Page 1

24 саєат №219 (28158) 25 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Шаралар кешені маќўлданды

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс басталар алдында оған қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Халық

Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғаш қы Қорғаныс министрі Сағадат

Кґпшілік ќолдауыныѕ наќты дəлелі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге Христиан-демократиялық одағының парламенттік сайлауында жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта сайлау қорытындылары А.Меркельдің əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешу жөніндегі қызметі мен Германияның халықаралық рөлін нығайтуға бағытталған саясатына көпшіліктің көрсеткен қолдауының нақты дəлелі екені атап өтілген. «Соңғы жылдары Қазақстан мен Германия арасындағы өзара қарым-қатынастар барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өткім келеді. Алдағы уақытта да біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге шығару үшін бірлескен күш-жігерімізді аямайтынымызға сенімдімін», – делінген құттықтау жеделхатында. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Федералдық канцлерге зор денсаулық пен бақыт, ал достас Германия халқына мол игілік жəне бейбіт өмір тілеген.

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары негізінен аяқталып қалды. Тіпті солтүстік өңірлердегі əлеуметтік нысандарға жылу беру басталып та кетті, деді С.Ахметов. Шараның маңыздылығына тоқтала келіп, Премьер-Министр сөз кезегін Индустрия жəне жаңа технологиялар министрінің орынбасары Б.Жақсалиевке берді. Министр орынбасарының сөзіне қарағанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары ұйымшылдықпен, жоспарға сай жүріп жатыр.

Бүгін Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысы, сондайақ «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дін ара лық форумының рөлі» тақырыбы бойынша халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтеді. Бұл жаһандық ауқымдағы шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте шақырылған, алғашқы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналып отыр. Съездің жұмыс органы болып табылатын Хатшылықтың ХІІ отырысы барысында 2012 жылы мамырда өткен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары ІV съезінің қо рытындылары бойынша пікір алмасылады. Отырыстың күн тəртібіне

Дегенмен, күрмеуі қиын бірқатар мəселелер де бар екен. Оның көбі тозығы жеткен жылу қазандықтары мен жылу желілеріне байланысты көрінеді. Таяу күндері жылу беру маусымына дайындалу ісі нашар болған өңірлер бойынша Үкіметке арнайы ұсыныстар əзірленеді, деді Б.Жақсалиев. Сондай-ақ, биылғы жылы энергетикалық кəсіпорындар күзгі жəне қысқы маусымдық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы төлқұжат алуға асықпаса болмайды. Өйткені, құжат қабылдау қазан айының бірінші күні аяқталады екен. (Соңы 2-бетте).

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы жəне Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Сағадат Қожахметұлының бүкіл өмірі мен қызметі өз Отаны мен халқына адал əрі беріле қызмет етудің үздік үлгісі екенін атап өткен. «Жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келген ол майданда фашистік басқыншыларға қарсы ерлікпен шайқасты. Ерлігі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді. Соғыстан кейінгі өмірін əскери қызметке арнап, мұнда да талантты сардар, тамаша қолбасшы ретінде танылды. Өзінің біліктілігі мен талапшылдығына қоса, қарапайымдылығымен жəне

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

ЖАҺАНДЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ФОРУМ

Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен кешегі Үкімет отырысында 2013-2014 жылғы жылу беру маусымына дайындық мəселелері қаралды. Онда мемлекеттік органдар мен облыс əкімдерінің алдағы маусымға дайындығы туралы есептері тыңдалып, тиісті шаралар белгіленді. «Егемен Қазақстан».

ержүрек ті лігімен ерекшеленген адам ретінде халықтың есінде қалды. Өмірлік тəжірибесімен біздің жас буынды тəрбиелеуге болатын жалпыхалықтық маңызы бар тұлғадан айырылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне – 10 жыл

Жылу беру маусымына дайындыќ ќалай?

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

Нұрмағамбетовті бір минут үнсіздікпен еске алды. – Өткен соғыстың батыры, нағыз жауынгер. Тəуелсіздік жылдары ол бізбен бірге бол ды жəне өз Отанын сүйе тін, еңбексүйгіштігімен, табандылығымен,

Отырыста геосаяси ортадағы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстанның даму стратегия сына жəне ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғырту шараларына қатысты мəселелер қаралды. Қазақстан Президенті қазіргі əлемде қауіпсіздікке төнген қатердің азаймай отырғанын атап өтті. Олардың қатарында терроризм, əлеуметтік кикілжіңдер, жалғасып жатқан экономикалық тұрақсыздық бар. Осы орайда Мемлекет басшысы əлемдегі ахуалды ұдайы назарда ұстап, жағдайға орай ұлттық қауіпсіздік жүйесіне жедел түзетулер енгізу жəне бейімдеу үшін дер кезінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Отырыс барысында қаралған мəселелер бойынша Президенттің көмекшісі Е.Қазыханов, Президенттің көмекшісі – Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қ.Қожамжаров сөз сөйледі. Отырыстың қорытындысында Қа зақстанды өңірлік өзгерістер мен жаһандық ахуалға бейімдеуге, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар кешені мақұлданды. Атап айтқанда, бірқатар институттық, нормативтік-құқықтық жəне ұйымдастыру шаралары көзделіп отыр.

əділдігімен əріптестерінің арасында зор абырой мен беделге ие болды. Ол ел тəуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау жылдарында Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі ретінде еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, нығайтуға өлшеусіз зор үлес қосты. Сол себепті оған Халық Қаһарманы атағы берілгенін ерекше сезіммен еске аламын. Халқымыз оның еңбегін ешқашан ұмытпайды, ал оның жарқын дидары біздің жадымызда əрдайым сақталады», – делінген жеделхатта.

сондай-ақ Съезд Хатшылығының дінаралық жəне өркениетаралық үнқатысуды ілгерілету жөніндегі халық ара лық құрылымдармен ынтымақтастығы мəселелерін шығару да жоспарланған. Қатысушылар, сонымен

қатар, 2015 жылы өтеді деп күтіліп отырған V Съездің тұжырымдамалық жəне ұйымдастыру мəселелері бойынша да пікір алмасатын болады. Халықаралық деңгейдегі ауқымды басқосуға Хатшылық басшысы – Қазақстан Республи ка сы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми төрағалық етіп, Хатшылық мүшелері, яғни əлемдік жəне дəстүрлі діндердің өкілдері қатысады. «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық форумды өткізу туралы идеясының тарихи маңызын ғылыми тұрғыда зерделеуге ықпал ететіні күмəнсіз. --------------------------------------------Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығына арналған материалдарды 3-беттен оқи аласыздар.

Бизнес жїргізудіѕ биік міндеттері

Парламент Сенатының Қаржы жəне бюджет комитеті Батыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізіп, Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мəселелері бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың жəне бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Шараға Сенат депутаттары, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың жəне бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты. Кездесуді аша келіп Батыс Қазақстан облысының əкімі Н.Ноғаев құттықтау сөз сөйледі. Сенаттың салалық комитетінің төрағасы Рашит Ахметов талқыланып отырған мəселе Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауындағы экономиканы жаңғырту міндеттері аясында маңызды екенін атап өтті. Сенатор атап өткендей, «Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер экономикасының тұрақты жəне тиімді дамуын жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды

Бїгінгі нґмірде: АУЫЛДА ЖЇГЕРІ ҐСІРІП ЖЇРГЕН ФРАНЦУЗ

5-бет

мақсат ететін, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер шекаралары арқылы жүретін тауарлардың, қызмет көрсетулердің, капитал мен жұмыс күштерінің еркіндігін қамтамасыз ету болып табылатын біртұтас экономикалық кеңістік қалыптасуда». Біртұтас экономикалық кеңістік жəне Кеден одағы жағдайында бизнес жүргізу мəселелеріне қатысты Р.Ахметов оны заңнамалық тұрғыда қолдау мəселелеріне назар аударды. «Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының 5 облысымен: Самара, Орынбор, Саратов, Волгоград жəне Астрахань облыстарымен шектеседі. Осыған байланысты кездесу барысында

Қоғамдастыққа қатысушы елдердің өзара тауар айналымын қамтамасыз ету басты назарға алынуы тиіс», деді сенатор. Отырыста Экономика жəне бюджет тік жоспарлау комитетінің өкілі У.Байқадамова, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық пала тасы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Р.Ошақбаев, Қаржы министрлігі Салық жəне кеден заңнамасын үйлестіру, кірістерді талдау жəне болжау департаментінің директоры В.Əмірханұлы, Қаржы министрлігі Салық комитеті басқармасының бастығы М.Бұлғынов жəне басқалар сөз сөйлеп, депутаттар қойған сауалдарға жауап берді. Дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, Р.Ахметов заңнамаларды одан əрі жетілдіру жөніндегі нақты мəселелер бойынша айтылған ұсыныстарға назар аударды. Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Стекло-Сервис» ЖШС жəне «Уральскагрореммаш» АҚ жұмыстарымен танысып, жергілікті кəсіпорындарда болды.

 Кения қауіпсіздік күш те рі ел астанасы Найроби қаласындағы сауда орталығын күшпен ұстап тұрған содырлардан кепілдікке алын ғандардың аман-есен қалғандарын құтқарды. 15 шақты содырдың екі-үшеуінен бас қа сының бəрінің көзі жойылды. Содыр лардың арасын да шетелдіктер, оның ішінде америкалықтар да болған көрінеді. Ал кепілдікке алынғандардан 69 адам қаза тапқан.  Ирак астанасы Бағдад қаласының сүнниттер көп тұратын ауданында жанкешті өзін өзі жарып жіберді. Лаңкестік салдарынан 16 адам көз жұмса, 30-ы жараланды. Өткен сенбі күні лаңкестердің қолынан 73 адам қаза тапқан еді. Ал шииттер тұратын ел астанасы маңындағы Мадинат-Садр қаласында ғана 65 адам жарып жіберілген болатын.  Мексикаға лап қойған «Ингрид» тропикалық штормы мен «Мануэль» дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Бұл соңғы мəлімет емес. Ел президенті Энрике Пенья Ньетоның айтуынша, құрбандықтар саны арта түсуі ықтимал. Кедейлер басым тұратын Акапулько ауданында 23 мың үй электр қуатынсыз жəне сусыз қалған.  Шығыс Грузияда жауған нөсер жаңбырдан Телав, Ахмет жəне Кварель аудандары топан су астында қалды. Өзен арнасынан шыққан қарғын су қалалар мен ауылдарды, жолдарды шайып кетті. Көптеген жергілікті тұрғындар егінсіз жəне малсыз қалды.  Иранда тырысқақ ауруына шалдыққан 170 адам анықталды. Иран денсаулық сақтау министрлігі басқарма басшысының орынбасары Махмұд Набавидің айтуынша, сырқаттарға қатысты қажетті шаралар қабылданған. Дерт меңдеген 170 адамның 144-і Ауғанстаннан, 25-і Пəкстаннан келгендер көрінеді. 25-і Иран азаматтары екен.  Грекияда кəсіподақтардың ұйымдастыруымен жаппай ереуілдер қайтадан жалғасып жатыр. Көшеге шыққандар Грекия үкіметінің қатаң реформа саясатына наразылық білдіруде. Ел үкіметі миллиардтаған несие алу үшін қатаң саясат ұстануға мəжбүр болып отыр. Сөйтіп, бюджеттің қысқаруы, жұмыстан босатулар, өмір деңгейінің төмендеуі жаппай наразылықтар мен ереуілдер туындатуда.  Камбоджаның оппозициялық «Ұлттық құтқару партиясы» парламенттің кезекті сессиясының ашылуына бойкот жариялады. Олар іс басындағы премьерминистр Хун Сеннің заңды үкімет басшысы емес екенін танудан бас тартылуына байланысты қарсылық білдіруде.  Ресейдің Краснодар өлкесінде Су-25 əскери ұшағы апатқа ұшырады. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып отыр.  «Минск – Мəскеу» бағытындағы №26 жолаушылар пойызы Белоруссияның Витебск облысындағы Дубро вен ауданында 52 сиырды басып кеткен. Табында барлығы 164 мүйізді ірі қара болған көрінеді. Ал пойыз кестеден бір сағатқа кешіккен. Келтірілген зиян көлемі анықталуда. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді. ТАҒАЙЫНДАУ

Мемлекет басшысының Өкімімен Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республи касы Мұнай жəне газ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Балќадиша

7-8-беттер

«Карлагта» атылєан ЌАНДАСТАР

11-бет

ИНФАНТИЦИД 13-бет


2

Жылу беру маусымына дайындыќ ќалай? (Соңы. Басы 1-бетте). Əлеуметтік жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы нысандардың қыс айларына дайындық жұмыстары жөнінде Өңірлік даму министрінің орынбасары С.Нокин баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылыту маусымының соңында коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық берешегі 6,6 млрд. теңгені құраған. Қазіргі жағдай бойынша дебиторлық берешек 5,8 млрд. теңге болып отыр. Қыркүйек айының жиырма күнінде бұл көрсеткіш 675 млн. теңгеге азайды. Яғни 10 пайызға төмендеді. Бұл ретте атап айтатынымыз дебиторлық қарызды өндіріп алуда Астана қаласы – 276 млн, Қостанай облысы – 171 млн, Оңтүстік Қазақстан облысы – 86 млн, Ақмола облысы – 43 млн. жəне Батыс Қазақстан облысы 34 млн. теңге жинап, белсенді жұмыс жүргізу нəтижесінде қарыз көлемін біршама төмендеткен, деді С.Нокин. Жиын барысында үлгі алатын аймақ ретінде Павлодар облысы ғана аталды. Бұл өңірдің коммуналдық төлем үшін еш қарызы жоқ екен. Жылу беру маусымына дайындық шаралары бойынша Мұнай

жəне газ министрі Ұ.Қарабалин, Төтенше жағдайлар министрі В.Божко жəне Шығыс Қазақстан облысының əкімі Б.Сапарбаев, Қостанай облысының əкімі Н.Сəдуақасов, Ақмола облысының əкімі Қ.Айтмұхаметов, Жамбыл облы сының əкімі Қ.Бозымбаев, Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі А.Мырзахметов, Астана қаласы əкімінің орынбасары В.Крылов сөз сөйледі. Бəрін мұқият тыңдаған Премьер-Министр қыс маусымына дайындық жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұрғанын еске салды. Сөйтіп, тиісті органдарға бірқатар міндеттер жүктеді. Əсіресе, Қаратау қаласына айрықша көңіл бөлді. Биылғы жылы Қаратау халқынан ешқандай шағым түс пе гені лəзім. Өткен жылы қала тұрғындары күтпеген табиғат апатынан қатты зардап шекті. Қазіргі таңда Қаратау қаласының тыныс-тіршілігі Елбасының қатаң бақылауында. Сондықтан да бұл елді мекенді назарыңыздан тыс қал дырмаңыз, деді С.Ахметов Жамбыл облысының əкіміне. Отырысты қорытындылаған Үкімет басшысы жалпы жылу беру маусымына дайындықтың

Əкімдерге арналєан біліктілік сабаєы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Елімізде жергілікті өзін өзі бас қаруды дамытудың негізгі бағыттарына сəйкес тамыз айында сайланған ауылдық, аудандық маңыздағы қалалық округтердің əкімдерінің қатысуымен семинаркеңес өткізілді. Оны кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыс əкімі Архимед Мұхамбетов жаңадан сайланған əкімдердің өздеріне көрсетілген сенімнің үдесінен шығу үшін уақыт талабына сай жұмыс істеулері қажеттігін атап көрсетті. Өз жұмыстарында қате қадамдарға ұрынбау үшін еліміздің заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, құқықтық сауаттылыққа қол жеткізу керектігін алға тартты. Өңір басшысы жаңадан сайланған жергілікті билік өкілдерінің алдында тұрған міндеттерге

25 қыркүйек

www.egemen.kz

жан-жақты тоқталды. Ол, сонымен бірге, Елбасымыз Нұр сұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Рес публикасында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжы рымдамасынан» туындайтын міндеттерді жүзеге асыруды біліктілікпен жүргізгенде ғана əкімдер мен бұқара халықтың арасындағы ынтымақтың беки түсетінін жеткізді. Үстіміздегі жылғы 7 тамызда облыста 149 қалалық жəне ауылдық округтер əкімдері сайланды. Олардың арасында 77 мұғалім, 22 ауыл шаруашылығы қызметкері, 18 экономист, 17 заңгер, 14 инженер халық қалаулыларының, яғни елдің сеніміне ие болды. Бұрыннан əкімдік қызметте келе жатқан 112 адам сайлауға қатысып, оның 102-сі орынтағын сақтап қалды. Жергілікті əкімдер корпусы 30 пайызға жаңарды.

2013 жыл жаман еместігіне тоқталып, алайда, қыстың ерте түсуі мүмкін екенін ескертті. Осыған орай, өңірлер басшыларына энергия көздерінің дайындығын қосымша тағы тексеруді тапсырды. Электр жəне жылу қуатын тасымалдау же лілерінің, əлеуметтік-мəдени нысандар мен тұрғын үйлердің жағдайына жəне жылу беру маусымын белгіленген мерзімде ұйымдасқан түрде бастау бойынша тиісті шаралар қабылдауды жүктеді. Оған қоса Өңірлік даму министрлігіне де тұрғын үйлердің жылу беру маусымына даярлығын қайта тексеру керектігін айтты. Апта соңына дейін 100 пайыз тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандар бар жерлерді іріктеп отырып тексеруді, өңірлер мен қалалардағы жы лу беруге дайындық жағдайын мұқият тексеруді тапсырамын, деді С.Ахметов. Премьер-Министр, сондай-ақ, Индустрия жəне жаңа технологиялар, Төтенше жағдайлар минис трліктеріне жөндеу жұмыстары ның белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстауды жал ғастыра беруді тапсырды. Индустрия жəне жаңа технологиялар, Мұнай жəне газ министрліктеріне «ҚазМұнайГаз» АҚ-пен бірге, жылу беру маусымы кезінде барлық энергия көздерін мазутпен жəне газбен үздіксіз жабдықтап отыруды қамтамасыз ету жəне осы орайда тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелді. Ауыл əкімдеріне жүктелген қызметтерді заңдылықтарға сəйкес біліктілікпен жəне сапалы атқару үшін орталық мемлекеттік органдар мен облыс əкімдігінің штаттық саны қысқартылып, соның есебінен ауылдық округтердің қызметкерлері 264 бірлікке көбейтілді. Бұрын бұл аумақта 562 адам жұмыс істесе, енді олардың саны 864-ке жетті. Осыған орай жаңадан қосылған қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз ету үшін республикалық жəне облыстық бюджеттерден 155 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген. Жаңадан сайланған жергілікті əкімдерге арналған семинар-кеңес бір қарағанда оларға өз міндеттерін жүзеге асыруда жол көрсеткен заңдылық жəне құқықтық біліктілік сабағы іспетті болды. Семинаркеңестен олар көп нəрсенің байыбына барып, үлкен ой түйіп қайтқаны сөзсіз. Себебі, онда айтылған мəселелермен олардың күнделікті жұмыстарында ұдайы кездесіп отыратыны да жасырын емес. Ақтөбе облысы.

Ынтымаќтастыќ комиссиясыныѕ алтыншы мəжілісі Ауғанстанның астанасы – Кабул қаласында Саудаэкономикалық ынтымақтастық жөніндегі ҚазақстанАуғанстан үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) алтыншы мəжілісі болып өтті. ҮАК-тің тең төрағалары ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Ауғанстан Сауда жəне өнеркəсіп министрі Əнуар уль Хака Ахади қатысты. Мəжіліс шеңберінде В.Божко Ауғанстанның екінші вице-президенті Мохаммад Карим Халилимен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар басым мəселелердің кең ауқымы мен екі ел арасындағы саудаинвестициялық ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын талқылады. Əңгіме барысында Қазақстан мен Ауғанстан арасында ауыл шаруашылығы, көлік құрылымдары, білім беру, қорғаныс өнеркəсібі салаларында

екіжақты іс-қимылдың айтарлықтай əлеуеті бар екені атап көрсетілді. М.К.Халили Қазақстан Ауғанстанның өңірдегі маңызды əріптесі болып табылатынын атап өтіп, ауған халқына көрсетіліп келе жатқан гуманитарлық көмек үшін ризашылығын білдірді. Екі ел Сауда-өнеркəсіп палата ларының өкілдері келіссөз қорытындылары бойынша Қазақстан мен Ауғанстан бизнес топтары өкілдері арасындағы

ынтымақтастықты терең де ту ге шешім қабылдады. Ауған жағы қазақстандық тараптың Қазақстанда Ауғанстанның Сауда үйін ашу туралы ұсынысына қолдау білдірді. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық базасын одан əрі жетілдіру мəселелері қаралды. Тараптар төтенше жағдайлардың салдарын жою, əуе көлігі, мəдениет жəне басқа салалардағы үкі метаралық келісім жобаларын өзара үйлестіруді жалғастыру керектігімен келісті. Мəжіліс қорытындысы бойынша, Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясы алтыншы мəжілісінің хаттамасына қол қойылды. ҮАК-тің келесі мəжілісі 2014 жылы Қазақстанда өтеді. «Егемен-ақпарат».

Кеѕесші органныѕ кезекті отырысы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалық етуімен ұлттық жəне халықаралық ҮЕҰ, министрліктер мен ведомстволар, Жоғарғы Сот, сондай-ақ Парламент өкілдерінің қатысуымен «Адами өлшем жөніндегі үнқатысу алаңы» консультативтік-кеңесші органының (ККО) төртінші секторлық отырысы өтті. Қатысушылар Қазақстандағы адам құқықтарының мəселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауы жəне келешекте өлім жазасын толықтай жою, Қазақстан Республикасының азаптауларға жəне басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iсəрекеттер мен жазалау түрлерiнің алдын алу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауы мəселелері қаралды. Төртінші отырысты аша отырып,

Үсен Сүлеймен Қазақстанның саяси жүйесінің дəйекті дамуына ұсынымдар тізбесін жи нақтауға мүмкіндік берген азаматтық қоғамның, атқарушы, заң шығарушы жəне сот билігі өкілдерінің жұмысына жоғары баға берді. ККО ұсынымдарын қарастыру нəтижелерінің аралық қорытындысын шығара келе, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Қазақстан Үкіметі демократияны, заң үстемдігі мен адам құқықтарын дамыту саласындағы 30 пайызға жуық зерттемелерді қабылдағанын атап өтті. Сонымен қатар, алғашында ККО тетігі ҚР құқық қорғау жүйесін дамыту

мəселелері бойынша пікір алмасуды көздегендіктен, мұндай нəтиже барлық басым болжамдардан асып түскенін атап көрсетті. Бүгінде ККО Үкіметке ұсынымдарды əзірлейтін тетік қана емес, сонымен бірге, мемлекеттік құрылыс бойынша Астананың жұмысында оларды жүзеге асырудың тиімді жетекшісіне айналды. Отставкадағы Жоғарғы Сот судьясы, заң ғылымдарының докторы Раиса Юрченко мен «Адам құқығы үшін хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары əділет полковнигі Жанат Кешубаев жəне «Адам құқықтары ның мониторингі орта лы ғының» директоры Ардақ Жанəбілова негізгі баяндамашылар ретінде сөйледі. «Егемен-ақпарат».

Кеѕестік Ќазаќстан тарихы 1929-1932 жж. қазақ шаруаларының көтерілістері болды. Қазақстанда ұжымдастыру қарсаңында 140 факторийлер қыз мет етті (көшпелілердің кооперативтік бірлестіктері). Ком мунистік партияның ХV съезі ұжымдастыру барысында «дамыған кооперативтік бағытты» құруды ұсынды. Қазақстандағы ұжымдастыруды «ауылды кеңестендіру» ұранын ұстанып, таптық күрес бағытын шиеленістірген Ф.И. Голощекин басқарды. 1929 ж. екінші жартысында республикада колхоздық қозғалыс жеделдете дамыды, ұжымдастыруды жүргізуге партия жұ мысшыларды тарта бастады. Ұжымдастыруға тартылған жұмысшылар ұжымдастырудың мəнін жете түсінбеді. Партияның шабармандары далалық жерлерде ресейлік деревня жобасын орнатпақты көздеді. Ұжымдастыру барысында командалық-əкімшілік əдіспен əре кет ететін белсенділер қалыптасты. Ұжымдастыруға жалтақпен қараған жəне сенімсіздік танытқандардың барлығы кулактар қатарына жатқызылды. Қатаң жаппай террор ұжымдастыру идеясының беделін түсірді. Ұжымдастыру жергілікті жағдайларды еске алмай жүргізілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақтар дың ғасырлық өмір сү ру тəр тібін бұзды. Қатты аштық бас талды. Бірқатар облыс шаруалары Иран мен

Ауғанстанға үдере көшіп кетті. 1930-1932 жж. аштық тарихқа қазақ халқына үлкен қайғы мен қасірет əкелген «ҰЛЫ ЖҰТ» жылдары болып енді. 1929-1931 жж. Қазақстанда қарулы қозғалыстар толқыны болып өтті. Барлығы 372 көтеріліс болған. Ұжымдастыруға

қарсылық көрсеткен бүлікшіл аудан – Қарақұм болды. Созақ ауданындағы күштеп ұжымдастыруға қарсы болған көтеріліс табандылықпен, шебер ұйымшылдықпен ерекшеленді. Батпаққара көтерілісі бандиттікбасмаштық қозғалыс ретінде бағаланды. 1931 ж. Қарқаралы

уезінде күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалар жаппай құртылды. «Көтеріліс бандиттері» қылмыстық ісін сотсыз орган «үштік» қарастырды. Халыққа жасалған геноцид үшін партиялық-мемлекеттік басшылардың ешбірі жауапкершілікке тартылмады.

● Біз – қазақстандықтармыз!

Жаѕа міндеттер межесі 20 қыркүйекте Ақордада Мемлекеттік хатшы М.Тəжиннің төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы мемлекеттік органдардың ғылыми-сараптамалық жұмыстарының жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылымисарапшылық кеңесінің жаңа міндеттері» күн тəртібі бойынша ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын. Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» күн тəртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өткені есімізде. Онда Елбасы «Қасиетті қазақ жерін татулықтың төл иесі деп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл кəмелетке толды. Ел тəуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болып, қолымызбен құрған Ассамблеяның өмірге келгеніне он сегіз жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы бола алды», – деп тұжырымдаған еді. Тарихқа шегінсек, Ассамблея құру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Тəуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялаған болатын. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тəуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялы мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мəдениетаралық үнқатысуды нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мəселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын əлемдік тəжірибедегі тың бағыт болып табылды. Осы уақытқа дейін Ассамблея бірнеше даму сатысынан өтіп, бірқатар өзгерісті бастан кешірді. Оның дамуы барысында елімізде этносаралық толеранттылық жəне қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институттық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы əлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мəртебесін айқындайды. Ал Қазақстан халқы

Ассам блеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі жайлы сөз қозға сақ, бұл ұйым еліміздегі этнос аралық қатынастар саласы мен мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруда ғылыми негізделген бағыттар мен шешімдерді айқындауды талап еткен қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы құрамына 25 доктор, 11 ғылым кандидаты, 6 қоғам қайраткері енген құрылым ретінде дүниеге келген болатын. Сонымен қатар, облыстарда, Астана жəне Алматы қалаларында да ғылымисарапшылық топтар жұмыс істеуде. Олардың қатарына қазірде қоғам қайраткерлері, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар мəселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, этномəдени бірлестіктердің жетекшілері жəне жоғары оқу орындарының өкілдері бар жалпы саны 200-дей адам тартылған. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің негізгі міндетіне еліміздегі этносаяси, əлеуметтік-экономикалық жəне конфессиялық даму үдерістерге кешенді сараптама жасау, аталған үдерістердің елдегі жəне əлемдегі дамуына болжам жасау, мемлекеттік этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша ғылыми сараптамалық жұмыстар жүргізу, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, Ассамблеяның қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жалпыұлттық келісімге қол жеткізуде саяси жəне азаматтық институт ретіндегі рөлін күшейтуге атсалысу жатады. Ғылыми-сарапшылық кеңес қызметі ғылыми-зерттеу, талдау жəне білім беру сынды негізгі үш бағытта жүзеге асуда. Сонымен қатар, кеңес қоғамдық келісім, тұрақтылық, толеранттылық пен ұлттық бірлік, этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мəселелерді талқылап, сараланған, зерделенген шешім қабылдауға мүмкіндік беріп отыр. Ғылымисарапшылық кеңестің үйлестіру жұмыстары өз нəтижесін беруде. Мысалы, 2009 жылдан бері Ұлттық академиялық кітапханада толеранттылық, қоғамдық келісім, тұрақтылық, этносаралық жəне

конфессияаралық қатынастар саласындағы баспа жəне электронды нұсқадағы 1000-нан аса ғылыми ақпараттарды топтаған Ассамблея депозитарийі жұмыс істеуде. 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитарийінің ғаламтордағы порталын əлемнің (Ресей, Қытай, Германия, Түркия, АҚШ, Австралия жəне басқа) 73 мемлекетінен 150 мыңға тарта адам тұрақты қолданғаны белгілі болды. Сонымен, 20 қыркүйекте өткен ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген мəжілісінде Мемлекеттік хатшы М. Тəжин баяндама жасап, «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттерін жəне оны іске асырудың нақты жолдарын айқындап берді. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің негізгі міндеттері қатарына этносаралық қатынастарға аймақтық дəрежеде мониторинг жүргізудің сапасын арттыру, ауылдық мекендерде ұлтаралық хал-ахуалды жақсарту бағытында профилак тикалық іс-шараларды іске асыру жəне кейбір жанжалдық іс-əрекеттерді болдырмау мақсатында алдын ала шараларды ұтымды жүргізу; аймақтардағы тұрғындарға жəне жергілікті билік органдарына арнайы əдістемелік жəне ұйымдастыру жұмыстарын пəрменді жүргізудің қажеттілігі қойылды. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы баяндамасында сарапшылық кеңестің ғылыми-зерттеу саласы бойынша негізінен үш бағытқа ерекше көңіл аударылды. Ол – Қазақстандағы этностардың тарихы мен мəдениетін зерттеу, қоғам дағы этноэкономикалық құрылымдардың динамикасы мен өзгерістерін зерделеу жəне миграциялық үдерістерді этноəлеуметтік аспектілер тұрғысынан ғылыми талдау. «Қазақстан-2050» Стра тегиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы тапсырмалар аясында мемлекеттік органдардың этносаясатты ғылыми-талдамалық қамтамасыз етуін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша қосымша баяндамаларды Білім жəне ғылым вицеминистрі М.Орынханов, Мəдениет жəне ақпарат вице-министрі А.Қырықбаев жасады. Білім жəне ғылым министрлігі жағынан баяндамада 132 ғылыми жобаның бесеуі нақтылы этносаралық қатынастарға арналғаны жəне 36 халықаралық гранттардың да берілу мүмкіндігі айтылды. Сонымен қатар, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі тарапынан ҚХА-ның ХХ сессиясында қойылған мақсаттарды жү зеге асыруда іс-шаралардың ат қарылып жатқандығы, яғни «Достық үйлерінің» тұжырымдамасы жасалып, директорларының

əдістемелік кеңесінің құрылып жат қандығы тілге тиек етілді. Сонымен қатар, этносаралық қатынастарға кешенді социологиялық зерттеулер жүргізуге 60 млн. теңге қаржы жұмсалғаны да аталды. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы А.Сəдуақасова этносаясатты ғылыми-сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеудің жаңа тəсілдері бойынша зерттеу əдістемелері, талдау, болжау жəне практикалық қолдану мəселелеріне тоқталды. Баяндамада этносаралық қатынастарды зерттеуді əдістемелік жəне талдау тұрғысынан жетілдіру, болжамдар мен ұсыныстардың ғылыми негізділігін арттыру, медиация жəне миграциялық үдерістер, этноэкономикалық бағыттар жөнінде келелі, тұжырымды пікірлер айтылды. Сонымен қатар, ҚХА-ның та рихты зерделеу мəселелері бойын ша міндеттері» туралы профессор Г. Кан, «Тіл саясаты – ұлттық мемлекеттік сəйкестілікті нығайту факторы» бойынша профессор Э.Сүлейменова, «Қазақстан өңірлеріндегі ғылымисараптамалық жұмыстар» туралы Ақмола облысының ҚХА ғылыми сараптамалық тобының мүшесі Н. Митчинова жəне «Еуропадағы мультимəдениет дағдарысы: Қазақстан үшін тəжірибе жəне сабақ» тақырыбында профессор Г.Ким сөз сөйледі.Отырыстың соңында Мемлекеттік хатшы М.Тəжин ҚХА-ның Ғылымисарапшылық жұмыстарын атқаруда белсенділігімен көзге түскен қызметкерлерге мақтау грамоталары мен алғыс хаттар тапсырды. Сөз соңында айта кеткен жөн, кейінгі кездері ҚХА мен Ғы лыми-сарапшылық кеңестің жұмыстарына жоғары оқу орындары атсалысып жүргені белгілі. Солардың ішінде Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ерекше орын алады. Қазақстан халқы Ассамблеясының XХ сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев Ассамблея жұмысына жастарды белсенді тұрғыда тарту керек екендігін айтқан болатын. Осыған орай, университет басшылығы Елбасының бұл бағытына ерекше көңіл аударуда. Оның дəлелі ретінде университетте таяуда ғана Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен этносаралық жəне дінаралық толеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының ашылуын айтуға болады. Сатай СЫЗДЫҚОВ, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Этносаралық қатынастар жəне ҚХА толеранттылығы» орталығының директоры, профессор.


25 қыркүйек

3

www.egemen.kz

2013 жыл  Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне – 10 жыл

ЖАҺАНДЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ФОРУМ «Баќыт, ќайда барасыѕ?» Кез келген кезеңде адамзаттың өмірі имандылыққа, рухани құндылықтарға, ізгілік пен ізеттілікке негізделмесе, сол қоғамда қасіретті жағдайлар орын алып, адам арсыздық пен абыройсыздыққа ұшырайды. Біз мұны тарихтан жақсы білеміз. Бүгінгі алмағайып заманда, сананы тұрмыс билеген дəуірде адамдар арасында бауырмалдық,

амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мəлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, əлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дəлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

Береке мен бірлікке бастаєан басќосулар Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

мейірім, кішіпейілдік, өзара түсіністік сынды асыл қасиеттердің шынайы көрініс табуы аса қажет. Алла тағала қасиетті Құранда: «Күмəнсіз, мұсылмандар бір-біріне бауыр», – деп баяндайды (Хужурат сүресі, 10-аят). Дана халқымыз: «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін», – дейді. Ұрпаққа ұлағатты сөз қалдырған Абай атамыз: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бəрі бос», – деп адамзатты бауырмал болуға үндеген. Иə, бүгінгі қоғам қайырымдылыққа, мейірбандылыққа мұқтаж. Қатыгездік, өшпенділік, алауыздық ешкімді жақсылыққа жетелеген емес. Ендеше, ұлы Алланың бізге берген шексіз нығметтерінің бірі – бейбіт заманымыздың қадірін сезініп, бағалай білуіміз қажет. Өйткені, бейбітшілік – біздің бақытымыз бен баға жетпес байлығымыз. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланы бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған бабаларымыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, шапқан тұлпардың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын жерді сақтап қалды. Бұл – Тəңірдің тартуы, шексіз рақымы екенін еш ұмытпауымыз керек.

«Заман кїнде ґзгереді, ал еліміз бен дініміз – мəѕгілік» Жаратқанның кешегі текті бабалардың жалғасы болған, тəуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын Елбасын тағайындап беруін тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз жөн. Елбасымыз еліміздің өркендеуіне, мығым мемлекет болып қалыптасуына ерен еңбек сіңіріп келеді. Қол жеткен жетістіктердің бір саласы – діліміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің, ұлттық болмысымыздың қайта жандануына, əрі қарай дамуына қосқан үлесі де үлкен. «Заман күнде өзгереді, ал еліміз бен дініміз – мəңгілік», – деген қағиданы ұстанған Елбасы асыл дініміздің жанашыры. Президентіміз материалдық бай-қуаттылықпен бірге рухани байлықты да басшылықа алып, өзгеге өнеге, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ел игілігіне тілектес болуға шақырады. Еліміздегі сауапты да салауатты іс-шаралар Елбасының қолдауымен жүзеге асуда. Жаңа мыңжылдықтың басында, 2001 жылы қыркүйек айында дүние жүзін дүр сілкіндірген лаңкестік əрекеттен кейін əлемдегі алпауыт елдер Ислам дінін жаппай айыптап жатқан кезде Н.Ə.Назарбаевтың байыпты да парасатты сөздері талай жұртты сабасына түсіріп, келелі ойға шақырды. Пəтуалы пікірден даурықпа сөз озып тұрған сол тұста Президентіміз: «Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды еріннің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы емес, Исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттілігін сөз ететін кез келді», – деді. Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел басшылары ежелден елдің

«Ізгі істерге кґмектесіѕдер...» Дін – бүкіл əлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа жəне мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Соның ішінде өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз. Қасиетті Құранда: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнə жасауға, жаулыққа жəрдемші болмаңдар. Құдайдан қорқыңдар, оның қаһары, тегінде, тым қатал» («Маида» сүресі, 2-аят), деп Алланың тура жолымен жүруге, иман мен ізгілікке шақырып, жамандық атаулыдан сақтандырады. Діннің халықтарды ынтымаққа, бірлік пен татулыққа тəрбиелеудегі рөлі орасан зор. Дін – мемлекеттің рухани таянышы. Дінді жамылып, оның қуатын жеке мүддеге пайдаланып жүргендердің жөні басқа. Дін – əлем халықтарын жалпыға ортақ құндылықтарды қастерлеп, жамандықтан тосып, жақсылыққа шақырып, өзара түсінісіп өмір сүруге үндейді. Елбасымыз діннің қоғамдағы маңызды рөлін ескеріп, əр үш жыл сайын əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының келелі кездесуін өткізуге ұйытқы болып келеді. Сарыарқа төсінде, қазақтың жаңа Астанасы, бас қаламыз – елордада өтіп келе жатқан дін қайраткерлерінің басын қосқан құрылтайдың, берекеге бастайтын басқосудың бергені де, берері де мол.

Жаќсылыќќа жўмылдырєан жиын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністік туралы келісімі, қабылданған қарарлар мен уағдаластықтар осы саладағы ортақ мəселелерді бірігіп шешуге, халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Құрылтай жұмысына қатысқан діннің беделді өкілдерінің өзара бірлік туралы сөз қозғауы – үлкен жетістік. Құрылтайға қатысушылар дінаралық, ұлтаралық қарым-қатынаста күш көрсету, тілге, дінге, нəсілге бөліну, ұлтын кемсіту, лаңкестік əрекеттерді болдырмау сынды бірқатар кезек күттірмейтін келелі мəселелерді сөз етті. Пікірлесулер мен ой бөлісулер тек сөз жүзінде қалып қоймай, нақты қадамдар жасалып, құжаттар мен тұжырымдамалар қабылданып, үндеулер жарияланды.

Қазақстанның бұл қадамын əлемнің ірі саяси тұлғалары, саясаткерлер, алпауыт елдердің президенттері қолдау білдірді. Құрылтайға қатысушылар мен делегация мүшелерінің қатары əр съезд сайын көбеюі, атап айтқанда, əлемнің 40 елінен 100-ге жуық өкілдің бір үстел басында басқосуы – съезд жұмысының тиімділігі мен халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы ықпалын айқындап берді. 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде бастау алған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне биыл 10 жыл толды. Осы жылдар аралығында құрылтай жұмысының басым бағыттарының бірі болған баршаға ортақ мекен – жер жүзінде бейбітшіліктің салтанат құру жолындағы дін қайраткерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, саяси тұлғалардың үлкен жауапкершілігін көрсетіп берді.

«Əркімге ниет еткен нəрсесі беріледі...» Кез келген адам дінде бүлік тудырса, осы əрекеті арқылы халықтардың бірлігі мен ынтымағына сызат түсірсе, ол түптің түбінде өзі себепкер болған дау-дамайға, жанжалға бетпебет келетінін сезінуі қажет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде əркімге ниет еткен нəрсесі берілетінін, яғни адам баласы не тапса да, ниетінен табатынын ескерткен. Діни жанжал жағдайларында дін қайраткерлері агрессиялық сезімге жол бермей, байыптылық пен байсалдылық, даналық пен сабырлық танытқаны құба-құп. Өйткені, діннің діттегені – бүлік емес, бірлік. Ешбір дəстүрлі дін адамдар арасында алауыздық отын тұтатпайды. Міне, құрылтай жұмысы халықты, дін өкілдерін осындай үлкен жауапкершілікті сезіндіруге түрткі болып, жалпы жұртты жақсылыққа жұмылдырып келеді. Съездер көтерген тақырыптар болашақта да өзектілігін жоймай, жалпы халықтың, дін өкілдерінің өзара бейбіт өмір сүруіне оң əсер ете береді деген сенімдемін. Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мəселелердің бірі. Қай діннің өкілі болсын, өз тіршілігінің тыныштығын, тұрақтылықты қолдайды. Осы тұрғыдан алғанда діндер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл əлемдік жауапкершілік. Ал осы жауапкершіліктің тізгінін Қазақстан сынды мұсылман елінің ие болуы көп жайтты аңғартса керек. Біріншіден, бұл елімізде басқаларға үлгі ретінде ұсынуға болатын сан алуан ұлттар мен діндер арасындағы татулықтың, бейбітшіл халықтың бар екендігін білдіреді. Екіншіден, елдің басым көпшілігі ұстанатын Ислам дінінің кеңпейілділігін, басқалармен ортақ келісімге келе алатындығын көрсетеді. Осындай жаһандық жиын арқылы біз еліміздің, дініміз бен діліміздің қандай екендігін жалпақ жұртқа жария ете аламыз. Діндер арасындағы үнқатысу мұсылманшылыққа да жат дүние емес. Алла тағала пайғамбарға (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен сұхбат құруға шақырған. Осылайша, Ислам діні христиандар мен яһудилерді еш серік қоспай, тек Құдайға ғана табынуға шақырады, сонымен бірге, тіпті, Алла мен ақырет күніне сенбейтін дінсіздерге де мейлінше мейіріммен жəне түсіністікпен қарауға нұсқайды.

Діни дау ћəм пенделік пікір Дін өкілдері арасындағы мұндай үнқатысу, əсіресе, мұсылмандар үшін таптырмайтын мүмкіншілік екені даусыз. Өйткені, Ибраһим пайғамбардан бастау алатын хақ дін өкілдері бастап бас қосқан осындай алқалы жиындарда мұсылман ғалымдары исламның ізгілігін сөз ете отырып, əлемде орын алған «исламофобия» төңірегіндегі жөнсіз, орынсыз да негізсіз əрекеттерді ауыздықтауға ықпал етеді деген сенімдемін. Асылында діни дау-дамай «менің ұстанған бағытым ғана дұрыс, қалғаны бұрыс, өзгелер адасуда, адамзат тек осы жолмен жүруі тиіс» деген тар түсініктен, пенделік пікірден туындайды. Ол – қате ұғым.

Араздасып емес, ардаќтасып ґтейік Барша адам баласы жалғыз Жаратушының бар екенін мойындайды жəне Одан асқан Құдірет Иесі жоқтығына күмəн келтірмейді. Бəрімізге жер, дүние, аспан, ғаламшар ортақ. Ендеше, қамшының сабындай қысқа өмірде араздасып емес, ардақтасып, дұшпандасып емес, достасып, бірлік пен бейбітшілікте, ымыра мен ынтымақта ғұмыр кешкеніміз абзал. Тамырын тереңнен тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел, жоралы жұрт қалпын, дінін сақтап қалғаны – оның еркіндікке ұмтылған ерік-жігерінің, асқақ рухының, отансүйгіш иманы мен ибалылығының арқасы. Ал имандылық салтанат құрған қоғамда азғындық пен арсыздықтың қайсы түріне де орын қалмасы анық. Алла тағала елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың кең пейілі мен ізгі ниетіне сай, бірлігімізге сызат түсірмей, жақсылығын нəсіп еткей! Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мəңгілік болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!

Ґзара тїсіністік, бейбіт ґмір – адамзаттыѕ бірегей ќўндылыќтары Астана ќаласындаєы Успен кафедралы соборыныѕ аєа священнигі Дмитрий БАЙДЕКПЕН əѕгіме – Дмитрий əкей, еліміз Президентінің бастамасымен Астана қаласында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі өткеніне он жыл толып отыр. Одан кейін де тағы үш съезд шақырылды. Əлемдік деңгейдегі осы жиындар несімен ерекшеленеді? – Мемлекет басшысы Н.Ə.Назар баев Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінде сөйлеген сөзінде: «Ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалып тастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін. Осыған байланысты барлық діндер мен конфессиялардың өкілдеріне діндер форумын тұрақты негізде өткізу ұсынысымен қайырылып отырмын. Мұндай институттың құрылуы дінаралық үнқатысудың негіздерін нығайтады, діни қайраткерлер мен діндарлардың өздерінің арасындағы сындарлы байланыстарға жүйелілік сипат береді», – деген болатын. Арада өткен он жыл ішін де Елбасымыздың осы айтқан дары жүзеге асты, əлемдік қоғамдастықтан зор қолдауға ие болды. Діндер қайраткерлері мен өкіл дері қайырымдылық пен бітімгершілік мақсаты үшін, келісім мен ынтымақтың игілігі үшін дінді құрметтеу негізінде өзара ықпалдастықтың нақты жолдарын талқылауға бір емес, төрт рет жиналды. – Дінаралық үнқатысулардың алатын орны мен маңызы қандай деп ойлайсыз? – Жалпы, дінаралық үнқатысулар мен конфессияаралық ынтымақтың алатын орны жəне оның маңызы

зор екені елімізде өткен діндер съездерінде мүмкіндігінше айтылды, жан-жақты талқыланған. Бұл – бірден-бір дұрыс жол, бағытбағдар. Өйткені, дінаралық үнқа тысу адамзатты бейбіт қатар өмір сүруге, соңғы жылдары жиі бой көрсете бастаған экстремизм мен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін болдырмауға негіз қалайды. Бүгінде əлемде дін мен сенім-нанымның атын жа мылу арқылы жасалатын кикілжіңдер мен жанжалдардың жиі көрініс беретіні жасырын емес. Олар осындай жымысқы əрекеттерін дінмен бүркемелегісі келеді. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының бір шаңырақ астында бас қосып, өзара үнқатысуы, өзара пікірлер алмасуы сол жымысқы да теріс əрекеттерге қарсы тұрып, тосқауыл қоюдың бастамасы болып табылады. Əртүрлі діндерді ұстанатын адамдарда ортақ мүдде көп екені белгілі. Дəлірек айтқанда, адамдарды түр-түсіне, нəсіліне, шыққан тегіне байланысты кемсітушілікке ешқашан жол берілмейді. Себебі, əділеттілік пен ізгілік, мейірімділік пен құрмет көрсетушілік сияқты адами қағидалар əлемдегі барлық діндер үшін ортақ. Міне, адамзаттың барлығына ортақ осындай адами қағидалардың Астанада өтіп келе жатқан діндер көшбасшылары съездерінің биік мінберінен айтылуы біздің еліміз үшін, Елбасымыз үшін үлкен мəртебе деп білемін. – Қазақстандағы дінаралық жəне конфессияаралық ынтымақтастық жөнінде не айтар едіңіз? – Тарихи дамуының ерекшеліктері тұрғысынан біздің еліміз

Рухани жаќындасу жолындаєы ныќ ќадам Берік ҚАУЫС,

Дін істері агенттігі Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының аға ғылыми қызметкері.

Елбасының игі бастамаларының бірі – Астана қаласында əлем дік жəне дəстүрлі діндер көш басшыларының форумын ша қыру. Осы ұсыныс негізінде Қазақстан халықаралық құқық субъектілерінің арасында алғашқылардың бірі болып өзі не жауапкершілік жүктеді. Осылайша, 2003 жылы Қазақстан Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезін өткізіп, əлем халықтары арасында рухани жақындасу үдерісін бастап берді. Осы Съезден соң Испания мен Түркияның бірлескен бастамасы бойынша Өркениеттер альянсы форумы, Мекке халықаралық мұсылмандар конференциясы, Мадрид халықаралық форумы жəне басқа да дінаралық, мəдениетаралық жəне өркениетаралық келіссөздер мен жиындар өткізіле бастады. Бейбітшілік пен тұрақтылықты мақсат еткен форумдар ішінде Астана қаласында үш жыл сайын

өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері ерекше орын алады. Бұл форумдар арқылы Қазақстан жер-жаһанның түрлі діндері мен конфессиялары өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік пен өзара төзімділік қағидаларын насихаттайтындығын олардың өз ауыздарымен айтқызды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін ұйымдастыру жəне өткізу арқылы халықтар мен діни көзқарастарды жақындастыруға, сол бойынша бейбітшілік құндылықтарын қалыптастыруға жасаған қадамы үшін əлем қауымдастығы Қазақстанға жəне оның басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары баға берді. Бұл – біздің мемлекет үшін абырой əрі биік мəртебе. Енді қазіргі біздің XXI ғасырда əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездері əлемге жəне Қазақстанға не берді дегенге келсек, осы халықаралық деңгейдегі іс-шара дінаралық жəне өркениетаралық келіссөздерді алға жылжыту бойынша алғашқы саммиттердің бірі болды. Съезд рухани құндылықтардың жаһандық өзара кірігу, адамдар санасында адамзаттық дəстүрлі діндерінің

көп этносты, көп мəдениетті жəне көп конфессиялы болып келеді. Өркениеттер тоғысында тұрған Қазақстан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны байланыстырып, түрлі мəдениеттер мен діндерді жақындастыруда ерек ше маңызды рөл атқарады. Қазақстанды «өркениеттер тоғысқан жер» деп жайдан-жай ата маса керек. Бұл мəселеде еуразиялық кеңістік бойынша аса ірі əлемдік екі дін – ислам мен христиандық шекарасының өтуі болып табылады. Өйткені, ислам мен православие Еуразия құрлығындағы екі ірі ұлттың діни нанымын танытады. Бүгінде бұл екі діннің қатар өмір сүруі Қазақстанның əлеуметтік жəне рухани өміріндегі тұрақтылықтың тиімді кепілі болып отыр. Мешіттермен қатар, православие шіркеуі Қазақстан халқы мен діндерін топтастыру үдерістеріне бел сене қатысып келеді. Ол – діндер үнқатысуының тұрақты қатысушысы. Қазақстандық православиенің исламмен, католикпен, басқа да дəстүрлі діндермен бітімгершілік жəне əлеуметтік қызметтестік саласындағы ынтымақтастықта тəжірибесі жетерлік. Осы арқылы біздер елімізде этносаралық, дінаралық қатынастардың нығаюына үлес қосып келеміз. Оған барлық жағдайлар жасалған. Соның бір дəлелі – 2009 жылы Астанада Успен кафедралды соборының пайдалануға берілуі дер едім. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

қасиетті идеалдарын насихаттау мен нығайту үдерісінің елеулі қозғалтқыштарының бірегейі бола білді. Съезд жұмысының жемісті нəтижесі ретінде Астанада Бейбітшілік жəне келісім сарайының салынуы, Съезд Хатшылығы жұмыс тобының қызметін атқаратын əрі дінаралық жəне мəдениетаралық үнқатысуды дамытуға бағытталған көптеген халықаралық деңгейдегі ісшаралардың ұйытқысы болып отырған Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының құрылуы – Қазақстанның өркениетаралық жəне дінаралық үнқатысу мəселелерін ғаламдық деңгейде талқылауды жалғастыра беруге мүдделі екендігін көрсетеді. Мұның айғағы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ жəне ИЫҰ-ны «БатысШығыс» үнқатысу алаңын кеңейтуге жəне əлем елдерінің мемлекет басшылары мен БАҚты осы ортақ іске белсенді қолдау көрсетуге үндеп отыр. Съездер шеңберінде түрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасында байланыс нығайды, бұл біздің ортақ үйіміз – Жер шарында бейбіт қатар өмір сүру мен үйлесімділіктің басты құраушылары болып табылатын діни қауымдастықтар арасында сенім мен өзара құрметтің артуына көмектесті. Осылайша Қазақстан əлемдік қоғамдастықта құрмет пен қолдауға ие болды.


4

25 қыркүйек

www.egemen.kz

2013 жыл

Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ Баќўл бол, батыр аєа

2013 жылғы 24 қыркүйекте 90 жасқа қараған шағында аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озды. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысының Ақкөл ауданында (бұрынғы Алексеев ауданы) өмірге келген. 1942 жылы мектептен Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның Кушка қаласындағы əскери училищеге жіберілді. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сəуір айында майданға аттанды. Осыдан кейінгі екі жыл бойы пулемет взводының, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дəрежелі Суворов орденді 301-Донецк атқыштар дивизиясының 1052-атқыштар полкі құрамында батальон командирі лауазымында жауға қарсы шайқасты. 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерінде жау қорғанысын бұзып өту кезіндегі жауынгерлік тапсырманы ержүректілікпен орындап, көрсеткен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Осыдан соң майор Сағадат Нұрмағамбетовтің батальоны рейхсканцелярия ғимаратына жасалған шабуылға қатысып, қаһарман қазақ ұланы соғысты Берлинде аяқтады. Ол 1946-1949 жылдар аралығында Мəскеудегі М.И.Фрунзе атындағы Əскери академияны тəмамдап, Орта Азиядағы Түркістан əскери округіне полк басқаруға жіберілді. Содан соң əртүрлі штабтық, командалық лауазымдарда, оның ішінде Қазақ ССР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия əскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік топ əскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары (Венгрия) қызметін атқарды. КСРО Қарулы Күштері Бас штабының академиясындағы курстарда оқыды. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1989 жылдан бастап Қазақ ССР соғыс жəне еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіндегі Ардагерлер мен Қарулы Күштер мүгедектері істері комитеті төрағасы қызметтерін атқарды. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылғы 7 мамырда республика Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 1994 жылғы 23 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен № 1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілді. 1995 жылғы қарашада армия генералы атағымен отставкаға шығып, ел Президентінің кеңесшісі болды. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1971-1994 жылдары республика Жоғарғы Кеңесіне бірнеше мəрте депутат болып сайланды. Үкімет Қаулысымен Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Оның жауынгерлік жəне қайраткерлік өмір жолындағы ерліктері мен еселі еңбектері жоғары бағаланып, көптеген КСРО наградаларымен, Қазақстанның жəне шетелдердің ордендерімен марапатталды. Бар саналы ғұмырын туған елінің қауіпсіздігі мен қорғаныс саласын нығайтуға арнаған ірі əскери қайраткер халқының шынайы зиялысы, қадірменді ақсақалы болды. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің жарқын бейнесі барлық қазақстандықтардың жүрегінде əрдайым сақталады.

Сағадат ағамыз 22 жасында қан кешкен алапат соғысқа қатысып, батыр атағын алып, жауды Берлинге дейін түре қуып, фашистердің ордасын талқандаған батыр еді. Одан кейін əскери қызметке көп еңбек сіңіріп, сонау Кеңес Одағы кезінде генерал-лейтенант атағын алған. Бұл кісінің ерекше еңбегі – еліміз егемен болып, Тəуелсіздіктің туын тіктеген тұста мемлекеттіліктің бір тірегі Қарулы Күштердің қалыптасуы мен нығаюына белсене қатысып, 73 жасында жас жігіттей жұлқына ұмтылып отандық əскер құрудың жұмысына көп еңбек етті. Ол уақытта мен Президент аппаратының Қорғаныс бөлімінде меңгеруші болып қызмет еттім. Сонда Сағадат ағамның маған айтқаны: «Ким інім, маңайыңа жақсы жігіттерді жинап, қорғаныс ісінің келешегі болуы үшін жəне əскеріміз мығым болуы үшін қажетті құжаттарды жаз. Бізге əскери доктрина керек. Мен əскери практика жөнінен жұмыстанайын, сен əскери теория барысын бекемде. Сөйтіп, еліміздің қорғанысын нығайтайық», деген еді. Ол кісінің халыққа белгілі мінезі – өте байсалды, ұстамды, əр сөзін ойлап сөйлейтін ақылмандығы болатын. Халқының алдында аса абыройлы еді. Еліміз егемендігін нақтылай түскен тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Біздерге їлгі бола білді

Ешқашан батырмын деп жар салмаған, Адам жоқ Сағадатқа таңғалмаған. Көзін жұмды қазақтың батыр ұлы, Кеңсесін Гитлердің талқандаған. Сарбаздар ұмтылып өр шешімімен, Күн туды жаудың үні өшірілген. Рақымжан Рейхстагқа ту тіккенде, Сағадат кірді атойлап есігінен. Ер еді асыл, бекзат, зиялы, адал, Қалайша оны өлімге қияды адам. Жасынан жауға шапқан қайсар еді, Батырлық даналықпен ұялаған. Елбасын сын сағатта қолдағанда, Тағы да басты берік оң қадамға. Қорғаныс министрі болды алғаш, Еліме тəуелсіздік орнағанда. Берсе де Алла сонша құзарт күшті, Сұм ажал əкетем деп ұзақ қысты. Сарыарқа саңлағынан айырылды, Алатау бір жартасы құлап түсті. Қимайды оны өлімге көңіл деген, Отырмын мұң бөлісіп елімменен. Алды жарық, иманы серік болсын, Осы екен ғой опасыз өлім деген.

Сағадат Қожахметұлы Кеңес Одағына да, одан кейін тəуелсіздігін алған елімізге де адал перзенттік парызын өтеген абзал азамат еді. Кеңес Одағының Батыры жəне Халық Қаһарманы атақтарының берілуі осы сөзіміздің айқын айғағы. Елбасы Жарлығымен тəуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі болып тағайындалуында да үлкен мəн бар. Өйткені, оның өмірлік мол тəжірибесі əскери қайраткерлігімен ұштасып жатқан-тын. С.Нұрмағамбетов – тəуелсіз еліміз əскерінің іргетасын қалағандардың бірі. Елбасы – Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас

қолбасшымен бірге тəуелсіз елдің əскерін құрысуға көп еңбек сіңірді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңде əскери мамандар жетіспей жатты. Міне, сол шақтан бастап көптеген жас офицерлерді əскери машыққа баулу жолында көп тер төкті. Солардың арасында генерал атанғандары да қаншама. Сағадат аға жастарға ғана емес, аға буын – біздерге де үлгіөнеге бола білді. 1942 жылы əскер қатарына шақырылған ол немісфашистеріне қарсы 1-Белорусь, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысты, басынан көптеген қиындықтар өткерді.

Ўстаз

Бұл бүкіл Қазақстан үшін орны толмас қаза. Біз ұстазымыздан əрі сенімді досымыздан айырылдық. Сағадат Қожахметұлы республика Қарулы Күштерінің тарихында аңызға айналған тұлға ретінде қалады. Себебі, əскери өмірде осы бір ғажайып жан əруақытта да бірінші болып отыруымен елге үлгі болды. Оны асыл азамат, ардақты ағамыздың елімізде алғашқы армия генералы атанғаны, Халық Қаһарманы атағын бірінші болып алғаны, алғашқы Қорғаныс министрі дəрежесіне талассыз көтерілгені анық айғақтайды. Ұстазымыз бізге осындай ерекшеліктерімен қастерлі. Ол – қайталанбас үлгінің иесі.

Кəкімбек САЛЫҚОВ.

Ким СЕРІКБАЕВ, полковник, əскери ғылымдар докторы.

Ґресі биік ґр тўлєа

Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Батыр

халқына жасаған қызметін ескере отырып Сағадат ағамызға Халық Қаһарманы деген атақты жəне сол атқа лайық нөмірі бірінші куəлікті табыс етті. Бұл дегеніңіз батырға құрмет, елін сүйген ерге құрмет, еңбегі артқан азаматқа құрмет! Сағадат аға көп жастарға үлгі болды, көптеген шəкірттерін генерал атағына жеткізді. Ол кісі қашанда өзінен кейінгі буынға «Сендер жассыңдар, қашанда бір шешім қабылдар болсаңдар елімнің ертеңіне себі тиеді деп ойланып барып шешім етіңдер. Еліміздің келешегі сендердің қолдарыңда, ата-бабамыз аңсап өткен Тəуелсіздіктің туын биік желбіретіңдер», деп ағалық, əкелік ақылын айтып отырушы еді. Жуырда ғана Президент орталығы ның ауруханасында жатқанында бір топ інілері алдына келіп, денсаулығын сұрап, інілік ізетпен қамқор көңілімізді білдіріп шыққан едік. Денсаулығыңызды күтіңіз, халқыңызға сіз керексіз деп кішілік көрсеткен едік. Міне, бүгін ел болып есіл ер үшін қайғы жұтып отырмыз. Алдыңыз жарық, артыңыз кеніш болсын, аға! Халқыңыз сізді ешқашан ұмытпайды. Бақұл бол, батыр аға.

Əділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

Соған қарамастан, ешқашан дауыс көтермейтін. Қандай жағдайда да байсалды əрі ұстамды қалпынан бір танған емес. Бақилық сапарға аттанған Сағадат Нұрмағамбетовтің жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Отбасына, туғантуысқандарына шын жүректен шыққан көңілімді білдіре отырып, ағамыздың жатқан жері жəннат болсын дегім келеді. Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, Парламент Сенатының депутаты, бұрынғы Қорғаныс министрі.

Сағадат Қожахметұлының өмірі, келбеті, жүріс-тұрысы, тұрпаты, сөй ле ген сөзі, мінез-құлқы, бүкіл болмысы жауынгерліктің, əскери тəртіп пен қалтқысыз қырағылықтың, батылдық пен батырлықтың, əділдік пен тазалықтың, талапшылдық пен жауапкершіліктің, мызғымас орасан отаншылдықтың үлгісі еді. Жиырмадан жаңа асқан кезінде Отанын қорғау жолындағы жан алып, жан беріскен қан майданда жеңіспен шығып, «батыр қазақ» атанған жас жігіт бүкіл өмірін əскери-патриоттық еңбек пен Отанын сүйіп, қорғай алатын ұрпақ тəрбиесіне арнады. Өз заманындағы əскери лауазымның биік дəрежесіне жетті. Сағадат Қожахметұлының мол əскери білімі мен тəжірибесі еліміздің тəуелсіздік алған алғашқы жылдарында жаңа қорғаныс доктринасын қалыптастырып, жүзеге асыруда айрықша қызмет етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сағадат Нұрмағамбетовті Тəуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі лауазымына тағайындап, қиын кезеңде армия генералы атанған

Шапаєаты мол жан еді

Бүгінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орны толмас ауыр қазаға душар болып отыр. Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озды. Сағадат Қожахметұлы еліміздің қорғаныс саласының негізін қалап қана қойған жоқ, сын сағаттарда ұдайы Елбасының жанында болып, осы саланың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Ол Ғабең (Ғабит Мүсірепов) айтқандай: «Тұла бойы тазалықтан

ғана, бауырмалдықтан ғана, айнымас, бұлжымас мейірімділіктен ғана жаралған» жан еді. Көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы көп тиген абзал аға еді. О, бастан өлмек айқын. Бұл пəниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел де жоқ. Бірақ төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген Сағадат Қожахметұлын өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны. Аты аңызға айналған абзал ағамыздан, ұлағатты ұстазымыздан айырылдық.

ағамыз осы аса күрделі саланың негізін қалап, шаңырағын көтерді. Жас мемлекетіміздің Қарулы Күштерін кəсіби тұрғыдан бəсекеге лайық сапаға бейімдеді. Сөйтіп, өзінің дарынды қолбасшы екендігін бейбіт өмірде де елімізге көрсетіп, ұрпақтар ұмытпайтын ұлағатты іс атқарды. Сағадат ағаның өмірі ерлікпен егіз. Елбасы қолбасшының біздің мемлекетіміздің тəуелсіздігін нығайтудағы айрықша еңбегін жоғары бағалап, оған бірінші нөмірлі Халық Қаһарманы құрметті атағын беруде үлкен мəн, мағына жатыр. Сағадат Қожахметұлының тұлғасы тұғырлы, өресі биік, қазақ баласы үлгі алып өсетін ерекше бейне. Ойы сергек, ақылы артық, қайраты мол дарынды сардар еді. Ағамыздың жүрістұрысынан үйренетінбіз, үлгі алатынбыз. Амал нешік... Жаныңыз жəннатта болғай, ардақты аға, асыл тұлға. Қуаныш СҰЛТАНОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты.

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы парасатты, жаны сұлу адам еді. Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтын, кемшілікке төзбейтін. Лауазымы қандай дəрежеде болса да, адамның қателігін бүкпесіз бетіне айтатын. Ел арасында Төле бидей болмаса да, төбе бидей баянды беделі бар, өнегесі өзгеше, шапағаты мол, ортамызда жүргенде «хансың» деп, «ханға лайық жансың» деп бағалайтын асыл азаматына туған халқы жүрегінен орын беріп, əрқашан есте сақтайтынына сенімім зор. Абай ТАСБОЛАТОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Соѕєы сўхбаты «Егеменде» шыќќан-ды

Сағадат Қожахметұлын Орта Азия əскери округіндегі қызметі кезінен білуші едім. Ол кезде мен сол округтегі орталық газеті «Боевое знамя»

редакциясында бөлім меңгерушісі болатынмын. Əлі есімде, алғашқы іссапарым алыстағы Ош, Душанбе əскери гарнизондарынан Сағадат Қожахметұлымен

бір ге басталып еді. Сон да таңғалып едім ге нералдың адам герші лігі, ақыл дылығы, парасаттылығына. Уа қыты тығыз болса да, əр сарбазбен жеке сөйлесіп, тек жауынгерлік да йындығы туралы ғана емес, олардың əкеше шесі, туған жері жөнінде əңгіме қозғап, көңілдерін көтеретін. Сол кездескен сарбаз, сержант, офицерлердің аттарын есінде сақтап, келесі жолы олардың жағдайын командирлерден сұрастыратын. Ойы, жүрісі бəрі де салмақты еді. Қорғаныс министрі болған кезінде армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов таңғы жұмысын ақпараттармен танысудан бастаушы еді. Ол кезде мен Қорғаныс министрлігіндегі «Қазақстан сарбазы» газетінің бас редакторы едім,

газет келмей кешігіп жатса, өзі телефон соғып, жағдайды сұрайтын. Қандай журналист болсын, сұрақтарына қазақ, орыс тілдерінде толық жауап беретін. Ешкімнің көңілін қайтармайтын. Соңғы сұхбатты Сағадат Қожахметұлы «Егемен Қазақстан» газетіне өткен жылы 8 мамырда берген еді, интервью тақырыбы «Қуатты əскер – тұрақтылық пен қауіпсіздік кепілі» деп аталған болатын. Соңғы рет телефон соққа ным да, кішкентай бала сияқты қуанып, өзінің ойы мен бөліскен: «Құдай бұйыртса, келесі жылы 90-ға толған туған күніме орай тағы да сұхбат берермін. Естелік аз емес. Олар ескірмейді ғой. Жүздеген, мыңдаған жылдар, ғасырлар өтер, сол кезде де біздің ұрпағымыз Отан үшін от кешкен батыр бабаларын бүгінгідей еске алып, ардақтап мақтан тұтатынына мен сенемін. Əкелер мен бауырлардың, азаматтар мен балалардың бірінен соң бірі майданға аттанғаны əлі күнге көз алдымда...» деген еді. Бүгін батыр ағамыз өмірден өтіп, тек ұрпақтары, естеліктері ғана қалды. Сапарғали ЖАҒЫПАРОВ, əскери журналист.

Генерал-лейтенант Н.Э.Берзарин капитан С.Нұрмағамбетовке Кеңес Одағы Батыры атағын алуына байланысты Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалін тапсыруда. 1945 жыл. Наурыз.


25 қыркүйек

ІК

ІЛ ТІРШ

2013 жыл Біз Розовка ауылында орналасқан «Киров» серіктестігіне Антуан Лекривен есімді француз жігітін іздеп келдік. Газеттің белгілеген жоспары бойынша, осы жазып отырған мақаламыз тамыз айында шығу керек еді, бірақ, жігітіміз Францияға, Парижге демалысқа кетіп қалып, біраз күтіп қалдық. Елінен келіп отырған беті осы екен. – Туған жердің аты туған жер, сағынасың ғой. Əке-шешем, атам осы жаққа, ауылды көргілері келіп, жақында ғана қонақ болып қайтты. Бəрінен бұрын мен оларға мына, кең көсіліп жатқан даланы көрсетіп, таңқалдырғым келген еді, – дейді Антуан. Енді міне, осы даладағы күзгі жиын-терін, қызу жұмыс басталды да кетті. Орыс тілін осы жаққа келгелі аздап үйреніп алыпты. Қазақ тілінде «жарайды», «рахмет», «сау бол» деген сөздерді айтады. «Жұқа нан салынған ет жеймін, дəмді сорпа ішемін. Қымыз қандай! Нан-тоқаш, бауырсақ көп», – дейді. Мамандығы бойынша инженер-зоотехник 28 жастар Антуан Лекривен оқу бітірген соң, жас маман ретінде мал шаруашылығы жақсы өркендеген Австралияда, өз елі Францияда еңбек етіпті. Ауылдың 400-дей тұрғыны еңбек ететін серіктестікті басқарып отырғанына 4 жылдай уақыт болыпты. Жалпы «Киров» атындағы бұл шаруашылық 2008 жылы Францияның «Laktalis» компаниясының иелігіне өткені де белгілі. Ал, бұл компанияның Алматыдағы «Фудмастер» аталатын филиалы ауылдағы серіктестіктеріне қаржылай демеушілік жасап отыратын көрінеді. Жуырда, Розовка ауы лындағы «Киров» атындағы серік тес тікке сүт өнімдерін дайындайтын «Фудмастер» компаниясының өкілдері келіп қайтты. Серіктестікке қарасты егістік алқаптарын суару бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба жұмысын өз көздерімен көрді. Инвестициялар өңір экономикасы мен ауыл тұрғындарына көмек деген сөз. Осы «Фудмастер» компания сы 2006 жылы Розовка ауылындағы «Киров» атындағы серіктестіктің өнді рістік кешенін сатып алып, іске қосқан. Қазір серіктестіктен облыс орталығындағы сүт зауыты күніне 150 тонна шикізат қабылдайды. Кəсіпорын енді салқындатқыш құралдарының көмегімен жаз мезгілінде шығаратын сүт өнім дерінің мөлшерін көбейтуді қолға алуда. Ал, «Киров» ЖШС алдағы уақытта өндірілетін сүттің жылдық көлемін 5,2

миллион литрге жеткізбекші. Сауын сиырлардың санын 1000 басқа, малдың қыстық жемшөбін əзірлеу үшін суармалы жер көлемін 1000 гектарға жеткізіп, одан 20500 тонна жемшөп жинауды жоспарлап отыр. Бұл күндері облыс орталығындағы «Фудмастер» компаниясының фермаларында дайындалған сүт өнімдері еліміздің солтүстік, орталық жəне батыс өңірлеріне жіберіледі. Негізінен

Францияға жібере қоймас, – деп жатырмыз қалжыңдап. – Бірақ, осындай тамаша елде, жерде, ауылда жүріп неге қазақ тілінде аз сөйлейсіздер? – деп сұрақ қойғанда үнсіз қалдық. Ұялған жеріміз осы болды. Ауылымыздың аты Киров, ауда нымыздың, облысымыздың аты Павлодар деймісің толып жатыр, шеттен

келген француздың таңғалып тұрғаны да осы ғой. Шаруашылық басшысы Антуан Лекривеннің айтуынша, алдағы уақытта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша сүт өндірісін дамытуға 150 миллион теңге көлемінде субсидия алу жоспарлануда. Өтініш аймақтық үйлестіру кеңесінің мəжілісінде

п і р і с ґ і р е г ї ж а Ауылд з у ц н а р ф н е г р ї ж Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

француз жігіті берер өнімі мол кең даламен жұмыс жасаймын деп келген Павлодар ауданы облыс көлемінде қара мал өсіретін ірі шаруа қожалықтарымен ерекшеленеді. Мұнда мал, егін шаруашылығы жақсы дамыған. – «Мангуст 21176», «Дубок 21020» атты элиталық рекордтар жасай алатын симменталды асыл тұқымды бұқаларын сатылымға қойдық. Екі жарым жасар «Дубок 21020 бұқасы» 615 келі салмақ жинаса, оның əкесі «Максимум 0740» 900 келі болды, – дейді Антуан. Міне, біз Антуанның жеңіл көлігімен шегі жоқ шетсіздей көрінген жүгері алқаптарын аралап келеміз. Айнала толы жап-жасыл алқап, қаптаған жүгері. Піскен, тек жиналып алуын ғана күтіп тұр. – Даланың ауасы қандай! Сіз қаладан келдіңіз ғой, қараңызшы дала қандай керемет! Ал, бізде мұндай дала жоқ қой, – дейді ол сүйсінісін жасыра алмай. Ауылда өскен біз сонау Францияда туған мына жігітке қарап, Парижге ғашық болудан гөрі – далаға ғашық болудың кереметі қалай болады екен, ə?!» – деп күлдік. – Бұған əрине, сөз жоқ, сөз жоқ. Керемет! Байлық! Дала! Жер! – деді қайталап. – Əйелің қарағандылық, балашағаң осы жерде болса, аралас некеден туған қазақ қаны бар қызымыз болса, біздің дала сені қайта

е бойында көбінесе көш өп елемейді. , н ға та ұс ғы ды ж ұрт к ына сыпыр киіп, қолдар бергеннен кейін бе, бұ лар йтті, кімдер екеніне е к ет ел ж л ріне қызы үнде көре не үшін бү болсаңыз, үсте өрмеуіңіз мүмкін емес. К л қылығына таңғалып, налысатын мекеменің н ы ат р тұ а к ад бұ ай ң туы ды Егер cіз қал мсыз жандар əрі- бері өтушілер оларды з «Қаланың тазалығымен намда бірден «олар не ай ы н ты ау н ы н, бірақ қанда са бір ағамы жүретін ос ін бүркеп алға » деп хабарлас ратыны жоқ, еке Кейбірі беттерқ танытпайды да... Жасы елелерін жазсаңдаршы... еше шағын, ж й үлкен н р бі ен əс м ы м л ғы ы да ы қызығуш , олардың ның тазал ейін осында сұхбаттасып мкент қаласы көңілден шықпағаннан к «айран бар, сүт ы Ш ін й де бастығымен н ой жылт ете қалған. н тұрғындары лыпты. Оға теп, тірлігі мүмкін?» деге ЖШС 2006 жылы құры ж ұмысты бір-біріне сіл ыс істейді. Бұрын қала ылдары осы көше бір ісі ұм ақ с» ж «ЛТД Тұрмы лар айналысқан екен, бір еде 800 -ден астам адам ж ан оянатын болса, соңғы тық, ерте тұрған əйелдің н бір а ем н меншік фирм е келеді. Бүгінде бұ л мек бек əйелдерінің айқайы тұрған еркектің ырысы арұмысшыларының ырысы өз н ж ег те и ін р үн ет «Е д р . ү е ж ды ем мек н бұ л мекеме таңмен таласып келіп, тү жоқ. қағып ын бол ты ін ат ай іг ст ес аш ң ба ін ді өз ін к а үй іг бар» деп, əр рдың тасыр-тұсырынан , түртінектеп жүріп тірл таппайды ғой. Жұмысқ ыс» деген түсінік атымен м л п тазалайтында түн қараңғысынан тұры . Себебі, күні бойы тыны -жексенбі, мейрам, дема , бі із н зс ен ге е үшін «с қ екені сө артық» де нда, бұ л мекем ал, бір ісі арты құ дай біледі, қайтқанды былай қойға ен қараңғысым

Ы Ш У Р Ы П Ы С Е Ш Ґ К Осындай еңбек иелерінің жұмысын жұрт лайықты бағалай бермейді

– Біздің жұмысшылардың күні бойы істеген тірлігін бір адам бір сəтте ғана жоққа шығаруы мүмкін, – дейді «ЛТД тұрмыс» ЖШС-інің директоры Гүлнəр Сапарымбет. – Мысалыға, Шымкенттің ең көрікті көшесі Қонаев даңғылын таңертең айнадай етіп жарқыратып қойсақ, мəдениетсіз бір адамдар артынша қоқыс тастап, оны көрген əкімдер немесе қонақтар «қала лас екен, көшелеріңнің тазалығы жоқ» деп баға бере салатыны анық. Күн сайын өзім жəне үш орынбасарым таңғы сағат алтыда тұрып, көшелердің тазалығын қадағалаймыз. Білесіз бе, тазалықпен бірге ырыс, береке келеді. Көшенің мұнтаздай тазалығы таңертең жұмысына кетіп бара жатқан кісіге жақсы көңіл-күй, қуат, күш сыйлайды. Қалаға келген қонақ ең алдымен тазалығына қарайды. Біздің мекеменің жүрмейтін жері жоқ. Тазалықты былай қойғанда, былтыр Самал, Забадам шағын аудандарында су тасығанда тура төтенше жағдай мекемесі сияқты, жұмысшыларымыз бен техникамыз аяқтарынан тік тұрып қызмет етті. – Əлгінде өзіңіз айтқандай, шынында қанша жерден тік тұрып қызмет етсеңіздер де қала тұрғындарының мəдениеті болмаса тірліктің бəрі бекер кеткені емес пе? – Дұрыс айтасыз. Тазалыққа тек біздің мекеме емес, əр адам жауапты болуы тиіс. Туыпөскен жерім болғандықтан Шымкент мен үшін дара қала. Халқы қонақжай, дарқан, кеңпейіл. Бірақ, əйтсе де шымкенттіктердің тазалық жөнінде мəдениетін, түсінігін əлі де көтеру қажет. Ата-ана ойын баласын «қоқысты төгіп кел» деп жұмсай салады, оны шынында арнайы темір жəшікке апарды ма, жоқ па, əлде аулаға, көше бойына лақтырып кетті ме, қадағаламайды. Шынын айту керек, халық қоқысты қай жерге болсын төге салады да «ақысын төлеп жатырмыз ғой» деп, бізге міндет қылады. Жалпы, бұл мəселемен тек көше тазалаушылар ғана емес,

қоғам болып айналысу керек. Сондықтан мектепте 1-сыныптан бастап тазалық мəселесіне арнайы сабақтар өту керек. Баланың жастайынан тазалыққа үйренгені ата-анаға да, мұғалімге де абырой. Жасыратыны жоқ, кешегі Кеңес одағының тəрбиесін көргендер, яғни аға буын тазалыққа өте жақсы қарайды. Енді жаңа заманның да жастарын осылай тəрбиелеу қажет. Біздің мекеме облыс орталығының 40 көшесінің бойындағы жасыл-желекті күтіп-баптап ұстауға, негізгі 77 көшенің жəне 5 канал мен өзендердің тазалығына жауапты. Көше тазалауға қандай адамдардың келетінін іштеріңіз сезеді. Көбінесе жағдайы жоқ, зейнеткерлікке шыққан, былайша айтқанда, басқа жерден орын таппай, осынау ауыр да азапты жұмысты істеуге мəжбүр болған жандар келеді. Бірақ бұл жандардың еңбектері өте адал. Көше тазалау қиын емесау, ең жаманы, қаланың кейбір мəдениетсіз тұрғындары біздің қызметкерлерді кемсіткені жаныңа батады. Тіпті қол жұмсап, соттасқан кездеріміз де болған. Былтыр арнайы көлікпен қар тазалап жүрген бір жүргізушіміз «Жолдың шетінен көлігіңізді алыңыз, қар тазалаймыз» дегені үшін оны көлік иесі темірмен ұрып, қолын сындырған. Меніңше, адал еңбек етіп тапқан наннан қадірлі ештеңе жоқ. Жұмыстың үлкен-кішісі, қадірлі-қадірсізі болмайды. Ең бастысы адал еңбектену. Көше сыпырамын деп намыстанудың қажеті жоқ. Өз басым осы мекемені басқарып отырғанымды мақтан тұтамын. Жəне əрбір жұмысшыммен мақтана аламын, əрқайсысына иіліп сəлем бере мін, алғысымды айтамын. Бұл ең қажет мекеме. – Шымкент қаласының ауасы, экологиясы таза болу үшін шетінен жасыл белдеу, яғни айналдыра ағаш отырғызылып жатыр. Бұл істің барысы қалай? – Қала күн сайын көркейіп, етегін кеңге жайып келе жатыр. Сондықтан тек құрылысты

қаптатып, жерді үй салуға бөліп бере бермей, жасыл-желек мəселесіне де көңіл аудару қажет қой. 2009 жылы облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қала сыртынан 1000 гектарға жасыл белдеу жүргізу жұмыстары басталды. 400 мыңдай ағаш отырғызылды. Бұл жасыл аймақты күтіп-баптау алғашында басқа мекемелерге жүктеліп еді, ақырында біздің мекемеге сеніп тапсырылды. Биылдан бастап бұл іске 50 миллиондай теңге қарастырылды. Биыл жазда қураған ағаштардың орнын ауыстырдық. Алдағы уақытта жасыл белдеуді 10 мың гектарға жеткізу жоспарда бар. – Ұмытпасам, осыдан бір-екі жыл бұрын Астана қаласын тазалайтын мекемелер ең көп

5

www.egemen.kz

қаралып, мақұлданыпты. Қазір жобалықсметалық құжаттар əзірленуде екен. Шаруашылықта егіннің жайқалып, шығымды, дəнді болып өсуін агроном Зұлқарнайын Мұстафин қолға алған. Егістік алқабы жыл сайын ұлғайып келеді. Өткен жылы 250 гектар суармалы жер игерілсе, биыл тағы 150 гектар жер қосылмақ. Тіпті, ауыл мен алқаптар арасын қосатын 7,5 шақырымдық электр сымдарын да өткізіпті. Антуанмен бірге бригадир Виктор Фрик жəне бас инженер Артур Моргенштерн, тағы бір француз Элен Кийе еңбек етуде. – Өкініштісі, – дейді Антуан, – шаруашылықта жұмыс жасауға адам қолы же тіспейді. Механизаторлар, сауыншылар аз. Шаруашылыққа қарайтын 25 үй жəне 2 жатақхана бар. Жұмысшыларға ет арзан бағамен беріледі. Жерімізде, ауылымызда сонау Франциядан келіп Антуандар еңбек етіп жүргенде, біздің жастарымыз қалада жүргені көңіл құлазытады. Ауылдан жастар қашып кеткен бе деп қарадай ұяласың. Соңғы жылдары ауданда жерасты суларының көздері аршылып, бұрынғы артезиан құдықтары қайта қолданыла бастады. Бұл егістік жерлерді суаруға, халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге де үлкен көмек. Ал, судың тапшылығы жəне құрғақшылық егін егуге кері əсерін тигізіп келді. Мысалы, Антуан Лекривен басқаратын серіктестік кеңестік кезеңнен қалған артезиан құдықтарын тазалауда. Жерасты су қорларын барлап, зерттеді. Нəтижесінде бітеліп қалған құдықтар қайта ашылды. – Судың тапшылығы, егін егуге кедергі келтірді. Сондықтан, бұрынғы жерасты суларының ошақтарын пайдалануды жөн санадық. Біздің «Киров» серіктестігі осы жерді жасанды суару үшін, 90 миллион теңге қаржы шығарып, биыл 5 құдықты жөндеді. Осы жылы 250 гектар егін алқабын суарып отырмыз. Бұл жобаны 2018 жылға дейін жалғастырып, тағы 15 құдықты тазалап аламыз, – деп Антуан бізге өздері жүзеге асырған жұмыстарын көрсетіп жатыр. Құдықтары жаңа қондырғылармен жабдықталған. Егін алқаптарын суару кезінде ғана іске қосылады. Иə, елiмiзде жерасты суларының көлемi қаншама мол болса да, ауылдарымыз

жол ережесін бұзатындар қатарынан екенін естіп едім. Сол кезде олар «Мұндай мекемелерге арнайы рұқсат беру керек» деп мəселе көтеріп еді... – Ол рас. Жұмыс уақыты кезінде біздің мекеменің көліктері көше бойында орнатылған жол полициясының арнайы фотоаппараты мен бейнекамераларына өте жиі түседі. Аптасына 10-15 көлігіміз осындай ескертулер алады. Меніңше жұмысты тиімді əрі тез істеу үшін біздің мекеменің көліктері жол ережесін бұзбауы мүмкін емес. Көбінесе, олар жол ортасындағы екі жолақты басып өтіп, айыпты болып жатады. Сонда өзіңіз ойлаңызшы, көшенің екі бетінің бойына жиналған шағын қоқысты алу үшін олар екі жолақты баспастан бір-екі аялдама жерді айналып келуі керек пе? Мұндай жайбасарлықпен кешке дейін тазалап бола алмайсың ғой. Сондықтан көше бойын тазалайтын көліктерге жол полициясы тарапынан арнайы рұқсат берілуі керек. – Бізде қоғамдық орындарда тазалық сақтамағандарды жазалайтын арнайы заң бар. Бірақ бұл бойынша жазаға тартылып, айыппұл төлеп жатқан жандар шынында бар ма? – Енді ел іші болған соң, ондай тəртіп бұзу шылықтар болады ғой. Бірақ, өз басым жергілікті полицияның тазалық сақтамағаны, тəртіп бұзғаны үшін адамдарды қамап, көше тазалауға, басқа да қоғамдық жұмыстарға тартып, шара қолданып жатқанын көрмеппін. Осы жөнінде біз қалалық əкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне хат жазғанбыз. Шынында салынған айыппұл қайда кетеді? Біздің сол жерді тазалауға жұмыс күшіміз, ақшамыз кетті ғой. Осыны түсініп жатқан ешкім жоқ. – Əрине, бұл мекемеде жұмысшы көп. Бірақ, бəрібір қаланың тазалығы техниканың күшінсіз бітпейді. Көлік көп болған сайын жұмыстарыңыз да жеңілдейді. Техника мəселесін қалай шештіңіздер? – Техника алу мəселесі де кезінде əбден жыр болған. 2006 жылы лизинг арқылы бірнеше көлік алынды. Бірақ, соның қарызынан құтылу өте қиынға соқты. Осы мекемеге директор болып келген кезде бір нəрсеге қатты таңғалдым. Бұл мекеме заңды жақсы білмегендіктен шығар, несиенің негізгі ақшасына емес, үстіндегі өсімпұлға

əлі ауыз суға жарымай отыр. Бір есептен оған өзіміз де кінəліміз ғой. Əйпесе, мына Антуандар сияқты талай жыл тазаланбай жатқан құдықтарды су шығарамын деп тазалап, электр сымдарын тартып, жарық жағып ауылдың өркендеуі үшін жұмыс жасап жүрмейміз бе?.. Бұл жұмыс неге біздің өзіміздің қолымыздан келмейді?.. – Жалпы, жерасты суларын түрлі мақсаттарға пайдалануға болады. Мəселен, мына жүгері алқабы тереңдігі 800 метр болатын бес артезиан құдығы арқылы суарылады. Құдықтан шыққан су ұзындығы 400 метр болатын фрегатқа таралып, егін алқаптары шашырату əдісі арқылы суарылады. Жерасты суларын пайдалану мол өнім алуға мүмкіндік береді, – дейді Анутан. Жалпы, «Киров» серіктестігіндегі ауыл шаруашылығына жарамды жердің жалпы көлемі 36561 гектарды құрайды. Соның 12 мың гектарына қыс мезгілінде малға беретін дəнді дақылдар егіледі. Қазіргі таңда осы жылға белгіленген жоспардың 50 пайыздан астамы орындалған. Сонымен бірге, жалпы көлемі 1000 гектар болатын суармалы алқап құру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның жалпы құны 1144,0 миллион теңге тұрады. Серіктестіктің өткен жылғы инвестиция көлемі 100 миллион теңге болса, осы жылы салым мөлшерін 150 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Шаруашылықтың негізгі бағыты асыл тұқымды ірі қара мал өсіруге арналған. Мал басы – 1700. Өткен жылы бір сиырдан орташа есеппен 4657 литр сүт алыпты. Қарамағында мал шаруашылығы кешені жəне бірнеше суармалы техникалары, көктемгі егіс жұмыстары мен науқандық жинау жұмыстарына арналған 70-тен астам комбайн, тракторлары бар. Көпшілігі – соңғы үлгідегі заманауи техникалар. Шаруашылық ауылдың əлеуметтік саласына да демеуші. Мектеп пен балабақшаға тегін ет жəне сүт өнімдері беріледі. Франциядан келген Антуан əне, көлігіне мініп алқаптарды аралауға кең далаға беттеп кетіп барады.

Павлодар облысы, Павлодар ауданы.

шырмалып қалған екен. Сонда қараңыз, 432 миллион теңге несие алынса, 756 миллион теңге қылып қайтаруымыз керек. Əне, бірде-бір басшы несиені ертерек қайтарса, мұндай шығын болмайтынына бас ауыртпаған ғой. Мен осы басшылық қызметіме кіріскен кезде несиенің қарызы 63 миллион, өсімпұлы 123 миллион теңге екен. Қалалық əкімдік көмектескісі келді, бірақ, бюджет көтермеді. Содан өз мəселемізді өзіміз шешуге кірістік. Құдайға шүкір, тығырықтан шығар бір ғана жол – кепілге дүние қойып, тағы несие алу керек болды. Содан бес банкке бардым. Төрт банк біздің жағдайымызды түсінгісі де келген жоқ. Тіпті «Казком»-ның жергілікті басшылығы сөйлескісі де келмеді. Бізді түсінген тек «Темірбанк» болды. Кепілге қойылатын дүниелерімізді қаттап, көмек қолын созды. Одан «Астана финанс» лизингтік компаниясына үлкен рахмет. Өсімпұлды алып тастады. Бірақ негізгі несиені 1 ай көлемінде төлейсің деген шарт қойды. Егер құтыла алмасақ, көліктерді алып қоюға міндетті болды. «Темірбанктің» арқасында сөйтіп 5 жылдан бергі қарызымыздан 1 айдың ішінде құтылдық. Кей кездері ойлаймын, шындап кіріссең шешілмейтін мəселе жоқ. Ең бастысы, жанашырлық ниет керек. Қазір техникалық базамыз өте жақсы. Лизинг арқылы 102 техника алғанбыз, жақында Ресейден тағы да 11 көлік алып жатырмыз. – Жұмысшылардың əлеуметтік мəселелері қалай шешілген? – Біздің еңбегімізді тек жұрт бағалайды. Əрине 800 адам жұмыс істеп жатқан мекемеде тəртіп мəселесінде бір сəт те босаңсуға болмайды. Осы 800 жұмысшының тағдыры – менің тағдырым. Мен осы мекемеге басшы болып келгенде бір мəселе мазалады. Жұмысшылар көбінесе шаң-тозаңда, шақырайған күннің, шытынаған аяздың астында жұмыс істейді. Денсаулықтары қалай? Басты байлығын күтіп ұстауға мүмкіндіктері, уақыттары бола ма? Содан жұмысшыларды жаппай медициналық тексеруден өткіздім. Бұл іске осындағы «Эскулап» медициналық бірлестігі қолдау көрсетіп, 804 жұмысшыны түгел тексерттім. Тіпті еңбек демалысында жүргендерді көлік жібертіп алдырттым. Алғашында 22 адам туберкулезге шалдыққан деген күдік болды, бірақ, абырой болғанда, екеуінікі ғана дəлелденді. Екеуіне де емделуіне көмек бердік. Сосын жұмысшылардың өздерін шипажайға, балаларын лагерлерге жібере бастадық. Биыл 90 бала лагерге барып келді. Бір тəулік бойы жұмыс істейтін болғандықтан, асхана аштық. Содан ба, қазір «жұмыстан босатамыз» десек, қызметкерлеріміз оңайлықпен беріле қоймайды. Тəртіп бұзған бірнеше адамды жұмыстан босатайық деп едік, құдай сақтасын, жан-жақтан телефон соғу қаптап кетті. Тіпті, əжептеуір қызметі бар шенеунік, депутаттар телефон шалып, əлгілерге араша түсті. Шынымды айтсам, мен бұған қуандым. Адамның жұмыстан кеткісі келмей, осылайша жанталасқаны, өз кəсібін сүйгені де... Меніңше, бұл үлкен жетістік. P.S. Тегінде «Көп еңбек еткенге бақыт та басын иеді» деген рас сөз ғой. Жақында Саудаөнеркəсіп рейтингі жəне ҚР Ұлттық бизнес-рейтингі ұйымдастыру комитеті «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ін осы саланың 2013 жылғы көшбасшысы жəне еліміздегі ең үздік 5 кəсіпорынның бірі деп тапты. Əңгімелескен Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.


6

Тегін медициналық ем бүгінгі денсаулық сақтау жүйесінің басты бір базалық бағыты болып табылады. Əлеуметтік-тұрмыстық маңызы өте жоғары осы салаға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыландыру көлемі де жыл сайын өсіп келеді. Өйткені, əлемдік медицина үнемі алға даму, жылжу үстінде. Соңғы уақытта əлемде диагностика мен ауруларды емдеудің жаңа əдістері мен тəсілдері пайда болуда. Мұның бəріне қыруар қаражат жұмсалатыны түсінікті. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Оған қоса медицина қызметкерлерінің мамандығын көтеру, жаңа медициналық қондырғылар сатып алу, ескірген ауруханалар мен емханалар жəне клиникалар ғимараттарын қайта жаңғырту, оларға менеджмент жəне сапалық бақылау жүйесін енгізу қажеттілігін қайда қоярсыз? Бұл жұмыстардың бəріне қаржы дəнекер болғанымен, басты мақсат – медицина ұйымдарының қызметін халықаралық стандарттарға сəйкестендіру. Міне, осындай бүгінгі күннің өзекті мəселесі аймақтық денсаулық сақтау жүйелерінде қалай шешілуде? Ең алдымен айтарымыз, жоғарыда көрсетілген бірқатар мəселелерді реттеу ге биылғы жылдың төртінші шілдесінде қабылданған ҚР-ның «Концессиялар» туралы заңы жаңа бір леп əкелгенін басын ашып айтуға тиіспіз. Бұл заңның басты ерекшелігі неде? Біз осы сауалды Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Хамидолла Ирменовке қойған едік. «Концессия – мемлекеттікжекеменшік серіктестікті жүзеге асырудың бір жолы. Концессиялық келісімнің түпкі мəні мемлекеттік меншіктегі нысандарды жеке инвесторлардың уақытша пайдалануына жол ашу. Сонымен бірге, концессионер қаражаты

бастама қазақстандықтардың жаңа сапалы медициналық көмек алуы үшін жасалып отырғанына көз жеткіздік. Ал, кейбір тұрғындар қауіп еткендей медицина мекемелерін жекеменшіктің қолына беру жөніндегі мəселе Денсаулық сақ тау министрлігінде мүлдем қозғалмағанын да анықтадық. Рас,

КӨКЕ

жалғастыра түспек. Сонымен бірге, медициналық қызмет көрсету үрдісі мүлдем өзгермейді. Бұрынғыша қала береді. Ең бастысы, кепілді медициналық көмек көрсету тəртібіне ешқандай нұқсан келмейді. Мұндайда тек көрсетілген медициналық қызметтің тиімділігі мен сапасы артуын ғана күтуге болады дейді сала мамандары. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы əңгіме қозғалған кезде елімізде бұған дейін жақсы нəтижемен медициналық көмек көрсетіп келген жекеменшік медицина мекемелерінің іс-тəжірибесін де ұмыт қалдыруға болмас еді. Солардың бірі Орал қаласындағы «Медицина орталығы» ЖШС көп салалы типтік үлгідегі ауруханасы. Мұндағы стационарлық емдеу жүйесі 200 кереуетке лайықталса, емханада бір ауысым-

да жұмсалады. Мұның сыртында мамандардың біліктілігін көтеруге де қыруар қаражат бөлінеді. Осы қосымша шығындар мемлекет есебінен төленетін тиісті кепілді медициналық көмектің өзіндік құнын арттырып жіберетіні айтпаса да белгілі. Биылғы жазда күшіне кірген «Концессиялар» туралы ҚР заңы шеңберінде мемлекеттікжекеменшік серіктестікті дамытудың экономикалық тұрғыдан алғандағы тиімділігі де осында болса керек. Сөз жоқ, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы концессия жағдайында да аса жауапты əрі міндетті іс. Меншіктің қандай түрі болғанына қарамастан, медициналық ведомстволар жоғары біліктілік талаптарына жауап беруі тиіс. Бұл өз кезегінде аккредиттеу, медициналық қызметті жүргізу ісі, халықаралық стан-

н е г е д » ш а л «А . . . н а є л о б т газе

Қ

мұндай үлгідегі жекеменшік медициналық мекемелер республика аймақтарында баламалы негізде біраз жылдардан бері қызмет жасап жүр. Алайда олардың өзі тегін медициналық кепілді қызметтің көлемінде жұмыс атқарып келеді. Тіпті, Орал өңірінде сапалы медициналық көмек беру арқы лы «үздік жекеменшік клиника» атанып, тұрғындардың сеніміне ие болған медициналық орталықтар да бар. Сəл кейінірек оған кеңірек тоқталмақпыз. Ең бастысы, бұл арада жекеменшік капиталды заң тармақтарына сəйкес денсаулық сақтау жүйесіне тарту –

Жекеменшік капиталды заң тар мақтарына сәйкес денсаулық сақтау жүйесіне тарту аталған саланы одан әрі дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеруге қажет. бірқатар батысқазақстандықтар терең түсіне, терең түйсіне алмауында. Соның салдарынан тұрғындардың кейбір бөлігінің арасында: «Алдағы уақытта бірқатар мемлекеттік ауруханалар мен клиникалар жекеменшіктің қолына өтеді екен. Өз кезегінде олар қызметтеріне жоғары ақы қояды екен» деген алыпқашпа сөз тарағаны да жасырын емес. Дəл осы мəселеге алаңдап, қауіп еткен оқырмандардың бір тобы тілшілер қосынына да хабарласты. Сондықтан оқырмандар тілегін аяқсыз қалдыра алмай, бүгінгі күннің тақырыбына байланысты арнайы мамандармен, мемлекеттік жəне жекеменшіктегі денсаулық сақтау жүйесі жетекшілерімен ойпікір алмасқанды жөн көрдік. Журналистік зерттеулер мен түйіндеулер мұндай алаңдаушылықтар қажетті ақпараттардың жеткіліксіздігінен орын алғанын көрсетеді. Керісінше, елімізде қанат қаққан бұл

2013 жыл

ХХ ғасырдың басында қазақ даласында бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс ұлғая бастады. Қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері Ресей империясының Петербург, Мəскеу, Уфа, Қазан, Орынбор, Омбы, Саратов, т.б. қалаларында оқып жүрген кездерінде сол жерлерде жарық көрген газеттердегі озық ойлы мақалаларды ел ішіне кеңінен насихаттады. Ұлттық баспасөздің өсуі қазақ зиялыларының жетіліп, қалыптасуына мол мүмкіндік туғызды. Соның нəтижесінде халық арасында ғылым мен білімге деген құлшыныс арта түсті.

Инвесторлыќ ќаражаттыѕ денсаулыќ саќтау жїйесіне ќосары ќандай? немесе екі жақты ортақ қаржы есебінен инвесторларға жаңа нысандар құрылысын салуға құқық беру. Оның тағы бір ерекшелігі кейін бұл нысандар инвестордың қолында қалмайды. Мемлекетке қайтарылады. Мұның өзі белгілі бір аймақ пен өңірдегі уақытша басқаруға берілген медициналық мекемелер де түптің түбінде мемлекеттік болып қала береді деген сөз» – деді сала басшысы. Біздің бүгінгі материалымызды елімізде биылғы жазда қабылданған жаңа заңға қатысты мəселеден қозғап отырғанымыздың басты бір сыры – оның мəнін

25 қыркүйек

ТІ ЙКЕС

www.egemen.kz

аталған саланы одан əрі дамытуға жəне тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеруге қажет екенін түсіну өте өзекті демекпіз. Иə, отандық медицинада мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту бүгінгі уақыт пен сұраныс тарапынан туындағаны кəміл. Əрі мұның өзі жер астынан жік шыға қалған, аяғы тік шыға қалған мəселе емес екені де аян. Бұл жөнінде алғашқы аттаныс арнайы бағдарлама шеңберінде өткен жылы жасалғаны да есімізде. Ал, егер рентабельділігі төмен, шұ ғыл жаңғырту мен күрделі жөндеуді қажет ететін белгілі бір мемлекеттік медициналық мекемелер инвесторлық қаражаттың көмегіне арқа сүйейтін болса, оған үрке қараудың ешқандай жөні жоқ. Яғни, іске қосылады деп күтілген жаңа тетік жағдайында кез келген денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік тапсырыстарды орындауды одан əрі

да 200 адам дəрігерге көріне алады. Орталықтағы бүгінгі заманғы жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтар сапалы диагностикалық зерттеулер мен емдеуге мүмкіндік береді. Бұл мекеменің басты əлеуеті – жоғары деңгейдегі білікті медицина мамандары. Мұндағы дəрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің түгелге жуығы жоғары жəне бірінші категориядағы бесаспап мамандар. – Біздің көп салалы аурухана тұрғындарға тегін жəне ақылы негізде қызмет көрсетеді. Кли никаға емделгісі келетін тұрғындар портал бойынша тегін келіп түседі. Стационарлық емдеу тұрғындардың емханалардан алған жолдамалары арқылы қолжетімді түрде іске асырылады. Жеке клиниканың 13 жылдық тəжірибесі көптеген оң сараптамалар мен талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда бізде тегін кепілді медициналық көмек шеңберіндегі мемлекеттік тапсырыс ақысы таза мемлекеттік клиникалармен салыстырғанда мемлекет үшін 40 пайызға арзанға түседі, – деді газет тілшісіне «Медициналық орталық» ЖШС-нің директоры Рафхат Истаев. Жекеменшік клиника жетекшісі айтқан бұл дерек журналистік қызығушылығымызды оятты да, оның арғы астарына үңілуге тырыстық. Мұның мəнісі мынада болып шықты. Мемлекеттік тапсырыс төлемі жеке клиникаларда тек бір ғана тарификатор арқылы төленіп, бұдан біраз мемлекет қаржысы үнемделеді екен. Айталық терапевтік емдеу түрлері мен оталарға белгіленген тарифтер бойынша ғана ақы алынады. Сондай-ақ, мемлекеттік емдеу мекемелеріне жөндеу жүргізу үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлінсе, жеке клиника жағдайында бұл инвестордың өз ісі болып табылады. Тағы бір айтарымыз, бюджеттік қаражат медициналық қондырғылар мен аппараттар алуға, көлік қызметімен қамтуға

дарттарға сəйкес келуі, оның тиісті лицензиялары болуы, сапа менеджменті жүйесі бойынша жұмыс істеуі деген сөз. Осындай өлшемдерге Орал қаласындағы «Медицина орталығы» ЖШС секілді мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке негізделген емдеу мекемелері толық сəйкес келетіні анық. Ал, бүгінгі əңгімеміздің арқауына айналған жеке инвестициялар осы айтылған көрсеткіштерді тек тереңдете түспек. Сондайақ кепілді тегін медициналық кө мек көлемі жеке клиникаларда да Денсаулық сақтау министрлігінің ұдайы назары мен еншісінде қала бермек. Сонымен бірге, жергілікті ведомство жетек шілерінің мəлімдеуінше, сенімді түрде басқаруға уақытша берілген медициналық мекемелер мерзімі келгенде қайтадан мемлекеттік нысандар қатарына кірмек. Бұл жөнінде жоғарыда да айтып өткен едік. Ендеше, тұрғындардың денсаулық сақтау жүйесінде алдағы болатын өзгерістерге байланысты медициналық көмек ақылы болады екен деп алаңдауларына еш негіз жоқ. Керісінше бұдан медициналық қызмет өзінің жаңа өрісін таба алады. – Бұл жалпы əлемдік медицина тəжірибесінде өзін-өзі толығымен ақтаған тəсіл. Концессия тəртібінде инвесторлар белгілі бір салықтық жəне несиелік жеңілдіктер ала алады,– дейді Ақжайықтағы денсаулық сақтау ведомствосының басшысы Х.Ирменов. Түйіп айтқанда, мемлекеттікжекеменшік серіктестіктің жаңа жолы мен тəсілі, яғни инвесторларды медициналық қызмет көрсету ісіне тарту – денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен сапасын жоғары деңгейге көтереді деуге толық негіз бар. Мұның бəрі республика азаматтарының мүдделері жəне биік талаптарымен үндесе алатыны да басы ашық ақиқат. Батыс Қазақстан облысы.

азақстанның батыс өлкесінде «халықтың көзі һəм сөзі» ретінде газет шығару идеясы көтерілген тұста көш басында Е.Бұйрин, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, А. Мəмбетов, Б.Ниязовтар тұрды. Соның ішінде Батырқайыр Түсіпұлы Ниязовты бөле-жара айтуға тура келеді. Республика деңгейінде аты сирек аталғанымен, қоғамдық-саяси өмірдегі сан-салалы қызметтерінің ішінде оның газет шығару саласына да қатысы болғанын растайтын деректер бар. Ресей Федерациясы, Астрахань облысы мемлекеттік мұрағат қорларында еліміздің төл тарихына қатысты аса маңызды құжаттардың бірі – алғаш «Алаш» газетін шығару туралы құнды мəліметтер. Онда Батырқайыр Ниязовтың тұңғыш рет «Алаш» газетін шығаруға қатысты құжаттары жинақталған ( РФ Астрахань облысы мемлекеттік мұрағаты(АОММ), 1 қор, 2 тізімдеме, 1218 іс). Өмірге келетін жаңа газеттің атауын «Алаш» қоюының өзінде де бірнеше мəн-мағына бар болатын. «Алаш» атауы қазаққа жақын да, қастерлі еді. «Алаш» – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғашқы қауымдастығы, біріккен одағы, сонымен бірге ата-бабаларымыздың, яғни барлық қазақ жұртының қасиетті ұраны болатын. Сондықтан да үнпарақты шығаруға ниеттенген тұлға елдің басындағы қиын-қыстау жағдайды аңғарып, халықтың отарлық бұғаудан босануы мен өткір үн қатуына осы отау дем беріп зəредей себепші болсын дегенді ойлаған сияқты. «Тургайская газетінің» 1908 жылы, 15 маусым күні шыққан санында «К изданию казахской газеты» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петербургте қазақ тілінде газет, журнал жəне кітапшалар шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгілі байлар – И.Жаманшалов пен Рамьев. Империя астанасынан шығарылатын болашақ «Алаш» газетінің редакторлығына Б. Қаратаев шақырылады (К изданию киргизской газеты // Тургайская газета №24, 15 июня 1908 г). Қазақ зиялылары «Алаш» атауының түптөркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін қастерлей білген. Алаш қайраткерлерінің бірі Х.Дос мұхамедов 1913 жылы «Қазақ» газетіне «Алаш не сөз?» тақырыбымен мақала жария лап, мағынасына анықтама бергені мəлім. («Қазақ» газеті /Бас редактор Ə. Нысанбаев/. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998, 39 б). Қазақ оқығандарының Батыс Қазақстан өңірінде «Алаш» атауымен газет шы ғару мақсаттары жүзеге аспағанымен, кейін осы атаумен үкімет, партия құрылды. Ал «Алаш» газеті 1916 жылы К.Тоғысовтың редакторлығымен Ташкент қаласында жарық көріп, өмірі қысқа болып 1917 жылы жабылғаны белгілі (Ұ.Суханбердина. Қазақ халқының атамұралары. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. Алматы, Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапхана, 1999, 56 б). Ташкентте шыққан «Алаш» газетінің атауы бір кездері күн тəртібіне көтерген Батырқайыр Ниязовтың бастамасының заңды жалғасы болды жəне оның өзіндік себептері де бар. Алаш зиялылары отарлық езгі мен феодалдық мешеуліктен арылу, аяқасты болған ұлттық мүддені қорғау, қазақ елін мəдениетті, өркениетті елдер қатарына қосуда бір-бірімен пікірлес, ниеттес болғандығы сөзсіз. Сондықтан да Б.Ниязовтың «Алаш» газетін шығару идеясының жүзеге асуы деп түсінгеніміз жөн. Енді алғаш «Алаш» деп айдар тағып, үкілеген газет неге шықпай қалды дегенге тоқтала кетсек. Газет шығаруға бастамашы болған Батырқайыр Ниязов 1896 жылы Петербург университетінің заң факультетін 24 жасында І-дəрежелі дипломмен бітірген. Ол 1896-1907 жылдары Торғын, Талов қисымдарының басқарушысы, ал 1907-1910 жылдар аралығында Ішкі Орда Уақытша Кеңесінің төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған көрнекті тұлға. Кейіннен «Алаш» атауымен партия жəне үкімет құрылғанда оған мүше болған. Коллеж кеңесшісі шенінде отставкаға шығып, Талов жағында тұрады. Ақпан төңкерісінен кейін Б.Ниязов 1917 жылы Орынбор қаласында өткен І, ІІ Жалпықазақ съездеріне белсене қатысты. Алашорда үкіметін

құрған съезде үкімет құрамына сайланған азамат. Алашорда партиясы халыққа ұсынған саяси бағдарламаны Бөкей Ордасының жерінде іске асыруға белсене қызмет атқарған. Ол 1911 жылдың қыркүйек айының 4 жұлдызында Астрахан губернаторы Соколовскийдің атына қазақ тілінде «Алаш» атауымен газет шығаруға рұқсат сұрап хат жазады (АОММ 1 қор, 2 тізімдеме, 1218 іс, 19 п.) Газеттің атауын қазақтың ұлттық рух ұраны «Алаш» атауымен атап, орталықтан шеткері аймақта шығарылатын болашақ газеттің бағдарламасында: 1. Қазақтарға қатысты арнайы хабарламалар; 2. Мəдениет жəне отырықшылдық туралы мақалалар; 3. Əртүрлі ішкі жəне сыртқы хабарлар; 4. Жеделхаттар; 5. Ордадан жəне далалық облыстардан келіп түскен күнделікті оқиғалар туралы хат-хабарлар; 6. Ғылыми мазмұндағы мақалалар, фельетондар, əңгімелер, аудармалар; 7. Хабарландырулар беруді қарастырады. Газеттің алдына қойған мақсат-мүддесін Б.Ниязов төмендегіше баян етеді: Қазақтар арасында отырықшылдықты жəне орыс мəдениетін, білім мен ғылымды насихаттап тарату. Газетке жазылу бағасын да көрсете кетуді ұмытпайды, яғни бір жылғы жазылу 4 рубль, 6 айға – 2 рубль, 3 айға – 1 рубль. Болашақ газетті Астрахандағы «Окуръ-Апресянцъ» баспаханасынан шығармақ ойын білдіреді. Газетте көрсетілген бағдарламалар негізінде 1912 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өзінің редакциялауымен шығаруды губернатордың назарына қатынас қағаз арқылы жолдайды. 1912 жылдың 12 қыркүйегінде газет шығару үшін герб алымы (мемлекет алымының бір түрі) 2 рубль 50 коп. төлеген. Б.Ниязовтан өтініш түскеннен кейін 1 айдан соң 11 қазан күні вице-губернатор Максимов Новый Узень уезінің полиция бастығына Батырқайыр Ниязовтың үстінен құпия түрде мəлімет жинау жөнінде арнайы тапсырма береді (АОММ, 1 қор, 2 тізімдеме, 1218 іс, 9 п.). Өз кезегінде Ішкі Орда Уақытша Кеңесі төрағасына губернатор Соколовский қысқа мерзім уақытта Б.Ниязовтың іс-əрекеті туралы жəне ол арқылы газеттің жылдық саудасаттықтағы бағасын біліп беруді тапсырады. 1912 жылдың 20 қаңтарында Астрахань губернаторына Ішкі Орда Уақытша Кеңесі төрағасынан Б.Ниязовтың Самара губерниясы, Ново-Узень уезінің Малый Узень слободкасында тұратындығы, мінез-құлқынан мемлекетке қарсы теріс көзқарасының жоқтығы хабарланады. Патша үкіметі əкімшілігінің қатаң бақылауымен тексеруі нəтижесінде Б.Ниязовтың Ішкі Орданың Талов қисымындағы ауылда тұратындығы анықталады. Губернатор кеңсесі 8 ақпан күні Б.Ниязов Астрахань қаласында тұрақты түрде тұратын болып көшіп келгенге дейін, газет шығару мəселесін кейінге қалдыру туралы шешімді өтініш иесіне жолдайды. Бұл шешіммен «Алаш» атауымен газетін шығаруға ұмтылған Б.Ниязов жеке танысып, қолын қойған. Патша үкіметінің қазақ жерінде «Алаш» газетінің шығуына қарсы болуының да бірнеше себептері болғаны айқын. Біріншіден, Ресей империясын дүр сілкіндірген 1905-1907 жылғы революция ұшқыны да қазақ даласына жеткен болатын. Қазақ қоғамы ұлттық сананың ояну дəуірін бастан кешіп жатқан тұста таза ұлтшылдық сипаттағы «Алаш» сөзі патша үкіметі əкімшілік органдарын үрейлендірсе керек-ті. Екіншіден, Батыс Қазақстанға шектес əрі жақын Орынбор, Астрахань, Саратов, Қазан, Уфа қалаларында білім алған қазақ оқығандарының патша əкімшілігінің жүргізіп отырған отарлау саясатының мəнін бұқара халыққа газет арқылы жеткізу саяси күрестегі ең тиімді де қолайлы тəсілі екендігінен патша үкіметінің құпия бақылау органдары жан-жақты хабардар болатын. Сондықтан да «Алаш» газетінің өмірге келуіне үкімет органдары келісім бермейтіні заңды еді. Дегенмен де болашаққа нық сеніммен қараған қазақ зиялылары газет атауын «Алаш» қойған... Аққали АХМЕТ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы.


25 қыркүйек 2013 жыл 1985 жыл. 31 шілде. Көкше жеріндеміз. Машинада зайыбым Тиыш жəне екі қызым – Қарлығаш пен Лəйла бар. Көлік жүргізіп келе жатқан менің жанымда радиожурналист Жанатай Бекенов отыр. Əңгімеміз – «Балқадиша» əні туралы. Бұл хикаяны біршама білетін едім, сырттай ғана. Ал, 1980 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкшенің қария сөзді көнекөздерінен, Балқадишаны көрген-білген жандардан қилы-қилы əңгіме, дерек жинап, оған қызыға ден қойып жүргем-ді. Илья ЖАҚАНОВ.

Иə, Ақан серінің көп күйіп, көп сүйінген жүрегінің бір тебірене елжіреген кезі «Балқадиша» əнінде қалып қойған. Бұл əн кешегі бір күндері ұзақ жылдар бойы: Дегенде, Балқадиша, Балқадиша, Күйеуің сексен бесте шал Қадиша, – деп айтылып келді. Əлі де солай айтылып жүр. Өресіз, білімсіз біреулер уылжыған

келгенімізді қош көріп, ақсары жүзі нұрланып: «Балқадиша» повесін енді ғана бітірдім. Уақыт дегенге зəрумін. Газеттің ісі жүйкемді тоздырды. Сал-серілердің əңгімелерін тыңдап-ақ жүрміз, ал, соның көбін дер кезінде қағазға түсіре алмаймыз. Көп жай ескіріп, ұмытыла береді. Сіздің Көкше жеріне келіп, зерттеп жүрген ісіңізге қызығамын, – деп ағынан жарылды. – Көркем шығарманың табиғаты ол өзгеше бір құбылыс. Жазушының «вы-

ЕК

ДЕР

Бұлардың тектілігін жақсы білген Ыбырай Масабаймен ниеті жарасқан құда бопты. Енді қолымдағы мына бір суреттің жайын айтайын: Бұл кісі Оспан деген əнші. Оспанды 1959 жылы көктемде қайынжұртыма барғанымда көрдім. Ақтоқты келін боп түскен Жақсылық елінің адамы. Оспан Ақан серінің əн-жырларын бізге жеткізген əншілердің бірі. Аялап, қолпаштап, көтермелеп отырып шырқатса бір мүдірмей, желпіне сілтейтін сергек сезімді дүлдүл. Баяғы серілердің көзі дейсің, сүйсініп. «Балқадиша» əнін дəл осы Оспандай тамылжытқан əншіні естігем жоқ. Тек Манарбек Ержановтың үні ғана ұқсайтын секілді. Оспан сол жолы талай естіп жүрген Балқадиша хикаясының біз білмейтін көп құпиясын ашты. Анық, дəл, өрелі əңгімені осы кісіден алдым. Енді əлгі Монтай ауылындағы шілдехана жайын айтайын: Зерендінің етегі. Ауыл шетіндегі оқшау

Балќадиша

Балқадишаны қутыңдаған шалға тигізіп, жүректі ауыртатын əдепсіз клип те түсіріпті. Қандай сорақылық! Не деген жетесіздік! Əндегі сол баяғы қолдан жасалған жалған сөз жөнделер емес. Бүгінгі жəне келер ұрпақ «Балқадиша» əні жөнінде осы теріс түсінікпен кете бере ме, еш шындыққа көзі жетпей? ...Ол кездерде, яғни, соғыстан кейінгі жылдары Балқадишаның өзі дін аман, ел ортасында өмір сүріп жатқан-ды. Радиодан «Балқадиша» əні əлгі сөзбен беріліп, не газет, журналдарға, кітаптарға шындыққа үйлеспейтін дəйексіз əңгімелер жазылып жатқанын естіп-көргенде басқа емес, Балқадишаның өзі шарасыз күйге түсіп, не дерін білмей, күрсініп қана іштен тынады екен. Соғыс жылдарында Зеренді төңірегінде гастрольде жүрген артистердің ішінде бір əншілер «Балқадиша» əнін əлгі сөзбен шырқапты. Сондай концерттерді өз ауылы Кеңөткелде өз көзімен көрген Балқадиша: «Мына жазғандар не деп отыр?» деп мұңая бас шайқапты. Əн сөзіне жыны келген бір ақсақал: «Аққудың көгілдіріндей үлбіреген Балқадиша өз сүйгеніне ұзатылып еді. Міне, ортамызда отыр, осы концертте. Əй, ессіз неме, сен өзің не деп оттап тұрсың?» деп желпілдеген ұшқалақ əншіні сахнадан қуып шығыпты. Бұл – қауесет емес, анық болған жай. «Балқадиша» əні қалайша өзгеріске түсті? Бұл сырды жұрт біле бермейді. Жиырмасыншы, отызыншы жылдарда қазақтың көп əні жаңа социалистік қоғамның насихат құралына айналып, өзінің о бастағы сөзінен, мəнінен ажырады. Сол кездерде колхоздастыру, сауатсыздықты жою, əйел теңдігі науқаны басталғанда Үкілі Ыбрайдың «Толқын» əні: «Елім бар колхоз болып дүрілдеген» деп, «Ақбаян» əні: «Ой, Ленин, қараңғыда көп елің» деген қайырмамен, «Балқадиша» əйел теңсіздігін шенеген əн боп шыға келді. Үлебайдың «Дударайы» ұлттар достығы саясатына орай көрінеу көзге Марьям Жагорқызының əні боп, ел санасына еріксіз сіңді. Ықылым заманнан бері бір сөзіне қылау түспеген əндеріміз осылай «жаңа сипатқа» ие боп, құбыла қалды. Əндердің тəлкекке түсуі осылай басталған. Солардың бірі – «Балқадишаның» тарихы дəптеріме ауық-ауық жазылып жүрді. Оған байланысты көп əңгімелерді «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы, жазушы Жанайдар Мусиннен естідім. Бір жолы қасымда осы Жанатай бар, Жанайдармен тағы жүздестік. Жұмыс мезгілі еді. Тағы да Балқадиша хикаясын қозғадық. Аса инабатты Жанайдар

мысль... домыслы» болады. Ол – түсінікті жай. Ал, мен «Балқадиша» əнінің шығу тарихын қаз-қалпында білгім келеді, – дедім, өз ойымды бірден сездіріп. Жанайдар жайлап сөз бастады: «Ана бір жылы... о, одан бері қанша көктем, қанша қыс өтті. Хасен деген етікші жездеміз бар еді. Сол кісінің үйіне бойы тіп-тік, киген киімі тап-таза, əсем, көзі мөлдіреген аққұба бəйбіше келіп жүрді. Көркіне қызығып: «Бұл апай кім болады?» деп сұрадым, жездемнен. Мінезі сабырлы, тұйық жан: «Балқадиша ғой. Маған сəнді кебіс тігіп бер, деп келіп жүр. Өте қасиетті кісі», – деді жайбарақат қана. Жанайдар осылай деді де, есіне əлдене түсті ме, үнсіз түрегеліп барып, сейфін ашты. Ішінен бір сурет алды. Басында пұшпақ бөркі бар, сұйық мұртты, өңі ашық, байсалды қария. Жанайдар суретке ойлана қарап, əңгімесін жалғады: «Зерендіні көрдіңіз. Оның көгілдір жоталарына жалғас Қошқарбай тауы көлбейді. Іргесінде шағын ғана ауыл отыр. Қошқарбайдан əрі қарай Жыланды тауы созылады. Сол жерде Шөкейдің Ыбырайы деген аса зиялы, елге сыйлы кісі болған. Өзі орташа ғана дəулет жиыпты. Үйіне игі жақсылар, əншікүйшілер, ақын-жыраулар көп үйірілген. Жаратылысынан турашыл, əділ жан жігіт ағасы боп толысқан кезінде ел ішінде билік айтқан. «Балқадиша» əнінде Ақан сері өз сөзін: «Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша» деп, ілтипатты сезіммен бастайды ғой. Ақан сері елу сегізді мол қусырған кезінде көрген, толықсыған Балқадишаны. Мына қолымдағы суреттегі кісі – сол таңғажайып кездесудің куəгері. Осы сəтте телефон шылдыр ете түсті. Жанайдар əңгімесінің үзілгеніне ыңғайсызданып: – Ғафу етіңіз... ə, баспаханадан ба? – деді, трубканы көтеріп. Телефонмен сөйлесіп болған соң əріптесімен əңгімесін қайта сабақтады: «Ақан сері қасында Ыбаны бар, Жыланды тауын жағалап келіп, Тіріжан қажының ауылына тоқтайды. Осында бірнеше күн аунап-қунап, көңілін сергітіп, өзін аялаған жандардың алдында жүзі нұрланып, шешіле сөй леп, булыққан əндерін шалқытады, жадырап. Осы ауылмен іргелес жатқан Монтайдың Мұсасының ауылы да үлкен қуаныштың үстінде еді. Бір дулы шілдехана болады екен. Оған Ақан серінің де барғысы келеді. – Туған нəресте кімнің баласы? – Ол менің əкем – Баймырза! – Солай де... – Иə. Сол кезде Балқадишаның жиырмадағы кезі екен. Атастырылған жері бар. Болашақ күйеуі – елге сыйлы Масабайдың Сүлеймені. Іргесі берік, айтулы əулет. Масабайдың əкесі жас кезінде елге найзагер, батыр боп аты шыққан айбарлы жан екен.

тігілген төрт-бес сəулетті үйдің маңындағы көңілді шуды бетке алған Ақан сері ұлы Ыбан екеуі алтыбақан тепкен жастарды жанай өтіп, ең үлкен ақбоз үйдің алдына кеп аттан түседі. Сол елеусіз қалпы қызойнақ дуылдаған үйге кіреді. Бірақ ешкім танымайды. Сері де, отырған қыз-жігіттер де осылай дағдарып қалғанда бұлардың қасына шілдехананы басқарып жүрген Мəлік, Ғаббас, Төкен есімді жігіт ағалары қонақты кездейсоқ көріп қалып: – «Оу, бұл не тұрыс? Бұл кісі – Ақан сері ғой! Ақан сері!» – деп, əншіге сəлем береді. Сөйтеді де: «Жақсы келдіңіз аға! Балқадиша деген қарындасымыздың ұзату тойы еді. Қонақ болыңыз», – дейді жік-жапар болып. Сөз ыңғайына қарағанда Ыбырайдың бəйбішесі Жықыш біраз жыл науқастанып, Балқадиша шешесінің сол жағдайына қарайлап отырыпты. Содан, бір күндері шешесі дүниеден қайтады. Жылы беріледі. Бұл парыз өтелген соң Балқадишаны өзінің атастырған жеріне ұзатуға əзірлік жасап жатқан кезі еді, бұл. Ыбырай ақсақал Ақан серінің келгенін жоғарыдағы үш жігіттен естіп, мəнжайды білген соң: «Ой, құдай-ай, Ақан серідей жігіт пірін танымады деген не сұмдық? Мына парықсыз жұрт не боп барады, түге? Ой, серім-ай! Ой, Ақанымай! Бар болшы! Жүрші осылай, қараңғы дүниені жарық қып! Шырқашы, кей марғауды ұйқысынан оятып! Бара ғой жаным, Балқадиша, Ақан ағаңның қасына! – дейді, жаны қалмай. Балқадиша да əкесінің сөзіне елең етіп, ұшып түрегеледі. Сөйтеді де, екі жағында сылқылдаған екі жеңгесі – Ұмсын мен Ділда бар, өзін өбектеген Мəлік, Ғаббас, Төкен бар, бəрі Ақан сері отырған он екі қанат ақбоз үйге келіп кіреді. Қалғыпмүлгіп, төмен тұғжиған жабырқау əншіге иіле сəлем беріп, оң жағынан орын алады. Жігіттер елпектеп, Балқадишаны таныстырады. Балқадиша! Əлбетте, Ақан сері Балқадишаны біледі. Білгенде қандай! Көз алдында қырдың қызыл гүліндей құлпырып өскен Балқадиша! Бүгінде ол осы өңірде: «Маңдайында жанып тұрған шырағы бар!» дейтін айтулы сұлулардың ішінде жұлдызы биік періште! Жалт-жұлт еткен гауһардың өзі! Ақан сері аузымен құс тістеп, аспандап, асып-тасып жүргенде, бұл елді талай рет думанға бөлеп еді. Ыбырайдай ел құтының үйінде де болғаны есінде. Балқадиша да есінде. Сол Балқадиша! Толықсыған кербез ару. Жарқылдаған жанарында күллі дүние жайнап тұр. Ə, дүние... Ақан серінің көз алдынан бір дулы өмір зу етіп өте шығады. Бəрі де өң мен түс. «Өсіпті. Бойжетіпті». Ол іштей мейірлене тамылжып: «Ыбекемнің Балқадишасы!» дейді,

www.egemen.kz

үздіге қиылып. Тамыр-тамыры иіп, нұры азайған тұңғиық көзі жақұттай жарқырап, шапақ шашады. Ыбаны үнсіз жəудіреп, əкесіне күлімсірей қарап, дорбасынан алып, домбырасын ұсынады. Ақан сері пернеге саусағы тиген сəтте, кеудесін шалқақ көтеріп, паң көкірекпен қиырға сарыла көз салып: Шырмауық шығарында бас тартады, Біздің ел ерте жайлап, кеш қайтады. Жайлаудай құлазиды біздің көңіл, Жанымды ұғар жан жоқ, жас қартайды! – деп, толғаулы үнмен жүрек сыздатып: Ахау, дүние жалған, Бітер ме, арман! Қу тірлік шырмауықтай шырмап алған! – деген сөзді құсалы көкіректің уһілеген лебімен білдіріп, сəл жымиып, əлденені есіне түсіргендей: Үйректің атқызбайды қасқалдағы, Шебердің былқылдайды бас бармағы. Бұл күнде ағаң болдым төр алдында, Бір кезде Ақан едім аспандағы! – деп масаттанған жанның кейпіне түседі. Содан соң қоңыр үнмен балбыраған домбыраны өршелене қағып-қағып жіберіп: Дүние-ай, қызыл-жасыл кімді алдадың? Сен берген ризықтан құр қалмадым. Дəуренді мендей сүрген кім бар екен? Сонда да қызығыңа бір қанбадым! Ахау, дүние жалған, Бітер ме, арман! Қу тірлік шырмауықтай шырмап алған! – деп, шер толы көкіректі босата аһылаған сайын үні тым алысқа ұзай береді. Осы кезде сыртта ошарылған топ бірін-бірі кимелеп, үйге лап беріп, жапырласа кеп жайғасады. Ақан сері бəрі-бəріне бас изей амандасып, сынық мінезбен сыпайы ізет білдіреді. Ойын бастаушы жігіттер жиынға дуылдата жел беріп, Ақан серіні ардақтап, Зерендінің керілген кербез алқабын əнмен толқытады. Сол сұлу үннің бірі – оң жағында ақ маңдайы шаңырақтан жарқыраған алтын Айға шағылысып, əндей мөлдіреп отырған Балқадишаның үні еді! Жаздың қарға адымындай қысқа таңында қаншама əн шарықтады. Ақан серінің жай сөзінің өзі шырын əуездей шертілді. Өзін қолпаштаған жастар – бір төбе де, Балқадиша – бір бір төбе! Ақан серіні Балқадишаның назды қылығы, жанын жадыратқан жұпар лебі, тіл байлап ұмсындырған сұлу көркі шалқытты. Балқадиша жанында отыр, бірақ, ол сондай алыс. Ғарыштағы жұлдыздай арбайды. Ақан сері құмарлық отына күйіп, іштей уһілейді. Арада біраз күн өткенде Ақан сері сол маңдағы ауылдарды əнмен сусындатып, Жыланды жағына барғанында Балқадишаның ұзатылғанын естиді. Бір қоңыр кеште əнші гулеген жұрттың сөзінен жырақтап, қолында домбырасы... Жыландының құз-жартасының ығында көзі ып-ыстық жасқа толып, əр пернені үзіп-шалып: Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша, Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай, тал Қадиша! Сексен қыз серуенге шыққан кезде, Ішінде қара басың, па, шіркін, хан Қадиша! Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Бұралған белің нəзік, шіркін-ай, тал Қадиша! Бір емес, екі жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, амал не, бар Қадиша! Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Боларсың біздің сөзге, дүние-ай, зар Қадиша! Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың, Боларсың қандай жанға, дүние-ай, жар, Қадиша! Басынан Жыландының құлағаным, Кекілін кер бестінің шіркін-ай, сылағаным, «Кетті» деп Балқадиша естігенде, Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным! – деген іңкəр жүрек лүпілі «Балқадиша» əні боп өзек жарады. Ақан серіге үміт шырағындай көрінген Балқадиша таң шолпаны секілді алыстай береді… алыстай береді. Ол енді болымсыз дəмемен емірене ұмсынған көңілдің өкінішті көксеуі боп, көз талдыра бұлдырайды. Алты қырдан асып, үнсіз тынған бір арманды əн. Күні кеше ғана Жамалға да өстіп құлай беріліп, алды-артын ойлатпай алдап соққан аңғал жүрегінің мазағына қалып еді. Енді, міне, тағы да: «Кетті» деп Балқадиша естігенде, Құшақтап құз-жартасты, шіркін-ай, жылағаным, – деп, адам түгіл, бəрі-бəріне жарық дүниенің өзін таңғалдырып, ессіз махаббаттың зарын тартады… ...Жанайдар Балқадиша хикаясын аспай-саспай осылайша аян етті. Маған ойлана қарап: «Сіз де зерттеп жүрсіз ғой, мен білетін сыр – осы», деді. Қоңыр көзінде «Бұған не дейсіз?» деген сауал тұнып. Мен: «Балқадиша əңгімесінің айнымайтын өзегі – осы! Бəрі рас. Қазқалпында айтылды. Дəптеріме түскен сөздің нобайы осыған үйлеседі. Рахмет, Жанайдар... қадірлі Жəке! – дедім. Зерендіге бет алған ұзын жолдың үстінде осының бəр-бəрі көк жүзінде маңып бара жатқан ақша бұлттар секілді көз алдымнан өте берді... өте берді. (Соңы 8-бетте).

Ырғызбай емші, əулие дегенде есіме 1972 жылғы оқиға оралады. Кеңес заманында студенттердің құрылыс отряды деген қозғалыс болды. Ақсуат, Көкпекті аудандарына барған сондай студенттік отрядтың командирі болып қызмет атқардым. Жол түсіп Көкпекті ауданының Большевик совхозына бара жатқанымда, жүргізуші: – Аға, оң жақта Ырғызбай əулие зираты бар. Соған соға кетсек қайтеді? – деді. Мезгіл кешқұрым уақыт болатын.

7 теріскейіндегі күн түспейтін сулы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны жень-шень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшында шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бəкене бойлы ерекше өсімдік екен.

Ырєызбай емші

– Апақ-сапақта қазақ зиратқа бармаушы еді. Ертең қайтар жолда соғайық, – дедім. Бұл кезде халық емшісі, əулие дегендер кеңестік идеологияға жат түсініктер болатын. Бірақ та əулие деген сөзге бала кезімнен құрметім болғандықтан, қайтар жолда Ырғызбай емші басына барып зиярат еттік. Сонда тапал тамда шəйнек, ас пісіретін ыдыс-аяқ болды. Əулиенің зиратына кім болсын, ұлтына, дініне қарамай соғып өтеді екен. Егер тоқтамай кетсе, жолаушылардың жолы болмайды деген ел аузында берік түсінік қалыптасқан. Мен жолым түскенде сол дəстүрді ұстап, Ырғызбай əулиеге зиярат етіп жүретінмін. Енді тəуелсіздік алған кезде халық тың, ұрпақтарының Ырғызбай əулиенің басына күмбез тұрғызып, мешіт, зиярат етіп келушілерге арнап үй тұрғызуы адамшылықтың, мұсылманшылықтың көрінісі деп білемін. Бүгінгі күні Ырғызбай əулие кешені «Дала даналары» кітапханасымен толықты. Осы істің басы-қасында жүрген кəсіпкер Қаршыға Ескендіровтің еңбегін ерекше айту керек. *** Ырғызбай əулие 1787-1850 жылдары аралығында Тарбағатай өңірінде өмір сүрген əйгілі халық емшісі, əулие, көріпкел. Найман ішіндегі Мəмбетқұл (қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жасынан емшілікпен айналысып, шипалы шөптерді пайдалана отырып, талай ауруды жазған. Ол сырқаттың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-əлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дəрі-дəрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ, қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған. Ырғызбайдың көріпкелдік қасиеті де ерекше болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжап біліп отырған. Емделушілерден ақы алмай, берген дүниені жетімжесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестіріп отырған. Ырғызбай бала жасынан емдік шөптерге үйір болыпты. Аурусырқауға көмектесуге тырысқан. Əкесі Досқана сол өңірдегі емшілердің біразымен таныс-біліс, аралас-құралас жүріпті. Ар жақ-бер жақтағы үлкен емшілермен қатынас қағылез балаға елеулі əсер етеді. Ырғызбай табиғатпен сырлас, жандас жүреді, тау-тасты, сай-саланы жалғыз аралайды, тылсым тірліктің құпиясына үңіліп өседі. Кейіннен нағыз емші болып шыққан. Емші шипалы тамыр-шөптерді жаз, күз айларында əбден толысыпжетілген мезгілде жарғақ құлағы жас тыққа тимей, күндіз-түні сабылып жинайды екен. Əр шөптің теру тəсілі, сақтауы əр түрлі. Бір шөптер таңғы шық кеппей тұрып жинауды қажетсінсе, енді біреулері кешқұрым алғанды қалайды. Оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату пайдалы емес, емдік қуаты əлсірейді. Ырғызбай тамырларды, көбінесе, жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлған. Күн сəулесі түспейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орында кептірген. Қайсыбір шөптер, тамыр аралас қойылса, қатар жайылса, күшін кеміткен. Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын ала дайындап, оған сөрелер орналастырған, қапшықтар мен қалталар əзірлеп, оны керегеге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дəрі-дəрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөңкелер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық жəне тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дəрі-дəрмектердің мөлшерін анықтайтын нəзік таразысы да болған. Дəрі-дəрмектер дайындау барысында Ырғызбай жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шəуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың

Ырғызбай арнайы шақырумен Шыңғыстауға барып, Хакім Абайдың əкесі Құнанбай қажыны емдеп, асқынған ауру – шешек дертінен жазған. Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дəрілерін реттеп, əбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал-мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбайдың өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дəрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дəмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкізіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Осы оқиға туралы Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады: ... Ырғызбай елге əйгілі тəуіп еді, Құнекеңе шипалы ем тауып еді. Ажалдан Құнанбайды алып қалды, Əйтпесе, басқа төнген қауіп еді... Құнекең сыйға тартқан сол биені, Сусынға неше жылдай сауып еді. Атақты айтыс дүлдүлі, ақын Түбекті де емдеп, жараларынан жазған деген дерек бар. Ырғызбайдың өз кіндігінен Төлене, Бөрлі, Елемес, Əлібек, Кенжалы тарайды. Бұлардың ішінде қара қылды қақ жарған əділдігімен аты шыққан Кенжалы би болған. Ырғызбайдың «Ақмартуы» Əлібектен туған немересі Мамырбайға дарыпты деседі. Атасының əшекейлі сарыала қамшысы соның үйінде ұзақ сақталыпты. Қазақтар шаршылап үйілген тас үйіндісін «Ақбейіт» деп атайды. Ырғызбай да алғашында сондай бейітке жерленіпті. Бірақ көп ұзамай ағайындылар күш біріктіріп, басына жылқының қылын балшыққа араластыра шошақ зират тұрғызуға мəжбүр болған. Өйткені, киелі аруақ əр қайсысының түсіне кіріп: «Менің басым жалаңаш жатыр ғой» деп аян беруді жиілетіпті. 1950-ші жылдардың басына таман зират қасынан бір бөлмелі тас үй салынғанша, бірлі-жарым аурулар зират ішіне түнеп жүріпті. Үй салынған соң келушілер тіпті көбейіп кетіпті. Содан бері жаз айларында зират кісіден босамайды. Келген əрбір адам Ырғыз атаға мінəжат етіп, ақтық байлайды, тауша қуысына қайыр-садақаларын қалдырып кетеді. Ал тас үйдің ішінде қашан барсаңыз да дастарқан жаюлы. Алдыңғылардың қалдырып кеткен еттері мен басқадай азық-түліктері дайын. Кейінгі келушілер бір аят құран оқиды да, тамақтарды керегінше пайдаланады. *** Əулиелік тылсым құбылыс. Сірə, ол адамның табиғатпен арасындағы ерекше байланысының нəтижесінде кездесетін сирек жағдай. Əулиелер көп болмайды. Олар – астың дəмін келтіретін тұз сияқты қызмет атқаратын Жаратушының жер бетіне жіберген ерекше пенделері. Сондай тылсым сырына ие болған, табиғатынан өзгеше адам – жоғарыда сөз болған емшіəулие Ырғызбай. Осы мақалада, негізінен, ел аузында сақталған деректерді пайдаландым. Ендігі жерде Ырғызбай əулиені мықтап зерттеп, оның емшілігін талдап, нақтылы білім деңгейіне жеткізетін мамандар болады деп сенемін. Себебі, ел аузындағы түсініктер, əрине, деректер, бірақ оларды ғылыми тілге салып зерделеу өркениеттік үрдіс. Мен мақалада, негізінен, Ырғызбай əулиеге деген ықыласымды білдіруге тырыстым. Бұл істе сүйенетін ғылыми, арнайы сараптамаға түскен талдаулар жоқ болғандықтан, халық жадында сақталған мағлұматтарды негізге алдым. Ырғызбай əулиенің ұрпақтары, оны қолдаушылар ендігі жерде келелі істер атқармақ. Зират басынан ашылғалы отырған «Дала даналары» деп аталатын, тəуіп, емші, əулиелер кітапханасы осы мұқтаждыққа қызмет етпек. Əулиелік əншейін сөз емес. Оның мағынасы – ғарыш арқылы да, табиғат арқылы да, адам бойындағы тылсым қасиеттер арқылы да сараланатын тылсым феномен. Əулиелік күнге, айға, топыраққа, суға жəне өскен ортаға, оның рухани тынысына тікелей қатысты. Сондықтан Ырғызбай əулие дегенде оның ата тегі, өз заманы, бүгінгі ұрпақтары туралы егеменді Қазақ елі туралы келелі сөздер болуы заңды құбылыс. Ғарифолла ЕСІМ.


8

БАЯНАУЫЛ

туралы баян

Өткен жексенбі күні Павлодар облысының Баянауыл ауданында ел есінде жүретін, бүкіл республикамызға ортақ екі үлкен шара болып өтті. Бұл екі шара да рухани құндылығы тұрғысынан бір-бірімен өзектес əрі сабақтас. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бірінші шара ұлтымыздың ұлы тұлғасы, осы Баянауыл топырағының тумасы, Қазақстанның ұлттық ғылым академиясын алғаш ұйымдастырушы Қаныш Сəтбаев есіміне қатысты болды. Баянауылдағы Қаныш Сəтбаев атындағы мемориалдық мұражай 1967 жылы ашылған болатын. Осы уақыт аралығында мұражай үйі əбден тозды. Оны күрделі жөндеуден өткізудің қаржылай мүмкіндігі болмай жүр еді. Осы іске Баянауыл өңіріне келген сапарында KazEnergy ассоциациясының төрағасы, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев өз бастамасы негізінде көмек көрсетуге, сонымен қатар, осы аудан орталығындағы осыдан 150 жылдан астам уақыт бұрын Мұса Шорманов салдырып, қазір əбден ескірген мешітті заман талабына сай қайтадан көтеруге қаржы бөлу жөнінде уəде берген екен. Осы уəде орындалып, жексенбі күні екі ғимарат та шараға республикамыздың əр түкпірінен келген қонақтар мен аудан тұрғындарының алдында есігін айқара ашты. Қаныш Сəтбаев мемориалдық мұражайының алдында айтулы ғалымның ескерткіші бой көтерді. Облыс əкімі Ерлан Арын мұражайдағы салтанатты жиында «Баянауыл басынан бұлты кетпес» деп қазақ əнінде айтылғандай, жазы мен күзі жаңбырлы келетін аудан өңірінде дəл осы күні күннің шайдай ашылып, шуақ төккендігін осы бір игілікті шараның символдық мəніндей болғандығын атап өтті. Баянауыл өңірі елімізге аттары мəлім ғалымдар мен ақын-жазушылардың, Абылай ханның батагөй ақылшысы болған Бұқар жыраудың, кемеңгер Мəшһүр Жүсіптің, Сұлтанмахмұттың елі екендігін, бұл өңірден Қаныш Сəтбаев бастатқан үлкен ғалымдардың шыққандығын айта келе, осынау қасиетті топырақтағы бүгінгі өтіп жатқан шаралардың мəні зор екендігін жеткізді. Шараға қатысуға арнайы келген еліміздің бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандар қоғамының төрағасы Хазірет Ержан Малғажыұлы мен құрылысты қаржыландырған Тимур Құлыбаевқа аудан, облыс халқының атынан алғысын білдірді. Мұнан кейін сөз алған ұзақ жылдардан бері Қаныш Сəтбаев туралы деректерді жинастырып, соның негізінде ұлы ғалымға арналған үлкен еңбекті жариялаған сəтбаевтанушы, жазушы Медеу Сəрсеке қазақ ғылымының көшбастар тұлғасы туралы жаңа деректерді алдыға тарта отырып, қызықты əңгіме өрбітті. Осы өңірдің тумасы, Ұлттық академияның төралқа мүшесі, академияның Астана өңірлік бөлімшесінің төрағасы академик Зайролла Дүйсенбеков жерлестерінің алдында толғана сөз сөйлеп, Қаныш Сəтбаев феномендігіне тоқталып өтті. Кішіпейіл, парасатты, бастаған ісін ақыр аяғына дейін жеткізе білетін үлкен ұйымдастырушылық қабілетімен, ғылым саласында көрегендігімен ерекшеленген ұлы тұлғаның əрбір ісі өміршеңдігімен дараланатындығына көптеген мысалдар келтірді. Соның бірі өткен ғасырдың алғашқы кезеңдеріндеақ Қазақстанның орталық өңірінің түптің-түбінде осы өңірде қаулап өскен өндірістерге байланысты су тапшылығына ұрынуы əбден мүмкін екендігін болжап, Ертіс-Қарағанды каналын салдырғандығын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы істі орынды пайдаланып, канал суын Вячеслав су қоймасына дейін жеткізгендігін, соның нəтижесінде бүгінгі Астана тұрғындары еліміздің шығыс бөлігімен ағатын ұлы өзен

РЕК

www.egemen.kz

Ертіс суын ішіп отырғандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қаныш Сəтбаевтың 60-70 жыл бұрын қазіргі Астананың ел өмірінде алар орнын болжай біліп, «Егер біз халқымыздың болашағын ойлайтын болсақ, оның болашақ даму мүмкіндіктерін ұйыстыруда Ақмоланың орны зор болады, сондықтан ұлттық академиямыздың негізгі институттарын сол өңірге шоғырландырғанымыз жөн» дегендей пікір айтқандығын жеткізді. Бүгінгі күні сол Қаныш Сəтбаевтың ізін басып келе жатқан, академияның Астана бөлімшесінің төрағасы болып отырған ғалым өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде «Абай» журналына берген сұхбатында Қаныш Имантайұлының еңбегіне берген мынадай бағасымен қорытындылады: «Қазақстан көлемінде, біздің қазақ халқынан Қаныш Сəтбаевтан асып əлемдік ғылым шыңына көтерілген ғұлама болған жоқ. Сондықтан да мен Қаныш Имантайұлын біздің ұлт қана емес, бұрынғы одақ бойынша да ғасырдың ұлы тұлғасы деп білемін. Əркімді өзіне лайық тұғырына қойып, шынайы бағасын белгілеуші уақыт пен тарихтың шешімі бұл». Осы өңірден шыққан тағы бір Ғылым академиясының академигі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Арыстан Ғазалиев өз ата-бабаларын Қаныш Имантайұлының ата-бабаларымен ежелден аралас, таныс, біліс болғандығын айта келе, ғалымның жас ұрпаққа берер ұмытылмастай өнегелі қырлары туралы əңгіме қозғады. Мұражайға арнап əкелген сыйын тарту етті. Қаныш Сəтбаевтың ұрпақтары атынан осы салтанатты жиынға арнайы келіп қатысқан, ұлы ғалымның немере інілері Ғабдуғани-Сұлтан Əлішерұлы Сəтбаев, Қанат Жолдасов бабаларына осындай үлкен құрмет көрсетіп жатқан аудан халқына, мұражай құрылысына қаржы көзін іздестіріп тапқан облыс əкімі Ерлан Арынға алғысын білдірді. Мұнан кейін Қаныш Сəтбаев ескерткішінің салтанатты ашу рəсімі болды. Ескерткішті көмкерген ақ шымылдық түрілген сəтте бір кездері осы Баянауыл өңірінен əлемдік ғылым көгіне жас қырандай шырқай көтерілген, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның тау тұлғасы еліміз өз тəуелсіздігіне ие болып əлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіріп, одан да биік межені бетке алған осынау сəтте өзі туған өңіріндегі мəңгілік тас тұғырына келіп қонғандай ерекше əсерде болдық. Мұражай үйінің алдындағы лента қиылып, халық асығыс көңілмен жапырлап ішке өте бастады. Сырты сəнді ғимараттың іші де мазмұнға бай екен. Мұнда ғалым өмірі мен қызметіне жəне аудан тарихына қатысты 3 мыңнан астам жəдігер қойылыпты. Мұнан кейін аудан орталығында жаңадан бой көтерген мешіттің ашылуы болды. Онда бас мүфти Ержан қажы Малғаждарұлы сөз сөйлеп, халқымыздың рухани құндылықтарына ерекше көңіл бөліп отырған өңір басшыларына өз алғысын жеткізді. Кезінде осы өңір халқын прогрессивті даму жолына бастап, заман ағысынан қалмас үшін білім алуға үндеген Мұса Шорманов мешітінің орнына бой көтерген бұл ғимарат өзінің ажарымен ауылға ерекше көрік беріп тұрды. Көлемі мен сəулеттік құрылысы тұрғысынан алғанда мұндай мешіт кейбір үлкен қалаларда да жоқ. Ауданның батагөй ақсақалдары Мүкарам Шүленбаев, Мұрат Рахметовтер облыс əкімі Ерлан Арынның Баянауылды рухани мəні зор қасиетті топырақ ретінде оны абаттандыру ісіне үлкен көңіл бөліп жүргендігін айтып, өз ризашылықтарын газет арқылы жеткізуді сұрады.

ДЕ (Соңы. Басы 7-бетте). * * * Алыстан мұнартып Зеренді де көріне бастады. Түйдек-түйдек боп, ойнақтап шыға келген қара бұлт ауық-ауық көктің нұрын сеуіп өтеді. Көз ұшында көгеріп Қошқарбай тауы жатыр. Оң жағымызда Кеңөткел ауылы сағымдай бұлдырайды. Төңірекке ойлана қарап, келе жатқанда Жанатай: «Аға, əні Забровка, – деді. – Осы ауылда сіз екеуіміз əңгімесін көп тыңдаған Ескендір Итжанов ақсақал қайтыс болған. – А? – дедім, оқыс сөзге елең етіп. – Е, естімеген екенсіз ғой, солай болды, жазмыштың ісі. Забровкаға бұрылып, Ескендір ақсақал дың үйіне кеп, тоқтадық. Қадиша

– деп бізбен етене жан секілді баурай сөйлеп, «Балқадиша» əнін зерттеп жүрген жай-жапсарымызды білді. Əлімжан ақсақал «Балқадиша» əнінің оқиғасын еш іркілмей, айта жөнелді. Сөзі сондай жүйелі. Бағзы біреулер сияқты қоспай сөйлейді екен. Біз зерделеген жайдың бəрі-бəрін шегелеп, бекіте түсті. Балқадиша əулетін де жөн-жөнімен таратты. – Біз қарауыл ішінде Дүйсен серінің тұқымымыз. Бұл атамыздың аңызы да ел ішінде сел-сел əңгіме. Ол Біржан салдан əрірек адам. Кешегі қырғын соғыста тəңір иіп, елге аман-есен оралдым. Мына Күлия апаларың отызға енді ғана ілігіп, жайнаған дер шағында жесірлік халге түсіпті. Елмен қауышып, қуанышымызда шек жоқ, біраз шайқақтап жүрдік. Бойымызда жастық жалын бар, қырмызы гүлдей құлпырған қыздарға қырындаймыз. Бірақ солардың ішінде Күлияға көзім түсе берді. Келе-келе мені

25 қыркүйек 2013 жыл мақсатымызды түсінді де өз жайын жайлап айта бастады: «Мен Балқадишаның жолы болмай жүрген бір бақытсыз немересімен үш жылдай отастым. Бұрынғы жолдасым дүние салған-ды. Шүпірлеген бала-шағаға бас ие болу жалғыз адамға оңай емес. Амал не, сол бейбақпен өмірдің алдамшы соқпағына түстім де кеттім. Жан бағу қиын. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Ана сорлы арақтан азды. Ақылына келіп, жөнделе алмай қойды. Сөйтіп, бір масылдың көрешегін көрдім. Ақыры дəмтұзымыз жараспады. Ажырасып тындық. Біз үш жыл бірге тұрғанда ол жазған дені сау отырғанда өз туыстарының суреттерін мақтана көрсетуші еді. Бірақ солардың ішінен Балқадишаның суретін көре алмадым. Ондай бейне қолға түссе, қані! Балқадишадай асыл ананың бейнесін бойтұмардай қастерлеп өтер едім. Ол сурет менде жоқ. Мына иек астында «Сандықтау» совхозы... Балқашин ауданына қарайды.

Балќадиша

апа есік алдында отыр екен, бізді танып, орнынан ұшып түрегелді. Ұлы, келіні, бала-шағасы шүпірлеп қуана қарсы алды. Амандық-саулық сұрасып, көңіл айттық. Біз жүрісіміздің мəн-жайын түсіндірдік. Қадиша апа көзі жасаурап: «Балқадишаның қыздарын іздеп шыққан екенсіңдер, – деді. – Ана жылы қасыңда осы Жанатай бар, екеуің келіп біздің отағасымен əңгімелесіп жүргенде талай рет айтуға оқталдым... Мен сол Балқадишаның туған сіңлісімін, шырағым. Заматта өткен күндер көрі нісі көз алдыма тұра қалды. «Мен бір кезде жарықтық Үкілі Ыбырайдың қойнына жатқан бала едім ғой», – деп ағыла сөйлеген Ескендір ақсақалдың əңгімесін Жанатай екеуміз магнитофонға жазып отырғанда осы бір жылы жүзді бəйбіше əр сөзді бас изей қоштап, тамылжып, үнсіз тыңдай беретін-ді. Сөзге араласпайтын. Қараңыз енді: «Балқадишаның сіңлісімін», дейді. Жүрегім лүп ете түсті. Қадиша апаны сөйлеткім келді. Ол дəмем де үйлесе кетті. Апамыздың жүзінен мейір төгіліп, «осы сөзді əбден сақтап жүр едім», дегендей өз-өзінен шешіліп, сыр тиегін ағытты: «Əкеміз Ыбырай үш əйел алған кісі. Бағзы біреулер сияқты бақ-дəулеттің буымен үйленбеген, оған жазмыштың ісі себеп болған. Үлкен шешеміз Жықыштан – Балқадиша... менен көп үлкен. Мен 1906 жылы тудым. Жықыш дүние салғаннан кейін əкеміз Балжан деген шешемізді алыпты. Ол Əйімбет ауылының қызы. Бұл кісі екі құрсақ көтеріп, бірақ, олар тым ерте шетінепті. Менің шешем – Алтын, Тінібай қажының қызы. Бүгінде сол шешемізден Күлжəмила екеуміз бармыз. Күлжəмила Мəлік Ғабдуллин атындағы совхозда тұрады. Мына Қошқарбай тауын етектеп, шамалы жер жүрсеңдер Кеңөткел ауылы бар. Балқадишаның үлкен қызы Күлия сол ауылда. Зерендінің ар жағында Айдабол ауылына тиіп-ақ тұр, «Сандықтау» совхозы. Балқадишаның кіші қызы Нағима сонда. Екеуі де үйлібаранды, үбірлі-шүбірлі тоқтасқан жандар. Күйеулері өзіміз тұрғылас қариялар. Балқадиша хақында ел сөзі – жөн сөз. «Балқадиша» əні... ондай əн... е, оны Ақан серідей адамның асылы шығарса, ол тегін бола ма? Адамның жүрегі бостан-босқа елжірей ме, сөйтіп? Балқадиша апамыз Ақан серінің əндерін бізге жібектей сызылып отырып айтқанда жүзі гүл-гүл жанып, бір шуақты сезімге беріліп, мөлдірей қалатын-ды. Дауысы да сондай сырлы еді. Көп желпіне бермейтін-ді. Кез келген жанға онша ашылып, сыр айтпайтын-ды. Ал, көркі, сұлулығы... Өле-өлгенше сол ажары жан біткенді таңғалдырумен өтті. Үй иесі Қадиша апаның əңгімесі Жанайдар Мусин шерткен сырмен қабысып, шай үстінде де жалғаса берді. Бізге белгілі, белгісіз жайлардың бəріне ол дəйекті сөздер сəулесін түсірді. Кейбір дүдəмал сырлардың беті ашылды. Анықталды. Қадиша апамен қоштасып, жолға шықтық. Енді ат басын тірейтін жеріміз – Кеңөткел! Біз жол үстінде Балқадиша əулеті жайында қилы-қилы əңгімелерді тағы да еске алып, Қошқарбай тауын жебелеп кеп, жалпақ саздың ортасында отырған ауылға да жеттік. Тоқтаған үйіміз – Балқадишаның үлкен қызы Күлияның үйі. Күлия орта бойлы, нəзік, аққұба, пісте мұрын, кісіге тік қарайтын көзі өткір жан екен. Бірақ, сондай мейірімді. «Қарағым... шырағым», деп аялап сөйлейді. Үні де биязы. Тұңғышы Тумырза қайтыс боп, соның қайғысы біраз қажытып тастапты. Уһілеп, əр сөзін үзіп-үзіп айтты. Мұң шеккен ананы жұбата сөйлеп отырғанымызда, сырттан осы үйдің отағасысы Əлімжан ақсақал келді. Қауқылдаған, кеңқолтық, ақкөңіл жан екен, еш тосырқаған жоқ, амандықсау лық сұрасып, бірден шүйіркелесе кетті. Күлияға көзінің қиығын салып: «Тағдырға айла жоқ. Жылап бақтық. Көз жасыңды тый, Күлия, бекінгеніміз жөн. Сабыр... сабыр дегеннен басқа не лаж бар? Алматыдан ат сабылтып келіп отырған қонақтардың жайын қылайық»,

əбден баурап, ешқайда тырп еткізбеді. Тал шыбықтай иіліп, былқылдаған сұлу келіншек. «Балқадишаның қызы ғой, шіркін!» дегізген пəк ару. Шешесін көр де қызын ал! Көркі жан қызығарлық сүйкімді болса, ақыл-парасаты да бойына бек жарасыпты. Менде ешқандай дүдəмал ой болған жоқ. Ақыры бір тəңір иген күні Балқадиша анамыздың ақ батасымен Күлия екеуміз отау құрдық. Сөйтіп, өмірдің ұлы көшіне ілесіп жүре бердік. Ауылдағы үлкен кісілер қуанып, бізге тілектестіктерін білдірді. Сөзге ілкімді Əлімжан ақсақал лып түрегеліп барып, төргі үйден біраз суреттер əкеліп, алдымызға жайып салды. Қарай бастадық Күлияның отыздағы кезі... Көзінде нұр ойнап, назды қылық танытып, еркелеп тұр. – Осы суретін үлкен кісілеріміз: «Балқадишаның дəл өзі ғой, дəл өзі!» деп қызығатын еді. Ал, Балқадишаның өз суретін көргілерің келе ме, шырақтар? – деді, Əлімжан ақсақал, бізді оқыс таңырқатып. – А, бар ма сізде? – дедім мен, алдымдағы көп суреттерді сасқалақтай араластырып. Əлімжан ақсақал ойлана бөгеліп: «Дəл осы күндері ауылға Алматыда тұратын Кəріпхан дейтін қадірлі азаматымыз зайыбымен демалысқа келіп жатыр. Балқадишаның суретінің бірі сонда. Ал, тағы бір суреті мына іргелес Айдабол ауылында Рахия деген келінімізде болуға тиіс, – деді. Шай үстінде де Балқадиша жөнінде көп-көп тосын əңгіме ортаға салынды. Мен Балқадишаның суретін көруге асықтым. Осы көңіл-дітімді сезгендей Əлімжан ақсақал «Ендігі сөзді сол Кəріпханмен жалғастырайық. Барайық оған. Оның тоқтаған үйі ауылдың шетінде, – деп, түрегеле берді. Біз сыртқа шықтық. Күлия апай көзі жаудырап, бас изей қоштасты... Кəріпханмен жүздескенде бір-бірімізді танитын боп шықтық. Жанатайды бұрыннан біледі екен. Жөн сұрасып-біліскен соң, алдымызға қымыз келді. Əңгіме өз-өзінен қисын тауып, Ақан серіге ойысты. Кəріпхан біраз беймəлім сырларды қозғады. Ақан серіні біледі екенбіз, білмейді екенбіз. Жүйелі сөзге сүттей ұйыған Əлімжан ақсақал: «Кəріпхан, ұмытпасам, ана бір жылы сен Балқадишаның суретін алған сияқты едің», – деді. – Иə, Əлеке, алғам, – деп Кəріпхан да қоштай кетті. – Мына екі азаматтың жолы болды, онда, – деді. Əлімжан ақсақал бір жоғы табылғандай елпілдеп. – Балқадишаның суреті менде. Алматыға барайық, ол суретті беремін, саған, – деді, Кəріпхан, маған күлімсірей қарап. Бəтуа осылай болды. * * * Ертеңінде біз Айдабол ауылына келдік. Бұл жерде Балқадишаның келіні Рахиямен əңгіме көңілсіз басталды. Рахия жайында Əлімжан ақсақалдан біраз жайды ұққамды. Көп балалы, мехнаты мол шаршаулы жан екен. Тұрмыс-тауқыметі қажытқан. Қамшыдай қатқан қараторы жүдеу əйел адамға мұңлы көзбен қарайды. Біздің келген

Сол жерде Балқадишаның кіші қызы Нағима отыр. Мен ерден кетсем де, елден кеткем жоқ, Нағимамен жиі араласамыз. Бəлкім, сіздер іздеген сурет Нағимада бо лар. Мақұл көрсеңіздер, сол ауылға барайық, бүгін қолым бос... Рақияның ізетіне риза боп, қуана келістік. Дала жауындатып тұр. Күн күркіреп, төгіп-төгіп жібереді. Іле аспанның бір шеті жарқырап, ашыла қалып, көк, сары, қызыл түспен нұр таратып, кемпірқосақ тартылады. Екі көзім жауын шайып, жайнаған дүниеде, ал, көңілім əлі де алаң. «Балқадишаның Нағимасы... ол қандай жан екен? Апамыздың суреті сол кісіде болса ғой, шіркін!» деймін үмітті ойға беріліп. Өстіп отырып біз тастары бейне бір қолмен текшелеп қалағандай, орманы сыңысыған таулы өңірге ене бердік. – Анау етектегі өзеннің екі жағасындағы үлкен село – совхоз орталығы. Ал, Сандықтау тауы осы жерден он екі шақырымдай... əні мұнартып тұр. Тұтасқан орман, – деді, Рахия, сəл жымиып. – Е, айттым ба, айтпадым ба, Нағиманың отағасысы Нұрқожа ата мінезі ауыр кісі, ал, бір шешілсе, ағылып ала жөнеледі. Тоқтату қиын. Батпақты жолда əупірімдеп жүріп отырып, ауылдың кіре берісінде Нағиманың үйіне кеп, тоқтадық. Есік алдында Нұрқожа ақсақал Нағима екеуі жылы жүзбен қарсы алды. Сəлемдестік. Таныстық. Үйге кірдік. Жайлап əңгіме де басталды. Нағима... Бұл кісіге мен ойлана қараумен болдым. Зипа бойы жып-жинақы. Сыпа. Талдырмаш. Сабырлы. Ұяң. Реңі аққұба. Маңдайдан тік түскен пісте мұрынының сол жақ ұшында қарақаттай меңі бар. Шарасы кең көзінің айналасын əжім сызығы торлай бастапты. Сұрағымызға қысқа ғана жауап беріп, əңгімеге еркіндеп ене алмай, үнсіз қала берді. Сөзге отағасы Нұрқожа ақсақал араласты: «Енеміз Балқадиша да сабырлы еді. Бірақ ол кісіде адамға шырай тарататын жылылық болатын-ды. Өзі де, сөзі де көркем еді. Əр сөзінен ғибрат лебі есетін-ді. Мына Нағиманы сөйлету үшін көңіл кілтін табу керек. Ал, келбетін... əсіресе, отыз бес жастағы суретін Балқадиша дей беріңіз». Нағима шалына қарап, мырс етті. Нұрқожа ақсақал да жымиып: «Дəл осы күлкісі... Балқадишаның күлкісі! Мені осы күлкімен арбап түсірді ғой, бұл Нағима», – деді өз сөзіне өзі желпініп. Нағиманың күлкісінен пəктігі, бір кездегі ерке-назға толы бал қылығы, ізеттілігі сезілді. Құралайдың көзіндей жаутаңдаған жанарынан көз тайдыру мүмкін емес. Тазалық пен іңкəрлік сезім тұнған, тылсым көзқарас. Төрде көп суреттер ілулі тұр. «Осының ішінде Балқадиша жоқ па, екен?»деймін, жалтақтай қарап. Мұны сезген Жанатай: «Сіз Күлия апайдан неше жас кішісіз?» – деді. – Мүшел жас. Күлия апаймен арамызда Гүлсін деген қыз бар еді, қайтыс болды. – Мына бір суретіңіз қай шамадағы кезіңіз? – деп Жанатай көп суреттің ішінен біреуін көрсетті.

– Отыз бестегі кезім. Екі көзі жаудырап, ақ бетінде бір мін жоқ, қасы қияқтанып, туған айдай керіліп, өзіне еріксіз қаратады. Бір сүйкімді пəк бейне. Нұрқожа ақсақал ойлана сөйледі: «Осы сурет... Балқадишаның толысып, келіншек болған кезіне қатты ұқсайды, дейді, үлкен кісілер. Білем, көрдім Балқадишаның суретін, біреулерде бар деп естиміз. Оған өзіміздің де қолымыз жетпей жүр. Нағиманың бұрынғы жолдасы соғыстан аман келіп, кейін жүрек дертінен дү ние салды. Жазмышқа не шара... Нағи маның талшыбықтай бұралған кезі. Сұрапыл соғыстан менің де аманесен оралған сəтім, жар тауып, бас құрағым келеді. Ел ішінде асау тайдай бұ лаңдаған жаудыр көздер көп-ақ. Бірақ не құдірет биледі, білмеймін, Балқадишадай асыл ананың қызы болған соң ба, осы Нағимаға бірден құлай беріліп, байландым да қалдым. Сөйтіп, қосылдық біз. Үлкендер: «Жарайсың, Нұрқожа, Нағимадай жарыңның қадірін біл. Бақытты болыңдар!» деп қуана қоштап, батасын берді. Нұрқожа ақсақал осы əңгімеден кейін: «Ə, болды ғой бəрі... бəріне куə біздің көз», дегендей сəл іркіліп еді, бағаналы бері бұйығы отырған Нағима көзі жаутаңжаутаң етіп: – Анамыз Балқадиша, əкеміз Сүлеймен екеуі жарастықты ғұмыр кешті. «Балқадиша» əнін ел жыр ғып жатқанда екеуі ол əңгімелерді қызыға тыңдайтынды. Мен ерке болып өстім. Анамнан əр кез Ақан серіні сұрай беретін едім. Сонда анам: «Е, балам, Ақан серідей адамның сұлтанын кім сүймейді?!» деп күлімсірейтін-ді. Сол күлкісінде қанша жылылық, мейірім... құмарлық, лəззат нұры бар еді. «Балқадиша» əнін əдемі дауысымен сызылта айтқанда адамды өзгеше бір қиял дүниесіне енгізетін-ді. Сонда қасында ұйып тыңдап отырған əкеміз: «Тағы бір айтшы, тағы бір...» деп кəдімгідей көтермелеп қоятын-ды, – деп, жеңіл ғана күрсінді. Нағиманың жанарына жас үйірілді. Біз бар əңгімеге қанығып, жүруге ыңғайланғанда Нағима маған өзінің «Балқадишаға ұқсайды» деген екі суретін жəне төрде ілулі тұрған ағасы Төребайдың (соғыста қайтыс болған – И.Ж.) суретін берді. * * * Сол 1985 жылғы тамыз айының орта кезінде Көкшетау, Петропавл, Омбы төңірегін аралап, Алматыға оралдық. Менің ендігі дітім – ҚазТАГ-та аудармашы боп қызмет ететін Кəріпхан Тəшеновпен жүздесіп, Балқадишаның суретін алу. Кəріпхан сондай елгезек, кішіпейіл жан. Екеуміздің арамызда бір сұхбатты күндер басталды. Жасынан қария сөздерін зерек көңілмен ұғып өсіп, өз елі – Көкшетаудың сал-серілерінің өмірінен көкейіне көп сырды түйіпті. Мені сол зердесі баурай берді. Жұмысының беймаза екенін айтып: «Сəл сабыр ет, мына бір аудармашылық іс мойын бұрғызбайды. Үйде қағаз көп. Соның ішінен іздеп табуым керек, Балқадишаның суретін. Сəл шыда», деп, ұмсындырады. Дəмелендіреді. Сөйтіп жүргенде көп аңсатқан Балқадиша бейнесін көрдім, ақыры. Балқадишаның суреті! Басында түбіт шəлі. Үстінде шапан. Алдында немересі. Егде тартқан келбетінің өзінде: «Бет біткеннің сұлуы!» дегізетін ерекше бір тартымдылық құдіреті бар. Кəріпхан сарғыш тартқан суретке қарап тұрып: «1939 жылы түсірілген сурет. Қазір бұны алғаныма жиырма бес жылдың жүзі болыпты. Мұны маған Балқадишаның Жетібай деген ұлы хат арқылы жібергенді. Суретке қоса Балқадишаның өзі, отбасы жайлы ауыл кеңес кітапшасына жазылған ресми құжат та бар. Балқадиша Қойайдар ауылына келін боп түскен. Кейін бұл ауыл Сəберлі, Кенжетай ауылдарымен қосылып «Кеңөткел» колхозы боп атанды. Сол кездерде «Кеңөткел», «Өндіріс», «Қойсалған», «Еңбек-бірлік» жəне Ленин атындағы колхоздар Ленин ауылдық кеңесіне қарады. Балқадиша Ыбырайқызы Масабаева 1883 жылы туған. Жылы – сиыр. Балқадиша мен Сүлеймен тату-тəтті ғұмыр кешіп, біраз перзент сүйді. Солардың ішінде есейіп, жетілгені – екі ұл, үш қыз. Қыздың үлкені – Күлия. Төребайы – 1911 жылы туған. Одан Жолдыбай, Жарқынбай деген екі ұл бар. Төребайдың əйелі – Дəметай Кеңөткелде тұрады. Гүлсіні 1915 жылы туып, Қошқарбай ауылының жігіті – Сұңғаттың Əбікеніне ұзатылды, 1948 жылы 33 жасында қайтыс болды. Ал, осы қысқаша деректі берген Жетібай ұзақ жыл Сандықтау совхозында шофер болып істеді. Автомобиль апатынан қазаға ұшырады. Балқадиша 1950 жылдың сəуір айының 17-ші жұлдызында дүние салды. Сүлеймен екеуінің зираты – Кеңөткелде. Ыбырайдың үшінші қосылған əйелі – Алтын. Ол кісі менің əкем Тəшеннің туған апасы. Балқадиша біздің əулетке жиен. Шешем Балым ару апамыздың атын атамайтын, үнемі «жиен қыз» дейтін, – деп Балқадишаның суретін маған ұсына берді. * * * Сұлулық періштесі дерлік Балқадишаның əулетімен осылайша қауышып, осы бір ғажайып жанның суретін табуым – əн зерттеген мехнатты да лəззатты өмірімнің ең сəулелі, шуақты сəті еді… «Балқадиша» əнінің бар тарихы міне, осы! АТЫРАУ.


25 қыркүйек

ДЕ Р Е З

2013 жыл

Қ

останайдың облыстық газетінде табан аудармай жиырма екі жыл көз майын тауысып, қалам сорып, ащы терге малшынып қызмет еткен жалынды күндерім есіме түссе жүрек тұсым кəдімгідей ып-ыссы боп, сағыныш сезім тұла бойды шарпып кетеді. Бал арасынша лəззаттана жинаған рухани игілік, жылдар өте келе көзі бітелудің орнына, тұма бұлақтай асаулана бұлқынып, көкірек көмбесінен молынан қарпуға ынтықтыра тартады екен... Иə, сондай қазыналы қамбадан сəті түсіп, ақтарылған мына бір суыртпақ сыр, бəлі, ұзақ жылдар тербеліп, иі қанып, күні жеткендей боп, күмбірлей құйылған еді. Əттең, бірақ тұтастай құмарлы қызық емес екен, жүректе беріштене түскен қайғы-мұңның қатпарлы қырғышының қылпа жүзіндегі шер-налалы, шерменде запыраны іспетті-ау, сірə!.. ...Сонымен, Қостанайдағы шығармашылық күндердің жылыстанып жатқан беймаза шағы – өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта шені болатын. Ақ дастарқан басында Мəриям Хакімжановамен қатар отырамыз деп кім ойлаған? Сəті солай болыпты. Көрші-дос, белгілі дəрігер Есентемір Əбдікəрімовтің шаңырағындағы уызы меймілдеген осы жүздесу сəті «мен– тарих тегеріші» дегендей, сырт-сырт етіп, байқаусыз сырғып жатыр еді. Үлкен ақыннан не сұрай қоясыз, жөппелдемеде. Сөзге қосылуға да жүрексініп, тағалан баған аттай тайғанақтай бересің. Есен-саулықты кірме есіктің жақтауындағы сəкіде шаршаңқы, болдырыңқырап отырған Мəриям ападан сұрапбіліскенбіз. Қанша дегенмен, сексен сеңгірі селкілдетпей қоймайды екен-ау. Əлде жүрек тұсы, əлде толысқан дененің икемге көнбей, ауыртпалық салуы ма екен, бір шуыл, демікпе алқыныс, жиі керілген кеуде сырылы естіліп қалады. Бақсақ, əлгінде жеңіл көліктен түскенін ауырлап қалғаны байқалады əзіз жанның. «Өлең шаршатып, салдырағаны ма?» деген күдік серпілді. Сөйтсек, Өлеңді бұл кісі сүйреп жүрмепті, Өлең апамызды жетелеп келе жатқандай екен... Дəтке қуат! Мəриям апа өлеңінің құдіретін білеміз ғой. Оның өлең-моторы əлеуетті күшке ие. «Өзім өлмей отты өлеңім өлмейді», деп шабытымен анттасқан ол өлеңімен өрге өрлеп келеді. Қадірлі мейманымызды жоғарғы қабатқа бастап көтерілдік. Апай əр баспалдақты қиналып аттайды. Бір, екі, үш... тоқтап, сəл тыныс алады. Ентігін басады. Толық балтырының тамыры білеуленіп, кейбір тұсы шорланып, жарылардай боп көкбұжырланып тырсиып тұр. Сыздап, шыдатпайтындай. «Солқылдатып, əкетіп барадыау!» дейді де ернін қымқыра тістелеп, қайыра аттайды. Бір, екі, үш... Алдағы Есентемір апайдың оң қолынан тас қып ұс тап алған. Бір жағы соған тар тылып, екінші жағы сол қо лымен басқыштың ернеу ағашын сырғыта, сығымдай саумалап əр қадамын санап, зорлана ұмтылады. Мен болсам, апайдың ауырлау денесінің салмағын сəл-пəл қалай жеңілдетем деп, біресе алға лақша секіріп, баспалдақты мегзегендей боламын да, енді бірде соңында қалыңқырап, қай жерінен ұстап, демерімді білмей сасқалақтап, амалсыз ернеу ағашты мытып қысқан сол қолының білегінен көтере, итермелеймін. Мұныма қолайсызданып «шырағым, өзімөзім», дейді апай əлсіздеу үнмен. Міне, қалтасынан қол орамалын алып, жіпсіген маңдайына сырғытты. «Уһ, қанша қалды?» Қарасұрлау жүзінен моншақтап білінген терін алақа нымен сыдырып тастаған Есентемір дым демейді. Шарасызданып, танауының желбезегі қусырылып, көзі аларыңқырап кеткен. Апай келесі басқышқа ұмсына беріп еді, Есентемір троспен тартқандай етіп, оң қолынан тағы жебеңкірей жылжыды. Бұл жолы мен əлсіреген апай аяғы тайып, шалқалай құлап кетпесін дегендей сақтықпен иығымды қырындай қалқалап, артынан ілбіп келемін. Есентемір «барсың ба, ей!» деп қояды. Жауабым – жай ғана жөткіріну. «Қостанай горисполкомы қазақтарға не бірінші, не жоғарғы қабатты береді», дейді Есентемір

жүгіртіп айтсақ... былай. М.Хакім жанованың халқы сүйіп оқитын қаншама туындылар жазғанына ел куə. Өзі 60 жасқа толғанда солардың басын құрап, үш том етпекке үміттенгентін. Дəнеңе өнбеді. Араға 20 жыл салып, 80-ге жеткенде бел сенді бір баспагерге барып: «Шырағым, менің ғұмыр бойы жазғанымның таңдаулы дегендері 3 томнан аспайды, артымда тұтастау күйінде қалсын!» деп өтініпті. Құлаққа қыстырылмапты. Сөйтіп Қазақстанның халық жазушысы, «Еңбек Қызыл Ту», екі мəрте «Құрмет Белгісі» ордендерінің, бірнеше медальдардың иегері, Қостанай, Арқалық, Форт-Шевченко қалаларының құрметті азаматы атанған абзал ана, қазақ поэзиясы қыз-келіншектерінің абызы көзінің тірісінде томдықтарын шығара алмай арманда кеткен еді. Апайдың өз аузымен айтылмай қалған мұң-зарының бір түйткілі осы болса керек-ті. Əрине, əділдік жеңбей қоймай ды екен. Ақынның туғанына 100 жыл толуына орай, əйтеуір, мейірім-ықылас

əлдекімге шағымданғандай болып. «Апайдың сенің үйіңе қонаққа шақырылғанын білмеген ғой, əйтпесе, осы қаланың құрметті азаматы ретінде лифт орната қояр едіау», деп əзілдеген болам. Бұл сөзім апайдың құлағына жақты білем, жылжымай, қалт тұрып қалды. Шынында да лифт күтіп тұрғандай жайланып, ағыл-тегіл терін орамалымен сорғыштады. «Апа, енді келіп қалдық!» деді үй иесі əлденеге үрейленіп. Нəті, апасы енді аяғын тіпті баспай қоя ма деп, зəре-құты қашқандай еді. Апай да елгезек кісі ғой, соңғы күшін кейінге сақтаған екен, ышқынысын білдірмесе де төргі басқышқа ентікпей, сəл сергектеу көтерілген сықылды. Бөлесі Есентемірді аяғанынан да болар, «ал, жетіп жығылдық па, соған да тəубе», деп дым болмағандай серпіле сөйледі. Есікті айқара ашып тұрған Есентемірдің жұбайы Наушаны қапсыра құшақтап, маңдайынан бірнеше қайтара сүйді... Ойхой, Есентемір екеуміз жеңілей іп, қуанышымызды көз

Мəриям мўѕы Қайсар ƏЛІМ,

«Егемен Қазақстан».

қиығымызбен шарпыса білдіріп, шаттанып бір кеттік десейші... Апамыз шəйді құмарланып, сүйсініп ішті. Шөлін басқасын, əңгімеге де жазыла көсілді. Аракідік, маған қарата: «Тілші бала, түйсігіңде жүрсін», деп алады да өткен-кеткенін, əсіресе бала кезгі, есейгендегі көрген қорлығын, пұшайман халзəбірін, жан қайғысын, жүрегін кемірген тағдыр тəлкегін суыртпақтап қояды. Жазық маң дайына көлденең түскен əжім сызықтары қасын кере сөйлегенде алма-кезек жиырылып-жазылып, «менде тұнған сыр жатыр» дегендей, біл мек ке əуестікті еселейді. Ынты зар етеді. Ақ селеудей шашы тікесінен қақ жары ла жатқызылған. Қайратты шаштан тарақ ізі де анық көрінеді. Қою қасы боялып-сүргі ленбесе де кең маңдайдың қос ноқатындай сұлулығын үстемелеген. Қысқалау кірпігі мен аялы жанары шебер үйлесім мен ақылдылық нышанын аңғартқандай. Ойлы да тұ нық көзқарасынан өзгеше мейірімділік меймілдеп, өмірге іңкəрлік тамшылап тұрғандай еді. Түзу, тегісімен түскен мұрнының етекті танауы сəнімен оймақталып, бет-ажарының келістілігін келбеттеп тұр.Толық, топ-томпақ бүрме ерні өзгенің көңілін ынтықтыра сыздататындай əсем сызбаланып, доғалша иегімен астасып, одан əрі бұғақтала түскен. Мойнына түйінсіз бос тастаған ақ шəлісі толық омырауын бүркемелей босаң көлегейлегенімен, баяғы тал-шыбық мүсіннің толықсыған шағын елестететіндей ме. Не керек, сексеннің дəл үстіне шыққан апамыз сынын беріп, сырын алғызбағандай, сергек қалпымен қуантып тастады. Манағы баспалдақ машақатынан құтылғанына өн бойы жайнап, жадыраңқы күйге түсіп, балбырап барады екен. Күткенім, ақын мінезінің алқаусыз, бағынусыз, желпініс, ағынды, асаулы сəті еді. Бекер дəмеленбеппін. Мəриям апай өз-өзінен қозғалақтап, құюлы шəйіне де қарамай, қол сөмкесінен абдырап бірдеме іздей бастады. Іліккен қағазын алып шыққанша тағатсызданып, қоңыр үнді уілімен шайқалақтанып қалады. – Мен қазір Торғай жақтан қайтар жолда туған өлеңімнің осы Есентемір бөлемнің үйінде тұсауын кесіп тастасам қалай қарайсыздар?– деді де ақ қағаздың бүктемесін жазып, қалың шынылы көзəйнегін мұрнына қондырды. – Дауыс ырғағы тіпті өзгешеленіп кетті. – «Қасиетті қара шаңырақ Торғайым, Сағынып келіп, саяңда сенің толғайын. Егізіңнің сыңарымын ежелден, Сексенімді өз қойныңда тойлайын...». Алғашқы шумақ тарқатылды. Біз үнсізбіз. Дем беріп қоштап, ақын арқасын қоздыра түсуге дағдыланбаған басымыз сөз сиқырынан шыға алмай, мүлги түсіппіз.Торғайымыз еске түсіп торығып, тұмшаланып қалыппыз. Апайда басқа есеп жоқ еді. Өзін-өзі қамшылап, ағындап

барады. «Ата-бабам мекендеген Торғайым, Өткеніңді, өскеніңді ойлаймын. Талдап қарап, тарихыңды зерттесем, Елдігіңе, ерлігіңе тоймаймын». Бізді өлең тыңдап отырау, осылар деп көз қырына да алмаған Мəриям апай суыңқырап қалған шəйін бір ұрттап, оқуын əрі жалғастырды: «Талай ұлың өткен кешіп өткелді, Талай ауыр күнді бастан өткерді. Ұлықызың бостандықтың жолында, Қиындықты, қуғынды да көп көрді». Осы тұсына недəуір кідіріп, жанары жасаурады ма, орамал ұшын көзіне жүгіртті... Иə, ақын жүрегіне сызат түскендей. Қуанып отырып қайғыра салатын жұмбақ жанның терең күрсінісіне қабырғамыз қайысып, қамыққаннан басқаға, дəрменсіз едік. лкен асты апай кешеуілдетуді өтініп, диванға жайғасып отырды да үнсіздік жайлаған аз мезетте мызғып алғандай болды. Тыңайып шыға келіп, қуақылана жымиды да «қабаған кəрілік осылай жан-жағыңнан тартқылайды», деп маңайын күлдіртіп алды. Мұнысы, кенеулі əңгіменің беташары– жайлылық, ұзын арқау, кең тұсаулы

Ү

небəрі 23 жасында қыршын кеткен, өзінен үш жас қана қалқыңқы, жалынды ақын Шолпан апасының тағдырлы жалғасындай болып, жыр əлемінде жарқыл қақты. Осынша қыспақты жылдардың қатулығы апайдың қабағын жібітпестей етіп құрсаулап тастаса да, бөлек бітімді бекзат жаратылыс кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген оймен қайғы мен қуанышты қатар өріп, əңгіме тізгінін қосақтап, жіберіптартып отырады екен. Апайдың сондай бір алақұйын көңілі сабасына түсе бастағанын аңғарып: – Апай, осы сіз, Шолпан апаңызды көрдіңіз бе?– деп қыстырыла кеттік. – Көре алмадым! – деді апай «əттең-айының» шеті түріліп қалғанына оқыс күйінгендей боп. – Бірақ қанаттасып, «Əйел теңдігі» журналына өлең шығарып тұратын едік. Біз одан көп үйрендік қой. Шіркін, ол уақыттағы сыйластықты айтсайшы. Бір өлеңі арқылы ақынмен

танытушылар табылып, 2006 жылы шығармаларының 2 кітабы «Ана тілі» баспасынан, соңғысы «Жазушыдан» жарық көріп, осылайша, өзі діттеген тұтас 3 томдығы өсиетіндей боп оқырмандар қолына тигені көңілге медет. Мұның біріншісіне – өлеңдері, екіншісіне – өлеңдері мен поэмалары жəне жазбалары, үшіншісіне – естеліктері мен мақалалары енгізілген. Əттең, əттең... Үш «балапанының» басынан сипай алмай кеткені өкінішті-ақ. Жер қозғалмаса, қозғалмайтындай салмақты Мəриям апаның жүрегіне нендей салмақ түскенін кейін аңға рып жатқандаймыз ғой... Жыр-Анасымен соңғы рет қоштасуында талантты сіңлісі Фариза Оңғар сынова: «Қыз дар дың көшін бастаған, Орынсыз асыптаспаған, Өсек-аяң сөз айтпай, Қабағымен жас қа ған, Тек тілердің көзі едің, Шын асылдың өзі едің»,– деп нағыз дегдарлық бағасын бере күңіреніпті.

Сонау ерте шағында өмірден қорлық көріп күйінгенде: «Тырсылдаған көздің жасын, Тоқтататын не амал бар. Қор боп өткен қайран басым, Қашан ғана жоғалар...» – деп тотияйын жалағандай, тілін күйдіре жазғанымен, бақытты ақын болып ел көзінде қалған еді... сабатты кезеңіндей болып, бөлмеде еркіндік ахуал орнатуға себін тигізгендей еді. Апайдың ерекше көңілділігінен жайдарман көп əңгіме дəметкендей едік, бірақ бəрі басқаша реңкпен сұстылау өрбіді. Оған апай кінəлі емес еді, сол бір сұрқия заманның зар-наласы еді, налытқан... ... Иə, қаршадай қыз Мəриям тез есейді. Оқи жүріп, өмір атты дастанның өрмегін үздіксіз тоқыды. Ақындық таланты да ерте ояныпты. Жыр жазу, оқырмандарына кітап сыйлау, «бөрі арығын білдірместің» кебімен қоғамдық іргелі жұмыстардың басы-қасында жүру, Мəскеу қаласында өткен КСРО Жазушылар одағы 1-съезіне қатысып, М.Горькийдің қолынан мүшелік билет алу секілді ұлы мұратын ұш таған қынулы жылдар, сəтімен жалғаса берер ме еді, əттең, сұрқия 1937 жылдың қынабынан қан тамшылаған қылыш суырылмағанда. Ері Серғали Бермұхамедов «халық жауы» атанып қамауға алынбаса... Қайратты ана бəріне көніп бақты. Он сегіз жыл жүрегін мұздатқан қайғы батпанын серпи жүріп таңғаларлық ақындығына бас игізді. Қазақ поэзия көгінің жарық жұлдызындай болып қалған «Мəншүк» поэмасын туғызды. Сөйтіп, жолдасы Серғалидің нақақтан атылып кеткені заңмен анықталып, толықтай ақталған 1955 жылға дейін де белсенді өмірлік ұстанымын бəсеңсітпей,

немесе ұлт мүддесіне орай тауып айтқан бір ақылман сөзі үшін бейтаныс зиялымен сырттай туыстасып, рухтас боп кететінбіз. Қазақта ұлтқа қызмет еткен əйелдің алды болған Нəзипа Құлжанованы да солай арқа тұтқанбыз. Міржақыптың зайыбы Ғайнижамалдың ақылын талай есіттік. Ал Гүлнəр Дулатова сіңліміз қазақ қыздарының бойына алаш идеясын сіңіруден жалықпайтын күрескер жан екенін əрдайым мақтан етемін, былайғыларға да уағыздап келемін. Ондай тұлғалар сирексіп қалды ғой қазір. Бірақ, шүкір. Өнеге демекші, Шолпанға қатысты білгенімді айтайын. Оның жазғандары шашырап қалар ма еді. Көзі жұмылған соң бір жыл өткесін, кейін қоғам қайраткері боп танылған Сара Есова оның өлеңдерін жиыстырып, кітап етіп шығарды. Ұлт үшін де, Шолпан Иманбаева үшін де қажет қадам еді бұл... Кезінде Шолпан апам туралы: «Қазақтың қалаулысы ақын Шолпан, Өмірден өлең болды алған қолқаң. Сайрадың бостандықтың бұлбұлы боп, Болса да қара түнек өскен ортаң»,– деп жырлағанмын. Ішкі ой шерленіп туласа, толқын сапырған ақ көбіктей бетке қалқып шығады екен. Апай жүзі күреңітіп, есіне түскен əлденені бұғалықтай алмай əлектенген сыңайлы. Нендей ой кемірді екен?.. Бізге тылсым қалды. Дегенмен, уақыттың қай жұмбақты да шешпей қоймайтынына көз жеткен. Алға

9

www.egemen.kz

...Сонымен, ас ішіліп болып, Есентемір апайды қонақ үйге жеткізіп салудың қамына кіріскенде, ол кісі тосындау қимылмен бізге ошарыла бұрылды: – Сендер, Ыбырай Алтынсарин бабаларыңның басына жиі барып, зиярат етіп тұрыңдаршы!– деді де ішінен күмілжіп тынды. – Барып жүрміз! Апа!– деді Есентемір нық сөйлеп. – Қаланың кең алқымынан жанай ағатын Тобыл өзенінің жағасынан онша алыс емес жерде мəңгілік тыныстап жатыр ғой, жарықтық бабамыз. – Дұрыс! Дұ-р-ыс! Кеше өзім барып, дұға оқып қайтқам. Есімде ғой бəрі, есімде, 1921 жылы ұзатылғанымда Айғаным əжем Балғожа мен Қанқожа билердің он екі құлақты тамының қасында жатқан Ыбырай атамның да темір тормен қоршалған бейітін көрсетіп, жадыңда жүрсін дегендей, нығырлап көздеп, түсіндірген еді. Жасыратын не бар, сол ескі қо рым Қостанай қаласының шеткі тұсында қалғанын ішім сезеді. Үстінен банк ғимараты түсті деп естіп едім... – Мəриям апай ауыр күрсінді де сөзін жалғады. – Құдайға күнəһар болар жайым жоқ, бірақ көңілден секемшіл сезік кетпей қояды. Қазіргі ескерткіші тұрған жерге сүйегін қазып апарып қойды ма, əлде... Қойса, жақсы!.. Бұл жағы өзіммен көрге бірге кетер ащы мұңым ғой, айналайындарымай!.. Ескертіп қояйын, енді бұған бола дүрлігудің өзі ерсі...

Ащы мұң!.. Апайдың жүзіне аянышпен қарадық. Ол мүсіркеуді ұнатпайтындай кейіппен өңіне жылы жымиыс жүгіртіп, тұруға ыңғайлана бастап еді. əриям апай төменге бір шама жеңіл, сергек түсті. Есентемір екеуміз бұл жолы алғы баспалдақтарды қосарлана аттап, жауырынымызды апайға икемдей қалқалап, қауіпсіздік шарасын аса мұқият сақтағандай боп «келдік, апа, келдік» деумен жерге табан тіредік-ау, əйтеуір... Бағана жоғары қабатқа көтерілуіміз ғарышқа самғағандай жан терімізді шығарса, енді төменге – құлдилап кеп жайлы қонған ғарышкерлердей боп, мəресəре күй кештік. Мəриям апаның «Қазы- қарта мен сары қымыздың қуаты-ай!» деп, сыңғырлай күлгені жадымызды əлі күнге қоңыраулатып жіберетіні бар. ...Содан қайтіп апай Қостанай жаққа ат ізін салмады. Əйтсе де күллі қазақ оқырмандарының жүрегін жалынды жырымен арайландырған қайран апамызды аңсарлы жүректер ешқашан ұмытпайтынын көріп-біліп, сезіп жүргеніміз дəтке қуат. Кейін де апамыз жайлы талай əңгімелерге құлақ түріп жүріппіз. Сонда қазақ əйел ақындар көшін 70 жылдай бастаған мейірімді жүректің мұң-шерге бөк кен лүпілін сезетіндей едік. Ешнəрсеге бейжай қарама ған ғой, жарықтық. Ғабит Мүсі реповтің басы 4-5 жыл төңірегінде қарайтылмағанда, қаншама жерге дабыл ұрып, қалалық биліктің шаңын қаққан да осы кісі болатын. Сол классик жазушының үй-мұражайының қалыптасуына да мұрындық болғандай екен. Осының бəрі ойлы адамға мұң емес деп көріңізші. Қазақтың небір боздақтарымен аралас-құралас жүрген Мəриям апай көркемдігі аса жоғары естеліктер жазып қалдырған. Бейімбеттен бастап құнды пікірлер айта білген шежіре-жүрек, əңгімешіл, əмбебап білімдар, көрген-білгені мол, жады мықты біртуар екен. Оның арнау өлеңдерінен тарих бедерін тануға болады. Жоқтау жырларында да ауыз əдебиетінің түпсіз қайнарының үрдістері көзге ұрып, дəстүрлік жалғастықтың иірімдері шымырлата үйіреді. Ел арыстарының бақыты мен күйзелісін жүрек сүзгісінен өткізе білетін Мəриям апайдың өлеңдерінен немесе былайғы жазбаларынан азамат бағасын айқын аңғарасыз. «Қайран Ілияс (І.Омаров – Қ.Ə.) қармақтай боп үйге кіргенін əйнектен көріп, еңіреп жылап отырып, осы өлеңді жазып, пошта жəшігіне салдым». Қазақтың марқасқа ұлының Мəскеуден қиын операция жасатып, қалжырап оралған беті екен. Өлең басы былай: «Келдің бе аман-есен, бауырласым, Жолыңа төктім талай көздің жасын. Ажалмен арпалысып сен жатқанда, Тіледі тілегіңді ауылдасың». Бір аптадан соң Ілияс жылқы сойып, аман келгеніне туғантуыстарын, көрші-көлемдерін, құда-жекжаттарын шақырады. Сол отырысты апай былайша суреттеп жазады: «Тамақтан кейін менің өлеңімді төс қалтасынан алып: «Апа! Өз үніңді сағындым. Мына маған арнаған сөзіңді өзің оқып берші», деді. Мен қатты тебіреніп оқып бердім. Ілияс өксіп-өксіп жылап, шаршап қалды. Аздан кейін қасыма келіп, бетімнен сүйіп алғыс айтқан еді. Аяулым!» 89 жасқа қараған шағында өмірден озған Мариям апа ғұмырының соңғы 4-5 жылында екі аяқтан қалып, көзі кетіп, құлақтан кемуі тағдырының кезекті аяусыз соққыларының бір болғандай екен. Сонау ерте шағында өмірден қорлық көріп күйінгенде: «Тырсылдаған көздің жасын, Тоқтататын не амал бар. Қор боп өткен қайран басым, Қашан ғана жоғалар...» – деп тотияйын жалағандай, тілін күйдіре жазғанымен, бақытты ақын болып ел көзінде қалған еді... ...Мұңның да өшіп-семетін кезегі келе ме?! Сабағы ше?!.. Ал адамдарға жасаған қамқорлықтың, ыстық тілектің, нұрлы ақылдың, жылы жүректің, жалынды қайраттың шарпысуынан шарболаттанған қуанышқызық ғұмырлы келеді екен!.. Мəриям апайдың шыжғырылған мұңынан гөрі, өлең сыйлаған асыл мұратты, мейзам шуақты, өшпес маздағы басым болғандығы да содан шығар...

М

Жаћандыќ їнќатысудыѕ жаѕа жїйесі Оны орныќтыруда Елбасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ їлесі ќомаќты Кеше Батыс Қазақстан облысы активінің жиналысы болып өтті. Осынау алқалы басқосу аймақтар мен өңірлерде əр ай мен тоқсан сайын өткізіліп жататын кезектегі активтерге қарағанда түбегейлі өзгешелігімен ерекшеленді. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Атап айтқанда, актив Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы қадамдары мен əлемдік ауқымдағы толеранттық тұжырымдамаларының халықаралық қауымдастық пен əлемдік жұртшылық тарапынан қолдау тауып отырғанына арналды. Соның ішінде батысқазақстандықтар жаһандық үнқатысудың жаңа жүйесі «G-Global» жобасын қолдауға жəне жүзеге асыруға байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Активті ашқан Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Ноғаев Елбасы бастамаларының өміршеңдігі мен өзектілігіне тоқталды. Сөз жоқ, тəуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау, жылдар өткен сайын оның тұғыры мен іргетасын бекіте түсу, əр мемлекеттің өзіне ғана тəн даму ерекшелігін айқындау қажет-ақ. Сонымен бірге, бүгінгі жаһандану дəуірінде бір де бір ел, бір де бір мемлекет өзгелермен араласпай, интеграциялық байланыстар мен қарым-қатынастарға түспей оқшау өмір сүре алмайды. Əрі бір де бір мемлекет əлемде болып жатқан жоғары-төмен баллды өзгерістерден тыс тұра алмайды да. Ал мұның бүгінгі басты жолы мен пішіні – жаһандық үнқатысулар мен үндеулер болып табылады. Міне, Елбасымыз бəрімізге осындай жаңа үлгі-пішін ұсынып отыр. Мұның өзі əлемдік қауымдастықты біріктіруге арналған көп қырлы тұғырнама болып табылады, деп ой қорытты облыс басшысы. Ал облыс активіне арнайы келіп қатысып сөз сөйлеген Парламент Сенатының депутаты Серік Нөгербеков «G-Global» жобасы дүниежүзілік ауқымдағы экономикалық жəне қаржылық мəселелерді талқылайтын коммуникативтік жоба ғана емес, сонымен бірге бұл халықаралық деңгейдегі барлық бағалы бастамалардың консентрациялық жиынтығы деген ой қорытты. Активте Қазақстан ядролық қаруды қолдануға қарсы қимыл-қозғалыстың бірденбір көшбасшысы екені аталып өтілді. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сонау 1989 жылы Семей атом полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қоюы арқылы осы тұрғыдағы əлемдік қозғалыстың етек алуына бастамашы болды. Міне, екі онжылдықтан астам уақыт бойы Қазақстан əлемдік қауымдастық тарапынан қолдауға ие көптеген күрделі халықаралық проблемалардың шешімі табылуына бастамашылдық танытып келеді. Бұлардың ішінде ЕҚЫҰ Саммиті өткізілуінің, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуінің, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің орны айрықша. Сондай-ақ бүгінде бір жүйеге түскен Астана экономикалық форумы мен əлемдік дағдарысқа қарсы конференция да жаһандық диалогтың таптырмайтын көпіріне айнала алғаны көпшілікке аян. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мен оның Бас хатшысы осы үнқатысуларды мүлтіксіз ұйымдастыруға қатысты жоғары баға бергені де Қазақстан үшін үлкен мəртебе, жоғары сенім. Сондай-ақ, активте сөз сөйлегендер 2007-2010 жылдары орын алған əлемдік экономикалық дағдарыс кезінде көптеген дамыған елдердің экономикасы минусқа əжептəуір кіріп кеткені, тек Қазақстан ғана мұндай дағдарыс салдарынан аман қалғаны жөнінде əңгіме қозғады. Бұл ең алдымен əлемдік дағдарыс салқынын алдын-ала сезініп, оған алдын ала қам жасай білудің нəтижесі, деді олар. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық үдерістер алдындағы Қазақстанның жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Мұндағы тамаша, баламасы жоқ идеяларға халықаралық қауымдастық терең түсіністік танытуда. Соның бірі, жоғарыда аталып өткендей, осыдан он жыл бұрын тұсауы кесілген діндер съезі болып табылады. Талас жоқ, Қазақстан тағдыры əлемнің өзге аймақтары мен елдерінен, əрі олардың тағдырларынан тыс тұра алмайды. Ал тағдырларды тек ортақ түсіністіктер арқылы ғана бірге кешуге болады. Бұл тұрғыда «G-Global» қазақстандықтардың əлемдік тұрғыдағы ойлау жүйесінің таптырмас бір тетігі болып қала бермек. Батыс Қазақстан облысы. –––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.


10

www.egemen.kz

Мен өзімнің қаламгерлік ұзақ өмірімде талай-талай адамдар туралы мақалалар, очерктер, кітаптар жазған адаммын. Бірақ сонау бала кезімнен, дəлірек айтқанда 1953 жылдан бері білетін, талай жерде дəмдес болған осы бір абзал аға туралы бірде-бір рет қалам тартпаппын. Өмірдің ағысы солай болды ма, əлде өзімнің ықтиятсыздығымнан ба, ол жағын түсіне алмадым. Соның реті енді келгендей. Əңгіме көрнекті жазушы, ардақты азамат, жауынгер патриот Кемел Тоқаев туралы болғалы отыр. 1953 жылдың күзінде сонау Талдықорған ауданының Шұбар орта мектебінде оқитын екі дос – Ғазиз Саурықбаев пен мен 9-сыныпты қалада жалғастырмақ болып Алматыға келдік. Ғазиз Алматы ет комбинатына жақын жердегі ТЭЦ-тің дəл түбінде тұратын апайының үйіне, мен Ұйғыр көшесі жағындағы Садуақас Оспановтың пəтеріне тұмсық тіредім. Оқас (Садуақас) ағамыз Алматы қаржы техникумын бітірген, кейіннен Ұзынағаштағы аудандық банк бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған абыройлы əрі қайырымды адам еді. Əсіресе, жеңешем өте аяулы адам болатын. Мен сол жолы астанадағы №18 орта мектептің 9-сыныбына қабылдандым да, Ғазиз көп ұзамай ауылына қайтып кетті. Ол кейін Талдықорғанның Қапал жағындағы Зерносовхоз дейтін жерге барып қоныс тепті. Келіншегі Күлəшпен қазірде де сонда тұрады. Бір қызығы, Ғазиз Саурықбаев досымның ТЭЦ жақта тұратын əлгі апайы өзім қатты сыйлайтын Кемел Тоқаевтың да туысы еді. Ол кезде Кемекең «Қазақстан пионері» газетінде редактор қызметін атқарды. Əйтеуір осы бір алақандай газеттің біздің бала жүрегімізге балдай жағатыны əлі күнге есімде. Кемел ағамен кеңірек таныстығымыз 1960 жылдардың басында басталды. Мен ол кезде

ӨМІР

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Лениншіл жас» газетінде жауапты хатшы болып істейтінмін. Кемекең болса Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің «Жаршысында» бас редактор еді. Бұл кезде мен Кемекеңнің «Тасқын» жəне «Көмескі із» атты шытырман оқиғаларға толы повестерін оқып қойғанмын. Маған əсіресе оның алыстан орағытпай, шұбырынды шешендікке салынбай, қазақтың қарапайым тілімен баяндайтын ұтқыр ойлары, өткір диалогтары ұнаған. Оқиғаларды ойдан шығаратын жасанды тартыс дегеніңіз Кемекеңде мүлдем кездеспейтіні де есімде. Жас алшақтығынан болды ма, Кемекеңмен көп сырласқан емеспін. Ол маған қол жетпес құз секілді, аса айбынды көрінетін. Оның үстіне курстас досым Қоғабай Сəрсекеев секілді қалың топтың ішіне қаймықпастан кіріп кететін батылдығым да жоқ, тартыншақтау болдым. Осының сырын өзім де түсінбеймін. Əлде жастайымнан жетім қалып, қатал тағдырдың түртпегін көп көргендіктен басылып қалдым ба екен? Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Мəскеуге іссапарымен баруымыз жиілеп кетіп еді. Билет керек кезінде табыла бермейді. Сондай қысылған кезде мен ылғи Кемел ағама телефон шалатынмын. Өзінің жақын санайтын адамдарынан жақсылығын аямайтын Кемекең екі ауыз сөзге келместен Жоғарғы Кеңестің бронынан билет алып беріп жүрді. Осы əдет бір емес, бірнеше жылға созылды. Мазалай бергеніме қысылып та жүрдім. Бірақ қол қысқа, амалым бар ма, өтініш айтпай тұра алмайсың. Ол кезде жазушының шығармалары баспасөз беттерінде жиі шығатын. Кезекті бір шығармасының үзіндісін «Лениншіл жас» газетінде де жариялауға себепкер болғаным бар. «Мен дайын, жолдас полковник!» деп аталатын сол үзіндіні өз қолымен сеніп бергені тап бүгінгідей есімде. Қазақта: «Сынықтан басқаның бəрі жұғады» деген мəтел бар. Оқтай атылған тура сөз. Олай дейтінім Кемекеңе еліктеп мен де шытырман тақырыпқа бет бұруды ойлап жүрдім. Кемекең дидарласа қалғанда оқиғалы жанрдың өте ауыр екендігін, шығарма негізінен болған оқиғаларға, бұлтартпас деректерге сүйеніп жазылатындығын, түптің түбінде оқушы қауым осы тарихи немесе деректі кітаптарды көбірек оқуға қарай ауатындығын жиі еске салатын. Ағаның сол айтқандары аумай келді. Ол халқының тағдыры үшін, ертеңгі нұрлы болашақ үшін адал еңбек етті. Уақыттың талаптілегін азаматтықпен адал атқарды. Ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады. Өзінің 63 жылдық қысқа ғұмырында адамгершілік атты ұлы идеяға дақ түсірмей, өз Отанының шын патриоты бола білді. Жоғарыда мен Кемекеңе ұқсап детективке бет бұрғым келетінін айттым ғой. Ол менің қолымнан келмеді. Бірақ бəрібір осы қызығы мол жанрдан қол үзіп кете алмадым. Сол кезде газет оқырмандарын көбірек тарту үшін шытырман оқиғалы шығармаларды оқта-текте аударып басып отыратын əдет бар болатын. Сол дəстүр бойынша 1971 жылы мен де Геннадий Голышевтің «Шатун» повесін «Саяқ» деген атпен аудардым. Ол кезде қазіргідей қаптаған газет жоқ. «Лениншіл жас» жұртшылықтың сүйіп оқитын газеті болғандықтан тез тарайтын. Əдетте, сағат 8 болмай газет дүңгіршектерінің алдында тізіліп тұратын оқырмандарды көретінбіз. Сағат тілі дəл 9-да Кемел ағам телефон соқты. Баяғы байсалды əрі қысқа сөйлейтін қатқылдау даусын бірден таныдым. – Құптаймын, құттықтаймын. Нұрмолда Алдабергенов туралы очерктеріңді онша қабылдай қойған жоқ едім. Ол кісі туралы ақсақалымыз Сəбит Мұқанов та, Сəуірбек Бақбергенов те жазды. Байқайсың ба, дақпырт көп. Ал мына аудармаң, əсіресе орыс мінезін, тайга тіршілігін қазақ жұртына дəл жеткізе білгенің үміттендіреді. Империя алтынын

тайгадағы сарқырамаға тығып, Австралия асырып жібермек болған ақгвардияшылар операциясының жолын кесу қандай əсерлі шыққан, – деді. Мақтағанды кім жек көрсін, əжептəуір риза болып қалдым. Əрқашанда шындықтан асып көр меген асыл ағамның сараңдау болса да жылы жүрегінен шыққан сөзі кейін менің Майн Ридтің «Оцеола – cеминолдар көсемі», Сэтон Томпсонның «Кішкентай жабайылар», Уильям Фолкнердің «Сарторис», «Аю», «Аруақты қорлау», КСРО Бас прокуроры болған Анатолий Безруковтың «Қылмыскерлер» повесть, романдарын сəтті аударуыма жол ашты. 1973 жылдың күзінде Кемел Тоқаев өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол кезде тойды қазіргідегідей ашылып-шашылып үлкен мейрамханаларда өткізу деген өте сирек болатын. Кемел ағамыз да өзінің пəтерінде ақ дастарқанын жайды. Ол атақты əнші апамыз Роза Бағлановамен көршілес тұратын еді. Барған сайын алыстап бара жатқан сол бір бақытты күндерге көз жіберсем, жүрегім сыздайды. Бақандай 40 жыл өтіп кеткен. Кемел ағамның ер тұлғасы мен Тұрар жеңгемнің ақсарылау, шуақты жылы жүзі көз алдымнан кетер ме! Сол дастарқанда Мəскеудің Xалықаралық қатынастар институтында оқитын ұлы болды ма, болмады ма – есімде қалмапты. Бірақ бойжетіп қалған екі қызы – Салтанат пен Қарлығаның əкелеріне деген ілтипаты есімде сайрап тұр. Отырыстың көрігін қыздырған жазушылығымен де, əншілігімен де аты шығып жүрген Совхозбек Тоғысбаев болды. Кейінірек совхозын «таратып» жіберіп, Бек Тоғысбаев атанғанда құрдастары біраз жылдарға дейін «бұл қалай?» деп əзілдеп жүрді. Бектің баритон дауысы бірден баурап алатын. Ол қыза келіп халық əндерін аңыратқанына талай рет куə болдық. Əсіресе, əлемге əйгілі «Фигаро» жəне «Вернись в Сореенто» əндерін итальянша құйқылжытқанда кім де болса аузын ашып қалатын. Бек ағамыздың итальянша не айтып тұрғанын қайдан білсін, асқақ естілетін əуені үшін дүркіретіп қол шапалақтайтын.

да сəл қызарғандай болды. Осындай аз-кем қиыншылығы мен қызыққа толы базарлы өмір дүркіреп өтіп жатты. Бірде АПН тілшісінің СОКП Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі Д.А. Қонаевпен жүргізген бір беттік сұхбаты келе қалды. Сұхбатпен қоса Димекеңнің үлкен суреті қоса беріліпті. Ол кезде «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары қызметіндемін. Бастығым науқастанып үйінде жатқан. Дереу телефон соғып, не істерімді білмей қиналып отырғанымды жеткіздім. Қиналатыным, ол кезде мұндай аса жауапты материалды «Лениншіл жас» секілді жастар газеті Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, Қазақ ССР Министрлер Советінің жəне Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының органы болып саналатын аға газеттен бұрын жариялауға болмайтын жазылмаған заң бар. Бас басылым «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), ешқашанда мұндай ресми материалды жастар газетінен көшіріп басуға тиісті емес. Тəртіп сондай. Не істеу керек? «Былай жүрсең арба сынады, былай барсаң өгіз өледі». Бастығым мұны менен де жақсы түсінеді. Бірақ шешімді жауабын ол кісі де айта алмады. «Газетке қол қойып отырсың ғой, өзің біл» деді де телефон тұтқасын қоя салды. Науқастанып жатқан адамды мазалағаныма өзім де ыңғайсызданып қалдым. Ол кісінікі дұрыс. Ал «Социалистік Қазақстан» газетінің басшылары не дер екен? Басқадан гөрі газет редакторының бірінші орынбасары Балғабек Қыдырбекұлына батылдау едім, телефон шалдым. Ол кісі: «Материал біздің поштаға түскен жоқ, Мəткерім. Сондықтан саған былай істе деп ешқандай ақыл айта алмаймын» деген тұжырымды ойын айтты. Бəкеңдікі де жөн сөз. Бірақ материалды жатқызып қоюға болмайды. Сондықтан «не бел кетер, не белбеу кетер» деген

тəуекелмен сұхбатты нөмірге салғызып жібердім. Таңертең Димаш ағамыздың жымиып отыратын жылы жүзі газет бетіне жарқ етіп шыға келді. Былайғы жұрт нені біледі, ал газет қызметкерлері у-шу. Шулай берсін дедім де отыра бердім. Бұл дүрмек осымен қалатын да еді, егер пысықай біреулер отқа май құйып жібермегенде. Сағат оннан аса бергенде Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысының көмекшісі Көрік Дүйсеев телефон соғып, «Сені сағат 12-ге хатшы шақырып жатыр» деді. Көрікті жақсы білемін, өзіміз үйлендірген қатарлас жігіт. Бірақ неге шақыратынын ашып айтпады. Айтпағанмен ішім сезеді. Ойым онға, санам жүзге бөлініп жанашыр ағам Кемекеңе хабарластым. Ол кісі кесіп бір-ақ айтатын əдетімен: – Мұндай сөзді ертерек айтар болар, қазір сағат он бір болып қалды. Жарайды, қорықпа, бара бер, – деді. Саттар Нұрмашұлы Имашевтің алдында бірінші болуым. Үкімет үйінің күншығыс қанатындағы шағындау бөлмесінде күтіп отыр екен. Кісіге сығырайып ұзақ қарайтын жылы жүзді, толық денелі адам еді. Біраз үнсіздіктен кейін ғана қолындағы ұшталған бір уыс қарындаштарын үстелге тықылдатып отырып: – Əй! – деді. – Өткенде түк таппағандай Іслəм Жарылғаповтың «Тілім өлсе, өлгенім өзімнің де» деген өлеңін жариялаған кезде үндемеп едім. Сонда сені «ұлтшыл» деп талай адам звондаған. Бақытың бар екен, бала, 37-нің заманы болса, сенімен бүйтіп сөйлеспеген болар едік, – деді. Үлкен адамның өзімсіне сөйлегеніне ішім жылып қалды. – Ал бүгінгің мынау, – деді. – Қыпқызыл жалаудай жанып тұратын кезің емес пе! Сенің жасыңда Ғани Мұратбаев қандай еді, есіңе түсірші. Сенің бағатының ұлтшылдық бықсық емес, отаншылдық болуы керек! – деп бір тоқтады. – Əзірге ауызша сөгіс беремін, жүре бер. Осының алдында Фрунзе (қазір гі Медеу) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Л. Крашенинникова бюрода менің партиялылығымды қарағалы жатыр дегенді естігенмін. Абырой

Ол халқының тағдыры үшін, ертеңгі нұрлы болашақ үшін адал еңбек етті. Уақыттың талап-тілегін азаматтықпен адал атқарды. Ел мүддесін, Отан мүддесін майданда қарумен, бейбіт күнде қаламмен қорғады. Бек ағамыздың үйіндегі домбырасын бір-екі қағып көрді де жаратпай тастады. Көршілерінен алдырған домбыра да көңілінен шықпады. Біздің үй де Кемекең үйінен онша алыс емес еді. Əдемі кештің əрін домбыра кіргізетінін білген соң, мен өз үйімдегі қолдан жонып жасаған кішілеу домбырамды алып келдім. Бекеңе менің домбырам ғана сəл-пəл ұнағандай болды. Əнші ағамыз əнді ал келіп аңыратсын! Сапар Байжанов ағамыздың да бірқақпайы бар болатын. Ол да арасында қосылып отырды. Кемекең өзінің Сапар Байжанов, Мүсілім Базарбаев, Баймырза Дəуренбеков сияқты жақын достарын шəйға шақырғанда мені де қалдырмайтын. Сондайда басымнан кешкен бір қызық жағдайды айта кетейін. Қонаққа құрқол бара алмайсың. Ол кезде дəулетіміз де шағын. Не аларымызды білмей қиналатын едік. «Алматы» қонақ үйінің бірінші қабатындағы «Сувенир» дүкенінде таза алтын сағаттар, күмістен құйылған 6 адамдық ыдыстар толып тұратын. Бағасы қазіргімен салыстырғанда əлдеқайда арзан. Қаз мойынды, бүйірі үнді əшекейіне толы жез құмыра біз үшін қолжетімділеу көрінді. Жеңгемізге ұсынатын бір десте гүлімізге қосып соны алдық. Сөйтсек, сол жолы шақырылған қонақтардың бəрі де сыйлыққа əлгіндей құмыра алыпты. Мұндайға ағамыз мəн бермегенмен, Тұрар жеңгем ылғи күлімдеп жүретін қалпымен жұмсақ қана жымың етіп: «Қарық қылдыңдар ғой құмыраға», деді. Естімеген болып, өте шықтық. Əрқашан да мұнтаздай сұлу киінетін Мүсілім Базарбаев ағамыз

2013 жыл Жыр жаһаны

Жаќсылыєын жар салмаєан жан Мəткерім ƏКІМЖАНОВ,

25 қыркүйек

Н -ӨЗЕ

болғанда Саттар Нұрмашұлының қабылдауынан кейін мұның бəрі жайына қалды. Мен саған жақсылық жасадым деп Кемел ағам айтқан жоқ, жақсылығыңызды ұмытпаспын деп мен айтпадым. Кемел ағам бір күні телефон соғып, мені өзі істейтін «Жаршыға» аға редакторлық жұмысқа шақырды. Шынымды айтайын, «Лениншіл жастай» көңілді ортаны қимадым. Оның үстіне аға редакторлық менің баяғыда жүріп өткен жолым. Тым ресми ортада тас мүсіндей қатып, қозғалмай отыруға төзімім жете ме, жоқ па, деп ойладым. Сондықтан бірден жауап бере алмадым. Ұмытпасам, 1975-тің жазында болар, бір оңаша кездескенде Кемекең əлгі ұсынысын тағы да айтты. Бұл жолы да тəуекел ете алмадым. Жастардың ортасындағы абыройлы қызметімді қимадым. Ол кезде «Лениншіл жас» газетінің беделі биік болатын. Ол Əбдісаттар Бөлдекбаев, Шерхан Мұртаза, Сейдах мет Бердіқұлов, Тельман Жанұзақов, Əбіш Кекілбаев, Əбілфайыз Ыдырысов, Қалихан Ысқақов, Рымғали Нұрғалиев, Фариза Оңғарсынова, т.б түлеген құт мекен еді, қаламгерлердің нағыз ұстаханасы болатын. Кемел аға алдымен «Қазақстан пионерінде», одан кейін «Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қызметтер атқарды. Кемел Тоқаев – өзі өмір сүрген қоғамның қасіреті болған жат тірлікті шытырман оқиғаларға желі етіп, сабақ алар, салмақты мұра қалдырған дарын иесі еді. Оның қаламынан туған еңбектерінде отаншылдық рух, ұлттық патриотизм тайға таңба басқандай көрініп тұратын.

Дәурен-ай!.. Бiздердi бөле алмайды ара қашықтар, Сағынышымды қара жел, ала қашып бар. Жұлдыздар аққан түндерде қыдырмаңдаршы, Ырымға жаман екен ол бала ғашықтар... *** Неге алыстап кеттiңдер сол бiр жылдар-ай, Жүрегiмнен төгiлген жаңбыр жырлар-ай. Көзiмдi iлместен армандап бiрге, Таң атқанша шертiлген мөлдiр сырлар-ай.

Ґлеѕ

Жебемеген жетiм менен жесiрдi, Өлеңшiлер аяспасқа бекiндi. Жүрiп өткен иiр-қиыр жолдарым, Менiң нəзiк ғұмырнамам секiлдi. Жанына ерiп арманы асқақ жандардың, Гаванада теңiз мұңын аңғардым. Үрiмшiде үр қызына ғашық боп, Ыстамбұлдың көшесiнде сандалдым. Мұңдарымды түсiн, гүлiм, кеш, гүлiм, Жазықсыздан жаман сөздер естiдiм. Қара жолда жалғыз келе жатып мен, Сенi есiме ап, елдi есiме ап, өксiдiм. Жылдар мынау үнсiз-тiлсiз жылысқан, Мектепте мен құтылмадым бұрыштан. «Ең болмаса дəн септiрiп, жүн жинар, Бригадир болмадың», – деп ұрысқан. Қайран əкем, зiлсiз ғана зекiген, Кеше сенi өкпелетiп кетiп ем. Қара өлеңдей қадiрлi дос таппадым, Бəрi жалған... бəрi өткiншi, өкiнем.

Аспанда ай қалқыған қара түндер-ай, Он алтымда жинаған дала гүлдерi-ай. Жүрегiме жасырған сағынышым-ай, Оралмайтын мəңгiлiк бала күндер-ай. Ақ сезiмiн сыйлаған көк белдерiм-ай, Жүрегiмдi өртейдi өткендерiм-ай. Маған мұңлы махаббат сыйлап едiңдер, Тым алыста қалған сол көктемдерiм-ай. Өкiнiштi өртеген жасырмадым-ай, Жолдарыңа шуақ боп шашылмадым-ай. Өмiр атты сапарда кездескен едiк, Қай қиырда жүрсiңдер, асылдарым-ай. Көбелегiн шiлдеде қуған белiм-ай, Көйлегiмдi бастаудан жуған жерiм-ай. Бұлағыңнан нəр алып, көгерген едiк, Аман болшы қайран ел, туған жерiм-ай.

Қасымхан БЕГМАНОВ.

Бiздiѕ ауыл

Ана өзекке жоғалады сай барып, Қасқырлары көкке қарап ұлыған. Байлығы үшiн кiсенделiп, айдалып, Мырзалары итжеккенге құрыған. Бiздiң ауыл тарихы бар қатпарлы, Ясауидiң көк күмбезi көрiнген. Итжеккеннен келген хаттар сақталды, Айналдым мен қасiреттi елiмнен. Бабайқорған Майдамталға ұласқан, Анау жатыр ата-баба кезеңi. Теңбiл-теңбiл бұлтты аспан, бiр аспан, Ағып жатыр Қарашықтың өзенi. Қасиеттi асыл сезiм бауыр бұл, Бiр-бiрiне ғайбат сөздер айтпаған. Бiздiң ауыл қасiреттi ауыл бұл, Мырзалары итжеккеннен қайтпаған. «Алтын аймақ»... айтпаған ғой деп бекер, Сағынғанда елге кеткiм келедi. Сен аман бол, талай ұрпақ кеп-кетер, Мұңлы-мұңлы əн мен жырдың мекенi.

Нїкте

Неткен қайғы, неткен мұң, Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн. Баяғыда осы ауылдан мұңайып, Елден жырақ қайғы арқалап кеткенмiн. Өзiмдi iздеп кетпесiме болды ма, Қу көкiрек шерге қайта толды ма. Маған тағы не дер екен тыңдайын, Менi алысқа алып кеткен жол мына. Сол баяғы он алтыншы көктемнiң, Сұлулығын жалғыз iздеп кеткенмiн. Сенi кейде сағынамын есiме ап, Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн. Əлi ешкiмге айтқан жоқпын сырды бұл, Көз алдымда тұрды көктем, тұрды гүл. Қара түнде оянып ап ұйқымнан, Өзiңдi ойлап отырамын мұңлы қыр. Сырын ұғам деп кетiп ем ғаламның, Мен де бəлкiм мұңлы жыр боп қалармын. Жалғыз тұрмын, азынайды суық жел, Моласында менiң ғазиз анамның. Айта алмадым оралмаймын, күтпе деп, Өкпе-нала көкiрегiмде түк те жоқ. Менi өсiрген қайран ауыл артымда, Көз ұшында қала бердi-ау нүкте боп.

Тілек

Ғашық боп тұрған өзiңе үзiле жалған, Сағынар кейiн сонда мен күзiме барғам. Аспаннан ағып қос жұлдыз құлаған едi-ау, Көзiңнiң жасы секiлдi жүзiме тамған. Көз жасың моншақ секiлдi тiзiле қалған, Тамшыдай тамған тырсылдап жүзiме талдан. Дүние-ай, сол сəт үн-түнсiз дəл мендей болып, Ғашық боп тұрды өзiңе үзiле жалған. Бiр-бiрiн қияр қайғылы шешiмге барған, Осындай мұңлы, туған жер, төсiңде бар ма əн? Жоғалтқан сонау аяулым мəңгiге сенi, Қос жұлдыз аққан күзгi түн есiмде қалған. Тырналар кейiн түстiкке тiзiлiп ұшты, Бала ақын тұрды суретке қызығып күштi. Дариға-ай, сол бiр күзгi түн түсiме кiрiп, Бiр тамшы менiң көзiмнен үзiлiп түстi.

Зарыєу

Гүл терген асыл еркем Бөкейiңнен, Кетпейдi бала бейнең көкейiмнен. Аруын Күреңбелдiң ұмытпасын, Жыр жазып кейiнгiге кетейiн мен. Бөкей тау, сұлу Сүңгi, Күйiктегi, Таңшығыс, Жетiтөбе биiктерi. Боранды, Датқасаз бен Қошқарата, Сол қызын мына мендей сүйiп пе едi? Қоштасты тырналардың көп тiзбегi, Арада жатқан асу өткiзбедi. Сартапты сағым жылдар сағыныш боп, Жамырай қашқан жолдар жеткiзбедi. Жел тұрып жаңбырменен араласты, Жұлқылап Қордайдағы қарағашты. Арада қол созымдай жер қалғанда, Қайтейiн, жолдар қайта ала қашты. Боздадым бозiнген боп, боз дала боп, Көл айтты ескi дерттi қозғама деп. Баяғы қарақат көз бойжеткенге, Қайтадан барғым келдi бозбала боп. Асауға тағдыр салған құрығындай, Қамығып құлазумен құрыдым ба-ай! Мен кеттiм кездеспейтiн басқа жолмен, Тобықты қаққан сенiң бұрымыңдай. Сүңгiде су болмайды шашылмайтын, Күйiкте гүл болмайды ашылмайтын. Дүниеде қанша жол кездессе де, Бiз ендi екi жолмыз қосылмайтын.

Ескі сурет

Есiмнен мəңгi шықпай да қойған бiр елiк, Елiкке сол бiр көңiлi құрғыр тұр ерiп. Болмағанменен ай маңдай алтын айдарлы, Адал сүт емiп ауылдан шыққан ұл едiк. Солай да солай, адырда сонау өстiм мен, Бұлақ пен қыздың сыңғыры қатар естiлген. Өзiңдi алғаш көргенде-ақ, мұңлы сəт едi-ау, Бабайқорғанға бауырлай жылжи кеш кiрген. Қып-қызыл болып алып күн батып баратты, Қызықтап тұрдық қызыл да жасыл жолақты. Ала жiп аттап өтпеген едiм, не үшiн, Қайқы төс қара иттерге тағдыр талатты. Он алты жаста Төлеген жырға табынғам, Қағынғам қалмай адырды ораған сағымнан. Оралмайтұғын көктемде көрген сол қызды, Қырықтан кейiн өлердей болып сағынғам. Абдырдым неге арғымақ аттай желiп кеп, Сол қыздың ернi уылжып пiскен өрiк деп. Асан қайғыдай қайғыра алмастан жыр жаздық, Ақтамбердi мен Қазтуған шалға елiктеп. Өмiрдiң басы осылай мұңлы басталған, Тамшыдай бейне ағып бiр түскен жас талдан. Сан соқпақ шығып қолдарын созды алдымнан, Қиырдан қиыр қызыл түлкiдей қашты арман. Ескi суреттер санада қайта жаңғырған, Елестеп анам нан алып жатқан тандырдан. Кiм еске алар жетiм ауылдың баласын, Қаршадайынан көнеге көзiн талдырған. Есiмнен мəңгi шықпай да қойған бiр елiк, Елiкке сол бiр көңiлi құрғыр тұр ерiп. Болмағанменен ай маңдай алтын айдарлы, Адал сүт емiп ауылдан шыққан ұл едiк. АЛМАТЫ.


25 қыркүйек 2013 жыл

АНА Ы М ЗА РАН Ы ЗАП

www.egemen.kz

11

Нўрлыбек, Нартай, Їмбетəлі ақындар туралы бір үзік сыр

«Карлагта» атылєан ЌАНДАСТАР Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Біздің алға тартпақ əңгімеміз құпиясының бет пердесі талай ашылып, біраз беймəлім сырлары мағлұм болғанымен «Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді» дегендей тағы бір оралып соғуды ойланған еді. Тарихында небір кесепат-қиындықтарды бастан кешкен халқымыздың өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қайғы-қасіреті солардың бəрінен асып түспесе кем еместігін қалай ұмыта аларсыз. Жантүршігерлік нəубет беті аулақ болғанда қандайлық деңгейге теңесетіндігіміз қалай көңіл сыздатпас. Бұл белгілі оқиға болса, төменде баяндағалы отырған жайда зұлымдықтың ордасы аты-шулы Карлагтың тұрғылықты ел басына қара бұлт үйірген əрекетін көрсетуге талпынбақпыз. Кіндік қаны тамған өз жерінде өскен, өз топырағында жазықсыздан жазықсыз жапа шегіп, кешегі алаңсыз тіршілік қызығына бөленген өңір қойын-қойнауларында тартылған тікенек сым қоршауына қамалған мыңдаған қазақтың 600-ге жуығы атылған екен. Арасында Сəкен Сейфуллин, Жанайдар Сəдуақасов жəне Абдолла Асылбеков сынды аяулы азаматтардың ешкімге қиянаты жоқ, ештеңеден бейхабар 70-тегі кəрі əкелері Сейфолла, Сəдуақас, Əбдірахман қарттардан бастап, қылшылдаған жастағы ел жайсаңдарының оққа ұшқан тізімін оқығанда арыстардың ауыр тағдырына күрсінесің. Алдымен Карлаг деген не? Жалпы, редакциясын заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков басқарып, «Болашақ» университеті дайындаған «КСРО ІІМ Степной» лагері тарихының очерктері» атты кітаптағы қазақ даласында кенеттен пайда болған лагерьдің 1930 жылы құрылып, арадағы он жылда Кеңес одағының түкпір-түкпірінен айдалып əкелінген тұтқындар саны 35 мыңға жетуі, одан кейін 100 мың адамға тарта ұлғаюы туралы дерекке сүйенсек, ертегілердегі жалмауыз жеті басты айдаһар патшалығы елес бермей тұрмайды. Бұл да аузынан жалын шашқан заңы бар, тəртібі бөлек, сырт жаққа бағынышсыз, не істегісі келсе соны істеген орта болған. Сол кезде бүгіні бар, ертеңі бұлдыр еркіндікпен өмір сүруші жергілікті тұрғындарының өзі 400 мыңнан аса қоймағандығын еске алған тұста аймақтың нағыз далалық түрмеге айналғанын елестету қиын емес. Бір шеті Балқаштан Жезқазғанға, Қарағандыдан Ақмолаға дейін созылған ұлан-ғайыр өлке əйгілі ГУЛАГ құрамындағы ең үлкен жəне үрей ұшырарлық ерекше лагерьлерге толы болды. Оның алғашқы тұтқындарын да негізінен қазақтар құрағандығы мəлім . Қуғын-сүргінге ұшыраған жандарды ату жазасына кесу апаты 37-38-жылдары шегіне жетсе, ал бастапқы нəубеті де қандастарымызға жазыпты. Осы қайғылы тақырыпты терең зерттеп, талдап « Қанды 37» атты кітап арнаған жергілікті журналист Екатерина Кузнецованың жазуынша облыс бойынша 30-жылы 30 қазақ атылған. Аяқ астынан ажал аузына тап болушылар туралы келте мəліметтерге зер салсаңыз,

ауылдың қарапайым, сауат ашпаған, күнделікті тіршілік қамын күйбең еткен 30-60 жас шамасындағылар өмірі өшкені аңғарылады. Алдында ел ішінің əлеуетті əулеттері тəркілеуге ұшырап, талауға түсуімен шектелмей, зорлық-зомбылықтың зораюы енді кедей-кепшіктерге жалғасқан сияқты. Үштіктің үкімімен ату тырнағына іліккендердің дені малшылар болыпты. Бəрін тізе алмаспыз, мəселен, Қарқаралы округінен Мұқамедия Ахметов, Қоңыраттан, Шеттен Қуатбек Нұрмағамбетов, Мұқаш Нұрқанов, Тəжібай Тоқырауыновтар, сірə, барынан айырылып, жер аударылғандар болуы керек ақтөбеліктер Қапаш Жайықов, Сапа Мосуев, абралылықтар Мұхамеджан Төлебаев, Шайхы Түсіпов, ақмолалық Мақсым Жан гереев кінəлəрі не екені белгісіз күлдібадам күйінде оққа байланған. Өзі де он жыл бойы сол түс тік Орал қиырындағы тағы бір тас қапас Ивдельлагтың қанды шеңгелінен көп азап шеккен қайсар қаламгер марқұм Жайық Бектұров «Таңба» хикаятында «Кейбіреулер, əсіресе, əліпті таяқ деп білмейтін қараңғылар қайдан келіп, қайдан қойғанын түсінбейді. Əлемнің күллісіне ортақ жарқыраған жалғыз күннің қай жақтан шығып, қай тұстан бататынын білмейді. Міне, жасында жетім болып, жоқшылық көріп өскен Əбдірахман Мұздыбаев жұдырықтай күйкі адам. Таңырқаса да, қорықса да екі сөзінің бірінде «Ой, Алла-ай!» деп жағасын ұстап отырады» деп жазатындай озбырлық алдымен оңсолын танымаушыларды аямапты. Үміт күткен жаңа өкіметтің үш ұйықтаса түске кірмес дүрбелеңі жұртты сескендіріп, əуелде сенгісіз, содан соң жаға ұстатқан ұстап əкетті, атып тастады оқиғалары 1931 жылы одан сайын өршіп, із-түссіз ғайып болушылар 100-ден асып түскен. Бұл жолы да барлығы азын-аулақ малын тірнек етушілер, саясатқа да, лауазымды қызметтерге де араласы жоқ жандар болуын, оның еленбеуін қайтерсіз. Коммунистер партиясы еңбеккерлердің қорғаушысы, солардың жоғын жоқтаушы деп жар салынып жатқан уақытта жойылғаны жойылып, басқа соқтығар ешкім қалмаған шығар, кешегі дəріптелуші тапқа бас салынуы елдің қаны мен жаны ауылды əлсіретудің əдейі əрекеті болмады ма екен деп қайтіп айта алмассыз. Осындай аласапыран шақ ашаршылыққа барып ұласқанда ғана сəлпəл тыйылыпты. «Əзірейіл барда, жаным бар деме, əуеде бұлт барда, малым бар деме» дейтін халық одан да өтіп, əл, ес жия бастағанда лагерьге тағы топырлатып, көзге түсушілерді жөн-жосықсыз ату 37-жылы оралып соғуы лагерьлердегі қазақтарды қайта қансыратады. Бұлай демеске, мынадай дерек бұлтартпайды. Карлагта атылған 3026 адамның 588-і біздің нəсіл екені, яғни басқа сан ұлтты тағдырластарымен салыстырғанда, құрам жағынан аздау болғанмен, оққа ұшқандардың əрбір бесіншісі болуы бұл сойқанның кімнің басына көп түскені белгілі болды. Алдымен үбірлі-шүбірлі, бала-шағасын, ауылын асыраушы бас көтерерлерге қырғидай шүйлігіп, қояндай қырған карлагшылар із суытпай ислам дінін қастер тұтушыларды, аят оқитындарды, ораза ұстайтындарды, молдалық, тəуіптік

қасиеттерімен белгілі болғандарды, Меккеге барып қажы атанғандарды, тіпті ескі хиссаларды айтатындарды шетінен қойдай қамап, топ-тобымен тікенек сым тозағына айдады. Аймаққа танымал өлкетанушы Ібірахым Іслəмұлының зерттеуінше жер-жерден 100-ден астам діни иелері қамалады. Көбінің өмірі ұзаққа бармайды. Қарқаралы, Жаңаарқа жағының сыйлы молдалары, алпыстан асқан абыз ақсақалдар Əмин Базылбаев, Арыстанбек Манабаев, Степняк қаласының имамы Қалиəкпар Айтқожин, көкшетаулық атақты Науан хазіреттің діндар күйеу баласы Қалиасқар інісі Сабырханмен бірге ату жазасына кесілгені жайлы ақпар бар. Карлагтың «Мəңгі сақталсын» деп таңбаланған папкаларын ашсаңыз, дін жолын ұстаушыларға осындай үкім шығарылып, қайғылы қазаға ұшырағандардың 50-ден асатындығын білесіз. Сарыарқаның ең шұрайлы жерлерін, көбіне өзен-көл, орман-тоғай маңын таңдаған Карлаг жендеттері тірілермен айқасып қоймай, елге қасиетті, атақабыройы ұмытылмаған адамдардың қоныстарын таптап, зираттарын бұзып, қорлап баққандығын айта кетпеске болмайды. Мысал үшін, Сарысу өзені бойындағы тұрғылықты жұрт тəу етіп жүрген Қара деген белгілі кісінің, Жидебай батырдың үрім-бұтағы Сыздықтың қыл араластырыла құйылған кірпіштен қаланған бейіттерін мал қамайтын қораға айналдырған. Олардың ұрпақтарының құлақтарына алтын сырға, діни берік сенімдері үшін қатыгез жүйенің құрбаны болғандардың толық тізімін Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайынан көруге болады. Осы арада айта түссек, ел ішін зар илеткен дүрбелең зұлымдығы мұнымен шектелмейді. Кім біледі, күні бұрын ойластырылды ма, əуелі орташа шаруалар маңдайалдыларын, сосын дін өкілдерін жаппай қуғындап, атуға бұйырылғанын атып, үлкен екі науқанды атқарған карлагшылар енді үшінші кезектегі іске кіріседі. Жанымыз түршігетін 37-жылдың қырғынын бастайды. Бұл жолы «халық жауы» деген зобалаңға қосақталған елдің оқыған білімді, белсенді, қызметі көрнекті азаматтарына ауыз арандай ашылады. Мұрағаттық құжаттарға қарап отырсаңыз жан сыздайды. Əдейі таңдап алынып, өмірі əдейі қиылғандай өңшең орда бұзар отыздағы, қылшылдаған қырықтағы жанған оттай жігіт төрелері бəрі. Солардың бірі 30 жасында округтік прокурор қызметіне көтерілген ақмолалық Хамза Дəуітовтің қайғылы тағдыры осыдан аз-ақ уақыт бұрын анықталды. Бұған дейін «Бас бостандығынан айырылған жерде асқазан сырқатынан қайтыс болды» деп берілген анықтаманың өтірік екені баласы Есеттің елу жыл бойы ізденуі арқасында ғана белгілі болды. Үштіктің үкімімен, соның ішінде Қарағанды облыстық партия комитетінің жетекшісі Пинхасиктің қатысуымен ату жазасына кесіліпті. Сол шақтағы бір-бірінен айнымайтын, жаттанды айыптау тағылған. Əлде Сəкен Сейфуллиннің келешегінен үлкен үміт еткен сыйлас інісі ретінде жолы үзілдірілді ме деген де ой келеді қазір.

Қарқаралы аудандық атқару комитетінің төрағасы Отарбай Тұржановтың да соңғы өмірі дəл осылай қиылыпты. Алматыдан жұмыс сапарымен келген, қайтып оралысымен жапон жəне басқа да елдер барлау қызметінің қосарланған тыңшысымыс тұрғысында тұтқындалған ішкі сауда комиссариатының жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы Жағыпар Сұлтанбековпен байланысы бар деген айып тағылып, мойындамауына қарамастан алдында 7 жылға сотталып, артынан қайта түртпектеліп ақыры оқтан мерт болған. Ал бұл уақытта облыстың бір топ басшы қызметкерлеріне «Қарқаралы ісі» қозғалып, облыстық атқару комитетінің төрағасы Абдолла Асылбековтен бастап 17 адам оққа ілігеді. Қарқаралы педагогикалық техникумының директоры Тəжібай Бұхарбаев, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Қамар Мұқашбаев, жоспарлау комитетінің экономисі Шайхан Мұстафин, комсомол комитетінің екінші хатшысы Əбүйірбек Нұрбеков, жергілікті газеттің жауапты хатшысы Қапан Тұрғамбаев, атқару комитетінің нұсқаушысы Əубəкір Рысымбеков, мұғалім Темірбай Оспановтар ауданның бетке ұстар азаматтары болатын. Бір мезетте осынша арқа сүйерлерінен айырылған Қарқаралы қаусап қалғандай болғандығын айтады. Апыр-ай десеңізші, Карлагқа қамалып, атылушылар арасында əкелі-балалылар, бір шаңырақтан шыққан ағайындылар да аз болмапты. Егіндібұлақтық Машраповтардың сүттей ұйыған ұясы кенеттен жай түскендей бұзылуы соның бір мысалы. Алпысты алқымдаған қартаң колхозшы Машрап Ахметовтің аяқ астынан не бүлдіргені осы күнге дейін беймəлім, даладан ұсталып кете барады. Жарты жыл өтпей жатып Қу ауданында селолық кеңестің хатшысы болып істейтін үлкен ұлы Нығметолла тұтқындалады. Əкесі мен ағасы атылып кеткенін Қариполла ақсақал бертінде ғана білді. Туған бауырлар Шолдыбаевтар тағдыры да дəл осындай. Алдымен 75 жастағы Иса қарт, аз уақыттан соң 70-тегі інісі Қоспабай, оған ілесе 40-тағы кенжелері Смайыл хабарошарсыз кетеді. Үшеуінен ғайыптан ғайып аман қалған жалғыз ұрпақ Зəкіштің баласы Хакімнің қолында сақталған «үштіктің үкімін» оқысаңыз жоқты шындай қылған қаралауға қайран қаласыз. Алды сексенге тақаған қариялар контрреволюцияшыл ұйымдар мүшелері болып шыға келіпті. Міне, Карлаг делінсе жан түршіктірген, байтақ йтақ далада ширек ға ғасыр р бойы ойына келген елген ойранын салған, бейбіт қанша кəрі кəріжасты асты жазықсыздан мерт еткен, əйел, балашағаны жетім-жесір қалдырып, халықты адасқан дасқан қаздай қаңғытқан қатыгездіктің кейбір қыры мен сыры осындай. Зерттей берсе əлі де талай шындықтың шығары талассыз. Біз жазған бір елесі осы. ҚАРАҒАНДЫ.

Біздің қолымызға қалам ұстатып, осы мақаланы жазуға түрткі болған «Егемен Қазақстан» газетіне осы жылдың 31 мамыр күні шыққан «Осы жұрт Нұрлыбек ақынды біле ме екен?» деген Шығыс Қазақстандық Дəулет Сейсенұлы деген азаматтың шағын мақаласы еді. Нұрлыбекті айтқанда оның Нартай, Үмбетəлі сынды замандастары да еске түсетіні бар. Сондықтан сөзімізді бастамас бұрын олардың кім екендерін айтып өтсек. Халық ақыны Үмбетəлі Кəрібаев 1889 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы елді мекенінде дүниеге келген, Жамбылдың сүйікті шəкірті, жырдың «Қара жорғасы» атанған, атақты ақын. «Өлеңге Жамбыл жүйрік, əнге Кенен, Су жорға Үмбетəлі қара дөнен» - деп кезінде Ілияс Жансүгіров оған өз бағасын берген екен. Ал Нартай Қызылордадан, Нұрлыбек Шығыс Қазақстан облысынан шыққан мықты ақындар екенін білеміз. Жоғарыда аталған мақаланы оқи отырып, Үмбетəлі ақынның 100 жылдығына орай шыққан «Шапағат» атты кітаптан Нартай, Нұрлыбек, Үмбетəлі жəне Орынбай ақындардың Абайдың 100 жылдығына барғанындағы əзіл айтыстарын көзіміз шалғаны еске түсті. Нартай: Төрт-бес күн жаттық Семей қаласында, Ертістің салған қала жағасында. Қажымұқан балуан барды бізбен бірге, Жасы бар жетпіс бестің шамасында. – деп жырлай келе Нұрлыбек ақынға: «Біз сенің еліңде қонақ болып отырмыз. Қазақтан қалған дəстүр бойынша бізді жөндеп қарсы алу сенің міндетің. Егер мал сойып қарсы алмасаң, өзіміз сатып алып жеп отырған асхананың тамағына ортақтас, бізбен бірге колбаса же», – деп əзілдейді. Сонда Нұрлыбек: Күйдіргі, Нартай, сенің тіліңде шоқ, Сүйектен сөзің өтті тигендей оқ. Өзің біл, бізге келген қонақсың ғой, Колбаса өмірімде жеп көргем жоқ – деп жауап береді. Жалпы айтыстың мағынасы – қонақ болып келген Үмбетəлі мен Нартайды, Орынбай ақынды Нұрлыбектің жөндеп қарсы алмауына айтылған замандастар əзілі. Айтысты Үмбетəлі былай деп жалғайды: «Бұл елге бұдан бұрын келгеміз жоқ, Дəм татып, қонақ асы жегеміз жоқ. Деп айттың: «Малым жырақ алдыруға», Қой сойып, қол қусырғын дегеміз жоқ». Осындай əдемі əзілмен үш замандас ақын Семейдің бір асханасында отырып қағысады. Ал енді бұл айтыстың тарихы былай. Үмбетəлі Кəрібаев Ұлы Абайдың 100 жылдығын жырмен ашуға сол кездегі Жазушылар одағының нұсқауымен жіберілген екен. Бұл жайлы көне көз қариялар – халық ақыны Əсімхан Қосбасаровтан, белгілі ақын, Үмбетəлі музейінің бұрынғы директоры Надежда Лушниковадан естіп білгенбіз. Жалпы, Үмбетəлі жыр алыбы Жамбылдың өлең-жыр, дастандарын жетпіс пайыз жатқа біліп, осы заманға жеткізіп кеткен көзі ашық, көкірегі ояу, ескіше хат таныған адам болған. Заманында қазақтың майталмандары Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, Иса Байзақов, Кенен Əзірбаевтармен етене жақын арласқан, күш атасы Қажымұқанмен əзілдері жарасқан кісілер болған екен. Абайдың 100 жылдығына барғанда айтқан Үмбетəлінің «Абай жиынында» атты ұзақ толғауы бар. Ол толғау ақынның барлық кітаптарында басылған. 1943 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Мұхтар Əуезовтің ұйымдастыруымен Алматыда өткен ақындар айтысының бел ортасында Үмбетəлі де жүрген. Ол жайлы музейде тарихи суреттер мен деректер бар. Яғни, Үмбетəлі мен Нұрлыбек сол айтыста да, кейіннен Абайдың 100 жылдығында да кездескен деуге толық негіз бар. Жалпы, Үмбетəлінің Нүрилəмен айтысы Біржан мен Сараның айтысы сияқты тарихта қалған теңдесі жоқ айтыс. Кезінде Үмбетəлінің Жамбылмен, Кененмен, Нұрсапанмен, қырғыз, қарақалпақ ақындарымен айтысқандығы белгілі. Əрі айтыстары сақталып, осы күнге жеткен. Тіпті, атақты Жамбыл мен Құлманбеттің айтысын Ғани Орманов Үмбекеңнің аузынан жазып алғаны белгілі. Бұл орайда, Үмбетəлінің есте сақтау қабілетінің өте жоғары екендігін, замандас ақындарға деген көзқарасының жақсы екенін көреміз. Ал енді Нұрлыбек пен Үмбетəлінің кейін кездескендігі жайлы деректер жоқ. Мақала авторына Үмбетəлі ақынның ұрпағы ретінде былай деп əзілдеп жауап берейін. Үш ақын бір заманның түлегі екен, Жарасып қалжыңдары жүреді екен. Нұрлыбек, Нартай, Үмбет қосылғанда, Айтыстың жон таспасын тіледі екен. Сіздің жұрт білер, білмес, біздің жақта, Нұрлыбектей ақынды біледі екен. Үмбетəлі ақынның музейінің, Төріне суретін де іледі екен – деп Нұрлыбек ақынның айтыстары мен суреті музейде тұрғанын, оны келген елге шамамыздың жеткенінше таныстыратынымызды айтқым келеді. Сөз орайы келгенде айтарымыз, Үмбетəлі, Нұрлыбек, Нартай сенікі, менікі деп бөлуге келмейтін, бар қазақтың маңдайына біткен атақты ақындар. 2014 жылы Үмбетəлі ақынның 125 жылдығы жер-жерде аталып өтіледі деп күтілуде. Ақынның көзі тірісінде бірнеше жыр жинақтары шыққан. Кейіннен туғанына 100,120 жыл толуына байланысты ұрпақтарының қолдауымен толық жинағы, екі томдық кітабы жарық көрді. Енді алда келе жатқан мерей тойына байланысты тағы да бір кітабын шығарсақ деген ойдамыз. Егер Үмбекең жайлы білетін көне көз қариялар болса бізге хабарлассын. Мақала авторы Дəулет Сейсенұлына Нұрлыбек Баймұратов атамыздың жоғын жоқтағанға алғыс айта отырып, өзі білетін тың деректер болса бізге жіберуін өтінеміз. Үш ақынның айтысында аты аталған Орынбай ақын туралы деректер тіптен аз, табылып жатса Үмбекеңнің замандастары ретінде музейге қоюға болар еді. Қазір Үмбетəлінің туып өскен жерінде республикалық дəрежедегі музейі жұмыс істейді. Ақынның Зейнеп, Дəмегүл атты екі қызынан тараған ұрпақтары ата мұрасын қорғап, қамқор болып отыр. Сол ұрпақтың бірі біз боламыз. Осы мақаланы пайдалана отырып, Нартай, Нұрлыбек, Үмбетəлінің айтысының толық нұсқасын жіберіп отырмыз. Болашақта да еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» Үмбетəлі ақынның 125 жылдығы қарсаңында мақалалар жариялап тұрамыз деген ойдамыз. Үмбетəлі мен оның замандастары жайлы қызықты деректер білетін адамдар болса бізге хабарлассын. Мекен жайымыз: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетəлі ауылы, Үмбетəлі музейі. Байланыс телефондары: 8(72770)69-5-12, ұ.т. 87756831784 Əуелбек ИСҚАҚОВ, Үмбетəлі музейінің директоры. Алматы облысы.


12

25 қыркүйек

www.egemen.kz

2013 жыл

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны: 8(7172) 74-24-23, 071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А-үй мекенжайында орналасқан, тел. 8 /7222/ 35-95-49, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны ректорының бос лауазымына конкурс өткізеді. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны қызметінің негізгі мəні жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді жүргізу. Кəсіпорын қызметінің мақсаты тұлғаның ұлттық жəне жалпы адамзат құндылықтарының, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына жəне кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуы үшін қажетті жағдай жасау. Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сай келуі тиіс: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) білімінің болуы; ғылыми дəрежесінің жəне білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарының бейініне сəйкес келетін ұйымдардағы басшы қызметте жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл болуы; білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың (куəліктің) болуы; білім жəне ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуі. Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған; 3) өтелмеген немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тəртіпте алынып тасталмаған сотталғандығы бар. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш: 2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) еркін түрде жазылған өмірбаян; 4) кандидаттың жеке куəлігінің көшірмесі; 5) белгіленген тəртіппен куəландырылған білім туралы құжаттың көшірмесі; 6) білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат (куəлік); 7) белгіленген тəртіппен куəландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі; 8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімдері берген сотталғандығы жəне сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылығы жоқ екенін растайтын құжаттар; 9) белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама; 10) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы; 11) 3х4 үлгiдегi 2 фотосурет. Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кəсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар жəне т.с.с.) беруiне болады. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті жəне оған қоса берілетін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптары туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Əкімшілік департаментінің Кадр жұмысы жөніндегі басқармасынан мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8(7172) 74-24-23 (810-бөлме).

Министерство образования и науки Республики Казахстан, 010000, город Астана, ул. Оренбургская, 8, Дом министерств, телефон для справок: 8(7172) 74-24-23, объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Государственный университет имени Шакарима города Семей» Министерства образования и науки Республики Казахстан, расположенного по адресу: 071412, город Семей, ул. Глинки, 20А, тел. 8 /7222/ 35-95-49. Основным предметом деятельности государственного университета имени Шакарима города Семей является реализация образовательных учебных программ высшего и послевузовского образования, осуществление фундаментальных и прикладных исследований. Целью деятельности является создание необходимых условий для получения качественного образования, направленных на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе национальных и общечеловеческих ценностей, достижений науки и практики. Участник конкурса должны соответствовать следующим квалификационным требованиям: наличие высшего (или послевузовского) образование, наличие ученой степени и стаж работы в руководящих должностях в организациях образования и/ или соответствующих профилю организации образования не менее пяти лет, наличие сертификата (свидетельства) о прохождении курсов повышения квалификации по менеджменту образования, знание нормативных правовых актов в области образования и науки. Не может принимать участие в конкурсе лицо: 1) моложе восемнадцати лет; 2) ранее совершившее коррупционное правонарушение; 3) имеющее непогашенную или не снятую в установленном законодательством Республики Казахстан порядке судимость; 4) иные случаи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан. Для участия в конкурсе необходимо представить следующие документы: 1) заявление об участии в конкурсе; 2) резюме на государственном и русском языках; 3) автобиографию, изложенную в произвольной форме; 4) копию документа, удостоверяющего личность кандидата; 5) копии документов об образовании, заверенные в установленном порядке; 6) сертификат (свидетельства) о прохождении курсов повышения квалификации по менеджменту образования; 7) копию трудовой книжки, заверенную в установленном порядке; 8) документы, подтверждающие отсутствие судимости и коррупционных правонарушений, выданные территориальными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокураторы Республики Казахстан; 9) справку о состоянии здоровья по установленной форме; 10) личный листок по учету кадров; 11) 2 фотографии размером 3х4. Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, а также рекомендации от руководства с предыдущего места работы и т.п.). Прием заявлений об участии в конкурсе и документов, прилагаемых к заявлению, осуществляются в течение 15 календарных дней с момента опубликования объявления. Дополнительные сведения о квалификационных требованиях, предъявляемых к участникам конкурса, и должностных обязанностях можно получить в Управлении кадровой работы Административного департамента Министерства образования и науки Республики Казахстан по телефону: 8(7172) 74-24-23 (каб.810).

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есілдін сол жағалуы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: 8(7172)742423, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы: 030000, Ақтөбе қ., Ə.Молдағұлова даңғылы, 34, телефон/факс 8(7132) 56-82-80. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті қызметінің негізгі мəні жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру, іргелі ғылыми жəне қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Қызметінің мақсаты – тұлғаның ғылым мен тəжірибедегі жетістіктері, ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтардың негізінде қалыптасуына, дамуы мен кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сəйкес келуі керек: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; ғылыми дəрежесінің жəне білім беру ұйымдарында жəне/ немесе білім органдарында басшы қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек; бейініне сəйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымында кемінде 5 жыл болуы; білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатының (куəлігінің) болуы; білім жəне ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуі. Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды: 1. жасы он сегізге толмаған; 2. бұрын сыбайлас жемкорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған; 3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте өтелмеген немесе кешірілмеген соттылығы барлар; 4. Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған басқа жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет: 1. конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2. мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3. еркін үлгіде жазылған өмірбаян; 4. кандидаттың жеке тұлғасын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 5. белгіленген тəртіпте расталған білім туралы құжаттың көшірмесі; 6. білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куəлік); 7. белгіленген тəртіппен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 8. сотталмағандығын жəне сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзбағанын растайтын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелері берген құжаттар; 9. белгіленген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 10. кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ; 11. 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне,кəсіби дайындық деңгейіне (біліктілікті жетілдіру, ғылыми дəреже жəне атақ беру, ғылыми басылымдары, сонымен қатар алдыңғы жұмыс орны басшысынан ұсынымдама жəне т.б. туралы құжаттардың көшірмілері) қатысты қосымша ақпараттарды тапсыруына болады. Конкурсқа қатысу туралы өтініш жəне өтінішке қоса берілетін құжаттар хабарландыру шыққан күнінен бастап күнтізбелік15 күн ішінде қабылданады. Конкурсқа қатысушыға жəне лауазымдық қызметіне қатысты қойылатын біліктілік талаптары туралы қосымша мəліметтерді Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Əкімшілік департаменті Кадр жұмысы басқармасынан 8(7172)74-24-23 (810-бөлме) телефоны бойынша алуға болады.

Хабарландыру «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамы (бұдан əрі «ДТЖ» АҚ) (050000; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www.kazrail. kz) дабылдатқыш, орталықтандыру жəне қосарластыру құрылғылары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қайталап сатып алу жөнінде ашық тендер өткізу туралы хабарлайды. Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, саны, жеткізу мерзімі, орны жəне техникалық ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерлік құжаттама көшірмесін 2013 ж. 9 қазанда сағат 18.00-ге дейінгі мерзімді қоса есептегенде мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе «ДТЖ» АҚ веб-сайтында: www.kazraіl. kz, «Сатып алу» бөлімі. Əлеуетті жеткізушілердің өкілдері тендерлік құжаттаманың көшірмесін арнайы алу үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесін алуға жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тиісті түрде ресімделіп, өкілеттігін құжаттық растауын тапсыруы міндетті. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамының мына мекенжайы бойынша тапсырады (жібереді): 070012, Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға өтінімдерін арнайы тапсыру кезінде, əлеуетті жеткізушілер немесе олардың уəкілетті өкілдері тендерге қатысуға өтінімдерін тапсыру құқығын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін əлеуетті жеткізушінің мүддесі атынан ұсынатын тұлғалардың сенімхатын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруы қажет. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі – 2013 жылғы 10 қазанда сағат 9.30-ға дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендер комиссиясы 2013 жылғы 10 қазанда сағат 10.00-де мына мекенжайда ашады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 54 48 57 немесе сатып алуды ұйымдастырушының электронды поштасының мына мекенжайына: info@ kazrail.kz.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «Таразжолқұрылыс» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «Таразжолқұрылыс» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «BI-Group» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «BI-Group» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ» ШЖҚ РМК Алматы қаласының Абай даңғылындағы 91үйде орналасқан, «Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ» РМК үшін 2013 жылға республикалық бюджет қаражаты есебінен медициналық жиhазды мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізетіндігін хабарлайды. Сатып алынатын медициналық жиhаздың толық тізімі, олардың мөлшері мен егжей-тегжейлі ерекшелігі жəне сатып алуға бөлінген сомасы тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тауар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ» РМКға мына мекенжай бойынша жеткізіліп берілуі тиіс: тендерлік құжаттаманың талаптарына сəйкес Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91. Тауарларды жеткізіп берудің талап етілетін мерзімі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 30 қазанындағы №1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыратын) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу тəртібінің 8-9 тт. көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ықтимал өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын 2013 жылғы 15 қазан күні сағат 11.30-ға дейінгі мерзімде Алматы қаласы, Абай даңғылы, 91-үйдің əкімшілік ғимаратының 2-қабатында орналасқан мемлекеттік сатып алу бөлімінен сағат 8.30-дан бастап 17.00ге дейін немесе t.kuzembaev@mail.ru. мекенжайы бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың ақырғы мерзімі 2013 жылдың 16 қазанда сағат 10.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2013 жылдың 16 қазанда сағат 11.30-да Алматы қ., Абай даңғылы, 91-үйде орналасқан «Қазақ онкология жəне радиология ҒЗИ» РМК-ның конференц-залында ашылады. Ықтимал өнім берушілер тендердік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы +7(7272)921075 телефоны бойынша алуға болады.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «ПОИСК-1» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

РГП на ПХВ «КазНИИ онкологии и радиологии» Министерства здравоохранения Республики Казахстан, пр. Абая, 91 объявляет о проведении тендера по государственным закупкам медицинской мебели за счет средств республиканского бюджета для РГП «КазНИИ онкологии и радиологии» на 2013 год. Полный перечень закупаемой медицинской мебели, их количество и подробная спецификация с указанием суммы, выделенной для закупки указаны в тендерной документации. Товар должен быть доставлен в РГП «КазНИИ онкологии и радиологии» Министерства здравоохранения Республики Казахстан по адресу: г.Алматы, пр. Абая, 91 в соответствии с требованиями тендерной документации. Требуемый срок поставки указан в тендерной документации. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в пп. 8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11 часов 30 минут 15 октября 2013 года включительно по адресу: г. Алматы, пр. Абая, 91, 2-этаж административного корпуса, отдел государственных закупок, время с 8 часов 30 минут до 17 часов 00 минут или по электронной почте по адресу: t.kuzembaev@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10 часов 00 минут 16 октября 2013 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11 часов 30 минут 16 октября 2013 года по следующему адресу: РГП «КазНИИ онкологии и радиологии» г. Алматы, пр. Абая, 91, административный корпус, конференц-зал. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: +7(7272)921075.

Определением специализированного межрайонного экономического суда города Астана в отношении ТОО «ПОИСК-1» возбуждено дело о банкротстве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

Кудайбергенов Нурсейт Ашимовичтың жеке кəсіпкерлігі жабылды.

ХАБАРЛАНДЫРУ Мемлекеттік емес білім беру мекемесі «Маңғыстау кəсіптік академиясының» жабылуына байланысты мекемелер мен ұйымдардан, дебиторлар мен кредиторлардан талаптар екі ай мерзімінде қабылданады.

Утеряно свидетельство о государственной регистрации выпуска ценных бумаг АО «КазАгроИнновация».

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 17 қазанда республикалық мүлік мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөнінде тендер өткізеді. Тендер мына мекенжайда болады: Шымкент қ., Ғани Иляев к-ci, 24. Тендер өткізу уақыты сағат 10.00-де. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері ( халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ, банктер есеп айырысу-кассалық орналастыру үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз тұрақжайларды жалға алу, төлемақы ай сайын, жалға алу мерзімі 6ip жыл, теңгерім ұстаушы келісіммен келісім шартты ұзартуға құқығы бар. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Тендер нысандарының қысқаша сипаттамасы: Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің ғимаратындағы нысандар: 1. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Момышұлы көшесі, 27, жалға алынатын алаңы – 12,0 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 10386 теңге. Кепілді жарна – 5193 теңге. 2. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі,нөмірсіз жалға алынатын алаңы – 9,9 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 8568 теңге. Кепілді жарна – 4284 теңге. 3. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68, жалға алынатын алаңы – 8,4 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 7270 теңге. Кепілді жарна – 3635 теңге. 4. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, жалға алынатын алаңы – 3,0 ш,м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп

айы рысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 1039 теңге. Кепілді жарна – 649 теңге. 5. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Аксукент ауылы, жалға алынатын алаңы – 5,0 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Казпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу- кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 1731 теңге. Кепілді жарна – 1082 теңге. 6. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, жалға алынатын алаңы – 4,0 ш,м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айы рысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 1385 теңге. Кепілді жарна – 866 теңге. 7. Ғимараттың бі/рінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, жалға алынатын алаңы – 5,0 ш,м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айы рысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 1731 теңге. Кепілді жарна – 1082 теңге. 8. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы, жалға алынатын алаңы – 4,0 ш,м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу- кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 1385 теңге. Кепілді жарна – 866 теңге. 9. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Кентау қаласы, жалға алынатын алаңы – 9,45 ш,м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі

айына – 4907 теңге. Кепілді жарна – 3067 теңге. 10. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Түркістан қаласы, жалға алынатын алаңы – 6,2 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 3220 теңге. Кепілді жарна – 2012 теңге. 11. Ғимараттың бірінші қабатындағы тұрақжай, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Қазығұрт ауданы, жалға алынатын алаңы – 6,0 ш.м. Халыққа қызмет көрсету үшін «Қазпочта» АҚ банктерінің есеп айырысу-кассалық орталықтарына арналған барлық инженерлік-техникалық құрылғыларымен бірге. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 2077 теңге. Кепілді жарна – 1298 теңге. Тендерге қатысу үшін қажет құжаттар тізбесі: Тендерге қатысуға өтінім, онда үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады. Тендер шарты бойынша ұсыныс жапсырылған конвертте беріледі. - Заңды тұлғалар үшін – мемлекеттк тipкey (кайта тipкey) туралы куəліктің, құрылтайшы құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) жəне салық төлеуші куəлігінің көшірмелері, олар салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері керсетіледі - Жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаларды міндетті түрде көрсетумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. - Акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмені. -жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен үзінді-көшірмені (cepiктecтiк қатысушысы тізілімді жүргізу жағдайында). - Шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтайшы

құжаттар. - Кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі. - Өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Өтініш қосарланған конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар камтылады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінім беру сəтінде жабық болуы жəне үміткердің оны мөрлеуі тиіс. Өтініштер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тапсыру кезінде жүргізіледі, ол тігілген түрде, беттері нөмірленіп жəне соңғы бетіне қол қойылып, мөр басылып куəландырылады (заңды тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасау мepзімі: тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалады, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жай бойынша алуға болады: ОҚО, Шымкент қ., Иляев к-ci, 24, 205-бөлме. Анықтама алу телефоны: 21-01-59, факс: 21-29-22. Тендер қатысушысы заңды тұлға болмайды, ол ҚР Заңына сəйкес немесе құрылтайшы құжаттарға сəйкес қызметтің түрлерін айналысуға құқығы жоқ, оны тапсыру тендер шарты болып табылады. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Оңтүс тік Қазақстан мемле кеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ мына депозиттік шотына төленеді: СТН 582200048073, ИИК KZ930705012170178006. BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394-інің. Оңтүстік Қазақстан облысының қазынашылық департаменті. Өтініш мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласы, Иляев көшесі, 24. Анықтама үшін телефон: 210159, факс 21-29-22. Өтініштер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендерлік құжаттарымен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады (2013 жылғы 16 қазанда таңғы сағат 10.00-де)

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі армия генералы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстанның Ардагерлер кеңесі еліміздегі ардагерлер қозғалысын ұйымдастырушы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының басшылығы мен депутаттары армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Құрлық əскерлері Əскери институтының басшылығы Кеңес Одағының Батыры, армия генералы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің басшылығы мен депутаттары Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Саяси кеңесі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, партияның беделді мүшесі жəне «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Абырой» қоғамдықконсультативтік кеңестің мүшесі Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы, Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылығы Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, жақындары мен туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен Əскери кеңесі Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Кəсіподақтарының федерациясы «Қарабатыр» агрофирмасының бас директоры, кəсіподақ қозғалысының ардагері Жəзит Кəрімұлы ҚҰДАЙҚҰЛДЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы жəне қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлері кəсіподақтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Орталық комитеті «Қарабатыр» агрофирмасының бас директоры Жəзит Кəрімұлы ҚҰДАЙҚҰЛДЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Исабайұлы Есполовқа ƏКЕСІНІҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры Ұлы Отан соғысының ардагері, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның жақындары мен туысқандарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы диссертациялық кеңесті үйлестіру секторының меңгерушісі Зəуре Ахметқызы Тұмарбековаға ағасы МҰРАТТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Шығыс Қазақстан облысының əкімі армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің өмірден озуына байланысты марқұмның жақын туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


ЫП

25 қыркүйек

ҚЫР А Т Р А Р Ы ТОЛҒАНД

2013 жыл

С

өзді созбақтамай нақты деректен бастайық. Маңғыстау облысының Атамекен кентінің бір тұрғыны өлі нəресте тауып ал ды. Шарананы пакетке салып, қоқысқа тастап кетіпті. Пакетте тілхат бар. Онда туа салып дүниемен қоштасқан қызылшақаның тасбауыр анасы сəбиін жерлейтін ақшасының жоқ екенін айтыпты. Аң емес, құс емес, бауыр еті – бөбегіне қол жұмсап отырып, ақталған түрін қараңыз. Мəйітті тексеру барысында, сəбидің перзентханада дүниеге келмегені анықталды. Өйткені, нəрестенің кіндігі дұрыс кесілмеген. Сондықтан Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі тасбауыр анаға қарсы ҚР ҚК «Жаңа туған сəбиді туған анасының қасақана өлтіруі» деген бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Мəйіт сараптамаға жіберілді. Ал гинекологтардың есебіне қасақана тұрмаған ана əлі табылған жоқ... Мұндай жаға ұстатар «жаңалықты» күн сайын болмаса да, ай аралатып еститіндеріңіз маған кəміл. Ол жаңалықтардың іздеу жарияланған «қаһармандары» өз нəрестелерінің өмірін өздері қиып, бөтен үйдің табалдырығына, қоғамдық əжетханаға

ИНФАНТИЦИД немесе қоқыс жəшігіне тастап кететіні де өтірік емес. «Ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. «АҚШ-та СПИД деген емі жоқ ауруы шығыпты» дегенді алғаш естігенде, көп мемлекеттер былқ еткен жоқ. «Өздеріне сол керек» деп, мырс-мырс күлгендері де болды. Көп ұзамай сол емі жоқ бəлекет, тап іргемізден бұрқ ете қалды. Іргеміз – Ресей елі болатын. Дегенмен, «СПИД ауруы Қалмақ елінің Элиста деген қаласындағы бейкүнə балаларға да жетіпті» деген жаңалықты Орта Азияның ормандай жұрты жүре тыңдады. Ал Ресей мен Орта Азияның арасы мүлде тиіп тұр. Қазақылап айтсақ, «төскейде малы, төсекте басы қосылып» жатыр. Сондықтан болар, алдымен Теміртау, одан кейін Шымкент атты шаһарлардың тұрғындары əлгі аты жаман аурудан қатты зардап шекті. Мынау, қоғамды дендеп бара жатқан инфантицид «ауруының» қасіреті мен қайғысын да ашып айтып, алдын алмасақ ертең кеш болуы мүмкін. Инфантицид деген не? Сот медицинасы тілінде босана салып өз нəрестесін өзі өлтіретін аналардың əрекетін «инфантицид» деп атайды. Ал мұндай тасбауыр аналар, өкінішке қарай, соңғы кезде еліміздің əр өңірінен жиі бой көрсете бастады. Құқық қорғаушылардың айтуларына қарағанда, тасбауыр аналар, əдетте, өзі өмірге əкелген нəрестелерін өз қолымен немесе жіппен буындырып өлтіреді. Тыныс алу мүшелерін жастықпен бастырып, тұншықтырып өлтіретіндері де кездеседі. Пышақпен, қайшымен жəне басқа да қатты заттардың көмегімен өлтіретіндер де бар. Ал туа сала демі үзілген сəбилердің барар жері, негізінен, қоқыс жəшіктері. Қызылжар жұртшылығының жүрегін мына бір оқиға дір еткізді. Жаңа ғана өмірге келген қыз баланың басына полиэтилен кигізіп, тұншықтырып өлтірген. Мəйіті біреудің пəтерінен табылған. Көп ұзамай нəрестесін қолы қалтырамай о дүниеге аттандырған ана да табылды. Ол 25 жастағы əйел болып шықты. Анықталғанындай, қаскөй ана қылмысын жасыру үшін бір сөткеге пəтер жалдаған. Содан кейін өз күшімен босанады да, іңгəлаған бейкүнə шақалақтың басына полиэтилен пакет кигізіп, шкафқа тастап кетіп қалады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, бөбектің ажалы механикалық асфиксиядан, яғни кісі қолынан болғаны анықталды. Қылмысы əшкере болған тасбауыр ана 2011 жылы да осылай босанып, бірақ оны өлтірместен сəбилер үйіне өткізгенін айтқан. Өкінішке қарай, екінші нəрестесі ондай бақытқа ие бола алмады. Дəл осыған ұқсас оқиға Көк шетау қаласында да болды. Мұнда да бейғам жұрт қоқыс жəшігінен бір қолы жұлынған нəрестенің мəйітін тауып алып, төбе шаштары тік

Ґлтіретін болса, ґмірге неге əкеледі?!. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

тұрған. Тексере келгенде, бала геморрогиялық үрейден қайтыс болыпты. Кейін белгілі болғанындай, өлі нəрестені Көкшетаудағы цехтардың бірінде тігінші болып істейтін 27 жастағы əйел тастап кеткен. Əйел бұдан бұрын да «жолдан» бала тапқан екен. Бірақ оны атаанасына беріпті. Ал мынаусын тоғыз ай, тоғыз күн көтерсе де, жеме-жемге келгенде босанып, аман-есен өсіруге ар, ұят, ождан деген «сот» алдында шыдамы жетпей, құтылуға асыққан. Ал Астана қаласының маңын дағы ауылда тағы бір безбүйрек өзінің жаңа туған нəрестесін тұншықтырып өлтірген. Бұл оқиға бойынша 24 жастағы əйел ұсталды. Ол да өз баласын өзі өлтіріп, шұңқырға тастап кетіпті. Тергеу барысында əлгі əйел бауырларының үйінде тұрғандықтан өзінің жүктілігін жасырып келген де, дəл босанар сəтте өз баласының кіндігін өзі кесіп, шұңқырға өз қолымен лақтырған. Оны бауырының əйелі тауып алған. Бірақ кеш еді... Міне, «инфантицид» дегеннің іш жиғызар сиқы осындай. Бұл «дерттен» қоғам қалай құтылады? Үкімет қандай əрекет етпек? Ол бəленің алдын алатын жол бар ма? Көрші елдер қайтіп жатыр? Бүгінгі əңгіме де осы төңірегінде. Дəрігерлердің ой-пікірлеріне сүйенсек, əйелдер ана болуға психологиялық тұрғыдан ерте бастан дайын болуы керек. «Жүктілік ең алдымен ой-санада, сосын ғана барып физикалық тұрғыдан жүзеге асуы тиіс», дейді мамандар. Жаны бар сөз. «Өйткені, ғылымы, медицинасы дамыған ХХІ ғасырдың əйелдеріне жүкті болмаудың жолдарын түсіндірудің өзі ақымақтық» дейді мамандар. Ал бойжеткен немесе басы бос əйел біреуден өз еркімен бала көтерді екен, ендеше оны аман-есен босанып, ержеткенше (бойжеткенше) бағыпқағуы міндет. Адамдық қасиет пен аналық парыз да осыған үйретеді. Дүние жүзінде демейақ қоялық, елімізде қаншама атаана, қаншама отбасы бір балаға зар боп жүр. Бəрімізге белгілі «Алпамыс батыр» жырындағы: «Жиделібайсын жерінде, Қоңыраттың елінде, Байбөрі деген бай бопты, Бір перзентке зар бопты…» деп басталатын өлең жолдары қазақ ата-аналарының сонау ықылым замандарда-ақ бір перзент үшін мойнына бұршақ салып, əулие кезіп кеткенін сөз етпей ме?!. Ал Ақтанберді жырауыңыз, тіпті, бір перзентті де місе тұтпай: «Атадан алтау туғанның, жүрегінің бастары, алтын менен бу болар, атадан жалғыз туғанның, жүрегінің

бастары, сары да жалқын су болар, жалғыздық, сені қайтейін!» деп жылап отырып жырлаған ғой. Демек, дүние есігін ашқан ұл болсын, қыз болсын, мемлекет үшін құнсыз қазына. Ал қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған бүгінгі заманның қыздары бір шидің түбінен бала көтеріп, онысын келесі шидің түбіне тастап жүре беретін жеңілтектікті сəнге айналдыра бастады. Ондай жеңіл жүрістің соңы бейкүнə нəрестелердің дүние мен тумай жатып қоштасуына, ал көкеканалардың «темір тордың» ішінен бір-ақ шығуына əкеліп соқтыруда. «Жоқтаушысы жоқ ер жетім, қорғаушысы жоқ ел жетім». Бұл тақырып кез келген мемлекет үшін отбасы, ошақ қасы тəрбиесінің аса маңызды екенін алға тартады. «Əке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, отбасында ата-ананың тағылымды тəрбиесін алып, тек қана оқу-біліммен, үйдің тірлігімен өткізген қыздар оқыста от басудан аулақ болады. Ал «қыдырымпаздар» қашанда бір бəлеге ұшырайды. Сосын онысын жасырмақ болады. Салдары біз ащына айтып отырған əңгімеге келіп тіреледі. Қоғамның да мұндай құбылысқа еті өліп бара жатқан сияқты. «Ішіме сыйған бала, сыртыма да сыяды» деп, қыдырымпаз қыздарын ақтайтын аналар да жетерлік. «Қызға қырық үйден тыю», БАҚ беттері мен теледидарларда ата-аналарды, бойжеткендері осы тақырыпта қоғамдық пікірталасқа шақыру жағы да кемшін. алпы, көкек-аналарды өз баласын өзі өлтіруге не əсер етеді? Ұят па? Əлде тақыр кедейлік пе? Бұл сауал əлеуметтік зерттеуді қажет етеді. Елімізде, облыстарда қанша ма жастар бар? Олардың қаншасы бойжеткен? Олар немен айналысады? Ортасы, отбасы қандай? «Қыз кезінде бəрі жақсы» дегендей, өсе келе қандай жолға түсті? Қалалар мен аудан орталықтарындағы сауналарда «ермекке» айналып жүрген «көбелектердің» инфантицид «дертіне» қатысы бар ма? Өз баласын өлтіретіндер, бəлкім, сондайлардың арсынан шығатын шығар? Айта берсе мəселе, қоя бер се сұрақ көп. Өз баласын өзі өлтірген анадан қоғамның қандай жақсылық күтуі мүмкін? Тіпті, ол «темір тордың» ар жағынан аман-есен оралғанның өзінде құрбылары қатарлы бақытты отбасын құрып, сүйкімді бала сүйе ала ма? Оған оның рухы жете ме? Əлде, өзі өлтірген нəрестесі өмір бойы түсіне еніп, жаралы қасқырдай жапа шегіп, аласұрумен өте ме? Əрине, инфантицид

Ж

Қазақ станда ғана белең алып бара жатқан жоқ. Сонымен бірге, ол алыс-жақын шетелдердегі үкіметтердің (министрліктердің) де бас ауруына айналған. Мысалы, РФ ІІМ ресми мəліметі бойынша 2010-2011 жылдары көкек-аналар жаңа босанған 268 сəбиіне қол жұмсапты. Бірақ үрейлі дерек пен дəйек мұнымен бітпейді. Тағы осыншама балалар өз ата-аналарының қолынан есі кіріп, яғни «уілдеп» немесе тəй-тəй баса бастаған кезінде қаза табады екен. Жүрегіңіз шым етті ме? Шым етті. Өйткені, сіздің бойыңызда аяныш сезімі бар. Ал аяныш сезімі жоқ жерде өз сəбиіне өзі қол жұмсау да бола береді. Жұрттар «өркениеті өте қатты дамыған, тіпті, шаңтопырақ та көрмейсіз» деп, ауыздарының суы құрып мақтайтын Германия да оңып тұрған жоқ екен. Мұнда жыл сайын инфантицидтің салдарынан, яғни өз ата-аналарының қолынан алты жасқа дейінгі 100-ге жуық бала көз жұматын көрінеді. Дегенмен, «көпті көрген кəрі құрлық» деген аты бар емес пе, Еуропа көкек-аналарының қылмысын азайту үшін, мынандай əрекетке барыпты. Олары дұрыс па, бұрыс па деп таразылау, əрине, уақыт еншісінде. Айтайық дегеніміз, еуропалықтар перзентхана ғимараттары мен монастырлардың қабырғасынан бэйбибокстар ашыпты. Мысалы, өз баласынан өзі бас тартқан көкек-ана өз сəбиін өзі өлтіріп ауыр күнəға батпауы үшін кə дім гі пошта жəшігі сияқты, бірақ одан үлкен əрі ыңғайлы əлгі бэйби-боксқа жаңа туған нəрсетесін жасырын түрде қалдырып кете береді екен. Жасырынбай келіп тастап кетсе де ана туралы мəлімет жария етілмейді. Өйткені, көкекананың қолына «баланы кім тастап кеткені ешкімге жəне ешқашан айтылмайды» деген кепілдік құжат беріледі. Былай қарасаңыз, бұл шара көкек-анаға да, мемлекетке де тиімді. Көкеканаға тиімдісі – ол қолын қанға былғап, қылмыскер атанбайды, мемлекетке тиімділігі – елдегі демографиялық өсім бір балаға болса да тоқтаусыз жалғаса береді. Салыстырмалы түрде айтсақ, Ресейдегідей өз анасының қолынан бір жылда 268 сəби қаза таппайды. Мұны естіген (көрген) Ресей үкіметі (министрліктері) қазір осы əрекетті тəжірибе ретінде бір-екі губернияларында қолға алыпты. Өйткені, көкек-аналар саны Ресейде өте көп. Демографиялық өсім де төмендеп барады. Сондықтан, бір бала болса да аман-есен өссін деген мемлекетшіл орыс үкіметі «мұндай бэйби-бокстар жаңа туған нəрестені тіктеп келген өлімнен арашалап қалады», деп уəж айтушыларға бас шұлғыған. Бірақ медальдің екінші жағы бар екені сияқты, бұл əрекеттің қарсыластары да бар болып шықты. Олардың ойынша, бэйби-бокс көбейген сайын балаларын тастап жүре беретін көкек-аналар саны да күрт көбейе түспек. Олардың уəжі: «одан да көкек-анаға жолдан тапқан баласын ешкімнен ұялмай-ақ аман-есен өсіруіне көмектесіп, санасына сенім ұялатайық» деген тұрғыда ішкі саясатқа мəн берейік дегенге саяды. Бұл да құлаққа кіретін сөз. «ҚР ҚК бабы бойынша жаңа туған нəрестесін өлтірген əйелдер («Убийство матерью новорожденного ребенка») небары 4 жыл бас бостандығынан айырылады. Бұл жаза жеңіл. Қыршынынан қиылған сəбидің болашақ ел азаматы екенін ойласақ жəне оның шақалақ болса да кеудесінде жаны бар адам баласы болғанын пайымдасақ, бұл қылмыскер үшін өте жеңіл жаза» дейтіндер де бар. Рас, төрт жыл тез-ақ өте шығады, бірақ өз ұлына (қызына) өзі қол жұмсап, өлтіргенін ол сірə да ұмыта алар ма? Ешқашан! Біле білсе, күндіз де, түнде де санасынан кетпейтін ар соты мен жан жарасының өзі-ақ оның жанын қашан жаһаннамға жеткенше мазалаумен болмай ма?!. Демек, өз сəбиін өзі өлтірген аналар мен жатырындағы шарананы жыбырлай бастаған сəтінде аборт жасату арқылы алдырып тастаған аналардың қайғысы да, жазасы да ауыр. Сондықтан үкіметіміз тиісті министрліктер арқылы елдегі инфантицид мəселесінің қоғамдағы себебі мен салдарларын зерттеп, зерделей келіп, осы «дерттің» алдын алу мен оны мүлде жою жолында нəтижелі шара қолданады деп күтеміз. Жамбыл облысы.

www.egemen.kz

13

Азаптау неге азаймай отыр? Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздегі құқық қорғау органдарының төл міндеті – адам мен азаматтардың құқын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, бұл тек заңда жазылған ереже ғана. Шын мəнісінде құқық қорғаушылар мен қарапайым азаматтардың арасындағы сенім алшақтығы жер мен көктей екендігі анық. Өйткені, қылмыстық процестегі азаматтардың конституциялық құқықтарын жəне заңды мүдделерін сақтау халықтың сенім деңгейін анықтайтын барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін бағалаудың басты белгілерінің бірі болып табылады. Əрбір заңсыз қамаудың жəне ұстаудың артында адамның жəне оның отбасының тағдыры тұратыны белгілі. Міне осы мəселелерге байланысты Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мəжілісінде қылмыстық қудалау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу мəселелері шынайы айтылды. Соңғы жылдары елімізде осы саладағы заңдылықты нығайту бойынша заңнамалық жəне практикалық шаралар қабылданды, азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді, азаптауды жəне адамның ар-намысын қорлайтын өзге де іс-əрекеттерді болдырмау бойынша құқықтық тетіктер құрылды. Осы заңдар мен құқықтық тетіктер бойынша азаматтардың құқықтары нақты қорғалуы керек, азаптау жəне ар-намысты қорлайтын келеңсіз іс-əрекеттер мүлде орын алмауы қажет. Бірақ та, А.Дауылбаев атап көрсеткендей, қабылданып отырған шараларға қарамастан, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып тұр. Бұған дəлел қылмыстық қудалау органдары жүргізіп отырған жұмыс пен

прокурорлық қадағалау тиімділігі жеткіліксіз. Əлі сол, адамдарды заңсыз қудалау, азаматтардың жеке бас бостандығына, тұлғаның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық құқығын бұзу фактілерінің орын алуы жалғасуда. Мəселен, сөзіміз дəлелді болуы үшін статистикалық мəліметтерге сүйенсек, 2012 жылы жəне 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық қудалау органдары 855 адамның конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген, олардың арасында 104-і заңсыз қамауға алынған, 209-ы заңсыз ұсталған, 372 адам заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал бұл деректердің артында қаншама жазықсыз жандардың бұзылған тағдыры мен жақынжуықтарының көз жасы жатыр. Бұған кім жауап беруге тиіс? Ешкім жауап бермейді, айтылады да, қойылады. Ал адамдар болса зардап шегуде, сонда мұны реттейтін біздің елде пəрменді билік жоқ па? Оны айтасыз, жақсы жұмыс істесін деп жағдайы жақсарған, жалақысы артып, күйлері оңалған қудалау органдары «шаш ал десе, бас ал» дегендей, күшке еніп, қылмыстық іс қозғау туралы 3110 заңсыз қаулы шығарған! Оның прокурорлар тек айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы 189 заңсыз қаулысының күшін жойған. Сөйтіп, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік бөлмелерінен дер мезетінде, яғни азапталмай тұрғанда 1311 адам босатылды. Бірақ соның өзінде прокурорлар азаптау бойынша 62 қылмыстық іс қозғады. Енді осыған байланысты қудалау органдарының тиісті қызметкерлері жазасын алды ма десек, əлгі азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғандары үшін 2012 жылы жəне 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында құқық қорғау органдарының 804 лауазымды тұлғасы, соның ішінде ішкі істер органдарының 739

Жаѕєырту мəселесі талќыланды Тəуелсіз еліміздің тұғырын берік, мəртебесін биік ұстайтын мамандар дайындауда талмай еңбек еткен, білім мен ғылым жүйесінің дамуына, болашақ заңгер мамандар даярлау ісіне үлкен үлес қосқан, заң саласында ғалымдар мектебінің қалыптасуына үлкен еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздардың бірі – Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген ғылым мен техника қайраткері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор Елеген Қайыржановтың 80 жылдығына арналған еске алу рəсіміне орай Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы (ҚазҰЖҒА) мен Қайнар университеті бірлесіп «Қылмыс объектісінің мəселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдегі ғылыми талқылаулар Қазақ станда адам құқығының қамтамасыз етілуі: жетістіктер мен проблемалар; Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу жəне Қылмыстық атқару заңнамаларының өзекті мəселелері; Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс объектісі мəселелері атты бағыттар бойынша жүргізілді. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Кəрімбек Құрманəлиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел мəжілісінде Елеген Қайыржанұлының шəкірті, Парламент Мəжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Əбдіров «ҚР Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс объектісі мəселесі» атты тақырыпта баяндама жасап, ұстазының өнегелі істерін айтып, оның қылмыс объектісіне байланысты негізгі ұстанымдарына ерекше тоқталып, заңгерлердің алдында тұрған міндеттерді атап көрсетті. Сондай-ақ, заң ғылымдарының докторлары: Зайырхан Ашитов, Рима Жансараева, Есберген Алауханов, Лəзиза Берсүгірова, Арықбай Ағыбаев, Əлкен Мыңдағұлов, Дулат Шоқмайытов, Гауһар Рүстемова, Талғат Əкімжанов, Шаймерден Шарипов жəне Солидат Қайыржановалар күн тəртібіндегі мəселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуды одан əрі жетілдіру бағытында өз ұсыныстарын талқылауға ұсынды. Дөңгелек үстелде жаңадан қабылданатын қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының жаңа жобасына байланысты да, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі ұстанымдар жөнінде де қызу пікірталас өрбіді. Осы іс-шара аясында Қайнар университетінде академик Елеген Қайыржановтың есімі берілген Криминалистика зертханасының ашылу салтанаты өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар талқыланған мəселе бойынша ұсынымдар қабылдады. Айгүл БИЖАНОВА, заң ғылымдарының докторы.

қызметкері, бар болғаны тəртіптік жауапкершілікке ғана тартылған. Тек өрескел заң бұзу фактілері бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты 119 қылмыстық іс қозғалған. Уақытша ұстау абақтылары ерекше назар аударуды талап етеді, олардың көпшілігі жертөле жəне жартылай жертөле үйлерде орналасқан, олардағы жағдай қамалғандарды ұстау стандарттарына сəйкес келмейді. Осыған орай Бас Прокурор өзіне бағынышты прокурорлардан азаптаудың əрбір фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды жəне дəлелдерді алудың рұқсат етілмеген əдістерін қол дануға жол берген лауазымды тұлғаларға ең қатал шаралар қолдануды талап етті. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша жұмыстың барынша тиімділігін қамтамасыз ету, осындай бұзушылықтарды анықтау жəне жолын кесуді уақтылы қадағалау тапсырылды. Құқық қорғау органдарының басшыларына адам құқықтарын бұзу фактілері үшін бағынышты қызметкерлерінің дербес жауапкершіліктерін арттыру қажеттілігі атап көрсетілді. Осы мақсат тарда əрбір құқық қорғау органында жұмыс нəтижелеріне жауапкершілікті ведомствоның бірінші басшыларына жүктей отырып, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау жөніндегі ведомстволық комиссиялар құру ұсынылды. Алқа жұмысына Президент Əкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Парламент депутаттары, Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты. Сондықтан бұл бас қосудан енді нақты нəтиже шығатын шығар деп біз де үміт етеміз.

Жақында Жоғарғы Сот ссудалық шотты жүргізгені үшін ай сайынғы комиссияны төлеу міндеті туралы шарттың талаптарын жарамсыз деп тану туралы талап қоюшы мен қазақстандық банктердің бірінің арасындағы дауды қарады. Іс материалына сəйкес, банк жəне заемшы арасында 30 000 АҚШ долларына кредиттік шарт жасалған. Кейін қосымша келісімге сəйкес кредиттік лимит 49520 долларға дейін көбейген.

Талапкер ќўќы ќорєалды Осы қосымша келісімінде заемшы ссуда шотын жүргізгені үшін банкке сомасы 117 доллар ай сайынғы комиссияны төлеу міндеттелгендігі жөнінде тармағы көрсетілген. Талапкер төлемдерді алғаны үшін дауласқан. Бірақ бірінші сатыдағы сот оның осы шартта көзделген талаптарымен келісіп, оған қол қойғандығын дəлелдеме ретінде келтіріп, оның талап-арызынан бас тартқан. Осы шешіммен апелляциялық сот алқасы да келіскен. Алайда, кассациялық сот алқасы банк клиентінің талапарызын қанағаттандырған. «Ақша аудару жəне төлемдер туралы» заңға сəйкес, банк шоты, бұл банк пен клиенттің арасындағы ақша қабылдау жөніндегі жəне (немесе) банкттің клиентке қызмет көрсету шартының көрінісі болып табы лады. Есепшот банктегі бухгалтерлік есептің көрінісі, жеке шот (субпозиции) баланстық шоттың құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ, ссуда шоты есеп айырысу операцияларына жатпайды. Осыған сəйкес, ссуда шотын ашу жəне енгізу заемшыларға емес, тек еліміздің екінші дəрежелі банктердің Ұлттық банкінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ссуда шоты бухгалтерлік есептің, ақшалай қаражаттың көрінісі болып табылады жəне заемшының ссуда шоты бойынша қарыз екендігін білдіруге арналған. Банк заңгерлері осы соттың шешімімен келіспей, Жоғарғы Сотқа жүгінген. Азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы кассациялық сот алқасының Ұлттық Банктің 2012 жылғы 9 ақпандағы хатымен сай келетіндігін анықтады, онда өзара қарымқатынас бойынша комиссия заемшыларының ссуда шотын жүргізуді заңсыз деп бағалаған жəне жедел қысқартуға жататынын көрсеткен. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқасы кассациялық сот алқасының қаулысын заңды жəне негізді дей отырып, оның күшін жоюға жəне банктің өтінішін қанағаттандыруға негіз жоқ екендігіне қаулы етті, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.


14 Кіріспе. «Атамыз Қонай батыр шалыс кісі болған екен», деп еске алады Дінмұхамед Ахметұлы естелігінде бабасы туралы. Димекеңнің ата-бабаларының «далалық тарихы» бойынша шежіре айтушылар Қонайдың шын мəнінде батыр болғанын дəлелдеп, көз жеткізе айтады. Ал, Димекең ата-бабаларына қатысты асыра сілтеп, мақтанып сөйлеуді ұнатпағандықтан төртінші атасы жөнінде «батыр шалыс кісі екен» деп қана қояды. Қазір бір қауым елге айналған Қонаевтар, яғни, Қонай əулеті жөнінде айтқанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ескі нұсқаларының бірінде есімі еске түсетін Азынабай деген байдың болғанын білеміз. Азынабай бай атақты Зорбайдың (Ауызүсігеннің) жетінші ұрпағы. Атынан көрініп тұрғандай Зорбай шын мəнінде зор кісі, тұлға түр-түсі ерекше жаратылған дала қазағы еді. Қысты күні Талас, Балқаш, одан əрі Сарыарқа өңірінде жылқы тебіндетіп жүріп ауызын үсітіп алады. Содан ел ішінде «Ауызүсіген» атанады. Бір жүйрік аттың дауына байланысты туыстарынан көңілі қалған Зорбай Қаратау өңірі Таластан Балқаш маңына келеді. Міне, сол Зорбайдан тарайтын оның алтыншы ұрпағы – Қонайдың түп-тегі, зəузəтті тегін адам емес екені осыдан көрініп тұр. Айтпақшы, Зорбай шежіре бойынша Димекеңнің он екінші атасы. Аттас батырлар. Қазақ рулары арасында Қонай аттас бірнеше батыр бар. Биыл еңбек жəне партия ардагері Дəмен Үсенбекова «Айқын» газетіне өзінің тарақты Қонай батырдың ұрпағы еке нін дəлелдеп, мақала жариялады. Қо най батырға ұрпақтары Семейде, Маңғыстауда ескерткіш орнатқан екен. Газетте кесене суреттері қоса жарияланды. Осыған қарағанда «Қонай» деген кісі тек Димекеңнің ғана атасы емес, тағы да біраз белгілі адамдардың түп-тегінің түп-тұқияны екені аңғарылады. Ал, Димекеңнің бабасы Қонай тіпті басқа кісі. Маңғыстау мен Семей арасында жортып, ағайын-туыстарымен көшіп-қонып жүрген, жоңғарлармен соғысқан рулық түп-тегі беймəлім (бірде адай, бірде арғын, бірде найман) Қонайдың ерлігі тіпті ерекше. Балқаш өңірінде дүниеге келіп, Шыңғыстау аймағында жігіттік өмірі өткен, Жетісу жерінде дүние салған Азынабайұлы Қонай Бəйдібек бидің он төртінші ұрпағы. Ұлы жүз ысты-ойықтан тарайды. Димекеңнің ата-тек шежіресінде осылай көрсетіледі. Іле-Балқаш өңірінде «ҚонайҚанай қонысы» деген жер-су атауы бар. Аңшылық кезінде Димекеңе «қызыл жолбарыстың» қылаң беріп елестейтін жері осы маң. Қазақта жиі айтылатын аңыз бойынша «қызыл жолбарыс» Қонайда да болған. Димекеңнің əкесі мұсылманша сауатты, ата-тек шежіреге сұңғыла Меңдіахмет қарияның жазба шежіресінде Азынабайдан төрт ұл туады. Солардың бір Қонай. Іле-Балқаштан Азынабай үдере көшіп, Арқадағы Тобықтыға құда түсіп, ұлы Қонайды осы елдің қызына үйлендіреді. Қыз тобықты Мамай батырдың ілік-жұрағаты. Арқаға келіп тұрақтаған Азынабай Шыңғыстау өңірінде ажалы жетіп дүние салады. Ру басы ақсақал қайтыс болған соң оның ұлы Қонайға тықыр таянады. Түртпектеп қайын жұрты қысым көрсете берген соң Қонай Арқадан Жетісуға көшеді. Қайын жұртына қызы мен екі əйелін тастап, ұлдарын алып бауыр басқан елімен еріксіз қоштасады. Қонайдың екі ұлы Жұмабай мен Жетібай ол кезде ержетіп келе жатса керек. Жетісу жеріне келгенде Қонайдың үлкен ұлы Жетібай 25 қыршын жасында өмірден өтеді. Қасірет əке қабырғасын қатты қайыстырады. Сөйтіп жүргенде өзі де өмірден озады. Арқадан Қонай, Қоғаш атты екі ағайынды жігіттің ел бастап келіп, Алатау бөктерін жайлап, Күрті-Іле өзендері арасында көшпенді тіршілік етуі – сол заманға тəн салт еді. Қонайдың халыққа белгілі ұрпақтары Меңдіахмет қария мен оның ұлдары Дінмұхамед жəне Асқар Қонаевтар. Əмина, Фазила, Роза, Нейла, Мамуина жəне Гауһар атты қыздардан тарайтын оның зəузаттары қазір түгел Алматыда тұрады. Бұлардың бəрі Қонайдың белбаласы Жұмабай қажыдан тарайды. Жұмабайдың екі ұлы Меңдіахмет пен Нұрмұхамет Алматыға белгілі, бірақ татар арасында өскен нағыз қазақтар еді. Өйткені, Меңдіахметті жігіт кезінде татарлар «қазақ» немесе «жиен қазақ» деп атайды екен. Себебі, шешелері «татар шалыс» Хадиша атты көрікті əйел болған. Меңдіахметтің інісі Нұрмұхамет Ленинградта оқып жүріп сонда қайтыс болады. Орысша оқыса да құжаттарына «Кунаев» деп жазғызбай «Қонаев» деп төлқұжат алғанына қарағанда, Нұрмұхамет ұлттық рухы ерекше, жаратылысы өзгеше жан болған сияқты. Əкесінің інісі Нұрмұхамет Дінмұхамедтің туған ағасына саналып, бала Димашқа қамқор, əрі сүйеу болған арда азамат еді. Қонайдың інісі Қоғаш Алатау бөктеріндегі Қарағайлы кентінде өмір сүрген. Ағасы Қонай өжет, батыр болса, Қоғаш шаруақор, қора-қора қой айдаған байлардың бірі болғанын оның ұрпағы Қуаныш əже күні бүгінге дейін айтып отырады. Байларды тəркілеу басталғанда (1928) Қоғаштың немерелері бір сөзге келмей малдарын өкіметке өткізеді. Қонайдың кіндігінен тараған ұрпақтары Жұмабай – Меңдіахмет – Асқар – Елдер, Диар болып, соңы Мұхтар мен Дінмұхамедке тіреледі. Асқар Қонаев немерелеріне қайынатасы Мұхтардың жəне ағасы Дінмұхамедтің аттарын қойған. Қонайдың əлі біз білмейтін шөбере, туажаттары қаншама... Байырғы жұрт. Ежелгі атақонысы Бəйдібек-Ата жатқан Қаратау бөктерінен ата-бабалары үдере көшіп Талас өңіріне келіп, мұнда біраз мекендеп, одан соң

Шу мен Балқаш маңына сырғып, содан Аягөз асқан Азынабай Шыңғыстаудағы тобықтыларды паналайды. Соңында Құнанбай елінен қайтадан жосып Жетісу жері – Алатауға көш басын тіреген Зорбай ұрпақтарының атақ-даңқы Қонай арқылы үйсін еліне машһұр болып, «дала тарихында» аңызға айналып, бүгінге жетеді. Зорбай зəузаты Қонай Алатау жайлау бөктерлерінің күншығыс жағын, ал інісі Қоғаш батыс жағын мекен етеді. Димекең ұлы бабасы Қонай жөнінде айтады да, ал оның інісі Қоғаш туралы тіс жармайды. Өйткені, ағайынды кісілердің ұрпақтары заман зобалаңы мен қуғын-сүргінге байланысты етене жақын

сүйген, ұл-қызы үйге сыймаған үлкен шаңырақтың иесі еді. Бір-екі баласы жас кезінде шетінейді. Қалғаны есейіп, ер жетеді. Бəрін өзі тəрбиелеп, оқытады. Ата-бабаларының тек қасиетіне байланысты қазіргі Қонаевтар өсіп-өнген бір қауым елді құрайды. Ата жағынан олар Бəйдібек – Қонайдың ұрпақтары болса, ана жағынан Қаңлы – Еңке батырдың зəузəліне саналады. Қонай ұлы Жұмабайдың келіні Зəуре (Мекеңнің жары) Еңке батырдың тікелей ұрпағы екенін жұрт біле бермейді. Қонай əулетінен шыққан, аты əлемге əйгілі болған Қонаев нағашы жұрты жағынан да Құдай артық жаратқан жан екеніне осы жерде тағы көзіміз жетеді.

үстінде жатып, «ауыр» ойлардан арылып, демалу Димекең үшін айтары жоқ тынығу мен сергу болатын. Димекеңе айрықша аңшылық қасиет бабасы Қонайдан дарығаны күмəн келтірмейді. Димекеңнің «хоббиі» аңшылық мылтықтар мен оттықтар жинау еді. Мұражайында 50-60 мылтық жəне толып жатқан аңшылық пышақ, қанжар бар. Сондай-ақ, 400-ге жуық оттық (зажигалка) самсап тұр. Желтоқсан оқиғасы кезінде ұрынарға қара таппағандар Димекеңнің саяткерлік сапарларын да сынады. Атып алған қабанның желкесін басып тұрған суретін орталық газеттерге жариялап, шовинистердің шатақ шығарғаны ел

Таєдыр Шежіре-дерек

Ораз ҚАУҒАБАЙ, жазушы.

араласпаған. Димекең дүниеден өтеріне үш-төрт күн қалғанда Қоғаштың шөбересі Қуанышқа телефон соғып: «Қоғаштың көне жұртын бір көргім келеді» деп оның есіне салады. Бірақ бару бұйырмай өмірден өтеді. Дүние салар тамыз (1993 ж.) айының ортасында қасына Кəрім қажыны ертіп, атасы Жұмабай Қонайұлы жəне оның зайыбы Хадиша Сағалбайқызы жатқан көне мұсылман қорымына келіп, өзі дұға оқиды. Қонай да осы қорымда жатқан болуы керек. Бірақ бұл дəлелдеуді қажет етеді. Ата-бабаларының бұрынғы көш жолын жақсы білетін Димекең Бəй дібек-Ата жатқан Қаратау өңіріне тоқсаныншы жылдардың басында келеді. Ақсақалдармен əңгіме-дүкен құрған, шежіре шерткен бір отырыста: «Біздің Зорбай атамыз өмір бойы көшіп өткен екен. Бұл ежелден қазаққа тəн қасиет қой. Көшіп жүріп суықта екі ерінін үсітіп алып, Ауызүсіген атанған екен. Бұл кісінің түпатасы Бəйдібек қой» деп байырғы қонысты аралайды. Соңында баба басына келіп, өзі дұға оқып, ел жұртқа Аллатағаладан жақсылық тілейді. Бəйдібек би Жетісу өңіріндегі ежелгі көшпелілердің көсемі. Ел билеген кемеңгер, батыр. Оңтүстік Қазақстандағы үлкен аудан осы кісінің есімімен аталады. Шежіре бойынша Димекеңнің 17-ші атасы. Қуғындалу. Қонай ұрпағы Меңдіахмет қария отызыншы жылдары атылып кете жаздайды. Өзі қоластында істеген Жетісудағы алпауыт Ысқақ байға қатысты іс қозғалғанда қылмыстық жауапқа тартылып, бір кездейсоқ оқиғаға байланысты өлім жазасынан аман қалады. Қонай батырға жиен ұрпақ, қазір жасы тоқсанға таянған Едіге Айтжанұлы Түркебаев бұл оқиғаны жақсы біледі. Едіге Қонайдың төртінші ұрпағы, Жұмабайдың немересі Əмина əженің ұлы. Əкесі белгілі төңкерісші Айтжан Түркебаев Димекеңді (балдызы) өте жақсы көріп, Мəскеуге оқуға баруына ақыл-кеңес беріп, көмектеседі. Мекең (Меңдіахмет) күйеу баласы Айтжан отызыншы жылдары жұмбақ жағдайда қайтыс болғанда қатты қайғырып «қара өлең» жоқтау жырын жазады. «Суымның тұнығы, отымның жарығы едің шырағым, Қонай əулетіне ғайыптан келген ер едің» деп еңкілдеп, егіледі. Ысқақ байға қатысты жазадан құтылған соң Мекең Алматы облысы, Шелек ауданында «Заготскотта» шаруашылық жетекшісі болады. Кеңес өкіметін басында онша ұната қоймаса керек – сөгіс алып, қуғындалады. Басында Алматыда тұрған Мекең жер аударылып, Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылында еңбек етеді. Қонайдың немересі Меңдіахмет қария тұрған үйді осы жолдардың авторы 2011 жылы арнайы барып көрген-ді. Оң самайындағы үлкен меңге байланысты атын Меңдіахмет қойған. Қосарлы атын қысқартып кейде құрдастары Ахмет деп те атаған. Қонайдың Жетібайдан кейінгі ұлы Жұмабай жас кезінен алғыр болып өсіп, ер жетеді. Оқу-білімге құмар ол дін ілімін алып, медресені үздік бітіреді. Қыста медреседе ұстаз, жазда ауылда молда Жұмекең шын мəнінде нағыз діндардың өзі еді. Қажылыққа айшылық жер жүріп екі рет барған. Ұрпақтары ұлысқа айналған. Қонайдың ұрпақтары жəне олардың басқа ру-аталармен құда-жекжат болып, ілік-ағайын, туыс атанып, қауым елге айналуы – айрықша айтатын, ерекше тоқталатын нəрсе. Жарықтық Меңдіахмет Жұмабайұлы Қонаев оннан аса перзент

25 қыркүйек

ИХ ТАР ЫНДА ҚЫН ТОЛ

www.egemen.kz

Құдай Қонайдың ұл ұрпағы Меңдіахметті Еңке батырдың тегі Зəуре қызға текке қоспаған екен. Міне, осы екеуінің некелесуінен əйгілі Дінмұхамед дүниеге келеді. Қонайдың əкесі Азынабайдың тобықтылармен құда болғанының шет жағасын жоғарыда айттық. Қазақ салтында текті жерден қыз алу – біздің ұлтқа тəн ерекше қасиет. «Құдаларымыз жақсы болса жəне көп болса» деп ұл-қыздары ержеткенде Мекең қатты армандайтын. Өзі намаз оқып, əйелі Зəуре ораза ұстайтын Мекеңнің тілегін Алла тағала қабыл алған. Мекең сансыз құдаларының арасында құйрықбауыр жесіп, құдалық құрметтердің бəрін көріп, жекжаттық туыстық пен сыйластықты бұлжытпай сақтаған ақсақал еді. Қонай əулетіне қа тысты құдалық шежіресін тарқатсақ ол былай жалғасады. «Қонаевтар – Əуезовтер», «Қонаевтар – Түркебаевтар», «Қонаевтар – Бəсеновтер», «Қонаевтар – Серікбаевтар», «Қонаевтар – Мұқажановтар», «Қонаевтар – Баймахановтар» болып жалғаса беретін құдалық-жекжаттық ілік байланыстың шегіне жету мүмкін емес. Өсіп-өнген, əулиелер жебеген, атақтары алысқа кеткен Қонай батыр əулеті қазір бір қауым елге айналған. «Үміт жұлдызы». Бес-алты жылғы ізденіс пен шежіре-деректің негізінде жазылып, 1984 жылы «Жалын» баспасынан жарыққа шыққан Шона Смаханұлының «Үміт жұлдызы» кітабындағы басты кейіпкер Жанай. Өмірдегі Қонайдың атын жазушы осылай «Жанай» деп алған. Қонайдың əкесі Азынабай шығармада Қазынабай болып суреттеледі. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің азан шақырып қойған аттары өзгертіліп берілгендіктен, баяндауда шежіре шындығы бойынша олардың есімдерін өзгертпей айтуды жөн көрдік. Басында жазушы кейіпкерлердің о бастағы шын аттарын айтып, шындықты бұрмаламай шынайы жазуды жөн көрсе керек. Бұлай етсе кітаптың баспадан шығуы қиынға түсетінін біліп, кейіпкерлерінің аттарын өзгертіп, тұспалдап жазады əрі көркем суреттейді. Өйткені, Қонайдың ұрпағы Қонаев ол кезде партия қайраткері, лауазымы зор тұлға еді. Кітаптағы Қонайға (Жанай) байланысты алғашқы оқиға жеткіншектің бір көзсіз əрекетін көрсетеді. Қысты күні суатта мұз ойып жатқанда Қонайдың қолындағы балтасы суға түсіп кетеді. Қонай суға сүңгіп, ойықтан балтаны алып шығады. Аязды күні суға түсіп үсіп өлемін деп ойламаған Қонай бойындағы тəуекелділік қасиет алдымен осылай қылаң береді. Бала Қонайға қатысты бұл оқиға ауылда аңызға айналады. Қонай бала кезінде асық ойнайды. Қашанда асығы алшысынан түседі. Ұлдар деген еркекшора қызды жақсы көреді. Бірақ үйлене алмайды. Екеуінің махаббаты трагедиямен аяқталады. Ас-тойда көкпар тартқанда оған тең келетін жігіт табылмайды. Асқан шабандоз əрі күйші Қонай сегіз қырлы, бір сырлы жігіт атанып, қашанда ел аузында жүреді. Қайратты жігіт қара жұмыстан қашпайды. Шөп шапқанда шалғышылар оған ілесе алмай қалады. Қонай бойындағы серілік əрі саяткерлік қасиет қашанда ел-жұртты қайран қалдырып, риза етеді. Мергендігі өз алдына – бөкен, елікке шалма тастап, аңды «құрық-арқанмен» ұстайды. Оның бой ындағы саяткерлік пен аңшылық Димекеңді елестетеді. Қонайдың ұрпағы Қонаев атқан оғы мүлт кетпейтін сайыпқыран мерген болғаны белгілі. Қонайдың саяткерлік өмірі суреттелетін Іле-Балқаш өңірінде Димекеңнің де аңшылық құрғаны бұл өлке еліне ежелден аян, таныс. Таза ауада аң аулап далада, иісі бұрқыраған шөп

есінде. Қонай жəне оның ұрпағы Димекең қазақ халқының саяткерлік салтында аңызға айналған кісілер екенін кейінгі ұрпақ біле бермейді. Бөлтірік. Шөкеңнің (Шона) аталған кітабында Димекеңе туыс болып келетін Бөлтірік ақын жайында біраз айтылады. «От ауызды, орақ тілді» Бөлтірік Қонайды өте жақсы көреді. Ал, Қонай ақынды ерекше құрметтейді, оның жырларынан «халық даналығын» ұғады. Төре, сұлтандарды тəубесіне келтіретін Бөлтіріктің шын сөйлеп, тауып айтатын қасиетіне Қонай қашанда риза əрі тəнті болып, ақынды əкесіндей сыйлады. Ішінде Қонай бар бір топ кісі мəжіліс құрған əңгіме-жиында Бөлтірік көсіліп сөйлеп, суырып салып, ортаны қыздырады. Бірде Қонай Бөлтіріктен: «Біз бұрынғы мекеніміз Қаратау-Талас жақтан мұнда неге көшіп келдік» деп сұрайды. Сонда ақын: «Бізді мұнда Жер-Құдай мен Су-Құдай айдап келді» деп табан астында жауап береді. Сөйтіп, арғы атасы Бəйдібек пен Домалақ ананың сүйегі жатқан Қаратау өңірі жайында айтып, «үдере көшу» қазаққа тəн екенін түсіндіреді. Жазушы Қонайдың Бөлтірікке қойған сұрағы арқылы Зорбай-Азынабай көшінің не себептен тұрақтамағанын тұспалдайды. Қаратаудан көшіп, одан Жетісу өңіріне сырғып, Қонайдың əкесі Азынабайдың Арқаға баруы – бұл тарихи шындық жəне кейін аңызға айналған оқиға. Шығармада Қонай тарихи тұлғалардың бірі, атақты ақын, Жетісудың «алтын діңгегі» Сүйінбаймен кездесіп, оның сөзін тыңдайды. Ауылға қонақ болып келген ақын Қоқан ханы Құдиярдың қазақ жеріне жасаған шапқыншылығын айтып, оған қарсы шайқасудың уақыт күтпейтін қажеттігін түсіндіріп, ел жігіттерін ел қорғауға шақырады. Қонай (Жонай) Сүйінбай ақын өтінішін құп алып, жігіт жинап, жаумен соғысуға жиналады. Бұрын өжет, ержүрек Қонайдың енді батырлық жорық жолы басталды. Бір ағасы жаумен бұрыннан соғысып, ұрыс-шайқаста, қанмайданда жүреді. Қонай Сұраншы батырдың қолына қосылу үшін біраз жігітті алып, елден шығып, межелі жерге жақындайды. Жолда келе жатып, елді шауып, жұртты тонаған, қыз-келіншекті зорлаған қоқандықтардың дəл үстінен түседі. Сүйінбай ақын «Құдияр хан қағынып, қыз-қатын болды баққаны» деп текке айтпаған ғой. Қоқан əскерлері «қыз-ойнақ» жасап, олжаларын бөлісіп, шарап ішіп, тойлап жатқанда үстерінен түскен Қонай жасағы оларды тұтқындап, аяқ-қолдарын байлап, жазалайды. Қонай алғашқы ерлігін осылай көрсетіп, соңында Сұраншы қолына келіп қосылады. Кейін қатты соғыс болып, қанды шайқас жалғасқанда Қонай жаудың ноян-сарбазын құлатып, шын батырға тəн қаһармандық ерлігін паш етеді. Сұраншы Қонайдың елін, ата-тегін толық біліп, Құдай айдап келген батырды барынша құрметтейді. Қазақ тарихында аттары «алтын əріппен» жазылған Бөлтірік, Сүйінбай жəне Сұраншы батырмен Қонайдың кездесіп, бірге жүруі өзінің де осылар сияқты əйгілі тұлға екенін дəлелдейді. Кітапта, неге екені белгісіз, Қонайдың ұлы Жетібай батырдың бауыры ретінде суреттеледі. Шежіреде Қонайдың Жетібай жəне Жұмабай деген екі ұлы болғаны тайға таңба басқандай көрсетіледі. Димекең де естелігінде осылай жазады. Қоқандармен шайқаста нағыз айқасты Жетібайдың жанқиярлық ерлігінен көреміз. Ол Шу, Таластағы қанды жорыққа қатысады. Жараланған бауыры Қонайдың жарасын таңып, қансыраған оның қатарға қосылуына септігі тиеді. Ұрыс, шайқас, жорықта Қонай мен Жетібай қатар ерлік көрсетеді.

2013 жыл Сұраншы – Сүйінбай. Сұраншы батыр жайында Сүйінбай ақын жыр толғаған. Димекең Сүйінбай жырларын жатқа айтатын еді. Ұлы Мұхаң – Мұхтар Əуезов Сүйінбай ақын қарымы мен қасиетін ерекше бағалаған. Міне, сондықтан Димекең де Сүйінбайға табынып, бала кезінен жырын жаттап өседі. Оның өзі де, əкесі де Сүйінбайдың шəкірті Жамбылға арнайы келіп сəлем берген. Димекеңнің əкесі Меңдіахмет қарияның Ұзынағаш, Қаскелеңде сауда-лəпкелері (дүкен) жұмыс істеген. Бірде Қонайдың немересі Меңдіахмет Жамбылға келіп: «Жəке, бастық болуға баулып жүрген екі ұлым бар. Соның қайсысының бағы жанады» деп сəуегейлік қасиеті бар ақынға жүгінеді. Сонда Жəкең: «Анау ұзынтұра ұлыңнан күт. Сол зор бастық болады» деп батасын береді. Жəкеңнің «ұзынтұра» деп отырғаны бойы қарағайдай сорайған Димаш – Димекең болатын. Қонай Жамбыл еліндегі Сарыбай бимен сыйлас əрі үзеңгілес дос болған. Қонай Сұраншы қолына қосылып, жорық-шайқастарға қатысып, жүзбасы болған соң – ол енді шын батыр атанады. Бабасы Қонай мен Сүйінбай ақынның достығын жақсы білетін Димекең Сүйекеңнің «Бөрілі менің байрағым» атты жырын басынан аяғына дейін жатқа айтатын. Мұны жазушы Шона Димекең аузынан талай естіген. Міне, сондықтан қаламгер Қонай ұрпағының ақынға деген сүйіспеншілігін сезіп, Сүйінбайға байланысты оның ой-бейнесін шынайы суреттейді. Құнанбай қажыға бару. Қазақ əдебиетінде, оның ішінде сатира саласында ерекше қалам тербеген Шөкең (Шона) парасатты проза жанрында меңгеріп, Қонай батыр жайында құнды кітап жазғанын жоғарыда айттық. Кітаптың о бастағы аты кейіпкердің шын атымен аталса керек. «Үміт жұлдызы» деп осылай қойылғаны түсініксіз. Шығарма жазушылар арасында əңгіме болып, біраз дау туғызған. Өйткені, белгілі жазушы сол жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған Б.Тілегенов бұл жайында естелік кітабында айтып кетеді. Жазушы кітаптағы барлық оқиға, деректі Димекеңнің əкесі Меңдіахметтің əңгімесі бойынша «əрлейді». Жүз елу бетке жуық «повесті» бітірген соң қолжазбаны Димекеңе əкеліп, көрсетіп, оқып шығып, пікір айтуын өтінеді. Атабабаларының тарихы мен шежіресін жетік білетін Димекең: «Кі табының ішінде Құнанбай қажы туралы айтыла ма, егер айтылмаса, ол кісі кітабыңа кіретін болсын» деп Абайдың əкесі Құнанбайдың Қонайға жасаған жақсылықтары жөнінде біраз əңгімелейді. Шығарманың соңында Шыңғыстау өңіріне ел-жұртымен түгел көшіп келген Азынабай ауылы жайында айтылып, оның ұлы Қонайдың ұры-барымташыларға байланысты Құнанбайға барғаны баяндалады. Өйткені, жергілікті қазақтар кірмелерге күн көрсетпейді. Қатыгез байлар жайлау, өріс үшін сынықты сылтау етіп Азынабайдың туыстарын соққыға жығады, жаралайды, мертіктіреді. Қонай ұрылар барымталап əкеткен жылқыларын Құнанбайдың төрелігі мен əділдігі арқылы қайтарып алады. Құнекең ұры, қарақшыларды жазалап, қиянат көрген Қонайды қорғайды. Соңында Қонай Құнекеңе мол сый-сияпат жасайды. Автор сол дəуірдің идеологиясына байланысты Құнанбайдың үстем тап өкілі екенін де реті келген тұста айтып кетеді. Шығармада Абайдың əкесі Құнанбай азан шақырып қойған атымен аталып, оның ел ішіндегі даңқы біраз суреттеледі. Арқадағы атақты аға сұлтан Құнанбайға Қонайдың келіп жүгінуі жəне шаруасының бітуі шынайы бейнеленеді. Құнанбай мен Қонай арасындағы қарым-қатынас жəне сол кездегі жаугершілік заманға қатысты тағы бір оқиғаны айта кеткен артық болмас. Қонай бір келісінде Қоқан ханына қарсы соғыста Арқа елінен көмек керектігін айтады. «Жетісуда Сұраншы, Сыпатай батырлар бар ғой. Солар не істеп жүр?» – деп Қонайдың қолқа салуын жөн көрмейді. Қазақ қашанда ала ауыз, бастары қосылмайды дегендей сыңай танытады. Кеңестік дəуір əдебиетінде көркем шығармада «махаббат мəселесі» міндетті түрде айтылуға тиіс болатын. Қонай белгілі байдың еркек-шора қызы Ұлдарды ұнатып, оған үйленуді армандайды. Бірақ қыз бір байдың баласына ұзатылады. Одан бақытты болмаған сұлу соңында Жанайды (Қонай) тауып, өжет еркек-шора онымен бірге жауға аттанып, Қоқан əскерлеріне қарсы шайқасады. Қонайдың өмірі соңында трагедиямен аяқталады. Атажұртына оралғанда Ұлдардың бұрынғы күйеуі шұнақ Ежекей Қонайды аңдып жүріп қапыда өлтіреді. Сөйтіп, отбасы ойрандалады. Жетім қалған Қонайдың ұлы Жұмабайды бір жеңгесі бағып асырайды. Шығармада өмірде бар Жұмабай – Тұмабай болып, аты бірнеше жерде аталады. Жасынан зерек бала өздігінен ізденіп оқып, дін ілім алып, ержетеді. Соңында Жетісуға əйгілі Жұмабай қажы атанады. Немересі Димашқа о баста «Дінмұхамед» деп азан шақырып ат қойған осы кісі екен. Қонай (Жанай) мен Ұлдар махаббаты автордың қиялынан туған оқиға сияқты. Ал, шындығында Қонай біреудің жесірін алып қашады. Димекең «атамыз бірнеше рет төсек жаңғыртқан екен» деп айтқанына қарағанда, соңғысы Қонайдың ажалына себепкер болса керек. Түйіп айтқанда, көркем шығармада аттары өзгертілмей алынған Сүйінбай, Сұраншы жəне Бөлтірік, Құнанбайлармен кездескен Қонай да тарихтағы тұл ғалардың бірі. АЛМАТЫ.

Сенімді серіктестік сапары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді. Ол Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты əскери жəне əскери-техникалық, сондайақ əскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады. – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия қорғаныс ведомствосымен жəне Қарулы күштерімен арадағы ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуға барынша маңыз береді. Түркия – Қазақстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі маңызды əріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы əскери саладағы өзара ісқимыл болашақта да сенімді əріптестік пен өзара тиімділік принципінде дами беретініне сенім білдіремін, – деді Əділбек Жақсыбеков. Түркия Қарулы күштері Бас штабының бастығы армия генералы Неджет Өзелмен кездесу кезінде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Қарулы күштерінің Солтүстік Атлантика одағы елдері ішіндегі тиімді əрі жауынгерлік қабілеті жоғары əскер екенін атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия тəжірибесін үйрену мен қолдану мақсатында ынтымақтасуға мүдделі. – Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз береді. Соның арқасында бүгінде біздің армия жемісті өзара іс-қимыл жасап отыр. Түркия Қарулы Күштері мен Бас штабы Қазақстан Қарулы Күштерінің бастапқы қалыптасуы мен дамуы кезеңінде алғашқылардің бірі болып жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде Қазақстан əскері əскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы тұрарлық əлеуетке ие. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің негізгі басымдықтарының ішінде əскери білім беру жүйесін жетілдіру, армияны кəсібилендіру жəне техникалық жаңғырту мəселелері бар, осыған байланысты сіздердің тəжірибелеріңізді үйренуге жəне қолдануға мүдделіміз, – деп атап өтті Əділбек Жақсыбеков. Сапары шеңберінде Қазақстанның Қорғаныс министрі Түркия қорғаныс өнеркəсібі кəсіпорындарының ішіндегі жетекші компаниялардың бірі, əскери-электронды өнеркəсіптің көшбасшысы «Асельсан», сондайақ ұшу құралдарының жаңа жүйесін жаңғыртудың, модельдеудің жəне интеграциялаудың негізгі орындаушысы – «ТАЙ» компанияларында болады. «Егемен-ақпарат».

Басымдыќтар талќыланды Адам құқықтары жөніндегі орталықтың басшысы В.А. Калюжный ТМД жəне Орталық пен Шығыс Еуропа елдері үшін ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесінің өкілі Анн Гранжанмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкіл аппаратының баспасөз қызметі. Кездесу барысында 27-28 маусымда Брюссель қаласында (Бельгия) өткен балаларға арналған əділет жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияның қорытындысы, сондай-ақ омбудсмен кеңсесінің бала құқықтарын қорғау саласында алдағы уақыттағы қызметінің басым бағыттары талқыланды. Орталықтың басшысы ЮНИСЕФ Өңірлік кеңсесінің өкілін балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салуға байланысты ұлттық заңнаманы жетілдіру жəне Қазақстанда дивергенцияны енгізу бойынша ұсынымдарды əзірлеуді, құрылып жатқан ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде балалар мекемелеріне тəуелсіз мониторинг жүргізу үшін тетіктер əзірлеуді, Шығыс Қазақстан облысы мектептерінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша үлгілік бағдарламасына қатысуды қамтитын бірлескен ынтымақтастықтың негізгі іс-шаралары туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жүйесін нығайту бойынша алдағы уақыттағы өнімді ынтымақтастыққа сенімін білдірді.


25 қыркүйек 2013 жыл

ЫН Й А Ғ А ҒЫ АЛЫСТА

Өткен жылдың желтоқсан айында менің Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабымның тұсаукесері АҚШ-та өтетін болғандықтан, Алматы қаласының бас имамы Құлмұхаммед Махамбет, көмекшім Нұржан Маханов үшеуіміз Алматыдан Майндегі Франкфуртке ұшып шықтық. Реті келіп тұрған соң жолай Парижге де соға кетейік, оның да тарихи, мəдени нысандарымен танысайық, содан соң əрі қарай Вашингтонға ұшайық деп шештік. Осыдан біраз бұрын Діни басқармаға Франция елшілігінен осы жұрттың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жан Шарль Бертоннэ мырзаның Бас мүфтимен кездескісі келетіні жайлы өтініш түскен еді. Қабылдадым. Ғибратты сұхбат болды. Мен еліміздегі ұлттар мен ұлыстар, діндераралық достық пен ынтымақ, сыйластық туралы əңгімеледім. Ол Францияда бірнеше ұлттардың басын құрайтын миллиондаған мұсылман тұратынын, мешіттер бар екенін, олардың діни ғибадаттарын атқаруға ешқандай кедергі жоқтығын тілге тиек етті. Сөз арасында мұсылмандардың жас буыны – жастар арасында мəселелер барын, оның елді мазасыздандырып отырғанын да айта кетті. Елші мырзаның айтқандарын мұқият тыңдай отырып, өз ой-пікір, көзқарастарыммен бөлістім. Ол Қазақстан Бас мүфтиінің Францияда болып, ел тарихы мен мəдениеті, тыныс-тіршілігі жəне діни ахуалды өз көзімен көргенінің абзалдығын алға тартты. Соның реті енді келгендей. Оның үстіне осы елде бірнеше мың қандастарымыз тұратынынан да хабардар едік. Парижде «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс» жəне «Шығыс» темір жол вокзалдары бар екен. Соның «Paris Est» (Шығыс Париж) вокзалына келіп тоқтадық. Бізді күтіп алуға елшіліктің кеңесшісі Бейбіт Сыздықбаев, Францияда тұратын қазақ диаспорасы бірлестігінің төрағасы Құрманəлі жəне Сорбона университетінде оқитын париж дік қарындасымыз Мəдина шығыпты. Париж тегіс жерге жайыла орналасыпты. Батыс жəне оңтүстік жағынан зəулім банк ғимараттары менмұндалайды. – Əне, Монмартр, ал анау Париждің құдай анасының күмбезі, одан алысырақта Елисей алаңы, оның батыс жағы атақты аркалы қақпа. Елисей Конкорд алаңына, ал ол Лувр сарайына жетелейді, – дейді бізге тəржі машылық жасап жүрген Мəдина қарындасымыз. Ол осы қалада туып, осында мектепті бітірген соң атақты Сорбона университетіне түсіпті. – Бұрындары қазақшам өте нашар еді. Тіпті, түсінуін түсінгеніммен, ана тілімізде сөйлей алмайтынмын. Содан Алматыға барып ҚазҰУ-дің шетелдіктерге арналған дайындық факультетінде қазақ тілін тереңірек оқыдым. Содан Парижге қайтып оралып, Сорбонадағы негізгі оқуымды жалғастырудамын, – дейді Мəдина. – Алматыдан қандай жақсы, қандай ұнамсыз қылық көрдің? – деп сұрадым. – Алматы жақсы, əдемі, көркем шаһар. Ұнады. Ұнамағаны – жұрттың ана тілінен гөрі, орыс тілінде сөйлегенді ұнататыны жəне соны мəртебе, мақтаныш көретіні. Өз тілін білмейтіндіктерін ешкім намыс көрмейді екен. Мені таңғалдырғаны сол болды. Біраз үнсіз қалдық, оның шындықты айтқанына ренжіген жоқпын. Жаны күйген соң айтты ғой деп қабылдадым. – Университетте сенен басқа қазақ жастары оқи ма? – Иə, 4-5 қыз-жігіттер бар. Барлығы өздерін қазақпыз дейді. Бірақ қазақша сөйлей алмайды. Сөйлейтін ортасы да жоқ. – Үйлерінде ата-аналарымен қазақша сөйлеспей ме? – Біз Түркияның қазақтарымыз. Атааналарымыз да түрік тілінде ұғысады, сол себепті қазақшаға шорқақпыз. – Бірақ сенің қазақшаң жатық. Тіпті, Түркияның қазағы екенің байқала бермейді. Мəдина риза болып қалды. Мен де шындықты айттым. Мақтайын деген жоқпын. Ақиқаты солай. Келесі күні таңертең елшілік бізге шағын автобус жіберіпті. Жүргізушісі Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының азаматы Ербол деген ініміз. Тəржімашылыққа енді париждік қазақ Айтар Гөкай деген жігіт келіпті. Оны Құрманəлі жіберген. Ол өз есімінің Айтар екенін айтты. Мен Айдар шығар деп түзеттім. Ол Париждің сəулет институтында оқиды. Бірақ Мəдинаға қарағанда қазақшасы əлсіздеу. Парижге «Болашақ» бағдарламасы арқылы келген қазақстандық студенттермен танысып, қазақшасын жетілдіріп жүр екен. Бірнеше рет аз уақытқа Қазақстанға барып қайтыпты. Құрманəлі оның елге барып қайтқалы ана тілін білуге деген қызығушылығының артқанын айтады. Елисей бульварының шығыс жағындағы Конкорд алаңына бардық. Ол үлкен. Алаңның солтүстігі Францияның үкімет үйі, Президенттің мекенжайы жəне тағы да басқа ғимараттар. Алаңның ортасында құстар бейнеленген көне Мысыр жазулары бар тас монумент тұр. Бұл тарихи көне ескерткіш – Луксор обелискі немесе Клеопатра инесі деп аталатынын білетінбіз. Мысырдың бұл көне жəдігерлігінің биіктігі 23 метр. Əуелде ол Египеттегі Перғауындар орталығы саналатын Луксорда болатын. Басында екеу болған обелискілер ІІ Рамзестің кезінде Луксор ғибадатханасының кіре берісінде тұратын. Алайда, 1829 жылы Египеттің сол кездегі патшасы Мұхаммед Əли егіз обелискінің екеуін де мырзалығы ұстап Франция мемлекетіне тарту еткен. Бірақ Франция басшылығы обелискінің біреуін ғана алған. 1832 жылдың тамыз айында «Сфинкс» атты француз кемесі Александрияға келіп, 1833 жылдың 21 желтоқсанында обелискіні Парижге жеткізеді. Үш жылдан соң, яғни 1836 жылдың 25 қазанында король Луи-Филипп І-нің жарлығымен обелиск Париждің орталық келісім алаңына орнатылған. Қазір бұл көне заман ескерткіші Франция астанасындағы ең ежелгі монумент саналады. Ал Египеттегі Луксорда болғандар ондағы ғибадатхана кіреберісінде бір-ақ

обелискі тұрғанын, екіншісінің орны бос екенін байқайды. Одан өткен соң Лувр сарайларына бет алдық. Онда Франция патшалары тұрған. Қазір іші толған мұражай жəдігерліктері. Əсіресе, майлы бояумен салынған суреттерге біраз көңіл бөлінген. Өкінішке орай Луврдің Азия бөлігі жабық екен. Біз соны көргіміз

пəтерде күні бүгіндері бір ауқатты кісі тұратын көрінеді. Яшар бауырымыз пəтер иесіне барып, оны сат деген ұсыныс жасапты. Онда тұратын босниялықтың сататын ниеті жоқ. Маған: «Жарайды, ойланайық» деп шығарып салды, дейді. Мұстафа атамыздың ізі қалған көше бойымен арыбері жүрдік. Əлгі көшенің солтүстік

www.egemen.kz

(«Трактатын») іздедім. Каирге барған бір сапарымда, оның осы шағын еңбегінің кітап боп шыққанын көріп едім. Бірақ оның тағы бірде реті келер деп алмай кеткенмін. Кейін өкіндім. Дегенмен, ол дүние Араб əлемі институтында болмай шықты. Сөйтіп жүргенде намаз уақыты болып қалыпты. Сена өзенінің оң жағалауында Париждің үлкен мешіті бар деген соң сонда келдік. Ол əлгі институттан онша алыс емес. Мешіт Андалусия немесе Мағриб араб елдері, яки Сирияның астанасы Дамаскідегі ежелгі сəулет өнері үлгісімен салыныпты. Мұнарасы төрт бұрышты. Іші Испанияның Гренадасы, Кордовадағы орта ғасырларда салынған Омейядтардың əдемі мешітін еске түсіреді. Кірдік. Шам намазын сонда оқыдық. Сонан соң оның қарсысындағы кітап дүкеніне соқтық. Мақсатымыз – Ибн Фадланның кітабын табу. Бірақ ол жерден де табылмады. Мешітке қайтып келдік. Ол ұзыннан ұзаққа созылып көше бойында көсіліп жатыр. Іргетасы 1926 жылы Georges Desplas көшесіне салыныпты. Намазхандардың айтуынша, ол Франциядағы үлкен мешіт. Естелік

ұстайды, қысылып қымтырылмайды. Парижге қайтып келеміз. Жолдар босап, көліктер азайған. Париж оттары жымыңдап қол бұлғайды, жарқыраған шамдары көз тартады. Көп ұзамай Елисей алаңының батыс жағындағы Париждің символы секілді аркалы ғимараттан өтіп мейманханаға келдік. Парижге Түркия қазақтары 1971 жылдан бастап келе бастаған. Алғашқы көшті бастағандардың бірі Яшар Динч ақсақал көрінеді. Содан соң басқалар да көшті үзбеген. Елшілік қызметкерлері міндетті түрде Париж маңы оңтүстік батысын дағы яғни шаһардың патшалар сарайы Версальді көруді ұсынды. Ол қаладан 25-30 шақырымдай жерде. Жібек қызымыз тағы жолбасшылық етті. Жол-жөнекей əңгімелесіп келеміз. Жібек Парижде туыпты. Екі бауыры бар. Парижде орта мектепті бітірген соң Сорбона университетінің экономика факультетіне түскен. Ата-аналары ажырасып кетіпті. – Себебін анам айтпайды. Содан бері əкемізден хабарсызбыз. Анам 51 жаста. Бір фирмада тон тігумен айналысады, – дейді ол.

Париждегі ќазаќтар

 Шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі париждік қазақтардың ортасында. Шейх Əбсаттар қажы ДЕРБІСƏЛІ, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, профессор.

келіп-ақ еді. Өйткені, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі шамдардың бірі осы Луврде көрінеді. Қалған екеуі Санкт-Петербургте. 1937 жылы көрмеге деп əкетілген. Қайтып береміз делінгенімен күні бүгінге дейін қайтарылмай келеді. Елшіміз Нұрлан Дəненов түскі асқа шақырды. Париждің ортасындағы бір мейрамханаға келдік. Нұрлан Дəненовті бұрыннан білетінмін. Кеңес Одағы тарар алдында Тунисте КСРО елшілігінде қызмет еткен. Сонан соң Президент аппаратында, Сыртқы істер министрлігінде, одан кейін Қазақстанның Испаниядағы елшісі болды. Біраз жылдан бері Париждегі елшілігімізді басқаруда. Қазақстанда Францияның бірнеше компаниялары жұмыс істеуде. Мұнай, уран өндірісі жағына да француздар белсене араласуда. Нұрланмен əдебиет, мəдениет, тарих жайлы да сөйлестік. Ол Испанияда елші кезінде осы елдің байырғы астанасы Толедо шаһарында БҰҰ-ның халықаралық үлкен конференциясы өтті. Соған мен де шақырылдым. Содан Нұрлан бауырымыз Мадридте елшілікте қабылдап, құрмет көрсетті. Конференция біткен соң бір дипломатын қосып, менің Испанияның Андалусия аймағындағы ислам жəдігерліктері көбірек сақталған Севилья, Кордова, Гренада қалаларын аралауыма мүмкіндік жасады. Мадридке оралғанда Испанияның дəстүрлі ұлттық ойыны – бұқалар айқасын көрсетті. Сөйтіп, Испаниядан елге үлкен əсермен оралып, ол жайлы жолжазба жариялағаным есімде. Нұрланмен кездесуден соң Құрманəлі бастап Париждің шығыс жағындағы, бір кездері ұлт жанашыры, біртуар азамат Мұстафа Шоқай атамыз тұрған үйді іздедік. Ол 30-жылдары Париждің Ла Фонтен көшесіндегі бір үйде пəтер жалдап тұрыпты. Ол көше онша ұзын емес. Мұстафа атамыз солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан əлгі көшенің орта тұсындағы үйдің орта қабатындағы пəтерде күн кешкен. Бізді сол көшеде «Мұстафа Шоқай французқазақ достық қоғамының» президенті Яшар Динч деген ақсақал күтіп тұр екен. Оның қазақшасы жақсы. Сөйтсем, ол 90-жылдары біраз уақыт Алматыда тұрыпты. Такси жүргізген. Орысшасы да бар. Қазақстанның азаматтығын да алыпты. Ол Мұстафа Шоқай туралы біраз əңгіме айтты. Мұстафа атамыздың зайыбы Мария Горина екеуі біраз қиыншылықтарды бастан өткізгендіктерін, Мария апайымыздың Мұстафаға айтпай манты пісіріп сатқанын да еске алды. Ла Фонтен көшесі кезінде төменде жатқан Сена өзеніне барып тірелетін болған. Бірақ ол жерлерге қазір үйлер салынып кетіпті. Мұстафа Шоқай тұрған

шетін дегі шағын алаңшаға Мұстафа аға мыздың бюсті қойылыпты. Онда «Мұстафа Шоқай. 1989-1941 ж.ж.» деген жазу өрнектеліпті. Мұстафаның зираты Берлинде. Қайтыс болған соң Берлиннің сол кездегі Америка аймағына жерленген. Ол жерде қазір түріктердің шаһидтер зираты бар. Берлинге барған сайын Мұстафа атамыздың басына барып Құран оқып кетуді ұмытқан емеспін. Яшар ағамыз: – Осы бюст тұрған алаңшаға жақын жерде мұражай, онда Мұстафа Шоқайға арналған бұрыш бар, – деген соң көлікке отырып, соған бардық. Үш қабатты ғимараттың үшінші қабатына көтерілдік. Мұражай, жалпы, сол ауданның тарихына арналған екен. Кіре берістегі бұрышқа Қазақстанның картасы ілініпті. Шағын үстелге дəптер қойылыпты. Мұстафаны іздеп келгендер сонда пікірлерін жазып қалдырады екен. Біз де атамызды еске алып, ойымызды хатқа түсірдік. Тағы бір күн өте шықты. Бізге тəржімашылыққа Жібек деген қызымыз келді. Оны ертіп қаланың көрікті жерлерін аралаудамыз. – Мынау Париждің атақты Гранд опера театры, – деді Жібек. – Тоқтаңыз, кідіріп көре кетейік, – дедім. Театр сəулеттік жағынан да көз тартарлық. Əрі шаһардың ортасында. – Парижде қазақтың əн өнеріне байланысты атақты екі кісінің ізі бар, – дедім. – Мүфти хазірет, олар кімдер? – деп сұрады Жібек. – XX ғасырдың басында Парижге келіп əн салып, жұртты таңғалдырған Əміре Қашаубаев деген атаң. Екіншісі, біздің замандасымыз, өнеріміздің майталманы Майра Мұхамедқызы деген əпкең. – Иə... ол кісі жайлы естігем. – Есту аз. Ол қатысқан қойылымд арға Париждің қазақтары да келіп, париждіктермен бірге қуана қол соғып отырулары керек. – Дұрыс айтасыз, мүфти хазірет! Біз Францияда, Парижде тұрып, ғұмыр кешіп жатсақ та ұлтымыздың қазақ жəне руымыздың меркіт екенін ешқашан ұмытқан емеспіз, – дейді Жібек. – Оның дұрыс екен. Қазақпыз деп соққан жүрегіңнен айналайын. – Қазақстан – біздің тарихи отанымыз. Арғы ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер. Францияда қазақ, Қазақстан деген сөз естіле қалса құлағымыз елеңдеп тұрады. Келесі көрген жеріміз Париждегі Араб əлемі институты болды. Ол осы қаладағы араб мəдениеті орталығы екен. Ол жерден 921-922 жылдары Бағдадтан Бұхараға, одан соң кері оралып, Əмударияда кемеге отырып Хорезмге жеткен соң, осы күнгі Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарын басып өтіп, Еділ бойындағы бұлғар патшасына, олардың өтініші бойынша ислам дінін үйретуге келген делегацияның хатшысы болған Ибн Фадланның (Х ғ.) «Рисаласын»

болсын деп суретке түстік. Мешіт имамымен сұхбаттастық. Жалпы, француздар елінде 400ден астам мешіт бар көрінеді. Олар намазхандарға толы екен. Арасында жастар да аз емес. Францияда мағрибтік (Солтүстік Африкадағы Марокко, Ал жир, Тунис) арабтар көп. Олар мұнда жұмыс іздеп келген. Тұрақтап қалғандары да жетерлік. Бұл елде олардың үшінші буыны өсіп келеді. Арабтар негізінен қызмет көрсететін орындарда немесе қара жұмыс істейді. Сапар барысында олармен де əңгімелестік... Ендігі бағытымыз – Париж маңындағы Лиль шаһары. Құрманəлі сонда тұрады. Сонымен, мешіттен шығып Париждің оңтүстігін бетке алып келеміз. Лиль Франция астанасына серік шаһар. Бір сағаттан соң үлкен жолдан оңға бұрылып шағын көшелердің біріне түстік де көп ұзамай тоқтадық. Құрманəлі жеке үйде тұрады екен. Келіншегі Нұрайым мен кішкене баласы алдымыздан шықты. Нұрайым хиджаб емес, қазақы дəстүрге сай орамал таққан. Өзіне жарасып тұр. Кішкентай баласы түріктер сияқты дінбасыларының қолын сүйіп құрмет көрсетіп жатыр. Залға өттік. Каминде от жанып жатыр. Үй екі қабатты. Біріншісі зал жəне асхана болса, екіншісі, жатын бөлмелер. Əңгімелесіп отырмыз. Құрманəлі мұнда 1973 жылы көшіп келіпті. Кəсібі – тон тігу. Бірақ кейінгі жылдары тонды алушылар азайған. Көбінесе өтпейтін көрінеді. Ол рас. Бізде де өткен ғасырдың 90-жылдары тонға, тері күртешеге сұраныс көп болса, бұл күндері олар сəннен шықты деуге болады. Алғашында тон тігу Парижге келіп қоныстанған бауырларымызға пайда əкелген. Сол себепті де, Құрманəлі тұрмысын жөндеп алған. Əйтсе де, үй сатып ала алмапты. Мына үйді жалдап тұрады екен. Париж қазақтарының бірен-сараны болмаса, көпшілігі көп қабатты үйлердің пəтерлерінде тұрады. Құрманəлі Париж қазақтары бір лестігінің төрағасы. Ол Қазақстанға барып тұратынын айтады. Сұхбаттасып отырғанда үйге екі жігіт кіріп сəлем берді. Бірінің аты – Тəбəрік, екіншісі – Мұстафа. Тəбəріктің қазақшасы жатық. Мұстафа сəл кібіртіктеп сөйлейді. Құрманəлінің айтуынша, Парижде 300-ден астам қазақ үйі бар. Сонда барлығы 1000-ға жуық қандастарымыз күн кешуде. Ата-бабалары Түркияға Қытайдың Алтай жағынан келгендер. Кезінде коммунистерден қашып, жолай Тибет арқылы Кашмирге жеткендердің 3 яки 4 буыны. Мұстафа да Париждегі үлкен бір компанияда тері тігетін боп шықты. Тəбəріктің де мұнда келгеніне бірнеше жыл болыпты. Түріктермен бірге бір компанияда істегендіктен француз тілін үйренуге мəн бермепті. Ол да Қазақстанға бірнеше рет барған. Қазақшасы тəуір. Тəбəрік өзін еркін

Жібек қазақ тіліне шорқақтау. Бірақ француз бен түрік тіліне қанық. – Үйлеріңізде қай тілде сөйлесесіздер? – деген сұрағыма түрікше деп жауап берді. Жібек дегеннен шығады, тағы бір шетелдік Жібек Шадкам деген қызымызды сырттай білетінімді Құрманəліге бір əңгіме арасында айттым. Бірде «Түркістан» газетінен Абай атындағы ҚазҰПУ-де Германияның Мюнхен қаласынан келіп оқып жатқан Жібек есімді қазақ қызы туралы мақала оқыдым. Ол тілшіге оқу ақысын төлеуге ақшасы жоқтан қиналып жүргендігін айтыпты. Содан көмекшілерімнің біріне: «Жібекті табыңдар, келсін, жəрдем ету жағын қарастырайық», – дедім. Университетпен хабарласқан олар Жібектің Мюнхенге қайтып кеткенін айтты. Ректор, профессор Серік Пірəлиевке телефон соғып, мəн-жай ды айтып көмектесуді сұрадым. Университетте шетелдік студенттер баршылық қой. Оның қайсыбірін ректор қадағалай берсін. Оның үстіне онымен айналысатын арнайы қызметкерлер бар. Серік бауырымыз соңыра Жібекті тауып, Мюнхеннен оны Алматыға қайта оралтқанын, оқуы қалпына келтірілгенін, қызымыздың дəрісін жалғастырып жатқанын хабарлады. Содан ол оқуын бітіріп кеткен шығар деп жүргенмін. Құрманəлі оның қазір Мюнхенде тұратынын, қазақстандық бір жігітке тұрмысқа шыққанын айтты. Версальге жетіп қалыппыз. Патша сарайлары қол бұлғайды. Алтын жала тылған темір қақпа алдында аттылы ескерткіш тұр. Ол француз патшаларының бірі сияқты. Патша дегеннен шығады. Париждің шулы ортасы жалықтырғандықтан ба, XIII ғасырда мемлекет басшысы қала шетінен мекенжайлар салдырып, сонда тұруға ниет еткен. Содан жоспарланған құрылыс басталып кетеді. Сəулет жағына үлкен мəн берілгендіктен сарай салтанатты болып шыққан. Əйтсе де, оны толықтырып, өңдеп, жөндеуден өткізген деп корольдің баласы XIV Людовик аталады. Ол əкесінің шағын, жұпынылау мекенжайын толықтырып Париждегі үкіметті де осында көшірген. Олармен бірге күтушілер мен күзетшілер, құл-құтандар көшіп келсе керек. Патша сарайында балдар, той-томалақтар жиі өткізіліп тұрған. Олардың əдетте халықпен ісі болмаған.

15 XVIII ғасырда XVI Лю довик пат ша сарайларын тағы да кеңіте тү сіп ті. Дей тұр ғанмен, халықтың хал-жағдайынан хабары жоқ патша аштықтан ашынғандардың көтерілісі кезінде басы шабылып өлтірілген. Содан соң кейінгі патша резиденциясын Парижге қайта көшірген. Версаль сарайының көлемі, алып жатқан жері үлкен. Сарайлар мұражайға айналдырылыпты да ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізіліп, көздің қарашығындай сақталуда. Бұл жерді кезінде Н.С.Хрущев, Л.И.Брежнев жəне т.б. билік басындағылар барып көрген. Келушілер қазір де көп. Бізді қызықтырғаны майлы бояумен салынған, сан көлемді, сан түрлі суреттер болды. Франция үнемі өзге елдермен соғысып келген. Бірқатар суреттер мерзімдік тəртіппен осындай соғыстарға арналған. Наполеон Бонапарттың жорықтарын бейнелейтін де суреттер жоқ емес. Оның 1797 жылдары Каирді басып алғаны туралы да үлкен суретті көрдік. Патша сарайларының жан-жағы бақ. Оны да біраз аралаған соң көлікке отырып Парижді бетке алдық. Өйткені, түс қайта мұнда тұратын қазақтармен кездесуге келісім бергенбіз. Ол Париждегі түрік мəдениет орталығында өтпек. – Сол жерге шаһар қазақтарын жинап, сіздерді күтіп отырамын,– деген-ді Құрманəлі. Сонымен, үлкен қаладағы əлгі мəдениет орталығын іздеп біраз көшені шарладық. Соның арқасында Париждің көптеген жерлерін көрдік. Орталық дегеніміз, бірнеше қабатты қызылқо ңыр ғимарат. Ол осында тұратын түрік тердің жиналатын əрі мəдени орталығы, əрі намазханасы боп шықты. Бұл жерде түркиялық қазақтар үшін де есік ашық. Біраз қандастарымыз жиналыпты, бірақ біз кешіккеннен кейін келе ме, келмей ме деген күдікпен, əрі қызметте болғандықтан біразы тарап кетіпті. 20-шақты кісі қалыпты. Көпшілігі егде жəне орта жастағылар. Бірқатары əйелдері, ұл-қыздары, тіпті, немерелерін де ерте келіпті. Бұрындары ата жұрттық қазақтарды көрмегендіктен бе олар біздің діни киімімізге, сөзімізге қызыға қарайтынын аңғардым. Əуелі Қазақстан, қазақтар, дініміз, мешіттер мен медреселер туралы əңгімеледім. Барлығы көздері жəудіреп тыңдап отыр. Елдің амандығы, патшамыздың орнында екендігі, елі, Отаны, халқы үшін атқарып жатқан игі істері де айтылмай қалған жоқ. Сұхбат біразға созылды. Содан соң бəріміз бірігіп намаз оқып, елге, Отанға, халқымызға Жаратушы иемізден тілек тілеп, дұға жасап бата қылған соң залға қайтып оралдық. Парижден бір байқағанымыз, теледидарларындағы 50-60-қа жу ық арналардың бағ дар ламаларында атыс-шабыс, кісі өлтіру, тонау, бейəдептілікті насихаттау, нашақорлық сияқты зиянды да залалды істер туралы фильмдер көр се тілмейді. Осын дай жайттарды Вашингтон мен Нью- Йоркте тұр ған бірер аптада да байқамадық. Ал бізде емін-ер кін. Еуропа, АҚШ өзгелерде не болса, ол болсын дей ме екен, ал өз жұртын мұндай жат қылықтардан қорғайтын сияқты ма деп қалдық. Ертеңіне түске таман Париждің Шығыс вокзалынан пойызға отырып, Германияның Майндағы Франкфуртын бетке алдық. Мұнда көп бөгелген жоқпыз. Екі қабатты үлкен ұшақпен Вашингтонға ұшып шықтық.


16

25 қыркүйек

Р

ОША Р А ХАБ

www.egemen.kz

2013 жыл

 Табиғат терезесі

з ї к н ы т л А

Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

● Өнер

Тарлан талант таєылымы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбеде Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған еліміздің драма театрларының ХХI республикалық фестивалі ашылды. Бес күн бойы жүретін фестивальдің мақсаты қазақтың атақты жазушысы, драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті мəдениет жəне өнер қайраткері Тахауи Ахтановты еске алу елімізде театр өнерін насихаттау, дəстүрлі театр өнерін дамыту, дарынды əртістер мен режиссерлерді ынталандыру, қазіргі заманғы сахна өнерініндегі жаңа бағыттарды анықтау, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеуге атсалысу болып табылады. Фестиваль шымылдығы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында өткен «Тахауи Ахтанов – қазақ əдебиетінің классигі» атты ғылыми конференциямен ашылды. Ғылыми конференцияны жүргізіп отырған белгілі ақын, «Шамшырақ Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдəулетов «Тахаңның тойы – парасаттылықтың тойы. Ол қандай да құрметке, қандай да марапатқа лайық тұлға. Жазушының мерейтойын халықаралық деңгейде ұйымдастырса да артық болмас еді», деп айрықша атап өтті. Ақын Ертай Ашықбаев «Тахауи Ахтанов – ерекше талант» атты баяндамасында негізінен жазушының қазақ əдебиетінің алтын қорын байытқан кесек туындылары – «Қаһарлы күндер», «Боран» жəне «Шырағың сөнбесін» романдарын жан-жақты талдады.

хақында ой өрбітті. Оның қайраткерлігі, азаматтығы Əуезовке қатысты дау-дамай туындаған кезде айқын көрінгенін, бəтуəлі сөзін айтып, Əуезовті жаладан қорғап шыққанын айтты. Тахаңның «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей əдебиетке келгенде жалтақтамай тура айтатын қасиетін қадірлейтінін жеткізді. Ақын Сейфолла Оспанов жазушының азаматтығы туралы сөз қозғады. Тахауи Ахтановтың талантты тұлғалар Бердібек Соқпақбаевқа, Мұқағали Мақатаевқа жасаған қамқорлықтары жайлы əңгімеледі. Фестивальдің ашылу салтанатына жиналғандар Тахауи Ахтанов атындағы көшенің бойында жылдың аяғына дейін қазақ əдебиетінің классиктері – жазушы Тахауи Ахтанов пен ақын Қуандық Шаңғытбаевқа орнатылатын ескерткіштің тұғыртасы қалану рəсіміне қатысты. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театры алдындағы əсем безендірілген алаңда ұйымдастырылған фестивальдің салтанатты ашылуында сөз алған Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Мəдениет комитеті төрағасының орынбасары Роза Кəріпжанова фестивалді ұйымдастыруға ұйытқы болған облыс əкімдігіне министр Мұхтар ҚұлМұхаммедтің алғысын жеткізді. Дəстүрлі өткізіліп келе жатқан драма театрлары фестивальінің ұйымдастырылуына ризашылығын білдірді. Облыс əкімінің орынбасары Сара Нұрқатова фестивальға қатысушыларды құттықтап, өнер жолында сəттіліктер тіледі. Одан кейін қазылар алқасының жəне фестивальді ұйымдастырушылардың

 Өнеге

Кеше Астанада Қазақстан Коммунистік халық партиясының жаңа рəміздерін таныстыру рəсімі өтті.

Туєан жердіѕ тамыршысы Белгілі єалым Мўфтах Диаровтыѕ еѕбегі де, азаматтыќ болмысы да осылай деуге əбден лайыќ

Жаѕа рəміздермен таныстырды

Жасы ұлғайса да қарттыққа бой алдырмағандар қатарындағы Мұфтах Диаровты білмейтіндер кемде-кем. Ғалымның жер астындағы қазба байлықтардың молдығы туралы білімдарлығы, əсіресе, мұнай кеніштері жөнінде пікірін білдіргенде бар деректі қағазға қарамай-ақ жатқа соғатыны баршаны таңғалдырады. Əр кен орнының өзіндік ерекшелігін, маңызы мен келешегін дəл Мұфтах Диаровтай жетік білетіндер соншалықты көп бола қоймас. Соған орай көпшілік оны туған жерінің тамыршысы деп атайды.

Айдар ӨРІСБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл ұйым мүшелері үстіміздегі жылғы 1 маусымда өткен VIII кезектен тыс съезінде партияның нормативтік құқықтық құжаттарын, жаңа бағдарламасы мен жаңа жарғысын қабылдаған болатын. Сол өзгерістердің аясында, заман талабына сай ілгерілеу мақсатымен олар партия рəміздерін жаңартуды да жөн көріпті. Таныстыру барысында Парламент Мəжілісінің депутаты, Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің мүшесі, Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков жаңа рəміздердің мəн-мағынасын түсіндіріп өтті. Мұнда бейнеленген бесбұрышты жұлдыз партияның ең нақты басымдық тарын белгілейді. Ол – халық билігі, еңбек құқығы, əлеуметтік əділеттілік, саяси теңдік пен интернационалдылық», деді ол. «Қазақстан Коммунистік халық партиясы» қоғамдық бір лестігі – коммунистік идеяны қол дайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының біріккен ерікті бірлестігі. Ол жұмысшылар мен шаруалардың, интеллигенцияның жəне барлық еңбек адамдарының мүдделерін қорғайды.

● Спорт

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Ең басты жетістіктің бірі – Индердегі №99, 100, 102 жəне Сəтимола үлкен кен орындарының ашылуы. Табиғи қорының молдығымен көпшіліктің назарын аударған осы кен орындарын ашуға Мұфтах Диарұлы көп еңбек сіңірді. Ол еңбектен қол үзбей, докторлық диссертациясын қорғады, 170-ге жуық ғылыми еңбек жазды. Мұның сыртында 8 монографиясы мен 5 өнертапқыштық жұмысы жəне бар. Кейін Ұлттық ғылым академиясының академигі, Минералды ресурстар академиясының академигі атанды. Бұл күнде оның есімі тек Қазақстанға ғана емес, ТМД елдеріне, тіпті шетмемлекеттерге кеңінен танымал дей аламыз. Мұны өзі де біледі, бірақ біреуге айтып, мақтанғысы жоқ. Жасы 80-ге келсе де əлі күнге елдің ғылыми əлеуетін көтеруді ойлайды. Қазір ғалым өзі ашқан кен орнының бірі – Сəтимоланы игеруде бай тəжірибесімен бөлісіп,

«Сатбор» компаниясында жұмысын жалғастырып келеді. Өйткені, Сəтимоланың қорын, оны игерудің жолдарын Мұфтах Диаров өте жақсы біледі. Ғалым «Сатбор» компаниясының бас директоры Талғат Қасенов жəне компания басшысының геология жөніндегі кеңесшісі Қасан Қамашевпен бірге 2012 жылы «Горно-химическое сырьё месторождения Сатимола. Бораты. Калийные соли» атты ғылыми тұжырымдамаларға бай кітап жазды.

Ќўттыќтаймыз!

Академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мұфтах Диаровты 80 жасқа толуымен құттықтаймыз. Сізді саналы өмірінің 60 жылдан астам мерзімін туған жердің табиғи қазынасын ашуға, отандық ғылымның дамуына арнаған ғалым, білікті ұстаз, ақылшы аға ретінде танимыз. Өзіңіздің тəлімді тəрбиеңіз бен дəрісіңізді алған шəкірттеріңіз бен ұзақ жылғы ғылыми ізденісіңіздің нəтижесінде ашылған кен орындары ел экономикасының өркендеуіне қызмет етіп келеді. Біз сізді бүгінгі 80 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық пен отбасы бақытын тілейміз. «Сатбор» ШҚ ЖШС-нің жəне Satimola Limited компаниясының ұжымдары.

Їшінші Еуразия ойындары аяќталды Алматыда жастар арасындағы үшінші Еуразия ойындары өзінің мəресіне жетті. Байрақты бəсекеге осы ендікке орналасқан бес елдің болашақтарынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылары қатысты.

Ол жазушының драматургиясына да тоқтала кетті. Еліміздің драма театрларында оның «Күшік күйеу» пьесасының 100 рет сахналанғанын, «Махаббат мұңы» пьесасы негізінде түсірілген фильмде қазақтың талантты ақыны Төлеген Айбергеновтің 12 өлеңі оқылғанын, «ДосМұқасан» ансамблінің орындауындағы 20 əн қамтылғанын тілге тиек етті. Тараз гуманитарлық-техникалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сəмен Құлбарақ «Т.Ахтанов – қазақ əдебиетінің көрнекті тұлғасы» деген баяндамасында жазушының əдебиетке деген адалдығын алға тарта сөйледі. Ахтановтың да əдебиет əлеміне өлеңмен келіп, кейін Қасым Аманжоловтың «өлең жазуды қойсаң қайтеді» деген бір ауыз сөзіне құлақ асып, прозаға бірыңғай бет бұрғанын мысалға келтіре отырып, əдебиет тазалығы жолындағы қарекеттерін еске түсірді. Жазушымен ағалы-інілі болып сыйласқан белгілі қаламгер Қажығали Мұхамбетқалиев əдебиетке деген адалдығы, кісілік келбеті

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

қатысуымен баспасөз мəслихаты өткізілді. Қазылар алқасының төрағасы Есмұхан Обаев бұл фестивальдің қай театрдың деңгейі қандай екенін анықтауға, сол арқылы ертеңгі бағытты белгілеуге қажеттілігін атап өтті. Содан кейін жиналғандарға Тахауи Ахтанов шығармашылығына арналған «Өз елінің заңғар ұлы» атты фильм көрсетілді. Фестивальға қатысушылар мен қонақтар, қала жұртшылығы Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасы бойынша қойылған спектаклін тамашалады. Жалпы, фестивальда Мұхтар Əуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры бастаған он театр бақ сынауда. Олар қазақстандық авторлар М.Əуезовтің, Б.Соқпақбаевтың, О.Бөкейдің, Т.Ахтановтың, Ш.Мұртазаның, Иран-Ғайыптың, К.Ысқақовтың, С.Асылбекұлының Д,Жұмабаеваның жəне О.Марктің шығармалары бойынша қойылымдарды қазылар талқысына ұсынады. АҚТӨБЕ.

Алатаудың баурайындағы əсем қаланың ең жақсы спорт алаңдары мен сарайларында қыркүйектің 16-20-ы аралығындағы бес күн бойына тартысты сайыстар болып өтті. Қорытындысында Ресей саңлақтары командалық есепте бірінші орынға ие болды. Олардың қоржынына 135 алтын, 73 күміс жəне 28 қола, жиынтығы 236 медаль түсті. Екінші орынға табан тіреген Қазақстан оғландары 71 алтын, 86 күміс жəне 41 қола, барлығы 198 медальға қол жеткізді. Үшінші орынға 7 алтын, 18 күміс жəне 25 қола медаль қорын жинаған Беларусь елінің жасағы жайғасты. Əрбірі 3 алтын жүлдеден алып қайтқан Қырғызстан мен Тəжікстан құрамалары тиісінше бұдан кейінгі 4-5 орындарға орналасты. Бес елден келген жас спортшылар сайыстың 8 түрі бойынша мықтыларды анықтады. Жарыс жолына бірінші болып боксшы қыздар шықты. Ондағы 13 салмақ дəрежесінің 4-уінде Қазақстан қыздары (Махабат Əбдіманапова, 48 кг; Айдана Балтабаева, 50 кг; Марина Агапова, 57 кг; Ақерке Омарқұлова, 60 кг) алтыннан алқа тақты. Ал жас жігіттеріміз қазақ күресінен бір салмақ бойынша

ғана (81 кг) Тəжікстан тарланына жол беріп, қалған салмақтарда алтын медальдарды түгел өздерінде қалдырды. Бұл жоғары салмақты жүлделер Нұрдəулет Алтынбеков, Райымбек Рантаев, Əбдірашид Рахманберді, Қасымбек Төленбай, Аязбек Шүкір жəне Ақжігіт Оралов сынды боз кілем шеберлеріне бұйырды. Спорттық гимнастикадан екі бірінші орынға қол жетті. Атап айтқанда, бөренеде өнер көрсетуде Таңшолпан Кенжақын, бағанда ойнауда Милад Карими алдарына жан салмады. Көркем гимнастикадан біздің үлесімізге жалғыз алтын медаль тиді. Оны жасөспірім қыздарымыз топтық

жаттығуда алды. Ал ауыр атлетикада саңлақтар екі салмақ бойынша ғана күш сынасты. Соның бірінің алтын медалі 94 килодан жоғары салмақта озып шыққан Селимхан Абубакаровтың мойнына ілінді. Аламанның соңғы күндері еркін күрес керуен керді. Қазақстандық жампоздардың мұндағы үлкен табыстары 4 алтын медальмен өлшенді. Бұларды бізге Аббас Тəжіханов, Ербол Ділмағамбетов, Мұхамед Қуатбек жəне Үсен Дайыр əперді. Өкінішке қарай, жаттығуларының саны барынша көп жеңіл атлетикадағы жеткен жетістіктеріміз оншалықты қомақты бола қоймады. Біздің бұлай деуімізге мұндағы 16 түрлі сайыстан бар-жоғы 2 алтын медаль ғана алғанымыз себеп болып отыр. Оларды 3000 метрге жүгірген Думан Ғабдыалиев пен 4х400 эстафетасында сайысқан төрттігіміз жеңіп алды. Сол сияқты жүзуден бірде-бір жоғары жүлдеге қол жетпеді. Дегенмен, бұл аламанда басты мақсаттың тек жоғары орындар алудың болмағанын да айта кетуіміз керек. Ол ең алдымен жас спортшыларды келешектегі үлкен сындарға дайындаудың кезекті кезеңі ретінде қызмет етті. Сондықтан да оған қатысушылардың барлығы да ұтысқа ие болды. Руслан ИГІЛІК.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Сəтимола кен орны – құрамында калий жəне бор кездесетін тұздардың ірі минералды-шикізат базасы. Осынау ірі кен орнын игеру үшін 2001 жылы шетелдік инвестордың қатысуымен «Сатбор» тау-кен өңдеуші кəсіпорны құрылды («Сатбор» ШҚ ЖШС). 2004 жылы 19 сəуірде № 1391 ҚР Үкіметімен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалды. Аталған компанияның қызметі əлемдік стандартқа сай минералды калий тыңайтқышын шығаруды көздейді. Ал бұл Қазақстанның əлемдік нарықта минералды тыңайтқышты ең негізгі, ең маңызды өндіруші, сондай-ақ, ең маңызды экспорттаушы болуына мүмкіндік береді. Міне, ел игілігі жолын дағы осынау маңызды жобаның абыройлы іске асырылуында Мұфтах Диаровтың да лайықты үлесі бар. Иə, туған жердің тамыршысына айналған Мұфтах Диаровтай отаншыл адам ғана ел үшін еңбек етуден ешқашан жалықпайды.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Жалаулы жарыстар ● Футбол. Өткен сенбі-жексенбі күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры ойындары ойналды. Премьер-лига. 27-тур. 21 қыркүйек. «Ақтөбе» – «Астана» 2:0, «Восток» (Өскемен) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:0, «Тараз» – «Атырау» 1:1, «Ақжайық» (Орал) – «Тобыл» (Қостанай) 1:3, «Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) 3:0. 22 қыркүйек. «Қайрат» (Алматы) – «Шахтер» (Қарағанды) 3:3. Көш басында 33 ұпаймен «Ақтөбе» тұр. ● Хоккей. Құрлықтық хоккей лигасы Шығыс дивизионында ойнап жатқан Астананың «Барыс» командасы 22 қыркүйекте Екатеринбургтің «Автомобилисін» қабылдап, 7:2 (2:2, 2:0, 3:0) есебімен жеңіске жетті. Жерлестерімізден Роман Старченко (2), Талғат Жайлауов (2), Найджел Доус, Федор Полищук жəне Михаил Рахманов мергендіктерімен көзге түсті. Матчтағы алғашқы екі голды екатеринбургтік Александр Стрельцов жəне Тобиас Виллунд соқты. Астаналықтар содан кейін жауапсыз 5 шайба түсірді. «Барыс» қазір 18 ұпаймен бұрынғысынша өз тобында бірінші болып келеді. ● Теннис. Қазақстандық Михаил Кукушкин Түркияның Измир қаласында өткен «Челленджер» сериясы турнирін жеңіп алды. Ол финалда итальян Лука Соренсенді 6:1, 6:4 етіп тізе бүктірді. Михаил финалға дейінгі іріктеу сайыстарында босниялық Мирза Басич пен беларусь Дмитрий Жирмонтты жарыс жолынан шығарып тастаса, ширек финалда тунистік Малек Джазириден басым түсті (5:7, 7:6, 6:4). Ал жартылай финалда əлемнің сегізінші ракеткасы итальян Флавио Чипполуды үш сетте (5:7, 6:1, 6:4) ұтты. Осы аралықта Лондонда Дэвис кубогының 2014 жылғы əлемдік тобының жеребесі тартылды. Ол Кубок сайысының бірінші кезеңінде Қазақстан мен Бельгия құрамаларын қарсылас етіп шығарды. Матч келер жылғы 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді. Қабылдаушы жақ Қазақстан болады. ● Паралимпиялық ойындар. Голландияның Стадсканаал қаласында өтіп жатқан Бүкілəлемдік IWAS-2013 ойындарының алғашқы үш күнінде Қазақстан паралимпиялық құрамасының қоржынына бес медаль түсті. Мұнда Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс əдісімен жүзуде – алтын, 50 метрге шалқалай жүзуде күміс медальдар алды. Ал Равиль Мансуров ядро лақтыруда алтын медальға қол жеткізсе, Ирина Тыщенко – күміс, ал Павел Сидорчук диск лақтыруда қола медальды еншіледі. «Егемен-ақпарат».

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Анар ТӨЛЕУХАН, Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №150 ek

25092013  

2509201325092013

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you