Page 1

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігіне ресми сапарының аясында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІІІ Жаһандық саммитке қатысып, қарусыздану үдерісіне үлкен үлес қосқан мемлекеттің басшысы ретінде сөз сөйледі.

№57 (28281) 25 НАУРЫЗ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Əлемдік ќауіпсіздіктіѕ əлеуеті елдер кїш біріктіргенде артады

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Гаага қаласында басталған ІІІ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Жаһандық саммитке қатысып, сөз сөйледі. Бұрнағы күні жəне кеше саммит басталмас бұрын, сондайақ, саммит аяқталған соң Қазақстан басшысы бірқатар жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізген болатын. Екіжақты кездесулер есептері бөлек беріліп отыр. Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан» – Гаагадан (Нидерланд).

Ядролық қауіпсіздік бойынша саммиттер өткізу туралы идеяны АҚШ Президенті Барак Обама

2010 жылы көтерген еді. Ол АҚШ Президенті болып кіріскен сəттен бастап, ядролық қаруды таратпау мəселелерін өз саясатындағы басым бағыттардың бірі етіп белгілеген болатын. Гаага қаласында кеше, яғни

наурыздың 24-і күні басталып, бүгін аяқталатын ІІІ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің тақырыбы ядролық терроризмнің алдын-алу, ядролық материалдардың заңсыз айналысынан, радиоактивті көздер мен тиісті құрылғылардан туындайтын ішкі жəне сыртқы қауіптерді болдырмау мəселелеріне арналып отыр. Саммит жұмысына 53 елдің басшылары мен БҰҰ, Еуроодақ, Еурокомиссия, Интерпол, МАГАТЭ сияқты беделді халықара лық ұйымдардың басшылары қаты суда. Посткеңестік

кеңістіктен мұнда Қазақстаннан басқа Əзер байжан, Армения, Грузия, Ресей, Украина басшылары келген. Алайда, саммитке кейбір елдердің мемлекет басшыла ры емес, сыртқы істер министрлері келіпті. Мəселен, Ресейден Сыртқы істер министрі С.Лавров қатысуда. Саммит жұмысын дүниежүзінің барлық түкпірлерінен келген мыңдаған журналист жазып, түсіріп, көрсетуде. Соның ішінде Қазақстаннан да отыз шақты журналист жүр. ІІІ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің пленарлық

отырысын Нидерланд Ко рольдігінің Премьер-министрі Марк Рютте ашып, форум жұмысына келгендерді құттықтап жəне оның ісіне табыс тіледі. Алғашқы болып құттықтау сөзді ІІ Саммитті өткізген елдің басшысы ретінде Оңтүстік Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе ханым алды. Екінші құттықтау сөз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунге берілді. Ол əлемдік қауіпсіздікті сақтау жолындағы ядролық қауіпсіздіктің маңызы зор екендігіне тоқталды. Осыдан кейін саммиттің

пленарлық отырысы жабық есік жағ дайында жалғасты. Онда бірін ші болып Қытай Халық Рес публикасының Төрағасы Си Цзиньпин сөйледі. Одан кейін сөз осынау шараның бастамашысы, АҚШ Президенті Б.Обамаға берілді. Үшінші болып сөзді Германия канцлері А.Меркель айтты. Осыдан кейін сөз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Мұның өзін əлемдік бейбітсүйгіш қауымдастықтың Қазақстанның жаһандық қарусыздану мен таратпау жəне тұрақтылық пен

тыныштықты сақтауға сіңірген еңбегінің мол екендігіне берген тиісті бағасы деп қабылдадық. Қазақстан басшысы алдымен саммитті ұйымдастырған қарсы алушы жаққа ризашылығын білдірді. Мен АҚШ Президенті Барак Обаманың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаҺандық саммит өткізу туралы бастамасы ғаламшардағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосылған лайықты тарихи үлес деп білемін. (Соңы 2-3-беттерде).

Жаћандыќ саммит аясындаєы кездесулер

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мəселелері қозғалды. Бұған қоса, халықаралық күн тəртібінің негізгі жайттары, соның ішінде Украинадағы жағдай

қаралды. Тараптар басты назарды ядролық қарусыздану мен ядролық қауіпсіздік мəселелеріне, сондай-ақ, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техни калық жəне энергетикалық

ынтымақтастық аясын кеңейту бағыттарына аударды. Сондай-ақ, тараптар Гаага қаласында өтеді деп жоспарланған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит бағдарламасын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі жəне перспективалы серіктесінің бірі екеніне тоқталып өтті. Оның айшықты айғағы – екі елдің түрлі салалар дағы белсенді сауда-инвестициялық ынтымақтастығы. Нидерланд еліміздің экономикасына салынған инвестиция көлемі жөнінен бірінші жəне сауда серіктестеріміз арасында жетекші орын алады, Қазақстанда Голландия капиталы салынған 800-ге жуық компания өз қызметін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен инновациялық саладағы екіжақты өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, Голландия компанияларын Астанадағы ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесінің жұмысына белсене қатысуға шақырды. Сонымен қатар, тараптар су ресурстарын тиімді басқару жəне экология, екі елдің транзит-көлік əлеуеті мен логистикалық инфрақұрылымын дамыту мəселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Королі Виллем-Александрмен кездесті.

Екі мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қорытындысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуы барысын қарастырды. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн

Кездесуде Қазақстан мен Нидерланд арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде мəдени-гуманитарлық өзара ықпалдастық аясын кеңейту перс пек ти валары талқыланды. Нидерланд Королі Қазақстанның

тəрті бін дегі негізгі жайттарды, атап айтқанда, Шанхайда өтетін АӨСШК-нің алдағы саммитін жəне Украинадағы жағдайды талқылады. Көлік-транзит жəне су-энергетика сала ларындағы байланыстарды нығайту мəселелеріне де баса назар аударылды.

жəне Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһан дық ядролық қауіпсіздікті нығай туға зор үлес қосқанына тоқталды. Жоғары деңгейдегі тұрақты кездесулер екі ел арасындағы қарымқатынастардың одан əрі дамуына септігін тигізетіні атап өтілді.


2

www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

Əлемдік ќауіпсіздіктіѕ əлеуеті

(Соңы. Басы 1-бетте).

Бұл саммиттер əлемдегі аса өзекті мəселелерді шешуге тиек табуға тырысатын пікір алысу алаңына айналып үлгерді, дей келіп Елбасы одан əрі Қазақстанның осы үдеріске қосып келе жатқан үлесіне тоқталды. Біз жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту ісіне тұрақты түрде үлес қосып келеміз жəне бұдан əрі келесі бағыттарды іске асыруға күш салу керек деп санаймыз: Біріншіден, толық жəне жаппай ядролық қарусыздануға қол жеткізу – ядролық қауіпсіздікке кепілдік беретін бірден-бір амал деп есептейміз. Екіншіден, ядролық терроризмді жəне оның негіздерін түп тамырымен жою кейінге қалдыруға болмайтын міндеттердің қатарына жатады, деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге, антитеррорлық науқан кейбір мемлекеттердің бейбіт ядролық бағдарламаларына, технологиялар жəне жабдықтар алуына, білім жəне тəжірибемен алмасуына шек қоймауы керек. Қазақстан да АЭС-ке жəне атом стансасын салуға қажетті ядролық отынның толық циклын жасауды жоспарлап отыр.Үшіншіден, Қазақстан МАГАТЭ-нің рөлі мен беделін одан əрі арттыруды жөн деп санайды. Төртіншіден, біздің еліміз ядролық қарудан азат жаңа аймақтарды, соның ішінде Таяу Шығыста, құруды қолдайды, деді Қазақстан басшысы. Біз Орталық Азияны Ядролық қарудан азат аймақ жасау туралы келісімге қол қойған қатысушы елдердің тыныштығына қауіпсіздік кепілдігін беру туралы хаттамаға

«ядролық бестік» елдерінің тез арада қол қоюына үміт артамыз. Одан əрі Елбасы ядролық материалдардың қауіпсіздігін бағалау индексі бойынша Қазақстан əлемде 15-ші орын алатынын атап өтті. Оған елдегі саяси жəне экономикалық тұрақтылық, тиімді заңнама жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндік беретінін айтты. Семей ядролық сынақ полигонын жауып жəне əлемдегі төртінші орындағы ядролық арсеналдан бас тартқан соң Қазақстан АҚШ жəне Ресеймен бірлесіп, полигонның инфрақұрылымдарын жойды. Қазір бұрынғы ядролық сынақ кешенінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалуда. Жалпы, Қазақстанның қазіргі ядролық істері МАГАТЭнің толық бақылауына алынған, деді Н.Назарбаев. Одан əрі Президент Қазақ станның МАГАТЭ-нің бастамаларын қолдап, өзінің аумағында төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру жұмыстары туралы келісімдерді аяқтап келе жатқанын атап өтті. Сөзін одан əрі жалғастырған Нұрсұлтан Əбішұлы бүгінгі саммиттің жаһандық қауіпсіздіктің дағдарысы жайында өтіп отырғанын ашып айтты. Оның басты себебі – «қосарланған стандарттар» тəжірибесіне нүкте қоя алмаған саяси ерік-жігердің жетіспеушілігі мен халықаралық құқықты біржақты қолдану болып отыр. Біз ядролық державалардың өзіне қабылдаған міндеттерін кешенді түрде мүлтіксіз орындауы аса маңызды екенін атап өткіміз

келеді. Жиырма жыл бұрын Қазақстан Беларусь жəне Украина сияқты жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға салмақты үлес қосты. Біздің еліміз ядролық қарудың ұлан-ғайыр қорынан өз еркімен бас тартып, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ядросыз мемлекет ретінде қосылды. Сондықтан да біз кейбір саясаткерлердің 5 АЭС, 15 атом реакторы жұмыс істеп тұрған жəне зымырандық технология саласында əлеуеті зор Украинаға ядролық мəртебені қайтару жөніндегі жауапсыз мəлімдемелеріне қатты алаңдаушылық білдіруге тиіспіз. Сонымен бірге, біз G-8 жəне G-20 шеңберіндегі жұмыстардың жаһандық проблемаларды шешу шараларының тиімділігі толық емес екенін көріп отырмыз. Сондықтан бұл топтардың сыртында қалғандардың да мүддесі ескерілуі қажет деп есептейміз. Осыған байланысты мен, осынау дағдарыстан шығу жолын табу үшін, екі жыл бұрын G-Global бастамасын көтерген болатынмын. Бұл пішім жедел қолдау тауып, қазір оған əлемнің 190 елі қатысуда, деді Қазақстан Президенті. Бұл – адамзаттың өзін өзі жоятын ядролық қарудың қатеріне қарсы күресте əділетті, мөлдір, көпполярлы, тұрақты əлемдік тəртіпке шақыратын жол. Мен оған балама жол жоқ екеніне сенімдімін. Барлық əлем 2011 жылдың 11 қыркүйегінде болған жағдайдағы сияқты жалпыға ортақ қатерге қарсы ұзақмерзімге жəне жүйелі негізде бірігуі керек. Біз бəріміз де Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау

ісінде өзіміздің халықаралық қоғамдастық алдында жауапты екенімізді сезінуіміз қажет, ал ол бізден барлық проблеманы əскери күшпен емес, саяси келісімдермен шешуімізді күтеді. Жəне оны тиімді түрде іске асыру үшін барынша үлкен жігер керек, деді Нұрсұлтан Əбішұлы сөзінің аяғында. Айта кететін жайт, саммит барысында əлемдік лидерлердің бірқатары өздерінің ұстанымдарын бейнекөрініс арқылы қысқаша айтып жатты. Соның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да сөзі қалаған адамның бəріне естіліп тұрды. Бірер ауыз сөзбен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің тарихына тоқтала кетейік. 2010 жылдың 12-13 сəуірінде Вашингтонда болған І Саммитке 47 мемлекеттің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Саммитті ашқан сөзінде Барак Обама бүгінгі таңдағы ең жоғары жаһандық қауіп – жаппай қырып-жоятын ядролық қару мен радиоактивті заттардың террористердің қолына түсуі екендігін атап айтқан болатын. Сол сөзінде Б.Обама ядролық қаруы бар əлемдік державалардың қырғи-қабақ соғыс жылдарындағы бір-біріне шабуыл жасау қаупі артта қалды деген еді. Алайда, бұл сөздердің асылық айтылғанын бүгінгі күнгі əлемдік саяси ахуал ішінара көрсетіп отыр. Жоғарыда айтқан сөзінде Президент Н.Назарбаев та бүгінгі күні əлем жаһандық қауіпсіздіктің дағдарысы кезінде тұрғанын атап өтті.

Сондықтан да ядролық қауіпсіздікке алаңдау мəселесі қазір тіпті арта түскен. Вашингтондағы алғашқы саммитке қатысуға шақырылатын елдердің басшылары таңдалғанда ұйымдастырушылар ядролық қару жасау бағдарламалары немесе оны жасау ниеті бар елдерге айрықша көңіл бөлген болатын. Сондай-ақ, ядролық қарудың сынағынан ұзақ жылдар бойы зардап шегіп, одан кейін сынақ полигонын жауып жəне оны таратпау жөнінде белсенді бастамалар көтеріп жүрген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саммитке зор құрметпен шақырылған. Вашингтон саммиті бойынша Мемлекет басшылары Коммюнике қабылдады. Онда саммиттің шешімдерін орындау жолындағы маңызды саяси жағдайлар мен жұмыс жоспарының қадамдары көрсетілген болатын. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІІ Саммит Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында өтіп, оның тақырыбы ядролық қауіпсіздікті сақтаудың ұлттық шараларына жəне техникалық жағынан нығайтудың халықаралық ынтымақтастығына арналған. Бұл саммитке 53 елдің басшылары мен БҰҰ, МАГАТЭ, Интерпол, Еуроодақ жəне Еурокомиссия секілді бес халықаралық ұйымының басшылары қатысты. Саммит қорытындысы бойынша қабылданған Бірлескен Коммюникеде қатысушылар ядролық терроризмнің халықаралық қауіпсіздікке əлі де қатер төндіріп тұрғандығын атап өтіп, осыған орай жоғары байытылған уран

өндіру деңгейін азайтуды мақсат ететінін айтқан болатын. Оның орнына барлық реакторларды мүмкіндігінше төмен байытылған уранмен алмастыру қажеттілігі атап көрсетілген. Сонымен бірге, ядролық материалдардың заңсыз айналымын болдырмауға қатты көңіл бөлінген. Осы саммит барысында Қазақстан, АҚШ жəне Ресей президенттерінің Семей ядролық сынақ полигонының зардабын жою бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы бірлескен мəлімдеме жасағандары өте маңызды шара болды. ІІІ Саммит қарсаңында, 2122 наурыз күндерінде Нидер ландтың Гаага жəне Амстердам қалаларында осы мəселелерді зерттеп жүрген ғалымдар, оқымыстыбелсенділер жəне үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің ядролық зерттеулер жөніндегі симпозиумы болды. Оған қатысушылар ядролық қауіпсіздіктің қырларын əртүрлі көзқарастар деңгейінде қарастырды. Осы симпозиумды Ядролық зерттеулер жөніндегі саммит (ЯЗС) деп те атайды. Оның мақсаты – əлемдегі ядролық қауіпсіздікті сақтау жөнінде жаңа, ғылыми тұрғыдан негізді идеялар беру. Сонымен қатар, осы күндері Амстердам қаласында Ядролық индустрия саммиті де болып жатыр. Оған ядролық индустрия компанияларының басшылары қатысуда. Олар ядролық өнімдерді шығарудың қоғамға қауіпсіздігі мəселелерін қарастырып, оның халыққа зиян келтірмейтіндігіне кепілдік беретін ұсыныстар мен

ойларды талқылауда. Сөйтіп, наурыздың осы күндері Нидерланд əлемдік ядролық қауіпсіздіктің саяси, ғылыми жəне өндірістік қырларын тұтасымен қарастырып, болашақтың бейбітшіл ордасына айналып отыр. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бұрнағы күні Елбасы Н.Назарбаев нидерландтық үздік компаниялар өнімдерінің көрмесіне қатысу барысында қазақстандықнидерландтық бірнеше инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне қатысты. Болашағы зор деп саналатын осы жобалардың жалпы саны 25 жəне олардың игеретін сомасы 330 млн. еуроға тең. Қазақстандық іскерлер негізінен композиттік материалдар, ауыл шаруашылығы техникаларын, рентген аппараттарын, сорғылық агрегаттар жəне т.б. шығаруға маманданған нидерландтық компаниялармен бірлесіп, осынау өнімдерді енді Қазақстанда да шығармақшы. Құны 220 млн. еуро тұратын 11 екіжақты инвестициялық құжатқа қол қойылды. Ал кеше ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Ə.Исекешев, сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов жəне т.б. Қазақстан рыногына жаңа инвестициялар тарту мақсатымен дөңгелек үстел өткізді. Сөйтіп, Елбасы Н.Назарбаевтың Гаагаға сапары қай жағынан да табысты болып, саяси ғана емес, экономикалық мəселелерде де өте тиімді шараларға қол жеткізуге мүмкіншілік берді. Бүгін саммит өзінің жұмысын одан əрі жалғастырады.

Жаћандыќ саммит аясындаєы кездесулер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті.

ынтымақтастықтың жандана түскенін атап өтті. – Қазақстан сіздердің технологияларыңызға, сондайақ, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруды ескере келе, білім беру жүйесін дамытудағы тəжірибелеріңізге қызығушылық танытады. Сіздің сапарыңыздың қорытындысында коммерциялық компаниялармен құны 100 миллион долларлық келісімдерге қол қойылды, ал тауар айналымының көлемі 1 миллиард долларға жетті,

– деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл кездесу бүкіл əлемде жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор мəні бар саммит аясында өтіп жатқанына да тоқталды. – Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан жəне Семей ядролық полигонын жапқан ел ретінде бұл іс-шараға тікелей қатысы бар. Біз мұндай форумдардың өткізілгеніне қуаныштымыз, өйткені, олар тұрақсыздық жəне қалыпты құрылымды бұзатын күштердің ядролық

қаруды иелену тəуекелі артып отырған жағдайда ерекше қажет, – деді Қазақстан басшысы. Финляндия Президенті Астанаға былтырғы сапары кезінде өзінің зор таңданысын туғызған əсерімен бөлісті. – Менің сапарымның нəтижелері көп үміт күтерліктей болды. Екіжақты сауда көрсеткіштері өсті. Финляндия іскер топтарының Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты дамыту үшін өзара ықпалдастыққа мүдделілігі арта түскенін атап өтпекпін, – деді С.Ниинистё.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылымитехникалық жəне инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мəселелері қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара ықпалдастық аясын, атап айтқанда, екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан əрі жандандыра түсу үшін перспективалар бар екенін атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің серіктестікті дамытуға деген мүдделілігі жоғары екеніне тоқталды. – Мен Жапонияда сапармен екі рет болдым. Біз Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту туралы сіздің идеяңызды қолдаймыз. Жапония – əлемдегі экономикасы ірі елдің бірі,

Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз арта түсті жəне бұл ретте біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз. Өзара ықпалдастығымыздың негізгі саласы – энергетика, əсіресе, ядролық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып табылатындықтан, оны Жапониядағы атом стансаларына жеткізе алар еді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жобаның – Ақмола облысында сирек кездесетін металдар өндіретін зауыт жұ мыс істейтінін айтып өтті. Бұдан бөлек, ол Қазақстанның ин дус т р и я л ы қ - и н н о в а ц и я л ы қ бағ дарламасы аясында екі елдің ара сында технологиялық жəне

инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды. Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербургте алғаш рет өткен G-20 саммитінен кейін екі жақты кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдірді. – Сіздің Жапонияға 2008 жылғы сапарыңыз экономикалық қатынастарды нығайтуға жақсы серпін берді, сөйтіп, стратегиялық деңгейге қол жеткізілді. Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға елеулі көмек көрсетіп жатқанына ілтипатымыз бен риза шылығымызды білдіремін. Біз Сіздің еліңіздің Жапония жəне Орталық Азия өңіріндегі елдермен арада үнқатысу орнатуға көмегі тиетініне де үміт артамыз, – деді С.Абэ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақ ты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Мемлекеттер бас шылары

сауда-экономикалық, технологиялық жəне инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту жолдарын қарастырды.

Қазақстан Президенті С.Ниинистёнің біздің елімізге өткен жылғы мемлекеттік сапарынан кейін екі ел арасындағы

Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Францияға

сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына да баса назар аударылды. Бұған қоса, екі елдің басшылары халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті.

Кездесу барысында Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық жəне мұнайгаз салаларындағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейту

бағыттарын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелерін де қозғады.

* * * Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер барысында біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бағдарламалары аясындағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері талқыланды. Бұған қоса, тараптар саммит жұмысының аралық нəтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қатысу аспектілерін қозғады. * * * МАГАТЭ Бас директоры Юкия Аманомен кездесуде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық сам миттің күн тəртібіне енгізілген мəселелердің қорытындылары қозғалды. Əңгімелесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ қызметі аясындағы бастамаларына қатысты пікірлер алмасылды. Сондай-ақ, біздің еліміз дің ядролық қауіпсіздік қағидаттарын ілгерілету жəне ядролық қаруды таратпау үдерісіне қатысу мəселелері талқыланды. * * * Пəкістан Ислам Республикасының Премьер-минис трі Наваз Шарифпен кездесу кезінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы өзара ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мəселелерін де қозғады. * * * Əзербайжан Респуб ли касының Президенті Ильхам Алиевпен əңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық жəне отынэнергетикалық ынтымақтастықпен қатар, екіжақты қарым-қаты настарды дамытудың негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасулар болды. Мемлекет басшылары өңірлік жəне халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мəселелерін де қозғады. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Алиев өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тəртібінің өзекті жайттарын талқылады.


www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

3

елдер кїш біріктіргенде артады

* * * Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 23 наурыз, жексенбі күні Нидерланд Корольдігіне ресми сапармен келуіне Король ВиллемАлександрдың тапсыруымен осы елдің Премьер-ми нистрі Марк Рютте шақыруы себеп болған еді. Нидерланд Корольдігінің ресми астанасы Амстердам болғанымен, іс жүзіндегі астанасы Гаага қаласы болып есептеледі. Нидерланд консти туция лық монархия, елдің королі конституцияға адалдығы жөнінде антты Амстердамда бергенімен, резиденциясы Гаагада орналасқан. Сонымен қатар, парламент пен үкімет, көптеген шетелдердің елшіліктері де Гаагада қоныстанған. Қазақстан Прези денті қатысқан барлық шара да аталған қалада өтті. Солтүстік теңіздің жағасында орналасқан əсем қала көктем лебімен бусанып, көкпеңбек болып тұр екен. Ауа райы да барынша жайлы, арасында жаңбыр бүркіп қойғаны болмаса, 8-10 градустық жылылықты көрсетуде. Гааганың атағын бүкіл əлемге шығарып тұрған оның климатының жайлылығы да, Нидерланд Корольдігінің іс жүзіндегі астанасы болғандығы да емес, БҰҰ-ның осында орналасқан Халықаралық соттары екендігі мəлім. Соның ішінде, əсіресе, Халықаралық қылмыстық істер мен төрелік соттардың атағы əлемге танылған. Өз елінде немесе əріптес елдер арасында əділ шешімін таппаған барлық үлкен кикілжіңдердің ең жоғары деңгейдегі үкімін айтатын жер осы. Бұдан жоғары басқа сот жер бетінде жоқ. Сондықтан осы соттардың даңқы Гааганың атағын аспанға шығарған. Гаага Нидерландтың Амстердам мен Роттердамнан кейінгі үшінші үлкен қаласы. Тұрғын дар саны 500 мың адамнан сəл ғана артық. Елбасы Нұрсұл тан Назарбаевтың Гаагаға жасаған бұған дейінгі ресми сапары Беатрикс Ханшайымның шақыруымен 2002 жылдың 2728 қараша күндері болған. Онда екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету бойынша бірқатар кездесулер өтіп, келіссөздер жүргізілген. Президенттің бұл жолғы сапары ның мақсаты екіжақты саяси үнқатысуды тереңдетіп, сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастықты одан əрі кеңейтуді жəне Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын халықаралық аренада дамыта түсуді көздейді. Сапары барысында Елба сы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттемен кездескен болатын. Шағын құрамдағы кездесу кеңейтілген құрамда жалғасты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Нидерланд Сыртқы істер министрліктері арасындағы Саяси консультациялар бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға сыртқы саясат ведомстволарының бас шылары Е.Ыдырысов пен Ф.Тим мерманс қол қойды. Қол қойылған екінші құжат – Қазақстан-Нидерланд Іскерлік кеңесін құру туралы келісім болды. Оған Қазақстан жа ғы нан Сауда-өнеркəсіптік палатасының төрағасы С.Есімбеков, Нидерланд жағынан Кəсіпкерлер мен жұмыс берушілер конфедерациясының президенті Б.Винчес қол қойды. Сапар бағдарламасында Қазақстан Президентіне нидерландтық жоғары технологиялы компаниялар өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылған екен. Мемлекет басшысы делегация мүшелерімен бірге оны қызыға тамашалады. Қазақстан Президенті Гол ландияның жоғары технологиялық

кəсіпорындарының жетістіктері көрмесімен, атап айтқанда, Royal Ten Cate, CLAAS, Royal Dutch Shell, Royal Philips секілді жəне басқа да компанияларының жобаларымен танысты. Сондай-ақ, онда бірлескен Қазақстан-Еуропа перспективалық инвестициялық жобалары таныстырылды. 25 компания қатысқан көрме аясында жалпы құны 328 миллионнан астам еуро болатын екіжақты 13 құжатқа қол қойылды. Осы көрменің алдында Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан Нидерланд саяси клубының мүшелерімен кездесіп, еменжарқын əңгіме-дүкен құрды, жанжақты пікір алмасты. – Нидерландтың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 30 миллиард АҚШ долларын құрайды. Өзара тауар айналымы 10 миллиард доллар деңгейіне жетіп отыр. Бұл – Еуропалық Одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір Қазақстан индустриялық-инновациялық бағдар ламаны іске асыруда, оның аясында 500-ден астам кəсіпорын,

басшысына Қазақстан Президенті бейнеленген голландтық жаңа пошта маркасы мен қызғалдақтың «Президент Назарбаев» деп аталатын жаңа түрі таныстырылды, сондай-ақ, Роттердам қаласы мэриясының «Астана» жаңа алаңын ашу туралы бастамасы жарияланды. Нидерланд Корольдігі – Батыс Еуропадағы шағын мемлекеттердің бірі. Мемлекет атауының нидерланд тілінен аударғандағы мағынасы – «Төменгі жерлер» деген сөз. Рейн, Маас жəне т.б. өзендердің төменгі сағасын қоныстанып, осы өзендердің Солтүстік теңізге құятын ойпатында орналасқан соң ел осылай аталған. Жер көлемі бар болғаны 42 мың шаршы шақырым, ал халқының саны 16,8 млн. адам. Жағасын Солтүстік теңіз шайып жатқандықтан, Нидерланд – ежелден су емген ел. Сондықтан нидерландтықтар теңіз игеруді ежелден қолға алып, кеме жасау ісіне ерте күннен ден қойған. Орыстың ілгерішіл патшасы Бірінші Петр кеме жасау ісін осында келіп үйренгенін де та-

Эйндховен шаһарлары кіреді. Соның ішінде Роттердам елдегі ғана емес, бүкіл əлемдегі ең үлкен порттардың бірі саналады. Нидерланд жеріне алғаш рет римдіктер келіп, отарына айналдыра бастағанда, бұл жерді тубант, канинефат, фриз секілді герман жəне эбурон, менапия секілді кельт тайпалары қоныстанған еді. Орта ғасырларда бұл жерлерде Рим империясының құрамына енетін толып жатқан графтықтар мен герцогтықтар пайда болды. ХVІ ғасырда олар сол кезде Испанияны билеген, Габсбургтер əулеті басқарған мемлекетке біріккен. Алайда, кейін Еуропада туған кальвинизм секілді діни ағымдардың ықпалымен «Төменгі жерлердегі» провинциялар Испанияға бағынудан бас тартқан. Испания королі ІІ Филипп олардың бəрін қайтадан өз империясына бағындырмақ болып соғыс жүргізеді. Тарихта «Сексен жылдық соғыс» деп атау алған бұл шайқастардың нəтижесінде қазіргі Бельгия, Люксембург жəне Нидерланд мемлекеттерінің аумағын құраған жеті провинция

болып тиді. Алайда, соғыстан кейінгі АҚШ-тың Маршалл жоспарының көмегімен Нидерланд аз уақытта экономикасын қалпына келтірумен қатар осы заманғы жоғары дамыған индустриялы елге айнала алды. Сонымен бірге, өзінің бұрынғы отарлары Суринам мен Индонезияға бостандық берді. Қазір Нидерланд Еуропаның ең жоғары дамыған индустриялы мемлекеттерінің қатарына еніп отыр. Дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа қарамастан, Еуроодақ елдері арасында Нидерланд 2013 жылы экономиканың өсімін 6,3 пайызға жеткізе алды. Қазір оның ІЖӨ-сінің жалпы көлемі 700 млрд. еуроға жеткен. Ал жан басына шаққандағы көлемі – 41 мың еуро. Бұл Бүкілəлемдік валюта қорының бағамдауы бойынша дүниежүзіндегі 14-ші, ал Еуроодақ елдері арасында 6-шы орын деген сөз. Сонымен бірге, осы қор Нидерландты бəсекелестікке қабілеттілік рейтингі жөнінен дүниежүзіндегі 18-ші орында екенін анықтады. Нидерланд үкіметі экономикалық дамуға ғана емес, қоршаған

Үстіміздегі жылдың ақпан айының басында Астанаға келген ресми сапарында Нидерланд Сыртқы істер министрі Ф.Тиммерманс Гаагада болатын Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІІІ саммитке қатысуға Корольдің шақыруын Президент Н.Назарбаевқа өз қолымен тапсырды жəне Қазақстан басшысының осы бағыттағы бастамаларына жоғары баға беретінін кезекті рет мəлімдеді. Семей ядролық сынақ полигонының зардабын молынан шеккен ел ретінде бұл саммиттің маңызын Қазақстан өте терең түсінеді, деді ол. Екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастық қазір жоғары деңгейге жеткен. Бүгінгі таңда Нидерланд – Қазақстан экономикасына инвестиция салу бойынша ең бірінші орында тұрған ел. 2005 жыл мен 2013 жыл аралығында Нидерландтан тартылған инвестиция көлемі 49,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. Екі елдің арасындағы саудаэкономикалық байланыс тар да жақсы жолға қойылған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 10,1

600 мыңдай жұмыс орны ашылды. Біз голландиялық компанияларды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Еліміз мұнай-газ, түсті жəне қара металлургия, химия саласында өңдеуші кəсіпорындарды дамытуға мүдделі. Біз мұндай өндіріс үшін жеңілдіктер ұсынамыз жəне тиісті инфрақұрылым қалыптастырамыз. Ақпарат жəне ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа да мүдделіміз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Франция, Германия, Ис панияның бірқатар ірі компанияларымен ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтіп, Отанымыз шетелдік инвестицияны көлемі жөнінен мейлінше көбірек тартатын 20 елдің қатарына кіретініне тоқталды. Кездесу соңында Мемлекет

рихтан жақсы білеміз. Нидерланд құрлықта Германия жəне Бельгиямен шектеседі. Бұл елді кейде Голландия деп те атайды. Бірақ бұл мемлекеттің ресми атауы емес. Оңтүстік жəне Солтүс тік Гол лан дия деген жер атаулары ел дің екі провинциясына ғана берілген, Нидерландтың бұлардан басқа да 10 провинциясы бар. Сондықтан нидерландтықтар өз елдерін Голландия деп атағанға кейде шамданып та қалады екен, өйткені, ол екі провинцияның ғана атауы. Елдің мемлекеттік тілі – нидерланд тілі. Ол – Батыс герман тілдер тобына жататын айрықша тіл. Сондай-ақ, бұл тіл Бельгия мен Суринамда да біршама дамыған. Елдің Амстердам мен Гаагадан кейінгі үлкен қалалары қатарына Роттердам, Утрехт жəне

өздерінің тəуелсіздіктерін алады. Нидерланд мемлекетін құрушы болып осы соғысты басқарған І Вильгельм Оранский саналады. ХVІІ ғасырда Еуропада ең бірінші болып Нидерландта капиталистік қатынастар орнай бастайды. Бұл ел экономикасының өрістеуіне кең мүмкіндік тудырады. Нидерланд құрамынан 1830 жылы Бельгия, 1890 жылы Люксем бург енші алып, өз алдына тəуелсіз мемлекеттер болып шығады. Қазір олар «БеНиЛюкс» аталатын экономикалық интеграция құрып отырғанын білеміз. І дүниежүзілік соғыс жылдарында Нидерланд бейтараптық ұстанып, елді бүлінуден сақтап қалады. Ал ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік Германия оны басып алды. Осы жылдар ел экономикасына ауыр соққы

ортаны қорғауға қатты көңіл бөледі. Оның «жасыл» технология мен инновациялар жəне «жасыл» энергетика саласындағы жетістіктері дүниежүзінде жетекші орынға ие. Сондай-ақ, зейнет ақының, жұмыссыздық пен мүгедектікке берілетін жəрдемақының көлемі жөнінен Нидерланд дүниежүзіндегі алдыңғы орындардың бірін алады. Қазақстан мен Нидерланд арасында тығыз экономикалық ынтымақтастық жəне саяси əріп тестік орнаған. Бұл ел Қазақстанды Орталық Азиядағы ең сенімді əріптесі деп санайтынын ең жоғары деңгейде талай рет дəлелдеген. Сонымен бірге, ол Қазақстанның аймақтық тұрақтылық пен қауіп сіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөл атқаратынын жоғары бағалайды.

млрд. доллар болған. Бұл Қазақстан үшін Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші көрсеткіш. Қазақстанда Нидерланд кəсіпкерлерімен 380 бірлескен кəсіпорын тіркелген. Оның көбі геологиялық барлау, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар енгізу, қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Сондай-ақ, архитектура мен медицина салаларында да бірнеше бірлескен кəсіпорындар бар. Қазақстанның əлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына ену туралы жоспарын жүзеге асыруда Нидерландтың инвестициялық жəне ғылыми-техникалық əлеуетін пайдалану өте маңызды. Ал Гаага Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүдделі. Бұл оның ел ішіндегі төртінші орында тұрған экономикалық басымдығын іске асыруға

мүмкіндік береді. Соның ішінде Нидерланд Қазақстандағы «Шелл» мұнай концернінің табысты жəне ұзақ мерзімді əрекет етуіне үлкен мəн береді. Астанада болатын ЭКСПО-2017 көрмесіне нидерландтықтардың «жасыл» технология мен инновациялар, «жасыл» энергетика саласындағы жетістіктерін тартудың маңызы зор. Сонымен бірге, Нидерландтың энергия көздерін қайта жаңғыртуды дамытуда қол жеткізген табыстарын үйренудің де пайдасы мол. 2020 жылы Нидерланд бұл көрсеткішті 20 пайызға дейін жеткізбекші. Нидерландтың ғылыми-техникалық əлеуетінің мол мүмкіндіктерін үйрену бағытында Эйндховен қаласындағы Жоға ры технологиялық орталықты «Назарбаев Университеті» негізінде құрылатын Интеллектуалдықинновациялық кластер ғылыми паркімен ынтымақтастыққа тартудың да пайдасы зор болмақ. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан əрі арттыру күн тəртібінде тұр. Транзит-көлік саласындағы ынтымақтастықтың да маңызы зор. Қазақстан Ақтау мен Роттердам порттарының арасында əріптестік қатынастар орнатуға мүдделі. Осындай ынтымақтастықты тереңдете түсуге Қазақстан мен Нидерланд арасындағы бизнесынтымақтастықты дамытуға алдағы уақытта құрылатын Іскерлік кеңес қатты серпін берері сөзсіз. Ал мəдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың тереңдеуіне 2015 жылы Қазақстанның Нидерландтағы жəне 2016 жылы Нидерландтың Қазақ стандағы Мəдени күндері тың серпін берері хақ. Осы уақытқа дейін екі елдің елшіліктерінің ұйымдастыруымен көрмелер, симпозиумдар, тұсауке серлер мен конференциялар өткізілді. Соның ішінде 2010 жылы нидерландтық журналист Р.Рейдингтің ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тауып, Нидерландта жерленген қазақстандықтар туралы кітабының тұсаукесер рəсімі болды. Мəдениет туралы сөз болғанда, Нидерланд бүкіл əлемге танымал суретшілердің бірі Рембрандтың отаны екенін айтпай кетуге болмайды. Нидерландта Спиноза, Декарт сияқты философтар да туып, ұзақ жылдар қызмет еткен. Ал енді Нидерландтың аты шықса болды, оны жел диірмендермен немесе қызғалдақтармен байланыстыра сөйлейтін адамдарды дүниенің барлық бұрышынан табуға болады. Бұлар да нидерландтықтардың ұлттық мақтанышы. Нидерландта спортқа қашанда үлкен мəн беріледі. Ересек тұрғындарының 20 пайыздан артығы спорттық клубтардың мүшелері. Қала көшелерінде үлкен-кішінің бəрі велосипедпен жүргенін жиі көресіз. Нидерландтықтар, əсіресе, футболды жақсы көреді. Ұлттық командасы ойнап жатқан матч көрсетілген уақытта Нидерланд қалаларының көшелері тып-тыныш болады. Ұлттық футбол командасы əлемдегі 10 үздік команданың қатарында. Биылғы Сочи Олимпиадасында Нидерланд өзінің спорттың қысқы түрлерінен де өте мықты екенін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бесінші орын алды. Қорыта айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерландқа ресми сапары саяси ұстанымы берік, экономикасы жоғары дамыған, мəдени-гуманитарлық қасиеттері жоғары елмен екіжақты ынтымақтастықты одан əрі тереңдете түсуге тың серпін берері сөзсіз. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


4

www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

СЕМСЕРДЕН СОЌА

Түгін тартса майы шыққан шұрайлы да шырайлы Нарын топырағы өткен ғасырдың елуінші жылдарында ядролық сынақ алаңына айналды. Кеңестік солақай содыр саясаттың салдарынан орын алған Капустин Яр жəне Азғыр полигондарының зардаптары қазір біртіндеп жойылып келеді. Оның қоршаған ортаға келтірген залалы мен зия нын азайту жөнінде қолға алынған іс-шаралар да жеткілікті. Қоғамдық бірлестік жетекшісі, Ақжайықтың ардақты ақсақалы Кəкен КӨБЕЙСІНОВПЕН əңгімеміз осындай бағытта өрбіді.

Елбасы Капустин Яр зардабына ден ќойды

– дейді «Нарын» ќозєалысы ќоєамдыќ бірлестігініѕ жетекшісі Кəкен Кґбейсінов – Кəкен аға, сіз кеше Елбасымыздың Нидерланд корольдігіне қарасты Гаага қаласында өткізілген ядролық қауіпсіздік жөніндегі дүниежүзілік саммитке қатысқанынан БАҚ арқылы таныс шығарсыз деген ойдамын. Өйткені, сіздің ядролық жарылыстарды тоқтату, оның зардаптарын ауыздықтау жөніндегі мəсе лелерге келгенде құлағыңыз қашан да түрік жүретіні бізге жақсы белгілі. – Əрине, хабардармын. Əлемдік тұрғыдағы мұндай өзекті де көкейкесті мəселелерден шетқақпай қалуға бола ма? Нұрсұлтан Əбішұлының Семей атом полигонын жабу жөніндегі Жарлық шығарған күнінен кейін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні датасының бүкілхалықтық күнтізбеге енгі зі луіне қозғау салды. Біздің Елбасы – қай кезде де жүйесіз, қисынсыз сөйлемейтін, іс пен сөздің бірлігін сақтай білетін халықаралық деңгейдегі ірі тұлға. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаев – бүкіл əлем бойынша ядролық қауіпсіздік мəселелеріне бастамашы бола білген əрі осы терең гуманистік миссиясы арқылы əлемдік деңгейде мойындалған қайраткер. Дəл осылай екеніне біз кешегі күні тағы да айқын көз жеткізе түстік. – Кəкен аға, мемлекет басқарып отырған адамның əрбір сағаты мен минуты есептеулі. Сондықтан Елбасы екінің бірін қабылдай бермей тіні табиғи жайт. Осыған қарамастан, бүгінгі сексеннің сеңгірінен асып отырған мəуелі бəйтеректей шағыңызға дейін Президент Нұрсұлтан На зарбаевтың қа былдауында үш рет болған екенсіз. Осы кездесулерден кейін полигон зардаптарын жою мақсатында қандай шаралар белгіленгенін айтып бере аласыз ба? – Турасын айту керек, біздің Елбасы өз халқының тағдырына ерекше ден қойып келеді. Үлкен айтыс-тартыстар мен қарсылықтар жағдайында, егемендік алмай тұрып Семей атом сынақ полигонын жапты. Азғыр полигоны да жабылды. Бірақ оның зардабы əлі толық жойылған жоқ. Сонау 2000 жылы Президент мені қабылдағаннан кейін өтінішім бойынша үкіметке жəне тиісті министрліктерге тапсырма берді.

Соған сəйкес арнайы сарапшы комиссия құрылып, полигон аймағына он рет ғылымизертханалық зерттеулер жүргізілді. Республика үкіметі жанынан алты ведомствоаралық жұмыс тобы мен комиссия құрылды. Соның нəтижесінде 2004 жылдан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен полигон зардабын шеккендерге əлеуметтік қолдау шаралары жүргізіле бастады. Менің Елбасына айтқан ұсынысым бойынша 2005 жылдан бастап əскери-сынақ полигоны зардабын тартқан Батыс Қазақстан облысы тұрғындарын оңалту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама кейін 2008-2010 жылдарға да жасалып бекітілді. Қазір облыстағы бала жастан мүгедек – 867, 18 жасқа дейінгі 689 бала, I топтағы 325 адам, II топ тағы – 1052, III топтағы 1136 адам, барлығы 4069 адам үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде əлеуметтік жəрдемақы алады. Жаңақала кентінде полигон зардабын шеккендерді оңалтуға арналған облысаралық емдеу кешені ашылды. Капустин Яр жəне Азғыр полигондары зардабына ұшырағандарды əлеуметтік қорғау жəне оңалту жөнінде республикалық бағдарлама қабылдау қажеттілігі де талас туғызбайды. Мен бұдан бірнеше жыл бұрын Нұрсұлтан Əбішұлымен кездесу кезінде осы мəселені де айтқан болатынмын. Бұл ұсынысқа да Мемлекет басшысы түсіністікпен қарады. Сондықтан да, бұл мəселенің үкімет жанында құрылған комиссияда қаралуына тапсырма берді. – Сонда сіз кездесу кезінде Елбасына нақты қандай ұсыныс-пікірлер айтып едіңіз? – Аймақ тұрғындарына

Осыдан ширек ғасыр бұрын

ауыз-судың жетіспейтіні, су сапасы мен құрамының нашарлығы, оның құрамында ауыр металдардың көптігі, осы аймақтағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жылдан-жылға селдіреп азайып бара жатқаны туралы айтқанмын. Əрине, ұсынысым аяқсыз қалған жоқ. Осыған байланысты Орал қаласында Капустин Яр мен Азғыр полигондарының экологиялық залалын анықтайтын республикалық комиссияның көшпелі мəжілісі өткізілді. Онда əскери полигондардың əсер ету аймағындағы экологиялық мəселелер қаралды. Алдағы уақытта бұл комиссия бюджеттік бағдарламаларға енгізілуге тиісті қаржы көлемін анықтап, үкіметтің алдына тиісті мəселе қояды деген сенімдемін. Өйткені, оларға Елбасының қойып отырған басты талабы да осы. Мен «Нарын» қозғалысы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі р ет і н д е сы н а қ з ар д ап т ар ы н анықтау бағытында жүргізілген зерттеулердің қорытынды материалдарын республикалық комиссия төрағасына табыс етіп, қосымша зерттеу жүргізудің қажеті жоқ екенін мəлімдедім. Комиссия отырысын қорытындылаған Қор шаған ортаны қорғау вицеми нистрі, комиссия төрағасы Бектас Мұхамеджанов бұған дейін айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілетінін мəлімдеді. Яғни, бұдан кейінгі кезеңде ұлттық ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе отырып, полигондардың аймақтағы адамдар денсаулығына тигізген кері əсерін зерттеуге бағытталған бірнеше бағдарлама дайындалмақ. Бұл жөнінде тиісті зерттеу жұмыстары басталып та кетті. Əрі осы зерттеулердің қорытындысына орай нақты шешімдер қабылданады деді ол. Енді біз осы комиссияның түпкілікті шешімін күтеміз. Міне, Нарын бойын жайлаған қалың елдің көкейіндегі осы шешімін тауып үлгермеген жайттар Елбасымыздың өзі тікелей қозғау салып, тиісті тапсырма бергеннен кейін ғана жанданды деп есептеймін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.

Əлем Ќазаќстан басшысыныѕ Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы: – 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жауып жəне Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы жөнінде шешім қабылдап, сөзсіз көшбасшылық қадам жасады. Бұл қадам ерекше көрегендікті паш еткен, шын мағынасындағы тəуелсіздік Декларациясы болды. Бүгінде бұрынғы полигон қарусыздану символына жəне болашақтың үмітіне айналды.

Нақ осы жерде Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа қол қойылды. Бүгін біз нақ осы жерде негізі қаланған əлемді ядролық қарудан тазарту жəне құтқару жөніндегі үмітіміздің нақты іс жүзіне асатынына сеніміміз мол. Мен Қазақстан көшбасшылығының үлгісін жоғары бағалаймын. Ядролық сынақ алаңын жабу жəне ядролық қарудан бас тарту арқылы сіздер бүкіл əлемге үлгі болдыңыздар. Болашақта ядролық жарылыс дүмпуі болмайтындығына сенім артамыз.

Марк Перен де БРИШАМБО, ЕҚЫҰ Бас хатшысы: – Қазақстан Президенті Орталық Азиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарды жəне жаһандық қауіпсіздікті күшейту жүйесіне маңызды үлес қосты. Оның дана саясатының арқасында Қазақстан əлемдік қоғамдастықтың жаңа құрметті мүшесіне айналды. Республиканың бүгінгі табыстары басқалар үшін үлгі. Джон БАРРОУ, АҚШ конгрессмені: – Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың елеулі факторы болып табылатын ядролық қаруды таратпауға аса зор жəне баламасыз үлес қосты. Қазақстанның қол

жеткізген жетістіктері жəне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сонау бір тəуелсіздіктің алғашқы таңы атқан кезде халқына берген уəдесінің іс жүзіне асырылу фактісі қазақстандық басшының сөзінде тұратын тұлға екендігіне дəлел болады.

Джордж РАДАНОВИЧ, АҚШ конгрессмені: – Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігіне жəне көшбасшылығына шексіз ризалықпен қол соғамын. Бүгін біз Қазақстан лидерінің қуаты жағынан əлемдегі төртінші орынды алатын ажал қаруынан бас тарту жөніндегі шешімінің тек адамзаттың мүддесі үшін ғана қабылданған шешім емес, сонымен бірге, ол бүкіл тарих қозғалысын өзгерткен шешім болғандығын зор сеніммен мəлімдей аламыз. Бүгін біздің елдеріміздің ядролық қаруды таратпау қозғалысындағы жетістіктерін ғана емес, Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы ірі стратегиялық серіктестік қатынастарын атап көрсетеміз. Қазақстан ядролық қаруды таратпау үдерісінің шешуші қатысушысы жəне жан-жақты мойындалған көшбасшысы, ол өзінің осы қадамы үшін қандай мақтауға да лайық. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен бұл елдің алдағы уақытта да өзінің көшбасшылығын нығайта беретіндігіне сенеміз. Қазақстан ядролық қаруды таратпау саласындағы өзінің халықаралық міндеттемелерін бұлжытпай ұстайды жəне Құрама Штаттармен ынтымақтастық байланысын одан əрі кеңейтуге дайын. Қазақстанның серпінді дамуының одан əрі жалғасуы – бүкіл Орталық Азиядағы тұрақтылық пен өркендеудің кепілі. Президент Нұрсұлтан Назар баев өзінің елін сая си жəне экономикалық реформалар жасауда талассыз көшбасшылыққа жеткізгені үшін қандай да болмасын құрмет пен марапатқа лайық.

Сынаќ алаѕынан 60 шаќырым жерде тўрдыќ Мен бүгінде Семейде тұрып жатқаныммен, Бесқарағай ауданында туып, бүкіл ғұмырымды сол өңірде өткізген адаммын. Дəлірек айтқанда, Ертіс өзеніне жақындау орналасқан Семияр деген ауылда тұрдым. Біздің ауыл Ертіс өзені арқылы тікесінен есептегенде, Семей полигонынан бар-жоғы 60 шықырымдай ғана қашықтықта орналасқан еді. Алғашқы ядролық сынақтар басталғанда 14 жастағы оқушы кезім болатын. Есейгендегі барлық ғұмырым сол өңірдегі мектеп өмірімен байланысты болды. Мектеп директоры болып та қызмет еттім. Бір байқағаным, Семей полигонының халыққа келтірген зардаптары сөз болғанда Бесқарағайға қатысты жағдайлар аз айтылады. Негізі, радиациялық аймақтардың залалданған деңгейлері зерттелгенде, біздің мекен де «Максимальді аймақтар» қатарына енген секілді еді. Ядролық жарылыстың біздің ауылымызға қаншалықты əсер еткеніне қатысты бала күнімде куə болған жайлардың бірін айта кетейін. Бірде ауылымыздың барлық жастарын белгілі бір сылтаумен

түгелдей аудан орталығына жіберді де, ауылда кілең шал, кемпірлер қалды. Ертеңінде келсек, үйіміздің төбесі ортасына түсіп қалыпты. Не болды деп сұрағанымызда, апамыздың айтқаны: «Қарғам, жер сілкініп, əбден зəреміз ұшты, мына орыс пеші болмағанда, өліп қалатын едік», деп басынан өткергенін баяндап жатты. Сөйтсе, төбеге көлденең тасталған бөрене төмен құлаған кезде оны пештің биік те берік қабырғасы тіреп қалыпты. Үйдегілердің аман қалуына себеп болған. Осы оқиғадан кейін

ауылымызға əскери адамдар жиі келетін болып кетті. Олардың не істеп, не қойып жүргенімен көп ешкімнің шаруасы жоқ. Қайта əскерилерге құрметпен қарау тəртібінен ел жаңылмағандай. Кейін ойлап, салыстырып қарасақ, атом бомбасының жарылысы біздің жаққа қаншалықты ықпал еткенін зерттеумен айналысыпты ғой. Оны аңғал ел қайдан білсін. Міне, Елбасымыздың еңбегінің арқасында, Тəуелсіздігіміздің арқасында қаншама халық радиациядан алған залалдарымен күресіп, денсаулықтарын үнемі тексерулерден өткізіп тұруға мүмкіндік алды. Осы бағытта ем-дом алатын жандар неше жыл бойы тегін қаралып, мемлекет қамқорлығын сезініп келеді. Қазіргі уақытта Семей қаласында ауруханалардағы диагностикалық, емдеу деңгейі өте жоғары. Өзім бірнеше жылдан бері Семейдегі Радиологиялық медицина жəне экологиялық ғылыми-зерттеу институтының (КазНИИ) ауруханасында тұрақты түрде ем аламын. Бұл мекеме полигон зардабынан денсаулығына

зақым келген жандарды тегін қарап, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Осындағы 50-60 төсек жылдың қай мезгілінде болсын босамайды. Қызметтің барлық түрі тегін. Дертіне шипа іздеп жүрген жандар қатарының көптігіне қарап, əртүрлі ойға кетемін. Еліміздің бүгінгі игілігін, жетістігін көре алмай қаншама жерлестеріміз ел аман, жұрт тынышта қатерлі ісіктен жастай көз жұмды. Бір ғана өзіміздің Өмірхановтар əулетінен ерте көз жұмғандардың өзі аз емес екен. Олардың көбі негізінен дала жұмысында болғандықтан, қатерлі сырқатқа ерте шалдықты ма екен деймін. Бұл өзі шетін қозғасақ шыға беретін əңгіме болғандықтан, өткенді еске алу кейде бізге ауыр. Бесқарағайда 20-дан астам елді мекен бар. Солардың басым бөлігі біздің ауылмен тағдырлас. Яғни, менің басымдағы жағдай талай адамның басында болғаны анық. Əлихан ӨМІРХАНОВ, ардагер ұстаз. СЕМЕЙ.


5

www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

СОЌЌАН САЯСАТКЕР 1991 жылдың 29 тамызы күні жаһандық ядролық əлем тарихындағы жаңа парақша ашылып, ядролық қарудан азат дəуірдің жылнамасы басталды. Бұл адамзат тарихындағы орасан зор маңызға ие оқиғаның бастамашысы Қазақстан болатын. Себебі, Қазақстан əлемдегі жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен саналы түрде жəне біржақты негізде бас тартқан. 1992 жылы біздің тəуелсіз мемлекет стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойды.

Еліміздіѕ ўстанымы əлемге їлгі болуєа тиіс

ќарусыздануєа ќосќан їлесі туралы Питер ЭДИГЕР, «Зорлық-зомбылықсыз əлем» қозғалысының үйлестірушісі: – Қазақстан – бүкіл əлем үшін үлгі бола алатын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі тарихта ешкім бармаған қадам жасады. Ол халқына үлкен қайғы-қасірет əкелген ядролық полигонды жапты. Бұл барлық «Ядролық клуб» мүшелері үшін орасан зор үлгі ғана емес, нағыз ерлікке толы батыл қадам болып табылады. Өз тарапымнан: алғашқылар қатарында болуға қорықпаңыздар, ядролық амбицияларыңыздан бас тартыңыздар дегім келеді. Өйткені, ядролық сынақтардан сол елдің халқы ғана емес, табиғаты да орасан зор зардап шегеді. Адам болып қалудың не екені туралы ойланған жөн. Эндрю БЕЙКЕР, Раввин, ЕҚЫҰ-ның антисемитизммен күрес жөніндегі өкілі: – Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан орасан зор үлесі үшін шын жүрегімізден шыққан ризашылығымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Қазақстанның бейбітшілік пен келісімде түрлі ұлттар мен ұлыстардың жəне діни конфессиялардың өкілдері өмір сүріп жатқан ел екенін атап өтуіміз керек. Қазақстандық модельді бүкіл əлемде пайдалануға болатын үлгі деп есептеймін.

Джек СТРО, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі: Қазақстан жəне Н.Назарбаевтың жеке өз басы бейбітшілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қазақстанның үлгісімен бірнеше мемлекет ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. Менің ойымша, бүкіл

əлем Қазақстанға «рахмет» айтуға тиіс. Қазақстан тəуелсіздік алған жылдар ішінде зор даму белестерінен өтті. Бұл ретте халықтың əл-ауқатының жақсаруы өмір деңгейінің артуы ғана маңызды болып қана қойған жоқ. Сол сияқты экономикалық институттардың дамуы да ерекше маңызға ие болды.

Дипти ЧОУБИ, Карнеги қорының ядролық қаруды таратпау мəселелері бойынша сарапшысы: – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таратпау саласындағы еңбегін жеке-дара атап өтті. Қазақстанның үлгісі бүгінде баршамыз үшін аса маңызды. Қазақстан басшылығының саясаты біздерді шын мəнінде таң қалдырады. Қазақстан – бұл АҚШ-тың таратпау саласындағы сенімді серіктесі. Энтони ФАЛЕОМАВАЕГА, АҚШ конгресі өкілдер палатасының мүшесі: – Қазақстанға, батысшыл бағыт ұстаған жас жəне болашағы үлкен мемлекетке, оның гүлденген жəне дамыған демократиялық қоғам құру жөніндегі күш-жігеріне қолдау көрсететін уақыт жетті. Біз үшін əлемде берік те сенімді одақтастар табу өте маңызды. Қазақстан нақ осындай одақтас болып табылады. Біз Қазақстанның халықа ралық мəселедегі жауапкершілігі жоғары қадамда ры ның тарихы жөнінде кеңінен насихаттауымыз керек. Оның бүгінгі таңдағы ең өткір халықаралық

проблемаларды шешу үшін ерекше маңызы бар. (Конгрессменнің 2003 жылғы 19 маусымда жасаған мəлімдемесінен) Президент Н.Назарбаевтың, сенаторлар Р.Лугара жəне С.Нанның тарихи еңбектерін адамзаттың лайықты бағалауының бір көрінісі оларға бейбітшіліктің Нобель сыйлығын беру болып табылар еді. Мен олардың еңбегі үшін берілген осындай бағаның ядролық қауіпті төмендететіндігіне жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайтатындығына сенемін жəне бұл ұсыныстың жан-жақты қаралатынына үміт артамын. (Конгрессменнің 2003 жылғы 24 желтоқсанда жасаған мəлімдемесінен).

Атом апатынан арашалады

Мен – 1939 жылы Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылында дүниеге келдім. Семей қаласында мал дəрігері мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. Институтта оқып жүргенде, Семей өлкесінде бірнеше рет ядролық жарылыс жасалғанынан хабардар болдық. Полигон белдеуіндегі тұрғындар жұмбақ жағдайда көз жұмып, түрлі ауру-сырқау, кем туған сəбилер көбейді. 1991 жылы 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл қазақ даласын үлкен апаттан арашалаған тарихи күн еді. 1989 жылы антиядролық қозғалыс басталып, халықаралық сипат алды. Бұл айтулы оқиғаға біз де хал-қадерімізше үлес қостық. Семей өлкесінде полигонды жабу жұмыстары қалай жүргізілгені əлі күнге дейін көз алдымда. 1989 жылы қазан айынан бастап сынақ алаңын тоқтатуға халықты жұмылдыру бағытында жұмыс жүргіздік. Осыған байланысты Семейдегі Абай атындағы кітапханада үлкен жиын өтті. Медицина институтының ғалымдары, сол кездегі «СемейНевада» қозғалысы Семей

бөлімінің төрағасы Марат Оразалин, академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Салауат Тапбергенов жəне тағы басқа көптеген азаматтар атом жарылыстарының адам ағзасына қаншалықты зиян екені жөнінде мəселе көтерді. Дəрігерлер полигонның зардабы туралы ғылыми тұжырымдарын айтты. Сол жылдары Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев болатын. Ол да бұл мəселеге үн қосып, Мəскеуге хат жазды. Обкомның идеология қызметкерлеріне тапсырма беріліп, ауылдарға жіберілді. Осылайша, атом сынағын тоқтату орайында ауқымды жұмыс жүргізілді. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен жарты ғасырға жуық халық басына зобалаң орнатқан Семей полигонындағы жарылыстар тоқтатылғанда, бəріміз бөркімізді аспанға атып, қатты қуандық. Сынақтан сансыраған жұрттың санасына қайтадан сəуле құйылғандай еді. Полигонның жабылуына ерекше еңбек сіңірген тұлға – Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы жыл сайын Семей жұртшылығымен жүздесіп, хал-ахуалымен танысып отырады. Соңғы жылдары Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында Семей шаһары жан-жақты дами бастады. Əсіресе, медициналық кластер жетілдіріліп, қалада түрлі сала бойынша дəрігерлік қызмет көрсететін емдеу мекемелері бой көтеруде. Жуырда қалада үлкен оңалту орталығы салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі кезде əлемдік қоғамдастыққа Семейдің аты жете таныс. Өткен жылы қала əкімі Айбек Кəрімов Жапонияның Нагасаки мен Хиросима сияқты

атом жарылысынан зардап шеккен қалаларында болып, семейліктердің атынан сөз сөйледі. Сондай-ақ, Түйемойнақ аралында жыл сайын қазан айында полигон құрбандарын еске алуға арналған үлкен іс-шара өткіземіз. Оған бүкіл семейліктермен бірге, шетелдіктердің де келуі дəстүрге айналды. Əрине, полигонның зардаптарынан толық арылдық деп ай та алмаймыз. Десе де, полигон белдеуіндегі халықтың денсаулығы осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыс тырғанда, жақсарып келеді. Бұл – əлемдік ядролық қарусыздану стратегиялық идеясының бастамашысы болып отырған Елбасының ерен еңбегі мен ерлігінің нəтижесі деп білеміз. Келешекте əлемді ядролық сынақтардан құтқару жолындағы Қазақстанның бастамасын жержаһан жұрты құрметтеп, кең қолдау білдіретініне сеніміміз кəміл. Анатолий ВОЛЧЕНКО, «Семей-Невада» қозғалысының жəне халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі.

СЕМЕЙ.

Семей сынақ алаңын жабу мен ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту оңайға түскен жоқ. Өйткені, əлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, көлемі жағынан дүниежүзінде екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жабу кейбір мемлекеттер тарапынан түсінбеушіліктер туғызды. Елбасының сөзімен айтқанда, «кейбір «тілектестердің» кеңестерінен жəне бірінші мұсылмандық ядролық держава болудың күмəнді абыройынан батыл түрде бас тартылғандығы белгілі. Семей полигонының жабылуына байланысты ядролық қаруды таратпаудың жəне қарусызданудың жаһандық үдерісінің жаңа кезеңі басталды. Еліміз бірінші болып ядролық сынақтарға толық жəне сөзсіз тыйым салу актісін, осы ған орай «ақырет күнінің» қаруын жетілдіруді тоқтатуды жүзеге асырды. 2011 жылдың 12 қазанында Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық ісқимыл күніне арналған шаралар төңірегінде «Ядролық қарусыз əлем үшін» атты халықаралық форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі кезекте əлем халқы ондай алапат зұлымдықты көрмеуін қалайтындығын айта отырып, Қазақстан Жер бетіндегі

қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жаршысы əрі жақтаушысы екендігін жеткізді. Форумда сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев: «Ядролық полигонды алғаш жапқан мемлекеттің Президенті ретінде жеке өз басым үшін ядросыз əлем – абсолютті саяси аксиома. Кейде тарихи оқиғалар мен жекелеген адам басындағы оқиғалар қайшыласатын сəттер болады. Мен үшін жəне менің халқым үшін Тəуелсіздігімізге қол жет кізіп, ядролық полигонды жапқан 1991 жыл сондай жыл болды. Тарихтың сабақтары олар болашаққа бағдарланғанда ғана қандай да бір мазмұн иеленеді. Сондықтан өткенді еске ала отырып, біз болашақтағы ісəрекеттеріміз туралы, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ХХІ ғасырдағы ядролық

қауіпсіздік туралы ойлауға тиіспіз», – деді. «Қазақстан-2050» Стра тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ядролық қаруды тара тпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – əлемдік тұрақтылыққа, тəртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы – жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану», деді Елбасы. ХХІ ғасыр – жаһандану дəуірінде ядролық қарудан бас тарту мəселесі ең ауқымды əрі күрделі мəселелердің бірі болып табылады. Егер əлемдік қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін. Сол себепті де Қазақстан Республикасы мен оның Елбасы ұсынып отырған ядролық қарусыз əлем – адамзат ұмтылуға тиіс ортақ мақсат. Уəлихан ИБРАЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих, құқық жəне экономика институты директорының орынбасары.

Ґліарада жасалєан ерлік Кенжебек ҮКИН,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында ядролық қарусыздану жөнінде басталған істің барлығына куə болғанмын. Соның ең бастысы – ядролық қарудан бас тарту, Семей полигонын жабу мəселесі. Барлығы да халықтан жасырын, құпия ұсталған Кеңес Одағында жерімізде жыл сайынғы бомба жарылысының ұрпақ үшін қаншалықты зиян екендігін екінің бірі сезіне алмады. Расында, барлығы да жасырын, құпия ұсталды. Бізде өте алысқа ұшатын оқтұмсықтар мен сутегі бомбасына дейін тұрды. Қандай мəселеде болса да Мəскеуден басқарылған уақытта бас изеуден өзге ешқандай ашық қарсылық болмайтын. Сондықтан, кейбір беделді азаматтарымыз бен қайраткерлеріміз үшін полигонның жабылуы, ядролық қарудан бас тарту ақылға сыймайтындай көрініп, оған қарсы пікір айтқаны да есімізде. Бірақ «айды етекпен жауып болмайды» дегендей, Семей полигонындағы қырық жылғы ядролық сынақтың адамға қаншалықты қасірет əкелгендігін

сол өңірдегі елді мекендерде кеміс туған балалар, қатерлі ісік ауруларының күрт көбеюі де айтып бергендей еді. Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен Семей полигонындағы сынақты тоқтатуды талап еткен «НевадаСемей» қоғамдық қозғалысы жұмысты бастады. Өліара уақытта «ядролық қаруды ұстап қаламыз ба, əлде бас тарту керек пе?» деген мəселе тұрды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сонда ерлікке пара - пар шешім жасады. Өйткені, Нұрсұлтан Əбішұлы ой таразысына сала отырып, ядролық қаруды сақтағаннан табатын олжамыздың

Осыдан ширек ғасыр бұрын

жоқ екенін білді. Біздің елде қанша оқтұмсық тұрса, сырттан оған қарсы сонша оқтұмсық бағытталар еді. Жас тəуелсіз еліміз болашаққа қадамын бейбітшілік жолмен жасасын деп түйді. Елбасы батыл шешімге бармас бұрын АҚШ, Англия, Франция, Германия, Ресей секілді дамыған елдерден болашақ қауіпсіздігіміз туралы кепілдік алды. Бұл да өте керек нəрсе еді. Əлем елдері мен белгілі ғалымдар, əйгілі қоғам қайраткерлері ядролық қару адамзатты тығырыққа тірейтінін жиі көтеріп отыр. ХХ ғасырда қарыштап дамыған техникалық прогресс жетістіктерінің бірегейі – ядролық қару адамзаттың өзіне қарсы шықты. Мұны бір кеменің үстіндегі əлем жұрты біліп отыр. Осыдан бірер жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун сынақ өткен жерді, ядролық қарудың жойылғанын өзі келіп көріп кетті. Əлемге қарусыз-ақ, елдің экономикасын дамыту, əлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы да танылуға, өзін мойындатуға болатынын Назарбаев дəлелдеді. ҚОСТАНАЙ.


6

www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

 Басты байлық

 Тағылым Бұл күнде əн де көп, əнші де көп. Толассыз шырқалған əннен құлақ тұнады. Тыңдарман ретінде бірлі-жарымына сүйсінесің, біразына күйінесің. Бірақ қолдан келер дəрмен жоқтың қасы. «Пай, пай, мына бір əннің сөзі мен əуенін-ай» дейтіндей əндер тым сирек. Жуырда сол сирек əндерді шырқаудың шебері, елімізге танымал əнші, Ғарифолла Құрманғалиевтің төл шəкірттерінің бірі – Светлана СҰЛТАНҒАЛИЕВАҒА кездесіп, сұхбаттасудың сəті түсті.

– Аға, сізге студияға барсам бола ма? – дедім тұншыға үн қатып. – Уақыт тапсаң кел, неге келмеске. Тек құдай берген талап-талантың болса ғана кел, босқа уақыт өткізу үшін емес... «Талаптыға нұр жауар», дегендей, көкейіме бала кезден ұялаған, бірақ, оған қол жеткізу қайда деген арманыма осылай жол ашылды. Бір жыл бойы үзбестен Ғарекеңнің студиясына

Биік ґнер – мўхит тїбіндегі маржандай – Сіз еліміздегі атақты үш жəрмеңкенің бірі – Көкжардың маңындағы Үшқатты ауылында өмірге келген екенсіз. Əнші болуыңызға не себеп? 1869 жылы іргесі қаланып, атағы жер жарған жəр меңкенің тарихи орындары тебі рентіп, толқытты ма əлде Көкжарды əн мен күйге бөлеген ақын Кердері Əбубəкір, Тəңірберген Молдабай, күйшілер – Құрманғазы, Дəулеткерей, Ұзақ, Сəулебай, Əміреш, ақын-жыраулар – Қашаған, Нұрым, Ақтан, Нұрпейіс, ақын, композитор, əнші Мұхит сал, əнші Қызыл Тұрдалы баласының рухтары желеп-жебеді ме?! Əйтеуір «əнші болғым келіп еді, əнші болдым» деуден аулақсыз ғой. – Əке-шешемнің айтуынша, маған əн өнері жеті-сегіз жасымда қонақтапты. Түсімде балуан денелі қара кісі өзі ағаштан шауып жасаған домбырасын ұсынып «Қызым, енді əн сал» дейді. Ал қасындағы шырайлы ақсары кісі менен домбыраны алады да шырқай жөнеледі. Арасында сəл бөгеліп, «Қызым, қосыл, үйрен» дейді. Мен əнге қосыла жөнелем де, өз дауысымнан өзім шошып оянамын. Осындай жай қайталана берген соң əке-шешем мені Қызыл əншінің басына апарып түнетіп, аруақтарға мінəжат етіп садақа береді. Сөйтіп, домбыра шертуді де, ептеп əн салуды да өзімнен-өзім үйрендім. Мұхит бабамның əніне құмар боп өстім. Ғарифолла Құрманғалиевті бір көрсем, əнін тыңдасам деп армандадым. Əкемнің сатып əперген радиоласынан Ғарекеңнің əні берілсе, менде ес жоқ, бəрін жиып тастап, домбыра қағысын, əн иірімдерін үйренуге ұмтылатынмын. Оқушылардың аудандық байқауында Ғарифолла ағаның «Сүйген жар» əнін орындап, жоғары бағаға ие болдым. Əнші Амангелді Жұманов мені құттықтап «Айналайын, талабың оң болсын», дегені əлі көз алдымда. Содан «Орта мектепті тəмамдаған соң Алматыға барсам, қаланы араласам, əн факультетіне құжат тапсырсам», деген ой бойымды билеп алды. – Ойыл десе, еске атақты Көкжар жəрмеңкесі оралады. Белгілі ақын, жазушы, драматург Берқайыр Аманшиннің «Көкжар» романының сюжеті осы өлке, осы Көкжар. Табиғаттың жомарт жерінде, ақын Шернияздың, Оралдан əн оздырған Мұхит бабамыздың, оның замандасы Қызыл əншінің, Мұхит ұрпақтары – Шайқы, Шынтас, Шоң, Ғұбайдолла, кешегі дауылпаз əнші Ғарифолла табанының ізі бар топырақта дүниеге келуіңізден шығар, бəлкім, əншілікке ұмтылыс жасауыңыз? – Əрине, адамзат баласының топырақтан жаратылғаны рас болса, солайы солай ғой. Адамға алдымен талаптану қажет. Данышпан Абай: «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, ойлап қой», демей ме! Əсіресе, жасөспірім кезімде талабым таудай болды. Аздап шегініс жасайын. 1979 жыл. Алматыдағы Орталық көрменің концерт залы. Мұнда Халық аспаптары ансамбльдерінің республикалық фестивалі өтуде. Кезек Ақтөбе облысы өнерпаздарына келді. Алдыңғы қатарда белгілі қоғам қайраткерлері, орталарында атақты ғалым, академик Ишанбай Қарақұлов, Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова бар көрінеді. Сахна шымылдығын «Əлия гүлі» аспаптық ансамблі ашты. Көркемдік жетекшісі батыс өңіріне белгілі өнерпаз Қайырғали Қожанбаев ағамыз екен. Үшінші кезекте «Ансамбльдің ең жас əншісі» деп мені сахнаға шақырды. Мұндай жиында əн салып көрмегесін бе, сəлпəл жүрексіндім де, бірақ, өзіме-өзім тез келдім. Мұхиттың «Паңкөйлегін», одан соң «Айнамкөзді» шырқадым. Залда отырғандар ду қол шапалақтады. Бірді-екісі гүл шоқтарын ұсынды. Содан дайындық бөлмесіне бір апай келіп мені қапсыра құшақтап, «Мен Ғазиза Жұбанова апайыңмын. Консерваторияны басқарамын. Дауысың шымыр, үнің таза екен, маған ұнады. Биыл орта мектепті бітіреді екенсің ғой, оқуға бізге кел, көмектесемін», деп бетімнен сүйді. Апай шығып кеткен

соң, құрбыларым «енді жолың болды» деп мені құттықтап жатыр. Сол сапардан үлкен əсермен оралдым. Шілде айының басында əке-шешемнің батасын алып, Алматыға жол тарттым. Ауылдас қыздарыммен бірге Қыздар педагогикалық институтының музыка факультетіне құжатымды өткіздім. Арнайы музыкалық білімім болмаған соң консерваторияға баруға жүрексіндім. «Ғазиза апай мені ұмытып кеткен шығар, шаруасы шаш етектен ғой», деп ойлағам. Сол күндердің бірінде жатақхананың кең бөлмесінде оңаша отырғанмын. Құрбым келіп «Сені бір кісі төменге шақырады» дегесін басқышпен жүгіре түссем, бір жігіт ағасы тұр. Маған бақырайып қарады да: «Сұлтанғалиева Светасыз ба?» деді. Мен басымды изедім. «Онда киін. Ғазиза апайға барамыз, тезірек, шырағым, тезірек», деп асықтырды. Содан əлгі кісі мені «Волга» машинасына отырғызып, консерваторияға алып келді... Міне, солай қазақтың музыка өнерінің, оның ішінде классикалық музыка жанрының негізін қалаушылардың бірі – дарынды композитор, ұлағатты ұстаз Ғазиза Ахметқызының қамқорлығының арқасында ойламаған жерден консерваторияға қабылдандым. Нотаны, музыкалық өлшемдерді (сольфеджио) мүмкіндігінше тез меңгеруге, көрсетілген сенімді ақтауға барынша ыждағаттылықпен кірістім. Дайындық бөліміндегі ұстаздар дауыс ерекшелігімді жоғары бағалап, вокал клас ына қабылдады. Дауыс тембрім жоғары «колоратурное-сопраноға» да, «меццосопраноға» да келетін. Əсіресе, қатты қызыққан кафедра меңгерушісі, вокалдың білгір маманы, профессор Бекен Жылысбаев болды. Бір жыл бойы Клавдия Ивановна Бобошкадан дəріс алдым. – Ал ұстазыңыз Ғарифолла Құрманғалиевпен қалай жолықтыңыз? – Əлі есімде, Виноградов көшесіндегі гүлзарға оңаша жайғасып отыр едім, қарсы беттегі орындықтағы кісіге көзім түсті, таныс бейне. Япырау, дəл өзі! Қарсы алдымда отырған адам – өзім жастайымнан əнін жаттап, шіркін, бір көрсем ғой деп армандаған Ғарифолла Құрманғалиев. Ақ қырау шалған шашы теңіздің бұйра толқынындай желкесіне түскен, ойнақшыған көзінің қарасынан ағы мол, шағын денелі кісі. Орнымнан қалай тұрғанымды аңғарғаным жоқ, алдына таяу барып: – Сəлем бердік, – дедім. – Бар бол, балам. Қай жерденсің? – Ойылдан, Ақтөбе облысы. – Иə, қасиетті Көкжардан келген екенсің ғой! Қайда оқисың? – Консерваторияның дайындық бөлімінде. – Иə, жақсы болыпты. Əнші боламын де, қалай өзі, домбыра тарта білесің бе? – Білемін. Ептеп əн де айтамын, сіздің əндеріңізді радиодан тыңдап өстік. – Е, дұрыс. Қазір əншілер, шүкір, баршылық, бірақ түсініп айтатын, жеріне жеткізіп айтатындары сиректеу. Дегенмен, талабың оң болсын! – деп маған шұқшия қарады.

барып тұрдым. Бір жыл бойы асыл ағаның ақыл-кеңесін тыңдадым. Бір жыл бойы əн мұхитынан, кəусар бұлақтан сусындадым. Бұл 19791980 жылдар еді. Неге екені белгісіз, Ғарекең мені оң жағына отырғызып, ең соңынан тыңдайтын. Əнді бөлмей, еш ескертусіз үнсіз, көзін жұмып тыңдайтын. Тек əн біткен кезде ғана, «енді анау əнді айт» деуші еді, басын көтеріп. Үзіліске дейін айтқызатын да, «Осы қыздан үйреніңдер» деп шығар есікке беттейтін-ді. Келер жылы Ғарекең аздап ауырып, қалған кезде де ара-тұра үйіне барып, кеңес алып тұрдым. Оқуды бітіргенше аяулы ұстазымнан қол үзгенім жоқ. Халық əніне деген құштарлық, əрі ұстазым Ғарекеңнің əнді орындау ерекшелігінің ықпал еткені соншалық, екінші курста халық-аспаптар факультетіне ауысып, вокалмен біржола қоштасып тындым. Əрі қарай ұлы Мұхит бабамыздың тікелей ұрпағы Құбыш ағайдың кафедрасында оқуымды жалғастырып, «Орындаушы-мұғалім» мамандығын алып шықтым. – Бұл күнде əн де, əнші де көбейді. Оны сынап-мінеп, барын бар, жоғын жоқ дейтін сарапшылар, «сенікі дұрыс, сенікі бұрыс» дейтін ақылмандар мүлдем бой көрсетпейді. Ол ол ма, енді бақи дүниеге кеткен атышулы композиторларымыздың əндеріне қол сұғу басталды. Əнді «өңдейміз, толықтырамыз» деушілер бастарын қылтитты. Бір мысал: вальс королі, марқұм Шəмшінің «Сыр сұлуына» аха-ха-ай, еу-еу-ді қосты. Ойпырм-ай, аруақтан ұялмаса да, халықтан ұялмай ма, шіркіндер дейсің. Бұған көзқарасыңыз қандай? – Бұл жайдан мен де хабардармын, ашығын айтқанда, көріп-біліп отырмын. Кейде «ішім түтін, сыртым бүтін» күй кешемін. Əрі ойлап, бері ойлап, «бұл уақытша нəрсе, уақыт бəрін елеп-екшейді. Жақсыны – жақсы, жаманды жаман дейтін кез келеді», деп өзімді өзім жұбатамын. Ол кез де алыс емес шығар. Өйткені, өнердің шыңы тым биік. Соның бір шыңы – əн де, күй де халыққа қызмет етеді. Əн мен күйді дүниеге əкелуші тобыр емес, халықтың ортасынан шыққан таланттылар. Қазақ халқындай əнші, күйші, сауықшыл халықтың əлемде өте сирек екенін өзге ұлттың өкілдері айтып та, жазып та қалдырды ғой. Олар біздің əн-күй өнерімізге таңдай қағып, таңырқасты емес пе! Қазақ халқы небір қиыншылықта да, небір соқтықпалы, соқпақты кезеңде де өз өнерін аяқасты еткен емес. Аштан өліп бара жатса да бір шумақ өлеңін бір үзім нанға сатқан емес. Мысалы, адай руының Жеменейінен шыққан Зəкария ақын 1930 жылы Ойыл түр месіне жазықсыздан-жазықсыз қамалғанда, түрме бастығы «Мені өлеңмен мақтасаң, асқа тойғызамын» депті. Сонда Зəкария: ...Бір шумақ өлеңім– өмірім, Өмірім – өлеңім. Өлеңімді саған сатқанша, Аштан өлемін, – деген ғой. Адамда арман, қиял тоғысып, бірін бірі жетектеп жатады ғой. Менің

ойымша, əн-күй өнері қоспасыз таза, мөлдір, мұхит түбіндегі маржандай болуы керек. – Сіздің 2003 жылы үнтаспада жазылған 23 əніңізді тыңдап бір сергіп қалғанымды айтпай болмас. Үнтаспаға Мұхиттың сегіз əні, Ғарифолланың үш əні кірген екен. Əсіресе, «Гурьев» пен «Қара қаншық» сіздің орындауыңызда тым ерекше. Үніңіздің ашықтығы,

əн сөзінің анықтығы, дауыстың шырқай көтерілетін тұсындағы самғау-қалықтауы кіршіксіз, көмейден шыға көсілетін үннің ащы айқай емес, сырнайлылығы; домбыраны сыбырлата сөйлете білуіңіз менің көңілімді аспандатты. – Рахмет, ағай, мені бір көтермелеп тастадыңыз. Егер де өнерім тыңдармандарға рухани лəззат сыйлайтын болса, ол үшін ұстазым Ғарифоллаға қарыздармын. Отбасы жағдайына байланысты Алматыда тұрақтап қалудың сəті түспеді. Туған өлкеме келіп, қызмет еттім. Өнер жанашыры, профессор М.Арыновтың тікелей көмегімен Ақтөбе педагогикалық институтында «Жыр-терме» класы ашылып, сонда оқытушылыққа шақырылдым. Бірақ Ғарекең көкейімде жатты. Бір ғасырда бір туар табиғи талант иесінің өнердегі жұмбақ сыр-құпиясын ашу үшін еңбек тендім. Батыстың дəстүрлі əн өнері жайлы əдістемелік оқу құралын жазуға ұмтылыс жасадым. Бұдан кейін Астанадағы Өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаеваның шақыруымен Ғарифолла Құрманғалиевтің класында ұстаздық қызмет атқардым. «Ғ.Құрманғалиевтің орындаушылық ерекшелігі» деген тақырыпта ғылыми еңбек жазу үстіндемін. Ақтау қаласында өткен Ғ.Құрманғалиев атындағы республикалық конкурста бірінші жүлдені иелендім. Қазақстан Республикасының «Мəдениет қайраткері» деген атағым бар. Төрт баланың ана сы мын (екі ұл, екі қыз), оларды өсіріп, оқытып, қа наттандырғанымызға қуаныштымыз. Құдайға шүкір, бəрі де тəуелсіз қоғамымыздың белсенді азамат, азаматшалары. Күйеуім Жоламан Боранқұл баласының негіз гі мамандығы дəрігер, Алматы медициналық институтының түлегі. Екеуміз жерлеспіз. Талантты ақын Төлеген Айбергеновтің Ғарекеңе арнаған «Əуен мен ырғақ» өлеңінде: ... Уһ, дүние-ай, бір толқып басылдым ба ай, Мен əнді есітем деп пе ем асыл мұндай. Қазір менің жүз тұлпар – көкірегімнен, Жүз тарапқа кетті ағып басын бұрмай... Басса да аспан жердің арасын сең, Бəрі бір байтақ ағам, даласың сен. Қыздардың көлден қайтқан шелегінде, Үйіріліп, иірім тартып барасың сен... – дейтін шумақтар бар. Ғарекеңе арналған осы он тоғыз шумақ өлеңді күніне бір рет жатқа айтамын. Кейде, «Шіркін, композитор болғанымда», деп ішімнен күбірлеймін. Төлеген ақын ұлы əншіге өлеңмен ескерткіш сыйлап кетті ғой. Таланттың талантқа тағзымы осылай болса керек-ті.

АСТАНА.

Əңгімелескен Марат МƏЖИТОВ, жазушы.

Дертті жеѕу їшін жігер керек Қуатжан ТҰРЫСБЕКОВ, Алматы көпсалалық клиникалық ауруханасының бас дəрігері.

Алматы көпсалалық кли ни калық ауруханасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша азаматтарға шұғыл жəне жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Бізде жалпы хирургия, тамырлы хирургия, бет-жақ хирургиясы, нейрохирургия, травматология, гинекология, урология, неврология жəне кардиология бөлімшелері жұмыс істейді. Соңғы жылдары қабылданған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы отандастарымыздың жеке денсаулық көрсеткіштері мен жалпы қоғамдық денсаулықты сапалы түрде оң ілгерілетуді мақсат етеді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру денсаулық сақтау мəселелерінде бүкіл қоғамдық келісімге қол жеткізу жолымен халықтың өмір сүру ұз ақтығын арттыра отырып, жалпы жəне ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ, əлеуметтік мəні бар ау руларды төмендете отырып, денсаулық сақтау саласының бəсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты руға ықпал ететін болады. Бұл бағдарлама отандық медицинаны дамытудағы жаңа қадам, ол бізге отандастарымыздың денсаулығын жақсарту мəселелерін кешенді түрде шешуге ықпал етеді. Қазіргі кезде қан айналымы жүйесінің аурулары қоғам үшін өзекті болып отыр. Ал оны емдеуге басымдық мəн берілгені де белгілі. Республика халқына кардиологиялық, кар диохирургиялық көмек көрсету бағдарламасына сəйкес біздің көпсалалы клиникамызда да

2012 жылы ангиохирургиялық əдіспен диагностикалау жəне емдеу бөлімшесі ашылған болатын. Онда жүректің ишемиялық сырқатымен, жедел коронарлық синдроммен, жіті миокард инфарктімен ауыратын сырқаттарға емдеу мен диагностикалаудың интервенциялық əдісі қолданылады. Емдеудің бұл түрі 2013 жылы тек қана Алматы облысында емес, бүкіл еліміз бойынша қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім мен мүгедектікке ұшыратуды бірнеше есе төмендетті. Жүректің ишемиялық ауруы қауіпті аурулардың қатарына жатқызылады. Ол асқынған жағдайда миокард инфарктіне жол ашып, оның соңы мүгедектік пен өлім-жітімге əкеледі. Ауру жүрекке қан айдайтын тəж (коронарлық) тамырының зақымдануынан, қан құрамында холестериннің жоғары лауынан пайда болады. Бұл өз кезегінде ағза лардың оттегімен жəне қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына, яғни жүректің тұншығуына əкеледі, ары қарай миокард инфарктінің дамуына алып келеді. Бірақ, дəл осы аурудың салдарынан кенеттен болатын өлімжітімнің алдын алу мүмкін екенін айтқымыз келеді. Еліміздің кез келген

азаматы жүрек артериясында зақымданудың алғашқы белгілері байқалғанда кардиолог дəрігерге баруы қажет. Электрокардиограмма жасатып, қандағы холестерин деңгейін білуі керек. Бұл аурудың алғашқы белгісі жүректің ұстамалы түрде қысылуы. Медицина тілінде оны «Грудная жаба» деп атайды. Кейбір ұстамалы стенокардия ауруы (грудная жаба) көбінесе кеуденің сол жағына, жүректің тұсына беріледі, кейде ауру жұтқыншақта, асқазан тұсында пайда болады. Міне, осындай белгілер пайда болған кезде корон ароан г и ог рафи я жасату ұсынылады. Бұл жүрек артериясының ерекшелігін, олардың орналасуы мен тарылуын дəл анықтап беретін диагностикалық əдіс. Егер артерияның 55 пайызы тарылған болса, оттегі жетіспеушілігі туындап, оның соңы ұстамалы стенокардия ауруына соқтырады. Міне, осының алдын алу үшін диагностикалаудан кейін дəрігер хирург артерияның тарылған жеріне арнайы стент орнатады. Бұдан кейін артериядағы қан айналымы реттеліп, науқастың өмір сапасы жақсарады, ең бастысы, бұл əдіс миокард инфарктінің алдын алады. Əрине, кез келген адам дені сау, сапалы өмір сүргісі келеді. Сондықтан маман ретінде шылым шегу, алкогольді ішімдік ішу, дененің артық салмағы, күнделікті өмірде аз қи мыл дау факторлары қан айналымының ауруларын туындататынын айтқым келеді. Сондай-ақ, кез келген адам аурудың алдын алу үшін дүркін-дүркін қан құ рамындағы холестерин мен қантты тексертіп, қан қысымын өлшетіп тұруды да əдетке айналдырса артықтық етпейді.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Ќўнды бастама Досмұхамед КІШІБЕКОВ, академик.

Тимур КІШІБЕКОВ,

философия ғылымдарының кандидаты.

Музей қызметкері Ахмет Дүйсенбаев 26 ақпандағы «Егемен Қазақстан» газетінде «Еуразия топонимдері» атты материал жариялады. Бұл өте құнды əрі зəру тақырып. Əр зерттеушінің ойында жүретін мəселе болатын. Автордың бұл тақырыпты көтергені өте орынды, құптарлық іс. Тек бастаған істі əрі қарай тереңдетіп, кеңейтіп зерттей беру керек. Алдымен мақаланың аты жөнінде. Оны «Еуразия топонимдері» деп атаған. Авторды түсінуге болады. Бұл бастама. Келешекте оны «Еуразияда түрік топонимдері» деп атаған жөн. Өйткені, мақаланың түпкі мақсаты да сол. Одан соң əрбір келтірілген топонимдік сөздерге толық түсіндірме беру қажет. Өйтпейінше, түрлі талас пікірлер туындайды. Ең бастысы, көтерілген мəселе өте тың. Сондықтан осынау күрделі ғылыми, идеологиялық, тарихи, лингвистикалық мəселеге түрлі мамандарды қатыстырған жөн деп есептейміз. Өйткені, бұл біздің бабалар тарихына тікелей байланысты мəселе. Бағзы тарихымыз аңшылықтан кейін қолға тағы жылқыларды үйретуден басталды. Мал жағдайына байланысты олар Еуразияда талай жерді шарлады, қоныстанды, тұрған, жүрген мекеніне лайықты ат қойды, тіршілік белгісін қалдырды. Тарихшылар көне тарихты зерттегенде палеонтологияға мəн береді, сүйенеді. Бұл дұрыс. Бірақ, одан кем емес деректі бізге топонимдер, мақал-мəтелдер қалдырды. Міне, тарих философиясы дегенде осыларға мəн бергеніміз жөн.

Біз Америка үндістері (майя, ацтектер, сиу, т.б.) тілінде «кін» (күн), «чилан» (жылан), «бақа» (бақа), «тепе» (төбе), «иаш» (жас) деген сияқты түрлі сөздер бар екенін кейін білдік. Сол сияқты Гренландия эскимостарында «ата» (əке), «аата» (ата), «ана» (ана), «аана» (əже) сияқты сөздер сақталғанын байқадық. Соңғы жылдарға дейін бұдан хабарсыз едік. Əлемдік деңгейде талай ғылыми конгрестер өткізілген екен. Біз бұдан да бейхабар болып келгенбіз. Ол түгіл бұрынғы КСРО жерінде түркі тілінде көптеген топонимдер бар екеніне де онша мəн бермегенбіз. Ахмет Дүйсенбаев олардың бетін ашты. Автор еңбегінде 400-дей топонимдерді келтіріпті. Бұл тек бастамасы ғана. Төл тарихымызды зерттеу, біріншіден, бабаларымыз рухы алдындағы парызымыз. Екіншіден, тарихымызды бүкіл əлемге таныстырып, осыған қазіргі елдерді тəнті етіп, мойынсұндыру. Үшіншіден, біздерді «жабайы» деп келген еуроцентризм саясатына берілген нақты дəлелді жауап болмақ. Адамзат тарихында көшпелілер əкелген өркениеттің əсері Еуразия елдерінде əлі күнге дейін сақталғанын көру қиын емес. Біздей мол тарихы бар Еуропада басқа этнос болса, əлемге жар салған болар еді. Біз осыны ұғынуымыз керек. Егер тарихта алған орнымызды көрсетпесек білімді болғанымыздан не қайыр? Бабаларымыздың тарихы əлемде ешбір этносқа ұқсамайды. Ерекше. Біз сол бабалардың тікелей ұрпағымыз. Олай болса адамзат тарихында алатын орнымыз да бөлек. Тарих шын болуы керек дейміз. Бізге керегі сол ақиқат. АЛМАТЫ.


 Есімі елдің есінде

 Өнеге

Ґмір оты Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,

филология ғылымдарының кандидаты.

Ќарымды ќайраткер еді Кешегі өткен ғасырда Қазақстанның белгілі де беделді қайраткерлерінің бірі ғана емес, бірегейі болған Ақ Жайық өңірінің түлегі Мұзаппар ағаны елі есіне алып, ең алдымен, оның үлкен азаматтық қасиеттерін айтып отырады. Үлкен ұйымдастырушы қабілетімен қатар, кішіпейіл, ақжар қын, адамды бірден ішіне тартып тұратын, байсалды кісі бола т ын. Тек туған өлкесінде ғана емес, Қазақстанның бірқатар аймақтарында өшпес із қалдырды, үлкен құрметке бөленді. Мұзаппар Дайыров 1914 жылы Астрахань облысының Қарабала ауданындағы Ахтуба ауылында дүниеге келді. Əкесі Қозыбақ ақсақалдың он баласының бірі. Үлкен отбасының иесі өмір бойы қой бағумен болған. Колхоз құрылғанда алғашқылардың қатарында мүше болып кірген. Баласы Мұзаппардың өзі де өмір жолын шаруашылық жұмысынан бастаған. Интернатта жатып, 7 класты бітірген Мұзаппар Саратов, Астрахань қалаларына барып, білім алады. Еліне қайтып оралып, өз колхозында комсомол ұйымының хатшысы болып істейді. Жалын оты лаулап тұрған жас жігіт қызжігіттердің арасында жақсы беделге ие болады. Ол кезде РСФСРдегі Сталинград өлкенің орталығы болатын. Сонда өткен комсомол ұйымының конференциясына делегат болып қатысады. «Ол уақытта жастар ойындағысын ашық айтатын, сөз жарыстары қызу да қызғылықты болатын, – деп еске алатын Мұзаппар аға. – Жалығып, қалғу дейтін болмайтын. Маған үлкен əсер еткен өлкелік партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы, революционер И.П. Варейкс болды». 1939 жылы Оралдағы Комвуз деп аталып кеткен оқу орнын бітірген Мұзаппар Орда аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Осы кезден бастап талапты жастың тез өрлеу жолы басталады. Көп кешікпей аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушілігіне жоғарылатылады. Бір жылдан кейін Батыс Қазақстан обкомы ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары, соғыс басталардың аз-ақ алдында Жаңақала аудандық партия комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы болып сайланады. Аз ғана уақытта өзін іскерлігімен, елмен тіл таба білетіндігімен жақсы жағынан көрсете білген Мұзаппарды 28 жасында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлайды. Бұл 1942 жылдың наурызы еді. Қан майданда арпалыс жүріп жатыр. Соғыстағылардың ғана емес, тылда қалған кəрілер, қатынқалаш, бала-шағалардың басына түскен ауыртпалық ұлан-ғайыр еді. Жаңақала өңірі облыс орталығынан шалғайда, мал ғана өсіретін үлкен аудан, 47 колхозы, 2 машинатрактор стансасы бар. Жерінің көпшілігі – құм. Майданға азықтүлік, жылы киім жөнелтудің қатаң тапсырмасын мүлтіксіз орындау керек. Украинадан, Ресейден босқан, арып-ашып келгендерді жайғастыру қажет. Бір күздің үш айында мұнда 4000 адам орналастырылды. Оларға баспана,

7

www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

азық-түлік берілді. Бұл тек айтар ауызға ғана жеңіл. Ста линград майданының тылы есептелген Жаңақала, Жəнібек, Орда аудандарының халқы бомба астында қалған уақытта болды. Жігерлі де іскер Мұзаппар Дайыров басқарған Жаңақала ауданының еңбекшілері майданға ауыл шаруашылығы өнімдерін керегінше жөнелте отырып, соғыс жылдарында мал басын едəуір өсіруді қамтамасыз етті. Жанқиярлық еңбектерін жоғары бағалап, КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті Жаңақала ауданына бес рет Қызыл Ту табыс етті. Қазақстандағы ең көп алғыс алған – осы Жаңақала ауданы. 1945 жылдың басында Мұзаппар ағаны Орда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы жұмысына ауыстырады. Со ғыс жылдарында бұл өңір құлдырап қалған-ды. Сталинград шайқасына жақын тұрғанның да əсері тигені анық. Екі теміржол стансасы, бірнеше елді мекен бомба астында қалып, көп зиян шеккенді. Халықтың да əл-ауқаты күйзелісте екен. Ауданның жаңа басшысы білекті сыбанып жіберіп, шаруашылықты қалпына келтіруге кірісті. Ел аралап, жеңістің жақын қалғанын айтып, адамдардың рухын көтерді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, іс алға басты. Бір-екі жылдың ішінде-ақ елдің еңсесі көтерілді. Негізгі кəсіп – мал шаруашылығы тез көтерілді. 1945-1947 жылдардың қорытындысы бойынша Орда ауданы шарықтап алға шықты. Мына бір мəлімет таң қалдырмай қоймайды. Негізгі түліктер жылқы мен қой ғой. Осыларды өсіруден жедел алға кеткен Карл Маркс атындағы колхоздың сегіз адамы ең үлкен марапатқа ие болды. Колхоз председателі Қарасай Сəриев, жылқы фермасының меңгерушісі Қалеш Ғалымжанов, жылқышылар Қабден Темірғалиев, Кенже Құрмашев, аға шопан Төлеген Өтешев Социалистік Еңбек Ері ата ғын алды, аға шопандар Нəсия Дəулетова, Қанат Кенжалиев, Хасен Əжіғалиев Ленин орденіне ие болды. Ғажап емес пе? 1946 жылдың күзінде Ордаға сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов барады. Оның қалай болғанын, ойда жоқта Жұмекеңнің өз аузынан естігенімді айта кетейін. Алдымен кездесу жайлы бірер сөз. 1955 жылдың жазында Алматыда үлкен актив жиналысы өтті. Оған Н.С.Хрущевтің өзі қатысты. Сол жиыннан қайтқанда вагон купесінде Шаяхметовпен бірге келгенім бар. Ол кезде Жұмекең Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы, Шымкентке келе жатыр. Ақжарқын, елгезек кісі екен, қайдан, кім екенімді сұрады. – Иə, Оралда болғанмын. Қаймағы бұзылмаған қалың ел, «жігіттері жігерлі, қыздары сүйкімді» дегендей. 1946 жылы барғанмын. Ол кезде сіздерде обкомның бірінші хатшысы Мінəйдар Салин болатын. «Ордаға барайық», десем: «Ойбай, оған барып-келу

үшін бір жеті керек. Тым алыс, жақын аудандарды аралайық, дейді. «Киелі жер ғой, барайық жəне тезірек қамданайық», – деймін мен. Сонымен жолға шықтық. Екі қонып, үшінші күні жеттік. Орданың халқы қатты ұнады, ыңқыл-қыңқылы жоқ, бəрі жайдары, шаруашылық бас шылары өз істеріне мығым. Аудандық комитеттің бірінші хатшысы Дайыров инабатты, байсалды жас жігіт, бірталай тəжірибе жинақтаған, болашағы алда тұрған қызметкер екен. Елді көтеріп тастапты. Көргенімізге разы болып оралдық. Білгіштер айтатын: «Жұмекең кісі танығыш, көңілінен шыққан жас кадрларды ұмытпайды, тезірек өсіргенше асығады, олар жөнінде сұрап, біліп отырады», деп. Сондай көңілінен шыққан, бір көргеннен ұнаған осы біздің Мұзаппар аға болған сияқты. Олай дейтініміз, 1947 жылдың қысында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Мұзаппар аға депутат болып сайланды. Ал наурызда болған сессияда Жоғарғы Кеңес Президиумының хатшылығына жоғарылатылды. Осы жерде Жұмекеңнің шапағаты тигені анық. – Бұрын аудан шеңберінен шықпаған маған алғашқы кезде оңай болған жоқ, – дейтін Мұзаппар аға. – Республика деңгейі тым аумақты, оның үстіне кеңес жұмысында болмағандық та əсерін тигізді. Ал Жоғарғы Кеңес Президиумының құзырында өте маңызды, күрделі мəселелер шешіледі. Басшыларым Даниял Керімбаев, Шекер Ермағамбетова, Əліби Жангелдин өте тəжірибелі адамдар, тез баулыды. Жұмысымды игеріп алдым, қарамағымдағылармен түсінісіп істедік. Үкімет адамдарымен, ми нистрлермен, депутаттармен қарым-қатынастарымыз да айтарлықтай болды. Əрине, алдымен, Жұмекеңе алғысым мол. Республиканың бірінші басшысы, анда-санда шақырып алып, жұмысымның жайын сұрайтын, кейде облыстарға шыққанда бірге алып жүретін. Жасырмайын, үлкен кісі қолтығымнан демеп отырды, өне бойы көз қырын салып жүрді. Жұмекеңнің кадрларға деген қамқорлығы айтарлықтай-ақ еді. Оның алақанының жылуын көргендер көп-тін. Ардақты ағаның аты ұмытылып бара жатқанына қынжыласың. Амал қанша, – деп күрсініп қоятын. «Шалғайдағы Нарыннан Оралды аттап Алматыдан бір-ақ шықтың. Облыс деңгейінде істеу де керек шығар», деп достары айтып жүретін. Өзінің ойы да осыған шабатын. Жоғарғы Кеңесте төрт жыл істеп те қалды, едəуір тəжірибе жинақталды. 1951 жылдың басында Жұмабай Шаяхметов шақырып алып: «Ақмола облыстық партия комитетіне хатшы болып барасың. Ел мен жерді көру керек», – дегені. Осы облыста үш жыл істеген соң, 1954 жылдың басында Павлодар облыстық партия конференциясында Дайыров бірінші хатшы болып сайланды. Одан ақпан айында Қазақстан Компартиясының кезектен тыс съезі өтті. Онда тың жерлерді игеруді жедел жүргізу мəселесі қаралып, республика партия ұйымының басшылары

жаңарды. П.К. Пономаренко мен Л.И. Брежнев келді. Ж.Шаяхметов қатардағы хатшы болып сайланды. Екінші хатшы болған Афоновты Павлодар обкомына бірінші хатшы етіп жіберді. Үш ай ғана істеген Дайыров екінші хатшы болып қалды. Кейін екі жыл Мəскеуге барып білімін жетілдіріп келгеннен соң Дайыров Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы қызметіне кірісті. Халық құрметіне бөленген ол бұл өңірде төрт жыл жүріп, тың игерушілердің қақ ортасында ғұмыр кешті. 1961 жылдың басында Мұзаппар Дайыров Семей облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Табаны күректей жеті жыл істеген соң, Алматыға шақырылды. Қазақстанның мол астығын қабылдап, тазартып, ылғалдан кептіріп, жоғары сапаға жеткізіп, КСРО-ның барлық түк піріне, шет елге жіберетін министрлікті басқару тапсырылды. Осы жерде 15 жыл абыроймен жұмыс істеп, еңбек демалысына шықты. Бұл кезде Мұзаппар аға 69 жаста еді. Зейнет жасқа жеткеннен кейін де 9 жыл істеудің өзі көп нəрсені аңғартады. Республиканың Дайындау министрлігі Дайыров басқарған уақытта шарықтап дамыды. Материалдық-техникалық базасы барынша нығайды. Мұзаппар аға былай деп айтатын: Сол 15 жылда 300 элеватор, 111 ұн мен құрама азық зауыттары, 157 шақырым теміржол салынды. Осы, басқа да қажеттілікке 3 миллиардтан аса сом қаржы жұмсалды. Бұл – орасан көп нəрсе». Жыл сайын егін орағының алдында дəстүрлі жиындар алдында 2-3 күн бұрын Мұзаппар өз шаруашылықтарын аралайтын. Д.А. Қонаев: «Жігіттер мол астық береміз деп отыр. Қалай, Мұзаппар Дайырович, ол өнім сенің қоймаларыңа сыймай қалып жүрмей ме?» – дейтін. «Біздің жігіттер миллиардтан артығын да қабылдауға əзір, оған күмəнданбаңыз», – деп жататын дайындау министрі. Көп жыл екеуін көргенде, Димекеңнің Мұзаппар ағаға зор ілтипатпен қарайтынын байқап жүрдік. Ел аралағанда өзімен бірге алып жүретін. Мұзаппар Дайыров Арқаның төрт облысында істеді. Ол жақта да айшықты ізі қалды. Республика басшылығына 40 жылдай араласып, зор беделге ие болды. Туған өлкесін де ұмытқан жоқ. Бірде Мəскеуден келе жатып Оралға түсті. Ресми қарсы алып жатқандарға: «Сіздер тұра тұрыңыздар», деп ежелгі жастық шақтарының достары Мəжит Тауышов, Бақтығали Валиевпен шүйіркелесті. Əңгімелерінің таусылмағанына куə болып едім. Мұзаппар аға ұзақ та жарқын өмір сүрді. Əке болып бала, немере сүйді. Өзінің адал еңбегінің, қажырлы қайратының арқасында ел сыйлаған, халқы қалаған үлкен мемлекет қайраткері дəрежесіне көтерілді. Ерен еңбегін Үкімет жоғары бағалады. Ленин, Октябрь Революциясы, төрт рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, екі мəрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен наградталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына 8 рет, яғни 32 жыл бойына сайланды. Осындай орасан сенім арқалаған ағаны қалай мақтаныш етпессің.

ОРАЛ.

Бисен ЖҰМАҒАЛИЕВ, еңбек ардагері.

Суретте: Мұзаппар ДАЙЫРОВ.

Əдетте кез келген жүзтанысың мен кездесе қалған сəтте амандық-саулық сұрасып, одан арғы жағында шаруаң болмай, əркім өз жөнімен кетеді емес пе? Бұрын бұл кісімен, яғни өзім сөз еткелі отырған Талғат ағамен де арадағы қарым-қатынасымыз сол шамада болып келсе, Парламенттің аударма редакциясында бірге істеген əріптес ретінде жиі жүздесіп, жақын араласып, пікірлесіп жүретін жағ дайға келдік. Содан бергі менің байқағаным – Тəкең кезінде жауапты қызметтер атқарған үлкен лауазым иесі болумен қатар, кісілігі мен адамгершілігі мол көшелі азамат екен. Жəне бір сүйсінерлігі – көршілес Ресейдің Омбы облысындағы Таврия ауданының қияндағы Қоянбай деген ауылында кіндік қаны тамған ағамыздың шет жақта жүрсе де туған тілін ардақтай білген азаматтығына тəнті боласың. Ол өте жігерлі жан. Бастамашыл, белсенді əрі көпшіл азамат. Сонау 60-жылдары əскери борышын өтеген жылдары басталған осы қасиет Тəкеңнің өмірлік қа ғидасына айналған ба дерсің. Кеңес армиясы қатарында жүргенде комсомол жұмысына бел сене араласып, шекаралық отряд комсомол комитетінің аудан дық комсомол комитеті құқығындағы бірінші хатшысы лауазымын атқарса, кейін бұл тəжірибені партиялық қызметте одан əрі шыңдай түсті. Əскери борышын өтегеннен кейін Тəкең бала кезден жүрегінің бір түкпірінде жататын Қазақстанға тартып кетті. Бұл ретте бұрын өзі түскен Омбыдағы Ауыл шаруашылығы институтын тастап кетуіне тура келді. Өзінің қашандағыдай алғырлығына сенгені болар. Сезімі алдамапты. Жастайынан қоғамдық жұмыстарда ысылғаны сеп болып, Алматы жоғары партия мектебіне оқуға түсті. Оны үздік бітірген соң, осы қаладағы Калинин аудандық саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, Алматы халық шаруашылығы институтын тəмəмдады. Уақыт зымырап өте берді. Ресей дің қияндағы Қоянбай ауы лынан шыққан бір кездегі қаршадай сарыбала өзінің қарымқабілетінің, тиянақтылығының, іске деген сергек көзқарасының арқасында ақыры Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушылығына дейін көтерілді. Бұл сол кездегі өлшеммен алғанда үлкен де жауапты қызмет еді. Кейін Орал облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Орал қалалық партия комитетінің екінші хатшысы тəрізді жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Бұл Қазақстанға қайта құру келіп, демократия лебі есе бастаған кез еді. Соның арқасында бұрынғы қордаланып қалған көп мəселелердің оң шешімін табуға ұмтылыс жасалып жатқан уақыт болатын. Соның ең күрделісі – туған тілдің толғағы еді. Тəкең, Талғат аға міне, сол кездері қазақ тілін насихаттауды қолға алып, бұл бағытта əжептəуір игілікті істер атқарған санаулы азаматтардың бірі. Мысал үшін айтсақ, 1985 жылы Орал облысында бірыңғай саяси күн науқанының

таза қазақ тілінде өтуіне бірденбір мұрындық болған адам осы біздің кейіпкеріміз. Жəне бір мысал келтірелік. Ол кезде баспасөзге жазылу мəселесінің ойдағыдай өтуіне партия комитеттері жауап беретін. Тəкең Орал облыстық партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі ретінде осы істің барысына бас-көз болуға міндетті еді. Соны пайдаланған ол кісі əдетте қазақ басылымдарына жазылуға селқос қарайтын өз саласының қазағы да, қазақтығы да аз қызметкерлерін ана тіліндегі газет-журналдарға жазылуға жұмылдыра білген бірден-бір басшы болды. Сондағы: «Біз қазақ тілін білмейміз. Бос ысыраптың керегі не?» деп сылтау айтатындарға Тəкеңнің қайтаратын уəжі: «Қазақ жəне орыс тіліндегі газеттерді салыстырып оқу арқылы тілдеріңді ұштайсыңдар. Қазақ тілін үйренудің ең төте жолы осы» деген бұлтартпас жауап айтатын. Талғатбек Махметұлының туған тіліне, туған еліне деген бойында бұрыннан бар жанашырлығы қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беруге байланысты оны халық арасында қызу талқылау барысында да көрініс тапты. Мəселен, Орал қаласындағы ұжымының 80 пайыздан астамы өзге ұлт өкілдерінен тұратын машина жасау зауытында өткен мемлекеттік тілге мəртебе беруге арналған жиналыста Тəкеңе көкейіндегісін халыққа ұғындыру оңайға түскен жоқ. Сынықтан сылтау іздеп, қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілсе, күніміз не болады дегендей байбаламды көлденең тартқандарға басу айтқанда, дəлел ді, көз жеткізе сөйлеу қажет. Тəкең осылай жасады да. Орыс тіліне қазақ тілімен бірдей қолданылатын ресми тіл мə р тебесі беріліп отырғанын, тіл бойынша ешкімді кемсітуге жол берілмейтінін, ғасырлар бойы қолданыстан шығып қалған қазақ тіліне түсіністікпен қарау керектігін жеріне жеткізе түсіндіргеннен кейін ғана жұрттың аптығы басылып, дауысқа салған кезде мемлекеттік тілді қолдаушылардың саны басым түсті. Қандай қоғамда өмір сүрсе де, қандай қызмет атқарса да, сол қоғамда болатын əртүрлі науқандарға бой алдырмай, заман ағымына, қоғам талабына ілесіп, қызметпен ғана шектеліп қалмай, өзіндік табиғи мінезін, адамдық болмыс-бітімін сақтай білетін азаматтар болады өмірде. Тəкең солардың қатарында. Елі міз егемендік алған жылдары төрт-бес жыл Əділет министрлігінде, Президенттің жəне Министрлер Кабинетінің аппараттарында, Жоғарғы Кеңестің бақылау палатасында жəне

хатшылығында мемлекеттік қызметтерді мінсіз атқарған ағамыз 1996 жылдан бастап, зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шыққанға дейін Парламент Сенаты аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде бас консультант болып абыройлы еңбек етті. Бір кезде қазақ тілі үшін қабырғасы қайысып, соны қатарға қосу жолында талай айтыс-тартыстың бел ортасында жүрген адамның соңғы 15 жылда туған тілді дамытуға, оның сөздік қорын байытуға тікелей үлес қосуға мүмкіндіктің жасалуы да Тəкеңе тартқан тағдырдың өзіндік бір сыйындай. Мұнда ағамыз орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне тəржімелеудің хас шебері болып қана қоймай, екі тілде ілеспе аударма жасаудың, санамалайтын болсақ, бүкіл ел бойынша бір қолдың саусағына толмайтын бірегей маманның бірі болып қалыптасты. Астанадағы түрлі мекемелер ілеспе аударма көмегі қажет кезде əлі де Тəкеңе өтініш жасап жатады. Зейнетке шықты деген аты болмаса, одан бергі кезеңде де Тəкең талай игі істердің басын қайырып тастады. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағына Парла мент Сенатының аппаратында еңбек етіп жүргенде ие болған-ды. Оның үстіне сонау партиялық қызметте жүрген уақыттан бері түрлі оқу орындарында саясаттану пəнінен лекция оқуды жалғастыратын. Сол еңбек зая кетпеді. 2008 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі болып, экономика, тарих, саясаттану пəндері бойынша студенттерге арналған бірнеше оқу құралдарының авторы атанды. Осы орайда біз ағамыздың негізгі жұмысынан бөлек, қоғамдық істерге белсене араласатын қасиетін ерекше атап өтуге тиіспіз. Оның спорттың шахмат, дойбы ойындары түрлерінен университет бойынша алдына жан салмайтын шеберлігі, университетте өткізілетін түрлі спорттық жарыстарға ұжымды бастап барып, жасының келгеніне қарамастан, тың серпін танытып жүретіні жастарға өнеге. Сөз ретіне қарай Талғатбек Махметұлының бүгінгі «Нұр Отан» партиясы құрылуының басы-қасын да болған жанашырлығын біреу білсе, біреу білмес. 19981999 жылдары ол кісі Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ə.Назарбаевты қолдаудың Республикалық қоғамдық штабында қызмет етті. Сайлау аяқталғаннан кейін осы штабтың басшылығымен жұмыс істеген қоғамдық күштер «Отан» партиясының құрылуына үлкен үлес қосты. Ал Тəкең болса, болашақ партияның жергілікті жердегі бастауыш ұйымын өз қолымен құрып, құрметті дема лысқа кеткенше оны қоғамдық негізде басқарды. Сөз соңында туған елінің игілігі жолындағы мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға бір кісідей атсалысып жүрген Талғатбек Махметұлының ел алдындағы еңбегі ескеріліп, бірнеше мемлекеттік марапат, үкіметтік дəрежедегі құрмет грамоталарымен аталып өткенін айта отырып, өмірге деген құштарлығыңыз азаймасын, аман болыңыз демекпіз. АСТАНА.


8

www.egemen.kz www.egemen.kz

25 наурыз 2014 жыл

ВГИК тарихыныѕ бір бґлігі – Алматыда

 Өңір өмірі

Ќазаќстанда С.А.Герасимов атындаєы Бїкілресейлік мемлекеттік кино университетініѕ кїндері басталды Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Наурыз мерекесі қарсаңында ғана Алматы ресми түрде Достастық елдерінің 2014 жылғы мəдени астанасы болып жарияланған болатын. Алайда, оңтүстік астана ТМД елдерінің мəдени астанасы атанбай тұрып-ақ, Қазақстанда аталып өтуге ұйғарылған үлкен оқиға бар еді. Мəселен, білетіндер мен көз көргендер Алматы Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында Кеңес Одағы мəдени ордасының үлкен бір бөлігі болғанын мойындайды. 1941 жылы «Мосфильм» мен «Ленфильм» Қазақстанға эвакуациямен келген кезде осы көштің ішінде ВГИК-тің оқытушылары мен студенттері де болғаны белгілі. Майданда кескілескен шайқастар болып жатқанда Мəскеудің мықты өнер майталмандары мен кинематографистері Алматыға қоныс теуіп, халыққа рух беретін өнерді жалғастыра берді. Бұл қазақ кино өнерінің

дамуына да өлшеусіз үлесін қосты. Қысқасы, мұны тарихының бір бөлігі Алатау етегіндегі қонақжай қалаға тиесілі Бүкілресейлік мемлекеттік кино университеті (ВГИК) де жоққа шығармайды. Сонымен, кеше кешке Алматыдағы М.ЮЛермонтов атындағы мем лекеттік академиялық орыс драма театрында С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кино университетінің 95 жылдық мерейтойына арналған Қазақстандағы күндері басталды. Қалай десек те, осынау айтулы шара талайларды толқытқа ны, күткізгені анық. Кешегі Кеңес Одағындағы ғана емес, бүкіл ТМД аумағындағы, қала берді əлемдегі ең мықты əрі байыр ғы кино мектебінен тəлім алған қазақстандықтар аз емес. Тəуелсіздіктен бері де бұл саладағы барыс-келіс үзілген жоқ. Оған қоса Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен атақты ВГИК қазір де студенттер алмасып, өндірістік тəжірибеге барып жатады. Əйгілі актерлер мен кинематографистердің ұстаханасы болған

ВГИК делегациясын Мəдениет пен өнер орындары ассоциациясының президенті, өнертану докторы, Ресей Федерациясының мəдениет қайраткері, С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кино университетінің ректоры Владимир Малышев бастап келіпті. Алматыны өнер ме рекесіне айналдырып, барыс-келісті бұрын ғыдан да жандандырып, жақындастыруды мұрат тұтқан мəскеулік қонақтар арасында ВГИК-тің ең беделді ұстаздары мен 30 шақты студенті бар. Өз ұлағаты бар университеттің Қазақстандағы күндерінің ашылуына орай алдымен ВГИК-тің кешегі тарихы мен бүгінгі тынысы туралы фильм көрсетілді. Осыдан кейін ректор Владимир Малышев сөз алып, əдемі қалжыңдарымен, алматылықтарға деген риясыз қошеметімен салтанатты шараның жай-жапсарына тоқталды. Жуырда ғана ел мəдениетінің тізгінін ұстаған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ВГИК-тің кезекті мерейтойы Алматыда кездейсоқ болып жатпағандығын айтып, бұл ежелден туыс, ежелден көрші екі елдің үзілмеген

сыйластығының жалғасы екендігін нақты мысалдармен дəйектеді. Қазақстан Республикасының Мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осынау рухани, адамгершіл жобалардың авторлары – екі мемлекеттің Президенттері деді. Бұл достастық пен ықпалдастық өнерде де, өмірде де, қарапайым адамдардың сыйластығында да салтанат құрып отырғанын шынайы шаралар мысалымен айтып өтті. ВГИК-тің Алматыдағы күндерінің ашылу салтанаты Т.Жүрге нов атындағы Қазақ Ұлт тық ака демиясындағы В.Фокиннің шеберлік сыныбында білім алып жатқан студенттердің Михаил Бул гаковтың атақты романы бойынша қойған «Шебер мен Маргарита» спектакліне ұласты. Алдағы күндерде осы жоғары оқу орнында ВГИК ұстаздарының шеберлік дəрістері өтіп, қала кинотеатрларында мəскеулік режиссерлар түсірген фильмдер көрсетілетін болады. АЛМАТЫ. Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

 Айбын

Жаттыєу да... ўрысќа ўќсас

Манеж

Өскеменде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Оның тұсаукесер рəсіміне өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, «Қазатомөнеркəсіп» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Сергей Ящин, Спорт жəне денешынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Сəрсен Құранбек, еліміздің жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті Алексей Кондрат, жеңіл атлетика бойынша бас бапкер Вячеслав Сокирко, 2013 жылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров қатысты. Халықаралық талаптарға сай келетін спорт кешені «Қазатомөнеркəсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен салынды. Жалпы сыйымдылығы 650 жанкүйерге жететін еліміздегі бірегей спорт нысанында 60 жəне 200 метрлік жүгіру жолдары, биіктікке жəне қарғып секіру секторлары, сондай-ақ спортшылардың көпсайысқа дейінгі жеңіл атлетиканың барлық түрі бойынша жаттығатын алаңдар бар.

«Қазатомөнеркəсіп» ұлттық компаниясы аталған нысанды салуға 700 млн. теңге бөлді. Манежде күніне 60 спортшы екі кезекке бөлініп жаттыға алады. Спорт нысанының ашылу салтанатында XVІІ Олимпиада ойындарының

Малайзияныѕ жоєалєан ўшаєы табылды Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ, «Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

«Айша бибі» полигонында «Оңтүстік» өңірлік əскерлері взводтарының жауынгерлік жат тығу атыстары басталды. Оның мақсаты – шынайы ұрысқа мейлінше ұқсас жағдайда əрекет етіп, жаттығу міндеттерін іс жүзінде пысықтау. Бұл шаралар Елбасы – Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұл тан На зарбаевтың оқу процесін жаңа мазмұнмен толықтыру, жауынгерлік дайын дықтың қарқынын күшейту туралы нұсқауымен үндесіп жатыр. Жақында Қорғаныс министрлігінде өткен жеделстратегиялық жиында Елбасы жаттығулар қазіргі заманғы

қауіп-қатерлерге сай болуы қажет деген болатын. Қазір «Айша бибі» полигонында 5-ші таулы атқыштар бри гадасының бөлімшелері өздерінің дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл ел Қарулы Күштері сапындағы бірден-бір ерекше құрама болып табылады. Биыл бұл бригадада алғаш рет жауынгерлік дайындықтың жаңа тəсілдері тəжірибе жүзінде сынақтан өткізілуде. Жалпы, взводтық жауынгерлік жаттығу атысы барысында бөлімше командирлерінің, ме ханик-жүргізушілердің, көздеуші-оператор лар дың жəне атқыштардың өзара үйлесімді жұ мысына баса назар аударылады. Сонымен қатар, таулы атқыштардың жеке дайындығына

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

да айрықша мəн беріледі. Қазір олар əлемге əйгілі «Калашников» автоматынан, танкіге қарсы гранатомет пен минометтерден, БМП-2 жауынгерлік машинасынан атып жаттығу үстінде. Жаттығу барысында Қарулы Күштер тектерінің өзара үйлесімді іс-қимылдары да пысық талу үстінде. Мысалы, құрлық əскерлеріне əуе қорғанысы күштерінің майдандық авиация сы əуеден қолдау көрсетуде. Авиацияның іс-əрекеті мен нысаналарын құрлық əскерлерінің өкілдері өз кезегінде қазіргі заманғы байланыс құралдары арқылы жерден бағыттап отырды. Бүгінде «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында таулы қорықшы бөлімшелерінің əскери қыз метшілері де өздерінің арнайы

дайындықтарына кірісті. Олардың басты ерекшелігі – таулы аймақтарда жəне тікелей ұрыс қимылдары кезінде жылқыларды тиімді қолданып, əрекет ету. Үздіксіз жаттығу жұмыстары нəтижесінде аттар атыс-шабыстан үрікпей, бұйрықты тез қабылдап, жауынгердің сенімді серігіне айналғанын көрсетті. Бұл бөлімшелердің сарбаздарына қойылар талап та жоғары. Олар шың-құздарға өрмелеу əдістерін жақсы меңгеріп, арнайы құралдармен тау жартастарына шығып, түрлі кедергілерді жеңе білуге тиіс. Бұл үшін жалпы əскери ұрыс тактикасынан бөлек, адам денесінің физикалық тұрғысынан өте жақсы дайындығы да қажет. Жамбыл облысы.

8 наурызда жоғалған бұл ұшақ туралы əртүрлі болжам айтылып келген еді. Сол ақпарлардың бірінде ұшақтың Вьетнамға қарасты Тхо-Чу аралынан 300 шақырым жерде, яғни солтүстікбатыстағы Камау мүйі сінде апатқа ұшырағаны туралы болжам айтылған. Кейін əуе лайнерінің Үнді мұхиты үстімен ұшып өтіп, Австралия жағалауына беттегені белгілі болды. Осыған орай іздеушілер өздерінің назарларын солай қарай аударған. Ақырында сол жорамал дұрыс шықты. Малайзия премьер-министрі 24 наурыз күні іздеу жұмыстарының қазірге дейінгі нəтижесі бойынша мəлімдеме жасап, жоғалған ұшақтың қаңқасы табылғанын жеткізді. Ол осы уақытқа дейін айтылғандардың бəрі болжам ғана екеніне тоқталып, лайнердің Австралияның оңтүстік-шығыс қапталындағы Үнді мұхитына құлағанын растады. Еске сала кетейік, наурыздың 8-іне қараған түні Малайзияның

астанасы – Куала-Лумпур қаласынан ұшып шыққан «Боинг» арада екі сағаттай уақыт өткенде, бақылаушы радардың назарынан тысқары қалып қойған болатын. Содан бері оны қайтып көрген ешкім болған жоқ. Тек бақылаудан кетіп қалған ұшақтың əуеде тағы жеті сағаттан астам уақыт ұшып жүргені ғана белгілі

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

ӨСКЕМЕН.

 Елді елең еткізген

«Malaysia Airlines» əуе компаниясының бұдан үш аптаға жуық уақыт бұрын жоғалған Boeing-777-200 ұшағы Австралияның оңтүстік-шығысындағы Үнді мұхитының акваториясынан табылды.

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

күміс жүлдегері, əйгілі желаяқ жерлесіміз Ғұсман Қосанов атында жасөспірімдер мен қыздар арасында ашық біріншілік өтті. Аталған жарысқа облыс спортшыларымен қатар, Павлодар, Қарағанды жəне Алматы облыстарының командалары қатысты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

болған. Енді, міне, оның қайда барып, қайда құлағаны анықталып отыр. Малайзия премьер-министрі оған қатысты кеңірек мəліметтің бүгін жүргізілетін баспасөз мəслихатында айтылатынын сөз етті. Жалпы, жоғалған ұшақта 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі, барлығы 239 адам болған еді. Өкінішке қарай, солардың бəрінің апат құрбандығына ұшырағандары енді айғақталып отыр. Малайзия үкіметі марқұмдардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №273 ek

Profile for Egemen

25032014  

2503201425032014

25032014  

2503201425032014

Profile for daulet
Advertisement