Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ўлы Даланыѕ ўлы мўраты

3-бет Əлихан Бґкейханов ЮНЕСКО аясында бїкілəлемдік дара тўлєа деп танылды

№225 (28703) 24 ҚАРАША СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ДАМЫЛСЫЗ ДАМУ ДАЄДЫСЫ

 Индустрия игілігі

Алып кəсіпорын алєа басуда

Елімізді «қолайлы аймақтан» ығыстыратын экономикадағы күрделі жағдайлар даму мəселесін күн тəртібінен алып тастай алмайды, қайта оның өзектілігін анағұрлым арттыра түседі. Біздің Мемлекет басшысы ұсынған стратегия төңірегіне қаншалықты тез топтаса алатынымыз, табысқа жетуіміз соған байланысты.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Еуразия аймағындағы мыңдаған шақырымдарға тартылған теміржолдарда Қазақстанның «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың ТЭ33А тепловоздары жүре бастағаны мəлім. Ел мақтанышына айналған кəсіпорынның мүмкіндіктері мен алға қойған мақсаттары қандай? Қазақтың қабілетін ашып, қолынан зор іс келетінін дəлелдеген зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне зер салдық жəне басшысына жолығып, көңілде жүрген көп сұрақтың жауабын тыңдадық. Қазақ теміржолының тарихы жөнінде əңгімелеген «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-тың президенті Марат Тілеубаев Орталық Азияға тартылған шойын жолдардың бірқатар шетін мəселелеріне тоқталды. Сөйтіп, ел тарихындағы ауыр машина жасаушы өндіріс ошағының құрылу кезеңіне ойысты. «Тəуелсіздіктің шежіресіне зер салсақ, 2006 жылы озық үлгідегі локомотив зауытын салу жөнінде америкалық General Electric компаниясымен екіжақты келісім түзілді. Одан бұрын кəсіпорынның бүгіні мен ертеңі əбден екшеліп, əрбір қыры мен қызметі мұқият зерттеліп, отандық мамандардың

Ќазаќстан экономикасында не болып жатыр?

сараптауынан өтті. Онда отандық сала мамандары аймақтың климаттық ерекшеліктерін, рельс төсемдерін, тасымалданатын жүктің сын-сипаты мен көлемін анықтап алды. Содан кейін, қазіргі заманғы халықаралық экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларды ескере келіп, қазақстандық тепловоз қандай болуы керектігін айқындайтын техникалық сипаттама əзірледі. Осы жұмыстар əбден пысықталып болғаннан кейін ғана жобаны жүзеге асыруға бел буды. (Соңы 9-бетте).

Тапсырмаларды орындауда тыѕєылыќтылыќ ќажет Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен селекторлық режімде арнайы Үкімет отырысы өтті. Онда алдыңғы аптадағы Үкіметтің кеңейтілген оты ры сында Президенттің берген тапсырмаларын орындау мəселелері қаралды. Бұған дейін Үкіметте осыған орай жедел отырыс ұйымдастырылып, тиісті органдарға тапсырмалар берілген болатын. Енді міне, Үкімет мүшелері Елбасы тапсырмаларын қалай іске асырып жатқандықтары жөнінде баяндады. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бізге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде дағдарысқа қарсы тез арада жүйелі шаралар қабылдау керектігін айтты. Осыған орай біз бүгін Ел басы тапсырмаларын іске асыру барысын талқылап, тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз», деп бастады сөзін Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов. Одан əрі Үкімет мүшелері күн тəртібіндегі мəселеге орай ретретімен сөз алысып, «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңірлерден əкімдер онлайн режімде байланысып, қозғалған мəселеге орай өз облыстарындағы жағдайды баяндап отырды. Жиында негізінен елі міз де жүзеге асырылып жатқан басты құжат – «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалу қарқыны, елдің

əлеуметтік-экономикалық ахуалы кеңінен сөз болды. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мəлімдеуінше, 2015 жылы «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін қайта бөлуді есепке ала отырып, Ұлттық қордан 770 млрд. теңге қарастырылған. Соның ішінде ағымдағы жылдың 1 қара ша сындағы жағдай бойынша 523,7 млрд. теңге немесе жылдық жоспардың 68 пайызы игерілді. Министрдің айтуынша, бюджеттік инвестициялық жобаларға жəне «Самұрық Қазына» АҚ-тың капиталдандыруына бағытталған 492 млрд. теңге көлеміндегі республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінен 348,9 млрд. теңге немесе 71 пайызы иге рілген. Ал 277 млрд. теңге көлеміндегі «Бəйтерек» ҰБХ» АҚтың облигациялық қарыздарынан 174,8 млрд. теңге игерілген. (Соңы 6-бетте).

Бюро кїн тəртібін белгіледі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Сенат бюросының отырысы болды. Бюро мүшелері палатаның сəрсенбі, 25 қарашада болатын отырысының күн тəртібін келісті. Отырыста үш заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жəне «Еуразиялық экономикалық одақ тың кедендік аумағына тауарларды əкелу мен олардың айналысының кейбір мəселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылады. Одан басқа, бюрода таяуда Мəжілістен түскен бес заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Қаржы жəне бюджет комитетіне «Қазақстан Респуб ликасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған

● Заманмен үндес заңғар басылым

Їлгі-ґнеге ордасы Менің еңбек жолым қазақтың беделді де рухани жетекшісінің біріне айналған «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистік Қазақстан») газетінде өткен ғасырдың 60-жылдарының алғаш күндерінде басталған еді. Асқан қаламгер болып кете алмасам да, осы ортаға тап келіп, сонда тəрбие алғанымды мақтан етемін. Өйткені, мен бұл ортада елдік, азаматтық, адалдық, əділдік, туралық, жауаптылық, іскерлік деген сөздердің құнын тереңірек түсіндім. Ғылым, білімге ұмтылысымды ұштай түскен небір проблемалық мақалаларды оқыдым. Содан бері бұл газеттің бір де бір санын жібермей, саралап оқып, керекті деген материалдарды бөлек

жинап отырамын. Бұрынғы кеңестік дəуірде де елдің мəдени əрі рухани өресін кеңейт кен, санасын биіктетіп, ұлттық намыс пен жігерін шың даған сан алуан дүниелер қазір тарих енші сінде. Олар өзі нің тəр биелік тарихи миссия сын атқарды. Ал Қазақ елінің тəуелсіздік дəуіріндегі «Егемен Қазақстан» қаламгерлерінің атқарған іс-əрекеттерінің жөні мүлде бөлек. Қазақтың жаңаша болмыс-бітімінің қалыптасуына бұл газеттің қосқан үлесі ұшантеңіз. Оны бір-екі ауыз сөзбен қалай жеткізерсің. Елімізде болып жатқан жасампаз тірліктің бəрін «Егемен Қазақстан» жан-жақты толғайды. Қазақ жастарының отаншылдық сезіміне, өзінің

ұлтына, тіліне деген ұлтжандылық қасиетінің ояна түсуіне деген əсері шексіз. Қазақ ғылымы мен қазақ тілінің сан түрлі мəселелерін сөз еткен материалдар қаншама. Егеменқазақстандықтар ешқашан сауатты жазу, сауат ты сөйлеу мəселесін де күн тəртібінен түсірмейтін. Сол арқылы елдің, халықтың тілдік сауатын қадағалап отыратын. Елбасының да өзін-өзі қайта-қайта тексеріп, ана тілі алдындағы перзенттік парызын өтеуге тырысып, емтихан тапсырып жүргенінде үлгі аларлық өнегелік сипат бар емес пе, ағайын. Осыны да ұмытпағанымыз жөн-ау деймін! Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ҚР ҰҒА академигі.

АЛМАТЫ.

5-бет Батыстыѕ бас ауруына айналєан босќындар 7-бет Мойынќўм мен Ќараґткелдіѕ арасы 8-бет

кепілдендірілген трансферт туралы» жəне «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары берілді. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды əкелу мен олардың айналысының кейбір мəселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобалары жəне осы заң жобасына заңнамаға ілеспе түзетулермен Экономикалық саясат, ин новациялық даму жəне кəсіпкерлік комитеті шұғылданатын болды. Бас комитеттер Сенаттың барлық тұрақты комитеттерінің ұсыныстарын пысықтап, осы заң жобалары бойынша палатаның отырысына тиісті қорытынды əзірлейді.

Біздің ел – əлемдік экономиканың бір бөлшегі, ал онда қазір бұлжымайтын екі үрдіс орын алып отыр. Бір жағынан, шикізат нарығы тоқырауға ұшырады. Коньюнктураның уақытша əлсіреуі байқалып қана қоймай, төмен бағалар ұзақ уақыт бойы сақталатын құрылымның іргелі өзгерісі орын алуда. Екінші жағынан, күні кешеге дейін жаһандық өсімнің локомотиві болып келген дамушы экономикалардың «құрылымдық баяулау» дəуірі басталды. Таяу келешекте олардың қарқыны бəсеңдей береді. Қазақстан нақ осы екі үрдістің қыспағында қалып отыр. Бұл – дағдарыстың өзі емес, мемлекетіміз өмір сүріп, жұмыс жүргізетін ортаның түбегейлі өзгеріске түсуі. Жаңа ландшафт тек экономикаға ғана емес, барлық салаға да түгел қатысты. Баршаға да мінез-құлық моделін қайта қарауға тура келеді. Қазір болып жатқан жайттар экономикалық дағдарыс шегінен əлдеқайда асып түседі. Бұдан арғы іс-қимылды айқындайтын болғандықтан мұны түсіне білу өте маңызды. Біз күту режіміне көше отырып жəне экспорт бағасының өсуін тоса отырып өзіміздің салғырт бейімделуімізге жол бере алмаймыз – ол жуық арада бола қоймайтын нəрсе. Дағдарысқа қарсы əрекетпен де шектеле алмаймыз. «Пессимист желді айтып шағынады. Оптимист оның ауысқанын күтеді. Реалист болса, бірден желкенін көтереді», – деген Уильям Вордтың сөзін басшылыққа алған жөн. Қазақстанның жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайларға белсенді түрде бейімделуі қажет. Ал ол бірнеше маңызды шарттарды қамтиды.

«Аќылды» їнем

Біріншіден, ресурстарды пайдалануға жаңаша көзқарас қажет. Нұрсұлтан Назарбаев қаражатты жаппай үнемдеу қажеттігін, бірақ оны қандай да бір бюджеттік бағдарламаларды бас салып қыс қар ту арқылы жеңілдетуге болмайтынын атап айтты. Қаражат үнемдеу – бір реттік қана науқан емес. Президент ресурстарға деген жаңа қағидатты қарым-қатынас тұрғы сынан үнемдеу туралы бұрын да, қазір де əлденеше рет айтып келеді.

Бұл ретте ол сөзін тек мемлекеттік жəне квазимемлекеттік салаға ғана емес, бəсекеге қабілеттілікті арттырудың ішкі көздерін іздестіруге тиісті бүкіл отандық бизнес қоғамдастығына арнады. Дамыған елдерде кең тарал ған Іеаn-менеджмент (қамқорлықпен басқару) əдісі бұған толық мүмкіндік береді. Оның мəнісі – қосымша құнды қамтамасыз етпейтін үдерістерді барынша азайту, өнімсіз шығындардың бəрін жою. Алғаш Тоуоtа корпорациясы жүзеге асырған мұндай тұжырымдама оны басшылыққа алған кəсіпорындарға миллиардтаған доллар пайда əкелді. Lean-менеджментті мемлекеттік қызмет көрсету саласында да қолдануға болады. Мұны шетелдік қана емес, отандық тəжірибелер де дəлелдеп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «электронды үкіметті» дамыту ісі халықтың да, бизнестің де қыруар уақыты мен қаражатын үнемдейді. Мемлекеттік аппаратқа қатысты өзге реформалар да пайдасыз шығыстарды қысқартуға бағытталған. Осылайша, шығыстар туралы айтқанда, əншейін «белбеуді тартып» қана қоймай, ең басты нəрсеге – тұтынушылық құндылықтар қалыптастыруға қатысы жоқ артық функцияларды алып тастау тұрғысынан ауқымды жұмыс атқару қажет болады. Бұл, шын мəнісінде, шағын кəсіпорыннан бастап министрліктерге дейінгі басқарудың барлық саласын қамтитын үлкен өзгеріс.

Ґндірушілік кезеѕнен жасампаздыќќа дейін

Екіншіден, жаңа табыс көздерін қалыптастырған жөн. Бұл орайда Мемлекет басшысы бастамашылық еткен өзгерістер əлдеқайда салмақты, тектоникалық үдерісті – өндірушілік модельден жасампаздық дəрежеге өтуді көздейді. Арасындағы айырмашылық шикізаттық сала мен өңдеуші саланың қайсысының маңыздырақ екенінде емес. Еліміз өзінің кəсіпкерлік қуатын тұтынылатын аралық жəне түпкі өнімдер өндірісіне, идеялар мен технологиялар іздестіруге бағыттап отыр ма, жоқ па, мəселе сонда. Мысалы, ең консервативті болып көрінетін мұнай-газ саласының өзі жаһандық нарықты қайта пішімдейтін инновациялар ошағы бола алады. Мұны тақтатас (сланец) революциясы дəлелдеді. Əрине, экономикалық

проб лемалар көбейген кезеңде күнделікті күнкөріс қамына байланысты стратегиялық реформалар кейінге қалатындықтан, оған деген зəрулік аса байқала қоймайды. Алайда, дəл қазір өзгерістер кейінге шегерілмей, керісінше жеделдетілуге тиіс. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған институттық реформаның мəні нақ осы жасампаз əлеуметтік-экономикалық модельді қалыптастыруға байланысты болып отыр. Қазір ақиқатты айқындайтын сəт туып келеді. Əлемдік сарапшылар дамушы елдердің реформа жолын жаңа деңгейге шығатын баспалдақ ретінде пайдалана отырып, қазіргі қиын кезеңді еңсере алатынын айтады. Ал өзгерістен бас тартып немесе көз алдап, қазіргі жағдайда «жауырды жаба тоқуды» жөн көрген мемлекеттер тарихи тартыстың шаңын қауып қала береді. Қазақстан өз таңдауын жасады. Ол Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерімен нығайтылған жаңғырудың нақты бағдарын ұсынды. Қазір оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары аяқталып келеді. Қажетті ресурстар да баршылық. Бірақ бұл жеткіліксіз – ажырамас тағы бір үшінші шарт бар. Реформалардың бір ерекшелігі, оларды «жоғарыдан» жүргізе алмайсың, бұл іс қоғамның тікелей қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Шикізат пайдасын бөлуден адами капиталды еселеуге қарай бағдар ұстайтын жасампаз модельге көшуді баршаның жəне əр адамның қатысуынсыз елестету мүмкін емес. Ешкім де алаңсыз күйде, сырттай бақылап отыра алмайды. Дүние жүзі зерттеушілері жапон феноменін зерделеу арқылы бұл елдің екі рет мүшкіл халге тап болса да, қалайша жетекші державаға айналып, бірегей мəдениетін қалай сақтап қалғанының сырын ұғуға тырысуда. Бұл орайда ғалым Питер Друкер банкир əрі кəсіпкер Эйичи Шибусаваның сонау ХІХ ғасырда негізін қалаған қағидаттары шешуші рөл атқарған деп санайды. Мұндағы ең басты қағидат та қарапайым: ұлттық мүдделер бірінші кезекте тұруға тиіс. Барлық жобалар мен шешімдерді, соның ішінде бизнеске қатыстыларын салмақтап-саралау ісі «Ел үшін не нəрсе жақсы болмақ?» деген сауалдан басталады. Бұл қағидат баға жетпес мүмкіндіктері бой тасалап тұрған уақыт сынына төтеп беретін Қазақстан жолының да негізгі арқауы болуға тиіс. Дəурен АБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

● Тосын табиғат

Кґктайєаќтан ќарєа адым жер мўѕ болды Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай тұрғындары таңертең жұмысқа уақытында жете алмай қалды. Қала ішіндегі автобустар көктайғақтан күндізгі сағат 11.00-ге дейін тоқтатылды. Жеңіл көліктердің өзі жылдамдықты 20-дан асырған жоқ. Көшелер мұздан айнадай жалтырады. Жаяу адам зорға жүреді. Түнімен жауған жаңбыр таңертең де тыйылған жоқ. Ауа райын болжау орталығының инженер синоптигі Ирина Жиляева мұндай жағдай кешке дейін сақталуы мүмкін екенін айтты. – Батыстан ығысқан жылы ауа толқыны облыс өңіріне жаңбыр ала келді. Суық ауадан жауған жаңбыр сол мезетте қатып жатыр. Ауаның температурасы

күндіз 0-ден 2 градусқа дейін ғана жоғарылайды. Суық ауадан мұздың еріп кетуі де екіталай болар. Сондықтан көктайғақ əзірге сақталады, – дейді. Ауа райын болжаушы маманның айтуынша, көктайғақ облыс өңірінің батыс, солтүстік аудандарында қалыптасып отыр. Оңтүстік-шығыс аудандарда, яғни Торғай өңірі мен Науырзым, Арқалық маңайында күн суық, 10 градусқа дейін аяз, шамалап қар жатыр. Əзірге қалған аудандарда көктайғақ, көлік қатынасы мен ұзын аяқты малға қиын соғып тұр. Мал демекші, қыс айында болған көктайғақ шаруаға жұт болып келгені белгілі. Осы ойдан кейін облыстың шалғайда жатқан Денисов ауданындағы «Фрунзе» ЖШС директоры Николай Шереге хабарластық.

– Ертеде жұттан тебіндейтін жылқы малы зардап шеккен ғой. Қазір жағдай басқа. Жылқыны тек тебіндеткендерді мен шаруа деп санамаймын. Ол – малға азар. Қыс айында жылқыны қамайтын қора керек, оған көп ақыл керек емес, шаруа адамы өзі біледі, көп қаражатты да қажет етпейді. Біздің жылқылардың барлығы

қазір қорада, шөп пен жем алдында. Бұл қыс қой, онда боран да, көктайғақ та болады. Оны қазір емес, жазда, күзде ойлау керек, – деп жауап берді шаруа. Қазір көктайғақ болған аудандардың аралығында жолдар жабылды. ҚОСТАНАЙ.


2

www.egemen.kz

Дипломаттармен дидарласты Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Траян Христеаны оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев Қазақстанның ірі сауда-экономикалық жəне инвести циялық əріптесі болып табылатын Еуроодақпен өзара қарымқатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті. Төраға Еуроодақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринидің биылғы желтоқсанда Астанаға сапары кезінде қол қою жоспарланған Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген əріптестік жəне ынтымақтастық туралы келісімнің ерекше маңызды екенін айтты. Т.Христеа Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясатының арқасында Еуроодақпен өзара тиімді байланыстар алдағы уақытта да дами түсетініне сенім білдірді. Тұрақты өкіл Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасының мəнмаңызына назар аударды. Еуроодақтың тұрақты өкілінің пікірінше, созылмалы жанжалдар, босқындардың жаппай ағылуы мен террорлық

шабуылдар аясында дінаралық үнқатысу саясатының қажеттілігі мен келешегі анық байқалады. Қ.Тоқаев Т.Христеаны 2016 жылғы 31 мамырға жоспарланған, Еуропа жəне Азия депутаттары, сондай-ақ, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының мүшелері қатысатын «Дін терроризмге қарсы» халықаралық парламенттік конференция туралы хабардар етті. Сол күні Қ.Тоқаев таяуда Президент Н.Назарбаевқа Сенім грамотасын табыс еткен Латвия Республикасының елшісі Юрис Погребняксты қабылдады. Жоғарғы палатаның басшысы Қазақстан мен Латвия қатынастарын нығайту ісінде елшіге табысты болуына тілектестігін жеткізді. Қазақстан Парламенті мен Латвия Сеймі арасындағы үнқатысуды дамыту келешегі, сондай-ақ, екі елдің білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығы туралы пікір алмасылды. Латвия елшісі Төрағаға қазіргі кезде өз елінде 250 қазақстандық студент оқып жатқанын жеткізді.

Мəжіліс шеѕберіндегі кездесу Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы тұжырымдаманы əзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының 42-мəжілісі шеңберінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы саяси жəне экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мəселелері талқыланды. Көлік жəне энергетикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды жəне терроризмге қарсы күресті қамти отырып, өзекті өңірлік проблемаларды қарастырды. Иран тарапы Қазақстанның аталған елдің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мəселені реттеудегі сындарлы рөліне ризашылық білдіре отырып, Астананың басқа да өңірлік мəселелерді, оның ішінде Сириядағы ахуалды шешуге қатысуының маңызды екенін атап өтті. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 20172018 жылдар кезеңіндегі тұрақты емес мүшелігіне кандидату расын қолдағаны, сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге қатысуға дайын екендігі үшін Иранға үлкен ризашылық білдірді. Сонымен қатар, И.Рахимпурдың Қазақстанға сапары шеңберінде Қазақстан-Иран саяси консультациялары өтті. Қазақстан делегациясын еліміз Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов

басқарды. Консультациялар барысында Қазақстан мен Иранның сыртқы саясат ведомстволары екіжақты саяси, экономикалық жəне мəденигуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын қарастырды. Ауғанстандағы жəне Сириядағы жағдай, Иранның ядролық бағдарламасы, Каспий проблематикасы жəне басқа да мəселелер бойынша бəрін қамтитын келісімді іске асыру жөнінде ахуалдық пікір алмасулар болды. Қазақстан тарапы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары сияқты бірқатар бастамаларына Иран делегациясының назар аударуына ықпал етті. Тараптар Иран президенті Хасан Руханидің 2014 жылғы қыркүйекте Қазақстанға келген мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластық шеңберінде транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика жəне банк салаларында одан əрі өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап көрсетті. Делегация басшылары өңірдің коммуникациялық жүйесін дамытуда Қазақстан – Түрікменстан – Иран жаңа теміржолы рөлінің маңызды екендігін атап өтті. «Егемен-ақпарат».

Əкімдер жўмысында сылбырлыќ басым Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев облыс əкімдігінің кеңейтілген мəжілісінде Елбасы Н.Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерге байланысты жергілікті атқарушы билік басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жиында облыс басшысы Елбасы атап көрсеткендей, қалыптасқан экономикалық жағдайға бейімделіп, сонымен бірге, əрі қарай даму үшін қажетті мүмкіндіктерді іздестіру қа жет тігіне тоқталды. Көптеген жерлер де əкімдердің инвесторлар тарту, кəсіпкерлерге қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін пайдалану тұрғысынан жүйелі жұмыстар жүргізбей келе жатқанына баса назар аударылды. Мұндай жайба ра қаттық қазіргідей күрделі жағдай мен мүлде үйлеспейтіні белгілі. Бердібек Мəшбекұлы ширақ қимылдайтын кез туғанын тағы атап көрсетті. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі аудандарда əлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі болуы керектігі атап көрсетілді. Осы кезге дейін іске қосылған индустриялық жобалардың өз деңгейінде жұмыс істемейтіндігі сынға алынды. Сондай-ақ, дамуды қамтамасыз ету үшін құрылған жұмыс тобымен бірге қосымша резервтерді табу, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану, аудандарда жылдың соңына дейін тұрақтандыру қорларын толықтыру сияқты маңызды мəселелерді шешу тапсырылды. – Біз азық-түлік бағасына бақылау жасау, бағаның негізсіз көтерілмеуіне

ықпал ету жөнінде комиссия құрдық, оның құрамына партия мүшелерін, депутаттарымызды да енгіздік. Алайда, олар бағаларды тіркеуден аса алмай отыр. Мұндай дəрменсіздік бізге ешқандай нəтиже бермейді, – деді облыс басшысы. Ақтөбе агломерациясы аумағына кіретін елді мекендердің дамуына көңіл бөлу, жол бойы сервисін жандандыру, облыста суармалы жерлер мүмкіндігін пайдалануды ойластыру қажеттігі де айтылды. Сон дайақ, ауыл шаруашылығындағы ұсақ қожалықтарды ірілендіру, оның тиімділігін жұртшылыққа түсіндіру жəне облыстың экспортқа ет шығару мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану жайы да əңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар, мүлікті жеке шелендіру жəне заңдастыру бойынша нысандарды анықтау, «Нұрлы Жол» бағдарламасымен салынып жатқан құрылыс нысандарын мерзімінде аяқ тап, қаражатты толық игеру жүктелді. Өңір басшысы жиын қоры тындысында 2015 жылдың 10 айының нəтижелеріне қатысты тиісті салалар басшыларына ескертулер жасап, орын алған кемшіліктерді жедел түрде түзеу, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету қажеттігін қадап тапсырды. Ақтөбе облысы.

24 қараша 2015 жыл

● Демократия – даму даңғылы – Əли Əбдікəрімұлы, біздің ұлтымыз үшін «ауыл» ұғымының қаншалықты қымбат əрі ыстық екенін айтып жатудың өзі артық. Расында, біз үшін «ауыл мен қазақ» атауы ажырағысыз ұғымдар. Əңгімемізді осы төңіректен бастасақ. – Біз жаһандану дəуірінде өмір сүріп отырмыз. Бұл дəуір мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың алдына жаңа мүмкіндіктер ашып қана қойған жоқ, жаңа сынақтар мен жаңа талаптарын алып келіп отыр. Тіпті, жекелеген мемлекеттер емес, тұтас өркениеттердің, мəдениеттердің алдында таңдау сəті тұр. Бұл таңдау жолы – өзіңнің ұлттық, мəденирухани бет-бейнеңді, салт-дəстүріңді жоғалтпай, тілің мен діліңді, дініңді сақтай отырып, жаһанданудың сара жолына түсу. Сонымен қоса, өзгерістерге, жаңғыртуларға əрдайым ашық болу, жаңа

жанашыры жəне қайнар көзі – қарапайым ауыл тұрғындары. Он бес жылдық тарихы бар партиямыздың осы жылдар ішінде атқарған шаруалары аз емес. Десек те, əлемдегі, елдегі өзгерістер, құбылыстар біздің алдымызға да жаңа міндетмақсаттар қойып отыр. Осы орайда, біз партия жұмысына да жаңа көзқарас, жаңа ізденістер мен қағидалар қажет екенін терең түсінеміз. Партия басшылығына келген алғашқы күннен бастап мен сіз айтып отырған мəселені күн тəртібіне қойған болатынмын. Осы аз уақыт ішінде ауылаудандардағы, өңірлердегі ахуалды барынша мұқият зерделеп, зерттеуге тырыстық. – Осы жұмыстарға қысқаша тоқтала кетсеңіз. – Қазақстан – аграрлық мемлекет. Осыны естен шығармауымыз керек. Бізде мұнай, газ, көмір, темір жəне басқа да қазба байлықтары қаншалықты мол

қазіргі уақытта елдегі экономикалық белсенді топтың 25 пайызы агросекторда жұмыс істейді екен. Меніңше, одан да көп болуы мүмкін. Бұл орасан қор ғой. Өкінішке қарай, біз əлі күнге дейін ұлан-ғайыр жеріміздің қадіріне жетіп, оны табысты игере алмай отырмыз. Сондықтан «Ауыл» партиясы осы мəселе бойынша қалың жұртшылықты тарта отырып, қоғамдық тыңдаулар өткізбекші. Тоқетерін айтқанда, Қазақстандағы аграрлық сектордың мүмкіндіктері шексіз, тек осы салада мемлекет, қоғам, адамдар тарапынан бірлескен, сауатты, сапалы ісшаралар керек. – Ал бұл бағытта мемлекеттің тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қандай көмектерді атап айта аласыз? – «Ауыл жылы» аясында жарияланған үшжылдық бағдарлама аграрлық сектордың дамуына ерекше серпін

Ауыл – елдіѕ алтын бесігі «Ауыл» халыќтыќ-демократиялыќ патриоттыќ партиясыныѕ тґраєасы Əли БЕКТАЕВПЕН əѕгіме технологияларды, ноу-хауды жатсынбау, əлемге құшағыңды ашу. Осы тұрғыдан алғанда, «ауыл мен қазақ» ұғымы ғана емес, қазақ пен мемлекет, қазақ пен болашақ, қазақ пен өркениет ұғымдары да біз үшін ажырағысыз ұғымдар болуы тиіс деп білемін. Меніңше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мəңгілік Ел» идеясының астарында да осындай ұлы мақсат-міндеттер жатыр. Күні кеше, осы идеяның жалғасындай, Елбасы Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атады. Бұл – біздің тəуелсіз еліміздің даңқты өткені мен жарқын болашағын көрсететін мазмұны терең, мағынасы зор ұғымдар. «Ұлы Дала елі» ұғымының артында ұлтымыздың сақ, ғұн, түркі, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда, Қазақ хандығы мемлекеттерінен, өркениеттерінен бастау алатын бай тарихы, өлмес мұрасы мен мəдениеті тұр. Дала тарихы, дала дəстүрі мен мəдениеті, мемлекеттік басқару жүйесі мен шаруашылық қалпы Еуразия құрлығындағы сан ғасырлық дамудың, жетілудің, өсудің негізі болды. «Отан отбасынан басталады» деген қағиданы ұстанған халықпыз. Олай болса, бəрі де даладан, ауылдан басталған. Қазақ баласы үшін «Ұлы Дала» дегеніміз – туған жер, туған ауыл. Елбасының өзі ауылды «ұлттың – ұйытқысы, алтын бесігі» деп айтқан жоқ па?! Демек, мемлекеттің тірегі, іргетасы да ауылда, тамырымыз да ауылда. Бір сөзбен айтқанда, «ауыл» ұғымына осыншалықты сакралды, қасиетті мəнмағына беретін себебіміз көп. Жалпы, өз басым мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да бүгінгі ауылға деген көзқарас түбегейлі өзгеруі қажет деп ойлаймын. Бүгінгі қазақ ауылы əлеуметтік аутсайдер, ескіліктің көзі немесе артта қалған, меңіреу түкпірдегі мекен емес. Бүгінгі қазақ ауылы – осы мемлекеттің алтын жүлгесі, сауатты да салиқалы орта табын қалыптастырып отырған көзі ашық, көкірегі ояу жұрт. Ауыл көркеймесе, ауыл тұраласа, мемлекеттің еңсесі ешқашан көтеріле алмақ емес. Ауыл туралы, ауылдағы елдің қазіргі тұрмыс-тіршілігі, бет-бейнесі, беделі туралы сөз болғанда, алдымен осыны естен шығармаған абзал деп ойлаймын. Қазақ үшін ауыл мен мемлекет – бір ұғым. – Аты ауылмен тікелей байланысты үлкен саяси ұйымның жетекшісі ретінде сізге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр. Біздегі саяси партиялар, ұйымдар ауылды саяси науқандар, сайлаулар кезінде ғана есіне алатындай көрінеді кейде. Мұның себебі неде? – Дұрыс аңғарғансыз. Осы ретте, мен сізге мына бір нəрсені айта кетейін. Қарап отырсаңыз, біздегі кез келген саяси ұйым, партиялар көбінесе үлкен мегаполистердегі сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізеді немесе белгілі бір саланың өкілдеріне арқа сүйегісі келеді. Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы сайлаулар тарихын, партиялардың даму, жетілу жолдарын зерделесеңіз де осыны аңғарасыз. Əрине, мұны саяси, партиялық жұмыстағы ежелден келе жатқан дəстүр қатарына жатқызуға да болар еді. Алайда, мұның өзіне тəн олқылықтары бар екенін жоққа шығармауымыз керек. Осы уақытқа дейін біздегі саяси партиялар үлкен мегаполистердегі белсенді топтарға ғана арқа сүйеді де, нəтижесінде ауыл-аудандардағы халықтың тұрмыстіршілігі, мұң-зары қоғамдық-саяси өмірдің қалтарысында қалып жатты. Турасын айтқанда, осы уақытқа дейін нақты ауыл еңбеккерінің, ауыл адамының жоғын түгендейтін, сөзін сөйлейтін саяси ұйымдар аз болды... – Сөзіңіз аузыңызда, ауылдың қазіргі əлеуметтік-экономикалық ахуалы туралы нақты мəліметтер, зерттеулер жүргізіле ме? Мысалы, «Ауыл» партиясы жалпы ауылдың жағдайынан қаншалықты хабардар? – «Ауыл» партиясының басты

болғанымен, одан да бағалы, құнды дүниеміз бар. Ол – біздің ата-бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қалдырып кеткен ұлан-ғайыр жеріміз. Өзіңіз жақсы білесіз, дүниеде Гонконг, Люксембург, Монако сияқты бір уыс жерде отырса да бай, бақуатты елдер бар. Олардың жанында Қазақстанның байлығы да, бақуаты да жер мен көктей. Қазақтың олардан қай жері кем? Мəселе тек еңбек пен қажыр-қайратқа байланысты. Ауылдың əлеуметтік жағдайы, экономикалық əлеуеті қаламен теңескенде ғана қазақтың көзі ашылады. Дегенмен, соңғы нақты деректерге сүйенсек, ауылдық жердегі əлеуметтікэкономикалық ахуал түзеліп келеді деуге толық негіз бар. Мəселен, 2015 жылғы 1 қаңтардағы мəлімет бойынша, ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнім 101 пайызға өскен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 98,5 пайызға, мал шаруашылығы 103,9 пайызға артқан. Мұның бəрі – ауылдағы ағайынның адал еңбек, маңдай терінің арқасы. Ауыл тұрғындары шағын жəне орта бизнесті дамытуға да өз үлестерін қосып отыр. Бір ғана балық, орман шаруашылығында 40 мыңнан астам еңбек етеді. Осының бəрі ауылдағы қарапайым еңбек адамының еліміздің экономикасына, дамуына қосып жатқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай екенін көрсетеді. Ал біз өз тарапымыздан барлық саяси күштермен, азаматтық қоғам өкілдерімен осы жетістіктерді баянды ету үшін жұмыс істейтін боламыз. – Жалпы айтқанда, ауылдағы халықтың негізгі проблемалары қандай? – Əрине, ауылда шешімін таппай отырған мəселелер баршылық. Өздеріңіз білесіздер, шалғай елді мекендердегі тұрғындар үшін ең үлкен проблеманың бірі – ауыз су. Бізде бар мəліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта ауылдық елді мекендердің 74 пайызы ауыз сумен қамтылған. Əрине, таза ауыз суға зар болып отырған ауылдар да аз емес. Жəне оны жасырып-жабудың да қажеті жоқ. Ауыз суға қолжетімділік, айналып келгенде, болашағымыздың, балаларымыздың денсаулығының, өмірінің кепілі. Бұл туралы Мемлекет басшысы да айтудай-ақ айтып келеді. Мəселен, күні кеше ауыз су құбыры жүргізілген ауылдардың біршамасы сол суға қолы жетпей отырғанын да білеміз. Бұл, біріншіден, сол су құбырларын тартқан мердігерлердің салақтығы болса, екіншіден, жергілікті биліктің жауапсыздығы. Ауыл халқының келесі проблемасы – жол. Қазіргі уақытта жергілікті жердегі 23 пайыз көлік жолы күрделі жөндеуді қажет етеді. Жолдар – экономиканың күретамыры. Əрі ауыл мен аудан арасындағы, қалааралық жолдардың сапасыздығынан күніне қаншама адам, көлік зардап шегеді. Сондықтан бұл мəселеге де партия тарапынан бақылау орнатуды, əкімдіктермен, осы салаға жауапты органдармен қоянқолтық жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, жергілікті жердегі əлеуметтік инфрақұрылым мəселесі – таусылмайтын əңгіме. Егер де нақты əр ауылдық бөлімшені, ауылдық округті, ауданды жеке-жеке қарастырсаңыз, олардың даму деңгейі əр алуан. Əр ауылдың, ауданның, облыстың атқарушы органдары, əкімдіктер мен салалық министрліктер түрлі себепті сылтау етуі мүмкін. Бірақ, ең бастысы, біздің Конституциямызда жазылғандай, шынайы əлеуметтік мемлекет құрып жатқан ел болсақ, ең алдымен жергілікті жердегі əлеуметтік мəселелердің шешімін табу басты міндет болуы тиіс деп санаймын. Өйткені, халықтың əлеуметтік ахуалын дұрыстамай, білімі мен денсаулығын түземей тұрып еш нəрсеге қол жеткізе алмаймыз. Тағы бір тоқтала кететін жайт – жерді сапалы игеру, пайдалану мəселесі. Сарапшылардың болжамына сүйенсек,

берді. «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде де нақты шаралар қолға алынып жатыр. Əрине, бүкілəлемдік қаржы дағдарысы, соның салдарынан болған негізгі экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы көршілерімізге қойылған шектеулер біздің жағдайымызға əсер етпей қоймайды. Бір ғана Ресей Федерациясына қарсы салынған санкциялар, ондағы экономикалық жағдайдың нашарлауы біздің экономикамызға да зиян шектіріп отыр. Алайда, осындай жағдайларға қарамастан, мемлекет ауыл шаруашылығына қолдауын тоқтатқан жоқ. Оны көзіміз көріп отыр жəне бұл үрдіс қуантады. Биыл Мемлекет басшысының қолдауымен агроөндірістік кешенді дамыту мен қолдау жөніндегі іс-шаралар мақұлданып, ол «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Сондай-ақ, осы жылы Ұлттық қордан қосымша 20 млрд. теңге аграрлық секторды дамытуға жұмсалды. Бұл – ауыл шаруашылығы үшін үлкен көмек. Өйткені, аталған қаражат қазірдің өзінде несиелік жəне лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, дағдарыс жағдайында осы саланы қаржылық сауықтыруға, төлем қабілетін, бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отыр. Мал шаруашылығы саласында да осындай жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Мемлекет қазір мал басын өсіруді ғана мақсат қылмай, оны асылдандыруды, өнімі мен сапасын арттыруды қолға алуда. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын жəне орта бизнесті дамыту, соның ішінде 5 гектарға дейін отбасылық бау-бақша салуға кепілдіксіз несие беру сияқты жеңілдіктер де бар. Қазіргі уақытта осы саланы қаржылай сауықтыруға, инвестициялық субсидия жасауға, жоғарыда айтқанымдай, несиелер мен лизингтер бойынша пайыздық мөлшерлемені азайтуға жұмыстар жасалып жатыр. Мəселен, Кеден одағы аясындағы елдерді алсақ, Ресейдегі қосымша құн салығы – 18 пайыз, Беларусьте – 20 пайыз. Қазақстандағы қосымша құн салығы – 12 пайыз. Бұған қоса, біздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мүліктік, көліктік, əлеуметтік тұрғыда айтарлықтай салық тық жеңілдіктер қарастырылған. Осы айтылғандардың өзі-ақ Қазақстандағы аграрлық сектордың мүмкіндіктері орасан екенін көрсетпей ме? Тек біз осы саладағы мүмкіндіктерімізді лайықты пайдалана білуіміз керек. Қазақта «Елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар ғой. Құдайға шүкір, тəуелсіз еліміз елу жыл емес, жиырма-жиырма бес жылдың ішінде адам танымастай өзгерді. Мұның бəрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы деп білемін. Сонымен бірге, осы салада əлі қолданылмай жатқан даму мүмкіндіктері бар екенін айта кеткен жөн. Шағын несиелерді алу қарапайым шаруалар үшін қиын. Ауыл шаруашылығындағы өндірушілерді несиелендірудің 16 түрлі бағдарламасы жұмыс жасайды. Сол бағдарламалардың 16 түрлі талаптары бар. Əрқайсысы əртүрлі. Ауылдағы

қарапайым шаруа үшін оны толтыру өте қиынға соғады, қағазбастылық басым. Субсидиялау ережелері жиі өзгереді – бұл да бір кедергі. – Елбасы бір сөзінде «Білімді ұрпақ – мемлекеттің болашағы» деген еді. Қалай ойлайсыз, сол білімді ұрпақтың негізі ауылда емес пе? – Сұрағыңызды жақсы түсініп отырмын. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясына байланысты ұлттық білім жүйесін қалыптастырып, оны бүкілəлемдік жүйеге бейімдеу міндеті қойылған болатын. Осы мақсатта Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі жастағы 680 806 баланың 160 129-ы ауылдық балабақшаларда, 131 729-ы шағын орталықтарда екен. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау жəне Маңғыстау облыстарында осындай мекемелерге кезекте тұрған бүлдіршіндер өте көп. Бұған мектептерде орын жетіспей жататынын, педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірген мамандар деңгейінің төмендігін, балалар психологиясын жəне т.б. қосыңыз. Біздің мəлімет бойынша елімізде 7307 күндізгі мемлекеттік мектеп, соның ішінде ауылдық жерде 5702 мектеп жұмыс істейді екен. Немесе денсаулық сақтау саласын алайық. Бүгінгі таңда «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Əрине, осы саланы бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, медициналықсанитарлық көмек беру, тағысын тағылар кезек күттірмейтін міндеттер. Оның сыртында саламатты өмір салтын насихаттау, амбулаторлық көмек, тұрғындарды жаппай алғашқы медициналық жəрдеммен, жедел жəрдеммен қамту мəселелері тұр. Жасыратыны жоқ, осы аталған проблемалар қазіргі таңда ауылдық жерлерде түпкілікті шешілмей келеді. Ауызды қу шөппен сүрте беру де абырой əпермейді. Мемлекет ауылға қолынан келген көмегін ешқашан аяған емес. Тəуелсіздік жылдары біздің еліміз ойымыз түгілі түсімізге кірмеген жетістіктерге жетті. Бірақ, жақсылығымен қоса олқылығын да айту, көрсету, түзету – парызымыз. Əрі біз мұндай сынды билік тізгінін ұстап отырған жергілікті жердегі əкімқаралардың құлағына жеткізу, ескерту үшін айтамыз. Осы кешенді мəселелерді шешу мақсатында «Ауыл» партиясы «Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы» атты бағдарлама əзірлеу күн тəртібінде тұр деп есептейді. Сол бағдарламада ауылдың инфрақұрылымдық мəселелерін шешудің кешенді жолдарын қарастыру үшін мемлекеттік органдармен, қалың жұртшылықпен бірге жұмыс істейтін боламыз. – Əли Əбдікəрімұлы, сіз шын мəнінде ауыл проблемасы туралы біраз жайттың бетін аштыңыз жəне ашық, жаныңыз күйіп əңгімелеп отырсыз. Үлкен саяси партияның жетекшісі ретінде айтыңызшы, «Ауыл» партиясы осы бағытта қандай жұмыстар жүргізетін болады? – Осы уақытқа дейін «Ауыл» партиясы біраз жұмыстар атқарды. Ең бастысы, он бес жылдың ішінде біздің партия əрдайым тəуелсіздіктің, даму мен өсудің, жақсылықтың жақтаушысы, қолдаушысы болды. Елмен бірге, Елбасымен бірге егемен еліміздің көркеюіне, өркендеуіне хал-қадерінше үлес қосты. «Осы жылдардағы партияның жеткен жетістігі, табысы қайсы?» деген сұрақ қойылса, мен жоғарыдағы дəлелді келтірер едім. Себебі, мемлекет үшін де, қоғам үшін де, жекелеген саяси партиялар үшін де, қайраткер азамат үшін де, айналып келгенде, елінің көркеюі мен дамуынан артық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ, өмір бір орнында тұрмайды ғой. Мемлекет те, адам да, партия да үнемі жетілу, өсу үстінде болуы керек. «Ауыл» партиясы мен Патриоттар партиясының бірігуі жөніндегі шешім де, шыны керек, «бірігіп көтерген жүк жеңіл» дегенге саяды. Осы ретте, біз партияға келгелі саяси ұйымның алдына жаңа құндылықтар, жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отырмыз. «Ауыл» партиясы əлеуметтік əділеттілік бүгінгі күн тəртібінің негізгі мəселесі деп есептейді. Бұл – ауыл тұрғындарының əділетті еңбекақысы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өніміне əділетті баға жəне ауылға деген əділетті əлеуметтік саясат деген сөз. Күн сайын өзгеріп жатқан мына алмағайып заманда тəуелсіз Қазақстанның алдында күрделі де өзекті міндеттер тұр. Мұны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та жыл сайынғы халыққа Жолдауларында қадап айтып жүр. Əлбетте, «Ауыл» халықтықдемократиялық патриоттық партиясы да осы мақсат-міндеттерді оңтайлы шешудің жолдарын қарастырып қана қоймай, нақты шешу жолдарын ұсынды. Яғни, партия жаңашыл аграрлық саясатты қалайды. Бұлар ауыл шаруашылығында əлемдегі озық елдердің тəжірибесін пайдалану; ауылда инвестициялық іскерлікті дамыту; ауыл еңбеккерлері мен агроөнеркəсіп кешен өкілдеріне əділетті салық жүйесін қалыптастыру. Біздің басты мақсатымыз – тəуелсіз, мықты, дамыған Қазақстан. Сондықтан ауыл халқының, Қазақстан халқының, Қазақстанның болашағы үшін жұмыс істейтін боламыз. Əңгімелескен Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».


www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

 Тарих толқынында Жер жїрегініѕ жылнамасы

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін ба ғамдап, барын бағалаған қа шан да жүрісінен жаңылмайды. Сон дықтан тағылым түйгендер ғана тарихқа бағыт бере алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың таяуда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен салтанатты жиында: «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз! Ұлы Даланың мұрагерлеріміз! Бұл – біздің таңдауымыз!» – деп атап көрсеткені белгілі. Биік мінберден айтылған осы сөздің тек қазақ қоғамын ғана емес, тамыры бір, тарихы ортақ туыс халықтар мен түркі тарихына ден қойған ғалымдарды да елең еткізгені анық.

саналатын ғалым: «Жердің жүрегіне» ие болған тұтас Еуразияға иелік етеді, ал Еуразияға сөзі өткеннің əлемге билігі жүреді», деп пайымдады. Осы ұғымды одан əрі қаузаған америкалық оқымысты Роберт Каплан 2012 жылы жарық көрген «Географияның кегі» деген еңбегінде: «Маккиндердің Хартленді – ол қазіргі Қазақстан. Батыс Сібірден Каспийге дейін созылып, Орталық Азияның басым бөлігін алып жатқан қазақ даласы Еуразияның дəл ортасына орналасқан», деген тұжырымы ойға оралады. Бұл байлам қазақтың Жерұйық түсінігімен де сəйкес келеді. Қашанда ізгілікті мұрат еткен қазақ жұрты жаңа ғасырда егемендік алып, Жиделібайсын-Жерұйығын тауып, Арқа төсіне ордасын орнатты. Күлтегіннің мұрасы келіп, көк түріктің рухын тірілткен, алтын самұрығы аспан тіреп, Бəйтерегі көкпен таласқан елордада

Белгілі қытай ғалымы Цэн Чжунмяньның жа зуына қарағанда, тіпті қытайлықтар да өздерін «аспанасты елі» деп əспеттегендегі аспан, көк ұғымдарын көрші түркілерден алған сыңайлы. Бұл Елбасымыздың 14 қыркүйекте «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатындағы: «Ұлы Дала ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. ...«Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде мемлекет құрып, оның шаңырағын биік етіп, көк тудың астына жиналып отырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген», деген сөздерінің ғылыми тұрғыда қаншалықты дəл екенін айғақтай түседі. Мəңгілік ел ұғымын тек Тəңір лік сеніммен байланыстырып қарауға болмайды. Ол Ұлы Далада əртүрлі кезеңде

мұраттар. Байырғы бабаларға байлам болған бұл бəтуалы сөз, киелі ұғымның бүкіл бауырластардың басын қосқан Түркі кеңесінің мерекелік Саммитінде, Түркі мемлекеттерінің басшылары түгел қа тысқан алқалы бас қосуда, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында айтылуы да кездейсоқтық емес деп ойлаймыз.

Тїркі тўтастыєыныѕ таѕбатасы

Елбасының бастамасымен Астанада құрылған халықаралық Түркі академиясы биыл Алтай мен Өтүкенге арнайы экспедиция ұйымдастырды. Белгілі археолог-ғалым, профессор З.Самашевтің жетекшілігімен былтыр Алтайдың Қарақаба жазығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында аса құнды жəдігерлер, соның

ЎЛЫ ДАЛАНЫЅ ЎЛЫ МЎРАТЫ Дархан ҚЫДЫРƏЛІ,

халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы.

Əрине, бүгінге дейін Ұлы Дала туралы жазған белгілі ғалымдар болды. Мəселен, француз зерт теушісі Ренэ Гроссе 1938 жылы жарық көрген «Ұлы Дала империясы. Атилла, Шыңғыс хан, Темірлан» деп аталатын əйгілі еңбегінде Маньчжуриядан Будапештке дейінгі аралықта ғұмыр кешкен сақтар мен ғұндардың, көк түріктер мен Алтын Орданың тарихына талдау жасайды. Сол сияқты, түркілер та ри хына қатысты көптеген құнды еңбектер жазып қалдырған Л.Н.Гумилев те өзінің «Ежелгі Русь жəне Ұлы Дала» деп аталатын кітабында ұланғайыр аймақта билік жүргізген қуатты империялар туралы айтады. Жалпы, Лев Гумилев атап өткендей, Еуразия кеңістігінің тарихи қабаттары, мəдени келбеті мен мемлекеттілік дəстүрін Ұлы Даладағы ғұн, көк түрік жəне Алтын Орданың қалыптастырғаны анық. Сондықтан болса керек, Ұлы Дала ұғымы кейде Еуразия Даласы деп те айтылады. Ал бұл пайымдау негізсіз де емес. Айталық, географиялық тұрғыдан алғанда, Ұлы Дала Байкалдан Балқанға, Өтүкеннен Дунайға дейінгі аралықты алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ. Ұлы Даланың түстігі Қара теңізбен, батысы Карпат тауларымен шектеседі. Ал өркениет-мəдениет тұрғысынан алғанда шығысы Қытай, түстігі Иран, батысы Ұрым арасындағы тұтас түркілік кеңістік. Тарих қатпарларын ақтарсақ, сақ, ғұн, көк түріктер мен Алтын Орда иелік еткен, Еуразияның нақ ортасына орналасқан байтақ мекен. Баршаға белгілі, есте жоқ ерте заманнан бері ғұндардың қара шаңырақ атақонысы, өсіп-өнген түпқазығы осы Ұлы Дала болған! Біздің дəуірімізден бұрынғы мыңжылдықтың соңында тарих сахнасына шығып, Орталық Азияда үстемдік құрған Ғұн империясы Қиыр Шығыс, Қытай мен Шығыс Еуропа, сол түстік халықтары мен Үндістан, Иран сияқты елдердің арасында көпір қызметін атқарып, экономикалық жəне мəдени байланыстардың дамуына үлкен үлес қосқан. Кейіннен Еділ-Жайық жазығы, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстігінен басталып, Еуропаға жайылған əйгілі Атилла бастаған Еуропа Ғұн мемлекетінің негізі де осы Ғұн империясы кезінде қаланған. Ұлы далада Ғұн мемлекетінен кейінгі ең ірі империя ретінде тарих сахнасына шыққан Көк түрік қағандығының Хангайдан Шығыс Еуропаға дейінгі аймақта созылып жатқан Ұлы Далада орасан зор ықпалын жүргізгені белгілі. Қысқа мерзімде Қиыр Шығыстан Қара теңіздің солтүстігіне, Оңтүстік-батыс Сібірден Солтүстік Үндістанға дейінгі ұлан-ғайыр жерді бағындырған Түр кі қағандығы Еуразия кеңістігіндегі экономикалықмəдени байланыстардың дамуына дəнекер болған. Қазіргі Қазақстан жерінде құрылған Қимақ, Қарлұқ жəне Оғыз елдері мемлекеттік құрылымы жағынан Көк түрік қағандығының жалғасы ретінде Алтайдан Атырауға дейінгі жерлерге қоныстанды. Шығыс Түркістаннан Таяу Шығысқа дейін созылып жатқан Ұлы Салжұқ мемлекеті жəне Алтай мен Шығыс Еуропа арасындағы шексіз кеңістікке билік жүргізген құдіретті Алтын Орда дəуірі Еуразия кеңістігіндегі орасан зор өзгерістерге түрткі болды. Демек, Ұлы Дала ұғымын Еуразияның түркілік сипаты, қазақша атауы деуге болады. Оксфорд университетінің профессоры Хэлфорд Дж.Маккиндер 1904 жылы біз сөз етіп отырған Еуразияның солтүстік-шығыс бөлігін «Хартленд», яғни «Жердің жүрегі» деп атап көрсетіп, жаңа термин енгізді. Геосаясаттың атасы

«Мəңгілік Ел» мұраты қайта жаңғырды. Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасындағы алып ай мақта дүркірей көтерілген жасампаздық рухы Ұлы Далаға серпін берді. Бұл орайда Ұлы Дала мен Мəң гілік ел – егіздің сыңарындай, бірінбірі толықтыратын ұғымдар болса керек. Баһадүр бабаларымыз Мəңгілік ел сияқты ұлы мұрат арқылы Ұлы Даланы бағындырған немесе Ұлы Даланы мекен еткені үшін мəңгілік сарынға ден қойған. Бұл туралы Күлтегін жазуында: «Өтүкенде билік құрып, Орда тігіп, Табғашқа керуен аттандырып отырсаң, халқыңда мұң болмас. Өтүкенде отырсаң, құрған елің мəңгі өмір сүреді», деп мəңгітасқа мұқалмастай қашап жазған. Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен түркілер тоқпақ жалды тарпаңды ерттеп мініп, арғымақтың тұяғы жеткен жерде «Мəңгілік Ел» орнатуды армандағаны белгілі. Осылайша асыл арқауы қадымнан бақиға үзілмей жеткен өміршең мұраттарын ұрпақтанұрпаққа табыстап, Ұлы Дала өркениетін қалыптастырған. Көне Қытай, Үнді, Иран, Мысырмен иық тіресіп, өзіндік мəдениетімен оларға балама өркениет құрған Түркі əлемі Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолы» арқылы əлемдік сауданың күретамырына, дүниежүзілік дипломатияның дəнекеріне айналған. Көне түркілік түсінікте «Ел» кең ауқымда, ұлыс, мемлекет, өлке, халық деген мағыналарда қолданылған. Сонда Мəңгі Ел – халықтың «күн сөнгенше сөнбей» мəңгі жасауы деген ұғымға да келеді. «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың қадым заманнан бері қаншама рет елдігінен айырылса да, халықтық қалпы мен айнымас салтын сақтап, бүгінге жетіп отырғаны да осы Мəңгі Ел идеясының өміршеңдігін көрсетсе керек. Бұл туралы Елбасы: «Қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халықтың ізгі мұраты Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мəңгілік Ел жасау!» деп атап көрсетті. Бұл жерде «Мəңгі ел орнату» ұғымына көне түркілік түсінік бойынша, аш халықты тойындыру, жалаңаш жұртты киіндіру, аз халықты көп ету, елдікті сақтап, бəріне мейіріммен, Жаратқанның шапағатымен қарау, дүниенің төрт тарапына, атқан күн мен батқан күннің арасындағы шексіз аймаққа Тəңірінің əділетін жеткізу сияқты кең ауқымда да қарауға болады. Қол астындағы тайпаларға тең қараған түркілердің ат тұяғы жеткен жерлерде ешбір халықтың өз тілі мен дінінен, дəстүрі мен салтынан бас тартпағаны, керісінше өрістеп, өркендеп отырғаны бұған дəлел бола алады. Бұл тұрғыдан алғанда, Мəңгілік ел орнату мұраты – Тəңірінің қағанға берген, несібесіне бұйырған, пешенесіне жазған қасиетті міндеті. Осыған байланысты болса керек, тамыры тереңдегі текті жұрт өз билеушілерін «Тəңіріден тапқан, Тəңіріден үлес алған, Тəңірі көтерген, құт қонған, Тəңірқұт» деп атаған. Ендеше, мəңгілік те, ел ету де, қағандық беру де – бəрі Тəңірінің бұйрығымен, Көктің əмірімен болатын киелі іс! Олай болса, Тəңірі қаласа, Көктің жарылқауымен жиылған елдің, құралған мемлекеттің дүние тұрғанша жасай берері анық. Сондықтан мəңгілік сипатын Тəңіріден алған түркілер өздерін көк түріктер, яғни дəлірек айтқанда Көктен, Тəңіріден тараған, аспан сипатты, Тəңір тұрпатты түркілер деп атаған. Көк түсті киелі деп санаған, Көктің əміріне ғана бойұсынған. Осы орай да Мəңгі ел мен көк түрік деген сөз дердің сыңарлас ұғымдар еке ніне, екеуінің де Тəңіріден тарайтынына назар аударғымыз келеді.

əрқилы атаумен өмір сүріп келеді. Көк түріктер заманында «Бенгу ил» болған бұл асқақ мұрат соңғы түрік империясы Османлы дəуірінде «Дəулет-и əбəд мүддет» яғни «Мəңгілікке өмір сүретін мемлекет» деген атауға ие болды. Сол сияқты Өтүкенге орнығу идеясы да əр кезеңде «Ергенеқон», «Жерұйық», «Жиделібайсын», «Қызыл алма» сияқты ас қақ армандармен ұштасып жатты. Бұл асыл мұраттардың барлығы тамырлас жұрттың бірігуіне, ел болуына, ынтымақтастығына, өрлеуіне қызмет етті. Енді осы идеялар замана желімен өшпей, дəуір доңғалағымен бірге қайта айналып келіп, түгел түркінің қара шаңырағы – Қазақ елінде қайыра «Мəңгі Ел» мұраты ретінде жаңғырып отыр. Расында көк түркінің атажұртында жас мемлекеттің іргесін қалаған Қазақстан Президенті тамыры бір туыс жұртты түгендеп, үзіліп қалған алтын арқауды қайта жалғады. Алтай мен Анадолының арасын қосқан Н.Ə.Назарбаев түбі бір туыс елдер түгел мойындаған тегеурінді тұлғаға айналды. Түркі əлемінің ынтымақтастығына айрықша мəн берген Елбасы іргедегі бауырлас елдермен достық байланыстарды арттыруға баса назар аударып, Орталық Азия ынтымақтастығын құру жөнінде бастама көтерді. Түркі жұртының тағдыры талқыға түскен тұста келелі кездесулерге ұйытқы болған Қазақстан Президентінің Түркі Кеңесін, ТҮРКСОЙ-ды, Түркі Ақсақалдар кеңесін, ТүркПА мен Түркі ака демиясын құру туралы бастама көтергені баршаға белгілі. Біздіңше, Ұлы Дала жəне Мəңгілік Ел идеялары да осы тың бастамалардың заңды жалғасы ретінде дер кезінде дүниеге келген асыл

ішінде, əсіресе түркі дəуі ріне тиесілі қобыз табылған болатын. Сол ізбен биыл Қазақстан, Түркия, Əзербайжан жəне Қырғызстан ғалымдарының қатысуымен ұйымдастырылған экспедиция барысында Берелдің жоғары жағына, биік таудың ортасына орналасқан бұл жазиралы алқаптың атақты аңыздағы киелі мекен «Ергенеқон» болуы əбден мүмкін екені айтылды. Сол экспедициядан кейін іле-шала арнайы сапармен Өт үкенге аттан ған академияның қызметкерлері Моңғолия ның Бұлған аймағына орналасқан «Шивээт улаан» деп аталатын ғұрыптық кешеніне барып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шұрайлы алқапқа орналасқан, төрт тарапы тас қоршаумен қаланған, ортасында ғибадатхана орналасқан ғұрыптық кешенде 8 адам, 2 арыстан, 2 бөрі, 3 қошқар, 1 қой, 1 қозы бейнелерінде бə діз-тасмүсіндер жағалай қо йыл ған. Осы тасмүсіндердің ортасында биіктігі 2,5 метр болатын, бетіне 60-қа таяу көне тайпалардың таңбасы басылған таңбатас орналасқан. Академия қызметкерлері көк түріктерден қалған осы асыл мұраның ғылыми көшірмесін алып келді. Бұл «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенін 1912 жылы фин ғалымы Г.И.Рамстедт анықтап, жалпы сипаттамасын жасаған екен. Моңғол ғалымы Ц.Доржсүрэн 1957 жылы ескерткішті қайта зерттеп, пікір білдіріпті. Ал белгілі орыс түрколог-ғалымы С.Г.Кляшторный ғұрыптық кешенді: «ІІ Түркі қағанатының негізін қалаушы Елтеріс Құтлық қағанға арнап 693 жылы тұрғызған», деп пайымдапты. Біздіңше, осы болжам шындыққа сəйкес келетін сияқты.

Күлтегін жырында айты ла тындай, «Ағайынның азғанынан, береке-бірліктің аздығынан, бегі мен халқы дауласқандықтан, ағалы-інілі жауласқандықтан, табғаштың алдағанына сенгендіктен, арбауына көнгендіктен түркі халқы елдігінен айырылған» тұста Құт лық бастаған баһадүр бабалар Таң патшалығына қарсы көтеріліп, «жиырма жыл бойы соғысып, Тəңірі жарылқап, елдігін əлсіретпей ел етті, қағандықты қағансыратпай қағандық құрды». Осылайша 680 жылдары «жауын бейбіт еткен, тізеліні бүктірген, бастыны жүгіндірген» Құтлық Өтүкен өңіріне көшіп келді. Мəңгітастағы баянға сенсек, «данышпан Тұңйұқұқтың кеңесімен түркі жұрты Өтүкенге келді дегенді естіп, түстіктегі, батыс пен шығыстағы алысжақындағы тайпалар келіп қосылды». Байырғы ғұндардың құтты қонысына, байтақ ордасына орныққан Құтлық қаған төңірегін түгендеп, дос жинай бастайды. Түркі жұртының ішкі бірлігі мен ынтымағын арттырады. Сыртқы жауға қарсы жұдырықтай бір болуға үндейді. Елді теріп, ел еткені үшін Құтлық қағанға Елтеріс деген атақ беріледі. Елтеріс қаған елу жыл бодан болған жұрттың еңсесін көтеріп, көк түрік қағанатын қайта құрып, оның шекарасын кеңейтіп, айбарлы елге, қуатты күшке айналады. Əуелден одақтас түрік тайпаларын қарамағына алып, төлес пен тардуш сияқты сол жəне оң қанатты біріктіріп, моңғол үстіртіндегі қарлұқ, ұйғыр, оғыз, сыр (қыпшақ) қауымдарын, оң түстік Сібірдегі қырғыз, бұғы, аз, чик сынды əлеуетті рулар мен Байкал маңындағы Байырку, Тоңра жəне Қиыр Шығыстағы татар, қидан, қай сияқты іргелі тайпаларды біріктіріп, үлкен одақ құрады. Құтлық Елтеріс қағанның құтты жолын қаһарлы Қапаған, баһадүр Білге қағандар жалғап, күндей күркіреген Күлтегіннің қолбасшылығымен жорықтар жасап, жауынгер жұрт жеңімпаз елге айналады. Күлтегін ұстынында ол туралы былай дейді: «Ілгері Қадырхан жынысынан (Хянган жотасы) асып, ол жаққа ел қондырдық. Ба тыста Кеңтарбанды (Сарыарқа) басып өтіп, түркі халқын қоныстандырдық. Əрі қарай Темір қапыққа (Дербент) дейін жо рық жасап, тыныштандырдық. Шығыста Шандұн жазығына дейін жауладық. Мұхитқа сəл жетпедік. Оңтүстікте Таңғұт, Тибетті жау ладық. Осылайша түр кі билігін орнықтырып, салтанат құрдық. Аш құрсақты тоқ еттік. Шығай (кедей) халықты бай еттік. Дүйім түрік, оғыз халқы, бектері, тыңдаңдар! Қара жер қақ айырылып кетпесе, түрік халқы еліңді, билігіңді кім құртады?!». Осылайша абыройлары асып, күштері тасқан көк түріктер Ұлы Далада Мəңгілік Ел мұратын көтереді. Бүгінгі Еуразия кеңістігіндегі іргелі тайпалар мен мемлекет құрған ру-бірлестіктердің басын қосып, айырылмасқа анттасып, таңбаларын белгі-тасқа қашап жасады. Түркілер жазуды бітік, таңбаны белгі деп атаған. Мəңгі ел мұратын ұрпаққа жеткізген тасқа да «Бенгу тас» – мəңгітас деп ат қойған. Бұл туралы көнеден жеткен жазбада: «Мың жылдық, түмен күндік бітік, белгімді ұрпағыма қалдырдым», деп айтылған. Құтлық Елтеріс қағанға арнап: «Берік бірлігіміздің белгісі болсын», деп арнайы тасқа таңбаларын өшпестей етіп қалдырып, келешек ұрпаққа өсиет еткен. Міне, «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінен табылған мəңгітас бізге осыны ұғындырады. Қазір Түркі академиясы халықаралық ұйымының ға лымдары таңбатастағы тай па лар дың таң баларын анықтады. Олардың арасында ашина, ашида, басмыл, байындыр, бұғы, едіз, еймүр, хазар, қарлұқ, қай, қыпшақ, қырғыз, қидан, құн, оғыз, ығдыр, тардұш, тоңра, түргеш, ұйғыр, иазыр, иағлақар жəне тағы басқа іргелі тайпалар бар. Бұлардың басым көпшілігі өз алдына мемлекет құрған, тіпті, кейін айбарлы империяға айналған іргелі тайпалар. Айталық, хазарлар Хазар империясын құрса, оғыздар Салжұқ жəне Осман империясының негізін қалады. Түргештер мен Қарлұқтар Орталық Азияда үлкен күшке айналды. Сол сияқты Ұлы Дала да бір кездері Дешті Қыпшақ деп аталды. Міне, осындай ірі бірлестіктердің жиылып, саналы түрде бас қосып, ірге біріктіріп, серттесіп, одақ құруы – шын мəнінде Ұлы Далада Мəңгілік елдің бастауы болатын. Расында осы ізгі мұратты тұтқан түркілер бұдан кейін де дүркірей көтеріліп, Еуразия кеңістігінде шығыс пен батысты жалғап, бүгінге үзілмей жетті. Талай тауқыметті көрсе де, ХХ ғасырдың соңында, мыңжылдықтардың түйіскен тұсында бірнеше іргелі ел болып, қайта шаңырақ көтерді. Біріккен Ұлттар Ұйымында бір неше түркітілдес мемлекеттің туы желбіреді. Олар Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен бас қосып, Түркі кеңесін құрды. Сан ғасыр бұ рын айы рылмасқа анттасқан ағайын жырақтап кеткеніне қарамастан, қайырылып келіп, қайта қауышты. Күллі түркінің қара шаңырағы Қазақстан осы құтты қадамның бастама шы сы болды. Елбасының Мəңгілік Ел жəне Ұлы Дала мұраттары Ергенеқоннан шыққан Елтерістің ұрпақтарын бүгінгінің Өтүкені – асқақ Астанаға қайта жинады. Түркілік мұраларды түгендеп жүрген Түркі академиясы осы таңбатастың ғылыми көшірмесін жасады. Таяуда оны салтанатты жағдайда ашуды да жоспарлап отыр. Болашақта Өтүкеннен жеткен, Ұлы Даладағы Мəңгілік Елдің белгісіндей болған бұл таңбатас Астананың ең көрікті жерінде орын алады деп сенеміз.

3 Автокґлік ґндірушілер кїш біріктірмек Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазАвтоПром» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дəулет Бақберген баспасөз мəслихатын өткізді. Ол шара барысында отандық ірі автоиндустрияның қатысушылары ««ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласы кəсіпорындарының одағы құрылғанын жеткізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде автокөлік өндіруде Мемлекет бас шысының қам қор лығы үлкен рөл атқарып отырғанына тоқталған төраға орынбасары, сөздің сірəсін автоөнеркəсіптердің тарихынан бастады. «Қазақстанның ав то мобиль өнеркəсібінің құрылғанына биыл 12 жыл толып отыр. Осы уақыт ішін де республикамыз дың аумағында жеңіл автомобиль, жүк жəне автобус теxникасын шығаратын бес өндірістік алаң пайда болды. Қазіргі таңда олар дың өнімдері отандық тұтынушылардың сеніміне ие болған деуге ауыз барады. Бүгінде Қазақстанның өндірушілерінің кəсіби шеберлігі оларға əлемдік атауы бар теxнологиялық əріптестермен тығыз қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп отыр», деді ол. Бұған қоса ол, отандық автоиндустрия өкілдері қазақ стандық экономиканы Еуразиялық эко номикалық одаққа жəне Дүние жүзілік сауда ұйымына интеграциялау үшін жаңа талаптар дайындап жатқанын да ай тып өтті. «Бүгінгі күнде бізде автоөндірушілердің мақсатмүддесін толық таныстыра алатын салалық бірлестіктер жоқ. Қазір осы кемшіліктердің орнын толтыратын салалық бірлестіктің құрылғандығы туралы қуанышты xабарды өздеріңізбен бөлісіп отырмыз. Ірі отандық авто индустрияның қатысушылары «ҚазАвтоПром» Қазақ стан автомобиль саласы кəсіпорындарының ода ғын құрды. Бұл ұйымды құруға кəсіпорындар бас тама көтерген болатын. Олардың үлесіне отандық автоөнеркəсіп өнімдерін шыға рудың 74 пайыздан жоғары сомасы, қазақстандық жаңа автомобильдер нарығының 50 пайыздан астамы жəне республиканың автомобиль саласындағы қызметінің 40 пайыздан астамы тиесілі», деді Д.Бақберген. Оның сөзіне илансақ, одақ құрылтайшылары арасында «СемАЗ», «ДЭУ Бас Қазақстан», «Азия Авто», «Бипэк Авто Қазақ стан» жəне саланың басқа да ірі қатысушылары бар. Спикер өз сөзінде алдағы уақытта кімдермен тығыз қарым-қатынас орнататындарын да тілге тиек етті. «Аталған одақ бұдан былай Машина жасау, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен жəне Ұлттық экономика министрлігіндегі əріптестерімен бірлесіп жұмыс істейтін болады. Бұл əрекеттеріміз инновацияны енгізу үшін тұрақты ин вес тициялық ахуалды, тиімді нормативтік құ қықтық базаны құруда жəне қолайлы жағ дайларды жасауда үлкен жетістікке əкелетініне сенімдіміз. Өйткені, жоспарланған іс жемісті жүзеге асса, ондаған табысты авто өндіруші елдер дің күште рін бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік туады. Нəтижесінде, автоөнеркəсіпті дамытудың жаңа қадамы бастала ды», деді одақ төрағасының орынбасары.


4

www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

БОЛАШАЄЫ БІРТЎТАС ЕЛ

Ўлаєаты мол їндестік Облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған этномəдени бірлестіктер өкілдерінің жəне халықаралық шығармашылық ұжымдар өкілдерінің арасында «Мəдениеттер үндестігі» – «Созвучие культур» атты V халықаралық фестиваль өткізілді. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Фестивальді облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық Достық үйі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына бағытталған шаралар аясында ұйымдастырды. Осы бір ұлттар достығын арқау еткен маңызды мəдени шараға Ресейдің Орынбор облысының Новотроицк қаласынан «Родные напевы», Оңтүстік Кореядан «Тан-тан» фольк лорлық ансамбльдері, Оңтүстік Қазақстан облысынан «Томирис» би ансамблі жəне облыстағы этномəдени бірлестіктердің шығармашылық топтары, өкілдері, Жастар қанаты қатысты. Фестивальды ұйым дас тырудың мақсаты əр халықтың ұлттық дəстүрлерін тереңдету, сақтау, мəдениеті мен халықтық көркемөнер шығармашылығын дамыту мен насихаттау, өңіраралық, халықаралық мəдени бай ланыстарды кеңейту жəне тəжірибе алмасу болды. «Мəдениеттер үндестігі» V халықаралық фестивалінің шымылдығы «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің сүйе мелдеуіндегі Ғарифолла Құрманғалиевтің «Сəлем» əнімен ашылды. Одан кейін облыстағы

19 эт но мəдени бірлестіктің өнерпаздарының қатысуымен «Достықтың гүлдестесі» вокалдыхореографиялық қойылымы ұсынылды. Фестивальдың салтанатты ашылуында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жолдас Нұршин мен облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдырғали Ермұхан мəдени шараның ұлт аралық, өңіраралық байланыс тар ды нығайтуға, ұлттар мен ұлыстардың мəдени өзара үнқатысуы арқылы еліміздегі тұрақтылықты дамытуға негіз қалайтынын атап өтіп, өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі. Сахнаға Оңтүстік Кореядан келген «Тан-тан» фольклорлық ансамблі көтеріліп, өздерінің ұлттық аспаптары – каягым, тхегым жəне хегымда корей əндерінен попури орындап, көрермендер көңілін баурап алды. Осылай алуан ұлттың əндері əуелеп, билері биленді. Сахнада бірін бірі ауыстырған өнер топтары өз халқының мəдени мұраларын көрермен назарына ұсынды. Достық үйінің директоры Роза Беркешованың айтуынша, бұл фес тиваль басында облыстық, кейін өңіраралық деңгейде

өткізілсе, қазір көкжиегін кеңейтіп, халықаралық фестиваль болып отыр. Бұған дейінгі фестивальдарға Грузиядан, Əзербайжаннан, Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Тəжікстаннан өнерпаздар келген. Біз фестивальға қатысушылармен кездесіп, əңгімелескен болатынбыз. – Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Астана қаласы тазалығымен, қайталанбас сəулеттік көріктілігімен, қазақтар ашық-жарқын қонақжайлығымен ұнады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты көп ұлтты Қазақстанның экономикалық тұрғыдан осындай табыстарға жеткізудегі рөлі зор, көреген саясаткер деп бағалаймын. Өзім музыка пəнінің мұғалімімін. Мұнда келіп, өзіміз дің ұлттық өнерімізбен таныстырғаныма қуаныштымын. Өнерде шекара жоқ. Бұл – ұлтаралық татулықтың тінін бекіте түсетін шара. Осындай байланыс арқылы осындағы қандастарымыздың əдемі өмір сүріп жатқанын көрдім, – деді Оңтүстік Кореядан келген «Тан-тан» фольлорлық ансамблінің жетекшісі Хе Мин. Көршілес Ресейдің Новотройцк қаласынан келген «Родные напевы» ансамблінің жетекшісі Нина Беляева өздерінің өнер ұжымдарында 6 жастан 60 жасқа дейінгі мүшелері бар екенін айта келіп, фестивальға 12 өнерпаз келгенін жеткізді. Əңгімеге ансамбль мүшесі Ирина Полянская араласып, Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен достық Мемлекет басшысы

Сыр анасы – Сəлима Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

«Қайран, біздің аналар арды ойлаған, Шілік шауып, ши буып, арба айдаған». Мұзбалақ ақын Мұқағалидың осы бір ауыз сөзіне қазақ əйелдерінің барлық бітім-болмысы сыйып тұр. Соғыс жылдарында, майдан бітіп, бейбіт заман келіп, елдің еңсесін тіктеу кезінде біздің аналарымыз əкелерімізбен иықтаса жүріп еңбек етті. Шөп те шапты, жерді де жыртты, егінді де екті, малды да бақты, трактор да айдады. Қысқасы, ерен еңбектің қақ ортасында жүрді. Сонысымен қоймай өмірге іркес-тіркес бала əкеліп жатты. Бүгінгідей қызмет қуып, жұмысбасты болып, бірер баладан артыққа уақыт жоқ демеді. Міне, сондай аналардың көш басында Сырдың сұлуы Сəлима Жұмабекова да болды. Кеңес өкіметі тұсында Социалистік Еңбек Ері атануымен қатар Батыр ана атағын алған үш-ақ адам бар. Соның екеуі Қызылорда облысынан шыққан. Олар Ұлбала Алтайбаева мен Сəлима Жұмабеков. Ұлбала апамыз қазір арамызда жоқ. Ал Сəлима Жұмабекова бүгінде сексеннің сеңгірін бағындырды. Бұрнағы күні Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Сəлима Жұмабекованың 80 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті. «Сыр анасы – Сəлима» атты батыр анаға арналған бүгінгі кешке жиналған қауымның қарасы мол болды. Аты аңызға айналған ананың өмірінен тəлім алуға келгендей бəрі. Кеш барысында сөз алған облыс əкімі Қырымбек Көшербаев Сəлима апайға жылы лебізін білдіріп, Елбасының құттықтауын оқып берді. – Көп жыл бойы диқаншылық кəсіппен айналысып, ел ырысы – Сыр күрішін өсіруден мол өнім жинап, Социалистік Еңбек Ері атандыңыз. Басқа да жоғары марапаттарды иеленіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайландыңыз. Есіміңіз елге танылып,

халқымыздың құрметі мен қошеметін осы кезге дейін сезініп келесіз. Мақсатты тіршілік, айшықты із дегеннің өзі де осы болса керек, – делінген Елбасының құттықтауында. «Түгін тартса майы таматын құнарлы жердің қойнауын игілікке кенелтіп, халықтың құрметіне бөленген жандар бізде жетерлік. Еңбекті өмір салтына айналдырған қарапайым еңбек адамдарын былай қойғанда, Социалистік Еңбек Ері деген құрметті атаққа ие болғандардың саны облыста жүзден асады. Демек, сырбойылықтар ерен еңбектің парқын біледі, мəні мен мағынасын түсінеді, қадірі мен қасиетін барынша жоғары бағалайды. Егер Еңбек Ерінің қасына Ана деген ардақты сөз қосылатын болса, онда бұл тіркестің мазмұны шексіз асқақтап, шалқары теңдессіз кеңейеді. Сондықтан, білегі – еңбектен, тілегі халықтан нəр алған, жүрегі ұрпағым деп тебіренген Сырдың Сəлимадай аналары

Н.Назар баевтың сарабдал саясатының арқасында мүмкін болып отыр деп есептейтінін айтты. – Біздің достық тамырымыз тереңде. Оны еш ұмытуға болмайды. Ал сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев сұңғыла саясаткер. Оның Қазақстанды əлемге танытудағы еңбегі зор. Жүзден астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында бір атаның баласындай өмір сүріп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақты құруға ұйытқы болғанының өзі неге тұрады? Біз Ақтөбенің өзінен-ақ елдегі ұлттар мен ұлыстардың ынтымақтастығын айқын сезінудеміз. Мұндай елдің алар биігі аласармайтынына кəміл сенемін, – деді Ирина Полянская. Осы фестивальға Оңтүстік Қазақстан облысы Ақсу кентіндегі гуманитарлық-педагогикалық кол ледждің «Томирис» би ансамблін бастап келген осы оқу орны директорының орынбасары Эрмұрад Мавланов та мəдени шараның өте жақсы ұйымдастырылғанына өзінің ризашылығын білдірді. Ол колледжде өнерге айрықша маңыз берілетінін, көптеген ұлттардың əндері шырқалып, билері биленетінін жеткізді. – Бұл болашақ мұғалімдерге өте қажет. Сол арқылы достық пен ынтымақтастық беки түседі, олар ұстаз ретінде барған жерлерінде бірлікті одан əрі насихаттауға атсалысады, – деді ол. Сондай-ақ, ансамбльдің құрылғанына он жыл толғанын, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты театрландырылған қойылым көрсеткендерін, «Жүз ұлт, жүз салт-дəстүр» бай қауына қатысып, жеңімпаз болғандарын айта келіп, өзі алып келген «Томирис» би ансамблінің құрамында алуан ұлттың жастары билейтінін жеткізді. Фестивальға қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен жəне ескерткіш сыйлықтармен марапат талды. Ең бастысы – өнер арқылы өзара татулықты нығайтудың сəтті қадамдары жасалды. Мəдениеттердің үндестігі ілгері күндердегі ынтымаққа берік іргетас қалады десе болғандай. Фестиваль қонақтары тек концерттік бағдарламаларға қатысып қана қойған жоқ, Кеңес Одағының Батыры Əлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен танысты. Фестиваль аясында ақтөбелік қолөнер шеберлері қолынан шыққан бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

● Жазылым-2016

Елдіктіѕ ерен тірегі Оѕтїстік Ќазаќстанда бас газет таралымы 32 мыѕнан асатын болады Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Бейбіт Атамқұлов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдады. Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу барысында осы қызметке тағай ындалғанына үш ай ғана болған өңір əкімі облыста кезеңкезеңімен жүзеге асырылатын жұмыс жоспарын жіліктеп берді. Əр аудан, қалаға өзі көтере алатындай мүмкіндіктер бөлінген. Мəселен, Арқамен қойындасып жатқан, қысы алты айға дейін созылатын оңтүстіктің теріскейі Созақта, көрші Бəйдібек ауданына тамшылатып суарудың көлемін арттыр, жылыжай сал деп қинаудың қажеті жоқ. Тым қымбатқа түсетін қазына. Есесіне бұл өңір ұсақ малдан ірі мүйізді қара, жылқы, түйе шаруашылығын өрістетуге өте қолайлы. Облыстағы ең ірі аудандардың бірі – Мақтаарал. Бүгінде халқы 400 мыңға жуықтап қалды. Айлақта қалып кеткен өңірді бер жақпен Елбасының тапсырмасымен салынған Тəуелсіздік көпірі ғана жалғастырып тұр. Бүкіл Қазақстанға шағып қарағанда мақта-мата кластеріне арқау болатын ақ алтынның дені осы Мақтааралда өсіріледі. Оның үстіне төрт жүз мың халық өндіріп отырған бау-бақша, көкөніс өнімдері Қазақстанның бірнеше қаласын қам тамасыз етер еді. Тасымал қымбат. Егер тоғыз жолдың торабы Сарыағаш пен Мақтаарал арасына темір жол тартылса, көп түйткіл шешіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы елдегі жылыжайдың 87,7 пайызын иеленіп отырса, мыңдаған тонна көкөністі экспортқа шығаратын Сарыағаштың жөні бөлек. Ал тəу етер рухани ордамыз Түркістан түбі бір түркі қауы мының үлкен орталығына айналмақ. Мұндай идея түркі халықтарының түбі бір екендігін танытып қана қоймай, бір-бірімен одан сайын жақындастырады əрі қарашаңырақта отырған қазақ

ұлтының құрметін арттырады. Облыс басшысы осылайша əр аудан, қалада атқарылатын жұмыстарды баяндады. Емен-жарқын сұхбат барысында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті облыс басшысының қызметіне табыс тіледі. Сұхбат соңында облыс əкімі Бейбіт Атамқұлов: «Егемен Қазақстан» – халықтың ең жақын газеті. Дағдарыс басқа басылымдарға салқынын тигізсе де бас газетке көлеңкесін түсіре алмайды. Оңтүстік тұрғындары жылда «Егеменнің» отыз екі мыңнан аса таралымына жазылып келеді, биыл да сол межесінен төмендемейді», деді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика институтында өткен кездесу де емен-жарқын жағдайда өтті. Расында, мұғалімдер институты кездесуге айрықша дайындалыпты. Əсіресе, жастардың ел тағдырына, мемлекет келешегіне байланысты білгісі келетін сұрақтары көп екен. «Егеменнің» басшысы мемлекет тағдырын Елбасының сая сатымен байланыстыра отырып, «Мəңгілік Ел» болуға талпынған қазақтың бұл мақсатқа жетуіне барлық алғышарттар бар екенін жүйежүйесімен тарқатып берді. Кездесуді жүргізіп отырған оқу орнының ректоры Оңалбай Аяшев Тұңғыш Президент күніне орай институтта он ірі іс-шара өткізіліп жатқанын айтып өтті. Биыл он екі қабат жатақхана үйін пайдалануға

берген, ұстаздар мен студенттерге бүгінгі күн талабына сай барлық жағдай туғызылған институтта тағылым аларлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Түстен кейін кездесу Төле би ауданындағы мəдениет сарайында жалғасты. Оны облыстық ішкі саясат жəне дін істері басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков жүргізіп отырды. «Бүгінгі жұрт газет оқымайды» деген сөз бекер екендігі осындағы жүздесуде айқын байқалған. Сөз сұраған азаматтар «Егеменнің» айдарларына дейін таратып айтты, кешегі, бүгінгі емес, ондаған жыл бұрын жазылған мақалалардың мəнін таратқанда шынымен сүйсіндік. Ардагер ақсақал, тарихшы Əсет Кенбаев тарқатқан ой Көшікбай Елікбаев, Əбдімəлік Раманқұлов, Жамбыл Сейітов, Османəлі Қадыров сияқты зиялы қауымның пікірлерімен қабысып жатты. Кездесуді аудан əкімі Əуелхан Тұрғынбеков қорытып, өте пайдалы жүздесу болғандығын айтты. «Егемен» – қай салада да елдің бас газеті міндетіне сай қызмет етіп келеді. Кейбір басылымдардай орынсыз апшымайды, шапшымайды, қандай уақытта да өзін орнықты ұстайды. Мемлекеттік мəселелерді шешуге, Елбасы тапсырмаларын орындауға, ел жағдайының көтерілуіне бар күшін жұмсап келе жатқан басылым біздің ең үлкен ақылшымыз», деді. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ақтөбе облысы. ––––––––––––

Суретті түсірген Хайреден РАУШАНОВ.

аман болсын», деді Қырымбек Елеу ұлы. Алтын дəн падишасына қармақшылықтар автокөліктің кілтін табыстады. Еңбек Еріне көрсетілген құрмет мұнымен біткен жоқ. Ыбырай Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары шығарған күріштің жаңа сортына Сəлима Жұмабекованың есімі берілді. Бұл өзі Сырдың атақты «Ақмаржанына» ұқсайтын сорт екен. Дегенмен, жаңа сорттың шығымдылығы «Ақмаржаннан» аса жоғары көрінеді. – Бүгін маған көрсетіліп жатқан құрмет бүкіл еңбек адамына жасалған сый деп білемін. Төбелеріне көтеріп, төрге шығарып елеп-ескеріп жатқан азаматтардың барлығына ризамын. Ең бастысы, егемендігіміз баянды, Елбасымыз аман болсын. Бейбітшілік, тоқшылық заман болсын дегім келеді. Осыдан артық бақыт бар ма?!– дейді Сəлима апай. Батыр Ананың 80 жасқа толған мерейтойына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова, Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев пен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков құттықтау хат жолдады. Сонымен қатар, мерекелік шараға Ақтөбе облысынан арнайы делегация келіп қатысты. Айта кетейік, Сəлима Жұмабекқызы 1935 жылы Қармақшы ауданы, Ақжар совхозында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ауылда 8 жылдық мектепте білім алып, жастайынан еңбекке араласады. Анасына көмекші сауыншы, кейіннен Ленин совхозында байланысшы болады. Құрылыста да ұзақ жылдар жұмыс істеген. 1963 жылдан бастап күріш өсірумен айналысады. 1964 жылы күріш өсіруде жоғары өнімге қол жеткізгені үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1986 жылы зейнетке шығып, одан кейін тағы 3 жыл күріш егіп, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына зор үлес қосқан. Ал 2000 жылы С.Жұмабекова Елбасының Жарлығымен «Ғасырдың Батыр Анасы» атағына ие болды. Ол – бүгінде 10 баладан тараған 36 немере, 27 шөберені тəрбиелеп отырған батыр ана. Қызылорда облысы.

Терроризммен кїрес – елдер ґзара əрекеттескенде ўтымды

Соңғы жылдары халықаралық терроризм өршіп барады. Соның дəлелі жақын арада орын алған бірқатар қанды оқиғалар екені даусыз. Осы орайда кеше Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Халықаралық терроризм: əлемдік қоғамдастық алдындағы жаңа сын-қатерлер» атты сарапшылардың талқылауы болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен талқыға отандық жəне шетелдік сарапшылармен қатар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері де қатысты. Реті келгенде аталған шара ҚСЗИ мен ОКҚ бірлесе жүзеге асырған жоба екенін айта кеткен жөн. Терроризм проблемаларын зерттеу орталығының мəліметтеріне қарағанда, 2014 жылы əлемде 13 мың террорлық шабуыл жасалып, 30 мыңға тарта адам опат болыпты. Бұл – оның алдындағы жылмен салыстырғанда 80 пайызға көп. Жəне сол жылы əртүрлі шабуылдар мен қақтығыстардан 18 мың адам көз жұмыпты. ҚСЗИ директоры Ерлан Қариннің айтуынша, жалпы əлемде террорлық шабуылдардан зардап шеккендер саны өсуінің үрдісі байқалуда екен. «Радикалды күштердің бас көтеруі жəне террорлық ұйымдардың белсенділігі 2005 жылдан өршуде. Сарапшылар мұны АҚШ-тың Ауғанстан (2001 жылы) мен Иракқа (2003 жылы) баса-көктеп кіруімен байланыстыруда. Соның салдарынан Таяу Шығыс пен Оңтүстік

Азия өңірінде жағдай ушыға түскен. Бұл, тұтастай алғанда, əлемдегі геосаяси текетірестің артуына да алып келіп отыр. Жалпы, экстремистік топтардың артында геосаяси күштер тұрғандығын айта кеткен орынды», деді Ерлан Тынымбайұлы. Ал еліміздегі лаңкестікке қарсы күрес қажетті деңгейде қалыптасып, ұйымдастырылып отыр екен. Алайда, əлемдегі террорлық шабуылдардың 60 пайызы бес елдің: Пəкістан, Ауғанстан, Ирак, Үндістан жəне Нигерия елдерінің үлесінде екенін қаперге алсақ, бұл елдер Қазақстаннан анау айтқандай алыс қашықтықта орналаспаған. Сондықтан да мемлекеттер терроризмге қарсы ісқимылдар бо йынша күш-жігер біріктіруі қажет. Е.Қарин бұл ретте ДАИШ мемлекет емес, қылмыстық топ екенін, терактіден қаза тапқандардың жартысынан көбі осы ДАИШ пен Боко Харам топтары тарапынан жүзеге асырылатынына назар аудартты. Белгілі сарапшы Леся Қаратаеваның айтуынша, ДАИШ ақпараттық ағындарының тақырыптық толықтығының əртараптығы байқалып отыр. Келтірілген деректерге қарағанда,

Сирия дағдарысында əртүрлі елдердің мүдделері тоғысқан. Қазіргі таңда Сирия мен Ирак аумағында əлемнің 100 елінен келген 30 мыңға тарта содыр соғысуда көрінеді. Тунис, Сауд Арабиясы, Иордания, Мароккодан кейін Сирия мен Иракта соғысып жүргендердің көбісі Еуропа ел дерінен екенін айта кеткен орынды. Ең көбі Франция, Германия, Ұлыбритания, Бельгия мен Швеция елдерінің үлесінде көрінеді. Сондай-ақ, Ауғанстан жерінде де шиеленіс күрт артып кеткені байқалады. Мұнда шабуылдар 40 пайызға артып, қаза тапқандардың саны 45 пайызға ұлғайған. Талқылауға қатысқан сарапшы Ирина Черных жақында Германияда өткен терроризммен күреске арналған халықаралық шараға қатысып қайтқандығымен бөлісе келіп, қазіргі кезде Еуропа елдері үшін қақтығыс ошақтарынан оралған содырлардың проблема тудырып отырғандарын жеткізді. Əскери күштер мен əскери қақтығыстар туралы зерттеу жүргізіп келе жатқан Джеймс тобының статистикасына сүйене отырып, ол əлемдегі террорлық шабуылдар содырлар тарапынан жасалатыны анықталғандығын айтты. Аталған топ Еуропаға оралған содырлардың 5-30 пайызы террорлық шабуылға қатысатындығы туралы пайым жасапты. Бұдан басқа да көптеген ойпайымдар ортаға салынды.


www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

2016 жылы Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік – Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында. ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет жəне қоғам қайраткері Əлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті. Ол жөнінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уəкілі Сатыбалды Бұршақов хабарлады.

«Бїкілəлемдік шынайы даѕќты ќайраткер» деп танылєан Əлихан Бґкейханов кім? Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (05.03.1866 – 27.09.1937) – соңғы хан-сұлтандардың бірі – Бөкейдің тікелей ұрпағы. Бөкейдің 1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда дүниеге келген. Сонау Омбыда оқыған 1886-1890 жылдарыақ Əлихан Бөкейханов Ресей империясының отарлық езгісінде отырған алты алашының тарихын, мəдениетін, көшпелі шаруашылығы мен

басылып шыққан «Қазақтар» («Қырғыздар») атты əйгілі тарихи-анықтамалық очеркінде Қыр баласы – елағасы өзі бастаған осы зиялылар тобын «батысшылдар» деп атайды: «Таяу келешекте қырда, бəлкім, екі саяси партия ұйымдастырылатын шығар... Олардың бірі ұлттық-діни аталуы ықтимал жəне қазақтардың өзге мұсылмандармен бірігуі оның идеалы болып табылады. Екінші батысшыл бағыты осы сөздің кең мағынасында айтқанда – қазақ даласының болашағын саналы түрде батыс мəдениетін жүзеге асыра отырып көреді». Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Əлихан Бөкейхановты

Əлихан Бґкейханов ЮНЕСКО аясында бїкілəлемдік дара тўлєа деп танылды

кəсібін зерттей келе, отаршыл империяның жүргізіп отырған жыртқыштық, озбырлық саясатына қоса туған халқының тұрмыс-тіршілігіне деген сыни көзқарасын білдіре бастайды. «Қыр халқы, – деп жазады Қыр ұғлы (алғашқы лақап аты – С.А.) – Əлихан 1889 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген бір мақаласында, – бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін (өле өлгенше. С.А.) бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады». Сол жылғы екінші бір мақаласында Əлихан қазақ қоғамында заманына лайық мəдениеттің, адамгершілік, моральдық құндылықтардың аяқасты болғанын өкінішпен атап көрсетеді.Орыс империясының аяусыз езгісінен көне дəуірден келе жатқан төл мəдениетін ұмыта бастап, жерсуынан айырылып құрдымға ентелеген қазақ қоғамында, оның пікірінше, шексіз тұтынушылық пен байлардың қалың бұқараны қанауы, болыс билігі үшін руаралық талас-тартыс, «күшті ру» немесе «жақсы қазақтардың» «нашар қазақтарды» аяусыз езіп-қанауы кең етек алып отырғанын: «Біздің қырға бір жөні жоқ ғадат неше заманғы рəсімдер жүреді, – деп жазады Ə.Н. (Əлихан Нұрмұхамедұлы) 1889 жылы. – Біреуді күшті кісі я күшті тұқым деп адаларам болса да жалпылдатып жүреді. Біздің заманның законымыз, ұлығымыз жоқтай, мақұлықменен қаңғырып жүргендей күшті тұқымдар нашар тұқымдарды ренжітеді». Сонымен бірге, Əлихан «қазақ тып-тыныш жатып, еріншек, һешнəрсе қылмайды» деп ойламайды. Оның кəміл сенімінше, қазақтар «қайратты, жұмыстың бəріне жарайды... Бірақ (оларды) қозғау керек».«Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һəм өздері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен кешікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көтеруге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң, сол ... заманда болған балаларымыз бізден ақылды болып, біздің заманымыздағы аталарымыздың қылғандарын көріп таң қалар я ойламай қатырар», – деп Қыр ұғлы алты алашының жарқын болашағына зор үмітпен қарады. Əзірше, алғашқы мақалаларында ол орыс келімсектерінің отарлау саясатының қысымымен көшпелі мəдениет пен шаруашылықтан бір жерге байланған тұрмыстың азабын көріп отырған қазақ, оның көзқарасынша, «рухани дамуының балалық шағында жүр». Омбы техникалық училищесін аяқтаған соң, ең алдымен қазақ халқының ата-баба жерін келімсектерден қорғау керектігін бүкіл сана-сезімімен сезген Əлихан 1890 жылы Санкт-Петербургтың орман институтына түсіп, онымен қарама-қатар астаналық императорлық университеттің заң факультеті курсын экстерн əдісімен оқып, 1894 жылы ормантанушы-ғалым жəне заңгер деген екі диплом алады. Əлихан Дала жəне Түркістан өлкелеріне бөлінген Қазақ елінің жерін, əлеуметтік-экономикалық ахуалын, халық шаруашылығын, төрт түлік малы мен санын, табиғаты мен ауа райын зерттеген 4 ғылыми экспедициясының жұмысына қатысады. Осы жылдары Əлихан бүкіл отаршыл империяға танылған ғалым, Қазақстан бойынша теңдессіз білгір сарапшы ретінде танылып, туған елі мен халқының тарихы, экономикасы, мəдениеті, шаруашылығы, оның ішінде дəстүрлі мал шаруашылығы жəне жері туралы бірнеше іргелі ғылыми монография, ондаған очерк, мыңнан аса мақала мен еңбек жазып жариялайды. Алты алаш көсемінің осы күнге қарай анықталып жиналған шексіз бай мұрасының жалпы көлемі 1618 томдық жинақты құрап отыр.

Əйгілі энциклопедист єалым, Ќазаќ елініѕ теѕдессіз білгірі, журналист, кґсемсґзші Əлихан өзінің сан қырлы ғылыми жəне публицистік қызметін қоғамдық-саяси күресімен қарама-қатар атқаруға мəжбүр болды. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі кезінде ол ұлт зиялыларының Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Міржақып Дулатов, Райымжан Мəрсекұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы сынды алдыңғы қатарлы өкілдерін өз төңірегіне топтастырып, бүгінгі күні «Алаш» деген атауымен белгілі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа толқынын бастады.Өзінің 1910 жылы Санкт-Петербургте «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстың формалары» жинағымен

оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды. «Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Əлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі жəне одан кейінгі кезеңде бір Əлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тəуліктен 4 жəне 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мəскеуде шым-шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті. «Алаш» қозғалысының басы-қасында жүріп, ол халқының жазбаша тарихын жазу, таныту мақсатында ұлтының тарихын тиянақты зерттеді, Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын, бір кезде қуатты мемлекет болған Қазақ хандығының бірліктен, күш-қуатынан айырылып, отарлыққа түсуінің объективті де субъективті себептерін анықтады. Ол, сондай-ақ, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының отарлау саясатына ең ауқымды қарулы қарсылық көрсеткен Кенесары хан көтерілісінің өз мақсатына жете алмауының тарихи себептерін де зер сала зерттеді. 1903 жылы Санкт-Петербургте Əлихан екі автормен бірлесіп жазған «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры жəне оның мəдени жетістіктері» атты тұңғыш ғылыми монографиясын жариялады. Бұл шығармасында ол Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуын, хандықтың кейінірек үш жүзге бөлініп Ресей империясымен одақ құрамын деп оның отарына айналуы, ақыр аяғында Сібір жəне Орынбор қазақтары туралы 1822-1824 жылдардағы екі ереженің күшімен хандық институты жойылып, қазақтың ұлттық мемлекеттігінен айырылған тарихын мейлінше жан-жақты сипаттап берді. 1910 жылы өзінің ең танымал «Қазақтар» атты тарихианықтамалық очеркін жариялады. Өз туындыларында Əлихан түрлі тарихи жағдаяттардың салдарынан Ресей империясының отарлығына душар болған башқұрт, татар, хақас, қырғыз, Қырым татарлары, ноғай, алтайлықтар сынды басқа түркі халықтарының тарихын, тұрмыстіршілігін де, ол халықтардың қазақпен арадағы рухани, мəдени байланысын, отарлық езгідегі ауыр халін де мейлінше кең қамтыды. Бұлтартпайтын мұрағат құжаттары мен түрлі естелікке қарағанда, 1917-1920 жылдары Əлихан Ресейдің өзге түркімұсылман халықтарының көсемдерімен таяу болашақта біріккен түркі-мұсылман елі –Түркістан мемлекетін құру мүмкіндігін талқылайды. Сол кездегі құбылмалы саяси ахуалды ескере отырып, алты алаш көсемі оны «Шығыс Ресей мұсылмандарының федерациясы» деп атауды ұсынады. Ұлтының тарихын зерттей келе Əлихан қайғылы болса да маңызды бірнеше тұжырымға, оның ішінде тарихи жəне ең бастысы, саяси қорытындыға келеді. Олардың біріншісі: алты алаш тың бірлігінен, соның салдарынан тəуелсіздігінен айырылуының ең басты сыры – бұрынғы хан-сұлтандардың Ресей империясы тарапынан отарлау қаупі төнген сəтте де өз билігіне қараған ру-жүздерді біріктіре алмауы. «Бұрынғының көбі, – деп жазды Түрік баласы (Əлиханның қазақша лақап есімінің бірі – С.А.) 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» мақаласында, – күш-қуатты тиісті орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бəрі жəбір, залым болды; қылғанының бəрі зорлық-зомбылық еді».Сол себепті де Əлихан туған халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, кең сахара даласында емін-еркін көшіп-қонып ғұмыр кешкен, қайталанбас салтдəстүрі, мəдениеті бар халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп берген алдыңғы хан-сұлтандардың бар кінəсі мен халқының келешек тағдыры үшін бар жауапкерлікті өз мойнына алды. «Хан баласында қазақтың хақысы бар еді, – деп жазды Əлихан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде, – тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын». Əлихан соңғы демі біткенше осы сертіне адал болып қалды. Өзінің тарихи зерттеулерінен соң жасаған алты алаш көсемінің екінші маңызды саяси тұжырымы – қарулы күрес арқылы қуатты орыс империясының отарлық шырмауынан құтылып, ұлттық мемлекетті қалпына келтіру іс жүзінде де, теория тұрғысынан да мүмкін емес. Қалың қазақты өзін өзі билеу құқына да,одан соң толық ұлттық тəуелсіздікке де қайта қол жеткізетін жалғыз жол, Алаш қозғалысы жетекшісінің көзқарасы бойынша, заман талабына

сай ұлттық мəдениет қалыптастыру жəне қазақ қоғамын еуропалық деңгейге жетелеп жеткізу болып табылады. «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, – деп ашық атап көрсетті «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында тағы да сол Түрік баласы, – Осы ғасырдағы əлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, жəне өзіміздің шарқ əдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мəдениеті» (Казакская культура) құрып, бір жағынан «Қазақ əдебиеті» (Казакская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы».

Ресейді тїпкілікті ќайта ќўру арќылы ўлттыќ тəуелсіздікке жету Сонымен қатар, отаршыл Ресейдің өзін түпкілікті реформалап, оны самодержавиеден федеративтік демократиялық парламенттік мемлекетке айналдырмай, қалың қазақтың ұлттық тəуелсіздікке жете алмайтынын да Алаш қозғалысының көсемі кімнен болса да артық сезді. Сол себепті де ол 1905 жылдан Ресейдің ең ықпалды оппозициялық саяси ұйымы – Конституциялық демократия партиясына кірді. І Мемлекеттік дума депутаттығына сайланған 1906 жылы Əлихан самодержавиені құлатуды көздеген орыс масондарының «Ресей халықтарының Ұлы Шығысы» (1910 жылға дейін «Темірқазық» – «Полярная звезда». С.А.) ложасына мүшелікке қабылданды. Əлихан «Алаш» қозғалысындағы үзеңгілестері мен пікірлестерінің алдына ұзақ мерзімге негізделген ауқымы кең стратегиялық мақсат-мүдделер қоятын. Ол мақсат-мүдделердің бір бөлігі 1905 жылғы əйгілі «Қарқаралы петициясына» ойып жазылғанды. Олардың бірден бір жемісі – 1917 жылға дейінақ қазіргі заманғы əдебиеттің проза жəне поэзия үлгісіндегі тың туындылары – тұңғыш қазақ романдары, очерктері, əңгімелері, пьесалары, поэмалары, өлең жинақтары шыға бастады. Оның ішінде ұлы ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының төл шығармалары мен Пушкин, Лермонтовтан аударған туындыларының тұңғыш жинағы, Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу», Міржақыптың «Бақытсыз Жамал», Спандиярдың «Қалың мал» романдары, Ахметтің И.Крыловтан аударған «Қырық алты мысалы», т.т. бар еді. Қыр баласының өзі Батыс Еуропа, орыс, көне грек, Шығыс əдебиеттерінің үздік үлгілерін кеңінен насихаттайды, қазақ əдебиетін француз Ги де Мопассанның, ағылшын Оскар Уайльдтың, орыс Лев Толстой, Антон Чехов, Владимир Короленко шығармаларының, көне Еуропа əдебиетінен Эзоп пен Үнді мысалдарының, Қырым татарлары туралы аудармаларымен байытты. Абайдың, Шəкəрімнің шығармаларына, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Спандиярдың романдарына сын жазып, қазіргі əдебиеттанудың, оның ішінде абайтанудың классикалық үлгісін көрсетіп, негізін қаласа, «Қара қыпшақ Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Мырза Едіге» эпостарын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жинақ етіп бастырып, зерттеп, қазақ фольклористикасының пайда болуы мен дамуына зор серпін берді.

«Алаш» идеясыныѕ жеѕісі

«Алаш» қозғалысы мен қайраткерлерінің алдына қойған ауқымды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идея қажет болды. Əлихан алты алашын ру-руға не жүзге, бай не кедейге, білімді не надан, текті не қарадан деп жікжікке бөлген емес. Ол қазақты бір ұлт деп көргісі келді, соған жетеледі. Қазақтың мəдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Əлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нəтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде ол «Алаш – миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үлкен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һəр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һəр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш» болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан

«алты алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісісі» («отечественник») деген сөз болады. Мұны бір ақынның Абылайға айтқан өлеңінен білеміз: Тақсыр-ау, ұнатсаңыз, қарашыңмын; Ұнатпасаң, жай жүрген алашыңмын, – дейді. Сол өлеңде «Алаш» отан кісісі мағынасында», – деп атап көрсетті. 1917 жылдың қарашасында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ жерінде сайлауға түскен үш партия – «Үш жүз», большевиктік социал-демократиялық жұмысшылар жəне «Алаш» партияларының ішінде жалғыз «Алаш» ұранды партия бақталастарын ойсырата жеңіп, 43 депутаттық мандатқа ие болды. Бұл тарихи сəт 1917 жылға қарай отарлықта отырған қазақтың «Алаш» идеясы, туы жəне ұранымен ұлт болып қалыптасқанын аңғартқан сəт болды. «Алаш» идеясы қазақ ұлтшылдығының идеясы, ұраны болып, ұлттық бірлік пен қайта өрлеудің туы ретінде 1930 жылдардың соңына дейін салтанат құрып тұрды. «Алаш» идеясын алға тартқан Əлихан: қазақ ұлтшылдығы – ол өз ұлтын, тілін, мəдениетін, салт-дəстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау жəне қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті. Сонымен бірге, 1917 жылдың желтоқсанында Алаш ұлттық-территориялық автономиясын жариялап, оның төрағасы, премьер-министрі болып сайлана келе, Əлихан Бөкейхан бұдан былай қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, көпдінді жəне сан мəдениетті, бірақ көп мəдениетімен тұтас мемлекет болатынын болжады. Автономия жариялаудың қарсаңында «Қазақ» газетіне солай деп жазды да. Оны Алаш автономиялық мемлекетінің 25 мүшеден жасақталатын Халық кеңесі – Алашорда үкіметінен 10 орынға өзге ұлт өкілдерін шақыруы айқын дəлел бола алады. Міне, сол орынның бірін орыстың көрнекті ғалымы, публицисі Григорий Потаниннің алғаны тағы бар. «Əлекеңнің мінезі, – деп жазды туған інісі Смахан төре 18 қойын дəптерден тұратын естеліктерінде, – еш қазақпен аразбын демейтін, қастық қылмайтын, жек көретін адамымен амандаспайтын, сөйлеспейтін. Қазақтың ешнəрсесін алмайтын. Өлгенде 2,5 кез жер керек дейтін». Иə, алты алаштың көсемі өзін 1937 жылдың шілдесінде Мəскеуде ақырғы рет тұтқынға алып, ату жазасына кескенде, қызы Қанипа – Елизавета мен немересі Ескендірге қалдырған бар «байлығы» – Мəскеудегі 7 бөлмелі коммуналдық пəтердің өзіне тиесілі бір бөлмесі, кітаптар жинағы, фотоальбом, өзінің шақшасы жəне қолжазбалары болыпты. Халқының ұлттық мемлекетін қалпына келтіру жолында қасық қаны қалғанша арпалысып, бүгінгі ел шекарасының негізін белгілеп кеткен алты алаш көсеміне атылғаннан кейін өзі айтып жүретін 2,5 кез қара жер де бұйырмады. Даңқы жер жарған Алаш көсемін 1937 жылдың 27 қыркүйегінде өлім жазасына кесіп, үкімді сол күні-ақ іске асырған кеңестік билік оның сүйегін Мəскеудегі Дон зиратында өртеп, күлін 5 мыңнан астам құрбанның күлі шашылған зиратқа (ОГПУ-НКВД құжаттарында № 1 шұңқыр немесе «Ямо № 1» деп көрсетіліп келген – С.А.) түн жамылып астыртын төге салған. Ол зират Кеңес Одағы күйреп, келмеске кеткеннен кейін де құпия болып келіп, кездейсоқ жағдайда 2009 жылы ғана аңғарылды. Əлихан Бөкейхановтың ХХ ғасыр басындағы ғылыми-публицистикалық шығармашылығы, ағартушылық, қоғамдық-саяси қызметі іс жүзінде қазақ халқының ұлттық-сана сезімінің оянып, Алаш ұлттық идеясының маңайына бірігіп, Қазақ хандығының ыдырауынан кейін қайтадан бірегей ұлт болып қалыптасуына жеткізгені сөзсіз. Мысалға, Оксфорд университетінің Орта Азияны зерттеу орталығы 1985 жылы жариялаған «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы. Ə. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Т. Рысқұлов» (Society for Central Asian Studies. «Kazakhs on Russians Before 1917. A. Bukeykhanov, M. Dulatov, A. Baytursynov, T. Ryskulov». Reprient series № 5. Oxford, 1985.) атты зерттеуінде Əлихан бастаған батысшыл Алаш зиялыларының атқарып кеткен қызметіне «олар мəдени ренессанс», яғни «мəдени төңкеріс жасады» деген баға берді. Қазақстанға Совет өкіметі орнатылған соң, Əлихан бастаған «Алаш» зиялылары, ресми биліктің барлық тетігінен аластатылуына қарамастан, 1930 жылдарға дейін дерлік оқу-ағарту, жоғары білім беру, ғылым жəне өнер саласында үстемдік етті. Осындай қысқа уақыттың ішінде Əлихан өз үзеңгілестерімен қазіргі қазақ мəдениетінің, орта жəне жоғары білім беру саласының, сондай-ақ ғылымның тарих, философия, этнография, əдебиеттану сынды қоғамдық, гуманитарлық жəне астрономия, физика, математика, жаратылыстану, т.б. салаларының негізін қалап үлгерді. «Алаш» қозғалысының аймақтық тарихи маңызы да зор болды.Атап айтқанда ХХ ғасыр басындағы қазақтың ұлттық қайта өрлеу қозғалысы Орта Азияны мекендеген туыс түркі халықтарының ұлттық сана-сезімін оятып, өзін-өзі басқаруға ұмтылуына күшті серпін берді. Əлиханның тапсыруымен 1917 жылдың қарашасында Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Серікбай Ақайұлы, т.б. Алаш қайраткерлерінің ұйымдастыруымен Қоқан қаласында Түркістан мұхтариатының пайда болуы, сол жылдың желтоқсанында Орынборда Алаш автономиялық мемлекеттің (Қыр баласы – Əлихан «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Абай» журналында жазған мақалаларында «автономия болу – мемлекет болу» деп жазды – С.А.), ал 1918 жылы Сұлтанбек Қожанов, Нəзір Төреқұловтың тікелей қатысуымен Түркістан кеңестік автономиясының құрылуы – ақыр аяғында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тəжікстанның жəне Қарақалпақстан автономиясының дүниеге келуіне жеткізді. Үкіметіміз 2016 жылы Əлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау үшін мерейтойлық іс-шараларды жоспарлау жəне ұйымдастыру туралы тиесілі қаулы қабылдап, оған жеткілікті қаражат қарастырады деген ойдамыз. Сұлтанхан АҚҚҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры.

АСТАНА.

5 Ќазаќстан елшісі Мексиканың Сантьяго де Керетаро қаласының Құрметті азаматы Жақында Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов Керетаро жəне Гуанахуато штаттарында алғаш рет ресми сапарлармен болды. Аталған сапардың бағдар ла масы шеңберінде қазақстандық дипломат Керетаро штатының губернаторы Франсиско Домингеспен, Сантьяго де Керетаро жəне Сан Мигель де Альенде қалалары муниципалитеттерінің президенттерімен (əкімдер), Керетаро штаты конгресінің депутаттарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, елшіліктің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық жəне мəдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» атты бизнес-форумға қатысты. Ресми кездесулер барысында аталған штаттардың, Сантьяго де Керетаро жəне Сан Мигель де Альенде қалаларының басшы лығы мен екі ел арасындағы ынтымақтастық мəселелері, сондай-ақ, өзара мүдделі аймақтық деңгейде байланыстарды дамыту жайы талқыланды. Алдағы уақытта Сантьяго де Кере таро қаласының муниципалитетімен бірлесіп, Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы өңірдің шағын жəне орта бизнес өкілдерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру, сондай-ақ, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты пысықтау, академиялық жəне мəдени бағытта жұмысты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осыған қоса, сапар барысында Сантьяго де Керетаро қаласының конгресі депутаттарының жоғары алқасының шешіміне сəйкес, ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін жəне Қазақстан Республикасына деген құрметтің белгісі ретінде Қазақстан Республикасының елшісі А.Елемесов Сантьяго де Керетаро қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды. Елшінің Керетаро штатына ресми сапарының маңызды қорытындысы ретінде аймақтың 50-ге жуық ірі компаниялары өкілдерімен жəне қаланың бизнес-элита сымен «Қазақстан – Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық жəне мəдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» атты Сантьяго де Керетаро қаласының индустриялық паркінде өткен бизнес-форумды айтуға болды. «Егемен-ақпарат».

Ведомствоаралыќ консультациялар ґтті

Эстония, Литва жəне Латвияда Қазақстан мен Балтық бойы елдерінің сыртқы істер министрліктері арасында консулдық мəселелер бойынша консультациялар өтті.

Келіссөздер барысында ең басты тақырып ретінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы визалық тəртіпті жеңілдету, реадмиссия жəне консулдық құқықтық ынтымақтастық саласының басқа да аспектілері талқыланды. Кездесу барысында Еуропа елдерінің əріптестері Қазақстан мен ЕО арасында визалық режімді жеңілдету бойынша Астананың келіссөздерді бастауға деген күш-жігеріне қолдау көрсетті. Тараптар консулдық ынты мақ тас тықтың ма ңызды лығы мен бұл кон сультациялардың пайдасы, сонымен қатар, өзара іс-қимылдың өзекті мəсе лелері бойынша пікір алмасты. «Егемен-ақпарат».


6

www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

Тапсырмаларды орындауда тыѕєылыќтылыќ ќажет (Соңы. Басы 1-бетте). «Бағдарламаның «Көліктіклогистикалық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асуда, оның автокөлік жолдары саласында – 11 жоба, теміржол саласында – 2, су жəне əуе жолдары көлігінде 2 жоба жүзеге асуда. Шұғыла қағидаты бойынша «Нұрлы Жол-Оңтүстік», «Нұрлы Жол-Шығыс», «Нұрлы Жол-Батыс» жəне республикалық маңызы бар жолдардың басқа да бағыты бойынша 178 млрд. теңге бөлінсе, 1 қарашада игерілгені 138 млрд.теңге. 390 шақырым жол жаңғыртылып, салынды. Инвестициялар жəне даму министрлігі жыл соңына дейін 40 млрд. теңгені игеруі керек», деді Е.Досаев.

Ал Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев өз кезегінде биыл инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаржы толық игерілетінін мəлімдеді. «Инфрақұрылымдық жобалар бойынша биыл түйткілді мəселе көріп тұрғаным жоқ. Басты мақсат – біздің операторлар құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтауы керек, яғни бұлар – «ҚТЖ» мен «ҚазАвтоЖол» жəне индустриялық аймақтар бойынша «Самұрық-Қазына», деді министр. Ə.Исекешев ведомство ақпараты бойынша қазіргі кезде тиісті мониторинг жүргізіліп жатқандығын айта келе, жыл соңына дейін қаржы толық көлемде игерілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасы тапсырмаларының бірі – инвестиция тарту мəселесіне де кеңінен тоқталды. «Президенттің тапсырмаларын есепке ала отырып, біз қазіргі кезде Сыртқы істер министр лігімен инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жан дандыру ұсынысын даярлау дамыз. Премьер-Министрдің басшылығымен инвестициялық кеңес құрылуда, сонымен қатар, оған халықаралық кеңесшілер мен ірі халықаралық банктер қатыспақ. Олар ірі жобалар бойынша шешімдер қабылдап, барша əлемдегі өздерінің өкілдіктерінің кең ауқымдағы желілері арқылы трансұлттық компанияларды тартуға көмектеседі», деді министр. Оның сөзіне қарағанда, əрбір өңірде инвестициялық ахуал қалыптастыру қажет. Осы орайда барша жобаларға тұрақты мониторинг жүргізу назарға алынады. Сонымен қатар, Ə.Исекешев 2016 жылдан бастап инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты іске қосылатынын атап өтті. Инвес тициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті барша рұқсатнамалық құжаттар «бір терезеден» беріледі. Инвестициялар тарту саласындағы бейінді ведомстволар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін Үкіметке енгізілмек. «Біз қаңтардан бастап «бір терезе» арқылы жұмыс істейміз, сіздердің министрлікте инвестициялық штаб, əкімдіктер жұмыс істеуде», деді осы ретте Үкімет басшысы Инвестициялар жəне даму министріне қарата. «Бірақ жалпы алғанда біз барлық жағдайды толық көре бермейміз. Мемлекет басшысы өзінің шетелдердегі кездесулері барысында Қазақстанға қажетті қызықты жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер өткізеді. Содан кейін, инвестор факт бойынша кімге жүгіну керектігін білмейді», деп мəселені төтесінен қойды К.Мəсімов. Осыған орай Үкімет басшысы апта соңына

дейін елге инвестиция тарту бойынша ұсыныс жасауды тапсырды. Премьер-Министр сондай-ақ, талқылау барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында іске қосылатын жобаларға мұқият болуды тапсырып, бұл ретте «бүгін ашылып, ертең жабылып» қалатын болашағы жоқ жобаларға жол бермеуді ескертті. «Кəрім Қажымқанұлы, өте орын ды мəселе көтеріп отырсыз. Расында да кей аймақтарда несиемен кəсіпорын ашып, ісін ілгерілетеді. Алайда, қазіргідей дағдарыс жұмысын енді бастаған өндірушілердің адымын аштырмасы анық. Қаржыдан қысылған мұндай мекемелер мемлекеттен көмек сұрауға мəжбүр болады. Ал ешқандай көмек көрсетілмесе,

жұмыс орнын қысқартуына тура келеді. Ол өз кезегінде елдің тұрмыс-тіршілігінің тұралауына сеп. Сондықтан да біз осындай мəселелердің алдын алу мақсатында, ендігі жерде кəсіпорындарға институттық тұрғыда ғана көмектесуге ынталанып отырмыз. Соның аясында олардың өнімдерін экспорттауға атсалысатын боламыз», деді Ə.Исекешев бұл мəселеге орай жауабында. Еске салсақ, өткендегі кеңейтілген отырыста Елбасы индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығына өзгертулер қажеттігін баса айтқан болатын. Осыған орай мəселе қозғаған Кəрім Мəсімов Үкімет мүшелеріне ҮИИДМБ екінші бесжылдығын түзету жобасын келесі жылдың 1 наурызына дейін дайындауды тапсырды. «2016 жылдың 1 наурызына дейін түзеу бойынша Жарғының келісілген жобасы Үкіметке енгізілсін. Оны алдын ала комиссияда қараймыз», деп толықтырды Премьер-Министр. Сонымен қатар, К.Мəсімов облыс əкімдеріне осы бағдарламаның аясында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды. Ə.Исекешев Мемлекет басшысының жаһандық технологиялық трендтерді ескере отырып, индус трияландырудың екінші бесжылдығын жандандыру туралы тапсырмасын орындау аясында министрлік концептуалды əдістер əзірлеп, оны əкімдіктерге, ұлттық компанияларға, Ұлттық кəсіпкерлер палатасына ұсыныстар жинауға жібергенін айтып өтті. Осылайша, екінші бесжылдықты түзету аясында Инвестициялар жəне даму министрі өңдеуші өнеркəсіпке баса көңіл бөлінетінін жеткізді. Басты бағдарлар экспортқа қолдау көрсету, еңбек өнімділігі, адами капиталға қолдау көрсету болмақ. Үкімет отырысындағы талқылауда «Нұрлы Жол» бағдарламасында көрсетілген тапсырма лардың барлығына дерлігі қамтылды. Үш-төрт сағатқа созылған ауқымды жиында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «Бəйтерек» Ұлттық басқарушы холдин гі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Энергетика министрі Владимир Школьник, тағы басқа да Үкімет мүшелері сөз алып, өздеріне тиесілі саланың жайкүйін баяндады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндамасында бүгінгі күннің басты тақырыбына

айналған баға жайына да тоқталды. Ол негізсіз баға өсіміне жол бермеу мəселесі ұдайы бақылауда тұрғанын мəлімдеді. Келтірілген ақпараттарға қарағанда, 2015 жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорындағы азық-түлік тауарларының қоры 42,3 мың тоннаны құрайды. «Əлеуметтік маңызды азықтүлік тауарлар қорлары Оңтүстік Қазақстан облысында жал пы қордың 21,1 пайызын, Қызылорда облысы – 14,5 пайызын, Б атыс Қазақстан облысында тұрақтандыру қорларының 13,1 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысында 7-5 пайыз аралығында, ал Алматы қаласында 2,4 мың тоннаны құрайды», деді министр. Оның айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылық тауарларын тұтынушыларға тікелей сатуды қамтамасыз ету үшін əкімдіктер 3890 ауыл шаруашылығы жəрмеңкелерін өткізген, онда нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен деңгейде жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге азық-түлік тауарлары сатылған. Бұдан бөлек, азықтүлік нарығында баға жағдайын тұрақтандыру бойынша 9703 меморандумға қол қойылған, бұған дейін қабылданған меморандумды орындау бойынша да мониторинг жүзеге асырылуда. «Жанар-жағармай, азық-түлік, дəрі-дəрмек бағасының көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шаралары аясында 75 зерттеу жасалды. 20 қарашадағы жағдай бойынша 14 зерттеу аяқталып, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша 104 субъектіге қатысты тергеу аяқталды. Олардың ішінде бөлшек саудадағы ірі жанармай сатушылар да бар. Бұл ретте заңсыз пайда табу бойынша салынған жал пы айыппұл сомасы 220 млн. теңгеден асады. Осылайша, негізсіз баға өсіміне жол бермеу жөніндегі жұмыстар жалғасуда», деді Е.Досаев. Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева халықты жұмыс пен қамту мəселесінің жергілікті атқарушы органдар мен мем лекеттік органдар үшін аса өзектілігін баса айтты. Бұл ретте халықты жұмыспен қамту мəселелерін шешу жергілікті атқарушы органдардың күн тəртібінде бірінші орында тұруы тиістігін алға тартты. «Халықты жұмыспен қамту мəселесіне баса назар аудару қажет, ол қазіргі экономикалық жағдайда қысымға тап болады. Сондықтан бұл орайда мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесіп, ұйымдасқан нақты қызметі қажет», деді вицепремьер. Д.Назарбаеваның айтуынша, Қазақстан өңірлерінде дағдарысқа қарсы штабтар жəне үшжақты комиссиялар бар, олар аталған мəселе бойынша нақты жұмыс жасаулары аса маңызды. Вицепремьер өңірлерде «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудағы көптеген бұзушылықтар мəселесін көтерді. «Бас прокуратура мəліме тінше, тəртіп бұзушылық көбейгені анықталды. Бұл ұрлыққарлық мəселесі, демек жергілікті орган қызметкерлері жұмысты тыңғылықты бітіріп отырған жоқ. Сондықтан, жергілікті атқарушы органдар жауапкершілікті мемлекеттік органдарға жүктеп отырулары тиіс. Облыстарда 7 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, ол жобаларға бағытталатын қаржы да жергілікті атқарушы орган құзырында», деп түйіндеді Д.Назарбаева. Жиын қорытындысында Премьер-Министр кəсіпкерлерді қолдау жөніндегі барша бағдарламаларды бір дағдарысқа қарсы жоспарға біріктіруді тапсырды. «Менің ойымша, бүгін біз Мемлекет басшысы осыған дейін көтерген барлық мəселелерді тыңғылықты талқыладық. Біз кəсіпкерлерді қолдау бойынша талқылаған ағымдағы барша бағдарламаларды бірыңғай дағдарысқа қарсы жоспарға біріктіруіміз керек», деді К.Мəсімов. Осыған орай Премьер-Министр Ұлттық экономика министріне кəсіпкерлерді қолдау бойынша дағдарысқа қарсы жоспар құруға тапсырма берді.

 Саяси сараптама Бұл мақаланы жазуға қазақтың қабырғалы қаламгері Төлен Əбдікұлының жазғаны ой салған-ды. Төкең ертеректе жазушы Əбіш Кекілбайұлының шығармашылығы туралы айтқан пікір-түйінін төмендегіше тарқатқан екен: «Сонау ақтабан шұбырындыдан басталған жан сақтау идеясы жүз жылдан астам уақытқа созылған қанды көтеріліс заманында да, ішің жылап, сыртың күлген совет өкіметі тұсында да күн тəртібінен түсіп көрген емес. Өткен даңқты күндерді аңсау – бос қиял, көзсіз ерлікке шақырып, намыс отын алаулату – арандату болып шығуы мүмкін, ендеше, ақыл мен сабырға тізгін берген жан сақтау идеясы ұлттық бағдарламаға негіз бола алады».

Елдікті саќтаудыѕ темірќазыќ идеясы Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Басты кейіпкері Əбілқайыр хан болып табылатын іргелі шығармаға берілген лайықты баға. Əбілқайырдың харекетіне берілген бір кездегі баға болса да, бұл бүгінімізге де қатысты болып шығады. Əбілқайыр заманынан бергі жерде 300 жылға жуық уақыт өтсе де, адамзат баласы ға рышты бағындырып, индустрия атаулының ауыздығымен алысып, инновацияның арқасында технологияның неше атасын ойлап тапса да, бір-біріне деген қарым-қатынасы, пейіл-пиғылы, əулекілігі мен астамшылдығы, билеп-төстеуге құмарлығы сол бəз-баяғы қалпында. Қазіргідей алмағайып заманда жан сақтау идеясы бұрынғыдан да күрделірек, бұрынғыдан да күрмеуі қиын мəселеге айналды. Əбілқайыр заманында ықпалдастық алаңындағы ойыншылардың қатары саусақпен санарлық болса, олардың саны соңғы жиырма жылдың бедерінде күрт көбейген. Күніне қырық рет өз геріп отыратын құбылмалы əлемде сенімді серіктесің қайсы, соны танып-білу қиынға айналып барады. Аттандап, «стратегиялық серіктес» деп айдар тағып, əлемге жар салған серіктесіңнің өзі аяқ астынан құбылып, өзгере қалатын халге жеттік бүгін. Көп векторлы саясаттың қитұрқыға толы астарлы тұстары жеткілікті екені аңғарылады. Соңғы он шақты жылдың көлемінде төрткіл дүние аласапыран күй кешіп жатыр. Əуелі «ойбай, Иракта ядролық қару бар екен, оны ауыздықтау керек» деген желеумен Саддам Хусейннің саясатын сынағандар кейін ядро лық қаруды таппаса да түк болмағандай жүре берді. Тұтас елдің шаңырағын шайқалтып, бүлдіргі салғанынан бүлінген ештеңе болмағандай тіпті. Ал Ирак халқы сол трагедиядан əлі арыла алмай келеді. Арылғаны несі, тіпті, мемлекетке ыдырау қаупі төніп тұр... «Араб көктемі» деген атпен тарих жылнамасына енген оқиғалар желісі бейбіт жатқан халықтың берекесін алып, бүлдіргі күштердің ықпалымен біраз елдің шаңырағына қайғықасірет əкелді. 2011 жылдың көктемінде араб елдерінде – Египетте, Тунисте, Сирия, Ливия жəне Таяу Шығыстың 15 елінде басталған шерулер, төңкерістер «араб көктеміне» түрткі болды. Əу басында аталған елдердегі дағдарыстар ішкі экономикалық қайшылықтан, əлеуметтік күйзелістен, кедейшіліктен өрбіп жат қан тəрізді көрінді. Тіпті, қайсыбір араб елдерінің экономикасы кенжелеп қалғандығы, ішкі қайшылықтардың шегіне жеткендігі көзге ұратындай. Əйтсе де, «қайыршыға жел қар сы» дегендейін, тереңірек үңіле түссеңіз, араб əлеміндегі қақты ғыстарда сыртқы ықпалды күштердің сұғанақ қолдарының көлеңкесі байқалады. Əйтпесе,

Ирак байлығы мен қазынасы жағынан əлемдегі қай елден кем түсетін мемлекет еді? Болмаса уыздай ұйып отырған Ли вия мен Сирияның алпауыт мемлекеттердің ықпалына көнгісі келмей, дербес жүргізген саясаты ақырында өздеріне сор болып жабысқан жоқ па? Таяу Шығыстағы текетіреске ұласқан оқиғалар желісінің аталған аумақтағы мұнай мен газ қорының молдығына байланысты екеніне күмəн жоқ. Қай кезде де, қай заманда да байлық ықпалдылардың көзқұртына айналған емес пе. Ал шикізат қорына бай елдерге ықпал жасау тетігіне ие болу менменсіген мемлекеттердің өзіндік бір кеудемсоқ тығы бо ла тыны онсыз да мəлім. «Араб көктемі» экономикалық дағдарыстың, əлеуметтік теңсіздіктің əсерінен болды деп ресми түрде бүркемелегенмен, оның ар жағында əлемдік байлықты өзара бөлісудің сұрқия саясаты жатқаны көзі қарақты кісіге мəлім. Олай дейтініміздің де жөні бар. Ресейлік саясаттанушы На та лья Комлеваның бол жамына қарағанда, əлемдік мұнай қо ры ның 62%-ға жуығы, газ қорының 40%-дан астамы Таяу Шығыстың үлесіне тиесілі көрінеді. Тіпті, Ирак 2030 жылға қарай болжамдарға сəйкес, Азия нарығына мұнай жеткізу бойынша Ресейді басып озады екен. Ал 2035 жылдар бедерінде көмірсутегін экспорттау бойынша екінші орынға шығатын көрінеді. Міне, гəптің төркіні қайда жатыр?! Иракты «түрлі-түсті төңкерістің» жолымен емес, билікті басып алу жолымен «бағындыру» осындай мақсатмүдделермен астасып жатқаны анық байқалады. Таяу Шығыс туралы, «араб көктемі» туралы əңгіме қозғағанда, тұтас араб əлемінен аттап өте алмайтынымыз анық. Əлемдік картадағы араб дүниесіне көз салатын болсаңыз, көзіңіз сүрінеді. Түбі бір бауырлас халықтың мақ сат-мұратын кеңесе отырып шешетін ортақ ұйымы да бар – Араб мемлекеттері лигасы. Аталған ұйымға 18 арабтілді мемлекет, Палестина мемлекеті жəне араб əлемімен тығыз байланысты Шығыс Африканың 3 мұсыл ман елі (Комора, Сомали, Джибути) кіреді. Лигаға мүше 22 мемлекеттің 19-ындағы азаматтар үшін араб тілі ана тілі болып табылады. Араб лигасына енетін мемлекеттердің жалпы аумағы 5,25 млн. шаршы мильді құрап, онда 500 миллионнан аса халық жасайды. Қалған мұсылман əлемін айт паған күннің өзінде, араб дү ниесі əлеуетінің өзі төрткіл дүниені тітіркендірерліктей күш емес пе?! Осы тұрғыдан алғанда, ынтымақ болмаған жерде тоғыз цифрдан тұратын санның да ойнамай қалатын жері болады екен. Əйтпесе, ғаламның жарты байлығына ие Катар, БАƏ, Кувейт, Сауд Арабиясы, Оман, Бахрейн сияқты елдер

бауырластарына қамқорлық жасайтын болса, қалғандары əлеуметтік теңсіздіктің зардабын соншалықты тартпаған болар еді ғой. Қазақ айтпақшы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» болса, бергісі араб əлемінен, арғысы мұсылман əлемінен қуатты күш болар ма? Гəп басқада тəрізді, ортақ мүддеден гөрі, жекелеген мүдделердің астамшылдығына жығылып жатқандығында. Қысқасы, бай, бақуатты деген араб елдері алпауыт мемлекеттердің ықпалына байланған, солардың айтқанымен жүріп, дегенінен аса алмайтын халге жеткен. Араб əлемінің басты трагедиясы да осында тəрізді. Мүдделер тепе-теңдігі бұзылған жағдайда Жер-Ананың да тынысы тарылып, адамзаттың өмірінде қатерлі жайттар орын ала тыны сөзсіз. Оған қазір куə болып отырған жайымыз бар. Тіршілік атаулы бір полярлы əлемнің қанжығасына бөктерілетін болса, «айттым – бітті, үздім – кесілді» атты əпербақандық қимыл белең алған тұста адам баласы бейбіт өмір кешеді деу асылық болар еді. Табиғатта ғана емес, тепе-теңдік халықаралық саясатта да, мемлекетаралық қатынаста да орасан зор рөл атқаратыны түсінікті. Ресми Астананың алыстағылармен де, қоңсы мемлекеттермен де тең дəрежеде қарымқатынас орнықтыруға ұмтылуы да соның айғағы. Əдетте, күн сайын болмағанмен, күнара Астанаға алыстан ресми қонақтар ат шалдыртып жатады. Бірінің кетісіне екіншісінің келісі жалғасатындары қаншама. Күнделікті бала-шағасының тірші лігімен басы қатқан қарапайым адамға келімді-кетімді делегацияның қатысы шамалы іспетті. Ал шын мəнінде тікелей қатысы бар. Өйткені, қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігі, керек десеңіз əлеуметтік жағдайы, тұрмыс деңгейі сол халықаралық қарым-қатынастардан бастау алады. Қалың бұқараның тісі батпайтын құрғақ статистика мен ресми құжаттардың аясында қос тарап бет сипасып, мəмілеге келген құжаттар – инвестиция тарту немесе өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты қадауқадау мəселелерді қамтитыны тағы бар. Келіссөз атаулы бірде жемісті, бірде нəтижесіз болуы ықтимал, алайда олардың қай-қайсысы да мемлекеттік мүдде тарапынан қозғалып, ұлттық үрдістің баянды болуы тұрғысынан қаралып жатса, ұлт ұпайының түгенделгені, елдік шаруаның еселенгені. Келімді-кетімді делегация демекші, соңғы бірер айдың көлемінде Астана халықаралық саясаттың темірқазығына айналды. Əуелі елордаға Ресей Президенті В.Путин атбасын тіреді. Одан кейін Жапонияның Премьер-министрі С.Абэ нөкерлерімен келіп, кең ауқымда отырып, қазақ делегациясымен келіссөз жүргізгені бар. Ілешала мұхиттың арғы жағынан

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Дж.Керри де суыт келіп жетті. Жаһандық сая сат та өзіндік орны бар, саяси салмағы бар көшбасшылардың Орталық Азияға сапарын Қазақстаннан бастауы кездейсоқ емес. Аққаптал саясатшылардың айтқанына ден қояр болсақ, Қазақстан – осы ай мақтағы орны дара мемлекет, төрткіл дүниеге бітімгершілік бастамаларымен көзге түсіп жүрген мығым пікірі бар ел. Бір жағынан бұл Астананың халықаралық саясатта өзіндік салмағы бар екенін, үлкенді-кішілі серіктестері оған құлақ қоятынын көрсетсе керекті. Елордаға табан тіреген ресми делегациялардың аяқ алысынан осыны аңғаруға болатындай. Жаттың дəулетін жамбасқа басқысы келетіндер аз емес қазір. Қолында күлшесі барларға былайғы жұрттың қызыға да, қызғана да қарайтыны тағы бар. Сондықтан, жоғарыда айт қанымыздай, қазақ жұрты үшін байлығын өз бағасына пұлдай алатын ұсынақты жұрт деңгейіне жету, елдікті сақтау идеясын баянды ету бүгінгі күннің басты мəселесіне айналып отыр. Жаһандану дəуірінде томағатұйық саясат ұстанудың жөні жоқ, қалай болғанда да Қазақстан өз несібесін көп векторлы саясатпен ұштастыратыны анық. Ал оның нəтижесі халықаралық шахмат тақтасындағы ойлы жүріс термен тұғырлы екені тағы белгілі. «Жаратушы Ие,Тағдыр, сірə, біздің халықты, қасақана, əдейі адам жаны төзбестей қиындық пен қасіреттің қатал тезінен өткізіп, болаттай берік қып шыңдап, шынықтырып алғысы келгендей ме, əлде, кім білсін, осынау ежелден соры арылмаған сұрқай далада түз тағысындай, балағынан жел ызғып жосығаны аз болғандай, бізді түп тамырымызбен түбегейлі құртып жіберу үшін жаратты ма?!». Қазақтың классик жазушысы Əбдіжəміл Нұрпейісов ел тағдырына осылайша алаңдайды. Мынандай аласапыран заманда халық жазушысының алаңдайтындай-ақ жөні бар. Тарихтың қатпарлы шежіресінен жан-жақты хабардар кісінің алаңдауы заңды да. Осы алаңдаушылығын сездіре отырып, алаштың қадірменді ақсақалы сенімін де жеткізеді. Мемлекеттілігінің тарихы мыңжылд ықтарға ұласып жатқан кей мемлекеттердің қыл үстіндегі тағдыры Қазақ елінің бүгіні мен ертеңіне алаңдатпай қоймайды. Біздің де арғыбергіден əңгіме қозғап, соңғы кездегі əлемдік саясаттағы күрделі қатынастарға орай, мемлекеттілігіміздің мəселесіне байланысты ой тастап отырғанымыздың да себебі сол. «Ақыл мен сабырға тізгін берген жан сақтау идеясы ұлттық бағдарламаға негіз бола алады», деп Төлен Əбдікұлы айтқандай, қазіргі күннің басты темірқазық идеясы осы екені айдан анық.


24 қараша 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

БАТЫСТЫЅ БАС АУРУЫНА АЙНАЛЄАН БОСЌЫНДАР Сириялыќ заѕсыз мигранттар АЌШ-тыѕ оѕтїстігіне енуде АҚШ азаматтары елдің оңтүстігіне сириялық мигранттар ағыны арта түседі деп қауіптенуде, деп жазады Los Angeles Times газеті. Газет Вашингтондағы Миграциялық саясат институтының өкілі Марк Розенблюмнің «Егер Еуропа олардың келуіне кедергі орнататын, ал біз босқындарды қабылдаудан бас тартатын болсақ, онда біз олардың АҚШ-қа жетудің басқа да амалдарын қарастыратындығына тап боламыз», деген сөзін келтірген. АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің деректері бойынша, өткен аптада сириялық екі отбасы Техастың Ларедо қаласына дейін жеткен. Содан кейін олар босқындарды ұстау орталығына тапсырылған. Бұл екі отбасының құрамында екі ер адам, екі əйел жəне төрт бала болған. Əзірге америкалық құқық қорғау органдарының бұл босқындардың

7

www.egemen.kz

елге жасырын өткендігін дəлелдейтіндей деректері жоқ. Мигранттар болса, өздерінің заңды түрде босқын мəртебесін алғысы келгендіктерін айтуда екен. Соңғы жылдары АҚШ-тан баспана іздеуші сириялықтар қатары едəуір көбейе түсіпті. Үстіміздегі жылдың маусымында ғана Сириядан келген 104 адам босқын мəртебесін алу жөнінде өтініш тапсырған. Бұл көрсеткіш 2010 жылғыдан екі есе артық. Америкалық-мұсылмандық миграциялық орталықтың атқарушы директоры Кхалил Сабрдың айтуы бойынша, АҚШ-қа келгісі келетін сириялық бос қындар қатары, əсіресе, Париждегі террор лық оқиғадан кейін көбейіп кеткен. Алайда, Сабр ханым дəл

қазіргі уақытта Мексика арқылы АҚШ-қа өту əрекеттері босқындар үшін соншама қолайлы болмайтындығын атап көрсетіпті. Өйткені, шекаралық бақылау неғұрлым күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Бірақ соған қарамастан, сириялық босқындар мексикалық қылмыстық картельдер мен бандылардың олардың өміріне тудыратын қатерлеріне қарамастан, осы жолмен АҚШ-қа енгенді жөн көретін секілді. Кхалил Сабр босқындардың осындай қауіп-қатерлерге бас тігуінің өзі олардың жағдайының мүшкіл екендігін көрсететіндігін айтқан. Иммиграциялық үдерістерді зерттеу орталығының атқарушы директоры Марк Григорян өткен аптада Гондураста қолдарында қолдан жасалынған Грекия паспорттары бар бір топ сириялық мигранттардың ұсталғандығын

Скандинавия мемлекетінің көші-қон басқармасында осылай деп мəлімделген. Мəлімдемеде тұрғын-жай бұдан былай балалары бар отбасыларына ғана берілетіндігі, ал басқа босқындар баспанамен өздерін өздері қамтуы қажеттігі айтылған. Осы аралықта Сербия Македония жақтан келіп жатқан босқындарға шектеу қойған. Қазір тек ауғандықтар, ирактықтар жəне сириялықтар өткізілуде. Сөйтіп, Сербия мен Македония үкіметтерінің шекаралық бақылауды күшейтуіне байланысты Грекиямен шекаралас аудандарда едəуір босқындар шоғыры жиналып қалған. Міне, осы аралықта АҚШ Конгресінде Сирия мен Ирактан босқындарды қабылдауды тоқтату жөніндегі шешімге дауыс берілді. Бұл шешім Өкілдер палатасында басым көпшілік дауыспен қабылданды. Конгрессмендер өздерінің мұндай шешім қабылдауларын АҚШ-қа босқын кейпінде терроршылар өтіп кетуі мүмкін екендігімен түсіндіреді. «Бізге келгісі келетіндерді қабылдау үшін біз, ең алдымен, олардың кімдер екендігіне көз жеткізуіміз керек. Сондықтан бұл мəселеде асығыстыққа баруға болмайды. Сол үшін де аталған мəселеде аз да болсын үзіліс жасауымыз керек», дейді Джорджия штатынан сайланған конгрессмен Дуглас Коллинз.

Конгрессмен өзінің осы пікіріне бірқатар қарапайым кез кел ген адамға тəн сезімнің тəн екендігін айтып, оған мысал келтірген. «Егер сіздің ауданыңызда құтырған кейіптегі ит жүгіріп жүретін болса, əрине, сіз ол итті ұната қоймайсыз. Одан қауіптенесіз, сөйтіп өз балаларыңызды қорғау амалдарын жасайсыз. Алайда, мұның өзі сіз барлық иттерді жек көресіз деген сөз емес. Сондықтан, құтыр ған иттен сақтану үшін тиісті ұйымдарға хабарласасыз. Бұл мəселеде де осыған ұқсастық бар. Біз ал дымен босқындардың біздің елі мізге қандай мақсатпен келіп отыр ғандықтарын, ол шынымен балаларын ертіп бас сауғалап жүрген əйел ме, жоқ əлде мұндағы тыныштықты бұзу мақсатында келген терроршы ма? Осыны анықтап алуымыз керек», дейді ол. Конгрессмендердің осындай пікірін АҚШ президент тігіне республикалық партиядан кандидат Бен Карсон да жақтайтындығын білдірген.

Елді енді консерватор басќарады Алдын ала мəліметтер бойынша, Аргентинада өткен президенттік сайлаудың екінші турында консервативтік оппозиционер, Буэнос-Айрес қаласының мэрі Маурисио Макри жеңіске жетті. Елдің сайлау комиссиясының сайлау учаскелерінен түскен хаттамалардың 13 пайызын өңдегеннен кейінгі нəтижелеріне қатысты келтірген мəліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 55 пайызы Маурисио Макриге, ал билік жағындағы кандидат, БуэносАйрес провинциясының губернаторы Даниэля Сциолиге сайлаушылардың 46 пайыздайы дауыс беріпті. Өз кезегінде Сциоли өзінің жеңілгендігін мойындап, Макриді жеңісімен құттықтаған. М.Макри жеңіске жеткен жағдайда, экономикасы жағынан Латын Америкасында үшінші орын алатын Аргентина барынша «нарыққа бағдарланған» экономикалық саясат жүргізетініне уəде берген болатын. Елдің қазіргі президенті Кристина Кришнер заңнамаға сəйкес үшінші мерзімге сайлана алмайды.

Ресми Вашингтон АҚШ аумағында Париждегі қайғылы жағдайларға ұқсас сериялы террорлық актілердің қайталану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы АҚШ министрі Джей Джонсон NBC телекомпаниясының тікелей эфирі кезінде айтқан. Министр АҚШ-тың арнайы қызметі Батыс Еуропаның, оның ішінде Брюссель мен Париждің құқық қорғау жəне арнайы қызмет органдарымен үнемі байланыс жасап отыратындығын атап өткен. «Мұндай нəрселерді бақылап отырмыз. Бізді акциялардың қайталану мүмкіндігі алаңдатады», – деп түсінік бере кетіпті Д.Джонсон. Сонымен қатар, ол 26 қараша – игілік күнін мерекелеуге де назар аударған. «Біз адамдардың іс-шараларға қатысып, мерекені атап өткенін, өз уақыттарын отбасыларымен жəне таныстарымен бірге өткізгенін қалаймыз, – деген министр осы жөнінде. – Олардың тыныштығын ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері қорғайды».

Оппозиционерлер дарєа асылды Мексиканың осындай əрекетке баруына ендігі кезекте америкалық шенеуніктер тұсау салуы немесе қысым көрсетуі тиіс деп мəлімдеген.

Бангладеште 1971 жылдың наурызынан желтоқсан айына дейін жалғасқан тəуелсіздік үшін соғыс кезіндегі əскери қылмыстарына байланысты өлім жазасына кесілген оппозицияның екі жетекшісіне шығарылған сот үкімі орындалды.

Полиция 45 заѕсыз босќын мінген жїк кґлігін ўстады

АҒР агенттігінің Бангладеш əділет министрінің сөзіне сілтеме жасау арқылы хабарлауынша, Бангладеш ұлтшылдар партиясының жетекшісі Салахуддин Кадер Чаудхури мен Жамаат-е-Ислами партиясының бас хатшысы Əли Ахсан Мохаммад Мұджахид 22 қарашаға қараған түні ел астанасы Даккадағы орталық түрмеде дарға асылған. Зұлмат, азаптау жəне зорлау қылмыстарына айыпты деп танылған бұл екеуіне 2013 жылы сот өлім жазасын кескен еді. Олар сот процесі кезінде тағылған айыптарды мойындамады. Чоудхури елдегі ықпалды саясаткердің бірі болған, сондай-ақ, ол бірнеше рет парламент мүшесі болып сайланған, ал Мұджахид кезінде үкіметте министр қызметін атқарыпты.

айтады. Оның айтуынша, сириялықтар Мексикаға келгенде осы елдің визасына ие болатын көрінеді. Сөйтіп, АҚШ-қа өтеді. Осы ған орай, Марк Гри го рян

Қауіпсіздік жөніндегі ұлттық комиссияның хабарлауынша, жүк машинасы елдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Тамаулипас штатында ұсталған. Көлікті жүргізуші тексеру үшін фитосанитарлық бақылау пунктіне барудан бас тартты. «Мексиканың екі азаматы, олардың қылмыстық топтар мүшелері болуы да əбден мүмкін, Гондурастан, Гватемаладан, Сальвадордан 45 адамды заңсыз əкелген, бұл адамдардың қатарында 9 əйел мен 13 бала бар», деп жазылған бұл жөніндегі хабарламада. Ұсталған жүк көлігін жүргізуі мексикалықтар күзетке алынып, прокуратура қызметкерлеріне тапсырылған. Ал машина қорабындағы шетелдіктермен Ұлттық миграция институтының қызметкерлері айналысуда. Бұл адамдардың кім екендіктері анықталғаннан кейін, олар өз елдеріне қайтарылатын болады.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында мексикалық билік орындары жоғарыдағыдай жолдармен бірнеше жүздеген заңсыз мигранттарды ұстаған. Олардың барлығы АҚШ-қа бет алып бара жатқандар екен. Қазіргі күні мигранттарды АҚШ шекарасына жеткізумен Латын Аме рикасы елдерінің қылмыстық топтары айналысуда. Өйткені, бұл көлеңкелі іс барынша пайдалы бизнеске айналуда. Қылмыстық топтардың мұндай қызметіне, əсіресе, Орталық Американың кедей елдерінен шыққан адамдар көптеп жүгінетін көрінеді. Бұл адамдардың өмірі сапар барысында үлкен қауіпқатерге ұрынатындығын да айтып өту қажет. Өйткені, қызмет үшін қажетті ақшаны алғаннан кейін бандиттер бұл адамдарды далаға тастап кетуі, тіпті, көздерін де жоюы мүмкін.

Қысқа қайырып айтқанда:

● Ресей федералды қауіпсіздік күштері Солтүстік Кавказдағы Кабардин-Балқар республикасында оннан астам күдіктінің көзін жойды. Антитеррорлық комитет оларды «Ислам мемлекетінің» мүшелері деп мəлімдеді. ● Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ким Ен Сам ел астанасы Сеулде 87 жасында қайтыс болды. Ол осы елдегі демократиялық өзгерістерге зор үлес қосқан тұлға саналады. ● Токио қаласындағы соғыс құрбандарына арналған Ясукуни шіркеуінде жарылыс болды. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ. Полиция бұл оқиғаның саяси астары болуы мүмкін екенін айтады. ● Канада мемлекеті өз азаматтарының қауіпсіздігіне байланысты Брюссельдегі елшілігін уақытша жапты. Брюссельде, сондай-ақ, барлық көшелер мен нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Бірлесіп кїресуге шаќырды Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун АҚШ пен Ресейді уақыт өткен сайын белең алып бара жатқан терроризмге қарсы бірлесіп күресуге шақырды. «Адамзат бұл терроршылар мен идеоло гиялық экстремистерді жеңуі тиіс», – деп айтқан Пан Ги Мун Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдер қауымдастығының (АСЕАН) саммитінде. Бас хатшы, сондай-ақ: «Осыған байланысты біздер бірігуіміз қажет. Біз ортақ дұшпанымыз – «Ислам мемлекеті» ұйымы мен өзге де бірқатар экстремистік жəне террористік топтар төндіріп отырған қауіптерге қарсы ғаламдық ынтымақтастық таныта білуіміз керек», – деп атап өткен. Ал АҚШ президенті Барак Обама саммитте АҚШ пен оның одақтастары «Ислам мемлекеті» экстремистік топтарына қарсы күресті бəсеңдетпей, осы ұйым жетекшілерінің ізіне түсіп, оларды қаржыландырудың жолын кесуді жалғастыра беретінін мəлімдеді.

Ќўрбандар ќатары ґсе тїсуі мїмкін «Рейтер» ақпарат агенттігі Мьянменің солтүстігіндегі Качин штатында жер көшуі салдарынан 60 адам қаза тауып, 100-ге жуық тұрғын хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екенін хабарлады.

Мексикаєа ќайта оралушылар саны бірінші рет АЌШ-ќа кетушілерден асып тїсті 2009 – 2014 жылдар аралығында миллионнан астам мексикалық пен олардың туыстары АҚШ-тан Мексикаға қайта оралған. Сөйтіп, ұзақ жылдардан бері бірінші рет АҚШ-қа кетуші мексикалықтардың санынан қайта оралушы мексикалық мигранттар саны асып түскен. Бұл жөнінде Pew Research Center мамандары өз зерттеулерінде мəлімдеген.

Əлем жаѕалыќтары

Лаѕкестік ќайталануы ыќтимал

Мексиканың федералдық полициясының қызметкерлері қорабына 45 шетелдік мигрант мінген жүк машинасын ұстады. Бұл мигранттардың қатарында əйелдер мен балалар да бар екен.

Швецияныѕ келімсектерге тўрєын-жай бґлуге бўдан əрі мїмкіндігі жоќ

ШАРАЙНА

Осы зерттеулерде атап көрсетілгендей, АҚШ-тан Мексикаға қайта оралушы мексикалықтар саны соңғы 5 жылдың ішінде миллионнан асып түскен. Ал осы уақыт аралығында 870 мың мексикалық АҚШ-қа барып қоныс тепкен. Миграциялық ағымдағы мұндай кері ағымның пайда болуын мамандар АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың ауырлауымен түсіндіреді. Олардың айтуынша, АҚШ-тың құрылыс секторында жағдай күрделеніп отыр. АҚШқа барған мексикалық мигранттардың көпшілігі нақ осы салада жұмыс істейтіндігі белгілі. Оның үстіне, соңғы кезеңдерде АҚШ-та шекаралық бақылау режімі күшейтіліп, ел ішіне енген заңсыз

мигранттарды қудалау, елдің шетіне шығарып тастау жұмыстары күшейтілген. Осының əсерінен АҚШқа енетін заңсыз мигранттар қатары бұ рынғыға қарағанда едəуір азая түскен. Мамандар Мексикаға қайта оралушылар арасында сауалдама жүргізіп, олармен əңгімелесіп көрген. Сонда қайта оралушылардың басым көпшілігі өздерінің мұндай əрекетке баруларына негізінен өз отандарында қалған отбасыларымен қайта қосылу ниеті итермелегендіктерін айтқан. Ал екінші біреулер соңғы кездері Мексиканың өзінде де жұмыс орындары көбейгендігін, қайта оралуларына осы жағ дай себеп болғандықтарын жеткізген.

Топтаманы дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қайғылы табиғи апат көкшіл түсті минерал – нефрит өндіретін шахтадан онша қашық емес жерде болған. Опат болғандардың көпшілігі қалдықтар арасынан жартылай бағалы тастар іздеумен айналысатын кедейлеу жандар екен. Жер астында солар секілді жергілікті кеншілердің отбасылары тұратын үйлер қалып қойған. Алғашында жер көшуден 30-дай адам құрбан болғаны жөнінде хабарланған еді. Қазіргі кезде онда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік құрбандар қатары артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Жоғары сапалы нефрит өндіретін шахталарда жер көшу оқиғалары жиі болып тұрады екен.

Ќырым электр жарыєынсыз ќалды Сенбіден жексенбіге қараған түні Қырым түбегі толықтай электр энергиясынан ажыратылып, Симферополь, Севастополь, Феодосия, Евпатория жəне басқа қалалар жарықсыз қалды. Бұл жөнінде ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Қырымға электр энергиясы негізінен Украинадан жеткізіледі. Сенбі күні жарық өшердің алдында Қырымға қарай тартылған электр бағандары жарылыс салдарынан бүлінгені туралы ақпарат тараған. Сол күні түнде электр желілері тартылған бағандарда екінші рет тағы жарылыс болған. Қырым түбегіне қарсылық білдіру акциясына қатысушылар бүлінген электр желісі бағандарын қалпына келтіруге бөгет жасағанымен қоймай, олар полиция өкілдерімен де қақтығысып қалады. Екі жақтан да зардап шеккендер бар сияқты. Кейін тараптар мəмілеге келіп, электр желісіне тұйықтау жұмыстарын жүргізуге келіседі. Қырым басшысы Сергей Аксенов бұл оқиғаларды теракт деп мəлімдеді. Соның салдарынан 1,9 миллион адам жарықсыз қалып отыр. Осыған байланысты дүйсенбі, 23 қараша жұмыс күні емес деп жарияланды. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


8

www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

 Тағзым

 Замандас

Тўлєа таєылымы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Өнегелі өмір» сериясының кезекті шы ға рылымын өз түлегі Сапар Бай жановтың 85 жыл толуына арнап отыр. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сапар Байжановтың шығармашылығына арналған республикалық ғылыми-тəжірибелік конференцияның мағынасы болашақта журналист боламын дейтін студенттер үшін терең болды. Таптаурын баяндамаларға құрылмаған осынау əсерлі жиын ның рухани өмір соқпағына түсемін дейтін жастарға бергені мол екені, ағытылған шынайы естеліктер ешкімді бейжай қалдырмағаны сөзсіз. Конференция Сапар Байжанов туралы «Сапар» деректі фильмінен (авторы Сұлтан Оразалы) бастау алды. Картина тұлғалы журналистің тағылымды тағдырына сапар шектірді. Жиын барысында «Сапар Байжанов» кітабының тұсаукесері жасалып, таныстырылды. «Егер де ғұмырды қайта бастар болсам, тағы да журналистік мамандықты таңдаған болар едім. Қазіргі бұрқ-сарқ қайнаған, əрқилы пиғылдар мен əрекеттер су бетіне шыққан құбылмалы, ду-ду заманда журналист қызметі бұрынғыдан бетер қылшылдап, құдіреті еселеп кетті. Жұртшылықтың оған деген сұранысы мен ықыласы артып, газет-журналды таңертеңнен бас алмай оқитын болды, теледидар мен радиоға елеңдей құлақ түреді, кітапқа қатты құныға бастады. Мұндай шақта қынаптан қылыш суырғандай қаламыңды қолға алып ой тербеу, жұрттың жоғын жоқтап, сөзін сөйлеу қызық емей, мерей емей немене?! ...Шын журналистке одан өткен мұрат болуға тиісті емес», деп тол ғаған Сапар Байжановтай журналистің естеліктері – өмір содан бері өзгергенімен, ақпарат таратудың формасы ауысып, түрі көбейгенімен, осынау мамандыққа деген қағидаттың еш бір бұлжымайтынын байқатпай ма? Фильм аяқталған соң алдымен

қазақ журналистикасының ардагері, Сапар Байжановты бір кісідей білетін, ол туралы жазылған «Өмірге өкпесі жоқ адам» естелік кітабының құрастырушысы Сарбас Ақтаев сөз алып, университеттің «Өнегелі өмір» сериясы жалғаса түссе, елге еңбегі сіңген тұлғалардың жүріп өткен жолдары түгенделіп, халыққа таныла берер еді дегенді айтты. Сарбас Ақтаевтың айтуынша, Сапар Байжанов туралы жазылар естеліктер əлі де алда, өйткені оның халқына сіңірген еңбегі де, шығармашылық мұрасы да аз емес. Көзкөрген жан Бай жановтың басты мұрасы – арыстай үш ұлы мен қызы, төртеуі де қазір ауыз толтырып айтарлық атпал азаматтарға айналып, əкенің абыройлы жолын жалғастырып жүргені қуантады деді. Конференция тізгінін ұстаған университет ректоры Ғалым Мұтанов осыдан кейін сөз кезегін жиынға арнайы келген «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Аб драхмановқа ұластырды. Мұның да өзіндік реті бар. Қазақ журналистикасының тұтас бір буынының ұстазы саналатын Сапар Байжанов «Социалистік Қазақстанды» 10 жыл бойы басқарғаны белгілі. Басылымның бүгінгі басшысы:

– Жаңа біз көрген фильмде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сапар Байжанов – қазақ журналистикасындағы тарихи тұлға» деп айтты. Бұл – үлкен баға. Үлкен баға болатыны, ол кісі журналист ретінде де, редактор ретінде де қандай биіктікке жетуге болатынын дəлелдеген адам, – дей келе бүкіл өмірін журналистикаға арнаған адамның осы биіктен журналистика мамандығының абыройын қалай көтергенін қызықты да тағылымды естеліктермен дəйектеді. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры – Редакторлар ке ңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин конференцияға жиналғандар үшін Сапар Байжановты өзге қырынан сипаттауға ұмтылды. Мінезге бай жан туралы таңды таңға ұрып естеліктер айтуға болса да, оның ішінде студенттер біле жүрсін деген ниетпен бірнеше естелікті барынша қысқарта отырып қызықты баяндап берді. – Қазіргі заманның адамы өмірін гаджеттерсіз, интернетсіз елестете алмайтын болса, компьютер дегеннің атын да естімеген заманда Са пар Байжанов шетелдік бір іссапардан кейін редакцияның шығар машылық ұжымын жинап, компьютерді көріп келгенін жəне

оның ғажап мүмкіндіктері жайлы соншалықты сүйіспеншілікпен баяндап, жұртты баурап алған еді. Бұл жаңалыққа құштар адамның журналистиканы қалай дамытамыз деген əңгімесінің ұшқыны болатын, – деді Жұмабек Кенжалин. Осы конференцияға тұлғалы журналистің биік бейнесін сом дауға елордадан арнайы келген баяндамашының бірі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт тық уни верситетінің журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ та Байжановтың ғалымдық қырына, қаламгердің мұрағат құжаттарын тірілткен жазбалары мен очерктеріне тоқталып өтті. Сөз кезегі Сапар Байжановтың жары, журналист Күлəш Бейсенбіқызына келгенде өнегелі өмір парақтарына саяхат жасаған Күлəш апамыз да тебіреніп, та ғылымды жанмен қосақталған тағдырына алғыс айта отырып, ол кісінің адами қасиеттерін айтып та, жазып та тауыса алмаймын дей келе: – Сапекеңнің өмірінің басты ұстанымы – өзгеге бақыт сыйлау болды. Еңбек етудің өзі біреуге жақсылық жасау дегенді айта беретін. «Күлəш, басқаларға осы сөз ұнамауы да мүмкін, қара басының қамын күйттегендерге бұл түсініксіз де болар?» деуші еді. Жақсы мақала оқыса да, жақсы фильм көрсе де, жақсы спектакль тамашаласа да балаша қуанатын. Сапекеңде пенделік, қызғаныш деген болмайтын, – деді Күлəш Бейсенбіқызы. Конференция соңында бір топ қаламгерлер университеттің мерейтойлық медалімен марапатталды. Қарашаңырақ оқу орны құрмет көрсеткен жандардың ішінде жазушы Күлəш Бейсенбіқызы да бар. Қорыта келгенде, бұл жиын басы қосыла бермейтін журна листиканың байырғы ардагерлері мен бірқатар БАҚ жетекшілерін өздері түлеп ұшқан қарашаңырақта қайта тоғыстырып, сол сүрлеумен келе жатқан, келешегін қалам құдіретіне байлаймын деген студенттерге ой саларлық тағылымға толы болды. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Марат ЖҮНІСБЕКОВ.

Кґшпелі семинарлар Елбасы тапсырмаларын тїсіндіреді Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі шараларды халыққа түсіндіруде «Нұр Отан» партиясына ауқымды міндеттер жүктеліп отырғанын айтқан болатын. Мемлекет басшысының осы тапсырмасына сəйкес, партия құрылымдарынан тұратын арнайы 8 топ құрылып, өңірлерде көшпелі семинарлар өткізуді бастады. Астана, Алматы қалалары мен алты облыс орталықтарында өтетін семинарға еліміздің басқа өңірлері бейнеконференция арқылы байланыспақ. Партиялық лекторлар мемлекет деңгейінде жүзеге асып жатқан реформалар мен партия Доктринасында айқындалған басымдықтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жəне олардан күтілетін түпкілікті нəтижелер жөнінде кеңінен мағлұмат беретін болады. Бюджеттің жұмсалуына тиімді бақылау жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуына бақылауды күшейту бағытында партияда арнайы бұйрық қабылданып, «аудан-облыс-орталық» қағидатымен ай сайын ақпарат жинау жəне мониторинг жүргізу тəртібі енгізілген. Оған бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері, барлық 242 филиал жəне мəслихат депутаттары қатысуда. Мəжілістегі жəне мəслихаттардағы фракциялардың «Нұрлы Жол» бағдарламасын бақылау комиссияларының ережесі қабылданып, өзара іс-қимылы күшейтілген. Жалпы, бюджет қаражатының жұмсалуына, мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың іске асырылуына да партиялық бақылау ережесі əзірленген. Үкімет басшылығымен туындаған мəселелерді тұрақты қарау бойынша келісім жасалып, бұл мəселелер ай сайын өтетін отырыстарда қаралуда. Партия филиалдарын институттық тұрғыдан нығайту міндеті аясында партия Орталық аппараттың штаттық саны мен əкімшілік шығындарын оңтайландыру есебінен филиалдардың штаты 43 пайызға немесе 358 бірлікке көбейтілген. Оның ішінде аудандық филиалдарға – 344, облыстарға 14 қызметкер қосымша берілген. Филиалдардың жұмысын бағалау үшін

бірыңғай мақсатты индикаторлар бекітіліп, 2016 жылдан бастап облыстық филиалдардың төрағалары – əкімдермен индикаторларға қол жеткізу үшін нақты жұмыс жоспарына қол қойылмақ. Партия инспекторларының өздері бекітілген өңірлерге ай сайын шығып тұруы міндеттелген. Жалпы, тиімді жұмыс жүйесін орнықтыру бағытында 21 регламенттік құжат қабылданған. Оның ішінде, басты бағдарламаларға партиялық бақылау мен бағалау жүйесін орнату; мəслихаттардағы партия фракцияларының жұмыс ережесі; партия мүшесінің этика кодексі; қоғамдықсаяси ахуалды бақылау; заңнаманы жетілдіру жұмысының ережелері; филиалдардың қызметін бағалау ережесі бекітілген. Жыл соңына дейін партияның кадрлық резерві туралы ережесі қабылданбақ. Қос санатты кадрлық резервтің құрамы бастауыш партия ұйымдарының белсенділері мен партияның белсенді қолдаушыларынан, «Жас Отан» ЖҚ жəне белсенді жастар мен партия аппаратының қызметкерлерінен жасақталмақ. Бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту бағытында барлық 5665 бастауыш партия ұйымдарының материалдық-техникалық жəне əдістемелік базасын нығайту жұмыстары қолға алынған. Партия мүшелерінің сапалық құрамын ірі кəсіпорындар, шағын жəне орта бизнес өкілдері мен агроөнеркəсіптік кешен есебінен арттыру көзделуде. «Жас Отан» жұмысын нақты бағытқа ауыстыру мəселесінде жастар саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау орнатылмақ. Осы орайда, мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау жəне интернет пен əлеуметтік желілерде жастардың əлеуметтік

көңіл-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ережесі қабылданған. «Электронды партия» жобасы аясында 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымы жəне «Қазпошта» жүйелерімен партияның электрондық құжат айналымы ұштастырылып, партиялық жарналарды интернет арқылы төлеудің онлайн жүйесі енгізілмек. Халықтық проблемаларды жедел анықтау жəне оларды жедел шешу үшін ахуалдық орталық құрылуда. Партияның қоғамдық қабылдауларына биылғы жылдың он айында 73 183 өтініш тіркелген. Азаматтар көтерген мəселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оң шешілуіне ықпал етілген. Осы орайда жұмыстың нəтижелілігін арттыру мақсатында қажетті шешім қабылдауға құзыреті бола тұра, мəселені шешпегендер анықталып, оларға шара көрілмек. Барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының шалғай ауылдарда көшпелі қабылдаулары жылына екі мəрте өткізілетін болып отыр. Халықтың проблемалары, бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар бойынша «Жедел желі» жəне «WhatsAPP» мессенджері іске қосылған. Партияда Елбасы саясатын іске асыру шараларын жариялау бойынша жүйелі жұмыс ережесі қабылданып, бірыңғай медиа-жоспар түзілген. Қоғам алдындағы жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Баспасөз орталығы ашылып, онда құрылым басшылары, фракция депутаттары, филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері аптасына екі рет брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұматтар беруде. Сондай-ақ, партияның баспа, электронды басылымдарында аймақтық филиалдардың жұмысы бойынша арнайы айдарлар ашылған. Қоғамдық қабылдау бөлмелерін ақпараттық қолдау бойынша БАҚ жəне интернет порталдарда олардың жұмыстарын жариялау жүйесі енгізілген. Лекторлар партиядағы осы жəне өзге де мəселелер бойынша қолға алған бастамаларды баяндап, өзекті мəселелер жөнінде семинар тыңдаушыларынан түскен сауалдарға жауап беруде. Сəулебек БІРЖАН.

Мойынќўм мен Ќараґткелдіѕ арасы Жүрегі үлкен, пейілі кең, бір əулеттің бас көтерер бəйтерегі Оңдасын Елубайұлымен сырласу біз үшін үлкен мəртебе. Неге, бəсе неге? Сенің жаныңа жақын тақырыптың қыр-сырын белгілі маманның аузынан есту, естіп қана қоймай талай мəселеге көз жеткізу, көз жеткізіп қана қоймай содан сабақ алу – азды-көпті жазу-сызумен айналысып жүрген біз пақырыңызға да таптырмайтын олжа. Оңдасын Жиенқұловты жалғыз Арал тағдыры ғана толғандырып қойса жақсы ғой, трансшекаралық өзендер, Орталық Азиядағы су ресурстарының əділдікпен бөлінуі, су көздерінің республика экономикасына қосар үлесі, яғни бүгінгі күні ең өзекті, ал ертеңгі күні əрбір тамшысы алтынмен бағаланатын тұщы су мəселесі оның түн ұйқысын төрт бөліп жүргелі қаш-шан! Күні кешеге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін абыройлы атқарған азамат дəл бүгін де екі білегін сыбанып, суға қатысты проблемалардың бел ортасында шапқылап жүр. Қуаныш ЖИЕНБАЙ, жазушы.

Қазақстан аумағын басып өтетін іргелі өзендер бастауын шет мемлекеттерден алатындығы ежелден белгілі ғой. Халықаралық заңнамаға сəйкес су бөлісуге келгенде жымия күліп, барлық құжаттарды іштей мақұлдаған секілді сыңай танытқанымен, жеме-жемге келгенде су көзінің бастауында отырғандығын майдан қыл суырғандай ептілікпен сездіріп, келіссөзді кейінге қалдырып, уəдені сағыздай созып жүріп алатын көршілер жүйкені жұқартуға келгенде алдарына жан салмайды. Оңдасынның сөзіне сенсек, Ертісті, Ілені, Текес, Сүмбе, Қорғасты бы лай қойғанда ірілі-ұсақты 24 өзен біздің жерімізге Қытайдан келеді екен. Осы өзен сулары халықаралық хаттама ережелерімен екі жақтың да сұранысын толықтай қанағаттандырып жатса, жоқ жерден сөз іздеп не басыңның іскені; етек-жеңі жиналмайтын қазақтың кең пейіліндей дарқан даласы судан тапшылық көрмей, суармалы егістігі мен бау-бақшасы қара күзге дейін өңін бермей жайқалып тұрар болса бітпейтін келіссөзге килігіп нең бар! Тіршілік солай, кей-кейде сен ойлаған шаруаның бəрі мінсіз орындала бермейді. Есең кетіп, таразының бір басынан екіншісінің салмағы ауыр тартып, қиянаттың қылбұрауы ширатыла түскен тұста қайтіп шыдайсың. Жиырма жылдан бері солай, Қара Ертістің арнасын ішке қарай бұрып, көрші елдің – біздің мүддемізді де ойлағансып, онда да оқтыноқтын дабыл арқасында «құлақты» болар-болмас ашқансиды. Үнемі халқының көптігін алға тартады, жерді пайдалануға келгенде бізден көш ілгері еңбекқорлықтарын араға сыналап кіргізеді. Əрине, бұлтартпас дəлел сені де амалсыз мойындатады, бірақ осы істің басы-қасында, əрі-беріден кейін сол қызметтің арқасында нан тауып, бала-шаға асырап отырған соң халықтың маңдайына жазылған несібеден көзбе-көз айырылып қалуыңды кейінгі ұрпақ кешіре қоя ма?! Сол сəтте іштей ширығып, артыңда арқа сүйейтін асқаралы елің еске түскенде алмас қылыштай қайта қайралып, күреске көшесің. Білімің мен білігің, өмірден көргентүйгенің, елмен араласқан тəжірибең – алтын көпірге айналады мұндайда. Оңдасын Жиенқұловтың енді бірде Сырдария, Шу, Талас, Еділ, Жайық төңірегіндегі қызуы от шарпитын əңгімесінің аяғы Евфрат, Тигр, Иордан өзендерімен тоқайласып, арна тауып, таңдайға түскен қант қиығы секілді салғаннан еріп жүре беретін тəтті жырдай жалғасын тауып кете барады, кете барады. Жалықтырмайды. Жа лықтырмайтын себебі сенің де оң жамбасыңа келетін «оңтайлы тақырыптар» ғой бұл. Əнекей, «Қазсушар» РМК-ның Қаныш Сəтбаев атындағы канал филиалының директоры Оңдасынды біздің не себепті іздейтіндігімізді, онымен кездесуге құмартып тұра тындығымызды жəне оның «уақытым тығыз едіні» алға тартпастан ішіндегісін ақтарып тастап, бір жасап қалатын ер мінезінен хабарымыздың бар екенін аздыкөпті енді ұғынған боларсыз. Құм мен судың арасын бүтін дүниедей жымдастырған бұл тағдырдың шеберлігіне не дерсіз! Оңдасын Елубайұлы 50-ші жылдардың орта шенінде Жамбыл

облысының Мойынқұм ауданында, дəлірек айтқанда Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Мойынқұм! Жамбыл облысы жерінің жартысына жуығын алып жатқан байтақ өлке. Кезінде барша тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болғаны рас, кейін құт қойнауы қазына-байлыққа тұнған республикадағы алтыны, көмірі, газы, гранит, барий секілді жер асты байлығы бар алдыңғы қатарлы ауданға айналды. Кешегі Қазақ хандығының 550 жылдығы жұрт таңғалатындай дүрілдеген той дəрежесінде өтті ғой, Шу бойындағы тарихи датамен тікелей байланысты Тұлпарсаз, Хантауы деген киелі мекендер де осы Мойынқұм ауданының аумағында. Ал шопаната атанған екі мəрте Еңбек Ері Жазекең, Жазылбек Қуанышбаевтың осы өңірден шыққандығын, шығып қана қоймай адал еңбегінің арқасында дүйім елдің мақтанышына айналғандығын кейінгі ұрпақ қаперіне қайта-қайта неге салып отырмасқа! Бұл – Тəуелс іздік батыры, аты аңызға айналған Қайрат Рысқұлбековтің кіндік қаны тамған Мойынқұм ғой жарықтық! Оны айтасыз, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Айтбай Назарбеков тұсында еңбекке араласқандығын Оңдасын да ешқашан есінен шығарған емес. Ол жылдардың қуанышы мен қиындығын үнемі есіне алып, өмір көрген, өмірден мол тəжірибе жинақтаған аяулы ағаларының жылы алақан табын молынан сезінгендігін үнемі мақтан тұтады. Ол осындағы Фурманов атындағы орта мектепті үздік бітірісімен жолы болып, бірден Қазақ политехникалық институтына оқуға түседі. 1977 жылы инженер-құрылысшы мамандығын алып шығады, алып шыққан бойда сыныптастарымен бірге туған жерге оралады. Əкесі – Ұлы Отан соғысының ардагері Елубай Жиенқұлов пен анасы Саржан апамыздың иістері сіңген киелі қара шаңырақ бір тылсым күшімен өзіне қарай тартып тұрса, солардың тəлім-тəрбиесінен өнеге алған ұлдың ауырдың – асты, жеңілдің – үстімен жүруге азаматтық ар-ожданы жібере қоя ма. Елубай ақсақалдың темірден түйін түйетін ұсталығын, əркімнің қалауына қарай көздің жауын алатындай аяқ киімдерді лезде тігіп беретін шеберлігін ауылдастары əлі күнге дейін мақтанышпен айтып жүреді. Айтып жүретіндері өз алдына, ал көптің алғысын алған, көппен бірге күн көріп, бойындағы барын құмды өлкенің болашағына арнаған қарапайым ғана ауыл еңбеккері – əкесінің туған жерге өшпестей із қалдырғанын ұлының көріп-сезінуі қандай ғажап, қандай мəртебе! Жамбыл ауыл құрылысы тре сінің 2006-шы жылжымалы механикалық колоннасы ол кезде тікелей республикаға қарайтын. Оңдасынға дейін де үш бірдей бас инженері аудан басқарған, тура кадрлар ұстаханасына айналған іргелі кəсіпорын жас маманды бірден бауырға тартты, өндірістіктехникалық бөлімнің қатардағы инженері болып, еңбек жолын бастаған ол сол мекемеде табан тайдырмастан 23 жыл қызмет істеді. Яғни, ПМК-ның «отымен кіріп, күлімен шықты». Мойынқұмдағы сол жылдардың ішінде іргетасы қаланып, ел игілігіне асқан тұрғын үйлер мен жаңадан бой көтерген мектептер мен мəдени ошақтар, алыс ауылдағы балабақшалар мен клубтар Жиенқұлов есімімен тығыз байланысты. Бір мекемеде аға прораб, бас инженер,

директор болып ұйымдастырушылық қабілетін ұштаған Оңдасынды облыс басшылығы Мойынқұм ауданы əкімінің бірінші орынбасарлығына аттай қалап алған-ды. Кейін аудан əкіміне жоғарылады. Мойынқұмда туып-өскенімен облыс орталығынан, күрежол бойынан шалғай қоныстанған жəне туабітті тіршіліктері мал өнімдерімен байланысты болған ауданға басшылық жасау Оңдасынға да оңай болған жоқ. Табандаған сегіз жылын əкімдік қызметке арнады, көп нəрсе үйренді, көп нəрсені көңілге түйді. Атажұртқа деген адалдық, перзенттік парыз дейсіз бе мейліңіз, ол – жылы жымиып, жұртпен жылыұшырай амандасу мен қоштасудан тұрмайды екен. Ол – сенің күні-түні бел шешпей еңбек етіп, еңбек етіп қана қоймай бастаған ісіңнен нəтиже шығаруды, бір сөзділігіңді, елді соңыңнан ерте білетін білімің мен ұстамдылығыңды, көпшілдігіңді, өзгенің жақсылығын да бағалай білетін алғырлығыңды, қойшы əйтеуір, адамға тəннің бəрі бойыңнан табылуы қажет екен. 2007-2010 жылдары Талас ауданына əкім болып ауысты. Үш жылдың ішінде қаншама дос тапты, жолдас-бауыр тапты, тіпті сол ауданның абыройлы азаматымен құдандалы болып та үлгерді. Бір ауданнан, яғни сол Талас өңірінен екі Кеңес Одағының Батыры мен 59 Социалистік Еңбек Ерінің шығуы аса сирек кездесетін құбылыс еді. Біразының тастан қашалған бейнелері қайтадан жасалды, жер басып жүргендеріне əлеуметтік-тұрмыстық көмек бұрынғыдан да көбірек əрі іркіліссіз көрсетілді. Батырлар шыққан аудан жұртшылығы қызметін өзгертіп, республика Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болып ауысқанда Оңдасынмен қимай қоштасқан-ды... Қызмет, қызмет... Қызық, жауапты. Көзді ашып-жұмғанша зулап өте шығатын сағым жылдар. Өмірбаянның санап тауыса алмайтын ақ парақтары; кейде бармақ тістететін өкініш, кейде мерейіңді тасытатын көл-көсір қуаныш. Тіршіліктің түгесілмейтін қатал талабы, азаматтың атақ-абыройын таразыға салып асқақтататын уақыт өлшемі. Міне, осылай жалғасып кете береді, кете береді. Өсіп-өнесің, ұрпақ тəрбиелейсің, бала-шағаларың да ептеп сенің атағыңды шығара бастайды; тұла бойың шаттық шуағына бөленеді. «Бекер өмір сүрмеген екем, бекер жер басып жүрмеген екем», дейтін шүкіршілік арқаңды асқартауға тірегендей, тірлік кешуге деген құштарлығыңды одан əрі арттыра түседі. Адам сірə, ел ағасы атанған шағынан бастап, шаршау, мұқалу, боркеміктену деген кері ағыстарды былай ысырып тастап, шабытты шақтарға иек арта ма қалай?! Елеусіздеу өткен жылдардың үлесін толтыру үшін, алдағы өмірдің əрбір күнін босқа өткізбеу үшін... Оңдасын– еліміздің біртуар азаматы, елдің ертеңі үшін ұлан-ғайыр өлшеусіз еңбек сіңірген Нұртас Оңдасынов құрметіне қойылған есім-ді. Жақсылыққа жорыған ырым. Оңдасынның зайыбы – Нұрзипа Ноғайқызы да Мойынқұм өңіріне аты белгілі текті тұқымнан. Жоғары білімді дəрігер, ұл-қыз тəрбиелеген бір əулеттің қадірменді анасы, немерелерінің сүйікті əжесі. Ұл-қыздары; Сұлушаш, Мира, Абылайхан, Нұрсұлтан Оңдасыновтар əр салада, өз мамандықтары бойынша əртүрлі қызметтер атқарып жүр. Олардан өрген тоғыз немере Нұрзипа екеуінің бар «байлығы», басын жерге иген бəйтеректің «жемісі». Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Республикасының озат құрылысшысы, Мойынқұм ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, біздің досымыз Оңдасын Елубайұлының өмірлік ұстанымы көпшілігімізге үлгі-өнеге. Ойымызға сан түрлі тіркестер оралады. Мойынқұмның ыстық топы рағына табанын күйдіріп, күнге тотыққан, алай-дүлей құм мінезін бір адамдай бойына сіңірген атпал азамат осы күндері тұма бұлақтың сыңғыр күлкісіне, адуынды өзендердің жойқын ағысына қарап, ойға берілгенді жаны қалайды. Ұлытаудан бастау алатын өз ішіміздегі Нұра, Сарысу, Есіл секілді өзендердің арнасы кеңейіп, елге ырыздық болса деп ылғи жақсы тілек үстінде жүреді. Күндердің күнінде тұщы судан таршылық көріп, көршілерге күнімізді түсірмесе екен дегенді де ашық айтып, əрбіріміздің суға деген жауапкершілігіміз бен жанашырлығымызды ояту үшін бозторғайша шырылдайды. Үлкен каналдан ағатын мол судың рəсуа болмауын қадағалап, арна бойын жаяу аралайды. Мойынқұм мен Қараөткелдің арасы жақындай түскен тəрізді бүгінде. Осы аралықта Оңдасынның ешкімге ұқсамайтын өз жолы, өз өмірбаяны хатқа түскен жазулардай ап-анық сайрап жатыр. АСТАНА.


24 қараша 2015 жыл

www.egemen.kz

9

«Казкоммерцбанк» – Алып кəсіпорын ЭКСПО-2017-ніѕ ресми банкі алєа басуда  Индустрия игілігі

«ЭКСПО-2017 серіктесі – ресми банкі» арнайы мəртебесімен «Казкоммерцбанк» көрменің жаһандық серіктесі болып белгіленді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК жəне «Казкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды жəне банк «ЭКСПО-2017 серіктесі – ресми банкі» айрықша мəртебесіне ие болды. Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Əуезов қол қойды. «Қазақстандық аса ірі банкпен серіктестік қарым-қатынас орнату ЭКСПО-2017-ге дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Біз бүгін аймақтық деңгейдегі бəсекелестері үшін сапа стандарттарын беретін, Қазақстанның аса ірі компанияларының бірімен кезекті меморандумға қол қойғанымызға өте қуаныштымыз», деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов қол қою рəсіміне арналған жиында. Меморандум аясында, «Казкоммерцбанк» ақша салымын ұсынып, ЭКСПО-2017 аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді

қабылдау бойынша инфрақұрылым қалыптастырады. Бұған қоса, кіру билеттерін банктің төлем жүйесі, сондай-ақ, филиалдық бөлімшелер желісі арқылы онлайн тəртібімен сату, көрмеде қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау мүмкіндігін жасау жəне ЭКСПО-2017-ні қолдау жүйесін қамтитын бірлескен өнімдер жасау жоспарлануда. «Банкке ұлттық ауқымдағы маңызы орасан зор жобаның серіктесі болу құрметі бұйырды. Көрме тақырыбы бүгінде тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін де өзекті. Ол біз үшін, инновациялық технологияларды дамытушы банк үшін өте жақын, жəне біз көрменің негізгі идеясын дамытуға жігерлене кіріспекпіз», деді «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Əуезов. Банк инфрақұрылымының жəне оның филиалдық желісінің көмегімен осындай ірі ұлттық жобаны ілгерілету «Казкоммерцбанк» АҚ-тың филиалдары ашылған ұлттық жəне халықаралық деңгейлердегі

(Соңы. Басы 1-бетте).

Сөйтіп, 2009 жылдың ортасында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ құрылды. Жобалық қуаты 100 жүк магистральдық локомотив болатын зауыт, бүгінгі күнге дейін 290-нан астам локомотив құрастырып шығарды. Оларға қызметтер көрсету үшін Алматы, Аягөз, Ақтөбе, Сексеуіл қалаларында ірі сервистік орталықтар құрылды», деді ол.

барлық аймақтарда мүмкін болмақ. «Казкоммерцбанк» клиенттерінің күн сайын əлемнің 100-ден астам елінде бір уақытта төлемдер жа сай тынын ескере отырып, ЭКСПО-2017 бейнелемесі сол елдерде банктің пластик карталары арқылы ілгері басатын болады. Бұған қоса, ЭКСПО-2017

Исламдыќ микроќаржыландыру 1 пайызын ќўрайды Ғаламдық исламдық микроқаржыландыру индустриясының жылдық өсімі 20 пайызға жуық. Бұл Алматыда өткен «Исламдық əлеуметтік қаржыландыру: MicroҚаржылар жəне Micro-Тakaful» атты халықаралық семинарда айтылды. «Исламдық микроқаржыландыру, бəріміз жақсы білеміз, бүкіл əлемде мойындалып, жылдам тарауда. Оны бүкіл халыққа қолжетімділігімен кедейшілікті жоюдың ең тиімді құралы деп санайды. Бүгінгі таңда исламдық микроқаржыландыру – микроқаржыландыру индус трия сының 1 пайызын ғана құрайды. Осыған қарамастан, исламдық

қаржыландыру жыл өткен сайын қарқынды түрде дамып келе жатыр. Зерттеу қорытындыларына қарағанда, ғаламдық исламдық микроқаржыландыру индустриясының жылдық өсімі 20 пайызға жуық болып отыр. 2018 жылы ол 25 пайызды құрамақ», дейді Ұлттық банктің Исламдық қаржыландыру бойынша аймақтық қаржы орталығы директорының орынбасары Əлібек Нұрбеков. Оның айтуынша, Тakaful индустриясының көшбасшылары – Малайзия, Сауд Арабиясы, Иран, БАƏ. Олардың үле сі əлем дегі исламдық сақтандырудың 90 пайызын құрайды. Азия даму банкіне мүше елдердің ұлттық қаржылық даму институттары қауымдастығының

 Белес

Батырлардыѕ тўйєыны, єалымдардыѕ жїйрігі

Ұлан САНЖАР.

Лаѕкестікпен кїресте шекара жоќ

жаћандыќ микроќаржыландыру индустриясыныѕ Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.

логотипі жəне көрме туралы ақпараттық материалдар банкоматтардың экрандарына, есептік-кассалық бөлімшелерде жəне банктің барлық ақпараттық-жарнамалық өнімдерінде орналастырылатын болады.

(ADFIMI) бас хатшысы Нури Биртектің сөзіне қарағанда, кедейшілік деңгейін төмендетуде даму инс титуттарының рөлі өте зор. Сондықтан Азия даму банкіне мүше елдердің ұлттық қар жы лық даму институттары қауым дастығы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ның бірлескен бұл семинарының маңызы ерекше. Өйткені, əлем тұрғындарының 1/3 бөлігі немесе 2,8 миллиард адам қазір күніне 2 АҚШ долларына өмір сүруде. Бұл кедейшілік деңгейі деп саналады. Ғаламдық жалпы ішкі өнімнің тек 15 пайызы ғана халықтың 85 пайызының еншісінде. АЛМАТЫ.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Каспий теңізінің құқықтық мəртебесіне арналған жұмыс тобының отырысына қатысуға елімізге келген Ибрахим Рахимпур соңғы кезде жаһанды тітіреткен Египет аспанында Ресей ұшағының жарылысы, Бейрут пен Париждегі қанқұйлы лаңкестіктер ешбір елді бейжай қалдырмайтынын, оның бар халықтың басына төнген қауіп екенін айтты. Сол себепті лаңкестікті «жаман», «жақсы» деп бөлуге болмайтынын, осындай маңызды мəселеде

қос стандарттардан бас тарту қажет екенін, бұл ретте, Иран мен Ресей арасындағы тиімді ынтымақтастық осы бағыттағы үлгі болып табылатынын атап өтті. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Каспий жағалауындағы мемлекеттердің осы бір маңызды мəселеде ынтымақтасуының мəні зорлығына, сындарлы келіссөздерді жалғастырудың нəтижесінде ынтымақтастықты өрістетудің бағыттары молая түсетініне жəне теңіз байлығын игерудің аймақтың экономикалық дамуына, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ықпалы көбейетініне мəн берді.

 Достық дəнекері

Ресей ќазаќтары бас ќосты

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

Мəскеудің Ұлттар сарайында Ресей қазақтарының ұлттықмəдени автономиялары өкілдерінің кездесуі өтті. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елші лігі ұйымдастырған отырысқа Ресейдің аймақтарында қызмет ететін 35-ке жуық осы ел қазақтары қоғамдық ұйымдарының өкіл дері, еліміздің Ресейдегі консулдық мекемелерінің басшылары жəне Ресей Федерациясы Ұлттар істері жөніндегі федералды

агенттігінің өкіл дері қатысты. Кездесу барысында Ресей қазақтары қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері өз қызметтері жайлы жан- жақты хабардар етті. Іс- шара қа тысу шылары Ресей Федерациясы аумағында тұрып жатқан қандастарымыз арасында қазақ тілін, дəстүрін, мəдениетін сақ тау жəне

 Өңір өмірі

Зыряндаєы заманауи мектеп Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Зырян ауданындағы Чапаев ауылының оқушылары оқу жылының екінші тоқсанын жаңа мектепте қарсы алды. Бұл мектеп осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс болатын. «Ештен кеш жақсы». Таяуда құрылысы кешіккен білім ордасы аяқталып, салтанатты түрде ашылды. Жаңа ғи ма рат білім беруге қажетті бар лық құрал-жабдықтармен, мультимедиялық кабинеттермен

қамтамасыз етіліпті. Физика мен химия пəн деріне арналған арнайы сыныптар бар. Мектепте 130 оқушы білім алады. 2011 жылы «Халиф Гром» ЖШС бастаған мектеп құрылысы 2013 жылы аяқталуы қажет болатын. Құрылысы ұзаққа созылған нысанның пайдалануға берілуін биыл ау данға жұмыс сапарымен барған облыс əкімі Даниал Ахметов жеке бақылауына алған соң, тоқтап қалған құрылысқа жан бітіп, жұмыс жүре бастады. Құрылысты шегіне жеткізу,

жұмыстарды аяқтау үшін «Нарын сервис» кəсіпорнымен қосымша келісімдер жасалды. Айта кеткен лəзім, соңғы кезде Шығыс Қазақстанда құрылысы ұзаққа созылған нысандармен жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Мұны облыстық драма театры, қан орталығы жəне бірқатар мектептер мен балабақшалардың пайдалануға берілуінен байқауға болады. Шығыс Қазастан облысы, Зырян ауданы.

ТҮЙІН Қазақстандық тепловоздарды жақын шетелдерге экспорттау осыдан үш-төрт жыл бұрын

Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің Азия жəне Африка елдері бойынша орынбасары, Каспий теңізі мəселелері жөніндегі арнайы өкіл Ибрахим Рахимпур лаңкестіктің адамзат баласына төнген қатер екенін айтып, онымен күресте шекара жоқтығын, барлық ізгі ойдағы адамдардың біріге күресетін зұлматы екенін айтты.

Жуырда елордадағы Ұлттық музейде Мəдениет жəне спорт министрлігі Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, əдебиет зерттеуші Мəлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді. Мəлік Ғабдуллин – қазақ əдебиетін, педагогикасын ғылыми тұрғыда зерттеу саласында көп еңбек етіп, өркендеуіне елеулі үлес қосқан, қазақтың көрнекті жазушысы, педагог-ғалымы. Ұлы Отан соғысында көрсеткен аса жоғары жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған еді. Салтанатты кеш басында М.Ғабдуллиннің өмірі мен қайраткерлігі туралы 10 минуттық деректі бейнефильм көрсетіледі. Одан соң академик Серік Қасқабасов, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерға лиев, мəліктанушы ғалым Серік Негимов, жазушының келіні, сазгер Мария Кенжеахмет жəне Көкшетаудағы М.Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберді Мырзабеков, т.б. қаһарман қайраткер туралы тұщымды естеліктерімен бөлісті. Арасында Мəлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлының жарасымды достығы бір-біріне деген ізет, инабаты да алға тартылды. «Қос тұлға бірін-бірі толықтырып тұратын», деді білетіндер. Басты түйін, Мəлік мұрасының мəңгілік екені тілге тиек болды. Ғылымипрактикалық конференция аясында кітап көрмесі мен көңілді концерт көрсетілді. Елімізге танымал Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов жəне «VoiceKZ» тобы əн əуелетсе, Жасұлан Ерболат, Мейрам Қайсанов сынды сахна шеберлері батыр туралы толғамдар айтты.

ТЭ33А-НЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ Қазақстандық тепловоздардың бұрынғыларға қарағанда, экономикалық тұрғыдан иімді тұстары көп. Мəселен, Ресей локомотивтеріне қарағанда, жанар-жағармайды əлде қайда үнемдейді. «Зауыт америкалық General Electric корпорациясының лицензиясымен Evolution сериялы бесінші буындағы ТЭ33А тепловозын құрастыратынын айттық. Кəсіпорын жарақтандырылу тұрғысынан Еуразия аумағындағы ең озық, технологиялық үлгідегі өндіріс ошағы екеніне дау жоқ. Оның басты мақсаты – Қазақстанның

жəне газбен кескіш қондырғы қалыңдығы 20 мм. жəне 200 мм. болатын металды еркін кесіп өтеді. Сандық бағдарламалық басқаруы бар германиялық SPINNER тік-жоңғылағыш станоктың бір өзі кесіп-өңдеу арқылы металдан түбегейлі өнім өндіргенге дейінгі аралықта 28 түрлі операция жасайды. Темір табақтарды престейтін дəлдігі жоғары Түркияның «Ermaksan» жəне Германияның «TruBend» гидравликалық қондырғылары металды майыстыруға қатысты барлық жұмыстарды орындайды. Зауытта осы сияқты озық үлгідегі жабдықтардың бір мың екі жүзден астам түрі бар. Осынау құрылғыжабдықтармен жұмыс істей алатын мамандар да дамыған елдерде арнайы дайындықтардан өтіп келді. Соның арқасында бүгінде зауытта кəсібилігі жоғары инженерлік-техникалық жəне басқарушылық ұжым толығымен қалыптасқан», деп түйіндеді сөзін қоғам президенті.

насихаттау жолында алдағы бірлескен жұмыс жүргізу бағыттарын талқылады. Жиналыс аяқталған соң Ресейдің астанасында бас қосқан қандастарымыз Қазақстан елшілігі жəрдемімен Мəскеу қазақтарының қоғамдық ұйымдары жəне қазақстандық студенттер бірлестігі ұйымдастыр ған «Алтын күз» бай қау-фестиваліне қонақ болып қатысты. «Егемен-ақпарат».

индустриялық- инновациялық дамуына өз үлесін қосу. Сөйтіп, теміржол көлігі жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, 1520 жолтабаны төселген ТМД мен Балтық елдеріне заманауи тепловоздарды экспорттау болып отыр. Енді тиімділігіне келсек, қолданыстағы ескі тепловоздар ай сайын сервистік қызметке жүгінсе, қазақстандық ТЭ33А теміржол машиналары үш айға дейін тоқтаусыз жүреді. Əр 92-120 тəуліктен кейін жоспарлы сервистік тексеріске келіп, майын алмастырса болғаны. Қуаты мен жарамдылық мерзімінің ұзақтығынан басқа, қазақ тепловоздары бұрынғы локомотивтерге қарағанда, ауаға залалды заттарды 40 пайызға дейін аз шығарады. Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсету мен жағармай жəне мотор майын тұтынуда, бір жылда 150 мың АҚШ долларына дейін қаржы үнемдейді. Бұған қоса, біздің локомотивтердің жылдамдығы да жоғары. Жүк тартатын тепловоз сағатына – 120, ал жолаушылар пойызын тартатыны 160 шақырымға дейін жол басады», деп жалғады сөзін Марат Болатұлы. ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ҚОЛДАУ Мемлекет басшысы елі мізді индустрияландыру бағдарламасы басталғалы бері ірі кəсіпорындардың отандық тауарларды қолдауы керектігі жөнінде үнемі айтып келеді. Тепловоз зауыты бұл тапсырманы да мүлтіксіз орындап жүр. «Бастапқы кезде АҚШ компаниясынан сатып алынған бөлшектерді əкеліп, тек құрастыру жұмыстары ғана жүргізілді. Десек те, өз мамандарымыз локомотив жасау ісінде отандық өнімдердің үлесін үнемі көбейтіп отыруды көздеді. Осының арқасында, осы кезде əрбір локомотивті құрастыруда, қазақстандық үлесті 32 пайызға дейін жеткіздік. Пайызды санға айналдырсақ əрбір ТЭ33А-ның 11 мыңнан астам бөлшегі отандық өнімдерден тұрады. Бұйыртса, тағы бірер жылда бұл көрсеткішті 52 пайызға жеткізу жоспарда бар. Осы орында назар аудартқым келетіні, біздің зауытта əлемдегі ең озық станоктар жұмыс істейді. Атап айтқанда, лазермен ме талл кесетін швейцариялық BYSTRONIC қондырғысы қалыңдығы 6 мм. металл табақтан сағатына бір мыңға тарта бұйым жасауға қабілетті. Плазмамен

басталды. Бірінші Душанбе қаласында Тəжік теміржолына ТЭ33А локомотивін сатып алу туралы «Рохи охани Точикистон» МУК-пен келісімшартқа қол қойылды. Сөйтіп, 2012 жылы төрт тепловоз Тəжікстанға қарай жөнелтілді. Келесі жылдың мамыр айында украиндық «ИваноФранковскцемент» ЖАҚ-пен бір ТЭ33А машинасын сату бойынша келісім жасалып, тепловоз 2013 жылы қазан айында Украинаға қарай жол тартты. Сондай-ақ, былтырғы қазанда «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясынан да тапсырыс түсіп, екі ТЭ33А тепловозы көрші елге сол заматта жеткізілді. «Кыргыз темир жолу» ҰК-ға қосымша тағы төрт тепловоз экспортталды. Өткен жылдың қазан айында Түрікменстан теміржол министрлігімен келісімшарт жасалды. Сөйтіп, ол бір айдың ішінде жеткізіліп берілді. Бүгінде Қазақстан мен Түрікменстанды жəне Иранды елін жалғап тұрған жаңа жолда жүйткіп жүр. Қазіргі таңда «Əзербайжан темір жолы» ЖАҚ-пен 10 локомотивті жеткізу туралы шартқа қол қойылды. Бүгіннің өзінде 5 локомотив жөнелтілген. Олар Əзербайжан теміржолдарында ойдағыдай пайдаланылуда. Мұнымен бірге, Еуропа жəне ТМД-ның өзге елдері ТЭ33А машинасына үлкен қызығушылық танытып отыр. Демек, алып өндіріс ошағы ошарылып қалады деген ұғым тумауға тиіс. Бұл теміржол машиналары бұған дейін керек болған жəне бұдан кейін де қажет бола береді. Алайда, заманына сай қайта құрылып, жаңғырып жатқан зауыттың жан-жақты мүмкіндіктері мол. Түрлі заттар ды сан қырлы етіп жасауға қабілеті жоғарыда тізілген станоктары бар зауытты тығырыққа тіреледі деу түбегейлі қате пікір. Қазір де дамып, өндіріс көлемін ұлғайтудың бірнеше көзін тауып отыр. Бүгінде жолаушылар локомотивін құрастыру жəне «Электровоз құрастыру зауыты» мен АЭА орналасқан «Астана – жаңа қала» жобасына қажетті бөлшектер дайындауды бастап жіберіпті. Мəселен, платформа мен арбашық қаңқасы жəне оның төбесі, доңғалақ жұптары шығарылады. Зауыттан құрастырылған əрбір электровоз үшін 1500-ден астам түрлі бөлшектер шығару қолға алынып, маневрлік локомотивті жасақтау көзделіп отыр.


10

www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру (Жалғасы. Басы 224-нөмірде).

4. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу жəне талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін əзірлеу жəне жүзеге асыру, халықтың жəне ұйымдардың тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық тексерулерге қатысу, азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай қызметтерімен өзара іс-əрекет жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология; ортадан кейінгі білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі тиіс. 5. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу жəне талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенін əзірлеу жəне жүзеге асыру, халықтың жəне ұйымдардың тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық тексерулерге қатысу, азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология; ортадан кейінгі білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі. 6. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті Рудный қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 8 қазанға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеніне). Функционалды міндеттері: табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу жəне талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешені əзірлеу жəне жүзеге асыру, халықтың жəне ұйымдардың тіршілік əрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, авариялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету бойыеша іс-шараларды бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық тексерулерге қатысу, азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология; ортадан кейінгі білімі: техникалық (жылу энергетикасы, автоматтандыру жəне басқару, электр энергетикасы, көлік, көліктік техника жəне технологиялар, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау, сертификаттау жəне метрология. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитет Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментi, 130000, Ақтау қаласы, 24-шағын аудан, электронды мекенжайы: ok_dchs_mang@emer. kz, анықтама үшін телефондары: 8 (7292) 701705, 426878 (факс), «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің басшы-бас бухгалтері, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына жеке жауапкершілікте болады, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындайды, есеп құжаттары операциялары заңдылығының сақталуын, арифметикалық есептің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Республикалық бюджетті қаржыландыру жоспарының орындалуы жөнінде есептерді жасақтайды. Жыл жəне тоқсан сайынғы қаржыландыру жоспарының орындалуын қадағалайды. Келесі жылға қаржыландыру жоспарының жобасын жасақтайды. Департамент қызметін қаржыландыруға қатысты барлық мəселелер бойынша жауапкершілікте болу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті білімінің болуы, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу. 2. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті техникалық қызмет жəне құлақтандыру бөлімшесінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: хабарлау жүйелерін жəне аппаратураларын білуі қажет, хабарлау аппаратурасында реттеу жұмыстарын жүргізеді жəне хабарлау аппаратураларын іске қосу дағдыларының болуы, көшпелі байланыс тораптарының ұдайы дайындығын қамтамасыз етеді, хабарлау жəне байланыс аппаратуралары құрылысын жəне пайдалану ережелерін білуі керек, хабарлау жəне байланыс жүйелері аппаратураларына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жəне өткізілуін қадағалайды, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшылығының өкімі бойынша құлақтандыру жүйесінің жедел іске қосылуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техника ғылымдары жəне технология саласында (ақпараттық жүйелер, есептегіш техника жəне бағдарламалық қамтамасыз ету; математикалық жəне компьютерлік үлгілеу; радиотехника, электроника жəне телекоммуникация; электр энергетикасы; автоматтандыру жəне басқару); педагогика саласында (информатика). Мемлекеттік қызметте кемінде бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайда арнаулы орта білімі барларға рұқсат етіледі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті білімнің болуы, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу. 3. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын жетілдіру жəне арттыру бойынша іс-шараларды жасақтайды. Авариялық-құтқару жұмыстары саласында жаңа нысандар мен əдістердің енгізілуін қамтамасыз етеді. Ірі жəне сипатты аварияларды зерделеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Авариялық-құтқару қызметтерінің жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі іс-шаралары мен кестесін келіседі. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техника ғылымдары жəне технологиялар саласында (тау-кен ісі; мұнай-газ ісі; тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау); жаратылыстану ғылымдары саласында (экология). Мемлекеттік қызметте кемінде бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайда арнаулы орта білімі барларға рұқсат етіледі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті білімінің болуы, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу. 4. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті

ақпараттық-талдамалық бөлімшесінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің тиімді қызмет жасауына бөлімше өкілеттігі шеңберінде талдау жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Webпорталын ақпараттармен уақтылы толықтырылуына тұрақты мониторингті қамтамасыз етеді. Web-портал бөлімдерінің мемлекеттік жəне ресми тілдерде толықтырылуына жəне жа ңар тылып отыруына жеке жауапкершілікте болады. Де пар тамент қарамағындағы ведомстволық жəне құры лымдық бөлімшелерге ақпараттық-талдамалық талдауларды қамтамасыз ету бойынша тəжірибелік жəне əдістемелік көмек көрсетеді. Департамент қарамағындағы ведомстволық жəне құрылымдық бағынысты бөлімшелер қызметіндегі ақпараттықталдамалық жұмыс жағдайын зерделейді. Департаменттің құрылымдық жəне ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен ақпараттық-талдамалық жұмыстар қорытындысы бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында (экономика; статистика; есеп жəне аудит); техника ғылымдары жəне технологиялар саласында (мұнай-газ ісі); заң саласында (құқықтану; құқық қорғау қызметі). Мемлекеттік қызметте кемінде бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайда арнаулы орта білімі барларға рұқсат етіледі. 5. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 4 мамырға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеңіне). Функционалды міндеттері: нұсқаулыққа сəйкес бухгалтерлік есепке алудың мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алуды жүзеге асыру. Бюджеттік міндеттеріне сəйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Құжаттардың уақтылы жəне дұрыс құрылуына жəне жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Ақшалай қаражатты, есептеулерді жəне материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нəтижелерін уақтылы жəне дұрыс анықтау жəне оларды есепте көрсету. Бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздері жəне оларға үш жылға арналған есептеулері бар бюджеттік өтінімдер əзірлеу. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер жасау. Құрама жəне жеке қаржыландыру жоспарларын жасау. Бюджетті орындау жəне бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уəкілетті органдар белгілеген қаржылық есептілікті жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында. Мемлекеттік қызметте кемінде бір жылдан кем емес өтілі болған жағдайда арнаулы орта білімі барлар да жіберіледі. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті білімнің болуы, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу. VII. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, 070000, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 32-үй, анықтама үшін телефоны: 8 (7232) 22-62-31, факс: 75-15-33, электронды мекенжайы: g.abilmazhinova@ mzsr.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. № 2, 5 медициналық-əлеуметтік сараптама бөлім басшысы, С-О-4 санаты, 2 бірлік (оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 30 желтоқсанға дейін) жұмыс орны – Өскемен қаласы. Функционалды міндеттері: мүгедектік тобын, кəсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куəландыру, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыс тығына бақылау жасау, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша кеңес беру, əдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дəрігерлік емдеу ісі) саласындағы жоғары білім, жоғары немесе бірінші дəрігерлік біліктілік санаты, дəрігерлердің білімдерін жетілдіру институтында біліктілігін жоғарылату, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу. 2. Медициналық-əлеуметтік сараптаманың əдіснамалық жəне бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік, жұмыс орны – Өскемен қаласы. Функционалды міндеттері: медициналық-əлеуметтік сараптама бөлімдерінің қорытындыларына шағымданушы тұлғаларды қайта куəландыру, еңбекке жарамсыздық деңгейін, мүгедектік топты тағайындау себептерін жəне құжаттарды даярлаудың, сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша кеңес беру, əдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дəрігерлік емдеу ісі), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, жоғары немесе бірінші дəрігерлік біліктілік санаты, дəрігерлердің білімдерін жетілдіру институтында біліктілігін жоғарылату, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу. 3. № 1, 2, 3, 4, 9, 11 медициналық-əлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 7 бірлік, жұмыс орны – Өскемен қаласы – 5 бірлік, Семей қаласы (2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2017 жылғы 13 маусымға дейін). Функционалды міндеттері: мүгедектік тобын, кəсіби еңбекке жарамсыздық деңгейін анықтау, уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерін ұзарту үшін тұлғаларды куəландыру, дербес сауықтыру бағдарламаларын жасау, сауықтыру іс-шараларын жүргізу, мүгедектерді сауықтыру шараларын жүргізудің дұрыстығына бақылау жасау, медициналық-əлеуметтік сараптама мəселелері мен мүгедектерді сауықтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, əдістемелік көмек көрсету, мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру жұмысына бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина, дəрігерлік емдеу ісі), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, жоғары немесе бірінші дəрігерлік біліктілік санаты, дəрігерлердің білімдерін жетілдіру институтында біліктілігін жоғарылату, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу. 4. Персоналды басқару бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 11 шілдеге дейін) жұмыс орны – Өскемен қаласы. Функционалды міндеттері: департаменттің персоналды басқару стратегиясын əзірлеу жəне іске асыру, кадр, оның ішінде мамандық жəне біліктілік бойынша қажеттілігін талдау жəне жоспарлау, кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, кадр мониторингі жəне кадрлық іс жүргізуді жүргізу, кəсіби бейімделу жəне тəлімгерлікті ұйымдастыру, кəсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру тағылымдамаларынан өтуін ұйымдастыру, конкурстық, аттестаттау, тəртіптік жəне кадр мəселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру, заңды жəне жеке тұлғалардың хаттарын қарастыру, өз міндеті шеңберінде, бөлім басшысы тапсырған басқа да міндеттерді іске асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, мемлекеттік жəне жергілікті басқару) немесе техника ғылымдары жəне технология (автоматтандыру жəне басқару, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу. 5. Зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне – 2018 жылғы 27 шілдеге дейін) жұмыс орны – Өскемен қаласы. Функционалды міндеттері: зейнетақы мен жəрдемақы тағайындауды жүзеге асыру, əлеуметтік қорғау мəселелері бойынша зейнетақы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау, сот мəжілістеріне қатысу, зейнетақы жəне əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша азаматтарды қабылдау, заңды жəне жеке тұлғалардың арыздарын қарау, зейнетақы мен əлеуметтік қамсыздандыруды бақылауды жүзеге асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, зейнетақы заңнамасының қолданылуы бойынша насихаттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, семинарлар өткізу, белгіленген нысандар бойынша есептер жасау, басшылық жүктеген басқа да міндеттерді атқару. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, мемлекеттік жəне жергілікті басқару) немесе техника ғылымдары жəне технология (автоматтандыру жəне басқару, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, металлургия) немесе қызмет көрсету (əлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы лауазымның функционалды міндеттеріне сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық жəне нормативтік-құқықтық актілерді білу, мүмкіндігінше мемлекеттік жəне ресми тілдерді білу. VIII. Қазақстан Республикасы Иивестициялар жəне даму министрлігі Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитеті, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, анықтама үшін телефоны: (8-7172) 74-34-77, факс 74-34-77, a.tuyakova@ mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитеті заң басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: комитеттің құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер, бұйрықтар, қорытындылар жобаларын қарау. Геология жəне жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтікқұқықтық актілерге енгізуге арналған ұсыныстарды əзірлеу. Басқа министрліктер мен ведомстволар ұсынған нормативтікқұқықтық актілер жобаларына қорытынды дайындау. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша мемлекеттік органдардың, құқық қорғау жəне фискалдық органдардың сұрауларын қарау. Комитет қызметінің құқықтық мəселерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитет мүддесін белгіленген тəртіппен білдіру. Министрлік жəне комитет басшылығының тапсырмасы бойынша əзірленетін, оның ішінде оларды басқа құрылымдық бөлімшелер əзірлеген жағдайда келісу арқылы Қазақстан Республикасының нормативтікқұқықтық актілер жобаларын дайындауға жəне əзірлеуге қатысу. Нормативтік-құқықтық сипаттағы құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асыру, кадрлық жəне өндірістік мəселелер бойынша жобаларға қол қою. Геология жəне жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (заңтану). IX. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, 070004, Өскемен қ., М. Горький көшесі, 65-үй, 17-бөлме, анықтама телефоны: (7232) 264391, факс (7232) 24-82-18, электронды мекенжайы: fink.ustk@minfin.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Талдау, есептілік жəне сапаны бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: есептер, жиынтық есептер, ақпараттар, бақылау іс-шараларын атқару бойынша жоспарларды дайындау, талдау жұмыстарын жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: қаржылық немесе экономикалық немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда қаржылық, экономикалық немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Үлгілік біліктілік талаптарына сəйкес, осы санат бойынша функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мемлекеттік органдармен жұмыс істей білуі, WORD, EXCEL бағдарламаларымен жұмыс істеу машығы болса құпталады. 2. Талдау, есептілік жəне сапаны бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-тексерушісі, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: есептер, жиынтық есептер, ақпараттар, бақылау шараларын атқару бойынша жоспарларды дайындау, талдау жұмыстарын жүргізу, сапаны бақылау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: қаржылық немесе экономикалық немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару, заңгерлік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда қаржылық, экономикалық немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару, заңгерлік ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Үлгілік біліктілік талаптарына сəйкес, осы санат бойынша функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мемлекеттік органдармен жұмыс істей білуі, WORD, EXCEL бағдарламаларымен жұмыс істеу машығы болса құпталады. 3. № 1 бақылау бөлімінің жетекші маман-жетекші бақылаушы-тексерушісі, С-О-6 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бақылау актілерін дайындау, мекемелер мен кəсіпорындарда бақылау іс-шараларын уақытында сапалы жүргізу, бақылау шараларын атқару бойынша есептерді, жиынтық есептерді, ақпаратты дайындау, қаржылық есептілікті уақытында жəне толығымен депозитарийге тапсыру мəселесі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жəне жария мүдделі ұйымдардың (ЖМҰ) қызметіне бақылау жүргізу, бюджет қаражатын басқару бойынша қызметтің тиімділігін бағалау үшін мемлекеттік органдардың есептерін тексеру жөніндегі бақылау ісшараларын жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білімі: қаржылық, экономикалық немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару. Үлгілік біліктілік талаптарына сəйкес, осы санат бойынша функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. Мемлекеттік органдармен жұмыс істей білуі, WORD, EXCEL бағдарламаларымен жұмыс істеу машығы болса құпталады. X. Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 060005, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 94-А, анықтама үшін телефоны: (7122) 45-10-80, факс 45-1555, электронды мекенжайы: auagisaeva@taxatyrau.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Талдау жəне тəуекелдер басқармасының тəуекелдер бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: есептілікті талдау жəне оны қысқарту мақсатында жыл сайынғы қайта қарауды, салық жəне кеден саласында тəуекелдерді анықтау мақсатында талдау жұмыстарын жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 2. Заң басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 18.09.2018 жылға дейін). Функционалды міндеттері: сот, құқық жəне басқа мемлекеттік органдарда құзыретіне қарай департаменттің жəне оның аумақтық бөлімшелерінің мүддесін қорғау,

департаменттің мүддесіне сот-шағым жұмысын енгізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 3. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп жəне мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 11.02.2018 жылға дейін). Функционалды міндеттері: бухгалтерлік есепті жəне есептілікті орталықтандырылған жүйеге енгізуді қамтамасыз ету; жасалатын операциялардың заңдылығын жəне құжаттардың дұрыс жəне уақтылы ресімделуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру; берілген рұқсат шегінде міндеттемелер қабылдауды, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 4. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 03.05.2017 жылға дейін). Функционалды міндеттері: ақпараттық жүйелердің жəне дерекқордың жұмысқа қабілеттілігін үзбей отыру, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қорғау жəне қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, корпорациялық желілердің ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары техникалық білім, мамандығы бойынша бағдарламашы, экономикалық білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 5. Камералдық бақылау басқармасы №3 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: салық төлеушілермен табыс етілген салық есептіліктеріне талдау жүргізу, уəкілетті мемлекеттік органдардан түскен мəліметтерге талдау жасау, автоматтандырылған камералдық бақылау нəтижелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізу, салық жəне басқа міндетті төлемдердің бюджетке уақтылы түсуін қадағалау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, математикалық жəне компьютерлік пішіндеу (модельдеу), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттердің сақталуына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтердің сапасы жəне мерзімділігі мониторингіне бақылау жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық, заңгерлік, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 7. Жанама салықтарды əкімшілендіру басқармасы қосылған құн салығын əкімшілендіру жəне аудит бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: ҚҚС сомасын қайтару бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу; артық төленген ҚҚС сомасына талдау жүргізу; салық төлеушілермен табыс етілген салық есептіліктеріне талдау жүргізу, лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтікқұқықтық актілерді білу. 8. Жанама салықтарды əкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің жəне Кеден одағының импортын əкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Кеден одағы шеңберіндегі жанама салықтардың толық жəне уақтылы түсуін қамтамасыз ету, салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге уақтылы əкімшілік шара қолдану бойынша бақылауды қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік немесе экономикалық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 9. Борыштармен жұмыс басқармасы мəжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бюджетке төленетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің, жинақтау зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарының жəне əлеуметтік аударымдардың уақтылы жəне толық түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: заңгерлік немесе экономикалық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажет нормативтік-құқықтық актілерді білу. 10. Ақжайық кедендік ресімдеу орталығы кеден бекетінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді жəне кедендік бақылауды жүзеге асыру; кеден ісі саласында қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды анықтау жəне жолын кесу; тауарлар мен көлік құралдарына кедендік еріп жүруді жүзеге асыру; кедендік еріп жүруге төленетін алымдардың дұрыстығын тексеру; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық немесе құқық (құқықтану, кеден ісі), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 11. Жанама салықтарды əкімшілендіру басқармасы акциздерді əкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: акциз төлемдерінің бюджетке уақтылы жəне толық түсуін бақылау, мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің айналымы жəне өндірістік ұйымдастыруды бақылау, лауазымдық нұсқаулықтарға сəйкес басқа да міндеттерді жзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім (экономикалық, заңгерлік), осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 12. Ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп жəне мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бухгалтерлік есепті жəне есептілікті орталықтандырылған жүйеге енгізуді қамтамасыз ету; жасалатын операциялардың заңдылығын жəне құжаттардың дұрыс жəне уақтылы ресімделуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру; берілген рұқсат шегінде міндеттемелер қабылдауды, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша; лауазымдық

нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: экономикалық, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 13. Аудит басқармасы №1 пост-кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 11.03.2016 жылға дейін). Функционалды міндеттері: бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа да мекемелерден, лауазымды тұлғалардан жəне азаматтардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты сұрату жəне қабылдау; кедендік тексерулерді жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: экономикалық, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. 14. Аудит басқармасы №2 пост-кедендік бақылау бөлімінің жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 10.06.2018 жылға дейін). Функционалды міндеттері: бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа да мекемелерден, лауазымды тұлғалардан жəне азаматтардан бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты сұрату жəне қабылдау; кедендік тексерулерді жүргізу; лауазымдық нұсқаулық бойынша өзге де қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: экономикалық, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сəйкес өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сəйкес толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куəландырылған көшiрмелерi; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куəландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куəлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сəтінде уəкілетті органмен белгіленген шекті мəннен төмен емес нəтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куəландырылған нотариалды көшiрмесi). Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған жəне конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшада көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куəландыра алады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тəжiрибесiне, кəсiби шеберлiгiне жəне беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар жəне өзге де олардың кəсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мəліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тəртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электронды почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электронды почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын əңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға əңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау жəне Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тəртіппен өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің жəне барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жəне саяси партиялардың өкілдері, уəкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар əңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. Мемлекеттiк органның басшысының (жауапты хатшысының) келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс тəжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу жəне жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламенті жəне мəслихат депутаттары қатыса алады. Бос мемлекеттік əкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы: С-3, C-О-2 cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтікқұқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. С-4, С-5, С-О-4, C-O-5, С-О-6, С-R-4, cанаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Əкімшілік рəсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзінөзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. C-R-5 cанаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (əңгімелесу өтетiн жерге келу жəне қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.anticorruption.gov.kz


Ґрендердіѕ жеѕісті жолы жалєасады Американың белгілі мемлекет қайраткері Уоллес Генри: «Берік тұрақты өмірге жетудің бір ғана жолы – тоқтаусыз ілгерілеу» деген екен. Осындай ілгерілеуге, алға ұмтылуға жетелейтін Ұлт жоспары – баршамызға ортақ жауапкершіліктер жүктеп, ұлы істерге бастайтын маңызды шара болып отыр. Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА, Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы.

Жамбыл облысында білім беру жүйесін дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Əлемдік дағдарысқа қарсы шаралар жүргізілгеніне қарамастан, білім саласын қаржыландыру көлемі өткен жылға қарағанда қысқармай, биылғы жылы да осы салаға бөлінген қаржы 75 млрд. теңгені құрады. Облыста білім нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы осы мақсатқа 10,2 млрд. теңге бөлінсе, биылғы жылы 7,4 млрд. теңге бөлініп, 24 білім нысанының құрылысы жүрді. Оның ішінде 8 мектеп пен 4 балабақшаның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға қабылданды, 2 нысан 2015 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалған 10 білім нысанының құрылысы 2016 жылы аяқталмақ. Биылғы оқу жылында облыстың 449 мектебінде 199 231 оқушы білім алуда, оның ішінде 24 993 оқушы 1сыныпқа қабылданды. Шəкірттердің зияткерлік жəне рухани дамуының бірден-бір қайнар көзі оқулық екендігі даусыз. 2015 жылы оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сəйкес 4, 5, 6 жəне 11 сыныптардың оқулықтары мен оқу-əдістемелік кешендеріне тапсырыс беріліп, осы мақсатқа 918 млн. 683 мың теңге бөлінді. Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен толық қамтылды. Оқушылардың алаңсыз білім алуына жақсы жағдай жасалғандықтан болар оқу жылында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. 36 мыңнан аса оқушы түрлі зияткерлік ойындар мен пəндік олимпиадаларға қатысып, олардың 17,8 пайызы жеңімпаз атанды. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда жеңімпаз оқушылар саны 2456-ға артты. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 263 оқушының 138-і жүлделі орындарға ие болды. Ағымдағы жылдың шілде айында математика, физика, химия, биология пəндерінен өткен дүниежүзілік пəн олимпиадаларына 5 оқушы қатысып, 3-еуі жүлдегер атанды. Əсіресе, Данияда өткен 26-шы дүниежүзілік биология олимпиадасына 63 елден 247 оқушы қатысса, Қазақстаннан қатысқан 4 оқушының 1-еуі жеңімпаз атанып, қола медальға ие болса, ол облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектепинтернатының оқушысы Антон Хван екенін үлкен мақтанышпен айтамыз. Сондай-ақ, облыстық дарынды ер ба лаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының 10-11 сынып оқушылары, биылғы жылғы халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері: химия пəнінен Мəскеу қаласында өткен халықаралық Менделеев олимпиадасының қола медаль иегері Əмзебек Азаматты, математика пəнінен Афина қаласында өткен Балкан олимпиадасында қола медаль, халықаралық О.Жəутіков олимпиадасында күміс медальға ие болған Əбесбек Даниярды, сондай-ақ, осы олимпиадада физика пəнінен күміс медальді иеленген Сегізбай Аянды, математика пəнінен халықаралық Азия-Тынық

мұхиты олимпиадасының күміс медаль жүлдегері Дінмұхаммет Түзеловті ерекше атап өткен жөн. Ерекше білімімен көзге түскен 12 оқушымыз Ресей, Түркия, Мальта, Кипр, Болгария сияқты шетелдерде жазғы лагерьлерде демалуға мүмкіндік алды. Оқушылардың ғылымға деген

құштарлығын арттыру мақсатында мектептерде құрылған ғылыми қоғамдар саны артты. Алдыңғы оқу жылында 144 мектепте 1273 оқушы ғылыми жоба жазумен айналысса, өткен оқу жылында 185 мектепте 1614 оқушы өздерінің қызығушылығына қарай түрлі ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізді. Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізілген республикалық «Жұлдызай» фестивалінде өнерлі оқушыларымыз биіктен көрініп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің арнайы кубогымен марапатталуы да – біздер үшін үлкен қуаныш. Білім басқармасына қарасты Ғылыми-тəжірибелік денешынықтыру орталығының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін бұқаралық-спорттық іс-шараларға 142 мыңнан аса оқушы тартылып, 2 жылда 1 рет өткізілетін республикалық мектеп жəне колледж оқушылары арасындағы 7 жазғы спартакиадада тұңғыш рет командалық 2-ші орынға қол жеткізілді. Оқушыларымыз 50 алтын, 96 күміс, 76 қола медальға ие болды. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Əрбір халық өз тарихын, философиясын білмейінше, оған белгілі бір көзқараста болмайынша, ешқандай мəдениеттің дамуы мүмкін

емес», деген еді. Сондықтан, ұлттық тарихымызды ұлықтау арқылы жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен қазақстандық патриотизмді, халқымыздың тамаша қасиеттері мен салтдəстүрге деген құрметін сіңіру мақсатында тағылымы мол іс-шаралар өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай – 316, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай – 225, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай – 61, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына байланысты 154 іс-шара өткізілді. Бұл іс-шаралардың жастар үшін маңызы зор болды. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы əдістемелер мен технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда. Педагогтардың 15 047-сі (66,2 пайыз) өз сабақтарында 15-тен астам инновациялық технологияны қолданады. Білім беруді жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудегі маңызды фактордың бірі – мұ ғалімнің кəсіби шеберлігі. Солай бола тұра, «кəсіби шебер» түсінігіне

пəндік, дидактикалық, əдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтың жеке тұлғалық əлеуеті, кəсіби құндылықтары да жатады. Яғни, педагогтардың негізгі міндеті – инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды оқутəрбие үрдісіне өзгеріс ретінде енгізу. Оқытуды мейлінше жаңа сапаға көтеру мақсатындағы мұғалімдер ұсынып отырған идеялар тың əрі ауқымды, терең ізденістен туған еңбек. Осындай инновациялық идеяларды оқу-тəрбие үрдісіне енгізу барысында облыс бойынша 2015 жылы 76 педагогтің, оның ішінде 15 облыстық əдістемелік кабинет қызметкерлерінің оқу құралдары мен оқу-əдістемелік кешендері шығарылды. Ең үздік мектепке қолдау көрсету мақсатында облыс əкімі атынан 2015 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері Тараз қаласындағы №40 гимназияға 17 091 200 теңгенің сертификаты, сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам», – Ұлт жоспарының 76-қадамындағы «...табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру» туралы тапсырмасына сəйкес облыстағы білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім беру сапасын арттыруды ынталандыру мақсатында рейтинг

«Бас» жəне басќалары

Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтыѕ шыєармалары халыќаралыќ театр фестивалініѕ арќауына айналды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда бұрын-соңды болмаған өнер апталығы өтті. Ол жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі деп аталды. Бұл қаламгердің шығар малары тек ел ішіне ғана емес, əлемнің оқырманына да жол тартты деуге болады. Олай деуімізге қаламгерді тек қазақ оқырмандары ғана емес, өзге елдің əдебиет сүйер қауымы да тұшына оқитыны дəлел. Өйткені, қаламгер шығармасы қымқуыт тіршілігі мол өмірдің нақ өзінен алынған. Қаламгер прозамен ғана шектелмей, драматургияның да ауыр жүгін қайыспай көтеріп келеді. Оған куə ретінде Атырауда бір аптаға созылған Рахымжан Отарбаевтың халықаралық фестиваль театрында сахналанған шығармаларын айта аламыз. Халықаралық театр фестиваліне мүйізі қарағайдай 12 театр ұжымы қатысты. Арасында Қырғыз Ұлттық академиялық драма театры мен Моңғолиядағы Баян Өлгей аймақтық драма театры да қазақ жаз ушысының пьесаларын сахналады. Қаламгердің əр шығармасының өзіндік стилі бөлек, айтар ойы оқшау. Мəселен, М.Əуезов атындағы мемлекеттік

11

www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

акад емиялық қазақ драма театры сахнаға шығарған «Бейбарыс сұлтан» қойылымының жөні бөлек. Мұнда қазақ даласынан он жасында құлдыққа сатылып кеткен Бейбарыстың қиын тағдыры мен ел билеушіге дейінгі азапты жолы баяндалады. Жазушының жəне бір тарихи шығармасы – «Бас». Туынды азаттықтың ақ таңын аңсаған дауылпаз ақын, қайсар күрескер Махамбеттің қайта қазылып алынған бас сүйегі жайлы. Əуелде антрополог Ноэль Шаяхметов ақынның бас сүйегі Махамбеттің кескін-келбетін сомдау үшін зертханаға апарады. Алайда, əртүрлі себептермен ақынның бас сүйегі... қабірге қайта жерленбеді. Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрының бұл спектаклі де көрер мен көңілінен шықты. «Жəңгір хан» мен «Мұстафа Шоқай» сынды тарихи шығармаларда да сол дəуірдегі қайшылықтар тарихи шындық ретінде көрініс тапқан. Рахымжан Отарбаевтың драмалары тек тарихи деректерді сөйлетумен шектелмейді. Қоғамдағы сан алуан құбылыстар қалам гердің қалам қуатымен көпшілікке ой салады. Осындай дүниелердің қатарында «Мұқағали мен Фариза»,

«Тағдыр», «Ұйық», «Двойник», «Аяулым Анфиса» секілді туындыларды атауға болады. Осы жəне өзге дүниелерді сахналаған театр ұжымдарының өнерін КСРО Халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанəлі Əшімов бастаған халықаралық қазылар тобы бағалады. Халықаралық дейтініміз, қазылар құрамына халық əртісі, профессор Есмұхан Обаев, Моңғолия Жазушылар одағы Баян Өлгей аймақтық кеңесінің төрағасы Рахмет Сұрағанұлы, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Бұсырман Одурақаев, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омуроғлы (Түркия) жəне «Художественная литература» баспасының директоры Георгий Пряхин (Ресей) сынды тарландар кірді. Ал театр ұжымдары алты күн бойы атыраулықтарға қазақ қаламгерінің туындыл арындағы кейіпкерлер бейнелерін шеберлікпен ұсына білді. Күн сайын Атыраудағы Махамбет атындағы театр сахнасы тарихи кейіпкерлердің рухымен асқақтап тұрды. Театрлар ұжымдарының шеберлігін бағалау қазыларға оңай болмағаны анық. Өйткені, өнер ұжымдарының осалы болмады, бəрі де кейіпкер бейнесін сомдаудың қыр-сырын меңгерген танымал əртістерін сахнаға шығарды.

жүргізілді. Рейтингтің нəтижесі бойынша инновациялық режімде жұмыс атқаратын Тараз қаласы №45 Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының үздік педагогтарына 500 000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебі республикалық «Үздік дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымы» байқауында бас жүлдені иеленді. Сондай-ақ, 2015 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы бойынша облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің тарих пəнінің мұғалімі Гүлшат Өтегенова, Қордай ауданы №4 Б.Бөлтірікова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Сауле Бахрамова, Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің физика пəнінің мұғалімі Светлана Скребец, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пəндер оқытушысы Əлия Шүленбаева жеңімпаз атанып, «Үздік педагог-2015» атақтарын иеленді. Аталған жетістіктер облыс мұғалімдерінің шығармашылық əлеуетінің жоғары екендігін тағы көрсетіп отыр. Елбасы Жолдауындағы: «Таяудағы 2-3 жылда дуалдық, техникалық жəне кəсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру» жөніндегі тапсырмасы – қазіргі уақыт талабы. 2015-2016 оқу жылында 27 колледжге 26 мамандық бойынша оқытудың дуалды жүйесі енгізіліп, оған 1464 білімгер қамтылды. Облыста дуалды оқыту енгізілген колледждер практикалық сабақтарға арналған сағат сандары 60 пайызға дейін ұлғайтылған эксперименттік оқу жоспарымен жұмыс істейді. Өткен оқу жылында дуалды оқытуға облыстағы 116 кəсіпорын тартылса, биылғы оқу жылында ондай кəсіпорындар саны 132-ге жетті. 2015 жылдан бастап Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен Германияның Трир қаласының Қолөнер палатасымен бірлескен жоба əзірленіп, келісімшарт бойынша Жамбыл политехникалық колледжі дуалды оқытудың эксперименттік алаңы болып бекітілді. 2014 жылы 4 колледж дүниежүзілік даму банкінің грантына ие болса, Жамбыл политехникалық колледжі «Кəсіпқор» холдингінің серіктес колледжі атанды. Өңірдің қажеттілігіне сай жаңа мамандықтар ашу – негізгі міндеттердің бірі. Өткен оқу жылында химия саласына қажетті 2 мамандық ашылса, жаңа оқу жылында 10 мамандық ашылып, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мамандар даярланбақ. Кəсіби мамандар даярлау ең басты міндет десек, білімгерлердің дайындық деңгейіне тəуелсіз бағалау нəтижелері де алдыңғы оқу жылына қарағанда жоғарылап, 5218 бітірушінің 4913-і сертификатталды. Халық арасында «Көштің көріктілігі – көсемінен» деген терең мағыналы сөз бар. Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспары облыс ұстаздары арасында қызу қолдауға ие болды. 100 нақты қадам алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Сондықтан, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан ғасыр тұлғасы ұсынған нақты қадамдарды жүзеге асыру – барлық білім саласы қызметкерлерінің негізгі міндеті. ТАРАЗ.

– Болмысы бөлек жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев сезімін сөзге, сөзді суретке айналдырса, ал театр саңлақтары осы суретті халыққа жеткізіп, атыраулықтарға рухани мереке сыйлады. Атырау өңірі қашанда таланттардан кенде болмаған. Талантты тірі кезінде бағалау деген ой жетелеп, бүгін театр апталығын қорытындылап тұрмыз. Егер Асанəлі Əшімов, Есмұхан Обаев сынды біртуар тұлғаларымыз келіп қатыспағанда, бұл фестиваль өз деңгейінде өтпес еді, –деді об лыс əкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан. Бір аптаға созылған халықаралық театр фестивалінің қорытындысымен үшінші жүлдеге ие болған Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры (Семей) мен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры ұжымдарына (Оңтүстік Қазақстан облысы) 750 000 теңгенің сертификаттары табысталды. Ал екінші жүлдені иеленген Қырғыз ұлттық академиялық драма театры мен Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына 1 000 000 теңгенің сертификаттары берілді. 1 500 000 теңгелік бірінші жүлдемен «Жəңгір хан» пьесасын сахналаған Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры марапатталды. Өнер аптасын түйіндеген «Бейбарыс сұлтан» қойылымын өнерсүйер қауымға ұсынған М. Əуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымына бас жүлде – 2 000 000 теңге берілді. Жекелеген əртістер əртүрлі аталымдар бойынша марапатталды. АТЫРАУ.

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Сіздерді 28 және 29 қарашада сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін «ASTANA MALL» (Тәуелсіздік к-сі, 34) сауда орталығында күтеміз ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАНДЫ ТАҢДА!

Єалымныѕ есімі берілді

Шынында да, есімі елге белгілі, тұлғалы азаматтарды тірі кезінде ардақтап, құрметтегенге не жетсін. Жақында Ресейдің Астрахань облысы, Володар ауданының Калинин ауылында елді елең еткізген жаңалық болды. Осындағы орта мектепке Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі Ережеп Əлқайырұлы Мəм бетқазиевтің есімі берілді. Бұл бір кездері өзі білім алған, үлкен өмірге жолдама берген білім ұясы екен. Салтанатты жиынға ұстаздар мен оқушылар, ардагерлер, бір кездері академикпен бірге бір партада отырған жерлестері қатысқан. Мəңгілік достығы жарасқан Қазақстан мен Ресейдің əнұрандары салтанатты түрде орындалғаннан кейін құрметті қонақ Ережеп Мəмбетқазиев сөз алып: – Елбасы Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің сарабдал саясаты арқасында ежелден ынтымағы жарасқан қос елдің экономикасы дамып келеді. Қазіргі дағдарыс дендеткен заманда бірлік пен ұйымшылдық, бірлесіп қиындықтарды жеңу бірінші кезектегі міндет болып тұр. Қарапайым балықшы Əлқайырдың екі ұлы, яғни мен жəне менің ағам, Ұлы Отан соғысының ардагері, Əскери-саяси академияны үздік бітіріп, бірнеше орден-медальдармен марапатталған Хамит үшін бұл алтын ұямның алатын орны ерекше. 1957 жылы үлкен өмірге жолдама берген

мектепке бүгін менің есімім берілді. Ол үшін Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкинге, Володар ауданы əкімшілігінің басшысы Батырша Миндиевке алғысымды айтамын, – деді академик Е.Мəмбетқазиев. Бұдан кейін Володар ауданының басшысы Б.Миндиев, Ережеп Əлқайырұлының достары, Қазақ спорт жəне туризм академиясының ректоры Қайрат Закариянов, Атырау мұнай жəне газ институтының ректоры Əли Əбішев сөз алып, мектепке есімі беріліп отырған академиктің өмір жолы, ғылым саласындағы жетістіктері жайлы айтып берген. Қ.Закариянов үздік оқушыға академияда тегін оқуға құқық беретін грантты тағайындады. Өз кезегінде Ə.Əбішев те талапты жасқа сондай мүмкіндік жасайтынын айтты. Калинин ауылының тұрғындары білім саласында үлкен жетістіктерге жеткен, Қазақ елінің Білім жəне ғылым министрі қызметінде болған кезінде елімізде инновациялық жаңалықтарды батыл енгізген, Өскемен педагогикалық институтын университетке айналдырған, қазір Қазақстан-Америка еркін университетін біліктілікпен басқарып отырған жерлестерін мақтан тұтатынын айтып, академик Ережеп Мəмбетқазиев атындағы орта мектеп түлектерінің оқуда алда болатынына сендірді. Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитеті «Қазақтелеком» АҚ телефондық (кəбілдік) кəрізді пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетуіне тариф жобасын талқылауға жария тыңдалым жүргізуді жоспарлайды. Жария тыңдалым 2015 жылдың 4 желтоқсанында сағат 12.00-де «Қазақтелеком» АҚ ғимаратында Астана қ., Есіл ауданы, Сауран көшесі, 12, 401-конференц-залында өтеді. Байланыс телефондары: 8 7172 749217; 8 7172 591 500. Интернет-ресурсының мекенжайы: www.mid.gov.kz; www.telecom.kz

«Қазақтелеком» АҚ филиалы – Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясы 14 бірлік көлік құралын (техникалық жарамсыз, бөлшектелінген) аукцион арқылы сатылатындығын хабарлайды. Аукцион 2015 жылы 7 желтоқсанда сағат 10.00-де Тараз қ., Исатай к-сі, 4А-үйде өтеді. Барлық үміткерлер қажетті мəліметтерді http:// telecom.kz/auction сайтынан алуына болады.

Жамбылская о б л а стн а я ди р ек ция телекоммуникаций – филиал АО «Казахтелеком» объявляет о проведении аукциона по продаже 14 (четырнадцати) единиц списанных транспортных средств (технически неисправных, разукомплектованных), который состоится 7 декабря 2015 года в 10.00 часов по адресу: г. Тараз, ул. Исатая, 4 «а», по английскому методу торгов. С подробной информацией можно ознакомиться на сайтах http://telecom.kz/auction

ТОО «Енбек-1» сообщает, что 18 декабря 2015 года по адресу: Акмолинская область, Аршалынский район, с.Константиновка, ул. Центральная, 49 в 11 часов 00 минут состоится внеочередное собрание участников ТОО «Енбек-1». На повестке дня вопрос об обращении в АО «КазАгроФинанс» для получения инвестиций в форме финансового лизинга сельскохозяйственной техники.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы жəне ұжымы Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің бұрынғы төрағасы Наурызбай Абдулбахиұлы ХАДЫРКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің бұрынғы төрағасы Наурызбай Абдулбахиұлы ХАДЫРКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Қолданбалы математика институтының басшылығы мен ұжымы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті теориялық информатика кафедрасының доценті Айша Құрманбекқызы Сексенбаеваға əкесі Құрманбек СЕКСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректораты мен ұжымы облыстық клиникалық аурухананың бас дəрігері, облыстық мəслихаттың депутаты Мұхан Кеңесбекұлы Егізбаевқа ұлы ШЕРХАННЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

24 қараша 2015 жыл

 Жағымды жаңалық

Бородулихадаєы баспана тойы

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірінің Бородулиха ауданында – баспана тойы. Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудан əкімі Григорий Акулов жаңа қонысқа ие болған тұрғындарға пəтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. 58 пəтерлі бес қабатты үй аудан орталығы Бородулиха ауылының Середина көшесі бойында бой көтеріпті. Тұрғын үй

мəселесі шешілгендер қатарында көпбалалы отбасылар, балалар үйінің тəрбиеленушілері, ардагерлер мен мүгедек жандар бар. – Бұл – зор бақыт! Осындай əдемі де əсем, зəулім үйдегі пəтерлеріңіздің есігін Тұңғыш Прези дент күні қарсаңында ашып отырғандарыңыз да есте қалатын ерекше жайт. Өйткені, Елбасымыз халықтың əл-ауқатын арттыруға бар күш-жігерін арнап келеді. Президент баршамыздың өзара

келісім мен достықта, тыныштықта жұмыс істеуімізге, отбасымызға жағдай жасауымызға мүмкіндік беріп отыр. Соның жарқын бір мысалы – бүгін қол жеткізіп отырған жаңа баспаналарыңыз, – деді аудан əкімі Г.Акулов. Аудан басшылығы тұрғын үй кешенінің құрылысын уақытында əрі сапалы жүргізгені үшін «Семейпластком» ЖШС ұжымына ризашылық білдірді. Жаңа үйге қол жеткізгендердің қатарында көпбалалы ана Гүлзат Тəңкебаева да бар. Ол Ділнəз, Гүлназ, Іңкəр есімді қыздарының өз бөлмелері мен орындарын бөлісіп қойғанын, балаларының сабақ оқуларына жақсы жағдай туғанын айтып көзіне жас алды. 58 пəтердің басым бөлігі Жаңа Шүлбі балалар үйінің тəрбиеленушілеріне тиді. Аталған мекеменің директоры Рауан Молжігітов əдетте балалар үйінен шыққан тəрбиеленушілердің баспана мəселесінде көп қиналатынын, сондықтан əлеуметтік əлеуетті арттыруға бағытталған бағдарламаның жемісін көр ген балалар үйі нің түлектері Президентті туған ата-анасындай көретінін жеткізді. Бұл – Бородулиха ауданында орталықтандырылған ыст ық су жүйесіне қосылған бірінші үй. Сондай-ақ, кешенге қауіп сіз дік мақсатында домофондар орнатылған, интернет желісі қызмет көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы.

 Міне, ғажап!

Еѕ ірі клондау орталыєы

Адамзат дамудың жаңа сатысына аяқ басқалы күн сайын елді елең еткізетін ғылыми жаңалықтар ашылып, бұрын мүмкін еместей көрінген нəрселер жүзеге асуда. Сондай жаңалықтың бірі – клондау, яғни кез келген тірі жанның бір жасушасы арқылы оның екіншісін жасап шығару. Бүгінде бұл əбден мүмкін дүниелердің қатарына қосылды. Осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіп жатқан Қытай таяуда əлемдегі ең ірі жанжануарларды клондау орталығын салуға ниетті екенін жариялады.

Осы елдің China Daily басылымының хабарлауынша, орталық ел астанасы – Пекин қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Тяньцзин қаласында бой көтереді. Жоспар бойынша онда ит, сиыр жəне жылқы клондалады. Тяньцзин дамуының экономика-технологиялық аймағы басқармасы комитетінің өкілдері бұл жобаға 200 миллион юань (шамамен 30 миллион АҚШ доллары) көлемінде инвестиция салынатынын мəлімдеді. Жаңа нысанда клондау лабораториясымен қатар,

гендерді сақтау банкі жəне ғылымбілім көрме орталығы жұмыс іс тейді. Қазіргі таңда аталған ко митет Қытайдағы бағаналық жасуша жəне биологиялық медицина саласында озық нəтижелер көрсетіп жүрген Boyalife Group Ltd компаниясының еншілес серіктестігімен стратегиялық келі сімшарт жасасты. Мамандар бұл жобаның басты мақсаты үй жануарларын көбейту екенін айтып отыр. Тіпті, кейбір ғалымдар: «Алдағы уақытта мұндай жаңа лық қалыпты жайт саналып,

 Бəрекелді!

қарапайым бизнес түріне айналады», – дейді. Айта кетейік, жоғарыда аталған Қытай компаниясы бұған дейін Оңтүстік Кореяның Sooam Biotech Research Foundation қорымен бірігіп ит клондау кəсіпорнын құрған болатын. Соңғы мəліметтер бойынша, ол жерде бүгінге дейін 550 ит клондалып, əлемнің бірқатар еліне сатылған. Ол иттер аэропорттар мен кеден бекеттерінде арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Ернар МҰХАМБЕТ.

 Спорт

«Ќайрат» – ел кубогыныѕ иесі

20 ГРАНТ Əйгілі «Əл-Əзћарєа» оќуєа тїскен ўстаздарєа Бас мїфти батасын берді Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбəрак» университеті мен медреселерді тəмамдап, білімін жетілдіру мақсатында Мысырдағы əйгілі «Əл-Əзһар» университетіне оқуға түскен ұстаздардың алғашқы легін қабылдады. «Мың жылдық тарихы бар əлемге белгілі «Əл-Əзһар» университетіне оқуға түсулеріңізбен құттықтаймын. С і з д е р – ба қ ы т т ы с ы з да р . Уни верситетті бітіріп келген соң Діни басқарманың ау қымды жұмыстарына үлес қо суларыңыз тиіс. Сіздердің əрқайсыларыңыздың орындарыңыз, жұмыстарыңыз біз үшін өте маңызды. Уақыттарыңызды білім

жолына арнаған соң, күш-қайраттарыңызды ізденуге, терең білім алуға жұмсаңыздар. Сіздерге үлкен жауап кершілік жүктеп отырмыз. Елге келген соң, халқымыздың бірлігі мен имандылығына қызмет ететін боласыздар. Алла жар болсын, сəт-сапар тілеймін», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Айта кетейік, ҚМДБ мен «Əл-Əзһар» университеті арасында жасалған келісім бойынша, биыл Қазақстанға 20 грант бөлінді. Емтихан алу барысында ең үздік шəкірттер таңдалып алынды. Оларға шəкіртақы тағайындау, ас-сумен, жатақханамен қамтамасыз ету Мысыр тарапынан орындалады.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

«Егемен-ақпарат».

Өткен сенбіде Астанадағы «АстанаАрена» стадионында футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойыны ойналды. Шешуші сында жергілікті «Астана» мен Алматының «Қайраты» шеберлік байқасты. Тартысты өткен кездесу нəтижесінде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші маусымда ел кубогын иемденді. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Ойынға Түркияның белгілі төрешісі Джюнейт Чакыр қазылық жасады. Алғашқы минуттарда қос команда да аса сақ қимылдады. Уақыт өте келе қонақтар қарқындарын күшейтіп, басымдықты өз қолдарына алды. Соның нəтижесінде 7-минутта «Қайрат»

ойыншылары қауіпті шабуыл ұйымдастырып үлгерді. Артынша команданың капитаны Бауыржан Исламхан алға ұмтылып, Джордже Деспотовичқа керемет пас шығарды. Дегенмен, соңғы сəтте сербиялық легионерге дəлдік жетіспеді. Сондай-ақ, Исламбек Қуат пен Михаил Бакаевта да есеп ашатын мүмкіндіктер болды. Алайда, қарсыластың толассыз шабуылдарына «Астананың» қақпашысы Ненад Эрич пен қорғаушылар дер кезінде тосқауыл бола білді. Қорғанысқа көп уақыт бөлуге мəжбүр болған астаналықтар 28-минутқа дейін «Қайраттың» қақпасына тек екі рет тура соққы бағыттады. Соның екіншісі голға айналып, «Астана» аталған минутта есеп ашты. Голдың авторы – Патрик Твумаси. Үзіліске дейін бұл есеп өзгерген жоқ. Екінші таймда Джюнейт Чакырдың ысқырығы естілісімен алға ұмтылған Владимир Вайсстың шəкірттері 48-минутта Деспотовичтің көмегімен таразы басын теңестірді. Бұл голдан кейін «Қайрат» қарқынын бəсеңдетіп, негізінен қарымта шабуылға иек артты. Сондай сəттердің бірінде Деспотович дубльдің авторы атанып, командасын алға шығарды. Бұл кездесудің 70-минуты болатын. Қалған уақытта «Астана» қанша шабуылдағанымен, есепті теңестіре алмады. Тіпті, Станимир Стойловтың екі бірдей шабуылшы – Жуниор Кабананга мен Фокси Кетевоаманы ойынға қосуы да ешқандай нəтиже əкелмеді. Бұл алматылықтар үшін ел кубогындағы жетінші жеңіс екенін айта кетейік.

«Йокериттен» ўтылды Сенбі күні Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Хельсинкиде «Йокерит» командасымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңілді.

Ойын айдын иелерінің белсенділігімен басталды. Десек те, финдердің алғашқы минуттардағы қарқынына біздің қақпашы Павел Полуэктов тосқауыл бола білді. Сондай-ақ, бірінші кезеңде «Йокерит» хоккейшілерінің екі рет ойыншы басымдығына ие болғанын атап өткен жөн. Ал «Барыс» сапынан Найджел Доуста есеп ашатын тамаша мүмкіндік болды. Дегенмен, соңғы сəтте ол қарсыластар қақпашысы Хенрик Карлссоннан айласын асыра алмады. Осылайша, үзіліске дейін есеп ашылмады. Негізінен қарымта шабуылға иек артқан Андрей Назаров тың

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

шəкірттері де бірнеше рет жойқын соққыларымен көзге түсті. Алайда, бұл бөлікте де жанкүйерлер гол көрген жоқ. Ал соңғы кезеңде йокерит тіктер екі шайба соқты. Олардың авторы – Атте Охтамаа. Ол алдымен 50-минутта есеп ашып, 60-минутта оны еселеді. Ал соңғы гол дың бос қақпаға соғылғанын айта кетейік. Бүгінде 34 ойыннан 46 ұпай жиған «Барыс» Шығыс конференциясында 10-орында келеді. Енді командамыз 27 қарашада өз айдынында Уфаның «Салават Юлаевын» қабылдайды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №698 ek

Profile for Egemen

24112015  

24112015

24112015  

24112015

Profile for daulet
Advertisement