Page 1

Бїгінгі нґмірде: Агроґнеркəсіп кешенініѕ екінші тынысы 5-бет Мїлікті заѕдастыру ол ќалай жїзеге асады? 7-бет Асќардыѕ алтын алмасы 15-бет Ќазаншўѕќыр жабылды, ќорќыныш сейілді 16-бет

№80 (28304) 25 СƏУІР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

ЭКСПО-2017-ніѕ ќўрылыс жўмыстары басталды

● Толғандырар тақырып

«Еѕ дамыєан елдердіѕ барлыєы бїгінгі биіктерге интеграция арќылы жетті» Ќазаќстан Республикасы Премьер-Министрініѕ бірінші орынбасары Баќытжан САЄЫНТАЕВПЕН сўхбат «Биыл менің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі идеяны ұсынғаныма 20 жыл толады. Еуразиялық интеграция үдерісі бүгінде дамудың мүлде жаңа кезеңіне шықты. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа 2014 жылы мамырда дəл осы жерде, Астанада қол қою жоспарлануда» – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың ХІІ Еуразиялық Медиа-форум қатысушыларына жолдаған құттықтауында осылай делінген. Біз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен таяуда болатын осы оқиғаның мəн-маңызы туралы сұхбат құруды жөн көрдік.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің капсуласын салу рəсіміне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенін салу жұмыстарының кестесімен танысты, сондай-ақ, капсула салып, құрылыс жұмыстарын бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының мəслихат депутаттарымен, негізгі мердігер ұйымдар басшыларымен жəне инвесторлармен əңгімелесті. Өз сөзінде Мемлекет басшысы бүгін ЭКСПО-2017 нысандарының құрылыс жұмыстарының басталғанын атап өтті. – 2017 жылы елордамыздың жиырма жылдығы көрменің

ашылуымен тұспа-тұс келеді. Осы жылдар ішінде мен Астананың көптеген нысандарының құ ры лысын бас тап бердім, ал бірақ дəл мұндай нысанды біз салған емеспіз. Бұл іс жүзінде Астананың бірегей инновациялық ғимараттары бар жаңа орталығы болады. Бұл ретте нысандардың басым көпшілігі желдің күшін, күн жəне өзге қуат көздерін қамтитын «жасыл» энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Кешен Назарбаев Университеті үшін базаға айналады, оның студенттері мен ғалымдары жаңа технологиялар əзірлей

алатын болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев кешен құрамында 4 мың пəтер, жа ңа қонақүй, Конгресс-холл, сондай-ақ, ұзындығы 500 метрлік «жабық қала» салу жоспарланып отырғанын айтты. – Жабық аймақта ойын-сауық жəне сауда орындары орналасады. Басты павильонның өзі диаметрі 80 метр жəне биіктігі 100 метр шар пішіндес болады, онда халықаралық павильондар орналасады. Бұған қоса, барлық қажетті нысандары бар аллея жасалады. Жалпы, кешенді салуға өте көп құрылысшы қатысады, шағын жəне орта бизнестегілер көптеген жұмыс орындарын аша алады. Бұл орайда негізгі

мақсат – құрылысқа қазақстандық мердігер ұйымдарды тарту. Бұл үшін оларға өз деңгейлерін көтеруге, жоғары сапа мен кəсіби шеберліктерін көрсетулеріне тура келеді, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 əлемдік қоғамдастыққа елордамыздың да, күллі еліміздің де жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді. – Көрменің өзін өткізумен қатар, біз бай мəдениетімізді, тарихымыз бен өнерімізді көрсетуге тиіспіз. Осының барлығы Үкіметтің, қала əкімдігінің, барлық министрліктер мен ведомстволардың зор үйлесімді жұмысын талап етеді. Біз бұл маңызды міндетті атқара аламыз жəне əлем алдында мүлде жаңа сапада көрінеміз

деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыс тары 2014 жылғы мамырдан 2016 жылғы желтоқсанға дейін жоспарланған. «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің жалпы аумағы – 174 гектар, мұнда аумағы 1 миллион шаршы метрден астам нысандар құрылысы жоспарланып отыр. Көрме аймағында Қазақстан ның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық жəне корпоративтік павильондар, сауда жəне ойын-сауық нысандары орналасады. Көрмеден тыс аймақта конференция орталығы, баспасөз орталығы, төбесі жабық қалашық, тұрғын үйлер мен қонақүйлер құрылысы жоспарланған.

Банктіѕ негізгі баєыттары талќыланєан ќабылдау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде банктің еліміздегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оның 2006 жылы Қазақстан мен Ресейде уəкілетті өкілдігі бекітілген кезден бергі қызметінің аралық қорытындылары шығарылды. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына 2 миллиардтан астам доллар салынғаны, электр энергетикасы, көліктік машина жасау, химия өнеркəсібі салаларымен қатар, түрлі салаларда 28 жоба іске асырылғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта тағы 28 жоба қаралу үстінде. Мемлекет басшысы банк жұмысының көрсеткіштері оның дамуының оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел банктің өз қызметін кеңейту, капиталын ұлғайту жəне жаңа мүшелер қосу жөніндегі ниетіне дұрыс қарайтынын айтты. Өз кезегінде, И.Финогенов банктің

Серіктестікке бастайтын стратегиялыќ шарт Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Өзбекстанмен арадағы стратегиялық əріптестік шарты қаралды. Сондай-ақ, депутаттар рұқсаттар мен хабарламалар туралы екі заңдық құжатты қызу талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімнің күшін жою туралы» Заң жобасы қаралып, қолдау тапты. Қырғызстан мен Тəжікстан ЕурАзЭҚ-тың бірыңғай кеден аумағына қосылған кезден бастап

күшіне енетін жекелеген баптарды айтпағанда, Келісім 2007 жылы күшіне енді. Оның кейбір баптары орындалған жағдайда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан жəне Тəжікстан) аумағы бойынша экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялар еркін қозғалуына рұқсат белгіленеді. (Соңы 3-бетте).

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Заңы Озон ќабатын бўзатын заттар жґніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылєы 3 желтоќсанда Бейжіѕде ќабылданєан Тїзетуді ратификациялау туралы

Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына 1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Түзету ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 сəуір №198-V ҚРЗ

Қазақстанда жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайға ризашылығын білдірді. Ол, сонымен қатар Еуразиялық Даму банкі қызметінің Қазақстанда мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың аясында жүзеге асырылып жатқан басымдығы бар жобаларға шоғырландырылған негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, банктің Алматыдағы штаб-пəтері арқылы екінші деңгейлі серіктес банктермен шағын жəне орта бизнесті қаржыландыруды дамыту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. ЕДБ басшысы банк өзінің бағалы қағаздарын шығаруды жоспарлай отырып, Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға да белсенді қатысатынын атап өтті. Бұл жобаларды ұлттық валюта арқылы қаржыландыруды ұлғайтуға мүмкіндік береді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

– Құрметті Бақытжан Əбдірұлы! Сізбен əңгімені бастарда Үкіметте осыдан жиырма шақты күн бұрын болған бір жағдай есіме түсіп отыр. Еуразиялық экономикалық ықпалдастық мəселелерінің бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылуы жөнінде мəжіліс өткізілетін залға кіріп келгеніңізде шақырылған адамдардың көптігіне таңданғаныңызды айтып қалып едіңіз. Үш мемлекеттің басшы лары мамыр айының аяқ шенінде немесе маусымның бас жағында қол қойылады деп шамаланып отырған Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт журналистер үшін жабық тақырып емес деп ойлаймын, солай емес пе? – Əрине, солай. Мен ол жолы залға журналистердің емес, осы мəселеге қатысты министрліктер мен ведомстволардың өкілдері тым көп шақырылғанына ғана назар аударған едім. Өзіңіз көрдіңіз ғой, кездесуде олардың бəрі бірдей сөйлей алған жоқ. Тіпті кейбір комитет төрағалары құр отырып, əңгіме тыңдап қана кетті. Ондай

жиын-жиналыстарға тек нақты сөз сөйлейтін, журналистердің нақты сұрақтарына нақты жауап беретін адамдардың ғана шақырылғаны жөн. Соны айтқым келген. Қай министрлікте де шаруа бастан асып жататынын жақсы білесіз. Ал дəл осы айларда экономикалық интеграцияға тікелей қатысты орындар күн-түн демей жұмыс істеп жатыр дей аламын. Елбасымыз жақында Мəскеуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында «біздің сарапшыларымыз өте үлкен əрі қиын жұмысты жүргізуде» деп бұл іске тиісінше баға бергенін өзіңіз білесіз. – Еуразиялық экономикалық одақ құрудың түп негізінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау 1994 жылы М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде жасаған ұсынысы тұрғаны баршаға белгілі. Əңгімеміздің бас жағында осы идеяның туындауын, пісіп-жетілуін, белбелестерін оқырмандардың есіне тағы бір салып өтсеңіз деймін. (Соңы 4-бетте).

Кґрменіѕ тіркеу ќўжаты ќорєалды Париж қаласында қазақстандық делегация «ЭКСПО-2017» тіркеу құжатын қорғады. 23-24 сəуір аралығында Париж қаласында «ЭКСПО-2017» Ха лықаралық маман дан дырылған көрмесінің комиссары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Атқарушы комитет отырысында «ЭКСПО-2017» тіркеу құжаты бойынша есеп берді. Тіркеу құжаты көрме нысандарының барлық техникалық құжаттарын қамтитын соңғы жоспар болып саналады. Р.Жошыбаев өз сөзінде Атқарушы комитеттің соңғы отырысынан кейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс туралы баяндап,

қазақстандық тараптың Бас хатшы Висенте Лоссерталестің наурыздағы Қазақстанға жасаған сапары кезінде айтылған барлық ұсыныстары назарға алынғандығын жеткізді. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» комиссары көрме қатысушыларын аккредиттеу мен қазақстандық виза беру туралы толық ақпарат берді. Отырыс қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің мүшелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің Тіркеу құжатын бірауыздан қолдап, үстіміздегі жылғы 11 маусымда Парижде өтетін Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 155-ші Бас Ассамблеясының мақұлдауына ұсынуға шешім қабылдады. «Егемен-ақпарат».

Сындарлы пікір алмасу ґзара сенім мен тїсіністікті ныєайтады Кеше елордадағы Тəуелсіздік сарайында ХІІ Еуразиялық Медиа-форум жұмысын бастады. Оған шетелдік жəне отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, танымал саясаткерлер мен ғылым қайраткерлері, Қазақстан Парламентінің депутаттары, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының экс-спикері Ньют Гингрич, Израильдің бұрынғы Премьер-министрі Эхуд Барак, НАТО Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Алессандро Минуто-Риццо, ресейлік журналист Владимир Познер қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Форумға қатысушыларға құттықтауын Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбеков оқып берді.

Азия – жаћандыќ ґзгерістердіѕ орталыєы

Осымен он екінші рет өтіп отырған Еуразиялық Медиа-форумның ашылу рəсіміне көпшілікке белгілі тележүргізуші жəне продюсер Риз Хан модераторлық етті. Ол еліміз де ұйымдастырылған осындай медиа-форумдарға талай мəрте модераторлық жасаған бола тын. Бұл жолы модератор қатысушыларға «қош келдіңіздер!» айта келіп, Форумды қатқыл сұрақтар қойып, мазалай беретін балалық кезден өтіп, енді аса маңызды мəселелерге назар аударуға құлшынған жасөспірімге теңеді. Өйткені, бұл жиын əлемде

болып жатқан өткір де өзекті мəселелерге арналып отыр. Алыс-жақын шетелдерден жəне еліміздің əр өңірінен арнайы келген делегаттар мен меймандар сол мəселелер жөнінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салмақ. Модератор Риз Хан қатысушылардың Астана төрінде өтіп жатқан Форумға белсене қатысуларын өтініш ретінде білдірген соң, сөзді Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары, Еуразиялық Медиа-форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваға берді. (Соңы 2-3-беттерде).


2

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

СЫНДАРЛЫ ПІКІР АЛМАСУ ҐЗАРА СЕНІМ

сəйкесетін объективті мəлімет беру, тарату. Мəселе тек саясатқа, ақшаға тірелмеуі керек. Демек, халыққа қолдан келгенше шынайы ақпаратты насихаттаған жөн болар еді».

(Соңы. Басы 1-бетте). Астанадағы соңғы кездесуден кейін бір жылдың қалай өте шыққанын байқамай да қалыппыз. Уақыт алға қарай жүйткіп барады. Кейде ХХІ ғасырда жылдар жылдам өтіп жатқан сияқты болып көрінеді. Біз өзгереміз, қоғам да өзгереді. Қай-қайсымыз да өзгереміз. Еуразиялық Медиафорум осымен он екінші рет өтіп отыр, деп бастады сөзін Дариға Назарбаева. Біздің Форумға шынайы қамқорлығын білдіріп, баршамыздың ортақ күш-жігерімізді жоғары бағалаған Қазақ стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа терең ризашы лығымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы, сондай-ақ, жиынға арнайы келген Ньют Гингрич, Эхуд Барак, Владимир Познер сияқты қадірлі меймандарға да ризашылығын білдіре келіп, Форумның бағдарламасы мен онда қозғалатын мəселелерден хабардар етті. ТМД-ның бірқатар елдеріндегі оқиғалардың қайғы мен қасіретке ұласуы, Таяу Шығыста соғыс өртінің сейілмеуі, Азия елдерінде болып жатқан құбылыстар əлемдегі көптеген бақылаушыларға «Post-Cold War Period» деп аталатын кезең аяқталды деуге мүмкіндік береді, деді ол əрі қарай. Мұны қысқаша айтқанда, «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен басталған əлемдік тарихи дəуір өзінің мəресіне жетті. Əлемде не болып жатыр? Өткен ғасырдың 80-жылдарының соңында əлемдік саясатта қалыптасқан жəне жазылған ережелер қызметін тоқтатты. Əрбір ықпалды күштер оларды өз беттерінше түйіндеп, өзгенің мүддесімен есептеспейтін болды. Содан да болар, ғаламшардың əр бөлігінде шиеленістер ошағы жиі көрініс бере бастады, деді шешен. Бұдан кейін Д.Назарбаева Форумның бірінші пленарлық отырысында сөз болатын тақырып жайына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық өзгерістердің саяси жəне экономикалық орталығы Азияға қарай ойысқан. Сондықтан Медиа-форумның екі тақырыбы – Иранның ядролық бағдарламасы мен Таяу Шығыстағы жағдайларға арналып отыр. Сонымен қатар, шешен Сириядағы ахуалды да атап өтті. Өйткені, бұл елде қақтығыстар толастар емес. Дегенмен, əлемдік қоғамдастық Сирияда бейбітшілік орнайды деген сенімде. Осыдан екі ай бұрын Сочи Олимпиадасы миллиардтан асатын телекөрермені əрі миллиардтаған медиа-бюджетімен үстіміздегі жылдың ең басты гуманитарлық медиа-оқиғасына айналатындай болып көрінген. Бірақ, өкінішке қарай, оның орнын Украинадағы қайғылы оқиғалар мен Қырымдағы жағдай басты, деп жалғастырды сөзін Д.Назарбаева. Сол себепті Форумның екінші жұмыс күні Украина мен осы елдің төңірегіндегі жағдайға қатысты сессиямен басталмақ. Біз жақын досымыз, сауда-экономикалық салалардағы сенімді серіктесіміз Украинадағы ахуалға алаңдаймыз. Бұл елмен сан-салалы байланыстамыз. Еуразиялық Медиа-форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы ертең, жұма күні болатын екінші панельді сессияның тақырыбымен де таныстырып өтті. Ол «Еуразиялық интеграция. Экономикалық «төңкеріс» болуы мүмкін бе?» деп аталады екен. Шешен осыған қатысты негізгі екі мəселені атап өтті. Біріншісі – Кеңес Одағының орнында пайда болған мемлекеттердің экономикалық, əлеуметтік жəне саяси дамуындағы өтпелі кезең аяқталған. Жасалған талдау осыны көрсетіп отыр. Екіншісі – Еуразия кеңістігіндегі елдердің даму қарқынының əркелкілігі жөнінде мəселе туындайтындығы. Бұл алдағы онжылдықта біздің елдеріміз шешуге тиіс аса маңызды түйткілдердің бірі болып табылады. Форумда талқыланатын соңғы екі тақырып та көкейкесті болмақ. Бұлар елдердің имиджі мен əлеуметтік желілерге арналады. Украинадағы ахуалға қатысты өтірік пен өсектің тасқыны өршіп тұр, деді ол осы жайында. Жалған ақпараттың дені дəл сол əлеуметтік желілер мен блогтар арқылы таралуда. Түркияда YouTube мен Twitter-ге тосқауыл қойылды. Артынша Twitter-ге жол ашылды. Өткір пікірталас əлі толастамай тұр. Ал Ресейде Мемлекеттік

Иран мəселесін ќаузаєан отырыс

Дума танымал блогерлерді БАҚ-қа теңестіретін заң жобасын алғашқы оқылымда қабылдады. Осы мəселеге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Залда отырған барлығымыз – Еуразиялық Медиа-форумға қатысушылар мен меймандар сөз еркіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қалтқысыз əрі дəйекті түрде жақтайтындар деп ойлаймын. Біз бұқаралық медианың жауапкершілігін де терең сезінеміз. Өйткені, қоғамның ішіне іріткі салып, бүлдіретін де сол жауапсыздық. Қазіргі замандағы көптеген шиеленіс ошақтарының өрісін кеңейтуі мəмілеге жүгіну жолдарын білмегендіктен немесе оған құлықсыз болудан туындап отыр, деді ол сөзінің соңында. Баррикада мен майданның екі жағындағы адамдар қауесет пен қорқыныштың құшағында өмір сүруде. Бір-бірінен үрейлену сенімсіздікті күшейтіп, өзара өшпенділік пен жиіркенішті туындатады. Бұған тек үнқатысу, сенім жəне өзара түсіністікті нығайта отырып қана қарсы тұруға болады. Еуразиялық Медиа-форумның уақыт сынынан өткен аса сенімді келіссөздер мен өзара сұхбат алаңы екендігіне күмəніміз жоқ.

Əлемдік даєдарыстыѕ сипаты мен салдары Бұдан кейін XII Еуразиялық Медиа-форум «Жаңа əлемдегі тəртіп. Əлемдік дағдарыстың сипаты мен салдары» деген тақырыпта ұйымдастырылған пленарлық сессия отырысымен жалғасты. Əрине, ХXII ғасырға аяқ басқалы əлемде жаңа – жаһандану үдерістерінің басталып кеткені аян. Нəтижесінде жаһандану дүниені тек экономикалық қана емес, сондай-ақ, саяси, əлеуметтік жəне мəдени жағынан жаңаша бөлісу тəсіліне жол ашып берді. Ал тұтынушы қоғамның дағдарысы, əлемдік ресурстардың сарқылуы, қайыршылыққа ұшыраған тұрғындардың көбеюі – дамып келе жатқан елдердің одан сайын кедейленіп, бақуатты елдердің əрмен қарай баюына алып келді.

Сондықтан, бұл пленарлық сессия отырысында «Кедей мемлекеттердегі азаматтардың наразылығы барған сайын өршіп, ішкі жəне халықаралық шиеленіске ұласуда. Жетекші елдер арасындағы түсініспеушілік те өршіп барады. Жаңа əлемдік тəртіп қайда апарады?» сынды көптеген сауалдар пікірталас өзегіне айналдырылды. Пленарлық отырысқа журналист, «Бірінші Арнаның» тележүргізушісі Владимир Познер модераторлық етті. Алғашқы болып сөз алған ол: «Біздің көпшілігіміз «қырғи-қабақ соғыс» жылдарында ержетіп, өмір сүрдік. Бұл кезең қауіпті кезең болды. Екі қарсылас тараптарда ядролық қарудың болуы фактісінен əйтеуір қақтығыс орын алған жоқ, сондай-ақ, екі ел бір-біріне шабуыл жасамай, сол кезде бір-бірін тежеу əсері болды. Бүгінде əлемде «қырғи-қабақ соғыс» туралы əңгіме көп айтылуда. Мен өз тарапымнан бұл терминологияны абайлап қолдану қажет дер едім. Кезіндегі «қырғи-қабақ соғыс» идеологиялық күрестің салдары еді. Ал қазіргі таңда көп айтылатын «қырғи-қабақ соғыс» – бұл да идеология. Бірақ бұл мүлдем басқа идеология. Бұрынғы уақытта əлем бір тарапқа немесе екінші бір тарапқа сəйкес икемделетін еді, ал қазір мұндай нəрсе жоқ. Қазір əлемнің көптеген елдері айтатындай, «əркім тек өзі үшін» қағидаты алдыңғы орынға шықты. Қазір бұрынғыдай «біртұтас майдан шептері» жоқ екенін көреміз. Бұл – қауіпті. Украинада, Иракта, Иранда, Сирияда, Солтүстік Кореяда неше түрлі жағдайлардың орын алуынан осыны аңғаруға болады», деді шешен. Оның айтуынша, қазіргі таңда əлем назарын өзіне аударған айрықша өзекті мəселелер бар. Олар – Украинаның оңтүстікшығысында қалыптасқан жағдай, Киевтің алдағы уақыттағы əрекеті мен қадамы, бұл ретте Ресейдің ұстанымы. Екіншіден, Палестинадағы «Фатх» пен «Хамас» арасында қол жеткізілген келісім мəселесі. Осылай дей келе, В.Познер сөз тізгінін тақырып

аясында сөйлеуге келген спикерлерге ұсынды. Жарыссөзді «Ацмаут» партиясының жетекшісі, Израильдің бұрынғы Премьерминистрі Эхуд Барак бастады. «Фатх» пен «Хамас» мəселесіне келер болсам, біздің басым көпшілігіміз үшін бұл мəселе таңданыс тудырды. Себебі, келіссөздердің аяқталуына бір аптадай уақыт қалды. Əрине, «Хамас» бұрын қол жеткізілген келіссөзді мойындағысы келмейді. Сондай-ақ, «Хамастың» кейбір іс-əрекеттері мен ұстанған қағидаттарына қарасақ, олар бейбітшілікті орнатуды емес, соғысты жалғастырғысы келетіндерін аңғарамыз. Мен соңғы баға болмайды деп үміттенемін. Бұл ретте «Хамас» үшін дұрыс тəсіл Израильді мойындау, екіншіден, террорлық ісəрекеттерден бас тарту, сондай-ақ, Израиль мен Палестина биліктері арасындағы барлық келіссөздерді мойындау болмақ дер едім. Яғни, Вашингтонның ұстанымы осындай болса, олар екі тарап арасындағы келіссөздерді жүргізудің тəсілдерін жалғастыруы керек. Бұл – екі жаққа да тиімді болар еді. Бұл барлық тарап үшін де маңызды. Бұл ретте жағдайды ушықтырмау қажет. Израиль де мықты мемлекет, Палестинаның да ұстанымы өте мықты. Бірақ, соған қарамастан, қандай да өзгеше келіссөз тетігін тауып, дұрыс мемлекеттік шешім қабылдау қажет. Бұл екі жаққа да нұқсан келтірмеу үшін, екі жаққа да қауіп төндірмеуді ойластыру үшін керек, деді Эхуд Барак. Сондай-ақ, ол Иранның ядролық державаға айналуы əлемге қауіп төндіреді деген ойын да жеткізді. Бұдан кейінгі кезекте Үндістан Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Раджив Сикри де Палестина мен Израиль арасындағы текетірес пен қарамақайшылықты жағдайларға байланысты өз ойын былайша сабақтады. «Əрине, біз Таяу Шығыста орын алған жағдайлардан сабақ алатындай болдық. Сондықтан, қандай да бір кез келген мəселеде келіссөзге келмейтін болса, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Ал Иранға келер болсақ, Иран, егер ядролық

державаға айналса, Таяу Шығысқа ғана емес, дүниежүзіне де қауіп төндіреді», деді ол. «Əл-Жұмхұрия» саясат пен қауіпсіздікті зерттеу орталығының директоры Самих Сейф Əл Язал: «Египетте біз де «Хамастан» зардап шегіп жүрміз. «Себебі, «Хамас» агрессиялық қадамдарға көп барады. Бірақ, менің ойымша, егер Израильмен салмақты келіссөз жүргізілетін болса, текетірестің белгілі бір дəрежеде алдын алуға жəне еңсеруге болатын секілді. Менің ойымша, Палестина келіссөз үстеліне отыруы керек. Сол арқылы олар келіссөздің бастапқы кезеңіне келетін болады. Яғни, бұдан шығатын қорытынды мынадай: Израильмен келіссөз жүргізудің бірыңғай формасы болуы керек. ТМД елдері институтының директоры Константин Затулин Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» деген тұрғыда ресейлік тараптың біржақты ұстанымда тұрмайтынын алға тартты. «Менің ойымша, бұл текетірес пен қарама-қайшылық кең жайылып кетпеуі керек. Яғни, өңірдің басқа, жаңа елдерін қамтымауы тиіс. Бұл ретте, біз бұл кезеңде Сирияға қарсы əскери операцияның қажет болмағанына, орын алмағанына қуаныштымыз. Біз Иранда, əсіресе, президент ауысқаннан кейін Иран проблемасын талқылауға қатысты өзара түсіністіктің байқала бастағанына қуанамыз. Осыдан 1 жыл бұрын «Сирия – шабуыл объектісіне ғана емес, халықаралық шабуылдың объектісіне айналуы мүмкін екені айтылған еді. Əрине, Сирияда азамат соғысы əлі де жалғасып жатыр. Бұл ешкімді қуанта алмайды», деді К. Затулин өз сөзінде. Пленарлық сессия отырысының тартысты, пікірталасқа толы өткені соншалық, онда Украина мəселесіне қатысты ашық пікірлер айтылып жатты. Мəселен, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының экс-спикері Ньют Гингричтің сөзі осы ауанда өрбіді. «Путин мырза Сочидегі Олимпиаданы сəтті өткізу үшін мол қаржы бөлді. Бұл Ресей Федерациясының

беделін биіктетуі керек еді. Бірақ, соңғы уақытта болған жағдайлар бұл беделдің ғұмырының қысқа болғанын айғақтап берді. Ресейдің қаражаты жетерлік, сол себепті оның экономикалық ойынды жалғастыра беруге жəне өзгенің экономикасына нұқсан келтіруге қауқары жетеді. Алайда, жақын болашақта белгілі бір тепе-теңдік жағдайдың орын алатынына үмітім бар», деді америкалық азамат. НАТО Бас хатшысының орынбасары Алессандро МинутоРиццоның сөзі де өзгеше шықты. Ол: «Бұрынғы кездегі жағдай мен қазіргі кездегі жағдайды салыстыратын болсақ, қазір адамзаттың адамзатты жойып жіберуге мүмкіндігі жетеді. Егер ядролық соғыс басталатын болса, жер бетінде ешкім де, ештеңе де қалмайды. Міне, бұл мəселенің өзекті болатыны осыдан. Иə, кейбір елде ядролық қару бар. Жалпы, мен кез келген елдің ядролық қаруға ие болмағаны, «сұм қарудан» бас тартқаны үшін қолдан келгеннің бəрін жасар едім. Иран, Солтүстік Корея, мейлі қай ел болсын, ешбір елде ешқашан ядролық қарудың мүлдем болмағанын қалаймын», деді өз сөзінде. Пленарлық отырыс соңында жарыссөзге шыққан спикерлер жаһандық дағдарыстың сипаты мен себебіне, салдарына, оның ішінде Таяу Шығыс, Украина, Иран мəселелеріне қатысты залдан қойылған сұрақтарға жауап берді. Пленарлық отырысты аяқтаған Владимир Познер қорытындысында былай деді: «Өкінішке қарай, көптеген елде БАҚ негативті рөл атқарады. Себебі, көп жағдайда біз біржақты бейнелеу аламыз. Мен көптеген БАҚ-та жұмыс істедім. Оның ішінде америкалық, ағылшындық, француздық, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да бар. Сол себепті, мен сіздерге былай деп айтар едім. Сіз ешқашан, еш жерде бір мəселеге қатысты толық картинаны ала алмайсыз. Сіз БАҚ ұсынғысы келетін картинаны ғана көре аласыз. Сондықтан, əрбір журналистің міндеті – шамасы келгенше, мейлінше шындыққа

Форумєа ќатысушылар не дейді? Саваш ГЕНЧ, Түркияның «Тудэй заман» газеті бас редакторының орынбасары:

– Еуразиялық Медиа-форумның пленарлық отырысы барысында Түркия билігінің «Youtube» жəне «Twitter» сайттарының жабылып, біраз уақыттан соң қайта ашылғаны жөнінде де сөз болды. Бұл əлеуметтік желілердің Түркия аумағында жабылуының өзіндік себептері бар. Ал «Twitter»-дің қайта ашылуына келетін болсақ, біздің елімізде тəуелсіз соттар қызмет етеді. Елдің Жоғарғы соты аталған сайттың жабылуын адам құқығына қарсы деп тауып, оның қызметін жалғастыруына рұқсат етті. Кез келген мемлекетте сөз бостандығына заң бойынша шектеу қойылмаған. Бірақ, көпшілік елдерде бұл мəселе толық жүзеге асырылмайды. Себебі, журналистер билікке қарсы мақала жазып, телехабарлар ұйымдастырудан тартынады, тəуекел ете алмайды. Жұмыстан, қызметтен айырылып қаламын ба, деп сескенеді. Ал Астанада өтіп жатқан Медиафорумда біреуге ұнайтын, біреуге ұнамайтын пікірлер айтылуда. Əсіресе, Украинадағы саяси тұрақсыздыққа, Қырымның Ресей құрамына кіруіне, Таяу Шығыстағы проблемаларға көбірек назар

аударылып отыр. Ол дұрыс та шығар. Өйткені, өзекті проблемалар осындай ашық алаңда сөз болғаны жөн. Александр АВАЗАШВИЛИ, швейцариялық «CIS+» компаниясының өкілі:

– Біздің компания бірқатар жылдардан бері осы жиынға қолдау көрсетіп келеді. Форум əлемдегі өзекті мəселелерді журналистер арасында талқылайтын ашық алаң ғана емес. Оған белгілі саясаткерлер де, ғылым қайраткерлері де, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысып, өзінің ой-пікірін білдіруге мүмкіндігі бар. Түске дейін өткен бірінші панельдік отырыста қазіргі кезде Украинада, Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде болып жатқан жағдайлар талқыланды. Мұндай жиындар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бір-бірімен еркін отырып, пікір алмасуларына таптырмайтын орын болып табылады. Оны Азия мен Еуропаны жалғастыратын көпір десе де болады. Көп жылдардан бері Медиа-форум Астанада тұрақты өтіп келеді. Бұған қызығушылар қатары да көбейе түсуде. Міне, бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі

беделін өсіре түседі. Себебі, бүгінде БАҚтың жөні де, рөлі де ерекше бөлек болып тұр. Заза МЕЗВРАШВИЛИ, тəуелсіз журналист (Грузия):

– XII Еуразиялық Медиа-форумның жұмысына, жалпы алғанда, көңіліміз толатын түрі бар. Бұл орайда, форумның ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Себебі, Астана қаласында ұйымдастырылған үлкен ауқымдағы мұндай үнқатысу алаңы көп елге үлгі болады деп ойлаймын. Əрине, көптеген тақырыптар көтерілді, қарама-қайшылыққа толы мə се лелер айтылды. Мəселен, жаһандық дағ дарыс, Иран жəне Израиль қарым-қатынасы, Украинада қалыптасқан жағдайлар, Таяу Шығыс төңірегінде біраз мəселенің басы қайырылды. Мұндай жанжақты талқылаудың негізінде түйткілді дүниелердің түйінін тарқату, мəселеге біржақты қарамау жатыр. Демек, бұл форумның Орталық Азия өңірі үшін де маңызы зор. Себебі, форумның өзегінде, түп негізінде 3-ші дүниежүзілік соғысты болдырмау жатыр. Осының өзі біраз жəйтті аңғартады.

Форум аясында көп мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының негативті рөл атқаратыны, бізге біржақты картиналар көрсетілетіні айтылды. Сондықтан, расында да əрбір журналист шындыққа сəйкес келетін объективті мəлімет таратуға айрықша жауапкершілікпен қарағаны жөн. Константин ЗАТУЛИН, Ресейдегі ТМД елдері институтының директоры:

– Əлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында «қырғи-қабақ соғыс» қайта оралуы мүмкін деген пікірлер айтыла бастады. Əсіресе, соңғы кезде. Осыған байланысты түрлі көзқарастар көрініс беретіні жасырын емес. Ресей «қырғи-қабақ соғысқа» ұмтылмайды. Біз əлемде өзара түсіністік қалыптасуын қалаймыз. Батыс Ресейді Канада мен Мексиканы АҚШ-қа қарсы қоюға əрекеттенуде деп ойлайды. Мұндай пікірдегілер қателеседі. Американың əскери кемелері Қара теңізге ешқашан келіп көрген емес. Қазір олардың кемелері Қара теңізде көріне бастады. Егер біздер бір-бірімізді сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде құрметтей білсек, «қырғи-қабақ соғысқа» жол берілмейді.

Түстен кейінгі Медиафорумның күн тəртібіне шыққан мəселе – Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде өрбіді. «Соңғы отыз жылдан астам уақыттан бері алғаш рет «алтылық» елдері Иран мəселесін дипломатиялық жолмен шешу жөнінде келісім жасады. Алайда, саяси аренадағы ядролық «ойынға» қатысты бұл мəселеге нүкте қоюға бола ма? Тарихи келісімнің бұзылуы немесе оның орындалмай қалуы мүмкін бе? АҚШ Иранға қарсы қайтадан санкция енгізбей ме? Теһранның жоспарында Вашингтонға қарсы шығу қарастырылған ба?» деген сауалдарға жауап ізделінеді деген мəжіліске модераторлық етуші Euronews телеарнасының Шығыс Еуропа бюросының жетекшісі Серджио Кантоне спикерлерді ортаға шақырды. Жалпы, Ирандағы ядролық мəселе туындауының түбірін іздесек, онда бүгін Иранға қарсы санкция қолданушы, Иран ядролық бағдарламасының басты оппоненті АҚШ алға шығады. Кезінде Иранда билік басында шах Мұхамед Реза Пехлеви отырған тұста АҚШ жоғары деңгейде байытылған уран пайдаланылатын 5 мегаваттық атом зерттеу реакторын қолдан берген болатын. Оған ядролық жанармай ретінде 93 пайыздық байыту деңгейіндегі уран пайдаланылды. Ол дегеніміз, іс жүзінде ядролық қару материалы болып табылатын. Кейінірек, АҚШ осы орталыққа жылына 600 кг-ға дейін плутоний бөліп шығара алатын арнайы «ыстық камераларды» да жіберді. Иранға осы салаға қажетті мамандарды оқытуға көмектесіп, қажетті ядролық жабдықтарды жеткізіп беріп отырған АҚШ, 1979 жылы ислам төңкерісі болып, шах тақтан тайып, билік ауысқанда жүрісінен жаңылды. Енді Иранның ядролық зерттеулер бағытындағы жаңа əріптесінің қатарына Қытай мен Швейцария, Германия, Нидерланд мемлекеттері еніп, ал 1992 жылы Ресей мен арада атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөнінде келісім жасалды. Кейіннен Ресей мен Иран арасында Бушер АЭСінің бірінші блогының құрылысын салуға келісім түзелсе, 1995 жылы АҚШ Иранға қарсы санкция енгізіп, Иранның ядролық бағдарламасының мəселесі бітпес дауға айналып кетті. Қалай болғанда да, Иранның ядролық проблемасы əлем назарында екені аян. Сондықтан да Медиафорум отырысының біршама уақытының осы тақырыпқа арнайы бағытталуы да осы əлемдік назардан туындап отыр. Мəселе турасында өз пікірін айтқан Ньют Гингрич: «Егер Иран ядролық қару жасау жолын əрі жалғастыра беретін болса, АҚШ Конгресі президентке Иранға қарсы өте қатал санкциялар қабылдауды талап ететіні еш күмəн туғызбайды», десе, Иран Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Сейед Мұхаммед Казим Саджапур: «Менің сіздерге айтатыным, Иранда атом əскери бағдарламасы болған емес, болмайды да. Бұл – Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатқа пайдалануы мүмкін емес деген ойды миларына бекітіп алған адамдардың сыңаржақ пікірі. Əлемдік БАҚ-тардың Иранға жасап берген жағымсыз бейнесі мен санкциялардың əсерін нақты сезінген Иран ең жоғары дəрежедегі ашықтықты ұсынуда. Ираннан туған қауіпті сейілту үшін МАГАТЭ сарапшыларына есік ашып қойдық» деген жауабына модератор: «Дегенмен, Иран ядролық бағдарламасынан туындайтын қауіпсіздік мəселесі аймақтағы елдерді де ойлантады деп білемін» деп барып, Ньют Гингричтен бұл жайында не айтар едіңіз деп сұраған. Америкалық болса, бұл орайда мен қашанда ирандықтардың ядролық мəселеге қатысты түсіндірмесін тыңдау қиынға түсетінін білемін. Алайда, осы жерге Иран өкілінің бізде ядролық қару жоқ жəне болмайды деген мəлімдемесін естіген соң егер Иран əскери бағдарламада атомды қолдану мүмкіндігін пайдаланбаймыз жəне бұл бағытта


www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

МЕН ТЇСІНІСТІКТІ НЫЄАЙТАДЫ

өте ашықтыққа ұмтыламыз деген уəдесінде тұрса, проблема шешіледі. Сіздің елдің жер астына нысандар жасыруларыңыз, ашықтықтан, мөлдірліктен қашқандарыңыз əлемді Иран атом қаруын жасауда деген ойға əкелді, деген. Мұнан соң сөз кезегі берілген үндістандық Раджив Сикри: «Мен Иранда əлденеше рет болдым. Ирандықтармен кездесу барысында түйгенім, олар өте ақылды адамдар, олар өздерінің өміріне балта шабатын ақымақтар емес. Ирандықтар атом қаруын жұмсау үшін тетікті басып қалады деу өте артық айтқандық болады. Мəселен, мен өз елімді мысал етсем, ирандықтарда да біздердей өздеріне деген құрмет сезімі бар. Олардың Ядролық таратпау жөніндегі келісім бойынша уран байытуға құқығы бар. Иран өздерінің сол құқығын тануды қалайды. Ал біржақты санкцияны қабылдауды күш көрсету деп білемін. Ал күш көрсетілгенде оған қашанда қарсы қимыл өздігінен тумай ма?! Сондықтан мен санкцияға мүлде қарсылығымды жеткізгім келеді», деді. Ресейлік Раджаб Сафаровтың пікірі де үнділік спикермен үндесіп жатты. Америкалықтар санкциялау саясатының соңына түсіп, өз халқының да, өзгенің де мүддесін ескеруден қалып барады деген ресейлік сарапшы əрі қарайғы ойын былайша жалғады. АҚШ Иранға қатысты санкция қабылдағанда оны Иран халқының мүддесі үшін жасадық дейді. Ал мен айтар едім, ирандық топменеджерлер бұрын қалай шалқып өмір сүрсе, солай жалғастырып жатыр. Ал əлемдік сауда нарығынан ирандықтарды аластау қарапайым халыққа соққы болып тиюде. Тұйықталған ортада өмір сүріп жатқан халықтың күрмелген тұсаудан адымы ашылмай отыр. Иран-Америка ұлттық кеңесінің президенті (АҚШ) Трита Парси да санкцияға қатысты өз

пікірін айтқан. Санкция Иран экономикасына болмаса, ядролық бағдарламаға еш əсерін тигізген жоқ деп айтуға болады. Менің ойымша, бұл жерде санкция емес, дипломатия жұмыс жасауы тиіс. Алайда, Президент Обамаға бұл жерде Конгресс тарапынан санкция қолдану турасында қысым болғанын да айта кетейін, деп Президент Обаманы қорғай сөйледі. Иран өкілі болса, ең маңыздысы, Женевада дипломатиялық қадамның оң бағытты ұстанғаны болуы тиіс. Иран – əлемдік тарихқа жаңадан кірген мемлекет емес, Иран – ежелден келе жатқан əлемдік саясатта өз орны бар мемлекет, иран халқы – əлемдік өркениеттің өз үні бар ойыншысы. Біздегі революция үш ұранды алға шығарды. Оның біріншісі – тəуелсіздік, екіншісі – еркіндік, үшіншісі – Ислам Республикасы. Тəуелсіздік біздің пайымда өте жоғары мəнге ие. Біз ешкімнің артынан ермейміз. Иранды түсіну керек немесе түсінуге тырысу керек, Иран ешбір елді күшпен басу, жою деген түсінікті қабылдамайды. Сондықтан аймақтағы палести налықтардың тағдырында да осы ұстанымды дұрыс деп қабыл дайды. Иран аймақтағы тыныштық пен бейбітшілікке өз үлесін қосады. Иран халқы ынтымақтастықты қалайды, деді. Мұнан кейінгі ой айтқан спикер Сафаров: «Менің Иран-Ресей қатынастарымен айналысқаныма біраз жылдың жүзі болды. Иранға да жолым түсіп тұрады. Иранның бүкіл əлемді алдап, ядролық қару жасап жатыр дегені ақылға сыймайды. Мен бір де бір саясаткерден, бір де бір маманнан сондай бір хабардың ұшығын да естіп көрмеппін. Олардың арасында маған өте жақсы сенім көрсететін жандар бар екеніне иланыңыздар.

Ирандағы ядролық қару туралы əңгіменің түп төркінінде басқа саясат жатқанын ұғынуға тиіспіз», деп ойын аяқтады. 2 сағат бойына үзбестен жүргізілген Иран ядролық бағдарламасы жайындағы пікірталас медиакеңістікте жүрген əрбір жанды түрлі ойларға шомылдырды. Қатысушылар сан-саққа жүгірген жүйрік ойдың жетегінде Иран проблемасының оң шешімін табуын күткендей əсер қалдырды.

Таяу Шыєыс тїйіні ќайтсе шешіледі? Медиа-форумның бірінші күнгі соңғы мəжілісінің тақырыбы Таяу Шығыс түйініне арналды. Осы аймақтағы негізгі күштердің арасалмағы қандай? Негізгі ойыншылардың көздеген мақсаты не? Сириядағы шиеленіс ошағы қайда жəне ондағы отты қалай өшіруге болады? Жергілікті тұрғындар ішкі саяси мəселелерді шешуге шетелдіктердің араласуына қалай қарайды? Міне, осы сияқты сұрақтар ортаға тасталған еді. Мəжіліске «Russia Today» телеарнасының жүргізушісі Оксана Бойко модераторлық етті. Ол мəжілісті ағылшын тілінде жүргізіп отырды. Ол алғашқы сөз кезегін Эхуд Баракқа беріп, Таяу Шығыстағы кикілжіңнің негізгі ошағы израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы тартыс дегенге өз көзқарасыңыз қандай деп сұрады. Мен Таяу Шығыстағы дағдарыстың негізгі көзі Израиль мен Палестина арасындағы тартыс деп санамаймын, деп бастады өзінің сөзін Э.Барак. Бұл тек біздің проблемамыздың бір ұшығы ғана. Əрине, оны да шешу керек. Сондайақ, мен осындағы Ресей мен Сирия проблемасының да шешілгенін қалар едім. Мен Премьер-министр болып тұрған кезімде Сириямен келіссөздер жүргізіп, екі елдің арасында бейбіт қатынас орнатуға

талай рет тырыстым. Өкінішке қарай, біздің ұсынысымыздан ешқандай нəтиже шықпады. Таяу Шығыстың өз ерекшеліктері бар, ол Батыс Еуропаға да, Солтүстік Америкаға да мүлде ұқсамайды. Мұнда əлсізге деген жанашырлық жоқ. Осындай мəселелерді ашық айтып, біз бейбіт келісімге келуге дайындалуымыз керек. Осыдан кейін модератор сөзді ұлыбританиялық саясаттанушы, журналист Харви Морриске берді. Сіз – осы аймақты барынша көп жазған адамсыз. Əсіресе, соңғы үш жылда Сирияда болған кикілжіңдерді көп көрсеттіңіз. Сіздің осы аймақ туралы пікіріңіз қандай? –деді оған модератор. Египет, Сирия, Ливияда болып жатқан кикілжіңдерді батыстық БАҚ-та демократиялық өзгерістерге деген ұмтылыс деп бағалайтын үрдіс бар. Бұл ойдың

дұрыс жағы да бар, сонымен бірге, шындыққа мүлде жанаспайтын жағы да бар. Мен өзім «араб көктемі» демократиялық өзгерістерге əкелетін шығар деген үмітте болған едім. Бірақ үмітім толығымен ақталған жоқ. Бірақ бəрібір, демократиялық өзгерістер бұл елдерге жететінінен үміттімін. Тек əзірге оған ерте сияқты. Алайда, төңкерістердің түбі бəрібір дұрыс нəтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын, деді ол. Оның ойын түркиялық журналист Саваш Генч жалғастырды. Мен аймақтағы бірде-бір ойыншы «араб көктемінің» келетініне дайын болған жоқ деп ойлаймын, деп бастады ол өзінің сөзін. Бұл төңкерістерге қатысты қоғамда демократиялық өзгерістер əкеледі деген емес, қай топ жеңер екен, қай топты қайсысы қолдар екен деген сияқты догматикалық көзқарастар ғана болды. Енді Сирияға қатысты айтар болсам, мұндағы оқиғалар да қалыпты қисынға келмейтінін ескеру керек. Мəселен, Сирия оқиғасы басталғанда барлық батыстық көзқарастағылар Башар Асадтың екі немесе үш аптаға ғана шыдайтынын айтып, болжамдар жасап, шулаған еді ғой. Ал ондағы кикілжің үш жылға айналып барады. Кикілжің басталғанда Сирия қоғамындағы Асадты қолдаушылар үлесі 30 пайыздың төңірегінде ғана болған. Əрине, Асадты Иран, Ресей, артынан Қытай да қолдайтынын көріп отырмыз. Тіпті, Израильдегі консерваторлық көзқарастағылар да Асадты қолдайды. Қазір оның позициясы əлдеқайда күшейген. Сондықтан «араб көктемінің» қандай боларын алдын ала ешкім де дұрыс болжай алмады деп нық сеніммен айта аламын. Журналистер арасында Таяу Шығыс проблемаларын демократиялық үдерістер тұрғысынан ғана бағалауға тырысушылық бар, осының өзі, меніңше, қате көзқарас. Осы арада талқыланып жатқан мəселеге Ресейдің бірінші арнасының жүргізушісі, белгілі саясаткер Максим Шевченко араласты. Таяу Шығыс өте үлкен, трагедиялық шахмат тақтасы деп айтар едім, деп бастады ол өз сөзін. Онда ХХ жəне ХХІ ғасырлардағы ұлы державалар ойнайды. Ойын тасы халықтардың тағдыры. Əсіресе, еврей мен палестина халықтарының тағдыры ойыншыққа айналған. Қорыта айтар болсам, Таяу Шығыс – əлемдік тəртіптің қылмыскерлігі мен аярлығының айқын көрінетін жері. Державалар түрлі топтарға ақша төлеп, өздерінің қылмыстық жолдарын жабады. Мен Башар Асадпен бірнеше рет кездескен адаммын. Офтальмолог мамандығын меңгерген ол өзін бір уақытта «қанішер тиран» деп атайды деп ойламағаны хақ. Сирияның өзін алар болсақ, бұл ел таяушығыстық түсінікпен қарағанда, біршама еркін, бостандық сүйгіш ел болған. Əрине, онда батыстық түсініктегі еркін БАҚ жоқ, алайда онда дін еркіндігі бар. Кімнің қандай дінде, қандай ағымда болғысы келсе де онда еркіндік болды. Мен Ресейдегі діни экстремистердің бəрі дерлік Сирияда оқығанын білемін. Бұл елдің тағы бір ерекшелігі, кезінде ол өзінің аумағына 1,5 млн. болатын ирактық, 600 мың палестиндік, 1 миллионға жуық ливандық босқындарды қабылдады. Сирияның иығына түскен адами, қоғамдық ауыр жүктеме бірдебір таяушығыстық елге түскен емес. Ал Сирияны жоюға, нақты айтқанда, Башар Асадты тақтан

тайдыруға бағытталған соғысты мен отарлық басқыншылықтың жалғасы деп бағалаймын. Əрине, мұнда бұрынғыдай британиялық əскердің қызыл формасын кигендер емес, көзге көрінбейтін ақшалар белсенді əрекет етуде. Ақша беру арқылы державалар Таяу Шығыс елдерін бір-біріне айдап салуда. Сондықтан біз Таяу Шығыстың бостандыққа жетуін талап етуіміз керек деп санаймын. Ешкім сырттан араласпаса, мұндағы халықтар, соның ішінде еврейлер мен палестиналықтар өзара ортақ тіл табады. Осы арада əңгімеге тағы да Эхуд Барак араласты. Жүргізуші О.Бойко оның Сириямен ор тақ тіл тапқысы келген ұмтылыстарын еске алып, осы тақырыпты жалғастыруын өтінеді. Мен өзімнің сөзімді алдымен ресей лік əріптесімнің пікірімен келіспейтіндігімнен бастағым келеді, деді Э.Барак. Сіз Таяу Шығыстың кикілжіңдер орталығы ретіндегі рөлін асыра көрсетіп отырсыз. Сіз айтқан шахмат тақтасы кеше мен бүгін пайда болған жоқ, ол – тарихтың терең қойнауынан жалғасып келе жатқан тартыстың көрінісі. Мұнда мемлекеттердің қуаты бір адамның тағдырына байланып қалғаны кеңінен орын алған. Мəселен, Х.Мүбəрак əлсіреген еді, Мысырда төңкеріс болды. Сол сияқты «Əл-Каиданы» мұнда ешқандай державалар жасаған жоқ, ол – осы жердің өз өнімі. Мүмкін, сіз айтқан үлкен ойыншылардың мүдделер қақтығысы осы жерде алғаш дəнін сепкен шығар-ақ, бірақ оны ешкім де жоспарлаған жоқ. Сондықтан бұл жерден сырттан таңылған қандай да бір жасанды қаскүнемдікті іздеудің қажеті жоқ, деді Израильдің бұрынғы Премьері. Одан кейін спикер жүргізушінің сұрағына ойысып, Б.Асадпен екі арадағы келіссөздердің неге нəтижелі болмағанына тоқталды. Мен Асадты келіссөздер жасауда өте қиын оппонент болғанын атап өткім келеді, дей келіп, одан əрі Башар Асадтың жеке басына қатысты жайттарға тоқталды. Соның ішінде оның таза, демократиялық сайлауда жеңіске жетпегенін, билікті əкесінен мұраға алғанын айтты. Сонымен бірге, бүгінгі соғысқа байланысты оның басына бірқатар сындар айтты. Осы бағытта тым ұзақ сөйлеген Э.Баракты басқаларға уақыттың өлшеулі екенін ескертіп отыратын жүргізуші тоқтатпай, көп уақыт бергенін айта кету керек. Ол сөзін аяқтағанда М.Шевченко оған реплика жасап, өзі ешқандай «Əл-Каида» емес, экономика мен мемлекетаралық қатынастарға байланысты ойларын жеткізгенін атап өтті. Күшті державалар бұл жерге араласуын ешқандай тарихи түбірлермен байланыстырудың қажеті жоқ, мұнда тек таза экономикалық, геосаяси мүдде ғана бар, деді ол. Бір қызығы, осы мəжіліске спикер ретінде шақырылған сириялық «Əл Арабия» телеарнасының журналисі Басил Хаж Жасим пікірталасқа қатысудан бас тартып, мінберге көтерілген жоқ. Тек өзінің ойын залдан айтты. Өкінішке қарай, оның сөздері анық естілмеді. Оның көзқарасының ұзын-ырғасы Эхуд Барактың ойларын терістеуге бағытталды. Бүгін Медиа-форум жұмысын одан əрі жалғастырады.

«Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы. –––––––––––––––– Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

3

Серіктестікке бастайтын стратегиялыќ шарт (Соңы. Басы 1-бетте). Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің ішінде жарылғыш заттар, химиялық, ядролық жəне биологиялық материалдар бар. Сондықтан экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен технологиялардың бақылаусыз тасымалдануы еліміз халықаралық міндеттемелерінің, оның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын жəне экспорттық бақы лаудың халықаралық режімдері талаптарының бұзылуына алып келуі мүмкіндігі ерекше аталды. Бұдан кейін депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабыл дады. Заң жобасы бойынша баян дама жасау үшін Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев мінберге көтерілді. Сенат Төрағасы баяндамашыға сөз берерден бұрын мұндай маңызды құжат бойынша министрдің өзі келгені дұрыс еді деген пікірін білдірді. Жалпы, аталған құжатқа 2013 жылғы 14 маусымда Ташкентте Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Өзбекстанға ресми сапары барысында қол қойылған. Бұл жерде Қазақстан Өзбекстанды Орталық Азиядағы маңызды саяси жəне экономикалық əріптесі ретінде қарастыратынын айта кеткен жөн. Вице-министрдің сөзімен жеткізсек, Өзбекстанмен көпжоспарлы қатынастарды дамыту еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді. Сондайақ, Шарт Өзбекстанмен негіз қалаушы құжаттардың бірі болып табылса, онда екіжақты

ынтымақтастықтың арқаулық қағидаттары көрсетілген. Құжат аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті нығайту мақсатында өзекті халықаралық мəселелер бойынша екіжақты саяси үнқатысуды дамытуға қызмет етеді. Жəне де екіжақты саудаэкономикалық қатынастарды, көліктік дəліздерді құру, су ресурстарын тиімді пайдалану, əскери-техникалық, сонымен қатар, мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан əрі дамыту мəселелерін айқындайды. Шарт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шарттыққұқықтық базаны арттырып, қазақ-өзбек достығына жаңа сапа береді. Осы ретте сөз алған депутат Қуаныш Айтаханов өзбек пен қазақ ежелден ағайын болып араласып жатқан, тарихы мен тілі, діні мен түрі де ұқсас дос ел екендігін ерекше атады. Сондықтан бұл шарт екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі тиіс. Алайда, сенатор екі ел арасында кейбір мəселелерде түсініспеушіліктер де орын алатынын ортаға салды. Ағын суды пайдалануда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал жəне Сарыағаш аудандарында жыл сайын туындайтын су тапшылығы мəселесін көтерді. Сенатордың айтуынша, аталған аудандарды суландыратын Қалым, Достық каналдары Өзбекстан жерінен бастау алатындықтан, судың белгіленген мөлшері күннің ең ыстық кездерінде (шілде, тамыз айларында) Қазақстан аумағына жетпей қалып жатады. Екі ел арасындағы су бөлісу келісімшартына қарамастан, Қазақстанға тіршілік нəрі баржоғы 30-40 пайыз көлемінде

ғана келеді. Соның салдарынан өнім азайып, шаруалар зардап шегуде. Қ.Айтаханов мұндай жағдай көгілдір отынмен қамту барысында да орын алып отырғандығын жеткізді. Келісімге сəйкес қаржысы алдын ала төленіп қойылғанымен, газ қыстың кейбір суық күндері Оңтүстік өңіріне, əсіресе, Шымкент қаласына жетпей қалып жатады. Сөзінің соңында депутат шарттар негізінде жыл сайын қайталана беретін осы мəселелерді шешу қажеттігін ерекше атады. Сондай-ақ, кешегі отырыста депутаттар Елбасы тапсырмасына орай жедел əзірленіп, Парламент қарауына ұсынылған «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» жəне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екі оқылымда) заң жобаларын да қарап, қабылдады. Депутаттар Өңірлік даму министрі Болат Жəмішевке сұрақ беру рəсімі кезінде заң жобаларының екіұшты мағына беретіндігіне көңілдері толмайтындықтарын білдірді. Сенат Төрағасы бұл орайда былай деді: «Болат Бидахметұлы, заң мəтіндерінде екіұштылық байқалады. Ал біз олардың болуына жол бермеуіміз керек. Оның үстіне Мемлекет басшысы бұл заңдарға бірінші кезекте назарын аударып, оларды шұғыл деп жариялады. Шынын айтқанда, біз сіздің жауабыңызға қанағаттанған жоқпыз». Əйтсе де, депутаттар министрдің сұрақтарға жауабына қарап, негізгі заң жобасының ілес песін күн тəртібіне қайта шығарды, сөйтіп, екінші оқылымда қолдап дауыс берді.

Ќауіпсіздік Кеѕесі хатшыларыныѕ кезекті кездесуі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің (ҚКХК) кезекті мəжілісіне қатысты. Ресей тарапының ұсынысы бойынша мəжіліс Чешенстан Республикасының астанасы – Грозный қаласында өтті. ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжа ҚКХК мəжілісіне қатысушыларды ҰҚШҰның жауапкершілігі аймағындағы жəне соған жақын жатқан аумақтардағы жағдай туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-ның Ұжым дық қауіпсіздік кеңесі тара пынан 2013 жылдың 23 қыркүйегінде Сочи қаласында берілген тапсырмалардың жүзеге

асырылу барысы туралы ақпарат берді. ҚКХК жұмысының барысында делегация басшылары ҰҚШҰның жарғылық құжаттарында қа растырылған бірлескен ісқимыл қызметіне қатысты бірқатар мəселелерді талқылады. Атап айт қанда, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұжымдық қарсы тұру саласындағы Іс-қимыл жоспарының жобалары мен Ұйым аясында жедел іс-қимыл таныту жəне əскери-экономикалық

ынтымақтастықты Ұжымдық күштер шеңберінде одан əрі дамыту мəселелері қаралды. ҚКХК мəжілісінің қорытындысы бойынша қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ҰҚШҰ-ға мүше елдер ынтымақтастығын одан əрі жетілдіруге бағытталған бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойды. ҚКХК мəжілісіне қатысушыларды Чешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қабылдады. Грозныйда болуы барысында Қ.Қожамжаровтың Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Патрушевпен екі жақты кездесуі өтті. «Егемен-ақпарат».

Ыќпалдастыќ їрдістері Парламенттегі Халықаралық істер, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мəулен Əшімбаев Тəжікстан Халықтық-демократиялық партиясы делегациясымен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Кездесу иелері екі ел ынтымақтастығының өзекті мəселелерін талқылады. Мəулен Əшімбаев Тəжікстан Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық жəне саяси маңызды серіктесі екенін атап өтті. Тараптар Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық

үрдістерге баса назар аударды. Ө з к е з е г ін де Т əж і кс т а н Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Асрор Латипов біздің еліміздің қарқынды даму деңгейін сөз етті. – Сіздердің Президенттеріңіз дің туған халқы үшін жасап жатқан еңбегі зор. Оған

Қазақстанның барлық саладағы орасан жетістіктері дəлел, – деді мейман. Партияаралық ықпал дастық ты дамыту тақырыбы да əңгіме өзегіне айналып, əсіресе, фракциялық деңгейдегі қадамдарға көңіл бөлінді. М.Əшімбаев əріптестерін Тəжікстан Халықтық-демократиялық партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келіп, партияның елдің тұрақтылығы мен экономикасын дамытудағы рөліне тоқталды.

● Бəрекелді!

Ќазаќстан желілік дайындыќ индексі бойынша ТМД елдерін басып озды Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жариялаған есебіне сəйкес, Қазақстан желілік дайындық индексі бойынша 148 елдің ішінде 38-ші орынға ие болды. 2013 жылмен салыстырғанда рейтингтік көрсеткіште 5 сатыға жоғарылап, ТМД мемлекеттері арасында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Қазақстанның алдында 37ші орынға Кипр мемлекеті, ал

39-шы орынға Латвия мемлекеті орналасқан. Ресей болса аталған көрсеткіш бойынша 5 0 - ш і орынға тұрақтады. 2014 жылғы ДЭФ рейтин гі сін де Финляндия, Сингапур, Швеция мемлекеттері көш бас тап тұр. Желілік дайындық ин дексі елдегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың (АКТ) даму деңгейіне бай ланысты

анықталады жəне бір неше көрсеткіштерден құралады. Көрсеткіштерге келер болсақ, Қазақстан ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 3-ші орынды иеленсе, кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділік бойынша 8-ші орында. Ал, ұялы байланыс тарифінің көрсеткіші жөнінен 17-ші орында. «Егемен-ақпарат».


4

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

«Еѕ дамыєан елдердіѕ барлыєы бїгінгі биіктерге интеграция арќылы жетті» (Соңы. Басы 1-бетте). – Халықаралық қауым дастықтың біздің елімізді жаһандық үдерістердің ықпалды қатынасушысы деп тануының бастауын осыдан дəл жиырма жыл бұрынғы сол кездесуден іздеу жөн. Мемлекет басшысының бұдан 20 жыл бұрын мемлекеттердің Еуразиялық одағын қалыптастыру туралы алғаш ұсынған бастамасы посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияға негіз қалады. Елбасымыз бұрынғы Кеңес Одағының республикалары өз тəуелсіздіктерін қызықтап, егемендік эйфориясына түсіп кеткен ең алғашқы жылдардың өзінде де, арада бір-екі жыл өтіп, бүкіл посткеңестік кеңістік аса ірі геосаяси күйзеліске ұшыраған кезеңде де болып жатқан үдерістерді философиялық тұрғыдан ой елегінен өткізе келіп, ықпалдасу қажеттігін алға тартқан еді. Бүкіл əлем ықпалдасу үдерістерін бастан кешіп, жаһандану жағдайында əртүрлі жолдармен бірігу арқылы ғана уақыт алдан тосып отырған сын-қатерлерге қарсы тұра алатынын ТМД мемлекеттері басшыларының арасында алғаш айтқан Нұрсұлтан Əбішұлы мұндай жаңашыл əрі батыл идеясын əуелі ресейлік ғылымның ең озық өкілдерінің алдында əдейі жария етті деп ойлаймын. Бұлай ету арқылы Қазақстан Президенті еуразиялық стратегиясының эволюциялық жолдан өтіп, біртебірте практикалық сипатқа ауысатынына жаңалыққа жаны басқалардан гөрі бейімірек тұратын ғалымдардың тереңірек мəн береріне сенген болса керек. Жалпы, өңірлену үдерісі бүкіл əлемге тəн жəне мұның өзі əлемдік қаржы-экономикалық дағдарысына қарсы тұрудың нақты амалы. Осының нақты мысалы – Еуропа одағы. – Кезінде Шарль де Голль: «Біртұтас Еуропа туралы армандау – құр қиял: пісірілген жұмыртқадан омлет жасауға болмайды» деген екен. Əйтсе де ұлы француздың сөзінің онша дұрыс шықпағанын уақыт көрсетіп берген сияқты. – Бүгінде Еуропа одағы кəрі құрлықтың 28 мемлекетін біріктірген, халқының саны жөнінен əлемде үшінші, ал ішкі жалпы өнімінің көлемі жөнінен əлемде бірінші орын алатын аса ірі бірлестікке айналды. Қазір Еуроодақтың əлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлес салмағы 23 пайызды құрап отыр. Бірақ ол экономикалық əрі саяси бірлестік екенін де ескеруіміз керек. – Елбасымыз идеясының ол кезде Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тарапынан қолдау таба қоймағанын қалай түсіндіруге болады? – Біріншіден, «елдердің тарапы нан» деуіңіз онша дəл айтылған сөз емес. Тегі, елдер басшылықтарының тарапынан деген дұрыстау болатын шығар. Жалпы, халықтар, əсіресе, көптеген жылдар бойы шаруашылық, саяси, көліктік жəне өркениеттік байланыстары берік қалыптасқан халықтар бірбірінен алшақтамауға тырысады. Екіншіден, мұндай одақтардың құрылуына қашанда ондаған жылдар қажет болады. Мысалы, жаңағы Еуропа одағын алайық. Оны құру жөніндегі идея Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше-ақ жыл өткенде туындаған еді. Сіз айтқан атақты адамның бұл идеяның жүзеге асатынына күмəн келтіріп жүргені сол тұста. Бұл жөніндегі алғашқы шартқа Парижде 1952 жылғы 25 шілдеде қол қойылған. Одан кейінгі 1958 жылғы шартқа Римде қол қойылған. Еуропа ода ғын нақты құруға жол ашқан Маастрихт шарты 1993 жылы ғана бекітілді. Осы екі аралықтың өзіне қырық жылдан астам уақыт жұмсалған! Одан бергі жиырма жылдан астам уақыттың өзі де Еуропа одағын жетілдірумен, кеңейтумен кеткенін көріп отырмыз. – Қазір де ондағы мəселенің бəрі шешіліп біткен деуге болмайды. – Əрине. Сонда Еуропа одағына жол ашатын алғашқы шарттан бері алпыс жылдан артық уақыт өткен болып шығады. Ал Қазақстан басшысының Еуразиялық одақ жөніндегі идеясының нақты жүзеге асуына небəрі 20 жыл қажет болды. 2000 жылы Алматыда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тəжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа қол қойды. Ал 2010 жылы

Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасында Кедендік одақ құрылды. Арада бес жыл ғана өткенде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою мүмкіндігі туып отыр. – Бұл белеске жету үшін де ин теграцияның талай кезеңдерінен өтуге тура келді. – Алдымен еркін сауда аймағы құрылды. Одан кейін Кеден одағы құрылды, одан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік құрылды. Енді міне Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қоюға дайындық жасалып жатыр. Осы жылдар ішінде интеграция институттары да бірінен кейін бірі жасақталды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия, Еуразиялық даму банкі, Дағдарысқа қарсы қор, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, Еуразиялық экономикалық қо ғам дастықтың соты сияқты институттар дүниеге келді. Уақыт сынынан өтпеген бірқатар интеграциялық институттар тарады. Мұның бəрі жанды эконо мика үшін заңды нəрсе. Интеграциялық құрылымдардың кім-кімге де пайдалы екендігін 2011 жылы Қырғызстанның Кеден одағына қосылуға кіріскенінен, Арменияның сол одаққа кіруді тиімді деп тауып отырғанынан да көруге болады. Осындай ниет танытқан басқа мемлекеттер де бар. Бір назар аударарлығы, олардың арасынан бұрынғы Кеңес Одағы аумағынан тыс жердегі елдер де табылатындығы. Елбасымыздың бұл өміршең ұсынысы Қазақстанның Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам жəне христиан əлемдерінің арасындағы көпір, сондай-ақ өркениетаралық жəне конфессияаралық үнқатысудың байланыстырушысы ретіндегі бөлекше орнын айшықты аша түсті. Мемлекетіміздің басшысы алғаш рет алға тартқан ерікті, тең құқықты Еуразиялық интеграция, кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттерінің ортақ экономикалық дамуы жөніндегі идея бүгінде Еуразия эко номикалық одағын құру түрінде нақты жүзеге асып жатыр. – Осы айдың аяғында Қа зақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің басшылары Минскіде тағы да бір бас қосып, кеңесіп, мамырда Еуразия экономикалық одағын құру туралы шартқа қол қояды деп күтілуде. Дəл қазір Шарттың жобасы негізінен дайын сияқты. Нұрсұлтан Əбішұлы жақында бұл жөнінде: «Барлық даулы мəселелер жөнінде де біз түсіністікке қол жеткізе аламыз деп үміттенемін. Белгіленген кестені сақтауымыз қажеттігі туралы пікірді қолдаймын» деп айтты. Осы құжат жөнінде толығырақ əңгімелеп беріңізші. – Шарттың жобасы екі бөліктен тұрады. Оларды инс ти тут тық бөлім жəне функциялық бөлім деп атауға болады. Институттық бөлім 34 баптан жəне 3 қосымшадан тұрады. Функциялық бөлім 69 баптық екі бөлімнен жəне соларға 30 қосымшадан тұрады. Олар жөнінде Елбасымыз осыдан бір жарым айдай бұрын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте шарттың бірінші бөлігіне сəйкес халықаралық экономикалық ұйым құрылатынын, одақтың органдарында тараптардың өкілеттігінің тең болуы жөнінде уағдаластық жасалғанын айтқан еді. Нұрсұлтан Əбішұлы сол жолы мемлекет басшыларының шешімдері болашақ одақтың органы үшін міндетті болуға тиіс екенін қадап көрсетті. – Елбасының ерекше назар аударғаны бұл одақтың экономикалық одақ екендігі болды ғой? Нұрсұлтан Əбішұлының сөзі теледидардан берілгенде эко номикаға тікелей қатысы жоқ мəселелер туралы айтып, «не надо это впихивать искусственно» дегені дəлме-дəл есте қалып қойыпты. Пре зидент өз əріптестеріне бүгін қажет нəрсені, бізден халықтарымыз күтіп отырған нəрсені жасайық деп ашық айтты ғой. – Дəл солай. Президент елдеріміз ішінде түсінбеушілік туғызатын қосымша мəселелерді енгізудің қажеті жоқ деп кесімді пікір білдірді. Сонымен бірге келісілмеген жайттарды біртіндеп реттеу қажеттігін де атап өтті. Негізінде Еуразиялық эконо ми калық одақ құру туралы шарттың жобасы жалпы көлемі 760 беттік, өте үлкен құжат. Оны газет

Наурыз айында Мəскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында 2013 жылы əлемдік экономиканың өсу қарқыны тө мендегеніне қарамастан, «үштік» аясындағы тауар айналымы азаймағаны, қайта арта түсіп, 64,1 миллиард долларға жеткені айтылды. – Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында: «Цифрдың объективті тілі Қазақстанның Кеден одағы ел дерімен тауар айналымы ол құрылған уақыттан бері 88 пайызға өсіп, 24 миллиард доллар құрағанын айтады. Оның ішінде осы елдерге біздің экспорт 63 пайызға артып, 6 миллиард долларға жуық тады» деді. Осындай бұлтартпас фактілерден кейін де біз саудадағы бəсекелестікте ұтылып отырмыз дейтіндердің табылатыны таңдандырады. – Экономика тілі нақты көрсеткіштерді ұнатады. «Факты – упрямая вещь» деген сөзді ұстанып айтайын. Соңғы жылдарда біздің кондитерлік өнімдер мен шоколад экспортымыз бірден үш есе артып кетті. Трансформаторлар экспорты тіпті 11 есеге өсті. Ауыр жүк машиналарын Ресей мен Беларуське

ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есіктерезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, əлем көшінің соңына қалдырады. Біз – дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды əрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тəуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бəсекелік қабілетімізді шыңдайды.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

сұхбатында толығырақ айтып өту оңай да емес. Сұрақтарыңыздың сипатына қарай рет-ретімен əңгімелеп отырған дұрыс сияқты. – Жарайды. Бұрынырақта осы тақырып бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ретінде интеграция мəселелеріне жауапты болып тұрға нында қазір гі «СамұрықҚазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен (2010 жылғы 10 шіл де), Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжановамен (2010 жылғы 9 сəуір) сұхбаттар жасаған едім. Соларда бұл ынтымақтастықтың тек қана эконо микалық мүддені көздейтіндігі қайтақайта ескертілген. Əйтсе де осы істің негізгі мақсатын то лық түсіне қоймағандар, бұл одақта саяси мүдделердің жоқтығына күмəнмен қарайтындар аз емес. Сіз өз тарапыңыздан бұл жөнінде не айтар едіңіз? – Ондайлардың аз емес тігіне бұқаралық ақпарат құралда рының да кінəсі бар деп ойлаймын. Қазақстан Президенті мемлекеттеріміздің тұрғындарына халықтарымыздың игілігі, еуразиялық экономикалық интеграцияға қосылған елдердің пайдасы үшін біздің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстың қажеттілігін белсенді түрде түсіндірген жөн дегенді арнайы айтқаны сондықтан. Біле білсек, Кеден одағы да, Біртұтас экономикалық кеңістік те тек қана экономикалық бірлестік болатын. Келіссөздер барысында Қазақстан тарапы болашақ одақтың саясилануына жол бермеу жəне онда экономикалық интеграция аясынан асып кететін мəселелердің талқылануын болдырмау жөніндегі өз ұстанымын қорғап қалғанын айтқым келеді. – Мысалы? – Мысалы, экономикадан тыс салалардағы, айталық, денсаулық сақтаудағы, білім берудегі, ғылымдағы, мəдениеттегі, заңсыз көшіқондағы мəселелер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаралмайды да, талқыланбайды да. – Журналист ретінде, БАҚ басшысы ретінде мына бір жайды сұрайын. Бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты сала ғой. Бұл саладағы мəселелер құрылғалы жатқан одақ тың құзыретіне жатпайтын шығар? – Қазақстан бұл жөнінде өз ұстанымын білдірген, талқылау барысында ол ұстаным біздің əріптестеріміз тарапынан қолдау

тапқан. Сондықтан бұл істе ақпараттық тəуелсіздік деген мəселе де ескерілген. Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікте 2012 жылдан бері реттеуші ұлтүстілік орган – Еуразиялық экономикалық комиссия жұмыс істеп келеді. Комиссияның өкілеттіктер аясы шарттық-құқықтық арқауда нақпа-нақ белгіленген, сондық тан да олар экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету шеңберінен шықпайды. Ең бастысы, құрылғалы жатқан Еуразия экономикалық одағында барлық тараптардың егемендік теңдігі, тең құқықтығы жəне ұлттық мүдделерінің ескерілуі қағидатын сақтау қамтамасыз етілген. Шарт жобасында стратегиялық маңызы бар шешімдерді қабылдауда консенсусқа, яғни ортақ пəтуаға қол жеткізудің нақты тетігі қарастырылған, мұның өзі қандай да бір мемлекеттің үстем болуына мүмкіндік қалдырмайды. Қысқасы, қазіргі таңда елдің мемлекеттік егемендігін жоғалту туралы да, саяси одақтың əлдебір белгісі туралы да сөз қозғауға негіз жоқ. – Сізбен əңгімеге дайындалғанда көмекшіңіз маған бірқатар мəліметтерді алдын ала жеткізіп берген еді. Соларға қа рап отырсам, Кеден одағы құрылғалы бері Қазақстанның өңдеуші өнеркəсібіне салынған шетел инвестициялары екі есеге жуық өсіпті. Нақты айтқанда, 2009 жылғы 1,8 миллиард доллардан 2012 жылы 3,4 миллиард долларға жетіп ті. Жалпы, тікелей шетел инвестицияларының көлемі 34 пайызға артып, 28 миллиард долларға барыпты. – Мұның өзі Қазақ стан ның инвестициялық тартым дылығының анағұрлым өскенін анық көрсетеді. Сауданы алайық.

жеткізуіміз 17 есеге артты. Цемент экспорты 16 есеге артты. Мұндай мысалдарды осылай жалғастыра беруге болады. Бұл нені көрсетеді? Бұл Еуразия экономикалық одағының Қазақстан мүддесіне толық сай келетінін көрсетеді. Əрі қарай дамуымыз үшін бізге өнім өткізу рыноктарын кеңейту керек. 17 миллиондық рынокпен құлашыңды кеңге жая алмайсың. – Сізге келерден бір күн бұрын студенттермен кездескен едім. Сонда бізде тікұшақтар өнді рі сінің өркендей алмай отырған себебін базарымыздың байтақ болмауымен түсіндіруге тырысқанмын. Расында да, 17 миллион ғана халқы бар елді қажетті тікұшақтармен əрі кеткенде 10 жылда қамтамасыз етіп үлгеруіміз мүмкін. Содан кейін не болады? Енді бізге артық тікұшақтың керегі жоқ деп жұмыс істеп тұрған зауытты жауып тастамаймыз ғой? Əрине, жаңа базарлар іздеу керек, табу керек. – Ол біз үшін ең алдымен Еуразия экономикалық одағы. Оған қазірге дейін кіргелі тұрған үш мемлекет аумағы жөнінен əлемде бірінші орында, халқының саны жөнінен сегізінші орында, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен алтыншы орында. Кеден одағы біздің базарымызды барынша байтақ ете түсті. Шамамен 170 миллион адамдық қуатты ортақ рынок құрып берді. Былайша айтқанда, Қазақстан кəсіпорындары үшін рынок 10 есе кеңейді. Біз мұны қазірдің өзінде жақсы пайдалана бастадық. Отандық кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігі сапалық тұрғыдан жаңа биікке көтерілуде. Қазақстан үшін атымен жаңа болып табылатын автокөлік шығару, фармацевтика сияқты салалар қалыптасуда. Тағы да нақты мысалдар

айтайын. Қазақ станнан Кеден одағы елдеріне шығарылатын экспорт 3,6 миллиард АҚШ долларынан 6,8 миллиард АҚШ долларына өсті. Бұл дегеніңіз 90 пайызға өсу. Жаңа рынок ашылмаса, бұлай ету мүмкін бе еді? – Негізінен шикізат тауарлары шығар, бірақ? – Өңделген тауарлар экспорты да өсіп жатыр. 2009 жылғы көрсеткіштен 2012 жылғы көрсеткіш екі жарым есе артық болып шыққан, яғни 2,4 миллиард АҚШ долларынан 4 миллиард АҚШ долларына жеткен. Сөйтіп, өңделген тауарлардың экспорттағы үлесі 44,9 пайызға барған. Ал сіз айтып отырған шикізат тауарлары экспорты 41,5 пайызға өскен. Қазақстан экономикасының қазірше негізінен шикізаттық сипатын ескергенде мұның өзі де жақсылық. – Кеден одағындағы, келешектегі Еуразия экономикалық одағындағы келісімдер Қазақстанның Бүкілəлемдік сау да ұйымына өтуіне кедергі келтіреді дейтіндер де бар. Оларға не айтар едіңіз? – Кеден одағында іс жүргізудің өңірлік қағидалары ұстанылады, ал БСҰ-да халықаралық қағидалар қолданылады. Олар бір-біріне кереғар емес, бір-бірін толықтыра түседі, өйткені, Кеден одағының заңнамалық арқауы əлемдік тəжірибені жəне БСҰ нормаларын ескере отырып жасалған. Кеден одағы аясында қабылданған құжаттардың бəрі де БСҰ нормаларына сəйкес келеді, сондықтан Қазақстанның БСҰ-ға өтуіне ешқандай кедергі болуы мүмкін емес. – Біз БСҰ-ға қашан өтпекшіміз? – Бұйыртса, биылғы жылы болуы да мүмкін. Келіссөздер үдерісі негізінен аяқталуға жақын. – Сіздің əңгімеңізден, келтірген мысалдарыңыздан Еуразия экономикалық одағынан келетін пайданы нақты көріп отырмыз. «Көрмес түйені де көрмес» дейтіндердің жөні басқа. Ал енді кеңестен кейінгі кеңіс тік тегі елдер арасындағы интеграциядан түсетін жалпы макроэкономикалық тиімділікті қалай сипаттап айтуға болар еді? – Онда нақты-нақты санамалап өтейін. Ең алдымен дайын өнімдерді экспорт тауға, тасымалдап жеткізуге жұмсалатын шығындардың азаюының арқасында тауарлардың бағасы төмендейді. Неге десеңіз, бұл елдердің бəрі де бір-біріне жақын тұр, оның үстіне баяғыдан бері қалыптасқан көлік коммуникациясы бар. Одан кейінгі айтатын жай экономикалық дамудың шамамен теңдес деңгейінің есебінен жалпы рынокта бəсекелестікке ынталандыру күшейтіледі. Түсіндірейін. Дəл қазір осы үш елдің өнеркəсіптік тауар ларына алыс рыноктарда сұраныс онша жоғары емес екенін бəріміз білеміз. Сонымен бірге, біздің тауарларымыз бір-біріміздің сұранысымызды қанағаттандыруға қазірдің өзінде жарап жатыр. Əрине, бұл айтылғаннан тауар сапасына талап төмендейді деген ұғым тумайды, бірақ нақты жағдаймен атымен есептеспеудің де жөні жоқ. Осы рыноктың өзіндегі бəсекелестік сапаға оңды əсер ететіндігі тағы анық. Шығынды аз жұмсап, өнімділікті арттырудың арқасында орташа жалақыны өсіруге де мүмкіндік туады. Тауарларға сұраныс көбеюінің арқасында өндірісті өркендете түсуге жол ашылады. Рыноктың кеңейе түсуі жаңа технологиялар мен тауарлардың өтелімділігін арттырады. – Жақсы екен. Дегенмен, тек қана жетістіктен тұратын, кемістігі атымен болмайтын іс жоқ шығар. Бұл істе «плюстердің» басым екенін көріп отырмыз. Сонымен бірге, қандай «минустар» бар деуге болады? – Əрине, тек қана пайда таба беру, ештеңеден ұтылмау қисынсыз нəрсе. Біз бəсекелестік ортаға бұрынғыдан да жақындап бара жатырмыз. Мысалы, қазақстандық алкоголь өнімдері Кеден одағы елдерінің рыногына кіруде қиындықтарға тап болып отыр. Ресейде арақ-шарапқа баға қатты көтерілген кезде біздегі ішімдіктің құны олар үшін төмен болып шықты да, қазақстандық алкоголь өнімдеріне сұраныс күрт артып кетті. Одан кейін əкімшілік кедергілер қою басталды. Біз өзара сауда жасаудағы кедергілерді

жою ды, атап айтқанда этил спирті мен алкоголь өнімдерін айналысқа түсірудің ортақ қағидаларын бекітуді көздейтін нормаларды белгілеу жөнінде келісім жобасын жасап, талқылауға ұсындық. Бұл іске мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар, «Атамекен» палатасы, «КазАлко» қауымдастығы, Қазақстан сыра қайнатушылар одағы, Қазақстан шарап шығарушылар одағы сияқты отандық бизнес өкілдері де атсалысып жатыр. Біздегі фармацевтика саласы да кейбір кедергілермен бетпе-бет келіп отыр. Ол мəселелер де бірте-бірте шешілуде. Мұның бəрі табиғи нəрсе. Бəсекелестік жүрген жерде дəйім солай болады. Бизнес тек бəсекелестік жағдайында ғана шыныға алады. Көпжақты келіссөздер – өте күрделі шаруа. Онда əрбір мемлекет өзінің мүддесін қорғауға міндетті. «Тек мен дұрыс айтамын, басқалар бұрыс айтады» деп отырып алатын жер бұл емес. Бұған дейін келіссөздер үдерісіне Қазақстан тарапынан жүзден астам адам қатысып келді, олардың дені сенімді, білікті мамандар, ел мүддесін мықты дəлелдермен қорғай алатын кадрлар. – Осыдан біраз жыл бұрын ТМД елдері басшыларының саммитін газет бетінде көрсету үшін Президент сапарына ілесіп Мəскеуге барғанымызда болашақта Достастықтың біртұтас экономикалық кеңістігі құрылады, оның ортақ валютасы болады дегендей əңгімелер айтылған. Тіпті ол валютаны түркі халықтарына да, славян халықтарына да бірдей түсінікті «алтын» деген сөзбен атау туралы ұсыныс та ортаға тасталған. Біз «еуроның» дүниеге келуіне бас-аяғы жарты ғасырдай уақыт кеткенін, тіпті соның өзінде Еуропадағы елдер дің бəрі бірдей əлі еуроға көшпегенін білгендіктен де өз репортажымыздың тақырыбын «Алтынның ауылы алыста» деп қойған едік. Одан бері көп дүние өзгерді. Сіз жақында журналистермен кездескенде Еуразия экономикалық одағы құрылғаннан кейін де теңге сақталатынын нақты айттыңыз. – Ол сөзді тағы да айтамын. 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылып, іске қосылатын бұл экономикалық одақтың шартында ортақ валюта енгізу мəселесі қарастырылмаған. – Теңгеміз тəуелсіздігіміздің бір тірегі болып тұра беруін тілейміз. Ал енді əңгіменің түйініне келсек. Президент кез келген елдің интеграциялық таңдауы халықтың əл-ау қат мəселесі екенін, саяси конъюнктураға емес, мықты экономикалық прагматикаға негізделген интеграция ғана табысты жəне тиімді болатынын айтып отыр. Сіз бұл ойға өз тарапыңыздан не қосар едіңіз? – «Егемен Қазақстанның» 19 сəуір күнгі нөмірінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзі басылған. Елбасымыздың сондағы ойына ештеңе қосудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Президент былай деген еді: «ХХІ ғасыр – ин теграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойласты рылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есіктерезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, əлем көшінің соңына қалдырады. Біз – дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды əрекет етсек жарасады. Интеграция – ел тəуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше, нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бəсекелік қабілетімізді шыңдайды». – Елбасымыздың бұл сөзін бəрімізді алдан тосатын қатаң бəсекелестікке қабілетті болуға шақыру деп қабылдайық. Егжей-тегжейлі етіп айтып берген əңгімеңіз үшін рахмет. Сəттілік тілеймін. Сұхбаттасқан Сауытбек АБДРАХМАНОВ. ––––––––––––– Суреттерді түсірген Шүкір ШАХАЙ.


www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

5

АГРОҐНЕРКƏСІП КЕШЕНІНІЅ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру ісі қолға алынған. Көп салалы шаруашылықтың үлгісін құру жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Олардың базасында агроөнеркәсіптік сектордың соңғы жетістіктері қолданылатын болады». Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Беларусь Республикасы Президентімен кездесуінің қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінен.

Ет экспортыныѕ ауќымы кеѕеймек Бүгінде Батыс Қазақстан облысы республика өңірлері арасында Кеден одағына мүше елдерге ет экспорттау мəселесі жөнінен алдыңғы көште келеді. Айталық, Ақжайықта өндірілетін «Премиум» жоғары класты сиыр еті ресейлік нарықта қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие. Интеграциялық байланыстар шеңберінде көрші мемлекеттерге жіберілетін ет экспорты əлеуетін одан əрі арттыру ісі сала жетекшілерінің ұдайы назарында. Мысалы 2014-2015 жылдары жалпы құны 6,9 миллиард теңгелік бес инвестициялық жобаны іске асыру осындай өміршең ойдан туындаған. Нақтырақ айтқанда, алдағы жылы облыста он мың тоннаға жуық мəрмəр етті экспортқа шығару көзделген. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Сөз жоқ, бұның өзі бір өңір үшін өте ауқымды жоба. Бұл айтуға ғана жеңіл іс. Мұны жүзеге асыру үшін тиісті өнімдерді кедергісіз өткізетін нарық кеңістігі қажет. Бүгінгі күні облыстағы басты бағыттың бірі осы арнаға бағытталған. Осы шеңберде өнім өткізу көкжиегін кеңейту мақсатында Батыс Қазақстан облысының əкімі мен Ресейдің Саратов жəне Самара облыста-

қаласынан небары 250 шақырым қашықтықта орналасқан Ресейдің Самара қаласы таптырмайтын нарықтық орталық бола алатыны анық. Мұнда 1,5 миллион адам тұрады. Қала тоғыз əкімшілік ауданға бөлінген. Шаһарда ірі жеті базар жұмыс істейді екен. Таяуда Батыс Қазақстан облысының өкілдері Ресейдегі ірі өнеркəсіптік қалаға атбасын тіреп, Самара облысының губернаторы Николай Меркушинмен кездесті. Осы делегацияның құрамында бола жүріп, ет экспорты əлеуетін

Дерек пен дəйек 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 3 трлн. 122,2 млрд. теңгенің қаржысы жұмсалмақ. * * * Кеден одағы аясында елімізге әр жыл сайын әкелінетін 300 комбайнға жеңілдікті салық ставкасы қолданылмақ.

ры губернаторлары арасында өзара келісімдер жасалуы алдағы үлкен істердің басы болмақ. Соған сəйкес Саратов қаласында батысқазақстандық ет өндірушілер үшін арнайы жер бөлінген. Сонымен бірге, онда қазақстандық сауда орындары мен павильондарын тұрғызу жөнінде жобалаусметалық құжаттар жасалған. Біртұтас экономикалық кеңіс тік аясында бұл жобалар батысқазақстандық атқарушы органдар басшылары тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ жəне Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылмақ. Орал қаласында биылғы жазда шекаралас аймақтардың экономикалық форумы өткізіледі деп күтілуде. Сол кезде бұл мəселелердің кем-кетігі тағы да түгенделмек. Бұл жөнінде газет тілшісіне Батыс Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Арман Өтеғұлов айтып берді. Иə, қалай десек те, батысқазақстандық ет өндірушілер үшін Орал

өсіруге қатысты бірқатар түйінді мəселелерге де куə болып едік. Мұнда ең алдымен Самараның тұтыну нарығына Оралдан ет жеткізу мəселелері ортақ əңгіменің өзегіне айналды. Губерния орталығында облыстық «Губерниялық базар» жəне дайын ет өнімдерін экспорттайтын «Гарибальди» компаниясы өндірістік базарлары ет экспорты мен импорты үшін тиімді екені байқалады. Осы тұста делегация жетекшісі А. Өтеғұлов батысқазақстандық тауар өндіруш іл ер С амар а об л ысын а өз өнімдерін экспорттауға ықыласты екендіктерін жеткізді. Əрине, бұл тұста əңгіме сойылған шикі мал еті емес, əзір өңдеуден өткізілген ет жəне көкөніс қалбырлары жөнінде болғаны да айтуға тұрарлық мəселе деп ой лаймыз. Самара облысының басшысы бұған терең ықылас танытып, батысқазақстандық тауар өндірушілерге Самарадан өздерінің

жеке сауда орындары мен павильондарын ашуды ұсынды. Сапар барысында тағы бір көңілге түйген жайт, ет өнімдерін делдалдарсыз тікелей өткізу жөнінде біздегі секілді бірқатар түйткілдер Ресейдің көршілес облыстарында да бар екен. Əрине, мұны реттеу ісі шекаралас өңірлердің қайқайсысына да тиімді болары хақ. Гəп мынада. Самара аумағында көптеген азық-түлік өнімдері түрлері жабдықтаушылардың өзара келісуінің арқасында сауда желілері арқылы өткізіледі екен. Алайда ондағы ресейлік еттің үлесі онша емес. Сондықтан да іс басында жүрген самаралық басшылар желілердің үстемдігін төмендету жөніндегі шараларды қолға алыпты. Бұл үшін өңірде агроөнеркəсіптік парк құру көзделген. Кейін мұнда жергілікті өндірушілердің өнімдері жинақталып, содан соң бұл тауарлар орталықтандырылған күйде барлық сауда нүктелеріне таратылмақ. Кездесу кезінде Самара облысы өзін етпен елу пайызға ғана қамтып отырғаны айтылды. Соның өзінде де бұл тек сиыр еті ғана. Жылқы еті өндірісте мүлдем кездеспейді. Қой еті де өте тапшы. Сондықтан да шекаралас өңір өкілдері оның екеуіне де өз тараптарынан сұраныс жоғары екенін мəлімдеді. Егер Батыс Қазақстан облысынан Самараға қой жəне жылқы еттерін тікелей жеткізу мүмкіндіктері шешілсе, мұндай сапалы да арзан етті көбірек сатып алар едік. Сіздерде мұндай мүмкіндіктер мол деп санаймыз, – дейді Самара облыстық үкіметінің ауыл шаруашылығы жəне азықтүлік министрі Виктор Альтергот. Мұндай басы ашық сауалға батысқазақстандық делегация жетекшісі Арман Өтеғұлов тарапынан да нақты жауаптар берілді. Оның басты түйініне келсек – ет өнімдерін делдалдарсыз тікелей экспортқа шығару шекаралас өңірлердің қайқайсысына да тиімді болмақ. Бұл ретте көршілер тілегі толықтай қанағаттандырылмақ. Міне, халықаралық интеграция мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде шекаралас аймақтар арасында ет экспорты мен импорты үлесін көтеру жөнінде бүгінгі күні қолға алынған іс-шаралар кешенінің бір мысалы осындай. ОРАЛ – САРАТОВ – САМАРА – ОРАЛ.

Қазақстан Республикасындағы 2008-2012 жылдарғы астық жинау комбайндарының импорты мен сатып алу Қазақстан Республикасындағы 2008-2012 жылдарғы астық жинау комбайндарының импорты Техникалар атауы

бірлік қорытынды

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің 2008-2012 жылдарғы астық жинау комбайндарын сатып алуы бірлік Техникалар атауы

Астық жинау комбайндары, барлығы

Астық жинау комбайндары, барлығы

ТМД елдері

ТМД елдері

Алыс шетелдер өндірісі

Алыс шетелдер өндірісі

2008-2012 жылдарғы комбайндар импортының құрылымы Әлемнің басқа елдері

ТМД

қорытынды

2008-2012 жылдары алыс шетелдерден астық комбайндарын сатып алудың құрылымы Басқалар

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін барлығы 3 122, 17 млрд. теңге қажет етіледі.

АӨК-ті 2013-2020 жылдар аралығында қаржыландыру 4,5 есе артады

БД туралы заң

Қаржылай сауықтыру. АӨК субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және қызметтер қол жетімділігін арттыру. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамыту. АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру.

АӨК салалық бағдарламасы

БД есебінен МБ есебінен Қорытынды

Мал асылданбай, тґл кґбеймейді Күлбарам БАЯЗИТОВА,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркəсіп кешені дəстүрлі саламыз екенін атап өтіп, инновациялық бағытқа түсірудің жолдарын белгілеп берді. Фермерлер алдына кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде оның өсімін тынымсыз арттыру, ол үшін жаңа технологияларды кеңінен қолдану міндеттерін қойды. Бұл орайда, Қазақстанды ет жəне сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік елге айналдырудың маңызы зор. Бұл талаптарды ғылыммен үйлестіре жүргізгенде ғана белгілі жетістіктерге жетеріміз анық. Осы тұрғыдан сөз сабақтасақ, мал тұқымын асылдандыру жайлы ерекше əңгімелеуге тура келеді. Жасыратыны жоқ, бұл бағытта қыруар шаруалар атқарылғанымен, күнгейімізден көлеңкелі жақтарымыз əлі басым екені анық байқалады. Десек те, мемлекет қолдауының арқасында мал шаруашылығы өнімдерінің өнеркəсіптік жүйесін құру арқылы экспорттық əлеуетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын аңғару қиын емес. Əсіресе, үкіметтік бағдарламалар шеңберінде мал семірту алаңдарының, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтарының құрылуы тың іске серпін беріп, өз өмір шеңдігін айқын танытып отырғанын айта кеткен жөн. Облыста 2015 жылға дейінгі мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданып, ол

бойынша 10 мың басқа арналған семірту алаңдарын, 4 мың бас асыл тұқымды мал өсіретін репродуктор шаруашылық құру, 15600 басқа шақталған фермерлік қожалықтар құру жопарланған. Қолдағы мəліметтерге сүйенсек, тапсырманың артығымен орындалатын түрі бар. Олай дейтіні міз, кенжелеп қалған салаға демеуқаржы молынан бөлініп, көптеген жеңілдік шаралары қарастырылған. Бір ғана мысал. Жуырда Мамлют ауданындағы «Мəмбетов жəне К» командиттік серіктестігінде еліміз бойынша тұңғыш рет асыл тұқымды мал төлін сұрыптау қолға алынды. Жергілікті мамандар Астанадан келген ғалымдардың жəрдемімен аталық малды жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуге кірісті. Бұл шаруашылық соңғы жылдары мал шаруашылығын табысты ұйымдастырып келеді. Оның ішінде етті мал тұқымын өсіруге ден қойды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың демеуқаржысы арқылы мұхиттың арғы жағынан 200 бас абердин-ангус тұқымдас тайыншалар сатып алды. Оның саны қазір 600 басқа жетті. Табындар кейін басқа да өсімтал ірі қара малдармен толығып, репродуктор шаруашылық мəртебесіне ие болды. Былтыр өзге шаруашылықтарға 50-ге жуық асыл тұқымды бұқа сатты. Енді ғылыми-инновациялық озық жетістіктерге шындап бет бұрды. Жас төлдер жылжымалы зертханада орнатылған шетелдік УЗИ сканерден өткізіліп, ет бағытына лайықтылары бірыңғай сұрыпталады. Сонымен бірге, мал ұрығы да сарапталып, болашақтағы төлдеу қабілеті айқын далады. «Ғылыми инновациялық орталық» ЖШС бас маманы Əнуарбек Бейсенбаевтың

айтуына қарағанда, мұнда ғылымның соңғы технологиялық жетістіктері кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, малдың салмағы, өсу жылдамдығы, бір килограмм салмақ қосу үшін жұмсалатын жемазық мөлшері анықталады. Еттің сапасы ультрасанографтың көмегімен бағаланады. Тіпті, аталық малдың 12-ші жəне 13-ші қабырғалары арасындағы бұлшық еттің қалыңдығы мен тері астындағы майға дейін өлшенеді. Міне, ғылыми қамтымды экономика құру арқылы Қазақстан ғылымының əлеуетін арттыру деп осыны айтады! Сыртқа сатылатын малдың арнайы төлқұжатына инновациялық орталық өкілдері жасаған зерттеулердің нəтижесі жазып қойылады. Бұрын əлемдегі мал өсірушілердің 2-4 пайызы ғана ангус тұқымын өсірсе, қазір бұл көрсеткіш 40-45 пайызды құрайды. Жергілікті бұзаулардың тəуліктік салмақ қосуы 500-700 грамнан аспаса, ангус төлі 1-1,5 килограмм салмақ қосады. Осылайша Ауыл шаруашы лығы министрлігі жанынан ұйымдастырылған ғылыми-инновациялық орталық облыстың екі шаруашылығымен асыл тұқымды мал төлінің қасиеттерін зерттеуді ғылыми тұрғыда жүргізу жөнінде тығыз əріптестік қарым-қатынас орнатып отыр. Мұндағы мақсат– шетелден əкелінген малдың пайдалылығын жоғалтып алмау. Аталмыш шаруашылықтарда əрбір бас мал күніне бір килограмнан артық салмақ қосса, алдағы уақытта үш килограмға дейін жеткізу міндеті тұр. Мал тұқымын асылдандырудың тағы бір озық жобасы Есіл ауданына қарасты «Бесқұдық» ЖШСде 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ауыл шаруашылығы

министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Ауыл шаруашылығы өнімінің бəсекелестігін арттыру» бағдарламасы бойынша «Құйрықты қойлардың тұқымы мен құнарлылығын арттыру» жобасына қатысып, 12 миллион теңге грант ұтып алған. 2010 жылы асыл тұқымды шаруашылық мəртебесін алды. Содан бері құйрықты қойлардың тұқымдық сапасы мен өнімділігін арттыру, жоғары генетикалық əлеуетті тұқым алу, азықтандырудың ұтымды жүйесін əзірлеу жəне енгізу, асылдандыру жұмыстары дəйектілікпен жүргізіп келеді. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру малды сұрыптау, азықтандыру жəне күту технологиялары негізінде атқарылады. Ғылыми сарапталған сұрыптауасылдандыру шаралары қойлардың тез жетіліп, салмақ қосуына мүмкіндік берді. Мұнда қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын өсіру тектен-тек таңдалған жоқ. Қыстың аязына, жаздың құрғақшылығына төзімді. Жайылым таңдамайды. Тоқтала кететін бір мəселе бар. Ол қосалқы шаруашылықтардың мал басын көбейтуге деген талпыныс-талабының үкіметтік деңгейде шешілмеуіне қатысты. Оларға қолдағы малдың 80 пайызы тиесілі екенін, өндірген өнімдерін делдалдар арзанға пұлдап алып кететінін ескерсек, мемлекет тарапынан демеуқаржы қарастыратын мезгіл жеткен сыңайлы. Жұртшылық ет, сүт өнімдері бағасының төмендігін, керісінше, жемшөптің тым қымбаттылығын көлденең тартады. Осының салдарынан жұмсаған шығын ақталмайтындықтан, төрт түлік өсіруді қиынсынатындар жиі кездесіп жатады. Сонда Жолдауда айтылған «фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына тікелей шыға алатын» жағдайды қалыптастырар едік. Кей аудандардың асыл тұқым ды бұқалар сатып алып, жеке аулаларға үлестіруі құптарлық болғанымен, кешенді шараларды қолға алмай болмайды. Солтүстік Қазақстан облысы.


6

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

● Мемлекеттік мəселе

Отандыќ кəсіпорын мал дəрісін шыєаруєа дайын

Ќытай Ќазаќстанныѕ мемлекеттік ќызмет моделін жоєары баєалады

Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

Кеше Астанада Қазақстан Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Əлихан Байменов Қытайдың Адами ресурстар жəне əлеуметтiк қамсыздандыру министрiнiң орынбасары Ян Шицюмен кездестi. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы екіжақты ынтымақтастық жəне Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық мəселелері талқыланды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Агенттiк төрағасы Қытай тарапын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң жаңа моделiмен таныстырды. Кездесу қорытындысында Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi мен Қытайдың адами ресурстар жəне əлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi арасында мемлекеттiк қызмет саласында ынтымақтастық жөнiндегi өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде кездесу, білім алмасу жəне мемлекеттік қызмет саласындағы мəселелер бойынша іс-шараларға қатысу, екі елдің мемлекеттік қызметшілері үшін кəсіптік оқыту сияқты ынтымақтастықтың нысандары көзделген. «Қытай делегациясы Қазақстанның мемлекеттiк қызмет саласындағы реформаларымен, бiздiң агенттiктiң жəне өзге де құрылымдық бөлiмшелердiң жұмысымен танысуда. Қазақстанның бұл саладағы реформалары халықаралық сарапшылардың үлкен қызығушылығын туғызуда. Бұл меморандум екiжақты қарым-қатынасқа да жəне Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы аймақтық хаб аясында да көп салалы байланыстарды орнатуға мүмкiндiк бередi. Екi ел арасында мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту, бiрлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу, тəлiмдеме мен тағылымдамадан өткiзу сынды реформалар жалғасады», – деп атап өттi Ə.Байменов қол қою рəсiмiнде. Оның айтуынша, жалпы келiсiм бес бағыттағы əрiптестiктi орнатуды көздейдi. Олардың қатарында өзара тəжiрибе алмасу, бiрлескен iс-шаралар өткiзiп, мемлекеттiк қызметкерлерге кəсiби бiлiм беру мəселелерi қамтылған. Агенттiк басшысының сөзіне

қарағанда, мұндай əрiптестiк тек Қытай елiмен ғана емес, Еуроодақ, АҚШ, Корея, Түркия, Жапония, Ресей мемлекеттерiмен қарым-қатынас өте тығыз орнаған. Сонымен қатар, ол бұл қадамдар Астанада Орталық Азияның мемлекеттiк қызмет хабын құрудағы мүддесiне сай келетiндiгiн атап өттi. Қытай делегациясының мүшелері Қазақстанның мемлекеттік қызмет моделін жоғары бағалады. ҚХР Адам ресурстары жəне əлеуметтік қамсыздандыру вице-министрі Ян Шицю Қытай Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесінен үлгі алатындығын атап өтті. «Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі жас болғанымен, бұл саланы жетілдіруде өте жаңашыл əдіс-тəсілдер пайдаланылған, – деді ол. – Қазақстан осы салада бірқатар заңнамалық бастамалар енгізген. Бұл ретте ең алдымен «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын реттейтін бірқатар тиімді шаралар қабылданған. Қазақстан өз еліндегі жағдайды, ерекшеліктерді ескере отырып, басқа мемлекеттердің озық тəжірибесін қолданып келеді. Соңғы жылдары елдеріңізде мемлекет қызметте ашық бəсекелестік талаптарын енгізу, тестілеу өткізу, қызметкерлерді аттестациялау бойынша біраз белсенді жұмыс жасалды. Оған қоса кадрларды оқыту, қайта даярлау бойынша өте жақсы шаралар қолға алынған. Осының барлығы – Қытай үшін өте жақсы тəжірибе». Қытай делегациясының мүшелеріне аталмыш іссапар шеңберінде агенттіктің қызметі жəне мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, «е-қызмет» автоматтандырылған дербес басқару жүйесі, сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб таныстырылды.

Мысырлыќ министрлермен кездесулер

Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы елшісі Берік Арын МАР Уақыфтар министрі Мұхтар Жұмамен жəне Туризм министрі Хишам Заазумен кездесті.

МАР Уақыфтар министрі М.Жұмамен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың үстіміздегі жылғы 18 қыркүйекте Астанада өткізілуі жоспарланған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысына қатысты хатын табыс етті. М.Жұма аталған маңызды шараға өзі басшылық ететін мекеме өкілінің қатысатынын қуаттай отырып, Қазақстанның жаһандық деңгейде дінаралық жəне өркениетаралық үнқатысуды ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады. Ол Мысырдың Орталық Азиядағы саяси жəне экономикалық тұрғыдағы жетекші мұсылман мемлекеті – Қазақстанмен бұл бағыттағы өзара іс-қимылға белсенділікпен атсалысуға дайындығын атап өтті. Сонымен қатар, М.Жұма Б.Арын тапсырған Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы М.Əзілхановтың Қазақстанға ресми сапар мен келуге шақыруын ри зашылықпен қабыл алды. Екі ел арасындағы білім жəне дін саласындағы ынтымақтастықты да мыту бағытында тараптар «НұрМүбəрак» бірлескен қазақ-мысыр университеті қызметінің алдағы даму

болашағы жөнінде пікір алмасты. Мысырлық министр «Нұр-Мүбəрак» университетін үздік бітірушілердің келешекте Əл-Азһар университетінің магистратурасына қосымша талаптарсыз қабылдануын, сондай-ақ, ƏлАзһардың қазақстандық оқу орнының дипломдарын тануын қамтамасыз ету үшін аталған жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын көтеру бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді. МАР Туризм министрі Х.Заазумен кездесу кезінде елші оған Пре мьер-Министрдің орынбасары, Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ə.Исекешевтің 21-23 мамырда Астанада өтетін VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Дү ниежүзілік дағдарысқа қарсы кон ференцияға қатысуға жолдаған шақыруын табыс етті. Министр Х.Заазу өз кезегінде Мысырдың қазақстандық туристерді тартуды қалайтындығын жеткізді жəне оны жүзеге асыру мақсатында МАР үкіметінің биылғы жаз мезгілінде Алматы мен Шарм Аш-Шейх арасында тікелей əуе жолы байланысын ашу бойынша тиісті шараларды қолға алуды жоспарлап отырғанын хабарлады. «Егемен-ақпарат».

«Егемен Қазақстан».

Каспийдіѕ мəртебесін аныќтау – маѕызы жоєары іс Мəскеуде Каспий теңізі жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің конференциясында ағымдағы жылдың қыркүйегінде Астраханьда өтетін төртінші Каспий саммитіне дайындық мə се лелері талқыланды жəне аталған шараға дайындық бойынша жұмыстардың алдын ала қорытындылары шығарылды. Іс-шараның ашылу кезіндегі сөзінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Каспий теңізін жауапкершілікпен қолдану мəселесіне қатысты кешенді мəселелер бойынша өзара тиімді шешімдерді одан əрі іздеудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов: «Каспий ұзақ жылдар бойы оның жағалауын мекен еткен халықтарды бірлестірген достық пен тұрақтылық теңізі болып отыр. Каспий теңізі мəртебесін реттеу жəне халықаралық саяси, экономикалық жəне мəдени ынтымақтастықтың құқықтық режімін құру Қазақстан үшін саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, Каспий өңірін дамыту, оның табиғи байлықтарын сақтау мен көбейту жəне бірегей географиялық орналасуын қолдану тұрғысынан стратегиялық маңызды мəселе болған жəне болып қала бермек», деп мəлімдеді. «Тек үйлестірілген күш-жігер теңіз жағалауындағы мемлекеттердің ресурстарын əлемдік экономикаға сəтті түрде ықпалдастыруға мүмкіндік береді, ал

біздің жоспарлап отырған жəне жүзеге асып жатқан жаңа инфрақұрылымдық жобаларымыз біздің елдеріміздің қазіргі мүмкіндіктері мен жалпы Каспий аймағының дамуына жағдай жасайды», деп мəлімдеді Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы. Шара аясында алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесуде қарастырылатын саяси құжаттардың жобалары қарастырылды, сонымен қатар, Каспий теңізіндегі биоресурстарды сақтау мен төтенше жағдайлардың алдын алу салаларындағы салалық келісімдер жобасы бойынша жұмыстардың нəтижелері талқыға салынды. Əзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей жəне Түрікменстан сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Астрахань саммитінің күн тəртібіне өз ұсыныстарын енгізді жəне жалпы Каспий теңізі мемлекеттері президент терінің қарастыруына ұсынылатын мəселелер тізімі келісілді. Тараптардың ортақ пікірлеріне сəйкес, саммиттің күн тəртібіне енгізілетін мəселелер қағидатты сипатқа ие жəне келіссөздер үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделеріне сай келетін, салмақтанған саяси шешімдерді талап етеді. Конференция конструктивті үнқатысу, өзара түсіністік пен мəміле рухында өтіп, тараптардың бірқатар аспектілер бойынша ұстанымдарының жақындасуына ықпал жасалды. Тараптар кездесудің нəтижелерін оң бағалап, Каспий теңізі жағалауы елдері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі жөніндегі

конвенцияны əзірлеу бойынша Арнайы жұмыс тобының келіссөздер механизмі шеңберінде аталған саммитке дайындық бойынша жұмыстарды жалғастыруға келісті. Конференция алаңында Е.Ыдырысов пен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар екіжақты күн тəртібінің өзекті мəселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық жəне көліктік-логистикалық ынтымақтастық мəселелерін талқыға салды. Атап айтқанда, алдағы уақытта Қазақстан – Түрікменстан – Иран теміржолының түрікмендік-ирандық торабы іске қосылуының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, Иран ядролық бағдарламасы жөнінде «алты плюс бір» пішініндегі халықаралық келіссөздер барысы талқыға салынуына орай, Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы осы үдеріске деген қолдауын жеткізіп, əрі қарай да барынша ықпал жасала беретінін атап өтті. Сондай-ақ, Е.Ыдырысовтың Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуі болды. Əңгімелесуші тараптар көліктіклогистикалық ынтымақтастықты дамытуға назар салып, ағымдағы жылы екі елдің басшылары деңгейінде байланыстар орнатуға келісті. Қазақ жəне түрікмен халықтарының тарихи тығыз байланыстары қазіргі деңгейдегі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға елеулі негіз болатыны атап көрсетілді. Сəулебек БІРЖАН.

Ќўзырлы ќадаєалау кїшейтілді Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі күні Мемлекет басшысының алға қойған тапсырмаларына сəйкес, құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғырту аясында қылмыстарды жедел əрі толықтай ашу мен жазаның қолданылмай қалмауын қамтамасыз ету тəрізді қылмыстық процестің басты міндетін жүзеге асыру бойынша бірізді шаралар қабылдануда. Міне, бұл орайда қылмыстарды тіркеу мен есепке алу саласын тəртіпке келтіру жəне еліміздегі шынайы қылмыстық ахуалды көрсету осы жұмыстың алғашқы жемісті кезеңі болды десек артық айтқандық емес. Ал бұған нақты дəлелдер кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының кеңейтілген мəжілісінде айтылды. Онда 2013 жыл жəне 2014 жылдың I-ші тоқсанындағы іс жүргізу шешімін қабылдауға бағытталған қылмыстар туралы арыздар бойынша бастапқы тексеру əрекеттерінің заңдылығы мен уақыт күтпес жай-күйі туралы мəселе қаралды. Бұл қабылданып отырған шаралардың нəтижесінде бұрынғыдай қылмыстарды жасыру жəне əртүрлі статистикалық мəліметтерді бұрмалау тəжірибесі жойылуға таяды, қылмыспен күрес

жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету ұстанымдары қайта қаралатындығы көңілге үміт отын құя түсті. Құқық қорғау жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу нəтижесінде қылмыстар туралы хабарламалар бойынша процессуалдық шешім қабылдау жеделдігі айтарлықтай артты: бүгінде осындай арыздардың 93 пайызы үш тəулік ішінде шешіледі, ал бұрын бұл көрсеткіш 60 пайыздан аспайтын. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламалар бойынша бастапқы тексеру іс-шараларының сапасын арттыру мəселесінің өзектілігі, ең алдымен, қабылданғалы отырған жаңа қылмыстық іс жүргізу заңнамасымен байланысты болып табылады, соған сəйкес сотқа дейінгі өндіріс қылмыс туралы арыз тіркелген сəттен басталады. Бұл орайда Бас прокурор атап өткендей, жаңа жағдайдағы жұмысқа тиімді көшу міндеті тергеу органдарынан өз қызметін тұтастай қайта құруды, кəсібилік деңгейді арттыруды, жауапкершілікті күшейтуді жəне заңдылықты мүлтіксіз сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, прокурорлық тексерулер барысында қылмыстар туралы арыздарды қабылдау мен тіркеу барысында тергеу органдары қызметкерлері тарапынан жіберілетін өрескел заң бұзушылықтар

анықталды. Тергеу іс-шараларын толық емес жəне сапасыз жүргізу деректеріне жол беру жалғасуда, шешім қабылдау мерзімдері негізсіз, формальді негіздермен ұзартылады, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы заңсыз шешімдер шығарылады, іс жүргізушілік шешімдерді оған уəкілеттілігі жоқ лауазымды тұлғалар қабылдайтын көрінеді. Бас прокурор бастапқы процессуалдық іс-шаралар бойынша уəкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың əрекеттерін нақты регламенттеудің маңыздылығын атап көрсетті, оны мүлтіксіз сақтау дəлелдерді жинаудың мерзімдерін жəне толықтығын қамтамасыз етуге жəне қылмысты ашуға мүмкіндік береді. Осыған орай Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мемлекеттік қызметтер тізіліміне қылмыстар туралы арыздарды қабылдау жəне тіркеу бойынша бағытты енгізу туралы ұсынысы қолдау тапты, енді бұл барлық құқық қорғау органдарының осы саладағы бірыңғай регламентін əзірлеуді қажет етеді. Бұл орайда Бас прокурор Қылмыстық заңның жəне қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға жəне қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дəстүрлі брифинг өз жалғасын тапты. Басқосудың бұл жолғы қонақтары Ұлттық кəсіпкерлер палатасының агроөнеркəсіптік кешені комитетінің хатшысы Бауыржан Қасенов, осы комитеттің сарапшысы Болат Сейсенов жəне «Астана Финанс» «Лизингтік компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Уатханов болды. «Елімізге ветеринарлық дəрі-дəрмектердің 95 пайызы шетелден жеткізіледі. Бұл өндірістерді республикада қолға алу үшін мемлекеттік сатып алу арқылы сұранысты көбейту қажет. Қазіргі таңда Степногор жəне Тараз қалаларындағы екі кəсіпорын малдың аусыл, құтыру ауруларынан емдеуге, сонымен қатар түрлі бактерияларға қарсы дəрі шығаруға дайын. Тіпті қолдау білдіретін инвесторлар да бар. Енді тек өнімге сұраныс білдіріп, өткізетін нарықты анықтау лəзім», дейді Ұлттық кəсіпкерлер палатасы агроөнеркəсіп кешені комитетінің сарапшысы Болат Сейсенов. Сондай-ақ, ол ветеринарлық дəрі-дəрмектермен елімізді қамтамасыз ету үшін біз бүгінде импортқа тəуелді болып отырғанымызды да назардан тыс қалдырмады. «Бұрындары бүкіл Кеңес одағын кейбір қажетті препараттармен Алматы биокомбинаты қамтамасыз ететін. Кейіндері ол жабылып қалды. Бұл ретте ұлттық палатаға инвесторлар келіп, өндіріс орнын ашайық деп ұсыныс білдіруде. Бізге енді сұранысты қамтамасыз ету ғана қалды», деді ол. Кейінгі екі жылда мал шаруашылығы мен айналысатын қожалықтардың саны 14 пайызға көбейген. Өткен жылы Кеден одағы аясында Мəскеуге мың тоннаға жуық ет өнімі жеткізілсе, биыл оның көлемі он бес мың тонна болады деп жоспарланған. Осы тұрғыда мамандар интеграциялық үрдістер септігін тигізгенін айтады. «Елімізде малдың 70-80 пайызы қолайлы жағдайда ұсталып отырған жоқ. Сондықтан біз «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарына қолдау көрсетіп, малды асылдандыру секілді жұмыстарға көңіл аударудамыз. Осылайша Отанымыздағы ет, сүт өндірісі қазір 20 пайызды құраса, алдағы 5-6 жылда 70 пайызға жақындайды деп жоспарлаудамыз», дейді Ұлттық кəсіпкерлер палатасы агроөнеркəсіп кешенінің хатшысы Бауыржан Қасенов.

іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша əрбір ведомствоның атқарып отырған іс-шараларының маңыздылығын атап өтті. Ол қылмысты тергеу жəне ашу жөніндегі салалық қызметтер жұмысын қайта қарау, қызметкерлердің жүктемелері мен функционалдық міндеттерін олардың мамандықтары мен аудандағы криминогендік жағдайды қатаң есепке ала отырып бөлу қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ, қылмыстар туралы арыздарды қарау барысында тергеуге тиесілі заң талаптарын бұлжытпай орындау, əрбір ведомствоның түрлі деңгейдегі бөлімшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін нақты ажыратып бөлу тапсырылды. Ал алқа жұмысына Президент Əкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Парламент депутаттары, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі, Кедендік бақылау комитетінің басшылары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, бейнеконференциялық байланыс арқылы – облыстардың прокурорлары, сондай-ақ аймақтық құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысып отырғандықтан прокурорларға осы саладағы қадағалауды күшейту, анықталған заң бұзушылықтарға тиісті ықпал ету, жасалған қылмыс туралы өтініштер бойынша тергеу іс-шараларын сапасыз жүргізу фактілері бойынша кінəлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту міндеттері қатаң тапсырылды.

Ґткен жылы 4 922,8 мыѕ тонна астыќ экспортталды Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кезекті брифинг өтті. Басқосуға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры-коммерциялық директоры Нұрбек Дайырбеков, Корпорацияның басқарушы директоры-Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры Сəбит Қашқымбаев, Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы өнімдерін өңдеу жəне фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті директорының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов жəне АШМ Агроөнеркəсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция басқармасының басшысы Арман Абдуллин қатысты.

Ең көп астық Ресей (990,7 мың тонна), Əзербайжан (927,5 мың тонна), Өзбекстан (737,4 мың тонна) жəне Тəжікстан (651,7 мың тонна) мемлекеттеріне жеткізілді. Осы елдер қазақстандық астықтың дəстүрлі импорттаушылары екенін атап өту қажет. Бүгінгі таң да министрлік астық, бұршақ жəне майлы дақылдар экспортын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Қытай бағытында ұлғайту шараларын жасауда. Астық бойынша халықаралық кеңестің мəліметіне сай Қытайға жыл сайынғы астық импорты 3 миллионнан 8 миллион тоннаға дейін жетеді. Бұл Қытайға жəне сол елдің аумағы арқылы ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың жөнелту көлемін ұлғайту, экспорттық нарықты кеңейту стратегиялық бағыт болып саналады.

Қолайлы географиялық орналасу мен Қытаймен ортақ шекараның арқасында Қазақстан-Қытай шекарасында астық терминалының құрылысы жоспарланған. Бұл Қытай мен ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қазақстандық астық экспортын ұлғайту мақсатында КО қызмет ету шеңберінде фитосанитарлық талаптарды жеңілдетуге бағытталған шаралар жүргізілуде. Кеден одағы шеңберіндегі интеграция өсімдіктер карантині саласында Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының фитосанитарлық талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік берген. Атап айтқанда, Кеден одағы комиссиясының шешімімен 2010 жылы 18 маусымда жоғары жəне төменгі қауіптерге бөлінген карантинге

жатқызылған өнімдердің бірыңғай тізбесі, Кеден одағының кеден шекарасында жəне кеден аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылау (қадағалау) жүргізу тəртібі туралы ережелер бекітілген. Карантиндік фитосанитарлық қауіп төндірмейтін өнімдер тізбеден шығарылып, карантиндік өнімдер тізбесі оңтайландырылған. Төмен карантиндік фитосанитарлық қауіпке жататын карантинге жатқызылған өнімдерді фито санитарлық сертификатпен шығару талаптары алынса, 2011 жылғы 15 наурыздағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің шешімімен, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚазақстанРесей шекарасындағы карантиндік фитосанитарлық бақылау Кеден одағының сыртқы шекарасына

ауыстырылған. Сондай-ақ, 2011 жылғы 19 мамырда аталған кеңестің шешіміне сəйкес Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында карантинге жатқызылған өнімдерді алып жүруге жəне əкелуге импорттық карантиндік рұқсат алу тоқтатылған. Аталған шаралар өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында тасымалдау кезінде, сонымен қатар үшінші елдерден осындай өнімдерді импорттау кезінде бірқатар кедергілерді жою мəселелерін, сонымен қатар карантинге жатқызылған өнімдерді Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында əкелу жəне тасымалдауға қатысты карантиндік фитосанитарлық бақылау кезінде бірегейлікті анықтау мен реттеуді қамтамасыз еткен.


7

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Мїлікті заѕдастыру Ол ќалай жїзеге асады? Заѕдастыру ќаєидаттары 1. Заңдастыру шаралары экономикалық, жемқорлық құқық бұзушылық жəне басқа да қылмыстық жолмен пайдаға асырылған ақшаны жəне мүлікті айналымға қосу үшін жүргізіледі. 2. Заңдастырылған ақша табыс болып есептелмейді, сондықтан оған салық салынбайды. 3. Азаматтар адамгершілікке жəне халықтың денсаулығына, қоғамдық тəр тіп пен қоғамдық қауіпсіздікке, жеке мүлікке, мемлекеттің қауіпсіздігі мен конституциялық құрылым негіздеріне, бейбітшілік жəне адам зат қауіпсіздігіне, отбасы жəне жасөспірімдерге, жеке тұлғаларға қарсы жасалған қылмыстардан басқа жағдайда мүлкін заңдастыру кезінде қылмыстық жəне əкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 4. Заңдастыру кезінде алынған мүлік (ақшаны қоса алғанда) заңдастыруға жатпайды. 5. Заңдастыру мерзімі – 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Заѕдастыру нысандары • Ақша жəне құнды қағаздар; • Заңға сəйкес тиісті құқықтары белгіленбеген Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік; Сондай-ақ белгілі тəртіп бойынша тиісті тұлғаларға тіркелмеген Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік.

Заѕдастыруєа жатпайтын мїлік 1. Мынандай аумақта орналасқан жер телімдері жəне сол жер телімдерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар: • құрылыс нысандары жəне құрылымдары жоқ өз бетімен басып

алынған жерлер жəне жер телімдері (бос жер телімдері); • елді мекендердің маңайындағы «қызыл» сызық аумағындағы су нысандары жəне қорғалатын су көздері маңайында, санитарлық қорғау аймақтарында; • қорғаныс өнеркəсібіне, мемлекеттік қауіпсіздік жəне қорғанысқа қажетті жерлерде; • айрықша қорғалатын табиғат аумақтарында жалпы қолданыстағы магистральдық автомобиль жəне теміржолдарға қарасты жерлерде. 2. Мынандай аумақта орналасқан жер телімдері жəне сол жер телімдерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар: • жалпы қолданыстағы жерлерде; • ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039 қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы дағдарысқа қарсы шараларды іс жүзіне асыру шеңберінде бөлінген мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынған құрылыстардағы, жылжымайтын мүліктердегі тұрғын үйлер жəне тұрғын үй емес бөлмелер, сонымен бірге мемлекет пайдасына берілуге тиіс мүліктер. 4. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік (құнды қағаздан басқа), оның ішінде автокөлік құралдары, ауылшаруашылық техникасы, теміржол көлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерінен басқа). 5. Азаматтық кодекске сəйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген жəне мемлекеттік тіркеуге жататын əуе жəне теңіз кемелері ішкі су көздерінде жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер, ғарыш нысандары, магистральдық құбыр желілерінің ішкі бөлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерден басқа).

Аќшаны заѕдастырудыѕ тетіктері жəне ќўралдары • Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотына ақша аудару. • Заңдастырылатын ақша арнайы депозиттік шотта 3 жыл бойы тұруға тиіс. • Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотындағы ақшаны мерзі мінен бұрын алған жағдайда заңдастыру үшін 10 пайыз көлемінде төлем алынады. • Экономикаға мынандай жолдармен инвестиция салған жағдайда төлем алынбайды: • мемлекеттік құнды қағаздарды; • «Халықтық ІРО» шеңберінде акцияларды; • Ұлттық компаниялардың басқарушы холдингтердің даму институттардың облигацияларды; • екінші деңгейлі банктердің облигацияларын; • қазақстандық қор биржасына салынған басқа да құнды қағаздарды; • жекешелендіру шеңберіндегі нысандарды;

Мїлікті заѕдастырудыѕ тетіктері мен ќўралдары (аќшадан басќа) • Мүлікті заңдастыру (ақшадан басқа) азаматтар жергілікті атқарушы органдарының жанындағы комиссияларға арыз жəне тиісті құжаттарды берумен басталады. • Мүлікті заңдастыру үшін (ақшадан басқа) төлем алынбайды. • Заңдастыруға жататын мүлік (ақшадан басқа) осы мүлік туралы комиссияның заңдастыру туралы шешімі шыққан күннен бастап

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ

2 ҚАДАМ

заңдастырылған мүлік деп танылады. • Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылған мүлік заңдастырушы азаматтардың жеке өтініші бойынша тіркеледі. • Мүлікті заңдастырушы азамат заңдастырылған мүлікті тіркеу жөніндегі шығындарды жеке өзі көтереді, құжаттарды дайындау жəне жасау шығындарын қоса есептегенде.

Ўйымдастырылатын шаралар • Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция салуды ынталандыру үшін жəне жекешелендіру тəртібіне сəйкес «Қаржыны заңдастыруға байланысты азаматтарды амнистиялау туралы» заң жобасын, сонымен бірге қажетті заңнама актілерін белгілеу жəне қабылдау (2014 ж. мамыр). • Заңдастыру шараларына қатысушылардың заңдастырылатын қаржыларына деген сенімін арттыру үшін «Халықтық ІРО», Жекешелендіру бағдарламаларының арнаулы бөлімдерін қоса алғанда заңдастыруды қолдау туралы арнаулы бағдарлама белгілеу (2014 ж. мамыр – тамыз). • Бұқаралық түсінік жұмыстарын жүргізу (2014 ж. мамыр – маусым жəне заңдастыру шараларын жүргізу барысында). • Жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссиялар құру (2014 ж. маусым – шілде).

Мəселелер • Мүлікті заңдастыру үшін төленетін салымдарды өтеу туралы нормаларды жою туралы. • Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылатын мүлік біршама шығынды, оның ішінде жер телімдерінің шекараларын белгілеуге, мүліктің иелік құқығын жəне мүлікке иелік құқығын бекітетін құжаттарды дайындауға жұмсалатын шығындарды қажет етеді. Бұл шығындар кімнің есебінен – мүлікті заңдастырушылардың немесе бюджет қаржыларының есебінен бе? • Жемқорлық қылмыс жəне құқық бұзушылық арқылы түскен ақша қаражатын заңдастыру мүмкіндіктері.

экономикалық өсімді ынталандыру және экономиканың нақты секторын қолдау

2014 жылдың 1 маусымына дейін

Ықтимал индустриялық жобалар тізімін қалыптастыру 2014 жылдың 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялық даму мемлекеттік бағдарламасын əзірлеу

ҮИИДМБ-ны 2014 жылы қаржыландыруды қамтамасыз ету

млрд. теңге

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасымыз ауыл шаруашылығын, əсіресе, ауылшаруашылық өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғыртулар қажет деп атап көрсетті. Соның нəтижесінде агроөнеркəсіптік кешеннің экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болуы керек екендігі де баса айтылды.

Мал ґсіруге мїмкіндік мол Біз секілді шағын шаруа қожалығымен айналысатын кəсіпкерлерге 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесін 5 есеге арттыру керектігін тапсырды. Сонымен бірге Елбасымыз экспортқа шығаратын мал етінің мөлшерін 60 мың тоннаға жеткізу міндетін қойғалы бірнеше жылдың жүзі болды. Əрине, бұл өзекті міндетті орындау үшін ең алдымен жеке шаруа қожалықтарының санын арттыру керек екендігі түсінікті. Жеке шаруа қожалықтары аудан көлемінде көптеп құрылған жағдайда, халық тұрмысы жақсарумен бірге халықтың еңбекпен қамтамасыз етілетіндігі де айдан анық. Бұл ел болып жұмылатын өте маңызды шаруа. Біз 15 отбасы ҚХР-дан Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылына көшіп келгенімізге он жылға таяды. Бəріміз дерлік Қазақстан Республикасының азаматтығын алдық. Қазіргі күнде қолымыздағы малдың барлығын жинақтап көрсеткенде 100 басқа тарта сиыр, 300 тұяқтан астам қой, бес тұяқ жылқы малы бар. Ал осы отбасыларымыздағы 36 адам жазда қалаға барып, жұмыс істеп, өз нəпақаларын айырып жүрген болатын. 2013 жылы біз ойласа келе ағамыз Бекқожа Жылқыбекұлының ұйымдастыруымен шаруа қожалығын құруды жоспарға алдық. Сөйтіп жеңгем Əлімқожақызы Қосынгүл екеуміздің атымыздан «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың директоры Ғалия Оспанованың тікелей жанашырлықпен қолдап-қуаттауының арқасында 6 миллион теңге несиелік қаражат алып, 28 бас сиыр сатып алдық. Былтырғы қысқа 70 тонна шөп, 80 тоннаға жуық сабан, 50 тоннадай жем əзірледік. Ауылымыздағы 6 азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп

отырмыз. Малды қолда ұстап бағыпбаптау, жемшөп, тағы басқа да мəселелер былтырғы жылы ауыл əкімі Рахат Мардан мен «Новокубанка» шаруа қожалығының атқарушы директоры Я.Бельц мырзаның көмегімен жəне аудандық əкімдіктің қолдап-қуаттауымен шешімін тапқан болатын. Біз алдағы жоспарымызда жайылымдық жер мəселесі шешімін тауып, бізге жайылымдық жер мен шабындық жер берілетін болса, қолда бар малымызды отарлатып бағып, ауылымызда мал санын көбейіп, ауыл маңында жайылым жетіспеу мəселесін шешуді ойластырып отырмыз. Аудан əкімінің орынбасары Ерлан Қыздарбекұлы мырза мен шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Талғат Едігенов ағамыз бұл мəселенің оңтайлы шешім табуына қол ұшын бергелі отырғандығы бізді қуантып отыр. Біз сол арқылы болашақта «Сыбаға» бағдарламасы сынды ірі бағдарлама есебінен іргелі шаруа қожалықтардың біріне айналуды жоспарлап отырмыз. Жұмыс өз ырғағымен біртіндеп жүзеге асып келе жатқан дəл осындай мамыражай кезеңде бəрі де өзіміздің құлшына еңбек етуімізге байланысты екендігі айдан анық. Қазір ынтасы бар адамға жұмыс жеткілікті. Шектеу қойып отырған ешкім жоқ. Қайта бізді барлық əкімшілік органдар мен қаржылық бөлімшелер қолдап-қуаттап отыр. Сəулетті Астанамыз іргемізде тұрғанда, Елбасымыздың тиімді саясаты қолдап-қуаттап отырғанда мал шаруашылығын еркін дамытуға болады деп есептеймін. Сұлтания ЖЫЛҚЫБЕКҰЛЫ.

Ақмола облысы.

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ ШОБ-ты дамыту және 3 ҚАДАМ жұмыспен қамту млрд. теңге 2014 жылға бөлінгені ШОБ жобаларын қолжетімді жəне ұзақмерзімді негізде қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету

2014 жылдың 20 сəуіріне дейін «Бəйтерек» холдингі екінші деңгейлі банктерге қаржы орналастыруға кіріседі Бөлінген қаржының 50%-ы бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталады

50%-ы – жаңа жобаларды қаржыландыруға (50%-дан кем емесі тамақ өнеркəсібі жобаларын мақсатты қаржыландыру үшін)

2014 жылдың 1 шілдесіне дейін ЖАО қаржыларын қайта бөлу жəне жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау есебінен өңірлерде ТКШ саласы, жол құрылысы, əлеуметтік маңызды нысандарды жөндеу жəне қайта жаңғыртудың жергілікті жобаларын қаржыландыру ұлғайтылатын болады.

1


8

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

Соңғы жылдары Сырдың бойын жағалай жатқан елде елеулі өзгерістер болып жатыр. Құрылыс нысандарын салуда, бюджетке салық түсімін арттыруда республикада алдыңғы орындардан көрініп, бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетуде. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысындағы əрбір шаруа жоспарлы түрде жүзеге асуда. Біз бүгін аймақтың тыныстіршілігін білу мақсатында облыс əкімінің орынбасары Нұржан ƏЛІБАЕВПЕН əңгімелескен едік.

ҮКІМЕТ

Сыр бойындаєы соны серпіліс – Биылғы көктем Қызылор да облысы үшін біршама қиындықпен басталды. Жаңақорған ауданында қарғын су жүріп, елдің елеңдеп қалғаны жасырын емес. Аймақ көктемгі тасқын қаупінен қалай өтті? – Былтыр дарияның 22,6 шақырым жерінде қорғаныс бөгеттері қайта қалпына келтіріліп, 6 дана су шаруашылық нысандары жөнделді. Оған 174,6 миллион теңге қаржы бөлінді. 2014 жылы су тасқынының алдын алу шараларына, яғни қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылғыларды қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 251 миллион 600 мың теңге қаралса, ал мұз жару жұмыстарына 15 миллион теңге қаржы берілді. Қызылорда қаласы мен аудан əкімдерінің төтенше жағдайдың алдын алуға жəне жоюға ар нал ған жалпы резервтері 429 миллион 76 мың теңгені құрады. Оған қосымша облыс əкімдігінің шұғыл шығындар резервінде 466 миллион 949 мың теңге мөлшерінде қаржы дайын тұрды. Облыстағы барлық қызметтер өзендегі мұз жүру кезеңі аяқталғанша күшейтілген жұмыс режіміне көшірілді. Қызылорда облысы бойынша Сырдария өзенінің жағалауы 73 учаскеге бөлініп, оған барлық қажетті арнайы техникалары бар 133 кəсіпорын бекітілді. Арнайы жəне инженерлік техника мен инертті материалдардың қорлары қауіпті учаскелерге жақын жерлерде шоғырландырылды. Жалпы алғанда, биыл Қызылорда облысы сең жүру қаупіне тыңғылықты дайындалды. Соның арқасында дариядан келетін қауіптің алды алынып, көктемді дүрбелеңсіз өткіздік. – Былтыр Қызылорда облысы құрылыс салу қарқыны бойынша республикада алдыңғы орыннан көрінді. Өңірдегі құрылыс қарқыны туралы айта кетсеңіз... – 2013 жылы құрылыс жəне жобалау жұмыстарына республикалық һəм облыстық бюджеттен 28,0 миллиард теңге қаржы бөлініп, оның 26,9 миллиарды игерілді. Былтыр барлығы 99 нысанның құрылысы жүргізіліп, 61 нысан пайдалануға берілді. Мəселен, білім беру саласы бойынша 5550 орынды құрайтын 19 мектеп салынды. Мұның сыртында біршама білім ошақтары кеңейтіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 25 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 17-сі пайдалануға берілді. Іске қосылған нысандардың ішінде 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 емхананың кеңейту жұмыстары, 2 емхана жəне 11 дəрігерлік амбулатория, 1 орталық аурухананың ішкі кəріз жүйелерінің құрылысы толық аяқталды. Мəдениет саласы бойынша 8 мəдениет нысанын өнерпаздардың иелігіне бердік. Олардың қатарында 1290 орындық 6 ауылдық клуб, 1 мұражай жəне 1 шығармашылық үйі бар. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 9 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 8-і пайдалануға берілді. Спорт жəне туризм нысандарын дамыту үшін Тереңөзек кентіндегі спорттықсауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілді, оны 2014 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2014 жылы аймағымызда 83 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына дейін оның 65 нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. – Қызылорда қаласы əуежайының жаңа терминалын салу үшін «Қазақстан темір жолы» компаниясымен келісімге қол қойылды. Жаңа терминал салу қандай қажеттіліктен туындап отыр? – Қызылорда облысы географиялық жағынан өте тиімді орналасқан. Бүгінде біздің үстімізден көптеген халықаралық əуе желілері өтеді. Алайда, əуежайдың «халықаралық» мəртебесінің болмауына байланысты өзінің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр. Сонымен қатар, əуе қатынасын пайдаланатын жолаушылар саны жыл сайын артып келеді. 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының əлеуметтік-экономикалық даму стратегиясына сəйкес өңірде келешегі бар бірқатар экономикалық саланы, оның ішінде металлургия, күріш, туристік кластерлерді дамыту көзделіп отыр. Бұған қоса ЭКСПО-2017 көрмесінің туристерге арналған нысандарының бірі ретінде əлемдегі бірегей кешен «Байқоңыр» қаласы да еніп отыр. Ал кешенге Қызылорда қаласының əуежайы арқылы да жолаушы тасымалданатын болады. Осыған сəйкес Қызылорда қаласының əуежайына халықаралық мəртебе алу қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан 2013

жылы бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы халықаралық талаптарға сай сағатына 250 адамға қызмет көрсете алатын жаңа жолаушылар терминалын салу жобасының техникалықэкономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы əзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. – Өткен жылдың соңында Қызылорда облысы əкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында көгілдір отын тарту мəселесіне қатысты маңызды меморандум жасалды. Бұл құжат төңірегінде қандай шаруалар атқарылады? – 2013 жылы 27 желтоқсанда Қызылорда облысы əкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында өзара түсіністік жəне ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалған болатын. Биыл «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың инвестициялық қаржысы есебінен барлығы 16 миллиард тең геге 4 аудан орталықтарына жəне Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен аудан ішілік газ құбырларының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 2013 жылы «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-тың инвести циялық қаржылары есебінен 4 348,1 мың теңгеге Қызылорда қаласына «Бейнеу – Шымкент» магистралды газ құбыры арқылы екінші автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы жүргізілді. Бұл өз кезегінде Қызылорда қаласын толығымен жəне үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. – Ғасыр жобасына баланған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күрежолының 812 шақырымы Қызылорда аймағын кесіп өтеді. Жалғыз Қазақстан емес, əлемдік

Жўмысшы мамандыєы ќайта жаѕєырады Ұлжан КҮЛБАЕВА,

№7 колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан таяудағы 2-3 жылда дуальді жəне техникалық білім берудің ұлттық негізін қалау қажеттігі жөнінде қойған міндеттері маған етене жақын көрінеді. Болашақта жастардың техникалық білім алуына мемлекеттік кепілдік болу керектігін қарау міндеті қойылып отыр. Кəсіптік-техникалық білім беру жүйесі үшін дуальді модель кеңестік мектептен таныс. Ол кезде бұл өндірістік оқыту деп аталатын. Алайда, ұқсас болғанымен қазіргі талап тіпті басқа. Егер кеңестік жүйе кезінде өндірістік оқыту жалпы оқу уақытының 50-60 пайызын алса, қазір студенттердің білім алу уақытының 7080 пайызын өндірістік тəжірибеде өткізуі талап етіледі. Өйткені, бүгінде қоғамның жұмысшы мамандықтарына зəрулігі қатты білінеді. Біздің шағын қаланың өзінде қолында табақтай дипломы бар экономистер мен заңгерлердің еңбек нарығына керексіздігін, жұмыс таба алмай жүргендігін жиі кездестіреміз. Оның есесіне білікті дəнекерлеушілер, құрылысшылар, монтажшылар жетіспейді. Осының салдарынан кереғар көріністер орын алып жатады. Адамдардың тұрғын үйге деген сұранысын қамтамасыз ету құрылыстың шапшаң жүруіне байланысты. Бірақ бой көтеріп жатқан құрылыстар сапасының жиі сынға ұшырауының бір ұшы білікті жұмысшы мамандықтарының жетіспеушілігінде жатыр. Жұмысшы мамандықтарын дайындау ісіне көңіл бөлінбеген, мəн берілмеген жылдардың нəтижесі, міне, осындай тапшылыққа əкеліп отыр. Бұл мəселе жас кадрлардың жетіспеуімен бірге, жұмысшы мамандардың қартаюымен де тереңдеп, өзектіленіп барады. Əсіресе,

бүгінде еліміз өндірістік-инновациялық даму жолына түскенде жұмысшы мамандарының бұрынғыдан да бетер қажеттігі сезіледі. №7 Кентау колледжінде қала мен ауылдардан, аудандардан келген, қарапайым отбасыларынан шыққан жастар оқиды. Олар колледжге тек диплом үшін ғана емес, кейін өзіне жұмыс табуға мүмкіндік беретін мамандығын меңгеруге келеді. Колледждің оқытушылары мен шеберлері оқу ісін барынша тəжірибеге, өндіріске жақындатуға күш салады. Соңғы жылдары бізде автомобиль слесарьлері, станокшы, слесарь-құрылысшы мамандықтары ашылды. Кəсіпорындармен бірлесе отырып, оқу жоспарын қайта қарадық, оқу үдерісінің кестесі қайта жасалды. Колледж директоры М.Күнпейісовтің іскерлігінің жəне облыстық білім беру басқармасы көмегінің арқасында оқу орнының материалдық базасы жақсарды. Пластик терезелерді жасауға арналған ағаштарды өңдеп, ажарлайтын станоктар алынды. 2013 жылы колледждің жатақханасын жөндеуден өткіздік, онда оқушылар үшін барлық жағдай бар, үй жұмысын орындайды, демалады. Жатақхананың болуы колледж үшін үлкен жетістік деп білемін. Себебі, қазір кейбір жоғары оқу орындарының жатақханасы болмағандықтан, студенттер қалада пəтер жалдайды. Ал біздің оқушылар жатар орны үшін айына 4,5 мың теңге ғана төлейді. Бұл студент пен оның ата-анасы үшін үлкен көмек. Өткен жылдан бастап колледж студенттері шəкіртақы алады, асхана жұмыс істейді. Колледжде ұйымшыл, іскер ұжым қалыптасқан.

ҮКІМЕТ

қауымдастықтың назарындағы жол құрылысының жұмысы қалай жүріп жатыр? – Облыс аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің 812 шақырымы өтеді. Оның 246 шақырымы – I техникалық санатта, 566 шақырымы – II санатта. Бүгінгі күнге аталған жол дың 590 шақырымы неме се 73% толық аяқталды. Қалған 222 шақырымды құрайтын жол аумағындағы жұмыстарды «Аккорд Окан», «Тодини», «Солини» жəне «Евраскон» компаниялары осы тамыз айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде облыс аумағынан салынып жатқан құрылыс жұмысында ешқандай кідіріс жоқ. Барлығы жоспар бойынша өрбіп келеді. Жалағаш пен Жосалы кенттерінің арасындағы құрылыста біршама қиындық болғанын жасырмаймыз. Дегенмен, өз жұмысына жауапсыз қараған мердігер компанияны сот арқылы шеттетіп, орнына басқа компания келді. Осылайша, ол аралықтағы жол құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. – Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы премьер-лигадағы алғашқы ойындарын жақсы нəтижесімен бастады. Облыста миллион дардың ойыны саналатын футболды дамыту үшін қандай шаралар жасалып жатыр? – Облыс бойынша футболмен шұғылданушылар саны – 39377 адамды құрайды екен. Оның ішінде спорт мектебінде 97 топта – 1438 бала, əлеуметтік тапсырыс арқылы жұмыс жасайтын спорт нұсқаушылар арқылы 335 топта – 10165 адам шұғылданады. 2014 жылдан бастап «Қайсар» футбол клубының жанынан резерв қалыптастыру мақсатында балалар мен жасөспірімдер футбол орталығы ашылып, 11 жаттықтырушы 180 жасөспіріммен тыңғылықты жұмыс жасауда. Аймақта футболды дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы жасалды. Бағдарлама аясында орталық стадион жəне қосалқы футбол алаңы қайта жаңғыртудан өткізіледі. Қызылорда қаласында 30 шағын əмбебап алаңдар жəне аудан орталықтарында бір-бірден футбол алаңдары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 3000 көрерменге арналған жабық футбол манежі, 10 мың көрерменге арналған жаңадан футбол стадионын салу жоспарлануда. Оған қоса стадионның маңынан 6 футбол алаңы бой көтереді. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ

4 ҚАДАМ АӨК-ті дамыту ЕДБ-ға жылдық 3%-бен несиелер беру, ЕДБ-нің АӨК субъектілерін кешенді сауықтыруға қатысуы

жылдық

2014 жылдың 15 сəуіріне дейін Кəсіпорындарды сауықтыру жоспарын дайындау үшін кредиторлардың бірлескен комитеттерін құру

2014 жылдың 1 мамырына дейін АӨК субъектілерінің жаңаларды құруда жəне/немесе жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңғыртуда шеккен шығындарының бір бөлігін қалпына келтіруді қарастыратын Инвестициялық субсидиялау ережесін қабылдау

ҮКІМЕТТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 10 НАҚТЫ ҚАДАМ

5 ҚАДАМ

КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ

Қызылорда облысы.

Мұндағы 23 оқытушының барлығының да жоғары білімі бар. Сонымен қатар, 24 шебердің жартысынан көбі жоғары білімді ұстаздар. Қазір колледж Кентау экскаватор зауытымен, қалалық энергетикалық желі, қоғамдық тамақтандыру жүйесі кəсіпорындарымен əріптестік байланыс орнатқан. Дегенмен, «Кентау трансформатор зауыты» акционерлік қоғамын негізгі жəне ең ірі əріптесіміз дер едік. Студенттердің өндірістік тəжірибеден өтуі кəсіпорындағы мамандардың уақытын алғанымен, белгілі бір ресурстық шығындары болғанымен олар да бұл мəселеге мүдделілікпен қарайды. Бүгінгі шығынның ертең қайтарымы боларын кəсіпорын басшылары да жақсы түсінеді. Өткен жылы біздің түлектердің 80 пайызы жұмысқа оналастырылды. Қалада жұмыссыздық өте өзекті болып тұрғанда, бұл колледж студенттерінің қоғамдағы осы сырқатқа қарсы атой салуы деп қуандық. Колледж ұжымы кəсіпорындармен əріптестік байланысты нығайта түсу керек деп біледі. Сондықтан біздің студенттердің оқу үдерісін барынша өндіріспен жақындата түсу керектігін де біліп отырмыз. Бізге мамандық стандарттар жəне сертификаттау бағасының тəуелсіз жүйесі қажет. Өндірістегі тəлімгерлік институтын қайта жандандыру керек. Колледж өз жұмысын өлкедегі еңбек нарығын реттеу жəне еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жоспарына сəйкес жүргізетін болады. Тек колледж ғана емес, əрбір түлек, əр адам өзінің жеке жұмысын осы тұрғыдан құра білсе құба-құп болар еді. Елбасы шағын бизнес əр отбасының ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дəстүріне айналуы керектігін алар асу етіп қойып отырғанда, кəсіби мамандық беру жүйесі де оған өз сөзін айтып, өз үлесін қосуы тиіс.

2014 жылдың 1 шілдесіне дейін Ақтау теңіз портының өткізу қуатын ұлғайту үшін 3 құрғақ жүк терминалдары құрылысын бастау

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында құрғақ порт құрылысының басталуы (ұсынылған қаржыландыру 36,8 млрд. теңге «ҚТЖ» ҰК» АҚ жəне РБ қаржылар есебінен 38,4 млрд. теңге сомаға қоса қаржыландыру)

2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін

Жезқазған-Бейнеу теміржол желісі бойынша қозғалысты ашу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігі Қорғаныс министрлігі Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Көлік және коммуникация министрлігі

www.government.kz www.mvd.kz www.mod.gov.kz www.eco.gov.kz www.edu.gov.kz www.mfa.gov.kz www.mz.gov.kz www.mtc.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігі Әділет министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

www.enbek.gov.kz www.minfin.kz www.adilet.gov.kz www.emer.gov.kz www.mki.gov.kz www.mgov.kz www.minplan.kz

Мұнай және газ министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Статистика агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

www.mgm.gov.kz

www.mint.gov.kz www.stat.gov.kz

www.sport.gov.kz


www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

9

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

(Жалғасы. Басы 77-79-нөмірлерде).

2. Факт

– Сіз Рейхстаг үшін шайқаста оның қабырғасына тұңғыш рет ту тіккен адамсыз. Оны жұртқа жеткізуде, сол тарихи сəтті ресми документтерде дерек ретінде дəйектеуде баспасөзде жарияланған материалдардың рөлі зор екені анық. Сұрайын дегеніміз, аға, сіздің жоғарыдағы ерлігіңіз туралы сол 1945 жылғы Жеңіс күндері қарсаңында іле-шала қалам тартқан адамдар болды ма? Болса олар кімдер еді? – Ең алдымен 2 май күні Рейхстаг түбінде демалып жатқан бізге өзіміздің 150-ші Идрицк дивизиялық газетінің тілшісі Василий Субботин келді. Ол командирден болған жайды тəптіштеп сұрап алып, содан кейін менімен, Григорий Булатовпен сөйлесті. Тілші осылай келіп кеткен соң, ертесіне, яғни, 3 май күні біздер сол дивизиялық «Воин Родины» газетіне ірі əріптермен жазылған листок іспеттес хабардың шыққанын көрдік. Онда былай деп жазылыпты: «Отан өз ерлерінің есімін құрметпен атайды. Совет қаһармандары – халықтың адал ұлдары. Олардың теңдессіз ерлігі туралы кітаптар жазылады, əндер шығарылады. Бұл жаужүрек жігіттер гитлеризм ордасына басып кіріп, Рейхстагқа жеңіс туын қадады. Батырлар есімін жадымызда сақтайық: лейтенант Рахымжан Қошқарбаев, қызылəскер Григорий Булатов. Бұлармен тізе қоса шайқасқан басқа даңқты жауынгерлердің есімдері: Провоторов, Лысенко, Орешко, Бреховецкий, Сорокин. Батырлардың даңқы арта берсін!». Ал 5 май күні осы газетке соның алдында бізбен жолығып, əңгімелескен журналист Василий Субботиннің «Олар жеңіс тұғырын көтерді» деген тақырыппен өз аты-жөнін қойған көлемді мақаласы шықты. Мұнда болған оқиға төмендегідей мазмұнда жан-жақты ашып көрсетіліп, толық баяндалған. «Командирлер лейтенант Рақымжан Қошқарбаевты нағыз ержүрек жігіт ретінде білетін. Оны капитан Давыдов міне, сол себепті де өз штабына шақыртқан еді. Ол Қошқарбаевқа жалау ұсынды. Алқызыл ту Берлин қамалына дейінгі қиын жолды бұзып-жарып өткен, осылайша, өз қандарын аямай төккен жандардың алға қарай ұмтылыстары мен ар ман-мүдделерінің символы секілді болатын. – Мұны Рейхстаг ғимаратына тік, – деді офицер. Давыдов лейтенантты терезенің жанына шақырып, алаңнан ары қарайғы жерді нұсқады. Ол жер Рейхстаг – гитлершілердің мекені еді. Қошқарбаев, қызылəскер Григорий Булатов, сондай-ақ олардың соңынан ерген басқа да батыл жеті жауынгер сыртқа бірінші қабаттың терезесінен секіріп түсті. Рейхстагқа дейінгі жол от кешу жолы, төзімге толы ерік-жігер мен жүйкені ширықтырған өте қиын жол болды. Үйлер өртеніп, отқа оранған болатын. Ал снарядтар көшедегі бетон плиталарды тас-талқан етіп, ысқырған оқтар болса үй қабырғаларын шұрқ тесік етіп жатты. Сыртқа шыққан жігіттер алға қарай адымдап, кішкене жүгіргеннен кейін оқ нөсерінен бас көтере алмай бұғып қалды. Жан-жағына қараған Булатов: – Біз екеуміз ғана қалдық. Бораған оқ оларды бізден бөліп тастады, – деді. Осылайша, жауынгерлер əрі қарай жүре берді. Қара қоңыр қағазға оралған жалау Қошқарбаевтың дəл жүрек тұсында жатқан болатын. Біртіндеп, арақашықтық қысқарғандай болды. Офицер мен жауынгер көпірге канал арқылы жетті. Рейхстаг қол созым жерде ғана еді. Алайда, бораған оқ үдей түсті. Дəл осы жерде, көпірдің астында, офицер сия қарындашпен жалаушаға үлкен əріптермен: «Лейтенант Қошқарбаев, жауынгер Булатов» деп өз аты-жөндерін жазды. Ал төменгі тұсына өз бөлімдері мен бөлімшелерін белгілеп қойды. Аз-кем уақыттан кейін оларға Виктор Провоторов, Иван Лысенко, Михаил Габидуллин, Степан Орешко, Павел Бреховецкий, Михаил Почковский сынды серіктері, олармен қоса, лейтенант Семен Сорокин де келіп қосылды. Олар жаңа серпінмен оқыс қимылдап, алға ұмтылды. Міне, қою қара түтінге оранған Рейхстаг қақпасы. Снаряд жарықшақтарымен зақымдалған алып бағандар, автомат оқтары осып өткен адам, ат мүсіндері, кірпішпен жабылып, бітелген биік те ұзын терезелер. Олар осыларды көріп, ішкі түйсіктерімен сезіп келеді, діттеген жерге де жақын қалған сияқты. Лейтенант Сорокин өзге сарбаздармен бірге кіреберіс жолдарды қалқалап, қалып қойды. Тап осы кезде Қошқарбаев Булатовты терезенің жақтауына дейін шығарып, көтеріп тұрып: «Туды тік, Булатов! Қабырғаға қада!», деді. Осылайша, олар бірігіп, Рейхстагтың кіре берісіне алқызыл жалауды ілді. Дəл осы минутта маңайда бейнебір

1986 жылдың қараша айы еді. «Лениншіл жас» газетінен теориялық-саяси басылым – «Қазақстан коммунисі» журналына ауысып келгеніме жарты жылдай уақыт болған. Бір күні жауапты хатшы Əбиболла Ахметов ағамыз мені кезекті нөмір гранкаларының жағдайын біліп келу үшін баспаханаға жұмсады. Тапсырманы орындап, редакцияға қайта оралсам, Əбекең: «Бас редакторға амандасуға Рахымжан Қошқарбаев келді. Сенің кабинетіңнің есігі жабық тұрғанын көріп: «Мені күтсін. Кəкеңнен шыққан соң соғамын деп кетті», деді. Жауапты хатшының Кəкең деп отырған кісісі осы редакцияның басшысы Кəкімжан Қазыбаев. Рейхстаг қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев туралы алғаш қалам тартып, деректі повесть жазған жазушы-журналист. Сондықтан Рахаңның мұнда келуі түсінікті. Бір-бірінде тығыз шаруасы болғаны ғой шамасы. Осылай деп ойлап отырғанымда қабылдау бөлмесінен сырт киімін киіп, бері қарай бұрылған Рахымжан ағаның өзі де көрінді. Алдынан шығып амандастым. Халжағдай сұрасып, бөлмеге кірген соң ол кісі бас редактордың өзін менімен əңгімелесуге жібергенін айтты. «Кейін 4 жылдан соң, Ұлы Жеңістің 45 жылдығында керек болады. Ойында бұрын біз айтпаған, біз сөз етпеген тақырыптарға байланысты сауалдар жүрген болса, осы жолы сұрап алсын деп айтты», деді Рахаң маған қарап. Содан əңгіме басталып кетті. Ол төмендегі деректер мен мəліметтерге көз жеткізіп, соларды тірнектеп жинауға деген талпыныс еді, құрметті оқырман.

журналист атанған Илья Кричевскийдің 1962 жылғы 9 майда «Комсомольская правда» газетінде «Ерекше тапсырма» атты естелігі жарық көрді. Онда ол: «Зеңбірек расчетінің командирі, сержант Хабибуллин Рейхстагқа тура наводкамен бірінші болып оқ жаудырса, лейтенант Қошқарбаевтың взводы осы жау ордасының ғимаратына басқалардан бұрын жетіп, оның кіреберістегі қабырғасына қызыл жалауды қадады», деп болған оқиғаны нақты айтқан. Осындай жарияланымдар «Жеңіс туы қалай тігіліп еді?» деген тақырыппен 1963 жылы 9 майда «Правдада», «Отты жылдар хикаясы» деп 1964 жылы 25 февральда «Литературная газетада», «Ту ұстаушылар» тақырыбымен 1964 жылы

соғыстың соңғы күндеріндегі болып жатқан жаңалықтарды мүмкіндігінше тез жеткізіп отыруға тырысқан ғой. Карл осылай деді де өзі алып келген листовкада Қошқарбаев деген менің фамилиямның бар екенін айтты. Бұл сөзді естігенде таңғалып, үнтүнсіз отырып қалдым. «Не деп жазды екен? деймін іштей. – Олар мені қайдан біледі?». Осындай ойлардың қамауында отырып: «Листовкадағы сөйлемдерді немісшеден орысшаға аударып, мазмұнын айтып бере аласыз ба?» дедім қонаққа. Ол менің бұл өтінішіме ынты-шынтымен келісіп, сарғайып, əбден тозығы жеткен қағаздан: «Ұмытылмас фактілер. Рейхстагқа бірінші болып лейтенант Қошқарбаев жəне қызыл

Ту тіккен Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

тыныштық орнағандай болды. Сарбаздар, сержанттар, офицерлер – Берлинге жеткен барлық əскерлер Жеңістің жалауын көрді. Рейхстагқа тігілген бұл туда күл мен өртке оранған селоларымыз, дұшпанның қиянатын басынан кешірген қалаларымыз арқылы бізді өшпенділіктің ошағы – Берлинге дейін жеткізген соғыстың ұлы жəне қиын жолы бейнеленіп тұрғандай болып көрінді. В.Субботин». Ұмытып барады екенмін, 2 май күні осы Василий Субботиннен кейін іле-шала 3-ші армияның «Фронтовик» газетінен суретші-график Илья Кричевский мен фототілші Владимир Гребневтің келгені бар. Бұлар да бізбен жеке-жеке əңгімелесіп, содан соң батальон командирі Сергей Неустроевтен газетке кімдердің суреттерін берген дұрыс деп сұрады. Ол фотоға түсіруге мені, ал автопортрет секілді суретке рота командирі Илья Сьяновты лайықты деп шешті. Сөйтіп, Владимир Гребневтің сондағы түсірген фотосы армиялық «Фронтовик» газетінің 17 майдағы нөмірінде «Берлин шабуылының батырлары» деген атпен жарық көріп еді. Осы екі аралықта өзіміздің 150-ші Идрицк дивизиясының командирі, генерал-лейтенант Василий Митрофанович Шатиловтың, «Правда» газетінің тілшісі Мартын Мержанов пен «Красная звезда» басылымының қызметкері Лев Деманның, «Литературная газетаның» майдандық тілшісі болып жүрген атақты жазушы Борис Горбатовтың да келіп сөйлескені əлі күнге дейін көз алдымда. Сондағы жүздесуден алған əсері болуы керек, көрнекті қаламгер СССР Жазушылар одағының 1948 жылғы 18 декабрьде патриотизм тақырыбы туралы Мəскеуде өткелі жатқан пленумы қарсаңында: «...Расында да, біздің армиямыздың жауынгерлерін қырандарға теңеуді доғаратын кез жетті. Менің көзімше... Рейхстагқа жеңіс жалауын тіккен қазақ Қошқарбаевпен қандай бүркіт теңесе алады? Мұндай батырды көрсету үшін, тіпті де басқаша поэтикалық құрылым, басқа поэзия – социалистік реализм поэзиясы керек...» – деп жазды. Енді сөз ретіне қарай 1949 жылы көктемде Мəскеуден Алматыға атақты кинорежиссер, Социалистік Еңбек Ері Роман Карменнің келгенін айтайын. Бұл кісінің Қазақстанға атбасын бұруының себебі, сол кездері одақ экрандарында əрбір маусым сайын бір шығып тұратын «Советтік Қазақстан» киножурналын түсіріп қайту екен. Сонда Роман Лазаревич мені көп іздеп, көп сұрастырып, таба алмапты. Ақыры тиісті жұмыстарын бітіріп болып, Мəскеуге қайтарында «Казахстанская правда» газетіне сұхбат беріпті. Осы басылым тілшісінің 1949 жылғы 8 майдағы Роман Карменмен интервьюін тауып алып, оқитын болсаңдар, онда мынадай сөйлемдер бар: «...Біз бұрынғы майдангерлердің еңбектегі істеріне кеңірек тоқталдық. Солардың бірі Қошқарбаев жолдаспен менің өтемөте қайта кездескім келеді. Қазір ол қайда? Менде қаһарман жауынгерлердің Рейхстагқа қызыл жалау тігіп жатқан сəтін бейнелейтін кинокадрлар сақталған. Бұл 1945 жылдың сол бір естен кетпес күні болған еді». – Ал енді аға, өзіміздің қазақ қаламгерлері мен қазақ газет-журналдары туралы əңгімеге көшейік. Олардан сол кездері сіз, сіздің ерлігіңіз туралы жазған біреу болды ма? Болса, қиянат жасамайық, сөз ретіне қарай айтып, есімдерін ел есіне салайық. – Осыдан бұрынғы бір əңгімемде мен өзіңе 1947 жылы əскерден босап, елге келдім деп айттым ғой. Тиісті жұмысымды істеп жүріп жаттым. Сондағы таңғалғаным, өзіміздің қалам иелері арасынан: «Орталық газеттер осы жігіт туралы 1945 жылдан бері жазып жатыр ғой. Сол оқиға қалай болды екен? Біз де білейік те», деп сұраған бірде-бір жанды кездестірмедім. Сөйтіп, арада он жылға жуық уақыт өтті. 1956 жылы атақты Баукең, Бауыржан Момышұлы Мəскеудегі əскери қызметінен босап, Алматыға келіпті деп естідім. Жұмыстан қолым тимей, əне-міне деп жүріп, 1957 жылдың аяғында ғой деймін, сəлем

беруге бардым. Жақсы қабылдады. Дастарқан басында айтылмаған əңгіме, шертілмеген сыр қалмады. Кетерімде қайда, кімнің қарауында, нендей қызмет істейтінімді жазып алып қалды. Көп кешікпей мынадай əңгімені құлағым шалды. Өзім іздеп барған сол Баукең, аруағыңнан айналайын Бауыржан ағам Қазақстан Жазушылар одағындағы үлкен жиынға барғанда сөз алыпты да: «Бізде осындай адам бар. Оны білмейсіңдер, көрмейсіңдер. Ол «исторический человек» деп əлдекімдерге қатты кейіпті. Содан бір күні мені журналист, республикалық «Лениншіл жас» газетінің жауапты хатшысы Кəкімжан Қазыбаев іздеп келіп сөйлесті. Кейін оның газеттің 1958 жылғы 20 февраль күнгі санында «Рейхстагқа ту тіккен

30 апрельде «Комсомольская правдада» шықты. Бұлардың бəрінде де Григорий Булатов пен менің Рейхстаг қабырғасына 674-ші полк командирлерінің берген қызыл жалауын қалай апарып тіккеніміз туралы егжей-тегжейлі жазылған. Осы арада өзім үшін ерекше оқиға деп бағалайтын мынадай екі-үш жағдайды да айта кеткенді жөн көріп отырмын. Біріншісі – 1965 жылы 6 майда Мəскеуге арнайы шақырылып, Орталық телевизиядағы «Көгілдір от» хабарына қатысуым. Жеңістің 20 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған сол кездегі бұл қызықты бағдарламада мен Совет Одағының үш мəрте Батырлары, əйгілі ұшқыштар Александр Иванович Покрышкин мен Иван Никитич Кожедуб, Украина мен Белоруссиядағы парти-

қазақ» деген көлемді очеркі басылды. Бұл республика баспасөзінде мен жайында шыққан тұңғыш мақала еді. Кəкең, Кəкімжан ағаларыңды міне, содан бері өте жақсы білемін, қарағым. Ол менің жолдасым, досым, бауырым десем де болады. Құдай көп көрмесін, 28 жылдан бері бір-бірімізге сүйеу, демеу болып келе жатырмыз. Алда да осылай бола бергей деп тілеймін Жаратқаннан. – Лайым солай болсын. Тілегіңізге жетіңіз, ағасы! Енді манағы үзіліп қалған əңгімеміздің жалғасы – сіз туралы жазуды жалғастырған орталық газеттер материалдарына қайта оралсақ. Кейінгі зерттеушілердің із деп тауып, танысуына жеңіл болсын, 60-70-жылдары Мəскеуден шығатын белді басылымдарда кімдердің қандай дүниелері, қашан, қай уақытта жарық көрді? Оларды мүмкіндігінше нақты, олай болмаған жағдайда шамамен болжап айта аласыз ба? – Көп қой олар. Ерекше есімде қалғаны деп бірінші кезекте, мысалы, сол баяғы ескі танысым, соғыс кезіндегі дивизиялық газеттің тілшісі, ал кейін деректі прозаның көрнекті өкілі болған Василий Субботиннің 1960 жылғы «Новый мир» журналының №5 санында жарияланған «Мың төрт жүз оныншы күн» атты мақаласын айтуға болады. Онда ол мəселеге жаңаша қырынан келіп, материалын біраз тың деректермен байытып жазған. Содан кейін соғыс кезінде біздің 3-ші армиялық газеттің суретшісі болған, бейбіт кезеңде қаламы ұшқыр

зан құрамасының жаужүрек командирі генерал-майор Александр Николаевич Сабуров пен жазушы Борис Полевойдың «Нағыз адам туралы хикая» повесінің прототипі Алексей Маресьев секілді танымал тұлғалармен қатар отырып, өзіме сөз тигенде 1945 жылдың 30 апрелі күнгі тарихи оқиғаны толық айтып бердім. Содан сол жылы... иə, сол 1965 жылдың жазға салым кезі ғой деймін, мені қазақ баспасөз бетінде тұңғыш жазған журналист Кəкімжан Қазыбаев іздестіріп жатыр деп естідім. Кəкең ол кезде «Лениншіл жастан» ауысып, астаналық Алматы облыстық «Жетісу» газеті редакторының бірінші орынбасары қызметіне барған болатын. Не жағдай екен деп телефон соқсам, ол жұмыс орнымда болуымды өтінді де көп кешікпей Алматыға Герман Демократиялық Республикасынан келген Карл Кокошко деген неміс журналисін алып жетті. Бұл кісі соғыс аяқталғанда 15-16 жастағы бала екен. 1953 жылы Берлинде жоғары оқу орнын бітіреді. 1960 жылы қалалық газетте жұмыс істеп жүргенде, қолына уақыт табынан сарғайған бір парақ қағаз түседі. Ол документ баспаханадан неміс тілінде басылыпты. Карл оны оқып, зерттей келе мұның совет əскерлері Берлинді алған 1945 жылғы май күндерінде шығарылған листовка екеніне көз жеткізеді. – Бұл сол кездегі антифашистердің тірлігі еді, – деді осы жерге келгенде шетелдік қонақ. – Гитлер режиміне қарсы күрескен неміс коммунистері халыққа

əскер Булатов жетті. Сөйтіп олар жеңіс жалауын тікті» деген сөздерді орыс тілінде өте түсінікті етіп жеткізді. Сөйтті де аудармасының соңын: «Ал Рейхстагтың үстіне жеңіс туын тіккен Егоров пен Кантария. Рейхстагтың ішіне алғашқылардың бірі болып басып кірген Сьяновтың, Грищенконың, Неустроевтың, Давыдовтың, Логвиненконың жауынгерлері», деп бітірді. Мен соғыстың соңғы күндеріндегі Берлин тұрғындарына таратылған осы листовканың бір данасын 20 жылдан кейін тауып алып, оны көрсетіп, оқып беру үшін сонау ГДР-дан Қазақстанға келген Карл Кокошкоға қатты риза болдым. Кəкімжан екеуміз біраз күнге дейін оны жібермей, Алматының əдемі жерлерімен таныстырдық. Медеуде суретке түсіріп, Кəкең мен біздің үйде кезек-кезек қонақ еттік. Сөйтіп, оны еліне риза қылып аттандырдық. Айта берсем, жоғарыдағыдай фактілер менің өмір жолымда өте көп қарағым. Соның бəрі Рейхстагқа шабуыл кезіндегі əр сағат, əр минутқа қатысты оқиға деректерін нақтылап, байыта түседі дер едім. Соғыс бітіп, жеңіс жаңғырығы алыстаған сайын Берлинді алып, жауды тізе бүктіру тақырыбын, оның белгісіз, беймəлім беттерін зерттеп, жазатындар көбейе түсуде. Оған мысал, осы 70-жылдардың өзінде, нақтылап айтсам, 1973 жылы сентябрьде мені Алматыға «Брест қорғаны» атты атақты кітаптың авторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Сергей Сергеевич Смирнов іздеп келіп, Орталық телевизиядан жақсы хабар берді. 1975 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде «Правда» газетінің майдандағы тілшісі болған Мартын Мержановтың Мəскеудегі «Саяси əдебиеттер баспасынан» «Бұл осылай болған» деген деректі кітабы шықса, ал 1980 жылы Жеңістің 35 жылдығы қарсаңында баяғы 150-ші Идрицк дивизиясының командирі, генерал-лейтенант Василий Митрофанович Шатиловтың «Рейхстаг үстіндегі ту» атты мемуары жарық көрді. Сондағы бұлардың бəрінің де айтатыны, жазатыны – Берлинге шабуыл, жеңіс жалауының тігілу оқиғасы. Осы еңбектерде де менің есімім ұмытылмай аталып өтілген. Бұл маған деген құрмет, берілген баға деп есептеймін. Бір арманым – жазу-сызумен айналысып жүрген кейінгі ұрпақ өкілдері осыларды жинаса, жүйелесе дұрыс болар еді. Сонда ел есінде қалып, жұрт жадында жүрер едік деймін де. – Жоғарыдағы өзіңіз айтқан газет-журналдар мен кітаптарға қарап отырсақ, сізге көптеген көрнекті қаламгерлердің назары ауыпты. Олар сіздің жасаған ерлігіңізді əр кездері қадери-халінше жазып, насихаттапты, баға беріп, мəселелер көтеріпті. Дегенмен де дейміз де... Айтыңызшы, аға, архивіңізде, жеке қағаздар сақтайтын папкаңызда өз жүрегіңізге жақын, өзіңіз етене жақсы көретін документтер мен хаттар, суреттер бар ма? Бар болса ол қандай дүниелер? Бұлар сізге несімен ерекше, несімен ыстық деп ойлайсыз? – Иə, ондай жəдігерлер бар. Бірақ көп емес. Екеу. Соның біріншісі деп 1963 жылы Мəскеуден шыққан «Ұлы Отан соғысы тарихының» бесінші томын айтуға болады. Бұл академиялық, редколлегия мүшелері кəсіби білігі өте жоғары мамандардан тұратын салмақты кітап.

Міне, осы іргелі еңбектің 7-ші тарауындағы 283-ші бетте «... 674-ші атқыштар полкынан шыққан Р.Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г.П.Булатовтың жалаулары желбіреп тұрды» деп жазылған. Осы сөйлемдер мен үшін аса қымбат. Себебі бұл тарихта қалатын тарихи сөз, шырағым. Ал жеке архивімдегі өзіме етене жақын екінші документ – белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, марқұм Ілияс Омаровтың мені 1970 жылы Ұлы Жеңістің 25 жылдығымен құттықтап жазған хаты. «Қалқам, Рахымжан!» – делінген онда. – Ұлы Отан соғысының жеңісіне ширек ғасыр толды. Бұл күні біз келешек үшін құрбан боп кеткен көп азаматтардың аруағының алдында басымызды иеміз, фашизмнің қанды ордасын талқандап, шаңырағына советтік алқызыл ту тіккен ерлерімізді мақтан етіп, құшақтап сүйеміз. Жас та болса ерлікке бас болған қас батырларымыздың алдыңғы сапында сен тұрсаң, Рахымжан! Əңгіме атақта емес, адамзаттың бақытына қосқан үлесте ғой. Сен бізге істеген ерлігіңнің адам баласы тарихынан орын алған мəн-мазмұнымен қымбаттысың. Мерекең құтты болсын, інім. Көп жаса. Үй ішіңе бақыт тілеймін. Ағаң – Ілияс Омаров, Алматы, аурухана, 6 май, 1970 жыл». Міне, мен үшін ең қымбат хат, өзіме етене жақын нəрсе осы, шырағым. – Ұлы Отан соғысынан кейін Берлинге, өзіңіз ту тіккен Рейхстагқа барудың сəті түсті ме? – Мен онда үш рет болдым. 1965 жылдың 8 майы күні совет-герман достық қоғамының шақыруымен Берлинге бардым. Ондағы Рейхстагты, Бранденбург қақпасын асықпай, жаяу аралап көрдім. Сол сапарда мені Берлин – Кепенинг кеме жасау заводына шақырды. Кəсіпорында жиын өтіп, онда цех бригадирі Вилл Ротер өздерінде совет-герман достығы бригадасы құрылғанын салтанатты түрде жария етті. Бұл бригаданы совет жауынгері Рахымжан Қошқарбаевтың есімімен атау жөніндегі шешімді жиналғандар қол соғып, қызу қарсы алды. Содан кейін 1970 жылғы 6 майда менің Берлинге екінші рет жолым түсті. Ол да бір əсерлі кездесулерге толы сапар болды. ГДРдің Ұлттық Қорғаныс министрлігінде қызмет істейтін генерал-лейтенант Оттомар Пехпен, біздің еліміздің үлкен досы, 1965 жылы мені Алматыға іздеп келетін жазушы Карл Кокошкомен жүздесіп, əңгімелескенімді ешқашан ұмытпаймын. Ал 1975 жылы 24 апрельде неміс жеріне тағы да жолым түсті. Онда мен Кельн, Потсдам қалаларында болып, совет əскерлерінің сондағы шектеулі контингенті жауынгерлерімен кездестім. – Қанды көйлек досыңыз Григорий Булатовтың жағдайы қалай? Онымен хат алысып, хабарласып тұрасыз ба? – Ол бір ақкөңіл, үнемі күліп жүретін қабағы ашық ғажап жігіт еді. Вятканың орысы болатын. 18 жас деген немене? Міне, көкөрім, сондай жас шағында менімен отқа да, суға да түсіп жүріп үлкен ерлік жасады ғой. Кеудесіне жауынгерлік Қызыл Ту орденін қадап еліне оралғанда бəрі таңғалыпты. Бірақ айтқан əңгімесіне сенбеген. Содан ол Мəскеудің ар жағындағы Кировск қаласына барып жұмыс істеген. 1960 жылдан бастап Ұлы Отан соғысына қатысқандардың майдандағы ерліктері жүйелі түрде айтылып, жазыла бастады ғой. Міне, сонда ол өзімен бірге еңбек етіп жүрген əріптестеріне Рейхстаг оқиғасын айтса, оны олар жеңіл-желпі əңгімеге балап, онша назар аудармаған. Содан ол шамданып, заводтағы партком секретарына барады да жоғары жақтан сөз болып отырған фактіні дəлелдейтін анықтама əперуді талап етеді. Басшылық бұған мəн бермей, ескерусіз қалдырады. Осыдан кейін ол ішімдікке бой алдырады. Кочегар болып жүріп, өзіне өзі қол салғалы жатқанда, біреулер көріп қалып, құтқарып қалады. Осының бəрін маған мамандығы геолог кластас досы хат жазып, хабарлаған еді. «Екі жылға Моңғолияға жұмыс істеуге кетіп бара жатырмын. Мен келгенше ақылыңызды айтып, сабырлыққа шақырсаңыз жақсы болар еді» деп қаруласымның үй адресі мен қалалық соғыс ардагерлері кеңесінің телефонын жазып жіберіпті. Ұмытпасам, бұл 70-жылдардың ортасы немесе аяқ кезі. Содан біраз уақыт ойланыптолғанып жүріп, Кировск қалалық партия комитетіне хат жібердім. Онда Григорий Булатовтың соғыс кезінде көрсеткен ерлігін толық баяндаған едім. Көп кешікпей ол жақтан хабар келді. Қайран дос қайтыс болыпты. Қай кезде, қандай жағдайда?.. Ол жағы жіберілген жауап хатта айтылмаған. Оқ пен оттан аман өткен бейбақтың бейбіт күндегі жағдайы міне, осындай болды.

Осылай деп əңгімесін аяқтаған Рахаң: «Тағы қандай сұрағың бар?» дегендей бетіме қарады. Мен ағамыздан өзінің отбасы мен туған жері – Ақмола өңірі, ондағы туған-туыстарымен байланысы туралы қысқаша айта кетуін өтіндім. Бұған ол кісі зайыбы Рахила Сейдахметқызы Яхинаның Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқытушы екенін, екеуі Сая атты қыз тəрбиелеп отырғандарын сөз етті де, ағайындарына келгенде немере бауыры Кəртай Мұсабеков туралы айтты. «Қошқарбайдың əкесі Мұса болса, Мұсабек сол кісінің інісі. Ал Кəртай сол Мұсабектің баласы, – деді Рахаң. – Мен соғысқа кеткенде Кəртай броньмен Ақмолада қалды. Ол сол кездері Мелитопольден көшіп келген снаряд зауытында жұмысшы еді. Сол кəсіпорын кейін Целиноград насос зауыты болды. Кəртай осы жерде табан аудармай 45 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ленин орденінің иегері. 1980 жылы ол екеумізге Целиноград қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Əкем Қошқарбайдың екінші əйелі Жұмақыздан туған қарындасым Кенже де сол облыс орталығында тұрады. Немере қарындасым Рымжан Целиноград кооператив техникумында оқытушы. Тағы бір туыс апайым Гүлшен Жұмағожина – зейнеткер. Күйеуі Мұзафар Жұмағожин – облыстық əскери комиссар, Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер», – деді.

––––––––––– Суреттерде: Кеңес Одағының Батыры атағын үш мəрте алған əуе сайыпқыраны И.Н.Кожедуб пен Рейхстаг қаһарманы Р.Қошқарбаев. Мəскеу. 1971 жыл. Атақты жазушы Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы хикая» повесінің прототипі, Кеңес Одағының Батыры А.П.Маресьев пен Р.Қошқарбаев. Мəскеу. 1975 жыл. (Жалғасы бар).


10

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жəне олардың мақсаты 1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан əрі – ішкі істер органдары) адамның жəне азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тəртіпті сақтауға жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады. 2. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады. 2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі 1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылатын қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына жəне құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сəйкес жүзеге асырылады. 2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖƏНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ 4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері 1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады: 1) құқық бұзушылықтар профилактикасы; 2) қоғамдық тəртіпті сақтау; 3) қылмыстылықпен күрес; 4) қылмыстық жазаларды жəне əкімшілік жазалауды орындау. 2. Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен ішкі істер органдарына өзге де міндеттер жүктеледі. 5-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өздеріне жүктелген міндеттер шегінде: 1) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; 2) қоғамдық тəртіпті сақтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 3) жол жүрісіне жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 4) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 6) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады; 7) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылайды; 8) азаматтық, халықтың көші-қоны жəне босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 9) жеке басты куəландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 10) лицензия жəне рұқсат беру қызметін жүзеге асырады; 11) əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 12) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды жəне тексеруді жүзеге асырады; 13) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады; 14) зерттеулерді жүзеге асырады; 15) іздестіруді жүзеге асырады; 16) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жəне олардың заңсыз айналымына жəне оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асырады; 17) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады; 18) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауды жүзеге асырады; 19) мемлекеттік қызметтер көрсетеді; 20) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 21) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері 1. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде: 1) адамның жəне азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға; 2) оқиға туралы, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге жəне қарауға, заңнамада белгіленген тəртіппен өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабар беруге; 3) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан жəне жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дəрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге; 4) құқық бұзушылық профилактикасының жалпы, арнаулы жəне жеке шараларын жүзеге асыруға; 5) патрульдеуді жүзеге асыруға; 6) жол жүрісі қағидаларының жəне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жол жүрісін реттеуге; 7) жүргізушілер куəліктерін беруді, көлік құралдарын сəйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді жəне оларды есепке алуды, көлік құралдарын сенімхат арқылы пайдаланатын адамдарды тіркеуді жүзеге асыруға; 8) əкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға жəне жолын кесуге, əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға; 9) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткiзуге; 10) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға жəне арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге; 11) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі кəмелетке толмаған қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізуге; 12) көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тəртіп сақтауды қамтамасыз етуге; 13) жаппай тəртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге;

14) төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға; 15) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен жəне оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге жəне жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; 16) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға; 17) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүргізуге; 18) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігін жəне паспортын, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куəлігін беруге, жеке сəйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруға жəне Жеке сəйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге; 19) азаматтық материалдарын ресімдеуді қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтығы болуын (болмауын) айқындауға; 20) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды, оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жəне тіркеуден шығаруды, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеуді жүзеге асыруға; 21) заңсыз көшіп келудің жолын кесу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу жəне оларды тіркеу бойынша шаралар қолдануға, олардың Қазақстан Республикасына келу, кету, болу жəне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүру қағидаларын сақтауын бақылауға; 22) еңбекші көшіп келушілерді дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүзеге асыруға жəне оларды есепке алуды қалыптастыруға; 23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кетуге визалар, Қазақстан Республикасында уақытша болуға жəне тұрақты тұруға рұқсаттар беруге; 24) босқын мəртебесін беру, ұзарту, одан айыру жəне оны тоқтату ресімдерін, босқын куəлігін, жол жүру құжатын, пана іздеген адамның куəлігін беруді жүзеге асыруға; 25) жеке жəне заңды тұлғалардың азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, жарылғыш материалдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды тексеру нысанында жəне өзге де нысандарда жүзеге асыруға; 26) мыналарды: мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға; заңды тұлғаларға азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар; мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге; заңды тұлғаларға: азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сəйкес келуіне; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге жəне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар; мыналарға: жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын иемденуге, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға; заңды тұлғаларға: жарылғыш материалдарды иемденуге, сақтауға, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға; атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға жəне олардың жұмыс істеуіне; есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан əкетуге жəне Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруге; 27) табылған жарылғыш материалдарды, оқ-дəрілерді жəне жарылғыш құрылғыларды зарарсыздандыру жəне жою жөнінде шаралар қолдануға; 28) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлері мен əскери құралымдары, сондайақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін жəне олардың басшыларының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылауға; 29) терроризмге қарсы операциялар мен күзет ісшараларын жүргізуге қатысуға; 30) қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу арқылы анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге жəне ашуға; 31) қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды ұстауға; 32) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған шаралар қолдануға; 33) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға; 34) анықтау органдарынан, тергеуден жəне соттан жасырынған, қылмыстық жазаны атқарудан жəне өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге; 35) сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, нұсқамаларын жəне талаптарын, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеушiнiң, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауға; 36) атқарушылық құжаттарды мəжбүрлеп орындатуда сот орындаушыларына көмек көрсетуге; 37) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығын жəне олардың мүлкін қорғау мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдануға; 38) адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға, оларды күзету мен айдауылдауды қамтамасыз етуге; 39) сотталғандарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындауға, жазаларды өтеу тəртібі мен шарттарының сақталуын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз етуге; 40) ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жəне арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын жəне денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге; 41) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардан өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне соттың үкімімен жүктелген міндеттерді орындауды талап етуге;

42) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде заңдылықты, құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге; 43) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 44) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəлiметтердi қорғауды жəне құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етуге; 45) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге; 46) дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге; 47) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жəне ішкі істер органдарының қызметі туралы өзге де деректі материалдардың жинақталуын, сақталуын жəне есепке алынуын қамтамасыз етуге, жеке жəне заңды тұлғаларға мұрағаттық анықтамалар беруге; 48) Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мəліметтер ұсынуға; 49) оңалту жəне банкроттық саласындағы уəкілетті органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тəртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рəсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер жөніндегі мəліметтерді ұсынуға; 50) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға; 51) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті. 2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде: 1) жеке жəне заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қарсы əрекеттерді тоқтатуды талап етуге, ал бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиiстi мəжбүрлеу шараларын қолдануға; 2) жеке тұлғалардың жеке басын куəландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген, белгiленген қағидалардың сақталуын тексеруге қажеттi басқа да құжаттарды тексеруге; 3) жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғалардың өкілдерін iс жүргізуде жатқан материалдар мен iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсінік жəне айғақтар, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, ал, келмеген кезде белгіленген тəртіппен күштеп келтіруге; 4) меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан олардың «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мəліметтер сұратуға; 5) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мəліметтер сұратуға; 6) жеке жəне заңды тұлғаларға қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар, ұсынымдар енгізуге; 7) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін азаматтармен жария жəне жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға; 8) қоғамдық тəртіпті сақтауда ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеуге; 9) қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен наразылық танытудың заңсыз нысандарының жолын кесуге; 10) психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтыну фактiсiн жəне масаң күйде болғанын анықтау үшін адамдарға куəландыру жүргiзуге, ал, мүмкін болмаған жағдайда – куəландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізуге; 11) көлік құралдарын тоқтатуға жəне тексеріп қарауға, адамдарды көлік құралдарын басқарудан шеттетуге, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға; 12) төтенше жағдайлардың салдарын жою, терроризмге қарсы операцияны, күзету, көпшілік, карантиндік іс-шараларын өткізу, іздеу салуда жүрген адамдарды ұстау, кепілге алынғандарды босату, қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу, жарылғыш заттар, оқдəрілер жəне жарғыш құрылғылар, улы жəне радиоактивті заттар табылғандығы туралы мəліметтерді тексеру, жаппай тəртіпсіздіктің жəне жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне, инфрақұрылым объектілерінің тыныс-тiршiлiгіне қауіп төндіретін, қоғамдық тəртіпті бұзатын өзге де топтасқан əрекеттердің жолын кесу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауға алуды жүргізуге; 13) күзетілетін, көпшілік іс-шаралар өткізілетін орындарға кіру (келу) кезінде жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын жəне өткізілетін жүктерді тексеріп қарауды, оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып тексеріп қарауды жүргізуге, олар өткізілетін орындарға тыйым салынған нəрселер мен заттары бар адамдар мен көлік құралдарын кіргізбеуге; 14) жедел-профилактикалық, іздестіру жəне өзге де арнаулы іс-шараларды өткізу кезінде бақылау-өткізу пункттерін орнатуға; 15) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы жəне табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға; 16) төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін өртке қарсы жəне авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк жəне басқа да материалдықтехникалық құралдарды, ұйымдардың байланыс жəне химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм беруге, төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтата тұруға; 17) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалануға; 18) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құраушы бөліктерін, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды əзірлейтін, өндіретін, жөндейтін, сақтайтын, пайдаланатын, жоятын, сататын, коллекциялайтын жəне экспонаттайтын орындарға, жарылғыш материалдарды сақтайтын орындарға тексерулер жүргізуге; 19) қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін жəне ішкі істер органдары қызметкерлерінің əрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға; 20) қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге; 21) жеке тұлғаларды əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізуге; 22) қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған əскери қызметшілерді ұстауға жəне оларды əскери полиция органдарына, əскери бөлімдер

командирлеріне немесе жергілікті əскери басқару органдарының бастықтарына тапсыруға; 23) қаруды, оқ-дəрілерді, есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нəрселер мен заттарды алып қоюға; 24) қылмыскерлер мен ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) мүшелерін табу, оқшаулау, залалсыздандыру жəне ұстау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату жөнінде арнаулы операциялар жүргізуге; 25) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мəлiметтер болса, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар жəне жаппай тəртiпсiздiктер кезiнде жеке тұлғалардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын жəне өзге де үй-жайларға, аумақтарға жəне жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге; 26) егер жеке тұлғалардың тұрғын жайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адамның өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру ісшараларын, тергеу амалдары мен көпшілік іс-шараларды жүргізген жағдайларда олардың сол жерлерге кіруін немесе онда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға; 27) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын жəне олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың құжаттарын пайдалануға; 28) ғылыми-техникалық жəне өзге де зерттеулер жүргізуге; 29) ведомстволық жəне жедел есептерге алуды құруға, пайдалануға жəне жетілдіруге; 30) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстықатқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін суретке түсiруге, дактилоскопия жасауға, дыбыс жазбасын, кино- жəне бейне түсiрiлiмiн жүргізуге, биологиялық, одорологиялық жəне басқа да үлгілерді алуға; 31) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық жəне телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құруға, пайдалануға жəне жетілдіруге; 32) əкімшілік немесе қылмыстық заңнаманың күші қолданылатын іс-əрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға жəне iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға; 33) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағындағы жəне режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтағы адамдарды, олардың заттарын, көлiк құралдарын тексеріп қарауды жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға; 34) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға психикаға белсенді əсер ететін заттарды тұтыну фактiсiн жəне масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куəландыруды жүргiзуге, ал мүмкін болмаған кезде – куəландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізуге; 35) көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды қылмыстықатқару жүйесі мекемесінің аумағына жəне оған iргелес аумаққа кіргізбеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде оларды сонда қалуға не сол жерден кетуге мiндеттеуге; 36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қоғамдық жəне діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне тартуға; 37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға; 38) ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға; 39) ішкі істер органдарының əуе кемелеріне өтеусіз аэронавигациялық қызмет көрсетуге; 40) дербес деректерді жинауды жəне өңдеуді жүзеге асыруға; 41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, əскери қызметшілері жəне жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалдың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес кінəлілердің жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті. 3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 7-бап. Ішкі істер органдары жүйесі 1. Ішкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, əскери-тергеу органдары, Ішкі əскерлер құрайды. 2. Полицияны криминалдық полиция, əкiмшiлiк полициясы, тергеу, анықтау бөлімшелері жəне өзге де бөлімшелер құрайды. Криминалдық полиция ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелерден, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады. Əкімшілік полициясы полицияның учаскелік инспекторлары, кəмелетке толмағандар істері, əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау, азаматтық жəне қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік, көші-қон, табиғатты қорғау полициясынан, арнаулы мекемелерден, қоғамдық тəртіпті сақтауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерден тұрады. 3. Ішкi iстер органдары Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан əрі – Ішкі істер министрлігі), ведомстволардан, аумақтық органдардан, сондай-ақ Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың, көліктегі ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік ішкі істер органдары, əскери-тергеу органдары аумақтық органдар болып табылады. 4. Қылмыстық-атқару жүйесін ведомство, оның аумақтық органдары жəне жазаларды орындайтын мекемелер, өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды. 5. Ішкі əскерлер құрамы мен оның қызметінің ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі əскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 6. Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволарды, аумақтық органдарды жəне Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құруды, қайта ұйымдастыруды жəне таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан

əрі – Ішкі істер министрі) жүзеге асырады. 8-бап. Ішкі істер министрлігі 1. Ішкі істер министрлігі iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы жəне рəмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады. Ішкі істер министрлігі туының, жалауының жəне рəмізінің, аумақтық органдар мен жоғары оқу орындары жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 9-бап. Ішкі істер министрі 1. Ішкі істер министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын жəне лауазымнан босататын Ішкі істер министрі басқарады. 2. Ішкі істер министрі: 1) iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiне басшылықты жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді; 4) ішкі істер органдары қызметкерлерін, əскери қызметшілерін жəне жұмыскерлерін тағайындайды, тəртіптік жазаға тартады жəне қызметтен шығарады; 5) көтермелейді, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттайды; 6) Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыныс енгізеді; 7) Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі істер органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілеріне жоғары əскери жəне арнаулы атақтар беруге ұсыныс енгізеді; 8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі əскерлердің Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыныс енгізеді; 9) Қазақстан Республикасының Президенті алдында ішкі істер органдарының қызметі туралы есеп береді; 10) Ішкі істер министрлігінің атынан ішкі істер органдарының орындауы үшін міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады; 11) өзінің орынбасарларына, Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволардың, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына өкілеттіктер береді; 12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Ішкі істер министрлігі атынан өкілдік етеді; 13) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарға қол қояды; 14) ішкі істер органдарындағы сыбайластық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 15) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ішкі істер органдарының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді; 2) Ішкі істер министрлігі туралы ережені бекітеді; 3) қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын бекітеді; 4) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен əдістерін, азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сəйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын бекітеді; 5) жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, əкелу жəне əкету қағидаларын бекітеді; 6) азаматтық пиротехникалық заттарды жəне оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, əкелу, əкету қағидаларын бекітеді; 7) атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу жəне олардың жұмыс iстеу қағидаларын бекітеді; 8) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi жəне үйжайларды пайдалану қағидаларын бекітеді; 9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды əкелу, əкету, транзиттеу қағидаларын бекітеді; 11) көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу жəне есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау жəне жүргізуші куəліктерін беру қағидаларын бекітеді; 12) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық жəне дыбыс сигналдарымен жабдықталуға жəне арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел жəне арнаулы қызметтердің тізбесін бекітеді; 13) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмнен қорғалуының үлгілік паспортын бекітеді; 14) жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекітеді; 15) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын жəне олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын бекітеді; 16) қылмыстық жазаны жəне қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жəрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтік жəне өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені бекітеді; 17) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті Ішкі істер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасындағы криминогендік ахуалдың жай-күйін жəне даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды əзірлейді жəне қабылдайды; 2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; (Соңы 11-бетте).


(Соңы. Басы 10-бетте).

3) азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 4) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына жəне олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді; 5) азаматтық, халықтың көші-қоны жəне босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 6) ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлері мен əскери құралымдары, сондайақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмнен қорғалуының жай-күйін жəне олардың басшыларының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауын бақылауды ұйымдастырады; 8) мемлекеттiк күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектiлердi күзетудi ұйымдастырады; 9) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен жəне оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді жəне жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; 10) арнаулы жəне əскери тасымалдарды ұйымдастырады; 11) ішкі істер органдарындағы лицензия-рұқсат беру қызметін ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің жəне қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады; 13) қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетуді жəне айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді; 14) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн, оның ішінде халықаралық шарттар негізінде шет елдерде кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жəне қайта даярлауды ұйымдастырады; 15) ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады; 16) ішкі істер органдарының өз қауіпсіздігін ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 17) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастырады жəне ішкі істер органдарында құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; 18) ішкі істер органдары жүйесінде кинологиялық қызметті дамытуды ұйымдастырады; 19) ішкі істер органдарында іс жүргізудің жəне мұрағаттық істі ұйымдастырудың біртұтас мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 20) ішкі істер органдарының қаржылай жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады; 21) ішкі істер органдары жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сотта, өзге де мемлекеттік органдарда ішкі істер органдарының мүдделерін қорғауды үйлестіреді жəне қамтамасыз етеді; 22) ішкі істер органдары қызметін ақпараттық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз етеді; 23) ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмылдыру даярлығын жоспарлауды, ұйымдастыруды жəне оған басшылық жасауды жүзеге асырады, жүктелген жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді; 24) мыналарды: Ішкі істер министрлігі туралы ережені; көлік құралының сəйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу жəне есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау жəне жүргізуші куəліктерін беру қағидаларын; жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық жəне дыбыс сигналдарымен жабдықталуға жəне арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел жəне арнаулы қызметтердің тізбесін; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын; азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистикалық талаптары мен əдістерін, азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сəйкестігіне қорытындылар беру қағидаларын; жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, əкелу жəне əкету қағидаларын; азаматтық пиротехникалық заттарды жəне оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, əкелу, əкету қағидаларын; атыс тирлерi (атыс орындары) мен стендтерiн ашу жəне олардың жұмыс iстеу қағидаларын; есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектiлердi жəне үй-жайларды пайдалану қағидаларын; есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың ай налымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын; есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды əкелу, əкету, транзиттеу қағидаларын; жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші

11

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын; жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын жəне олардың ведомостволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың жəне ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын; террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмнен қорғалуының үлгілік паспортын; қылмыстық жазаны жəне қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жəрдемдесу жөніндегі, сондайақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтiк жəне өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені əзірлейді; 25) мыналарды: құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгілік құрылымдар мен штаттарды, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерiн; лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кіру кезінде конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тəртібін; Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережелерді; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің құрылымдық бөлімшелері туралы үлгілік ережелерді; Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес туралы ережені, оның құрамын жəне аумақтық ішкі істер органдары жанындағы қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені; ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын; жоғары білімнің кəсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын; жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кəсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын; ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын; ішкі істер органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету жəне алып тастау қағидаларын; ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын; ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын; алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дəрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын; учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидаларын; ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын; ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын; ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын; ведомстволық жəне жедел есепке алуды құру, пайдалану жəне жетілдіру қағидаларын; жалпы жəне арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру жəне жүргізу тактикасы қағидаларын; ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық жəне телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану жəне жетілдіру қағидаларын; босқын мəртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу жəне қарау қағидаларын; босқын куəлігінің, жол жүру құжатының, пана іздеуші адам куəлігінің үлгілерін əзірлейді жəне бекітеді; 26) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 12-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) ішкі істер органдарымен бірлесіп, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 2) қылмыстық жазаларды жəне қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жəрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтiк жəне өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялықкеңесші орган құрады; 3) əкiмшiлiк полицияның штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен лимиттер шегiнде облыстық бюджеттер жəне республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi есебiнен ұстауды қамтамасыз етедi; 4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттары ахуалдық орталығының

электрондық почта, бейне-конференциялық-байланыс жəне бейнебақылау жүйесінің көрсетілетін қызметтерiне жұмсалатын шығындарды қоспағанда, жанар-жағармай материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық iшкi iстер органдарының коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, электр энергиясына, жылу беруге жəне көрсетілетін байланыс қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығындарды қоса алғанда, қызметтiк үй-жайлар мен көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi жəне жөндеудi қамтамасыз етедi; 5) учаскелiк полиция инспекторлары қызмет көрсететiн учаскелерде оларды жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған, жұмысқа арналған үйжаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етедi; 6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, тиiстi əкiмшiлiкаумақтық бiрлiктiң аумағында қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 2) тиiстi əкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы əкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады; 3) қылмыстық жазаларды жəне қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердiң қызметiне жəрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға əлеуметтiк жəне өзге де көмекті ұйымдастыру жөнiндегi консультациялықкеңесші орган құрады; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 13-бап. Өзара іс-қимыл, ынтымақтастық жəне қоғамдық бақылау 1. Ішкі істер органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде басқа мемлекеттік органдармен, жеке жəне заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар ішкі істер органдарына көмек көрсетуге құқылы. Жекелеген азаматтар өздерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ішкі істер органдарымен жасырын негізде ынтымақтастыққа тартылуы мүмкін. Мəжбүрлеп ынтымақтастыққа тартуға жол берілмейді. 3. Ішкі істер органдарының шет мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарымен жəне халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес жүзеге асырылады. 4. Ішкі істер органдарының қызметіне халықтың сенімін арттыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жүзеге асырылады жəне қоғамдық бақылау жүйесі қолданылады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қоғамдық байқаушы комиссиялары, сондай-ақ қоғамдық кеңестер құрылады. 5-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ƏСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ЖƏНЕ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 14-бап. Ішкі істер органдарының кадр құрамы Ішкі істер органдарының кадрларын қызметкерлер, əскери қызметшілер жəне жұмыскерлер құрайды. 15-бап. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау 1. Ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлауды Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары жəне өзге де білім беру ұйымдары жүзеге асырады. 2. Ішкі істер органдарының кадр құрамын бастапқы арнайы оқыту, кəсіптік қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында жəне мекемелерінде жүзеге асырылады. 3. Қызметкерлер, əскери қызметшілер жəне жұмыскерлер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі жəне қосымша кəсіптік білім ала алады. 16-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу 1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі. 2. Ішкі істер органдары жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі. 17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру 1. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру тəртібі мен шарттары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. 2. Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай қолданылған, терроризмге қарсы операция жүргізілген кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде ішкі істер органдарының қызметкерін тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде оған жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызметтік уақыт режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүктеуге, басқа жерге іссапармен жіберуге, қызмет сипатын өзгертпей басқа бөлімшеге уақытша ауыстыруға, сондай-ақ қызметкердің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша

шектеулер белгілеуге жол беріледі. Мұндай жағдайларда ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі жəне үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым төленедi. 18-бап. Ішкі істер органдарындағы қызметке байланысты шектеулер Құқық қорғау қызметінің ерекшеліктеріне негізделген ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері 1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-əрекеттердің жолын кесу, жəрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 2. Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады. 3. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін əрекеттері «Заң атымен» деген сөздерді айта отырып жасалады. Əрбір адам мұндай жағдайда белсенді əрекетін тоқтатып, ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға жəне оның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті. 4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің арнаулы құралдарды, атыс қаруын жəне өзге де қаруды алып жүруге, сақтауға жəне қолдануға, дене күшін, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тəсiлдерiн қолдануға құқығы бар. Арнаулы құралдарды, атыс қаруы мен өзге де қаруды жəне дене күшін қолдану тəртiбi «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 5. Қызметкерлер ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде: 1) жеке адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін таныстыруға жəне қызметтік куəлігін көрсетуге; 2) ұсталғаннан кейін адамға оны ұстау негіздерін хабарлауға, оның өзіне жəне жақын туыстарына қарсы куəгер болмауға құқығы, бір рет телефон соғуға жəне қорғаушы алуға құқығы бар екенін түсіндіруге; 3) жеке адамның ұсталғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға; 4) жеке тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауға, азаптауды, зорлық-зомбылықты, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын, қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолданбауға, қасақана тəн зардабын жəне жан азабын тарттырмауға міндетті. Қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айғақ беруге жəне өзін кінəлімін деп мойындауға мəжбүрлеуге тыйым салынады. 20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімі 1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамасыз етіледі. 2. Тізбесін Ішкі істер министрі айқындайтын бөлімшелердегі лауазымдарда қызмет өткеретін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне нысанды киімнің орнына ақшалай өтемақы төленеді. 3. Ішкі істер органдарындағы қызметте он бес жəне одан да көп жыл еңбек сіңірген, жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты ішкі істер органдарынан зейнеткерлікке шығарылған, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған жəне қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің салтанатқа жəне салтанатқа шығуға арналған нысанды киім киіп жүруге құқығы бар. 6-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ 21-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің əлеуметтік кепілдіктері 1. Осы Заңда белгіленген ішкі істер органдарында қызмет атқарудың ерекше сипаты мен қызметкерлердің жауапкершілігі қосымша əлеуметтік құқықтармен жəне жеңілдіктермен өтеледі. 2. Ішкі істер органдары қызметкерінің бiр елді мекеннен елу километрден асатын қашықтықтағы екiншi елді мекенге көшуiне байланысты қызметi ауысқан жəне жоғарылаған кезде оған қызметкердің өзiне екi айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде жəне онымен бiрге көшкен əрбiр отбасы мүшесiне жарты айлық ақшалай қамтылым мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленедi. Ішкі істер органдары қызметкерінің қызметi ауысқан жəне жоғарылаған кезде оған он тоннаға дейінгі жеке мүлкінің тасымалы үшін, сондай-ақ онымен бiрге көшкен отбасы мүшелерiн қоса алғанда, теміржол, су, автомобиль көлігінің жолақысы үшін шығындардың мемлекет есебінен орны толтырылады. Ақшалай ризықты, жəрдемақыларды жəне өзге де төлемақыларды төлеу тəртібін Ішкі істер министрі белгілейді. Қызметiн ауыстырған жəне жоғарылаған кезде көтерме жəрдемақыға, көліктің жолақысы үшін жəне жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде мемлекеттік наградалармен – ордендермен марапатталған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қызметтен шығарылған кездегі біржолғы жəрдемақы мөлшері ақшалай қамтылымының екі айлықақысына арттырылады.

4. Жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар ішкі істер органдарының қызметкерлеріне осы Заңда көзделмеген қосымша əлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуге құқылы. 22-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй құқықтары 1. Тұрғын үйге мұқтаж ішкі істер органдарының қызметкері жəне оның отбасы мүшелері ішкі істер органдарында қызмет өткерген кезеңге тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ішкі істер органдарының тұрғын үйге мұқтаж қызметкеріне тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төленеді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу тəртібін, сондайақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған ішкі істер органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметтен шығарылған жəне күнтiзбелiк есеппен жиырма жəне одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ күнтiзбелiк есеппен он жəне одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар жəне мүгедек балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйді өтеусiз жекешелендіріп алуға құқығы бар. 3. Асыраушысынан айырылған ішкі істер органдары қызметкерінің отбасын басқа тұрғын үй берілгенше өздері тұратын қызметтік тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үйден шығаруға болмайды. 4. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйін өтеусіз жекешелендіріп алуға құқығы бар. Ескерту. Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерлерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), екеуінің немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кəмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы); балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) жəне жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедек балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) жəне жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары; қызметкердің асырап-бағуындағы ата-аналары жəне жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі. Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерінің асырап-бағуындағы адамдар деп оның табысы есебінен өмір сүретін жəне дербес табыс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 23-бап. Ішкі істер органдарын қаржылай жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету Ішкі істер органдарын қаржылай жəне материалдықтехникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 24-бап. Əскери-тергеу органдарын қаржылай жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету Əскери-тергеу органдарын қаржылай жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету Ішкі істер министрлігіне бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қызметтік үй-жайлар жəне байланыс құралдары орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің есебінен беріледі. 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж. , № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2,3-құжаттар; № 2, 8-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 сəуір №199-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 . 1 9 97 ж ы лғ ы 16 шілде де гі Қазақс тан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4,33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1,2-құжат; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; №

14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 162-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу»; 227 жəне 227-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың, 227-2, 227-3, 2274, 227-5, 227-6, 227-7, 227-8, 227-9, 227-10, 233-5 жəне 242-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу 227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру 227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттықкоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу 227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу 227-6-бап. Ақпаратты беруге мəжбүрлеу 227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен

бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату 227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату 227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну 227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сəйкестендіру кодын, абоненттің сəйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сəйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату»; «233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту»; «242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату»; 2) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Осы Кодекстің ережелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, террористік немесе экстремистік қылмыс не бейбітшілікке жəне адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасалған жағдайда қылмыстың жасалу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.»; 3) 67-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы баптың ережелері адам өліміне не екі жəне

одан да көп адамның өліміне əкеп соққан, абайсызда қылмыстар жасаған, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.»; 4) мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын: «162-1-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу Қазақстан Республикасы азаматының жалдамалылық белгілері болмаған кезде шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе əскери əрекеттерге қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 5) 227 жəне 227-1-баптар алып тасталсын; 6) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын: «7-1-тарау. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 227-2-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге құқыққа сыйымсыз қол жеткізу 1. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға əкеп соққан, машиналық жеткізгіште қамтылатын, заңмен қорғалатын ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге қасақана құқыққа сыйымсыз қол жеткізу – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра

отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дəл сол іс-əрекет – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерінде көзделген, абайсызда ауыр зардаптарға əкеп соққан ісəрекеттер үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-3-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру 1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық (Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 11-бетте).

желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға əкеп соқса, – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты; 2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дəл сол іс-əрекеттер – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-4-бап. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттықкоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу 1. Ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзуға бағытталған қасақана əрекеттер (əрекетсіздік) – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты; 2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған дəл сол іс-əрекеттер – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-5-бап. Ақпаратты құқыққа сыйымсыз иеленіп алу 1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана құқыққа сыйымсыз көшіру немесе өзгедей құқыққа сыйымсыз иеленіп алу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға əкеп соқса, – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Мынадай: 1) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты; 2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған дəл сол іс-əрекеттер – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-6-бап. Ақпаратты беруге мəжбүрлеу 1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіру арқылы, сол сияқты жəбірленушіні немесе оның жақындарын масқаралайтын мəліметтерді тарату не жариялануы жəбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіруі мүмкін өзге де мəліметтерді тарату қатерін төндіру арқылы беруге мəжбүрлеу – екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамға немесе оның жақындарына күш қолданылып жасалған; 2) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған; 3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстардан немесе ұлттық ақпараттық жүйелерден ақпарат алу мақсатында жасалған дəл сол іс-əрекет – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-7-бап. Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату 1. Машиналық жеткізгіште сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою, бұғаттау, түрлендіру, көшіру, пайдалану, компьютердің, компьютерлік бағдарламаның, ақпараттық жүйенің немесе ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмысын бұзу мақсатында компьютерлік бағдарламаларды, бағдарламалық өнімдерді жасау немесе қолданылатын бағдарламаларға немесе бағдарламалық өнімдерге өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды қасақана пайдалану жəне (немесе) тарату – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш

жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған; 2) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған; 3) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дəл сол іс-əрекеттер – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-8-бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату 1. Азаматтардың дербес деректерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе өздерінің меншік иесімен немесе иеленушімен қол жетімділігі шектелген өзге де мəліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған; 2) пайдакүнемдік ниетпен жасалған; 3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дəл сол іс-əрекет – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) ауыр зардаптарға əкеп соққан іс-əрекеттер – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-9-бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну 1. Ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін ұсыну бойынша көрінеу құқыққа қарсы қызметтер көрсету – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дəл сол іс-əрекет – мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 227-10-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сəйкестендіру кодын, абоненттің сəйкес тендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сəйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату 1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сəйкестендіру кодын өзгерту, ұялы байланыс абонентінің сəйкестендіру картасының телнұсқасын жасау, егер бұл əрекеттер өндірушінің немесе заңды иесінің келісімінсіз жасалса, – үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. 2. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сəйкестендіру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентінің сəйкестендіру картасының телнұсқасын жасауға мүмкіндік беретін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан топ жасаған іс-əрекеттер мүлкі тəркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 7) 233-бапқа ескертудің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстің 162, 163, 166-1, 167, 171, 233, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4, 233-5, 234, 238, 239-баптарында көзделген қылмыстар террористік қылмыстар деп танылады.»; 8) мынадай мазмұндағы 233-5 жəне 242-1-баптармен толықтырылсын: «233-5-бап. Террористік немесе экстремистік дайындықтан өту Адамның террористік немесе экстремистік қылмыс жасаудың қыр-сыры мен дағдыларын игеруіне үйренушінің көрінеу бағытталған дайындықтан, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде дайындықтан өтуі – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта көзделген қылмысты жасаған адам, егер ол дайындықтан өткені туралы ерікті түрде хабарласа, осындай дайындықтан өткен, осындай дайындықты жүзеге асырған, ұйымдастырған немесе қаржыландырған басқа адамдарды анықтауға септігін тигізсе, оның өткізілген жері туралы ақпарат берсе, егер оның əрекеттерінде қылмыстың өзге құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»; «242-1-бап. Көрінеу жалған ақпарат тарату 1. Қоғамдық тəртіпті бұзу немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мынадай: 1) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаған; 2) қызмет бабын пайдалана отырып; 3) бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттықкоммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалған дəл сол іс-əрекет бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі нұқсан немесе басқа да ауыр зардаптар келтірген іс-əрекеттер жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде

25 сəуір 2014 жыл

айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дəл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген: 1) ұйымдасқан топ жасаған; 2) төтенше жағдайда немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-əрекеттер – бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта ірі көлемдегі нұқсан деп азаматқа айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан не ұйым мен мемлекетке айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген сомасында келтірілген нұқсан танылады.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат): 192-бапта: бірінші бөлікте: «233-4,» деген цифрлардан кейін «233-5,» деген цифрлармен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 227-2 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 227-3 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 227-4 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 227-5 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 227-6 (екінші жəне үшінші бөліктерінде), 227-7 (екінші жəне үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық істер бойынша, егер олар ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға, ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін.»; екінші бөліктегі «227-1,» деген цифрлар «227-2 – 227-10,» деген цифрлармен ауыстырылсын, «242,» деген цифрлардан кейін «242-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4-3-бөліктегі «227,» деген цифрлар алып тасталсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22,160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат;№ 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24,153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар;№ 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3,22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1,4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар;№ 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48,51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20,88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62,63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80,82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115,117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8,41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9- құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 355-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнің, қаржы жəне əскери полициясының, кеден органының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркəсіп қауіпсіздігі саласындағы уəкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау»; 2) 355-бапта: тақырыбы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктің бірінші абзацында: «Прокуратура» деген сөз «Өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде прокуратура» деген сөздермен ауыстырылсын; «қызметкерiнiң нұсқауларын жəне» деген сөздер «қызметкерiнiң нұсқауларын жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің бірінші абзацы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің,» деген сөздермен толықтырылсын. 4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., №

21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат): 1) мазмұнындағы 28-тараудың жəне 257-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті жəне мəслихаттары депутаттарының, судьяларының, əскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»; «257-бап. Əскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу»; 2) 28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті жəне мəслихаттары депутаттарының, судьяларының, əскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне оның ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері»; 3) 257-бап мынадай редакцияда жазылсын: «257-бап. Əскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Əскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тəртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктерімен бірге осы Кодексте реттеледі.». 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 1516, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 156-баптың 1-тармағының 8) жəне 8-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «8) əскери қызмет міндеттерін атқарған кезде əскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты табыстары;»; «8-2) əскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа əскерлер мен əскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;». 6. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы» 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 212-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 18, 158-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат): мынадай мазмұндағы 9-баппен толықтырылсын: «9-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабында бекітілген ережелер жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға жəне алып жүруге ішкі істер органдарының рұқсаты бар адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.». 7. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат): 1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-бап. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қару Жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруға жауынгерлік жəне жедел-қызмет міндеттерін шешуге арналған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары мен олардың бөлімшелерінің (бұдан əрі – Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары) қарулануына қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттерге беру үшін жасап шығарылатын қару жатады. Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тəртібін заңнамаға сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 2) 5-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) өзін-өзі қорғау қаруы: тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы; газды қару – газды пистолеттер, револьверлер жəне олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды жəне басқа да құрылғылар; электрлі қару – зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару жəне өзге де заттар;»; 3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Қызметтік қару Қызметтік қаруға жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан

Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін жəне табиғи ресурстарды, бағалы жəне қауіпті жүктерді, арнаулы хат-хабарды күзету бойынша өздеріне заңнамамен жүктелген жəне өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ұйымдардың пайдалануына арналған қару жатады. Қызметтік қаруды пайдалануға жəне қолдануға байланысты функциялар жүктелген ұйымдар ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар (бұдан əрі – ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар) болып табылады. Қызметтік қаруға жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, қысқа ұңғылы тегіс жəне ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс жəне ойық ұңғылы қару жатады. Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауға тиіс.»; 4) 7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) қаруды (олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін) жəне олардың патрондарын почта жөнелтілімдерімен, оның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдері арқылы жөнелтуге;»; 5) 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының;»; 6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының қаруды сатып алу құқығы Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының жауынгерлік қол атыс қаруы мен өзге де қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен сатып алуға құқығы бар. Ұзақ сақтауда тұрған қаруды қоспағанда, қарулануға қабылданған ойық ұңғылы қарудан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру үшін бақылау мақсатында оқ атылады.»; 7) 15-бапта: 1-тармақта: жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны: 1) аңшылық атыс қаруы: ойық ұңғылысы – бес бірліктен; тегіс ұңғылысы – бес бірліктен; 2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс. Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.»; сегізінші бөлігіндегі «ұңғысыз, электрлi атыс қаруын» деген сөздер «электрлі қаруды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «жəне ұңғысыз» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөліктегі «ұңғысыз атыс қаруын,» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақтағы «ұңғысыз атыс қаруын,» деген сөздер алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.»; 8) 18-бапта: 2-тармақта: «қолдана алады» деген сөздер «қолдануға құқылы» деген сөздермен ауыстырылсын; «күзету,» деген сөзден кейін «хат-хабарды жəне арнаулы жөнелтімдерді жеткізу,» деген сөздермен толықтырылсын»; 4-тармақтағы «қарулы не топтасып» деген сөздер «топтасып жəне (немесе) қарулы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 19-бапта: бірінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер жəне (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Адам қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда сот шешім қабылдағанға дейін рұқсат уақытша алып қойылады. Осы Заңда (осы баптың бірінші бөлігі 5) тармақшасының бесінші абзацын қоспағанда) көзделген негіздер бойынша рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданардан бұрын осы рұқсатты берген ішкі істер органы рұқсат иесіне алдын ала жазбаша ескерту жасауға тиіс. Ескертуде нақты қандай құқықтық нормалар мен қағидалардың бұзылғаны немесе орындалмағаны көрсетіледі жəне жол берілген тəртіп бұзушылықтарды жоюдың мерзімі тағайындалады.»; 10) 20-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, сондайақ тəркіленген, техникалық жағынан пайдалануға жарамды азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кəдеге жаратуға не азаматтық жəне қызметтік қарумен сауда жасауға лицензиялары бар заңды тұлғалар арқылы өткізілуге жатады.»; 11) 21-баптың төртінші бөлігіндегі «арнаулы органдарға» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 23-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құрамалардың, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының өздері қаруланған жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен сатуға құқығы бар. 3. Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері заңды негізде меншік құқығында иеленіп отырған қаруды оларға сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат берген ішкі істер органдарына алдын ала хабарлай отырып, азаматтық жəне қызметтік қарумен сауда жасауға немесе қаруды коллекциялауға немесе экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ қару есепке алынған жердегі ішкі істер органдарында қару қайта тіркелгеннен кейін қаруды сатып алуға рұқсаты бар азаматтарға иеліктен шығаруға құқығы бар.»; 13) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «, ұңғысыз атыс қаруын» деген сөздер алып тасталсын; 14) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметтік қаруды сатып алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына беру үшін мемлекеттік органдарға қызметтік қаруды сатып алу (алу) құқығына, сондай-ақ аталған адамдардың қаруды сақтау, сақтау мен алып жүру құқығына рұқсаттар береді;»; 15) 30-баптың екінші бөлігі «арнаулы» деген сөзден кейін «мемлекеттік жəне құқық қорғау» деген сөздермен толықтырылсын. 8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № (Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 11-12-беттерде).

17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 2122, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат): 1) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші қызметтерін атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.»; 2) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер ішкі істер органдарының сұрау салуы бойынша, жүзеге асырып отырған қызметінің Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкестігі туралы ақпарат береді.»; 3) 10-баптың 5-тармағы алып тасталсын; 4) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын: «10-1-бап. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар 1. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарына қойылатын талаптар мыналардың: 1) сабақтар жүргізу үшін санитариялық нормаларға сəйкес келетін үй-жайлардың; 2) атыс даярлығы бойынша сабақтар жүргізу үшін атыс тирінің: заңды тұлғалар үшін – меншік құқығында; филиалдар үшін – меншік құқығында не жалға алу шартымен; 3) оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнаулы жəне техникалық құралдардың; 4) тиісті теориялық, практикалық білімдері жəне өзінің кəсіптік құзыреті саласында практикалық дағдылары бар жəне күзет қызметі саласында кəсіптік жұмыс тəжірибесін жинақтаған, мамандарды оқыту процесіне тартылып жүрген оқытушылардың болуын көздейді. Жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау жəне біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 2. Мыналар: 1) осы Заңның 10-бабының 6-тармағында көрсетілген адамдар; 2) шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын заңды тұлғалар, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдарының құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары бола алмайды. 3. Мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі: 1) таратылған, қайта ұйымдастырылған жағдайларда; 2) сот шешімі бойынша тоқтатылады.»; 5) 17-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарының үшінші тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге құқығы жоқ.»; 6) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы жəне қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қару мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi жұмыскерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Өз қызметін магистральды теміржол желілері, магистральды құбыр тораптары мұнай өңдеу өндірісі жəне атом энергиясы саласында жүзеге асыратын ұлттық компаниялар құрған күзет ұйымдарын қоспағанда, күзет қызметі субъектілеріне қызметтік ойық ұзын ұңғылы жəне қысқа ұңғылы қаруды сатып алуға жəне пайдалануға тыйым салынады.»; 7) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметіне, мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, іске қосу жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес уəкілетті орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»; 8) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Күзет қызметiнiң субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын есепке алу Уəкiлеттi орган мен оның аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi күзет қызметiнiң барлық субъектiлерiн, мамандандырылған оқу орталықтарын, сондай-ақ лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру туралы деректердi бiрыңғай есепке алуды жүзеге асырады.». 9. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат): 29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мəденибұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тəртібін айқындайды.». 10. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 1) 2-бапта: 6) тармақшадағы «арнаулы жəне фельдъегерлік байланыс» деген сөздер «фельдъегерлік қызмет жəне арнаулы байланыс қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 40-2) тармақшамен толықтырылсын: «40-2) мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкері – фельдъегерлік қызмет жұмыскерлері арасынан арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматы;»; 2) 15-баптың 3-тармағы алып тасталсын. 3) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

13

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

фельдъегерлік қызметi (бұдан əрі – фельдъегерлік қызмет) мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Фельдъегерлiк қызмет қызметкерлері Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жауынгерлік атыс қол қаруымен жəне суық қарумен, арнаулы қорғану жəне байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiмкешекпен қамтамасыз етiледi. 2. Фельдъегерлiк қызметті ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк байланыс қызметін көрсету тəртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерi тасымалдайтын хат-хабар мен арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға жəне кідіртiлуге жатпайды. 4. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек қатынастары ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде реттеледі. 5. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету, мүгедектік бойынша мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақыларды төлеу ішкі істер органдары қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тəртіппен жəне шарттарда жүзеге асырылады.»; 4) мынадай мазмұндағы 22-1 жəне 22-2-баптармен толықтырылсын: «22-1-бап. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері 1. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік органдардың хат-хабарлары мен арнаулы жөнелтімдерін, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді жеткізу жөніндегі өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындау кезінде мыналарға: 1) мемлекеттік органдарға, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға, əуе кемелерінің, теміржол составтарының, автомобиль, теңіз жəне өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз (бірінші кезекте жəне ақысыз) кіруге; 2) халықаралық жəне республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарында кезексіз билет алуға; 3) халықаралық жəне республикаішілік қатынастар үшін белгіленген жүру маршруттары бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымдарына тиесілі барлық көлік құралдарына жалпы отырғызу басталғанша жарақталған жауынгерлік атыс қол қаруымен жəне суық қарумен кедергісіз мінуге; 4) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар. 2. Фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің қызмет өткеруге байланысты міндеттері «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 22-2-бап. Арнаулы байланыс қызметі 1. Арнаулы байланыс қызметi арнаулы байланыс арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттiк құпияларды құрайтын мəліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ерекше жарғылық міндеттердi орындайды. 2. Арнаулы байланыс қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заң намасына сəйкес арнаулы байланыс қызметiн көрсетедi. 3. Арнаулы байланыс қызметінің жеке құрамы уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сəйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғаныс жəне байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi. 4. Арнаулы байланыс қызметiн ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ арнаулы байланыс қызметiн көрсету тəртiбi мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. 5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы байланыс қызметкерлерi тасымалдайтын арнаулы жөнелтiмдер тексеріп қарауға жəне кідіртуге жатпайды.»; 5) 30-бапта: 2-тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) фельдъегерлік қызмет жəне арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу; 2) фельдъегерлік қызмет жəне арнаулы байланыс қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, əуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз жəне өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту; 3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің жəне арнаулы байланыс қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.»; 3-тармақтағы «Фельдъегерлiк жəне арнаулы байланыс қызметтерiнің» деген сөздер «Фельдъегерлік қызметтің жəне арнаулы байланыс қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 6) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын: «41-1-бап. Байланыс желілерінің жəне (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тəртібі 1. Байланыс желілерін жəне (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын экстремистік жəне террористік əрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тəртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тəртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-əрекеттерге қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уəкілетті органға байланыс желісінің жəне (немесе) құралдарының жұмысын уақытша тоқтата тұру, байланыс қызметтерін көрсету, интернет-ресурстарға жəне (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу бойынша шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізеді. 2. Уəкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жібереді. 3. Байланыс операторлары жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет: 1) уəкілетті органнан осы баптың 1-тармағында көзделген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін, оны байланыс желісінің жəне (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметін көрсетуді, интернет-ресурстарға жəне (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын мерзімде орындауы тиіс; 2) уəкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп байланыс желілерін жəне (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік жəне террористік əрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тəртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тəртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтайды жəне оған мұндай ақпаратты жою бойынша шаралар қолдану талабымен хабарлама жібереді. 4. Егер, байланыс желілерін жəне (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделеріне

нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік жəне террористік əрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тəртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тəртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы уəкілетті органға хабарлама жібереді. 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан жəне оның анықтығын тексергеннен кейін уəкілетті орган байланыс операторына жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптың күшін жою туралы тапсырма береді. 6. Байланыс операторлары жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет уəкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауы тиіс. 7. Уəкілетті орган, байланыс операторлары жəне мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің жəне (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тəртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.». 11. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат): 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Экстремистік материалдарды басып шығаруға жəне таратуға жол бермеу Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілері мен құралдарын экстремизмді жүзеге асыру үшін пайдалануға, сондай-ақ экстремистік материалдарды басып шығаруға жəне таратуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын жəне экстремизм белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың мəлімдеуімен сот тыйым салу талабын мəлімдеген прокурордың тұрған жері бойынша немесе мұндай материалдардың табылған жері бойынша экстремистік деп танып, оларды əкелуге, басып шығаруға жəне таратуға тыйым салады.». 12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту жəне банкроттық, салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 75-3) тармақшамен толықтырылсын: «75-3) жекеше күзет ұйымында басшы жəне күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне;». 13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын: «11-3) өзге де қару – жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлі қару, белгі беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару жəне қарудың басқа да түрлері;»; 2) 9-баптың 6 жəне 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейiн құқық қорғау органдарында одан əрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына жəне каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару жəне кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет атқарылмаған əрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»; «8. Əскерге шақырылу жасына жеткен жəне үлгерімі төмен болғаны, тəртiп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар əскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерiндегі əскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына жəне каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару жəне кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома білім беру ұйымдарында болған əрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»; 3) 14-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Егер қызметкерлердің іс-əрекеттері осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сəйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнаулы құралдарды жəне дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауаптылықта болмайды.»; 4) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды жəне арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау жəне қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тəсiлдерiн қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнаулы құралдарды жəне дене күшін қолдану тəртібі осы Заңда айқындалады.»; 5) 22-бапта: 3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметке – «фельдъегерлiк қызмет».»; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Бұрын «ішкі қызмет аға прапорщигі», «ішкі қызмет прапорщигі», «əділет аға прапорщигі», «əділет прапорщигі» əскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.»; 6) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қызметіне толық сəйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату жəне қызметінен шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нəтижелері жəне тəртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады. Қызметіне толық сəйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысы жанындағы жедел кеңестің шешімі негізінде де қолданылады. Тəртіптік комиссияны құру жəне оның жұмыс істеу тəртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»; 7) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнаулы құралдарды жəне дене күшін қолдануы»; 8) 59, 61 жəне 62-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«59-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнаулы құралдарды жəне дене күшін қолданудың мақсаты Атыс қаруы жəне өзге де қару, арнаулы құралдар жəне дене күші қоғамға қауiптi əрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуалдарды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау жəне құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.»; «61-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды қолдану 1. Қызметкерлердің атыс қаруын жəне өзге де қаруды: 1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату; 2) қызметкерлерге жəне олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тəртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жəне қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру; 3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе əскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру; 4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (əкiмшiлiк қамақта ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау; 5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса жəне жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, көлiк құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату; 6) адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану; 7) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшін; 8) қажетті қорғаныстың жəне аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар. 2. Əйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кəмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлiк құралдарын, оның iшiнде əуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады. 62-бап. Атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары 1. Атыс қаруы жəне өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған барлық жағдайларда қызметкер жеке адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауға, атыс қаруын жəне өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшысына баяндауға міндетті. 2. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға əкеп соққан, атыс қаруы жəне өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған əрбір жағдай туралы прокурор дереу хабардар етіледі.»; 9) 65-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын əртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына шығарып беріледі.»; 10) 69-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қайтыс болған, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемақы алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəрдемақы тағайындалуына қарамастан: əйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде жəне отбасының еңбекке қабілетсіз əрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде біржолғы жəрдемақы төленеді. Осы тармақта көзделген біржолғы жəрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жəрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына жəне еңбекке қабілеттігіне қарамастан əйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылған жəне жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»; 11) 81-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 жəне 9-тармақтармен толықтырылсын: «7. Қызметтен (кедендік қызметті қоспағанда) шығарылған қызметкерлерге біржолғы жəрдемақылар мынадай тəртіппен жəне мөлшерде төленеді: күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген жəне денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым; күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген жəне қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға: он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қамтылым; он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қамтылым; жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қамтылым; жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қамтылым; отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым. 8. Біржолғы жəрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады. Біржолғы жəрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін қызметақысы, қызметтен шығарылған күнгі арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін қосымша төлемі негізге алына отырып есептеледі. Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жəрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жəрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады. 9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығару кезінде біржолғы жəрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау органдарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға жəне жоғары басқарушы құрам адамдарына, қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен шығарылғандарға арнаулы атақтар, сыныптық шендер үшін қосымша төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлімшесі жүзеге асырады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдары басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендері үшін қосымша төлемдері өсетін болса, тиісінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға жəне жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетін осы қосымша төлем мөлшері де ұлғаяды.»; 12) 84-бап мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Осы Заңның 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 38, 39, 40, 41, 42, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 55, 56, 57, 58, 59-баптарының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) жəне 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) жəне 7) тармақшаларының, 2-тармағының, 62, 63, 64, 65, 66, 67-баптарының, 69-бабының 1, 2, 4

жəне 5-тармақтарының, 70, 71-баптарының, 72-бабының 1, 2, 3, 4 жəне 6-тармақтарының, 73, 74-баптарының, 75-бабының 4, 5, 6, 7, 8 жəне 9-тармақтарының, 76, 77, 78, 79, 80 (1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда)баптарының, 81 жəне 82-баптарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне қолданылады. Осы Заңның 59-бабының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) жəне 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) жəне 7) тармақшаларының, 2-тармағының жəне 62-бабының қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты қолданылады.». 14. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат): 1) 79-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жəрдемақысымен қатар арнаулы атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге арнаулы атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның қызметкерлеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшерлері де ұлғаяды.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2.Əскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қайтадан (кейіннен) қабылданған қыз меткер қызметтен шығарылған кезде біржолғы жəрдемақы мөлшерін айқындау үшін қызметтің жəрдемақы төленбеген кезеңі қолданылады.»; 2) 85-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. «Аға прапорщик», «прапорщик», «старшина», «үшінші сыныпты сержант», «екінші сыныпты сержант», «бірінші сыныпты сержант», «штаб-сержант» не «шебер-сержант» əскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тəртіппен жəне шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шектi жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.». 15. «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат): 1) 26-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Əскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне қызметтен шығу жəрдемақысымен қатар əскери атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген əскери қызметшілердің əскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның əскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Əскерге шақыру бойынша əскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған əскери қызметшілерінің əскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.»; 2) 51-бапта: 5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақта көрсетілген ережелер əскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты əскери қызметтен шығарылған, əскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес жəне одан да көп азаматтарға, сондай-ақ əскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға жəне терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Əскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға алушының қайтыс болған кезіне үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. Қайтыс болған, əскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəрдемақы тағайындалуына қарамастан: əйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде жəне отбасының еңбекке қабілетсіз əрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жəрдемақы төленеді. Осы тармақта көзделген біржолғы жəрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жəрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына жəне еңбекке қабілеттілігіне қарамастан əйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған жəне жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»; 3) 55-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» əскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы əскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған əскери атақтары сақталады.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Əскери қызметті «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» атақтарында өткерген əскери қызметшілер əскери қызметін Əскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тəртіппен өткереді. Əскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас əскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.». 16. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; 2014 жылғы 2 сəуірде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 4-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3) əскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық (Соңы 14-бетте).


14 (Соңы. Басы 11-13-беттерде).

шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға беріледі.»; 2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) əскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.»; 3) 13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) арнаулы мемлекеттiк жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;»; 4) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, əскери қызметшiлердiң, Қазақ стан Республикасының iшкi iстер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң жəне зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндiрiстердiң, жұмыстардың, кəсiптердiң, лауазымдардың жəне көрсеткiштердiң №1 тiзiмi бойынша жəне жұмыс орындарын аттестаттау нəтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.»; 5) 24-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден əскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.»; 6) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын: «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы 1. Əскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі əскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына: 1) əскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған; 2) əскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына байланысты, өзінің еркі бойынша жəне денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған; 3) офицерлердің, прапорщиктердің (мичмандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға жəне жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ əскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, əскери қызметте жəне арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған, жиырма бес жəне одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемiнде он екі жылы мен алты айын үзіліссiз əскери қызмет, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар. 2. Қызметтен шығарылған жəне 1998 жылғы 1 қаңтарға он жəне одан да көп жыл еңбек сiңiрген əскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сəйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сəйкес жалпы негiздерде тағайындалады. 3. Əскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi əскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады. 4. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің əскери жəне арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда əскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген, осы санаттағы адамдар үшiн əскери жəне құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сəйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»; 7) 65-баптың 1, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері: 1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға əскери қызмет, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998

www.egemen.kz

жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жəне одан да көп жыл болған кезде – толық көлемде; 2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлем дерін алуға құқығы бар адамдарға əскери қызмет, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан аз болған кезде толық емес көлемде тағайындалады.»; «4. Əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте жиырма бес жылдан асатын еңбек сiңiрген жылдарының əрбір жылы үшiн осы Заңның 64бабы 1-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларына сəйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сəйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның – 2 пайызына, еңбек өтілінің əрбір жылы үшiн 1 пайызына ұлғайтылады. Жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтiлiнiң əрбір жылы үшiн осы Заңның 64бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сəйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сəйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 1 пайызына ұлғайтылады. 5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарына сəйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сəйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Əскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 109 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.»; 8) 66-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Əскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен жүргізіледі.»; 9) 67, 68, 69, жəне 70-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері 1. Əскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге айқындалады. 2. Əскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, əскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді. 3. Əскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары (кеден органдарын қоспағанда) қызметкерлерін, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады. 68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жəне оларды жүзеге асыру мерзімдері 1. Əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған, бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін жүзеге асырылады. 2. Əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың жалақысының немесе басқа да табысының болуына қарамастан, толығымен жүргізіледі. 3. Əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сəйкес жүргізіледі. 4. Əскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген жəне Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың жəне прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет жəне Əділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстықатқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы жəне мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге

25 сəуір 2014 жыл

айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді. 5. Əскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді. 69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты жəне тəртібі 1. Əскери қызметшiлер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген жəне прокуратура органдарының, iшкi iстер жəне бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiп қолданылатын құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам əскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі бар əскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. 3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам əскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер жəне бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар əскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген жəне прокуратура органдарының, iшкi iстер жəне бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша əскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі он жылдан аз əскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қамтылым мөлшерінің 20 пайызы мөлшерiнде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тəртiбi енгiзiледi. Əскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған əскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 4-тармағына сəйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тəртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады. 70-бап. Əскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар 1. Əскери қызметшiлерге, арнаулы мем лекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен жүзеге асырады. 2. Əскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн, сондай-ақ əскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары жəне ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалатын тəртiппен жүзеге асырылады.». 2-бап. 1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 4) тармақшасына сəйкес келтіруге міндетті. 3. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға жəне алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 сəуір №200-V ҚРЗ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің Жетісу филиалы мемлекеттік республикалық меншіктегі нысанды мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Тендер 2014 жылғы 15 мамырда сағат 11.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114. Тендерге мына нысан ұсынылады: 1. Тұрақжай, жалпы алаңы 18 ш.м., бар лық инженерлік-техникалық коммуникацияларымен бірге, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Жанғозин к-сі, 38А. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМКның Алматы облысы бойынша филиалы. Жалдаудың бастапқы мөлшерлемесі айына – 8334 теңге. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна – 4167 теңге Мүлікті жалға алу (жалдау) мерзімі – 1 жыл, кейіннен шарттың əрекет ету мерзімі ұзартылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесі өзіне коммуналдық қызметтер мен тұрақжайға қызмет көрсету шығындарын кіргізбейді, олар бөлек төленеді. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері Банктік жəне есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету үшін нысанды пайдалану. Тендер комиссиясының шешімі бойынша нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сəйкес келетін тендер қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға

үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конверттерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсынумен үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзіндіні; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірмеүзіндіні (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтаманы.

«Базис» АҚ Директорлар кеңесі (бұрынғы «Ақтобеинвест» ИЖҚ № 074) жылдық жалпы жиналыс өткізу туралы акционерлерге хабарлайды, жиналыс 2014 ж. 9 маусымда сағат 10.00 уақытында болады. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2014 ж. 10 маусымда сол уақытта өткізіледі. Өткізу орны: Ақтөбе қ., 101-атқыштар бригадасы к-сі, 2А, 508-бөлме, т. 8-7132511586. «Базис» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арналған бюллетень. _____________________________________________ тегі, аты жəне əкесінің аты _____________________________________________ жеке куəлігінің нөмірі, кім жəне қашан берген _____________________________________________ акциялар саны (10 купон – 1 акция) __________________ № Күн тəртібіндегі мəселелер Жақтап Қарсы Қалыс р/с қалған 1. 2013 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту 2. Тəуелсіз аудитордың есебін бекіту. 3. Қоғамның аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйымды бекіту. 4. Таза табысты бөлу тəртібін жəне 1 акцияға дивидендті бекіту.

Өз таңдауыңызды көрсету үшін Х белгісін қойыңыз. Бюллетень жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2014 ж. 9 маусымға дейін жіберіледі. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – компания) кредиторлар мен жалғыз акционерді хабарландыру мақсатында, компанияның Директорлар кеңесiмен компанияның бағалы қағаздарын шығару жəне орналастыруға қатысты iрi мəмiле жасасуы туралы шешiмдi қабылдағанын хабарлайды (2014 ж. 18 сəуірдегі № 4 хаттама). Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға: a.kudaibergenov@ kazagro.kz, байланыстырушы тұлға Құдайбергенов Əлібекке хабарласуыңызды сұраймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ! Маңғыстау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 16.04.2014 ж. №73 (28297) жəне «Казахстанская правда» газетінің 16.04.2014 ж. №73 (27694) сандарында жарияланған электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізеді: 1) 2014 жылдың 3 мамырынан бастап электрондық аукционға қатысушы ретінде жəне қатысуға тіркелу үшін «Жекешелендіру нысандарын сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысын басшылыққа алып жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.03.2014 жылғы №198 қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды ескеру қажет. («Егемен Қазақстан» 2014 жылдың 22 сəуірінде №77 (28301) жəне «Казахстанская правда» 2014 жылдың 22 сəуірінде №77 (27698 – газеттерінде жарияланған) 2) Электрондық сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 2014 жылғы 12 мамырда аяқталады. Анықтама телефоны: 8 (7292) 421657.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 19 сəуірдегі № 76 (28300) санында жəне «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 19 сəуірдегі № 76 (27697) санында жарияланған 2014 жылдың 14 мамырында электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізеді: 1) 2014 жылдың 3 мамырынан бастап қатысушы ретінде тіркелу үшін жəне электрондық аукционға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды (2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (28301) «Егемен Қазақстан» жəне 2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (27698) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) ескере отырып басшылыққа алу қажет; 2) Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де аяқталады. Анықтама телефондары: 8 (7162) 256556, 254715.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Семей филиалы «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 16 сəуірдегі № 73 (28297) санында жарияланған 2014 жылғы 14 мамырда электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізеді: 1) 2014 жылдың 3 мамырынан бастап қатысушы ретінде тіркелу жəне аукционға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды (2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (28301) «Егемен Қазақстан» жəне 2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (27698) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидаларын басшылыққа алу қажет; 2) Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де аяқталады. Анықтама телефондары: 8 (7222) 568265, 566170.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТҮЗЕТУ!

«Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 16 сəуірдегі № 73 (28297) санында жəне «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 16 сəуірдегі № 73 (27694) санында жарияланған 2014 жылғы 6 мамырда электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізеді: 1) 2014 жылдың 3 мамырынан бастап қатысушы ретінде тіркелу жəне электрондық аукционға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 198 қаулысымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды (2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (28301) «Егемен Қазақстан» жəне 2014 жылғы 22 сəуірдегі № 77 (27698) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидаларын басшылыққа алу қажет; 2) Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 5 мамырда сағат 10.00-де аяқталады. Анықтама телефондары: 8 (7282) 270712, 210002.

Ішкі конвертте үміткердің жап сы рылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтініштер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттері нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің депозиттік шотына енгізіледі, ИИК KZ790705012170167006, БИК ККМFKZ2A, БСН 120340000064, КБе 11, мекеме коды 2170167, КНП 171. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жасалады. Тендер өткізу туралы хабарлама ресми жарияланған күнінен бастап тендер нысанымен танысу үшін барлық сұрақтар жəне тендерлік құжаттаманы алу бойынша Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалына мына мекенжайға хабарласу керек: Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 114, 25 жəне 26-бөлмелер. Анықтама алу телефондары: 267-70-26, 267-70-50. Тендер қатысушыларын тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде, яғни 2014 жылғы 14 мамырда сағат 11.00-де аяқталады.

ХБА аккредитациялары мен рейтингтері: ҚР БҒМ Ұлттық аккредитациясы, АМВА халықаралық аккредитациясы (Association of МВА’s, UK), Бизнес білім берудің сапасы саласындағы IQA CEEMAN Еуропалық институционалды аккредитациясы (Орталық жəне Шығыс Еуропаның халықаралық менеджмент қауымдастығы), 2008-2013 жж. Қазақстандағы №1 бизнес білім беретін жоғары оқу орны (EDUNIVERSAL халықаралық рейтинг агенттігі)

Халықаралық Бизнес Академиясы кафедра меңгерушілері лауазымдарына конкурс жариялайды: Маркетинг, мейрамхана жəне қонақүй бизнесі Жалпы білім беретін пəндер  Экономика жəне логистика  Тілдік пəндер  Бағалау, есеп жəне аудит  Менеджмент жəне кəсіпкерлік  Ақпараттық технологиялар  Іскери əкімшілдік Үміткерлерге қойылатын талаптар: Ғылыми дəрежесі: ғылым докторы / кандидаты, PhD докторы; Төменде аталған:  үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) меңгерген,  іскер, озық ойлы, өзін-өзі дамытуға қашанда дайын,  кəсіпкерлік пайымы бар кандидаттарға басымдық беріледі. Конкурсқа қатысуға жіберілетін құжаттар конкурс туралы БАҚ бетінде жарияланған күннен бастап отыз күн бойы қабылданады Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар тізімі www.iab.kz/ сайтында көрсетілген. Конкурсты өткізу жөніндегі комиссия конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды 2014 жылдың 25 сəуірінен бастап 24 мамырға дейін (17.00-ге дейін) қабылдайды. Құжаттар мына мекенжайға жіберілсін: 050060, Алматы қаласы, Розыбакиев к-сі, 227, тел. 302-21-39.  

«РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Рахат» АҚ Директорлар кеңесі өз акционерлеріне 050002, Алматы қ., Зенков к-сі, 2-а мекенжайы бойынша жылдық жалпы жиналыстың шақырылғанын жəне 2014 жылғы 27 мамыр күні сағат 16.00-де келесі күн тəртібі бойынша өтетінін хабарлайды: КҮН ТƏРТІБІ: 1. Жиналыстың күн тəртібін бекіту туралы. 2. Директорлар кеңесі мен Қоғам басқармасының 2013 жылғы жұмысы туралы есебін бекіту туралы. 3. Қоғамның аудит тексерісінен өткен 2013 жылғы жиынтық қаржылық есебін бекіту туралы. 4. Қоғамның 2013 жылғы таза табысын бөлу тəртібін бекіту туралы. 5. «Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережесіне өзгеріс енгізу туралы. 6. «Рахат» АҚ-тың Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілдігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 7. «Рахат» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау жəне Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу көлемін белгілеу туралы. 8. Қоғамның жəне оның қызметтік тұлғаларының əрекетіне қатысты акционерлердің өтініштері жəне олардың 2013 жылғы қаралу қорытындысы туралы. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – сағат 14.00. Акционерлерді тіркеудің аяқталу уақыты – сағат 16.00. Жиналмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жылдық жалпы жиналысы аталған мекенжай бойынша 2014 жылғы 28 мамырда сағат 16.00-де осы күн тəртібімен өткізіледі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлер тізімін құру күні - 2014 жылғы 15 мамыр. Акционерлер күн тəртібі бойынша материалдармен 2014 жылғы 16 мамырдан бастап сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Қоғамның мына мекенжай бойынша орналасқан ғимаратында таныса алады: Алматы қ., Зенков к-сі, 2а. Анықтама телефоны: 258-47-14.

«Лесозащита» ЖШС мен «МВ-GOLDEN ASTANA» ЖШС арасында 2010 жылғы 11 қазанда жасалған №25/ЛЗ жер телімін айырбастау туралы шарттың түпнұсқасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.

Шорахаз КҮЗЕНБАЕВ Үстіміздегі жылдың 23 сəуір күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, «Silk Way» компаниялар тобы директорының орынбасары Шорахаз Күзенбаев 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Шорахаз Күзенбаев 1972 жылы Қазақ политехникалық институтын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы Қазақ мемлекеттік қоғамдық мақсаттағы сауда жəне өнеркəсіп объектілерін жобалау институтында еңбек жолын бастады. Ол 1993 жылға дейін саналы ғұмырын əлеуметтік-мəдени ғимараттар құрылысын салуға арнады. 1993 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде құрылыс жөніндегі сарапшы қызметін атқарып, шетелдік құрылыс компанияларында да жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап «Silk Way Construction» ЖШС атқарушы директоры болды. 2009 жылдан өмірінің соңына дейін «Silk Way» компаниялар тобы бас директорының орынбасары лауазымын атқарды. Өндірісте қол жеткізген жоғары жетістіктері мен нəтижелері үшін көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды.

Шорахаз Кү зен баев бауырмал əрі мейірімді абзал жан еді. Қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленіп жүретін. Достары мен əріптестері оны əрдайым мақтаныш тұтатын. Өйткені, Шорахаз Күзенбаевтың болмыс-бітімі ерекшеленіп тұратын. «Silk Way» компаниялар тобы Шорахаз Күзенбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Айтулы азаматтың жарқын бейнесі оны білетіндердің жадында ұзақ сақталады. «Silk Way» компаниялар тобының ұжымы.

Утерян сертификат ЕНТ 2004 г. выданное на имя Акматова Данияра Дайырбековича считать недействительным.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты мен Магистратура жəне PhD докторантура институтының ұжымы филология мамандықтары кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Райхан Есбергенқызы Дабылтаеваға əкесі ЕСБЕРГЕННІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

В связи с утерей передаточного акта по договору долевого участия ЖК «Кыпшак» № 217 от 16 апреля 2006 года выданное 27 марта 2012 г. на имя Досмаганбетовой Рысхан Кожабековне считать недействительным.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты баспасөз орталығының жетекшісі Мырзахан Рахманбердіұлы Ахметовке ағасы Əзімбек РАХМАНБЕРДІҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


 Өнеге өрнектері

 Туыстық туы Оңтүстік өңірлер бойынша тілші қызметін атқарған жылдарда мəнді де дəмді дүниелерімен қалың оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген белгілі қаламгер Мархабат БАЙҒҰТ таяуда «Егемен Қазақстан» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болып тағайындалды. Біз бүгін жазушы-журналистің жаңа қызметке кіріскелі бері жазған алғашқы мақаласын жариялап отырмыз.

Алпысыншы жылдары Алматыңыздың апорты ғана емес, барлық алмасы талайларды таңғалдырар еді. Тамсандырар еді. Жиырмасыншы ғасырыңыздың сол алпысыншы жылдарында армандар ақтарылған ару Алматыда абитуриент, сонсоң студент болғандар қолдарына алма алып, құшырлана иіскеп жүретін. Ғашықтар бір-біріне басқа нəрсе емес, алма сыйлайтын. Қазақтың маңдайындағы жалғыз университеті – КазГУдің, сондай-ақ, КазПИ-дің жəне ЖенПИ-дің студенттері көкмайса Алатаудың бөктерінде «Горный гигант» дейтұғын кеңшардың тау баурайларындағы бауларынан алма жинайтын-ай. Шəмшінің, Нұрғисаның, Əсеттің əндерін əуелете шырқай жүріп... Алматыңыздың апортынан, Алматыңыздың алуан-алуан алмасынан кейін Шерағаң (Шерхан Мұртаза) Түркібасы деуден танбайтын Түлкібастың алмасы, Түлкібастың апорты айрықша аталатын. Алатау мен Қаратаудың түйіскен төріндегі Түлкібастың таңғажайып табиғаты Алматыңыздың тау жағына айнымай ұқсайды ғой. Шыршасы азырақ демесеңіз. Алайда, аршасы басым. Алмасы кейде Алматыңыздан асып түсетін. Мұнда Мичурин атындағы алма-жүзім кеңшары бар-тұғын. Одан өзге де ауылдарда – Шақпақбабада, Ақбиікте, Жабағылыда, Майлыкентте, Күмісбастауда, Кемербастауда, Көктеректе, Жаскешуде, Таупістеліде, Келтемашат пен Ұзынмашатта апортыңыз бастаған қазақтың қызыл алмасы, қымыз алмасы, ақ алма, сары алмалар самсап тұратын. Бəріңіз білесіздер, Түркісіб теміржолымен, сондай-ақ асфальт жолмен ерсіліқарсылы ағылып жататын пойыздағылар мен автобустағылар, тағысын-тағы темір көліктегілер міндетті түрде Түлкібас стансасынан, өзге де бекеттер мен аудан орталығынан, Жібек жолының бойындағы ауылдардан алма алып тұрып, тамсана таңдай қағар еді. Бертініректе барлығы өзгерді. Алма бақтар азайды. Сұрыптар азды. Бұйрабұйра баулардың бəрі дерлік сусыз қалып, қурап кетті. Жүзімдіктеріңіз жойылды. Тамылжыған Түлкібасыңыз алмасыз ауданға айналмаққа таянды. Кенет күлкілі нəрсе пайда болды. Стансалар мен бекеттерде, тасжол трассасы бойындағы ауылдарда сауда-саттық қатарлары, бүркеншік күркелер көбейіп, жыпырлап жөнелді. Сол жыпырлаған қалқалар мен үйшіктердің маңдайшаларында «Түлкібастың алмасы» деп жазулы тұратын. Жүздеген жазулар! Оншақты жыл осылайша əлдебір жақтардан əдейі əкелінетін, Түлкібасыңыздың текті алмасына он қайнаса сорпасы қосылмас, дəмділігі үйлеспес, тəттілігі ұқсамас өтірік өнімдер сатылды-ай келіп. Асқар осы жағдаяттардың бəріне қатты күйінетін. Ойланатын. Толғанатын. Нақтылы іске құлшынатын. Асқар Аңқашұлы Төлешев туралы Шақпақбаба ауылы айналасында, Түлкібас төңірегінде ғана емес, бүгінде бүкіл Оңтүстігіңізде – алтын құрсақты аймағыңызда аңыз аз айтылмайды. Асқар Төлешев десе, ел елең ете қалады қазір. Ол кім еді? Төлешев – Түлкібастың түлегі. Шерағаң апта сайын түсімде көремін дейтін АқсуЖабағылыға жалғасатын Шақпақбаба ауылында туып-өскен. Ғарышыңызға Гагарин ұшқан жылы дүниеге келген. Сегізжылдықты бітіре сала бетоншы боп кеткен. Он беске аяқ баса бере еңбекке араласпаса болмайтын еді. Əкеден тым ерте қалған. Шиеттей бала-шағаның ішіндегі үшіншісі еді. Əскерге əкетті. Келе сала көлік жүргізді. Алты жыл бойы. Агробизнес колледжін бітіріп, Мичурин атындағы кеңшардың жеміс сақтау мекемесінде жұмыс істеген. Ауданның тозғанын, алманың азғанын уайымдап, қаттықатты ойға берілетін. Ақиқатын айтатын, алған бетінен қайтпайтын. «Түлкібас алмасының атағын қайта қалпына келтірмесек, азамат боп жүрудің қажеті жоқ!» деп мағлұмдады. Беделді басқосуларда. Жиын-жиналыстарда. Жүздесулерде. Басшылар мен депутаттардың кездесулерінде. Жұртшылық 2003 жылы Төлешевті аудандық мəслихаттың депутаттығына сайлады. Сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын Асқарыңыз «Көктал» шаруа қожалығын

Асќардыѕ алтын алмасы Ол – Тїлкібастыѕ тамсандырар бренді

Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан».

құрып, алға қойған мақсатын жүзелеуге кіріскен. Кедергіні де, күншілдікті де көп кездестірді. Қайтпады. Жəрдемдесушілер де аз емес-ті. Аудан басқарғандардың ішінен Дархан Мыңбай мен Қайрат Əбдуəлиев алма өсіретін жерінің көлемін кеңейтуге көмектесті. 2006 жылы Майтөбе (бұрынғы Мичурино) ауылында сыйымдылығы 2000 тонналық алма сақтайтын қойманы іске қосты. «Түлкібас жеміс-жидектері» мекемесін ашты. Осылайша туған төрінің алмасын қайта оралту орайындағы тірлігі биіктерге бастады. Алайда, қаншама қажыр-қайрат, күш-жігер, еңбек жұмсалды десеңізші! Түлкібас ауданының қазіргі əкімі Қайрат Əбдуəлиев былай дейді: – Асқар ағамыз ақжүрек, адал, ақпейіл адам еді. Азамат еді. Ауыл шаруашылығының қай-қандай саласы да тоқырап, талаурап, құлап, құлдыраған кезеңде батыл қадамдарға барды. Алғаш жиырма бес гектар жерден, ешқандай да қолдаусыз, көмексіз, өз күшімен бастады. Субсидия деген нəрсе атымен жоқ қой ол кезде. Жиырма жылдан бері алма өсірумен айналысып, ауылға, ауданға ғана емес, бүкіл облысқа даңқы жайылып үлгерген үлгілі еңбек иесі болатын. Өкінішке қарай, өмірден өте ерте кетті. Тоңазытқыш мəселесін де Асқар Төлешев бірінші боп көтерді. Кəсіпкерлік көрегендігіне таңғаласың. Өзім ол кісіге 56 гектардай жерді қосып беруге əсер еткеніме қуанамын. Кезінде субсидия да алмастан, кепілдікке үй-жайларын қойып жүріп-ақ талай тірлік тындырды. Өткен жылы 210 гектар баудан 2000 тонна алма жинаған еді. Ол өнім тоңазытқышта сақталып, кейіннен өте жоғары сұранысқа ие болды. Тез өтіп кетті. Асекең перзенттерін де еңбекке баули білді. Үлкен ұлын ауылшаруашылық мамандығына, кіші ұлын өнім сақтайтын тоңазытқыш мамандығына оқытты. Қалай өсіру, өндіру, қайтіп сату, қайда сату жолдарын да үйреткен. Нағыз əулие адам деуге болады ол кісіні. Атақты ақ алма, қызыл алма, алтын алма деген сұрыптардың МайлыкентТүркібасы-Шақпақ өңірінің бренді екенін дəлелдеп кетті. Шіркін, қазақта осындай ерен еңбек иелері, адамдық қасиеті жоғары, таза, адал, ақиқатты кімге, қайда болса да қаймықпай, ашық айтатын азаматтар, сөзі мен ісі бір жерден табылатын тұлғалар көп болса ғой деп армандайсың... Иə, Асқар Төлешев туралы тебіренбей сөйлейтіндер жоқ сияқты. Бұл аймақтың ардагері де, орта жасарлары да, жастары да тау баурайларын бауға бөлеген бағбан тұлғаны сағына еске алады. Көршісі, ақ желеңді абзал дəрігер Ақсұлу Күзембаеваның

пікірі төмендегіше: – Менің бұл шаңырақпен көрші болып келе жатқаныма жиырма жылға жуықтады. Асқар талай мұңды бірге ақтарып, талай қуанышқа ортақтасқан жан досым болатын. Екі үйдің балалары да тете өсіп, бірге мектепке апардық. Тілі емес, іскерлігі алда жүрді. Оның əділдігі кез келген тауды бұзып шығатын. Əділдікке тауды айналып барып-ақ жетуге болады ғой. Жоқ, ол мен тіке, қасқайып барып жарамын дегенінен танбады. Депутат сайланбай тұрып-ақ, ауылдағы біршама отбасы оның шапағатын көрді. Көшет сатып алса, бауы ескірген үйлерге де ала келу əдеті еді. Жолда өтіп бара жатып, дұрыс бұталмаған немесе өспей қалған жеміс ағашын көрсе, лезде сол аулаға кіріп кететін де, əп-сəтте реттеп беретін. Мұнысын ешқашан, ешкімге міндет етпейді де. Қалтасында он сомы болса, бес сомын міндетті түрде біреуге бөліп бергісі келіп тұратын жомарт тұлғаның өзі еді Асқар. – Рас-рас, осы ауылдың кез келген тұрғынын тоқтатып, Асекеңнің қандай азамат болғанын сұраңызшы. Егер де біреуі теріс көзқарас білдірсе, мына мені өтірікші санаңыз. Ол қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жанымен ұғынып, əділдік жолында күресетін адам еді. Бүкіл Қазақстанда кездеспейтін алма бауын өсіргені үшін үлкен марапатқа ұсынбақ болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов былтырғы тізімді қарап отырып: «Алма бағбаны Төлешев неге жоқ?» – депті. Сөйтсе, ол екі-үш жыл бұрын «Шапағат» медалін алған екен. Бес жылсыз қайтадан мемлекеттік марапат берілмейді ғой. Асқар сияқтыларға жыл сайын орден берсе де жарасар еді-ау. Құдай қосқан қосағы, сүйікті жары Айшакүл айтады: – Өмір бойы биіктігімен, асқақтығымен тамсандырып, таңғалдырып өткен Асқарым туралы естелік айту ауыр. Мен онымен 19 жасымда жұптастым. Табаны күректей отыз жыл ішінде ыстық-суықты бірге бөлістік. Асқардың асу алмай қоймайтын табандылығы мен еңбекқорлық қасиеттерінің қалыптасуына өзінің өмір жолында көрген қиындықтары көп əсер етті. Бір-бірімізге демеу болып, бəрін басынан бастаған болатынбыз. Бейнетті бірдей көрген адамдар оны көтерерде де бірігуге даяр тұратыны өмір заңдылығы емес пе? Алғашқы қадамын 2002 жылы Шақпақбаба ауылындағы бауға апаратын жол салудан бастады. Өзіміздің тірнектеп жинағанымыз бен жора-жолдастан қарызданып алған 70 мың доллар қаржының бəрін 8 шақырым жолдың жөнделуіне жұмсадық. Меркеден арнайы көшеттер əкеліп, 25 гектар жерге шаншып шықтық. Көңілімізде алай-дүлей қорқыныш. Қалай болар екен? Өнеді ме? Өнбейді ме? деген сұрақтар маза берер емес. Алайда, Асқардың күдігінен гөрі сенімі басымырақ екен. Онысын: «Айша, уайымдама! Бұл бақ

Елордада электр пойыздары ќатынайды

Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі Астанада электр пойыздары жүйесін құру жобасын қаржыландыруға уағдаласты. Бұл жоба астаналықтардың өмір сапасын арттыруға жəне қалаішілік қозғалысты жылдамдатуға мүмкіндік береді.

15

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

Қазірдің өзінде елордамызда Smart Astana(«Ақылды қала») жобасы іске асырыла бастады. Бұл заманауи технология бойынша жүзеге асатын жобаның алғашқы кезеңінде екі бағыт – «Қауіпсіз қала» жəне «Интеллектуалдық көлік жүйесі» жобасы қолға алынады. Ал, 2017 жылға дейін «Ақылды қала» жүйесі толығымен іске асырылады. Smart Astana жобасы еуропалық «ақылды қалалардың» үлгісі бойынша əзірленді. Жоба нəтижесінде қалада өмір сапасы артып, инфрақұрылым жақсарады, қоғамдық қауіпсіздік оң шешімін табады. Айталық, «Интеллектуалдық көлік жүйесі» аясында «ақылды бағдаршамдар» пайда болады. Бұл жүйе жолдарда көлік кептелісін болдырмайды. 2014 жылдың өзінде осындай 42 бағдаршам Сарыарқа,

Тұран, Қонаев, Достық, Сарайшық, Сығанақ көшелерінде орналастырылады. Жоба бойынша əсіресе, қоғамдық көлік құрылымын дамытуға айрықша назар аударылады. Қалада жеңіл рельстік көлік жүйесі құрылысы басталып, арнайы үлкен автобустар іске қосылады. Олар бейнебақылау, жүргізушіні қадағалау басқа да сақтық құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Көшелердегі жол қозғалысы сурет-бейне тəркілеу жүйелерімен жасақталып, қозғалыс ережесін сақтау автоматты түрде бақыланатын болады. Барлық ақпараттар нақты уақыт режімінде арнайы жедел басқару орталығына түседі. Көшелерде орталық операторларымен шұғыл байланыс жəне анықтамалық ақпараттар алу терминалдары орнатылады.

əлі өсіп шығады. Көрмейсің бе, қаншама жылдан бері қараусыз тұрған мына өрік жыл өткен сайын жемісін молайтып келеді. Мен мұны жердің дарқандығы деп санаймын. Сондықтан да, дəл осы орынды біздің болашақ бауымызға лайық деп шештім» деп, аса бір рухты дауыспен айтқанда сезіндім. Жас шыбықтарды сəбиден кем күткен жоқпыз. Аязды күндері таңға дейін ұйқымыз төрт бөлінеді. Асқар мұндай күндері баудан бір қадам алыстамайды. Əрекет етсең, Алланың берекетін қайтаратыны шүбəсіз. Бірте-бірте жемістің дəмін тата бастадық. Алма бір жылы жеткілікті өнім берсе, келесі жылы сараңдық танытады. Уақытында жанұшырып жүріп, қарызға алған тоңазытқыштар мен өзге де техникалардың шығынын жабуға шамамыз жетіп қалған еді. Өткізу жағы оңайға соқпады. Алмаларды түртүрімен бөліп, вагонға артып, Ақтөбеге дейін жеткізіп саттым. Асқар қойманың тірлігімен мұнда қалады. «Жергілікті, ешқандай қоспасыз тəтті алма» десем ешкім сенбейтін. Ал бүгінде көздері жетіп, алма Түлкібастың брендіне айналып үлгерді. Ең үлкен жетістігіміз, былтырғы жылы 210 гектар баудан 2000 тонна алма жинағанымыз. Бір кездегі арманымызға арада талай жылдарды еңсеріп барып жеттік. Асқардың сонда құдды жас баладай мəзмейрам болғаны көз алдымда көлбеңдей береді. Қайтыс боларынан бір күн бұрын семейлік жазушы əрі менің ағам Талғат Кеңесбаевты жолдастарымен пойызға шығарып салуға кеткен. Сол кісі Семейге жетпей, жарты жолда қайғыны естіді. Екеуі қоштасарда Асекең көз жасын тыя алмаған көрінеді. Сол жылаған күйі пойыз кеткенше қолын сермеп қала беріпті. Шіркін-ай, екеуміз дұрыстап бір қыдырып та көрмеппіз. Алма бақтан басқа жаққа... Асқарымның аты да, ісі де өлмейді. Бейбіт бастаған бала-шағалар əкелерінің тірлігін жалғастырып жүр. Шүкіршілік... Ел-жұрт риза. Алла разы болсын. Төлешевтің текті оғланы, əкенің ізгі ісін алға апармаққа құлшынған Бейбіт Асқарұлы Алатау мен Қаратаудың түйіскен төрінде, Құлантаудың бауырында, Шақпақбаба ауылында жүргенде былай толғанады: – Ол мені үнемі баққа ертіп апаратын. Түрлі ішкі сырларымыз да осы жерде айтылады. Ешкімге тиіспе, тиіскенді аяма деп үйретті. Тек қана алға жүруді, қайратты болуды қатаң талап ететін. Өзіне де талай рет жала жабылды. Шыншылдығының арқасында ақ екенін дəлелдеп шықты. Алғаш агроном бол дегенінде қаламадым. «Жұрт оқып жатқан заңгер, экономисті таңдап, өмір бойы өз басыңның есебін түгендеумен шаршап өтесің. Ағаш егіп, жеміс беру – сауапты іс. Əрі бұл бұдан былай біздің əулет ұрпақтарының негізгі кəсібіне айналуы тиіс», деп ойландырды. Хадисте «Бақшадан желінген əр жемістің сауабы иесіне жазылады. Ол о дүниеде сауапқа ие болады. Ал тойхана, ойынхана сынды орталықтардан ішілген əр шөлмек шараптың зияны қожайынға күнə боп жазылады. Ол ақыретте жаны жəй таппай, қиналады» делінген. Əкемнің тілін алғаныма өкінбеймін. Əкем бар кезде көзге ілмейтін тірліктің бəрінің оңай емес екеніне біртіндеп көзім жетіп келеді. Мұның бəрін бізге білдіре бермейтін. Барынша қамтамасыз етіп, шетелдермен тəжірибе алмасуға жағдайымызды жасады. Соның арқасында Чехия, Германия, Австрия сынды ірі мемлекеттердің озық əдістерін көріп қайттық. Осы жылы өзіміздің алмалардан өндірілетін табиғи шырын дайындау цехын ашу басты жоспарда болатын. Барлық шетелдік компаниялармен келісімшартқа тұрдық. Алла қаласа, келесі жылы осы істі аяғына жеткіземін. Университетте үйренбеген тəжірибелерді əкемнен көріп, талай жерде таңғалдым. Əкенің ақылы мың жылға азық деген осы. Түсіме жиі кіреді. Өткен жолы маңызды деген дəрі миллион теңге қаржыны қажет етіп, кейін алатын болып шешілген. Бір күні қараусыз тұрған қоймаға кіріп, беті жабылған жəшіктердің не екенін ашып, қарай салсам, жаңағы ауадай қажет болған дəрілер тұр. Өз көзіме өзім сенбедім. Бейне бір тірісінде сезгендей тығып кеткенін қарасаңшы! Бауды суықтан сақта, уақтысында дəрі сеп, құрт түседі деп ылғи түсіме кіріп жүр. *** Түлкібас төрлерінде, тау бөктерлерінде ғана емес, Оңтүстік өңіріндегі талай аймақтарда айтулы бағбан Асқар Төлешевтен тағылым алушылар аз емес. Қазақтың қызыл алмасы, ақ алмасы, сары алмасы, ғылыми атаулары айқын алуан алмалар, апортыңыз бен алтын алмаңыз Асқардың бейнетімен жайқала түскен. Əкелерінің жеңісті жолын жемісті жалғастырып жүрген пайымды перзенттер, парасат биігіне ұмтылған ұландар бар. Ұрпақтар сабақтастығы – осы. «Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік» дейді қазақ. Асқардың Алтын Алмасы! Ол – Түлкібастың тамсандырар брендіне айналды! Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жедел басқару орталығының құрылысын 2014 жылы салу жоспарланған. Ғимарат алаңы 5300 шаршы метрді құрайды, төбесіне ғимаратты жарықтандыратын жалпы алаңы 600 «шаршылық» күн сəулесінен нəр алатын құрылғы қойылады. Орталыққа деректерді табыстау желісі арқылы онлайн режімінде қоғамдық қауіпсіздік, коммуникациялар, қалалық қызмет көрсету, көліктік кептелістер, кəсіп орындар жұмысы туралы ақпараттар түсіп тұрады. Онда 200ге жуық адам жұмысқа тартылмақ, олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарға басымдық беріледі. Электр пойыздары жүйесі – Астана əуежайынан қала орталығына дейінгі 14 шақырымдық аралық; қала орталығынан Астананың солтүстік бөлігіне жəне орталық теміржол вокзалына дейінгі 8 ден 10 шақырымға дейінгі қашықтық;

жолды орталықта түйістіретін 18 шақырымдық аралық бағыттарын қамтиды. Негізінен электр пойыздары желісі қалаішілік қозғалысты жылдамдатуға жол ашатын заманауи трамвайлардан тұрады. Азия даму банкі Қазақстан Үкіметінің шақыруы бойынша жобаның дайындығын қамтамасыз ету жəне кешенді тексеру жұмыстарын жүргізу үшін техникалық көмек көрсететін болады. Сонымен бірге, жобаны жүзеге асыру үшін Азия даму банкі қажетті қаражат бөлді. Халықаралық кеңесшілер аталған жүйенің құрылысы кезінде қандай да бір қателікке жол бермеуге қолғабыс етеді, ал, Банктің ұзақ мерзімге берліген қаржысы жобаны қысқа уақыт ішінде, нақтырақ айтсақ, 2017-ші жылға дейін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Егемен-ақпарат».

Ќос халыќ арасын шайыр шыєармалары жаќындастыра тїсті Ел мен елді шекаралас көршілік, əртүрлі қарымқатынас, діл мен тек туыстығы ғана емес, аузы дуалы, еңселі тұлғалар мен рухани құндылықтар да жақындастыра түседі. Руханиятта шекара болмайтынын осыдан аңғаруға болады. Замана биігінен асыра айтылған асыл сөз, ғасырлар қойнауынан жаңғыра жеткен жасын жыр мен күмбір күй, тағылымды тұжырымдар өзін адамзатқа мойындатып, қанатты құстай кең көлемге шарлай жөнеледі. Ал оның иесі ортақ тұлғаға айналады. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қоңыр даланың құтты құндағы қатар тербеген қазақ пен түрікмен халықтарының да ортақ тұлғалары аз емес. Солардың бірі – ХVІІІ ғасырда өмір сүрген түрікменнің ұлы ақыны Мақтымқұлы Пырағы. Түркі жұртының айтулы ұлдарының бірі ретінде танылған, дүниеге философиялық көзқарасы мен шығармашылығы əр кезеңде ғалымдар тарапынан талданып-талқыланып бағаланған ақынның шығармаларын Ғ.Орманов, Ғ.Қайырбеков, Д.Қанатбаев қазақшаға аударып, оқырманға ұсынды. Бұған дейін əзербайжан, түрік, парсы, башқұрт, татар тілдеріне аударылған оның шығармалары қазіргі таңда тұңғыш рет қытай, корей тілдеріне аударылуда. 1733 жылы дүниеге келген ақынның 290 жылдығы бұған дейін Қытай, Жапония, Өзбекстан, Əзербайжан мемлекеттерінде аталып өтілді. Бұл мерейтой жуырда, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясы қарсаңында Ақтау қаласында «Мақтымқұлы Пы рағы мұраларының руханитанымдық негіздері» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция түрінде өтті. Ал алдағы уақытта мəдени-танымдық, рухани кештер Алматы, Астана қалаларында, сонан соң Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жалғаспақ. Ұлттар достығын басты бағыт ретінде ұсынған Мем ле кет басшысы Н.Назарбаев «Қа зақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында «тек басқа ұлттармен жарастықта ғана біздің еліміз болашақта табыс пен ықпалға қол жеткізе алады. XXI ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс» десе, биылғы Жолдауында отыздыққа ену идеясын ұсынды. Елбасының этносаралық қатынас, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы тапсырмаларына сəйкес Ақтау қаласының əкімдігі, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП Ақтау қалалық филиалы «Бір шаңырақ астында» əлеуметтік жобасын жүргізіп келеді. Өткен жылы достыққа ұйыса түсетін бірнеше шараларға негіз болған ол бүгінде жұрт тарапынан қолдау тапқан ірі жобаға айналды. Түрікмен шайыры шығармаларына арналған тағылымды конференцияның бастамасы да аталмыш жобаның ісшаралар жоспарында жатыр. Түрікменстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі М.Ак мурадов, Қазақстан Республикасының Түрік менстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі О.Нұрбаев, Ақтаудағы Түркия, Түрікменстан, Əзербайжан жəне Иран Ислам Республикаларының бас консулдары, Түрікменстан Республикасы Ғылым академиясының өкілдері, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, зиялы қауым, ардагерлер, ғалымдар, ақын-жазушылар, мемлекеттік орган басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысқан конференцияны ашқан Ақтау қаласының əкімі Е.Жаңбыршин «XXI ғасырдың көкжиегінде тұрып, бүгінгі жаһандасу үрдісі, өркениеттер мен мəдениеттер арасындағы қарымқатынас, əлемдік нарық ұсынған саяси-экономикалық жаңа

парадигмаларға сүйене отырып, біз жан-жақты ықпалдасу, сансалалық үйлесім мен жарасымнан басқа жол жоқ екендігін тағы бір мəрте терең ұғынамыз. Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігін алған жылдардан бастап, оның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың мемлекеттің сыртқы жəне ішкі саясатын ұлтаралық келісім, татулық, бірлік секілді құндылықтарға негіздей отырып жүргізуінің куəсі болып келеміз», деп достық пен келісімді ту еткен елдік ұстаным мен бағыт-бағдар туралы тебірене жеткізді. Конференцияда Мақтымқұлы Пырағының рухани мұраларына жəне түрікмен халқының ұлттық құндылықтарына арналған көрме жасақталып, деректі фильмдер көрсетілді. Ақынның шығармашылығы мен қазақ-түрікмен əдебиетіндегі өзара үндестіктер жайында баяндаған Түрікменстан Республикасының Ғылым академиясы Мақтымқұлы атындағы Тіл жəне əдебиет институтының директоры Қ.Қиясованың, осы академияның халық шығармашылығы бөлімінің жетекшісі Г.Кумманова мен аспирантура бөлімінің жетекшісі А.Сапаргелдиевтің, қолжазбалар бөлімінің ғылыми қызметкері О.Оразовтың, Сырдария университетінің доценті Б.Қорғанбековтің, Ш.Есенов атын дағы КМТжИУ оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Нұрдəулетованың баяндамалары тыңдалды. Шайыр шығармаларының рухани-танымдық астарының түркі руханияты əлемінен алатын орны туралы салмақты баяндамалар мен салиқалы пікірлер айтылған конференцияда оны жастар ортасында насихаттау үшін Ақтау қаласындағы жоғары жəне орта білім беру орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тақырыптық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді тұрақты ұйымдастыру, студенттер мен оқушылар арасында дəстүрлі Мақтымқұлы Пырағы оқуларын ұйымдастырып, шығармашылық конкурстар, əдеби-сазды кештер өткізу айтылды. Бауырлас елдің классик ақынының шығармаларымен қазақ оқырмандарын кеңірек таныстыру мақсатында ақын мұраларының қазақ тіліндегі толық аудармасын басу, зерттеушілердің Мақтымқұлы Пырағына қатысты ғылыми мақалаларын БАҚ, интернет-ресурстарында кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу қажеттігі назарға ұсынылды, сондай-ақ Мақтымқұлы мұралары мен қазақтың көрнекті шығармашылық өкілдерінің шығармаларындағы үндестікті көрсететін əдеби зерттеулер жүргізу, қос халықтың ұлы тұлғаларына арналған ғылыми конференцияны Ақтау қаласында жəне Түрікменстан Республикасында кезектесіп өткізіп тұру туралы ұсыныстар болды. Мұның бəрі өзара достықты тереңдете түсу, қазақ-түрікмен халықтарының мəдени-рухани тұтастығын насихаттау, келер ұрпақ санасына ізгі сабақтастықты сіңіруге қызмет ететін болады. Ұлт пен ұлтты жарастыратын əрбір шара – мемлекеттердің іргесінің берік тігіне, бол а шағының баяндылығына, дамуының қауіпсіздігіне жасалған қадам. Маңғыстаудағы барлық ұлттар өкілдері атсалысып, үн қосқан ғылыми конференция да осы үдеден көріне білді. АҚТАУ.


16

www.egemen.kz

25 сəуір 2014 жыл

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Риддер қаласында жерасты шахтасының үстіңгі қабаты опырылып, алып қазаншұңқырға сіріңкенің қорабындай аунап түскен үй тұрғындарды үрейлендіргені белгілі. Қазіргі таңда қала жұртшылығы, əсіресе, апат болған аумақтың отбасылары көңілдерін билеген қорқыныштан біртіндеп сейіле бастады. Мұны Риддерге барған сапарымызда аңдадық. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

Оқиға орын алғаннан бергі екі аптадан астам уақытта бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды. Бүгінде алып қазаншұңқырдың ернеуі толық толтырылған. Қыртысты бекіту үшін оған бетон құйылған екен. Жер астында 5 көлбеу тірек жүйесі орнатылыпты. Бүгінде алтыншысы жасалып жатыр. Салмақ жағдайын тексеру бағытында қосымша бақылауға арналған бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 629 метр аумақ бұрғыланған. Бұл жұмыс та жалғасын табуда. Ауданда жердің беткі қабатының жағдайына мониторинг жасауға арналған екі бақылау стансасы орнатылды. Кеніштің иесі саналатын «Қазцинк» ЖШС мен қала əкім дігі арасында меморандум қабылданды. Осы құжатқа сəйкес кəсіпорын апат аумағындағы үйлер орналасқан Алқап көшесін жарықтандыру, жол салу жəне көріктендіру жұмыстарын жүргізуге уəде берді. Қазірдің өзінде Өзен көшесі бойына қиыршық тастан жол төселсе, Алқап көшесінің

бойымен «Речной» дүкеніне дейін 19 көше шамы қойылған. Ал жабылған қазаншұңқыр аумағының үстінде балаларға арналған ойын немесе спорт алаңын салу жоспарланып отыр. Мұны түпкілікті шешуді компания тұрғындардың өз таңдауына қалдырыпты. Компания жетекшілерінің айтуынша, үйінен айырылып, апаттан зардап шеккен отбасына екі үй беріледі. Олар пəтерге қажетті жиһазға өздері таңдау жасады. Қазір толтырылған қазаншұңқыр маңайында орналасқан ғимараттарға қауіп төніп тұрған жоқ. Арнайы құрылған комиссия техникалық тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр. – Аумақты толығымен қауіпсіз деп тану үшін білікті геология мамандары жұмыс істеуде. Қауіпті аумақ орнында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бар топ құрылған. Сондай-ақ, Риддер қаласы əкімдігімен келісе отырып, тəуелсіз консалтинг компаниясымен аумақтағы үйлерді бағалау жүргізіліп жатыр. Консалтинг фирмасы əр үйге қандай деңгейде зақым келгенін анықтап, өздерінің техникалық сипаттамасын береді,

– деді «Қазцинк» ЖШС вицепрезиденті Андрей Лазарев. Компания өкілдері оқиға орын алған күннен бері тұрғындардың бастамашыл тобымен күн сайын кездесіп, сарапшылармен тығыз жұмыс жүргізгендерін жеткізді. Олардың айтуларынша, 16 учаскенің ішінде қауіпті аумаққа 11 үй мен 1 дүкен жатқызылған. Ал қалған 4 учаскеде тұрғын үй жоқ. Бүгінде қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар өз үйлеріне оралып жатыр. «Қазцинк» профилакторийінде өз үйіне оралуға жүрексініп отырған 5 отбасы қалыпты. Олардың денсаулығы мен тамақтануы жəне тағы басқа тұрмыстық мəселелерімен компания мамандары шұғылдануда. Тұрғындар кəсіпорын тарапынан 6 млн. 900 мың теңге көлемінде өтемақы алды. – Зардап шекккен тұрғындардың талап-тілегімен арнайы комиссия мұқият танысып, барлығын ескеруі тиіс, – деді апат салдарын жою жұмыстарымен танысу барысында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Облыс əкімі арнайы комиссия құрамында міндетті түрде жергілікті зардап шеккен тұрғындардың өкілдері болуы керектігін, аталған аумаққа қатыс ты арнайы бағдарлама дайындалатынын, жергілікті тұрғындарға қажетті инфрақұрылым мəселелері шешілетінін атап өтті.

ы є а у ш уір

Сə

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.

 Өңір өнері

Сарќылмас сарын Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Еліміздің жүрегі – Астана бүгінде түрлі халықаралық шаралардың бастамашысы ғана емес, сонымен қатар түрлі мəдени құндылықтарымызды дəріптеп насихаттайтын орталыққа айналуда. Бұған өңірлерде өнерге тер төгіп жүрген азаматтардың іс-əрекеті дəлел десек, сондай шығармашылық иесінің бірі ретінде Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-дирижер Назымбек Молдахметовті атаған жөн. Жақында күйші елордада «Думанды Тобыл» атты шығармашылық кешін өткізді.

Бүкіл саналы ғұмырын өнерге арнап келе жатқан жанның кешін Астана қаласы филармониясының халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі əрі дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов) сүйемелдеп отырды. Концерттің шымылдығын А.Жайымовтың «Думанды Тобыл» шығармасы ашты. Раздықтың күйі «Аңшының зары» өте шебер орындалды. Автордың өзінен бөлек өнердегі замандастары мен ізбасарлары да өз өнерлерін ортаға салды. Батырбек Байназаров Абыздың күйі «Толғауды» қобызбен тебірентсе, Жазира Қалиева Н.Тілендиевтің «Балапандарым» шығармасын сазсырнаймен керемет үлгіде жеткізді. Сондай-ақ, дарынды əншілер Жанатбек Кəдіров пен Гүлбану Абдуллина шырқаған Қалибек Дербісалдиннің «Қостанай» əні де тыңдарманды тамсантпай қоймады. Ермұрат Үсеновтің «Шақшақ Жəнібек» туындысы оркестрде тіпті құлпыра түссе, Айтбай Мұздахановтың «Қос Қарлығаш» күйін орындаған Анар Мұздаханованы да жиылған жұрт ерекше ілтипатпен қабылдады. Сұлтанбек Молдахметов орындаған Шал ақынның термесіне тыңдарманның риза болғаны соншалық, термешіден тағы бір терме сұрап залдан жібермеді. Концертті Құрманғазының «Адай» күйі қорытындылады. Кеш соңында сөз алған Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының директоры Александр Евсюков алғашқы кезекте Астана қаласы филармониясының халық аспаптар оркестріне өзінің шексіз алғысын айта келіп, киелі Торғай топырағынан түлеп ұшқан Назымбек Молдахметовтің шығармашылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол аталған шараға ұлы дала сазының сарқылмас көрінісі деп баға берді. –––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Апыр-ай!

 Қылмыс

Ішкені аќталуєа негіз емес

Мемлекетаралыќ іздеуде жїрген алаяќ тўзаќќа тїсті

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Ертіс ауылында белгісіз біреу қоғамдық орындарда орналасқан үш ақпараттық баннерді бүлдіріп, №1 орта мектептің сыртқы бейнебақылау камерасын ұрлап əкетіпті. Онымен қоймай, туберкулезге қарсы емдейтін аурухана, аудандық аурухана, балалар өнер мектебі, қазынашылық басқармасы сияқты əкімшілік ғимараттарда ілініп тұрған еліміздің Мемлекеттік туларын жұлып алыпты» деген хабарды естіп, «Айдың, күннің аманында Туымызды жұлдырып қарап отырамыз ба!» деп жұртшылық та елең ете түсті.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Сөйтіп, жедел-іздестіру ша ра лары барысында 1985 жы лы туған бұрын сотталған Фанис Ганиев деген ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қама лыпты. Ф.Ганиевтің өзі мұндай бейбастақтық, əрекетке мас кү йінде барғанын айтыпты. Осы ған орай, аудандық ішкі істер бөлімі Ф.Ганиевке қатысты еліміздің Мемлекеттік нышандарды қорлағаны үшін қылмыстық іс жəне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін əкімшілік өндіріс іс қозғады. Павлодар облысы, Ертіс ауданы.

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, Марал Таңат қанов деген азаматты ұстады. Ол алаяқтық жасауына байланысты айыпталып, мемлекетаралық іздеуде жүрген болатын. Марал Таңатқанов өзінің інісі Жанар Таңатқановпен жəне бірнеше туыстарымен сыбайласа отырып, алаяқтық жасаған. Олар қалада қиналып жүрген тұрғындардың сеніміне кіріп, алдап, олардың қозғалмайтын дүниемүлкін өзінің туыстарының атына жазып ала берген де, шетінен сата берген. Сонымен қатар,

олар əлеуметтік төлемақылармен де алаяқтық жасады деген күдік бар. Қазір бұл алаяқ топқа Қылмыстық кодекстің түрлі баптары бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды. Талайды сан соқтырған алаяқтар ісін тергеу үшін құрамында прокуратура, Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің, Ішкі істер департаментінің өкілдері бар арнайы ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Қаржы полициясы облыс тұрғындарына Таңатқановтар алаяқтығынан зардап шеккендердің, олардың қылмысын білетіндердің хабарласуын өтініп отыр. ҚОСТАНАЙ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ.

Ќазаншўѕќыр жабылды, ќорќыныш сейілді

 Тіршілік түйткілдері

Жапандаєы жалєыз їй Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Петропавл қаласының 38 жастағы тұрғыны барар жері, басар тауы болмағаннан кейін 4 ұл-қызымен орман ішіндегі жеркепені паналауға мəжбүр болып отыр. Пəтер жалдайын десе, тапқан-қапқаны балашағаның нəпақасынан артылмайды. Құрқылтайдың ұясындай баспананың аумағы бар-жоғы 20 шаршы метр. Үйдің іші электр қуатымен ғана жылытылады. Балалардың алды 7-ге толса, кішісі емшекте. Мектепте оқитындары алты шақырым жерге күн сайын жаяу-жалпылап қатынайды. Аққу Байділдина былтыр желтоқсанда кенжесі Дəмеліні дүниеге əкелісімен бірден үйіне сұранған. Себебі, қыстың көзі қырауда терезеден қарап, аналарын зарыға күтіп отырған 3 баласының жайы қабырғасына қатты батқан. Көпбалалы ана не пеші, суы жоқ, едендері мен қабырғалары жұп-жұқа үйді 1

миллион теңгеге сатып алып, алыпсатарлардың қармағына түсіп қалса керек. Осылайша, солтүстіктің қытымыр қысын əзер өткерген жайы бар. Ақтауда облыстық қаржы полициясында аға лейтенант болып қызмет еткен əйел қазір декреттік демалыста. 3 жыл бұрын күйеуінен ажырасып, туған жері – Петропавлға келген. Гаражын сатып, оған бар жиған-тергенін қосып, қайыңды орман ішіндегі саяжайға қолын əзер іліктіргенге ұқсайды. Жаңбыр сəл-пəл себелеп өтсе, ми батпаққа оранған жолмен жүру – бір машақат. Балалар да, өзі де аурушаң. Пəтер кезегінде 2765-ші болып тұр. Былтыр бұл кезек 200 адамға ғана жылжыған. Бұрынғы күйеуі төлейтін алимент пен бала лардың жəрдемақысын қос қанда отбасылық табыс 40 мың теңгеден аспайтын көрінеді. Солтүстік Қазақстан облысы.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: • Жапондар да жылқы етін жей бастады. • Ақтөбе облысында балықтар жаппай қырылып жатыр. • Пхеньян Сеулге көңіл қосын білдірді. • Депутаттар түрмедегілерге сəлем-сауқат жіберілуіне қарсылық білдірмеді. • «Ақтөбе» футбол клубы ФИФА-дан «таяқ жейтін» түрі бар. • Германияда сыраға деген сұраныс кеміп келеді.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Айгүл СЕЙІЛОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №296 ek

Profile for Egemen

25042014  

2504201425042014

25042014  

2504201425042014

Profile for daulet
Advertisement