Page 1

Нидерландтың Гаага қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан ІІІ Жаһандық ядролық қауіпсіздік саммиті мəресіне жетті. Онда əлемдік көкейкесті мəселелер жан-жақты талқыланды.

№58 (28282) 26 НАУРЫЗ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Жаћандыќ ќауіпсіздік кепілі – жауапкершілік

Гаагадағы ІІІ Жаһандық ядролық қауіпсіздік саммитінің екінші күні де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшін қауырт басталды. Алдымен Қазақстан басшысы АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесті (Ол кездесу жөніндегі есеп бөлек беріліп отыр). Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» – Гаагадан (Нидерланд).

Саммиттерді жалєастырудыѕ маѕызы зор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммиттің екінші күні оның пленарлық отырысына қатысты.

Саммиттердің болашағы жөніндегі бейресми пленарлық сессияда Қазақстан Президенті қысқаша сөз сөйледі. Өз сөзінде Н.Назарбаев форумның болашағына қатысты пікірін білдірді. – Əлемдік қоғамдастық мүшелерінің көпшілігі қазіргі заманғы сын-қатерлер мен

қауіптер алдында біздің жұмысымыздың 2016 жылдан кейін де жалғасуы үшін қолдау көрсетеді деп үміттенемін. Қазақстан мұндай шешімді қолдауға дайын. Жоғары деңгейдегі кездесулерді араға 4-5 жыл салып өткізіп тұруды ұсынамын, – деді Қазақстан басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев

мұндай тəжірибенің жалғасу қажеттігінің бірқатар маңызды себептерін атап өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы əлемде атом энергетикасының «қайта өрлеуі» байқалып отырғанына тоқталды. – Бұл үдеріс сезімтал технологиялар мен материалдарға, ядролық терроризм қауіп-қатерінің артуына байланысты қатерлердің ұлғаюына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай күрделі жағдайларда өткен саммиттер барысында пайда болған саяси серпінді сақтаған

Ґзекті мəселелер талќыланды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен кездесті. Кездесу барысында мемле кет басшылары екіжақты саудаэкономикалық қа рым-қаты нас-

тар ды одан əрі ны ғайту жəне дамыту мəселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда америкалық бизнеспен бірлескен 300-дей кəсіпорын өз қызметін жүзеге асырып

отырғанын, бұл сауда-эко номи калық саладағы қарқынды ынтымақтастықты көрсететінін атап өтті. Қазақстан Президенті мə лімдегендей, АҚШ – елі міз эко номикасының ірі инвес торларының бірі. Қазақстан басшысы біздің республикамыз Америка компанияларының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына белсене атсалысуына мүдделі екенін айтты. Бұған қоса, келіссөздер кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тақырыбы да қарастырылды жəне халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері талқыланды. АҚШ Президенті Қазақстанның ядролық қарусыздану ісіне зор үлес қосқанын, біздің еліміз бұл салада барлық мемлекеттерге үлгі болып табылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар, Барак Обама Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстанның көр сет кен көмегіне алғысын білдірді.

жөн, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрынғы саммиттерде алға қойылған мақсаттар мен міндеттер жеткілікті деңгейде іске асырылмағанына тоқталды. Осыған байланысты ұлттық заңнамаларды одан əрі жетілдіру жəне ядролық қауіпсіздік саласындағы негізгі көпжақты тəсілдерді əмбебаптандыру қажет. Қазақстан Президенті əлемде қару-жарақпен жабдықтауда жəне əскери технологиялардың өзге

де салаларында қолданылып отырған ядролық материалдардың орасан қоры бар екеніне назар аударды. – Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа кірмеген ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық тəсілдерді əзірлеу қажет. Бұл жаһандық қауіпсіздікті нығайту түйткілдерін кешенді түрде шешуге септігін тигізетініне сенім дімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса, Қазақстан басшысы орнықты даму мақсатындағы қосымша сенімді энергия көздеріне деген қажеттіліктің жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. – Біз өзінің қуаттылығы жəне тиімділігі жағынан атом энергиясынан асып түсетін жаңа энергия түрлерінің ашылу қарсаңында тұрмыз. Міндет – оларды барынша қауіпсіз жəне қолжетімді ету, – деді Қазақстан Президенті. (Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

Əулиеатадан... Апеннин тїбегіне

Жамбыл облысынан алєашќы 18 тонна топс Италияєа жґнелтілді Қазақстанның өңделген жүн өнімдерін Италияға экспорттау басталды. Жақында Жамбыл облысынан алғашқы 18 тонна топс (жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты) Апеннин түбегіне жөнелтілді. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған өнімді жеткізуге «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ италиялық фирмалардың бірімен мəміле жасады. Жақын арада олар шетелдік əріптестеріне 54 тонна топсты жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстандық компания алдағы уақытта 140 тонна өнім жеткізуге қосымша келісімшарт жасамақшы. Жалпы, ағымдағы жылы 500 тонна өңделген жүн экспортқа шығарылмақшы. Қой жүнінен топс шығару 2012 жылы «ҚазАгроӨнім» АҚ пен «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бірлескен жобасының нəтижесі. Оны өңдеу барысы италиялық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылды. Бұл қой жүнінің

сапасын жақсартуға жəне ақырғы өнімді əлемдік стандарттарға сəйкес етуге мүмкіндік берді. Топс өңдеу бойынша жабдық холдинг құрамындағы еншілес компанияның бірі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауымен Еуропадан жеткізілген болатын. «ҚазАгроӨнім» АҚ пен VICOTEX S.r.l. италиялық компаниясы арасындағы қой жүні өнімін жеткізу бойынша мəміленің жалпы сомасы 598 мың АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізген ұлттық валютаның бағамы өзгеруіне байланысты өнімнің тиімділігі 35 пайызды құрады. Бұл өндіруші тарап үшін қолайлы жағдай тудырды. Жамбыл облысы.


2

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

Жаћандыќ ќауіпсіздік кепілі – жауапкершілік мемлекет қана дамудың жоғары деңгейіне жете алады, деді Қазақстан Президенті.

(Соңы. Басы 1-бетте). Соңында əлемдік қоғамдас тықтың басты назарын аударуды қажет ететін тағы бір бағыт ретінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ядролық технологияны дамыту жəне түрлі салаларда енгізу кезінде нақты қауіпсіздікті атап көрсетті. Бейресми отырыстан кейін саммитке қатысушылар топтық суретке түсті жəне одан кейін салтанатты түскі асқа отырды. Ал түскі астан кейін саммиттің пленарлық отырысы қайтадан жабық есік жағдайында жалғасты. Ал оның жұмысы аяқталған соң бірлескен қарар қабылданып, Нидерланд Премьер-министрі М.Рютте мен АҚШ Президенті Б.Обама журналистерге саммит жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз мəслихатын өткізді. Онда саммиттің өзінің алға қойған мақсатына жеткендігі айтылып, қарсы алушы жаққа ризашылық білдірілді жəне журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берілді. Еліміз кґшбасшылыєыныѕ негізі Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздікті нығайту мəселелеріне арналған мақаласы жарияланды. Гаагадағы ІІІ жаһандық саммит қарсаңында жарық көрген, Euractiv жəне Washington Times тəрізді əлемнің жетекші интерактивтік саяси ақпарат көздерінде орналастырылған Қа зақстан Президентінің мақаласында біздің еліміздің əлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту жөніндегі шешімі осы саладағы Қазақстанның көшбасшылығына негіз болғаны атап өтіледі. Қазіргі уақытта, мақалада атап көрсетілгендей, ядролық қарудың түрлі экстремистік топтардың қолына түсу қаупі айрықша алаңдаушылық тудыруда. Ядролық терроризм халықаралық қауіпсіздік үшін ең үлкен қатердің бірі болып отыр. Мақаласының соңында Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі ядролық арсеналдың талқандау мүмкіндіктеріне емес, мүдделердің үндестігі мен халықаралық міндеттемелердің орындалуының жасампаз күшіне негізделуге тиіс екеніне баса назар аударады. Екіжаќты ынтымаќтастыќ кґрінісі Қазақстан Республикасы жəне Америка Құрама Штаттары президенттері Ядролық қаруды таратпау жəне қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мəлімдеме қабылдады. Қазақстан мен АҚШ Ядролық қаруды таратпауды жəне ядролық қауіпсіздікті нығайтуды жақтайтын бірлескен ұстанымдарын қуаттайды, делінген мəлімдемеде. Қазақстан мен АҚШ қауіп-қатерді бірлесе бəсеңдету жөніндегі бағдарламаның табысты іске асырылуын қанағаттанушылықпен атап өтеді жəне бұрынғы Семей сынақ полигонындағы нақты қауіпсіздікті нығайтуды жалғастыратыны атап көрсетілген. Сондай-ақ, АҚШ ядролық жəне

радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымының алдын алу үшін Қазақстан Республикасымен бірлескен күш-жігерді арттырудағы серіктестікті жалғастыра беретіні көлденең тартылған. АҚШ Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтудағы жəне Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон жəне Сеул саммиттерінің шешімдерін іске асырудағы, соның ішінде ВВР-К (су-қайнамалы су реакторы) зерттеу реакторын аз байытылған отынға ауыстыру, жоғары байытылған ядролық материалды сұйылту жəне Ядролық физика институты реакторының пайдаланылған жоғары байытылған отынын əкету қызметін қолдайды. Құрама Штаттар мен Қазақстан жоғары байытылған отынмен жұмыс жасайтын реакторларды аз байытылған отынға қайта жабдықтаудағы, сондай-ақ, Қазақстанда зерттеу реакторларынан қалған жоғары байытылған уран қорларын техникалық тұрғыдан мүмкіндігінше жоюдағы өзара ісқимылды жалғастырады, делінген мəлімдемеде. АҚШ Қазақстанның өз аумағында МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкін орналастыру жəне Ядролық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік оқыту орталығын құру, оның төтенше жағдайларға төтеп беру, сондай-ақ олардың салдарын еңсерудегі мүмкіндіктерін нығайтудағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Қазақстан мен АҚШ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттердің өткізілуін маңызды деп санайды, делінген мəлімдеменің соңында. Ќазаќстан – абыройы жоєары мемлекет Бұл күн қазақстандық журналистер үшін де «олжалы» болып басталған еді деп айту ға болады. Өйткені, осы күнгі барлық оқиғалар алдында Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев олар ға брифинг-сұхбат берген еді. Қазақстан басшысы алдымен саммиттің өзі туралы айтып, олардың өте маңызды əлемдік шаралар екенін атап өтті. Қазақстан ядролық қауіпсіздікті сақтау ісінде дүниежүзілік қоғамдастық алдында үлкен абыройға ие болып отыр. Өйткені, біз дер кезінде Семей ядролық сынақ полигонын жаптық, қолымызда бар ядролық қару арсеналынан өз еркімізбен бас тарттық. Соның арқасында Қазақстанға деген сенім туды, осы үшін бізді əлемде сыйлайды, экономикамызға да соның арқасында инвестиция құйыла бастады. Сонымен бірге, ядролық қауіп сіздік бағытында бірнеше əлемдік бастамалар көтердік. Сондықтан біз осы саммиттердің белді қатынасушысы болып саналамыз, дей келіп, Елбасы саммиттерде қаралатын мəселелерге тоқталды. Оған қатысып отырған елуден артық мемлекет басшыларының бəрін ядролық қарудың таралмауы, оның лаңкестердің қолына түспеуі алаңдатады. Егер ядролық қаруларды жасырын түрде жасауға мүмкіндік беретін материалдар лаңкестік топтардың қолына түссе, ол үлкен трагедияға соқтыратыны сөзсіз. Саммиттерде осы мəселелер қарастырылып, əрбір мемлекеттің

өз аумағындағы ядролық материалдар мен олардың қалдықтарына қатаң бақылау орнату қажеттігі туралы мəселелер айтылды. Атом медицина жəне басқа да салаларда қолданылады. Бұларға да қатаң бақылау керек. Бақылау, əсіресе, МАГАТЭ сияқты кəсіби маманданған халықаралық ұйым арқылы жүргізілгені дұрыс, сонда оның мөлдірлігіне кепілдік беріле алады. Осы орайда біз төмен байытылған уранның Қазақстанда сақталуы, яғни банкінің болуы туралы ұсыныс жасадық. Оны артынан бейбіт істер үшін байытуға алушы елдер бір жерден тапқаны дұрыс дедік. Қазір осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деді Н.Назарбаев.

қорытындысына тоқталды. Нидерланд Қазақстан үшін жетекші инвестор болып саналатынын білесіздер. Осы күнге дейін Нидерландтың Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 50 млрд. долларға жуық. Былтырғы жылғы екіжақты сауда-саттығымыздың көлемі де 10 млрд. долларға жетіп отыр. Нидерландтың біз таңғалатын жəне үлгі алатын мəселелері өте көп. Соның ішінде халыққа білім беру, медицина саласында Нидерланд – Еуропадағы алдыңғы орындардың бірінде тұрған мемлекет. Сондайақ, ауыл шаруашылығында барлық тұрғындардың 3 пайызы ғана жұмыс істегенімен, осы саланың өнімін сыртқа шығару жөнінен

Əлемді алаѕдатќан мəселе Одан əрі Елбасы қойылған сұрақтарға сəйкес саммит барысындағы Украина-Ресей мəселесінің талқылануына тоқталып өтті. Бұл мəселе қазір дүниежүзін алаңдатып отырғандықтан, оны аттап кетуге болмайды, деп бастады өзінің сөзін Президент. Оның үстіне Қазақстан осы мəселелерге тікелей болмаса да жанама араласып, эпицентрінде отырған мемлекет болғандықтан, бізге бұл мəселедегі тұрақты ұстанымымызды айтуға тура келді. Қазір Қазақстан – əлемге танымал мемлекет, сондықтан да біздің араағайындық рөлді атқаруымызды қалайтындар көп. Өздеріңіз көріп отырсыздар, кеше мен бүгін барлық ірі мемлекеттердің басшыларымен кездестім. Кездесулердің бəрі сол жақтардың бастамасымен болды жəне барлық кездесулерде де Украина мəселесі қаралып отырды. Əрине, Қазақстан бұл мəселеге орай өзінің ресми ұстанымын жариялады, оны сіздер білесіздер. Егер біразырақ жақын тарихқа тоқталар болсақ, ТМД елдері өздерінің тəуелсіздігін жариялаған кезде Украина 15 республиканың арасында барлық жағынан Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орын алатын. Біз оны өскен-өнген мемлекет деп санайтынбыз. Енді ше... 50 миллион халқы бар, ең құнарлы жері бар, көптеген металлургия, көмір комбинаттары, зымыранға дейін шығара алатын индустриясы бар дамыған ел болды. Сондай, тəуелсіздік мəресінен өтерде бізге қарағанда əлдеқайда əлеуетті елдің қазіргі экономикасы Қазақстаннан 30 пайызға төмен. Оған толып жатқан себеп-

Ал ядролық қалдықтарды бақылау мəселесінің Қазақстанға да тікелей қатысы бар, өйткені, бұрын Ақтауда АЭС болған, оның қолданылған заттарының кейбірі одан əрі пайдаланылу мүмкіндігі болғандықтан, біз де соған бақылау орнатуымыз керек, екіншіден, біз уран рудасын көп өндіріп, дүние жүзіне сататын мемлекет болғандықтан, оның бақылаусыз тарамауына үлкен мəн беруге тиіспіз. Міне, сондықтан да саммит жұмысында Қазақстанға деген назардың үлкен болатын осындай себептері бар. Осы саммит барысында біз АҚШпен бірлесіп, Семей ядролық сынақ полигоны аумағын одан əрі қалпына келтіру туралы арнайы мəлімдеме қабылдайтын боламыз. Əзірге, бұл бағыттағы ынтымақтастықтарымыз жақсы жүріп жатқанын атап өткім келеді. Сонымен қатар, саммит қорытындысы бойынша оған қатысушылардың бəрі атом материалдарының кейбір келеңсіз топтардың қолына түспеу қажеттігі туралы үндеу қабылдайтын болады, деді Н.Назарбаев.

Еуро пада үшінші орын алады. Бізде халқымыздың 43 пайызы ауылда тұрып, соның 20 пайызы ауыл шаруашылығында жұмыс істегенімен, жалпы экономиканың 5 пайызын ғана осы сала береді. Міне, осы мəселе бізді қатты ойлантуы керек, деді Қазақстан Президенті. Біз Нидерланд басшыларымен кездесу барысында бірнеше құжат қабылдауға қол жеткіздік. Осы елдің «Шелл» деген компаниясы біздің Қашағанда жұмыс істеп жатыр. Кен орнының жұмысын осы компания жалғастыратын болады. Екіншіден, ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге келістік. Сондай-ақ, білім беру, медицина салаларындағы ынтымақтастықты одан əрі жандандыру мəселелері талқыланды. Нидерланд халқының саны бізбен бірдей, ал жер көлемі Алматы облысының үштен біріндей ғана. Сөйтіп отырып, осы елдің экономикада өте биік нəтижеге қол жеткізіп келе жатқаны бізді қызықтырады, дей келіп, Н.Назарбаев экономикалық дамудың кілті ашықтықта екеніне тоқталды. Бірде-бір жабық, томаға-тұйық отырған мемлекеттің дамығанын көрген емеспіз, тек алыс-жақын көршілерімен де, бүкіл əлеммен ашық болып, экономикалық ынтымақтастық орнатқан

тер бар. Соның ішінде алдымен əлі күнге шекарасы шегеленбегенін айта кеткен жөн. Барлық басшылары біресе анда, біресе мында тартып, халықты əрі-сəрі қылды. Қоғамдағы тұрақтылық пен төзімділікті сақтауға көңіл бөлінген жоқ. Жүргізген саясаттарында үнемі Ресейге қарсылық көрсетіліп отырды. Əрине, біз біреулерді жақтап, екіншілерін қаралай алмаймыз. Ресейлік саясаткерлер тарапынан да қателіктерге жол берілгені жасырын емес, деді Н.Назарбаев. Екіншіден, деп жалғады ойын Қазақстан Президенті, көпэтносты мемлекетте елді жікке бөлуге, біреудің құқын таптауға болмайды. Украина да көпэтносты мемлекет, онда украиндармен қатар орыстар, поляктар, татарлар жəне басқалар тұрады. Ал Майданға шыққан украиналық саясаткерлер, тіпті, 12 миллиондай орыс азаматтарының ана тілінде сөйлеу құқын шектеп, азаматтық құқын тартып алуға дейін барды. Сөйтіп, экономикалық жағдайы нашар, əлеуметтік қорғалуы төмен ел енді осындай саясат жүргізіп отырса, ол елдің халқы толқымай қоя ма? Украина бізге жақын мемлекет, оның үстіне Қазақстанда украин ұлтының жарты миллионға жуық өкілдері бар. Сондықтан ондағы жағдайға біз де алаңдаушылық білдіреміз.

Нидерланд – Отанымыз їшін жетекші инвестор Осыдан кейін Қазақстан Президенті Нидерланд Корольдігіне жасаған ресми сапары мен екіжақты кездесулердің

Украина мəселесіне біржақты ақ немесе қара деп қарауға болмайды. Өйткені, оның тарихи, геосаяси, қарым-қатынастық жəне т.б. жағдайлары бар. Бүгінгі қалыптасқан ахуалды түзетуге болмайды, біздіңше, алда тек осы дағдарыстан қалай дұрыс жолмен шығу мəселесі тұр. Осы орайда халықаралық нормалардың бұзылғандығы көлденең тартыла береді. Алайда, қазір халықаралық құқықтарды бұзу жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жоқ па? Алысқа бармай айтатын болсақ, Ливияға шабуыл жасағанда халықаралық норма бұзылмады ма? БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі ұшақтардың ұшуын бақылауға ғана рұқсат берген еді, іс жүзінде олар Ливияны бомбалады. Бұл құқық Иракта да, басқа елдерде де бұзылды. Осы жолы оны алдымен Украинаның өзі бұзып отырғаны бекер емес. Өйткені, заңды жолмен сайланған билікті күш көрсету жолымен орнынан тайдырды. Сондықтан бүгінгі билікті толығымен заңды деп атауға болмайды. Біз алдымен заңды жолмен жаңа президент сайланып, содан кейін Ресеймен келіссөздер жүргізілуі керек деген ұсыныс жасайтынымызды білдірдік. Халықаралық ұйымдар бұл жұмыстарға белсене қатысып, арасында делдал болып отырулары керек. Ал баяғы күш көрсету сарынына салып, мына жақтан Батыс санкция жасаймыз деп қорқытса, ана жақтан Ресей оған қарсы қиғаштықтар білдіре берсе, одан ешқандай пайда шықпайды. Тек дағдарыстан бейбіт жолмен шығу тəсілдерін іздеу керек, деді Елбасы. Ќўќы бўзылмаєанныѕ бірлігі мыєым Осыдан кейін Президент Қа зақ станның шек арасын шегендеп алғаны, елдегі тыныштықты сақтау жолында ешкімнің

құқын бұзбау саясатын жүргізгені ұтымды болғанын атап өтті. Біз көршілерімізбен көпвекторлы саясат жүргізудеміз. Ішкі тұрақтылықты барлық этнос тардың тең құқылығы мен өзара төзімділігін қатаң сақтау саясатын жүргізу арқылы ұстап отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын көптеген елдер қазір үйреніп, өздеріне үлгі етіп отыр. Тек осындай жағдай болғанда ғана мемлекет дами алады. Бейбітшілік тек адамдардың бір-бірін сыйлаған жағдайында, құқын бұзбаған жағдайында ғана мызғымайды, деді Елбасы. Президентке Ресей мен Украина арасындағы салқындық Еуразиялық интеграциялық үдерістердің одан əрі дамуына теріс ықпалын тигізбей ме деген де сұрақ қойылды. Əрине, біз Украинаның Еуразиялық интеграциялық үдерістерге қатысқанын қалаймыз, алайда, енді ол мүлде болмайтыны белгілі. Бірақ қалған үш елдің арасындағы интеграциялық үдеріс тердің тереңдей түсуіне ол теріс ықпал жасай алмайды. Мен мамыр айының аяғын да Астанада Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі келісіміне қол қойылатынына үміттімін. Əрине, бұл мəселеге қатысты əртүрлі пікірлер бар. Ресей мен Украи на арасындағы кикілжің жұрттың бəрінің, соның ішінде

біздің азаматтарымыздың да алаңдаушылығын тудырғанын білемін. Кеше мен Финляндия Республикасының Президентімен кездескенімді білесіздер, міне, сол кісі де бұл іске алаңдаушылығын білдіретінін айтты. Біз оның бəрін біліп отырмыз. Бірақ біздің экономикалық одақта ҰҚШҰ келісімдерінің аясында Қырымдағыдай жағдай ешқашан болмайды. Интеграция үдерістеріне қарсылар тəуелсіздікке қауіп төнбей ме деген қорқыныштар айтады. Алайда, бүкіл əлемде тек интеграция жолына түскен мемлекеттердің ғана қатты дамып отырғанын көріп отыр емеспіз бе? Томаға-тұйық, өзін өзі арандармен қоршап алған елдер ешқашан дами алмайды. Мысалы, Марко Полоның алдынан қазақ даласында кедендік кедергілер тұрған болса, ол ешқашан Қытайға жете алмаған болар еді. Біз – теңізге шыға алмайтын, құрлықтағы елміз. Қара теңізге дейін тауарларымызды жеткізу үшін бізге 2 мың шақырымдай жер жүру керек. Егер осы жолда бізге кедендік кедергілер қойылып, баж салығын төлейтін болсақ, біздің тауарларымыз екі есе қымбаттап, ешкім алмайтын халге жетеді, деді Н.Назарбаев. Одан əрі Президент интеграциялық үдерістер тек қана экономиканың дамуы үшін жасалатынын, одан тəуелсіздікке ешқандай нұқсан келмейтінін айтты. G-Global – болашаєы зор бастама Батыстың Ресейге қарсы жасаған санкциялары бізге зиянын тигізбей ме деген сұраққа Елбасы оның қатері жоқтығын айтты. Əзірге ешқандай экономи ка лық санкция жоқ, тек кейбір тұл ғалардың Еуропа мен АҚШ елдеріне кіруіне ғана шек қойыл-

ған санкциялар жарияланды. Оның бізге тигізетін зияны жоқ, деді Н.Назарбаев. Алайда, экономикалық санкциялар жарияланып, ол Ресей экономикасына зиянын тигізсе, біздің де жапа шегетініміз анық. Сондықтан да біз экономикада көпвекторлы саясат ұстанып отырмыз, дей келіп, Қытайға, одан əрі Тынық мұхитқа, екінші жақтан Түрікменстан арқылы Иранға, одан əрі Парсы шығанағына шығу жолдары қарастырылғанын айтты. Көліктік бағыттарды əртараптандыру қатарына Каспий теңізі арқылы Бакуден Еуропаға шығу жолдары да енетінін жеткізді. Мұның бəрі болуы мүмкін түрлі қиыншылықтардың алдын алу үшін жасалған амалдар. Бірақ мен Ресейге қарсы экономикалық санкциялар бола қояды деп ойламаймын. Менімен сөйлескен мемлекет басшыларының сөздеріне қарағанда, қазір алғашқы екпін біршама бəсеңдеп қалған секілді, деді Президент. Н.Назарбаев сөзінің соңында 100 жыл бұрынғы оқиғаның, яғни дүниежүзілік соғыстың басталу мүмкіндігі қазір болмайтынын айта келіп, өзі ұсынған G-Global ұсынысына интерактивті түрде 190 мемлекеттің қатысып, оның өміршең болғанын жеткізді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


3

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

БЕЙБІТШІЛ БОЛМЫСЫМЫЗДЫЅ БЕЛГІСІ

Ўлытаудай ўлы іске Ќаратаудай ќорєан болєан ќазаќ перзенті Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған елі ғана емес, сонымен бірге, əлем халқының бейбіт өмірі жолында атқарған перзенттік парызы туралы көп айтуға болады. Мұны əлемнің əйгілі саясаткерлері де мойындап отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Bike for Peace» ұйымының жетекшісі, норвегиялық тарихшы Торе Наерланд «Қазақстанның ядролық қаруға қарсы атқарған қыруар жəне жансебіл жұмысы туралы барша əлемдік қоғамдастық білуі тиіс» деп атап өткені мəлім. Толығырақ тоқталсақ, Торе Наерланд мырза Қазақстандағы ядролық қарусыздану тарихы жайында айта келіп, «Қазақстанның ядролық қарусыздану тарихы жəне осы елдің жаппай қырыпжоятын қару-жарақты таратпау үдерісіне үлес қосуы 1991 жылдан бастау алады. Ол кезде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрегендік танытып, қуаты жағынан əлемде екінші орында тұрған Семей полигонын жабу туралы шешім қабылдады. Қазақстан аумағында 1400 ядролық оқтұмсық орналасты. Осындай ядролық арсенал Ұлыбритания, Франция мен Қытайды екі орап алатын. 1994 жылы Н.Назарбаев ядролық қарудан бас тарту жөніндегі

Өмір қиындықсыз болмайтындығы белгілі. Бірақ кейде біраз қиыншылықтарды өзіміз жасап, өзіміз зардабына ұшырайтын жайлар да аз емес. Мұны жеке басым тағдыры куə екендіктен айтып отырмын. Атом бомбаларын сынау, ядролық қару үстемдігіне жан-

тарихи шешімін шығарғаннан кейін, Украина мен Беларусь та осы ізгі жолды таңдады. Осыдан кейін Қазақстан барлық ядролық қарудан жəне оған қажетті инфрақұрылымнан құтылып, оқтұмсықтар шахталарын толығымен жойды. Бұдан басқа, Қазақстан байытылған уранды қауіпсіз қалыпқа түсіру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды. 2009 жылы Қазақстан əлемдегі алғашқы ядролық қарудан азат аймақ құру ісіне белсене қатысты. 2010 жылы тамыздың 10-ы күні Қазақстан Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтті. Бұл күн Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қабылданған болатын», деген-тін. Халқымызда «қолда барда алтын ның қадірі жоқ» немесе «ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды» деген сөз бар. Сондықтан, барымызды бағалап, нарымызды саралап отырған сонау кəрі құрлықтағы еуропалық «Bіke for Peace» ұйымына жəне оның жетекшісі, норвегиялық тарихшы Торе Наерланд мырзаның Қазақстан мемлекетіне, оның басшысына һəм халқына қарата айтқан бір ауыз жылы сөзіне тек қана алғыс айтқан лəзім. Ұйым жетекшісі жазған

хатта айтылғандай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На зарбаевтың ядролық қаруға қарсы күресте негізгі қозғаушы күштің бірі болып табылатындығы жалған емес. Мұны тек «көрмес – түйені де көрмес» немесе таскерең саясатшылар ғана мойындамас. Осыдан үш жыл бұрын 29 тамызда Қазақстан жұртшылығы ядролық полигонның күлі көкке ұшқанына 20 жыл толғанын атап өтті. Оның да себебі бар. Өйткені, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан басшысының ұсынысы бойынша Семей полигоны жабылған 29 тамызды бүкіл əлем бойынша Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялаған болатын. Тамыз айына келсек, ол да адамзат баласы үшін тағдырлы-талайлы ай. Мысалы, 1945 жылы 6 тамызда Америка Құрама Штаттары Жапонияның Хиросима жəне Нагасаки қалаларына атом бомбаларын тастағаны мəлім. Сондықтан, əлем халықтары назарын ядролық жəне жаппай қырыпжою қаруларын таратпау мəселесіне аударуға арналған іс-қимыл күнін Қазақстан халқының қарусызданудағы көшбасшылық рөлін жалпақ жаһанға лайықты түрде паш ету деп те түсінуіміз қажет. Кеңес Одағының маршалдары мен генералдары Семей

қып-қызыл от түсіме кіріп, шошып оянамын. Шындығын айтқанда, егер тажал қарумен əлемді сескендірген кеңестік жүйе əлсіреп, тəуелсіздік туын тігуге ұмтылған еліміз ең бірінші кезекте ядролық қатерге қарсы күресті бастамағанда, қаупі қа-

Ґнерім – меніѕ кїресім

таласты ұмтылыс кезінде адамзат зəресін ұшырған Семей полигоны түбінде дүниеге келген мен сияқты бұл киелі топырақты мекендеуші мыңдаған ауылдастарым осылайша қолдан ұйымдастырылған кесапатты көзбен көріп, бастан кешті. Бүгінде, 45 жастан асқан шағымда да, яғни сол бір ел ішін күңіреткен күндізтүнгі алапат жарылыстарды осынша жыл өткенмен ұмыта алар емеспін. Соны бірге көрген егіндібұлақтық жерлестерімнің қайғы жарасы əлі де жазыла қойған жоқ. Ұрпақтанұрпаққа жетер қасірет пе деп ойлаймын. Көрген жан шошырлық мүгедек болып тусам да, əйтеуір ақыл-есім түзу болғандықтан, əке-шешемнің, туған-туысқандарымның күн сайын алдымен Дегелең мен Едірей таулары жағына үрейлене қарайлап күрсінулері естен кетпейді. Күні бүгінге дейін аспанға шаншылған

шанға дейін сейілмеуін кім білсін. Осы мақсатта құрылған «НевадаСемей» қозғалысының күресі, республикамыз басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тозақ ошағын жабуға шешім қабылдауы халқымыз арасында қолдау мен ризалық тудырып, жаңа тарихымыз бетіндегі зор оқиға болып қалуын мақтан ете аламыз. Алайда, барша адамзатты алаңдатқан қатер беті толық қайта қоймағандығы, атом бомбасын күш пен қуаттың сойылы санайтын, соны айбат тұтуға тырысушылар

даласында 42 жыл бойы ядролық сынақ жүргізді. Оның зардабы адам төзгісіз болғаны айтпаса да түсінікті. Белсіздік пен бедеуліктен жас шаңырақтар шайқалып, бірінен кейін бірі ортасына түсіп, күйреп жатса, ал кемтар жандар қайғысын тілмен айтып жеткізу мүлде мүмкін емес еді. Сол тұста Қазақстан билігінің басында Нұрсұлтан Назарбаевтың орнында басқа бір «бірінші» бола қалған жағдайда, ол аза бойыңды қаза қылатын бұл қасіретке нүкте қояр ма еді, қоймас па еді, деп те қобалжи ойлайсың. Адам жасы ұлғайып, ойы кемелдене түскен сайын тарихи, саяси кітаптардың да «қызығына» беріле бастайды. Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» деген кітабын қайта бір оқып шықтым. Сонда мынандай жолдар бар екен. Оқиық. «1989 жылы 30 мамыр күні Алматы-Іле аумақтық сайлау округінен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде Кеңес Одағының ең жоғарғы заң шығарушы органының мінберінен сөйлеуіме тура келді. Айтылатын əңгіме көп, ал регламент қатаң. Съезде төраға лық еткен Михаил Горбачев көзілдірігінің шынысы жалтылдап, мұқият, сақтана қарайды: жариялы лық жақсы, бірақ шамаңды да біл дегендей. Орнымнан тұра

айылы жиылмаса болжап болмас жағдайларға əкеліп соқтыру мүмкіндігі шындық. Сондықтан Қазақстанның ядролық қарсы күресте ұстанымы беріктігі, Елбасының оны таратпау бойынша белсенді саясаты бəріміздің ой-мақсатымызды білдіретін күрес деп санаймыз. Мен осынау кесапат куəгері ретінде шетелдерде жиі болып тұрамын. Басыма түскен тағдырымды айтамын. Оның қиындығына қарамастан, өз əлімше ортақ күреске үлес қосуға деген ұмтылысымды ортаға саламын, əркімнің де сол ортадан табылуына шақырамын. Қолдарым қозғауға келмейтіндіктен, аяқтарымның башайларына қа рындаш қыстырып сурет салуды үйренген едім. Соның арқасында өнерімді таныта алып жүрмін, Норвегияның астанасы Ослода өткен «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар» атты сурет көрмемді тамашалаушылар адамның қандай жағдайда да мүмкіндігі шектеулі еместігіне сүйсініс білдірді. Жапонияда да өзім куə жайлар туралы шығармаларым жылы қабылданды. «Көп біріксе – үлкен күш» деген емес пе. Елбасымыздың қатысуымен Гаагада өтіп жатқан ядролық қаруға қарсы халықаралық жиынның баршамызды толғандырған мəселеге тағы бір ықпалын тигізуін тілейміз. Кəріпбек КҮЙІКОВ, «Атом» халықаралық қозғалысының құрметті елшісі.

ҚАРАҒАНДЫ.

беріп, бəрін, əсіресе, ең бастысын айтып үлгерем бе деп ойладым... Мінберден сөйлеп тұрып «1949 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, жарылыстарды əуелі жер бетінде бастаған Семей ядролық полигоны туралы айтқым келеді. Сол кезден бері төңіректегі жұрт саны төрт есе өсті. Бірақ əскерилер бізді «сынақтар адам денсаулығына, тіпті, пайдалымыс» деп сендіргісі келеді. Біз мұның бүгінде мемлекеттік қажеттілік екенін білеміз. Бірақ атом жарылыстарының айналадағы ортаға əсерін шындап терең талдау, бұл туралы жұртқа айтып беру керек қой. Сол жерлерде күн кешетіндердің өмірін жақсартуға қажет біршама шығынды айтпағанның өзінде...» деген сөздерімнен кейінақ халық депутаттары арасында, əсіресе, залдың төрттен бірін құрайтын əскери киімді депу таттардың арасында əлдебір қозғалыс басталғанын байқадым. Бірдеңе шамалы өзгергендей еді. Ненің өзгергенін баяндамадан, сөзден кейін түсіндім. Қатынас өзгерген еді. Елдің ең басты стратегиялық объектісіне қастандық қой! Ырың-жырың басталып жүре берді. Кулуарда естімеген сөзім жоқ. «Үйдің қоқысын» шығарыппын (?), саяси «ұпай» жинаппын, сатылып кетіппін (кімге екенін айта қоймады), ақыр аяғында, ең ауыр

айып – державамыздың қорғаныс қабілетін бүлдіріппін. Ал бұл кезде, 1989 жылдың нақ басынан бастап біздің қазақстандық халқымыз, кеңестік үйден «ядролық қоқысты» шығарып тастауды армандап, ажал полигонына қарсы көтерілген болатын. 1989 жылы 28 ақпанда Семей ядролық полигонында жер қойнауындағы сəтсіз аяқталған жарылыс салдарынан айналадағы ортаға радиоактивті газ шыққаны туралы хабар жеткен соң, Алматыдағы Жазушылар үйі жанында қарсылық митингісі өтті де, ол халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылуына түрткі болды, оны əлемге танымал ақын əрі қоғам қай раткері Олжас Сүлейменов басқарды». Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент болып сайланғаннан кейін де «халыққа аймақтық астам ядролық держава керек пе, əлде бейбітшілік аумағы керек пе?» деген сауалға жауап таңдау керек болды. Мысалы, сол тұста Қазақстан аумағында қандай желеумен болса да ядролық қаруды қалдыру керектігін кейбір саясаттанушылар, сарапшылар, бір қатар əскерилер, жекелеген қоғамдық қозғалыстар, соның ішінде «Азат», «Алаш» қозғалыстары мен бірқатар басқа да қоғамдық бірлестіктердің белсенділері төтесінен мəлімдеген. Пікірталасқа БАҚ-тар да «май» құя түсті. Сол тұста Қарулы Күштер полковнигі бір беделді газет бетінде «Тежеу қаруынсыз (бұл жағдайда ондай нəрсе ядролық қару) қалып, біз əртекті авантюристер үшін есігімізді шалқасынан ашып тастамаймыз. Біздің шекараларымыздың қауіпсіздігіне қазір кім кепілдік бере алады? Əлде шынында да,

біздің қорғауға татырлық ештеңеміз жоқ па? Ядролық қарусыз біз Кувейттен күштіміз бе?..» деген сарында намысты қамшылайтын ауыр сөздер де айтты. Бірақ дана халық дегеніне арқа сүйеген Елбасы өз шешімін өзгерткен жоқ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сəтті минуты соқты-ау деген кезде Семей ядролық полигонын өзінің ең алғашқы тарихи Жарлықтарының бірімен, тіпті, Кеңес өкіметі əлі тарамаған тұстаақ жауып тастады. Сөйтіп, əскери шен-шекпенділердің өктемдігі мен қоқан-лоққысына қарамастан, ел мен жер мүддесі жолында аса күрделі шешім қабылданып, Елбасының адамзат баласының бейбіт өмірін қалайтын айрықша ақжүректілігі танылды. Сол тұста қалың елі қазағы да Елбасын бірауыздан қолдап, Ұлытаудай ұлы іске Қаратаудай қорған бола білді. Міне, содан бері Қазақстан мен оның басшысы ядролық қауіп-қатерді азайту мен таратпау бағытындағы жаһандық үдерістің белсенді қатысушысы болып келеді. Бұл тұрғыда Торе Наерландтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап: «Біз өзіміздің қызметіміз арқылы Сіздің еліңіздің ядролық қарудан қалай азат болғандығын, бүкіл дүниежүзі бойынша ядролық қауіп-қатерді азайту жолында қалай күресіп жатқандығын, Сіздің еліңіздің полигон аумағын қалай сауықтырып жатқандығын бүкіл əлемге көрсеткіміз келеді. Мен мұны, шын мəнінде, бүкіл əлем білуге тиісті үлгі деп санаймын!» деген сөзін ешқашан ұмытпауымыз керек. ТАРАЗ.

Ќасіреттен ќўтќарєан ќайраткер Əлем жұртшылығы кешегі Кеңес Одағы тұсында Семей өңірін, Шыңғыстау жерін ядролық полигон алаңы ретінде ғана білді. Халық 40 жыл бойы мұнда не болып жатқанынан бейхабар еді. Кеңес Одағының басшылығы, əскерилері халықтың мұңзарын ескермеді. Сондықтан, полигон жөнінде сөз қозғау үшін еріксіз өткен тарихқа үңілеміз. Ұлылар жерінің жарасына, елінің наласына айналған Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесі жəне Орталық партия комитетінің қаулысымен 1947 жылы қабылданды. Бұл – соғыс атаулыдан, ашаршылықтан кем емес бұрын-соңды болмаған зауал. Осыны аудан халқы бастан кешірді. Қаншама адам радиация салдарынан зардап шекті. Бүгінде менің жасымдағы адамдардан сол кезде сынақты өз көзімен көргендерден ешкім қалған жоқ. Ал полигон зардабынан тірі қалғандар мен олардың ұрпақтары түрлі жүрек-қан тамырлары ауруларымен, қан ауруымен, өз-өзіне қол жұмсау сынды дертке душар болды. Ең көп радиация алғандардың бірі – Саржал, Қайнар ауылдарының тұрғындары. Экологиялық апат 15 буынның өміріне зиян келтіретіндігі ғылыми түрде дəлелденді. Осының барлығы сол жылдары елді назаландырды. Адамдардың жүйкесіне жүк, санасына салмақ түсірді. Сондықтан полигонды жабу, жарылысты тоқтату мақсатындағы қозғалысқа бүкіл халық үн қосты. «НевадаСемей» қозғалысы арнайы қоғамдық ұйым ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті.

«Жарылыс тоқтатылсын!», «Полигон жабылсын!» деген жалынды ұран көтерілді. Əлемді «XXI ғасырды атом қаруынсыз бастайық!» деген үн шарлады. Осылайша «Невада-Семей» қозғалысы халықаралық деңгейге көтерілді. Халықтың нағыз қасіретті басынан кешіріп жатқанын жүрегімен түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлы ғымен 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Бұл Жарлық мемлекетіміздің тəуел сіздігі мен болашағы жолындағы Елбасының қайраткерлігі мен батылдығын айқындайтын айтулы құжат болды. Өйткені, тарихи Жарлық шыққанда Кеңес Одағы əлі тарамай, Коммунистік партияның Орталық комитетінің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған кез болатын. Осы

қасіреттен халықты құтқарған Елбасы екендігінде дау жоқ. Полигон жабылғаннан кейін халықтық күрес тоқтаған жоқ. 1992 жылы Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау жөніндегі заң қабылданды. Оған сол кездегі Т.Слямбеков, Қ.Есенғарин, М.Қорғанбаев сынды азаматтар зор еңбек сіңірді. Осы заңның қабылдануына біраз да болса атсалысқанымды ойласам, кеудемді қуаныш сезімі билейді. Əрине, бүгінгі күнде полигон зардабын шеккен азаматтарға тегін дəрігерлік көмек жасау, арнайы сауықтыру орталықтарына жіберу, тегін дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары əлі де жетілдіруді қажет етеді. Себебі, кезінде сынақ алаңында, табиғатпен бірге сынаққа ұшыраған халықтың бойындағы радиация толық тазарған жоқ. Бүгінде біздің еліміз бүкіл əлем бойынша ядролық қаруға қарсы елдердің көшбасшысы ретінде жарқырап көрініп, батыл қадамдарымен көпке үлгі болуда. Елбасымыз əлемді ядролық қарусыз əлемге бастап келе жатқан тұлғаға айналды. Халқының қасіретін жанымен түсінетін, ұлт саулығына айрықша назар аударатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының тереңіне үнемі үңіліп отырсақ, елдігіміз де еселене түседі. Манатай ТОЛҒАНБАЕВ, Абай ауданының құрметті азаматы.

Шығыс Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

ЌАЗАЌСТАН – ЖАЋАНДЫЌ Əлем Ќазаќстан басшысыныѕ Роберт БЛЕЙК, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі: – Біз Қазақстанның табыстарын қуана құрметтейміз. 2010 жылы Астана ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, осы ұйым Мемлекет басшыларының саммитін шақыру туралы уақтылы бастама көтерді. Қазақстан жаңа күшті экономика құра алды. Сондай-ақ, барлық жетекші елдермен əріптестік қарым-қатынас қалыптастырып үлгерді. Бұл – тиімді мемлекеттік саясаттың жемісі. Дэрил КИМБОЛЛ, Қарулануды бақылау жөніндегі қауымдастық директоры: – Қазақстан Президентінің Семей полигонын жабу туралы шешімі өте дана шешім болды. Бүгінде барлығымыз АҚШ Сенатының Невада штатындағы ядролық полигонды уақытша жабу туралы шешім қабылдауына осы қадам итермелегенін жақсы түсінеміз. Содан кейін, яғни 1993 жылы Билл Клинтон ядролық сынақтарға мораторий жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт қабылдануына алып келді. Бұдан шығатын қорытынды біреу-ақ: Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық полигонды жабуы, шын мəнінде, өте маңызды жəне тарихи оқиға. Пэрис ТЭРИОТ, АҚШ қоғам қайраткері: – Қазақстанның қарусыздану саласындағы рөлі орасан зор. Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімі əлемдік қоғамдастық осы қорқынышты қару түрінен арыла алады деп үміттендіреді. Уақыт Қазақстан ұстанымының дұрыстығын дəлелдеп берді. Сондықтан Президент Назарбаев 2010 жылғы Жаһандық саммитте триумфпен қарсы алынды.

Полигон зардабын ґз басынан ґткерген ел єана сезіне алады Ең алғаш Семей қаласына келген сапарында «Невада-Семей» қозғалысының бірқатар шараларына қатысқан, сол қозғалыстың белсенді мүшесі болған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов 2009 жылы Семейде өткен «Бейбітшілік миссиясы» митингісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен де тікелей кездескен болатын. Сол жиында Елбасы алғаш рет сынақ бомбасы жарылған 29 тамыз күнін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялауды ұсынып, бұл ұсыныс БҰҰ тарапынан толық қолдауға ие болды. Біз сəті келуіне орай «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы ең алғаш рет қалай басталды жəне Семей сынақ полигоны қалай жабылды, міне, осы мəселелер жөнінде ең алғашқы көзкөрген куəлердің бірі Амантай ДОҒАЛАҚОВТЫ əңгімеге тартқан едік.

– Амантай Айтмырзаұлы, биыл «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысына 25 жыл толып отыр, ширек ғасыр бұрын халықаралық маңызы бар осы іске қалай келдіңіз? – Мен ол кезде облыстағы Жаңасемей ауданында басшылық қызметте едім, осы іске бүкіл халық болып кіріскен соң, қозғалыстың өз ауданымыздағы төр ағасы ретінде сайландым. Бүкіл халық жұмылып, митингке шыға бастадық. Қуғындауға ұшырадық. 1991 жылы 29 тамызда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын тарихи Жарлығымен жапқан кезде біз үшін ақ түйенің қарны жарылған күн еді. Бұл күнді мен көзіме жас алып тұрып есіме түсіремін. Бір күні ауданымызға қарасты Шүлбі кентіндегі «Энергетик» кинотеатрына ақын Олжас Сүлейменов келгелі жатыр деген хабар алдық. Айта кетейін, Шүлбіде ГЭС бар, ол КСРО көлеміне маңызды құры лыс. Оны қадағалайтын Ертіс Гэсстрой басқармасы тікелей Мəскеуге бағынатын. Аудан басшысы болғандықтан, қарамағында 5 мыңдай жұмысшысы бар кəсіпорын тірлігі де менің назарымда. Ертіс-Гэсстрой басқармасына қарасты осы басты жұмыс орны Шүлбі ГЭС-і болатын. Тұрғын үйлер, электрстансаларын, кəсіпорындар салумен айналысады. Оның үстіне ЕртісГэсстройға бүкіл КСРО бойынша жұмысшыларды əкелді. Шыны керек, қазақ болған соң бүкіл аудан, ауыл болып көкөніс, ет, сүтпен қамтамасыз етіп, асырап отырдық. Біздің ауылымыздың да жастары сонда жұмыс істеді. Жұмысшылар негізінен Серебрянск, Семей, Шүлбі, Талдықорған, Өскемен, Текелі, Рубцовск, Қапшағай, Тюмень облысындағы Сургут қалаларында маңызды нысандар, гидроэлектрстансалар салды. Сондай-ақ, Семейде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-ні кеңейтті. 1989 жылдың ақпан айы болатын. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайлану барысында Шүлбідегі сайлаушыларымен

жүздесуге ақын Олжас Сүлейменов келді. Жоғарыда айтқанымдай, жергілікті «Энергетик» кинотеатрында кездесу өтті. Шығармашылығы жайлы əңгімелей келе ұлттар достығына орай жолдары бар өлеңдерін оқыды. Мағынасында Қазақстанға əртүрлі жолдармен, себептермен келген түрлі ұлт өкілдерінің тағдырына деген бауырмалдық, жанашырлық бар. Шыны керек, өлең маған қатты əсер етті. Қазақы дастарқан жайып, Олжасты ұлттық салт-дəстүрге сай күтіп жатырмыз. Мен аудан басшысы ретінде ұйымдастырушылық жағына жауап беремін. Осылайша, Семей ядролық сынақ полигонын жабу жолында «Семей-Невада» халықаралық антиядролық қозғалысында бірге жұмыс істей бастадық. – Соғыстан соңғы кезең, елуінші жылдардың басында Семейдегі жарылыстар халық үшін тым түсініксіз болған еді. Қан майданнан əбден есеңгіреп қалған қазақ ауылдарының жағдайына ешкім мəн бермеді. Бірден сынақ жарылыстары басталды. КСРО-ның əскериөндірістік кешені қуаттылығы жағынан күшейіп, экономикаға ғана араласып қоймай, ғылымды да өз бағытында дамытуға күш салды. – Несін айтасың, 1949 жылдың 29 тамызында басымызға қасірет төнді. Мен 1946 жылы полигон маңындағы Сарбұлақ ауылында дүниеге келдім. Көзімді ашқалы қырық жыл бойы көргенім атом жарылысы. Ауылымызда іштен кемтар болып туғандар, өзіне өзі қол салғандар шектен тыс көбейіп кетті. Біздің ауылда əскери адамдар пайда бола бастады. Олар бізге атом жарылады деп айта ма? Жоқ, Кеңес өкіметінің қауіпсіздігі үшін тың қадамдар жасап жатырмыз деп қояды. Кейде бізге келіп түсіндіреді. Жер қозғалуы мүмкін, бірақ қорықпаңыздар, есіктерезені, пештің аузын мықтап жауып, далаға шығасыздар, дейді. Бомба жарылады демейді. Деген күнде де біз қайда барамыз. Мен ес біліп, өзім шамалас балалармен интернатта оқып жүрген кезім. Жарылыс болар кезде бізді

жинап алып, Артезиан құдығы деген жердегі шұңқырға алып келіп, етпетімізден жатқызады. Үстімізді одеялмен жабады. Бірақ, бар болғыр балалар ойнап, не болады екен көрейікші деп қызығып, бетімізді ашып тастаймыз. Орнымыздан тұрып кетеміз. Алдымен шынында да жер қозғалады, аспаннан үлкен саңырауқұлақ шығады. Жылы бір леп келеді. Сөйтсек, бұл радиация екен ғой. Оны қайдан білейік. Адамдар жер сілкініп басылғанша 5-10 минут далада тұрады. Ал жанжануарлар, тілсіз мақұлық бірдеме сезгендей шыңғырып, ұлып естері шығып кетеді. Иттер мен сиырлар қосыла топырлап тау-тасқа қашқанын сол кезде көрдік. – Жер-дүниені тітіренткен ядролық полигон жабылғанмен, жарасы жазылмаған жер мен қайғы шеккен ел қалды ғой. Сіз ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп жүрдіңіз, қолыңызда қандай ақпараттар болды? – Семей полигонының аумағы 18,5 мың шаршы шақырымды құрады. Құрамына Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір аудандары кірді. Ресейдің Омбы, Том қалалары да жақын орналасқан. Семей полигонынан 1,5 млн. адам зар дап шекті. Мыңдаған адам мүгедектікке ұшырады. 1997-1998 жылдары БҰҰ шешімімен бізге донорлық көмек ретінде 43 млн. доллар беру керектігі айтылды. 1999 жылы Токио конференциясында донорлыққа Жапония, Швейцария, АҚШ елдері қосылды. Семей жерінің басты экологиялық проблемасы тек қана ядролық сынақ полигонының зардаптары. Бұрынғы полигон аумағын соғыс атомынан бейбіт атомға көшіру мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Курчатовта Ұлттық ядролық орталық құрылып, өз жұмысын бастаған еді. Орталық директоры, ғалым Ерлан Батыр бековпен кездесуімізде белгілі болғандай, бұрынғы полигон жері қазір үш ауданға бөлінген. Біріншісі экономикалық тиімділігі бар, тұрғындарға өмір сүруге жəне ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы болса, екіншісі əлі де

болса зерттеуді қажет ететін жарасы жазылмаған жерлер. Ал үшінші аудан тыйым салынған, яғни адам ағзасына қатерлі радиациялық бөлшектері басым өңір болып табылады. Ядролық полигонның зардаптары оңай кете қоймайтыны анық. Жерді тазартып, Хиросима, Нагасаки қалаларының деңгейіне жеткізу үшін уақыт керек. Қазақстанның ғылымы жете дамығаны жөн. Əрине, бұл ретте Ұлттық ядролық орталық академик Ерлан Ғаділетұлының жетекшілігімен тыңғылықты жұмыстар жасап жатыр. Бірақ мұның əлемдік деңгейдегі экологиялық проблема екендігін ұмытпаған жөн. 1998 жылы Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын жою үшін БҰҰ-ның 53-сессиясында қабылданған құны 7,8 млн. АҚШ доллары тұратын 6 экологиялық жобаның біреуі ғана жүзеге асты. Ол – «Семей ядролық сынақ полигонындағы жерді пайдалану стратегиясы». Жақында ғана жүргізілген радиологиялық зерттеулер нəтижесінде белгілі болғанындай, Шаған өзені тритий радиоизотобымен ластанған. Өзеннің үстіңгі қабатының кейбір бөліктерінде зиянды зат қалыпты мөлшерден 40 есеге артып кетіпті. Бұл сол жердің тұрғындарына ауыз-су жəне көкөніс, тағам арқылы жұғу, өту қаупін туғызуда. Жерасты суларының радиоактивті қалдықтармен былғануы «Балапан» ядролық сынақ алаңында өткен жарылыстардың əсерінен болып отыр. Сондықтан да, осы проблеманы жете зерттеп, жіті бақылауға алған Ұлттық ядролық орталық «Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы» атты бюджеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізуде. Əрине, біз дұрыс жолда тұрмыз. Сапалы əрі тегін медициналық қыз мет, төлемақылар, ең бастысы, жараланған жерді емдеуде қаладағы коммерциялық емес ұйымдар ассоциациясының президенті Сұлтан Омарұлымен де тығыз қарым-қатынастамыз. Жерді сауықтырып, халыққа, шаруашылыққа қайтару керек. Міне, осыған орай біз бірнеше жыл қатарынан Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықпен де байланыс орнатып, жұмыс жасаудамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ғалымдарға полигоннан қалған жерлерді экологиялық жағынан сауықтырып, 95 пайызын ауыл шаруашылығына қайтаруды тапсырып отыр. Ертіс маңындағы жерлердің қайта түлеуіне мүмкіндік бар. Бұл мүмкіндік жүзеге асса, Павлодар өңірінің де шаруа қожалықтарының жерлері ұлғаюы мүмкін. Президенттің жерлерді

қайтару жөніндегі тапсырмасын орындауда алғашқы жетістіктер де жоқ емес. Мəселен, полигон аумағының солтүстігі толықтай тексеріліп бітті. Осы тұста тұратын полигоннан зардап шеккен Саржал ауылының тұрғындары ауылшаруашылық жерлеріне қол жеткізгендіктері үшін Ұлттық ядролық орталықтың директоры Ерлан Батырбековке, экология жəне радиациялық қауіпсіздік институтының директоры Сергей Лукашенкоға рахметтерін айтып, хат жазыпты. Иə, қырық жыл бойы сынақ алаңының тірі тышқанына айналған қазақ халқы басынан кешкен қасіретін ұмытқан жоқ. Бұл жөнінде болашақ ұрпақ та мəңгі-бақи есте сақтағандары жөн. Бүгінгі күнде Ұлттық ядролық орталықтың жанынан полигон тарихы мұражайы ашылған. – Осы күндері Нидерланд əлемдегі ең беделді саясаткерлердің бас қосқан алаңына айналды. Жаһандық ядролық қауіпсіздік саммитіне жиналғандар Елбасымызға ерекше құрмет көрсетуде, оның бір дəлелі Нидерландтағы Нұрсұлтан Əбішұлының құрметіне ар налып, пошталық марка мен қызғалдақтың жаңа сорты шығарылуы. Мемлекет басшысының осынау ел тағдырын ойлап, жол тартқан сапары туралы не айтар едіңіз? – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд жерінде ядролық қаруды қауіп деп тану керек, Қазақстанның бұлай деп айтуға моральдық құқығы бар. Біз ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін жаптық, 40 жыл ішінде Семей полигонында 570 ядролық жарылыс жасалды, деп нықтап айтты. Біздер, полигон зардабын тартқандар, əбден ризамыз. Келіссөздер жемісті деуге негіз бар. Бірден екі құжат қабылданды. Жуық арада Қазақстан-Нидерланд Іскерлік кеңесі құрылып, екі ел Сыртқы істер министрліктері саяси кеңестер алмасуға уағдаласты. Қорыта айтқанда, Қазақстан Президенті – Семей сынақ полигоны мен ядролық арсеналды сақтап қалу қажет деген пікірге əу бастан үзілді-кесілді қарсылық көрсетіп, батыл шешім жасаған басшы. Бұл ұстаным əлем елдерінде қолдауға ие болды. Қазір көптеген елдерге осындай батылдықпен нақты шешім жасай алатын басшылар керек секілді. Елбасының енді халықты сауықтыру бағытында оң қадамдарға барып отыруы құптарлық іс. Əңгімелескен Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Леонард СПЕКТОР, Ядролық қаруды таратпау проблемаларын зерттеу жөніндегі орталық директорының орынбасары: – Біз Қазақстан туралы айтқанда оны əркез бүкіл əлемге үлгі етеміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қарусыз əлем құру жолында тер төгіп келе жатқан адам. Ол аса қуатты ядролық арсеналдан бас тартып қана қоймай, байытылған уранды шетелге шығаруды қамтамасыз ете алды. Назарбаев өзге де мемлекет басшыларын ядролық бастамалардан бас тартуға ұмтылуға тұрақты түрде үндеп келеді. Ричард ВЭЙТЦ, Əскери-саяси сараптама орталығының директоры, Хадсон институтының ғылыми қызметкері: – Қазақстан бүгінде өзін əлемдік аренада қуатты, құрметті ойыншы ретінде көрсете білді. Бұл сөзімізге АҚШ президенті Барак Обаманың Нұрсұлтан Назарбаевты Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке алғашқылар қатарында шақыруы айғақ бола алады. Қазақстан Президентінің бүгінде елдегі болып жатқан экономика, жаһандық қауіпсіздік салаларында қол жеткізілген табыстардың қозғаушы күші екені айқын сезіледі. Мен Қазақстан Президентін елдің саясатын ұзақмерзімді басымдықтарға сəйкес табысты құра білетін стратег деп санаймын. Кен ЛУНГО, «Жаһандық қауіпсіздік жолындағы серіктестік» ұйымының президенті: – Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел жəне бұл өте маңызды. Қазақстанның таратпау туралы жаһандық режімге үлесі Семей полигонын жабу мен ядролық қарудан бас тарту үдерістерінен басталды. Бұл шешім Қазақстан Президентінің шешімділігі мен саяси сарабдалдығын білдіреді. Жəне бұл – аса жарқын үлгі аларлық үдеріс. Бүгінде Қазақстан қарусыздану мен таратпау саласының белсенді қатысушысы болып табылады.

Ер мерейі – ел мерейі

Елбасы шешен сөйлейді. Ол мінберлерде ой толғағанда, көсемдігі мен көрегендігіне де сүйсініп отырасың. Елбасының Нидерландтағы Жаһандық саммитте сөйлеген сөзінде қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларды талдап, оған дұрыс шешім қабылдаудағы ұсыныс-пікірлері көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Əсіресе, бейбітшілікті жаны сүйетін, ынтымақтастыққа ықыласы ерекше ауатын Елбасының ядор лық қару лардан бас тарту керектігі жөніндегі барша мемлекетті мəмілеге шақыруы оңды іс. Елбасы Семей ядролық сынақ полигонын жауып, қуаты жағынан əлемдегі төртінші зымырандықядролық арсеналдан бас тартты. Осылайша елімізді ядролық қарудың қасіретінен, қаупінен құтқарды. Реті келгенде айта кету керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақ елінің бастамасы бойынша 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Мұнда Елбасының үлкен үлесі жатыр. Осы жолғы сөзінде де Президент

Нұрсұлтан Назарбаев радиация кең даламызды улап, бүкіл тіршілікке қауіп келтіргенін, қазақстандықтардың денсаулығына залалын тигізгенін айта келіп, кеңестік басшылықтың қатаң қарсылығына қарамастан, полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойғандығына дəлелдер келтіре отырып, қару жасаудан, оны сынаудан əлі де бас тартқылары келмей отырған «көсемдердің» санасын селт еткізердей етіп айтты. Елбасы атап өткендей, ядролық қарудан бас тарту Қазақстан үшін батыл қадам болды. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде өз жалғастығын тауып, мəселен, Ресейде Жаңа Жер, Аме рикада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор сынақ алаңдары жабылды. Президенттің бірегей бастамасының арқасында жалғыз қазақстандықтар ғана емес, жоғарыда аталған мемлекеттердің халқы бейбіт заманда, қарудың дүмпуінсіз шат-шадыман өмір сүріп жатыр. Біз еліміздің болашағы, əлемдегі тыныштық үшін алдағы уақытта ядролық қарулардан мүлдем бас тарту мақсатында қолдан келгеннің бəрін жасауға тиіспіз. Адам қорқынышсыз əрі үрейсіз тыныш өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін ядролық, бактериологиялық, химиялық қарудың қажеті жоқ. Осы жолғы Елбасының салиқалы да салмақты сөзін қолдай отырып, баршамыз ядролық қаруларға қарсы үн қосуымыз керек деп ойлаймын. Марат МАЛТЕКБАСОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, педагогика ғылымдарының докторы.

ТАЛДЫҚОРҒАН.


5

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

ЌАРУСЫЗДАНУ БАСТАМАШЫСЫ ќарусыздануєа ќосќан їлесі туралы Ричард ЛУГАР, АҚШ сенатының Шетелдермен қарым-қатынас жөніндегі комитетінің төрағасы: – Біз Қазақстанның бұл қадамын əрқашан есте сақтауымыз керек. Ядролық қаруды сақтап қалуға ұмтылып, халықаралық нормаларды бұзудың орнына бұл елдің басшылары өте дұрыс шешім қабылдады. Ядролық қару проблемаларын шешу жолдарын іздеген кезде халықаралық қауымдастық Қазақстанның үлгісіне жүгінуі керек. Құрама Штаттарға, Қазақстанға жəне халықаралық қауымдастыққа əлі де орасан зор жұмыс атқа руға тура келеді. Бұл бағыттағы жұмыс өзара келісімге келу жəне ымырашылдық жасау мəселелеріне дайындықты қажет етеді. Соңғы 10 жыл қолдан келмейтін ештеңе жоқ екендігін көрсетті. Қазақстан халқының жəне басшылығының ел аумағынан барлық ядролық қаруды шығару жөніндегі шешімі бұл мемлекеттің Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядролық қарусыз мүше ретінде кіруіне мүмкіндік берді. 1995 жылы сəуірде Қазақстан соңғы оқтұмсықтан құтылды. Міне, нақ осы датаны шын мағынасындағы тарихи күн деп атауға болады. Грэхэм АЛЛИСОН, профессор: – Қазақстан туралы сөз болған кезде адамдардың көпшілігі тек мұнай туралы ойлайды. Алайда, Қазақстан ядролық қаруды таратуға тосқауыл қою ісінде елеулі рөл ойнауды жалғастырып келеді. Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы Шарт жөніндегі келіссөздерге басшылық жасайтын болса, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан ядролық қаруды таратпау жөніндегі мұраны нығайту жолында зор мүмкіндіктер ашылар еді. Ядролық жарылыстардың салдарлары туралы толық есеп бере отырып, Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы КСРО мемлекеттері президенттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды жою жəне Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөнінде үндеу тастады. Теория жүзінде Қазақстан ядролық ең қуатты державалардың бірі бола алар еді. Егер, өз кезінде КСРО ыдырағаннан кейін өзінің территориясында орналасқан 1400-ден астам ядролық оқтұмсықтарға бақылау жасауды қолға алған болса, онда Ұлыбритания, Франция жəне Қытай мемлекеттерінің арсеналдарын бірге қосқаннан да көп ядролық арсенал Қазақстанның иелігінде болар еді. Оқтұмсықтардың басым бөлігі АҚШ-қа бағытталған ракеталарға қондырылған еді. Оның орнына Қазақстан өзінің аумағында орналасқан барлық ядролық қаруды ерікті түрде Ресейге берді жəне ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қойып, ядролық қарусыз мемлекет болды. Бүгінгі таңда Қазақстан ядролық қаруды таратудың алдын алу жөніндегі қозғалысты басқару үшін өте қолайлы мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сэм БАРОНИ, саясаттану докторы: – Қазақстан Республикасының осы бір тарихи қадамы бүкіл əлем шеңберінде: қазіргі жаһандық ядролық қауіп-қатерін сейілткен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл жəне зор адамгершілік қадамы ретінде мадақталып қана қоймай, бейбітшіліктің Нобель сыйлығымен марапатталуы керек. Бір ұлы адамның басшылығымен аса күрделі қиындықтарды жеңіп қана қоймай, гүлдену жолында зор жетістіктерге жеткен мемлекет ретіндегі Қазақстан үлгісі жарқырай берсін.

Ядролыќ ќауіпсіздікке кезекті ќадам – Гаага қаласындағы бүкілəлемдік ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысын теледидар арқылы тамашаладым. Шынын айтқанда, бұл күнді көргеніме өте қуаныштымын. Гаага саммитінен байқағанымыздай, қазіргі кезде ядролық қарусызданудың қазақстандық жолымен күллі əлем мемлекеттері жете танысу үстінде. Бүгінде жер-жаһан жұрты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын ядролық қарусызданудың көшбасшысы ретінде төбелеріне көтеріп, құрмет тұтатынын сезу əсте қиын емес. Біздің еліміз АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания жəне Франция сынды əлемнің ядролық державалары атқара алмаған жұмысты атқарды. Жойқын қарусыз да өмір сүруге болатынын көрсетті. Адамзаттың дамуына үлкен зауал келтіруі мүмкін үшінші дүниежүзілік соғыс қаупінің алдын

Түркияның президенті Сүлеймен Демирелмен, Германияның вицеканцлері Ганс-Дитрих Геншермен жəне тағы басқа көптеген көрнекті мемлекет қайраткерлерімен пікірлестім. Əңгімелесу барысында барлығы да өзге мемлекеттер атқара алмаған істі тəуелсіз Қазақ елінің қолға алғанына ризашылық пейіл білдірген-ді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1993 жылы 30 тамызда өткен антиядролық форумда атом сынағына мораторий жарияланды. Одан кейін Президенттің тікелей ұйытқы болуымен Орталық Азияны ядродан азат аймақ деп жариялау туралы мəселе көтерілді. 1996 жылы қыркүйек айында бұл келісімге Семей қаласында қол қойылды. 2009 жылы маусымда Семейде мыңдаған адамның қатысуымен өткен митингте Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік қоғамдастыққа атом сынағы

тоқтатылған 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық ісқимыл күні ретінде жариялау туралы жаңа идея ұсынды. Бұл идея халықаралық деңгейде қолдау тауып, 2009 жылы 2 желтоқсанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бекітілді. 29 тамыз қазіргі кезде əлем халқы ерекше атап өтетін бейбітшілік күніне айналды. 2012 жылы 29 тамызда Астанада халықаралық антиядролық конференция өтті. Президентіміз аталған форумда «ATOM» жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Сынақты тоқтату – біздің мақсатымыз» дегенді білдіреді. Яғни, бейбітшілік пен ядролық қа русыздану жолындағы күресті аға буынның жас ұрпаққа ла йық ты аманаттауын көздейді. Бү гін де бұл бағдарламамен бүкіл əлем жұртшылығы танысуда. Дү ниежүзінің жастары ғаламтор арқылы осы бағдарламаға ерекше қолдау

Семей мемлекеттік медициналық университетінде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты IX дəстүрлі халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның соңғысында радиациялық экология мен қауіпсіздік, сонымен қатар, экологиялық нашар аймақтарда тұратын халықты емдеу жəне оңалту мəселелері талқыланды. Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның жұмысына Жапония, Оңтүстік Корея, Чехия, Финляндия, Үндістан, Ресей жəне тағы басқа елдердің танымал ғалымдары қатысты.

ем деу-профи лактикалық мекемелерінің, қалалық жəне облыстық əкімдік, ғылыми-зерттеу орталықтарының, еліміз дің жəне ТМД елдерінің зертханаларының, облыстық жəне қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері қатысты. Конференцияда жиналған оқымыстылар өздерінің пайымды пікірлерін, зерттеулерін ортаға салды.

Шигето Маеда, «Хиросима-Семей» козғалысының үйлестірушісі Чиеко Кобатаке, Радиологиялық зерттеулер ұлттық институтының өкілі Шигекатсу Фукуда, Үндістанның Шарда университетінен Пратибха Гупта, Финляндияның қолданбалы ғылымдар, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік зерттеулер мектебі директорының орынбасары Лина Лииматайнен, тағы басқа əлемдік деңгейдегі ғалымдар болып, ғылыми басқосудың салмағын арттыра түсті. Жапониядан келген қонақтар құны 2 млн. долларға бағаланатын медициналық обыр дертін зерттеу жəне емдеуге арналған жабдықты сыйға тартты. Сонымен қатар, конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің,

– Семей полигонының жабылуы – қазақстандықтар үшін ғана емес, əлем үшін тарихи оқиға, – деді Хиросима университетінің радиационды биология жəне медицина ғылыми-зерттеу институтының профессоры Масахару Хоши. –Қазақ елі жарылыстарды тоқтатып қана қоймай, əлемнің ядролық өміріне өзгеріс əкелді. Қуаттылығы жөнінен əлемде төртінші орынды иеленетін ядролық арсеналынан бас тартты. Оның күш-қуаты Англия, Франция, Қытайдың ядролық қаруларынан əлдеқайда күшті болатын. Қазақстан Президенті осы əрекеті арқылы халықаралық қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Бүгінде бүкіл əлем Қазақстанның антиядролық тəжірибесін қолдануы тиіс. Семей қаласындағы Радиациялық

медицина жəне экология ғылымизерттеу институтының директоры, професор Қазбек Əпсалықовтың айтуынша, олар ғылыми жұмыстарында үнемі Жапония, Ресей, Финляндия елдерінің озық тəжірибелеріне сүйенеді. Семей полигонындағы сынақтардан зардап шеккендердің 90 пайыздан астамы Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұрады. 1992 жылы 18 желтоқсанда «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» Заң ядролық сынақтар əсеріне шалдыққан аумақтарды жəне ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар категорияларын анықтайды. – Біздің институтқа қарасты аурухана мен диагностикалық кеңес бөлімі бар, – дейді профессор Қазбек Əпсалықов, – онда радиациядан зардап тартқан халық ем-дом қабылдайды. Ал бұл жолғы конференция біздер үшін аса маңызды. Біз бұған дейін көптеген елдердің ғылыми-зерттеу институттарымен байланыс орнатып келдік. Бұл жұмыс енді жалғасын таба беретін болады. Əсіресе, Хиросима, Нагасаки университеттерінің радиацияны зерттеуде көп көмегі болды. Халықаралық қоғамдастық біздің жұмыстарымызға қызығушылық танытуда. Біз ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттің ғылыми институты ретінде сынақтардың зардабын

алды. Жəне əлем халқына мұндай соғыстың ешқашан жеңімпазы болмайтынын түсіндірді. Мен 1991 жылдан бастап мемлекет басшыларының, ірі қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен түрлі антиядролық форумдарға қатысуға мүмкіндік алдым. Осы арқылы КСРО-ның тұңғыш президенті Михаил Горбачевпен,

Экологиялыќ зардаптарды жою жолында Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Семей қаласында радиологиялық медицина кластері құрылған. Құрамына медициналық университет, радиациялық медицинаның ғылымизерттеу институты жəне Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансері кіреді.Конференция барысында құрметті қонақтардың қатарында Шимане университетінің президенті Шотай Кобаяши, Нагасаки университетінің вице-президенті Шуничи Ямасита; Хиросима университетінің радиационды биология жəне медицина ғылымизерттеу институтының профессоры, Масахару Хоши, Нагасаки медицина орталығының өкілі

көрсетті. Елбасының саясатын қолдау бағытында Қазақстанның 500 мыңнан астам жастары осы бағдарламаға үн қосып, қол қойды. Жиналған дауыс ядролық жойқын қаруы бар жетекші елдердің көшбасшыларына жіберіледі. Гаагадағы антиядролық саммитте ғаламдық ядролық қарусыздану бағытындағы «қазақстандық жол» мен «АТОМ» бағдарламасының қызу талқыланғанына қуаныштымын. ХХІ ғасыр – ядролық қарусыздану ғасыры болады деп үміттенеміз. «Невада-Семей» қозғалысының мүшелері Елбасының антиядролық қауіпсіздік жөніндегі ұстанған саясатына əрдайым қолдау білдіріп келеді. Қозғалыс мүшелері жаһандық қарусыздану жəне қауіпсіздік туралы президенттік бастамаларды қолдауды алдағы уақытта да жалғастырады. Гаага саммиті – ядролық қарусыз ғаламға бастаған тағы бір кезекті қадам. Сұлтан КАРТОЕВ, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының вице-президенті.

жан-жақты көрсетуге ұмтыламыз. Конференция барысында шетелдік ғалымдарға Семей по лигонының жерлері зерттеліп, жарамдысы ауыл шаруашылығына қайтарылып отырғандығы, экологиялық жағдайдың жақсаруы тың жаңалық ретінде ұсынылды. 2020 жылға қарай Семей ядролық полигонының аумағы толықтай зерттеліп бітпек. Бүгіндері полигон аумағында жоғары радиоактивті қауіп төндіретіндей жерлер жоқ. Ең зиянды деп табылған кейбір тұстары ғана қоршалып қойылған. Семей полигоны жабылғалы бері ядролық сынақтардың зардаптарын зерттеу жұмыстарына 200 млн. АҚШ доллары жұмсалған. Соның ішінде Қазақстан тарапынан бөлінген қаржы 15 млн. доллар шамасында болса, қалған қаражатты АҚШ, Жапония жəне тағы басқа халықаралық қорлар беріпті. Полигонның жалпы аумағы 18 500 шаршы шақырымды құраған болса, мамандардың айтуынша, полигонның 5,6 мың шаршы шақырым жері зерттеу нəтижелері бойынша, ауыл шаруашылығы саласына пайдалануға жарамды болып табылады. Жиын соңында адамзаттың денсаулығы, жер экологиясы, радиа циялық қауіпсіздік жөнінде бас талған зерттеу жұмыстарын жалғастыра беру жөнінде қарар қабылданды. СЕМЕЙ.

Əлеуметтік ќолдау баєдарламасы ќабылданса Кезінде Атырау облысында да ажал апаны атанған екі əскери полигон болды. Оның бірі – Қызылқоға ауданындағы Тайсойған полигоны болса, екіншісі – Құрманғазы ауданындағы Азғыр полигоны. Бір ғана Азғыр полигонында сынақ жүргізуге арналған 11 технологиялық алаңда 17 рет жерасты ядролық жарылысы жасалған. Екі полигон маңын қоныстанған тұрғындар сынақтан көп зардап шекті. Дегенмен, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін бір облыстың аумағындағы екі əскери полигонда да бұрынғыдай сынақ жүргізілмейді. Өйткені, Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін екі полигонда да жерасты сынақтарын жүргізу толықтай тоқтатылды. Ал қазір Азғыр полигонының зардабын жою, тұрғындар денсаулығын жақсарту тұрғысында нендей іс-шара қолға алынуда? Газет тілшісінің осы жəне басқа да сауалдарына орай Құрманғазы аудандық мəслихатының хатшысы Рифхат СҰЛТАНИЯЕВ əңгімелеп берді. –Рифхат Мұғалімұлы, Азғыр полигонындағы жерасты ядролық сынақтары қай жылдары жасал ғаны нан хабардар шығарсыз. Мұндағы жарылыстардың зияндылығы жөнінде не дейсіз? –Азғыр полигонындағы жерасты сынақтары Семей ядролық полигонындағыдан біраз жыл өткеннен соң басталған ғой. Дəлірек айтсақ, алғаш рет мұндағы жерасты ядролық сынағы 1966 жылы жасалған. Оны, əрине, алғашында аудан тұрғындары сезген жоқ. Сөйтіп, Азғырдағы полигонда 1979 жылға дейін үздіксіз жалғасты. Қазақ даласының батыс қақпасында 13 жыл бойы 17 рет жерасты ядролық жарылыстың жасалуынан қоршаған ортаға, полигонға жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарына зияны тимеді деп айта алмаймыз. Осы ретте мынадай деректерді айтуға болады. Жерасты ядролық жарылыстарында цезий –137, стронций –90, полутоний –239, 240 изотоптарын сынау тəжірибеден өткізілген. Ал мұндай изотоптардың қаншалықты зиянды екенін білесіз бе? Мəселен, полутоний –239 изотопының топырақтағы зияндылығы 24000 (!) жылға дейін созылады екен. Ал плутоний –240 изотопы 60 000 мың жыл бойы өзінің

зияны мен зардабын жоймай, топырақ құрамында сақтала береді. Міне, сол себептен, Азғырдағы жерасты жарылыстарының радиациялық зардабы толық жойылды деп айтуға əлі де ертерек. – Азғыр полигонында жерасты жарылыстары жасалмағанына көп жылдар өтті ғой. Полигонның жабылуына не əсер етті деп ойлайсыз? – Шындығын айтқанда, еліміз бұрынғы Одақтың боданында болған жылдарда аталған полигонның жабы латындығы, жерасты ядролық сынақтарының тоқтатылатындығы туралы ойлау мүмкін емес-ті. Өйткені, жерасты сынақтарын жүргізетіндер көрші елдің əскерилері болды ғой. Ал олар тікелей Ресейден келетіндер. Тек еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шыққанда біздің жүрегімізде де үміт сəулесі ояна бастады. Ерте ме, кеш пе, сəтін салған бір күні жан-жағына – қоршаған ортаға, ең бастысы, сол өңірді мекен еткен адамдарға ажал апаны болған Азғыр полигонының жабылатындығына сеніммен қарадық. Сол сенім бізді алдаған жоқ. Біз тəуелсіз елдің Тұңғыш Президентіне сеніммен қарауымыздың басты себебі

мынада: Нұрсұлтан Əбішұлы 1995 жылы əлем елдерінің басшылары арасынан алғашқы болып, ядролық қарусыз əлем құруға батыл қадам жасады. Осы жылы біздің еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Елбасымыз осынау батыл қадамымен Қазақ елінің бүкіл адамзатқа бейбіт өмірді тілейтінін, əлем жұртшылығының тыныштығын қалайтынын білдірді. Көп жылдар бойы жерасты жарылыстарының зияны мен зардабын көрген біз, аудан тұрғындары Қазақстан Президентінің ядролық қарусыз əлемге қадам басу қажеттігі туралы бастамасын қызу қолдадық. – Полигонның зардабын жою, əсіресе, ауыр металдармен бүлінген жерді сауықтыру үшін қандай жұмыстар жасалуы тиіс? – Əрине, əскери полигонда жасалған жерасты жарылыстарының зардабы оңайлықпен еңсеріле қоймайтынын білеміз. Өйткені, Азғыр полигонында жай сынақтар емес, ядролық жарылыстар жасалған ғой. Сондықтан полигон маңындағы қоршаған орта мен адам денсаулығына келтірілген зиян мен зардапты сауықтыру үшін көптеген жылдар қажет. Қазір сауықтыру жұмыстары қолға алынып келеді. Дегенмен, біздің пайымымызша, Азғыр полигонындағы 11 сынақ алаңы тек сым темірмен қоршалған. Күнделікті өмірде байқап жүргеніміздей, сымның өзі де тозады. Немесе, оны жылқы, сиыр секілді малдар үзіп кетуі де кəдік. Сол себептен, Азғырдағы сынақ алаңдары темір-бетон бұйымдарымен қоршалып, төрт түлік малдың сынақ алаңында жайылуына тосқауыл жасау қажет. Мұны айтып отырған себебіміз, №1 сынақ алаңы аумағынан ұсталған екі киіктің көзі соқыр болып қалған, сол алаңда жайылған жылқылардың мұрнынан қан кеткен. Жəне бір ұсынысымыз, Ұлттық

ядролық орталық Азғыр полигонына мониторинг жүргізуге қаржы бөлумен шектелмей, қоршаған ортаны сауықтыру ісіне көңіл бөлсе дейміз. Осы мақсатта алдымен, жерасты суларының гидрологиялық картасы жасалса, екіншіден, полигондағы сынақ алаңдарын айнала жасыл желек егу қолға алынғанын қалар едік. – Өзіңіз жоғарыда келтіргеніңіздей, жерасты жарылыстарынан зардап шеккен тұрғындар денсаулығын жақсарту мəселесі шешімін қалай табуда? – Жерасты ядролық жарылыстар жасалғаннан кейін адамдар денсаулығына келетін зиянның мөлшері аз болды дей алмаймыз. Жерасты жарылыстардың əсері болуы керек, Азғыр полигонына таяу ауылдарда тұратын адамдар арасында түрлі аурулар болғанын жасыра алмаймыз. Мəселен, 1996-2004 жылдары 69 адам онкологиялық аурудан көз жұмған. Ал осы кезеңде 15 адам өзіне өзі қол жұмсаған. Сонымен бірге, 53 бала қайтыс болған. Осы полигон маңындағы елді мекендерде

тұратын балалардың 95 пайызы қаны аздық ауруына ұшырап отыр. Балалардың 12 пайызы қаны аздық ауруының екінші жəне үшінші дəрежесімен ауырады. Ал енді полигон аймағында қоныстанған тұрғындарға əлеуметтік қолдау көрсету туралы айтсақ, бұл мəселе біртіндеп шешімін тауып келеді. Мəселен, өткен жылы полигон маңын мекен еткен тұрғындар арасынан 100 адам Курчатов қаласында арнайы медициналық зерттеунақтылау, бақылау курсынан өтті. Алайда, оның қорытындысы жөніндегі мəлімет əлі күнге дейін қолымызға тимей отыр. Біз полигон зардабынан тұрғындар арасында қандай аурудың белең алып отырғанын, жалпы, Азғырдағы жерасты ядролық жарылыстарының зардабы қаншалықты екенін білгіміз келеді. Дегенмен, былтырдан бері I топ мүгедектеріне 2 айлық есептік көрсеткіш, II топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш, III топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы қолға алына бастады.

Əрине, бұл Азғыр полигонындағы жерасты ядролық жарылыстарының зардабынан мүгедек болып қалған жандар үшін əлеуметтік қолдау екендігі даусыз. Бірақ төленетін қаржының мөлшері Атырау қаласына дейінгі қашықтықты айтпағанның өзінде, тек ауданның орталығына дейін 250-300 шақырымдай қашықта орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін аздық етері жасырын емес. Сол себептен, болашақта ел Үкіметі Азғыр полигонындағы жерасты ядролық жарылыстарынан зардап шеккендерді əлеуметтік тұрғыдан қолдау бағдарламасын қабылдауды назардан тыс қалдырмайды деп сенеміз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы.


6

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

 Жолдау жүгі Тар жол, тайғақ кешіп, небір қилы кезеңдерді бастан өткерген ел мен ер үшін тəуелсіздіктен артық бақыт жоқ екені айдай анық. Бүгінде оған əр адамның көзі жетіп отыр. Ата-бабаларымыздың да сан ғасырлар бойы армандаған, арын ардақтап, жанын аямай күрескендегі аңсаған бақыты не еді? Осы тəуелсіздік қой. Ендеше, кезінде Абылай бабамыз да: «Қазақтың қайран даласын, Жағасын жайлау ел етсем. Мерейін биік, бағын зор, Ырысын шалқар көл етсем», деп армандаған екен. Армансыз адам болмайды. Осы барлық адамның арманын жиып келгенде елдің мақсатынан артық еште ңе жоқтығы тағы көрінеді. Міне, ең үлкен арман осы. Ал елдің арманын орындау жолында көш бастап, өлшеусіз еңбек етіп жатқан адамдардың ісі қандай болмақ? Əрине, ондай тұлғалардың ісі де, қоғамдағы орны да ерекше дейміз. Өйткені, түптеп келгенде, елдегі барлық адамның арманмұратын ұштастыратын, сөйтіп нақты іс-əрекеттермен халықты бастап ұшпаққа шығаратын, сенім мен үмітті ақтайтын тұлғалардың ірісі ғана. Бұл сөзіміздің жаны бар. Сонау 1991 жылы еліміз тəуелсіз мемлекет атанып, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрын-соңды болмаған тарихи көшті ұйым дастырып, алға бастады. Арада көп өтпей жатып 1997 жылы Елбасы «Қазақстан-2030» Стратегиясында: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейiнгi Қазақстанды қалай елестетемiн? Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпағының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, ден сау лығы мықты өкiлдерi болады. Олар, бабаларының игi дəстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, абат, жылдам өркендеу үстiндегi, күллi əлемге əйгiлi əрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады... Əрине, мұның бəрi – болашақты ой көзiмен көру, оның моделi, асқақ мұрат, арман ғана. Бірақ, мұның бəрiне де қол жеткiзуге болады», деп жазды. Сөйтіп, сындарлы сəтте еліміздің тəуелсіздік көшін бастаған Нұрсұлтан Назарбаев алдына осындай асқаралы ел мақсатын қойды. Бұл – əр қазақстандықтың арманы, ел арманы. Қазір қарасақ, сол арман адастырмай арнасын тауып келеді. Оған дəлел көп. ХХІ ғасыр Қазақстан Республикасы үшін іргелі жаңалықтармен, саяси, экономикалық, əлеуметтік салалардағы үлкен табыстармен басталды. Соның бір көрінісіндей, Елбасының жаңа «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің Мəңгілік Ел болуына сара жол ашылып тұрғаны айқындалды. Оның көптеген негіздерінің бірі ретінде барлық азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қорғауды жоғары дəрежеде қамтамасыз ететін, халықаралық стандарттарға негізделген, тəуелсіз сот жүйесі құрылды. Осы орайда «Мəңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жолында отандық сот жүйесінің алатын орны қандай деген заңды сұрақ туындайтыны рас. Əрине, сот жүйесі өзінің қатарын тəжірибелі жəне озық ойлы, терең білімді, заңдылық пен əділдік қағидаттарын ерекше бағалайтын, халқына адал, антына берік азаматтармен толықтыра отырып, мемлекеттік дамудың əр кезеңдерінде туындаған дауларды, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуде, қоғамдық тепетеңдікті сақтауда белсенді рөл атқаруы тиіс деп білеміз. Бұл ойымыздың өрнегін көп жылдар бойы түрлі жоғары мемлекеттік қызметтер атқарған, оның ішінде Парламент Сенатының Төрағасы да, Бас Прокурор да болған жəне бүгінде Жоғарғы Соттың Төрағасы міндетін қайтадан қолына алған, аяулы халқы үшін бар зиялы өмірін арнап келе жатқан елдің ардақты азаматы Қайрат Мəми де дамыта түсті. Қайрат Мəми еліміздің жоғарғы сот саласын 1999 жылдан 2009 жылға дейін басқарған жəне қазір де сындарлы жетекшілік етіп келеді. Осы жылдар ішінде оның өткір ұсыныстары мен тікелей араласуы арқасында отандық сот жүйесін жалпы танылған стандарттар мен талаптарға жауап беретін жаңа деңгейге көтеруге ықпал еткен тұжырымды құжаттар мен құқықтық актілер дайындалды. Алқа билер мен ювеналдық, əкімшілік, мамандандырылған экономикалық соттарды құруға, қамауға соттардың санкция беруіне жəне соттардың қызметін қамтамасыз ету мен олардың шешімдерін орындауға байла нысты бірқатар заң актілері дайындалып, тəжірибеге енгізілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы соттарының мəртебесі мен сот жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Сот орындаушыларының мəртебесі мен орындау өндірісі туралы», «Аралық соттар туралы» конституциялық заңдар дайындалып, Қылмыстықпроцессуалдық кодекс, Азаматтық процессуалдық кодекс, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соттардың құқық қолдану тəжірибесінде кездесетін өміршең мəселелер бойынша Жоғарғы Соттың бірқатар нормативтік қаулылары қабылданды. Тəуелсіздік жеңісін баянды ету, жаңа белестерді бағындыру, болашақтың жоспарын ойластыру – оңай шешіле салатын мəселелер емес, дейді бұл орайда өз ойын өрбіткен Жоғарғы Соттың Төрағасы. Дегенмен, Елбасының дара да дана басшылығымен Қазақстан халқы осы абыройлы да жауапты міндеттерді рет-ретімен жүзеге асыруда. Өткен

реформасының басты бағыттарының бірі ретінде көзделіп отыр. Сот жүйесі қашанда ашық жəне қолжетімді болуы тиіс. Өзінің құқығы мен бостандығы бұзылды деп есептеген əрбір азамат сот органдарына жүгіне алады. Соңғы жылдары сот органдарына жүгінуші азаматтар мен заңды тұлғалардың қатары көбейіп, қаралып жатқан азаматтық, əкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық істердің саны артуда. Əрине, бұл көрсеткіш қоғамды заңсыздық жайлап кетті деген мə селе емес, керісінше халықтың сот органдарына деген сенімінің артуына, жұрт шылықтың құқықтық сауатының жетілгеніне дəлел болады. Сонымен қатар, экономикалық қатынастардың қарқындап дамуы, нарықтық қатынастардың ел өміріне тереңдеп енуі – жаңа санаттағы даулар санының өсуіне себептерін тигізіп, соттарда қаралатын істердің саны көбейе түсуде. Мұның бəрі халықаралық қауымдастықта да еліміздің ұстанған бағыты үлгілі екенін, алқа билер сотының шешімдері демократияның өміршеңдігін дəлелдеп берді. Қайрат Мəмидің бастауымен 2004 жылы Қазақстан Судьялар одағы Судьялардың халықаралық ассоциациясының (Мексика, Вале де Браво қ.) жыл сайын өтетін 47-ші отырысының шешімі бо йын ша осы Ассоциация мүше лі гіне əдеттен тыс жағдайда қабылданды. Бұдан кейін 2011 жылы Ыстамбұл қаласында өткен 54 отырыста Қазақстан Судья лар одағы Судьялардың халықаралық ассоциациясының толыққанды мүшесі атанды. 2006 жылы «Алқа билер туралы» жəне Алқа билердің қатысуымен қылмыстық сот өндірісін жүргізу мəселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң дүниеге келді. Бұл қазақстандық сот жүйесін халықаралық стандарттар негізіне сəйкестендіру үшін көп жылғы ізденіс, дайындық жұмыстарының нəтижесі еді.

жиыр ма екі жыл ішінде еліміз биік белестерді бағындырды. «Алдымен – экономика, содан кейін саясат» деген ұстанымды басшылыққа алып, еліміздің экономикасын дамыту арқылы халықтың əл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалық үдерістер біздің жаңа, жас мемлекет ретінде дұрыс бағытпен алға қарай жүріп бара жатқандығымыздың дəлелі болды. Қазақстан халқына ортақ мақсаттар мен мүдделерді біріктіретін «Мəңгілік Қазақстан» жобасының ұсынылуы бүгінде тұғырында нық тұрған, болашағына кəміл сенетін, Отанын сүйетін, Елбасын құрметтейтін ардақты халқы бар елде ғана мүмкін болатын жаңалық деп білеміз. Осы жобаны жүзеге асыруға жарқын жол ашатын «Мəңгілік Ел» идеологиясы белгіленіп, халқымыздың болашағына деген сенімдерінің еселеп өсуіне, мақсаттары мен мұраттарының артуына кепілдік берілді. Елбасы: «Мəңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», – деп түйіндеді. Мұнда, ерекше бір атап өтер жайт, 2050 жылға дейін Қазақстан əл емдег і дамығ ан , ал дың ғ ы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды көздеген стратегияны жүзеге асыруға тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар əрбір қазақстандық азамат өзінің перзенттік көзқарасы, адал еңбегі арқылы атсалысулары қажет, деп ойын дамыта түскен Қайрат Мəми бұл орайда сот жүйесінің де негізгі міндеттеріне ойысты. Сондықтан мемлекеттік биліктің дербес саласы, сот билігінің де қоғамдық дамуының орны мен рөлі айқындалып, міндеттері белгіленуі тиіс, дейді ол. Жалпы сот жүйесінің даму жолдарын мемлекеттің даму жолдарынан бөлек, ажыратып алып, бағалау мүмкін емес. Сот билігі – мемлекеттік саяси жүйенің құрамдас бөлігі, ажырамас бөлшегі. Еліміз егемендік алып, тəуелсіздікке қол жеткен алғашқы жылдардан бастап сот жүйесі

Жол – айќын, маќсат – белгілі, мїдде – бір

Жоєарєы Сот Тґраєасыныѕ ой-толєаныстарын тарќатќанда Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

қоғамдық заңдылықтарға негізделген іздену, қалыптасу, даму жолдарынан өтті. Осы жылдар аясында, биліктің дербес тармағы ретінде сот жүйесі қоғамдық қатынастардың орнығуына, мемлекеттің саяси беделінің артуына, заңдылықтың басты демократиялық қағидаларының бірі ретінде бағалануына үлесін қосты. Ал Елбасының бастауымен елді көркейтуге арналған жолда əрбір сала қызметкерлері ортақ іске дұрыс əрі орнықты үлес қоспаса оның өркендей қоюы да екі талай. Міне осы тұста бірлік бар жерде тірлік бар дегендей, білікті де, білімді адамдар өз салалары бойынша болашаққа белгіленген сара жолды салып, ойдағы міндеттерді аз уақытың ішінде жүзеге асырып, елдің дамуына үлкен үлес қосты. Соның бірі Жоғарғы Сот жүйесі дейміз. Қайрат Мəмидің жетекшілігімен Жоғарғы Соттың 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, Соттық білім беру тұжырымдамасы дайындалды. Жоғарғы Соттың Төрағасы ретінде ол еліміздің сот қауымдастығының съездерін (3 съезд – 2001 жылдың шілдесі, 4-2005 жылдың шілдесі жəне 62013 жылдың қарашасы) ұйымдастыру мен өткізуге үш мəрте қатысты. Жалпы сот құрылымы мен сот өндірісінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып, судьялардың мəртебесі мен соттардың тəуелсіздігі нығая түсті. Оған дəлел ретінде көптеген атқарылған шараларды жатқызуға болады. Мəселен, атқарушы биліктің соттарға ықпалын жою сот реформасының екінші сатысындағы бетбұрысты туғызды. Оған Мемлекет басшысының 2000 жылғы «Сот жүйесінің тəуелсіздігін нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы үлкен себеп болды. Мұнда соттардың жұмысын қамтамасыз ету қызметін Əділет министрлігінен Жоғарғы Соттың сот əкімшілігі жөніндегі комитетіне жəне жергілікті соттардың əкімшіліктеріне беру көзделді. Міне, тəуелсіздік алған жылдар аясында Қазақстан судьяларының салты съезі өтіп, əрбір съезде республика сот жүйесінің бүгіні жəне болашағы туралы өзекті мəселелер талқыланып, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылданды дей аламыз. Мəселен, өткен жылы, қараша айында болған Судьялардың VI съезінде Елбасы Н.Назарбаев отандық сот жүйесінің табысты еңбегін оң бағалап: «Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын

темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мəселелерді шешуі керек, өзінің құқын қорғай алуы керек», – деді. Осы сөздер сот жүйесінің мемлекеттің саяси құрылымындағы алар орны мен рөлін жəне сотқұқықтық реформасының болашақтағы даму бағыттарын айқын анықтап беріп отыр. Бұл орайда аталған реформаларды іске асырудың бір тетігі ретінде соттарды мамандандыру ісі өте қажет еді. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Оның шешімі қиын түйінді мəселелері де баршылық. Алайда, əділ жəне қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан əрі жетілдірудің бір бағыты – соттарды мамандандыру жүзеге асты. 2001 жылдың қаңтарында Президент Жарлығымен Алматы жəне Қарағанды қалаларында тəжірибе ретінде мамандан дырылған экономикалық соттар құ рыл ды. Содан Президенттің 2002 жылғы ақпандағы Жарлығымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар еліміздің қалған барлық 14 аймағында өмірге келсе, Астана мен Алматыда мамандандырылған ауданаралық əкімшілік соттар құрылып, кейін 2004 жылдың 9 қыркүйегінде барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда ашылды. 2007 жылдың 23 тамызындағы Президент тің Жарлығымен Астана жəне Алматы қалаларында жасөспірімдер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылып, кейін барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда жұмыс істеді. Мұның бəрі халық үшін атқарылып жатқан шаруалар екені бесенеден белгілі. Өйткені, мемлекеттің басты байлығы – халық. Азаматтардың мүдделері қандай жағдайда болсын мемлекеттің назарынан тыс қалмауы тиіс. Ендеше, осы ұлы замана көшінен сот жүйесі де қалмай, керісінше ұлы дүбірдің алдыңғы қатарынан орын алуы қажет. Себебі, Президент: «Дамыған елдің негізі – əділ сот» деп текке айтқан жоқ. Адал жəне əділ соттың қалыптасуына жəне дамуына тек мемлекет қана қамқорлық жасай алады. Экономикасы дамыған, халықаралық сахнада саяси беделі бар, көреген Елбасы бар, халқы сенім білдіріп, əрбір бастамасына қолдау көрсетіп, берекебірлікті, ұлтаралық татулықты сақтап отырған елде ғана əділ əрі адал сот жүйесі қалыптасады жəне дамиды деп толықтай сеніммен айтуға сот жүйесінің қазіргі даму үрдісі де айғақ бола түсуде. Бұған қол жеткізу үшін, жоғарыда айтқанымыздай,

бірталай баспалдақтардан өтуге тура келді. Соның, яғни үздіксіз еңбек пен тынымсыз ізденіс арқасында сот жүйесін дамытудың айрықша сəті туды. Сот жүйесін дамытудағы айтулы кезең деп 2007 жылы Негізгі Заңға енгізілген өзгерістерді тілге тиек етуге болады. Осы қабылданған жаңалықтар арқылы, яғни солардың ішінде тұтқындауға соттың санкция беруі азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын қорғауды арттырды. Соттарға осындай мүмкіндік берілген соң тұтқындау барысы қорғаушы өкілдерінің қатысуымен айқындала түсті. Бұл өз кезегінде қудалау органдарының аталған жаза шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстарын біршама азайтуға əкелді. Сөйтіп, бүгінгі күндері қылмыстық үдеріс кезіндегі сотқа дейінгі қамауға ұшырайтындардың саны үш есе қысқарып отыр. Мəселен, 2007 жылы прокурорлардың санкциясымен қамауға алынғандар саны 20 027 болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 12 685 болды. Бүгінде Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы – Ата Заңымыз, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата-бабаларымыздың ар-намысынан тұратын бірлік, тыныштық идеясын бойына сіңірді. Сот-құқықтық реформаның басты бағыттарының бірі – қолданыстағы заңнаманы ізгілендіру, яғни қоғамның сұранысын ескере отырып, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңа заңдар қабылдау міндеті болып табылады. Бұл сөзіміздің дəлеліндей, қазір Парламентте «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі» туралы заңдардың жобалары талқыланып жатқаны белгілі. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі жəне судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сол сияқты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот төрелігін жүзеге асыруды оңайлату жəне бюрократиялық процедураларды азайту туралы» заң жобалары дайындалып, Парламент Мəжілісінің қарауына жолданған. Президенттің 2014 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығына сəйкес кейбір толықтырулардан өткен Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты туралы тұжырымдамасына сəйкес қоғамның қарқындап дамуы сұранысынан туындайтын жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін қабылдау міндеті сот-құқықтық

Осылайша, бір мақсатқа, бір мүддеге атсалысуымыздың арқасында республика бойынша қабылданған сот қаулыларының сапасы қанағаттанарлық деңгейде деп бағалауға болады, дейді Төраға. Бұл айтылғандарды ресми дəлелдеу үшін біз төмендегідей ресми статистикалық деректерге де көз салдық. Сөйтсек, расында: 2013 жылы республика бойынша 47 466 қылмыстық іс, 558 887 азаматтық іс, 386 520 əкімшілік құқық бұзушылық туралы, жиыны 992 873 іс қаралып, осы істердің ішінен 85 060 (8,6 %) іс бойынша шағымдар мен наразылықтар келтірілген. Істерді қарау нəтижесінде небəрі 11 332 іс бойынша сот қаулылары күштерін жойған немесе өзгертілген, яғни бұл көрсеткіш 1,4 пайызға тең болған екен. Сонымен қатар, соңғы жылдары сот жүйесі мен судьялардың қызметтері туралы мəселелер қоғамда, баспасөз беттерінде жиі талқыланып, кейбір жағдайларда орынды-орынсыз сындар айтылып, теріс пікірлер естіліп жатқанын да білеміз. Мұндай «қызығушылықтардың» басты себебі судьялар атқаратын қызметтің маңыздылығында деп түсіну қажет, яғни мемлекеттік билікті сот төрелігі арқылы жүзеге асыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу туралы шешімдер қабылдау, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің заңдылығын анықтау сияқты жоғары жауапкершілікті талап ететін мəселелерді шешу судьялардың өкілеттіктеріне берілген», дейді Жоғарғы Сот Төрағасы ойын сабақтап. Бұған біз де қосыламыз. Өйткені, Жолдаудан туындаған міндеттерге сай сот-құқықтық реформаның болашақтағы басты даму бағыттарының бірі – судья кадрларын дайындау, іріктеу жəне таңдау. Қазіргі уақытта отандық сот жүйесінде терең теориялық білімдерін жұмыс тəжірибесімен ұштастырып жүрген, саяси сауаттылықтары мен көзқарастары жоғары, өз ісіне адал, білікті мамандар қызмет атқарады деп нық сеніммен айта аламыз. Ал осы орайда судьялар қауымдастығының қайнар көзі, алтын бастауы билер соты деп бағалаған жөн. Даланың данагөй данышпандары Төле би, Қазыбек би, Əйтеке би, тіпті, олардан да бұрын өмір сүрген біздің даңқты бабаларымыз қазақ қоғамының, қазақ мемлекеттігінің дамуына бағасы жоқ үлестер қосып, ал рулар мен тайпалардың арасында қалыптасқан дауларды шешудің қайталанбас жолдарын көрсетіп, үлгілерін танытты. Осылайша дүние өзгеріп, қаншама ғасырлар артта қалса да адал сөз

бен əділ биліктің жаңғырығы біздің жаңа дəуірімізде де əлі естіліп тұр. Ендеше, өздерінің өмір жолдарын сот жүйесімен байланыстырып, судьялық қызметті таңдап алған əрбір азамат жаңа заманның əділ биі аталу үшін аталған ұлттық құндылықтарымыздан сусындап, тиісті қорытынды жасағаны жөн. «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деп алға ұмтылып, межелі мақсат пен асыл мұратқа жетуді көздеген азамат судьялық қызметті абыроймен атқаруы тиіс. Бұл орайда Қ.Мəми: «Шындығы сол, судья болу үлкен жауапкершілікті, табандылықты, имандылықты талап етеді. Мемлекеттің мүддесіне, халықтың тағдырына немқұрайлылықпен қарауға болмайды. Сондықтан да «Судьялық ету – əрі сынақ, əрі қасірет. Судья болған адам басын бəйгеге тігеді. Судьялық етуден босау қиын, бірақ осы тірліктен бірден-ақ бас тартқан лəзім...», деп кезінде белгілі араб ойшылы Мұхаммед əл Хушани текке айтпаған ғой. Осы пікірді келтіре отырып, біз, əр дəуірде, əр ғасырда, əр елде судья қызметіне деген қоғамдық қызығушылықтың жоғары болғанына, судья қызметіне үлкен мəн-мағына берілгеніне көз жеткіземіз», дейді. Сот төрелігін жүзеге асырудың жəне сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі – ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Бұл жағынан алғанда да қазақстандық сот жүйесі ТМД елдерінің арасында алғашқы болып, яғни сонау 1999 жылы ақпараттық технологияларды енгізуді бастап кетті. Осы тəжірибенің негізінде 2004 жылы барлық соттарды біртұтас автоматтандырылған сот өндірісі жүйесін құру туралы тұжырымдама жасалды. Ал 2007 жылы еліміз дің барлық соттарына Біртұтас авто маттандырылған ақпараттықсараптамалық жүйені енгізу толықтай аяқталды. Осы жүйенің арқасында істердің сотқа түскенде автоматты түрде бөлінуі, əкімдіктер ұсынылған тізімдерден алқа билердің кездейсоқ тізімін жасау секілді міндеттер шешімін тапты. Ал 2008 жылдан кейін сот жүйесінің ведомстволық желісі сот статистикасын қалыптастыруға, электронды құжат айналы мы на көшті. Қазіргі күні ол қызмет аясын одан əрі кеңейтіп, процесс кезінде бейнеконференция байланысы мүмкіндігін пайдалану жəне аудиобейне түсіруді көздейтін электронды сот өндірісі енгізілуде. Нақты айтқан да, қағазбастылықтан құтылып, сот өндірісінің жеделдігін арттыру мақсатында сот өндірісіне қатысушыларды құлаққағыс қылатын балама (электронды) пішімдер қолданылуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауына сай электронды сот өндірісінің жаңа деңгейлі үрдістерін қалыптастыру үшін кешенді шаралар қабылдануда. Жалпы еліміздің сот жүйесінің мақсаттары мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілгендей, мемлекеттік биліктің дербес саласы ретінде қоғамда болып жатқан барлық жаңа бастамалар мен өзгерістерге, ілгерілеуге, елдің дамуына құқықтық қолдау көрсету деп пайымдау қажет. Ал отандық сот өндірісін дамытудың басты бағыттары Құқықтық саясаттың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында да айқын көрсетілген. Демек, сот жүйесін əрі қарай дамыту барысында ғылым мен техниканың ең үздік жетістіктерін, яғни ақпараттық технологияны пайдалану қажет. Елбасы «Мəңгілік Ел» идеясын таңдағанда, ең алдымен, қаһарман халқының жасампаздығына, ержүректілігіне, еңбек сүйгіштігіне, бірлігіне, бəрінен бұрын əділдігі мен адалдығына сенім артқаны сөзсіз. Бұл қатардан соттардың да табылатындығы анық деп білеміз. «Мəңгілік Ел» болу ошағының отын сөндірмеуге, ұрпақ тəрбиелеуге, Отанды сүюге, салт-дəстүрлерімізді, əдет-ғұрыптарымызды дəріптеуге, қоғамның заңдары мен ережелерін сақтауға шақыра ды. Қазақстан халқы деп аталатын алып күштің құрамдас бөлігі, белгілі бір бөлшегі – біздер, судьялар қауымдастығы болып табыламыз. Біздің адал еңбегіміз қоғамға өте қажет, біздің еңбегіміздің нəти жесі болашақ жаңғыруымыздың, кемелденуіміздің кепілі. Заң талаптары сақталған жерде тəртіп болады, ал тəртіп болған жерде еңбектің жемісі мол болады. «Мəңгілік Ел» – бүкіл қазақстандықтарға ортақ ұлттық идея. Аталған идея – бізді болашағымыздың жарқын жеңістері мен толағай табыстарына жол ашатын жарық жұлдызымыз», дейді Қайрат Əбдіразақұлы. Біз де бұл айтылғандарға толықтай қосыламыз. Өткен жылдар ішінде біртіндеп жəне мақсатты түрде соттарды материал ды-техникалық қамтамасыз ету жүргізілді. Бірнеше құрылыс салынып, күрделі жөндеуден өткізіліп жəне соттарға арналып 153 ғимарат алынды. Сот отырыстары өткізілетін залдардың көбі қайта жарақтандырылып, техникамен қамтамасыз етілді. Сөйтіп, судьялардың əлеуметтікқұқықтық мəртебесі жəне сот жүйесінің қаржы-экономикалық негізі де нығая түсті. Осылайша бүгінгі таңда судьялардың конституциялық міндеттерін тиімді атқаруы үшін сот төрелігін жүзеге асыруда барлық жағдай жасалған деп айтуға толықтай негіз бар. Ендеше, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын, арманы ақиқатқа айналған Қазақ елінің Мəңгілік Ел болуына ақ жол ашылсын деп тілейік. Халқымыздың осы ұлы арманы, асыл мұраты орындалды. Орындала да береді.


 Көзқарас

 Сақтансаң – сақтайды

Діни тїсіністік

Егер тұтастай адамзат баласының даму мəдениетін алып қарасақ, таптаза, тек бір халыққа ғана немесе тек бір ұлтқа ғана тəн деген мəдениет үлгісін таппайсыз. Өйткені, адам баласының бір-бірімен ұғынысуы үшін тіл пайда болғаннан бері мəдениеттер бірі арқылы бірі байып, өзіндік ділге, өмір сүрген ортаға бейімделіп, сол атыраптағы халықпен бірге дамып отырған. Мəселен, бір өркениеттің идеясы мен онда пайда болған игілікті жаңалық ерте ме, кеш пе, өзгесіне жетіп байып отыруының мысалына кітап басып шығару ісін жатқызуға болады. Кітап шығару VIII ғасырда Қытайда дүниеге келсе, ал кітап басатын қозғалмалы литері бар машина осы елде ХІ ғасырда пайда болған, ал олардың Еуропаға жетуіне бақандай үш ғасыр уақыт кеткен. Қытайда ІІ ғасырда қағаз жасау қолға алынса, оны Қытайдан əлемге алып таратқан жапон жұртына қағаз араға бес ғасыр салып барып жеткен. Түрі мен түсін, тілі мен ділін түрлі еткенімен, түбірі бір Адам баласы ұзын-сонар тарих көшінде толқынтолқын талай тарихи үдерісті басынан кешірген. Ықылым замандардан бері ол үдерістердің жылдамдығы да адам дамуына тəуелді болып келді. Осы бір-біріне деген тəуелділіктің ар қа сында таразы басы тең түсіп жүр ген мəдениеттер дамуы соңғы жүзжылдықта өзгеше кейіпке енді. Адам айтса нанғысыз жылдамдықпен өрістей түскен өркениеттер арасындағы

ел дамуыныѕ ізгілікті ќадамдарына жол ашатын жəне ішкі-сыртќы тўраќтылыќты ќамтамасыз ететін маѕызды сипатќа ие болып отыр

Мультимəдениет жəне біздіѕ ќоєам Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

араласу мейлінше қоюланып, енді табиғи тепе-теңдіктің бұзылуынан əлемде «өркениеттер қақтығысы» деген жаңа терминнің пайда болуына алып келді. Алғаш рет осы терминді қолданған Сэмюэл Хантингтон «қырғи-қабақ соғыстан» кейінгі əлемде мəдениеттің өзін бір жағынан біріктіруші, бір жағынан айырмашылықтар арқылы бөлінуге итермелейтін күш деп, идеология арқылы бөлінген бір халық ортақ мəдениеттері арқылы күндердің күнінде бірігеді, я болмаса бірігуге ұмтылады (бұл жерде ол екі Германия мен екі Корея мемлекеттерін мысал етеді), ортақ мəдениеті болмаған, бірақ идеология күшімен біріккен мемлекеттер одағы бəрібір ыдырайды (Кеңестер Одағы), ал рухани жəне мəдени ортақ құндылықтары, ұқсастықтары бар елдер бір-бірімен саяси, экономикалық одақтарға бірігеді дейді. Сондай-ақ, халықаралық ұйымның өзі, егер араларындағы ұқсастықтары көбірек болса, онда, мəселен, Еуропа Одағы секілді жемісті жұмыс атқарады дей келе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 45 жыл бойына Еуропаны қақ бөлген жүйе жойылғалы екі араны бөлген сызық Шығысқа қарай жылжып, енді ол Батыс христиандарын, православиеліктер мен мұсылмандардан бөліп жатыр деп жазады. Əлемдегі өркениеттерді 7-ге бөліп, Син (Қытай), Жапон, Үнді, Ислам (мұның ішінде бірнеше субөркениет бар, олар – араб, малай, түркі, парсы), Православие, Батыс, Латын Америкасы өркениеттері деп классификациялаған Сэмюэл Хантингтон осылардың арасында философиялық көзқарастары, басты құндылықтары, салт-дəстүрлері мен өмірге деген ұстанымдары мен көзқарастарының бір-бірінен айтарлықтай дəрежеде өзгешеліктері бар екендігін, ал діннің өрістеуінің нəтижесінде олардың арасындағы айырмашылықтар тереңдей түседі деген болжам айтып, өркениеттер арасында болатын қақтығыстардың ықтималдығын жақындата түседі. Енді бір ойшыл Фетхуллах Гюлен өркениеттер арасындағы үнқатысудың маңызына жете мəн береді. Ол мұсылмандар мен христиан əлемінің 14 ғасырға жуық бір-бірімен қайшыласып келгенін, Батыстың исламның өздеріне баса-көктеп кіргенін ұмытпағанын, ал осы екі дүниенің бір-біріне қарамақарсы тұруының ешкімге жақсылық əкелмейтінін, қайта екеуінің де бір-біріне құрметпен қарауының тек өздеріне ғана емес, əлемге пайдалы болатынын алға тартады. Əрине, тарихи тұрғыдан, мəдени даму жолынан, ділі мен дүнияуи, өмірлік көзқарастар мен философиялық ұғымдық жағынан өркениеттер арасында айырма бар екені анық. Бірақ Жер шарының жаһандық өлшеммен алғанда жəй ғана бір тозаң екенін ойлағанда, жоғарыдағы түрлі əлемнің адамзат баласы деген ортақ бір атауға сыйып кететіні де рас. Мейлі өркениеттер саны 7-8, тіпті, 9 болсын (ол жайында түрлі пікір білдірушілер бар), дегенмен де, ақпараттар ағыны жаһандық жылдамдықпен алмасып, технологиялар экспансиясы билік құрған заманда өркениеттер арасындағы байланыстар қаласақ та, қалмасақ та жүре бермек жəне ол өз дегеніне бағындырмай қоймақ емес. Мəселе, соған дайын болуда. Өркениеттер үнқатысуының

7

www.egemen.kz

26 наурыз 2014 жыл

нəтижелі болуы сол үдерісте əр ұлт пен этностың өз келбетін, бейнесін сақтап, əлемдік өркениетті байыта түсуінде. Əрине, əр ұлттың өз бет-бейнесін сақтауында тілдің атқарар рөлі ұшантеңіз. Оны ештеңемен салыстыруға да келмейді. Жаратушының қалауымен біздің еліміз сан өркениеттің тоғысқан тұсында, Батыстың да, Шығыстың да, ислам өркениетінің де бір-бірімен түйісетін жерінде орналасыпты. Содан да болар, қазақ даласында алғаш қолға үй ре тілген жылқының, атқа жеңіл отыруға мүмкіндік беретін үзеңгінің, арба дөңгелегінің ойлап табылуы қай өркениетке де тез жетіп, олардың қай-қайсының да дамуына өлшеусіз үлесін қосты. Түркі тілінің ықпалы өзге өркениеттерге қалай əсерін тигізсе, олардың ата тілді түрлендіруге өз əсерінің болғаны анық. Біздің пайымдауымызша, өркениеттер қақтығысы деген терминнің тууына, əрине, белгілі бір дəрежеде негіз бар деп есептегенмен, дəл біздің халқымыздың тарихи танымы мен өмірге көзқарастары, маңайындағылардың өзгешелігіне құрметпен қарауын ықылымнан қанына сіңіріп өсіруі қақтығыстан гөрі, өркениеттер арасындағы қарым-қатынастардың үнқатысу арқылы берекелі тірлікке бастайтынын аңғартады. Алысқа бармай-ақ, мысалды қазіргі заманғы жаңа тарихымыздан да алуға болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астанада өтіп жүрген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері соның айғағы. *** Мультимəдениет идеясы – Еуропа туындысы. Канада мен АҚШ-та мультимəдениет өзінің жемісті жолын жалғастыруда деп келген, кəрі құрлықта да осы идея құнарлы топыраққа түсіп, бітік өнім береді деген Батыс қазір одан айнып қалғандай. Еуропаның ірі қалаларына жұмыс іздеп, жайлы орын таппақ ниеттегі шетелдіктердің шоғырланып бір жерге орналасуы олар үшін алыста жатқан тарихи отанмен байланыстай көрінді. Себебі, сол ортада ол өзінің туған тілінде сөйлеуіне, мəдениеті мен салт-дəстүрлерін сақтап қалуына мүмкіндік бар еді. Тіпті, Еуропаның ішінде тұрып-ақ қаланың өзге аудандарымен араласпай-ақ тіршілік етуге, сол жерде түрлі қызметтер атқаруға болатындай жағдай туды. Батыс мұндай қалыпты мультимəдениет деп, яғни өзгешелікті ортада өз бейнесін сақтап қалуға қолайлы жағдай туғыздық деп оны артықшылыққа балады. Оларға арнайы əлеуметтік қолдаулар көрсетіліп, оқу оқуда, жұмысқа тұру мен еңбек нарығын реттеуде тиісті заңнамалар қабылданып, азаматтықты қабылдауда, жаңа ортаға бейімделуде көмек көрсетілді. Мультимəдениетті қоғам осылайша еңбек мигранттарына Еуропа есігін айқара ашты. Ал еуропалықтар өркениеті, əсіресе, соңғы 50 жыл ішінде бала туу азайған, жастары тұрмыс құруға асықпайтын, тіпті, бір жынысты некені қолдап заң шығарған қоғамға айналды. Шеттен келген мигранттар үшін бала туу, үйлену, отбасын құру олардың діліндегі қандарына сіңген қасиет. Енді екі ортада «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей, Еуропа күтпеген проблема бой көрсетті. Ол ассимиляцияға ұшырамай, өздері өмір сүріп жатқан əлеуметтік-мəдени ортаға сіңірілуді қаламайтын əлеуметтік қоғамның

пайда болуы еді. Ассимиляция жүзеге аспайтын болғандықтан, енді бір сəт олар «ассимиляциясыз интеграциялану» деген ойды алға сүйреген. Сөйтіп, Еуропада 1980-жылдардың алғашқы жартысында, 90-жылдардың басында «мəдени өзгешелікті құрметтеу», «өз ұлттық келбетіңді сақтау құқы» сынды терминдер алға шықты. Алайда, соңғы жылдары тек саясаттанушы, əлеуметтанушы ғалымдар емес, мемлекет басшылары осы идеялардың жүзеге аспағанын мойындап, оны биік мінберлерден жалпы жұртқа жариялай бастады. 1992 жылы Гельмут Шмидт: «Германиядан да, Франциядан да, Ұлыбританиядан да мигранттар қабылдай беретін елдер жасауға болмайды. Біздің қоғам оны көтере алмайды. Олар онда деградацияға ұшырайды. Не нəрсенің де шегі бар. Мультимəдениеттік орта этикалық тұрғыдан дұрыс-ақ көрінер, алай да іс жүзінде, демократиялық қоғамда, əрбір азамат өз дегенімен жүретін қоғамда, оны іске асыруға болмайды», десе, 2010 жылы Ангела Мер кель мультимəдениетті қоғам құру идеясының толықтай күйрегенін айта келе, иммигранттардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамға интеграциялануы керектігін, Германия мəдениеті мен оның құндылықтарын қабылдауы қажеттігін баса айтты. Осы ойды қолдайтынын 2011 жылы Мюнхенде Дэвид Кэмерон жеткізсе, Николя Саркози де өз əріптестерін то лық қолдап: «Иə, мультимəдениет идеясы сəтсіз болып шықты. Біз келген им мигранттардың өз келбетін сақтауына мəн беріп, қабылдаушы жұрттың келбетіне нұқсан келуіне мəн бермеппіз. Егер сіз Францияға келіп, оның ұлттық қауымдастығының ішіне енуді қолайлы көрмесеңіз, онда сізді мұнда ешкім де керек етпейді. Біз мультимəдениет идеясын қолдағанда барлығымыз бейбіт қатар өмір сүреміз, бір-бірімізге құрметпен қараймыз деген едік. Алайда, бұл мүлдем жүзеге аспады», деп осы мəселеге қатысты ойын сұраған журналистерге жауап берген болатын. Осы тəріздес пікірлерді Нидерланд, Норвегия, Бельгия елдерінің көшбасшылары да жеткізді. Батыс Еуропа мемлекеттері ішінде мультимəдениеттің жемісті жұмыс істеп жатқан елі – Швейцария. Бірақ ол бірнеше ғасыр бойына бір-бірімен қоян-қолтық араласып жатқан, негізінен еуропалық түрлі мəдениеттер мен өркениет тоқайласқан ортада жүруде. Осы Швейцарияның өзінде исламға келгенде, атап айтқанда, хиджаб киюге рұқсат етілмейтіні жайында заңдар қабылданды. Қазіргі күні Батыс Еуропа елдерінде «азаматтық интеграция» мəселесі жиі көтерілуде. Бұрынғы мəдени көптектілік турасындағы əңгіме бағыты ысырылып қалды. Дегенмен, оның Ұлттық азшылықтарды қорғау жөніндегі Еуро па конвенциясына қайшы келіп жатқанымен, əзірге ешкімнің ісі де жоқ тəрізді. Кім білген, бір кезде конвенцияны алға тартып, азшылықтардың өз құқықтарын қорғаймыз деп көшеге шығып, оның үлкен қозғалысқа айналып кетуі де əбден мүмкін. Себебі, осы қалыппен жүрсе, Еуропада «тазақандылардан» гөрі, «түрлі-түстілердің» саны жағынан үлкен басымдыққа ие болулары тек уақыттың ғана ісі. *** Ежелден сан түрлі мəдениеттер

мен өркениеттер шиырлаған, ғасырлар көшінде солардың біразымен араласса да өз бітімін бүлдірмей, қазақтық рухын ту еткен, қонақжайлығы мен төзімділігі, көнтерілігі мен абыройын қолдан бермеген намыстылығы қатар жүрген халқымыз ХХІ ғасырға көне түркілік мəдениетті, қазақтың қанын алдына ту көтеріп жеткізген. Тарихи тағдыры көршілерімен тоқайласқан тұстар біздің бітімге де өзгерістер əкелді. Тілдік орта шұбарланып, ана тіліміз қала қазағының емес, дала қазағының ғана тілі болып қалған кездер болды. Тəуелсіздік келді, ұлттық намыс оянып, ұлттық мерекелермен бірге, ұлттық сана, ұлттық дəстүр өзгеріске ұшыраған күйімен, бүгінгі заманға лайықталған бітімімен өмір сүріп жатыр. Кем-кетігіміз де, жетістігіміз де бар. Ең бастысы, ұлардай шулап, бітпейтін даудың етегінен ұстап, шаужайына жармасып, жағадан алып, көйлек жыртысқан халқымыз жоқ. Қазақстандық қалып, бір-бірінің мəдениеті мен тіліне құрметпен қарап, қолынан келсе бір-біріне көмектесуге əзір халқымыз бар. Менің телеарнада бірге қызмет атқарған ұлты орыс құрбым бар. Қыз кезінде Алена Шмыглова болатын, қазір Нехорошева. Ол Торғай облысы тарап, өтпелі кезеңнің қиын күндерінде, 1996 жылы Мəскеуге қоныс аударды. Сонда тұрмысқа шықты. Бірақ Аленаның бір бүйрегі туған жеріне, Қазақстанына бұрып тұрады. Жылына əйтеуір бір рет Қазақстанға келіп, аунапқунап, жылқының етін жеп, қымызын ішіп, əн-күйлерін тыңдап, бір жылға жетерлік қуат алдым деп кері қайтады. Былтырдан бері ол Братиславада тұрып жатыр. Өткенде Польшаға іссапарға барғанымда арнайы іздеп келіп, елдің жаңалығын, көзкөргендерді сұрап, барлығына дұғай-дұғай сəлемімді жеткіз деп қалды. Қалтафонына қоңырау түскенде ойнайтын сазы да қазақ əні. «Мұзарт» орындауындағы Алтынбек Қоразбаевтың Серікбай Оспановтың сөзіне жазылған «Сағындым Алматым-ды» əні. – Мен бұларға қазақша үйретіп жатырмын, мына əн ұнап, менен сұрап өздерінің телефонына жаздырап алған көршілерім де бар, алғашында олардың кейбіреуі қазақтар дегенді естімегендерін айтқан, қазір біліп жатыр. Наурызды қалай қарсы алатынымызды, қыз ұзату, құдалық атқару, тұсау кесу сынды ғұрыптарды айтып беріп едім, қандай мəдениетті халық дейді. Олар біздің етті жеп көрген жоқ қой, Қазақстан туристік бағыттарды ашқанда салт-дəстүрлер мен ғұрыптарды, əн-күйлер мен ұлттық тағамдарды ұмытпасыншы. Сол арқылы еуропалықтар да, басқа жұрт та қазақтың қандай жоғары мəдениеті бар екенін біледі. Анар, сен осыны жазуды ұмытпа, жалпы, еуропалықтар қазақтардан көп нəрсені үйренуі тиіс,–дейді Алена. Мен оған: «Алена, сен де айта жүр, Қазақстанда мультимəдениет деген ұғым жоқ, есесіне Қазақстан халқы Ассамблеясын, оның конституциялық құқығы барлығын, Ассамблеядан Парламентке депутаттар сайланатынын, көршің тек өз ұлтыңнан болсын деген ұғымның Қазақстанда мүлде жоқтығын да айта жүр»,– деп жатырмын. Сөз жоқ, Қазақстанда туып, мемлекет құраушы ұлт өкілдерімен қоян-қолтық араласып, сыйласып өмір кешіп жүрген əрбір өзге түсті қазақстандық бойын осындай ілтипатты, ыстық сезімдер билейді. Бір-бірінің мəдениетіне құрметпен қарап, ортақ Отандарының өсіп-өркендеуіне, балаларының бақытты, баянды өмір сүруіне мүдделі. Сол сезіммен мемлекеттік тілді де үйреніп, ұлттық мəдениетке де, салт-дəстүр мен тұрмысына кірігіп кеткен, діліне енген қазақстандық ғұрыппен өмір кешуде. Ассимиляцияланған жоқ, бет-бейнесін сақтап, өз үнімен, бірақ туған жеріне, туған еліне деген жылы сезімімен, махаббатымен тыныстайды. Тек осы қалып ұзағынан сүйіндірсін дейік.

Бүгінгідей күрделі жаһандық бəсекелестік жағдайында өзара ынтымақтастықтың, бейбіт қатар өмір сүрудің қадір-қасиетін бағалай білу дің, тарихи, дəстүрлі құндылықтарымызды өскелең ұрпақ бойына ұялата білудің мəні зор. Күдік пен үмітке толы жаһандық өзгерістер уақытында адамзаттың ақылойы ортақ үйіміз – Жер шарының тұтастығын, оны мекендеген халықтардың амандығын сəт сайын тілеулі. Олай дейтініміз, тұтас елдер мен аймақтарда қақтығыстар көбейіп, оның арты бір-біріне қару кезенген қанды соғыстарға жалғасып, геосаяси жағдай ушығып тұр. Бұған қашан аяқталары белгісіз экономикалық дағдарыстарды қоссақ, қордалы мəселелердің қатары қалың көрінері рас. Осындайда бейбітшілік пен келісім идеяларының, жаһандық конфессияаралық үнқатысу алаңдарының маңыздылығы мен өзектілігі тіпті арта түседі. Ашу-ызаны сабырға, өрекпіген көңілді ақылға жеңдіргенде ғана өзара түсіністік, тағаттылық салтанат құрып, адамгершілік нормасымен еш сыйыспайтын көлеңкелі əрекеттерге тыйым салынары анық. Жұртшылықты дін атын жамылып, дүрбелеңге салып жүрген, осылайша тұрақ тылығымызға үлкен қатер төндіріп отырған лаңкестердің іс-əрекеттері де алаңдатпай қоймайды. Олардың адамның аза бойын қаза қылатын қанқұйлы қаскөйліктері жайлы ондаған мысалдар тізбелеуге болады. Сомалидегі он екіде бір гүлі ашылмаған балғындарды қырып салған қанды оқиғаны еске алсақ та жеткілікті. Шынайы дінмен үш қайнасы сорпасы қосылмайтын мұндай радикалды топтар діндер мен адамдар арасына жік салатын қауіпті элементтерге айналып, өрісін кең жайып келе жатқаны жасырын емес. Өздерінің ұстанған теріс бағыттары мен көзқарастары үшін неден болса да тайынбайтын содырлар қимылына қарсы бірлесіп күресу тəжірибесін Қазақстан үлгі ретінде үнемі көрсетіп келеді. Елбасы дəстүрлі Жолдауында ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың біріне еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жəне бүкілəлемдік өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу талабын атап көрсетті. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі қайта жаңару үрдістері, терең демократиялық реформалар діни құрылымды да айналып өткен жоқ. Сан, сапа жағынан өзгерді. Негізгі сипатын, түп-тамырын жоғалтпаған күйі қоғамымыздың ажырамас бөлігіне, жамағаттың рухани тірегіне, имани сеніміне айналды. Осыған орай қазақстандықтар арасында терең діни түсіністік ахуалы қалыптасты. Діни институттар, құрылымдар, конфессиялар құрылып, жергілікті жерлерде дінге деген ынта-ықылас арта түсті. Діни бірлестіктердің жұртшылық алдындағы абырой-беделі, қоғамдық өмірдің түрлі тараптарына ықпалы айтарлықтай өсті, заңдық мəртебесі нығайды. Төзімділік, жүргізіліп жатқан саясаттың ізгі сипатына сену, азаматтық келісім мен дінаралық татулықты насихаттау қашанда олардың басты мұраты болып қала береді. Қоғамымызда этносаралық жəне дінаралық келісімді қамтамасыз ету оның тұрақтылығы мен тиімді қарекетінің міндетті шарты болып табылатынын жəне мемлекеттің өте маңызды басымдықты саласына жататынын ескерсек, Қазақстанның татулықтың, мəдениеттің жəне діннің жаһандық үнқатысу алаңына айналғаны алдымен үлгі етілері сөзсіз. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы съездері – соның айқын мысалы. Президенттің сындарлы саясатының арқасында өзара түсіністіктің, төзімділіктің жəне келісімнің негізінде ұлтаралық, конфессияаралық топтасудың берік негізі қаланды. Елімізде адамның өзінің діни ұғымына сəйкес өмір сүру бостандығы мен құқығы қатаң сақталады. Дін саласындағы қарым-қатынастар арнайы заңмен реттеледі. Нақтылы саяси жұмыста көпұлтты, көпконфессиялы құрамы бар зайырлы демократиялық мемлекет ретінде қандай да бір дінге басымдық беруге болмайтын тұжырым басшылыққа алынады. Қызылжар өңіріндегі діни бірлестіктер арасында да сенімді қарым-қатынас орнаған. Олардың жетекшілері мен өкілдері облыс əкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің, облыстық Ассамблеяның мəжілістеріне, басқа да қоғамдық-саяси шараларға жүйелі қатысып, өз ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп отырады. Облыс аумағында 132 діни бірлестік жəне олардың филиалдары жұмыс істейді. 64 исламдық, 31 православиелік, 11 католиктік, 26 протестанттық ұйым бар. 65 мешіт, 27 православиелік шіркеу, 44 католиктер шіркеуі, 29 протестанттық мінəжат үйі орналасқан. Дін мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас «Діни қызмет жəне діни бірлес тіктер туралы» Заңда айқын көрініс тапқан. Қолданыстағы заңнама бойынша Қазақстандағы конфессияаралық кеңістік құрамы айтарлықтай жетілдіріліп, теріс пиғылды діни ағымдардың іс-əрекетіне батыл тосқауыл қойылды. Ерекше атап өтерлігі, ел аумағындағы шетелдік миссионерлердің қызметіне барынша назар

аударылып, бірқатар шектеулер белгіленді. Біз былтыр жақын жəне алыс шетелдерден 50-ге жуық миссионерді тіркеуге алдық. Олардың басым бөлігі рим-католик шіркеулерінің өкілдері болып табылады. Бұрындары кей шетелдік азаматтар миссионерлік қызметті тіркеуді күтпей-ақ жалғастырса, енді жыл сайын қайта тіркеуден өтуге міндетті. Тиісті құжаттарды толық күйінде тапсыра алмағандардың өтініштерін кері қайтаруға тура келді. Сол сияқты миссионерлердің діни мазмұндағы материалдарды жəне діни мақсаттағы заттарды пайдалануына сараптама жасау құқығы берілгеннен кейін жат ағымдарды тарататын, насихаттайтын əдебиеттер мен басқа да ақпараттардың күрт азайғаны байқалады. Кейбіреулердің қайырымдылық ұйымдарын ашу, болмаса олардың атын жамылу арқылы оң мен солын айыра қоймаған аңқау жастарымызды секталарға, теріс діни ұйымдарға тартумен айналысатыны жасырын емес. Олардың да жолдары кесіліп, жат ағымдарға ермеу жолдары үзбей сақтандырылады. Облыс аумағында жұмыс істеп жатқан діни ұйымдар мен миссионерлердің қызметі тұрақты бақылауда. Қазақстан Республикасының діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылық сирек болса да кездеспей қалмайды. Ондайларға заң аясында тиісті жазалар қолданылады. Былтыр құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 35 діни ұйымдардың істерін əкімшілік сотқа жолдауға тура келді. Оларға діни бірлестіктер құру, мемлекеттік тіркеу талаптарын орындамау тəн. Араларында діни кітаптарды заңсыз таратушылар да жоқ емес. Мұндай оқиғалар Петропавл қаласында, Айыртау, Шал ақын аудандарында орын алды. Петропавл, Мамлют қалаларында «Иеһово куəгерлерінің» миссионерлік қызметпен заңсыз айналысқаны анықталды. Діни бірлестіктер мен ұйымдарға биік талап қойылып отырғандықтан, олардың жауапкершілігін арттыру–біздің басты міндетіміз. Заң бұзылған жағдайда түрлі бұра тартулар мен берекесіздіктер орын алып, адамдар мен қоғамның тыныштығын кетіретіні айтпаса да түсінікті. Өкініштісі сол, «Иеһово куəгерлері», «Благодать», «Табиғи жамағат» сияқты діни ұйымдар қоғам мен мемлекет мүддесіне зиян келтіретін заңға қайшы əрекеттерге жиі барады.Ел ішіне іріткі салмақ болған 7 адам əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз миссионерлікпен айналысудың 21 оқиғасы əшкереленді. Экстремистік жəне лаңкестік бағыттағы іс-əрекеттерге барған 20 адам өңірдегі түзеу мекемелерінде жазаларын өтеуде. Олардың 14-і экстремистік жəне лаңкестік қылмыс жасаған. Діни экстремизмнің, теріс ағымдардың алдын алуда дəстүрге айналған іс-шараларды белсенділікпен қолданып келеміз. Солардың біріне ақпараттық-насихат топтарының ауқымды жұмыстар атқарып отырғанын айтуға болады. Облыс аумағында жұмыс істейтін 13 ақпараттық-насихаттық топтар құрамына діни сауатты, білімді, көзқарасы айқын адамдар енген. Олардың белсене қатысуымен семинарлар, конференциялар, ашық əңгімелер жүйелі өткізіледі. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру өңірлік орталығы тарапынан арнайы курстар ұйымдастырылады. Имамдардың діни сауаттылығын арттыру тұрғындарды ұшқары идеологиядан сақтандырудың бір бағыты болып табылады. Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, қалалық жəне аудандық мешіттердің имамдарының білімін арттыру курсы ұйымдастырылды. 18 имам мен наиб-имам сертификат алды. Курстарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, “Нұр Мүбəрак” университетінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті университеттің оқытушылары, мемлекеттік қызметшілер дəріс оқыды. “Дін жəне патриотизм” тақырыбындағы республикалық ғылыми-тəжірибелік конференция ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруда маңызды рөл атқарды. Оған аудан əкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жергілікті мемлекеттік органдардың жетекшілері, “Дінтану негіздері” пəнінің мұғалімдері, жергілікті діни бірлестіктердің жетекшілері жиналып, пайдалы тағылым алды. “Ислам жəне дəстүр” деген тақырыпта өткізілген конференция дінаралық келісімді нығайту, діни төзбеушілік көріністеріне қарсы əрекет жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мəселелерін сөз етті. Басқарманың жанынан құрылған дін мəселелерін үйрену жөніндегі орталық атқаратын шаралар аясы кең. Тұтастай алғанда, басқарма мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара ісқимыл тəсілдерін жетілдіруді, дінаралық келісімді нығайтуды жəне діни экстремизмнің алдын алуды діттейтін кешенді жұмыстарды жалғастыра беретін болады. Мұратбек ЗЕЙНУЛЛИН, Солтүстік Қазақстан облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы.

ПЕТРОПАВЛ.


8

www.egemen.kz

 Еркін елдің ертеңі

26 наурыз 2014 жыл

Балдəурен

 Айбын

Теѕізде жїзудіѕ де тəртібі бар

Телегей теңіздің кез келген жерін алып кемелермен тіліп, баратын жеріме аман-сау жетсем болды деген оймен ойқастай беруге болмайды. Бұл – теңіздің тыныштығы мен кемедегілердің қауіпсіздігі үшін қажетті жағдай. Ақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштері басшылығының ұйымдастыруымен өткен конференцияға осы мəселе өзек болды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Ќазаќстандыќ «NOMAD» велосипеді Швейцария дїкендерінде сатылады Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Өз елімізде өндірілген өнімдер өзге елдердің тауарларымен иық тірестіре сатылып, саудасы жүріп тұрса дейтін игі мақсат бірден орындалмаса да, біртіндеп жүзеге асатыны анық. Қазірдің өзінде қазақтың макароны мен қамыры, кəмпиттері Ресей мен Қытай сөрелерінен табылуда. Сол сияқты алдағы күндері Қазақстанда өндірілетін велосипедтер Швейцарияның нарығында сатылымға түсетін болады. Бұл туралы осы келісімге ұйытқы болған «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар ұлттық агенттігі қуана мəлімдеп отыр. Отандық «NOMAD» бренді бар алматылық «MERIDA-KZ» компаниясы қос дөңгелекті көліктердің сынамалық партия сын Санлежье қаласына аттандырды. Нəтижесінде «KAZNEX INVEST» қолдауымен аталмыш кəсіпорын «VELO-PASSION SARL» мамандандырылған велодүкені арқылы «NOMAD» велосипедтерін сатуды Швейцария аумағында ілгерілету жəне дамыту туралы келісімге қол жеткізді.

Еуропалық тарап өнімнің алдын-ала техникалық тексерістердің нəтижелері бойынша «NOMAD» велосипедтері артықшылығы мен құрастыру сапасы тұрғысынан еуропалық нарықтың талаптарына сəйкес екендігін растады.

«Неге Швейцария? Бұл елдің халқы 7,7 миллион адамды құрайды, сонымен қатар, велосипедпен жүрушілер саны 4 миллионға жетеді! Бұл – велосипедтер елі, бұл – саламатты өмір салты. 1998 жылы Швейцарияда ұлттық велосипедтік бағыттар

бесікті ќатар тербеткен ана Кентау қаласының тұрғыны Гүлжаһан Керімбайқызы тастанды сəбилерді тəрбиелеп өсір ген ардақты ана. Ел тəуелсіздігін алған алғашқы жылдары отағасы Ысқақ Тұрғанбайұлы «АрНұр» атты отбасылық балалар үйін ашқан. Ақсақалдың қолға алған игілікті ісін зайыбы Гүлжаһан да қолдап, қуаттаған. Сол кезде отбасылық үлгідегі балалар үйі 13 тастанды сəбиді қабылдапты. Олардың 8-і бесіктегі құндақтаулы бүлдіршіндер болса, қалғандарының жасы əлі бірге толмаған періштелер екен. Кейіннен 2 бала туған аналарымен қайта қауышады. Ал 7 сəбиді бала иісін аңсаған өзге отбасылар бауырына басқан. Қалған 4-уі қазіргі кезде Жұмашевтар əулетінің

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Маңғыстау облысы.

АЛМАТЫ.

 Толғауы тоқсан тіршілік

8

желісі түріндегі «Veloland Schweiz» жобасы басталған. Кейбір қалаларда қос дөңгелекті көлікті кепілзат беріп, тегін жалдауға болатын бағдарлама жұмыс істейді. Сондықтан біз үшін, өндіруші ретінде, Швейцарияның нарығына шығу

өнімнің сапа деңгейін көрсету үшін жəне сатылымның жаңа деңгейіне шығу үшін өте жақсы мүмкіндік болып табылады», – дейді «MERIDA-KZ» директоры Марат Ақынғазиев. Велосипедтерді шығаратын Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз қазақстандық өндіруші үшін бұл – экспортқа шығудың алғашқы қадамдары болып табылады. «KAZNEX INVEST» қолдауымен таяу шетелдер, Ресейдің, Тəжікстанның жəне Ауғанстанның нарықтарын игеру алдағы жоспарда тұр. «MERIDA-KZ» компаниясы велосипедтер өндірісін 2007 жылы бастаған. Қос дөңгелекті көліктердің балаларға арналған, қалалық модельдерінен бастап МТВ-профи жəне ВМХ деңгейіне дейінгі 28-ден астам модельдерін шығарады. Ал «KAZNEX INVEST» экспорт жəне инвестициялар ұлттық агенттігі ҚР ИЖТМ шешімімен 2010 жылғы 10 сəуірде «KAZNEX» экспортты дамыту жəне ілгерілету корпорациясы негізінде құрылған. Өз қызметін 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ҮИИДБ жүзеге асыру аясында атқарады. Бұл шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету жүйесінің ұлттық операторы, сондай-ақ шетелдік инвесторларды тарту жəне олармен жұмыс бойынша мамандандырылған мемлекеттік компания болып табылады. «KAZNEX INVEST»республикалық бюджеттен қаржыландырылады жəне өз қызметтерін ақысыз негізде көрсетеді.

«Каспий теңізінің қазақстандық аумағында теңізде жүзуді халықаралық ережелерге сай қамтамасыз ету» тақы р ы б ындағы ғылыми-теориялық кон ферен цияға жергілікті əкімдік өкілдері, мұнайлы өңірдегі ірі мұнайгаз компаниялары басшылары мен қызметкерлері, Ақтау гарнизоны əскери бөлімдерінің командирлері қатысты. ҚР ҚК Əскери-теңіз күштері Бас штабы басқармасының штурмандық жəне гидрографикалық қамтамасыз ету жөніндегі флагмандық маманы, 1 рангты капитан А.Лекеровтің құттықтауымен ашылған конференцияда аталмыш қызмет басшысы, 2 рангты капитан К.Малов Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы навигациялық-гидрографикалық ахуалдан хабардар етті. Нарықтық экономикаға байланысты теңіз арқылы тасымалданатын өнімдер санының артқанын айтқан ол бұл жағдайдың теңіз қауіпсіздігіне жете мəн бере түсуге жетелейтінін жеткізді. Су айдынында мүмкіндігінше мұнайдың төгілуіне, кемелер апатына жол бермеу қажет дей келе, кеме шамшырақтарының ескіргендігін, өткен ғасырдың 80-90-жылдары пайдалануға берілген шамшырақ заманауи сапада жаңғыртуды қажет ететіндігін айтты. – Теңіз астында Кеңес Одағы кезінде теңіздегі əскери-жаттығу полигоны болған жəне əскери ату нысанасы ретінде қолданылған кеме қалдықтары сақталған аймақ бар дей келе, кеме капитандарынан, əсіресе, мұнай тасымалдайтын су көліктері басшылығынан осы аймақтардан аулағырақ жүруді сұрады. Өйткені, нысана-кемелердің арасында жүзіп өтуші көліктерге қауіп төндіретін немесе кедергі келтіретін ұзындығы

бірнеше метрге созылатын алып кемелер бар екен. Теңізшілер мен теңізді пайдаланушы компания өкілдері алдында теңізде кемелерге белгі беру үшін қолданылатын заманауи спутниктік қалтқының жұмыстары таныстырылды. Бұл туралы «Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мониторингтің жер серігі жүйесін пайдалана отырып, навигациялық жабдықтарды дамыту» баяндамасында «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының маманы А.Чернышев баяндады. Ал аға лейтенант Р.Қалабаев Қазақстан мүше болып табылатын «Халықаралық теңіз ұйымының» теңізде жүзу ережелері мен талаптарын сақтай отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету төңірегінде баяндап, компаниялардың ұйым талаптарын орындауға міндетті екендіктерін ескертті. Каспийдегі тəртіп пен тазалық кеме үстіндегілер мен теңіз ішін дегі əлем үшін ғана емес, жағалаудағы елдер мен олардың азаматтарының денсаулығы, қоршаған ортаның ырғақты дамуы үшін қажет. Конференцияда қауіпті қайтсек болдырмаймыз, қалай етсек апаттан аман боламыз деген бағыттағы сақтандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы əңгімелер мен ұсыныс-тілектер өрбіді. Кемелердің қауіпсіз жүзуінде алатын метеорологиялық қызметтің орны, маяктар жұмысындағы өзекті мəселелер ортаға с а лын ды, тиісті шешімдер қабылданды. Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары теңіздегі кемелер жүзуінің қауіпсіздігі баршаға ортақ мəселе екендігін, сол себепті жергілікті əкімдіктің оған мүмкіндігінше қолдау көрсететіндігін жеткізді.

 Өнер

мүшелері. Қыздардың алды жоғары оқу орындарының студенттері. Ысқақ Жұмашев көп жылдар бойы денсаулық сақтау саласында еңбек еткен. Шаңырақтың шамын жаққан Гүлжаһан Керімбайқызы да ақ халатты абзал жан. Жайдары жұп дүниеге əкелген 3 ұл, 2 қызды адамгершілігі мол, иманжүзді жандар етіп тəрбиеледі. Бүгінгі күні əрқайсысы еліне адал қызмет етуде. Қазіргі кезде қос қария 22 немеренің маңдайын иіскеп, қызығына тоймауда. Өмірдің ыстық-суығына бірге төзген Ысқақ ата Кентау қаласының құрметті азаматы болса, Гүлжаһан апа «Күміс алқаның» иегері. Əрине, дүниеге келгеніне əлі күн де толмаған тастандыларды жетілдіріп, отбасының мүшесі етіп қабылдау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осыны ескерсек, Ысқақ ата мен Гүлжаһан апаның жəне олардың ұл-қыздарының бұл жолда көрсеткен істері үлкен ерлікпен пара-пар екендігі анық. Қайрат ЗАЙНИШЕВ.

КЕНТАУ.

Би фестивалі ґткізілді Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының қолдауымен «Ғажайып балалық» атты облыстық балалар би фестивалін өткізді. Фестивальді өткізудің мақсаты – балалардың хореографиялық қабілеттерін дамытып, қолдау көрсету болып табылады. Би фестивалінің ашылу салтанатында облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Ермұқан сөз сөйлеп, балауса бишілерге шығармашылық табыс тіледі. Би өнері сайысына Ақтөбе қаласы жəне Əйтеке би, Ойыл, Мəртөк, Қобда аудандарының 11 би ұжымдарынан кіші, орта, ересек топтардан тұратын 200-ден астам балалар қатысты. Бəйге шарты бойынша қатысушы би ұжымдары екі тақырыптық, сюжеттік билерін биледі.

Қазылар алқасы би ұжымдарын орындаушылық шеберліктері, шығармаларының композициялық құрылымы мен сахналық қимылы жəне киім үлгісі бойынша бағалады. Жарыс қорытындысында «Ең үздік балалар биі» аталымы бойынша кіші топта облыстық халық шығармашылығы үйінің «Фрески» би ансамблі, орта топта Ақтөбе қалалық оқушылар сарайының «Еңлік» би ансамблі, «Ең үздік би ұжымы» номинациясы бойынша ересек топта облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Айгөлек» би ансамблі, Ойыл ауданының «Əсем» би ансамблі, «Ең үздік костюм» аталымы бойынша ересек топта қала маңындағы Ясное ауылындағы Ақтөбе орта мектебінің «Шашу» би ансамблі, кіші топта Əйтеке би ауданының «Наз-Ерке» бишілер тобы жеңімпаз болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен жəне ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ақтөбе облысы.

 Бəрекелді!

Олимпиадашы Роман Креч уəделі пəтерін алды Солтүстік Қазақстан облысының əкімдігі белгілі конькиші, Сочи Олимпиадасына қатысушы Роман Кречке берген уəдесін орындап, оған екі бөлмелі пəтердің кілтін тапсырды. Мəселе мынада. Осының алдында облыс орталығының спортшы тұратын ауданындағы жер үйлердің бəрі бұзылып, оның орнына жаңа ғимараттар құрылысы жүргізілетін болып шешім қабылданған. Сондықтан Романға баспанасыз қалу қаупі төнген. Оның бұл уайымын естіген бұқаралық ақпарат құралдары сол бойда дабыл қақты. Сөйтсек, бұл жайдан облыс пен қала басшылығы да хабардар болып отыр екен. Олар спортшыны далада қалдырмаудың бар шарасын жасап, оған тез арада жаңа пəтер дайындап беруге қол жеткізді. Спортшы пəтерге 22 наурыз күні келіп кірді. Шыны керек, Романның өзі

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

дəл мереке күндері осындай қуанышқа кенелем деп ойламапты. «Пəтер маған ұнады. Барлығы да сапалы істелген. Бұл мен үшін үлкен тарту. Облыс əкімдігі тарапынан мұндай зор көңіл бөлу мені жаңа жеңістерге жігерлендіреді», – деді Роман Креч. Спортшыны құттықтауға осы үйде тұратын спортшы-достары – жеңіл атлетикадан халықаралық дəрежедегі спорт шебері Маргарита Мұқашева, Евгений мен Ирина Эктовтар, спорттық бағдарлау бойынша халықаралық дəрежедегі спорт шебері Аслан Тоқбаев келді. Айта кетерлігі, соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысының белгілі 6 спортшысына пəтерлер берілді, 42 спортшы өздерінің жетістіктері үшін облыс əкімінің стипендиясын алып отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Венера ТҮГЕЛБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №274 ek

26032014  

2603201426032014

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you