Page 1

VI Астана экономикалық форумы аясындағы «Astana Invest 2013» басқосуы елорда дамуының жаңа мүмкіндіктерін əлемге паш етті.

№134 (28073) 25 МАМЫР СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўќсамайтын басќаєа, ерекше ќала Астана

Елордада өтіп жатқан VI Астана экономикалық форумы кеше одан əрі жалғасты. Бұл күні халықаралық деңгейде маңызды болып табылатын, еліміздің экономикалық əлеуетін əлемге паш еткен бірқатар шаралар өткізілді. Соның бірі – IV «Astana Invest 2013» форумы болды. Оның жұмысына еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов, Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов, Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брик жəне басқа да танымал тұлғалар қатысты.

Үкімет басшысы Серік Ахметов форумдағы құттықтау сөзінде келген қонақтарға еліміздің экономикалық, инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып өтті. Форумның үнқатысу үшін тиімді дəстүрлі алаңға айналғандығын, бизнес-қауымдастық, инвесторлар мен ғалымдар арасындағы

іскерлік байланыстарды нығайтудың өзіндік бір үлгісіне айналғандығын атап көрсетті. Оның айтуынша, дəстүрлі сипаты бар бұл форум шетелдік кəсіпкерлер мен инвесторлар үшін Қазақстанды жаңғырту жұмыстарына қатысуларына тиімді мүмкіндігін ұсына алады.

– Мемлекет басшысының зор қолдауының нəтижесінде біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, еліміз орналасқан өңірдегі ірі саяси, экономикалық орталықтардың бірі ретінде қалыптасып отырған Астананың экономикалық, іскерлік жəне адами əлеуеті инвестициялар үшін барған сайын тартымды бола түсуде. Мұнда перспективалы өндірістерді құрудың, зияткерлік қызмет саласын дамытудың жаңа шаралары жүзеге асуда. Оның үстіне қаланың Еуразиялық алып кеңістіктегі қолайлы орналасуы оның үлкен коммуникациялық мүмкіндіктерін де аша түсуде. Елор да осында көшірілгеннен

 Əлем жəне Қазақстан

«Музыка Меккесі»

Вена сахнасы ќазаќ əуендерімен кґркейді

бері қаладағы халық саны үш есе ұлғайып, 800 мың адамға жетуі, қала құрылысының өте қарқынды жағдайда дамуы соның нақты дəлелдерінің бірі болып табылады, – деді Премьер-Министр. Серік Ахметов мұнан кейін қазіргі күні қаланың осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оны орнықты да мы тудың барлық шаралары қарастырылуда екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, еліміздің қазіргі даму жағдайын қонақтар алдында жан-жақты əңгімелеп берді. Өткен жылдар ішінде елімізге 170 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылғандығын, Қазақстан жан

басына келетін шетелдік инвестиция көлемі бойынша да өзі орналасқан өңірдегі əріптес елдер арасынан озып шығып, ТМД бойынша көшбасшылық биікке көтерілгендігін жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстан Үкіметі елдегі іскерлік ахуалды одан əрі жақсарта түсуге үлкен мəн беруде. Соның нəтижесінде мемлекет-жеке меншік əріптестігін нығайту оның жұмысының басым бағытының біріне айналды. Өздерінің бизнес қауымдастық тарапынан туындайтын кез келген бастаманы қарастыруға, тиімді ұсыныстарды қолдауға əзір екендіктерін білдірді. Астана қаласы болса, жалпы, ел дамуының бейнелі көрінісі ретінде өсіп келеді. Жаңа да заманауи қала қалыптастыру бағытында оның болашағы өте зор. Ол алдағы уақытта «ақылды шешімдер» мен смарт-технологияларға негізделген «болашақтың қаласы» тұжырымдамасы бойынша қалыптастырылатын болады. Сонымен қатар, Астананың дамуы оған Қарағанды қаласы мен ШучьеБурабай курорттық белдеуінің даму мүмкіндіктерін тарту арқылы агломерациялық өсудің перспективалы аймағы ретінде қарастырылуда. Қалада білім беру, медицина, инновациялық салалардың заманауи іргелі ошақтарының қалыптастырылуы оның бəсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтердің халықаралық орталығы ретінде қалыптасуына жағымды жағдай туғызбақ. Бұл қалада 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтетіндігі белгілі. Осы жағдайдың өзі қаланың жаңа заман бейнесінде ілгерілей дамуының ықпалды мүмкіндіктерін тудырып отыр. Премьер-Министр форум жұмысына үлкен табыстар тіледі. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасының Заңы 1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада НьюЙорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сəйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының жəне оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы 1923 жылғы 12 қыркүйекте Женевада жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк, Лейк Саксессте қол қойылған Хаттамаға сəйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының жəне оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенция мынадай ескертпемен ратификациялансын: «Қазақстан Республикасы өзіне осы Конвенцияның 5-бабын қолданыстағы ұлттық заңнаманың шеңберінде ғана орындау жөніндегі міндеттемелерді алады». Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 мамыр № 96-V ҚРЗ

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кəрі құрлықтың қақ ортасында орналасқан Австрияның Вена қаласының əуежайына ұшақ доңғалағы тигенде Еуропа алақанына қонғандай болдық. Əрине, бұл ел қазақстандықтар үшін таңсық емес, бірақ қашанда құрмет тұтып, ерекше ілтипат білдіретін мемлекет екендігі де рас. Оған көптеген дəлелдер де бар. Ең бастысы, осы елдің Қазақстанға деген достастығы мен ыстық ықыласы арқасында көптеген ірі істердің тындырылғаны анық. Міне, соған да байланысты болса керек, Венаны Еуропаның саяси астанасы деген үлкен құрмет те

қазақстандықтардың жүрегіне қоныстанғанын жасыра алмаймыз. Бұл елдің тамаша табиғаты да жанға жайлылығымен адамды бірден баурап алады екен. Ал Вена əлемдік мəдениет орталықтарының бірі болып табылатындығын айтар болсақ, əңгімені сəл əріден бастаған дұрыс па деп ойлаймыз. Өткен жылдың қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Республикасына ресми сапармен келген болатын. Онда Қазақстан Президентінің екі елдің саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ресми сапары əлемге əйгілі Хофбург сарайында Австрияның Феде рал дық

Президенті Хайнц Фишер мен кездесуден басталды. Сол кезде екі елдің арасындағы мемлекеттік деңгейдегі аса жоғары маңыздағы осы сапар туралы Сауытбек Абдрахманов: «Австрияның аса биік мəдениет мемлекеті ретіндегі атағын айтып жату артық. Венаның «Музыка Меккесі» деп дəріптелетіні тағы бар. Сондықтан да біз газет оқырмандарына 2013 жылы Австрияда Қазақстан мəдениетінің күндері, ал 2014 жылы Қазақстанда Австрия мəдениетінің күндері өтетін болып келісім жасалғанын разылықпен хабарлағымыз келеді», деп хабар жеткізген еді. (Соңы 3-бетте).

Комиссия əлеуеті жоєары

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Аталған комиссия былтыр наурыз айында Алматыда екі елдің жоғарғы заң шығару органдарының жоғарғы палаталары арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісім аясында қызмет етеді. Бұл – Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның үшінші отырысы. Шараға Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов қатысты. Күн тəртібінің аясында ғылым саласындағы ынты мақ тастықтың келешегі мен шекаралық аймақтардың жəне кеден

бекеттерінің құқықтық жағдайларын жетілдіру мəселелері қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ресей делегациясының басшысын Қазақстан Республикасы Пар ла менті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми қабылдады. Комиссия аясында талқыланған мəселелер екіжақты ынтымақтастықта өзекті екені атап өтілді. Қ.Мəми айтқандай, комиссияның əлеуеті жоғары жəне ол алда тұрған маңызды міндеттерді шеше алады. Кездесуде сондай-ақ алдағы маусым айында Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының Ресейге ресми сапарының мəселелері де талқыланды.

Кїн тəртібі ќалыптастырылды

Кеше Мəжілісте палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыстың күн тəртібі қалыптастырылды.

Депутаттардың қарауына ратификацияланатын бір топ құжат ұсынылады. Олар: Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау; 2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан мен Қытай арасындағы газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық; 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шарттарға түзетулер енгізуді қарастырады. Палата екінші оқылымда

кейбір заңнамалық актілерге: мемлекеттің кепілдік берілген заң көмегін ұсынуы жүйесін жетілдіру; Мемлекеттік жоспарлау жүйесі; жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мəселелері бойынша түзетулер енгізуді де қарайтыны күтілуде. Депутаттар осы отырыста кейбір заңнамалық актілерге ювеналдық əділетті жетілдіру мəселелері бойынша түзетулермен жұмысты одан əрі жалғастыру жайын да анықтайтын болады.

 Президент поштасынан

Музыка əлеміндегі тамаша оќиєа

Мемлекет басшысының атына белгілі пианист, Ресей Федерациясының халық артисі Денис Мацуевтен хат келді. Д.Мацуев өз хатында Классикалық музыканың бірінші халықара лық фестивалі жəне «Astana Piano Passion» жас пианистер конкурсы бүкіл музыка əлемі үшін тамаша оқиғаға айналғанын атап өткен. Хат иесінің айтуынша, бұл іс-шараның табысты өтуіне Астананың жайлылығы ерекше рөл атқарған. «Мен көптеген астаналарда болып жүрмін. Бүгінде Астананы əлемнің ең үздік астаналары қатарын да атауға болады деп Сізді сендіргім келеді. Онда – айрықша рух, шабыт, жəне де Сіздің сүйіспеншілігіңіз бар. Мен кіммен кездессем де, барлығы да Сіздің бұл қаланы салып қана қоймай, оған ерек ше шығармашылық шабыт сіңір геніңізді айтады», делінген хатта. Д.Мацуев Қазақстан Президентіне өзіне фестивальдің көркемдік жетекшісі болуға сенім білдіргені үшін алғысын айта келе, конкурс отыз дарынды жас пианисті танытқанын мəлімдейді. «Олар əлемнің үздік сахналарына шығады, бірақ олар табысқа бастаған жолы осы жерден, осы əсем қаладан басталғанын əрдайым есте сақтайтын болады», деп атап өтілген хатта.

Ресейлік пианист конкурс мүшелері, көрнекті музыканттар мен əлемге белгілі педагогтар біздің республикамыздың пианистерінің дайындық деңгейі жоғары екендігін атап өткеніне ерекше тоқталған. «Олар Қазақстанды ең беделді əлемдік музыкалық конкурстарда лайықты танытатынына сенемін. Бұл балалар – Сіздің еліңіздің мақтанышы əрі болашағы», деп жазады автор. Қазақстан астанасында 2013 жылғы 10-16 мамырда болып өткен Классикалық музыканың бірінші халықаралық фестивалі мен «Astana Piano Passion» жас пианистер конкурсына классикалық музыканың əлемдік шеберлері мен жас таланттар жиналды. Фортепиано өнері мен жас пианистер конкурсы жұлдыздарының концертін 7 мыңнан астам адам тамашалады. Конкурс өткізілген кезеңде он-лайн режіміндегі трансляцияны 20 мыңнан астам адам тамашаласа, қатысушылардың өнер көрсетуінің жазбасын əлемнің түрлі елінен 100 мыңнан астам адам көрді. Мəдениет қайраткерлерінің пікірінше, конкурс Қазақстандағы жəне барлық посткеңестік кеңістіктегі музыка өнері дамуының жарқын көрсеткішіне айналды.

 Дат!

Таѕсыќ – тарихи атау Оны талапайєа тїсірмейік Қайыртай ҚАЖЫҒҰЛОВ,

Аягөз ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешенінің іргесіндегі Таңсық ауылының атын өзгерту жөнінде əңгіме шыққанын естіп, жағамды ұстап таң-тамаша болған едім. Абырой болғанда, ол сөз тоқтап қалған. Енді, міне, халқымыздың жүрегінде ғасырлар бойы өшпей сақталып келген махаббат дастанындағы сол

аяулы атауға тағы қатер төнгендей. Себебі, осы Таңсықты мұнда бір кездері ортақол ғана басшы болған азаматтың есімімен өзгерту жөнінде аудандық мəс лихатта мəселе қаралып, жоғары жаққа жіберілгенін естіп, біліп отырмын. Бұл енді ешқандай жол беруге болмайтын жағдай. Таңсықтың есімін өзгертуге көз жұма қарасақ, онда Аягөз өңіріндегі тағы бір аяулы атау – Ай ауылы на «ие табылмасына» кім кепілдік береді? Сонда «Қозы Көрпеш

– Баян сұлу» эпосындағы апалысіңлілі аруларға бүгінгі ұрпақтың көрсеткен құрметі осы болғаны ма? Жоқ, мұндай бассыздыққа бармайық, ағайын! Таңсық ауылынан кезінде елге қадірлі, жұртымызға мақтаныш болған ғылым докторы да, министр де шыққан. Бірақ, олардың ұрпақтары біздің атамызға не əкемізге осы жерден көше немесе мектеп атын бер деп салмақ салғанын естігеміз жоқ. Бұл олардың елді сыйлағандығы,

жерді құрметтегендігі. Ал көше, мəдениет үйіне берген есімін місе тұтпай, ауыл атын иемденуге тырысқан мына əрекет – нағыз кеудемсоқтық. Таңсық – тарихи атау. Ол ешқашан өзгертілуге тиіс емес. ЮНЕСКО тізіміне мəдени мұра ретінде енген, 1500 жылдық тарихы бар халық эпосындағы кейіпкер атауына зорлық жасағанымыз қай сасқанымыз... Бұған ешқашан жол беруге болмайды. Мұны ұмытсақ, елдікке қиянат жасағанымыз. Əдептен аттағанымыз. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы.


2

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

Ўќсамайтын басќаєа, ерекше ќала Астана (Соңы. Басы 1-бетте). Мұнан кейін сөз кезегі Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетовке берілді. Астананың қазақстандық жасампаздықпен өркендеуінің үлгісі ретінде дамытылып келе жатқандығын ауызға алған қала басшысы соңғы үш жылдың өзінде ғана оған салынған жеке инвестициялардың көлемі 4 есе өскендігін айтып өтті. Мұның себебі соңғы 15 жылда қаланың ішкі жалпы өнімінің көлемі 7 есе ұлғайғандығымен де байланысты болса керек. Осы уақыт аралығында қалаға салынған инвестициялар көлемі 30 есе өсіпті. 10 миллион шаршы метр тұрғын үй салыныпты. Қалаға салынған салымдардың индекстік көрсеткіші тəуекелден абсолютті түрде асып түсуі, Елбасының атап көрсеткеніндей, бұл қаланың даму болашағын уақыттың өзі айқындағандығымен де ерекшелене түссе керек. Иманғали Тасмағамбетов қазіргі күні елорданы дамыту жөніндегі жұмыстардың жайын жан-жақты баяндады. Қалада инвестициялар салып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «Астана – жаңа қала» арнаулы экономикалық аймағының белгіленгендігін, оның индустриялық паркінде, 600 гектарлық алаңында 46 жобаның іске қосылып, олардың қайсыбірі жүзеге асырылып үлгергендігін, мұндағы кейбір жекелеген инвестициялардың көлемі 1,2 миллиард долларға жеткендігін айтып өтті. Мұның сыртында 450 гектарлық алаңында екінші индустриялық парк құрылуда. Оған инвестиция салушыларға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Əкімшілік үдерістер екі есе азайтылып отыр. Нысан іске қосылғаннан кейін жер жəне мүлік салығынан, корпоративтік салықтан толық боса тылады. Жасалған келі сімдердің тұрақтылығына кепі лдік беріледі. Шетелдерден кəсіпқой жұмыс күштерін шақыру ісі оңтайландырылды. Ал салынған инвестициялардың тиімді жағдайда жұмыс істей алатындықтарына жарқын мысалдар да жеткілікті. Мəселен, АҚШ-тың «Дженерал электрик» компаниясының бірлескен жобаларының нəтижесінде біздің өңір үшін мүлдем жаңа өнім болып табылатын локомотив шығару ісі қолға алынды. «Алстом» компаниясының электровоздары, «Еурокоптер» тікұшақтары шығарылуда. Тек өткен жылдың өзін де ғана осы кəсіпорындар 500 миллион доллардың өнімін өндірді. «Тальго» вагондары да шығарылуда. Қала əкімі осындай көптеген жобаларды атап, олардың тиімділігін айтып шықты. Инвесторлармен жұмыс істеуге қала басшылығының əзір екенін жеткізді. Форумда сөз алған Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брик өз елінің Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін əзірлеу жұмыстарына қатысатындығын мəлімдеді. – Франция үшін Қазақстан маңызды ел. Біз бұл елдің даму жағдайына үнемі назар аударып келеміз. ЭКСПО-2017 өтетіндігінің өзі Қазақстанның даму болашағының мығым екендігін білдіреді. Əлемдік маңызы бар осы істің табысты өтуіне біз де өз үлесімізді қосуға əзірміз, – деді Николь Брик ханым. Көрмелерді өткізуде Францияның елеулі тəжірибесі бар. Бұл ел мұндай халықаралық көрмелердің 18-ін өткізген екен. Сонда қалыптасқан тəжірибе бойынша істің табысты өтуіне қаланың қарқынды дамуы, қоршаған ортаның қорға луы, энергетикалық жəне зияткерлік жерлердің ұтқырлығы мен тиімділігі де үлкен рөл ойнайды. Міне, осы қолайлы жағдайлардың барлығы Астанада өз көрінісін тауып отыр. – Біз Астана қаласының бола шақ инвесторларының арасы нан берік орын алғымыз келе ді. Мен Астана қаласының əкі мін біздің кəсіпорындардың жұмысымен танысу жəне олардың басшыларының алдында Астана қаласының экономикалық, инвестициялық əлеуеті жайында əңгімелеп беру үшін Францияға келіп қайтуға шақырамын. Біздің əріп тес тік қатынастарды одан əрі нығайта алатындығымызға

деген сенімім зор. Бұған бізде барлық мүмкіндіктер бар, – деді франциялық министр. Осы күні Астана экономикалық форумы аясында көптеген шаралар өткізілді. Солардың бірқатарына Үкімет басшысы қатысты. Мəселен, Серік Ахметов форум аясында жəне БҰҰ қолдауындағы Бүкілəлемдік дағдарыспен күрес конференциясы шеңберінде «G-Global» пішінінде өткі зілген экономикалық өсімнің теңгерімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Көшбасшылар үнқатысуына қатысып, сөз сөйледі. Ол мұндағы сөзінде Астана экономикалық форумы аясында Бүкілəлемдік дағдарыспен күрес конференциясы декла рациясын əзірлеу жөнінде ұсыныс жасалғандығын, бұл құжат үлкен жиырмалық елдері кезекті саммитінің қарауына жіберілетіндігін хабарлады. VІ Астана экономикалық форумы мен Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы бірінші конференция шеңберінде үш күннен бері елордада өтіп жатқан жаһандық басқосулардың тақырып аясы ауқымды, қабылданып жатқан шешімдерінің де маңызы салмақты. Бүгінде адамзатты айрықша алаңдатып отырған жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мəселелері де форумның күн тəртібінен ерек ше орын алуда. Солардың қатарында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Индустриялық революция – «жасыл» экономикаға көшу» атты халықаралық үлкен сессияны атауға болады. Сессия жұмысына БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰның Еуропаға арналған Эко номикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Свен Алкалай, Еуропалық инвестициялық банктің вицепрезиденті Вилгельм Мольтерер, БҰҰ-ның Азия жəне Тынық мұхит елдері үшін экономикалықəлеуметтік комиссиясының өңі р аралық бөлімінің басшысы Николай Помощников, «McKinsey» компаниясының Мюнхендегі офисінің директоры Мар тин Стачти, Жасыл экономика институтының директоры Промоде Кант жəне басқа дүние жүзінде кеңінен танымал сарапшылар, қазақстандық жəне шетелдік ұйымдардың, халықаралық, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияға қатысушылар алдында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасады. Ол өз сөзінде биылғы жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын бекіткендігін атап көрсетті. Осы тұжырымдама бойынша елімізде жыл сайын «жасыл» модернизацияға ұлттық ІЖӨ-нің 2 пайызын құрайтын инвестициялар салу қарастырылып отыр. Бүгінде Қазақстан эко номикалық даму қарқыны бойынша өңірдегі елдердің көшбасшысына айналып, əлем мем ле кеттері ішінде даму рейтингі бойынша алдыңғы лектен лайықты орын алуда. Табиғи капиталының мол екендігіне қарамастан еліміз ресурсты барынша тиімді пайдаланатын экономикаға көшуге бет

бұрды. Бұл өз кезегінде еліміздің табиғи экожүйесін сақтауға жəне сыртқы тəуекелдерге барынша тосқауыл қоюға игі ықпал етеді. 2008 жылғы рецессия кезеңінен бастап əлемнің көптеген мемлекеттері, бизнес субъектілері жəне азаматтық қоғамдары əділ де тұрақты экономикалық өсімге қалай қол жеткізуге болатындығы жөніндегі пікірталасты тоқтатар емес. Содан бері көптеген мемлекеттерде күшті əлеуметтік сілкіністер орын алуда. Міне, жаһандағы жағдайдың осындай ауытқымалы сипатына қарамастан Қазақстан «жасыл» экономикаға көшуге батыл қадам жасауда. Осы қадам арқылы ол бүкіл əлемге ресурстарды үнемдей отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жаңа модель бар екендігін дəлелдеуде. Қазақстан Үкіметінің есептері бойынша, жасыл модернизацияның экономикалық пайдасы мол болады. Біз 2030 жылдарға таман 400-600 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз, ал 2050 жылдары ІЖӨ-нің өсіміне қосымша 3 пайыздық өсімге қол жеткіземіз.

мүмкіндіктер жасалады. Төртінші, ресурстардың рыноктық бағасы. Біз табиғи капиталды барынша тиімді пайдалану үшін толық мүмкіндіктер жасаймыз. Осы орайда шикізаттың нақты рынок бағасымен өткізілуіне қол жеткіземіз. Бесінші, жаңаша ойлау жəне білім беру жүйесі. Алдағы уақытта біздің білім беру жүйесі əрбір қазақстандықтың жас күнінен табиғи капиталдың құндылығын түсінуге жəне қоршаған ортаны қорғау үшін барынша жеке жауапкершілік алуға тəрбиелейтін негізде реформаланатын болады. Біз алдағы уақытта «жасыл» экономика құру үшін білімі мен біліктілігі бар жаңа кадрлар тəрбиелейтін боламыз. Еліміздің таяу болашақтағы алда тұрған міндеттері бойынша «жасыл» экономикаға көшу қарқынды жүргізілмек. «Жасыл» экономикалық қайта жаңғыртудың қайтарымы да тиімді болмақ. Елімізде ІЖӨ-нің энергия тұтыну көлемі 2030 жылдары 30 пайызға, 2050 жылдары 50 пайызға дейін төмендетіледі. Қазақстанда балама жəне жаңғыртылған қуат

Халық аралық инвестициялық форумының 2-ші бөлімі өте қызықты жалғасын тапты. Онда «Астананың əлемдегі инвестициялық имиджі» атты тақырыпта бірқатар шетелдік сарапшылар елорданың имиджін көтеруге байланысты баяндамалар жасады. Алғаш сөз кезегі берілген BBC телеарнасының коммерциялық қызметінің басшысы Сергей Становкин Астана ірі метрополисін құрудағы ең маңызды шарттар туралы жəне аудиторияны қалай таңдау жөнінде кеңінен əңгімеледі. Ол аудиторияны біз қалайтын тақырыппен қамтамасыз етудің жолдары туралы айтты. Бəріміздің де бүгін көзіміздің жеткені Астанаға мүмкіндігі бар компаниялардың барлығы инвестиция салуына болады екен, деп бастады сөзін С.Становкин. Шындығын айтқанда, осы ғимараттан шығып, Астана бейнесіне қарасаңыз, қаншама ғажайып ғимараттарды көресіз. Сондай-ақ, өз иесін күтіп тұрған көптеген нысандардың орнын байқауға болады. Оған қоса, қандай коммуникациялар керек

Мїдделестік тўрєыдаєы кездесулер

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов VI Астана экономикалық форумына қатысушылармен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Ирак Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Руиз Нури Шауиспен кездесуде саудаэкономикалық байланыстарды кеңейтуге, атап айтқанда, мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік логистикасы жəне білім беру саласындағы ықпалдастықты ұлғайту мəселелеріне баса назар аударылды. Қазақстан мен Ирактың екіжақты байланыстардың белсенділігін арттыруға үлкен əлеуеті бар, деп атап өтті С.Ахметов. Сондай-ақ, ол ықпалдастықты дамыту мақсатында үкіметаралық комиссия құруды ұсынды. Р.Шауис өз кезегінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа деген Ирак тарапының мүдделілігін білдірді. Біздің еліміз Қазақстанмен іскерлік «Жасыл» экономика барынша əртараптандырылады жəне өңірлік жоғары дамуды қамтамасыз етеді. Экономикалық модернизацияның жасыл бағыты мынандай бес қағидатқа негізделетін болады. Бірінші, ресурстарды пайдаланудың тиімділігі. Біздің елімізде табиғи қазба байлықтары мол. Біз осы қазынаны барынша тиімді жəне мүмкіндігінше мол табыс беретін бағытта пайдалануымыз керек. Осы орайдан келгенде «жасыл» экономика ұлтымыздың болашақта ауқатты өмір сүруіне жағдай жасайды. Екінші, жаңа буынның технологиясы. Біз қазір ғасырдың жаңа құрылысын салудамыз. Алдымыз дағы 20 жыл ішінде біз іс жүзінде көптеген ғимараттарды, көлік инфрақұрылымын жəне энергетикалық желілерді қайтадан саламыз. Міне, осындай ауқымды міндеттер барысында біз үшінші индустриялық революция дəуірінің жаңа технологияларын барынша тиімді пайдалануымыз керек. Оның ішінде балама қуат көздері, «ақылды» тарату желілері, энергетикалық интернет жəне бас қа заманауи мүмкіндіктер бар. Үшінші, əлеуметтік əлеуетті арттыру. Бұл ретте қоғамымыздың аз қамтамасыз етілген тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартатын, дамуы кенжелеп қалған өңірлердің əлеуметтік əлеуетін көтеру үшін барлық

байланыстарды тереңдетуді қалайды, сондықтан біз өзара тиімді əріптестікті ұлғайта түсу бағытын жалғастырмақ ниеттеміз, деді Ирак Премьерминистрінің орынбасары. Еуропа инвестициялық банкінің вице-президенті Вильгельм Мольтерермен болған кездесуде экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы əңгіме арқауына айналды. Ал Францияның Сыртқы сауда министрі Николь Брикпен əңгіменің басты тақырыбы екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан əрі белсендіре түсу мəселесі болды.

көздері арқылы энергия өндіру көлемі жалпы өндірілген энергия көлемінде 2030 жылы 30 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға тең болады. «Индустриялық революция – «жасыл» экономикаға көшу» сессия сы барысында əлемдік деңгейдегі сарапшылар сөз сөйлеп, «жасыл» экономиканың негізгі сипаттамалары, оның жолында тұрған кедергілер, шетелдердегі «жасыл» экономикаға өту тəжірибесі жəне басқа да көкейкесті мəселелерді тілге тиек етті. Мəселен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Свен Алкалай өз сөзінде Қазақстанның əлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында кездескен қиындықтарға, «жасыл» экономиканы дамыту бағытындағы жаңа модельдерді қарсы қойып, жоғары экономикалық тиімділіктерге қол жеткізгендігін ерекше атап көрсетті. Жалпы, жаңа технологияларға негізделген «жасыл» экономика – дағдарыс құрсауындағы экономикаларды жандандыруға мүмкіндік береді. Сондықтан əлемдік қаржы-экономикалық тəуекелдеріне «жасыл» экономиканы жандандыру мақсатындағы жұмыстарды қарсы қою керек. Сессия күн тəртібіндегі мəселені талқылау қорытындысында Рио+20 саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған нақты қадамдар бойынша ұсыныстар белгіленді. «AstanaInvest 2013» IV

екендігі де көрер көзге көрініп тұр. Ал енді астаналықтарды қалалары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу шарасын жеңіп алғанымен құттықтаймын. Сөздің расын айтар болсақ, мұндай ғаламдық шараны өткізуге батылы жеткен жас қала – Астанаға əлі де көптеген ірі жобаларды жүзеге асыруына тура келеді. Десем де, аймақтағы қалаларға зер салсақ, Астананы телекоммуникацияны пайдалана отырып, бүкіл əлем халқына көрсету керек. Өйткені, мұндағы алапат үлкен жобалар өңірдегі бірде-бір елордада немесе басқа ірі қалаларда жүзеге асып жатқан жоқ. Сондықтан, Астананың артықшылықтары мен жетістіктерін, онымен қатар кемшіліктерін көрсете отырып, келешегін мінсіз құруға əрекет жасаған дұрыс. Негізі, қаланың имиджінің көтерілуі өзіне байланысты. Əрине, қаланың жер шарындағы географиялық орналасу орны да тартымды болуға жəне жылдам дамуына себепші. Бұл тұрғыда Астананың бағы жанып тұр деуге негіз бар. Біз қазір Қазақстанның жүрегі – Астанада тұрмыз. Астана Қазақстанның орталығында, ал, Қазақстан Еуразияның кіндігіне орналасуымен осынау транзитті өңірдің жүрегі десек қателеспейміз. Осыған қарағанда, Астананың қалағанынша гүлденіп, дамуына мүмкіндік мол. Біз осыны ескере

отырып, Астананың бүгіні мен ертеңін əлем халықтарына телеэкран арқылы көрсетіп, жағымды əрі тартымды қала ретінде қазірден бастап кеңінен таныта берген жөн деп білеміз. Негізінде қаланың көркею брендін жасауда халық қолдау білдіргені маңызды. Қала қаншама əдемі əрі қолайлы болғанымен халқы оған сай болмаса, ол қаланың жағымды имиджін жасау мүмкін емес. Сондықтан, коммуникацияларды дамытумен қатар, теледидар арқылы қала халқын ортақ іске шақыра білу керек. Онда тілшілер мен режиссерлардың қызметі үлкен болатыны белгілі. Мұнымен айтпағым, Астананың имиджін жоғары дəрежеде қалыптастыруға біз де қол ұшын беріп көмектесе аламыз. Сондайақ, өткізген халықаралық ауқымды шараларын, Астананың шынайы шырайлы көрінісін дүние жүзіне көрсетіп, туристердің осынау Еуразия кіндігіндегі бейбітшілік сүйгіш достастық қаласын тамашалауға шақыра аламыз. Келесі сөз кезегін алған World Organization of Creditors президенті Роберт Абдуллин əлемнің саяси жəне қаржы орталықтарына жүргізген зерттеулері жөнінде əңгімеледі. Ұйым президенті өздері жасаған зерттеулердің талдамаларын айта келіп, дамушы қалалардағы түрлі қызметтердің деңгейлерін көрсетті. Онда əлемдегі ірі инвесторларға тартымды қалалар бар. Көп жағдайда олардың көшбасшыларының қатарынан Қазақстан елордасы Астана да лайықты орнын алған. Зерттеулерімізге зер салсақ, түрлі дамушы ірі қалалар дың тыныс-тіршілігі мен орналасқан жері инвестициялық тартымдылыққа əсер етеді екен. Мұнда қалалардың экономикалық-əлеумет тік жетістіктері қаралады. Атап айтқанда, Лондон, Берлин, Париж, Вашингтон, Пекин, Мəскеу, Баку, Минск, Астана жəне АҚШ-тың қаржы орталығы Нью-Йорк қалаларының түрлі көрсеткіштері сөз болады. Əуелі аталған қалалардың əлеуметтік жағдайына тоқталғым келеді. Онда қалалардағы халық пен студенттердің саны жəне олардың өмір сүру деңгейі қарастырылады. Осы жағынан қарағанда, Астанада тұрғындардың 16,9 пайызы жоғары білім алады. Қазақстан елордасы бұл көрсеткішпен аталған қалалар арасында екінші орында тұр. Медициналық көмектің сапасына жасалған зерттеу дəрігерлер санымен сипатталады. Сондайақ, 10 мың адамға неше аурухана төсектері бар екендігімен де көрсетіледі. Шындығын айтқанда, бұл жағынан ТМД елдері алда тұр деуге негіз бар. Мəселен, Астанада 10 мың адамға 85 дəрігер қызмет көрсетіп, сонша адамға 108-109 аурухана төсегі бар көрінеді. Ал атақты Лондонда 10 мың адамға 36 ғана дəрігер қызмет етеді. Зерттеуде қалалардың ішкі жалпы өнімі де назардан тыс қалған жоқ. Астана қаласы даму жағынан жəне инвестициялық тартымдылығы тұрғысынан жоғары нəтижелерге қол жеткізіп жүр. Оны соңғы 3-4 жылдың көлемінде қалаға тартылған инвестиция көлемінен де анық көруге болады. Сонда Астана көп жағдайда Германия астанасы Берлиннен сəл ғана төмен келеді. Мұнымен қатар, Қазақстан

елордасында бой көтерген заманауи зауыттар шетелдік ірі компаниялармен бірлесіп салынып жатқандықтан, жұрт назарын өзіне көп аударып жатыр. Астананың бұл тəжірибесін өңірдегі дамуы тежелген көптеген елдер үйренсе, жаман болмас еді. Шетелдік білікті мамандарды шақырып, қаланың дамуын қамтамасыз ете отырып, өз персоналдарының біліктілігін үнемі көтеріп отырғандықтан да қала осындай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Pricewaterhouse Coopers (PwC) компаниясының серіктесі Хазем Галяль мырза Астана қаласын туристерге тартымды ету жөнінде баяндады. Астана əлемдік туристік орталықтардың біріне айналу үшін БАƏ, Түркия, Мысыр, Франция сияқты елдердің саладағы жетістіктерін зерттеп-зерделеп, соған орай, арнайы мамандар дайындауы керек. Қаланы жағымды жағынан əлемдік теледидарлар арқылы көрсетіп, дамушы елдердің тұрғындарына таныстыру керек. Қазірдің өзінде Астанаға келген туристерге көріп, тамашалайтын жəне демалатын орындар бар. Туристердің лайықты демалуына қолайлы жағдай жасалған. Десем де, туристерді тек қана əсем ғимараттармен қызықтыра алмаймыз. Туристер тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дəстүр мəдениетімен танысқысы келеді. Бұл тұрғыда Астанада көптеген шаруалар атқарылған. Енді осы істерді Астана аймағындағы көрікті жерлермен ұластыра білу керек. Мысалы, Қарағанды мен Көкшетау, Бурабай Астанаға келіп, демалатын туристерге қызықты бола алады. Енді елдің ескідегі тұрмыс-сал тын жаңғыртып, аталған өңір лерде көрсетсе, кімде-кімнің қызығушылығы артатынына сенім мол. Бүгінде Астанада 9-10 мың адамға қонақ үйлер бар. Əйтсе де, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізгелі отырған қалаға бұдан əлдеқайда көп қонақ үй керек. Көрме өткізілген кезде, бұл қала əлем жұртшылығының назарында болатындықтан, ендігі нысандар мен аллеяларды лайықты жасау қажет. Оған Қазақстанның мүмкіндігі бар деп білемін. Өйткені, Астананың қазіргі көрінісі кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Дей тұрғанмен, жол құрылысы мен көлік қатынасын да бір ретке келтірген жөн. Өйткені, миллиондаған адам қонаққа келгенде Астана тарылып қалуы ықтимал. Мұнымен бірге, алдағы уақытта халықаралық көрмені өткізу мəселесін басты назарда ұстап, қаладағы мемлекеттік сатып алу қызметтеріне де көп көңіл бөлінгені дұрыс. Қазіргі таңда жарнамасы жақсы болғанымен, кейбір қызметтердің сапасы сын көтермей жататыны белгілі. Сондай-ақ, туристермен жұмыс істейтін персоналдар санын арттырып, сапасын жақсарту да маңызды болып отыр, деп түйіндеді сөзін Хазем Галяль. Осы күні VI Астана экономикалық форумының қорытынды баспасөз мəслихаты болды. Шараны «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы өткізді. Оған Пар ламент Сенатының депутаты, аталған қауымдастықтың үйлестіру комитетінің тең төрағасы Серік Нөгербеков, Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының президенті Мұрат Қарымсақов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Экономикалық жəне əлеуметтік мəселелер бойынша департаменті басшысы У Хунбо, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Свен Алкалай, БҰҰ Экономикалық жəне əлеуметтік кеңесінің президенті Нестор Осорио, Чикаго, Дублин университеттерінің профессоры, 1993 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Джеймс Мирлис қатысты. Олар форумның өте жоғары дəрежеде ұйымдастырылып, өткізілгенін атап көрсетті. Биылғы форумға 12 596 делегат қатысыпты, оның 9476сы қазақстандық, 3120-сы шетелдіктер. Олардың арасында 10 Нобель сыйлығының лауреаты бар. Жалпы, АЭФ-қа 132 мемлекеттен делегаттар келіпті. Халықаралық шарада 350 баяндама жасалған. 80-нен астам өзара түсіністік жəне ықпалдастық құжаттарына қол қойылды. Олардың жалпы қаржы көлемі 2,7 миллиард долларды құраған. Сондай-ақ, форум аясында «Инвестициялық Періште» халықаралық сыйлығы тапсырылғанын да атап көрсету қажет. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

------------------------------------------Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


3

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

«Музыка Меккесі»

(Соңы. Басы 1-бетте). Соның айғағындай, екі елдің арасындағы достастықтың бастау алғанына жиырма жыл толуына орай Вена қаласындағы Кон цертхаустың үлкен залында Қазақстан Республикасының мəдениет күндерінің шымылдығы салтанатты түрде ашылды. Қазақ халқының мəдениет күндері Вена қаласында өтетіндігінен, онда осы елдің ең танымал өнер шеберлері сахна төріне көтерілетінінен алдын ала хабардар болған Австрия жұртшылығы Кон церт хаустың үлкен залына сыймай кетті. Жиналғандар алдында қазақша əрі ағылшынша сөз сөйлеген Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанның Австриядағы Мəдениет күндерінің ашылуымен құттықтады. Қазақстан мен Австрияның арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына небəрі жиырма жыл өтсе де, ол еркін дамып келе жатыр. Осы жылдар ішінде тəуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен үлкен нəтижелерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт ішінде Қазақстан Республикасы өзінің экономикасын, саяси жүйесін ойдағыдай реформалап, орасан зор табыстарға иек артты. Аумағына 32 Австрия еркін сыятын Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқан Қазақстан Батыс пен Шығысты, Ис лам мен Батыс өркениетінің арасын жалғап жатқан үлкен мемлекет. Оны əлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені деп ай ту ға толық негізіміз бар, деген министр одан əрі тəуелсіздік жылдары Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Батысты жалғаса, екінші жағынан Ислам ынтымақтастығы ұйы мы на басшылық жасап, Шығысты да жалғағанын айтты. Бұл Қазақстанның сыртқы саясаттағы үлкен табысы болып есептеледі. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы, сонымен қатар, Австрияның ТМД елдері арасында Украинадан жəне Ресейден кейінгі стратегиялық ең басты əріптесіне айналды. Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы орасан жетістіктерінің бірі – Астана қаласының тұрғызылуы екендігі сөзсіз. Онда көптеген жаңа сарайлар, театр лар, концерт залдары, мұражайлар мен кітапханалар салынды. Міне, енді, бүгін Қазақстанның жас өнер шеберлері веналық аудиторияның алдында өнер көрсетіп отыр. Бұл концерт Шығыс пен Батысты үндестіре үйлестіріп, қазақтардың толеранттылығы мен əлемді əсем бейнелеуін көрсетеді. Бұл орайда, Президентіміз Н.Назарбаевтың Австрия Республикасына ресми сапары шеңберінде Федералдық президент Хайнц Фишер мырзамен келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сəйкес, екі елдің мəдени күндерін өткізу туралы тапсырмаға орай, екі жақтан ерекше мəн берілгенін айтпай кету мүмкін емес. Қазақстан мен Австрия ара сында мəдени-гума ни тарлық саладағы қарым-қаты настың негіздері алғашқы серпін берген, яғни 1992 жылы қол қойылған Мəдени-гуманитарлық ынтымақ тастық туралы меморан дум бо лып табылады. Бұған қо са, аталған жоғарғы деңгейдегі шара шеңберінде, Австрия Республи касының Федералдық Білім, өнер жəне мəдениет министрлігі

басшылығымен жүргізген келіссөздер нəтижесінде қол қойылған екі ел министрліктері арасындағы өнер жəне мəдениет салаларында қарым-қатынасты тереңдетуге арналған хаттаманың да зор мəні бар дейміз. Бұл орайда, Австрияның мəдениетаралық тəжірибесі назар аудартады деп бекер айтқан жоқпыз. Австрия – Альпі шыңдарының, таулы өзендердің, шулы ормандардың елі. Бұл елде ұлы композиторлар Моцарт, Гайдн, Брамс, Глюк, Малер жəне əлемге вальстің королі ретінде танылған Штраус өнерін өрістетті. Жылдың нақ осы мезгілінде Австрия жері жайнай түседі. Əсіресе, Зальцбург – атақты композитор Вольфганг Амадей Моцарт ту ған, балалық шағын өткізген қала тіптен тамаша əсерге бөлейді. Венаның белгілі архитектуралық құндылықтары, қала сарайларын сиқырлы ғажайыптарға бөлейтін тарихи ескерткіштері керемет көз тартады. Сондықтан да, білетіндер Венаға көгілдір көктемнің көрікті кезінде сапар шеккен дұрыс деп санайды екен. Иə, бұл кезде жауынды болатыны сөзсіз, бірақ осының өзі адамды əн ырғағына жетелегендей əсер етеді. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, Австрия астанасы, ең алдымен, əннің ордасы десек, артық айтқандық емес. Венаның орталығын қосып жатқан атақты Ринг даңғылы бойында орналасқан австриялық барокко стилінде салынған Вена мемлекеттік опера ғимаратының өзі неге тұрады. Оның салыну тарихы да айрықша екендігі белгілі. Құрылысы сонау 1869 жылы салтанатты ашылу сəтінен кейін болған талай сыни жағдайларды сыр қылып шертеді. Сол сияқты Венаның күрделі ғимараттарының бірі – австрия-венгриялық империя ыдырағанға дейін елді билеген бұрынғы Габсбургтар резиденциясы – Хофбург. Жалпы, осы өткен мазмұнды оқиғалардың бəрі Венаның Еуропаның саяси астанасы ғана емес, сонымен қатар, көк күмбезін күмбірлеткен əуен ордасы екендігін де білдіреді. Австрияның барлық қалаларында дерлік өзінің театрлары бар. Мəселен, Вена мемлекеттік опера театры 1869 жылы ашылған. Оған кезінде Г. Малер, Р. Штраус, К.Бём, Г. фон Караян жетекшілік еткен. Австрияның түрлі қалаларында жыл бойына (ең алдымен, Вена жəне Зальцбургте) əн фестивалі өтіп тұрады. Вена қаласында, бұдан басқа да Бургтеатр жəне Фольсопер секілді белгілі театрлар бар. Елдің ең белгілі мұражайлары қатарына қосылатын мəдени-тарихи, көркемтарихи, табиғи-тарихи жəне тарихи мұражайлар, сол сияқты, В.Моцарт, Л.Бетховен, И.Гайдн, Ф.Шуберт, И.Штраус, И.Кальман секілді ұлы адамдардың өмірі мен қызметіне бай ла нысты көптеген мұражайүйлері бар. Австрия Республикасы Қазақстанның тəуелсіздігі мен егемендігін таныған алғашқы еуропалық елдердің қатарына жататындығын, əрине, мақтанышпен айтамыз. Қазақстан үшін «Еуропаға апаратын» ең перспективалы жолдың бірі Австриямен ынтымақтастықты дамыту арқылы өтеді. Жоғарыда айт қанымыздай, екі елдің мəдени жəне гуманитарлық саласындағы қарымқатынастың дамуына 1992 жылы қол қойылған Ынтымақтас тық туралы меморандум негіз болып табылады. Осыған да байланысты болса керек, соңғы жылдары екі ел арасындағы өзара ықпалдастық

жайы ерекше даму қарқынына ие болды. Мəселен, 2007 жылы Вена мен Инсбруктегі кинофестивальдің өтуіне орай қазақстандық режиссер Жаңабек Жетірудың «Записки путевого обходчика» атты фильмі көрсетілді. Осы жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған халық аралық «Еуразия» кино фестивалі аясында Ульрих Зайделдің «Импорт-Экспорт» фильмі көрсетілсе, ал режиссер Бахман Гоба дидің «Жарты ай» (Австрия, Франция, Иран жəне Ирак елдері нің кинематографистерімен біріккен жұмыс) фильмі жюридің шешімі бойынша Гран-приге ие болды. Бұған қоса, 2007 жылы Бейбітшілік жəне келісім сарайында австриялық орындаушылар Паулетты де Вон мен Марианн Талабоның қатысуымен екі опера өтті. Қазақстанның мəдениет күндеріне орай тарихи Розенбург қорғанындағы алаңда екі елдің саятшылық өнері көрсетілді. Аталған Розенбург қорғаны солтүстік-батыста, Вена қаласынан жүз шақырымдай қашықтықта Камп өзенінің көрікті тұсында орналасқан. Қорған орналасқан жеріндегі тамаша табиғатымен ерекше көзге түседі. Ал «Розенбург» сөзі «құлыптағы раушан» деген ұғымды білдіреді екен. Міне, осы тарихы əріден өрілген атақты қорған алаңында тамаша көрініс болды. Ұлттық киімдегі қазақ жігітінің қолынан көкке самғай көтерілген қыран құс көк күмбезінде қалықтай келе, кенет жемтігін көзі шалған бойда төмен қарай тас түйін түйіле ағылып түскенде, демін тартқан көрерменнің құлағында құлдилаған құстың ауаны қақ жарған дыбысы ғана қалды. Қыранның төмен қарай шаншыла құлағанын ғана байқап қалған жұрт, артынша оның жемтігінің үстінде отырғанын бір-ақ көрді. Осыған орай қыран құстармен саятшылық жасау өнерін австриялықтар да ортаға салды. Бірақ Розенбургте жиналған еуропалықтар қазақ жігітінің аңға салған бүркіттің алымдығына қайран қалысып, ризалықпен қол соқты. Қыран құстармен саятшылық құру, құсбегілік қазақтар үшін аңшылықтың бір түрі ғана емес, бұл – үлкен өнер, яғни мəдениеттің бір түрі болып есептелінеді. Қазақстан жерінде табылған көне заттарға көз жіберсек, осыдан 3-4 мың жыл бұрын қазақтардың арғы тегі ең бірінші қыран құстарды қолға үйретіп, оны аңшылыққа пайдаланған. Оның үстіне Қазақстан əлемде өзінің мемлекеттік туында қыранды бейнелеген жалғыз ел. Кейбір мемлекеттер үшін қыран құстарды қолға үйрету ойын-сауық, əуесқойлықтың бір түрі болса, біз үшін бұл ұлттық дəстүрдің биік шыңы болып есептеледі. Əрине, қыран құстарды баптау оңай емес. Қазақтар қыран құстардың бірнеше түрімен əлі күнге айналысады. Мəселен, олардың ішінде: ителгімен, сұңқармен, қаршығамен жəне сондай-ақ, қыран құстардың төресі саналатын – бүркітпен аңға шығу еліміздің барлық аймақтарында кеңінен орын алған. Сондықтан бүгінде ЮНЕСКО материалдық емес мұраның тізімін жасауда, ол тізімге əлемнің 12 мемлекеті қосылған, енді оған 13-і болып биыл Қазақстан да тапсырысын беріп отыр. Демек, алдағы уақытта аталған тізімде біздің еліміз де болады. Австриялықтардың өздері де мойындағандай, қыран құстармен саятшылық құру Орталық Азиядан шыққандығын оны əлі күнге еліміздің барлық аймақтарында бұл дəстүрдің сақталғандығы дəлелдей түседі. Біздің ұлттық тазымыз да аңшы иттердің тұқымынан тарайды, бірақ біздегі саятшылықтың бір артықшылығы, бірқатар мықты аңшыларымыз тазы иттерді қоса алып, саятшылық жасайды. Тазы құстарды бұталардың арасынан үркітіп ұшырса, бүркіт оны сол мезетте қағып түсіреді. Бүркітпен аңға шығу – өнердің ең биік түрі. Туында қыран құс бей неленген əлемде жалғыз ел болғандықтан, жоғарыдағы өнер келешек ұрпақтың да санасына сіңуі қажет, дейді бұл туралы өз ойын білдірген Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Əлемдік деңгейде жинақталып жатқан материалдық мұраның тізіміне енгізетін біздің құндылықтарымыз баршылық. Тек олардың қайсысы теңдессіз, қайсысы алдымен немесе кейін көрсетілуі тиіс деген дəрежелеріне сай өз орындарын анықтап алған дұрыс. Жоғарыда айтылғандай, ЮНЕСКО

2001 жылдан бастап материалдық емес мұралардың тізімін жасау үстінде. Қазіргі күні бұл тізімге, яғни конвенцияға 90-нан аса мемлекет енген. Онда шамамен 350 əлемдік мұралар бар. Мұнда өзі аты айтып тұрғандай, материалдық емес мұраларды ғана алу қажет. Ал біздің домбыра, қобыз, киіз үй материалдық мұралар болып табылғанымен, оларды жасау жолдарын енгізу көңілге қонымды. Сол сияқты, қобыз, домбыра жəне онда ойнау өнерін аталған тізімге қуана енгізуге болады. Айтысты да бұл қатардан алып тастай алмаймыз. Сол сияқты, кейбіреулер домбыраға қоса «ортекені» ойнататын тəсілді енгізу қажеттігін алға тартады. Ал бұл тіптен ақылға сыйымсыз ұсыныс екендігі өз-өзінен байқалып тұрған жоқ па? Əлбетте музыка ойнағанда режиссер, ең алдымен, құлаққа ұрған тыныштықтың сақталуын талап етеді. Өйткені, шыбын ызыңының өзі тыныштық үйлесімділігін əбден бұзуы мүмкін. Көлденеңнен қосылған артық дыбыс салдарынан оркестрдің бар жұмысы көкке ұшады. Демек, мұндайда «ортекені» пайдалану дұрыс па? Өйткені, «ортеке» қимылынан үнемі артық дыбыс шығады. Ендеше, осы «ортеке» дегеніміз қазақтың мəдениетін əлемдік деңгейде көрсететін құндылық болып табыла ма? Егер Құрманғазы атамыз тірі болып, өзінің «Сарыарқасын» «ортеке» стилінде ойнап тұрғанын көрсе, не дер еді? Əрине, құпта масы анық. Міне, осы орайда жоғарыда айтқанымыздай, қыран құстармен саятшылық құру өнерін əлемдік материалдық емес мұралар тізіміне енгізуге əбден болады деген сөз. Ал киіз үйіміз құрылысының кереметтігі сондай, оны Американың өзі де шығаруды қолға алды. Сол сияқты, біздің қымы зымызды да аталған тізімге қосуға əбден болады деп ойлаймыз. Өйткені, адамзат адам болып қалыптасудың алғашқы сатысында-ақ жылқыны қолға үйреткен біздің бабаларымыз екендігі белгілі. Оны Солтүстік Қазақстан жерінен табылған көне айғақ заттар дəлелдеп отыр. Демек, адамзат арасында ең бірінші жылқыны да қолға үйреткен, оның сүті мен қымызын да пайдаланған Қазақстан екендігі бұлтартпас шындық. Міне, мұның бəрі өте құнды мəліметтер екені сөзсіз. Ал біреулер «Қаражорға» биін де ұсыну қажеттігін айтады. Бізде бұдан бұрын да болған билеріміздің саны көп. Мұның бəрін тəптіштеп салыстыра айтып жатқанымыз, бүркіт баптау, қыран құстармен аңшылық жасау өнерін əлемдік материалдық емес мұра тізіміне енгізу əбден лайықты дегіміз келеді. Мəдени күндердің ашылу салтанатына Австрияның Мəдени мұра жəне мəдени қызмет, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, дипломатиялық корпус, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Австрия мен Қазақстан арасындағы мəдени байланыстардың тамыры тереңде жатқандықтан екі ел арасындағы мəдениет күндерін өткізу бірыңғай мəдени-ақпараттық кеңіс тікті нығайтуға, екіжақты қарым-қатынастың дамуына септігін тигізері сөзсіз. Бұл шара Вена жұртшылығының қазақ халқы мəдениетіне деген аса үлкен қызығушылығын оятып, екі елдің арасындағы мəдени байланыстардың одан əрі дамуына серпін береді деген терең ойға жетелейді. Соның бір көрінісіндей, көрікті Вена қаласы ның əр түкпірінен жиналған небір өнерсүйер қауым өкілдері қазақстандықтардың шеберлігіне сүйсіне көз тікті. Сахнада Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың дирижерлік етуімен «Сарыарқа» күйін төгілдіре төккенде жалпы өнерсүйер қауым бір сілкініп алды. Алан Бөрібаев – танымал қазақ дирижері, Ирландияның радио жəне телевизия ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері жəне көркемдік жетекшісі, Ресейдің Үл кен театрының шақырылған дирижері. Ал А.Жұбанов пен Л.Хамиди дің «Абай» операсындағы «Тойбастарды» оркестрдің сүйемелдеуінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов пен Айгүл Ниязова, М.Тө лебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы «Айтысты» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, халықаралық

конкурстардың ллауреаты Нұржан Бажекенов жəне оркестр халықаралық конкурстардың лауреаты Ерболат Ахмедияровтың дирижерлік етуімен, сол сияқты Құрманғазының «Балбырауынын» халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері Арман Жүдебаевтың дирижерлік етуімен оркестр орындағанда жəне М.Ержановтың «Сайра бұлбұлын» республикалық конкурстардың лауреаты Жақсыгелді Маясаров домбырамен қосыла айтып шырқағанда залда отырғандар бір серпіліп қалды. Ал қос ішекті домбыраның құдіреті мен қасиетін əлемге таныту да үлкен шеберлікті қажет ететіні анық. Бұл орайда Н.Меңдіғалиевтің «Домбыра ту ра лы аңызын» халықаралық кон курс тардың лауреаты Нарын Қажығалиев рояльда ойнағанда, М.Төлебаевтың «Поэмасын» халық аралық конкурстардың лауреаты Ержан Құлыбаев скрипкада, сол сияқты В.Моцарттың, И.Брамстың, Г.Доницеттидің, И.Штраустың жəне т.б. ұлы шығармаларын дəл өзіндей жеріне жеткізе орындай білгенде қол соқпаған жан қалмады. Жалпы, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі Австрияда осымен екінші мəрте болып отырғанын айта кеткен жөн. Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2010 жылы еліміздің Тəуелсіздігінің 19 жылдығына жəне сонымен қатар, ЕҚЫҰ төрағалық етуіміздің аяқталуына орай Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің қолдауымен Венаның Хофбург сарайында көк күмбезін күмбірлеткен əсем əуен төгілген болатын. Бұған сол кезде өнер сыншылары мен жұртшылықтан жоғары баға берілді. Енді атақты оркестр 80 жылдығын тойлау қарсаңында Венаның тағы бір тарихи да қастерлі өнер ордасы – Концертхаустың үлкен залында өнерін одан əрі асқақтатып, шеберліктерін паш етті. Бұл залдың бір ерекшелігі кез келген шыққан дыбыс оның төрт бұрышынан да сол мезетте бір деңгейде естіледі екен. Сондықтан да болса керек, біздің əншілеріміз, сыбызғышылар, домбырашылар, сырнайшылар бұл залда өнерлерін көрсетуге бірден ынтыға түсті. Концертхаустың үлкен залынан орын алу үшін ерте жиналған австриялықтарға фойеде арнайы дастарқан жайылып, ерекше құрмет көрсетілді. Жергілікті тілде қазақ өнерін паш еткен көптеген əдебиеттер қойылып, қазақтың əн-күйлерінің жинақтары табыс етілді. Концерт аяқталғаннан кейін иіні сіресе толған Концертхаустың үш қабатты залын жайлаған адамдар кетпей, қол соғып тұрып алды. Венаның өнерсүйер қауымы даланың табиғи самалындай есіле соғып, жан дүниені тəтті сезім, құдіретті күймен тербеп алған əсерден бірден айыға алмады. Олар қазақтың қара домбырасы мен ұлы қобызынан шыққан үнді даланың саумал самалындай сіңіре бергісі келді. Бірақ бəрін де уақыт билеген заманда бəрі де шектеулі болғандықтан өнердің құдіретіне бас иген жандар бірбіріне əсерлерін айтып, амалсыз қозғалды. Осы кезде біз де студент аудармашылардың көмегін пайдаланып, африкалық бір көрерменнің пікірін сұрадық. – Мен дирижер Алан Бөрібаевтың өнеріне сырттай қанықпын. Қазақстанның осында концерті болатынын білгенде А.Бөрібаевтың шеберлігін жəне қазақстандық оркестрдің шығармаларын өз құлағыммен тыңдағым келді. Енді концерттен алған əсерім керемет. Барлық шығармалар өте жоғары деңгейде орындалды. Расын айтсам, сіздердің əртістеріңіздің бəрі əрі жас, əрі өте талантты адамдар екен. Олардың осы алымды да қарымды қадамдарына қа ра ғанда, əлеуеті тіптен зор екендігі байқалады, – деді Жан-Ален Нгапут. Осылайша, Қазақстанның мəдениет күндеріне орай ұйымдастырылып, Венаның қақ төрінде шырқалған қазақ əуендері Еуропа астанасын тағы бір тамсандырып, таңғалдырып, дүр сілкіндірді. Осыдан-ақ оның жоғары дайындықта болғандығын, шеберліктің шыңына көтерілгендігін, əлемдік мəдениет орталығының өнерсүйер қауымының көңілінен шыққандығын айқын аңғардық. АСТАНА – ВЕНА – АСТАНА. –––––––––––––––– Суреттерді түсірген Игорь БУРГАНДИНОВ.


4

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Парламентші пайымы

 Талқылау тағылымы

Сот орындаушысы

Жаѕа заѕ – жаѕа серпін

Оныѕ мəртебесін кґтермей, істіѕ оѕ сипат алмайтыны аќиќат

Ермек ЖҰМАБАЕВ, Сенат депутаты.

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқық қорғау органдарын реформалауды одан əрі жалғастыру жəне ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуды кезекті сатымен жүргізу қажеттігін басым міндеттердің бірі ретінде айқындап берген болатын. Бұл ретте ел Президенті құқық қорғау органдарының кадрларын сапалы тұрғыдан жаңарту, басшылардың президенттік резервін құру жəне ағымдағы жыл ішінде құқық қорғау органдарының кадрлық саясатының тұжырымдамасын əзірлеу міндетін де жүктеді. Бұл қызметтің басты басымдықтары: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің ден қоюының сөзсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстарды тез əрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды əшкерелеу жəне оларды жауапкершілікке тарту, құқық бұзушылық профилактикасы, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара ісқимыл жасау болып табылады. Құқық қорғау органдарына азаматтардың құқықтары мен бостандығын, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген. Құқық қорғау органдарының əрбір қызметкеріне мемлекеттік қызметші ретінде жоғары талаптар қойылады. Бұл орайда аталған қызметкерлердің мүлтіксіз беделі мен жоғары моральдық-адамгершілік келбетінің маңызы зор. Мəселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Білім туралы» жəне «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түзетулер енгізіледі. Бұл заң құқық қорғау органдарына жұмысқа алынатын қызметкерлерді барынша сапалы іріктеу мақсатында əзірленіп отыр. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметіне жұмысқа қабылдау кезінде үміткердің міндетті түрде психофизиологиялық куəландырудан өтуі, оның ішінде оларды полиграфологиялық зерттеу көзделеді. Заңға сəйкес қызметтік тергеу жүргізу кезінде де қажеттілігіне қарай полиграфологиялық зерттеу жасалуы мүмкін. Полиграф («жалған айтуды анықтау детекторы») əлемнің көптеген елдерінде пайдаланылады. Полиграфты пайдалана отырып, сауалдама жүргізу сұралатын адамның денсаулығына зиян келтірмейтін рəсім, бұл бұрын орын алған қандай да бір оқиға туралы ақпарат алуға бағытталады. Көптеген елдерде оны пайдалану құқық қорғау органдары қызметінің кадрларға қатысты мəселелерді шешу кезінде міндетті атрибут болып табылады. Осы саладағы зерттеулер көбіне полиграфты пайдалану тиісті адам хабарлап отырған ақпараттың анықтығын тексерудің жəне ол жасырып отырған фактілер туралы мəліметтер алудың бірден-бір мүмкіндігі екенін көрсетіп отыр. Құқық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау кезінде полиграфологиялық зерттеулер жүргізу жұмысқа орналасудың уəждерін айқындауға, заңдылықты жəне тəртіпті бұзуға бейім адамдардың пайдакүнемдік мақсаттарды көздеуін анықтауға мүмкіндік береді, бұл азаматтарды құқық қорғау органдарына қызметке алу үшін кəсіби психологиялық іріктеу жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Заңға сəйкес полиграфологиялық зерттеуден өткізу тəртібін Үкімет айқындамақ. Заңда құқық қорғау органдарының қатардағы жəне басшылық құрамының лауазымдарын атқарудың жалпы қағидалары да айқындалған, қызметкерлерді құқық қорғау органдарының қарамағына алу тəртібі мен оның негіздері нақтыланып, құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың шекті жасы ұлғайтылған. Оған қоса, заң құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві мəселелерін реттейді, ол құқық қорғау органдарының бос тұрған жоғары басшылық лауазымдарын атқару үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында жасақталады. Заңға сəйкес конкурстық негізде атқарылатын лауазымдардың тізбесін, бұл лауазымдарға арналған біліктілік талаптарын, конкурсты өткізу жəне тағылымдамадан өту шарттары мен тəртібін құқық қорғау органының басшысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды. Прокуратура органдарына жұмысқа алғаш кіріскен адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тəртіппен бір жылға дейін сынақ мерзімі белгіленеді. Бұдан өзге, заңда жекелеген ұғымдар нақтыланып, бірінші арнаулы атақ берудің тəртібі реттелген. Заңмен «Білім туралы» Заңға енгізілетін өзгерістер құқық қорғау органдарының оқу орындарында оқитын азаматтарға тегін екінші жоғары білім алу құқығын берумен байланысты болып отыр. Əрбір қызметкер азаматтардың құрметі мен сеніміне қол жеткізген жағдайда ғана құқық қорғау органдарының оң беделі қалыптасады. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің халық талап ететін əрекетіне бағытталған қызметті бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін əзірлеу жəне енгізу құқық қорғау органдарын реформалаудың негізгі мақсаттарының бірі болуға тиіс. Құқық қорғау органдарына «халық сенімінің» деңгейі жоғарылауы керек.

Жуырда Мəжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мəселелерін қамтитын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл, қарапайым тілмен айтқанда, сот орындаушыларының жұмысын жетілдіруді қарастырған заң жобасы еді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

 Əріптестік əлеуеті

Ґзара пікір алмасылды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Ирак Республикасының вице-премьері Руиз Нури Шауиспен кездесті. Р.Н.Шауис Ирак делегациясының құрамында VІ Астана экономикалық форумының жұмысына қатысқан болатын, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қ.Ищанов мемлекеттік билік жүйесіндегі, еліміздің əлеуметтік жəне экономикалық дамуындағы Қазақстан Парламентінің рөлі мен орны туралы əңгімеледі. Қазақстан мен Ирактың халықаралық ұйымдар, оның ішінде Ислам Ынтымақтастығы

Ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы табысты ынтымақтастығы атап өтілді. Сондай-ақ, əңгіме барысында саудаэкономикалық байланыстардың жағдайы мен келешегі жəне парламентаралық үнқатысуды ілгерілету туралы пікір алмасылды.

 Іскерлік іссапарлары

Комиссия отырыстарына ќатысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму жəне кəсіпкерлік комитетінің мүшесі Нұрлан Сүлейменов Санкт-Петербургте мемлекеттік құрылыс жəне жергілікті өзін өзі басқару тəжірибесін зерделеу жөніндегі ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысып қайтты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Баяндама жасаған сенатор ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмыс тобы Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аймақаралық ынтымақтастығы туралы конвенция жобасы бойынша жұмыстарға кіріскені туралы хабардар етті. Ол конвенцияның қабылдануы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау есебінен ТМДға қатысушы мемлекеттердің ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылын одан əрі тереңдетуге қызмет ететінін атап өтті. Н.Сүлейменов Санкт-Петербургте, сонымен

қатар, «Экологиялық мəдениет – экологиялық мəселелерді шешудің негізі» тақырыбы бойынша Халықаралық Нева экологиялық конгресіне қатысты. Халықаралық Нева экологиялық конгресі трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық жүйесін қалыптастыруға жəрдемдесуге, халықаралық экологиялық құқықтарды жетілдіру жəне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғам мен табиғаттың өзара ісқимылы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаларын жақындастыруға бағытталған.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Əділет вице-министрі Дулат Құсдəулетов Ата Заңда сот шешімдері мен үкімдері барлық мемлекеттік жəне жеке заңды тұлғалар үшін міндетті түрде орындалуы керектігі айтылғанын тілге тиек етті. Бірақ ол бізде мүлде орындалмаудың о жақ, бұ жағында екен. Жыл сайын соттардың əрбір екінші шешімдері орындалмайтын көрінеді. Осыдан-ақ біздің сот билігі үстемдік ететін құқықтық мемлекет құру дəрежеміздің қай деңгейде екені айқын көрінсе керек. Қаншама жұрт əділ сот арқылы борышкерден теңдікке қол жеткіземіз деп шырылдап жүреді. Орасан жүйке, қаржы шығындарын кеше отырып, əрең дегенде сотта əділеттілікке қолдары жеткенімен, шешімнің орындалмауы екінші соққы болып тиеді. Осындайдан кейін кейбір жандардың ештеңеге сенбей, дүниеден түңіліп кетуі де орын алып жатқан жəйттер кездесетінін жасыруға болмайды. Ал сот шешімін орындатуға тиісті сот орындаушылар біресе соттың, біресе Əділет министрлігінің қарамағына екі реттен беріліп, əлі күнге нақты мəртебесіне қол жеткізе алмай келеді. Мемлекеттік қызмет санатының тізілімінде де ең аз еңбекақы алатындардың қатарында тұр. Əлеуетті күшке, яғни мəжбүрлеу құзыретіне ие сот приставы деген қызмет бар. Ал олар сот орындаушыларды Əділет министрлігінің қарамағына кезекті рет бергенде соттың қарамағында қала беріпті. Сот ғимаратын, процесін ІІМ «Күзет» қызметі бақылайды. Ендеше, сот приставын неге сот орындаушыларының жанына бермеске? Алыс-жақын дамыған шетелдердің бəрінде сот орындаушылар мен сот приставтары бір шаңырақтың астында. Ал бізде қызмет бағыттары бірдей бұл екеуі неге екі жаққа бөлініп тасталған? Міне, осындай келеңсіз жəйттер Мемлекет басшысының да құлағына жеткен болуы керек, ол өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында сот орындаушылық жүйесін жетілдіруді қадап айтты. Мына заң жобасы сол талапты орындау мақсатымен ұсынылып отыр екен. Баяндамашы

Атқарушылық іс жүргізу бойынша бұрыннан қалыптасқан көптеген кемшіліктерге тоқталды. Соның ішінде борышкерлерден миллиондаған сома өндіру – жеңіл қылмыс санатына жатқызылып келгендігін айтты. Сондықтан оған қарсы қолданылатын жаза да əсерсіз, деді ол. Бұл заң жобасы алимент төлеушілердің мəселесін шешуге қаншалықты ықпал етер екен? Қашып жүрген алиментшілерден төлем өндірілгенше балалы анаға өкімет өзі төлеуі керек деген Елбасының сөзі бар еді, сол мəселе заң жобасында ескерілді ме деген сұраққа қанағаттанарлық жауап болмады. Депутат Е.Дошаев борышкерден соттың шешімімен өндірілетін соманы алу үшін қандай нақты тетіктер қарастырылған деген сұрақ берді. Қазіргі қолданыстағы заң борышкердің мүлкін тұтқындау, шетелге қашып кетуін шектеу сияқты дүниелерді орындауға келгенде толып жатқан төрешілдік кедергілердің кесірінен, соның ішінде орындаушылықты кейінге қалдыру деген сияқты нормаларымен өзі кедергі келтіреді екен. Д.Құсдəулетов енді ондайларды жою қарастырылды, деді. Депутат Г.Исімбаева: Сот орындаушылары туралы 2010 жылы ғана заң қабылдаған едік. Сол кезде жекеменшік сот орындаушылар институтын енгіздік. Оны қабылдарда енді сот орын даушылықтың жақсара түсетінін айтқан едіңіз. Ал бүгінгі статистикаға қарасақ, əлі де сол «баяғы жартас – бір жартас» қалпында екен. Мына заңды қабылдасақ та солай болмай ма» деген сыңайда үмітсіздік білдірді. Оған баяндамашы құрғақ сандарды айтып беруден артық жөндем жауап бере алмады. Барлығы 731 адам жекеменшік сот орындаушының лицензиясын алған екен, соның 226-сы ғана қазір жұмыс істеп жүрген көрінеді. Бірақ олар сот орындаушылардың ауыр міндетін жеңілдете алған жоқ. Өздеріне ұнаған, орындалуы мүмкін істерді ғана таңдап алады, деді Д.Құсдəулетов. Депутат Нұрғали Əшім ұсынылып отырған заң жобасындағы 11-бапқа тоқталды. Онда соттың шешімі шыққан соң борышкерден өндірілетін сома 15 күннен кейін ғана алынады делінген екен. Бұл сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын норма, өйткені,

15 күннің ішінде кез келген борышкер өз мүлкін сатып жіберері сөзсіз. Екіншіден, бұл норма өндіріп алушының құқығын шектейді. Сонда бұл норма не үшін ұсынылып отыр, деді. Оған берілген жауап тіпті «қызық» шықты. Біз ондай мерзімді қойған жоқ едік, ол басқа органдармен келісу кезінде пайда болды. Енді жұмыс тобының отырысында сіздердің көмектеріңізбен ондай норманы алып тастармыз деген үміттемін, деді Д.Құсдəулетов. Демек, мұндай ұстанымға мүдделі құдыреті күшті мекеме бар деп ой қорытуға мəжбүрміз. Депутат Тұрсынбек Өмірзақов дамыған шетелдерде сот орындаушы деген ең жоғары еңбекақы алатын қызмет болғанда бізде неге ең төменгі табыс табатындар қатарында екеніне өкініш білдірді. Оған жауап ретінде сот орындаушының мəртебесі қазір аздап арттырылып, енді ол кем дегенде 70 мың теңге еңбекақы алуға қол жеткізетіні айтылды. Талқылау барысында да бірнеше депутат сөйледі. Соның ішінде Рамазан Сəрпеков бұл саланы өте жақсы білетінін көрсетті. Ол сот орындаушыларының жастары қазір 21 мен 25 арасында екенін айта келіп, олардың дені тəртіптік, əкімшілік, тіпті қылмыстық жауап қа тартылғандар, деді. Сонымен қатар, ол осыдан үш жыл бұрын жекеменшік сот орындаушылар институтын енгізерде өзінің қарсы болғанын жеткізді. Өйткені, ондайлар тек өз мүддесі үшін ғана жұмыс істейтіндер. Соның ішінде байлардың мүддесін ғана көздейді. Бейнеті көп жұмыстарға олар жоламайды. Осы уақытқа дейін олардың бірдебір орындаушылық істерінің көрінбеуі сондықтан, деді депутат. Сонымен бірге, депутат тəркіленген дүниелердің аукционнан сатылуы кезінде де сыбайлас жемқорлыққа жол берілетінін атап өтті. Сөзінің қорытындысында ол сот орындаушының мəртебесін қоғамдағы қажеттілігіне сəйкес жоғары көтермейінше, бұл істен тиісті қорытынды шығару қиын. Ал мына заң жобасы, біздің жасаған ұсыныстарымызды ескерсе, соған біршама ықпал етеді, деді. Міне, осылайша, сот орындаушы мəртебесін көтеру, оның жұмысын жетілдіру мəселесін қарастырған заң жобасы палата тарапынан қолдау тапты. Оның қаншалықты тиімді боларын уақыт көрсетеді. Ал көршілес Ресейде қазір бұл қызметтің тиімділігі орасан екені айтылды. Ендеше, алысқа бармай-ақ тым болмаса солардың тəжірибесін үйренуге болмас па екен?

 Депутат дабылы

Бўл – жайбараќат жататын жайдаќ заман емес Алдан СМАЙЫЛ, Мəжіліс депутаты.

Бүгінгі заман «Таңғы нəсіп – тəң ір ден» деп жайбарақат жататын жайдақ заман емес. Алуан мақ саттағы ақпараттарды ертелі-кеш еркін жамыратқан, бүтінді бөлшекке, бөлшекті шаң-тозаңға айналдыруға асыққан алаяқ заман. Сондықтан болар, көзі ашық, көкірегі ояу жұрт «Əлемде ақпарат соғысы жүріп жатыр» деп жар салуда. Бұл соғыстың ұлттық мəдениетке қарсы агрессия, экономикалық ақпарат агрессиясы, бейбіт үрейлендіру, психологиялық үрейлендіру, ақылдың ақпараттық соғысы, «ұлттың ерікжігеріне қарсы операция», «ұлттық мəдениеттер деңгейіндегі операция» деп аталатын бағыттары бар. Қазақстанда осы ақпарат май данының қыр-сырын тұрақты зерттейтін орталық бар ма? Жоқ. Ал Ресейде президентке тікелей бағынатын «Ақпараттық талдау бюросы» жұмыс істейді. Құрамында 1500 маманы бар бұл құрылым «Электронды бұқаралық ақпарат құралдары басқармасы», «Баспасөз бұқаралық ақпарат құралдары

басқармасы», «Интернет басқармасы» секілді салаларды біріктіреді. Ал дамыған мемлекеттерде ақпараттық стратегия орталықтары талайдан бар. Олар ақпаратты өздеріне қолайлы қоғамдық ойды, қоғамдық мінез бен өмір сүру дағдысын қалыптастыруға бағыттауда. Біз сыртқы ақпараттың, сəт сайын ағылып келіп жатқан миллиардтаған ақпараттың қоғамдық ойымыз бен мінезімізді қалай жəне қаншалықты өзгертуде екенін зерттеп отырмыз ба? Оның зардабын бағалай алдық па? Зиянды ақпарат, əзəзіл ақпарат қоғамның бір бөлігін аздырып жатқан жоқ па? Балалар өзіне өзі неге қол жұмсайды? Жас ана нəрестесін неге қоқыс жəшігіне лақтырады? Соқталдай азамат неге 4-5 жастағы қыз баланы зорлайды? Қатыгез діндарлар қайдан пайда болды? Бір жыныстылардың некелесуі туралы естиміз деп пе едік? Бесіктен белі шықпай жатып сəбилі болғандар үшін кім жауап береді? Ағасы қарындасын, баласы анасын өлтірген заман – нендей заман? Осының бəрін зерттейтін, зерттей келе зерделейтін, ел болып, мемлекет болып қорытынды шығаратын кез жетті.

Бізді үрейлендіретіні, күнделікті тележаңалықтан жиі берілетін атып кетті, шауып кеттілерге көптің немқұрайлы қарайтыны, мұндай суық хабарлардың үйреншікті болып бара жатқаны. Осы заманда адам өмірі мен арнамысының құны қанша? Құнсызданған үстіне құнсызданып барады. Аузынан уыз дəмі кетпеген баланы зорлап өлтірген жыртқыш 15-20 жылға кесіледі. Бір үйлі жанды қырып салғандар да солай... Ал мұндай хайуандарға қандай қатал жаза қолдансаң да артық емес қой. Бізге, қазақстандықтарға өлім жазасы кесілетін қылмыстарды қайта қарау керек. Үкімет осыған ықпал етуі тиіс деп білеміз. Қазіргі қоғамда адамға жат тағы бір сорақылық пайда болды. Біржыныстылардың клубы облыстар орталықтарында ашылғанын естіп, жағамызды ұстадық. Интернетте сондай екі адамның үйлену тойы өткені туралы хабар жүр. Осындай азғындардың саны 240 мыңнан асып кетіпті. Мұны неге айтып отыр дейсіздер ғой. АҚШ пен Францияның президенттері ашық қолдаған, Еуропаның оншақты елінде мақұлданған біржынысты неке

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

бізге де қатер төндірмеуін бүгіннен, дəл осы сəттен ойлауымыз керек. Оларға барлық жерде қатаң тыйым салынсын. Адамның бүкіл иманды болмысына, Алланың əміріне қарсы қылмыс деп танылсын. Осыған негіз болатын заң қабылдайық. Содан кейін ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық жауапкершілік туралы мəселе көтерілуі керек деп пайымдаймыз. Егер өзіміз таратып жатқан жəне сырттан ағылған ақпаратты күнделікті талдайтын болсақ, қоғам қандай ақпараттың ықпалында кетіп бара

жатқанын дер кезінде анықтай алар едік. Ақпаратты бағалау, ақпараттан қорғану, ақпаратты жоспарлау, ақпарат арқылы тəрбиелеу секілді бағыттарда ұдайы жұмыс істер едік. Əзірге бұдан адамыз. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты, сырттан ағылған ақпараттың мақсаты мен зардаптары, əлемдік ақпаратқа Қазақстанның ақпараттық қуатының қаншалықты ықпал ете алатыны туралы жыл сайын мемлекеттік есеп дайындалып, Үкімет пен Парламентте тыңдалатын болуы тиіс.


www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

 Тарих толқынында Тəуелсіздік еліміздің өткен тарихын біліп алуға, зерттеуге, қуаныш-шаттықты көзге елестететін тойлар өткізуге мүмкіндік берді. Кеңес заманында қазақ деген атауды ептеп елжірей айтсаң «ұлтшылсың» деп тап беріп таңба басатын, жəбір-жапа көрсететін қисынсыздық түгелдей болмағанымен, саябырси бастағанының өзі тарихымызды білуге, елдігіміздің ерекшелігін тануға, сөйтіп, ұлттық намысымызды оятуға мүмкіндік бергеніне қуанып жүрміз. Ұзағынан болғай! ІV ғасырға жуық, яғни 360 жыл құлдық психологияда, көрінгеннің табанында езіліп, аузына қарап күн көруге, қабағына қарап сөйлеуге дағдыланып қалғанымыз азаттық дəуірде сезілмейді, елпілдеп тұратынымыз қазір байқалмайды деп ешкім айта қоймас. Əйтеуір, келгеніне ширек ғасыр болған

кім еді, одан қалған мұраның бүкіл қазақ үшін қандай қасиеттері бар еді деген мəселеге қысқаша болса да жауап беруге ұмтылғанымыз жөн болар. Ең алдымен кəрісі бар, жасамысы бар бүкіл қазақтың «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел – жұртынан айрылған жаман екен, Мөлтілдеп екі көзден жас келеді» дегенді қазақтың зарлап айтпағандары кем. «Ұжмақ» орнаған кеңес заманында зорлықпен тілден айрылғандардың арасынан «Елім-айды» естімегендерді іздеп табу қиын емес. Халықтық мұңға, ұлттық гимнге айналған шығарманы, шығарма емес-ау, бір ұлттың таным-түсінігінде, есінде жүретін «Елімайдың» дұрыс бағаланбауы, оны шығарған дарынның тарихтан ойып тұрып орын алма-

Сіздер мені жаңа ғана оянған екен деп қалмаңыздар. Еленбей жатқандардың бəрін біліп, үн қосып отыруға ешкім де міндетті емес. Алайда, елдіктің шылбырын ұстап, ірі азаматтық танытқан ұлы дарынның даңқын елемеу, шығып жатқан мұрасына дұрыстап назар аудармау, əрине, кешіре қояр жай күнə емес. Тіпті қазақ елінің осыншама ұлан-байтақ жерге ие болып, өзінің ұлттығын сақтау жолында Қожабергеннің ұлы қолбасылық қызметін атқарғанына жеңіл-желпі қарауға болмайды. Қазақ халқының оның ұландарының адамзат тарихында ірі де мəнді істерді тындыра білгендігі дерексіз емес қой. Əз Тəуке хан тұсында жазылған, атақты би Төле, Қазыбек, Əйтекелермен ақылдаса отырып, «Жеті жарғыны» дүниеге əкелген кемелділігін, бес

«Елім-ай» деп ґткен ер баба Тұрсынбек КƏКІШЕВ, профессор.

азаттық еңсемізді көтеруде. Осылай ата-бабамыздың, өнерпаздарымыз бен батырларымыздың, хан мен қаралардың дүниеге келген жылын, күнін, жасаған жақсылықтары мен ерліктерін түгендеп жатқан жайымыз бар. Өткен бабаларымызды құрметтеу кезінде əрқайсысының елге сіңірген еңбектері мен артында қалған мұраларының салмағы мен ғибраты міндетті түрде есепке алынуы шарт. Əйтпесе, тарихи оқиғаның қоюсұйығы, ауыр-жеңілдігі, парасаттылығы мен парықсыздығы араласып кетуі ғажап емес. Осы тұрғыдан келгенде өкімет тарапынан мəн беріліп тізімге түскендердің республикалық деңгейде аталатын тұлғалар жайлы арнайы шешім жасағанның ешбір артықтығы, сөкеттейтіні жоқ. Атақты тарихшы, академик М.Қозыбаевша айтсақ, «біз соңғы он жыл шамасында, əсіресе, тəуелсіздік алған жылдары ата тарихымызға үңілу үстіндеміз. Оның басты себебі – Ресей империясы тұсында тарихымызды отаршылдар жазды, советтік заманда Қызыл империяның мүддесіне негізделіп жасалды» (Манаш Қозыбаев. Тұлғалар тұғыры. 2009. 244-бет) деген сүбелі ойды айтқан еді. Манаш большевиктік идеологияның тоқпағын біраз соқса да өз халқына жаны ашығандықтың белгісін сездірген кезде талай сөгіс естіп, сөзге қалуды басқалардан көп көріп, марксшіл тарихшылардың ішінен шындықтан қорықпай, шын ой-пікірін айтқан, соған жету үшін өмір тауқыметін талай тартқан, сөйтіп, ұлттық таным, намыс деңгейіне алғаш жеткендердің бірі болған, ірі азамат еді. «Елім-айды» естімегендер, қазақтың соңғы шоқына бастаған, тілін ұмыта бастағандары болмаса, төрт ғасырдай зарлана айтылатын халықтық гимнді білмейтіндер аз болар. Оның авторы кім дегенге қателескендер де, білмейтіндер де, тіпті қысыр есеппен пікір айтатындар да, ол фольклорлық бейне ғой дейтіндер де кездесіп жатады. Мен өзім тарихи деректерсіз сөйлеуді, пікір толғауды білмейтін пенде болған соң, бұрынғының үстіне көп құжаттарды қарастырдым. Əсіресе, қазақ тарихшыларының пікірінен Манаш Қозыбаевтың ізденістеріне қол қоятынымды жасырмай айтатын болсам, ҚазКСР Ғылым академиясының Тарих, археология, этнография институтының директоры болып тұрған шақта тарихқа, оның ішінде қазаққа жаны ашитын зиялыларын, профессорлар мен академиктерін «Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясында алатын орны» деген тақырыпта республикалық ғылымитеориялық конференция өткізу үшін сонау солтүстік өлкеге алып баруы, ойлантуы əншейінгі рушылдықтың белгісі емес, Қожабергентану ілімін қалыптастырудың нақты қадамы болған еді. Мен өзім бұл үдеріске тоқсаныншы жылдары араласып, профессор А.Күзембаев басқаратын заң институтының қолдауымен Қожабергеннің, Сегіз серінің өлең-жырларын жинап бастыруға аспирантым М.Дастанбаеваны жіберіп, біраз қозғау салғанмын. Жəне Сегіз сері жөнінде кандидаттық диссертация жазған марқұм дарынды қаламгер Төлеш Сүлейменовтің кітап шығаруына демесін жасағанмын. Сол кезден басталған ізденіс бүгінгі тарих, этнография институты 2013 жылғы наурыз айында Алматыда өткізген үлкен ғылыми конференцияға жалғасты. Алда əлі талай белгіленген шаралар бар. Яғни биылғы жыл Қожаберген жылы болмақ. Мені айрықша қуантқаны Үкіметтің мəденитарихи құбылыстарға мəн беріп, халықтық гимн авторының 350 жылдығын айрықша атап өту жөнінде шешім жасағандығы. Мұны елдігіміздің, ұлттық танымымыздың тамыр жая бастауының алғашқы нышаны деп қабылдаған жөн. Оған дəлел қандай? Төрт ғасыр бойына жылап-сықтап келген қазақтың «Елім-айды» білмейтіні жоқ. Əрине, кеңес кезінде интернационализм ұранын айғайлап айтып, ұлы державалық шовинизмге айналдырса, орыс тілі арқылы совет халқын жасамақ болған пиғылдың алдыңғы қатарында болдық қой. Азаттық келгенде теңдікті сезіне бастауымыз есімізді жиюға мүмкіндік беріп отырғанын ұлттық намысымыздың оянуына пайдаланайық. Заман əрқашан бірқалыпта тұрмайтындығын енді түсінбесек, онда елдікпен қош айтысар сəттер алда да аз болмас. Осыншама кіріспе жазатын Қожаберген

уына не себеп болды дегенге Қозыбаевтың пікірін келтірейік: «бірінші – Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» империяға қарсы туынды, екінші – қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы» дегеніне өз танымымыз тұрғысынан қосарымыз, үшінші, жалпы қазақтың демей-ақ қояйын, ел сөзін айтатын билікке ие төре-қаралардың, басшылардың, зиялылардың саясатшылдығы еді деп түсінген орынды болар. Елдің рухани сусыны, аттанар өрісі болған «Елім-ай» əнінің, жырының, дастанының иесі Қожабергеннің тарих қалтарысында қалып қойғанын мойындасақ, онда рухани жағынан шығындалғанымыз өте мол жəне ірі болғанын көреміз, өкінішіміз өксітпей қоймайды. Бүкіл халықтық гимннің қасиетіне дер кезінде жетпеуіміз біздің бүкіл мəдениетіміздің орынсыз датталуына əкеп соқты. «Жазуы болмаған елде қандай мəдениет, əдебиет болмақ?» деген евроцентристік көзқарас біздің қазақ хандығы – тұрақты мемлекеттігіміз батыс елдерінен əлдеқайда бұрын салтанат құрғанын айта алмай, соңғы төрт ғасыр бойына бөтеннің қасы мен қабағына қарап, емеурінін бағумен өткізгеніміз ең өкінішті дəуір демеске шараң жоқ. Осы өкініштің жалғасына да кездесіп отырмыз. «Халық сөзі» газетінің 2013 жылы 12, 19 сəуірде шыққан екі санында (23,24) «Қолдан қаһарман жасаудың халыққа пайдасы қанша немесе Социал Жұмабаев фантастикамен айналысса көп жетістікке жетер ме еді?» деп мақала оңға бұрылған қадамға тағы да күдік келтіріп, дау-дамайға шақырып жатыр. Мақала авторы профессор Жамбыл Артықбаевтың осы уақытқа дейін шығарған еңбектеріне, əсіресе, қазақ тіліндегі дүниелерді оқып, қажетті кезінде пайдаланып жүретініне ішім жылып жүруші еді. Соңғы кезде ғана ашылған дарбазаның есігін шатастырып алғаны қайта өкінтіп отырғанын жасыра алмаймын. Қазақта не көп, аттастар көп. Бір Жəнібекті атасаң ханы да, қарасы да, батыры да қосақталып шыға келеді. Ал тарихта қалған Қожабергендер де аз емес. Жамбылдың өз сөзімен айтсақ, «менің білетінім «Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» өмір сүрген жүз жылдықта (1663-1763 жылдар) тарихи құжаттар мен елдің аузындағы əңгімеге мысал болған бір ғана Қожаберген белгілі. Ол он екі ата Абақ керейдің ішінде Шұбарайғырдан шыққан Қожаберген батыр. Басқа да Қожабергендер болған шығар, бірақ елдің есінде қалғаны тарихи құжат бетіне іліккені сол. Оның өзінде 1765-1757 жылдардағы қазақ-қытай соғыстарының арқасында» депті. Екінші: «Қазақ тарихында Қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншыдан басқа Толыбай сыншы жоқ» («Халық сөзі» №23.12.04.2013) деп түйіндейді. Қазақстанда Сарыарқаның солтүстігін Ашамайлы керей елі жайлайтынын, басқаларды былай қойғанда, классиктеріміз Сəбит пен Ғабит сол рудан өрбитінін білмейтіндерге не айтарымды білмеймін. Əсіресе, Толыбай сыншының əйгілі Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан 20 ұл, кенжесі Қожабергенді көргені белгілі. Яғни Толыбай сыншы, оның ұлы, қазақтың ерен энциклопедиялық тұлғасы Қожаберген Абақ керейдің Шұбарайғырынан емес, Солтүстік Қазақстан облысын мекендеген Ашамайлы керейдің Көшебесінен туғандығы тарихшыны шатастырған.

жыл бойына елшілікпен айналысқанын былай қойғанда (1688 жылдан 1710), 23 жыл бойына қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен қолына сардар болып, өз еркімен қолбасылықты қалың қауымның алдында Түркістан қаласында қанжығалы Бөгенбай батырға тапсырғанын қалай ұмытармыз. Мемлекеттік істі ұзақ жылдар атқардым дей салу қиын болмағанмен, Əз-Тəуке ханның қарсылығына қарамай болашағы зор батырға сардарлықты ел көзінше табыс етуі əшейінгі пенденің қолынан келе бермейтін ерлік қой. Қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай, Ер Жəнібек пен Тұрсынбай батырларға ақылшы болу, үлгі көрсету аз абырой болмаса керек. Қазақ елін орысқа да, қытайға да жем қылмай, тəуелсіздігін сақтай білген Абылайдың батырлары əңгімеге араласып жатқан соң 1879 жылы шыққан кітапқа дұрыстап мəн берілмегенін айта кетейін. Ол əрі ақындықтың, əрі ақылдылықтың, əрі көрегендік пен мəрттіктің куəсі болуға жарайтын дерек. Ыбырай Алтынсарин өзінің «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясында» Абылай ханға арнаған тарауда «Қожаберген жырауға Абылай: «мені мақтап жыр айтшы» дейді. Қо жаберген айтты: – Абылай, сені мен көргенде тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің. Əбілмəмбет ағаңа, қызметші болған ұл едің. Үйсін Төле билердің, түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде, ақ сұңқардай түледің. Алыстан тоят тіледің. Ақтан болды қүніңіз, арсы мен қүрсіге, тайталасты үніңіз. Енді сіздің бұл күнде, бір көшеге сыймайды, азаткерде құлыңыз» (Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы». – Алматы. «Білім» баспасы, 2003 жыл. – 13 бет). Осы идеяны жырға айналдырған Бұқар жырау, оның кейіпкері Абылай бүкіл қазақ халқына күні бүгінге дейін қазақ елінің ұлылары, данышпандары ретінде өмір сүріп келе жатқанын ескерсек, онда Бұқардың өзі Қожабергеннің шəкірті болғандығы, «Қожаберген ұстазым» деп мақтанатыны тек өнерпаздық тұрғыдан ғана емес, тарихи тұрғыдан да құнды ғой. Олай болса, адалдық тұрғыдан да, адамгершілік келбеттен де жалғыз төңірегін ғана емес, бүкіл елін ұйыта білген данышпандығының еленбеуіне таң қалмасқа болмас. Қожаберген қол бастаған сардар ғана емес, сөзге құдірет бітіре алған ақын, үнге жан салған сазгер, айтқанына елді сендірген дастаншыл жырау болғандығын естен шығаруға болмайды. Қожаберген қайраткерлігін жіліктей бастасақ, «Елім-айды» шығарған сазгерлігі алдымен əуен ұйқастылығына, сөз үйле сімдігіне негізделгені айдан анық. Олай болса, азаматтық келбетін айқындай түскен батырлығы, батылдығы, сардарлығы, мəмілегерлік қайраткерлігі ұйқасты сөзбен көмкерілгені, əсіресе, «Елім-ай»», «Баба тіл» дастандары, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» , «Жақсылық пен жамандық жайында хикая», «Ата тек» , «Əулие Қойлыбай» сияқты дастандарының, қисса-толғауларының, «Абылай ханға айтқан ақылы» қара сөзбен болса да ұйқасқа негізделуінің өзі оны кемеңгер ақылдылықтың ғана емес, ақындықтың биігінен көрсетері сөзсіз. Сөз өнері арқылы сыртқа шығып, елдің таным-біліміне арқау болған Қожабергеннің тарихшылығын айрықша атау керек. Өкінішке орай, европацентристік теорияға əбден

берілгендіктен фольклорлық туындыларды көркем сөздің екінші сорты, еріккеннің əшейінгі ермегі деп түсінудің қырсығы оның ел-жұртқа жеткізіп жатқан дерек шындықтарына мəн бергізбегені өкінішті. Осы өкінішіміздің кейбір мезеттерін атақты ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» деген тамаша еңбегінде еленгенінің өзі қуанышты. Ал архивтік өзектерге əбден иманын беріп қойған орыс тілді тарихшыларымыз қазақтың жырдастандары мен қиссаларын, аңыздарын оқи алмағандары өкінішті. Олардың мəнмағынасын білмегендері елді өз тарихынан мақұрым қалдыруға дейін апарғанын енді қысылмай айтуымыз керек. Тəуелсіздіктің арқасында «Мəдени мұраны» ақтаруға қолымыздың жеткеніне қуанайық. Мен мұны Қожабергеннен, оның жасампаз ұрпақтарынан қалған, соңғы уақытқа дейін еленбей келген том-том əдеби көркем шығармаларды ежіктей оқудың нəтижесі арқылы айтып отырмын. Ұлы аңдампаздығымен, ақындығымен қатар Қожаберген жырау өз заманының ғана емес, өзіне дейінгі дəуірлердің шежіресін дəйектеп жасаған ұлы ғұлама тарихшы екенін енді бағаламасақ, онда біздердің зиялы елміз дегеніміз шындықтан шалғай жатқан жалғандық, қып-қызыл өтірік болып шығады. Бұл мəтінді ойды ежіктеп таратпайақ тек сүбелі де мəнді тарихи оқиғаларды Қожабергеннің қалай жеткізгеніне, айтқанына назар аударайық. «Баба тіл» деген дастанда тарихшы Əбілғазы Баһадүр (16031663) өзінің «Түрік шежіресі » еңбегінде қазақты атамай, Үш жүз деген атаудың сырын ашпай кеткенін сынап, «Айналайын, Үш жүзім, Əбілғазыға налыма, шежіресі бар елімнің, қоймаспыз жатқа жалына» деп алады да, «Шыңғыс ханнан көп бұрын, қазақ пен үш жүз бір атау» деп ой түйгенін естен шығармайық. Жойқын Жоңғар шабуылына дейінгі дəуірді «Өткен кезең» дастанында тарата, тіпті ежіктей баяндап, бүкіл Сібірді жайлаған елдерді, əсіресе, татарлардың əр тайпасына дейін таратып, қазіргі айтылып, жазылып келгендердің шындықтан алыс екенін көзге елестетеді. «Жасымда жасап сан жорық, Байкөлден асамен бардым. Ордабасы боп жүріп, көп ел мен жерді таныдым» дегенін дастанның əр тарауынан ғана емес, тіпті əрбір шумағынан аңғарып, тарих тереңіне сүңги бересің. Қалмақтардың атабабасына дейін таратып шығады. Ол аз болса, «Ойғырдың анасы – Қытай, атасы – Түрік, соқтығып Қытаймен көрші тұрды жиенсініп. Қарақалпақ ағайынға шетінен жұртымызға салды бүлік. Дүнгеннің апасы – Қытай, атасы – Араб. Жатпады олар-дағы текке қарап, Ұрынып Найман, Қоңырат, Жалайырға Мазасын кетірді елдің шабуылдап, – деген сияқты шумаққа бүкіл Байкал, Сібір өңірін ғана емес, əр ру, тайпаның тегін де, көшіп қонуын да дəлелді баяндайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің қазақ тілін білмейтін қандас тарихшыларымыз ауыз əдебиетінің үлгілеріне айрықша зейін салып, халық тарихын бөтендердің айтқанымен емес, өздерінің танымымен ғасырлар қойнауындағы шындықты бүгінгі ұрпаққа жеткізуі керек. Міне, Қожаберген жыраудың ғұлама тарихшылығын тек осыдан ғана танып қоймай, бүкіл ауыз əдебиеті үлгісіне тарихи-мəдени тұрғыдан қарау қажеттігі өзінен өзі көкейге оралады. Қожабергеннің өнерпаздығын əнші, күйші, болды, айтқыш шешен, емші-балгер, тілші, палиглот болды деп тарата бергенше қазақ халқына белгілі болған өнерпаздардың біразына ұстаз болғандығын айтып, өткен тарихтың қыр-сырын дұрыс аңғарту арқылы ғұлама ұстаздың деңгейіне көтерілгенін көреміз. Батыр-бағландар, əрине Қожаберген сардардың ығына жығылып, көз қиығына қарағанын былай қойып, əр шығарманың мəнмағынасына шырақ қойып қарайтын болсақ, сөз зергерлігінің өзін қазақтың ұлы ақыны С.Торайғыровтың ойымен түйіндейік. Толыбайсыншының баласы Қожаберген Тарихынан оғыз – түрік хабар берген. Үмбетей, Бұқар жырау, Тəтіқара Үшеуі Қожабергеннен үлгі көрген, – дегенін немесе Қожаберген бабамыздың үлгісі дарыған қазақтың сөз өнерін 20 том көлемінде жинап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп кеткен Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының: Қолбасы, ақын-жырау һəм елші, би, Шығарды «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» əні мен жырындағы Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, – дегенін ұмытпау керек. Тарата берсек бабамызға айтылар сөз де жетеді, ой-пікір де аз болмас. Кештеу болса да осы игі іске мұрындық болған тарихшы Манаш Қозыбаевты есте тұтып, Қызылжар – Петропавл қаласындағы халықаралық «Жеті жарғы һəм Қожаберген жырау» қоғамдық қорының атқарып жатқан істерін айрықша атау шарт. Қазір Қазақстанда қорлар көп. Олар бірді-екілі елеулі шараларды өткізіп, ата-бабаларының ру, ата, ауыл болып, мүшелді тойын өткізумен келе жатыр. Тігілген үйдің, сойылған малдың, тартылған табақтың аз-көптігіне қарай күйінетіндер де, күндейтіндер де аз емес. Ал мына өзінің заңды да тарихи атын қайтып ала алмай отырған Қызылжар қаласындағы қорды Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор Бекет Тұрғараевтың ұйымдастырғанына жалғыз Қожабергеннің ғана емес, солтүстік өңір өнерпаздарының мұраларын жалықпай, жасы келіп қалғанына қарамай, қажымай жинап, баспаға өткізіп, кітап етіп шығарып жүрген Социал Жұмабаевтың еңбекшілдігін, азаматтылығын айрықша айтуымыз керек. Тарихымыздағы ерен энциклопедиялық тұлғаның артына қалдырып кеткен мұрасы енді-енді ғана қолға алынып жатқандықтан көрген-білгенімді, архив-мұрағаттан тапқанымды жайып салуға дайынмын. Өзіңді өзің қадірлеп құрметтемесең, басқа біреу сенің жоғыңды жоқтамайтынын, əсіресе, бүгінгі жастар мықтап ұғып алғаны дұрыс.

5

Азия-Тыныќ мўхит аймаєыныѕ теміржолшылары Астанада бас ќосты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қаласында Темір жол халықаралық одағы (ТЖХО) Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) Ассамблеясының 15-ші отырысын өткізді. Күн тəртібіндегі басты мəселе ұйымның теміржол операторларына ортақ міндеттерін тиімді шешуге септігін тигізетін 2013-2016 жылға арналған стратегиялық жоспарын бекіту болды. Отырысты ашу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин ТЖХО қазіргі заманғы жаһандық талаптарға жауап беретін теміржолшылардың тиімді құралы екенін атап өтті. – ҚТЖ Азия-Тынық мұхит аймағындағы Ассамблея серіктестері мен əріптестерімен ынтымақтастыққа қашан да мүдделі, – деп ойын тұжырымдады Асқар Мамин. Сондай-ақ, ҚТЖ басшысы қонақтарға Қазақстан мен Түркіменстан арасында жақында ашылған халықаралық теміржол өткелі мен оның əлеуеті туралы баяндады. ТЖХО Азия-Тынық мұхит аймағы Ассамблеясының төраға сы Сатоши Сейно ҚТЖның болашағы зор екеніндігіне тоқталды. – Мен ҚТЖ-ға аймақтың вице-төраға лауазымын сақтап, Астанада Ассамблея кездесуін өткізуге ынталы болғаны үшін алғысымды білдіремін, – деп

атап өтті С.Сейно. – Біздің аймақ та технология мен адами қор лар саласында Қазақстан темір жолы маңызды рөлге ие, – деді ол. Сейно мырзаның сөзіне сүйенсек, ТЖХО мақсаты – темір жолға қолдау көрсетіп, əлемде бұл саланың дамуына үлес қосатындай теміржол ұйымдарының басын біріктіру, ынтымақтастықты нығайтып, теміржол тасымалының дамуына үлес қосу. Темір жол халықаралық одағының негізі (ТЖХО) 1922 жылы қаланған. Қазіргі таңда ұйымға 200 теміржол операторлары мен 90 елдің зерттеу институттары кіреді. Ұйымға 2003 жылы мүше болып қабылданған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АТА темір жолдарының бəсекеге қабілеттілігін көтеруге белсенді жұмыс жасап жатыр. Əсел ҚАМЗА.

Тəуелсіздікті ту еткен тўлєа

«Назарбаев орталығының» мəжіліс залында Астана қалалық əкімдігінің ұйымдастыруымен «Абылай хан жəне қазақ мемлекеттілігінің стратегиялық мүдделері» деген тақырыпта ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Конференцияны Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған жүр гізіп отырды. Пленарлық мəжілісті ашып, кіріспе сөз айтқан соң алғашқы сөзді Астана қалалық мəслихатының хатшысы Сансызбай Есіловке берді. Ол Абылай бабамыздың қазақ тарихындағы орны ешқашан өшпейтінін, керісінше жыл өткен сайын оның тұлғасының тарихи маңызы арта беретінін атап өтті. Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, тарихшы ғалымдар мен сарапшылар, шығармашылық қауым өкілдері, БАҚ, қала жұрт шылығы жəне студент қауымының өкілдері қатысты. Солардың арасынан хан ның жастарды патриоттық рухта тəрбиелеудегі орасан зор үлгісі туралы Халық Қаһарманы, Мəжіліс депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев айтып берді. Осыдан кейін сөз алған белгілі

абылайтанушы, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Қадыржан Əбуов «Тəуелсіздікті ту еткен қазақтың ханы – Абылай» деген тақырыпта ғылыми баяндама жасады. Онда Абылай ханның саяси қайраткерлігін, тұлғасын, болмысын, мұрасын дəріптеу сияқты мəселелерге тоқталды. Бұдан кейін шығып сөйлегендер де Абылай ханның өмір жолын, Қазақстан тарихындағы оның орнын көрсететін межелі сəттерді зерделей отырып, тəуелсіздігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтауға оның қаншалықты ықпа лы болғанына тоқталды. Со ның ішінде Мəжіліс депутаты, профессор Камал Бұрханов Абылай бейнесінің бүгінгі таңдағы маңыз ды лы ғына тоқталды. Тəуелсіз еліміз туралы айтқанда осындай тұлғаларды алдымен ауызға алмасақ, аруақ алдында күнəлі боламыз, деді ол. Түстен кейін конференция жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты.


6

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Дербес деректер және оларды қорғау туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат): 1) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «арнаулы мемлекеттiк органдардың оқу орындарын» деген сөздерден кейін «жəне құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 43-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдар оқу орындарының» деген сөздерден кейін «жəне құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын. 2. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-кұжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 6-1), 7-1), 11-1) жəне 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: «6-1) Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві – құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшылық лауазымдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тəртібінен өткен қызметкерлер тiзiмі;»; «7-1) құқық қорғау органының басшысы – құқық қорғау органының қызметкерлері мен жұмыскерлері, уəкілетті басшылар бағынысында болатын құқық қорғау органының бірінші басшысы;»; «11-1) полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куəландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рəсімі; 11-2) психофизиологиялық куəландыру – құқық қорғау қызметіне кандидаттардың, қызметкерлердің жекепсихологиялық жəне психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;»; 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) ұйымдық-штаттық iс-шаралар – құқық қорғау органының, құқық қорғау органы аумақтық немесе оған теңестiрiлген мамандандырылған бөлiмшесiнiң, құқық қорғау органы мекемесiнiң, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөнiндегi шаралар кешенi (құқық қорғау органын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту жəне қысқарту);»; 2) 6-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) қызметке жарамдылығын анықтау үшін əскери-дəрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куəландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін əскери-дəрігерлік комиссияларда медициналық жəне психофизиологиялық куəландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Полиграфологиялық зерттеуден өту тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 3) 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Конкурстық негiзде орналасатын лауазымдар тiзбесiн, конкурсты жəне тағылымдаманы өткiзу шарттары мен тəртiбiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»; 4) 8-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшыларының немесе уəкiлеттi басшыларының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшыларының немесе уəкiлеттi басшылардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жоғары білімі бар адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кəсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін қабылдануы мүмкін.»; 6) 10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заңға сəйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша орта жəне аға басшы құрам лауазымына отыз бес жастан асқан, жоғары кəсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едəуір жұмыс тəжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.»; 7) 12-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Прокуратура органдарына бірінші рет қызметке тұратын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тəртіппен бір жылға дейінгі сынақ мерзімі белгіленеді.»; 3-тармақтағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 13-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке жаңадан қабылданған (оқуға түскен) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тəртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, əскери қызметшілер бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерiнде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе əскери атақпен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады), олар кейіннен жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріледі. Бұрынғы сыныптық шенде, арнаулы немесе əскери атақта болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.»; 10) 23-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мыналар: 1) қатардағы құрам үшін – қатардағы қызметкер; 2) кіші басшы құрам үшін – кіші сержант (сержант); 3) орта басшы құрам үшін – кіші лейтенант (лейтенант), 3-сыныпты заңгер бірінші арнаулы атақтар немесе сыныптық шен болып есептеледі.»; 5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Лейтенант арнаулы атақтары:»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. 3-сыныпты заңгер бірінші сыныптық шені аттестаттаудан өткеннен кейін беріледі.»; 7-тармақтың 1) тармақшасындағы «құқық қорғау органының уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «уəкілетті басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 26-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен алдыңғы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бір жарым мерзімі өткен соң берiледi.»; 12) 27-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «құқық қорғау органының уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 28-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы «құқық қорғау органының уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы жəне басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары 1. Қатардағы, кiшi, орта, аға жəне жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды жəне осы лауазымдарға сəйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды. 2. Орта, аға жəне жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ немесе сыныптық шен берiлгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейiн атқаратын лауазымы бойынша қызметтiк мiндеттерiн атқарады. 3. Лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша ауыстыруды адам қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сəйкес келген жағдайда құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы жүргiзедi. Лауазымдар санаттарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уəкiлеттi органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекiтедi. 4. Орта жəне аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау жəне қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi мамандығы бойынша не бар тəжiрибесiне сəйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарда пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуге тиiс. 5. Орта, аға жəне жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жергілікті жерге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешiмдi олардың келiсуі бойынша осы адамдардың даярлығы мен қызмет тəжiрибесiн, сондай-ақ оларда жəне олардың отбасы мүшелерiнде денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің жоқтығын ескере отырып, тиiстi уəкiлеттi басшылар қабылдайды. 6. Денсаулық жағдайы бойынша тұрғылықты жерiн өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы адамдарды қызметі бойынша басқа жергілікті жерге ауыстыру əскери-дəрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде тиiстi басшылардың рұқсаты бойынша жүргiзiледi. 7. Қатардағы жəне басшы құрамдағы адамдарды жедел қызмет атқармайтын лауазымдардан жедел қызмет атқаратын лауазымдарға ауыстыру əскери-дəрiгерлiк сараптама нəтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.»; 15) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын: «33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшылық лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервін қалыптастыру тəртібін жəне оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»; 16) 34-бапта: 4-тармақтағы «басшының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 37-баптың 4-тармағындағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 38-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 39-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мiндеттердi уақытша атқарудың үзіліссiз мерзiмi бос лауазым бойынша екі айдан, ал бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауға тиіс.»; 3-тармақтағы «басшының немесе» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 40-баптың 2-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «құқық қорғау органының тиiстi лауазымдарына тағайындауға құқығы бар басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 5-тарау мынадай мазмұндағы 46-1-баппен толықтырылсын: «46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тəртібі мен негіздері 1. Құқық қорғау қызметін одан əрі өткеру туралы мəселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тəртіппен жəне негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін. 2. Мыналар: 1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату жəне құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы; 2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тəртіптік жаза тəртібімен немесе аттестаттау нəтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату; 3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу; 4) басқа мемлекеттік органдарға жəне халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы; 5) атқарып жүрген лауазымы бойынша өкілеттіктер мерзімінің өтуі; 6) əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады. 3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату жəне құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уəкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады. Ерекше мəн-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады. Қатардағы жəне басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (əскери-дəрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамауға алынған күнiнен бастап жəне босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуымен байланысты қамауда болған уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi. 4. Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру тəртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды. Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге құқық қорғау органының белгiленген күн тəртiбi толық көлемде қолданылады. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге осы Заңда көзделген көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін жəне ол тəртiптiк жазаларға тартылуы мүмкiн. 5. Қызметкердiң құқық қорғау органының қарамағында

болу уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi. 6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған жəне құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан əрi пайдалану туралы мəселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi. 7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уəкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті. Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерді лауазымға тағайындау кезінде оның біліктілігі, атағы, еңбек сіңірген жылдары, жұмыс өтілі, бұрынғы лауазымы ескерілуге тиіс. Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кəсіптік қасиеттері ескеріле отырып жəне осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады. Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс. Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау əскери-дəрігерлік комиссияның қорытындысына сəйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі. 8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр бөлімшесі қызметкердің жеке ісіне қосылатын акт ресімдейді. Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол қызметтен шығарылуға жатады.»; 23) 47-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) полиграфологиялық зерттеуден өткізуді;»; 24) 48-баптың 1-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 53-баптағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 54-бапта: 1-тармақтағы «құқық қорғау органдары басшыларының жəне уəкiлеттi басшыларының» деген сөздер «құқық қорғау органдары басшыларының жəне уəкiлеттi басшылардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «Құқық қорғау органының басшысы жəне уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «Құқық қорғау органының басшысы жəне уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 56-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшылары немесе уəкiлеттi басшылары» деген сөздер «құқық қорғау органының басшылары немесе уəкiлеттi басшылар» деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 57-баптың 3-тармағында: бірінші бөліктегі «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 58-бапта: 1-тармақта: «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.»; 7-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшысына» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысына немесе уəкiлеттi басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшысы» деген сөздер «құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 69-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қызметкерлерге тұрғын үйдi күтiп-ұстауға жəне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын мөлшерде ақшалай өтемақы төленедi.»; 31) 78-баптың 1-тармағындағы «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшысының» деген сөздер «құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының» деген сөздермен ауыстырылсын; 32) 80-баптың 1-тармағы 16) тармақшасындағы «бұрмалағаны үшiн жұмыстан шығарылады.» деген сөздер «бұрмалағаны үшiн;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: «17) ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуына жəне құқық қорғау органының қарамағында болу мерзімінің өтуіне байланысты жұмыстан шығарылады.»; 33) 82-бап мынадай редакцияда жазылсын: «82-бап. Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң шектi жасы 1. Құқық қорғау органдарында қызметте мынадай шектi жасқа: 1) қоса алғанда майорға, кiшi кеңесшiге дейiн – қырық сегіз жасқа; 2) подполковниктер, кеңесшiлер – елу жасқа; 3) полковниктер, аға кеңесшiлер – елу бес жасқа; 4) жоғары басшы құрамдағы адамдар алпыс жасқа дейiн бола алады. 2. Лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген құқық қорғау органының басшысы немесе уəкiлеттi басшы жоғары кəсiптiк даярлығы, атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тəжiрибесi бар жəне денсаулық жағдайы бойынша қызметтi өткеруге жарамды қызметкерлерге олардың келiсуiмен қызмет мерзiмiн бір жылдан бес жылға дейiн ұзартады. Айрықша жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар құқық қорғау органы басшысының немесе уəкiлеттi басшының шешiмi бойынша қызметкерлерге бұл мерзiм сол тəртiппен бір жылдан бес жылға дейiн, ал ғылыми дəрежелерi немесе атақтары бар жекелеген қызметкерлерге – бес жылдан он жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн. Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қызметкердi осы Заңда көзделген негiздер бойынша құқық қорғау органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды. 3. Қызметте болудың шекті жасына толған, денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды прокуратура органдарының қызметкері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уəкілетті басшының шешімі бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметін жалғастыруға құқылы. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қызметте қалдыру мерзімін ұзарту туралы шешім қызметкерді осы Заңда көзделген негіздер бойынша прокуратура органдарынан шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.». 2-бап. Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші абзацтарымен құқық қорғау органдарында қызмет етудің шекті жасы өзгертілген құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін белгіленген қызмет етудің шекті жасына толуы бойынша жұмыстан шығуға құқылы. 3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 мамыр № 93-V ҚРЗ

Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен жəне қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын жəне құқықтық негiздерiн айқындайды. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) биометриялық деректер – дербес деректер субъектісінің физиологиялық жəне биологиялық ерекшелiктерiн сипаттайтын дербес деректер, олардың негізінде осы субъектінің жеке басын анықтауға болады; 2) дербес деректер – мəліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз жəне (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мəліметтер; 3) дербес деректердi бұғаттау – дербес деректердi жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесiздендiруді жəне жоюды уақытша тоқтату жөніндегі ісəрекеттер; 4) дербес деректерді жинақтау – дербес деректерді қамтитын базаға дербес деректерді енгізу арқылы оларды жүйелендіру жөніндегі іс-əрекеттер; 5) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-əрекеттер; 6) дербес деректердi жою – жасалуы нəтижесінде дербес деректердi қалпына келтiру мүмкін болмайтын iс-əрекеттер; 7) дербес деректердi иесiздендiру – жасалуы нəтижесiнде дербес деректердiң дербес деректер субъектiсіне тиесiлiгiн анықтау мүмкін болмайтын iс-əрекеттер; 8) дербес деректерді қамтитын база (бұдан əрі – база) – ретке келтірілген дербес деректердің жиынтығы; 9) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан əрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке жəне (немесе) заңды тұлға; 10) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан əрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді жəне қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке жəне (немесе) заңды тұлға; 11) дербес деректерді қорғау – осы Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық жəне техникалық шаралар кешені; 12) дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға жəне жоюға бағытталған iс-əрекеттер; 13) дербес деректердi пайдалану – меншік иесінің, оператордың жəне үшінші тұлғаның қызмет мақсаттарын іске асыруға бағытталған дербес деректермен жасалатын iс-əрекеттер; 14) дербес деректерді сақтау – дербес деректердің тұтастығын, құпиялылығын жəне қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ісəрекеттер; 15) дербес деректердi тарату – жасалуы нəтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін немесе қандай да бiр өзгеше тəсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын ісəрекеттер; 16) дербес деректер субъектiсi (бұдан əрі – субъект) – дербес деректер тиесілі жеке тұлға; 17) үшiншi тұлға – субъект, меншік иесі жəне (немесе) оператор болып табылмайтын, бiрақ дербес деректердi жинау, өңдеу жəне қорғау бойынша олармен (онымен) мəн-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы байланысты болатын тұлға. 2-бап. Осы Заңның мақсаты Осы Заңның мақсаты адамның жəне азаматтың дербес деректерiн жинау жəне өңдеу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 3-бап. Осы Заңның қолданылуы 1. Осы Заңмен дербес деректердi жинауға, өңдеуге жəне қорғауға байланысты қатынастар реттеледi. 2. Дербес деректердi жинау, өңдеу жəне қорғау ерекшелiктері өзге де заңдармен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен реттелуі мүмкін. 3. Осы Заңның күші: 1) егер бұл ретте басқа да жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары жəне Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылмаса, субъектілердің тек қана жеке жəне отбасылық мұқтаж үшін дербес деректерді жинауы, өңдеуі жəне қорғауы; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры жəне мұрағаттар туралы заңнамасына сəйкес дербес деректердi қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жəне басқа да мұрағаттық құжаттарды қалыптастыру, сақтау жəне пайдалану; 3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған дербес деректерді жинау, өңдеу жəне қорғау; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі, сондай-ақ қорғалатын тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыру барысында дербес деректерді жинау, өңдеу жəне қорғау кезiнде туындайтын қатынастарға қолданылмайды. 4-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 5-бап. Дербес деректердi жинау, өңдеу жəне қорғау қағидаттары Дербес деректердi жинау, өңдеу жəне қорғау: 1) адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) заңдылық; 3) қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы; 4) субъектілер, меншік иелері жəне операторлар құқықтарының теңдігі; 5) жеке бастың, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына сəйкес жүзеге асырылады. 2-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖƏНЕ ӨҢДЕУ 6-бап. Дербес деректерге қолжетімділік Дербес деректер қолжетімділігі бойынша жалпыға бірдей қолжетімді жəне қолжетімділігі шектеулі болып бөлінеді. Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректер – субъектінің келісімімен еркін қол жеткізуге болатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректер. Халықты ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздері (оның ішінде өмірбаяндық анықтамалар, телефон, мекенжай кітаптары, жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар, бұқаралық ақпарат құралдары) пайдаланылады.

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділік шектелген дербес деректер. 7-бап. Дербес деректерді жинау, өңдеу шарттары 1. Осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауды, өңдеуді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен меншік иесі жəне (немесе) оператор жүзеге асырады. 2. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) субъектінің дербес деректерін жинау, өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. 3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарда дербес деректерді жинау, өңдеу ерекшеліктері осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес белгіленеді. 8-бап. Субъектiнiң дербес деректердi жинауға, өңдеуге келiсiм беру (керi қайтарып алу) тəртiбi 1. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-əрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тəсілмен келiсiм береді (кері қайтарып алады). 2. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректердi жинауға, өңдеуге берген келісімді, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе не орындалмаған міндеттемесі болған кезде кері қайтарып ала алмайды. 9-бап. Дербес деректердi субъектiнiң келiсiмiнсiз жинау, өңдеу Дербес деректерді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жинау, өңдеу: 1) құқық қорғау органдары мен соттардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асырған; 2) мемлекеттік статистикалық қызметті жүзеге асырған; 3) дербес деректердi мiндеттi түрде иесiздендiру шартымен оларды статистикалық мақсаттар үшiн мемлекеттік органдар пайдаланған; 4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар iске асырылған; 5) егер субъектiнiң немесе оның заңды өкілінің келiсiмiн алу мүмкiн болмаса, адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған; 6) адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда журналистiң заңды кəсiптік қызметi жəне (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі не ғылыми, əдеби немесе өзге де шығармашылық қызмет жүзеге асырылған; 7) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес дербес деректер, оның iшiнде сайланбалы мемлекеттiк лауазымдарға кандидаттардың дербес деректерi жарияланған; 8) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес субъект дербес деректерді ұсыну жөніндегі өз міндеттерін орындамаған; 9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi, бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жеке жəне заңды тұлғалардан ақпарат алған; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі. 10-бап. Дербес деректерге қол жеткізу 1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесіне жəне (немесе) операторға оларды жинауға, өңдеуге берген келісімінің шарттарымен айқындалады. Егер меншік иесі жəне (немесе) оператор жəне (немесе) үшінші тұлға осы Заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алудан бас тартса немесе оларды қамтамасыз ете алмаса, дербес деректерге қол жеткізуге тыйым салынуға тиіс. 2. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өз дербес деректеріне қол жеткізуге қатысты өтініш жасауы (сұрау салуы) меншік иесіне жəне (немесе) операторға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-əрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тəсілмен беріледі. 3. Меншік иесінің жəне (немесе) оператордың жəне (немесе) үшінші тұлғаның арасындағы дербес деректерге қол жеткізуге қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 11-бап. Дербес деректердiң құпиялылығы 1. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері жəне (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. 2. Кəсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi. 3. Биометриялық деректердің құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. 12-бап. Дербес деректерді жинақтау жəне сақтау 1. Дербес деректерді жинақтау меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті жəне жеткілікті дербес деректерді жинау арқылы жүргізіледі. 2. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға базада жүзеге асырады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау жəне өң деу мақсаттарына қол жеткізген күнмен айқындалады. 13-бап. Дербес деректерді өзгерту жəне толықтыру Дербес деректерді өзгертуді жəне толықтыруды меншік иесі жəне (немесе) оператор субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтініш жасауы (сұрау салуы) негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырады. 14-бап. Дербес деректерді пайдалану Дербес деректерді пайдалануды меншік иесі, оператор жəне үшінші тұлға оларды жинаудың бұрын мəлімделген мақсаттары үшін ғана жүзеге асыруға тиіс. 15-бап. Дербес деректерді тарату 1. Дербес деректерді таратуға, егер бұл ретте субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылмаса, сондай-ақ өзге де жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, жол беріледі. 2. Дербес деректерді жинаудың бұрын мəлімделген мақсаттары шеңберінен шығатын жағдайларда оларды тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады. 16-бап. Дербес деректерді трансшекаралық беру 1. Дербес деректерді трансшекаралық беру – дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру. 2. Осы Заңға сəйкес дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беру осы мемлекеттер дербес деректерді қорғауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады. 3. Дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етпейтін шет мемлекеттердің аумағына дербес

деректерді трансшекаралық беру мынадай: 1) өзінің дербес деректерін трансшекаралық беруге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған; 2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген; 3) егер бұл конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртіпті сақтау, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажет болса, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген; 4) егер субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу мүмкін болмаса, адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруге Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін. 17-бап. Дербес деректердi иесiздендiру Дербес деректердi статистикалық, социологиялық, ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн жинау жəне өңдеу кезінде меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға оларды иесiздендiруге міндетті. 18-бап. Дербес деректерді жою Меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондайақ үшінші тұлға дербес деректерді: 1) осы Заңның 12-бабының 2-тармағына сəйкес сақтау мерзімі өткен соң; 2) субъект, меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға арасындағы құқық қатынастары тоқтаған кезде; 3) сот шешімі заңды күшіне енген кезде; 4) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда жоюға тиіс. 19-бап. Дербес деректермен іс-əрекеттер жасау туралы хабарлама 1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, меншік иесі жəне (немесе) оператор субъектінің дербес деректерін үшінші тұлғаға беру жөнінде оны хабардар ету туралы шарттар болған кезде бұл туралы осы субъектіні немесе оның заңды өкілін он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. 2. Осы баптың 1-тармағының талаптары: 1) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз функцияларын орындаған, сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары жəне адвокаттар қызметін жүзеге асырған; 2) дербес деректерді статистикалық, социологиялық немесе ғылыми мақсаттарда жинауды жəне өңдеуді жүзеге асырған жағдайларға қолданылмайды. 3-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ 20-бап. Дербес деректерді қорғау кепілдігі 1. Дербес деректер қорғалуға жатады, оған мемлекет кепілдік береді. 2. Дербес деректерді жинау жəне өңдеу олардың қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. 21-бап. Дербес деректерді қорғаудың мақсаттары Дербес деректерді қорғау: 1) жеке өмірге қолсұғылмаушылық, жеке жəне отбасы құпиясы құқықтарын іске асыру; 2) олардың тұтастығын жəне сақталуын қамтамасыз ету; 3) олардың құпиялылығын сақтау; 4) оларға қол жеткізу құқығын іске асыру; 5) оларды заңсыз жинауды жəне өңдеуді болғызбау мақсатында шаралар кешенін, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық жəне техникалық шаралар кешенін қолдану арқылы жүзеге асырылады. 22-бап. Меншік иесінің жəне (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері 1. Меншік иесі жəне (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға: 1) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды; 2) егер дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізу еңсерілмеген болса, дербес деректерге мұндай рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды; 3) дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің қолайсыз салдарын барынша азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті. 2. Меншік иесінің жəне (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері дербес деректерді жинаған кезден бастап туындайды жəне олар жойылған не иесіздендірілген кезге дейін күшінде болады. 23-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес белгіленеді. 4-тарау. СУБЪЕКТІНІҢ, МЕНШІК ИЕСІНІҢ ЖƏНЕ (НЕМЕСЕ) ОПЕРАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 24-бап. Субъектiнiң құқықтары мен міндеттері 1. Субъектінің: 1) меншік иесінде жəне (немесе) операторда, сондай-ақ үшінші тұлғада өз дербес деректерінің болуы туралы бiлуге, сондай-ақ: дербес деректердi жинау жəне өңдеу фактісін, мақсаттарын, көздерін, тəсілдерін растауды; дербес деректердің тiзбесiн; дербес деректердi өңдеу мерзiмдерiн, оның iшiнде оларды сақтау мерзiмдерiн қамтитын ақпаратты алуға; 2) тиiстi құжаттармен расталған негiздер болған кезде, меншік иесінен жəне (немесе) оператордан өз дербес деректерін өзгертуді жəне толықтыруды талап етуге; 3) дербес деректердi жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда, меншік иесінен жəне (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан өз дербес деректерін бұғаттауды талап етуге; 4) меншік иесінен жəне (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жиналған жəне өңделген өз дербес деректерін, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда жоюды талап етуге; 5) осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге берген келiсiмiн кері қайтарып алуға; 6) меншік иесіне жəне (немесе) операторға дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерінде өз дербес деректерінің таратылуына келісім беруге (бас тартуға); 7) өз құқықтарының жəне заңды мүдделерінің қорғалуына, оның ішінде моральдық жəне материалдық зиянның өтелуіне; 8) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда субъект өз дербес деректерін ұсынуға міндетті. 25-бап. Меншік иесінің жəне (немесе) оператордың құқықтары мен міндеттері 1. Меншік иесінің жəне (немесе) оператордың осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіппен дербес деректерді жинауды, өңдеуді жүзеге асыруға құқығы бар. 2. Меншік иесі жəне (немесе) оператор: (Соңы 7-бетте).


(Соңы. Басы 6-бетте).

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті жəне жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекітуге; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дербес деректерді қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық жəне техникалық шараларды қолдануға жəне сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын сақтауға; 4) дербес деректерді жинау жəне өңдеу мақсаттарына қол жеткізген жағдайда, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда оларды жою жөнінде шаралар қолдануға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, субъектінің дербес деректерін жинауға жəне өңдеуге оның келісімін алғаны туралы дəлелдемені ұсынуға; 6) субъектіге қатысы бар ақпаратты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлауға; 7) субъектіге немесе оның заңды өкіліне ақпарат беруден бас тартқан жағдайда, егер Қазақстан Республикасының

7

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дəлелді жауап ұсынуға; 8) бір жұмыс күні ішінде: дербес деректердің анықтығын растайтын тиісті құжаттардың негiзiнде оларды өзгертуге жəне (немесе) толықтыруға немесе дербес деректерді өзгерту жəне (немесе) толықтыру мүмкін болмаған кезде оларды жоюға; дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда, субъектіге қатысы бар дербес деректерді бұғаттауға; дербес деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жинау, өңдеу фактісі анықталған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда оларды жоюға; дербес деректерді жинау, өңдеу шарттарын бұзу фактісі расталмаған жағдайда, дербес деректерді бұғаттауды алып тастауға міндетті. 5-тарау. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 26-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) дербес деректер жəне оларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын əзiрлейдi; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің

құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың дербес деректер жəне оларды қорғау саласындағы қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) меншік иесінің жəне (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті жəне жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тəртібін бекітеді; 4) меншік иесінің жəне (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тəртібін бекітеді; 5) өзiне Қазақстан Республикасының Консти туциясымен, заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 27-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 1) дербес деректер жəне оларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзiрлейдi жəне (немесе) бекітеді; 2) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың дербес деректер жəне оларды қорғау мəселелері жөніндегі өтініштерін қарайды; 3) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуына жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады; 4) Қазақстан Республикасының

заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 28-бап. Осы Заңның қолданылуын қадағалау 1. Прокуратура органдары мемлекет атынан осы Заң мен Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің дəлме-дəл əрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. 2. «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негізде жəне тəртіппен шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖƏНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 29-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа əкеп соғады.

30-бап. Дауларға шағым жасау жəне оларды қарау тəртібі Субъектінің, меншік иесінің жəне (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді жинау, өңдеу жəне қорғау кезіндегі іс-əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін. Дербес деректерді жинау, өңдеу жəне қорғау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен қаралуға жатады. 31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тəртiбi 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 2. Меншік иелері жəне (немесе) операторлар нормативтік құқықтық актілерді жəне өзге де құжаттарды осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруге міндетті. 3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылған дербес деректерді жинау, өңдеу, егер осы деректерді одан əрі өңдеу жəне қорғау оларды жинау мақсаттарына сай болса, осы Заңның талаптарына сəйкес келеді деп танылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 мамыр № 94-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 2324, 125-құжат): 1) 15-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.»; 2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтың тұрғылықты жерi жəне заңды мекенжайы туралы ақпарат оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.». 2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат): 1) мазмұнындағы 142-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу»; 2) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын: «142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу 1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мəлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау жəне (немесе) өңдеу нəтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру – айлық есептік көрсеткiштің төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады. 2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы əрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе – айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, осы баптың бірінші жəне (немесе) екінші бөліктерінде көзделген əрекеттер, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мəлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату – қылмыс жасау жарағы немесе құралы болып табылатын мүлкі тəркіленіп не онсыз айлық есептiк көрсеткiштің бiр мыңнан екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат;

№ 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар): 1) 33-баптың бірінші бөлігіндегі «142-баптарында, 144-бабында (бірінші бөлігінде), 145-бабында (бірінші бөлігінде), 300-бабында (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «142 (бірінші бөлігінде), 144 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде)баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 192-баптың төртінші бөлігінде: «176-бабында» деген сөздер «142 (үшінші бөлігінде), 176» деген сөздермен ауыстырылсын; «177-бабында (екiншi, үшiншi жəне төртiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (бірінші жəне екінші бөліктерінде)» деген сөздер «177 (екiншi, үшiншi жəне төртiншi бөлiктерiнде), 180, 182» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 1516, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат): 1) мазмұны мынадай мазмұндағы 84-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу»; 2) 71-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстiң 9-1-тарауында, сондай-ақ 84-1 (бірінші бөлігі), 85-3, 131, 136-2, 158, 158-1, 158-2, 174 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жəбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады жəне ол əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн тоқтатылуға жатады.»; 3) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын: «84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу 1. Дербес деректерді заңсыз жинау жəне (немесе) өңдеу – əкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары жəне (немесе) жарақтары тəркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол əрекеттер – əкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары жəне (немесе) жарақтары тəркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Меншік иесінің, оператордың немесе үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамауы – жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын немесе орта кəсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; 4) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегі «84» деген цифрлар «84-1» деген цифрлармен ауыстырылсын. 5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат): 1) мазмұнында: 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау»; 64-баптың тақырыбы алып тасталсын; 65-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі міндеттері»; 66 жəне 67-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау»; 3) 64-бап алып тасталсын; 4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын: «65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау жөніндегі міндеттері Жұмыс беруші: 1) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді жəне қорғауды қамтамасыз етуге; 2) Қазақстан Республикасының заңдарын жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа орналасуына, оқуына жəне қызметте жоғарылауына жəрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді жəне қорғауды жүзеге асыруға; 3) қызметкердің өңделетін дербес деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Кодексті жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алуға; 4) қызметкердің өзі не қызметкерге алдын ала хабарлаған жəне оның келiсiмiн алған уəкiлеттi мемлекеттiк органдар ұсынған дербес деректерді өңдеуге; 5) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес қызметкердің талап етуі бойынша қызметкердің дербес деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге; 6) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес деректерін сақтау тəртібін қамтамасыз етуге; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау тəртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен таныстыруды қамтамасыз етуге; 8) осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға; 9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уəкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға жəне олар құпиялылық режімін сақтауға тиіс; 10) Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыруға; 11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды осы деректерді тек бұрын мəлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті. Жұмыс берушінің: 1) қызметкерден оның саяси, дiни жəне өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпаратты талап етуге; 2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кəсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.»; 5) 66 жəне 67-баптар алып тасталсын; 6) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын: «68-бап. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы қызметкердің құқықтары Жұмыс берушiде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердiң: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң дербес деректерiн қамтитын жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса алғанда, өзiнiң дербес деректерiне өтеусіз қол жеткізуге; 2) осы Кодекстiң жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұза отырып, жинау жəне өңдеу жүзеге асырылған дербес деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге; 3) бұрын қызметкердiң дербес деректерi хабарланған адамдарға осы деректерге жасалған өзгерістер мен толықтырулар туралы жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге; 4) өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу жəне қорғау кезінде жұмыс берушiнiң жол берген іс-əрекеттерiне (əрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасауға құқығы бар.». 6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат, № 21, 161-құжат; 2012 ж., №

1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 28-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету»; 2) 27-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын жəне пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;»; 3) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: «28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету 1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі. 2. Егер осы Кодексте жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады. 3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн туындайды. 4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк жəне (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi. 5. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медицина персоналының қол жеткізуіне жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатында ғана рұқсат берілуге тиiс.»; 4) 95-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке өмiрiне қатысты дербес деректерді олардың рұқсатынсыз жинауға жəне өңдеуге жол берiлмейдi. Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке өмiрiне қатысты дербес деректерді пайдалану кезiнде оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желiлерге өздерінің рұқсатынсыз қосуға жол берiлмейдi.». 7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат): 195-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «дербес деректерi туралы (» деген сөздер алып тасталсын. 8. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 20 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын; 2) 4-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) дербес деректердiң жиналуы, өңделуi оларды жинау мақсаттарымен шектеу қағидаттарына негiзделген.»; 3) 5-баптың 12) тармақшасындағы «жеке тұлғалардың дербес деректерiнiң» деген сөздер «дербес деректердiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 13-баптың тақырыбы жəне 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар 1. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледi.». 9. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат): 42-баптың 2-тармағында: бірінші абзацтағы «алу, сақтау, өңдеу, пайдалану жəне беру» деген сөздер «жинау, өңдеу жəне қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «өңдеу» деген сөз «жинау жəне өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 21 мамыр № 95-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қосымша қаулысы 2013 жылғы 16 мамыр

№2

Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері І.Ж.Бақтыбаев, Н.В.Белоруков, А.Н.Жайылғанова, В.А.Малиновский, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың: өтініш субъектінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.Б.Ақылбайдың, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің өкілі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Р.Қ.Сəрпековтің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің жауапты хатшысы М.Б.Бекетаевтың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ғ.Б.Аққуованың, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ж.Қ.Асановтың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ə.А.Көмекбаевтың, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) өкілі – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Аппаратының басшысы С.Ғ.Темірболатовтың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілдің өкілі – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы В.А.Калюжныйдың қатысуымен, өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мəселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысына түсіндірме беру туралы өтінішін қарады. Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі В.А.Малиновскийдің хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерін тыңдап, сарапшылар – заң ғылымдарының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық жəне əкімшілік құқық кафедрасының профессоры Д.М.Баймаханованың; заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Ж.Д.Бұсырмановтың; заң ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық университетінің профессоры Е.В.Пороховтың қорытындыларымен; Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Мемлекет жəне құқық институтының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.А.Сəлімгерей, Мемлекет жəне құқық институтының ғылыми қызметкері, PhD докторы Ж.О.Битабарова); Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қ.Көбеев, заң ғылымдарының кандидаты, профессор М.Ш.Кəкімова, заң ғылымдарының кандидаты, профессор К.С.Мұсəлімова, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.В.Турлаев); Алматы қаласы жəне Алматы облысы бойынша өңірлік қайта даярлау жəне біліктілік арттыру орталығының Мемлекеттік жəне жергілікті басқару институты (институт ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.А.Тоқтыбеков), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мамандарының пікірімен, сондай-ақ конституциялық іс жүргізудің өзге де материалдарымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі анықтады: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Ə.Мəми 2013 жылғы 17 сəуірде «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сəйкес «Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабын, 61-бабы 3-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мəселелері бойынша басқа да бірқатар нормаларын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысына (бұдан əрі – Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысы) түсіндірме беру туралы өтінішпен Конституциялық Кеңеске жүгінді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық жəне (немесе) заңға тəуелді деңгейде бекіту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын Парламенттің қарауы барысында туындаған мəселелер өтініш жолдауға себеп болған. Бұл Заң жобасына сай мемлекеттік органдар функцияларының бір бөлігі заңнамалық реттеу саласынан алып тасталады. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысын орындау мақсатында əзірлеген, оған сəйкес мемлекеттік органдардың құзыреті Республика Конституциясымен, конституциялық заңда рымен жəне заңдарымен ғана емес, заңға тəуелді актілерімен де белгіленеді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысына түсіндірме берген кезде мынадай сұрақтарға жауап беруді сұрайды: «1. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 3) тармақшасындағы «мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздері» деп нені түсіну керек? 2. Конституцияның 61-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының мəнмəтінінде мемлекеттік органдардың қандай функциялары заңның реттеу нысанасын, ал қандай функциялары заңға тəуелді актілердің реттеу нысанасын құрай алады?». Өтініште қойылған сұрақтарды қарап, Конституциялық Кеңес қосымша мынаны түсіндіруді қажет деп санайды. 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жəне Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулысының нормаларына жасалған талдау, «мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздерін», бірінші кезекте, еліміздің Конституциясында баянды етілген Қазақстан Республикасының идеялары, мақсаттары, міндеттері мен принциптері, мемлекеттік органдардың құқықтық мəртебесін регламенттейтін қағидалар мен нормалар құрайды деп айтуға негіз береді. Мемлекеттік орган қызметінің жиынтықтағанда мазмұнын құрайтын оның басшылық жасау салаларымен, миссиясымен, негізгі міндеттерімен, функциялары жəне өкілеттіктерімен қатар, «мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздері» жүйесіне басымдыққа ие өзге мəселелер кіреді. Олардың қатарында – мемлекеттік органдарды құрумен, таратумен жəне қайта құрумен, олардың қызметімен, құқықтық актілердің түрлерімен, олардың заңдық күшімен, қабылдау, күшіне ену жəне күшін жою тəртібімен, сондайақ лауазымды жəне мемлекеттік органдардың мүддесін білдіретін өзге де тұлғалар жауапкершілігінің негізгі нысандарымен, мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес ұйымдармен жəне жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібімен байланысты мəселелер. Конституциялық Кеңестің пікірінше, «мемлекеттік органдарды ұйымдастыру негіздері» (Конституцияның 61бабы 3-тармағының 3) тармақшасы) деп, мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметімен байланысты Конституцияда көзделіп, заңдармен белгіленген аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған принциптер мен нормаларды түсінген жөн. Негізгі Заңның бірқатар баптарында ұйымдастырылуы мен қызметі, Конституциямен қатар, конституциялық заңдар мен заңдарда белгіленуі тиіс мемлекеттік органдар көрсетілген. Мəселен, Конституцияның қағидалары мен нормаларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы қызметінің; Парламентті ұйымдастыру мен оның қызметінің негіздері, оның депу таттарының құқықтық жағдайы; Үкіметтің құзыреті, оны ұйымдастыру мен қызметінің тəртібі; Конституциялық Кеңесті, сондай-ақ Республиканың сот жүйесін ұйымдастыру мен олардың қызметі конституциялық заңдармен айқындалады (Конституцияның 46-бабының 4-тармағы, 49-бабының 4-тармағы, 64-бабының 4-тармағы, 71-бабының 6-тармағы, 75-бабының 4-тармағы, 82-бабының 3-тармағы). Конституцияның қағидалары мен нормаларын дамыту мақсатында заңдармен Парламент Палаталарының комитеттерін жəне Сенат пен Мəжілістің бірлескен комиссияларын құру, олардың өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру тəртібі; Жоғары Сот Кеңесінің мəртебесі мен оның жұмысын ұйымдастыру; Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тəртібі, мəслихаттардың құзыреті, оларды ұйымдастыру мен қызметінің тəртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы; жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, оларды ұйымдастыру мен қызметінің тəртібі; жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен оның қызметі белгіленеді (Конституцияның 60-бабының 4-тармағы, 82-бабының 5-тармағы, 83-бабының 1 жəне 4-тармақтары, 86-бабының 6-тармағы, 87-бабының 6-тармағы, 89-бабының 3 жəне 4-тармақтары). Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 3) тармақшасынан жəне Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Норм а тивтік қа улы с ы на н ке ліп шы ғ а ты ны , Конституцияда көрсетілмеген өзге де мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздері («Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710, «Əділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 Қазақстан Республикасының заңдары жəне т.б.); мемлекет қызметінің айрықша маңызды түрлері ( «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы

№ 380-IV Қазақстан Республикасының заңдары жəне т.б.); билік өкілеттігін жүзеге асырудың нысандары мен əдістері («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453, «Əкімшілік рəсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Қазақстан Республикасының заңдары жəне т.б.) заңнамалық реттеу нысанасы болып табылады Өтініш нысанасының жекелеген мəселелері бойынша Конституциялық Кеңестің бірқатар қаулылары қабылданып, қолданылуда (1996 жылғы 2 желтоқсандағы № 8, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3, 2001 жылғы 9 шілдедегі № 11/2, 2001 жылғы 12 қарашадағы № 14/2, 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1, 2004 жылғы 9 сəуірдегі № 5, 2004 жылғы 15 сəуірдегі № 2, 2009 жылғы 20 тамыздағы № 5). Бұл қаулыларға сəйкес нақты мемле кеттік органдардың нақты функцияларын, өкілеттіктерін, басқару нысаналарын, құзыретінің ара-жігін ажырату мəселелерін заңдарда белгілеуге конституциялық тұрғыдан жол беріледі. Конституциялық Кеңес, Конституцияда аталмаған мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздері арнаулы заңдармен де, мемлекет қызметінің тиісті салаларын реттейтін заңнамалық актілер шеңберінде де бекітілуі мүмкін екенін негізге алады. 2. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының екінші бөлігі негізінде 61-баптың 3-тармағының 1) – 11) тармақшаларында аталмаған қатынастар заңға тəуелді актілермен реттеледі. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының екінші бөлігі жəне 44-бабының 3), 5), 9), 18) – 20) тармақшаларына сəйкес Қазақстан Республикасының Президенті: Республиканың мемлекеттік органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің құқықтық негіздерін белгілеуге, олардың функциялары мен өкілеттіктерін бекітуге, соның ішінде Республика Үкіметінің құрылымын айқындауға, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құруға, таратуға жəне қайта құруға; Республика Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарды құруға, таратуға жəне қайта құруға; олардың басшыларын қызметке тағайындаудың жəне қызметтен босатудың негіздерін белгілеуге; Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітуге; өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін жəне Республикалық ұланды жасақтауға; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындаудың жəне қызметтен босатудың негіздерін белгілеуге, оның мəртебесі мен өкілеттігін анықтауға; Республика Президентінің Əкімшілігін құруға; Қауіпсіздік Кеңесін жəне өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құруға хақылы. Республика Президентінің Жарлықтарымен сондайақ, мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің мəселелері заңдармен Парламенттің, Үкіметтің жəне өзге де мемлекеттік органдардың құзы ретіне жатқызылмаған мəселелер бойынша құқықтық тұрғыдан реттелуі мүмкін. Республика Президентінің мемлекеттік билік тармақтарымен, жекелеген мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру Конституциямен, конституциялық заңдармен жəне Мемлекет басшысының актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады жəне олардың қызметіне басшылық жасайды (Конституцияның 64-бабының 1-тармағы, 66-бабының 6), 7) жəне 8) тармақшалары. Мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметі негіздерінің жоғарыда аталған элементтері Мемлекеттік орган туралы үлгі ережеде жүйелі түрде жазылған («Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы). 3. Мемлекеттік органның функциялары оның ұйымдастырылуының негізі мен қызметінің мазмұнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Олар мемлекеттің мақсатынан, міндеттері мен функцияларынан тікелей келіп шығады, олармен өзара байланысты жəне жинақтала келе, мемлекеттік биліктің міндеттері мен мақсаты біртұтас мемлекеттік аппаратпен тұрақты əрі толық жүзеге асырылып, конституциялық құндылықтар қорғалуын қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 Нормативтік қаулыда, Конституцияның бірқатар баптарында мемлекеттік органдарға қатысты «функция» термині пайдаланылуына назар аударып, мемлекеттік органның «өз құзыретіне сəйкес іске асыратын, жария-құқықтық сипатқа ие, субъекттердің шектеусіз санына қатысты қолданылатын, мемлекеттің мəжбүрлеуіне негізделуі мүмкін» функциясының түбегейлі сипаттамасын айқындады (қаулының 3-тармағының екінші бөлігі). Мемлекеттік органның функциясын тиісті нормативтік құқықтық актіде дəл айқындау оның бастауларының бірі жəне миссиясы орындалуына, өкілеттіктері мен жауапкершілік шеңбері дұрыс белгіленуіне кепіл болып табылады, ал бұл мемлекеттің бір мақсатқа жұмылып, келісімді қызмет істеуін қамтамасыз етеді. Осылайша, мемлекеттік органдардың функциялары Конституциямен, конституциялық заңмен, заңмен, сондайақ Республика Президентінің жарлықтарымен, Үкімет қаулыларымен жəне уəкілетті мемлекеттік органдардың заңға тəуелді өзге де актілерімен белгіленеді. Конституция өзінің бірқатар баптарында мемлекеттік органдар, Конституцияда бекітілгендерімен қатар, заңдармен ғана емес, өзге құқықтық актілермен де айқындалатын өзге де функцияларды орындайды деп белгілейді. Мəселен, Конституцияның 66-бабының 10) тармақшасына сай Үкімет өзіне Конституциямен, заңдармен жəне Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. Мəслихаттардың қарауына Республика заңдарына сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, ал жергілікті атқарушы органдардың қарауына – жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады (Конституцияның 86бабы 4-тармағының 5) тармақшасы, 87-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы). Конституциялық Кеңес, мемлекеттік органдардың функцияларын заңның реттеу нысанасын құрауы мүмкіндері қатарына жатқызу критерийлері, соның ішінде, халық қалауын білдірумен жəне мемлекеттік билікті іске асырумен, адамның жəне азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етумен, Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптерін жүзеге асырумен, Республиканың басқару нысанымен, еліміздің егемендігін, біртұтастығын жəне аумақтық тұтастығын нығайтумен (Конституцияның 1-9-баптары) байланысты мəселелерді де қамтиды деп санайды. Конституциялық Кеңестің пікірінше, Конституцияда жəне заңдарда айқындалған функциялардан туындайтын, жəне оларды нақтылап, іске асыруға бағытталған функциялар заңға тəуелді деңгейде белгіленуі мүмкін. Қоғамдық қатынастарды заңмен жəне заңға тəуелді актімен регламенттеу туралы мəселені шешкен кезде мынадай талаптар сақталуға тиіс. Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарды құру жөніндегі конституциялық құзыретінен (Конституцияның 44-бабының 3), 5), 12), 18 – 20) тармақшалары) келіп шығатын Республика Президентінің мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі құқығы шектелмеуге тиіс. Үкімет өзінің Конституциямен, заңдармен жəне Мемлекет басшысының актілерімен белгіленген өкілеттіктері шегінде ғана мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды (Конституцияның 66-бабының 6), 8), 10) тармақшалары). Баяндалғанның негізінде, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Кон ституциялық заңының 35-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2 жəне 3-тармақтарын жəне 41-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында белгіленген «мемлекеттік органдарды ұйымдастыру мен олардың қызметінің негіздері» деп мемлекеттік органдардың құқықтық мəртебесінің мазмұнына (басшылық жасау салалары, миссиялары, негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері), құру, тарату, қайта құру жəне қызметін ұйымдастыру тəртібіне деген негізгі көзқарасты айқындайтын түбегейлі принциптер мен нормаларды түсінген жөн. 2. Заңдарда мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің негізін құрайтын функциялар, сондай-ақ жүзеге асырылуы Конституцияның 61-бабы 3-тармағында аталған аса маңызды қоғамдық қатынастарды қамтитын функциялар белгіленеді. Бұл, соның ішінде, жеке жəне заңды тұлғалардың құқық субъектілігі мəселелеріне, құқық шектеу сипатындағы шараға, сондай-ақ, құқық қорғау, бақылауқадағалау функцияларын жəне жекелеген қызмет түрлерін іске асыруға рұқсат беру тəртібін белгілеуді қоса отырып, мемлекеттік органдардың мемлекеттік емес ұйымдармен жəне жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынасына қатысты болады. 3. Заңға тəуелді деңгейде, іске асырылуы Конституцияның 61-бабы 3-тармағында санап көрсетілген қоғамдық қатынастарды қамтымайтын функциялар белгіленеді. Бұл заңда бекітілген функцияларды жүзеге асыру механизмін айқындауға, мемлекеттік органдардың іштей ұйымдастырылуы мен қызметіне, техникалық жəне технологиялық нормаларды қабылдауына (шығаруына) қатысты болуы мүмкін. Заңға тəуелді деңгейде мемлекеттік органдардың функциялары заңға тəуелді тиісті акт шығаратын субъекттің өкілеттіктері шегінде ғана белгіленеді. 4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сəйкес қосымша қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген ретті ескере отырып, түпкілікті болып табылады. 5. Осы қосымша қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ жəне орыс тілдерінде жариялансын. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.РОГОВ.


8

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

 Көкейкесті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылдың 10 маусымында сағат 10.00-де республикалық мемлекеттік меншік нысандарын сату жөнінде аукцион өткізеді

Ар-ождан бостандыєы аясында толеранттылыќ пен діни тґзімділік дəстїрлерін дамыту шарттары туралы бірер сґз

Полиэтностық жəне поликонфессиялық қазақстандық қоғам жағдайында сан алуан діни конфессия өкілдерінің бірі-бірімен үнқатысуы, сондай-ақ, олардың мемлекетпен арақатынасы дұрыс жолға қойылуы аса маңызды əлеуметтік мəселе. Осы орайда, өмір шындығында болмай қалмайтын қайшылықтар мен шиеленістер құқықтық негізде жəне зайырлылық пен ар-ождан бостандығы қағидаларын сақтау арқылы шешілуге тиіс. Бұл қағидаттар қазіргі əлемде құқықтық мемлекет пен демократияның ажырамас бөлігіне айналып отыр.

Ғалым ШОЙКИН,

Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Дін мəселелерінде ойластырылған қадам жəне өте мұқияттылық қажет. Мемлекет діни бірлестіктердің ішкі ісіне араласпауға тиіс. Біз ұят, толеранттылық жəне төзімділік еркіндігі принциптерін қастер тұтуымыз керек», – деп атап көрсетілді. Қазіргі уақытта адамның нанымсенім бостандығы құқын сақтау мəселелеріне Қазақстанда аса үлкен назар аударылып келеді деп сендіре аламыз. Діни саламыз бірқатар заңнамалық жəне құқықтық-нормативтік актілер, сондай-ақ,Конституция, Азаматтық кодекс, «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң арқылы реттелуде. Зайырлылық принципін заңнамалық деңгейде бекіту құқықтық мемлекет құрылымындағы маңыз ды қадам жəне өнегелік өлшемдер жүйесін таңдаудың маңызды нышаны болып табылады. Конституцияның 1-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Айта кетері, Қазақстанда мемлекет пен дін бөлінген деп мəлімдеуіміз мемлекеттің діни бірлестіктердің қызметіне араласпауын ғана емес, сонымен бірге, бұл өте маңызды, түрлі сенім ілімдерінің өзіндік канондарын конституциялық міндеттер мен жалпы ережелерді бұзуға пайдалануына жол бермеуді де білдіреді. Бұл тезистің дəлелі ретінде Негізгі Заңның: «Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық жəне азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс» деген 22-бабын келтіруге болады. Біздің мемлекетіміз көздеген мақсаттарының бірі – кең құқық шеңбері мен бостандықтың үйлесімдігі. Соған сəйкес денсаулық сақтау, медициналық көмекке жүгіну, білім алу сияқты жалпыадамзаттық құқықтар мен бостандықтар наным-сенім мен ар-ождан бостандығымен шиеленіске келуге тиісті емес. Зайырлы сипаттағы мемлекеттік құрылымның бастауыш, орта жəне жоғары оқу орындарында діни ілімдерді насихаттауға мүмкіндік бермеуі, оны кері серпуі,

міне, осы жəйтпен өз түсінігін табады. Бұл, сондай-ақ, идея бостандығына жəне қоғам өміріне жаңа да пайдалы нəрсені енгізуге, техникалық жəне ғылыми прогреске мүмкіндік туғызуға дайын бо лу деген сөз. Сонымен бірге, осы орайда еліміздің ілгерілеуі мен тұрақтылығының негізі болып отырған рухани мəдениет пен ұлттық дəстүрді дамытудағы зайырлы қоғам əлеуетін атап айтпау мүмкін емес. Мемлекет пен діни бірлестіктер қарым-қатынасындағы ұстанымдар қоғамдағы ар-ождан бостандығы деңгейінің бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Осы орайда, қазіргі таңда біздің мемлекет еліміздегі діни бірлестіктердің өз қызметтерін жүргізудегі теңдігін, құқығы мен бостандығын қамтамасыз етеді, дəстүрлі конфессиялар ғана емес, тіркеуден өткен барлық діни бірлестіктермен бірлесе жұмыс істейді. Бұл əріптестік, ең алдымен, адамдардың мəдени жəне өнегелік дамуын, қоғамда толеранттылық пен өзара сыйластық ұстанымдары нығаюын, əлеуметтік қызметтің сан алуан саласында осы мақсатта тізе қосуды көздейді. Бүкіл əлемде толеранттылық теңдікті құрметтеу, адамзат мəдениетінің, наным-сенімінің көптүрлілігін мойындау жəне басымдықтар мен зорлық-зомбылықтан бас тарту ретінде қарастырылады. Сол себепті діни толеранттылық – қазақстандық мемлекетті бекітудің маңызды шартының бірі, діни, этностық қақтығыстардың алдын алудың кепілі. Қысқасы, толеранттылық пен діни төзімділік азаматтық бейбітшіліктің негізі, біздің мемлекетіміздегі əлеуметтік прогрестің маңызды факторы саналады. Қазақстандық заңнамаларға сəйкес, қандай діни сенімді ұстанатыны сот ісінде, əлеуметтік игі ліктерге ие болуында немесе еңбектік, қызметтік жағдайында өз құқығын жүзеге асыруда азаматтар мен діни бірлестіктерге кедергі келтіре алмайды. Құрбан айт пен Исаның туылуы сияқты діни мейрамдардың ресми түрде атап өтілуін діни төзімділіктің жақсы нышаны деуге əбден болады. Сонымен бірге, тең құқыққа жəне міндетке ие барлық діни бірлестіктер, діни сенімдеріне қарамастан, жасаған құқық бұзушылық əрекеттері үшін заң алдында бірдей жауап береді. Елбасының таяуда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында: «Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы толерантты, яғни тағатты болды. Сонымен бірге, мен толеранттылықтың, кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді. Толеранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын жəне бүкіл ұрпақты тəрбиелейтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы», деуі

кездейсоқтық емес. Қазіргі таңда қазақ халқының өзге діни сенімдерге құрметі, то леранттылығы мен түсінісушілігі біріктіру факторына, еліміздегі қоғамдық тұрақтылық пен мемлекеттік дамуды қамтамасыз етудің басты шартына айналып отыр. Біздің пікірімізше, төзімділік пен бейбітшілік идеялары «дін – қоғам – мемлекет» жүйесінде құнарлы өзара əрекеттесуге дайын да ынталы болумен толығуға тиісті. Қарапайым көпшіліктің қолдауы ар-ождан жəне діни сенім бостандығының конституциялық қағидаларына толеранттылықтың сындарлы əлеуетін іске қосатын қажетті тетігі сияқтанады. Бұл ретте зайырлы мемлекеттің қағидалары, сондай-ақ, ажырамас ар-ождан бостандығы, əртүрлі əлеуметтік топтар өкілдері, сонымен бірге, əртүрлі конфессия өкілдері өзара түсіністік табатын, қоғамның зайырлы жəне діни бөлшектері арасындағы үнқатысушылықты күшейте алатын келісім нүктесіне айналар еді. Қазіргі таңда Қазақстан мемлекеттік-діни қатынастар дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. 2012 жылдың 25 қазанында діни бірлестіктерді қайта тіркеу аяқталды. Діни бірлестіктердің саны кемуіне қарамастан, бүгінгі күні біздің елімізде конфессияаралық əралуандылық сақталып қалды деп айтуға толық негіз бар. Айтпақшы, статистикалық мəліметтерге сəйкес дəстүрлі еместердің де, дəстүрлі конфессиялардың да саны кеміді. Қазақстанда «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң жəне осы заңға тəуелді нормативтіқұқықтық актілердің қабылдануы мен жүзеге асуы, елдегі діни ахуалды оңалтуға, конфессиялардың қызметін заманауи талаптарға сай лайықтауға жол ашты. Қайта тіркеу барысында байқалған маңызды бір жəйт, еліміздегі діни бірлестіктер өздерінің Конституция мен ұлттық заңнамалар алдында адалдығын паш етіп, оларды қатаң сақтауды өз міндеттеріне алды. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі өз тəжірибесінде сарапшылардың, оның ішінде шетелдік мамандар мен халықаралық ұйымдардың берген бағасына сүйенгенін атап өту керек. Бұл ретте заңның мазмұнына да, оны қолдану тəжірибесіне де тұтастай алғанда оң көзқарас берілгендігі қуантады. Айталық, аталған заңға «Астана консалтинг орталығы» қоғамдық қоры Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің тапсырысымен «Қазақстанда діни сенім бостандығының нығаюы» атты жоба шеңберінде халықаралық стандарттарға сай талдау жүргізді. Сарапшылардың қорытындысына сəйкес, біздің заңымыз ЕҚЫҰда қабылданған халықаралық стандарттарға негізделген базалық қағидаларға, сондай-ақ, демократиялық мемлекеттердің даму тəжірибесіне сай деп табылды.

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңның жүзеге асуы мəселелерін талқылауға Дін істері агенттігінің есігі əрқашанда ашық. Агенттік жаңартылған заңнама бойынша діни сенім бостандығын қорғау жолдарына қатысты еркін сұхбат жағдайында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырса, діни сенім бостандығы мəселелері бойынша сындарлы үнқатысу үстіміздегі жылдың 25 сəуірінде өткен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбындағы халық аралық конференцияда жалғасын тапты. Форумның жұмысына діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, шетелдік сарапшылар жəне мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Конференция барысында мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың одан əрі үндесуі, Қазақстандағы толеранттылықты сақтау мен нығайту мəселелері талқыланды. Шетелдік беделді қонақтар Қазақстандағы дінаралық қатынастарға жоғары баға берді. Биыл Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізіліп жүрген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезіне 10 жыл толатынын атап айтқым келеді. 2003 жылдан бастап бүгінге дейін əлем тыныштығын қамтыған маңызды мəселелерді талқылауға ондаған елдердің конфессия басшылары қатысқан төрт съезд өтті. Егер де 2003 жылы Астанада өткен І съезге 14 елден 17 делегация келген болса, 2012 жылы өткен IV съезге 40 елден 87 делегация келіп қатысты. Съезд қатысушыларының осындай динамикалық өсуі оның халықаралық деңгейдегі беделінің артқандығын тағы бір рет дəлелдейді. Қорытындылай келе, этносаралық жəне конфессияаралық шиеленістер, төзімсіздік пен ксенофобия мəселелері күнделікті өмірдің қалыпты құбылысына айналған қазіргі заманда Қазақстанның дінаралық қатынастар мəселесі бойынша тұрақтылықтың аралы жəне беделді үнқатысу алаңы болып отырғанына назар аударғымыз келеді. Альберт Эйнштейнге тиесілі келесідей афоризмді тағы бір рет еске салуды жөн көрдім: «Əлемді күшпен ұстауға болмайды. Оған тек түсіністікпен ғана қол жеткізілуі мүмкін». Демек, бейбітшілік пен келісім діни фанатизм мен радикализмнен, конфессиялық негізде оқшауланудан бас тартатын, оларға үнқатысу мен төзімділікті қарсы қоятын қоғамда ғана болуы мүмкін. Осылайша, полиэтностық жəне поликонфессиялық үнқатысу мен өзара түсіністікке ұмтылу Қазақстан үшін өрлеу мен дамудың факторлары есепті. Қазақстан алдағы уақытта да əр түрлі сенімдегі діни бірлестіктер еркін жұмыс істейтін, ал азаматтары діни сеніміне қарамастан, тең құқыққа ие болған поликонфессиялық мемлекет болып қала бермек.

Ќазаќстан индустриясы Еуропаєа бет алды

Юхан Партс екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, қазақ-эстон əріптестігінің тек көлік пен темір жолда ғана емес, барлық салада да өркендей беретініне сенім білдірді. Астанадағы локомотив құрастыру зауыты АҚ Балтиядағы терминалдардың ең ірі тəуелсіз операторы AS Vopak E.O.S. Ltd компаниясымен келіссөз жүргізуді 2010 жылы бастаған. Ал 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан ТЭ33А №0080 тепловозын Эстония Республикасының темір жол полигондарында пайдалануға сынақтан өткізу үшін жалға берді. Эстонияның теміржолшы мамандары өзге елдердің шығарған модельдерін жан-жақты сарапқа салып, Қазақстанда жасалған отандық өнім сыннан сүрінбей өтті.

7. Газ 32213 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 480 КР, 2000 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 34. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қызылорда облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 268 110 теңге, бастапқы бағасы – 1 340 550 теңге, ең төменгі бағасы – 146 682 теңге. Кепілді жарна – 40 217 теңге. 8. Ваз 21099 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 497 KP, 2004 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 34. Теңгерім ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қызылорда облысының ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 344 187 теңге, бастапқы бағасы – 1 720 935 теңге, ең төменгі бағасы – 188 303 теңге. Кепілді жарна – 51 628 теңге. 9. Уаз 330302-0001011 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 899 AL, 2002 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 154. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 60 148 теңге, бастапқы бағасы – 300 740 теңге, ең төменгі бағасы – 32 906 теңге. Кепілді жарна – 9 022 теңге. 10. Ваз 21213-110-00 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 443 AP, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 48. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің Қызылорда облыстық орман жəне аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 78 643 теңге, бастапқы бағасы – 393 215 теңге, ең төменгі бағасы – 43 024 теңге. Кепілді жарна – 11 796 теңге. 11. Ваз 21213-110-00 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 054 AA, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 34. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 157 437 теңге, бастапқы бағасы – 787 185 теңге, ең төменгі бағасы – 41 197 теңге. Кепілді жарна – 23 616 теңге. 12. Уаз 31512 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 868 AP, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Арал ауданы, Арал қаласы, Сəдібеков көшесі, 118. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 307 056 теңге, бастапқы бағасы – 1 535 280 теңге, ең төменгі бағасы – 80 349 теңге. Кепілді жарна – 46 058 теңге. Кепілді жарнаны төлеу деректемелері: Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің есебіне KZ690705012170173006, СТН 331000024812, ЖСН 120240012084, BIC KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті, ММ коды 2170173, Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 29. Сауда-саттық өткізілетін орын: Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 29-үй, 1-қабат. Өткізілетін күні жəне уақыты: 2013 жылғы 10 маусым, жергілікті сағат 10.00. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тапсырылатын құжаттар: 1) сауда-саттыққа қатысуға өтінім; 2) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын; құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; заңды тұлғалар үшін: жарғының жəне заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық

есепке қою фактiсiн растайтын салық органы берген құжаттың көшiрмесi не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; 3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Қатысушылар кепiлдi жарнаны кез келген санда енгiзуге құқылы, бұл орайда бiр кепiлдi жарна бiр жекешелендiру нысанын сатып алуға жол беріледi. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен Қызылорда қаласы, Журба көшесі, 29-үй, 1-қабатта басталып аукцион өткізілерден бір сағат бұрын аяқталады. Нысандар бойынша барлық шағымдар өтініш бергенге дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты (87242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады. Сауда-саттық өткізу ережесі Ағылшын əдісі Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып, аукционды өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Аукционшы жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын жəне бағаның арттырылу қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмiрдi көтере отырып бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы саудасаттыққа қатысушылардың аукциондық нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi жəне оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру нысаны бойынша саудасаттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Жекешелендiру нысаны үшiн бiршама жоғары баға ұсынған қатысушыны аукционшы жариялайды. Аукционшы жекешелендiру нысанының соңғы бағасын үш рет қайталайды жəне басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру нысанының сатылғандығы туралы жариялайды. Жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын, егер ең болмағанда екi қатысушы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына арттырған жағдайда ғана, жекешелендiру нысаны бойынша сауда-саттық өткiзiлген болып саналады. Голланд əдісі Аукционшы жекешелендiру нысанының бастапқы бағасын жариялайды жəне жаңа бағаны жариялай отырып, оны мəлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмiрдi бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды жəне балғаны соғып, осы жекешелендiру нысаны бойынша оны жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендiру нысанының ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру нысанын сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру нысаны сауда-саттықтан алынып тасталады. Егер бағаны жариялаған сəтте екi немесе одан көп нөмiр көтерiлсе, ондай жағдайда аукционшы бағаны жеңiмпаз анықталған сəтке дейiн тiркелген қадам көлемiне көтере бередi. Жарияланған қадам сауда-саттықтың голланд əдiсi бойынша белгiленген қадамына, бiрақ ұлғайту жағына тең болуы тиiс. Егер бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың бiрде-бiреуі оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тiлек бiлдiрмесе, онда аукционшы жеребе тастау рəсiмiн қолданады. Егер сауда-саттық өту сəтiнде жекешелендiру нысанын бiр ғана қатысушыға сатуға жол берілетін үшiншi жəне одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, пайдаланылмаған кепiлдiк жарнасы бар тек бiр ғана тiркелген қатысушы қалса, жекешелендiру нысаны бойынша саудасаттық өтпеген болып саналады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Семей филиалы 2013 жылдың 14 маусымында сағат 11.00-де республикалық меншіктегі нысанды сату жөнінде аукцион өткізеді

Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен эстондық «AS Vopak E.O.S. Ltd.» компаниясының басқарма төрағасы Арнаут Лугтмейер ТЭ33 А маркалы 15 локомотивін Эстонияға жеткізу туралы шартқа қол қойды. «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ жасап шығарған «Evolution» сериясының локомотивтерін Балтық еліне экспорттау туралы тарихи құжатқа Астанадағы ҚТЖ-ның орталық ғимаратында қол қойылды. Бұл рəсімге Эстония Республикасы Экономика жəне коммуникация министрі Юхан Партс пен «General Electric Transportation» компаниясының президенті Лорензо Симонелли қатысты. Асқар Мамин Эстонияның Қазақстан үшін сауда-экономикалық қарым-қатынаста маңызды серіктесі əрі бүгінгі қол қою рəсімі жемісті ынтымақтастықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. – Біз Эстония елімен сауда-экономикалық қарым-қатынасқа үлкен мəн береміз, алысберісіміз күн өткен сайын нығаюда. Темір жол арқылы да ынтымақтастықты дамытудамыз. Жұмысымыз жемісті болатынына сенімдімін, – деп атап өтті ұлттық компания президенті.

Ағылшын əдісі бойынша мына нысандар ұсынылады: 1. Toyota Camry маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 502 КР, 1997 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесі, 39. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 633 960 теңге. Кепілді жарна – 95 094 теңге. 2. Opel Vectra маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 478 КР, 1991 жылы шығарылған, тұрған жері: Жалағаш ауданы, Жалағаш қыстағы, Шəменов көшесі, 38. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 215 480 теңге. Кепілді жарна – 32 322 теңге. 3. Ваз 21099 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 475 КР, 2000 жылы шығарылған, тұрған жері: Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Уəлиханов көшесі, 5. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 208 714 теңге. Кепілді жарна – 31 307 теңге. 4. Газ 310290 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 473 КР, 1997 жылы шығарылған, тұрған жері: Жаңақорған ауданы, Жаңаарық ауылы, Патжамал көшесі, 7. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Бастапқы (алғашқы) бағасы –87 666 теңге. Кепілді жарна – 13 150 теңге. 5. Ваз 21065 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 505 КР, 1999 жылы шығарылған, тұрған жері: Арал ауданы, Арал қаласы, Шикенов көшесі, 26. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 175 933 теңге. Кепілді жарна – 26 390 теңге. Голланд əдісі бойынша мына нысандар ұсынылады: 1. Газ 24 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 307 AD, 1980 жылы шығарылған, тұрған жері: Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Михайлюк көшесі, 1. Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Арал теңізі обаға қарсы күресу стансасы» мемлекеттік мекемесі. Алғашқы бағасы – 72 629 теңге, бастапқы бағасы – 363 145 теңге, ең төменгі бағасы – 19 004 теңге. Кепілді жарна – 10 894 теңге. 2. Daewoo Nexia маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 150 BB, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 67 (№4 оқу ғимараты). Теңгерім ұстаушы – «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кəсіпорыны. Алғашқы бағасы – 413 969 теңге, бастапқы бағасы – 2 069 845 теңге, ең төменгі бағасы – 226 480 теңге. Кепілді жарна – 62 095 теңге. 3. Daewoo Nexia маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 151 BB, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 67 (№4 оқу ғимараты). Теңгерім ұстаушы – «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кəсіпорыны. Алғашқы бағасы – 413 969 теңге, бастапқы бағасы – 2 069 845 теңге, ең төменгі бағасы – 226 480 теңге. Кепілді жарна – 62 095 теңге. 4. Daewoo Nexia маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N 389 BU, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 67 (№4 оқу ғимараты). Теңгерім ұстаушы – «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік кəсіпорыны. Алғашқы бағасы – 451 561 теңге, бастапқы бағасы – 2 257 805 теңге, ең төменгі бағасы – 247 046 теңге. Кепілді жарна – 67 734 теңге. 5. ИЖ Юпитер 5-020-03 мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 3122 NA, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Арал ауданы, Қосжар ауылы. Теңгерім ұстаушы – «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны. Алғашқы бағасы – 19 000 теңге, бастапқы бағасы – 95 000 теңге, ең төменгі бағасы – 10 396 теңге. Кепілді жарна – 2 850 теңге. 6. ДЗ-57 скрепер-тіркемесі, мемлекеттік нөмірі ADDN 609, 1975 жылы шығарылған, тұрған жері: Арал ауданы, Қосжар ауылы. Теңгерім ұстаушы – «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорыны. Алғашқы бағасы – 39 375 теңге, бастапқы бағасы – 196 875 теңге, ең төменгі бағасы – 21 541 теңге. Кепілді жарна – 5 906 теңге.

Америкалық технологиямен жасалған «Evolution» локомотивтерінің ірі көлемі алғаш рет экспортқа шығарылайын деп отырғанын атап өту керек. 15 тартым күші мəшинесінің 10 данасын ағымдағы жылдың аяғына дейін, қалған 5-уін 2014 жылы аттандыру жоспарлануда. Эстония – елімізден локомотив экспорттап жатқан Қырғызстан мен Тəжікстаннан кейінгі үшінші ел. Бүгінгі таңда 220-дан астам локомотив өндірген зауыт өнімдерін ықтимал сатып алушылар қатарына 1520 кеңістігіндегі барлық темір жол əкімшіліктері кіреді. «Эволюшн» локомотиві қуаты, пайдалану барысындағы үнемділігі, халықаралық экологиялық стандарттарға сəйкестігі экспорт көлемін ұлғайтып, Еуропалық Одақ нарығына жол ашпақ. Əсел ҚАМЗА.

Аукцион əкімшілік ғимаратта мына мекен-жайда болады: Семей қ., Интернационал к-сі, 38, 308-бөлме. Аукционға ағылшын əдісі бойынша ұсынылады: ВАЗ 21213 автомəшинесі, мем.нөмірі F 287 AN, 2001 жылы шығарылған, Семей қ., Сеченов к-сі, 3. Баланс ұстаушы - «Сот медицинасы орталығы» РМҚК. Алғашқы баға - 141 000 теңге. Бастапқы баға - 141 000 теңге. Кепілді жарна - 21150 теңге. Ағылшын əдісі бойынша аукцион өткізудің ережесі Аукционшы жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын жəне бағаны арттыру қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар нөмірін көтере отырып, бастапқы бағаны арттырады, бірақ ол жарияланған қадамнан кем болмауы тиіс. Аукционшы аукционға қатысушылардың аукцион нөмірлерін жариялайды, бағаларын бекітеді жəне оны көтеруді ұсынады. Жекешелендіру нысаны бойынша аукцион ұсынылған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Аукционшы жекешелендіру нысаны үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушыны жариялайды. Аукционшы жекешелендіру нысанының соңғы бағасын үш рет қайталайды жəне басқа нөмір көтерілмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендіру нысанының сатылғандығы туралы жариялайды. Жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына артқан жағдайда ғана саудасаттықтың ағылшын əдiсiмен жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткiзiлген болып саналады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға арттыруды кемінде екі қатысушы жүзеге асыруы тиіс. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет: 1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінімді; 2) жеке тұлғалар үшін: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, төлқұжаттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетілген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн; банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын; заңды тұлғалар үшін: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi

түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн; салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куəлігінің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылып беріледі; 3) кепілді жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесі. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына есеп-шотына төленеді: ЖСК KZ110705012170169006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11, КНП 171, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ. Аукционға өтінімдер қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылғы 14 маусымда сағат 10.00-де мына мекен-жайда аяқталады: Семей қ., Интернационал к-сі, 38, 304-бөлме. Қосымша ақпаратты 8 (7222) 523266, 525309 телефондары арқылы немесе www.gosreestr.kz веб-порталынан алуға болады.


www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

9

 Интернет иірімдерінен Газетімізді үзбей оқитын көзі қарақты оқырман қауым жақсы білуге тиіс, біз осыдан бұрын екі рет («Сайтта сөйлеңіз, 13 сəуір; «Сөз сізде, ағайын!», 6 мамыр) басылым бетінде шолу іспеттес мақала жариялап, оларда қазіргі замандағы интернет жүйесінің қауырт дами бастағанына орай оқырман мен редакция арасындағы байланыстың пішіні басқаша сипатқа ие болып келе жатқанын жəне оның сол қалпында қайрылмастай болып ілгері тарта беретінін екшелеп сөз етіп өткен едік. Уақыттың бұл ағымы біз бұрын ести қоймаған интернет-ресурсқа қатысты көптеген жаңа терминдерді де əкеліп жатыр. Міне, солардың алғы қатарында қолданысқа түсе бастаған «комменттер», яғни əрбір жарияланымға оқырмандардың жедел білдіріп отыратын пікірлері мен үнқосулары қазіргі таңда сіздер мен біздерді байланыстырып, өзара ой жалғастыртып отырған бірден-бір нақтылы желі тұр. Айналып келгенде, біздің бүгінгі əңгімеміз де осы түсіндірмелер төңірегінен өрбиді. Қазіргі əлемдік журналистика дамуы үрдісінде ақпараттандырудың кең ауқымдылығы бірінші кезекке қойылып отырған болса, оқырман мен журналист, оқырман мен

редакция арасындағы байланыстың осындай кең көлемді түрлерінің бəрін белгілі бір дəрежеде ақпарат алудың дереккөзі ретінде қарастыруға əбден болады. Шындығында да оқырман комментарийлерінің өзі сондай ақпаратмəлімет, дерек-дəйектердің бір түрі. Осы тұрғыдан келгенде, оқырман қауым жолдайтын пікірлер мен ой бөлісулер арасынан да тəп-тəуір ақпарат көздерін алуға болады. Мұны біз биылғы жылдың қаңтар айында редакция жанынан арнайы интернет-редакция ашып, осы бағытта табанды да жүйелі жұмыс жасай бастағалы бері біртіндеп байқап келеміз. Осы ретте оқырмандар сол уақыттан бері біздің газеттің негізгі қағаздық басылымдағы пішінінен бөлек, интернеттік нұсқадағы үлгісінің (egemennews) де тұрақты жұмыс жасап келе жатқанын да біледі деген ойдамыз. Міне, жоғарыда айтылған «комменттердегі» деректердің бірқатарын біз осы интернет-басылымның беттерінде түрлі хабар түрінде пайдалануды да қолға алдық. Интернет-басылым тəулік бойы тоқтаусыз жұмыс жасайды. Ол былайша газеттің интернеттік нұсқадағы қосымшасы сияқты. Барынша жедеғабыл жұмыс жасайтын

оның желісінде жарық көріп тұратын кейбір хабарлардың соңынан газеттен де орын алып жататын кездері бар. Бірақ интернет-басылым торындағы материалдардың бəрінің бірдей қағаз басылым бетінде жариялануы тіпті де міндетті емес. Себебі, бұлардың екеуі қосыла келгенде, тұтас бір құрылымдық жүйе болып табылады. Біз мұның бəрін оқырмандар мен жер-жердегі авторларымызға қазіргі қалыптасқан ахуал мейлінше түсініктірек болсын деген оймен айтып отырмыз. Енді негізгі əңгімемізге келейік. Айтатыны жоқ, оқырманның «комменттер» жолдаудағы белсенділігі айдан айға артып келеді. Мұны соңғы апталар нəтижелері тағы да көрсетіп берді. Осы ретте үнқосулардың екі нұсқадағы жарияланымдарға да қатарласа келіп жататынын айта кетейік. Сондықтан алдағы уақытта интернет-басылымдағы (egemennews) əртүрлі суыт хабарларға байланысты білдірілетін пікірлерге де кезек бергіміз бар. Ал əзірге газет бетіндегі мақалаларға орай түсіндірмелерге келсек, бұлардың арасында атыраулық меншікті тілшіміз Жолдасбек Шөпеғұлдың «Оны зор, мені қор санасаң...» (15 мамыр) жəне «Мансап пен мінез» (16 мамыр)

деп аталатын екі мақаласы алдыңғы үштікті толтырып тұр. Осылардың ортасына Қарағанды облысындағы тілшіміз Айқын Несіпбайдың «Ауылда жастар азайып барады» деген проблемалық мақаласын қоюға болады. Бір қызығы, Маңғыстау облысындағы тілшіміз Гүлайым Шынтемірқызының өткен жолы топ бастаған «Қырымның қырық батыры» жырының «Манастан» несі кем?» деген мақаласы бұрын есепке алынған «комменттерін» шегеріп тастап, 7 мамырдан бергі пікірлерін екшелеп алғанның өзінде, осылармен үзеңгі қағысып келеді. Бірақ оған үнқосуларды енді қосымша беріп жатпадық. Сол сияқты осы тілшіміздің «Еркектер иттік жасады» (4 сəуір) деген хабары мен Айнаш Есалидің «Қайрат, Қайрат дегенге...» (25 сəуір) атты мақаласына үн қосушылар əлі де үзілер емес. Сондай тұрақтылықты Жақсыбай Самраттың «Халқының жақсы атын шығарған» (4 мамыр) очеркі де танытып отыр. Бүгін оқырман назарына мамырдың 7-сінен бері келіп түскен пікірлердің кейбірін ұсынып отырмыз. Əлбетте, келген пікірлердің бəрін жариялауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан жұртқа ой салады деп есептегендерімізді ғана екшеп бердік. Ендеше, сөз тағы да сізде, оқырман! Сайтта сөйлеңіз!

Сґз таєы да сізде, аєайын! «АРМИЯМЫЗ – АЙБЫНЫМЫЗ!» 8 мамыр, авторлары: Қанат Ескендір, Гүлайым Шынтемірқызы. • Жанашыр Елбасымыздың елдің қорғаныс қабілетін арттырудағы еңбегін көрсететін парад болды бұл. Репортаж да жақсы. Парадты қайтадан көргендей болдым. • Артур Екі автор да мықты екен, шеруді сол қалпында беріпті. «Егемен Қазақстанның»... ендігі жердегі жүгін арқалайтын осындай азаматтар мен азаматшалар аман болсын. 7 мыңнан астам əскер, қаншама техника қатысқан, оңтүстік пен батыс арасын дүбірлеткен үлкен шараны жазу оңай іс емес. Мұны жазу тек нағыз журналистердің қолынан келеді. • Қоныс Отар жеріндегі шеру көз алдымызда өтті, тікелей эфир арқылы жаппай Қазақстан көрді. Каспий теңізіндегі кемені онлайн-режімінде көрсету тым шолақ болып, ешнəрсені түсініп үлгермей қалып едік. Шынтемірқызы теңіз, кеме, жаттығуларын қолға ұстатқандай етіп жазған екен. Рахмет. Теледидардан түсінбей қалғандарды «Егемен Қазақстан» газетінің сайтынан оқып білдім. Сайт ашып, оқырмандарға мүмкіндік берген редакцияға, оның басшылығына, меншікті тілшілерге алғыс жолдаймын. • Сабыржан Жақсы екені сөзсіз. Мұндағы басты нəрсе – Президент ұйымдастырған парад. Қызықты тақырып болған соң тартымды жазылады. Дегенмен, журналистердің «Бастау», «Құттықтау», «Жерде», «Көкте», «Теңізде», «Баға» деген сияқты тақырыпшаларын да теріске шығару қиын. Дұрыс, жалпы.

мен білмеймін, сіздер қайдан білесіздер?» дегеніне ескерткіштің дəуірін айтқанымызда, «Ол кезде мен жоқ-тұғынмын» деген секілді əңгімелерін естіп, осындайларды қызметке қабылдаған лауазымды тұлғалардың да «деңгейін» шамалаған едік… • Мейрамгүл Қазір мемқызмет агенттігі А корпусы мен Б корпусын нақтылады. Осы жерде жастардың адами қасиеттеріне терең үңілу қажет. Барлық əкімдіктегі жастар ғана емес, мемлекеттік қызметке кірмейтін басқа салаларда да, құқық қорғау органдарында да осындай құбылыс бар. Əсіресе, құқық қоргау органдарындағы жас жігіттер мен қыздар өздерін жұлдыз санайды. «Жұлдыз» ауруына шалдыққан олар тергеуге ісі түскен адамның туыстарымен мүлде сөйлеспейді, ақырады, жекіреді. Мұны да бір мезгіл газетке жазса, дұрыс болар еді. «Егеменнің» тілшілері осыны да ойластырса. • Бекжан, Қызылордадан Өмір ағай дұрыс айтады, ауылдың əкімдері де өздерінше бір Құдайдай болған мансапқұмарлар. Бұл өзі мансапқұмарлық деген жазылмайтын ауру ғой. Абай атамыз «Болыс болдым, мінеки» дегенді бүгінгі ұрпағының мансапқұмарлығын алдын ала болжап айтқан секілді көрінеді. • Серік «Егеменнің» тілшілері жазғасын осылай жазу қажет. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерге халыққа жақын болуды айтып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл мақаланың маңызы зор. Бұдан əкімдер сабақ алып, қарауындағы қызметкерлерге орынды талап қоя білсе, көкейкесті мəселе оң шешім табады. «Егемен» əкімдерден осы мақалаға орай сыр тартып көрсе қайтеді?

Олар қазір аз жалақы төлейді, ветеринар, зоотехник мамандарын қаржы төлеп оқытуға, кейін жұмысқа алуға құлықты емес. Мұның арты ауылдардың құрып кетуіне соғуы мүмкін. • Klim Мұның бəрі утопия! Ауыл бəрібір дамымайды. Одан да қалаға келген жастарды қолдау саясатын жүргізу керек. • Айтбай Неге дамымайды ауыл дамиды, дамығанда қандай! Əрине, ауылда, өкінішке орай, проблема көп. Бірақ ол ауыл құриды деген сөз емес. Ауыл қазақтың алтын бесігі, ол бесікті құртып қойып ешкім қарап отырмас! • Нұрлан Осы өтірік мақтағанды қойсаңдаршы! Ауруын жасырған өледі. Сол үшін де барлық мəселелерді ауылдағылар айтуы қажет. Айтып қана қоймау керек, осы мəселені қолға алған журналистер аяғына дейін жеткізулері тиіс. Əйтпесе айтылады да қалады, ал одан не пайда?! • Лаура Осы ауылдағы жастар мəселесімен айналысып жатқан мемлекеттік органды көрмеппін. Немесе мен білмесем айтып жіберіңіздерші. Бəріміз жамандайтын совет өкіметі кезінде комсомол деген болып еді. Қазір сондай бірдеңе бар ма, өзі?! «ОНЫ ЗОР, МЕНІ ҚОР САНАСАҢ»… 15 мамыр, авторы: Жолдасбек Шөпеғұл. • Қорабай Досжанов, еңбек ардагері Осы мəселенің көтеріле бергені дұрыс. Жергілікті жұрт жоқтаушысы бар газет барын білсін. Бəлкім, ойланар. Заңдылықты бұзғаны үшін жұмысы тоқтатылса, өктемдікті өзгертер. Бұл алпа-

• Айдар Бұл мақалада Жолдасбек шетелдіктердің жымысқы əрекетін өте орынды көрсеткен. Бір кездегі ағылшын премьер-министрі Уинстон Черчилль «Мен тек қана ағылшын мүддесін білемін» деген екен. Шынында да əрбір мемлекет қайраткері, əрбір журналист елдің мүддесіне аса сергектікпен қарауы керек. Шетелдіктерді 11 есе артық жалақы беріп, дандайсыта бермейік. Біздің қазақ жұмысшыларының олардан қай жері кем? Неге шетелдіктерді қызметке алуға бейім тұрамыз? Осы елдің иесі өзіміздің қазақ азаматтары емес пе? Қажет болса, оларға қазақ елінің тарихынан, мемлекеттік тілден толыққанды емтихан алып, сосын барып елімізге кіргізу керек. • Cəуле Мəссаған деген осы. Шетелдік еуроны күреп табады, ал біздің жұмысшы жұмыстың ауырында жүрсе де аз жалақы алады. Əділдік емес. Мұндай алалау өте көп. Соны зерттеп жаза түссеңіздер. «Егемен» дұрыс мəселе көтеріп отыр, шетелдік жұмысшы елімізге келмей тұрып, құжаттарын алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Сонда жалған дипломмен келетіндерге, көші-қон заңын бұзатындарға тосқауыл қойылады.

«ҚАЙРАТ, ҚАЙРАТ ДЕГЕНГЕ… НЕМЕСЕ «ӨКІНІШ» ФИЛЬМІНЕН КЕЙІНГІ ӨКІНІШ» 25 сəуір, авторы: Айнаш Есали. • Оқырман Бұл мақаланы оқып отырғанда, Қайраттың жетістіктері мен тапқан табысына қызғаныш байқалады. Кино нағыз өмірден алынған, қарапайым, əдемі құрылған. «Кинода Қайрат байлығын көрсеткен» деген сын айтылыпты. Несі бар, қолынан

«АЛАШ ƏСКЕРІ» 7 мамыр, авторы: Думан Анаш. • Марат Ұлттық əскер болғанын естіп жүруші едім. Бірақ мағлұматымыз аз болатын. Осы мақала арқылы біраз дерекке қанып қалдық. Авторға рахмет. «МАНСАП ПЕН МІНЕЗ» 16 мамыр, авторы: Жолдасбек Шөпеғұл. • Берік Рахымов. профессор Иə, қазір осындайлар аз емес. Ұят ұмытылып бара жатқандай. Ұяттың ең бір ауыр түрі, Абай айтқандай, өз бойыңнан шыққан ұят. Сол жоғалуға айналғандай. Көңілінде сəулесі барға ойланарлық жай. • Балауса Өте дұрыс. Мемлекеттік қызметтегі жастар «болдым, толдым» деп талтаңдағанда, қара жердің өзі дірілдейді. Өзіне сенімді болғандықтан нық басқанын емес, қолындағы мансабына дандайсығаннан қара жерді оярдай бəлсінуін айтып отырғанымыз. «Егеменнің» басшыларына рахмет, осындай мəселені тілшіге тапсырма беріп жазғызғанына. • Арыстанбай Қуатов Мəселе орынды көтеріліп отыр. Енді əкімдер жастарды жұмысқа қабылдағанда да, одан кейін де ойланулары қажет. Себебі, мансапқа мастанған жастар билік пен бұқараның арасын алшақтатып бара жатыр. Бүйте берсе, халық биліктен теріс айналып кетуі мүмкін. Сондықтан «ауруды» асқындырмай, алдын алған дұрыс. Бірақ қалай? Осының жолын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ойластырса! • Ибрагим, жүргізуші Қазақтың жас жігіттері басына қонған бақты ұшырып алмауы керек. Мемқызметке екінің бірі орналасып жатқан жоқ, енді халыққа, елге қызмет етудің үлгісін көрсететін жастар дандайсымаса екен. Мұны көріп жүрміз. Тура біздің аудандағы жағдай да осындай ғой. Шаруа түсе бара қалсаң, бітті, олардың көңілін табу үшін жалпылдау, жағымпаздану қажет. Өйтпесең, шаруаң шешілмейді. Неге бұлай? Біздің қазақ мақтағанды, жалындырғанды жақсы көретін əдетінен арылмай қойды-ау! Əттеген-ай! • Үміт Мемлекеттік қызметкер сыпайы, қарапайым болса, билік пен бұқараның арасы жақындап, елдің болашағына сенім ұялайды. Ал керісінше болғанда, қалың бұқараның көңілі қалады. Ендеше, мемлекеттік қызметтегі жастарды халықпен жұмыс жасауға тəрбиелейтін тетік керек. Осыны астарлап ескерткен мақала екен. • Өскенбай Мақтаншақтық, мансабын шоқпарша пайдалану қазақтың қанына сіңіп бара жатқан секілді ғой. Осы жастарды қарапайымдылыққа, адамгершілікке тəрбиелеудің тетігін мемқызмет туралы заңға кірістіру қажет болар. Өйтпесек, мемқызметтегі жастардың өзімшілдігі асқынып кететіндей деңгейге жетті. • Өмір ағай Осыдан 2-3 жыл бұрын, көктем кезі… Қостөбе маңында (ОҚО, Төлеби ауданы Қаратөбе ауылдық округі) егістік үшін жыртылған жерден қыш құмыра, қол диірмен тастарының сынықтары жер бетіне шығып жатыр, деген суыт хабарды естіп, облыстық тарихи-археологиялық ескерткіштерді қорғау орталығының мамандарымен бірге суыт жолға шықтық. Ауыл əкіміне кірдік… Шіркін, тіпті бізді адам екен демейді, телефонмен ұзын-сонар əңгімесін тоқтатар емес. Облыстық əкімдікте жұмыс жасайтын таныстарымыздың атын айтып, қаттырақ сөйлеуге тура келді. Ауыл əкімінің: «Ол жердің тарихи ескерткіш екенін осы жерде туып-өскен

• Есенбай Жас шенеуніктердің болдым, толдым дегеніне жол болсын. Оларға халыққа адал қызмет ету арқылы абырой, бедел жинайтынын ұғындырып қою қажет. Əсілі, «Егемен» оқырманға тұщымды дүние беруге бет бұрды. Өте дұрыс. «АУЫЛДА ЖАСТАР АЗАЙЫП БАРАДЫ» 22 мамыр, авторы: Айқын Несіпбай. • Жүсіп Негізінен алдымен мемлекет тұрғысынан қамқорлықтың бары рас, бірақ ол дұрыс ұйымдастырылып жəне насихатталмай жатыр. Бетбұрыс бар. Дегенмен, əлі де проблемалар баршылық. Сол үшін де бұл мəселені тағы да көтеріп жазуларыңызды сұраймыз. • Тоқтар Кейбір ауылдарда мектептерді жауып жатыр немесе жабылады екен деген сыбыстар көп. Мұны естіген жастар қалайша ауылға тұрақтайды: егер адам тұрған жерінде баласын оқыта алмаса, оның керегі не? Əрине, бұдан кейін қалаға кетпегенде не істеуші еді? • Қосан Мақала өте дер кезінде жазылыпты. Қазір қайсыбір ауылға барсаң да (алыс түкпірдегі) қаңырап қалған. Жастар мектеп бітірген бойда ауылдан безіп кетеді. Осыны тоқтатудың қандай амалы бар? • Дулат Көпшілігіміз осы ауылдан шыққанбыз. Бірақ сол туған ауылымызға не пайда келтіре алдық. Үлкендер жағы ойланайық. Үлкендер үлгі боларлық істер жасаса, жастар өздері-ақ барар еді ауылға. • Елеусін, Атырау облысынан Мақалада дұрыс мəселе көтеріліп отыр. Ауыл алтын бесік дегенімізбен, соңғы кезде жастар тұрақтамайтын болды. Себебі, ауылда жастарға жұмыс жоқ. Бұрынғы совхоздарды «қызыл» директорлар пышақ үстінен талағандай етіп, бөліп алды.

уыттар түгіл, біздің Нұра ауданында астық жинауға өз адамдарымыз орнына шетелдік комбайншылар шақырылады. Бұларың қалай дейтін ешкім жоқ. • Мұхтар Мм-да, Атырауда шетел компаниялары көп. Жалақыдағы алалауға таңғалуға болмайды. «Теңізшевройлдың» бас директоры, шетел азаматы ғой, сол қанша мың доллар алады екен, ə? Оны кім айтыпты бізге? • Дəрмен Тоқтау қойылмайды. Өйткені, оларды тоқтататын заң жоқ! • Ерсайын Мəселеге бұдан да тереңдеп бару қажет. Əлсін əлі жаза берсе, тиісті министрлік, Үкімет бір күн көңіл бөлетін шығар. Өйтпесе, біздегі шетел кəсіпорындары есіріп бітті. Кекірігі атқан шетел адамдары қазақтарға шекесінен қарайтынды шығарды. Қазақстанға заңсыз жолмен келгендерді жұмысқа алу сұмдық қой. Жалған дипломмен қай қазақ шетелге барып жұмыс істепті? Қытай азаматтарын елден шығарып, мүлде жұмысқа алдырмау керек. • Ерболат Өмірбаев Мынау шынында да масқара екен! Неге осынша жалпақшешейлік таныта береміз шетел компанияларына? 18 мың теңге айыппұл салатын заңды əбден қатайтпаса, шетелдіктердің заңсыздығына тоқтау болады деу қиын. • Еңсегүл Апырай, бұл шетелдіктердің тайраңдауы қаныңды қарайтады екен. Мұны мұнай министрлігі бар, прокуратура бар, əйтеуір, бақылаушылар көп қой, неге тоқтатпайды? Оу, ел емеспіз бе, өз қандастарымызды қашанғы өгейсітеміз? Бұлай болмайды, жарандар, тəртіп керек, заңға бағынған елміз, заңға шетелдікті де бағындырсақ болмас па? «Егемен» бұл мəселені қайта-қайта жаза беруі тиіс. Рахмет «Егеменге»!

келіп жатса, бар болса, неге көрсетпеске. Қазақ байлығын көрсетпеуі керек пе? Қазақ кинолары осы уақытқа дейін шыққан жұпыны өмірді көп көрсетеді. Ал мына кинода əдемілік өте басым. Əдемілік адамға көңіл қуанышын сыйлайды. Тіпті осы киноны интернеттен 1 емес, 5-6 рет қайталап көрдім деген адамдарды естідім. Демек, кино көрермен жүрегінен орын алып жатыр, неше рет көрсе де жалықтырмауы киноның халықтың көңілінен шыққаны деп білемін. • Тімет Айнаш өте маңызды мəселені көтерген. Қайрат – қазіргі жастарға ұнайтын жақсы əнші. Бірақ ол туралы кино түсіретіндей, журнал шығаратындай тұлға емес. Ондай деңгейге алдымен жетіп алу керек. Қалың жұртшылыққа Айнаш бүгінгі күнгі жастар тəрбиесінің, қазақ өнерінің аса маңызды мəселесін көтеріпті. Шынында да Қайрат Нұртас дарынды əнші. Оны дұрыс бағытта тəрбиелесе, халқы сүйген атақты əнші болуы əбден мүмкін. Бірақ ондай тəрбиені көрмей отырмыз. Қайраттың тəрбиешілері бүгінгі күнді ғана, яғни мүмкіндікті пайдаланып, қалайда ақша тауып қалу керекті ғана ойлайтын сияқты. Саналы өмірін, өнердегі жолын енді ғана бастаған, он екі де бір гүлі ашылмаған Қайрат туралы кино түсіріп, журнал шығаруды мен осылайша түсіндім. Қайраттың өмір жолынан үлгі етіп, нені ұсынасың. Кинода көрсетілгендердің дені адамның адам болуына көмектесетін емес, керісінше, адамға теріс əсер ететіндер. Сондықтан да мұндай мағынасыз, мəнсіз, адамға берер жақсылығы жоқ, тек ақша табуды көздеген фильмдерді тоқтатқан жөн. Қайраттың айтатын əндерінің барлығы дерлік – арзанқол, қазіргі заманның «модный», «одноразовый», батысқа еліктеген мəнсіз əндер. Мен Қайраттың репертуарында қазақтың халық əндерінің болмауынан секем аламын. Қайратқа айтарым: халық əндерін көбірек айтып, халқыңа адал қызмет етсең ғана елің сені

шын бағалайтын болады. Мына түріңмен ұзаққа шаба алмайсың. Осыны ойлан. «КЕҢДІК ПЕН КЕМЕЛДІЛІК» 24 сəуір, авторы: Қайсар Əлім. • Шергина Тұмарова КазГУ-дің (қазіргі əл-Фараби ат.ҚазҰУ) физфагінде өтетін жас ақындармен кездесуде Кеңшіліктің талай өлеңдерін өз аузынан естіп, кейіндері де оның жырларын қалт жібермей оқығандардың бірі едік. Қазақта ақын көп қой (ол үшін тек қуану керек!), бірақ Кеңшілікті көп ақынның қатарына жатқызуға мүлдем болмайды: оның өзіндік ақыл-ойы, философиясы жəне өзіне ғана тумысынан біткен таланты бар. Ең бастысы, ол ерекше екпінді, арынды, өр мінезді əрі шынайылыққа толы тамаша поэзиясымен кейінгі ұрпаққа да белгілі болуға тиісті айтулы ақын. • Қосан Қазақта мықты ақындар көп қой. Бірақ мықтының да мықтысы бар. Сол мықтының да мықтысы ішінен Кеңшілік баяғыда орын алып қойған. Поэзиясының сұлулығы жөнінен ол қазақта алдына тек Төлегенді ғана сала алады. Былайынша, ең таңдаулы деген 5-6 ақынымыздың бірі. Амангелдінің өте сауатты екені көрініп жүр. Бірақ ол бəрібір Кеңшіліктің деңгейіне (талантына) жете алмайды. Оныкі сыншылық-оқырмандық деңгей ғана. Кеңшіліктей ақын өте сирек. Ол секілді сұлу поэзия жазғандардың қатарында Меңдекеш Сатыбалдиев, Жұматай Жақыпбаев, Танабай Нарманов, Байбота Қошым-Ноғай сынды ақындар ғана бар.

«ГАЗЕТ КЕШІГЕДІ. МƏСЕЛЕ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?» 14 мамыр, авторы: Гүлайым Шынтемірқызы. • Жарқын «Егемен» де, оның тілшілері де кемшіліктер мен жетіспестіктерді айтудай-ақ айтып жатыр. Жарайсыңдар! «Егеменнің» тілшілері жүйрік екен, көзіміз жетіп отыр. Г.Шынтемірқызы Маңғыстаудағы проблемалардың түймедейінен бастап, түйедейіне дейін тартынбай көрсетуде. Бетіңнен қайтпа деймін. Пошта проблемасы көпке дейін жабулы қазан күйінде келгендіктен барынша қордаланып, бүкіл ел бойынша барынша асқынып кеткен мəселе. Ал қиыр шеттегі Маңғыстауда мұның екі-үш есе қордаланғаны көрініп тұр. • Мақсат Гүлай барғалы «осы қыз қайтер екен» деген оймен «Егеменді» қолына алатындар саны бұрынғыдан көбейді. Оған сынап қарайтындар, көп нəрсе күтетіндер, қызғана қарайтындар бар. Сосын жазған мақаласы Маңғыстау халқының жанына тиеді. • Əнуар Поштада жасайтындар болар байбалам салып жатқан. «ЕСІМІ ƏНГЕ АЙНАЛҒАН ГҮЛСІМ АПА ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ КӨМЕГІНЕ МҰҚТАЖ» 24 сəуір, авторы: Үмітхан Алтаева. • Қонақ Мен бұл кiсiнiң өзбек қызы екенiн бiлмеппiн. Басқалар да бiлмеген шығар. Қызықты мақала. • Ахмет Бұл біздің бала кезімізден құлағымызға сіңіп, жатталып қалған əн ғой. Аналарымыз бен əпшелеріміз айтушы еді. Жүрекке сондай жақын əн. Мен де сол мақта терген сұлу Гүлсімнің өзбек қызы екенін білмеппін. Жетісай жақтың қызы шығар деп жүруші едім. Бірақ мəселе əнде ғой. Мына мақаланы оқып отырып, керемет толқып, көңілім босады. Бала кезім есіме түсті, анам ойыма оралды. Əпшелерімді сағынғанымды білдім. Соны тыңдап өскен біз де алпыстан асып барамыз. Неткен зулаған уақыт. Ал авторға осы мақаласы үшін мың да бір рахмет! Бала-шағасының қызығын көрсін. • Көбейсін Оңтүстіктің Асқар Мырзахметов бастаған əкімдері мен бизнесмендері енді осы кісіге шынымен қарайласып, көмектессе! Бұл кісілер шынында еңбек ері ғой. Мəселе тек əннің кейіпкері ғана болғанында емес. Ал əннің өзі де кім көрінгенге арнала бермейді. Гулсум-опа, сизни бу кунки биринчи май байрамингиниз билан табраклайман! «АҚШАҒА САТЫЛМАҒАН АР» 4 мамыр, авторы: Қарашаш Тоқсанбай. • Ерсін Театрлардағы қойылымдар туралы жазып тұрған дұрыс. Қарашаштың мына материалы да тартымды екен. • Əсем Чапайқызы А.Вальехоның «Күн сəулесі түспеген» психологиялық драмасы – бүгінгі репертуардағы тың қойылымдардың бірі. Аталмыш спектакльге Қарашаш апай жоғары деңгейде баға берген. Қаллеки ұжымы атынан апайымызға алғыс айтамыз!!! • Патима Мұсаева Керемет қойылым. Жан-дүниеңді тебірентер қойылым. Актерлердің шынайы ойнауы, əсіресе, əке рөлін сомдаған Ақыш Омардың еңбегін ерекше атауға болады. Дүнияуи! Көптен бері күн сəулесі жарығын түсірмеген жүректер, ішкі жан дүние, алдау-арбау… Керемет қойылым.


10

www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

 Мəдени мұра

 Бір нəсіпке – жүз кəсіп

«Мəдени мұра» бағдарламасы аясында қаншама архивтің шаңы қағылып, өшкеніміз жанып, жоғалғанымыз қайта түгенделе бастады. Бұл, əрине, сөз жоқ, Тəуелсіздік жемісі. Дегенмен, тамырын тереңге тартқан тарихымызды азғана уақыт ішінде түгендеу де мүмкін емес. Сол тарихи тұлғаларымыздың бірі əлі күнге ғұмыр кешкен кезеңі анықталмай, күйлері халық санасынан сызылып бара жатқан күй кептері – Баламайсаң Дауылұлы болатын. Қоңыр дала құшағында жатқан күйші туралы жалпы жазылып жүргенмен, оның шығармашылығы халық арасында кеңінен насихатталмай келеді. Жалпы, күйші туралы өлкетанушылардың халық арасынан жазып алған пікірлері жинақталып, жазылып жүр. Бірақ, тарих толқынына тұжырым жасау да мүмкін емес. Сондықтан да болар күйші Баламайсаң (Байсан, Бала Байсан) туралы пікірлер жиынтығы да бір арнада еместей көрінеді. Ендеше, қал-қадерімізше күйші туралы жиып-терген мағлұматтарымызбен бөлісе отырайық. Сонымен, Қазақстан ұлттық эн ци клопедиясының екінші томын дағы Тұмат Мерғалиевтің мə ліметіне қарағанда, XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген Баламайсаң Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында дүниеге келген. Оның «Мұңды қыз», «Науан», «Кербез Ақжелең», «Қыз Ақжелең», «Салауат», т.б. күйлері халық арасына тараған. Күйшінің туындыларын бізге жеткізушінің бірі – домбырашы М.Құсайынов бол са, оларды Қ.Ахмедияров, А.Тоқ тағанов, Р.Тəжібаев, т.б. күйші-домбырашылар орындап, бүгінге жеткізіпті. Мəңгілік мекені Ел тайдың қырындағы «ЖанайСағыр» күздігі маңында жатқан Баламайсаң күйші туралы академик Ахмет Жұбанов өзінің қазақ халық композиторларының өмірі мен творчествосына арналған «Ғасырлар пернесі» атты кітабында: «Құрманғазы өзіне бата берген ұстазы Ұзақпен бірге ел кезіп, домбыра тартыстың небір базарларында болып жүреді. Бөкей өңірінде аттары жайылған домбырашылар Соқыр Ещан, Шеркеш, Жаппас, Байжұма, Байбақты Баламайсаңның күйлерін үйреніп, жүрген жерлерінде олардың неше бір варианттарын естіп, біріненбірі сұлу күйлерді репертуарына енгізе береді», – деуі күй кептерінің заманында осал болмағандығын, қазақ өнерін насихаттаушылардың бірі болғанын дəлелдей түседі. Бұл əрине, кітапханадағы сарғай ған кітаптардың шаңын қағып қарағандағы тапқан мəліметтеріміздің бір деректері. Ендеше, осы күйші туралы өлке тарихына құлақ түрушілер, өнер жолында жүрген бүгінгілер не дейді екен. Осы сұрақтардың желісімен Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында тұратын ақын Сағынтай Бисенғалиевқа хабарласқанымызда бізге күй атасын таниды деп осы ауданға қарасты Мерген ауылының тұрғыны, 12 күй, 12 əннің авторы күйші-сазгер Аманғали Қайсағалиевтің мекен-жайын меңзеді. Сол із бен

71 жастағы күйшімен теле фон арқылы байланысқа шық қа нымызда: «Баламайсаң бұл батыс өңіріндегі күйшілердің атасы делінеді. Өйткені, жас кезімізде қарттар алдымен Баламайсаңның, сосын Соқыр Есжанның күйін тартқызатын. Оның алдына ешкімнің күйін салдырмайтын. Ал

Баламайсаң өмір сүрсе, оның жастық шағы, күйлері неге айтылмайды. Сондықтан да күйші А.Қайсағалиевтің: «Баламайсаң тым əріде өмір сүрген, ол туралы мəліметтің жұтаңдығы да осында», деуінің де жаны бар. Ал біздің өңірдегі ел аузынан тараған əңгіме өзгешелеу. Мысалы, жергілікті азамат Ж.Жұлқаров аудандық газетте жарияланған мақаласында: «Ауданға күйшікомпозитор Баламайсаңды іздеп екі рет Алматыдан тарихшы-ғалым Исатай Кенжалиев келді. Мен ғалымды ауданда Баламайсаң туралы білетін Аяпбергенов Қарпаш пен Сапаров Шамұратқа кездестірдім. Бұл кездесулерден бір ғана қысқа əңгіме қозғайын. Ескертетін жай, ертеде той көп, бірі шақырумен барса, бірі іздеп барады, өнерін көрсеткісі келеді. Бір белгілі байдың

нар, екінші орынға арғымақ. Бірақ, Баламайсан: «Мен орным мен сыйлығымды Құрманғазы ағамызға ұсынамын», – депті. Кезе гінде Құрманғазы арғымақты Баламайсаңның алдына тартыпты. Мұндай əңгіме өте көп, бірақ күйшілер де бірнеше тойға бармай ма, сондықтан əртүрлі болуы да заңдылық», – дейді. Енді өлкетанушы Өтепберген Əлімгереевтің «Баламайсаң» атты еңбегіне тоқталсақ, онда былай делінеді: «Баламайсаңның туа бастағы ныспысы Байсан, ата-тек шежіресінде де солай тарқатылып, аталады. Баламайсаңның барлық ғұмыры Атырау облысының Индер ауданындағы Толыбай құмы, Жұлдызшағыл, Қосшағыл. Бірер сөзбен айтқанда Шолан тауының етегіндегі ірілі-ұсақты қоныстар. «Мүрдесі осы өңірдегі «Жанай-

Баламайсаѕ

көнекөздерден өнекөздерден бізге жеткен мəліметтердің і біріне бі і тоқталсам, бірде бі Баламайсаң үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар» деген жерге арнайы іздеп келеді. Шамасы жас күйшінің атағы шыға бастаған шағы болу керек. Таныстықтан соң Құрманғазы өзі отырған жер атауымен «Сарыкөл-Самар» деген күй шығарып, тартып беріпті. Тағы бір əңгімеде Бөкей ордасында үлкен той өтіп, оған Баламайсаң келеді. Əн айтылып, күй тартылады. Бірақ, халық қарттың күйін тыңдағысы келгенмен, үлкен кісіге батып айта алмаса керек. Ақыры елдің өтініші қарттардың айтуымен күйшінің құлағына жетіп, сол жерде ол кісі домбырасын қолына алып күмбірлете жөнеледі. Күй тартылыстан соң мұның аты «Дүниеғапыл» депті. Сонда қарт 81 жаста екен дейді», – деп күйші туралы білмегімізді байыта түсті. Аманғали ағамыз Баламайсаң күйлерін бізге жеткізушілердің бірі ретінде Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №10 ауылына қарасты «Қамыс-Самар» жерінде 1902-1996 жылы кедей отбасында туған Қали Жантілеуовті айтады. Бұл туралы А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде: «… Ол сонымен қатар, «Баламайсаң», «Науан» сияқты кантиленалы (əндеткен) күйлерді де сызылтып орындайды. Оң қолдың шынтағын көтеріп жіберіп, домбыраның дауысын дүр еткізетін Құрманғазының ойнау техникасын да Оқап пен Қали алып келді, Қали – респуб ликаның халық артисі», – дейді. Шынында да Қ.Жантілеуов 1996 жылы өмірден өтсе, оның ұстазы Мəмен 1932 жылы бақилық болған екен. Оны айтып отырған себебіміз Құрманғазы күйін осы Мəмен, одан Қали Жантілеуов беріге таратады. Егер осы арада

Берлинде Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев бастаған қазақстандық делегация Ауғанстан бойынша Халықаралық байланыс тобының (International Contact Group, ICG) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

тойында күйшілер сайысына екі киіз үй тігіп, бірінде күйшілер, екіншісінде қазылар алқасы отырады. Орындаушыларды баға берушілер көрмеу керек. Оларға ортақ тапсырма: рет санын ауыстырмау, бір күйші үш күй орындайды бірі өз күйі, екіншісі, ортақ қазылар алқасы ұсынады, үшінші күй ерікті. Күй орындалып болған соң қазылар алқасы күйшілерді жинап рет санымен бағасын хабарлайды. Аты-жөні белгісіз. Қорытынды бойынша бірінші орынды Баламайсан, екінші орын Құрманғазыға тиіпті. Бірінші орынға кілем жапқан

Сағыр» жəне «Қатын шағыл» аралықтарындағы қоңыр төбеде еді», – дейді қазірде Атырау қаласындағы Құрсай ауылында тұратын Балғаным Елеусінқызы», дей келе шежіреші Ғинаят Жұмашевтің еңбегіне сілтеме жасап, руы беріш, оның жайық аталығы, шұбар бөлімінен деп таратады да ел іші естіген əңгімелері мен ұрпақтарының айтқанын алға тартып, Баламайсаң 1835 жылы туып, 1905 жылдары дүние салған деп болжам жасайды. Ел аузындағы тағы бір əңгімеде «Баламайсаңды Жəңгірхан шақырып алып, күй тартқызған. Күйіне

Жанай АМАНТУРЛИН. аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы. Атырау облысы, Индер ауданы.

Теѕіз академиясы ашылды Кеше Қазақстан теңіз флоты үшін əлемдік деңгейдегі кəсіби мамандар даярлауға рұқсат ретінде үш рет қатарынан дəстүрлі кеме қоңырауы соғылды. Осылайша, ресми түрде Қазақстан теңіз академиясы тұсауын кесті. Бұл академияның кадеттері – қазақтың өндірдей ұл-қыздары.

Ќазаќстан їлесіне лайыќты баєа Əлемнің 40-тан астам елінің өкілдерін жинаған отырыста Ауғанстанның дамуымен ұштасқан маңызды мəселелер талқыланды. АИР ұзақ мерзімді дамуы мен тұрақтылығы мəселелері бойынша халықаралық бірауыздықты қамтамасыз ету тұрғысындағы бірлескен тəсілдер қарастырылды, өтпелі үрдістің азаматтық ерекшеліктері, халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстанның қалпына келтірілуінец ұзақ мерзімді қатысуы, өңірлік ынтымақтастық жəне т.б. мəселелер қызу талқыға салынды. Қауіпсіздікке ықпалдасатын халықаралық күштердің миссиясының аяқталуына орай, бүгінгі таңда Ауғанстан маңызды тарихи кезеңге аттап кіруде. Елдің ауқымды бөлігі АИР үкіметінің жауапкершілігіне жатады. Осы тұрғыдан, ауған басшылығы мен халықаралық қауымдастықтың аталмыш үрдісті бекітуге бағытталған күш-жігерлері толығымен қуатталады. Сонымен бірге, халықаралық коалиция күштерінің елден шығарылуы əлемнің Ауғанстанға деген назары босаңсуының белгісі реөтінде қарастырылмауы керек. Бұл қадам елдің бүкіл саламатты күштеріне жаңа, бейбіт даму кезеңіне ауысу туралы белгі болуы керек. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіруге қосып отырған үлкен үлесін атап өтті. Өткен сəуір айында «Ыстамбұл үдерісі» шеңберінде Алматыда ұйымдастырылған Ауғанстан бойынша халық аралық конференция нəтижелерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

разы болған хан «бала май саңдатады екенсің» депті. Байсаң аты содан бері Баламайсаң аталып кетіпті» деген де бар. Бұл сөзге де мəн беріп қарасақ Əбілқайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Бөкей ханның ұлы Жəңгір хан 1801-1845 жылдардағы Бөкей ордасының соңғы ханы. Егер Баламайсаңды 1835 жылы туған десек Жəңгірдің қабылдауындағы бала нешеде болғаны? Тағы бір дерекке көз жүгірте отырсақ, өнертанушы Қажымұрат Қыдырбайұлының 1852-1920 жылдары Қызылқоға өңірінде өмір сүрген күйші Есбай Балұста туралы «Есбай» атты кітабында: «Есбай батысқазақстандық күйші-композиторлар Түркеш Қалқаұлының (1832-1875), Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921) мен Абыл Тарақұлының (1820-1892) замандасы, солармен үзеңгілес өмір сүрген тарланбоздардың бірі», – деп жазады. Алайда өнер адамдары бірін-бірі іздеп, сауық-сайран құрып жүретінін ескерсек бұл жерде Баламайсаң тағы көрінбейді. Тіпті, Түркеш Жаңақала өңірінен Қызылқоға ауданына қарай барғаны туралы ел арасында əңгімелер бар. Сонда осы жолдың кіндігінде отырған Баламайсаңға соқпай кетуі мүмкін бе? Тіпті, осы күйшілердің бірде-бірінің аузына ілінбейді. Бұл арада кездеспеуіне қарағанда, Баламайсаңның шын мəнінде 1700 жылдың аяғы мен 1800 жылдың бас жағында өмір сүргені расқа келетіндей ме? Осы жерде «Қазақтың дəстүрлі 1000 күйі» топтамасынан үзінді келтіре кетсек: «Байбақты Баламайсаң – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген əйгілі күйші. Сазгерлік өнері Ұзақ, Байжұма, Жантөре, Арынғазы, Боғда сияқты күйшілермен тұстас Баламайсаң шығармашылығында «Кербез Ақжелең», «Ілме Ақжелең», «Қыз Ақжелең» сияқты Ақжелең күйлері халық арасынан кеңінен орын алған». Міне, бұл мəліметке қалай ден қоймассың. Үлкендердің бағыт сілтеуімен бір топ азаматтар 2003 жылы күйші жатқан «Жанай-Сағырдағы» қоңыр төбеге белгі қойып, бүгінгі ұрпақ бір тарихи тұлғасын тапқандай еді. Алайда мұның шын мəнісінде Баламайсаң зираты екені ғылыми дəлелденбегені туралы да ел ішінде əңгіме бар. Сол ма, басқа ма? Сондықтан бұл да ойландырмай қоймайды. Қалай дегенде де біздің ұсыны сымыз бойынша аудан əкімі Берікқали Сəрсенғалиевтің қолдауымен ауданда алғаш рет күйші атында сайыс өтті. Енді облыс бойынша өткізбек ой да бар. Бір анығы қай ғасырда ғұмыр кешсе де Баламайсаңның қазақ өнеріне қосқан үлесі зор екеніне ешкімнің таласы жоқ.

Суретті түсірген Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ.

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Өткен жылы Қазақ-Британ техникалық университетінің жанынан ашылған Қазақстан теңіз академиясы кеме жүргізу жəне кеме инженериясы мамандықтары бойынша алғашқы 20 абитуриентті оқуға қабылдаған болатын. Осы арада Қазақстан теңіз академиясын құруға Қазақстан Президенті тікелей тапсырма бергенін айту қажет. Тəуелсіздігімізді тұғырлы ету жолына бағытталған бұл баянды іске «Теңізшевройл» ЖШС тікелей

араласып, барлық тұрғыда қолдау көрсетіп жатқанын атаған жөн. Əсерлі жағдайда өткен əдемі салтанатта «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Тим Миллер сөз алып: – Қазақстан теңіз академиясын ашу, еліміздің Каспий аймағын дамыту жөніндегі міндеттерінен туындап отыр. Мұнда палуба ұжымы мен машина бөлімінің ұжымдық құрамына халықаралық деңгейде мойындалған жоғары білікті Қазақстанның өз мамандары даярланады. Ірі экспорттаушылардың бірі болып табылатын біздің кəсіпорын үшін Қазақстан

мықты кадрларды тек мұнай-газ саласында ғана емес, барлық бағытта иеленгені маңызды. Сондықтан біз Қазақстан теңіз академиясының бас серіктесі болдық. Оның үстіне, академияның ашылуы ТШО-ның 20 жылдық мерейтойымен орайлас келді, – деді. – «Теңізшевройл» Қазақстандағы алғашқы теңіз академиясына қолдау көрсетуге бел буа отырып, алдына биік мақсаттар қойды. Кадеттер 1 жыл бойы оқуға қабылданудың қиын кезеңінен, күрделі академиялық курстар мен тəжірибелік тренингтерден өтті. Олар алғашқы болып атануға лайық екендерін дəлелдеді, – деді «Шеврон» компаниясының барлау, өндіру жəне газ жобалары жөніндегі атқарушы вице-президенті Джордж Киркланд. Ал академияда оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Кадеттер жыл сайынғы теңіз тəжірибесін халықаралық суларда жəне Каспий теңізінде өткізеді. – Мен Атыраудағы Қазақ-түрік лицейінде оқып жүргенде академияның таныстыру шарасына қатысқан едім. Бағдарламасын көріп, келешегі зор екенін түсінген соң бірден осында оқуға түсуге бел будым. Ағылшын жəне математика пəндерінен өткен ағылшын тіліндегі емтихан мен əңгімелесу сынағынан да сəтті өтіп, Қазақстан теңіз академиясының курсанты атанғанымды мақтаныш тұтамын, – деді Қазақстан теңіз академиясының тұңғыш кадеттерінің бірі Ерік Мақсұтов. Оның айтуынша, оқу үдерісіндегі əрбір жайт олар үшін таңсық болған соң, білімге деген қызығушылық та оларда өте жоғары болып отыр. Алғашқы болу тек мəртебе мен абырой ғана емес, зор міндеттерді де жүктейді. Отанға қызмет ету деген жауапкершілік сезімі əрдайым бұл сенімді ақтауға жетелеп отырады. Академияның ашылуына Парламент депутаттары, ТШО-ның серіктес компаниялары мен БАҚ өкілдері қатысты. АЛМАТЫ.

Ќоян ґсіру Қоян барынша өсімтал келеді. Осы қасиетінің арқасында тез көбейеді. Бизнестің бұл түрі сондықтан да барынша тиімді болып табылады. Оның үстіне, одан əртүрлі өнімдер алуға болады. Мəселен, қоян терісінен тон, қалпақ, жаға, манто, жакет секілді көптеген киімдер тігіледі. Сонымен қатар, еті де дəмді жəне тез қорытылады. Қоянның 200-ден астам түрі бар. Қазақстанда бірнеше түрі өсіріледі. Қоян салмағы 7 келіге дейін, ал кейбір жағдайларда 9 келіге дейін тартады. Қоянды етімен қатар жүні жəне терісі үшін өсіреді. Ол үшін қажетті тұқымды таңдап алу қажет. Мəселен, жүні үшін өсірілетін қоян терісінің жүні 12 сантиметрге дейін жетеді. Қоянды күту. Жеке шаруашылықта қоянды күтудің көптеген тəсілдері бар. Мəселен, оны кең сарайдың ішінде өсіруге болады. Бірақ, мұның бір кемшілігі қоян еркін қыдырыстап жүргендіктен, оның əртүрлі жастағы аталығы мен аналығы бір-бірімен шағылысқа түседі де, тұқымдық қасиеті мен сапасын бақылауда ұстау мəселесі қиындай түседі. Оның үстіне қоян əдетте өз інін жер астынан тереңдеп қазатындықтан, оның қалай көжектегендігін аңғармай да қаласыз. Сондықтан, қоянды бұ лайша күту түрі тиімсіз деп есептеледі. Мамандар көп жағдайда қояндар ды жекелеп немесе шағын топпен клеткаға қамап ұстауды ұсынады. Клетканы кез келген құрылыс материалынан жасап алуға болады. Оның құрылысы барынша қарапайым, қоянды күтуге, соның ішінде азықтандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге қолайлы болғаны жөн. Мəселен, оны 0,8-ден 1,0 метр биіктікте орналастырсаңыз, бұл сіздің қозғалысыңыз үшін тиімді. Қоянды азықтандырғанда немесе клетканы тазалағанда жерге көп еңкейіп, қиналып жатпайсыз. Тағы бір ескеретін мəселе, клеткаларды құрғақ жəне жасыл ағаштармен көмкерілген жерде орналастырған дұрыс. Бұл туралы нақты ақпаратты http://agrariy. net/view2_3.html жəне http://krolix.org/soderzhanie_krolikov.html сайттарынан ала аласыз. Қоянды көбейту. Қоян 3-3,5 айында жыныстық тұрғыдан жақсы жетіліп үлгереді. Бірақ, оны бұл кезде шағылысқа қосу тым ерте деп есептеледі. Өйткені, бұл уақыттан оның өсу үдерісі аяқталмайды. Сондықтан, ірі тұқымды қояндарды салмағы кемінде 3,5 келі тартатын 5 айға жеткен мезгілінде, ал орта салмақты қояндарды 4 айдан асқаннан кейін барып шағылысқа қосуға болады. Қоян жиі жəне көптеп көжектейді. Бір көжектегенде орта есеппен 6-7-сін туады. Кейбір жағдайда көжектердің саны 17-ге дейін жетуі мүмкін. Аналық қоянның бір жылдың ішінде 4-5 рет көжектей алатындығын ескерсек, қоянның қаншалықты тез көбею қасиетіне ие екендігін түсінеміз. Қысты күндері қоян көжектемес бұ рын оның орналасқан жерін жақсылап қымтап жылыту қажет.

өмірі үшін маңызды қызмет атқарады. Көжектер өмірге келген алғашқы аптаның ішінде оларды тамақтандырамын деп əуре болудың қажеті жоқ. Олар бұл кезде ана сүтімен қоректенеді. Бір ескеретін мəселе, мұндай кезде клеткаға жиі барып, дауыс шығарып, аналық қоянның мазасын алуға болмайды. Егер аналық қоян өз сүтімен көжектерді тойындыра алмаса, оларды қолдан қосымша азықтандырып отыруға тура келеді. Ол үшін майынан ажыратылған құрғақ сүтке ақуызды жəне өсімдік майын қосып, араластырып беру қажет. Қоспаның 53 пайызын құрғақ сүт, 32 пайызын ақуыз, 12 пайызын күнбағыс майы құрағаны жөн. Қоспаны бермес бұрын оны 37-38 градустық температура шамасында қыздырып алуды ұмытпаңыз. Дайын болған қоспаны бөтелкеге құйыңызда, аузына емізік орнатыңыз. Көжектерді осылайша азықтандыруға болады. Қояндардың негізгі азық түрлері. Қоян əртүрлі шөптермен азықтанады. Қырыққабат жапырақтарын, күнбағыс дəнектерін, жүгері дəні мен өркендерін ұнатады. Сонымен қатар, оған ағаш тамырларын, бақшалық дақылдар қалдықтарын жəне сүрлем беруге болады. Қатты азық түрлерінен шөп пен сабанды, ағаш бүршіктерін жей береді. Арпа, бидай, сұлы, құрамажем, тамақ қалдықтарын, астық қалдықтарын, шөп ұнтақтарын да бере беруімізге болады. Сонымен қатар, оған бір мезет тұз бен бор, сүйек ұнын беріп қойсаңыз жақсы болады. Қоян өсірудің шығындары. Клеткалар сатып алуға олардың саны мен көлеміне байланысты 40 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін ақша қажет; 20 қоян сатып алу шамамен алғанда 60 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады; Құрамажем сатып алуға 100 мың теңгеден 500 мың теңге аралығында шығын шығаруға тура келеді; Сонда сіздің барлық шығындарыңыз өзіңіз өмір сүретін өңірдегі баға жағдайына байланысты 200 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейінгі шығынды қажет етеді. Қоян өсірудің кірістері. Қоянның өте өсімтал келетіндігін жоғарыдай айттық. Сонда сіз 20 қоянды өсіру арқылы одан бір жылдың ішінде 380 келіге дейін ет өндіре аласыз. Бір келі қоян еті шамамен 1200-1400 тұрады. Демек, сіз бір жылдың ішінде қоян етін сатудан 456 мың теңгеден 523 теңгеге дейін кіріс қаратасыз. Бұл цифрлар қайдан алынып отыр? Егер, 20 қоян сатып алсаңыз олардың əрқайсысы сізге бір жылдың ішінде кемінде 10

Пайдалы кеңестерді мына сайттардан алуға болады: http://krolikoferma.ru/ http://www.greenrussia.ru/main/ kroliki/1100-organizaciya-razvedeniya-krolikov.html http://www.rabbit.kz/component/option,com_frontpage/Itemid,1/ http://agrariy.net/view2_9.html http://agrariy.net/view2_1.html http://www.dachi74.ru/shivotnie/kroliki.htm http://krolix.org/soderzhanie_krolikov.html

Клетканың ішіне көлемі 55х30х20 сантиметр болатын арнаулы жəшік орналастырып, оның ішіне сабан салған дұрыс. Аналық қоян осында орналастырылады. Сондықтан бұл жəшіктің құрғақ, жұмсақ жəне таза болғандығын ескерген жөн. Көжектер соқыр жəне саңырау, терісі жүнсіз тықыр болып туады. Аналық қоян толық көжектеп болысымен, бірден жəшік ішінен сыртқа шығады. Міне, осы кезде көжектердің тірі немесе өлі туған дығын тексеріп алған жөн. Өлісі мен өмір сүре алмайтын əлсізін бірден алып тастаңыз. Сонда аман туғандарының өсіп-жетілуіне қолайлы мүмкіндік қалыптастырасыз. Көжектер туғаннан кейін клетканың ішін күніне екі рет тазалап отыру керек. Себебі, гигиеналық тазалық жаңа туған көжектердің

көжек береді. Өсе келе олардың əрқайсысының салмағы кемінде 1,8-1,9 келіні құрайды. Сонда сіз бір жылда кемінде 200 қоян сата аласыз. 380 келі ет міне, осы қояндардан алынады. Мұның сыртында сіз енді 200 қоян терісін сата аласыз. Олардың əрқайсысының бағасы кемінде 1000 теңге тұрады. Демек осының өзінен ғана қосымша 200 мың теңге пайда қаратасыз. Сонда қоян өсіру ісі бір жылдың ішінде өзінің барлық шығындарын ақтап, сізді едəуір пайдаға кенелтеді. Мұнан кейінгі жылдары сіздің өсіретін қояныңыздың санына байланысты түсетін кіріс көлемі барынша арта береді. Əзірлеген Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

25 мамыр 2013 жыл

Ќадір тўтамыз Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында тұ ратын ардақты ағамыз Оңғарбай ШАЙЫМҚҰЛОВТЫ 70 жасқа толған күнімен шын жүректен құт тықтаймыз. Ауылда шəкірттерге білім беріп ұстаздық еткен, мектеп ди рек торының орынбасары, директоры болған ол КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрі Алғысының иегері атанды. Оң ғарбай ағамыз сондай-ақ қаламы қарымды журналист, жазушы əрі ақын. «Айналайын, ауылым», «Қызғалдақ дала» атты кітаптары жарық көрді. Оңғарбай Шайымқұлов аудандық «Шұғыла» газетінің штаттан тыс тілшісі бола жүріп ауыл еңбеккерлері туралы мақалалар

мен очерктерді үзбей жазды. Қазір Оңғарбай Шайымқұлов Қа ракемер ауылдық округі ақсақалдар ал қасының төрағасы ре тінде қоғамдық жұмыстардың ортасында жүр. Қымбатты аға, біз сізді ерекше қадір тұтамыз. Əрқашан жүзіңіз шуақ-нұрға бөленсін. Жетпіске біреу жетер, біреу жетпес, деген ғой. Сырлы аяқтың сыны кетпес. Сырбаз қалпыңызда өзгелерге өнеге көрсетіп жүре беріңіз. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды бақыт тілейміз. Тілек білдірушілер – Бекзат ағаңыздың Алматы қаласында тұратын үлкен ұлы Бағлан ініңіз, келініңіз Балжан, ұл-қыздары Жандəулет, Арайлым жəне Бекзатовтар əулеті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Семей филиалы республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізеді Тендер 2013 жылғы 14 маусымда сағат 11.30-да мына мекен-жайда өткізіледі: ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 308-бөлме. Тендерге қойылады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеттің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Резерв» РМК «Балқаш» филиалының шаруашылық жүргізуіндегі Семей қаласы, Тихий переулок көшесі, 5 мекен-жайында орналасқан нысандар: № 1 лот - №1/3 жылытылмайтын қойма үй-жайы, ауданы 300,0 ш.м., жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 69930,24 теңге, кепілді жарна 36805,39 теңге. № 2 лот - №17/1 жылытылмайтын қойма үй-жайы, ауданы 330,0 ш.м., жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 76923,26 теңге, кепілді жарна 40485,93 теңге. № 3 лот - №10 жылытылатын қойма үй-жайы, ауданы 1166,0 ш.м., жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 310623,45 теңге, кепілді жарна 163486,03 теңге. № 4 лот - №15 жылытылатын қойма үйжайы, ауданы 608,0 ш.м., жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына 161971,75 теңге, кепілді жарна 85248,29 теңге. Тендер шарттары: 1. Нысандарды кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға алу, ай сайын төлемдер жасау. 2. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес жалға төлеу ақысы бойынша ұсыныстар. 3. Берілетін алаңдар мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін: халық тұтынатын тауарларды сақтау үшін. 4. Кəсіпорынның рұқсаттама режімін сақтау. 5. Қалалық коммуналдық қызметтермен шарттар бойынша коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, теңгерімде ұстаушымен шарттар бойынша пайдаланудың шығын төлемін төлеуді қамтамасыз ету жəне ағымдағы жөндеу жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізу. Жеңімпазды таңдау өлшемі: Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушылары танылады. Тендерге қатысуға өтінішті қабылдаудың мерзімі: Өтініш тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде аяқталады. Мүліктік жалдау мерзімі: Мүлікті жалдау мерзімі теңгерімінде ұстаушымен келісім бойынша шарт жағдайларын тиісті орындау жағдайында əрекет ету мерзімін ұзарту құқығымен бір жыл. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемле кеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің шотына енгізіледі: ЖСК КZ110705012170169006, БСК

KKMFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11, КНП 171, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтініші; 2) желімделген конвертте тендердің шарттары бойынша ұсыныстары; 3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) жəне салық төлеуші куəлігінің көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; жеке тұлғалар үшін - салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кəсіпкерді мемелекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне үй кітапшасының көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмені; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін - серіктестікке қатысушылар тізілімінен үзінді-көшірмені (серіктестікке қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын; 6) кепілді жарнаның аударылғанын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесін; 7) өтініш беру сəтінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасын беруі қажет. Өтініштер қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте жоғарыда аталған құжаттар болуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болуы тиіс. Ішкі конверт өтінім берген сəтте жабық болуы жəне үміткер мөрлеуі тиіс. Өтінішті қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған жəне соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (егер осындай болған жағдайда жеке тұлға үшін) ұсынылған кезде жүргізіледі. Шарт жасау мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы алу мүмкіндігі тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап мына мекен-жайда болады: Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 304-бөлме. Анықтама үшін телефондар: 8(7222) 52-53-09, 52-32-66, сайт: www.gosreestr.kz.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ! Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы-профессорлар құрамының бос жұмыс орындарына байқау жариялайды БИОЛОГИЯ ЖƏНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ – 21 1. Биоалуантүрлілік жəне биоресурстар кафедрасы: аға оқытушы – 1 2. Биотехнология кафедрасы: доцент – 2; аға оқытушы – 4 3. Биофизика жəне биомедицина кафедрасы: доцент – 1 4. Молекулалық биология жəне генетика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 1 5. Дене шынықтыру жəне спорт кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; аға оқытушы – 4; оқытушы – 5 ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ – 19 1. Арабтану жəне ирантану кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 2; аға оқытушы – 2 2. Қытайтану кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 3 3. Корейтану жəне жапонтану кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 7 4. Түркітану жəне үндітану кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 1 ГЕОГРАФИЯ ЖƏНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ – 17 1. Метеорология жəне гидрология кафедрасы: доцент – 1; аға оқытушы – 2; оқытушы – 1 2. Картография жəне геоинформатика кафедрасы: кафедра меңгерушісі– 1; доцент – 1 аға оқытушы – 4; оқытушы – 1 3. Рекреациялық география жəне туризм кафедрасы: аға оқытушы – 2; оқытушы – 1 4. География, жерге орналастыру жəне кадастр кафедрасы: аға оқытушы – 1 5. Энергоэкология кафедрасы: аға оқытушы – 2 ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖƏНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ – 10 1. Дүниежүзі тарихы, тарихнама жəне деректану кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 2 2. Қазақстан тарихы кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 2; аға оқытушы – 2 3. Археология, этнология жəне музеология: аға оқытушы – 2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ – 17 1. Халықаралық қатынастар жəне əлемдік экономика кафедрасы: профессор – 1; доцент – 1; аға оқытушы – 4; оқытушы – 2 2. Дипломатиялық аударма кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 6 3. Халықаралық құқық кафедрасы: профессор – 1; оқытушы - 1 ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ – 13 1. Баспа ісі жəне дизайн кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 1; аға оқытушы – 3 2. Баспасөз жəне электронды бұқаралық ақпарат құралдары кафедрасы: аға оқытушы – 3; оқытушы – 2 3. ЮНЕСКО, халықаралық журналистика жəне қоғаммен байланыс кафедрасы кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 2 МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ – 47

1. Механика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 2; оқытушы – 2 2. Дифференциалдық теңдеулер жəне басқару теориясы кафедрасы: доцент – 4 3. Ақпараттық жүйелер кафедрасы: профессор – 1; доцент – 4; аға оқытушы – 3; оқытушы – 2 4. Информатика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 5 5. Іргелі математика кафедрасы: профессор – 2; доцент – 4; аға оқытушы – 4; оқытушы – 1 6. Математикалық жəне компьютерлік үлгілеу кафедрасы: профессор – 2; доцент – 4; аға оқытушы – 4; оқытушы – 1 ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ – 23 1. Плазма физикасы жəне компьютерлік физика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 2; оқытушы – 3 2. Қатты дене жəне бейсызық физика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 1; аға оқытушы – 5 3.Теориялық жəне ядролық физика кафедрасы: аға оқытушы – 4; 4. Жылу физикасы жəне техникалық физика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 2; оқытушы – 3 ХИМИЯ ЖƏНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ – 19 1. Жалпы жəне бейорганикалық химия кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 1; оқытушы – 1 2. Физикалық химия, катализ жəне мұнай химиясы кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; доцент – 1 3. Аналитикалық, коллоидтық жəне сирек элементтер химиясы мен технологиясы кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы – 1 4. Химиялық физика жəне материалтану кафедрасы: аға оқытушы – 2 5. Органикалық заттар химиясы мен технологиясы, табиғи қосылыстар жəне полимерлер кафедрасы: кафедра меңгерушісі –1; профессор –1; доцент –3; аға оқытушы– 2 ФИЛОЛОГИЯ, ƏДЕБИЕТТАНУ ЖƏНЕ ƏЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ – 14 1. Мемлекеттік тіл кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; доцент – 2 2. Жаратылыстану факультеттеріндегі шет тілі кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 2; оқытушы – 2 3.Шетел филологиясы жəне жалпы тіл білімі кафедрасы: кафедра меңгерушісі– 1; доцент – 1 4. Қазақ əдебиетінің теориясы жəне тарихы кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1 5. Аударма теориясы мен əдістемесі кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1 6. Гуманитарлық факультеттердегі шет тілі кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1 ФИЛОСОФИЯ ЖƏНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ – 20 1. Философия кафедрасы: кафедра

меңгерушісі – 1; доцент – 1; оқытушы – 1 2. Дінтану жəне мəдениеттану кафедрасы: аға оқытушы – 1; оқытушы – 1 3. Жалпы жəне этникалық педагогика кафедрасы: доцент – 1; аға оқытушы – 3; оқытушы – 1 4. Жалпы жəне этникалық психология кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 3 5. Əлеуметтану жəне əлеуметтік жұмыс кафедрасы: профессор – 1; аға оқытушы – 4 оқытушы – 1 ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ – 14 1. Қылмыстық құқық жəне қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасы: оқытушы – 3 2. Азаматтық құқық жəне азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы: аға оқытушы – 2 3. Кеден, қаржы жəне экологиялық құқық кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 5; оқытушы – 3 ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ – 25 1. Экономика кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; доцент – 2; аға оқытушы – 7 2. Есеп жəне аудит кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 1; оқытушы – 3 3. Қаржы кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; доцент – 2; оқытушы – 1 4. Менеджмент жəне маркетинг кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1; аға оқытушы – 2; оқытушы – 1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ – 2 1. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1 2. Тілдік жəне жалпы білім беру кафедрасы: кафедра меңгерушісі – 1 ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 2013 жылдың 24 маусымына дейін Қажетті құжаттардың тізімі: 1. Университет ректорының атына өтініш; 2. кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы; 3. өмірбаян; 4. нотариалды расталған жоғары білім, академиялық жəне ғылыми дəрежесін растайтын дипломдарының көшірмесі; 5. ғылыми атағын растайтын аттестат көшірмесі; 6. ғылыми еңбектерінің тізімі; 7. анкета; 8. соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 9. біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі; 10. №086 медициналық анықтама жəне флюорожазба. Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, Əл-Фараби даңғылы, 71; №703, 704 бөлмелер; сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, (кадр жəне мұрағат істері басқармасы). Анықтама телефондары: 8 (727) 377 35 35, 377 33 30 (11-71, 11-73), факс – 377 33 44.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2013 жылғы 11 маусымдағы сағат 11.00-де республикалық меншіктегі жекешелендірілетін нысандарды сату бойынша мына мекенжайда аукцион өткізу туралы хабарлайды: Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 1-қабат. Сауда-саттық голланд əдісі бойынша өтеді 1. Дəн сақтау қоймасы, жалпы алаңы 536,9 ш.м. ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық инспектурасы» ММ. Орналасқан жері: СҚО, М.Жұмабаев ауданы, Октябрь а. Бастапқы баға – 22 029 000 теңге. Ең төменгі баға – 680 767 теңге. Кепілді жарна – 330 435 теңге. 2. Зертхана үйі, жалпы алаңы 139,1 ш.м. ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық инспектурасы» ММ. Орналасқан жері: СҚО, М.Жұмабаев ауданы, Октябрь а. Бастапқы баға – 7 262 000 теңге. Ең төменгі баға – 224 420 теңге. Кепілді жарна – 108 930 теңге. 3. Əкімшілік ғимарат, жалпы алаңы 72,6 ш.м., 1973 жылы салынған. «ҚР АШМ Агро өнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің «Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ. Орналасқан жері: СҚО, Қызылжар ауданы, Соколовка а., Еңбек к-сі, 8. Бастапқы баға – 9 045 000 теңге. Ең төменгі баға – 279 519 теңге. Кепілді жарна – 135 675 теңге. Голланд əдісі бойынша сауда-саттық өткізу ережесі Аукционшы жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын жариялайды жəне жаңа бағаны жариялай отырып, оны мəлімделген қадаммен төмендетеді. Аукционшы баға жариялаған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген қатысушының нөмірін айтады жəне балғаны соғып осы жекешелендіру нысаны бойынша оны жеңімпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендіру нысанының ең төменгі бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бірде-біреуі осы жекешелендіру нысанын сатып алуға ниет білдірмесе, онда бұл жекешелендру нысаны сауда-саттықтан алынып тасталады. Егер бағаны жариялаған сəтте екі немесе одан көп нөмір көтерілсе, ондай жағдайда аукционшы бағаны жеңімпаз анықталған сəтке дейін тіркелген қадам көлеміне көтере береді. Жарияланған қадам сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша белгіленген қадамына, бірақ ұлғайту жағына тең болуы тиіс. Егер бағаны арттыру кезінде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың бірде-біреуі оны арттырылған баға бойынша сатып алуға білдірмесе, онда аукционшы жеребе тастау рəсімін қолданады. Егер сауда-сатттық өту сəтінде жекешелендіру нысанын бір ғана қатысушыға сатуға жол берілетін үшінші жəне одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, пайдаланылмаған кепілді жарнасы бар тек бір ғана тіркелген қатысушы қалса, жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттық өтпеген болып саналады. Назар аударыңыз! Жылжымайтын нысанның бастапқы бағасына жер телімінің құны кірмейді. Жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тəртіпте бөлек ресімделеді. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды: 1) сауда-саттыққа қатысуға өтінім; 2) жеке тұлғалар үшiн: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетiлген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн;

банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын; заңды тұлғалар үшiн: салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетiлген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн; салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куəлiгiнiң көшiрмесiн немесе көрсетiлген құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамасын; банктен банктiк шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн бiр жұмыс сағаты iшiнде қайтарып берiледi; 3) кепiлдi жарнаның енгiзiлгенiн растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшiрмесiн. Қатысушы сауда-саттықтан кейiн жүгiнген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 4) заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiктерiн куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейiн қайтарылып берiлетiн түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкiлi паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн не заңды тұлғаның өкiлi паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесiн ұсыну қажет. Акционерлiк қоғамдар олардың акцияларына иелiк ететiн акционерлiк қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тiзiлiмiнен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтiндегi) үзiндiкөшiрменiң түпнұсқасын ұсынады. Шетелдiк заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды куəландырылған аудармасымен бiрге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшiрмелерiн ұсынады. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардың өтiнiмдерiн қабылдау жəне оларды тiркеу талап етiлетiн құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргiзiледi. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру коми тетінің «Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті» ММ-дағы КZ300705012170177006 депозиттік шотына енгізіледі, БСК ККМ ҒКZ2А, БСН 120240018658, КБЕ 11, белгіленген төлем коды 171. Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол берiледi, бұл ретте бiр кепiлдi жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшiн осы кепiлдi жарнаны енгiзген жекешелендiру нысанын сатып алу құқығын бередi. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргiзiледi жəне 2013 жылғы 11 маусымда сағат 10.00-де мына мекенжайда аяқталады: Петропавл қаласы, Совет көшесі, 34, 2-қабат, № 11 бөлме. Нысандар бойыша барлық наразылықтар өтінім берген кезінен бастап қабылданады. Жекешелендіру нысандары жəне аукцион өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты: 8 (7152) 46-05-84, 46-2038 телефондары жəне www.gosreestr.kz арқылы білуге болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 13 маусымда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің вебпорталында республикалық меншік нысанын сату бойынша электрондық аукционды өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншік нысанын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Электрондық аукционға голланд əдісі бойынша қойылады: 1. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоймасы, жалпы ауданы 419,4 ш.м., 1968 жылы салынған. Тұрған жері: Осакаровка ауданы, Молодежный кенті, Ленин к-сі, 24. Баланс ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК филиалы. Бастапқы баға – 3443800 теңге. Алғашқы баға – 34438000 теңге. Ең төменгі баға – 775833 теңге, кепілді жарна – 516570 теңге. Назар аударыңыз! Жылжымайтын нысанның бастапқы бағасына жер телімінің құны кірмейді. Жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тəртіпте бөлек рəсімделеді. Сауда-саттықтың голланд əдiсiн қолдана отырып аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылдың 11 маусымында сағат 10.00-де аяқталады. Кепілді жарналар Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті мемлекеттік мекемесінің шотына төленеді: депозиттік шот KZ060705012170172006, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2A, БИН 120240019369, КБе 11, КНП 171. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін

(бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің вебпорталына енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондайақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім)

Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бір де-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-4-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бір де біреуі жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бір де біреуі жекешелендіру нысанын

сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің вебпорталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6 мекенжайында, жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтта жəне мына телефон арқылы алуға болады: 8(7212) 42-57-53.

11

Хабарландыру «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамы (бұдан əрі - «ДТЖ» АҚ) (050000; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www.kazrail.kz) модулді үлгідегі мобилді ғимаратты сатып алу жөнінде қайталама ашық тендер өткізу туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, саны, жеткізу мерзімі, орны жəне техникалық ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген. Тендерлік құжаттама көшірмесін 2013 ж. 30 мамырда сағат 18.00-ге дейінгі мерзімді қоса есептегенде мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесінде күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе «ДТЖ» АҚ веб-сайтында: www.kazraіl.kz, «Сатып алу» бөлімі. Əлеуетті жеткізушілердің өкілдері тендерлік құжаттаманың көшірмесін арнайы алу үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесін алуға жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тиісті түрде ресімделіп, өкілеттігін құжаттық растауын тапсыруы міндетті. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамының мына мекенжайы бойынша тапсырады (жібереді): 070012, Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға өтінімдерін арнайы тапсыру кезінде, əлеуетті жеткізушілер немесе олардың уəкілетті өкілдері тендерге қатысуға өтінімдерін тапсыру құқығын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін əлеуетті жеткізушінің мүддесі атынан ұсынатын тұлғалардың сенімхатын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруы қажет. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі – 2013 жылғы 31 мамырда сағат 10.30ға дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендер комиссиясы 2013 жылғы 31 мамырда сағат 11.00-де мына мекенжайда ашады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 54 48 57 немесе сатып алуды ұйымдастырушының электронды поштасының мына мекенжайына: info@kazrail.kz.

Бағалы қағаздар рыногында брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға «RBS Kazakhstan» ЕБ АҚ лицензиясы түрінің өзгеру туралы хабарлама

Осы арқылы «RBS Kazakhstan» ЕБ АҚ (БИН 940140000513) Директорлар кеңесінің 30.04.2013 ж. № 95 шешіміне сəйкес, клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз (бағалы қағаздармен мəмілелерді тіркеу құқығынсыз) – бірінші санаттағы лицензиямен екінші санаттағы лицензияға – бағалы қағаздар рыногында брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар түрін өзгертуге шешім қабылданғаны туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабардар етеді. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Алматы қ., 050040, Əл-Фараби даңғылы, 36/2, тел. 2581-505, ішкі 11063.

«СЕВЕР ПТИЦА» акционерлік қоғамы (БИН 981240015496), бұдан əрі мəтін бойынша – қоғам, «ҚазАгроФинанс» АҚ-тан 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомада қоғамның кредиттік қаржы тартуға атап айтқанда, ірі мəміле жасау туралы шешімді қоғамның Директорлар кеңесі 2013 жылғы 24 мамырда қабылдағаны жөнінде өз кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды, «ҚазАгроФинанс» АҚ-тың ағымдағы шарттарына сəйкес – жаңғыртылатын кредиттік желіні мерзімі 3 (үш) жылға жылдық 12,8%-бен (он екі бүтін оннан сегіз пайыз).

Акционерное общество «СЕВЕР ПТИЦА» (БИН 981240015496), далее по тексту – общество, информирует своих кредиторов и акционеров о принятии 24 мая 2013 года Советом директоров общества решения о заключении обществом крупной сделки, а именно, привлечение кредитных средств от АО «КазАгроФинанс» в сумме 500 000 000 (пятьсот миллионов) тенге, согласно текущим условиям АО «КазАгроФинанс» – возобновляемая кредитная линия, сроком на 3 (три) года под 12,8% (двенадцать целых восемь десятых процентов) годовых.

«RG Brands» АҚ «Asian Development Bank» АҚ-мен ірі мəміле жасағандығы туралы барлық мүдделі тұлғаларға хабарлайды. Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласу керек: ҚР, 050034, Алматы қ., Райымбек д-лы, 212-Б үй.

АО «RG Brands» информирует всех заинтересованных лиц о заключении крупной сделки с АО «Asian Development Bank». За дополнительной информацией обращаться по адресу: Республика Казахстан, город Алматы, пр. Райымбека, дом 212-Б.

Ақмола облысы бойынша МАЭС-тың 13.05.2013 ж. ұйғарымымен «Димид ЧЛ» ЖШС банкроттығы туралы іс бойынша өндіріс қозғалды. СТН 620200013782, БИН 001140003604.

Жұмаділла Ілиясұлы ҚОЖАБАЕВ 2013 жылғы 23 мамырда 58 жасында Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылымизерттеу институты Талдықорған филиалының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, егіншілік саласындағы білікті ғалым Жұмаділла Ілиясұлы Қожабаев дүниеден өтті. Жұмаділла Ілиясұлы 1955 жылы 25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының Сауран ауылында дүниеге келген. 1971 жылы Алматы қаласындағы №2 эксперименттік мектеп-интернатты, ал кейіннен 1977 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша үздік бітірді. Оның Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылымизерттеу институтындағы еңбек жолы 1978 жылдан басталып, мекемеде аспирант, кіші, аға жəне жетекші ғылыми қызметкер, кооператив төрағасы, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы ми нистрлігіне қарасты Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы, ал 2011 жылдан бастап институттың Талдықорған филиалының директоры қызметін абыройлы атқарып жүрді. Маманның ғылым саласындағы еңбектері негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ылғалы жеткіліксіз тəлімі жерлерде дəн ді масақты дақылдардың сорттық агротехникасын зерттеу ге бағытталды. Осындай жүргізілген ғылыми-зерттеу

жұмыстарының алғашқы кезеңі 1984 жылы кандидаттық, ал негізгі қорытындысы 2008 жылы жалпы егіншілік мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғауға арқау болды. Жұмаділла Қожабаев 215-тен астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 4 кітап, 24 кітапша, 5 агротехникалық ұсыныс, өнертабыстар мен селекциялық жетістіктерге алынған 7 авторлық куəлігі бар. Жұмаділла Ілиясұлының жоғары кəсіби білімділігі, сауаттылығы жəне жеке басының адамгершілігі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымы мен басшылығы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жұмаділла Ілиясұлы Қожабаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымы.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Талдықорған филиалының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жұмаділла Ілиясұлы ҚОЖАБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Дəурен Кеңесұлы Дияровқа əкесі Кеңес Құрманұлы ДИЯРОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

 Елім менің ертегі

25 мамыр 2013 жыл

 Бір ауыз сөз

 Өнер

Кґргенсіздікті «кґркейтпейік»

Елордамызда қала əкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отырған «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бəйгесінің басталуына көп уақыт қалған жоқ. «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бəйгесі – соңғы жылдары қала күні мерекесіне орайластырылып өткізіліп жүрген бірегей шара.

Азєындыќ аяќтан шалып жїрмесін Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

«Қазақстанның кластерлі-инновациялық даму жағдайындағы туристік жəне географиялық өлкетану» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның қонақтары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылы маңындағы «Таңбалы» шатқалында болып қайтты. Қонақтар алдымен «Таңбалы» мемлекеттік тарихимəдени жəне табиғи қорықмұражайын тамашалады. Онда археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған артефактілер, шаруашылық заттары, түрлі ыдыстар мен тастағы ескерткіш суреттердің бөліктері қойылған. Сондайақ, мұражайда таңбалы тастағы петроглифтердің ішінде бағалы саналатын петроглифтердің фотосуреттері мен ескерткіштер туралы жалпы ақпараттар ілінген. Мұражай басшысы Елеусіз Жанпейістің айтуынша, музей экспозициялары жылданжылға жаңа материалдармен толығып келеді. Одан əрі экскурсияға қатысушылар Шу-Іле тауының оңтүстік шығысында орналасқан тау қыраты жазығындағы қола ғасырына жататын «Қарақұдық ІІ» қорғанын өз көздерімен көріп, «Таңбалы» шатқалының сағасында түзілген шағын каньондардағы петроглифтерді тамашалады. Экскурсия негізгі бағыт бойынша өтті. Бұл жолда ең көп петроглифтер орналасқан. Негізінен тастағы таңбалар орналасу жағынан бес топқа бөлінген. Бірінші топта, яғни бірінші таудағы таста 111 петроглиф, екіншісінде – 432, үшінші каньонда – 444, төртіншіде – 700, бесінші тау жотасында 1000-нан аса тасқа салынған суреттер бар. Жалпы айтқанда, «Таңбалы» кешеніндегі петроглифтер саны 5000-ға жуық.Таңбалы

суреттер əр түрлі дəуірге жатады. Петроглифтердің ішінен «Азия дауысы» байқауының белгісіне айналған əйгілі «күн басты адамды» кездестіруге болады. 2004 жылы аталмыш қорық ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мəдени мұра тізіміне енген. Экскурсия соңында қонақтар алған əсерлерімен бөлісті. Словениядан келген қонақ Таня Михалич: – Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Екі-үш күннің ішінде керемет əсерге бөлендім. Бір ғана Алматының маңында мақтанатын көрікті жерлеріңіз көп екен. Табиғатқа, ұшы-қиыры жоқ кең далаға қарап сүйсініп отырмын. Мына «Таңбалы» қорық-мұражайының өзі мені көп ойға қалдырды. Ауасы ғажап, каньондарда салынған суреттер қалай табиғи қалпын сақтаған? Бұл жер, сөз жоқ, туристерді қызықтыратын болады. «Таңбалы» ЮНЕСКО таныған мəдени мұра, демек, мүмкіншілігі зор, – деп өз ризашылығын білдірді. Парламент Мəжілісінің депутаты, Қазақстан туристік одағының президенті Елена Тарасенко да: осындай ғажайып жерлерді, киелі мекендерді аялап, сақтаудың, халық игілігіне жаратудың маңызын атап өтті. Шара барысында арнайы тігілген киіз үйде қонақтарға қазақи дəстүрге сай дастарқан жайылып, сый-сыяпат көр сетілді. «Егемен-ақпарат».

15 минґтте жетеді Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тараз қаласының тұр ғындарына жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында қалалық медициналық жедел жəрдем стансасы жанынан №2 жедел жəрдем бөлімінің кіші стансасы ашылды. Ол Шөлдала, Құмшағал сая жайлары, Арай, Көктем, Дорожник, Жаңа Бəйтерек иін дері, Қызыл шарық ауылы, №11 шағын аудан маңында ор наласқан жеке тұрғын үйлер (Зеленый ковер), №8 шағын аудан маңында орналасқан тұрғын үйлер (Тайвань), Бектөбе ауылы, Бəйтерек ауылы, Əуежай маңы жəне №№ 8, 9, 10, 13 шағын аудандар тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз ететін болады. Ал бұл аймақта

барлығы 76325 адам тұрады. Стансаның 6 бригадасы бар жəне барлығы қажетті құрылғылармен жарақ тан дырылып, білікті медицина мамандарымен жасақталған. Мысалы, қалалық жедел медициналық жəрдем стансасына ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 87694-ке дейін шақырту түскен десек, енді осы шақыртудың 20-30 пайызына жаңа станса дəрігерлері мен медбикелері қызмет көрсететін болады. Жəне олардың жанына шипа сұраған аурулардың мекен-жайына 15 минөт ішінде жетулеріне мүмкіндіктері бар. Бұл өз кезегінде қалалық медициналық жедел жəрдем стансасының жұмысын айтарлықтай жеңілдете түседі. ТАРАЗ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

«Астана жўлдызы» ќала кїнінде аныќталады Бұл күні сəн-салтанаты жарасып, мерекелік түске енген Астана аспаны өнер жұлдыздарымен нұрланады. Астана қаласы Мəдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов байқауды: «Кəсіби білікті сарапшылардың таңдауы арқылы, ұлттық музыканың өркендеп, өрлеуіне ықпал ету, сапалы музыканың сұранысқа ие болуына жағдай жасау мақса тын да өткізгелі отырмыз», – дейді. «A D A M M edia G ro up» тің бас продюсерінің айтуына қарағанда, «Астана жұлдызы» ұлттық музыка бəйгесіне қатысуға 350 өнерпаз тілек білдіріпті. Аталған бəйге «Үздік этно-топ», «Үздік мəтін авторы», «Үздік композиторлар» сынды 15 аталым бойынша екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде 350 үміткердің ішінен 45 өнерпаз таңдалып, екінші кезеңге топ жарған 15 өнерпаз жіберіледі. «Астана жұлдызын» таңдауға 100-ге жуық кəсіби маман – ақындар, продюсерлер, композиторлар қатысады. Олардың арасында Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Бекболат Тілеухан, Нұрлан Өнербаев сияқты өнер майталмандары бар. Отандық музыка саласында тер төгіп жүрген үміткерлерді

 Айтайын дегенім...

Піскен астыѕ кїйігі Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Алматының көп бас ауруларының бірі – кептелек. Дегенмен, бұл мəселені шешуде қала əкімдігі қол қусырып отыр деуге болмас. Мүмкіндігінше қыбырқыбыр жұмыс істелініп жатыр. Соңғы 7-8 жыл ішінде бірнеше жолайрықтар салынып, қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы біршама жақсарып қалғаны да рас. Бірақ айтпағымыз бұл емес. Айтайын дегеніміз, сондай кептелектерден құтқарар деп салынған жолайрықтың сəтсіздігі болып тұр. Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы жолайрықты салуға біраз қаражат жұмсалған. Тіпті, қос көшенің қиылысындағы атақты

«Саяхат» автобекетін «құрбандыққа» шалу арқылы салынған бұл жолайрықта бүгінгі күні кептелектің көкесі орын алып отыр. Сенбесеңіз, жүріп көріңіз. Дүниежүзілік тəжірибеде жолайрықта бағдаршам болмауы тиіс екен. Ал аталған жолайрыққа төрт бірдей бағдаршам орнатылған. «Піскен астың күйігі жаман». Əлде сауатсыздық, əлде немқұрайдылық, мүмкін жемқорлық араласты ма, кім білсін, əйтеуір осы жолайрықта бірнəрсе жетіспейтін сияқты. Бірақ «іс бітті, қу кеттінің» кері. Айтайын дегеніміз, көзде тұрған сүйелдей болған осы сəтсіз жолайрықтың кебін енді салынатын жолайрықтар кимесе екен. АЛМАТЫ.

д ю т э ото

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

 Еркін елдің ертеңі

«Мамандар кїні» – мереке

Рудный индустриялыќ институты тїлектерініѕ 97 пайызы мамандыєы бойынша жўмыс орнын табады «Егемен Қазақстан».

Рудный индустриялық институтында ашық есік күні болып өтті. Мұны бо ла шақ түлектер үшін бос орын жəрмеңкесі десе де болады. «Мамандар күні» деп аталатын атал мыш шара білім ордасында бірнеше жылдан бері дəстүрлі өткізіліп келеді. – Осыдан төрт жыл бұрын бүгінгі студенттер білім ордасына мамандық таңдап келсе, бүгін сол мамандықтарымен табысқалы отыр, – деді институт ректоры Əбдірахман Найзабеков шараның салтанатты басталуында. Биыл институт 879 түлекті ұшырғалы отыр. Соның ішінде

360 студент күндізгі бөлімді, қалғаны сырттай жəне кешкі бөлімді бітіреді. Сырттай оқитындардың жұмыс істейтіндігі белгілі. Ал күндізгі бөлімді тəмамдағалы отырған студенттер бүгінгі жəрмеңкеде өздерінің болашақ жұмыс орнын таңдады. Институтқа отыздан аса жұмыс беруші кəсіпорындар өкілдері келді. Ал Рудный индустриялық институтының өзі жиырмадан астам мамандықтар дайындайды. Соның ішінде «пайдалы қазбаларды іздеуді жер асты өңдеу», «кен байыту» сияқты мамандықтарды Қазақстан бойынша небəрі 3-4 оқу орны ғана дайындайды. Мұндай мамандықтарды игерген түлектерді кен шығарумен, өңдеумен

айналысатын кəсіпорындар, ірі комбинаттар қолдан қолға тигізбей алып кетеді екен. «СоколовСарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамында Рудный индустриялық институтының 3000нан аса түлектері еңбек етеді. Əр жыл сайын білім ордасынан қанаттанған түлектердің кемінде 30 пайызы осы кен алыбында қалады. «Қазхром» ҰК» акционерлік қоғамының Дөң филиалы, «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамының «Краснооктябрь» боксит кен басқармасы сияқты, тағы басқа да еліміздегі ірі кен орындары Рудный институты дайындаған мамандарға сұраным беріп жатады. Сонымен қатар, институт түлектеріне көрші Ресейдегі

кен орындарынан да сұраным көп. Биылғы «Мамандар күні» шарасына Ресейдің Алтай өлкесіндегі «Сибирь Полиметалы» акционерлік қоғамының өкілі арнайы келіпті. – Біздің кəсіпорында Рудный институтын бітірген түлектер білікті мамандар болып саналады. Биыл мен институттың 8 түлегіне жұмыс ұсынуға келдім. Бізге маркшейдер, электромеханик, электр құралдары инженері қажет, – деді алтайлық кəсіпорын өкілі Андрей Ивакин. Білім ордасы басшыларының айтуынша, институт түлектерінің жыл сайын 97 пайызы жұмыс орындарын табады. – Біз жыл бойы түлектердің жұ мысқа орналасуы жөнінде мониторинг өткізіп отырамыз, қада ғалаймыз. Сонда олардың барлығы дерлік өз мамандығы бойынша жұмыс істейтініне көз жеткізіп келеміз, – дейді институт ректоры Əбдірахман Найзабеков. Қостанай облысы, Рудный қаласы.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Құрманғазы ЖҰМАҒҰЛ.

Екі кило сынап тґгілді

Мамыражай мамыр

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Арқа төрі, Астана төсіне жинап, шашасына шаң жұқпас шын жүйрік – «Астана жұлдызын» марапаттайтын шара 5 шілде күні «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рəсімінде еліміз тарихында қайталанбас өнерімен із қалдырған орындаушылар, сонымен қатар, арнайы шақырылған шетелдік қонақтар, əлемдік сахналарды бағындырып жүрген Джамала өнер көрсетеді. Бір қызығы, халықаралық марапаттау рəсімдерін сақтай отырып, өнер жұлдыздарын қызыл кілемде қарсы алу жоспарлануда екен. Халық əртісі Роза Рымбаева: «Бұл конкурс – жаңаша деңгейге көтерілетін, жұлдыздарымыздың нақтылы кəсіби деңгейін анықтайтын конкурс. Себебі, өздеріңіз білесіздер! Шоу-бизнеске бет бұрған «жұлдыздар» көбейген бүгінгі таңда, жанды дауыспен орындайтын шын таланттың өнеріне халық шөлдеп отыр. Біздің мақсатымыз да нағыз өнерге, кəсіби өнерпазға өз бағасын беру», – деді. Демек, «Астана жұлдызы» байқауы арқылы ұлттық музыкамыз жаңа биікке көтерілетініне сенім зор.

 Оқиға

Ф

 Жағымды жаңалық

Жедел жəрдем

секілді екен. Қазақ жеріне де жеткенін көріп отырмыз. Мұндай азғындыққа бүгін тыйым салмасақ, ертең өкінеріміз хақ. Елімізде 240 мыңнан аса қызтеке бар дейді. Олар уақыт өте келе, «құқығын» талап етпесіне, «үй» боламыз демесіне кім кепілдік бере алады? Көргенсіздікке мойынсұнғандар, небір ағымдар мен ғаламтордағы ақпараттарға еліктеп, еліріп, ұшарын жел, қонарын сай біліп жүргендерді жолдан тайдырып, адастыруы бек мүмкін. Пси хологтар ондайлардың ісін ауытқушылық дейді екен. Ен деше, ауытқығандардың үлгісіз əдетіне ел болып қарсы шығып, заң аясында тыйым салмасақ, алда қазақы қалпымыздан, ұлттық менталитетімізден айырылып қалу қаупі бар. Алла да сақтанғанды сақтайды емес пе?

Суретті түсірген Серік ӨТЕГЕНҰЛЫ.

«Таѕбалы» єажайыптарын тамашалады

Атам қазақта «Көрген көргенін, көсеу түрткенін қылады» деген қанатты сөз бар. Жəне бірде бабаларымыз «Құлақ естігенді көз көреді» деп нақылдаған. Бұл – өмірден алынған, кейінгіге сабақ болсын деген шындық сөз. Қазір əлемде жақсыны қойып, етектен тартып, жағаға жармасатын жат қылықтар көбейіп бара жатқаны анық. Лаңкестік деген пəле, ізгі дінімізді лайлайтын пиғылдар туралы өткен ғасырдың соңына қарай айтыла бастағанда, ол бізден аулақ дейтін едік. Сөйтсек, еркіндікті еркелік деп түсінгендер, зымияндардың ішкі есебіне алданғандар оны қазақ топырағына «əкеліп», қазір бітіспес күрес ашып, асқынғандарды жазалап жатырмыз.

Бір замандары данышпан Абай шығыстағы ұлылық батысқа ауысқанын айтып «Шығысым батыс болды» деп еді. Сол батысыңыз бен АҚШ-ыңызда «өркендеген» бір жат қылық, жат қылық емесау, көргенсіздік, азғындық елімізге елес болып ене бастағалы біраз уақыт болып еді. Алғашында мұны еріккендердің жын ойнағы шығар дегенбіз. Сөйтсек, жақында Қарағандыда «үйлену тойын» өткізіпті. Бұл қандай үйлену тойы, қандай жат қылық дейсіз ғой. Он сегіз бен отыз жастағы əйел мен əйелдің, яғни бір жыныстылардың жиіркенішті қылығы еді. Əлгі батыс пен АҚШ-та, нақтылай түссек, Еуропаның 11 елінде мұндай сүйкімсіздікке заңмен еркіндік беріп қойды. Тіпті ондайлар бала асырап алса да құқылы. Жаман əдет жаман «вирус»

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Өскемен қаласында мұның алдында да тұрғын үйдің ауласына аса қауіпті сынаптың төгілгені жөнінде суыт хабар тараған. Енді араға бір ай салып Өскемендегі Киров көшесінде қоқыс жəшігінің жанында екі килоға жуық сынаптың төгілгені расталды. Құтқарушы мамандар суыт хабарды ести салысымен жанұшырып жетіп, сұйық затты дереу жинап алды жəне полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал сынап төгілген жерді перманганат калиймен залалсыздандырды. Нəтижесінде адамдар қауіпті улы заттан аман қалды. ӨСКЕМЕН.

8-ші ќабаттан ќўлап, аман ќалды Көрер жарықтары, келер келешектері бар екен. Астана қаласында, Есілдің сол жағалауында бой көтеріп жатқан «Хилтон» атты элиталы мейманхананы салысып жүрген үш жігіт сегізінші қабаттан жерге құлап түсіп, əупіріммен аман қалды. Осылай ғажайыптың ғаламатымен жандарын кеуделерінде сақтап қалған үш жігіт те сол бойда əртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқыс оқиға бейсенбі күні орын алған. Осы күні күндіз жігіттер аталмыш қонақүйдің қасбетінде жұмыс жасап жатқан. «Үйдің 8-ші қабаты тұсында «Базис фасад» ЖШС-ында еңбек ететін 1994 жылы туған екі жігіт жəне 1993 жылы туған бір жігіт тұрған көтергіш құрылғы кенет жерге қарай құлап түскен», – делінген хабарламада. Қалай дегенде де, жас жұмысшы жігіттерді бір құдіретті күш сақтап қалды. Сəкен МАЙЛЫБАЙ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айгүл СЕЙІЛОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №65 ek

Profile for Egemen

25/05/2013  

2505201325052013

25/05/2013  

2505201325052013

Profile for daulet
Advertisement