Page 1

24 сағат №37 (28515) 25 ақпан СәрСенбі 2015 ЖЫЛ

Өзекті мәселелер талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ғ.Ж.Байжановты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2014 жылғы жүзеге асырылу барысы, елдің Қарулы Күштерін нығайту мәселелері талқыланды, сондайақ, биылға арналған мейлінше өзекті міндеттер белгіленді. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев ұлттық қауіп­ сіздіктің ахуалы мен мемлекеттік орган­дардың осы саладағы қыз­ меті туралы баяндады. Мемлекет басшысы қабыл­ данып жатқан шаралар арқасында ұлттық мүдделерді тиісті деңгейде сақтау қамтамасыз етіліп отыр­ ғанын атап өтті. Сонымен қатар, діни-экстремистік, террористік, сондай-ақ, жаһандық және өңір­ лік үрдістерден туындаған эко­ номикалық сипаттағы қатерлер сақталып отыр. Қазақстан Президенті осыған байланысты лаңкестікке қарсы қолда бар инфрақұрылымды жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, мем­л екет

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 24 ақпан. №1017

терроризмге және экс­тре­мизмге қарсы іс-қимыл жө­н індегі құ­ қық­т ық және ұйым­д ас­т ыру­ шылық тетіктерді жетілдіруді жалғастырып, арнаулы бөлімдердің жабдықталуын және олардың лаңкестікке қарсы операцияларға дайындығын арттыру жөнінде шаралар қа­б ыл­ дайды. Түсіндіру жұмыстары азамат­т арымыздың бойында экстре­мистік идеологияға қарсы имму­нитет қалыптастыру ісіне бағыт­т алады. Қабылданатын құқық­тық және профилактикалық шара­л ар радикалдық идеяны ұстана­тындар санын қысқартуға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаев,

Меморандумға қол қойылды

Кеше, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің сапары барысында Лондон қаласында Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев пен Ұлыбритания машина жасаушылар технологиясы ассоциациясының вице-президенті Гай Молларт екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандумда екі мемлекеттің машина жа­с ау­ шыларының қарым-қатынасы негізінде өндірісті роботтандыру, компьютерлік жобалау, темір өңдеудің жаңаша жүйесі мен станоктар және құралдарды соңғы технологиямен өндіру белгіленген.

Іс-шараны қорытындылаған Премьер-Министр Кәрім Мә­ сімов мемлекеттеріміздің саудаэкономикалық қатынасын ал­ дағы уақытта дамытуда бүгінгі ынтымақтастықтың маңыз­ дылығына баса назар аударды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Үшжақты комиссияның кезекті басқосуы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Энергетика, Қаржы, Әділет және өзге де министрліктердің же­ текшілері, сондай-ақ, облыс­тар, Астана және Алматы қалалары әкім­д ерінің орынбасарлары, респуб­л икалық кәсіподақтар ұйым­д ­а рының, Ұлттық кәсіп­ керлер пала­тасының басшылары қатысты. Отырыс барысында, өндірістік үдерістерді тұ­рақтандыру, еңбек құқықтарын және жұмыскерлердің кепіл­д ік­т ерін қамтамасыз ету,

әлеуметтік қорғау және жұмыстан босаған жұмысшыларды еңбекпен қамту мәселелері бойынша әкім­ діктер мен кәсіпорындар жетек­ шілері арасында меморандумдар жасау, еңбек дауларының алдын алу бойынша іс-шаралар, Үкімет, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің рес­п уб­л икалық бірлестігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы мәселелер қаралды. (Соңы 4-бетте).

сондай-ақ, Үкімет пен жер­г і­ лікті атқарушы органдар ел­ дегі және біздің негізгі сау­ да серіктестеріміздің нарық­ тарындағы экономикалық ахуалды ұдайы талдап отыруға, қажет болған жағдайда шара қабылдауға тиістігіне назар аударды. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайда ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік және ең­ бек қақтығыстарына әкелетін себептерді жоюға айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте еңбек және шаруашылық дауларына қатысушы барлық тараптың заңдылықты сақтауы маңызды. Қазақстан Президенті біздің республикамыз Украинадағы

Тағайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.

ахуалды реттеу ісіне барынша күш жұмылдыруды жалғастыратынын айтты. Бұл мақсатқа жету үшін барлық дипломатиялық ресурстар пайдаланылатын болады. Отырыста, сондай-ақ, әске­ри, қоғамдық, экологиялық, ақпа­ раттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелер қа­ ралды. Талқылау қорытындысы бой­ ынша Мемлекет басшысы Үкі­ метке бірқатар нақты тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына жүктеді.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аманжол Қазыбекұлы Жанқұлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен; Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

● Жағымды жаңалық

Арал ауданында газдандыру жұмысы басталды Биылғы жылы Қызылорда облысы елді мекендерінің 70 пайызы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен жылы «Бейнеу-БозойШымкент» газ құбырының құры­ лысы аяқталды. Осыған орай Қызылорда облысы елді мекен­ деріне газ тартудың да мүмкіндігі туды. Облыстық бюджет есебінен «көгілдір отынға» 23 млрд. теңге қаржы бөлінген. Аймақты газбен қамту аясында 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Өңірде бірінші болып Арал ауданында газ жүргізу жұмыстары қолға алынды. Ол 18 ақпан күні ресми жағдайда басталды. Енді «Бейнеу-Шымкент» газ құбыры арқылы Арал қаласы 100 пайыз газбен қамтылатын болады.

Содан кейін кезең-кезеңімен аудандағы елді мекендерге газ тарту жұмыстары жүргізіледі. – Біз Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бүгіннен бастап кеттік. Қазіргі таңда Арал, Жаңа­ қорған аудандарының орталы­ ғында құбырларды дәнекерлеу жұ­мыстары жүргізіле бастады. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыс­тарын мерзімінде әрі сапалы орындауға уәде береміз, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қы­ зылорда өндірістік филиалының директоры Серікхан Байзақов.

n Үндістан тиісінше екінші және үшінші орынға сырғыған Бразилия мен Түркияны басып озып, саяхат үшін ең қауіпті ел ретінде танылды. Үнді елі бірінші орынға әйел туристер мен жергілікті әйел тұрғындарды зорлау бойынша шығып отыр. Мысалы, елде әр 20 минут сайын бір зорлау оқиғасы тіркеледі екен. n Ауғанстанда бетперде киген қарулы адамдар 30 ер адам – шииттерді ұрлап кеткен. «Франс-Пресс» агенттігінің хабарлауынша, ауған армиясының формасын киген топ Гераттан Кабулға келе жатқан екі автобусты тоқтатса, жүргізушілер адам ұрлаушыларды үкімет әскерлерінің солдаттарымен шатастырса керек. n АҚШ-тың феде­р ал­ дық соты Палестинадан Из­ раильдегі лаңкестіктер үшін 650 миллион доллар өтемақы талап етті. Мұны «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлады. Сот өкілдерінің сөздеріне қарағанда, палестиналықтар ұйымдастырған 6 лаңкестік салдарынан АҚШ азаматтары да көз жұмған немесе зардап шеккен. n Жапониядағы буддистік «Нивано бейбітшілік қоры» «Боко-Харам» террорлық ұйымына қарсылық білдіруші нигериялық әйел-пастор Эстер Ибангоны бейбітшілік сыйлығымен марапаттады. Ол әйелдер мен қыздарды ұрлауды дәстүрге айналдырған «БокоХарамды» ашық сын тезіне алып келе жатса керек. n Ресейдің Мемлекеттік Думасы ел президенті Вла­ димир Путинге депутат­ тардың еңбекақысын қыс­ қарту туралы ұсыныс біл­ дір­ген. Мұны Мемдума спи­ кері Сергей Нарышкиннің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлады. Мұндай ұсыныс Дума Кеңесінің мәжілісі барысында 2015 жылға арналған федералдық бюджетке түзетулер енгізілуіне байланысты жасалған. n Кипр президенті Никос Анастасиадис Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуін сынға алды. Оның пікірінше, санкциялар бастамашылар ұмтылған нәтижелерге қол жеткізбеген. Н.Анастасиадис Кипрдің Ресеймен тығыз байланыста екенін де қаперге салады. Біздің экономикамыз бен қорғанысымыз осы қатынастарға тікелей байланыс­ ты, дейді ол. n Иордан өзенінің батыс жағалауында Израиль әс­керилері 19 жасар палес­ тиналықты атып өлтірген. «Франс-Пресс» агенттігінің хабарлауынша, оқиға Виф­ леемге жақын маңдағы Дхей­ ше босқындар лагеріндегі тәр­тіпсіздіктер кезінде орын алған. Палестиналықтар сол­ даттарға тастар мен өртегіш құрылғылар лақтырса керек. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша әзірленді.

Мұрат АЙТҚОЖА.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН САЙЛАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ПІКІРЛЕРДІ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚХА ілгерілеткен және Қазақстан Парламенті тарапынан қолдау тапқан мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды

респонденттердің

93%-ы

респонденттердің

96%-ы

мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу қажеттігін әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалмен түсіндіреді

респонденттердің

РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ КӨПШІЛІГІНІҢ ПІКІРІНШЕ, ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУДЫ ОСЫ ЖЫЛДЫҢ КӨКТЕМІНДЕ ӨТКІЗУ ҚАЖЕТ, СЕБЕБІ:

президенттік және парламенттік сайлаулар өткізудің мерзімі, Қазақстан Конституциясының нормаларында көрсетілгеніндей, бір жылға сәйкес келмеуі тиіс

95%-ы

мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатын дәйектілікпен қамтамасыз етіп, «Нұрлы Жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру керек

респонденттердің

94%-ы

әлемдегі экономикалық тұрақсыздық жағдайларында Қазақстан қоғамының барлық жіктерін жұмылдыру қажет

президенттік сайлауды 2015 жылы өткізу туралы ұсынысқа дұрыс қарайды

президенттік сайлауды 2015 жылы өткізу ел мен халық мүддесіне жауап береді деп санайды

Тұрғындарға жаппай сауалдаманы 2015 жылдың 22-23 ақпанында телефондық сұхбат тәсілімен «Астана Центр Консалтинг» қоғамдық қоры жүргізген. Жаппай сауалдаманың таңдау көлемі –18 жастан асқан 1600 адам. Таңдау қателігі ±2,45%-ды құрайды.


2

25 ақпан

www.egemen.kz

2015 жыл

ЕЛ ЕРТЕЅІН БЇГІН Ќазаќстан халќы Ассамблеясы Кеѕесі мїшелерініѕ їндеуін

Ерте ќамданєанныѕ есесі кетпейді Еліміз əлеуметтік-экономикалық жəне саяси реформалар жүргізу барысында батыл қадамдарға барып, кең ауқымды жұмыстар жасап, соның нəтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан – əлемдік аренада өзінің орнын ойып тұрып алды. Бүгінде жер жаһанның белді мемлекеттері біздің елмен санасады. Көптеген мəселелерде ақылдасып отырады. Қазақстанда заманауи мемлекеттіліктің берік іргетасы қаланып, елдің аумақтық тұтастығы қамтамасыз етілді. Ел жедел дамудың даңғыл жолына түсіп, əлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстан – табысты, динамикалық сипатта дамып, əлемдік үдерістерге ықпалы бар іргелі мемлекетке айналды. Тұрақты ішкі саяси ахуал, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім, сапалы мемлекеттік басқару – осының бəрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың табанды да салиқалы түрде жүргізіп

Болашаќќа – Елбасымен

Биіктерді бірге баєындырамыз!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінің үстіміздегі жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы құптарлық іс деп білеміз. Президенттік сайлауды өткізудің маңыздылығын Кеңес мүшелері: «Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы əлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңызды мəселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз», деп анық көрсетіп отыр. Елін сүйген ер болса, ол – Елбасы. Мемлекетіміздің тəуелсіздіктің тал бесігінде тербетілуі, күні бүгінге дейінгі қол жеткізген толайым табыстары, мамы ражай тірлігі, əлденген əлеуеті, қарыштаған экономикасы – Елбасының бірегей батыл шешімдері мен саясатының жемісі. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің, деген. Біз халқы үшін талай тəуекелге барған Нұрсұлтан Əбішұлының мəрттігін ерлікке балай мыз. Өйткені, Елбасы мемлекетіміздің қанат жаюы жолында жанкешті еңбек етті. Еліміздің саяси беделін көтере білді. Əрине, бұл күнде біз егемендіктің елең-алаң шақтарындағы қиындықтарды ұмыта бастадық. Жайлы өмірдің рахатында риясыз күн кешіп келеміз. Қазіргі ұрпақ дамудың даңғыл жолына түскен, болашағы жарқын, жолы нұрлы Қазақстанды біледі. Халқымызды төрткүл дүниеге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін біледі. Елімізді татулықтың, достықтың, ынтымақтың мекені деп таниды. Төрткүл дүниеге танымал болған шақта таңдай қағарлық жетістігімізді Елбасы одан əрі еселесе, бүгінгі тірлігіміз гүлдене берер еді. Келер ұрпақтың тағдырына сенімді болар едік. Еліміз ұлан-байтақ кеңістікте қуаты артқан беделді мемлекет болып, дамыған елдер қатарынан көрінер еді. Ішкі бейбіт өмір мен ұлттық рухымыз асқақтай түсер еді. Сондықтан біз алдағы уақытта да Елба сымен бірге қадам басуды тілейміз. Мерзімінен бұрын пре зиденттік сайлау өткізіп, Елбасымыздың сындарлы саясатын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік тудыруды ойлаймыз. Бұл – барды бағалаған, асылын ардақтаған көкірек көзі ояу, халқына жаны ашыған барша азаматтың мақсаты болуы тиіс деп санаймыз. Мемлекет көшін бір белестен екінші белеске биіктетіп жүрген Елбасын тек қазақстандықтар ғана емес, əлем саясаткерлері, адуынды

Тəңірдің сыйына айналған Тəуелсіздікпен қауышқан жылдардан бергі аралықта алмаған асуымыз, бағындырмаған биігіміз жоқ та шығар. Соқтықпалысоқпақты сан алуан кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің экономикасы да, мəдениеті де, спорты да қарыштап дамудың жолына түсті. Оның бəрі көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, қамқорлығының арқасы, əрине. Лондон төрінде қазақ спортшылары атой салды. Жеті алтын түгілі бұрын-соңды біздің елдің спортшылары Олимпиададан төрт алтын алған емес. Толайым табыс па, табыс. Мақтануға бола ма, болады. Еңбек бар жерде нəтиже болады. Қолдау бар жерде спортшы да дамиды. Спортқа салынған инвестиция өзін ақтағаны осы емес пе? Біз де тау тұлға ағаларымыздан тə лім алып өстік. Олимпиада шыңын бағындырған батыр ағала рымызды үлгі тұттық. Сол арқылы өзімізді қайрадық. Қазақ елінің қалқаны болуға барымызды салып келеміз. Жақында ғана Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс айтылып, ол кеңінен қолдау тапты. Біз де қолдаймыз, қуаттаймыз. Қазақ «Құдай қалаған хан болады» деп жатады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізді өтпелі кезеңнен ерлікке пара-пар

мемлекет президенттерінің өзі мойындап отыр. Соңғы кездері орын алып жатқан мемлекетаралық саяси оқиғалардың бейбіт жолмен шешілуіне тəжірибелі саясаткер, парасатты Президент ретінде Нұрсұлтан Əбішұлы үлкен үлес қосуда екенін де көріп жүрміз. Елбасының тəуелсіздік алған 23 жылдан бергі атқарған қадауқадау істерін қашанда қадап айтсақ артық емес. Ол егемен Қазақстанның тарихында сайрап жатыр. Халқын соңынан ерте білген, елі үшін басын мың қатерге тіккен Елбасын елі қолдайды. Елін нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен Елбасы халқына Көшбасшы болуға лайық тұлға. Қазақстандықтардың өмірін жақсарту жолында қазіргі уақытта көптеген ұзақ мерзімді бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Саясатта, мəдениетте, экономикада, білім-ғылымда, əлеуметте қолға алынған бастамалардың баянды болғаны халық үшін өте маңызды. «Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағына да тəуекел деп бас тігуге дайынмын», деген Елбасына тіреу болу, оның бастамаларының жалғасын табуы үшін, болашағымыздың нұрлы, Елі міз Мəңгілік болуы үшін мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге дайын болуымыз керек. Президентпен бірге халықтың алар асуы əлі алда деп білеміз. Барша Қазақстан халқының жүрегіне жол таба білген Елбасының халқы үшін аянбай қызмет ететініне кəміл сенеміз! Əбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

шешімдерімен алып шықты. Жер жаһандағы болып жатқан қиындық, дағдарыс атаулыны сезбей де қалдық. Əлем елдері Қазақстанды түбегейлі мойындады. Ол еңбек əлбетте өлшеусіз. Біз де спортшы ретінде əлемде белең алып жатқан соңғы жағдайларды біліп отырмыз. Сондықтан да аталған ұсынысты қолдаймыз. Жұрт дегенде жұмылатын халық та бұл ұйғарымды қолдайтынына сенемін. Алда талай абыройлы сындар, айтулы додалар тосып тұр. Ол жерде елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түседі. Сол сынақтардан Президентпен бірге мүдірмей өтерімізге сеніміміз кəміл. Бəрімізге де алдымен Алла жар болсын! Жасұлан ҚЫДЫРБАЕВ, ауыр атлетикадан əлем чемпионы. Жамбыл облысы.

Дўрыс байлам, орынды ўсыныс Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу тура лы бастамасын дұрыс санаймыз. Өйткені, əлем қаржы-экономикалық дағдарыстан қалжырап, саяси-экономикалық жағдай тұрақтанбай тұрғанда алдағы 2016 жылы президенттік жəне парламенттік сайлауларды өткізу жеңіл болмайтыны аян. Сондықтан президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу өте дұрыс екенін сайлаушы ретінде мойындаймыз. «Ұлыны ұлы тұтса құт болар» деп Махмұд Қашқари атамыз айтқандай, Қазақстан халқы бұрынғы өткен сайлауларда да өз көшбасшысын таңдауда қателік жібермеген еді. Халқының сеніміне ие болған Нұрсұлтан Назарбаев өзіне жүктелген халық алдындағы парызы мен міндетін аса жауапкершілікпен атқара отырып, еліміз тəуелсіздігінің мəңгілік жəне əлеуметтік тұрақтылығының мығым болуы үшін еңбек етіп келеді. Қазақстанның халықаралық, геосаяси тұрғыда танымал болуына зор ықпал жасап, қазақ халқын дүниежүзіне танытқанына сүйіспеншілікпен қараймыз. Қазақстан жерін мекендейтін жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдерінің жəне бірнеше діни конфессиялардың бір-біріне деген сенімі орнаған. Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда өз жемісін беріп отыр. Бірнеше ұлт өкілдері тұратын біздің Арқалық қаласында да этносаралық келісім

Бірауыздан ќолдаймыз Биыл президенттік сайлау өткізуге ұсыныс жасаған Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің үндеуін солтүстікқазақстандықтар да бірауыздан қолдап отыр. Бұл бастама жұртшылық көкейіндегіні дөп басып, ертеңге деген ел сенімін бекемдей түсуде. Шынында да, əлемде тұрақсыздық орын алған қазіргі күрделі кезеңде нақты таңдауымыздан, стратегиялық ба ғытымыздан айнымай, Қазақстанды жаңғырту жəне əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену үшін біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне бұрынғыдан да топтаса түсетін боламыз. Сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономикамызды одан əрі нығайтудың, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етудің тың мүмкіндіктері қарастырылып, халық игілігі жолындағы бағдарламалардың жалғасатыны анық. Сондықтан да бұл бастамаға, шын мəнінде, басқадай балама жоқ деп ойлаймын.

Ел экономикасының тұрақтылығы бүкіл Қазақстан халқына тиімді. Соның ішінде біздер, жергілікті өнім өндіретін кəсіпкерлер өндірістің қазіргі дағдарысты кезеңінде кездескен қиыншылықты еңсере отырып, тұрғындар тұрмысын жақсарта түсетін отандық сапалы өнімдер шығаруға мүдделіміз. Алайда, қандай да бір жақсы істің бірден даңғыл жолға

отырған саясатының нəтижесі. Бұл – адамнан жасырғанмен, Алладан жасыра алмайтын шындық. Қазіргі əлемдік дағдарыс пен көрші елдердегі экономика ның құлдырауы көп нəрсеге көзімізді жеткізіп отыр. Осындайда еліміздегі береке мен шаруа адамына деген қамқорлықтың қаншалықты қымбат екенін анық түсінеміз. Осы жолдан таймай, көтерілген биіктен төмендемей,

түспейтіні сияқты, осы жылдың басында қызметіне кіріскен Еуразиялық экономикалық одақтың аясындағы жұмыстан да күтеріміз мол. Бастапқы кезеңде əлемдік мұнай бағасының құлдырап кетуі, Батыс елдерінің Ресей мемлекетіне жариялаған санкциялық шаралары кері əсер еткенімен, уақытша құбылыс екенін жақсы түсінеміз. Осы ретте, Елбасымыз Қазақстан халқын «Қазақстанда жасалған» ұранымен отандық өнімдерді насихаттауға бекерге шақырып отырған жоқ. Əрине, Одақ құрамына енгеннен кейін оның талабына бағынбасқа болмайды. Өзара кедендік бекеттің алынуы Ресейдің дəл қазіргі арзан тауарларының Қазақстан нарығына жол ашып берді. Одаққа мүше елдер арасындағы сауда қатынастары реттеліп, жалпыға ортақ заңдылық арнасына түсері сөзсіз. Бұл жайында Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында да айтылды. «Біздің қазіргі

тұрақты. Дос құшақтар айқасып, бір атаның балаларындай тату-тəтті өмір сүріп келеді. Олар Қазақ станды өз Отаным деп есептейді. Бүгінгі күннің ертеңгі тарихтың өшпес бір парағына айналары анық. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан бастау алып жəне уақытынан бұрын іске қосылған «Арқалық – Шұбаркөл» теміржолы Сарыарқа жерінің нақ кіндігінде орналасқан. Арқалық қаласының экономикалық-əлеуметтік дамуына үлес қосады. Тек бүгінгі күннің өзінде жүздеген адам теміржол торабына жұмысқа орналасты жəне осы жол арқылы пойыздар ерсіліқарсылы тиесілі бағытта жүк тасымалдауда. 2020 жылға дейін моноқалаларды дамытуға арналған бағдар ламаның шеңберінде Ар қалыққа да инвестиция тартылды. Қаланың инфрақұрылымы жақсарып келеді. Апатты жағдайларда экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер сыртқы нарықтың əсері, Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ», – деді Президент. Мемлекет басшысының осы сөздерін барынша қолдап, қиындықтарға қайыспай жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Біздің «Казмясопродукт» ЖШС-нің қала базарлары мен сауда орталықтарында өндірушінің бағасы бойынша сауда жасайтын 10 сауда алаңы жұмыс істейді. Ет өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарамыз. Өндіріске тек жергілікті шикізаттар ғана пайдаланылады. Дегенмен, жоғарыда аталған келеңсіздіктерге байланысты жыл басынан бері өнім шығару көлемінің екі еседей кеміп кеткенін де айтпасқа болмайды. Өткен жылы тəулігіне орта есеппен 4-4,5 тонна ет өнімдерін шығарып отырсақ, бүгіндері бұл көрсеткіш небəрі 2 тоннаны құрайды. Қаладағы ет өнімдерін өндіре тін кəсіпорындардың ішінде біздің біршама тəуір жағдайда екеніміз рас. Соның өзінде қала супермаркеттерінде өндірілген өнімдеріміздің 20 пайызы ғана

алға жылжу үшін бізге тұрақтылық пен сенімділік ауадай қажет. Сондықтан «Абзал жəне К» толық серіктестігінің ұжымы Ассамблея Кеңесінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы бастамасын толықтай қолдайды. Біз Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту, агроөнеркəсіп кешенін қолдау бағытындағы қамқорлығын көріп келеміз. 360 адам жұмыс жасайтын мекеме өткен жылы 5500 гектарға күріш дақылын егіп, күріштің əр гектарынан 60 центнерден астам өнім жинады. Күрішті егіп қана қоймай, тұқым өсіру, күрішті өңдеу жұмысымен де айналысамыз. Біздің ұжым өзінің болашағын, барша қазақстандықтар секілді, тек Елбасымен ғана байланыстырады. Сондықтан сайлаудың мерзі мінен бұрын өтіп, оған Нұрсұлтан Əбішұлының қатысқанын қалайды. Бұл осыған дейінгі жасалған барша жұмыстың алдағы уақытта іркіліссіз жалғасып, даму жолымыздың келешегін кемелдендіре түсер еді. Абзал ЕРАЛИЕВ, Қазақстанның Еңбек Ері.

Қызылорда облысы.

тұрған үйлер ысырылып тасталды. Елбасының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық пен су жəне жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымын жаңғырту туралы тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылы 11 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді. Арқалық халқының жүрегінде ертеңгі күнге деген сенім ұялады. Қалада орналасқан мекемелер мен кəсіпорындар, педагогикалық институт пен колледждер, мектептер қалыпты жұмыс істеп тұр. Президент Жаңа Экономикалық Саясатын жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында бізге бірінші ретте орындалатын іс-шараларды айқындап берді. «...Алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың түйіні болмақ», дегені барлық қазақстандықтардың ойынан шықты. Көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту үшін берген нақты тапсырмалары өте орынды. Қазақстан аймағының өзара байланысын жақсарту арқылы еліміздің ішкі əлеуетінің артатыны айқын. Елбасымыз алдағы уақытта халқымыздың ежелгі арманы – Мəңгілік Ел идеясын жүзеге асыруға белсене еңбек етеріне нық сенімдіміз. Осы істелген жəне болашақта орындалар келелі шаруаларды пайымдай келіп жəне еліміздің келешегінің іркіліссіз дамуы үшін Қазақстан халқы Ассамблея Кеңесінің президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдаймыз. Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

АРҚАЛЫҚ. өтеді. Осы орайда, «Қазақстанда жасалған» акциясы кең өріс тауып, супермаркеттер жергілікті өндірушілердің ғана өнімдерін сатса екен дейміз. Кəсіпорнымызда өндірістік қондырғылар жаңартылып, германиялық құрал-жабдықтар қойылды, автомобиль паркі жаңғыртылды. Бір сөзбен айтқанда, жауапты тапсырыстарды орындауға толық дайынбыз. Елбасымыз айтқандай, өзіміздегі нарықтың кемінде 50 пайызын жергілікті өнімдермен жабуға күш салуымыз керек. Оған біздің мүмкіндігіміз зор. Алдағы сайлауға байланысты саяси науқан жергілікті өнім өндірушілерді де жоғары белестерден көрінуге жігерлендіреді. Онда біз өз қалауымызды жасап, ел экономикасының көсегесін көгертетін кемеңгерді таңдаймыз. Барша ел азаматтарын Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын биыл өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз. Аркадий ВОЗНЮК, «Казмясопродукт» ЖШС-нің директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы.


25 ақпан

www.egemen.kz

2015 жыл

3

ОЙЛАСАЌ ЎТАМЫЗ ќолдаєан отандастарымыздыѕ ортаќ ойы осындай

Халыќ таѕдауы адастырмайды Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2015 жылы Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы жалпыхалықтық қолдауға ие болып отыр. Бастамаға кəсіпорындар мен түрлі ұйымдардың еңбеккерлері, қоғамдық бірлестіктер мен өнер ұжымдарының өкілдері, студент жастар, сондай-ақ, шетелдік саясаткерлер үн қосуда. Олардың барлығы əлемдік экономикалық дағдарысты еңсеріп, ел экономикасын əрі қарай дамытуда Елбасының жанына топтасу аса маңызды екенін атап өтуде. Бүгін сол пікірлердің бір тобын оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сидхарт САКСЕНА, Кембридж университеті жанындағы Орталықазиялық форумының жетекшісі: – Қазақстанда көптеген өзге елдер үшін нақты мысал болатын өте тиімді тұрақтылықтың моделі қалыптасқан. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің осы жылы Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін маңызды бастама деп есептеймін. Ол тұрақтылықты сақтауға жəне ел экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, мен 2015 жылы сайлау өткізу Қазақстан үшін үлкен алға басушылық қадам болатынына сенімдімін. Зеев ХАНИН, Израиль абсорбциялар министрлігінің бас ғалымы: – Жақындап келе жатқан экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның саяси басшылығы экономиканы өсіруге қарай бірқатар қадам жасады жəне қолға алды. Бұл үлкен күш жұмылдыруды қажет ететін іс. Сондықтан, сайлау өткізу туралы шешім, менің ойымша, тұрғындардан қосымша сенім несиесін алу деп білемін. Бұл өте дұрыс қадам. Абдусаттор НУРАЛИЕВ, Ресей-тəжік славян университетінің профессоры, «ҚазақстанТəжікстан» достық қоғамының төрағасы: – Мен Қазақстан халқы Ассам блеясы Кеңесінің 2015 жылы Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қол дай мын . Бұл, біріншіден, əртүрлі екі электоралдық саяси науқанның қатар келуіне мүмкіндік бермейді. Екіншіден, Қазақстан Прези денті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық сынақтар кезеңінде əлемдік саяси жəне экономикалық дағдарысқа байланысты əлеуметтікэкономикалық бағдарламаларды дамыту бастамаларын табысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Май ХВАН, КСРО жəне Қазақстанның конькимен сырғанау спорты жөнін дегі еңбек сіңірген жат тықтырушы: – Мен Қазақ спорт жəне туризм академиясында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамаға қолдау білдіру митингісіне қатыстым. Сондай-ақ, студенттер алдында біздің атақты спорт ардагерлеріміз – Евгения Кадяйкина, Əмин Тұяқов, Шора Юмашев жəне басқа да көптеген спортшылар атынан сөз сөйлеу құрметіне ие болдым. Сөз сөйлеуге ұсыныс жасаған ардагер спортшылар жастарды Президент сайлауына белсене қатысуға шақыруды өтінді. Жас спортшылар көтерген плакаттар мен транспоранттарды көрген кезде мен студент жастардың қазірдің өзінде дұрыс таңдау жасағанына көзім жетті.

Мұрат ƏУЕЗОВ, қоғам қайраткері, мəдениеттанушы: – Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері биылғы жылы Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныспен шығуы арқылы халықаралық қиын жағдайлар кезінде, олардың алдын алуда аса көрегендік танытты. Мен де əлемдік үдерістерді, саяси жағдайларды үнемі бақылап отырамын. Бұл өте дұрыс бастама деп білемін. Юлия КУЧИНСКАЯ, «Демократиялық институт» ҒЗҚ-ның жобасы жөніндегі директоры: – Əлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, респонденттердің 97 пайызы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын мақұлдады жəне тағы 96 пайызы сенім білдірді. Неге олар ҚХА бастамасын мақұлдайды деген мəселеге келсек, 95 пайызы президенттік сайлау өткізу қоғамды біріктіруге, экономикалық тапсырмалар мен міндеттерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Ал 91 пайызы сайлау инвесторлардың ұзақ мерзімді реформалардағы сенімділігін қамтамасыз етеді деп санайды. Инна ЛЕБЕДЕВА, П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы: – ҚХА-ның мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу бастамасын толықтай қолдаймын. Елбасына жаңа мандатты сенім білдіру біздің халықты біріктіреді жəне топтастырады, білім беру мəселелеріндегі күшті шоғырландырады. Колледж оқытушылары Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың арқасында студенттермен бірге, халықаралық конкурстарда шығармашылық шыңдарға белсенді түрде ұмтылып келеді. Сондай-ақ, олар Жеңістің 70 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдық, Конституция мен ҚХА-ның 20 жылдық мерекелеріне студенттер концерттік бағдарламалармен белсенді əзірленуде. Нина БЕКЕЕВА, еңбек ардагері, Қызылорда: – Бүгінде Президент сайлауы тақырыбы барлық өңірде кеңінен талқылануда. Сондай-ақ, көпшілік Қазақстан халқы Ассамблеясына осы маңызды ұсыныстары үшін алғыс білдіруде. Бұл бастаманы қарапайым еңбеккерден бастап, əр деңгейдегі депутаттар, жалпылай алғанда, бүкіл қазақстандықтар қолдап жатыр. Мен де сайлау өткізу арқылы біздің Көшбасшымызға ең басты мəселе – алдағы уақытта мемлекетімізді əрі қарай дамытуға мүмкіндік жасау қажет деп есептеймін. Өз басым халқымыз бен Президентіміздің даналығына сенемін. Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге бізге қандай да бір дағдарыс қорқынышты емес.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры: – Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасы түгелімен негізді. Қазіргі өзіміз куə болып отырған қиын жағдайда, посткеңестік кеңістіктегі саяси тұрақсыздықтар орын алып тұрған кезде сайлау өткізу Қазақстан экономикасы үшін, əрине, өзекті. Осындай жағдайларда біздің алдымызда тұрған міндеттерді қоғамды жұмылдыру арқылы шешуге əбден болады. Зарина СЕЙФУЛЛИНА, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты: – Журналист ретінде күнделікті болып жатқан оқиғалар бейжай қалдырмайды. Олар біздің кез келген мəселеге тамыр соғысындай мұқият талдау жасауымызды қажет етеді. Өткен жылы маған журналистика бойынша «Болашақ» стипендиаты болу бақыты бұйырды. Мен Қазақстандағы оң өзгерістерге өз үлесімді барынша қосқым келеді. Бұл сайлау біздің жарқын болашағымызға деген сенімділігімізді нығайтады жəне Президентіміздің бастамаларын толық жүзеге асыруды қамтамасыз ететін болады. Мен соған сенімдімін. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті: – «Бас редакторлар клубы» қоғам дық бірлестігі, өзге де медиакеңістік өкіл дерімен бірге, Қазақстан Респуб ликасы Президентінің сайлауын өткізу идеясына өз қолдауын білдіреді. Алдағы кезеңде барлық мемлекеттік аппарат пен қазақстандық қоғамның күшжігері экономи кадағы дағдарыс трендтерінің салдарын бəсеңдетуге бағыт талуы қажет. Барлық қазақстандықтарды, БАҚ-тар мен мемлекеттік емес ұйымдарды ҚХА Кеңесінің ұсынысын қолдауға жəне Елбасы жанына топтасуға шақырамыз. Əнуар САБИРОВ, Ақтау халықаралық теңіз портының докер-механизаторы: – Президент сайлауы қазақстандықтарға ел экономикасын табысты дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар жалғастырылуы əрі орындалуы тиіс. Бұл бағдарлама біздер үшін аса күшті қолдау болып табылады. Сондықтан, біз қазірден бастап бірігіп, барлық күш-жігерімізді осы бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсауымыз қажет. Өйткені, ол Отанымыздың, барлық қазақстандықтардың игілігі үшін қызмет етеді.

Меруерт ҚАЗБЕКОВА, Парламент Мəжілісінің депутаты, «Қазақстан əйел-кəсіпкерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: – Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында шағын жəне орта бизнесті қолдау бойын ша жұ мыстарды жалғастыру қажет екендігін атап өткен еді. Сондықтан да, біз Мемлекет басшы сының жетекшілігімен «Нұрлы Жол» бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізетіндігімізге бек сенімдіміз. Қазақстанның əйел-кəсіпкерлері одағы бүкіл қазақстандықтарды 2015 жылы Президент сайлауын өткізу бастамасына қосылуға шақырады. Надежда ГОРОБЕЦ, Н.Сац атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер орыс академиялық театрының директоры: – Алматыда республикалық бес театрдың шығармашылық ұжымы кездесіп, онда президенттік сайлау өткізуді қолдаған үндеу қабылдадық. Алдағы уақытта ел дамуының қажеттілігін түсіне отырып, ұлттық театрлар Президент сайлауын өткізу туралы ҚХА бастамасына қолдау білдірді. Үндеуге театрлар директорлары – Юрий Якушев, Любовь Ни, Саутжан Сонуров, Александр Дедерер жəне Надежда Горобец қол қойды. Қалиман БЕГАЛИНОВА, Қ.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУдың кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор: – Президенттік сайлау өткізу бастамасына қолдау білдіру өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Философ ретінде Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың аса қиын кезеңдерде реформаларды қолға алып, оны тиімді жалғастырғандағы, одан нəтиже шығарғандағы рөлін өте жақсы білемін. Сонымен қатар, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында елімізде этносаралық жəне конфессияаралық келісім нығайды. Президентіміздің бейбітшілік пен тыныштықты нығайтудағы ерен еңбегі қай кезде де құрметке ие екендігін айтқым келеді. Мұрат ƏБЕНОВ, қоғам қайраткері: – Біздің еліміз айтарлықтай жеңіл емес, бірақ дамудың ең дұрыс жолын таңдады. Бүгінде біз «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асырудамыз, индустрияландырудың екінші бесжылдығын бастап отырмыз. Осы жерде мемлекет, бизнес, өнеркəсіп жəне тұрғындар бірлесіп əрекет етулері керек. Əрине, президенттік сайлау үдерісін кейінге тартпау қажет. Егер солай ететін болсақ, басталған ірі үдерістерді бəсеңдетіп аламыз. Ал сайлау туралы ұсыныс, ол – өркендеуге бастайтын жол.


4

25 ақпан

www.egemen.kz

2015 жыл

Моѕєолиялыќ депутатпен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының мүшесі, Моңғолия-Қазақстан парламенттік тобының жетекшісі А.Тілейханмен кездесті. Мейманмен кездесуде Қ.Ищанов А.Тілейханның біздің елімізге сапары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті. Кездесу барысында Төраға орынбасары Сенаттың заң шығару қызметі жəне парламентаралық үнқатысуды үдету жайында айтты. Халықаралық күн тəртібін

талқылай келіп, Қ.Ищанов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын Улан-Батордың қолдайтынына сенім білдірді

жəне моңғол компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды. Сенат Төрағасының орынбасары, сонымен қатар, А.Тілейханды Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне əзірлік туралы хабардар етіп, діни форумға тұрақты қатысып келе жатқаны үшін моңғол жағына ризашылығын білдірді. «Өткен төрт форум діндер

мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды ілгерілетуге ықпал етті. Съезд діндер мен мəдениеттер арасындағы қайшылықтарды тек ынтымақтастық пен өзара сенім арқылы еңсерудің нақты көрінісі болды», деді Қ.Ищанов. Кездесуге сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы, Бақтыбай Шелпеков жəне Мəжіліс депутаты Асхат Бекенов қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты, «Қазақстан – Моңғолия» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық тобының жетекшісі Алмалық Тілейхан бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Бюджет жобасына – оѕ кґзќарас

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың өзекті мəселелерін талқылады. Кездесу иелері екі ел президенттерінің өзара мемлекеттік сапарлары барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің айқын дəлелі екенін баса атап өтті. Қос тарап сауда-экономикалық байланысты одан əрі нығайту жайын сөз ете келіп, ауыл шаруашылығы, көліктік-транзиттік əлеуетті арттырудың маңыздылығына тоқталды. С.Дьяченко Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне ерекше назар аударып, моңғол кəсіпкерлерін халықаралық көрмеге белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, моңғол тарабына Қазақстанның маңызды бастамаларына, соның ішінде, АӨСШК, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, сонымен қатар, біздің еліміздің «Азия-Еуропа» форумына кіру жөніндегі қадамдарына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Халықаралық қарым-қатынас жайын сөз еткенде Вице-спикер екі елдің

Онда «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Жиналыстың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мəжіліс депутаттары, Президент Əкімшілігінің жəне Үкіметтің өкілдері қатысты. Фракция жетекшісі Д.Назарбаева «Экономикалық прагматизм жəне əлеуметтік жауапкершілік бюджет туралы заң жобасының негізіне алынғанын» атап көрсетті. Заң жобасы бойынша Парламент Мəжілісі Қаржы жəне бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева, Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Əйімбетов, Аграрлық мəселелер комитетінің хатшысы Төлеген Ибраев, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат Егор Каппель сөз сөйлеп, Елбасының тапсырмаларына сəйкес жалақы, зейнетақы, жəрдемақы жəне басқа да əлеуметтік төлемдер мөлшері бекітілген деңгейде сақталатынын мəлімдеді. Жиналыс қорытындысы бойынша Үкіметтің бюджет туралы заң жобасын қолдау жөнінде шешім қабылданды.

Əріптестік əлеуетін арттыру жолында

халықаралық қауіпсіздік төңірегіндегі ұстанымдарының ұқсастығын алға тарта келіп, БҰҰ аясындағы ықпалдастықты нығайтудың қажеттілігіне тоқталды. Осыған орай, Моңғолияның Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын қолдайтындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, С.Дьяченко делегация өкілдерін Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатынның басым бағыттары жайында хабардар етіп, Парламент Мəжілісіндегі заң шығармашылық жұмыстар жөнінде əңгімеледі. Өз кезегінде делегация басшысы біздің еліміздің барлық саладағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Моңғолияның сыртқы саясатында Қазақстанның орны ерекше екенін атап өтті. Тараптар парламентаралық байланысты күшейтуге де айрықша көңіл бөліп, алдағы уақытта да бейінді комитеттер, ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы əріптестікті нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен фракцияның жиналысы өтті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Їшжаќты комиссияныѕ кезекті басќосуы (Соңы. Басы 1-бетте). Бүгінгі таңда республика бойынша өңірлердің əкімдіктері мен кəсіпорындар арасында 23 мыңнан астам меморандумға қол қойылды, оның ішінде 1117сі – ірі кəсіпорындар, 22949-ы – орта жəне шағын кəсіпорындар. Олардың жұмыскерлерінің жалпы саны 1,4 млн. адамнан асады. Меморандумдар бойынша жүктелген міндеттемелерді орындау үшін үшжақты комиссиялар шеңберінде меморандумдардың орындалу барысына ай сайын бақылау жасау тəжірибесі енгізіліп, əлеуметтік үнқатысу (ұжымдық келісімшарттар, еңбек шарттары, жалақы жəне т.б.) құру бойынша жасалған жұмыс тар жөнінде кəсіпорындар жетек ші лері нің есептері тыңдалып отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз айында жұмыс орындарын сақтау жəне жұмыскерлердің жұмыстан босауына жол бермеу мəселелері жөніндегі

əлеуметтік серіктестік бойынша өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Меморандумдар аясындағы міндеттемелердің орындалуына мониторинг ақпараттық жүйе негізінде жасалады. Ол жүйе зейнетақы аударымдары бойынша жұмыскерлердің жұмыстан босауын ай сайын бақылап отырады. Еңбек дауларының алдын алу үшін Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Бас прокуратурамен, Қаржы жəне Əділет министрліктерімен, Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің респуб ликалық бірлестігімен бірлесіп жалақы бойынша қарыздарға ай сайын мониторинг жүргізуде, еңбек заңнамасын бұзу жағдайларына сараптама жəне кəсіп орындардың ұжымдық келісімдермен қамтылуына мони торинг жасауда, мүдделі мемле кеттік органдар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен еңбек

дауларына жол бермеу бойынша ұсыныстар əзірлеу жəне ісшаралар қабылдау бойынша кездесулер өткізуде. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен жəне Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің республикалық бірлестігімен бірлесіп, Үкімет пен Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының келісілген жобасы əзірленді. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Əлеуметтік шиеленіс картасы негізінде жұмыс орындарын құру бөлігінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына тұрақты мониторинг жасайды. Отырысты қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев əлеуметтік серіктестік əлеуметтік жəне еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік

саясатты іске асыру тетіктерінің бірі екенін атап көрсетті. Бұл шара жұмыскерлердің əлеуметтікэкономикалық мүдделері мəселелерін шешуге, еңбек кепілдіктерін жəне əлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Премьер-Министрдің орынбасары өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтарын жəне жұмыскерлердің кепілдіктерін қамтамасыз ету, əлеуметтік қорғау жəне жұмыстан босаған жұмысшыларды еңбекпен қамту мəселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау, жұмыстан босау, қысқару тəуекелдеріне жəне жұмыскерлердің өзге де еңбек құқықтарының бұзылу оқиғаларына тұрақты мониторинг жасау, өндірістік жарақаттанушылықтың өсуіне жол берген жұмыс берушілерге қатаң шаралар қолдану, еңбек дауларына жол бермеу бойынша іс-шаралар қабылдау бойынша тапсырма берді.

Дїниежїзілік ќўќыќтыќ саммит ґтті Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде кез келген ел заңының үстемдік құруына талап деңгейінде қол жеткізу үшін бар амалды жасап бағуда. Өйткені, өмірдің барлық саласында, яғни саясатта, экономикада, мəдениетте болсын, мемлекеттік тəртіп пен бизнес əлеуетінің өркендеуі үшін заңның үстемдік құрып, жоғары құқық пен əділ сот төрелігіне қолжетімділік халықтың басты талабы болып табылады. Бұл өркениетті үрдістен Қазақстан да қалыс қалып жатпағаны анық. Мəселен, соның бірі ретінде айтар болсақ, кеше ғана еліміздің Бас Прокуроры А.Дауылбаев Ұлыбританияға барып, Дүниежүзілік құқықтық саммит жұмысына қатысты. Оның бұл қадамы Қазақстан Р еспубли касын ың ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов бастаған қазақстандық делегацияның құрамында Ұлыбританияға барған сапарында жүзеге асты. Аталған форумды еркін экономика мен құқықтық үстемдікті дамыту мақсатында құрылған Магна Карта – Ұлы Еркіндік Хартиясының 800 жылдығын мерекелеу құрметіне британдық билік ұйымдастырыпты. Оған бүкіл əлемнің мемлекеттік жəне бизнес

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының шешуші салаларының бірі екендігін атаған Қ.Айтаханов халықты сапалы да арзан азық-түлікпен, өнді рісті шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеп, экспортқа шығару арқылы республикалық бюджетке қомақты қаржы түсіру міндеттері тұрғандығын ерекше атады. «Соңғы уақытта шикізат ресурстарына əлемдік нарықтағы бағалардың төмендеуі еліміз экономикасының дамуына өз əсерін тигізуде. Түбінде жер қойнауы байлықтары таусылуы да мүмкін. Ал, əлем халықтарының саны мен олардың əлауқатының өсуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысты арттыра түседі», деді Қуаныш Айтаханұлы. Сенатордың пайымдауынша, жердің құнарлылығын арттырып, инновациялық технологияны ендіріп, пайдалана білсек, ауыл шаруашылығынан тұрақты түрде мол өнім алып, табысқа жетуге болады. Сондай-ақ, депутат 2015-2017 жылдарға арналған бюджетті оңтайландыру мəселесі қаралған Үкімет отырысында Елбасы агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды ұлғайтуға тапсырма бергендігін, Үкімет нақтылаған 2015 жылдың бюджеті туралы заң

жобасында бюджет тапшылығына қарамай, ауыл шаруашылығына 20 млрд. теңге қосымша қаржы бөлу ұсынылып отырғандығын жеткізді. Тағы бір белгілі болғаны, республикалық бюджетті оңтайландыру барысында 2015 жылға жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың барлық салаларында төмендесе де, ауыл шаруашылығы бойынша жоспарланған күйінде немесе 102,7% көлемінде қалып отыр. Қ.Айтаханов осының өзі ауыл шаруашылығы саласының əртүрлі экономикалық қиыншылықтарға төзімді сала екенін дəлелдейді дегенді баса айтты. «Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Үкімет отырысында мемлекеттік қаржыларды үнемдеуге ерекше назар аударды. Бюджет қаржыларын тиімді, қайтарымы мол салаға бағыттау қаржы үнемдеудің ең дұрыс жолы екені белгілі. Осы бағыттардың бірі суармалы жерлерді тиімді пайдалану», деді сенатор. Бүгінде агроөнеркəсіп кешені саласында 7 мыңнан астам заңды тұлғалар мен 200 мыңға жуық шаруа қожалықтары жəне 2 миллионға жуық адамдар жұмыс істейді. Сенатордың сөзінен мəлім болғанындай, 2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,5 трлн. теңгені құраса, бұл өткен жылғы деңгейден 0,8%-ға артық. Саланы дамытуға 208 миллиард теңге жұмсалса,

бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4%ға көп. Ал 2015 жылы салаға 227 млрд. теңге бөлінсе, бұл 2014 жылғы деңгейден 9%-ға артық. Депутат мемлекет беретін субсидиялар көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын, 2013 жылмен салыстырғанда субсидия көлемі 88 миллиард теңгеден 148 миллиардқа немесе 68%-ға өскенін ерекше атады. Бұл тұрғыдан келгенде сенатор сөзін былайша қорытты: «Ауыл шаруашылығын əртараптандыру, ірілендіру, кооперациялау, жаңа технологияларды ендіру, агроөнеркəсіп кешеніндегі шағын жəне орта бизнесті дамытуды барынша қолдау арқылы, арзан, сапалы азықтүлік өнімдерін өндіру мен еңбек өнімділігін арттыру, агроөнеркəсіп кешенін бəсекеге қабілетті салаға айналдыру керек». Комитет төрағасы С.Плотников қазір əлемдегі жағдай ушыққан күйінде қалып отырғандығына назар аудартты. Сенатордың айтуынша, геосаяси дағдарыс пен алдыңғы қатарлы державалардың енгізген санкциялары əлемдік экономиканың қайта қалпына келуіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан да мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол» бағдарламасын толықтыру үшін жаңа дағдарысқа қарсы шараның бірі ретінде агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды арттыру қажеттігін ерекше атағаны мəлім. Бұл ретте С.Плотников Ауыл шаруашылығы министрлігіне бөлінген қаржы толық игерілерін, алайда, жаңа жəне қомақты қаражатты қажет ететін жобаларға кетуі тиіс шығынның оңтайландырыларын да тілге тиек ете кетті. Депутаттың мəлімдеуінше, «Агробизнес-2020» бағдарламасына

істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мəселелері жөніндегі Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуы, екіжақты шарттыққұқықтық негізді кеңейту жəне нығайту мəселелері талқыланды. Тараптар терроризмге қарсы ісқимыл, ұлттық жəне халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел ақпаратпен жəне жұмыс тəжірибесімен алмасудың шеңберінде күш біріктірудің ерекше өзектілігіне тоқталып, екі елдің арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың айтарлықтай əлеуеті бар екенін атап көрсетті. А.Дауылбаев екіжақты қарымқатынасты нығайтудың, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ақпарат жəне жұмыс тəжірибесін алмасудың өзектілігін атап өтті. Экономикалық қылмыстарды, алаяқтықты, қылмыстық жолмен табылған қаражатты жылыстату жəне оларды қайтаруға қатысты экономикалық қылмыстарды анықтау жəне тергеу проблемаларына ерекше назар аударылды. Осылайша олар қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне тиімді түрде тосқауыл қою, қылмыспен күрестің аймақтық мəселелерін шешудің ортақ тəсілдерін əзірлеу үшін екі елдің құзіретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды одан əрі нығайтуға мүдделілік танытты.

Болашаќ кілті – білімде Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Нұрлы Жол. Қазақстан университеттері əлемдік білім беру кеңістігіндегі бəсекеге қабілеттілігін арттыру жолында» атты Алматы қаласы ЖОО ректорларының аймақтық жиыны өтті.

Б.Сапарбаев алдымен ғылымитехнологиялық паркте, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен «Əл-Фараби» кітапханасын аралап көрді. Ректорлармен өткен жиында білім беру саласының бүгінгі өзекті мəселелері мен міндеттері əңгімеге арқау болды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы атап көрсеткен – əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру үшін Отанымыздың жоғары білім беру жүйесі алдына адам капиталының деңгейін көтеру, заман сұранысына сай сапалы мамандар легін даярлау мəселесі қойылып отыр. Мемлекет пен қоғамның табысты дамуына кепіл болатын, болашаққа бағытталған бұл мақсаттар Елбасымыздың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына негіз етіп алынған. Осы көкейкесті мəселе Алматы ЖОО-ларының ректорлары қатысқан кездесудің негізгі өзегіне айналды. Б. Сапарбаев кадр даярлау сапасын арттыруға баса назар аударды. Өскелең ұрпаққа əлемдік деңгейде білім беру, оқыту мазмұнына жаңаша көзарас таныту қажеттігін

Оѕтайлы шешімдер саланы оѕалтады Агроөнеркəсіптік кешенді дамытудың басымдықтары кеше Орталық коммуникациялар қызметінде кеңінен сөз болды. Бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдына Сенаттың Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников пен осы комитет мүшесі Қуаныш Айтаханов шықты.

құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен академиялық ортаның 2000-ға жуық өкілдері қатысты. Заңның үстемдік құруы, сот төрелігіне қол жетімділік, тұрақты даму, бизнес саласындағы халықаралық даулар, бизнес жəне адам құқықтары жəне т.б. мəселелер күн тəртібінің негізгі тақырыптары болды. А.Дауылбаев шетелдік əріптестерімен – АҚШ, Канада, Румыния, Түркия, Оман, БАƏ əділет министрлерімен жəне бас прокурорларымен қылмыстық-құқықтық саладағы өзекті мəселелер бойынша екіжақты кездесулер өткізді. АҚШтың Бас прокуроры Э.Холдермен кездесуі барысында тараптар бірбірін Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойылуымен құттықтады, сондай-ақ, құқықтық саладағы маңызды мəселелерді талқылады. Ал Ұлыбританияның Алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-əрекеттер кеңсесінің директоры Дэвид Гринмен кездесуі барысында өзара мүдделілік туғызатын мəселелер, оның қатарында прокуратураның құқық қорғау қызметі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстатуға қарсы тұру бойынша ынтымақтастық жасау, сонымен қатар Қазақстанның қылмыстық

сəйкес агроөнеркəсіптік кешен саласындағы жаңа ғылыми зерттеулерге 70 миллиард теңге қарастырылса, соның 3 миллиарды немесе 4,2 пайызы оңтайландырылып отыр. Ал «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың əкімшіліктік шығындарына 200 миллион теңге немесе 12 пайыз түзету енгізіледі. «Ауыл шаруашылығына қосымша 20 миллиард теңге көзделсе, бұл қаржылар АӨК субъектілерін субсидиялауға – мал жəне құс шаруашылықтарына 11,5 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржылық жағдайын оңалтуға б ағытталған лизингтік жəне несиелік мөлшерлемелердің өсіміне 5 миллиард теңге, сондайақ, ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарды сатып алу жөніндегі несиеге сыйақы 3,5 миллиард теңге қарастырылған», деді Сергей Викторович. Оның мəліметіне қарағанда, көктемгі егіс жұмыстарына жəне күзгі егінді оруға қажетті сома 97 миллиард теңге көлемінде белгіленіп отыр. Ал лизинг бағдарламасына сəйкес ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға 28,5 миллиард теңге қарастырылатын болады. Қазірден белгілі болғандай, 1610 ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу жоспарланыпты. Саланы мемлекеттік қолдаудың бірқатар жаңа құралдарын жүзеге асыру жəне қаржыландыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркəсіп кешендері мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жəне «Агроөнеркəсіп кешенін жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдардың қабылданғанын жеткізді.

атап дуалдық білім беруге де назар аударды. Ол, сонымен бірге, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметіне жоғары баға бере отырып, оқу орнындағы өзгерістерді өзге университеттерге үлгі ретінде тілге тиек етті. Оқыту бағдарламалары елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы талаптарына жауап беру керектігін атап өткен Премьер-Министрдің орынбасары бұл орайда ұлттық университеттерге жүктелер жауапкершілік жүгі зор екендігіне тоқталды. Экономиканың алға басуы үшін инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттау, ынталандыру қажет, деп бұл саясат елдің серпінді дамуын қамтамасыз ететін озық технологияларды, соның ішінде білім мен ғылымды басқарудың жаңа əдіс-тəсілдерін өмірге жедел енгізуді талап етеді, деді. Сондайақ, инновациялық-индустриялық даму стратегиясы негізінде еңбек ресурстарын тиімді орналастыруды көздейтін «Серпін» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыруды тапсырған. Қазақстан университеттерінің əлемдік білім беру кеңістігінде бəсекеге қабілеттілігін

арттырудың түйінді тұстары талқы ланған алқалы отырыста ел ғылымы мен білімінің қара шаңырағы – əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов оқу ордасының алдында тұрған міндеттермен, жастарға сапалы білім, саналы тəрбие беру мақсатында атқарылып жатқан сан салалы жұмыстармен таныстырып өтті. Токио университетімен бірігіп Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоба – отандық наноспут никті əзірлеу жұмыстары жүріп жатқанын, студенттердің 70 пайызға жуығы ғылыми жұмыстарға тартылғанын, осындай жетістіктер негізінде оқу ордасы əлемдегі ең үздік 300 университет сапынан орын алып отырғанын жеткізді. Жиында Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің директоры Давид Эзау оқу орнын дағы дуалдық білім беру мəселелеріне тоқталды. Жиын барысында ілгері дамуға кедергі болып отырған кемшіліктер де атап көрсетіліп, олқылықтардың орнын толтыру жолдары ой елегінен өткізілді. Болашақтың кілті білімде екені назарға салынды. Бақыт ƏСЕМБАЕВА, Қайрат ЖАҢАБАЕВ, Қаз МҰУ-дің журналистика факультетінің оқытушылары

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық кəсіпкерлер палатасы АӨК комитеті хатшылығының хатшысы Мырзахмет Өксікбаев пен палатаның АӨК комитетінің төрағасы Иван Сауэр брифинг өткізді.

Шаєын шаруашылыќтардыѕ іріленгені дўрыс Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ауылшаруашылық өнімдерін толық өңдеуге қатысты берген тапсырмалары жөнінде əңгімелеген спикерлер, кейбір бағдарламалардың орындалу барысы көңіл көншітпей тұрғанын да жасырмады. Əйткенмен, негізгі жұмыс атқарылып жатқан көрінеді. Мəселен, қазір Мəжіліс қарауында жатқан заң жетілдіріліп, əбден пысықталыпты. Нəтижесінде, 5 бірдей заң бір арнада түйістіріліп, шаруашылықтардың еркін жұмыс істеуіне қолайлы етіліпті. Жеке шаруашылықтар кооперациясын жүргiзудi ең алдымен өңдеушi өнеркəсiп саласынан бастау қажет екен. «Мəжілiсте кооперациялар туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бүгiнгi күнi кооперациялар жұмысын реттейтiн 5 заң бар. Сол заңдардың барлығы біріктіріліп 1 ғана заң болады. Оның үстiне қазiр жеке кəсiпкерлер салығы да өсу үстінде. Комитетке оған қатысты да сұрақтар көп келiп жатыр. Өзге де мəселелер бар. Хатшылық пен комитет бiрлесе отырып, салыққа қатысты өз ұсыныстарын жолдады. Ал, шағын жеке шаруашылықтар кооперациясын жүргiзудi ең алдымен өңдеушi өнеркəсiп саласында қолға алған дұрыс деп ойлаймын», деді М.Өксікбаев. Оның сөзіне сенсек, əлемде ауылшаруашылық өнімін өндіріп, оны нарыққа

шығаруда басқа жол жоқ көрінеді. Ондай жақсы тəжірибе өз елімізде де бар екен. «Қарағанды облысында сүт өңдеушiлер шағын кəсiпкерлерге өздерi барып, мал басын көбейтiп, жемшөбiн жеткізіп берiп, соның арқасында сүт алып жатыр. Ол да кооперацияның бiр түрi деп ойлаймын», деді хатшы. Ал, «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға бірқатар əкімшілік кедергілер көлденең тұр екен. «АӨК саласын дамыту үшiн бiзге толық көлемдегi мемлекеттiк қолдау қажет. «Агробизнес-2020» бағдарламасы бүгiнгi күнi жеткiлiктi көлемде, əрi толық қаржыландырылып отырған жоқ. Бұл тұста, яғни мемлекеттiк қолдауды алу барысында тап болатын белгiлi бiр əкiмшiлiк тосқауылдар бар», дедi М.Өксiкбаев. Оның пікірін қолдаған комитет төрағасы И.Сауэр бағдарламаның негiзгi бағыттарының 33-37 пайызы толық қаржыландырылмай отырғанын айтты. Ол «Агробизнес-2020» бағдарламасының екi жылдық жұмыс қорытындысы осыны көрсетіп отырғанын жеткізді. Сөйтіп, бұл мəселе аталған жобаны толық жүзеге асыруда негізгі проблемаға айналғанына өкініш білдірді. Десе де, жалпы алғанда АӨК-тiң бюджетi тұрақты көрінеді. Сондай-ақ, саладағы барлық бағдарламалар, субсидиялар мен нормалар сақталған. «Енді 40 млрд. теңге көлемiнде бөлінетін қосымша бюджет қаржысын күтiп отырмыз. Ол қаржы бүгiнгi талаптарға орай нақты секторға бағытталады», деді И.Сауэр.


25 ақпан 2015 жыл Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы құрметіндегі кезекті танымдық шара өткізілді. Басқосуға Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаздық етіп жүрген Ниел Руан (Ұлыбритания) мен Нирмала Говендер (ОАР) ерулік жоралғысымен шақырылды.

Шетелдік ўстаздарєа ерулік берілді

5

www.egemen.kz

● Дүние жəне дағдарыс

ГРЕКИЯ ТЫЄЫРЫЌЌА ТІРЕЛУГЕ ЖАЌЫН Əлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назары осы күндері тағы да Грекияға ауып отыр. Бұл елдегі жаңа үкіметтің қарыз берушілер үштігімен тартысы өзінің шарықтау шегіне жете бастаған секілді. «Не бел кетер, не белбеу үзілер» дегендей, Еуропалық комиссия, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық орталық банкпен бұрынғы несие шарттарын өзгерту, оларды жеңілдету үшін күреске түскен жаңа үкімет үшін бəрібір ел ішінде жүріп жатқан қатаң үнемдеу саясатынан туындайтын ауыр реформаларды одан əрі жалғастыру қажет секілді. Өйткені, өткен аптадағы оқиғалардың өрбу барысы осыны көрсетіп отыр.

Берлин беріспей тўр

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Білім ошағының атшаптырым оқу залының төріне қазақтың киіз үйі тігіліп, бар жасауымен жарқырап тұр. Көкшенің бү гін гі серілері əн шырқап, күй төгілтті. Босағадан аттаған қо нақтарға шашу шашылып, кең-мол дөңгелек үстелге шақырылды. Дастарқан қазақ халқының ұлттық тағамдарымен ғана емес, қаладағы өзге ұлт өкілдерінің асыл дəмдерімен толтырылған. Қонақтар бал бауырсақ, күрең қымыз бен шұбаттан дəм тат қаннан кейін, облыстық мұсылман əйелдері лигасының мүшесі, сексен жастағы Кəбира Сақыпова əжеміз халқымыздың арғы-бергі тарихынан əңгіме бастады. «Ерулік» дəстүрінің жай-жапсары, терең мəні түсіндірілді. Зияткерлік мектептің оқушысы Балым Кен жебаева ағылшыншаға аударып отыр. Ниел бауырымыздың қойын дəптеріндегі жазу қалыңдай бастады. Өзге ұлттың өкілдері де қонақкəдесін жасап, қаладағы татар, неміс, славян, поляк этномəдени орталықтарының жетекшілері Мударис Абдуллин, Светлана Корнеева, Галина Булычева жəне Людмила Суховецкая атал ған бірлестіктердің қоғамдағы орны жайлы хабардар етті. Сон дай-ақ, Қазақстан халқының досты ғы, еліміз дегі ынтымақ-бірлік тақырыбында 15 жыл бойы еңбектеніп, 6 альбом дайындаған мəдениет танушы Сипат Тасова

жəдігерлерінің таныстырылымы өткізілуі жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. Африкалық қыз Нирмала Говендер қошеметші қауыммен қосылып би билеп, өз тілінде əн шырқады. Ал сэр Ниел Руан Англияда диаспоралық қауымдастық болғанымен, барлық ұлт тың басын біріктіретін ұйымның жоқтығын тілге тиек етті. – Бұл Қазақстан Президентінің көреген саясатшы, ұлттарды ұйыстырушы тұлға екендігін көрсетеді, – деді ол. – Ассамблеяның қазіргі дағдарысты кезеңде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу жөнінде бастама көтеруінің өзі оның зор бедел мен ықпалға ие екендігін айқындай түседі. Мен Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебіне шақыру алғанымда қуана келістім. Мұндай білім ошағы көп елде кездеспейді. Менің қазіргі оқушыларым өте алғыр, ағылшын тілінде еркін сөйлеседі. Қазақстандық ЭКСПОға дайындығымыз да жаман емес. Оның үстіне, кезінде ЭКСПО-да шырқалған «Балқадиша» əніндегі Қадиша Көкшетаудың қызы екендігін білгендегі таңғалысымды сөзбен жеткізу қиын. Кездесу соңы этномəдени бір лестіктердегі көркемөнерпаздар ұйымдарының концертіне ұласты. Ақмола облысы. ––––––––––––––––––

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

«Айреник» кґрме ґткізді Облыс орталығындағы көркемсурет музейінде Ассамблея жылына орай «Айреник» этномəдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Армения өнері: көне жəне бүгін» атты көрме ашылды.

Германия Афинаның еуропа лық əріптестерге Грекияны несиелендіру бағдарламасын алты айға ұзарту туралы өтінішіне қарсы екендігін білдірді. Берлин бұл өтінішті негізсіз деп санайды. Себебі, Грекия Еуропалық одақ пен Халықаралық валюта қорының осының алдындағы қаржылай көмек көрсету жөніндегі шартын орындаған жоқ. «Бұл жөніндегі Афинадан бізге жеткен хат көмек көрсетуді жалғастыру жөнінде шешім қабылдауға негіз бола алмайды», деп хабарлаған осы мəселеге байланысты Германия қаржы министрі Вольфганг Шойблдың баспасөз хатшысы өзінің қысқаша мəлімдемесінде. Грекияны қаржыландыру жөніндегі қазіргі бағдарлама енді бір аптадан кейін, яғни бірінші наурыздан бас тап өз күшін жояды. Мұның алдында Еуротоптың төрағасы Йерун Дейсселблум еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері Брюссельде кездесу өткізіп, Германияның жолдаған өтінішін қарайтындықтары жөнінде хабарлаған болатын. Ол осы хабарламасында аталған кездесуде Афинамен келісімге келіп, соның нəтижесінде Грекия еуроаймақта бұрынғысынша қала береді деген үмітін білдірген еді. Алайда, Германия қаржы министрлігі Грекияның бұл өтінішін орындауға қарсы екендіктерін білдірген кезден бастап бұл үміт шоғы да солғын тарта түсті. Берлин Грекияның жаңа үкіметі өздерінің қарыз берушілер алдындағы уəделерін орындайтындықтарына сенім білдірмей отыр. Өйткені, жаңа үкіметтің өзі қатаң үнемдеу саясатын жүргізіп, ел үшін ауыр экономикалық реформаларға баруға бейілді емес. Мұның алдындағы үкіметі қарыз берушілердің алдында ондай уəдені бергендігі белгілі. Ал жаңа үкімет ол уəдені орындай алмайтындықтарын мəлімдеді. Қаңтар айының соңында Еуропалық орталық банкінің басқарушылар кеңесінің құрамына кіретін Финляндия банкінің басшысы Эркки Лииканен қазір ауыр жағдайды бастан кешіріп жатқандықтан Грекия ел экономикасын құтқару жөніндегі өз бағдарламасын одан əрі жалғастырмайтын болса, онда Еуропалық орталық банктің бұл елге ақшалай қарыз беруді одан əрі жалғастыра алмайтындығын мəлімдеген болатын. Ал Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас өздері билік басына келген алғашқы кездерден бастап-ақ елдің бұрынғы үкіметі мен Еуропалық одақ жəне Халықаралық валюта қоры арасында жасалынған экономикалық тұрақтандыру жоспарын одан əрі орындаудан бас тартатындықтарын жеткізген еді. Мұның өзі бір есеппен алғанда жаңа үкіметтің бұрынғы үкімет жасаған қарыз алу жөніндегі келісімді мойындамайтындығын білдіретін еді. Бірақ соған қарамастан ол қарыз берушілермен аралық келісім жасасу жөніндегі келіссөздер жүргізуге дайын екендіктерін де айтқан болатын. Алайда, жаңа үкімет басшысының бұл идеясы еуропалық қарыз берушілердің көңілінен шықпаған секілді. Сөйтіп, мəселе əлі тұйыққа тіреліп тұр. Жағдайдың бұдан əрі қалай құбылатындығына ешкім төрелік жасай алмас. Əйтсе де, аталған мəселе кешіктірілмей шешілуі тиіс. Өйткені, Грекияға зейнетақылар мен жəрдемақыларды төлеу үшін қаржы керек.

Грекияда аќша таусылуєа жаќын Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстағы «Айреник» қоғамдық бірлестігі 1995 жылы құрылды. Содан бері Эльмира Петросян басқаратын бірлестік елдік тұтастық пен келісімді сақтауда, армян халқының ұлттық мəдениетін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын жаңғыртуда үлгілі қызмет атқарып келеді. Этномəдени бірлестікте ақсақалдар кеңесі жəне оның жастар қанаты, əдеби, би ұжымдары жұмыс жасайды. Көрмеден ұққанымыз, армян халқы мəдениетінің көне заманнан – тау-жартастардағы жазбалар мен тас жəне қола мүсіндерден, əшекейлі қару-жарақтар, шыны жəне қыш ыдыстардан бастау алатыны. Яғни, сəулет өнерінің туындыларын, қабырғаға салынған суреттерін, мүсіндер мен тұрмыстық заттарын дүниеге əкелген Ежелгі Урарту мемлекетінің мəдениетін қалыптастырады.

Осы өнер орталығының бірі 2783 жыл бұрын іргесі қаланған көне Эребуни (Ереван) қаласы екен. Көрмеде өткен жылдардағы суретшілер Мариам, Ерануи Асламазян, Ара Бекарян, Дмитрий Налбандян, Симон Галостян жəне қазіргі заманғы армян суретшілерінің туындылары қойылған. Ал қарағандылық суретші Саркис Саносян (1922-2004) болса, 1980-жылдары біздің облыстық көркемсурет музей қорына өзінің туындыларын сыйға тартыпты. Көрмеге, сондай-ақ, ел есінде жүрген Оганес Зардарян, Рубен Габриелян, Альберт Папикян, Александр Григорян, Петрос Малаян, Лавиния БажбеукМеликян, Седа Карагезян жəне басқа да атақты суретшілердің суреттері қойылыпты. Армян халқының қилы өмірі сурет арқылы көрініс тапқан. ПАВЛОДАР.

Егер Грекия оған қарыз беру жөніндегі келісім мерзімін ұзартуға қол жеткізе алмаса, онда бұл елдегі жағдай ушыға ма деген қауіп бар. Өйткені, қазынаның ақшасы таусылатын уақыты жақын. Осының алдында елдің қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып

жарияланған мəліметтерге қарағанда қазынадағы қаржы 25 ақпанда таусылады деген деректер бар. Мұның өзі Афинаның бұдан былайғы уақыттары бюджет қызметкерлерінің жалақылары мен зейнеткерлер зейнетақысын төлей алмайтындығын білдіреді. Əрине, мемлекеттік мекемелердің қорларын жұмсау арқылы мəселені шешу мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Бірақ та бұл да тым қысқа мерзімдік ықпалы бар шара. Ең əрі кеткенде бір ай ғана жан сақтауға болар. Ал наурыздың соңына таман Грекияға Халықаралық

тоқтату үшін шектеу шараларына бару қажет секілді. Бірақ бұл да қиындықтан шығар жол емес. Сөйтіп, Грекияның жаңа үкіметі үшін ақшаға деген мұқтаждық күн өткен сайын күшейе түсуде.

Жаѕа несиелерді алу да ќорќынышты Грекия үкіметі өзінің қазіргі жағдайында от пен судың ортасында тұрғандай. Оларға қарыз берушілердің алдында мойынсынып, жаңа қарыздарды алу да оңай емес. Ал келісім жасасудан бас тар-

жағдайымызды айтып отырмыз. Осыны олар ұқса екен», дейді бір тұрғын. «Мен ақыр аяғында бір шешімге келетіндігімізге күмəнданбаймын. Бірақ та шешімдер еш уақытта əлсіздердің пайдасына орай қабылданбайтындығын тағы білем. Бірақ, енді тоқтаудың қажеті жоқ. Осы бағытымыз бойынша жүре беруіміз керек. Бəлкім сонда ғана бізге несие шарттарын жеңілдететін болар», дейді екінші бір тұрғын. Грекия қарызы қазіргі уақытта 3201 млрд. еуроны құрап отыр. Бұл – елдің ішкі жалпы өнімінің 180 пайызы. Грекияға қарыз берушілер 2012 жылы сол қарыздардың біраз бөлігіне кешірім жасаған болатын. Бірақ қалғанының өзін төлеуге Грекия экономикасының шамасы жетпей отыр.

Реформа тізімін ўсынды

валюта қорының берешегін өтеу үшін 1,5 млрд. еуро қажет болады. Онан кейін 4,5 млрд. еуроның қазыналық вексельдерінің мерзімін ұзарту міндеті тағы тұр. Сарапшылардың пікірлерінше, басқа да шығындарды өтеу үшін үкіметке 4,3 млрд. еуроның қосымша қаржысы тағы қажет. Елдегі қаржы жүйесінің жағдайы да уақыт өткен сайын күрделене түсуде. Грек банкілерінің клиенттері соңғы айлардың өзінде есеп шоттарынан 20 млрд. еуроның қаржысын алып кеткен. «Грек банктері өте қиын жағдайға душар болуда. Оларды тіпті, соңғы демінің үстінде тұр деп айтуға болады. Олар əзірге Еуропалық орталық банктің арқасында ғана өмір сүруде. Еуропалық орталық банк бұларға ауықауық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы тастайды. Банктер солардың арқасында өмір сүріп келеді», дейді бір сарапшы. Оның айтуынша, Грекия қазынасындағы қаржының да шеті көрінді. Өйткені, парламентке сайлау науқаны басталған кезден бастап адамдар салық төлеуді доғарған. Яғни, кіріс көзі жоқ. Ал шығын болса, барған сайын ұлғайып келеді. Ақшаның банктерден қашуын

ту тіптен қиын. Осы жағдай қоғамдағы көңіл күйді тіптен қоюландырып барады. Мұны жергілікті баспасөздегі тақырыптарға қарап аңғаруға болады. «ЕО мен Афина: сөздер соғысы», «Брюссельмен тілге келу қиындығы», «Еуропалық орталық банктің беті жылыр емес», «Енді не болмақ?». Міне, грекиялық басылымдардың беттерінде бүгінгі күндері осы мəндес тақырыптар өріп жүр. Сондай мақалалардың бірінде Афина тұрғыны Грекия үкіметінің Еуропалық одақпен несие шартын одан əрі ұзарту жөніндегі өтініші жөніндегі пікірін білдірген. «Мен үрейге əбден беріліп алдым. Біздің əріптестеріміз бұдан əрі біздің тағдырымыз туралы қандай шешім қабылдамақ? Өзіме осындай сұ рақ қойсам, қорқыныштан бойым қалтырайды. Қазіргі жағдайлардың барысы еуропалық əріптестердің Грекияға көмектесуге құлықты емес екендігін көрсетіп отыр. Əрине, кемшілік біздің жағымыздан да бар. Біз өз тағдырымыз туралы тым жеңіл ойланатын секілдіміз. Қазіргі уақытта ащы айғайдың бізге пайдасы жоқ. Əрине, біз Еуропалық одақтағылар үшін ешбір жамандық істеп отырғанымыз жоқ. Біз тек өз

Қолымызға кешегі күні келіп түскен соңғы деректерге қарағанда, Грекия үкіметі осының алдындағы отырыста қарыз беруші үштік (Еуропалық комиссия, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық орталық банк) тарапынан ұсынылған бірқатар ұсыныстарға мойынсынып, солардың ескертпесіне сəйкес ел ішінде жүргізілетін реформасының тізімін əзірлеуге кіріскен. Ол тізімде салық төлеуден жалтарушыларға қарсы күресті күшейту, мемлекеттік аппаратты қысқарту секілді шаралар бар көрінеді. Немістің Bild газетінің жасырын көздерге сілтеме жасай отырып жазған хабарына қарағанда, бұл шарада Грекия тек салық төлеуден жалтарушылармен күресті күшейту шарасының өзінен ғана 7,3 миллиард еуро жинауды көздеп отырған секілді. Өткен аптаның жұма күні Грекия үкіметінің өкілдері Еуропалық комиссия жəне Халықаралық валюта қорының басшылығымен кездесіп, осының алдындағы бұрынғы үкімет тұсында жасалынған несиелендіру бағдарламасының мерзімін ұзартуды өтінген болатын. Сол кезде Грекияға ел ішінде жүргізетін реформасының тізімін тапсыру талабы қойылған болатын. Грекия үкіметі осы талапты орындауға кірісіп отыр. Осы тізімге сəйкес ендігі реформаның ауыр салмағы Грекиядағы байлардың мойнына түсе бастаған секілді. Өйткені, Грекия үкіметі осындай азаматтарға салынатын салық көлемін арттыру арқылы қосымша 2,5 миллиард еуроның қаржысын жинауды көздеп отыр.

Əзербайжан валютасыныѕ баєамы бір тəулікте 33,5 пайызєа ќўлады Əзербайжанның Орталық банкі 21 ақпан күні манаттың долларға қатысты ресми бағамын 20 ақпандағы 1 долларға 0,7862 манаттың орнына 1 долларға 1,05 манат деңгейінде белгіледі деп атап көрсетілген Орталық банктің хабарында.

Осылайша, манат 33,5 пайызға құнсызданды. «Бұл шешім Əзербайжан экономикасын əртараптандыруды ынталандыру, экономиканың халықаралық бəсекеге қабі лет тілігі мен экспорттық əлеуетін

күшейту, төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», делінген хабарламада. Бұған дейін ƏОБ-нің басқарма төрағасы Эльман Рустамов The Financial Times басылымына берген сұхбатында

Орталық банк манат бағамын долларға таңып қоюдан бас тартады жəне біртіндеп неғұрлым икемді баға саясатына көшеді, деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге, ол валютаның кез келген əлсізденуі біртіндеп жүзеге асатынын, ОБ-нің

Дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

халық мүдделерін назарда ұстайтынын айтқан. Қазіргі уақытта Əзербайжанның стратегиялық валюта резерві ІЖӨ-нің шамамен 70 пайызын құрайтынын жəне айналымдағы қолма-қол манат базасы көлемінің 2,5 есе артық екенін мəлімдеген. Сонымен бірге, ол манаттың қаншалықты қатты құнсыздануы мүмкін екенін нақтылаған жоқ. «Егемен-ақпарат».


6

www.egemen.kz

Бұл – киелі парыз, ұлттық мұрат. Ал осы мұратты бүгін, ертең жəне ғасырлар бойы қалай жүзеге асырамыз? Мəңгіліктің саяси тұғыры не? Рухани тірегі қайсы? Сірə да сарқылмайтын ұлан-ғайыр уақыттың ұзына бойында көнермеу үшін, өшпеу үшін, адамзатпен бірге жасай беру үшін мемлекет қандай мəн-мазмұнға ие болуы керек? Ұлт пен оның есті қауымы – зиялы қауымның осы қазір жəне таяу болашақта атқаратын міндеттері қандай? Мəңгілікке бастар жолда бізге кім үлгі? Батыстың либералды капитализмі мен либералды демократиясы ма? Қытайды əлемге бейімдеудің негізгі жəне тиімді құралына айналған конфуциандық рационализм

идеяның бұлжымай сақталуы үшін барын да, жанын да салды. Таққа отырған соң туған жерінің байырғы мəдениетінен алшақтап, Қытай мəдениетіне бет бұрған Қапаған қағанды 716 жылы Күлтегін биліктен тайдырып, басын алды. Кім біледі, ғалымдар құндылығы жағынан атақты Орхон ескерткіштеріне теңеп жүрген Ұлытаудағы Таңбалы тас осы кездің мұрасы шығар. Оның тұрған жері де ерекше. 47 метр тереңдіктегі аңғарда аумағы 6 шаршы метр жартас бар. Соған 445 рудың (тайпаның) таңбасы ойылған. Қарап тұрып өзіңнен өзің сұрайсың. Неге 445 тайпа? Оларды ортақ ойға ұйытып, этностық белгілерін бір тасқа қашатқан қандай мұрат? Ұлытау неге таңдалды? Жауап біреу: бұл түркі қағанаты көксеген «Тұтас түркі елі» идеясын қолдаған тектес жұрттардың өзара пəтуасы, бөлінбеске берген анты. Соған сүттей ұйыған, Ұлытауды төрткүл дүниенің алтын төріне балаған көк түріктердің айнымас серті. Тарихқа терең көз салсақ, тұтасу идеясы мен бауырмалдық Сақ заманынан бар екенін көреміз. Əңгімені шырқатпай, дерекке жүгініп айтсақ, ел билеген көсемдерін бір жерге арулап қою рəсімі əлем елдерінің тарихында кездеспейтін ерекшелік. Сақтардың Шіліктіде ғана патшалар жерленген 150 обасы бар. Осы киелі дəстүр кейін Түркістанда жалғасқаны баршамызға белгілі. Егер аталған рəсім елдік мəнге ие болмаса, бұлай сабақтаспас еді. Біздің бабаларымыз тұтастық пен бірлікті тірліктен ғана емес, о дүниеден де іздеген. Екі əлемде де іргеміз

А МАН

ЗА

Алдан СМАЙЫЛ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

бе? Араб əлемінің діни-идеологиялық жəне мəдениғұрыптық оқшаулануы ма? Əлде ұлттық болмыс пен салт-дəстүрді сақтай отырып, жаһанмен жарыса дамуға мүмкіндік беретін, бақылауда ұсталынатын мəдени-рухани ашықтық па? Мұндай қиын сауалдар сарсаңға салған елдер аз емес. Жауабын дəл тапқандар да бар, таба алмай адасқандар да жетерлік. Нақты мысалға жүгінетін болсақ, Жапония осы төңіректе ерте ойланған жұрттың бірі. Күншығыс елі мəңгілікке сыртқы əсерлердің қандайына да (мəдени экспансия, діни арбау, тікелей жаулап алу, т.б.) төтеп беретін, бастапқы қасиеттерін ешқашан жоғалтпайтын ұлттық діл мен ұлттық рух бастайды деп білді. 1542 жылы Батыспен қарым-қатынасты біржола үзді. Екі жақты байланыстың жекелеген залалсыз түрлеріне ғана рұқсат етілді. Мəселен – қару-жарақ сатып алу. Ал мəдениет пен дін, саясат саласындағы араласудың кез келген көрінісіне, əсіресе, христиандық көзқарасқа үзілді-кесілді тыйым салынды. ХVІІ ғасырдың орта тұсында шетелдіктер түгел елден қуылды. Бұл ахуал ХІХ ғасырдың ортасына дейін сақталды. Сонда жапон халқы не ұтты? Біріншіден, Еуропа елдерінің жаулап алуға бағытталған қатыгез агрессиясынан туған жерін аман сақтап қалды. Екіншіден, төл ұлттың бастапқы этникалық қайнарлардан қайта сусындауына, жас толқынның ата дəстүрлерге шөлін қандыруына, ел ішіндегі түрлі ниеттегі топтар мен қауымдардың бір ортақ мұратты – ұлттық тұтастықты қадірлеуіне, ұлттық бауырмалдық пен намыстың күшеюіне қол жеткізді. Бұл ұлы жеңіс еді. Осыдан соң, жапондықтар енді ешқандай əзəзілдің азғыруына ермейтіндігіне, əлемге ұлттың көзімен, ұлттық мүддемен қарайтындығына, жапон рухының мəңгілігіне сенім орныққан соң ғаламға есік айқара ашылды. Мұндай қадамға Қытай 1601 жылы барды. Елден христиан миссионерлері мен түрлі ағымдағы шетелдіктер қуылды, қытай мəдениеті əлемдегі ең озық мəдениет екендігін дəріптеу басталды. Аспан асты елі туралы идея мəңгілік идеясы ретінде асқақ жырланды. Миллиондар: «Біз өшпейміз!» – деп ұрандады. Дəл осындай асқақ сезім түркі аспанында да қырандай саңқылдаған. Ол кезең ата-бабаларымыз өздерін жоғарыда Көк тəңірі, төменде қара жер жаралғанда, ортасында жаралған адам баласына балады. Ол сондықтан үстем əрі мəңгілік болуға тиіс деп білді. Көкте түрік тəңірісіне, түріктің қасиетті жер-суына: «Түрік халқы жойылмасын, ел болсын» дегізді. Ал мұндай жойқын идеяны құдіреті күшті мемлекет қана көтере алатын еді. Тегінде мəңгілік дегеніміз – мемлекеттіктің жанартаудай қуатты рухани серпіні, елдіктің шырқау шыңына жетуі. Жаһанға жасқанбай қарай алған халықтың асқақ арманы. Мемлекеті жоқтың мəңгілікте несі бар? Оның мұраты – жан сақтау. Осыған ден қойсақ, қазақ мемлекеттігінің бастауы жарты əлемді билеген Ғұн империясына тұспа тұс келсе, салтанат құрған кезі – Түрік қағанатының алтын ғасыры. Бумын қаған 552 жылы ту көтерген бұл қағанаттың шекарасы батыста Византияға, түстікте Персия мен Үндістанға, шығысында Қытайға дейін созылды. Мұндай айбынды мемлекет дəл сол тұста бірен-саран-ды. Ал алып елге ең қажеті ішкі бірлік болатын. Ол мəңгіліктің түпқазығы еді. Сондықтан даңқты қағандар, данышпан Тоныкөк аралық идеяны – «Тұтас түркі елі» идеясына ғұмыр берді. Дəл осы

сөгілмесін деген. Дүниеден озған рухтар қылаусыз табысып, жарық дүниедегі ұрпақтарының тілеуін тілеп жатса, түркі елі мəңгілікке бет алатындығына сенген. Дəл сол сенім мен дəстүрді біз жоғалтып алмай, жаңғыртуға тиіспіз. Ол бір жағынан рухтар жалғастығына жетелесе, екінші жағынан ұлттық тамырдың үзілмеуіне, ұлттық қасиеттердің баяндылығына бастайды. Ұлттық мемлекет құруға құлшындырады. Асылында Мəңгілік Елдің тұғыры – ұлттық мемлекет. Англияның тарихи тұлғасы Уинстон Черчилль: «Өркениеттің негізгі қағидаты – билеуші таптың халықтың көне дəстүрлері мен ерік-жігеріне бағынуы», деген ғой. Осы дуалы ойды сəл өзгертіп парықтасақ: «Мемлекеттің негізгі ұстанымы – ұлттың тарихи арманаңсауы мен мұраттарына адалдық» дер едік. Ал біздің тарихымыз, көне сақтар мен ғұндардың, Көктүріктер мен Қазақ хандығының ұлттық мемлекет құру идеясына суарылған. Сол идея жүзеге асқан ғасырларда Ұлы Дала дəуірлеген, мемлекеттіктен айырылған замандарда ұлардай шулаған. Осы жерде айрықша айта кетейік, республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Қазақ Елі» идеясын жайдан жай көтерген жоқ. Мəңгілік Ел мұратын жүзеге асыратын ұлттық саяси институт ретінде əлеуметтікфилософиялық айналымға енгізді. Тілге байланыстыра отырып, баршамызға терең ой салды. Елбасының: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз» деуінде жəне «Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды» екенін қадап айтуында терең мəн бар. Бұлардың бəрі ұлттық мемлекетттің белгілері. Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мəңгілік Ел!», деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Түйіп айтсақ, Мəңгілік Ел – шамшырақ идея, ал Қазақ елі мен Қазақ мемлекеті сол ұлы идеяның қозғаушы күші. Біз қазіргі таңда алғашқысын ел рухының мəңгі сөнбейтін жарық жұлдызына айналдырсақ, соңғысының керегесін керу үстіндеміз. Сондықтан бүгінгі кезең дана тарихтың ұлттың ұлағаты болып қайта оралған кезеңі, қазақ халқы өзінің төл арманымен табысып, ұлттық тағына сеніммен отырған шағы. Ал əлемге қарасаң, тар жолды тайғақ кешкен таңдаулардан аяқ алып жүргісіз. Олардың əрқайсысы талай-талай қыл көпірден өткен жəне əр ұлттың тағдырын шешуде. Ұлттық мүдделер мен адамзаттық мүдделер арпалысып жатыр. Сол айқасқа өзіне жаһандық деген ат қойып алған еуропалық таңдаудың айдарынан жел еседі. Əлеуетті елдердің өзі онымен санасуға мəжбүр. Қытай сонау Цинь династиясы дəуірлеп тұрған кездің өзінде «Қытай даналығы іргелі (фундаментальді) қағидаттар үшін, Батыс кемеңгерлігі – іс жүзінде пайдалану үшін» деген ұстанымда болыпты. Ал оның əлді көршісі «Жапондық рух пен Батыстың техникасы» таңдауына тоқтаған. Бұдан екеуі де ұтылған жоқ. Өйткені, Еуропаның жетістіктерін барлық салада ұлттық құндылықтарды сақтай отырып игерді. Кей ретте Батыс өркениеті арқылы ұлттық өркениетті байытты. Бүгінде осы екі ел де өздерінің мəңгіліктігіне күмəнсіз сенеді. Ал Батыс басқа əлемнен көптеген салаларда оқ бойы озып кеткенін айтып, күн сөнгенше

2015 жыл

Жолдау міндеттері орындалуда Қайрат НҮКЕНОВ,

Ақсу қаласының əкімі.

сөнбейміз деуден жалығатын емес. Кəрі құрлықтың бұлай деуге толық хақысы бар. Оның өрлеу жолы ертеден басталса, əлі күнге жалғасуда. 1500 жылы Еуропа елдері жер шарының 10 пайызын иеленіп, адамзаттың 16 пайызына үстемдік етті. Ал 1913

Мəѕгілік Елдіѕ тўєыры – мыќты мемлекет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәңгілік Ел идеясын көтергеніне екі-үш жылдың жүзі болды. Елбасы оны Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры ретінде ұсынды. Халыққа биылғы Жолдауында сол ойын нақтылай түсіп, Мәңгілік Ел халықтың біріктіруші күші, ешуақытта сарқылмайтын қуат көзі екенін айрықша атап көрсетті. «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау ... Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деген болатын.

25 ақпан

жылы құрлықтың үштен бесін билеп-төстеп, əлемдік өндіріс өнімінің 79 пайызын өндірді. Ұлы Отан соғысынан соң аз уақытқа тоқыраса, соңғы жарты ғасырдан астам уақытта ғылыми-техникалық прогресте көш бастап келеді. Еуропаның бүгінгі артықшылықтары қандай десек, олар мыналар: халықаралық банктер жүйесіне ие; барлық беделді валюта айналымына бақылау орнатқан; əлемде негізгі тұтынушы, дайын өнімдердің басым бөлігін береді; ірі əскери əрекеттер жасауға қабілетті, теңіз жолдарын бақылауында ұстап отыр, осы заманғы ең озық техникалық зерттеулермен айналысады, аэроғарыш индустриясында жетекші орында, т.б. Америка Құрама Штаттарының əлеуеті бұдан бір де кем емес. 1990 жылы орта дəулетті америкалықтың байлығы орта ахуалды қытайдан 75 есе артық болған. Қазіргі күнде де кеміген жоқ. Бүгінде Қытайдың ішкі жалпы өнімі əр тұрғынға шаққанда АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің 19-ақ пайызын құрайды. Бұл көрсеткішке Гонконг, Сингапур мен Жапония 1950 жылы, Тайвань 1970 жылы, Оңтүстік Корея 1975 жылы жеткен болатын. ХХ жəне ХХІ ғасырларда өз тізгіні өз қолында болған елдердің басым бөлігі Еуропа мен АҚШқа жақындасуға ұмтылса, оның себебін жоғарыда айттық. Азияның дамыған мемлекеттері КСРО мен Ресейдің емес, Батыстың ғылыми-техникалық жетістіктерін, ел басқарудағы демократиялық үрдістерін, экономикадағы нарықтық қатынасын игеру арқылы өркендеді. Мемлекет пен ұлтты басқару жүйесінде де Еуропаның кейбір елдері секілді тарихи сабақтастықты сақтап қалды. Ел билеудегі көне дəстүрлерді жаңа дəуірдегі тиімді үрдістермен оңтайлы үйлестірді. Мəңгілік дегеніміз ұлттық болмысқа адалдық, салт пен санадағы тұрақтылық жəне тарихтың тəлім екені мемлекеттік деңгейде ескерілді. Өзіміз жиі айтатын Малайзияны алайық. Ол – конституциялы монархиялы мемлекет. Ел басшысы – сұлтан. Он үш штаттың тоғызын мұрагерлік құқығы бар сұлтан əулетінің өкілдері билейді, қалған төртеуінің тізгіні губернаторлардың қолында. Сұлтандар жоғары басқару кеңесін құрады жəне өз араларынан Бас сұлтанды сайлайды. Ал атқарушы билікті премьер-министрге берген. Екі палаталы заң шығару органы бар. Əлемде экономикалық қуаты жағынан ұзақ уақыттан бері екінші-үшінші орында келе жатқан Жапония да тарихи ұлттық басқару жүйесін сақтап отыр. Ол да конституциялы монархиялы ел болып табылады. 1947 жылы қабылданған конституцияда император мемлекет пен халықтың бірлігі деп жарияланды. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді, соның ұйғарымымен үкімет мүшелерін тағайындайды. Жоғары соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындау жəне орындарынан алу құқы да императорға берілген. Екі ел халқы биліктің осы түрін тарихтан қол үзбеу деп біледі жəне құптайды. Ал сұлтандар мен императорлар мемлекет пен ұлтқа адалдықтың символы іспетті. Олар бұл адалдықты даңқты əулеттерінің ғана емес, тұтас ұлттың ұлы қасиеті ретінде құрметтейді. Мемлекетті басқару институтының ықылым заманнан бергі жүйесін сақтап келе жатқан елдің бірі жəне бірегейі – Англия. Оның ресми атауы – Ұлыбритания Біріккен Корольдігі. Саяси құрылымы жағынан – парламенттік монархия. Осы уақытқа дейін жеке конституциясы жоқ. Қабылданған жəне қабылданатын заңдары ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дəстүрлерге негізделеді. Елді басқарып отырған монарх сот жүйесінің төрағасы əрі жоғары бас қолбасшы болып табылады. Королева тарихи тұлғалардың бүгінгі көзіндей, ағылшын деген ұлттық атаудың өзіндей шексіз құрметке ие. Осы жерде ат шалдырып алып ойланайықшы. Даму кезеңдерінде империя құрып үлгерген, əлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқан, ғаламдағы ірі саяси жəне əлеуметтік-экономикалық өзгерістердің талайына ұйытқы болған, өнер мен мəдениетте де шырқап шыққан Англияда ұлттық салт-дəстүрдің конституцияның орнына жүруі талайларды толғандыруға тиіс қой. Ғасырлар жазып, дəуірлер өңдеген, қария тарих құптаған ұлттық дəстүр толқыннан толқын қуып, барлық буынның ұлағатына айналса, ұлттың түрлі мəдениеттердің ықпалында кетпей, табиғи тазалығын сақтауына ықпал етсе, мəңгілікке бет бұру дегеніміз осы емес пе?! Тарихи жолынан адасқан ұлттың түбі – құрдым.

Ал Ұлыбританияны тарихи сабақтастық ылдидан шапса – өрге, ертеден шапса – кешке оздырумен келеді. Ағылшын тілінде жыл сайын экономика, əлеуметтану, медицина, т.б. тақырыптарда 550 000 атаулы еңбек жарияланады. Салыстыру үшін келтіре кетейік, орыс тілінде – 97 000, француз тілінде – 65 000, қазақ тілінде – 2300. Техника жəне жалпы технология жайлы ақпараттың 70 пайызы əлемге ағылшын тілінде тарайды. Осы айтылғандарды саралай келгенде, Елбасының: «Дəстүр мен мəдениет – ұлттың генетикалық коды», деген пайымы одан сайын салмақты бола түседі. Генетикалық кодынан айырылған ел – қаңбақ. Тамырынан үзілгендердің бəрі тексіз. Бүгінде мемлекеттігі мен туған тілін сақтап отырғандар – сол текті елдер. Ал тектіліктің қайнары – тарихи сана. Арийлердің кезінде егілген, сақтардың тұсында көктеген, ғұндар дəуірлеген шақта масақтанған, көктүріктер жемісін терген, талай да талай өңделген, мəңгілік ұғымын туғызған, соған жəне сендірген ұлттық сана. Римдіктер асқақтап тұрған шағында астанасын «Мəңгілік қала» деп атаған. Қидандар өздерін «Күміс еліміз» деп жариялады. Маньчжуриялықтар (шүршіттер) «Алтын ел» атауымен айбаттанып, Қытайды басып алды. Ал бізге, азаттық үшін ғасырлар бойы арпалысқан халыққа, тарихымен табысып, ұлттық намыспен дүр сілкінген ұлтқа «Қазақ елі» деген текті ат жарасар еді. Қазақ елі нығайтқан Қазақ мемлекеті қазақты мəңгілік етер еді. Тегінде қазақ халқының ерік-жігері ерекше ғой. Ішкі-сыртқы жаумен сан ғасыр қиян-кескі айқасып жүріп, түбінде айы оңынан туатындығына иланды. Қандай қиямет болса да Ұлы Даланың ұранды байрағы құламайтындығына сенді. Алтайы алтынмен, Ұлытауы күміспен, Алатауы аспанмен, Қаратауы көктүріктің киесімен көмкерілген ұлан өңір келер ұрпаққа мəңгі мұра болып қалатындығына күмəн келтірмеді. Азаттықтан айырылып жүріп те тəуелсіздіктің түбі бір қайта шырайналатындығын ұрандап айтумен болды. Абзал ұлдарының, Сұлтанмахмұт секілді асылдарының тегеурінімен: Өлер жерден кеттік біз, Бұл заманға жеттік біз. Жасайды Алаш, өлмейміз, Жасасын Алаш, жасасын! – деп жар салды. Алаш дегенде, əрине, Алты Алаш еске түседі. Бүкіл түркі дүниесі көз алдыңда тұрады. Иоллығтегін тасқа қашап жазған «Тұтас түркі елі» идеясы жүрегіңді жылытады. Мəңгілікке түркі елдері тізе қосып бірге бет алсақ дейсің. Бұл арман-аңсау емес, солай болып жатқаны көңілді көншітеді. Осы игілікке ұйытқы болған бастамалардың қазақ елінде көтерілгеніне мерейленесің. Анығында солай ғой. Тарихи тамырлас ағайындардың қайта бауырласуына қызмет етуге кіріскен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мен осы елдер парламенттерінің ассамблеясы, қандастардың ортақ тарихын түгендеп жатқан Түркі академиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тікелей ұсынысымен шаңырақ көтерді. Олардың аясы кеңейе беретіндігі ай мен күндей ақиқат. Түбі тұтастың тармақтанып барып қайта бірігетіндігі жаратылыстың табиғи заңдылығы. Философ əрі саясаттанушы Самюэль Хантингтонның («Өркениеттер қақтығысы») пайымдауына жүгінсек, ХХІ ғасырда мəдениеттері тектес елдердің жақындасу, мəдениеті тамырлас емес ұлттардың бөліну үдерісі жүріп жатыр. Алып державалар ыдырап, бауырлас халықтардың одақтары бел алып келеді. Еуроодақ соның жарқын көрінісі. Ежелден қанаттаса отырған, көп ретте тағдырлас, ішінара қандас, экономикалық əл-ауқаты деңгейлес, саяси құрылымы ұқсас ұлттар бірігіп қана қоймай, əлемге ақыл айтуда. Мұндай ымыраласу үрдісі Латын Америкасында да айқын аңғарылады. Экономикалық одақтасуға негізделген Анд пактісі, Үшеудің тобы (Мексика, Колумбия, Венесуэла), Орталық латынамерикалық ортақ рынок – тілдері ұқсас, этностық тамырлас ұлттардың жаңа жағдайда қайта табысу, сол арқылы адамзат көшінен қалмау үшін жасаған алғы қадамдары. Осындай ынтымақтастықты Шығыс Азия елдері де қалайды. Олар, атап айтқанда, АСЕАН елдері – Малайзия, Тайвань, Гонконг, Оңтүстік Корея, Қытай мен Жапония түптің түбінде тізе қосады деген болжам бар. Негізгі мақсат – Шығыс Азия экономикалық кеңесін құру арқылы əлемге биіктен қарау. Жер шарындағы қандастар осылай тіл табысып жатқанда əдет-ғұрпы мен ұлттық мəдениеттері барынша ұқсас түркі халықтары бір-біріне қол созып қана қоймай, қоян-қолтық араласуға тиіс. Олардың символикалық ортақ елтаңбасы жасалып «Түркі тектес түгел бол!» деп айшықтасақ, артық па?! «Бауырластық сезіммен – мəңгілікке» деп тұлпарлансаң орынды ғой. Францияның ұраны – Еркіндік. Теңдік. Ағайындық. Ресейдің ұраны – Державалық Россия. Америка Құрама Штаттарының ұлттық идеясы – Құдайға сенеміз. Біз, ата-бабасы Еуразия құрлығында ат ойнатқан, бүгінгі толқыны жаһанға парасатты ой-ұсыныстарымен жаққан ежелгі ел – Қазақ елі ізгілік пен имандылық ажарландырған, кеңдік пен жомарттық дархандандырған, қайтпас қайсарлық пен намыс шыңдаған ұлттық қуатымызға сенеміз. «Адамзатты махаббатпен жаратқан Алланы сүйеміз». Мəңгілікке құлшындырған даналыққа жүгінеміз.

Ақсу – металлургтер мен энергетиктердің қаласы. Ферроқорытпа зауыты мен «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ біздің қаламызда орналасқан. Электр стансалары еліміздің оңтүстік облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Өндірістік қуатты арттыру мақсатында Ақсу ферроқорытпа зауытында №45 жəне №46 пештерге газ тазартқыш құрылғыларын салу, №4, №6 цехтарды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ-тағы күл үйіндісін шығару, циклдық-ағымды кешенді салу жұмыстары жалғасуда. Жəне де Ақсу ЖЭС-інде 5-ші энергоблокты қайта жаңарту басталды. Сонымен қатар, Сольветка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту үшін 35 миллион теңге бөлу жоспарланды. Өндірісті қаламызда шағын жəне орта бизнес, ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Шағын жəне орта бизнестің 3 мыңнан аса нысаны бар. Олар шығаратын өнімдердің үлесі облыс бойынша жалпы өнеркəсіп өнімдері көлемінің 28 пайызын құрайды. Бұл үшін Елбасы Жолдауының басым бағыттарын негізге аламыз. Мəселен, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жуырда ғана қаладағы екі 64 пəтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Инчхондағы XVII Азия ойындарының күміс жүлдегері Дəулет Шабанбайға екі бөлмелі пəтерді сыйға бердік. Бұл күндері қаланың ауылдық аумағына қарасты Қалқаман ауылында 300 орындық мектептің, Жолқұдық ауылында дəрігерлік амбулаторияның құрылыстары басталды. Қаладағы орталық ауруханаға 93 миллион теңге қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жүргізілді. Ауруханада диализ орталығы ашылды, ол бүйрегі нашар науқастардың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Жолдау аясынан өрбитін барлық жұмыстар халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Ақсудағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 384,4 ки лометрді құрай ды, оның ішінде 139 километрі – республикалық, 111 километрі – облыстық, қалғаны аудандық маңызы бар жолдар. Былтыр Үштерек ауылына кіреберіс жолдар жөнделді. Ақсу мен Павлодар қалалары аралығында Ертіс өзені арқылы жаңа көпір салынуда. Шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарына көптеген нысандардың құрылысы мен қайта жаңарту шаралары енгізілді. Оның барлығы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Қалалық жылыту қазандығын салу, магистральдік жəне кварталаралық жылу трассасын, магистральдік жəне кварталаралық су құбырларын қайта жөндеу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тұрғызу жоспарлануда. Орталық жағажайын қайта жаңарту, қала жолдарын қайта жөндеу, жарықтандыру объектілерін қайта жаңарту, Жолқұдық, Пограничник ауылдарының су құбырларын қайта жаңарту секілді шаралар бар. Жуырда «Қызылжар-Құс» ЖШС құс фабрикасы жұмысын қайта бастады, оның өндірістік қуаты жылына 8 мың тонна етті құрайды. Кəсіпорында 240 адам жұмыс жасайды. Екінші жоба бойынша «ПТСФ ДАНиЕР» ЖШС негізінде жіксіз болат құбырлар өндіретін цехтың құрылысы қолға алынуда. Сондай-ақ, қосалқы өндіріс жəне серіктестік бағдарламасы бойынша кəсіпорындар мен шағын кəсіпкерліктер арасында арнайы киімдер тігу жəне жөндеу, құрылыс жұмыстары, автокөлік қызметтері, көкөніс жəне сүт өнімдерін жеткізу жөнінде бірігіп қызмет істеу келісімшарттары жасалды. Былтыр тұрғындар «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 50 бас сиыр мен бір асыл тұқымды бұқа, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 асыл тұқымды бұқа мен 33 сиыр сатып алды. Ақсу қаласы мен қаланың ауылдық аумақтарында 70 мыңға жуық халық тұрса, оның 44 мыңы қаланы, қалғандары негізінен 11 ауылдық аумақ құрып отырған 40қа жуық ауылдарды мекендейді. Ауылдың қалаға, қаланың ауылға қарасатын өзара байланыстары жақсы жолға қойылған. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.


25 ақпан

РАС А Қ З КӨ

2015 жыл

Бүгін біздің студенттерімізге еліміздің басты байлықтары не деп сауал салсаңыз ең алдымен мұнай, газ, жер, пайдалы қазбалар алтын, соңғы кезде «инвестициялар», «инновациялар», кейбіреулері «ақша» дейді. Басқаша айтқанда, материалдық байлықты алға тартып, рухани-мәдени байлықтарды ескере бермейді. «Біз, – деді, – Н.Назарбаев, – дербес мемлекет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек». Ең қымбат та қасиетті баға жетпес байлық – Тәуелсіздік. 105 жыл өмір сүрген қытайдың жоғары мәртебелі отбасының мұрагері У.Тунань (1884-1989 ж.ж.) ерекше қабілетті адам болған, бойындағы туа біткен аурудан өзінің ішкі энергия күшімен сауыққан. Оның керемет қабілеттері туралы әңгімелер көп. 1937 жылы университетте жұмыс жасап жүрген кезінде оқу орнының сейфінен бір жылға жұмсалатын қаржысы ұрланып кетіпті. Іздеушілер ол қаржының тауда тығылған бандының қолында екенін баяндайды. Бірақ оған тәуекел етіп ешкім бара алмайды. Жасы ұлғайған У.Тунань осы іске батыл кіріседі. Бандының талай тосқауылдарынан өтіп, өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында қарақшылардың бас мәжіліс залына өтеді. Бандының жетекшісі әйел екен. У.Тунань оған Жапониямен өз тәуелсіздігі үшін соғысып жатқан Қытайға білімді азаматтар қажет, ал ұрланған қаржы жастардың білім алуына жұмсалмаса, ел

зиян шегеді деген. Атаман әйел «мен ең алдымен қытай әйелімін, сосын барып қарақшымын» деген екен. Сондықтан ақша ұрлағандарды іздетеді, оларды тапқаннан кейін өлім жазасына бұйырып, қаржыны университетке қайтарады. Қайту сапарында қымбат жүкті жеткізу үшін У-дың қасына қарулы күзетшілерді де қоса береді. Осылай елге қауіп төнгізген суыққол ел мүддесін ойластыра бастайды. («Наука-религия» 2013, №1, 54 бет). Адасып, кейін айыбын түсініп, ұлтына қызмет ету, ол да кісілік қасиет. Ал тәуелсіздікті сақтау үшін сенім, келісім, тұрақтылық, түсіністік, әлеуметтік әділдік, ар, ұят, жауапкершілік деген ең қымбат, ақшаға сатып алмайтын құндылықта екенін кейде ойланбайтын сияқтымыз. Бір кездерде мұнай, газ, басқа да байлық сарқылар, болмаса бүгінгідей бағасы арзандар, ал кісілік, имандылық, өзара сыйластық қай заманда да құндылық болып қала береді. Елбасы қоғамдық келісімді, әсіресе, этносаралық түсіністікті әл-ауқаттың, қауіпсіздіктің тірегі деп өте орынды айтты. Сондықтан биылғы жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, өткенді саралап, болашаққа қадамдарымызды ойластыратын жыл болғалы тұр. Осыған орай тәуелсіздігімізді баянды ететін, барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін мемлекеттік тіл – қазақ тілі төңірегінде бірқатар әлеуметтік-психологиялық мәселелермен бөліскенді жөн көрдік.

www.egemen.kz

кеңейту тек тілді оқытумен шектелмейді, елде ұлт мəдениеті, тарихы, ономастика, басқа да салаларда ұлт мəртебесіне байланысты жағымды психологиялық ахуал, патриоттық сана қалыптастыру болып отыр. Белорустар тіпті 7 қараша мерекесінен де бас тартпады: халық ол күннің саяси мəнін бірте-бірте түсінді. Коммунистік сенбіліктер де күшін жойған жоқ, ол енді бұрынғы мазмұнынан ажырап, патриоттық мазмұнға ие бола бастады: астананың, қалалардың, елді мекендердің тазалығын сақтау көзделді. Баспасөзге жазылу да міндетті, бірақ ол көрші украиндықтардай елдегі жағдайды саясаттандырмай, нарық заманында ақылға сыйымды өмір сүру, ақшаны жұмсай білу, елде жемқорлықпен күресу, ана тілін сыйлау сияқты жаңа заманға бейімделді. Белорустар тым бай да емес, тым кедей де емес, бірақ тоқшылықта өмір сүруде. Белоруссия өзін Батысқа да, Шығысқа да бұра тартпай аралықты тиімді сақтайды, осы саяси ұстаным ұлт, тіл саясатына жағымды ықпал етуде. Белорустар Польшаның да, Ресейдің де отарлық саясатының зардабын шеккен. Сондықтан, орыс патшаларының, патша генералдарының ескерткіштерінен арылған. Минск қаласының бас көшесінің

ТІЛ мен ДІЛ Аманкелді АЙТАЛЫ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы.

1. Жаѕа тілдік ахуал Мемлекеттік тіл жалпы мемлекеттік саясатқа, Конституцияға негізделінеді. Теория жəне практика жүзінде де қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдық берілді. «Тілдер туралы» Заңмен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тілді қолдау жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, орыс тілін, басқа да тілдерді дамыту стратегиялық бағыт болып есептеледі. Тіл саясаты біртілдік емес, қостілділік, көптілділік жүйе қалыптастыруды көздейді. Дегенмен, қазақ тілінің мəртебесі бөлек мəселе. Қазақ тілінің тəуелсіздік жылдарында білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мəдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында өрісі кеңейді. Қазақ тілі дін саласында да кең өріс алды. Тек қазақ тілінде бірнеше телеарналар жұмыс жасайды, терминология саласында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазақ тілі ғылым тіліне де айнала бастады, ол тілде диссертациялар қорғалады. Қазақ тілі басқа тілдерден, Еуропа, əсіресе, ағылшын, сондай-ақ, араб, түркі тілдерінен жаңа сөздермен толықты. Президент Ұлытау төріндегі толғанысқа толы сөзінде: «Мен бəрін білемін, біздің жазушыларымыз, мəдениет өкілдері біздің тіліміз жетімдік көріп келеді, тəуелсіздіктің жиырма жыл ішінде байғұс тіліміз жетімдіктен шықпай жүр» деп айта береді, – деді – «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады. «Тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады», – деді. Тəуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны 574 мың адамға өскен, ол барлық оқушылардың 64,5%-ын құрайды. Жылына 25 мыңнан астам қазақ мектептерінде оқитын оқушылардың саны өсіп отыр. Қазақ тілінде оқитын оқушылардың санының өзі ұлт санының өсуінің индикаторы, өлшемі деуге де болар. Шым-шымдап, аз-аздап болса да ұлттық сана өсіп, қазақтар ұлттық мектепте балаларын оқытуда. Ұлттық сананы оятып, елді тəрбиелеуде ұлттық патриоттық күштердің ықпалы зор. Қазақ тілінде білім алатын қазақ жастарының санының өсуі, оған қазақ халқының бүгін сұранысы бұрынғы кездермен салыстырғанда да артуы қазақ тілінің иесі барлығын көрсетеді. Ең бастысы, қазақ тілі төңірегінде психологиялық ахуал өзгере бастады, жағымды тілдік психология, тілдік идеология, оңды, болмаса бейтарап көзқарас қалыптаса бастады, қазақтар арасында тілге байланысты жаңа сана-сезім, тілдік үлгі, тілдік ұстаным, мінез-құлық қалыптасып келеді. Біз осыдан 25 жыл бұрынғы қазақтар емеспіз. Урбанизациялау қала халқының санын қазақтар есебінен өсіруде, 1970 жылы қалаларда олар 17,2%-ды құраса, 2009 жылы 55,9%-ды құрады. Орыстар сəйкесінше 58,2%-дан 31,9%-ға түсті. Ауылдық жерде қазақтар 1970 жылы 48,3ды құраса, 2009 жылы – 71,5% болды. Орыстар сəйкесінше 26,3%-дан 14%-ға дейін азайды. Қазақтардың ауылдық жерде үлес салмағының өсуі орыс халқының қалаға, тарихи отандарына қоныс аударуына байланысты. Қалаларда жаңа тілдік ұстаным, тілдік беталыс, тілдік практика көріне бастады. Ең алдымен, қалалық қазақтар арасында ана тілін меңгеруге ұмтылыс күшейді, ал ана тілін білетін ауыл қазақтары арасында орыс тіліне ықылас азайған жоқ.

2. Ќайшылыќтар 2 0 1 3 жы л ы 1 8 с əу і р д е Ел б асы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілді. Онда елдің бірлігін нығайту, этностық мəдениеттер мен өркениеттің үндесу бағытындағы мемлекетіміздің тəжірибесін қорытындылаумен қатар, этносаясатты іске асыру саласындағы күрделі объективтік жəне субъективтік факторлар да аталған. Солардың ішінде «халықты біріктіруші фактор, əлеуметтік ұтқырлықтың жəне əр азаматтың бəсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылатын мемлекеттік тілді жекелеген этнос өкілдерінің төмен деңгейде білу; – қоғамның бір бөлігінің дүниетанымдық тұрғыдан енжарлығы, ұлттық-мемлекеттік сəйкестік пен ұлттық бірлікті нығайту тетіктерінің əлсіреуі» – делінген. Этнолингвистика ілімі тілдік оппозиция немесе тілдік бəсекелестік деген мəселеге мəн береді. Қазақ тілінің мəртебесінің өсуі тілдік оппозицияны күшейтті. Біріншіден, ол оппозиция тек орыс тілінде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындармен негізінен екі тілде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындар арасында. Əлі де орыс тілінің артықшылығын са қтағысы келетін ниет, психология, қазақы құндылықтарға, əсіресе, қазақ тілі мен мəдениетін іштей менсінбеушілік, тəкаппарлық, «ұлылық» дерті басым. Екіншіден, бұл қайшылық тек орыстілді қазақтар мен қостілді қазақтар арасында көрініс алады. Тілдік нигилизм ана тілін менсінбейтін, ұлттық құндылықтарды мойындамайтындар мен ұлттық патриоттар арасында көрініс алып отыр. Тағы да бір қайшылықты айтпаса болмайды. Қазақтар арасында қоспа, былық, қойыртпақ, орыс-қазақ сөздерін араластырып сөйлеу кең етек алды. Бұл қарапайым адамдар түгіл, интеллигенция, ақын, жазушылар, ғалымдар арасында да белең алып барады. Сауатты, əдеби тілдің үлгісін көрсететіндер күнделікті өмірде азайып бара жатыр. Украинада «суржик» деген құбылысты көп айтады. Суржик бидай мен қара бидай, қара бидай мен арпа, тағы да басқа қоспаларды білдіреді. Осыдан украиндықтар орысукраин, украин-орыстілдік қойыртпалықты да «суржик» деп кеткен. Суржик, жергілікті тіл мен үстем тілдің қоспасы, қойыртпағы, негізінен отарланған елдерге тəн, барабара адамдар қатынасының үйреншікті құралына айналып, тұрмыстық тілден əдеби тілге бəсекелес тіл болып, кейін тіпті əдеби тілді де ығыстыруы мүмкін əлемде ондай жағдайлар кездеседі. Суржик немесе біздің бүгін етіміз үйренген шұбар тілəдеби тілімізге оппозиция болып отырғаны анық. Тіл білімінде тіл нарығы (языковой маркетинг) деген ұғым бар. Əр мемлекетте тілдердің өз алдына əлеуметтік топтардың мəртебесін айқындайтын ықпалына байланысты өз «бағасы», өз құндылығы

бар. Тіл адамдық капитал ретінде оның меңгергендердің қоғамдағы экономикалық, əлеуметтік, саяси мəртебесін айқындайды, сондықтан ол тілге сұраныс та жоғары. Негізінен, ол қызметті мемлекеттік тіл атқарады. Бүгін қазақ тілі алуан түрлі бəсекелестікке түсіп отыр: экономикалық салада, интеллектуалдық, ғылыми, мемлекеттік қызмет, мəдениет, өнер, БАҚ, құқық, денсаулық, отбасы, дін, əскери қызмет, сыртқы саясат, бəсекелестік күшеюде. Бүгін тіл мəселесін барлық салаларда тек заңмен реттей алмайтындығымызға көзіміз жетті. Мысалы, отбасы, күнделікті тұрмыстық қатынастарда, базар, сауда, көлік, денсаулық, басқа да салаларды қазақ тіліне заңмен икемдеп, жөнге салу қиын. Ол мəдениет, ұлттық намысқа, тəрбиеге байланысты. Əлемдік тəжірибеде сан жағынан басым ұлттың тілі қолданыста басым тіл де болатыны белгілі, оны мамандар үстем тіл, басым тіл (доминантный язык), дейді. Қазақстандағы жағдай өзгеше, сан жағынан аз халықтың тілі басым, үстем тіл (доминирующий язык) болып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі əлі толыққанды, жан-жақты, қоғамдық барлық салаларда қолданысқа ие бола алмай отыр. Көптеген сарапшылар мемлекеттік тілдің қолданысының тарлығын оқулықтардан, оқу методикасының жетілмегендігінен көреді. Ол сын орынды да шығар. Бірақ ешқандай мемлекетте барлық елдің көңілінен шығатын оқулық та, оқу методикасы да жоқ. Ресей сарапшылары, ғалымдары, мысалы, орыс тілін оқытудың деңгейіне көңілдері толмайды, бірақ олар тілді меңгеруіне емес, орыс тілін білмейтін ресейлік жоқ, тіл мəдениетіне назар аударады. Əлемде 184 мемлекет көпұлтты, көптілді, оларда 600-ден астам тілдік топтар бар. Əр елдегі тілдік ахуалдың басқалармен ұқсастығы да, қайталанбайтын ерекшеліктері де болатыны белгілі.

3. Тіл саясаты ерекшеліктері: Беларуссия жəне Ќазаќстан Тəуелсіздік алған бұрынғы кеңестік респуб ликаларында орыстану, ұлтсызданудың тарихы да, оның салдары əртүрлі. Осы тұста, ұлтсыздану деңгейі асқындаған екі мемлекетті мысалға алуға болады: бірі – Белоруссия, екіншісі – Қазақстан. Белорустар мен қазақтар аяқтарын алшаң басып, тым еркінсімей, қызбалыққа берілмей тəуелсіздіктің пайымын, парқын, мəнін түсінген халықтар. Ол байсалды ахуал президенттер Н.Назарбаев пен А.Лукашенко ұстанған саясатынан туған. Белорус тілінің қазақ тілімен салыстырғанда жағдайы əлі ауыр. Орыс тілі белорус тілімен қатар мемлекеттік болып қабылданды. Бірақ, тіл саясатының бір ерекшелігі белорус тілінің аясын

бірі бұрын Красноармейская болса, бүгін ол көше Кастус Калиновский атында. Ол да Украинадағы Бандера сияқты қайшылыққа толы тұлға. Енді мемлекеттің атын өзгерту мəселесі көтерілуде. Беларуссия тəуелсіз мемлекет, мемлекеттің атындағы, «руссия» деген қосымша отарланған заманды еске алатындықтан мемлекеттің атын өзгерту жөн деген уəж айтылуда. Сондай-ақ, белорустарда кириллицаны латын əліпбиіне ауыстыруды күн тəртібіне қойып отыр. Дегенмен, белорус тілі толықтай тұғырына мінсін, сонан кейін ойланайық деген пікір үстем, үзілді-кесілді қарсы пікір айтылмады. Қазақтар да орыстандыру саясатының өкпе тұсында тұрды. Ресей империясында тұңғыш халық санағы 1897 жылы жүргізілген. Түркістан өлкесін есептемегенде, қазақтар 81,9%-ды, орыстар 10,15%ды құраған, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Одан əрі 1959 жылға дейін қазақтардың үлесі өз елінде азая береді: 1920 жылы – 58,5%, 1939 жылы – 37,8%, 1959 жылы – 30%, 1970 жылдан бастап қазақтардың үлес салмағы аз да болса өсе бастап, 32,5% құрайды, 1979 жылы – 35,5%, 1989 жылы – 40,0% болды. Екі жылдан кейін халықтың 60%-ы басқа ұлт өкілдері болғанмен, тəуелсіздік алдық. 1999 жылы – қазақтар 53,5%, 2009 жылы – 63,1% болды. 2013 жыл басында Н.Ə.Назарбаев қазақтардың елде 65%-ды құрайтынын ресми түрде хабарлады. 60-70 жылдары орыс, украиндықтар, басқалар мен бірге елімізге орыс тілі, орыс мəдениеті, орыс мектебі, дəстүрі келді. Келіп қойған жоқ, қазақ тілі, қазақ мəдениеті, дəстүрі ығыстырылды. Себебі, сан жағынан басым ұлт өкілдері қазақтарды өзіне тартып, сіңіре бастады. Ал өздері қазаққа бейімделмеді. Қазақстан орыстанды, ел өзгерді, орыс тілді, славян, христиан еліне айналды. Қазақстан халықтар достығының лабораториясы деп айтылды, шындығында, орыстанудың лабораториясы болды. Қазақ интеллигенциясының бірқатары бұл жағдайға іштей қарсы да болды. Ал қоныс аударушылар қазақ мəселесіне пысқырып та қарамады, тіпті қазақ мəселесі бар екенін, қазақ ұлтының мұң-мұқтажын елемеді. Қазақтарды адам ретінде, маман ретінде кейде сыйлағанмен, ұлт өкілі ретінде құрметтемеді. Олар ақша табуға, пəтер алуға келгендер еді. Қоныс аударушылардың саны көбейіп, олар 40-50-60%, тіпті 70%-ға дейін өскенде, олар қазақтарға емес, қазақтардың оларға икемделуіне тура келді. Қазақстанда орыстандыру үрдісі күш алып қойған жоқ, өмір сүрудің амалына, заңдылыққа айналды. Осылай орыстану дерті батпандап кірді. Атадан балаға, баладан немереге ұлтсыздану, тілін, мəдениетін жатырқау кең етек алды. Бүгін тек орыстар, украиндықтар емес, қазақтар арасында қазақ тілін сыйламайтын, демек білмейтін, қазақты ұлт ретінде менсінбейтін үрдіс етек алған. Кеңес Одағының экономикалық саясаты да орыс тілін барынша қолдады. Ол заманда кəсіпорындар одақтық жəне жергілікті болып бөлінетін. Қазақстан өнеркəсібінің 90%-ы одақтық меншікте болды, оларда қазақтардың үлес салмағы өте төмен болатын, ал қазақ тілі туралы əңгіме болуы мүмкін емес еді. Ұлттар мидай араласқан ортада аралас отбасылары көбейді, олар негізінен қазақтар мен еуропа, славян тектес халықтардың арасында болды, əлі де бар. Балалары əкесінің фамилиясын алғанымен, оның тілін, мəдениетін қолдай бермейді. Қазаққа тұрмысқа шыққан басқа ұлт өкілдерінің əйелдері ассимиляцияға, əсіресе, орыс тіліне бейім болады. Орыстардың, орыстілділердің мəртебесі жоғары болғандықтан да, орыстың тілі, мəдениеті, дəстүрі басқаларға, əсіресе, жастарға үлгі, эталон, еліктейтін өнеге де болды. (Соңы 8-бетте).

7

Кґрменіѕ кґрермені кґбеймек Жуырда Тəуелсіздік сарайында Суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Нұрлы Жол белестері» атты көрме өз жұмысын бастап кетті. Бір айға жуық жалғасатын бұл көрмеге астаналық қылқалам шеберлерінің туындылары мен зергерлік бұйымдары қойылып отыр. Ондағы басты мақсат – «Нұрлы Жол» бағдарламасын қолдау жəне Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту жəне кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мəні – осы!» – деген сөзін бейнелеу өнері саласында жүзеге асыру. Қылқалам шеберлерінің көркемдік, графикалық жəне сəндікқолданбалы жұмыстары қазіргі шығармашылық үрдістердің ықпа лында көрініс тапқан. Туындылардың түрлі стильдік жəне жанрлық жағынан орындалуы – Қазақстан суретшілері шығармашылығының ізденімпаздығын айқын көрсетеді. «Нұрлы Жол» бағдарламасына деген ең үздік қолдау жаңа экспозициядағы ұлттық өнерді мəдени сəйкестендіру барысында бейнеленеді. Көрмеге танымал қазақстандық суретшілер қатысуда. Көрме елорда қонақтары мен тұрғындарын өздерінің тамаша еңбектерімен бір ай бойы қуантатын болады. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.

Балалар шыєармашылыєына – кеѕ ґріс Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Елбасының тапсырмасына сəйкес балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту жөнінде 20152018 жылдарға арналған жүйелі шаралар кешені əзірленді. Жуықта Астанадағы Оқушылар сарайында Білім жəне ғылым министрлігіне қарасты «Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығы» мекемесінің бастамашылығымен осы бағдарлама талқыланды. Мұның жұмысына Парламент Мəжілісінің депутаттары, бірқатар министрліктердің, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының өкілдері Астана жəне Алматы қалалары мен облыстардағы білім басқармаларының, техникалық шығармашылық орталықтардың, жас техниктер стансаларының басшылары қатысты. Отырыста Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының директоры Раиса Шер аталған бағдарламамен жиналғандарды таныстырды. Онда балалардың бос уақытын қосымша біліммен ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдерге арналған қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, жастарды техникалық сауаттылыққа тəрбиелеу мəселелері қамтылған. Аталған мəселені талқылауға Парламент Мəжілісінің депутаттары Əсия Бимендина, Айгүл Соловьева, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова, «Ньютон – əл-Фараби» халықаралық əріптестік бағдарламасының менеджері Р.Кеннеди, бірқатар білім басқармалары мен мектептердің басшылары қатысып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Отырыс соңынан балалар шығармашылығын дамыту ісіне үлес қосып жүрген бірқатар адамдарға Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының алғыс хаттары табыс етілді.

Мўєалім наубайхана ашты Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Надежда Еркебаева бесінші баласын өмірге əкеліп, бала күтімі үшін демалыс алған. Бұған дейін Жанбай ауылындағы орта мектепте ағылшын тілінен дəріс берген. Енді бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында енесі Лəззат Тастановамен бірге наубайхана ашуға бел буыпты. Өз қаржысына сатып алған наубайхана технологиясын іске қосып, нан жəне нан өнімдерін шығара бастады. Қазір оның басқаруындағы «Жайна» наубайханасының ыстық пешінен шыққан өнімдерге сұраныс артып келеді. «Біздің наубайханамызда пісірілген нан жəне нан өнімдерін ауылдағы 8 дүкен, мектеп пен балабақша асханалары тапсырыспен алады. Көршілес Зинеден ауылының тұрғындарына да өз өнімдерімізді ұсынамыз. Əр күн сайын тұтынушыға 350-ге жуық нан бөлкелері жөнелтіледі. Осы ісімді кеңейтіп, ауылдастарыма қосымша жұмыс орнын ашуды ойластырып жүрмін», дейді отбасылық кəсіпті дөңгелете бастаған демалыстағы мұғалім Надежда Еркебаева. Атырау облысы.


8

С ЗҚАРА

www.egemen.kz

94 миллион

теѕге жалаќы ќарызы ґтелді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысының əлеуметтік-экономикалық саласында 17 мың заң бұзушылық анықталып, прокурорлар пəрменімен оларды жою шаралары қолға алынды. Ел заңдарының сақталуын қадағалаушы прокурорлардың ықпал етуімен 2500-ге жуық тұлға əртүрлі жауапкершілікке тартылыпты. «Заң бұзушылықтарға байланысты 41 қылмыстық іс қозғалып, 901 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды», деп мəлім етті облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев. Сонымен бірге, прокуратура қызметкерлері 62 мыңнан астам азаматтың, соның ішінде 8 мыңға жуық жасы кəмелетке толмағандардың конституциялық құқығының қорғалып, қалпына келтірілуіне де ықпалын тигізді. Жалақыны уақытында төлемеген жұмыс берушілердің қысастығы жайында прокуратура органдарына ұдайы шағым түсіп тұрады. Осындай шағымдар негізінде былтыр жұмысшылардың қолына тимеген 94 миллион теңгелік жалақы қарызы толықтай өтелді. Облыс прокурорлары 3 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығын қорғап, жалақыға телмірген жұмысшылардың проблемалы мəселелерінің түйінін тарқатты. Əсіресе, банкроттық қамытын киген «Атыраубалық» АҚ пен жұмысын тоқтатқан «АСД» серіктестігінен 500-ге жуық жұмысшыға уақытында берілмеген жалақы қарызы 48 миллион теңгені құраған. Прокуратура қызметкерлері 3 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығын қорғап, жалақыға қатысты проблемалы мəселелердің түйінін тарқатты.

Атырау облысы.

Медициналыќ жабдыќтарды сыйєа тартты

Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қайырымдылық қоры Алматыдағы Акушерлік, гинекология жəне перинатология орталығына құны 18 100 000 теңге тұратын жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге жəне шала туылған сəбилерді күтуге арналған қажетті жабдықтардың жиынтығын сыйға тартты. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталмыш орталық Қазақстандағы бірден-бір акушерлікгинекология жəне перинаталдық қызметті үйлестірумен, ғылымизерттеумен, емдеумен айналысатын жетекші клиника болып табылады. Яғни, онда ең ауыр жағдайда босанатын əйелдерге жəрдем көрсетумен қатар, шала туылған сəбилерді күтеді. Орталық директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талғат Құдайбергеновтің айтуынша, мұнда Қазақстанның барлық аймақтарынан күрделі аурулармен түсетін жүкті, босанатын əйелдерге жоғары дəрежедегі мамандандырылған көмек көрсетіледі. – Жыл сайын орталықта 7 мыңнан аса науқас көмек алса, оның ішінде жоғары деңгейдегі қауіпті топқа жататын аналардың 3000ға жуығының сəбиі бар. «Асыл Мирас» қоры көмегінің арқасында біздің науқастарға тəулік бойы акушерлік, гинекологиялық жəне неонаталды көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті медициналық жабдықтар мен техника сатып алынды, – деді ол. Атап айтқанда, орталыққа операциялық блокқа ота жасау үстелі, жаңадан туған сəбилерге арналған тыныс беру аппараты жəне жедел жəрдем көрсететін медициналық көлік сатып алынды. «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов орталық ұжымына аталмыш жабдықтарды тапсыра отырып, алдағы уақытта бұл құрылғылар дəрігерлердің ауыр еңбегін жеңілдетіп, кішкентай сəбилердің өмірін сақтап қалуға көмегін тигізетінін жеткізді. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш қайырымдылық қоры мен Rixos Borovoe қонақ үйінің белсенді қолдау көрсетуімен 2014 жылы қайырымдылық велошеруі ұйымдастырылып, одан жиналған қаржы Ақмола жəне Қызылорда облыстарының перинаталдық орталықтарына табыс етілген. 2014 жылы негізі қаланған қор мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру жəне мəдениетті дамытуға қолдау жасап, көмек көрсету.

«Ќазаќ» этнонимініѕ шыєу тегі тереѕде

Қазіргі таңда «қазақ» атауын тым «жасартып» көрсеткісі келетіндер аракідік болса да қылаң беріп жүр. Дəлірегі, кейбір азаматтар оны XIV-XV ғасырларға теліп, яғни Қазақ хандығы құрылған қарсаңда қолданыла бастаған деген пікірді алға тартуда. Алайда, іс басында жүрген тарихшығалымдар бұған келісе қоймайды. Өйткені, олардың қолында «қазақ» этнонимінің тарихы тым əріде жатқанын дəлелдеп беретін құжаттар бар. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Таяуда отандық ғалымдар Иран мен Үндістан елдерінен табылған құнды жазбаларды зерттеу барысында «қазақ» этнонимінің Х ғасырда қолданылғанын растайтын деректі кездестірді. Зерттеушілер мұны үлкен жаңалық ретінде қарастырып отыр. Енді ғалымдар бұл құжаттарды түбегейлі зерделеп, ондағы мəліметтерді мектеп оқулықтарына енгізуді көздеуде. «Алматы» телеарнасы хабарлағандай, Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Ғалия Қамбарбекова Қазақ хандығының тарихына байланысты дерек жинау барысында Үндістаннан қазақ жері мен хандарына қатысты тың мəліметтерді жолықтырған. Олардың негізгісі – Үндістан шаһзадасының Тəуке ханға жазған хаты. Бұдан бөлек, 2014 жылы Ираннан «Моңғол тарихы» деген шартты атауға ие қолжазбаның көшірмесі елге жеткізілген. Онда «қазақ» сөзі X ғасырда қолданылған деген мағлұмат бар екен. Ғ.Қамбарбекова: «Сол қолжазбаның ішінде «қазақ» деген сөздің кездесетіндігі біз үшін жаңалық. Өйткені, моңғол шапқыншылығы кезінде жазылған шығармаларда «қазақ» деген этнонимді кездестірмейміз. Онда қаңлылар, қыпшақтар, қырғыздар бар. Бірақ «қазақ» этнонимі мүлде жоқ. «Қазақ» этнонимі кейінгі кезеңде, яғни XVI ғасырдан бері қарай кездеседі десек, ал бұл құжаттар мұны теріске шығарып, тарихты артқа жылжытып отыр», – дейді. Бүгінде Иран елінен жалпы 28-ге жуық қолжазба əкелінсе, оның 4-еуі хат болып шықты. Ал Үндістаннан 12 тарихи жазба жеткізілген. Енді жыл соңына дейін олардың дублеті жасалмақ. Сондай-ақ, мамандар əлі толығымен зерттеліп бітпеген көне жазуларды аударуға көңіл бөлуде. Отандық тарихшылар мұндай жұмыс 2-3 жылды талап ететінін айтады. Алдағы уақытта, шетелдік мұрағаттардан табылған көне құжаттар мен қолжазбалар екі тілде жинақ етіліп шығарылатын көрінеді. Айта кетейік, ұлт тарихын зерттеуге бағытталған аталмыш жұмыстар «Халық – тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

КӨ (Соңы. Басы 7-бетте). 2009 жылғы санақ бойынша жағдай жақсы сияқты, қазақтардың 98,3%-ы ауызекі сөзді түсінеді, 95,4%-ы еркін қазақша оқиды, 93,2%-ы еркін жазады. Бұл деректер де сенімсіздік туғызады жəне өмірде олар дəлелдене бермейді. Көптеген ата-аналар, əсіресе, жастар, тілі шықпаған балаларына дейін өздері ана тілін шала білсе де, қазақ тілін біледі деп жаздырған. Бұл жерде ұлттық психологиялық фактордың да ықпалы бар. Қазақ тілін білмесем, орыс деп жазады деп те сақтанған, бірқатары намысқа барып, қазақ тілін білмесе де, білемін деген. Ұлттық сезім ең бір терең сезім, өз-өзін тегіне қарай ұлтқа жатқызу кең тараған үрдіс. Орыс тілін ана тілінен артық білу қазаққа қауіпті екенін енді түсіндік. Орыстандыру саясаты тек қазақтарға ғана емес, əсіресе, еуропа текті халықтарға өз салқынын тигізді. Орыс емес қазақстандықтардың 6,5%-ы ана тілін орыс тілі деп таңдаған. Мысалы, украиндықтар

25 ақпан 2015 жыл

баршылық. Сарапшылар арнаулы баяндамаларда неше минут қазақ тілінде сөз сөйленді, ол барлық уақыттың қанша пайызын құрайды, баяндамаларда неше сөз айтылды, оның қаншасы қазақ сөздері деп талдау жасайды. Сонда олар қазақ тілінде сөйлеген сөздің уақытымен, қазақ тілінде айтылған сөздердің үлесімен қазақ тіліне деген құрметтің өлшемін айқындауға тырысады. Сарапшылармен келісуге де, келіспеуге де болар, бірақ қазақ халқының аса ынтамен назар аударатынын, кейде қызу талқылап жататыны белгілі. Ал мемлекеттік тілдің үлкен мінберлерден қолданылуы əртүрлі этностық топтар арасында əрқилы ой да туғызады. Баяндамалардың орыс тілінде оқылатындығын қазақ тілін меңгермеген қазақтармен басқа ұлт өкілдерінің депутаттары келелі мəселелерді талдауға қазақ тілі мүмкіндігінің шектеулі сөздік қорының тапшылығынан деп ойлайтынын депутат кезімде талай естідім. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде қазақ азаматтарының сөйлеуі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге екенін де білгеніміз жөн.

басым. Кадрларды іріктеу барысында ол сұраныс ескеріле бермейді. Қазақ тілі бірте-бірте өзінен-өзі қоғамдық сұраныссыз мемлекеттік мəртебеге ие болады деу де қате пікір. Ал ол сұранысты ұлттық намыс қамшыласа қазақ тілі өз тұғырына мінеді. Демографиялық жағдай еліміздегі славян текті диаспоралардың, соның ішінде орыстардың қартайып бара жатқанын көрсетеді. Мысалы, 40-49 жастағылардың қазақтар арасындағылар арасында 13,4%ды құраса, орыстар арасында – 13,7%, ал 50-59 жастар арасында сəйкесінше 5,4% бен 8,0%, 60-69 жастағылар елімізде 3,7% бен 8,2%, 70-тен асқандар арасында 2,6% бен 9,1%. Сондықтан да елімізде орыстар 1989 жылы– 37,6%, 1999 жылы – 29,9%, 2009 жылы – 23,7%-ды құрады. Жылына 40 мыңға жуық жастар тарихи отанына көшеді, сондықтан солтүстік облыстарда туғандардан гөрі өлгендердің саны басым. Бұл табиғи үрдіс. Күні ертең қазақ өз елінде 70-80%-ды құрап, бірақ қазақ тіліне сұраныс болмаса, жағдай шиеленісіп кетпесіне кепілдік беру қиын.

оны оқытудың өз қисыны, жөні бар, бұл салада əлемдік тəжірибе де жинақталған. Канада қостілді, франкотілді жəне ағылшын тілді мемлекет. Қос тілділік білім саласының канадалық мамандары М.Сигуан мен У.Ф.Макки ұсыныстары бойынша, екінші тілді оқытудың екі талабын бұлжытпай орындау керек. Біріншіден, оқушы ана тілін толық меңгергенде ғана екінші тілді оқытуға болады. Екіншіден, оқу бағдарламасында ана тілінің басым, негізгі тіл болып қалуын мықтап қадағалауды көздейді. Ана тілі мен екінші тілден тура аударма арқылы салыстырып оқытылғанда оқушы өз ана тілін де терең меңгеруге мүмкіндік алады. Ал қазақ, орыс, ағылшын үш тілді қатар меңгерудің ғылымипедагогикалық, психологиялық негізі əлі толық айқындалмаған. Үш тілді меңгеруге барлық балалар қабілетті бола бермейді. Сондықтан, барлық мектептерде үш тілді барлығына бірдей оқытудың педагогикалық жəне психологиялық

Осы орайда Смағұл Сəдуақасұлының мына бір пікірі ойландырады: «Мысал үшін мынадай бір сөз айтайық: қазақ базарға сатуға малын алып келді. Распискасы қазақша жазылған. Оны қазақша білмейтін милиция дұрыс деп таппады. Анаған расписканы орысша жазып алып кел деді. Жай қарағанда, бұл, əрине, ұсақ нəрсе. Ұлттық психология жағынан тексерсек, бұл үлкен жұмыс. Қазақша жазылған расписка жарамағаннан кейін ана қазақтың жүрегінде өз ұлтының кім екендігі сезіледі. Оның көзінде қазақтың жұмысының бəрі орынсыз, осал боп көрінетін болады. Ол өзінің күшіне өзі сенбеуге айналады. Оған басқа ұлттың алдында жасқаншақтық пайда болады, ол басқа жерде кеудесі көтеріліп, аяғын алшақ басып жүре алмайды». Үкіметі, соты, министрліктері, əкімдігі, басқа органдары қазақша сөйлемейтін мемлекетте «Қазақ елі» деп, Смағұл айтқандай, кеудемізді көтеріп, аяғымызды алшаң басып жүре аламыз ба? «Менің елім, менің жерім, менің тілім» деп мақтанғысы келетіндер де мақтана алмайды. Себебі, оның ұлы тілінің үні жоғары мінберлерден орысша сөйлеу, орысша ойлау əлі де көбіміз үшін қалыпты жағдайға айналды. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы сөз болғанда, біз қос тілділік мəселесін баса айтуымыз керек. Елбасы Ұлытаудағы кездесуде: «Ал жарайды, бəрін тыйып, қазақ тілінен басқа тілді заңмен жауып тастап, ауыздарыңды ашпаңдар десек», деп Украинадағы жағдайды еске салды. Бейнелеп айтсақ, бөлшектің алымы барлық қазақстандықтарға ортақ мемлекеттік тіл де, ал бөлімі этностық топтардың таңдаған тілдері. Жұмысқа қабылданғанда, лауазымды қызметке тағайындалғанда, басқа ұлт өкілдері емес, қазақтарға міндетті болмағандығы бірқатар ата-аналар мен жастар арасында қазақ тілін білудің қажеттігі туралы əртүрлі ой туғызып отыр. Баласының ертеңгісін ойлайтын қазақ отбасылары бүгін үлкен ойлау, таңдау үстінде: қазақ ұлты өкілі ретінде баласының ана тілін меңгергенін қалайды, ал мемлекеттік тілге сұраныстың төмендігін ойласа, орыс мектебінде оқығанын, ағылшын тілін білгенін қалайды. Сондықтан, қазақ балалары орыс мектебінде оқып жатыр. Қызметке тағайындағанда тілдік фактордан гөрі іскерлікке артықшылық беру жөн деген уəж алға тартылады. Осылай мемлекеттік тілді меңгеру тұлғаның іскерлік қабілетіне қарсы қойылатын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл қалалық ортада байқалады. Шындығында, бүгін мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, денсаулық сақтау, басқа да салалар да қазақпен қазақша, орыспен орысша сөйлесетін, екі тілде жаза алатын мамандарға сұраныс

Қостілділіктің Қазақстанда деңгейлері көп: жеке тұлғаның екі тілді білуі; аймақ тұрғындарының екі тілді меңгеруі; ұлттың екі тілді меңгеруі (мысалы, қазақтардың басым көпшілігі, екі тілді); бұқараның қостілділігі. Қазақстандықтардың бұқаралық қостілділік орыс-қазақ, қазақорыс тілін меңгеруі ұзақ тарихи кезең алады. Сондықтан бүгін қостілді мамандарға ұлтына қарамай жол ашатын уақыт келген сияқты. Сондай-ақ, кейбір аймақтарды да (Атырау, Қызылорда, тағы басқа да облыстар) мемлекеттік тілге аударып, аудармашылардың көмегіне жүгінбейақ жұмыс жасайтын мүмкіндік бар. Бұл аймақтарда қазақ тілінде жазатын, ойлайтын мамандарды қай салаға да іріктеп алуға болады. Басқа ұлт өкілдерін де жұмысқа тарту жөн, бірақ оларға мемлекеттік тілді меңгеруге қатаң талап қою міндетті емес. Қазақ тілдік орта оларды тіл білуге біртебірте икемдейді. Ең бастысы, қазақтың қазақ тілін меңгеруі. Жаһандану үдерісінің əр ұлттың мəдениеті, дəстүрі, тіліне өз салқындығын да тигізетінін айтпауға болмайды. Енді ұлттық сана-сезім, ұлттық тіл, ұлттық «Мен» игілікке емес, дауға, жанжалдарға итермелейді деп, «космополиттік ұлт» идеясын ұсынушылар көбейді. «Ондай ұлтты кім жасайды?» деген сауалға, оның тілін, мəдениетін, тарихын білмейтін билік басындағылар жасайды деп болжайды. Мемлекет бірте - бірте ұлттық сипатынан айырылып, космополиттік мемлекетке айналады. «Ешкімде де екі отан болмайды» деген қағида ескірді делінеді. Түптің түбінде басым тілмен, басым мəдениетпен келісуге тура келеді, жаһандану бүгін американдану, батыстану, орыстану сияқты түр алып отыр. Космополиттік идея шағын мемлекеттердің болашағы туралы. Ол идеяның ықпалы біздің елде де сезіледі. Біздің де іскер топтар, шенеуніктер, БАҚ қызметкерлері арасында қазақ тіліне, мəдениетіне, тіпті мемлекеттілігіне бейжай қарайтындар көп. Шенеуніктердің қаржысы, жылжымайтын меншігі, отбасы, балалары шетелдерде. Кезінде АҚШ президенті Томас Джефферсон «коммерсанттың отаны жоқ» деп айтқан екен. Олардың ұлттық тілге нигилистік, менсінбей қарайтын көзқарасы қарапайым халыққа, əсіресе жастарға зиянды əсерін тигізеді. Кадрларды іріктеу мен тағайындау мəселесінде олардың мемлекеттік тілді меңгеруі мен елдік ұстанымына назар аударудың орны бөлек. Үш тұғырлы тіл туралы əртүрлі пікір айтылуда. Ағылшын тілінде бүгін əлемде 3 млрд. адам сөйлейді деген деректер бар, басым көпшілігі ол тілді іскерлік, өз кəсіби деңгейінде меңгергендер. Ағылшын тілін білуге ешкім қарсы уəж айта алмас. Бірақ

жағынан пысықтайтын тұстары көп. Оқулықтар дайын болмай жатыр. Ағылшын тілін қазақ балаларына ана тілі арқылы емес, тағы да орыс тілі арқылы оқытып жатыр. Бүгінгі үш тілді кейбір облыс тарда оқыту бір кездегі аймақтардың топырағының сапасы, күн райымен есептеспей, Н.Хрущевтің жүгеріні тықпалағанын елестетеді. Бүгінгі əлемдік əлеуметтану ғылымы жоғары оқу орындарының мақсатының өзгергеніне назар аударады. Классикалық университеттер элита тəрбиелейтін, мемлекетінің азаматын қалыптастыратын оқу, тəрбие орындары болса, бүгінгі университеттер кəсіптік университеттер. Олар элита емес, ғаламдық бəсекелестік жағдайында жаппай еңбек, нарық сұранысын қанағаттандыратын, ағылшын тілін басым білетін, ұтқыр, елдің мүддесінен гөрі бас пайдасын ойлайтын прагматик кадрлар дайындауға бейімделіп барады. Бүгінгі кəсіптік университеттер ұлттық құндылықтар, мəдениет, ана тіліне, жалпы патриоттық сана-сезімге мəн бермейтін болды деп батыстық қоғамда дабыл қаға бастады. Бұл мəселе төңірегінде біздің жоғары оқу орындары əлі ойланбайтын сияқты.(«Социологические исследования», 2014, №10, 115-бет). Қазақ соңғы ғасырларда мемлекеттілігінен айырылған ұлт, сондықтан, мемлекет басқарудың, мемлекеттік тілді дамытудың, қолданысының тəжірибесі бізде көп емес. Норвегиялықтар талай ғасыр өмір сүргендерімен, өздерін ХІХ ғасыр ортасында грамматикасы мен түсіндірме сөздігі пайда болған тұста ұлт болып ұйыстық дейді. Себебі, ортақ тілі, тілдік қоры, грамматикасы, сөздігі ұлттың басын біріктіреді. Бұл жалпы əлеуметтік заңдылық. Əр ұлт өз құпиясын өзінде ұстайды, сондықтан, ол басқалар үшін мəңгілік жұмбақ деген нақыл сөз бар. Қазақ ұлтының өзін өзі сақтайтын, қорғайтын тарихи тəжірибесі мол. Сонымен бірге, қазақ сияқты отарланған ұлт өзін басқалардан, əсіресе, отарлаушы ұлттан кейде оған кемшін санайтын көңіл күйі де, кейде тыраштанып, басқаларға еліктейтін тұстары да болады. Дегенмен, қазақ сырттан келген қауіпке қарсы тұру, қолайсыз, жайсыз, əлеуметтік-психологиялық жағдайда іштей күш жинап, өзін сақтау қабілеті басым ұлт. Ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қасиет орыстану саясатынан да аман алып шықты, социализм қазанында қайнап, басқаға сіңіп кетпеді, тілін, мəдениетін негізінен сақтап қалды, сондықтан бүгінгі тəуелсіз Қазақстанда болашаққа зор сеніммен қарауға негіз бар. Ал қазақ ұлты ана тілін толық меңгергенде ғана мемлекеттік тіл мемлекет азаматтарының басын біріктіреді.

ТІЛ мен ДІЛ

2009 жылы халық санағы бойынша тек 15,8%-ы ғана ана тілін біледі, белорустардың – 13%-ы, корейлердің – 36%-ы, немістердің 17%-ы ана тілін оқып, жазып білмесе де ауызекі тіл деңгейінде меңгерген. Айта кетелік, қазақтардың 1,1%-ы ана тілін орыс тілі деп таңдаған. Өз ұлтының тілі, мəдениетінен ажырап, суық бауыр болып өскендер өзге ұлттың тілін, мəдениетін, дəстүрін сыйлауға енжар болатыны тарихи заңдылық екені баяғыда дəлелденген ақиқат. Ал ондайлар Қазақстанда көп.

4. «Екі жаќты» сана Тіл саясаты жөнінде сөз қозғағанда Еуропа ғылымдарының мына бір тұжырымдамасына назар аударған жөн. Африканы зерттеуші батыс тарихи психология мамандары О.Маннони, Ф.Фанон «екі жақты сана» тұжырымдамасын ұсынып, оны ғылыми қауымдастыққа мойындатты. Ақ нəсілділер, отарлаушылар, жартылай құдай, өз айтқандарын істетеді, өз мəдениетін, тілін таңады. Отарланған, тəуелді жергілікті ұлттық нəсілдің өкілдері айтқандарын екі етпейді, тілін, мəдениетін, көзқарасын, тəртібін қабылдап, өз мүмкіндіктерін дəлелдеп күн көреді. Осылай отарланған қара нəсілді ақ нəсілдің маскасын киеді. Өзін кемсіту, менсінбеу, төмен санаумен бетпе-бет келіп, кемсітудің азабын тартқан ұлтта қарсы агрессия туады, кейбіреулерінің жүйкесі тозады, өз құндылықтарынан да айырылып қалмауды ойлайды. Осылай отарланған ұлтта екі жақты сана қалыптасады. Ал отарлаушы ұлт өкілдері африкалықтарға бейімделмейді, оларда да екі жақты сана қалыптасады. «Біз» деп өздерін белгілі бір қашықтықта да ұстайды, «оларға» менсінбей, мүсіркеп қарайды. «Олардың» тілі, мəдениеті, дəстүрінен оқшауланып тұрады, рухани араласуға мүдделі емес. Осылай авторитарлық тұлға қалыптасады. Ғалымдардың айтуы бойынша, еуропа отаршылдары кейде есалаң жағдайда болады: өздері қорлаған, қудалаған африкалықтардан өздері қорқады, сақтанады. Психологиялық тұрғыдан бүгінгі қазақстандықтар өзгере, оңала бастады. Бірақ заман, уақыт, саясат өзгергенмен адамдардың санасы, қалыптас қан психологиялық дағды бүгіннен ертеңге өзгере салмайтыны тарихи заңдылық. Батыс зерттеушілерінің «екі жақты сана» психологиясы» барлық отарланған ұлттарға ортақ ақиқат екендігімен бізге де есептесу жөн болар. Діліміздегі немқұрайдылық, самарқаулық, немкеттіліктің тарихи тамырлары терең. Өткен тарихтың бүгінгі ауыр салдарынан əлі де жалғасып жатқанын, ұлт саясатына тілдік ахуалға жағымсыз ықпал ететіндігін, мемлекеттік тілдің бəсекеге қабілетті болуына елімізде əлеуметтікпсихологиялық орта қалыптаса алмауын айтып отырмыз. Сондықтан да бəсекеге қабілетті қазақ тілді ақпараттық кеңістік қалыптаспады: ол телеарналарда, радиода, газеттер мен журналдардан көрініп тұр. Интернетте де қазақ тілінің аясы тар. Телеарнада орыс тілді ақпарат хабарлардың жартысын құрайды. Сонымен бірге, Ресейден жүзден астам телеарна ақпарат береді. 5. Тіл жəне діл Билік басындағылардың ана тілінде сөйлеуі төңірегіндегі психологиялық ахуал бөлек мəселе. «Мүмкін, жұрт «Біздің Президентіміз неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз сөйлеп келіп, орысшаға ауысып кетеді» деп ойлайтын шығар. Мен мұның бəрін білемін» –деді Нұрсұлтан Əбішұлы Ұлытаудағы жүздесуде. «Халық – қазы, пікір – таразы» дегендей, Елбасының қазақ тілінде сөйлеген сөзін, пікірін халық сүйсініп тыңдайды, ойға түйеді, сөйлей берсе екен, басқа қазақ шенеуніктері үлгі алсын дейді, басқа да жұрттың барлығын, олардың да көңілін тауып əділдікке жететінімізді кейбіріміз ескере бермейтін де шығармыз. Бірқатар қазақ министрлер мен əкімдерге де айтатын сын


25 ақпан 2015 жыл

СУ А Л ОЙ

9

www.egemen.kz

 «Егеменге» елден келді

ДОМБЫРА, ҚОБЫЗ ЖАСАУҒА НЕСИЕ НЕГЕ БЕРІЛМЕЙДІ?

Əлдебір мəселені түсінбей дағдарған мен орынды-орынсыз кедергіге тап болғанның бұқаралық ақпарат құралдарына жүгінетіні бар. Бұл жолы «Егемен» жазбағанда кім жазады?» деп аталмыш газеттің Маңғыстау облысындағы қосынына топтаса келген оқырмандардың айтпағы – жекеменшік балабақшалар төңірегінде туындап тұрған мəселелерге қатысты екен. Сонымен...

Жекеменшік балабаќшалардыѕ басына бўлт їйірілді ме? Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жазда жері сағымға, қыста елі соғымға бай Сарысу ауданының төрінен орын тепкен Игілік ауылында қазір 200-дің үстінде түтін бар. Біреуден ілгері, біреуден кейін тіршілік етіп, өзіне лайықты көш-керуенін жалғастырып жатқан Игілікте біраз игі тірліктердің басы қайырылыпты. Мектеп, клуб, фельдшерлік пункт, мешіт үйі сонадайдан мен мұндалайды. Бір әттеген-айы, ел ауызсуды әлі күнге құдықтан алып ішіп отыр. Бірақ, ауылға құбыр тартуға жоба жасалынған екен. Сәтін салса таза су ішетін күн алыс емес секілді. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Осындағы өнер мектебінің іші де күмбірлеген үнге толы. Мына бөлменің есігін ашып қалсаңыз, домбыра тартуды үйреніп жатқан жас бала, ана бөлмесінде қобызын құшақтаған оқушы қыз... Əрқайсысы əртүрлі шығарманы орындап жатса да бəрі қосылып осы шаңыраққа тəн, құлаққа жағымды бір əуенге ұласады. Өйткені, осы шаңырақта өнер үйреніп жүрген жас балалардың бойында ерекше бір құлшыныс, қуаныш, күш-қуат бар екен. Оларға дəріс беріп жүргендердің ішінде Балтабай Дəуірбековті Сарысу жұрты ғана емес, облыс халқы жақсы таниды. Өнердің арқасында өніп-өсіп, қос ішектің арқасында қанатын кеңге жайған Балтекеңнің үйінде домбыра, қобыз жасайтын шағын цех бар. Ол шаңыраққа да сəлем бердік. Шағын ғана бөлмеге домбыраның бірнеше түрлері ілініпті. Əлі бітпей, жарым-жартылай істелгендері де баршылық. Жалпы, бұл өнер қонған шаңырақ. Балтабай ағаның перзенттері – Білтебай, Алмабай, Жанар, Динара, Əсел, Жарас, Айткүл, бəрі-бəрі шетінен домбырашы, қобызшы. Барлығы да термені, халық əндерін нақышына келтіріп айтады. Немерелері Жандос, Аида, Жалғастар да атадан дарыған өнерді жалғастырып келе жатқан дарындар. Жамбыл гуманитарлық колледжінің ІІІ курсында оқитын тағы бір немересі Алмас студенттер арасында өткен республикалық байқаудың «Қылқобыз» аталымы бойынша лауреат. – Домбыра, қобыз жасаумен айналысып келе жатқаныма 14 жылдан асты, – дейді Балтабай Бекболұлы. – Жеке кəсіпкер ретінде тіркелгенмін. Домбыраның барлық түрін жасаймын. Əрине, бұл кəсіпті бірден меңгеріп кеткеніміз жоқ. Тəжірибе жоқтықтан опынған жағдайлар да болды. Əлі есімде... Музыкалық аспап жонуды жаңадан үйреніп жүрген кезімде бақандай елу домбыраны

Алматыға апарып, үлкен бір концерттің кезінде сатпақшы болдым. Сонда тізіліп тұрған домбыраны көріп, бір кісі бұрылды. Əлгі кісі домбыраның бір-екеуін шертіп көріп: «Мұның не? Маңқа домбыраларыңды неменеге самсатып əкелгенсің?» деп, теріс бұрылып кетіп қалды. Кейін білдім, бұл – Нұрғиса Тілендиев екен. Сөйтсем домбыраның шанағынан пернелеріне қарай көз жібергенде, сызғышпен сызғандай түптүзу болып тұруы тиіс екен. Сəл қисайса, үні бұзылатын көрінеді. Нұрғиса ағамның жасаған дүниемді жаратпай тастауы сабақ болды. Қазір тапсырыс көп. Тіпті, кейбір домбырамызды 1000 АҚШ долларына бағалап, сатып алып кетеді. Жалпы, өзім бала кезімнен ағаш жонуға құмар болдым. Ирек, қисық өсіп тұрған ағаштарды көрсем, көз алдыма талай бейнелер елестейтін. Қазақ осы ұлттық аспаптарымен бай емес пе? Бір жылдары қылқобыз дегенді ешкім қолға ұстамай, құрып бара жатыр еді. Қазір Аллаға шүкіршілік, ұлттық аспаптарға деген қамқорлық жақсы. Ауылдағы өнер мектебі талай жастың болашағына жарқын жол ашты. Үнемі байқап жүремін, оқушылар мейлінше өнер сабағынан қалмауға тырысады. Жас балалардың өнерге деген құлшынысы – өмірге деген қызығушылығы, ұмтылысы емес пе? Иə, өнер – құдірет. Құдіретті бəрі мойындайды. Тек банктер болмаса... Ер адам қашанда сабырлы, салмақты ғой. Ал əйел əділетсіздікке шыдап тұра алмайды. Осы үйдің отанасы Халбүбі апамыз сырын айтамын деп шынын айтып қалды. Оның айтуына қарағанда, отағасы қолға алған кəсіпке əл-əзірге банктер тарапынан ешқандай қолдау-қолпаштау болмай тұр екен. «Несие береміз деген соң жаз бойы құжат жинаумен уақытым өтті. Немерелерімнің аузынан жырып алған 40 мың теңгем осыған бекерге

кетті. Ақырында несие берілмеді. Шынын айту керек, банктер бұл кəсіптен пайда түсетініне сенбейді. Тіпті, кепілдік қойсаң да жолатпайды екен. Аллаға шүкір, 15 жылдан бері осы аспаптарды сатудың арқасында күнімізді көріп келеміз ғой. Əкімдіктегілер мерейтой иелеріне сыйлық жасауға кей кездері домбыра-қобызымызды қарызға алып кетіп, ақшасын кейін əкеп беріп жатады. Рахмет, əкімдік қолдау көрсетті. Бірақ, банктегілердің басы осы іске иілмей-ақ қойды» деп күйінеді апамыз шайын қамдап жатып. Əрине, бұл жерде бас салып банкті кінəлауға болмас. Олар да ары-бері есептеп, көздері анық жетпегеннен кейін бұл іске ақша салғысы келмеген шығар. Бірақ аудан басшыларының айтуына қарағанда, жалпы банктердің Сарысуға қаржы салуға құлқы жоқ. Соңғы 2 жылда «Даму» қоры бұл өңірдегі 1-ақ жобаны қаржыландыруға келісім беріпті. Өткен жылы «Халық банкіне» ұсынылған 41 жобаның екеуі, «Банкцентркредитке» ұсынылған 15 жобаның үшеуі ғана өткені осы сөзіміздің дəлелі болса керек. Үлкен жобалардың өзін жолда қалдырып жатқан банк домбыра мен қобызға қайдан қаржы бөліп берсін? Мейлі, əр қазақтың шаңырағының төрінде домбыра тұруы керек дегенді ұран қылып ұстаған халықпыз ғой. Қазақ аман тұрғанда ұлттық өнерді ұлықтап жүргендердің де жағдайлары жаман болмас. Сарысу ауданының əкімі Қанатбек Мəдібек домбыраны серік еткен Дəуірбековтар отбасының кəсібіне алдағы уақытта жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несие берілетінін айтып қалды. Əзірге əкімнің ұлттық өнерге деген осы жанашырлығы ғана көңілге демеу болып тұр. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы.

Теңіз жəне құрлық арқылы бірнеше мемлекетпен шектесетін Маңғыстау өңірі – атажұртқа ағылған қандастардың көші көбірек келіп, қойны қандас халыққа толған құтты өлке. Бұл табиғи өсім көрсеткіші оңғарыла бастаған аймақта тұрғындар санының одан əрі артуына сеп болды. Бұл үрдіс өз кезегінде ересектерді жұмыспен, балаларды балабақша жəне мектеппен қамту қажеттігін туындатты. Ал сол кездері онсыз да іріліұсақты шаруалары шаш-етектен келіп тұрған Ақтау қаласына мыңдаған оралман отбасыларының əлеуметтік мəселелерін шешу үлкен күш болды, үй мен жұмыс іздеп, балабақша мен мектеп іздеп сансыраған халықты осы қажеттіліктермен қамтамасыз ету жұмысы бірнеше жылдарға созылуы əбден мүмкін еді. Осы жағдайлардан соң Маңғыстау облысында жаңадан Мұнайлы ауданы құрылып, қолына қағазын ұстап табалдырықтарды тоздырып жүрген оралман ағайындарға арнайы отау көтерілді. Аудан аумағында ұзын көшелер бойына сап түзеген ақшаңқан үйлері бар, əлеуметтік нысандары бар бірнеше жаңа ауылдар бой көтерді. Бүгінде 130 мың тұрғыны бар Мұнайлы халқының саны мен əлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрғысынан облыстағы іргелі аудандардың бірі болып келеді. Кезінде ата-аналардың жанайқайына, оқушылардың арманына айналып, біздің білдей бір мақаламызға жүк болған мектептегі тасымал мəселесі де біртіндеп шешіліп, қатарға бірнеше жаңа мектеп қосылды, ал үш ауысымды мектептер жойылу алдында тұр. Деректерге сүйенсек, аудан құрылғалы 9 мектеп, 20-ға жуық балабақша ашылған екен. Бала санының көбейгені – халқымыздың көбеюіне жақсы, бірақ бүлдіршіндер санының көптігінен аталмыш ауданда балабақша мəселесі толықтай шешімін тауып кете алған жоқ. Осы орайда, жекеменшік балабақша ашуға жол сілтеген «Балапан» бағдарламасын қуана құп алып, оның жүзеге асуына қолдау көрсеткен кəсіпкер-ұстаздар болып шықты «Егеменге» елден келген қонақтар. Айтуларынша, мамандықтары педагог болғандықтан, «Балапан» бағдарламасындағы жасауға болатын жаңалықтан қашпай, оны жүзеге асыруға, əрі жаңа ауданда қордаланған балабақша мəселесін сейілтуге себіміз тиер деген ниетпен банктерден қаржылай несие, əкімшіліктен жер телімін алып, жекеменшік балабақша салынып, оны ашыпты. Нəтижесінде, қазір Мұнайлы ауданында мектеп жанындағы шағын орталықтарды қосқанда мемлекеттік 12 балабақша жұмыс істесе, жекеменшік балабақшалар саны 13-ке жеткен. Осы 13 балабақшада 1100 бала қамтылса, 300-ге тарта адам нəпақасын айыруда. Мемлекет тарапынан белгіленген 23032 теңге тиісті қаржыны алып, ата-аналар қалауына орай 10,5 сағаттық жүктемемен жұмыс жүргізіп, қазандарын қайнатып, жылы үйде бүлдіршіндерді бағып-қағып отырған жайлары

бар. Стандарттық бағдарламадан басқа балаларға 4 мезгіл тамақ, қосымша хореография, информатика əліппесін үйретумен айналысатын балабақшада жұмыс уақыты тағы да ата-аналардың тілегімен кешкі сағат 7-ге дейін ұзартылған. Үйдегі ересектердің көпшілігі Ақтау қаласына қатынап жұмыс жасайтын болғандықтан жəне бірқатарының жұмыс уақыты кешкі сағат 6.30-да аяқталатындықтан балаларын бақшадан алып кетуге қолайлы уақытты да өздері таңдаған. Бұл қызметтері үшін бақшаға ай сайынғы төлейтін жарналары – 15 мың теңге. – Бұл да ата-аналардың келісімімен, арнайы келісімшартпен қабылданған, бекітілген жарна көлемі. Біз Ақтау, Жаңаөзен қалаларындағыдай 25-40 мың теңге шамасында жарна құя алмаймыз. Өйткені, аудан тұрғындарының басым бөлігі оралман ағайындар болғандықтан, жоғары көлемдегі жарнаны олардың көпшілігінің қалтасы көтере бермейді жəне атааналар тарапынан жарнаға қатысты өкпе-реніш, арыз-шағым болған жоқ, дейді «Арай» жекеменшік балабақшасының директоры Н.Новрузбаева. Күнделікті тұрмыс-тынысы осылай жалғасып, тып-тыныш тірлігін еткен бақшаларда қандай мəселе туындады дейсіз ғой? Ол – еліміздің Білім жəне ғылым министрлігінің 2012 жылғы №198 жəне 2013 жылғы 6 наурыздағы №77 қос бұйрығы екен. Жеке кəсіпкер ретінде жұмысын өз арнасымен жүргізіп, ата-аналардың алғысына, бүлдіршіндердің күлкісіне бөленген жекеменшік балабақша иелері бұл бұйрықтардан хабарсыз болып шықты. Қазір Маңғыстау облыстық прокуратурасы, Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Мұнайлы аудандық білім бөлімі тарапынан үкіметтен қосымша қаражат алып отырғандықтан (жоғарыда айтылған 23032 теңге), жекеменшік балабақшалардағы ата-ана жарнасы, ата-аналардың мемлекеттік балабақшаларға төлейтін жарнасынан, яғни 9000 теңгеден аспауы қажеттігі талап етілуде. Ал ол талап орындалмаған жағдайда мемлекет беретін ақшадан бас тарту қажет екен. Несие алып, жеке болған соң өзге де қиындықтармен жалғаса жүріп ашылған, барлық мəселе мəн-жайы, болашағының қамқарекеті иесінің мойнындағы парыз болып саналатын жекеменшік балабақшаларды барлық шығынын үкіметтің өзі көтеріп отырған мемлекеттік балабақшалармен теңестіру қажет екен. – Үкіметтен бөлінетін қаржы Білім жəне ғылым министрлігінің 21.08.2012 жылғы №387 бұйрығына сəйкес тек қана қызметкерлердің жалақысына, білім көтеруіне, коммуналдық шығындарға, ойыншықтар мен оқу-əдістемелік құралдарын алуға деп нақтыланып көрсетілгендерге ғана жұмсалады. Ал балабақшаның өзге шығындарын, материалдық-техникалық базасын нығайту кəсіпкердің, яғни жекеменшік балабақшаны ашқан жанның мойнына жүктелген. Мемлекет бөлген ақшадан бас тартсақ, жарнаның көлемін көтеруге тура келеді, ол оралман отбасылар жағдайында тіпті, мүмкін

емес. Ал жарнаны 9 мыңға дейін түсірсек, онсыз да несие төлеп, əзірге толыққанды аяғынан тең басып тұрып кете алмаған балапан қауырсын жекеменшік балабақшалар үшін тағы қиын. Ашығын айтсақ, тапқан қаражатымыз ай сайынғы несиемізді жаппаса, кəсіпкерлік қызметтің пайдасын көрмесек, біздің кəсіпкерлігіміз қайсы? Жекеменшік балабақшалардың жұмысын тоқтатудан басқа амал жоқ, дейді «Аяла» жекеменшік балабақшасының директоры А.Байдаулетова. Мəселеге қатысты Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалына арнайы хатпен шыққан, «Жауапты білім саласы басшыларына жолдадық» деген олар. «Балапан» бағдарламасы аясында ашылып, өз жұмыстарын заңға сай жүргізген жекеменшік балабақшалардың тірлігінен «ши» таппағанға ұқсайды. Бірақ, тиісті жауапты мəселенің мəн-жайын түсінбей екі ортада дағдарған арызданушы тарапқа түсіндіріп беруге неге құлықты болмаған? «Былай жүрсең арбаң сынып, былай жүрсең өгізің өледінің» кері. Қазіргі таңда 6000-нан астам бала балабақша кезегінде тұрған Мұнайлы ауданда ашылған бақша қайта жабылса, не болмақ? «Жылы орны суыған» 300-ге тарта ата-ана алақан жайып кімнен жұмыс сұрайды? Биыл аталмыш ауданда тағы да бес жекеменшік балабақша өз жұмысын бастауға тас-түйін дайын екен, мынау талаптан соң, «шалаптарын шайқамайтын шығар», кім білген?! Егер олар іске қосылған жағдайда кезектегі бірнеше мыңдаған баланың саны 345-ке азаяды екен! Айтуларынша, аталмыш талаптан соң Маңғыстау облысының бірқатар аудан, қалаларында жұмысын тоқтатқан немесе мемлекет бөлген қаражаттан бас тартқан бір-жар жекеменшік балабақшалар бар болып шықты. Жұмысты əрі қарай алып жүруге, банктерден алынған несиені ай сайын төлеп тұруға мүмкіндігі барлар ғана бас тарта алатыны белгілі, ал жекеменшік бақша ашып, бизнес саласындағы қадамын енді ғана бастаған кешегі ұстаз, бүгінгі ұстаз-кəсіпкердің бəрінің бірдей шекесі шылқып отырмағаны да белгілі. Мемлекеттен бөлінетін 23032 теңгеден бас тартып, оны ай сайын ата-ана қалтасынан шығатын 15 мың теңгенің үстіне қосса, балабақшалар халық үшін ешқашан «қолжетімді» болмайды. Орын алып отырған жағдай қаншалықты дұрыс? Мемлекет бөлген қаржыдан бас тарту жекеменшік балабақшалардың жұмысын тоқтатуына əкеп соқпай ма? Ал олар жабылған күнде қаншама бала бақшасыз, нешеме жан жұмыссыз қалып, онсыз да шешімін таппай тұрған жайтты одан сайын қоюлатып жібермей ме? Ал жарна көлемін мемлекеттік балабақша деңгейімен теңестіргенде бірін-біріне жалғап, еппен ұштастыра əрекет еткен жекеменшік балабақшалардың жəне олардың иелерінің ахуалы қалай болмақ? Мəселені сарапқа салып, ақ-қарасын шешу еліміздің Білім жəне ғылым министрлігі бастаған құзырлы орындардың құзыретінде тұр. Маңғыстау облысы.

Аќпан – жылдыѕ соѕєы айы

Ақпан – жылдың да, қыстың да соңғы, ең қысқа айы. Бұлай шегелеп айтуымызда үлкен себеп бар. Қазіргі қолданыстағы күнтізбенің бойымызға əбден дендеп сіңіп алғандығынан ба, жыл басы наурыздан басталатынын іштей білсек те, оны іс жүзінде мойындай алмай келеміз. Неге?

Өткенде бір қария: «Суықтың көкесі – ақпанда. Қыстың қаһарына мінетін кезі де нақ осы шақ. Ілгеріде «Боз тоқтыда құйрық қалды, бойжеткенде бұғақ қалды, қырлан, ақпан қырлан!» деп қаңтар ақпанға тапсырып кетеді екен», – деп айтып отырушы еді. Жылдың соңғы айы ғой, қалай құбылса да, мінезіне шыдас берерміз», демесі бар ма? Алғашқыда бір тосын жаңалық естігендей «Неге?» деуге шақ қалдым. Ұят ай, жылқы жылын желтоқсанымен қоса «аттандырып» жібергенімізді соңынан біліп, тілімді тістеп үлгердім. Əзіл-шыны аралас деп қарасақ, мезгілінен бұрын тарих қойнауына енген жылқы пірі – Қамбар атадан да ыңғайсыздау болды.

Жасыратыны жоқ, ауызша айтқанда да, жазбаша құжат толтырғанда да ақпан айын жылдың екінші айына теліп қойғанбыз. Мойындайсыздар ғой?! Бұл бəрімізге таныс жағдай жəне өзгермейтін құбылыс сияқтанып тұрады маған. Қалай деген күнде де ақпан жылдың 2-ші айы ретінде өзгеріссіз қала бермек. Өйткені, халықаралық тəжірибе солай. Армансыз адам жоқ. Кейде ойлаймын, қашан біз ақпанды жыл соңына санап, Шығыс, оның ішінде Қазақ елі үшін орны бөлек көктеммен күле кіретін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне қызу қарбалас, ерекше дайындықпен (желтоқсандағыдай) қам жасар екенбіз деп. Сөзімізді танымал журналист Бейсен Құранбек сияқты «Айтуға оңай» деп бітіргім-ақ келіп тұр, бірақ соған аздаған талпыныс, қозғалыс туса ғой... Əрине, жабыла, жұмыла көтерсек, айтылған дүние жерде қалмаған болар ма еді, кім білсін? Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.


10

www.egemen.kz

Д

ИАЛЕКТОЛОГИЯ ДАРАБОЗЫ. Халқымызбен қоса жасасып келе жатқан бай ана тіліміздің өткені мен бүгінгісін егжей-тегжейлі зерттеп, қазақ тіл білімі аталатын іргелі ғылымның ілгері дамуына еселі үлес қосып келе жатқан қаламы жүйрік, зердесі биік аға буын өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, түрколог-ғалым, ұстазым Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың өзгелерге үлгі етіп көрсетерліктей өнегелі өмірінің кейбір тұстарын шәкірттік көзбен көзі қарақты қалың оқырманға қажет болар деген ниетпен қал-қадерімізше жеткізуді жөн көрдік. Шора Шамғалиұлының шығармашылық шеңбері кең, ауқымды, әр алуан. Ғалымның қаламынан шыққан 300-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 20 шақты монография, оқулықтар, сөздіктер жарық көрген. Академик ағамыздың еңбектері тек елімізде ғана емес, бұрынғы одақ көлемінде шығып тұрған «Вопросы языкознания», «Советская тюркология», «Народы Азии и Африки», «Советское востоковедение» тәрізді ғылыми-теориялық журналдарда, сондайақ қазіргі таңда алыс-жақын шетел баспаларында жарық көріп келеді. Ғалымның еңбектері қазақ тілінің өзекті салаларына, атап айтқанда, қазақ тілі тарихы, диалектология, лексикология, лексикография, грамматика, т.б. көкейкесті мәселелерге арналған. Ағамыз күшін сарп етіп зерттеген екі саланы ерекше бөлежара атауға болады. Оның бірі – диалектология болса, екіншісі – тіл білімінің тарихы. Сөз байлығының жергілікті қазынасын таныпбілуге деген құштарлық, қазақ сахарасының алысы мен жақынын толассыз жылдар бойы кезіп, суығына тоңып, ыстығына күйіп, елжұртымыздың сөз жиһазын қалт жібермей парақ бетіне түсіріп, ол туралы білген-түйгендерін ғылым әлеміне мәшһүр еткен көрнекті ғалым екенін шәкірттері мақтан етеді. Жарты ғасыр Тіл білімі институтында директордың орынбасары, тіл тарихы мен диалектология бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері қызметтерін атқарғанда еліміздің түкпір-түкпіріндегі шалғайда жатқан тұрғындар тілінің және республикадан тыс жердегі мекендейтін қазақтар тілінің мол байлықтарын жинау үшін жүйелі түрде диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырып, ел аузынан әріптес ғалымдармен бірлесе жүріп, сөз байлығын жинауға басшылық етті. Тіл білімі институтының картотекалық қорын молайтуға өзіндік үлесін қосқанын ерекше айтқымыз келеді. Жиналған мол диалектілік материалдар негізінде бірнеше ғылыми-зерттеулер жарық көрді. 1976 жылы жеке кітап ретінде жарияланған «Қазақтың аймақтық лексикографиясы» атты докторлық еңбегі түркітану ғылымында аймақтық лексикография теориясына арналған алғашқы монография еді. Әлемдік деңгейде өткізілген халықаралық конференцияларға, симпозиумдар мен форумдарға қатысып, «Диалектілік сөздіктерді құрастыру», «Диалектілік лексикографияның талас мәселелері», «Тіл мәдениеті және жер­ гілікті ерекшеліктер», «Әдеби-сөйлеу тілі сөздігі», «Диалектілік терминология», «Түркі тілдерінің аймақтық лексикографиясы» сияқты тақырыптарда баяндама жасап, әлемдік түрколог ғалымдардың назарын өзіне аударғанын шәкірттік сезіммен мақтаныш етеміз. Ол белгілі ғалым С.Аманжоловтың тілдегі диалектілікті топтау теориясын әрі қарай да­ мытты. Жаңа нұсқадағы диалектологиялық сөздік құрастыруға және диалектология саласындағы терминологияның қалыптасуына белсене араласып, өз тарапынан тыңнан бірнеше терминдерді ұсынғанын да айта кеткеніміз орынды болар. «Қазақ диалектологиясы» атты тұңғыш оқулықтың авторларының бірі де академик Ш.Сарыбаев екендігін ғылыми жұртшылық жоғары бағалайды. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы» атты сериямен шыққан 8 кітаптың белді авторларының бірі болуымен қатар, оған тікелей басшылық жасаған белгілі диалектолог-ғалым екенін айтсақ, артық болмас. Қазақ және түркі тілдерінің диалектологиялық атласын жасауға белсенді түрде атсалысып, көп жылғы еңбектің жемісі ретінде академик Ш.Сарыбаевтың басшылығымен әрі редак­ торлығымен 80 баспа табақ көлемді «Қазақ тілдің аймақтық сөздігінің» құрастырылуы қазақ тіл біліміне қосылған сүбелі үлес екенін тілшіғалымдар талай рет тілге тиек еткен-ді.

Б

ИБЛИОГРАФИЯ БІЛГІРІ. Академик Ш.Сарыбаевтың ерекше екпін түсіре айтатын еңбектері ретінде са­налы ғұмырының 70 жылға жуық уа­қ ытын сарп етіп бүгінгі күнге дейін қол үзбей айналысып келе жатқан са­л асы – қазақ тіл білімінің тарихын зер­ делеудегі еңбегіне ерекше тоқ­талғымыз келеді. Оның өзіндік себебі де бар. Адам бойында аса бір сирек кездесер ұқыптылық, ыждағат иесі Шора Шамғалиұлының там-тұмдап болса да, қазақ тілі жайында өткен ғасыр мен қазіргі кезде жарық көрген үлкенді-кішілі еңбек атаулының баршасын тізіп, 7 томдық қазына етіп жинақтауы – шын мәніндегі қазақ тіл білімінің деректі жылнамасы, жүгінер шежіресі деп ауыз толтырып айтуға әбден болады. Ғылыммен мықтап шұғылданған тілшіге шамшырықтай болатын «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» кітабының жеті томын жариялау барысында, бір ғасырға жуық мерзімде жарық көрген томтомдаған кітаптарды шаң басқан мұрағаттардан аршып, мерзімді баспасөздерде жарияланған мақалаларды, моногра­ф иялық еңбектерді екшеп, оларды картотекаға түсіріп (қазіргідей компьютер болса сөз басқа), жүйелеп, кітап етіп бастырып, көпшілікке ұсынуын бұрын-соңды қазақ тіл білімі тарихында кездесе бермейтін ерлік ретінде таныған академиктер Ә.Қайдар мен Ө.Айтбайұлы осы «Көрсеткіштер» арқылы барша қауым тіл білімінің тарихын біліп, осы салада еңбек еткен, еңбектеніп жүрген тілші ғұламалардың ойпікірімен толық танысуға мүмкіншілік алып, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Шонанұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, О.Жандосұлы, Ғ.Тоғжанұлы, т.б. 1920-1930 жылдардағы маңдайалды қазақ зиялыларының еңбектерімен кейінгі ұрпақ алғаш осы көрсеткіштер арқылы табысқанын ерекше бағалағанын баса

айтқанымыз абзал. Бірақ біреу білер, біреу білмес, елу жыл бұрын көрсеткіштің бірінші томы кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тарапынан жоғарыда айтылған қазақ зиялыларының еңбектерін жа­рия­лағаны үшін Шөкең қызметтен қуы­л ып, ал кітап туралып кеткен болатын. Міне, байқасаңыз, жарияланған еңбектердің тізімін түзіп, кітап етіп шығара салу кейбіреулерге ұсақ-түйек болып көрінуі бек мүмкін, алайда, тіл жанашырлары үшін жасалған осындай игілікті істер көптің қажетіне жарап жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отырған жоқ па?!

С

ӨЗ САРАПШЫСЫ. Қазақстан Рес­пуб­ ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев­ тың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы уақытта да, мемлекеттік тілді дамыту

Өнеге

25 ақпан

рі е т к е н өр

Т

ЕРМИН ТІЛЕКШІСІ. Қазіргі біздің терминкомдарда сілкініс жоқ. Баяғы кеңес дәуіріндегі бір терминге қол көтеріп дауыс бере салатын ескі әдісті ұмытқылары келмейді. Ал кезінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бір сөзді әуелі секцияда қарап, талқыға салып халық пікірін білу үшін басылымдарға жариялап отырған. Қоғамдық пікірді жинақтап болған соң ғана қорытындыға келетін болған. Бізге де осы әдісті жандандыру керек. Сонда көп кемшіліктерге ұрынбайтынымыз анық», – дейді Шора Шамғалиұлы. Елбасымыздың терминология мәселесін Үкімет реттегені жөн деп жол көрсетуі – мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысын одан әрі жетілдіре түсу керектігін айқындап берді. Ендеше, академиктің сыны – шын екендігі расқа айналып отырғанын айтқанымыз абзал. Халықаралық

2015 жыл сөзі ұстазымыз Шора Шамғалиұлына арналғандай болады да тұрады. Алғашқы рет, бұдан отыз жыл бұрын Шөкеңмен кездескен күннен бастап, бүгінге дейін ұстазымның ұқыптылық пен тиянақтылықты талап ететін қасиеті біз сияқты шәкірттеріне үлгіөнеге болып келе жатқанын мақтаныш сезіммен айтқымыз келеді. Алғашқы ғылыми мақаламды ұстазыма апар­ ғанымда: «Театр киім ілгіштен басталады, ал ғылыми жұмыс библиографиядан басталады», деп ізденуші сала бойынша жарияланған ғылыми еңбектерді түзіп шығуды тапсырғаны есімде. Қазір ойлап отырсам, кезінде хош көрмеген, соншама еңбектерді түзіп, картотекаға түсірудің «азабын» тартқанмен, бертін келе Шөкеңнің берген ақылкеңесінің пайым-парасатын терең түсінбегеніме әлі де ұяламын…

ҚАЛЫПҚА СЫЙМАС ҚАЙРАТКЕР жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғаса беретіндігі, сондай-ақ терминология мәселесінде де қолға алар істердің әлі баршылық екендігі қадап айтылған болатын. Елбасымыз Жолдауда: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет» деп үлкен міндеттер жүктеді. Шынында да, ­Елбасы айтқандай, терминология бойынша бізде әлі даулы мәселелер жетерлік. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты енген көптеген термин сөздердің қазақ тіліндегі баламасын табу үшін түрлі сала мамандары бірлесе жұмыс істеуі қажет. Терминдерді қолдануда бірізді­ліктің болмауы, халықаралық термин­дердің қазақша баламасын бергендегі ұстанымдардың әртүрлілігі әр газеттің өз бетінше жазуына әкеліп соғары анық. Мәселен, бізде пуризм ағымын ұстанып, бұрынғы француздар секілді бірде бір шет тілі сөзін алмаймыз деп, терминнің бәрін аударып алу бағытын ұстанатындар кездесетіні шындық. Осындай мақсатпен кезін­де халықаралық терминдердің кейбіреулерінің орынсыз баламамен берілгендерін айтуға болады. Мәселен, телефонды – сымтетік, балконды – қылтима, ресторанды онда ас беру рәсімін де өткізетіндігімізге қарамастан, мейрамхана деп аударып алдық. Кең қолданысқа ие бола алмаған, сәтсіз жасалған терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында көптеп жариялануы, халықаралық терминдерді қазақшалағанда бірнеше нұсқаларын ұсынуы оқырмандарды шатастыруға дейін жеткізді. Үкімет жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы мақұлдамаған терминдер де газет-журналдарда қаптап кетті. Кейбір газеттің тұтқасын ұстаған ағайындар өзіне ұнаған терминдерді қалай болса солай қолдануы қалыпты жағдайға айналып бара жатқаны бізді, тілшілерді ғана емес, көзі қарақты оқырмандарды да ойландыруда. Бұл мәселенің орынды шешілу жолдарын қарастыру мақсатында ғылыми отырыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық пікір тудыру мақсатында академик Ш.Сарыбаев өз ой-пікірін әркез ашық айтып келеді. Халықаралық терминдерді қазақшаға аударуда басшылыққа алатын ұстанымдары да айқын. «Терминдерді аударуда бізде қалыптасқан жаман әдет – сөздердің мағынасына мән бермейді, – дейді Шора Шамғалиұлы. – Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын «класс» сөзін «сынып» деп аудардық. Араб тілінен өзбек тіліне енген сөзді алдық. Ал осы сөзбен түбірлес «классик», «высший класс» секілді сөздер аударылмай қалды. Сондайақ «кроссворд» сөзін «сөзтізбек» деп аудардық та, қалған «чайнворд», «циклокрассворд», «сканворд» секілді сөздер сол күйінде қалды. Түбірлес сөздерді аударғанда олардың мағынасына баса мән беруіміз керек. Өткенде бір басылымда қит етсе, -хана жұрнағын жалғай беретін болдық деп кейіс білдірген мақаланы көзім шалып қалды. Мен біздің тілімізде -хана жұрнағы жалғанған 60 сөз жинадым. Өзбектерде «палаухана» деген әдемі сөз бар. Меніңше, бұл жұрнақты жалғағанда тұрған ештеңе жоқ, орыс тілінде де «столовая», «мастерская» секілді -ая жұрнағымен келетін сөздер өте көп қой. Тағы бір ескере кететін жайт, біздің тілімізде диалектілік ерекшеліктер бар. Термин сөздерге балама іздегенде осы диалектілерді сарқа пайдалансақ, жақсы болар еді. Бірақ терминологиялық сөздікте оны диалект деген белгімен көрсетуіміз керек. Мысалы, орыс тілінде «плоскогубцы», «гвоздодер», «шипцы», «кусачки» секілді құрал-саймандардың жеті-сегіз атауы бар. Ал қазақ тілінде осы саймандарды ажыратпаймыз. Осыларға балама болатын әр аймақта өз диалектілері бар. Мысалы, оңтүстікте –кемпірауыз, батыста – атауыз, шығыста – балғауыз, қысқаш деген сөздер. Осы сөздерді жеке-жеке мағынасына қарай жоғарыдағы саймандардың аудармасы ретінде пайдалануға болады».

терминдерді аудару ісінде де өте мұқият болу керек екендігі, жұртты шатастырмау жағын көп ойлас­тыру керектігі айтудай-ақ айтылып келеді. Енді бұл мәселеге Елбасының өзі араласып отыр. Мұның өзі терминжасам мәселесінің аса күрделілігін аңғартса керек. Күнде өзгеріп, жылдам дамып жат­қан қоғам өміріндегі өзгеріс­т ерге сәйкес, тіліміздегі терминдер қолданысы да өзгерістерге ұшырап оты­руы заңдылық. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты жолдарының бірі – оны ғылым мен техника тілі ретінде одан әрі дамыта түсу және салалық терминологиялық сөздіктерді жасауды бір жүйеге түсіру, ретке келтіру мен жетілдіру болып табылады. Жеке ғылым салаларының термин­д ерін қамтитын түрлі ғылым салалары бойынша құрастырылған сөздіктер саны кейінгі жылдары арта түскенін байқауға болады. Әрине, бұл – қуанарлық жағдай. Бірақ әр кезеңде жарық көрген кез келген терминологиялық сөздіктер теориялық лексикография талаптарына толық жауап береді деп айтуға әлі ерте. Қазақстан Ұлттық жаратылыс­тану ғылым­ дары академиясының жанынан құрылған жаратылыстану ғылымдары бойынша салалық терминологиялық сөздіктер құрастыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде тілші-ғалым Шора Шамғалиұлы бастаған бір топ ғалымдар жарық көрген терминологиялық сөздіктердің кемшіліктері ретінде, кең қолданысқа ие бола алмаған, сәтсіз жасалған терминдердің сөздіктерге енгізіліп кетуін, халықаралық терминдерді қазақ­ ша­л ағанда 2-3 нұсқасын қоса беру, термин­ дердің әр сөздікке әртүрлі нұсқада енгізілуі, сондай-ақ Мемлекеттік терминология комиссия­ сында бекітілмеген, мамандардың жеке өзінің бастамашылдығымен басылып кеткен сөздердің көп екендігін байқаған. Айтқан кемшіліктерді жою үшін, келешекте жарық көретін терминологиялық сөздіктерді жасау тұжырымдамасы, жаңа үлгідегі сөздіктер түзуде қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керектігі және халықаралық терминдердің қазақша баламаларын қолданысқа түсіруде қандай ұстанымға иек артуымыз қажеттілігі туралы мәселелерді көпшілікпен ақылдасып шешу орынды болатыны жөнінде ғалымдар кеңес береді. «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастау­ымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады», – деп көрегендік танытқан Елбасымыз бұл мәселеге бейжай қарамау керектігін айтып келеді. Ендеше, қазақ тілінің шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілуіне, ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселеге әрбір азамат өзінің хал-қадерінше атсалысып, ­Елбасы айқындап берген мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосуға ұмтылуы керек. Өзіндік өнегелі өмірімен, игілікті істердің иесі ретінде, азаматтық көзқарасымен үлгі болып жүрген ұстаздан үйренеріміз көп-ақ.

Ф

УТБОЛ ФАНАТЫ. Ғалымның ғылымға сі ң і р г е н е ң бе г і н е қ ыс қ а ша шо л у жасасақ, оның қатардағы аспиранттан Ұлттық Ғылым академиясының академигіне дейін, қатардағы қызметкерден Тіл білімі институтының директорының орынбасары деңгейіне көтерілуі «қазақ тіл білімінің еңбек торысы» деген атқа әбден лайық екендігін айқын көрсетсе керек. Шора Шамғалиұлының ғылым­да­ғы жеткен жетістіктері мен атақ-дәрежелері өз алдына, енді жұрт­шылыққа «ұсақ-түйек» болып көрі­нетін, шынтуайтқа келгенде, көп­ш іліктің көңілінен шығатын игілікті істердің бір шоғырын ғана сөз етпекпіз. Жалпы, қай нәрсені болса да құнттап, ыждағаттылықпен барын салып, рет-ретімен, жүйе-жүйесімен жинастырып, ұсақ-түйекке дейін ұқыптылықпен мән беретін қасиеттерді бойға сіңірген жандар көп те емес шығар. Солардың алдыңғы қатарында академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың есімін атауға әбден болады. Ұлы ойшыл Сократтың: «Хорошее начало – не мелочь, хотя начинается с мелочи» деген қанатты

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының екінші жартысында спорттың бір түрі – футболға деген көпшіліктің көңілі мықтап ауған кезі болатын. Жас жеткіншектер «Қайрат» футбол командасындағы ағаларына еліктеп, аяқдоп өнеріне қызығушылықпен қарап, солар сияқты атақты футболшы болуды армандайтын. Шора Шамғалиұлы ғылыми жұмыстан қолы қалт еткенде, «Қайрат» командасы туралы газет-журналдарда жарық көрген материалдарды жинап, жүйеге түсіреді. Қазіргі күні Шөкең 100-ден астам футбол туралы альбом жасап, 3 кітап, футбол күнтізбелерін басып шығарумен қатар, мыңдаған футболға қатысты төс белгілері мен доп белгіленген спорт киімдерін, «Қайрат» командасының аға буын өкілдерінің қолы қойылған доптарды жинаумен айналысатыны кейбіреулерге түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Ал Шөкең жастарды патриоттық тәрбиеге баулуда, отаншылдық рухта тәрбиелеуде спорттың алар орнын ерекше таныту керектігін, Елбасымыздың көпшілікті бұқаралық спортқа барынша көптеп тарту міндетін абыроймен атқару қажеттігін күн тәртібіне көтеріп отыр және жақын арада елімізде футболдан ұлттық мұражай ашу керектігін айтып қана қоймай, оған қойылатын заттардың өзінен көптеп табылатын тілге тиек етеді. Яғни Шөкеңше айтсақ, өз елінің ертеңін ойлаған әрбір азамат, сөзден іске көшіп, мәселені майда-шүйде деп қарамай, өзінің нақты үлесін қосқаны абзал. Осы жерде Шора Шамғалиұлының кеңестік одақтың дәуірі жүріп тұрған кездің өзінде, Мәскеудегі мықтыларға хат жолдап, Алматыдан заман талабына сай футбол стадионын салу керектігі жөнінде бастама көтергенін, талай есіктерді ашып жүріп, ақырында футбол жанкүйерлерінің арманы орындалып, қазіргі Орталық стадионның ашылуына септігі тигенін айта кеткіміз келеді. Шөкеңнің Мәскеу мен Алматыдағы спорт саласын дамытуға жауапты шен-шекпенділерге жазған хаттар топтамасы, олардан алынған жауаптар көшірмесі келешекте ашылуы тиіс футбол мұражайынан орын алатыны күмәнсіз. «Қайраттың» бас жанкүйері – Шора Шамғалиұлының ұлының атын Қайрат деп қойғаны, футбол фанатының перзенті Тәуелсіз еліміздің қалыптасуына үлес қосып жүрген қарымды қайраткер болып қалыптасқаны баршаға белгілі.

К

ОЛЛЕКЦИЯ КОРИФЕЙІ. Бір қарағанда, Шөкеңнің теміржолға не қатысы бар деуіңіз мүмкін? Тікелей болмаса да, қатысы бар екенін аға буын ағалардан естіп-білгенімізді несін жасырайық. Кеңес Одағы кезінде еліміздегі барлық өзгерістер Мәскеудегі орталық партия комитетінде қаралып болған соң, қаулықарарлар қабылданатын. Тағы да ұсақ-түйек болып көрінетін мәселенің мәнісіне назар аударайық. Жоғарыда айтылған кезеңдерде теміржол вокзалдарында перронға шығу үшін шығарып салушылар қосымша ақы төлеуі тиіс деген тапсырма Мәскеуден келеді. Бұл, әрине, көпшіліктен қолдау таппай, халықтың ренішін туғызады. Қайтеміз, жұртпен бірге көреміз ғой демей, халықтың қамын ойлаған Шөкең КСРО Жол қатынастары министріне хат жолдап, соңғы шыққан қаулының көптің қолдауына ие бола алмай жатқанын тілге тиек етіп, еңбекшілердің өтінішіне сай перронға шыққандарға төленетін ақыны алып тастау керектігін айтады. Көп кешікпей жауап хат алады, онда жақын арада сіз көтерген мәселе министрлікте қарастырылып, қаулының күші жойылды деп хабарланады. Ұстазымның сарғайған хаттарды мұрағаттарынан алып көрсеткенде: «Ұлы істерде ұсақ-түйек болмайды», деген даналардың сөзі ойыма орала кетті. Ұлы Шоқан Уәлиханов бастаған коллекцио­ нерлік өнерді Сарыбаевтар әулеті дамытып келе жатқанын көзі қарақты оқырман еліне етене жақын «Егемен Қазақстан» газетінен оқып құлағдар болса керек. Ал біздің айтайын дегеніміз, көпшіліктің көбінесе коллекция дегенге аса мән бере бермейтіндігі. Кейбіреулер «ұсақ-түйек» десе, бәзбіреулер «кәкір-шүкірдің» қатарына жатқызады. Ал Шөкең коллекцияны тарих деп түсініп, заманымыздың шежіресі сол ұсақ-түйек заттар арқылы жазылатынын ескере бермейтінімізге қынжылады. Осындай ұсақтүйек деп түсінетіндерге оның айтатын уәжіне құлақ түрейік. Ертеректе музыка зерттеушісі, профессор, туған інісі Болат Сарыбаевқа қазақтың

көне музыкалық аспаптарын жинауға кеңес береді. Талай жылғы жиналған музыкалық жәдігерлердің негізінде бүгінгі күні елордамыз – Астанадағы Президенттің мәдени орталығында Ұлт аспаптар мұражайы ашылғанын айтсақ артық болмас. Кезінде кейбіреулердің «кәкір-шүкір» дегендері ұлттың игілігіне айналғанын тарихтың өзі-ақ таразылаған жоқ па? Ал Шөкең өзінің Шоқан туралы жинастырылған мұражайлық заттарын үйінде сақтап қоймай, келешекте бұйырса ашылады деп үлкен үмітпен күтіп жүрген «Ұлы адамдар мұражайы» серия­ сымен дайындалған материалдардың Шоқан Уәлихановқа қатыстыларын өзі оқып білім алған Алматыдағы №12 мектепке тапсырған. Қазір ол мұражай да жас жеткіншектердің ұлы ғалым туралы мәлімет алуына мүмкіндік тудыруда.

К

ҮЛКІ КОРОЛІ. Біздің тойды жақсы көретініміз рас қой. Оның үстіне дөңге­ леніп келетін мерейтойлардың орны тіпті ерекше. Ал ұстазымның ұстанымына қайранмын. Марапатталған медальдар мен ордендерден, алған ғылыми атақ-дәрежелерінен «ат үркетін», түркі әлемі түгел білетін түрколог ғалымның 70 жылдық мерейтойын тойлаудағы тосын «мінезі» талайды таңғалдырды. Әдетте, мерейтой иелері аста-төк той өткізіп, әкім-қарарларға қоңырау шалдырып, ел аралап, шапан киіп, қазіргі тілмен айтсақ, «темір тұлпар» мінетіні әдетке айналғанына етіміз үйренгені қашан? Ал Шөкең өзі бітірген Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінің құрылғанына 70 жыл толуы­м ен тұспа-тұс келген мерейтойында өз қаражат есебінен Абай атындағы опера және балет театрында қойылатын «Біржан-Сара» операсына билет сатып алып, мектеп оқушылары мен ұстаздарына сыйлық жасады. Мұндай бастамасы 80 жылдық мерейтойында да қайталанды. «Бұйырса, 90 жылдықта да жалғасын табатын болады», – дейді академик Шора Сарыбаев. Билеттерге кеткен шығын, байшоралар үшін қомақты қаржы да болып көрінбес. Бірақ ұстазымның пәлсапасын әрбір адам ұлттың келешегі үшін жауапты екендігіне, келешек жастарымызға үлгі-өнеге болатын істерді әркім осындай кішігірім нақты істерден бастау керектігіне бас­тамашы болу қажеттігінде деп ұқтым. Дұрыс ұққандар үшін бұл – ұсақ-түйек емес. Шора Шамғалиұлы жақында Қазақстан емшілер қауымдастығының медалімен мара­ патталғанын естігенбіз. Жұртшылық Шөкеңді емшілер қатарына қосып, телефонға дамыл болмапты. Әркім өз ауруының дауасын іздеп, қашан қабылдай алатындығынан хабардар етуді өтінген. Мәселенің мәнісі мынада: талай жылдан бері ұстазым халық емшілігі туралы коллекция жинайды. Қазірдің өзінде аурулардың салалары сараланып, бір жүйемен жинақталған 1000-ға тарта папкілер жиналған. Егер сіз ауруыңыздың ем-домын білгіңіз келсе, реттілікпен тізілген картотекадан оп-оңай біле қоясыз. Ертеректе менің кенже ұлым Нұрдәулет бір жасқа толар-толмас диатезбен ауырғанда, бармаған дәрігеріміз қалмады, шипалары дауа болмады. Шөкеңнің жиған материалдарынан керекті ем-домды тауып алып, соларды қолдану нәтижесінде ұлым құлан-таза жазылып кетті. Бұл айтып отырғаным өзіме қатысты бір көрініс. Ал ұстазымның «емшілігінен» жанын қинаған дерттен қаншама жан дауа тауып, елдің ертеңі үшін еңбек етіп жатыр десеңізші. Қайдағы бір «кәкір-шүкір» картотека адам тағдырына арашашы болды. Ұстазымның өзгелерден өзгеше қасиеттерінің қатарына әсем әзілқойлығын, сезімтал сергектігін, орынды ойын-қалжың отырысының асабалығын қосар едім. Бір қарағанда, атағы дардай академиктің әрқашан той-домалақтардың төрінен табылып, жастармен жарасып, би алаңдарының көркін қыздырып, бірнеше халықтың әндерін тамылжыта орындағандары, Шөкеңше айтқанда: «ата қаздай қоқырайып», жұртқа өзін көрсету үшін келіп, атақ-лауазымдары толық айтылмай қалса, асабаға томырайып, өкпелеп қалатындар үшін ерсілеу көрінуі әбден мүмкін. Бірақ ұстазымның қисынына (логика) қарайласақ, адам күліп жүруі керек, күлкі адамның көңіл күйін көтереді әрі өмірді ұзартады, күлкі болғанда да жарасымды күлкі ғана жаныңды жадыратады. Күлудің түрі осы екен деп, неге болса соған ыржалақтай беруге тағы да болмайды. Халықтың қамын жеген ғалым ғылыми жұмысымен қатар, күлкі терапиясын терең зерттеп жүр. Кейіпкеріміз таяуда екі мыңнан астам анекдот жинақталған кітабын жарияламақшы. Адамдардың бойындағы бүкіл күш-жігері мен қабілетін арттыруға, әрқашан сергек сезінуге себепші болатын әрі адамдардың тез қартаюын тежейтін тетіктерді тыңғылықты зерттеуді ойластыру еріккеннің ермегі ме? Тағы да бәзбіреулерше – «майда-шүйде» ме? Иә, Шора Шамғалиұлының «ұсақ-түйектеріне» үңіле берсек, түбіне жететін түріміз жоқ. Хош, осы жерден бір тоқтап алғанымыз дұрыс болар. Мақаланың жазылу мақсаты – ұсақ-түйек, майдашүйде деп әншейінде елемейтін нәрселердің игілікті істердің бастауы болатындығын басып айту. Ендеше, данышпан Сократтың қағидасын қаперінде ұстаған, мемлекет тарапынан «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталған, көрнекті ғалым, ұстазымның игілікті істерге жетелейтін ұсақ-түйекке деген ұқыпты­лықты ұқтырғанына дән ризамыз. * * * Сонымен, диалектология дарабозы, библиография білгірі, сөз сарапшысы, термин тілекшісі, футбол фанаты, коллекция корифейі, күлкі королі, осы қасиеттердің бәрін бір бойына жинақтаған менің ардақты ұстазым, академик Шора Сарыбаев тоқсан жасқа толды. Езуінен күлкісі кетпей, сергек жүргенінің арқасында осы берекелі белеске шаршамай-шалдықпай жетті. Бұл – өзгеше өмір сүрудің үлгісі. Тоқсанның тұғырында нық тұрған ғалымның ғибратты ғұмыры жалғаса берсін деп тілейік! Алла сәтін салса, ұстазым туралы «Ғасырдан ұзақ ғұмыр» деген мақала жазсам деген ниетім бар екенін несін жасырайын... Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.


25 ақпан

Қ

РЫ Ы Ғ Ң А

2015 жыл

Ж

www.egemen.kz

 Біз – қазақстандықтармыз! Өмірдің жолы сан тарау, қилы тағдырлы адамдарға жолығасың. Әңгіме-дүкен құрасың, сырласасың, мұңын бөлісесің. Асу-асу белдерден, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен, сан түрлі тағдырлы адамдардың қайтпас қайратына, ерік-жігеріне тәнті боласың.

Аға досым - Лю Чан Осыдан тұп-тура 28 жыл бұрын ұлты қытай жігіт ағасымен танысқан едік. Баспаханаға жаңа директор келіпті, деген хабар лезде тарады. Несін айтасыз, Балқаш баспаханасы республикамыздағы озық технологиялы өндіріс орындарының бірі саналатын. Журналистер қауымы өздерінің жазған-сызғандарын басып шығаратын бұл мекемемен қашан да тығыз ынтымақтастықта жүреді. Газеттің уақытында шығып, халыққа тарауы баспахананың қызметкер, мамандарының іскерлігіне байланысты. Жұртшылық оны Дмитрий Сергеевич деп атады. Қазақшаға судай, аты-жөні өзгеріп жатқан ағайындар аз ба. Соның бірі шығар деп жүре бердік. Өзі ақкөңіл, адамдармен тез тіл табысып кетті. Газетке қол қоюды кешіктіріп жатсақ, үнемі жанымыздан табылады. – Əй, жігіттер-ай, материалдарды күні бұрын дайындап, теруге берсеңіздер ғой, газет басуды кешіктірмес едік, – деп қынжылыс білдіреді. Бірақ, базынысының астарында зіл жоқ. Кейде: «Тілшілердің жалқаулығы ұстаған ба», – деп жігерлендіріп кетеді. Бірде етене таныстық, сырластық. – Адам маңдайына жазғанын көреді. Қазақта нақыл бар ғой, «адамның басы Алланың добы» деген. 1962 жылы шекарадан Қазақстанға қарай өттік. Үлкендердің ұйғарымы солай болса керек. Өзім – қытаймын, Қытай Халық республикасының Шыңжан өлкесіндегі Шəуешек қаласында туыпөстік. Онда қазақтар болды. Өздері ұйымшыл, бір-біріне қол ұшын беріп, жəрдемдеседі. Бір-бірін бауырына тартады. Қазақ балаларымен ойнадық, араластық. Содан тіл үйреніп кеттім. Қала шағын еді. Соңғы жылдары бір-екі рет ат ізін салдым, əжептəуір үлкейіпті. Жылдам дамып келеді екен. – Шекарадан өткен соң тағдырларыңыз не болды? – Жезқазған облысының, Жезді ауданына табан тіредік. «Сарысу» совхозына жіберді. Əкей нағыз еңбек торысы еді. Мал бақты, шаруашылықтың барлық саласына араласты, қолтаңбасын қалдырды. Ол кісі

ісмер еді, етікші болды. «Сарысу» совхозына қарасты Түйемойнақ деген бөлімшеде тұрдық. Екі ағам да шопанның көмекшісі болды. Əкемнен жұғысты болған шығар, саптама етіктерді сырып, ойып əдемілеп тігемін. Кірісіп кетсем, анау-мынау етікшілер шаң қуып қалады. – Жергілікті халықпен тез тіл табыстық. Қазақша айтқанда «тастай батып, судай сіңдік». Өзім де қой бақтым, механизатор болып еңбек еттім. Содан 1968 жылы Жезқазған қаласына көшіп келдік. Не нəрсе де бұйрыққа байланысты ғой. Сəтін салып, облыстық баспаханаға жұмысқа тұрдым. Газет басушы, реттеуші, шебер, соңында баспахананың бас инженеріне дейінгі жолдан өттім. Директорымыз Қасқадамов деген ағай болатын. Ол кезде полиграфия мамандығы бойынша бітіргендерді сирек кездестіруші едік қой, мен де өндірістен қол үзбей жүріп, Ресейдің Куйбышев қаласындағы полиграфия техникумын бітірдім. Күндер өтіп жатты. 1989 жылы аяқ астынан Балқаш қаласындағы іргелі баспаханаға директор етіп, бұйрық шығарды да қағазды қолыма ұстатып

қоя берді. Облыста ол кезде баспа, полиграфияның басын қосып отыратын мекеме болатын. Ол облыстық партия комитетіне қарайтын. Сөйтіп, дəм тартқан соң өндірісті қала Балқаштан бір-ақ шықтық қой. – Жас кезіңізде Қазақ елі жатсынған жоқ. Қазір қандай сезімдесіз? – Осыдан біраз бұрын Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы басқосуында жақсы сөз сөйледі. Соның ішінде мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге деген өзіндік ұстанымын шегелеп айтып келеді. Тіл саясаты – өте нəзік. Ал, енді қазір ойлап қарасақ, Елбасының саясаты шындығында жүрегімізге жетті. Ауасын жұтып, топырағын басып жүрген бауырмал халықтың тілін неге білмеске? Қазақтар «тату үйге тақсірет жуымайды» дейді ғой. Өте орынды сөз. Тағдырдың талайымен қаншама ұлт өкілдері қазақ жерін мекендеп қалды, енді оларда басқа тағдыр жоқ, сондықтан, халықтар арасындағы бірлік, ауызбірлік, өзара түсінушілік аса қажет деп білемін. Экономиканы өркендететін, əлеуметтік саланы аяғынан тік тұрғызатын бірден-бір жол – жұдырықтай жұмылып, еңбек

ету.Еңбек ету үшін ұлттар арасында ынтымақ болуы шарт. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның ілгері жылжып келе жатқанын іштей сезіп отырмын. Əрі шүкіршілік деймін осы күнімізге. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты мəдени іс-шаралар басталып кетті. Қазір қайырымдылық акциясына қатысудамыз. Қазақстан халық Ассамблея мерекесі – ортақ шаңырақтың мерекесі. Əр ұлттардың өкілі мұны терең жүрек сезімімен түсінуде. Қандай мəдени шарадан болсын сырт қалмаймыз. – Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз? – Дарья Григоревна Лю өмірлік қосағым. Айтпақшы, менің құжат бойынша аты-жөнім Лю Чан Фа. Тегім Лю, өз атым Чан, əкемнің аты Фа. Мысалы, өздеріңіз мені Дима деп атап кеттіңіздер. Төрт бала өмірге келді. Тағдырдың жазуы ғой, біреуі қайтыс болып кетті. Оншақты немереміз бар. Шешей Жезқазған қаласында тұрады. Бір отбасында 11 бала болдық. Мен үшіншімін. *** ...Бір-ақ күнде баспахананың директоры өзгеріп шыға келді. Жапжақсы сырлас болған Лю Чан ағамыз басқа жұмысқа ауысып кетті деп естідік. Ұмытпасақ, 1993 жылдың жазы болса керек. Əрине, өмір жалғасын тауып жатты. Тəуелсіздікке қол жеткіздік. Бұған қатты қуандық. Алайда, экономикалық құлдырау кеңес кезіндегі қайта құрудан бастап шегіне жетті. «Балапан басына, тұрамтай тұсына» дегендей. Көп ұзамай аға досты жолықтырдық, ешқайда кетпепті, осы қалада тұрып жатыр екен. – Оу, аға көрінбей кеттіңіз, қалыңыз қалай, баспахананы да, бізді де тастап кеттіңіз ғой, – деп əзіл-шынын араластыра бастырмалатып жатырмыз. Тағдырдың жазуы шығар, аға екеуміз қаланың қақ ортасына салынған көпқабатты үйден пəтер алып, көрші болып шыға келдік. – Бизнес жолы – ауыр жол. Ерінбей еңбек ету керек. Қазір сол ауыр кезеңдерді еске алсам, кейде күліп жіберемін. Кейде көрген қиындық ойға

түсіп, күрсініп те алатын кезім болады. Алматыға барып, қара базардан кəкүр-шүкір сатып аламыз, оны қалаға əкеліп сатамыз. Кəсіпкерлік тəуекелім осылай басталған. Отбасым қолдады, – дейді сөз арасында аға дос Лю Чан. Бұл күнде ол қаладағы кəсіпкерлікті бірінші болып бастағандардың қатарынан орын алады. Қазір шаруасының іргесін кеңейткен. Тұрмысқа қажетті техникаларды сататын орталыққа айналды. Уақыт ағымына ілесіп, қала халқын соны үлгідегі тұрмыстық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуде əжептəуір тəжірибе жинақтады. Бірнеше адамға жұмыс тауып беріп отыр. Тұрмыстық заттарды тұрғындарға несиеге береді, немесе үш-төрт айға бөліп төлеуге мүмкіндік туғызады. Қашан да халықтың қажетін ашқанға не жетсін. Мұндайда алғыс аласың. «Алғыс алған арымас» деген. Осыдан біраз бұрын аға дос Лю Чанға арнайы барып сəлем бердім. Біраз сырластық, əңгіме тиегін ағыттық. Қанша айтқанмен бұрынғы баспагер ғой, бүгінгі жағдайдан хабардар. – Қазір газет шығару қандай жеңіл, қорғасын көтермейді, салдыр-гүлдір линотип жоқ, электрондық пошта арқылы дүниенің төрт бұрышына хатхабарыңды жібере бересің. Өздеріңе де оңай болған шығар. – Несін айтасыз, үйде отырып, материалыңды жазып-сызып, біткен соң электрондық пошта арқылы жібересің. Бір минутқа жетпей редакцияда отырған қыз-жігіттердің қолында тұрады. – Уақыт адамды да, техникалық өлшемді де шапшаң өзгертті ғой. 24 жылдың ішінде қандай дамуды бастан өткердік. Бұдан да жақсы күндер əлі алда – дейді аға дос. Жақсы адамға жолықсаң, жан дүниесінің шуағына шомыласың, жадырап сала бересің. Шіркін, мейірімін төгіп, кісілік келбеті, адамгершілігімен рухани байытатын жандар маңайымызда көп болса ғой. Мен үшін Лю Чан сондай жанымды ыстық ықыласқа бөлейтін қадірлестерімнің бірі. Тіпті көрмесек сағынысып қаламыз. – Ассалаумағелейкум, – деп құшағын ашып аға дос келе жатады. – Əликі-салам аға, – деп мен де жүрегімді алып ұшып ұмтыламын. Ыстық құшақтар айқаса кетеді. Айтпақшы, аға досым бұл күнде алпыстың сегізінде. Мен əрқашан қадірлес ағаның тілеуін тілеп келемін. Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ журналист.

Қарағанды облысы. –––––––––––

Суретте: Лю Чан отбасымен бірге.

 Оралмандар – Отан деп оралғандар

Моңғолияда орыс тілінен сабақ берген қыз Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Екібастұзға жолсапарға барған сайын Парамоновка ауылының тұсынан өтіп жүремін. Біртүрлі жүрегім ауырады. Мейрам аға көзі тірісінде: «Өзім алып барамын, ол ауылдың ағайындары бəрі менің туыстарым болып кетті. Моңғолиядан өзім алып келген соң», – дейтін. Баршагүл мен Дəуітхан ылғи да ойымда жүретін. Бір нəрсеге бір нəрсе себепші. Осы жақында «Ауылдың, мектептің аты өзгермей тұр...» деп ұзақтау жазылған хат келді. Оралман ағайындар тұратын Парамоновка ауылынан екен. Содан, келе сала таныстарымды іздедім. – Баршагүл аман-есен осы ауылда. Жақын бөлімшеге ағылшын тілінен сабақ беруге кетті, – деді мектеп директорының орынбасары Гүлнəр Байезова. Марқұм Мейрам Балтабайұлы əңгімешіл еді. Екібастұздың ауылдарын аралаған бір жолғы жолсапарымызда қасымызда жүріп, нағыз газетке сұранып тұрған тақырыптарға сай əңгімелердің шетін шығарып айта бастайтын. Содан кілт тоқтап екінішісіне көшетін. Сонда бəрін айтып үлгермейтінін білгендей екен. Оларды кейін бір келгенде жазарсың, сен əуелі мынаны тыңдашы деп, Моңғолиядан ағайындарды қалай көшіріп əкелгендері жайлы аңыздай ғып айтатын еді. Осы күнгі Бəйет ауылының əкімі Доқтырханмен де, Əділханмен де Мейрам аға таныстырған. Өмірден өтерін білгендей танысып қалсын деді ме екен. Осы айтпақшы болып отырған кейіпкеріміздің отбасы жайлы ерекше пікірде еді. Өзім алып барайын, олар Парамоновка деген ауылға көшіп кеткен. Моңғолияда орыс тілінен сабақ берген. Баршагүл мен Дəуітхандар жайлы жаз деуші еді. Сонда бір таңғалғанымыз бар. Əлгі, шет жақтан келген қазақтар білімсіз, бейімдеу керек деген түбірімен қате, білімділері бар. Мысалы, Баршагүл Свердловскіде, Дəуітхан Мəскеуде оқыған, Доқтырхан дегенің политолог, бұлар жəне шетінен «технарлар». Мəскеуде техникалық, медициналық

оқу орындарын бітіргендер. Екібастұзға келген ағайындардың біразы орыс тілін жақсы біледі, – дейтін. Бірақ, əттең не керек, Дəуітханның отбасымен танысуға жол түспеді. Мейрам ағамыз кенеттен жүрегі ауырып, өмірден өтті. Өзімен бірге қаншама əңгімелер кетті. Əңгімелер дегенде-ұлтымызға, елдікке, қазақ тіліне, тарихқа қатысты жиған-тергендерді айтып отырмыз. Енді, міне, қарсы алдымда Баян-Өлгейдің қызы Баршагүл отыр. Арғы аталары бір қауым елді бастап сонау дүрбелең жылдары Қытайдан Моңғолияға өтіпті. Кішкентайларынан атамекен деп аңсаумен ғұмыр кешкендер Баршагүл сияқты шетте өскен жастардың мəңгілік естерінде қалды. Алыста атамекен, Қазақ елі бар деген елес қана мұнартатын. Таудан ассақ жетерміз деген үлкендердің аңсары ауған атамекен ол кезде қандай алыс еді. Үйде ана тілінде сөйлеп өскендерімен, орта мектепті моңғол тілінде бітірді, моңғол балаларымен бірге ойнап, бірге ержетті. – Мен 1979 жылы моңғол тілінде мектеп бітіріп, Улан-Батордағы шет тілдер институтына түстім. Орыс тілі пəнінің мұғалімі деген мамандық алдым. Ресейдің Свердловск қаласында білімімді толықтырып, жолдамамен Қобда ауданының Буянта деген ауылына келдім. Моңғолияда ол кезде шет тілі ретінде – орыс тілі оқытылатын. Сол жерде моңғол, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ бердім. Əрине, көпшілік жұрт таңғалуы мүмкін. Өйткені, Моңғолиядан келген біздер туралы əртүрлі сөздер естіп жүреміз. Бірақ, бұл елдің сол кездегі саясаты солай болды ма, біздер қазақ балалары бəріміз де орыс тіліндегі үйірмелерге бардық. Орыс тілін білуге талпындық қой. Мұғалімдікпен қатар сумын дейді, біздіңше аудан, əйелдер ұйымының төрайымы, сумын депутаты болып сайландым. Буянта шалғайдағы ауыл саналады. Ауылдың, əсіресе, əйелдердің тұрмыс жағдайларын, көп балалы аналарға қолдау, денсаулықтарын жақсарту жолдары жəне жалпы қоғамдық жұмыстарға белсене араластым, – дейді Баршагүл. Жастық күндерде, студент кезде таудың арғы бетіндегі Қазақ елі, атамекендері барын біле бастаған, түсіне бастаған уақыт та келіп жетеді. Қазақ жастары бас қосқан кештерде

əн арқылы сағыныштарын басатын. Студент жастар бірлесіп, «Ұшқын» атты ұйым құрады. Қосыла əн шырқап, туған жер Атамекенді көруді, қазақтың ортасына жетуді жастар да армандай бастаған кез. Моңғолия жаққа қалай, неге келгендерін біліп алған соң, олар таудың арғы бетіне жетуге асыға бастады. Баршагүлдер құрған студенттердің «Ұшқын» ұйымының мақсаты – жастардың ана тілдерін ұмытпаулары, салт-дəстүр, жөн-жоралғыларды сақтап қалу еді. Өйткені, əке-шешелері бір қауіптен қатты сақтанды. Ол қазақ отбасылары моңғолша, орысша оқыса да жастарымыз туған тілдерінен айырылмасын деген берік ұстаным еді. Еліміз тəуелсіздік алған күнді естігенде олардың көздерінде жас, жүректері атамекен деп соғыпты. Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шеттегі қазақтарға «Отанға оралыңдар!» деген сөзі бойтұмардай жүрегімізге мəңгілік жазылып қалды. Елбасына ризамыз. Сол күнгі қуанышты сəтті, көз жасымыздың төгілген сүйіншілеген күйін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ұсынылған үлкен қызметтерге де, үй-жай, ештеңеге қараған да жоқпыз, атамекенге жетуге асықтық, дейді Баршагүл. Бұлай дейтіні, жолдасы Дəуітханның мамандығы болса агроном. Ғылыми-зерттеу инс титутында ғылыми қызметтер атқарды. Сол бір 1991 жылдың күзінде Францияда сарымсақтың жаңа түрі бойынша кандидаттық қорғауға бармақшы болса, Баршагүл ағылшын тілін оқып үйреніп, толық курсын бітіріп шығады. Өйткені, сол екі арада Қобдаға таудың арғы бетінен бірінен соң бірі жүк мəшиенелері келе бастайды. Марқұм Мейрам Балтабай бастаған екібастұздық əкімдік мамандарымен бұ жақтағы жұрт кəдімгідей дауыстап, жылап көрісіпті. Сөйтіп, көші-қон атамекенге жол тартты. Ол кезде Екібастұзда Даниал Ахметов əкім болып тұрған кез екен. – Қазақ тілін жақсы білесің, – деп, Мейрам ағаны ағайындарды алып келетін топты басқаруға , алыс жолға аттандырған да Ахметов. – Қобдаға жеттік пе дегенде, жүрек толқып, көзге жас келді. Бір минутта шыдап тұра алмадық, бізді құшақтаған қазақтың ой бауырымдап, көріскендері жанға қатты батты, – деп еді Мейрам аға.

– Алғашында Екібастұздың Өлеңті ауылына келдік. Үй берді. Қорамызға мал салды. Барлық жағдай жасады. Қазір өзіңіз көргендей Ақсу қаласына қарасты Парамоновка ауылында тұрамыз. Елге оралған ағайынмен орта толды. Ауыл мектебінде ағылшын тілі пəнінен сабақ беремін. Баршагүл Баян деген аты-жөнім бар қарапайым мұғаліммін. Сіз сұрап отырған ғалым, агроном – жолдасым – Дəуітхан шағын жеке шаруашылығы бар, қиындықтар да болды, бірақ бəрін жеңді. Ал, көп тіл білгеннің артығы жоқ. Иə, ана тіліңе ештеңе жетпейді. Қызымыз Алтынай да – шет тілінің мұғалімі, ұлымыз Еркетай – заң маманы, Алтыннұр – психолог, үшеуі де жоғары оқу орындарын бітірді. Кезінде Сəбит Мұқановтың «Ботагөз» романын моңғолша оқыдым. Қазір өз тілім – өзегім, өз жерімдемін, балаларымызды ата-баба аманат еткен-атамекенге жеткіздік. Бұдан басқа арман жоқ. Кенже ұлымыз Исатай атамекенде туды, ұрпақ жалғасы, «Ұшырған ұясынан балапан қаз» деген осы, – деді Баршагүл қоштасарда. Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Парамоновка ауылы.

11

КК ТУ

Ќозыбасыда желбіреп тўруы керек

Тарихқа көз жүгіртсек, 1465 жылы ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» кітабында Керей мен Жəнібек уығын қадаған Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. «Ақындар сыры» атты жинақта халық ақыны Кенен Əзірбаевтың Қозыбасыны айтып өткен жырлары басылған. Қозыбасы атауы жыр алыбы Жамбыл ақынның «Сұраншы батыр» дастанында да кездеседі. Онда: «Алатаудың аты көп, Созылып жатқан қарлы жал. Теріскейі – Ұлы жүз, Күнгейінде қырғыз бар. Толып жатқан шоқысы, Шоқысының аты бар. Қозыбасы – Қордай жаясы, Содан өрлеп тартылар, Суықтөбе, Дегерес, Ұзынағаш, Көктөбе...» деп жырлайды ақын. Шу өзенінің бойындағы Атбасы шоқысының жанында су торабы салынған. Осы Атбасы хан Кененің қарауыл шоқысы болған. Отар стансасының батысында, Қордай бекетінің солтүстігінде Құлжабасы шоқысы бар. Аңырақай шайқасында көп сарбаздардың мерт болғанына байланысты Қушоқы аталып кеткен. Міне, осы аталған үш шоқы бір ендіктің бойында жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы ұйғарымы қарапайым халықтың қызу қолдауына ие болып, елді бір серпілтіп тастады. Елдігімізді көр се тетін осындай дүбірлі шараның қолға алынғаны мерейімді өсіріп, еліміздің Көк туы Қозыбасы жерінде желбіреп тұрса деген тілегімді жұртшылыққа ұсынуды жөн көрдім, ағайын.

Жамбыл облысы.

Нұрдəулет ƏЛІБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысының құрметті азаматы.

14 кґше атауы ґзгерді

«Орнында бар оңалар» дейді халқымыз. Біз тəуелсіздік алған нан бергі жылдар ішінде ұлттық құнды лықтарымызды қалпына келтіріп, тіліміздің де, дініміздің де, тарихымыздың да өшкенін жандырып, барын баянды ете бастадық. Оған күні кеше еліміздің айдыны мен айбарына айналған ару Астанада бірден 14 көше атауының өзгеруі дəлел болса керек.

«Астанадағы көшелердің негізгі бөлігі қазақ тіліндегі атауларға ие. Бұл Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде деген сөз. Елордада 934 көше болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілген. Бұл ретте елордамыз үлгі тұтуға лайық», дейді Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов. «Ештен – кеш жақсы» дегендей астана астана болған 16-17 жылдың ішінде қазақтың ұлы академигіне əлі күнге дейін көше аты бұйырмаса, бүгін сол олқылықтың орны толды: елордадағы Левон Мирзоян атындағы көше Астана қалалық мəслихатының 5-шақырылған кезектен тыс сессиясының шешімімен Қаныш Сəтбаев көшесі болып өзгертілді. Бұған дейін республикалық мерзімді басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында талай мəрте көтеріліп, қоғам талқысына салынған Астанадағы Мирзоян көшесі бұдан былай қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сəтбаевтың есімімен аталатын болды. Төреші – уақыт деген осы. Астана қаласының ономастикалық комиссиясы Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген көшеге атау беру жəне қайта өзгерту туралы жекелеген азаматтардан, қоғамдық ұйымдар мен жұртшылық өкілдерінен келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды қарап, төмендегідей қорытындыға келді. Оны Астана қалалық мəслихатының сессиясында депутаттар бірауыздан бекітті. Ендеше, алты алаш жұртына жағымды жаңалық жеткізіп, сүйінші сұраудың реті келіп-ақ тұр. Сонымен, Астана қаласындағы 119-көшеге Шыңғыс Айтматовтың, Е-352 жобалық көшесіне Будапешт, 142-жобалық көшесіне Өзбекəлі Жəнібековтің, 209-жобалық көшесіне Ұзақ батырдың, 203-жобалық көшесіне Жəмеңке абыздың, 188-көшеге Шəймерден Қосш ығ ұл ұлын ың , 200-кө шег е Іли яс Омаровтың, 59-жобалық көшесіне Жантай батырдың, Е-487 жобалық көшесіне Зейін Шашкиннің, Е-107 жобалық көшесіне Əмина Өмірзақованың, Нұрғиса Тілендиев орамына Аспандияр Кенжиннің, Жерұйық көшесіне (3-4 пикет) Рақымжан Дүйсенбаевтың, Л.Мирзоян көшесіне Қаныш Сəтбаевтың есімін беру туралы ұсыныстар қолдау тапты. Сондай-ақ, Дарабоз көшесі мен Асқар Тоқпанов көшелері біріктіріліп, Асқар Тоқпанов көшесі деп қайта аталатын болды. Астана қаласы алдағы уақытта да осындай өнегелі істердің ұйытқысы бола берсін! «Егемен-ақпарат». АСТАНА.


12

25 ақпан

www.egemen.kz

2015 жыл

БЖЗЌ аныќтамасы енді egov.kz порталында ќолжетімді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.

Бүгінгі күні egov.kz пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкіндігі бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кіріссіз көрсетілген. Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар. «Бұрынғы ЗТМО электронды анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. ЕЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді», деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Əлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электронды цифрлық қолтаңба жəне «Электронды үкімет» порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды. «БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен «Электронды үкімет» порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді əр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады», дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ерденаев. 2014 жыл қорытындысы бойынша, egov.kz арқылы ЗТМО зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы электронды анықтамасы 4 млн.-нан астам мəрте алынды. Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады. «Егемен-ақпарат».

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан əрі – Қоғам) мына лоттар бойынша Қоғамның активтерін сату ережесіне сəйкес голландық аукцион өткізу жолымен автокөлік сату бойынша сауда-саттықтар өткізеді: 1

2

500000009564

500000009556

Hi Ace шағын автобусы, 2006 двигателінің көлемі 2.7, VIN жылғы - JTFSX23PX06007213, түрі «күміс түстес металлик», АКПП, салоны «велюр», толық электропакет.

504 445

Toyota Hi Ace шағын автобу- 2006 сы, двигателінің көлемі 2.7, жылғы VIN - JTGSX23P576012258, түрі «ақ», МКПП, салоны «велюр», толық электропакет.

864 388

Кепілді жарна 2015 жылдың 10 нау ры зына дейін (қоса алғанда) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ның Астана аймақтық филиалындағы БИК 195 301 603СТН 620 100 210 124, БИН 040 340 001 283,ИИК KZ6560 1011 1000 0225 42, SWIFT: HSBKKZKX, Кбе 17, ОКПО 40206384 есеп шотына енгізіледі. Сауда-саттықтардың жеңімпазы: Сатушымен 5 жұмыс күнінің ішінде шарт жасасуға міндеттемені; «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өтінімдеріне сəйкес автокөлікті алып шығуды жүзеге асыруды; Құнын төлеу жүргізілгенен кейін өзінің күшімен жəне қаражатымен автокөлікті толық көлемде қабылдап алуды жəне алып шығуды (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17) өзіне алады; Төлеу шарты – 100 % алдын ала төлеу. Сауда-саттықтар (аукцион) өткізу туралы материалдармен танысады жəне қосымша ақпарат алады, сондай-ақ Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, тел. 8(7172) 97-74-79 Ахметжанова Эльмира Асқарқызы (аукцион мəселелері бойынша), 8(7172) 97-79-67 Күрішбеков Бағитжан Қалиақбарұлы (сатылатын автокөліктер мəселелері бойынша) мекенжайы бойынша аукционға қатысуға өтінім жолдайды. Аукционның өтетін күні Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 17, 0701Б-бөлме мекенжайы бойынша 2015 жылғы 13 наурыз, сағат 11.00. Аукционға қатысу шарттары 1. Аукционға қатысуға Қоғам белгілеген аукционды өткізу талаптарына сəйкес кепілді жарналар енгізген жəне құжаттарды ұсынған жеке жəне заңды тұлғаларға рұқсат етіледі. 2. Сатып алу-сату шартын жасасу жəне орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған бұдан бұрынғы аукциондардың қатысушылары; Қоғамның өкілетті органының, Активтерді сату жөніндегі комиссияның мүшелері, сондай-ақ олардың жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інісі, апа-қарындасы, балалары) аукционның қатысушылары бола алмайды. 3. Аукцион арқылы сатылатын немесе өзге активті сатып алғасы келетін ықтимал қатысушылар Қоғамға аукцион басталғанға дейінгі 3 күннен кешіктірмей осы Құжаттаманың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс. Құжаттаманың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну аукцион басталғанға дейінгі 3 күннен кешіктірмей оларды аукционшының журналында тіркеу жолымен жүзеге асырылады. Жоғарыда, Құжаттаманың 4-тармағында аталған Құжаттардың əр қайсысына кіріс хат-хабар мөрі қойылуы қажет.

200 000

200 000

Ықтимал қатысушыларды тіркеуді аукционшы аукционның ықтимал қатысушыларын тіркеу журналында жүргізеді. 4. Аукционның қатысушысы ретінде тіркеу үшін: 1) еркін түрде жазылған аукционға қатысуға арналған өтінімді; 2) төлқұжаттың немесе қатысушының немесе қатысушы өкілінің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты; 3) төлем құжатының түпнұсқасы мен оның банк растаған, кепілді жарнаның енгізілгенін дəлелдейтін көшірмесін ұсыну қажет. Заңды тұлғалар Жарғының нотариалды расталған көшірмесін (енгі зілген барлық өзгерістерімен жəне толықтыруларымен қоса), заңды тұлғаның тіркелгені туралы куəлікті, құрылтай шартынан құрылтайшылардың құрамы туралы үзіндікөшірмені (акционерлік қоғамдар үшін – аукцион өткізу датасынан 30 күнтізбелік күн бұрынғы жағдай бойынша құнды қағаздарды (қарапайым акцияларды) ұстаушылардың тізілімінен үзінді-көшірмені қоса ұсынады. 5. Ықтимал қатысушылар кепілді жарнаны Қоғамның тиісті банктік шотына ақша аудару жолымен енгізеді. 6. Егер аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда кепілді жарна қайтарылмайды. Сатып алушы енгізген кепілді жарна сомасы сатып алушының Қоғаммен түпкілікті есеп айырысуы кезінде мəміленің жалпы сомасына есептеледі. Қалған барлық жағдайларда кепілді жарна аукционның қорытындылары шығарылған күннен бастап 15 банктік күннің ішінде аукционның нəтижелері туралы хаттамаға сəйкес қайтарылады. 7. Қоғам сауда-саттықтар басталғанға дейін қатысушыларға мынадай мəліметтерді: 1) онымен қатысушы аукционға қатысатын нөмірді; 2) ол бойынша қатысушы аукционға қатысатын активтің атауын; 3) аукционды өткізу шарттарын қамтитын билеттерді дайындайды жəне тапсырады. Аукциондық билетті сауда-саттықтар процесінде басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады. 8. Ықтимал қатысушылар Қоғам беретін аукциондық билетті алған сəттен бастап аукционға қатысушы мəртебесін алады. 9. Аукционға қатысушының: 1) сауда-саттықтарға жеке өзі немесе оның аукционға қатысуға өкілеттілігін куəландыратын тиісті сенімхаттар беру арқылы өзінің өкілдері арқылы қатысуға;

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының емдеу-алдын алу ұйымдары үшін дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды. Жалпы сомасы 5 268 000 теңге. Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік құжатамада көрсетілген. Тауар Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 54 мекенжай бойынша жеткізілуі тиіс. Тауар жеткізу мерзімі: келісімшарт жасалған соң 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын əлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 16 наурызда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 54, 1-қабат, № 1 бөлмеден сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе korday_zrb@ mail.ru электронды почтамен алуға болады. Тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 17 наурызда сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы 17 наурызда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 54, 1-қабат, 1-бөлмеде ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдері салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (72636) 4-33-49.

50 000 Жағдайы қанағаттанарлық емес

Бастапқы бағасы – 3 436 429,70 теңге. Ең төменгі бағасы – 1 718 214,85 теңге.

50 000 Жағдайы қанағаттанарлық емес

Бастапқы бағасы – 3 401 201,35 теңге. Ең төменгі бағасы – 1 700 600,70 теңге.

2) аукционға енгізілетін активтер бойынша қосымша мəліметтер алуға; 3 ) о ны ң құ қы қт а р ы бұ зы л ға н жағдайда сотқа жүгінуге; 4) ол туралы аукцион басталғанға дейінгі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлап өзінің аукционға қатысуға арналған өтінімін кері шақырып алуға құқы бар. Сатып алушылармен есеп айырысу жəне сатып алынған активке меншік құқығын ресімдеу тəртібі 1. Қоғам мен сатып алушының арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысулар сатып алусату шартымен көзделген тəртіппен жүргізіледі. 2. Активті беру сатып алушы активті қабылдап алу-беру актісіне қол қою жолымен сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын толық төлегенен кейін жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікті сату кезінде қабылдап алу-беру актісі сатып алушының сатылған активке меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін негіздеме болып табылады. 3. Егер сатып алу-сату шартымен сатып алушының оны орындау белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы тиіс активті сатып алу бағасын төлеу төлеу бойынша міндеттемелерінен басқа өзге де міндеттемелер көзделген жағдайда Қоғам сатып алушының мұндай міндеттемелерді уақтылы орындауын қамтамасыз етуді талап етуге құқылы. 4. Сатып алушыда активке арналған меншік құқығы оның құнын толық төлегеннен кейін оны Қоғамнан ал ған сəттен бастап ал Қазақстан Рес пуб ликасының заңнамасымен көзделген жəне сатып алу-сату шартында айтыл ған тəртіппен мұндай тіркеу күнінен бастап мəмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын активтерге қатысты мұндай тіркеу күнінен бастап пайда болады. 5. Егер аукционның нəтижелері бой ынша анықталған сатып алушы аукционның қорытындылары тура лы хаттамада белгіленген мерзімдерде шартқа қол қоймаса немесе егер онымен жасалған шарт сатып алушының міндеттемелерін орындамауына байланысты бұзылса, Қоғам ұсынысы аукционның жеңімпазының ұсынысынан кейінгі неғұрлым артық шылықты болып табылатын аукционның басқа қатысушысымен шарт жасасуға не болмаса қайталап аукцион өткізуге құқылы. Бұл ретте, кепілді жарна сатып алушыға қайтарылмайды. 6. Тараптардың сатып алу-сату шартына аукционның сатып алушыны таңдау үшін негіз болып табылған шарттарынан өзгедей шарттар енгізуге құқы жоқ.

ГКП на ПХВ «Кордайская центральная районная больница управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупке лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для лечебно-профилактической организации ГКП на ПХВ «Кордайская центральная районная больница управления здравоохранения акимата Жамбылской области» на 2015 год. Общая сумма 5 268 000 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Товар должен быть доставлен: Жамбылская область, Кордайский район, с.Кордай, ул. Толе би, №54. Требуемый срок поставки товара до 31 декабря 2015 года после заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 16 марта 2015 года включительно по адресу: Жамбылская область, Кордайский район, с. Кордай, ул. Толе би, №54, 1-этаж, кабинет № 1, время с 09.00 до 18.00 часов или по электронной почте korday_zrb@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 17 марта 2015 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11:00 часов 17 февраля 2015 года по следующему адресу: Жамбылская область, Кордайский район, с.Кордай, ул. Толе би, № 54, 1-этаж, кабинет № 1. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (72636) 4-33-49.

Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «2020 ж. дейін өңірдің даму бағдарламасы» шеңберінде Астана қаласының əкімдігімен «Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай, Сарыбұлақ бұлағының бойындағы тұрғын үй кешендері, Б-8В лоты», барлығы 268 пəтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 134 пəтер, тұрғын үй бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 5 наурыздан бастап 2015 жылғы 5 мамырға дейін, 5 мамырды қоса санағанда тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдайтынын хабарлайды. Пул «2020 ж. дейін өңірдің даму бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сəйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «2020 ж. дейін өңірдің даму бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан «Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай, Сарыбұлақ бұлағының бойындағы тұрғын үй кешендері, Б-8В лоты» (барлығы 134 пəтер). Бағасы «таза» əрлеумен 1 шаршы метрге 120 000,00 теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылғы сəуір. Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бөлімінде танысуға болады. Банктің барлық филиалдарында, сондай-ақ Банктің www.hcsbk.kz интернетресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» өтініш беруге болады. Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады. Банктің Астана қ., Сығанақ к-сі, 29 ВП -3 мекен-жайында орналасқан филиалында, немесе Астана №1 ҚО , Мəскеу к-сі, 29 (34-пəтер) мекен-жайында орналасқан, Астана №2 ҚО, Кенесары к-сі, 4 мекенжайында орналасқан, Астана №3 ҚО, Қажымұқан к-сі, 12а мекенжайында орналасқан жəне де Банктің www. hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тəртібімен жəне құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін жəне пəтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады. Ескерту: Пулға өтініш берген күні балл санын есепке алу ескерілмейді.

Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігімен СҚО, Петропавл қаласы, «Береке» шағын ауданында орналасқан, барлығы 55 пəтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 28 пəтер, бағасы 1 шаршы метрге 100 000 теңге болатын тұрғын үй/ кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылғы маусым. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылдың 5 наурызынан басталады. Банктің СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28 мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тəртібімен жəне құрылыс нысанының сипаттамасымен(соның ішінде ғимарат қасбетін жəне пəтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігімен СҚО, Петропавл қаласы, «Береке» шағын ауданында орналасқан, барлығы 90 пəтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 45 пəтер, бағасы 1 шаршы метрге 100 000 теңге болатын тұрғын үй/ кешені құрылысы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылғы маусым. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі шамамен 2015 жылдың 5 наурызынан басталады. Банктің СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 28 мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тəртібімен жəне құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін жəне пəтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

БҚО əкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК, Орал қ., Н.Савичев к-сі, 85, 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету туралы хабарлайды (бұдан əрі – ТМККК) жөнінде (бұдан əрі – процедура) Медициналық көмектің түрлері бойынша: дəрігерлікке дейінгі, мамандандырылған білікті, жоғары мамандандырылған, жедел медициналық жəрдем (санитарлық авиация). Медициналық көмек нысандары бойынша: амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық жəне стационарлықты алмастыратын жарақат пункті. ТМККК ұсыну бойынша қызметтер Батыс Қазақстан облысының аумағында көрсетіледі.

«Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, анықтама телефоны: 8 (7172) 557486, densaulyk.astana.kz, Астана қаласы əкімдігінің «Достық» отбасылық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері лауазымына конкурс жариялайды, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 24, жұмыс телефоны: 557486. 1. Конкурсты өткізу уақыты мен орны: конкурс 2015 жылғы 13 наурызда мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 4-қабат, Астана қаласы əкімдігінің ғимаратында өтеді. 2. «Достық» отбасылық денсаулық орталығы денсаулық сақтау саласында уəкілетті орган бекіткен ауруды ерте жəне жасырын түрлерін жəне қауіптілік факторын анықтауға арналған шаралар; санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы шараларды; иммундық профилактика ұйымдастыру жəне жүргізуге; халықты денсаулық сақтау, ауруды алдын алу жəне саламатты өмір салтын қалыптастыру мəселесі бойынша үйретуге; алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының азаматтарды стационарларға емдеуге жатқызу, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету; жүкті əйелдер мен балаларды диспансерлеу жəне қадағалау; уақытша еңбекке жарамсыздыққа жəне кəсіби жарамдылығына сараптама жүргізуге (профилактикалық жəне мерзімдік медициналық тексерулер) бағытталған түрлері мен көлеміне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қызметтің басқа түрлеріне сəйкес амбулаториялық жағдайда жəне үйде алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық, зертханалық-диагностикалық көмек көрсетеді. 3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білімі, «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санатының жəне денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексін, Казақстан Республикасы Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасыдағы тіл туралы» Казақстан Республикасы заңдарын, денсаулық сақтау мəселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, əлеуметтік гигиена жəне денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, емдеу-алдын алу жəне санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық жəне ұйымдастыру негіздерін, халықтың денсаулығы жағдайы бойынша статистиканы, денсаулық сақтаудың өлшемдері мен көрсеткіштерін, медициналық көмектің нарығының конъюнктурасын, отандық жəне шетелдердің медицинадағы ғылыми жетістіктерін, аурулардың əлеуметтік жəне медициналық сауықтыруды ұйымдастыруды, еңбек туралы заңнамаларды, еңбек қорғаудың тəртіптерімен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік тазалықты жəне өртке қарсы қауіпсіздік мəселелерін білуі тиіс. 4. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті тапсыру мерзімі: құжаттар 2015 жылғы 11 наурызға дейін қабылданады. 5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталу күні: 2015 жылы 25 ақпан. 6. Конкурсқа қатысу үшін қабылданатын қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне жұмыстан еңбек шартының тоқталғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының Қызылорда филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 29.01.2015 жылғы №05-18/229 санды хатына байланысты 2015 жылғы 17 наурызда сағат 15.00-де қаланың жəне барлық ауданның ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдында Суды арналар арқылы беру қызметі бойынша 2014 жылдың қорытынды есеп беру жиналысы төмендегі мекенжайда өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды. Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, №66 үй (мəжіліс залы). Тел. 8 (7242) 23-32-50, 23-38-94.

«АТФБанк» акционерлік қоғамының (ҰСН KZP01Y10E608) облигацияларын ұстаушылардың назарына! «АТФБанк» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Алматы қ., 050000, Фурманов к-сі, 100, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының 18-2 бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірінші облигациялар шығару проспектіне үшінші облигациялық бағдарлама шегінде (ҰСН KZP01Y10E608) жасалған өзгерістер мен толықтыруларды тіркегені туралы хабарлайды. «АТФБанк» АҚ.

Заңды тұлғалар назарына!

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясы газ цехының сұйытылған газ жəне газ толтыру учаскелерін аутсорсингке беру туралы тендерге қатысуға конкурс жариялайды. Тендерге осы салада тəжірибесі бар компаниялар шақырылады. Тендерге қатысуға ниет білдіруші компаниялардың, сұйытылған газ жəне газ толтыру учаскелерін пайдалану жəне қызмет көрсету бойынша тұсаукесер жəне басқа да көрнекі құралдар түрінде техникалық сауатты жəне экономикалық дəлелді ұсыныстары болуы тиіс. Тендерге байланысты сұрақтарды мына нөмірлер бойынша қоюға болады: Телефондар: +7-72-13-96-98-92, +7-7213-96-53-17 Эл.мекенжай: Alexey.Barantcev@arcelormittal.com Sabina.Loseva@arcelormittal.com Nikita.Ryabov@arcelormittal.com Ұсыныстар 06.03.2015 ж. (қоса санағанда) дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны ректорының бос лауазымына конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы: 070004, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 69-үй. Қызметінің негізгі мəні – жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдармаларын іске асыру, іргелі ғылыми жəне қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады. Қызметінің мақсаты – ғылым мен тəжірибе жетістіктері, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтардың негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кəсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дəрежесі жəне кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында жəне/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың (куəлігінің) болуы. Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды: 1) он сегіз жасқа толмаған; 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куəлігінің көшірмесі; 3) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме (қағаз жəне электронды нұсқасы фотосуретпен қоса); 4) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 5) білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кəсіптік даярлығының болуы туралы құжат; 6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; 7) соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама; 8) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми атағы мен дəрежесі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдарының, бұрынғы жұмыс орнының басшысы ұсынымының көшірмелері) қосымша ақпаратты ұсына алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған сəттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі əкімшілік департаментінің кадр жұмысы басқармасына (811-бөлме) өткізу қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-23.

Положение открытого конкурса на лучший проект монумента 550 летию Казахского ханства в г. Усть-Каменогорске Конкурс проводится управлением культуры, архивов и документации ВКО. Цель конкурса – выявление наиболее выразительного скульптурно-художественного решения монумента, раскрывающего историю Казахского ханства. Проектные предложения, представленные на конкурс, должны обладать высоко идейным и архитектурно-художественным уровнем. Программа конкурса Критериями отбора монумента являются: Высокий художественный уровень, эстетическая выразительность, идейная содержательность, художественная целостность и оригинальность; Монумент должен раскрываться с дальних подходов и подъездов и служить композиционной доминантной панорамой местности. Состав конкурсных проектных предложений и требований к оформлению представляемых материалов В составе конкурсных материалов представляются: Ситуационная схема М 1:500 Генплан М 1:50 Макет М 1:10 Фасады памятника М 1:10 Скульптура по усмотрению авторов Краткая пояснительная записка в 2-х экземплярах, превышающая 2 страницы, напечатанных шрифтом «TimesNewRoman» размером № 14 с одинарным межстрочным интервалом, смета, с изложением основной идеи и принципов художественного решения монумента и организации пространства. Метод графического исполнения - в цвете, техника и материал макета и скульптуры - по усмотрению автора. Условие конкурса К участию в конкурсе приглашаются заинтересованные юридические и физические лица. Участникам конкурса необходимо ознакомление с историей Казахского ханства, по возможности посещение места установки монумента (площадь имени Ушанова или набережная Иртыша, на территория Амфитеатра) с целью определения соответствующего масштаба и параметров монумента. Материал монумента – на усмотрение автора. Конкурсные материалы предоставляются авторами в КГУ «Восточно-Казахстанское областное учреждение по охране историко-культурного наследия» управления культуры, архивов и документации Восточно-Казахстанской области. Прием документов для участия в конкурсе проводится в течение 30 дней с момента опубликования настоящего положения. Проекты, представленные с нарушениями условий настоящего положения не допускаются к конкурсу и комиссией не рассматриваются. По вопросам программы и условий конкурса обращаться по адресу: г. Усть-Каменогорск, ул. Потанина, 27/1, КГУ «Восточно-Казахстанское областное учреждение по охране историко-культурного наследия» управления культуры, архивов и документации Восточно-Казахстанской области. Тел: 49-21-03, e-mail: vko-nasledie@ mail.ru

Утерянный кассовый аппарат (штрих – М – FR – F – KZ 70000538) считать недействительным. Ардақты азамат, аяулы досымыз Сағынтай ТОҚАБАЕВТЫҢ кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағасы Сағынбек Тұрсыновқа орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бір топ достарының атынан: Ерсұлтан Бектұрғанов, Есберген Алауханов, Қалыбек Алдабергенов. «Алматықұрылыс» ұлттық холдинг компаниясы бұрынғы «Главалмаатастрой» тресінің бастығы, Қазақ КСР-нің Өнеркəсіп жəне құрылыс материалдары министрі, еліміздің еңбек сіңірген құрылысшысы Ораз Мақайұлы БЕЙСЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, еліміздің еңбек сіңірген құрылысшысы, Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Ораз Мақайұлы БЕЙСЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университетінің ұжымы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Сəбитұлы Рамазановқа ұлы CАМАТТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ бас директорының трансформация жөніндегі орынбасары Мұхит Мұратұлы Маженовке əкесі Мұрат Ахметжанұлы МАЖЕНОВТІҢ мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ жəне «БК «CASPI BITUM» ЖШС «ҚазМұнайГаз-өңдеу жəне маркетинг» АҚ бас директорының трансформация жөніндегі орынбасары Мұхит Мұратұлы Маженовке ƏКЕСІНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


25 ақпан 2015 жыл

Екеуміз құрдаспыз. Əзіліміз жарасқан, əңгімеміз таң асқан. Қатарлас оқыдық. Баяғы КазГУ-де. Тіл-əдебиетте. Ол оқуға бір жыл кейін келді. Қатарласып, қанаттасып, қаламдасып кеттік. Бірден. Бір көргеннен. Ол əуелі өзінің басынан үлкен бокс қолғабын киді. Факультет атынан жарысқа түсті. Шынашақтай сары бала. Ашаң. Шаршы алаңның шаңын шығарып жатқандар мұрнын шүйіре қарайды. Кəнігі дайындығы жоқ. Тек құштар көңіл мен балаң намыс. Алға сүйреген сол. Бірақ техниканың аты техника, қолы ауа қармап, қарсыласы бұлт еткенде, бұл жылт етіп, бұрышқа өтіп кетеді. Бірақ факультет намысын қорғап жатқан сары балаға деген жанкүйерлер айқайы басым. Оның жүзінде ойнап тұрған намыс пен құштарлық бізді бірден жақындастырып əкетті. Сол намыс пен жігер оны жеңіске жетелеп келе жатты. Əдебиет майданында сыншы қолғабын киді. Бұл жолы сасып, сансырамады. Намысын қамшылағаны. Маңдай терінің тамшылағаны. Университеттің Əуезов атындағы бірлестігінің жұмысына батыл кірді. Тіпті екінші курста оқып жүргенде баянгер Бейсенбай ағайымыздың сеніміне ие болды. Студенттік ғылыми мəжілістерде бой көрсете бастады. Тақылдап сөйлейді. Тақымдап пікір айтады. Бейсекеңе еліктеп, шашын тікірейте қояды. Кездесулерде мінбеде тұрады. Ашаң жүзі ашылып келе жатты. Мақалдап сөйлейді. Əлем əдебиетінің баһадүрлерінен мысалдар жонады. Жалын күдірейте бастады. Курсының алдында келе жатады. Аузында мысал. Əзілінде тұспал. Сөзінде сын. Қуақы, қунақ. Баяғы бокстағы балаңдығы ұмытылды. Əдеби алаңда сенімді. Сергек. Сезімтал. Құмнан алтын айырған, қашаған сөзді қайырған ұстаздар: зергер Зекең – Зейнолла Қабдолов пен қалақтай ғана қайсар шал Бейсекең – Бейсенбай Кенжебаев, көп білсе де аз сөзбен сыр ұқтырар, ойыңды юмормен шынықтырар Темірғали Нұртазин, сөзінің басы Мұхаңмен басталып, сонымен аяқталатын сыршыл ағай Сұлтанғали Садырбаев, жанары жалтжұлт, айтқаны дерек, кеудесі зерек – Рымғали Нұрғалиев, Белинскиймен бел құда болғандай Белгібай Шалабаев секілді саңлақтар да осынау сары балаға назар сала бастаған. Тіпті жандарына тартып, оның əңгімесіне жарғақ құлақтарын жалықпай төсейтін болды. Уақыт өткен сайын ашаң сары ертектегі жауыр тайдай жұтынып, сөз сапырса «құтырып» шыға келетін болды. Арамыз күн өткен сайын жақындай түсті. Сөзге құрық тастаған өңшең көгенкөз кездесулерде біріміз өлең оқып, біріміз сөз сөйлеп, əдебиетті өзіміз жасағандай болып желденіп, шабыт кергенде шелденіп, сөз тергенде сенделіп, ағалардың алдында көлденеңдей бастадық. Бес жыл бес күндей екен. Өте шықты. Диплом алып, Маңғыстау астым. Ол Алматыда қалды. Əдеби мекемелердің есігінен батыл ене бастады. Академияға барды. С.Мұқанов мұражай-үйінде қызмет атқарды. Алыста жатсам да көзден таса етпеймін. Оқып жатамын. Шыны керек, ол əуелден арға бақты. Əділдікке мойын бұрды. Əлі келсе, ақиқатын айтуға құмарланды. Жазды, жазған сайын өсе түсті. Көрді, көрген сайын көсіле түсті. Білді, білген сайын іздене түсті. Əуелден ішкі дүниесі қайсар еді. Ішкі қайсарлық сыртқа тепті. Жалы күдірейген сыншы болды да шықты. Əдебиетті жіліктей шағып, қаламы ұшында майын сорғалатты. Алматы түнде түстен, күндіз ойдан шықпады. Екі жылдан соң өкшемді көтердім. «Лениншіл жас» газетіне ат байладым. Кілең ығай мен сығай, «мен атайын, сен тұр». Жүрексіне кіріп, жылдарды жүгіртіп кете бардық. Ол да келді жастар ортасына. Əдебиет бөліміне жайғасты. Енді ол жалы күдірейген сыншыға айнала бастаған. Жазбагер жұрт жалпылдап кіріп, жалтақтап шығып жатады. Безбен сол. Талантқа таразы. Əсіресе халтураға қас. Шегір көзі шатынап, жасықты көрсе, жау көргендей түйіледі, ақсұңқар құстай шүйіледі. Жарқ еткен жақсыны көрсе, жоғын тапқандай сүйінеді. Əріптестеріне айтып, келіншегі ұл тапқандай мəре-сəре болады. Дереу алғысөз жазып, Сəкеңе сілтейді. (Сəкең – сардар аға Сейдахмет Бердіқұлов). Солақай қолдың бір тартары жас қанаттың қауырсынын бұрқыратады. Қара мақалаға да жүйрік. Газетте ондай тапсырмалар да аз емес. Қара мақала деп қомсынбайды, оң қолмен, оң ниетпен жазады. Қай жазбасында да жылт еткен сезім, самала сенім, астары жұмсақ сөз, айтары құндақ ой жатады. Ал əдеби мақалаларға келгенде табаны жерге, қаламы шелге тимейді. Төгіліп те жазады, сөгіліп те жазады, жан ауыртса жадау сөз, егіліп те жазады. Жастар газетінде қатар қалам сілтеген сол бір шуақты шақтар қайта айналып келсе, шіркін, қапы кеткен тұстар мен қайыртпай кеткен тақырыптар қораға кірген қойдай жуасыр еді-ау деп ойлаймын. Ол да осылай ойлайтын болар. Мен бұған кəміл сенемін. Жастар газетіндегі жарқын кезеңнің жылнамасын таратып жатқан жазбагерлердің жадында қалған сол бір жылдарда оның өзі өркештеніп, қаламы буыршындай бұлқынып, ауыр жүкті арқасы қомды атандай тарта алды. Көркем сөзге шешен. Қара сөзге көсем. Əдеби трибун. Басында жүз ақынның жыры жүреді. Талай қаламгердің сыры жүреді. Сағынышы мен мұңы жүреді. Жастар газетінің жақсы қамшыгерлерінің бірі болды. «Социалистік Қазақстан» газеті қалап əкетті. Ұзатып салдық. Аға тілшілік лауазымынан кетті. Енді сəл күткенде бөлім меңгерушісі болар еді. Жастар басылымының Əдебиет жəне өнер бөліміне. Газеттің ең беделді де, даулы бөліміне. Айына мыңдаған хат келетін бөлім. Қазақ ақын ғой, елдің əр өңірінен, Алматының өзінен өлең, əңгіме бұрқырап келіп жатады. Бір жылы санадық, шамамен жылына жиырма мыңдай хат келеді екен. Аяқтай келгендерін есепке алмағанда. Авторлардың ішінде даукестер де, арызқойлар да, «қызыл коммунистер» де, пəле баққандар да, халтурщиктер де жетіп артылады. Секең мені Əдебиет бөліміне меңгеруші

МЕСІ

ҢГІ Ə Ң І Т Т Е ƏДЕБИ

www.egemen.kz

маңдай терінің өтеуі алдағы күндерде қайтар деп үміттенемін. Оның жазғандарын оқу бір ғанибет. Поэзияны талдағандағы парасат, прозаны талдағандағы ішкі қуат, драматургияны талдағандағы динамикалық жігер, ел мəдениетін екшегендегі ерекше энергетика, ең бастысы туған əдебиетке деген таза перзенттік сезім оны өзгелерден оқшау көрсетеді. Мұны бəріміз білеміз. Айта бермейміз. Əлде айтқымыз келмей ме екен? Оны өткен жылы əдебиетіміздің алыптарының бірі Əбекең – Кекілбайұлы айтты. Айтқанда қандай, оның туған əдебиеттегі ерен еңбегін батырлық пен жанқиярлыққа теңеп, бір өзі бір ғылыми зерттеу институтының жұмысын атқарып жүр деп ағылтегіл пікір айтты. Хабарласып, «мен үшін ең негізгі баға осы» деп көңілі босап та кеткені бар. Сол кезде ол өзін бақытты санады. Шындығы сол, ол бақытын ұлттық əдебиетке қызмет жасаудан тапқан қаламгер. Қызыға қараймын. Қызғана қарағандар да болған. Қызғаныштың қызыл күшігі шəуілдеп көрген. Түйе үстінен итке қаптырмас жігіт қой, керуені көше берді. Ол өз мандатына адал қалпынан айнымай келеді. Ұлтқа қызмет етудің ұлағатын көрсетті. Ұстазға қызмет жасаудың үлгісін көрсетті. Қазақ əдебиетінің бастауын он ғасырдан астамға əрі жылжытып, ұлы жыраулар мен жыршыларымызды тірілткен талантты топты тұлпардай баптаған қарапайым ғана қалақтай қара шалдың – Бейсенбай Кенжебаевтың туған баласындай қабылданып, ұлы ұстазы Алла берген аманатын тапсырғанша жанында бо-

Қаптауыл қалам, тұтқауыл талғам

Ќанаттас ќаламгер Ќўлбек Ергґбектіѕ əдебиет əлеміндегі əдемі єўмыры туралы сыр-десте Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

етіп ауыстырды. Ең əуелі Көпен көкем келді. Құлбекпен бояулас. Ештеңе əкелген жоқ. Ақыл əкелді, нақыл əкелді. «Өтеш, бұл жерден сен жүз дос, мың жау табасың», деді шегір көзін қадай отырып. Соны айтуға келдіңіз бе? дедім. «Иə, деді ол, бірақ мен мыңның ішінде жоқпын» деді күлімсіреп. Енді келетін «тоқсан тоғыз досым қалды» деп ойладым ішімнен. Дос деген бірден құйылып келе қалмайды екен. Соны екеуміз де бастан кештік. Тіпті қызық жағдай өзі. Болған оқиға. Жастар газетінде менің басымда, «Социалистік Қазақстанда» оның басында болған жайт. Айтар реті келді. Қ. деген ағамыз болды. Өлең жазады. Жаза берсін. Бірақ аптасына кем дегенде бір рет келеді. Өлең əкеледі. Алматыда аудандық газет жоқ, соған сілтейін десең. Шаршамайды, талмайды. Таланты нөл болса да, «еңбегі» екі жүз процент. Қайтарамын. Бір түйіле қарап, шығып кетеді. Тағы келеді. Бір күні, əлі есімде, төрт өлең əкелді. «Бала, өлеңімді өзім оқып берейін, сен тыңда» деді кесімді үнмен. Мақұл. Тыңдап отырмын. Біріншісі «Болмасын соғыс» деген өлең екен. Тыңдап болып, жарамайды дедім. «Міне, көрдің бе, сен қандай адамсың, мен соғыс болмасын деп отырмын, сен жарамайды дейсің, демек, соғыс болсын деп отырсың, соғысты жақтап отырсың» деп тап берді. Сасып қалдым. Мен күтпеген бұрылыс. Екінші өлеңін оқыды. Тақырыбы «Жасасын, Компартия». Маған енді бұл ойын секілді болып көрініп кетті. Жарамайды дедім нықтап. «Ə, тұтылдың ба, сен Ленин партиясына қарсы адамсың, бұл жерде қалай отырсың, ЦК-ға барып, көзіңді құртамын» деді енді күш алғандай болып. Келесісін оқыңызшы дедім жайбарақат. «Абай – ұлы ақын» деді даусын күркіретіп. Оқыды. Жарамайды дедім. Мен де күреңіте бастадым. «Əп, бəлем, білдім сені, Абайды мойындамайсың, жершіл, жүзшіл адам екенсің, құртамын» деді енді жүзі түтігіп. Төртінші өлең оқылмай қалды. «Ағасы, мені құрту үшін жұмысыңызды Бердіқұловтан бастаңыз, осының бəрін айтсаңыз, құртады да салады» дедім. Шыға жөнелді. Өлеңдерін алып. Секең шақырды. Жүзі қабарып кеткен. «Айт не болғанын» деді салқын жүзбен. Айттым. Жіліктеп. Секең өлеңдерді өзі оқыды. Жүзі тіпті қабарып кетті. Жанары жалт-жұлт. «Ағасы, қайда барсаңыз, онда барыңыз, енді қайтіп осы жетінші қабаттан көрмейтін болайын» деді ашуын əзер басып. «Бұл сізге шантаж жасайтын жер емес. Барыңыз». Көкеміз қара кісі еді, одан сайын қап-қара болып кетті. Шыға жөнелді. Аузындағы «құртамын» деген сөз борандап бірге кетті. «Осылар ғой бізді құртқан» деді Секең шаршаңқы үнмен. Ол екеуміз мұндай жағымсыз жайларды сан рет көрдік. Жаңағыдай жазғыштар əлі де қасымызда жүрген секілді. Шаршадық. Бірақ өлермен өлеңшілер шаршамайды екен. Енді ол бір топ «өлеңсекілділерін» алып оған барады. Жаратпайды. Екі барады, жаратпайды. Үш барады, жаратпайды. Төртінші рет Абайдың оқырманның көзіне көп түсе бермейтін өлеңдерін алып жəне барады. Досым жаратпайды. «Тіпті мына өлеңдеріңіз бұрынғыдан да нашар екен» дейді. Содан əлгі: «СҚ»-да отырған сыншы Ергөбек Абайды оқымаған, өлеңдерін білмейді, Абайды менсінбейді» деп байбалам салып, бақанын алып, аяқтан шалады. «Абайды менсінбеген» адамды аясын ба, əдеби газет «жарқ еткізіп жариялап, жалп еткізер» қадам жасайды. Досым дүбəра талғам мен күлдібадам көмекке қолын бір сілтеп, ғылымға кетті. Бір жамандықтың

бір жақсылығы болады деген сөз бар. Рас екен. Тіпті əлгіндегілерге рахмет айтсақ та болар. Ол қазақ əдебиеттану ғылымына талантты, білімді, білгір, өз көзқарасын қай жерде де дəлелдей алатын, ең бастысы жаза алатын, жазғанда да жорға жүрісі жұртты иландырып, сүйсінтетін, миландырып, қуантатын дарынды сыншы-ғалымды қосуға септігін тигізді. Ашуын ақылға, сезімін сенімге жеңдірген сыншы Ғылым Академиясында мол қазынаға кенелді. Оқу құралдарын да жазды, жазысты. Тарих шаңын талғап сүртіп, шыңырау түбіндегі шындықты қауғалап сыртқа шығарды. Ерінбеді, екшеді. Таусылмады, текшеді. Қаламы қозғалып, көкейдегі сөзді алып, оқырманның көзіне сүзді. Тапқан қуанып, таныған алып, талантқа рахметін жаудырды. Қазағымызда: «күшігінде таланған» деген сөз де бар. Ол да осыны бастан кешті. Бірақ оның басқалардан ерекшелігі, жасып қалмады, жүні жығылмады. Қайта жалын тікірейтіп, қаламын серт ұстап, ұлттық əдебиеттің ұлы майданына ұрандап шықты. Қазып жазды, танып жазды. Қазақтың ғана емес, əлем əдебиетінің алыптарымен кездескенде, сұхбаттасқанда иығын бермей, деңгейлес дарынын, қаламгер қарымын көрсетумен болды. Өсті, өрісін кеңейтті. Өнегесін молайтты. Академиктермен əзілі жарасып, тұлғалармен таласып, баһадүрлердің батасын алып, саңлақтардың сарқытын ішті. Қауқарлыға қолбала болмай, зейіндіге зор бала болды. Ергөбек – еңбек озаты. Таптауырын тіркес демеңіз, айдай ақиқат. Оның жүрдек қаламы жиырма томдық еңбек берді. Соншасы тартпасында жатыр. Алты томдық «Арыстары мен ағыстары» қандай! Қалың томдар. Аты қандай болса, заты да сондай. Терең таным. Тəлімді талғам. Сергек сезім. Толыбайдың көзімен көріп, Күреңбайдың сөзімен айтады. «Арыстар мен ағыстар» қазақ əдебиетінің соңғы жетпіс жылдық жылнамасы секілді. Анықтамалық жинақ. Антологиялық оқулық. Хрестоматиялық түзілім. Ұзақ жылдардағы көз майын тауысқан еңбек. Əдебиеттің тегі мен түрін талдап, талғаған, толғаған томдар. «Ақындар ағасы» Ə.Тəжібаевтың, қазақ жырының қайраткерлері С.Мəуленовтің, М.Əлімбаевтың, Қ.Шаңғытбаевтың, Т.Бердияровтың, С.Жиенбаевтың, Қ.Мырзалиевтің, М.Мақатаевтың, С.Асановтың, Б.Əбдіразақовтың, Ө.Нұрғалиевтің, Т.Медетбектің, Ж.Ерманның т.б. танымал таланттардың поэтикасын талдауындағы сыршыл сөз, шыншыл пейіл, новеллалық нақыштарға бай лирикалық эсселер өлеңнің өзіндей болып мөлдіреп туып, қуанта оқытады. Білгірлік пен ақындық сезім астасқанда сынның да шырайы кіріп, жаны жарқырайды. Ал прозаны талдағанда, жазып отырған нысанасына сұғына кіріп, ар жақ, бер жағын қопарып тастайды. Сын мақала оқылмайды деген тіркесті бұзған «бұзықтардың» бірі де осы аузын ашса, айтары төгіле жөнелетін ашаң сары. Қазақ жырының көшіндегі қыздардың анасындай болып, абзал ғұмыр кешкен Мариям Хакімжанова апамыздан тартып, аяулы аруларымыздың тағдырын мөлдіреткенде талай оқырманның жанары боталап, жүректері елжірегеніне сан рет куə-дүрмін. Бұдан екі жыл бұрын «Өлеңсөзі» өріске шықты. Алпысқа толғанда. Осы дарын даралығы мен жанр жаңалығын жіктеген сараптамалық еңбекті терең танып, «əдебиеттегі қажетті еңбек, керекті зерттеуталдау» деп бағалай алмадық білем. «Сыншының жолы – ауыр жол» деп ұстазы Бейсекең айтып еді. Білген екен. Қазақ əдебиетінде қырық жылдан бері қалам суытпай, туған əдебиеттің туын көтеріп, жақсысын жариялап, жаңасына қуанып, қашанда қағылез мінез танытып келе жатқан қаламгердің

лып, қарияның батасын алған оның азаматтығын шексіз құрметтеймін. Қара шалмен бірге болған күндер қазақ əдебиетіне, оның тарихы мен сынына қазына болып қосылды. Көмбе ашылды. Көңіл тоғайды. Көз тояттады. Қалам қуаттанды. Шындық шуақтанды. Бейсенбай ағамыз өмірден өткен соң оның əдеби мұрасына шынайы қамқорлықпен қарап, түзіп, жинақтап, текшелеп, киелі Түркістан жеріндегі Қазақ-Түрік университетінің жанынан кітапханасын жасақтап, көшіріп əкеліп, жайнатып, жасантып қойды. Ұстаздың атын оздырды, затын қадірлетті. Рухани-діни орталық болып қалыптасқан Түркістан енді мəдени-ғылыми орталықтың да туын көтеріп, əдіскерлер мен дəріскерлердің іздеп келетін орнына айналды. Бұл ұйымдастырушылық қабілет. Көпке болсын, көңілге жақсын деген əрекет. Шəкірт тəрбиелеудің үздік көрінісі. Ұстаз болудың озат мысалы. Ақсақалдыққа абыроймен қадам басу. Аруақ шет көрмесін, кейде əзіл алып қашқанда: «Түркістанда Қожа Ахмет, оның қасында Құлбек» деп айтып жіберетінім бар. Ризалық. Шын пейіл. Үш ғасырлық соғыстардан үзіліп жеткен аңыздар мен əфсаналар жетерлік. Соның бірі Абылайдың заманында болыпты. Сыр бойынан шыққан, Дөйттің дүрі, Бозғылдың ұрпағы Келменбет батыр жауға шолақ тон киіп, жалаңтөс шабады екен. Бірде қырғын ұрыста, қазақ жағы шегіне бастағанда Келменбет атойлап шығып, жаудың бетін қайтарып, ұрысты қазақтардың пайдасына шешіпті. Соны көріп тұрған хан жас батырды шақыртып, танысып, оның түр-тұлғасына көз тоқтата қарап: «Келте тонды Келменбет, қайратыңа рахмет» деп ризашылығын білдіріпті. Хан айтқан сөзді біз де айтып көрелік: «Қаламгер дос Құлбек, қайратыңа рахмет». Əдебиет атынан, қаламгерлер атынан, оқырмандар атынан. «Ханның сөзін құл да айтар» демекші, аузымызға дуа бере гөр, Жаратқан. Майын тамызады деген сөз бар. Айтса əңгіменің мəйегін, жазса дəйегін табады. Кейде телехабарларға қатысып қалады. Ондайда көкжəшіктің көзіне телміріп қаламын. Сол кезде ол көкжəшікпен «біртүстес» көзі астасып, əрі-сəрілеу болып жатқан телехабардың өн бойына қан жүгіртіп, қозғап жібереді. Біледі, білгесін айтады. Екіұшты пікірлердің өзін дерекпен ширатып, байытып, қайытып, қара сөздің бетіне қаймақ ұялатады. Қазір қаптап кеткен телешоулардың салмағы базардың шуындай, көңілдің буындай. Күлегештердің жеңіл күлкісі де ол қатысқан əдеби-мəдени, естелік хабарда əдемі əзіл, жұмсақ юмор, инабатты ишарамен өріліп, көрерменге рухани салмақ қосар сарабдал дүниеге айналып шыға келеді. Дереу телефон соғып, көргенімді айтамын. Айтылмағаны одан əрі өріледі. Қанаттанып қаламыз. Қалам ұстаймыз. Ой ұштаймыз. Таным талғаймыз. Өткен жылы екеуміз де əдебиет пен өнер саласы бойынша берілетін мемлекеттік сыйлық алу жарысына бірге түсе қалдық. Мен – поэзиядан, ол – əдебиет сынынан. Іштей тілектеспін. Келесі кезеңге шықса екен деп тілекшімін. Жарыс лебі жақындағанда телефон шалды. «Өтеш, жол болсын, бағыт қалай, жай қалай?» деді көңілді үнмен. Айттым. «Мен алмасам да сен алсаң екен, жинағың тың тақырып, көркемдігі мен идеясы тең түскен. Егер алда-жалда ақтық мəреге қатар келер болсақ, мен саған жолымды беремін» деді нық сөйлеп. Шын ниеті. Шынайы көңілі. Жабық дауыстың жұмбағы көп екенін білгендіктен, Қадыр Мырза Əли ағамыздың: «Мен жабық жарыстан қорқамын, не болса да ашық болғанға не жетсін» деген сөзін еске алдым. Мəз болып күлді. Қадекең данышпан ғой, деді сосын тебіреніп.

13

Биыл қой жылы. Той жылы. Ой жылы да болса деп армандаймыз. Əсіресе, Қазақ хандығының жөні де, жосығы да бөлек. Көп айтып жатырмыз. Айтқан сайын жүрегіміз бүлкілдеп, жанымыз нұрланып кетеді. Тарихымыздың оқулығы Қадыр Мырзалиев заманынан бері біршама қалыңдады, бірақ əлі де жазылар беттері жетіп жатыр. Сол жұқалаң беттерді жақсы жазған – қазақ əдебиеті. Ұлт поэзиясы. Ұлт сөзі. Сөз майданында жүрген достың еңбегі де осының ішінде. Елеулі үлесі бар. Өзіндік қолтаңбасы бар. Əргі тарих бергі тарих бола ма деп ұмтылып жатқан жай бар. Бергі тарих болашаққа жол бола ма деп жатқан жай бар. Мəңгілік елдің мəртебесі мен мерейі үстем болсын деп қалам ұстап жүрген арқалы топтың жуан ортасында жақсы дос – филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек те келе жатыр. Түркістанның тұрғыны. Тұранның перзенті. Əдебиет сыншысы, əдебиет зерттеушісі, əдебиет танытушысы қандай болу керек? Оны əбжіл қимылдап, жүрдек қозғалып, жылдам əрекет жасап, өз қызметін мүлтіксіз атқаратын ұлан демеске бола ма? Дау жоқ, Құлбек қаптауыл қаламгер. Қашанда əдеби қақтығысқа, сыншылық соқтығысқа дайын. Бес қаруы бойында. Қалам-найзасы қайраулы, көңіл-тұлпары белдеуінде байлаулы. Шыға шабады. Жыға таниды. Жырғап айтады. Жырлап айтады. Дүдəмал деректердің тігісін жатқызып, қырнап айтады. Айта алатын болғасын айтады. Жаза алатын болғасын жазады. Бір өзі бір шағын ғылыми орталық секілді. Басшысы да өзі, қосшысы да өзі. Хатшысы да өзі, атшысы да өзі. Өз ісіне берілген. Құлдай құлаған. Шаршамайды. Талмайды. Ол қашанда талантсыз тауарға тұтқауыл. Көңілі құламас кеден. Кірбіңі бар дүниеге кірпік қақпайды. Өлексені өткізбейді. Жеріне жеткізбейді. Тұтады. Одан тек қана əдебиеттегі адалдық ұтады. Оның тұтқауыл қасиеті əдеби пайымдары мен толғамдарында жан-жақты көрініп, жарасымын тауып жатады. Жаға жыртыспайды. Кейде əдеби температурасы көтеріліп кететін жері де бар болар, бірақ диагнозын дұрыс қоя білгендіктен, дау асқынбайды. Жоғары технологиялық дəрігерлік құрал-жабдықтардың заманында ол баяғы, кəдімгі шынысы қалың қол микроскоппен ауруды жазбай айыратын көнекөз дəрігерлердей біліктілік көрсете алады. Əдеби біліктілік – əділдіктің өлшемі. Ол өлшемнен жаңылыспайды. Бұдан 3-4 жыл бұрын Құлбек «Қазақ əдебиеті» газетінде маған арнап ойламаған жерден: «Мен сені жоғалтып алудан қорқамын» деген ашық хат жазды. Күтпеген хат. Көп сыры бар хат. Соның бір жерінде: «мен сен арқылы əдебиетке келдім» дегендей деп, мені асыра мақтап та кетіпті. Қуандым. Бірақ осындай талантты адамды мен қалай əдебиетке алып келдім деп қиналдым. «Жоқ, сен əдебиетке өзің келдің» деп жауап жаздым. «Алыстан аңсап жеткен жолаушымын» деген жауап хатым «Қазақ əдебиетінде» жарияланды. Жақсы пікір туғызды екі хат та. Достар мақұлдады. Оқырман қуанды. Құлекең кітабына кіргізді. Біз əдебиетке бірге келдік. «Училищеден келдім» деп Геннадий Хазанов айтқандай: КазГУ-ден келдік. Қатар келдік. Ортақ досымыз Бақытжан Бұйраевтың балығын жеп отырып келген сияқтымыз. Əлде екінші рет «абитуриент болып», КазГУ-ге бірге келгенде келдік пе екен? Інілерімізді оқуға алып келгенде. Мен Бейсенбай Кенжебаев ағайдың соңғы дипломшысы болдым. Ол оның баласы болды. Сонда бірге келдік пе екен? Кездесуге келген Сағи, Тұманбай, Қадыр, Мұқағали, Фариза, Өтежандардың алдынан қуана шығып, есік ашқанда қабаттаса кірдік пе екен əдебиет ауылына? Талай жылдар заулап өте шықты. Бірде озып, бірде қалып, жылдарды жетелеп келеміз. Алла ғұмыр берсе, əлі талай қатар жүрерміз деп ойлаймын. Менің Құлбектен үш-төрт ай үлкендігім бар. Соған бағып іні-досым туралы осы бір жазбаны қағазға түсірдім. Əлгінде айтқан хаттардан кейін оған арнап өлең жазғанмын. Өзіне кезінде жолдап едім, тұтқауылынан қиналмай өттім. Əлде досы болғасын, көңілжықпастық танытты ма екен? Араласып арғы бір ағыстармен, Саусақ сынап бергі бір қағыстармен. Келе жатыр бір адам – Жаны – Жайық, Тіл қатысып тарихи арыстармен... Жаны – жайнақ, Жел соқса аспандаған, Жанарынан қуанса жас парлаған. Білмейтіні жоқ оның бұл өмірде, Əрбір күні бір өлең басталмаған. Жаны – аспан, Бұлты жоқ, бұлдыры жоқ, Əзілі бар əжімсіз, қулығы жоқ. Түркістанның түтінін тікейтеді, Сыршылдық пен сезімнің сыңғыры боп. Əңгімеміз жарасқан, сырымыз да, Əзіліміз жарасқан, мұңымыз да. Сөз-сұлуға біз бірге ұрын бардық, Шаң қонбады көңілдес жырымызға. Бірге жүрген күндерге бір барамын, Түркістанға телміріп мың қарадым. Ашаң жүзің ашылып, Арыстай боп, Аман-есен əрқашан жүр, қарағым. Құлбек дос, Құлекем – Құлагерім, Жанымды көр жайнаған мына менің. Арыстардан кеп жеткен адал елші, Түркістанды тіреген құба белім! * * * Бұл – достық көңілдің тапсырысымен жазылған сыр-десте. Ол биыл пайғамбар жасына қарай қадам басты. Əзір жайнамазға құламайтын секілді. Құлағаны – қазақ əдебиеті. Оқығаны – тарихи тұлғалар. Жазғаны – туған мəдениеттің шежіресі. Жазар көбейсін, жан досым!


14

САЛЫҚБАЙ МЕРГЕН Созақ көтерілісі туралы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында белгілі тарихшы Талас Омарбековтің аузынан естідік. ҚазПИ-дегі филология факультетінің студентіміз. Атақты Мұхтар Мағауин сабақ береді. Қазтуған, Ақтамберді, Шалкиіз, Үмбетей жыраулардан бастап қазақтың өткен қилы тағдырын баяндайды. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Сол кезегі жалындаған жас тарихшы Талас Омарбеков Кеңес өкіметі кемеліне келіп, мейманасы асып тұрғанда советтік одаққа қылыш көтерген Созақ көтерілісшілері туралы айтады. Сүйсініңкіреп, жақ тартып айта ма қалай, əйтеуір кеңеске қарсы тұрған сарбаздарды жамандамайды. Ішіміз бүлк ете қалады. Ырымға бір орыс отбасы жоқ қазақ ауылында оқыдық. Ондағы тарих шы ағайымыз төмендегідей сөйлейтін. Коммунизмді мақтайтын. «Адам дардың сана-сезімі əбден жетіледі, ұрлық-қарлық деген болмайды. Дүниеге керектің бəрі дүкендерде тегін, əркім өз керегін алады. Коммунизм деген сол» деп тұжыратын. Мұғалім аузының суы құрып мақтайды. Біз коммунизм елесі аузымызды толтырған тəтті сөлді тамсап, тамсанамыз. Əкең, шешең бай емес, жетпей жатқаны көп қой. Созақ көтерілісшілері туралы Баукеңнің, Бауыржан Момышұлының естелігін оқығанда бүйрегіміз тағы да бүлк ете қалған. «Шымкентте штык винтовкалы конвойлар бір топ адамдарды айдап келеді, – дейді Баукең естелігінде. – Қазақтар. Біреуінің басы жарылған, біреуінің көзі шыққан. Кейбірі ақсаңдап басады. Қолдары арттарына қарай байланған. Тəндері азап көрсе де жүректері өшпенділікке толы, жанжақтарына ызақорлықпен қарайды. Əскери адам, немесе орыс көрсе кейбірі қолы бос болмағандықтан басымен сүзбекке ұмтылады. Ашу толған көздері оттай жанады. Бұлар кімдер деп сұрап едім, Созақ көтерілісшілері ғой, атуға апара жатыр, деді». Естеліктің ұзын-ырғасы осындай. Кейін қызметіміз Оңтүстікке ауысты. Жұмыс бабымен Созаққа жиі бардық. Бұл өңір қазақ үшін өте киелі жер. Мына жайтқа көңіл аударыңыздар, Созақтың бар тарихын осындағы азаматтар ғалымдарды керек етпей өздері-ақ жазып тастаған. Созақ көтерілісі туралы да көнекөз қарттардың естеліктері жазылып алынған. Неткен ыждағаттылық десеңізші. Алматыдағы Талас Омарбековтен бөлек, жергілікті жазушы, архив директоры болған марқұм Мұхамеджан Рүстемов, созақтықтар Сүлеймен Тəбірізұлы, Дулат Тұрантегі, Жарылқасын Боранбай, Өтеш Қырғызбаев бүге-шігесіне дейін қазып зерттеп, құнды еңбектер жасаған. Сүлеймен Тəбірізұлы ақсақалмен оншақты жылдан бері ағалы-ініміз. Созаққа барғанда ретін тауып, бір əңгімелесіп қаламыз. Сол кісі айтқан: «Созақ көтерілісінің ар жағында Алашорданың азаматтары тұрған», деп. Бір аптаға созылған көтеріліс аяусыздықпен басылып жаншылды. Өзбек байының кең əулісіне тығылған соңғы сарбаздарға жасаулы пулемет қойып қырып жатқанда кеше ғана ақ киізге отырғызып хан көтерген Шалақтың ұлы Сұлтанбек: «Қазақтарым-ай, обалдарыңа

қалдым-ау», деп өкіріп жылады дейді жазатайым тірі қалғандар. Бізді көтеріліске қатысқандардың ішінен Салықбай мерген тағдыры қатты қызықтырған. Құралайды көзге атқан батыр қасындағы серіктерімен Бетпақта жүреді екен. Аш, жалаңаш болмаған. Көздегені құр кет пейтін мергеннің отбасының, өзіне қараған ағайынның қарны тоқ. Бірақ, қазаққа нəубет əкелген Кеңес өкіметіне наразылық жүрегін меңдеген, бойын намыс қысқан есіл ер Сұлтанбек ханнан арнайы шақырту келгенде қарап жата алмапты. Қолдарында ұзын ағашқа шан шыған істік темір, айбалта, қы лыш сияқты қарулары, біренсаран аң-құс ататын бірдеңкесі бар көтерілісшілердің негізі сенген күші Салықбай бастаған мергендер тобы болады. Шымкент пен Түркістаннан отряд ұйымдастырылғанын естіген Сұлтанбек Салықбай мерген бастаған топты Суындық асуын бақылауға жібереді. Түркістаннан күш алған ОГПУ əскерін Созақтағы өкіл Тыныштықбаев бастап келеді. Оларды асуда күтіп алған мергендер Тыныштықбаевтан бастап бəрін атып өлтіреді. Салықбайдың қарауына Қасым, Бекболат, Жанділда, Нұрпейіс, Жəкен, Иса, Əбжаппар сынды мергендер топтасқан екен. Салықбай оларға мүмкіндігінше офицерлерді атуға тапсырма беріпті. Тың күшпен шабуылдаған əрі пулемет, мықты винтовкалармен қаруланған кеңес жауынгерлеріне тойтарыс бере алмаған Сұлтанбек қолы Созаққа шегінгенде, тосқауылға Салықбай мерген тобын қалдырады. Күші тең емес атыста мергендер аттарына мініп шегінгенде Салықбайдың аты тұяғын тасқа тілгізіп, шаба алмай қалады. Қайырыл ған серіктестеріне мерген: «Маған қарамаңдар, арттарыңнан қуып жетем», дейді. Бір офицердің аты жүйрік болса керек, құйғытып кеп қалғанда тасада тұрған Салықбай атып түсіріп, жанынан өте берген сəйгүліктің жалынан жабысып ерге секіріп мінген екен. Жай ғана мерген емес, ат үстіндегі айқаста бірнеше жігітті ер үстінен тымақша жұлып алатын Салықбайдың ерлігі жөнінде ел ішінде əңгіме көп. Соның бірпарасын Сүлеймен Тəбірізұлы ақсақал айтып берген еді. Олардың Салықбайдың жақын туысы Шымкент қаласының тұрғыны, зейнеткер Жақай Үсенбайұлынан жазып алған екен. – Көтеріліс кезінде мен 8 жасар бала едім, – дейді Жақай. – Салықбай көкем оқ-дəрі жасап жатқанда топырлап жанында отыратынбыз. Қорғасынды жалпақ нанға ұқсатып құйып алып, табаның екі бетінің арасына салып айналдыратын. Осылайша домалақ бытыралар жасайды. Мылтықтың дəрісін де өзі дайындаған. Оқ-дəріні алдымен əртүрлі қашықтықтағы заттарды атып сынап көреді, оқ ауытқитындай болса, қарауылын жөндейді екен. Салықбай мылтығының жерге тіреп қоятын аяғы болған. Мерген аңға шыққанда, киіктердің терісі бүлінбесін деп, тек артқы қос аяғынан ғана көздейді екен. Жақайдың əкесі Үсенбай 1934

25 ақпан

ДЕ Р Е З

www.egemen.kz

жылы Шымкентке таяу Қызылкөпір деген жерде қайтыс болады. Шешесі балаларын Арыс қаласындағы балалар үйіне тапсырады. Жақай 1940 жылы Ташкенттегі медучилищеге түсіп, 1941 жылы соғыс басталуына байланысты екі жылда бітіріп шығады. 1943 жылы Созақ аудандық медицина бірлестігі бас дəрігерінің орынбасары болып істеген. Сол кездері аудан орталығы Шолақорғанда таяу жердегі Жеткіншек ауылында Салықбайдың əйелі Ұлбаланың қолында тұрады. Жақай жеңгесінен жəне көз көрген ауыл адамдарынан Салықбай көкесінің көтеріліс басталғаннан кейінгі өмірі жайлы сұрап біледі. Көтерілісшілер жеңілгеннен соң Салықбай өз тобымен Мойынқұм, Шу бойындағы құмға сіңіп кетеді. Бұларды «Салықбайдың бандасы» атап, артынан жазалаушы отряд шығарады. Жер жағдайын жақсы білетін Салықбайдың жігіттері оларды жойып жіберуге мүмкіндіктері болғанымен тартына береді. Себебі, солдаттар: «Сендер Салықбайды қолдайсыңдар, тығып отырсыңдар, азық-түлік бересіңдер», деп жолдағы ауыл адамдарын жазалайды екен. Амал жоқ, ауыл қарттары Салықбайға адам салып, өз еркімен берілмесе ағайынға ауыр тиіп жатқанын айтады. Елді қырып алғысы келмеген Салықбай мерген тобымен отрядқа беріледі. Сонда ел ауызында мынадай өлең жолдары айтылыпты. Атқа салдым пыстанды, Көтердің Алла дұшпанды. Естіген жұрт дуа қыл. Салықбай мерген ұсталды. Өз еркімен берілгендігі ескеріліп мерген он жылға кесіліп, БеломорБалтық каналын салатындар қатарына жіберіледі. Сарышұнақ аяз, киім жұқа, тамақ аз. Тұтқындардың жағдайы мүшкіл, солдаттар да жетісіп жүрген жоқ. Тайгадан аң қаққандар олжасыз келе береді. Сондай күндердің бірінде қарауыл қойып, оқ атып отырған солдаттарға жақындаған Салықбай өзіне де атқызып көруді өтінеді. Тұтқын қағазындағы мерген жазуынан хабары бар солдаттар жан-жақтан мылтық кезеп отырып, Салықбайға оқ атуға мүмкіндік береді. Сонда Салықбай ағаштың ұшар басында секіріп жүрген тиынды көзінен атып түсіріпті. Таң-тамаша болған солдаттар Салықбайды өздерімен бірге аң қағуға алып шығатын болады. Көздегені құр кетпейтін мергеннің арқасында солдаттар да, тұтқындар да етке қарқ болыпты. Мергеннің сіңірген еңбегіне əрі азаматтығына, тəртіптілігіне тəнті болған түрме басшылығы оған «Беломор-Балтық каналының құрметті құрылысшысы» деген медаль беріп, 1935 жылы түрмеден босатады. Қазақстанның қай жеріне барса да сот үкімімен босаған адам сіңеді ғой. Туған елін сағынған Салықбай мерген Созаққа қарасты Жеткіншек ауылына Түркістаннан əйелін алып, көшіп келеді. Бір жағы медаліне сенсе де керек. Бірақ, Созақ көтерілісшілерін жойдық деп күпініп жүрген ауыл, аудан белсенділеріне атышулы мергеннің қайтып келгені ұнамайды. Елдің мазасын алған, зəбір көрсеткендердің ішінде зəлімдігінен «кəпір Мұса» атанған милиция қызметкері бар екен. Сол «сен қайтып келуге тиісті емес едің» деп қайта-қайта тиісіп жүреді. Жеткіншек ауылында егілген ағаштарға қарауыл болып далада қос тігіп отырған Салықбай

мергенді түн ішінде біреулер сырттан дауыс беріп шақырып алады да, содан мерген қайтып оралмайды. Əрі қарай болған оқиғаны жіліктеуге Сүлеймен Тəбірізұлы ақсақал жəрдемдескен. Салықбай мергеннің өмірінің соңғы кезеңінің қалайша болғандығын өз көзімен көрген, көп жыл бойы Созақ ауданында партия, кеңес қызметінде болған, зейнеткер Елберген Жүсіпұлы былай депті: – Менің 14-15 жасар кезім еді. Салықбай мергеннің атына құлағым қанық болғанымен, өзін алғаш рет көруім. Бойы ортадан жоғары, мығым денелі кісі екен, – дейді Елберген ақсақал. Салықбай мерген егілген ағаштарға қарап, əрі суарып жүреді. Елберген болса егістің қарауылы. Екі үй де күркеде тұрады. Салықбай өзінің айдауда Беломор-Балтық каналында болып жақсы қызметі үшін Беломор-Балтық каналында құрметті құрылысшы белгісін алып елге мерзімінен бұрын оралғанын əңгімелеп жүреді. Оның ауылға жасқанбай келуіне осы атағы себеп болса керек. Бірақ жергілікті белсенділер бұл жағдаймен есептеспейді. Олар келіп: «Сені мерген болған дейді», деп айналдыра бастайды. Ұлбала жеңгей Салықбайдың атын атамай отағасы дейді екен. Бірде Ұлбала жеңгей ауылды аралап, жылап жүріп: «Отағасыны ұстап əкетті, не болғанын білсеңдерші!» – дейді жалбарынып. Арада екі күн өткеннен кейін су мұрабы болып істейтін Əліпті де ұстап əкетеді. Арада біраз күн өткенде Салықбай мен Əліпті атып тастапты деп естідік, – дейді Елберген Жүсіпұлы. Бұл оқиға 1937 жылы болған еді. НКВД атын бағатын қария Ұлбала мен оның жақын ағасы Досмағанбетке келіп: «Түнде бір белсенді мені ертіп алып, Жеткіншектің Созақ жағындағы сайға Салықбайды апарып атты. Салықбай өзін ататын адамның атын атап: «Мен сенің не істегелі келе жатқаныңды білемін. Екі бас намаз оқып алайын, сонан соң ісіңді бітіресің», – дейді. Бұл ер Салықбайдың соңғы сөзі екен. Салықбайдың əйелі Ұлбала 1948 жылы Сібірге жер аударылады. Жақай институтта оқып жүргенде жеңгесі Ұлбаламен хат жазысып, хабарласып тұрған. Ұлбаланы Хабаровск өлкесіндегі Еврей автономиялы облысының орталығы Биробиджан қаласына жіберген екен. Сонда жұмыс істеген. Жақайға жазған хаттарында жеңгесі: «Саған сағат, киім алып қойдым, ақша жинадым, келіп алып кетесің бе?” дейді. Алайда заман қиыншылығы Жақайдың жеңгесін іздеп барып қайтуына ерік бермеген. Ұлбала Биробиджанда болғанда туған жерге тезірек жету үмітімен, денсаулығының нашарлығына қарамастан, тынбай еңбектенгенге ұқсайды. Ол туралы мынадай қосымша дерек бар. Көп жыл бойы Созақ ауданы көлемінде əр салада қызмет атқарған Шойынбаев Əбітай ақсақал бір оқиғаны еске алады. Мектепті бітіргеннен кейін ол алғашқы кезде Созақ аудандық прокуратурасында хатшы болып қызмет істеген. Аудан прокуроры Сасықбаев деген болады. 1949 жылы Биробиджандағы Ұлбала жұмыс істейтін мекеменің кəсіподақ ұйымы Ұлбала туралы мінездеме жазып, өнегелі еңбегі үшін оны туған жеріне қайтаруға болатындығын айтып, жергілікті прокуратураның келісімін сұрайды. Прокурор Сасықбаев хатқа жауап қайтару үшін Салықбаймен жəне Ұлбаланы білетін адамдарды шақырып, осы жайлы пікір лерін сұрайды. Бірақ, ол сөзін ызғарлы кейіппен айтқандықтан, шақырылғандардың «келсін» деуге батылы бармай күмілжіп қалады. Осыдан кейін Сасықбаев: «Кеңес өкіметіне қарсы шыққан халық жауының əйелін елге қайтаруға жатпайды», деп жауап қайтарады. Ұлбала 1953 жылы қайтыс болып, Биробиджанда жерленеді. Бұл жайлы Жақайға Созақ өңіріне сол жаққа жер аударылып барған адамдар хабарлайды. Жақай Үсенбайұлы қызмет бабымен Шымкентке ауысады. Тағдырдың жазуы дегенді қойсаңызшы, Жақайдың балалары Клоков атындағы орта мектепте оқиды. Созақ көтерілісін бас қан Клоков офицер Салықбай мергеннің тобымен болған айқаста қаза болған екен. Мектептің салтанатты кештерінің бірінде Клоковты батыр деп əспеттеп, Салықбайды банды, Кеңес өкіметінің жауы деп жамандайды. Салықбайдың немерелері болып келетін Жақай балалары «атамызды жамандағанда жерге кірердей қор болдық» деп келіпті. Қазір кімнің батыр, кімнің дұшпан болғанын емші уақыт көрсетті. Оңтүстік Қазақстан облысы.

2015 жыл  Қаз-қалпында

Жолбарысты жайратќан жігіт Осы əңгімені бұрындары да естіген едім. Бірақ аса мəн бермеген болатынмын. Жақында тоқсаннан асып қалған Келіскен деген қария жəне айтты. Өткен ғасырдың басында қазіргі Қараөзектің шығыс жағында, Балқаш көлінің кең қолтығындағы Алтынбек сайында ши өте қалың болыпты. Малға да жайлы болса керек. Кеңес өкіметі де жергілікті халыққа «құрығын» сала қоймапты. Өз тірліктерін өздері күйттеген ел анда-санда малға ит-құс тисе де аса мəн бермейді екен. «Осы маңда бір жолбарыс пайда болыпты», деген сөз де оларға еш əсер етпеген. ...Сол күні Гүлдəрі ши тартуға ерте шығыпты. Бойшаң келген сүйекті жігіт еңбекқорлығымен бүкіл ауылға сүйкімді екен. Қолында ағаш сапты, өткір орағын беліне қыстырып жаяу барыпты. Шиді көп тартса керек. Екі жерден буып, шиді басынан асыра иығымен сүйреп келе жатыпты. Ауылға жақындап қалғанда жолбарыс тың «арр...ррр» еткен дыбысын естіп қалады. Сол сəтте жерге етпетінен құлап түседі. Артқы жағынан қарғыған жолбарыстың екпінінен құлағанын, жолбарыстың бұған шиді жұлмалап

жатқанынан бірден аңғарыпты. Ши оратын шалғысы қолында екен. Жанұшыра орнынан тұрайын десе ши басып қалған. Шидің үстінде жолбарыс жатыр. Оның қолына бірден жолбарыстың шонданайы ілігіпті. Тас қылып ұстаған күйі өткір ши орғышымен тартып жіберіпті. Қолына ыстық қан тыз ете қалады. Сол сəтте ақ жолбарыс алды-артына қарамай қаша жөнеліпті. Орнынан тұрып қараса, жолбарыс кеткен жақта ізімен қоса сорғалаған қан. Жыртқыштан құтылғаннан кейін орып алған шиіне де қарамастан Гүлдəрі ауылға қарай қашыпты. Қу тірлік үйде тыныш жатқызған ба? Бір күн өткеннен кейін əлгі орған шиін алып келуге Гүлдəрі қайта барыпты. Сонда қансырап өліп қалған əлгі жолбарысты көріпті. «Осы жолбарыс Балқаш ауданы жағына қарасты аймақтағы соңғы жыртқыш болса керек», дейді Келіскен кейуана. Марат ҚАШҚЫНБАЕВ.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ Семей филиалы 2015 жылғы 12 наурызда сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында мемлекеттік республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүргізіледі. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны теңгеріміндегі (ШҚО, Курчатов қ., Красноармейская к-сі, 2-үй, 054Б ғимараты): 1.1. Мемлекеттік нөмірі 658АВ16, 1988 жылы шығарылған УАЗ-2206 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 156 000 теңге. Кепілді жарнасы – 23 400 теңге. 1.2. Мемлекеттік нөмірі 208АЕ16, 1990 жылы шығарылған КАВЗ-3270 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 143 000 теңге. Кепілді жарнасы – 21 450 теңге. 1.3. Мемлекеттік нөмірі 671АВ16, 1978 жылы шығарылған ПАЗ-672 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 136 000 теңге. Кепілді жарнасы – 20 400 теңге. 1.4. Мемлекеттік нөмірі 687АВ16, 1985 жылы шығарылған ЛАЗ-695 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 148 000 теңге. Кепілді жарнасы – 22 200 теңге. 1.5. Мемлекеттік нөмірі 453АЕ16, 1986 жылы шығарылған УАЗ-3741 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 176 000 теңге. Кепілді жарнасы – 26 400 теңге. 1.6. Мемлекеттік нөмірі Ғ657AMD, 1979 жылы шығарылған Т-130 тракторы негізіндегі бульдозер. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 241 000 теңге. Кепілді жарнасы – 36 150 теңге. 1.7. Мемлекеттік нөмірі Ғ659AMD, 1986 жылы шығарылған ЭО4321 экскаваторы. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 254 000 теңге. Кепілді жарнасы – 38 100 теңге. 1.8. Мемлекеттік нөмірі Ғ660AMD, 1968 жылы шығарылған К-255 краны. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 178 000 теңге. Кепілді жарнасы – 26 700 теңге. 2. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Семей қаласының Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының теңгеріміндегі: 2.1. Мемлекеттік нөмірі 621АВ16, 2002 жылы шығарылған УАЗ-31519 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Семей қ., Глинка к-сі, 20. Алғашқы жəне бастапқы бағасы – 177 000 теңге. Кепілді жарнасы – 26 550 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объект қойылады: 3. «ҚР ІІМ ШҚО ІІД Семей қаласы ішкі істер басқармасы» ММ-нің теңгеріміндегі 3.1.Семей қаласының Затон полиция бөлімінің ғимараты, жалпы ауданы 1181,1 ш.м. Алғашқы бағасы – 18 155 000 теңге. Бастапқы бағасы – 90 775 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 5 893 419 теңге. Кепілді жарнасы – 2 723 250 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2015 жылғы 11 наурызда сағат 10.00-де аяқталады. Кепілді жарна «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына есепшотына төленеді: ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11, КНП 171, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММда (төленген кепілді жарна көлеміне банктік қызмет кірмейді). Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Назар аударыңыз! - қатысушының Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім вебпорталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады; - Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, Тізілім веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады; - жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес бөлек төлейді. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша Тізілімнің вебпорталында көрсетілген қатысушының э л е кт р о н ды м е ке н ж а й ы н а ө т ін ім ді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционғ а қа ты с ушы ла р а укцион бастал ғанға дейін бір сағат ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион өткізу тəртібі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион өткізу тəртібі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында жəне 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, саудасаттық өткізілген күн ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 3-қабат, 308-бөлме мекенжайында қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қосымша ақпаратты www.gosreestr. kz сайтынан жəне 8 (7222) 525309, 523266, 568265 телефондары арқылы алуға болады.


25 ақпан 2015 жыл

Бір белгімін

(Əбіш Кекілбаевқа) Əлемнің оймен кезіп шартарабын, Əрқашан ауыр жүкті арқаладың. Өшірмей Əбіш атың намыс отын, Жұртыңды жүрегіңмен қалқаладың.

Өмірім өлеңіммен бірге өрілген, Өрнегін келтіре алмас кім көрінген. Ақынның құпиясы өзіне аян, Ұясын жүрегінің мұң кемірген.

Жарқырап парасатпен парқың жанған, Айналдық ел сүйенген нар тұлғаңнан. Келесің халқың үшін арпалысып, Кемедей көк дауылда толқын жарған.

Жалықпас қуаныштан, қайғыдан да, Тіршілік мінезінен айныған ба? Байлығы жолдас болмас бұл жалғанның, Қаламнан қайыр күткен ойлы жанға.

Сырыңды қалам қайтып жасырғандай, Жауың да жазғаныңа бас ұрғандай. Қазақтың бақытының белгісі ғой, Жарқырап саған біткен асыл маңдай.

Жансая іздемедім салқын белден, Қайтемін рахатты əркім көрген. Сіміріп сөз тұнығын – шөл қандырғам, Бабалар жүзіп ішкен алтын көлден.

Асқақтап, асып-таспай əлдекімше, Жырладым шама-шарқым келгенінше. Ұлтыма қызмет етсем армансызбын, Күзетіп босағасын өлгенімше. Соға ма сөз семсерін осал адам, Күнім жоқ жоқтан барды жасамаған. Дос түгіл қарыздармын дұшпаныма, Оқ атқан Бекежандай Қособадан. Халқын кім жақсы көрмес жаны сүйіп, Безбүйрек болмаса бір қаны сұйық. Адамның жүрегіне елі сыйған, Кетеді дүниенің бəрі сыйып...

Кґкшетау Көкшетау, мөлдіреген көркің қандай, Қалықтап аспаныңда əн тұнғандай.

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай. (Халық өлеңінен).

Дүние сыры бір ғана Құдайға анық, Түн айналып келеді, күн айналып. Қайта тұнар тасыған асау өзен, Арнасынан шалқыған ылайланып. Жыл құстарын шұбыртып жылап кеткен, Көктем қайтып келеді шуақ төккен. Қайталанар өмірде барлығы да, Еш нəрсе жоқ мəңгілік тұрақ тепкен.

Ешкім жоқ түгел түстеп білдім деген, Кім жортып, бұл далада кім жүрмеген? Кім білсін қанша керуен келіп-кетті, Қоңырауы күндік жерден күмбірлеген.

Қайталанар жаз бен күз кезегімен, Қаһарлы қыс қар бүркіп өзегінен. Қуаныш та, қайғы да сан тосады, Тар соқпақты тағдырдың кезеңінен.

Шежіре-атамекен шартарабы, Сан тарау сайрап жатыр жол сорабы. Сөйлейді көне қала, көне қорған, Көміліп құм астында қалса-дағы.

Тіршіліктің тірегі адамдықта, Қайталанар жақсылық, жамандық та. Сатқындық пен қастықтан көз ашпайсың, Дос ниеті бұрылса арамдыққа.

Ойлаған ерлер елдің болашағын, Түгендер типыл болған қала санын. Секілді талай шаһар тірлік кешкен, Отырар, Сайрам, Қойлық, Баласағұн.

Барлығы да кісінің пейілінде, Қайталанар өмірдің тойы күнде. Ұшқан бақыт басыңнан қайта қонар, Жүрегіңді толтырып мейірімге.

Жоқтайды іштен тынып шерлі дала, Байға да мекен болған, жарлыға да. Қайнаған қанбазарлы қалалардың Томпайып жатыр енді орны ғана.

Шуақ түсіп тұрғанда көктен жерге, Қайта келер өкпелеп кеткендер де. Қайта жібір көңілің тас боп қатқан, Не табасың жақынды жек көргенде?

Құл болған қайда барса пұлға ғана, Саудагер таңсық емес бұл далаға. Тоздырып керуенсарай босағасын, Сырғыпты бір қаладан бір қалаға.

Қайда қашып ортадан кетем дейсің, Атажұрттың төсінде мекендейсің. Қайталанбас өмірде өзің ғана, Екі туып келмейсің, екі өлмейсің?

Батыры бес қаруын күнде асынған, Даланы ол заманда кім басынған? Жусаннан аласа боп жібек сатқан, Шыққандар керуен тартып Шын, Машыннан.

Сексен көл сексен тамшы сыйға тартып, Айдынын көңілімнің толтырғандай. Алаңын Абылайдың көрген кезде, Ойланып, іштерінен ел тынғандай. Кіргенде Кенесары үңгіріне, Сескеніп кім болса да тартынғандай. Оқжетпес кере тартып көкке садақ, Көктегі ұшқан бұлтқа талпынғандай. Бурабай тас боп қатқан алып бура, Бауырында басып жатқан алтын бардай. Мызғиды жеке батыр анадайда, Көтерсе басын жерден жел тұрғандай. Ішінен қарағайдың шыға келіп, Найзасы Наурызбайдың жарқылдардай. Жан-жақтан қалың батыр күркіресе, Түсердей төңкеріліп жер-су қалмай. Көкшетау қасиетті топырағыңда, Туыпты алыптарды халқым нардай. Сондықтан күндік жерден сені көрсем, Басымнан тұра алмаймын бөркімді алмай.

Саєатты саєынамыз Алтынның қадірі жоқ қолда барда, Осыдан опық жедік əр заманда. Жақсысын қолдай алмай, қорғай алмай, Сорлады біздің қазақ сорлағанда.

Тағдырдың толқынында аласұрған, Сағаттай айырылдақ сан асылдан. Кернеген қасіретке шыдай алмай, Жарылды жүрегі оның шарасыздан. Жоқ енді сағынғанмен Сағат бізге, Күреспен өткен ғұмыр сабақ бізге. «Ақта – деп, – ел парызын мойныңдағы!», Тарихтың төрінен тұр қарап бізге!..

Бабалар түсіне енер ұрпағының, Тұрманы алтын-күміс тұлпарының. Келгенде тебінсініп қас дұшпанын Сыйдырған қауызына бір тарының.

Нґсерден соѕ

Аңыз ғой айта берсең бұрынғыны, Айменен шағылысқан туырлығы. Оң жақта аялаған аруының Жібектен желбіреген шымылдығы.

Шіркін-ай, неткен ғажап мына жалған, Жаудырап көз алдымда тұна қалған. Əп-сəтте күлімсіреп шыға келді, Көк аспан жаңа ғана жылап алған.

Жібектен шашбауы да орамалы, Сан ақын оралады оған əлі. Қызынан қазақ асыл аямаған, Кетсе де алдындағы қора малы.

Алысты жақындатып жайнаған күн, Жарқырап кетті бəрі айналамның. Ашылып көңілімнің күйсандығы, Келіп тұр бұлбұл құстай сайрап алғым.

Шығыстан жібек судай ағылыпты, Торқаға байтақ дала малыныпты. Батысқа бет түзеген керуендерді Еуропа базары да сағыныпты. Керуендер аман өтіп сан дауылдан, Сабылып Батыс-Шығыс сауда қылған. Өшірген Жібек жолын келе-келе, Замана көк теңіздей аударылған. Өзендей тынбай ағып сарқыраған, Жетіпті осы күнге халқым аман. Түбіміз асыл текті сақтар екен, Патшасы алтын киіп жарқыраған. Өткенім ұмытылмас енді өмірі, Тұрғанда аталардың төрде жыры. Ғасырлар қойнауынан кісінейді, Сүйреткен жібек арқан телқоңыры. Бұл жолда сыры бұққан мың жылдардың, Ізі бар қанды балақ қырғындардың. Астында топырақтың тағдыр жатыр, Үңіліп қарар болса бұл күнде əркім. Əлемге ойран салған атысып сан, Қадірін асыл бұйым Батыс ұққан. Шыңғыстың жорығы емес ең əуелі, Шығыстың шым жібекпен аты шыққан. Сауданың не бір сиқыр сырын ашқан, Керуен Қырым асқан, Үрім асқан. Түйенің табанымен Жібек жолы – Жазылған жер бетіне Ұлы дастан!

Күлімдеп күнге қарайтын еді, Ұйқыдан гүлдер оянып еппен. Ұшатын еді көбелек қалқып, Биікте құстар əуелеп шалқып. Сарқырап сулар, жарқырап таулар, Тіршілік біткен керемет балқып. Адасып қалдым асыл бейнелі, Көктемім, сенен жасыл жейделі. Қарлығаш ұя салмайтын үйде, Тұрамын қазір, кешіргей мені!? Сені аңсап күнде ойлана берем, Сиқырлы, сырлы жайнаған əлем. Қарлығаш болып қалықтап ұшып, Сəлем айт, барсаң қайда да менен!..

Мўѕды да ая Тілегім ақтық өзіңнен сұрар – Көңілім, тоқта, тоятта. Талығып келіп көз ілген шығар, Ұйықтасын, мұңды оятпа!

Ґз ќолыѕмен ґрт салма Қаз қаңқылдар көлінде, Құлан ойнар шөлінде. Тарылмасын тынысың, Қазағым, өз жеріңде. Қысым түссе жаныңа, Жарты құртты бөліп же. Ала қойдың жүніндей, Бірақ өзің бөлінбе! Бас-аяғың бірікпей, Бүтіндік жоқ еліңде. Ит тұмсығы өтпейді, Ну орманға тегінде. Бітік өскен бұта да Жел жібермес көбінде. Ортаң ойық көрінсе, Жыртылғанды жама да, Жарылғанды желімде! Туған балаң бесікте, Тумағаны беліңде. Болашағы – аманат, Бəйбіше мен келінге. Күңіренбесін десеңіз, Ата-бабаң көрінде, Отбасыңа ие бол, Отырғанда төріңде. Өз қағыңнан жерінбе, Өз қаныңа тебінбе! Содан жақын жоқ саған, Бұл жалғанның шебінде. Өз қолыңмен өрт салма, Өзің еккен егінге! Алтын буы арбайды, Дүние жолдас болмайды, Оранасың небəрі, Екі шаршы кебінге...

Бере ме Тəңір тілегін əр күн, Болғанмен пенде жылауық. Сағыныш буып жүдеді бəлкім, Мұңды да ая бірауық. Өзіне тиіп өзінің еркі, Тынықсын түнде мүлгіген. Саябыр тапсын сезімнің дерті, Жүректің ішін үңгіген.

Меселі қайтып, сынбасын сағы, Қадірін білу керек қой. Оянып кетіп жүрмесін тағы, Əлдиле оны бөбектей. Жанымды сол ғой жегідей жейтін, Қуалап жүріп түбінде. Дертімді кім бар менің емдейтін, Өзіңнен басқа бүгінде? Ырқыма көнген не қыл десем де, Қиямын кімге жақсымды? Мазасыз көңіл, дамылда сен де, Қуыра бермей апшымды.

Арылып көкжиек те мұнарынан, Ап-айқын көрінеді тым арыдан. Тұныққа шөліркеген қос жанарым, Сусындап шыға алмай тұр құмарынан. Тау тұнық, орман тұнық, көл де тұнық, Жібектей желпіп өткен жел де тұнық. Ішінде мөлдіреген дүниенің, Дариға-ай, тұра берсем тербетіліп...

Саєыныш Жеткізбей алыс қалған тау етегі, Бұл күнде сағыныштың зары өтеді. Секілді жаздың бұлты жайлаудағы, Ойласам көздің жасы сау етеді. Жабырқап жаным неге егілмесін, Ауылым, түсімдесің, өңімдесің. Қайтейін, тоқтататын дəрменім жоқ, Бұлдырап белден асқан өмір көшін. Қарашы, жүрегімнің ауырғанын, Қаға алмай қанатымды ауырладым. Дүр етіп ұшып кеткен бір топ құстай, Қай жаққа ғайып болдың, бауырларым?...

Адасып ќалдым Қызылды-жасыл боянып өткен, Қай жақта жүрсің, баяғы көктем.

Табам деп іздемейтін жоқтың бəрін, Ойлайтын үйде отырып көптің қамын. Сыншы еді Күреңбайдай болмаса да, Білетін құстың күйін, аттың бабын. Қол соқса домбыраның пернесіне, Алатын елді есіне, жерді есіне. Өзімен өзі жүрген жан еді бір, Жаратқан сəуле құйған зердесіне. Кетпейді өле-өлгенше білемін мен, Бейнесі орын алған жүрегімнен. Елеске айналды да көз алдымда, Қайтейін, ғайып болды бұл өмірден...

Тґрттаєандар Талайлар байлық пенен тақты ойлаған, Өз жұртын өгейсініп қақпайлаған. Ел көзі ерге түсер ең алдымен, Биліктің қазығына ат байлаған. *** Арбаса билік буы, қыздың лебі, Азамат ел үмітін үздіргені. Пенденің періштесі некен-саяқ, Асты-үстін дүниенің біз білгелі. *** Жалақор, парақорлар жайлағанда, Сенетін жан қалмайды айналаңда. Қулық пен қиянаттың құрығы ұзын, Шындықтың қолы қысқа қай заманда.

*** Барасың бізден қашып жастық қайда? Құдай-ау, асау көңіл бастықпай ма!? Досымдай көптен күткен есік қағып, Үйіме енді қайта бас сұқпай ма? *** Пендеге мұрат емес жүз жасамақ, Өмірі өткендердің – бізге сабақ. Тарихтың қатпар-қатпар қойнауынан, Табасың керегіңді іздесең-ақ. *** Жылыстап өте шықты, шіркін, жастық. Алдыңғы керуеннің жұртын бастық. Тəңірім неге керек бермеген соң, Өңірін боз көйлектің жыртылмас қып?.. *** Домбыра екі ішекті, бір тиекті, Үніңнен айналайын қасиетті. Күн сайын көкірегіме құясың сен, Бабалар айтып кеткен өсиетті. *** Дүние бүгін өткен, ертең де өтер, Көсіліп қай заманға көрпең жетер. Жайнаған жас үміттің жапырағын, Тынымсыз жел тербетер, сан шөлдетер.

Түсті де Желтоқсанда ойран отқа, Сағат та жанып кетті ойда жоқта. Жылындай отыз жеті үнсіз қалып, Оны да бергендейміз байлап оққа. Құдай-ау, қорлық еді бұл не деген? Қолқаңды суырса да үндемеген. Қой да бір, қазақ та бір болды кеше, Шетінен қасқыр сүйреп күнде жеген.

15

www.egemen.kz

Ґмірім ґлеѕіммен бірге ґрілген

Екі туып келмейсіѕ Жібек жолы

Ж

Марєасќа

Мен-дағы бір белгімін ғасырдағы, Дүркіреп дəурен көшер басымдағы. Ұстамын ескі үлгімен өлең соққан, Көз жазбай көргенімнен жасымдағы.

Мұраға баға жетпес ие болған, Бірімін бақыттының кие қонған. Алланың əмірімен ойда жоқта, Еншіме ризамын тие қалған.

НЫ

АҺА Ж Р Ы

*** Қақ жарып көк толқынды кеудеңізбен, Болсаң да алып кеме өрге жүзген, Құлдырап таудан төмен құлағандай, Түбінде бір қайтасың келген ізбен.

Кїнгейге тїскен ќардай Алысты жүйрік көңіл арман етер, Адымдап оған қайсы пенде жетер? Қанаты қайырылғанша қайран үміт, Құйындай жел көтерген дөңгелетер. Таңдайың татпағанның бəрі таңсық, Жүрегің жоқ нəрсеге шөлдеп өтер. Жатса да асып-тасып сабасында, Көктегі бұлттан тамшы көл дəметер. Қызығын ұзартам деп қысқа өмірдің, Əуреге тізгін бердім мен де бекер. Күнгейге түскен қардай ғұмыр, шіркін, Қызғанда күннің көзі демде кетер...

Тар ноќтасы таєдырдыѕ Біреу ерте, біреу кеш, Бұл жалғанда кім өлмес? Қысқа өмірде болғайсың, Бір-біріңе тілеулес. Тұсау ұзын, шідер бос, Болғанымен түк өнбес. Тар ноқтасы тағдырдың, Ешкімді еркін жібермес.

Əке Төсеніп топырақтан текеметті, Қойнына қара жердің əке кетті. Түгендеп тау мен тасты, ой мен қырды, Күн астын қаншама жыл мекен етті. Əкесі еркелетіп шолжаң ұлды, Жасында жүйрік мінді, жорға мінді. Өскен соң ата көрген азамат боп, Салмайды өмір түзу жолға кімді? Көңілмен биіктетіп аласа үйді, Жар сүйді, еміреніп бала сүйді. Жаратқан қолдамаса қиналғанда, Жалғызға сірə, кімнің жаны ашиды? Батқанда ауыр тұрмыс жанға қатты, Жер қазды, кетпен шапты, мал да бақты. Біреудің ала жібін аттап бірақ, Ешкімді арбамапты, алдамапты. Шыдапты жоқшылықтың азабына, Арамнан ас салмапты қазанына. Есігін, құшағын да айқара ашқан, Құдайы қонақ болған қазағына.

*** Береке мен бірліктің жоғалғаны – Жағадан жау, етектен бөрі алғаны. Жусап жатқан жылқыңды үркітеді, Көк шегіртке кісінеп көгалдағы. *** Дос сатты, дұшпан қатты, өмір тəтті, Өткердік мына бастан небір сəтті. Салыңқы қас-қабағы салқын дүние, Қызу жоқ, қызық та жоқ – жабырқатты.

Аќ тілек Мен тағы алға жылжыдым, Кел тағы, Жаңа бір жылым! Тəуелсіз елмін Ту алған, Қолымда тізгін-шылбырым! Ойнатып көктем жасынын, Жарқылда, Жаңа ғасырым! Жарқырап шықсын алдымнан, Келешек көзден жасырын! Күндерді күнге жалғайтын, Уақыттың шегі шалғай тым. Қасірет қайтып оралмай, Қазағым қанат кең жайсын! Тауларым нұрға бөленсін, Бауларым қаулап, көгерсін! Елімнің ашық аспанын Айналып ұшсын көгершін! Бақытқа толып баспанам, Жайнасын жаңа Астанам! Ақ бата берсін ата боп, Желкілдеп өскен жас балам! Бесігін ана тербесін, Еңбекпен əке терлесін! Құт қонып байтақ далама, Əр үйге Қызыр төрлесін! Толғанып ойға батамын, Тебіреніп толқын атамын. Дүние тыныш, ел тыныш, Дін-аман болсын Отаным!


16

25 ақпан

www.egemen.kz

2015 жыл

2014 ЖЫЛЫ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫМЕН АЗАМАТТАРДЫ ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ХАЛЫҚ САНЫ 2000,9 МЫҢ АДАМ

ШҚО Қарағанды облысы

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ХАЛЫҚ 1089,8 МЫҢ АДАМ

Жамбыл облысы

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛДЫ

адам жұмыссыздар

БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бағдарламаға қатысқандар

2014 жылы:

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

адам

адам

29 жасқа дейінгі жастар үлесі

әйелдер үлесі

адам

адам

аз қамтамасыз етілгендер

50 жастан үлкен зейнетақы жасындағы адамдар

түлектер

мүмкіндігі шектеулі адамдар

оралмандар

адам

адам

адам

адам

адам

17 861 адам еңбекке

орналастырылды

тұрақты жұмыс орнына адам орналастырылды

17 044

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еуразиялық интеграция институты әзірлеген.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Орал – 8 (777) 496-21-38; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50. Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи­касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа­зақ­стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Берік САДЫР, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №508 ek

Profile for Egemen

25022015  

2502201525022015

25022015  

2502201525022015

Profile for daulet
Advertisement