуды басып, уытты қайтарады. Əжелеріміз əнге қосқан бүрген ақ, қызыл, сары жəне көк түсті болып келеді. Бүргеннің қауашағын қайнатып, буына булану арқылы теріні жұмсартуға, жасаруға болады. Сондайақ, ертедегі қазақтар бүргеннің түрлі-түсті бояу жасауға таптырмас өсімдік екенін жақсы білген. Күрделі отаны жеңілдетуге қолданатын дəрі-дəрмек қызғалдақтан жасалады десе сенесіз бе?!

13

Халық жадындағы атауы – бақбақ. Балалар сабағын тарамдап, ауызға салып «бақбақ» ойнағанда өсімдіктің сөлі жұтқыншаққа түсіп, кеңсірікті ашытады. Осылайша, ертеде тамаққа суық тиюдің алдын алады екен. Маусым туа қауыз жаратын күнгелді гүлі атауында тұрғандай, күннің келгенін күтетін бипаз өсімдік. Микробты жоятын құдіреті бар. Жабайы бадам болса, дүние жүзінде екі-ақ жерде өседі. Бірі – АҚШтың Калифорния штатында, екіншісі – Шағантоғайда. Бадам жемісі жүрек, қан қысымы ауруларына шипа. Төрт мезгілде төрт түрлі реңге бөленетін кербездігі бар. Ал мақсары өсімдігін ханзулар егін ретінде егіп, ұрығынан сұйық май тартады екен. Шырмауық, шəңкіш, мия, жарықгүл сынды өсімдіктер де кəдеге асады. Міне, осы сияқты жүздеген тұқым атаулы қауыз жаратын мамыр мен тамыз айлары аралығында Шағантоғайда гүл мерекесі өтеді. Гүл фестивалін тамашалауға жанжақтан туристер келеді. Табиғат тартуына іңкəр тұрғындар Алакөлдің ылғалды климаты көркі көз сүйсіндіретін Тасты саяхат ауданын қалыптастырып отырғанын айтады. Тасты өзенін бөгеу арқылы пайда болған жасанды су қоймасы Қос айдаһар көлі аталады. Екі жағынан өзен құйып жатқан су қоймасының айдыны жел тұрғанда дірілдеп, айдаһар кейпіне ұқсайды екен. Өлкеде Азия сақарасындағы ең ірі жыл құсы – дуадақ, сондай-ақ, қырғауыл, қаршыға, аққу, құлжа, қасқыр сияқты аңқұстар мекендейтінін айта кеткен лəзім. «Таулары қатар-қатар тіркескен, орманмен көмкерілген Барлық тауында көптеген байлық бар. Оны əлпештеп сақтауымыз керек. Барлықтың аты өшпейді» деген Қытай саясаткері Шяң Луңның сөзі бекер айтылмаған. Бүгінде Барлық жотасы 13 түрлі ашылмаған кен қазынасын қойнауына бүгіп жатыр. Бір кездері Ресейге жалға берген Барлықты Жұңғо өкіметі 1893 жылы Тарбағатайдағы кездесуде қайта қайтарып алған еді. Қытай көсемі Ли Чау Чи туралы фильмнің түсіріліміне Шағантоғайдың осы сұлу табиғаты таңдалып алынғаны да кездейсоқтық емес.

Ұшақ сыйлаған Аты аңызға айналған қазақтың əйгілі

атымтай-жомарты, қоғам қайраткері Баспай Шолақұлы 1889 жылы дүниеге келген. Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романындағы Жасыбай бейнесінің прототипі – осы Баспай. Ол туралы шыңжандық жазушылар Елубай Аққасым «Ардагер азамат Баспай» атты кітап жазса, Зейнолла Сəніктің «Баспай» атты деректі романы бар. Бұл романда автор Баспайдың шын аты Байжұма екенін жазады. Байжұма тоғыз жасқа толғанда шешесі түс көріпті. Түсінде Қызыр ата: «Сенде екі ұл бар екен. Біреуінің атын Баспай қой, енді бірінің атын Саспай қой. Ұлың ер жеткенде үйіңе бас болады, алдың толы ас болады» деп аян беріпті. Ертеңінде шешесі қонақ шақырып, мал сойып, үлкен баласының атын Баспай, інісінің есімін Саспай деп қойған екен. Б.Шолақұлы 1945-1952 жылдары Тар бағатай аймағының тұңғыш уəлиі қызметін атқарды. Оның есімі Тарбағатай аймағында ерекше құрметпен аталады. 1946 жылы өкімет тарапынан берілген мінездемеге назар аударайық: «Аты – Баспай. Жасы – 56-да. Шағантоғайлық адам. Үстіне алған міндеті жəне қоғамдық орны: халықтың қамқоршысы, өкімет саясатына қатынасады, мемлекет саясатына араласады, пікір айта алатын адам. Кəсібі – мал бақташылық. Əр жақпен байланысы бар, ықпалы зор, беделді адам. Мол қаржы шығарып, өкіметке берген, көпір салдырған» делінген. Бұл қарапайым жазбадан оған деген ілтипатты жазбай тануға болады. Уəли қызметінде тұтынған телефоны, жеке қызметтік хаттары мен құжаттары мұражайға қойылыпты. Ол ұзақ жылғы өзінің мал шаруашылығы тəжірибесінде, арқар құлжасы мен қазақ қойының селекциясы арқылы сирек кездесетін асыл тұқымды Баспай қойы тұқымын будандастырып шығарды. Баспай саулық қойларының бір ерекшелігі – 3, 4, 6 мүйізді болып келеді. 12 мүйіз шыққан қошқарлар да кездесіпті. Əдетте, қазақ қойы 1 кило сүйекке 2,5-3 килоға дейін ет берсе, Баспай қойы 1 кило сүйекке 4 килоға дейін майсыз, қаракесек ет береді. Баспай қойының суыққа төзімділігі өте

Сауапқа жазылатын істің бірі – көпір салу. Алакөлге құятын Еміл өзенінде сау дагерлер қайығын бұлдап, арлыберлі қатынайтын жолаушылардың қалтасын тақырлап отырады екен. Бірде Баспай аймақтық жиынға барып, қайтып келе жатады. Өзеннен өтерде əлдебір жолаушының қалтасында ақшасы жоқ болғандықтан, қайық иесіне үстіндегі шапанын шешіп беріп жатқандығын

көреді. Сол сəтте Баспай: «Ендігі жылы осы арада барлық адамның ақысыз өтуі үшін көпір салдырамын» деп өзіне уəде берді. Осы оқиғадан соң қаладан жобалаушы алдырып, көпірдің жобасын түзеді. Гоминдан өкіметінің тұсы болғандықтан, Баспай бай 1940 жылы өлке билеушісі Шын Ши Сайға көпір салу жөнінде өтініш жолдайды. Шыңжан билеушісі Баспайдың бастамасын мақұлдап, хатқа мөрін басып береді. Аталған құжаттың көшірмесі мұражайда сақтаулы. 1941 жылы қыркүйекте басталған құрылыс 1942 жылы аяқталды. Тоғыз айда салынған көпір жергілікті жұртты сергелдеңге салған өткел мəселесін шешіп берген еді. Халық бұл жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдап, дүбірлі той жасайды. Баспай «көпір салынып болды!» деп сүйінші сұрап келген адамға 30 қой берген екен. Ал көпір құрылысына 3 мың бас қой жəне біршама күшті болып келетіндіктен, қар мен мұз жастанып та қозылай береді. Бұл ерекше тұқымды Қытайдың ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары ширек ғасыр бойы зерттеп келеді. Баспай отызыншы жылдардан бастап Тарбағатай аймағының оқу-ағарту, мəдениет саласына үлкен үлес қосты. Шағантоғайдағы тұңғыш қазақ-ханзу бастауыш мектептерін құрып, оқытушыларға өз қалтасынан еңбекақы тағайындады. Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін көтеру үшін жеке қаржысымен оқуға жіберіп отырды. Осы еңбегі үшін Шыңжан өлкелік халық өкіметі оқу-ағарту бөлімінің бастығы Шю Лян Ши Баспай Шолақұлын алтыншы дəрежелі сыйлықпен марапаттады. Отызыншы жылдары Қазақстандағы аштықтан ауған елді азықтандыру үшін асхана ашып, бір жыл бойы тегін тамақтандыруы да ұлт жадынан ұмытылмас жанашырлық. 1936 жылы жеке қаржысына Шəуешек су электр стансасын салдырып, халықты электр жарығымен қамтамасыз етті. Сол жылы Жапониямен соғысқан Кореяға əскери аэроплан сыйлайды. 1940 жылы Жапониямен соғысып жатқан Қытайға 200 жылқы жібереді. Дүниежүзілік фашизмге қарсы соғыста Кеңес Одағына 400 атты ер-тұрманымен көмекке берді. 1949 жылы Қытайдың азаттық армиясын қарсы алып, шашу ретінде армия жауынгерлеріне 2 тонна бидай, 40 бас ірі қара бөлді. 1951 жылы Кореяда тұтанған соғыста тағы бір соғыс ұшағын атайды. «Шыңжан» өлкелік газетінің 1951 жылы 12 қыркүйекте шыққан санында Баспайдың бір ұшақтың құнына тең келетін 10 мың қой, 100 жылқы, 100 сиыр, 100 түйе жəне алтын-күміс бергені жазылған. Осы көмегі үшін разылық білдірген елшілік қызметкерлерімен түскен суретін көрдік. Шағантоғай қаласы мен Қытайдың Кореямен шекаралас тағы бір қаласының орталығына Баспайдың сыйға тартқан ұшағына ескерткіш қойылған. 2006 жылы Төрежайлауда Баспай Шолақұлының рухына бағышталып берілген аста ақшаңқан киіз үйлер жайлау төсіне ұшақ пішінін жасай отырып тігілген еді. Бұл – өмір бойы табан ақы, маңдай терімен тапқан мал-мүлкін Жұңғо елі мен дүниежүзінің бейбітшілігі үшін аямаған Баспайға деген үлкен құрметтің белгісі деп білген абзал. Ол нəсіліне қарамай, үйғыр, сарт,

алтын-күмістерін жұмсаған. Қарағайдан жасалып, қоңыр сырмен боялған, жақтауы шарбақталған көпірдің маңдайшасына «Баспай көпірі» деп жазылды. Баспай көпірінің ұзындығы – 87, ені – 6 метр, жүк көтерімділігі – 25 тонна болған екен. 1976 жылы Қытай мемлекеті 480 млн. юань бөліп, көпірді бетоннан қайта салды. Яғни, Баспай көпірі 34 жыл бойы мемлекет мүддесі мен халық игілігіне қызмет етті. Ізгілікті ту еткен тұлға зейнетке шығып, 1953 жылы Ханжу қаласында саяхатта жүргенінде жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болды. Шыңжандағы аз ұлттардың өкілдері ішкі Қытайға саяхатқа барған еді. Қытайдағы саны аз мұсылман ұлттарының бірінің мешітінде əйгілі меценатпен қоштасу рəсімі өткізіліп, сүйегі аэропланмен Үрімжіге, одан Шəуешек арқылы Шағантоғайға жеткізіледі. Қайтыс болған кездегі жеделхаттар да сақталыпты. Баспайдың киген киімдері, уəли болып тұрған кезінде қолы үсіп, қаржы сұраған адамның хатына атын жазып, мөрін басып берген жеке қолтаңбасы да мұражай төрінде. Бəйбішесі Күйкентаймен, балашағаларымен бірге түскен суреттерін тамашаладық. Үлкен қызы Нұрқан Шаған тоғай ауданы бойынша саяси кеңес төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Екінші қызы Самарқан Бейжіңдегі Орталық Ұлттар университетінде оқыған. Отан, Мəукен есімді немерелері қазір Шағантоғайда тұрады. Алайда, ұрпақтарына əке дəулеті бұйырмай, Қытайдағы байларды қудалау жөніндегі саяси науқанның зардабын тартқан екен. Баспайдың тігіншісімен, бақташыларымен, қызметшілерімен бірге түскен суреттері оның қаншалықты

байлық біткенімен, қарапайымдылығы мен адамгершіліктен айнымағанының көрінісі іспетті. Шағантоғайдан 8 шақырым қашықтықтағы Шегір қыстауындағы Баспай зираты 2003 жылы аудандық отаншылдық тəрбие базасы болып бекітіліпті. 2006 жылы 200 мың юань бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. Кесене маңайындағы 100 шаршы метр аумақ қоршалып, қырық түп самырсын отырғызылған екен. Əйгілі адам болғандықтан, мұнда келушілер қатары көп. Сондықтан кесенені күтімге алатын арнайы адам бекітілген. Сапар барысында Үржар ауданының əкімі Серік Зайнулдин бастаған қазақстандық делегация Баспай Шолақұлының рухына бағыштап құрбан шалып, Құран оқыды. – Бұл есімізде қалатын тарихи күн болды. Баспай атамыз мұқым мұсылман қауымы мен ханзу халқының діні мен ділінің бөлектігіне қарамай, халықтың бірлігін, екі елдің достығын дəріптеген айтулы адам. Қазақтың хас тұлғасы, атымтай атамыз Шыңжан, Тарбағатай өңірінде, халықаралық қауымдастық алдында туған ұлтының даңқын аспандатқан ауқымды шаруа атқарды. Баспай Шолақұлының ұрпақтары Қазақстанда да тұрады. Сондықтан азулы мемлекеттерге қарсы соғыста аэроплан сыйлап, ел игілігі үшін емхана, мектеп ашқан, көпір салдырған Баспай атамыздың ізгі рухы лайым биіктей берсін! – деді Серік Зейнолдаұлы. Мақаншы ауылының тұрғыны, ауылдық əжелер ансамблінің мүшесі, қолөнерші Күлəн Базарқызы шағантоғайлықтарға өз қолымен тоқыған, Баспай Шолақұлының бейнесі бедерленген кілемше сыйлады. Екі күндік сапар сауда жəрмеңкесіне, концерттік кешке ұласты. Ресми кездесуде аудан басшылары екіжақты сауда əріптестігін дамыту үшін сауда орындарын ашуға уағдаласқан болатын. Осы орайда жəрмеңкеде үржарлық кəсіпкерлердің өнімдеріне сұраныс мол болғанын айта кеткеніміз орынды. – Қазақстанның ұн жəне кондитерлік өнімдеріне сұраныс жоғары екен. Əкел ген тауарларымызды толығымен өткіздік, – деді Бақты ауылының тұрғыны Ақмарал Сығаева. Шəуешек қаласында қазақстандық кəсіпкерлердің өз өнімдерін саудалауына мүмкіндік жасалған. «Шибу» компаниясының атқарушы директоры Қайрат Əбдірашитов аймақ орталығында заманауи сауда-саттық орталығын салып, оның ішінен қазақстандық саудагерлерге орын беріпті. Қазақстандықтар бір күндік визасыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, Қытайға күнделікті тауар тасымалдайды. Біз Шағантоғай экологиялық бақшасымен таныстық. Балалардың ойын алаңы, атшабар, өсімдіктер аллеясы, жабайы жануарлар саябағы сынды 12 бөліктен тұратын туристік алаңда алып киіз үй салыныпты. Қазақ киіз үйінің құрылысына 10 млн. юань қаржы бөлінген. Қазақы оюөрнекпен əшекейленген үлкен алашалар жергілікті шеберлердің қолынан шыққан. Есігі автоматты түрде айқара ашылатын алып киіз үйдің түңлігі түрілгенде көкжиек құлағандай, көк аспан жарқ ете қалады. Киіз үйдің ені – 33, биіктігі – 19 метр. Қытайдың Ақсай қаласында орналасқан əлемдегі ең үлкен киіз үйдің үлгісімен салыныпты. Алып киіз үйдің ішінде үлкен домбыра, алмас қылыш, қалқан сынды ұлттық жəдігерлер ілініп, қазақтың салтдəстүрлері айшықталған мейманхана залдары ашылған. Бұдан кейін барған «Игілік» əлеуметтік үйінің басшысы Ма Чи Заңның айтуынша, аталған мекеме əскерден қайтқан сақа жауынгерлер, жетім балалар мен панасыз қарттарға арналған. Онда қарттарға барлық əлеуметтік-медициналық жəне психологиялық жағдай жасалған деуге болады. 97 жасқа келсе де əлі тың Ли Шиң Лан есімді əже соңғы 16 жыл ғұмырын осы үйде өткізіп жатыр екен. Қазіргі кезде 45 қария тұрып жатқан үй қарияларға қызмет көрсетуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Ал жұңғо халық емханасында ауруды тамыр арқылы анықтау, инемен жəне шөптен жасалған дəрілермен емдеу шаралары жүргізіледі. Дəріханада 400-ден астам шөп дəрілері сатылады екен. Бізді Қытайдағы қандастардың қарымқабілеті сүйіндірді. Миллиардтардың ішінде жүрсе де Гүлсайра Қанатқызы «Ырыс-орда» атты мейрамхана ашып, кəсібін дөңгелетіп отыр. Ақтекше ауылының тұрғындары аудан мақтанышына айналған Баспай қойын өсіруде. Мемлекеттік екінші дəрежелі артист Жанболат Нұрғисаұлы бастап, əнші Сауырбек Оңғарбайұлы, термеші Сабырбек Оңғарбаевтардың биік өнері де жан дүниені баурап, тəнті етті. Баспай бабамыз Емілге көпір орнатса, үржарлықтардың сапары екі ауданның арасына алтын көпір орнатты деуге болады. ӨСКЕМЕН – ШАҒАНТОҒАЙ – ӨСКЕМЕН.

––––––––––––––––– Суретте: 1.Баспай мұражайы. 2. Б.Шолақұлының мұражайдағы мүсіні. 3. Шағантоғайдағы Үржар жəрмеңкесін ашу салтанаты. 4.Б. Шолақұлы. 5.Баспай көпірі. Суреттерді түсірген автор.


14

1991 жылы халық ақыны Жәкен Битуовтың «Көкжайдақ» дастанының қолжазбасын Қазақ Ғылым академиясындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Қолжазбалар қорынан» (№200-папка) алып, «Сарыарқа» газетіне (1991 жылғы 24 тамыз) жариялаған едім. Онда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманының хас батыры Сазанбай мен оның Көкжайдақ тұлпарының тағдыры туралы жырланады. Міне, осы жөнінде журналист Болат Жәмкенов өз туындысында жан-жақты баяндап, әсіресе, Абылай хан дәуірін және оның әскербасы Сазанбай батырдың қаһармандық өмірін, Көкжайдақ тұлпарды Сарыарқаға қалай жеткізгенін жазыпты. Батыр тұлпардың биесін алуға нартәуекел деп сапар шегеді. Оны Бегдербек әмір қолға түсіріп, зынданға

Көкжайдақ

Көкшетау. Оқжетпес. Шамамен, 1779-1780 жылдар аралығы. Жаз айы. Кешкі салқын түсе Əулиекөл жағасындағы жартасты, оқшаулау төбенің басына жиналған ақсақалдар кеңесіне Абылай Сазанбай батырды арнайы шақыртқан. Жүзбасы əрі ханның ұрыс даласында ең сенімді ту ұстаушыларының бірі. Соғыста бет қаратпас жаужүректігімен қоса, жылқы баласының тілін білетін атсейіс. Атақты қаракесек руының Қарқаралы тауындағы Нұра мен Талдының бастау тұсын мекендейтін бауыр бошан атанған қояншытағайдың таңайынан. Сол тұста қырықтан енді асқан, еңсегей бойлы, қалың қабақты, шалт қимылды, сұсты қарасұр жігіт екен дейді көнеден жеткен аңыз. Сол күні хан қабағы түнеріңкілеу еді. Алпыстан асып қалса да нұры тая қоймаған өткір жанарын алысқа қадап, ауыр-ауыр ойға шомғандай, бөлекше бір кейіпте отыр. – Мұнда отыр, батыр! – деп, Сазанбай келгенде оң тізесінен орын берді хан. – Уа, ағайын! – деді сосын дауысын көтере сөйлеп. – Осыдан төрт-бес жыл бұрын, жоңғарды Алтайдан асыра қуған жолы Жетісуға оралып, Бақанас деген жерге аялдап, Ұлы жүз жаныс руының бір үйінен сусын ішіп ем. Менің хан екенімді білген жоқ, бір кейуана маған қарап-қарап отырып: – Қарағым, – деді сонда. – Арқа еліне кетіп бара жатыр екенсің. Мойнымда бір аманатқарызым бар еді. Соны айта бар еліңе. Елді жау шапты. Егер Іледен өтсе, оларды ешкім тоқтата алмайтыны анық. Біздің Жетісу жұрты малын бағып, жемісін баптап бейқамдау отыратын халық қой. Абыр-сабыр болып, елден ес кетті, – деді сонда кейуана. – Арқа жақтан атақты Малайсары деген батыр жетіп үлгеріп, жан алысып- жан беріcіп, екі күн бойы жауды Іледен өткізбей тұр деп кетті жаушы жігіт. Əскері аз дейді, жан-жақтан қазақ қолы жиналып үлгергенше не болар екен деген уайым қысып, былайғы қаншама жас бала-шаға, кəрі-құртаң бір сайға тығылып, жалғыз Алладан тілек тілеп отырдық. Үшінші күні бесін ауа кенет жұлдыздай ағып жалғыз қара көрінді. Бет алысы біз жақ. Бұл жолаушы Малайсарының жіберген сарбазы екен. Біз ұсынған бұлақ суын жұтып-жұтып жіберіп: – Бауырларым!.. Қорықпаңдар, жаудың беті қайтты. Біз жеңдік!.. – деуге ғана шамасы келді. Денесінде сау тамтық қалмаған, шұрық тесік: садақ оғы тиген, найза, қылыш тілген. Атын да білмейміз, «арғын жігіт» деп дұға оқимыз, қазір оған қарағым. Анау Малайсары да сонда мерт болды ғой. Осы елдің ат ұстарлары сол таудың атын Малайсары қойды деп естимін. Басқа қолдан не келеді!.. Мана таңертеңгі Хан кеңесінде де айттым. Тағы да айтамын, бізге екі нəрсе керек! Анау сары орыстың отты қаруын үйрену қажет. Ең бастысы, бірлік! Ұрпағым еркін өссін деп, байтақ даласын көзінің қарашығындай қорғап өткен батыр бабаларымыздың əр төмпешіктің астында сүйегі жатыр. Əр төбеде ізі бар. Түйілген жұдырықтай бірікпесек құрып кетеміз. Ал күшің бірлікте болса, қанатың астыңдағы атың емес пе, халайық? Мынау көп соғыста, көп жылғы шайқаста ерлер ғана емес, ерлер мінер текті қазанат тұлпарлар да өлді, тұқымы құруға айналды. Жекпе-жек сайысқа мінер белді аттар, қашқан жауды құтқармас желтұяқ ұшқыр сəйгүліктер, күн бойғы ұрысқа сыр бермес, қазанаттар қайда?! Жаңағы кейуана айтқандай тосыннан шапқан жауға суыт жетіп, қолма-қол тойтарыс беру үшін мықты жылқы керек. Өздерің білетін қайран Бөкең, қанжығалы қарт Бөгенбай адамды да, атты да бір көргеннен танитын керемет сыншы да еді ғой, жарықтық. Жақсы ат тұқымын жинау керектігін өсиет қып кеткен де сол ағамыз. Мынау сол кісінің əскер басыларының бірі Сазанбай батыр түрікменнің атақты ақалтеке, текежəуміт тұлпарларынан тұқым əкелемін деп Бетпақдала, Қызылқұм, Қарақұмды көк бөрідей талай жортып өткен. Себебі, өз ауылын жоңғар-қалмақтың Күлек батыры шапқанда, күші жетсе де, артынан қуып барар аты жетпей нағыз қорлықта қалған ер осы. Батыр соңғы сапарында түрікмендермен мəмілеге келе алмай, əбден тауы шағылған соң Қоқан, Бұхара, Хиуа əмірлерінің қолында сол тұлпарлардың тұқымы бұрыннан бар дегенді естіп атбасын бұрады ғой. Хиуада түрікменнен 40-50 қыздың жасауының құнын беріп алған дей ме, əйтеуір, ақалтекенің бірнеше биесі мен айғыры бар дегенді естіп, соған саудаласып көреді. Жəне жай айғыр емес, қылқұйрық атаулының алдын бермей жүрген хас жүйріктің өзі деседі. Бірнеше тайтұяқ алтын ұсынады. Айғырды алатын болып келіседі. Алайда, əмірдің екіжүзді жандайшаптары мұны алдап апарып, жабылып қол жұмсап ұстап, таңғы намаздан соң басын алмақ болып отыр екен. Кіші жүз тама, табындағы қандыкөйлек достары естіп қап, түнде жасырын барып құтқарып жібереді. Бірақ бұл орта жолдан қайта барады ғой... Өйтпесе, қаракесек Сазанбай бола ма?! – Ханның қатқыл жүзіне нұрлы күлкі үйірілді.Тамағын кенеп, одан əрі жалғастырды. – Сансызбай батыр түйелі адамның иегін қағатын

26 тамыз

Қ ҒЫРЫ

www.egemen.kz

ЖАҢ

салады, асқан қатыгездікпен дарға асады. Сондағы батырдың көкейкесті тілегін автор әдемі келтірген. Сондай-ақ, алшын Өміртай бидің жоқтауы да қуатты, жалынды. Б.Жәмкенов ел естілерінің әңгімелерін мұқият ескеріп,тарихилық пен деректілікті шығармасына қазық ете отырып, Көкжайдақтан тараған тұлпарларды, ел мен жер тарихын, қазақтың ас беру дәстүрін сүйсіне сипаттайды. «Көкжайдақ» күйінің дүниеге келуі де тұлпардың даңқын көркейте түсері хақ. Тарихтың терең иірімі таусылмас бұлақ-құдірет деген осы да. Ұлттық тамырымыздың табиғатын танығымыз келсе, осындай шығармалардың мәні айрықша екенін атап айтқым келеді. Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Дала

2015 жыл

– Өлтіріңдер! Өлтіріңдер! Дарға... дарға! – деп əмір берді. ...Сазанбай батырдың ерлік өлімі жайлы əңгіме ауылдан-ауылға тарап, ұлан-ғайыр қазақ даласының əр қиырын шарлап кетті. Сан түрлі аңыз боп айтылды. Қаныпезер Бегдербектің абақтысын бұзып шығып, Қарақұмға келгенде астындағы нашар ат болдырып, қайран ер сонда өліпті десіп те жүрді... Батырдың қазасына Кіші жүз, сонау АралТашкент маңын мекендейтін алшын руынан шыққан атақты Өміртай би айтқан «Сазанбайдай ер тумас!» атты ұзақ жоқтау өмірге келді. Бұл қайран ердің «шаңын қосқан төрт жұрттың» ерлік істерін ауыздан-ауызға жеткізіп, қазақтың ұлан-байтақ сайын даласына таратып жатты.

Ой

...1980 жылдың күзі. Бұзаутөбе. Сазанбай батырдың кір жуып-кіндік кескен жері. Қарсы алдымызда тай шаптырым жерде баяу толқып, Қызылқой өзені жатыр. Сол қапталымызда көлбей созылған Қарқаралы, сəл əріректе Қызыларай. Осы қос биікке арқа тұсымыздағы Наршөккен

дастаны биік дарбазадан өтіп, əмірдің қарулы əскерден күзет қойып, кісендеп бағып отырған көк айғырдың шынжырын қолымен бұрап үзіп, қарғып мініп, Хиуаның ит адасқан бұралаң көшесін: «Қарқабат!» деп қақ жарып шауып өткен. Сол сабаз міне, осы!.. Қалың нөкер қаумалай қуғанда төрт аяқтыға шалдырмай, қардай бораған оқтың бірде-бірін дарытпай өткен атты дүлділ демей не дерсің?! Ертоқымсыз, жайдақ мініп шапқан соң Көкжайдақ атанған сол айғыр мына Сазанбайдың ауылында тұр. Бірақ жат жердің суын ішіп, шөбін жеген текті тұлпардан тараған құлынның бəрі бірдей мықты болып туа бермейді дейді мына қариялар. Жерсінбейді екен. – Біздің биелерді менсінбейді десеңші! деп қалды қарттардың бірі жұртты ду күлдіріп. – Иə, солай! Бие айғырдан шыққанымен, туа алмайды дейді. Осы Көкжайдақтан шыққан биенің сегізі өліп, тоғызыншысының ішін жарып алған жалғыз шарана құлын ғана аман қалған. Сазанбай атбегі қарттармен ақылдаса келе, енді осы тұлпардың биесін сатып əкелсем бе деп отыр. Сонда ғана ерге лайық ат туады дейді. Көтергенінше тайтұяқ алтын, сый-сияпат, қасына біраз сарбаз қосып жібергелі отырмыз. Үйінде шиеттей бала-шағасы, қарт əке-шешесі қалып барады. Соны мына сіздер білсін деп, ақыл қоссын, батасын бере ме деп жинап отырмын. Тақ тəрізді етіп парсы кілемін жапқан биік төрден түсіп келіп ханның өзі Сазанбайға ақ жол тіледі. Бойшаң, сом тұлғалы ханның қатқыл жүзіне, ойлы үлкен көздеріне қимастықпен қадала қарап, оң қолын кеудесіне қойып, сəл бас иген Сазанбай, шалт бұрылып, Көкшенің көк тасын Көкжайдақ тұлпардай жеңіл басып төменге бет ала берді...

Сазанбайдай ер тумас!.. ...Бұл тұста Бегдербек əмірдің төңірегінде де біраз əбігер туындап жатқан. Бізге жеткен тарихи деректерге жүгінсек, жоғарыда баяндалған оқиға одан əрі былай өрбіген. Тұлпар қолды болысымен-ақ ақылшылары мен көмекшілері əмірге келіп: «Бұл айғырды алған адам енді, сөз жоқ, биесін алуға келеді. Мықты аңду қойып, əне, сонда қолға түсіру керек», деп шегелеп қояды. Қазақтың қаракесек Сазанбай батыры кектеніп кетіп еді, бұл соның ісі болмаса қайтсін, дегендер де болған. Хиуа шаһарына жақындай бере қасындағы Кешубай, Қосағалы, Қашқынбай, Орынбай бастаған 20 серігін бір қағаберіс жерге қалдырып, əуелі өзі жеке бір шолып келмек болып барған Сазанбай батыр сайланып жатқан əлгіндей көп

аңдушының ортасына тап келіп, аңдаусызда қолға түсіп қалады. Биені сатып алмақ боп қанша мəміле жүргізгенімен нəтижесі оңға баспай, қолына кісен салынады. Арада 2-3 күн өтісімен қараниет əмір жұмада өтетін қайнаған қан базардың төріне арнайы биік тұғыр жасатып, дар ағашын орнаттырып, жұртты хабарландырып қояды. Кісендеулі Сазанбай батырды осында əкеледі. Бір жағында дар ағашы, бір жағында үлкен тайқазанда су қайнап жатыр дейді. Бегдербек əмірдің өзі бастаған бектері мен би-шонжарлары да келіп, қарулы нөкерлер қоршап тұрады. Əмірдің жендеттері батырды алға шығарып: – Кəне, анау қазақтарыңа айқайлап айт. Көк айғырды тездетіп алып келсін. Оны алып келгенше сені босатпаймыз! – Уа, халайық! – дейді батыр сілтідей тынып тұрған көпшілікке қарап. – Мен атты ұрлап алғаным жоқ. Ақ адал ақысын төлеп, алдап бермеген соң кектесіп, тартып алдым. Себебі, мұндай хас тұлпарларды сіздерде жат жұрттан елін қорғауға емес, қайта қорлауға, бейқам жатқан ауыл-ауылды тонап, ағайынның қанын төгуге жұмсап отыр... – Əй, тоқтат, кəне! – деп жекірді əмірдің жандайшаптары. Батыр сонау зеңгір аспанға көз жіберіп бір сəт үнсіз тұрып қалды дейді... Кім біледі, кір жуып-кіндік кескен самалы жұпар туған жер, үйде қалған қауқарсыз ата-ана, құдай қосқан жары мен сары ауыз балапан жас балалары ойына оралды ма екен?.. Батыр бойын тез жинап алады. Кенет көз алдына жау ойрандап өртенген ауыл, улап-шулап жылаған аналар мен балалар елестейді. Дəл тұсынан Абылайдың қалың дұшпанға əруақты күңіренте, атойлап қарсы ұмтылған сұсты бейнесі өтіп бара жатқандай сезінеді. – Арқа жақтан келген азаматтар бар ма, осында? – деп саңқ етті. Сол сəт қоршап тұрған қарулы қалың нөкерлерге қарамастан, əр тұстан: – Бар! Бар! – деген үндер естіліп қалды. – Онда, – деді батыр, бірге қан төгіскен, жорықтас бауырларыма, Сарыарқадай жеріме сəлем айт! Абылайдай ерге сөзімді жеткіз. Соңғы сөзім мынау: «Мендей бір ұл туар, Көкжайдақтай ат тумас! Тұлпарды бермеңдер!» – деп бір-ақ кесті. Жиналған көпшілік жай түскендей селк етіп, үрейлене тынып қалған. Батыр нық адымдап, дар ағашына қарай беттей берді. Манадан ызадан жарылардай болып əзер отырған Бегдербек əмір шар-шар етіп ұшып тұрып, қолын шошаңшошаң еткізіп:

жағынан келіп Бұғылы-Тағылы жалғасады. Біз осы жерде отырып Сазанбай батыр айтты деген жоғарыдағы жалғыз ауыз сөзді еске алдық. Ол араға екі ғасырдан астам уақыт салып, оның жетінші ұрпағы, осы жолдардың авторы, бізге де жеткен-ді. Сол сөз талайлы тағдыр тауқыметімен атамыз ат байлаған жұрттан алыстау жерде өскен біздің де жетімек көңілімізді дір еткізбей қоймаған. «Көкжайдақ тұлпардың кейінгі тағдыры не болды екен? Бүгінгі ұрпақ Сазанбай батырды ұмытқан жоқ па?!.» Осындай сан қилы сауал көкейден кетпеген соң атбасын атажұртқа бұрып, көнекөз қариялармен кездесудің сəті түскен болатын. Батырдың өз кіндігінен тараған ұрпақ бүгінде бір рулы ел. Қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты толқып аққан нұрлы Нұра мен Талды, Тескенсу өзендері, Бұғылы-Тағылы таулары бойында өсіп-өнген осы Сазанбай руының беделді ақсақалдары Бəкен, Жəмкен, Көкіжан, Жəми, Оразбек, Түскей, тағы басқа қарияларымен, беріректе қайтқан Тұрымтай, Амантай, Рысқұл сияқты ел ағаларымен арнайы жүздесіп, батыр бабамыз жайлы біраз тың деректерді жазып алған едік. Олардың айтуынша, бабамыздың «Мендей бір батыр туар, Көкжайдақтай ат тумас!» деуі əулиелік сөз екен. Көкжайдақтың дəл өзіндей болмаса да, одан осы төңірек азаматтарының абыройын асырған небір сəйгүліктер тарапты. Сазанбай батыр Көкжайдақ үшін мерт болса, ал сол тұлпардан тараған желтұяқтың бірі кешегі 1931-1932 жылдардағы қызыл қырғын, алапат ашаршылық тұсында Сазекеңнің ұрпағы біздің əкейдің отбасын ажалдан аман алып қалғанын да білдік. Ал, өткен екі ғасырдан астам уақыт ішінде Көкжайдақтан тараған киелі жануарлардың басқа да қаншама адамға пайдасы тиді, өмірін сақтап қалды десеңізші!.. Сазанбай ұрпақтарының айта қаларлықтай бір ісі – үш жүзге сауын айтып «Есбайдың асын» беруі. Бұл батыр мерт болғаннан бір ғасырдан астам уақыт өткенде болған оқиға. Арқа жұртында күні бүгінге дейін: «Əй, мынау Есбайдың асындай болды ғой», деген сөз бар. Бұл жиын молшылықтың, жарасымды сəн-салтанаттың үлгісі ретінде айтылатын сөз. Арғы-бергіден көзі қарақты адамдардың айтуынша, ол Арқа төсінде берілген ең соңғы ірі астың бірі. Сонда Көкжайдақтың тұқымы ауызға ілігеді. Асты Есбайдың інісі Жарыбай, баласы Бөде мен оның ұлы Серік береді. Жиын – Нұраға таяу, Қызылқой өзені бойындағы Үшқарасу деген жерде өтеді. Ең суы мол жерді əдейі

таңдаған ғой. Бəйге аттарын Тектұрмастан асып, Шерубайға жақын Бəйдəулеттен қайырады. Арасы 60 шақырымнан артық болмаса, кем болмас. 430 ат қосылады. – Бəйгеден қуандық-тоқаның Кетпентұяқ деген тұлпары озып келген екен, – деп қалған сол отырыста көп сөйлей бермейтін, бірақ көп сөйлемесе де дөп сөйлейтін Балмағанбет қария. – Кетпентұяқ Көкжайдақ пен жергілікті ұзаққа шабатын қазанат тұқымды биеден тараған будан тұқымдас болса керек. – Сен, Бəке, нағашың Жаңаарқа екен деп, бұрып отырған жоқсың ба, осы? – деп отырғандардың бірі əзіл тастағанымен, Жəмкен ақсақал құптай жалғастырды. – Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан əңгіме ғой. Шындығы солай. Кетпентұяқ – денесі сидам, теңбілкөк арғымақ еді дейді. Жалпы, қазақ жирен қылшық аралас боз жылқыны қызыл атайды ғой. Кетпентұяқты қызыл теңбіл деп те айтады. Жаясының ұштығы мылтық ілгендей жылқы екен. Кедір-бұдыр жерден екі бүктетіліп қарғығанда, тұяғы ошақтай жерді ойып кетеді дейді. Кетпентұяқ атануы содан. Алтай-тоқа да бөтен емес, аға баласы ғой. Бірақ кейбір ат айдаушы ауыл жігіттері қызғаныш қылып, жеке келе жатқан тұлпарды теріс жаққа бұрып жібере береді. Сонда, əлгі есті жануар тұра қалып, құлағын қайшылап тың тыңдап, ат дүбірі басқа жақтан естілгенін біліп, қайта шауып келіп, қалың нөпір аттың бəрін басып озып алға шыға береді екен. Уай, жарықтық-ай, десейші! Жақсы аттың киесі, аруағы болады, деген рас қой... Руы қуандық ішіндегі тоқа Орақтың сол Кетпентұяқ тұлпары қара үзіп өтті дейді. Екінші боп, Сармантайдың Мұсатайының Тайқасқасы... Жалпы, елу атқа бəйге берілген. Ас ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары ішінде болған. Оған атақты Ағыбай батыр да қатысқан. – Бұл өңірде атбегі де, Арқада өткен небір аламан бəйгеге ұялмай қосар ат та көп болды, – деп отыр ғой мына Жəми əкелерің. – Сол жүйріктердің көбісі Көкжайдақтың тұқымы. Одан бері не заман өтті. Бұл ел денесі сидам, тұрқы келісті, қылаң жылқы қылт етіп ауызға іліксе-ақ: «Жарықтық сол Көкжайдақтың тұқымы болар-ау», деп отырушы еді. Есбайдың інісі Жарыбайдың баласы Досбайға 100 қаракөк сəйгүлік жылқы біткен. Бұлар қылқұйрықтыда тек біріне бірі ғана жетеді, басқа жылқы жетпейді екен. Бертінде мына өзіміздің іргелес кернейдің Түйтесіне де сол шамалас көкшағыр жылқы бітті ғой. Бұлар да айтулы жүйріктер болғанын көзіміз көрді. Анау Аманбай – Тұрсынға 16 мың жылқы біткен. Сол кісілер айтады екен: «Түйтенің 100 көкшағырын бізге берсе, біз мына 16 мың жылқыны берер едік» деп. – Ол тұста жігітке керегі не, арманы – жүйрік ат емес пе? Анау кəнпеске уағында талай желаяқ сəйгүлік тақымымызға түсті ғой. Ішінде осы көкшағырдың тұқымы да бар. Дүние-ай, айлы түнде басын жібергенде, төрт аяғы жерге тимейді-ау, тап бір ұшып келе жатқандайсың!.. Ғұмыры есімнен кетпейді! Сол киелі тұлпарларды анау Қызылеспе деген жерге апарып, маңқа ауруына ұшырады дей ме, қырып тастады ғой. Қазір солардан тұқым жоқ! Бəрі қараңғылықтың, барып тұрған надандықтың кесірі. Сырттан келген жау жоқ. Оқыған, сауатты адам бұлай істемейді ғой. Жылап қайттық. Əй, дүние-ай, десеңші!..– деп əкей үнсіз отырып қалған. Қарасам, отырған қариялардың бəрі жер шұқығандай болып, төмен қарап, үнсіз мұңға батып отыр екен... Сайын дала төсінде үнсіз ойға батып бір-бір тау шоқыларындай болып отырған осынау қариялар маған сол сəт, анау Ай нұрымен жарысып, келмеске кетіп бара жатқан арғымақтарға аза тұтып отырғандай болып көрінген еді. Сол қайран бабаларымыз аңсаумен өткен Тəуелсіздікке қолымыз жетісімен-ақ қазақ баласы көкте асқақтаған Көк туымызға қарап бойын тіктеді. Үш ғасырлық құлдық бұғауын бірден серпе лақтырып тастай алмаса да, еңсе тіктегені анық. Бой көтергені сол емес пе, жетпіс жылғы кеңестік кезде ұмыт болған бабалар рухымен жылап көрісті: тілін, дінін, ділін, тарихын қайтарды. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» демей ме. Соның бəрін кең-байтақ еліміздің жер-жерінде аталарымызға ас беріп, аруаққа сыйынудан бастады көргенді көпшілік. Сондай бір асты қояншытағай руының ұрпақтары берді. Ас 2010 жылы болды. Баяғы сол Есбайдың Асы берілген Қызылқойда өтті. Н.Дулатбеков, Қ.Медиев сияқты ел басқарып жүрген білімді де білікті азаматтардың ұйымдастыруымен жиын айта қаларлықтай болып өтті. Сонда осы өңірдің шежіресін жинап, «өлгенді тірілтіп, өшкенді жаңартуға» бір кісідей-ақ ат салысып жүрген белгілі жазушы Кəмел Жүнісов ағамыз ер Сазанбай жайлы деректі толықтыра түскен: – Сонау бала кезімізде ата-анамыз Сазекеңнің сол «Шаңды жорықтағы» ерлігін аңыз ғып айтып отыратын. Жаудың атақты батырын атымен қоса құлатып, басын алғанда, бүкіл қазақ қолы аруақтанып кеткен екен деп отырушы еді. Осы жорықта атақты Баян батыр да Сазекеңмен бірге соғысқан ғой. Демек, батырдың сол ерен ерлік істеріне лайықты бағасын беру, есімін елге таныту – ең алдымен ұрпағына парыз, қала берді халқына аманат, – деп түйіндеген еді жазушы. Сазекеңнің тоғызыншы ұрпағы, жас өскін немереміз Ерасылдың шығарып əкелген «Көкжайдақ» күйін тыңдаған көпшілік те осыны қайталаған. Бірақ айтылғаны айтылған жерде қалатын қазақ емеспіз бе. Өкініштісі, Сазекеңді еске алар əлде бір шара жасалды деген, ел жақтан жақсылық хабар естілмей тұр. Біздің ойымыз – осы өңірге Сазанбай батыр мен көкжайдаққа ескерткіш орнатылса деген бір ғана тілек. Басқа ниет жоқ. Болат ЖƏМКЕНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мəдениет қайраткері.

Қарағанды облысы, Шет ауданы.


26 тамыз 2015 жыл

СУ А Л ОЙ Тұз жорығы

Ата мен әже – ќазаќы тəрбиеніѕ бастау бўлаєы Отбасы тəрбиесіндегі əдет-ғұрып пен салт-дəстүр ата дəстүр түрінде атадан балаға, əкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да отбасы. Қазақ халқы, мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тəрбиесін сіңіре бастайды. Мұнда отбасының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұясы, қуаныш ошағы екендігі қарапайым тілмен əдіптеле түсіндіріледі. Сондай-ақ, отбасын сүю, отбасын қадірлеу, отбасына адал болу сияқты тəрбиелерді бере отырып, баланың ата-анасы алдында бас тартуға болмайтын адамдық жəне азаматтық міндеттерді ерекше ескертеді. Заманауи ұғымдарға сай отбасы құндылықтарының да жаңаша қағидалары қалыптасып келеді. Бүгінде бір үйлі жаннан құралған толық отбасы ата-анасы, балалары жəне ата-əжесінің болуымен көрінсе, толық емес отбасы ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталып жүр. Қазіргі уақыттағы көпшілікті ойландыратын мəселелердің бірі де осы «толық емес отбасы» төңірегіндегі ойлар. «Жалдамалы тəрбиеші» дейміз, тіпті, интернет, телеарна, компьютердегі түрлі фильмдер, атыс-шабыс ойындар балаларымызға қаншалықты теріс тəрбие беріп жатыр? Кезінде атам қазақ ұрпақ тəрбиесін жоғары орынға қойып, өз перзенттерін ағайын-туыс, тіпті, бір қауым ел болып тəрбиелеген емес пе? Ал қазіргі уақытта бала тəрбиесі қай деңгейде? Осы орайда, «толық емес отбасын» жан-жақты қарастыруға ой салсақ. Соның бірі, перзенттері бола тұра, олардың ата-əжесінің өз ұлдарынан бөлек тұруы. Мұндайда немерелері ата-əжесінің мейірімін толыққанды сезіне алмай жəутеңдеп, бұйығы болып өспей ме? Осы тұрғыдан алғанда «Сіздің отбасыңыздағы ата мен əже, əке мен шеше, бала мен келіннің рөлі қандай?» деген сауал бəрімізді мазалайтыны анық. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Немересіне ертегі айтып беретін əженің азаюынан қорқамын. Дəмді, дəстүрді білмейтін балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан əке-шеше жоқ», деп айтып кетті. Шынында, қазақ əр кезеңде де басынан өткізген тарихи жағдайларға қарамастан, салт-дəстүрлерімізді мұра ретінде қастерлеп, ұрпағына ұлағатты тəрбие бере білді. Ал бүгінде осы асыл құндылықтарымыздың тамыры ажырап барады. Сондықтан да, мына жаһандану заманында ең алдымен ұлттық рухымызды, мəдениет жəне ұлттық тəрбиемізді сақтап қалуымыз қажет. «Қазақтың айтулы ақыны Мұқағали Мақатаев: Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар Ұрпағыңа не айтасың артта қалар? О, тірі шежірелер, қалдырыңдар, Қанеки, нелерің бар салтқа жарар», – деп жырлағандай, қазақ отбасында ұрпағына ұлттық тəрбие беретін ата мен əженің орны қашанда ерекше саналған. Əжелеріміз ертегі-аңыздарын, жырдастандарын айтып, немере-шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет-насихаттарын айтып отырған. Мəселен, Балғожа би мен Зередей зерек əжесінің ертегі-аңыздарын, жырдастандарын тыңдап, тəрбиесін алып өскен Ыбырай мен Абай аталарымыз да қазақтың ұлы тұлғаларына айналды. Осындай мысалдардан-ақ ата мен əженің тəлімді тəрбиесін алған сіздің балаңыздың да күні ертең еліне елеулі, халқына қалаулы жақсы азамат болмасына кім кепіл? Ертеректе ата-əженің тəрбиесін көрмей өскен бала өте сирек кездескен, сондықтан болар, оларды «көргенді бала», «тəрбиелі бала» аталатын. Ата-əженің тəрбиесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет, мейірім, имандылық, рухани тəрбиені ашық көруге болады. Тіпті, қазақтың ежелгі дəстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен əжесі бауырына басып тəрбиелеген. Кейде ол кенже ұлының орнына атасының қарашаңырағына ие болып та жатады. Күнделікті өмірде үлкен кісілердің «жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер», деп Жаратқаннан тілеу тілеп отыратындарын көреміз. Кейбір қарияларымыздың қартайғанда ағайын-туыс, отбасына абыройлы, ал баз біреулерін, керісінше, отбасының, бала-шағаның берекесін қашырдың деп қарттар үйіне өткізіп жатқандарының да куəсі болып жүрміз. Қазақ – қариясын құрметтеген халық. «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата болған кісілерді «ақсақал» деп құрметтеп, төрден орын берген, олардың батасын алмай ешбір іс бастамаған. Ал бүгінде осы үрдістердің барлығы біртіндеп өзгеріске ұшырап барады. Ата – елдің, отбасының ақылшысы, батагөйі əрі қамқоршысы болса, ақжаулықты «əжелеріміз» отбасы мен ағайын-туыс, ел-жұрттың амандығын, тілеуін тілеп, халықтық салт-дəстүрімізді ұлдары мен қыздарына ұғындырып, үлгі-өнеге көрсететін жандар. Тіпті, халықтық дəстүр бойынша ақсақал қариясы бар ауылға келген қонақтар алдымен сəлем беріп, баталарын алуды азаматтық борыш деп санаған. Ал ұлдары мен келіндері, немерелері мен шөберелері құрмет жасап, айтқаны мен өтінішін сөзсіз орындауы шарт, өйткені, бұл ұрпақтарға парыз, міндет. Қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына жазған өлеңінде «Отбасы – шағын мемлекет. Мен президент, сен премьер» дегеніндей, өмірде əке мен ана қатар айтылады. Жетекші тұлға əкені – ұрпақ иесі, əулет басшысы десе, шешені – отанасы деген. Отбасында əке үкімі заңды. Əкесі дүниеден озған соң отбасына басшы болып үлкен ұлы қалған. Тіпті, əкесінен бөлініп, өз алдына жеке үй болғанның өзінде əкенің не үлкен баланың ықпалы жүретін. Шаруашылығы бөлек болғанымен, барлық бала əкесімен ақылдасып отырған. Əдетте, əке шаңырағы «қарашаңырақ», «үлкен үй» атанады. Ол əкесінен тараған барлық ұрпақ үшін қасиетті саналады. Мұхаммед Пайғамбардың хадисінде: «Ата-анасын ренжіткендерді Алла тағала жақсы көрмейді», дейді.

Əсіресе, ананың жолы бөлек. Ана – сені өмірге əкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы жан. Өмір тұтқасы, отбасының берекесі, ақылшысы. Сондықтан да, қазақ салтында ата-ананы ренжіту, қарсы шығу, тіл жəне қол тигізу, айтқанына көнбеу тəрбиесіздік саналған. Əрбір ата-ана перзенттерінің шыр етіп өмірге келгенінен бастап жақсы бағып-қағып, ізгі ниетті, адал етіп тəрбиелейді. Отбасының басты қазығы – бала. Бала – ата-анадан тараған ұрпақ, олардың ізбасары. Халықта: «Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бестен əрі онымен ақылдас», дейді. Сондықтан, ата-анасының айтқанын екі етпей орындап, қартайғанда қабақ шытпай бағып-қағып, ризалығын алу – əрбір перзенттің борышы. «Əке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» дегендей, əрбір ұл мен қыз əкесі немесе анасының жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Қазақ халқы бірінші баланы тұңғышым, одан кейінгілерін ортаншым, кенжем дейді. Олар ержетіп өскенде тұңғыштары мен ортаншыларын үйлендіріп, енші беріп бөлек шығарады да кенжесі өз қолында, яғни «қарашаңырақта» қалады. Осыдан кейін атаанасын бағып-күтуге осы кенже ұл міндетті болады. «Қарашаңырақты» басқа балалары да құрметтеп, атаанасының сыбағасын беруді ұмытпауы міндет. Құран Кəрімде: «Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» делінгендей, балалар ата-аналарын сыйлап құрметтеуге, асырауға тиіс. Отбасы туыстық жүйенің ортасы саналады. Қазақ отбасында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар, əйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Атап айтсақ, ата-əже мен бала жəне немере-шөберелер, ата-ана мен балалар, келіннің қайын ата, қайын енемен қатынасы. Қазақтың осындай туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді. Жалпы айтқанда, туыстық қатынастар өзара түсіністікке, берекеге құрылады. Халқымыз жақсы келінді қызынан кем көрмеген. Үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өмірден өткенде əруағын құрметтеуі – келіннің əдептілігі мен тəрбиелігін көрсетеді. Қазақ салтында ақ босаға аттаған келін əдепті, ибалы болып, қайын атасын өз əкесіндей көріп, құрмет жасауы қажет. Білерменсіп ата сөзіне орынсыз араласып, бетінен алып, атасының алдында баласының бетінен сүюі немесе ұрып-соғуы, күйеуі жəне басқа да отбасы мүшелерімен ұрысуы, жалаңаяқ, жалаңбас ашықшашық жүруі, атасына сен деп анайы сөйлеуі сияқты оғаш қылықтардың барлығы көргенсіздік, тəрбиесіздік, арсыздық саналады. Қазақта «Келін ененің топырағынан жаралады» деген сөз бар. Ене – келіннің ең жақын, қамқор жəне екінші анасы. Жас келіннің болашақ өмір жолындағы ұстазы əрі ақылшысы. Сондықтан да, енесін өз анасындай көріп, сыры мен көңіл күйін жасырмай, ақылкеңестерін алып, барлық қызметіне əзір тұрады. Қандай жағдай болмасын бетінен алып, тіл жəне қол тигізбеуі шарт. Ененің рұқсатынсыз отбасындағы маңызды істерге билік жасамайды. Орынсыз дау-жанжал тудырып немесе өркөкіректік көрсеткен келіндер «көргенсіз, тəрбиесіз» атанады. Келін – ененің ізбасары, шəкірті. Ене мен келін татутəтті, сыйласып өмір сүреді. Көргені мол қайын ене, инабатты келін – отбасының құт-берекесі. Ұрпақтанұрпаққа беріліп отыратын осындай дəстүрлер мен ізгі мұраттар, адамды өзара түсіністікке тəрбиелейтін сүйіспеншілік тек ынтымақты отбасынан ғана бастау алады. Атам қазақ ұрпақ тəрбиесіне ерекше көңіл бөліп, «жетімі мен жесірін жылатпаған». Бүгінгі таңда елімізде балалар үйіндегі қаракөздер мен қарттар үйіндегі ақжаулықты аналар мен ақсақалды қариялардың саны өсу үстінде. Абай оныншы қарасөзінде: «Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын деген не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың? Артымнан балам құран оқысын десең, тіршілікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Жаманшылықты көп қылсаң, балаңның құраны неге жеткізеді? Тіршілікте өзің қылмаған істі өлген соң саған балаң кəсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің – балам жасында өлсін дегенің. Егер де ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей əке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен? Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Əуелі – өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші – балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші – малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай... осының айғағы, – дейді. Бүгінгі қоғамда имандылық, рухани отбасылық құндылықтарымызды нығайтуда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекет отбасыдан басталады. Сол себепті де біздің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор», деп – 8 қыркүйекті елімізде «Отбасы күні» деп жариялады. Ал біз өз кезегінде отбасы құндылықтарын əрі қарай жалғастыруға əркез дайын болайық дегім келеді. Ажар ОСПАНОВА , Оңтүстік Қазақстан облыстық «Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығының» ғылыми қызметкері. ШЫМКЕНТ.

2011 жылы Үндістанда өткен Қазақстанның мəдениет күндері аясында көне шаһар – Делиге жол түскен. Жаңа Дели, Ескі Дели деп Жамуна өзенінің жағасына көсіле жатқан Делиде аралап көретін, тарихынан сыр сүзіп, ой түйетін жерлер жеткілікті. Нью – Делиді аралатып жүрген жолбастаушымыз бізді бір ескерткішке алып келген. Көліктен түсе қалғанымыздаақ бірден барлығы түп-түсінікті бола кетті. Үндістанның ағылшындардың XVII ғасырдан XX ғасырға дейін отар елі болғанын, ал оның сол құлдықтан азат етілуінің ұлт көсемі Махатма Ганди басшылығымен қантөгіссіз жүзеге асқанын білетін əрбір жанға ескерткіш өзі-ақ сөйлеп тұр. Ганди, Мохандас Карамчанд (1869-1948) Рабиндранат Тагордың «Махатма (Ұлы – А.Т.)» деп атауымен өз халқына да, əлемге де Махатма Ганди есімімен белгілі, қандай да бір күш көрсетуді қиянат, қылмыс деп таныған ұлт көсемі. Ганди ұсынған ұлт бостандығы үшін күрестің негізгі тактикасы «Ахимса», «Сатьяграха», «Брахмачариядан» тұрды. «Ахимса» – күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді нақақтан азапқа салмау» деген сияқты терең философиялық мағынаға ие болса, «Сатьяграха» – ақиқат үшін тайсалмау, оған арқа сүйеу,

15

www.egemen.kz

қою идеясы XIX ғасырда-ақ көтерілген. Алайда, ескерткіш табанына алғашқы тас бар болғаны 1922 жылы Бразилия тəуелсіздігінің жүз жылдығына орай (оған дейін бұл ел Португалия отары болды) қойылып, тұғырын тұрғызу жұмыстары 1926 жылы басталды. Ескерткіштің мүсінін жасауға Поль Ландовскиге тапсырыс берілді. Ол Парижде Христостың басы мен қолын жасап (гипстен құйды), гипстен жасалған эскиздерді Бразилияға жіберді. Осы үлгілер бойынша тастан Иссустың қолдары мен басын қайта жасап, тастан денесін қашап, Коркуваду тауына бөлшек-бөлшек етіп тасып, жинап, тұрғызып, (жұмысқа басшылық жасап, қоршаған табиғаттың көрінісіне кіріктірген бразилиялық Эйтор да Силва Кошта) салтанатты түрде ескерткішті 1931 ж. ашады. Сабынды жұмсақ тастан жасалғанына қарамастан, Христостың ескерткіші жаңбыр, жел, күннің суытуы сияқты табиғат құбылыстарына өте төзімді. Қала үстінен төніп тұрған алып ескерткіш Рио-де-Жанейроның кез келген жерінен мен-мұндалап көзге түседі. Иссус қаланың барлық тұрғындарын жарылқап, дұға етіп, оларды зұлымдықтан сақтап

бетперде етуі. Тіпті, алысқа бармай-ақ, Ресей қалаларында да əдеби кейіпкерлерге арнап ескерткіштер қою, оларды қалалық саябақтарда, халықтың көп жүретін жерлеріне орналастыру мəдениеті бар. Мəселен, Мəскеу маңындағы Раменск қаласынан келешекте орыс əдебиеті мен мəдениетіне олжа салар өрен туса таңғалуға болмас. Себебі, қалада «Қолтырауын Гена мен оның достары», Простаквашинодағы Федор ағай, Матроскин жəне Шарик, Каркуша, Винни-Пух пен оның досы торайдың, Шапокляктың, айыбы тас демесең сөйлеп тұрған бейнесін көріп өскен бүлдіршіннің менің пайымымда, ойы қалғуы тиіс емес. Томскіде Эдуард Назаровтың «Жил был пес» мультфильміндегі қарны тойып əн салған қасқырдың «Щас спою» деген мүсіні бар. Мультфильмдерден əдеби кейіпкерлерге келсек, мұнда да солтүстіктегі көршілердің озып кеткені көзге ұрады. Симбирскіде Обломовтың диванына, Санкт-Петербургте Остап Бендерге, Орёлда Ершовқа өз кейіпкерлерімен бірге тұрған тұтастай композиция, Таганрогта Чеховтың бірнеше кейіпкерлеріне арналған қаланың əр аймағына орналасқан тамаша мүсіндер бар. Бұл жəй ғана санамалап, шет жағасын айтқанымыз ғана. Əйтпесе, Ресей қалаларында мұның мысалдары жеткілікті. Еуропада бұл мəдениет ежелден қалыптасып, сонау антикалық дəуірдегі, орта ғасырдағы сюжетті мүсіндермен толығады. Сер вантестің, Бальзактың, Шекспирдің, Дюманың қаламынан өрілген небір кейіпкерлерге тұр ғызылған ескерткіштер əрбір қаланың құрамдас бөлшегіне айналып, белгілі себеппен келгендер де туристер де сол бейнелерге келіп, қастарында суретке түсіп жатады. Сондай-ақ, ки нофильмдердегі басты кейіпкерлерге ор натылға ны қан шама. Мақаланы жазу үсінде ғаламторды ақтарып отырып, Донецк, Луганск қалаларында қой ылған ескерткіштерге еріксіз назар аудардым. Бүгінде түндігі желпілдеп жатқан осы қалалардың көшелеріне көрік, тұрғындарының көңілдеріне ой салатын ескерткіштер шоғыры өз еліне емес, шекара сыртына пейілдерін берген екен. Бұл қалалардың тұрғындары «Белое солнце пустыни» фильміндегі Суховқа, Верещагинге, «Берегись автомобиля» фильміндегі Деточкинге қойылған ескерткіштерді қастерлепті. Əрине, жоғарыдағы картиналардың əлі күнге дейін миллиондаған көрермендерінің жадынан шықпай, көңілдерінің төрінен орын алғандары шындық, алайда, ой сан-саққа жүгіреді. Кинокейіпкерлердің ішінде Остап Бендер, Киса Воробьянинов, Эллочка людоедка, «Джентльмены удачи» фильміндегі доцент, əйгілі үштік – Балбес, Трус, Бывалый бейнелеріне қойылған ескерткіштердің де қарасы мол көрінді. Біздің тараздықтар да осы үрдістен қалыспай «Джентльмены удачи» фильміндегі Василий Алибабаев айтқан бір ғана фраза «Там тепло. Там моя мама» деген сөзі үшін ортадан ойып тұрып ескерткіш тұрғызыпты. Сонымен, болашақта егер кинозерттеушілер Қазақстанда алғашқы кинокейіпкерге қойылған ескерткіш қай жерде деп зерделейтін болса, онда тізімді Тараздағы Василий Алибабаевтың бастайтыны анық. Ал режиссер Леонид Гайдайдың «Бриллиантовая рука» фильмінің Бакуде түсірілгендігінен кім-кімде хабардар. Бакуге жол түскенде əзербайжандық бауырлардан «Упал. Потерял сознание. Закрытый перелом. Очнулся – гипс» деп құлайтын жерінде Горбунков – Никулинге қойылған ескерткіш бар деп естіген едік дегенде: «Бұрын бар еді, қазір жоқ қой ол, ə?» деп бір-бірінен сұрағанының куəсі болғанымыз бар.

Ш І К Т Р Е СК

Е

? Е Б З І М Е Л І Б ҚОЯ Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

ал, «Брахмачария» – Жаратушыға жақын келу, жаның мен тəнің қалайтын еліктіргіш құмарлық түрлерінен ада болу, пəктікті сақтау. Осының ішінде «Сатьяграха» Гандидің күрес жолындағы өзі енгізген термині. Сатьяграха қозғалысының мүшелері ағылшындар тарапынан көрсетіліп жатқан барлық əділетсіздікке үн-түнсіз, күш көрсетусіз-ақ қарсылық көрсетіп, ұрып жатса да, өлтіріп жатса да, абақтыларға қамап жатса да тіс жармай отырып алып, Үндістанға сырттан басқыншылар тарапынан əкелінген барлық тауарларды тұтынбай, керексіз етіп, тек қана үндінің тауарларын тұтыну, үнді тілінде сөйлеу керек деген тəрізді Махатма Гандидің Сатьяграха қозғалысы қойған талаптарды орындайды. Үндістандықтардың осылайша дымдарын ішіне бүгіп жасаған тосын қарсылықтары ағылшын отарлаушыларын тығырыққа тірейді. Британдықтардың сырттан əкелген тауарлары мұндағыларға мүлдем керексіз болып, Англиядағы ірі алпауыттардың өзі шаш-етектен шығынға батып, өз үкіметіне еріксіз наразылық көрсете бастайды. Билік пен халық арасындағы ұзаққа созылған текетірес ағылшындарды отар елдерін тастап, еріксіз бассауғалауға алып келеді. Міне, қантөгіссіз, күш көрсетусіз бостандыққа жету деп осыны айтса керек. Бұл – сөзсіз Махатма Ганди бастаған Сатьяграха қозғалысының басты жеңісі. 1930 жылы Махатма Ганди үндеген тұзға сапардың тууы – британдықтардың Үндістан жеріндегі тұзды үнділіктерге өндіруге тыйым салған талабына қарсылық болатын. Алдымен бірнеше рет отарлаушы өкіметпен келіссөзге барудан еш нəтиже шықпаған соң Ганди теңіз жағасындағы топырақтың бетіне тұзы шығып жатқан Данди қаласына баруға отандастарын шақырады. Алғашында Ганди жобасына миығынан күле қараған отарлаушылар 78 серіктесімен жорыққа шыққан Ганди тобының сан миллиондаған наразы топқа айналғанын көріп, осының аяғы отарлаушының жеңілісін мойындауына алып келген. Бұл шынында да ешқандай күш көрсетусіз жасалған қарсылық болатын. Міне, Делиде қолына таяғын ұстаған қарт Махатма бастаған, соңынан бірін-бірі сүйеп, жетелей тұзға бет алған адамдар бейнеленіпті. Ұлтын оята білген, сол жолдағы жеңіске қан төкпей жетуді мұрат тұтқан Махатма Гандидің Сатьяграха – Тұз жорығына арналған Дели орталығындағы ескерткіш нағыз ұлылыққа жасалған тағзым болып шығыпты. Ешкім түсініктеме берместен анық ұғынатын, халықтың жүрегіне сəуле жағатын тамаша ескерткіш. Осыған қарап тұрып, біздерде неге осындай тарихи оқиғаларға арналған, бір өзі бір тарихи романның жүгін көтерер мағыналы ескерткіштер жоқ деп қынжылдық. Қиялымыздың бар жеткен жері ат үстінде отырған батыр ғана болғаны ма?!

Əр елдің өз символы бар

Бразилияның бұрынғы астанасы болған Рио-де-Жанейроға бармауыңыз мүмкін, бірақ ондағы осы елдің көгінде қалықтап ұшып жүргендей əсер беретін Иссус Христостың алып мүсінін теледидардан немесе суреттерден кездестіре қалсаңыз ойыңызға бірден осы елдің оралатыны хақ. Укипедияда ол жайында мынадай деректер келтіріледі: Коркуваду тауында 704 м. биіктікке алып монумент

тұрғандай құшағын кеңінен ашып тұр. Ескерткішті жақыннан көру үшін, Коркуваду тауына фуникулер, яғни арқан жол арқылы көтерілу қажет. Бір қызық жері – мүсіннің авторы Поль Ландовски Христос ескерткіші орнатылғаннан кейін 30 жылдан кейін қайтыс болған. Алайда, ол ешқашан Бразилияға барып, Рио-деЖанейро тұрғындарының бəрі мақтанатын мүсінді көрмеген. Кейде бразилиялықтар монументтің нағыз авторы Э.Да Силва Кошта дейді. Ал Бельгияға жолы түсіп, Брюссельдегі Гран Паласқа келген жан құйтықындай ер баланың мүсініне соқпай кетпейді. Бар жоғы бір метрге жетпейтін, небəрі 61 см кішкентай ұл Брюссельдің өзіндік символы. Ол жайында айтылатын небір аңыздар да жеткілікті. XV ғасырдан бері қарай сарай мүсіншісі, маньеризм стилінде жұмыс істейтін Жером Дюкенуаның қолынан «кіш етіп» тұрған ерке ұл бейнесіндегі фонтаннан кісі аяғы бір үзілген емес. Жолбастаушымыз бұл кішкентай ұлдың 800-ге тарта киімі барлығын, алғаш рет киім сонау 1698 жылдың 1 мамырында қала мерекесінде кигізілгенін, ал жыл сайын оның гардеробының толығып тұратынын айтады. Брюссельдің символына айналған ұлдың шүметейінен ұлттық мереке күндерінде сыра мен шарап та ағатынын айтқан жолбастаушы киім кигізу уақытында үрмелі оркестр музыка тартып, ал костюмдерді сыйлау мен киіндіруді аса бір беделді қала тұрғындары мен шетелдік лауазымды тұлғалар мен əлемдік жұлдыздар атқаратынын ауыз толтыра айтады. Ескерткіштің сонау орта ғасырдағы қаланы қорғаушыларға қатысы барлығын əңгімелеген ол, кішкетай ұланның фашистер сойқанынан да аман қалғанын, оның бельгиялықтардың патриоттық сезімдеріне қуат беретінін қуана жеткізеді.

Кейіпкерге көрсеткен құрмет

Əлем елдеріндегі ендігі ескерткіштердің бір парасы əдебиет жəне кино əлемінің, мультфильмдердің басты кейіпкерлеріне арналған. Осы арқылы да, сол елдің мəдениет пен əдебиетті, жалпы өнерді қалай құрметтейтіні көрініп, ескерткіштер жаскəрінің бойына ізгілік пен мейірім шуағын ұялатуға тырысады. Данияның астанасы Копенгагенді ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің «Су перісі» (Русалка) бейнесінсіз көзге елестету мүмкін емес. Теңіз жағасында тастың үстінде алысқа қарап ойланған, сүйген адамы үшін құрбандыққа барып, теңіз көбігіне айналған қыз ескерткіші адалдыққа, пəктікке үндейді. Сəулетші Эдвард Эриксон бір ескерткішпен махаббатқа да, жазушыға да осылай құрмет көрсетіпті. 102 жыл бойына дат астанасына келген жанды өзіне тартқан ескерткіштің əлі де талай ғұмыр кешетіні анық. Америкада Миссисипи өзенінің жағасынан орын тепкен Ганнибал қаласы Марк Твеннің балалық шағы өткен мекен. Осындағы Кардифф биігінде екі жалаңаяқ балаға ескерт кіш тұрғызылған. Талай баланың қиялын шарықтатқан əйгілі Том Сойер мен Гекль берри Финн бейнелерін əдейі алыстан менмұндалатып қоюдың астарында да тəлім мен тəрбие жатыр. Ал ағайынды Гриммдер жазған «Қызыл телпектің» отаны Германияның Швальм қаласындағы қасқыр мен басты кейіпкерге орнатылған ескерткішпен бірге осы қаланың өзіндік дəстүрі де қалыптасыпты. Ол – мереке күндері қыздардың қызыл телпек киюі болса, бозбалалар – қасқырдың маскасын

Абайдың еңсесі биік еді...

Сонау Кеңес тұсында, тəуелсіздік арман заманда Алматыдағы Абай ескерткішінің жанына барған қазақ рухын тіктейтін. Айбарлы Алатаудың етегінде, өзі атындағы даңғылға бетін түзеген Абай ұрпақтарына: «Елге абай болыңдар, мен қарап тұрмын. Еңселерің биік болсын, сендерге ел аманат, мойымаңдар, əлі-ақ жарқын күндер туады», деп тұрғандай еді. Алысқа, биікке қараған Абайдың өр кеуделі, мысы, биік тұлғасы осылайша рух беріп тұратын. Өкінішке қарай, сəулетші бауырларға базына ретінде айтарымыз – тəуелсіздік алғаннан бері тұрғызылған Абай ылғи бір тұнжырап, төмен қарап, түңілген Абай. Ұлттың ұстыны, хакім Абайдың ойшыл екеніне талас жоқ, алайда, ана заманда рух берген Абайдың бейнесі қазір басқаша ойға жетелейді. Жоғарыда айтылған «Тұз жорығын» көріп тұрып: «Шіркін-ай, бізде де талай тарих бар емес пе. Бір Аңырақай шайқасының өзі неге тұрады немесе «Желтоқсандағы» жастардың өршіл рухы неге тасқа тіл бітірмейді», деп армандап кеткенім бар. Елордамыз сəт сайын жасарып, жайнай түсуде. Əйгілі архитекторлардың қолтаңбасы бар əсем қаламызда Фостер туындысы «Хан шатырдың» қарсы алдында «Ғашықтар саябағы» орын тепкен. Астаналықтар мен қала меймандарының осы сүйсіне баратын жерінде «Қыз-Жібек» фильміндегі Жібек пен Төлегеннің (Құман –Меруерт) ескерткішін орнатса не артықтығы бар. Немесе Тəуелсіздік көшесінде Алаш арыстарының бас қосқан бір тарихи сəтін бейнеленген композиция қойылса, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің құрбандарына сол көшеден лайықты орын берілсе, ондағы құрбандар саны ойылып жазылса қайтер еді. Сырттан келген саяхатшыға да, елдегі азаматқа да, бүгінгі замандас пен келер жасқа да ой салған болар еді ғой. Ескерткіштер үнсіз тұрған жоқ, олар тарихты жеткізіп, бүгінгіге тəлім береді. АСТАНА.


16

26 тамыз

АР Ш О БАР

www.egemen.kz www.egemen.kz

ХА

2015 жыл

 Назар аударыңыз: конкурс!

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ

1. Жалпы ережелер 1. 1. Республикалық фотоконкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» кең ауқымды жобасы шеңберінде өткізіледі. 1.2. Конкурсты ұйымдастырушы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (одан əрі – Ұйымдастырушы). Мекен-жайы: 010008, Астана қ., Егемен Қазақстан газеті к., 5/13. 1.3. Фотоконкурсқа кəсіпқой фотографтар, əуесқой фотографтар, сондай-ақ, жасына, айналысатын ісіне жəне қызығушылығына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. 1.4. Əр қатысушы бес фотосуреттен артық ұсына алмайды. Фотосуреттер қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының мəдени көптүрлілігі, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы тақырыбын бейнелеуі тиіс. 1.5. Фотоконкурсты өткізу мерзімі: 2015 жылдың 25 тамызынан 10 желтоқсанына дейін. 1.6. Қорытындысын шығару – 2015 жылдың 15 желтоқсаны. 1.7. Конкурсқа қатысу үшін көлемі ұзын жағынан 3 000 пиксельден кем емес фотосуреттер қабылданады.

«Егемен Ќзаќстан» газеті еліміздіѕ тəуелсіздік кїніне арналєан «ЇЛКЕН ЕЛ – ЇЛКЕН ОТБАСЫ» фотоконкурсын жариялайды – əр фотосуреттің ең үлкен көлемі 5 Mb-дан астам; – фотосурет форматы қатаң JPG. 1.8. Фотосуреттерді «Фотоконкурс» тақырыбын, теле хатқа атын, əкесінің атын, тегін, туған жылын, фотоның атын, түсірілген күні мен орнын көрсете отырып, egemenkz@mail.online. kz, egemenkz@mail.ru электронды мекен-жайға жіберу қажет. 2. Қатысушының құқықтары мен жауапкершілігі 2.1. Фотосуретті фотоконкурсқа ұсына отырып, қатысушы ол фотосуреттердің авторы екендігіне жəне əлдекімдердің авторлық құқын бұрмаламағанына кепілдік береді, сондайақ, фотосуреттердің бұрын фотоконкурстарға қатыспағанына да кепілдік береді. 2.2. Фотоконкурсқа қатысушылар өздеріне авторлық жəне аралас құқықтарды сақтау

Аќсаќал мен аю

1 000 000 марапаттады теѕге сыйаќы беріп .

«Егемен Қазақстан»

амқұлов Облыс əкімі Бейбіт Ат -де -Б ая ре до ва ль Бр ази ли ян ың Са жастар н сте ре кү кін ер қаласында тының на ио арасындағы əлем чемп ет Əлменəул қд Ба і қола жүлдегер ы. тайды арнайы қабылдад балуан. Бақдəулет – талантты балуапон Алғашқы кездесуінде жа із финалға ітім жіг н ңге же ын нын айқ əзербайжан шығатын кезеңде ғана Ал, қола . ен рг бе л жо балуанына рсыласын қа сте ре кү ін үш ль меда ң ашатын спорт түрлеріні еркін еңсерді. ындарының шырайын у ой ыр ада қт пи ны им шы Ол не де рес кү не – Еркін сы сп ор т жə лы об ан ст зақ ын Қа их ік тар ст ін күрес бір і, – де йд і Оң тү ртаев. – Қазақстанның ерк старынан алтынНұ к ібе Əл сы шы бас ң нда қазақ жа басқармасыны жəне əлем чемпионаттары қдəулет да олимпиада ойындары ымыз болмай тұрғандығы ойландырады. Ба дар ан сенеміз. нан олжа салған оғл осы межені алады деп а алды. сияқты мықты балуандар т спортшысы Олимпиада ойындарына жолдам атқан төр ұст Бүгінде оңтүстіктің генің сертификатын жүлдегеріне 1 млн. тең керек Əлем чемпионатының ындарына баратын барлық спортшыларға ой а ад пи им Ол мі облыс əкі ндығын айтты. жағдайдың бəрі жасалаты ШЫМКЕНТ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

мына дай жағдайларда фотоконкурсқа қатыстырылмауы мүмкін: – конкурс тақырыбына сəйкес келмейтін фотосуреттер; – фотосуреттердің төмен көркемдігі немесе техникалық сапасы; – зорлық-зомбылық, нəсілдік, этностық жəне діни төзбестік элементтері бар фотосуреттер; – анонимді фотосуреттер. 2.6. Фотоконкурсты ұйымдастырушы себебін түсіндірместен-ақ, белгіленген сапаға жəне техникалық деңгейге сəйкеспейтін жұмыстарды қатысуға жібермеу құқын өзінде қалдырады. 2.7. Ұйымдастырушы фотоконкурс жеңімпаздарының фотосуреттерін «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде жəне Ұйымдастырушының сайтында жариялауға құқылы. 3. Фотоконкурс қорытындыларын шығару 3.1. Фотоконкурс жеңімпаздарын «Егемен

 Міне, қызық!

 Бəрекелді!

Бақтияр ТАЙЖАН,

жауапкершілігін алады. Фотосуреттерге қатысты үшінші жақтың қандай да бір талаптары туындай қалған жағдайда соңғы дауды өз күшімен жəне өз есебінен реттеуге міндеттеме алады. 2.3. Фотосуреттерді ұсына отырып, қатысушы фотоконкурсқа қатысуға өзінің келісімін білдіреді жəне осы Ережеде көрсетілген фотоконкурсты өткізу шарттарымен келіседі. 2.4. Фотосуреттерді ұсына отырып, қатысушы (автор) оның жұмыстарын Ұйымдастырушының «Егемен Қазақстан» газетінде, сондай-ақ, ұйымдастырушының www.egemen.kz сайтында шексіз көлемде жəне өз қалауы бойынша, коммерциялық емес негізде, авторлық сыйақы төлеместен пайдалануға өз келісімін береді. Бұл ретте Ұйымдастырушы кез келген көпшілік негізде пайдалануда оның фотосуреттерінің даналарында тиесілі түрде қатысушының (автордың) атын көрсетеді. 2.5. Фотоконкурсқа жіберілген фотосуреттердің

Əрбір қаланың өз нышандық белгісі – символы бар. Ол негізінен қолдан жасалған мүсін түрінде болады. Ал Тəжікстан астанасы – Душанбенің нышаны ретінде көп жылдардан бері жанды нəрселер – Талабшо есімді қарт пен Мария атты ұрғашы аю көрініп келеді. Осы бір таң қаларлық ерекше жұп көп жылдардан бері құдды сағаттың тілі сияқты тура талтүсте жетектесіп көшеге шығып, біраз жүріп қайтады. Сонымен бірге, олармен бетпебет жолыққан жұрт арасында ешкім де жыртқыш аңнан қорқа қоймайды. Талабшо Шейхов бұдан 17 жыл бұрын Марияны Памир тауларының баурайынан тауып алыпты. Аңшы кезіккен кезде аюдың қонжығы əлдекім өлтіріп кеткен анасының жанында жатыр екен. Зейнеткер сосын тау ішінде жападан-жалғыз қалған тіршілік иесін аяп, өзімен бірге

ала кетеді. Үйіне əкелгесін оны баладай мəпелеп бағады. «Мен оны жақсылап тамақтандырып тұрдым. Оған тіпті ақылды да мейірімді болып өсуі үшін ана сүтін сауып бергіздім. Ал Мария шынында ақылды болып өсті. Əрі мейірімді. Адамдарды жақсы көреді. Ол маған тура қызым немесе немерем сияқты болып шықты», – дейді қазір қария. «Біздің жанымыздан мың даған адам өтіп жатады. Бірақ бірде-бірі амандаспайды. Сосын мен Марияға: «Қарашы, жұрт адаммен амандасуды да қойыпты. Оларды да адам дейді-ау. Кел, одан да екеуміз қатар тұрып алып, оларға сəлем беруді үйретейік», деймін. Мария мұны түсініп, менің жаныма тұра қалады да, өтіп бара жатқандарға иіліп, сəлем жасайды. Сол кезде мен көпшілікке: «Менің аюымнан қалай ақылды болуды

үйреніңдер деймін», – деп ағынан ақтарылады қария. Душанбеде ақсақал мен оның аюын білмейтін адамдар кемде-кем. Мария жұртпен бірге суретке түскенді, сосын

шалғында аунап жатқанды ерекше жақсы көреді. Айтқандай, ол шөптің қасиетін де жақсы біледі екен. Қарт соның арқасында фитотерапияны да үйреніп алып, емдік қасиеттері бар тұндырмалар жасайтын болыпты. Талабшо атай биылғы жылы 80-ге толады екен. Осыдан он жыл бұрын ол екінші рет үйленіпті. Ақсақалдың кенже ұлы биыл мектепке барады.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.

Орасан зор мўзтау Солтүстік Батыс жарты шар дағы Гренландия мұзды аралындағы Якобсхавн деп аталатын мұздықтан орасан зор мұзтау бөлініп шықты. Қазір айсберг Дэйвис бұғазы мен Атлант мұхиты бағытына қарай жүзіп келеді. Бөлініп шыққан мұзды жыныстың жалпы алаңы 12,5 шаршы шақырым ауданды құрайды. Сарапшылардың айтуларынша, бұл мұзтаудың көшкіні көрінеді. Оның көлемі Манхэттенді 300 метрге жуық қалыңдықпен басып қалуға жарайды екен. Ғалымдар Якобсхавн мұздығы бір бөлігінің бөлініп қалғанын НАСА-ның Жердің жоғарғы қабатын əртүрлі ендіктер мен спектр диапазондарында суретке түсіру жөніндегі жобасы – Landsat спутниктері бірінің көмегімен байқаған болып шықты. Қайрат ҚҰЛЫМБЕТ.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Қазақстан» республикалық газеті» АҚ мүшелерінен тұратын қазылар алқасы анықтайды. Конкурс жүлделері: 1-ші орын – ноутбук 2-ші орын – теледидар 3-ші орын – фотоаппарат 3.2. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Ұйымдастырушы электронды пошта арқылы конкурс жеңімпаздарын құлақтандырады. 3.3. Фотоконкурс жеңімпаздары конкурста жеңгені туралы құлақтандыру алған сəттен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде тікелей өзі жеке басын куəландыратын құжатын көрсете отырып немесе сенімхат негізінде өз өкілі арқылы жүлдені ала алады, болмаса Ұйымдастырушының электронды мекен-жайына жүлдені аудару, жіберу үшін жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, банктік төлем кəртішкесінің кəртішкелік шот нөмірін жəне нақты пошта мекен-жайын жібере алады. 3.4. Фотоконкурс жеңімпаздары осы Ереженің 3.3 тармағын орындамаған жағдайда жеңімпаздар жүлделерді алу құқын жоғалтады. 3.5. Егер жеңімпаз Ұйымдастырушыға банктік төлем кəртішкесінің кəртішкелік шотының дұрыс емес мəліметтерін, қате пошта мекен-жайын жіберіп, соның салдарынан жүлдені аудару, жіберу мүмкін болмаса, Ұйымдастырушының жеңімпазға жүлдені беру жөніндегі өз міндеттемелері орындалған болып саналады.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Берік САДЫР, Еламан ҚОҢЫР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №635 ek

Profile for Egemen

26082015  

2608201526082015

26082015  

2608201526082015

Profile for daulet
Advertisement