Issuu on Google+

24 саєат №281 (28220) 25 ЖЕЛТОҚСАН СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Еуразиялыќ интеграция: міндеттер мен мїмкіндіктер

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеудің Үлкен Кремль сарайында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысты. Еуразиялық интеграциялық үдерістерді тереңдетуді өзек еткен отырыс аясында Кеден одағы «үштігінің» басшылары бірқатар мəселелерді талқы таразысына салды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.

Кеден одағына мүше елдер таңдаған интеграция жолы – күрмеуі қиын, сан түрлі иірімге толы жол. Ал Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – осы жолда кездесетін түйткілдерді тарқататын, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмысын үйлестіретін бірденбір орган. Демек, аталған кеңестің негізгі міндеті ұйымның атқарушы органы са-

ЕЭК

ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия

ол құжаттар сан салалы болғанымен, барлығының тамыр тартатын ортақ өзегі біреу ғана. Ол – интеграцияны одан əрі тереңдетуге ықпал ететін бағыттарды айқындау мен еркін сауда айналымы тетігін нығайту. Осы міндеттерді біртіндеп жəне сатылап жүзеге асыру арқылы Еуразиялық экономикалық одақ құру. Кеден одағына мүше елдердің мемлекет басшылары белгілеген межеге сəйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың тетігі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылуы тиіс. Ал Кеден одағының елдері

2009 жылға қарайғы ІЖӨ өсімінің серпіні, пайызбен

(бағам) КО және БЭК

ЕО-28

налатын комиссия ұсынған құжаттарды бекіту болып табылады. Бұл жерде үкімет басшылары деңгейінде бекітілген, интеграцияны тереңдетуге бағытталған келісімдер толықтай дерлік қамтылуы қажет. Биылғы жылдың қазан айында Минскіде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында интеграциялық үдерістерді жандандыруға бағытталған осындай келісімдерге қол жеткізіліп, олар тиісті құжаттармен бекіген еді. Əрине,

АҚШ

Тұтастай алғанда дүниежүзі

бұл жолға еркін қадам басуы үшін 2014 жылдың 1 мамырында президенттердің қарауына Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына қажетті барлық құжаттардың соңғы, яғни шешуші нұсқасы ұсынылуы қажет. Минскідегі басқосуда мемлекет басшылары, міне, осындай уəжге бірауыздан тоқтап, интеграция мəселесіне қатысты өз пайымдарын жеткізген болатын. Мəселен, с о л ж о л ы Қ а з а қ с т а н Президенті Н.Назарбаев: «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес. Себебі, қандай да бір мемлекет өзге

Ќарбалас жылды да ќалдырып барамыз...

елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды», дей келе, бірқатар түйткілдердің жай-жапсарын ашып айтып, олардың себебіне тереңірек үңілген еді. Елбасы айрықша тоқталған кемшіліктердің бастысы – мемлекет басшылары қабылдаған шешімдердің кей жағдайда толықтай орындалмайтындығы. Келер жылдың мамыр айында біз Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты барлық мəселелерді бірлесе отырып қарастырып, бір шешім мен бір тоқтамға келуіміз керек. Біздің алдымыздағы шешімдер екі бөліктен тұрады. Олар – институттық жəне экономикалық. Демек, біз кез келген мəселені шешуге кезең-кезеңмен келуіміз керек. Егер, мемлекет басшылары бір мəселені шешетін болса, комиссия сол мəселелердің орындалуын қадағалауы қажет. Кейде біз қабылдаған шешімдер орындалмай жатады. Мəселен, біз мұнайды жəне газды тасымалдау жөнінде келіскен едік, бірақ ол əлі де орындалмай отыр. Теміржол тарифтері, электр энергиясы мəселелері де шешілмей келеді. Сондықтан, ақыры бұл мəселелер туралы белгілі бір келісімге келген екенбіз, енді осыларды орындайық. Басқа бір мəселені күн тəртібіне шығармас бұрын əуелі осы мəселелерді шешейік. Уақыт бар. Бізді кім асықтырып отыр? Сондықтан, бұл бағыттардағы жұмыстарды жүйелендіру қажет. Белгілі бір деңгейде тепе-теңдік сақталуы тиіс. Ол үшін Біртұтас экономикалық кеңістіктің қызметі Кеден одағына мүше елдердің өзара тауар айналымында кездесетін кедергілер мен тепе-теңсіздікті жоюға бағытталуы тиіс», деген болатын. Минскіде өткен отырыста тараптар кездескен түйткілді мəселелерді шешіп алып, алға жылжу қажеттігі жөнінде келісе келе, Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Кеден одағына мүше елдер экономикаларының бəсекеге қабілеттілігін арттырудың жолдарына қатысты ой-байламдарын жеткізген еді. Кеше Мəскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында негізінен Минскіде көтеріліп, оның алдындағы жиындарда айтылып жүрген мəселелердің дені талқыға түсті. Кеңес отырысы басталмас бұрын əуелгі кезекте Қазақстан мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуі өтті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мəселелері, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы экономикалық өзара ықпалдастық аспектілері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев өтіп бара жатқан жыл екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты болғанын атап өтті. – Біз XXI ғасырдағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойдық, бірқатар басқа да келісімдерге қол жеткіздік.

Сонымен бірге, жоспарланған екіжақты құжаттарға, атап айтқанда, Əскеритехникалық ынтымақтастық туралы шартқа, Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану жөніндегі жол картасына, сондай-ақ, Мұнай жəне мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы саудаэкономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өткім келеді, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапы қолдап отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру үдерісінің маңыздылығына тоқталды. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде өтетін Қысқы Олимпия ойындарына табыс тіледі. Өз кезегінде В.Путин Қазақстан Президенті сапарының маңыздылығын жəне жүргізілген келіссөздердің жемісті болғанын атап өтті. – Тараптарымыз белсенді жұмыс істеді, бірқатар құжаттар дайындады. Соңғы кездесуімізден бергі уақытта едəуір түйткілді салалардағы, соның ішінде энергетика саласындағы, сондай-ақ, «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі екіжақты

ЕЭК

ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия

2009

– Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім; – 2002 жылғы 7 маусымдағы мұнай транзиті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; – 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы мұнай жəне мұнай өнімдерін тасымалдау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бар. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жəне тереңдетуге қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Президенті Əкімшілігінің басшысы Сергей Иванов пен «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер «Достық» орденімен марапатталды. Бұдан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағына мүше елдер

КО мен БЭК-тің тауарлармен өзара сауда-саттық көлемінің серпіні, 2009 жылға қарай, пайызбен

2010

2011

2012

өзара сауда-саттықтың жалпы көлемі

2013 жылдың 10 айы

отын-энергетика тауарларын есепке алмағанда (КО ТН ВЭД 27 топ)

ынтымақтастығымызды тереңдетуге жəне оның аясын ұлғайтуға байланысты нақты мəселелер бойынша көп жұмыс атқарылды, – деді Ресей Президенті. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, олардың арасында: – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы əскеритехникалық ынтымақтастық туралы шарт; – «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған жол картасы;

президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасымен, Армения Республикасының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының жол картасымен жұмыс барысы, сондай-ақ, экономикалық интеграцияның бірқатар басқа да ағымдағы мəселелері қаралды. (Соңы 2-бетте).

«Егемен Қазақстан».

2013 жыл Үкімет үшін оңайға соқпады деуге болатындай. Атқарылар жұмыстың аз болмағанымен қоймай, Үкіметті сын тоқпағының да аямай төпелегені осы жылдың еншісінде. Елбасы да Үкіметке қатаң қарап, тапсырмаларын ерекше бақылауда ұстады. Үкіметтік емес ұйымдар мен депутаттардың

өзі Үкіметті «үнсіз» отыр деп айыптап, жұмысына мін тақты. Тіпті, Үкімет мүшелерінің арасында ауыс-түйістің де жиі орын алғаны осы жыл шығар. Үкімет «біресе қызарды, біресе бозарды, кейбір сəт қуанды», əйтеуір не керек, қарбалас, қызу жүріп, бұл жылдың да тарих қойнауына қарай жылжып кеткенін байқамай қалыппыз. (Соңы 3-бетте).

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде:

АНА

Кеше Үкіметтің биылғы соңғы селекторлық отырысы өтті. Онда осы жылғы заң жобалары жұмыстарының Жоспарын орындау қорытындылары шығарылды жəне Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша тəсілдері мақұлданды. Динара БІТІКОВА,

 Сирияның Алеппо қаласында тоғыз күнде бомбалау салдарынан 330-дан астам адам опат болған. Олардың 99-ы балалар болса, 30 шақтысы əйелдер жəне 30 шақтысы бү лікшілер көрінеді. Сирия пре зиденті Башар Асадтың əскерлері оппозиция басып алған Алеппо қаласын 15 желтоқсаннан бері бомбалау үстінде. Бұл мəліметтерді «Франс-пресс» агенттігі таратты.  Бұрнағы күні 95 жасқа қараған шағында атақты АК47 автоматын жасап шығарған Михаил Калашников өмірден озды. Оны жерлеу рəсімі 26 желтоқсан күні Ижевск қаласында өтеді. Бұл туралы Удмуртия президенті Виктор Чулковтың баспасөз хатшысы хабарлады. 1947 жылдан бері əлемде АК автоматының түрлі модификациядағы 70 миллионнан астам данасы шығарылыпты.  Америкалық Эдвард Сноуден өзінің алдына қойған миссиясы орындалды деп есептейді. АҚШ-тың арнайы қызметтерінің жағымсыз ісəрекетін жария еткен бұрынғы барлау басқармасының қызметкері бұл туралы «Вашингтон пост» газетіне берген сұхбатында мəлімдеген. Оның айтқандары АҚШ-та ғана емес, шетелдерде де үлкен резонанс туғызған болатын.  Ресейдің стратегиялық бағыттағы зымыран əскерлері «Плесецк» космодромында РС-24 «Ярс» деп аталатын құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Үш сатылы аталған зымыран «Тополь-М» зымыранының базасында жасалыпты. «Ярс» 11 мың шақырым қашықтықтағы нысананы жоюға қабілетті көрінеді. Оның басқа мүмкіндіктері құпияда ұсталуда.  Мысыр үкіметінің басшысы Хазем əл-Беблави «Мұсылман-бауырлар» қоз ға лысын террорлық ұйым деп жариялады. Ол бұл мəлімдемесін Мансура қаласында аталған қозғалыс жүзеге асырған лаңкестік əрекеттен соң іле-шала жасады. Лаңкестіктен 14 адам қаза тапса, 100ден астамы жараланған болатын. Ал лаңкестікке жауапкершілікті əзірше елдегі ешбір экстремистік ұйым мойнына алған жоқ. Ұлыбританияда қатты дауылдан кем дегенде 3 адам қаза тапқан. Біреуі желдің екпініне шыдамай өзенге құлап мерт болса, біреуі тосын табиғат туындатқан жол апатынан көз жұмған. Ал соңғысының қаза болу себебі нақты айтылмайды. Рождество қарсаңында үйлеріне асыққандар əуежайларда қамалып отыр. Мұндай тосын жағдай Франция жағалауларында да орын алуда. Оңтүстік Судан президенті Сальва Каираның мəлімдеуінше, елде бұрынғы вицепрезидент Риек Мачардың жақтастары əскери төңкеріс ұйымдастыруға əрекеттеніп жатыр. Осы орайдағы қақтығыстар елде 16 желтоқсанда басталған еді. Бүгінде 45 мың тұрғын босқынға айналған. Қазіргі кезде Оңтүстік Суданда БҰҰ-ның 7 мыңдай бітімгершілері орналасса, бас Ұйым шешімімен жақында тағы 5,5 мың бітімгерші жіберілмек болып отыр.  Украина президенті Виктор Янукович 21 қарашада Киевте ұсталған наразылық акциясына қатысушылардың бəрін қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершіліктен босататын заңға қол қойды. Наразылық акциялары Киевте күні бүгінге дейін жалғасып жатыр. Бірақ оның ауқымы айтарлықтай тарылған. Қазіргі кезде көшеге шыққан көпшілік жаңа жыл мейрамын қарсы алу қамымен жүргенге ұқсайды.

Асыл аєа аєынан жарылєанда 5-бет

Сүймөнкулдің домбырасы

Талмай шапќан тўлпар, ќияєа самєаєан сўѕќар

8-бет

9-бет

Ќойыртпаќ 10-бет

15-бет


2

25 желтоқсан

www.egemen.kz

2013 жыл

Еуразиялыќ интеграция: міндеттер мен мїмкіндіктер

(Соңы. Басы 1-бетте). Отырысты ашқан Ресей Президенті В.Путин үш мемлекеттің өкілдерінен тұратын Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнің институттық бөлігін əзірлегенін атап көрсетті. Бүгінде еуразиялық интеграциялық жобаның арқаулық қағидаттары бекітілді. Бұл қағидаттар неге сүйенеді дегенге келсек, Еуразиялық экономикалық одақ оған мүше барлық елдердің мүдделерін жан-жақты ескеруі тиіс. Біз бұл Одақты елдеріміздің экономи каларын нығайту, дамыту жəне мемлекеттер ықпалдастығын жандандыру үшін құрамыз. Бұл ретте, Еуразиялық эко номикалық комиссияға бəсекеге қабілеттілік, жаңғырту, елдеріміздің əлеуметтік əлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру мəселелері ұсынылды. Бүгінде, Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімнің бірінші бөлігі дайын болған кезде, біз оны салалық тұрғыда толықтыруымыз қажет. Қазіргі таңда бұл жұмыстар біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Мəселен, 2014 жылдың 1 наурызында Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағы аясында қалған

ЕЭК

ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия

келтіруі мүмкін. Ол үшін біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында кім қандай жұмыстарды атқаруы керек деген мəселелерді нақтылап алуымыз керек. Сондай-ақ, жоғары жəне үкіметаралық кеңестің шешімі тек саяси құжат түрінде ғана қалып қоймай, оның орындалуы барлық тарапқа міндеттелуі тиіс. Бұл бізге тиімді жұмыс істеуге жəне Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын назарда ұстауға мүмкіндік береді, деді А.Лукашенко. Беларусь Президентінен кейін сөз алған Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес отырысын ұйымдастырғаны үшін ресейлік тарапқа алғысын білдіре келе, əр жылдың соңында еуразия лық интеграциялық үдеріске қатысты жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылау игі дəстүрге айналғанын атап өтті. Өтіп бара жатқан жыл кездесулерге толы болды, соның арқасында біз өзіміздің ортақ интеграциялық ісімізді табысты ілгерілетудеміз. Енді бір аптадан соң біз 2014 жылды – өте маңызды жылды қарсы аламыз. Біз келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою міндетін алға қойдық жəне оны іске асыруға мақсатты түрде қадам басып келеміз, деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Прези-

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

КО және БЭК

ЕО-28

АҚШ

Тұтастай алғанда дүниежүзі

2013 жылғы қазан

кедергілер мен шектеулерге қатысты тізбелер шоғыры жасалып, оларды жоюдың нақты мерзімі анықталуы тиіс. Бұл – маңызды міндет. Осындай міндеттер жүзеге асырылғанда ғана біртұтас экономикалық жүйе үйлесімді жəне жоғары тиімділікпен жұмыс істейтін болады, деді Ресей Президенті. Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімнің институттық бөлігі жүзеге асырылғанына тоқталды. Алайда, жүйелілік тұрғысынан келгенде, ол келісім сарапшылар деңгейінде келісілген жоқ. Бұл біздің алға жылжуымызға кедергі

2012

денті Минскідегі қазан айындағы уағдаластықтарға қарамастан, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының институттық та, функциялық та бөлігі бойынша келісе алмаушылық əлі де сақталып отырғанын айтты. Өкінішке қарай, шарттың жекелеген баптарының мəтіндерін өзгерту, оларды қарауда тараптар сарапшыларының асығыс режімде жұмыс жүргізуі жəне т.б. жайттар кездесті. Осының бəрі шарттың жобасын қол қою үшін дайындау мерзімін ұзарта түсуде. Құжаттармен жұмысты аяқтау үшін барлық күшті салу керек. Мəселен, сарапшылар əлі күнге дейін бірыңғай терминологиялық сөздік

қалыптастырған жоқ. Шарттың саясатқа қатысты «бірыңғай», «келісілген», «үйлестірілген» секілді негізгі терминдері туралы ортақ түсіністік жоқ. Əзірге сарапшылар терминология жөнінде келісімге келе алмай жатқанда, бүкіл шарт туралы сөз болуы мүмкін емес. Тым тəптіштеу мен бұл мəселелер жөніндегі пікірталасқа ұрынбас үшін біздің үкіметтерімізге, ЕЭК Кеңесіне жəне сыртқы саясат ведомстволарына шарт бойынша келісімді келесі жылғы наурызға дейін қамтамасыз етуді тапсыруды ұсынамын, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы алдымен интеграция үшін іргетас дайындап алып, өзара ықпалдастықтың тереңірек түрлеріне содан кейін өту қажеттігін ескере отырып, кезеңділік қағидасын сақтауға назар аударды. Осыған байланысты қазіргі кезеңде үйлестірілген немесе келісілген саясатқа, барлық қатысушыларды қызықтыратын салаларда ортақ нарық қалыптастыруға ден қойған пайдалырақ болар еді. Сауда саясаты біз бірыңғай саясатқа қол жеткізген бағыттарда, мысалы, үшінші елдерге қатысты, сөз жоқ, сақталуға тиіс. Ал бірақ басқа салаларда «бірыңғай саясат» жəне «бірыңғай нарық» түсініктерін қолданудың түгел қамтитын сипатына назар аудару артық деп санаймын, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті құрылып жатқан одақты саясиландыруға жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды. Біз экономикалық одақ құрудамыз. Сондықтан комиссияның міндеті шартқа экономикалық интеграция шегінен шығатын ережелерді қоспау. Шекараны қорғау, көші-қон саясаты, қорғаныс жəне қауіпсіздік жүйесі тəрізді бағыттар, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мəдениет, азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша құқықтық көмек мəселелері экономикалық интеграцияға жатпайды жəне Экономикалық одақ пішініне көшірілуі мүмкін емес. Бұл мəселенің барлығы ҰҚШҰ, ТМД аясындағы көптарапты келісімдер пішінінде де, екіжақты пішінде де жақсы реттелген. Қылмыстық жəне əкімшілік тəртіп бұзушылықтар жөніндегі жауапкершілікті біріздендіру туралы мəселе көтерілуде, алайда, бұл салалар таза ұлттық салалар, мемлекеттің ішкі саясатының мəні болып табылады жəне жүйеленген шарттан алынып тасталуға тиіс, деді Мемлекет басшысы. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер басшылары жəне үкіметтер деңгейіндегі Жоғары кеңеске ұлтүстілік өкілеттіктерді беруге болмайтынын атап өтті. Комиссия – ұлтүстілік орган. Біз интеграцияны ілгерілету үшін осыған бардық. Оның өкілеттігі қол қойылған шарттармен жəне келісімдермен нақты реттеледі əрі тек қана экономикалық салаға жатады. Біз сіздермен бірге, мемлекеттер басшылары ретінде, комиссия мүшелерін тағайындаймыз,

біздің шешіміміз стратегиялық жəне ұйымдастырушылық сипатқа ие. Біз тапсырмалар береміз, комиссияның ісқимылын мақұлдаймыз жəне шарттарға қол қоямыз. Комиссия оларды орындайды, себебі, ол – Жоғары органның тапсырмасы. Осы құрылымды сақтау қажет, деді Қазақстан Президенті. Қазақстан басшысы Одақ туралы шарт оған мүше мемлекеттердің өзге елдер мен ұйымдармен арадағы халықаралық шарттарына нұқсан келтірмеуі тиістігін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті комиссияның жұмысының бұдан да тиімді жолға қойылуына, ЕЭК департаменттерінде біздің азаматтарымыздың теңдей өкілдік етуі мəселесінің шешілуіне назар аударды. Үнемі талқы ланып жүрген тағы бір мəселе – комиссияға жаңа өкілеттіктер беру. Қазір ЕЭК өкілеттігін аса кеңейтудің қажеттілігі жоқ. Бұл жөнінде біз мамыр айында Астанада да, қазан айында Минскіде де сөйлескенбіз. Əйткенмен, шарт жобасымен жұмыс барысында комиссияның көптеген сəттерде өзіне қосымша өкілеттіктер алғысы келетіні байқалады. Комиссия қызметін бағалау тетіктері туралы мəселе қою əлдеқайда пайдалырақ болар еді деп ойлаймын. Қазақстан мен Ресейде мемлекеттік органдарды бағалау жүйесі енгізілген. Солардың негізінде ортақ əдістер əзірлеп, оны комиссия қызметін бағалауға қолдануға болады, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. С о н д а й - а қ, Қ а з а қ с т а н б а с ш ысы қабылданатын шешімдерге Алқа мүшелерінің жеке жауапкершілігін бекітуді ұсынды. Бұл халықаралық шенеуніктерді əр қадамын салмақтап, кез келген мəселеге объективті қарауға мəжбүр етеді. Бұл нормаларды шарт жобасына қазірден-ақ қосу керек немесе үкіметтерге бірлесіп жеке құжат əзірлеуді жəне оны кезекті отырысымызға ұсынуды тапсыру қажет. Жалпы алғанда, Қазақстанның берік, күш ті əрі түрлі өзгерістерге икемді Эко номи калық одақ құруға бейілді екенін тағы бір рет қуаттаймын. Мұндай одақ оған қатысушылардың барлығының мүдделерін ескергенде ғана қалыптасуы мүмкін. Сарапшылар біраз жұмыс атқарды, енді айтылған ескертулерді ескере отырып, бірлескен қызметті жалғастыру қажет, деді Қазақстан Президенті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты мамырда қол қоюға əзірлеу сияқты ауқымды міндет қойылып отырғандықтан, келесі жылы жұмыстардың бұдан аз болмайтынын атап өтті. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы аясында президенттер Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің дайындалу барысын, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылғы бюджеті туралы жобаны талқыға салды. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь

«Елбасы жолы» – Мəскеуде Қазақстан басшысының Ресей астанасына жұмыс сапары аясында Мəскеудегі Жазушылардың орталық үйінде отандық «Елбасы жолы» фильмінің тұсаукесері өтті. Өнер туындысын тамашалауға келген 500-ге тарта көрерменнің арасында Ресей үкіметінің мүшелері, Мемлекеттік Дума депутаттары, белгілі режиссерлер мен актерлер, танымал сарапшылар, сондай-ақ, студенттер болды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.

Фильм көрермен назарына ұсынылмастан бұрын, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті

ел шісінің кеңесшісі Виктор Темірбаев сөз алып, қазақ киноин дустриясының жаңа туындысын көруге уақыт тауып келген дері үшін жиналғандарға алғысын білдірді. «Мен елшілік басшылығы атынан бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға,

Жазушылардың орталық үйіне, əсіресе, авторлық ұжымға жəне осы фильмді тамашалауға жиылған қауымға ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл фильм, əсіресе, жас тарға тұлғаның қалыптасу жолы қалай жүретіні жөнінде үлкен сабақ болады деп ойлаймын», деді елшінің кеңесшісі өзінің сөзінде. Бұдан кейінгі кезекте ол сөз тізгінін Ұлттық продюсер орталығының бас продюсері Арман Асеновке ұсынды. А. Асенов бұл фильм түсірілімінің басынан аяғына

дейін жүріп, талмай тер төккен ұжымдық топтың еңбегін ерекше атап өтті. Ол: «Бұл жоба аса ауқымды жəне қиын жоба болды. Себебі, бұл қазақ киноиндустриясының бір жарым жылда түсірген, екі сериядан тұратын толық метражды алғашқы фильмі», дей келе, фильмнің режиссері Рүстем Əбдірашевтің еңбегін, актерлер қауымының шығармашылығын жоғары бағалады. Өзінің режиссерлік дарынқабілетімен жұрттың жүрегінен орын алған Р.Əбдірашевке

басшыларының қатысуымен өткен шағын құрамдағы отырысы кеңейтілген құрамда жалғасты. Оған Қырғызстан Президенті А.Атамбаев, Армения Президенті С.Саргсян, Украина Премьер-министрі Н.Азаров қатысты. Отырыс аясында тараптар еуразиялық экономикалық интеграция үдерістері, сондай-ақ, күн тəртібіне қойылған басқа да мəселелер бойынша кең көлемде пікір алмасты. * * * Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы қорытындыланғаннан кейін Кеден одағына мүше «үштік» елдерінің президенттері журналистер алдына шығып, өз мəлімдемелерін жасады. Кеңес отырысының жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан, Беларусь басшылары жиынның іскерлік жəне пікірталастық ауанда өткенін жеткізді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев биылғы, 2013 жылдың маңыздылығын айрықша атап өте келе, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің үш отырысы соның айқын дəлелі екенін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай ауқымдағы жұмыстардың барлығы 2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болмақ. Ол, сондайақ, аталған одақ жөніндегі келісімнің

ЕЭК

ЕУРАЗИЯЛЫҚ экономикалық комиссия

экономикалық кеңістік аясындағы елдер мүдделерінің тепе-теңдігінің сақталуына мəн беруіміз керек. Біз өткен кезеңдерге қайта оралмаймыз. Бұл біздің ортақ жəне нақты ұстанымымыз. Біз артқа емес, алға жылжитын боламыз. Интеграциялық бірлестіктер қандай да бір саяси идеяларды көздемей, халықтардың игілігі үшін құрылады. Сондай-ақ, экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтып, оны экономиканы дамыту арқылы одан əрі беріктендіре түсуге ықпал ететін болады. Себебі, интеграциялық бірлестіктердің өзегінде экономикалық прагматизм, өзара сыйластық, барлық шешімді қабылдауға қажетті тең құқықтылық жəне ашықтық жатыр. Біз Еуразиялық одақты басқалардан іргемізді ажырату үшін құрмаймыз, керісінше, басқа серіктестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату үшін құрамыз, деді Н.Назарбаев. Сөзімнің соңында айтарым, Қазақстан, Беларусь жəне Ресей Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы жұмыстарды стратегиялық əріптестік жəне достық негізде жүргізуде. Демек, экономикалық интеграция барлық елдердің экономикалық мүмкіндіктерін айтарлықтай деңгейде нығайтатын болады. Қазақстан – еуразиялық кеңістіктегі интеграция идеясының бастамашысы. Ал бүгін біздің елдеріміз Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі ортақ мақсатты жүзеге асыруға үлкен сеніммен қадам басып келеді, деді Қазақстан басшысы. Ресей Президенті В.Путин Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасын əзірлеуде «үштік» елдері едəуір ілгері қадамдарға барғанын атап өтті. Біз бүгін тең құқықтық пен тең бəсекелестікті қамтамасыз ету мəселелерін қарастырдық. Ал бəсекелестік туралы біртұтас ережелердің бұзылуы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың арнайы сот құрамында қаралатын болады, деді В.Путин. Ресей Президенті Еуразиялық экономикалық одақ туралы сөз қозғай келе, одақ туралы келісімнің негізгі институттық бөлігі дайын болғанын, бұл бөлікте оның болашақтағы халықаралық құқықтық мəртебесі, міндеттері мен қызмет ету тетіктері, еуразиялық интеграциялық үдерістердің базалық қағидаттары айқындалғанын атап өтті. Ол, сондайақ, отырыс барысында Арменияның Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Кеден одағына қосылуы жөніндегі «Жол картасы» бекігенін, Қырғызстанға қатысты да дəл сондай жоба дайын болғанын жеткізді. Беларусь Президенті А. Лукашенко да əріптестерінің ойын қуаттап, Еуразиялық

КО мен БЭК-тегі еңбекпен қамту

экономикада жұмысқа тартылғандар, млн.адам (сол жақ білік) тұрғындарды еңбекпен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар, млн. адам (оң жақ білік)

салалық бөлігін дайындауда оң өзгерістер барына, бұл ретте əр тарап келер жылдың мамыр айына дейін Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің соңғы нұсқасын əзірлеп, «үштік» елдері парламенттерінің ратификациялауына жіберуі қажеттігіне назар аударды. Осылай дей келе, Қазақстан басшысы аз уақытта жүзеге асырылатын жұмыс режіміне қарамастан, болашақтағы одаққа қатысты негізгі жобаның сапалық мазмұнын естен шығармау керектігін де баса айтты. Еуразиялық экономикалық комиссияны интеграцияның жаңа деңгейіне сай құрылымдап, сол арқылы Біртұтас

де жұрттың ықыласы ерекше болды. Ол жиналғандарға алтын уақыттарын қиып, шараға қатысуға ниет білдіргендері үшін алғысын жеткізді. «Посткеңестік кеңістікте дүниеге келген кез келген кинематографтың жүрегінде Мəскеудің алар өз орны бар. Мысалы, мен өзім осы қалада оқып, білім алдым. Демек, бұл – маған дəріс берген ұстаздар да осы қаладан деген сөз. Өкінішке қарай, олар бүгін өмірде жоқ. Олардың қатарына Болат Мансұров секілді ұстаздарымды жатқыза аламын. Осы орайда, менің азамат болып қалыптасуыма ықпал еткен ұстаздарымды еске алып, оларға шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Осыдан жиырма бес

экономикалық одақ құру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, интеграциялық үдерістер аясында кедергілер мен қарама-қайшылықтарды жоюды назарда ұстау қажеттігіне тоқталды. Баспасөз мəслихаты соңында Кеден одағына мүше мемлекеттер басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын жыл сайын үш мəрте өткізу дəстүрін одан əрі жалғастыру жөнінде келісімге келді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

жылдай уақыт бұрын мен Болат Мансұровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильміне түсуге келгенімде жасым он бес, он алтыларда еді. Мүмкін осы фильмдегі рөлім менің кино əлеміне келуіме сеп болған шығар. Болат аға маған үнемі: «Сенен күндердің бір күнінде режиссер шығады деген үмітім бар», дейтін еді. Ол кісі, бəлкім, осыны өзінің ішкі бір түйсігімен сезген болар. Мен өзім оқыған ВГИК білім ордама да алғысымды білдіремін. Осы жерге менің достарым мен əріптестерім келіп отыр. Бұл фильм – ұжымдық еңбектің жемісі. Кино – ұжымдық туынды. Сол себепті, ол түрлі мамандық иелерінің, өз ісінің шеберлерінің күш-жігерін талап ететіні белгілі. Ресейлік

киноактерлердің еңбегін айрықша атап өткен орынды. Мəселен, Валентин Гафт, Сергей Шакуров секілді атақты актерлердің орны ерекше», деді Рүстем Əбдірашев. Ал С.Шакуров: «Менің бұл фильмдегі эпизодтық рөлім шағын. Тіпті, «Механик Гавриловтың сүйікті əйелі» фильмінде ойнаған рөлімнен де аз», деп əзілдей келе, өзі сомдаған Д. Қонаевтың образына тоқталып, онымен өмірде кездескен кезде алған əсерлерімен бөлісті. «Елбасы жолын» тамашалағаннан кейін мəскеуліктер фильм нен алған əсерлерімен бөлісіп, Елбасының тұлға болып қалыптасу жолы көрініс тапқан туынды төңірегінде өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты.


25 желтоқсан 2013 жыл

Ќарбалас жылды да ќалдырып барамыз... (Соңы. Басы 1-бетте).

Өтер жылдың Үкімет үшін жеңіл болмағанын кеше заң жобалары жұмыстарының Жоспарының атқарылуы барысы туралы баяндаған Əділет министрі Берік Имашев та растады. Министрдің мəліметінше, жыл қорытындысы бойынша, дайындалған заң жобаларының жалпы саны – 81, бұл көрсеткіш өткен жылдардағыдан 70 пайызға жоғары екен. Сонымен қатар, министр заң жобалары саны артып қана қоймағанын, заң жобалау жұмыстары құрамы мазмұнының жақсарғанын да атап өтті. Министр мұнымен қоса ағымдағы жылы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтқан бастамаларын жүзеге асыру мақсатында 19 заң жобаларының жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ, əлеуметтік-экономикалық жаңғырту курсын заң намалық қамтамасыз етуге мемлекеттік органдар дайындаған 17 құжаттың 13-і бағытталған. Б.Имашев депутаттық корпус 21 заң жобасына бастама жасағанын, ол өткен жылдардағыдан 2 есеге артық көрсеткіш екенін де ескертіп өтті. 2013 жылы Парламентке Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару жəне

əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сияқты 4 кодекс енгізілген. Үкімет басшысы Серік Ахме тов заң шығару қыз метін үйлестіру мəселесіне тиісті көңіл бөлінбегенін жəне болжау-талдау жұмыстары деңгейінің төмендігін атай отырып, заң жобаларын дайындау барысында оның сапасы мен мерзімін қатаң сақтау керектігіне тоқталды. Осыған орай, С.Ахметов Əділет министрлігіне 2014 жылға арналған Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарын мерзімінде жəне сапалы орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мемлекеттік органдар дың заң шығару қызметін үйлес тіруді күшейтуді тапсырды. Ал министрліктер мен ведмос тво лардың бірінші бас шылары на кемшіліктерді жоюды жеке бақылауларына алуды жəне Үкіметтің заң жобалары жұмыстары Жоспарына сəйкес заң жобаларын уақытында енгізуді міндеттеді. Отырыста сондай-ақ, Қазақстанның су ресурстарын басқару Мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. Су ресурстарын басқарудың негізгі тəсілдері туралы Қоршаған ортаны жəне су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баян дады. 2040 жылға қарай

су ресурстарына қолжетімділік болжамы туралы хабарлаған министр су тапшылығын кеміту, ұзақ мерзімді жоспардағы су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару бойынша ұсынысын ортаға салды. Оның ішінде, атап айтқанда, «жасыл» ылғал сақтағыш технологиялар, суару жүйесін, коммуналдық инфра құрылымдарды жаңғырту, ауызсуды тазарту, су көздерін тазалау мен қалпына келтіру, тариф жүйесін қайта қарау, білікті мамандар дайындау сияқты тəсілдер бар. «Ауыл шаруашылығында суару жүйесін жаңғырту есебінен су шығынын 66 пайыздан 27 пайызға дейін қысқартып, жылына 11,2 млрд. текше метр су үнемдеуге, ал өнеркəсіпте шығынды негізінен қайтармалы сумен жабдықтау жүйесін енгізу есебінен 40-тан 19 пайызға дейін қысқартып, жылына 900 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді. ТКШ секторы бойынша инфрақұрылымды жəне тазарту жүйесін жаңғырту арқасында ысырапты 58 пайыздан 19 пайызға дейін азайтып, жылына 300 млн. текше метр су үнемдеуге мүмкіндік туады», деді Н.Қаппаров. Қаралған мəселені қорытындылаған Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасына

сəйкес сумен жабдықтау жə не су ресурстарын басқару бойынша стратегиялық маңызды бағдарлама жасалғанын атап көрсетті. С.Ахметов «Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде Үкімет үшін, əкімдер үшін, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін, шағын жəне орта бизнес үшін, жеке бастамаларды дамыту, инвестициялар тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады» деп есептейді. Талқылау нəтижесінде Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы қабылданды. Үкіметтің соңғы отырысын қорытындылай келіп, ПремьерМинистр алдағы мереке күндері халық негізінен тұтынатын азықтүлік өнімдері бағасына қатысты мəселелерді бақылауда ұстау қажеттігін өңір əкімдері мен Үкімет мүшелерінің қаперіне салды. С.Ахметов облыс əкімдеріне барлық қызметтердің жұмысын, атап айтқанда, əлеуметтік нысандар, тұрғын үйлерді тұрақты бақылауға алып, жылыту маусымын үнемі қадағалауды тапсырды. Құқық қорғау органдарына, Ішкі істер министрлігіне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүктелді. Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы министрі

Асыл жан Мамытбеков өзінің орынбасары Мүсілім Өміряевтің пара алу күдігіне ілінуіне байланысты пікірін журналистермен бөлісті. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 21 желтоқсанда жедел-іздестіру шараларының нəтижесінде Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері мемлекеттік сатып алу конкурстарында жеңіске жетуге көмектескені үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен Ауыл шаруашылығы вицеминистрі М.Өміряевті ұстаған болатын. Министр мұны жаңсақтық немесе қателік деп санайды. «Əрине, бұл мен үшін тосын жайт болды. Мен демалыс күні ғаламтордан оның ветеринарлық дəрі-дəрмектерді мемлекеттік сатып алу байқауында көмек көрсету үшін пара алды деген күдікпен ұсталғанын естідім. Дегенмен, мен, біріншіден, Өміряевтің ешқа шанда да ветеринария мəселесімен айналыспағандығын, ешқашан аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша байқауды өткізген Ветеринария комитетіне жетекшілік жасамағандығын атап өткім келеді. Яғни, бұл оның қызметтік өкілеттігіне кірмейді. Екіншіден, мен Өміряевті байсалды, адал, ұстамды адам ретінде білемін. Сондықтан менің ойымша, бұл қандай да бір жаңсақтық немесе қателік», деді А.Мамытбеков. Сонымен қатар, министр орынбасарына қатысты мəселені тергеу амалдары анықтайтындығын баса айтты. Ол журналистерге берген сұхбатында орынбасарының сыбайлас жемқорлық фактiсi бойынша кiнəсi дəлелденсе, қызметiнен кетуге дайын екенін мəлімдеді.

Астанада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. болып та бы латындығын атап көрсетті. Бұл тұрғыда бизнес пен мемлекеттің өзара əрекетін одан əрі жандандыру, бизнесті дамытуға əкімшілік кедергілерді төмендету, кəсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау бойынша нəтижелі жұмыс жүргізілді. Қабылданған шаралардың арқасында тексерулердің шынайы есебін жолға қою мүмкіндігі пайда болды. Кəсіпкерлердің қыз метіне араласу фактілерінің жолын кесу үшін Бас прокуратураның бастамасы

Мəскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Əділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты əскери-техникалық ынтымақтастық жəне екі ел қорғаныс-өнеркəсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мəселелерін талқылады.

Жыл ќорытындысы шыєарылды Екі ел қорғаныс ведомствола рының басшылары 2013 жылғы бірлескен жұмыстарды қорытындылай келе, Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс жəне қау іпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жет кі зіл генін атап өтті. Екі ел ара сын дағы қару-жарақ саласындағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғни 140 млн. АҚШ долларына жетіп отыр. Биылғы жылғы қызметтің нə тижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында əскери-техникалық ынтымақтастық туралы

келісімге қол қойылғанын, екі ел əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлерінің біріккен аймақтық жүйесін одан əрі дамыту туралы шешімнің қабылдануын, сондайақ, Қазақстанның сынақ полигондарын Ресей жағына жалға беру, Ресей шығарған əскери техникаларды сатып алуды атап өтуге болады. Қорғаныс министрлерінің мəлімдеуінше, кездесуде ��елісімдерді іске асыру Қазақстан мен Ре сей дің ұлттық қарулы күш терін ны ғай туға қызмет етеді, деп хабарлады Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

бойынша тексерулерді жоспарлау мен жүзеге асыру жүйесі реформаланды. Барлық деңгейдегі прокуратуралардың жанын да құрылған мобильдік топ тар тексерушілердің заңсыз əрекеттерінің жолын кесуге бағдарланған. Атап айтқанда, 2013 жылы прокурорлық тексерулердің нəтижесінде бизнесті қорғау саласында 11 мыңнан астам заң бұзу шы лық тар анықталды. 2,5 мыңнан ас там бизнес субъектілерін негізсіз тексерудің жолы кесілді. Кəсіпкерлердің құқықтарына қатысты 997 заңсыз актілер өзгер тілді жəне жойылды. 13 мың нан астам кəсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Осы аптада Шымкент қаласында «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін жəне аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» атты аймақтық семинар өтті. Бұл ісшара Еуропа Одағының «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау жəне модернизациялау» Жобасының қолдауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жиынға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Əлихан Байменов бұл жиынның мақсаты мемлекеттік реформаны БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажеттігіне, мұндай өзгерістерді халық тың пікіріне құлақ салмай жүзеге асыру мүмкін емес

екеніне тоқталды. Агенттік төрағасы кадрларды іріктеу жəне оларды қызмет бабымен өсірудің, мемлекеттік қызметтегі этика лық жəне жем қор лыққа қарсы бақылауды күшейтудің жаңа тетіктері, «А» корпусын құ ру жəне оның қызметі бойынша аймақтық журналистер жиі қоятын сауалдар негізінде жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді. «Реформа – жүйені заманауи талапқа бейімдеу. Мемлекет түгілі əр саналы жеке адам өзінің қарым-қабілетін, іскерлік қасиеттерін реформалау арқылы дамып, өсіп отырады. Сол үшін ізденеді, оқиды. Мəселен, осыдан ширек ғасыр бұрынғы жылдармен салыстырғанда еліміздің жастары көп өзгерді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алып келген көптеген жастарымыз өз беттерімен ізденіп,

«Егемен-ақпарат».

шағын кəсіпорындар ашып, адамдарды жұ мыспен қамтуда. Бұл қоғамның алға жылжығанын көрсетеді. Біздің елдің мемлекеттік қызмет ісін дегі реформаларға ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қызығушылық білдіріп жатыр. Біз іс жүзінде алға кеттік. Біздің қоғамда білімді, білікті мамандар жеткілікті. Соларды таба білу керек, көре білу керек», деді Əлихан Мұхамедияұлы. Агенттік жетекшісі қоғам, үкі меттік емес ұйымдар жəне БАҚ-пен өзара үнқатысу ведомство қызметіндегі басым бағыт екенін атап өтті. Агенттіктің тұжырымдамалық жəне заңнамалық бастамаларын ашық талқылау үшін мемлекеттік қызметті же тілдіру мəселелері жөнін де Са рапшылар кеңесі құрылған. Сонымен бірге, семинар барысында мемлекеттік қызмет сапасын жақсартудағы аймақтық БАҚ өкілдері мен жергілікті мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастық мəселелері талқыланды. Оңтүстік Қазақстан облысы.

«Даму» ќоры ќолдауєа дайын Орталық коммуникациялар қызметінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова брифинг өткізді. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты баяндама жасады. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Төрайымның айтуына қарағанда, аталған бағдарлама отандық бизнестің өсіп-өнуіне келтіріп отырған кед ергілерді жойып, оларға кезіккен түйт кілді мəселелерді шешуде қазақ стандық кəсіпкерлерге қол ұшын созу мақсатында іске қосылған. Негізінен, өз ісін жаңадан бастаған кəсіпкерлерге алғашқы капиталдың болмауы, банк несиелері мөлшерлемелерінің

жоғарылығы, кепілзатқа қойылатын талаптардың жоғарылығы, сондай-ақ, жұмысшылар санының шектеулілігі мен кəсіпкердің бизнесті жүргізудегі білімінің жеткіліксіздігі қолбайлау болып келген. Үш жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылған. Соның аясында кəсіпкерлерге гранттар беру, сыйақының бір бөлігін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру мен талапкерлерді бизнеске оқыту, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету шаралары жолға қойылған. – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2010 жылы енді ғана күшіне еніп, еңсе көтере бастаса, 2011 жылы кəсіпкерлердің назарын аударған жəне олар үшін ең тартымды тетік субсидиялау шарасы болды. Ал 2012 жылы бағдарлама кепілдендіру ісімен толықты. Ағымдағы жылы барлық өңірлерде кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды. «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін ол орталықтар кəсіпкерлерге бизнеске қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік

Елі батырын ўмытпайды Мəжіліс депутаты Бақытбек Смағұл бастаған топ кеше Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күніне орай батырдың Астана көшелері бірінің бойында орын тепкен ескерткішіне гүл шоқтарын қою рəсімін өткізді. «Егемен Қазақстан».

Түрлі жауапкершіліктерге 1220 тұлға тартылды. Нəтижесінде заңсыз жоспарланған тексерулердің саны былтырғымен салыстырғанда 10 есеге төмендеді. Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсы ныс тар ды жүзеге асыру үшін өзара əре кеттесудің түрлі нысанда рын пайдалану, ақпаратпен тұ рақ ты алмасу, аумақтық прокуратуралардың жергілікті бизнес-қауымдастықпен өзара белсенді əрекеттесуін қам та масыз ету жөнінде келісті.

Реформаны насихаттауда БАЌ-тыѕ алар орны зор

● Тағзым

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

Негізсіз тексерудіѕ жолы кесіледі Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Асхат Дауылбаев Бас прокуратура мен Ұлттық кəсіпкерлер палатасының өзара белсенді əрекеті Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы кəсіпкерлерді жанжақты қолдау жөніндегі мін деттерді ойдағыдай іске асыруға себепші болуға бағытталғандығын атап өтті. Бас прокурор кəсіпкерлерді қор ғау прокурорлардың қызметіндегі басым бағыт

3

www.egemen.kz

Елорданың аязды өкпек желі бет-қолды қарыса да, келушілер қатары аз болған жоқ. Аталған іс-шараға депутаттар, Ауған соғысының ардагерлері, Ар дагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, Олимпия резервінің спортшылары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ортаға шығып сөз алған Б.Смағұл өз ойын былайша өрбітті: «Мемлекетіміз үшін де үлкеніміз бен кі шімізге сана еркіндігін қалып тастыруда тəуелсіз тұлға керек. Ондай тұлға – Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі таңда патриотизмнің іргесін қалаған, өмірі өнегелі, артында өшпес мұрасы бар аға буынның үлгісін ұрпаққа дарыта əрі тарата білуіміз керек». Бұдан кейін сөзді Сайын Назар бекұлы алды. «Кезінде дана болған халқымыз өз қасиетінен айырылып бара жатқан уақытта Жаратушы бізге А.Байтұрсынов бастаған зиялы қауымды берді, ойды ұмыттырмау үшін Абайды өмірге алып келді, ерлікті есте қалдыру үшін Баукеңді сыйлады. ...Осындай ұлы тұлғалармен мақтана əрі оларды мойындай отырып, қазақ халқының ұлылықпен ұштасқандығы əрдайым есімізде жүруі тиіс», деді Сайын ағамыз ағынан жарылып. Республикалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары, генерал Бекболат Мұқышев та даңқты батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою үшін жəне ерлік рухына тағзым ету үшін арнайы келіпті. «Кезінде ол кісінің еңбегі бағаланбады. «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» демекші, Бауыржан Момышұлының ерлігі мен еңбегін қазіргі таңда əлем танып жатыр. Түсіріліп жатқан кино жəне басқа да іс-шаралар тарихта қалады. Жастарға деген үлкен өнеге, үлгі», дей келіп, ақсақал

бағдарламалардың барлық түрі бойынша тегін кеңес береді. Бұйыртса, алдағы жылы кəсіпкерлікті қолдау қызметтері еліміздің барлық аудан орталықтарында көрсетіле бастайды, – деді Л.Ибрагимова. Қор жетекшісі кəсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарын пайдалану деңгейі арта түскенін айтты. Егер үш жыл бұрын 135 жоба бойынша кəсіпкерлермен субсидия туралы шарт жасалса, биыл 1271 жоба субсидияланып, арадағы 2 жылда 9 есеге өсіпті. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 1500-ге жеткізіледі екен. Сондай-ақ, кепілдендіру шарасы бойынша да қолдау көрсетіліп, келер жылы оның санын 500-ге жеткізу көзделіпті. Брифингте «Даму-Көмек» əлеуметтік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы да айтылды. Ол «Көмек www.damu-komek.kz» сайты арқылы көрсетіледі. Яғни, осы сайт арқылы ірі бизнес-құрылымдар саналатын əлеуетті демеушілер мүгедек-кəсіпкерлерге көмек қолын созады. Ал мемлекет екеуінің арасындағы «алтын көпір» болып табылады. Осы жылдың желтоқсан айының басында сайтқа мүгедек кəсіпкерлерден 1254 тапсырыс түсіп, олардың 863-і қолдауға ие болды. Атап айтқанда, көмектің осындай түрін алып кəсібін кеңейте білгендердің қатарында Қызылорда,

жастарға қаратып: «Бауыржан аталарың секілді батыр əрі батыл болыңдар», деген ағалық тілегін жеткізді. Ал Қазақстан Республикасының Ауғанстан жəне оқшау соғыстар ардагерлерi одағы төрағасының бiрiншi орынбасары Қайрат Тұлғаев өз ойын былайша сабақтады: «Ауған соғысына 22 мың 169 қазақ стандық қатысты. Оның ішінде 924-і ерлікпен қаза тауып, 18-і хабар-ошарсыз кетті. Жəне де 1115-і мүгедек болып қалды. Сол жігіттердің соғыста көр сет кен ерлігінде, қайсарлығы мен қаһармандығында Бауыржан Момышұлының да үлесі бар». Ауғандық ардагер жастарды еліміздің біртұтастығы мен бірлігін сақтауға шақыра отырып, ол үшін тек білек күші ғана емес, білім алулары қажеттігіне назар аудартты. «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Салтанат Əли: «Алаш ұрпағының жастары бүгінгі таңда Елбасымызды, соның ішінде тəуелсіздік туын желбіреткен Бауыржан сынды ағаларымызды əрқашан мақтан тұтады. Жəне де тəуелсіздігіміздің мəңгі болуы үшін ерінбей еңбектеніп, білікті де білімді маман атануымыз керек. Ес керт кіштер ескерусіз қалып қоймасын, қайта жастардың тəрбиесі үшін іс-шараларды өткізіп тұрайық», деген жалынды жолдауын жеткізді. Жиналғандар алдында Бақытбек Смағұл даңқты батырға арнаған: Біз қазақпыз досқа құшақ ашатын, Біз емеспіз жауды көрсе қашатын. Бауыржандай батыры бар біртуар, Қазақстан Республикасы жасасын! – деген бір шумақ өлеңін жігерлі дауыспен оқып берді. Бұдан кейін келген қауым ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті.

Алматы облыстарының тұрғындары жиі кездеседі», деді қор төрайымы. Ағымдағы жылы атқарылған тағы бір маңызды жұмыс, кəсіпкерлерге арналған «Бизнес аумағы» атты бірыңғай мемлекеттік бизнес-порталдың жасалуы болыпты. Оның көмегімен кəсіпкерлер өз ісін ашумен жəне оны жүргізуге байланысты пайдалы ақпараттар алады. Тек «Даму» қоры ғана емес, осындай қызметпен айналысатын барлық қаржы институттары жəне басқа ұйымдар тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы ақпараттар алуға болады. Жалпы алғанда, шағын жəне орта кəсіпкерлік секторында соңғы 4 жылда ауқымды жұмыстар атқарылған. Оның нəтижесін бағдарламаға қатысушылардың жемісті жұмысынан көруге болады. Мəселен, осы кезге дейін бағдарлама қатысушылары 720 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, жылына 42 млрд. теңге көлемінде мемлекет қазынасына салық төлеп отыр екен. «Қазіргі уақытта бағдарлама толыққанды қалыптасты əрі өзінің тиімділігін дəлелдеді деуімізге болады. Ал алдағы жұмыстарымызды бұдан да қарқынды əрі жемісті жүргізуіміз үшін бізге сіздердің яғни, журналистердің де көмегі аса қажет», – деп түйіндеді сөзін Л.Ибрагимова.


4

25 желтоқсан

Е ЗЕРД

www.egemen.kz

2013 жыл

Ақтөбе қаласының 41-разъезд ауданында Ахмеджан Қойшығұлов атында көше бар. Ал оның қандай адам болғанын, қай дəуірде өмір сүргенін, елімізге сіңірген еңбегін көпшілік жұрт біле бермейді. Білмегендіктен де, кейінгі кездерде көшелерге кім-көрінгеннің есімі берілетін болды деп орынсыз кінəлап жатады. Егер алдын ала түсіндіру жұмыстары жүріп, көше атауы берілген тұлға туралы жан-жақты мағлұмат берілсе, өмірден өтіп кеткен адамды бұлай жаңсақ ғайбаттауға орын қалмас еді. Біз білетін жəне осы мақаланың арқауы болған Ахмеджан Қойшығұлұлы ірі тұлға, мемлекет жəне қоғам қайраткері.

Бастау

Бір дəуірдіѕ тїлеп ўшќан жастары Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Осынау тұсаукесер аясында Мемлекет басшысының сыныптастары жəне Қарасай ауданынан келген ұстаздары мен бір топ ауылдастары оңтүстік астана жұртшылығымен кездесіп, қуанышты оқиғаға орай емен-жарқын əңгіме тиегі ағытылды. Негізінен алғанда, бұл кездесу Нұрсұлтан Назарбаевтың орта мектепті бітіруінің 55 жылдығына арналыпты. Осындағы соғыс жəне еңбек ардагерлеріне, басқа да меймандарға əсем безендірілген «Елбасы сыныптастары» кітабының бір-бір данасы көзайым етіліп сыйға тартылды. Бір шолып шыққан адамның өзі-ақ бұл басылымның ерекше құндылығына, баурап алар тартымдылығы мен мазмұндылығына бірден назар аударып, көз жеткізері анық. Ғибратты кітапқа қысқаша тоқталар болсақ, ең əуелі онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қаскелеңдегі Абай атындағы қазақ орта мектебін бірге бітірген сыныптас достарының естеліктері жинақталған. Ол естеліктерде Нұрсұлтан Əбішұлының балалық жəне жастық шағы, мектептегі жəне одан кейінгі өмірі туралы, болашақты бастап берген балалық шақ жайында риясыз баяндалады. Сондай-ақ, мұнда олар білім алған мектептің тарихы, «Шапағат» тарихи-өлкетану мұражайының тəрбие ордасы ретіндегі шертетін шежірелі сырлары туралы əсерлі əңгімеленген. Болашақ Елбасына сабақ, тəлімтəрбие берген Сейітхан Исаев, Əсет Асқаров сияқты ұстаздары да сөз алыпты. Елбасының қадірлеген «бес жұрты» хақында жазушы Бейбіт Сапаралы толғанады. Сонымен бірге, сыныптастардың мектепте оқып жүрген кездегі, кейінгі кездесулер тұсындағы жарқын сəттерді бейнелейтін қаншама құнды суреттер көркем кітаптың беттерінен нұр шашып, тарихымыздың сан алуан белестерін бедерлей көрсетіп, паш етіп тұрғандай. «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген осы ақжолтай кітаптың алғашқы бетінде айшықталған Елбасы толғамы əркімге-ақ ой салғандай. Ол қандай сөздер десеңіз: «Туып-өскен жер ыстық қой, дүниенің қай түкпірінде жүрсем де, туған елім, туған жерім ешқашан да есімнен шыққан емес. Қаскелең мен Шамалғанның дəл үстінен ұшып бара жатқанда жүрегім лүпіл қағып, ерекше сезімге бөленемін» дейтін ізгі аңсар-мұрат, перзенттік кəусар махаббат баршамызға ыстық, жанымызға жақын емес пе?! Қазақ елінің қазіргі де, келешектегі де жастары осындай ұлағаттан үлгі алары да сөзсіз. Кездесуге қатысушыларға құттықтау хат жолдаған «Нұр Отан» партиясының хатшысы, республикалық «Ақ орда» қозғалысының төрағасы Қайрат Сатыбалды Елбасының нақ осындай отаншылдығын, туған жерге деген перзенттік керемет сүйіспеншілігін баса көрсетуі де содан болар. Жиналғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жерде болған кездері туралы деректі фильмді ерекше ықыласпен тамашалады. Содан кейін сыныптастарға білім берген ұстаздар: оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев, химия жəне биология пəндерінің мұғалімі Əсет Асқаров зор қошеметпен сахна төріне шақырылды. Бүгінде 94 жасқа келіп, соның 50 жылдан астамын ұрпақ тəрбиесіне арнаған Ұлы Отан соғысының ардагері Əсет Асқарұлы аталмыш кітапта «Тəуелсіз ел болашағының жарқын болуына теңдессіз еңбек етіп жүрген баламыз Нұрсұлтанға мол бақыт тілеймін. Мəртебең биік болсын, Алла денсаулық пен өмір берсін!» деп жазыпты. Зал толы жұрт осыдан соң КСРО халық əртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО жəне Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Бибігүл Төлегенованы жылы қарсы алды. «Балалық шағымның аспаны» кинофильмінде Тұңғыш Президенттің əжесінің рөлін тамаша мүсіндеген сүйікті əншіге деген халық құрметі де еселеп өсе түскендей. Кездесуге Мемлекет басшысының 29 сыныптасы келген екен. Олардың бəрі осынау бірегей кітаптың əрі авторлары, əрі кейіпкерлері десек артық емес. Сыныптастардың бəріне де салтанатты жағдайда, ілтипатты ықыласпен құрмет көрсетілді. Сыныптастар ел Президентімен мектептің мерейлі мерекелерінде бірге болған жарқын күндерді, сондай-ақ, болашақ Елбасымен бірге оқыған сонау жылдарды бір қимас сағынышпен естеріне алды. Кеңесбай Байбосынов, Рая Сиразитдинова, Күлəш Əмірова, Едіге Жүнісбеков, Сайлаубек Қыдырəлиев, Жомарт Сексенбаев жəне басқалары жас Нұрсұлтанның сол кездегі тумысынан дарыған ерекше дарын-қабілеттерін атап көрсетті. Ол оқуды үздік оқыпты, комсомол жастардың көшбасшысы болып, қоғамдық жұмыста да, көркемөнерпаздар үйірмесінде де, спортта да топ жарып отырыпты. Елбасының жастық шақтағы осы жəне басқа да қасиеттері сыныптастар шығарған ғибратты кітапта кеңінен баяндалады. АЛМАТЫ.

Менің алдымда құжаттар жатыр. Бұларды оның жақын інісі, менің сыныптас досым, энергетика саласының белгілі маманы Сансызбай Қуатов еліміздің орталық мұрағаттарынан сұратып алдырған. Оның көпшілігі қайраткердің бір кезде өз қолымен толтырылған іс қағаздары. 1964 жылдың 2 қаңтарында орыс тілінде жазылған өмірбаянында ол мынадай деректер береді. «Мен, Қойшығұлов А.Қ. 1905 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында Ақшатау ауылдық кеңесінде Калинин ұжымшарында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келіп, 1922 жылға дейін тұрдым. Əкем Қойшығұл Ажаипов ұста болды, 1945 жылы дүниеден өтті. Шешем 1951 жылы қайтыс болды. 1912 жылдан 1918 жылға дейін екі кластық орыс-қырғыз училищесінде, 1918 жылдан 1921 жылға дейін Орынбор қаласында мұғалімдер семинариясында оқыдым. Қазан төңкерісімен байланысты оқудың үшінші курсынан кеттім... 1922-1924 жылдар аралығында Орал қаласы, Қаратөбе, Ойыл кенттеріндегі байланыс жүйесінде пошталық-телеграфтық қызметкер болып жұмыс жасадым. 1924 жылдан 1927 жылға дейін Қызыл Армияда өз еркіммен қызмет етіп, Саратов қаласындағы атты əскер бөлімінде взвод командирі болдым. Əскер қатарынан оралғаннан кейін, екі жыл сот-тергеу органдары жүйесінде жұмыс істедім. Маңызды істер бойынша тергеуші, ауданның прокуроры қызметтерін атқардым. 1929 жылдан 1938 жылға дейін еліміздің Ішкі істер министрлігінде жауапты қызметтерде істедім. 1938 жылдан 1939 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметінде, 1939-1940-жылдар аралығында Қазақ КСР-ының Автокөлік халық комиссариатын басқардым. 1940-1942-жылдары Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ КСР-ы Мемлекеттік бақылау халық комиссары қызметтерінде жұмыс істедім. 1942 жылдан 1947 жылға дейін Қазақстан Орталық партия комитетінің қорғаныс өн��ркəсібі бойынша хатшысына, мұнан кейін үшінші хатшысына сайланып, партияның басшылық қызметтерін жүргіздім. 1947-1950-жылдары Қызылорда облыстық атқару комитетінің төрағасы, одан кейін үш жыл Қазақ КСР Министрлер кеңесінің жанындағы су шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1954-жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары лауазымдарын атқардым. 1955 жылдан 1961 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Қоныстанушыларды орналастыру жəне ұйымдастыру бас басқармасын басқарып, сол жылдың қараша айында одақтық маңызы бар зейнеткерлік демалысқа шықтым. 1922 жылдан 1932 жылға дейін ком сомол мүшесі, 1932 жылдан КОКП мүшесімін, партиялық жазам жоқ. Алған марапаттарым: екі «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, I дəрежелі Ұлы Отан соғысы жəне «Құрмет белгісі» ордендері. «Ұлы Отан соғысында сіңірген еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», басқа да бірнеше медалдар. Үйленгенмін, əйелім, екі ұлым, бір қызым бар. Балаларым жоғары білімді, өз мамандықтары бойынша жұмыс істейді». Міне, осыдан бір жылы кем, елу жыл бұрын, өз қолымен жазылған ресми құжаттан елі үшін қызмет еткен азаматтың бүкіл өмір жолы көрініп тұр. Біз сол өнегелі ғұмыр, үлкен еңбектің үш кезеңін ғана ой елегінен өткізбекпіз.

Мемуардаєы мəлімет

Алдыңғы есімді бүгінде күллі əлем біледі. Ұлы Отан соғысының шешуші жылдарында аса оңтайлы қару жасаған жəне оны кейін жетілдірген маман. Сол есімі аңызға айналған атақты М.Т.Калашниковтың «Қару жасаушы-конструктордың жазбалары» деп аталған кітабы бар. 1992 жылы Мəскеудің Əскери баспасы Əскери мемуарлар сериясы бойынша шығарған (Калашников М.Т. Записки конструктора-оружейника / Литературная запись М.М.Малыгина. – М.:Воениздат, 1992. – 304, [28] с. – (Военные мемуары). – 50 000 экз. – ISBN 5-203-01290-3). Осы көлемді кітапта автор Қазақ КСР Орталық партия комитетінің қорғаныс өнеркəсібі жөніндегі хатшысы қызметін атқарған

Қойшығұлов туралы да жазады. Біз кітаптың сол тұсын толық аударып ұсынуды жөн көрдік. * * * «Соғыс кезінде қолында өз бетімен жасаған пистолет-пулеметі бар жаралы аға сержанттың аяқ астынан пайда болуы талайларды, оның ішінде, сүйегіне дейін кəсіпқой

оның бірнешеуін жəне жетілген түрін жасау керек болатын. Тек оны қайда жасауға болады? Жолдас Қойшығұлов телефон тұтқасын алып, өзін біреумен жалғастыруды сұрады. Сосын маған бұрылып: – Бізде қару жасау ісінің асқан білгірі бар. Шындығында, ол авиациялық, екінші рангадағы

сынап көрді. Сірə, пистолетпулеметтің іс-қимылы қатты ұнаған болу керек. Оның атуға əуестенгені сондай, біз өзімізбен бірге алып келген патронның қалай таусылғанын аңғармай қалдық. Орталық Комитеттің хатшысы жерден көтеріліп, барлығымызға үлгілі жұмысымыз үшін алғыс айтты жəне маған: – Сен керемет еңбектендің. Алайда, біздің пікіріміз əлі де ақырғы емес. Біз тек сіздің табыстарыңызға бірге қуана аламыз. Шешуші сөзді енді атыс қаруының мамандары айтады. Сондықтан, жолдас Калашников, Самарқандқа баруға жиналыңыз. Онда қазір Дзержинский атындағы Артиллерия академиясы орналасқан.

Калашников пен Ќойшыєўлов

 Калашников Қазақстанға келгенде.

əскери адамға бірқатар күдік тудыратыны түсінікті еді: қару қайдан жүр, қандай мақсат? Менің ойда жоқта сап ете түсуімді облыстық əскери комиссариаттың адъютанты тап солай қабылдады. Мен оған жаралы болуыма байланысты демалыста болған кезде пистолет-пулеметтің жаңа үлгісін жасағанымды жəне өзіммен бірге соны алып келіп отырғанымды баяндағанымда, оның шын мəнінде есі шығып кетті. Мен əскери комиссардың өзіне жете алмадым, адъютанттың бұйрығы бойынша табан астында тұтқынға алындым. Пистолет-пулеметтің үлгісін менен сол жерде тартып алды, белбеуімді шештірді. Бір сөзбен айтқанда, асқан қырағылық танытылды жəне ол жерде ешкімге ренжудің реті де жоқ еді. Маған бəрі айқындалғанын, тез шешілуін күтіп жатудан басқа ештеңе қалмады. * * * Үшінші тəулік өтті, ал менің тағдырым əлі шешілген жоқ. Бір мезетте түске қарай есік ашылып, табалдырықтан əскери комиссариаттың мені соншалықты азап шектіріп, қапаландырған адъютанты көрінді. Ол маған белбеуімді, пистолетпулеметімді қайтарып берді жəне сондай жылы сөйлеп: – Жолдас аға сержант, төмен түсіңіз. Онда сізді көлік күтіп тұр. Тек əуелі өзіңізді тəртіпке келтіріңіз, – деді. Баспалдақ бойымен түскенім сол еді, подъезден-ақ көшеде, шынында да, қара түсті жеңіл көліктің тұрғанын көрдім. Адъютант қолымен оны көрсетіп, есігін ашуды ұмсынды. Енді менің бас қатыруыма тура келді: мұндай құрмет не үшін, кім маған қамқорлық жасап отырған? Көлікке отырған соң мұның мəнісін жанымдағылардан сұрадым. Олар бірден: – Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне, Орталық Комитет хатшысы жолдас Қойшығұловқа сізді жеткізуге бұйрық болды, – деп кесіп айтты. * * * Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы мені ықылас қойып тыңдады. Ол, əрине, қолөнершілікпен қолдан жасалған қарудың мейлінше жетілдіруді қажет ететінін бірден түсінді. Оған техникалық құжаттар негізделіп даярлануы керегін де білді. Əлі де

əскери инженер Казаков – Мəскеудің авиациялық институтының факультет деканы. Мен оны қазір осында шақырдым. Міне, енді, сонымен бірге жұмыс істейтін боласың. Факультеттегі жоғары курстың студенттері сіздерге техниканы жобалауды, сызуды, есептеуді үйретіп, жəрдемдеседі. Онда бəрін қайта жасауға, жетілдірілген үлгілерін даярлауға байланысты жұмыстарды жақсы меңгере аласыздар. Бұл істе олардың бай тəжірибелері бар. Құралсаймандармен, қондырғылармен де жақсы жабдықталған. Мен ол жерде бірнеше рет болдым. Институтта жұмыс істейтін көптеген мамандарды, ғалымдарды білемін, – деді. Казаков келгесін: – Андрей Иванович, аға сержантты өзіңіздің қамқорлығыңызға алуды өтінемін. Оның сізге ұсынатыны бар, менің ойымша, бұл іс қызықты жəне болашағы айқын іс. Жас конструкторға жəрдемдесіп, үлгіні бірге жасап көріңіздер. Жұмыс барысы туралы маған хабарларсыздар. Ату сынағы жүрер кезде, бірден хабар айтыңыздар. Пистолетпулеметтің алғашқы сынақшысы болғым келеді. Табыс тілеймін, – деп шығарып салды. * * * Институтта жұмыс тобы құрылды. (күнделікті жұмыс жағдайында оны Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің арнаулы тобы деп атадық). Оған пистолет-пулеметтің бұдан арғы үлгілерімен айналысу тапсырылды. * * * Сынақ қаланың сыртында, тауда өтетін болды. Қойшығұлов əлдебір генерал-майормен бірге келді. Пистолет-пулеметтің жұмысымен танысып, оның қалтқысыздығын бірінші болып тексерді. Генералмайор қарудың жұмысы жөнінде өзінің ойын бір сөзбен білдірді: – Жақсы. – Несі бар, əскери маман жоғары баға берді, – деді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Қойшығұлов маған жақын келіп. – Расында да, осы сөз шындыққа сəйкес келе ме, соған өзім жеке көз жеткізгім келеді. Бұған жас конструктор қалай қарайды? Қарсы болмай ма? Мен өзімнің ризалығымды білдірдім. Ол үлгіні үлкен құлшыныспен

Сол жерде жəне Казаковка назар аударып: – Андрей Иванович, Сізден Орта Азия əскери округінің Əскери кеңесіне жəне Самарқандтағы профессор Благонравовқа ұсыныс хат əзірлеуіңізді сұраймын. Мен оларға өзім қол қоямын, – деді.

Ќателесу жəне кешірім

Соғысқа дейін тағдырын Қазақстанмен байланыстырған Калашниковтың кейін есімі əлемге танылған, қандай атақты адам болғаны көпшілікке белгілі. Ол өзінің мемуарын да арада жарты ғасыр өткеннен соң жазып отыр. Уақыт үлкен кісінің жады көп нəрсені көмескі тарттыратыны кездесіп тұратын жағдай. Конструктор да бір кездегі оқиғаны, өзіне қамқор болған басшының еңбегін сол күйі есінде сақтағанмен, аты-жөнін жазғанда қателеседі. Əрине, өзі өмірден əлдеқашан өткенмен Ахмеджан Қойшығұловтың артында қалың ел, отбасы, бала-шағасы, ұрпағы бар. Жасы ұлғайғанмен жолдасының да көзі тірі. Қызы Əсия Ахмеджанқызы оқымысты адам. Кітаптан əкесі туралы жазылған жолдарды оқиды. Сосын осы бір-екі жылдықта, Калашников Қазақстанға келген кезде кітап туралы алғысын, пікірін айтып хат тапсырады. Ірі адам əр кезде ірілігін көрсетеді ғой, атақты конструктор оны елеусіз тастай салмай, мынадай жауап хат жазыпты: «Құрметті Əсия Ахмеджанқызы! Сіздің хатыңызды қызығып оқып шықтым жəне ол жетпіс жыл бұрын өткен оқиғаларды еске салды. Сол алыс жылдарда сіздің əкеңіздің назар салып, баға жетпес көмек көрсетуінің, ықпал жасауының арқасында менің тағдырым түбірімен өзгерді. Мен қару жасаушы-конструктор болдым!

Өзінің мемлекеттік қызметінен күні-түні бас бұра алмай жүргеніне қарамастан, ол менің алғашқы қаруым ның үлгісі – қолдан жасалған пистолет-пулеметті ілгерілетуге іс жүзінде жəрдем беріп, соғыс кезінде Қазақ станға қоныс аударған əскери мамандарға қауыштырды. Сол арқылы мен атыс қаруын жасайтын констукторлық жұмысқа қосылдым. Кешігіп те болса, мен өзімнің естелік кітаптарымда сіздің əкеңізді «Қайшығұлов» деп қате атағаным үшін кешірім сұраймын. Хабарыңыз жəне құттықтауыңыз бен тілегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Шын көңілден сізге, сіздің туысқандарыңызға денсаулық, жақсылықтар тілеймін! Бас конструктор, Ресей Федерациясының Батыры, екі мəрте Еңбек Ері, генерал-лейтенант М.Т.Калашников» деп қол қойған. Хат өткен жылдың қараша айында жазылған.

«Ќойшыєўловтыѕ кґк арбасы»

Ақтөбе облысының əкімі Арх��мед Мұхамбетовтің өзі бастамашы болып қабылдаттырған «Көркейе бер, туған жер!» акциясы бар. Биыл екінші жыл жалғасуда. Осы шара Ахмеджан ағамыздың ел ішінде аңызға айналған іс-əрекетін есіме салады. Республика басшылығында қызмет істеген жылдарында өзінің туған ауданына бірнеше көк арба жіберген ғой. Қазіргі жастар арбаның ол кездегі қадірі түгілі, оның не екенін де көз алдарына елестете алмауы мүмкін. Əрине, соғыстан кейінгі туған ұрпақ біледі арбаны, бірнеше түрі бар оның. Өгізге жегетін ырдуан арба. Ал мынау салыстырмалы түрде атқа жегуге де ыңғайлы, арнаулы зауыттан шыққан əсем көк арба. Ол заманда мұндай арбаға мінген адам бай баласындай шалқып отырады. Өңірде мұнан өзге ондай арба жоқ, сондықтан, халық «Қойшығұловтың көк арбасы» деп атап кеткен. Осыны ана жылы біреу қателесіп, баспасөзде «Қойшығұловтың көк шайы» деп жазды. Көк шай емес, өзінің туған жері Ақшатауға жəшіктеп үнді шайын жіберген кездері де болған. Алыста жүрсе де ағамыздың туған ауданы, туған жеріне деген сағынышы, сəлемдемесі бұл. Сталиннің «шаш ал десе бас алатын» қатал заманында да мұны ешкім қызмет бабын пайдалану деп айыптамаған, түсінген. Егер азаматтың өзінің отбасына, тума-туысқандарына, туған жеріне шапағаты, қайыры тимесе қандай адам болғаны. Мен бұл жерде заңды, тазалықпен болатын жақсылықтар туралы айтып отырмын.

Зейнеткер болып жїріп те

Басшылық қызметтен алпысыншы жылдардың басында зейнеткерлікке шығып кетсе де, өзінің саналы ғұмырында дүмді жерлерде қызмет атқарған Ахмеджан ағаның сол кездегі астанамыз Алматыда абырой-беделі жоғары болған. Əр қоғамның өзінің жұмыс əдісі бар. Кеңестік заманда жол, көпір, бөгет сынды ірі нысандардың құрылысын жоспарға енгізу ақырет еді. Осы қиындықтарды Қойшы ғұловтың тікелей араласуымен, жетпісінші жылдары Ойыл ауданының басшылығында болған азаматтар жеңілдетіп жүреді. Соның арқасында Ойыл өзенінен, Келбатырдан халыққа қазірге дейін қызмет етіп келе жатқан берік көпір тұрғызылады, тас жолдар, ондаған бөгеттер, тоғандар салынады. Бұл шаруалардың кілтін Ахмеджан Қойшығұловтың қалай тапқаны жайында сол тұста Ойыл аудандық жол мекемесін басқарған əрі жақын інілері, марқұм Аққали Берғалиев қызық хикая етіп шертуші еді. Ақтөбе топырағында туып, қоғам қайраткеріне, республика басшы лығына дейін көтерілген Ахмеджан Қойшығұлов елім, Ақтөбе аймағы деп өмірден еңіреп өткен ерлердің бірі. Сол жолдағы іс-əрекеті бүгінде аңызға айналған əңгіме. Демек, сондай адамға Ақтөбе шаһарынан көше бұйыруы – ердің, азаматтың қадірін білгендік. Болашақта сол көшеде Ахмеджан Қойшығұлов ескерткіші тұрса жарасымды болар еді. Аманқос ОРЫНҒАЛИЕВ, Қазақстанның құрметті журналисі.

Ақтөбе облысы.

P.S.: Осы мақала редакцияда əзірленіп жатқан күндері интернетте мынадай хабар тарады. 23 желтоқсан күні атақты конструктор М.Т.Калашников дүниеден озыпты. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бергі кезеңде Ижевск қаласында табан аудармай тұрып, еңбек еткен Михаил Тимофеевичтің жасы осы таяуда 94-ке толған еді.


25 желтоқсан 2013 жыл

Қысқаша қайырғанда қазақ əдебиетінің көзі тірі классигі Əбдіжəміл аға Нұрпейісов біраз шаруаның, шаруа болғанда да екінің бірінің шамасы жете бермейтін тірліктің тігісін жатқызуға мүмкіндігі барлығын баяғыда-ақ дəлелдеген. Ал жазу-сызу жағындағы жетістіктері өз алдына бір төбе. Жəне бұлардың бəрі айтылған, жазылған, бізге түсініксіз талай тілдерде де тасқа басылған. Мақтау-марапат, өз атына айтылып жататын небір көпірме сөздерді құлағының сыртымен тыңдап, ал тыңдағысы келмесе, қарсы жолығысқан əлдекімді қолтықтай алып, дүбірлі топтың арасынан сытылып жүре беретін жазушы керек десеңіз, ара-тұра өзіне бағышталып жататын «патриарх», «мэтр», «корифей» дейтін асқақ теңеулердің қағазға түсуіне де табандап қарсы тұрар еді-ау! Бірақ арғы-бергі заман құбылыстарынан хабары мол, туған əдебиет жетістіктерін əлемдік масштаб деңгейінде безбендей білетін, өркениет үдерісіндегі өз орнымызды айқындауға да өресі жететін көзіқарақты оқырман əлгіндей атан түйеге жүк боларлық баламаларды кез келгенге теліп жатса кəні! Жоқ, ондай абырой-атаққа ие болатындар сирек, ілуде біреу. Бір ғажабы, Нұрпейісовтің қолдаған-қолдамағандығына қарамай, əлгі теңеулер талантты жанның бітім-болмысына сай келгендіктен ғана солай айтылып жүрген жоқ па?! Жүрек жылытатын жағдай. Сондай кісімен ара-тұра болса да сырласып, жылыұшырай амандасып, əлдебір алқалы жиындарда, əлдебір басқосуларда қатар жүргендігіңе, қатар отырғандығыңа да іштей шүкіршілік жасайды екенсің. Аяқ астынан Америка аша қоятындай не бар, турасына көшкенде Нұрпейісов көп адам жүріп өткен таптаурын жолды қайта шиырламайды, көп адамның қолымен атқарылған игілікті іске бір бүйірден жанаса кетіп, кейбір тұстарына өзінше өзгерістер енгізген болып, жаңалық ашқансып, «міне, мені көрдіңдер ме?» демейді, кеудесін де көтермейді. Тіпті жасының тоқсанға таяғандығына қарамастан, қолына қалам алған тұста да жаттанды тақырыптан бойын аулақ ұстайды, тың дүниенің ғана жалына жармасып жəне араға қанша уақыт салса да, соны қайта-қайта ұстарып, қырнап-сүрнеп, қа-ш-ан көңілінен шыққанша өзін «өлім мен өмірдің арасына əлденеше апарып қоятын» жансебіл жазушылығын жұрттың бəрі біледі. Əңгіме əлгі тыңнан түрен салу дегеннен шығады-ау, мұнан аттай жиырма жыл бұрын тəуелсіздіктің елең-алаң шағында Нұрпейісов елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайынан толықтай хабардар бола тұра, Қазақ ПЕНклубы орталығын ашты. Жанына талантты іні-қарындастарын, тұстастарын жинады. Сол сол-ақ екен, əдебиет төңірегінде қара көбейтіп жүргендер бар, көпшілікке мойны озық талант иесі екендігін танытып үлгермегендер бар, əйтеуір, тыныш жатқан айдын бетіне дауыл үйірілгендей, жұрт оқыстан шу ете қалды. Нұрпейісов əлгі жүйке шабақтайтын қияңқы сөздердің қайдан шығып, ай сайын, апта сайын олардың үдеп бара жатқандығын сезсе де, балақтан тартатындарға бақан ала жүгірген жоқ. Өзінің туабітті салмақты, сабырлы мінезіне бақты. ПЕН-клубтың жанынан «Таң-Шолпан» атты əдеби журнал ашып, ол басылымның таралымын көбейту үшін жалғыз өзі ғана жан-жаққа шапқылап жүріп, біраз əкім-қаралардың уəделерін алып үлгерді. Өзі жиі қайталайтындай, «Мейлі, менің ата жауым болса да, жақсы жазылған дүниесі бар ма, кідіртпей нөмірге салыңдар» деп, кейде Нұрпейісов басымен жаңа жазып жүрген жастардың тырнақалды туындыларын редакциялап, үстінен қайта қарап, үзбей жариялап тұрды. Бір кездері Мағжан мен Мұхтар Əуезов қолға алған игі шара – «Таң-Шолпан» жаңа заман, бүгінгі əдебиеттің табиғаты, эстетикалық мұраты өзгергендігін ескеріп, рухани кеңістігіміздің тынысы одан əрі кеңігендей сипат алып, жаңа пішіммен жарық көріп жатты. Журналға жарияланғысы келетіндердің қатары көбейді. Тағы бір таңғаларлығы, өзі айта беретіндей, «қаламақының проблемасы толық шешілмейінше əдеби өренің қалыптаспайтындығын, бəсекелестіктің дамымайтындығын» есінен бір уақ шығармайтын Нұрпейісов авторларға сол кезең үрдісінен қарағанда қалта томпайтатындай қаламақы бергізіп тұрды. Əрине, қазақ тіліндегі басылымдардың қай кезде бүйірі шығып, қай кезде олар қарыздан құтылып еді?! Шығын, ылғи шығын! Бірақ «Таң-Шолпан» басшысы сол қиындықтардың арасынан да төтеннен жол тауып, авторлардың «аузын аққа тигізгенше» тыным таппады. Қазақ ПЕН-клубының түпкі мақсатын түсінгендер, қоғамдық құбылысты сын тезінен өткізе білетін, əрі «белгілі бір дəуірде болып өткен оқиғалардың көркем шежіресі мен адамдар жан дүниесіндегі астан-кестен арпалысты сезімдер шындығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу тек əдебиеттің ғана мойнына жүктелер миссия екендігіне» анық көз жеткізгендер: «жоқ, бұл Нұрпейісов бастамашыл болған орта лық үй ішінен үй тігетіндей, «қазақ əдебиетін бөліп алатындай ұйым емес екен» деп біртіндеп сеніммен қарай бастады. Бұл – таза шығармашылықты мұрат тұтқан, қолдарынан анау айтқандай «жаһанның мына жылдам жүрісін бір сəт тоқтатып қоюға əл-дəрмені келмесе де, жүрегіне жақын дүниені қағаз бетіне түсіріп, ел алдындағы перзенттік парызын өстіп өтегісі келетін», ал былайғы тірлікте аса қауқарсыз қаламгерлерге қай жағынан болмасын қамқорлық жасайтын интеллектуалды тəуелсіз ұйым

ТІҢ ИЕТ І Б Е ƏД ГІМЕС ƏҢ

www.egemen.kz

Асыл аєа аєынан жарылєанда

еді. Халықаралық ПЕН-клубтың іргетасы 1921 жылдың 5 қарашасында Лондонда қаланған. Оның көш басында Кэтрин Эми Доусон-Скотт пен Джон Голсуорси тұр. Бұл күндері бұл ұйымның құрамына дүние жүзінің 101 елінен 144 ұлттық орталықтар кіреді. Халықаралық тəуелсіз ұйымның əр жылдары бекітілген əлемдік проблемаларды жан-жақты талқылауға арналған тақырыптары аясында əртүрлі мемлекеттер астаналарында өтіп тұратын мəжілістері туралы баяндай бастасақ əңгіменің ұзап кететін түрі бар. Жə, бəрінен бұрын Қазақ ПЕН-клубының он бес жылдан бері үзбей М.Жұмабаев, М.Əуезов, М.Дудин, Ю.Казаков атындағы ең үздік əдеби шығармаларға жəне қазақ əдебиетінің озық үлгілерін өзге тілдерге аударып, насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдеріне он мың доллар көлемінде сыйлық беріп келе жатқандығын айтсаңызшы! Он мың доллар бірер жыл ес жинауға сеп, бірер жыл алаңсыз шығармашылықпен айналысуға жəрдем. Ал бұл қомақты қаржының көрінген көк аттыға үлестіріле салмайтындығы біз айтпасақ та белгілі. Сыйлық түгілі, клубқа мүше болу кəдімгідей мəртебе. Топырлатып мүше қабылдай бермейді. Жаңылмасақ, сыйлық мынадай қазақ қаламгерлеріне берілген-ді: Т.Ахтанов, Ш.Елеукенов, Ə.Кекілбаев, Г.Бельгер, Д.Исабеков, Т.Əбдіков, С.Елубаев, Т.Нұрмағанбетов, К.Смайылов, Ш.Мұртаза... З.Қабдоловқа марқұм болғаннан кейін Сəуле апайға тапсырылды. Жыл сайын жазып жүрген қаламгерлерге берілетін арнаулы стипендиялары жəне бар. Биылғы сыйлық жазушы С.Балғабаев пен қазақ қаламгерлерінің əңгіме, повестерін біраз жылдан бері орыс тіліне тəржімалап, Қазақ ПЕНклубына жанашырлық танытып жүрген аудармашы-дипломат Б.Панкинге берілді. Біздің Ресеймен шекаралас облыс орталықтарында өтіп тұратын алқалы жиындар ше, орыс жазушыларымен ағайындық байланыстарды үзіп алмай, оның əрі қарай жандануына бірден-бір мұрындық болған адам Нұрпейісов еді десек, жаңылыса қоймаспыз. Онда аударма, тіл тағдыры, екі елге ортақ ұлы тұлғалардың мерейтойлары төңірегіндегі ойлар жанашырлықпен ортаға салынатын. Қонақтарды шақырарсыз-ау, қонақүйлерге орналастырып, ас-суын əзірлеп, мүмкіндігінше мінсіз қызмет жасауға тырысарсыз-ау, бірақ мұның бəрі айтуға оңай. Ал жеме-жемге келгенде қаржылық жағдаяттар тура алқымнан алады. Алақанға əзер-əзер жиналатын қаржыны, мейлі, асып-төгіліп жатса да уыстан шығара қою кімкімге де оңай соқпайды. Қасарыспа мінездің қажеті не, көзге көрініп тұрған ақиқатты мойындау, өз тарапыңыздан соған бəлендей үлес қоспасаңыз да, шындық салтанат құрар тұста əділ сөйлеу де азаматтық бір парыз ғой. Бəлкім, біздікі сəл «асыра сілтеу» болар, жо-жоқ, о не дегеніңіз, əлгіндей бау-шуы жуық маңда ширатылып, етек-жеңі жуық маңда жинала қоймайтын мемлекетаралық шаруаны тап-тұйнақтай тындыруға Əбдіжəміл ағадан басқа біреудің жүрегі дауалап, тəуекел етуі сірə да екіталай-ау! Қиын, қиынның қиыны... Міне, жақында Тəуелсіздік мерекесінен екі-үш күн бұрын бойындағы ащы терін сығып, мақтау естісе де, даттау естісе де бəріне көніп, «мен сондай тірлік істедім ғой, ел оны қалай бағалап жатыр» деместен, ал біреу туралы айтуға келгенде де

аса шешіле қоймайтын, арғы жағы түртіп тұрған екі ауыз жылы сөздің өзін бағыштауға да сараңдық танытып, бірақ ПЕН-клубтың шаруасынан өмірі тартынбайтын Нұрпейісов аспаннан жай түсіргендей, орталық мүшелерін бір күнде Алматыға жинап, ПЕН-клуб төрағалығын ерікті түрде жібі түзу бір жігітке тапсырамын деп қар-ап тұр. Ренішсіз, өкпесіз, таза ризашылық көңілмен. Ал бұған не дейсіз?! Таңғалатындайақ оқиға. Əрі есепшотында біршама қаржысы бар, əлі де өздігінен өмір сүруге қауқары жететін халықаралық ұйымды біреудің қанжығасына бөктере салу – əрбір іске мұқият үңіліп, жеті өлшеп бір кесетін, ал діттегені ойынан шықпаса, «ойыннан» дабыра-дамайсыз кетіп қалуға да қинала қоймайтын Нұрпейісовке бұл қайдан пайда бола кеткен жомарттық?! Сірə, баяғы қазандықтың көмейінде қалған шала-жансар шоқты қайта үрлегісі келетіндер өздеріне өстіп сұрақ қоймасына кім кепіл! Қазақ ПЕН-клубының бұл жолғы басқосуы аса жинақы жағдайда өтті. Үйреніскен дағдысы бойынша осындай жиындарға бір нəрседен құр қалатындай, алаөкпесі шыға жүгіріп жетуден гөрі «байпаң басып» өз ауанынан жаңылмай сəл кешігіп жететін Нұрпейісовтің өзі уақытында үстел басынан табылды. Клубтың вице-президенті, белгілі жазушы С.Елубаев алдымен Əбеңе сөз бермес бұрын осы басқосуға əдейі шақырылған қонақтарды таныстырып өтті. Олар: Ресейден келген Нұрпейісовтің де, қазақ əдебиетінің де байырғы досы Николай Анастасьев. Николай Аркадьевичті ПЕН-клуб мүшелеріне таныстырып жату да артық. Бір сөзбен айтқанда ХХ ғасырдағы Америка əдебиетінің білгірі. Фолкнер, Хемингуэй, Миллер, Набоков жайында зерттеу еңбектерін жазған. Қазақ əдебиетінің де ежелгі досы дейтін себебіміз, аса беделді «ЖЗЛ» сериясымен Абай, М.Əуезов туралы арнайы кітаптар жазған. Оның бер жағында Ə.Нұрпейісов шығармашылығы туралы да кітап жазып, қазақ оқырмандарының сүйікті қаламгеріне айналған. Қазақ мемлекеттілігі жайлы, Ұлы Дала перзенттері жайлы түсінігі мол. Ал бəрінен бұрын Ə.Нұрпейісовтің АҚШ-та басылған екі бірдей романы – «Қан мен тер» мен «Соңғы парыздың» ағылшын тіліне аударылуына, оның Америка жұртшылығына кеңінен танылуына бірқыдыру қолғабысын тигізген Н.Анастасьевке көбірек тоқталып жатқандығымыз содан. «Алтын қыран» қорының негізін қалаушы кəсіпкер Ислам бек Салжановтың қолдауымен ағылшын тілінде жарық көрген екі кітаптың біздегі тұсау кесері болатын күні С.Абдрахмановтың Н.Анастасьевпен «Қазақ əдебиетінің батыл сілкінісі» атты əдемі сұхбаты жарияланған-ды («Егемен Қазақстан», 21 маусым, 2013 жыл). Сонда АҚШ оқырмандарының Нұрпейісов шығармашылығын қалай қабылдағаны, əртүрлі ыңғайда өткен кездесулердің мəн-мазмұны, жан-жақтан жауған сұрақтарға жазушының қалай жауап бергені, бейтаныс ортада қаламгердің өзін қалай ұстағаны... бəрі-бəрі жеріне жеткізіле айтылған-ды. АҚШтан келген Владимир Карцев те, Француз елінің өкілі Атанаси Ванчев де Траси де бірі – баспагер, бірі – аудармашы. Нұрпейісов арқылы қазақ қаламгерлерімен танысуды мақсат тұтқан əрі бізге бүйректері бұрылып тұратын ізгі ниетті

азаматтар екен. Француздық аудармашы өзіне сөз тигенде сол ағылшын тілінің арқасында «Соңғы парыздың» жақында француз жəне швед тілдеріне аударылып, кереқарыс кітап боп басылып шыққандығын, оны осы сапарда автордың қолына табыстағандығын қуанышты оқиға ретінде жеткізді. «Сіздердің алдарыңызда атқарылған жұмыстар жайлы есеп беретіндей не бар? – деді Əбе құлаққа жағымды қоңыр дауысымен, – бəрі көз алдарыңда. Менің құпия сақтайтын түгім жоқ. Бəрі сіздерге белгілі, сіздерге аян. Біршама шаруалар да жүзеге асты, ал кемшіліктер одан бетер. Мен, асылы, цифрға, цифрларды ойға сақтауға мүлдем шорқақпын. Ал қаржыға келгенде тіпті олақпын. Əлдекімдердің мені ана жылы айдың-күннің аманында сазға отырғызып кеткенінен де хабардар шығарсыздар. Шамам жететін жерден тартынып қалғаным жоқ. Əлі де ПЕН-клуб жұмысынан қашпаймын. Білсеңіздер, мен осыны бірнəрсе жапырып тастағандай үлкен шаруа тындырдым деп те айта алмаймын. Мұхаң, жарықтық Əуезов айтушы еді ғой, оны бəлкім мен сіздерге талай рет қайталаған да болармын. «Көктемде қар суы еріп, үйдің төбесінен тамшы ағады. Егер сол үй төбесінен аққан тамшының астында қара тас тұрса сол тамшы əлгі қара тасты да тесіп шығады. Ал менің қызметім сол тамшының бірі ғана. Елің үшін, туған халқың үшін қызмет жасағыларың келген екен, ендеше ешнəрседен жасыма, əрбір пенде əлгі үй төбесінен ағатын тамшыдай үлес қосса біз алмайтын асу, біз бағындырмайтын қиындық болмайды. Жалғыз менің шапқылағаным не болады? Осы қаперлеріңде жүрсін», – деуші еді ғой қайран Мұхаң. Сол айтқандай, қазақ əдебиетінің өркендеп, шет жұртқа танылуы үшін де бəріміздің бір кісідей жұмыла жұмыс істеуімізге тура келеді. Мұхаң айтпақшы, жалғыз менің тірлігім не болады. Ғабит Мүсірепов дүниеден өтерінің алдында «Əдебиет ұлы болмай, ұлт та ұлы бола алмайды» деп бекер айтты деймісің. Үлкеніміз бар, кішіміз бар, осыны жадымыздан шығармайық. Мені сынайтын болсаңыздар, ол сындарыңызға əркез арқам дайын. Əңгіме сын дегеннен шығады ғой, біз өзі сын айтуға шебер халықпыз. Осындайда мына жағдай ойға түседі. Мұны да сіздердің алдарыңызда алғаш рет айтып отырмын. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы мемлекет тұтқасын ұстағалы бері мен ең кемі 20-30 рет қабылдауында болған шығармын. Протоколдық тəртіп бойынша берілетін уақыт мықтағанда 10-15 минут. Осы жылы да мені Алматыдағы резиденциясында қабылдады. Бір сағат қырық минуттай əңгімелестік. Біз өзі сынға бейім тұрамыз ғой. Бəлкім, Президентті сынайтындар арамыздан əлі де көптеп табылатын болар. Мен де сөз арасында қызып кетіп, елдің жағдайына көбірек тоқталатынмын. Мəселенің қайда барып, кімге барып тіреліп жатқандығы белгілі ғой. Айналайын, сонда Нұрсұлтан Əбішұлы əрбір сынды аса мəдениеттілікпен, аса зиялылықпен, асқан сабырлылықпен тыңдай білетін. Сынау оңай, ал ел тағдырын, мемлекет тағдырын мойнымен көтерген Азаматтың жанқиярлық ерен еңбегін көре тұра, біле тұра жылы сөзімізді айтудан да кейде тартынып жатамыз. Бір ғана мəселеге тоқталайын, осы Алматыда жалғыз ғана қазақ мектебі болды. Оның өзі Алматы облысының

5

шопан балаларын қабылдайтын мектепинтернат еді. Шешесі екеуміздің қызым Шұғаны сонда апарғанымыз есімде. Бірінші сыныптағы бала саны нормативке толмай тұр, балаңыз екінші сыныптан бастап оқысын деді мектеп басшылары. Шешесі оған көне ме, «қой, бұл жерден оңдырып білім ала алмайды екен» деді де орыс мектебіне алып кетті. Міне, қараңыздаршы, бүгінде осы Алматыда 47 қазақ орта мектебі бар. Ал Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы нағыз халық игілігіне айналған баянды бағдарлама болды. Астана құрылысын екібастан менен жақсы білесіздер. Бұл кімнің арқасы?! Арқа төсіне керемет қала салу, сол қалаға əлемнің небір алпауыт оқымыстылары мен саясаткерлерін жинап, түрлі жиналыстар, түрлі конференциялар өткізіліп жатқандығы кімнің арқасы?! Ал біз сынауға шеберміз. Өткенде менің екі кітабымның ағылшын тілінде жарық көруіне байланысты сондағы баспагерлердің шақыртуымен АҚШ-тағы тұсаукесер рəсіміне барып, қатысып қайттым. Нью-Йоркте де, Вашингтонда да кезектескен кездесулер өтіп жатты. Екі аптадай сонда болдық. Ал ақырғы күндері мен қатты шаршадым, сазбеттенген шынылы зəулім үйлер, аспан тіреген ғимараттар шынымен шаршатты. Елге қайтқым келді, даланы сағындым, Астананы сағындым. Дала мен еуропалық құрылыс стилін жымдастыра білген біздің Астана əлі талай ұрпақтың құтты мекеніне айналады. Жалпы, қарапайым тіршілігімен күнелткен пендеге ерте ертемен бала-шаға сының жанынан өріп, кешкілік қара шаңырағына аман-есен оралып, тып-тыныш өмір сүргеннен артық мұрат бар ма?! Ал жер шарының басқа бір нүктелерінде болып жатқан қантөгістерді күн сайын көріп отырамыз. Бізде тыныштық. Осы мамыражай тірлік кімнің арқасында орнықты?! Ал біз сынауға келгенде алдымызға жан салмаймыз... Жə, жалғыз Нұрпейісовтің шетелге аударылғанынан не ұтамыз? Бізде кез келген айтулы шығармалармен бəсекеге түсе алатын қазақ əдебиетінің қаншама мойны озық туындылары бар. Əрі-берідесін Мұхаң, Мұхтар Əуезовтің өзі толықтай ағылшын тіліне аударылған жоқ. Шетелде Бердібек Соқпақбаевты кім біліп жатыр? Одан бертіндегі Дулат пен Төленнің романповестерін шетелге танытса кімнің таласы бар? Қажығали Мұханбетқалиевтің «Тар кезең» романы бір дəуір шындығын суреттеген өте тартымды жазылған шығарма. Ол жайлы ризашылық кейіптегі ағалық ниетімді өзіне де, өзгелерге де айтып жүрмін. Смағұл Елубаевтың ашаршылық туралы романы ше? Бұлар кез келген тілге аударылып, кез келген елге ұялмай ұсынатын дүниелер. Мына біздің бүгінгі басқосуымызға қатысып отырған азаматтарды сонау жер түбінен бекерге шақырғанымыз жоқ. Өзі міз дің қаламгерлермен таныссын, пікірлессін, ойларын-ұсыныстарын айтсын деп шақырттық. Кешегі дастарқан басында да, бүгін де келелі, пайдалы əңгімелер болды. Əлгі мен атаған қазақ қаламгерлерінің кітаптарын бастырту, аударту, насихаттау тағы да қаржыға келіп тіреледі. Елдік мұрат, арғы жағы қазақ əдебиетінің беделі үшін Мемлекет басшысы керекті қаржыны тауып береді ғой деген үміттемін. Енді... бəріңіз күтіп отырған ПЕН-клубтың жаңа басшысын сайлау жөнінде. Жас тоқсанға таянды. Қанша ғұмырдың қалғаны бір Құдайдың қолында. Сондықтан жөнжосық білетін Қазақ ПЕН-клубының түпкі мақсатын асқан жауапкершілікпен ілгері жүргізе алатын қажырлы, қайратты жəне бəріңіз жақсы білетін бір азаматтың қолына тапсырсам деп отырмын. Бұл орынға өз кандидатураларын ұсынғандар да көп болды. Бұл төңіректегі менің ұсынысымды көпшілігіңіз қолдайтын да боларсыздар. Ол – мына отырған Бигелді Ғабдуллин. Іскер, жинақы, орынды шешім қабылдауға қабілетті, биліктегілермен де тіл табыса біледі. Өзінің газеті бар, есепқисапқа жүйрік. Мен Бигелдімен екі-үш мəрте халықаралық ПЕН-клубтың əртүрлі мемлекет астаналарында өткен конференцияларына қатыстым. Бұл жігіттің өзгелерімізден бір артықшылығы – тіл біледі. Шетке шыққанда тіл білмей əркімнің бетіне жалтақтап, пұшайман хал кешу бəрінен өткен азап екен. Осы азаматқа тоқтадым...». «Əбеке, сіз құрметті төраға болып қалсаңызшы» деп жатты біреулер. «Жоқ, құрметті төраға да болмаймын. Мен бүгіннен бастап, өздерің секілді ПЕНклубтың қатардағы мүшесімін». Б.Ғабдуллин бір ауыздан Қазақ ПЕНклубы орталығының президенті болып сайланды. А.Əшімов, Т.Əбдіков, Қ.Мұханбетқалиев, С.Балғабаев, Қ.Түменбай, Т.Сыдықов... секілді белгілі қаламгерлер шығып сөйлеп, жиырма жылдан астам ПЕН-клубты абыройлы басқарған Əбеңе ризалық көңілден алғыстарын білдірді, жаңа басшыға сəттілік тіледі. Сол күні ағынан жарылған Ə.Нұрпейісов клуб мүшелерімен емен-жарқын сырласып, қолтықтасып, ара-тұра қалжыңдасып, өте көңілді жүрді. Қазақ əдебиетінің Сесі бола білген Əбеңе əр да йым аманшылықта жүздесейік, Аллатағала көпсінбесе жүзге келіңіз, бəлкім ғасырлық тойыңызды сонда атап өтерміз! – дегеннен басқа не айтарсыз?! Қуаныш ЖИЕНБАЙ.


6

www.egemen.kz

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы мен əлемге танылуына ықпал ететін салалардың бірі – туризм. Отандық туризмнің жандануына соңғы жылдары үкіметтік деңгейде көңіл бөліне бастады. Себебі, Қазақстанның көрікті жерлері мен тұмса табиғатын тамашалауға келгендер ел экономикасына миллиардтаған қаржы əкеледі. Осының өзі көп жайттан хабар берсе керек. Шындығында өзгелер қызығатын жерлер елімізде көптеп саналады. Солардың қатарына Алматы облысындағы Райымбек ауданының аумағындағы табиғат ғажайыптары жатады. Бірнеше жылдан бері өзіне осы кереметтерді біріктіріп отырған «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағына кірген көлдердің қазіргі жай-күйіне саябақ директоры Əміржан МАЛЫБЕКОВ алаңдаушылық білдіріп отыр. – Саябақтың қазіргі жай-күйі қалай? Қорық аумағын қоруға қызметкерлеріңіз жете ме? – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Үкіметтің қаулысымен 2007 жылғы 7 ақпанда құрылған болатын, міне, алты жылдың жүзі болыпты. Біздің мекемеде барлығы 150 адам жұмыс істейді. Орманды қорғау, қалпына келтіру, молайту, табиғи-тарихи дүниелерін болашақ ұрпаққа сақтау секілді жұмыстарды осы қызметкерлер атқарады. Сонымен қатар, бір кездері молынан кездесетін,

бері қарай түсуге оңай. Біз жақтан қырғызға қарай асу қиындау, себебі, тік, құлама жартасты болып келетін асудың жолын білмеген адам ұшып өледі. Қазір Үкіметтен ұлттық саябақтың аумағын кеңейту керектігін сұрап отырмыз. Өйткені, соңғы кездері біздің жақтағы аңқұстың қырғызға қарай, Жалаңаш ауылының маңындағы Кеген орман шаруашылығының аумағына, Еңбекшіқазақ ауданының жеріне де өтіп кететінін анықтадық. Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданына тиесілі Табанқарағайды, Талғар ауданына тиесілі жерлерді, Жалаңаш

қазір мүлде азайып бара жатқан жабайы жанжануарларды қорғау, сақтау жұмыстары бойынша көп шаруалар істеліп жатыр. Себебі, біздің қорықтың аумағында Қызыл кітапқа енген арқар, қар барысы, сілеусін, ұлар секілді аң мен құстар тіршілік етеді. Мысалы, кезінде зерттеуші-ғалымдар жоққа шығарған қар барысының саны қазір 12-13-ке жетіп отыр. Сол сияқты еліміздің Қызыл кітабына енгізілген

аймағындағы Екіаша жайлауына дейінгі Орта Меркі, Шет Меркі, Шоңтас жерлерін ұлттық саябақтың құрамына қосуды бастама ретінде ұсынудамыз. Жанжануарлардың қыстың суығында күн гей леп кететінін ескерсек, мен айтқан жерлердің бəріне аңдар ауады. Шындығында сол

арқардың басы 50-ге жетіп қалды десем өтірік айтқандық емес. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының негізгі міндеті – орманды қорғау, өрттен сақтау, ондағы жан-жануарлар мен жəндіктердің тіршілігін зерттеу. Одан кейін ғана еліміздегі туризмнің дамуына үлес қосу негізгі міндеттердің біріне жатады. Осы міндеттердің қатарына табиғи өзгерістерді бақылау, ғылыми-зерттеулер жүргізу секілді аса маңызды істер бар. Біздің мекеменің ғылым жəне мониторинг бөлімінде 4-5 адам жұмыс істейді, олар қорық аумағындағы жан-жануарлар мен жəндіктердің тіршілігін тексеріп, ғылыми ортаға қажетті деректерін анықтап отырады. Феналогиялық алаңдарда арнайы бөлінген орындар бар, сол жерде қорық аумағындағы барлық өсімдіктерді, олардың қандай жағдайда өсетінін зерттеп, еліміздің ғылымы үшін таптырмас жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік саябақ болғандықтан Үкімет тарапынан берілген осындай маңызды тапсырмаларды атқару біздің мекемеге жүктелген. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының құрылғанына 5 жыл толуына орай біздің мамандар бес тақырып бойынша ғылыми жоба қорғап, аса маңызды ғылыми мақалалар жазып шықты. Тақырыптардың əрқайсысы кітап болып басылды. Атап айтқанда, қорық аумағындағы омыртқасыз жəндіктер, суырлар, жануарлардың саны жөніндегі еңбектер отандық ғылымға қосқан үлес болып отыр. Ұлттық саябақтың негізгі міндетінің бірі отандық туризмді дамыту екені белгілі. Мекеменің төлқұжатына бекітілген үш туристік бағытымыз бар. Қазір осы үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Оның алғашқысы Қайыңды көліне апарады. Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі 23 шақырымдық аралықты автокөлікпен, атпен, велосипедпен, тіпті, жаяу да баруға болады. Екінші маршрут Саты өзенін бойлап барғанда алдыңнан шығатын Əлиманның ақ тасы деген жерге апарады. Бұл бағыттың бойында мөлдіреген тау көлі болмағанымен əдемі табиғат аясындағы керемет демалыс орындары бар. Үшінші бағыт – Көлсай көлдері. Бас-аяғы үш көлді қамтып жатқан бұл бағыт бойынша бірінші көлге автокөлікпен жетуге болады, қалған екі көлге жаяу не салт атпен жалғызаяқ соқпақты жағалап бара аласыз. Міне, осы үш бағыт тұрақты жұмыс істеп тұр. Былтыр 13 мың адам келіп, тұмса табиғаттың сұлулығын тамсана тамашалап кетті. Биыл өткен жылғыға қарағанда келушілердің саны аз. Өйткені, Көлсайға қарай келетін автокөлік жолы нашар. – Саябақтың аумағы қанша жерді алып жатыр? – Жалаңаш аймағынан басталып, Талғар шыңына дейінгі аралықты Тянь-Шань тауының жалымен қосып, қамтиды. Таудың ар жағы қырғыздардікі, бер жағы Қазақстандікі. Айырқалпақты ағайындардың аумағы жатық келеді,

жердің бəрі аңдардың мыңдаған жылдар бойы үйренген жайылымы. Сол себепті, осыншама аумақты ұлттық саябақтың меншігіне кіргізуді сұрап отырмыз. Шыны керек, орман шаруашылықтары көбіне орман қоры бар жерлерді ғана қориды. Мемлекеттік маңызы ба�� аймақтарды қори алмайды. Тауешкі, таутеке, бұғы, марал секілді аңдар көбіне осындай шалғай, ат аяғы жете бермейтін тау шыңдарын мекендейді. Осыны жақсы білетін аңшылар сол жерлерді ториды, жайлауға шыққан малшылардың өзі жабайы аң-құсқа тыным бермейді. Сондықтан ондай жерлер ұлттық саябақтың меншігіне кірер болса, аң-құсымыз да қорғалады, туризм де дами түседі. Тау жағалай орналасқан Жалаңаш, Тоғызбұлақ, Жайдақбұлақ, Кеңсу ауылдарының бəрі де отандық туризмнің дамуына елеулі үлес қосатын аймақтар. СолтүстікБатыста Табанқарағай өңіріне жақын Алғабас, Жіңішке ауылдары бар. Қазіргі Қазақстан Республикасының негізгі саясаты орманды көбейтіп, ауылдарды абаттандыру, шөлейт жерлерді көгалдандыру. Мысалы, Астананың маңы, сонау Көкшетауға дейін «Жасыл аймақ» бағдарламасымен көгалдандырылып жатыр. Елімізде орман-тоғай аз, соның көбейе түсуіне ықпал етуіміз керек. Ол үшін табиғат қорғауда мүмкіндігі қалыптасып қалған «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағын ұлғайтқан дұрыс. – Үкіметтің селекторлық отырысында Қайыңды көлінің жайы арнайы сөз болды. Əрине, «жыламайтын балаға емшек берілмейді» деген сөзді еске алсақ, сіздерден ұсыныс болмаса Үкімет тарапынан көмек берілмесі белгілі. Осы жағынан қандай байланыстар бар? – Бұдан екі жыл бұрын Мəжіліске арнайы хат жолдағанбыз. Депутат Тұрарбек Асановқа Қайыңды көлінің жай-күйін, Көлсайға барар жолдың жағдайын айтып, мəселе етіп көтеруін өтінгенбіз. Себебі, Қайыңды көлі қотарылар болса Бартоғай су қоймасын қиратып өтеді, оның ар жағында елді мекендер жиі орналасқан. Одан бері де Алғабас, Саты ауылдары жатыр. Құдай бетін ары қылсын, жолдар мен көпірлерді шайып кетеді. Соның бəрінен сақтану үшін плотина салу керектігін хатымызда айтқанбыз. Сол тұстағы Үкімет басшысынан жауап келді, онда Көлсайға барар жол 2014-2015 жылдарға салынатыны айтылған. Алайда, əлі күнге дейін жабайы жол сол күйінде жатыр. «Қайыңды көлін дамыту жобасы 2014 жылдың бюджетіне кіргізілді» делінген Премьер-Министрдің жауап хатында. Ол жөнінде де ешқандай жұмыс көріп отырған жоқпыз. Жобалық-сметалық құжаттары жасалмаған, тіпті, келіп іс жүргізіп жатқандарды көрген емеспіз. Меніңше, уақыты жетті, енді көпке созбай қолға алу керек-ақ. Үкіметке айтылудай айтылды. Биылғы көктемде Алакөлден, Бартоғай су

п ы й а Єаж

ТА

қоймасының мамандарынан құралған сараптау комиссиясы келіп, Қайыңдыдағы қауіпті жағдайды растап кетті. Алайда, олардың қолынан тек көл суының асып кету қаупі барлығын тіркеу ғана келеді. Бір өкініштісі, сол деректерді ары қарай жылжытып, мемлекеттік деңгейде дамытатын жұмыстар көргеніміз жоқ. Қазір бізден облыс: «Плотинаға қанша сома керек?» – деп сұрап отыр. Шыны керек, оны есептеп, шығынын анықтайтын білікті мамандар болмай тұр. Арнайы мекемелер айналысатын шаруаны атқару қолымыздан келмейді. Бұл жалғыз «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағы ғана атқаратын іс емес. Қайыңдыға тоспа орнатуға мемлекеттік деңгейде көңіл аударылмаса оңай шаруа болмайын деп тұр. – Өзен жағасына демалуға шыққан көпшілік от жаққаннан, ішкен-жегенінен қалған қалдықты сол күйі тастап кететіні жасырын емес. Табиғатты аялау деген ұғым қазір жоғалып бара жатқандай. Осы жағын халыққа түсіндіру жұмыстары сіздердің міндеттеріңізге кіре ме? – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында туристер көптеп келетін жерлер – Көлсай көлдері мен Қайыңды. Басқа бағыттар бойынша Саты сайының бойына шығушылар бар. Бірақ өрт қауіпсіздігіне байланысты ол тарапқа адамдарды сирек жібереміз. Ал Көлсай мен Қайыңдыны көруге көбіне Қазақстанның азаматтары келеді. Шетелдіктер болса əр жылы əрқалай, кей жылы 1,5 мың адамға жетсе, кейбір жылдары 180-200 адам ғана болып қалады. Алыстан ат арытып, шет мемлекеттен шекара асып келушілер тəртіпті жақсы біледі. Тіпті, жаққан сіріңкесінің өзін қайта салып əкетеді деуге болады. Осының өзінен-ақ табиғатты қорғауға деген құлшыныс шетелдіктерде басым екенін білеміз. Жергілікті азаматтарға келсек, кейде тіпті айтуға ұяласың, ішкен бөтелкесін лақтырып, жегенін шашып кетеді. Кейде біздің инспекторлар барып: «Мынауың не?» – десе төбелес шығарады. Бұл ащы да болса шындық. – Жаңа сөзіңіздің басында қар барысының саны өсіп келеді деп қалдыңыз. Сол барыс пен арқар секілді тек таудың суында ғана тіршілік ететін ханбалықты (форель) қорғау қалай жүзеге асуда? Əлде ол сіздерге қарамай ма? – Бізге қарайды. «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағына қарасты Қайыңды көлінде форель өспейді. Себебі, балықтың өсіп-өнуіне қажетті жағдай жоқ. Көлсайдың бірінші жəне екінші көлінде ханбалықтың өсуіне қажетті қор баршылық. 2011-2012 жылдары Орман жəне аңшылық комитетінің тапсырмасымен бізге ихтиологтар келіп, арнайы зерттеу жұмыстарын, мониторинг жүргізді. Олар бəрін тексерді, балықтардың тіршілігін анықтады. Сөйтіп: «Бірінші көлде балықтың тамағына қажетті қор жетерлік. Олардың көбеюіне де жағдай бар. Екінші көлдегі қор одан да көбірек. Өйткені, екінші көлдің ауқымы үлкен. Сол себепті бірінші көлден жарты тонна, екінші көлден бір тонна балық аулауға болады», – деген шешім шығарып, қос көлден балық ұстауға арнайы рұқсат берді. Сондықтан да біздің Көлсай балық аулауға жататын бассейн-сулардың қатарына қосылды. Биылдан бастап балық аулауға рұқсат беріп отырмыз. Ғылыми тілде форель деп аталатын ханбалық негізінен ең таза, суық суда өмір сүреді. Лай немесе жылы суда тіршілік ете алмайды. Көлсай көлінің суы əдетте 5 градусқа дейін төмендейді. Ханбалықтың қылтанағы болмайды, өте таза балық. Осыған байланысты оны аулаймын деушілерге рұқсат беріп отырмыз. Онда да тек қана қармақпен аулануы тиіс. Браконьерлік тəсілге жататын тормен сүзу, электр қуатымен соқтыру секілді заңсыз қадамдарға жол берілмейді. – «Көлсай көлдері» көршілес Қырғызстанмен іргелес жатыр. Турасын айтқанда, шекараның шетіндегі маңызды аймақ. Оны қорғауға, күзетуге қажетті күштеріңіз бар ма? Себебі, еліміздің шекарашыларын көзге ілмейтін браконьерлердің барлығы жасырын емес. – Бізге шекарашылардың берер көмегі орасан. Үлкен қолдау көрсетіп отыр. Іргелес қырғыз ағайындардың біздің аймаққа сұраусыз өтіп кететін аңшылары өте көп. Одан бөлек, малшылардың көзін ала бере тұяқты түлікті айдап кететін ұрылары да жетеді. Ондайлар біз жаққа өтерде топ болып, қару-жарақпен жасанып келеді. Жолынан кездескен аңды атып алады, мейлі ол құс болсын, тырнақты жыртқыш болсын қарамайды. 2007 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи саябағы құрылғалы бері талай қырғыз азаматтары қылмыс үстінде ұсталды. Жауапқа тартылды, екі ел арасын дүрліктіргендерге айып тағылып, лайықты жазасын алды. Биылдың өзінде Көлсайдың үшінші көлінен 4 қырғыз аңшысы қолға түсті. Оларды біздің инспекторлар шекарашылардың көмегімен құрықтады. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жасыратыны жоқ, саябақ құрылмай тұрғанда таудан асып түсетін браконьерлер аңды рұқсатсыз атып, сүрпі етін сылып алып, оны асықпай құрғатып, ыстап, қақтап, дайындап əкететін жағдайлар көп болған. Тіпті, жетекке алған атқа дайындаған етін артып əкететін. Бұл ашық басыну еді. Ұлттық парк құрылғалы бері ондай бассыздықтар тоқтады. Шекарашылардың оған қосқан үлесі баршылық. Сондықтан Қазақстанның шекарашыларына айтар ризашылығымыз ерекше. Өйткені, шекараны жағалай 100 километрден астам аумақты алып жатқан ұлттық саябақты қоруға инспекторлардың шамасы келе қоймайды. Осыншама қашықтықты қамтыған шекараның бойында 16 жерде биік асу бар. Солардың бəрінен де шекара бұзушылар бері қарай оңай өтіп кетеді. Əсіресе, жаз айларында қырғыз аңшылары еліміздің аумағына келуге құштар. Себебі, аңы мен құсы көп жер кімді де болса қызықтырады. Еліміз тəуелсіздігін алып, Қазақстан қарқынмен дами бастағалы бері браконьерлердің аяғы тыйылды. Бұл жағынан ел мен жердің амандығы үшін күні-түні кірпік қақпай отырған шекара қызметіне рахмет айтамыз.

Алматы облысы, Райымбек ауданы.

25 желтоқсан

ІК ЛБЕС

Əңгімелескен Мəди АЛЖАНБАЙ, журналист.

2013 жыл

Бар сырын бїккен Беєазы

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

– Атыңды айтып мақтанайын, Алтын бесік Ақтоғайым – деп əйгілі əнде шырқалатындай, Сарыарқаның сағымды дала төсінде керілген керім өзен Тоқырауын бойындағы бұл аймақтың қашанда тамсанып-таңырқауға шек болдырмайтын сүйкімділігі айтылса тіл жеткізгісіз əңгіме болар еді. Өлкенің ең биік шыңы Ақсораңмен иықтасқан Қызыларай таулары баурайын бойлаған табиғаттың таңғажайып жаратылысы тарихтың тылсым құпияларын ішке бүккен құбылыстарымен тұтасып сиқырлы бір əлемге тірей берер-ді. Талай заман сілемдері ізі сайраған жартастар мен құздарды өрлеп кетсең сырымды біл, аш дегендей дүние шыға келіп, кеудесі толы таңбалы суреттер, тас мүсіндер, көне қорғандар, күл сіңген кеніштер өткен өмір кілтін ұмсына түскендей тартады. Бұлардың арасында ең белгілісі, ықылым дəуір ескерткіштерінің тұңғиық тұнығы Желтаудың орны бір бөлек. Қазақ археология ғылымының атасы Əлкей Марғұланның алғашқы зерттеулері осы жерге арналуының өзі тегін болмаса керек. 1947 жылы бұған дейін жергілікті жұртқа аңыз арқылы ғана жеткен Беғазы қорымын тауып, қазба жұмыстарын бастап, ғылыми сипаттамасын жазып, қазақ даласындағы көне мəдениеттің белгісін əлемге танытушы ғұлама ғалым ғұмыр бойы тарихи құндылығы мен маңыздылығын айғақтап өткені аян. Іргесіндегі аттас тау етегіндегі қорымдағы кесенелер өз заманындағы, яғни /б.з.д. 2 мыңжылдықтың соңы/ алып құрылыстардың бірі болғандығын қазірде де қабырғаларына қалай жеткізіліп, қабірдің қол күшімен қалайша қоршалғаны қайран қалдыратын салмағы тоннадан асатын алып тастар паш етерліктей. Жəне таудан қопарылып алына салынған тұрпайы тас емес, жан-жағы əбден өңделіп, жалтыратылған ірі əрі қалың гранитті плиталар екені əлі байқалады. Биіктігі 2 метрге жуық тігінен дəлме-дəл қойылған қалпында жазық далада осы күнде де алыстан бірден көзге түсіп тұр. Ежелгі сəулет өнерінің осынау көрнекті ескерткіші танытыла білсе, археологиялық жаңа ашуларға, əсіресе, ынтық шетелдік саяхатшыларды қызықтырары талассыз. Қола дəуірі ескерткіштері саналатын кесенелерден табылған алуан түрлі пішіндер мен өрнекті қыш ыдыстар, керамикалық заттар, мүйізден жасалған қару-жарақ, əшекей бұйымдар, жерлеу ғұрпының қалдықтары, жануарлар сүйектері Ақтоғай аудандық мұражайының сирек жəдігерлері ретінде назар аудартады. Алайда, осындай асыл мұраны сақтау, аялап ұстау жайы өкінішке қарай, көңіл қынжылтады. Кезінде Əлкей Хақанұлы «Орталық Қазақстанның бай да құнды ескерткіштерін жоспарлы түрде кең түрде зерттеудің маңыздылығы сол, жаңа құрылыстарды салу жəне ірі кеңшарларды құру жұмыстарының басталуына байланысты ауданның теңдесі жоқ көптеген ескерткіштері толығымен жойылып кету қаупінде тұрды» деп жазғанындай құлатылып, қиратылып, құрылысқа пайдаланған қорғандардың сауынан да қауіп бұлты сейіле қоймапты. Алдымен айтқанда, қорым қоршалмаған.

Ашық даладағы ескерткіштер ортасына маңындағы ауылдың малдары кіріп, ішін былғап-таптап, тас плиталарға сүйкеніп-сүзгілеп ғасырлар бойы тұрған кейбірін құлатып тастап жүрулеріне еш кедергі жоқ. Өлке шежіресімен таныс емес сырт адам кесенелерді тас үйіндісіндей көруі мүмкін. Көзге көрнекті етіп анықтамалық жазба тақтайшасын орнату ойластырылмаса солай болмаса оларға не кінə. Осында үзбей археологиялық экспедицияларды бастап келіп, аптап ыстықтарда айлап зерттеу жұмыстарынан айнымайтын, Беғазы – Дəндібай мəдениетін ғылымға енгізген атақты академик Əлкей Марғұлан атамыз еңбегі туралы келіп-кетушіге арналып орнатылған деректемелік белгі бар шығар деген үмітіміз де үзіліп қалды. Барын бағалап, қадірлеп, қасиеттеп жататын елдер өкілдері мынадай сирек көне ескерткіштің елеусіз тұруын көрсе, не демек. Бізге айтылғандай, сырғытпа сылтаулар олардың түйсігіне түрпідей тиері хақ-ау. Бұл жердің арғы тарихын былай қойғанда, бергісі де ғажап. Қазақтың данасы Əлихан Бөкейханов дүниеге келген мекен. Аталары Қасым төре салдырып, айналасындағы ауылдардың қай баласын да алаламай, оқуға тартқан мектепке сонша неге өшіккендері түсініксіз, аласапыран шақтың шолақ белсенділері тып-типыл етіпті. Бірақ аты өшпеген. Орнындағы ауыл Ақшкөл атауын сақтап қалған. Əлекең елге келіп, тау ішін аралаған кезінде демалуға тізе бүгетін Аюшатқалы сайындағы тұғыртас та көзге ыстық көрінетін орын. Алдындағы көкшағыл тегіс тастарға қашалып салынған таутекелердің, бұғылардың, аң аулаушы адамдардың таңба суреттеріне қарап, туған топырағының терең тарихына жетік жан ойға талай батқан шығар. Анау етектегі Беғазы ескерткіштері, осы жақтағы алғашқы мектеп ізі, халқымыздың асыл ұлының кіндік қаны тамған жер, еріксіз көз тіктірер көне таңбалар шіркін, қадірі қасиеттелуін, сыры жайылуын күтетіндей-ақ. Бір тəуірі, жаңа қызметіндегі қат-қабат істерден бас ала алмаса да аудан əкімі Ниқанбай Омарханов аймақпен танысуды Беғазыдан бастап, соғып тұратын болыпты. Мұның алдында Қарқаралының еңсесін көтеріп, жұрт аузынан жақсы істері арқылы түспейтін азаматтың бұл түйіткілді шешуге ынтызар ықыласы аңғарылады. Ортасына белгілі, бір істі бастаса тындырмай тастамайтын дағдысы мəселенің қисынын таптыратын секілді. Тамашалаушыларға ыңғайлы жағдай жасалған ашық аспан астындағы мұражай, оқушыларға танымдық-тəрбиелік орталық, археологтар арылмайтын орын, жанындағы Əлихан Бөкейханов ауылы этнографиялық ауыл болса, Əлкей Марғұлан мүсіні тұрса, туристер ағылса, табиғат, оған қоса тарихтық қорыққа айналса дейді. Алыс аудан басына қыруар шаруа. Білім жəне ғылым, Мəдениет жəне ақпарат министрліктері осындай-осындай іс-шараларды іліп əкетіп, көмектесіп-қолдап, жандантып, жаңғыртса тіпті жарасты, пəрменді болары даусыз. Əзірге бүгінгі ұрпақтарына өкпелідей сырын бүгуші ежелгі беғазылықтар бір аунап қалар ма еді. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

 Бір ауыз сөз

р і п м е к ы Сорл

, е кі рі п ба рс ам ас п и й ба н кк ерасты емешегі К ы ағ ад ан А ст Банд актері Антониошақтап тұрған қазақГолливудтың құ п, ы ал ұмып ргенде, құрып, көзін ж н бəйбішесінің суретін кө лық?! ы тың сары қары мырлап кетті. Неткен сорл -тегін ы тұла-бойым ш қызын өзгелерге тегіннен м ы н а қ ы Қашанғы қаза м із . Қ аз ақ ты ң дү н и е та н ре с. бе ні е рі ет кө а ін ж ет ол на өте ауыр ти езінде томпақ, санасы мен намысы қайда кетті? К п, соы ы ал ар а ң ққ ты ы лт Ұ тынд елдің қызын қа з беру – жеңіліс тапқан айтын болған. Өзгелерге қы ында м ы рл ұғ қо р н пеліле лай ұлты ң белгісі. Көш қаралаудың ең ті іс іл ең ж р бі ас ол да ң, м рі, кек алуды қорлаудың тү

тын. Қазіргі н қорлау бола ісіне айналзы қы – ңы ы кт ң объе үлкен ш сол қорлауды ындай қазақтың қызы ң намысын таптаған ос бараты ап ақ пт аз ғандай. Қ уақытта қа шақымалар кейінгі сорақы жарна ар А.Бандерасты елдеріне жарп ал рі ды. Неге басқ құшақтатып суретке түсі ді ғой. н ле ры ке а н зд лдарына рып, қы Ондай ды, əйтпесе, қо нама жасамай үстем ел төмендегісі жоқ. . Ал, ді і ей ей сіне кірм Себебі, мер ң өңі түгілі, тү ы, «ақ жағдай оларды рай Алтынсарин айтпақш бы біз болсақ, Ы ра алмай қалдық». ы ƏМШІ, пен қараны ай ұмамұрат Ш

Ж идаты. дарының канд

тарих ғылым


25 желтоқсан

АТ Х Н А ЗАМ

2013 жыл

Жырында желтоќсанныѕ мінезі бар...

«Туған ай тураған ет секілді» дейді халқымыз. Тауып айтылған теңеуінің өзінде əлеуметтік мəселе мен дəстүрлі ұстаным қойындасып жататын жұртымыздың аузына осы сөз «қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай...» кезінде көбірек түсетіні бар. Қызылсыраған көңіл мен қызусыраған ниеттің итжығыс түсіп, «ищай» деп иін оздырып, ирек қамшылаған ию-қию шағында көңіл бораны мен табиғат дауылы төгіліп түскен терменің қос жолындай болып қол ұстасып, өкшесін көтеріп, өкпесін қолына алады. Желтоқсанда жел де жүйрік, көңіл де жүйрік. Өтер жылды жетелеп, тарихқа төтелеп тартып барады желтоқсан. Көңілге түрлі ой салып, «сыбағасын» ар-

тастай ма деп жасқанамыз. Кеше аққұлақ боран аласұрып, аспан мен жер астасып, қаршыл қала желдің өтінде, боранның бетінде дірдектеп еді, бүгін аспан шəйдай ашылып, адуын боран басылып, күн астындағы Күнікейдей болып жеткен күншуақ күлімсірейді. Апамның да алай-дүлей көңілі борандай ашылып, шуағы шашылып, жұртына асығып, қуатты қаламына сүйеніп, «иə, Бекет!» деп жарқылдап тұрып кетеді деп ойлаймын. Жоқ, ойлап қана қоймаймын, бұған кəміл сенемін. Өйткені Фариза Оңғарсынқызын – Фаризасын күтіп отырған қалың ел, қадірлі қауым, жүректес жамағат, тілектес орта бар. Жанкүйер жұрты,

Газетіміздің 2013 жылғы 24 мамырдағы санында «Пайғамбардан қалған бір белгі» деген атпен мақала жариялағанбыз. Еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласушылар көбейді. Оның жөні де бар. Атбасар ауданындағы Садовый ауылында тұратын 85 жастағы Фатима Əбдібекқызының үйінен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) бір тал сақал шарифі табылып, ол дүйім жұрттың алдында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұражайына табыс етілген болатын. Мұндай қастерлі жəдігердің Тұңғыш Президентіміз Н.Ə.Назарбаевқа Түрік мемлекеті атынан табыс етілгенінен хабардар қауым елеулі оқиғаға құтты болсын айтумен қатар, Фатима əжей туралы кеңірек əңгімелеуімізді өтініп жатты.

Пайєамбар жəдігерін жїрегінде саќтаєан ана Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

тып барады желтоқсан. Құлағын қайшылаған құлагер – жылдың жа-лы көрінгендей... Желтоқсан желі сынды жүйрік көңіл жөңкіле жүгіріп, жыртыла-жыртыла ада болуға айналған күнпарақтың соңғы күндеріне сүзілте қаратады. Желтоқсанның күнпарағына үңіле қарасақ, жұртымыздың жақсыларының көбі осы айда дүниеге келген сияқты. Осы айда туған ардақты ағаларымыз бен аяулы апаларымыздың, ардакүрең інілеріміз бен қайраткер бауырларымыздың ұзын саны да баршылық. Саусақ бүгіп санамай, сананың шотын қағып көреміз. Шүкір демеске əддің бар ма! Жалпы, желтоқсан деген жақсы ай ғой, шіркін. Жаның жаңғырар, жадың жаңғырар, сəнің салтанаттанар, əнің мархабаттанар кез. Күн райы суық болғанмен, жүрегің жып-жылы, тілегің ізетті. Жыл бойы жүгірткен мігірсіз тіршілік, ұлыжіңгір ұмтылыс, апаш-құпаш қозғалыс бұл айда, сірə, кісіге жамбас сипатпас. Бəрін айт та, бірін айт, Тəуелсіздікті тудырған қасиетті ай ретінде «айға бас, бізге жас» деп тізе бүгіп, тəжім етсек, қанеки... Осындай кезде інілік ізетті тілек пен бауырмал ниетті білдіру үшін қолыма қалам алып, хат қайшыладым. Осы күні, Астанада соққан алайдүлейде, автомобиль құлағы көрінбес ақборанда, желтоқсанда өмір есі��ін ашқан аға-апаларым туралы ойладым. Ойладым да, ес біліп, етек жауып, екі-үш ауыз өлең құрағаннан бері «бауырым» деп басымнан сипап келе жатқан Фариза апамның туған күні де желтоқсанда екенін Сіздерге айтқым келді. 25 желтоқсан – Фариза ақынның туған күні. Жырында желтоқсанның мінезі бар ақынның туған күні. Өлеңнің өркештенген күні. Апамның əлпештенген күні. Жыр дың жалданған күні. Жұртының малданған күні. Бұл күнді менен басқа да мыңдаған, əлденеше мыңдаған жандар білетініне еш шүбəм жоқ. Туған айымен мінездес, туған жылымен өзектес, туған халқымен тағдырлас ақынның кейінгі кездері денсаулығы сыр беріп жүргені жанымызға батады. Соңғы кездері ауруханаға жолы түсіңкіреп жүрген апамның соңынан халін сұрап, қадірін арттырып бара беруге де тəуекел жете бермейді. Батыр мінезін жастай көріп, жанымызға жаттап өскендіктен де, жасып қаламыз ба деп кібіртіктейміз. Жасығанымызды көріп, жекіп

жанашыр оқырманы бар. Ой-сəбидің оң аяғын көтертіп, осынау үшбу хат – ұшырма көңілімді алғаусыз ниетпен əдіптеп, өлеңмен өрдім: Жауға да шабар шүйіліп, Дауға да барар түйіліп. Махамбет болар бұл апам, Қыз болған Алла бұйырып. Құлагер-жыр боп жараған, Қыран боп көкке қараған. Қаламы дауыл тұрғызып, Қылышпен шашын тараған. Асырса аяр айласын, Алаяқ қуса пайдасын. Ұрымтал тұстан ұмтылып, Ұрады соған найзасын. Əкімнен артық беделі, Əркімнен артық өнері. Əйел боп жаны толғатып, Еркек боп туған өлеңі. Қату боп келсе, қар жауар, Тату боп келсе, шам жағар. Бату боп келсе бауырмал, Баладай көңілі алданар. Қынапқа салсаң қайрамай, Қиқуын салар найзадай. Күй тартқан кезде Динадай, Əн салған кезде Майрадай. Той бастап кетсе – Төледей, Қол бастап кетсе – жебедей. Жол бастап кетсе – телегей, Мұхитқа түскен кемедей. Ұрысқан кезде – Қабанбай, Ұғысқан кезде – анамдай. Шығысқан кезде шарт сынар, Туысқан кезде – даламдай. Бұршақтап жауған өлеңі, Бұтарлап кетер денені. Байтағын жырмен əлдилеп, Бауырына басып келеді. Жауынгер жырға жан риза, Жұрты бар оған дəн риза. Сырласқан кезде – Сыпыра, Жыр жазған кезде – Фариза! Фариза апа, туған күніңіз құтты болсын! Жақындап келе жатқан 75 жасқа толу тойыңызда асаба топ та аңқылдап, алқалап келген əлеуметке қызмет көрсетсем деген ойының жүзеге асуына қол ұшын беруіңізді сұраушы: Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ.

7

www.egemen.kz

Газет басшылығының тапсыруымен Атбасарға бір емес, екі бардық. Алғашқы сапарымыз оразамен тұспа-тұс келгені. Діндарлығын былай қойғанда, мінезділеу кісі ғой, мазаламауымызды сұрады. Айт өткен соң барғанбыз, шағбан айының оразасын ұстап отыр екен. Қоңырауды шылдырлатып тұрмыз, енді не болар екен деп. Есік ширақ ашылды. Апамыздың жүзі жадыраңқы. Бүгілген бойын барынша тік ұстап, жоғары шығыңдардың ишарасын жасады. Өзі «бисмілласын» айтып, басқа бөлмеге кетті. Өткендегі салтанатта ҚМДБ атынан муфтияттың наиб имамы Серікбай қажы Ораз кілтін табыс еткен екі бөлмелік үйдің қонақ бөлмесінде артық-ауыс жиҺаз жоқ. Үстел үстінде Құран кітабы, діни əдебиеттер. Қабырғада Бас муфти Ержан қолы қойылған, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) хадисінен үзінді түсірілген, жиегі алтындатылған үлкен жəдігер ілулі тұр. Бұрышта барқытпен жабылған көнелеу тігін мəшинесі көзімізге түсті. Жымиып қоямыз. Барша аналарымыз сияқты, қарап отыру қайда бұл кісілерде! Əлден уақытта қолында шағын қобдишасы бар апамыз диванға жайғасып: «Мұны Құран аятымен ашу керек. Кəне, сен оқы», – деді. Жасы үлкен болса да, ер азаматсың ғой дегені. Соншалықты əуендетіп болмаса да бірсыдырғы оқығандаймын. Риза кейіппен қарап қойды. Қобдиша сыр төге бастады. Нақты дерек, құжаттар Муфтиятқа тапсырылғандықтан ксерокөшір месін көрсетіп жатыр. Фатима апамызға ата-бабаларынан мирас болып қалған, жандүниеңізді қуаныш нұрына толтыратын қымбат қазынамен сіздер де таныса отырыңыздар. «Мүбəрак сақал туралы тарихи құжат» былай дейді: «Осман мемлекетінің қазына сына жататын Пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын, осынау бір тал мəбарак сақалын шейх Ахма дуд дин Һижри 1273 жылдың 12 мұхаррам күні (милəди 1856 жыл 12 қыркүйек) Мекке Мукаррама қаласы, Алла оның шарапатын арттырсын, мұсылман қауымының алдында Сəид Масғұд ибн Сəид Махмұдтан алды. Ал, Сəид Масғұд болса оны 1267 жылы 18 шағбан күні (1849 жыл 9 шілде) Мəдина тұрғыны Сəид Абдулла ибн Һашимнен алған...». Шежіре дерек осылайша діни тұлғалардың есімдерімен жалғаса береді. Біз құжаттағы айрықша назар саларлық хақиқатқа жүгінуді жөн көріп отырмыз: «Мүбəрак сақал туралы ешқандай күмəн, шүбə болмасын, иншалла. Бұхараға жеткен соң ғұламалары жəне жұрты оны

растап, ұлықтап, құрметтесін, қастерлесін! Аталмыш келісім 1287 жылдың 11 сафар күні (1870 жыл 10 маусым) сүннет Һəм құжат жолымен Рум қаласында орналасқан өзбек нақшыбандия тəкиясында жасалды. Бұл тəкия Бұхара жолаушыларының тоқтайтын мейманханасы. Қажы Иуртеке осынау бір тал мүбəрак сақалды шамамен милəди 1869 жылы алды. Мен бұл мүбəрак бір тал сақалды 1921 жылы март айында Иуртеке қажыдан алдым. Алған адамның аты Бөкей қажы Сандыбайұлы. Бөкей қажы қайтыс болғаннан (1924 жылы) кейін оның ұлы Əбдібек алды». Ал Фатима кезінде мешіт ұстаған сол Əбдібектің қызы. Осы жазбалардың бəрі Мұхаммед Иуаздан бастап Баубек Иуртекеге дейінгі тұлғалардың жеке мөрлерімен расталған. Ең соңында ҚМДБ мөрі де бар. Оның үстіне Атбасардан табылған жəдігер Муфтияттың ықтиятты тексеруінен, шетел сарапшыларының саралауынан өткен. Былайынша қаталдау көрінген апамыз əңгімешіл болып шықты. – Туып-өскен жерім Қостанай облысы, Қостанай ауданының Байжігіт ауылы. Түбім қыпшақ, – дейді Фатима Əбдібекқызы. – Атамыз Бөкей қажы елді аузына қаратқан, мешіт ұстаған кісі екен. Дайыр, Бөкей, Бекмұхамбет – үш ағайынды. Менің əкем Бекмұхамбеттің тұңғышы болғанымен Дайыр бабамыз бауырына басыпты, Дайыров деп жазылған. Бөкей мешітін бертінде менің əкем Əбдібек ұстапты. Ол кезде ел ішінде намазға шақырушыны «мəзен» деп атайды екен. Бұл кеңестік қуғын-сүргіннің қызу жүріп жатқан шағы. Аталарымыздың басындағы зұлмат бізге де түсті. Белсенділердің дүмпуі жоғарыға жетіп, мешіт құлатылды. «Ертең-бүрсігүні ұсталасың» деген сыбыс үдеп бара жатқанда туған елден қашуға тура келген. Əкем онсыз да сұйылған дүниесіне қарамай, «мүбəракты» ғана алыпты. Жетікөл (Семиозер) жағында шешеміз Жəмиланың жетегінде үш қыз ашқұрсақ күн көрдік. Арада жеті жыл өткен соң, ырду-дырду басылған шығар деп Байжігітке жақындау Майкөл ауылына көшіп бардық. Қате болған екен. Жұрт қайтадан əкемді «мəзен» келді деп қудалай бастады. «Басар жер, барар тау қалмады» деген осы. Ары ойланып, бері ойланып, мынадай байлам жасалыныпты. Əкемнің қайын атасы Жайлыбай ірі бай болған екен, кəмпескінің алғашқы дүмпуінде оның баласы Есмағамбет Башқұртстанға жер аударылған көрінеді. Сол кісінің Тəшет, Естай деген балаларынан хабар жеткен көрінеді. Не керек, жаяу-жалпылай 1939 жылы Нижний Уралскі дейтін жерге келдік. Пана тұтар Естайды Фин

соғысына алып кетті, сонда қаза тапты. Тəшет нағашым 1941 жылы майданға аттанып, Сталинград шайқасында опат болды. Əкем қалың қарағайдың ішіндегі қара жұмыстан босамайтын. Көрген құқайды тізбелеп қайтейін. Тұрмыс өте ауыр еді. «Туған жерге аяғымыз тиер күн болар ма екен» деп армандайтын кəрі əке-шешемнің денсаулығы да сыр бере бастаған. Мұның сырын кейін білдім. Мəселе денсаулықта ғана емес екен. Əйтеуір, өлдім-талдым дегенде, 1945 жылдың сəуірінде Қазақстанға қайта оралдық. Қостанайдың Майкөл ауылының Қостомар бөлімшесіне қоныс тептік. Мектепте үзіп-жұлып білім алған мені Алматыға есеп қызметшілерінің курсына жіберді. Тəуір оқыған сияқтымын, астананың өзінде қалуға ықылас танытып жатты. Оған шама қайда. Қостанайға келіп, собеске счетовод болып орналастым. Пəтер жалдап, əке-шешемді қолыма алдым. Ол кездің оқуы əжептəуір еді. Аудандық собесті басқарып, госбанкіде істеген кездерім болды. Əбділдə дейтін жігітке тұрмысқа шығып, Урицкий ауданына қоныс аудардық. Рабочком қызметін атқаратын күйеуіммен 16 жарым жыл отасып, ол белгісіз жағдайда суға кетті. Жеті баламен қырыққа толмай жесір қалдым. «Жаман шынын айтамын деп сырын айтады» дегендей, өз басымның мұңымен біразға кетіп қалыппын. Мүбəракқа қайта келейінші. Жаңа əкемнің туған елге оралуды аңсағанын айттым. Əкем сақал шариф туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. Əйтеуір қай жерде болмасын, үйден алшақ, тау-тас, ағаш-тоғайдың ішінде намазын оқып, мінəжат қылып отыратынын байқайтынбыз. Үйімізде ұл бала болмады. Əкем інісі Омардың Сапабегін бауырына басқан. Жаны қалмай асты-үстіне түсуші еді. Сапабек бауырым 1978 жылы кенеттен қайтыс болды. Əкем қатты қайғырып, кəдімгідей шөгіп қалды. Кəмилаға бет бұрған да бізді шақырып, бар сырын ашты, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сақал шарифі салынған шыны құтышаны көр сетті. Бұл қасиетті жəдігер аталарымыздан ауысып отырған. Біріне-бірі аманаттағанда «Сенің алуың таусылмасын, менің беруім таусылмасын» дейді екен. Тəртіп бойынша оны мұсылмандық парызды толық өтейтін еркек кіндікке тапсыру керек. Заман солай, ағайын-туысқа ұстата салудың да жөні жоқ. Амал жоқ, əкем қымбат мұраны жылап тұрып сіңлім Ғатифаға аманаттады. Бұл туралы жан баласына айтпауды, көрсетпеуді, қолға аларда екі бас намаз оқуды, ораза ұстауды тапсырды. Кеңес қызметіндегі с��ңлім барын салғанымен, жəдігерге қатысты шарттарды түгел қамти алмады. Өзі өтініш

жасап, маған қолқа салды. Алғашында толқыдым, қатты қорықтым. Міне, содан бері 35 жыл бойы күрделі де қуанышты күндерді бастан кешірдім. Жəдігерді жүрегімнің төрінде жасырып ұстадым десе болғандай. Өзімнің де жасым еңкейіп, қуат қаша бастаған тұста, 2003 жылы Атбасардағы үлкен балам Кəкімбектің қолына көштім. Одан Садовый ауылынан үй сатып алып, ұзақ жылдар Ригада əскери қызмет атқарған кенже ұлым Дулатбекпен бірге тұрдым. Ата дəстүрін осы балам жалғастырады деуші едім, оған күн жеткізбеді. Былтыр екі күйеу балам, биыл Дулатбегім қайтыс болды. Содан қатты ойға қалдым. Қазақстанымыздың Тəуелсіздігіне де 20 жылдан асты. Енді ұлық мұраны халқымыздың рухани мұратына жарату керек деп түйдім. Баламның дұғасында аудан имамы Ақылбекке ақырындап көрсеттім. Сандықшадағы сарғайған Құран сүрелерін де оқып көрді. «Ойпырмау, бұл күллі мұсылман міллəті үшін баға жетпес қазына ғой!», деп еліміздің діни басқармасына жеткізу қажеттігін айтты. Бірақ, қолына ұстатып жібере алмадым. Содан не керек, Ақылбек діни басқарманың облысымыздағы өкіл имамы, Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы мешіттің имамы Қанат қажы Қыдырминді ертіп келді. Имам қатты қуанды. Араға екі айдан астам уақыт салып, Ақылбегім тағы келді. «Алматыға, Бас муфтидің қабылдауына барамыз», дейді. Тағатым таусылған күндері пайғамбар жəдігері арнайы тексерістен өткізілген екен. Бас муфти Ержан қажы алдымнан шығып қарсы алды. «Түркістан» қонақүйіне орналастырып, жүріп-тұруыма мəшине бөлді. Туыстарыңыз болса, аралап қайтыңыз деді. Дəм жазып, Шелектегі нағашым Мирас Жайлыбаевтың үйінде болып, жаңа туған шөберемнің атын Нұрсұлтан деп қойып келдім. Арғы жағын өздерің де білесіңдер деп, апамыз екінді намазына дайындала бастады. Дастарқаннан дəм татып, аңыз ананың батасын алдық. ...Көкшетауға қуанып оралдық. Біз ешқандай өлшемге симайтын ерлік иесінің батасын алғанымызды мақтан етеміз. Ерлік – қастерлі ұғым. Оны қас-қағымда жасап, ел қадірлісіне айналғандар құрмет тұғырынан түспек емес. Ал, Фатима апамыз барлық құндылықтардың жиынтығын білдіретін ерлікті өмір бойы жасап келе жатқан адам ретінде дараланып тұратыны анық. Ақмола облысы, Атбасар ауданы. ––––––––––––––––––––

Суреттерде: Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар жəдігері; Фатима Əбдібекқызы.

● Тұсаукесер

Дарабоз дарын, ґнегелі ґмір иесі Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада түрколог-ғалым, жазушы, аудармашы, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауреаты, Еуропаның Франс Кафка алтын медалінің иегері Немат Келімбетовті еске алу кеші жəне үш томдық шығармалар жинағы мен шетел тілдерінде басылып шыққан кітаптарының тұсаукесер рəсімі болып өтті. Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан.

Ең алдымен, ғұмырында тап келген қиыншылықты аса зор шыдамдылық пен төзімділік арқасында жеңе біліп, артында өнеге қалдырған дарабоз дарын Немат Келімбетов ғалымдық пен жазушылықты қоса арқалап, 1974

жылы «Шəді ақын» атты тұңғыш зерттеулер еңбегін жарыққа шығарса, одан кейін «Үміт үзгім келмейді» атты хикаясын, «Жарлы емеспін, зарлымын» атты повестер жинағын, «Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі», «Шығыстың классикалық поэзиясы жəне қазақ əдебиеті», «Ежелгі дəуір əдебиеті» сияқты кітаптарын

қалың оқырманға ұсынды. Ғалым-жазушының ерен еңбегін академик Сейіт Қас қабасов: «Немат Келімбетов сонау 1980 жылдардан бастап ежелгі əдебиетіміздің тарихын үңіле де тереңдей зерттеген айтулы ғалым болды. Ол əдебиетіміздің ерте дəуірін тəңірлік жəне исламдық деп екі үлкен кезеңге бөліп, қазақ сахарасында исламға дейін де жоғары дамыған мəдениет болғанын көрсетті» деп түйіндесе, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Əбдезұлы: «Немат ағамыздың ғылыми еңбектері мен əдеби кітаптарының əлем тілдері саналатын – түрік, қытай, неміс тілдеріне аударылуы – бұл ең алдымен қазақ руханиятының

жемісті жеңісі деп білемін. Демек, көрнекті жазушы-драматург, түрколог-ғалым Немат Келімбетовті қазақ оқырманы ғана емес, əлем мойындаған қаламгер деп бағалағанымыз жөн» деп шынайы бағасын берген болатын. Іс-шара барысында ресейлік жазушы, «Художественная литература» баспасының директоры Георгий Пряхин, сенатор, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Əзербайжаннан келген меймандар Чингиз Алиоглы мен Эльхан Зал Гараханлы, Түркиядағы Мимар Синан университетінің профессоры Əбдіуақап Қара, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

Ерлан Сыдық, Əдебиет жəне өнер институтының директоры Уəлихан Қалижан, халықаралық түркі академиясының президенті Шəкір Ыбыраев, академик Ғарифолла Есім, жазушы Смағұл Елубаев, филология ғылымдарының докторы Диқан Қамзабекұлы, елші Бақтияр Тасымов, Немат Келімбетовтің ұлы Қайрат Келімбетов жəне басқалар Немат Келімбетов жайлы естеліктер айтып, тұсауы кесіліп отырған кітаптар жө нінде пікірлер білдіріп, алып келген сый-сыяпаттарын Ұлт тық кітапхана мен жазушы ұрпақтарына табыстап, ендігі алдағы атқарылар іс-шаралар туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды.


8 Жалпы, қазақ-қырғыз «парал лель деріне» таң қалудың жөні жоқ. Бірақ тарихымыздағы ер Едіге мен Баба Түкті Шашты Əзіз сияқты қазаққа əлімсақтан белгілі тұлғалардың аты-жөні қырғыз байкелердің ата-тек шежіресінен кездесіп қалса ше? Оның үстіне олар, анау-мынау емес, КСРО халық əртісі, Қырғыз КСР-нің халық əртісі, Қырғыз КСР-нің еңбек сіңірген əртісі, Қырғыз КСР-нің халық суретшісі, Бүкілодақтық Ленин комсомолы жəне Қырғыз КСРнің Тоқтоғұл атындағы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Сүймөнкул Чокморовтың түп-тұқиян шежіресінің басында қарқарадай боп тұрса не істемексіз? Таңғаласыз ба? Əрине, таңғаласыз. Біз де таңғалдық. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ыстықкөлге барып бір апта демалудың сəті түсті. Жағажайдағы «Алатау» демалыс орны Чолпон-Ата қаласындағы Мұхтар Əуезовтің мұражай-үйінен онша алыс емес екен. Қолайын тауып заңғар жазушының 1959-1961 жылдары осында тұрып, еңбек еткен құтханасының қасиетті табалдырығынан аттадым. Тұтынған заттарын тамашалап, тіпті, ырым етіп жазушы орындығына да отырдым. Музей-үйден шыққан соң шағын қала ішіндегі кітапханаларды тінткілеп кітап іздедім. Тапқан олжам Сүймөнкул Чокморов жайлы кітап. Ə дегенде өз көзіме өзім сенбедім. Сосын: «Мұны басқа емес, Сүймөнкулдің туған ағасы Намырбек-байке Чокморов жазып отыр ғой, інісінің талантын тастүлек кезінен танып, оқуға түсіріп жүрген зиялы адам қалайша қателеседі», деп ойладым. Сол Намырбек-байке ағамыз ата-бабасының шежіресін былай деп тарқатыпты. «Көрген көзде жазық жоқ», оқиық. Ең əуелі Кушчу, Кушчу ішінен бірнеше атадан кейін Шайык, одан Акманэрик, одан Эр Эдиге, одан Түктубаба, одан Узун чачтуу Азис (жақшаның ішіне «болжаммен 1360-1435 ж.ж. өмір сүрген» делінген). Узун чачтуу Азистен Өмүрбек, Малокожо, Эшенкарек, Чакыркожо, Малабек, Чекиркожо, Садык, Кыргый жəне Кывал. Узун чачтуу Азистен тараған осы тоғыз ұлдың Өмүрбек пен Малокожосынан басқасын, яғни жетеуін «жетіген» руы деп атайды екен. Мұның ішінде Чакыркожоның тұқымы Рахимбай Өзбек елінде тұрып жатса, Малабек тұқымдары Қазақ елін мекен етеді дейді. Садык болса қырғыздың Саяқ руының арасында тұрады. Бірақ Сүймөнкулдің ағасы Намырбек-байке өзінің ата-бабасы ретінде таратқан Түктубаба мен Узун чачтуу Азистің мүрделері қырғыздың Созағына жерленген бе, жоқ əлде қазақтың Созағына жерленген бе, ол жағына тоқталмапты. Сүймөнкулдің əкесі Чокмордың да екі əйелі болыпты. Бірінші əйелінен Күлжан (1912-1982 ж.ж.) атты бір қыз бен Чолпонкул (1917-1976 ж.ж) жəне Султан (1908-1985ж.ж.) деген екі ұл көрген. Бірақ бірінші əйелі жастай қайтыс болған соң, екінші əйелі Какин Молдаалы-қызына үйленіп, одан 8 ұл-қыз сүйеді. Олар: Чолпанбай (1920-1941ж.ж.), Намырбек (ата-баба шежіресін қағазға түсіріп, талантты інісінің жоқшысы боп жүрген байкеміз осы кісі), Бағдат, Бакыя, Эсенжан, Сүйөркул, Сүймөнкул (1939-1992 ж.ж) жəне Насихат. Ал Сүймөнкулден Бактыгул мен Эргул тарайды. Сүймөнкул Чокморов өзінің тұла бойы тұңғышына Бактыгул (қазақша Бақтығұл) есімін бекерден-бекер қойған жоқ. Бұл, біріншіден, «Қараш асуында атылған оқ» («Выстрел на перевале Караш») фильміндегі өзі сомдаған қаһарманның бойындағы қайсарлыққа құрмет болса, екіншіден, қазақ халқына деген сүйіспеншілік. Содан кейін мұны халқының рухын шарболаттай шыңдаған жазушы Мұхтар Əуезовке деген ерекше ілтипат деп қабылдаған жөн. Өйткені, дана Əуезов дау-дамайы мол дəуірдің əдеби айналымына қазақтың Бақтығұл атты дауылпаз перзентінің образын əкелмесе (оның өмірдегі прототипі Рысқұл Жылқайдаров та осал емес, ол елі мен жерінің азаттығы үшін бақұл болған ерлердің бірі Тұрар Рысқұловтың əкесі болатын), əу баста актер емес, суретші ретінде танымал болуды армандап Чоң-Таш айылынан Бішкек шаһарына, одан Ленинград қаласына асып, сурет өнерінің сұңғыла ұстаздарынан дəріс алған қырғыздың жас ұланы Сүймөнкул Чокморов оны бар болмыс-бітімімен сомдап шыға алар ма еді? Əрине, жоқ. Бірақ Əуезов секілді алыптың қалам қуаты қанаттандырды ма, əлде өмірде болған, бірақ дарабоз жазушының əдеби шешімімен Бақтығұлға айналған өр мінезді қазақтың қырғыз халқымен тағдырлас, тамырлас рухы ш��ңдады ма, бəлкім, Шыңғыс Айтматов «қырғыздың Гомері» атандырған атақты манасшы Саяқбай Қарабалаевтың портретін жазу барысында танысқан талғампаз режиссер Болот Шамшиевтің сенімі жігерлендірген шығар, əйтеуір, Сүймөнкулдің кино өнеріндегі алғашқы рөлі Бақтығұл өте шынайы шықты. Өзінің осы дебюті туралы кейін ол: «Жəмилада» – Даниярдың («Мосфильм», режиссері И.Поплавская), «Мен – Тянь-Шаньда» – Байтемірдің («Мосфильм», режиссері И.Поплавская), «Төтенше комиссарда» Низаметдин Ходжаевтің («Өзбекфильм», режиссері А. Хамраев), «Жетінші оқта» – командир Мақсұмовтың, «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдерінде» – Қарабалтаның («Қырғызфильм», режиссері Б.Шамшиев), «Отқа тағзымда» – Үтір ұстаның («Қырғызфильм», Т.Океев), «Көксеректе» – Ақанғұлдың («Қазақфильм», режиссері Т.Океев) рөлдерін ойнадым. Жақында Акиро Куросаваның «Дерсу Узаласында» Чжан Баоны («Қырғызфильм») жасадым. Төлемүш Океевтің «Қызыл

www.egemen.kz

алмасында» («Қырғызфильм») бірінші рет өз мамандығым бойынша суретші Темірдің рөліне түстім. Бірақ Бақтығұл бейнесі мен сомдаған образдардың ең қастерлісі болып табылады. Жақында балам дүниеге келгенде атын Бақтығұл қойдым», деді («Советский экран», 1975 ж. №20). Ал өмірі өксікпен өткен Рысқұл Жылқайдаров сияқты, əдебиет пен кинодағы Бақтығұл да ешқандай қулықсұмдығы жоқ, ер еді. Сүймөнкулдің өзі де өмір мен өнер майданынан осындай мəрт күйінде өтті. Сүймөнкулдің бабасы Байсаба 1850 жылдары Қырғыз елінің саяқ тайпасы шоғырланған Талас облысынан (Қазақ елінің Жамбыл облысында Талас деп аталатын аудан бар) үрім-бұтағымен көшіп шығып, Бішкектің маңындағы Чүйгө Солто жеріне қоныс аударған. Кеңестік дəуірдің 1930 жылы осы жердегі Саз ауылының тұрғындары Чоң-Таш деген атпен колхоз болып ұжымдасады. Ал 1939 жылдың 9 қарашасында Чоң-Таштағы шабандоз Чокмордың шаңырағында дүниеге шыр етіп сəби келеді. Ата-анасы оның атын мұсылманшылық жолымен азан шақырып Сүймөнкул деп қояды. Қазақ қаламгерлерінің кейбіреулері Сүймөнкул деген аттағы «сүймөн» сөзін тілдік үндестікпен «сүймен», яғни орысша «лом» деген сөздің мағынасымен шатастырып ала береді. Қырғыздарда «сүймөнчулук болсын» деген жақсы тілек бар. Ол қазақтардың тілінде «сүйіспеншілік болсын» дегенге келеді. Сүймөнкул өмірге келген уақыт ел тұрмысы нашар, аштық пен саяси қуғын-сүргіннен бастары əлі де құтылмаған қиыншылық

Қ ҒЫРЫ

ЖАҢ

25 желтоқсан 2013 жыл

ардақ тұтқаны сүйікті ұлы Сүймөнкулға да жұғысты болды. «Əке көрген оқ жонар». Əу баста əлсіз, аурушаң болған болашақ суретші, актер атқа мініп, волейбол ойнап, басқа да спорт түрлерімен шұғылданудың арқасында қатарларына қарағанда сұңғақ та сұлу денелі азамат болып өсті. Волейболдан «КСРО спорт шебері» деген атаққа да ие болды. Ол мұның бəрін кейін актер үшін – қиын, көрермен үшін – қызықты эпизодтарға түсу кезінде кəдесіне жаратты. Чокмор – бала жастан үй шаруашылығымен айналысуды əдет қылғанымен, алысты болжайтын ақылы кемел қария еді. Соғыстан кейінгі жылдардың қиындығы мен жасы келіп қалғанына қарамастан: «Батар күнді байлап болмайды, уақыт деген уысыңа толмайды. Мезгіл өтіп, мен қартайып барам, тірі кезімде оқып қалыңдар», деп өнер-білімге ынтасы бар балаларын үлкен қалаға оқуға жібереді. Намырбек-байкенің ұсынысымен оқуға түсіп, ауылына келген Сүймөнкул: «Əке, суретшінің оқуына түстім» дегенде, көзі ашық, көкірегі ояу Чокмор: «Адам болмай тұрып, суретші болу қиын», деген екен. Не деген керемет сөз! Əлем билеушілері мен данышпандарын аузына қаратқан Конфуций емес, Эзоп емес, Диоген емес, қырғыздың қарапайым ғана қариясы Чокмор айтып отыр бұл сөзді. Сол Чокмор қария 1955 жылы 15 тамызда дүниеден өтіп, сүйегі өзі туып-өскен Чоң-Таш ауылының зиратына қойылыпты. Сүймөнкулдің өмірдерегіне жүгінсек, оның өнерге деген алғашқы құштарлығын оятқан француз қылқалам шебері Эжен Делакруаның «Арыстандарды аулау»

Сїймґнкулдіѕ домбырасы Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

кез болғандықтан, сүйіспеншілік пен жақсылықты аңсаған Чокмор болашақта қырғыз бен қазақтың, қазақ пен қырғыздың атын əлемге танытатын ұлының атын Сүймөнкул деп қойыпты. Жылқы бағып, бие байлап, қазы жеп, қымыз ішіп, дала пəлсəпасын тұрмыстіршілігіне арқау еткен қазақ пен қырғыз «тел қоңыр» деп екі енені тел емген құлынды айтады. Осыдан келіп екі ананың мейіріміне қатар мелдектеген баланы да (ұлы Мұхтар Əуезов мұның əдемі мысалын «Абай жолы» эпопеясында Ибраһим Құнанбайұлының жастық шағына байланысты эпизодтардың бірінде өте шебер суреттейді) «телқоңыр» дейтін болған. Бейнелеп айтсақ, қос əке – Алатау мен Қаратауды қатар жайлап, қос ана – Шу мен Талас өзенін бірдей емген қазақ пен қырғыз халқын да «телқоңыр» деп толғануға болады. Сол сияқты, Сүймөнкул да қос ана – қырғыз бен қазақтың, қазақ пен қырғыздың ақ сүтін арда емген телқоңыр талант. Сүймөнкулдің əкесі Чокмор Ормокойұлы 1880 жылы қазіргі Чу облысының Аламүдүн ауданындағы Чоң-Таш ауылында туған. Анасы Шатман деген қажының қарындасы болған екен. Бірақ Чокмор бір жасқа келгенде анасы дүниеден өтеді де, ағасы Сүлеймен екеуі жетімдіктің зарын тартып, бір-бірін жетектеп жүріп жетіледі. Жастайынан байлардың малын бағуға жалданып жүріп, аттың құлағында ойнайтын шабандоз атанады. Ер-тұрман, айыл-əбзел жасайтын шеберлігімен де танылады. Қазақ, қырғыз, өзбек арасындағы аламан бəйге, алқын-жұлқын күрес, додалы көкпарларда ептілігімен де көзге түседі. Ел көрейін, жер таниын деген ниетпен Чокмор 1915 жылы орыстардың тыл əскеріне аттанады. Бірақ қазақ елінің Қордай ауылына жеткенде арбасы сынып, ісмер жігіт дөңгелекті өзі жөндеуге кіріседі. Сол жерде Чокмордың шеберлігіне қызыққан Степан деген орыс көпесі оны өзіне қызмет етуге жалдап алады. Содан Чокмор екі жыл бойы Қордайдың қазақтарымен бірге орыс көпесі Степанның қолында жұмыс істеп, ісмерлігін одан əрі жетілдіре түседі. Бірақ бодан елдің бостандық аңсаған баласы 1917 жылғы төңкерісте туған айылы ЧоңТашқа оралады. Жалпы, қазақ-қырғыз халқындағы «қан», «тек» деген сөздер бекерден-бекер айтылмаса керек. Шабандоз Чокмордың ат мініп, асау үйреткені, белін буып, балуан күреске түскені, комуз шертіп, домбыра тартқаны, қырғыз елінің белгілі ақындары Осмонкул, Адамкалыйларды

(«Охота на львов») деген суреті болатын. Мұндай əсерлі туындының репродукциясын ол Бішкек шаһарына алғаш рет келген кезінде ағасы Намырбектің үйінің қабырғасында ілулі тұрған жерінен көреді. Бұл Сүймөнкулдің музыка мамандығына емтихан тапсырмақ болып жүрген кезі болатын. Музыка мамандығын таңдауының да өзіндік себебі бар, неге десеңіз, ол оқу орны студенттерді жатақханамен қамтамасыз ететін. Бірақ ағасы Намырбек Эжен Делакруаның қолынан шыққан суреттің репродукциясын көрсетіп: «Бұл көбейтіліп дүние жүзіне таратылған сурет. Яғни Делакруаны да, оның суретін де бүкіл əлем халқы біледі. Сенен де жақсы суретші шығады. Музыкалық білімнен гөрі суретшінің оқуына түс», деп үгіттейді. Осыдан кейін, яғни 1953 жылы Сүймөнкул Фрунзедегі (қазіргі Бішкек қаласы) суретшілік оқу орнына құжатын тапсырып, оның емтиханынан «жақсы» деген бағалар алып, сүрінбей өтеді. Делакруаның өнері шабыт берді ме, əлде шебер əке Чокмордың қанынан жұғысты ма, əйтеуір оқу орнын бітіріп, дипломдық жұмысын аяқтаған Сүймөнкул мемлекеттік комиссияның назарына «Мергендер» деген туындысын ұсынады. Сүймөнкулді сегіз қырлы, бір сырлы десе дегендей. Қырғыз жырларынан Атайдың «Есімдесін», күйлерден «Көкейкестісін» жақсы көріп, оларды комузда жақсы шертіп қана қоймай, сонымен бірге қазақ əндері мен күйлерін де сүйіп тыңдаған. Тарихты да жақсы білген. Қазақ елінің ұлы оқымыстысы Шоқан Уəлихановтың солто руы туралы жазған шығармаларын Алматыдан алдырып оқыпты. Байтік батырдың суретін Ленинградтағы архивтерден тауып алып келген. Сөйтіп батырдың немересі, суретші Асанбек Молдахметовке беріп, оны көбейткізіп елге таратқан. Сүкөң, əдетте: «Ақылменен басталмаған істің аяғы у-шуға барып тіреледі», деп көп айтады екен. Ал бір нəрсеге қатты ашуланғанда: «Осындай да бола ма екен» деп кейіген көрінеді. Кейін жанына ауру қатты батып қиналған кезде де ешкімге сыр бермеген. Сұлуторы аттай Сүкөңе жамандатқыр ауру қай кезде жəне қалай жабысып жүр?.. 1967 жылдан бастап Мұхтар Əуезов пен Шыңғыс Айтматовтың шығармаларының негізінде түсірілген кинофильмдер Кеңес Одағы ғана емес, сонымен бірге дүние жүзіне танымал бола бастағаны белгілі. Сол 1967 жылы Көкөмерен өзенінде (Нарын облысының Жумгал ауданы) «Қараш-Қараш» фильмі түсіріледі. Сонда өзінің Сүлікқара деген атымен Сүймөнкул-Бақтығұлдың суды жалдап

өтетін жері бар. Мұндай эпизодта неше түрлі қауіп-қатерлердің күтпеген жерден орын алуы бек мүмкін. Сондықтан «ақсаусақ» актерлер мұндай жағдайда сақтық жасап, ол эпизодқа каскадердің «ойнауын» өтінеді. Бірақ Сүймөнкул фильмдегі ең бір қиын эпизодқа да, таудың сүйектен өтетін суына да өзі түседі. Ал тау суы қашаннан алдамшы. Өте тұнық боп келетіндіктен оның тұңғиық терең екені де білінбейді. Сөйтіп тұрып-ақ ол адам түгілі атан түйені жұта салады. Осыдан келіп халық тау суын «тентек» деп атайды. Ал Көкөмерен суын қырғыздар ежелден «қанды су» деп атаған екен. Олай деп аталатыны судың түсіне байланысты емес, əрине, денені қалшылд��тып жіберетін мұздай суықтығында. Осы судан алпамсадай талай адам көз жұмған. Міне, ер мінезді Сүкөң осы қатерді елемей тілсіз жау – Көкөмеренмен «алысып» жүргенде (осы бір эпизод үшін қаншама дубль түсірілді десеңізші!) өкпесі мен бүйрегіне суық тигізіп алады. Ауруханаға да жатып шығады. Жазылып, жақсы болып кеттім деп те ойлаған. Бірақ батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны сияқты, ол таскенеше жабысқан аурудан толықтай жазылмапты. Өйткені, 1969 жылы «Жəмила» фильмі түсіріле бастаған кезде Көкөмереннің суынан суық тиген өкпесі сыр беріп, ауруханаға тағы да жатып қалды. Бірақ соған қармастан киноға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап шығады. Намырбек-байкенің мағлұматынша, аурухана ем-домынан кейін сырқатынан құлантаза жазылып кеткен адамдай көрінген. Бірақ бүйрегін ұстап, «андасанда ауырып қояды» дейді екен. Сүймөнкулдің денсаулығының бұзылуына əсер еткен Көкөмереннің «қанды суы» ғана емес, сонымен бірге қырғыз Алатауының қарлы шыңдарының найза тасы мен қақаған суығы да «үлес» қосқан. Ол 1978 жылы «Кілең ерлер» фильмінде басты рөл – Қасымды бейнелегені белгілі. Бұл фильм Тоқтоғұл ГЭС-інде, таудың шың-құздарында түсірілген. Осы кинотуындыны түсіру кезінде Сүймөнкул үшкір тастың үстіне бүйрегімен құлап, ауырып жүрген жерін одан бетер зақымдап алады. Сүкөңнің жағдайы қиын болғаны сонша санитарлық авиацияның көмегімен Фрунзеге жеткізіледі. Міне, осы жерде уролог-дəрігер Владимир Евсюков Сүймөнкулға: «Бүйрегіңіз зақымданыпты, ота жасау керек», дейді. Бірақ, қуанышқа орай, дəрігердің емі, дəрі-дəрмектің күшімен жақсы болып кеткен. Осыдан кейінгі уақыттарын жұмысты өндіре істеуге пайдаланды. Киноға да түседі, көңілін алаңдатқан суреттерін де салды. Жапония, Германия, Испания, Болгария, Куба, Англия, Танзания, Египет жəне басқа да шетелдерге барып, ел мен жер көрді. Кеңес Одағы кинофестивальдерінің

жарқыраған жарық жұлдызына айналды. Ол сомдаған «ер адамдардың рөлі» бірінші орынды 4 рет иеленеді. Сүймөнкулдің жанын қазақ тарихы мен тұрмысына, мəдениеті мен өнеріне жақындата түскен абзал адамдар арасынан Мамбеталы Қалмырзаұлы деген үлкен жездесін айтпай кетуге болмайды. Бай-құлақтың тұқымы ретінде Кеңес өкіметінің қуғын-сүргінін өте көп көрген оның тағдыр-талайы да өте күрделі болған. 1908 жылы Кетмен-Төбөдө дүниеге келген Мамбеталы 1930 жылы небары 22 жасында «кулак» деген атқа қалып, атасымен бірге Украинаға жер аударылады. Орынборға жеткенде атасы ебін тауып Мамбеталының қашып кетуіне жағдай жасайды. Жол-жөнекей қазақ даласы, қазақ ауылдары, сондықтан қазақтармен бірге еңбек ете жүріп туған еліне аман-есен жетеді. Атасының малының арқасында 1925-1928 жылдары азды-көпті білім алған ол еліне келген соң Алай, Гүлчө, Ферғана жағында мұғалім болып қызмет етеді. Бірақ 1938 жылы оны «кулактың құйыршығы» деп ұстап алып, Алай түрмесіне қамаған кезде одан тағы да қашып шығады. Содан Шу өңіріне келіп, Аламүдүн ауданының Чоң-Таш айылына тұрақтап қалады. Сол жерде Сүймөнкулдің əпкесі Чокмор қызы Күлжанға үйленеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мамбеталы да əскерге шақырылады. Бірақ 1942 жылы Ростов облысында қамауға алынады. Тергеуші ə дегенде «соғыс кезінде командирдің бұйрығын қараниеттікпен орындамаған. Кеңес Одағына қарсы үгіт жүргізген. Ата-бабасы бай-манап болған» деген айып тағады. Ақталу мүмкін емес, НКВД құжаттарында атасының Украинаға айдалғанына дейін сайрап тұр. Тергеу біткеннен кейін əскери трибунал əлгі айыптардың негізінде «мемлекеттік қылмыскер» деген үкіммен Мамбеталыны өлім жазасына кеседі. Бірақ бір жылдан кейін Мамбеталының ісі қайта қаралып, өлім жазасының орнына оны 25 жыл бас бостандығынан айырып, қатаң режімдегі колонияға жібереді. Сол 1942 жылдан 1955 жылға дейін «Воркуталаг» колониясында жазасын өтеп, шахтада жұмыс істейді. Сөйтіп 1955 жылы қазан айында ақталып еліне қайтады. Жолжөнекей тағы да қазақ ағайындардың аялы алақандарының қам қорлығын көреді. Солармен бір туған бауырдай араласа жүріп қазақтың əні мен жырын үйреніп, тіпті, домбыра жасап алады. Оны кейін туған еліне өзімен бірге ала келеді. Мұның бəрін неге тəптіштеп айтып отырмыз? Сүймөнкул 1968 жылы «Қараш-Қараш» кинофильмі түсіріліп біткеннен кейін оның премьерасына жездесі Мамбеталыны машина жіберіп, ауылдан арнайы алдырады. Киноны көріп болғаннан соң Мамбеталы: «Менің басымнан өткен оқиғаларды көрсеткен екенсіңдер. Кинодағы қаһармандарыңның атын Бақтығұл демей, Мамбеталы деп қойсаңдар да болғандай екен», дейді көзінің жасын сүртіп. Сүкөңнің сол жездесі Мамбеталы 1983 жылы 75 жасында дүниеден өтіп бара жатып, өзі көп жақсылығын көрген қазақтардың елінен алып келген жан серігі – жалғыз домбырасын қолына алып, шертіп жіберіпті де дыңғыр еткен жалқы үнмен бірге жаны үзіліп, о дүниеге аттанып кете барыпты. Қазақтың домбырасы мен əнін, күйін

жездесі Мамбеталы ғана емес, Сүймөнкул Чокморовтар отбасы да өте қатты құрметтеген. Бұл туралы Қазақбай Абдышев деген қырғыз азаматы былай деп еске алады. Бұл Сүймөнкулдің өмірден өтеріне бір ай ғана қалған кез екен. Сол тұста Қырғыз Рес публикасының авторлар құқығын қорғау бойынша агенттігінде қызмет етіп жүрген Қазақбайдың Сүймөнкул ағасының үйіне баруына тура келеді. Əңгіме аяқталып, қасындағылар шығып кеткен кезде өнерге жаны жақын Қазақбай Сүкөсінің қасында қалады да: – Сүкө, «Ыстықкөлдің қызғалдақтары» фильмінде домбыраға қосылып əн саласыз. Сол домбыраңыз бар ма? – деп сұрайды. – Бар. Тура сол фильмдегі тартқан домбырамның өзі. Қазақ достарым сыйлаған. – Мен де домбыра тартушы ем. Сол домбыраңызды ұстап көруге бола ма? – Болмағанда ше? Əй, Бақтығұл. – Сүймөнкул баласын шақырады. – Мына байкеге домбыраны əкеп берші. Бақтығұл домбыраны алып келді. Қырғыздың Қазақбайы қазақтың домбырасын қолына алады. Пернелерін саусақтарымен жайлап қана сипап өтеді. Таза үнді домбыра екенін сезіп, көңілі көтеріліп қалады. Сосын құлақ күйін дұрыстап алып: – Енді, Сүкө, Тəттімбеттің «Сарыжайлау» деген күйінің бір қайырымын білуші ем, соны шертіп көрейін, – дейді. – «Сарыжайлау»? Соны шертесің бе? – Сүймөнкул Қазақбайға таңғала қарайды. Қазақбай күйді нəшіне келтіре тартып барып дамылдайды. – Қазақбай, сен домбыраны қазақтардан кем тартпайды екенсің, – дейді Сүймөнкул Қазақбайға тік қарап. – Тағы қандай күйлерді білесің? Қазақбай енді өзінің домбыраға шығарған «Жалғыз атчан», «Қайран досум», «Боз жорго», «Қазақ қайрыктары» деген күйлерін тартып береді. Сүкөң ол күйлерді де өте ынтамен тыңдайды. Күйлердің қатты ұнағанын айтады. Өкінішке қарай, арада бір жарым айдай уақыт өткенде Қазақбай Сүймөнкулдай таланттың жүрегі тоқтағанын естиді. 1982 жылдан 1992 жылға дейін созылған бүйрек ауруы сегіз қырлы, бір сырлы талантты ақыры алып тынады. Ол осы он жыл ішінде бүйрегіне жасалған... 56 отаны бастан кешіпті. Не деген жанкештілік! Осы он жыл ішінде «Фристул» аппараты арқылы бір жарым тəулік сайын қанын тазалатып тұрған. Өйткені, «поликистоза» деген бұл ауруға шалдыққан адам əлгі аппараттың жəрдеміне сүйенбей 3-4 күн өткізіп алса, өліп кетуі бек мүмкін екен. Сүймөнкул Чокморов «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» фильміне түсу барысында да қазақтың небір жайсаң перзенттерімен танысады. Солардың бірі елімізге белгілі азамат Өмірзақ Айтбаев болатын. Сүкөң Өмірзақтан Біржан салдың «Теміртасын» үйренеді. Бұл туралы Сүкөң: «Өмекеңнің даусы менікіне қарағанда ашық, түсінікті болғандықтан фильмге соның орындауындағы əнді жаздырдық. Мен жай ғана ернімді жыбырлатып тұрдым. Кино түсірудің осындай қулықтары да болады», дейді екен. Бірақ фильмді көріп отырсаңыз əнді Сүймөнкул-Қарабалтаның өзі аңырата шырқағандай шынайылықты байқайсыз. Біз, кинокөрермендер, Сүймөнкул Чокморовты актер ретінде ғана білдік. Бірақ ол өмірден өзін «суретшімін» деп өтті. Өмірден озарының алдында артында қалып бара жатқан еліне қарата айтқан: «Дүниеге əкелген өнерімді – суреттерімді сақтаңдар. Далаға тастамаңдар, олар жас ұрпақ үшін керек. Мен елім үшін жанымды аямай еңбек еттім. Мен салған суреттердің барлығы елдің мүлкі, жалпы елге тəн. Ел байлығы қатарында есептелсін. Кейінгі буындарға қалдырған белгім. Барлығын шеберханама тастап кеттім», деуі осы сөзіміздің дəлелі. Ыстықкөлден қайтып келе жатып Тоқтоғұл көшесіндегі көп қабатты №170 тұрғын үйдегі Сүймөнкул Чокморовтың шеберханасын іздедім. Бірақ таппадым. Сұрастырсам, ешкім білмейді. Біреу «мынау шығар» деп тұрғын үй астына түсетін жертөленің баспалдағын көрсетті. Оның есігінде құлып тұр. Терезелері темірмен «шегенделіп» тасталыпты. Сығалап қарап ем шаң басқан, шашылып жатқан жертөле ішінен ештеңені анықтап көре алмадым. Əйтеуір шеберханаға тəн белгілер байқалады. Бір-екі сурет пе, эскиз бе бірдеңе байқалғандай. Бірақ бұлыңғыр, анық емес... Ал Сүкөңнің 53 жылдан тұратын қысқа ғұмыры қандай жарқын, қандай жарық еді. «Суретсіз кино жоқ. Пушкин, Лермонтов, Эйзенштейн, Довженко суретші болған», деген ол фильмдегі аңызға айналған рөлдерін санамағанда, бір ұлттың мақтанышы мен байлығы болатын барлығы 427 мұра қалдырып кетті. «Сізге кино жақын ба, живопись жақын ба?» деп сұрағандарға: «Қырғыз-қазақта тұлпары бар жігіт өзін ешқандай уайымы жоқ бай санаған. Ал менде екі «тұлпар» бар, демек мен екі есе баймын», деп суретшілік пен актерлік өнерін меңзеп, əзілмен жауап берген. Сол Сүкөң, Сүймөнкул жарықтық: «Мұхтар Əуезовтің «Көксерегін» қайтақайта оқыған кездерім болды. Оның шығармаларының қаһармандары əрдайым автордың философиясына терең ой жүгіртуді талап етеді. Ақанғұлдың образы маған осынысымен ұнайды. Қырғыздар Мұхтар Əуезовке арнап бір ескерткіш орнатуы керек», дейді екен. Шіркін, қазақтар да Сүймөнкул Чокморов пен оның Бақтығұлына арнап бір ескерткіш тұрғызса ғой. ТАРАЗ – ЫСТЫҚКӨЛ – БІШКЕК – ТАРАЗ.


25 желтоқсан

АС Р И М

2013 жыл

9

www.egemen.kz

 Театр

ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫН-

ДА. Сəкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров толық ақталыпты, енді кітаптары шығады екен деген сыбыс дала төсінде сыңси тербелген майда желдей анда-санда құлаққа жетіп жататын. Бірақ, санаға жетпейтін. Тəркілеуден, аштықтан, Отан соғысынан мəңгіріп қалған қазақтың басы қарын тойдырудан басқаны ойлауға шамасы жоқ еді. Мен бала болсам да есімде қалғаны – ол кезде əн салып, желпініп жүрген адамдарды көрмейтінсің. Абайдың 100 жылдық тойында Шыңғыстауда бір апта ғажайып ойын-сауық болғанын үлкендер талмай, тамсана айтып жүретін. Ал адамдардың тірлік аясы өте бұйығы, көңілсіз еді. Соғыс бітсе де, сол соғыстан қайтпағандар көп-тін. Тəркілеу кезінде жазықсыз абақтыға тоғытылғандар да ақталып қатарға қосылмаған уақыт. Аштықтан бас сауғалап дүние кезіп кеткен жұрт та елге оралмаған кез. Тамыз айының ортасы болар шамасы, атам үйге дабырлай кіріп келе жатты. Құшағында қалың үш кітабы бар. Жеңіл бешпеті мен жұмсақ мəсісін шешіп тастап, төрге озды. Қабырғадағы жиылған жүк үстіне əуелі қолтығындағы үш қалың

жиырмасыншы жылдары туралы қазақ даласының анық суреттерін, айшықты бедерлерін Сəкеннің, Бейімбеттің, Ілиястің шығармаларын оқып дəл тануға болады. Бұл дауылпаз кесек ақындар қазақ даласындағы кесек тұлғаларды барынша адал, əділ көрсетті. Бұлардың ұлылығы шыншылдықтарында. Олар қасқая қарап тұрып шындық айтқандар. Сол шыншыл сөздерінен таймағандар. Біртуар тұлғалар. Өмірден жазықсыз кеткен жандар. Сол таза, шыншыл ақын жаны өзгеге ұқсамайтын дара сөзін, дара ойын қазақ даласына дарытып бақты. Əлеуметтік болмысты тануда ұстамдылыққа ұмтылу, кемел азаматтық парасат таныту əр дарынның қолынан келе бермейтін кезеңде өмір сүру ақынға оңай болған жоқ. Тап тартысын да, жан тартысын да көріп, біліп күн кешкен ақын шыншыл сөзінен бір таймады. Бұл оның ақындық, творчестволық анық ұстанымы болатын. Ақиқат оның жан туы, қасиет туы, киелі туы еді.

дос тарын түгел білемін. Бүгін біздің үйде шағын той болмақ. Ұмытпасам, бұл 1958 жылы болса керек. Сонан кейін 1960 жылы Шəкəрім қажының өлеңдерін «Қазақ əдебиеті» бір бет қылып берді. Ол жолы атам колхозсовхоздағы шалдарды да арнайы шақырып ас берді. Артынша көп ұзамай өзі де қылтамақ ауруынан жан тапсырды. Қажының өлеңі де бостандықта көп бола алмады. Мағжан мен Шəкəрім қажының, Алаш асылдарының істері қайтадан ұзақ жылға жабылды. Бастапқы əңгімеге қайта оралайын. Сол күні, иə, сол күні шалдар өшкендері қайта жанғандай иықтарын қомдап түрленді. Жыр оқып отырған атамнан көздерін алмады. Қазақ жыры шабыттанып арқаны кеңге салды. Бұл Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» дастаны еді. Шіркін, дастан десе дастан екен!

К

Талмай шапќан тўлпар, ќияєа самєаєан сўѕќар

ЕМЕҢГЕР АҚЫН. Ол қазақтың байтақ даласын – Отан ананы асыл перзент ретінде үлкен махаббатпен қуана да, еркелей де сүйіп өтті. Ақын қазақ даласындағы күрделі əлеуметтік болмысты адал танып, əділ бағалай алған тектілердің қатарынан еді. Мен сендердің рухани əкелеріңмін, сендердің көздеріңді ашып, көңілдеріңе сəуле түсіріп отырған мына менмін деп өрекпімеді. Адал ұл, адал перзент ондай кеудемсоқтыққа ешқашан бармақ емес. Шын дыққа жанын суарған хас батыр Отанына адал ұл болып қызмет атқарады. Отанын жұлмаламайды, Отанына барын береді. Керек болса Отаны үшін өлімге бас тігеді. Ол ұрпақ солай күн кешкен. Солай тəрбиеленген. Олар өзге жол таңдамаған. Олар ат басындай алтынды Отаннан артық қоймаған. Тектілер қасиеті – Отан қасиетін ардақтау, Отан мүддесі үшін басын бəйгеге тігу. Ілияс Жансүгіров ХХ ғасырдағы ең кереғар, адамзат қоғамының ең ауыр кезеңіне тұс келген аса ірі тарихи тұлға. Кемеңгер ақын. Ойшыл ақын. Халық тағдырын өз тағдырынан жоғары қойған батыл ақын. Толғақты жырлармен даланы күңіренткен жыраулардан кейінгі ұлттық поэзиямыздағы толғау дəстүрін анық əуелете көтерген Ілияс Жансүгіров болатын. Қазақ поэзиясына Ілекең философиялық-публицистикалық толғау дəстүрін «Дала» дастанында ерекше көсілте көрсеткен еді. Бұл дастан Қазақ елінің, қазақ поэзиясының азаматтық үнін асқақтатты. Аласапыран заманда Қазақ елінің алар тарихи орнын бекітуде аянбаған асыл ақындардың бірі де Ілияс Жансүгіров. Қазақ əдебиетіндегі тарихи тақырыптарға алғашқылардың бірі болып кіріскен де Ілияс Жансүгіров. Қазақ халқының өткен жолына қоғамдық дамудың шынайы заңдылықтарын анық ұғынып, тарихи тұрғыдан дəл танып, біліп, ұғудың үлгісін ақын поэма дастандарын жазу үстінде дəл аңғартады.

С

кітапты жайғастырды да, малдас құрып төрге отырды. Орамалмен тершіген маңдайын, бетін сүртті. Мен кітапқа қол созып едім, атам: «Тиме. Далаға барыңдар. Мен мына кітаптармен оңаша қалайын. Мен бұл құнды жазуларды тосқалы қашан. Сенің есің бар ғой, балам, сен кейін оқырсың», деді.

ТАМЫЗ АЙЫ ЕДІ. Біз дабырла-

сып далаға шығып кеттік. Атам үйде кітаптармен жалғыз қалды. Қабырғаға арқасын тіреп ұзақ уақыт үнсіз ақтарды да отырды. – Атаң шай іше ме екен, білші, – деп апам мені үш рет жіберді. Екеуінде атам: – Өзім айтамын, – деп қысқа қайырды. Үшінші рет келгенімде атам мені сөйлетпестен: – Жоғал! – деп ақырды. – Бар, өрістегі малды қарсы алыңдар. Мені мазаламаңдар. Сол үш кітапты атам ондық білте шамның жарығында түні бойы оқыды. Таңертең мені шақыртып алып: – Отыр мына жерге, – деп жанынан орын ұсынды. – Мына кітаптарды қарап шықтым. Жазықсыз жапа шеккен жандар ғой. Əр сөздері қазақ деп, Қазақ елі деп, қазақ даласы деп бұлқынып тұр, шіркін. – Атам аз бөгеліп үнсіз отырды. – Енді Қажы мен Мағжанды шығарсақ. Алаштың асылдары да бір төбе боп оңаша жатыр. Оны мен көре алам ба, жоқ па?! Алаштың асылдарының кітаптарын шығара қалса жинай бер. Басыңа да, жүрегіңе де қондыр. Олардың айтқан ойлары ерен еді ғой, не керек?! Осы ауылдағы хатқа көңіл бөлетін шалдарды түскі асқа шақыр. Мына жайсаңдарға құран бағыштайық. Əуелі Қабыш молданың үйіне бар. Алғашқы хабар соған жетсін. Мен алып-ұшып далаға атып шықтым. Атамның əңгіме-дүкен құратын жақсы

Ілияс Жансүгіров қазақ əдебиетінде жиырма жыл еңбек етті дейді. Ол рас сөз. Ал бірақ нағыз кемеңгер шығармаларын дүниеге əкелуіне он жыл да жетіп жатыпты. Өкінішке қарай, ерекше талант иесі, бойындағы ең асыл жырларын халқына бере алмай кетті. Өкінішті!.. 1937 жылы ақын атылды. Ақын келмеске кетті. Ақын өлеңдерін де қоғам өмірінен аластатты. Сол тұста Ілияс Жансүгіров баржоғы қырық үш-ақ жаста екен. Қазақстан Жазушылар одағының іргетасын қалап, əдеби өмірін бір қалыпқа түсірді. Ол кезде ақын отыздың ішіндегі қылшылдаған жап-жас азамат екен. Біздің үйдегі тойды айтамын-ау! Сол күнді шалдар ұзақ түнге қосты. Күні бойы жоғалып кеткен шалдарын іздеп кемпірлері де үйге келіп жатты. Үш рет қазан көтерілді. Шалдардың қай-қайсы да үш алып жазушының өлеңдері мен қарасөздерін жатқа айта берді. Совет шалдары, бір ауыз өлең білмей кеткендер ғой. Атеистер. Коммунистер. Ал алпысыншы жылдардың ақсақалдары бөлек еді. Несін айтасыз, кесек еді ғой олар. Қиссаларды, үлкен эпостарды да жатқа айта беретін. Солардың бəрі қолдарына жүйрік ат ұстап, бəйге жарататын. Тазы ертетін. Қолдарына құс қондыратын. Олар дала цивилизациясының соңғы асыл тұяқтары еді. Мен атамның арқасына жабысып ұйықтап қалыппын. Ал шалдар таң атқанша өлең-жыр тойын тойлапты. Сəкеннің, Бейімбеттің, Ілиястің сол елуінші жылдары шыққан, шыңғыстаулық шалдардың қолдарының таңбасы тиген кітаптар қымбат маған. Семейге жол түскенде беттері сарғайған сол асыл кітаптарды көріп сонау келмеске кеткен Шыңғыстаудың шалдарын еске

аламын. Сол жыр күні бүгін де көз алдымнан кетпей тұрып алады. Қайран уақыт!..

І

ЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ. Оның талантының ерекшелігі, ұтымдылығы, ғасырлар бойы далада ғұмыр кешкен халық дастандарының кең, еркін үлгісін, ұлан-ғайыр қазақ даласында қайта түлеткені болатын. Ілияс поэзиясы халықтық поэзияның бүкіл болмыс бітімімен қайта жаңару, жаңғырту үлгісі болып табылады. Сонау Сыпыра жыраудан Жамбылға дейінгі қазақ жырының түрлік, əуендік, ырғақтық алуандығы ақын творчествосына түгел сіңген. Қазақтың көне жыры қонған аманат жүректі ақын бұ қазақта Ілияс Жансүгіров болса керек деп ойлаудан бір танғаным жоқ. Ол ойды маған сыйлаған да Шыңғыстаудың асыл жүректі шалдары еді. Ілияс Жансүгіров талантының тағы бір даралығы – əлемдік əдебиеттің, əсіресе, орыс поэзиясының творчестволық жетістіктерін терең зерттеп өз өлең өнерінде тиімді пайдалана білуінде. Мен Абайдың аудармаларын қалай құрмет тұтып, сүйсіне, беріле оқысам, Ілекеңнің шебер аудармасын да солай жоғары бағалаймын. Ақын аудармаларының ерекшеліктері туралы терең ғылыми талдаулар жасау керекақ. Ілияс Жансүгіров қаза�� мəдениетінің тарихында талантты аудар маларының өзімен-ақ ерекшеленген, анығын айтар болсақ, қазақ аударма өнерінің ең озық үлгілерінің бірі болып табылады. Ақынның суреткерлік кемелдену үлгісі өзі өмір сүрген дүние келбетін ашық-жарқын, барша шындықпен терең ашып көрсетуінде жатыр. Қазақ даласындағы жаңа өмір келбетін суреттеуде, қазақтың жан дүниесін ашып ой-пиғыл аңғарын анықтауда ақын ерекше зерделік танытты. Жиырмасыншы ғасырдың

ОЛ ТҰСТА. Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші», «Дала», «Исатай – Махамбет», «Көбік шашқан», «Құлагер» поэмалары ұлт пен мемлекетті, халық пен өлкені біртұтас, түгел асау жырға қосып жіберді. Иə, бұл қазақтың тəуелсіздігін, тұтастығын, кешегісі мен бүгінін біртұтас етіп қарастыруды өзіне серт қылып ұстанған Ілияс Жансүгіровтің творчестволық ерлігі-тін. Қазақ халқының да, қазақ ұлтының да жаңа тарихи санасының шапшаң көтеріліп, əуелеген рухани биігі болатын. Ана тіліміздің көркем ойға тəн оңтайлығын шыңдауда, ұлттық қасиеттеріміздің əлеуметтік, философиялық тұңғиықтарына үңілуде Ілияс Жансүгіров ерекше көрегендік те, көсемдік те танытты. Ана тіліміздің көзін ашып кеңейтуде, айдынын шалқытуда, байлығын асырып, қанатын қатайтуда Ілекең санаулы ғана адамдардың санатында бола білгенін ерекше ескеруіміз керек.

«Қ

ҰЛАГЕР». Бұл поэма қазақ көркем ойының қарқынды қуаты екені даусыз. Ол Дешті Қыпшақ даласының поэтикалық алып сурет кескінін, философиялық ойының қалтқысыз тереңдігін, əлеуметтік-психологиялық талдаудың ауқымдылығын əлемге танытатын кең құлашты қазақ тіршілігінің картасы. Энциклопедиясы деуге де болар. Ілияс Жансүгіров творчествосы əлемге қазақ поэзиясын паш ететін мерейлі биіктеріміздің бірі болып табылады. Ілияс Жансүгіров поэзиясы ерекше екпінмен өрши өрбіп өсер қуатты жойқын поэзия. Асқақ ақынның поэмаларындағы терең тебіреністері, бұрқ-сарқ қайнаған талмайтын ойлары, қазақ ақынының əлемдік поэзия айдынында өзге озық ақындармен қатар тұрғанының дəлелі. Шыңғыстаудың бір шоқ шалдары да ақынның кемелдігі мен ұлтына деген шексіз махаббатына көздері жетіп, о дүниеге өткен болатын. Нағыз ақын да келмеске кетеді. Бірақ, нағыз ақын сөзі өлмейді. Нағыз ақын үні өшпейді. Мəңгілікке бет қойған Ілияс Жансүгіровтің поэзия жалауы қазақ жырының көгілдір аспанында мəңгі толқи тербеліп тұратыны даусыз. Роллан СЕЙСЕНБАЕВ.

АЛМАТЫ. -------------------------

Сурет «zhardem.kz» сайтынан алынды.

Қазақ әйеліне тағзым

Мемлекеттік республикалық Корей музыкалық комедия театры Жұмагүл Солтиеваның «Əйел махаббаты» атты мистикалық драмасын сахнаға шығарды. Корей тілінде тұсауын кескен қазақ қаламгерінің драматургиялық дүниесі – кешегі алмағайып, аласапыран жылдардағы аналарымыздың ерлігіне қойылған ескерткіш десе де болады. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Шымылдық түрілгенде жүйкені тесердей ауыр-ауыр тамшылар шолп-шолп етеді. Кеңестік кесір саясат сансыратқан қайран шешелеріміздің қасіретті көз жасы бұл. Басты кейіпкерлер – Ақын мен оның жары Зылиха. Аты анық аталмаса да, көкірегі ояу көрермен Ақын – Мағжан Жұмабаев екендігін жобалайды. Мұрағаттық деректер Зылиха апамыздың сонау Карелияда қуғын-сүргінде болып, қамақта жатқан ерін 14 рет іздеп барғанын, Мəскеуге дейін аяғы жетіп, орыс зиялылары арқылы еріне араша сұраған Зылиханың тағдырын айғақтайды. Жұрттың бəрі «халық жауы» болып жатқан заманда қазақ əйелінің осындай жанкештілікке баруын қанша ұлықтасақ та артық емес. Осы тұрғыдан келгенде Жұмагүл Солтиеваның «Əйел махаббаты» атты спектаклі драматургтер арасында жарияланған республикалық «Астана-Бəйтерек» байқауында жүлделі орыннан табылғаны кездейсоқтық емес. Өмірдің тірегі болған ұлы сезім – махаббат мəңгі тақырып десек те, оның жауапкершілігі мен азабы болатындығын бөлек суреттеген Жұмагүл Солтиеваның драматургиясы жайлы театр сыншылары əлі де өз сөздерін айтады. Ал оған дейін спектакльдің премьерасына қатысқан қабырғалы жазушылар мен белгілі драматургтердің пікірі мынадай. – Бүгінгі таңда театрларда тоқырау бар екені анық. Ол режиссураға да, драматургияға да, актерлерге де байланысты. Осы тұрғыдан келгенде маған əсер еткені – режиссерлік тапқырлық. Жалғыз кереует арқылы-ақ көп нəрсені сөйлетеді. Режиссер драматургтің жазғанын дарынымен демеп көтере де алады, жеткізе алмай құлдыратып та жібереді. Режиссер автормен жақсы жұмыс істеген, ең бастысы, мəтінді терең түсінген, көркемдік дəрежеге көтерген. Маған ұнағаны – басты рөлді ойнаған Елена Кимнің ойлылығы мен оның жас кезін ойнаған Анна Цойдың пластикасы. Корей театрының шығармашылық ұжымы да ізденімпаз, – дейді драматург Сұлтанəлі Балғабаев. – Бұған дейін проза мен публицистика жанрында елге танылған Жұмагүл Солтиеваның драматургиядағы қарымын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған «Сағым қуғандар» спектаклі арқылы танығанбыз. Ол спектакльде салмақты, салиқалы, үлкен моральдық мəселе көтерілген еді. Бүгінгі пьесада халқымыз өткерген, оның ішінде, Алаш арыстары бастан кешкен 1937-жылдардың іздері жатыр. Осы азапты көрген, сүйген жарынан айырылған қазақ əйелінің драмасын көрдік. Қойылымда

«Ақын» деп айтылғанымен, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері оқылып, Зылиханың аты аталғаннан кейін Мағжанның да тағдырын көрдік. Бұл – жалғыз əйелдің зары емес. Сол заманды бастан кешкен аналарымыздың зары болып бізге жетті. Оның үстіне, қандай уақыт болса да заманның ауыр салмағы алдымен əйелдерге түсетіні белгілі. Əйел ерлігі арқылы халық аман қалатыны тағы да аян. Осы жерде Зылиха арқылы қазақ əйеліне тəн мəңгілік махаббат, отбасына, жұбайына деген адалдық шыншыл, табиғи берілді. Бұл қойылымның жаңалығы – оқиға əйелдің көзқарасы арқылы баяндалады. Сондықтан да, бұл пьеса эмоциялық бояуға ие болды, – деді жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай. – Корей театры қойылымның кілтін тапқан екен. Спектакльдің көп тұсында халқымыздың ұмытылмас қасіретіне жаңаша көзқарас, пластика, би тілімен берілген ым бар. Буалдыр перденің ар жағында көлбеңдеген бейнелер мен елестердің қимылымен талай дүние айтылады. Автор ретінде режиссерлік шешімдер менің көкейімнен шықты. Əйелдің жасын, аналарымыздың ауызбен айтып жеткізе алмас ауыр қасіретін корей театры түсініп қойғанына ризамын. Мистикалық драма тілімен суық үйде бүрісіп, жарын күтіп қартайған Зылиханың жас кезімен қауышып, жас Зылихамен тілдесуі, ішкі егесі сəтті шықты. Бүгінгі Зылиха мен кешегі Зылиханың сырласуы арқылы басты кейіпкердің ішкі əлемі ашылды. Қазақ əйелі өзінің ерлікке тең азапты махаббатын ақтайтын сөзін жеткізе білді. Бұл режиссердің тапқырлығы, – дейді Жұмагүл Солтиеваның өзі. Осы арада қоюшы-суретші Юлия Чернова мен мистикалық драманы музыкалық жағынан əрлеген Георгий Юнның қосқан үлесін айту лəзім. Спектакль аяқталғаннан кейін оңтүстік астанадағы театрсүйер қауым өкілдері өзара ой бөлісіп, спектакль төңірегіндегі пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік республикалық Корей музыкалық театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Любовь Ни корей театры қазақ драматургтерімен қоянқолтық жұмыс істеп отырғанын, тағдыры егіз халықтың өнердегі табыстары да ортақ екендігін атап, ұжымның шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Осыған дейін де аталмыш театр Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, драматург Дулат Исабековтің пьесасы бойынша «Мұрагерлер» спектаклін сəтті сахналап, Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне қатысқан болатын. АЛМАТЫ. --------------------------------

Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.


10

КӨ

Айтайын деп отырған мəселеміз екі нəрсе. Бірі – тіл де, ал екіншісі – қазақша фильмдер туралы. Белгілі түрколог ғалым Рахманқұл Бердібаев өзінің ана тілін білмейтін, білгісі де келмейтін, өз тарихын менсінбей өзгенің тарихын қызыға оқитын, білімді, жоғары лауазымды адамдарды көзқамандар деп атады. Сауатты, көзі ашық, бірақ өзінің тілі мен салт-дəстүрінен жұрдай мұндай жандар саналы түрде өз ұлтының мүддесіне қайшы əрекеттерге бара береді. Алайда, тек өз тілі мен ділінен ада адамдарды ұлт үшін зиянды элемент деп біржақты кесіп айту тағы дұрыс емес. Ал жалпы «көзқаман» атауы орыс отарында болған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі халықтардың барлығына ортақ құбылыс болып саналғаны белгілі. Жəне оны бес-он жылда шешіле салатын шаруа десек, асығыстыққа көпе-көрінеу жол берген боламыз. Себебі, отарлау озбырлығы бір күнде, бір жылда орныға салмағаны мəлім. Ұлт қырандарын қынадай қырып, орысқа айналуға оп-оңай дайын тұрғандарды қолдап-қолпаштаған өктем саясат өкшесінің астында қазақтың тілі ғана емес, рухы, намысы жаншылып қалғаны қандай қасірет еді. Өйткені, өзінің ана тіліне мұрнын шүйіріп, менсінбей қарайтын қазақтар пайда болды. Ұлт мəселесіне байланысты сыңаржақ пікірлерді алға тартып, орыс тілді қазақ, орыс тілді қырғыз, орыс тілді татар, т.т. осы сияқты қоғамды бір-бірімен жақындатудың орнына алшақтататын бөлінулер құлаққа сіңе бастады. Бір қарағанда, мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бірақ бұл бірлі-жарым жағдаймен шектелмей, жұрттың санасына қалыптасқан термин, атау ретінде қабылдана бастаса аяғы не болары белгісі��. Қазақ тілінің, тіпті, кей жерлерде жай мекемелердің есігінен сығалауға шамасы келмей қалғаны неткен сұмдық кезең еді. Мұндай келеңсіздікпен күрес Тəуелсіздік орнағаннан кейін қызу қолға алына бастады. Мысалы, Президент Жолдауындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясында қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінуі бұл бағыттағы іске кең серпін беруде. Тəуелсіздік алғаннан бермен қарай қазақтың саны 11 миллионға жетіп, 65 пайыздан асыпты. «Егер əрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз əлдеқашан Ата Заңымыздағы мəртебесіне лайық орнын иеленер еді», деді Елбасы. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігін ескертіп, ұлттық мүддеге қызмет ету үшін əркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиістігін атап өтті. «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз», деген сөз айналып келгенде ел мен халықтың тағдыры келешекте ана тілімен тікелей байланыста екендігін алақандағыдай айқын көрсетіп тұрған жоқ па? Тіл – адамның жаны, кескін-келбеті десек, яғни қазақтың жаны – қазақ тілінде, орыстың жан дүниесі – орыс, ал өзбектің рухы тек өзбек тілінде айқын көрініс таппақ. Тіл туралы қағиданың тұмары А.Байтұрсынов «Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы мүмкін» деп қауіп етсе, Х.Досмұхамедов: «Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт... Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу, бұл – сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деген екен. Əрине, мұндағы мақсат өзге тілден бас тарту, қазақ тіліне басқа тілдерді қарсы қою емес. Алайда, қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесін алуы мемлекетті мемлекет ететін басты фактордың бірі деп санағанымызбен, рухани құндылықтардағы тіл мəселесі күн тəртібіндегі өткір мəселеге айналып отыр. Қазақ тілінің шұрайын танытатын көркем шығармалардың өзі орыс тілін қоспаса басы ауыратын болды. Кейіпкерлер диалогтары ұзақ-сонар кейде орысша өріліп кетіп жатады. Қазақша атауларды орыс сөздерімен дəйектеп, түсіндіру əдеті жиі байқалады. Қазақ тілі мен орыс тілі туыстас, түбі бір тіл ме еді? Орысша түсінбейтін қазақ не істеуі керек сонда? Ал енді бүгінгі əңгіменің негізгі арқауы – киноның тілі қандай деген сұраққа оралайық. Тілді қашанға дейін ойыншыққа айналдыра беруге болады? Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Аңшы бала» фильмін көрдік. Ойы, идеясы тартымды. Балаларға арналған отандық фильмдерге зəруміз. Осы реттен алғанда, бұл туынды балалар үшін үлкен олжа деп айтуға болады. «Менің атым

25 желтоқсан

АС Р А Қ З

www.egemen.kz

Қожа» фильміне жету қайда, бірақ қызығып бір көруге тұратын фильм. Ақ атанға мініп аңшы баланы кəсіпке баулитын қария бейнесі тұшымды. Əйтсе де, əжептəуір көркем дүниені тіл дің ала-

түсіне алмадым. Тəрбиелік мəні қайда? Кезінде арзанқол газеттер сатылған Шымқалада енді татымы жоқ фильмдер көбейе бастады. Қадағалау керек...» деп жазыпты. Қадағалау демекші, заңға қайшы əрекеттерге бой алдырған кез келген нəрсе жабылады, жауап береді, тəртіпке келтіріледі. Тілге шабуыл, тілді қорлау – бұл да заңсыздық. Ендеше, қазақтың тілін аяқасты еткен студиялар өз өнімдері үшін жауап берулері керек. Өкінішке қарай, кино мамандарының өзі кейде екі түрлі ойды алға тартады. Бірі аралас тілді фильм-

2013 жыл

берілуде. «Қазақстан» ұлттық арнасына рахмет, киногерлермен біраз жобаларды бірігіп əзірлеуде. Қазақ тілінде дүниеге келген əр фильм, телехикая үшін қосылып сүйінші сұрап жатамыз. Бар нəрсені, жасалып жатқан жақсыны көрмеу тағы дұрыс емес. Бірақ əңгіме тілге тірелгенде, тірнектей нəрсеге дейін айтылуы керек. Қазақ телехикаяларындағы кей актерлердің сөздері шынайы

бейнелерге айналған мұндай батыл тұлғалар өз актерлеріміздің арасынан өсіп жетілетін кез жетті. Десе де, киноның шын бағасын беретін қашанда – халық. «Жаужүрек мың баладағы» бір ғана рөлімен көрермен сүйіспеншілігіне бөленген өндірдей жас актерлер

Ќ А

П Т Р

ің

зін ө р е йіпк

ке р ə бен ады Асылхан Төж ə у т лепов пен Аян Өтепс н а е г б бергенді жұрт келешекте е е д л сондай жұлдыздар шоғырына і», түсірі д й қосылады деп үміттенеді. Əзірге е л р й е ө д ол – алыстағы арман. Ол үшін с ьм й л қазақ киносын қазақтың өзі талаа и л ы ф с сып көруге ұмтылатын кезге жету н р о лейті керек. Əзірге кинотеатрларға жұрт а д м р і жаппай кіріп жатыр деп айта алмайа д д шүл а сыз, залдарда тек жастардың ғана е д е р і басы қылтияды. д Кеңес Одағы сынды тұла бойы «Өм ен тілін тұнған қару ұлы империяны оқсыз г біл құлатқан не нəрсе? Идеологиялық

Ы Й

О Ќ Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

құлалығы бүлдіреді. Сөзіміз құрғақ болмас үшін мы сал келтірейік. Аңшы бала мен кішкентай қыз баланың ара сын дағы əңгіменің сиқы мынадай: «Менің мамам мен папам жаз бойы поляда жұмыс істейді», «Биноклің жақсы ғой», «Қамбар, сен зоопаркке бардың ба?», «Аңдар клеткада тұрғаны қызық емес, далада ғана қызық», «Мен күреске жəне драмкружокқа барамын», «Қазір репетиция болып жатыр». Қамбар – қала баласы. Сондықтан оның өз сөзіне ара-тұра орысша араластырып сөйлеуі заңды деп уəж айтатындар болуы мүмкін. Əрине, фильмдегі басты идея қалалық жасөспірімнің қазақ тіліне шорқақтығы туралы болса, мұндай тəуекелге бару соншалық өрескелдік туғыза қоймас еді. Алайда, мұндағы оқиға мүлде басқа. Сондықтан бұл арадағы «бинокль», «зоопарк», «поля», т.б. сөздерді ешнəрсемен бүркемелей алмайсыз. Өмір бойы қазақша ойлап жəне осы тілде сөйлеп дағдыланған адам мұндай фильмдерді біраз көре бастағаннан кейін намыстанып өшіріп тастайды. Өйткені, тіл сауатсыздығы, тіл кемшілігі қазақша фильмдерге жиіркеніш сезімін туғызатын ең басты келеңсіздік. Соңғы кездері орысша араластырып сөйлеу экрандық туындылардағы қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл ретте жартылай қазақша, жартылай орысша сөйлейтін «Ғашық жүрек немесе жұлдызды коктейль» фильмін, шынын айту керек, жұрт Мейрамбек Бесбаев, Мөлдір Əуелбекова, Айгүл Иманбаева сияқты эстрада саңлақтарының өнерін көру үшін тамашалауы мүмкін. «Сіз кімсіз Ка, мырзаны?» театр жəне кино саң лағы Асанəлі Əшімов үшін тама шалағанымыз сияқты, кейде фильмді халықтың бір сүйікті актеріне деген құрметпен көретіні өтірік емес. «Бір қызымнан бір қызым һəм сорақы» демекші, соңғы уақытта өңірлерде, облыс орталықтарында жекеменшік киностудиялар пайда бола бастады. Солардың бірі – «Ақ желкен» киностудиясы «Студенттік кез» атты фильм түсіріпті. Көркемдік деңгей деген нəрсені былай қойғанда, тілі мүлде сын көтермейді. Сол сияқты, «Қағаз ұшақ», «Бір тамшы жас» фильмдерінде де: «О, брат, бауырым», «Давай, брат», «а-ну-ка построимся, қыздар», «Я сколько раз говорю, где деньги. Будут деньги – будет операция», «Привет», «Братан, не проблема соншама», «Обязательно маңдайға жазылып қойды ма», «Жаптық теманы», «Ертең продукт алып үлгеру керек», деген тəрізді тізе беруге ұят былдыр-шатпақ сөздер өріп жүр. Киносы жаңадан ғана тəй-тəй басқан қазақ үшін мүмкін мұндай алғашқы сəтсіздіктерге көз жұма қараған дұрыс шығар. Солай болғанмен мұндай шүлдірлек фильм дердің өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа, жай қарапайым халыққа қандай тəрбиелік мəні болатынын назардан тыс қалдыру тағы жарамайды. Қазіргі жастар көп сөзді, қызық тіркестерді кинодан үйренеді. Бар лық нəрсе кинодан жұғады. Демек, киноның тілі өте тез жатталады, санаға тез сіңеді. Қоғамға қатты əсер етеді. Мысалы, «Жаралы сезім» фильмін көп адам тамашалапты. Ғаламторда бұл туралы біраз пікірлер жүр. Соның ішінде Көз атты көрермен: «...Көзі қараңғы оқымаған-тоқымаған жігіттер қалай білдей бір фирманы басқарады. Жастарға оларды неге үлгі етіп көрсетеді? Режиссерлерді

е

дарб

Ы.

ЗҰЛ

ЗИ к ҒА

емес, олар тілі жаңадан шығып келе Сур жатқан жас бала сияқты əзер қазақша сөйлеп тұрады. Тілдері ді тілге буылып, түйіліп қалады. Сөз бен іс қиянат деп есепқабыспай тұрған сериалдан еріксіз тесе, екінші тарабы бас тартуға мəжбүрсің. Ал енді «біз өмірдің шынайы көрінісін мұндай тілі мүкіс дүниелер қашанға көрсеткіміз келеді» деген қисынды дейін жалғаса береді, бұл өз алалға тартады. Киноның теңдессіз дына бөлек мəселе. «Ағайынды» психологиялық-идеологиялық қару телехикаясын көрермен өте жылы екенін ежелден дүниежүзі мойқабылдады. Əттең, «өмірде адамындап қойған. Соған қарамастан дар осылай сөйлейді екен» деген бізде осындай келеңсіз жайттар ұстанымның салдарынан бұл тукең етек жайып отыр. Ана тілге ынды таза қазақша болмай қалды. құрметті азайтатын мұндай өрес«Ертең звондаймын деді», «Сен кел қателіктерді қазір жоймасақ, огородтың суын өшіре сал», «так и нəтижесі өкінішке əкеліп соғады. сделаем», «хорошо, понятно», «даДүкендердегі дискілер біртевай», «деньги забрал, ты, главный бірте қолданыстан қалады, ешкім занимайся», «ты что, братишка?», сатып алмайды. Қазір таңдаған мұндай мысалдар жеткілікті. фильміңізді ғаламтор арқылы таСтудиялардың жекесі бар, меммашалай аласыз. Тиімді, ұтымды. лекеттігі бар қай-қайсысы болСебебі, м��нда уақытыңызды ұрсын ойларына келгенін түсіріп, лайтын жарнама жоқ. Міне, сол ойларына келгенін сөйлеуіне кім интернетті ашсаңыз шетелдің, құқық берді? Кино ең алдымен, Ресейдің кез келген киносын емінтəрбие құралы болып саналады. еркін көре бересіз. Орыс тілінде. Тəрбие құралы емес, көңіл көИнтернет тұтынушылардың дені теріп, рухани лəззат алатын ғана жастар екенін ескерсек, бұл торға нəрсе деп айтып көріңізші. Ал алдымен топ етіп түсетін де сосол тəрбиенің тілі ала-құла, бөгде лар. Айтайын дегеніміз, қазақша тілмен шұбарланып жатса, не істеу фильмдердің осы жағынан да соры керек? Ұлттық мүддеге қайшы қайнап жатыр. Қазақ тіліндегі келетін қай нəрсемен де аяусыз туын дыларды сағаттап отырып күресу керек. Əдетте, кино туралы іздейсіз. Таба қалған жағдайда, əңгіме қозғалғанда, Отанға деген көбі орыс тілінде. Өмірдің қайнар патриотизмді оятатын, қазақ боп көзіне айналған жаңа арнадан ана дүниеге келгеніңе, ұлтыңа мақтіліміздің айдынын кеңейтетін жол таныш сезімін ұялататын фильмдер іздесек, қанеки. көптеп түсірілсе деген ой алғашқы Қазақты жатыпішер, жалқау, орында тұрады. Осыған толық жаубойкүйез, маскүнем етіп көрсететін, ап бермегенмен, сəл жуықтайтын тозығы жеткен Мəдениет үйлері бірлі-жарым фильмдер бар. Соның мен қираған ғимаратқа, жұпыны бірі, көпке дейін көптің аузынан тұрмыс пен киіз үйдегі күйбең түспеген – «Жаужүрек мың бала» тірлікке таңған фильмдер қаптап фильмі. Бұл картина «қазақтар кино кеткен болатын. Аяғынан жаңадан түсіре алмайды» дегеннің сыңаржақ тік тұрып келе жатқан жас мемлеайтылған пікір екенін ескерткендей. кет үшін ондай саны бар да, сапасы Алайда, қазақ киносы айтарлықтай төмен картиналар санаға кереғар керемет болса неге олардың араойлар тудыратыны кейін қатты сысында Джеки Чан, Стивен Сигал, налды. Өзіңді өзің осыншама сорСильвестр Стал лоне, Арнольд лы, бейшара кейіпте бейнелеуге не Шварценеггер, Жан-Клод Ван мəжбүрледі деген сұрақ туды. Кейін Дамм, Антонио Бандерас сияқты шетелде Қазақстанды қорлайтын танымал тұлға жоқ деген сұрақ «Борат» фильмі жарық көргенде, туады. Ауылдың қара сирақ баланамыстанып өртене жаздағанымыз сынан: «Үлкейгенде кімге ұқсағың тағы рас. Алайда, қорлайтын қораш келеді?» деп сұрасаң: «Өскенде сарын толық жойылып бітті деу Шварценеггер сияқты батыр ерте. Ресейлік стильге еліктеудеміз. болғым келеді», деп қиялға батар Детектив, шым-шытырық оқиғалы еді. Киноның өзге өнерге қарағанда фильмдер түсіруге тəуекел жасалумүмкіндіктері шексіз екенін осында. Түрлі сериалдар көбейе бастады. дай мысалдар айқын көрсетіп Түріктің, корейдің телехикаялары береді. Жалпыхалықтық сүйікті ұлттық арнадан аластатылды. Төл арнадан тек төл туындыларға орын са етті

Ай лған

майдан. Ақыл-ойдың ағынын кеңестік уыс ұзақ қысып ұстап тұра алмай қалды. Отандық туындыларды телеарналар мен кинотеатрларда шетелдік дүниелер тықсырып, бұрышқа тықты. «Байтал түгіл, бас қайғы» заманда қазақ фильмдерінің тағдырын ойлауға ешкімнің шамасы келген жоқ. Шетелдік кинолар топан судай қаптап, сананы улады. Өткен жылдарға көз жүгіртсеңіз, шетелдің киносы десе делебесі қозып, кинотеатрларға қарай ағылатын қауым еріксіз еске түседі. Американ, үнді, орыс фильмдері шекараны бұзып-жарып, баса-көктеп енді. Мұны айтып отырғандағы ойымыз, кино өнері қай қоғамда болсын идеологияға қызмет етеді. Қазір қазақ киносы қай идеологияға қызмет етіп жатыр деген тұрғыдан келетін болсақ, құлдық сананың құлпын ашқан «Жаужүрек мың бала» сияқты азат фильмдердің санын көбейту керек деп санаймыз. Бір ғажабы, мұның орыс тіліндегісіне қарағанда, қазақ тіліндегі нұсқасына сұраныс көп түскен. Ендеше, бұл фильм ана тіліміздің дамуына да айтарлықтай үлес қоса алған бірден-бір картина екені даусыз. Бұл жағынан «Адмирал» фильмі арқылы Колчакты ержүрек, елін сүйген патриот етіп танытқан орыстардан, «Штайнер» фильмінде фельдфебель Штайнердің ерлігін паш еткен немістерден, «Тали-Иханталада» екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан солдаттардың ерлігін үлгі еткен финдерден үйренетін нəрсе көп. Осы дүниелер өздерінің ана тілдерінде жарық көргендіктен сол халықтың жан дүниесіндегі бояулар өте шынайылықпен бейнеленеді. Сондықтан төл киноны тек қазақ тілінде түсіретін уақыт əлдеқашан жетті. Орысша түсірмесе қазақ киносын ешкім көрмей қояды деген сыңаржақ ойдан арылу керек. Фильмде екінші, ресми тілді жүгіртпе жолдар арқылы титрда беріп отыратын əлемдік тəжірибелер бар емес пе? Неге осындай амалдарды пайдаланбасқа. Бұл талап орындалмастай қиын да емес. Ол үшін режиссерлердің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жетерлік деп есептейміз. Тəуелсiздiк шуағы төгілгелі 22 жылға айналып барады. Қарасаңыз, бір адамның жастығына барабар уақыт. Бірақ соған қарамастан қазақ киносының тілдік проблемасы əлі күнге өткір қалпында қалып отыр. Біз бүгін осы мəселенің бір қырына ғана тоқталдық. Аралас тілді фильмдердің абырой əпермесін айттық. Қазақ тілінің қанатын қайырмайық деп дабыл қақтық. Бұл арада ұлты бір əр кейіпкер əр тілде сөйлейтін фильмдерді, тіпті, ауызға алып та отырған жоқпыз. Мұның өзі өнердің шарттылығына, оның төл табиғатына атымен жат нəрсе екені мəлім. Тағы да құжатқа жүгініп ой түйіндесек, «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту» делінген. Осы дамыту дегеніміз сірə, тіл тазалығын сақтау болса керек-ті. Кино – өнер. Ал өнердің тілі мөлдір бастаудай тап-таза болуы керек емес пе? «Адамдар өмірде осылай сөйлейді екен» деп, əдебиетті, сахналық туындыны, киноны қарабайыр тұрмыстың тіліне байлап берсек, ол қалай көркем дүние атына лайық болмақ? Қайта керісінше, өнеге, өрнек сонда емес пе? Тіліміз барда – тіріміз.

Қ

азақ тілі мемлекеттік тіл атанды. Бөркімізді аспанға атып қуандық, алғашында. Кейін ренжідік, əлгі тіліміз өз дəрежесінде мемлекеттік тіл бола алмады деп. Бəрі тек сөз жүзінде қалды дедік. Бойымызға біткен дағдыға салып шенеуніктерді кінəладық, солар қазақша сөйлесе өзге жұрттың бəрі қазақ болып кететіндей. Ренішіміз əлі де тарқай қойған жоқ. Қашан тарқайтыны да белгісіз. Біздің біреулерге ренжімей жүре алмайтынымызды ескерсек, мүлде тарқамауы да мүмкін. Бірақ менің айтпағым тіптен де ол емес. Менің айтпағым «қазақшаға судай» қазақтар туралы жəне сол қазақтардың өздерінің мемлекеттік тілдің берекесін кетіруге елеулі үлес қосып жүргендіктері туралы. Егер мен бір деме түсінсем, ана тілімізді тұралатып жатқандар да солар. Өйткені, қазақ ша білмейтіндер қазақша

Біз айта-айта жауыр болған көшелердегі жарымжан жазулар туралы бұл жолы тіпті, сөз де қозғап отырған жоқпыз. Ал, ондайлардан көз сүрінеді. «Жана жылыныз құтты болсын» деген жазу қазірдің өзінде Астананың Абай жəне Брусиловский көшелерінің қиылысындағы дүкен маңдай шасында менмұндалап тұр. Сол сияқты, осы көшенің бойынан «женілдікті» деген сөзді кездестіруге болады. Соңғы жылдары жаппай сауатсыздықтың жайлап бара жатқаны туралы жиі айтылуда. Айтуын айтқанмен оған қарсы қолдан келер шара жоқ. Өйткені, ешкімді күштеп білімді қыла алмайсың. Өкініштісі сол, бұрынғы замандарда сауатсыздар алыс-алыс ауылдарда қарапайым жұмысшы болып күндерін көретін. Бүгінде заманның өзгеруіне байланысты

Тілді бїлдіру ќашан тыйылады?

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

сөйлемейді, демек тілді бүлдіре де алмайды. Ал қазақша сөйлейтіндер... Мəселен, бір жолы бір депутат «Кеңес өкіметінің солақай саясатының арқасында», деді. Теледидардан естідік. Жалпы, іс жүзінде біреудің немесе бір жайттың арқасында адам белгілі бір нəтижеге, яғни табысқа жетеді. Ал солақай саясат, яғни қате саясат, теріс саясат ешқандай нəтижеге жеткізбейді. Олай болса, депутат мырзаның не айтқысы келіп отыр? Сол телехабарды қарап отырған біздер сірə, «солақай саясаттың салдарынан» дегісі келген шығар деп топшыладық өзімізше. Осының өзінен-ақ сөйлемнің мүгедек екенін түсіну қиын емес. Тəйірі, ұсақ-түйек қой деп айтпайақ та қоюға болар еді. Олай етейін десең біріншіден, айтып отырған адам білдей бір тұлға. Екіншіден, егер өзіміз ана тілімізге осындай немкетті көзқарас танытсақ, өзгелерге не жорық деп ойлайсың... «Айтқан ойымыз растыққа жатпайды», деді бір телеарна. Бұрынғының қазақтары «шындыққа жатпайды» деп сөйлейтін. Егер «айтқанымыз расқа жатпайды» десе де бір сəрі, ал «растық» деген сөзден не түсінуге болады? «Маған үнді ас үйі ұнайды» деп аударыпты тағы бір телеарна «Мне нравится индийская кухня» деген сөйлемді. Бұл жерде «кухня» сөзі үнділердің ұлттық тағамы деген мағынада айтылып тұр. Ал «ас үй» дегеніміз бар болғаны тамақ пісіретін бөлме. Бұл сияқты орашолақ сөйлемдер мен сөздер, əсіресе, жарнама материалдарда өте жиі кездеседі. Мысалға, қандай да болмасын дəрі-дермекті жарнамалағанда оның белгілі бір ауруға тигізетін пайдасымен қатар, зияны да бар екенін ескерту үшін «есть противопоказания» деп жазады. Осы сөйлемді қазақ тіліне «қарсы көрсетілімдері бар» деп аударыпты. Күлкілі-ақ емес пе?! Дұрысы «кері əсерлері бар» болу керек еді. Телеарналар мен газеттерден бұл сияқты қателіктерді көптеп кездестіруге болады. Басқаны былай қойғанда, сонау ықылым заманнан бері айтылып келе жатқан «аспаз», «диқан» сөздерін «аспазшы», «диқаншы» деп өзгертуіміздің жөні қалай? Олай болса «өнерпаз» деген сөзді де «өнерпазшы» деуіміз керек шығар, бəлкім?

олардың біразы қалаларға келіп орналасып, біреулері (көпшілігі) əртіс, біреулері ақын-жазушы, енді біреулері журналист болып алды. Жақында бір əріптесім теледидардан «Индустриялизация картасы бойынша...» деп сайрап тұр. Тіпті, қазақ тілі мемлекеттік тіл бола алмаған кешегі кеңестік заманның өзінде бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ сөздері дұрыс айтылып, дұрыс жазылатын. Ол аз десеңіз тағы бір журналист таяуда Қостанай облысы туралы баяндай отырып «Затобольский район» деп қалды. Ал Қостанай облысында ондай аудан жоқ. Осындай сауатсыздықтың салдарынан бүгінде қаптап кеткен қазақ тіліндегі (негізінен аударма) телесериалдарды қазақтардың өздері қарай қоймайды екен. Себебін сұрасаң «Не айтып, не қойып жатқанын түсінбейміз, əртістердің рөлдерді орындауында жасандылық басым, ал аудармалары мүлде түсініксіз», деп жауап береді. Бұл пікірге ке ліспеске лажың жоқ. Біздің білуімізше, қандай да бір рөлді ойнаған актер сол өз кейіпкерінің образына кіріп, оның қуанышы мен қайғысын, басқа да толғаныстарын бере білуі тиіс. Ал біздің актерлер жаттап алған сөздерін əншейін айтып шығады, дауыс ырғағы, бет-əлпеттің құбылысы, кейіпкердің мінезі мен əрекетіне байланысты басқа да бір қимылқозғалыстар байқалмайды. Сабаққа дұрыс дайындалмаған оқушы сияқты, дауыстарының өзі əзер-əзер естіледі. Ондай кинолар мен спектакльдер көрерменді қалай өзіне тартады? Сондықтан да ондай кинолар мен спектакльдерге барушылар өте аз, ал барып жатқандардың түсінік-талғамдары соларда ойнайтын əртістерден төмен болмаса, жоғары емес. Көзге түскен (əдейілеп іздеген адам жүздеген мысал табар еді) осы бір олқылықтарды айта отырып, біз əлдебіреулерді кінəлаудан аулақпыз. Біздің айтпағымыз, егер қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары, де путаттар, өнер адамдары, ана тілімізді жетік білетіндер қа тарындағы журналистер тілімізді осылайша шұбарлай беретін болса, ол қалайша мемлекеттік тіл мəртебесіне жетпек? Өзіміз түсінбей жүрген ол тілді өзге ұлт өкілдері қалай түсінбек? Сөз соңында тағы бір ескерте кетер жайт, жоғарыда біз келтірген кемшіліктер негізінен коммерциялық емес, кəдімгі мемлекеттік санала тын бұқаралық ақпарат құрал дарында орын алып жүр. Мəселенің өзектілігі де осында...


25 желтоқсан 2013 жыл

НА МА АНЫ А З Р ПЫ А З

НАМЫС ДАУЫЛЫ

– Құрманғазы аға, қазіргі кезде Желтоқсан көтерілісі тура лы дерек те, дəйек те молынан кездеседі. Ізденген адам Желтоқсан көтерілісіне себеп болған оқиғаның не екенін, алаң ға қанша адам шыққанын, кімдер сотталғанын, кімдер қудалан ғанын, осы көтерілісті зерттеу үшін құрылған комиссияның қаншалықты еңбек атқарғанын, тағы басқа да жағдайларды бі ле алады. Сөйтсе де алаңға шық қан жастардың қаншасы ажал құшқанын нақтылап, бір ізге келтірген деректер жоқ екен. Ол оқиға туралы не айтар едіңіз? – КСРО Ішкі істер минис трлігінің бұйрығы негізінде дайындалған «Метель» операциясы бойынша көтерілістің асқан қатыгездікпен басып-жаншылғанын сіздер білесіздер. Желтоқсанның толық шындығын ашуды тарихтың еншісіне, болашақ тарихшылардың еншісіне қалдырамыз. Солар бүге-шігесіне дейін зерттеп, əр нəрсені, əркімді өз орнына қояды деп үміттенеміз. Өз уақытында комиссия құрылды. Олар шамасы жеткен жерге дейін зерттеп, көп нəрсені қамтуға тырысты. – Сіздің Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырған жандардың бірі екеніңізді бертінде ғана біле бастадық. Оның өзінде сіз туралы да, жаныңыздағы серіктеріңіз туралы да мəліметтер онша көп емес. Біз мұның басында белгілі бір адамдардың тұрғанын қаперге алмай, əлі күнге дейін көтерілістің бұқаралық стихиясына мəн береміз. Мұның себебі неде? – Мұның ешқандай себебі жоқ. Кезінде көтерілісті ұйым дас тырғанымыз да, сəйкесінше жазамызды өтегеніміз де рас. Одан кейін «мені жазыңдар, айтыңдар» деп өзім де бастама көтермедім. Өйткені, біз алаңға даңқты болу үшін, қандай да бір атақ алу үшін шыққан жоқпыз. Міне, қазіргі таңда елге шығып, жастармен кездесу өткізіп, көтерілістің мəн-мағынасы, Кеңес Одағына ықпалы туралы əңгімелерді бастап кеттім. Ақтөбеде кездесу ұйымдастырдым. 1500 орындық залда жастар толып отырды. Олар үш сағат бойы əңгімемді тапжылмай тыңдады. Кез келген тарихи қозғалыстардың басында жастар жүреді ғой негізі. Қоғамды өзгертетін де жастар. Олардың батыл сұрақтарына риза болдым. – Көтеріліске оралайық. Мысалы, сіздің желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековпен байланысыңыз болды ма? – Байланысым болған жоқ. Қайраттың ешқандай кінəсі жоқ екенін білемін. Савицкийдің өлімін бір адамның мойнына ілу керек болды, сол үшін бір адамды табу керек болды. Осы жала Қайратқа жабылды. Жалпы, деректерге сүйенсек, ол көпшілікті ұйымдастыруға қатыспаған. Алаңға шыққан 40 мың адамның бірі ғана. Бірақ, батырлығы бар, рухани дүниесі мықты жігіт. Қайтпас қайсар азамат. Желтоқсанның сол бір ызғарлы күндерінде Қайратты көргенім де жоқ. Өйткені, өзіміз алаңның ана шеті мен мына шетіне бір шығып, жүгіріп жүрдік. «Төбелеске бармаңдар, біз бейбіт шеруге шыққан адамдармыз. Төбелессек, заң бойынша біздікі қате болады»дегенді айтып даусымыз қарлықты. Бір мезетте кейбір жастар «сендер қорқақсыңдар» деп өзімізге ұмтылды. Біз жастарды алаңнан алып кетуге тырыстық. Онымыз орындалды. Оларды көшемен жүргізіп өткіздік. Сол күні кешке бес-алты мың адамды жинап алаңға қайтып келдік. Оларды барынша əлгіндей үгіт-насихат айтып тəрбиелеуге тырыстық. Бірақ оған шамамыз жетпеді... Үкімет үйінің жанындағы телевидениені басып алуға тырыстық. «Бізде осындай оқиға болып

1986 жылғы Желтоқсан көт е рілісі еліміздің тарихында қазақ жастарының ерлігі мен өрлігін, отаншылдығы мен намысшылдығын көрсеткен айтулы оқиғалардың бірі. Сол тұста көп жайт бүркемеленгенімен, тəуелсіздік алған жылдардан бастап Желтоқсан көтерілісіне қатысты оқиғалардың көпшілігі анықталды, көтерілістің тарихи маңызына баға берілді. Түрлі əдеби, зерттеу шығармалары жазылып, кітап болып басылды, арнайы газет шығарылды, фильмдер түсірілді, əндер жазылды, т.б. Бірақ, Желтоқсан көтерілісі туралы тың деректердің əлі бар екенін, оларды елге жариялап отырудың еш артықтығы жоқтығына 1986 жылы 17 желтоқсанда көтерілістің негізгі ұйымдастырушыларының бірі, сол кездегі Театр жəне көркемсурет институтының студенті, бүгінде жеке кəсіпкер атанған Құрманғазы АЙТМЫРЗАМЕН əңгіме барысында көз жеткіздік. жатыр», деп бүкіл əлемге жар салғымыз келді. Оған да шамамыз жетпеді, жеткізбеді... – 16 желтоқсан күні өткен əйгілі КПСС Орталық Комитетінің пленумынан соң араға күн салмай-ақ сол кездегі Брежнев алаңына жоғары оқу орындарының студенттері мен жұмысшы жастар дың басын қосу қалай мүмкін болды? – 16 желтоқсан күні Нұрмахан екеуміз курс старостасы Желдібаев Еркіннің жалдап отырған пəтеріне барғанбыз. Сол жерде теледидардан Қонаевты қызметінен алып тастағаны туралы хабарды естіп, жатақханаға көңілсіз оралдық. Келсек жігіттер абыр-сабыр болып жатыр. Бөлмеде Орталық комитет пленумының шешімін қызу талқылай келіп, өзіміздің наразылығымызды білдіру үшін ертеңіне алаңға шығатын болып келісіп, оған басқа да жоғары оқу орындарының студенттерін де тартуды ұйғардық. Бəріміз екі-үштен бөлініп, түн жамылып жан-жаққа тарап жаттық. Мен жаныма Үсіпханды ертіп, ҚазМУ-дың жатақханасына қарай тарттым. Онда біраз қыз-жігіттермен кездесіп, өз ойымызды ортаға салдық. Өз жатақханамызға қай тып келсек, вахта алдында Бақыт бек пен екіүш курстасымыз сыртқа шыққалы тұр екен. Соларға қосылып тағы да жатақханаларды аралауға кірістік. Содан не керек, түн ортасына дейін Алматыдағы біраз жатақханаларды жаяу-жалпы аралап шықтық. Ондағы жастардың бəрін ашу-ыза кернеген. Біздің бастаманы бірден қолдап жатты. Сол кездері өз елімізде өмір сүріп жатқанымызбен, қазақ тілінің жағдайы қиын болатын. Қазақ мектептері мен бала бақ шалары жабылып жатқан. Орыстанудың жаппай етек алғаны сондай, Алматыда болсын, басқа қалаларда да көшедегі алқаштардың өзі «говори на понятном языке» деп сес көрсететін. Осындай-осындай жағдайлардың бəрі миымда кептелісіп тұрды. Бір қуанарлық жағдай, достарымның ортақ істі ұйымдастыруға қосыла кеткені. Олар менің ішкі ойымды, намыстанған сезімімді айт пай-ақ түсініп, көрші институттардың жатақханаларына, зауыт жұмысшыларының жатақханасына барып үгіттеу жүргіздік. Бізге ешкім де қарсы болмады. Пленумдағы оқиғаны олар да естіген. Олар да ашулы, тек не істерлерін білмей ғана отыр екен. Сөйтіп, 17-желтоқсан күні алаңға шығуға бірауыздан келістік. – Көрші жатақханаларға барып үгіт жүргізуге қалай батылдарыңыз жетті? Біреу-міреулер сатып кетедіау деген қорқыныш болмады ма? – Бұл жерде қорқыныштан бұрын намыстану, ызалану сезімдері биік тұрды. Одан кейін біздің, яғни, Театр жəне көркемсурет инс титутының

студенттері шетінен талантты болып келетін. Алматыдағы көптеген институттардың жастарымен байланыста болдық. Олар концерт өткізсе, міндетті түрде бізді шақыратын. Ал өз басым қандай сахнадағы концертке барсам да, міндетті түрде тіл туралы, қазақы болмыс туралы арасын��а əңгіме қозғайтынмын. Мұның түбі Желтоқсан көтерілісіне ұласты. Мен айтар едім, Қонаевтың кетуі мен Колбиннің келуі көтеріліске түрткі ғана болды. Қазақ жастарының көкейінде сол кезде Шоқан Уəлихановтың 20 жасында орыс императорына «Быть или не быть нашему народу?» деп сауал қойғаны сияқты үлкен сауал бар еді. Қазір өздеріңіз білесіздер, Сібір халқы бордай тозып кетті. Аты-жөндері орысша, мойындарында крест, қолдарында арақ. Осы жағдай сол кезде бізге де үлкен ой салатын. Екіншіден, мен өзім 1981 жылдары Грозный қаласында əскерде болдым. Бірде бізді Осетияның астанасы Орджоникидзе қаласына алып келді. Ондағы мақсат – осетиндер мен чешендердің ұлтаралық қақтығысын басу. Ұмытылмастай болып есімде қалған жағдайлардың бірі – осетиннің əйел-аналары бізге бəліш, тəтті тоқаштар əкеліп беріп жүрді. Біз тұрған жерге қалай кіргенін білмеймін, мүмкін бір амалын тапқан шығар? Сонда бір ана: «Вы наших детей не убивайте, не стреляйте, наши дети правы, почему чужие на нашей земле должны хозяйничать, пусть уезжают, откуда пришли. Это наша земля, мы это не позволим. Мы вас понимаем, вам команду дали, только не стреляйте», – деп айтқан еді. Не деген намысшыл халық, тіпті, əйелдеріне дейін сұмдық намысшыл екен ғой деп ойлағанмын. Біздің халқымыз да осындай намысшыл болса екен деп тілегенмін іштей. Əрине, санадағы осындай эпизодтардың Желтоқсан көтерілісінің бұрқ ете қалуына əсерін тигізбеді деп айту қиын. – Бейбіт шерудің соңы көтеріліске ұласып кетті. Қаншама жастар сотталды, қудаланды. Көтеріліс басылған соң сізді қандай жаза күтіп тұрды? – Кеңес Одағының КГБ-сы мықты жұмыс істейтін. Қаланы жауып тастады. Пойыз тоқтатылды, ұшақтар ұшпады, телефон желісін де үзіп тастаған. Əрбір жатақханада КГБның қызметкерлері топ-топ болып жүріп, студенттерді сұрақтың астына алғаны күні кеше болған сияқты. Біз шынын айтқанда оларды адастырып кетудің амалын жасадық. «Қара «Волга» мінген, қара пальтолы адамдар жатақханаларды аралап жүрді» дегенді ойдан шығарып, таратып жібердік. Мұндай ой Бақытбектің басына келді. Бұл іске асты. КГБ қызметкерлері əлгі

11

www.egemen.kz

өмірде жоқ «ұйымдастырушыларды» іздеп əуре болды. Əйтсе де біздің ұйымдастырғанымыз ашылмай қалған жоқ. Бізді ұстап əкетіп, тергеу изоляторына қамап тастағанда, қарсы куəлік берген студенттер де болды. Бір оқиға есімнен кетпейді. Сотта 54 адам куə ретінде тартылды. Олар болған жағдайды жасырмай, «бізді үгіттеген Айтмырзаев» дегенді айтты. Сонда істі жүргізіп отырған судья Мамыров куəгер жігіттің біріне «Сен не айтып отырсың? Бұл жігіттер де өздерің сияқты емес пе? Сендерді қалай үгіттейді?» деп ұрса жөнелгенде іштей риза болып едім. Сот үкімі шыққанша 11 ай тергеу изоляторында жаттым. Сосын 4 жылға сотталып, алдымен Мəскеу түбіндегі Потьма деген жерде, соңынан Мордованың түрмесінде «жазамды өтедім». – Сіз туралы жазбалардың бірінде жарыңыз Алманың бірге болуға бел байлап, соңыңыздан Потьмаға барғаны жазылады. – Иə, бұл оқиғаның тəрбиелік жағы ретінде қазақ қыздарының батылдығын, махаббатқа беріктігін айтуға болады. Тек менің емес, бірқатар желтоқсандық жігіттердің қалыңдықтары өз жігіттерінің соңынан түрмеге іздеп барып, жандарында болды. Бұл тұрғыдан алғанда біздің қыздардың ерлігі декабристердің əйелдерінің ерлігінен кем болған жоқ. Желтоқсанда алаңға шыққан қыздар туралы əңгіме бір бөлек тақырып. Иə, сол бір ауыр күндерде жанымда жұбайым Алма Ашықбаеваның болғаны рас. Екінші ұлымыз түрмеде дүниеге келген... Құдайдан жасырмағанды адамнан қалай жасырасың? – 2011 жылы өзіңіз бастап Елбасының назарына деп айдар қойып, министрлікке хат жазған болатынсыздар. Онда Желтоқсан көтерілісіне лайықты саяси-құқықтық баға беру жайы айтылған. Сол хаттарыңызға жауап келді ме? – Тиісті министрліктен жауап келген. Бұл мəселе қаралып жатыр. Жалпы, бұл жоғары басшылықтың назарындағы нəрсе. Басқа ештеңе де айта алмаймын... – Түрмеден шыққан соң мемлекет тарапынан атаулы көмектер болды ма? – Біздің мемлекетіміз жас мемлекет. Енді ғана аяғынан тұрып келе жатқан мемлекет. Тарих үшін кішкентай ғана уақытта «бізге жағдай жасамады» деудің өзі ұят нəрсе. Əрине, желтоқсанда бас бостандығынан айырылған кейбір қызжігіттерге жергілікті əкімшілік тарапынан пəтер берген жағдайлар кездесті. Кейбір қыз-жігіттерге атаулы көмектер де берілді. – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен өзіңіз қандай сабақ алдыңыз? – Меніңше, жастардың алаңға шығуы – тағдырдың жазуы. Біз шықпасақ басқа біреулер шығатын еді. Əрине, мұндайда адам шығыны болатыны табиғи құбылыс. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қаншама миллион адам қырылып кетті, қаншамасы із-түзсіз кетті, басқа елдің шекарасына өтіп кеткендер де бар. Бірақ біз тойлағанда жеңісті тойлаймыз. Əрине, бұл көтерілісті үлкен соғыспен салыстырып отырған жоқпын, тек желтоқсанның сабағы – тəуелсіздіктің қадірін əрбі рімізге сездіре, ұқтыра білуінде деп айтқым келеді. Біз қалайда желтоқсанды ұмытып кетпеуге тиіспіз. Оның ұлттың рухын оятудағы мəнмаңызын айта жүруге тиіспіз. Халқымыз өз алдына мемлекет болды. Əскеріміз бар, шекарамыз бар... Салт-дəстүріміз, құн дылықтарымыз қайтадан жаңғырып, жаңара бастады. Елде шешімін таппаған мəселелер болса, ол ел басқарып отырған азаматтардың үлесіндегі істер. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».

1992 жылдың жаз айы еді. Бірде аулада тұрған «ДТ-75» тракторының жүргізушісі тракторын от алдыру мақсатында қолына моторды іске қосу жібін алып, оралған жіпті тартып қалғанында от алған трактордың басқару құралдары айырылмай қалғандықтан алға жүріп кеткендігі бар. Жүргізушімен əңгімелесіп, алаңсыз тұрған жас жігіт Манарбек сол сəтте ғана есін жиып, артқа қарай секіріп үлгерді. Бірақ трактордың алдыңғы жағында тұрған Манарбектің бір аяғының тобықтан алғы башпайларының үстін трактордың шынжырлы табаны жаншып өте шықты.

Тылсым күштің иесі Əп-сəтте болған оқиға. Көк түтінді будақтатып от алған шынжыр табанды трактор алға қарай өңмеңдей секіріп алды да кенеттен өшіп қалды. Жүзі қудай болып қуарып кеткен трактордың жүргізушісінде ес жоқ, сопиып тұрып қалған. Манарбек болса дін аман, аяғының башпай үстін таптап өткен трактордың шынжыр іздері қызара сызат түсірген жолақтарға аң-таң қарап тұр. Сүйектері сынбаған, аман. Ғажап жағдай. Бұл не болғаны? Қандай күш, небір тылсым дүние өзін аман алып қалды?! Бұл тағы жұмбақ нəрсе. Əйтеуір, періштесі қағып жымпитылық жас жігіт Манарбек Жұмағалиев бұл оқиғадан аман қалды. Осы оқиғадан соң Манарбектің басынан үйдің төбесінен абайсызда құлап түсу, «КамАЗ» көлігінің есігінен қатты бұрылыста ұшып кету, мотоциклден аударылу сəттері болса да дене сүйектеріне, терілеріне ешқандай зақымдар келмеу деректері болғандығын таңданыспен айтқан жөн.

денесімен жату, əйнектің үстінде сазды əуен ырғағымен билеу, өткір пышақ, балтамен денесін, башпайларын кескілеу сияқты адамның денесін түршіктіретін көріністерді сахна арқылы көрсетуді қолға алды. Тіпті, осы көріністерді Манарбек Жұмағалиев ұлттық өнер, салт-дəстүрді насихаттау бағытында ұйымдастырылған Зеленов ауданындағы «Аймақтар аламаны» атты облыстық өнер сайысында, Жымпиты ауылында өткізілген «Дарындылар додасы» атты облыстық өнер сайысында, жақында ғана облыс орталығында тойланған қала күнін мерекелеуде көрермендер алдында жайып салып, оларды ерекше қасиеттерімен таңтамаша еткені бар. – Өзім сахнаға ешқандай əзірліксіз шы ғамын. Əйтеуір, Жаратқан иенің бір тылсым күші итермелеп, арқам, алақаным еріксіз түрде қызып, бойыма күш-қуат бітіп тұратындығы рас. Дене қимылдатып, жұмыс істемесем ауыра-

Манарбек Жұмағалиев Жымпиты ауылының тумасы. Өнерлі отбасында тəрбиеленген Манарбектің əкесі Лұқпан халықтық театрдың өрге басуына бір кісідей үлесін қосқан кəнігі режиссер, театрдың тарланы болса, қарындастары да мың бұралған бишілер. – Менің нағашы аталарым Əли, Рысалы өте аруақты адамдар болған көрінеді. Бəлкім, менің бойыма алапат күш - қуаттар осы аталарымнан дарыған болуы да керек. 1997 жылы отбасымызбен көмір уына уланып, орталықтағы ауруханада үш күн бойы ессіз жаттым. Сонда ессіз жатып, анабір дүниенің де табалдырығына барған кезімде небір елестердің бойды билегені бар, – дейді Манарбек сөз арасында əңгімесін өрбітіп. Манарбектің бойындағы тылсым күштің қуаты алғаш рет 2000 жылы Қособа ауылындағы клубтың сахнасында халықтың жүрегін дір еткізерлік кейбір көріністерді көрсетуден басталды. Бертін келе Манарбек төсіне кірпіш тас қойдырып, үлкен балғамен сындырту, сынған əйнектің, шегенің үстіне жалаңаш

мын. Ине сабақтап, жаңажылдық, ұлттық костюмдер тігемін, ою-өрнектерді таза табиғи түрде қолмен жасаймын. Сондайақ, ағаштан түрлі мүсіндерді ойып жасайтын өнерім де бар, – дейді Манарбек ағынан жарыла. Иə, бойында өнер дарыған осы бір 42 жастағы жігіт Манарбек бүгінде қай жерде жұмыс болса, сонда барып, өзінің нəпақасын тауып тұр. Ал сахнаға шығып, адам баласының бойын үрейге толы қорқынышты көріністерімен əп сəтте-ақ еріксіз баурап алатын Манарбекке əзірге тұрақты жұмыс болса таптырмай жүр. Таңғажайып өнерімен көпшілікке танылып үлгерген Манарбекті өнердегі басшылық тұлғалар «дефицитке» айн��лғанда ғана іздестіретіндері бар. Сонда «дефицитке» айналған Манарбектің тылсым өнерінің əрмен қарай дамуы, насихатталуы тасада қала бермек пе?! Мүсірбек АЙТАШЕВ. Батыс Қазақстан облысы.

● Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Жас буын ант ќабылдады Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жас сарбаздар əскери ант қабылдады. 2013 жылдың күзінде төл Армиямызға əскери қызметке шақырылған мың жарымға жуық мерзімді қызметтің əскери қызметшілері Отанға адалдыққа серт берді.

Əскер қатарына жаңадан алынған жас жігіттер Тараз, Талдықорған, Қапшағай, Приозерск қалаларында, Отар, Боралдай кенттерінде Құрлық əскерлерінің, Əуе қорғанысы күштерінің арнайы əскерлер мен байланыс əскерлерінің бөлімдерін толықтырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына жаңа қосылған əскери қызметшілердің ант қабылдауы салтанатты жағдайда өтті. Рəсімге командирлер мен қыз мет тестерден басқа шақырылған қонақ тар мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер қатысты.

Мерзімді қызметтің сарбаздары ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кірісті. Жарты жылдан кейін олар артиллеристер, танкистер, байланысшылар, атқыштар жəне т.б. мамандықтар алып шығады. Оқу-жаттығу орталықтарында даярлықтары аяқталған соң, мерзімді қызметтің əскери қызметшілері Қарулы Күштер түрлері мен əскер тектерінің əскери бөлімдеріне жіберілетін болады. «Егемен-ақпарат».


12

25 желтоқсан

www.egemen.kz

2013 жыл

Өңір өмірі

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпус (КАТО коды 471010000), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 33-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «АктюбНИГРИ» ЖШС-мен биостратеграфиялық анализ қызметін жеткізу келісімшартына тұрғандығын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 4 915 200 (төрт миллион тоғыз жүз он бес мың екі жүз) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) –100%.

Ќос ќуаныш ќатар келді Тəртіп сақшыларының материалдық-əлеуметтік мəселелері жиі айтылып, бірақ шешімін табуы жағынан ақсап келе жатқан жайт болатын. Жуырда Маңғыстау полицейлері зор қуанышқа кенелді. Бұл сала қызметкерлері көптен күткен сəт болатын. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Егіз қуаныш» деген осы екен, бұл күні маңғыстаулық полицейлер үшін арнайы салынған 120 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп бір қуантса, сала күш-қуаты 95 қызметтік көлікпен толығып екі қуантты. Аймақ басшысы А.Айдарбаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генералмайоры М.Демеуов салтанатты сəттің қызығын полицейлермен бірге бөлісті. Полицейлер үшін алғаш рет арнайы салынған үй – облыстағы бұл сала қызметкерлеріне жасалған қамқорлықтың дəлелі. Жаңа баспананың кілтін алғандар қатарында кезекке тұрғанына 20 жылға тарта уақыт болған, осынша жылдар ішінде пəтер жалдау азабын бастан өткерген тəртіп сақшылары

да бар екен. Ал 95 көлік кілті қоғамдық тəртіпті қатаң қадағалау, қылмысты болдырмау, бола қалған жағдайда ізін суытпай ашу, қылмыскерді құрықтау мақсатында

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпус (КАТО коды 471010000), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 11-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «ЮСКО Мебель» ЖШС-мен қосымша жылжымалы тумбалар сатып алу келісімшартына тұрғандығын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 270 004 (екі жүз жетпіс мың төрт) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) – 60%. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-мкр., зд. 74, корпус 1 (Код КАТО 471010000), настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «ЮСКО Мебель» на покупку дополнительных передвижных тумб, в соответствии с подпунктом 11, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 270 004 (двести семьдесят тысяч четыре) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 60%. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпус (КАТО коды 471010000), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 11-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Kazpetrotest» ЖШС-мен қабаттық құбылғыштардың талдау қызметтерін көрсету келісімшартына тұрғандығын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 151 274 957 (жүз елу бір миллион екі жүз жетпіс төрт мың тоғыз жүз елу жеті) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) –70%. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-мкр., зд. 74, корпус 1 (Код КАТО 471010000), настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «Kazpetrotest» на оказание услуг по анализу пластовых флюидов, в соответствии с подпунктом 11, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 151 274 957 (сто пятьдесят один миллион двести семьдесят четыре тысячи девятьсот пятьдесят семь) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 70%.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-мкр., зд. 74, корпус 1 (Код КАТО 471010000), настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «АктюбНИГРИ» на предоставление услуг биостратеграфического анализа, в соответствии с подпунктом 33, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 4 915 200 (четыре миллиона девятьсот пятнадцать тысяч двести) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 100%. Ішкі істер департаментінің республикалық маңыздағы тас жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін əкімшілік полициясы басқармасы жол-патрульдік полициясы ротасына, аудандық, қалалық ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларына, департаменттің

жəне аудандық, қалалық ішкі істер басқармаларының жедел бөліністеріне тапсырылды. Маңғыстау облысы.

––––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» филиалы, Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 12-ш/а, 74-ғимарат, 1-корпус (КАТО коды 471010000), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 26-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Информационное агентство «Интерфакс-Казахстан» ЖШС-мен «ИнтерфаксКазахстан» басылымында – Іскер Жаңалықтар баспасөз парақшасын жариялау келісімшартына тұрғандығын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 120 535 (жүз жиырма мың бес жүз отыз бес) теңге. Жергілікті қамту міндеті (пайыз есебімен) –100%. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Республика Казахстан, 130000, г. Актау, 12-мкр., зд. 74, корпус 1 (Код КАТО 471010000), настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «Информационное агентство «Интерфакс-Казахстан» на размещение пресс-релиза в издании «Интерфакс-Казахстан» - Деловые Новости, в соответствии с подпунктом 26, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком – 120 535 (сто двадцать тысяч пятьсот тридцать пять) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 100%. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Ғылым комитетінің www.scedu. kz сайтында орналастырылған. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11-кіреберіс, 947-бөлме. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-19-05; 74-20-25.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ə.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны директорының бос лауазымына орнал��суға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Ғылым комитетінің www. scedu.kz сайтында орналастырылған. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11-кіреберіс, 947-бөлме. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-19-05; 74-20-25.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Ғылым комитетінің www. scedu.kz сайтында орналастырылған. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай да қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақ стан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11-кіреберіс, 947-бөлме. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-19-05; 74-20-25.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ботаника жəне фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Ғылым комитетінің www. scedu.kz сайтында орналастырылған. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн тізбелік күн ішінде мына мекенжай да қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11-кіреберіс, 947-бөлме. Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-19-05; 74-20-25.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Биологиялық бақылау, сертификаттау жəне клиника алдындағы зерттеу орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны бас директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар мен конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайтында орналастырылған. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, 11 кіреберіс, 947 бөлме. Анықтама телефондары: 8(7172) 74-19-05; 74-20-25.

«С.А.С.» акционерлік қоғамы ірі мəміле жасау туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде хабарлайды. Жасалатын ірі мəміле туралы барлық қажетті ақпаратты мүдделі тұлғалар мына мекенжайдан алуларына болады: Қазақстан Республикасы, 050062, Алматы қаласы, З.Қабдолов к-сі, 1/8, «ARMADA» сауда кешені, əкімшілік, №1 офис немесе мына телефондар арқылы: (727) 260-18-44 немесе 260-18-05 (ішкі 1844).

«КАСС» ЖШС (ҚР, Алматы қ., Шевченко көшесі, 146-үй, 10-пəтер) «СактаукентСервис» ЖШС-ға (ҚР, Алматы қ., Əуезов көшесі, 2) қосылу жолымен өзінің қайта құрылғандығы туарлы хабарлайды. Кредиторлардың талаптары осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзімі ішінде мына мекенжайға берілуі тиіс: ҚР, Алматы қ., Шевченко көшесі, 146-үй, 10-пəтер.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«НГСК КазСтройСервис» АҚ

осы арқылы «Каспий Құбыр Консорциум-К» АҚ-пен ірі мəмілеге өзгеріс енгізу туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі қабылдағаны жөнінде барлық мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді.

«ТексолТрансСервис» ЖШС (біріктірілетін Серіктестік) өз несиегерлерін «ТексолТранс» ЖШС (біріктірілген Серіктестік) біріктіру арқылы қайта құрылатындығы туралы хабарландырады. Талаптар екі ай ішінде Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, С.Датұлы көшесі, 35, 4 пошта индексі 060007 мекенжайы бойынша қабылданады.

«Кадралиева С.Х.» ЖК 12915 № 0810393 сериялы куəлік 05.08.2001 жылы тіркелген өзінің таратылатындығы туралы хабарлайды.

Аманжол Қуанышұлы БӨЛЕКБАЕВ 2013 жылдың 24 желтоқсанында 72 жасында белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Астана қаласының құрметті азаматы Аманжол Қуанышұлы Бөлекбаев өмірден озды. А.Бөлекбаев 1941 жылдың 1 қаңтарында Ақмола облысының Новоишимка ауылында дүниеге келген. Бейнетке ерте араласып, жастайынан қара жұмыстың қазанында қайнап өскен Аманжол Қуанышұлы еңбек жолын 1958 жылы Целиноград облыстық автобазасында қатардағы көлік жүргізушісі қызметінен бастайды. Іскерлік қырымен ерекшеленіп, қарымды қабілетімен көзге түскен жас маман өзіне тапсырылған қай жұмысты да тыңғылықты атқарып, санаулы уақыт ішінде жүргізушіліктен автоколонна бастығы, бас инженер, Целиноград жүк-көлік басқармасының бастығы қызметтеріне тағайындалады. Өндірісте өзін іскер де кəсіби маман, қабілетті қызметкер ретінде танытқан А. Бөлекбаев 1983 жылы бұрынғы Целиноград қаласы Совет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне ауысады. 1983 жылдан 1992 жылға дейін аудандық атқару коми те ті төрағасының орынба сары, қалалық жолаушылар автокө лігі басқармасының бас тығы, Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін мемлекет артқан сенім үдесінен шыға отырып абыроймен атқарады. Ел тəуелсіздігінің алғашқы қиын-қыстау жылдарында да халық құрметтеп, Елбасы сенім артқан азаматтар шоғырынан та былып, 1992 жылдан 1997 жыл ға дейін Ақмола қалалық əкімшілігінің басшысы, Ақмола қала сының əкімі қызметтеріне тағайындалады. Ақмола қаласы елорда мəртебесін иеленген жылдарда да қаланың абыройын асырып, бе делін биіктету жолына бар қарым-қабілеті мен күш-жігерін жұмсап, 1997 жылдан 1999 жылға дейін Астана қалалық кеден басқармасының бастығы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы

Жо ғарғы Кеңесі 12-ші шақы ры лымының, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екінші, үшінші жəне төртінші сайланымдарының депутаты болды. Мемлекеттік басқарудың сансалалы сатыларындағы ресми қызметтен бөлек Аманжол Қуа нышұлы халықаралық деңгей дегі қоғамдық-əлеумет тік мəселелер жөніндегі түр лі қауымдастықтардың жұ мыс тарына да белсене араласты. Атап айт қанда, Пар ламентаралық Еуразия экономикалық қоғамдастығы Ассамблеясының мүшесі, Польша Республикасының Сенаты мен Корей Республикасы Ұлттық Жиынының халықаралық қатынас, қор ғаныс жəне қауіпсіздік комитеті мен Ынтымақтастық тобы ның мүше сі болды. А.Бөлекбаев Астана қала сының шахмат федерациясы президенті болған кезеңде бұл спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосып, дең гейін көтеруге лайықты атсалысты. Мемлекеттік жəне қоғамдық жұмыста атқарған қарымды қызметі мен жемісті еңбегі үшін «Құрмет Белгісі», «Құрмет» ордендерімен, түрлі медальдармен марапатталып, Астана қаласының құрметті азаматы атанды. Аманжол Қуанышұлы Бөлекбаевтың өнегелі өмірі мен ізгі істері, жарқын бейнесі мен кісілік келбеті ел есінде, ұрпақ жадында əрдайым сақталады. Астана қаласының əкімдігі, Астана қаласының мəслихаты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен аппараты белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламентінің II-IV сайланымдарының депутаты Аманжол Қуанышұлы БӨЛЕКБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттары мен басшылығы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының екінші, үшінші жəне төртінші сайланымдарының депутаты Аманжол БӨЛЕКБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы қазақ филологиясы жəне əлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Тыныштық Нұрдəулетқызы Ермековаға əкесі Нұрдəулет ЕРМЕКОВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы магистратура жəне PhD докторантура институты филология мамандықтары кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Айнагүл Əбдумəжитқызы Тəутенбаеваға анасы Үлпеш КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ұжымы Орал қаласы мəдениет басқармасының тарихи-мəдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Нарынбек Рақышұлы МАМАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандары мен əріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


25 желтоқсан

ІК

ІЛ Ш Р І Т

2013 жыл

www.egemen.kz

13

Ол бїгінде орысшасын ўмытќан...

З Ы

С Т Ў

Ќ

СИЫР

Елбасы ескертсе де кəсіпкерлер елді мекендер маѕындаєы жайылым мен шабындыќ жерлерді ќайтармай отыр Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Кґркі мен кїйігі бірдей жаз Алтындала ауылының аты қасиетті Тəуелсіздігіміз келген соң осылай өзгерді. Жұрт «Япыр-ай, əйтеуір ауылдың аты дұрысталды, кім қойса да, жақсы ойлап тапқан екен» десті. Бұрын ұлы жолдың бойындағы осы ауылға бұрылар жерге «екі тілде» «Красный октябрь – Қрасный октябрь» деген маңдайша ілулі тұратын. Ол кезде көрнекі құралда не жазылса, сол заң секілді көрінетін. Өзге жұрт «Красный октябрьді» қазақша атау үшін «К» əрпін «Қ» деп өзгертсе жетіп» жатыр екен ғой деп ойлаған шығар. Ал, ел арасында бұл ауылдың «Долгий ауыл» деген де аты болды. Оның себебі, ауыл Тобыл өзенінің бойын бойлап, ұзыннан-ұзақ орналасыпты. Өзен жағасы болғандықтан құдықтары да тұщы, ауызсуы мол. Ауыл тұрғыны Əділхан Оташев 6-7 шақырым жердегі қырат басындағы ескі қорымды көрсетті. «Осы жерге аштық жылдары шұбырып келе жатқан адамдарды ауылға жібермей, тоқтатып, тамақ берген деседі. Олардың сүйегі қырдың басында қалыпты, бұрын шалдар айтып отыратын», дейді. Ауылдың сыртында бірнеше көл жатыр. Жазымен аққу қонып, қаз-үйрек ұшады. Енді кім де болса бұл жердің əсемдігіне тамсанбай қалмайды. Əр қазақтың ұғымындағы «көк түтінін шұбатып, жібек созған» нағыз ауыл, міне, осы дерсің... Көрген жан көшіп келгісі келіп тұрады. Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын осы ауыл «Қостанай» мал бордақылау кеңшарына қараған екен. Кенжебай Əміралин – осы ауылдың байырғы тұрғыны. Ауылдағы өзгерістің барлығы оның көз алдынан өтіп келе жатыр. Ол жас кезінде мінбеген ве ло сипедтен қазір түспейтін болған. Жазымен қорадағы бес бұзауына шөпті осы қиқаңдаған көлікпен тасиды. – Ауылдың маңайында шөп жоқ, сенсеңіз əр түп шөпті қолмен санағандай жұламын. Бір мен емес, ауылдастардың барлығының тірлігі осы, – дейді Кенжебай. Оның қорасындағы бес бұзау күн шығысымен мөңірейді, жолдың арғы бетіндегі көгі жайқалған егісті көзімен теседі де тұрады. Кешке өрістен енесі келгенде қарны бір тоятындай тайраңдағаны да

əдіре қалады. Кенжебайдың əйелі Бағила екі сиырды қақшып сауып алады, сонда екеуінен екі литр ғана сүт шығады. Əйтпесе, желіні жер сызатын сиырлар емес пе. Екі бүйірі солқылдап, ішіне кіріп, сүйегі арса-арса болып, жануарлар өрістен аш келеді. Сонша мал ұстағандағы алған сүті балалардың тақ-тұқ ішуінен артылмайды. Көсіп жейтін қаймақ ағызуға, құрт-ірімшік жасауға келмейді. Өйткені, сиырдың тұяғы жетер жерде шөп жоқ. Ауылдың айналасы – жағалай егін. Тіпті, егіндік ауылдың ішіне кіріп жатыр. Таңертең бақташы малды ауылдың шетіне айдайды да, бір шақырымдай жерге апарып, иіріп тұрады. Санасыз мал емес пе, көктің иісі мұрнын жарып, бүгін бір тоятындай сезінеді. Бақташы айдағанда шаңы шыққан жайылымды өкіріп иіскеп барады да, тіке егінге қашады. Бақташы құрықтың, қамшының күшімен қайырып, өзеннің жағасына иіреді. Өзен жағасынан онымұны жұлып жеген сиырлардың күн ысыған соң, судың самалына келіп, ыңырсып жатқаннан басқа амалы қалмайды. Бақташы малды кешкі 6-дан қалдырмай шаңдатып ауылға айдап келеді. Ал жаз айында кешкі сағат 18.00 дегеніңіз – тал түс емес пе? Күн батқанша қай уақыт? Нағыз кешкі салқынмен жайылатын кезде мал қорада тұрады. – Малдың жазымен кешке егінге қашқанын көрсеңіз. Онымен егіннің қарауылы арпалысып жатады. Біз де малды қамап жібермеуге тырысамыз, себебі, олар егінге түскен малды аямайды, – дейді Кенжебай. Малды да, жанды да ашықтырмасын. Ауылдың сиырлары екінің бірінде өзеннің арғы бетіне жүзіп өтіп кетеді. Ол жақта жайылым бол са бір жөн, түгелдей шаруа қожалықтарының бақшасы мен картобы жайқалып тұрады. Ауылдастар сиырын бергі бетке өткізе алмай, өздері салқындаған суға түсе алмай, жағада айқайлап тұрғаны. Судан бір өтіп алған соң, көкке ұрынған сиырдың қандай айқайыңды да тыңдауға мұршасы келмейді. – Жайылымы болса, бар береке малда ғой, – дейді ауылдың тағы бір тұрғыны Миран Көдесов ақсақал. – Біз осында кешегі 90-жылдары көшіп келдік. Оған дейін Науырзымның Қайғысында тұрдық. Шіркін, жер де, жайылым да жетеді. Малды түлік-түлігімен ұстадық. Кемпірім қазір «осы малды құртшы, пайдасы жоқ құтсыз немені» дейді. Ау, ауылда отырған соң мал ұстамай бола ма? Ыстық сүт ішкіміз, қаймақ, жас ет жегіміз келеді. Сатып алған сүттің де, еттің де берекесі бола ма?

Кїздіѕ ќорлыєы-ай!

Бұл ұн өндіретіндер үшін жақсы болғанымен, жемнің сапасын төмендетті.

Алтындала ауылындағы күзге қарай шөп дайындаудың қорлы ғын да, қиындығын да айтпаңыз. Ауылдың айналасында шөп шабатын шабындық жоқ. Айнала егін болғандықтан оның қожайындары ауылдастарға орақтан кейінгі сабанның қанын шығарып сатады. Сабанның бір тоннасының баға сы алты мың теңге тұрады. Жаңбырсыз, егіннің шығымы аз болған жылдары оның бағасы да көтеріле түседі. Ал арпадай емес, бидай сабанының малға жұғымдылығы шамалы екенін шаруа адамы біледі. Жақын жерде шабындық болмаған соң, шөпті 200-250 шақырым жердегі аудандардан тасып əкеліп сатады. Оның бір теңі 400 теңгедей тұрады. Шөп сатушылар да əбден саудагер болып алған. – Бір көлік сабанды екі тоннаға есептейді, ал шындығында оны ветродуймен қауқитып əкелген соң, ол бір тонна да болмайды, – дейді тілі орысшаға бұралып кете беретін ауыл тұрғындары. Өзге ау дан дардан тасылатын буылған шөптің əр теңі баяғы кеңшар кезіндегідей емес, жепжеңіл. Бір теңді ересек кісі былай тұрсын, бала қолтығына қысып кетердей. Əлгі ауылды айнала бидай сепкен кəсіпкерге сабанның қымбаттығын айтып көр, «алмасаң əрі жүр» деп қолын бір-ақ сілтейді. Ақыры атызда қалатын сабан ғой, ауылдастар жинап алсын демейді, сатқанынан артылғанын өртеп жібереді. – Жемнің бір қабын қуаңшылық жылдары 600-700 теңгеден аламыз. Былтыр дəл осы бағамен алдық. Жыл сайын биылғыдай жаңбыр жауа бермейді ғой. Дəл қазір жемнің 25 килограмдық қабы уақытша 300 теңгеге арзандап тұр. Көктемге қарай баға қайтадан қалпына келеді, 500-600 теңгеге барады. Бірақ оның ішіндегі кебектің салмағы ешқа шан 25 килограмға жеткен емес, ең көп болғанда 2223 ки лограмм шығады. Оның жемдік күші жоқ, əйтеуір шөпке сеп болсын деп аламыз, – дейді тағы бір алтындалалық Сайран Темірғалиев ақсақал. Кебектің бұрынғыдай жемдік маңызы жоқ екенін ауылдағы мал ұстап отырғандардың барлығы да айтады. Себебі, Қостанай қаласындағы ұқсату кəсіпорындарының ешқайсысында қазір баяғы диірмендер жоқ. Германиядан, Түркиядан, Қытайдан əкелген жабдықтар сыртқа бір грамм ұн жібермейді, бидайдың судыратып қауызын ғана шығарады.

Мал сатып, пайда кґрген ешкім жоќ Ал енді ауылдағы мал ұстап отырған ағайынның қысқы жағдайы қалай? Қысқа салым жұрт мал сатып, пайдасын көретін уақыт. Балалардың оқуына, киімкешегіне қаражат қажет. Биыл жаз ортасынан қыркүйек айына дейін мол жаңбыр жауып, қолайлы жыл болды, малдың қоңы жоқ емес. Алайда, сол семіз малдың пайдасы болмай тұр. Еттің бағасы арзан. Сиыр етінің бір килограмын алып-сатарлар 650-ден жоғары көтермейді, ал базар сөресінде сол ет 1100-1200 теңгеден кем түспейді. – Пышағын жалаңдатып, ет ала тындар ауылға келеді. Малы мызды көрсетсек алмайды, тек тайынша керек дейді. Ойбай-ау, тайыншаны қайдан тауып береміз? Сиырды алмайды. Мына көрші ауылда бір кісі жақында ақша керек болған соң, қысылғаннан сауып отырған сиырын 110 мың теңгеге беріпті. Жылап кеткен мал ғой. Жұрт ақшаға қызығып, жас малды етке өткізеді, қазір ауылда мал қартайып бара жатыр, – дейді Сайран ақсақал. Ауылдастар жиын болған сайын ауыл əкіміне осы мəселені айтады, бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Қазір ауылда жем-шөбін тауып бере алмағандықтан екі қолын көтеріп, мал ұстамайтындар қатары көбейіп келе жатыр. Тек Алтындала ғана емес, аудандағы барлық елді мекеннің көрген күні осы. Алтындала ауылы Жамбыл селолық округіне қарайды, мұнан басқа Жамбыл жəне Самир деген екі елді мекен бар. Осы үш ауыл үшін округте 15376 гектар жер бар. Сол жердің 12430 гектарына «Иволга-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бидай мен бақша салған. Біз əңгімелеп отырған Алтындала ауылына барлығы 3288 гектар жер тиесілі болса, соның 338 гектары ғана жайылым. Қалғанына шаруа қожалықтары егін егеді. – Округтегі жеке секторда барлығы 787 ірі қара, 616 қой, 107 жылқы бар. Бірақ бұл нақ мəлімет емес, мал мұнан көп, – дейді Жамбыл селолық округінің əкімі Мейрам Құсқадамов. – Əр бас малға неше гектар жайылым болуы керек? – Əр бас малға 7 гектар жер бөлінуі тиіс қой, – дейді əкім. Округтегі əлгі 800-ге тарта малдың тең жартысы Алтындалаға тиесілі екен. Жайылым мен шабындықты

қосқанда 338 гектар жер əр бас малға бір гектардан да келмейді. Көптен айтылып жүрген жайылым мен шабындық мəселесі Президенттің құлағына да жетсе керек. Нұрсұлтан Əбішұлы Қостанайға тамыз айында келген сапарында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жəне облыс басшылығына осы жайды ескерткен еді: «Ауыл адамдары қолдағы малы үшін неге шабындық пен жайылымнан жұтап отыр? Ауылдар маңындағы жерлер ешкімнің де меншігі емес, ол халықтың жері. Өзіне қайтарыңдар» деген болатын. Осыдан кейін сең жүріп, облыстық жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысы Мереке Дихаев облыс басшылығының тапсырмасымен елді мекендер маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланып отырған жерлерді қайтару жөнінде іске кірісіпті. – Бүкіл аудандарды аралап, кəсіпкерлер мен аудан əкімдерін жинап, бірнеше түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Барлық аудандарда жерді ептеп ғана қайтарып жатыр. Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарында бұл орайда жақсы жұмыс жүрді деп айта аламын. Қайтарылған жердің бар лығы мемлекет меншігіне өтеді, – дейді Мереке Қасымұлы. Осы кезге дейін облыстың 16 ауданындағы барлығы 53308 гектар жердің тең жартысына жетер-жетпесі, яғни 23 953 гектары қайтарылған. Соның ішінде Қостанай ауданы елді мекендері айналасындағы егін егілген 629 гектар жердің бір гектары да кері қайтарылмаған, сең қозғалмай, құлаққа ілінбей сол күйінше тұр. – Ол жерлерді кəсіпкерлер 49 жылға жалға алған. Оны қайтармауға олардың толық құқы бар. Мен оларға не істей аламын? – дейді Жамбыл селолық округінің əкімі Мейрам Құсқадамов. Сонда Президенттің сөзі де олардың құлағына жетпеген бе? Ауыл əкімі осы жылы Алтындаланың айналасында 2387 гектар жері бар шаруа қожалығының жетекшісі Сағындық Есментаевпен меморандумға отырып, 100 гектар жерді ауылдастарға жайылымға алатын болыпты. Итке сүйек лақтырғандай болса да, ауыл əкімі осыған мəз. Кейде бұл мəселе қағазбастылықтың көлеңкесінде қалатын тəрізді. Алтындала ауылына тиесілі жайылымдық жерлер бірыңғай емес, бидай мен картоп жəне бақша егілген алқаптардың арасында жатыр. Оған барып жайылу үшін сиыр мен қойға ерекше ақыл кірмесе, мүмкін емес. Есі кеткен адам болмаса, жайылымға жету үшін егіннің арасымен мал айдаудың қиындығын кім білмейді? Қазір мал қора да қолға қарады. Көктемді ойласа кəрі сиырдың мүйізі, ауылдағылардың сай сүйегі сырқырайды. Өйткені, өткен жылы қысымен сабан мен судыраған кебек жеп шыққан ауылдың малы көктемге көтерем болып зорға ілінген. Таңертең алдына бір қысым сабан салып жатып, Сайран ақсақал сиырына қарады. Шаруаның кісісі емес пе, етке өткізе алмаған малдың қолға қарағалы қоңы да түсіп қалғанын байқады. Қызыл сиыр жылда қорада қалып қартаятын болды, өзі буаз секілді. Ақырға өзеурей ұмтылған сиырға «сүйкімсіз» деді ішінен. Басқа сөз де, амал да таппады, білем! Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Алтындала ауылы.

Біз ауылда өстік. Қаладағы көп ағайын ренжімесін, ауылда өскен бала қаладағы қатарқұрбыларынан гөрі нанның қадірін көбірек біледі. Себебі, ол нанның қандай жолмен келетінін көріп өседі. Ауылдағы ең жалқау баланың өзі түк жұмыс істемеді дегенде тауықтарға жем шашады ғой. Ауыл демекші, біздің ауылдың топырағы таланттар үшін өте құнарлы топырақ. Қазақстанның қай түкпіріне барсаңыз да «мен Отырар ауданындағы Шəмші ауылынанмын» десеңіз болды, «е-е, ондай ауылды білеміз» дейді. Тым болмағанда естіген болып шығады. Ауылдың бүкіл Қазақстанға танымал болатын себебі – бұл ұлы сазгер Шəмші Қалдаяқовтың кіші Отаны. Ал, Шəмшіні білмейтін қазақ бар ма?! Ұлы жолдардан қиыстау, сонау бір түкпірде жатқан осынау кіп-кішкентай ғана ауылдан қазақтың Қалдаяқовынан бөлек екі академик, бірнеше ғылым кандидаты мен докторы шығыпты. Тарихшылар қазақтан шыққан тұңғыш генерал Абдолла Жармұхамедовтің де кіндік қаны осы топырақта тамғанын айтады. Ауыл түлектері бүгінгі таңда да еліміздің түкпір-түкпірінде инженер, мұғалім, дəрігер, бизнесмен, журналист, т.б. болып жемісті еңбек етіп жүр. Бұл ауылдың, дұрысы ауыл тұрғындарының бір ерекшелігі, өледі, тіріледі, баласына міндетті түрде жоғары білім алып береді. Атам заманнан солай. Тақиясын жамап отыр деген ең кедей үйдің өзі болмағанда бір баласын институтқа, университетке түсіреді. Баласын жоғары оқу орнына түсіре алмау дегеніңіз намыстың үлкені. Түсіріп тұрғанда баласы оқымай кетсе – бұл екі есе намыс. Бұрындары ондай əке-шешенің құр сүлдері ғана

Институттың ректор, декандарынан қорықпаған қайран Əбіл ағам бірақ Демеу атамыздан қорқады. Жалғыз əкесінен емес, ауылдың бүкіл шалдарынан аяғын тартады. Олар мұның оқудан шығып кеткенін білсе оңдырмайды ғой. Сосын «иə, оқып жүрмін» деп өтірік айтуға мəжбүр болады. Алматыда оқитын ауылдың өзге балалары жазғы демалысқа келгенде солармен ілесе келіп, қайтқанда бірге қайтады. Шал зейнетақы алған сайын жалғыз ұлға ақша салады да тұрады. «Главпочта. Довостребование» деген мекенжайға. Бұл өтірік тура бес жылға созылады. Енді əрі қарай созудың түк те реті жоқ еді. Бесінші курс тəмамдалар тұста Əбіл ағам бір-екі күнге ауылға келеді. Келеді де «əке, үйленемін» дейді. Демеу атамыздың да Құдайдан тілеп отырғаны сол емес пе, көзінен аққан жас тарам-тарам боп сақалын жуып «жалғызым, жанқалтам, сүйенішім, ақылыңнан айналдым сол» деп еңкілдейді. Осы сəтті жақсы пайдаланған Əбіл ағам «көке, бірақ, диплом болмайтын болды, институттың басшылары бермейміз деп жатыр», дейді. Жалғыз ұлдың үйленемін дегеніне есі шығып қуанып отырған кемпір-шал екеуі екі жақтан «депломы құрысын, келін əкелсең жетеді», депті. Міне, Əбіл ағам мен Райхан жеңешемнің махаббатының тарихы осындай! Турасын айтайық, ауылдағы ең əдемі келіншек Райхан жеңешем еді. Жетінші сыныпта оқитын бізге орыс тілі мен əдебиетінен сабақ береді. Қазақшаға шорқақ. Сабақта қатал, тіпті, өте қатал. Ал, үйде бір ауыз орысша білмейтін бізге деген мейірімін көзімен жеткізеді.

жүретін. Баласы Алматыдағы оқуынан шығып қалып сүмірейіп ауылға келіп тұрса... Құдай мұндай қорлықты ешкімнің басына бермесін! Мұндай үй қызы күйеуден қайтып келген үй сияқты ұяттан өртеніп тұратын. Қазір ғой... Ауылда Əбіл дейтін ағамыз болды. Əлі де бар. Марқұм Демеу атамыздың жалғыз ұлы. Өмір бойы кеңшарда жүргізуші болып жұмыс істеп, бүгінде зейнеткерлікке шықты. Кəдімгі жүк көлігін жүргізетін. Соны бүкіл ауыл «жұрт шопырлықты үш ай оқыса, біздің Əбіл бес жыл оқыған. Институтын тауысқан. Машиналарың сынып қалса, оталмай қалса себебін содан сұраңдар. Бес жыл оқыған адамның білмеуі мүмкін емес», деп қағытатын. Ондай қалжыңдарға Əбіл ағам жауап қайтармайды, өзіне тəн жылы жымиыспен езуін тартады да қояды. Жауап қайтармайтыны... Кешегі жетпісінші жылдары марқұм Демеу атамыз да жалғыз ұлды қатарынан кем қылмай Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіреді ғой. Алайда, ағамның оқуға құл қы бола қоймапты. Оның үсті не Алматыға бара Қазақ педаго ги калық институтында оқып жүрген Райхан жеңгемізді жолық тырады. Ауылдағы момын шалдың жалғыз ұлы тудыбітті алматылық қызға құлап түседі. Сабақ жайына қалады. Сабаққа келмеген студентке кім баға қояды?! СХИ-дің бүкіл қасқабас профессорлары «Демеуов қайда?» деп жүргеніне Əбіл ағам пысқырмайды да. Институтты алаңсыз тастайды.

Обалы нешік, Райхан жеңешем «қаланың қызы екенмін» деген жоқ. Ауыл əйелдері қандай жұмыс істесе, соның бəрін Райхан жеңешем де істеді. Атамыз да, апамыз да ана дүниеге «шырағым, ырзамыз», деп кетті. Бүгінде Əбіл ағамыздың өзі де ата, Райхан жеңгеміздің өзі де əже. Шүкір, Құдайдың берген екі ұл, екі қызының бəрінен немере сүйіп отыр. Жеңешем қазір бұрынғыдай орысша білмейді. Он жерден орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі болса да сабақтан тыс уақытта алақандай ауылда кіммен орысша сөйлесе береді?! Орысшаны ұмытқан. Есесіне Райхан жеңешеміздің қолынан шыққан тігін бұйымдары көздің жауын алады. Фабриканың тауарларынан бір де кем емес. Ауыл болған соң келін түспей, қыз ұзатылмай тұрмайды. Қызға көрпе-төсек апару керек, қоржын жасау керек. Аз үй ағайын мұндайда Райхан жеңешеме барады. Əбіл ағамыз кəдімгідей шаруа болып шықты. Малдың баққанға бітетіні рас екен, қалада тұратын ұл мен келін де, қыз бен күйеу бала да ет сатып жемейді. Əбіл ағам ұл-қыздарына етін еттей, ол аз десеңіз, ірімшігі мен ежегесін, тортасы мен сары майын ай аралатып салып отырады. Береке дарып, құт қонған шаңыраққа қызықпай қарау мүмкін емес. Отбасын құрам, отан болам дегендерге дайын үлгі. Алдыңдағы ағаларыңның басқан ізінің өзінің түзу шыққаны қандай ғанибет! Абай БАЛАЖАН, «SKIFNEWS.KZ» онлайнгазетінің бас редакторы.


14

25 желтоқсан

ЕРЕК

www.egemen.kz

Д

2013 жыл

«Тґремўраттыѕ» туу тґркіні Ұлы Құрманғазы қайда да қоңыр домбырасын тастамай, қазақтың біраз жерінде болғаны белгілі. «Ер қанаты – ат» дегендей, не бір қылқұйрықты қанат етіп, ел-елді аралады. Өзі өмір бойы қақтығыста болған бай-шонжарлармен, орыс шенеуніктерімен келіспей қалғанда, тыныс алу үшін шалғай жақтарға қарай бет түзейді екен. Көбіне Жылойға қарай тартатын көрінеді. Əсіресе, Маңғыстаудың жазира Үстірті оған қатты ұнаған. Тек жердің жайлылығы ғана емес, көптен таныс, сыйлас, атбасын тіреп түсетін адай азаматтары сағындырады екен. Сондықтан да, оның бүкіл елге əйгілі дулы домбырасы, керемет күйлері, беден тұлғасы, қажыр-қайраты туралы əңгімелер түбекке де кең тараған. Ұлы күйшінің Маңғыстауға неше рет барғаны туралы дəлме-дəл есеп жоқ. Бірақ жүрген, тұрған жерлерінде күй шертпей кетпейтін Құрекең Маңғыстау топырағында да біраз саздарды дүниеге келтіргенге ұқсайды. Белгілі жазушы-журналист Өтепберген Əлімгереев былай дейді: «Ғалымдардың зерттеуінше Құрман��азының Маңғыстау тақырыбындағы күйлерінің өзі онға жетіп құлайды» («Құрманғазы» кітабы, «Арыс» баспасы, 48-бет). Жəне ол күйлердің біркелкі тізбесін де берген. Олар: «Төремұрат», «Адай», «Ақсақ киік», «Балқаймақ», «Маната», «Бозқаңғыр», «Бас ақжелең» жəне «Көбік шашқан», тағы да бізге жетпеген екі-үш күй. Біз енді осы күйлердің шығу тарихы мен мəн-мағынасына білгенімізше тоқталып өтейік. Құрманғазының Маңғыстауға бір келуі оның шоқтығы биік «Төремұрат» күйімен белгілі. Төремұрат – он екі ата Байұлының ішіндегі таз руының атақты батыры. Ол – орыс бодандығына қарсы жəне басқа сыртқы жауларға күш көрсеткен қарымды тұлғалардың бірі. Төремұрат өзімен ағайындас Нарынбай, Өтен батырлармен бірге ел қорғауда талай ерлік мəртебесіне ие болған. Дегенмен, «Төремұрат» күйінің тарихы таз руындағы теңдесі жоқ сұлу Данай деген қызбен жəне Маңғыстау жерімен байланысты. Данай сұлулығы мен ақыл-парасаты жаннан асқан перизат екен. Оған əсем тұлғалы батыр, өнерпаз Төремұраттың ғашық болуы ертедегі батырлар жырларындағыдан кем емес. Ал Данайдың да Төремұратты құлай сүюі жарасымды еді. Бірақ қатыгез ескі салт жарасымдылыққа пысқырмаған ғой. Данайды айттырып, қалың малын төлеп, көзінің кемістігі бар бір ағайын жігітке қосатын болған. Төремұрат жалынып-жалпайып, екі-үш есе айып төлейін деп, Данайға үйленуге ағайындарынан рұқсат сұраса да, қарттар қасақана қасарысып болмайды. Содан, амал жоқ, Төремұрат Данайды алып қашады. Елдің шырқы бұзылып, ұрыс-төбелес көбейеді. Оларға төтеп бергенмен, қашанғы шыдасын, ақыры алысқа кетейін деп, Данай екеуі түркімен жағына қарай тартады. Хорезм жақта бұрын араласып, өзіне дос, жолдас болғансып жүретін түркімендер бар екен, соларға барады. Бірақ олардың сенімсіз адамдар екені бірден сезіледі. Данайдың сұлулығын көргеннен кейін, олар да қатты қызығады. Жəне Төремұраттың асқан батырлығын біледі де, ол бір кезде өзімізге зиян келтірер деп қорқады. Сөйтіп, Төремұратты өлтіріп, Данайды иемденуге арамдық ойлайды. Олардың бұл пиғылын аңдаған Төремұрат Данайды алып, елге қайтпақ болады. Өзінің жүйрік ақбоз атымен жəне түркіменнің бір тұлпарына жасырын Данайды мінгізіп, Маңғыстауға қарай бет түзейді. Бірақ бұлар қанша қашса да, түркімендер өкшелеп қоймайды. Үстірттің үстіндегі Күйкен деген жерде үлкен ұрыс болады. Төремұрат жалғыздығына қарамастан, оларды баудай түсіріп түйресе де, көпке амалы болмай, қазаға ұшырайды. Данай еңірегенде етегі толып, түркімендердің қолында кете барады. Біраздан кейін айналадағы адайлар өліп

жатқан Төремұратты тауып, ақ жуып, арулап қойыпты. Адайдың атақты жырауларының бірі Нұрым Шыршығұлұлы өзінің «Тоғыз ауыл» деп аталатын дастанында Күйкен туралы былай дейді: Күйкеннен бергі мұрыннан Көштің алды бұрылған. Адыра қалған жер еді, Жаңбыршы ұлы Телағыс Кешегі өткен қырық таңбалы Қырымнан. Төремұрат батырдың Өлген жері сол екен. Ойлап тұрсам, бұл қоныс Құтсыз екен бұрыннан.

Данай түркімендердің ешқайсысына көнбей, бір күні күзетте тұрғанын түркіменді апиынға мас қылып ұйықтатады да, Төремұраттың байлаулы тұрған ақбоз атымен қашып шығады. Күн-түн демей шауып отырып, Төремұрат өлген Күйкенге жетеді. Моланың басында шашын жайып, жылап тұрған Данайды көріп, сұлулығы күнмен шағылысып, жарқырап тұрған аруды адайлар үйлеріне əкеліп, тынықтырады. Енді мұндай мұңлықты еліне жалғыз жіберуге болмайды, адайлар қасына еріп, төркін жұртына жеткізеді. Сұлуды өз туған-тумаластары құшақ жая қарсы алады, себебі, қазақта өз баласын өзекке тебу жоқ. Ал сұлулық қайда да жол табады, жөн табады. Əлгі айттырып, қалың малмен үйленетін болған жігіті «Данай келді» дегенді естіп, «өткен өлеует, қалған салауат, бəрі де енді ұмыт, Данайға үйленемін» деп шығады. Данай да сұлулығына ақылы сай, «елдің шырқын осы бұзғаным да жетер, сүйген Төремұратым енді жоқ» деп онымен тұрмыс құруға келісім береді. Əзілге де шебер Данай айтыпты: – Баяғыда теңіне қосыла алмай, шалға сатылған қыз айтыпты: «Құдай салды, біз көндік, ақ шұнақ шал бері жат» деген екен, сол айтқан, біз де көндік, соқыр байым бері кел!» деп күліпті. Жігіті де бұл сөзге апшымай, ілтипатпен жауап беріпті: – Əй, Данайжан, «адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген бар. Өткенді ұмытайық, енді келісіп, өмір сүрейік, – деген. Айтқандай-ақ, қалған ғұмырларын жарастықты, үйлі-баранды, балалы-шағалы, жайлы өткізіпті дейді шежіре айтушылар. Енді Күйкенге қайта оралайық. Төремұрат адайдың арқыраған батыры Сүйінғарамен дос екен. Екеуі үзеңгілес, кей жортуылдарда бірге шапқан, етене сыйлас болыпты. Айта кетейік, Сүйінғара Үстірттің үстінен өтетін «Жібек жолы» саудагерлерінен алым-салық алып отырған Маңғыстаудың ең бірінші «кеденшісі». Əупірім кісі барлық көш-керуендерді көндіріп, тиісті сыбағасын алып отырған. Сол Сүйінғара Төремұрат оқиғасын естіп, Күйкенге келеді. Батыр жерленген жерді көріп, бата қылып, қатты мұңайыпты: – Пай, шіркін-ай, қайран асыл ердің бір

төмпешік болып жатысын қарашы! – дейді. Басын көтеріп, жан-жағына қараса, анадайда бір күмбез тұр. – Анау кімнің ескерткіші? – деп сұрайды. Қасындағылар бір байдың атын айтады. – Онда құдайдың алдында да, адамның алдында да жауабын өзім берем, бұл күмбезді бұзып, Төремұраттың үстіне орнатыңдар! Тірісінде елге белгілі болмаған бай, енді күмбезімен белгілі болмай-ақ қойсын! – деп бұйырады. Айтқаны орындалады. Ескерткіш Төремұраттың басында ондаған жылдар тұрды. Күн мен жел, жауын-шашын, ыстықсуық дегендерін істеп, кесене бұзылды. Əлде əлгі байдың ұрпақтары өш алды ма, кім білсін. Кейін таз азаматтары Төремұратқа жаңа күмбез орнатқан. Бұл оқиға жөнінде қазақтың маңғыстаулық көрнекті ақындарының бірі «Дарын» жəне Т.Айбергенов атындағы сыйлықтардың иегері Светқали Нұржан «Адай Сүйінғараның таз Төремұратқа мола салдырғаны жайлы хикая» жазды. («Таң қауызын жарғанда» 3 томдығының ІІ томы, 256-бет). Төремұратқа кесене тұрғызғаннан кейін бір мал сойып, садақа өткізеді. Дəл осы садақаның тұсына алыстан ат арылтып Құрманғазы келген деседі. Бұл Құрманғазыға Төремұрат кəрі нағашы, Құрманғазының əжесі таз руының қызы көрінеді. Содан араласып, күйші кəрі нағашы жұртына аратұра келіп тұрады екен. Жігітті қайда да көңілді, думанды орта тартатыны белгілі. Оның үстіне өз жерінде қуғын-сүргіннен мезі болған Құрекең өзіне жаны да сəні де жақын Төремұратқа қарай, тіпті, одан əрі іргелес Маңғыстауға қарай беттейтіні содан екен. Енді сол Төремұраты жоқ. Махаббаттың құрбаны болған батыр нағашысына бата тигізейін деп əдейі келгені осы. Бейіттің басында домбырасының киіз қабын шешіп, мұңайып, басын иіп, біраз тұрыпты. Содан кейін бір күйді бастап кетеді. Қоршаған жұрт домбыра да мұңды бола ма деп ойлайды. Жоқ! Олай болмайды. Домбыра құйқылжыған құдіретті үнді төгіп жібереді. Төкпектеген тұлпардың тұяғы, арқыраған адуын шабыс, жарқылдаған бес қарудың көз ілеспес қимылдары, жалын атқан оттың қызуы көкіректі қақ айырып кетердей. Япырай, қазаға арналған саз осындай болар ма? Біраз үнсіздіктен кейін Сүйінғара сөйлейді: – Жарайсың, Құрманғазы! Бұл қапы кеткен батырлықтың жəне қызығы от болып күйіп кеткен махаббаттың күйі ғой! – Дұрыс түсіндіңіз, Сүйеке. Бұл күйді қыршын Төремұраттың ерен ерлігіне жəне Данай екеуінің дүниеде теңдесі жоқ жарқ еткен жарастығына арнап шығарып отырмын. Күйдің аты «Төремұрат», – деп Құрманғазы күйді тағы бір қайталай ұшындырып, таңдай қақтырады. Бұл күйді қазақтың дүлдүл домбырашылары Дина, Қали Жантілеуов, Рүстембек Омаров, Бақыт Қарабалина, Рысбай Ғабдиев, Қаршыға Ахмедияров, Сағын Жалмышев, Айгүл Үлкенбаева, тағы басқалар орындады. Əрқайсысының өзіндік өрнек өзгешеліктері бар. Маңғыстау топырағында шыққандықтан, бұл күйдің бір өзіндік ерекше нұсқасы біздің қолымызда да бар. 1967 жылдың жазында Ақтау қаласында (ол кезде Шевченко) тұратын əйгілі күйші, менің немере ағам жəне ұстазым Алым Жаңбыршиннің үйіне Жыңғылды ауылынан Атанғұл Сүйесінұлы деген қарт келді. Бүкіл Маңғыстауға белгілі домбырашылар шоғыры шоңай руының өкілі, кəріқұлақ шебер күйші екен. Ағамыз екеуміз жоғарыда айтылғандай, күйлер тарихын Атанғұлдың аузынан тыңдап, сол күні «Төремұраттың» жəне Есбайдың «Əлəйім жалған» күйінің жоба-нұсқаларын үйреніп қалдық. Көке (мен Алымды «көке» деймін) үйретушінің құлы болмай, үйренген күйін əсемдеп, ажарландырып, түрлендіріп жіберетін. Маған да ұстазымнан сол жұғысты болды-ау деймін. Біздің «Төремұратта» да сондай сипат бар. Сержан ШƏКІРАТ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Ґндіріс жайында ґндірте жазєандар

Қалам ұстаған қауымға құрмет қашанда жоғары. Соның бір көрінісі кеше елордада ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) мен қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газеті осымен төртінші рет өткізіп отырған дəстүрлі республика лық «Алтын қалам» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланып, онда өнеркəсіп тақырыбына жазатын үздік журналистер марапатталды. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Аталмыш шараға Парламент депутаттары Жабал Ерғалиев пен Алдан Смайыл, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, «ENRC Kazakhstan» АҚ коммуникациялар бойынша вице-президенті Надежда Шашкова жəне «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ вице-президенті Жұмабек Хамзин қатысты. «Біздің компания қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарымен жыл сайын əріптестікті жалғастыра бермек. «Алтын қалам» байқауы бұл əріптестікті ары қарай дамытып, журналистер шеберлігін шыңдайды деп сенеміз. Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілді қолдау мен дамыту саласындағы саясатына өз үлесімізді қосатындығымызды мақтан тұтамыз», – деді ENRC Kazakhstan коммуникациялар бойынша вице-президенті Надеж да Шашкова. Сондай-ақ, ол жылдан-жылға қанатын қатайтып келе жатқан байқауда екі мəрте қатарынан лауреат атанған журналистер де бар екенін жəне жылдан-жылға конкурсқа келетін материалдардың саны ғана емес, сапасы да арта түскендігін назардан тыс қалдырмады. «Жақында Елбасы тəуелсіз Қазақстанның жеті қазынасын атап-атап берді. Соның төртінші қазынасы – индустриялық-инновациялық экономика. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында академик Кенжеғали Сағадиевтің осы төртінші қазына туралы мақаласы шықты. Осы мақала шыққан күні біз төртінші рет «Алтын қалам» конкурсының қорытындысын шығарып отырмыз. Аталған идеяны барлық тұрғыдан қолдағаны үшін ENRC Kazakhstan компаниясына разылығымызды білдіреміз. Бұл конкурс арқылы қазақ журналистикасында өндіріс тақырыбы, өнеркəсіптің проблемалары бұрынғыдан əлдеқайда

білікті, сауатты, терең, кəсіби тұрғыдан жазыла бастады деп ойлаймын. Алдағы уақытта да игі əріптестігіміз жалғаса береді деп сенгіміз келеді», деді лауреаттарды марапаттау алдында сөз алған «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.

Биылғы жылы байқауға «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Ақтөбе» «Мұнайлы астана», «Оңтүстік Қазақстан», «Орталық Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан», «Сарыарқа самалы», «Ақсу жолы» сынды республикалық жəне өңірлік газеттердің, сонымен бірге «Қа зақ станҚа ра ғанды», «Ирбис» телеарналарының 20 журналисі қатысып, 6 журналист байқау лауреаттары атанды. Сонымен, байқау қорытындысы бойынша бірінші орын дипломы мен 500 мың теңге ақшалай сыйлыққа əріптесіміз, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Айқын Несіпбай ие болды. Ол Қарағанды облысындағы Шұбаркөл кенішіндегі өндірістік жетістіктер жайындағы мақалалары үшін марапатталып отыр. Ал екінші орын – екеу. Ол орындар Ақтөбе облысындағы «Казхром» компаниясының жұмысы туралы

Бақберген АМАЛБЕК,

еуропалыќ марапатќа ие болды Еліміздегі ең жаңа, экологиялық тұрғыдан таза, ең қауіпсіз əрі көркем стансалары бар, қоғамдық көліктің түрі Алматы метросы болып тұр. Кеше алматылық метро ESQR-дың (Сапаны зерттеудің Еуропалық қауымдастығы) «Platinum» категориясындағы кубогы мен дипломына ие болды.

«Егемен Қазақстан».

Облыс полицейлері Көкшетау қаласындағы азық-түлік дүкенінің бірінде есірткі саудасымен емін-еркін айналысып келген екі сатушыны қылмыс үстінде құрықтады. Бұл сауда орны мектеп пен балабақшаның жанында орналасқан. Сатушы əйелдер замананың жұлын құрты саналатын есірткі заттарын тəуліктің кез келген уақытында саудалай береді екен. Тінту барысында есірткі дүкенде ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен де табылды. Тіпті, олардың балаларының төсегінің астына тығылған кокаин тəркіленіп отыр. Жалпы, өз міндеттерін басқа мақсатта пайдаланып келген əйелдерден 300 грамм қатты əсер ететін есірткі ұнтағы алынды. Тұтқындау барысында олар байбалам салып, денсаулықтарының нашар екендігін алға тартқанын да айта кету керек. Ал, тəркіленген əлгі 300 грамыңыз «қара базарда» 1,5 миллион теңге тұратын көрінеді. КӨКШЕТАУ.

Баќырып басшы бола ма? прокуратураға шағым түсіріпті. Айтуларынша, Сағынғали Амангелдиев мемлекеттік қызметкердің ар-намысын аяққа таптап, бөлімдегілермен боқтап қана сөйлескен», деп хабарлады осыған орай КТК арнасы. Бір қызығы, шілтірейген шенеу нік тің шектен шығып кеткеніне прокурор лардың да көздері бірден жетіпті. С.Амангелдиев прокуратура қызметкерлері келіп отырған кезде-ақ қызметкерлерін бас салып сыбап алып, ұялы телефонын лақтырған екен. Бөлім жетекшісіне кейін қатаң сөгіс жарияланады. Алайда, басу көрмеген бақырауық басшы ешқашан əдептен асқан емеспін деп бет бақтырмай отырған көрінеді. Мұрат АЙТҚОЖА.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Алматы метросы

АҚТАУ.

Қазақта бұрыннан: «Бай болған бақырып бола ма?» деген сөз бар. Ал бүгінгі Ақтаудағы бастықтар сол бақыруға балағатты қосып жібереді екен. Ал екеуі қосылып кеп кеткенде, оның алдында отырған қарауындағы жұмысшылары ғана емес, кəрі Каспийдің өзі тітіркеніп кетеді деседі. Міне, осылайша үстеріне əңгіртаяқ ойнай беруінен əбден зəрезап болған қаладағы сондай мекемелердің бірі – коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері ақыры тəуекелге барып, бастықтарының үстінен прокуратураға шағыныпты. «Ақтауда коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы қарамағындағыларға күн көрсетпей, бас-көз демей балағаттайды екен. Одан əбден мезі болған қызметкерлер ақыры

АСТАНА. ––––––––––

 Жағымды жаңалық

 Мəссаған!

Азыќ-тїлік дїкенінде апиын сатыпты

тұрақты жазып жүретін «Ақтөбе» газетінің меншікті тілшісі Аманқос Орынғалиев пен еліміздегі түсті металлургияның дамуы жайында «Алтынтау» компаниясының зауыттары туралы мақалалары үшін «Айқын» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі Қанат Махамбетке берілді. Жүлдегерлер 400 мың теңге сыйлықты еншіледі. Үшінші орынның үш жүлдесі 300 мың теңгелік ақшалай сыйлықтармен қоса Павлодар облысындағы өндірістік кəсіп орындардың экологиялық бастамалары туралы бағдарламалары үшін «Ирбис» телеарнасының журналисі Зүлфира Мағзұмоваға, теміржол логистикасы жетістіктері хақында «Егемен Қазақстан», «Алаш айнасы» сынды республикалық басылымдарда қалам тербеген журналист Ескендір Ертайға жəне Қарағанды облысындағы «Борусан-Макина» компаниясына тиесілі тау-кен өндірісінде пайдаланатын көліктерді қайта қалпына келтіру цехының жұмысы жөніндегі телебағдарламасы үшін «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Əли Тойжігітовке тапсырылды. Қаламын жанына серік еткен тілші жұртының шабытына шабыт қосатын «Алтын қалам» конкурсы жалғасын табады. Оған қазақ тілді республикалық, өңірлік жəне ведомстволық БАҚ-тардың өнеркəсіп тақырыбына жазатын журналистері қатыса алады. Рəсім соңында «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Сауытбек Абдрахманов ENRC Kazakhstan компаниясына «Етжеңді «Егемен Қазақстан» – 2012» кітабын шағаруға да демеушілік жасағаны үшін алғыс айтты. Ол кітап кеше конкурс жүлдегерлеріне тарту ретінде берілді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Осылайша кезекті рет еліміздегі ең жас метро дизайны жағынан əлемдегі ең əдемі, ең сапалы метрополитендердің қатарына көтерілді. Бұған дейін де алматылық жерасты көлігі биылғы

шілде мен желтоқсан айларында «Сапаны үздік пайдаланудың Еуропалық марапаты номинациясы бойынша екі рет жүлдегер атанған болатын. Кеше осы айтулы оқиғаға орай, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов «Метрополитен» ұжымын наградамен құттықтады. Қала

басшысы халықаралық деңгейдегі бұл марапат метрополитен ұжымын жаңа табыстарға бастауы тиіс деді. Əкім екі жыл ішінде жерасты көлігінің қалалықтар көңілінен шыққандығын айтты. «Ең бастысы – жолаушылар үшін жайлы, қолайлы, қауіпсіз. Күн сайын метроны 24 мыңнан астам адам пайдаланады. Екі жыл ішінде 13 миллион адам тасымалданды, шығындарды есептемегенде 1 миллиард теңге кіріс кірді. Бұл жақсы көрсеткіш, бірақ жолаушылар тасымалы өзге қоғамдық көлік арқылы да жүзеге асуда», – деді Ахметжан Есімов. Алматы метросында 7 станса бар, 2014 жылы тағы да 2 стансаны іске қосу жоспарланған. ESQR жетекшілерінің мəлімдеуінше, халықаралық ұйымның арнаулы журналының желтоқсан айындағы нөмірі Алматы метрополитеніне арналмақ. Еуропа төрінде жарық көретін басылымда метромыздың сəулеті салтанат құратын болады. АЛМАТЫ.


25 желтоқсан

ЕН

З Ө Р І ӨМ

2013 жыл

мойымады, оның ең асыл арманы бізге білім беру еді. Осы жолда ол барынша аласұрды, анам мінезді еді, соның нəтижесінде аман қалған бесеуіміз орта мектепті аудан орталығы – Лебяжі селосында оқып-тауыстық. Алдымыз – ағам КазГУ-дың филология факультетінде, мен Семейде жоғары білім алдым. *** Мектепке баратын шағым, жеті жасқа келгенімде екі аяғымды баса алмайтын дертке ұшырап, төсек тартып жатып қалдым. Əкем мал шаруасында, шешем оған көмекші, үлкен ағам Насифолла Қиықта оқуда, одан кейінгілердің бəрі жас, абырой болғанда, үйде үлкен əпкем Мүслима бар, үй шаруасына ие болып тұрған сол. Тұрған жеріміз Қызылтұздың солтүстік жағалауы, баспанамыз, ұмытпасам, киіз үй. Күз айлары. Ол кездегі жағдай мықты болсаң тірі болып, өмір сүріп көр, əлсіз болсаң көз жұма бересің, себебі, өмір сүру үшін ең қажетті жағдайлар жасалмаған. Мен төсек тартып айлап жаттым, бірақ дəрігер дегенді көрмек түгілі, естігем де жоқ. Анам Бижамал амалсыз өзі білген, естіген ем-домын жасай бастады. Күнде Қызылтұздың қара майбатпағына салады, одан кейін «бұлау» деп жусанды суға қайнатып, соған салады. Ақыры, анамның демі шипалы болып, біртебірте аяғымды басуға халім келе бастады. Ұзақ жатып қалғандықтан екі аяқпен тік жүруден əбден қалыппын, табанымды жерге тіреп тұрмақ болғанда (сүйеумен), басым шыр-көбелек айналып сала берді. Осы халді əлі күнге дейін айқын сезінем. Əпкем Мүслима сүйемелдеп күн артына күн салып мені екі аяғымнан, əйтеуір тұрғызды. Екі-үш айда қайтадан ешнəрсе болмағандай жүріп кеттім, бірақ бұл жылғы оқудан қалып қойдым. Əкем мен шешем басында. «Аяғынан тұрғанына не жетсін», деп мəз-мейрам болып отырушы еді, енді анамның қайғысы басталды. «Жасы жетіден сегізге кетті, жұрттың балалары бəрі оқуда, ал бұл болса үйде», деп көзіне жас алып қояды. Бұл менің де қиналысым, қатарымдағылардың бəрі кəдімгі қызметке баратындай, мектепке кетіп бара жатқанда, менің бос жүргенім жаныма батты. Əкем мейірімді, тəубешіл жан еді, бір күні. «Оқу міндет емес, балам қасымда көмекші болады», демесі бар емес пе. Айғай басталды. Айғайшы адуын мінезді анам. Əкеме қатты-қатты сөздер айтып тастады, сөз түйіні: – Қайтсем де баламды оқытамын, əй, қыз, – деді Мүслима əпкеме, – бүгіннен бастап мынаған қара таныт. Мүслима əпкем əріптерді, сандарды үйрете бастады. Келесі жылы сегіз жасымда Қызылтұздағы бастауыш мектепке бардым. Бір класта – төрт класс. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші класс оқушылары бəрі бірге оқиды. Сабақ беруші мұғалім біздерге тапсырма беріп, ауыл аралап кетеді, сірə, біріміздібіріміз оқытамыз ба, сол сияқты мардымсыз іс. Мен мұғаліммен тіл табыса алмадым. Ол əкеме: «Балаңызға оқу қонбайды, мінезі теріс», депті. Əкем мені жетектеп үйге алып келді. Айғайдың көкесі енді басталды. Айғайлаушы тағы да анам Бижамал. Ол кісі көп сөз айтты, есімізде бірі бар, бірі жоқ, мінезді адам еді, жарықтық. – Болды, бітті, балам бұл мектепте, бұл мұғалімнен оқымайды, əйда, атты жек, Лебяжіге апарып оқытам. Мені əкемнің інісі Мүкпел ЛебяжіҚиыққа оқуға алып келді. Екінші тоқсанның аяқталуына бірнеше күн қалған екен. Екінші тоқсанда баға болмайды. Үшінші тоқсан бойы мұғалім Ханшайым деген керемет жан, менімен қосымша сабақ жүргізді. Үшінші тоқсанды төрт пен беске, ал төртінші тоқсанды кілең беске оқып үздік оқушы болдым. Бастауыш кластарды үздік бітірдім. Сондағы айтпағым, анам Бижамалдың Қызылтұздың басында мені емдеп, аман сақтап, білім жолына салудағы өлшеусіз еңбегі. Ана деген, міне, осындай болуы керек деп дастарқан басында балаларыма, немерелеріме осы əңгімені түрлендіріп айтып отырғанды ұнатамын, айтқан сайын бір жеңілдеп қаламын. *** Ана туралы өлең, жыр, əн, əңгіме көп. Алайда, аналық мейірімнің сырын ашып білу, сірə, мүмкін емес шығар. Мен бүгін егде жасқа келгенде осылай ойлаймын. Аналық мейірім – ол инстинкт. Ол білім, ғылымға қатысты іс емес. Жуырда хайуанаттар туралы телехабар керемет оқиғаны баян етті. Бұл хабардан кейін аналық мейірім – инстинкт дегенім бергі əңгіме болып қалды. Олай дейтінім, хайуан да, адам да өзін сақтау үшін жанталасады. Ол инстинкт. Ал, аналық мейірім, айталық, хайуанның, адамның өмір сүруі қажеттілігінен инстинкттен жоғары болса не болмақ? Менің телехабардан көргенім, жыртқыш аңның аналық мейірімі туралы. Қорық қызметшілері анасынан адасып қалған сернаның жаңа туған (тік мүйізді бұғы тектес жануар) бұзауын ертіп жүрген аналық арыстанға тап болды. Инстинкт бойынша, арыстан жыртқыш аң, бұзау болса оған азық. Бұл табиғи заңдылық. Осы заңдылық бұзылған. Арыстан бірнеше күн бұзауды ертіп сақтап жүр. Бəрі таң-тамаша

шешімге келді. Таң атысымен ат жекті, анау-мынауларды арбаға артып салып, жолға даярланды, бағыт Лебяжі селосы. Ол – аудан орталығы, онда балалары білім алатын мектеп бар, соған жету арман, ол жерде бізді тосып, қуана қарсы алатын ешкім жоқ, бірақ нар тəуекел! Есім атам шырылдап: – Келін қарағым, асығыс қылма, өзім апарамын балаларды оқуға, – дегеніне анам көнер емес. – Ата, сізге рахмет. Мен күн жылыда жетіп алмасам болмайды, – деді бірбет-

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

А

нам Бижамалдың ұйықтап жатқаны жадымда қалмапты. Ол үнемі ояу, үнемі үй шаруасы қамында жүретін. Бұл балалық шақ естелігінен... Қиын заман. Бəрі тапшы, жоқшылық, бірақ адамдар өздерінше көңілді, жайдары көрінетін маған. Ұрыс-керіс дегенге келсек, онсыз өмір бола ма? Əсіресе, абысындар деп аталатын əйелдер жұртының арасында ол болып тұратын оқиға. Ол сəл жел сөзден басталып, бірте-бірте алып-ұшқан өсекке айналып, əрбір отбасын бір шарпып өтіп, күндердің күнінде от шығатын. Ондай жағдай өз кезегін күтетін, ауылда не көп, өлім-жітім, той-томалақ. Осындайларда туыс-туыс деп бəрі жинала қалатын, міне, ұрысың да, керісің де осы жерде басталып кететін. Алайда, ол заманда сөзін тыңдататын да, тыңдайтын да адамдар болатын. Өршіп бара жатқан отты өртке айналдырмайтын да сол ауыл қариялары. «Тек, тыныш отырыңдар, бықсытпай», десе, өсек терген қатындар су сепкендей басылып, осы жолы болмады, деп келесі опыр-топыр басқосуға іштей даярланып тарасатын. Бұл заман мінезі. Маған осы мінез түсініксіз. Той болсын, қаза болсын ағайындар бас қосып, оны қалай атқарамыз дегенде, қатындар арасында жоғарыда айтылғандай, шу, айғай, дау шығатын. Бəрінің «қырық жылғылары» есіне түсіп, біршама шапылдасып алатын, бірақ тойды да, азалы асты да бір кісідей жұмылып атқаратын, іс аяқталған соң бастапқы əңгіме қайта басталып, бірін-бірі көрместей күйеулерін жетектеп көріспестей тарасатын. Күн өтіп, таң атпай ма дегендей, «ағайын арасында өкпе жатушы ма еді», деп ертеңінде ауыздары дамыл таппай жарыса сөйлеп, бірінің үйінен бірі шай ішіп отыратын. Мен бұл жағдайға таңмын. Жауабын кезінде таппадым. Бүгінде бұл мəністің себебіне үңілгенде, түйгенім – бəрі жоқшылықтан, тапшылықтан, кедейліктен. Қай ағайынның болмасын көңілдерінің төрінде бір-біріне деген адал ниеттері жатқаны анық, əттең, шіркін, «қысқа жіптің күрмеуге келмеуі». Осындай жағдайда анам Бижамал сегіз баласын жеткізем, ел қатарына қосамын, оларға білім беремін деп адам баласының түсіне кірмейтін ерлікке барды. *** Бəріміз заманымыздың перзенттеріміз. Бүгінде тұрмыс өзгерген. Электр қуаты бар. Еліміздің батыс аймақтарына түгел дерлік газ жүйесі тартылған. Пəтерлерге су жеткізілген. Бұл керемет. Бұл анамның аңсаған арманынан биік жағдай. Бəрі есімде. Ол кезде көмір де тапшы. Ас пісіру үшін қойдың қиын, «қырқынды» деп аталатын мал жегеннен кейін қалатын шөпті жағатынбыз. Əйтеуір өлместің амалы. Үйелмелі-сүйелмелі біздер. Социализм дəуірі. Үй жиһазы жоқ. Киім-кешек тым жүдеу. Жадымда қалыпты. Жетінші сыныпқа бармақпын. Сыртқы киім жоқ, далада қарашаның қара суығы. Не амал бар. Түнде бəріміз менің ескі қоңыр түсті тозығы əбден жеткен пальтомды сөгіп, өңін айналдырып, шешем қайта тікті, қарындасым Сəуле болысты. Жап-жаңа пальто болып шықты, қуаныштымын, жымың-жымың етіп қоямын. Естелікке айналған сол кездің көңіл-күйі. Ішін сыртқа айналдырған пальтомен қыс бойы мектепке барып шықтым. Келесі оқу жылы анам пұлды қайдан тапқанын білмеймін, дүкеннен жаңа пальто сатып əперді, қуанышымда шек жоқ. Сонда ойлаймын, қуаныш деген адамның өмірге құлшынысы ма деп. Шешем қайғыға берілмеген жан, ол «Қайғысызға қара су да – ас», деп жиі айтушы еді. Рас, үйде қазанда үнемі қара су қайнап тұратын, біз оны шай етіп ішеміз, беті-қолымызды жуамыз. Бүгінде рет-ретімен бағамдап отырсам, анам осы сөзбен өзін-өзі қайрап, қуаттанып отырады екен, басқа нендей амал бар. Бірінші жолдасы, əкемнің ағасы Сəтжан тумысынан зерек ақынжанды, аздаған суретшілігі бар еді, ақшаның айнытпай көшірмесін жасағаны үшін сотталып «халық жауы» атанып, түрмеде қырық жасына жетпей опат болды. Ол кісіден Қайкен, Мүслима деген екі қыз қалды. Қайкен шын аты Хайрима, көрікті, сұлу болыпты. Үлкендер көз тиді дейді, сол кезде керосинмен жағатын кирогаз деп аталатын тамақ жасайтын құрал болатын. Кирогазды тұтатамын деп əуре болып отырғанда, керосинге малынған шашы жанып, жан ұшырып онда-мұнда жүгіріп, қасында ересек ешкім болмай, шамдай маздап өртеніп кетті. Қайғы үстіне қайғы. Мүслима апайыма дəрігерлер соқыр шек тің отасын теріс жасап, периотониттен шіріп дүниеден өтті. Ауыр қайғы, сонда да аман қалған алтауы мызға ризашылық білдіріп, «Қайғысызға қара су да – ас», деуін қой май тын. Сөйтіп жүр генде, ең кіші қарындасымның өкпесіне суық тиіп, 5-6 жас шамасында дүниеден озды. Сонда да анам

болып, оқиға немен аяқталар екен деп күтуде. Арыстан да аш, бұзау да аш. Арыстан аң аулауын қойып бар мейірімін бұзауға арнаған. Бұзауға ене сүті ғана керек, шөпті азық ететін жасқа жетпеген. Операторлар осы халді күнде таңғалып түсірумен болады, бірнеше күн өтті, екеуі де арып-ашыған. Аш арыс тан бұзауды жеуі керек, оның табиғаты жыртқыш, бірақ оның ондай ниеті жоқ. Не болар екен деп, қорық қызметкерлері арыстанға да, бұзауға да қорек беріп байқады. Жағдай бұрынғыдай, тіптен екеуі бір-біріне əбден бауыр басып алғандай, бірге жүреді. Журналистің баяндауынша, сөйтіп, 5-6 күн өтті,

www.egemen.kz

Ғарифолла ЕСІМ, академик.

арыстанның бұзауды жейтін ниеті жоқ. Инстинкт жүйесі бұзылды. Арыстанның аналық мейірімі жеңді, сірə, ол да өз күшігінен айырылып қалғанға ұқсайды, енді аналық сезімі бұзауға ауысқан. Бірде аналық арыстан сəл кешігіп қалғанда, бұзау ашық алаңға шығып қалып еді, алдынан аталық арыстан шыға келді, ол бірден бұзауға тарпа бас салды. Болған оқиғаның орнына жеткен аналық арыстан бұзаудан қалған жұрнақты иіскеліп тұрып алды. Бұл не? Ол аналық мейірім – альтруизм. Аналық мейірім ерліктің субстанциясы. Бала кезімде балапандарын қорғаған тауықтың иттің көзін шұқып алғанын көргенім бар еді. Бұл жаратылыс болмысы. Аналық деген жаратылыс, оның қуаты өлшеусіз. Сондай өлшеусіз қуатты мен анам Бижамалдан көрген адаммын. Ол бізді аман-есен өсіріп ер жеткізген ғана ана емес, бізді білім жолына салған көріпкел ана. Ғылым деген білімнің сапасы, тұнығы. Хакім Абай «Бір ғылымнан басқаның, бəрі кесел асқанға» деген. Мен ғылым жолындамын, шəкірттерім де баршылық. Осы істің басында тұрған анам Бижамал екені даусыз шындық. *** Лебяжі селосынан алпыс шақырымдай жерде Жалтыр көлін жағалай екі-үш отбасы күн кешіп жаттық. Мектеп жоқ, елеусіз қалған елді мекен. Социалистік қоғам ұрандатып жатыр, халық болса «шықпа жаным шықпамен» демігіп күн көруде. Айғайы да, азабы да көп заман. Мен үшінші сыныпқа оқуға көшкем, бірақ біздің мектепке бару-бармауымыз біреулерді алаңдатып отырғаны шамалы. Бұл анам Бижамалды жегідей жейді, əкем момын шаруа, көп сөзі жоқ, колхоз шаруашылығынан қолы босамайды. Жағдайды аңғарған анам шұғыл

кейлігіне салынып. Сөздің қысқасы, жолға шықтық. Енді байқадым, шешем арбаға бір тірі қойды аяғын байлап салып алыпты. Кешке қарай Лебяжіге де жеттік. Əкемнің інісінің үйіне түстік. Ол арбадағы қойды алып бауыздады. Кеште мəз болып (менің қабылдауым) ас іштік. *** Бала кезден санама əбден сіңісті болған осы «Қарақұдық» естен кетер емес. «Қарақұдық» деп аталатын, мен білетін кезде 5-6 отбасы ғұмыр кешкен елді мекен, оған қайтып оралмағалы жарты ғасырдан асты. Зымырап өтіп жатқан уақыт көп нəрсені ұмыттырып үлгереді емес пе? Неге, қайдағы бір Қарақұдық есімнен елес болып өшпей қойды. Балалық шақ əркімнің өз құпиясы, мүмкін, сарқылмас қазынасы! Адам ғұмырының екі өлшемі бар, бірі – оның балалық шағы, екіншісі – өмірінің соңғы уағы. Екеуінің арасы өткінші – ғұмыр. Ол жай ғұмыр емес, дарияғұмыр. Ол дария-ғұмырдың қыр-сырын, сірə, адам баласы біліп, түсініп болмақ емес. «Кісі айтпаған сөз бар ма» дегендей, ол бұлбұлша сайрап өтетін ғұмыр. Өткінші жалғанның соңғы жоталарына көтерілгенде, қариялық ене бастағанда, бір тылсым күш сені бейқам балалық шағыңа бастай беретініне таңым бар. Сол балалық шақтың санамдағы бір архетипі – «Қарақұдық». Қарақұдықтан анаммен бірге талай қауға тартып су алып іштік. Аяғымызбен жер басып жүріп, Қарақұдықтан қауға тартып, біздің су ішкенімізді қойшы, тəйірі. Орнынан тұрып кете алмай, сал болып төсек тартып жатқан əкемнің, менің апарып берген суымды ішкенін айтсаңшы. Ол əрқашан сусындап болып: «Қарақұдықтың суы дəмді», дейтін. Мен оған керемет разы болатынмын. Əкемнің разы болуынан басқа бұл маңда қуаныш жоқ. «Қарақұдық» ауылын мұң басып тұр. Əкем осы Қарақұдықта трактормен сүйреп шөп тасып жүрген шананың

астына түсіп, мертігіп, ауыр халде жатқанына, міне, айдың жүзі болды. Сынықшы Мералым, оң қолы мен жауырын сүйектерін жиып-теріп орнына салып: «Ғаба, жасыңыз елуден асты, демек елу күн қозғалмай осы жерде жатыңыз», деген соң, бала-шағаларды жинап шешем осы жерге көшіп келген. Тұрып жатқан бөгде үй. Шағын үйдің төргі бөлмесін бізге берді, ас-су аралас, тұрмысқа өте қолайсыз. Байқаймын, үйдің иелері бізді жақтырмайтын сыңайлы. Оларға да кінə жоқ, өздерінде төрт бала, оған үйелмелі-сүйелмелі сонша баламен біз еніп алдық. Амалсыздан, əйтпегенде көрген күніміз күн емес, оның үстіне селт етіп қозғалмай төсекте əкем жатыр. Қарақұдық дегенде шарасыздан болған отбасымыздың қиналысы есіме ене береді. Сондағы шешемнің халін көрсеңіз, баяндауға тіл жетпейді. Төсек тартып жатқан күйеуі анау, өз қолдары аузына жетпеген біздер, жоқшылық, тіптен, от жағатын сіріңке де, май шамның керосині де қат. Маған, əсіресе, ауыр тиетіні үй иесі əйелінің бізге деген суық көзқарасы. Əттең, күйеуінен қаймығады, əйтпегенде, мына қыс айында үйінен бізді айдап шығуға əзір. Қайтсін бейшара, қазақтың шағын үш бөлмелі үйі, біз болсақ кең деген төргі бөлмені жайлап алғанбыз, өздері кіреберіс пен пештің арғы қуысындағы бөлмеде алтауы сығылысып жан сақтауда. Амал нешік деген осындай жағдайда айтылатын шығар. Тұрмыс ауырдан төмен. Оқиға дегеннен шығады, əкем сабырлы жан еді. Бар жағдайды көріп, біліп жатып, кешке таман бізге «Қарақұдық» туралы тарихи əңгімелер айтатын. Ерейментауды мекен еткен аталарымызға Ертіс бойлай, оның оң жақ өңіріне өтіп, сол жерді мекендеу қажеттілігі болыпты. Əкем оны бізге хан үкімі деп түсіндірді. Хан айтты – болды. Қалың халық Ертістен өтіп, оның оң қапталындағы осы Қарақұдықтан бастап Малыбай көлі аймағы қоса ресми хатталып, Қонысбай бабамыз ұрпақтарымен ғұмыр кеше бастаған. «Сонда, – дейді əкем, қалың жылқыға осы жерден құдық қазып суарғанда, суы таусылмаған, содан бұл жер «Қарақұдық» деп аталып кеткен. Бұл атажұрт», – деп, əкем өзінің де, біздің де күпті көңілімізді жұбатып қоятын. Əкем əңгімесі ұзақ болатын, мен сау қолы жағын алып, құшақтап жатып ұйықтап кететінмін. Түсіме өзім көрмеген Хан, оның əскері енетін. Əңгіме ертеңінде де жалғасатын. Əкем не айтса да бəрі қызық көрінетін. Əңгімеден басқа серпіліс жоқ. Көктем шыға, бір күні ат жегілді, арбаға жұмсақ төсектер төселді, оған əкем шалқасынан жатқызылды, біздер төңірегінде үймелесіп отырдық, шешем қолына божыны алып: – Ал, шу, жануар, жолымыз болсын, – деді. Бағыт осы жерден шамамен отыз шақырымдай жердегі аудан орталығы – Лебяжі селосы, мен бұрылып артыма қараймын, Қарақұдықтан ұзай бердік, есіме əкем айтқан əңгіме түсіп, бабамыз Қонысбайдың үйір-үйір жылқылары суға бас қойып, шұрқырасып жайлауға жөңкіп бара жатқан сияқтанды. Айдан аса отбасымызбен азап шеккен мекен Қарақұдық артта қалып барады. *** Бүгінгі əйелдер бақытты. Бəрі бар, бəрі даяр. Сонда қиыншылық қайдан келеді? Сірə, адамдардың өзінен. Қиыншылықты біз дəн етіп егіп өсіреміз, əйтпегенде ол қайдан келмек. Анам Бижамал бізді тəрбиелеп, өсіргенде ештеңе жоқ, бəрі қат. Заман керемет ауыр болатын. Алапат соғыс болып, бəрін-бəрін құртқан. Ерлердің көбі жаралы, сана-сезімі тотыққан, қалғаны коммунизм идеясымен уланған. Айнала өтірік, алдау, арбау. Қазақ болып өмір сүру аяқталды деген өктем ілім əбден күшіне енген. Міне, бізді анамыз Бижамал сол заманнан аман сақтап қалды! *** Əйелзатының бəрі Ана бола ала ма? Не деуге болады. Өмір. Кім өмірді түсініп, түбіне жеткен. Адамның қилықилы тағдыры бар. Ана болу – дəреже. Оған кімдердің қолы жеткен, кімдердің тағдыры əу баста, мүмкін өзге болған. Күрделі мəселені бір сөзбен баяндау болмас, мен ертеде болған бір оқиғаны тағы да бір еске салайын. Жеңіл қылықты əйелдер қай заманда, қай елде болмасын болған. Демократиялық қоғамдарда олар тіпті ұйымдасып, қауым болып та жатыр. Кейбір елдер олардың күнкөрісіне салық салып, мұндай істі заңдастырып та қойған. Тыйым салу қаншама енгенімен, оған көнбеушілік те соншама. Əрине, мұндай құбылыстың болуының түрлі-түрлі себептері бар, ол турасында басылым беттерінде жазылып жүр. Біз бар нəрсе туралы ғана ойымызды жалғастырайық. Осы жай туралы Мұхаммед Икбал «Адам құпиясы жəне суфизм» деген еңбегінде мынандай оқиғаны баян еткен. «Ауран-газеб (Жаһангер) өте инабатты падишах еді. Бірде ол таваифтарды (жеңіл қылықты əйелдер) тұрмысқа беруді жарлық етіп, бұл шаруаға мерзім белгіледі. Осы

15 мерзімде тұрмысқа шығып үлгермегендерін түгел кемеге мінгізіп, теңізге тастауға бұйырды. Көп той тойланды, бірақ өлім қаупінен құтыла алмаған əйелдер одан да көп еді. Белгіленген мерзімнің бітуіне бір-ақ күн қалды. Кеме əзір етілді. Ол кезде Делиде Ка лимулла Жаханабади шейх тұратын. Бір сұлу жас таваиф оған күнде ертеменен келіп жүретін. Əр жолы шейх көзін аударып үлгергенше сəлемдесіп жылдам кетіп қалатын. Бұл жолы ол шейхқа «Сіздің қызметшіңіздің соңғы сəлемін алыңыз», деді. Істің мəнін түсінген шейх: «Барлығың Хафиздің мына өлеңін жаттап алып, теңізге ала жөнелгенде дауыстап айта бастаңдар», дейді. Инабаттың əлеміне есік жабық, кірмедім, Құп көрмесең қылығымды, өзгерт тағдыр жазуын... Таваифтар осы жолдарды сарнап айта бастады. Тыңдағандардың баршасының жүрегі қан жылады. Өлең Аурангазебтің құлағына шалынғанда ол толқып, беймаза күйге енді. Сөйтіп, жарлығын қайтып алды. Хафизге сүйенсек, əйелдердің бір парасының инабаттық əлеміне ене алмауы Тағдыр жазуы. Шынында солай ма, солай емес пе, нақтылы айта алмаймын, мəселе Тағдырға тірелсе, не деуге болады?! Бала кезімде талай естіген əңгіме, діни аңыз желісінде баяндалатын оқиға, көпшілікке белгілі, мен өзімше сəл еркіндеу баяндайын. Дін жолындағы ізгі жанның қызының тəртібі нашар болыпты, бірнеше рет тұрмыс құрып, үнемі жолы болмай əкесінің көңілін əбден қарайтса керек. Күндердің-күнінде қыз дертті болып, өлім халіне жеткенде, қасындағыларға: «Мен өлген соң, маңдай терімді сыпырып, бас сүйегімді əкеме апарып көрсетіңдер», депті. Уəде орындалып, қызының маңдай терісі сыпырылған бас сүйегін əкесіне апарады. Əкесі қызының маңдайындағы жазуын көреді, оқыса, бар ғұмыры жазылған екен, сонда əкесі: «Қызымның тағдырыңдағы жазуды мен түсінбеген екем», деп, өткенге өкінген көрінеді. Маңдайдағы тағдыр жазуы болса не айтуға болады! Бұл да ойланатын жағдай. *** Ыстық-суық, қайғы-қасірет, құмырсқадай тынымсыз қарекет өз дегенін жасады. Анам ��йықпас дерт – паркинсон тұтқынына мықтап түсті. Біз білетін бұл дертке шара жоқ дегенді айтты. Шетелден ем қабылдау деген ешқашан орындалмайтын утопия. Анам төсек тартып он жылдан аса азап шекті. Біздер бала-шағасы, өмірлік жары əкем бəріміз, оның көңілін табуға тырыстық. Ондай əрекет, қарекеттеріміз қаншалықты дертке дауа, ана көңіліне демеу болғаны бір Жаратушыға ғана аян. Төсекте бір жамбастап жатып-ақ, анам өзінің дағдылы сөзі: «Қайғысызға қара су да ас», деуін қоймайды. Бүгінде осы сөзді санама салсам, анамның өмірлік қуаты – Қанағат дегеннен күш алған екен. Көз алдында жүрген төрт ұл, бір қызын қанағат етіп, өмірге деген құштарлығын жоймайтын жойқын күшке ие болған адамды, мен анам Бижамал деймін. Жетпістен асып дүние салды. Əттең, мына жаман паркинсон болмағанда жүзге келері анық еді. Əкесі Жаңбырбай жүзден асып барып қайтты. Бұл кісілердің тегі асыл еді. *** Біршама уақыт өтті. Анаға деген перзенттік парыз өтелді ме? Не қолдан келмек? Шамамның келгені сол зират басына барып дұға оқып, шешемнің бізді шалғайдағы Жалтыр көлі жағалауынан аудан орталығы Лебяжіге балаларымды жұрт қатарлы оқытып, білімділер қатарына қосамын деген ерлігін отбасы болып отырғанда айтумен болдым, осы хикаяны қайталаған сайын бір жеңілдеп қалғандай сезімде болатынмын. Ой келді, яғни анамның есімі Бижамал жиі айтылса, жақсы болғаны ғой, бұл мұсылмандық... Осы сөздерді талай естіп, ой қорытып жүрген кəсіпкер ұлым Баян. «Сіздің алпыс бес жылдық мерейтойыңызға сыйлық ретінде анаңыз Бижамалға мейрамхана салып берейін», деді. Құдай қолдап, тамаша мейрамхана салынды, оны «Бижамал ана» деп атадық, қазір жұрт қажетіне жараған селоның көрікті бір ғимараты. Маған керегі анамның есімінің жиі аталуы еді, сол ойым орындалды. Жуырда анам Бижамал түсіме кірді, мен шешемнің мұндай көрікті екенін көрмеп ем, ғажап сұлу екен, аруағы разы болсын! Бұл анам Бижамал туралы хикая!


16

25 желтоқсан

ШАР О Р БА

www.egemen.kz

2013 жыл

ХА

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

а н а т с А н а є н а Аќ ќарєа ор

 Бейбіт күннің батырлары

 Толғауы тоқсан тіршілік

Қай заманның, қандай кезеңнің болмасын өз батыры болатыны ақиқат. Қолына қару ұстап, жауға қарсы шыққан нар тұлғалы батырларымызды былай қойғанда, бейбіт күнде ерлік жасап, батыр атанып жатқан жандар баршылық. Сонау бір жылдары Іле өзенінде суға батқан 12 бірдей баланы ажал аузынан аман алып қалып, бейбіт күннің батыры атанған Бейсетай Дəуренбековтің ерлігін қайталар азаматтарымыз да, Аллаға шүкір, арамыздан табылады екен.

Ерлік

Алмагүл ОСПАНОВА, журналист.

Мен бұл оқиғаны жергілікті тұрғындардан естідім. Қазан айының қара суығында болған жайт ауыл тұрғындары арасында лезде тарап үлгерген екен. Балқаш теңізінің асау толқыны төрт бірдей өмір иесін ажалдың апанына қарай ығыстыра бастаған сəтте, əңгіме кейіпкері еш ойланбастан алға ұмтылып, қалай да су бетінде əл-дəрмендері құрып, соңғы демдерін алып жатқан адамдарды құтқарып алмақ ниетпен қайықты соларға қарай бағыттайды. Оқиғаның қысқаша мəтіні осындай. Не де болса болған жайтты əңгіме кейіпкерінің өзінен, яғни ерлік танытқан азаматтан естуді жөн көрген біз, оны аудандық редакцияға арнайы шақыртқан едік. Табалдырықты имене басып аттаған ол өзін Қараөзек елді мекенінің тұрғыны Мырзалы Батырхан деп таныстырды. Батырханның негізгі кəсібі балық аулау екен. Атадан балаға мирас болып келе жатқан кəсіппен отбасын асырап отырған ол, барға қанағат етіп, өзінің сүйікті ісінен рахат табатын жігіт секілді болып көрінді маған. Отыздың орта шамаларындағы, ұяңдау жігіт өзінің ерлігін газет бетіне жариялауымызды құптай қоймады. «Мен өзімді ешқандай да ерлік жасадым деп ойламаймын. Тек азаматтық парызымды орындадым. Менің орнымда болған өзге адамдар да осылай етер еді деп ойлаймын», деді ол қысыла. Батырханның айтуынша қазан айының аяғында түстен кейін

теңізге балық аулауға шығады. Сол күні күннің райы өзгеріп, теңіз бетінде жел тұрып, баяу тербетілген толқындар бірте-бірте аласұра бастаған-тұғын. Моторлы қайықта нық отырған жігіттің көзі кенет алыстан ағараңдаған нəрсеге түседі. «Апырмау, көк теңіздің үстіндегі бұл бөтен нəрсе не болды екен?» деген оймен жігіт алға қарай мойнын соза түседі. Дереу қайықты да сол жаққа қарай бұрады. Жақындағанда

байқайды – бір емес, бірнеше адам су бетінде қалқып жүрген сұйықтық құятын канистрлерге жан далбасалап, жармасып жатыр екен. Сірə, моторлы қайықтары толқынмен төңкеріліп кеткен болуы керек. Бірі, тіпті, ес-түсін жоғалтқан секілді, қасындағы адам оны бір қолымен əрең ұстап, суға бір батып, бір шығуда. Мұндай жантүршігерлік көрініске тап болған Батырхан ойланбастан адамдарды өзінің қайығына

əупірімдеп жүріп, мінгізе бастайды. Мінгізді дегеніміз артығырақ болар, өйткені бұл мезетте асау толқынмен арпалысқан адамдар қатты əлсіреп, өздерінің бойына ие болудан қала бастаған еді. Бір емес, төрт бірдей алып тұлғалы жігіттерді қайыққа шетінен орналастырған Батырхан өзінің үстіндегі бар киімін шешіп беріп,

қайықты ауылға қарай бағыттайды. Қазанның қара суығындағы судың мұздай қалпы төрт еркектің денелерін қалтыратып, бойларын құрсаулап тастаған екен. Араларындағы судың суықтығынан есінен айырылып, талып қалған Жандос атты жігіт ауылға жетіп, үйге кіргізгеннен кейін есін бір-ақ жинайды. Əбден қалжырап, болған оқиғадан қатты соққы алған азаматтар өздерін таныстыра бастайды. Үшеуі осы

Аќсаќал іздеп жїрмін

өңірге бір-екі күнге қонаққа келген екен. Екі орыс ұлтының азаматы Алматыдан ауданымызға жиі келіп демалып тұратындықтарын айтады. Олар мінген қайық Батырхан жобалағандай, теңіздің асау толқынына төтеп бере алмай, бір жағына ауып кеткен екен. Су бетінде өмір мен өлім арасында арпалысқан төртеуі мүлде шарасыз кейіпте қалады. Осы сəтте олардың қасынан бір емес екі моторлы қайық өтіпті. Қайықтағы жандар бұларды байқамады ма, кім білсін, əйтеуір олардан еш көмек болмайды. Тек үшінші келген моторлы қайықта Батырхан болып, үміт сəулесі ұшқындайды. Иə, бұл оқиғаны əңгіме етіп айту – айтар ауызға оңай екені белгілі. Алайда, дəл сол жайтты басынан өткерген адам ғана, бұл өмірдің қадірін екі есе сезе түсері де анық. Ал, шыбын жаның шүберекке түйіліп, өмір мен өлімнің ортасында қалғанда – өзіңе көмек қолын созып, өз өмірін бəйгеге тіккен адамның сен үшін ең жақын, ең ыстық туысыңнан да артық болары сөзсіз. Батырхан құтқарған төрт бірдей азамат оған алғыстарын жаудырып, құшақтарына қайтақайта қысқан екен. Бұлай етпей қайтсін, əрқайсысының үйлерінде күтіп отырған жан-жарлары, балашағалары бар еді. Ерлікті алдын-ала жоспарлап жасай алмайсың. Ерлік дегеніміз – адамның санасын санаулы секундтарда ғана жаулап алатын ізгілікті ойлардан туындайтын жайт. Батырхан да сол күні теңізге балық аулауға шыққанда мұндай оқиға орын алады деп еш ойламаған еді. Ал, бірнеше минуттардан кейін теңіз бетіндегі жанталасқан адамдарды көргенде өз өмірі жайлы ойланып жатуға да уақыты болмады. Тек қайтсем, адамдарды аман алып қаламын деген ой санасын шырмап тастаған еді.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Екі жастың біріне келмеген жамағайын о дүниелік болып еді. Астың үстінде отырмыз. Бір кездері завферма, парторг, директор болған, ал бүгінде ақсақалдық жасқа жеткен кісілермен дастарқандас екенбіз. Тізе бүгіліп, қойылған асқа қол созбастан бұрын марқұмға Құран бағыштайды ғой. Алақан жайған кісілер жалма-жан маған қарады. «Құран оқып жібересің бе?». «Сіздердің оқығандарыңыз абзал ғой», дейміз біз. Сөйтсек, он қаралы ақсақалдың біреуі бір аят білмейді екен. Біз пақырдың иегінде сақалы болғанға діндар екен деп қалса керек. Білетін сүремізді қайыруға оқтала бергенде, ауылдың имамы келіп қалды... Содан шалдар əңгімесін бастады. – Естідіңдер ме, ана бір белгілі қыз пəленше деген дөкейге тиіп алыпты ғой? – Ол өзі екі байдан қайтқан қыз емес пе еді?– деді бірі. – Ол дөкей шиеттей балашағасын тастап, ананы алғанда жеті сем деді ме екен? – деп қостады екіншісі. – Жас қыздың қызығын көріп жатыр екен ғой,– деп жылтыр көз шал ақсия күлді. Тұрып кетуге ыңғайсыз. Кетпейін десең, елге ақыл айтып, əкім-қара келгенде сөз сөйлеп, бата беріп жүрген ш ал дар дың мы н а əң г імес і жанға батып барады. Тап бір екеуінің некесін қиған адамдай сөйлегендері санаңа салмақ салады. Əрі-беріден соң, ол екеуі шын мəнінде үйленгеннен осы шалдарға келіп-кетер пайда бар ма? Оның өсек сөз екенін ескермей отырғандарға бұлай десең, бəлеге қаларың анық-тын. Үнсіз ғана отыра беруге тура келді. Бір кезде əңгіме саясатқа ауысты. «Əкім кетеді деп жатыр ғой». Бұл өте қызық тақырып болды. Кеше ғана ауылдарына келгенде алдынан құрақ ұшып шығып, шапандарын желбегей ғана жамылып, етегіне сүрініп жетіп, əбден мақтап-мадақтаған адамдар мына сөзден кейін нілдей бұзылды. Оның уақытша ғана келгенін сол кезде білгендерін, ештеңе істемей кететінін сезгендерін, жай ғана уақытша баспалдақ ретінде бағалағанын топшылағандарын ортаға салды. Аямай айтты. Өлтіріп сөкті. Дымын қалдырмады. Əйтеуір, үлкен ас желініп, тағы да құран оқылып біткенше

Алматы облысы, Балқаш ауданы.

 Міне, қызық!

98,5 размерлі туфли кімдікі? Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Сарысу ауданындағы тарихиөлкетану музейіндегі жəдігерлердің арасында өте қызық бір экспонат тұр. Оны көрген адамның еріксіз езу тартуы да мүмкін. Содан соң, əрине:«Бұл кімдікі?» деп сұрауы да кəдік. Осы сауалды аудандық тарихиөлкетану музейінің директоры Тимур Сандықбаевқа біз де қойғанбыз. Ол əңгімені əріден бастап: – Кеңес Одағының кезінде Төкен Мақашев деген атамыз осы музейді ашу үшін рұқсатты сонау Мəскеуден алып келіпті. Содан ауыл-ауылды өзі аралап,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

тарихи жəдігерлер жинауға көшкен. Ауданымызға Əбдіманап Көпбер генов ағамыз əкім болып тұрған кезде ел мен жерінің тарихын құнттап қағазға түсіріп кеткен, өзі көп жылдар Сарысу аудандық газетін басқарған журналист Төкен Мақашевтің атын осы музейге бергізді. Міне, сол Төкен атамыз Жамбыл былғары-аяқ киім зауытына жолы түскенде осы туфлиді ала келіпті. Өкінішке қарай, кезінде 98,5 размерлі бұл аяқ киімнің «тарихын» ешкім жазып алмаған. Менің сұрастырып білгенім, мұны «сюрприз» деп пе, «сувенир» деп пе, былғарыаяқ киім зауытындағы бір əзілкеш əдейі жасаған сияқты. Оны сол кездегі былғарыаяқ киім зауытының дирек торымен

сыйлас Төкен атамыз аттай қалап сұрап алған сияқты, – деген болатын. Аудандық музей, негізінен, өлке тарихына тікелей қатысты жəдігерлер жиынтығынан тұрады. Олардың қатары жаңа экспонаттармен жылдан-жылға толығып келеді. Бірақ келушілердің көңілін көтеріп, езуіне күлкі үйіретін ерекше жəдігер де артық етпейтін тəрізді. Бір жағынан бұл ерекше экспонат – алдыңғы буын ағалар өмір сүрген Кеңес Одағы жеңіл өнеркəсібінің «өркендеген» дəуірінен де хабар бергендей ме, қалай?!. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Шымкентте екі адам газдан уланып, қайтыс болды. Сириядағы соғыс қимылдарына қатысқан Тəжікстан азаматтары түрмеге қамалды. Қазақстанда Сириядағы джихадқа қатысқандар елге орала ала ма? Түркия полицияның басқарушы құрамын тазалауға кірісті. Солтүстік Кореяда ядролық отын дайындайтын жаңа зауыт іске қосылды.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

шалдардың арасындағы əңгіме өсектен аспады. Сақалсыз беттерін сипады да, ыңыранып, ырғалып шығып кетті. Мұсылманның басы қосылған жерде шариғат айтылып, салауатты сөз сөйлену міндет екен. Талай шалдар одан мақұрым. Оны қойшы, ең болмаса елдің жағдайы туралы бір сөз қозғалған жоқ. Халықтың мұқтажы жайындағы əңгі меге маңайламады да. Бар болғаны, жанар-жағармайдың қымбаттағаны сөз болды. Одан басқа жасалмай жатқан жол, жетпей жатқан су, орылмай қалған астық, жайылымның тарлығы сияқты елдің бас ауруына айналған мəселе айтылып, оның шешу жолдарын ақылда суды ойламады да. Себебі, оларда мұндай проблема жоқ. Жекешелендіру кезінде билікте болып, мемлекеттің біраз мүлігін өздеріне алып қалған адамдар сол кезде-ақ нарыққа бейімделіп, жағдайларын жасауға көшкен. Бүгінде бір-бір бизнестерін балалары жүргізіп отыр. Сосын халықтың жағдайын қайтсін?! Тым құрығанда марқұм туралы да айтпады. «Артында қалған бала-шағасы ертең қалай жетілер екен?» деген сұрақ ешқайсысын мазаламады. Абай сақтандырған бес іс ойға оралды осы кезде. «Өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» демеп пе еді?! Қайран қара шал баяғыда айтқан сөзден əлі арыла алмай келе жатыр екенбіз ғой. Əкім келгенде мақтады ма? Мақтады. Бірақ өтірік мақтау болды. Ай тып отырған өсектері мынау. Мақтаншақтықтары анау. «Баяғыда Түгенше хатшы кезде, мен мынандай қызметте отырғанда» деп басталады. Елдік іске келгенде іс-əрекет түгілі, сөзбен де болыса алмай жатқан еріншектіктері бар. Тек бекер мал шашпайды. Өйткені, сараңдықтары басым. Баяғының қарттары еске түседі. Соғыс көрген. Тың игер ген. Қуғындалған. Байқұлақтың баласы деп айдалған. Сонда да сағы сынбаған. Бала болсақ та, солардың отыз екі тісінің арасынан артық сөз шыққанын есті меппіз. Тіпті, баланың көзінше ерсі қалжың да айтпайтын. Бүгінгі шалдардың сиқы мынау. Бет сипап, бипаздап шай ішіп, тамақ жеп, төсектің айналасындағы өсекті айтқандарына мəз. Жеткен жеріміз осы болса, жетіскен екенбіз... Қызылорда облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №212 ek


25122013