Page 1

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.

№238 (28177) 24 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ЖАЙЫЌТАЄЫ ЖАСАМПАЗ ЖОБАЛАР

Синоптиктер қазанның 22-23-і күндері Ақжайық өңірінде күн күрт суытып, жауын-шашын, қарлы жаңбыр болады деп хабарлағанымен, кешегі күні Елбасы ұшағы Орал əуежайына төмендеген сəтте күн шайдай ашық болды. Ерке самал жел ақырын ғана беттен өбеді. Алдыңғы күні сіркіреп төгіп өткен майда қоңыр жаңбыр тұрғындардың тынысын одан əрі кеңейтіп, оларға нұр сыйлағандай. Халқымыз аспаннан жаңбыр жауса, оны нұрға балайды. Ал күз кездерінде жауын-шашын мол болса, болашақ ырыс көзі, береке бастауы деп бұл құб ы л ы с т ы д а жақсы ырымға жориды. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Орал өңіріне сапары дəл осындай ырыс көзі молайған, күзгі жиын-терін аяқталып, астық өсірушілердің көңілдері орныққан мамыражай уақытқа тап келгені қандай ғанибет. Кеден одағы шеңберіндегі ел – Белоруссияға ресми сапармен кетіп бара жатып осы Одаққа мүше болып кіретін мемлекеттердің бүгінгі байлан ыстырушы буын ын а айналу үстіндегі Ақжайыққа аялдауға уақыт тапқан Елбасын батысқазақстандықтар риясыз жылы жүзбен қарсы алды. Барлық жердегідей

Қазақстанның батыстағы қақпасы – Орал өңірінде де Елбасы тапсырмасына сəйкес жүзеге асып жатқан жасампаз жобалар жеткілікті. Соның бірқатарын Елбасы назарына ұсыну жөнінде бұған дейін ұйғарым жасалған еді. Əрине, аталған жобалардың қай-қайсысы да маңызды, қайқайсысы да өзекті. Əйтсе де алтынмен пара-пар уақыты шектеулі

екені ескеріліп, Елбасына əбден екшелген, іріктелген қос жоба ұсынылды. Мұның біріншісі елімізде қара уылдырық жəне тауарлық бекіре етін өндірудің индустриялы аквакешені Орал қаласында іске асып жатса жəне оның республикада баламасы жоқ болса, екіншісі құрылыс индустриясының айрықша өнімі – шыңдалған қауіпсіз

Телефон арќылы сґйлесті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жəне Тəуелсіз

Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің Минскіде өтетін алдағы отырыстарында қаралады деп

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік саясат кґрінісі

Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында бюджеттік заң жобалары қаралды. Бұл жолы депутаттар 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен күн тəртібінде Бюджет заңнамасын жетілдіру мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді қарастыратын заң жобасы қаралды. Енгізілген түзетулерге сəйкес бекітілетін

шығыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландырудың ең аз көлемін олардың басымдығы мен əлеуметтік маңызын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық жəне жергілікті уəкілетті органдардың айқындауы көзделіп отыр. Бұл ретте Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы

жоспарланған мəселелерге ерекше назар аударды. Бұған қоса, екі ел көшбасшылары осы айдың басындағы А.Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысымен қатар, екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады. жылдық есебіне талдамалық есеп ті бөлу жөніндегі нормаларды алып тастау көзделген. Сондай-ақ, концессиялық жобаларды қолдауға Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын бір заңды тұлғаның орнына бірнеше заңды тұлғаны тарту жөніндегі талап та өзгертілген. Жəне де Үкімет немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардың концессиялық ұсыныстардың негізділігіне жауаптылығын белгілеу де қарастырылған. Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. (Соңы 4-бетте).

шы ны шығаратын жəне оны өнеркəсіптік тұрғыдан өңдейтін «Стекло-сервис» кəсіпорнының қызметімен танысу еді. Иə, бүгінде əлемде дəмі бал татитын сібір бекіресі, шоқыр, пілмай, сүйрік секілді бекіре тұқымдас балықтардың қоры азайып барады. Əйтсе де ихтиолог ғалымдар өзге емес, дəмі тіл үйіретін нақты осы бекіре

тұқымдас балықтар ашық, еркін суда емес, тұйықталған су айдындарында жақсы өсіп-өнетінін əрі буданға жақсы түсетінін мəлімдеп отыр. Бұған Білім жəне ғылым, Индустрия жəне жаңа технологиялар министрліктерінің, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі АҚ-тың, сонымен бірге, Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық

● Дода Кеше Алматыда өтіп жатқан бокстан XVII əлем чемпионатында 1/4 финалдық шайқастар болып өтіп, жаһандық жарыстың жүлделері жүйесіне енетін еншілестер есімдерін анықтады. Бұл таласқа дүние жүзінің 30 елінен 80 боксшы қатысты. Сол дүрмекте Қазақстанның 9 тарланы жарысқа жалын қосып, 8-і жартылай финалға шықты.

Ќазаќстанныѕ 8 боксшысы – жартылай финалда!

Біздің құрама үшін күндізгі сессия сəттірек аяқталды. Мұнда 9 боксшының 4-і өнер көрсетіп, бəрі де үлкен абырой биігінен көрінді. Осы квартеттің жеңісті жолының əуелгі арнасын 49 килоға дейінгі салмақтағы Біржан Жақыпов тартты. Ол Пуэрто-Риконың жалғыз үміті – Энтони Чакон Ривераны өте сенімді ұтып шығып, Қазақстан қоржынына алғашқы медальдың түскенін паш етті. Біз Біржанды бұл жолы үлкен жігер үстінде көрдік. Оның қазір нағыз спорттық бабында екені айқас басталған шақта-ақ байқалды. Ұрыс барысында сонымен бірге, оны жүргізудің ғаламат техникасын көрсеткен боксшымыз қарсыласына үш раунд бойы дес бермеді.

(Соңы 10-бетте).

университетінің бірлесіп қолға алған жасампаз жобасы айқын мысал бола алады. Оны 2012-2015 жылдар аралығында үш кезеңде іске асыру көзделген. Бүгінде мұнда алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі бірінші саты артта қалып, екінші кезеңге кіретін тəжірибелік-сынамалық акваке шенді іске қосу жұмыстары

атқарылған. Жобаны іске асырушылар Елбасына осындай тындырылған істер жөнінде айтып берді. Сөз жоқ, тұйық су дың белгілі бір температурасы мен гидрохимиялық нормасы сақталмаса, есіл еңбек зая кетеді. Бекіренің тірі кезінде оның уылдырығын алу технологиясы да Оралда жақсы нəтиже берген екен. Бұған бекіре балықтарын өсіруге арналған жаңа қондырғы да оң əсерін тигізіпті. Қажетті жұмыс атқару үшін биыл алынған патент те алдына қойған міндетін атқарып шыққан. Бұған қоса, тағы да үш инновациялық патентке ұсыныс берілгені Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Бұл инновациялық-технологиялық тəсілдер кешенді азық құрамын одан əрі жетілдіруді, қара уылдырық алу əдістерін тереңдетуді көздейді. Қай іске де кəсіби кадрлар қажет. Осы тұрғыда Батыс Қазақстанда бекіре балығын өсірумен айналысатын ғалымдар тобының құрылғаны да Мемлекет басшысы тарапынан оң бағаланды. Бекіре балығын тұйық су жағдайында өсіру, одан тауарлы өнім алу – Қазақстан жағдайында бұрын беттесіп көрмеген тың жобалардың бірі. Сон дық тан бұл орайда шетелдік ғалымдардың іс-тəжірибелері мен тех нологиялық жетістіктеріне сүйену артықтық етпейді. Рас, мұндай іс-тəжірибеден үйренген дұрыс. Алайда оны сол күйінде көшіріп енгізе салуға болмайды. Сондықтан біз тұйық су жағдайында қара уылдырық алудың тек өзімізге бейімделген технологиялық тəсілін таңдап ала білуге тиіспіз, деді Елбасы мамандармен ой-пікір алмасқан сəтінде. (Соңы 2-бетте).

 Бір ауыз сөз

Ќайдасыѕ, ХХІ єасыр Кəмшаты?! Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Көбіміз қара жұмыстың адамын игі жақсылардың, зиялы делінетіндердің қатарына қоса бермейтініміз бар. Бірақ олардың арасында да көңіл көзі ашық, ойсанасы биік, əйтсе де онысын білдіре бермей, тек мəдениетімен аңғартатындар аз емес. Өткен ғасырдың еңбек адамдарының болмысы бөлек болды. Олар дархан далада да, қым-қиғаш тірліктегі қалада да өздерін көрсете білді. Қазақ даласының қырандай самғаған ХХ ғасырдағы бір қызы Кəмшат Дөненбаева еді. Ол Мəскеудің төрінде де, өз Отанымыздың киелі орындарында да кемелдік көрсетіп: «Шіркін, болмысына ақылы сай, қазақ қызы-ай!» дегізген. Таяуда өткен «Нұр Отан» партиясының ХV съезінен кейін

АҚПАРАТТАР аєыны  Жыл басынан бері Астанада кəсіпкерлер саны 6,5 пайызға артты. Мұның өзі кəсіпкерлер легіне тағы 178 305 адамның қосылғанын білдіреді.  Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі 15 отбасы баспаналы болды. Салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары Ербол Садыр мен аудан əкімі Аманғали Аймұрзаев қатысып, мемлекет саясатының арқасында əлеуметтік мəселелерді шешуге қазынадан қомақты қаржы бөлініп, ел игілігі үшін көптеген оңды тірліктердің атқарылып жатқанын тілге тиек етті.  Өскеменде енді балық жəрмеңкесі өткізіледі. Алдағы сенбі күні керуен керетін бұл шараға облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бастамашы болды. Осыған орай қала басшылығы саудаға жаңа ауланған балықтармен қатар, тірі форель мен сазандардың да шығарылатынын айтып отыр. Мұның соңы балық тағамдарының конкурсына ұласады.

Кəмшат Дөненбаева теледидарға сұхбат беріп тұрып, ауылға, оның ішінде ішер ас, киер киімнің өзегі саналатын байтақ даламыздағы қызу еңбекке жастардың бел шешіп келіп, араласа бермейтінін айтты. «Біз жүргізген комбайн мен бүгінгі астық оратын техниканың арасы жер мен көктей. Қазір шаң жұтпайсың, қолыңды кір шалмайды. Бəрі компьютерленген. Кейде соның рөлінде отыратын адам табылмай жатады. Осыны ойластырсақ ұтылмас едік», деді. Шынында, біз ауылға барған мұғалім мен дəрігерді көп айтамыз. Ал ауыл шаруашылығына құлшынған жастар бар ма? «Қайдасың, ХХІ ғасырдың Кəмшаты?!» десек еш артықтығы жоқ секілді. Бұл қасиетті де киелі қазақ жеріндегі ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жастардың бойындағы патриоттық рухты оятып, ұлт тамырын бекіте түсер еді.

 Қызылорда қаласында шағын зауыт ашылды. Қалаға қарасты Ақсуат ауылында жеке кəсіпкер Асхат Нұрсейітовтің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бой көтерген кəсіпорны құрылысқа қажетті 320 түрлі тас өнімдерін шығарады.  Павлодар облысында ормандарға қырғауылды жерсіндіру жобасы жүзеге асты. Облыс əкімі Ерлан Арынның бастамасымен қолға алынған шараға сай Ақтоғай ауданы Жаңа ауыл аумағындағы тоғайға 50 дала құсы жіберілді. Оны «Жасыл ел» студенттік құрылыс жəне жастар жасағының облыстық штабы жүргізді.  Жамбыл облысының Шу ауданында есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Осында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде «Көкқайнар» шекаралық бекетінде тоқтатылған көліктегі 38 жастағы жолаушының спорттық сөмкесінен 11 кило марихуана жəне 1 килоға жуық гашиш табылған. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

ЖАЙЫЌТАЄЫ ЖАСАМПАЗ ЖОБАЛАР

(Соңы. Басы 1-бетте).

Бұдан алты жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке жəне тиісті министрліктер мен облыстық əкімдіктерге инженерлік зертханалар құру жөнінде тапсырма берген болатын. Елбасы Батыс Қазақстанға сапары барысында осындай биотехнологиялық зертхананың бірі Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университеті базасында құрылып қызмет жасап жатқанына көз жеткізді. Бұл өз кезегінде заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтар негізінде бекіре шаруашылығы бойынша жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізуге жол ашқан. Əрі осы салада инновациялық

жобалардың жолға қойылуына да оң əсерін тигізген. Алдағы жылдары аталған жобаны мемлекеттікжекеменшік серіктестік негізінде аяқтау көзделген. Сол кезде мұнда жылына 8 тонна қара уылдырық алынып, 86 тонна бекіре еті өндірілмек. Бұдан кейін «Стекло-сервис» кəсіпорнының қызметімен танысқан Елбасы оған елімізде іске асып жатқан жасампаз жобаның бірі екен деген оң баға берді. Бұл шыны өнімдерінің басты ерекшелігі – төзімділігі мен мықтылығында. Балғамен ұрсаң да қапелімде сынып кетпейтінінде. Ең бастысы – ғимаратқа қондырылған əйнектердің жылуды жібермей ұстап тұра алатынында. Бұл шағын болса да жаңашылдыққа жаны үйір, жаңашылдыққа негізделген

кəсіпорын екен, деді Елбасы өз сөзінде. Бұл құрылым «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша іске қосылғаны əрі өнімді жөнелтудің экспорттық бағытын ұстап отырғаны Мемлекет басшысының көңілінен шықты. Кең де жайлы, жиһаздары жұтынып тұрған атшаптырым кабинеттерде емес, өндірістік орында өткізілген кеңестің тигізер пайдасы мен алар тағылымы молырақ болмақ. Əрі мұндай басқосу өз жылылығымен, адамдарға жақындығымен ерекшеленбек. «Стекло-сервис» кəсіпорны өндірістік цехтарының бірінде Нұрсұлтан Назарбаев батысқазақстандық жұртшылық өкілдерімен кездесті. Мұнда Батыс Қазақстан облысының

Венгриялыќ əріптесімен кездесті Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге ресми сапармен келген Венгрия Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мəселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, Венгрия – Қазақстанның Орталық жəне Шығыс Еуропадағы маңызды саяси жəне экономикалық əріптесі. Қос мемлекет арасындағы сыртқы сауда айналымы 2012 жылы 258 млн. АҚШ долларын құраған. Қазіргі уақытта елімізде 49 қазақстандық-венгриялық бір лескен кəсіпорыны жұмыс істейді. Халықаралық саясаттағы өзекті мəселелерге келетін болсақ, кездесу иелері Қазақстан мен Венгрияны аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы ұқсас ұстанымдар біріктіретіндігі туралы ортақ пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды бастамаларының арқасында біздің мемлекетіміздің сыртқы сая саттағы көкейкесті тақырыптар талқыланатын, беделді халықаралық сұхбат алаңы ретінде танылғандығын баса атап өтті. Өз кезегінде Ласло Кёвер ҚазақстанВенгрия қарым-қатынас деңгейіне, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығының арқасында біздің еліміздің жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді. Парламентаралық əріптестікке де баса мəн беріліп, тараптар Қазақстан мен Венгрия парламенттері арасында үздіксіз даму жолына түскен сындарлы сұхбат орнағанын тілге тиек етті. Мəжілісте Венгриямен ынтымақтастық жөнінде 9 депутаттан тұратын топ жұмыс істейді, ал Венгрия Парламентінде Қазақстанмен достық тобында 17 депутат бар. Мəжіліс Төрағасы парламент ара лық байланыстар мен екіжақты қатынастарды, əсіресе, біздің еліміздің əлеуметтік-экономикалық жаңғырту жəне саяси дамуының жаңа бағытының негізі болып табылатын «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында одан əрі дамытудың маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Ласло Кёвердің атап өткеніндей, салалық комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасында заң шығармашылық жұмыстар бойынша тəжірибе алмасудың, сондай-ақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясында өзара қолдау көрсетудің мəні зор. Мəжіліс Төрағасы мен Венгрия Мемлекеттік жиналысының спикері Қазақстан мен Венгрияның келешекте де өзара іс-қимылды, соның ішінде парламентаралық деңгейде табысты дамыту болашағының зор екенін атап өтті.

əкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жан-жақты баяндап берді. Бұдан соң Елбасы облыс əкімінің орынбасарларын жеке-жеке тұрғызып, олар жетекшілік жасайтын салалар бойынша қандай проблемалар мен түйткілдер бар екеніне назар аударды. Əрі кейбір орынбасарлардың сөзінде нақтылық пен сындарлылық жетіспей жатқанын қадап айтты. Облыста экспортқа қарағанда импорттық өнімдердің үлес салмағы əлдеқайда жоғары. Бұл көріністі өзгертуге күш салу керек. Сондай-ақ, апатты мектептер мен үш ауысымдық оқу кестесін толық жоймай тұрып, жаңа ғимарат салу жөніндегі əңгіме мүлдем қисынсыз болып

шығады, деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, өндірістік цехта өткізілген кездесуде Елбасы тарапынан өңірде шағын жəне орта бизнестің деңгейін көтеріп, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын көбірек ашу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Əр өңір мен аймақтың тек өзіне ғана тəн даму ерекшеліктері болады. Соны жергілікті атқарушы органдар дөп басатын болса, көп нəрседен ұтар еді, деп түйіндеді кезекті бір ойын Нұрсұлтан Əбішұлы. Елбасымен кездесу кезінде «Ақас» шаруа қожалығының жетекшісі Қатауолла Ашығалиев пен Орал арматура зауыты АҚ-тың директоры Станислав Качало еңбек дəстүрін жаңғырту, салық заңдылықтарын жаңаша жүргізу, жеке бизнес адамдардың

əлеуметтік деңгейін көтеруге үлес қосатыны жөнінде тəлімді əңгіме қозғады. Мұны олар өздері жүргізіп отырған нақты іс-тəжірибе жағдайында баяндап берді. Олардың айтқан ұсыныстары мен ой-пікірлері Елбасы тарапынан қолдау тапты. Біз мұндай адамдардың тəжірибесін көпке үлгі етіп ұсына білуге тиіспіз, деді Президент. Не болмаса барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілге құрметі жөніндегі мəселені алайық. Айталық, Станислав Качало бес бала тəрбиелеп өсірген, олар қазақ мектебін бітірген. Ал Қатауолла Ашығалиевтың бес баласы үш тілде еркін сөйлейді. Мен Батыс Қазақстан облысында бəрі керемет деп айта алмаймын. Рас, мұнда қолға

алынған жаңаша жобалар аз емес. Оны толықтай қолдаймын. Өңірде іске қосылды, пайдалануға берілді деген нысандар да бар екен. Ендігі жерде жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті солардың бəрінің толық қайтарыммен жұмыс істеуін қадағалау болмақ. Құрметті батысқазақстандықтар, алдағы істеріңе жетістіктер мен мол табыстар тілеймін, деп түйін жасады сөзінің соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының Батыс Қазақстан облысына сапары бүгін одан əрі жалғасады. ОРАЛ.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Оқиғаға орайлас ой

«Нўр Отан» – наќты істердіѕ партиясы Серпін берген съезд Əбдіманап БЕКТҰРҒАНОВ,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры.

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезіне бірнеше жыл қатарынан қатысып келемін. Əр қатысқан сайын, жігерленіп, бола шақ қа деген сенімім нығайып қайтады. Бұл жолғы съезде партия үшін, ең бастысы – халық үшін бірнеше жарқын оқиға болды. Атап айтсам, партия атауының ықшамдалуы, С а я с и д о к т р и н а н ы ң қ а б ы л д а н у ы, партияның жаңа эмблемасының бекітілуі, алдағы онжылдықтағы міндеттер, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі партияның 15 жылдағы тірлігінің өскенін, осы уақытқа дейінгі өз міндетін мүлтіксіз атқарғандығын білдірсе керек. «Нұр Отан» – халық сеніміне ие болған еліміздегі ең үлкен саяси күш. Оны аталған партияның осыған дейінгі барлық атқарған жұмыстары мен жеткен жетістігі айқындап келеді. «Нұр Отан»

туралы сөз еткенде, көпшілік оны билік партиясы дейді. Шын мəнінде, олай емес. «Нұр Отан» – басқарушы партия. Соңғы сайлауда мол сенім артып, дауыс берген халық «Нұр Отанның» басқарушы партия атануына ықпал етті. Бүгінгі таңда партияның 900 мыңнан астам мүшесі бар. Сондықтан «Нұр Отанның» негізгі міндеті – азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу. Міне, аталған партияның бастамасымен тағы да бір келешектің ұлы жоспары əзірленіп, съезде қабылданды. Ол – «Нұр Отан» партиясы ұсынған Доктрина. «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасында партияның басты мақсат-міндеттері анық жазылған. Бұл – «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда жəне жалпы ел дамуында «Нұр Отанның» рөлін анықтайтын партияның конституциясы іспеттес құжат. Доктрина басты идеологиялық құжат ретінде осы күнге дейін жасалған жұмыстарды қорытындылап, партия мүшелерін біріктіреді. Ең бастысы, Доктринада мемлекетіміздің дамуы мен

Халыќ денсаулыєы – еліміздіѕ басты байлыєы Салтанат ОМАРБЕКОВА,

Жамбыл облысы əкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еліміздің ХХІ ғасырдағы даму мүмкіндігін айқындайтын «Қазақстан-2050» Стратегиясын тиімді іске асыру жолындағы «Нұр Отан» партиясының рөлі жаңа Саяси доктринада айқын көрініс тапқан. Доктрина – Мемлекет басшысының стратегиялық бас тамаларын саяси қолдауға жəне идеологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді дамыту жоспары. Ол Қазақстанның тағдырына жауапкершілік алуға қабілетті, ел азаматтарының басым көпшілігіне жақын жəне түсінікті игі мақсаттарды қолдайтын барлық күштерді біріктіру идеясына негізделген. Онда партияның əділетті əлеуметтік саясатының негізі – əрбір адамның өзін өзі дамытуына, тұрмысын жақсартуына азаматтардың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуіне байланысты мəселелер нақты белгіленген. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен

сапасын арттыруға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі. Облыстың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа Доктринаны қызу талқылап, оны қолдайтындықтарын білдірген еді. Себебі, біздің басты құжатымыз, «партия конституциясы» болып табылатын аталған Доктрина медицина қызметкерлеріне де үлкен міндеттер жүктейді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын сақтау мəселесін тұрақты түрде назарда ұстап келеді. Тіпті, Үкіметтің осы салаға баса назар аударып, қаржыландыруды жылдан жылға арттыруға мүмкіндіктер қарастыруын да Елбасының пəрмені деп білеміз. Соңғы жылдары «Денсаулық пойызының» ұйымдастырылуы, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қабылдануы секілді ұзақ мерзімді шаралар жемісін бере бастады. Осыған орай ауруханаларды уақыт талап етіп отырған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, дəрігерлердің біліктілігін арттыру, кез келген дерттің алдын алу қарқынды жүргізіліп келеді. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау

жетістіктерінің кепілі болған Елбасының мемлекеттік бағытының негізгі қағидалары жазылған. Өйткені, тəуелсіз жəне мықты мемлекетті қалыптастырып, бейбітшілік пен бірлікті сақтау – Президентіміздің жүйелі саясатының жарқын жемісі. Өз сөзінде Президентіміз «Қазақстан-2050» Стратегиясы – бұл партиялық бағдарламаның негізі. Стратегияның орындалуы тек «Нұр Отан» партиясының саяси көшбасшылығы жағдайында мүмкін екендігінде еш күмəнім жоқ», деп атап өтті. Яғни, Елбасы партияға үлкен сенім артып отыр. Партияның əрбір мүшесі мұны жақсы түсініп, «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына жұмыла кірісуі керек. Тағы бір айтқым келгені, Елбасының жастарға қарата сөйлеген сөзі қатты толғандырды. Қызметіміз жас ұрпақпен тікелей байланысты болғандықтан, бұл – біздің жанды жеріміз. Еліміздің ертеңгі тағдыры біз оқытып, жоғары білім беріп жатқан жастарға тəуелді. Сондықтан Елбасының: «Жастар – бұл біздің алтын қорымыз. Жас қазақстандықтардың партияның, жалпы Отанымыздың бағдарын қолдауы жəне 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бағдарламаны

жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тарихи, моральдық, тұрақтандырушы зор мəнге ие», деп атап өтуі орынды. Шындығында да біз кім үшін өмір сүріп, кімнің болашағына алаңдаймыз. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Біздің елімізде жасалғанның барлығы да ең алдымен сіздерге жасалды жəне мақсат-мұратымыз, 2050 бағдарламамыз да сіздер үшін», деп жастарымыздың санасына құйып жатыр. Есептейтін болсақ, Мемлекет басшысы айтқандай-ақ қазіргі уақытта мектеп, не жоғары оқу орнын бітірген қазіргі 20 жастағы азамат 2040-2050 жылдары елімізді басқарады екен. Түсіне білген жасқа бұл тек Мемлекет басшысының сөзі ғана емес, қамқор əкенің, дана атаның сөзі. Бұл съезде тек «Нұр Отанның» атқарған жұмысына баға беріліп қана қойған жоқ. Ел дамуына, халықтың əлеуметтік жағдайына қажетті маңызды істерді қолға алу мəселелері жан-жақты айтылып, Президентіміз біздің алдымызға үлкен жаңа міндеттер қойды. Біздің басты міндетіміз – халқымыздың бірлігін сақтап, дамыған 30 елдің қатарына енуге аянбай еңбек ету.

басқармасы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша біршама жұмыс атқарып үлгерді. Нақты мысалдарға жүгінер болсақ, 2013 жылдың 7 айында алғашқы рет анықталған аурулар саны 374 139, 2012 жылдың 7 айында 367 668 адам болды. Жалпы аурушаңдық 2013 жылдың 7 айында 100 мың адамға шаққанда 35201,7 құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың 7 айында 34592,9 болған еді. Туберкулез аурушаңдығы 100 мың адамға шаққанда 46,1-ден 42,2-ге, наркологиялық аурушаңдық 118,0-ден 96,5-ке, психикалық аурушаңдық 47,3-тен 38,35-ке дейін төмендеді. Артериалдық гипертониямен аурушаңдық 2013 жылдың 7 айын да 100 мың адамға шаққанда 1047,57-ден 2012 жылдың 7 айын да 928,45-ке дейін төмендеді. Туберкулезден өлім 2013 жылдың 7 айында 2012 жылдың 7 айына қарағанда 3,5-тен 3,1-ге дейін азайды. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 50,6дан 47,7-ге дейін, қан тамырлары ауруларынан өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 229,7-ден 163,1-ге кеміді. Жол-көлік апаттарынан өлімді азайту жəне жарақаттар кезінде медициналық көмекті жоғарылату мақсатында Алматы – Ташкент трассасы бойында Шу қалалық ауруханасы негізінде 25 төсектік ауданаралық травматология бөлімшесі ашылды. Бұдан басқа да атқарылған жұмыс

аз емес. Бұл ретте Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде халыққа көрсетіліп отырған медициналық қызмет туралы барлық аудандар мен шалғай ауылдық елді мекендерде түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізгенімізді де айта кетсем деймін. Себебі, əрбір қазақстандық үшін басты құндылық – өзінің денсаулығы екенін түсіну əлі де кемшін соғып отыр. «Ауырғаннан – ауырмаудың алдын алу керек» екендігін ұғынатын кез келді. Сондықтан, кез келген азамат дəрігерге құлап қалған соң емес, алдын ала қаралса, ертерек ем қабылдаса, өзіне ғана емес, дəрігерлерге де оңай болар еді. Ал бүгінде кез келген кеселді анықтауға мүмкіндік көп. Қысқасы, ауырмаған адам ғана өз отбасынан бастап қоғамға дейін зор пайдасын тигізеді. Елбасы қашанда əлеуметтік саясатқа, халықтың əл-ауқатын арттыруға жəне өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Жаңа Докторинада да бұл мəселеге үлкен жауапкершілікпен қарау көзделген. Қазақстандықтар ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің нығаюын, ал медициналық қызметтердің мейлінше қолжетімді əрі сапалы болуын қалайтыны – табиғи жайт. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеуге тиіспіз.

Алматы облысы.

ТАРАЗ.

Дамуєа жол ашады Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қ Қазақстан». қ

Бұл күнде еліміздің барлық өңірлеріндегідей Қарағанды аймағының жұртшылығы арасында да «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде алға қойылған міндет-мақсаттар кеңінен талқылануда. Облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген мəжілісі соның бірінші шарасы болып, партия белсенділері басқосуымен өтті. Онда оның төрағасы Бауыржан Əбдішев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінің қорытындылары жəне облыстық ұйымның міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Аймақ басшысы өз сөзінде атап өткендей, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы қарышты қадамын сақтап келеді. Жыл басынан өнеркəсіптік өндіріс көлемі 1 трлн. теңгені құрап, былтырғы жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда 1 пайызға артуы, индустрияландыру картасы аясында 46 жобаның іске қосылып, 3,5 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы соған нақты мысал ретінде келтірілді. Бауыржан Түйтеұлы, сондай-ақ, орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді де ашып айтып, түйінді мəселелерді шешуге талап күшейтіле түспектігіне назар аудартты. Осы орайда облыстағы 516 бастауыш партия ұйымына біріккен 100 мыңға жуық нұротандықтың алға қойылған биік міндеттерді іске асыруға, Елбасының партия мүшелеріне жүктеген жауапкершіліктің жоғары үлгісін танытуға белсенділікті беріктіруге үндеді. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Литуаника» литван этномəдени бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас, облыстық мəслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Асқар Сəрсекенов, партия съезінің делегаты Бибігүл Секербекова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі, Жəйрем кен байыту комбинатының экономисі Максим Ентальцев сөз сөйлеп, партияның жаңа Доктринасы қоғамның дамуына тың серпін беретіндігін атады. ҚАРАҒАНДЫ.


24 қазан 2013 жыл

3

www.egemen.kz

● Əлем жəне Қазақстан

● Талап жəне тəртіп

Жақында Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «АТОМ» жобасын қоса алғанда, антиядролық бастамаларының тарихы көлденең тартыла отырып, «Ядросыз жол: ядролық қарусызданудың үлгісі» деген тақырыпта өткен халықаралық конгресте ұсынылды.

Елбасыныѕ антиядролыќ бастамалары

Əкімдер ќолда бар алтынныѕ ќадірін ќашан біледі?

халыќаралыќ конгресте ўсынылды Конгресс Бейбітшілік үшін халықаралық бюросы жанындағы «Финляндия дəрігерлері əлеуметтік жауапкершілік үшін» деп аталатын «Əлем дəрігерлері ядролық соғыстардың алдын алу жолында» халықаралық қозғалысының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараға Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Африка Республикасының экс-президенті Фредерик де Клерк, Еуропарламент депутаты Тарья Крунберг, МАГАТЭ бас директорының бұрынғы орынбасары Олли Хейнонен, БҰҰ Бас хатшысының экс-орынбасары Джаянта Дханапала, Хиросиманың экс-мэрі Тадатоси Акиба, Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Ғалымжан Қойшыбаев, «Парламентшілер ядролық таратпау жəне қарусыздану үшін» қозғалысының жаһандық үйлестірушісі Алин Варе, т.б. таратпау жəне қарусыздану саласындағы жетекші сарапшылар мен дипломаттар, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Өзінің конгрестегі сөзінде Ф.де Клерк 1990-жылдардың басындағы ОАР-дағы ядролық қарусыздану тарихы туралы айта келіп, Украинаның, Беларусьтің жəне Қазақстанның ядролық арсеналдарынан бас тарту туралы шешімдері қандай да болсын жоғары құрметке лайық екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, халықаралық қоғамдастықтың бұдан əрі қарайғы үйлесімді күш-жігері мен бұған дейін ядролық қаруларынан бас тартқан мемлекеттердің белсенді қатысуымен ғана ядролық қарусыздану ісіндегі прогресс қамтамасыз етіле алады. Өз кезегінде Қазақстан СІМ-інің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко Қазақстандағы кеңестік ядролық сынақтардың қасіретті салдары мен тəуелсіз елдің ядролық қарусыздану тарихы туралы əңгімелей келіп, бұл үдерістегі табысқа Елбасы мен Қазақстан халқының ядролық қарусыз болашақ пайдасына таңдау жасаған қағидатты саяси ерік-жігері жеткізгенін атап көрсетті. Оның айтуынша, Семей ядролық сынақ полигонын жабу мен Қазақстанның əлемдегі төртінші зымырандық-ядролық арсеналынан бас тартуы ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы өңірлік жəне əлемдік үдерістерде жаңа парақ ашты. Сөйтіп, бүгінде Қазақстан Украинамен, Беларусьпен жəне Оңтүстік Африкамен бірге жаһандық деңгейде ядролық қарусыздану ісін ілгерілетуде ерекше моральдық құқыққа ие. Конгреске қатысушылар Президент Н.Назарбаевтың Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялау туралы бастамасын қоса алғанда, таратпау жəне ядролық қарусыздану саласындағы үлгі істеріне қызығушылық танытты. Осы орайда, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан «АТОМ» жобасы халықаралық бастамасы туралы ақпарат үлкен қызығушылық туғызды. Екі күнге созылған конгресс жұмы сы барысында халықаралық қоғамдастықтың ядролық қарусыз əлем құру жолындағы ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан бастамаларын одан əрі оқып-үйрену қажеттігіне екпін түсірілді. Атап айтқанда, ядролық қарудан бас тартқан елдердің үлгілері, Таяу Шығыста жаппай қырып-жоятын қарудан азат аймақ құру туралы конференция шақыру перспективалары, Корея түбегіндегі жанжалды жағдайларды реттеу мүмкіндіктері мен КХДР-дің ядролық қарудан бас тартуы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды реттеу бойынша халықаралық күш-жігер жұмсау жайы көлденең тартылды. Сəулебек БІРЖАН.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Шыныңызды айтыңызшы, сіз жас балаңызды спортқа не үшін бересіз? Меніңше, кез келген ата-ана, ең алдымен: «Балам өзін өзі қорғап өссін, біреумен төбелесіп қалса, таяқ жеп қалмасын», деп ойлайды. Əрине, жаман ой емес. Бірақ, жас бала спортты тек төбелес үшін ғана керек екен деп түсініп қалуы əбден мүмкін ғой. Жалпы, біздің түсінігімізде спорт деген жарыс, бəсеке, сайыс екені жасырын емес. Содан ба, біз спортзалға барып жүрген жастарды қандай жарыстарға барғанына, қандай жүлде алғанына қарай бағалаймыз. Түк жа рысқа бармаған, ешқандай жүлде алмағандары бекерге уақыт өткізіп жүрген сияқты көрінеді. Ал, шын мəнінде, спорттан келер пайда ең алдымен, денсаулықтың мықты болуы емес пе? Бүгінде елімізде 3,6 миллион адам, яғни ел тұрғындарының 21,6 пайызы спорт, денешынықтыру жұмыстарымен айналысады екен. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Əли Бектаевтың айтуына қарағанда, өңірдегі 2,5 миллион адамның 480 мыңнан астамы спортпен айналысатын көрінеді.

Облыста 76 спорт мектебі, спортты дамыту орталықтары бар. Спорт мектептерінде 56 мыңнан астам жас тəрбиеленуде. Спорттық ғимараттар салуда да мақтан етерлік жаңалықтар бар. Барлық талаптарға жауап беретін жүзу бассейні, жеңіл атлетика кешендері ашылды. Футбол командасына арнап база салынып, бұдан бөлек, ату спортын дамытуға қажетті шаралар жасалуда. Таяуда Шымкентте республикалық «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары өтті. Еліміздің спортшы жастарын байланыстыратын достықтың белгісіндей болған бұл жарыс əр төрт жыл сайын ұйымдастырылып, биыл бесінші мəрте өтіп отыр. Барлық облыстан келген қатысушылар бұл бəсекеде спорттың 12 түрінен бақ сынасты. Жарыс соңынан Шымкентте еліміздің Спорт жəне денешынықтыру істері агенттігінің көшпелі алқа мəжілісі өтті. Қазақстанның бар лық облысындағы спорт басшыларының басын қосқан жиында бұқаралық спортты дамыту жəне ұлттық құрама командаларды қалыптастырудағы өңірлердің рөлі жөнінде көптеген маңызды мəселелер ортаға салынды. Агенттік төрағасының орынбасары Е.Қанағатовтың мəлімдеуінше, республикада соңғы жылдары балалар

мен жасөспірімдер спорт мектептерін ашу көңіл көншітерлік емес. Биыл Алматы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында спорттық мектептер ашылған. Ал қалған өңірлерде бірде-бір спорт мектебін ашу жоспарланбаған. – Осы орайда өткен жылы 6 спорт мектебін ашқан Оңтүстік Қазақстан облысын басқаларға үлгі ретінде көрсету керек. Көп мəселе спортты басқарып отырған басшыларға байланысты. Спорт мектептерінің ашылмауы спортқа жетекшілік ететін басшылар беделінің төмен екенін немесе бұл мəселеге атүсті қарайтынын білдіреді, – деді бұл жөнінде Е. Қанағатов. Агенттік басшылары, əсіресе, Атырау облысында спорттың дамуы өте төмен екеніне тоқталды. Небəрі 12 ғана спорт мектебі бар Атырауда спортшыларды тəрбиелеуге баса мəн берілмеген соң, жетістік те аз. Тəуелсіздік алғалы бері мұнда баржоғы 8 ғана Олимпиада жолдамасы алынған. Халықты бұқаралық спортпен ең көп қамтыған Қара ғанды, Қостанай, Павлодар облыстары болса, ең аз қамтылған өңірлер – Жамбыл, Маңғыстау жəне Оңтүстік Қазақстан. – Əйтсе де, ауылда спортпен айналысушылар артудың орнына азайып барады, – дейді Агенттік төрағасының

орынбасары Т.Есентаев. – Оның басты себебі, өңірлерде бұқаралық спортты дамыту ең соңғы кезекте тұрады. Бар мəселе қаржыға барып тіреледі. Осының салдарынан өткен жылы балалар мен жасөспірімдер клубы 651-ден 608-ге дейін қысқарыпты. Сонымен бірге, спорт басшылары да барды ұқсата алмай, тірлікті қожыратып жіберген. Қазақтың жаны ауылда. Қазақ спортының даңқын асқақтатқан саңлақ спорт шылардың көпшілігі осы ауылдан шыққан. Енді осы ауыл спорты на деген немқұрайдылыққа балта шабатын кез келді. Бұқаралық спортты дамыту облыс əкімдерінің рейтингісіне кіретінін ескертіп өткен Т.Есентаев, əсіресе, балалар спортына ерекше көңіл бөлу қажет дейді. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектептерде денешынықтыру сабақтары бұрынғыдай аптасына 3 рет өткізілетін болды. Əйелдер спорты да кенжелеп тұр. Ресми мəліметтер бойынша, спортпен айналысатын əйелдердің саны жалпы көрсеткіштің 27 пайызын құрайды. Ал ауылда ол 11 пайыз ғана. Бірқатар аудандарда спорт бөлімдері өз алдына дербес құрылмаған. Кейбір спорт бөлімдерінде денешынықтыру саласының мамандары мүлдем жоқ. Жиында Агенттік төрағасы

Ерлан Қожағапанов көрсеткіші төмен тартып тұрған облыстардың спорт басқармаларының басшыларын орнынан тұрғызып, біраз қара терге түсірді. Оңтүстік Қазақстан облыстық спорт басқармасының бастығы Əлібек Нұртаев екі мəселе бойынша жауап берді. Біріншісі – облыста 2,5 миллион халыққа баржоғы 84 спорт нұсқаушы жұмыс істейді. Ал жарты миллионға жуық халық тұратын Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Шардара аудандарында бірде-бір нұсқаушы жоқ. Бұл қалай? Екінші мəселе Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жəне Кентау, Түркістан қалаларында денешынықтыру пəнінің мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық шаралармен ай на лысқаны үшін қосымша ақы төленбеген. «Бір тиын да берілмеген. Бұл – өте күрделі мəселе. Кезінде Үкіметтің алдына қойғанбыз. Əкімдерге тапсырма бергенбіз. Неге төленбейді?» деп мəселені төтесінен қойған Агенттік төрағасының сауалына Əлібек Нұртаев: «Кемшілік жоқ емес, бар, алдағы уақытта бұл мəселені шешеміз. Талдау жасалды, облыстық бюджетке ұсыныс беріп жатырмыз», деген жауап қайтарды. Жиынды қорытындылаған Е.Қожағапанов алдағы уақытта республиканың əр өңірінде спорттық сауықтыру кешендері салынатынын, оның құры лысының 70 пайызы республика лық бюджеттен, қалған 30 пайызы жергілікті бюджеттен қаржы ландырылатынын мəлім етті. Бір жылда 20-30-ға жуық кешен салу көзделген. Мұндай кешендер бірінші кезекте спорт жақсы дамып келе жатқан өңірлерде салынбақ. Денешынықтыру пəні мұғалімдерінің жалақысын көтеру де күн тəртібіне қойылып отыр. Оқушыларды спортқа көп тартқан сайын олардың жалақысы да көбейе беретін болады. Елбасының: «Əр облыс бір Олимпиада чемпионын шығаруы тиіс», деген тапсырмасын тілге тиек еткен төраға: «Бір ғана мысал, О.Рыпакова əлем чемпионы болған кезде федерация оған 50 мың теңге сыйақы берді. Ал М.Раков əлем чемпионы болған кезде Қарағанды облысы оған қымбат көлік, пəтер жəне 100 мың доллар берді. Міне, чемпиондарға деген көзқарастың əртүрлі екенін осыдан-ақ байқауға болады», – деді. Төраға «чемпиондардың ішкі миграциясы да бізге қажет» дегенді алға тартты. Нақтырақ айтсақ, елеусіз қалған спортшылар өз қадірін білетін өзге облыс тарға кетіп, сол өңірдің атынан жарыстарға қатысуға құқылы. Бұл бəсекелестікті арттырып, əкімдерді қолда бар алтынның қадірін білуді еске салады. Оңтүстік Қазақстан облысы.

● «Егеменге» елден келді

Облыстағы салалық басшыларды тыңдасаңыз, алыс аудандарда жас мамандар, əсіресе, жоғары білімді дəрігерлер жетіспейді, дейді. Тіпті, жас мамандар қалада қалғысы келеді, ауылдық жерлерге бармайды, деп зар илейді. Ал, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен ауданға барған жас дəрігерге жергілікті шенеуніктер тарапынан қолдау көрсетіле ме? Мұны Ақтөбеден медицина академиясын бітірісімен өзі туып-өскен Индер ауданына келген жас дəрігер Нұрбек Дүйсембаевтың қорғансыздың күнін көріп жүргенін білгеннен кейін айтып отырмыз. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Нұрбек Дүйсембаев бір құшақ қағазын алып, тілші қосынына арнайы келді. Қағазы дегеніміз, қолдау сұрап, тиісті орындарға жолдаған арыздарының көшірмелері. Ал арыз жазуына төмендегі жайт себеп болған. Жас маманның «Егемен Қазақстан» газетіне жазған хатынан үзінді келтірейік. «Мен Президенттің жастарды тиісті мамандықтарын алған соң, ауылға келуге шақырған «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен ауданға келген жас маманмын, дəрігермін. Аудандық емханада 2008 жылдан бері дəрігер-хирург болып қызмет атқарамын. Отбасымда анам, қарындасым, жолдасым, үш балам бар. Көп қабатты үйде, үш бөлмелі пəтерде тұрамыз. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығында жас маманға үй беру, үй саламын десе, жер беру керек делінген. Осы бағытта отбасымның жағдайын жақсартуды көздеп, көп қабатты үйдің жанынан бос тұрған жерді сұрадым. Үй салуға 2010 жылы арыз бердім. Сол арызым қанағаттандырылып, 2012 жылы мамыр айында жерге мемлекеттік акті алдым. Содан тамыз айында құрылысымызға рұқсат алып, жазғы сарай салып қойдым», – деп жазады Нұрбек Дүйсембаев. Н.Дүйсембаевқа тұрғын үй құрылысы үшін 0,0375 га жер телімі беріліпті. Алайда, осынау ұлтарақтай жер теліміне тұрғын үй құрылысын жүргізбек болған жас маман

Шалаєай шешімнен шыќќан шатаќ дипломмен ауданєа келген жас дəрігердіѕ салын суєа кетірді талабының тасқа шабыларын қайдан білсін? Алыстағы ағайыннан жақын болар дейтін көршісі Н.Дүйсембаевқа берілген жер телімінің жанында өсіп тұрған жас талдарды желеу етіп, Индер ауданының əкіміне, Жер ресурс тарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына арыз түсіреді. Шағымда «Н.Дүйсембаевқа тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлу туралы» шешімнің күшін жоюды сұрайды. Н.Дүйсембаевтың көршісінің аудан əкіміне берген арызы Индербор кентінің əкімі Б.Нұрғали төрағалық еткен комиссия отырысында қаралыпты. Комиссия мүшелері жер телімін беруде ешқандай заңсыздық жоқ, деген ұйғарым жасайды. Даудың басы Н.Дүйсембаевқа берілген жер телімі жанында жасыл желек қорғаныс аумағының болуынан туындаған. Өзіне берілген жер телімі жасыл желек қорғаныс аумағына кіре ме, жоқ па, оның тиісті құжаттары бар ма? Жас маман осы сауалдарға жауап алу үшін бірнеше мекемеге хат жолдаған. Соған орай берілген бірнеше жауап-хатқа назар аударсақ, мəселен, Индер аудандық жер кадастры бөлімінің басшысы Б.Ниязов 2013 жылдың 13 наурызында берген анықтамасында «Индербор кентіндегі Ш.Уəлиханов көшесі бойында, қазіргі Өнер мектебіне қарсы орналасқан саябақтың нақты құжаттары рəсімделмгенін мəлімдейді» делінген. Бұл анықтамада «рəсімделмгенін» деген сөзде қате бар. «М» əрпі артық болып тұр, не одан кейінгі «е» əрпі салынбай қалған. Сол себепті, бұл анықтаманың қандай мағына беретіндігі түсініксіз болып тұр. Дəл осы күні Индер аудандық құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Иманғазиев «Индербор кенті, Төленбаев көшесі №17 орын бас жоспар бойынша жекеменшік тұрғын үй құрылысын салу үшін белгіленген. Оған іргелес орналасқан жер телімі бас жоспарда жасыл желек болып белгіленген. Алайда, күні бүгінге дейін аталған жер телімінің нақты құжаттары жасақталмаған,

еш жерде тіркеуде жоқ» деп анықтама беріпті. Ал жоғарыдағы екі анықтамадан екі күн бұрын жолданған Индербор кентінің əкімі Б.Нұрғалидың хатында: «Индербор кенті əкімінің аппараты кент əкімінің шешімімен 2 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен Сізге берілген жер телімі заңға қайшы келуіне байланысты, күші жойылған. Жер телімін бөлген кезде жасыл желек қорғаныс аумағының көлемі 2275 м2 екендігін ескере отырып, комиссия мүшелері бөлінген жер учаскесі аталған жасыл желек аумағына нақты кірмегендіктен келісімдерін беріп қолдарын қойып, мөрлері соғылған болатын, бірақ сот шешімімен заңсыз деп танылып шешімнің күші жойылып отыр. Осыған байланысты, айтылып отырған жасыл желек аумағы күні бүгінге дейін мемлекеттік құқық беру актісі (гос.акт) берілмей нақты ешбір мекеменің теңгеріміне алынбағандықтан аудандық Əділет басқармасында нақты тіркелмегенін қаперіңізге береді» депті. Б.Ниязов саябақ, Б.Иманғазиев пен Б.Нұрғали жа сыл желек деп атаған жер телі мінің құжаттары жоқ екендігі анық талғанға дейін, биылғы жылдың 8 қаңтарында Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы С.Хасан «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келесі де – талап қоюшы) жауапкер Индербор кенті əкіміне қойған талап арызында инспекция Индер ауданы прокуратурасының 2012 жылғы 17 қыркүйегіндегі хатына жəне Индербор кенті Туленбаев көшесі №2 үй тұрғыны А.Асановтың арызына байланысты Дүйсембаев Нұрбекке Индербор кентінің əкімінің 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №15 шешімімен берілген, Индербор кенті, Туленбаев көшесі, №17 үйде орналасқан жер телімін нақты өлшеу кезінде іргелес орналасқан халық демалысы үшін орналасқан бульвар (саябақ) аумағына кіріп тұрғандығы,

алдын ала жер телімін анықтау, зерттеу жəне келісімін алу актісіне жəне жер телімін иелену негіздерін анықтау, меншік құқығын рəсімдеуге келісім беру жөніндегі аудандық комиссияның қорытындысына комиссия төрағасының қолы қойылмағандығы көрсетіліп, Индер ауданы, Индербор кентінің əкімінің 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №15 шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған» дегенді басшылыққа алады. Комиссия төрағасының қолы қойылмағанын Н.Дүйсембаев та біледі. Комиссияға төрағалық еткен аудан əкімінің орын басары А.Сəрсенғалиевтың қолы неге қойылмаған? Оның себебін Индер аудандық сотының төрағасы Е.Аманғалиевтың «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген Сарсенгалиев Асылбек Жагоровичке қатысты қылмыстық іс соттың өндірісіне 16 мамыр 2011 жылы түсіп, 17 мамыр 2011жылғы қаулысымен судья Е.Аманғалиевтың өндірісіне іс жүргізуге қабылданған. Аталған іс бойынша, 15 шілде 2011 жылғы соттың үкімімен Сарсенгалиев Асылбек Жагоровичті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен кінəлі деп танып, оған осы бап бойынша 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 512 000 (бір миллион бес жүз он екі мың) теңге айыппұл жазасы тағайындалды жəне 1 (бір) жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне 7 қыркүйек 2011 жылы енді» деген анықтамасынан айқын аңғаруға болады. Сонда Индер кентінің əкімі Б.Омаш Нұрбек Дүйсембаевтың атына берілген жер телімін беру үшін 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №15 шешімін шығарғанға, «Атырау ҒӨО жер» ЕМК Индер аудандық орталығының басшысы Б.Ниязов пен Индер аудандық жер қатынастары бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы К.Бағынов

сол жылдың 8 жəне 25 мамырында жер учаскесіне жекеменшік құқығын беретін актіге қолдарын қойып, мөрлерін соққанға дейін комиссия төрағасы бекітілмеген бе? Осыдан кейін 2012 жылғы 9 тамызда Индер ау дан дық құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің бастығы К.Нұғманова «Дүйсембаев Нұрбекке – жеке тұрғын үй құрылысына, құрылысқұрастырма жұ мыс тарын жүргізуіне рұқсат бере ді» өз қолы қойылған хат береді. Сонда кент əкімі де, аудандық бөлімдер басшылары да аудандық комиссия төрағасының қолы қойылмағанын біле тұра, жас маман Н.Дүйсембаевты неге əуре-сарсаңға салады? Шенеуніктердің тиісті заңдылық ты өрескел бұзғаны жас маман Н.Дүйсембаевтың жер телімін заңдастырмақ түгілі енді одан айырылып қалу қаупі төнді. Өйткені, жоғарыда аты аталған судья С.Хасан «Индербор поселкесі əкімінің Дүйсембаев Нұрбекке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Индербор кенті, Туленбаев көшесі, №17 үйде орналасқан 0,0375 гектар жер телімін 2 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен беру туралы 2012 жылдың 25 қаңтарындағы №25 шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылсын» деп шешім шығарып қояды. Бірақ, сот шешімінде Н.Дүйсембаевтың атына берілген жер телімі саябақ аумағына кіріп тұрғанын кім, қай мекеменің анықтамасымен дəлелдегені айтылмайды. Бұл саябақтың нақты құжаттары жасақталмағаны, еш жерде тіркеуде жоқтығын дəлелдеген анықтамаларды жоғарыда келтірдік. Сот шешімі шыққан соң Индербор кентінің əкімі Б.Нұрғали 2013 жылғы 13 ақпанда Н.Дүйсембаевқа «Индербор кенті əкімінің аппараты 2 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген жер телімі заңға қайшы келуіне байланысты, жер теліміңіздің нақты өлшемін шығарып, заңдастыру үшін арызыңыздың түпнұсқасы мен құжаттарыңыздың

кө шірмесі аудандық құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы бөлімінің алдын ала жер телімін анықтау, зерттеу келісімін беру жөніндегі аудандық комиссиясының отырысына жіберілді. Арызыңыз бойынша 2013 жылдың 25 қаңтарында өткізілген алдын ала жер таңдау жер телімін анықтау, зерттеу келісімін беру жөніндегі аудандық комиссиясының №1 хаттамасының қорытындысы бойынша «жасыл желек қорғаныс аймағына жатады, келісім берілмейді» – деп жауап келгендіктен арызыңыз қа на ғат тандырылмайтынын қаперіңізге береді» деп жəне бір үшбу хат жолдапты. Кент əкімінің хатында да айтылған аудандық комиссияның мүшелері Н.Дүйсембаевтың жер телімі нақты құжаттары аудандық əділет басқармасында тіркелмеген жасыл-желек қорғаныс (əлде саябақ па? – Ж.Ш.) аймағына жататынын неге сүйеніп дəлелдеді екен? Комиссия мүшелері бұрын қайда қараған? Жер телімін берер алдында неге дəл осылай ұйғарым жасамады? Сауал көп, жауап жоқ. Аудан шенеуніктерінен жер телімін заңдастырудың оң қадамын көр мей, салы суға кеткен жас маман Н.Дүйсембаев биылғы 1 ақпанда облыс əкімі Б.Ізмұхамбетовтің атына өтінішін жолдапты. Облыс əкімі «Жерді заңдастыру керек деп ойлаймын. Шешімді баяндау» деп Индер ауданының əкімі Б.Сəрсенғалиевқа дəл сол күні тапсырма берген екен. Кейін Б.Сəрсенғалиев басқа жұмысқа ауысты. Ал облыс басшысының шешімі əлі күнге орындалған жоқ. Ұлтарақтай жер телімін аламын деп, шенеуніктердің қақпақылына ұшыраған жас маман қазір қорғансыздың күнін көріп жүр. Өйткені, оның қолдаушысы да, қорғаушысы да жоқ. Ше неуніктердің шалағай шеші мінен шық қан шатақпен əбден əбігерге түскен Нұрбек Дүйсембаевтың жанайқайына құлақ асатын біреу табылар ма екен? Жан-жағынан тырнағын батырғысы келетіндер оған 0,0375 га жер телімін неге қимай отыр? Əлде, бұл саябақтың іргесіндегі дəл осы жер телімін тақымына басып қалуды көздеген пысықайлардың қитұрқы ісі ме? Атырау облысы, Индер ауданы.


4

www.egemen.kz

Қазақстан аумағында ертеден тамырын терең жайған ислам діні тəуелсіздіктен соң қайта түлеп, қазір елдің қоғамдықсаяси өміріндегі өз орны мен маңызын айшықтай түсуде. Ислам жергілікті халықтардың сенім жүйелерімен, құқықтық жəне адамгершілік заңдылықтарымен, философиясымен, мəдениетімен араласып əрі олардың əсеріне ұшырай отыра, өзі де ықпалын тигізді. Соның нəтижесінде ол өзі тараған аумақтардағы халықтардың салтсанасына етене кіріп, діни-рухани, мəдени құндылықтарының біріне айналды.

24 қазан 2013 жыл

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

● Толғандырар тақырып қолға алды. Ондай жұмыстар қоғамның барлық деңгейін қамтып, жоғары жəне орта оқу орындары студенттері мен оқушылары, қала, аудан, ауыл тұрғындары арасында, əскери бөлімшелерде, түзеу орындарында өткізілуде. Насихат топтарына теолог ғалым, сарапшылардан, қоғамдық пəндер мамандары мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті имам, қызметкерлері тартылған. Атап өту керек, осы жүргізген жұмыстар нəтижесінде халықтың біраз бө лігінің кері діни ағымдар мен дəстүрлі ханафи ұстанымы жөнінде дұрыс ұғым қалыптасып, білім деңгейлері өсті. Көпшілікті қамтитын шаралардың қатарында Дін істері агенттігі мен облыс əкімдіктері бірлесіп өткізіп отырған республикалық конфе ренциялар мен семинарларды, дөңгелек үстелдерді атап өту орынды. Ол шараларға отандық ғалым, теологтармен қатар шетелдерден білікті мамандар ша қырылуда. Олар еліміздің алыс аумақтарына дейін барып, дəрістер оқып, «ислам дініндегі мазхаб ұстаудың қажеттігі мен пайдасы», «салафизмнің зияны мен зардаптары», «жихадизм мен тəкфиршілдік идеологиясының

ЌАЗАЌСТАНДАЄЫ ИСЛАМ: мəселелер жəне шешу жолдары

Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамып, барша мұсыл ман қауымының игілігіне айналуына барлық мүмкіншіліктер қарастырылған десек, артық айтпаймыз. Қазақстан қазіргі кезде көптеген мұсылман мемлекеттерімен саяси-экономикалық, мəдени қарымқатынастар орнатып, əлемдік беделі бар ислам ұйымдарының белді мүшелерінің біріне айналды. Бірақ, жалпы жағдай осылай десек те, респуб лика аумағында исламның дамуымен діндар мұсылмандардың санының өсуі, соның ішінде жастардың дінге бет бұруы біршама мəселелердің пайда болуына алып келді. Атап айтқанда, діндар жамағаттың біразы теріс діни жолға түсіп, зайырлы мемлекеттің заң талаптарын мойындағысы келмеді. Осы жағдайлар қоғам ортасында діннің əлеуметтік маңызы мен орнына қатысты көзқарастарды қайтадан салмақтауға алып келді. Қазір республикадағы мұсылман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында «ханафи» мазхабының ілімін басшылыққа алады. Құлшылық, ғибадаттарында ата-баба жолын ұстанатындықтан, оларды «дəстүрлі мұ сылмандық сенімдегілер» деп атау əдетке айналған. Сондайақ, ханафи мазхабындағылар қатарына Орталық Азия елдері мен Қазақстанда бұрыннан кең тараған сопылық жолдағылар, түр киялық «сүлейменшілер» мен «нұршылар», «Таблиғи жамағат» діни миссионерлік ұйымының жақтастары енеді. Мазхабта айырмашылықтары болмағанымен, ол жамағаттар бірбірінен белгілі бір тəртіп, талаптарға бағынуларымен, кейбір діни мəселелерде жеке көзқарастарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, елімізде сүннилік тармаққа жататын шафи мазхабындағылар, шииттер, «салафизм» ілімін жақтаушылар жəне көптеген ислам елдерінде қолдау таппаған, ресми тіркеуден өтпеген «Ахмадия» жақтастары, «Құраншылар» өкілдері де кездеседі. Аталғандардың ішінде ханафи мазхабын мойындамайтындары немесе мазхабта жоқтары қазіргі кезде «кері» немесе «теріс» ағымдар, ал олардың ішіндегі мазхаб ұстанса да мемлекеттік құрылысты өзгертуге шақыратын «Хизб-уттахрир» сияқты діни-саяси ұйымдар, «бүлдіргі» ағымдар да бар. Сондайақ, исламдық ағымдар қатарында ілімі мен əрекеттері мұсылмандықтан тым алыс «Алла аят», «Ата Жолы» мистикалық құрылымдарының да аты аталып қалады. Бүгінде «Таблиғи жамағат», «Хизб-ут-тахрир», «Алла аят», «Ата Жолы» сияқты бірқатар діни ұйымдар мен құрылымдардың Қазақстан Республикасы аумағында қызмет жасауына тыйым салынған. Десе де, жаңа заң қабылданғанға дейін жұмыстарын кедергісіз жүргізіп, жақтастарын жинап алған сол топтар мен ағымдардың өз əрекеттерін жасырын жүргізіп отырғаны байқалады. Олар өздерінің жымысқы мақсаттарын іске асыруда əртүрлі амалдарға барып, өздерін тақуа мұсылман, Алланың əмірін жеткізу жолында жəбірленушілер етіп көрсетуге тырысуда. Олардың алдап-арбауына түскен азаматтар, соның ішінде жастар теріс жолға түскендерін байқамай да қалуда. Атап өту керек, қазіргі кезеңде республика аумағындағы діни ахуал өткен жылдармен салыс тырғанда бірқалыпты дамуда. Бұл,

əрине, мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы тетіктерді жүзеге асыра білуінің нəтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мемлекеттік құзырлы органдар, солардың қатарында Дін істері агенттігінің, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет жасауда. Республика аумағындағы діни ахуалдың тұрақсыз сипат алуы кері ағымдар мен топтардың, ұйымдардың халық арасында радикалды идеология таратып, қарапайым жандарды адастыруларымен, теріс əрекеттерге итермелеулерімен байланысты болды. Сондай радикалды ағымдар қатарында «салафиттер», кейде «уахаббистер» деп аталатын топтар өздерінің қазіргі қоғамдықсаяси жүйеге, оның заң дарына қарсы көзқарастарымен ерекше көзге түсті. Олардың қатарындағы діннен білімі жоқ немесе таяз жастар теріс пиғылды «ұстаздарының» айтқандарына еріп, өздері өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысты «бүгін жəне қазір» өзгерту керек деген жастық жалынмен «қасиетті амалдар» жолында жандарын қиюға дайын болды. Ислам дініне қатысты бұл мəселе Қазақстан Республикасының Прези денті Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптас қан мемлекеттің жаңа сая си бағыты» атты Қазақстан халқына Жол дауында басты орын алды. Онда Елбасы бүгінде біздің халқымыз үшін дəстүрлі емес діни жəне жалған діни ағымдар мəселесі өткір тұрғандығын ерекше атап өтіп, жастарымыздың бір бөлігінің олардың көзқарасын көзсіз қабылдап отырғандығы жастарға тəн алыпұшпа мінез бен олардың бойларында кері ағымдар идеологиясына қарсы тұратын иммунитеттің жоқтығынан деп атап көрсетті. Ол үшін біз шеттен келген əртүрлі жалған əсерлерге беріле бермей, соңдарынан ере бермей, өзіміздің əдет-ғұрпымызға, салт-санамызға, мəде ниетімізге негізделген ұлттық сана, соның ішінде діни сананы қалыптастыра білуіміз керек деді. Кері ағымдар, солардың ішінде «салафиттік» ағымының ықпалы ел аумағын тұтас қамти қоймағандықтан, дəл бүгінгі күні олардың əрекеттері мемлекет тің саяси тұрақтылығы мен конс ти туциялық құрылысына тікелей қауіп төндірмейді десе де, олардың белсенділіктерінен белгілі бір аумақтардың жалпы ахуалы тұрақ сызданып, мемлекеттік қауіп сіз дікке айтарлықтай кедергі келтіруде. Исламдағы кері ағымдар, солардың ішінде салафиттер əрекетінен Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғыстау, Қарағанды облыстарында республиканың өзге аймақтарына қарағанда діни жағдайлардың шиеленісті өрбуі анық байқалады. «Тура жолды» ұстанушы сала фиттердің пікірінше, бүгінгі күнге дейін қазақтардың, дəстүрлі мұсылмандық жолды ұста нып келген өзгелердің де діни түсінік, ұстанымдары дұрыс емес. Олар дінге жаңалық енгізген «бидғатшылар», Аллаға серік қосқан «щирк» жасаушылар. Өз пікірлерін араб елдеріндегі, əсіресе, Сауд Арабиясында ғы «шейх» діни ғалымдардың айтқандарымен дəлелдеуді əдетке айналдырған. Яғни, қазіргі мұсылман

жамағатының бұрынғы ата-баба діни жолымен жүрем дегені бекершілік. Ол адасуға алып барады дегенді алға тартады. Осы пікірдегі салафиттер өз арасында шартты түрде «мад халиттер», «суруриттер» деп бөлін ген. Солардың қатарында дəстүрлі ханафи ұстанымдағы діндарларға ашық қарсы шығып, қазіргі мемлекеттік құрылым мен заңдарына қарсы «жихадқа» шақырып жүргендері əрі сол жолда қанды оқиғаларды қолдайтындары – «тəкфиршілдер». Олар үшін атеист адам түгілі, күнделікті бес намазын қаза етпейтін қара пайым мұ сыл мандардың өзі «ада сушы» қатары нан табылуы мүмкін. Олар қазіргі қоғамды тұрақсыздандыруға, өздерінің «жабық» ортасын құруға ұмтылыс жасауда. Тəкфиршілдер үшін ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктер, салт-сана, дəстүрдің еш мəні жоқ. Салафиттер қатарындағы мадха литтер тəкфиршілдерге қарағанда билікке бағыну идеясын қолдап, мемлекеттік жүйені өзгер туді жақтамайды. Олардың бас ты идеологиясы адамдарды тура дін жолынан «адасқан», «жаңалық қосушы» деп айыптауға бағытталған. Сондай-ақ, олар Қазақстан аумағында тараған сопы лық жолына төзімсіздікпен қарайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің еліміз үшін «салафизмнің» қандай түрі болмасын қоғамға жат ұстаным екендігін дəлелдеп жатудың қажеттілігі шамалы деп білеміз. Салафизм идео-

себептен де біздің кеңестік кезеңде де мұсылмандық сенім əсерінен алыс ажырай қоймаған көрші Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық-саяси жағдайдың қалыпты дамуына алаңдаушылықпен қарайтынымыз да рас. Қазіргі уақытта сол елдердің кейбірінде исламдық идеялармен бүркенген күштер мемлекеттік билікке оппозиция құрап, саяси жолмен болсын, қарулы жолдармен болсын, билікті қолдарына алу мүмкіндіктерін қарастырып отырғаны да белгілі. Исламды зерттеп жүрген ғалым-сарапшылар Қазақстандағы діндар жамағаттың ағымдарға бөліну себептерін, алдымен, əлеуметтік факторлармен байланыстырады. Яғни өмірден орнын таппа ған, тұрмыс-тіршілігі нашар адамдар көп жағдайда, көңіл жұбаныштарын діннен табуға тырысады. Осы оңтайлы жағдайларды өз мақсаттарына пайдалануға ұмтылған радикалды идеологияны таратушылар «отқа май құя түсіп», өз орнын таппай жүргендерге Құран сөздерін өздеріне қажетті мазмұнда түсіндіріп миларын улады, осылайша, «тығырықтан шығар жолды» көрсеткен болады. Діни экстремизмнің пайда болуы мен көріністері бұл күн дері жанжақты зерттеліп, оған қарсы тұрудың саяси-əлеуметтік, құқықтық тетіктері жасалды əрі олар жылдан-жылға жетілдірілуде. Соның нəтижесінде бірқатар кері ағымдар қызметі тоқтатылып, олардың жымысқы

Қазір республикадағы мұсыл ман жа мағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында «ханафи» мазхабының ілімін басшылыққа алады. логиясын қолдаушылар өз қатарын көбейту жолында əртүрлі əдістерді, соның ішінде Интернет жүйесін епті пайдаланып, жымысқы əрекеттерін жалғастыруын тоқтата қоймаған. Жалған уағыздарымен діндар жа мағатты адастырып, қылмыстық жолға итермелеп отырған діни ұйымның бірі – «Хизб-уттах рир». Оның əре кеттері қоғамдағы эт никааралық (еврей ұлты мен АҚШ азаматтарына қарсы) жəне конфессияаралық (христиандар мен басқа діндерге қар сы) қатынастарды бұзуға бағытталып, қоғам тыныштығын бұзуды көздейді. Ислам талаптары үстемдік ететін Халифат құру идеясын тықпалап, негізгі жұмыстарын халықтың тұрмысы нашар ортасында жүргізуге тырысады. Сондағы мақсаты – оларға материалдық көмек көрсете отыра, өз қатарын толықтыру. Діни экстремистік əрекеттердің Қазақстан жерінде бой көр се туі əртүрлі жағдайлармен түсін діріледі. Мəселен, ресейлік сарапшы А.Собяниннің пайымдауынша, ислам радикализмін тарату – мұсылман емес елдердің арнайы қызмет орындарының мақсатты ісі. Ал ислам елдері ішінде радикалды исламды араб елдері мен Пəкстан қолдайды. Сондай-ақ, Қазақстандағы діни ахуалдың өрбуі оның ішкі жағдайымен ғана емес, Орталық Азия жəне алыс-жақын басқа елдердегі саяси-əлеуметтік ахуалмен де байланысты деген де пікірлер айтылады. Əрине, біз бұл пікірлерді негізсіз деп айта алмаймыз. Сол

əрекеттері жалпы халық алдында əшкереленді. Экстремистік жəне лаңкестік əрекеттері үшін қаншама азаматтар, солардың қатарында жастар бас бостандықтарынан айырылып, абақтыға жабылды. Десек те, діни саладағы мəселелерді шешуде 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңның пəрменділігі ерекше бағаланды. Соның негізінде Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі заңды түрде реттеліп, діни топтар мен ұйымдардың өз бетімен əрекет етуінің жолы кесілді. Осы жұ мыс тарды ойдағыдай жүзеге асыра білген Дін істері агенттігі бүгінде басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып діни саладағы өзекті де өткір мəселелерді шешу жолдарын Қа зақстан Республикасы Үкіметі алдына қоюда. Солардың қатарында халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартып, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету мəселелеріне баса көңіл бөлінген. Ғалым, сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта орын алып отырған мазхабты мойындамау, ұлттық ерекшеліктерді жоққа шығару, «хиджаб» мəселелерінің туындауын діни сауатсыздықтан іздеу қажет. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстарды халықтың жалпы діни сауатын ашу, оларға зайырлы қоғам мен діннің ара қатынасын сауатты түсіндіре білуден бастаған жөн дейді. Осы пікірлердің негізсіз еместігіне көзін жеткізген Дін істері агенттігі кең діни ағарту, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізуді

исламмен сыйымсыздығы», «матуриди ақидасының ханафилік ілімнің жалғасы» тақырыптарында білімдерімен бөлісуде. Олар Қазақстанның дін саласындағы саясатына ризашылықпен қарап, осы елде қай діннің болмасын тіршілік етуіне қолайлы екендігін жасырмайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, радикалды идеологияның таралуын құқықтық немесе күш көрсетумен ғана тоқтату мүмкін еместігін орынды түсінген Қазақстан жергілікті діни-руханилықтың бірден-бір жолы дəстүрлі діни ұстанымды кеңінен дамытуға баса көңіл бөлуде. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысының белсенділігін арттыруға, діни қызметкерлері мен имамдары қатарының білікті мамандармен толық тырылуына тиісті қолдау көрсетуде. Мешіт имамдарының біліміне арнайы көңіл бөлініп, тиісті дайындық курстарында ді ни пəндермен қатар мемлекеттің құрылысы мен заңдарына қатысты пəндер ден дəрістер оқытылуда. Осылайша, діни экстремизм əрекеттері мен діни адасушылыққа жол бермеуде тұрғындар арасында діни ағартушылық тəрбиелеу жұмыстарына баса мəн берілуде. Сонымен бірге, атқарылып отырған жұмыстардың əсерлі болуында бұқаралық ақпарат құралдарының да маңызы мен рөлі ескерілуде. Оларда қазіргі күні атқарылған шараларды жарыққа шығарып хабарлаумен қатар, арнайы діни мəселелер, ұлт тық құндылықтар төңірегінде бағдарламалар, ток-шоулар ұйымдастырылуда. Ақпараттық заманда өмірдегі келеңсіздіктер мен діни экстремизм идеологиялары, лаңкестікке жол бермеу, олардың алдын алуда БАҚ құралдарының орны мен мүмкіндіктері зор екендігі мəлім. Сондықтан оның жұмысы одан əрі белсендіріле түспек. Жалпы, радикалды діни идеологияға қарсы тұра білу жанжақты қарастырылған, кешенді ісшараларды жүргізуді талап етеді. Осы жəне Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы алға қойған міндеттерін ескере келіп, қазіргі күні «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы ісқимыл жөніндегі бағдарламасы» жасалды. Ендігі ретте онда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылуда. Қазіргі кезде дінді тек жекелеген адамдарға ғана емес, мемлекет үшін де қажетті деп түсіне білген жөн. Өйткені, қоғамда мүшелерінің бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасып дамуындағы діннің əлеуеті мен тəрбиелік рөлі мемлекет үшін қажетті, сондықтан ол дінді саяси-қоғамдық өмірден ығыс тырып шығаруға, қысым көрсе туге ұмтылмайды. Ал мемлекеттің тұрақтылығы мен саясиэко номикалық жағдайының күшеюі діннің де қалыпты дамып, өз міндеттерін атқаруына мүмкіндік беретіні рас əрі ол осыған мүдделі болуы керек. Осындай өзара келісім мен жарасымдыққа қол жеткізгенде біз қазіргі діни ада су шылық пен алауыздыққа тойтарыс бере аларымыз анық. Балтабай МЕКЕЖАНОВ, Дін істері агенттігінің Ислам діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқарма басшысы.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік саясат кґрінісі (Соңы. Басы 1-бетте). Сонымен қатар, Мəжіліс кешегі отырыста Салық салу мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Онда белгілі бір кезең ішінде игерілмей жатқан жерлерге жоғарылатылған салық мөлшерлемелерін енгізу нормалары көзделіпті. Бұдан басқа, заң жобасына сəн-салтанат заттарына (темекі жəне алкоголь акцизі, көлік құралы мен мүлік салығы) салық салу кезінде жекелеген салықтардың фискалдық функциясын күшейту бөлігінде бірқатар нормалар енгізіліп отыр. Ұлттық қордан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы заңдық құжат та депутаттар тарапынан қолдау тапты. Кепілдендірілген трансферт көлемі жыл сайын 1 380 миллиард теңге көлемінде айқындалып, үстіміздегі жылдағы деңгейде сақталыпты. Кешегі жалпы отырыста Республикалық жəне облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлеміне қатысты заң жобасы да мақұлданды. Заң жобасында Астана мен Алматы қалаларының жоғары коэффициенті сақталған. Ал жергілікті бюджеттің шығыс базасына бұрын республикалық бюджеттен қаржыландырылған нысаналы трансферттер, оның ішінде 2014 жылы 215 миллиард 700 миллион теңге, 2015 жылы – 214 миллион, 2016 жылы 220 миллиард 400 миллион теңгелік тұрақты сипаттағы шығындары берілген. Бұл ретте 2014 жылғы күрделі шығыстарға қарастырылған қаражат 2013 жылмен салыстырғанда 60 миллиард 100 миллион теңгеге ұлғайғандығын айта кету керек. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша баяндамаларды Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жасады. Министр алдымен 2014-2018 жылдары əлемдік экономиканың баяу, бірақ 3,8-4,3 пайыз қарқынмен үдемелі өсуі болжанып отырғандығын алға тартты. Мұнай бағасы 90 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. Оның айтуынша, ішкі жалпы өнім 2014 жылы 38,6 триллион теңгеден 2018 жылы 65,9 триллионға дейін өседі. 2014 жылы жан басына шаққанда ІЖӨ 14,6 мың АҚШ долларын құрайтын болса, ол 2018 жылы 24 мыңға жетеді деп күтілуде. 2014-2018 жылдары еліміз экономикасы 6,0-7,1 пайыз деңгейінде болжануда. Мұнай өндіру 2014 жылы 83,0 миллион тоннаны құраса, 2018 жылы оның көлемі 110,0 миллионға жетеді деген үміт бар. Осы жылдар аралығында инфляция 6,0-8,0 пайыз шегінде жоспарланған. Тауарлар импорты 2014 жылы 58,6 миллиард доллардан 2018 жылы 93 миллиардқа дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр. Сонымен, 2014 жылы бюджетке түсім 2013 жылғыға қарағанда 532,3 миллиард теңгеге өсіп, 5 760,7 миллиард теңгені; 2015 жылы 468,9 миллиардқа өсіп, 6 229,6 миллиард теңгені жəне 2016 жылы 643,8 миллиардқа өсіп, 6 873,4 миллиард теңгені құрайды деп болжанған. Бюджеттің шығыс бөлігі 2014 жылы 6 703,1 миллиард теңге, 2015 жылы – 7 207,2 жəне 2016 жылы 7 836,9 миллиард теңге деңгейінде белгіленіпті. Орайы келгенде депутаттардың білім беру, денсаулық сақтау, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамыту жəне тағы бірқатар ұсыныстарына 2014 жылы – 50,5 миллиард теңге, 2015 жылы – 39,1 жəне 2016 жылы 64,3 миллиард теңге қарастыру шығыстарды қайта бөлу есебінен жүзеге асқандығын айта кету керек. Министр білім беру саласына үшжылдық бюджет жобасында 1 267 миллиард тең ге қарастырылғандығын, электрондық оқыту жүйесін енгізу бойынша шығыстардың 5 миллиард теңгеге қысқарғанын, есесіне депутаттар ұсынысымен жалпы білім беруге 19,7 миллиард теңге қосымша қаржы көзделгендігінен хабардар етті. Ал денсаулық сақтау саласы бойынша 2 035 миллиард теңге көзделсе, депутаттар жыл сайын денсаулық сақтау объектілерін салу жəне қайта жөндеуге 5 миллиард теңге бөлгізуге қол жеткізген. Осы орайда мəдениет жəне ақпарат саласына үш жылдық кезеңге арналған шығыстардың 191,5 миллиард теңгеге жеткендігін айта кеткен жөн. Е.Досаев денешынықтыру жəне спорт саласында үш жылдық кезеңдегі шығыстардың 133,4 миллиард теңгені құрайтындығын тілге тиек ете келіп, еліміздің 6 өңірінде 15 денешынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 3,3 миллиард теңге қарастырылғандығын жеткізді. Бұдан басқа үшжылдық бюджет жобасында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына 460 миллиард теңге, «Ақ бұлақ» бағдарламасына – 323,9 миллиард, «Өңірлерді дамыту», «2012-2020 жылдары моноқалаларды дамыту» жəне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларына – 253,7 миллиард, «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасына – 453,2 миллиард жəне көлік инфрақұрылымын дамытуға 994,4 миллиард теңге қарастырылып отыр. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің мəліметінше, жыл басынан бері еліміздің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қорда шоғырланған қаржы көлемі 5,5 пайызға өсіп, үстіміздегі жылдың қыркүйегіне қараған күні 90,8 миллиард АҚШ долларына жеткен. Ұлттық қор активінің шетелдік валютадағы көлемі 66,6 миллиард доллар екені де атап айтылды. Депутаттар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, өз ойларын да ортаға салды. Мəселен, мектептердің жайын сұраған Қуаныш Сұлтановқа берген жауабында Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев қазіргі таңда елімізде үш ауысымды жəне апатты мектептерді қоса есептегенде 500 жаңа мектеп салынуы қажеттігін атап көрсетті. Əсіресе, демографиялық өсімі басым Оңтүстік Қазақстан, Алматы жəне Қызылорда облыстарында мектеп жетіспеушілігі қатты сезілуде екен. Олай болса, жаңа оқу орындары да осы өңірлерде салынатын болады. Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бюджет жобасының Елбасы жүктеген барлық тап сырмаларды орындауға мүм кіндік беретінін ерекше атады. Спикер сөз орайы келген де мемлекеттік бюджет мем лекеттік саясаттың тұтастай көрінісі екенін, сондықтан да, екі ай бойы Мəжіліс Үкіметпен бірлесе үш жылдық бюджетті мұқият қарап шыққандығын алға тартты. «Ашығын айту керек, кей жағдайда бюджеттік тапсырыстар шала жасалып қана қоймай, толығымен бюджеттік заңнамаға қайшы келіп тұрды. Сондықтан да, ондайға депутаттар қағидатты түрде қарсылық білдірді. Мұны Үкімет те түсінеді деп ойлаймын. Келешекте Үкімет бюджет жобасын Парламентке əкелгенде осыны ескерулері керек. Сонда ғана біз Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиянақты орындай аламыз», деді палата Төрағасы. Осылайша, талқыдан өткен бюджеттік заң жобалары толықтай депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, Сенатқа жол тартты. Кейбір салаларда қаржы аздап қысқарғанымен, бюджеттің əлеуметтік сипатынан арыла қоймағандығы анық.


 Замана зиялылар зердесінде Қазақтың өмірлігі де, мəңгілігі де – елдігі. Біз осы туралы ой өлшемі биік, жан дүниесі сара, кісілік пен кішілікті, аға мен ініні, шəкірт пен ұстазды тең ұстаған зиялы қазақпен пікірлессек деп жүретін едік. Сондай тағылымды таратып айтатын, оқырманға, əсіресе, жастарға ой салатын, сөз қадірін түсінетін азаматпен сəті түсіп дидарластық. Ол – ең бастысы, адамдықтың, адалдықтың, туралықтың туын көтеріп жүрген Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер Рақымжан Елешев еді. – Қазақ жұртына Қадыр деген атпен танылып, қадірлі болып өткен Қадыр Мырза Əлі «Адам өз өмірін еңбектеуден бастап, еңбектенумен аяқтайды» деген еді. Менің де өмірім осы сөйлем ішіне сыйып кетеді, – деп əңгіме тиегін ағытқан Рақымжан Елешұлы. – Мен текті ұлттың, қазақ деген жұрттың ұрпағымын. Атам қазақтан қалған тағылымды сөз аз ба?

бар көрінеді. Көзімнің көретінін, миымның істейтінін, денсаулығымның мықты екенін айтып шыр-пыр болдым. Тыңдар пенде табылмады. Əрі жүгіріп, бері жүгіріп түк шықпаған соң құжатымды алып, елге қайтайын деп вокзалға бет түзедім. Күн ұясына батып бара жатқан кез еді. Көшенің сол жағындағы ғимаратқа көзім түсіп кетті. Бұл қай мекеме екен деп, қадала қарасам

тақырыбы «Кочевой образ жизни казахов ХVІІ-ХVІІІ веках» деп аталатын. Соны бір емес, үш рет қорғауына тура келді. Бір жолы мені арнайы шақырды. «Менің қалай қорғайтынымды көр, күні ертең өзің де сондай сыннан өтесің», деді. Қорғау академияның үлкен залында өтті. Бес сағатқа созылды. Əлі есімде, бір ғалым ағамыз қыңырайып тұрып «А, что мы кочевой образ жизни казахов будем пропагандировать для будущего поколения? Какая в нем необходимость? В чем диссертальность этой работы?» деді. Серағаң мінезді еді. «Прежде чем открывать новый занавес, надо изучить что за занавесом находится. А казахи прошли такой тернистый путь и минуя целую эпоху стали наравне с другими нациями. Разве это не пример?» деді. Осы жолы ол кісіні тағы құлатты. Осыны еске түсіргенде заман өзгермей тұрмайтынын, қоғам алмасатынын, уақыт

Ўлттыќ їлгі

Оны баєалаєан ќазаќ азбайды да тозбайды, жаћандану заманында жойылудан аман ќалады – Сонда ұлт ұлыларынан қалған: «Құл тумадым, ұл тудым, түн тумадым, күн тудым», деген аталы қағидаға сүйеніп, қазаққа қызмет ету керек дейсіз ғой? – Ойымның үстінен түстің. Өзің айтқандай, шындығында, кім өзін құл санайды? Əрқайсымыз бір-бір əлембіз. Басымыздан сөз асырмауға бейім жүреміз. Дегенмен, оның бəрі ұлт дегенде ысырылып қалуы керек-ау. «Құл тумадым, ұл тудым», дейді бабалар. Бұл түндей түнермей, күндей күлімдеп ұл сыйлаған ой түбегіндегі əр қазақтың сөзі деп білем. Елбасы тəуелсіздік алғалы бері тіл туралы еттен өткізіп, сүйекке жеткізіп айтып келеді. Соны іліп əкетіп, орындауға келгенде басқа былай тұрсын, қазақтар неге енжармыз? Сыныққа сылтау іздеуге неге бейім тұрамыз? Биліктегілер тіпті шабан қимылдайды. Неге мемлекеттің иесі ретінде тілдің туын бір кісідей төбемізге көте ріп жүрмейміз? Тіл оңалсын десек, алдымен отбасын оңалту, ата-ананың намысын ояту керек. «Отанның иесі, тілдің тірегі сенсің, қазақ» дегенді санаға шегелеуіміз қажет. – Ұлттың ұлылығы, тілдің тағдыры туралы ой тербеп: «Өзгемен теңесу үшін бізге тегеурінді қасиет қажет», деген академик те сəби болып дүние есігін ашып, бала болып өсті емес пе? – Е, бауырым, қамшылай түсу ниетіңді ұқтым. Көктен екі аяғы салбырап түскен кім бар дейсің? Мен де бала болғанмын. Үлкендердің иманды бол, ибалы бол деген сөзін құлаққа құйғанмын. «Иманы бар адам ең əуелі парызын ойлайды, имансыз пенде өз пайдасын ғана ойлайды», деген Конфуций сөзіне ден қойдым. Кеңес заманында көп адамдар кедей отбасынан шықтық дейтін. Қазір керісінше, ататегін асырып көрсетіп, сол арқылы өзіне ұпай жинағысы келетіндер, биіктен қарауға бейім тұратындар бар. Рас, тегіңді біл, тегін шын білген тексіз, суаяқ болмайды. Салиқалы, салмақты, халықтың қадірлісі дəрежесінде жүреді. Тегін малданып, мардымсу –арлының ісі емес. Ондайлар табылып жатса, тектілерін құрметтеудің орнына, құлдыратады. «Мынау ма тегіне тартқаны», деп өзі əжуаға айналады. – Айбынды сөзіңіз аузыңызда, байдың баласы, кедейдің баласы деген секілді қазақтың бірлігіне сызат түсіретін жастардың бірін жасытып, бірін тасытатын бəлекет басқаны қойып, балабақша мен мектептен орын ала бастады... – Түсіндім. Оларды мен де байқап жүрмін. Бұл қазақты біріктірмейді, ірітпесе. Аз қазаққа байлықты салыстыру да, жерге қарай бөліну де қатер. Əсіресе, мұндай жат қылықпен бейкүнə жас ұрпақтың санасын уламауымыз керек. Байлықты, бай мен кедейді емес, тəуелсіздікті, осы тəуелсіздікке қалай жеттік дегенді жастардың ойына орнықтыру қажет. Уақыт солай болып тұр деу ағаттық. Мемлекетшілдікті, көпшіл болуды, ұлт дегенде ұйи кететіндей əдетті қайқайсымыз да естен шығармауымыз керек. – Сіз бір сөзіңізде: «Жақсылық сатылмайды, солай болатынын ағаларымнан көріп өстім», деп едіңіз. Нарық заманында ұлы жыраулар «сауып ішер сүті жоқ» деген, ақшаңыз сүт болып «шашылып», көп нəрсе сонымен өлшенетін болды. Осы кесел қалталыны алға оздырып, менмен дегендердің біразы соларға бағынып, басын иіп, қалтасы кем кейін шегініп, көзге күйік болған тұста бұл айтқаныңыз ерсілеу естілмей ме? – Ол адамына байланысты. Ақылы бар артыққа бармайды. Құлқын үшін күн кешкендерге əрине, дауа жоқ. Мен тұлдыр жетім едім. Шешем бір жарым жасымда өмірден озса, əкем соғыстан оралмай қалды. Мектепті «Алтын медальмен» бітірдім. «Сен бір отаншыл бала едің, Отанымыздың жүрегі Мəскеудегі Халықаралық қатынастар институты біздің ауданға бір орын беріп отыр екен. Өте жақсы институт. Оны бітірген соң, шетелде қызмет етесің, елші боласың. Біз сені соған ұйғардық», деді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Ғайсин аға. Бірақ «Алтын медаль» қолға кеш тиіп, Мəскеуге бара алмай қалдым. Алматыға жол тарттым. Тау-кен институтына, қазіргі Қ.Сəтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде оқымақ ниеттемін. Құжатымды институтқа өткіздім. «Алтын медаль» иесі ретінде емтихан тапсырмайсың, оқуға түстің», деді. Артынан əлі күнге өзгермеген №286 дəрігерлік анықтама бойынша көзімде ақау

5

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

«Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институты» деп жазып қойыпты. «Неге осында келмедім екен?» деген іштегі өкінішті сыртқа шығара алмай, қайта-қайта қарай бердім. Ғимарат алдында китель киген екі кісі əңгімелесіп тұр. Мен де сол екі адамнан көз алмаймын. Сəлден кейін шашы теңіз толқынындай толқып тұрған, сұңғақ бойлысы: «Əй, неғып жүрген баласың, сен?» деді. «Абитуриентпін, аға». «Қайдағы абитуриент? Қайда тапсырып едің?». «Тапсыра алмадым. Елге кетіп бара жатырмын». «Ə, құлап қалдың ба?». «Жоқ, аға. Құлаған жоқпын. Мен – медалиспін». «Медалиспін дейсің бе? Медалист сынақсыз қабылданбаушы ма еді?». «Мені де сынақсыз қабылдаған, бірақ...», деп күмілжідім. «Жөніңді айтшы, өзің қайдан келген баласың?». «Қаратөбеден». «Ə, Қаратөбеден? Ғарекеңнің, Құрманғалиевтің ауылынан ба?». «Иə, ағай». «Сенің мұнда кімің бар?». «Ешкімім де жоқ, аға». Көзіме жас іркіліп кетті. «Медалист деген қағазың қайда? Əкелші көрейін». Сандықшамды ашып, куəлікті ұсындым. «Сонда не дейді?». «Медициналық анықтамаң дұрыс емес», деді. Көзімді көріп тұрсыз ғой. Бəрін көреді, аға!». «Əй, оңбағандар-ай, ə? Обалыңа қалғанын қарашы! Біздің институтқа түскің келе ме? Енді мені кім қабылдайды, аға?». «Оқығың келе ме, соны айтшы?». «Келгенде қандай?». «Онда... – деп қасындағы кісіге жүзін бұрып, – сен ертең мына жігітпен жөндеп сөйлесші», деді. Келесі күні оқуға түстім. Осындай жақсылық жасаған адам Кеңес Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллин екенін естігенде, бар екен-ау, мейірімді жандар, деп толқыдым. Оқуға қабылдап тұрып Мəлік аға: «Ал, Рақымжан, студент болуыңмен құттықтаймын! Қалтаңда тиын-тебенің бар ма?» деді. «Бітіп қалып еді», деп жерге қарадым. «Алыстан келдің ғой, айналайын, абайлап жүр», деп отыз сом ақша ұстатты. Ол кездегі отыз сом деген керемет көп еді. «Аға, рахмет, аға рахмет», дей бергенім есте. «Тұлғалардан ешқашан өшпейтін із қалады, тыраштардан ештеңе өспейтін сыз қалады», деп батыр аға осылайша менің адаспай, адам болуыма жол ашты. Мен жер басып жүргенде оны ұмытуға тиісті емеспін. Үшінші курста Мəлік аға басқа жұмысқа ауысты да, орнына Серғали Толыбеков келді. Ардақты ұстазым ол азаматқа мені ерекше тапсырыпты. «Бұл бала екі туып, бір қалғаным емес, Серғали. Мен – Арқаданмын. Бұл – батыстан. Қазақпыз! Бітірген соң жақсы жұмысқа жібер, алып қалсаң да жөн болар еді», депті. Жақсының сөзін жақсы тастамайды екен. Серғали аға бір күні көріп қалып, өзіне шақырды. Шаңырақ көтергенімді естіген-ау, шамасы. «Қайда тұрып жатырсыңдар?» деді. Бір орыстың төрт керегесін жалдағанымды айттым. «Пəтерақысы біраз шығар, ə?» деді. «Бізбен бірге тұруға қалай қарайсыңдар?» дегенде, үндей алмадым. Ректормен бірге тұру ыңғайсыз шығар деген ой мазалады. «Қысылмаңдар, келіңдер», деді. Тұрғанай екеуміз төрт бөлмелі жер үйде екі жылдай бірге тұрдық. Əкелі-балалы, келінді-енелі күн кештік. Осы күні ойлаймын, бұл неткен ұлылық, қандай мейірімділік деп. Қазір ректор емес, ағайыныңның үйіне сыясың ба? Серғали ағаның жан дүниесі бай, ұлттың рухани құндылықтарын жетік білетін. Ғылымдағы ізденістері де соған негізделген болатын. Докторлық диссертациясының

өтетінін: «Өмірді тоқтатарлық шамаң бар ма? Бəрі өтеді ғасыр мен замандар да! Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға», деп тап басып айтқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев даралығына тəнті боламын. Кейін қорғап шықты. Ұлттық Ғылым академиясының корреспондентмүшесі болып сайланды. – Болымсыз ісін бұлдайтындар, бір ауыз сөзін құндайтындар кішкентай пенделер демексіз ғой? – Солай. Ол кездің адамдары бұл күнде аңызға айналып барады. Тоқта десе қарамайтын, ақша десе қалт тұра қалатындар осы асыл ағаларым туралы сөз қозғасам немқұрайды тыңдайды. Бұл жақсылық емес. Олардың бойындағы мейірімнің арғы жағында ұлтымыздың ұлылығы жатыр. Одан қол үзуі түптің түбінде мəңгүрттікке апарады. Жасыратын несі бар, бас-басымызға тұлға болып кеткенде кешегілерді шаңға көміп, шалқаямыз. Ғылым, əдебиет, өнер, тағы басқа салаларда айтулы азаматтар болған. Солардың кейбіреулері іздеушісі жоқтықтан аттары ұмытылып, еңбектері елеусіз қалып барады. Мен сол себептен де ағаларымды бірінші ауызға алып отырамын. Мынандай іс бітірдім, жаңалық аштым, жарылқадым дегеннен гөрі солардың рухын тірілту, еңбегін жаңғырту, үлгісін айту – басты парызым. Мен туралы кейінгілер айтар. Біз осындай асыл қасиеттерімізді жалғастыруымыз керек. Анау батырлар жырының, билер сөзінің ауыздан-ауызға жетіп, бүгін ұлтқа қызмет етуі жақсы жалғастықтың нəтижесінен. Абай ақын айтқандай, өзіміз бас-басымызға би болсақ, алды-артымыз ұмытылады, кейін өзіміз де жоқ боламыз. Иə, жақсының жанында, тектінің төңірегінде жүрсең, күбір-сыбырдан аулақ, турашыл болады екенсің. Бұрынғы КазПИді бітіріп, Ауыл шаруашылығы институтына жұмысқа бардым. Химия кафедрасының меңгерушісі Бопан Өмірханқызы деген апай екен. Шыққан тегі, өскен ортасы жақсы емес пе, алаламады. Туған ұлындай көрді. Апамыз атақты Ермековтер əулетінен еді. Ол кезде туған ағасы Мүсілім Ермеков зооветеринарлық институттың ректоры болатын. Сол кісілермен жанаса жүріп, қазағы үшін шыбын жанын шүберекке түйген ардақтылармен таныстым. Олар Ленинмен сөз жарыстырған аңыз адам Əлімхан Ермеков, көнекөз Хамит Чурин, Ілияс Омаров, Қанабек Байсейітов, кішіпейіл Сəбит Мұқанов. «Дегдар адам алыстан көрсең – тəкаппар, айбынды, жақыннан көрсең, ізетті, мейірбан» (Конфуций) Ғабит Мүсірепов... көп қой, көп. Алатау қандай биік болса олар да сондай биік еді. Əңгімелері де керемет еді. Өткен тарихты, елдің болашағын, ұрпақтың тəрбиесін айтатын. Бəрі бірауыз орыс сөзін қоспай, таза қазақша сөйлейтін. Əлімхан аға Ермеков келісті кісі еді. Қазақ қандай болу керек дегенде, қырандай түлеп, тұлпардай озып, ой тербейтін айбатты да айбарлы еді. Əр сөзі мірдің оғындай өткір еді. – Естелік кітабыңызда тағы бір аңыз ағаңыз Тайбеков туралы тебірене жазған екенсіз. Сол жайлы аз-кем айта кетсеңіз артық болмас еді. – Кісіліктің, кішіліктің үлгісі еді – Елубай Бəзімұлы. Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қазақ үкіметі төрағасы болған. Одан босаған соң Қазақ ауыл шаруашылығы институтына ректорлыққа келген. Мені қызметке қабылдап отырып: «Бізге қазақ керек. Химия кафедрасын Бопан Əмірханқызы басқарғанмен, қазақ жоқ. Ол кісінің қазақшасы нашар. Басқа ұлттар көп. Осыны ескеріп, биология кафедрасына барам деген өтінішіңді қабылдамай, химия кафедрасына жіберіп отырмын. Ылғи қазақ баласын оқытамыз. Неге қазақ тілді оқытушы кемшін? Өңкей тілі мүкістер. Жас екенсің, қазақылығың да аңғарылады. Осыны дұрыс жолға қоюымыз керек», деді де мұны проректор Қыпшақбаевқа да ескертті. Енді қарап отырсам, Мəскеудің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрғанда, бұл неткен батырлық, неткен батылдық деуге тура келеді. Кейбір азаматтар Одақ бізге билік бермеді деп жатады. Мынаған қарағанда олай емес сияқты. Ұлттық намыс, ұлттық қан, ұлт үшін шығар жан болса бəрін қапысыз атқарады екенсің. Сол жылы химия кафедрасына бірден үш адам алдық. Соның бірі кезінде министр болған, қазір шығыста ректорлық қызметте жүрген белгілі ғалым Ережеп Мəмбетқазиев еді.

– Сіз тілге жетіксіз. Арғы жырауларға, батырлар жырына, Абай ұлағатына, одан кейінгі арыстарымыздың сөзіне көп жүгінесіз. Соған қарағанда ауыл шаруашылығы ғылымымен қатар, рухани дүниені де көзден таса, көңілден тыс қалдырмайсыз-ау, сірə? – Мен хат танығаннан бері халық өмірін көрсеткен жыр-дастандарды, əдебиетті, өнер туындыларын оқумен келемін. Абай өлеңдері мен қара сөздеріне жетікпін. Көпке мəлім, бір шетелдік таяу жылдары ғалым болам деп Абайға «ауыз салғаны» бар еді. Сонда мен қарсы шықтым, «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», ұлы ақын ұлтына достықты айтқан. Ол қате болса, бас ақын аталар ма еді? Бəріміз Абай данышпан деп ардақтар ма едік? Абай мен қазақты бөлуге болмайды. Біріне бірін қарсы қою қате. Абай ондай жалған сөзге бағынбайтын алып. Бір замандары ниеті бұзықтар осылайша тиіскен. Бірақ жеңе алмаған, қолдары жетпеген. Мынау сұмдық іс. Абайдың орнын басар қайсың бар», деп сілкіндім. «Раха, əдебиетші болуыңыз керек екен», дегендерге мəселе əдебиетші болуда емес, мəселе Абайды қазаққа қарсы қоймауда. Оны түсінуге бəлендей дария ақылдың керегі жоқ шығар. Абай, қазақ дегенде мамандық емес, адамдық, пайдакүнемдік емес, елдік іс, ұлттық рух мойны озық тұрса болғаны», деп едім. Ақыры ол шетелдік ізін суытты. Абай өз тұғырында қасқайып қала берді. Біз бала кезімізде жата жастанып батырлар жырын оқыдық. Ол керемет тəрбие құралы еді. Солардай ел мен жерді қорғасақ деп талпындық. Отаншылдық сезімінің оянуы, тілді сыйлау, сөз жауһарларын түсіну бойымызға содан қонған. Қазақ батырлары жүзге бөлінбеген. Бір шетіне жау тисе, екінші шеті көмекке келген. Оны қазақ даласында болған шапқыншылықтардан көруге болады. Қазақтың билері шешпеген дау, батырлары жеңбеген жау бар ма еді? Қазір ардақтылар тойын кіндік қаны тамған өңірде ғана атап өтетінді шығарды. Бұл қате тұжырым, ойланатын іс. Қазаққа дəл осы күні – жаманын жасырып, жақсысын асыратын кез. Күбір, сыбыр, анау мықты, мынау əлсіз деген жараспайды. Ондай жат қылық жастарды бүлдіреді. Жас ұрпақтың санасын улайды. Біздің жақ мықты екен, аналар нашар екен дегізеді. Ұлы ортақ, жақсы ортақ. Оны əркім өзіне тартуға қақысы жоқ. – Бүкіл өміріңізді білім ісіне, ғылым əлеміне арнаған адамсыз. Бұл сала туралы да айтарыңыз аз емес шығар? – Баршылық. Біз ұлттық университеттен бастап шағын жеке оқу орнына дейін Болон үрдісі бойынша оқытамыз деп жатырмыз. Жаңалық жақсы. Бірақ соған əзірміз бе? Осы сұрақ қатты ойландырады. Мен Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничиймен ой бөліскенім бар еді. «Сіздер де Болон жүйесіне өттіңіздер. Оның талабын түгел орындап жатырсыздар ма?» дегенімде: «Бəрін орындау міндетті емес, керегін аламыз, керексізі қалады. Бізге ешкім 100 пайыз орында деп айта алмайды. Өйткені, өз алдымызға бағыт-бағдарымызды белгілеген ел емеспіз бе? Экономикалық индустрия, студенттер алмасу, ғылыми ізденістердегі тиімді жолдарды қолданысқа енгізу секілді қажеттерді аламыз», деді. Ал біз болсақ, талап осылай деп қабылдап жатырмыз. Содан білім жақсарды ма? Қайдам? Барды бағалай алмай, жүйесіздікке ұрынып қалған жоқпыз ба? Студенттердің білімге мəн бере бермеуінен түңілемін. Кітаптың бетін ашпайды. Интернеттен көшіріп əкеледі, не болмаса біз жазған кітаптардан қиып-қиып алып, алдыңа тартады. Бұл қалай деп күйінеміз. Амал жоқ, көтерем үш қоюға мəжбүрміз. Күйіп кеткенде: «Қарғам-ау, білім маған емес, саған керек қой», дейсің. Бүкпесіз айтайын, сауатсыздық жайлап барады. Аты-жөндерін дұрыс жаза алмайтындар төбе көрсете бастады. Интернет, ұялы телефон керек шығар. Бірақ оның адамды, əсіресе, жастарды ізденуден, ойланудан, талпынудан аулақтатып бара жатқанын неге ескермейміз? Ойсыздар көп. Бірдеңе сұрасаң: «Интернетте солай», деп қасқайып тұрады. Бакалавриат, магистратура дегеніңіздің өзі бір түрлі болып барады. Магистр дəрежесі бұрын бакалаврды бітірген маманның жоғары білім алу сатысы деп есептелетін. Қазіргі кезде магистратура жоғары білімнің жал ғасы емес, бұрынғы аспирантура секілді доктор Ph бірінші баспалдағы болып кетті. Оған түсетіндер саны көп емес. Сонда университет бітіргендер жоғары білім алмауы керек пе? Себебі, бакалавр дегеніңіз толық аяқталмаған жоғары білім болып қалды. Біз жаңалықтарды еш есепсіз енгізу құмарлығынан жоғары білімді маман деген дəрежеден айырылып қалып отырмыз. Ғылым да төмендеп барады. Грант бөлеміз дейді. Ол 2-3 млн. теңге көлемінде. Іргелі ғылымдарға мұндай іс жараспайды. Мен кезінде шетелден мал сатып алу дегенге қарсы шықтым. Артық шығын дедім. Оны «Егемен Қазақстан» газеті де қолдады. «Қате қадам» деген Қарақов есімді қарт зоотехниктің мақаласын басты. Себебі, əкелген малдың жерсінуі қиын болады, өзіміздегі барды бағалайық, соны жетілдірейік, деп дəлел-дəйегімді алға тарттым. Тыңдар құлақ табылмады. Ақыры мемлекет қазынасын шашып, ұшақпен əспеттеп əкелген сиырлар қырылды. Оны бірінен бірі көріп, ақыр аяғы құрдымға кетірді. Ең өкініштісі, мемлекеттің қазынасы желге ұшты. Қазақ мал бағудан алдына жан салған ба? Қойды да, сиырды да, жылқыны да өсірген. Бірақ «жаңалықтың жаршылары»: «Шетелден жеткізген сиырды біздің адамдар баға алмайды, оқытамыз» деп əлекке түсті. Оқытты да. Бірақ олар бағатын мал таппай қалды. Осы секілді кейбір берекесіз ісімізден шикілік аз шығып жатқан жоқ. Əңгімелескен Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

Дін саласындаєы мемлекеттік саясат Оны ќўќыќтыќ ќамтамасыз етудіѕ жолдары ќандай?

Парламент Сенатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы – дін жөніндегі тапсырмаларды орындау аясындағы мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру мəселелері бойынша кездесу болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми, діни жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесуді аша келіп, Парламент Сенаты Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов ұлтаралық жəне конфессияаралық толеранттылық, өзара түсіністік жəне келісім Қазақ стан мемлекеттігін нығайту мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті. «Діни қатынастарды одан əрі мемлекеттік реттеудегі тəжірибесін құқықтық тұрғыда бекіту үшін 2011 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданған болатын», деді А.Бижанов. Заң ережелері адам құқықтарын қорғау шараларын күшейту арқылы бүлдіргіш жəне бейəлеуметтік сипаттағы діни қызметке тосқауыл қою, діни бір лестіктер қызметін тəртіпке келтіру жəне оны азаматтық заңнамаға сəйкестендіру, діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы заңнама ережелерін бұзғаны үшін əкімшілік жауаптылыққа қатысты еліміздің құқықтық кеңістігіндегі олқылықтарды толықтыруды қарастырады. Сенатор сондай-ақ «Қазақстан - 2050» Стратегиясында қоғамдық жəне діни мүдделердің орнықты тепе-теңдігіне қол жеткізуге бағытталған бірқатар міндеттер алға қойылғанын атап өтті. Ол міндеттердің ішінде Қазақстан заңнамасын жетілдіру, елдегі əлеуметтік, этностық жəне діни шиеленістерді ескертудің жаңа сенімді тетіктерін қалыптастыру, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің беретін артықшылықтарын пайдалану бар. Кездесуге қатысушылар алдында Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы М.Əзілханов сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде діни

қатынастар саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің, оның ішінде дінтану сараптамасын жүргізудің, діни мазмұндағы əдебиеттер мен басқа да материалдардың, діни мақсаттағы бұйымдардың таралуын іске асыру мəселелерінің маңызды екенін атап өтті. М.Əзілханов халықтың түрлі топтары арасында дəстүрлі емес жəне жалған діни ағымдардың бүлдіргіш əсерінен халықты қорғау мақсатында жергілікті əкімдіктермен бірлесе отырып діни экстремизм мен терроршылдықтың таралуын ескерту, оның ішінде діни сипаттағы интернет ресурстарын пайдалану арқылы Дін істері агенттігінде жүргізіліп келе жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы қатысушыларды хабардар етті. Баяндамашының айтуынша, агенттік қайта тіркелмеген діни бірлестіктерді сот арқылы жою шараларын да қолға алды. Қаралған мəселелер бойынша талқылауға Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Кененбаев, Бас прокуратураның өкілі Қ.Сейітғапбаров, «Нұр Астана» қалалық орталық мешітінің бас имамы Н.Өтпенов, Успен шіркеуінің бас діндары архимандрит Сергий, Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарының жетекшісі Ю.Денисенко, Қазақстан Республикасындағы Евангелия-лютеран шіркеулерінің бастығы, епископ Ю.Новгородов, діни мəселелер жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығы директорының орынбасары А.Козырев қатысты. Талқыланып отырған тақырып бойынша Парламент депутаттары жəне дөңгелек үстелге басқа да қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Кездесу бары сында дін жəне оның құқық қолдану тəжірибесі саласындағы заңна маны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

Линей ханым ќазаќ тілін їйренбек

АҚШ-тың Канзас университетінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Линей Хосек Семейдегі Шəкəрім атындағы университеттің студенттерімен кездесті. Жиынды ашқан университеттің халықаралық қатынастар жəне тəрбие ісі жөніндегі проректоры Бақыт Атантаева студенттерге «Линей ханым қазақ тілін үйренгісі келеді, ал сендерге ағылшын тілін үйретпек. Өзара əріптестік қарым-қатынаста боласыздар деп сенемін», – деді. Линей Хосек ханым «Фулбрайт» бағдарламасы бойынша жыл бойы студенттерге ағылшын тілінен

сабақ бермек. Өзінің айтуынша, бұл – ағылшын тілін жетік меңгергісі келетін жастар үшін зор мүмкіндік. Қызы Эбимен бірге мұхиттың арғы жағынан келген мейманға студенттер мен оқытушылар ерекше қонақжайлылық танытты. Сұрақтар да көп болды. Əңгімелесу барысында ұстаз өзі қызмет ететін оқу орны, ондағы оқу жүйесі, жалпы Америка халқы, салт-дəстүрі, тарихы жайлы жасалған қызықты слайдты көпшілік назарына ұсынды. Раушан НҰҒЫМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

 Басты байлық

«Дəрігер» ќосымшасы таныстырылды Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Кеше Астанада еліміз дəрігерлері мен емделушілеріне «Dariger» атты алғашқы тегін мобильді қосымшаның таныстырылымы өтті. Аталған игі бастамаға Beeline компаниясы қолдау білдіріпті. «Dariger» қосымшасының арқа сында дəрігерлер міндетті ақпаратқа тегін кіреді, ал, емдеу мекемелерінің əкімшілігі диагноз қою мен емдеудің нормативтік құжаттарға сəйкестігін бақылай алады. Сондай-ақ, мобильді қосымша емделушілердің медициналық қызметтерден əрдайым хабардар

болуына жол ашып отыр. Мұндай жобалардың аумағы үлкен, халқы əртүрлі тығыздықта орналасқан, шалғай жатқан елді мекендері көп еліміз үшін маңызы зор, дейді Денсаулық сақтау министрлігі Электронды денсаулық сақтау жолдарын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаев. «MedElement» компаниясының бас директоры Виталий Ермоленко бұл қосымшаның дəрігерлерге ғана емес болашақ мамандық иелері – студенттерге де пайдалы екенін айтады. Оның пайымдауынша, Beeline арқылы кез келген адам маңызды да қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады.


6

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

 Көкейкесті

Ўсыныс. Сўраныс. Мїмкіндік Ќўрылыс ґндірісі ќайткенде ґрге басады?

Мемлекеттік бағдарламаларды қаржы институттарының еш кедергісіз қаржыландыруының маңыздылығын жергілікті кəсіпкерлер де сезініп, кірпіш зауыттарының салынуына айрықша құлшыныс танытып отыр. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Тоқтар НҰРАХМЕТҰЛЫ, журналист.

Ќызылжардыѕ ќызыл кірпіші

немесе оны өзінің бұрынғы атақдаңқына қайта оралтудың ішкі-сыртқы мүмкіндіктері Кезінде облыс құрылыс материалдарының нешеме түрлерін шығарып, елімізбен қатар Ресейдің көршілес облыстарына да жеткізетін. Олардың ішінде беріктігімен, сапалылығымен ерекшеленетін «Қызылжардың қызыл кірпіші» деген атқа ие өтімді өнімге сұраныс жоғары болатын. Өкініштісі сол, осы салаға маманданған Петропавл, Затон, Қызылту силикат зауыттарының жиі ауысқан иелері жаңа жағдайға бейімделудің орнына банкроттыққа ұшыратты. 2000 жылдардың басында «Жансая» ЖШС өз жұмысын тəп-тəуір бастап, жы лына 20-30 миллион дана кірпіш шығаруға міндеттенгенімен, көрші елден əкеп, орнатқан ескі құрал-жабдықтар мен қондырғылар сыр беріп, ақыры істен шықты. Арзанның жілігі татымас деген осы. Бүгінде өңірде Мичурин кірпіш зауыты ғана жұмыс істеп тұр. Аты дардай болғанымен, 10-12 адам ғана еңбекке тартылған. Техникалық базасы шағын, əлеуеті шектеулі. Өндіріс қуатын жаңғыртуға қаражат тапшы. Несие алайын десе, банктердің талабы күшті. Жергілікті шикізат материалдарын пайдаланатын серіктестіктің арзан өніміне қызығушылар қатары артқанымен, «жалғыз шапқан аттың жүйріктігі білінбейді» демекші, сұранысты қанағаттандыра алмасы бесенеден белгілі. Сол себепті құрылыс материалдарынан тапшылық көріп отырған құрылыс ұйымдарының сырттан сатып алуларына тура келеді. Ал, тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандар тұрғызу жəне қалпына келтіру қарқыны жыл өткен сайын артып келеді. Облыстық құрылыс басқармасының мəліметтеріне сүйенсек, биыл бұл салаға 11 миллиард теңге бөлініп, жыл аяғына дейін 110 мың шаршы метр баспананы пайдалануға беру көзделген. Алайда, істе кідірістер мен қолбайлаушылықтар жоқ емес. Мəселен, жаңадан бой көтерген «Береке» шағын ауданында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерді көкшетаулық «ENKI» компаниясы кірпішпен уақытылы қамтамасыз ете алмай отыр. Сол себепті қымбат болса да Омбы мен Челябінің өнімдеріне «құда түсушілер» қатары көбеймесе, азаятын түрі байқалмайды. Осылайша, қазақстандық нарық аймағында ресейлік кəсіпкерлердің аты озып тұр. Тұрғын үйлер мен ғимараттардың өзіндік құнының аспандап кетуінің бір ұшығы жергілікті құрылыс материалдарының жетімсіздігінде, амалсыздан шеттен əкелінетінінде

жатса керек. Осы күні облыс орталығы аумағында үй салу үшін жер алу кезегінде тұрғандардың саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың қажеттіліктерін өтеу мақсатымен 2020 жылға дейін «Солнечный», «Жас өркен», «Кирпичный», «Шығыс», «Южный», аудандарына басымдық беріліп, көп қабатты тұрғын үйлер салынатын болып шешілді. Ал, жағдай жоғарыдай жалғаса берсе, қолжетімді баспана көзден бұлбұл ұшқалы тұр демеске лажымыз жоқ. Оның үстіне 2011-2020 жылдарды қамтитын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы ел тұрғындарының тұрмыс сапасын жəне жайлы тұрғын үй деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл міндеттерді шешу барысында пəтерлерде тұру жағдайын жақсарту, көп пəтерлі тұрғын үйлердің пайдалану сапасын талаптарға сəйкестендіру, кондоминимум нысандарының ортақ мүліктеріне күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстары қарастырылған. Республика бойынша тұрғын үй қорының 50,1 миллион шаршы метрі немесе 32 пайызы шұғыл күрделі жөндеуді қажет ететінін ескерсек, жергілікті құрылыс өнеркəсібін өркендетудің, кешенді құрылыс комбинаттарын салудың маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Ел ауқымында атқарылып жатқан осынау шаралы істе Солтүстік Қазақстан облысының да алар үлесі зор.

Тўтынушы тілегін реттеудіѕ жолы

бар ма деген сұрақ төңірегінде ой қозғасақ, тығырықтан шығу амалдарын іздестірген кəсіпкер кірпіш зауытын салуға кірісіп кетті Облыстық əкімдікте аймақ басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен тұрғын үй жəне əлеуметтік нысандар құрылысына арналған келелі кеңес өтіп, қатысқанымыз бар. Сонда бір аңғарғанымыз, құрылыс компаниялары басшылары тарапынан өңірден жеңілдікпен шикізат материалдарын ала тұра, кірпіш өнімдерін жеткізіп беруге уəде еткен компаниялардың құлықсыз əрекеттеріне реніштер айтылмай қалған жоқ. «Кісідегінің кілті аспанда» деген бекер сөз емес. Олардың басым көпшілігі облыстан сырт жерлерде орналасқандықтан, өз міндеттемелеріне жүрдімбардым қарап келгені қатаң сын тезіне алынып, олқылықты түзету талап етілді. Тұйықтан шығудың бір жолын «Алаугаз СК»» ЖШС-нің директоры Александр Фильдман ұсынды. Ол кірпіш зауытын салу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша төмен пайызбен несие алмаққа қанша ұмтылса да, банк тарапынан түрлі кедергілерге кездескенін, əкімнен осы мəселеде ықпал жасауын өтінді. Демеуқаржы берсе жетіп жатыр, басқа ешқандай жеңілдік сұрамаймыз, уақтылы қайтаруға қауқарлымыз. Өнімнің нарықта үлкен сұранысқа ие боларына кепілдік береміз, деді кəсіпкер. Қарап отырсақ, облыста құрылысқа аса

қажетті материалдар шығарумен шұғылданатын ұйымдар жетіп артылады. Бірақ көпшілігі материалдық-техникалық базаның əлсіздігінен үлкен тəуекелге бара бермейді. Қолдағыны місе тұтып, өз қазанында қайнағанды құп көреді. Араларында «Единство-Бірлік» сияқты оза шауып, қара үзгендері некен-саяқ. Бұл кəсіпорын осыдан 15 жыл бұрын құрылып, бəсекеге қабілетті өнімдер өндіру технологиясын жан-жақты меңгеріп алған. Түрлі қалыптарда құйылатын темір-бетон бұйымдарына жергілікті материалдар қолданылатындықтан, өзіндік құны төмен. Қазір мұнда қуыс темір-бетон төбе жапқыш плиталар, төрт қырлы қадалар, бітеу қабырғаларды қосатын темір-бетон қаламалар, кəріздік су құбырлары шығарылады. Механикалық цехы, зертханасы бар жаңа ғимаратқа қоныс аударып, бетон езіндісін миксерлерге берудің екінші кезеңі қосылғалы күрделі құрылыс тапсырмаларын орындайтын дəрежеге жетті. – Осы уақыт аралығында өндіріс көлемі 1 миллион теңгеден жарты миллиард теңгеге дейін ұлғайды. Біздің ұжымда еңбек адамына жанжақты қамқорлық көрсетіледі. Мəселен, 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін пайызсыз несие беру дəстүрі бар. Зейнетке шыққан кезде 5 айлық жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындаймыз. Тұрғын үй, саяжай салатындарға өнімдерімізді қолжетімді бағамен босатамыз,–дейді кəсіпорын директоры Марат Мергенов. Демек, осы мысал арқылы-ақ жағдай жасаса, тау қопарып тастауға тас-түйін орта жəне шағын бизнес өкілдерін неге қолдамасқа деген қорытынды жасауға болады. «Алаугаз СК» серіктестігі осы санат қатарында. Оның атауына қарап кімнің болса да оны бірден газ тасымалымен жəне өткізумен байланыстырары анық. Шындығында 2002 жылы құрылған кəсіпорын Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарында газбен жабдықтау желілерінің техникалық металл құрылымдық құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Оған айрықша көңіл аударуымыздың себебі, компания басшысының өздерінде салынып жатқан кірпіш зауыты үшін алған несиенің пайыздық мөлшерін демеуқаржыландыру туралы өтінішінің мақұлдануы еді. Өйткені, сырт көзге өндірісі газға байланысты кəсіпорынның кірпіш зауыты құрылысымен айналысуы таңданарлықтай жай екені сөзсіз. Сондықтан істің мəн-жайына қанығу үшін серіктестік директоры Александр Фильдманға жолыққан едік. – Негізінен техникалық металл құрылымдық құрылыс жұмыстарымен айналыссақ та, кірпіш материалы ауадай қажет екенін сезіндік. Облысымызда құрылыс кірпішін шығаратын зауыт жоқтың қасы, оны қымбат бағамен сырттан тасымалдауға мəжбүрміз. “Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша Вагулино ауылында бір пəтерлі үш тұрғын үй жəне 320 басқа арналған мал шаруашылығы кешенін салып жатырмыз. Мал шаруашылығы кешенінде негізгі қора құрылысы аяқталды, қазір сауын бөлімшесінің құрылысын жүргізудеміз. Сонымен бірге, қосалқы мердігерлікпен қаладағы бірнеше тұрғын үй құрылысына қатысудамыз. Осы тұрғын үйлер түгел дей дерлік кірпіштен қаланады. Оның мұқтаждығын қатты сезініп, өңірде кірпіш шығару ісін жаңғыртуды қолға алып отырғанымыз сондықтан. Алыстан арба ла ғанша жақыннан дорбалағанымыз əлдеқайда тиімді болмақ, – деді Александр Юрьевич. Жұдырықтай жұмылып жұмыс істейтін ұжым өткен жылы 247 миллион теңгенің жұмысын атқарыпты. Жекелеген санаттар бойынша, атап айтқанда, білікті токарь, дəнекерлеуші жəне слесарьлардың айлық табысы 120-130 мың теңгені құрайды. – Керамикалық кірпіш зауытын өз күшімізбен тұрғызудамыз. Ол үшін кəсіпорынның іргесінен 1,5 гектар жер алып, зауыт құрылысына осы жылғы сəуір айында кірістік. Оның басты кірпіш формалаушы нығарлағыш қондырғысын 120 мың долларға Қытайдан сатып əкелдік. Соған “ВТБ” банктен 25 миллион теңге несие алдық. Банктің пайыздық мөлшері 14 пайызды құрайды. Облыстық əкімдікте мен сөз еткен мəселе – осы пайыздық мөлшерге мемлекеттік демеуқаржы алу жайы. Бұл мəселемен айналысатын арнайы комиссия бірден қолдау таныта қоймағандықтан, оған үлкен жиында назар аударуыма тура келді. Нəтижесінде өңір басшысы Самат Ескендіровтің тікелей ықпал етуімен демеуқаржыға қолымыз

жетті. Сөйтіп, банктің пайыздық мөлшерін жартылай өзіміз, жартылай мемлекет көтеретін болды. Инвестициялық бағдарлама бойынша көрсетілетін бұл да бір мемлекеттік қолдау түрі. Одан басқа бірінші жылдың несиемен есеп айырысуын келесі жылға қалдыру жеңілдігі тағы бар. Облыс əкімінің іске көмегі тиді, оған өте ризамыз, – деді серіктестік басшысы. Кəсіпорын директоры “арық айтып, семіз шыққанды” қалайтын сияқты. Əйтпесе, серіктестіктің бұл жобасы өте ауқымды, 25 миллион теңге несиемен біте қоятын шаруа емес. Бұл басты станокқа бірден қолма-қол қажет болған қаражат қана, ал жобаның толық құны 800 мың АҚШ долларына тең. Яғни, басқа негізгі жұмсалымдарды кəсіпорын өзінің өндірістік айналымдары мен қаржылық қорлары есебінен көтеруді ұйғарып отыр. Қалай дегенде де, кірпіш зауытын жедел іске қосу қажет болып тұр. Ана бір жылдардағы дабырасы күшті болған кірпіш кəсіпорындары жабылып, қирап қалды. Сырттан тасымалданатын кірпіш өте қымбат, ең жақын жердегі Рудныйда шығарылатын кірпіштің бір данасы 60 теңге тұрады. Ал, оның жоспарлы бағасы 45-ақ теңге, сонда əр кірпіштен ғана 15 теңгеден артық ақша жұмсалады. Зауыттың жылдық қуаты 4 миллион дана кірпішке есептелінген болса, жылына ол баға айырмашылығынан ғана 60 миллион теңгедей тиімділік берер еді. Яғни, зауыт өзінөзі 2-3 жылдан қалдырмай толық ақтап шығары сөзсіз.Қазір зауыттың іргетасы қаланып, тірек темір конструкциялары қойылып, енді қабырға жақтаулары толтырылып, алдағы айларда шатыры жабылады жəне едені бетондалады. Сосын қондырғылары мен құрал-жабдықтары орнатыла бастайды. Содан кейін оларды біртіндеп іске қосу, реттеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, жыл соңына дейін зауыттың негізгі корпусы пайдаланылуға берілетін болады. Кəсіпорынның өндірістік басшысы Анатолий Слепцов жетекшілік ететін осы басты буында негізгі металл өңдеу цехы жұмыс істейді. Онда 4 токарьлық, 2 фрезерлік жəне бір бұрғылау станоктары бар. Дəнекерлеушілер звеносы мен слесарьлық бөлім де осы цехтың құрамында. Онда барлығы 17 адам еңбек етеді, олардың тең жартысы – жастар. Сондағы жас механик Александр Боцвин екі жылдың ішінде кірпіш зауытына қойылатын ленталы транспортерді жалғыз өзі құрастырып шыққан. Негізгі металл құрылымдық жұмыстар осы цехта атқарылады. Кəсіпорын биыл өзінің оттегі цехын жасап алды. Енді құрылыс жұмыстарын оттегімен жабдықтауда ешқандай қиындық болмайды. Негізгі жұмыс түрі газ желілерімен жабдықтау болғандықтан, басым бағыт саналатыны сөзсіз. Бүгіндері серіктестіктің мамандары Ақмола облысының Степняк қаласында газбен жылыту желілерін жүргізуді аяқтап қалды. Кəсіпорын жұмысшыларының тағы бір тобы Петропавлдағы элеваторда 120 тонна астыққа арналған газ-кептіргіш орнатуда. Сондай-ақ, жекелеген тұрғындардың тапсырмасы бойынша газбен жылыту қондырғыларын орнату қызметтерін көрсетуде. Механикалық цехтың басты жұмыстарының бəрі кірпіш зауытына қажетті құрал-жабдықтарды жасауға бағытталған. Қазір онда кірпіш тасымалына керек шағын вагонеткалар мен транспортерлер бөлшектері, зауыттың темір қақпақтары дайындалу үстінде. Ал, кірпіш өндірісіне қажетті құм тасымалдау техникаларын Қытайдан алмақшы. – Аспанасты еліндегілермен хабарласып, қажетті техникаларға алдын-ала таңдау жасап қойдық. Бір балшық тиегіш кран-манипулятор жəне өзі қотаратын екі автомашина алмақшы ойымыз бар. Олардың шағын 8 тонналық жүк көліктері біздегі қойылатын жол талаптарына сəйкес келеді. Кірпіш соғатын балшық жөнінде қам жемейміз, ескі əуежай жақтағы құмы мен балшығы жоғары техникалық сараптамадан өткен “Южный” карьерінің қоры 30 миллион тоннадан асады. Ол кемінде 40-50 жылға жетеді деген сөз. Оған қосатын таза көмір күлін №2 ЖЭО-дан алатын боламыз. Бір сөзбен айтқанда, жаңа жылдан бастап, жаңа керамикалық кірпіш шығаруды көздеп отырмыз, – дейді директор. Құрылысқа қат болып отырған кірпіш өндірісін жолға қойып, өңір экономикасын, соның ішінде құрылысты дамытуға құлшыныс танытып отырған кəсіпорынның игі қадамы өзгелерге үлгі боларлық озық жоба екені айқын аңғарылады. Солтүстік Қазақстан облысы.

● Өнер

Байќадамов байќауы

еліміздегі ең үздік хор ұжымын анықтады Мəдениет жəне ақпарат министрлігі жыл сайын түрлі фестивальдер мен байқаулар ұйымдастырады. Сахналарда салтанат құрып жататын сан алуан өнер жанрларын қамтитын осындай байқаулардың бірегейі – Бақытжан Байқадамов атындағы республикалық конкурсы мəреге жетті. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы қаласында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен екі күндік байқауда республикамыздың əр шалғайынан іріктелген кəсіби хор ұжымдары мен оқу орындарының хор ұжымдары шеберліктерін сарапқа салды. Бір жағы елдегі хор өнерінің орын даушылық деңгейін шыңдай отырып, көрнекті қазақ композиторы, Қазақ стандағы кəсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Б.Байқадамовтың шығармашылығын кеңінен насихаттайтын байқаудың

биылғы бас ты жүлдесіне Оңтүстік Қазақстан облыстық опера жəне балет театры лайық деп табылды. Бірінші орын үшін сегіз кəсіби ұжым бəсекеге түсті. Қатысушылар хорға өңделген қазақтың халық əндерін, шетел композиторларының хорға арналған шығармалары мен Б.Байқадамовтың хорға арналған шығармаларын «а капелло» түрінде орындады. Сол сияқты, екінші орыннан табыл ған Иса Байзақов атын дағы Павлодар облыстық филар мония сының камералық хоры да тыңдармандардың ықыласына бөленді. «Оқу орындарының хор ұжым дары» категориясы бойынша бірінші орын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

консерваториясының аралас хоры жəне П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Алатау» жастар хорына берілді. Орта білім беретін оқу орындарының ішінен Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының «Еркем-ай» хор ұжымы топ жарды. Базарғали Жаманбаев төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Б.Байқадамовтың қызы Балдырған Байқадамова да болды. Салтанатты марапаттау сəті кезінде өнер саңлағының үш бірдей қызы – Алуа, Айгүл жəне Балдырған Байқадамовалар сахнаға шығып, байқауды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға шынайы алғыстарын білдірді. – Хор ұжымдарының байқауын өткізу оңай емес. Мұндай өнер ұжымдарында 20-дан бастап 80 əншіге дейін болады. Ал соңғы жылдары Мəдениет жəне ақпарат министрлігі кəсіби деңгейі жоғары, ұйымдастырылуы күрделі шараларға

мұрындық болып, ұрпағымызды эстетикалық жəне патриоттық рухта тəрбиелеуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазақ өнерінің өрлеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген əкеміздің атын өшірмеген Байқадамов байқауы өз үздіктерін əрі қарай да анықтап, хор

жанрының даңқын асыра берсін, – деді композитордың ұрпақтары. АЛМАТЫ. ––––––––––––

Суретте: Балдырған, Айгүл, Алуа Байқадамовалар.

 Жемқорлық – індет, жою – міндет Ел Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде: «Біз адал жұмыс істейміз жəне халыққа барлық кемшіліктер туралы ашық айтамыз. Адамдар жергілікті жерде жемқорларды түстеп таниды, ал бұл оларды қатардағы «нұротандықтар» да біледі деген сөз. Олар бірінші болып дабыл қағып, жемқорларды əшкерелеуі керек», деген еді. Ендеше, шенеуніктер арасындағы нағыз жемқорларды, яғни сыбайлас жемқорлыққа жан бітіретін адамдарды шенеуніктердің өздері де жақсы біледі. Бірақ «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, олардың бəрі қазынаның қаржысына ілінген бір жіптің бойына байланғандар. Дегенмен, Елбасы тапсырмасы аясында агенттік төрағасының сыбайластық жемқорлыққа қарсы нұсқауының негізінде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы батыл шараларды қолға алды. Сөйтіп, үстіміздегі жылы аталған департамент қызметкерлері шағын жəне орта бизнес ісіне заңсыз араласу бойынша 8 қылмыстық істі анықтады.

Кїрес кїшеюде Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша халықты əлеуметтік бақылау жəне қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы кəсіпкерді əкімшілік жауапкершіліктен босату үшін одан 50 мың теңге тұратын Француз сəн үйінің сертификатын пара ретінде алған, нəтижесінде аталған лауазымға қатысты 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты. Сонымен қатар, «Жастар сарайы» МКҚК директорының əкімшілікшаруашылық қызметі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Əлмағамбетов «Жастар сарайының» бассейнін жүзуге үйрету жаттығуын жүргізуге жеке кəсіпкерге жалға бергені үшін 800 мың теңге пара алған. Ал Астана қаласы Сарыарқа ауданы салық басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс прокуратураға жолданды. Ол интернет-дəмханасында кассалық тəртіпке байланысты ұсталған кəсіпкерді əкімшілік жауапкершіліктен босату мақсатында 30 мың теңге көлемінде пара алған. Жалпы, Астана қаласының барлық əлеуметтік тіршілігіне қатысты салаларындағы сыбайлас жемқорлық өрттей лаулап тұр. Статистикалық тіркеу көрсеткішіне талдау жүргізетін болсақ, былтырғы анықталған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істермен салыстырғанда, биыл ол екі есеге, яғни 53-тен 101-ге дейін көбейген. Сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралған түрі парақорлық, лауазымды өкілеттілікті теріс пайдалану, бюджет қаражатын жымқыру жəне т.б. байланысты болып отыр. Мəселен, 101 сыбайластық жемқорлыққа қатысты қылмыстық істің 34-і немесе үштен бір бөлігі парақорлыққа, 41-і лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалануға жəне 6-уы бюджет қаражаттарын мемлекеттік сатып алу кезінде жымқырып қалуға байланысты анықталған. Ағымдағы жылдың 16 тамызында айыптау қорытындысымен прокуратураға Алматы ауданы əкімдігі аппаратының əлеуметтік сала жəне кəсіпкерлік жөніндегі бас маманына қатысты қылмыстық іс жолданды. Ол маусымдық сауда орнына келісім беруге жəне қамқорлық жасауға жеке кəсіпкерден 150 мың теңге мөлшерінде пара алған. Сонымен қатар, Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің маманына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ол бағдарлама бойынша тұрғын үй алудың тізіміне кезектен тыс енгізу үшін А есімді азаматтан 500 мың теңге пара алған. Сол сияқты Білім жəне ғылым министрлігінің Білім беру саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің басқарма бастығы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін беру үшін 10 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлық көріністері мердігерлік жұмыстарға тендерді жүргізумен жəне нысандарды іске қосуды қабылдаумен байланысты мемлекеттік органдар мен акционерлік қоғамдарда да көптеп байқалуда. Мəселен, жүргізілетін мемлекеттік сатып алуда оң шешім қабылдау үшін 14,5 млн.теңге пара алуға ұмтылған «АстанаЭнергоСервис» серіктестігінің бақылау жəне мониторинг бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Сол сияқты «Тəуелсіздік сарайы» МКҚК директорының орынбасары жəне аталған мекеменің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алуға байланысты шарт жасау кезінде 576 мың теңге пара алғандары үшін ұсталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұдан басқа, аталған департамент қызметкерлері «Стоматология» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС бастықтарына қатысты бюджет қаражаттарын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Аталған серіктестік Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттің 100 пайыздық жарғылық капиталымен медициналық көмектің кепілді көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін құрылғаны белгілі. Алайда іс жүзінде аталған серіктестік əлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, яғни Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, аяғы ауыр əйелдерге, мүгедектерге, көпбалалы аналарға, зейнеткерлерге тегін стоматологиялық қызмет көрсетудің орнына, ойдан шығарылған аяғы ауыр əйелдер, зейнеткерлер, жасөспірімдер туралы жалған мəлімет енгізумен осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатын иемденіп, жеке мүддесіне пайдаланған. Заң бойынша жауапқа тарту тек пара алғаны үшін ғана емес, сонымен қатар, пара бергені үшін де көзделгені қазір баршаға аян. Соған қарамастан, бүгінде пара берудің 12 дерегі анықталды. Мəселен, С. жəне К. деген азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен жалтару жəне дəлелдік құжаттарды қайтарып алу үшін қаржы полициясы қызметкеріне 40 мың АҚШ долларын пара ретінде ұсынған. Қазіргі кезде аталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Осылайша, Астана қалалық қаржы полициясы департаменті сыбайлас жемқорларға қарсы күресті жандандыра түсті.


7

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ Егеменді Қазақстанның тарихындағы ең маңызды деген тараулардың бірінің ұлттық валютаны құруға жəне оны айналысқа енгізуге арналуы заңды. Сол кездегі оқиғалар туралы оларға қатысушылар мен мамандар бұл үдерістің саяси жəне экономикалық астарына ерекше мəн бере отырып, БАҚ-та талай рет айтқан болатын. Айырбастау үдерісінің қалай жүргізілгені туралы да талай айтылды. Бірақ Ұлттық Банктің жəне екінші деңгейдегі банктердің қатардағы жəне қатардағы емес қызметкерлерінің қысқа мерзімде бүкіл кеңестік қолма-қол ақшаны қабылдап, қолмен қайта санау үшін үлкен тер төккенін екінің бірі біле бермейді. Оны теңге енгізілгеннен кейін бірнеше рет қайта санап, соңғы рубліне дейін эмиссиялық орталыққа – сол кезде Ресейдің Орталық банкіне беру қажет болды. Қазір, жылдар өткен соң тарихқа айналған елдің құнсызданған ақшасы кімге жəне не үшін қажет болды екен деп ойлайсың.

Рубльдік «қайта жұмылу»

Бекер олай ойлайсыз: халық пен кəсіпорындар тапсырған барлық кеңестік рубльді жинақтау, өңдеу, қайта санау – теңгені енгізу үдерісінен кем емес маңызды жұмыс болды, – деп келіспейді Наиля Құрманбекқызы АБДУЛИНА. Қазір ол – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жəне басқармасы аппаратының кеңесшісі, ал сол кезде ҚР Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры болды. Ол кеңестік ақшаны жинау, есепке алу операцияларын басқарып, рубльді теңгеге айырбастаудың, есепке алудың жəне аударудың қағидаларын дайындады. – Менің білуімше, Ресей ол кезде өзінің рублін енгізіп те қойған болатын. Ал Қазақстанда кеңестік ақша айналыста болды. Сондықтан да Ресейге оның қажеті не деген заңды сұрақ туындайды. Барлығын жинап алып, қайта санамай-ақ жоя салуға болмады ма? – Жоқ: кеңестік ақшаның Ресей Федерациясының жəне өздерінің ұлттық валюталарына көшкен басқа бірнеше елдің аумағында өзінің ақша ретіндегі функциялары жойылғанына қарамастан, ол республиканың аумағында айналыста болды. Ол тек төлем құралы ғана болып қоймай, Қазақстанның Ресей алдындағы мемлекеттік борышы болып саналды. Барлық республикалардың Ресей алдындағы міндеттемелері жəне мемлекеттік уағдаластықтары осындай болды. Мемлекеттер арасындағы ақ ша миграциясын есептегенде, сон дай-ақ, оған дейін тапсырылған тозған ақшаны есептегенде 1961-1993 жылдардағы үлгідегі қолма-қол ақшаның қандай сомасының Қазақстан Республикасында болуы тиіс екендігі туралы мəліметтер Мəскеуде болды. Есеп қатаң жүргізілді, əрбір купюра нөмірлері бойынша есепке алынды. Сондықтан да біздің тапсырылатын жəне айналыстан алынатын рубльді күні-түні санауымызға тура келді, біз оған толыққанды ақша ретінде қарадық. Сондықтан ақша саналатын кабинеттердің сыртында күзеттің тұруы да бекер болған жоқ. – Ұлттық Банк айырбастау үшін рубльді 15 қарашаға дейінақ қабылдай бастады ғой? – Жоқ, жаңа рубльді банктер шаруашылық жүргізетін субъектілерден жəне халықтан 15 қарашадан кейін ғана қабылдап, Ұлттық Банкке тапсыра бастады. ҚР Президентінің 1993 жылғы 3

мерзімді іссапарлардан оралып жатты. Біреулер ауырып қалған, екіншілері шетелде оқып жүрген. Енді біреулері «қазына» тауып алған. Жалпы, айырбастауға кешігіп қалудың дəлелді себептері болды. Сондықтан да ақшаны қабылдау жөніндегі комиссия тағы үш жыл жұмыс істеді. Бірақ мұндай жағдайларда адамдар ең ірі көлемдегі ақша сомасы бойынша түсініктеме беруі, олардың шыққан тегін, кірістілігін

ресімделді. Айырбастау бағамы 110-ға 1 деп айқындалды. Бұл бағамды Ресей белгілеп, барлық бұрынғы республикалармен келісілді. – Алайда, Қазақстанда айырбастау 500 рубльге 1 теңге қатынасы бойынша жүргізілгені есімде. Мұндай бағамдық айырма проблема туғызған жоқ па? – Біздің бағамды Мемлекеттік комиссия макроэкономикалық жағдайларымызға қарай

бердік. Алайда, мемлекеттік борыш мəселесі бірнеше жылдан кейін ғана шешілді. Бұрынғы КСРО-ның бүкіл мемлекеттері ақшаны тапсырмайынша Ресей есепті мойындаған жоқ. РФ Орталық банкі əрбір республикамен салыстырып тексеруді жүргізіп, импорт-экспорт ағыны, республикаларға жіберілген жəне қайтып келген ақшаның көлемі есептелгеннен кейін, бір мемлекеттен (бұрынғы республикадан) басқа мемлекетке барлық ақша

Наиля АБДУЛИНА:

«Теңге барлық сынға төтеп берді»

қарашадағы Жарлығымен Мемлекеттік комиссияның құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министр С.Терещенко басқарды, құрамына вице-президент Е.Асанбаев, Ұлттық Банк төрағасы Ғ.Байназаров, Қаржы министрі Е.Дербісов, Экономика министрі Б.Ізтілеуов кірді. Ал Мемлекеттік комиссияның жанынан құрылған жұмыс тобына Д.Сембаев, О.Жандосов, Г.Марченко, Ө.Шө кеев, М.Тұрсынов жəне В.Назаров кірді. Бастапқыда халықтан рубльді кəсіпорындар, ұйымдар жинады. Олар рубльді санап, тізімдемемен банктерге берді. Одан соң банктер – ол кезде олар 200-ден көп болды – қайта санап, бандерольге орап, тиісті құжаттарды жасап, Ұлттық Банкке тапсырды. Бізге ақша қап-қабымен келіп түсіп жатты: оны басқаша қабылдау мүмкін емес болатын. Ұлттық Банктің қызметкерлеріне əрқайсысын қолмен санауына тура келді. Мұны банктің барлық қызметкерлері дерлік істегені есімде. Төрағадан, екі орынбасарынан жəне кейбір департамент директорларынан басқа барлық қызметкер ақша санады. Мыңға жуық адам күн-түн демей осымен айналыстық. Қаптар, тау боп үйілген ақша еденде, аяғымыздың астында жатты. Біз үстінен басып жүре бердік.

Үйілген ақшаның үстіндегі өң мен түс

– Сол кезде ақшаны жек көріп кеткен боларсыздар? – Жек көрдік. Біріншіден, барлығын бөлмелерінің сыртынан жауып қойды, белгілі бір норма қайта саналмайынша, ешкім ешқайда кете алмады. Норма болса, адамның қаншалықты тез санауына қарай əркімде əрқалай болды. Екіншіден, ақша əрқашан да лас емес пе, ал ондай көлемде оның иісі де өткір болады. Адамдардың шаршағаны соншалықты, тіпті олардың қаптарға сүйене кетіп, ұйықтап кеткен кездері де болды. Тамақтану үшін сыртқа шығып, қол жууға да мұршамыз болмады. Жыладық та, ашуландық та, тек əншейін бір қап ақшаны санап шықпай, түбіртектегі сомамен салыстыру да қажет болды. Егер сомалары сəйкес келмесе, қайта санау қажет болатын. Күннің соңында мен кассирлермен бірге ол ақшаны

қабылдайтынбыз. Тек содан кейін ғана адамдар жұмыс орындарынан кете алатын. Себебі, банктен ақшаны санау аяқталғаннан кейін ғана шығаратын. Бірақ, білесіз бе, мені не қуантты: шаршағандарына қарамастан, бұл ақшаның əлі де айналыстағы нақты ақша екеніне қарамастан, купюраны немесе ақшаның бумасын өзімен бірге «ала кету» ешкімнің басына келіпкетпеді. Барлығын жылдам санап, сосын жылдам Ресейге тапсыру қажеттігін бəрі түсінді. Əрине, жылдам аяқтап, тезірек үйге қайтуды да ойладық. – Сол кезде қанша купюра санап шыққандарыңыз есіңізде ме? – Егер ұмытпасам – шамамен 1 трлн. 650 млрд. қолма-қол банкнот. Əрі оны бірнеше рет санадық қой. – Одан кейін не болды? – Өткізу рəсімі алдын ала ойластырылған болатын. Бірінші рет санағаннан кейін ақшаны біз сақтау орнына тапсырдық, ол жерде ол тағы бір рет саналатын. Содан кейін Ресейдің Орталық банкінен маман келіп, ақшаны қайта санадық, вагондарға тиеп, Мəскеуге жөнелттік. Сол жерде оны жоятын. Бастапқы кезеңдерде осылай болды. Бірақ көп кешікпей Орталық банктегілер ақшаның өте көп екендігін жəне ондай ағынды өздерінің ғана еңсере алмайтындықтарын түсінді. Сол кезде ол рəсімді жеңілдетті. Мəскеу бізге комиссиясын жіберді, соның көзінше алдын ала саналған жəне актімен ресімделген ақшаны Қарағандыда жəне Шымкентте жойдық. Жояр алдында оны түбіртектері бойынша тізімдемемен салыстырып тексердік, содан кейін ғана комиссия домен пештеріне ақшадан жасалған «кірпіштердің» салынып, өртелуін қадағалайтын. Біз барлығын, тиынына дейін жинап, Ресеймен бірге салыстырып тексердік. Алғашқы тиындарды біз шекараға дейін апаратынбыз. Содан кейін Ресейдің ОБ оларды өзімізде қайта құюға құқық берді. – 15 қарашаға дейін бəрін жинап үлгердіңіздер ме? – 90%-ға дейінгі негізгі ағын сол кезеңде жиналды. Кейін ақша тағы үш жыл бойы келіп түсіп жатты: шалғайдағы шопандар жайылымда жүріп, айырбастау туралы біраз уақыт өткеннен кейін ғана естіді, не адамдар ұзақ

дəлелдеуі қажет болды. Əдетте, мұндай сомалардың көпшілігі айырбастауға қабылданатын. Шығу тегі дəлелденбеген жағдайда, қабылдаудан бас тартылған жағдайлар да болды. Бірақ, белгіленген минимум кез келген жағдайда айырбасталды.

Бағамдық айырма

– Айырбастауға қажетті теңгенің көлемі қалай анықталды? – Бұл мəселе Мемлекеттік комиссияның құзыретінде болды. Менің білетінім, бір тоқсанның ішінде теңгені сақтау мен оның айналымына қажетті көлемді есептеді. Ақшаға деген үш айлық қажеттілік əрбір аймаққа да жеткізілді. Айырбастау туралы жария етілген кезде бүкіл банктерге ақша жеткізілген болатын. Кейіннен банктер облыстық филиалдарда кеңестік рубльдерге айырбасқа жаңа банкноттар алды. Сонымен бірге, айырбастау қарсаңында бүкіл банктерге пакеті бар нұсқаулық жіберіліп, ол пакетті Үкіметтің хабарынан кейін ашу тапсырылды. Аталған пакетте айырбастау бойынша қағидалар, клиенттермен жұмыс істеу, қайта есептеу туралы, кеңестік рубльді Ұлттық Банкке тапсыру туралы нұсқаулық болды. – 90-шы жылдардың басында инфляция шарықтап тұрды. Ресей ақшаны қандай бағам бойынша қабылдағанын еске салсаңыз, номиналы бойынша емес қой? – Осыған дейін айтып кетке німдей, құжат түрінде қазақстандық рубль ретінде тіркелген ақша мемлекеттік борыш ретінде

ай қын дады. Алайда, тұтастай алғанда республика үшін бағамдағы мұндай айырмашылық біздің Ресей алдын дағы мемлекеттік борышымыздың көбейгенін ғана білдірді. Тараптардың келісіміне сəйкес оны сақтау қажет болды. Оның бəрін біз жақсы түсіндік. Бұған қоса айырбастаудың ресейлік бағамы біздің теңгеге көшуімізден бұрын белгіленген болатын. Сонымен бірге, Қазақстанның, біріншіден, соңғы сəтке дейін рубль аймағында болу сценарийін қарастырғанын есте сақтаған абзал. Біздің ол жақта күтпеген қонақ екенімізді түсінгеннен кейін ғана Президент пен Үкімет төл валютаға көшуге дайындалу туралы арнайы комиссияға жəне Ұлттық Банкке нұсқау берді. Екіншіден, Қазақстанға дейін өздерінің ұлттық валюталарына бірнеше мемлекет көшкен болатын. Оның ішінде Ресейдің өзі де.

– Шынын айтқанда, мемле кеттік борышқа қатысты жағдайдың қалай аяқталғаны

ағыны ескерілгеннен кейін ғана қалған мемлекеттік борыштардың бүкіл сомаларына қол қойылды. Одан соң Ресейден ғана емес, Украинадан жəне барлық қалған республикалардан алынған сыртқы борышты реттеуге қатысты келіссөздер басталды. Яғни, кімнің кімге жəне қанша ақша қарыз екені барынша мұқият есептелді. Біз бұл сыртқы борыш сомаларын тіркеп, оларды борыш ретінде есептедік. Нəтижесінде, Қазақстан КСРО құрылымында шикізат базасы болғандықтан, барлық дерлік ірі республикаларға қарыз болып шықты. Одан кейін бүкіл республикалармен кімнің, қанша жəне қалай борышты өтейтінін анықтап, кестелерін жасап, мерзімдерін айқындадық. Осының бəрін салыстыру өте қиын болды. Бухгалтерия қызметкерлері жəне біздің бағдарламашылар барлық мемлекеттермен бəрін салыстырып тексеру үшін үш жыл бойы банктен күнітүні шықпай жұмыс істеді деуге болады. Күндіз ағымдағы төлемдерді есептеп, түнде ескі борыштарды санадық. Тек Ұлттық Банк қана емес, барлық министрліктер бұл жұмысқа тартылды: олар да салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізіп, кімнің кімге қанша қарыз

есімде жоқ. Теңгерім сəйкес келді ме? – Сол қараша айында біз теңгені айналымға тез əрі дəл енгізіп, негізгі ақша сомасын жинақтап, бəрін активтей отырып, оны Ресейдің Орталық банкіне

екенін анықтады. – Қазақстан бəрінен бұрын қай республикамен өзара салыстырып тексеруді аяқтап, борыштар бойынша барлық есеп айырысуларын аяқтады? – Бірінші болып Кавказ

Теңгерім үш жылдан кейін сәйкес келді

Әрбір қарыз алушы кредитті қалай өтейтінін білуі тиіс Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бірнеше жыл бойы өсіп, 2013 жылғы екінші жартыжылдықтың басында 10,3 трлн. теңгеден асты. Бұл ретте жеке тұлғаларды кредиттеу көлемі 3 трлн. теңгеден асып жығылды. Мұндай жағдайда қарыз алушылардың өткен кредит дағдарысының сабақтарын ұмытпағаны маңызды, қарызды алмас бұрын оны қандай қаржы көзінен алатынын жəне қалайша өтейтіндігін түсіну қажет. 2010 жылы банк заңнамасына өзгерістер енгізілгеннен кейін қарыз алушыларға банк қарызын өтеу əдісін таңдау құқығы берілді. Іс жүзінде банк қарызы шарттарында банктер, əдетте, банктің өзі əзірлеген өтеудің басқа əдістерін пайдалануға заңнамалық тұрғыдан рұқсат етілгенімен, қарызды өтеудің аннуитеттік жəне əртараптандырылған əдістерін пайдаланады. Олар қандай əдістер, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Аннуитет

Кредит бойынша аннуитеттік төлемдер жүргізген жағдайда ай сайын кезеңге есептелген пайыз бен негізгі борыштың бір бөлігінен тұратын, көлемі бойынша тең сома төленеді. Əрбір ай сайынғы төлемді жүргізгеннен кейін кредит бойынша негізгі борыш сомасы азаяды, одан кейінгі айдың пайыздық сыйақысы ағымдағы борыштың қалдығына есептеледі, алайда, ай сайынғы төлем сомасы өзгеріссіз қалады. Ай сайынғы аннуитеттік төлем екі құрамдас бөліктен – үлесі тең қалыпта ұлғайып отыратын негізгі борышты (кредит сомасының қалдығын) қайтарудан жəне кезекті төлемді жасаған кезде үлесі тиісінше азайып отыратын есептелген пайыздан тұрады.

Төмендей отырып, нөлге теңеседі

Өтеудің əртараптандырылған əдісінде қарыздың негізгі сомасы тең

үлестермен төленеді. Пайыз қалдыққа да есептеледі (кредитті өтеудің мұндай тəсілін «коммерциялық», «классикалық», «пайызды қалдыққа есептеу» деп те атайды). Өтеудің əртараптандырылған əдісін таңдаған кезде өтелетін ай сайынғы сома бір айдағы негізгі борыш пен есептелген пайыздың тең бөлігінен құралады. Демек, төлемдердің ай сайынғы мөлшері тұрақты емес, кредиттеудің бүкіл мерзімі ішінде біркелкі төмендеп отырады. Кредитті өтеудің бұл тəсілі кредит бойынша бірінші төлемнің бүкіл кредиттеу мерзімінде ең көп, ал алғашқы жылдардың қаржылай салмақ түсу тұрғысынан ең ауыр болатынын болжайды.

Таңдау құқығы

Агенттік басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы

№ 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 38 қаулысымен кредит беру туралы шартты жасағанға дейін қарыз алушыға кредитті өтеу əдісін таңдау үшін əртүрлі əдістермен есептелген кредитті өтеу кестесін танысуға беру талабы белгіленген. Сонымен қатар, ипотекалық кредиттеу жəне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жəне инвесторлардың құқықтарын қорғау мəселелеріне қатысты 2011 жылғы ақпанда заңнамаға маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, «ҚР банктер жəне банк қызметі туралы» ҚР Заңының 39-бабы өзгертілді, банктердің қарыз алушыларға ең кем дегенде екі əдісін: əртараптандырылған жəне аннуитеттік əдістерді ұсыну міндетімен толықтырылды. Қарыз алушының қандай да бір өтеу əдісін таңдауы жазбаша түрде белгіленеді. Егер қарыз алушы жеке тұлға болып табылса, қарызды өтеу кестесінде қарыз алушының таңдаған əдісі туралы белгі бар қарызды өтеудің банк ұсынған əдістерінің тізбесі болуы тиіс. Сонымен бірге, қарызды өтеудің əдісін таңдау қарыз алушының қалауына ғана негізделмейтінін атап өткен жөн. Қарыз алушының жеткілікті жəне тұрақты кірісінің болуына тікелей байланысты қарыз алушының қарызды таңдап алынған əдіспен өтеуге қабілетінің болуы өтеу əдісін таңдаудағы маңызды фактор болып табылады. Себебі, заңнамалық тұрғыдан қарыз алушыға таңдау берілгендіктен, қандай да бір əдістің тиімді əрі артық екендігі туралы мəселе туындайды.

Салыстыру әдістері

Қандай да бір əдістің тиімділігі, əдетте, алынған қарыз бойынша жиынтық сыйақы сомасын салыстыру жолымен айқындалады. Кредиттеу талаптарының бірдей болуы (мерзімі, сомасы, пайыздық мөлшерлемесі) жағдайында аннуитеттік əдісте сыйақы бойынша төлемдердің жалпы сомасы əртараптандырылған əдіс бойынша төлемдердің жалпы сомасына қарағанда көбірек болатынын барлық қарыз алушылар білуі қажет. Мұндай айырмашылық аннуитеттік əдіс кезінде бастапқы төлемдер сыйақыны, ал қалған бөліктен кредиттің өзін өтеуге жіберілетіндігіне, соған байланысты қарыз алушы негізгі борышты баяуырақ төлеп, тиісінше, қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны көбірек төлейтіндігіне байланысты. Аннуитеттік əдістің артықшылығы қарыз алушының ай сайын бір соманы төлеуінде. Ол отбасы бюджетін тиімді жоспарлауға көмектеседі. Аннуитеттік əдістің тағы бір артықшылығы – төлем қабілетіне қойылатын талап. Аннуитеттік əдіспен салыстырғанда əртараптандырылған əдістің жиынтық сома бөлігінде айтарлықтай арзан болғанына қарамастан, кредитті əртараптандырылған төлемдермен өтеу, кредит бойынша алғашқы төлемдердің бүкіл кредиттеу кезеңінде ең қомақты, ал алғашқы жылдар – қаржылық салмақ тұрғысынан ең ауыр болатынын болжайды. Тиісінше əртараптандырылған төлемдерді таңдаған кезде отбасының жалпы кірісі аннуитеттікке қарағанда шамамен

төрттен бір бөлікке көбірек болуы тиіс.

Қарыз алушыға арналған есеп

Дұрыс түсіну үшін мысал келтірейік. Айталық, қарыз алушы 100 000 валюта бірлігін, жылдық 20%-бен, 24 айға қарызға алды. Өтеудің аннуитеттік əдісі жағдайында ай сайын өтелетін төлем сомасы 5 089,58 валюта бірлігін құрайды, бүкіл кредиттеу кезеңінде (24 ай) қайтарылатын жалпы сома 122 149,92 валюта бірлігін құрайды. Өтеудің əртараптандырылған əдісі жағдайында бірінші төлем 5 833,33 валюта бірлігіне тең жəне ол біртіндеп азая береді, ал қайтарылатын жалпы сома 120 833,33 валюта бірлігін құрайды. Қандай қорытынды шығару керектігі айтпаса да түсінікті. Ал енді төлем қабілетін бағалап көрелік. Айталық, егер ай сайынғы төлем сомасы клиенттің орташа айлық табысының 40%-нан аспаса (бұл – шартты талап, ол əр банкте əртүрлі болуы мүмкін), клиент төлем қабілеті бар деп саналады. Осылайша, жоғарыда көрсетілген мысал жағдайында қарыз алу үшін, аннуитеттік əдісті таңдаған кезде қарыз алушының орташа айлық табысы 12 724 валюта бірлігінен, ал əртараптандырылған əдісті таңдаған кезде 14 583 валюта бірлігінен кем болмауы тиіс. Демек, өтеудің əртараптандырылған əдісін таңдаған кезде төлем қабілетіне қойылатын талап қатаңырақ болатынына дайын болуы керек. Өкінішке орай, қарыз алушы – жеке тұлғалардың көпшілігі банкке

респуб ликаларымен барлық салыстырып тексеруді аяқтадық. Молдовамен есеп айырысуымыз мейлінше қалыпты өтті. Бұл жылдамдық айтарлықтай емес өзара сыртқы сау да қарым-қатынастарымен байланысты. Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан жəне Тəжікстан сияқты республикалармен есеп айырысуымыз ауқымды болды. Қалған мемлекеттермен салыстырып тексеруді біртіндеп, кезең-кезеңімен жүргіздік. Қырғызстанмен өзара борыштар бойынша көп есеп айырысу жасағанымыз есімде. Бұл шекара маңындағы сауданың едəуір көлеміне де байланысты болды. Сондай-ақ, Белоруссиямен де қарым-қатынасымыз белсенді болды. Кеңестік кезеңдегі борыштар бойынша мəселелерді реттеудегі соңғы нүкте Ресеймен қойылды. Алайда, бұл, осыған дейін айтып өткенімдей, Ресейдің барлық бұрынғы кеңестік республикалармен салыстырып тексеру жүргізуінен кейін ғана мүмкін болды, яғни əрбір республика бойынша барлық теңгерімдер расталып, қол қойылғанға дейін. – Теңгерімдер жинақталып, борыштар айқындалғаннан кейінгі қарым-қатынастар қалай қалыптаса бастады? – Бүкіл əлемдегі қатынастар сияқты: тəуелсіз мемлекеттердің орталық банктерінде тиісті корршоттар ашылды. КСРО республикалары бөлініп, өздерінің валютасын басып шығармас бұрын Ресейдің Орталық банкі барлық республикаларға есеп айырысу жасау үшін корршоттар ашты. Ал Қазақстан төл валютасына көшкен кезде ҚР Ұлттық Банкі эмиссиялық орталыққа айналып, өзінің ІЖӨсін есептей бастады, сол кезде РФ ОБ-мен шетелдік мемлекетпен сияқты қарым-қатынастар басталды. Содан бері, егер бізге ресейлік қолма-қол ақша қажет болса, біз оны РФ ОБ-дағы өзіміздің корршотымыздан алдық жəне əлі де содан аламыз, Ресейден рубль сатып аламыз жəне ақы төлейміз. – Теңге енгізіліп, Ресеймен бүкіл есеп айырысулар аяқталғаннан кейін демалуға мүмкіндігіңіз болды ма? – Жоқ, одан кейін Қазақстанның орталық банкі отандық тө лем жүйесін нөлден бастап құ ру, бағдарламалар əзірлеу, бухгал терлік есептің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу жұмыстарын бастады. Ол туралы келесі жолы сөйлесейік! – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ.

белгілі бір қарыз сомасын алу үшін емес, «жалақыма қарай барынша ең көлемді» қарызды алу қағидатымен барады. Яғни банкте орташа айлық кірісін көрсете отырып, клиенттер банк бере алатын ең көп соманы алғысы келеді. Əрине, төлем қабілетіне қоятын талап бірдей болғанымен, сол клиент əртараптандырылған əдіске қарағанда, аннуитеттік əдісті таңдаған кезде сомасы көбірек қарызды ала алады. Осыған байланысты қарыз алушылар жаппай аннуитеттік əдісті таңдайды. Əрине, банктер де қарыз алушының осы əдісті таңдағанын қалайды. Бірақ, аннуитеттік əдістің қолайлы, артық болғанына қарамастан, қарыз алушылар аннуитеттік əдіс кезінде жиынтық сыйақы сомасының əртараптандырылған əдіске қарағанда көп болатынын білуі тиіс. www.afn.kz сайтының «Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған ақпарат» бөлімінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемдерді өз бетінше есептеуге болатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің, əлеуетті қарыз алушы бюджетінің, аннуитеттік жəне əртарап тандырылған əдістермен берешекті өтеу кестелерінің есебі берілген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында да Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне арналған бетті ашу жоспарланып отыр, онда көрсетілген есептеулер орналастырылатын болады. Жасұлан МҰРАТОВ, ҚР ҰБ Жамбыл филиалы экономикалық талдау жəне статистика бөлімінің бастығы.


8

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

 Имандылық иірімдері

Азаматтыќ танытып, сауап арќалады

Баянауыл – қазақтың маңдайына біткен көркем табиғатымен ерекшеленетін құтты мекен ғана емес, бұл өңір қол бастаған батырларымен, сөз бастаған шешендерімен, қасиет дарыған əулиелерімен, суырыпсалма ақын-жырауларымен, ғұлама ғалымдарымен əйгілі. Тұнып тұрған тарихтың киелі мекені.

Осы орайда, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Түптеп келгенде тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі», дегені ойға оралады. Жақында қазақ ғылымының атасы атанған Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың мемориалдық мұражайы қайта жабдықталып, күрделі жөндеуден өтті. Игілікті істің тек баянауылдықтар үшін ғана емес, əлем мəдениеті саласындағы рухани құндылықтарды тануда, оларды ғылыми тұрғыда зерттеп оны насихаттау, осы негізде сан ұрпаққа патриоттық тəлім-тəрбие беруде маңызды рөл атқаратыны ақиқат. Өскелең ұрпақ үшін бұл ұлттық тарихымыз, ұлттық мақтанышты күшейтудің, отаншылдықты арттырудың қуатты тетігі. Ал отаншылдық сезім – ұлы істердің бастауы. Мемлекет басшысының «Ұлттық мəдениетті көтеру – ұлттың тарихын көтеру арқылы ұлтшылдыққа бет бұру емес, біз көпұлтты мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сондықтан біз барлық халықтардың тарихы мен мəдениетіне құрмет сезімімен қараймыз. Ендеше, сол ұлттық мəдениетімізді ұлықтап, бар мен жоқты түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау басты мақсатымыз», – дегені бар. Расында да, еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеруде. Мақсатымыз айқын, бағытымыз түзу. Ендеше, еліміздің əлеуметтікэкономикалық саясатын жан-жақты жаңғырту, шаруашылық жүйесін əртараптандыру, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жолында əр қазақстандықтың иығында зор жауапкершілік барын естен шығармағанымыз абзал. Бұл ретте, қоғамды одан əрі көркейтіп əлемдегі алпауыт мемлекеттермен тізгінін тең ұстау жолында бизнестің əлеуметтік жауапкершілігін арттыру маңызды қадам екенін айтып өтуіміз керек. Ғұлама ғалымның мұражайын заман келбетіне сай қайта жаңғыртуға азаматтық танытқан – Тимур Асқарұлы Құлыбаев болды. Ол баянауылдық ел ағаларының өтінішін жерге тастамады, игі іске қолдау көрсетті. Жомарт жан өз қаражатынан қомақты қаржы бөліп, академиктің туған қыстауы, балалық шағы мен ат жалын тартып мінген азаматтық кезеңінен сыр шертетін екі залды толық жаңартуға мүмкіндік берді. Келушілер ғимараттың екінші қабатындағы «Академик Қаныш Сəтбаевтың артынан қалған өшпес ізі» деп аталатын қосымша бөлмеден мол мəлімет ала алады. Түсінген жанға мəдени-рухани

ескерткіштер бізге ата-бабамыздан қалған мұра. Ал, мəдени мұра – жоғымызды түгендеп, барымызды байыптауға мүмкіндік беретін қазына. Тұсаукесерге қатысқан Баянауыл ауданының құрметті азаматы, Журналистер одағының мүшесі, ақын, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбаев сауапты іске демеушілік жасаған Тимур Асқарұлына ыстық ықыласын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді. – Руханият ошақтарына қолдау көрсету арқылы сіз бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясындағы міндеттерді де нақты іспен жүзеге асырудасыз. Бұл сіздің отандық тарихты жаңғырту, қоғамдағы

толеранттылық пен жасампаздық рухты қалыптастыруға қосқан үлесіңіз екені даусыз, – деді ол. Жомарттық пен мəрттіктің нақ үлгісін көрсеткен Тимур Құлыбаевтың белсенділік танытуы арқасында жаңаша кейіпке енген келесі ғимарат – аудан орталығындағы «Мұса мырза» мешіті. Бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын іргесі қаланған Алланың үйін 1861 жылы өз дəуірінде атақты би, этнограф, патша армиясының полковнигі, орыс, француз тілдерін жетік меңгерген оқымысты, яғни ел тұтқасы болған тарихи тұлға Мұса Шорманов салғызған болатын. Алайда, Кеңес дəуірі тұсындағы солақай саясат пен атеистік идеология салдарынан мешіт жабылып, кинотеатр, спорт ғимараты мақсатында қолданылған. Қазақта «төртеу түгел болса төбедегі келеді», деген қанатты сөз бар. Осыны өмірлік қағида тұтқан Тимур Құлыбаев Қазақстанның дамуында Үкімет, қоғам жəне бизнес мүмкіндіктерін біріктіру бастамасын көтерді. Нəтиже көзге көрініп тұр. Қазіргі таңда кəсіпкерліктің қазақстандық қоғамның əлеуметтік өмірімен тығыз ұштасып кеткенін аңғару қиын емес. Кəсіби шеберлігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Тимур

Асқарұлы қазақстандық бизнесқоғамның барынша белсенді жəне серпінді бөлігін өз қатарына шоғырландырып отыр. – Қазақтың біртуар тарихи тұлғалары мен ұлт мақтанышына айналған атақты қаламгерлері мен зерделі ғалымдары шыққан Баянауыл өлкесінің рухани-мəдени тынысында игі бастамалар табысты жүзеге асуда. Отандық тарих пен ұлттық құндылықтарымызды терең тану, ғылыми зерделеу жəне келер ұрпақ игілігі үшін сақтау жолында «Мəдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға демеуші болған мұндай азаматқа айтар алғысымыз шексіз, деп Майқайың кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Əбенов ағынан жарылды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді дана халқымыз. Елгезектігімен ерекшеленген Тимур Құлыбаевтың қолға алған істі тындырмайынша дамыл таппайтынына жергілікті халықтың көзі жетті. Тіпті, өз ісінің хас шеберлерін де тауып беріп, нағыз азаматтық танытты дейді баянауылдықтар. «Өлі разы болмай, тірі байымайтынын» ескерсек, алдағы уақытта да атқарылуға тиіс шаралар аз емес. Мəселен, əулие қонған Мəшһүр Жүсіп бабамыз жатқан қорымда «Ескелді» кешенін ашу

ойда бар. Бұл дегеніміз – өңірде, тұтастай алғанда елімізде туризмді дамытуға жасалатын қадам, таптырмас мүмкіндік екені даусыз. Сондай-ақ, Мұса мырза кесенесін қайта қалыпқа келтіру, көне дəуірлерден сыр шертетін тарихи балбал тастар жайлы мол мағлұмат беретін кешен тұрғызу сынды бағдарлама қабылдап, аймаққа отандық жəне шетелдіктер демалушыларды көптеп тартудың жүйелі жұмыстары жүргізілмек. Əрине, тізбектелген шараларды өміршең етуде де дəл осындай азаматтардың қолдауы жалғасын табады деп сенім артамыз. Тілін, ділін, əдебиетін, мəдениетін, тарихын сүйіп, ұлт руханиятының жанашыры болған, отаншылдық көзқарасы биік, елін, жерін қадір тұтқан осындай абзал да, ардақты азаматтары бар қазақ елінің келешегі кемел, болашағы баянды болады. Өйткені, қазақтың қашанда мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет атқаруды бақыт санайтын, ауызбіршіліктен айнымайтын, ақ жүрек жұртты қуатты ұлт болуға жетелейтін Тимур Құлыбаевтай арда ұлдары бар. Жұмабек СМАНОВ.

ПАВЛОДАР.

 Өңір өмірі Дəл Құрбан айт мерекесінің алдында Шыңғыстаудан Алатауға алып керуен бүкіл Алтай өңірінің игілігін алып жеткен еді. Тарбағатайдың тіл үйірген сары қымызы, Зайсан балы, Катонқарағай бүлдіргені, шекілдеуік иісі аңқыған күнбағыс майы, маралдың еті, аюдың өті де табылатын үлкен базар Шығыс Қазақстан облысының Алматы қаласындағы күндерінің құрметіне жайылған-ды. Айта қаларлықтай берекелі күндер аясында халықтың тұрмысына шапағаты шашылған талай жақсы оқиға орын алды. Мəдени шараларды былай қойғанда, екі аймақ арасында 15 миллиард теңгенің келісімшарты жасалды.

Шыєыстан келген ќўт керуен

Алматы ќаласы мен ШЌО кəсіпкерлері 15 миллиард теѕгеніѕ келісімшартына ќол ќойды Алматы мен Ґскемен

Республиканың ірі өндірістік, энергетикалық, аграрлық, көлік жəне мəдениет аймағының қазіргі тірлігі туралы түрлі оң көрсеткіштерді келтіре беруге болар еді. Дегенмен, ШҚО əкімінің бастамасымен жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етуді қолға алған ерекше өңір екінің бірі біле бермес «Мейірім» бағдарламасы аясында жетім балаларға кешенді көмек көрсетілуде. 1688 баланы 1599 ұйым өз қамқорлығына алған. Сонымен Шығыс Қазақстанның Алматыдағы күндері Достық үйінде өткен екі аймақ кəсіпкерлерінің «Бизнес диалогы – аймақтарды дамыту серпілісі» атты бизнесфорумынан басталды. Форум аясында ШҚО өндірістік орындары өнімдерінің ауқымды көрмесі ұйымдастырылды. Кəсіпкерлерді тиімді келісімдер аясында қол алыстырған кездесуді Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов ашып, бұл форумның бұрыннан жоспарланған шара екенін, ел өңірлерінің экономикасы бірінбірі толықтырып отыруы қажеттігін ерекше атап өтті. – Шығыс Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан əлеуеті зор, əл-ауқаты мықты өңір. Шығыста эко номиканың барлық салалары өркендеп, жаңа инновациялық өндіріс орындары ашылуда. Сол себепті, Шығыс Қазақстан Алматы қаласының іскер топтарын маңызды жəне тиімді серіктес ретінде ерекше қызықтыра бермек, – деді шаһар əкімі. – Алматының орны баршамыз үшін əрдайым бөлек, ол Қазақстанның мəдени жəне қаржылық орталығы болып қала береді. Елбасы тапсырмасы бойынша өңірлер арасындағы саудаэкономикалық қарым-қатынастарды дамытуымыз қажет. Бизнес-форумды өткізудегі басты мақсат – облысымыздың мүмкіндіктерін тағы бір мəрте паш етіп, əріптестігімізді одан əрмен жалғастыру. Аймақтар неғұрлым бір-бірімен жұмыла жұмыс істесе, халықтың əл-ауқаты да арта түспек, – деген облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстанда кəсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін түрлі басы артық құжаттарды азайту бойынша қанатқақты жобаның жүзеге асырылып жатқанын да атап көрсетті. Бұдан соң аймақ басшысы қала əкімдігіне шақыртулары үшін алғысын айтып, жиналғандарға облыстың əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, əлеуеті туралы, аймақтағы ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша қолға

алынған тың жобалар жайында кеңінен баяндады. Ал өңір жетістіктерінің көрмесіне Шығыстан 50 жеке кəсіпкер мен 25 ірі өндіріс орнының өкілдері қатысты. Осы күні-ақ екі аймақ кəсіпорындары арасында 15 миллиард теңгенің оншақты келісімшарты жасалды. Оның ішінде 10 миллиард теңгенің екі келісіміне облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың жəне Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен қол қойылды. Олар – алматылық «Темірбетон-1» ЖШС мен Семей цемент зауыты арасында жəне алматылық «Ақсай-нан» мен Шығыс Қазақстан ұн тарту комбинаты арасында жасалған меморандумдар. «Ақсай-нан» Алматының жартысын нан өнімдерімен қамтиды, олар енді Шығыстың ұнын тұтынатын болады. – Біз Семейдің цемент зауытымен бес жылдан бері жұмыс істеп келеміз, кəсіпорын өнімінің сапасы жəне олардың тез жеткізілуі көңілімізден шығады, осы тиімді ынтымақтастықты одан əрі өркендетуге мүдделіміз, – дейді «Темірбетон-1» серіктестігінің бас директоры Мұрат Биксультанов. «Фаворит» серіктестігі – жұқа тақтай шығаратын еліміздегі жалғыз кəсіпорын. Олар енді ағаш қалдықтарынан тіс шұқығыштар шығаруды қолға алмақ, мұндай қажетті бұйымды елімізде ешкім өндірмейді екен, жоба құны – 22,8 миллион теңге. Өндіріс орнының менеджері Наталья Агафонованың айтуынша, кəсіпорын мұнда өз өнімдерін өткізетін жаңа нарық табу үшін келіп отыр. Нəтижелері де жоқ емес. Олар биыл Алматыда орналасқан «Қазақстан темір жолы» компаниясының бөлімшесіне 66 миллион теңгенің, ал Алматы вагон жөндеу зауытына 47 миллион теңгенің дайын өнімін, негізінен тақтайлар мен фанераның бірнеше түрлерін сатыпты. Форум барысында олар аталмыш кəсіпорынмен ұзақ мерзімді келісімдер жасасып, өзде ріне жаңа серіктестер тапты. Осы арада көрмеге қатысып отыр ған кəсіпорындар – өңірдегі барлық өнеркəсіп орындарының шағын ғана бөлігі екендігін айту керек. Шығыс Қазақстанның жалпы аймақтық өнімі қазір 1 триллион 300 миллиард теңгеге жақындап келеді. Ендігі мақсат – сол өнімдерді өткізу, өзге өңірлермен бірлескен кəсіпорындар құрып, ортақ жобаларды қолға алу, инвестиция тарту. Бұл күнде аталмыш өңір Алматы, Павлодар жəне Қарағанды облыстарымен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ден қойып отырғаны байқалады.

Ґз ґнімдеріміз ґзімізге таѕсыќ

Келесі күні, яғни 12 қазанда ШҚО-ның Алматыдағы күндері Астана алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесіне ұласты. Барғанда арманда, бармағанда арманда дегендей, бұл базар өтетіндігінен алматылықтар түгел құлағдар болмағандықтан, өтіп кеткен жəрмеңкеден кейін өкініп жүрді. Оның да өз жөні бар, 106 шатырда Өскемен, Зырян, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, Аягөз, Шемонайха, Көкпекті, Жарма аудандары ауыл шаруашылығы өнімдері өндірушілері ең мақтаулы өнімдерін алып келіпті. Нарықтағы бағасынан 20-30 пайызға арзан бағамен сатылған тауарлардың көпшілігі қалалықтар үшін таңсық. Жəрмеңкеге құстың сүтін ғана əкелмепті. Сатып алушыларға 38 тоннадан артық бал, 7,5 тонна ет, 6 тонна жарма, 6 тонна қымыз, 4 тонна құс еті, 3 тонна шұжық өнімдері, 3 тонна сүт өнімдері, 2 тонна балық, 1,5 тоннадан артық өсімдік майы, 1,5 миллион теңгенің панта өнімдері ұсынылды. Бұл жəрмеңке ұлан-ғайыр елдің оңтүстігі мен шығысын жақын дастырып қана қоймай, тау бөктерлерінде тірнектеп бал жинап, мал бағып, құрт қайнатып, май шайқап отырған өлкенің өнімдерін өз елімізде жарнамалады. Өскеменнің бал-қаймағы Қазақстанға сырттан тасылып жатқан тауарлардан бір мысқал кем еместігін, адал жасалғанын паш етті. Мұның бəрі – отандық тауарлар еді.

Алтайдан шыќќан аќындар, Шыѕєыстау тудырєан таланттар

Жəне осы күні Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Шығыс Қазақстан облысы əкімі Бердібек Сапарбаев оңтүстік астананың зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, талай көкейкесті мəселелердің шеті тарқатылды. Шығыс өлкесі – əрісі əлемдік деңгейде, берісі республика көлемінде танымал талант иелерінің, туған өлкенің ғана емес, тұтас ел-жұртының мерей мəртебесіне айналған тұғырлы тұлғалардың құтты ордасы. Бұл өлке талайды тамсандырған ғажайып табиғатымен, сан алуан қазба байлықтарымен ғана емес, талантты ұл-қыздарымен де мақтана алады. Шығыстың шыңын асқақтатқан халық əртісі Бибігүл Төлегенова, ақын жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Марфуға Айтқожина, Ұлықбек Есдəулет, Дидахмет Əшімхан сияқты тағы басқа ерен жүйріктер бастаған шығармашылық жəне қоғам қайраткерлері кездесу қонағы болды. Саяси-экономикалық тұрғыдан

Еліміздіѕ Əскери-теѕіз кїштерініѕ ахуалы ќандай? Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті көшпелі отырысын Ақтауда өткізді. Сенаттың негізгі іс-шаралар жоспарына сай өткен отырыстың мақсаты «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңның орындалу барысы жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əскери-теңіз күштерінің дайындығымен танысу болды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Көшпелі отырыстың көк теңіз жағасында өтуінің де өзіндік себебі бар, телегей арқылы бірнеше шет мемлекетпен шектесіп жатқан өңірде ел тыныштығын сақтау, теңіз байлығын күзету – өзекті мəселе. Еліміздегі бірден-бір шекаралық жəне өндірістік мақсатта су көліктерін құрастыратын зауыт та осы батыс аймақта. Сондықтан Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік жөніндегі комитеті мүшелері бұл бағыттағы маңызды əңгімелерді алыста отырып сырттан сөз еткенше, кемелер мен катерлерді көзбен көріп, олардың əлеуетіне тəнті болуды, сондай-ақ аталмыш заңның орындалу барысына іс жүзінде көз жеткізіп, шекарашылардың əлеуметтік ахуалымен танысуды мақсат етіпті. Қорғаныстық тапсырысты орындаушы зауыттар өмірінде қандай мəселелер бар, оларға заңнамалық тұрғыда қандай көмек қажет, аталмыш салада келешекте қандай бағыттар ұстануымыз қажет – осының бəрі көшпелі отырыстың айтар сөзі, көтерер тақырыбы болды. Иə, мемлекеттің қорған-қалқаны – əскер. Ал олардың жағдайы қаншалықты қамтамасыз етілген? Заманға сай лайықты жабдықтап, материалдық-техникалық тұрғыда

толыққанды жарақтандыра алып отырмыз ба? Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті төрағасының айтуынша, қазіргі таңда əскери бюджет жөнінен АҚШ көш басында тұрса, Қазақстан 171 елдің ішінде 58-ші орында. Парламент бекіткен халықаралық құжаттар ел қорғаныс əлеуетін арттыруға, шетелдермен əскери салада ынтымақтастық жасауға негіз болып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде оған мүше мемлекеттермен бірге оқу-жаттығулар өткізіліп, өзара тəжірибе алмасу жолға қойылған. Əскери Доктринаға сай Қарулы Күштерге бөлінетін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызынан кем болмауы, яғни ІЖӨ өскен сайын қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып отыруы қажет. Бірақ, бұл көрсеткіш бізде белгіленген 1 пайызға да жетпейді екен. Бірақ, салаға бөлінетін қаражат көлемі артуда. Мысал келтірер болсақ, 2012 жылы бұл салаға 272,9 млрд. теңге, 2013 жылы 333,9 млрд. теңге бөлінген. Келер жылдың үлесі биылғы жылғы сомадан 12,8 пайызға артып, 376,9 млрд. теңгеге жетпек. Қорғаныс пен қауіпсіздік мəселесіне мəн беретін депутаттар Ақтау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Əскеритеңіз күштерінің базасының материалдықтехникалық базасымен, жеке құрамның

жауынгерлік дайындық деңгейімен танысумен бастады. Отандық зауыттың өнімдері – «Қазақстан» жəне «Орал» зымырандыартиллериялық кемелерімен теңізге шығып, олардың жауынгерлік мүмкіндіктері мен қауқар-қуатын бақылады. Депутаттар іссапардың екінші күні көшпелі отырыста бас қосты. Еліміздің заңдарының Қорғаныс жəне Шекара қызметі құрылымдарында іске асырылуы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуы мəселесін күн тəртібіне қойған

отырысты ашқан Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбеков: – Елбасы бастамасымен елімізде жүзеге асырылу үстіндегі қазақстандық қамтуды дамытудағы индустриялық-инновациялық саясат аясында Қарулы Күштерді, Шекара қызметін, өзге де күштік құрылымдарды отандық тауарлармен қамтамасыз ету мəселесі қарқынмен қолға алынуда. Парламентте Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасының негізгі

ережелерін жүзеге асыру мақсатында тəуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігін күшейтуге, қорғаныс əлеуетін арттыруға, əскери қызметшілердің əлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Сыртқы барлау туралы», «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы», «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы», «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдар қабылданды, – деді. Қорғаныс саласындағы заңдар бойынша жұмыс топтарына жетекшілік жасап, біраз шаруаның басын қайырған М.Алтынбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасына, Парламенттің заң шығару қызметіне тоқталып, əскери салаға қатысты қабылданған заңдар туралы баяндады. – 2001 жылы қабылданған «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заңға 2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, онда мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру жəне орындау тетіктерін жетілдіру, отандық қорғаныс өнеркəсібі кешенін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалынды. Осы өзгерістерге сəйкес қорғаныстық тапсырысты орындау бойынша отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Еліміздің Қарулы Күштері мен басқа да күш құрылымдарына тапсырыс бергенде отандық тауар өндірушілерді таңдау қажеттігі жөнінде міндеттер қойылды, – деді ол. Бүгінде Каспий теңізі жағалауында зор аумаққа ие еліміздің теңіз беттегі

өз əлеуетін паш еткен Шығыс өлкесі ұлт руханиятын байыту, əдебимұраларға қамқорлық жасауда да игілікті істер атқарып жатқан жайы бар екен. Соның бір айғағы – «АлтайЕртіс кітапханасы» атты маңызды əдеби жоба. Оның идеясы – Шығыс өңірінен түлеп ұшып, қазақ əдебиеті атты ұлы дарияға бір-бір арна болып қосылған қаламгерлердің таңдаулы шығармаларын жарыққа шығару. Қазақстан ақын-жазушыларының сөз маржаны – жібектей төгілген «Алтай-Ертіс кітапханасы» басылымдары толған оюлы қазақ сандығы кездесу төрінен орын алды. Сандық кемерінен асқан көркемсөз қазынасы жиналған көпшілікті руханият көкжиегіне жетеледі. Бұл құндылықтың алғашқы 20 томы ел тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында оқырман қолына жеткен болатын. 20 том, 20 жазушы есімі – ол тек жерлестердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Ал биыл «Алтай-Ертіс кітапханасы» кезекті таңдаулы туындыларымен толығуда. Бұл жолғы топтама қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі Ақтамберді жырау мен Дулат Бабатайұлы шығармаларынан бастау алып, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Əуезов, Қасым Қайсенов, Оралхан Бөкей, Төлеужан Ысмайылов, Медеу Сəрсеке, Серік Ғабдуллаұлы, Мерғали Ибраев, Марат Қабанбай, Бауыржан Жақып, Тыныштықбек Əбдікəкімов, Анатолий Иванов, Георгий Гребенщиков, Павел Васильев, Александр Волков сияқты Шығыс өлкесінен шыққан белгілі авторлардың шығармаларын қамтиды. – Егер экономикамыз өспесе өнерге, əдебиетке, мəдениетке көңіл бөле алмас едік, – деген облыс əкімі Бердібек Сапарбаевқа зиялылар тарапынан қойылған сауалдар, өтініш ұсыныстар көп болды. Оның көпшілігі бір кезде ел тарихында болған тұлғаларға ескерткіш қою, атын жаңғырту, кейін кеткендерге көше атауын беріп, Абыралы ауданы аудан болып қайта құрылса деген тілектер еді. Қысқасы, ауызбіршілігінен айырылмаған Шығыс Қазақстанның Алматыдағы күндері ерекше өтті деп айтуға болады. Ұйымдастырылуына бұл өлкеден шыққан талантты ұлқыздарымыз бен тірлігін дөңгелеткен кəсіпкерлер, ұлттың сөзін сөйлеген зиялы қауымға дейін атсалысқан ШҚОның Алматы қаласындағы күндері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында үлкен концертпен мəреге жетті. Өнер шеруі Бибігүл Төлегенова, Ғибрат Азубаев, Майра Ілиясова, Вячеслав Ткач, Толқын Забирова, Мапруза Өтеулинова, Нұрлан Тутунов, Гүлдана Ноғайбаева, Əсел Нұрланова, Қуат Ахметжанов, Нұргүл Қабдоллаева жəне «Гауһартас», «Ладушки», «Еураз шоу», «Зыряночка» сынды шығармашылық топтардың тамаша концертімен тəмамдалды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

тыныштығы мен қауіпсіздігін «Қазақстан», «Орал», «Астана», т.б. кемелер мен катерлер қадағалап жүр. Шекарашылардың ақ толқынмен алыса жүйткіген көліктерінің ұшқырлығы, су қысымына қарсы тегеурінділігі, нысанаға дəлдігі, жалпы сапалық қасиеттері мен жауынгерлік қуаты тыныш жағаның тыныштығын қадағалауға жетіп тұр. Əйтсе де, су көліктерін жаңа технологиялармен жабдықтауды жалғастырып, қандай жағдайда да жолда қалдырмайтын тегеурінділігін арттыра түсу қажет-ақ. Басқосуда ҚР ҚК Əскери-теңіз базасының командирі С.Бекжанов, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға қатысы бар, еліміздің қорғаныс өнеркəсібі кешенін біріктіруші болып табылатын компаниялар басшылары – «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті Қ.Тілеубалдин, «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры В.Валиев, «Гидроқұрал» ғылыми-зерттеу институты» АҚ бас директоры А.Гниломедов жəне «Индро» Қазақстан Инжиниринг» ЖШС бас директоры Ғ.Толқымбаев өз саласындағы жасалынып жатқан жұмыстар мен өзекті мəселелерді ортаға салды. Бейнеролик арқылы суасты жəне сүңгуір, шекарашы, ауыр тонналық, зымырандыартиллериялық кемелер, катерлер түрлері таныстырылып, оларды заманауи тұрғыда жетілдіру бағыттары сөз болды. Айтылған тілек, ұсыныстар депутаттардың қойын кітапшаларына ілікті. Əскер айбынды болса, бейбітшілік баянды. Көшпелі отырыс көтерген мəселелер ел қорғанысының қауқарын арттыруға тағы бір серпін беріп, қойын кітапшалардағы ұсыныстілектерге маңызына қарай Парламент мінберінде мəн берілсе дейміз. АҚТАУ.


 Үйренетін үрдіс

Їшінші индустриялыќ революция кґшінен ќалмауєа тиіспіз Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар əлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз», деп атап көрсетті. Елбасы мемлекеттің үшінші индустриялық революция нəтижесінде пайда болатын секторларды ескере отырып, ұлттық компаниялар арқылы болашақтың экономикасын дамытуды ынталандыру қажеттілігіне айрықша назар аударды. Əбдікəрім ЗЕЙНУЛЛИН,

«Парасат» Ұлттық ғылымитехнологиялық холдингі» АҚ басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Елбасының Үшінші индустриялық революцияға қатысты тапсырмаларын орындау үшін, біздің ойымызша, ең бастысы, қазақстандық ғылымды ұйымдастыруды жүйелі түрде жаңғырту қажет. Қазақстандық ғылымды жаңғырту жəне осыған байланысты мəселелерді кешенді шешу үшін шын мəнісінде, осы саладағы жұмыстарды ұйымдастырудағы тетіктерді түпкілікті өзгерту қажет жəне бұл ретте ғылыми зерттеулердің нəтижелерін нарықтық экономиканың өзекті мəселелерін шешуге бағыттау аса маңызды. Ол үшін экономиканың нақты секторына ғылымның қосатын үлесін арттыру, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру, бизнесқауымдастықтың ғылыми əзірлемелерге қатысуын ынталандыру сияқты шараларды қолдану бүгінгі таңда өте маңызды. Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Ғылым туралы» Заңы бойынша ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру базалық, гранттық, бағдарламалық – нысаналы түрде қаражат бөлу арқылы бір жүйеге келтірілді. Ғылыми нəтижелерге деген сұраныс, ғылымның қолданбалы нəтижелерін бағалаудың негізгі өлшемі болып, тек осы жағдайда ғана ғылым экономикалық өсу мен қоғамдық дамудың «локомотивіне» айналуы мүмкін. Қалыптасқан үрдіске сəйкес, мемлекет қазіргі таңда, өнеркəсіп пен бизнестің тарапынан инновацияларға сұранысты емес, ұсынысты ғана ынталандырады. Осы үрдісті өзгерту жəне Үшінші индустриялық революциядағы міндеттерді шешу үшін мынадай шараларды қолдану қажет: біріншіден, іргелі зерттеулердің арасынан ел экономикасының дамуына үлес қосатын ғылыми нəтижелерге сараптама жүргізіп, болашақта Қазақстанның ғылымын жоғары дəрежеге көтеретін əзірлемелерді таңдап алып, оларды дамыту жолдарын қарастыру; екіншіден, инновациялық көшбасшы болу үшін іргелі нəтижелерден қолданбалы жағы басым 10 шақты жобаны үдемелі түрде қаржыландыруды іске асыру; үшіншіден, Елбасы айтқандай, мемлекет ұлттық компаниялар мен жекеменшік кəсіпорындармен бірлесіп, өндіріске енгізу үшін Үшінші индустриялық көшбасшы бола алатын 3-4 тəжірибелік нəтижені таңдап алып, өндіріске енгізу үшін қолдау қажет. Бұл үрдіске республикада ғылымизерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) шығынының бұрыннан бері қалыптасқан, зерттемелерге көп қаржы жұмсалатын тиімсіз құрылымы өте келеңсіз əсер етеді. Осының нəтижесінде көптеген

аяқталған ғылыми зерттеулер өндіріске енгізуге дайын болмайды. Сондықтан келешекте өндіріске енгізуге дайын əзірлемелерді қаржыландыру ғылымның негізгі қаржысынан 50% -дан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, ғылым саласында қалыптасқан ахуалды жақсартудың маңызды жəне қажетті шарты – қоғамдағы ғылыми еңбектің мəртебесін қалпына келтіру деп ойлаймыз. Үшінші индустриялық революция үшін басым бағыттардағы ғылыми мамандықтар бойынша кадрлар қажет. Қазақстан, əсіресе, жаңа инновациялық технологияларды меңгерген мамандарға зəру. Қазіргі таңда Қазақстанда Болон үдерісіне сəйкес бакалаврлар, магистрлар мен PhD докторлары даярланады. ЖОО магистранттар мен PhD докторларын даярлау барысында отандық ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшарттарға отырса, болашақ ғылыми қызметкерлер еліміздің жетекші ғалымдарынан тəлім алып, өздерінің зерттеу жұмыстарының деңгейін арттырары сөзсіз. Осы ретте, мемлекеттік-жекеменшік əріптестікті дамыту, мемлекет пен бизнестің ғылымға салатын қаржысын қолданудың тиімділігін арттыру, демек, оны жүйелі жаңғырту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі осыдан 5 жыл бұрын заңды тұлғаларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге қабілетті, олардың акцияларының пакеті мен қатысу үлесі жарғылық капиталына берілген «Парасат» Ұлттық ғылымитехнологиялық холдингі» АҚ құру туралы қаулы қабылдады. Холдинг минералды қорлардың орнын толтыру, игеру, терең өңдеу жəне жаңа материалдарды алу; сейсмология, су қорлары; энергетика; фармацевтика, информатика бойынша жұмыс істеуде. Өзінің қызметінің алғашқы күндерінен бастап холдинг тұжырымдама қалыптастырды жəне содан кейін өзінің даму стратегиясын таңдады, онда біз маңызды дайындамалары бар елдің ғылыми ұйымдары мен ЖОО əлеуетіне сүйендік. Бұл бағытта холдинг белсенді жұмыс атқара бастады жəне 2011 жылдан бастап ұлттық компаниялардың, өндірістік кəсіпорындардың жəне ЖОО-ның қатысуымен минералдышикізат кешенінде, дəрі-дəрмек, химия өнеркəсібінде, тау кен-металлургия саласында инновацияларды дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруда. Аталған бағдарламалар аясында ҒЗЖ жобаларын орындау барысында холдингтің ғалымдарымен Үшінші индустриялық революцияның көптеген негізгі бағыттары бойынша өнеркəсіптік меңгеруге ондаған технологиялар дайындалуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда холдинг «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазатомөнеркəсібі» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен бірлескен бірқатар

жобаларды іске асыруда. Сөйтіп, «Қазатомөнеркəсібі» ҰАК» АҚ кəсіпорнында рений өнімін өндіруді ұйымдастыру» жобасының шеңберінде жерасты сілтісіздендіру техногендік ерітінділерінен ренийді бөліп алу технологиясы əзірленді. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» əлауқат қоры» АҚ-пен бірлескен жұмыс істелуде. Оның құрамына кіретін ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар қол қоюға дайындалуда. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне негізделген экономиканың тұрақты жəне тиімді моделі мен Астана қаласында болатын «Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесінде əлемдік ғылым мен техниканың үздік жетістіктерін көрсетуге бағдар бергендігі айқын. Елбасы алға қойған «инновациялық жаңғыртылатын энергетика, энергия үнемдейтін технологиялар саласында серпіліс жасау» міндеттерін ескере отырып, холдинг «Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасын əзірледі. Бұл бағдарлама Үкіметтің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен мақұлданды жəне ол жақын уақытта іске асырыла бастайды. Мұндай бағдарламаны іске асыру, сөз жоқ, ғылыми ұйымдардың, ЖОО мен бизнестің іс жүзінде ықпалдасуына мүмкіндік береді. Аталмыш мақаланың шеңбері «Парасат» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының 5 жыл уақыт бедерінде қол жеткізген барлық маңызды нəтижелері туралы айтуға мүмкіндік бермейді, сондықтан олардың кейбіріне ғана тоқталайық. Жалпы, осының бəрі, ғылыми зерттеулерді жүргізуге жекеменшік инвестицияларды тартуды ынталандыру бойынша шаралар кешенін қабылдауға бағытталған дамудың біз таңдаған стратегиясының дұрыстығын растайды. Қазіргі таңда біз холдингтің жекеменшік жəне мемлекеттік кəсіпорындармен бірге осы жылдары жасап жатқан мынадай жобаларын мақтанышпен айта аламыз: – Астана қаласында «Астана – жа ңа қала» арнайы экономикалық аймағы Индустриялық паркі аумағында «Led System» ЖШС-мен бірлесіп жарық диодтары мен жарық диодты көше шамшырақтарын өндіру бойынша тəжірибелік-өнеркəсіптік телім жасалып жатыр. Жоба энергия үнемдеуді, халықаралық талаптарға сай экологиялық қауіпсіздікті біршама арттыруға бағытталған; – Отандық ғалымдардың

əзір ле мелерінің негізінде «Темір мен мыс» ЖШС-мен бірлесіп гидродинамикалық қыздырғыштарды сериялық шығару бойынша өндіріс құрылуда, аталған қондырғылар Астана қаласында «Үкімет үйі» мен «Парасат» холдингі ғимаратында жылыту жəне ыстық сумен жабдықтау жүйесінде табысты жұмыс етуде; – Қарағанды қаласында «Кенжер» ЖШС-мен бірлесіп «Физика-техникалық институт» ЖШС технологиялары негізінде əзірленген энергия автономды, қалдықсыз жəне экологиялық таза металлургиялық кремнийді өндірудің болашақ зауытының тəжі рибелікөнеркəсіптік телімінде жабдықты құрастыру жүргізілуде. Осы жабдық қазіргі таңда жұмыс істемей тұрған кремний өндіру зауытын іске қосуға ықпал етеді; – Өскемен қаласында «Ерлитос» ЖШС-мен бірлесіп «Алтай геологияэкологиялық институты» ЖШС негізінде «Тагансорбент» дəрілік минералды препараттарын шығару бойынша фармацевтикалық зауыттың тəжірибелік-өнеркəсіптік өндірісі іске қосу сатысында тұр; – Орал қаласында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен бірлесіп отандық ғалымдардың соны технологияларының негізінде қара уылдырық пен тауарлық бекіре етін өндіру бойынша болашақ кешеннің тəжірибелік-өнеркəсіптік телімі жасалды. «Парасат» холдингі қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – өзінің құрылымында тəуекел инвестициялау қорын құру болып табылады. Осы қор арқылы ғалымдардың технологияларын коммерцияландыру қамтылады. Холдингтің еншілес ұйымдары өнеркəсіптік кəсіпорындар мен жеке ұйымдардың тапсырысы бойынша қомақты сомаға ҒЗТКЖ орындайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің жалпы бюджеттен тыс қаржыландырылуы 34%-ды құрады. Алғаш рет əлемдік тəжірибеде ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясымен География институтының жанында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру туралы шешім қабыл данды. Оның негізгі міндеті – Қазақстанда қалыптасатын су қорларын мониторингілеу мен бағалау. Алғаш рет əлемдік тəжірибеде «Жезқазғансирекмет» РМК-да радиогенді осмий – 187- нің өнеркəсіптік өндірісі ұйымдастырылды. Холдингке қарасты Ұлттық ақпараттандыру орталығының отандық білім беруді жаңғырту мақсатында инновациялық өнім шығарудағы үлесі зор. Орталық компьютерлік бағдарламалар ретінде орта жалпы білім беру мекемелеріне 130-дан астам, техникалық жəне кəсіби білім беру оқу орындарына 59, жоғары оқу орындары үшін – 70 электронды оқулықтар əзірледі. Олар ел өңірлеріндегі оқу орындарында ғылыми-педагогикалық сынақтан өтті. Отандық ғалымдардың технологияларына негізделген экономикалық тəуелсіздікке кез келген мемлекет қол жеткізе алмайтындығы баршаға мəлім. Қазақстан ғылымға жыл сайын инвестицияны арттыру арқылы осы қиын жолдың бастауында тұр жəне олар өз алғашқы нəтижелерін беруде. Үшінші индустриялық революция əлемді түбегейлі өзгертеді. Əлемді жаңа инновациялық технологиялар мен жаңалықтар күтіп тұр. Қазақстан ғалымдары Үшінші ин дустриялық революцияны іске асыруға жəне қазақстандық ғылымды жаңғыртуға өздерінің сүбелі үлестерін қосады деген сеніміміз мол.

 Теледидар терезесі Жақында «Қазақстан» ұлттық арнасы «Шетелдегі қазақ балалары» атты жаңа жобаны көрерменге ұсынған болатын. Шынын айту керек, атамекеннен алыстап қалған кішкентай қаракөздердің кейінгі тағдыры туралы көп нəрсе бізге беймəлім болып келді. Қазақстаннан бала асырап алған адамдар кімдер, олар сол сəбилердің туған ата-анасындай қамқорлық таныта алып жүр ме, шетелдегі жетімдер проблемасы қалай шешілуде? Міне, осы жəне мұнан да басқа көкейдегі көп сауалға тың жобадан жауап табылады. Ұлттық арна тілшісі Жанар Байсемізова Еуропа елдерінде арнайы іссапарда болып, шетелдіктер асырап алған қазақтың жетім балаларының тағдыры мен тыныс-тіршілігін зерттепзерделеп қайтқан екен. 1993 жылдың 10 мамырында Гаагада қабылданған «Балаларды қорғау жəне шетелдіктердің бала асырап алуын қолдау туралы» Конвенция бойынша жетімдерімізді өз азаматтарымызға тəрбиелеуге беру мүмкін болмаған

9

www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

Ќаныѕды ќайдаєыєа ќалай ќидыѕ?

жағдайларда өзге елдің азаматтарының қамқорлығына беруге рұқсат етілген еді. Осы заң негізінде шетелдіктер Қазақстаннан 8 806 жетім баланы асырап алған екен. Олардың бүгінгі таңда 6 мыңға жуығы – АҚШ-та, 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда тұрады. – Қазақстанда шетелдіктердің қазақ балаларын асырап алуы ең көп талқыланған тақырыптың бірі. Қоғам назарын аударып отырған бұл мəселе

алты жылдан бері ойланып жүрген тақырыбым еді. Бірақ бұл ойым тек «Қазақстан» ұлттық арнасына жұмысқа келген сəтімде жүзеге асты, – дейді бізбен əңгімесінде Жанар Байсемізова. «Қазақстан» ұлттық арнасының негізгі мақсаты – ұлттық мұрат-мүддеге қызмет ету десек, шетелдегі қазақ балаларының өмірі мен өзекті мəселесін ұдайы назарда ұстау арқылы ұлттық арна өз ұстанымына берік екенін тағы бір мəрте дəлелдеп отыр.

«Қазақтың балалары тағдырдың жазуы мен қай елдің азаматтығын алғанмен, ол біздің қай кезде де қандасымыз болып қала береді. Шетелдегі əрбір қазақ баласы өзінің Қазақстан дейтін ұлы Отаны бар екенін біліп өсуі керек», – дейді жобаға қолдау көрсеткен корпорация басшылығы. Нұрзада КҮМІСБЕК, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды: Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 8,0 га кадастрлық нөмірі: 03-047-062-207, орналасқан мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай а/о. Жер телімінің мақсатты белгіленуі – тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу. Бастапқы баға – 56 602 000 (елу алты миллион алты жүз екі мың) теңге. Сауда-саттық əдісі – ағылшын. Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды. Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққа қатысу өтінімдеріне қажетті құжаттар тізілімін алу үшін сенімді өкілге бару керек. Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109В, 1004-бөлмеде 2013 жылғы 4 қарашада сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2013 жылғы 5 қарашада сағат 12.00-де мына мекенжайда болады: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылай хан к-сі, 48 А. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Төремұратов Азат Болатұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ246010011286000043, БИН 940140000385, СТН 600200048129, КБЕ 14. Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефондары: 8 (727) 330 16 80, 330 17 57.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон 8 (7172) 74-32-45, мына бос мемлекеттік лауазымға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы жəне кəсіби аурулар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорын директорына, 100017, Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 15 мекенжайында орналасқан. Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сай келуі керек: 1) жоғары медициналық білімінің болуы; 2) маман сертификаттарының болуы;

3) медицина ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесінің болуы; 4) басшы қызметте істеген жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл болуы; 5) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу; 6) мамандығы бойынша білікті лікті арттыру сертификатының болуы. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет: 1) конкурсқа қатысуы жөніндегі өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян; 4) белгіленген тəртіппен бекітілген білім туралы құжаттың көшірмесі; 5) белгіленген тəртіппен бекітілген еңбек кітапшасының көшірмесі; 6) денсаулығы туралы анықтама; 7) жеке куəлігінің көшірмесі. Сондай-ақ, саланы дамытуға қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға болады (10 беттен аспайтын). Конкурсқа қатысу туралы өтініш пен өтінішке қоса берілетін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткенге дейін жүргізіледі.

«Көксу-Шекер» АҚ (бұдан əрі – қоғам) (атқарушы органның орналасқан жері: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй) Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы өзінің акционерлеріне хабарлайды, жиналыс 2013 жылғы 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де мына мекенжайда болады: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй, мынадай күн тəртібімен: 1) Қоғамның жарғысына өзгерістерді бекіту туралы. Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2013 жылғы 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 9.30. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға құқылы «Көксу-Шекер» АҚ акционерлерінің тізімі 2013 жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша жасалды. Жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2013 жылғы 26 қарашада сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. Акционерлер жалпы жиналыстың күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдармен «Көксу-Шекер» АҚ атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады: ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, Амангелді к-сі, 1-үй.

АО «Коксу-Шекер» (далее общество) (место нахождения исполнительного органа: РК, Алматинская область, Коксуский район, п.Балпык би, ул.Амангелды, д.1) извещает своих акционеров о созыве по инициативе Совета директоров внеочередного общего собрания акционеров, которое состоится 25 ноября 2013 года в 10.00 часов по местному времени по адресу: РК, Алматинская область, Коксуский район, п.Балпык би, ул.Амангелды, д.1, со следующей повесткой дня: 1) Об утверждении изменений в устав общества. Время начала регистрации акционеров – 09.30 часов по местному времени 25 ноября 2013 года. Список акционеров АО «Коксу-Шекер», имеющих право на участие во внеочередном общем собрании акционеров, составлен по состоянию на 23 октября 2013 года. В случае отсутствия кворума повторное собрание состоится 26 ноября 2013 года в 10.00 часов по вышеуказанному адресу. С материалами по вопросу повестки дня общего собрания акционеры могут ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа АО «Коксу-Шекер»: РК, Алматинская область, Коксуский район, п.Балпык би, ул.Амангелды, д.1.

«Медтехника» АҚ «АТФ Банкі» АҚ-пен ірі мəміле жасағандығы туралы өзінің акционерлеріне, кредиторларына жəне өзге мүдделі тұлғаларға хабардар етеді.

АО «Медтехника» уведомляет своих акционеров, кредиторов и иных заинтересованных лиц о совершении крупных сделок с АО «АТФ Банк».

ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық мүлікті мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізеді Тендер 13.11.2013 ж. сағат 10.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекенжай бойынша болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 7-қабат, акт залы. Тендер өткізу шарты мен жеңімпазды таңдау өлшемдері – Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін кейіннен сатып алу құқығынсыз нысандарды жалға алу («Қазпочта» АҚ-тың, банктердің есеп-айырысукассалық орталықтары) төлемақы ай сайын. Тендер жеңімпазы болып нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сай келетін тендер қатысушысы танылады. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтерге жəне тұрақжайға қызмет көрсетуге шығындар кірмейді, олар бөлек төленеді. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК теңгерімінде тұрған тендер нысанының қысқаша сипаттамасы: Лот №1 – Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 10, жалпы алаңы – 7,13 ш.м., оның ішінде пайдалы – 6,0 ш.м. (жоспар-сызбаға сəйкес бірінші қабаттағы №10 бөлме бөлігі), қосалқы – 1,13 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі айына – 4 166 теңге. Кепілді жарна – 2 083 теңге. «Павлодар облысы бойынша салық депар таменті» ММ теңгерімінде тұрған тендер нысанының қысқаша сипаттамасы: Лот №2 – тұрғын емес жайлардың бөлігі, орналасқан мекенжайы: Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Чайка көшесі, 56, жалпы алаңы – 8,66 ш.м., оның ішінде пайдалы – 4,0 ш.м. (жоспар-сызбаға сəйкес əкімшілік ғимараттың бірінші қабатындағы №1 бөлме бөлігі), қосалқы – 4,66 ш.м. (алаңдарды пропорционалды үлестік пайдалану). Жалдау ақысының төменгі (бастапқы) мөлшерлемесі айына – 3036 теңге. Кепілді жарна –1518 теңге. Тендерге қатысуға өтінімдер қабылдаудың мерзімі – өтініш тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап құжаттардың белгіленген топтамасымен қабылданады жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күн ішінде аяқталады. Мүліктік жалдау мерзімі – бір жылға дейін. Кепілді жарна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Павлодар мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ шотына енгізіледі, код 2170176, БСН 120340001459, КБЕ 11, КНП 171,

ИИК KZ640705012170176006, БИК ККМҒКZ2A, «ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі – 1) тендерге қатысуға үміткердің келісімі қамтылған тендерге қатысуға өтініші жəне оның тендер шартын орындауы бойынша міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы; 2) жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; 3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетуімен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды расталған көшірмелері. жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу куəлігінің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелері, салық төлеушінің куəлігі жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті көрсетумен бірге үй кітапшасы немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері. 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірмені. жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында). 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды расталған құрылтай көшірмелері. 6) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі. 7) өтініш беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Өтініш қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте құжаттар, ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс, конверт жапсырылған жəне мөрленген болуы тиіс. Құжаттарды тіркеу үшін тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне соңғы бетіне қол қойылып жəне мөр басылуы тиіс (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса). Шарт жасасу мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен кешіктірілмей жасалады. Өтінімдер қабылдау, тендер нысанымен танысу жəне тендерлік құжаттаманы тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күнінен бастап мына мекенжайда алуға болады: Павлодар қ., академик Сəтбаев к-сі, 136, 517-бөлме (анықтама алу телефоны 32-50-94).

Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Ақан Сатаевқа əкесі, Қазақ КСР халық əртісі, белгілі театр жəне кино актері Қарғамбай Рақымжанұлы САТАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, еңбек ардагері Бақытжамал Ыдырысқызы МҰҚАНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі, басқармасы мен ұжымы Айбар Леонидович Даутовқа орны толмас қайғыға – əкесі Леонид Мухамеджанович ДАУТОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы серік болсын.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

24 қазан 2013 жыл

● Дода

Ќазаќстанныѕ 8 боксшысы – жартылай финалда! (Соңы. Басы 1-бетте). Бұл жолы шаршы алаңда бірінші нөмірмен ойнаған ол шайқастың соңын да өте əсерлі аяқтады. Ал келесі жекпе-жекте кубалық Йосвани Сото Вейтиа итальян Мануэль Каппаиді итжығыс тірес үстінде əрең жеңді. Енді ол жартылай финалда Біржанмен қолғап түйістіреді. Бұл екі боксшы бұған дейін бір рет бір-бірімен жұдырық сілтесіп үлгерген. Ол 2011 жылғы 26 қыркүйек күні Бакудегі əлем чемпионатының 1/32 финалы кезінде орын алған. Шайқас қорытындысы 21:11 есебімен Бостандық аралы жас перісінің пайдасына шешілген. Міне, Біржанға соның қарымтасын қайтарудың əдемі оңтайы келгелі тұр. Солай етуге əбден болатынын бізден осыдан кейін рингте тағы бір кубалықпен ұстасқан 56 килоға дейінгі салмақтағы Қайрат Ерəлиев керемет етіп көрсетті. Ол осы чемпионаттағы ең атағы зор, 2012 жылғы Лондон Олимпиялық ойындарының жалғыз чемпионы Робейси Рамиресті талассыз жеңді. Тегінде, бұл жолы жеңімпаз ұрыстың тактикасын дұрыс қалыптастыра алмай қалған сияқты. Кездесу басталған сəттен екінші нөмірге өз еркімен көшкен оның бəсеңдігі Қайраттың өз-өзіне келіп, сенімі арта түсуіне көп көмектесті. Екінші раундта ол тіпті еркін кетті. Соның нəтижесінде атақты қарсыласын теңселтіп жіберетіндей бірнеше ауыр соққылар жасады. Солардың бірінде реферидің есеп ашатындай да реті бар еді. Ал үшінші раундта өзінің ұтылып бара жатқанын сезген кубалық қабылан ышқына алға ұмтылған. Алайда, Қайрат бағыттың бұлай өзгеруіне дайын болып шықты. Ол жақсы қорғана жүріп, реті келген жерінде соққылар беруден де танбады. Мұның қорытындысы сол, төрешілердің үшеуі де жеңіс қазақ боксшысы қанжығасында кеткенін айғақтап берді. Жартылай финалда ол үнді Шива Тапаны ұтқан əзербайжан Джавид Челебиевпен ұшырасады. Шыны керек, біз бұдан кейін ұрыс алаңына қырғыз Эрмек Сакеновпен бірге көтерілген 64 килодағы Мерей Ақшаловтың алдыңғы толқынның арынды ағынын жарасымды жалғастыра алатынына шүбə келтірген жоқ едік. Бұған себеп, биылғы шілде айында Иорданияда өткен Азия біріншілігінде чемпион атанған қазақ боксшысы жартылай финалда осы қарсыласын а й қ ы н ба с ы м д ы қ п е н ұ т қа н . Соның да əсері болған шығар, біздің бағлан ұрысқа көтеріңкі көңіл күймен кірісті. Ұдайы қимыл үстінде жүрген Мерейдің шеберлігі жағынан да, деңгейі жағынан да қарсыласынан едəуір жоғары екені айқын байқалып тұрды. Жаттықтырушыларының нұсқауын осылайша тиянақты орындап шыққан ол келесі жолы литван Эвуалдас Петраускасты күрделі жағдайда 2:1 етіп ұтқан бразилиялық Эвертон Лопеспен финалға шығу жолында шайқасады.

Бірақ қарсыласының атағы үлкен. 2011 жылғы əлем чемпионы. Лондон Олимпиадасында 1/8 финалда кубалық болашақ чемпион Росниель Иглесиастан ұтылып қалған. Күндізгі сессиядағы төрттіктің нүктесін құрамадағы ең жас боксшы Жəнібек Əлімханұлы қойды. Ол 2011 жылғы əлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропаның биылғы жылғы финалисі румын Богдан Журатониді 3:0 етіп тізе бүктірді. Осы төрт шайқастың ішіндегі ең күрделісі де осы бол-

ды. Бұған осы кезге дейінгі екі ұрысын да керемет жарқылмен өткізіп, көптің көтере мақтауына ілігіп қалған жас береннің ептеп тоқмейілсу кəдесіне еліге түскені де бір себеп болған сияқты. Не дегенде де, айқастың бас жағы ол үшін ауырлау өтті. Қола дан құйылған қалыптай бір ырғақпен ауыр қозғалып, ауыр соққы жасайтын бессарабиялық бағланның қимылы оны біраз тығырыққа тіреді. Екінші раундта тіпті румынның қарқынына ілесуі қиындап бара жатқан жігітіміздің түбінде жеңіске жетуі қиын болатынын да пайымдай бастағанбыз. Қуаныштысы, соңғы шешуші кезеңде Жəнібек бар күшжігерін бойына жиып, ақырғы шабуылдарға ақыра кірісті. Түптің түбінде таразының басын сол жорықтар жосығы оған аударып тастады. Осы сəтте жартылай финалдағы бəсекелес те белгілі бола қалды. Бұл орынды неміс Штефан Хаертельді ұтқан ағылшын Энтони Фоулер басты. Араға бір сағат үзіліс салып өткен кешкі сессияда да біздің 4 боксшы алаң төрінде атойлады. Ал бесінші саңлағымыз – аса ауыр салмақтағы Иван Дычкомен қолғап түйістірер үнді Сатиш Кумар шайқасқа шықпай қалды. Шамасы, осыдан екі ай ғана бұрын Амманда біздің батырдан оңбай ұтылғаны оны тоқтатса керек. Сөйтіп, Ваня жартылай финалға ұрыссыз беттеді. Өкініштісі, бұл кезеңдегі ұрыстардың басын бастаған 52 килодағы Ілияс Сүлейменовтің уэльстік Эндрю Сельбимен кездесуі бізге бүгінгі күннің бірінші жəне соңғы жеңілісін əкелді. Біздің баланы Лондон Олимпиадасының 1/8 финалында жолдан қаққан Еуропаның 2013 жылғы чемпионы, 2011 жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері бұл жолы тағы да оның алдына тосқауыл болып шыға келді. Бірақ біз тап

Алматының аясында валли баласына есесін жіберген Ілиясты көрген жоқпыз. Біздің бағланды жолдан жаңылдырған тек оның өзінің алда тұрғанына сенімі басым түсіп, үшінші раундтың соңын «күтіп алу» тактикасымен өткізгені болуы ғана мүмкін. Есесіне, бұдан кейінгі саңлақтарымыз шашаларына шаң жұқтырмады. Дегенмен, бұған қарап, барлық шайқас табаға құйылған майдай еріп, біздің пайдамызға өзіненөзі шешіле берген екен, деген де

ұғым тумауы керек. Жігіттеріміздің қай-қайсысы да өздеріне тиесілі жеңісті кескілескен тартыстың тербеуінде тартып əкетті. Соның айқын бір үлгісін 60 килодағы Берік Əбдірахманов көрсетіп, пəсейіп бара жатқан көңіл ауанын қайта көтеріп тастады. Жасыратыны жоқ, оның венесуэлалық қарсыласы Луис Диас қолының да, бойының да ұзындығымен біраз қиындық келтіріп, ұрыстың бірден жанкүйер қалаған арнада ағындап жүруіне ырық бермеді. Бір қуаныштысы, Берік екінші раундтан бастап бұған басқа амал-айла тапты. Ол қарсыласын ұдайы бұрыштан-бұрышқа қуа жүріп, жақын қашықтықтан соққылауға көшті. Сөйтіп, өзінің 3:0 етіп жеңгеніне төрешілердің де көздерін жеткізді. Ендігі шайқас Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, 2011 жылғы əлем чемпионы кубалық Лазаро Альвареспен өтеді. Келесі кезекте қазақстандық көрермендерді қуантқан команда капитаны, 69 кило салмақтағы Данияр Елеусіновтің де қарсыласы оңай шағылатын жаңғақ болған жоқ. 2012 жылғы Лондон Олимпиа дасы мен 2011 жылғы əлем чемпионатының қола жүлдегері кім-кімнің де тақиясына тар келмейді. Мұның үстіне оның Альбион жеріндегі аламанда біздің капитанды жеңіп кеткені тағы бар. Сол тарлан – итальян Винченцо Мангикапре бұл жолы да айбынын асырмақшы болды. Бірақ арынын біздің боксшы тез басып отырды. Қашықтықты ұдайы дұрыс ұстай білген Данияр тым артық қимылға бармай-ақ өзіне керекті ұпайларды жинай берді. Соңында оның жеңгеніне ешкімнің күмəні болған жоқ. Енді оны осы жолы Лондонның финалында біздің Серік Сəпиевке жол берген ағылшын Фред Эванстан айласын асырған германиялық армян Араик Марутян күтіп тұр. Дəл осындай тəлімді тактиканы 81 килодағы Əділбек Ниязымбетов те ұстанды. Оның үнді Сумит Сангванмен ұрысы аса бір қатты қарқында өтпегенімен, біздің боксшының басымдығын бүтін байқатқан байыпты барласулардың бірі болды. Осы жеңісі оны ертең Амманда өткен биылғы Азия біріншілігінің финалында алдын орап кеткен өзбек Ойбек Мамазулуновпен қайта ұшырастырады. Ташкенттің тұйғыны голландиялық Петер Мулленбергті айқын басымдықпен ұтқаннан кейін алдағы айналымға аяқ басты. Сонымен, ертең жартылай финалдық айқастар өтеді. Оған біздің 8 боксшыдан басқа, Кубаның – 5, Ресейдің – 4, Италия мен Əзербайжанның үш-үштен өкілдері қатысады. «Егемен Қазақстанның» əлем чемпионатындағы көшпелі редакциясы. PS. Чемпионаттың техникалық мəліметтерімен газет сайтынан (http:/ www.egemen.kz) таныса аласыздар. ––––––––––––––––––– Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

● Туыстық туы

Əсерлі сапар

Мен қатардағы фотосуретшімін. Биыл қызым Розалия екеуміз Та тарстанда болдық. Ондағы мақ сатым қазақтың атақты ақындарының бірі Қадыр Мырза Əлінің өлеңдерін татар тілінде өзім он жылдан астам қасында болғанда түсірген фотосуреттерімді пайдаланып, шығару еді. Сол сияқты «Менің Қазақстаным» атты фотокөрме ұйымдастыру да ойда болатын. Қазандықтар бізді жылы қарсы алды. Солардың бірі автобус жүргізушісі Ильяс Миннурұлы Ғиззатуллин Қа зақстанның жетістіктеріне тəнті еке нін айтып, біраз əңгіме шертті. «Сіз дер бақыттысыздар, Нұрсұлтан

Назарбаевтай басшыларың бар», деді ол. Сол сияқты, Азат пен Лилия Шаймардановтар бала Тоқайды өсіріп қанаттандырған Қазақ еліне дұғай сəлем жолдады. Өз елің туралы өзгелердің осындай лебіздерін естігенде бойыңа қуаныш сезімі ұялап, төбең көкке жеткендей болады екенсің. Осы сапардан алған əсеріміз өте мол. Солардың бəрін айтып тауыса алмаспын. Ендігі əңгімені суреттер шертсін.

Рафхат ХАЛЕЛОВ. ҚАЗАН – ОРАЛ. –––––––––––––––– Суреттерді түсірген автор.

● Жағымды жаңалық

23 жылдан соѕ!..

Ауылда мəдениет їйі ашылды Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Орталыќ саябаќ ќала меншігіне ќайтарылды Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Бір кездері Қазақстанның барлық қиырынан өнер, білім іздеп ағылған аға буынға Алматыдағы Орталық демалыс жəне мəдениет паркін таныстырып жатудың қажеті жоқ. Алайда, осы қалада туып-өскен кейінгілердің көбі бұл саябақ туралы біле бермейді. Оның бір себебі, мұнда жастар үшін ойын-сауықтың басқа түрі көп болса, екіншіден, көп жылдар бойы күтім көрмей тұрған демалыс орнында серуендейтіндей түр қалмағанды. Таяу күндері қаладағы ең үлкен парк мүлкі коммуналдық меншікке қайтарылды. Биыл мамыр айының аяғында шаһар басшысы қазіргі күйі сын көтермейтін Орталық саябақты екі апта аясында ретке келтіруді талап еткен болатын. Екі апта түгілі екі ай өтсе де паркті демалыстың заманауи талаптарына сай ете алмаған меншік иелері саябақты муниципиалды меншікке қайтаруға мəжбүр болды.

Бүгінгі күндері қала əкімшілігі парк келбетін жаңа заман талғамына көтеру үшін жаңа тұжырымдама жасауды қолға алды. Ал өткен аптада жалпықалалық сенбілікке орайлас келген осынау оқиға кезінде қала əкімі Ахметжан Есімов осындағы ағаш отырғызу рəсі мі не қатысты. Веложарыс мəресі де осында өтті. Сенбілікке шыққан қалалықтардың көпшілігі Орталық саябақты қоқыстан тазартуға ықыластана қатысты. Сенбілік кезінде Алматы əкімі Орталық демалыс жəне мəдениет паркі жекеменшіктен қайтарылғандығын жеткізіп: – Бүгіннен бастап, паркке кіру тегін, біз Орталық паркті түгелдей жаңартып, ретке келтіретін боламыз. Жаңа ағаштар отырғызамыз. Келер жылы парк келушілерді жаңа келбетімен қарсы алатын болады, – деді. Сол күні-ақ паркте 60 шырша, 500 жалпақ жапырақты ағаш отырғызылды.

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы.

АЛМАТЫ.

● Апыр-ай!

Банкоматќа «маманданєан» баукеспе

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: АҚШ-та бір жарым жасар бала картадағы барлық елдерді көрсете алады. Қытайлықтар неге Қытай автокөліктерін сатып алмайды? Қырғыздар дауға айналдырған каналдың ақыры не болды? Сирияда соғысқан қазақстандық лаңкестер еліміздің азаматтығынан айырылуы мүмкін. «Жеңісіне жер алған Жетпіс балуан». Еліміздегі көлдерді тазалауға 2 млрд. теңге бөлінді.

Тараз қаласындағы банкоматтардың бірінен 16 миллион теңге қолды болды. Тəртіп сақшыларына шағымданған екінші деңгейдегі бір банктің əкімшілігі «Жансая» шағын ауданындағы банкоматтағы ақшадан 1 миллион теңге жетпейтінін жазған. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жедел іздестіру іс-шара ларының нəтижесінде ішкі істер органының қызметкерлері 37 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол банкоматтардың қызметін қадағалайтын техник болып істегендіктен оның қыр-сырын жақсы білетін болып шықты. Ал тексере келгенде ол «банкомат

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Арбиген ауылының халқы тоқырау жылдары құрылысы аяқталмай қалған мəдениет үйін апа-аталар, ағайын-туыс, көрші-қолаң, бала-шаға болып осы күнге дейін сақтап келді. Біреулер бұзып алып кетпесін деп ауылдың үлкен-кішісі бар күні-түні кəдімгідей күзетті. Сөйтіп жүргенде, «Ауыл жылдары бағдарламасы» да өтті. Облыстық «Ақ бұлақ» бағдарламасы тіпті Арбиген ауылы жаққа бұрылған да жоқ. Бұл жайында біз де газетімізде бірнеше рет жазып, сол кездегі əкімдерге құлаққағыс еткен болатынбыз. Былтыр ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Қорған Ашатайұлы облыс əкімі Ерлан Арынға мəдениет үйінің жай-күйін айтып, өтінішін жеткізді. Атамыз кезінде Дінмұхамед Қонаевқа да ауыл халқы атынан өтініш жазып, Арбигенге қазақ мектебін салдырған еді. Облысқа да, ауданға да талай əкім келді, кетті. Қорған ақсақал олардың бəріне де арыз-өтініш жазудан жалықпады. Өзге əкімдер жүре тыңдаған ауылдың өтініші бұл жолы жерде қалмады. Е.Арын айтқан уəдесінде тұрды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылысы аяқталмай, ауыл ортасында бос тұрған мəдениет үйінің жөндеу жұмыстарын облыс орталығындағы «Azia LTD – Павлодар» серіктестігі жүргізді. Ал қазір ауылда ауылдықтар өздері бір кірпішін де бұздырмай сақтап қалған əсем зəулім ғимарат пайда болды. Мəдениет үйінде кітапхана, медициналық бөлімше орналасты. – Ойпырым-ай! Үміт үзбей талай жыл күттік-ау. Ел мен жердің бір шетін сақтап, ауылда ел отырғанын кейбір басшылардың ұмытып кететіні жанға батты. Ауыл – қазақтың бесігі. Мəдениет үйін тонатпай, күні-түні күзетіп жүргеніміз де сол, ауылды сақтап қалу. Мен Ерлан Арынға сендім. Ауыл ырза. Мəдениет үйі ашылған күні өзі келіп, кітапханаға ақын-жазушылардың 200 кітабын сыйға тартты, – дейді Қ.Ашатайұлы. Ал ауыл жағдайы жақсы, мал жетеді, дастарқаны мол. Серікбай Дəуітов басқаратын «Аян» шаруа қожалығы асыл тұқымды қара мал өсіреді. Шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен 8 миллион теңге несиеге сиыр сатып алыпты. Қазір 60 бас малы бар. Айтпақшы, ауылдағы дəрігерлік бөлімше бұрын дəрігер Қуаныш Қайырбаевтың үйінде болыпты. Ол Екібастұздың медициналық колледжін бітірген жас маман ретінде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша осы ауылға келіпті. Бұл күндері аудан орта лы ғында тұрғындар Арбиген ауылындағы мəдениет үйі сияқты талай жылдар бойы күтіп жүрген 300 оқушыға арналған қазақ мектебінің құрылысы жүргізілуде.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

ұрлығына» тамыз айынан бастап кіріскені анықталды. Банк шығыны – 16 миллион теңге. Баукеспенің айтуынша, ол ұрлаған ақшаның бəрін құмар ойындарына жаратқан-мыс. Бүгінгі күнге дейін өзінде бар болғаны 3 миллион теңге мен 1000 АҚШ доллары қалыпты. Күдікті қамаққа алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

ТАРАЗ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №169 ek

Profile for Egemen

24102013  

2410201324102013

24102013  

2410201324102013

Profile for daulet
Advertisement