Page 1

Бүгінгі нөмірде: Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі 3-бет «Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді 7-бет Түбекті тербеген дала сазы 8-бет «Елім-ай!» деп өткен есіл ер 9-бет

№155 (28094) 25 МАУСЫМ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ґѕірдегі ґркенді ґзгерістер Мемлекет басшысы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ ґндірісті ґлке – Павлодар облысына жўмыс сапары барысында айќын кґрінді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында кеше Павлодар қаласының №4 емханасында, «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС-інде, Мəліметтерді өңдеу орталығында жəне Жастарға қызмет көрсету орталығында болып, аталған нысандардың жұмыс барысымен кеңінен танысты жəне ұжым мүшелерімен еркін əрі ашық əңгімеге ұласқан бірқатар бейресми кездесулер өткізді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Павлодар облысына жасаған жұмыс сапарын қаладағы №4 емханадан бастады. Бұл денсаулық мекемесі 2010 жылы мемлекеттік «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген. Мұнда ересектер мен балаларға амбулаторлық-емханалық қызмет көрсетілетін екі бөлімше бар. Бір ауысымда емхана 500 науқасты қабылдай алады. Емдеу мекемесі жаңадан салынғандықтан, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дені –жастар.

Қазіргі таңда облыста 50 дəрігер маман жетіспегенмен, жаңадан оқуды бітіріп келіп жатқан жастардың көптігіне қарап, бұл мəселенің жуық арада шешімін табатынына көз жеткізгендей болдық. Елбасы есіктен кіріп келген кезде дəрігерлер қауымы ерекше қол шапалақтап, үлкен қошемет көрсетті. Алдымен сөз алған Павлодар қалалық №1 перинаталды орталығының бас дəрігері Айман Оспанова заманауи құралжабдықтардың арқасында бала өлімі күрт төмендегенінен хабардар етті. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш облыста əрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 9 баланы құрайды екен. Ал облыстық кардиохирургиялық

орталықтың директоры Ораз Мұқашевтің мəліметіне қарағанда, аталған орталықта 900-ге тарта ота жасалса, соның 80-і балаларға жасалған көрінеді. Павлодар қалалық жедел жəрдем жəне шұғыл медициналық жəрдем стансасының бас дəрігері Қанадан Ахметжанов соңғы 2-3 жылда жаңадан жылжымалы медициналық құрал-жабдық тар мен санитарлық көліктер сатып алынғанын ерекше атады. Қазіргі таңда жедел жəрдем көрсету барынша автоматтандырылған. Қаладағы 70-ке тарта санитарлық көлік спутниктік бағыттау құрылғысымен жабдықталыпты. Соның нəтижесінде республикалық көлік жолдарында орын алған апатты жағдайлардың бірінші сағатының өзінде адам өмірін құтқарып қалуға мүмкіндік бар. Осы орайда Елбасы бас дəрігерден тікұшақтың бар-жоғын сұрады. Оның айтуынша, əлі тікұшақ сатып алынбаған, дей тұрғанмен, бұл – күн тəртібіндегі мəселе. Емхананы аралау барысында

Президент поштасынан

Ќамќорлыќќа ризашылыќ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстанның туристік қауымдастығының президенті Р.Асанбаевадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында Р.Асанбаева түрік авиакомпаниясының банкротқа ұшырауы салдарынан зардап шеккен қазақстандық туристерге көрсетілген қамқорлық үшін алғысын білдірген. Осы себептен отандық туристік фирмалар да қиын жағдайға тап болған болатын, оның көпшілігі – шағын

жəне орта бизнес субъектілері. «Сіздің тапсырмаңызбен отандастарымызды елге қайтару үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын бөлу жəне жедел, төтенше көмек көрсету туралы Қазақстан азаматтары мен туристік қоғамдастық үшін маңызды шешім қабылданды», – делінген хатта.

Хат иесі мемлекет тарапынан көрсетілген көмек 800-ден астам қазақстандық туристік фирманың орнықты жұмысын сақтап қалуға мүмкіндік жасағанын, егер банкрот тық орын алған жағдайда 4000-ға жуық адам жұмыссыз қалуы ықтимал болғанын атап өткен. «Сіздің шешіміңіз Отанымыздың күш-қуатын жəне қарапайым азаматтар, барша қазақстандықтар мемлекеттің сенімді қорғауында екенін, ешқашан қорғаусыз қалмайтынын, оларға əрқашан көмек көрсетілетініне сенімділікті көрсетіп берді», – деп жазады Р.Асанбаева.

Бўл – ґте маѕызды шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандықтардан əйелдер үшін зейнет жасын ұзартудың бастапқы мерзімін ауыстыру туралы шешімге қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Өз хатында «Ақсай» нан-тоқаш комбинатының ұжымы Мемлекет басшысына елдегі зейнетақы жүйесін реформалау мəселесіне ерекше назар аударғаны үшін ризашылықтарын білдірген. Хат иелері ұжымның 70 пайызын күн сайын нан-тоқаш өнімдерінің түр-түрін шығарумен айналысатын əйелдер құрайтынын атап өткен. «Комбинат жəне оның филиалдары атынан Сізге зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қатысты түрлі көзқарасқа жанжақты талдау жасау негізінде қабылдаған шешіміңіз үшін алғысымызды айтамыз», – делінген хатта. Халықаралық «Жанашыр» қо ғамдық қорының президенті

Ж.Əпетова да əйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды 2018 жылға ауыс тыру туралы шешім үшін алғысын жеткізген. «Бұл шешім Сіздің кө регендігіңіздің дəлелі болып табылады, өйткені, ол уақытқа дейін Үкімет зейнет жасына таяған əйелдер үшін қолайлы жағдай жасауға бағыт талған шаралардың барлық қырын жан-жақты қарастырады», – делінген хатта. Алматының тұрғыны Н.Қуанған өзінің биылғы 8 наурызда Халықаралық əйелдер күніне орай өткен Президентпен кездесуге қатысушылардың бірі екенін жазады. Ол бұл оқиға өзі жəне отбасы үшін өте маңызды екенін атап өткен.

«Жас болғаныма қарамастан, мені еліміздегі зейнетақы жүйесіне жаңа реформа жасау мəселесі толғандырды. Алайда, Сіздің Қазақстан халқына Үндеуіңізді теледидардан естіген соң, аталған заң жобасын қайта қарау туралы қабылдаған шешіміңізге шын жүректен алғыс айтқым келеді»,– делінген хатта. Өз кезегінде Алматы облысының тұрғыны О.Барибеков зейнетақы реформасының кейбір қырына қатысты Мемлекет басшысының халыққа Үндеуін көпшіліктің жақсы қабылдағаны туралы жазады. «Тəуелсіздік жылдары халқымыздың бойында Сіздің ойыңыз ды алдын ала се зіп-бол жай тын дай қабілет қалып тасты деп санаймын. Өз көш бас шысының көрегендігі мен даналығына тағы да көз жеткізген халық Сіздің шешіміңізге зор қанағаттанушылық танытты», – деп атап өтілген хатта.

Президентке «Саламатты Қазақ стан» бағдарламасын өңірде іске асыру барысы туралы баяндалды, сондай-ақ заманауи емдеу жабдықтары көрсетіліп, емхананың жұмысы туралы мəлім етілді. Мемлекет басшысы соңғы жылдары мемлекеттің денсаулық саласын дамытуға зор мəн беріп отырғанын атап өтті. – Бұл емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынды. Тағы 6 медициналық мекеменің жəне 4 жалпы білім беретін мектептің пайда ла нуға берілуі бағдарламаның та бысты жүзеге асқанын білдіреді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта елімізде перина талды орталықтар салынды, ша ла туған балаларға көмектесу үшін жаңа жабдықтармен жабдықталды. Қазақстанда жыл сайын 400 мың бала дүниеге келеді. Мемлекет оларға, сондай-ақ олардың отбасыларына барлық қажетті жағдай жасауда. Сонымен қатар, зейнетақы реформасын жүргізе отырып, əйелдерге бала күтімі кезіндегі уақыты үшін зейнетақы қорына

аударылымын жоғалтпауға мүмкіндік беретін механизмді қарастырдық. Бұл үшін мемлекет қосымша 10 пайыз жарна төлейтін болады, бұл қосымша əлеуметтік қолдау болып табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті елімізде кардиохиругияны дамытуға көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Жалпы, ашылып жатқан ірі медицина орталықтары қазақстандықтарға қымбат ем алу үшін шетелге шықпай, елімізде сапалы көмек алуға жағдай жасайды. Кездесуде өңірдегі медицина қоғамдастығы өкілдері жүргізіліп отырған əлеуметтік саясатқа, оның ішінде зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қолдау білдірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына қазірдің өзінде 900 операция жасап үлгерген жаңа кардиохирургиялық орталықтың қызметі туралы айтылды. 2010 жылы пайдалануға берілген Павлодар қаласындағы № 4 емхана 71 мың адамға қызмет көрсетеді, оның 16

мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл медицина мекемесінде 391 адам жұмыс істейді. Бұдан кейінгі жол «Нефтехим LTD» ЖШС-іне түсті. Мұнда Елбасына зауыт шығарып жатқан полимерлік өнім түрлері көрсетілді. Даму перспективасы бойынша зауыт алдағы уақытта австриялық Starlinger компаниясының құрал-жабдығында түйіршектелген полипропиленнен қақпақшалы қорап жəне стандартты тігілген қап шығаруды қолға алуды көздеп отыр екен. Инвестицияның жалпы көлемі – 3,375 миллиард теңге. Егер жоба жүзеге асып жатса, мұнда 174 адамға жұмыс табылады. Жалпы, жобаны іске асыру 2011-2013 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат – ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету. Қазақстан Президенті кəсіпорынның қызметімен танысып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді. (Соңы 2-бетте).

Елімен етене Елбасы

Ќуанамыз. Ќолдаймыз! Зейнетаќы жґніндегі жаѕа заѕ халыќ кґѕілінен шыќты

Газетіміздің 22 маусым күнгі нөмірінде Елбасының қол қоюымен жарияланған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары көпшіліктің көңілінен шығуда. Мұны редакцияға келіп жатқан пікірлер легі дəлелдейді. Онда газет оқырмандары өздерінің көңілдерін күпті қылған қиын-түйіннің тарқатылғандығын айта келіп, Елбасына алғыстарын жазыпты. Осындай хаттар топтамасын жариялап отырмыз.

Кемелдік кґрінісі

«Егемен Қазақстан» газетінің зейнетақы мəселелеріне байланысты заңдар жарияланған биылғы 22 маусым күнгі нөмірін мұқият қарап шықтым. Газеттің 6-бетінен бастап 13-бетіне дейін алып жатқан ауқымды заңдарды түгел шолып шығудың өзі де осал жүк емес, əрине. Бірақ, елге, халыққа керек дүние болған соң танысуға тырысасың. Атап айтсақ, «Жалпы ережелер» деп аталатын 1-ші тараудан соңғы «Қорытынды жəне өтпелі ережелер» деген 10-шы тарауға дейінгі аралықта қаншама ой мен тұжырымдар жатқанын, соларды жасау үшін инемен құдық қазғандай қаншама тер төгуге тура келгенін салмақтаудың өзі оңай бола қоймас. Ал кейбір заңнамалық актілерге зейнетақымен қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізудің дəйектері мен дəлелдері оңай асу бермес бір белес екенін кім теріс дер. Өзімнің осы ұзақ ғұмырымда талайды көріп, сан белестен асқан аға ұрпақ өкілі ретінде мені таңырқатқаны бұл ғана емес. Мен Мемлекет басшысының осындай ұлан-ғайыр істердің басын қайырып, көптің көңілін күпті қылған қиын түйінді түбегейлі тарқатып беруге ақыл-ой ауқымы мен күш-қайратының кəміл жеткеніне қуанып, риза болдым. Президентіміздің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға қол қойғаны туралы хабардың өзі сан миллион қазақстандықтың

қуаныш сезімін тудырып, көңілдерін көкке өрлеткені күмəнсіз. Қуаныш құтты болсын! АЛМАТЫ.

Есмұхамбет АЙТМАҒАМБЕТОВ, зейнеткер.

Жаѕа заѕдаєы жаѕалыќтар

Əйелдердің зейнет жасын көтеру жөніндегі ұсыныс қоғамда əрқилы пікір тудырғаны рас. Кезең-кезеңмен ұзартуға қатысты жүргізілген үгіт-насихат тобының жұмыстары да денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан қызу талқыланды. Осы мəселеге байланысты біз де өз пікірімізді білдірген едік. Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау облысқа зейнетақы реформасына қатысты жұмыс сапарымен келгенде бірқатар мəселелерді айтқанбыз. Оның ішінде əйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту кезінде ауыр жұмыстағы аналар, ой еңбегін қажет ететін салалардағы əйелдер туралы нақты ақпараттар ескеріліп, заң шеңберінде оларға дұрыс көзқарастың болуын сұраған едік. Елбасы қол қойған жаңа заңда осы ұсыныстардың аяқсыз қалмағанына қуандық. Мəселен, Елбасы ұсынысымен «бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы

қамтамасыз ету, азаматтардың міндетті 10 пайыз зейнетақы шығысына жұмыс берушінің міндетті шығарылымы есебінен қосымша 5 пайыз енгізу» ескеріліпті. Бұл жаңалық бізді қуантып тастады. Лаура ЖАЗЫҚОВА, Денсаулық сақтау қызметкерлері кəсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы.

Бізге жасалєан їлкен жеѕілдік

Газетте жарияланған зейнетақы жөніндегі жаңа заң кеудемізде үміт сəулесін жақты. Осының алдында теледидар арқылы Президенттің əрбір сөзін құлақ түріп тыңдаған біз Мемлекет басшысының көрегендігіне, халықтың мүддесін бірінші қатарға қоятындығына тағы бір мəрте куə болдық. Зейнетақы жасының 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, ұзартылуы өте дұрыс жасалған шешім деп санаймын. Өйткені, бұл кезге дейін əйелдер іштей дайындалып, жаңа жүйеге бейімделуге мүмкіндік алады. Мені тағы бір қуантқаны, Президентіміздің бала күтімі демалысы кезінде жұмыс істеуші əйелдердің міндетті зейнеткерлік салымына мемлекет есебінен қосымша төлемақы қамтамасыз етуіне байланысты Үкіметке тапсырма бергені болды. Бұл тапсырма енді міне, заң арқылы ескерілді. Жаңа заңды оқыған соң көңіліміз бір жадырап қалды. Өз басым, мəдениет саласының қызметкері болғандықтан, ел арасында көп жүреміз. Сонда халықтың сөзіне құлақ түре қалсаң, айтатын əңгімелері осы реформа жайында болатұғын. Енді міне, заң да жарияланып, халықтың көңіліндегі күдікті бір серпілтіп тастады. Осындай күрмеуі көп мəселенің шешімін тапқан Президентімізге алғысымыз шексіз. Алма АРЫНОВА, Қуат Əбусейітов атындағы жастар орталығының директоры.

ПАВЛОДАР.


2

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Ґѕірдегі ґркенді ґзгерістер

(Соңы. Басы 1-бетте). – Зауыт өнімдерінің 80 пайызының сыртқы нарыққа шығарылатыны оның экспорттық əлеуеті зор екенін білдіреді. Павлодар облысында бүкіл химия өнімдерінің 40 пайызы, еліміздегі металдың 20 пайызы өндірілетіндіктен, Қазақстанның негізгі индустриялық өңірі болып саналады. Республикадағы электр энергиясының ең үлкен көлемі осында өндіріледі. Жалпы, облыс биыл жақсы даму үстінде, мұнда 80 индустриялық жоба жүзеге асырылуда, онда алты мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Павлодар облысы – еңбекшілер өңірі, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалада материалдық игілікті жасаушы еңбек адамына деген құрмет насихатталады. Мен тағы да еңбек адамын құрметтеуге жəне оны бағалауға шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əңгімелесу барысында кəсіпорын жұмысшылары Мемлекет басшысына əйелдер үшін зейнет жасын ұзартудың бастапқы мерзімін 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру жөнінде шешім қабылдағанына қолдау көрсетіп, алғыстарын айтты. Қазақстан Президенті зейнетақы реформасын жаңғырту елдің қазіргі заманғы дамуына негізделген қажетті қадам екенін атап өтті. – Кейбір батыс елдерінде адамдар кредитке өмір сүретіні, тіпті зейнетақы төлемдері қарызға берілетіні белгілі. Енді ақша таусылғанда, олардың зейнетақыны қысқартуына, зейнет жасын 70 жасқа дейін көтеруіне тура келеді. Егер біз зейнетке шығу жасын бүгін арттырмасақ, онда келешекте осындай проблемаға тап боламыз. Сондықтан дер кезінде шара қабылдаған жөн. 2030 жылға қарай бізде жұмыс істейтін 1,5 адамға бір зейнеткерден келеді. Алдағы уақытта əр жұмысшыға бір зейнеткерден келеді. Жаңғырту – амалсыздан барып отырған қадам, сондықтан халыққа оны анағұрлым кеңірек жəне егжей-тегжейлі түсіндіру қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті əлеуметтік реформаны халықтың барлық тобы үшін мейлінше ауыртпалықсыз жүргізу қажеттігін атап өтті. – Егер біз зейнет жасын 2018 жылдан арттырсақ, онда қазір зейнет жасына келгендердің жағдайын ескергеніміз. Осы уақыт ішінде адамдардың өмірі жақсарады, еңбекақы артады, зейнеткерлік төлемдер

көбірек болады. Сонымен қатар, бізге əйелдерді əлеуметтік тұрғыда қолдау қажет. Біріншіден, зейнеткерлік жасқа таяған əйелдерді жұмыстан шығаруға заң жүзінде тыйым салып, оларды жұмыспен қамту керек. Екіншіден, мен бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болған əйелдердің зейнетақы есебіне еңбекақысынан 10 пайыз аударуға тапсырма бердім. Үшіншіден, бала күтімі кезінде зейнетақы төлемдері төмендеуге тиіс емес. Бұған қоса, жұмыс беруші барлық зейнетақы төлемдеріне салықтық жеңілдік ала отырып, қосымша 5 пайызды аударуға тиіс. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарының көлемін арттырады. Шахтерлер, металлургтер, химиялық өндіріс жұмысшылары тəрізді зиянды жəне қауіпті мамандықтардың өкілдері зейнеткерлікке басқа мамандық иелерінен бұрын шығатын болады. Олардың лайықты соманы жинақтауына көмектесу үшін жұмыс беруші де жарнаға тағы да 5 пайызды қосатын болады. Жалпы, 2018 жылы осы шарттарды орындай отырып, біз отандық зейнетақы жүйесінің тиімділігін едəуір арттырамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесуде Қазақстан Президенті елімізде іске асырылып жатқан маңызды əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық жобалар туралы да айтты. Атап айтқанда,

биыл Астана – Павлодар автомобиль жолының құрылысы басталды. Осы жəне басқа да жобаларды іске асыру барша қазақстандықтардың əл-ауқатын арттыруға бағытталған. Əңгімелесу барысында кəсіпорын жұмысшылары кəсіби деңгейді арттыру, əлеуметтік кепілдікті іске асыру үшін барлық жағдай жасалғанын айтып өтті. Зауытта тəлімгерлік, қосарлы оқыту жүйесі қалыптасқан. Зауыт 2009 жылы 17 қыркүйекте пайдалануға берілген. Шығаратын негізгі өнім түрлері – метил-трет-бутил эфирі (жоғары октанды жанар май өндірісі үшін оттекті қосымша), пропилен жəне полипропилен. Кəсіпорындағы жұмысшы саны – 471 адам. Жас мамандар арасынан сөз алған Лəззат Шуақбаева, Меруерт Əйтімова, Айнұр Смағұлова жəне Бейбіт Сариев өздерінің еңбек жолындағы жеткен табыстарын тілге тиек ете келіп, Елбасына жастарға жасап отырған қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қаладағы «Қазақтелеком» АҚ-тың Мəліметтерді өңдеу орталығында (МӨО – Дата-орталық) болып, аталған Орталық жұмысымен жан-жақты танысты. Сөз реті келгенде МӨО аумағы 5576 шаршы метрді алып жатқандығын айта кету

керек. Ал құрылыс аумағының көлемі 1354,6 шаршы метрді құрайды екен. Абаттандырылған əрі көгалдандырылған аумаққа асфальт төселіп, жаяу жүргінші лер үшін де қолайлы табанжолдар салынған. Қазақстан Президентіне «Қазақтелеком» АҚ пен Hewlett-Packard компаниясының бірлескен жобасы болып табылатын ТМД-дағы ірі инновациялық қызмет көрсететін Мəліметтер өңдеу орталығы таныстырылды. Қазіргі кезде павлодарлық Мəліметтер өңдеу орталығы тəжірибелік-өнеркəсіптік пайдаланудан өтуде. Оның арқауында хостинг қызметі, сондай-ақ бұлттық есептеу (бұлттық жүйенің мəліметтерін сақтау, мəліметтерді өңдеу виртуалды резервтік орталығы, бизнес үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, интерактивті қарымқатынас жасау жəне ақпарат алмасу жүйесі, бұлттық серверлік платформа) тұжырымдамасы негізінде салынған сервистер ұсынылады. Павлодардағы Мəліметтер өңдеу орталығы – барлық нысанның жөндеупрофилактикалық жұмысты тоқтаусыз жүргізуіне мүмкіндік беретін, сенімділік деңгейін көрсететін Tier III сыныпты Орталық Азиядағы алғашқы Дата-орталық. Мəліметтер өңдеу орталығында «Қазақ телеком» АҚ энергетиканы қоса

ал ғанда барлық қолдаушы жүйені, сондай-ақ кондициялау жəне өрт сөндіру жүйесін резервте ұстауды жүзеге асырады. Облыс əкімі Ерлан Арын қазір ауылдық жерлерге электронды қызмет көрсету жеткізіліп жатқандығынан хабардар етті. Электронды қолы бар азаматтардың саны 200 мыңнан асып отыр. Соңғы бір жылдың ішінде электронды қызмет түрлерін пайдаланушы ауыл тұрғындарының саны 6 мыңнан 116 мыңға дейін өсті. Енді бұл жүйе ары қарай да дамытыла беретін болады, деді өңір басшысы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келесі кезекте Павлодар облысындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды. Сырты қоңырқай сарғыш түспен көмкерілген ғимараттың ішкі жағы шыны ара лас тырылып, жастардың ойынан шыға тындай ыңғайда безендіріліпті. Ғимараттың жалпы ауданы 2130 шаршы метрді құрайды. Жертөлелі ғимарат 2 қабатты болса, мұнда 24 бөлме, көп функциялы зал жəне 3 дəріс залы бар екен. Қазақстан Президенті негізгі міндеті жастардың өзекті мəселелерін шешуге көмек көрсету болып табылатын мекеменің қызметімен танысты. Орталықта жастарға арналған қоғамдық қабылдау, жастарды жұмысқа

––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Жаѕа тариф саясаты ашыќтыќты ќамтамасыз етеді Күнделікті коммуналдық төлемдерге қатысты тарифтердің «тағдырына» кез келген тұтынушы бейжай қарамайды. Себебі, ай сайын тапқантаянғанынан жырып төлейтін коммуналдық қызметтер бағасы тұрғындар тұрмысына тікелей əсер етеді. Əрине, халық пен биліктің, яғни тұтынушы мен қызмет етуші органдардың арасында жүзеге асатын бұл салада түйінді түйткілдер де аз емес. Біреулер салада инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі емес десе, енді біреулер тарифтер құны қымбат деп қынжылады, ал енді біреулер өзге елдермен салыстырғанда бізде арзандығын айтып, қымбаттату арқылы үнемшілдікке үйретпекші. Қалай болғанда да, тарифтік саясатымызда салғырттық жоқ емес. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының тариф саясатына қатысты тапсырмасының орындалу барысы кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен селекторлық режімдегі Үкімет отырысында талқыланды. Онда тариф саясатын жетілдіру мəселесі бойынша Табиғи мо нополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов баяндама жасады. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қойған тариф белгілеу үдерісінің ашықтығын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында үстіміздегі жылғы наурыздан агенттік жанынан жұмыс тобы құрылғандығын еске салып өткен М.Оспанов осы топтың атқарған ісшараларына тоқталды. Оның айтуынша, 80 нормативтік құқықтық акт талданған. Олардың 17-сін 3 нормативтік құқықтық актіге біріктірген.

орналастыруға көмек көрсету орталығы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне волонтерлер корпусын даярлау жөніндегі облыстық штаб, заң көмегін көрсету, жас кəсіпкерлерге көмек көр се ту, оқытуға жəне біліктілікті арттыруға көмек көрсету, тұрғын үй проблемасын шешуге көмек көрсету сынды бірнеше орталықтары орналасқан. Сонымен қатар, əрбір жас азаматқа арналған мынадай қызмет көрсету түрлері қарастырылған: жұмысқа орна лас тыруға көмектесу, оқытуға жəне біліктілікті арттыруға көмектесу, тұрғын үй мəселесін шешуге көмектесу, заң жəне психологиялық көмек көрсету, мемлекеттік тілді үйрету курстары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарының соңында Қазақстан Президентінің Кубогы үшін волейболдан əйелдер командалары арасында XX халықаралық турнир өтіп жатқан Павлодар қаласындағы «Астана» мұз айдынында болды. Бұл турнир алғаш рет 1994 жылы Павлодарда өткізілген болатын. Бүгінде ол Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) күнтізбесіндегі ресми спорттық іс-шара болып саналады. Мерейтойлық жарыс жеңімпазы атану үшін алты команда өзара бəсекеге түседі, олардың арасында Қазақстан, Əзербайжан, Беларусь, Қазақстан-2 құрамалары, сондай-ақ «Уралочка» (Екатеринбург, Ресей), «Ляонин» ВК (Қытай) клубтары бар. Қазақстан Президентінің Кубогы үшін жарыс «Астана» мұз айдынында 24 – 29 маусым аралығында өтеді. Мұндай турнирді өткізу елімізде волейболды танымал ете түсуге жəне дамытуға бағытталған. Жалпы, Елбасы Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің тыныс-тіршілігін оң бағалады. *** Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Сапар аясында Қазақстан Президенті өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады, сондай-ақ облыстағы бірқатар əлеуметтік жəне индустриялық-инновациялық нысандарды аралайды.

Бұған қоса 13 нормативтік құқықтық актінің жəне 40 əдістеменің 16-сының күші жойылған. 200-ден астам түзетулер əзірленген. «Бүгінгі күні электрмен жəне газбен жабдықтауды жүзеге асыратын доминанттардың бағалары өзгерген кезде заңнамада жария тыңдаулар өткізу көзделмегендігі тұтынушылардың негізгі наразылығын туғызады. Осы қызметтер əр тұтынушыны толғандырады. Сондықтан ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында оларды өткізу туралы талапты белгілеу ұсынылады», деді М.Оспанов. ТМРА басшысы түсіндіргендей тұтынушылардың тарифтік үдеріске шынайы қатысуы үшін жағдайлар жасалған. Жария тыңдаулар өткізілетіні, есеп беру туралы, тарифтердің өзгеретіндігі туралы хабарландырулар теледидарда, өңірде көп таралыммен таратылатын газеттерде жарияланады. Табиғи монополияларды реттеу

агенттігінің басшысы тарифтерге жүктемені азайту шеңберінде өкілдік шығыстарды, аудиторлық жəне маркетингтік қызметтерге арналған шығыстарды, басқа да шығындарды алып тастау ұсынылып отырғандығын да атап өтті. Сонымен қатар, ол монополист өтінімге қоса беруі тиіс құжаттар тізбесі 50%-ға қысқарғанын, басқа талаптар алып тасталынатынын, бұл тұтынушылардың қаражаттарын тарифтік реттеу сапасы үшін залалсыз үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты. Оған қоса, ТМРА монополистер жүргізген жұмыстардың сапасына көп сатылы бақылауды қолдана отырып, мониторинг жүйесін енгізуді ұсынды. Тарифтік саясатты жетілдіру жөнінде Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев та қосымша баяндап, экономикаға қатысты тұстарын талқыға салды. Оның айтуынша, табиғи монополиялар субъектілерін шекті тарифтерге көшіру ел бюджетіне түсетін салмақты азайтады. Осыған орай «біз ел бюджетіне салмақтың айтарлықтай азаюын байқайтын боламыз. Бұл экономика дамуының басқа да басым жəне стратегиялық бағыттарына бюджеттік қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді ол. Министр айтып кеткендей, «бүгінгі таңда іс жүзінде табиғи моно по лия субъектілерінің барлық са ла лардағы, əсіресе, коммуналдық сектордағы жағдайы негізгі құрал дардың физикалық жəне моральдық жағынан едəуір тозуымен,

əлсіз техникалық жағдайымен суреттеледі. «Осыған байланысты, жүргізіліп отырған тарифтік саясаттың негізгі мақсаты экономиканың реттелетін секторларына, оның ішінде жылу, су шаруашылығы, кəріз жəне электр желілері салаларына инвестиция көлемін ұлғайту болып табылады», деп атап өтті Е.Досаев. Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-Министр жаңа тариф саясатын қалыптастыру кезінде тарифті белгілеу ашықтығын арттыру мен осы орайда халықпен белсенді түрде жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды. «Тариф мəселесінің бəрімізге қатысы бар, əрбір ұқыпты, адал азамат тарифтің көтерілуіне бірден назар аударады. Сондықтан тарифті белгілеудің ашықтығы өте маңызды», деді С.Ахметов. Үкімет басшысы тұрғындармен жұмыс жүргізу барысында кондоминимумдар мен ПИК мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Премьер-Министр, сондайақ, ТМРА-ға жалпы үйлерге есептегіш құралдар қою бойынша жауапты тұлғаны анықтауды тапсырды. Өз баяндамасында ТМРА төрағасы М.Оспанов табиғи монополия нысандарының міндетіне жалпы үйлерге есептегіш құралдарды орнату міндетін де енгізуді ұсынған болатын. «ТМРА-ға есептегіш құралдардың табиғи монополиялар субъектілеріне қарайтыны туралы түпкілікті анықтауды тапсырылады. Яғни, екіұдай түсінік болмауы үшін бұл қызметтерді табиғи мо нополиялар субъектілері атқаратын

болады, деп нақты, нық сеніммен айту керек», деп атап көрсетті Үкімет басшысы. С.Ахметов мүдделі мемлекеттік орган дарға тарифтік саясатты жетілдіру бойынша жəне оны үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Үкіметтің қарауына енгізу туралы ұсыныстарды өңірлерде кеңінен талқылауға нұсқау берді. Осыған орай, Премьер-Министр «үстіміздегі жылы табиғи монополиялар мəселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасауды қамтамасыз етуді, ал Əділет министрлігіне бұл заң жобасын 2014 жылғы заң жобалары жұмыстарының жоспарына қосуды» тапсырды. Отырыстың соңында Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед отандық телевизиясы үшін маңызды жаңалық «Қазспорт» ұлттық спорттық арнасының ашылуы жайында есеп берді. Арна үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап хабар таратуды бастағалы отыр. Министр айтып өткендей, спорттық арна республикадағы жəне шетелдегі спорттық оқиғалардың бəрін екі тілде тарататын болады. Сонымен қатар, тəулігіне бірнеше рет спорттық жаңалықтар беріліп тұрады, келешекте қысқа метражды деректі спорттық фильмдер түсіріледі. «Қазспорт» таратылымын «Отау ТВ», Icon TV, Digital TV жəне басқа да кабельдік операторлар арқылы іске қосу жоспарланған, сонымен бірге арна интернет желісінде хабар таратады.

Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды. Онда Парламент Мəжілісінде мақұлданған заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратына берілді.

Сенаттыѕ бюро отырысы Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитеті еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына бас комитет болып белгіленді. Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы заң жобасы жəне кейбір заңнамалық актілерге ұлттық кəсіпкерлер палатасы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасына бас комитет болып белгіленді. Бюрода, одан басқа, биылғы 27 маусымда болатын палата отырысының күн тəртібіне ұсыныстар да талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.


www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

3

АСТАНАНЫҢ АСҚАҚТЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІ

 Цифрлар мен фактілер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордамыздың іргетасы қалана бастаған алғашқы жылдардың өзінде «Астана еліміз экономикасының даму локомотиві болады», деп атап көрсеткен болатын. Елбасы тұжырымы ақиқатқа айналды. Күні ертең 15 жылдығы мерекеленгелі отырған Астана Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына тұғыр жасады. Енді, осы 15 жыл ішінде елорданың өсу, өркендеу деңгейін цифр тілімен сөйлетіп көрейік. Астана қаласының 1998 жылы жалпы өңірлік өнім өндіру көлемі (бұдан əрі ЖӨӨ) 60 533,1 млн. теңгені құраса, 2012 жылы Астана қаласындағы ЖӨӨ ағымдағы бағамен 2 717 262,4 млн. теңгені құрады. Өнеркəсіптегі ЖӨӨ-нің үлесі едəуір төмендегеніне қарамастан, 2012 жылы өнеркəсіп өндірісінің көлемі 1998 жылғы 16,5 млрд. теңгеден 196,4 млрд. теңгеге өсті. 1998 жылы өңдеуші өнеркəсіп кəсіпорындары 56,9%-ды құраса, 2012 жылы ол 82,2%-ды құрады. Өңдеуші өнеркəсіп құрылымында да өзгерістер орын алды, машина жасау өндірісінің үлесі едəуір (6,8%-дан 48,9%-ға) артты. 15 жылдың ішінде азық-түлік өндірісі қазіргі қолданыстағы бағамен 4,7 млрд. теңгеден 16,3 млрд. теңгеге артты. Өнеркəсіпте жұмыспен қамтылғандар саны да, 17,4 мың адамнан 23,5 мың адамға, құрылыста 1998 жылғы 16,9 мың адамнан 2012 жылы 57,6 мың адамға артты. Жан басына шаққанда ЖӨӨ көлемі 1998 жылғы 186,8 мың теңгеден, 2012 жылы 3 573,0 мың теңгеге өсті. Астаналықтардың орташа жалақысы осы жылдар ішінде 11,5 есеге өсіп, 2012 жылы 148 287 теңгені құрады. Астананың оң экономикалық серпіні кəсіпкерлікті дамытуға зор мүмкіндіктер жасады, яғни 1999 жылы тіркелген заңды тұлғалардың саны 5 782 бірлікті құраса, 2012 жылдың аяғында 36 702 бірлікті құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінде шетелдік жəне бірлескен кəсіпорындар да аз емес. 2012 жылы Астананың негізгі капиталына құйылған инвестициялар көлемі 615,5 млрд. теңгеге жетті, бұл 1998 жылдың деңгейінен 8,4 есеге артық. Осы кезеңде ең үлкен көлемді жекеменшік нысандағы кəсіпорындар игерді. Егер 1998 жылы олардың үлесі 22,6%-ды құраған болса, 2012 жылы олардың үлесі 66,8%-ға дейін жетті. Қала экономикасына инвестиция тартуға жағдай жасайтын экономикалық ынтымақтастық формаларының бірі – бірлескен кəсіпорындардың шетел фирмаларымен қарым-қатынасы. Құрылысқа тікелей қаржы салумен қатар, Астананың тəжірибесінде түрлі технологияларды беру түріндегі инвестициялық шаралар жүзеге асырылды. Осындай инвестициялық грант есебінен балалар ауруханасына, перзентханаларға арнайы медициналық құрал-жабдықтар берілсе, Астана тұрғындары үшін жедел жəрдем қызметіне көмек ретінде мамандандырылған автокөлік берілді. Соңғы жылдары шетел инвесторлары Халықаралық əуежай, Ислам мəдени орталығы, дипломатиялық қалашық нысандары, «Хазірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық кітапхана, «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сияқты маңызды нысандарға едəуір капитал құйды. 15 жыл ішінде Астанада кəсіпорындар, ұйымдар жəне тұрғындар арқылы 2791,9 млрд. теңге көлеміндегі негізгі құралдар іске қосылды. Жалпы көлемі 11363,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал оның осы кезеңдегі өсу қарқыны 10,8 есе артты. Жыл сайын бірнеше жалпы білім беру мектептері іске қосылып, 29 мыңнан астам оқушы орындары пайдалануға

беріледі. Барлық білім беру сатыларында оқушылар саны 15 жылдың ішінде 2,4 есеге өскенін айтар болсақ, бұл маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылмақ. 1998 жылмен салыстырғанда, 2012 жылы бөлшек сауда көлемі 11,1 есеге өсті жəне 403 481,4 млн. теңгені құрады. Бұл жан басына шаққандағы тауар айналымының

15 жылдыќ даму дəйектемесі

едəуір өсуіне септігін тигізді. Егер 1998 жылы оның өсімі 40,4 мың теңгені құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 530,5 мың теңгені құраған. 15 жыл Астана астана болғалы шетел капиталының жəне кəсіпорындарының үлестік қатысушы немесе толық шетел инвесторына тиесілі кəсіпорындар саны артты. Егер 1998 жылы 82 бірлескен кəсіпорын болса, онда 2011 жылы олардың саны 1 247 кəсіпорынды құрады. Олардың өндіріс көлемі 1998 жылғы 718,3 млн. теңгеден 2011 жылы 23 989,1 млн. теңгеге өсті. 2011 жылы ішкі рынокта тауарлар жəне қызмет көрсету көлемі 1998 жылғы 10 153,9 млн. теңгеден 338 311,8 млн. теңгеге дейін ұлғайды. 2011 жылдан бастап, Статистика агенттігі Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда статистикасы туралы деректерді жинауды ұйымдастырады. 2012 жылдың алдын ала мəліметтері бойынша, Кеден одағы мемлекеттері арасындағы өзара сауда айналымы 1 964 927,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 32,0%-ға артық. Астананың экономикалық даму басымдықтарының бірі туризм болып табылады. Бурабай, Зеренді, Сарыоба, Қорғалжын сияқты табиғи інжу-маржандар туристік қызметті дамытуға зор мүмкіндіктер береді. Астананың заманауи озық келбеті мен инфрақұрылымы бар. Еліміздің жаңа астанасына деген қызығушылық туризм саласын

Ќала ішіндегі ќала Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында 6-7 шілде күндері «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «Шуақты қала» халықтық серуені өтеді. Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары бірегей «қала ішіндегі қалаға» бас сұғып, мерекелік жəрмеңке, ойын-сауық аттракциондары, мейрамханалар, заманауи өнер көрмелері, сондайақ, күндізгі жəне кешкі концерттік бағдарламаны тамашалай алады. Ашық аспан астындағы сахнада классикалық, джаз жəне эстрада жанрындағы танымал əртістер əн мен жырдан шашу шашпақ. Сонымен қатар, осы кеште үрмелі жəне халық аспаптар оркестрлері де өз өнерлерін жиналған жамағаттың назарына ұсынады. Мереке қонақтары дəстүрлі түрік музыкасы мен джаз жанрының керемет туындыларының куəсі болады. Танымал қазақ эстрадасы

сипаттайтын көптеген көрсеткіштермен айқындалады. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, Астана қаласында 270 туристік фирма жəне 135 қонақ үйлер жұмыс істейді. Ал, 2000 жылы қалада бар болғаны 48 туристік фирма жəне 18 қонақүй тіркелген болатын. 2012 жылы қаланың туристік фирмалары жəне қонақүйлері 637,4 мың туристке қызмет көрсетті. Бүгінде Астана басты көліктік күрежолдар – республикалық ауқымдағы автомобиль, темір жол жəне əуе жолдарын байланыстыратын ірі көлік торабы болып табылады. 2012 жылы автокөлік құралдарының жүк айналымы 6 120,4 млн. тонна шақырым болса, 1998 жылы бұл көрсеткіш небəрі

жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Эстрадалық марафон» кешкі бағдарламаның көрігін қыздырмақ. Сондай-ақ, саламатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындары: «Балалар төбе шіктері», «Шытырман», «Құзар шың», «Тайғанақ футбол», «Гладиаторлық шайқастар» жəне басқа да түрлі аттракциондардың қызығына батады. Бұл жерге өзге де жаңадан аттракциондар əкелінеді деп жоспарлануда. Олар: «Segway» – екі дөңгелекті өзі жылжитын самокат жəне «Up-Wing» – қарғуды күшейтетін аяққа арналған арнайы бекіткіш, ж.б. Гүлжаз ҚЫДЫҚБЕКОВА.

24,2 млн. тонна шақырымды құраған болатын. Астана қаласында тіркелген көлік құралдарымен 1998 жылы 0,7 млн. тонна жүк тасымалданса, 2012 жылы 122,6 млн. тонна жүк тасымалданды. Қаланың қоғамдық автокөлігімен, жеке кəсіпкерлерді қосқанда, 2012 жылы 1 750,1 млн. адам тасымалданса, 1998 жылы 39,7 млн. адам тасымалданған, яғни жолаушылар тасымалының айналымы 2012 жылы 13 962,9 млн. жолаушы шақырым болса, 1998 жылы 499,2 млн. жолаушы шақырымды құраған. Астананың əлеуметтік-экономикалық əлеуетінің өсуі Астана тұрғындары санының өсуіне ықпал етті. Соңғы он бес жыл ішінде қала халқы 300,5 мың адамнан 2013 жылдың басындағы мəлімет бойынша, 788,2 мың адамға көбейді. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Астана халқының тығыздығы, бір шаршы километрге 1096 адамды құрады. Соңғы деректер бойынша, елорда тұрғындарының орта жасы 30-ды құрайды. Астана халқы құрылымында жыныс жəне жас жағынан елеулі өзгерістер байқалды. Ерлердің үлесі 1,7 пайыздық тармаққа өсті (1998 жылғы 46,6 пайыздан 2012 жылғы 48,3 пайызға) жəне ол 2013 жылдың басында 375 697 адамды құрады. Əйелдер үлесі 53,4%-дан 51,7%-ға азайды. 15 жыл ішінде елорда халқының құрылымында жас жағынан елеулі өзгерістер болды, халықтың жалпы санында 0-15 жасындағы балалар үлесі

1998 жылғы 23,8%-дан 2013 жылдың басында 24,0%-ға ұлғайды. Тек бір ғана 2012 жылы елордада 19 500 сəби дүниеге келді. Астанадағы мұндай жас құрамы, негізінен көші-қон үрдістері салдарынан қалыптасып отыр. Еңбекке жарамды жастағы халық санының өсуі, қалаға жұмысқа тұру жəне білім алу мақсатымен келген көшіп-қонушылар есебінен қалыптасты. 2013 жылдың басында еңбекке жарамды жасқа əлі жетпеген тұрғындар саны 186 889 адамды (халықтың жалпы санының 24,0%-ы), еңбекке жарамды жастағы тұрғындар саны 540 851 адамды (халықтың жалпы санының 69,5%-ы), еңбекке жарамды жастан асып кеткен тұрғындар саны 50 458 адамды (халықтың жалпы санының 6,5%-ы) құрады. Астанада халықтың табиғи өсімі 2012 жылы 15 995 адамды құрады, бұл 1998 жылға қарағанда 12,2 есе көп. Астана халқы санының көбеюі білім беру мекемелерінің санын, оқытушылар жəне медициналық мамандарды тартуды талап етіп отыр. Астанада 2012 жылы 1998 жылмен салыстырғанда білім беру сатыларындағы оқушылар саны 2,4 есеге өсті. 2012 жылы қалада 125 мектепке дейінгі балалар мекемелері жұмыс істеген, бұл 1998 жыл деңгейінен 2,6 есе көп. 2012-2013 оқу жылының басында Астанада 90 мектеп жұмыс істеді, оның ішінде, 76-сы (84,5%) мемлекеттік болса, 12-сі (13,3 %) жекеменшік, 2-і (2,2%) өзге мемлекеттік немесе олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншіктері. 15 жыл ішінде мектеп саны 43 бірлікке, оқушылар саны 43,2 мың адамға артты. Күндізгі жалпы білім беретін мектептің 1,1%-ын бастауыш мектептер құрайды, 1,1%-ы – негізгі, 86,7%-ы – орта, 2,2%-ы – зияткерлік, 7,8%-ы – «мектеп-балабақша» кешені, ал, 1,1%-ы дамуда мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған мектеп. Елбасының тікелей тапсырмасымен қалада екі мектеп – «Тұңғыш Президенттің физикалық-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебі» жəне «Тұңғыш Президенттің химиялық-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектебі» ашылып, жұмыс істейді. Бұл мектептер дарынды балаларға арналған. Астана қаласының барлық мектептері интерактивті тақта жəне мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған. 1998-2012 жылдар аралығында Астанаға 612 910 адам келіп, 225 702 адам кетті. Көші-қонның оң айырмасы (412811 адам) негізінен ішкі көші-қонның салдарынан болды. Көші-қон өсіміндегі қазақтардың үлесі – 86,2%, орыстар – 8,1%, украиндықтар – 0,9%, өзбектер – 0,5%, татарлар – 0,8%, немістер – 0,7%, басқа ұлттардың өкілдері 2,8%-ды құрады. Астана сондай-ақ, республиканың басты мəдени орталығы болып табылады. Қала тұрғындарына 508 спорттық ғимарат (яғни, 3 спорт сарайы, 4 стадион, 12 спорттық кешен, 19 жүзу бассейні, 176 спорттық зал, 22 теннис корты, 16 хоккей алаңы жəне т.б.) қызмет көрсетеді. Астанада 47 тарихи жəне мəдени ескерткіш (35 қала құрылысы жəне сəулет өнерінің, 12 археология ескерткіштері) бар. Қалада 6 театр, 27 кітапхана (білім беру мекемесіндегі кітапханаларды есептемегенде), 8 музей, 1 цирк, 6 кинотеатр, 3 балалар музыкалық мектебі, 2 өнер жəне көркемдік мектеп жұмыс істеп тұр. Гүлжан ҚАТБАЕВА, Астана қаласы статистика департаментінің бастығы.

Энергетикалыќ инфраќўрылымды жаѕєырту жолында Соңғы жылдары Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту жəне дамыту мақсатында орасан зор жұмыстар іс жүзіне асырылды. Бас қаламызды электр энергиясымен кідіріссіз қамтамасыз ету мақсатында ескірген электр тарату желілерін жаңғырту жаңа тарату жүйелерін салу кешенді түрде жүргізілді. Осы ауқымды міндеттерді іс жүзіне асыру барысында «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобының құрамына кіретін «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамының үлесі қомақты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында осы акционерлік қоғам еліміздің кəсіпорындары арасындағы бəсекеде 3 номинация бойынша үздік деп танылды. Жалпымемлекеттік рейтинг қорытындысы бойынша, «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ «Активтер мен міндеттер көрсеткіші», «Табыс көрсеткіші» жəне «Тарату əлеуеті көрсеткіші» номинациялары бойынша жеңімпаз деп танылды. Бұл байқауды ресми мемлекеттік статистика деректері негізінде Ұлттық бизнес-рейтинг компаниясы өткізген болатын. Іргетасы қаланғанына 15 жыл толып отырған бас қаламыздың энергетикалық инфрақұрылымын қалыптастыруда жəне дамытуда «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ ауқымды жұмыстар атқарды. Осы жылдар ішінде акционерлік қоғам қызмет көрсететін субъектілер 17 065-тен 30 698 есепті бірлікке дейін көбейді. Электр желілері компаниялары үшін белгіленген мемлекеттік жəне инвестициялық бағдарламаларға сəйкес аталмыш акционерлік қоғам жаңа қосалқы электр стансаларын салу электр желілерін жаңғырту мақсатында кешенді жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Атап айтар болсақ, соңғы жылдары қаламызда 220 кВ электр тарту желілері бар қуаты 220/110/10 кВ «Батыс» қосалқы стансасы, 110 кВ электр тарату желілері бар қуаты 110 кВ «Жаңа Заречный», «Жаңа жол», «Жұлдыз», «Восточный промрайон», «Степная» жəне «Қараөткел» қосалқы стансаларының құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда компанияның мамандары бірнеше тірек қосалқы стансалары болатын 220 кВ электр тарату желілері сақинасының құрылысын жүргізуге басшылық жасауда. Бас қаламыздың сапалы да лайықты тұрмысы үшін электр тарату желілері инфрақұрылымының кідіріссіз жұмыс істеуі өте маңызды. Бүгінгі күнделікті тұрмысымызды электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Жарты сағат жарық жанбай қалатын болса, қала тұрмысының сəні кетеді. Міне, сондықтан еліміздің бас қаласының электр қуатымен тұрақты жəне сапалы қамтамасыз етілуі жолында «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамына жүктелер міндет үлкен, жауапкершілік зор. Осы жауапкершілік үдесінен шығу

жолында компания басшылығы мамандардың кəсіби шеберлігін арттырып, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға барынша күш салып келеді. Ұлттық бизнес-рейтинг орталығы өткізіп отырған байқау қорытындысында «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» АҚ-тың 3 номинация бойынша бірдей жеңімпаз болып танылуы да осы жемісті жұмыс жеңісі болса керек. Беделі төрткүл дүниеге жайылған Астана қаласы 2017 жылы тағы да жаһандық оқиғаның орталығына айналатындығы белгілі. Өткен жылы Астана ЭКСПО-2017 Бүкілəлемдік көрмесін өткізу

жөніндегі халықаралық байқауда жеңімпаз болып танылды. Қазір бас қаламызда осы абыройлы да жауапты шараға тыңғылықты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте «Астана өңірлік электр желілері компаниясы» акционерлік қоғамы алдында тұрған міндеттер де үлкен. Өйткені, «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіл əлемдік көрмесінің бас тақы рыбы «Болашақтың энергиясы» болып табылады. Ендеше, акционерлік қоғам энергетикалық жаңа қуат көздерін табу, энергия үнемдеу, балама энергетикалық қуат көздерін ашу мақсатындағы ізденісті жұмыс тарды барынша өрістететін болады.

Алтыннан алќа таќќандар 21 маусым күні Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов «Қазақ елі» монументінің алдында елордалық «Алтын белгі» иегерлерін марапаттады. Бұл шараға мектеп бітіруші түлектер жəне олардың ата-аналары, Астана қаласы білім басқармасының қызметкерлері қатысты. Қала əкімі түлектерді үлкен өмірге қадам басқандарымен құттықтап, оларға заман талабына сай білім алып, алдағы өмір жолдарының мазмұнды да баянды болуына тілектес екенін білдірді. Биылғы оқу жылында елорда мектептері 3637 түлегін ұшырып

отырса, соның 3073-і ҰБТ-ға қатысқан. 564 оқушы жалпы білім беретін пəндер бойынша емтихан тапсырды. Олардың ішінде 218 оқушы халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары жəне алыс-жақын шетелдерге оқуға түскісі келетіндер. Түлектердің ішінде 72 оқушы «Алтын белгі» үздік аттестатына лайық екендерін дəлелдеп шықты. ҰБТ-да жалпы балл саны 125 болса, елорда түлектері ішінде ең жоғары 123 балды №54 мектеп-лицейінің түлегі Лаура Жаханова алды. Таңшолпан ЕРАЛЫ, ЕҰУ студенті.

Бетті дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


4

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат): 1) мазмұнында 315 жəне 316-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу 316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу жəне оның мемлекеттік кадастры»; 2) 16-баптың 9) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсаттар беру тəртiбiн; озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тəртiбiн;»; 3) 17-бапта: 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) озонды бұзатын заттарды жəне құрамында солар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуді жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкетуді лицензиялауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 21-1) жəне 21-2) тармақшалармен толықтырылсын: «21-1) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді; 21-2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға қорытынды береді;»; 4) 114-баптың 37) тармақшасындағы «сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын: «38) озонды бұзатын заттардың нақты əкелінген, əкетілген жəне өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.»; 5) 288-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қалдықтарды пайдалану (кəдеге жарату, өңдеу) мақсаттарында оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады. Жеке тұлғалардың қалдықтарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) əкелуіне жəне əкетуіне тыйым салынады. Қалдықтарды көму жəне залалсыздандыру мақсатында əкелуге тыйым салынады.»; 6) 295-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды транзиттеу Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жəне оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.»; 7) 313-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Озонды бұзатын заттарды жəне құрамында солар бар өнімдерді транзиттеуді қоспағанда, оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. Жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) алып өтуіне тыйым салынады.»; 8) 314-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Озонды бұзатын заттарды жəне құрамында солар бар өнімдерді əкелу жəне əкету, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері болып табылады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Озонды бұзатын заттарды əкелуді жəне əкетуді, сондай-ақ озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуді, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуді, монтаждауды, оған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлер:»; 9) 315-бап мынадай редакцияда жазылсын: «315-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу 1. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тəртіппен есепке алынуға жатады. 2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алуға қызметтің мынадай түрлері: 1) озонды бұзатын заттарды өндіру; 2) озонды бұзатын заттарды əкелу жəне əкету; 3) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету жатады.»; 10) 316-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «316-бап. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу жəне оның мемлекеттік кадастры»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Озонды бұзатын заттарды əкелуді жəне əкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кəсіпкерлер озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын дайындау үшін: сатып алушы ұйымдардың атаулары мен орналасқан жерлерін жəне болжамды қолдану салаларын көрсете отырып, озонды бұзатын заттардың əкелінген, əкетілген жəне өткізілген санын есепке алуды жүргізеді; жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың

бірінші тоқсанынан кешiктiрмей, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша қолдану салалары бойынша озонды бұзатын заттардың нақты əкелінген, əкетілген жəне өткізілген саны туралы мəліметтер ұсынады.». 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 1314, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат): 1) 280-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының 14 жəне 15-жолдары 4-бағанындағы «1960» жəне «1200» деген цифрлар «3000» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) 534-баптың 1-тармағында: 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар бергені үшін;»; мынадай мазмұндағы 11-1) жəне 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытындылар бергені үшін; 11-2) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама бергенi үшін;»; 3) 540-баптың 5) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші, оныншы, он бірінші жəне он бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз; азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытынды бергені үшін - 200 пайыз;»; «азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 200 пайыз;»; «азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз; азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытынды бергені үшін - 50 пайыз;»; «азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 10 пайыз;»; 4) 547-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытындылар, сондай-ақ комиссиялық сатуға жолдама бергені үшін - тиiстi құжаттарды бергенге дейін;». 3. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 13-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін əкелуді, əкетуді лицензиялау»; мынадай мазмұндағы 80-1, 80-2 жə не 80-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «80-1-бап. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасына əкелуге рұқсат берілген тұлғалар 80-2-бап. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеке пайдалану үшін жəне өзге де коммерциялық емес мақсаттарда əкелу 80-3-бап. Уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уəкілетті органының өзара іс-қимыл жасауы»; 28-тараудың, 172, 173 жəне 174-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін əкелу, əкету 172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін əкелу, əкету үшін негіздер 173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін əкелу, əкету үшін негіздер 174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) жəне (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн əкелудiң, əкетудiң тəртiбi»; 2) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 161) жəне 95-2) тармақшалармен толықтырылсын: «16-1) гемопоэздік дің жасушалары – адамның сүйек кемігінің саралана алатын қабілеті бар жасушалары;»; «95-2) сүйек кемігі – сүйектің кеуекті затында жəне сүйек-кемік қуыстарында орналасқан орталық қан өндіру органы;»; 3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуді жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы

елдерге əкетуді лицензиялау;»; 4) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 29-4), 29-5) жəне 29-6) тармақшалармен толықтырылсын: «29-4) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуді жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкетуді лицензиялау; 29-5) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік əрекеті өнімдерінің, физиологиялық жəне патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тəртібін айқындау; 29-6) дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) гуманитарлық көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру;»; 5) 13 жəне 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін əкелуді, əкетуді лицензиялау Медициналық жəне фармацевтикалық қызмет Қазақстан Респуб ликасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен лицензиялануға жатады. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондайақ диагностикалық жəне ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік əрекеті өнімдерінің, физиологиялық жəне патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін қоспағанда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету уəкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.»; «80-бап. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы əкелу тəртiбi 1. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелу Кеден одағының жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тəртiппен жүзеге асырылады. 2. Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дəрілік субстанцияларды, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында, осы Кодекстің 80-2-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге рұқсат етілмейді. 3. Егер Қазақстан Республикасында тіркелмеген дəрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника: 1) клиникалық зерттеулер жүргізуге; 2) дəрілік заттарды сараптауға; 3) дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға; 4) нақты пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін жəне (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге; 5) оларды кейіннен сату құқығынсыз көрмелер өткiзуге; 6) төтенше жағдайларды болғызбауға жəне (немесе) олардың салдарларын жоюға; 7) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тiркелген баламасы жоқ бірегей медициналық техникамен, сондай-ақ бірегей медициналық техниканы жинақтауға жататын жəне соған арналған медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруға; 8) инновациялық медициналық технологияларды енгізуге арналған болса, оларды уəкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жол беріледі. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге тыйым салынады. Гуманитарлық көмекке (жəрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған дəрiлiк заттар, медициналық мақсат тағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде тіркелмегендері) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен берілетін қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына əкелінеді. 5. Қазақстан Республикасының аумағына əкелiнген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкес келмейтiн дəрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тəркiленуге жəне жойылуға жатады.»; 6) мынадай мазмұндағы 80-1, 80-2 жəне 80-3-баптармен толықтырылсын: «80-1-бап. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасына əкелуге рұқсат берілген тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртiппен Қазақстан Республикасының аумағына дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы əкелудi: 1) дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге арналған лицензиясы бар өндiрушi ұйымдар; 2) қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша, дəрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзуге арналған лицензиясы бар не медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке жəне заңды тұлғалар; 3) осы Кодекске сəйкес дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы əзiрлеу жəне мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар; 4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама, клиникалық зерттеулер жəне (немесе) сынақтар

жүргiзу үшiн жəне Қазақстан Республикасында дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу үшiн дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шетелдiк өндiрушi ұйымдар, олардың уəкiлеттi өкiлдiктерi (филиалдары) немесе олардың сенiм бiлдiрiлген жеке жəне заңды тұлғалары; 5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыруы мүмкін. 80-2-бап. Дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеке пайдалану үшін жəне өзге де коммерциялық емес мақсаттарда əкелу 1. Егер дəрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника: 1) жеке тұлғалардың, дипломатиялық корпус қызметкерлерінің немесе халықаралық ұйымдар өкілдерінің жеке пайдалануына; 2) Кеден одағының кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге; 3) халықаралық мəдени, спорттық іс-шараларға қатысушылар мен халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған болса, олар уəкілетті органның рұқсатынсыз əкелінеді. 2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дəрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жол беріледі. 80-3-бап. Уəкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уəкілетті органының өзара іс-қимыл жасауы 1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 жəне 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кеден дiк шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiліп, əкелiнетін дəрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың əрқайсысының мемлекеттiк тiркелуi туралы уəкiлеттi орган растаған мəлiметтер ұсынылуға тиiс. 2. Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы уəкiлеттi органы дəрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспатұс келетiн Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан əкету туралы мəлiметтердi уəкiлеттi органға ұсынады.»; 7) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін əкелу, əкету»; 8) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын: «172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін əкелу, əкету үшін негіздер 1. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына əкелу: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған; 2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған; 3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде жүзеге асырылады. 2. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) жəне (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағынан əкету: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегі жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде; 4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде; 5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады. 3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында жəне 2-тармағының 1), 2) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкетуге арналған лицензияны уəкiлеттi орган медициналық қызметке арналған лицензияға сəйкес «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi. 4. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі өткізілетін жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету уəкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады. 5. Адамның ағзаларын жəне (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың əкелуіне жəне əкетуіне жол берілмейді. 6. Адамның əкелуге жəне əкетуге арналған тiндерін жəне (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау жəне тасымалдау тəртiбiн уəкiлеттi орган айқындайды.»; 9) 173-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін əкелу, əкету үшін негіздер»; 2 жəне 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін əкету: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде; 3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде; 4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;

5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін (келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде жүзеге асырылады.»; «4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында жəне 2-тармағының 1), 2) жəне 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкетуге арналған лицензияны уəкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға сəйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.»; мынадай мазмұндағы 5 жəне 6-тармақтармен толықтырылсын: «5. Диагностикалық жəне ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік əрекеті өнімдерінің, физиологиялық жəне патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкету уəкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады. 6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың əкелуіне жəне əкетуіне жол берілмейді.»; 10) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын: «174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) жəне (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн əкелудiң, əкетудiң тəртiбi 1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында жəне 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) жəне (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелуі жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкетуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттарда жəне «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады. 2. Уəкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін əкелуге, əкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның ағзаларын əкелуге, əкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.». 4. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат): 1) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен: мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға; заңды тұлғаларға азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар; мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге; заңды тұлғаларға: азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сəйкестігіне; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге жəне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар; мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға; заңды тұлғаларға: жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға; азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға; атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға жəне олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді;»; 2) 11-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы алып тасталсын. 5. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар жəне олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат): 1) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негізінде жүзеге асырылады. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттерге əкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Əкелуге немесе əкетуге берілген лицензияны есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке арналған лицензиясының болуына қарамастан, басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.»; 2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дəрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына əкелуді жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уəкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уəкiлеттi орган белгiлейді.». 6. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат): 1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондары ретінде: 1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін жəне қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар жəне бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының; 2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының; 3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының; 4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйесіндегі» қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, қол шоқпарлардың, кастеттердің, сурикендердің, бумерангтердің жəне қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттардың; 6) ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам болғанда, батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не өздігінен шығарылатын жəне солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын жəне өздігінен бекітілетін суық сұқпа қару мен пышақтардың; 7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың; 8) зақымдағыш күші радиоактивті сəулені жəне биологиялық əсерді пайдалануға негізделген қарудың жəне өзге де заттардың; 9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондайақ денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 жəне одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға əкеп соғатын газды қарудың; 10) криминалистiк талаптарға сəйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының; 11) азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сəйкес келмейтін қару мен оның патрондарының; 12) зақымдағыш əсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сəулелерді пайдалануға негізделген қарудың жəне өзге де заттардың; 13) шығыс параметрлері мемлекеттік стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзінөзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының жəне ұшқынды разрядтауыштардың; 14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады.»; 2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондайақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес мемлекеттік баж алынады.»; 3) 20-баптың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауiпсiздiк талаптарын, қаруды беру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау жəне қолдану қағидаларын бұзғанда;»; 4) 25-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу жəне Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге əкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілеттік берген орган беретін лицензия, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уəкiлеттi органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уəкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 3. Азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына əкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан əкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.»; (Соңы 5-бетте).


(Соңы. Басы 4-бетте). 5) 26-баптың 4, 5 жəне 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Шетелдіктер аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде жəне қару айналымына бақылау жасау саласындағы уəкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкеле алады. Əкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан əкетілуге тиiс. 5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер жəне əскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.»; «8. Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес мемлекеттiк баж алынады.»; 6) 27-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау жəне жою»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау жəне жою тəртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»; 7) 29-баптың 1-тармағында: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) азаматтық жəне қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар береді;». 7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат): 1) 2-бап мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын: «78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу жəне басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.»; 2) 8-бапта: 1-тармақта: 12) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 19-7) тармақшамен толықтырылсын: «19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге қорытындылар беру;»;

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) пайдалануға рұқсат болмаған жəне (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сəйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;»; 3) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) радиоəуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;»; 4) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Радиожиілік спектрін жəне байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады. Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады жəне ол радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға жəне жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелікке беру (тағайындау) рəсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық жəне техникалық шаралар кешенін білдіреді. Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады. Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.»; 5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: «17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды əкелу тəртібі 1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына əкелу Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уəкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады. 2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге əкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар: 1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге; 3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге; 4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу жəне эксперименттік жұмыстарды жүргізуге; 5) сəйкестікті растау (сертификаттау немесе сəйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уəкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына əкелінеді.». 8. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15,

97-құжат): 1) 8-баптың 24-12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «24-12) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге əкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;»; 2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын: «15-1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;»; 51-36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «51-36) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге жəне Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге əкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын əзірлейді;». 9. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 1314, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат): 1) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар;»; 2) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Лицензияны жəне (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін, атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы жəне қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегі лицензиарларды, экспорттық бақылауға жататын өнімдер импорты мен экспортының лицензиарларын қоспағанда, лицензияны жəне (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.». 10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат): 1) 1-баптың 16-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын; 2) 9-баптың 11) тармақшасындағы «16-тармағының 3) жəне 6) тармақшаларын» деген сөздер «16-тармағының 3) тармақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 6-тармағының 2) тармақшасын жəне 5) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 маусым № 107-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2012 жылғы 14 мамырда Минскіде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификациялансын.

2012 жылғы 23 сəуірде Санкт-Петербургте жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 маусым № 108-V ҚРЗ

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 маусым № 109-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1 жəне 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 жəне 3-қосымшаларға сəйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 5 132 695 739 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 3 504 856 329 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 75 741 504 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 700 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 544 397 906 мың теңге; 2) шығындар – 5 888 519 110 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 41 581 562 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 122 875 156 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 81 293 594 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 73 167 974 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 87 605 474 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 14 437 500 мың теңге; 5) тапшылық – -870 572 907 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,5 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 870 572 907 мың теңге. 2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында жəне əскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»; 2) 7-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы

5

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

мынадай редакцияда жазылсын: «1) мыналар: көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді – 55 913 мың теңге; халықтың көші-қоны саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді – 6 650 мың теңге;»; 3) мынадай мазмұндағы 7-1 жəне 8-1-баптармен толықтырылсын: «7-1-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сəйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 1 699 844 мың теңге сомасында трансферттердiң түсiмдері көзделсін.»; «8-1-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көлік инфрақұрылымын дамытуға 25 500 000 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделсін.»; 4) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 11-1), 27-1), 27-2) жəне 28-1) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) жəне биопрепараттардың құнын арзандатуға; 10-2) агроөнеркəсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға;»; «11-1) жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұлғайтуға;»; «27-1) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға; 27-2) бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;»; «28-1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн күтіп-ұстауға;»; 5) 14-бапта:

1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің кредиттік жəне лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;»; 6) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын; 7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: «17-бап. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу жəне (немесе) оны пайдалану тəртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.»; 8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 53 291 686 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»; 9) 22-бап алып тасталсын; 10) 23 жəне 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «23-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға жəне сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тəртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 800 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 638 230 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»; «29-бап. 2013 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 4 770 600 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»; 11) көрсетілген Заңға 1 жəне 4-қосымшалар осы Заңға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 маусым 110-V ҚРЗ

2012 жылєы республикалыќ бюджеттіѕ атќарылуы туралы ЕСЕП КОМИТЕТІНІЅ ЕСЕБІ

(Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ тиісті есебіне ќорытынды) КІРІСПЕ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан əрі – Есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 138-бабына сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бұдан əрі – Есеп) дайындады. Аталған Есеп Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының материалдары, қаржылық бұзушылықтар жөніндегі талдамалық зерттеулер, статистикалық деректер, орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың ақпараттары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан əрі – Үкімет) 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі негізінде жасалды. Талдау мен тиімділікті бағалау негізінде республикалық бюджеттің атқарылуын жетілдіру жəне мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде тұжырымдар мен ұсыныстар берілген. 2012 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің атқарылуын бағалау 2012 жылы республикалық бюджет экономикалық өсім жалғасып, экспортталатын энергетикалық ресурстарға деген баға өсіп, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі төмендеген тұста атқарылды. Үкімет макроэкономикалық көрсеткіштерді 2012 жылғы наурызда жəне қарашада нақтылады. Болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерді бірнеше мəрте нақтылау 2012 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін жоспарлау сапасына əсерін тигізді. Нəтижесінде, республикалық бюджетті бірінші (наурыз) нақтылау кезінде кірістер – 486,0 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 507,2 млрд. теңгеге ұлғайған болатын. 2012 жылғы қарашада кірістер нақтыланған мəннен – 382,6 млрд. теңгеге, ал шығыстар – 183,7 млрд. теңгеге азайтылды. Бюджеттің кірістері мен шығыстары параметрлерінің ауытқуы оның тапшылығының көлеміне əсер етті. Оның бастапқыда 758,5 млрд. теңгеге бекітілген мөлшері екі мəрте нақтыланғаннан кейін тапшылық 983,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нақты сектор шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға ұлғайды, бұл ретте олардың едəуір бөлігі мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды іске асыруға бағытталды. Алайда, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан əрі – ҮИИДМБ) іске асыру кезінен бастап жалпы ішкі өнім (бұдан əрі – ЖІӨ) құрылымындағы өндіруші өнеркəсіптің үлесі айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. ЖІӨ өсімі мұнай мен газды жəне өзге де шикізатты өндіру жəне экспорттау, сондай-ақ қызмет көрсету өндірісі қамтамасыз етіп отырған валюталық-шикізаттық рентаның ұлғаюына тəуелді болып отыр. ЖІӨ көлемінде шикізаттық құраушы бөліктердің басым болуы шоғырландырылған бюджеттің түсімдерінде шикізаттық кірістердің елеулі үлесімен расталуда, ол 2012 жылы 52,8%-ды құрады. Еліміздің сыртқы сауда айналымы 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға ұлғайды. Бұған көп жағдайда импорттың ілгері өсімі есебінен қол жеткізілді, 2011 жылмен салыстырғанда импорт 6,5 млрд. теңгеге (14,6%) өссе, ал экспорт тек 4,2 млрд. теңгеге (4,4%) ұлғайған. Республикада ЖІӨ-ні қалыптастырудағы шағын жəне орта бизнестің (бұдан əрі – ШОБ) үлесі 2012 жылы 17,8%-ды құрады. Инфляцияның жылдық мəні 2012 жылы 6% деңгейінде қалыптасып, 2011 жылғы 7,4%-дық көрсеткіштен 1,4%-ға төмендеген. Есепті кезеңде халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің өскені байқалды. Халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны 6,8%-ды құраса (2011 жылы – 7,4%), нақты орташа жалақы көлемі 6,9%-ды (2011 жылы – 7,2%) құрады. Білім беру саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік қаражаттың үлесі 2012 жылы ЖІӨнің – 4%-ын, денсаулық сақтау саласында 737 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-нің 2,4%-ын құрады. Есепті жылы республикада жұмыспен қамтылғандар саны 2,5%-ға өсті, аталмыш өсім тау-кен өндірісі өнеркəсібі (8,9%), құрылыс (6,2%), білім жəне денсаулық сақтау (3,5%) сияқты салалар есебінен қамтамасыз етілді. 2012 жылғы 1 желтоқсанға банк активтері 13,7 трлн. теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда 7,0%-ға өскен. Жалпы сыртқы борыш (бұдан əрі – ЖСБ) көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 11,8 млрд.АҚШ долларына немесе 9,4%-ға ұлғайып, 137 млрд.АҚШ долларын құрады. 2011 жылы ЖІӨ-ге шаққанда ЖСБ-ның үлесі – 66,6% болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 68,3%-ды құрады. Мемлекеттік борыштың көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 448,7 млрд. теңгеге немесе 13,3%-ға өсті. Ұлттық қор активтерінің жəне жалпы халықаралық резервтің сомасы 2012 жылы 86 млрд.АҚШ долларын құрады. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баптарының атқарылуын бағалау 2012 жылы Үкімет «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының (бұдан əрі – Заң) 28 бабының екі бабын (23, 25) орындамаған, түрлі себептерге байланысты 7 бабын (1, 16, 17, 18, 19, 21, 24) толығымен орындамаған, 12 бапты (2, 3, 6, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 15, 22, 26) толық көлемінде іске асырған, 7 бап (4, 5, 9, 11, 20, 25-1, 27) нормативтік сипатқа ие. Үкімет республикалық бюджетті іске асыру мақсатында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысын (бұдан əрі – Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысы) қабылдады. Заңға өзгерістер үш мəрте енгізілді, Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына 15 рет өзгеріс енгізілген. Бұл ретте, 2012 жылға арналған бюджеттің нақтыланған параметрлерінің 2012-2014 жылдарға арналған бастапқы бюджеттен елеулі айырмашылығы бар. Бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге болды, бұл – жоспарланғаннан 76,6 млрд. теңгеге кем, оның ЖІӨ-дегі үлесі 3,0%-ды құрады немесе Заңда белгіленген көрсеткіштен 3,1%-ға төмен болды. Заңмен бекітілген жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет параметрлерін нақтылау кезінде Үкімет тек ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің параметрлеріне өзгерістер енгізуде, ал жоспарлы кезеңнің екінші жəне үшінші жылдарына арналған республикалық бюджеттің параметрлері өзгеріссіз күйінде қалуда. Резервтерді қоса есептегенде, 2012 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының

16%-дан астамы Үкіметтің шешімі бойынша өңірлер мен əкімшілер арасында бөлініп отырған. Сөйтіп, «Республикалық бюджет туралы» Заң тікелей қолданылатын заңға айналмай отыр, бұл есепті қаржы жылы республикалық бюджет параметрлерін бірнеше мəрте қайта қарауға, бюджет қаражатын өңірлер бөлінісінде негізсіз бөлуге əкелуде. Бұның барлығы бюджет қаражатының игерілмеуіне, қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуына, өңірлерде мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жəне инвестициялық жобалардың іске асырылуына бөлінген нысаналы трансферттердің негізсіз жəне тиімсіз пайдаланылуына əкеп соқтыруда. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖƏНЕ БАҒАЛАУ Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау жəне бағалау 2012 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 6 068,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 736,9 млрд. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджеттегі кірістердің үлесі түсімдердің жалпы көлемінде – 78,5%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 2,1%-ды, қарыздар түсімдерінің үлесі 19,4%-ды құрады. 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің кірісі 4 729,9 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 4 763,4 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалды. Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2 975,6 млрд. теңгені немесе 62,4%-ды, салықтық емес түсімдер – 249,9 млрд. теңгені немесе 5,2%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 17,3 млрд. теңгені немесе 0,4%-ды, трансферт түсімдері – 1 520,7 млрд. теңгені немесе 31,9%-ды құрады. Бұрынғы жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 25,6 млрд. теңгеге немесе 0,9%-ға төмендеген, бұл ретте салықтық емес түсімдер – 141 млрд. теңгеге немесе 2,3 есе, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1,2 млрд. теңгеге немесе 7,5%-ға, трансферт түсімдері – 195,3 млрд. теңгеге немесе 14,7%-ға өскен. Тауарлардың импортына акциздердің төрт түрі, арнайы жəне қорғау баждарының үш түрі бойынша түсімдер жоспары іске асырылмаған. 2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түскен түсімдер 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген. 2009-2011 жылдар кезеңінде бюджетке корпоративтік табыс салығын (бұдан əрі – КТС) төлеген салық төлеушілердің саны 53,4 мыңнан 64,6 мыңға дейін өсті. Сонымен бірге, салық базасының өсуіне қарамастан, КТС бойынша түсімдер жоспары 5 жыл бойы орындалмай келеді: 2012 жылы 40 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға, (КТС-тың төрт түрінің үшеуі бойынша жоспар орындалмаған); 2011 жылы – 99,0%-ға, 2010 жылы – 98,7%-ға, 2009 жылы – 97,6%-ға, 2008 жылы – 97,5%-ға орындалмаған. 2012 жылы бюджеттен 451,0 млрд. теңге мөлшерінде қосылған құн салығының (бұдан əрі – ҚҚС) асып кеткен сомасы қайтарылған, бұл өткен жылғы қайтарылған сомадан 144,7 млрд. теңгеге көп. Мониторингіде тұрған 37 салық төлеушіге ҚҚС-тың асып кеткен сомасы оңайлатылған тəртіппен (салық тексерулері жүргізілместен) қайтарылды, 2009 жылдан бері қайтарылған сома 59,0-ден 196,9 млрд. теңгеге дейін өсті. 2013 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушілердің жеке шоттарындағы есептелген салық сомасынан есепке жатқызылған ҚҚС сомасының асып кетуі есебінен қалыптасқан артық төлемдер – 1 113,4 млрд. теңгені немесе 2012 жылғы республикалық бюджетке салық түсімдерінің 37,4%-ын құрады. 2010 жылдан бері ҚҚС бойынша салық есебінде тұрған салық төлеушілердің саны 2012 жылы 81,2 мыңнан 92,6 мыңға дейін өскен, алайда, есептелген салықты бюджетке ақша қаражатымен төлеген салық төлеушілердің саны 63,2 мыңнан 59,4 мыңға дейін азайған Табиғи жəне басқа да ресурстарды пайдаланудан түскен түсімдер 2012 жылы 227,0 млрд. теңгені немесе 106,1%-ды құрады. 2012 жылы республикалық бюджетке 1 146,9 млрд. теңге немесе жоспарға 101,4% кедендік төлемдер мен салықтар (бұдан əрі – КТмС) түскен, өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 5,1 млрд. теңгеге өсті. Республикалық бюджеттің салық түсімдеріндегі КТмС-тың үлесі 38,5%-ды құрады. Республикалық бюджеттің салық түсімдеріндегі Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын тауарларға, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге байланысты салықтар мен төлемдер 2011 жылы – 61,2%-ды, 2012 жылы – 56,9%-ды; тауарлардың (қызметтердің) импортына байланысты түсімдер 2011 жылы – 33,6%-ды, 2012 жылы 37,6%-ды құрады. Сонымен, 2012 жылы бұрынғы жылмен салыстырғанда тауарлар импортынан түсетін салықтардың үлесі 4%-ға өсіп, ішкі өндіріске байланысты салықтардың үлесі 4,3%-ға төмендеген. Республикалық бюджетке түскен салықтық емес түсімдер 249,9 млрд. теңгені немесе жоспардың 103,6%-ын құрады. Салықтық жəне кедендік əкімшілік етудің тиімділігін бағалау Республикада салықтардың жəне республикалық бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толықтығы мен уақытылылығына əсер ететін бірқатар проблемалар сақталып отыр. Тəуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан əрі – ТБЖ) қолданылуын ескере отырып, жоспарлы тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді іріктеу тəуекелі жоғары салаларға баса назар аударудың жəне қолда бар ресурстардың неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етудің мақсаттарына сай келмейді. Тəуекелдің жоғары тобына жатқызылған 1,5 мың тексерілген салық төлеушінің ішінен, 481 тексеру немесе 31,7%-ы болмашы қосымша есептеулермен аяқталған, сонымен қатар, жекелеген салық төлеушілер бойынша есептелген салықтар азайтылған. 2012 жылы 175 заңды тұлға сот шешімімен жалған кəсіпорын деп танылған. Олар бойынша салық органдары жалған кəсіпорындар берген шотфактура бойынша жасалған мəмілелерді шығыстарға жатқызу есебінен өздерінің салық міндеттемелерін азайтып көрсеткен 2 887 контрагентті анықтады. Нəтижесінде, бюджетке қосымша түспеген салықтардың сомасы 63,0 млрд. теңге, соның ішінде КТС – 29,8 млрд. теңге, ҚҚС – 33,1 млрд. теңге болды. Оның ішінде олардың банкрот болуына (89), таратылуына (120), талап қою мерзімінің өтуіне (1,1 мыңы), бұрын жалған кəсіпорын деп танылуына (79) байланысты 1 421 контрагент бойынша 20,0 млрд. теңге бюджет шығындары қайтарымсыз болып отыр. Мониторингіде тұрған ірі салық төлеушілерге ҚҚС-тың асып кеткен сомаларын қайтару оңайлатылған тəртіппен жүргізіледі. Бұл ретте кейін қайтарудың негізділігіне жүргізілетін тексерулер кезінде ТБЖ қолданылмайды, бұл өз кезегінде бюджеттік шығындарға əкеліп соқтырады. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыруға қатысты қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ тиімсіз салықтық əкімшілік ету қайта ұйымдастыру жолымен салық міндеттемелерін орындаудан жалтару схемасын қолдануға жағдай

жасап отыр. Мəселен, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін əділет органдарының қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың құрылуын жəне қызметінің тоқтатылуын тіркеу рəсімдерін жүзеге асыру кезінде салықтық міндеттемелерінің орындалуын тексеру көзделмеген. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру схемасын қолдану кезінде 6 жағдайда республикалық бюджеттің шығындары – 10,5 млрд. теңгені, оның ішінде сапасыз əкімшілік ету салдарынан шеккен шығындар 3,3 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2013 жылғы 1 қаңтарға 2,8 мың заңды тұлға бірігу жəне қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған. 2012 жылы Салық кодексінің 16-бабына сəйкес КТС жəне ҚҚС бойынша салық жеңілдіктері 10,2 мың шаруашылық жүргізуші субъектіге берілген, республикалық бюджетке түспеген салықтардың жалпы сомасы 936,3 млрд. теңгені құрады. Үкіметпен арадағы жасалған халықаралық келісімдер мен келісімшарттар бойынша жеңілдіктер 2011 жылмен салыстырғанда 42 млрд. теңгеге немесе 2 есе ұлғайып 94,2 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 23,5%-ын құрады. Қазіргі уақытта кеден баждары Еуропа Одағы (бұдан əрі – ЕО) елдеріне экспортталатын қара металл сынықтарына қатысты қолданылмайды. Бұл ретте кеден заңнамасы аталған тарифтік преференциялардың Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерге берілуінің заңдылығына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Грекия мен Кипрға экспортталатын аталған тауарлардың теңіз маршруты ЕО-ға мүше болып табылмайтын Түркияның аумағы арқылы өтетінін ескере отырып, жалған экспорт схемасын пайдалану арқылы кедендік əкету баждарын төлеуден жалтару тəуекелінің бар екендігін атап өткен жөн. Мəселен, 2009-2012 жылдары Грекия мен Кипрға қара металл сынықтарының экспорты – 486,2 мың тоннаны, кедендік əкету баждарын төлеу бойынша берілген жеңілдіктердің сомасы 1,9 млрд. теңгені құрады. Есеп комитетінің бағалауынша, салықтық, кедендік жеңілдіктер мен преференциялар берудің тетігі отандық тауар өндірушілерді қолдауға нашар бағытталған. Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау 2012 жылы республикалық бюджеттің шығыстар бойынша нақтыланған болжамы бастапқы жоспарланған көлемнен 323,6 млрд. теңгеге немесе 5,6%-ға артып, 6 111,7 млрд. теңгені құрады. Есепті қаржы жылындағы іс жүзіндегі шығыстар 2011 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға ұлғайып, 6 069,9 млрд. теңге көлемінде атқарылған. 2012 жылғы республикалық бюджеттің шығындар бойынша кассалық атқарылуы – 5 259,4 млрд. теңгені немесе нақтыланған бюджетке 99,2%-ды; толық көлемінде орындалған бюджеттік кредиттер бойынша 174,5 млрд. теңгені құрады. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстар 361,7 млрд. теңгені немесе жылдық көрсеткіштің 100,0%-ын құрады. Бұл ретте ЖІӨдегі шығыстардың үлесі 2011 жылғы 19,8%-дан 2012 жылы 20,2%-ға дейін ұлғайған. Республикалық бюджет шығындарының атқарылуын бағалау 2012 жылы шығындар көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 14,2%-ға өсіп, 5 259,4 млрд. теңгені құрады, ал 2010 жылмен салыстырғанда 36,2%-ға ұлғайған. Республикалық бюджеттің бірнеше мəрте нақтыланып түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 41,6 млрд. теңге игерілмеген. Игерілмеген қаржының негізгі бөлігі мыналардың үлесінде: Қаржы министрлігі – 23,8 млрд. теңге (57,2%), Қоршаған ортаны қорғау министрлігі – 1,1 млрд. теңге (12,5%), Төтенше жағдайлар министрлігі – 5,1 млрд. теңге (6,3%), Ішкі істер министрлігі – 2,6 млрд. теңге (5,8%), Ауыл шаруашылығы министрлігі – 2,4 млрд. теңге (2,6%). Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар əкімшілері объектілерді салуға жəне реконструкциялауға – 8,6 млрд. теңге, техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан əрі – ТЭН) əзірлеуге жəне сараптама жасауға – 55,5 млн.теңге, ақпараттық жүйелер мен электрондық үкіметті құруға жəне дамытуға – 149,9 млн.теңге көлемінде бөлінген даму бюджеті қаражатын игермеген. Сонымен, республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде жол берілген қаржылық бұзушылықтармен қатар, кейбір бюджеттік бағдарлама əкімшілерінің жекелеген шығындарды негізсіз жоспарлау фактілері, сондай-ақ мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде олардың қызметінің тиімділігінің төмен екендігі анық байқалады. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын жəне өтелуін бағалау Жалпы алғанда, соңғы үш жылда бюджеттік кредиттердің көлемі 1,3 есе ұлғайғанымен, шығыстардың мөлшерімен салыстырғанда олар шамалы ғана өскен. 2012 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік кредит берудің көлемі бастапқы бекітілген сомадан 5,4 млрд. теңгеге азайып, 174,5 млрд. теңгені құрады. Оның мөлшері 2011 жылмен салыстырғанда 9,4 млрд. теңгеге немесе 5,2%-ға азайған. Есепті кезеңде бюджеттік кредиттер əлеуметтік қамсыздандыруға жəне əлеуметтік көмекке, ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін жəне тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, агроөнеркəсіп кешені субъектілерін қолдауға бөлінді. Ауылда кəсіпкерлікті дамытуға жəрдемдесу үшін Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде бюджеттік кредит беруге 12,4 млрд. теңге бөлінгеніне қарамастан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті атқарушы органдар микрокредиттерді түпкілікті қарыз алушыларға дейін жеткізбеген. Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде микрокредиттерді берудің рəсімдері сақталмаған, заем қаражатының мақсатына сай пайдаланбауына жол берілген. Осының салдарынан, жоспарланған тікелей нəтижеге жартылай қол жеткізілген, 3,0 мың қарыз алушының 1,4 мыңы ғана кредит алған. Агроөнеркəсіп кешені субъектілерін (бұдан əрі – АӨК) қолдау үшін жылдық 0,01% ставкамен 80,0 млрд. теңге бөлінген. Сонымен бірге, 2012 жылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге (бұдан əрі – АШТӨ) кредит беруге бөлінген 24,9 млрд. теңге бюджет қаражаты «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның 2011 жылы айналым қаражатын толықтыру үшін ЕДБ-дан алған қарыздарды өтеуге жіберілген. Бұл ретте қарыз алушы АШТӨ-лер тарапынан бюджеттік кредиттерді қайтарудың уақтылылығы мен толықтығы проблемалары кездеседі, кейіннен олардың өтеу мерзімдері 2013 жылға ұзартылған. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қуаңшылықтан зардап шеккен АШТӨ-лердің 11,0 млрд. теңге сомасындағы міндеттемелерін өзінің меншікті қаражаты есебінен ұзартып, оларды өтеудің мерзімін 2013 жылға белгілеген. Бұл ретте АШТӨ-лер тек 3,2 млрд. теңге қайтарған. (Соңы 6-бетте).


6 (Соңы. Басы 5-бетте).

Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген 17,1 млрд. теңге бюджеттік кредит қаражатының 9,0 млрд. теңгесіне немесе 53%-ына ғана азық-түлік тауарларын сатып алу жүзеге асырылған. Үкімет республикалық бюджетті нақтылау кезінде Есеп комитетінің ұсынымы бойынша азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға көзделген қаражатты талап етілмеген ретінде 3,1 млрд. теңгеге қысқартты. Жалпы алғанда, бюджеттік кредиттің атқарылуын бағалау оны пайдалануға байланысты бұзу шылықтар сомасының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бюджеттік кредиттердің тиімді жəне уақытылы пайдаланылуын мониторингілеу мен бақылаудың төмен деңгейіне байланысты оларға əкімшілік етуге, сондай-ақ қабылданған міндет темелердің толығымен орындамалмауына қатысты бірқатар жүйелі проблемалардың Үкімет тарапынан шешілмей отырғанын айта кету керек. Нəтижесінде, кредит қаражаты тиімсіз пайдаланылуда, белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеуде, оларды өтеу мерзімдері жүйелі бұзылып отырады. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығыстарды жəне мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдерді бағалау Қаржы активтерін сатып алуға арналған республикалық бюджет шығыстары 2011 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға өсіп, 361,7 млрд. теңгені құрады. Үкіметтің есебіне сай, он бір акционерлік қоғамның жəне бір республикалық мемлекеттік кəсіпорынның жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген 60,4 млрд. теңгені бюджеттік бағдарлама əкімшілері толық көлемінде игерген. Алайда, аталған субъектілердің қазынашылық органдарындағы қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдығы 21,8 млрд. теңгені немесе жарғылық капиталдарды ұлғайтуға бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 36%-ын құрады. Бюджет тапшылығын жəне оны қаржыландыру көздерін бағалау 2012 жылғы республикалық бюджет тапшылығы 758,5 млрд. теңге мөлшерінде бекітілген. Қараша айындағы нақтылау кезінде бюджет тапшылығы 224,6 млрд. теңгеге ұлғайып, 983,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен, 2012 жылғы бюджет тапшылығы бұрынғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе өскен. Есепті жылдың соңында бюджет тапшылығы 906,5 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл – бастапқы бекітілген болжамнан 147,9 млрд. теңгеге көп жəне нақтыланған мөлшерден 76,6 млрд. теңгеге кем. Соңғы жылдардағы республикалық бюджет тапшылығын талдау нақтылау мен түзетулерге қарамастан, оның іс жүзіндегі көлемінің жоспарланған мөлшерден айтарлықтай ауытқу үрдісінің сақталып отырғанын көрсетеді. Ішкі резервтерді, сондай-ақ республикалық бюджеттің кіріс базасын жеткілікті дəрежеде бағаламау түптеп келгенде айтарлықтай алшақтыққа əкеп соқтырады. Жыл қорытындысы бойынша тартылған сыртқы қарыздардың жалпы сомасы 111,4 млрд. теңгені немесе олардың нақтыланған көлемінің 96,8%-ын жəне бекітілген мөлшерінің 66,5%-ын құрады. Үкіметтік борыш 3 626,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың көрсеткішіне қарағанда – 33,3%-ға, 2010 жылмен салыстырғанда 56,7%ға жоғары. Бұл ретте Үкіметтің сыртқы борышы 729 млрд. теңгені құрады. Халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан негізгі қарыз берушілер мыналар болып табылады: Халықаралық қайта құру жəне даму банкі – 363,2 млрд. теңге, Азия даму банкі – 149,9 млрд. теңге, Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі – 127,9 млрд. теңге. Үкімет мұнайға қатысты емес тапшылықты азайтуды қамтамасыз етпеген. 2012 жылдың қорытындысы бойынша ол 2011 жылмен салыстырғанда – 28,7%-ға, 2010 жылмен салыстырғанда 30,3%-ға өсіп, 2 286,4 млрд. теңгені құрады. Мұнайға қатысты емес тапшылықтың 2011 жылмен салыстырғанда едəуір өсуі шикізаттық емес сектордан бюджетке төленетін салықтық жəне басқа да төлемдерді ұлғайтуға ішкі резервтердің нашар пайдаланатынын əрі республикада салықтық жəне кедендік əкімшілік ету тиімділігінің артпай отырғанын көрсетеді. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері бойынша республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бағалау 2012 жылы бюджеттік бағдарламалар əкімшілері игермеген қаражаттың жалпы сомасы 41,8 млрд. теңгені құрады. Жергілікті атқарушы органдар 17,8 млрд. теңгеге нысаналы трансферттерді, 8,6 млрд. теңгеге бюджеттік кредиттерді игермеген. Квазимемлекеттік сектор субъектілері 21,8 млрд. теңгені немесе қаржы активтерін сатып алуға бөлінген шығыстардың 6%-ын пайдаланбаған. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Есеп комитеті 2012 жылғы республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде – 124,7 млрд. теңгеге, Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті 18,2 млрд. теңгеге бюджет жəне өзге де заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет 2012 жылғы республикалық бюджетті атқару кезінде 219,1 млрд. теңгені тиімсіз пайдаланған, бұл республикалық бюджет шығыстарының 3,9%ын құрайды. Бұл ретте тиімсіз пайдаланылған қаражат пен шығыстардың арақатынасы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінде – 79,3%, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінде – 37,8%, Ұлттық ғарыш агенттігінде – 30,7%, Экономикалық даму жəне сауда министрлігінде – 23,9%, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде аталған көрсеткіш 22,1% болды. 2012 жылы 44 бюджеттік бағдарлама əкімшісінің 13-і немесе 29,5%-ы бойынша тиімсіз пайдаланылған қаражат пен шығыстардың арақатынасы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болған (3,9%). Жалпы алғанда, қаржылық есептілікті талдау көрсетіп отырғандай, есепті жылы 13 бюджеттік бағдарлама əкімшісі бюджет қаражатын тиімсіз басқарған. Мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау Есеп комитеті 2012 жылы екі мемлекеттік жəне 13 салалық бағдарламаның іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырды. Аталған бағдарламаларды іске асыру кезінде 295,2 млрд. теңгенің игерілмегені, жалпы сомасы 238,3 млрд. теңгеге бюджет жəне өзге де заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Бағдарламалардың басым бөлігі олардың іске асырылу сапасын арттыруды талап етеді, себебі, бағдарламалық құжаттардың бір-бірін қайталайтыны, олардың орындалуына мониторинг пен бақылаудың тиісті дəрежеде жүргізілмейтіні, жекелеген іс-шаралардың, нысаналы индикаторлар мен түпкі нəтижелердің орындалмай отырғаны байқалады. Осы орайда, Есеп комитеті Үкіметке барлық стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарға тексеру жүргізуді ұсынады. Олардағы нысаналы көрсеткіштерді, аралық жылдық индикаторларды, өлшемдерді жəне оларды іске асырудың тиімділігін бағалаудың алгоритмін айқындап, оларды бір-бірімен байланыстыру қажет.

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бақылаудың қорытындылары Бағдарламалық құжаттың атауы Барлығы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында ақпараттық жəне коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 20102014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жəне экспортты ынталандыру жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама «Бизнестің жол картасы - 2020» салалық бағдарламасы Қазақстан Республикасында тарифтік саясат жөіндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Қазақстан Республикасында бəсекелестікті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама 2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамыту жөніндегі 2011-2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы Қазақстан Республикасында нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2009 -2011 жəне 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарлама 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы Сондай-ақ, қажетті статистикалық ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай əдіснамасын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс берілді. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау 2012 жылы 9 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларын бағалау жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша мынадай жүйелі Стратегиялық проблемалар анықталды: бірінші – республикалық бюджеттік бағдарламалардың тікелей жəне түпкі нəтижелері көрсеткіштерін жоспарлаудың төмен сапасы; екінші – стратегиялық жоспарлардың сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің бюджет жүйесінің принциптеріне сəйкессіздігі; үшінші – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына республикалық бюджет параметрлерін нақтылауға байланысты өзгерістер мен толықтырулардың уақытылы енгізілмеуі. Мемлекет активтерін пайдаланудың, соның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан пайдаланудың тиімділігін бағалау Республикалық бюджет шығыстарының серпіні квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыруға бағытталатын бюджет қаражатының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Тек соңғы үш жылдың ішінде осы мақсатқа 984,8 млрд. теңге жұмсалған, соның ішінде 2010 жылы – 284,8 млрд. теңге, 2011 жылы – 338,3 млрд. теңге жəне 2012 жылы 361,7 млрд. теңге бағытталды. 2012 жылы республикалық бюджет қаражаты 11 акционерлік қоғамның жəне 1 республикалық мемлекеттік кəсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға бөлінді. «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ компаниялары тобы соңғы екі жылдың ішінде өзінің таза кірісін 40%-ға ұлғайтты, сол кірістердің 173 млрд. теңгесі «Қазақтелеком» АҚ-қа жəне 113 млрд. теңгесі «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-қа тиесілі. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша таза кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 26 млрд. теңгеге төмендеген. 2011 жылдың қорытындысы бойынша 21 АҚ, ЖШС немесе 38%-ы өз қызметтерін шығынмен аяқтаған. 2012 жылы олардың шеккен залалдарының жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгені құрады. Республикада мемлекет активтерін басқарудың тиімді жүйесі құрылмаған, дивидендтік саясат саласында айқын ережелер жоқ. Сондықтан, дивидендтердің, кірістің бір бөлігінің, қатысу үлесіне кірістердің түсу көлемі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірістерімен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр. Келтірілген деректер бюджет қаражатының ұтымсыз пайдаланылғанын, мемлекет активтерінің тиімсіз басқарылғанын, сондай-ақ жарғылық капиталды ұлғайтуға көзделген мемлекет қаражаты есебінен дивидендтер аудару жөніндегі талаптардың үстірт орындалғанын көрсетеді, ал бұл өз кезегінде акционерлік қоғамдардың бір бөлігінің үнемі залал шегуіне əкеп соқтырады. ӨҢІРЛЕРДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ Нысаналы трансферттерді пайдаланудың тиімділігін бағалау 2012 жылы өңірлердің бюджеттеріне республикалық бюджеттен 1 770,1 млрд. теңге мөлшерінде трансферттер бөлінген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға көп. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат құрылымында 2011 жəне 2010 жылдармен салыстырғанда есепті жылы нысаналы ағымдағы трансферттердің 61,6%-ға жəне 22,7%-ға өскенімен, 2011 жылмен салыстырғанда нысаналы даму трансферттерінің 7,1%-ға төмендегені байқалады. Есепті жылы субвенция көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға көбейіп 880,6 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен – 66,7 млрд. теңге бюджеттік кредиттер, оның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша – 12,3 млрд. теңге жəне даму бағдарламалары бойынша 54,4 млрд. теңге бөлінген. Жергілікті бюджеттерге бағытталған трансферттер мен бюджеттік кредиттердің жалпы көлемі республикалық бюджет шығыстарының 30%-ын құраса, ал жергілікті бюджеттерден бюджеттік алып қою көлемі республикалық бюджет кірістерінің 2,2%-ын ғана құрады. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің орташа үлес салмағы жергілікті бюджеттер кірісінің жалпы көлемінде 60,1% болды. 2012 жылы 53 республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 326,3 млрд. теңге нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінсе, ал 2011 жылы 40 бюджетттік бағдарлама бойынша 201,9 млрд. теңге бөлінген. 2012 жылы 30 республикалық бюджеттік бағдарлама аясында 563,2 млрд. теңге нысаналы даму трансферттері бөлінген, оның негізгі үлесі Астана (27,1%) жəне Алматы (15,3%) қалаларына бағытталды. Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері республикалық бюджеттен бөлінген 889,5 млрд. теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферттердің 889,3 млрд. теңгесін немесе 99,9%-ын игерген. Объектілерді салуға бөлінген нысаналы даму трансферттері есебінен ТЭН-ді, жобалаусметалық құжаттаны (бұдан əрі – ЖСҚ) əзірлеуге, оларды түзетуге, орындалмаған жұмыстар көлеміне төлемдер жасалған. Өңірлерде инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау 2012 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 969,4 млрд. теңге бөлінген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға аз. 2012 жылы 271 инвестициялық жобаның

1-кесте

млрд. теңге Анықталған бұзушылықтар сомасы 238,3

20,2 2,0 2,8 36,1 0,772 25,1 46,6 32,9 2,3 0,002 3,2 39,1 19,7 7,5

(бағ дарламаның) іске асырылуы қамтамасыз етілген, оның ішінде есепті жылы 144 жобаны аяқтау көзделген. Іс жүзінде 121 жоба іске асырылған. 23 жобаның орындалмауына өнім берушілердің көрсетілетін қызметтерді орындамауы, шарттық міндеттемелерді бұзуы, конкурстық рəсімдерді өткізудің ұзақтығына байланысты жобаларды іске асырудың мерзімін кешіктіру себеп болған. 2012 жылы жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері есебінен 1753 инвестициялық жобаны іске асырған. Есепті кезеңде 1087 жоба аяқталады деп жоспарланғанымен, олардың 858 жобасы немесе 79%-ы ғана аяқталған. Су шаруашылығы, денсаулық сақтау жəне білім беру объектілерін салу бойынша инвестициялық жобаларды іріктеуде жүйелі жұмыстардың болмауы жобалардың тізбесін жүйелі түрде қайта қарауға, бюджет қаражатының тиімсіз əрі ұтымсыз пайдалануына, сондай-ақ аралық жəне түпкілікті нəтижелердің орындалмауына əкелуде. V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК Осы бөлімде 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын бағалаудың қорытындысы бойынша Есеп комитетінің қорытындылары тұжырымдалған, мұнда республикалық бюджет қаражатын əлдеқайда тиімді пайдалануға кедергі келтіріп отырған негізгі проблемалар көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы проблемаларды жою жəне бүкіл бюджет процесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілген. ТҰЖЫРЫМДАР 1. 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы экономиканың, сыртқы сауда айналымының жəне негізгі капиталға инвестициялардың өсуі жағдайында жүзеге асты. Сонымен бірге, экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталған қаражат өңдеуші өнеркəсіп өндірісінің жəне ауыл шаруашылығы өнімдерінің пара-пар өсімін қамтамасыз етпеді. Нəтижесінде, шикізат секторына, импортталатын тауарлардан, атқарылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер түсімдеріне деген республикалық бюджет кірістерінің тəуелділігі сақталып отыр. 2. Республикалық бюджетті жоспарлау мен атқару тетігі жүйелі байланыстырылмаған, осының салдарынан қаржы жылында бюджет бірнеше мəрте нақтыланып, көрсеткіштер түзетіліп отырады. 3. Есепті жылы республикалық бюджеттің көрсеткіштері екі мəрте нақтыланды. 2012 жылғы 20 қарашадағы «Республикалық бюджет туралы» Заңға енгізілген өзгерістер нəтижесінде 2012 жылғы республикалық бюджет кірістері 382,5 млрд. теңгеге азайтылып, 4 729,8 млрд. теңгені құраса, ал шығыстар 173,6 млрд. теңгеге қысқартылып, 5 301,0 млрд. теңгені құрады. Бұл есепті қаржы жылында республикалық бюджет кірістерінің – толық көлемінде, ал шығыстардың 99,3%-ға орындалуын қамтамасыз етті. 4. 2012 жылғы республикалық бюджет кірісі ЖІӨ көлемінің 15,8%-ын құрап, 2011 жылдың деңгейінен (16,3%) 0,5%-ға төмендеген. Кірістердегі салық түсімдерінің үлесі 62,5%-ды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға азайған. 5. 2012 жылы республикалық бюджетке түсетін түсімдер көлемі нақтыланған болжамды көрсеткіштерде көзделген салықтар мен төлемдердің 13 түрі бойынша атқарылмаған. 2011 жылмен салыстырғанда ірі салық төлеушілерден түсетін салықтар 336,7 млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеген. Осы фактілер қосымша түсімдердің барлық резервтерінің толық пайдаланылмағанын, салықтық жəне кедендік төлемдердің төленуі бойынша əкімшіліктің жеткіліксіз деңгейде жүргізілгенін көрсетеді, ал олар өз кезегінде респуб ликалық бюджет кірістерінің шығынына əкелуде. 6. Республикада ішкі өндірістегі тауарлардан, жұмыстардан жəне көрсетілетін қызметтерден түсетін салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің төмендегені байқалады. 2012 жылы 90-нан астам кедендік төлемдерді импорт баждары, бөлінген кедендік əкелу баждары, шикі мұнайды шығаруға салынатын баждар құрады. 7. Салықтық жəне кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер мен преференциялар қосылған құны бар тауарларды өндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдауға бағытталмаған. Үкімет салықтық жəне кедендік жеңілдіктердің тиімділігін бағалау əдістемесін əзірлемеген. 8. Есепті жылы шығыстардың жекелеген көрсеткіштерін нақтылау мен түзету аясында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы функционалдық жəне экономикалық сипаттамалар бойынша едəуір өзгерді. Республикалық бюджетті 2012 жылғы қарашада нақтылау кезінде шығыстар азайтылған болатын, бірақ осыған қарамастан 41,8 млрд. теңге игерілмей қалды. 9. 2012 жылға арналған жылдық көрсеткіштер он функционалдық топ жəне отыз бюджеттік бағдарламалар əкімшісі бойынша орындалмаған. Жергілікті атқарушы органдардың есепті жылы республикалық бюджетке қайтарған жəне пайдаланбаған бюджеттік кредиттер мен нысаналы трансферттер сомасы 50 млрд. теңгеден асып кеткен. 10. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда нысаналы трансферттердің облыстық бюджеттерге, Астана жəне Алматы қалаларының бюджеттеріне түрлі бағыттар бойынша бөлінуі туралы Үкімет шешімдеріне көптеген сілтемелік нормалар бар. 11. Үкімет бюджеттік кредиттер қаражатын мониторингілеу мен бақылауды төмен деңгейде жүзеге асыруда, кредиттік қаражатты тиімсіз пайдалануда, оларды өтеу мерзімдері бұзылып, белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмей отыр. 12. 11 акционерлік қоғамның жəне бір РМКның жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген

60,4 млрд. теңгені бюджеттік бағдарламалар əкімшілері есептерде толық көлемде игерілген деп көрсеткен. Алайда, аталған субъектілердің қолмақол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдығы 21,8 млрд. теңгені құрады. 13. Республикалық бюджет тапшылығы 2011 жылмен салыстырғанда 57,4%-ға өсіп, 906,5 млрд. теңгені құрады. Тапшылықты қаржыландыруға негізінен ішкі қарыздар тартылған. Ішкі нарықта қомақты қарыз алу мемлекеттік борыштың ұлғаюына, сондай-ақ оған қызмет көрсету шығыстарының өсуіне əкеліп соқтырды. 14. Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышы 2012 жылы 11,8 млрд. АҚШ долларын немесе 9,4%-ға ұлғайып, 137,0 млрд. АҚШ долларын құрады. 15. Есеп комитетінің бағалауынша, пайдаланбаған қаражатты, қаржылық бұзушылықтарды қоса есептегенде, Үкімет 2012 жылғы республикалық бюджетті атқару кезінде есепті жылы 236,5 млрд. теңгені немесе шығыстардың 3,9%ын тиімсіз пайдаланған. Тиімсіз пайдаланылған қаражат пен шығыстардың арақатынасы жекелеген бюджеттік бағдарламалар əкімшілері бойынша 20%-дан асып кеткен. 16. Мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау көрсеткендей, республикада мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды жүйелі түрде байланыстыру қамтамасыз етілмеген, мемлекеттік органдардың оларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылының кешенді тетігі əзірленбеген. 2012 жылы екі мемлекеттік бағдарлама мен 13 салалық бағдарлама бойынша жекелеген іс-шаралар орындалмаған, олардағы жоспарланған мақсаттар мен міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. 17. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мемлекеттік, салалық жəне басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, сондай-ақ олардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталмаған. Стратегиялық жоспарлардағы жекелеген бюджеттік бағдарламалардың тікелей жəне түпкілікті нəтижелері нақтыланбаған, сандық жəне сапалық көрсеткіштері белгіленбеген. 18. Нысаналы трансферттерді жоспарлау мен пайдаланудың айқын əрі кешенді тетігінің болмауына байланысты жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайтудың ішкі ресурстары пайдаланылмай отыр, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қаржылық институттардың жəне екінші деңгейдегі банктердің шоттарында республикалық бюджет қаражатының елеулі қалдықтары қалыптасуда. 19. Үкімет жылжымалы тəртіптегі үш жылдық бюджеттерде бекітілген өңірлер бөлінісіндегі басымды инвестициялық жобалар бойынша шешімдердің сабақтастығы принципін қамтамасыз етпеген. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде өңірлер бойынша инвестициялық жобалардың тізбесі қайта қаралып, 2012 жылы жобалар саны 24-ке ұлғайып, 37 жобаны қаржыландыру секвестрленген. Бұл өңірлерде жобалардың іске асырылмауына жəне республикалық бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына əкеліп соқтырды. 20. Республикада мемлекет активтерін ба с қ а р у ды ң т и і м ді ж ү й е с і қ ұ р ы л м а ғ а н , дивидендтік саясат саласында бірыңғай əрі айқын тəртіп жоқ. Дивиденд түсімдері көлемінің жəне мемлекеттік кəсіпорындардың бюджетке таза табысы бөлігінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза табысына қатынасы төмен деңгейде қалып отыр. Жарғылық капиталдарды толықтыруға жəне ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджет қаражаты жеткілікті дəрежеде тиімді пайдаланылмай отыр. Нəтижесінде, мемлекеттің қатысу үлесі бар акционерлік қоғамдар мен ЖШС-ның 38%-ы өз қызметтерін шығынмен аяқтап, олардың шеккен залалы 2012 жылы 3,4 млрд. теңгені құрады. 21. Есеп комитетінің тексеру нəтижелері 2012 жылы бюджет қаражатының жеткілікті дəрежеде тиімді пайдаланылмағанын көрсетті. Осыған орай мемлекеттік қаржыны басқару саласында республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған қосымша шараларды əзірлеп іске асыруды жалғастыру қажет. ҰСЫНЫМДАР Қазақстан Республикасының Үкіметіне: – жылжымалы үш жылдық республикалық бюджетті қалыптастыру əдістемесін қайта қарап, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлау жəне атқару процесін байланыстырудың кешенді тетігін əзірлеу; – республикадағы бюджет жүйесінің кіріс əлеуетін арттыруға бағытталған қосымша кешенді шараларды əзірлеп іске асыруды жалғастыру; – 2012 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп комитетінің қорытындысында көрсетілген мəселелер бойынша салықтық жəне кедендік əкімшілік етудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету; – салықтардың түрлері жəне экономика секторлары бойынша өлшемдерді айқындай отырып, салықтық жəне кедендік жеңілдіктерді берудің тиімділігін бағалау əдістемесін əзірлеу; – 2012 жылы бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз етпеген, нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің қайтарылуына, дебиторлық жəне кредиторлық берешектердің ұлғаюына, сондай-ақ қаржылық бұзушылықтарға жол берген бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің лауазымды адамдарының жауапкершілігін қарау; – республикалық бюджеттің атқарылуы барысында өзгерістер мен түзетулерді барынша азайту, қаржы жылы ішінде оның кассалық шығыстарын біркелкі бөлу жəне дебиторлық, кредиторлық берешектерді қысқарту бөлігінде бюджет қаражатын басқарудың сапасын арттыру; – шығыстарды экономикалық сипаттамалары бойынша шұғыл шығындарға жатқызу өлшемдерін айқындау əдістемесін əзірлеу; – бюджеттік бағдарламалар əкімшілеріне олардың стратегиялық жоспарларында көрсетілген мақсаттардың, міндеттердің, тікелей жəне түпкілікті нəтижелер көрсеткіштерінің міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуді тапсыру; – бюджет қаражатының мақсатты жəне тиімді жұмсалуына, өлшемдер мен күтілетін нəтижеге сəйкес түпкілікті нəтижелердің орындалуына мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды үйлестіруші жауапты мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру бойынша жүйелі шаралар əзірлеу; – Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кəсіпорындардан түсетін түсімдердің салық есебін енгізе отырып, бағдарламалық құжаттарда қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жəне оларға қол жеткізуді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер базасын құру; – республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімдердің бағдарламалық құжаттарда көрсетілген іс-шараларды іске асыру кезінде оларды тиімді жəне толығымен пайдалану бөлігіндегі талаптарының жергілікті атқарушы органдар тарапынан сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; – шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарынан республикалық бюджетке түсетін салықтарды жергілікті бюджеттерге аудару туралы мəселені қарау; – республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша Үкіметтің іс-шаралар жоспарын əзірлеу; – ішкі қарыз алуды жүзеге асыруды, Ұлттық қор қаражатын, қазынашылық шоттардағы қаражат қалдықтарын басқаруды қоса алғанда, мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету ұсынылсын. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті.

 Туыстық туы

Елбасы туралы кітаптыѕ таныстырылымы

Түркия астанасы Анкарада түрік тілінде шығарылған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – əлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті. Кітапқа Түркияның белгілі саяси жəне академиялық қайраткерлерінің, олардың қатарында Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирел, қазіргі пре зиденті Абдулла Гүл, бұрынғы премьер-министрі Бүлент Ежевит, Парламенттің бұрынғы төрағасы Коксал Топтан, бұрынғы Сыртқы істер министрі жəне Парламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин жəне тағы басқалардың мақалалары енгізілді. Таныстырылым рəсіміне Пар ламенттің бұрынғы төрағасы Хикмет Четин, Түркияның Бас прокуроры Хасан Ербил, Түркияның бұрынғы Мəдениет министрі Намык Кемал Зейбек, бұрынғы Ұлттық білім министрі Хасан Желал Гүзел, Таяу Шығыс зерттеулер орталығының басшысы Хасан Канболат, сондай-ақ түрік ғылыми-академиялық, қоғамдық, іскер топтарының жəне БАҚ өкілдері қатысты. Кіріспе сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев аталған кітапта Түркияның мемлекеттік жəне академиялық қайраткерлерінің кө зі мен Қа зақ станның қалыптасуы мен даму тарихын кеңінен көрсететін түрік көрнекті қайраткерлерінің бірегей материалдары, мақалалары, очерктері жинақталғанына назар аударды. Осыдан кейін сөз алған Хикмет Четин 1990-шы жылдары Түркияның Сыртқы істер министрі болған кезінде өзінің Қазақстан-Түркия дипломатиялық қатынастары қалыптасуының басында тұрғанын айта келіп, Президент Н.Назар баев тың тəуелсіз Қазақ станның қалыптасуындағы маңызды рөлін атап көрсетті жəне Қазақстан басшысының көреген саясатының арқасында Қазақстанның қысқа мерзім ішінде əлемнің жетекші елдерінің қатарына кіргенін, сөйтіп, жоғары деңгейде дүниежүзілік ауқымдағы саммиттерді, соның ішінде ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ жəне т.б. өткізіп отырғанын көлденең тартты.

Түркияның бұрынғы Ұлттық білім министрі Хасан Желал Гүзел сөйлеген сөзінде қазақ стан дық этносаралық жəне конфессияаралық келісім үлгісіне жоғары баға берді. «Президент Н.Назарбаев негізін салған қазақстандық этносаралық келісімді бүкіл əлем таныды», деп атап көрсетті Х.Гүзел. Түркияның бұрынғы Мəдениет министрі Намык Кемал Зейбек екі ел арасындағы саяси, əлеуметтікэко но микалық жəне мəдени ынты мақ тас тықтың дамуын жоға ры бағалады. Қазақстанның Президенті ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі əлемінің көшбасшысы болып табылатын Н.Назарбаев туралы кітапт ың жарыққа шығуы екі бауырлас елдің қарқынды дамып келе жатқан қатынастарына қосылатын тағы бір үлес болып отыр, деді ол. Сондайақ, ол Н.Назарбаевтың түркітілдес елдердің өзара қатынастарын нығайтудағы жəне түркі əлеміндегі интеграциялық үдерістердің дамуындағы орасан зор рөліне тоқталды. «Президент Н.Назарбаев – мемлекет қайраткері, көрегенді саясатшы жəне өз халқының көрнекті көшбасшысы», деді Н.Зейбек. Сөз алғандардың бəрі аталған кітаптың Түркия академиялық топтарына Н.Назарбаев бастаған бауырлас Қазақстанның қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді зерттеуге мүмкіндік береді деген бір пікірге тоқтады. «Президент Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан тұрақты саясат пен дамыған экономиканың үлгісіне айналды», деп атап көрсетті олар. Академиялық қайраткерлер Қазақстан мен Түркия өзара қатынастарын ынтымақ тастықтың бар лық салаларында тереңдететініне, ал аталған кітап олардың бұдан əрі дамуының бағдары болып қызмет ететініне сенімдерін білдірді. «Егемен-ақпарат».

Бейжіѕдегі дґѕгелек їстел Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы елшілігі мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа жəне Орталық Азия институты бірлесіп «Қазақстан-2050» Стратегиясы жəне Қазақстан-Қытай қатынастары» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Осы шараға ҚХР Мемлекеттік кеңесі Даму мəселелерін зерттеу орталығы Еуразия əлеуметтік даму институтының директоры Ли Фэнлинь, Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы Ресей институтының директоры Фэн Юйцзюнь, Азия жəне Африка даму мен ынтымақтастығы кеңесінің мүшесі, ҚХР-дың ҚР-дағы бұрынғы елшісі Яо Пэйшэн, Қытайдың халықаралық мəселелер институты, Халықаралық сауда жəне экономика академиясының сарапшылары, сондай-ақ ҚКП Орталық комитетінің, ҚХР Сыртқы істер министрлігі мен Коммерция министрлігінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің қатысушылары «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі аспектілерін талқылап, құжаттың бағдарламалық жəне іс-тəжірибелік сипатын атап өтті. Фэн Юйцзюнь «Қазақстан – ядролық

қаруды таратпау тəртібінің белсенді қатысушысы жəне оны жақтаушы» тақырыбында баяндама жасады. Фэн Юйцзюньнің айтуынша, ғаламдық ядролық қарусыздану ісіне қосқан үлесі үшін Н.Назарбаев əлемнің Нобель сыйлығына ие болуы тиіс. Яо Пэйшэн Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің маңызы туралы айтты. Ол дөңгелек үстелге қатысушылардың Съездің басты ойлары – бейбітшілік пен келісім – халықаралық абыройдың артқанына, ал рухани форум бүкіл əлемнің діндері мен конфессиялары арасында тікелей үнқатысу үшін тиімді алаңға айналғанына назар аударды. Қытай осы үдерісті дамытудың жақтаушысы екенін білдірді. Еркін пікірталас барысында дөңгелек үстелге қатысушылар кең тақыраптар ауқымын қарастырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.


Толғандырар тақырып

Демократия – даму даңғылы

«Жићад» ўєымы «ќасиетті соєысты» емес, «ґз надандыєыѕмен кїрес» дегенді білдіреді Президент Нұрсұлтан На зарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында «Тарих бəрін сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тəуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тəуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін жəне осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы» деген болатын. Тəуелсіздікті жалғастырудың басты ресурсы мемлекет пен оның көп ұлтты жəне көпконфессиялы халқының біріге отырып, берік əрі бəсекеге қабілетті мемлекет құру жəне Мəң гілік Ел қалыптастыру жо лындағы ұлы мақсатқа өзінің материалдық жəне ру хани мүмкін діктерін жұмылдыра білуінде екендігін жас Қазақстанның 20 жылдан асқан тарихы көрсетіп берді. Бүгінде бізге тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап өзіміз таңдап ал ған конфессияаралық келісім үлгісі тарихи өлшеммен алғанда осынша қысқа мерзім аралығында қоғамның тұрақты дамуына мықты негіз қалануын қамтамасыз етіп, заманауи сын-тегеуріндер мен қауіпқатерлерге қасқая қарсы тұруға мүмкіндіктер берді, əлемнің санаулы елдері қатарында экономикалық жəне əлеуметтік тұрғыдан тұрақты жəне қарқынды дамуға қол жеткізді деп айтуға толық негіз бар. Дін саласындағы таңдап алынған мемлекеттік саясат үлгісі өзінің сындарлылығының жəне қоғамдық қолдауға ие болуының арқасында екі онжылдық бойы нық тұрып, əлемдік жəне қазақстандық сарапшылар қауымдастығы мойындағандай, радикалды жамағаттардың қылмыстық əре кет терінің алдын алуда жəне оларды бейтараптандыруда шешуші рөл атқарды. Əрбір өркениеттің түп негізінде өз ұстанушыларының өмір сүру мəнерін айқындайтын қандай да бір дін тұратындығы баршаға аян. Бұл, негізінен, мұсылман адамның тұрмыс-тіршілігінің барлық қырларын реттейтін ислам дініне көбірек қатысты. Ал осы мақалада «ислам жəне жиһадизм» тақырыбына назарымызды аударудың себебі – исламның қоғамды тұрақтандырушы фактор болып табылатын идеологиялық тəжірибесінің маңыздылығында болып отыр. Бұған қоса, мемлекетіміздің болашақ тұрақтылығын қарастыруда қазақстандықтардың басым көпшілігін құрайтын мұсылмандардың мүддесін ескермей жасақ талған кез келген стратегия экстремистік көріністердің көбеюіне алып келуі мүмкін деп пайымдауға болады. Ең алдымен, діни сауаты жоқ жастардың бүгінде Құрандағы «жиһад» терминін саясиландырып отырғандығын атап айту қажет. Жиһадшылыққа жаңадан елігіп жүргендердің теориясына сəйкес, бүкіл əлем «ислам аумағы» (дəр əлислам) жəне «соғыс аумағы» (дəр əл-харб) болып бөлінген. Біріншісіне мұсылмандар билігіндегі елдер, екіншісіне «дінсіз» билеушілер басқаратын елдер енеді. Тер роршылардың сенімі бойынша «дəр əлислам» «дəр əл-харбпен» мəңгілік соғыс жағдайында болуы тиіс. Сонымен қатар, радикалды көзқарастағы кейбір идеологтар «бейбіт келісімдегі аумақ» (дəр ас-сулх) деген санаттағы тағы бір аумақты бөліп көрсетеді. Бұл мұсылмандарға тиесілі емес жəне олар билік жүргізбейтін жерлер, бірақ оның билеушілері өздерін мұсылман мем лекеттерінің вассалы (боданы) санауға жəне сол үшін белгілі бір мөлшерде салық – «жиза» төлеуге міндетті. Радикалдар, экстремистер мен террористердің түсінігінше, мұндай «жаһил» (надан) қоғаммен Қиямет қайымға дейін талмай күрес жүргізу керек. Осы үшін олар өздерінше түсіндірілген «жиһад» ұғымын қолданады. Дегенмен, ислам дінінде «қасиетті соғыс» ұғымы жоқ екендігі белгілі. Ол – христиандық термин. Ал шариғат бойынша соғыс не əділ (қорғаныстық сипатта), не əділетсіз (жаулап алу сипатында) болуы мүмкін. Мұсылмандық діни əдебиеттерде «жиһад» ұғымы «дін үшін күрес» деген түсінікке ие жəне ол мынадай формаларда жүргізіледі: – «жүрек жиһады» немесе «нəпсіге қарсы жиһад» – адамның өз бойындағы кемшіліктермен күресі; – «тіл жиһады» – «жақсылыққа шақыру жəне жамандықтан тыю» – «қол жиһады» – адамгершілік нормаларын бұзушыларға қатысты тиісті жаза қолдану. «Жиһад» діни термині қасиетті Құранда төрт рет кездесетінін атап өтеміз. 1). «əт-Тəуба» сүресінің 24-аятында: «Оларға айт: «Егер əкелерің, балаларың, туыстарың, əйелдерің, ағайындарың, тапқан малдарың, тоқтап қалудан қорыққан

7

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

саудаларың, жақсы көрген үйлерің сендерге Алладан, оның жіберген Пайғамбарынан əрі оның жолында соғысудан артық көрінсе, Алланың əмірі келгенге дейін күтіңдер. Алла бұзық қауымды тура жолға салмайды» делінген. 2).«əл-Фурқан» сүресінің 52-аятында: «Енді кəпірлерге бағынба жəне олармен Құран арқылы ұлы күрес жүргіз» деп айтылған. 3).«Қажылық» сүресінің 78-аятында: «Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер жəне Алладан мықтап ұстаңыздар. Ол – сендердің Иелерің» делінеді. Бұл аяттарда жүрек жиһады туралы айтылып отырғаны айдан-анық. Мұхаммед пайғамбарымыз жиһад туралы айтқанда «жиһадтардың ең ұлысы – адамның өз нəпсісіне қарсы жиһады» деген. Бұл нағыз иманды адам ең алдымен өз жандүниесіне үңіліп, кемшіліктерін көре білуі керек, содан кейін өзінің барлық кемшіліктерін түзетуге ұмтылуы тиіс дегенді білдіреді. «Тіл жиһадының» мағынасын қазақ халқының ұлы ойшылы Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба»

үшін, сонымен қатар оларға теріс немесе екіұшты мағынадағы түсініктер бермеу үшін қажет. Шын мəнінде Құранда «жиһадқа» қатысты аяттардың шығу төркінін зерттеу үшін ең алдымен Мұхаммед пайғамбардың Мекке дегі өмірі мен қызметі туралы баяндайтын тарихи деректерге көз жүгірту қажет. Баршаға белгілі, 613 жылы Мұхаммед пайғамбар Мекке тұрғындарын ислам дініне ашық шақырып, өз достары мен туыстары жəне Меккенің өзге де тұрғындары арасынан көптеп жақтастар таба бастады. Олардың басым көпшілігі бас бостандығынан айырылған құлдар болатын. Ал исламның кең тарала бастауы Мекке билеушілеріне ұнай қоймады, өйткені, олар Қағбаға тəу ететін араб тайпаларының қажы лықтарынан түсетін кірістен айырылып қалудан қорықты. Пұтқа табынушылардың бұл наразылықтары алғашқы мұсылмандарды қуғындауға ұласып, соның салдарынан бірқатар мұсылмандар 615 жылы Эфиопияға қоныс аударуға мəжбүр болды. Осынау алғашқы мұсылмандар үшін қиын-қыстау кезеңде Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға мыналарды əмір етті: 1). «меккелік көпқұдайшылдармен» кикілжіңге түспей, оларды ақиқат дінге «даналықпен жəне жақ сы насихатпен» шақыру. Осы жағдайға байланысты «əн-Нахл» сүресінің 125-аятында: «Адамдарды Жаратқан Иеңнің жолына даналыққа жəне жақсы насихатқа шақыр. Əрі олармен сыпайы түрде сұхбаттас. Жаратқан Иең ақи қат жолынан адасқандар кім екенін жақсы біледі. Əрі Ол тура жолды тапқандарды да жақсы біледі» делінген. 2). Ислам дұшпандарымен қорғаныс түрінде соғыс жүргізу. «Бақара» сүресінің 190-аятында: «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында шай қа сың дар да шектен шықпаңдар. Не гі зінен Алла тағала шектен шығу шы ларды

одан: «Ата-аналарыңның біреуі тірі ме?» деп сұрайды. Əлгі кісі: «Екеуі де тірі» деп жауап береді. Мұхаммед пай ғам бар: «Сен Алланың сауабын іздеп жүрсің бе?» деп сұрайды. «Иə» дейді ол. Сонда Мұхаммед пайғамбар: «Ата-анаңа бар да, оларға дұрыс қара» деп бұйырады. Ол кезеңде Мұхаммед пайғамбар дың өкімі бойынша əскери шай қас тардан кəмелеттік жасқа толмағандар, əйелдер, қариялар, ақыл-есі толық еместер, науқастар мен əлсіздер, сондай-ақ шайқасқа қатысуға өз ата-анасынан рұқсат алмағандар босатылды. Сонымен қатар, басқыншы жауға тойтарыс беріп, майдан шебі дұшпанның жерінде болғанда, ол жерлердегі егін алқаптары мен бау-бақшаларды жоюға да тыйым салынған болатын. Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, мұндай жан-жақты талдау Пайғамбарды үлгі тұтатын сүннет жолындағы мұсылмандарға əсер етуі тиіс, қазіргі мұсылмандар ислам заңдылықтарына сай шешім шығару үшін тұтас мəтінге ерекше назар аударғаны жөн деп санаймыз. Тағы бір атап айтарымыз, Құранға оның толық мəтіні мен аяттарының түсу тарихын білетін ғалымдар ғана дұрыс түсіндіре алады. Осы ретте 2012 жылы 25-27 мамыр күндері Мəс кеуде, одан кейін Грозныйда Ресей, Кувейт, Қатар жəне басқа да мұсылман елдерінің белгілі дін қайрат керлерінің ұйымдастыруымен «Ислам доктринасы радикализмге қарсы» атты халықаралық конференция өткізілгенін атап өткім келеді. Форумның қорытындысы бойынша қабылданған Декларацияда былай делінген: «Исламдағы «жиһад» сөзі көптеген жан-жақты мағынаға ие. Жиһад «ұрыс жүргізу» жəне «қарсыласқа қару қолдану» мəнінде ғана түсінілмеуге тиіс. «Жиһад» ұғымын тек ұрыс жүргізумен шектеп, жиһадтың Алла жолында жасалатын басқа игі амалдарын ескермей тастау дұрыс емес. Мұндай қадам жалған жала мен орынсыз ойларға

атты тамаша туындысында баршаға түсінікті тілде жеткізе білген: Бес нəрседен қашық бол, Бес нəрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. 4).«Мумтахина» сүресінің 1-аятында: «Əй, иман келтіргендер! Менің дұшпандарымды да, өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларға сүйіспеншілік көрсетудесіңдер. Олар Пайғамбарды да, сендерді де Жаратқан Иелерің – Ал лаға иман келтірдіңдер деп жұрттан қуғындады. Сендер Менің жолым да ризалығымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын дос болмаңдар» делінеді. Əрине, Құран мəтіндерін бірінші рет оқып отырған адамға «пұтқа табынушыларды» өлтіруге шақырып тұрғандай көрінуі мүмкін. Оның үстіне бұл аяттың мəн-мазмұнын дұрыс түсіну үшін қасиетті Құрандағы «жиһад» тақырыбына арналған басқа аяттарды да білген жөн. Сонымен қатар, аяттардың не себептен түскендігін білу де абзал. Сондықтан, Құран аяттарын дұрыс түсіну жəне мағыналарына ой жүгірту үшін ол аяттардың қай уақытта жəне қандай жағдайларға байланысты Алла тағаладан Жебірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарымызға жеткізілгенін білу қажет. Бұл нақты оқиғаларға қатысты түсірілген аяттарды тым кең мағынада жорымау

жақсы көрмейді» делінген. Келтірілген аятта Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға өзіне қарсы шық қандармен тек қорғану үшін күресуді бұйырады. Бұл «Бақара» сүресінің 192-193-аяттарында нақтылана түскен: «Олармен райларынан қайтқанға дейін, əрі дін Аллаға тəн болғанға дейін шайқасыңдар. Егер олар соғысуын қойса, Алла оларды жарылқайды, мейіріміне алады. Жау жеңілгеннен кейін залымдармен ғана ымырасыз күресу керек». Құранның осы аяттары қорғану жəне қорғансыздар мен əлсіздерді қорғау мақсатында ғана соғысу қа жеттігін меңзейді. Онда да тек дін бұзар жаулармен жəне оның ашық одақтастарымен соғысуға рұқсат етілген. Сондықтан қарулы со ғыс қа тыйым салынғанымен, Мұхаммед пайғамбарға жəне оның жақтастарына туып-өскен шаһары – Мек кеде соғыс жүргізуге тура келді. Мұндай жағдайда діншілдерге ыждаһатты болып, дін үшін күшжі герін жұмсау бұйырылған. Алғашқы мұсылмандардың жоғарыда кел тірілген аяттарға берген түсініктемелері оларды осылай түсіну керектігін меңзейді. Көріп отырғанымыздай, «жиһад» сөзінің осы аяттағы мағынасы ең жинақталған мағынасы болып табылады. Əртүрлі кезеңдерде өмір сүрген Құран тəпсіршілері «жиһадтың» мағынасын «соғыс» деген түсінікпен шектемеген. Бізге, яғни XXI ғасырда өмір сүріп жатқан мұсылмандарға үмбетіміздің алғашқы буыны исламды қалай түсінгенін білу жəне дəл сондай түсінікті ұстану қажет. Бірде Мұхаммед пайғамбарға бір адам келіп, соғысқа баруға рұқсат алмақ болады. Мұхаммед пайғамбар

жетелейді. Жиһад Алла жолында жасалады жəне ол бүлікке айналмауы керек. Жиһадтың ізгі мəн-мақсаты осында жатыр. Жиһад адамдардың ақиқатқа қарай тура жолмен жүруінің жəне Құдайға құлшылық етуінің маңызды құралы болып табылады». Жиһадқа мұндай түсінік берілу себебі – бұдан бір жыл бұрын дін ғұламалары тарапынан арнайы тұжырымдама жасалып, оның мəні мен мазмұны жиһадты «жойқын жоба» немесе «кек алу жоспары» ретінде санамайтын мұсылман дінінің өркениеттік сипаты мен миссиясына сəйкестендірілгендігінде. Исламның өзі əділетсіздіктің кез келген көрінісіне жол бермейді. Жалпылай алғанда, жиһадты «адамдардың ақиқатқа қарай тура жолмен жүруінің жəне Құдайға құлшылық етуінің маңызды құралы» ретінде тану оның ешбір жалған қоспасыз, шынайы сипатын білдіреді. Осыған байланысты айтылған Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Рафил Гайнутдиннің мына тұжырымы атап айтуға тұрарлық: «Жекелеген экстремистік жалған исламдық топтардың жиһад жөніндегі түсіндірмелері, сондай-ақ кейбір БАҚтың жиһадты «кəпірлерге қарсы соғыс» ретінде түсіндіруі жалған əрі Құран мен сүннетке қарама-қайшы болып келеді. Өйткені, соғыс арқылы өз дініне кіргізу өзгенің мүлкін иелену секілді исламда мүлдем жол берілмейтін жайттардың қатарынан саналады». Қоғамымызда кеңінен таралған «жиһад» туралы жаңсақ түсініктің қасаң қателіктерін жоққа шығару үшін мынадай маңызды жайтқа да баса назар аударғым келеді.

Қайрат Лама ШƏРІП,

Дін істері агенттігінің төрағасы.

Ислам терминологиясында «жиһад» сөзі Алла жолындағы күрес, яғни Алланың əміріне сəйкес өмір сүру үшін мұсылмандар тарапынан жасалатын іс-əрекет мəніндегі жалпылама мазмұнда қарастырылады. Бұған Алла тағаланың Құранда айтылған сөздері дəлел: «Шынайы иман келтіргендер – шын мəнінде Аллаға жəне оның Елшісіне сенгендер, сосын күдіктенбей, Алла жолында мал-жанын сарп еткендер. Міне, солар – шыншылдар» («əл-Хұжырат» сүресінің 15-аяты). Осындай алғышарттардың шынайылығы мен маңыздылығымен қатар Құранда да, ислами əдебиетте де араб тіліндегі «жиһад» сөзінің мағынасы «тырысу», «талпыну», «бар күшін салу», «мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды табанды лықпен көтере білу» дегенді біл діретінін, ал қазіргі заманауи түсінікте бұл ұғым мүлде басқа: «Алла жолында малы мен жанын аямау, Алла жолында тер төгіп, қызмет ету» секілді терең жəне ізгі ұғымға ие екенін атап айтқан жөн. Құранға сəйкес «жиһад» ұғымы адам өмірінің көптеген қырларына əртүрлі деңгейде қатысты болып табылады. Қазіргі таңда мұсылман əле мінде «жиһадты» əлеуметтікэкономикалық даму мен нақты мақсаттарға жету жолында барынша күш салу үрдісі ретінде кең мағынада түсіндіріледі. Мысалы, құнарлы жерлердің шөлейтке айналуымен күрес, астық нау қаны, сауат сыздықты жою жəне т.б. жөнінде сөз қозғалғанда, «жиһад» ұғымы қолданылады. Сондықтан да болар, Иранда Ауыл шаруашылығы министрлігін «Ауыл шаруашылығындағы жиһад министрлігі» деп ресми атайды. Өкінішке қарай, терроршылар «жиһад» тұжырымдамасын өздерінің көзқарастарын қолдамайтын жандарды өлтіруін ақтау мақсатында пайдаланады. Қылмыскерлердің осы тобы жиһадты мұсылманның бір парызындай қабылдап, Алла тағала белгілеп берген бес парызды алтауға шығарып жіберді. Басқаша айтқанда, бүгінгі таңда бұл жалған сенімді жасанды түрде енгізу радикалды ислам топтарында айқын көрініс беріп, мемлекет пен қоғамға қарсы қауіп-қатерлермен байланысты болып отыр. Исламдық радикализмді ұстанушылардың мұндай əдістері мен стратегиялары заманауи əлемде діни экстремизм көріністерін туындатып, тіпті, дами келе, халықаралық терроризмге дейін ұласуда. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, дүниежүзінде жыл сайын 320-дан 660-қа дейін террорлық актілер жасалады, олардың төрттен үші ислам атын жамылған лаңкестерге тиесілі. Терроризмнің барлық түрлерінің ортақ тұсы – өз арамза мақсаттарына қол жеткізудің басты құралы ретінде өздерінің дүниетанымын, идеологиясын, мінезқұлқын, өмір сүру салтын күштеп таңу, бейбіт тұрғындарды қасақана өлтіру немесе өлтірумен қорқыту жəне зорлық-зомбылықтың басқа да түрлерін пайдалану. Дін атын жамылған экстремистік жəне террористік идеологиялардың таралу үрдісі соңғы кездері бүкіл əлемде кең көлемді сипат алуда, бұл адамзат қоғамының тұрақтылығына төнген айқын қауіп болып отыр. Міне, сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында радикализм, экстремизм жəне терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды қыз мет бағыты ретінде белгіледі. Сондай-ақ, Елбасымыздың Жолдауында қоғам ішінде, əсіресе, жастар арасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейту қажеттілігіне, сонымен қатар, халқымыздың зайыр лы мемле кет – Қазақстан Республикасының салт-дəстүрлері мен мə дени құн ды лық тарына сəйкес келетін діни санасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінді. Қазіргі таңда Елбасымыздың тапсырмасымен бес жылға жоспарланған Қазақстан Республикасындағы Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жасалды. Бұл бағдарламаның мақсаты – діни экстремизм көріністерінің алдын алу жəне терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2017 жылға қарай Қазақстан халқы, соның ішінде жастар, əсіресе, ді ни негіздегі радикалды идеология ықпалына бейім немесе соған ұшырағандар экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарымен қамтылатын болады.

«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партиялық тəлімгерлермен кездесу өткізді. Бұл кездесу «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-əрекеттер жоспары» сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асырылуын мониторингілеуді күшейтуге қатысты Елбасы – «Нұр Отан» ХДП Төрағасының тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

Жауапкершілік тетігі кїшейеді Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Тəлімгерлік институты өткен жылдың маусым айында сайлауалды тұғырнаманың тиімділігін арттыру мақсатында енгізілген болатын. Бүгінде тəлімгерлік институты өзінің қажеттілігін дəлелдеген. Партиялық тəлімгерлер заңнамаға 300-дей өзгеріс пен толықтыру енгізіп үлгеріпті. Олардың жұмысы шағын жəне орта бизнестің мүддесін қорғау, тұрғындарды əлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, жемқорлықпен күресу тəрізді мəселелерге бағытталған. Жиын барысында сөз алған Б.Байбек бір жыл ішінде аталған институт өз қызметінің тиімділігін дəлелдеп шыққанын атап өтті. «Сайлауалды тұғырнаманы орындауда партияның тəлімгерлік институтының маңыздылығы ерекше. Бір жылдан аса уақыт ішінде институт өз қызметінің тиімділігін дəлелдеді. Сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. «Нұр Отан» өз жұмысын ашықтық, тиімділік пен жауапкершілік қағидаттарына негіздеп қайта құрды. Біз өз жұмысымызды, ең алдымен, өңірлерден бастадық. Филиалдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін жұмыс жасап жатырмыз. Кадрлар сапасына ерекше назар аударып, кəсіби мамандардың іріктелуін қарастырудамыз. Яғни, білікті, мықты мамандар үшін партия əлеуметтік саты болуы қажет», деді кездесуде Б.Байбек. Сондай-ақ, партия Төрағасының бірінші орынбасары бұл басқосу дер кезінде өтіп жатқанын, жақында партия тəлімгерлерінің өңірлерге баруы жоспарланып отырғанын жеткізді. «Демек, жүргізіліп жатқан мəселелердің маңыздылығын, дəйекті іске асырылуын қоғамға, елге жеткізу бойынша алда үлкен жауапкершілік тұр», деді тəлімгерлерге партия Төрағасының бірінші орынбасары. Сонымен бірге, ол қазіргі кезде партия Төрағасының тапсырмасына сəйкес, жаңа доктрина жобасын əзірлеу жөніндегі дайындықтың аяқталғанын атап көрсетті. «Бүгінгі күнге дейін арнайы жұмыс тобының 3 отырысы өтті. Яғни, доктринаның жобасы дайын. Жаздың соңында оны жария етіп, кеңінен талқылайтын боламыз. Стратегиялық маңызы бар бұл құжатта билік партиясының миссиясы мен XXI ғасырдағы Қазақстанның жетістіктерін қамтамасыз ететін құндылықтар айқындалған», деді Б.Байбек. Жиын аясында партияның жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Əбдікəрімов те сөз алып, қоғамдық кеңестің бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмысына тоқталып өтті. «Осы жылдың басынан бері қоғамдық кеңестің 3 отырысы өткізілді. Онда əртүрлі мəселелер қаралды. Қаралған мəселелер бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, олардың барлығы тиісті органдарға жіберілді. Оның қорытындысын жылдың аяғында міндетті түрде қарайтын боламыз», деді О. Əбдікəрімов. Сондайақ, ол партияның əртүрлі бағыт бойынша жұмыс істейтін тəлімгерлері өздерінің жұмысын бір жүйеге келтірсе деген пікірін білдірді. «Осы арқылы біз қай салада не жасалып жатқанын анықтар едік. Қандай түйткілді мəселелерді шешу қажеттігін дер кезінде білетін едік», деді О.Əбдікəрімов. Бұл күнгі кездесу барысында Парламент сессиясының қорытындысы шығарылып, тəлімгерлік институтының проблемалары мен жетістіктері талқыланды. Бір атап өтерлігі, былтырғы жылдың маусым айынан биылғы жылдың мамыр айына дейін партиялық тəлімгерлер 800-ге тарта іс-шара өткізіпті. Олардың 70 пайызы елді мекендердің еншісіне тиесілі екен.

Айбын

Курсанттар атыс шебінде Құрлық əскерлері əскери институтының 3-курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату шараларын өткізуде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Оқу атыстары институттың Алматы маңындағы полигонында жүзеге асырылды. Осылайша болашақ танк мамандары негізгі əскери пəн бойынша сынақ тапсырды. Атыс дайындығы Құрлық əскерлері əскери институты курсанттарының дала төсінде кəсібилігін арттыратын негізгі пəндерінің құрамдас бөлігі болып саналады. Мұнда болашақ офицерлер ату шеберлігіне машықтанады əрі алыстан жылдам көздеуді үйренеді. Атыс сабақтары кезінде курсанттардың теориялық түрде алған білімдері тəжірибе жүзіне ұштасып, олардың жауынгерлік дағдыларын арттырады. Жоғары атыс шеберлігі курсанттардың кəсіби даярлығы мен бөлімшелердің жауынгерлік жаттығулары кезінде жетілдіріле түседі. Штаттық оқ ату барысында болашақ офицерлер мол тəжірибе жинақтап, жеке қару-жарақтан атудың əдіс-тəсілдерін, атысты дұрыс басқаруды ұйымдастыруды үйренді. Сонымен бірге, атысты өткізу курсанттар үшін өзіндік психологиялық кемелдену емтиханы болды. Курсанттардың танктен штаттық артиллериялық оқ ату шараларын өткізуі курсанттардың алған теориялық білімінің сапасын, сонымен бірге, жеке құрамның оқу бітіру емтихандарын тапсыруының жалпы деңгейін тексеруге мүмкіндік берді. «Егемен-ақпарат».


8

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

 Əлем жəне Қазақстан Маусымның 11-13-і аралығында Ханойда өткен Қазақстанның Вьетнамдағы Мəдениет күндері екі елдің келешектегі рухани сабақтастығына жол ашып берді.

Єибрат єибадатханасы Шілденің шіліңгір аптабына барабар маусымның тымырсық ауасы Ханойды қуырып жіберердей жіпсітеді. Үндіқытай түбегіндегі алып шаһардың келбетіне жіті зер салып, бейтаныс əлемнің тіршілік əуеніне құмарта құлақ түреміз. Ғасырлар ғақлиясында қытай мен моңғолдың, бері де француздар мен америкалықтардың езгісі жаншып, жоя алмаған бұл елдің қазіргі қалыбы қанаты жаңадан қатайып келе жатқан құстың екпінін еске салады. «Оралған қылыш» көлінің беті аспан реңімен алабұртады. Саябақ маңы – ағылған халық. Ғаламның ғажайыптарын қалт жібермейтін саяхатшылар сайран құрған мекен əлдеқашан туризм ошағына айналып кеткенін мойындатады. Көлдің қақ ортасында сəулет өнерінің ақ шатырлы туындысы менмұндалайды. Көл үстіндегі сырты аршыған жұмыртқадай тап осы əппақ отау көңілі құлазыған сəттерде императордың ойға шомып, оңаша қалатын ең сүйікті мекені болған дейді кей əпсана. Мұны əлемнің əр түкпірінен қызықтап келушілер тек сырттай тамашалап, сырына алыстан ғана қанығып жатыр. Сұлу Көкшедегі Жұмбақтас еске түседі. Жұмбақтас табиғат-ананың қазаққа тартқан сыйы болса, ал мынау адамзат ақыл-ойының туындысы, вьетнамдықтардың ықылым заманнан көз қарашығындай қорғап, жаттың табанын тигізуге қимайтын мəдени ескерткіші. Қазақтарды кеңпейіл, ақжарқын халық деп дұрыс айтады. Кеңдігіміз емей не, Жұмбақтасқа жүзіп те, қайықпен есіп те жетуге рұқсат. Тарихи тасқа атыңызды аямай қашап жазып кетсеңіз де, «мұның не?» деп жатқан адамды көргеніміз жоқ. Сол сияқты мынадай көне сəулет жəдігерін жақыннан тамашалағысы келетін жұртқа вьетнамдықтардың қайықты қаздай тізіп қоюларына ақылдары жетпей отыр деп айта алмаймыз. Зымыраған оқ пен оттан аман қалған тарихи қазынаны бейбіт заманда жоғалтып, өкініште қалмайық деген аса зор жауапкершілік сезімінен біз де сабақ алуға арланбауымыз керек сияқты. Көл қызығынан əсерленген көңілді əлем жұртын тəнті ететін Ханойдағы Əдебиет ғибадатханасы – «Ван Мьеу» кешені ізгі иірімдеріне жетелеп, өзгеше күйге бөлейді. Мұндағы қасиетті тасқа түскен ғұлама ойшылдардың қанатты қағидаларын оқымай, ғасырлар түбінен сыр тербейтін тереңдікті сезінбей қазіргі Вьетнам туралы ой сабақтау өте қиын. Қаланың орталық көшелері біріндегі əлемдік пролетариаттың көсемі Лениннің ескерткішіне, желбіреген қызыл жалаушаларға əріптестеріміз тосырқай қараған. Халықтың көкірек көзін социализмнің ескі сарқыншақтары бітеп, ұлттың рухани тынысы қызыл бояудың тасасында тұншығып жатқандай əсер түйген. Əдебиет ғибадатханасындағы өткеннің өзекті нəрімен сусындататын кереметтер көкейге қонақтаған сол қораштықты түп-түгел жойып жіберді. Бұл – 1070 жылы император Ли Тхан Тонгтың бұйрығымен Конфуций мен оның ілімін жалғастырушылар құрметіне бой көтерген ғимарат. Жергілікті жерде «Ван Мьеу» атауына ие осынау кешен əлемдегі ең айтулы, теңдессіз сəулет өнері туындыларының бірі болып саналады. Басқа мəдени-тарихи ескерткіштерге ұқсамайтын бірнеше ерекшеліктері бар. Мұндағы ғимараттар бір мезгілде салынбаған, мысалы, Кхюэ Ван Кок павильоны ХІХ ғасырдың бас кезінде бой көтерген. Ол біріншіден, рухани байлықты дəріптеп, халық санасын құрыштай құндылықтармен тамырластыратын орын ретінде қастерленсе, екіншіден, 1076 жылы шенеуніктердің балалары білім алған алғашқы Вьетнам университеті орын тепкен ғимарат. Үшіншіден, мұнда ксилографиялық баспахана жұмыс істеген. Конфуций еңбектерімен бірге, «Вьет жері құпияларының жинағы», «Лин Намның ғажайып əңгімелері» атты фольклорлық туындылардың алтын сандығы іспетті кітапхана да ғибадатхананың жетістігін жер жаһанға барынша мəшһүр етіп тұр. Император ізінің табы, сарай қызметшілері мен əскерилерге арналған қос қапталдағы жол өрнектері өркениет сазының əріректегі əсем нақышына үңілдіреді. Сексен екі тас тақтадағы жазбалар мен тасбақа бейнесіндегі тұғырлар мəңгіліктің мəн-мағынасын айқындайтын асқақ мұраттарға жетелейді. Мұндағы əр тақтаға 1442-1779 жылдары осы университетте білім алып, докторлық атаққа қол жеткізген ғұламалардың аты -жөндері жазылған. Қазақстан делегациясын «Ван Мьеу» жəдігерлері оқыған сайын жан жадырайтын жауһар кітаптың байлығындай баурап əкетті. Үш миллион бейбіт тұрғынның өмірін қиған кешегі АҚШВьетнам соғысында мұншама тас мүсінді халықтың бүлдірмей, қалайша тап-тұйнақтай қалпында аман сақтап қалғанына таңданбасқа лажың жоқ. Ел басына күн туған аласапыранда ен байлық еріксіз жерге көмілді. Ханой аспаны қауіп бұлтынан ашылған күні тарихи тағылыммен қайта қауышқан қауым қуаныштан жүздері бал-бұл жайнап, шаттыққа кенелді. Жауынгер ұрпақтың рухани мұраға деген осы адалдығы мен сүйіспеншілігі вьетнамдықтардың бойындағы қадір-қасиетті бар ғаламға паш етіп тұрған өшпес өнеге деуге лайық. Түбектің түгін өрт жалмап жатқанда жұрт рухының иілмей, қайта керісінше, кеудесіндегі жеңіс гүлін мəпелеген сол ұлт құндылығының құдіреті болса керек деп пайымдайсыз. Бір өзі бір ансамбльге

Қарапайым халыққа артық байлықтың қажеті жоқ. Азық-түлік, киім-кешек арзан. Бір долларға əжептəуір зат сатып алуға болады. Қазір мұнда жекешелендіру жүріп жатыр», дейді зейнеткер қанағатшыл қалыпта. Вьетнам Сыртқы істер министрінің орынбасары Нгуен Фуонг Нга да журналис термен əсерін бөлісіп кетті: «Қазақстан өнер жұлдыздары маған өте қатты ұнады. Талантты əртістер бізге тек қазақтың өнерін ғана емес, достық сезімнің шуағын қатар алып келген екен. Опера əншілері қаз-қатар тұрып, кеш соңына қарай «Вьетнам. Хошимин» деп вьетнам тілінде таза шырқай бастағанда өз көзіме өзім сенбей қалдым. Бұл сыйларыңызды өмір-бақи ұмытпаймын. Рухымызды көтеретін əн айтылғанда, жұрт орындарынан тік тұрып кетті. Өнердің құдіреті деген ғажап құбылыс қой. Еларалық екіжақты мəдени байланыстар ауқымы мұнан да кеңейе береді деп сенемін», деді. БҰҰ-ның өкілі Жұлдыз Ақышева: «Қазақстанның жақын күндерде Вьетнамда елшілігі ашылады деп күтілуде», деп түрлі саладағы байланыстардың бар шарасы алдағы күндердің еншісінде екенін білдірді. Хошиминде бірлескен кəсіпорындар қазірдің өзінде жемісті жұмыс істеп жатқанын айтып жатыр. Онда қазақстандық азаматтар баршылық дейді. Қала тұрғыны Ми Ди Жи: «Астанада болдым» деп, тағы да бұйыртса, бару ойында бар екенін айтады. Тұма сезімді көрермен мөлдір бастаудай тазаланып, рухани шуаққа мейірленіп бара жатқанын көрдік.

барабар Еділ Құсайынов тас қалыптағы ұлағатты оқып тұрып, ерекше толқыды. Мұнда Конфуцийдің: «Талантты адам – мемлекет байлығы» деген қанатты қағидасы жазылған. Даланың дəстүрлі өнерін дамытуға атсалысып жүрген композитор əрі орындаушы: «Ұлы ғұламаның мұндай ғибратын санасына тоқыған жұрт ешқашан рухани тоқырауға ұшырамайды. Талантқа көрсетілген құрмет арқылы əр халықтың келешегі аңғарылады. Осы сөздің мағынасына мəн беріп, құдіретіне бас иіп отырған Вьетнам халқы лайым, жасай берсін!» дейді ризашылық сезіммен. Қалыптасқан дəстүр бойынша жаңадан отау құрған жас жұбайлар ғибрат ғибадатханасына келіп тағзым етеді. Бұл адами құндылықты тіршілік тірегі еткен мекеннің заманауи келбетінен тағы бір танымдық тармақтың басталғанын көрсетеді. Яғни император заманындағы өмір мектебі кейінгі ұрпағына əлі де сол рухани қызметін жалғастырып жатыр деген сөз. Мəңгілік сарыны сандаған саяхатшының жан-дүниесіне ұлағат дəнін сеуіп тұрған Ханойдағы осы бір киелі орынды көруге алыстан ат арытып іздеп келушілер көп.

Ўќсас ґрнек «Мелиа Ханой» қонақ үйінде Қазақ елінің Вьетнамдағы Мəдениет күндері

Тїбекті тербеген дала сазы Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

құрметіне Вьетнам Мəдениет, спорт жəне туризм министрі Хоанг Туан Анның атынан дастарқан жайылды. Батыстық эстрададан құлан-таза, сазы бір жағынан қытай əуенімен етене туыс, майда мақамды музыка баяу есіп, бойға еркін тарап барады. Халықтың жан-дүниесі мен болмысын орындалатын музыкасына қарап танып-білуге болады деген пікір бар ғой. Сол бойынша талдайтын болсақ, өте бір нəзік, жұмсақ үнмен музыкасы сызыла, үзіле орындалған мұндай халықтың ендеше жаратылысы да сол төркіндес, тыныштыққа, тату-тəтті өмір сүруге аса пейілді болмақ. Неғұрлым əуен ойлы, сазды, назды келген сайын халық та соғұрым сабырлы, салиқалы салтпен ғұмыр кешпек. Мəдениетаралық байланыстары жаңадан нығайып келе жатқан қазақ пен вьетнам халқының арасындағы ұқсас өрнектерді тапжылмай тауып бере аламыз. Мысалы, вьетнамдықтардың көненің көзіндей мұқият сақталған сыбызғы, сондай-ақ шаңқобызға ұқсас «Дан Мои» сияқты дəстүрлі музыкалық аспаптары бар. Екі елдің мəдениет вице-министрлері Асқар Бөрібаев пен Ле Кхань Хай қатысқан ресми қабылдауда осы қос музыкалық аспаптың шеберлері бірнеше шығарманы шынайы нақышпен төгіп, ұлт мерейін өсірді. Ханой Үлкен опера театрында өткен Қазақстанның Вьетнамдағы Мəдениет күндері аясындағы кеште Еділ Құсайынов өзінің айтулы «Бабалар сазы» композициясын сыбызғы, шаңқобыз, жетіген аспаптары үніне көмейді қоса үндестіріп, қазақ ұлттық дəстүрлі музыкасында өте жоғары деңгейдегі мектеп сақталғанын аңғартты. Қазақстан өнер шеберлерінің галаконцертін тамашалаған Вын Тык Мынь есімді вьетнамдық көрермен алған əсерін айту үшін арнайы бұрылды. «Өз басым Қазақстанды жақсы білемін. Қонақжай қазақ халқының тамаша дəстүрлеріне куə болғанмын. Одан бері арада қырық бес жыл өтіпті. Жері кең-байтақ, табиғаты əсем еді. Ұмытқан жоқпын. Шіркін, тағы да бір барып көргім келеді. Бірақ қазір жасым сексенде. Жол азабын көтере алмайтын шығармын. Қалай барамын? Қазақтар келіп жатыр деген хабарды құлағым шалғанда қуанып кеттім. Халықтық көне аспаптардың үнін естігенде көз алдыма баяғы сол өзім жүрген тамаша жерлер оралды. Қандай ғажап! Əсіресе, маған Еділ Құсайыновтың бір шығарманы түрлі аспапта жалғыз өзі орындағаны қатты ұнады. Мұндай таланттар дүниеде өте сирек кездеседі. Көмейі жеке өз алдына бөлек аспаптың рөлін атқарады. Қазақ халқының музыканы сүйетіні көрініп тұр. Өз өнерпаздарымызға дəл мұншалық қызыға қоймаған шығармын. Тағы келіңіздер», дейді ол сүйсініп. Композитордың өзін əңгімеге тартқанымызда, тағы бір қызық тақырыптың басы қылтиды. Ол бұдан отыз екі жыл бұрын Вьетнамға «Отырар сазы» оркестрінің құрамында гастрольдік сапармен келген көрінеді. «Ол кездегі Ханойдың жағдайын қазіргі кезбен салыстыру өте қиын. Бүгінде вьетнам халқы нарық экономикасымен жұмыс істеп жатыр. Тұрмыстары ондағы көргенімізден əлдеқайда түзеліпті. Əлемдік өркениеттен қалмау үшін жанын сала жанталасқан жұрттың еңбекқорлығына қайран қалдым», дей келіп, халықтық аспаптар туралы ойларымен бөлісті. «Барлық елдің өзінің үрмелі төл аспаптары бар. Бірақ əрине, бəрі бірдей емес, дыбыс шығару əдістері əр жерде əр түрлі. Соның ішінде біздікі қай жағынан алғанда да күрделірек болып саналады.

Сыртқы пішіні мен үні жағынан олардың бір-біріне туыстығы байқалғанмен, ойнау, орындалу тəсілдері басқа. Мысалы, біздің сыбызғыны алатын болсақ, дыбыс көмейдің көмегімен жетеді. Ал Вьетнамның сыбызғысы таза дыбыстың өзінен ғана тұрады. Сол сияқты бұл елдің шаңқобызы ерінге тақап тартылса, біздікі тістен тиек табады. Сондайақ, дыбысының өзінен айырмашылықты аңғару қиын емес. Вьетнамда шаңқобыздың ұшы тіптік, бізде ол сүйірлеу, имек болып келеді. Ойнау техникасы екі басқа. Алайда, шаңқобыздың отаны Орта Азия екенінде еш дау жоқ. Бір ғажабы, сонау Жапониядан бастап, Англия, Франция дейсіз бе, бұл аспап əлемге кеңінен тарап кеткен. Бірақ атаулары əрқалай. Вьетнамда дəстүрлі мектеп ерте замандардан келе жатыр. Соның бір жарқын дəлелі – мұнда орындаушылар көп. Халықаралық деңгейде өнер көрсететін Тран Ван Хай есімді вьетнам музыкантын өте жақсы білемін. Керемет шебер орындаушы. Дүниежүзі мойындайды. Жасы алпыс бестегі үлкен кісі. Қазір өзі Парижде тұрады. Мен осы адамнан көп нəрсені үйрендім, он бес-жиырма жыл бұрын шеберлік сыныбынан өттім. Анда-санда хабарласып, əлі күнге бас қосып тұрамыз», – дейді Е.Құсайынов Вьетнаммен өзін тікелей

байланыстыратын тұлғаға айрықша тоқталып. Музыкада бірнеше жанрды қатар алып жүру өте сирек кездесетін құбылыс. Композитор туындылары сан қырлы өрнегімен өзгешеленеді. Айта кететін болсақ, симфониялық, халық аспаптары оркестрлері мен жекелеген көне аспаптарға арналған шығармаларына қоса қазақ ұлттық балет өнерінде сирек кездесетін модерн жанрына екі балет жазған. Жақында симфониялық оркестрге тағы бір тың туындысын – «Қыпшақ жырын» қосқаны өз алдына бөлек мерей. «Келін», «Құрақ көрпе», сонымен қатар, былтыр Нью-Йоркте алтын медаль иеленген «Аңшы бала» фильмдері мен «Ер Төстік» мультфильмінің музыкалары – Е.Құсайынов еншісінде. Орындаушылық шеберлігі туралы айтатын болсақ, ол қай туындыны болсын халыққа жанымен ұғып, жүрекпен жеткізуге тырысады. Тағы бір қыры ұстаздық десек, бұл ретте Қазақ ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның шақыруымен елордадағы білім ошағында өрімдей жастарды өнегелі өнерге баулып жүрген еңбегі ерекше. Сазсырнай, шаңқобыз, көмеймен əн салу, сыбызғы бойынша шəкірт тəрбие леп, «Көк түркілер», «Тамыр» ансамбльдерін құрған музыканттың «Сыбызғы күйлер» атты кітабы да кенжелеп қалған кейбір ұлттық аспаптардың келешегін ойлағандықтан дүниеге келген. Халқымыздың байырғы музыкалық аспаптарын домбыра мен қобызбен терезесі тең тұратындай дəрежеге жеткізем деп жүрген композитордың түркілік мəдениетті түлетудегі орасан зор еңбегін қалай ардақтасақ та жарасары сөзсіз.

Достыќ дəнекері Қазақстанның Қытай Халық Республикасы мен Вьетнамдағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нұрлан Ермекбаев журналистерге сұхбат берді. «Қазақстанның Вьетнамдағы Мəдениет күндерін вьетнам халқы зор ықыласпен, қуанышпен қарсы алуда. Бұл шара екі ел басшыларының қол жеткізген уағдаластыққа сəйкес іске асырылып отыр. Былтыр қыркүйекте Вьетнамның Қазақстандағы Мəдениет күндері өткен болатын. Ал енді биыл міне, қазақстандық өнер шеберлеріне Вьетнам ең айтулы опера театрының төрін ұсынып, қазақ өнеріне үлкен қызығушылық

танытып отыр. Жалпы айтқанда, соңғы екі жылда екіжақты қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Мысал үшін, екіжақты сауда айналымы былтыр 100 миллион доллардан асып, туристер мен бизнесмендер сапарлары басталды. Осыған байланысты қазақстандық бизнесмендер мен туристерді Вьетнамға шақыра отырып, жайлы жағдай жасап жатырмыз. Инвестициялық жобалар туралы айтатын болсақ, бұл екіжақты үдеріс. Өйткені, Қазақстанда да қызық инвестициялық жобалар бар. Ауыл шаруашылығы, металлургия саласынан қазір бірқатар вьетнамдық компаниялар Қазақстанда өздерінің өндіріс ошақтарын ашқалы отыр. Одан басқа Вьетнам аумағында да инфрақұрылым, телекоммуникациялар саласында айтарлықтай жобалар бар. Қазақстаннан Вьетнамға келіп жатқан бизнесмендер баршылық, бірақ əзірге нақты жұмыспен айналысып жатқандары көп емес. Бірақ бұлар біртіндеп көбейе береді деп сенемін. Одан басқа тағы да бірталай инвести циялық жобалар талқыланып отыр. Ауылшаруашылық саласында, туризм, металлургия мен инвестициялық қор құру жөнінде қазір нақты белсенді жұмыс жүр гізілуде. Биыл қаңтар айында екі мемлекеттің ең ірі қалалары Алматы мен Хошиминнің арасында тікелей қатынайтын əуе рейсі ашылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы Вьетнамға сапары Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына соны серпін əкелгені мəлім», деп елші келешекте жүзеге асуы тиіс бірсыпыра жобаларды атап өтті. Ханой Үлкен опера театрында өткен Қазақстан өнер шеберлерінің галаконцертін тамашалаған Украинаның Вьетнамдағы елшісі Алексей Шовкопляс өзіне əсіресе, «Отырар сазы» оркестрі ұнағанын айта келіп, дирижерлер Дінзухра Тілендиева мен Ерболат Ахмедияров өнеріне халықтың ризашылықпен қол соққанын, көптен бері осындай тамаша сəтті бастан кешпегенін жеткізді. «Жалғыз менің ғана емес, залдағы көрерменнің бəрінің көңілінен шықты деп ойлаймын. Қазақстанда талантты жастар өте көп екен», деді. Жұпар Ғабдуллина мен Бауыржан Əндержановтың əлемдік классиканы шырқау шеберлігіне дəн риза. Буи Ты Зу есімді зейнеткер Мəскеудегі Морис Торез атындағы шет тілдер институтын бітірген екен. «Ұлым мен келінім Вьетнам Сыртқы істер министрлігінде қызмет істейді. Бізге билет əкеліп берді. Қазақстанның өнер шеберлері өнер көрсетеді деді. Өзім қазақтар туралы онша жақсы біле бермеймін. Бірақ астанасы Алматыдан басқа қалаға ауысқанын естідім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ жылдан бері ел басқарып келе жатқанын, əлемнің танымал сəулетшілерінің қатысуымен керемет астана салынғанын білуім бар. Табиғаты жанға жайлы, тамаша жер деп естимін. Жақында Қазақстанға достарымыз барып келді. Тамсанып отыр. Халқы қонақжай, жан-дүниесі сұлу деп сүйсініп айтады. Туған жерін, Отанын сүйетін патриоттар тұрады дейді. Отанды сүю сезімі таза, адал адамдардың ғана қолынан келеді. Ендеше, мейірімді жандар көп қой. Осының бəрін естігенде жасымның егде тартып қалғанына қарамастан Қазақстанды көруге құштарлығым арта түсті. Соңғы жылдары экономикасы қарыштап дамып келе жатқан санаулы елдің бірі екен. Астана шамамен қай қалаға ұқсайды? Айтып берші», деп қиыла қарайды. «Көп айтқаннан гөрі бір рет барып көрген жақсы» деп қоямыз біз. «Мұндағы халықтың тұрмыс-тіршілігі қандай?» деп өзін əңгімеге жетелейміз. «Жылдан-жылға біртіндеп жағдайымыз жақсарып келеді.

Ґнер ґрімі Вьетнамның Мəдениет вице-министрі Ле Кхань Хай Қазақстанның мəдениет күндерінің ашылу салтанатында достық қарым-қатынастардың тамыры өткен тарихтың түбінен табылатынын мегзеді. «Қазақ пен вьетнам халқының арасындағы рухани көпір ешқашан үзілмейді. Өйткені, біздерді ежелден туыстық сезімдер жақындастырған. Мұндағы жұрт қазақ халқының қиын-қыстау күндерде қол ұшын созып, тəуелсіздігімізді қорғауда жақын қамқоршы болғанын ешқашан естен шығармайды. Біз бүгін сол дəстүрдің қайта жалғасын тауып жатқанына шексіз қуаныштымыз. Қазақстанның Вьетнамдағы алғашқы Мəдениет күндері екі ел арасындағы мəдени байланыстарды барынша бекіте түседі деп сенемін», деп бүкіл вьетнам халқының атынан ізгі ниетін жеткізді. Сахна шымылдығының Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің орындауында Түркеш Қалқаұлының «Көңіл ашар» күйімен ашылуы өмірі мен өнерін азаттық пен əділдікке жұмсаған тұлғаның кəусар бұлағына іңкəрліктен ғана туып отырған жоқ, сонымен қатар шығармасына халықтық аңсар-мұратты сыйғызған дала абызының мəңгілік сарынындағы сарқылмас рухқа байланысты болса керек. Түркеш баба күйінің намыс қайрар қайсарлығы халқының əлі күнге рухани қалқанындай қызмет етеді. Залдағы дүйім жұрт күй үніне құлақ түріп, тастай қатып қалған. Өйткені, вьетнам халқы тағдырдың талай тəлкегін бастан өткерген жауынгер ұлт. Саз сарынында өмір сабағы жазулы екенін ұғады. Тұтас бір оркестрді қазақтың сүйріктей бір қызы таяқшасымен үйіре бағындырған көрініске сырттай көз сүйсінеді, жан семіреді. Күй дүлдүлі Нұрғиса ағамыз дүниеден озғанда «Отырар сазы» да қара жердің қойнына аттанардай қалың қазақтың қамыға қайғырғанын қалай естен шығарайық. «Алтынның сынығы» деп халық көңілге үмітті бекер медет етпейді екен-ау. Нұрағаңның қызы Дінзухра əке шыққан сол заңғар шыңға лайық өнері өсіп келе жатқан өрен екеніне көзіміз жетті. Жантөренің «Шалқыма», Н.Тілендиевтің «Баламишка», Есбайдың «Бөгелек», Құрманғазының «Сарыарқа» күйлерінен шашу əзірлеген жас домбырашы Данияр Байжұмановтың орындаушылық шеберлігі бір кездері Н.Тілендиев негізін қалап кеткен мектептің жас түлегінің қанаты қатайып, тас түлекке айналғалы тұрғанын аңғартты. «Молдабайдың əнін» шырқаған республикалық байқаулардың лауреаты Ерлан Рысқали əншінің дауысы Ханой театрының сахнасын жарып жіберердей, дауыс диапазонының дархандығымен тамсандырса, «Астана балет» театрының биші қызы Айнұр Сұлтанқожаеваның сəмбі талдай майысып, мың бұрала билеген «Түлкі бикеш» биі Шұғыла сіңлілерінің əлемдік сахнаға шығар күні де алыс емес екеніне сендіреді. Вьетнам сапарының тағы бір ерекшелігі – Қазақстан өнер шеберлері санатына өңір өнерпаздарының тартылуы. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера жəне балет театрының солисті Ерлан Жандарбай Естайдың «Құсни-Хорлан» əнін, ал Қарағанды облысы Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік жанындағы Назгүл Əбілханқызы жетекшілік ететін фольклорлық-хореографиялық «Аққу» биі ансамблі «Аққу қыздар», «Ыңғайтөк», «Би» билерін орындап, көрермен ықыласына бөленді. Əлемдік жəне отандық классикадан ұсынылған шығармалар Болат Жомартов, Бауыржан Əндержанов, Жұпар Ғабдуллина, Күміс Базарбаева, Əсем Сембина орындауларында тыңдаушы жүрегіне шашаусыз жетті деп ойлаймыз. Түрлі-түсті түбек түрі дала толқынымен тербеледі. АСТАНА–ХАНОЙ–АСТАНА. –––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.


www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Жїйе жаѕєыртылып жатыр

Үкіметтің қаулысына сəйкес Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Батыр бабамыздың мерейтойына арналған ғылыми-тəжірибелік конференция Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен билік пен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қазақ рухының көтеріліп, жоғының түгелдене түсуіне ілкім бір əсер ететін үлкен жиынға Алматыдан академиктер Сұлтан Сартаев, Серік Қирабаев, Əлия Бейсенова, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, Семейден жазушы Медеу Сəрсеке мен ғалым Болатбек Нəсенов, Ақтөбеден профессор Амангелді Айталы, Қостанайдан тарихшы Аманжол Күзембайұлы секілді ұлт жанашырлары жетіп, алқалы жиын маңызын арттыра түсті. Үкіметтің қаулысымен биыл Қожаберген бабамыздың 350 жылдық мерейтойын атап өту белгіленген болатын. Аталмыш жиын сол қаулының шеңберінде өтіп отырған мəдени шара болып отыр. Аталмыш университеттен академик Сейіт Қасқабасов бастаған барлық əдебиетші, тарихшы ғалымдар жиынға қатысып отырды. Конференцияны ашқан білім ордасының проректоры, белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы шараға 239 ғылым докторы мен кандидаттары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес пен Жоғары соттың мүшелері

жаны таза өскелең ұрпақта орасан болып отыр. Бұл азат елдегі патриоттық сезімнің жалындай шалқуының бір көрінісі болса керек. Біз ұзақ жылдар бойы өзге елдің мүддесін көздейтін идеологиялық құрсауда болып келдік. Қаншама рухани қазыналарымызды талақ етіп, олардан безінуге мəжбүр болдық. Елім деп еңіреген ерлеріміздің түсін түстеу түгілі атын атаудан да қорықтық. Академик Серік Қирабаев өзінің сөзінде қаншама əндеріміз бен күйлеріміздің авторын атаудан қашып, «халық əндері» деп келгенімізді айтты. Көп уақытқа дейін «Батырлар жырларынан» «тоқсан үйлі тобырын» асыраған Қамбар батырды ғана алып, қалғанының бəрінен байдың

Кеше «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің дəстүрлі брифингі өткізілді. Оған еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қатысып, журналистер қойған сауалдарға жауап берді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Республикасынан келген қандасымыз, қарымды қаламгер Шəміс Құмарұлы да сөйлеп, Қожаберген жыраудың зерттеліп, қазір халықтың рухани қазынасына айна-

«Елім-ай!» деп ґткен есіл ер Жақсыбай САМРАТ, Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»,

Нұрсайын ШƏРІП, журналист.

қатысып отырғанын жеткізе отырып, Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой толғады. Қожаберген жыраудың өмірі мен тағдырын білуге деген қызығушылықтың осынша үлкен болу себебі неде? Бүгінгі таңда оны білудің қаншалықты маңызы бар деген сұрақтар туады. Оған конференцияда сөйлеген ғалымдар толығымен жауап бергендей болды. Қазақтың қойнауы құтты, даласы сүтті, дүние жүзінде тоғызыншы орын алатын алып аумағы бүгінгі ұрпаққа көктен түскен жоқ. Ол осы Қожаберген жырау сияқты бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен əр қыры мен өріне, төскейі мен беткейіне, көлі мен шөліне қанын төгіп қорғап, ұрпаққа мұраға қалдырған жері. Сондықтан да оның əрбір түп көдесі мен бұтасына дейін қазақ үшін қымбатты, қасиетті. Сайын далада қазақ секілді көшпелі өмір сүрген халықтар аз болған жоқ. Жаугершілігімен, басқыншылығымен аты шығып, тіпті «көшпенділердің империясы» деген атаққа жеткендері де болды. Солардың кейбірі тіпті тарих сахнасынан өшіп, жер бетінен жойылып та кетті. ХVІІІ ғасырда қысқа күнде қырық шауып, бейбіт жатқан қазақты қыра беруді ғана білген жоңғарлардың бүгін жер атауларынан басқа ізі де жоқ. Ал қазақ жол бастаған көсемдері, қол бастаған батырлары, сөз бастаған шешендерінің арқасында ұйысып аман қалды. Алып территориясын да шашыратпай, ұрпағына бүтін жеткізді. Тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай Тасболатов əскери академияда оқып жүрген кезін еске алып, онда əріптесі, армян генералының өзіне қатты қызығып, «Қарашы, картада біздің жерге «Армения» деген атауды да сыйғыза алмайсың, ал сіздер құлашты кең тастап, «Қазақстан» деп еркін жаза аласыздар. Қандай бақыттысыздар» дегенін айтты. «Сонда мен осынша алып жерді бізге мұраға қалдырған бабаларымызға қатты ырза болып, олардың рухына бас июші едім. Есімдерін білмекке құштар едім, бірақ бізге ешкім оларды айтқан жоқ, тек Суворов, Кутузов дегендерді ғана оқыта берді. Тек тəуелсіздіктің арқасында ғана біз олармен танысуға мүмкіндік алдық», деді генерал. Елі мен жерін сыртқы жаудан қорғап, қол бастаған, ұлан-ғайыр аумақта жатқан қандастарын жауға қарсы бірігуге шақырып, сөз бастаған ерен ерлердің бірі Қожаберген Толыбайұлы болған соң да оны білмекке, тереңірек танымаққа деген қызығушылық бүгінгі күнгі басы азат,

балалары деп бас тартқанымызды күйіне жеткізді. Сөйтіп, біз өзіміздің қаншама рухани қазынамыздан бас тартып, көз жазып қалдық. Ал бүгінгі күні олар ашылып жатса, жаңадан көрініп жатса – жатырқап, ондай адам жоқ еді ғой, қайдан шыққан деп үрке қарайтын халге жеттік, деді ол. Қай күнгідегідей конференцияда түрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде Білім жəне ғылым, Мəдениет жəне ақпарат министрліктерінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің, Жазушылар одағының Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы əкімдерінің де құттықтаулары оқылды. «Қожаберген жырау – қайраткер, қолбасшы» деген тақырыптағы негізгі баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған жасады. Ол Қожаберген жырауға байланысты ғылыми-зерттеулердің жалғаса беруі қажеттігіне тоқталды. «Ұлттың намыс қорғаны» деген тақырыпта сөйлеген қоғам жəне мемлекет қайраткері, ақын Кəкімбек Салықов Қожаберген жырау шығармаларының үлгісіне тоқталды. Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев Қожаберген өмірінен бүгінгі ұрпақтың ғибрат алар тұстарын көбірек айтты. «Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның арқауы болатыны туралы сөз қозғаған профессор Амангелді Айталы бүгінгі күннің проблемасынан биіктеп, ұлттың болашағы туралы əңгімелер қозғады. Қай күнде елдік ірі істер туралы толғайтын философ бұл жолы да өзінің ұстанған жолынан айнымай, ұлт болашағының өзекті проблемаларын Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығына сабақтастыра өрбітті. Заң ғылымдарының докторы Томас Айтмұхамбетов Қожаберген жыраудың қатысуымен жазылған «Жеті жарғының» тарихы мен маңызы жайлы əңгіме өрбітті. Ал профессор Мекемтас Мырзахметов «Елім-ай» дастанының саяси мəнін ашуға тырысты. Қырық тоғыз түркі халықтарының қырық жетісін жаулап алып, көбін жұтылдырып жіберген орыс империясы мен Кеңес Одағы идеологиясының зардабын айта отырып, Қожаберген жырау жырларындағы басқыншылықты əшкерелейтін тұстарды тереңірек таратты. Конференцияда Қытай Халық

9

лып жатқанына ризашылығын білдірді. Конференцияны қорытындылаған халықаралық «Жеті жарғы» жəне Қожаберген жырау» қорының төрағасы Бекет Тұрғараев жыраудың өмірін зерттеу, еңбектерін шығарып, халыққа таныту бағытында істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі күнге дейін түрлі тақырыппен Қожабергеннің өз шығармалары жəне ол туралы 11 мың дана кітап жарық көрген екен. Алғаш рет ол 2000 жылы ұлықталып, Петропавл қаласында көше, мектеп аты берілгенін айтты. Сондай-ақ, жерленген жеріне үлкен кесене тұрғызылып, зиярат етушілер саны жыл сайын артып келе жатқаны да жеткізілді. Конференция соңынан қарар қабылданып, онда жыраудың өмірі мен шығармашылығына байланысты қандай шаралар жасалуы керектігі жөнінде тиісті орындардан сұралды. Бұдан əрі Қожаберген жырау мерейтойына қатысты шаралар Солтүстік Қазақстан жерінде жалғасты. Республикамызға белгілі тұлғаларды, ақын-жазушыларды тоғыстырған мерейтой лық шара С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Қожаберген жыраудың əдеби мұрасы жəне Тəуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстелмен ашылды. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мəртебелі қонақтарға жылы қошемет білдіре келіп, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтауын оқып берді. Көрнекті ақын Кəкімбек Салықов «Қожаберген – намыстың адамы. Жас кезінен əз Тəуке ханның сенімді серігі, айнымас досы, қолдаушысы, қолбасшысы болған ұлы тұлға. Сондықтан да оны қазақ əдебиетінің аса көрнекті өкілі ретінде танитын мезгіл жетті», деді. Мəжіліс депутаты Абай Тасболатов ел тəуелсіздігінің арқасында ғана өз бабаларымызды тануға қол жеткізгенімізге, олардың ішінде Қожаберген жырау ерекше орын алатындығына, 25 жасында үш жүздің қолбасшысы болғандығына, 67 жасында «Аңырақай» шайқасына қатысқандығына, баба өмірін кейінгі толқынға таныта түсу қажеттілігіне ерекше екпін түсірді. Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған «Елім-ай» дастанының қазақ пен жоңғар қалмақтары айқасын тарихи тұрғыдан сипаттайтын туынды екеніне тоқталып, шығармаға мəтінтану жағынан тарихи сараптама жасау қажеттігін сөз етті. Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры Болатбек Нəсеновтің айтуына қарағанда, ұлы жырауды кеш білуіміз идеологиямыздың əлі де өз дəрежесінде жүргізілмей келе жатқанын аңғартады. Бүгіндері жұртшылыққа насихаттап жатқанымыз – Қызылжар өңірінің атпал азаматтарының, өлкетанушыларының арқасы. Филология ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚҰМУ-нің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметов «Қожаберген жырауды «Бір ел – бір кітап» жинағына енгізіп, тарихымыздың іргетасын нығайта түсуіміз керек» деген мағыналы ұсыныс тастады. Жазушыжурналист, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Дүйсенбі Əріп 2000 жылы Петропавлда белгілі академик Манаш Қозыбаев, сол кездегі облыстық соттың төрағасы Бекет Тұрғараев бас болып өткізген конференциядан, 2007

жылы шыққан жырау шығармалары жинағынан кейін ғана тани бастағанын жеткізе келіп, Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылын Қожаберген жырау есімімен атау жөнінде ұсыныс білдірді. Оны мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Қасымов, баба ұрпағы Бектас Тырқаев қолдады. – Қожабергендей тарихи тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Жақында бір топ зиялы азаматтардың атынан үкіметке Петропавл қаласындағы əскери институтқа даңқты сардардың атын беру жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл ретте тəуелсіз ел ретінде дамуымыздың айшықты нышанына айналған Астанада жыраудың еңселі ескерткіші тұрса, айбынымызды асқақтатып, мерейімізді өсіре түсер еді. Сондай-ақ ел басына күн туған, зар заман атанған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» дəуірін көз алдымызға елестететін «Елім-ай» дастаны ұлттың мəңгілік жыры екенін ескерсек, соған лайық белгі қою да алдағы күндердің еншісі, деді əңгімелескенімізде Тоқсан бидің зиратына кесене, Мағжанның əкешешесінің басына мрамор тастан белгі тас қоюға тікелей мұрындық болған белгілі меценат Бекет Тұрғараев. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай мерекелік шаралар шеңберінде ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің əр қиырынан 50-ге тарта ақын Қожаберген жырауға, «Елім-ай» дастанына жəне еркін тақырыпқа арналған үш шығармамен жабық конкурсқа қатысқанын, солардың арасынан қазылар алқасының сараптауынан өтіп, оза шауып, топ жарған он дүлдүл ақын өз жырларын өнерсүйер қауымға ұсынатынын жеткізді. Сегіз сері атындағы арнайы сыйлық пен диплом астаналық ақын Серік Тұрғынбекке, С.Мұқанов атындағы сыйлық алматылық Ерлан Жүніске, М.Жұмабаев атындағы сыйлық астаналық Ұларбек Дəлиге, Шал ақын атындағы сыйлық Алмат Исаділге, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлық қызылжарлық Жарқын Жұпарға табыс етілді. Үшінші орынды Ырысбек Дəбей, екінші орынды Əділғазы Қайырбеков, бірінші орынды Темірғали Көпбаев жеңіп алса, бас жүлде оншақты жыр жинақтарының авторы, қарағандылық Абзал Бөкенге бұйырды. Ақмола облысының əкімі Қосман Айтмұханбетовтің құттықтау хатын тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғосман Төлеғұлұлы оқып беріп, Көкше өңірі бейнелеген картинаны тарту етті. Бұл күнгі шара Бескөл ипподромында Қожаберген жыраудың 350 жылдығына арналған сахналық көрініспен жəне ұлттық ат спорты ойындарымен қорытындыланды. Ертеңіне мəртебелі меймандар ұлы бабаның туған жері Жамбыл ауданына сапар шекті. Аудан орталығындағы баба есімі беріл ген үлкен алаңға жиналған көпшілік қонақтарды қазақтың салт-дəстүрімен қарсы алып, құрмет көрсетті. Қожаберген Толыбайұлының шығармалары үш ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап келсе, енді халық жадында мəңгі сақталары анық. Үш томдығының жарық көруі, соның бір дəлелі. Бүгінге дейін дауылпаз жырау ретінде ғана біліп келсек, енді даңқты қолбасшылығын, ержүрек батырлығын жастар да танып-білетін болады. Алты алаштың айбыны, ұлтының қорғаны бола білген ірі тарихи тұлғаға қатысты шаралар мұнымен тоқталмақ емес, деді салтанатты жиында сөз алғандар. Жыраудың кесенесіне тəу етіліп, аруақ қа дұға бағышталды. Аудан орталығының қақ төрінде орналасқан мүсін гүл шоқтарымен көмкерілді. Жергілікті мүсінші Бақытжан Рамазановтың қолынан шыққан тастан қашалған бейне ерекше көз тартады. Пресновка мектебінде жұмыс істейтін мұражай үлкен қызығушылық тудырды. «Салтанат» мейрамханасында жырауға ас берілді. Солтүстік Қазақстан облысы. ––––––––––––––

Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ, Ерлан ОМАРОВ.

Апта ішінде болатын маңызды шараларды тізіп айтып өткен ОКҚ ресми өкілі Алтай Əбибуллаев брифингтің бас спикерін ортаға шақырды. Журналистерді алда келе жатқан кəсіби мерекесімен құттықтаған Ішкі істер министрі соңғы үш жылдың ішінде құқық қорғау органдарын жаңғырту бойынша бірқатар маңызды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес халықтың сенімінен шығатын, азамат тардың құқықтары мен бос тандықтарын қорғайтын, халықаралық стандарттарға сай келетін полиция қызметін жолға қою – біздің ең басты мақсатымыз», деген ол қоғамда қазіргі уақытта қызу талқыланып жатқан ішкі істер саласына қатысты жаңа заң жобасы жайына да тоқталып өтті. ІІМ жаңарту шаралары статистикалық мəліметтерге емес, іс-шаралардың сапасына негізделетін болады, деген министр елімізде бүгінгі күні криминогенді жағдайға сай келетін шынайы статистикаға қол жеткізілгенін мəлім етті. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы 138,5 мың қылмыс тіркелген көрінеді, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артық. Алайда министр жалпы алғанда елдегі криминогенді жағдайдың өткен жылмен салыстырғанда, өзгешелігі жоқ деп бірнеше мысалдарды көлденең тартты. Мəселен, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 9 мың 276 мың қылмыс тіркелсе, бұл алдыңғы жылға қарағанда 40,5 пайызға артық екен. Ведомство басшысы: «Біз осылайша, бұрын əдейі тіркелмей келген 82 мыңға жуық қылмысты «көлеңкеден» алып шықтық. Олар негізінен тіркеу кезінде түрлі айла-шарғыға оңай ілігетін ұрлық, бұзақылық жəне өзге де ұсақ қылмыстар», деді. Министрдің сөзіне қарағанда, еліміздегі қылмыстар ішінде мүліктік-пайдакүнемдік бағыттағы қылмыстар басым сипатқа ие көрінеді. Мəселен, жалпы көрсеткіштің 70 пайыздан көбі осы ұрлық пен тонау жəне қарақшылық шабуылдарға жатады екен. Қылмыстардың 62 пайызын ұрлық құрап отыр.

Олар негізінен қоғамдық орындарда, мектептер мен базарларда, қоғамдық көліктер сынды көпшілік жерлерде жасала ды, сондықтан осындай қылмыстардың көрсеткіштері 14 пайызға артып отыр дегенмен, соңғы жылдары кəмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың 19 пайызға, ал бұрын сотты болғандардың қылмысының 3,6 пайызға азайғанын алға тартты. Сонымен қатар, Қ.Қасымов аса ауыр қылмыстардың азайып отырғанын да айтып өтті. Мəселен, кісі өлтіру 13,5 пайызға кеміген. Елімізде қазіргі таңда ауыр қылмыстардың ашылуы 33 пайызды, ал аса ауыр қылмыстар 63 пайызды құрайды екен. Бұл көрсеткіштерді өзге елдермен салыстырмалы түрде тізбелеп өткен министр АҚШта қылмыстың ашылуы соңғы 30 жыл бойына – 21-22 пайыз, Англияда – 32-40 пайыз, ал біз қазір тəжірибесін таразылап жүрген жүрген Герма нияда қылмыстың ашылуы 45-46 пайыз екенін айтты. Ал Германияда жасалған 48,4 мың пəтер ұрлығының бар болғаны 16,5 пайызы ғана ашылады. Франциядағы жəне Ұлыбританиядағы жағдай да осыған ұқсас. Ал Қазақстанда біреудің мүлкін ұрлау қылмысының ашылуы 17 пайызды, пəтер ұрлығының көрсеткіші 14,5 пайызды құрайды, деді. Сонымен бірге, министр екінші жыл қатарынан Бас прокуратурамен бірлесе отырып, қылмыстарды есепке алу жəне тіркеу бағытында қатаң тəртіп орнағанын тілге тиек етті. «Біздің міндетіміз – қылмыстарды есепке алу мен тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету. Азаматтардың полицияға жолдаған əрбір өтінішін тіркеу, кейін өтінішке сəйкес жұмыстар жүргізу. Мұнсыз полиция азаматтардың сеніміне ие бола алмайды», деп ойын тұжырымдады Қ.Қасымов. Мұнан кейін министр журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Олардың ішінде ішкі істер саласы мамандарының əлеуметтік қорғалуы, қылмыстық жазасын өтеу мекемелерінің қала ішінде орналасуы жайында сауалдар болды. Соңғысына министр сотталғандар үшін қаладан тыс жерлерде жаңа колониялар салынатынын жеткізді.

ЕЌЫЎ-ныѕ «ќауіпсіздік кїндері» ЕҚЫҰ Бас хатшысы Л.Заньердің бастамасы бойынша дəстүрге айналған ЕҚЫҰ-ның «Қауіпсіздік күндері» өтті. Осы жолы іс-шара «ХХI ғасырдағы ЕҚЫҰ» тақырыбына бағытталды. ЕҚЫҰ-ға мүше жəне ын тымақтас мемлекеттердің өкілдері, танымал сарапшылар мен ғылыми орталардың зерттеушілері, журналистер мен мем лекеттік емес ұйымдарға қарайтын белсенділік танытушылар қауіпсіздік тақырыбының əртүрлі аспектілерімен қоса, қақтығыстардың ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздікке тигізер əсерін, ЕҚЫҰ-ға көршілес аймақтардан тарайтын қауіпсіздік қатерлерін, трансұлттық қатерлермен күресу, мүмкін болар жəне Ұйымның даму болашағы жөніндегі мəселелерді тақылады. Конференция тақырыптық ауқымдылығы мен жоғары деңгейлі қатысушыларымен ерекшеленді. Шақырылған спикерлер арасында ресми сөз сөйлегендер: Ливия президенті М.Абдул-Азиз, Халықаралық мəселелер кеңесінің президенті, Ресейдің бұрынғы сыртқы істер министрі И.Иванов, бұрынғы канцлер, Австрияның сыртқы саясат жəне БҰҰ бойынша бірлестігінің президенті В.Шюссель, Грекия парламентінің мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министр Д.Бакоянни, т.б.

Шараға ҚР СІМ Еуропа департаментінің директоры Е.Ахинжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Л.Қаратаева, ІІМ Үйлестіруші штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі Аға инспекторы Е.Аталықов пен Қазақстанның Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлерінен тұратын Қазақстан делегациясы қатысты. Л.Қаратаева ЕҚЫҰ-ға көршілес аймақтардан тарай тын қауіпсіздік қатерлері тақырыбына арналған сессияда негізгі спикерлердің бірі ретінде сөз сөйледі. Ал «XXI ғасырдағы ЕҚЫҰ» тақырыбындағы Қауіпсіздік күндері жалпы 2010 жыл ғы Астана Саммитінің Декларациясын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық пен үнқатысу тұғырнамасы ретінде ЕҚЫҰ-ның рөлін одан əрі нығайтуға арналған бейресми форум болып табылады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.


10

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Жаѕару

 Өңір өмірі

Ќарќын Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жалын жігер, жас тїлектер

Бұл күнде қарағандылық 74 түлек өздері қалауы бойынша қандай да бір жоғары оқу орнында білімін тереңдетуге дайын отыр. Бірыңғай ұлттық тестілеуде талапқа сай біліктілік көрсетіп, артқан үмітті ақтаған «Алтын белгі» иегерлері ретінде олар облыс мақтанышына айналды. Сынақ жұлдыздарының Теміртаудағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мəдени орталығында басы қосылып, жеңістеріне құрмет жасалуы соған айғақ болды. Биыл өңір білім ұялары ішінен Қарағандыдағы «Мұрагер» мектебін бітірушілер бірінші орыннан көрінді. 12 мұрагерлік лайықты білім деңгейін танытса, 8 жезқазғандық, Балқаш пен Сəтбаевтың жəне Абай ауданының 4 жеткіншегі жеңімпаздар қатарын толықтырды. Бұлардың бəрі облыстағы дарынды балаларға арналған, сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебінің, 40 гимназия мен лицейдің түлектер шоғырынан озып шыққандар саналады. Соның ішінде «Мұрагерден» қанаттанушы Алуа Махметова сынақтастары арасынан ең жоғары – 123 балл жинап, алдына жан салмады. Сынақ жұлдыздарын облыс əкімі Бауыржан Əбдішев құттықтап, «Алтын белгі» төсбелгілерін əрқайсысының кеудесіне тақты. Сапалы білім, саналы тəрбие алуға өңірдегі барлық оқушыларға жеткілікті жағдай жасалып жатқанын, жасала бермектігін айтып, одан сайын өсе түскен талаптарына қол жеткізуге табыс тіледі. Кездесуде бірқатар түлектердің негізгі пəндер бойынша халықаралық, дүниежүзілік олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, тестілеуден босатылуға еріктері болғанымен

қатысуға ниет еткендері белгілі болды. Солардың бірі «Дарын» мектебін бітіруші Сырымбет Жұмағұлов өз өтінішімен сынақта алған білімін дəлелдеп шыққан. «Алтын белгі» иегерлері алдында еңбек ардагерлері Қуаныш Омашев пен Надежда Вахитова сөз сөйлеп, мұндай құрметтің Теміртау төрінде көрсетілуінің өзіндік мəні барын атады. Металлургтер қаласы Елбасының алғашқы еңбек жолын бастаған, білім тереңдеткен тұрғысында тұғырлы орта екенін, сондықтан осындай жарқын жолдың өмірлерін жарқыратуын тілек етті. Қуаныштан жүздері жайнаған, шынайы құттықтаудан көңілдері толқыған, армандары асқақтаған білімпаз жеткіншектерге Н.Ə.Назарбаевтың кітабы сыйланды.

Шаєын ќалалардыѕ келешегі кеѕ

Өндірісті аймақтың табиғи байлықтары пайдалануы ерекшеліктеріне байланысты кішігірім қалалар мен кенттер кезінде əр тұста шаңырақ көтерген болатын. Олардың кейбірінің тек бір тарапты өнеркəсіпке бейімделген қалпында қалуы кейінгі кезде өсіп-өркендеуіне кедергі келтіре бастады. Алайда, осы қиындықтан шығудың жолдары табылып жатыр. Бұл ретте облыс бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасына 8 қаланың бірдей қамтылуы олардың экономикасы мен өміріне тың тыныс бітіруге күннен-күнге жол кеңейтіп келеді. Бұған бағытталған іс-шаралардың ауқымды бір бөлігі шағын қалалар өсіпөркендеуінің бас жоспары аясында алдағы жылдарға арналған жұмыстар болып табылады. Мысал үшін, Қарағандымен қанаттас Саранның сол бойынша дамуында өндірістік саланы қайта жаңғыртумен қатар инфрақұрылымын барынша жақсарту көзделген. Атап айтқанда, бос қалған тұрғын үйлердің бəрі қалпына

келтірілсе, көшелер көріктендіріледі, көгалдандыру ұлғайтылады. Ал Приозерск қаласының Балқаш көлінің əдемі бір мүйісімен иіндестігіне орай туризмді қалыптастыру қолға алынып жатыр. Айдын жағалауынан қысы-жазы демалуға лайықты, барлық жағдай жасалған сауықтыру орталығының құрылысы қазір қызу жүргізілу үстінде. Шағын қала Қарқаралының да келешегі кең. Мұнда айналасындағы орман-тоғайларда демалушыларға қызмет көрсететін тиісті орындар салушыларға көмек-қолдау көрсету кеңейтіледі, ескі үйлер орнын жаңалары басады, жолдар жаңартылады, байланыс жетілдіріледі. Алдағы қыркүйекте 40 жылдығы мерекеленетін Сəтбаев қаласында өз атындағы академикке еңселі ескерткіш орнатылады. Кеншілер сарайы алдындағы алаңда түрлі-түсті субұрқақ, гүлзарлар көздің жауын алатын болады. Аталған қалалардың 2020 жылға дейін дамуына арналған бас жоспарда тұрғындардың өскелең уақыт талабына сай тұрмыс-тіршілігіне қатысты басқа да шаралар қарастырылған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Ұлтаралық жəне дінаралық бірлік – тəуелсіз Қазақстан таңдаған жол. Сондықтан, Қазақстан халқын осы ізгі мақсат жолына жұмылдыра түсу де күн тəртібінен түспейтін қағидат. Ақтау қаласында «Өңірлердегі этносаралық жəне конфессияаралық үдерістерді тиімді басқару: полимəдени қо ғамдағы келіссөздер жəне медиация» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті. Еліміздің батыс өңіріндегі облыстардың этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар мəселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, басқарушы органдар басшылары, қоғамдық бірлестіктер мүшелері, сондай-ақ, ғылыми-сарапшылық топтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысқан басқосу бес күнге созылды. – Семинардың мақсаты – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ стан-2050 Стратегиясы – қалып тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында этноəлеуметтік жəне этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару бойынша тыңдаушылардың кəсіби білімі мен біліктілік

деңгейін арттыру, – дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы этнос аралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі А.Садвокасова. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жəне Ф.Эберт атындағы қоғамдық қор екі жылдан бері еліміздің əр өңірінде өткізіп келе жатқан семинар биыл Маңғыстау облысы əкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. ҚХА ғылыми сарапшылық тобының мүшесі Б.Рақышева, Ф.Эберт атындағы қоғамдық қордың Астана қаласындағы кеңсесінің жетекшісі З.Шутова, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылымисарапшылық кеңесінің сыртқы сарапшысы Т.Дронзина, Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Х.Нұрғалиевалар құттықтап, маңыздылығын баса айтқан семинар əп дегеннен-ақ тақырыбына сай білікті мамандар жасаған тағылымды баяндамалармен басталды. Баяндамашылар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев ұсынған ұлтаралық жəне дінаралық татулықты ны ғайту жолының маңыздылығын жан-жақты баяндап, оны одан əрі дамытудың міндеттілігіне тоқталды.

тиісті мекемелердің қызметіне жүгіну. Құқықтық негіздерді рет-ретімен айқындап, сонан соң құжаттарды сот орындарына ұсынып, шешімін күту. Шаруаны бұл бағытта қолға алатын болсақ, істің соңына жеткенше жазды қойып, күз маусымы өтіп кетеді. Ал, екінші нұсқаға келсек, гараж иелеріне бұл мүліктердің қаланың жаңа бас жоспарына сəйкес орналаспағандығын əрі бұл орындар гараж қоюға арналмаған жер екендігін, Жер кодексінің 164-1 тармағы бұзылып тұрғанын ескерте отырып 10 күн ішінде өз күштерімен мүліктерін алып кету туралы ескерту-қағазын беру. Бұл ұсынысқа көнбегендерге əкімшілік талап қойып, арнайы комиссия шешімімен гараждарды жеделдетіп алуға тура келмек. Бұл бастама қала келбетін жаңартып, бас жоспарға сай дамыту барысында жасалып отырған орынды қадам екенін кейбір адамдар дұрыс түсінгісі

Солтүстік Қазақстан облысы.

Маңғыстау облысы.

СЕМЕЙ.

«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы.

Ұйымдастырушылар семинарда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары этномəдени орталықтары өзара іс-тəжірибе алмасып, олардың қоғамда қалыптасқан келісімді сақтау бағытындағы міндеттері анықталып, бейбітшілік пен шиеленістер мəселесі жайында пікірлері тыңдалатындығын айтты. Өйткені, семинардың міндеті де этноəлеуметтік жəне этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқарудың теориялық жəне тəжірибелік құрылымдарын сипаттау, бейбітшілік пен зорлық жасамау мəдениеті нормаларын нығайту, шиеленістерді шешу, басқару жəне трансформациялау саласындағы құзыреттілікті арттыру, бейбітшілік пен шиеленістер мəселесі бойынша еркін шығармашылық пікір алмасуға жағдай жасау, сондай-ақ шиеленістерді басқарудың сындарлы əдістерін қолдану себептерін дамыту болды. Тыңдаушылар бес күн бойы алуан тақырыптарда дəрістер тыңдап, дəріс-əңгімелесу, пікірталастар, тренингтер, тəжірибелік сабақтар мен дөңгелек үстелдерге қатысып, өз ойларын ортаға салды. Өз тыңдаушыларының этносаралық жəне конфессияаралық үдерістерді тиімді басқару бойынша заманауи білім мен білік дағдыларын меңгеруі күтілген семинар соңында қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды. Бірлік бейбітшілікке, бейбітшілік жасампаздыққа бастайды. Семинар өз қатысушылары арқылы этномəдени орталықтар арасында ізгі жол мен игі мұратты жетілдіре түсті деп ойлаймыз.

Қайрат ЗЕКЕНҰЛЫ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

Өз орталарында танымал білікті жас ғалымдар мен өнерпаздардан, «Нұр Отан» ХДП белсенді мүшелерінен, қоғамдық емес ұйымдар, облыстық басқармалар мен департаменттер өкілдерінен құралған ақпараттықнасихат тобы бұл күнде Осакаров, Нұра аудандарындағы замандастарымен өмірдің өзекті мəселелеріне арналған кездесулер өткізіп жүр. Топ мүшелері ауыл жігіттері мен қыздарының еңбекке қамтылу жағдайымен танысумен қатар, оларды толғантатын жайларды зерттейді. Жергілікті тұрғыластары арасында жеке істі құру мен дамыту туралы семинар-тренингтер ұйымдастырады, жастар саясатына қатысты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіреді. Насихатшылар керуені күзге дейін облыстың 9 ауданын аралап шықпақ.

Жас насихатшылар ауылда

келмей, кедергі келтірулері де мүмкін. Алайда, айналамызды абаттандырып, көшелердің заманауи сипатын қалыптастыру үшін жергілікті билікке осындай тиімді шешімдер қабылдауға тура келмек. Семейді көрікті қалалардың қатарына қосып, оның тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу жолындағы жұмыстарға көптеген тұрғындардың əлден қолдау таныта бастағанына қарағанда, көшелерді көріктендіру мезгілі жеткен мəселе екенін бірден байқауға болады. Бұл бағытта жұмыстың алды басталып та кетті. Қолға алған шаруа жүзеге асқан жағдайда ретсіз орналасқан темір гараждардың орнына болашақта көліктерге арналған паркингтер салынады деп көзделуде.

Ќызу ќолдау тапты Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылған жалпыреспубликалық «Мамандықтар жəрмеңкесі» Қызылжар өңірінде де қызу қолдау тапты. Оған ірі кəсіпорындар, оқу орындарының өкілдері, жұмысқа орналасуды мақсат еткен түрлі мамандық иелері белсене қатысты. Петропавл қалалық жұмыспен қамту бөлімі бос жұмыс орындары жəрмеңкесін өткізуді дəстүрге айналдырған. Осы жолы да оған келушілердің қарасы мол болды. – Жыл басынан бері өткізілген бос жұмыс орындары жəрмеңкесіне 2479 жұмыссыз келіп, 621-і тұрақты жұмысқа орналасты. 43-і уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 49-ы кəсіби даярлау жəне қайта даярлау курстарына жазылды, – деді əңгімелескенімізде Жұмыспен қамту орталығының директоры Жібек Есдəулетова. Жаңа жобаға 30-ға жуық мекеме қызығушылық танытып, 840 бос жұмыс орындарын ұсынды. Шара барысында, алдағы уақытта кəсіби даярлауды тек жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша жүзеге асыру, соның нəтижесінде кепілденген жұмысқа орналастыру мəселесіне баса назар аударылды. Жұмыс берушілер өзі қалаған кəсіппен айналысқысы келетін жастардың əлі де аз емес екендігін байқап, болашақ қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатудың ықтимал жолдарын қарастырды. Түрлі ақыл-кеңестер беру мақсатымен 5 автоматтандырылған бағдарламалық-ақпараттық кешен жұмыс істеді. Сөйтіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 160 жұмыссыз еңбекке орналасып, жастар практикасына – 17, кəсіптік даярлыққа – 15, қоғамдық жəне əлеуметтік жұмыстарға 31 адам жіберілді.

Келіссґздер мен медиация – тыныштыќ кепілі Жанжалдың да ғылымы бар. Кез келген дəуірде, кез келген қоғамда болмай тұрмайтын жанжалдың шығу төркіні мен себептері, түрлері сараланатын ғылымда оның алдын алу немесе ымыраластыру жолдары да зерделенеді. Ол үшін маман психологиялық белсенділікпен бірге жан-жақты қабілет-қасиетке ие болуы тиіс.

Біраз күндерден бері Семей қаласындағы көшелер бойында орнығып қалған темір гараждарды тұрған жерлерінен алу жөнінде мəселе көтеріліп жатыр. Қаланы абаттандырып, көшелерді талапқа сай күрделі жөндеуден өткізу барысында басты кедергілердің бірі – темір гараждардың жол жиектерін «басып» алғандығы болып тұр. Жол жиектері дегеніміз бер жағы ғана, қаланың орталығындағы көп қабатты үйлердің аулаларына дейін еніп кеткен темір гараждарға бүгінде көп шіліктің көзі үйреніп кеткені соншалық, солай болуы тиіс секілді қабылданады. Арнайы аулаларға гараждар мен автокөліктердің толып кеткендігінен сол маңдағы балалардың ойын алаңдары мен тұрғындардың бой сергітер орындары тарылып кеткен. Көлік гараждарының ретсіз орналасуы сол маңның экологиялық жағдайы мен сəулеттік сипатына өрескел нұқсан келтіріп келеді. Уақыт болса жаңа талаптар қойып, төңірегіміз заманауи жаңғыруға көшкенде орталық көшелерде орынсыз орналасқан гараж иелерінің қабағына қарап отыра беруге болмас. Осындай сауалдарды талқыға салған арнайы комиссия, ең алдымен, орталық көшелерде орналасқан темір гараждарды орындарынан түгелдей алып тастау қажеттігіне тоқталды. Бұл қадамның қаншалықты заңды еке нін əкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы Сержан Əзбергенов екі нұсқа бойынша түсіндірді. Біріншісі, гараж иесі мен жердің меншік немесе меншік еместігін анықтау үшін

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТЕНДЕР! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру бойынша тендер өткізілетіндігі туралы жариялайды Тендердің өтетін орны мен өту күні: Тендер 2013 жылғы 16 шілдеде сағат 15.00-де Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 а, 1-қабатта өтеді. р/с -1; Атауы, сипаттамасы жəне объекті алаңы, ш.м. - Офистік, бөлме тұрғызылған, барлық инженерлік-техникалық жабдықтарымен ғимараттағы 4 ш.м. үй-жай, соның ішінде 1,5 ш.м. қосалқы алаң. Орналасқан жері, мекенжайы - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосы, Х. Испулаев көшесі, 66 А. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. Тендер өткізу шарты – 1. Жалдау ақысының бастапқы жылдық ставкасы – 9 347,4 теңге. 2. Банктің есептеу-кассалық орталығы үшін пайдалану. 3. Мүліктік жал мерзімі 3 жыл. 4. Кепілді жарна сомасы – 390 теңге. р/с-2; Атауы, сипаттамасы жəне объекті алаңы, ш.м. – Офистік, бөлме тұрғызылған, барлық инженерлік-техникалық жабдықтарымен ғимараттағы 7,74 ш.м. үй-жай, соның ішінде 1,29 ш.м. қосалқы алаң. Орналасқан жері, мекенжайы – Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 94 а. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Атырау облысы бойынша салық департаменті» ММ. Тендер өткізу шарты – 1. Жалдау ақысының бастапқы жылдық ставкасы – 72 348,88 теңге. 2. Банктің есептеу-кассалық орталығы үшін пайдалану. 3. Мүліктік жал мерзімі 3 жыл. 4. Кепілдік жарна сомасы – 3 014,54 теңге. р/с -3; Атауы, сипаттамасы жəне объекті алаңы, ш.м. – Офистік, бөлме тұрғызылған, барлық инженерлік-техникалық жабдықтарымен ғимараттағы 169,6 ш.м. үй-жай, соның ішінде 2,4 ш.м. қосалқы алаң. Орналасқан жері, мекенжайы - Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Егеменді Қазақстан көшесі.

Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Атырау облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ. Тендер өткізу шарты – 1. Жалдау ақысының бастапқы жылдық ставкасы – 396 329,76 теңге. 2. Үй-жайды жалдау қазынашылық қызметтің ақпараттық қауіпсіздігін бұзуды болдырмау бойынша қатаң бақылауды қарастыруы қажет. 3. Мүліктік жал мерзімі 3 жыл. 4. Кепілді жарна сомасы – 16 513,74 теңге. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жария-ланған күннен бастап жүргiзiледi жəне 2013 жылғы 15 шілдеде 15.00 сағатта аяқталады. Үмiткер тендерге қатысу үшiн жалға берушi белгiлеген мерзiмде: 1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi; 2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық төлеушi куəлiгiнiң көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; жеке тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсiпкердi мемлекеттiк тiркеу ту ралы куəлiктiң, жеке тұлғаның жеке ба сын куəландыратын құжаттың, салық төлеушi куəлiгiнiң жəне үй кiтапшасының көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерiн; 4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiкөшiрменi; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiндi-көшiрменi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда); 5) шетелдiк заңды тұлғалар үшiн – қазақ жəне орыс тiлдерiне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын;

6) кепiлдi жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 7) өтiнiш беру сəтiне салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын беруi қажет. Өтiнiш тендерлiк құжаттамада анықталған талаптар мен шарттарға сəйкес жасалады жəне қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда айтылған құжаттар болуы тиiс. Iшкi конвертте үмiткердiң ұсынысы болуы тиiс. Өтiнiштi қабылдау Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті атына тiгiлген түрде, парақтарына нөмiр қойылған жəне соңғы бетiне қол қойып, мөр басылған құжаттарды ұсынылған кезде жүргiзiледi. Кепілді жарна 2013 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей «Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: ИИК (депозиттік есеп-шот): KZ450705012170168006, Банк: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ БИК: KKMFKZ2A, БИН 120240020907, Кбе: 11, КНП 171 (кепілді жарнаны енгізу үшін). Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 15 шілдеде 15.00 сағатта аяқталады. Төлемді тағайындау – тендерге қатысуға кепілді жарна. Тендер комиссиясының шешiмi бойынша объект үшiн жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетiн тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады. Тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей тендердiң жеңiмпазымен шарт жасасады жəне жалға алушының қаражаты есебiнен мемлекеттік тіркеуге жатады жəне осындай тiркеу сəтiнен бастап жасалған деп есептеледi. Тендерлік құжаттармен танысу үшін барлық сұрақтар бойынша Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментіне хабарласуға болады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 35-43-22, 35-45-11.


www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: С-1 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтіл үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары жəне олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дəрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес. С-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. C-4 санаты үшін: білімі – жоғары; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дəрежесінің болуы. C-5 санаты үшін: білімі – жоғары. - “Б” корпусы мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 тіркелген). Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min

max

С-1 (орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары)

294 690

398 472

С-1 (департамент директоры)

175 533

237 033

С-3

118 516

160 158

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min

max

C-4

106 344

143 501

C-5

80 078

108 266

I. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлік үйі» ғимараты анықтама үшін телефон: (8-7172) 74-34-77, факс 74-37-14, kadry@geology.kz, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: Көмірсутек шикізатының геологиясы басқарамасының басшысы (С-3) Функционалдық міндеттері: Комитеттің жəне оның ведомстволық ұйымдарында геологиялық зерттеу жəне КСШ тиімді пайдалану қызметінің нəтижелеріне сараптама жасау бойынша басқарма қызметінің координациясы жəне жалпы басшылық, жер қойнауын пайдаланушылармен заң талаптарын орындауда мемлекеттік бақылауды жəне оларды тиімді пайдалануда жер қойнауын пайдалану бөлігіндегі белгіленген тəртіпті жүзеге асыру бойынша минералды-шикізат базасының жағдайына жəне ҚР минералды шикізат кешеніне сараптама, ҚР минералды-шикізат базасының перспективті даму бағдарламасын, геологиялық зерттеу саласындағы объектілер бойынша жоспарын жəне КСШ мониторингін игеруге, олардың орындалуын бақылауға қатысу. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Мұнай жəне газ геологиясы,мұнай профиліндегі инженер-геофизик, мұнай-газ ісі жөніндегі инженер). Экономика, қаржы жəне мемлекеттік сатып алу басқарамасының бас сарапшысы (С-4) Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу рəсімдерін ұйымдастыру жəне жүргізу, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен мониторингі саласындағы республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, конкурстық құжаттаманы қалыптастыру жəне бекіту, конкурс жеңімпаздарымен азаматтық-құқықтық мəмілелер жасасу үшін шарт жобаларын дайындау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен мониторингі бойынша орындалған жұмыстардың актілерін ай сайын тексеруді жүзеге асыру, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру, Комитеттің аппаратын ұстау бойынша электрондық мемлекеттік сатып алуларды жүргізу. Комитеттің, аумақтық бөлімшелердің жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік сатып алулары бойынша есептілікті жасау. Мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша наразылықталаптық жұмыстарды жəне нормативтік құқықтық актілердің сараптамасын жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (Экономика, қаржы, есеп жəне аудит), Құқық (заңтану). 3. Гидрогеология жəне инженерлік геология басқарамасының бас сарапшысы (С-4) Функционалдық міндеттері: Жер қойнаулары туралы стратегиялық жоспарлауда, салалық бағдарламалар, бюджеттiк мəлiмдемелердiң өңдеуiне қатысу, жер асты суы жəне ҚР-ның қауiптi геологиялық процестерiнiң барлауды орындауды ұйым жəне бақылауы, есеп берулердi олардың күйiн талдау, əзiрлеу, мəлiметтiң мемлекеттiк банктың жер асты суының iшкi жүйесiнiң жұмыс жасауын қамтамасыз ету, жер асты суы жəне қауiптi геологиялық процестердiң барлаудың төңiрегiндегi нормативтiк құқықтық акттер, реттейтiн қатынастардың нормативтiк-техникалық құжаттарының орындауын бақылауы. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Гидрогеология жəне инженерлiк геология мамандығы бойынша) 4. Жер қойнауын сараптау басқарамасының бас сарапшысы (С-4) Функционалдық міндеттері: КСШ бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының жобаларын, КСШ кенорындары жобаларын қарастыру, жер қойнауын пайдаланушылармен заңнамалардың талаптарын сақтауда жəне жер қойнауын пайдалануда оның тиімді пайдалану бөлігінде белгіленген тəртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру. Жер қойнауын тиімді пайдалану саласында Мемлекеттік геологиялық ақпараттар орталығы жəне өңіраралық департаменттер, басқармалар арасындағы жұмыстарды үйлестіру. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Геология немесе тау-кен мамандығы бойынша) 5. Жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдалануды мониторингілеу жəне бақылау басқарамасының бас сарапшысы, (С-4) Функционалдық міндеттері: Барлау мен өндіру жүргізуінің жұмыс бағдарламаларын қарастыруына жəне келістіруіне қатысу; жер қойнауын пайдалануының мониторингісі; жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт шарттарын, жұмыс бағдарламаларының орындауын мониторингісі, қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша кен орындарының игеру жобаларын қарастыруына қатысу; жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдалануын бақылау мен мониторинг жұмыстарын жүргізуіне, келісім шарттардың жəне олардың толықтыру жобаларын сараптауын жүргізуіне жəне қарастыруына қатысу. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Геология немесе тау-кен мамандығы бойынша) 6. Жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдалануды мониторингілеу жəне бақылау басқарамасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Барлау мен өндіру жүргізуінің жұмыс бағдарламаларын қарастыруына жəне келістіруіне қатысу; жер қойнауын пайдалануының мониторингісі; жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт шарттарын, жұмыс бағдарламаларының орындауын мониторингісі, қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша кенорындарының игеру жобаларын қарастыруына қатысу; жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдалануын бақылау мен мониторинг жұмыстарын жүргізуіне, келісім шарттардың жəне олардың толықтыру жобаларын сараптауын жүргізуіне жəне қарастыруына қатысу. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Геология немесе тау-кен мамандығы бойынша) 7. Қатты пайдалы қазбалардың геологиясы басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын перспективті дамыту бағдарламаларын əзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, əдістемелік нұсқаулықтарды, салалық нұсқаулықтарды əзірлеуге қатысу, Басқарманың атқаратын қызметіне қатысты талдау жұмыстарын орындауға қатысу (талдау анықтамалары, баяндамалар, үкіметтік жəне басқа да хаттар). Басқармадағы іс жүргізудің жай-күйін бақылауды жүзеге асыру (геологиялық зерттеу салаындағы ұйымдармен жəне жеке тұлғалармен хат-хабар жазысу мерзімдерін сақтау). Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Жоғары техникалық ғылымдар жəне технологиялар (Геология немесе тау-кен мамандығы бойынша) 8. Экономика, қаржы жəне мемлекеттік сатып алу басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Прогресивті нысан мен əдістер негізінде, сондай-ақ есеп саясатына жəне ҚСҚЕХС-ға сəйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру, сондайақ бухгалтерлік, салықтық, статистикалық жəне басқа да есептілікті қалыптастыру жəне тиісті органдар мен ұйымдарға уақытында ұсыну, құжаттардың уақытында жəне дұрыс ресімделуін жəне жасалатын бухгалтерлік операциялардың заңдылығын бақылауды қамтамасыз ету, барлық жүзеге асырылатын қаржылық жəне ақшалай операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету, жалақыны жəне басқа да төлемдерді есептеу, есептілікті қалыптастыру жəне тиісті органдар мен ұйымдарға уақытында ұсыну, аумақтық бөлімшелерге, ведомстволық бағынысты ұйымдарға бухгалтерлік есеп жəне есептілік мəселелері бойынша əдістемелік көмек көрсету, қаржылық жай-күйі туралы, бюджеттің атқарылуы жəне т.б. туралы жедел ақпарат беру. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (Экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік есеп) 9. Құқық, əкімшілік жұмысы жəне мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес белгіленген тəртіпте сотта, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мəселелерін қарау кезінде өзге де ұйымдарда мемлекеттік органның мүддесін білдіру; нормативтік құқықтық актілерге сараптама мен мониторингті жүзеге асырады, құқықтық жəне нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: білім - Құқық (заңтану); Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (мемлекеттік жəне жергілікті басқару); Техникалық ғылымдар жəне технологиялар (геология мамандығы бойынша). II. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Мəдениет комитеті, (010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 5-қабат, 527-кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 74-04-10, 74-04-61), s.tauekelov@mki.gov.kz, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Кинематография жəне театр өнері басқармасының басшысы (С-3) Функционалдық міндеттері: Басқарманың жалпы жұмысына жетекшілік ету. Басқарманың орындауына жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілік, театр өнері жəне кинематография салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, нормативтік құқықтық актілер əзірлеуге, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жобаларын дайындау жұмыстарына, Министрліктің стратегиялық жоспарын қалыптастыруға қатысу. Мемлекеттік мəдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін жəне қызмет тегін айқындауға қатысу. Фильмдердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу, фильмдерге прокаттау куəлiктерiн беру. Қазақстан Республикасында əдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде республикалық мəдениет ұйымдары басшыларын, ұйымдарын аттестаттаудан өткізуге қатысу. Бағыныстағы республикалық театрлар мен киноұйымының жетекшілерін іріктеу мен тағайындау, олармен келісімшартқа отыру жөнінде ұсыныс енгізу. Шығармашылық одақтармен, мəдениет жəне өнер қайраткерлерімен жұмысты үйлестіру. Театр өнері жəне кинематография саласы қайраткерлеріне мемлекеттік, салалық наградалар беру туралы ұсыныстар енгізу. ҚР Президенті Əкімшілігінің тапсырмаларының, Үкімет қаулыларының, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылау. Əлеуметтік маңызы бар жəне мəдени іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру. Заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен, бағыныстағы жəне басқа ұйымдармен өз құзыреті шегінде қызметтік хат алмасуды жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары гуманитарлық (тарих, филология, мəдениеттану), құқықтық (құқықтану), əлеуметтік (əлеуметтану, журналистика, қоғаммен байланыс) немесе өнер мамандықтары бойынша (өнертану, режиссура, актерлік өнер). Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік құқықтық актілерді, қаржы-экономикалық қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 2. Кинематография жəне театр өнері басқармасының бас сарапшысы (С-4) Функционалдық міндеттері: Кинематография саласы бойынша нормативтік құқықтық

актілер əзірлеуге, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жобаларын дайындау жұмыстарына, Министрліктің стратегиялық жоспарын қалыптастыруға қатысу. Киножобалардың сценарлық негізін əзірлеу мəселесі бойынша республикалық киноөндіруші ұйымның жұмысын үйлестіру. Ұлттық фильмдер өндірісі бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындаушылар мемлекеттік емес киноөндіруші ұйымдармен өзара əрекет ету. Өндірісте фильмнің түрлері мен аттарының сəйкестігін тақырыптық жоспар бойынша бақылауды іске асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауына орай «Ұлттық фильмдер шығару» бюджеттік бағдарламасының есебінен жүзеге асырылатын киножобаларға салалық қорытынды дайындау. Ұлттық фильмдер өндірісінің тақырыптық жоспар жобасын қалыптастыру. ҚР Президент Əкімшілігінің, Үкіметінің, Министрлік пен Комитеттің басшылық құрамының тапсырмаларын орындау, баяндамаларына мəліметтер дайындау. Кино өнері саласы бойынша бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға жəне орындауға қатысу. Əлеуметтік маңызы бар жəне мəдени іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру. Кино өнері саласының жағдайы мен дамуы жөнінде мəліметтер дайындау. Заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен, бағыныстағы жəне басқа ұйымдармен өз құзыреті шегінде қызметтік хат алмасуды жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары гуманитарлық (тарих, филология, мəдениеттану), құқықтық (құқықтану), əлеуметтік (əлеуметтану, журналистика, қоғаммен байланыс) немесе өнер мамандықтары бойынша (өнертану, режиссура, актерлік өнер) жəне мəдени-демалыс жұмысы мамандықтары бойынша. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтікқұқықтық актілерді, қаржы-экономикалық қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. 3. Жоспарлау жəне бюджетті орындау басқармасының бас сарапшысы (С-4, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуы уақытына) Функционалдық міндеттері: Бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға жəне оның орындалуына қатысады. Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс өткізудің ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Бір көзден сатып алу тəсілі бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Баға ұсынымдарын сұрату тəсілі бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сəйкес, мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтер мен жұмыстарды жеткізушілермен уақытылы келісімшарттар жасасудың жұмыстарын үйлестіреді жəне басшылықты жүзеге асырады. Алдағы кезеңдегі мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың, жұмыстардың жəне қызметтердің жоспарын жасау жұмыстарына басшылық жасайды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының барлық кезеңдерінде жұмыстардың сапасын жəне ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді (конкурстық комиссия құру туралы бұйрық дайындау, конкурсты өткізу жəне конкурстық құжаттарды бекіту, мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жəне веб-сайттарда орналастыру, конкурстық құжаттар пакетін даярлау, пакеттерді беруді тіркеу журналында тіркеу, конкурстық тапсырыстарды қарастыру, хаттамаларды толтыру жəне басқа да жұмыстар). Көрсетілген қызмет актілерін жабдықтаушыларға дер кезінде тапсыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Құзыретіндегі мəселелер бойынша шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы есептер мен актілерді қабылдайды. ҚР Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алулар бойынша есептің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді. Президент əкімшілігіне, Үкіметке, орталық мемлекеттік органдар жəне басқа да ұйымдарға тапсырылатын ақпараттың уақтылылығын жəне сапалылығын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары əлеуметтік ғылым, экономика жəне бизнес (экономика, есеп жəне аудит, қаржы). Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтікқұқықтық актілерді, қаржы-экономикалық қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерін білу. III. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті, 010000, Астана қ. Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс, анықтама телефондары: 55-97-39, 74-97-17, kps@emer.kz, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. Кадрлық жəне əкімшілік жұмыстар басқармасының сарапшысы негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне (С-4) Функционалдық міндеттері: Комитетте іс жүргізу жəне Бірыңғай электрондық құжат айналымы (БЭҚАЖ) жүйесі бағдарламасы бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету; кіріс, шығыс хат-хабарларды тіркеу жəне бақылау; бақылау құжаттарын бақылау жəне есепке алу; іс жүргізу бойынша нұсқаулықтың сақталуын, істер номенклатурасы бойынша жұмысты бақылау; азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру; хаттар мен өтініштерді қарау; мұрағаттық іс жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; құжат айналымы жəне өтініштер бойынша есептер құру. Конкурс қатысушыларына талаптар: білім - Құқық немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес («саясаттану», «мемлекеттік жəне жергілікті басқару» «мұрағаттану, құжаттарды жүргізу жəне құжаттамалық қамтамасыз ету», «қаржы») немесе техникалық ғылым мен технологиялар («ақпараттық жүйе», «есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету») бойынша жоғары білім немесе («информатика», «қазақ тілі мен əдебиеті») білімі. «Өрт қауіпсіздігі туралы», «Табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» негізгі заң нормаларын білу. IV. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к., 8-үй, Министрліктер үйі, А блогы, анықтамалар үшін телефондар: 8 (7172) 74 08 44, факс 8 (7172) 74 08 09, vazirova@eco.gov.kz, мына бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Орман жəне аңшылық шаруашылығы төрағасының орынбасары (С-1). Функционалдық міндеттері: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне ұтымды пайдалану жөніндегі қызметті үйлестіру жəне бақылау. Жетекшілік ететін мəселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер дайындау жəне тіркеу жұмысын ұйымдастыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жəне жобалауіздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жəне бақылау. Мемлекеттік сатып алу жəне бюджеттік бағдарламаны қалыптастыру мəселелерін, сондай-ақ облыстық аумақтық инспекциялар, қорықтық аймақтар мен қаумалдар мəселелерін қадағалау. Халықаралық конвенциялар мен келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы халықаралық жобаларды іске асыруды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС Əкімшілік органының жұмысын ұйымдастыру (балықтан жəне өзге су жануарларынан басқа). Тəртіпті нығайту жəне Комитет қызметкерлерінің ішкі тəртіпті сақтау мəселелері үшін жауапкершілікте болу. Қызметті ұйымдастыру жəне бақылау бойынша басқа да функцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ Комитеттің ережесінде бекітілген жетекшілік ететін сала бойынша басқа да жұмыстар үшін тікелей жауапкершілікте болу. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білім - жоғары ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдары немесе əлеуметтік ғылымдар жəне бизнес, техникалық ғылымдар жəне технология саласында. 2. Ішкі бақылау департаментінің директоры (С-1 санаты, 1 бірлік, 08-1). Функционалдық міндеттері: Ішкі бақылау департаментінің жұмыстарын ұйымдастыру, жалпы басқару жəне жоспарлау. Министрлікте, аумақтық бөлімшелерде, ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі бақылауды жүргізуді ұйымдастыру жəне үйлестіру, бақылау іс-шараларын өткізуге қатысу, ұсыныстармен жəне ұсынымдармен Министрге ішкі бақылау нəтижелері туралы есепті енгізу. Ішкі бақылау қорытындысы бойынша бақылау объектілеріне жолданатын ұсыныстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін үйлестіру. Министрліктің жұмыс регламентінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің жұмысын реттейтін құжаттарды дайындауға қатысу. Департаменттің қызметшілерімен еңбек тəртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Департаменттің қызметшілерімен Министр бұйрықтарының, өкімдерінің, шешімдерінің, тапсырмаларының, бекітілген бағдарламалар мен жоспарлардың, бақылау құжаттардың уақытылы жəне сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білім - жоғары экономикалық немесе заңгерлік. 3. Экологиялық заңнама жəне құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, 06-3-4). Функционалдық міндеттері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша құқықтық жұмысты жүзеге асырады; заңнамалық жəне заңға тəуелді актілердің жобаларын əзірлеуге қатысады, заманауи техниканы пайдалана отырып, келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің есебін жəне сақтауды жүйелендіреді; министрліктің құрылымдық бөлімшелерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді; басқа əзірлеуші мемлекеттік органдардан келісуге келіп түсетін заңға тəуелді актілердің жобаларына сараптама жүргізу, сараптаманы ұйымдастыру жəне жүргізу, Министрліктің қызметін құқықтық сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын əзірлеуге қатысу. Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау бойынша іс-шараларды өткізуге қатысу. Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білім - жоғары құқық саласында. V. Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті, 010000, Астана қ., Орынбор көш., 8, «Министрліктер үйі» əкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс, анықтама үшін телефондары: (7172) 74-96-52, comtorg.kz@ mail.ru, факс: 74-96-53 бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: Ішкі сауда басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Биржалар қызметіне талдау жүргізу жəне тауар биржасын дамыту; сауданың инфрақұрылымының жəне инновациялық сауда нысандарын дамыту жəне оны енгізу бойынша жұмыстар жасау; Басқарманың жұмысына қатысты аналитикалық материалдарды дайындау; Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; Комитет басшыларына өз құзыреті шегінде баяндамалар дайындау; Комитеттің басқа да құрылымдық бөлімдерімен өзара қарым-қатынасқа түсу; өз жұмыс жоспарын құруға қатысу жəне оның орындалуы бойынша есеп беруді дайындау заңды жəне жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары экономикалық, заңгерлік, қызмет көрсету немесе пəнаралық (халықаралық қатынастар мамандығы бойынша). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкiмшiлiк рəсiмдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласында басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу қажет. Ішкі сауда басқармасының сарапшысы (С-5, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде болғанға дейін. Функциональдық міндеттері: Инновациялық сауда нысандарына жəрдемдесу жəне дамыту бойынша жұмыстар жүргізу жəне қатысу; тауар биржалар қызметіне талдау жəне мониторинг жүргізу; Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; Комитет басшыларына өз құзыреті шегінде баяндамалар дайындау; Комитеттің басқа да құрылымдық бөлімдерімен өзара қарым-қатынасқа түсу; өз жұмыс жоспарын құруға қатысу жəне оның орындалуы бойынша есеп беруді дайындау заңды жəне жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары экономикалық, заңгерлік, қызмет көрсету немесе пəнаралық (халықаралық қатынастар мамандығы бойынша). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкiмшiлiк рəсiмдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласында басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу қажет. 3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Тауар биржасы қызметін тексеру; Əкімшілік заң бұзушылық туралы іс қозғау; сауда қызметі саласындағы бағдарлама құжаттарының, нормативтік-құқықтық актілерінің келісімделуін əзірленуіне қатысу; Басқарма жұмысының жылдық жоспарын бекіту жұмысына қатысу; Комитетте құқықтық оқуды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Басқарма қызметіне кіретін мəселелер жөнінде талдау мағлұматтарын дайындау; соттарда Комитет атынан шығу (шағым-талап қызметі); Комитет басшылығына өз құзыреті шеңберінде баяндамалар дайындау; нормативтік-құқықтық актілері мониторингісі; Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау; заңды жəне жеке тұлғалардың ұсыныстарын зерттеу жəне талдау; өз құзыреті шеңберіндегі басқа да міндеттерді орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары заңгерлік. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкiмшiлiк рəсiмдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласында басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу қажет. VI. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті «Б» корпусы бойынша бос əкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жаирялайды, 010000, Астана қаласы, сол жағалау,

Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-33-15, zhappasbaeva.k@eco.gov.kz: 1. Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің Орман жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысына (С-3). Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқармада орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілер əзірлеуді ұйымдастыру, Басқарма құзыретіне енетін мəселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ұйымдарды тексеруді ұйымдастырады жəне үйлестіреді; Басқарма құзыретіне енетін мəселелер бойынша Комитетке ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен басқа ұйымдардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Орман шаруашылығы мен ЕҚТА саласында ғылыми-техникалық кеңестің жұмысын үйлестіреді, ормандарды сақтау жəне орнықты дамыту мен ЕҚТА саласындағы халықаралық жобалардың жұмысын үйлестіру жəне бақылау, орман шаруашылығы мен ЕҚТА мəселелері бойынша Комитеттің сыртқы экономикалық қызметін үйлестіру, орман шаруашылығы мен ЕҚТА-ны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Орман шаруашылығы немесе экология (биология) саласындағы жоғары кəсіби білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясы, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының Орман кодексін, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы», функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білуі. Үлгілік біліктілік талаптарына сəйкес. Орман шаруашылығы, ЕҚТА жəне қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс тəжірибесінің болуы. Нормативтік құқықтық актілер əзірлеу жөніндегі жұмыс дағдысы. Жеке компьютерде жұмыс істей білу. VII. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Өнеркəсіп комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47-үй, «транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: (8-7172) 24-16-48, a_kapanova@ comprom.kz, бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. Құрылыс индустриясы жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі басқармасының басшысы (С-3) Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысын ұйымдастыру; Басқарма құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын жəне басқа құжаттарды əзірлеу; Басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша талдамалы материалдарды дайындау; өз құзыреті шегінде салалық жəне мемлекеттік бағдарламалар, заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды дайындауға қатысу, басқарманың қарамағындағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Құрылыс индустриясы жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі саласында мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды əзірлеу. Өз құзыреті шегінде құрылыс индустриясы жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу. Комитет басшылығы айқындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары келесі мамандық бойынша: техникалық ғылымдар жəне технологиялар немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 2. Химия жəне фармацевтика өнеркəсібі басқармасының сарапшы (С-5, негізгі қызметкердің бала күтіміне кету демалысы кезеңіне) Функционалдық міндеттері: Фармацевтика, химия өнеркəсібіндегі дамудың мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын əзірлеуге жəне келісуге қатысу, республика бойынша фармацевтика, химия өнеркəсібін дамытудың экономикалық жəне өндірістік көрсеткіштерін талдау. Мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы жəне дұрыс беру жұмысын ұйымдастыру. Индустриялық даму мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің қорытындыларын əзірлеуге жəне дайындауға қатысу; фармацевтика, химия өнеркəсібі мəселелері бойынша салалық (өңірлік) бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының жəне басқа директивті құжаттардың жобаларын əзірлеуге жəне келісуге қатысу; Комитет жəне басқарма басшылығы айқындаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары келесі мамандық бойынша: техникалық ғылымдар жəне технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары (химия, физика, экология, биология) саласында немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес. 3. Жеңіл өнеркəсіп басқармасының сарапшысы (С-5) Функционалдық міндеттері: Салалық (өңірлік) бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының жəне жеңіл өнеркəсіпті дамыту мəселелері бойынша басқа да директивті құжаттардың жобаларын əзірлеуге жəне келісуге қатысу; жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының экономикалық жəне өндірістік көрсеткіштерінің мониторингі, жетекшілік ететін салалардағы іс жағдайы туралы жалпылама талдамалы жазбаларды (есептерді) дайындау; жеңіл өнеркəсіп кəсіпорындарының өндірістік қызметінің, оның ішінде кəсіпорындардың технологиялық жағдайының деңгейіне мониторинг өткізу; Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тыс қайта өңдеу шарттары туралы қорытындыларды береді; импортталатын тауарлардың өнеркəсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға қатыстылығын растау туралы қорытындылар береді; жетекшілік ететін саланың талдау əдістемесін əзірлеу жəне жетілдіру, Басқарма құзыретіне кіретін мəселелер бойынша меншік нысанына байланысты емес мемлекеттік органдармен жəне ұйымдармен өзара іс-қимыл; жетекшілік ететін мəселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындыларды əзірлеуге жəне дайындауға қатысу. Басқарма құжаттарың мұрағатқа дұрыс, уақытында өткізу (тапсыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Басқарма жəне Комитет басшылығы айқындайтын басқа өкілеттіліктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары келесі мамандық бойынша: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар жəне технологиялар. 4. Экспорттық бақылау жəне лицензиялау басқармасының сарапшысы (С-5, 2 бірлік) Функционалдық міндеттері: Қызмет түрлеріне, экспорт пен импортқа лицензияларды беру немесе беруден бас тарту туралы ұсыныстарды əзірлеу; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын əзірлеуге жəне қарауға қатысу; кеден аумағынан тыс өнімді қайта өңдеуге рұқсаттарды, транзиттеуге рұқсаттарды, кепілдемелік міндеттемелерді (соңғы тұтынушы сертификаттарын) беруге арналған материалдарға қорытынды дайындау; тауарларды экспорттық бақылауға жататын өнімдерге жатқызу туралы қорытындылар беру; лицензиаттардың белгіленген біліктілік талаптарын жəне лицензиялық ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асыру; лицензиаттардың лицензиялау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғандығы туралы хаттамалар жасау; лицензиялау саласындағы комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысы үшін есептерді, баяндамаларды жəне өзге құжаттарды дайындау; Экспорттық бақылау аясында шетел мемлекеттер жəне халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша материалдармен ұсыныстар əзірлеу. Мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы жəне дұрыс беру жұмысын ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары келесі мамандық бойынша: техникалық ғылымдар жəне технологиялар немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету (бағалау). 5. Құрылыс индустриясы жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі басқармасының сарапшысы (С-5, негізгі қызметкердің ұзақ мерзімді оқу демалысы кезеңіне) Функционалдық міндеттері: Құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу жəне целлюлоза қағаз өнеркəсібі саласында заңнаманы жетілдіруге бағытталған мəселелер бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарын əзірлеуге қатысу; республика бойынша салаларды дамытудың экономикалық жəне өндірістік көрсеткіштерінің талдауы; өнеркəсіп салаларын дамыту бойынша талдау өткізу жəне ұсыныстарды енгізу; салалық кəсіпорындармен жəне қауымдастықтармен өзара іс-қимыл, Құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу жəне целлюлоза қағаз өнеркəсібі саласында мемлекеттік реттеуді жақсарту бойынша ұсыныстарды енгізу; Мұрағатқа басқарманың құжаттарын уақытылы жəне дұрыс беру жұмысын ұйымдастыру. Индустриялық даму мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің қорытындысын əзірлеуге жəне дайындауға қатысу; өнеркəсіптің жетекшілік ететін салаларының мəселелері бойынша салалық (өңірлік) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын жəне басқа да директивті құжаттарды əзірлеуге жəне келісуге қатысады; Комитет жəне басқарма басшылығы айқындаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Жоғары келесі мамандық бойынша: техникалық ғылымдар жəне технологиялар немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе құқық. VIII. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті, 010000, Астана қ., Орынбор к. 8, 1 корпус, «Министрліктер үйі» əкімшілік ғимараты, анықтама телефондары (8-717-2) - 74-98-62, 74-98-55, электронды поштаның мекенжайы: sadvakasova.g@eco.gov.kz «Б» корпусындағы бос лауазымды əкімшілік мемлекеттік орынға конкурс жариялайды: Қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу жəне жинақтық талдау басқармасының бас сарапшысы (С-4, орналасқан жері Астана қаласы) Функционалдық міндеттері: Алдағы кезеңге жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жоспарын құрастыру; жеткізіп берушілермен мемлекеттік тапсырысты орындау мониторингін іске асыру; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу үшін конкурстық құжаттамаларды бекітуге дайындау; веб-порталға мемлекеттік сатып алу бойынша деректердің, соның ішінде хабарландырулар мен хаттамаларды да өз уақытында енгізілуін қамтамасыз ету; өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есептемелерді дайындау; мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастыруға қатысу; бассейндік инспекциялардың бюджеттік өтінімдерін құру жəне қарау, олардың тиісті жылға қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау; бассейндік инспекциялардың қаржылық есептілігін қарау; басшылықтың басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім - Əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (есеп жəне аудит, экономика, қаржы, менеджмент) мамандықтары бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының Конституциясын білу, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық Заңдары, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Əкімшілік тəртіптер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың үндеулерін қарау тəртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Су кодексін, қызметтік міндеттерге сəйкес сала бойынша қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білу. Мүмкіндігінше бюджеттік бағдарламаларды орындау жəне жобалау саласында жұмыс тəжірибесінің жəне нормативті құқықтық актілерді əзірлеуде жұмыс дағдысының болуы. Компьютерде жұмыс істей білу: Microsoft Office. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куəландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куəландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сəтінде уəкілетті органмен белгіленген шекті мəннен төмен емес нəтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша сəйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi əкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау жəне Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тəртіппен өтеді. Бос əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы: С-1, С-3 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi; С-4, С-5 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi жəне оның депутаттарының мəртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй жəне жеңілдіктер берілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

11

Маңғыстау гуманитарлы-техникалық университеті лауазымдық қызметке конкурс жариялайды: Кафедра меңгерушілері: «Жалпы білім беру пəндері кафедрасы», «Арнайы пəндер кафедрасы» Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дəреже, ғылыми-педагогикалық жəне басшылық лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан аса болуы. Кафедра профессоры: «Қазақ филологиясы» – 1, «Экономикалық теория жəне қаржы» – 1, «Педагогика жəне психология» – 1, «Физика» - 1, «Математика» – 1, «Мұнай-газ ісі» - 1, «Құқық» - 1. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дəреже, профессор ғылыми атағы мен ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан аса болуы. Кафедра доценті: «Педагогика жəне психология» – 2, «Дене тəрбиесі» – 1, «Қазақ филологиясы» – 1, «Шет тілін жəне аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы» – 2, «Химия» – 1, «Информатика» – 1, «Қазақстан тарихы» – 1, «Экономикалық теория» – 1, «Менеджмент жəне кəсіпкерлік» – 1, «Есеп жəне қаржы» – 1, «Құқық» -1, «Геология, пайдалы қазба кен орындарын барлау» -1. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дəреже, ғылыми атағы мен ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан аса болуы. Кафедра аға оқытушысы: «Педагогика жəне психология» – 1 «Шет тілін жəне аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы» – 1, «Биология жəне экология» – 1, «Физика жəне математика» – 1, «Информатика» – 2, «Қазақстан тарихы» – 1, «Дүниежүзілік жəне əлеуметтік-саяси пəндер» – 1, «Құқықтық пəндер» – 1, «Экономикалық теория жəне бизнес» – 1, «Менеджмент жəне кəсіпкерлік» – 1, «Есеп жəне қаржы» – 1. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, магистр академиялық дəрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан аса, сонымен қатар оқытушылық қызмет 1 жылдан аса немесе мамандығы бойынша тəжірибелік еңбек өтілі 2 жылдан аса болуы. Кафедра оқытушысы: «Жалпы педагогика, психология жəне өзін-өзі тану» – 1, «Дене тəрбиесі» – 1, «Тілдерді оқытудың практикалық курсы (орыс тілі-1, ағылшын тілі-1, неміс тілі-1) – 3. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша тəжірибелік еңбек өтілі 3 жылдан аса болуы жəне магистр академиялық дəрежесінің болуы. Конкурсқа қатысу үшін мына құжаттар қажет: өтініш; кадрды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; өмірбаян; жоғары білім туралы, академиялық жəне ғылыми дəрежесі дипломдарының, ғылыми атағы туралы құжатының көшірмелерін нотариалды түрде куəландыру; қайта даярлау жəне біліктілігін арттыру сертификатының көшірмесі; ғылыми еңбектерінің жəне жарық көрген еңбектер тізімі; медициналық анықтама №086. Конкурсқа берілген лауазым қызметіне, өтініш тапсыру мерзімі, хабарландыру жарияланған кезден бастап 30 күнтізбелік мерзім ішінде тапсыру қажет. Мекенжайымыз: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б-шағын ауданы, 9-ғимарат. Байланыс телефоны: 8 (7292) 50 50 20.

«Нұрбанк» АҚ сенімді тұлғасы кепілге салынған мүлікті саудасаттық өткізілетіні туралы хабарлайды: Астана қ., Сарыарқа ауд., Жаңажол к-сi, 3а-үй мекенжайында орналасқан, арақашықтығы 265,27 м. темір жол тұйықпен, 14 631 ш.м өнеркəсіпті қойма, 3,5542 га жер телімімен. Сауда объектісінің бастапқы бағасы – 971 650 944 теңге. Сауда өткізу əдісі: ағылшын Сауда өткізілетін жер: 2013 жылғы 16 шілдеде сағат 11.30-да сауда мына мекенжайында өткізіледі: Астана қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 47. Сауда-саттыққа қатысу шарттары: сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш жазу керек жəне төменде көрсетілген шотқа бастапқы бағасының 10 % мөлшерінде кепілді жарнасын аудару қажет. Сауда-саттықтың жеңімпазы Сенім білдірілген тұлғаның талабы бойынша саудасаттықтан сатып алынған мүліктің құнын төлеуге қабілетті екенін дəлелдейтін құжаттарды тапсыруға жəне мүлік құнын сауда-саттық аяқталған сəттен бастап 5 күн ішінде төменде көрсетілген шотқа салуға міндетті. Мүлікті сатқан кезде ҚҚС есепке алынбайды. Сауда-саттық бойынша Сенім білдірілген тұлға: Елеупов Кайрат Жуманович. Шотың №2860191KZ0984905KZ000046045 Кепілді жарналарын аудару деректемелері: «Нұрбанк» АҚ-тың Астана қ. филиалы, СТН 620200009583, БСН 000441000049, БСК NBRKKZKX, Бк 14. Сенім білдірілген тұлға сауда-саттыққа қатысу үшін жазылған өтінімдерді келесі мекенжайда қабылдайды: Астана қ., Бөгенбай батыр к-сі, 47, 2013 жылғы 16 шілде күнгі сағат 10.00-ге дейін. Анықтамалар үшін «Нұрбанк» АҚ филиалының сенім білдірілген тұлғасына хабарласыңыз, тел: 8 (7172) 31 66 55 ішкі нөмірі 2106.

Заңды тұлғалардың назарына! «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің қызметкерлері үшін медициналық қызметтерді көрсету бойынша тендерге қатысуға конкурс жариялайды. Тендерге аталған қызметтерді тікелей атқарушы болып табылатын жəне барлық қажетті лицензияларға ие, медициналық қызметтерде жұмыс тəжірибесі бар компаниялар шақырылады. Тендерге қатысуға тілек білдіруші компаниялар 04.07.2013 ж. дейін электронды пошта бойынша өтінімдерін мына мекенжайға берулері қажет: arman.yermukhanov@arcelormittal.com

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының басшылығы мен депутаттары Сенат депутаты Юрий Алексеевич Кубайчукке зайыбы Валентина ПЕТРОВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Юрий Алексеевич Кубайчукке зайыбы Валентина ПЕТРОВНАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығы жəне ұжымы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басқарма басшысы Қаракөз Құрманəліқызы Байменоваға əкесі Құрманəлі Нүсібəліұлы КЕНЖЕБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жəне прокуратура органдары ардагерлерінің республикалық одағы прокуратура органдарының құрметті қызметкері жəне ардагері, 3-сыныпты мемлекеттік əділет кеңесшісі Жақсылық Ысқақұлы Байтұқбаевқа, жақындары мен туыстарына інілері Нұртай ЫСҚАҚҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қарағанды облысының əкімдігі белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Əбіш Кекілбайұлына ұлы Əулет ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ұжымы Ұйымдастыру жəне кадрлық жұмыс басқармасының басшысы Мейрамгүл Кəркенқызы Жанысоваға анасы Майнұр МЫРЗАБАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің ұжымы Ардақ Қуантайқызы Əмірееваға əкесі Қуантай БАЛАБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның иманы саламат, топырағы торқа болсын. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының халық əртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі, басқармасы мен ұжымы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға орны толмас қазаға душар болуына – анасы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Асыл ананың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы серік болсын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұжымы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, Қазақстан Республикасының халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректораты мен ұжымы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады Ермегияевтер əулеті Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Əбіш Кекілбайұлына жəне оның отбасы мен туған-туыстарына ұлдары Əулет ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ермегияевтер отбасы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның халық əртісі Жəния Яхияқызы Əубəкіроваға анасы Мəрзия Нұрмағамбетқызы МƏЖЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

 Театр

25 маусым 2013 жыл

 Бəрекелді!

 Оқиға

Їлкен əдебиетке – їлкен ќамќорлыќ

Ќараєандыдан ўрланып, Атыраудан табылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əбдіжəміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» жəне «Соңғы парыз» романдарының ағылшын тілінде жарыққа шығуына байланысты аталған қос романның тұсаукесері өткізілді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Алатаудыѕ самалы желпіп ґтті

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры елорданың туған күні құрметіне үш күн Астанада өнер көрсетеді. Кеше Жастар театрының өнер кеші К.Байсейітова атындағы ұлттық опера жəне балет театрында белгілі режиссер Талғат Теменов сахналаған «Ай – Қарагөз» спектаклімен ашылды. Оған Үкімет басшысы Серік Ахметов пен Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед келіп, қатысып отырды. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Адамның жан-дүниесі, сəулелі саз, отбасы құндылықтары қай кезде де сахналық туындыны халыққа етене жақындастырады. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Астананың 15 жылдық мерейтойына мерекелік тарту ретінде сондай таңдаулы туындыларын – «Ай–Қарагөз» трагедиясын, «Шығыс сазы» музыкалық хикаясы мен «Келіндер көтерілісі» комедиясын алып келіпті. Қарап отырсақ, театрдың алпыс бес жылдық шежіресі алдымызға сахна өнеріндегі қаншама талантты тұлғалардың жайсаң мінезі мен жарқын келбетін жалықпай жая түсер екен. Сахна өнеріндегі сандаған есімдерді жұртшылыққа алғаш танытуда да оның атқарған рөлі орасан зор екенін көпшілік жақсы біледі. Бір ғана Əмина Өмірзақованың, болмаса Қасым Жəкібаевтың өнерлері неге тұрады? Аттары аңызға айналған мұндай есімдердің бəрін түгел тізіп шығар болсақ, қазақ ұлттық сахна өнері саңлақтарының небір сахналық бейнелері санамызда қайта жаңғырары сөзсіз. Тарихтың аты – тарих, ал бүгінгі жастар арасындағы өзекті мəселелерді алға тартқан заманауи драматургтардың шығармаларын сахналау театрға жұртты тартуда басты фактор саналады. М.Əуезовтің «Қарагөзінің» өзі ешқашан ескірмейтін ұлттық клас сикамыздың бірі екенін айтып жүрміз. Адам жаны – жұмбаққа толы. Тылсымға

батқан Қарагөздің Сырымға арнаған сөзінің өзі ескірмейді, заманмен бірге қайта туып отырады. Бұл – бір-бірін шын сүйген асыл бейнелердің ешқашан өшпес үні. «Асыл Сырым, сен осындай сезімтал болмасаң, мені бұлай қинамас ең ғой. Сенің ешкімге ұқсамайтын əнің де, сəнің де мені осылай матап-байлап қойған жоқ па?» дейді мұңлық. «Мен де сондай күйдемін. Сені ғана сағынам... Тым болмаса тартқан домбыраммен салған əнімді естісін деп дауысым қарлыққан» деген Сырым сүйгенімен бақытты бола алды ма? Сан жылдан бері қойылып келе жатқан сұрақ бұл. Сол сауалға режиссер өзінің Қарагөзі арқылы жауап қатады. Тарихи драмаға заманауи көзқараспен үңіліп, бүгінгі жас көрерменнің талап-талғамы қатар ескеріледі. Талай сахнада көрерменнің талғам таразысына тартылып келген туындыға Жастар театрының өзіндік жаңашылдығымен келгені барынша атап өтерлік жағдай. Қарагөз – ІІІ Орта Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінің лауреаты Аида Жантілеуова, ақын-сал Сырым – Дархан Сүлейменов, Нарша – «Дарын» мемлекеттік жəне Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Мұхитдин Шынтаев, Ақбала – Сəуле Тұрдахунова, Мөржан – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева, Жарылғап бейнесі Жақсыбек Құрманбеков қатысуымен өте нанымды ойналғанын айта кеткен жөн.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Қазақ əдебиеті тағылымдық мəні мен танымдық көкжиегі тұрғысынан ешбір ұлттың əдебиетінен кем емес деп айтқанымызбен, осы уақытқа дейін ұлт деңгейінде ғана насихатталып келгені рас. Үлкен жазушыларымыздың ғаламдық мəселелермен қатар, адамдық құндылықтарды жүректен өткізіп, сананың сүзгісінен сүзіп шығарған хас туындылары шекара асып жатпағаны соның айғағы. Бірақ осы жолы сеңнің көбесі сөгілді. Тəуелсіздіктің жиырма екі белесіне аяқ басқан тұста осы күнге дейін қаншама оқырманның сүйікті романына айналған «Қан мен тер», сондайақ, соңғы он жылдықта жазылса да, классикалық шығармалардың қатарынан орын алып үлгерген «Соңғы парыз» романы ұлтжанды азамат Исламбек Салжанов басқаратын халықаралық «Алтын Қыран» қайырымдылық қорының қаржылай көмек беруінің арқасында Нью-Йорктің «Либерти» баспасында басылып шықты. Бүгінгі таңда Əбдіжəміл Нұрпейісовтей шебер жазушының қос романы ең кемі 52 елдің əдебиет сүйер қауымына жол тартты. «Үлкен əдебиет пен үлкен бизнес қол ұстасқанда ұлттың бағы ашылады екен. Бұл кітаптардың ағылшын тіліне аударылуы сол үлкен бизнестің шарапатымен болып отыр», деді кешті жүргізген жазушы Смағұл Елубай. Ағылшын тілінде жарыққа шыққан қос кітаптың тұсаукесеріне Ресейден екі қаламгер келгенін де атап өтуіміз керек. Оның бірі – Ре сей дің көрнекті əдебиеттанушысы, ММУ-дің профессоры Николай Анастасьев болса, екіншісі

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

– «Ху дожественная литература» баспасының директоры, жазушы Георгий Пряхин. «Марқұм Шыңғыс Айтматов бір кезде тек өзің үшін, тек өз үйіңде ұлы болуға болмайды деп айтып еді. Бірақ, мəдени қуыс кеңістікте қалып қойсаң, сені еш кім де танымайды. Жағдайдың осын дай болып жатқанын мен ұна та бермеймін. Бірақ қазіргі шындық осы», деген Анастасьев сең нің көбесі сөгіле бастағанына қуанышты екенін жеткізіп, оның ішінде қос романның бірдей ағылшын тілінде жарық көруіне атсалысқан меценат Салжановқа ризашылығын білдіріп, оған қоса жазушымен бірге екі аптадай Америкада болғанын, сол жақтағы тұсаукесерлерге қатысқанын əсерлі етіп əңгімелеп берді. Ал Георгий Пряхин əңгімені рухани құндылық – кітаптың маңыздылығы турасында бастады. 90-жылдары басталған экономикалық тоқырау тұсында ТМД кеңістігі кітап оқырмандарын да жоғалтып алғанын, көпшіліктің бір кездегідей кітаппен шөлін

басатын жағдайдың азайғанын, дегенмен, осы көркем əдебиеттің ТМД халықтары арасында бейбітшіліктің, рухани достықтың орнауына септігі тигенін, оның бір көрінісі – КСРО тарағанда əр мемлекеттің ыңшыңсыз бөлек кетуіне адамдардағы көркем əдебиет қалыптастырған рухани əлеуеттің ықпал еткенін жеткізді. Меценат Исламбек Салжанов: «Бұл романдар жүз мыңдаған тиражбен жарық көріп жүрген туындылар. Бірақ осы кітаптарды халықаралық тіл – ағылшын тілінде шығаруды өзімнің азаматтық парызым деп санадым. Мен кəсіпкер болғаныммен, оқырманмын, қазақ əдебиетінің жанашырымын», деді өзіне сөз кезегі тигенде. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов оқырман қауым атынан осы ірі жобаны жүзеге асырушыларға алғыс айтты. –––––––––––––––––

 Жағымды жаңалық Елордадағы «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында əйгілі «Дисней/ Пиксар» компаниясының «Құбыжықтар университетi» («Monsters University») атты жаңа анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының көрсетілімі өтті.

«Ќўбыжыќтар университетi» ќазаќша кґрсетіледі «Болашақ» қауымдастығы жəне «Марвин» компаниясы «Құбыжықтар корпорациясы» атты мультфильмнің əйгілі приквелін қазақ тіліне тəржімалау жобасын «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырған. Бұған дейін «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары, «Болашақ» қауымдастығының төрағасы Бауыржан Байбектің бастамасы бойынша бүлдіршіндерге Голливудтың «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Жаңа өрмекші адам», «Батыл жүрек» анимациялық фильмдері мемлекеттік тілде көрерменге жол тартқан болатын. Кезекті мультфильмді қазақ тіліне аудару жұмыстары «Синема Тон Продакшн» студиясында жүргізілген екен. Автордың ойын нақты жеткізу үшін аударма ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне жасалыпты. Аударма режиссері – Айжан Жəмшитова, қазақ тіліне бейімдеуге атсалысқан редакторлар Тұрысбек Сəукетаев пен Салтанат Дүнгенбаева. Дыбыстау жұмысына еліміздің белді актерлерімен қатар, бүлдіршіндер өз үлестерін қосқан. Алматы облысындағы Бағанашыл кентінің №1 балалар үйінің он жастағы тəрбиеленушілері кішкентай құбыжықтардың дауысын дыбыстауға қатысқан. Балалардың дауыстары «Дисней/ Пиксар» студиясында іріктелген. Жобаға барлығы 40 актер қамтылған. Көрерменге «Біржан-сал» фильмі бойынша танымал болған Дулыға Ақмолда əрқашан көңілді болып жүретін Майк Вазовскийді дыбыстаған. Бас кейіпкер Саллиді – М. Əуезов атындағы

Қазақ академиялық драма театрының актері Руслан Сенкебаев, ал жаңа кейіпкер – декан Хардскрабблды актриса Лидия Кəденова сөйлеткен. Мультфильмнің алдын ала көрсетіліміне қатысқан «Алтын Қыран» қорының басқарушы директоры Əсел Салжанова өз сөзінде: «Алтын Қыран» қоры мемлекеттік тілді дамытуға, салт-дəстүрлерімізді ұлықтауға, ұлттық мəдениетімізді зерделеп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын игі жобалар мен бағдарламаларды əрқашан қуана қолдап, демеушілік жасайды», деді. Нұрзада КҮМІСБЕК, Еуразия ұлттық университетінің студенті.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Атырау облысы.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Адлерге пойыз ќатынайды Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 2013 жылғы 2 шілде мен 7 қыркүйек аралығында жазғы маусымға №483/484 «Астана – Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жіберуді жоспарлап отыр. Құрам 10 купеден жəне 7 плацкартты вагоннан тұрады, оның ішінде ауысымсыз «Қостанай – Адлер», «Павлодар – Адлер» жəне «Қарағанды – Адлер» вагондары да

бар. Пойыз аптасына 2 рет сейсенбі жəне сенбі күндері қатынайды. Құрам Тобыл, Орынбор, Самара, Краснодар, Сочи стансалары арқылы өтеді. Айта кетер жайт, жазғы маусымда қосымша пойыздарды жіберу «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың темір жол қызметтерін көрсетудің сапасын арттыру аясында атқарып жатқан маңызды бағыттарының бірі. «Егемен-ақпарат».

 Талап жəне тəртіп

Абай болайыќ, аєайын! Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Ақтауда үш күнде 1684 жол ережелерін бұзу фактісі тіркелді. Мұны Маңғыстау облысының ІІД ЖПБ «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Шараға жол полициясының – 117, ІІО-ның 38 қызметкері, 31 учаскелік инспектор қатыстырылып, 45 патрульдеу бағыттары мен бекеттері орналастырылды. Нəтижесінде, біршама жол ережесін бұзу фактілері тіркелді. Жол қозғалысы ережесін сақтау тақы рыптарына балалардың демалатын орындарында, мектепке дейінгі жəне жалпы білім беретін мекемелерде

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

Қарағанды қаласынан ұрланып, жол полициясының бағдарлауына ілінген «BMW-530» маркалы шетелдік көлік Атырау облысының Мақат кентінен табылды. Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнəзира Мұхтарованың мəлім етуінше, ұрланған көлікті Мақат аудандық ішкі істер бөлімі жол полициясының инспекторы Сəрсенбай Қитуов тауыпты. Ол аталған кенттегі «Лаура» кафесінің алдынан шетелдік «BMW-530» көлігін тоқтатады. Анықтау барысында жол инспекторы бұл көліктің ұрланғанын біліп, жүргізушіні ұстайды. Жүргізуші автомəшинені қалай ұрлағанын айтып берген. Сөйтсе, көмірлі қаладағы техникалық қызмет көрсету орталығының бірінің алдынан ұрланған көлік Мақат кентіне жеткенше, бірде-бір жол полициясының назарына ілінбей келіпті. Оны ұрлаған екеудің бірі аталған көлікті өзі жұмыс жасайтын орталықтың алдынан қолды еткен. Алайда, бір таңданарлығы, Атырау облысы аумағына жеткенге дейін автомəшиненің құжаты болмаған. Тіпті, ұрылардың бірінің көлік жүргізуге құқық беретін арнайы куəлігі де болмай шығыпты. Қазір шетелдік көлікті ұрлаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді олар қолымен істеген ісін мойнымен көтеретін болады.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

–167, еңбек ұжымдарында 73 дəріс, пікірлесулер өткізілді. 359 шақырымды қамтыған облыстық маңыздағы авто жолдарға жүр гізілген 13 тексеру жұмыс тары нəти жесінде 12 жазбаша ұйға рымдар бері ліп, 3 лауазымдық тұл ға əкімшілік жауап қа тартылды. Ал 310 шақырымды қамтыған аудан дық маңыздағы жолдарға 16 тексеру жұмысы жүргізіліп, 3 лауазымдық тұл ға əкім шілік жауапқа тартылды. Екі күндік «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде облыс көлемінде 9 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тауып, 10 адам əр түрлі дəрежедегі дене жарақатын алды. Маңғыстау облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 11 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №86ek


13

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

РЕСМИ БӨЛІМ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 18 сəуір

№373

Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидаларына жəне мерзіміне 1-қосымша

Астана, Үкімет Үйі

Нысан

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-5) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қоса беріліп отырған: энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортының нысаны; Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидалары жəне мерзімі бекітілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сəуір №373 қаулысымен бекітілген _______________________________________________________________ (паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы/полное наименование государственного органа, выдавшего паспорт)

Нысан

Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың _________жж. күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі ПАСПОРТЫ/ПАСПОРТ готовности энергопроизводящих и энергопередающих организаций к работе в осенне-зимних условиях _________гг. №_________________ «___»_________20__ж/г (паспорттың нөмірі жəне берілген күні/номер и дата выдачи паспорта)

Осы паспорт

г. қ. (паспорт жасалған жер/ место составления паспорта)

Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алуға өтініш __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ (БСН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің нөмірі жəне күні) Заңды тұлғаның жəне оның энергия объектісінің орналасқан жері: Пошталық мекенжайы:___________________________________________ Телефон нөмірлері_______________________________________________ E-mail _________________________________________________________ Факс __________________________________________________________ Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі: 1.___________________________ __ парақта, беттің реттік № 2.___________________________ __ парақта, беттің реттік № 3.___________________________ __ парақта, беттің реттік № 4.___________________________ __ парақта, беттің реттік № 5.___________________________ __ парақта, беттің реттік № 6.___________________________ __ парақта, беттің реттік № Ұйымның басшысы ______________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ə., қолы) МО 20____ ж. «_____» ______________ Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидаларына жəне мерзіміне 2-қосымша

берілді.

Настоящий паспорт выдан (ұйымның заңды атауы/юридическое наименование организации) ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ (басшының лауазымы/должность руководителя)

(кімге)____________________________ (органның атауы) ________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ________________________________

_______________________ (басшының Т.А.Ə./Ф.И.О. руководителя)

МО/МП Сериясы/серия ______№___ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сəуірдегі №373 қаулысымен бекітілген Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидалары жəне мерзімі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидалары жəне мерзімі (бұдан əрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-5) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу тəртібін жəне мерзімін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі жəне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сəйкес қолданылады. 2. Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу тəртібі мен алу мерзімі 3. Белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан (бұдан əрі – МВт) астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалория (бұдан əрі – Гкал/сағ) жəне одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 киловольт (бұдан əрі – кВ) жəне одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспорттарын (бұдан əрі – əзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган береді. 4. Қуаты 100 Гкал/сағ дейінгі энергия өндіруші ұйымдарға əзірлік паспорттарын жергілікті атқарушы органдар жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар береді. 5. Өз құрамында кернеуі 35 кВ жəне одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт жəне одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға əзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері береді. 6. Жергілікті атқарушы органдар жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың (бұдан əрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 қыркүйектен бастап жүзеге асырады. 7. Əзірлік паспортын алу үшін ұйымдар жыл сайын 1 қазанға дейінгі, жүйелік оператор 25 қазанға дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 3, 4, 5-тармақтарына сəйкес мына құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі актісі (бұдан əрі – əзірлік актісі). Əзірлік актісіне осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу шарттарының (бұдан əрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі; 3) станциялардың электр жəне жылу желілерінің негізгі жəне қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде бекітілген кестелерге сəйкес тұтынушыларға жылу жəне электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге əзірлігі туралы аккредиттелген сарапшылық ұйымның қорытындысы. 8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар басшының қолымен жəне ұйымның мөрімен куəландырылады. Жіберетін құжаттар нөмірленеді, байланады жəне осы шарттарда көрсетілген жүйелілікке сəйкес орналастырылады. Құжаттардың дұрыстығы үшін жауапкершілікті өтініш беруші көтереді. 9. Əзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын 1 қыркүйекке дейін энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан əрі – ұйым комиссиясы) құрады. 10. Ұйым комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан жəне оның мүшелерінен тұрады. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды. Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары жəне басқа да жауапты лауазымды тұлғалар, жергілікті атқарушы органның, өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті органның жəне мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді. Қуаты 100 Гкал/сағ дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған комиссияның құрамына ұйымның басшылары жəне басқа да жауапты лауазымды тұлғалары кіреді. Мемлекеттік органдардың өкілдері өз жұмысын өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 11. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмағанда оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Төрағаның орынбасары болып жергілікті атқарушы органның өкілі тағайындалады. 12. Ұйым комиссиясы энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігін осы Қағидаларға 3-қосымшаның талаптарына сəйкес айқындайды. 13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша əзірлік актісі ресімделеді жəне оған барлық мүшелер қол қояды. 14. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нəтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады. Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде əзірлік актісіне «ерекше пікірмен» қол қойылады. Ұйым комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі əзірлік актісіне қоса беріледі жəне оның ажырамас бөлігі болып табылады. Ұйым комиссиясының жұмысы кезінде анықталған кемшіліктер əзірлік актісінде көрсетіледі. 15. Ұйымдарның күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын əзірлейді жəне оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары əзірлік актісіне қоса беріледі. 16. Барлық қосымшаларымен бірге əзірлік актісі екі данада жасалады, оның бір данасы ұйымда сақталады, ал екінші данасы əзірлік паспортын алу үшін өтінішке қоса беріледі. 17. Жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесі ұйымның өтініші түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұйымның атына жетіспейтін мəліметтер мен материалдарды ұсыну қажеттігі туралы сұрау жібереді. 18. Ұйым сұрау түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жетіспейтін мəліметтер мен материалдардың жіберілуін қамтамасыз етеді. 19. Осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген мерзімде мəліметтер мен материалдар ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесі өтінішті қараусыз қайтарады. Бұл ретте, ұйым 15 қазанға дейін əзірлік паспортын алуға өтінішті қайта жібереді. 20. Ұйымдардың əзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау жəне олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесі Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан əрі – комиссия) құрады. 21. Комиссия əзірлік паспортын алуға өтініштерді қарауды олар комиссия қарауына түскен сəттен бастап есептелетін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 22. Комиссия жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен 15 қыркүйекке дейін құрылады. 23. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан жəне оның мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады жəне оның дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды. 24. Жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құратын комиссия құрамына өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі келісім бойынша енгізіледі. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның жəне өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті органының өкілдері келісім бойынша енгізіледі. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесінің, жергілікті атқарушы органның жəне өнеркəсіптік жəне өрт қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті органның өкілдері келісім бойынша енгізіледі. 25. Жергілікті атқарушы орган жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құратын комиссияның төрағасы болып жергілікті атқарушы органның жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға тағайындалады. 26. Комиссия материалдарды қарауды қажеттілігіне қарай аптасына үш рет жүргізеді. 27. Өтініштерді қарау жөніндегі комиссия əзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді. 28. Қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды: 1) əзірлік паспортын беру; 2) əзірлік паспортын ескертулермен беру; 3) əзірлік паспортын беруден бас тарту. 29. Егер Комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3 қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нəтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады. 30. Комиссияның оң шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге əзірлік паспорты қолма-қол беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі. Берілген əзірлік паспорттары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сəйкес сəйкес нысан бойынша əзірлік паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі. 31. Комиссия əзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда хаттамаға қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме қоса беріле отырып, уəжделген хат жіберіледі. Əзірлік паспортын беруден бас тарту алдағы күзгі-қысқы кезеңге ғана қолданылады. 32. Белгіленген мерзімде əзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігін жалғастырады жəне ескертулерді комиссия отырысының хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді. Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты ұйым мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органға жəне/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органға жəне/немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. 33. Мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның, оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау қызметі барысында немесе технологиялық бұзылуларды тексеру барысында нəтижелері бойынша əзірлік паспортын беру туралы шешім қабылданған мəліметтердің сəйкессіздігі жəне/немесе құжаттардың бұрмаланғаны анықталған кезде əзірлік паспортын оны берген орган жояды. 34. Ұйымдар үшін əзірлік паспортын алу мерзімі жыл сайын 1 қарашаға дейін, ал жүйелік оператор үшін жыл сайын 25 қарашаға дейін.

Нысан ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУШІ ЖƏНЕ ЭНЕРГИЯ БЕРУШІ ҰЙЫМДАРДЫҢ _________жж. КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҰМЫСҚА ƏЗІРЛІГІ АКТІСІ/АКТ ГОТОВНОСТИ ЭНЕРГОПРОИЗВОДЯЩИХ И ЭНЕРГОПЕРЕДАЮЩИХ ОРГАНИЗАЦИЙ К РАБОТЕ В ОСЕННЕ-ЗИМНИХ УСЛОВИЯХ ________гг. ___________________________________ (акт жасалған жер/место составления акта)

____________________ (күні/дата)

Комиссия, назначенная приказом ____________________________________________ (ұйымның атауы/наименование организации) от _____ №_________ бұйрығымен тағайындалған комиссия. _______________________________________________________________________ (энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда _____________________________________________________________________ жұмысқа əзірлігі паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны – орындалмағаны _______________________________________________________________________ көрсетіледі/указывается выполнение – невыполнение условий для получения _______________________________________________________________________ паспорта готовности энергопроизводящими и энергопередающими организациями _______________________________________________________________________ к работе в осенне-зимних условиях) Тұжырым:______________________________________________________________ Вывод: (ұйым КҚК-де жұмысқа əзір - əзір емес/организация готова - не готова _______________________________________________________________________ к работе в ОЗП) Комиссия төрағасы: __________________ ____________ ______________ Председатель комиссии: (лауазымы/должность) (қолы/подпись) (Т.А.Ə./Ф.И.О.) Комиссия мүшелері: Члены комиссии;

__________________ ____________ ______________ (лауазымы/должность) (қолы/подпись) (Т.А.Ə./Ф.И.О.) ___________________ ____________ ______________ (лауазымы/должность) (қолы/подпись) (Т.А.Ə./Ф.И.О.) ___________________ ____________ ________________ (лауазымы/должность) (қолы/подпись) (Т.А.Ə./Ф.И.О.)

Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидаларына жəне мерзіміне 3-қосымша Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу шарттары 1. Энергия өндіруші ұйымдар: 1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, қажетті көлемде жəне белгіленген нормаларға сəйкес келетін сапада негізгі жəне қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы; 2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы; 3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі); 4) жүктемелер кестесін орындау үшін əзірлік – жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы; 5) қоймада Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сəйкес негізгі жəне резервтік отын қорының болуы; 6) жұмыс орындарының оқытылған жəне аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке жəне ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар жəне құралдармен, нормативтік-техникалық жəне жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен жəне бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы жəне реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау жəне нормативтік жəне нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі; 7) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің жəне күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалаудың аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың техникалық куəландыруды жүргізуі; 8) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің міндетті қатысуымен жасалған өрт сөндіру жəне өрт дабылы жүйелерінің əзірлік актісінің болуы (акті көшірмесі); 9) кəбіл шаруашылығының, отын-көлік жəне мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардың газ-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету; 10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан əрі – АРҚ) жəне аварияға қарсы автоматиканың (бұдан əрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы жəне өлшеу құралдарына (бұдан əрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан əрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау жəне есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан əрі – ЭБЕАЖ) əзірлігі (пайдалануға енгізу жəне техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып техникалық куəландырудан өткен жабдықтар тізбесі); 11) жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы; 12) негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы; 13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерімен гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізу); 14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету; 15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нəтижелерінің оң бағалануы; 16) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары жəне ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне əсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы; 17) өзіндік электр жəне жылу қажеттіліктері жабдығының жобалық талаптар мен схемаларға сəйкестігі; 18) егер бұл тұтынушыларды күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тəуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы. 2. Энергия беруші ұйымдар. Электр желілік компаниялар үшін: 1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сəйкес қажетті көлемде, кезеңділік пен сапада қосалқы станцияларды (бұдан əрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан əрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан əрі – ТҚС), кешенді трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан əрі – КТҚС) жəне электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы; 2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық схема мен құрылыстар бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған ісшаралар тізбесі); 3) электр жүктемелері кестесін орындауға əзірлік, яғни жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау жəне электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы 22 маусым мен 22 желтоқсанда жүктемелерді өлшеулер); 4) 10-110 кВ жəне одан жоғары режимдік (қалыпты) схемалардың сенімділік, статикалық жəне серпінді тұрақтылық талаптарын қамтамасыз ету (есептеулер мен талдаулар); 5) 6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (ұйым жабдығының бекітілген жəне нақты авариялық қорына салыстырма талдау); 6) жұмыс орындарының оқытылған жəне аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке жəне ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар жəне құралдармен, нормативтік-техникалық жəне жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен жəне бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы жəне реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау жəне нормативтік жəне нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі; 7) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлем мен мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу; 8) АРҚ жəне АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ əзірлігі (актілер көшірмелері); 9) технологиялық жəне авариялық бронь актілерін жасау бойынша жұмыстар (үздіксіз электрмен қамтамасыз ету объектілерінің тізбесімен технологиялық жəне жасалған авариялық бронь актілеріне салыстырма талдау); 10) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі (ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері); 11) электр қондырғыларының, ƏЖ, кəбілдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сəйкес энергия кəсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куəландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу жəне техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куəландырудан өткен жабдықтар тізбесі); 12) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау); 13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары жəне мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша ісшаралардың орындалуы (орындалмаған іс-шаралар жəне олардың себептері көрсетілген ұйғарымдардың орындалуы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментімен келісілген анықтама); 14) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат); 15) 15 қыркүйекке қарай 35 кВ жəне жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ жəне жоғары электр тарату желілерінің 15 тəуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы; 16) электр тарату əуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа əзірлігі; 17) жедел-көшпелі жəне желілік бригадалардың көлік құралдарымен жəне байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі; 18) 110-500 кВ ажыратқыштар тірек-өзекті оқшаулағыштардың бұзылуын алдын алу жөніндегі нормативтік-техникалық жəне өкімдік құжаттама талаптарының орындалуын жəне сақталуын қамтамасыз ету; 19) электр станцияларының жұмыс қуаттылығын орындау жөніндегі бекітілген кестелердің болуы (жылдық, айлық, тəуліктік); 20) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа əзірлігі; 21) электр желісінің бақыланатын қимасындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылыстардың алдын алу жəне оны жою бойынша іс-қимыл жасау тəртібін айқындайтын құжаттардың болуы жəне белгіленген талаптарға сəйкестігі; 22) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты жəне авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге жəне іс-қимылға əзірлігі. Жылу энергиясын тасымалдауды жəне таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:

1) тиісті актілермен (қайта жаңартудан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдау актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеу кестесі актілерінің көшірмелері) ресімделген қажетті көлемде жəне белгіленген нормаларға сəйкес сапада негізгі жəне қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы; 2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайында жабдықтың, технологиялық сызба мен құрылымдардың бүлінуінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау; 3) жабдықтың авариялық қорының болуы; 4) жұмыс орындарының оқытылған жəне аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке жəне ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен, аспаптар жəне құралдармен, нормативтік-техникалық жəне жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен жəне бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы жəне реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау жəне нормативтік жəне нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі; 5) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру жəне өрт дабылы жүйелерінің əзірлігі актісінің болуы; 6) бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ əзірлігі; 7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдар келіскен тұтынушыларды шектеу кестелері; 8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы; 9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы; 10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау актісінің болуы; 11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы; 12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нəтижелерін бағалау; 13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша ісшараларды жəне мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген ең жоғары жүктемелерді орындау кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне əсер ететін технологиялық бұзылыстарды тексеру актілерінің орындалуы; 14) егер бұл тұтынушыларды КҚК жылумен жабдықтауды шектеуге алып келуі мүмкін болса, 15 қыркүйекке қарай жылу желілерінің негізгі жабдықтарын жоспардан тыс (авариялық) 30 тəуліктен асатын мерзімде жөндеудің болмауы. Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспортын алу қағидаларына жəне мерзіміне 4-қосымша Нысан Энергия өндіруші жəне энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа əзірлігі паспорттарын тіркеу журналы* Берілген күні

Бланк нөмірі

Ұйым атауы

Əзірлік паспортын берген адамның Т.А.Ə. жəне қолы

Əзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы

Бланкті қайтару белгісі

*Журнал нөмірленуі, тігілуі, мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның жəне/немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен жəне басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 17 мамыр

№499

Астана, Үкімет Үйі

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 19) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары; 2) Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары; 3) Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 4) Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 5) Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 6) Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 7) Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 8) Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 9) Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары; 10) Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; 11) Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидалары (бұдан əрi –Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзiрленді. Қағидалар «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (бұдан əрі – мектепке дейінгі ұйымдар) қызметінiң тəртiбiн айқындайды. 2. Мектепке дейiнгi ұйымдар бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тəрбиеленушілерді тəрбиелеу, оқыту мен дамыту жəне медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу жəне сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көлемін орындауды қамтамасыз етеді. 3. Мектепке дейiнгi ұйымдардың негізгі мiндеттерi: 1) балалардың өмірін жəне денсаулығын қорғау; 2) тəрбиеленушілердің дене, зияткерлік жəне жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; 3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету; 4) азаматтылықты, қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тəрбиелеу; 5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау; 6) ата-аналарға балаларды тəрбиелеу, оқыту, дамыту жəне денсаулығын қорғау бойынша консультативтік жəне əдістемелік көмек көрсету болып табылады. 4. Мектепке дейінгі ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бөбекжай; 2) балабақша; 3) отбасылық бөбекжай; 4) санаториялық бөбекжай; 5) «мектеп-балабақша» кешені; 6) мектепке дейінгі шағын орталық. 5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының негізгі құрылымдық бірлігі мектеп жасына дейінгі тəрбиеленушілер тобы болып табылады. Топтар жас ерекшелігі бір немесе жас ерекшелігі əртүрлі қағидаты бойынша жасақталады. 6. Мектепке дейінгі ұйым топтарының толымдылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеу мен білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 7. Топтар тəрбиеленушілердің болу уақыты бойынша бөлінеді жəне мынадай режимде қызмет етеді: 1) толық күн болу; 2) жарты күн болу; 3) тəулік бойы болу. 8. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын, мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын жəне осы Қағидаларды басшылыққа алады. 9. Мектепке дейінгі ұйымдар меншік нысаны бойынша мемлекеттік жəне жекеменшік болып табылады. 10. Балаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау жəне балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сəйкес жүзеге асырылады. 11. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға тұрақты немесе уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі. 12. Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мынадай: 1) бала ауырып қалған; 2) бала медициналық, санаториялық-курорттық жəне өзге де ұйымдарда емделген жəне сауықтырылған; 3) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуіне еңбек демалысы берілген; 4) бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылған жағдайларда сақталады. 13. Басшы баланы мектепке дейінгі ұйымдардан мынадай: 1) баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы уақтылы төленбеген (төлемақыны белгіленген мерзімнен күнтізбелік 15 күннен астам кешіктіру); 2) бала бір айдан астам дəлелсіз себеппен жəне əкімшілікке ескертпей келмеген; 3) дəрігерлік бақылау комиссиясы анықтамасының негізінде баланың келуiне кедергi болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болған жағдайларда шығарады. 14. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшiн ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерi баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды жəне оны құрылтайшы белгілейді. 15. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тəртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді. 16. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады. 17. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның басшысы үш жылда бір рет «Білім туралы» Заңға сəйкес аттестаттаудан өтеді. Педагог қызметкер бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сəйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді. 2. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тəртібi 18. Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады жəне ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен əділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары өз қызметі туралы білім беру басқармаларының органдарына хабарлайды. 19. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы Қағидалар негізінде өз жарғысын əзірлейді. 20. Мектепке дейінгі ұйымдар: 1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын; 2) балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды; 3) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын; 4) педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың, əдістердің жəне құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттілiктеріне сəйкестігін қамтамасыз етеді. 21. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сəйкес белгіленеді. 22. Мектепке дейінгі ұйымдар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп балаларды мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асыратын ағымдағы медициналық бақылауды, иммундауды жəне профилактикалық тексерулер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді. 23. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды үйлесімді тамақтандыруды қамтамасыз етеді. Балаларды тамақтандыру жас ерекшеліктерін, жұмыс режимін ескере отырып жүргізіледі, оның жиілігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен жəне Жарғымен айқындалады. 24. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі ұйым басшысы белгілеген тəртіппен білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді. Ақылы қызметтерден түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті дамытушы орта құруға бағытталуы мүмкін. 25. Отбасы мен баланы əлеуметтiк-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін мектепке дейiнгi ұйымдарда консультациялық пункттер құрылады. 26. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық жəне алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық кеңестер болып табылады. 27. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады. 28. Мектепке дейінгі ұйым басшысы: 1) мектепке дейінгі ұйымның атынан əрекет етеді, барлық мемлекеттік жəне жеке меншік ұйымдарда оның атынан өкілдік етеді; 2) қаражатты басқарушы болып табылады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банктерде есептік жəне басқа да шоттар ашады;

3) өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады, жаза қолданады; 4) кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан босату құқығын пайдаланады; 5) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының талаптарына жəне санитариялық-гигиеналық нормаларға сəйкес мектепке дейінгі ұйымдағы тəрбиелеу-білім беру процесін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды; 6) балалар мүдделерін, отбасы қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған қосымша қызметтерді ұйымдастырады; 7) баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде ата-анасын немесе заңды өкілдерін жарғымен, қабылдау тəртібі мен оқыту-тəрбиелеу процесін жəне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру тəртібін регламенттейтін құжаттармен таныстырады, ата-аналармен немесе заңды өкілдермен шарт жасасады; 8) мектепке дейінгі ұйымға бекітілген мүліктің сақталуын жəне тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. 29. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес: 1) тəрбиеленушілердің, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзғаны; 4) тəрбиеленушілер мен қызметкерлердің оқу-тəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау үшін; 5) қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақшалай қаражаттардың мақсатты пайдаланылмағаны үшін; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптардың өзге де бұзылғаны үшін жауапты болады. 30. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектепке дейінгі ұйым дербес əзірлейтін ішкі тəртіп қағидаларында жəне қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында нақтыланады. Бұл ретте көрсетілген актілерде белгіленген құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңға, өзге де заңнамалық актілер мен ұйым жарғысына қайшы келмеуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйымдағы тəрбиелеу-білім беру процесі 31. Мектепке дейінгі ұйымдағы тəрбиелеу-білім беру процесі мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде əзірленген бағдарламаларға жəне оқу жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен айқындалады. 32. Тəрбиелеу-білім беру процесінің негізгі қатысушылары балалар, ата-аналар немесе заңды өкілдер, педагогикалық қызметкерлер болып табылады. 33. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметпен айналысуға білімі жəне біліктілігінің тиісті деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған педагогикалық білімі бар (техникалық жəне кəсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі) адамдар жіберіледі. Педагогикалық қызметке соттың үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған, сондай-ақ өтелмеген немесе заңда белгіленген тəртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғалар жіберілмейді. 34. Мектепке дейінгі ұйымдар жəне мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мектепалды топтары жəне білім беру ұйымдары мектепалды сыныптарының педагог қызметкерлеріне айлық еңбекақыны есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағаттан артық емес болып белгіленеді. «Бiлiм туралы» Заңның 30-бабының 2-тармағына сəйкес мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрінде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектепалды даярлық міндетті жəне отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің жəне гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегін болып табылады. 35. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары тиімді тəрбиелеу-білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында балама авторлық бағдарламаларды дербес таңдайды жəне қолданады, мектепке дейінгі тəрбие жəне оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тəрбиелеудің, оқытудың жəне сауықтырудың жаңа технологияларын енгізеді. 36. Мектепке дейінгі ұйым тəрбиеленушісінің, ата-аналары мен қызметкерлерінің қарымқатынасы тəрбиелеу-білім беру процесіне қатысушылардың ынтымақтастығы, өзара сыйластығы негізінде жəне жеке ерекшеліктеріне сəйкес тəрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып құрылады. 37. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарымқатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі жəне ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер жəне өзге де шарттар айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысандарымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан əрі – білім беру ұйымдары) қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері: 1) білікті жеке тұлғаны қалыптастыруға жəне дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылыми негіздерді алуын қамтамасыз ету; 3) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани жəне дене бітімі мүмкiндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рəміздерді жəне мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тəрбиелеу; 5) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тəрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық жəне мəдени өміріне араласу қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық жəне əлемдік мəдениет жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, əдет-ғұрпы мен дəстүрлерін зерделеу. 3. Білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады. 4. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің əрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат жəне мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады. 5. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне жəне əлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 6. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу жəне медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 7. Ақылы білім беру қызметтерін іске асыратын мемлекеттiк емес білім беру ұйымдарындағы білім алушының, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өзара қарым-қатынастары оқу мерзімін, оқу үшін төлем мөлшерін, өзге де жағдайларды айқындайтын шартпен реттеледі. 8. Білім алушыларды құқыққа қарсы əрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел жəне бірнеше рет бұзғаны үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығаруға білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі. Жетiм балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарынан шығару туралы шешiм қорғаншылық жəне қамқоршылық органдарының келісімiмен қабылданады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарынан шығарылған балалардың жалпы орта білім алуы түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектепте, кешкі, жеке меншік мектепте немесе экстернат нысанында жалғасады. 9. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. 2. Білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі Қызметін ұйымдастыру 10. Оқушылар, педагог қызметкерлер, оқушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдер білім беру процесінің субъектілері болып табылады. 11. Негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттар береді. 12. Педагогтік қызметпен айналысуға тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кəсіптік білімі бар адамдар жіберіледі. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметке сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. 13. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленбеген білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес белгіленеді. Білім беру процесі 14. Білім беру ұйымдары білім беру процесін жалпы орта білім беру деңгейлерінің: бастауыш (14 сыныптар), негізгі орта (5-9 (10) сыныптар) жəне жалпы орта (10-11 (12) сыныптар) білім беру бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырады. 15. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мəдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - төрт жыл. 16. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық жəне этносаралық қатынастың жоғары мəдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне жəне кəсіптік бағдарлануына бағытталады. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды. Əрбір пəннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - бес жыл. Он екі жылдық білім беруге көшкен кезде негiзгi орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - алты жыл. 17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (3-деңгей) жаратылыстану-математикалық жəне қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып саралау, интеграциялау жəне білім беру мазмұнын кəсіптік бағдарлау негізінде əзірленеді. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі жыл. 18. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сəйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік жəне арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады. 19. Білім беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына жəне оқу жұмыс жоспарларына сəйкес жүзеге асырылады. 20. Білім беру ұйымдарында қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламалары іске асырылады. 21. Білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен жəне сабақтар кестесімен регламенттеледі. 22. Білім алушылардың, тəрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау жəне білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады. 23. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттердің ең шағын үй-жайлары медициналық қызметкердің кабинеті мен процедуралық кабинетті қамтиды. Жалпы білім беретін мектептің штаттық кестесі медициналық қызметкер (медбике, дəрігер) бірлігін қамтиды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес мектептегі медициналық қызметкер өз біліктілігін уақытылы арттырып отырады. Шағын жинақты мектептерде медициналық пункт жəне медициналық қызметкер болмаған жағдайда медициналық қамтамасыз етуді өңірлік алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары жүзеге асырады. 24. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны алмастыратын тұлға бекітеді. 25. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы жəне реті көрсетіледі. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен тəрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді. Жалпы білім беретін ұйымдардың барлық түрлерінің оқушылары үшін сабақтар арасындағы үзілістер ұзақтығы кемінде 10 минутты, үлкен үзіліс (2 немесе 3 сабақтан кейінгі) кемінде 30 минутты құрайды: бір үлкен үзілістің орнына 2 жəне 3 сабақтан соң əрқайсысы 20 минуттан екі рет үзіліс жасауға жол беріледі. 26. Білім беру ұйымдарындағы сабақтың ұзақтығы – қырық бес минут (арнайы сыныптарда – қырық минуттан аспайды). Білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндізгі оқу жүктемесі бастауыш сыныпта бес сабақтан жəне негізгі мектепте жеті сабақтан, жоғары сыныптарда сегіз сабақтан аспайды. 27. Білім беру ұйымдары білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жəне білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге асырады. 28. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жəне аралық аттестаттауды жүргізудің нысандарын, тəртібін жəне мерзімділігін дербес таңдайды. 29. Білім беру ұйымдары өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын жəне əдістерін дербес таңдайды. 30. Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес орыс тілін жəне шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етеді. 31. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтеді.

(Жалғасы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 13-бетте). Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сəйкес жоспарлы тəртіппен бес жылда бір рет өткізеді. Білім беру ұйымдарын басқару 32. Білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Қағидаларды жəне білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 33. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады. 34. Білім беру ұйымының басшысы: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 35. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзірленді жəне меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық жəне кəсіптік бiлiм берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан əрі – техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм негізгі орта жəне (немесе) жалпы орта білім беру базасында, училищелерде, колледждер мен жоғары техникалық мектептерде алынады. 3. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр: 1) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) білім алушылармен кəсіби бағдарлану жұмыстарын қамтамасыз ету; 3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту жəне еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жəне əркімге білімге негізделген өзінің жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамыту; 4) кəсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу жəне тиімді пайдалану; 5) техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру. 4. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға жəне олардың негізінде əзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сəйкес жүзеге асырады. 5. Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жəне білім алушыларды оқыту мен тəрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады. 2. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары қызметінің тəртібі 6. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Үлгілік қағидалар мен техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шекте оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-əдістемелік, қаржышаруашылық қызметті ұйымдастыруда дербес. 7. Оқу жəне тəрбие процесін ұйымдастырудың негізі техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-əдістемелік жəне тəрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады. 8. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тəрбие процесінің кестесі мен теориялық жəне практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады. Оқу-тəрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымының басшысы бекітеді. Білім беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие жұмыстарының есебі теориялық жəне өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын жəне оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Əскери мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары оқу-тəрбие процесін тиісті мемлекеттік органның басшысы бекіткен нормативтік құқықтық құжаттарға сəйкес ұйымдастырады. 9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары əзірлейді. Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сəйкес əзірленеді. 10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі жəне сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кəсіптер мен мамандықтардан басқа). Əскери мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді. 11. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сəйкес белгіленеді. 12. Білім алушыларды ауыстыру тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру жəне қабылдау қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 13. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 қаулысында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық жəне қорытынды аттестаттау «Білім туралы» Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 15. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады. 16. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сəйкес басталады жəне аяқталады. Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне жəне жұмыс оқу жоспарларына сəйкес жасалaды. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға жол беріледі. Білім алушылардың тамақтануы жəне белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді. 17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру «Білім туралы»Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 18. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында оқу сабақтары дəрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау жəне өзіндік жұмыстар, консультациялар, əңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалар (курстық жəне дипломдық жұмыстар) жəне практикалар түрінде өткізіледі. 19. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру жəне өткізу үшін оқу топтары құрылады. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беретін оқу орындарында оқу топтары оқытудың күндізгі нысанында мамандықтар бойынша - саны 25 адамнан артық емес (əскери мамандықтар бойынша 30 адамға дейін), сыртқы, кешкі оқыту нысанында кемінде 15 адамнан жинақталады. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында кəсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі. 20. Тізбесі оқу жоспарларына сəйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде, оның ішінде дене тəрбиесi мен жекелеген пəндер бойынша, шеберханаларда (оқу полигондарында жəне оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтарының саны 13 адамнан артық емес кіші топтарға, медициналық жəне фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пəндер бойынша саны 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi. 21. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары білім алушылар, педагог қызметкерлер мен ата-аналар жəне кəмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады. 22. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар жатады. 23. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытуға жəне тəрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады. 24. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының жəне педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың тізбесі негізінде айқындалады. 25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 26. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тəрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кəсіптер) топтары бойынша бөлімдер жəне басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады. Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кəсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады. 27. Бөлімге басшылықты техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады. Бөлім меңгерушісі: 1) бөлімдегі оқу жəне тəрбие жұмысын ұйымдастыруды жəне тікелей басқаруды; 2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын; 3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды; 4) білім алушылардың тəртібін бақылауды; 5) курстық жəне дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды; 6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды; 7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды жəне есептілік беруді қамтамасыз етеді. 28. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында (Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер: 1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кəсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы; 2) оқытудың сырттай, кешкі нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады. 29. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады. Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сəйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар жəне қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді. Əскери мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың лауазымы бойынша міндетін атқарудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру жəне жетілдіру мақсатында əскери тағылымдамадан өтуді ұйымдастырады. 30. Кəсіптік практиканы өткізу үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдары шарттық негізде практикалар базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар «Білім туралы» Заңға сəйкес Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығымен бекітілген кəсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны негізінде жасалады. 31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес өндірістік оқытуды жəне кəсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кəсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері. Оқу-өндірістік шеберханалар: 1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді; 2) білім алушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сəйкес кəсіптік дағдылар алуын; 3) өнім шығаруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, зертханалар мен кабинеттер үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындау, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді; 4) кəсіпорындарға, ұйымдарға жəне халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу жəне өндірістік база болып табылады. Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы технологиялары бойынша(оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) əртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі. Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, əртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу, əртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету жəне пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі. 32. Оқыту шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдары айқындайды. 33. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында жəне ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады. 34. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға жəне оқу орнының жарғысына сəйкес дара басшылық жəне алқалылық қағидаларында жүзеге асырылады. 35. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңда белгіленген тəртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу жəне тəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен аттестаттаудан өтеді.

25 маусым 2013 жыл

36. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сəйкес жоспарлы тəртіппен бес жылда бір рет өткізеді. Техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады. 37. Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді. 38. Білім алушыларды оқыту мен тəрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру жəне əдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-əдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады. Техникалық жəне кəсіптік бiлiм беру ұйымының алқалық органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі– Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзірленді жəне меншiк нысандарына қарамастан орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан əрі – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы) қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Орта білімнен кейінгі білімді жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кəсіптік) білімі бар азаматтар орта білімнен кейінгі білімнің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алады. Орта білімнен кейінгі білімнің кəсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны: 1) кəсіптік оқу бағдарламаларымен қатар жоғары білімнің 1-2 курстарының кəсіптік оқу бағдарламаларымен кіріктірілген əлеуметтік-гуманитарлық жəне жаратылыстану пəндерін оқытуды; 2) оқыту аяқталғаннан кейін қызмет көрсету жəне басқару ісінің кіші маманы біліктілігін беруді көздейді. 3. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр: 1) ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) білім алушылардың кəсіби бағдарлануын қамтамасыз ету; 3) жалпы оқыту, жұмыс орнында оқыту жəне еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін жəне əрбір адамға білімге негізделген өзінің жеке əлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмек беретін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту. 4. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн «Білім туралы» Заңға сəйкес жүзеге асырады. 5. Орта білімнен кейінгі білімнің кəсіптік оқу бағдарламалары күндізгі нысан бойынша оқитын тиісті контингент болған жағдайда негізгі түрі колледж, жоғары техникалық мектеп болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады. 2. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары қызметінің тəртібі 6. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының жарғысында белгіленген шекте оқу жəне тəрбие процестерін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-əдістемелік, қаржылық-шаруашылық жəне басқа да қызметте дербес. 7. Оқу жəне тəрбие процесін ұйымдастырудың негізі орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу, оқу-əдістемелік жəне тəрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады. 8. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тəрбие процесінің кестесі мен теориялық жəне практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады. Оқу-тəрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Білім беру ұйымдарындағы оқу жəне тəрбие жұмысының есебі теориялық жəне өндірістік оқытудың есепке алу журналдарын жəне оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 9. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары əзірлейді жəне олар жұмыс берушілермен келісіледі. Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары тиісті білім деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес əзірленеді. 10. Тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қол жеткізу жағдайларын жасауға байланысты оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі, сырттай оқу (Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа). 11. Орта білімнен кейінгі ұйымдарға оқуға қабылдау тəртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысымен бекітілген Орта білімнен кейінгі бiлiм берудің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сəйкес белгіленеді. 12. Білім алушыларды: 1) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымынан екіншісіне; 2) бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқыту нысанынан екіншісіне; 3) бір орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымында ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі. Білім алушыларды ауыстыру тəртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Білім беру ұйымдарының түрі бойынша білім алушыларды ауыстыру жəне қабылдау қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. 13. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. 14. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына жəне «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылады. 15. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы 1 қыркүйекте басталады жəне оқу процесінің кестесіне сəйкес аяқталады. Білім алушыларға толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде кемінде 2 апта демалыс белгіленеді. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне жəне оқу жоспарларына сəйкес жасалaды. Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі. 16. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дəрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау жəне өзіндік жұмыстар, консультациялар, əңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық жəне дипломдық жобалар, жұмыстар жəне оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі. 17. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру жəне өткізу үшін оқу топтары құрылады. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқыту нысанында 25 адамнан аспайды, сырттай, кешкі оқыту нысандарында кемінде 15 адамнан жинақталады. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда кəсіп немесе мамандық бейінінің ерекшеліктеріне қарай білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі. 18. Тізбесі оқу жоспарларына сəйкес айқындалатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тəрбиесi мен жекелеген пəндер бойынша сабақтарды өткізу, шеберханаларда (оқу полигондарында жəне оқу шаруашылықтарында) өндірістік оқыту кезінде оқу топтары саны 12-13 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлiнедi. 19. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар мен ата-аналар, педагог қызметкерлер мен кəмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады. 20. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар жатады. 21.Орта білімнен кейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлерге орта білімнен кейінгі ұйымдарда, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқытумен тəрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады. 22. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары жəне педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі негізінде айқындалады. 23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 24. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан басқа тыс жерде мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тəрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кəсіптер) топтары бойынша бөлімдер жəне басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады. Бөлімдер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кəсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады. 25. Бөлімге басшылықты орта білімнен кейінгі ұйым басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады. Бөлім меңгерушісі: 1) бөлімдегі оқу жəне тəрбие жұмысын ұйымдастыруды жəне тікелей басқаруды; 2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын; 3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды; 4) білім алушылардың тəртібін бақылауды; 5) курстық жəне дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды; 6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды; 7) бөлім бойынша жұмысты есепке алуды жəне есептілік беруді қамтамасыз етеді. 26. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда (Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарынан басқа) бөлімдер: 1) оқытудың күндізгі нысанында бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кəсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болған; 2) оқытудың кешкі, сырттай нысандарында кемінде 100 білім алушы болған кезде құрылады. 27. Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарда жүзеге асырылады. Өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларына сəйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау тауарлар (жұмыстар жəне қызметтер) шығаруды ұйымдастыруды көздейді. 28. Кəсіптік практиканы өткізу үшін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практиканың базасы ретінде ұйымдарды айқындайды, олармен келісілген практиканы өткізудің оқу бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. 29. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес өндірістік оқыту мен кəсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кəсіптік білім беретін ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері. Оқу-өндірістік шеберханалар: 1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді; 2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес кəсіптік дағдылар алуын; 3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптарды дайындауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді; 4) кəсіпорындарға, ұйымдарға жəне халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу жəне өндірістік база болып табылады. Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы (оқу шаруашылығының егістіктері мен фермаларында) технологиялары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының түрлері өткізіледі. Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, əртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу; əртүрлі құралдармен жəне тетіктермен қызмет көрсету жəне оларды пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі. 30. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша тікелей орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары айқындайды. 31. Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында жəне ұйымдарда өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен ұйымдастырылады. 32. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға жəне оқу орнының жарғысына сəйкес дара басшылық жəне алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады. 33. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. Орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қызметке тағайындалады жəне қызметтен босатылады. Орта білімнен кейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтеді. Орта білімнен кейінгі ұйымдарда жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді. 34. Білім алушыларды оқытумен тəрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру жəне əдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Жоғары білім жоғары оқу орындарында - институттарда жəне оларға теңестірілген ұйымдарда (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) беріледі. Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық жəне жалпы адами құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде тұлғаның кəсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жоғары білімді кадрлар даярлау. 4. Жоғары оқу орны (бұдан əрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституция-

сына, білім беру жəне ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» заңдарға, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде əзірленген ЖОО жарғысына сəйкес жүзеге асырады. 2. Жоғары білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі 5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға жəне ЖОО жарғысына сəйкес жүзеге асырылады. 6. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) жəне қызметтен босатылатын ректор (тиісті органның оқу орнының басшысы) жүзеге асырады. 7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады. 8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз əрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады жəне өзге де мəмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. 9. Ректор (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістікшаруашылық қызмет мəселелерін шешеді. 10. Мемлекеттік ЖОО ректоры (басшы) Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне ЖОО жарғысында белгіленген тəртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) жəне лауазымнан босату тəртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысында есеп береді. 11. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уəкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері жəне оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан əрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сəйкес келуі тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиісті мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс. 12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан əрі – МЖМБС) талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 13. ЖОО-0ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңесі бола алады, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі. 14. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды жəне бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында құрылымды тиісті мемлекеттік орган айқындайды. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтиды. 15. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес əзірлейді жəне бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мəртебесін əкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады. 16. Білім саласындағы уəкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сəйкес ЖОО қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес əзірлейді жəне бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу жəне лауазымнан босатылу тəртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады. 17. Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды жəне оны ректор жыл сайын бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-да штаттық кестені тиісті мемлекеттік орган айқындайды. 18. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді. 19. Факультет бір немесе бірнеше мəндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негізгі оқу, ғылыми жəне əкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 20. Факультет күндізгі, кешкі, сыртқы жəне экстернат нысанында мамандар дайындауды жүзеге асырады. 21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дəрежесі мен атағы (əскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сəйкес келуі тиіс. Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. 22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау жəне аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. 23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерін əзірлейді жəне бекітеді. Факультет деканы (басшысы) жанынан жəне оның төрағалық етуімен өз жұмысын ЖОО кеңесі бекіткен қағидаларға сəйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін. 24. Кафедра бір немесе бірнеше мəндес пəндер бойынша оқу-əдістемелік жəне ғылыми жұмысты, білім алушылар арасында тəрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 25. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне жəне орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (əскери жəне құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып). 26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми жəне басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кіреді. Əскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшін ерекшеліктеріне қарай басқа да лауазымдар көзделеді. 27. Кафедраны ғылыми дəрежесі жəне/немесе ғылыми атағы бар меңгеруші (басшы) басқарады (əскерилерден басқа). Кафедра меңгерушісінің (басшысының) лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. 28. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес кафедра бейіні бойынша кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дəрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кемінде 45 %-ды, педагогикалық институттарда кемінде 50 %-ды, өнер жəне мəдени білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар жəне оларға теңестірілген оқытушылар кемінде 35 %-ды құрауы тиіс. Өнер, музыка жəне мəдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар дайындауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тəрбиесі, сурет жəне сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. 29. Бекітілген оқу пəндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін жəне арнайы деп сыныпталады. 30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкін. 31. Кафедра жұмысы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сəйкес мамандарды теориялық жəне практикалық дайындауға бағытталуы тиіс. 32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сəйкес оқу-əдістемелік, ғылыми-зерттеу, тəрбие жұмысын жүзеге асырады. Жоғары білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптар 33. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметіне тартылған материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану үшін институттарда жəне оларға теңестірілген ЖОО-да (консерваторияларда, жоғары мектепте, жоғары училищеде) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті кемінде 960 адам болуы тиіс. Ерекшелікті күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың саны мемлекеттік тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-лары құрайды. 34. Институттар жəне оларға теңестірілген ЖОО (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище, құқық қорғау органының академиясы) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың тиісті контингенті болғанда ғана сырттай оқу нысаны бойынша кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыра алады. ЖОО-ның күндізгі жəне сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. Бұл ретте, білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі жəне сырттай оқу нысандарындағы санына қарай айқындалады. Күндізгі оқу нысанының студенттері 1,0, кешкі оқыту нысанының студенттері - 0,5 жəне сыртқы оқу нысанының студенттері - 0,25 коэффицентімен есептеледі. 35. Жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың контингенті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитариялық нормаларына сəйкес келуі тиіс. 36. ЖОО-да академиялық лек пен топтың толымдылығын ЖОО-лар дербес айқындайды. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ның академиялық легінің толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысына жəне қызмет ету ерекшеліктеріне қарай айқындалады. 37. Даму мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін олардың дара қажеттіліктерін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады. ЖОО-ның оқу-тəрбие қызметі 38. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары білімнің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. 39. ЖОО-да жоғары білімі бар кадрлар даярлау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша əртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 40. ЖОО-ның оқу-əдістемелік жұмысы: 1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар əзірлеуді, элективтік пəндер каталогтарын, силлабустар, пəндер мен мамандықтардың оқу-əдістемелік кешендерін əзірлеуді; 2) оқу пəндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пəнді оқу бойынша əдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік жəне қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді; 3) кəсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламаларын, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша əдістемелік құралдар əзірлеуді; 4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту əдістерін əзірлеуді; 5) ізденіске, талдауға жəне қызмет нəтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді; 6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау бағдарламаларын əзірлеуді қамтиды. 41. Оқу-əдістемелік қызметтің мазмұнын, ұйымдастыру тəсілін жəне құрылымын жоспарлауды ЖОО кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырады. 42. Құқық қорғау органдарына, арнайы мемлекеттік органдарға жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органға бағынысты ЖОО білім саласындағы уəкілетті органмен келісу арқылы, дайындық деңгейлері мен міндеттеріне сəйкес, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дəстүрлі немесе кредиттік) жəне пəнаралық байланыстарды айқындайды. 43. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысы) жəне кəсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады. Оқудың жұмыс жоспарлары жəне бағдарламалары жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізінде əзірленеді. Білім беру бағдарламалары кəсіптік стандарттар жəне білім алушылардың құзыреттерін қалыптастыру негізінде (əскерилерден басқа) əзірленеді. 44. Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар, «Əскери іс жəне қауіпсіздік» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиіс білім беру деңгейлерінің сəйкес МЖМБС жəне оларды əзірлеу құрылымы негізінде əзірленеді, оларды тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекітеді жəне білім беру саласындағы уəкілетті органмен келіседі. 45. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО кеңесінің шешімімен бекітіледі. 46. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пəндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пəндер каталогы жасалады. 47. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дəрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кəсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық жəне одан өту. Бұл ретте дəрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық жəне зертханалық сабақтар арасындағы кредиттер көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сəйкес айқындайды. 48. Дəріс сабақтарын өткізуге, студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылымизерттеу жұмыстарына жетекшілікке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі. 49. Дəрістер оқуға жəне/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мəдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тəжірибесі бар тəжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін. 50. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін. 51. Оқу жұмысы аудиториялық (дəрістер, семинарлар, практикалық, студиялық жəне зертханалық сабақтар) жəне оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіретін аудиториядан тыс деп бөлінеді. 52. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, əдістері мен құралдарын дербес анықтайды. Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып жəне интерактивті нысанда өткізіледі. 53. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тəсілдері мен нысандарын, оқыту əдістерін таңдау еркіндігіне ие. 54. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пəндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пəндер циклы, базалық пəндер циклы жəне бейінделген пəндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кəсіптік практика, дене шынықтыру жəне т.б.) жəне қорытынды аттестаттау. 55. Пəндердің əр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында жəне типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пəндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында жəне силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пəндерінен тұрады. Əрбір пəн, əдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады. 56. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 57. ЖОО-да оқу процесі техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі жəне білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді қайта есептеу жəне бұрын игерген пəндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады. Техникалық жəне кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды. 58. Білім алушылардың кəсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауы мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкес академиялық күнтізбеге сəйкес жүргізіледі.

59. Кəсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған. Кəсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді. 60. ЖОО əзірлейтін кəсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сəйкес келуі тиіс. 61. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кəсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сəйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды. Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. 62. Кешкі жəне сыртқы нысанда білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кəсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама жəне олардың кəсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады. 63. ЖОО білім алушылардың ағымдағы жəне межелік үлгерімін бақылау жəне аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тəртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды. 64. Білім алушыларды оқу пəндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу жəне білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да офис тіркеуші құрылады. 65. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады: 1) білім алушыларды оқу пəндеріне тіркеуді жүргізеді; 2) академиялық топтар мен лектер құрады; 3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тəртіппен тіркейді; 4) білім алушыларды аралық жəне қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады жəне өткізеді; 5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады; 6) оқытудың барлық кезеңі ішінде жəне бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді; 7) білім алушылардың транскриптін жазып береді; 8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады. 66. Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу жəне мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи жəне бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиіс. 67.ЖОО-ның тəрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады жəне тұлғаның кəсіби, əлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 68. Оқу жəне тəрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық- оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. 69. ЖОО-ның тəрбие қызметі тəрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады. 70. ЖОО-ның тəрбие жұмысы: 1) білім алушылардың бойында өз бетінше жəне білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру; 2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру; 4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу; 5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кəсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді. Білімді бақылау мен бағалау 71. Білім алушылардың білімін бағалау үшін ЖОО-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істеуі тиіс. Бақылау мен бағалау жүйесі ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту жəне бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істеуі тиіс. 72. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттау. 73. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пəннің оқу бағдарламасына сəйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді. 74. Пəннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер жəне т.б. 75. Курстық, есептеу-графикалық жəне оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пəннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пəннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс. Егер оқу жоспарына сəйкес пəн бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пəн бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады. 76. Білім алушылардың əр пəннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пəннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды. 77. Үлгерімді ағымдағы бақылау нəтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сəйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу жəне үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі. 78. Кешкі жəне сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды. 79. Экстернат нысанында білім алушылар ЖОО құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды. 80. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пəн бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды. Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. 81. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына аппеляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пəн бейініне сəйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады. 82. Кəсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді жəне кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нəтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік əріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады. Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (əдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық жəне т.б.) баға көрсетілген білімге сəйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады. Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (əдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық жəне т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады. 83. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі. 84. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дəрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рəсім. Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған. Қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген нысанда жүргізіледі – жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық жəне/ немесе бейіндік пəндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру жəне дипломдық жоба (жұмыс) қорғау. 85. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін жəне балдық-рейтингілік əріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады. 86. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін жəне қорғау нəтижелерін ескере отырып, қойылады. Қорытынды аттестаттаудың əрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік əріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады. 87. Қорытынды аттестаттау нəтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дəрежесі тағайындалады жəне жоғары білім туралы диплом беріледі. 88. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пəн бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады. 89. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мəліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді. 90. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нəтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, ЖОО бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды жəне осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі 91. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жəне инновациялық қызметі (бұдан əрі – ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ)) ұйымдастыруға жəне жүргізуге бағытталған. Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сəйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды. 92. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы: 1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тəжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жəне инновациялық қызмет жүргізуді; 2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды; 3) жоғары білімді дамытудың теориялық жəне əдіснамалық негіздерін зерттеуді жəне əзірлеуді; 4) ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын əзірлеу мен енгізуді; 5) ғылыми зерттеулер нəтижелерін оқу процесіне жəне өндіріске енгізуді; 6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды жəне дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды; 7) əзірлемелерді коммерциялау жəне ғылымды көп қажет ететін жəне бəсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті; 8) зерттеушілер мен əзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды; 9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен əзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді; 10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды жəне жетекшілік етуді қамтиды. 93. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу жəне ғылыми процестер бірлігі: 1) студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу жəне жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту; 2) ғылыми жəне ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық жəне курстық жобалаудың, оқу жəне өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың жəне мамандар даярлаудың басқа да əралуан нысандарын жүргізу; 3) оқу жəне ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру жəне студенттердің информатиканың заманауи əдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі. 94. Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады. Аталған бөлімшелер ҒЗЖ перспективалық жəне ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын əзірлейді, ЖОО ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нəтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды. 95. ҒЗЖ орындау нəтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық жəне қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады. ЖОО қызметін ақпараттық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету 96. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады. 97. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, əртүрлі деректерді, олардың жинау əдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді. Ақпараттық ресурстар кез келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-əдістемелік) толық мəтіндік, фактографиялық жəне библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дəстүрлі жəне электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды жəне пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды. 98. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады жəне оқу, оқуəдістемелік жəне ғылыми əдебиетті, сондай-ақ заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді қамтиды. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-əдістемелік жəне ғылыми əдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Оқу жəне ғылыми əдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Бұл ретте қазақ жəне орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Кітапхана қоры əлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пəндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пəндері бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу əдебиетінен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу əдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық жəне бейіндік пəндерінің (əскери мамандықтардан басқа) кемінде 40 %-ын құрайды. 99. Оқу-əдістемелік əдебиеттерге оқу-əдістемелік құралдар, əдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-əдістемелік əзірлемелер – пəнді оқыту бойынша əдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық жəне басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі əдістемелік нұсқаулықтар, оқу пəндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады. 100. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына сəйкес келетін зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми жəне ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды. Ғылыми қорға, сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын əдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сəйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді. 101. Оқу əдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-əдістемелік құралдарды қамтиды. Əдістемелік əдебиеттің өз басылымдары əдістемелік ұсыныстарды, оқу пəндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды. 102. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі əдістемелік материалдарға сəйкес жүзеге асырылады.

(Жалғасы 15-бетте).


(Жалғасы. Басы 13-14-беттерде). 103. Арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарын (əскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын жəне ЖОО-ның кез келген компьютерінен Интернетке жолақты жəне жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс. 104. Ақпараттық жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дəйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады. 105. Тиісті дəрісханалық жəне зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының жəне оның қызметін қамтамасыз ететін жəне оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады. 106. ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дəрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс. 107. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинеттер жəне басқа), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың əралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен жəне бағдарламалармен, оқу-əдістемелік жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларымен жəне басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқузертханалық жабдықтары болуы тиіс. 108. Ғимараттың оқу алаңы, дəрісхана қоры, оқу жəне ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үйжайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 109. Бір студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типіне байланысты белгіленеді жəне кемінде 6 м2 болуы тиіс. 110. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сəйкес белгіленеді. Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша жəне сырттай оқу нысаны студенттерінің 10 % саны бойынша қабылданады. 111. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 м2қабылдануы тиіс. 112. Білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ЖОО-да техникалық ресурстардың əралуан түрі болуы тиіс: зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, тетіктер, стендтер, өлшеу құралдары, оқу жəне зерттеу мақсаттарында қолданылатын макеттер мен бұйым модельдері, эксперименталдық үлгілер, материалдар, компьютерлік жəне өзге де есептеуіш техника бағдарламалық құралдар. 113.Техникалық ресурстар құрылымы, құрамы мен саны оқу процесі мен басқа да барлық процестерді жəне ЖОО жарғылық қызметін жалпыға міндетті жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттарына, оқу жұмыс жоспарларына, пəндердің оқу жұмыс бағдарламаларына, оқу-əдістемелік жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына жəне басқа да құжаттамаға сəйкес сапалы жүзеге асыруды міндетті қамтамасыз етумен анықталады. 114. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады. 115. Қаржылық ресурстар көздері білім беру жəне ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми жəне басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де көздері болады. 116. ЖОО-лардың білім беру қызметіне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндізгі, кешкі, сырттай), тиісті нормативтік құжаттардағы білім беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар жəне заттай нормалар бөлінісінде студенттер контингентіне қарай айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі - «Білім туралы» Заң) сəйкес меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары оқу орындарының мынадай түрлерінде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында, университеттерде, академияларда беріледі. Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық жəне жалпы адами құндылықтар, ғылыми жəне практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кəсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау. 4. Жоғары оқу орны (бұдан əрі – ЖОО) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, білім беру жəне ғылым қызметін регламенттейтін «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде əзірленген ЖОО жарғысына сəйкес жүзеге асырады. 2. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі 5. ЖОО-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға жəне ЖОО жарғысына сəйкес жүзеге асырылады. 6. ЖОО-ны тікелей басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) жəне қызметтен босатылатын ректор (басшы) жүзеге асырады 7. ЖОО ректорының (басшысының) саны мен функционалдық бағыты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін орынбасарлары – проректорлары болады. 8. ЖОО ректоры (басшысы) ЖОО атынан сенімхатсыз əрекет етеді, барлық органдарда оның мүдделерін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ЖОО мүлкін басқарады, шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады жəне өзге де мəмілелер жасайды, барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен білім алушыларға міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығарады. 9. Ректор (басшы) өзіне берілген құқықтар шегінде қаржы, экономикалық, өндірістікшаруашылық қызмет мəселелерін шешеді. 10. Мемлекеттік ЖОО ректоры Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне ЖОО жарғысында белгіленген тəртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Мемлекеттік емес ЖОО ректоры оның өкілеттіктер шеңберін, тағайындалу (сайлау) жəне лауазымнан босату тəртібін айқындайтын құрылтайшылардың жалпы жиналысына есеп береді. 11. Ректордың кандидатурасы білім саласындағы уəкілетті орган бекіткен педагогика қызметкерлері жəне оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (бұдан əрі – лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) сəйкес келуі тиіс. Құқық қорғау органдарының,арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында оқу орнының бастығы лауазымдары тиісті мемлекеттік орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс. 12. Ректор (басшы) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан əрі – МЖМБС) талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 13. ЖОО-ларда алқалық басқару органдары құрылады. ЖОО-ның алқалық басқару нысандары ғылыми, байқау немесе қамқоршылық кеңес бола алады, олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі. 14. ЖОО құрылымын өзі дербес айқындайды жəне бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ларында құрылымды тиісті мемлекеттік орган айқындайды. Бұл ретте құрылымдық бөлімшелер ЖОО қызметінің барлық түрлерін қамтиды. 15. ЖОО өзінің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерін дербес əзірлейді жəне бекітеді, онда олардың қызметінің негізгі бағыттары, ЖОО-ны басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мəртебесін əкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар айқындалады. 16. Білім саласындағы уəкілетті орган бекіткен педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сəйкес ЖОО қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дербес əзірлейді жəне бекітеді, онда олардың лауазымға тағайындалу жəне лауазымнан босатылу тəртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалады. 17. Штаттық кестені ЖОО дербес айқындайды жəне оны ректор жыл сайын бекітеді. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-да штаттық кестені тиісті мемлекеттік орган айқындайды. 18. ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелері өз қызметін осы Қағидалар, ЖОО жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал олардың санын аталған ЖОО мамандықтарының, білім беру бағдарламаларының тізбесіне, сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың санына қарай кеңес белгілейді. 19. Факультет бір немесе бірнеше мəндес мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асыратын ЖОО-ның негізгі оқу, ғылыми жəне əкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 20. Факультет күндізгі, кешкі, сыртқы жəне экстернат нысанында мамандар даярлауды жүзеге асырады. 21. Факультет жұмысын басқаруды ғылыми дəрежесі мен атағы (əскериден басқа) бар факультет деканы (басшысы) жүзеге асырады. Деканның кандидатурасы педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сəйкес келуі тиіс.Факультет басшысының лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. 22. Факультет деканы (басшысы) ЖОО-ның қабылдау жəне аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. 23. ЖОО-лар факультет туралы өз ережелерін əзірлейді жəне бекітеді. Факультет деканы (басшысы) жанынан жəне оның төрағалық етуімен өз жұмысын ЖОО кеңесі бекіткен қағидаларға сəйкес ұйымдастыратын факультет кеңесі ұйымдастырылуы мүмкін. 24. Кафедра бір немесе бірнеше мəндес пəндер бойынша оқу-əдістемелік жəне ғылыми жұмысты, білім алушылар арасында тəрбие жұмысын жүзеге асыратын ЖОО-ның (факультеттің) негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 25. Кафедра штаты, профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлеміне жəне орташа жылдық педагогикалық жүктемеге қарай айқындалады (əскери жəне құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқу процесінің ерекшелігін ескере отырып). 26. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі (басшысы), профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер, оқытушы-стажерлер, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми жəне басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді. Əскери (азаматтық емес) оқу орындарының кафедралары үшін ерекшеліктеріне қарай басқада лауазымдар көзделеді. 27. Кафедраны ғылыми дəрежесі жəне/немесе ғылыми атағы бар меңгеруші (басшы) басқарады (əскерилерден басқа). Кафедра меңгерушісінің (басшысының) лауазымдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айқындалады. 28. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-ның білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес кафедра бейіні бойынша (құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан басқа) кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда кафедра ұйымдастырылады. Штаттық оқытушылар санына шаққанда ғылыми дəрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кемінде 45 %-ды педагогикалық институттарда кемінде 50 %-ды өнер жəне мəдени білім беру ұйымдары үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар жəне оларға теңестірілген оқытушылар кемінде 35 %-ды құрауы тиіс. Өнер, музыка жəне мəдениет, туризм мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын кафедралар, сондай-ақ медицина, дене тəрбиесі, сурет жəне сызу, графика, шетел тілдері, қазақ тілі, орыс тілі (тілді оқытпайтын ЖОО үшін) кафедралары штаттық оқытушылар аз болған жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. 29. Бекітілген оқу пəндерінің циклы бойынша кафедралар жалпы білім беретін жəне арнайы болып сыныпталады. 30. ЖОО-да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен басқа да мүдделі тараптардың арнайы кафедралары ұйымдастырылуы мүмкін. 31. Кафедра жұмысы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сəйкес мамандарды теориялық жəне практикалық дайындауға бағытталуы тиіс. 32. Кафедра жылдық жұмыс жоспарына сəйкес оқу-əдістемелік, ғылыми-зерттеу, тəрбие жұмысын жүзеге асырады. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын негізгі талаптар 33. Оқу процесін тиімді ұйымдастыру, материалдық активтер мен ресурстарды ұтымды пайдалану, университеттер мен академияларда білім беру қызметіне тартылған күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың ең аз контингенті кемінде 2100 жəне 700 адам сəйкес болуы қажет. Ерекшелікті күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылардың саны мемлекеттік тапсырыспен айқындалатын құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО құрайды. 34. Білім алушылардың келтірілген контингенті олардың күндізгі, кешкі жəне сырттай оқу нысандары бойынша санына қарай айқындалады. ЖОО-ның күндізгі жəне сыртқы оқу нысандарындағы студенттердің арақатынасы кемінде 4:1 болуы тиіс. Құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органнан орындары үшін білім алушылардың контингентінің сандық құрамының қатынасы тиісті органның бірінші басшысымен анықталады. 35. Білім алушылардың контингенті білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес бір білім алушыға шаққандағы оқу алаңының санитарлық нормаларына сай келуі тиіс. 36. ЖОО-да академиялық топтың толымдылығын білім беру ұйымдары дербес айқындайды. Құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдары жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-ның академиялық тобының толықтығы жыл сайынғы мемлекеттік білім беру тапсырысына жəне қызмет ету ерекшеліктеріне қарай айқындалады. 37. Даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтар, оның ішінде мүгедектерге жеке қажеттілігін ескере отырып білім алуына арнайы жағдайлар жасалады. ЖОО-ның оқу-тəрбие қызметі 38. ЖОО-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кəсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады. 39. ЖОО-да жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар дайындау мазмұны мен оқыту мерзімдері бойынша əртүрлі білім бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде оқыту күндізгі нысанда ғана жүзеге асырылады. 40. ЖОО-ның оқу-əдістемелік жұмысы: 1) академиялық күнтізбе, жұмыстық оқу жоспарлары мен бағдарламалар əзірлеуді, элективтік пəндер каталогтарын, силлабустар, пəндер мен мамандықтардың оқу-əдістемелік кешендерін əзірлеуді; 2) оқу пəндерін оқулықтармен, оқу құралдарымен, есептер жинағымен, кешенді тапсырмалармен, зертханалық, бақылау, курстық жұмыстар бойынша құралдармен, пəнді оқу бойынша əдістемелік ұсынымдармен, сондай-ақ ағымдағы, межелік жəне қорытынды білім бақылауы, барлық оқу нысандары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау материалдарымен оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді; 3) кəсіптік практикалардың барлық түрлерінің бағдарламалары, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды (жобаларды) жазу бойынша əдістемелік құралдар əзірлеуді; 4) білім алушылардың оқу материалын меңгеруін арттыратын заманауи білім технологиялары мен оқыту əдістерін əзірлеуді;

15

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

5) ізденіске, талдауға жəне қызмет нəтижелерін қалыптастыруға қабілеттілігін дамытуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмысын оқу-əдістемелік қамтамасыз етуді; 6) оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау бағдарламаларын əзірлеуді қамтиды. 41. Оқу-тəрбие қызметінің мазмұнын жоспарлауды, ұйымдастыру тəсілін, құрылымын кредиттік оқыту технологиясы негізінде ЖОО жүзеге асырады. 42. Құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім саласындағы уəкілетті органмен келісу арқылы, дайындық деңгейлері мен міндеттеріне сəйкес, сондай-ақ мемлекеттік білім тапсырысына қарай оқыту технологияларын (дəстүрлі немесе кредиттік) жəне пəнаралық байланыстарды айқындайды. 43. Оқу-тəрбие қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу-тəрбие қызметінің құрылымы оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысшы) жəне кəсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады. 44. Ұлттық зерттеу жəне зерттеу университеттері уəкілетті органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен даму бағдарламаларына сəйкес қызмет етеді. Ұлттық зерттеу жəне зерттеу университеттерінің даму бағдарламаларын қарау жəне Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу тəртібін білім саласындағы уəкілетті орган бекітеді. Ұлттық зерттеу университеттері жəне зерттеу университеттері Қазақстан Республикасының экономика салаларын дамытудың басым бағыттары бойынша іргелі жəне қолданбалы зерттеулерге негізделген білім бағдарламаларын дербес əзірлейді. 45. Білім беру бағдарламалары кəсіптік стандарттар жəне білім алушылардың біліктілік (əскерилерден басқа) қалыптастыру қағидаттары негізінде əзірленеді. 46. Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар, «Əскери іс жəне қауіпсіздік» мамандығының топтары бойынша МЖМБС тиіс білім беру деңгейлерінің сəйкес МЖМБС жəне оларды əзірлеу құрылымы негізінде əзірленеді, оларды тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары бекітеді жəне білім беру саласындағы уəкілетті органмен келіседі. 47. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖОО кеңесінің шешімімен бекітіледі. 48. Оқытуды дараландыруға бағытталған кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаттарын іске асыру мақсатында таңдау бойынша компонент пəндерінің аннотацияланған тізбесін қамтитын элективті пəндер каталогы жасалады. 49. ЖОО-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дəрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар, кəсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық жəне одан өту. Дəрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық жəне зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сəйкес анықтайды. 50. Дəріс сабақтарын өткізуге, студенттердің дипломдық жұмыстарына (жобаларына), ғылымизерттеу жұмыстарына жетекшілікке профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі. 51. Дəрістер оқуға жəне/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мəдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық тəжірибесі бар тəжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін. 52. Оқу жұмысының басқа түрлері атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық оқытушылардың педагогикалық жүктемесіне кіруі мүмкін. 53. Оқу жұмысы аудиториялық (дəрістер, семинарлар, практикалық, студиялық жəне зертханалық сабақтар) жəне аудиториядан тыс деп бөлінеді, оған оқу жұмысының барлық қалған түрлері кіреді. 54. Білім алушылардың жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, ЖОО оқыту нысандарын, əдістері мен құралдарын дербес анықтайды. Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын ескере отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең жаңа жетістіктерін пайдалана отырып жəне интерактивті нысанда өткізіледі. 55. ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын сақтау шартымен, оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу тəсілдері мен нысандарын, оқыту əдістерін таңдау еркіндігіне ие. 56. Жоғары білім берудің білім бағдарламалары пəндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пəндер циклы, базалық пəндер циклы жəне бейінделген пəндер циклы, сондай-ақ қосымша оқыту түрлері (мамандық бойынша кəсіптік практика, дене шынықтыру жəне т.б.) жəне қорытынды аттестаттау. 57. Пəндердің əр циклы практика тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында жəне типтік оқу бағдарламаларында анықталатын міндетті компонент пəндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны жұмыстық оқу жоспарларында, жұмыстық оқу бағдарламаларында жəне силлабустарда айқындалатын таңдау компоненті пəндерінен тұрады. Əрбір пəн, əдетте, бір академиялық кезең ішінде оқытылады. 58. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 59. ЖОО-да оқу процесі техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда көлемдерінің жеткіліктігі жəне білім беру бағдарламасының сабақтастығы шартымен кредиттерді есептеу жəне бұрын игерген пəндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері ескеріле отырып айқындалады. Техникалық жəне кəсіптік жəне орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды. 60. Білім алушылардың кəсіптік практикасы мен қорытынды аттестаттауды мемлекеттік жоғары білімнің жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкес академиялық күнтізбеге сəйкес жүргізіледі. Кəсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған. 61. ЖОО əзірлеген кəсіптік практика бағдарламасы мен базасы мамандық бейініне (білім бағдарламасына) сəйкес келуі тиіс. 62. ЖОО (құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың жəне қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның ЖОО-нан басқа) оқу жылы басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей кəсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша үлгілік шарттың нысанына сəйкес практика базаларымен тиісті шарттар жасайды. 63. Кəсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен рəсімделеді. Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. 64. Кешкі жəне сыртқы нысанда білім алушылары мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда, кəсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖОО-ға жұмыс орнынан анықтама жəне олардың кəсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады. 65. ЖОО білім алушылардың ағымдағы жəне межелік үлгерімін бақылау жəне аралық аттастаттаудан өткізу нысандарын, тəртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды. 66. Білім алушыларды оқу пəндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу жəне білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізу үшін ЖОО-да офис тіркеуші құрылады. Тіркеу қызметінің жұмыс ережелері мен құрылымын ЖОО дербес анықтайды. 67. Офис тіркеуші мынадай функцияларды атқарады: 1) білім алушыларды оқу пəндеріне тіркеуді жүргізеді; 2) академиялық топтар мен лектер құрады; 3) білім алушылардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тəртіппен тіркейді; 4) білім алушыларды аралық жəне қорытынды аттестатталуын ұйымдастырады жəне өткізеді; 5) білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді жүзеге асырады; 6) оқытудың барлық кезеңі ішінде жəне бүкіл оқыту кезеңінде білім алушылардың игерген кредиттерін есепке алуды жүргізеді; 7) білім алушылардың транскриптін жазып береді; 8) академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады. 68. Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында ЖОО-да оқу жəне мамандандырылған зертханалар көзделген. Зертхана жабдығы заманауи жəне бакалаврлар даярлаудың бағдарламаларына барабар болуы тиіс. 69. ЖОО-ның тəрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады жəне тұлғаның кəсіби, əлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 70. Оқу жəне тəрбие қызметі білім алушылар мен профессорлық- оқытушылық құрамының адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады. 71. ЖОО-ның тəрбие қызметі тəрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады. ЖОО-ның тəрбие жұмысы: 1) білім алушылардың бойында өз бетінше жəне білікті түрде шешімдер қабылдау мен біліктілікті жүзеге асыру икемділіктерін қалыптастыру; 2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру; 3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру; 4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу; 5) жалпы білім беретін орта мектептерде, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кəсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді. Білімді бақылау мен бағалау 72. Білім алушылардың білімін бағалау үшін ЖОО-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі жұмыс істеуі тиіс. Бақылау мен бағалау жүйесі ЖОО-да ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту жəне бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істеуі тиіс. 73. ЖОО-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау жəне қорытынды мемлекеттік аттестаттау. 74. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пəннің оқу бағдарламасына сəйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді. 75. Пəннің оқу бағдарламасы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың алуан түрлерін айқындайды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, құрамдастырылған бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестер жəне т.б. 76. Курстық, есептеу-графикалық жəне оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пəннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пəннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс. Егер оқу жоспарына сəйкес пəн бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пəн бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады. 77. Білім алушылардың əр пəннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пəннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды. 78. Үлгерімді ағымдағы бақылау нəтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сəйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу жəне үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық тізбесінде тіркеледі. 79. Кешкі жəне сырттай оқыту нысандарының студенттері емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды. 80. Экстернат нысанында білім алушылар ЖОО құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекіткен жеке кесте бойынша емтиханға жіберу рейтингін жинайды. 81. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пəн бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды. Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі. 82. Білім алушы жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына аппеляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пəн бейініне сəйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады. 83. Кəсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді жəне кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нəтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік əріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады. Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде (əдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық жəне т.б.) баға көрсетілген білімге сəйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады. Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде (əдетте оқу, оқу-таныстыру, далалық жəне т.б.) практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалауда 40 %-ды құрайтын бағасы мен ЖОО барған жетекшінің қорытынды бағалауда 60 %-ды құрайтын бағасы ескеріле отырып қорытынды баға қойылады. 84. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі. 85. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеру дəрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рəсім. Қорытынды аттестаттау тиісті мамандықты игеру процесінде білім алушылардың алған білімдерін, шеберліктерін, дағдылары мен біліктілігін тексеруге бағытталған. Қорытынды аттестаттау білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына көзделген нысанда жүргізіледі жалпы мамандық бойынша тұтастай немесе жекелеген базалық жəне/ немесе бейіндік пəндер бойынша жалпы мемлекеттік емтихан тапсыру жəне дипломдық жоба (жұмыс) қорғау. 86. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда баға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының барлық мүшелерінің пікірін жəне балдық-рейтингілік əріптік жүйе бойынша игерілген білімді ескере отырып қойылады. 87. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы ғылыми жетекші пікірін, рецензент пікірін жəне қорғау нəтижелерін ескере отырып, қойылады. Қорытынды аттестаттаудың əрбір нысаны бойынша балдық-рейтингілік əріптік жүйе бойынша жеке баға қойылады. 88. Қорытынды аттестаттау нəтижелері бойынша білім алушыға тиісті академиялық бакалавр дəрежесі тағайындалады жəне жоғары білім туралы диплом беріледі. 89. Студенттің бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пəн бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады. 90. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін факультет деканаттары кейіннен мəліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша студенттер мен оқу топтарын ранжирлеуді жүргізеді. 91. Офис тіркеушісі факультеттер ұсынған академиялық рейтинг туралы деректерді, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нəтижелерін қорытындылай отырып, факультеттерді ранжирлеуді жүргізеді, ЖОО бойынша үздік студенттер мен үздік академиялық топтарды айқындайды жəне осы ақпаратты ЖОО-ның веб-сайтына орналастырады. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметі 92. Ғылыми-зерттеу қызметі білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін,бəсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жəне инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нəтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.

Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен инновациялық қызметтер (бұдан əрі – ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ)) ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады. Профессорлық-оқытушылық құрам жеке жұмыс жоспарына сəйкес негізгі жұмыс уақытында өз қызметінің міндетті құрамдас бөлігі ретінде ғылыми-зерттеу жұмысын орындайды. 93. ЖОО-ның ғылыми-зерттеу жұмысы: 1) іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ғылыми-зерттеушілік, тəжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жəне инновациялық қызмет жүргізуді; 2) ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алуды; 3) жоғары білімді дамытудың теориялық жəне əдіснамалық негіздерін зерттеуді жəне əзірлеуді; 4) ЖОО оқу процесіне оқытудың инновациялық технологияларын əзірлеу мен енгізуді; 5) ғылыми зерттеулер нəтижелерін оқу процесіне жəне өндіріске енгізуді; 6) өз ғылыми мектептерін қалыптастыруды жəне дамытуды, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді тартуды; 7) əзірлемелерді коммерциялау жəне ғылымды көп қажет ететін жəне бəсекеге қабілетті техника мен технологиялар трансферті; 8) зерттеушілер мен əзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғауды; 9) тартылған қаражат пен инновациялық қызметті пайдалану есебінен зерттеулер мен əзірлемелердің қаржылық негізін кеңейтуді; 10) білім алушылардың ҒЗЖ-сын ұйымдастыруды жəне жетекшілік етуді қамтиды. 94. ЖОО-ның ғылыми қызметі мамандар даярлау процесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Оқу жəне ғылыми процестер бірлігі: студенттерді республикалық бюджет, басқа бюджеттер, бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен орындалатын ғылыми-зерттеу жəне жобалық-құрастырушылық жұмыстарға қатысуға тарту; ғылыми жəне ғылыми-өндірістік бөлімшелер базасында белсенді оқу жұмысының, дипломдық жəне курстық жобалаудың, оқу жəне өндірістік практиканың, студенттерді мақсатты даярлаудың жəне мамандар даярлаудың басқа да əралуан нысандарын жүргізу; оқу жəне ғылыми процестерді компьютерлендіру, біртұтас ақпараттық ортаны қалыптастыру жəне студенттердің информатиканың заманауи əдістері мен құралдарын игеруі есебінен қамтамасыз етіледі. 95. Ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (басшының орынбасары) жүзеге асырады. Аталған бөлімшелер ҒЗЖ перспективалық жəне ағымдағы жоспарларын, есептілік нысандарын əзірлейді, ЖОО ҒЗЖ тізілімін жүргізеді, ғылыми-зерттеу қызмет нəтижелерін қорытындылайды, оларды жинақтайды. 96. ҒЗЖ орындау нəтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық жəне қорытынды есептер жасалады. Есепте мазмұндалған деректердің дұрыстығына ҒЗЖ жетекшілері мен орындаушылар жауапты болады. 97. ЖОО-ның халықаралық қызметі жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық жасау бағдарламасының, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру, оқытушылық кадрлармен алмасу жəне студенттік ұтқырлықты дамыту шеңберінде жүзеге асырылады. ЖОО қызметін ақпараттық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету 98. ЖОО-ның ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі білім беру қызметін жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады. 99. ЖОО-ның ақпараттық ресурстары қалыптастырылған идеялар мен білімдерді, əртүрлі деректерді, олардың жинау əдістері мен құралдарын, ақпарат көздері мен тұтынушылары арасындағы сақтау мен алмасуды білдіреді. Ақпараттық ресурстар кез-келген тасымалдағыштағы білім беру бағытындағы (басқарушылық, оқу, ғылыми, оқу-əдістемелік) толық мəтіндік, фактографиялық жəне библиографиялық деректер базасын; анықтамалық-іздестіру жүйелерін; оның ішінде дəстүрлі жəне электронды кітапханалық каталогтар мен картотекаларды; жергілікті қолжетімділіктегі электронды ресурстарды; білім беруші ақпаратты жасауды, сақтауды жəне пайдалануды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдарды; ақпаратты тарату арналарын; білім беру мақсатты ретінде пайдаланылатын коммуникация құралдарын қамтиды. 100. Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады жəне оқу, оқуəдістемелік жəне ғылыми əдебиетті, сондай-ақ заңнамалық жəне нормативтік құқықтық актілерді қамтиды. Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру білім алушылардың электронды кітапханаларда орналастыратын халықаралық дереккөздерді қоса алғанда, кітапхана қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-əдістемелік жəне ғылыми əдебиетке, оқу, ғылыми, ақпараттық деректер базасына, еркін қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Оқу жəне ғылыми əдебиеттер қоры келтірілген студенттер контингентіне қатынасы бойынша оқытудың толық циклында басылымның кемінде 140 бірлігін құрауы тиіс. Бұл ретте қазақ жəне орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілі бойынша білім алушылар контингентіне барабар болуы тиіс. Кітапхана қоры əлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пəндер бойынша соңғы 5 жылда шығарылған, жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пəндері бойынша – соңғы 10 жылда шығарылған негізгі оқу əдебиетінен тұрады. Цифрлы тасымалдағыштардағы оқу əдебиеттерімен қамтылу мамандықтың оқу жоспарының базалық жəне бейіндік пəндерінің (əскери мамандықтардан басқа) кемінде 40 %-ын құрайды. 101. Оқу-əдістемелік əдебиеттерге оқу-əдістемелік құралдар, əдістемелік құралдар, дидактикалық, көрнекі құралдар, оқу-əдістемелік əзірлемелер – пəнді оқыту бойынша əдістемелік нұсқаулықтар немесе ұсынымдар, зертханалық, курстық, дипломдық жəне басқа да жазба жұмыс түрлерін орындау жөніндегі əдістемелік нұсқаулықтар, оқу пəндері бойынша анықтамалық құралдар мен басылымдар жатады. 102. ЖОО кітапханасының ғылыми қоры мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтарына зерттеу саласын қамтитын монографиялық, ғылыми жəне ғылыми-өндірістік сипаттағы кітаптар тізбесін қамтиды. Ғылыми қорға сондай-ақ энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, түсініктемелер, бағдарлама бойынша оқытылатын əдеби шығармалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, оның ішінде білім беру ұйымдарының хабаршылары, ғылыми еңбектердің, оқыту бейініне сəйкес келетін халықаралық конференциялардың жинақтары кіреді. 103. Оқу əдебиетінің өз басылымдары оқу құралдарын, оқу-əдістемелік құралдарды қамтиды. Əдістемелік əдебиеттің өз басылымдары əдістемелік ұсыныстарды, оқу пəндерін оқыту, игеру, оқу жұмыстарының жекелеген түрлерін орындау бойынша нұсқаулар мен құралдарды қамтиды. 104. ЖОО оқу-ғылыми ақпараттық активтерін жинау, жинақтау, сақтау, шығару процестері білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысы жөніндегі əдістемелік материалдарға сəйкес жүзеге асырылады. 105. Арнайы мемлекеттік органдардың оқу орындарын (əскери) қоспағанда, ЖОО-ларда интернет ресурсты, ақпараттық-білім порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, ЖОО жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім ресурстарының жиынтығын жəне ЖОО-ның кезкелген компьютерінен Интернетке жолақты жəне жоғары жылдамдықта барлық ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тармақталған компьютерлік желіні қамтитын жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылуы тиіс. 106. Ақпараттық жəне оқу-əдістемелік қамтамасыз ету білім алушылардың өзіндік жұмысына дəйекті ден қоюды күшейте отырып жүзеге асырылады. 107. Тиісті дəрісханалық жəне зертханалық базалардың, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының жəне оның қызметін қамтамасыз ететін жəне оған меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі шеберханалар мен басқа да үй-жайлардың болуы ЖОО қызметінің міндетті шарты болып табылады. 108. ЖОО-ның екі ауысымнан оқыту нысандары бойынша оқу сабақтарын жүргізу үшін қажетті дəрісханалық қоры мен қосалқы үй-жайлары болуы тиіс. 109. Білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін ЖОО-ның арнайы мақсаттағы оқу кабинеттері (компьютерлік сыныптар, лингафонды кабинеттер жəне басқа), сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сəйкес оқу-ғылыми процесті сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тапсырмалардың əралуан түрлерімен, бағдарламалық құралдармен, оқу жұмыс жоспарларымен жəне бағдарламалармен, оқу-əдістемелік жəне ғылымизерттеу жұмыстарының жоспарларымен жəне басқа да құжаттамалармен қамтамасыз етілген заманауи оқу-зертханалық жабдықтары болуы тиіс. 110. Ғимараттың оқу алаңы, дəрісхана қоры, оқу жəне ғылыми зертханалар, оқу кабинеттері, спорт залдары, кітапханалар, шеберханалар мен ЖОО-ның қызметін қамтамасыз ететін басқа да үйжайлары қолданыстағы санитариялық нормалар мен қағидалар талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 111. Бір студентке оқу алаңының нормасы ЖОО типіне байланысты белгіленеді жəне кемінде 6 м2 болуы тиіс. 112. Үй-жай алаңдары үй-жай мақсаттылығына байланысты, оқу сабақтарының түрлеріне, студенттер мен қызметкерлер санына, оқу сабақтарының ауысымдылығына сəйкес белгіленеді. Студенттердің есептік саны күндізгі оқу нысаны студенттерінің ең көп саны бойынша жəне сырттай оқу нысаны студенттерінің 10 % саны бойынша қабылданады. 113. Спорт залдарының жалпы алаңы (олардың жанындағы қосалқы ғимараттарды, бассейндер мен жеңіл атлетикалық манеждерді есептемегенде) бір студентке кемінде 1,0 м2 қабылдануы тиіс. 114. ЖОО-ның білім алушылар контингенті мен айқындалатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша айқындалатын мөлшерден кем емес оқыту құнына қарай, білім алу жағдайларын қамтамасыз ететін қаржылық ресурстары болады. 115. Қаржылық ресурстар көздері білім беру жəне ғылыми гранттардан алынған бюджеттік қаражат, ақылы негізде білім беруден, ғылыми жəне басылым өнімдерін сатудан түсетін қаражат, демеушілік көмек жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлерін жүзеге асырудан алынған өзге де көздері болады. 116. ЖОО-лардың білім беру қызметіне арналған шығыстары мамандар даярлаудың бағыттары, оқыту нысандары (күндізгі, кешкі, сырттай), тиісті нормативтік құжаттардағы білім беруге арналған шығыстарды айқындайтын ақшалар жəне заттай нормалар бөлінісінде студенттер контингентіне қарай айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) əзірленді жəне меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан олардың қызмет тəртібін айқындайды. 2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары дарынды балалардың ғылым, мəдениет, өнер, спорт, əскери іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Қағидаларға жəне осылардың негізінде əзірленген жарғыға сəйкес жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы əзірлейді. 4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты – серпінді даму ортасында өзінөзі белсендіруге дайын бəсекеге қабілетті адамды жəне дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету. 5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері: 1) элитарлық білім беруді іске асыру; 2) елдің зияткерлік əлеуетін сақтау жəне дамыта түсу; 3) дарынды балаларды даралап оқытуды жəне білім алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету; 4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық жəне зерттеушілік қызмет дағдыларын жетілдіру; 5) ұлттық мақтаныш, азаматтық қадір-қасиет, Отанына, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі бар азамат пен патриоттың əлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыру. 6. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқу-тəрбие қызметін ұйымдастыру нысаны бойынша мыналарға бөлінеді: 1) мамандандырылған мектептер; 2) интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім беру ұйымдары; 3) мамандандырылған мектеп-кешендер. 7. Қызметін ұйымдастыру нысанына сəйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының негізгі түрлері мыналар болып табылады: 1) мамандандырылған мектеп; 2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей); 3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия); 4) мамандандырылған мектеп-интернат; 5) мамандандырылған мектеп-лицей-интернат; 6) мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат; 7) мамандандырылған музыка мектеп-интернаты; 8) мамандандырылған спорт мектеп-интернаты; 9) мамандандырылған əскери мектеп-интернат; 10) қазақ-түрік лицейі; 11) мамандандырылған мектеп-кешен. 8. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: жаратылыстануматематикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркемэстетикалық, əскери, спорттық. 9. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім берудің жаңа мазмұнын іздеуді, əзірлеуді, оны енгізу нысандары мен əдістерін, эксперименттік оқу бағдарламалары мен жоспарларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады. 2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі Қызметті ұйымдастыру 10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 11. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес білім деңгейі бойынша берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. 12. Мамандандырылған білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жəне өз атауы жазылған мөрі, ағымдағы шоты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген басқа да шоттары болады. 13. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның жəне білім беру процесін тиісті оқуəдістемелік қамтамасыз ету жəне ғылыми сүйемелдеу болуы қажет. Даму мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларды оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады. 14. Педагог қызметкер жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ бес жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары олардың құзыретіне сəйкес бес жылда бір рет жоспарлы тəртіппен өткізеді. Білім беру процесі 15. Мамандандырылған білім беру ұйымындағы білім беру процесін ұйымдастыру білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде əзірленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. 16. Оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын əзірлеуді мамандандырылған білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады. 17. Мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен əдістерін өздігінен дербес таңдайды. 18. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың сұрауларына жəне кадрлық əлеуеттің мүмкіндіктеріне сəйкес ішкі бейінді пəндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердің білім салаларын айқындайды. 19. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының əр деңгейдегі сынып-комплектілер мен сыныптардағы білім алушылар саны тиісті жағдайлар болғанда қалыптастырылады. 20. Мемлекеттік (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) жəне орыс (қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін,ақпараттық есептеу техникасы негіздерін, ритмиканы, хореографияны, музыканы, дене тəрбиесін, технологияны оқыту, сондай-ақ бейіндік пəндерден зертханалық, практикалық жұмыстар жүргізу кезінде сыныптар 2 топқа, шетел тілдерін жəне шетел тіліндегі пəндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлінеді. 21. Сыныптарды қосымша бөлу, икемді вариативті кесте, деңгейлік бөлу, консультациялар мен

таңдау бойынша пəндер жүйесі арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмыс істеуін талап етеді. 22. Білім алушылардың оқу-тəрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектіге психологтың бір ставкасы есебінен психологиялық қызмет құрылады, сынып-комплектілер санын арттыру кезінде психолог ставкасының саны тиісті жылға көзделген жалақы қорының есебінен жəне оның шегінде артады. 23. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тəрбиеленушілердің тамақтануы жəне белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс уақыты көзделуі тиіс. Басқару жəне кадрлық қамтамасыз ету 24. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру ұйымының жарғысына жəне құрылтай құжаттарына сəйкес жүзеге асырылады. 25. Мамандандырылған білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, оқу-əдістемелік кеңес, қамқоршылық кеңес жəне т.б. болып табылады. 26. Тікелей басшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен тағайындалатын басшы жүзеге асырады. 27. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын мақсатты пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады. 28. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы белгіленген тəртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 29. Педагог кадрлар мен басқа да қызметкерлерді жұмысқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сəйкес басшы қабылдайды. 30. Мамандандырылған білім беру ұйымы материалдық-техникалық жəне кадрлық қамтамасыз ету, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру мəселелері бойынша шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сəйкес жоғары оқу орындарымен жəне ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды. 31. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Заңмен, жарғымен, Ішкі тəртіп ережелерімен жəне қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады. Қаржыландыру 32. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 33. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру: 1) мемлекеттік – жергілікті жəне республикалық бюджет қаражаты; 2) заңды жəне жеке тұлғалардың ерікті жарналары; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден жəне қызметтің басқа да түрлерінен түскен қаражат есебінен жүзеге асырылады. Халықаралық ынтымақтастық 34. Мамандандырылған білім беру ұйымы халықаралық қызметке білім беру саласындағы уəкілетті органның желісі бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен өз бастамасы бойынша қатысады. 35. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдама өту, тəжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар жұмыстарына қатысу жəне т.б. бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады. Қайта құру жəне тарату 36. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта құру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Арнайы білiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан əрі –Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) жəне «Кемтар балаларды əлеуметтiк жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес əзiрленді жəне меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тəртiбiн айқындайды. 2. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, осы Қағидаларды, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Мемлекет даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне жəне əлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. 3. Арнайы білім беру ұйымдарына: 1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сəйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім берудің арнайы түзету білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар: арнайы мектепке дейінгі ұйымдар; арнайы жалпы білім беру ұйымдары жатады. Бiлiм алушылар мен тəрбиеленушiлердi оңалту жөнiндегі бiлiм беру процесiнiң қызмет бағыттарыныңнақты мiндеттерi мен ерекшелiктеріне, сондай-ақ даму мүмкіндітері шектеулі балалар үшін iске асырылатын бiлiм беру бағдарламаларының деңгейлеріне байланысты: есту қабiлетi бұзылған (естiмейтін, нашар еститiн, кейiннен саңырау болып қалған); көру қабiлетi бұзылған (көзi көрмейтiн, нашар көретiн, кейiннен соқыр болып қалған); тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған; сөйлеу қабiлетi бұзылған; ақыл-ойы кенжелеп қалған; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан жəне мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балаларға арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы бiлiм беру ұйымдары құрылады; 2) арнайы түзету жеке, топтық жəне шағын топтық дамытушы,диагностикалық бағдарламаларды іске асыратын ұйымдар: - психологиялық-медициналық-педагогтік консультация; - оңалту орталығы; - психологиялық-педагогтік түзету кабинеті. Сыныптардың (топтарының) толымдылығы: 1) есту қабiлетi бұзылған: естiмейтіндер үшін – 8 баладан көп емес, нашар еститiндер мен кейiннен саңырау болып қалғандар үшін – 10 баладан көп емес; 2) көру қабiлетi бұзылған: көзi көрмейтiндер үшін – 8 баладан көп емес, нашар көретiндер мен кейiннен соқыр болып қалғандар үшін – 12 баладан көп емес; 3) тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін – 12 баладан көп емес; 4) сөйлеу қабiлетi бұзылғандар үшін – 12 баладан көп емес; 5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін – 8 баладан көп емес; 6) психикалық дамуы тежелгендер үшін – 12 баладан көп емес; 7) эмоциялық-еркi жағынан жəне мiнез-құлқы бұзылғандар үшін – 6 баладан көп емес; 8) күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалғандар үшін – 6 баладан көп емес. 2. Арнайы білім беру ұйымдарының міндеттері 4. Арнайы бiлiм беру ұйымдары жалпы бiлiм беру ұйымымен негiзгі мiндеттердi шеше отырып, бiр мезгiлде жоғалтқан функцияларын қалпына келтiруге, бастапқы жəне қайталама ауытқуды түзетуге, сақталған талдауыштардың функцияларын дамытуға бағытталған бейіндік функцияларды орындайды: 1) азаматтылықпен отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттiк рəмiздердi құрметтеуге, ұлттық дəстүрлерді қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез-келген көрiнiстерге төзбеуге тəрбиелеу; 2) балалар мен жасөспірімдердің қоғамда əлеуметтік-еңбектік бейімделуіне, оңалуы мен кірігуіне ықпал ететін өтемдеуіш дағдыларын қалыптастыру; 3) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық жəне мəдени өмiрiне қатысу қажеттілігiн, тұлғаның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы қарым-қатынасын қалыптастыру; 4) əлемдiк жəне отандық мəдениеттiң жетiстiктерiне баулу, қазақ жəне республиканың өзге де халықтарының тарихын, əдет-ғұрпы мен дəстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шет тілдерiн меңгеру; 5) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу. 3. Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі Қызметті ұйымдастыру 5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген жəне өз атауы бар мөрі, ағымдағы шоты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да шоттары болады. 6. Арнайы жалпы білім беру ұйымдарының білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес лицензиялауға жатады. 7. Арнайы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды құзыреттілігіне сəйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы тəртіппен бес жылда бір рет өткізеді. 8. Арнайы білім беру ұйымдарындағы білім беру қызметін арнайы білімі бар, «Білім туралы» Заңға сəйкес аттестаттаудан өтетін педагогтар жүзеге асырады. 9. Арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері «Білім туралы» Заңмен, жарғымен, Ішкі тəртіп қағидаларымен жəне қызметтік нұсқаулықтармен айқындалады. Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру 10. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылулары бар) балаларға арналған ұйымдарды қоспағанда, арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беру ұйымдарының оқу-тəрбие қызметі мемлекеттiк жалпыға мiндеттi білiм беру стандарттарының негiзiнде əзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырылады. Арнайы білім беру ұйымында бiлiм беру мазмұны тəрбиеленушiлердiң психикалық-дене дамуының жəне жеке мүмкiндiктерiнiң ерекшелiктерiне байланысты əзiрленетiн білiм беру бағдарламасымен айқындалады. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшiн бiлiм алушылар мен тəрбиеленушiлердiң даму ерекшелiктерi мен əлеуеттi мүмкiндiктерiн ескеретiн, психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар ұсынымдарын ескере отырып айқындалатын арнайы бiлiм беру бағдарламалары əзiрленедi. 11. Білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспары негізінде жасалады жəне жылдық күнтізбелік оқу жоспарымен жəне сабақ кестесімен регламенттеледі. 12. Білім алушы тұлғасының жеке қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары арнайы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органы берген рұқсатпен экстернат нысанында игерілуі мүмкін. Білім алудың əртүрлі нысандарына үйлестіруге мүмкіндік беріледі. 13. Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтары қажет болған жағдайда, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) каникул кезінде балаларға арналған түзету сабақтарын ұйымдастыру мəселесі бойынша консультациялар өткізеді. 14. Есту, көру, тiрек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беру ұйымдарының құрамында ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылулары бар) (8 баладан көп емес) жəне психикалық дамуында бұзылулары бар(12 баладан көп емес)арнайы сыныптар (топтар),арнайы ұйымдардың барлық түрлерінде – кемістік құрылымы күрделі балаларға арналған арнайы сыныптар (6 баладан көп емес)ашылуы мүмкін. 15. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік бұзылыстары бap) балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша жəне қажетті жағдайлар болған кезде зияткерлік бұзылыстары бap ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшін (8 баладан көп емес) арнайы сыныптар ашылуы мүмкін. 16. Əлеуметтiк-тұрмыстық бағдар бойынша факультативтiк сабақтар өткiзу кезiнде сынып екi топқа бөлiнедi. Қоғамдық пайдалы өндiріс еңбегін ұйымдастыру кезiнде сынып 5-сыныптан бастап оқушылардың еңбекке даярлығы бейiндерiн ескере отырып топтарға бөлінеді. Кəсіби-еңбекке оқыту жөнiндегi сабақтар үшін сыныптар бесінші сыныптан бастап, ал ақыл-ойы кенжелеп қалған балалар үшiн төртінші сыныптан бастап екi топқа бөлiнедi. Топтарды еңбек түрлерi бойынша жинақтау білім алушылардың психикалық-дене жағдайы мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, дəрiгердiң ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырылады. 17. Арнайы білім беру ұйымындағы сабақ кестесiн арнайы білім беру ұйымының əкімшілігі əзірлейді жəне бекiтедi. Кестеде оқу жəне жеке түзету сабақтарының күнделiкті саны, ұзақтығы мен бірізділігі көрсетiледі. Сабақтардың ұзақтығы белгіленген норманың ұзақтығына сəйкес болады. Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмайды. 18. Арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беретін ұйымдар мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандартына сəйкес мемлекеттік, орыс жəне басқа да шет тілдерін оқытумен дамытуды қамтамасыз етедi. 19. Оқу-тəрбие процесi баланың психологиялық-медициналық-педагогикалық жəне клиникалық зерделеу деректерiне негiзделген сараланған жəне жеке тұрғыдан келу қағидаттарының негiзiнде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеуiнiң, назарының, жұмысқа қабiлетiнiң ерекшелiктерiн, олардың даму серпiнiн, білім алушылардың нақты бiлiмдерiн, олардың оқу материалын меңгеруiнiң мүмкiндiктерi мен ерекшелiктерiн анықтауды жүйелi зерделеу білім алушының даму перспективасын айқындау жəне түзеу жұмысының құралдарын таңдау үшiн жүргiзiледi. 20. Оқу аптасының ұзақтығын тиiстi бiлiм берудi басқару органының келiсiмiмен педагогтік кеңес белгiлейдi жəне ол жарғыда бекiтiледi. 21. Дамуындағы ауытқуларды еңсеру мақсатында арнайы түзету ұйымында топтық жəне жеке түзету сабақтары жүргiзiледi (логопед, олигофренопедагог, тифло жəне сурдопедагог). 22. Арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде оқуда қиындық көретiн білім алушыларға, сол сияқты неғұрлым қабiлеттi білім алушыларға арналған жеке оқу бағдарламаларын жəне оқу жоспарларын бекiтедi. 23. Арнайы жалпы білім беру ұйымында еңбекке баулу жұмысшы кадрларға қажеттiлiкке бағдарланған өңiрлiк, жергiлiктi жағдайларға қарай жəне жеке еңбек қызметiне тəрбиеленушiнi даярлауды қамтитын еңбек бейiнiн таңдау негiзiнде тəрбиеленушiлер мен олардың ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) психикалық-дене дамуының жеке ерекшелiктерiн, денсаулығын, мүмкiндiктерiн, сондайақ қызығушылығын ескере отырып жүзеге асырылады. 24. Балаларды арнайы бiлiм беру ұйымдарына жiберу ата-аналардың (заңды өкiлдердiң) келiсiмiмен ғана жəне психологиялық-медициналық-педагогтік консультацияның (бұдан əрi – ПМПК) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Арнайы мектепке дейінгі жəне жалпы білім беру ұйымының көмекшi сыныбына (тобына) білім алушылар (тəрбиеленушілер) ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ПМПК қорытындысы негiзiнде арнайы білім беру ұйымында бiр жыл оқығаннан жəне тəрбиеленгеннен кейiн ғана ауыстырылады. Кемiстiк құрылымы күрделі тəрбиеленушiлерге арналған сыныптар (топтар) арнайы білім беру ұйымында осындай тəрбиеленушiлердiң бiлiм беру процесi жағдайында психологиялықмедициналық-педагогтік бақылаудың барысында айқындалуына қарай жинақталады. 25. Тəрбиеленушiнi арнайы білім беру ұйымынан басқа бiлiм беру ұйымына ауыстыруды бiлiм берудi басқару органдары ата-аналарының (заңды өкiлдерiнiң) келiсiмiмен жəне ПМПК қорытындысы негiзiнде жүзеге асырады. 26. Арнайы білім беру ұйымдарында оқу бағдарламаларын игеру кезiнде

(Соңы 16-бетте).


16

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 13-15-беттерде). ерекше жетiстiктерге қол жеткізген арнайы білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне үздiк білімі туралы құжаттар берiледi. Көру, есту жəне тiрек-қозғалыс аппараты функцияларының бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпы бiлiм беру ұйымдарының мемлекеттiк қорытынды аттестаттаудан сəттi өткен бiтiрушiлерiне ұйымның мөрi басылған, тиiстi бiлiмi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжат берiледi. Ақыл-ойы кенжелеп қалған (зияткерлік ауытқулары бар) балаларға арналған арнайы ұйымның бiтiрушiлерi ұйымның осы түрi үшін белгіленген үлгiдегi куəлiкті алады. 27. Арнайы білім беру ұйымының персоналын жинақтау тəртiбi оның жарғысымен жəне тиiстi нормативтiк құқықтық актілермен регламенттеледі. 28. Жалпы орта бiлiм берудiң, бастауыш, негiзгі жəне орта білім беру деңгейлерінің мұғалімдері, арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшiн нормативтiк оқу жүктемесi аптасына 18 сағатты, тəрбиешiлер үшiн - 25 сағатты құрайды. Ағымдағы жылы белгiленген оқу жүктемесiнiң көлемін əкiмшiлiктiң бастамасы бойынша осы жылдың аяғына дейiн азайтуға болмайды. 29. Арнайы білім беру ұйымында медициналық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес арнайы ұйымның əкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, тəрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауға жəне олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуға, диспансерлеуге, алдын алу iс-шараларын өткiзуге жауап беретiн жəне санитариялық-гигиеналық əрi эпидемияға қарсы режимдi, дене тəрбиесi мен шынығуды, тамақтандыруды, оның iшiнде диеталық тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылайтын штаттағы медицина қызметкерлерi жүзеге асырады. 30. Медицина қызметкерлерi педагогтерге тəрбиеленушiлердің денсаулығы мен даму ерекшелiктерiн ескере отырып оларға жеке жəне сараланған тəсiлдi ұйымдастыруға көмек көрсетедi, медициналық-педагогтік түзеу, еңбекке баулудың бейiнiн таңдау, кəсiби бағдар беру, жұмысқа орналастыру бойынша, ата-аналарға (заңды өкiлдерге) аурудың алдын алу мақсатында үйдегi жағдайда қорғау режимiн сақтау қажеттiлігі туралы ұсынымдар бередi. 31. Арнайы білім беру ұйымдарында дəрi-дəрмектiк жəне физиотерапевтiк емдеу, климаттық емдеу жəне шынығу, емдiк дене шынықтыру, массаж бен психотерапия жүргiзiледi. Арнайы білім беру ұйымын басқару 32. Арнайы білім беру ұйымын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға жəне оқу орнының жарғысына сəйкес жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, əдістемелік кеңес жəне басқалар болып табылады. Арнайы білім беру ұйымын тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiлеген тəртiппен қызметке тағайындалатын жəне қызметтен босатылатын басшы жүзеге асырады. 33. Арнайы білім беру ұйымының басшысы өз жұмысында «Бiлiм туралы» Заңды жəне басқа да нормативтiк құқықтық актілерді басшылыққа алады. Ұйымның кеңестерi мен басшы арасындағы өкiлеттіліктердiң ара-жігін ажырату бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады. 34. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді жəне: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 35. Арнайы ұйымның басшысы оқу орнының жарғысына сəйкес бiлiм берудi басқарудың уəкiлеттi органымен келiсiм бойынша өз орынбасарларын қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады. Оларды тағайындау жəне босату тəртiбi бiлiм беру ұйымының жарғысымен айқындалады. 36. Арнайы білім беру ұйымдары оқу-тəрбие процесiн, кадрларды таңдау мен орналастыру, ғылыми, қаржы-шаруашылық жəне өзге де қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар шегiнде дербес жүзеге асырады. 37. Арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi, əлеуметтiк кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi «Бiлiм туралы»Заңда жəне өзге де нормативтiк құқықтық актілерде айқындалады. Арнайы ұйымның материалдық базасы, қаржыландыру 38. Арнайы білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 39. Арнайы білім беру ұйымдары жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы шаруашылық, оқутəжiрибе учаскесін жəне оқу-өндiрiстiк шеберханалар құра алады. Қайта ұйымдастыру жəне тарату 40. Арнайы білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлік қағидалары (бұдан əрi – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзiрленді жəне меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының қызметiн реттейдi. 2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары (бұдан əрi – бiлiм беру ұйымы) – жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын берiп, олардың тəрбиеленуiне, бiлiм алуына қолайлы жағдай жасалатын бiлiм беру жүйесiнiң ұйымдары болып табылады. 3. Бiлiм беру ұйымдары мемлекеттiк, жеке меншiк болуы мүмкiн. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын жəне (немесе) тəрбиеленетін жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттің қамқорлығында ұсталады. 4. Бiлiм беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкi, өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес банкте шоты болады. Бiлiм беру ұйымы тəрбие бағдарламасын тəрбиеленушiлердiң психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерiн қорғау талаптарына сəйкес дербес əзiрлейдi. 5. Бiлiм беру ұйымы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға жəне білім беру ұйымының жарғысына жəне өзге де нормативтiк құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырады. 6. Бiлiм беру ұйымдары нақты мiндеттер мен балаларды ұстау, оқыту жəне тəрбиелеу, қызмет режимi ерекшелiктерiне қойылатын талаптарға қарай: 1) мектепке дейiнгi жастағы балалар үшiн; 2) мектеп жасындағы балалар үшiн; 3) ерте, мектепке дейiнгi жəне мектеп жасындағы балалар үшiн; 4) бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер үшiн құрылады. 7. Бiлiм беру ұйымдарында əр жастағы жəне бiрыңғай жастағы балалардан тəрбиелеу топтары құрыла алады. 8. Бiлiм беру ұйымында медициналық қызмет көрсетудi ұйымның əкiмшiлiгiмен жəне денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бiрлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық iс-шаралар жүргiзудi, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз eтeтiн штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырады. 9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 2. Жетiм балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тəртібі 10. Бiлiм беру ұйымына бүкiл күнтiзбелiк жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейiнгi (жасөспірімдер үйлерiне – 23 жасқа дейiнгi балалар үйлерi, балалар ауылдарының жəне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бiтiрушiлерi): 1) жетiм балалар; 2) ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, əрекетке қабiлетсiз (əрекет қабiлетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тəрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тəрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты атаанасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. 11. Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тəрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi. 12. Білім беру ұйымына жiберiлетiн əр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады: 1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi; 2) туу туралы куəлiк (жеке куəлік); 3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттар; 4) бiлiм туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшiн); 5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi; 6) ата-анасы туралы мəлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куəлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе əрекетке қабілетсіз (əрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама жəне ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тəрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар); 7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң, қарындастарының жəне басқа да жақын туыстарының баржоғы жəне олардың тұратын жерi туралы анықтама; 8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мəлiметтер; 9) кəмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар; 10) əлеуметтік жəрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде). 13. Мектебi бар бiлiм беру ұйымындағы оқу-тəрбие процесі жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) үлгi қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымындағы тəрбие жұмыстары тəрбиеленушiлердiң қызығушылығын, бейiмдiлiгi мен психикалық-дене ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы қағидаттарында жүргiзiледi. Жергілікті атқарушы органдар мектебi жоқ бiлiм беру ұйымының мектеп жасындағы тəрбиеленушiлерiнің тиiстi елді мекеннің жалпы бiлiм беретiн мектепте оқуын қамтамасыз етедi. 14. Бiлiм беру ұйымында тəрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль жəне адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабiлеттерiн жан-жақты дамытуға бағытталған əртүрлi клубтар, секциялар, үйiрмелер, студиялар құрылуы мүмкiн. Бiлiм беру ұйымы тəрбиеленушiлердiң қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы бiлiм беретiн мектептегi, оқушылар сарайлары мен үйлерiндегi, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт жəне музыка мектептерiндегi, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйiрмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етедi. 15. Бiлiм беру ұйымында мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) мектепке дейiнгi жəне мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады. 16. Мектепке дейiнгi бөлiмдер (топтар) өз қызметiнде Мектепке дейiнгi ұйымдардың үлгi қағидаларын жəне осы Қағидаларды басшылыққа алады. 17. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды тəрбиелеу, оқыту жəне олардың күн тəртiбi мектепке дейiнгi тəрбиелеу мен оқытудың жалпыға мiндеттi мемлекеттiк стандартына сəйкес жүзеге асырылады. 18. Білім беру ұйымында болу кезінде əр тəрбиеленушіге: 1) өмірі мен денсаулығының сақталуына; 2) қадір-қасиетінің қорғалуына; 3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына; 4) шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына; 5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына; 6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне жəне денсаулық жағдайына сəйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі. 19. Бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне ауысқанда немесе бiтiрген кезде тəрбиеленушiге: 1) туу туралы куəлiк (жеке куəлiк); 2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама; 3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы анықтама; 4) бiлiмi туралы құжат; 5) ата-аналары немесе туыстары туралы мəлiметтер қамтылған құжат; 6) егер жеке iсiнде осындай болса, мүлiкке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiруге арналған орындау парағы жəне басқа да құжаттар берiледi. 20. Бiлiм беру ұйымдарының тəрбиеленушiлерiн бiтiрту ұйымның педагогикалық кеңесiнiң шешiмiмен, ондай болмаған кезде–ұйым əкімшілігінің шешімімен жүргiзiледi. 21. Бiлiм беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен ұйым жарғысына сəйкес жүзеге асырылады. 22. Бiлiм беру ұйымын алқалық басқару нысандары «Білім туралы» Заңның 44-бабының 9-тармағына сəйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады. 23. Бiлiм беру ұйымын басқаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес білім беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады. 24. Бiлiм беру ұйымының басшысы: 1) Заңнамада белгiленген тəртiппен білім беру ұйымының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады; 2) өзге ұйымдар мен өзара қатынаста бiлiм беру ұйымының атынан өкілдік етеді; 3) білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды. Басшының еңбегiне ақы төлеу тəртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделедi. 25. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқутəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 26. Бiлiм беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог жəне ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет «Білім туралы» Заңға сəйкес жүзеге асырылады. 27. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері «Білім туралы» Заңға сəйкес аттестаттаудан өтуге тиіс. 28. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тəртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын жəне педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар

25 маусым 2013 жыл

лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен жəне оның жарғысымен регламенттеледі. 29. Бiлiм беру ұйымы жергiлiктi жағдайларға қарай қосалқы оқу шаруашылығын, оқу-тəжiрибе учаскесін, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды құра алады. 30. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттiк бiлiм беру ұйымы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады. 31. Бiлiм беру ұйымы белгiленген нысан бойынша iс қағаздарын жүргiзедi жəне бағыныстылығына қарай бiлiм беру органдарына есеп бередi. 32. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзірленді жəне меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тəртібін айқындайды жəне Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларға арналған қосымша білім алу құқықтарын тегін жəне шарттық негізде қамтамасыз етуге бағытталған. 2. Балаларға арналған қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан əрі – балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын, «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын жəне педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысын (бұдан əрі – Үлгі штаттар), осы Қағидаларды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. 3.Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында жеке тұлға, қоғаммен мемлекеттің мүддесі үшін білім алушының білім алу жəне мəдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім берудің оқу бағдарламалары іске асырылады. Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының түрлері: 1) қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығы; 2) оқушылар (үйі, орталығы, кешені, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы жəне басқалар)сарайы; 3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталығы, биологиялық орталық, экобиоорталық, экология жəне өлкетану балалар-жасөспірімдер орталығы жəне басқалар); 4) жас техниктер станциясы (орталық, балалар жəне жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі жəне басқалар); 5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризм орталығы, балалар-жасөспірімдер экология жəне туризм орталығы, балалар-жасөспірімдер туризм жəне өлкетану орталығы жəне басқалар); 6) балалар аула клубы (басқа да клубтық демалыс ұйымдары); 7) балалар өнер мектебі (балалар музыка мектебі, балалар көркемөнер мектебі, балалар өнер мектебі жəне көркемдік-эстетикалық бағыттағы басқа да мектептер); 8) балалар сауықтыру (орталығы, кешені, қала сыртындағы сауықтыру лагері жəне күндізгі уақытта болу лагері, палаталық лагерь, киіз үй лагері жəне басқалар) лагері; 9) балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі; 10) олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі; 11) балалардың қызметі мен қызығушылықтары бағытындағы басқа ұйымдар. 4. Мемлекет балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға жəне олардың қосымша білім алуы үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. 5. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының негізгі міндеттері: 1) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру; 3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту; 4) азаматтылық пен отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дəстүрлерін қадірлеуге, Конституцияға жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тəрбиелеу; 5) азаматтық ұстанымы белсенді жеке тұлғаны тəрбиелеу, республиканың саяси-қоғамдық, экономикалық жəне мəдени өміріне қатысуға қажеттілікті, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қарым-қатынасты қалыптастыру; 6) балалар бойында экологиялық мəдениетті тəрбиелеу, оларды табиғатты қорғау ісіне тарту; 7) қоғамдағы өмірге бейімдеу; 8) мазмұнды бос уақытты ұйымдастыру. 6. Балаларға арналған қосымша білім берудің оқу бағдарламалары жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде жəне гимназияларда да іске асырылады. 2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тəртібі Қызметті ұйымдастыру 7. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады. 8. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының мəртебесін оның құрылтайшысы айқындайды жəне оның жарғысында «Білім туралы» Заңның талаптары ескеріле отырып, көрсетіледі. 9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшыларын жəне педагог қызметкерлерін аттестаттау «Білім туралы» Заңға сəйкес жүзеге асырылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сəйкес жоспарлы тəртіппен бес жылда бір рет өткізеді. 10. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру қызметін педагогтер, əдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар жəне оларға теңестірілген тұлғалар (бұдан əрі – педагог қызметкерлер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады. 11. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшы кадрларының жəне педагог қызметкерлерінің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру, бес жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады. 12. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын құру жəне дамыту құрылтайшының қаражаты, ақылы негізде көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. 13. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ақылы негізде білім беру қызметтерін жəне өзге де қызметтерді ұсынады, осы қызметтен алынған кірістерге дербес иелік етеді. Ақылы қызметтер көрсету тізбесі жəне тəртібі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысымен айқындалады. 14. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен мүлікке иелік етеді жəне оны пайдаланады. Қосымша білім беретін мемлекеттік ұйымның мүлкі ұйымның негізгі міндеттеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға жатпайды. Білім беру жəне тəрбиелеу процесі 15. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен қабылдауда, ғылыми, қаржы-шаруашылық жəне өзге де қызметтерде дербес. 16. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұрауларын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық (оның ішінде балалар мен жасөспірім) ұйымдардың қажеттіліктерін, өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мəдени дəстүрлерін ескере отырып, білім берудің оқу бағдарламаларын дербес əзірлейді. 17. Білім берудің оқу бағдарламасын іске асыру кезіндегі оқу-тəрбие процесі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының (клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр жəне басқа) қызығушылықтар бойынша бірлестіктерінде (бұдан əрі – бірлестіктер) жүзеге асырылады. 18. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында балалардың қызметі қызығушылықтары бойынша бірыңғай жастағы жəне түрлі жастағы бірлестіктерінде жүзеге асырылады. Қызығушылықтары бойынша бірлестіктерді қалыптастыру балалардың ерікті таңдауына негізделеді. 19. Əр бала бірнеше бірлестіктерде шұғылдануды таңдауға, оларды ауыстыруға құқылы. 20. Бірлестіктің қызығушылықтар бойынша қызметінің мазмұнын оқу жоспарларын жəне білім берудің оқу бағдарламаларын ескере отырып қосымша білім беру педагогы айқындайды. 21. Қызығушылықтар бойынша бірлестіктердегі сабақтар бір тақырыптық бағыттағы білім берудің оқу бағдарламалары немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламалар бойынша өткізіледі. Бағдарламаның талаптарына байланысты сабақтар түгел оқу жылына, сол сияқты одан қысқа мерзімге де ұйымдастырылады. 22. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы келісім бойынша жəне (немесе) ұйымдармен, кəсіпорындармен бірлесіп, балалардың бейіндік дайындығын жүргізеді. Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға бағалар қойылады немесе бейіндігі бойынша (көркемдік, музыкалық жəне өнер мектептері) біліктілік беру туралы куəлік беріледі. 23. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымындағы тəрбиелік бағдарламалар білім беру бағдарламаларының құрамдасы болып табылады жəне отансүйгіштікті, азаматтықты, төзімділікті, жоғары өнеге мен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ тəрбиеленушілердің жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған. 24. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында білім беру жəне тəрбиелеу процесі тəрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Онда білім алушылардың, тəрбиеленушілердің ауруын болдырмау, денсаулығын нығайту, физикалық жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыру жөніндегі шараларды орындау қамтамасыз етіледі. 25. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында оқу-тəрбие процесін қамтамасыз етуге жəне жетілдіруге бағытталған əдістемелік жұмыс, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын əзірлеу жəне енгізу, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. 26. Білім алушыларды əлеуметтік бейімдеу жəне білім беру процесін оңтайландыру мақсатында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында əдістемелік, əлеуметтік-педагогикалық жəне психологиялық қызметтер құрылады. 27. Балалардың бастамасы бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында өз жарғыларына жəне осы қағидаларға сəйкес қызмет ететін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының əкімшілігі осы бірлестіктер мен ұйымдар жұмысына жəрдемдеседі. 28. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты барлық күнтізбелік жыл бойына ұйымдастырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай белгіленген тəртіппен клубтар, лагерьлер жəне туристік базалар ашады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты орны бойынша лагерьлерде (қала сыртында немесе күндізгі болу) балалардың тұрақты жəне (немесе) ауыспалы құрамымен түрлі топтар құрады, шеберлік сағаттарын өткізеді. 29. Балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығы, демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында бірлестіктер жұмысына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде педагогтің келісімімен оларды негізгі құрамға қоспай балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) қатысуы мүмкін. 30. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру жəне тəрбиелеу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, бейіні бойынша мамандар, білім алушылардың ата-аналары (кəмелетке толмағандардың өзге заңды өкілдері) болып табылады. 31. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балаларды қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді оқу-тəрбие процесінің жүргізілуімен жəне мазмұнымен, жарғымен жəне қабылдау қағидалары мен білім беру жəне тəрбиелеу процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етеді. 32. Білім алушылардың, ата-аналардың (кəмелетке толмағандардың өзге заңды өкілдерінің) жəне қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жəне балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысында айқындалады. 33. Қызметкер мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Ұйымды басқару 34. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын басқару «Білім туралы» Заңның 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңға, осы Қағидаларға, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырылады. 35. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес, əдістемелік кеңес жəне басқа да нысандар болып табылады. 36. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. 37. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысын құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады. 38. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы педагогикалық қызметке арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіндер бойынша кəсіптік білімі бар адамдарға рұқсат етіледі. 39. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы жұмысқа сот үкімі немесе медициналық қорытындымен педагогикалық қызметке тыйым салынған, сондай-ақ заңда белгіленген тəртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға рұқсат етілмейді. 40. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының басшысы: 1) ұйым білім алушыларының, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) білім алушыларының жəне ұйым қызметкерлерінің оқу-тəрбие процесі кезіндегі өмірі жəне денсаулығы, еңбекті қорғау нормалары мен қауіпсіздік техникасын сақтамағаны; 4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 5) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. Халықаралық ынтымақтастық 41. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы жəне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады. 42. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы білім саласындағы уəкілетті органмен келісім бойынша шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен жəне қорлармен тікелей байланыстар орнатады, халықаралық бағдарламаларға қатысады, білім беру, мəдениет, спорт жəне туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ынтымақтастық туралы екі жақты жəне көп жақты шарттар жасасады. 43. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы шетелге жіберу үшін (тəжірибе алмасу, түрлі іс-шараларға, конференцияларға, жарыстарға, конкурстарға, байқауларға, олимпиадаларға, фестивальдарға жəне тағы сол сияқтыларға қатысу мақсатында) қызметкерлер мен білім алушыларды іріктеуді жəне даярлауды жүзеге асырады. Қайта құру жəне тарату 44. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын қайта құру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

(бұдан əрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан əрі – «Білім туралы» Заң) сəйкес əзірленді жəне меншік нысандарына қарамастан ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тəртібін айқындайды. 2. Ересектерге арналған қосымша білім беруді білім беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелері бар, қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалар (бұдан əрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырады. 3. Білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан əрі – Еңбек кодексі), «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, білім беру қызметін регламенттейтін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға жəне оның негізінде əзірленген білім беру ұйымының жарғысына сəйкес жүзеге асырады. 4. Білім беру ұйымдарының негізгі міндеттері: 1) жұмысшылар, қызметкерлер, мамандар біліктілігін технологиялар мен өндірісте болып жатқан өзгерістерге байланысты оларға қойылатын талаптарды тұрақты арттыруды ескере отырып арттыру; 2) бұрын алынған кəсіптік білімдер, біліктілік пен дағдыларды тереңдету жəне жетілдіру; 3) еңбек нарығы құрылымының өзгеруіне байланысты қосымша біліктілікті алу арқылы кəсіптік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады. 2. Білім беру ұйымдары қызметінің тəртібi 5. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидаларда жəне білім беру ұйымы жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тəрбие процессін ұйымдастыру, кадрларды іріктеу жəне орналастыруда, оқу-əдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметте дербес. 6. Білім беру ұйымының оқу жəне тəрбие процесінің негізі ұйым жүзеге асыратын оқу, оқуəдістемелік жəне тəрбие жұмыстарын жоспарлау жəне есепке алу болып табылады. 7. Білім беру ұйымдарының оқу процессі оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, күнтізбелік кестелерін ұйымдар бекітеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар оқыту кезінде олардың дара қажеттіліктерін ескере отырып жағдайлар жасалады. 8. Ересектерге арналған қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен білім алушылардың білім деңгейін қорытынды бағалауды құрамын білім беру ұйымдарының басшылары бекітетін емтихан комиссиялары жүргізеді. 9. Білім алушы оқу жоспарының талаптарын орындамаған жəне білім беру ұйымының жарғысын бұзған жағдайда ол білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім алушылар құрамынан шығарылады. 10. Кадрлардың біліктілігін арттыру кəсіпорындармен (бірлестіктермен), ұйымдармен, жұмыспен қамту органдарымен, сондай-ақ басқа да заңды жəне жеке тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады. 11. Ересектерге арналған қосымша білімді алған тұлғаларға белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы куəлік (сертификат) беріледі. 12. Мамандардың біліктілікті арттырудан өту кезеңділігін «Білім туралы» Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші белгілейді. 13. Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушыларды оқыту мен тəрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады. 14. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады. 15. Ересектерге арналған қосымша білім беру жұмыс берушілер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен оқу шартына сəйкес жүзеге асырылады. Ересектерге арналған қосымша білім беру нысандарын, мазмұнын, көлемін тиісті мамандық бойынша қолданыстағы қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жұмыс беруші айқындайды. Оқуға қабылдау ұйым басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Білім алушыға оқу кезінде оның аталған ұйымда оқуда болу мерзімін куəландыратын анықтама беріледі. 16. Шетел мемлекеттері азаматтарының ересектерге арналған қосымша білім алу тəртібі халықаралық келісімдермен жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады. 17. Ересектерге арналған қосымша білім беру бюджет қаражаты есебінен де, ақылы негізде де жүзеге асырылуы мүмкін. Ақылы негіздегі оқу құнын білім беру ұйымы айқындайды. 18. Білім беру ұйымдарының білім алушылары: 1) білім беру бағдарламаларының мазмұнын айқындауға қатысады; 2) қосымша білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті нормативтік жəне нұсқаулық құжаттарды, оқу жəне оқу-əдістемелік материалдарды, сондай-ақ кітапханалық жəне ақпараттық қорды, басқа да бөлімшелер қызметтерін пайдаланады; 3) конференцияларға жəне ғылыми семинарларға қатысады, білім беру ұйымдарының басылымдарында өз рефераттарын, еңбектерін жəне басқа да материалдарын жариялайды. 19. Біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлер Еңбек кодексінде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген кепілдіктерді пайдаланады. 20. Жұмыс беруші Еңбек кодексінде, келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында көзделген жұмысты оқумен қоса атқару үшін біліктілікті арттырудан өтіп жатқан қызметкерлерге жағдайлар жасайды. 21. Білім беру ұйымының қызмет етуі жəне дамуы үшін біліктілікті арттырудың қажеттілігін жəне көлемін жұмыс беруші айқындайды. 22. Еңбек шарты қызметкердің немесе қызметкердің кінəсі салдарынан жұмыс берушінің бастамасы бойынша оқуға арналған шартты белгіленген мерзімге дейін бұзылған жағдайда, қызметкер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмысын өтеудің жұмыс істелмеген мерзіміне барабар мөлшерде жұмыс берушіге өтейді. Жұмыс берушінің келісімінде, ұжымдық жəне (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін. 23. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қызметке тағайындалады жəне одан босатылады. 24. Білім беру ұйымының басшысы: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тəрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне қызметкерлерінің оқу-тəрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 4) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 5) нормативтік құқықтық актілерде жəне еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 25. Білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 523-құжат). 2. «Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 29 бет). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 571-құжат). 4. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 647-құжат). 5. «Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 31-құжат). 6. «Қосымша кəсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 94 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 47-құжат). 7. «Арнаулы білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 6, 50-құжат). 8. «Жоғары оқу орнынан кейiнгi кəсiптiк білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы № 113 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 6, 61-құжат). 9. «Кəсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 174 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 95-құжат). 10. «Жоғары кəсiптік білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметiнiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 195 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 110-құжат). 11. «Кəсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 11, 115-құжат). 12. «Жалпы орта білімнiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын білім беру ұйымдары қызметінiң үлгi ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 124-құжат). 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне білім беру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 934 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 400-құжат). 14. «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 69 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 32-құжат); 15. «Қазақстан Республикасы Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігінің республикалық оқу орындарының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 974-құжат).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 10 маусым

№591

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тəртібінде: 23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «23. Жол органдарынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым: 1) осы Тəртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті; 2) белгіленген тəртіппен əзірленген жəне бекітілген жобалау құжаттамасын; 3) жол белгілері мен қоршауларды жəне жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын; 4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін; 5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде – уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжатты жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжатты ұсынады.»; 23-1 жəне 23-2-тармақтар алынып тасталсын; 23-3-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы Тəртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;»; 2) тармақша алынып тасталсын; 5) тармақшадағы «схемасын ұсынады.» деген сөздер «схемасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде – уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжатты жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжатты ұсынады.»; 23-4-тармақ алынып тасталсын; осы қаулыға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес көрсетілген Тəртіпке 1 жəне 2-қосымшалармен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тəртібінде: 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Тəртіпке қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжат жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжат қоса беріледі.»; осы қаулыға 3-қосымшаға сəйкес көрсетілген Тəртіпке қосымшамен толықтырылсын. 2. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде: 8 жəне 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан əрі – рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша ресімделеді. 9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.»; 10-тармақтың 2) тармақшасындағы «шешім қоса беріледі.» деген сөздер «шешім;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжат жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжат қоса беріледі.»;

қосымшада: оң жақ жоғары бұрышындағы «Қосымша» деген сөз «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережесіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; осы қаулыға 4-қосымшаға сəйкес көрсетілген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын. 3. «Жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде: реттік нөмірлері 118 жəне 119-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 118.

119.

Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымда ғы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке жəне заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрондық түрде (паспорт)

Жеке жəне заңды тұлға лар

ККМ

Облыстардың жəне Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сəулет жəне қала құрылысы бөлімдері

Облыстар дың жəне Астана, Алматы қалаларының жолаушы лар көлігі жəне автомобиль жолдары басқарма лары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімдері, аудандар дың (облыстық маңызы бар қалалардың) сəулет жəне қала құрылысы бөлімдері, ХҚКО

Қағаз, электрондық түрде (паспорт, рұқсат)

»; реттік нөмірі 121-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 121.

Халықаралық жəне республика лық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс жəне электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен жəне темір жолдармен жəне басқа да инженерлік желілермен жəне коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру

Жеке ККМ жəне заңды тұлғалар

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде (техника лық шарт беру)

»; реттік нөмірлері 122, 123 жəне 124-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 126-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 126. Халықаралық жəне республикалық Жеке жəне ККМ маңызы бар автомобиль жолдарынан заңды тұлға шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге лар жəне түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде (техника лық шарт беру)

»; реттік нөмірі 127-жол алынып тасталсын. 4. «Мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірлері 50 жəне 51-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 50.

51.

Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке жəне заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық 2012 департаменттері

Жеке жəне заңды тұлғалар

ККМ

Облыстардың жəне Астана, Алматы қалаларының 2012 жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сəулет жəне қала құрылысы бөлімдері

»; реттік нөмірлері 52, 72, 73 жəне 74-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 75-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 75

Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге жəне түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру

Жеке жəне ККМ заңды тұлға лар

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері

2013

»; реттік нөмірлері 76 жəне 94-жолдар алынып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 жəне «Жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысында: 1) 1-тармақтың 4), 5), 6) жəне 8) тармақшалары алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 6-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс жəне электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен жəне темір жолдармен жəне басқа да инженерлік желілермен жəне коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 7-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге жəне түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 8-қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тəртібіне 1-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің _____________________облыстық департаменті ______________________ (басшының Т.А.Ə.) _________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ə. не ____________________________________ заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________________ (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ___________________________________ куəландыратын құжаттардың деректемелері __________________________________ байланыс телефоны, мекенжайы) ӨТІНІШ Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс жəне электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен жəне темір жолдармен жəне басқа да инженерлік желілермен жəне коммуникациялармен қиылысуына техникалық шартты беруіңізді сұраймын. Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін. Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса: Құжат – ________________________________________________________ (күні) (рұқсатты берген органның атауы) берілген жергілікті атқарушы органдардың №_______ рұқсаты. Күні_______ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе __________________________________ заңды тұлғаның не __________________________________ уəкілетті тұлғаның атауы, қолы)

Алушы _____________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тəртібіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің _____________________облыстық департаменті ______________________ (басшының Т.А.Ə.) _________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ə. не ____________________________________ заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________________ (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ___________________________________ куəландыратын құжаттардың деректемелері __________________________________ байланыс телефоны, мекенжайы) ӨТІНІШ Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге жəне түсіруге арналған алаңдар орнатуға техникалық шартты беруді сұраймын. Автомобиль жолының титулы (атауы) _______________________, Жүргізілетін жұмыс түрі _____________________________________, Мекенжайы ____________________________________________________. Күні ___________________________________ Алушы _____________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе __________________________________ заңды тұлғаның не __________________________________ уəкілетті тұлғаның атауы, қолы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысына 3-қосымша Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тəртібіне қосымша Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің _______________________облыстық департаменті ________________________ (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі) __________________________ (басшының Т.А.Ə.) _________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ə, байланыс телефоны, мекенжайы _________________________________________ не заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________ (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ________________________________________ куəландыратын құжаттардың деректемелері, ________________________________ байланыс телефоны, мекенжайы) ӨТІНІШ Халықаралық жəне республикалық/облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын. Күні _______ Алушы_____________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе __________________________________ заңды тұлғаның не уəкілетті тұлғаның __________________________________ атауы, қолы

(Жалғасы 17-бетте).


(Жалғасы. Басы 16-бетте). Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысына 4-қосымша Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесіне 2-қосымша _____________________________________ (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі) _________________________________________ (басшының Т.А.Ə.) _________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ə, байланыс телефоны, мекенжайы _________________________________________ немесе заңды тұлғаның толық атауы) _________________________________________ (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ________________________________________ куəландыратын құжаттардың деректемелері, _________________________________ байланыс телефоны, мекенжайы)

13.

«Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

14.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Күні _______ Алушы_____________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе __________________________________ заңды тұлғаның не уəкілетті тұлғаның __________________________________ атауы, қолы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі əзірледі. «Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан əрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан əрі – аумақтық орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк жəне коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жəне халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрi – ХҚКО) арқылы балама негізде www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан əрі – портал) арқылы жеке жəне заңды тұлғаларға (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледi. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі 2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері: аумақтық органға жүгінген кезде: 1) өтініш берілген сəттен бастап – бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беріледі не жазбаша дəлелді бас тарту беріледі; 2) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; мына: 1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде: паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар аумақтық органға жеткізілетін 2 күн жəне ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде: паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды жəне өтінішті қабылдау беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 3) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 4) паспорт алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; портал арқылы қызмет бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нəтижесі аумақтық органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі – ЭЦҚ) куəландырылған электрондық құжат нысанында халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне паспорт (бұдан əрі – паспорт) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дəлелді жауап беру болып табылады. Аумақтық органға паспортты қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде, паспорт электрондық құжат нысанында ресімделіп, басып шығарылады, аумақтық органның мөрімен жəне оның басшысының қолымен расталады. 5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 6. Мемлекеттік қызмет: 1) аумақтық органға жүгінген кезде: демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда, аумақтық органның белгіленген жұмыс кестесіне сəйкес күн сайын, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі, түскі үзілісі бар; қабылдау кезек тəртібімен, алдын ала жазылусыз жəне жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) жəне көрсетілетін қызметті алушы үшін аумақтық орган үй-жайларының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде орналастырылған; 2) ХҚКО-на жүгінген кезде: демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда, ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сəйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында көрсетіледі; қабылдау «электронды» кезек тəртібімен, алдын ала жазылусыз жəне жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov. kz жəне ХҚКО үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылған; 3) порталда – тəулік бойы көрсетіледі; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат «электрондық үкімет» 1414 бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады. 7. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады: аумақтық органдарға немесе ХҚКО-на жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар: 1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) түстік шешімі жəне өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы (ХҚКО-на берген кезде – ХҚКО-ның қызметкері сканерден өткізеді жəне электрондық сұрау салуға тіркейді); 3) тұтынушының өкілі жүгінген кезде – уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжат жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжат; тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар: 1) жеке басын куəландыратын жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжаттардың мəліметтері (нотариалды расталған жағдайда); құжаттарды қабылдаған кезде аумақтық органның немесе ХҚКО-ның қызметкері құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе құжаттардың басып шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады; осы стандарттың осы тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде аумақтық органда не ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: 1) сұрау салудың нөмірі жəне қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны жəне атаулары; 4) құжаттарды беру күні (уақыты) жəне орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің тегі, аты жəне əкесінің аты көрсетіледі; портал арқылы жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; 2) құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелген түстік шешімі жəне өлшемдері бар объектінің эскизі; портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нəтижесі, күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады. 8. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемесі: 1) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы белгіленген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сəйкес келмеуі; 2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіздеме болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 7-тармағында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады. 3. Шағымдану тəртібі 9. Аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің əрекетiне (əрекетсiздiгiне) шағымдану тəртiбiн түсіндіру жəне шағымды дайындауда жəрдем көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жəне www.con.gov.kz интернет-ресурсына аумақтық органның немесе ХҚКО-ның басшылығына жүгінеді. Шағымдану тəртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады. 10. Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан əрі – Комитет) төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлімінің телефоны 8 (7172) 24-33-83. Жұмыс кестесі демалыс жəне мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін бес күндік жұмыс аптасын құрайды. 11. Мынадай: ХҚКО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚКО басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95 мекенжайы бойынша шағым беріледі; аумақтық органның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша аумақтық органның басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, «Транспорт Тауэр» ғимаратының мекенжайы бойынша шағым беріледі. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тəртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 13. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады. 14. Көрсетілетін қызметті алушы шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондайақ жауап алатын мерзімі жəне орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетіледі. Шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралады. 15. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады. 4. Өзге талаптар 16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда жəне ХҚКО арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілеген талаптар жоқ. «Халықаралық жəне республикалықмаңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті аумақтық органдарының тізбесі Р/с №

Бөлімшенің атауы

Толық заңды мекенжайы

1 1.

2 «Ақмола облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Атырау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Маңғыстау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі «Павлодар облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

3 Көкшетау қаласы, Уəлиханов көшесі, 193, 2-қабат Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 28, 2-қабат Атырау қаласы, Исатай көшесі, 5, 2-қабат Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 89, 301-бөлме Өскемен қаласы, Буров көшесі, 67, 2-қабат Тараз қаласы, Тəуке хан көшесі, 1а, 2-қабат Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 44/1, 2-қабат Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 50а, 3-қабат Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 18, 2-қабат Қостанай қаласы, Хəкімжанова көшесі, 7, 4-қабат Ақтау қаласы, 22-шағын аудан, 2-қабат Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 180, 2-қабат

3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12.

Байланыс телефоны, электрондық поштаның мекенжайы 4 8(7162) 770589 akmola-priemnaya@mail.ru 8 (7272) 559046 almodkad@mail.ru 8(7122) 290677, 290149 aouKRTI@mail.ru 8 (7132) 546571 aktobeKRTI@mail.ru 8 (7232) 240813 guad_vko@mail.ru 8 (7262) 316004 uad_zhamb@mtc.gov.kz 8 (7112) 511051 uad.zko.uralsk@mail.ru 8 (7212) 514309 karguad@mail.ru 8 (7242) 277706 ouad_kzlorda@mail.ru 8 (7142) 558221 kostouad@yandex.ru 8(7292)605276 mouad@mail.ru 8(7182)571925 pouad@mail.ru

Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 61, 415-бөлме Шымкент қаласы, Жібек жолы көшесі, нөмірсіз, 2-қабат

8(7152)365096 uad_sko@mtc.gov.kz

15. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» бірыңғай байланыс орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

8 (7252) 51-31-19 ugdorstroi@mail.ru

4. Өзге талаптар 16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда жəне ХҚКО арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілеген талаптар жоқ.

«Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің _______________________облыстық департаменті ______________________ (басшының Т.А.Ə.) _________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ə. не ____________________________________ заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________________ (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ___________________________________ куəландыратын құжаттардың деректемелері __________________________________ байланыс телефоны, мекенжайы)

ӨТІНІШ Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ________________________; Жарнама объектісінің ұзындығы___________________________________; Жарнама объектісінің ені ________________________________________; Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру көзделген мекенжайы____________; Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылатын жерді таңдаудың негіздемесі __________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері үшін: Кадастрлық нөмірі _____________________ Бір жылдан кем жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері үшін: Жалға алу шартының нөмірі________________

2.

17

www.egemen.kz

25 маусым 2013 жыл

Өтініш Халықаралық жəне республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын. Күні _______

Алушы_____________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты немесе __________________________________ заңды тұлғаның не __________________________________ уəкілетті тұлғаның атауы, қолы)

«Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша Р/с № 1

Бөлімшенің атауы

1.

«Астана қаласының сəулет жəне қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

1.

«Алматы қаласының сəулет жəне қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Алматы қаласының жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

1. 2.

3.

4.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы №591 қаулысына 6-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысымен бекітілген

1. Жалпы ережелер 1. «Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік жəне коммуникация министрлігі əзірледі. «Облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан əрі – мемлекеттік қызмет) сəулет жəне қала құрылысы, автомобиль жолдары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан əрі – жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк жəне коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау жəне халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кəсіпорны (бұдан əрi – ХҚКО) арқылы балама негізде www. con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан əрі – портал) арқылы жеке жəне заңды тұлғаларға (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледi. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тəртібі 2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері: жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінген кезде: 1) өтініш берілген сəттен бастап – бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат немесе паспорт беріледі не жазбаша дəлелді бас тарту беріледі; 2) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; мына: 1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде: паспорт немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жеткізілетін 2 күн жəне ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде: паспорт немесе рұқсат беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды жəне өтінішті қабылдау күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 3) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 4) паспорт алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. портал арқылы қызмет бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нəтижесі жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымдық адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі – ЭЦҚ) куəландырылған электрондық құжат нысанында елді мекендерге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан əрі – рұқсат) беру немесе облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт (бұдан əрі – паспорт) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дəлелді жауап беру болып табылады. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне рұқсат беруді қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде, рұқсат электрондық құжат нысанында ресімделіп, басып шығарылады, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің мөрімен жəне оның басшысының қолымен расталады. 5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 6. Мемлекеттік қызмет: 1) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріне жүгінген кезде: демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің белгіленген жұмыс кестесіне сəйкес күн сайын, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі, түскі үзілісі бар; қабылдау кезек тəртібімен, алдын ала жазылусыз жəне жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жəне көрсетілетін қызметті алушы үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері үй-жайларының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде орналастырылған; 2) ХҚКО-на жүгінген кезде: демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда, ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сəйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында көрсетіледі; қабылдау «электронды» кезек тəртібімен, алдын ала жазылусыз жəне жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov. kz жəне ХҚКО үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылған; 3) порталда – тəулік бойы көрсетіледі; мемлекеттік қызмет көрсету тəртiбi туралы ақпарат «электрондық үкімет» 1414 бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады. 7. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн облыстық жəне аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру үшін мынадай құжаттар ұсынылады: жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне немесе ХҚКО-на жүгінген кезде: көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар: 1) осы стандартқа 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) түстік шешімі жəне өлшемдері бар объектінің эскизі (ХҚКО-на берген кезде – ХҚКО-ның қызметкері сканерден өткізеді жəне электрондық сұрау салуға тіркейді); 3) тұтынушының өкілі жүгінген кезде – уəкілетті өкілдің жеке басын куəландыратын құжат жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжат; тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар: 1) жеке басын куəландыратын жəне өкілдік етуге құзыреттілігін куəландыратын құжаттардың мəліметтері (нотариалды расталған жағдайда); құжаттарды қабылдаған кезде жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің немесе ХҚКО-ның қызметкері құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе құжаттардың басып шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады; осы стандарттың осы тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінде не ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда: 1) сұрау са