Page 1

24 саєат №186 (28409) 24 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Мемлекет мерейі

Табыстыѕ ќиын маршруты Ќазаќстанныѕ «ќўрлыќтыќ тўзаќтан» ќалай шыќќаны жайында Таяудағы екі бірдей Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл темір жолының іске қосылуы, сондай-ақ, алдағы Қазақ стан – Түрікменстан – Иран магистралының пайдалануға берілуі біздің еліміздің көлік стратегиясының шешуші сатысын тиянақтайды. Осының арқасында Қазақстан уақыт пен кеңістіктің кең ауқымды нарығында айрықша орынды иелене білді. Дəурен АБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы.

«Ќўрлыќта ќамалєандар»

Əлемде теңізге шығу мүмкіндігі жоқ 48 ел бар. Олар əлемдік тауар айналымының елеулі үлесі – шамамен 90 пайызы келетін теңіз саудасы мүмкіндігінен кесіліп қалған. 50 мыңнан астам кемелерден тұратын халықаралық сауда флоты өзіміз айтатын жаһандық нарықты қалыптастырады. Ықпалды британдық экономист Пол Кольер өзінің «Төменгі миллиард» атты кітабында теңізге шығу мүмкіндігінің болмауын оларды сарылуға душар ете отырып, мемлекет дамуын тежейтін басты «тұзақ тардың» бірі ретінде айқындаған. «Құрлықта қамалған» елдерде «алтын миллиардқа» қарама-қайшы «төменгі миллиард» деп аталатын адамзаттың ең кедей тобының 40 пайызы өмір сүреді. (Соңы 2-бетте).

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет отырысының қорытын дысына арналған баспасөз мəслихатына Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, Ауыл шаруашылығы вицеминистрі Арман Евниев жəне Білім жəне ғылым вице-министрі Т.Балықбаев қатысты. Отырыстың күн тəртібінде қаралған бірінші мəселе – ауыл шаруашылық тауарларын

өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру жайында М.Құсайынов баяндады. «Үкімет отырысы барысында министрлікпен мүдделі мемлекеттік органдарымен жəне Қазақстанның Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесе əзірленген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді субсидиялау тетігін жетілдіру бойынша келісілген шаралар айтылды», деді ол. (Соңы 4-бетте).

Астана мен Вашингтон қатынастардың барлық салаларын қамтитын Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық əріптестікті одан əрі нығайту жəне кеңейту бойынша жұмыс істеуге мүдделі. Бұл туралы Нью-Йоркте өткен кездесу барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мəлімдеді. Сұхбаттастар екіжақты қатынас тар күн тəртібіндегі кең ауқымды мəселелер кешенін қарастырып, қатынастардың қарқынды дамуын атап өтті. ҚазақстанАмерика қатынастарының энергетика, ядролық таратпау, өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздікті нығайту мəселелерінде өзара сенімді ықпалдастықтың берік негізінде құрылғаны көлденең тартылды. Кездесу барысында америкалық компаниялардың

Қазақстанның энергетика секторын дамытудағы жетекші рөлі аталды, басқа салаларда саудаэкономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің мол мүмкіндіктері туралы да айтылды. Е.Ыдырысов «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай республиканың экономикалық даму ахуалы мен болашағын сипат тап, Н.Ə.Назарбаев алға қой ған дамыған 30 мемлекеттің қата рына кіру мақсатына жету АҚШ-пен жəне

өзге де шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақ тас тыққа зор мүмкіндік тудыратынын атап өтті. Осы тұрғыда Е.Ыдырысов пен Дж. Керри Қа зақстан ның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша келіссөздердің тезірек қорытындыла нуының маңыз дылығына тоқталды. Сұхбаттастар, сонымен қатар, халықаралық саясаттың өзек ті мəселелерін, соның ішінде Орталық Азиядағы, Ауғанстандағы, Украинадағы жəне Иран ядролық бағдарламасына қатысты жағ дайды талқылады. Бұған қоса, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобалары шеңбер інде көлік байланыстарын

● Орақ-2014

Зырянда зыєырєа ораќ тїсті Кенді Алтайдың кіндігінде орналасқан Зырянның ертедегі аты Көктас деседі. Таулы қырат қыртысындағы қазынасы жақпар-жақпар көк тас болып көрініп жататын ауданның табиғаты да көркем, жері де шұрайлы. Аудан халқы өнеркəсіппен бірге ауыл шаруашылығымен шұғылданады. Өткен сенбіде аудандағы жиын-терін науқанымен танысуға мүмкіндік туды. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Биыл Зырян ауданында егістік көлемі 73 мың гектарды құрады. Жаздық бидай 36 мың гектарға егіліпті. Аудандық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінің басшысы Сəуле Қойшыбаеваның айтуынша, бүгінде күздік бидай толығымен жиналды. Зыряндық диқандар гектарына 30 центнерден өнім алып отыр. Бұл – Глубокое мен Шемонайха сынды көрші орналасқан аудандарға қарағанда көбірек. Дəнді дақылдар гектарына 22,8 центнерден жиналды. Жиын-терін көлемі жылдағыдан жақсы. Тіпті, кейбір шаруа қожалықтары 30 центнерден өнім алуда. Ауданда жем-шөптік дақылдар көлемі де өсіп отыр. Сондай-ақ, рапс гектарына 17 центнерден жиналуда. Ал картоп 5 пайызға, көкөніс 7 пайызға көбейіп, ауданды қамтамасыз ете бастады. Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

(Соңы 9-бетте).

дамыту мəселелері қарастырылды. Е.Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының тікелей қатысуымен қол жеткізілген Ауғанстандағы президент сайлауынан кейінгі жағдайды реттеу бойынша келісімді қолдап, Қазақстанның бұл елдегі тұрақтану үрдісіне одан əрі көмек көрсетуге дайындығын растады. Е.Ыдырысов Украинадағы шиеленіс жағдайының үстіміздегі жылғы тамызда Минскідегі саммит барысында қол жеткен келісімдерге жəне қыркүйекте қол қойылған Минск меморандумына сəйкес бейбіт жолмен реттелуін қалайтындығын растады. (Соңы 2-бетте).

Бүгінгі нөмірде:

Сəлем ы с а н а ѕ і д сґз

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

«БҐБЕК». ТЕЛЕМАРАФОН. 5-бет СЫН САЄАТТА

7-бет «БƏРЕКЕЛДІ, ЌАЗАЌТАР, ЖАСАЙ БЕРІЅДЕР!»

л ў б л ў Б 14-бет

11-бет

Кїлесіѕ. Кейде кїрсінесіѕ...

Тапсырмалар тиянаќталды

Америкамен ќарым-ќатынас артады

9-бет

Кеше Үкіметтің кезекті отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысындағы бірқатар мəселелер қаралды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мəлім болды.

 АҚШ əскери-əуе күштерінің ұшақтары Сирия аумағындағы «Ис лам мемлекеті» қарулы жасағының шептерін бомбалады. Бомбалауға Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Əмірліктерінің əскери-əуе күштері де көмектесті. Енді «Ислам мемлекетінің» жасақтары америкалықтардан Сирия аумағын бомбалағаны үшін кек қайтармақ. Кектің қандай жолмен қайтарылатыны белгісіз.  Түркия мектептерінде мұсылман орамалы – чаршаф тағып жүруге рұқсат берілді. Бұл жерде əңгіме мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі жоғары сынып оқушыларына қатысты болып отыр. Ал жеке діни мектептерде оқушы лар бұрынғысынша оқу орындарының ішкі ережелеріне бағынатын болады. Израиль əскерилері ƏлКунейтра қаласы маңында Сирия ұшағын атып түсірді. Олардың сөздеріне қарағанда, ұшақ елдің əуе кеңістігін бұзған. Ал ұшқыштың тағдыры туралы ешнəрсе айтылмайды. Шекараны МиГ-21 жойғыш ұшағы бұзған-мыс. Соңғы рет Израиль əскерилері Сирия ұшағын 1989 жылы атып түсірген екен.  Алжирдің шығысында француз азаматы ұрланды. Оның аты-жөні – Эрв Гурдель. Исламистер французды Париждің Сирия аумағындағы «Ислам мемлекеті» шептерін бомбалауға қатысқаны үшін ұрлағанын, егер Франция осы əрекетін дереу тоқтатпаса, Гурдельді өлтіретінін мəлімдеп отыр. Франция тарапына ойлануға 24 сағат уақыт берілген.  Шотландия премьер-министрі Алекс Салмонд Лондонды Шотландия ның тəуелсіздігі туралы референдумға қатысушыларды алдады деп айыптады. Оның сөзіне қарағанда, Шотландияның тəуел сіздігіне қарсы дауыс бергендер Лондонның өңір өкілеттігін кеңейту туралы берген уəдесінен бас тартқаны үшін ашулы көрінеді. Омар Гонзалес Ақ үйдің аумағына кіріп кеткен болатын. Оның көлігінен 2 балта мен мачете жəне 800 оқ табылған еді. Ал өзінен тек қайырмалы пышақ қана шығыпты. Ақ үйдің қоршауынан қарғып өткен Гонзалес ғимаратқа кіреберісте ғана қолға түскен. Енді оған тыйым салынған аймаққа суық қарумен кірді, президентке қатер төндірді деген айып тағылып отыр.  Брюссель полициясы екі күдіктіні қолға түсіріп, Еурокомиссияның штабпəтеріндегі терактінің алдын алды. Бірнеше ай бедерінде Бельгия мен Нидерландтың құқық қорғау органдары Брюссель мен Гаагадағы исламистерге қарсы бірқатар алдын алу операцияларын жүр гізіпті. Бірнеше адам қамауға алынған. Жоғарыдағы екі күдікті солардың қатарынан екен.  Тəжікстанда президент резиденциясында күзетші болып жұмыс істейтін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Раджабали Махмұдов сиыр ұрлады деген айыппен қамауға алынды. Істі Қорғантөбе əскери гарни зонының соты қарап жатыр екен. Енді ол 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мəліметіне қарағанда, Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 2800 адамға жеткен. Қатерлі вирусты жұқтырғандар саны – 5765 адам. Қазіргі таңда Эбола ДДҰ үшін аса ірі халықаралық проблемаларының біріне айналып отыр.


2

24 қыркүйек

www.egemen.kz

2014 жыл

Табыстыѕ ќиын маршруты

болмаған құрылысы ел үшін мүлде жаңа салалар – теміржол машиналарын жасау ісін туындатып, аса ауқымды аумақтағы өмірге жан бітірді. Осылайша, қысқа мерзім ішінде тұйықталушылықтан жол қиылыстарына айналдыра отырып, Қазақстанды Еуразияның көлік торабына айналдыру жөніндегі стратегиялық міндет шешім тапты. Көлік экономиканың дамуы үшін «шөлмектің мойыны» бола алған жоқ. Керісінше, тауарлар мен қызметтерге, жұмыс күшіне тұрақты сұра ныс туғыза отырып, ол неғұрлым ықпалды ынталандырушылардың біріне айналды.

Стратегиялыќ əріптестікті ныєайту жолында

Барлыќ жолдар Ќазаќстанєа бастайды

(Соңы. Басы 1-бетте). Жағдайдың бұл ережеден тыс болуы тым көп емес. Аумағында «Əлемдік мұхиттан алшақтық полюсі» бар, теңізге шығу мүмкіндігі жоқ, планетадағы ең үлкен ел – Қазақстан солардың бірі болып отыр. Ең жаңа əлемдік тарихта «көліктік тұзақты» осыншалық ғаламат еңсеру мысалы іс жүзінде жоқ. Қазақстан теңізге тікелей шығар жолдың болмауы үкім емес екенін өз үлгісімен дəлелдеді.

ретінде белгіленді. Стратегиялық жобалар нобайы да сол кезде қаланды. Бірақ ең бастысы – Президентке оларды жүзеге асырудың сəті түсті. Ал «көліктік тұзақтан» шығу жолын іздеген көптеген елдер дəл осы сатыда тежеліп қалған болатын. Біріншіден, Каспий теңізінің мүмкіндіктері барынша пайдаланылуда. Ақтау портын жаңғырту оны ол арқылы Каспийдегі жүк айналымының үштен бірі жүзеге асырылатын ең ірі көлік торабына айналдырды. Екіншіден, Қазақстан отандық тауарлар

мен газды экспорттау үшін Қазақстан – Қы тай бағытында жаңа көлік дəліздері құрылды. Оның сыртында Каспий өңірінен мұнай жеткізуде негізгі маршрутқа айналған КҚК мұнай құбыры салынды. Автомобиль жолы саласында да құрылыс одан кем жүргізілген жоқ. Мұнда Батыс Қытай – Батыс Еуропа автодəлізінің 2700 шақырымдық қазақстандық бөлігі əлемдік маңыздағы ең ірі транзиттік жоба болып табылады. Теміржолдар құрылысы өңірлік жəне

Президент Назарбаев жүргізіп отырған көлік стратегиясының тағы бір қорытындысы бар. Жаһандық көлік инфрақұрылымы дегеніміз нені білдіреді? ЭҚДҰ-ның анықтауынша, ол халықаралық теңіз сауда-көлік жолдарынан, ең ірі гейтвеи-порттардан жəне оларды байланыстыратын құрлықтағы көлік дəліздерінен, сондай-ақ, құрлықтық тірек пункттерінен тұрады. Қазақстан, іс жүзінде, осы инфрақұрылымнан тысқары – «жол жиегінде» болды. Бірақ егер соңғы жылдары жүзеге асырылған барлық жобаларды əлемнің стратегиялық көлік картасына салар болсақ, біз онда нақты бейнені көреміз. Біріншіден, шығыс пен батыста теңіз порт тарына қол жеткізілді. Екіншіден, ел ішінде дербес тірек пункттері құрылды. Үшіншіден, екі халықаралық құрлықтық көлік дəліздері салынды. Сол арқылы Қазақстанды жаһандық көлік инфрақұрылымына қосу міндетінің барлық буындары қалыптастырылды. Бұл кəдімгі «таудың Магомедке келетін» жағдайы. Үлкен көлік ойынына уақтылы қосыла отырып, Қазақстан жаһандық көлік державасы ретінде қалыптасу үшін іргетас қалай білді. Мұны біздің еліміздің қазіргі сатыдағы шешуші экономикалық жетістігі деп атауға болады. Оның сыртында «орташа табыстар тұзағынан» құтылу үшін барлық алғышарттар жасалды. Экономистер жан басына шаққанда 16 мың доллар ІЖӨ көр-

Ќазір немесе ешќашан

Тəуелсіздік алған сəттен бастап біздің еліміз қаңтарылу жағдайына душар болды. Қазақстанға тиген көлік жүйесі сыртқы рыноктарға қолжетімділікті қамтамасыз етпей қана қойған жоқ, тіпті, біртұтас ішкі рынокты қалыптастыруға да мүмкіндік бермеді. Коммуникациялардың барлық түрлерінде бірегей желі болған емес. Көлік жолдарының шашыраңқылығы экономиканың фрагменттілігін ғана бейнелегендіктен оған таңғаларлық ештеңе жоқ еді. Сондықтан тек жаңа жолдар мен құбырлы өткізгіштер, порттар мен электр тарату желілерін салу ғана қажет болған жоқ. Координаттардың жаңа жүйесін құру да қажет болды. Көлікке тұрақты қаржылар салу проблемасы барлық мемлекеттер үшін көкейкесті екенін атап өту қажет. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, 2050 жылға дейін жаһандық инфра құрылымға 45 трлн. доллар мөлшерінде инвестиция қажет болады. Ал Қазақстанға 90-шы жылдары ақша тіпті, ең қажет дегендердің өзіне жетпейтін еді. Ел немесе жақсы уақыттар келгенге дейін инфрақұрылымға инвестиция салуды кейінге қалдыра тұру керек пе, немесе, барлық кемшіліктерге қарамастан, қалайда алға жылжу қажет пе деген стратегиялық жол айрығында тұрдық. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігері шешуші рөл атқарды. Мемлекет басшысы ағымдағы экономикалық қиыншылықтардан əріге көз жіберіп, «толқын тасасындағы теңізді көре білді». Инфрақұрылым пайдасына деген таңдауын ол 1999 жылғы қыркүйектегі халыққа Жолдауында былайша негіздеді: «Екінші мыңжылдықтағы Орталық Азия тарихы құрлықтың ортасында тұрған жəне əлемдік коммуникацияларға шығатын жолдан ада халықтардың болашағы жоқ екенін көрсетіп берді. Орталық Азияның бүкіл халықтарының тағдыры, егер жекелегенді алып тастасақ, ең негізгі: біз əлемдік маңыздағы көлік арнасы бола аламыз ба немесе тағы да жол шетінде қаламыз ба деген мəселеге байланысты». Көлік инфрақұрылымы ел болашағы соған байланысты болатын басым сала

ағымы өсіп келе жатқан өзге елдер порттарында берік орын алды. Бүгінде шетелдік порт активтері қатарында Баку астық терминалы, Қара теңіздегі Батуми порты, Балтық теңізіндегі Вентспилс астық терминалы, Тынық мұхиттағы Ляньюньган портындағы Қазақстан-Қытай терминалы бар. Осындай «десанттың» арқасында теңізден алыс жатқан Қазақстан барлық бағыттар бойынша əртараптандырылған порттық инфрақұрылымды құра білді. Үшіншіден, тіпті, экономика үшін ең бір күрделі уақыттардың өзінде құрлықтық коммуникациялардың барлық түрлерін дамытуға ауқымды инвестициялар бағытталды. Құбырлы өткізгіш саласында əлемнің ең ірі рыноктарының біріне мұнай

тіпті жаһандық ауқымда да нағыз дүмпуді бастан өткерді. Тəуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда 2500 км. жол салынды. Қазақстан – Түрікменстан – Иран халықаралық желісінің учаскесі, Қытай мен Еуропа арасында жүк жеткізуді жеделдеткен Жетіген – Қорғас магистралі салынды. Жаңа Жезқазған – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл, Ақсу – Дегелең, Хромтау – Алтынсарин, Шар – Өскемен жолдары арақашықтықты жүздеген шақырымдарға қысқарта отырып, елдің солтүстік, орталық, батыс жəне шығыс өңірлерін өзара тікелей байланыстырды. Ақтоғай – Достық жолының транзит үшін шешуші учаскесінің өткізу қабілеті ұлғайтылды. Болат магистральдардың бұрын-соңды

сеткішіне жеткен мемлекеттердің осы белесте іркіліп қалатынын есептеп шығарған. Қазақстан, болжам бойынша, оған 2016 жылы шығады. Бірақ жасалған инфрақұрылымдық кеңістік пен көліктік машина жасаудың буырқана дамуы «2016 проблемасының» табысты шешілетініне негіз бола алады. Нұрсұлтан Назарбаев жасаған көлік стратегиясына тарихи таңдау бізге болашаққа жол салды деп ешқандай əсірелеусіз-ақ айтуға болады. Бұл жол қазірдің өзінде жаңа, бұрынғыдан да бетер батыл бағдарларға ие болуда, олардың қатарында «Нұрлы жол» жобасы бар. Өйткені, табыс дегеніміз белгіленген пункт емес, ол – жол. Жəне Қазақстан онымен сенімді алға басуда.

Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті. Кездесуде екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты, соның ішінде əскери жəне əскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды əрі қарай нығайту мəселелері талқыланды. С.Ахметов: «Қазақстан мен Қытайды екі ел басшыларының жылы жəне достық қарым-қатынасына негізделген берік жəне ұзақ мерзімді ынтымақтастық байланыстырады. Екі ел қорғаныс ведомстволары арасындағы əріптестік осы ынтымақтастықтың маңызды бір бағыты болып табылады», деді. Өз кезегінде Ли Кэцян: «Қытай Қа зақ станмен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша, соның ішінде əскери жəне əскери-техникалық салада да стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге əзір», деп атап өтті. *** Осыдан бір күн бұрын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов Қытай Халық Республикасына ресми сапары шеңберінде осы ел Қорғаныс министрі Чан Ваньцюанмен кездескен болатын. С.Ахметовтің айтуынша, «Қазақстан мен Қытайды екіжақты ынтымақтастықтың барлық салаларындағы берік өзара қарымқатынастар байланыстырады». Ол «достық стратегиялық қарым-қатынастың нығаюына екі ел басшыларының тұрақты кездесулері ықпал етіп келе жатыр», деп атап өтті. Қазақстан Қорғаныс министрі қорғаныс ведомстволары арасындағы əскери, əскери-техникалық ынтымақтастық, əскери білім, екі ел Қарулы Күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізудің дамуы мен өзара

іс-қимылдың табыстылығын атап өтті. С.Ахметов Астанада мамыр айында өт кен «KADEX-2014» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін қытайлық тарапқа алғыс білдірді. Өз кезегінде ҚХР Қорғаныс министрі Чан Ваньцюан «аталған сапар екі елдің қорғаныс ведомстволары мен қорғаныс күштерінің болашақтағы ынтымақтастығына Қазақстанның белсенділік танытып отырғандығын көрсетеді», деді. Ол «ҚР мен ҚХР Қарулы күштері арасындағы байланыс екіжақты қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады», деп атап өтті. Чан Ваньцюан Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы зор үлесі мен «əскери жəне əскеритехника лық ынтымақтастықты келешекте кеңейтуді» атап өтті. ШЫҰ мен АӨСШК шеңберінде өзара іс-қимыл мəселелеріне тоқтала келе, ҚХР Қорғаныс министрі биыл тамыз айында «Чжужихэ» полигонында өткен «Бейбіт миссия-2014» антитеррорлық оқу-жаттығуына Қазақстан Қарулы Күштерінің ойдағыдай қатысқандығына ризашылығын білдірді. Кездесу барысында əріптестер екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволары арасында келешекте өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі бірқатар ұсыныстар айтты. Сонымен бірге, күн тəртібіндегі халық аралық өзекті мəселелер бойынша пайымды пікір алмасулар болды. Кездесу соңында С.Ахметов өз əріп тесін ресми сапармен Қазақстанға келіп кетуге шақырды. «Егемен-ақпарат».

Америкамен ќарымќатынас артады

(Соңы. Басы 1-бетте). ҚР СІМ басшысы Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасы аясында орын алып жатқан келіссөздер үдерісіне, қажет болған жағдайда, жан-жақты көмек көрсетуді одан əрі жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. Жəне тараптардың осыдан бұрын жария етілгендей, алдағы 24 қарашада келісімге келетіндігіне үміт білдірді. Дж. Керри өз кезегінде Қазақстан ның өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосып отырған үлесін, оның ішінде Ауғанстанды тұрақтандыру мəселесіндегі жəне жалпы республиканың сындарлы жəне теңгерімді сыртқы саясатын жо ғары бағалады. Мемлекеттік департамент басшысы АҚШ-тың елі мізбен саяси жəне экономика лық ын тымақтастықты одан

əрі ны ғай туға мүдделі екенін қуаттады. Кездесу соңында Е.Ыдырысов Дж. Керриге өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға келіп-кетуіне ресми шақыруды табыстап, жалпы америкалық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысуға шақырды. АҚШ Қазақстан эконо ми касының басты инвесторларының бірі болып табылады (26 млрд. доллардан астам), Казақстанда америкалықтардың қатысуымен 300 бірлескен кəсіпорын жұмыс істейді, ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 9%-ға артып, 2.8 млрд. АҚШ долларын құрады. «Егемен-ақпарат». ––––––––––––––––––––– Сурет АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінен алынды.


24 қыркүйек

3

www.egemen.kz

2014 жыл

ОТАНДЫ СҮЮ – ОТБАСЫНАН  Оқиғаға орайлас ой

Мўныѕ бəрі береке-бірліктіѕ арќасы Тұрарбек АСАНОВ, Мəжіліс депутаты.

Отбасы – шағын мемлекет. Ал сол отбасылардың мерейлі, беркелімерекелі болуының өзі біздің мемлекеттілігіміздің іргесін мығымдай түсіп, оны əлемнің дамыған елдері қатарына қосуға ықпал етеді. Яғни, мұның саяси мəні де бар. Ең бастысы, өнегелік маңызы зор. «Мерейлі отбасы» байқауын өткізіп, осындай айтулы шараны ұйымдастырудың да негізгі мақсаты осындай отбасыларды қалыптастыру, үлгілі отбасылар қатарын көбейту. Бұл байқау елімізде бірінші

рет мұндай үлкен деңгейде өткізіліп отыр. Тіпті, Мемлекет басшысының өзі келіп, шараны қорытындылауы еліміздегі отбасылық құндылықтардың асқақтай түсуіне айрықша ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл үшін Елбасына зор алғыс айтуымыз керек. Осындай шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр екені сөзсіз. «Тəрбие – от басынан басталады», «Отанды сүю – отбасынан», дейміз. Ал бүгін, міне, жалпы отбасылардың мерейлі, ұлы тойы. Елімізде осындай тойлар көп болсын деп тілейміз. Мұның бəрі еліміздің тыныштығының, бірлік-берекесінің арқасы.

Бўл – ґте дўрыс бастама Түзел БАҚТЫҒАЛИЕВА, зейнеткер.

Өзім де өмірге ұл-қыз əкеліп, перзенттерімнің табысы мен қуанышына марқайып жүрген ақ самайлы аналардың бірімін. Осы өмірде көзім анық жеткен бір нəрсе бар. Мысалы, баласына жаман дық ойлайтын жер бетінде бірде-бір ата-ана жоқ, бəріміз оларды тəртіпті, тəрбиелі, иманды, адамгершілігі мол, қайырымды жандар болса деп тілейміз. Барлық аналардың ішіндегі сол ізгі ниетті жүзеге асыруға болады екен-ау деген байлам жасатқан Президенттің мына көреген идеясына көңілім толды. «Мерейлі отбасы» ұлттық жобасы туралы газет-журналдарда көлдей-көлдей мақалалар жарық көріп жатыр, теледидардың тетігін басып қалсаңыз, мұнда да тілшілер осы шараны насихаттап жатқанын көресіз. Əйтеуір соңғы уақытта отбасы

мəселесіне өте қатты көңіл бөлінуде. Бұл – өте дұрыс бастама. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақал дəл осы кезеңге дөп келіп тұрғандай. Өйткені, барлық жақсы, жаман дағдылар отбасындағы тəрбиеден келіп балаға қонады. Сондықтан, алдымен шаңырақта шаттық орнауы керек деген ұғым алдыңғы қатарға шығып отыр. Оның үстіне қазір жан-жағымызды қанша қымтағанымызбен, сыртқы леп ішке енбей тұрмайды. Өмір заңдылығы дейміз бе, жаһанданудың əсері дейміз бе, гəп атауда емес, сол қауіп-қатердің алдын ала жолын кесе білуде. Ал ондай қуатты күш халыққа атабабаларымыздың байырғы құндылығын құрметтеу тағылымынан ғана келмек. Елордада өтіп отырған «Мерейлі отбасына» арналған алғашқы жиын соның бір жарқын көрінісі болса, осыған бастамашылық танытқан Елбасына үлкен рахмет!

Маќсат – їлгілі отбасыларды ќўрметтеу Махаббат БЕКБОСЫНОВА, Əйелдер ісі жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.

«Мерейлі отбасы» байқауы мұндай ірі ауқымда Елбасының бастамасымен елімізде алғаш рет өткізілді. Тұңғыш рет өткізіліп жатқанына қарамастан, байқауға қатысуға үміттілер қатары көп болды. Ұлттық байқау барысында теміржолшы, мұнайшы, əскери қызмет саласында жанұясымен бірге қызмет ететін тағы басқа да үлгілі отбасыларымен таныстық. Менің ойымша, олардың барлығы «Мерейлі отбасы» атануға лайық. Бірақ біздің мақсатымыз – оларды бір-бірімен жарыстыру емес, халықтың арасында дəріптеуге тұрарлық отбасылардың бар екенін елге паш ету. Бізді қуантқаны – аталмыш байқауға аралас отбасылардың белсене қатысуы. Көп ұлтты еліміз үшін бұл зор мақтаныш. Бұл байқау отбасының беделін арттыруға, қоғамның рухани жаңаруына, мемлекеттің одан əрі нығаюына ықпал ететін болады деп ойлаймыз. Жас отбасыларға отбасы құндылығы туралы ой тастауда «Мерейлі отбасы» байқауының берері мол екені даусыз. Шын мəнінде, Қазақстанда өнегелі отбасылар өте көп. Олардың басым бөлігі өз тіршілігімен

айналысып, бала-шағасын өсіріп отыр. Ал оларды халыққа таныту, насихаттау арқылы жастарға тəлім-тəрбие, жас отбасыларға өнеге көрсету қажет. Осы себепті де, отбасы күнін белгілеп, соған лайық байқау өткізудің негізгі мақсаты – еліміздегі бақытты, үздік жəне лайықты отбасылардың бар екендігін көрсету, сонымен қатар, отбасылық-демографиялық жағдайды жақсарту жəне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Егер де əрбір отбасы бақытты болатын болса, еліміздің де өркендейтіні сөзсіз. Айта кетейік, биыл Президент жанындағы əйелдер ісі жəне отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 16 жыл болды. Содан бері атауы бірнеше рет өзгерсе де, түпкі мақсаты өзгерген жоқ, ол – отбасы институтын дамыту. Ұлттық комиссияның 11 жұмыс тобы бар, ол топтарды комиссия мүшелері басқарады. Мұндай институт ТМД елдерінде жоқ деуге болады. Əрине, көп мемлекеттерде Отбасы ісі жөніндегі министрліктер бар, ал біздің елдегі Ұлттық комиссия Президент жанында болғандықтан бөлекше. Əйелдерді, отбасыларды жəне балаларды қолдауға қатысты мəселелердің барлығына Мемлекет басшысының өзі жетекшілік етіп отыр. Бұл ретте Елбасына біздің алғысымыз шексіз.

Зор ќошеметке бґлендік Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Астана төрінде отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дəріптеу, мерейлі де сыйлы отбасыларды үлгі-өнеге ету мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқан жамбылдық Ережеповтер отбасы туған жерге зор қуанышпен оралды. Елбасы Н. Назарбаев сыйға тартқан жеңіл көлікпен жексенбі күні Жамбыл жеріне аяқ басқан бұл отбасын бір топ досжаран, ағайын-туыс, əріптестері, əкімдік қызметкерлері қарсы алып, мəре-сəре болды. Темір тұлпарды Толыбай ағаның үлкен ұлы тізгіндеп алыпты. Отағасы Толыбай Ережепов өрт сөндіру саласының ардагері.

Үлкен еңбек жолынан өткен аяулы жары Раушан екеуі үш ұл тəрбиелеп өсіріп, рахатын көруде. Ұлдары Ілияс пен Елжан əкенің

Мен Астана қаласының тұрғынымын, 4 балам бар. Бəрі де аяқтанған, жұмыстары бар. Кемпірім Қайырбанат екеумізге осы мерекеге шақырту бергеніне ризашылығымды білдіремін. Мен Президенттің отбасыларға көңіл бөліп, олардың үлгілі ұрпақ өсіріп отырғандарын ынталандырғаны өте дұрыс деп санаймын. Отан деген отбасынан басталады. Біздің елімізде тыныштық болып, халықтың бір-бірімен тату тұрып жатқаны Елбасының дұрыс саясатының арқасы. Біз үйде отырғаннан кейін көбіне теледидар қараймыз. Сонда басқа елдерде болып жатқан қанды оқиғаларды көріп жанымыз түршігеді. Мəселен, кеше ғана өзімізбен бір Отанның түтінін түтеткен Украинада

қандай қырғын болғанын көрдік. Ал ана, Сирия, Ирак секілді елдерде күніне тіпті бірнеше ондаған адам өледі. Бұл сұмдық қой. Сол мемлекет басшыларының дұрыс саясат жүргізбегендігінің кесірінен болып жатқан нəубеттер. Егер Мемлекет басшылары халқымен санасып, олардың мұң-мұқтажына, талабына көңіл аударып отырған болса – мұндай сұмдықтар болмас еді деп санаймын. Ал біздің елде халықтың жақсы тұруы үшін қолдан келген жақсылықтың бəрі де жасалуда. Жыл сайын жүздеген үйлер салынып, бəрі де халыққа беріліп жатыр. Əрбір жаңа оқу жылында ондаған мектептердің, балабақшалардың ашылып жатқанын естиміз. Осының өзі халықтың көңіл күйін көтеріп, ертеңгі күнге деген ынтасын арттырады.

Жастар жауапкершілікті сезінсін Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, Мəжіліс депутаты.

«Мұндай үлгілі шаралар біздің қоғамымызға керек. Адамның қоғамға пайдалы, білікті де білімді азамат болып қалыптасуының өзі отбасынан басталады. Егер əрбір отбасының ұйытқысы күшті, бірлік пен ынтымағы берік болса – бұл мемлекеттің де іргесі берік, бірлігі бүтін болуына ықпал етеді. Сондықтан да Елбасының отбасылық құндылықтардың сақталуына қатты көңіл бөліп отырғандығы өте маңызды іс деп санаймын. Ал енді «құрғақ қасық ауыз жыртады» деген бар, егер бірлігі берік, іргесі бүтін отбасыларды материалдық тұрғыдан ынталандырып отырсақ, мұны көрген басқалар да жақсы отбасы болуға ұмтылары сөзсіз. Əсіресе, жас отбасыларына

жақсы үлгілерді көрсетіп, мадақтап, олардың өнегесін жеткізіп отыру қоғамның міндеті деп санаймын. Сонда жастар арасында отбасылық міндеттердің маңызын түсіну, оның алдындағы жауапкершілікті сезіну артар еді. Əйтпесе, бүгінгі күні қосылып, ертесіне ажырасып жатқан жастар қазір көбейіп кетті жəне мұндайдан ұялып, дұрыс жасамадым ғой деп өкінетіндер де аз. Жаман əдет жұққыш келеді, жұрттың бəрі де ажырасып жатыр ғой, онда тұрған не бар дейтін көзқарастар жастар арасында көптен бері орнап келеді. Осының өзі олардың бойына дұрыс үлгіден гөрі, жаман істердің көптеп көрсетілгендігінің көрінісі. Сондықтан мұндай «үлгілерді» көрсетуде біздің БАҚ-тар да сақтық жасауы керек деп санаймын.

жарқын жолын қуып, еліне қорған болар əскери қызметті таңдады. Кенжелері Жанболат қазір əкесі мен ағаларының жолымен

Жамбыл облысы. ––––––––––––––– Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Мерейлі Магомедовтер Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Магомедовтер отбасының ішкі істер органы саласында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жұмыс өтілі 70 жылды құрап отыр. Бүгінгі əулеттің абызы Харон ақсақалдың жемісті ісін балалары Руслан мен Сала, кейін немерелері жалғастыра білді. Бұл отбасы еліміздің барлық өңірін қамтыған «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде 14 үміткердің арасынан суырылып алға шығып, елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен аталмыш ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рəсіміне қатысу мəртебесіне ие болды. Еңбекқор да өнерпаз отбасы мүшелерін Петропавл теміржол вокзалында облыстық əкімдіктің, ішкі істер департаментінің, білім беру саласының өкілдері, туғантуыстары мен дос-жарандары гүл шоқтарымен қарсы алып, үлкен құрмет көрсетті. Облыс əкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың құттықтау лебізін жеткізіп, жақсы үлгі-өнегелердің жаршысы, таратушысы бола берулерін тіледі. – Президентіміздің тікелей бастамасымен «Отбасы күні» алғаш рет атап өтілгеніне қарамастан, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған республикалық шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Конкурсқа еліміздің 16 аймағынан 34 ұлттың өкілдері қатысып, жарасымдылықтың, адамгершіліктің, ізгіліктің тамаша тартуларын көрсете білді. Мемлекет басшысы əр отбасына автокөлік тарту етіп, мерейіміз бір өсіп қалды. Бұл кездесу жадымызда мəңгі сақталады, – деді Руслан Харонұлы жүрекжарды лебізін жиналғандармен бөлісіп. Сала Харонұлы да Елбасыға деген ыстық сезімін толғана жеткізіп, отбасының жарасымды салтдəстүрлерін, берік алтын діңгегін насихаттайтын мұндай бастамалардың үзілмейтініне сендірді. Магомедовтер Каду аталарын əскери əулеттің іргетасын салушы ретінде айрықша мақтан тұтады. Ол əскери борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан. Қазір оның аманатын шөберелері Қызылжар аудандық Соколовка ауылдық бөлімшесінің учаскелік инспекторы Имран мен Петропавл стансасы ішкі істер бөлімшесінің жедел уəкілі Хасан абыроймен орындап келеді. Солтүстік Қазақстан облысы.

Ынтамызды арттырады Айтқожа МУСИН, зейнеткер.

Көкшетау техникалық институтында оқып жатыр. Ол да əскери салада еңбек етуге белді бекем буып отыр. «Астана төрінде Елбасымен дидарласып, аз-кем əңгімелесіп, үлкен əсерге бөлендік. Шынымды айтсам, қатты толқыдым. Елбасы мен елдің құрметіне бөлендік. Осындай байқауға тұңғыш рет қатысып, Елбасының қолынан сый алу – үлкен бақыт. Өзімді бақытты анамын деп ойлаймын. Бұл байқау жалғасын тауып, елімізде үлгілі отбасылар көбейе берсін. Біздің қарапайым отбасымызды осындай дəрежеге жеткізген Елбасына алғысымыз шексіз», дейді отанасы Раушан ағынан жарылып. Лайым, мемлекетіміздің бірден-бір тірегі осындай үлгілі отбасылар көбейіп, мерейлері таси берсін.

Кґлікті ырым етіп, ўлыма сыйладым Маңғыстаудан таңдалып, Астанаға баруымызды үлкен жаңалық, мереймəртебе санаған едім. Ал Елбасымен кездесуіміз қуанышымызды асыра түсті. Президент отбасы татулығы, оның қоғамнан алар орны туралы өте əсерлі баяндады. Əрбір отбасында береке болса, еліміздің іргесі берік болатындығын əлемдегі түрлі оқиғалармен сабақтастыра айтып, дəлел-деректер келтіре сөйледі. «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл оқиға өмір бойы есімнен кетпейтін сəт болды деп есептеймін. Отбасылардың тату-тəтті тұруына үлгі ретінде айтулы байқау өткізуге ұйытқы болған Елбасымызға үлкен рахмет айтамын. Жүлдегер отбасына шағын автобустың кілтін ұсынып тұрып, «Есіктің алдында сіздердің барлығыңызды тосын сый күтіп тұр, соған отырып, ауылдарыңызға аттана берсеңіздер болады», деген еді Елбасы. Расында тосын сый болды – бəріміз бір-бір көлікке ие болдық. Мұны мен де, өзге қатысушылар да күтпеген едік. «Өмір бірыңғай қара немесе ақ түстен, бірыңғай ащы мен тұщыдан тұрмайды» деген рас екен. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезде қиыншылыққа душар болдық. Денсаулығым жұмыс жасауға мүмкіндік бермей, «Əйел ерге, ер жерге қараған» дегендей кездер өтті бастан. Балалар жас еді. Қазір бəрі басқаша, Құдайға шүкір, қиындықтың бəрі артта қалып, елеулі отбасылардың бірі болып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт клубын құрып, олардың өздерін шынықтыруына, ортадан тыс қалмауына септігімді тигізгеніме қуанамын. Спорт, саламаттылық – адам өмірінің мəні, сондықтан

ұл-қыздарым да спортты серік етті. Мен қиын кездерде жанымнан табылып, ауыртпалықты бірге еңсеруге тырысқан жарым мен перзенттеріме алғыс айтамын. «Мерейлі отбасы» байқауы – отбасының берекесін асыра түсу үшін өте қажетті, маңызды шара. Сонымен қатар, оның жеңімпазы болып, осынша үлкен сыйлыққа ие болу бізге зор жауапкершілік жүктейді. «Бұл қандай отбасы, ерекшелігі неде?» деп қызыға қарайтындар да, сынай қарайтындар да болады, біз осының бəріне төтеп беруге тиістіміз. Еш ата-ана баласын жаман болсын деп өсірмейді, тіпті жаман деген баланың өзінен өле-өлгенше үміт күтеді. Мен, Құдайға шүкір етемін, ұл-қыздарым тəртіпті, саналы, ибалы. Бүгінде əрқайсысы бір-бір шаңырақтың иесі, осы жақсы дəстүр үзілмесін, берекеміз тарқамасын деп тілеймін жəне қазақ ырымшыл халық қой, мен де жақсылық жұғысты болсын, əулетімізге дарысын деген оймен Елбасы сыйлаған көлікті ұлыма сыйға тарттым. Үлкен қошемет-құрметпен шығарып салған астаналықтарға, зор пейілмен күтіп алған маңғыстаулық жерлестеріме алғысым шексіз. Киелі өңірге келген бойда Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев қабылдап, қошемет көрсетті. Бұл ықыласқа да ризамын. Еліміз өркендей берсін, əрбір үйде ынтымақ болсын! Нұралы ҚҰЛЫШОВ, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы.

Маңғыстау облысы. –––––––––––––––––––– Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Ќуанса, бала ќуансын Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

«Қуанса, бала қуансын» деген даналықты Алатаудың баурайындағы Талғар ауда нының үлкен отбасының 73 баласы дүйім жұртқа көрсетіп қана қоймай, əдемі бір əсерге де бөледі. Ең кішісі 1 жастағы сəбиден бастап аяқтарын апыл-тапыл басқан бүлдіршіндер, əр жастағы оқушылар мен студенттер, түрлі сала тізгінін ұстаған қызметкерлер, жұмысшылар ардақты аналары Тұяқ Есқожинаға ілесіп Астанадағы «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, Елбасымен жүздесті. Салтанатты рəсімнен кейін ұшақпен Алматы əуежайына қонып, құтты қонысына оралған бауырларымен қауышып

мəре-сəре болып қуанғандары қандай тамаша əрі жарасымды. «Елбасына ризамын! Арнайы келіп алғысын айтып: «Сізге Алла береді», деген сөзі жаныма рахат нұрын төгіп, құлағымнан кетер емес» деп ардақты ана Тұяқ Есқожина ағынан жарылғанда тəнті болмасқа əдді қалмады. Бүгінгі күнге дейін 48 қызын ұзатып, 25 баласын үйлендірген ардақты ана қазақы дəстүрді берік ұстанады. Биылғы жазда 3 қызының жасау-жабдығын жасап ұзатып, құда түсіп 2 баласын үйлендірді. Тағы бір ерекшелігі бұл үйдің балалары тағдырдың жазуымен əр ұлттың өкілі болса да ұлтқа, руға бөлінуді білмейді. Тіпті, ол жайлы ойламайды. Бəрі ана жүрегінің лүпілін сезініп, асыл аналарының ақжарма

көңіліне қаяу-мұң түсірмеуді ғана ойлайтындығы іс-əрекеттерінен анық байқалады. Сөйтіп, Тұяқ Есқожина балаларымен қауышып шадыман-шаттыққа бөленіп отырғанда Елбасы берген

автокөлікті МАИ қызметкерлері дін аман жеткізіп беріп, қуанышты бөлісті. Алматы облысы, Талғар ауданы.


4

24 қыркүйек

www.egemen.kz

2014 жыл

Тапсырмалар тиянаќталды (Соңы. Басы 1-бетте). Ауыл шаруашылығы министрлігінің мəліметінше, ағымдағы жылы субсидиялар көлемі 156,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдан 1,8 есеге артық. Аталған субсидиялау жүйесі республикалық жəне жергілікті деңгейдегі 26 түр мен 100-ден астам түр тармағынан тұрады. Субсидиялардың негізгі үлесі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына келеді. Субсидиялаудың тиімділігін арттыру жəне субсидияларды бөлу бойынша құрылымдық шектеулерді алып тастау мақсатында барлық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер арасында қазіргі жүйені қайта қарау қажеттігі туындады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар АӨК жүйесін жетілдіру бойынша шараларды əзірлеп, мақұлдауға ұсынған. Ұсынылған шаралар Президент Əкімшілігі деңгейінде қолдау тапқан жағдайда, АӨК

саласындағы уəкілетті орган, мүдделі мемлекеттік органдармен жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, АӨК салаларында субсидиялаудың жүйесін жетілдіру бойынша нақты «Жол карталарын» əзірлеп, одан əрі АӨК-ті субсидияландыру мəселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сəйкесті өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады. Үкімет отырысында қаралған тағы бір мəселе – Елбасының тапсырмасымен əзірленген «Білім беру мəселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Бұл жөнінде Білім жəне ғылым вице-министрі Т.Балықбаев хабарлады. Аталған заң жобасы Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа

Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында əзірленген, деді ол. Бұл заң жобасы бойынша, мектепте бір сыныпта əртүрлі жастағы балалардың оқуын болдырмау мақсатында қатаң түрде 6 жастан бастап мектепке қабылдау ұсынылған. Сондайақ, 2016 жылдан бастап бастауыш, негізгі жəне бейінді мектептерден кейінгі ұлттық тестілеу енгізіледі. Яғни тестілеу бастауыш мектепте – оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтау мақсатында, негізгі мектепте яғни, 10-сыныптан кейін – оқушылардың бағытын айқындау мақсатында, ал бейіндік мектепте – алынған білім мен дағдының деңгейін бағалау мақсатында жүзеге аспақ. Сонымен қатар, бұл заң жобасында түлектерге техникалық жəне кəсіптік тегін білім беру жағы да қарастырылған. Бұл норма Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру

үшін қажет. Сондай-ақ, ЖООда студенттің 2-курстан бастап міндетті өндірістік тəжірибеден өтуін кəсіпорындар мен мекемелер толық қамтамасыз етуі тиіс болады. Сондықтан, кəсіпорындар мен мекемелердің Білім жəне ғылым министрлігіне қарамайтыны ескеріліп, Еңбек кодексіне өзгеріс енгізу ұсынылған. Сол сияқты, «Болашақ» халықаралық стипендиясымен кадрларды дайындау бойынша Республикалық комиссия құзыретін кеңейту ұсынылған. Нақтырақ айтсақ, бұл – мемлекеттік қызметкерлердің, медиа саласы қызметкерлерінің, шығармашылық адамдар мен өнер саласы қызметкерлерінің, ғылыми-педагогикалық жəне инженерлік-техникалық, медициналық кадрлармен бірге кəсіби сынақтан өтуін қамтамасыз ету. Біліктілікті жетілдіру кадрларды қайта даярлайтын ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті жетілдіру институттарында жүзеге асырылады.

ҰЛЫТАУ – ҰЙЫТҚЫ, ҚОЙНАУЫ – ҚҰТТЫ

Каспийдіѕ ќўќыќтыќ мəртебесі Оны оѕ шешу тараптардыѕ ортаќ маќсаты болуы тиіс Алдағы 29 қыркүйекте Ресейдің Астрахань қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Каспий маңы елдері Мемлекет басшыларының саммиті өтеді деп күтілуде. Осы маңызды басқосу қарсаңында біз Астрахань саммитінің салмағын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия АМАНЖОЛОВАМЕН əңгімелескен болатынбыз. – Зүлфия Алтайқызы, əңгімемізді Каспийдің құқықтық мəртебесі деген не жəне ол қандай мəселелерді қамтиды деген сауалдардан бастағанды жөн көріп отырмыз. – Каспий теңізінің құқықтық мəртебесіне қатысты проблема көпқырлы сипатқа ие жəне бірнеше тақырыптық блоктарды қамтиды. Бірінші блок – шекараға қатысты мəселелер. Атап айтқанда, Каспий акваториясы түрлі құқықтық режімдердегі теңіз аймақтарына бөлінеді. Оларға теңіз үстіндегі əуе кеңістігі, оның қайраңы жəне байлығы жатады. Жоғарыда аталған проблемалар жағалау мемлекеттерінің дербестігі таралуының шегі мен құқықтарына тікелей байланысты. Екінші блок – табиғи байлықтарды пайдаланумен байланысты мəселелер: оның ішінде, Каспий теңізі қайраңындағы су-биологиялық ресурстардың кəсіпшілігі, оларды аулау мен минералдық ресурстарды барлау, теңіздегі жасанды аралдар, құрылғылар мен қондырғылар режімі, теңіз ғылыми-зерттеулерін өткізу тəртібі. Аталған бөлім жағалау елдерінің теңіз асты байлығын өндіру мен су-биологиялық ресурстарын пайдаланудың егеменді құқықтарын жүзеге асыру проблемасын қамтиды. Үшінші блок – экология мəселелері. Ол – екінші блокпен тығыз байланысты жəне биоло гиялық ресурстарды тиімді пайдалануды, сақтауды жəне қайта өндіруді, биологиялық алуан түрлілікті қорғауды, Каспий теңізінің экологиялық жүйесіне келтірілген залалға жауапкершілік мəселелерін, қоршаған ортаға шаруашылық-экономикалық қызметтен келген əсерді, т.б. бағалауды қарастырады. Төртінші блок – көлік мəселелері. Мұнда теңіз аймақтарында түрлі құқықтық режімдер аясында суда жүзу, басқа теңіздер мен əлемдік мұхитқа қолжетімділік үшін ішкіқұрлықтық Каспий маңы мемлекеттерінің барлық көлік түрлерінің транзит еркіндігі, көмірсутегін суасты құбырларын тарту, əуе кемелері арқылы тасымалдау ережелері кіреді. Соңғы бесінші блокқа келсек, ол барлық қырларымен қауіп сіздік мəселелерін, оның ішінде, əскери, заңсыз қызмет түр леріне (терроризм, контрабанда, заңсыз қару-жарақ, есірткі саудасы, браконьерлік) қарсы ісқимылды, төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою барысындағы өзара іс-қимыл мəселелерін қамтиды. Жоғарыда келтірілген блоктар, бір қарағанда, шартты сипатқа ие секілді көрінгенімен, Каспий тақырыбы қамтитын мəселелерде дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді əрі оның ауқымы өте кең. – Аталған мəселенің түптамыры неде? – Кеңес Одағы тұсында Каспийдегі қарым-қатынас екіжақты сипатқа ие болатын жəне 1921 жылғы Ресей – Парсы шартымен жəне 1940 жылғы сауда жəне теңізде жүзу туралы кеңес-иран шартымен реттелетін.

КСРО ыдырағаннан кейін жəне оның кеңістігінде, сол қатарда Каспий теңізі төңірегінде де біреудің орнына жаңа төрт мемлекет – Қазақстан, Əзербайжан, Ресей жəне Түрікменстан пайда болған соң жаңа геосаяси жəне геоэкономикалық ахуал қалыптасты. Жоғарыда аталған келісімдер мен шарттарда бекітілген Каспий режімі өзгерген жағдайға жауап бере алмады жəне жағалау мемлекеттерінің өзара тиімді негіздегі қарым-қатынасын толық көлемінде реттеуге қауқары жетпеді. Өйткені, теңізде жүзу мен балық аулау мəселесінің тек кейбір қырларын ғана қамтып, теңіздің құқықтық мəртебесі секілді негізгі проблема туралы ешқандай ереже мен тəртіп қарастырылған жоқ. Осыған сəйкес, жағалауда жатқан бес мемлекеттің мүдделерін есепке ала отырып, туындаған барлық мəселелер кешенін толыққанды реттеу мақсатында теңіздің жаңа құқықтық мəртебесін айқындау қажеттігі туындады. 1992-1996 жыл аралығында екіжақты жəне көпжақты пішіндерде бірнеше кездесу өткізіліп, олардың барысында тараптар Каспий теңізіне байланысты жекелеген мəселелерді қарастырды. 1996 жылдың қараша айында Ашғабадта өткен Каспий жағалауы елдері Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындыларына сəйкес, Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенция дайындау бойынша Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды. Бұл топтың басты мақсаты аталған конвенцияны дайындау жəне қабылдау жолымен қалыптасқан құқықтық вакуумды толтыру болды. Конвенция Каспий маңы елдері үшін теңіздегі қызметтердің барлық түрлерін реттейтін əмбебап заңнамалық құжат болуы тиіс еді. Арнайы жұмыс тобының мəжілісі əрі Каспий маңы мемле кеттерінің аумағында кезек бойынша жүйелі түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін АЖТ-ның 38 мəжілісі өтіп үлгерді. Каспий маңы мемлекеттерінің теңіздегі ынтымақтастығы мəселелері, сондай-ақ, ең жоғары деңгейде де талқыланып келеді. Мə селен, күні бүгінге дейін Каспийдің құқықтық мəртебесі аспектілерін қамтитын «Каспий бестігінің» жоғары деңгейдегі үш саммиті өткізілді. 2007 жылы Теһранда өткен Екінші Каспий саммитінің маңызды қорытындысына алғаш рет жоғары саяси деңгейде Каспийдің негізгі құқықтық мəртебесін бе кітіп берген уағдаластықты жатқызуға болады. Иран астанасында, сондай-ақ, Каспийдің құқықтық мəртебесі ауқымында теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылық мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Каспий жағалауы мемлекеттерінің көкейкесті халықаралық мəселелердегі ұстанымдары бекітілді. 2010 жылы Бакуде өткен Үшінші Каспий саммиті шеңберінде

президенттердің Бірлескен мəлімдемесіне, сондай-ақ, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жоғарыдағы келісім жағалау елдерінің қауіпсіздігін қам тамасыз етуге, Каспийдегі заңсыздыққа қарсы қызмет пен күреске құқықтық негіз қалайды. Сонымен бірге, аталған салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен пішіндерін белгілеп беріп отыр. «Каспий» бестігі елдерінің басшылары Бірлескен мəлімдемеде Екінші саммитте қабылданған декларацияда көрсетілген ұстанымдарға жақындықтарын тағы да қуаттап берді. Мұндағы басты мəселе, Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенция бойынша жұмысты жедел аяқтау қажеттігі атап көрсетілді. Каспий қайраңын шектеу мəселелеріне қатысты айтатын болсақ, қазіргі кезге дейін Қазақстан, Əзербайжан жəне Ресей арасында тиісті келісім жасалған. Ол теңіз қайраңын жағалау елдері арасында секторалды бөлудің нормативтік-құқықтық тұрғыдан бекуіне негіз қалай отырып, келіссөз үдерісінде жаңа кезеңге айналды. Тараптар бекітілген халықаралық шарт ережелеріне сəйкес, өз секторларындағы қайраңдарда мұнай мен газ өндірудің толық құқықтарына иелік етеді. Мұндай нормалардың қабылдануы елдерімізге келісімдік-құқықтық негізде Каспийдегі көмірсутегін өндіруге мүмкіндік беріп, аталған үдеріске қатысушылардың барлығы үшін қажетті құқықтық шарттар мен сенімді кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелеріне келсек, 2003 жылы қабылданған Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі конвенцияны атап өтуге болады. Онда теңіз ортасына ықпал етуді реттеу бойынша негізгі ережелер, биологиялық ресурстарды сақтау мəселелері мен Каспийдің экологиялық жүйесін қорғау бойынша тараптар арасындағы өзара іс-қимыл бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты құқықтық базаны кеңейту мақсатында, сондай-ақ, жоғарыдағы конвенцияның хаттамасына қол қойылған болатын. Ол былай аталады: теңіз мұнаймен ластанған жағдайда туындайтын мəселелерге қарсы шұғыл əрекет ету жəне ынтымақтастық бойынша өңірлік дайындық туралы, сондай-ақ, Каспий теңізін жердегі көздер арқылы ластаудан қорғау. Тараптар теңіздің биологиялық алуан түрлілігін сақтауға қатысты конвенцияға хаттамалар жобасын уағдаласуды жалғастыру

үстінде. Бұған трансшекаралық тұрғыда қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау да кіреді. Жақын арада осы маңызды тетіктер де реттелетін болады деп сенеміз. – Алдағы Төртінші Каспий саммитінен қандай нəтижелер күтуге болады? – Бесжақты келіссөздер – айтарлықтай күрделі үдеріс, өйткені, əр мемлекет өз мақсаттарын, міндеттері мен ұлттық мүдде лерін көздейді. Оның үстіне, Каспий келіссөздерінде теңіздің құқықтық мəртебесіне байланысты кез келген мəселені шешуде консенсус, яғни мəміле қағидаты таңдап алынған, яғни бес жақтың бəрінің пікірлері бір мезгілде есепке алынады. Бұған қол жеткізу оңай емес. Осыған қарамастан, өзара түсіністік пен өзара іс-қимыл деңгейі айтарлықтай жоғары екенін қанағат сезімімен атап өтуге болады. Келіссөздер белсенді негізде көпжақты, сондай-ақ, екіжақты пішіндерде де жалғастырылуда əрі аталған бағытта прогресс бар екені еш дау туғызбайды. Сонымен бір мезгілде, Каспийдің құқықтық мəртебесінің күні бүгінге дейін айқындалмай отырғандығы Каспий жағалауы мемлекеттерінен бесжақты пішінде өзара қабылдауға лайық шешім табуда одан əрі конструктивті қадамдарды талап етеді. Соңғы кездері алдағы 29 қыркүйекте Астрахань қаласында өтеді деп белгіленген Төртінші Каспий саммитіне дайындық жұмыстары нəтижелі жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенцияны дайындап жатқан Арнайы жұмыс тобы шең берінде, сондай-ақ, басқа да келіссөз тетіктері пішінінде жүргізілуде. Алдағы саммиттен үлкен үміт күтіліп отырғаны да жасырын емес. Онда тараптардың теңіздегі қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қағидаттар тізімін уағдаласуға мүмкіндік туады деп күтілуде. Ал бұл уағдаластықтар Каспийдің құқықтық мəртебесі туралы конвенцияның негізіне алынады. Бұдан бөлек, бесжақты келісімнің үшеуі бойынша жұмыс іс жүзінде аяқталды деуге болады. Олар: биологиялық ресурстарды қорғау, теңіздегі төтенше жағдайлар кезіндегі бірлескен ісқимыл жəне Каспийдің гидрометереология мəселелеріндегі ынтымақтастық салаларындағы келісімдер. Аталған келісім құжаттарына алдағы саммит барысында қол қойылуы əбден ықтимал. Осының барлығы Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы конвенция жобасымен жұмысқа қосымша серпін береді деп сенеміз. Өйткені, аса қағидатты мəселелер бойынша жүретін жоғары деңгейдегі келіссөздер аталған негіз қалаушы халықаралық шартқа қол қою үдерісін жақындата түсетіні күмəнсіз. Қазақстан пайымды да парасатты мəмілелер негізінде, сондайақ, ізгі ниет аясында Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығы одан əрі жемісті бола түседі деп үміттенеді. Осының барлығы қосыла келіп, теңіздің құқықтық мəртебесі оның маңындағы барлық мемлекеттердің мүддесі ескеріле отырып, оң шешіледі деп сенеді. Əңгімелескен Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».

Кґкейдегі ойларды орынды ќозєады Елбасының əрбір іс-əрекеті халқының қамын ойлаумен астарлас өріліп жатады. Бұл жолы да егемен еліміздің аса маңызды стратегиялық жобасы болып табылатын «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» теміржолдары ның салтанатты ашылу тұсаукесеріне арнайы барған Елбасы қазақтың қасиетті өңірі Ұлытау баурайында «Хабар» телеарнасының журна лисіне берген сұхбатында халық тың көкейін де жүрген өзекті мə селелердің ақиқатын айтты. Аталған жобаның еліміздің экономикалық-əлеуметтік дамуына серпін беретініне тоқтала келіп, ел ертеңі үшін Жезқазған кенішінің маңыздылығын тарқата əңгімеледі. Бұл теміржол магистральдарының бойында тірліктің тайқазаны қайнайтындай оң өзгерістер болатынына сендіре сөйледі. Жалпы, Президенттің өңірлерге барған жұмыс сапарларында қиядағыны аңғаратын қыран қасиетімен өңірдегі игі қадамдарды өмірлік мəселелермен сабақтастыра жүретіні тəнті етеді. Ұлытаудай киелі өңірден халқына жолдаған тарихи тағылымдарында ұлтымыздың салт-дəстүрі мен əдетғұрпында, ділінде, дінінде, тілінде ешқандай айырмашылықтың болмауы ілгеріден келе жатқан рухани байлығымыз екенін жадымызда жаңғыртты. Шынында, осыншама байтақ далада мұндай игіліктерге қол жеткізу дана халқымыздың басты байлығы деу орынды болмақ. Мен Елбасының тіл мен дін туралы айтқан айқын ойларына толықтай қосыламын. Біз бəрін басқадан көруді қоюымыз керек, өзімізден бастауымыз қажет. Президент қазақ тілінің мəртебесі жылдан-жылға көтеріліп, қолданыс аясы кеңейіп келе жатқанына нақты мысалдар келтіре отырып:

«Сондықтан бұл жерде сабырлылық керек деп ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге бетін бұрып тұр. Қазақтың саны көбейіп, тілдің ауқымы кеңейіп келеді», деді. Шындығы да солай екеніне көзіміз жетті. Осы сəтте менің есіме Елбасының 1995-1996 жылдары болуы керек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары алдында айтқан бір ауыз сөзі жадымда жатталып қалыпты. Ұмытпасам, сол жолы да мемлекеттік тілдің мəртебесі туралы əңгіме болды. Сонда залдағы орыс тілділер кəдімгідей тіксініп қалды. Осыны аңғарған Нұрсұлтен Əбішұлы, таза қазақша: «Əуелі көпірден өтіп алайық» деген ой тастады. Бұл ойы елді сабырлылыққа шақыруы болатын. Бұл Елбасының кемеңгерлігі еді. Міне, «сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа» дегендей, қазір қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келе жатқанын анық аңғарып отырмыз. Алысқа бармайақ, осы өзім тұратын Шұбарқұдық кентіне қатысты айтсам, Кеңес Одағы кезінде төрт орыс мектебі, он екі аралас мектеп болды. Қазір бір-ақ аралас мектеп қана қалды. Ешкім күштеген жоқ, қалғандары уақыттың ағымымен жабылып қалды. Қазір аралас мектептегі орыс балаларының өздері қазақша сөйлей алады, сөйлемегенінің өздері түсінеді. Өркениетке ұмтылып отырған еліміздегі жастар үшін орыс жəне ағылшын тілдерін білу қажеттігі айтпаса да түсінікті. Əрине, бұл мемлекеттік тіл мəселесі шешіліп болды дегенді білдірмейді. Бұл бағытта сабырлы да салиқалы жұмыс жүргізіле беруі тиіс. Ал, дін мəселесіне келсек, Ел басы: «Отанды, елді қорғау, бірлік ке шақыру арқылы дінді өркен дет кен жөн. Сонда діннің

мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады. Ол елдің басын біріктіреді», деді. Жастар елді алатайдай дүрліктіретін жат ағымдардан аулақ болулары тиіс. Бұл бағытта жастар арасында діни сауаттылыққа бағытталған тəрбие жұмыстарының жүргізілуі, мешіттерді имандылық ұясына айналдыру қайтарым беруде. Ашығын айту керек, бетін тұмшалап алып жүретіндер біздің жақта да болды. Қазір олардың қатары сиреп келеді. Жастар жат ағымдардың береке бермесін түсініп келеді. Мешітке барушылар қатары көбейіп, Ханафи мəзһабын ұстану алға шықты. Елбасы болашақтың тізгіні жастардың қолында екенін ұдайы айтып жүр. Қазіргі жастар алғыр, білімді жəне бастамашыл. Кейбіреулер жастар бұзылып барады дейді, əсте де олай емес, қай заманда да аға ұрпақтың жастарға көңілі толмайды. Ол заңды да. Жастар өмір сүріп отырған уақыт басқаша, Олар өркениетке ұмтылады. Жаңашылдыққа бой алдырады. Бұған бола оларды кінəлаудың қажеті жоқ. Рас, олардың да арасында да бірен-саран болса жатқылықтар жасайтындары болар, бəлкім. Алайда, олар өздері жазасын алады, бастарына таяқ тиеді. Президенттің жастарға сенуі дұрыс, қазіргі жастар жанып тұр. Қай іске де белсене араласуға дайын. Бұл қуантады бізді. Елбасының Ұлытау толғанысын əрбір қазақстандық терең ұғынып, бағалай білуі керек. Сондай-ақ, Елбасы алға қойған асқаралы міндеттердің абыройлы орындалуына баршамыз атсалысуымыз қажет. Амангелді БАҚАЕВ, Темір аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ақтөбе облысы.

Ынтымаќтастыќ ырысты арттырады Зиядден МОЛДАҒАНАПОВ, облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

Елбасы Ұлытауда «Хабар» агенттігінің журналисіне берген сұхбатында Қазақ станның шетелдермен сыртқы эконо микалық байланысын нығайту бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы нарық кеңістігін кеңейтумен қатар, экспорттық қуаттылықты арттыра түскенін аңғарамыз. Облыс бұған дейін де шетелдермен экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық салалар бойынша тығыз əріптестік қарым-қатынас орнатып келсе, енді жеке кəсіпкерлерге дейін еркін сауда айналымына кірісіп, өз өнімдерін көбірек сату мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Оны статистикалық мəліметтер де қуаттайды. Бүгінде өңір əлемнің 70-ке тарта елдеріне азық-түлік түрлері мен тауарларын жөнелтеді. Десек те, Ресей Федерациясы облыстың сыртқы сауда-экономикалық басты серіктесі болып қала береді. Бұл саладағы жалпы тауар айналымы 70 пайызға жетеғабыл. Егер 2010 жылы экспорт пен импорт мөлшері 667 миллион доллар болса, былтыр 778 миллион долларға жетті. Экспорт 2,5 есеге, импорт бар-жоғы 8,5 пайызға ұлғайды. Сөйтіп, сауда байланысындағы теріс сальдо айтарлықтай кеміді. Ресейге негізінен астық пен ұн өнімдері жөнелтіліп, олардың жалпы экспорттағы үлесі 52 пайызды құрады. Өткен жылы шығарылған астық көлемі 1,3, ұн 46 есеге артып, тиісінше 41 миллион жəне 3,2 миллион доллар болды. Мұндай жағымды құбылыс биыл да сақталып отырғанын айта кеткен жөн. Бүгінге дейін сыртқы

сауда айналымы 238,8 миллион доллар. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіштің өсе түсері күмəнсіз. Өйткені, өнеркəсіп саласының көптеген ірі кəсіпорындары қол қойылған келісімшарттар аясында өткізетін тауарлар мен қызметтер көлемін айтарлықтай толықтырды. Соңғы кездері тау-кен өнеркəсібінің өнімдеріне сұраныстың күрт өскені байқалады. Талдау көрсеткендей, интеграциялық үдерістер бойынша бұл елге жеткізілетін өнімдердің əртараптандырылуы да анық байқалады. Мəселен, жалпы экспорттағы ұнның үлесі – 4,2, құбырлар – 9,6, сүт 6,8 пайызға молайған. Ынтымақтастық көрші елдің 17 өңірімен жүйелі жүргізілсе, шекаралас Түмен, Омбы, Қорған облыстарының алатын орны ерекше. «Казнефтегазмаш» АҚ пен Қорғанның «Корвет» зауыты бірігіп газ-мұнай жабдықтарын өндірсе, Петропавл ауыр машина жасау кəсіпорны омбылықтарға өз өнімдерін жеткізеді. «Блок» ЖШС Омбының «Роскомплект» зауытын электр оқшаулағыш материалдармен қамтамасыз етеді. «Ақтөбе GLASS», «Шунгит» фирмалары қиыршық тас пен кварц құмын, «Сұлтан», «DEZ», «Атнес-Зерно» ұн, макарон өнімдерін жіберумен айналысады. Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты өсіретін элиталы бидай сорттарына сұраныс жоғары. Ресейдің шекаралас аймақтағы облыстарымен экономикалық, сауда-саттық тиімді əріптестік байланысты одан əрі жетілдіру мақсатымен Индустрияландыру картасына 84,6 миллиард теңге енгі зіліп, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіп салаларын дамытуға ерекше басымдық беріліп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы.


24 қыркүйек

РАН А Н Ы Ш Х И А Р А Т ЕЛСҢІЗІДЛІК ТƏКУӨ

2014 жыл Соңғы кезде мен ғұмыр бойы ұлт мұраты жолында жан аямай қызмет етіп келе жатқан, тəуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында Елбасымыздың жанынан табылып, сенімді серіктерінің бірі болған, халқымыздың рухын оятуға, еліміздің еңсесін көтерісуге осы кезге дейін аянбай атсалысып келе жатқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыз жайлы сыр-сұхбатқа құрылған деректі роман жазу үстінде екенімді газеттің көзі қарақты оқырмандары біледі. Сол кітаптан тағы бір үзіндіні «Егемен Қазақстан» газеті арқылы оқушылар назарына ұсынуды жөн көрдім.

көмекшілерімен, бəріміз Қызылордаға ұштық. Мен ол жаққа алдын ала телефон шалып қойдым. «Жауырды жаба тоқымаңдар, ең ауыр, ең қиын жерлерді көрсетіңдер, қаз-қалпында бəрін де көрсін», дедім. Қызылордаға келген соң, көп кідірмей, Аралға ұшып кеттік. Аралға қонғаннан кейін, өңірдің ең бір қиыр шеттерін тікұшақпен араладық. Ауылды мекендердің төбесінен келіп түсеміз. Құдай сақтасын, түк көрмегендей, сол елдің бала-шағасы, үлкені бар, кішісі

– Мырзеке, мынау рас па? – деп қалды. – Кешегіміз қасіретті Арал ғой, көріп тұрғаныңыз нағыз шындық, Сəке, – деймін. Керемет қуанып, көңілі көтеріліп қалды. Сөйтіп, бірнеше балабақшаны, балалар үйін араладық. Бір кезде Сағынбек алда апаратын бала-бақшаларының атын тізбелей бастады. – Бəрінің деңгейі осындай ма? – деп сұрадым. – Бəрінің деңгейі осындай, – деді ол. – Онда бұ кісіні шаршата бермейік, осы да жетеді. Сіз қалай ойлайсыз? – деп едім, Сара: – Жарайды, болады, осы жетеді, – деді. Қайтадан резиденцияға барып, шəй іштік. Шəйдің үстінде Сара: – Бұ қалай? – деді аң-таң болып. – Қызылорда анау. Талдықорған мынау. Арасы жер мен көктей. Екеуі екі мемлекеттің жері сияқты. – Сəке, біріншіден, Қызылорда

алады. «Бөбек» қоры балаларға қамқорлық жасаудың əрқилы өзге түрлерін де іздеп отырады, назардан тыс қалдырмайды. 1995 жылы «Қазақстан кəсіпкерлерінің ауру балаларға көмегі» атты үлкен қайырымдылық акциясын өткізеді. Одан түскен екі миллион доллардан асатын қаржы Онкология жəне өкпе аурулары ғылыми-зерттеу институттарының балалар бөлімдеріне жəне Педиатрия жəне балалар хирургиясы ғылыми орталығына осы заманғы медициналық құралжабдықтар сатып алуы үшін аударылады. Балалар ауруханаларына берілген «жедел жəрдем» машиналары, Арал аймағы мен Алматы облысына жіберілген жылжымалы диагностикалық орталықтар, еліміздің көмекке қатты зəру кей аудандарына ауру балаларды емдеу үшін дəрігерлер бригадаларын ұйымдастыру, қазақстандық балалардың жүректеріне ота жасау үшін шетелдік тəжірибелі дəрігерлерді алып келу – Сара Алпысқызы президенті болып

жеттіңіздер ғой. Жағдай қалай шиеленісіпті? – Дау базардан шығыпты. Шешендер базарды алып алған. Қазақты жолатпайды. Қазақ намыстанады бұған. Кикілжің осындай араздықтан туған екен. Бірер сағаттан кейін манағы кеткендер келді. Ол кезде Бас прокурор қызметіндегі комиссия мүшесі Жармахан Тұяқбай келген бойда: – Мырзеке, қылмыстың түрі жаман. Бəрін кəдімгі қойша бауыздаған. Кейбірінің, бауыздағаны аз болғандай, 32 жеріне пышақ салған, – деді. Мұндай қанішерлікті мен естіген де, көрген де емес едім, көргім де келмеді... Үш күн бойы аяқ шешпей, күні-түні жұмыс істедік. Теңселіп кеттік. Сағат сайын, кейде жарты сағат сайын жағдайды Президентке баяндап отырдық. Елбасы нақты жағдайға байланысты ақылкеңесін айтумен болды. Облыс басшысы Амангелді Бектемісов қасымда жүрді. Құлақтанған қазақ жан-жақтан Өскеменге

бар, барлығы жапырлап тікұшаққа қарай жүгіреді. Сол кездегі азып-тозған ауылды, тұрмыстың нашарлығын, бала, ана өлімінің көптігін, Аралдағы экологиялық апатты өз көзімен көрген Сара Алпысқызы, бұрын-соңды мұндай сұмдықты көрмеген болу керек, жаны түршігіп, мұңайып, уайымға батты. Автор: Ешкімге айтпай барасыздар ғой. Мырзатай: Иə, ешкімге айтпай барамыз. Бірақ, менің ойымша, дегенменен, осындай кісілер келеді деп, аудан басшыларына хабар беріп те қоятын секілді. Өйткені, қонған жерді байқасаңыз, совхоз бен аудан басшылары тұрады. Бірақ ол жазғандар бір күнде не бітірсін, көргеніміз аңғал-саңғал дəрігерлік пункттер, тозған ауыл, қаңырап қалған елді мекендер, сол жерлерде тұрып жатқан репеті қашқан адамдар болды. Бір күнде оны кім, қалай түзей қойсын. Қысқасы біз Аралдың сиқын қаз-қалпында көрдік. Жанымыз ауырды. Айдалада, əр төбенің астында отырған, қаңырап қалған ауылдар, кір-кір, бойрабойра, жыртық көйлекті, шаштары өсіп кеткен, бет-аузы жара балалар – мұның бəрі кино емес, сол өңірдің бейнесі, өмірі еді. Сау адамды ауру қылатын қазақ ауылының осындай кейпі Сараға қатты əсер етті. – Осы да жетер. Болды. Құдай сақтасын, мына кісіні ауыртып алып жүрмейік. Кері қайтайық, – дедім ауданның басшысына. Сөйтіп, ауданның орталығына келдік. Аудан басшысының үйіне қондық. Қонақ үй де жоқ қой ол кезде. Бүгінгідей қаптаған күзетші де жоқ, қонатын үйді тексерген ешкім де жоқ. Сараның сақшысы да, ағасы да, жол көрсетіп жүрген бастаушысы да, көмекшісі де мен едім. Жол-жөнекей ұшақта кетіп бара жатқанда Сара əрнəрсені сұрады. Əңгіме негізінен əлеуметтік мəселелерге қатысты болды. Бала мен ананың өлімі, бала таба алмай жүрген əйелдердің жайы, ауылдағы, түкпір-түкпірдегі қалың елдің тұрмысы, мектептердің жағдайы, бала-бақшалар... Онысы маған да іштей ұнады. Сөйтіп, көп араладық, ол кісі əбден шаршады. Аудан орталығына келіп қондық. Кешкісін жөндеп тамақ та іше алмады. Ас батпады. «Тəуелсіздік алдық деп мəз болып жүрміз, Қазақстан əбден құрыған екен ғой, сендер не бітіріп жүрсіңдер, халық құрыпты ғой, қазақтың жағдайы мүшкіл екен ғой, келешегі жоқ қой», деп Президенттің мазасын ала ма деп уайымдай бастадым. Бірақ Қазақстанның бəрі Арал емес қой, енді бұл кісіге аналардың да, балалардың да жағдайы дұрысырақ, тəуірірек басқа бір өңірді көрсетейін деп, түн ортасында Талдықорған облысын басқарып отырған Тұрсынов Сағынбек ініме телефон соқтым. – Ауылдың тұрмысын, елдің жағдайын көрсін деп Президенттің тапсырмасымен Сара Алпысқызын Қызылордаға, Аралға алып келіп едім. Мұндағы жағдайды көріп қатты қиналып қалды. Осыны көріп, Қазақстанның бəрі осы екен ғой деп ойлап қалуы мүмкін ғой. Сен кездескен сайын Талдықорғанда балабақша, балалар үйінің, мектептердің, аналардың жағдайы жақсы, елдің көңіл-күйі де, тұрмыс-тіршілігі де жаман емес деуші ең ғой. Айтқаныңның бəрі рас па? Ертең келсек көңілді көтере алатындай жағдайың бар ма? – дедім. – Өзіңізге талай айттым ғой, бұл мəселеге біз облыста ерекше мəн беріп отырмыз. Келсеңіздер, ұялтпаймыз, – деді. – Басқа ешқайда бармаймыз. Тек қаланы көреміз. Көрсетемін деген жерлеріңді тазартыңдар, жарқыратыңдар, жаңалайтындарыңды жаңалаңдар. Біз ертең, құдай қаласа, түске таяу келеміз, – дедім. Түске таман Талдықорғанға келдік. Сағынбек қарсы алды. Бірнеше балабақшаны, бір балалар үйін, аналар босанатын үйді белгілеген екен. Сөйтіп, келісім бойынша, мектеп жасына дейінгі нысандарды аралаттық. Алдымен балабақшаға келдік. Əдемі екен, жаңадан салынған, айналасы қуыршақтай, төсек-орын, əжетханасына дейін кіріп көрдік. Тап-таза, мұнтаздай. Бақытты балалар тұр қаз-қатар тізіліп. Кешегі сұмдықтан кейін мынаны көрген Сараның екі көзі оттай жанып, жайнап кетті. Осыншама сұлулыққа сенерсенбесін білмей:

қаласында да бар мұндайлар. Біз далаға бардық қой. Ең құрып қалған құрдымға бардық қой. Соны көрсін дедік қой. Əйтпесе елде жақсы да бар, жаман да бар. Алматыға оралған соң Қазақстанның бəрі Аралдағыдай екен деп ойламасын деп, жақсыны да көрсін деп Талдықорғанға əдейі əкелдім, – дедім. – Көргенім жақсы болды. Шынында да мен ауыратын едім. Қызылорда өңірінің жағдайы жүрегіме қатты батты, – деді. – Біз түзейтін нəрселер көп, Сəке. Қолға алатын. Тəуелсіз мемлекеттің орнық тыратын, қалпына келтіретін, өзіміздің ата-дəстүрінде қалыптастыратын шаруалар əлі жетерлік, – дедім. Сөйтіп кешке қарай Алматыға оралдық. Проблемалар бастан асып жатқан кез ғой. Ертеңіне Нұрекеңе болған жайды түгел баяндадым. Сөз соңында: – Қазақты білесіз ғой, Нұреке, күңкілі де таусылмайтын, өсек-аяңы да жетерлік ел емеспіз бе. Бүгінде ел ішінде Горбачевтың əйелі Раиса Максимовна туралы да сөз аз емес. Сəкең саясатпен емес, мектеп жасына дейінгі балалардың өмірімен айналыссын; өзіне де, сізге де, елге де осы дұрыс болады, – дедім. Нұрекең қолдады. Түбінде осынымыз дұрыс болар деп, қайтарда, жол-жөнекей Сарамен де ақылдасқан болатынмын. – Сəке, көріп жүрсіз ғой. Нұрекең ештеңеден аянып жатқан жоқ. Халқы тұттай жалаңаш, жалаңбас, жалаңаяқ. Алдымен соларды киіндірсем, тойындырсам деп жүр. Одан кейін барып идеологиямен айналысамыз дейді. Өте дұрыс. Ал, енді, мүмкіндігінше, қолыңыздан келгенінше, жəрдем беремін деген ниетіңіз дұрыс. Негізінен сол балалар тəрбиесі жұмысымен айналыссаңыз жөн болар еді. Балалардың көмекке, қамқорлыққа ең зəру тобы да солар. Буыны бекімеген, қанаты қатаймаған, санасы жетілмеген, сынаптай толқып тұрған кезең ғой. Соның өзінде де сіз істейтін, сіз айналысатын жұмыс бастан асады, – дедім. Сара бұл айтқандарымызбен келісті. Пікірімізді қолдады. Алматыға қайтып келгеннен кейін бұл кісіге осы саладағы саясат, осы салада істелініп жатқан жұмыстар, жетістіктер мен кемшіліктер, соның бəрін, жіктеп-жіктеп, тағы да қосымша мағлұматтар бердік. – Енді не істейміз? Неден бастаймыз? – деді. Мен: – Фонд, қор деген жақсы ғой. Саясатқа араласы жоқ. Мақсаты айқын. Меніңше, алдымен қор құру керек. Содан кейін барып, қаржы мəселесі біраз шешілсе, өзге жұмыстарды қолға алуға болады, – дедім. – Өте дұрыс екен, – деді Сара келісіп. Сонымен қор құруға кірістік. Тапсырмалар берілді. Ол кезде Ерік Асанбаев вице-президент еді. Бір рет сол кісінің кабинетінде жиналдық. Жұмыс басталды. Қаражат мəселесі шешілетін болды. «Қорды не деп атаймыз» деп сұрады Сара бір күні. «Елден сұрап көріңіз, ақылдасыңыз» дедім. Біреу ананы айтты, біреу мынаны айтты. Бірақ ешқайсысы көкейге қонбады. Бір жолы бəріміз бас қосқанда мен: «Сəке, бұл қордың аты «Бөбек» болсын. Бөбек деген сөз ағылшын тілінде де, француз тілінде де, орысша да, қазақша да бөбек. Бəрі де бұзбай айтады, – дедім. Жиналғандардың бəріне бұл ұсыныс ұнады. Сөйтіп, «Бөбек» қоры құрылды. Бұл қорға мен өзім қызмет істеп тұрған кезімде біраз жəрдемімді бердім. Қалыптасты. Елге көп қызмет ете бастады. Автор: Мырзеке, бүгін «Бөбек» қоры туралы əңгіме болатынын білгендіктен, мен интернетті, басқа да дерек көздерін қарадым. Біраз жақсы материалдар тауып оқыдым. «Бөбек» қоры туралы өзім қараған материалдардан жиырма жылдан асатын уақыт ішінде оның қалай дамығанына да назар аудардым. Сығымдап қысқаша айтсақ, былай болып шығады екен. 1994 жылы «Бөбек» қайырымдылық қоры Алматы мен басқа қалаларда мектеп жасына дейінгі балаларға арнап Үміт үйлерін ашады. Оларға əкесіз қалған, шешесінің балаларға қарауға, тəрбиелеуге мүмкіндігі жоқ бүлдіршіндер уақытша алынады. Шешелері, немесе олардың орнындағы жақындары материалдық, тұрмыстық жағдайлары біршама түзелген соң балаларды өз қамқорлығына қайтарып

табылатын «Бөбек» қорының іске асырып келе жатқан игілікті істерінің тізімі осылайша жалғасады екен. Сара Алпысқызының, «Бөбек» қорының ұйытқы болуымен 2002 жылдың тамыз айында елімізде «Балалар құқықтары туралы» маңызды заң қабылданады. Бөбектер мен кішкене бүлдіршіндердің жағдайын жақсарта түсуге бұл заңның көп көмегі тиеді. 2002 жылдан бері «Бөбек» қоры əке-шешесіз, тұрмыстары қиын отбасылардан шыққан студенттерге арнаулы стипендия түріндегі əлеуметтік көмек көрсетіп келеді екен. Осы жылдардың ішінде осылайша қаржылай көмек алған студенттердің саны отыз мыңнан, көрсетілген көмектің көлемі 113 миллион теңгеден асыпты... Мырзатай: Егер осы Қор бала тəрбиесіне, аналардың жағдайына бірталай қызмет еткен болса, пайдасы тиген болса, соған өзімнің қол ұшымды бергеніме, сол қордың құрылуының басықасында болғаныма өте қуаныштымын. 2012 жылы осы қордың 20 жылдығы өтті. Оған мені шақырған жоқ. Менің естігенім, соған қатысқан біреулер «Сара Алпысқызы сіздің атыңызды атап өтті» дегенді айтып келді. «Осы Қордың құрылуына көп еңбек еткен, атын қойып берген Мырзекең еді» депті ол кісі өз сөзінде. Онысына рахмет. 1992 жылы Қорды құрдық, сол жылы күзде оны нығайтуды бастадык. Ол кезде бүгінгідей кəсіпкерлер жоқ. Қазір, Құдай сақтасын, ақшасының санына жете алмай жүрген компаниялар көп қой. Ол кезде ондай мүмкіндік жоқ еді. Сондықтан ақылдаса келе, телемарафон өткіздік. Ол күн-түнге ұласты. Телемарафонның қорытындысы Республика сарайында өтіп жатты, соған Президентті шақырдық. Сол телемарафонда отырғанымызда, түнгі он екілер шамасында, Нұрекеңді телефонға шақырды. Көп ұзамай қайтып келді, түсі суып кетіпті. – Мырзеке, сұмдық болып жатыр екен. Өскеменде төрт бірдей қазақ жігітін шешендер бауыздап кетіпті. Ел дүрлігіп жатыр дейді. Қауіпсіздік кеңесін жинаймыз, – деді. Сол жерде отырып-ақ, тапсырмалар беріп жатты. Ұшақ дайындатты. Таңертең комиссия құрды. Комиссия құрамын бекітті, төрағасы мен болдым. Арнайы ұшақпен Өскеменге келдік. Келсек, қала араның ұясындай болып ызылдап тұр. Қазақ – орыс – шешен болып бөлініп, кек қайнап, сұмдықтан ел дүрлігіп, Өскеменнің халқы тұтанатын отқа ұқсап тұр екен. Жұрттың бəріне тапсырма беріп, жауыздарды іздеуге кірістік. Жер-жерден, жан-жақтан келген қазақ өш алу үшін, шет-шетте отырған шешендерді ұстап алып, үйін өртеп, өздерін сабап жатыр деп естідік. Келе салысымен, қасымдағылар ылғи қылмыспен айналысатын, қан көріп қалғандар ғой, шейіт болған жастардың мəйітін көріп келуге кетті. Маған жүріңіз деп еді, менің жүрегім дауаламады. Өзімді сабырға шақырдым. Онсыз да келгенше уайымдап келдім. Не деген сұмдық... Өз жеріңде, өз еліңде отырып осынша жəбір көру. Не деген қорлық! Шындыққа жүгінетін болсақ, баяғыда қаңғып келіп еді ғой бұл шешендер. Күнін көре алмай, жер аударылып еді. Қазақ қойын-қонышын ашып, шешен демей, неміс демей, күрд демей, бəрін құшағына алып еді... Бір жапырақ нанын бөліп беріп еді... Соның бəрін ұмытқаны ма... – Мəселенің анық-қанығына

жылжыды. Мына жағынан Павлодар, Семейден, мына жағынан Талдықорғаннан қаптап келеді деген хабар жетті. Соның алдында қыркүйекте Құрылтай өткен, ел мені жақсы танып қалған. «Кетті, аттанды, біз тоқтата алмадық» деп Семейден, Павлодардан, Талдықорғаннан хабар келіп жатты. «Жолдың бəрін жабыңдар. Көлденеңінен бірнеше машина қойыңдар», – деп тапсырма бердім. Жақындап қалды деген соң, Талдықорған жағына қарай, келе жатқан қалың топты қарсы алуға кеттік. Түн боп қалған. Машинаның үстіне шығып, милицияның сөйлейтін құралын алдым. Құдай сақтасын, теңселіп келе жатқан көп машинаның жарығы. Шегі жоқтай. «Жигулиіңнің» өзіне бес-алтаудан мінгесіп алған қазақ. Бəрі де ашулы, бəрі де кекті. Қазақты қырып жатқанда, біз қалай тыныш отырамыз», – дейді. Машинаның жарығын, бəрін соларға қарай бағыттап қойдық. Содан мен, ондай кезде қайбір оңай сөз шығады дейсің: «Тоқтаңдар! Ақылға келіңдер. Мұның арты соғысқа айналуы мүмкін. Онда қырғын болады. Ешкім аянбайды!» деп айқай салдым. Басында, оқиға басталғанда, Өскемендегі орыстар күнəсіз адамды бауыздағаны несі деп қазақтарды қолдапты. Сол кезде Шығыс Қазақстаннан сайланған халық депутаты Васильева деген болған. Сол елді дүрліктіріп, шовинист қой, «Бүгін шешеннің басына түскен күн, ертең басқа ның басына түседі» деп бүлік салған. Тіліміз салақтап, қайсысымен сөйлесерімізді білмей, есіміз шықты. Сөйтіп, Талдықорған мені біледі, «Егер шыныменен қырылайық десеңдер, онда бəріміз бірге кеттік. Президенттің де балтыры сыздап, бауыры елжіреп отыр. Өрт тастау оңай, сөндіру қиын. Ақылға келейік, бауырларым, ақылдасайық!» дедім. Қараңғыда мені танып қалған жігіттер: «Мынау Мырзатай аға ғой, сізге сенеміз, аға! Тек кегімізді əперіңіздер. Шешендерді 24 сағат ішінде қуыңыздар елден. Қазақстаннан кетсін. Талап осы» деді. Талаптарың дұрыс, қайтыңдар деп бұлардың бетін қайтардық. Сөйтіп жүргенде, «Ойбай, мына Семей, Павлодар жағынан кеп қалды» деді. Семей жағындағы жолға шықтық. Бұлар да сондай талап қойды. Тағы да басу айттым. «Сабыр етіңдер, айналайындар. Бізге сеніңдерші. Мен Президент сеніп жіберген комиссияның төрағасымын. Түбінде шешімі дұрыс болады». Ол жерден де бір ақылды жігіттер табылды. «Сендік Мырзатай ағаға. Президенттің сөзін жеткізіп отыр ғой. Айтқандарыңыздың бəрі жөн. Мүмкін біздікі қызбалық шығар. Бірақ мына сұмдықты естіп шыдай алмадық». «Оларың да дұрыс» дедім. «Егер, біздің қолымыздан келмей бара жатса, қажеті болса, онда өзіміз хабар береміз, деп оларды да қайтардым. Таң ата қалаға қайттық. Таңертең сөзі өтетін адамдардың тəуірлерін жинатып қойғанмын. Ұйқы жоқ. Олармен сөйлесуге тура келді. Казактар, кейбірі əскери киімдерін киініп алған. Қылышын асынып алған. Неге бүйтіп жүрсің деп мынадай жағдайда айта алмайсың. Сөйлестім, арғы тарихтан қопарып айттым. «Бұл жер бағы замандардан қазақтың жері, білесіңдер. Неше түрлі заман болды, толқын-толқын көш келді. Соның бəрі сыйды ғой қойынқонышымызға. Қазір неден қиындық көріп отырсыңдар. Қазақтың тұрмысын қараңдаршы. Көбі далада отыр. Ондай тұрмысқа біреуің шыдамайсың ғой. Қалада отырсыңдар. Неге бүйтесіңдер? Төрт бірдей қыршынды бауыздап салып,

Автор.

Автор: Мырзеке, мен сіздің «Бөбек» қорын құруға қатысыңыздың бар екенін, осы қорға «Бөбек» деген атты да сіздің тауып бергеніңізді білетін едім. Бұл қор қазір жұртқа белгілі. 1992 жылы құрылған «Бөбек» қоры содан бері өне бойы өсу, даму, өркендеу, белестерге көтерілу үстінде болды. Бүгінге дейін атқарған, жүзеге асырып келе жатқан игілікті істері көп. Қазір бұл қордың атағы өз елімізден асып, шетелдерге де тарап кеткен. Осы қорды құру жөніндегі идея, əңгімелер

www.egemen.kz

«БҐБЕК». ТЕЛЕМАРАФОН. СЫН САЄАТТА Болат БОДАУБАЙ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

əуелде қалай басталып еді? Қалай туындап еді? Енді осылар жөнінде айтып берсеңіз. Мырзатай: Ол оқиғадан бері де жиырма жылдан астам уақыт өтті ғой. Қазір есіме түскенін айтайын. 1992 жылдың басы болатын. Ол кездегі ахуал белгілі ғой. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары. «Қорыққан мен қуанған бір» дегендей, не істеп, не қоярын білмей, жұрттың əбден есі шықты. Ақылға сыймайтын неше түрлі шерулер, толып жатқан қоғамдық ұйымдар пайда болды. Осының бəрін негізінен қоғамға белгісіз адамдар бастады. Сөйтіп, есімін ешкім білмейтін адамдар өзінше қайраткер болып шыға келді. Тұнық көлдер шайқалып, сең жүргендей болды. Ел іші қиқулап құс салғандай, шулаған қаздай азанқазан болды. Осындай жағдайда бұл елді қиындықтардан қалай аман алып шығамыз, осы ахуалды өзгелер пайдаланып кетеді-ау деп қорықтық. Тəуекел деп ел тізгінін қолына алған Нұрекеңнің сол кездегі ең үлкен уайымы да осы еді. Сонау ежелгі сақ, ғұн, түрік заманында да мемлекет болған. Əйтпесе, сонша жерді ала ма қазақ. Солардың негізін құраған қазақ рулары еді. Кейініректе Керей мен Жəнібек өз алдына жеке Қазақ мемлекетін құрды, Қазақ хандығын орнатты. Одан кейін де талай қилы кезеңдерді бастан кешкен халқымыз Абылайдың тұсында қайта табысты. Үш жүздің қазағы бір тудың астына бірікті. Қазақ елі, қазақ халқы қай заманда да іргелі ел болуды аңсады, армандады. Туған жерді жауға бермеу, басқыншылардан азат ету жолында жан аямай күресті. Сонда да тұтас мемлекет бола алмады. Елдің басын қосу, жұртты бір тудың астына топтастыру қиынның қиыны еді. Соған қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев осындай тəуекелге барды. Оның қиындығы да, азабы да аз болған жоқ. Соған қарамастан, көш бастап, халықты қыл көпірден аман-есен алып өтуге барын салды. Оның сол кездегі тірлігі түренмен жол салғандай, мұзды мұхиттың мұзын жарғандай, адам білмеген құрлықты ашқандай еді. Мен Назарбаевтың осындай тəуекелшілдігіне, батылдығына əлі күнге дейін қайранмын. Мен – тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш идеологымын ғой... Автор: Мырзеке, айып етпеңіз, осы жерде сөзіңізді сəл бөлейін. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология бөлімін тек орыс халқынан шыққан адамдар ғана басқарып келген еді. Ол жылдарда мен де сол бөлімде қызмет атқарғандықтан, жағдайды жақсы білемін. Сіз Одақ ыдырамай тұрғанда сол бөлімді басқарған қазақ ұлтының тұңғыш өкілі болдыңыз. Мырзатай: Бұл айтқаның рас. Бір жағынан ол да бар. Екінші жағынан Қазақстан тəуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда да республикадағы идеологиялық жұмыстарды басқару міндеті менің мойнымда болды. Мен ол кезде Премьер-Министрдің орынбасарымын. Сол кездерде Нұрекеңмен елдің келешегі, халықтың тағдыры, ішкі ахуал жайында жиі-жиі ақылдасып жүретінбіз. Бір күні, əңгімелесіп отырғанда, сөз арасында ол: «Мырзеке, Сара елден көп хат алады. Аналардың, балалардың денсаулығы туралы, тұрмыстың нашарлығы туралы, қоғамдағы көптеген қиындықтарды айтып хат жазады, соған оның қабырғасы қайысады, түн ұйқысын төрт бөледі, не істейміз?» – деді. – Жазатындай да, жұрттың зарлайтынындай да бар ғой, мұны өзіңіз де жақсы білесіз. Ел ішінде аналардың ауруы, бала өлімі де аз емес. Егер қазақтың тұрмысы, əсіресе əйелдердің, кішкентай балалардың жағдайы шынымен қабырғасына батып жүрсе, Президенттің жұбайының бұл мəселемен айналысқаны дұрыс шығар. Бұл мəселе бүгінде əсіресе, Қызылорда облысында өршіп тұр, елдің жағдайын, шындықты көзімен көріп қайтсын десеңіз, Сараны Қызылорда облысына апарып қайтайын, – дедім. Сонымен, қасымызда Сара Алпысқызы

5 пəлен жерден пышақтаған. Осындай сұмдықты көрдіңдер ме? Көресіңдер ме барып». «Жоқ, ойбай, керегі жоқ» деді. Бірекі бұрын қызмет істеген қарттар сөйледі. «Біз өзіміз сөйлесеміз. Орыстармен. Алаң болмаңыз. Бізге Васильеваның керегі жоқ. Бізге Назарбаев керек» деді. Түстен кейін Өскеменнің қазақ жастарын жинадық. Бəрінен қиыны осылар болды. Оған дейін де бірталай шара жасалды. Мемлекеттік кеңесші Қайырбек Сүлейменовтің басына кепка кигізіп едік, мұрны қоңқайып аумаған шешен болды да шыға келді. Оны жағдайды байқап, біліп келуге шешендердің ішіне жібердік. Қазақтар қаланың шетінде жапырайған үйлерде тұ рады. Ал шешендер болса бəрі қаланың шетіндегі үлкен көшенің бойына кең сарайлар ды салып алған. Сол жерге милиция мен əскерді төгіп, қоршауға алып, қаруларының бəрін жинап алдық. Үйден алып, көшенің ортасына үйіңдер, өйтпесеңдер 24 сағаттың ішінде Қазақстаннан көшесіңдер деп Қайырбек тұрды қасқиып. Қару-жарақты түгел жинап алдық, тіпті автомат былай тұрсын, кейбірінен пулемет шықты. Міне, ақырзаман. Жиналған қазақ жастарының алдында Жармахан сөйледі, басқалары да сөйледі. Соңынан Қайырбек сөйледі. Аяғында мен сөйледім: – Шырақтарым, əңгіме белгілі болып отыр ғой. Біз түбінде кек алуымыз керек, кек қайтаруымыз керек, тоқтайтын жерің осы, қолымызға қару алып шығуымыз керек десеңдер, біз де шығамыз. Міне, прокурорың отыр, КГБ отыр, милицияң бар. Бəріміз шығамыз. Онда қырғын болады. Азамат соғысы болады. Одан кім жеңеді, кім жеңіледі, Құдай сақтасын, ақыры белгісіз. Шекарамыз аңғал-саңғал, ашық. Артын ойлауымыз керек, – деген сияқты біраз сөз айттым. «Қазақты сақтауымыз керек. «Президенттің де қабырғасына батып отыр...» дедім. Содан кейін бір əдемі, денелі, бойшаң, аққұбаша келген, толық жігіт сөйледі. Кейін сұрастырсам, атын ұмытып отырмын, күрестен бе, əйтеуір спорттың бір түрінен əлем чемпионы екен. Базарға бастап барып жүрген де сол екен. «Жігіттер, мұның басы-қасында жүргеннің бірі менмін. Мына сөзге тоқтайық. Мырзатай аға бүкіл жанын салып айтып отыр ғой. Елбасының да тілегін жеткізіп отыр ғой. Қырылғанның үстіне қырыла береміз бе? Сабыр қылайық! Қару-жарақтың бəрін түгел жинап алғаны рас болса, барып көрейік» деді. Даурыққандар əлгі жігіттің сөзіне тоқтады. «Ультиматумның, шектен тыс талаптың арты жақсы болмайды. Бəрін ақылмен шешейік. Кінəлінің бəрі жазасын алады. Бəрін қалпына келтіреміз. Бұл ел сенің елің, сенің жерің. Мəселе базарда болса, базар ертең сенікі болады. Қорықпаңдар» дедім. Облыстың басшысына қарап: «Солай ғой, Амангелді» деп едім, облыс басшысы: «Иə, иə, солай, солай...» деп жауап берді. Осы өртті сөндіріп, ертеңінде шешендермен қайта сөйлестік. Бүгжеңдеп, кінəні мойнына алған шешеннің ақсақалдары келді. «Жастарымыздың жіберген қателігін мойнымызбен көтеруге əзірміз. Бізге салатын айыптарыңды салыңдар. Мұндай сұмдық енді болмайды. Қазақ пенен шешеннің балаларының тату болуына барынша күш саламыз. Ол біздің қолымыздан келеді» деді. О кезде сөздің пəтуасы кетпеген кез. Сөзге қайтсе де жұрттың сенетін кезі. Аузы дуалы қарияларды пайдаландық. Лаулап бара жатқан өртті өліп-талып сөндіргендей болдық. Ел-жұртымның, əсіресе, кек іздеген жастардың Президент атынан айтқан сөзіме иланып, соңыма ергеніне, елді апаттан алып қалғанымызға қатты қуандық. Автор: Васильеваның жағдайы қалай болды? Мырзатай: Оны біз Мəскеуден шығартпай, ол кезде мемлекеттің ықпалы күшті ғой, самолетке отырғызбай, Домодедово аэропортынан шығартқызбай қойдық. Егер Қазақстанға келгенде, бетпақ қатын айқайды да, бүлікті де салатын еді. Ештеңеге қарамайтын еді. Сөйтіп ол аэропортта отырып қалды. Автор: Қазақтарды бауыздаған алты адам ба еді? Оның бəрі жазасын алды ма? Мырзатай: Оның бəрі ұсталып, жазасын тартты. Алтауын да шешендердің өзі ұстап берді. Бұл жайлардың бəрін кейін милицияның адамдары айтты маған. Автор: Мырзеке, бүгінгі əңгімеңіз халқымызға да, жастарға да тағылымды болды. Қазір, міне, көріп отырмыз ғой Украинадағы жағдайды. Тəуелсіздік алғанына жиырма жылдан асқан, мемлекет ретінде етек жауып, ес жиып қалды деуге болатын, халқы да көп, Қазақстаннан əлдеқайда қуатты саналып келген Украинада ұлтараздық мəселелер туындап еді, желді күнгі өрттей қаулап, тоқтау бермей, тізгін бермей кетті емес пе. Жер дауына ұласты ақыры. Қаншама қақтығыс, кісі өлімдері болып жатыр. Мырзатай: Тарихта, өмірде əрқилы оқиғалар болар. Бірақ соның бəріне де ақылмен қарау керек. Өмір, қоғам болған соң бəрі де болады. Нені де болса ақылға салу керек. Егер біз сол тұста бір топ шешендердің біздің жастарымызды хайуандықпен бауыздағанын, жан-жақтан қазақ жастарының қаруланып атой салып келгенін ескеріп, кек алуға жол бергенімізде аяғы қырғын болуы мүмкін еді. Нұрекеңмен жиі-жиі ақылдасып, ондай сұмдыққа жол бергеніміз жоқ. Тарихпен, халықтың тағдырымен ойнауға болмайды. Тəуелсіздік алған жылдардан бастап Президентіміз тəуелсіздіктің тұғыры етіп елдің ынтымақ-бірлігін ту етіп көтеріп келеді. Аз жылда берекелі, бағы жанған елге айналсақ, бəрі де сол ынтымақбірліктің арқасы. Ынтымағы кеткен елден береке кетеді, берекесі кеткен елден бəрі де кетеді. Мұны ешқашан ұмытуға болмайды. Өйткені, мұны бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған.


6

РІ Е Д М І ІР ӨР

www.egemen.kz

ӨМ

Ілуде біреуі болмаса кез келген ақынның қайраткер болуы екіталай. Табиғаттың, Жаратқан Иенің текпен, қанмен берген қасиеті шығар, Кəкімбек ағамызда осы қарым-қабілеттің екеуі де бар еді. Ақын Кəкімбек Салықовтың жазған өлең-жырлары, шығарған елуге жуық жыр жинақтары мен жасаған он шақты аударма кітаптары өз алдына бір төбе. Ол мемлекет пен партия қайраткері ретінде Жезқазған қалалық, облыстық партия комитеттерінің бірінші жəне екінші хатшысы, КОКП Орталық Комитетінің инспекторы, Қарақалпақ обкомының бірінші хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Экология комитетінің төрағасы секілді лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Кəкімбек ағаның есіміне осылай сырттай қанық болсам да кездесіп, сөйлесіп көрмеген кісім еді. Жақынырақ танысуым кешегі 90-шы жылдардың аяғында болды. 1999 жылдың қаңтарында ғұлама ғалым Қаныш Сəтбаевтың 100 жылдық мерейтойы келе жатты да біз соған орай «Зерде» журналының бір нөмірін арнап шығаруды жоспарладық. Ол кезде Кəкімбек Салықов Халықаралық Қаныш Сəтбаев қорын басқаратын. Білетіндер Қанышқа қатысты көптеген деректер мен материалдар сол қордан табылады десті. Сондайлардың жөн сілтеуімен Кəкімбек ағамызға барып жолықтық. Сөйтіп, республикалық ғылыми-танымдық «Зерде» журналының 1999 жылғы №1 саны түгелдей академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың ғасырлық мерейтойына арнап шығарылды. Аз-кем уақыттың ішінде арамызда қалыптасқан жарасымды сыйластықты пайдаланып: – Көкейімізде сіздің кезінде атқарған лауазымды қызметтеріңізге қатысты сұрақтарымыз бар еді. Мүмкін болса сол тақырып жөнінде əңгімелессек деп ек? – дедім сəл қысылғандай болып. – Сұрақтарың тым қиын жəне күрделі болмаса жауап беріп көрейін, – деді ағамыз сөздің аяғын əзілге бұрып. Мен кейіпкерімнің көңілін жібітіп, тынысын ашу үшін əдейі əңгімені əріден бастадым... – Осы сіз, аға, қалай əрі ақын əрі тау-кен инженері болып жүрсіз? – Біз өзі көркем табиғатпен етене өскен, əсершіл де сезімтал халықпыз ғой. Бала жасымыздан əн-жырға, өлеңқиссаларға құмар болып өстік. Тоғыз, он жасымда ауызекі өлең құрастырып жүрдім. Дұрыстап жаза бастағаным 16-17 жастар шамасында. 1949 жылы «Қазақстан пионерінде» бір өлеңім жарық көрді. Тоғызыншы, оныншы сыныптардағы əдебиет сабағынан болатын шығарманы өлеңмен жаздым. Осылай кете бергенде орта мектептен кейін тура Алматыға тартып, бір жоғары оқу орнының əдебиет мамандығына түсіп оқыр ма едім, кім білсін. Əкеміздің ағасы, халық ақыны Молдахмет Тырбиев 1942 жылдан айтысқа түсіп жүрген кездерінде Жамбылмен кездескенін қандай жыр етсе, Қаныш Сəтбаевтың үйінде болып, бір топ ақындар ғалымға таңғалғанын айтқанда, жас бала біздердің басымызды сан алуан арман-қиял билеп алатын. Молдекең менің агроном да, мұғалім де болғанымды қаламады. Ал ақын болатын оқуға барамын десем: «Ой, оқымай-ақ ақын болып жүрміз ғой, болыс та болғанмын, онда да өлеңді тоқтатпадым, ақын боламын деп бес жылды далаға кетірме», – дейтін. Ақыры: «Мəскеудегі Түсті металдар институтына түсіп, өзіңіз айтқан Қаныш Сəтбаевтың жолын қуамын» дегенімде қатты қуанды. Оқуды бітіргенде алған күміс медаліме жүз сом байғазы беріп: «Осыны Мəскеуге барар жолыңа жұмса», деді. Мəскеудегі Түсті металдар жəне алтын институтына оқуға түсіп, оны 1955 жылы ойдағыдай аяқтап, кен инженері болып шықтым. Бірақ, қайда жүрсем де ақындықтан қол үзбедім. Аудармамен де айналысатынмын. Екінші курстан кейін өндірістік тəжірибемен Оралдағы бірқатар кен орындарында болып, қорытынды есеп жазып əкелгенімде профессор И.П.Каплунның: «Инженер» емес, Чехов болайын деп тұр екенсің», – деп əзілдегені бар. Қалың орман мен көркем таулары біздің Көкшетауға ұқсас жердегі бір шахтаны сипаттап жазғанымды оқып профессор: «Жарайды, Чехов та жаман кісі емес, бес қояйын, бірақ, келесі жолы техника тілімен жазғайсың», – деген. – Əрі қарай өмір жолыңыз қалай өрілді? Институт бітіріп, тау-кен инженері болғанның бəрі үлкен жетістіктерге жете берген жоқ қой. – Оқу бітіріп келгеннен кейін еңбек жолымды Жезқазғандағы №51 шахтада кен мастері болып бастадым. Əрі қарай учаске бастығы, №44 шахтада бас инженердің орынбасары, «Покро-15» шахтасында бас инженер, шахта бастығы қызметтерін атқардым. Біз алғашқы жылдары көбінесе сотталып, ГУЛАГ-тың түрмесінде жүргендермен жұ мыс істедік. Олардың көбі сталиндік саяси қуғынның қасіретін шегіп жүргендер еді. Қаншалықты ызалы, ашынған адамдар болғанымен, олар дұрыс басшыға мойын сұнып, жұмысқа нұсқан келтірмейтін. Ондағы басты шарт – еңбектерін адал есептеп, ақысын дұрыс төлеу еді. Мейлінше адал, əділ болуға тырысқандықтан ба, ол жердегі жұмысым əрдайым жемісті болды. Алты жыл шахта басқарған жылдарым жемісті де жеңісті қуаныштарға жеткізді. Біздің шахта ең ірі шахта болғандықтан, ас тымдағы көлігім де, тұратын үйім де ыңғайлы болды. Соның арқасы шығар, сырттан келетін қонақтарды бастықтар біздің шахтаға əкелетін жəне пайдалы жиындарынан қалдырмайтын. Қаныш ағамыз 1961 жылы Жезқазғанға Ғылым академиясының көшпелі мəжілісін өткізуге келгенде сөзінің басында мені де атап өтті, ол кісімен дəмдес те болдым. Ғұлама ғалымның көңіл күйінің сан түрлі құбылыстарынан, кең мінезді кемеңгерлігінен ғибрат алдым.

24 қыркүйек 2014 жыл

ісі» – Медунов мəселесі ел-жұртқа белгілі оқиға. Ол жер парақорлықтың жүйелі түрдегі астанасы болып кеткен екен, соған көзім жетті. «Əділдік пен тазалыққа жүргенім мені қиянаттап, жазықсыз қаралаудан аулақ етті», қатты жаным ашыған, аяушылық білдірген кездерім де аз болған жоқ, ол – жалпы жүйенің кей кемшіліктерін түсінгенім шығар. Қандай тексеріске қатынассам да əділ болуға, адал болуға тырыстым. – Қарақалпақ автономиялы республикасына бірінші басшы болып қалай барып жүрсіз? Оған тікелей кім себеп болды деп ойлайсыз? Əлде Кремльдегілер біздің туыстас халық екенімізді ескерді ме? – Бұл сұраққа жоғарыда жауап беріп өткен секілдімін. Сонда да болса бір-екі деректі айта кетейін. Орталық Комитетте қырық жыл істеген Павел Васильевич Симонов дейтін кісі болды. Осы қарттың менен жиырма жастай үлкендігі де бар еді. Онымен ара қатынасымыздың жақсы екенін қызметтес жігіттер білетін. Ол Орал облыстарының секторын басқарды. Бір күні есік алдындағы Фили паркіне немеремді ертіп шықсам, П.В.Симонов кездесе кетті. Немерем Арман ол кісіні «Симонов-ата» дейтін. Өзі де балажан адам еді. Арманға қарап: «Сенің Кəкімбек атаң жуырда Мəскеуден көшіп кетеді, сен де бірге кетесің бе?» – деді. Немерем: «Мамам мен папамды тастамаса мен де бірге кетемін», – деп жауап берді. Мен

«Əділдік пен тазалыќќа жїргенім мені ќиянаттап, жазыќсыз ќаралаудан аулаќ етті» (Кəкімбек Салыќов айтќан сыр) Қанекеңді көргеннен кейін адамның ең үлкен байлығы – мінез екенін түсіндім. Қанекеңнің «Бүркітбайды» шырқап салған қаз дауысты қоңыр əнінен де кереметтей əсер алдым. Сол əсер əлі де есімнен кетпейді. Мен Қанекеңнен артық билейтін жігітті əлі күнге дейін кездестірген емеспін. Оған ол кісінің еңселі бойы, ерекше жаратылған тамаша келбеті мен өзгеден өзгеше мəдениеттілігі де ықпал еткен шығар. Қаныш ағамыз оқымысты ғұламалығымен де, көз тоярлық тұлғасымен де артықша жаратылған адам еді. Қанекеңді көргенде бала күнгі арманым орындалды. Бір жиында домбыра іздегенде менің домбырамды алдырдық. Домбырам ұнады, əн салғызбақшы болды, мен ұялып, келіспедім. Сонда ол кісі: «Сұлу саз адам баласының қам көңілін қалпына келтіреді, ал əн салу өжеттікке үйретеді, ұялып отырсың ғой «батырым», мен-ақ айтайын», – деп бірнеше əн шырқады. Ол қызық мезеттер бір-бір жекеше əңгімеге лайық... – Өндірістен партиялық жұмысқа қалай ауысып жүрсіз? Бұған біреулердің тікелей ықпалы болды ма? – Шахта басқарып жүрген 1963 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинаты парткомының хатшылығына ұсынбақшы бол ды. Ол кезде Хрущевтың шығарған нұсқауы бойынша ол орында екі жылдан артық ұстамайтын. Мен əртүрлі оймен бұл ұсыныстан бас тарттым. Сол сол-ақ екен, қалалық партия басшылары мені сынап, шеней бастады. Жұмысымнан кемшілік таппаған соң, партиялық тəртіпке бағынбады деген мəселені көлденең тарта берді. Сөйтіп, 1965 жылы қайта шақырғанда амалсыз келісім бердім. Сол екі арада Хрущев кетіп, оның орнына Брежнев келді. Бұл жұмысты мен төрт жылдан астам уақыт атқарып, қалалық партия комитетінің бірінші хатшылығына жоғарылатылдым. 1973 жылы Жезқазған облысы құрылғанда облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайландым. Парткомның хатшылығына ұсынылғанда тұңғыш рет Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қабылдауында болдым. Димекең өзі оқыған институтты бітіргеніме елең етіп, біраз əңгімелесті. Баяғы өзіне сабақ берген қарт профессорларды есіне түсірді. Бəрін де ұмытпапты. Димекең маған қарапайымдылығымен, керемет есте сақтау қабілетімен үлкен əсер қалдырды. – Өзге ұлтты билікке жолата бермейтін Мəскеу сізді қалайша Жезқазған облыстық партия комитетінің екінші хатшылығынан Орталық комитеттің аппаратына алып кетті? Мұнда қандай да бір мақсат-есеп болған шығар? – Бұған əртүрлі жағдайлар себеп болған болса керек. Жезқазған облысын құрған кезде жан аямай жұмыс істедім. Қаланың бұрынғы басшысы болғандықтан, көп ауыртпалық маған түсті, дегенмен, бүкіл мекемелерді он күннің ішінде дұрыстап орналастырып бердім. Бір жылға жетпей көшіп келген қызметкерлер пəтер алып, толық жайғасты. Жезқазған облысы құрылардың алдында бізді Алматыдан кейін Мəскеу қабылдады. Онда Л.И.Брежневтің қабылдауын тосып, екі-үш күн қарайлап қалдық, əйткенмен Бас хатшы бізді сенбі күні қабылдады. Үстелде дайындап қойған біздің жеке басымызды сипаттайтын папкіде іс қағаздары бар еді. Бас хатшы əңгімесін жалғап, темекісін будақтатып отырып, алдындағы қағаздарды шатастырып алыпты. Сөйтіп, ол кісінің алдына алдымен менің іс қағаздарым ілігіпті. Кідірместен оқи бастады: «О, дұрыс, кен мастерінен бастап, Жезқазған сияқты түсті металлургияның Магниткасында қаланы басқарған кадрды бірінші хатшылыққа ұсынғандарың жақсы екен, біздің Димаш ақылды кісі-ау, өте дұрыс», – деп мені тұрғызып көрді. Қалың қара шашымның маңдайымнан тараған бір бума ағы болатын.

«Жас та болсаң шашың ағара бастапты, ол ақылдан ағарып отыр», – деді. Бəріміз аузымызға су толтырғандай үнсіз қалдық. Бізді ертіп кірген Орталық Комитеттің хатшысы Иван Васиьевич Капитонов пен Қазақстан Орталық Комитетінің сол кездегі екінші хатшысы Валентин Карпович Месяц болатын. Капитонов еппен ғана тұрып: «Ғафу етіңіз, Леонид Ильич, мен қағаздарды шатастырып қойыппын, бірінші хатшылыққа мына кісіні ұсынып отырмыз», – деп К.С.Лосевті көрсетті. «Сен, Капитонов, үнемі шатастырып жүресің, бірақ мен шатаспаймын, бұл кісіні де көрейік», – деп Лосевтің қағазын оқи бастады. «О, колхоз, совхоздарға қаладан апарып, «отыз мыңдық» деп Хрущевтың тудырған жасанды кадры ғой. Совхоздың директоры, халық бақылаушысы тағы»..., – деп Лосевқа қарап: «Қалай келісім бердің, бұл саған астық дайындайтын Солтүстік Қазақстан емес, басқа жер, түсті металл ғой», – деп ұнатпаған сыңай танытты. Константин Семенович Лосев жалпы ақылды, зиялы азамат болса да көзге қораштау көрінетін. «Жоқ, бұл дұрыс емес, əлгі жігітті ұсынған дұрыс», – деп Брежнев қайта қиқайды. Сол кезде өжет те өткірлеу В.К.Месяц тұрып: «Леонид Ильич, кешірім етіңіз, Лосев жолдас бірнеше жыл екінші хатшы болған мол тəжірибесі бар кісі, ал Салықов жолдас əзірше екінші хатшы болып көмектесер деп едік. Біз Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің Бюросында қарадық, Димаш Ахметович сізге көп-көп сəлем айтты, қолдауыңызды сұрайды», – деді. Л.И.Брежнев бір ыңыранып: «О, сен Саяси Бюроның мүшесінің шешімі бар деп мені қорқытпақшысың ғой, өйтіп, күшке салма, менде де келесі съезге дейін біраз күш барын ұмытпа», – деді. Сонда В.К.Месяц: «Леонид Ильич, Салықов бір-екі жыл көмектессін, содан кейін бұл кісіні де жоғарылатамыз, республика үлкен ғой», – деді. Бас хатшы сол кезде ептеп сынықсып, райынан қайта бастап, орнынан тұрып, менің қасыма келіп, арқамнан құшақтағандай болып: «Не де болса осыларға сенейікші, екі жылдан кейін өсірмесе, «ВЧ» деген телефоның болады, соны ал да өзіме хабарлас, келісім осы», – деп тоқтады. Əрине, Капитонов өзіне түртіп алып жатты. Осы жағдайдың да маған себі болды-ау деймін. Мəскеуге аттанардың алдында бір облыста сапарда жүрген Д. А. Қонаев тауып алып сөйлесті. «Сізді Орталық Комитет шақырып жатыр, М. А. Суслов маған айтты, түбі жаман болмас, беттерін қайтарма», – деді. Мен рахмет айттым. Солай Орталық Комитеттің инспекторы қызметкеріне айналдым. Сөйтіп, мəскеулік болып кете бардым. – Мəскеуде ұзақ отырып қалдыңыз. Оған əлдеқандай жағдайлар себеп болды ма? – Есепсіз себеп жоқ қой. Тоғыз жылдан астам отырғаным рас. Бірақ, мен төрт жылдан кейін Алматыға тойға келгенімде, ол кезде Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болатынмын, Димекеңе сəлем беріп, тойдан кейін кездесуге сұрандым. Ол кісі өте сыпайы қарсы алып, ақыры той өткен күннің ертеңіне қабылдады. Елден кеткелі төрт жылдан асып кетті, қырық үш жасымда барып едім, міне, елу де таяп қалды, елге оралайын, Димеке, деп өтініш айттым. Димекең төмен қарап: «Иə, төрт жыл, төрт жыл, – деп отырды да: «Жарайды, елге қайтаруды қолға аламын», деген сөзін берді. Екі жылдан кейін тағы сондай бір тойдан кейін жолықтым. «Өте дұрыс, енді созбаймын», деді. Бірақ, ол сөздер орындалмады. Тоғыз жылдың ішінде Мəскеудегі бастықтарым да еліңе оралатын болдың деп, бір-екі облысты атаған болатын. Үшінші рет сөйлескенде И.В.Капитоновқа: «Қашан Саяси Бюроға апарғанша маған айтпаңызшы, мен қызмет сұрап жүрген жоқпын ғой, егер керексіз

болсам, Жезқазғанға барып, баяғы шахтамды басқарамын», – деп реніш білдірдім. Ол кісі: «Оныңыз рас, ұсыныстар да болды, білесіз, Димаш Ахметұлы осы арада келісім береді де, артынан еліне барғанда «ойбай Бюродан өткізе алмадым» деп хабарлайды, тап осы жолы өтесіз», – деді. Ол жолы да «Бюрода өткізе алмапты». Содан кейін көңілім суыды да, Қарақалпақстанды, енді Капитонов емес, Лигачев ұсынғанда келісім бердім. Соның алдында бір тапсырмамен Өзбекстанға – Қарақалпақстанға жіберіп алған болатын. Үштің бірі қазақ, бірі өзбек, бірі қарақалпақ болған соң мен қарсы бола қойған жоқпын. – Орталық Комитет аппаратындағы көп жылғы қызметтен қандай тағылымсабақ алдым деп ойлайсыз? Ондай үлкен қаланың сізге рухани ықпалы да болған шығар? – Орталық Комитеттің инспекторлары төрт-бестен аспайтын, оларды тек Орталық Комитеттің хатшысы басқаратын. Маған өндіріс жəне транспорт мəселелері мен үлкен кадрларға түсетін арыздарды тексеру жəне елдегі тəртіп мəселелері жүктелді. Сондықтан мен елдің жағдайы, ішкі іркілістер мен дағдарыстар туралы мұқият біліп отырдым. Орталық Комитетте істеп жүргенде қай жағынан болса да, жеке басымның дайындығы ешкімнен кем болған жоқ. Күрделі істердің кейде арасында, кейде басында жүрдім. Инспекторлық жұмыс адалдыққа, тазалыққа, туралыққа үйретті. Жалпы, қызметтес болған жігіттердің бəрімен де достасып кеттім, əлі де байланысып тұрамыз. Ізеттілік пен сыйластықты үйренген шығармын. Бірақ, елді қатты сағынып жүргенде, əйтеуір, өлең жарықтық серік болды, өлеңнен қол үзген жоқпын, жинақтарым да жарық көріп тұрды. Газет-журналдарда өлеңдерім жиі басылып жүрді. Ой толғанысы ақылмен астасып жатады, əсіресе, осындай шындыққа жүгінсек, осының бəрі рухани азық. Мəскеудің де азаматтық, əлеуметтік, əсіресе, мəдениет саласына бергені аз емес. Əсіресе, театрлары мен музейлері көп əсер еткені анық. Пушкинді, Маяковскийді көп оқыдым, ол бұл заңғайыр ақындардың өлеңдерін қазақшаға тəржімелеуіме керек болды. Мəскеу – тоқсан өнердің тоғысқан жері еді ғой, қолдың тиюіне қарай барын базарлауға тырыстым. Жалпы, мəскеуліктердің қазақстандықтарға деген ықыласы сүйсінерліктей еді. Менің институтта бірге оқыған бір жылдық төлдер болған достарымның елуден артығы Мəскеуде тұрды, олардың да қайғысы мен қызығына ортақтас болдым. – Орталық Комитеттің инспекторы болып жүрген кезіңізде партияның жергілікті республика, облыс көлеміндегі бас шылары тарапынан жасалған заңсыздықтар, үлкен қылмысты істерді тексеруге қатыстыңыз ба? – Əрине, инспектордың бар жұмысының бір үлкен тармағы да осы мəселе. Қазір оларды тізбектеп жатудың қажеті болмас. Қазақстандағы осындай істерді тексеруден мұқият бас тарттым. Бір жақсылығы, біздің ел бұл жөнінде өзгелерден тазалау болды, ал Колбиннің кезіндегі кейбір асыра сілтеулер əділ бағасын алды ғой. Басқа аймақтарда, көбінесе Ресей жерінде өлкелер мен облыстардағы заңсыздықтарды тексеруге қатысқаным рас. Нақтылы фактілер болмаса, бүркеншік атпен жазылған сырттай ғайбаттауларды тексере бермейтінбіз. Ал ашық, ашына жазылған арыз-шағымдардың жөні бөлек. Əлі күнге дейін есімде: Мəскеудегі біраз қиянатты қатты шеккен арыз иелерінің шындыққа жеткенде айтқан алғыстарын да алдым. Аппаратта істейтін Алаев деген қызметкерді арызы бойынша Орталық Комитеттің бұрынғы Іс басқармасының бастығы, Еңбек Ері атанған Павловтың сұрқия əрекеттерін ашу бізге де оңайға түскен жоқ. Əйгілі «Краснодар

сол арада «Жас балаға нені айтып отырсыз, басқа əңгімеңіз жоқ па, Павел Васильевич», деп реніш білдіріп едім, ол: «Кететінің анық, бастықтар сенен ұялып жүр, Қазақстан жолатар емес, сіздің кадр болсын, Орынборға жіберейік», – деді. «Мен бұл ақынжанды өжет жігіт ертең бұрынғы астанасын Қазақстанға қосып алып жүрмесін», – дегенімде бəрі қатты күлді де, сен туралы көп сұрады. Жолдассың ғой, білгенімді айтып отырмын», – деп тоқтады. Аздан соң: «Саған бір ұсыныс болады, қорықпай бара бер, мен де Еврей автономиясын басқарғанмын. Татарстанда, Башқұртстанда обкомның хатшысы болғанмын», – деп өзінің Мəскеуге төртінші рет көшіп келіп тұрғанын айтты. Мен ол кісінің сөзіне сендім. Аздан соң ұсыныс та болды. Кімнің ұсынысымен болған шаруа екенін білмеймін, тек М. С. Горбачев қабылдағанда «К.У.Черненко сырқаттанып жатыр, сізбен сөйлесуді ол кісімен келістім, жуырда Өзбекстанда сапарда болған екенсіз, И.Б.Усманходжаев Қарақалпақстанға сұрап отыр», – деді. Оған қоса, өзімді ертіп кірген тікелей бастығым Е. К. Лигачев та: «Қазақтары көп, қарақалпақ тілін де біледі екенсіз, бəрін ойластырдық», – деп қосып қойды. Содан соң екеулеп Усманходжаевты мақтады. Ақыры Горбачев: «Барып, көмектесіп қайтыңыз, сізді осындағылар жақсы айтады, өзімізге де керексіз, қайтып ораламын десеңіз есігіміз ашық», – деп сөзін шегеледі. Мен тəуекелге бел байлап, келісімімді бердім. «Елге де бір табан жақын ғой, қайтып Мəскеуге келмеспін, жігіттер бірдеңе берер», деп те ойладым. – Ол жерге барғанда жұмысты неден бастадыңыз? Ең алдымен қандай мəселелерді қолға алдыңыз? – Елдегі қызметтен де, Орталық Комитеттен де алған біраз тəжірибем бар ғой, ең алдымен жалпы жағдаймен етене танысуды жөн көрдім. Ол кезде «қосып жазу», «мақта ісі» деген мəселелермен одақтық прокуратура айналысып жатыр екен. Олар көптеген облыстарға қырғидай тиді, біраз үлкен бастықтарды тұтқындап та жатыр деп естідім. Сондықтан алдымен істің мəн-жайын біліп алайын деп, бұрынғы əріптесімнің шоферлеріне дейін қозғағам жоқ. Кімнің кім екенін өмір көрсетер деп, істі Арал жайынан бастадым, зардап шеккен елдердің ауыр тұрмысын көзіммен көріп, дұрыстап біліп алғым келді. Істің насырға шауып бара жатқанын көрдім. Теңіз жағалаудан көп алыс кетіп қалыпты, балықшылар жұмыссыз қалған, бұрынғы көк теңізде шалқып жүрген ақ кемелер адам шошырлықтай күйге еніп, қаңқалары ырсиып, құмда қалыпты. Электр қуаты жетіспейді екен, жолдар нашар, көптеген совхоздарда Минводхоз аяқтамай кеткен жұмыстар ұлан-ғайыр. ТЭЦті ұлғайтуды қолға алып, жол салу жұмысын төрт есе көбейтуді Ташкентпен келістік. Жол мəселесімен айналысатын министрді талай жерге ертіп барып, жұмыстың нақтылы мерзімдерін белгіледік, бұл шаруаны алғашқы бюроға қойдық. Бұл шешім үлкен қолдау тапты. Екі жылда барлық дұрыс жолы жоқ совхоздарға дейін асфальт төселді. ТЭЦтің жыл сайынғы қуатын көбейтіп, көптеген жылдарға жетердей энергия қорын жасадық. Тағы бір үлкен шаруа – сиыр фермаларын ретке келтіру қолға алынды. Онда «қосып жазу», жоқ сүтті «бар» деп көрсету етек алыпты. Кей аудандарда үкіметке өткізілген сүттің 30 пайызы ғана нақтылы сүттей тапсырылып, қалғаны «қағаздан сауған» сүт болып тіркелген. Оған қоса, жалпы бұл елде жылқы малы аз, көбіне сиыр етін қадір тұтады, бала көп, сүт те, сиыр еті де жетіспейді. Бастапқы жұмыс осындай аса «асқынған жараларды» емдеуден басталды. Ақиқат пен өтіріктің арасын айыру көп күшке түсті. Одақтың кезінде қай жерде де қосып жазу үлкен етек алған еді. Кей салаларда, тіпті, үкімет ие бола алмастай көлемде еді. Ал

автокөлік саласындағы былық-шылық та жетерліктей-тін. Мəселелердің үлкені – ауызсудың тапшылығы, ел тұрмысының мүшкіл халі. Ауызсудың тапшылығы сондай, Нүкістің өзінде су тазартқыштың мүмкіндігі аз ғана екен, ол қала халқының 20 пайызын ғана қамтыды. Бір жылдың ішінде қаланы толық қамтамасыз етіп жəне қаланың қасындағы Халқабад дейтін шағын қалашыққа таза су жеткізілді. Тахияташ жəне Түйемойын су тазартқыштарының қуаттары бүкіл елге жетердей болды. Ол су тазартқыштардан барлық аудандарда су құбырлары, үлкен су жүйелері салынды. Тындырған істің бір үлкені – табиғи газбен қамтамасыз етуді 12 пайыздан 85-ке жеткізгеніміз шығар. Бұл сол кезде ешбір жерде жоқ жетістік еді. Газдандыруға ақша тапсақ та, жобасын жасату қиынға соқты, сол үшін арнайы Ленинградқа кісі жіберіп, басшыларымен сөйлесіп, жоба мəселесін жеделдеттік, міне, біздің жұмысымыздың сыры да осында еді. Отын, көмір жоқ ел үшін газ дегенің жұмақ орнатқанмен тең болды. Бұдан басқа да көптеген жұмыстар істелді. Арал аймағындағы аудандар жəне Нүкістің қызметкерлері мен жұмысшыларына үстеме еңбекақыға қол жеткізу қуаныштың үлкені болатын. Аралды сақтап қалу, адамды сақтап қалу арпалысы қызу түрде жүрді. Біз ең əуелі адамды сақтауға күш жұмсадық. Арал қасіретін бүкіл əлемге таныттық. Американың вицепрезиденті Альберт Гор да келіп, танысып кетті, ол кісі бұл үл кен қызметінен бұрын да əлемге əйгілі экологтардың қатарында болатын. Соның арқасында Арал мəселесіне АҚШ үкіметі айтарлықтай жəрдем етті. Сондай қызу жұмыстар жүріп жатқан кезде менің қасыма келіп, қызмет етуге тілек білдірген қазақ пен орыс аз болған жоқ. Мен олардың ешқайсысына да мақұл демедім. Бар істі аз-кем болса да сол елдің өз азаматтарымен тындырдық. 1996 жылы Арал мəселесі бойынша жол түсіп, қазақстандық біраз азаматпен барып қайттым, сонда елдің алғысын естідік, соның бəрі бойыма рухани азық, күш-қуат берді. Арал мəселесімен əлі де қол үзбей айналысып жүргенім де қарақалпақтың ауыр жағдайын білгендігімнен шығар. Ол елге жаным қатты ашиды. Еңбекқор ел, кішіпейіл, бауырмал халық. Соның бəрін «Қарақалпақ» дейтін поэмада жаздым. Басталған келелі істер аз емес, лайым солар тоқырап қалмаса екен деп алыстан тілеулестігімді білдіремін. – Ор ыст ың к ей бір т ари хшы, жур налист-жазушылары Кремль төңірегіндегі лауазымды басшыларға қатысты əрқилы оқиғалар мен фактілерді жазып жатады. Жазылмай, айтылмай жүрген сондай оқи ғалар есіңізге түспей ме? – Кремль төңірегіндегі өзім көрген ақылды да айбарлы, білікті де жүректі, адуынды да бір лауазымды кісі бар, ол – Егор Кузьмич Лигачев. Менде кейде осы бір адал адамның адалдығы ашылмай қалды деген ой туады. Кезінде Олжастың көптеген кітаптарын менен алып оқып, пікірлескенде менің оған: «О. Сүлейменов ешқандай ұлтшыл емес, ол сирек талантты, тамаша ақын, қорғай көріңіз», дегенім бар. Кейін кабинетінде бір шаруамен жолыққанда: «Какимбек Салыкович, вы правы, Олжас Сулейменов великий поэт», – деген пікір білдірді. Сол арада мен ол кісіден: «О. Сүлейменов жайлы əңгіме біткен жоқ па? Неге қайта кірістіңіз?» – деп сұрағанымда: «Дұрыстап жазаланбады дейтіндер бас көтеріп жүр. Оның бəрін тоқтатамыз», – деді. Мен оның мұндай адалдығына қуанып қалдым. Тектілігі де, тентектігі де бар адам, кейде алған беттен қайтпайтын қайсарлығы да болатын. Оның əйгілі «Борис, ты не прав!» деген сөзін кейбіреулер күлкіге айналдырып жүрді ғой. Өз басым, көрген істі айтсам, Қарақалпақстанға келіп, Арал төңірегін ерінбей, жалықпай, мұқият аралап, ақыры Саяси Бюроның Аралды қорғауға арналған қаулысын шығарып бергені үшін Е.К.Лигачевке алғыс айтар едім. Жабулы қазанның бетін ашып, сол кезде көрсеткен көмегі зор болды. Саяси Бюроның бұл қаулы сынан кейін Қарақалпақстанда арнайы «Аралводстрой» тресі ашылды. Үкімет те оң көзімен қарай бастады. Мұндай жақсылықты ұмытпау керек. Ал Лигачевтің басқа мəселелерінде шаруам жоқ. Қазір де мемлекет қайраткерлерінің ішінен Аралды қорғауға бел шешіп, білек түріп кірісетін сондай бір кісі табылса құба-құп болар еді. Мəскеуде ұзақ тұрып, ескерілмей жүрген айтулы отандастарымыз да баршылық, оның бірі – Нұртас Оңдасынов ағамыз. – Осыны істей алмадым-ау, деп өкінген жеріңіз болды ма? Қандай нəрсеге қуанасыз? – Атам қазақ: «Өткен іске өкінбе» деген. Бұл – философиялық пайымтүсінік. Өткенге өкінгеннен пайда жоқ. Бірақ өткеннен сабақ алу – парыз. Кеш те болса Жаратқан Ие бізге бостандық, тəуелсіздік берді. Мен соған қуанамын. Ертеңге үмітпен қарайтын елім, қойнауы қазынаға толы жерім, көреген көшбасшым бар. Сондықтан келешектен үмітім зор. Біз əлі-ақ əлемдік өркениет көшіне еріп, теңесіп кетеміз. Əңгімелескен Əшірбек АМАНГЕЛДІ. 1999 жыл, қаңтар.


24 қыркүйек 2014 жыл Əр елдіѕ салты басќа Орталық Азиядағы кей елдер де əйелдерге дейін «Ассалаумағалейкум» деп сəлемдеседі. Амандасу қай халықта да ардың ісі болып саналады десек, бүгінгі біздің зиялы қауым өкілдерімен бірге қаузап отырған əңгімеміз де күнделікті өмірдің үйреншікті үрдісіне айналған осы бір адами сыйластық пен қарым-қатынас мəдениеті туралы болмақ. Бір оқиға еміс-еміс еске түседі. Аудиторияға жиналған адамдардың дені жастар болатын. Мінберге көтерілген протестанттық ағымдағы дін өкілі жиналғандарға бұрылып: «Мен Ресейге туысқандарыма жиі барып тұрамын. Сонда олардың өздерін ұстау, амандасу мəдениетін көріп, ылғи да көңілім қобалжып сала береді. Оларға мен: «Сендер үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің өнегесін көргілерің келсе, Қазақстанға барып, осылардың бəрін сондағы жастардың қарттарды сыйлап, құрметтеу мектебінен үйреніңдер. Осыны бұрынырақ орындағанда, дəл мынадай өрескелдік кең қанат жайып кетпеген болар еді», деп мүсіркей бастап едім, оған ешкім қыңқ етпеді. Жастар, сендерден өтінерім, ананың ақ сүтімен, халықтық қағидамен қанға сіңген осы қасиеттеріңізді ешқашан жоғалта көрмеңіздер», деп еді. Бөгде дін өкілінің неге мұны бізден осынша езіле өтінгені бізді əлі күнге дейін қатты толғандырады. «Бір сəлемнің жүз сауабы бар. Егер сен Алладан рахым тілеп, бір адаммен амандассаң, ол кісі ықыласпен жауап қатса, сол жүз сауап екеуіңе теңдей бөлінеді, ал егер сен амандасқанда, əлгі адам мұныңа жауап қатпай, теріс айналып, сəлеміңді түзу алмаса, онда сауаптың барлығы өзіңде қалады», – деген имандылық өсиетіне құлақ асып өскен жан бұл қағиданы əрдайым есінде сақтап қалуға тырысары хақ. Халқымыз сəлемдесуге үлкен мəн бергендіктен «ж асы үлкен адамның артынан арнайы іздеп барып сəлем беру» деген сияқты дəстүрлер əлі күнге дейін қазақы қалыптың, дала мəдениетінің озық үлгісі ретінде өте қымбат тұтылады. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы кісі келіп сəлем береді», деп айтып жатамыз. Басқа халықтың өркениетінен біз мұндай керемет сыйластықты, тəрбиелік мəні зор құндылықтарды кездестіре қоймаймыз. Əлгі пірəдар қазақтың салтдəстүріне бекер тамсанып отырған жоқ. Сəлемдесу салты арқылы əр халықтың кескін-келбетін, өзіне тəн ерекшелігін көруге болатындай. Мəселен, айталық, сəлемдесу əдебінің шығыстық үлгілеріне тəн бас ию, қол қусыру сынды қасиеттер кəрі құрлықта кездеспейді екен. Оның ішінде, амандасудың тибеттердегі үлгісінде бас киімін қолына алып, сол қолдарын құлағының артына қойып, тілін шығарып амандасатын қызықты түрлері кездессе, үнділер алақандарын біріктіріп, маңдайына тигізе тағзым етеді, ал ауғандар болса, алдымен қолдарын маңдайларына тигізіп, тəу етіп барып, иіліп сəлемдеседі. Қалай болғанда да, əр ұлттың сəлемдесуі сол халықтың жан дүниесімен біте қайнасып, салтсанасымен өріліп, халықтық қасиеттерді құрметтеу мен бір-біріне жақсылық тілеуге бағытталған. Оның ішінде сол амандасу қалыптарын өздерінің мықтап қадірлей білулерінің арқасында оны өзгелердің де құрметтеп, қастерлеуін қалыптастырған халықтар бар. Оған əрине, рухы биік ұлттар ғана жете алған. Мысал ретінде оған жапондарды алуымызға болады. – Жапонияға іссапармен барған қазақстандықтар əуежайға жүретін автобусқа отырып жиналып жатырмыз, – деп əңгімесін бастаған бір əріптесіміз жапон қызының ибалы мінезі туралы қызық оқиғаны айтып берді. – Бізді қонақ үйден шығарып салып тұрған жапон қызы əрбір жолаушыға амандасу əлде қоштасу дейміз бе, иіліп тұр еді, жанымда отырған жігіт терезеден сыртқа қарап, жаңағы қызға қарап басын иген. Қыз оған əдемілеп тұрып иіліп жауап берді. Қызықтаған əріптесім қызға қайта иілді. Қыз тағы да үлкен ізетпен жауап қайтарды. Біздің жігіт енді оны ойынқалжыңға айналдырып, əлгі қылығын қайталай беруден танбады. Бірақ жапон қызы бір жаңылған жоқ, жігіт қалжыңын аңдамаған қалыпта, басын төмен ие берді. Теріс те айналып кетпеді, ақырында ерсі қылығынан ұялған біздің жігіт жапон қызы ізетінің алдында өзінің жеңілгенін мойындап, тоқтауға мəжбүр болды. Бір ол емес, автобус ішіндегілердің барлығы мына көріністі қызықтап, еріксіз таңданыстарын білдірген. Өкінішке қарай, біз қазір осындай табанды ізеттілікке емес, тасыраңдаған жүріске, амандаспай өтуден қысылмайтын, қымсынбайтын, халқымыздың табиғатына жат мінезге күнде жолығып жүрміз. «Əдепті елдің баласы алыстан берер сəлемін» демекші, ертеде салт келе жатқан адамның алдынан, танысын-танымасын үлкен кісі шықса, атынан түсіп, жаяулап келіп амандасатын дəстүр болған. Амандасу, бірбірінің хал-жағдайын сұрасу, игілік тілеу, түптеп келгенде адамгершілікке саяды. Ол адамның көргенділігі мен отбасынан алған тəрбиесін көрсетеді емес пе?! «Адамдар азайын десе, алдымен амандасудан, жақсылық тілеуден қалады, мен қазір адамдардың арасындағы мейірімділіктің сарқылып

бара жатқанынан қорқамын. «Есіктен басыңды қылтитып, босағада тұрып амандаспа, адаммен ішке еніп барып сəлемдес», –деп баяғыда үлкендер біздің кем-кетігімізді көргенде, сол жерде жалма-жан қателігімізді жөндеуге тырысып бағатын еді. Қазір жастардың бетіне қарап ештеңе айта алмайсың. Осы біз қайда бара жатырмыз?»– деп қабағын мұң шалған бір əріптестің əңгімесі маған да қатты əсер етті. – Оу, көңіліңізді осынша қалдырған кімдер?– дегенімде, «Айналайын-ай, бұл бір ғана жағдай емес, осындайға қазір көз де, көңіл де көндігіп барады. Мұндайда тұра қалып, жөніңді айта бастасаң, «өзі бір тыныш жүрмейтін мазасыз адам екен, біреудің кемшілігін шұқылағанша, өзінің балаларына ақыл айтпай ма?» деп жүрдім-бардым тыңдайтындар бар. Ал енді мұндай қырсыздыққа көзімді тарс

СУ А Л ОЙ иіп амандасу, 10) қолын сүйіп, тəу етіп амандасу, 11) бас киімін шешіп, қадірлеп амандасу, 12) жадырап, жайдары амандасу, 13) жүзін жылытып, күлімсірей амандасу, 14) іші-бауырға кіріп, елжірей амандасу, 15) аялап, абыройын асқақтата амандасу, 16) туыстық рəуіштегі амандасу, 17) арқа-жарқа ағеділ амандасу, 18) іш тартып, бөле-жара амандасу, 19) сүйіспеншілікпен, жақсы көріп амандасу, 20) толқып, тебірене амандасу, 21) иіліп, тізе бүгіп амандасу, 22) арнау өлеңмен амандасу, 23) шаршы топқа тағзым етіп амандасу, 24) табалдырыққа тəжім етіп амандасу, 25) байсалды, байыпты, абыз амандасу, 26) еркелеп, назданып амандасу, 27) іздеп барып амандасу, 28) қол алысып амандасу, 29) қадірлеген кісінің жолын тосып тұрып амандасу, 30) алыстағы адамға қол бұлғап амандасу. Екіншісі, амандасудың жағымсыз

www.egemen.kz

Қазір, ешкім ұрыспайды да. Ал сəлем бермеу, негізінен сыйламаудың белгісі. Қазақтың негізгі бесігі–ауыл екені рас. Сол ауылдарда жазылмаған, бірақ бұлжытпай орындалатын заңдар болатын. Ол– сырттан келген жолаушының түскен үйінен «осы ауылдың үлкені кім?» деп сұрап алып барып амандасу салты еді. Əлі күнге əкеміздің, шешеміздің көзін көрген үлкен кісілерге ауылға барғанда сəлем береміз. Сəлемдесу–кішіден міндет. Егер олай жасай алмасаң, бірдеңені бүлдіргендей олардан қысылып жүресің. Өткенде туған ауылыма түнделетіп барып, асығыстау кері қайтып кетуге тура келді. Артынан: «Серіктің мұнысы несі, шынымен үйге соқпай, сəлемдеспей кетіп қалғаны ма?»,–деген өкпе жетті. Өйткені ол солай қалыптасқан. Енді келесі барғанда əдейілеп кіріп, сол қателігімнің орнын толтыруым керек. Ал ақсақалы бар

баласысың?» деп сұрайсың ғой. Ал жөн сұраудың артында сол өркеннің атаəжелеріне қатысты, сенің көкірегіңде қалған əдемі тарих жатуы əбден мүмкін. Ертеде күншуақта кəрі сүйектерін қыздырып отыратын қарияларға жүгіріп барып сəлем беруді қызық көретінбіз. Күнде барсаң да сол қариялар ұмытып қалып: «–Қай баласың, əй?» –деп сұрайды. Əкесі соғыстан оралмаған, немесе соның зардабынан елге келіп көз жұмған біздер əкелеріміз айта алмай кеткен əңгімелерді сондай ақсақалдардан еститінбіз. Басымыздан сипап, мейірімін төге отырып өткенді бағалап, елді сүюді үйреткен сол ақсақалдарға тұтас ұрпақ, соғыстан кейінгі буын əбден қарыздармыз. Көрдіңіз бе, амандық сұраудың артында не жатыр? Алапат қырғын, қанды майдан жүріп жатқан кез. Елдің еңсесін

м е л Сə ѕ анасы і д з сґ ? н ы й а ғ а , й а л а қ з ы ң ы у с а д н

Ама

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

жұмып, соқыр бола қалайын десем, ондай жүгенсіздікті көріп тұрғанда жүрегім шыдамайды. Менің жұмысыма қарама-қарсы бөлмеде өрімдей жастар отырады. Əлгі сабаздар жөндеп амандасуды білмейді. Бастарын изей салып өте шығады, немесе есігім кейде шалқасынан ашық тұрғанына қарамастан сабаздар жон арқаларын күдірейтіп, теріс айналып өтеді. Көріп тұрып, көрмеген, байқап тұрып, байқамаған болған біреуін жақында жасы егделеу кісі қатты сөкті. Енді бірде сол бөлмеге Ə. есімді жігіт үн-түнсіз қойып кеткен. Сəлден соң сыртқа шығып, бізді елемей тағы да зу ете қалғалы тұр еді, осы көрініске кездейсоқ куə болып отырған əріптесімнің даусы кенет гүж ете қалды. «Оу, айналайын, неге адаммен келіп амандаспайсың? Мұнда сенен жасы əлдеқайда үлкен аға-апаларың отыр. Сырттағы бейтаныс жандар емеспіз, бəріміз ақыл-ойдың иелеріміз ғой. Мұның ұят емес пе? Бірінші, кісі жасы үлкен адамдарға келіп сəлем бермей ме? Иба қайда, мəдениет қайда? Бір жерде жұмыс істеп отырып бұл қай қылығың?» деді əлгіге. – Иə, иə, дұрыс айтасыз, кешіріңіз, мұнан былай қайталанбайды, – деп күмілжіген жігіт бейне бір мұғалімнің алдында қатесін мойындаған оқушы тəрізді басын изей берді. Не дейсің мұндайда. Солай дегенімізбен, жастарды кінəлап, олардың ісін үнемі теріске шығара берген тағы дұрыс емес, өйткені үлкендердің де арасында амандықтың мəні мен қасиетін ұқпайтындар толып жатыр. Ал сəлемдескен соң бір-бірінен хал-жағдай сұрасу əдебі мүлде ұмытылып бара ма, қалай өзі?» – деп таусыла сөйледі танысым. Сəлемдесуден кейін халахуал сұрасу да əдепке, көргенділік пен естілікке жатады. Мұнда да əр халықта əр басқа қалыптасқан жора-салттар бар. Мысалы, орыстар «Денсаулығың қалай?» дейтін болса, ертедегі мысырлықтар «Қалай, сіз терлейсіз бе?» дейтін болған. Гректер «Қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар: «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды екен. Кіндік Азия халықтарында сол жақ кеудесін оң қолымен басып, кеудесін иіп сəлемдесу қалыптасқан да, одан кейін хал-жағдай сұрасатын болған. Ал, моңғолдардың алдымен айтатыны: «Қалай көшіп жатырсың? Қалай қыстап отырсың? Малыңыз қалай?». Қазақтар: «Бала-шаға, үй іші, мал-жан аман ба? Денсаулығыңыз жақсы ма?» деп саулық сұрасады. Ол қала халқына да, дала жұртына да, үлкенге де, жасқа да тəн ізеттілік белгісі.

Амандасудыѕ алпыс амалы Жасыратын түгі жоқ, қазіргі күні амандық-саулықтың түр-түрі кездеседі. Адам көңіл-күйі түгелдей осыған тəуелді екені тағы шындық. Оларды санап көрдік. Алпысқа жеткіздік. Біріншісі – ізгі ниетті амандасу. Олар: 1) риясыз, ықыластана амандасу, 2) елпілдей, құрақ ұшып амандасу, 3) қос қолдап, құрметтеп амандасу, 4) төс қағыстырып амандасу, 5) арқадан қағып, аялай амандасу, 6) иіліп ізетпен амандасу, 7) ұяла, имене амандасу, 8) сағынып, көзге жас ала амандасу, 9) қолын жүрек тұсына қойып, басын

түрлері. Олар: 1) талғап-таңдап амандасу, 2) амалсыз амандасу, 3) менменси, көзге ілмей амандасу, 4) жағымпазданып, жалбалақтап амандасу, 5) қату қабақ, түксиіп амандасу, 6) ернін əзер жыбырлатып, сызданып амандасу, 7) үн-түнсіз бас шұлғып, ишаратпен амандасу, 8) сынап, мінеп, өн бойыңды көзімен тінтіп амандасу, 9) апыл-ғұпыл асығыс амандасу, 10) қолының ұшын ғана беріп, кірпияздана амандасу 11) құнтсыз, құлықсыз амандасу, 12) бақай-есеп, саясатпен амандасу, 13) аяп, есіркеп, мүсіркеп амандасу, 14) тояттанып, тоғышарлана амандасу, 15) өзін зор санап, басына амандасу, 16) немқұрайлы амандасу, 17) келемеждей күліп, кеңкілдеп амандасу 18) көзін қысып, жымысқы амандасу, 19) теріс қарап тұрып амандасу, 20) алдапсулай салған амандасу, 21) жасытып, сағын сындыра амандасу, 22) қитұрқы амандасу, 23) тасыраңдап амандасу, 24) еркетотайланып, шолжаңдап амандасу, 25) қашқақтап, сырғақтап амандасу, 26) шөпілдетіп, сүйісіп амандасу, 27) табалдырықтан аттамай тасадан амандасу, 28) аяқсыз қалып қоятын амандасу, 29) ыңыранып, шалқая амандасу, 30) шаршы топтан бөле-жара, жекелеп амандасу. Өткен кезеңге біреулер топырақ шашып, бəрін жарамсыз, ескірген нəрсе етіп көрсеткісі келеді. Əсіресе, ол ұлттық салтдəстүрді құрметтеуден көп байқалады. Атабабадан қалған ғұрыптарды қасиеттеген жан ескілікті көксеген, кертартпа адам саналып, көзтүрткі де болды. Неғұрлым өз қағынан тезірек жерігендер заманауи атанды. Бұл алдымен адамның қадірқасиетін елемеуге, сəлемнің мəнін теріс ұғынып, бір-бірінен хал жағдай сұрасуды тым ұзақ деп есептеуіне, жүрдім-бардым, атүсті амандықтың орнығуына алып келді. Нəрсіз, қуаты кем, рухсыз амандық сұрасу үлгісінің дендей енгені сондай, жас-кəрі оған тіпті мəн де бермейтіндей халге жеттік. Ащы да болса шындығы осы. Қазір бір-бірін күнде көріп жүретін көршілер амандықтың орнына беттеріне бажырая қарап, немесе білінер-білінбес ернін жыбырлатып өте шығатын сəттер жиі кездеседі. Қатыгез, мейірімі аз, рухани жұтаңдықтың соңы бізді қайда апарып соқтырарын бір Алланың өзі біледі. «Адамдардың ең сараңы – сəлемге сараңдық еткені» делінген екен хадисте. Ал сол адамдар өздерін сараңдар қатарына жатқыза ма, мəселе сонда. Иманы жүрегінде, Жаратқан ие ақыл-ой, парасаттан кем етпеген, ішкі сарайы таза, əке-шешеден, отбасынан тəрбие алған адам қандай жағдайда да (мейлі өкпелесін, ашулансын, қиындыққа, ауыртпалыққа душар болсын т.с.с) сəлемдеседі. Өйткені сəлем берген де, сəлем алған да олжалы. Халқымыз «Əдебі жақсының– сəлемі жақсы» деп бекер айтпаған, ал берген сəлемді алмау–əдепсіздіктің, көргенсіздіктің шыңы болып есептелген.

Ќариялар-дариялар «Ертеде пəленше деген ақсақалға сəлем бермегелі біраз болып қалды, деп арнайы іздеп барып сəлем берудің мəні зор болған, – деді бұл туралы ойларымен бөліскен белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы. – Осылай кісіні қадірлеп барып сəлем берудің өзі ана адамның бағасын асырған. Қазір бірақ өзгерген заман ғой, бұрын дұрыс амандаспасаң, ақсақалдар: «Ей, бала, неге дұрыстап келіп сəлем бермейсің, үлкендерді көргенде, қос қолдап амандас деп əкешешең айтпап па еді?», –деп жержебірімізге жетіп, ұрсып тастайтын.

үй қай кезде де əкемізге сəлем беріп кіріп шығады деп дайындалып күтіп отырады. Тіпті сенің сыбағаң да сақталып қойылуы мүмкін. Ғафекеңнің екі-ақ жол өлеңі бар, «Аурудың емі– Саудың сəлемі» деген. Ауырып жатқан адамның көңілін сұрау да, сəлемдесу. Келген жан амандық білейін, деп келдім дейді. Егер төсек тартып жатқан адамның көңілін сыйлайтын адамы келіп сұраса сауығып, көңіл күйі көтеріліп қалады. Қазір не, біз амандаспаймыз, жастар «здрасти» дейді. Кейінгі ұрпақ негізінен үлкендерден «ассалаумағалейкүмін» аямаулары керек. Үлкендер риза болып, саған да Алланың нұры жаусын дейді. Жалпы, жақсылықтың бəрі амандасудан басталады. Қазақ баласы танысын-танымасын жасы үлкенге сəлем беруі керек деп білемін. Ұлт болып ұйысуымыз, қазақы қасиетіміз осындайдан дамып, жалғасады. Амандық адамдарды ұғыстырады, жұғыстырады. Сəлемдесудің адамдарды білінбес қасиетімен біріктіріп тұратын құдіреті бар. Өз басым пəленің бəрі амандаспаудан басталады деп есептеймін. Ең ұзақ амандық сұрасу біздің халқымызда болуы тегін емес. Ауыл-аймақ, мал-жан, көрші-қолаң аман ба, аткөлік аман жеттің бе, үй-іші, балашаға аман ба, туған-туыс, қариялар тегіс қуатты ма? – деп бір-бірінен амандық сұрасқанда жарты сағаттайға кетіп қалады. Кетерде ғана «бұйымтайың бар ма?» дейді. «Бұйымтайым жоқ, сəлем беруге ғана келдім» дейді қонақ. Ал бұйымтай дегеннің өзі қона жатқанда шешіліп те қалуы мүмкін ғой. Қазір соның барлығы «здрасти» мен «приветке» келіп тірелді. Бұл адамдардың бірбірінен суынуы, ұлттық бет-бейненің жұтылуы. Біз дəстүр сақтаудан ұтылып барамыз, тіпті есеміз кетіп, жəне оны бағамдай алмай құр шабуылдап, айғайлап жүрміз. «Ішкен мас, жеген тоқтық» қайда апарады?! Масқарасы сол, бұл өзі білінбей, елеусіз қалып барады. Мəн берген жанға бұл үлкен қасірет. Бара-бара бірімізге біріміз осындайдан жат боламыз ба деп қорқамын. Оу, балғын жас иіліп келіп өзіңе сəлемін беріп жатса, тіпті танымаған күннің өзінде «кімнің

көтеріп, жігерлендіріп, рухын биіктету мақсатымен Мəскеуде Иван Грозный, Суворов, Кутузов есімдері ұлықталып жатқанда, Қазақстанда ақындар айтысы өткізілетін болып шешім қабылданады. Мəскеуден келген өкіл ақындарды жинап, айтыста қай тақырыпты, қандай мəселені көтеру керектігі жайында əңгіме өткізбекші болады. Қатысушылар түгенделуде. Кенет өкіл əліпби бойынша «А» əрпінен басталатын Нұрхан Ахметбековті атайды, бірақ залдан ешкім тіл қатпайды. Тізімді жалғастыра оқып «А» əрпінен басталатын бірнеше кісілерді атағанымен, бірде-бір адам «мен» деп орнынан тұра қоймайды. Кезек Кенен Əзірбаевқа жеткенде Кенекең орнынан көтеріліп, мінберге шығып: «– Əй, жолдас өкіл, біздің қазақта алдымен жасы үлкен ағаның аты аталады, сіз үлкен əріптен бастадым деп отырсыз ғой, ал бірақ қазақ алдымен ақсақалды дəріптейді», – депті. Міне, үлкенді құрметтеу мен қадірлеудің қасиеті қалай болған?! Бұрын топ болып жолға шыққанда жасы үлкен адам отырған көліктің алдынан кесе-көлденең ешкім өтпейтін. Атпен жүрсе аяғын үзеңгіге де салмаған. Ал қазір үлкенді қадірлемек түгіл бұқтырып қою сəнге айналғандай ма? Жастарды желкілдетіп, желпілдетіп, үлкеннің алдына шығарып, есіртіп қою қай жерде де бар. Əсіресе, ол еңбек ұжымдарында дес бермес дертке айналып барады. Осыдан барып, одыраң мінезді ұл, оспадар қылықты қыз шығады.

Ауру-алаќаннан Он сегіз жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты дəрігер Майра Түсіпбаева алақан арқылы көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыруға болатынын айтады. «Көне замандағы ойшылдардың бірі «Жуылмаған қолды шауып тастау керек» деп айтыпты. Бұл сөз тектен-тек айтылмаған. Өйткені, жуылмаған қол, оның ішінде алақан көптеген жұқпалы аурулардың таралуына, басқа бір организмдерде «өмірін жалғастыруға» себепші болатын ең нəзік жер болып есептеледі. Əдетте, адамдар бір-бірімен қол беріп амандасады, бірақ, сол арқылы бір-біріне жұқпалы ауру таралуы мүмкін дегенді мүлде ойлап

7 жатпайды. Бірақ, шындығы сол, мұндай қауіпті жұқпалы аурулардың бірқатары алақан арқылы таралады. Иммунитеті əлсіз ересек адамдар мен 3-4 жасқа жетпеген балаларда ауру жұқтыру қаупі жоғары болады. Мысалы, тұмаумен ауырмайтын адамдар некен-саяқ. Ауа арқылы таралатын тұмау вирусы кейбір жағдайларда алақан арқылы да екінші бір адамның ағзасына еніп алады. Аурудың қауіптілігі – тұмау вирусының толып жатқан топтарының, оның ішінде ішекті зақымдайтын энтеровирустар мен бездерді қабындыратын аденовирустардың болуында. Бұл күнде туберкулез ауруының да алақан арқылы жұғу жағдайлары кездесіп қалып жататынын жоққа шығармаймыз. Сондай-ақ, қышыма, теміреткі аурулары да белгілі бір жағдайларда адамдардың алақанынан жұғады. Қышыма кенесі өте кішкентай кене десек, міне сол адамның терісінің астында көбейіп, тканьдермен қоректенеді. Əдетте кене саусақ арасынан кіреді. Медицинада терінің басқа да паразиттік ауруларына қарағанда қышы маның жиірек кездесетіні дəлелденген. Сондай-ақ, көптеген тері атауларының жалпы атауы теміреткіні алсақ та, осыған ұқсас жағдай. Ауру алақан арқылы таралып, өзге терілерде тіршілігін жалғастыра береді. Негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам əсіресе түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Бұл жерде ерекше атап өтер жайт – мысалы, ауа арқылы ағзаға өтетін аурулардың вирусы алақан арқылы жұққанымен, сілекейге түспесе, яғни, сол адам қолын аузына апармаса қауіпті емес. Ал, кейбір жұқпалы тері аурулары үшін микробтың алақанға түскенінің өзі жеткілікті. Адамның дені сау болуы үшін алақан өте зор рөл атқарады. Өйткені, адамның алақаны тимейтін нəрсе жоқтың қасы. Ол алақан көпшілік баратын қоғамдық орындардағы орындықтарға, қоғамдық көліктегі таяныш тіректерге немесе сауда орындарынан сатып алынған лас жеміс-жидектерге, қолдан қолға өтіп жүретін купюрларға, басқа да толып жатқан заттарға тиюі мүмкін. Сондықтан да дерматолог дəрігерлер алақанды əрқашан да таза ұстауды ескертеді. Ол үшін қолды күніне 72 пайыздық қара сабынмен жуып отыруға немесе қайта-қайта дымқыл салфеткалармен сүртіп отыруға кеңес беріледі. Медицина саласында отыз жылға жуық еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты жалпы практика дəрігері, Қытайдан оралған қандасымыз Сағидолла Қыдырхан жұқпалы тері ауруларынан басқа жағдайда алақанның тек тасымалдаушы екенін айтады. «Рас, күнделікті өмірде қолдың атқаратын қызметі көп болған соң, оның микробтарды «тұтынуы» да жоғары дəрежеде болатыны сөзсіз. Бірақ, бұдан алақан барлық аурудың басы екен деген пікір тумауы тиіс. Алақан – тек тасымалдаушы ғана. Алақанды ауызға апармаса, микробтар сілекейге түспесе, одан келетін қауіп жоқ. Ал, тері арқылы жұғатын ауру болса, əңгіме басқа. Мысалы, кейбір адамдардың алақаны үнемі терлеп жүреді. Бұл оның бүйрегінде не жүрегінде кінəрат бар екенін көрсетеді. Бірақ, бұл адамдардан ауру жұқпайды. Ал енді А,В, С типті гепатит аурулары белгілі бір мөлшерде алақан арқылы жұғып, ол сілекейге түскен соң ағзаны зақымдай бастайды. Бұл ауруға тəн негізгі белгілер температураның жоғарылауы, тершеңдік, əлсіздік, құсу. Адам баласы өз денсаулығының күзетшісі болған соң, əрқашан тазалықты сақтағаны жөн шығар. Өйткені, тазалық – жақсы денсаулықтың кепілі» деп санайды маман. Бұдан алақан адамның ең нəзік жеріне жататынын көреміз. Осыған байланысты бір оқиға еріксіз еске түседі. Тойға кешігіп келген жігіт дастарқан басындағы қонақтармен қол беріп амандасып біте бергені сол еді, олардың арасында отырған сыйлы ағаларымыздың бірі оның бұл қылығын аса жақтырыңқырамай тыжырайды. Ол сол арада шөлмектегі арақпен алақанын шайып, кірпияздана қолын сүртті. Əлгі кісінің мұнысын əркім əрқалай қабылдады. Бірі: ағаны «тойынғандықтан, асқынып отыр» деп сөкті. Бірі: «Дастарқан басына жайғасып болғаннан кейін қол беріп амандасқан дұрыс емес» деді. Тағы сондай біраз түрлі əңгіме гу-гуледі. Қалай десек те, осы бір көріністен біз адамдардың қол беріп амандасуының екінші жағы да бар екенін ұмытпау керектігін ұқтық. Өз өмірің өз қолыңда екен-ау!


8

ТІР

Ауылдыѕ болашаєы жастардыѕ ќолында Бүгін оны бəрі де біліп отыр. Жас маман бармаған соң, мектептерде – мұғалім, емханалар мен ауруханаларда – дəрігер, шаруашылықтарда – зоотехник, ветеринар мен агроном жетіспейді. Мұнан басқа да зəру мамандықтар көп. Жас отбасылар кемшін болған соң, ауылда бала азайды, бала азайған соң мектептер жабылып, ауылдан шыққан көштің қарасы көбейді. Ал қаланың қарақұрым халқын асырап отырған ауыл десек, қара нардың беліне күш түсетін сыңайлы. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанайда өткен Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің ХІХ көшпелі отырысында мемлекеттік маңызды «Дипломмен – ауылға!» жо ба сын ы ң ж ү з е г е а с у б а рысы қаралды. Еліміз бойынша осы жоба қолға алынған бес жыл ішінде 30 617 жас маман ауылға барыпты. Олардың арасында 73 пайызы мұғалімдер, 20 пайызы дəрігерлер, қалғаны мемлекеттік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне ветеринария саласының қызметкерлері. Оларға республика бюджетінен аз қаржы жұмсалған жоқ, оның көлемі 24 миллиард теңгеден асып жығылады. Көшпелі отырыстың пленарлық мəжілісінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстары əкімдерінің орынбасарлары хабарлама жасады. Үш облыста да жастарды ауылға тартуда аса жұлқып бара жатқан айырмашылық жоқ. Қостанай облысында осы жоба бастау алған жылдардан бастап ауылға 3000-дай жас маман барған. Оның арасында мұғалім мен дəрігерлердің үлесі басым. Бес жыл ішінде бұл жоба шеңберіндегі жұмыстарға 2,5

миллиард теңге жұмсалған, ауылдарда жастарға арналған үйлер, спорт, мəдениет нысандары да салынып жатыр. Дегенмен, осының барлығы да ауылда жастардың тұрақтауын жақсартып, мамандардың тапшылығын жеңілдетіп отырған жоқ. Облыста 427 жас маман шартты бұзған. Оның басты себебі, олардың ауылдан кетуі немесе басқа елді мекенге ауысуы болып табылады. Осыларды баяндаған облыс əкімінің орынбасары Мұрат Дəрібаев жас маман алған несиені жедел қайтарудың оңтайлы жолдарын қарастыруды жəне оларға берілетін көтерме ақыны өтеу мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартуды ұсынды. Ауылға маман жетіспеу проблемасы Солтүстік Қазақстан облысына да тəн. Облыс əкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қала мəртебесі бар төрт аудан орталығы да жас мамандарға зəру болып отырғанын, бірақ олардың «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатыса алмайтындығын тілге тиек етті. Сондықтан, ол қала мəртебесі бар аудан орталықтарының, яғни моноқалалардың да осы жобаға қатысуы үшін оның шартына өзгерістер енгізілуін ұсынды. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі

отырысына қатысқан облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов та бағдарламаға бүгінгі күннің шынайы шындығы тұрғысынан қарау керектігін айтты. Ол жастарды ауылға тарту үшін оның əлеуметтік деңгейін көтеру, жолды жөндеу, газ бен ауыз су өткізу керектігіне тоқталды. Рас, кеңестің көшпелі отырысында қазір ауылда тұрып, қызмет істеп жатқан жас мамандар сөз алды. Сергей Гардер Қостанай мемлекеттік педагогика институтын бітірген соң, Қарабалық ауданындағы орта мектепке тарих пəнінен мұғалім болып барды. Қазір үй-жайы да, отбасы да, баласы да бар. Білдей мұғалімге айналды. Оның шəкірттері білім жарысында тамаша нəтижелер көрсетіп жүр. Сергей замандастарын ауылға барудан тайсалмауға, батылдыққа, патриотизмге шақырды. Ол сөйлеген сөзінде ауылдың артықшылықтарын да айтты. «Мен үшін ауылдың табиғатының өзі бір төбе», деді ол. Иə, біз білетін қара топырақты, құнарлы Қарабалық ауданының орталығына көгілдір отын, ауыз су келіп тұр. Кенттің əлеуметтік деңгейі облыстың қай шалғайынан да артық. Сергей Қарабалыққа барғанына ешқандай өкінбейді, ол жерден кету де ойында жоқ екенін жеткізді. Əрине, сүйсінесің. Алайда, барлық аудан, ауыл Қарабалықтай емес қой. Көптеген ауылдарда жол жоқ, ауыз суды тасып ішеді, газ дегенді білмейді. Бұл жөнінде кеңес отырысы аясында өткен секциялық жұмыс кезінде жастардың өздері де айтып жатты. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында өзгерту жасалатын, шешімін табатын мəселелер жетерлік екені белгілі болды. Соның бірі

Заѕдастырылмаєан жауапкершілік Ұғар ұл, түйсінер келін, ибалы қыз, ізетті күйеу бала неге азайып барады? Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазір бəрі заңмен «сықия» сіресіп тұр. Қит етсең, қате кетуің, жүз аударсаң, жаза тартуың мүм кін. Мойнына міндет алудан тайсақтайтындар заңмен бекітілген тəр тіпере желер шең берінен шыға алмағандықтан көнеді, жалқаулардың заңға қайшы келудің арты жақсылыққа апармасын біліп, жұмыс тəртібін сақтаудан басқа амалы қалмайды. Тəртіпке бас игеннің құл еместігін Бауыржан Момышұлы бабамыз текке айтты дейсіз бе, тəртіп пен талап болмаса, бордай тозатынымыз тағы белгілі. Бізде ата-бабамыздан бері қарай еш жерде заңдастырылмай, тек ұлттық салт-дəстүр, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, бауырмалдық арқылы жүзеге асып келе жатқан жауапкершілік бар. Қартайған атаана үшін қажетті, жалындаған жастар үшін міндетті ол парыз – ата-ананы келін-баланың, əсіресе келіннің қарауы, сыйлауы, оларға ізеттілікпен қызмет етуі. Қазақта келіннің орны мен қайын жұрт алдындағы міндеттіліктерінің барынша қалыптасып, ғасырлар тезінен сұрыпталып шыққандығы соншалықты, қазақ даласының əр түкпірі мен кез келген қазақ мұны жақсы біледі. Жаңа түскен келінге əрі қамқор, əрі ұстаз бола отырып, сынай қарауды да ұмытпайды. Ең қатал сын осы болса керек. Қыздың өз білігі, саналық даму деңгейі ғана емес, бағып-қаққан жұртының, өсіпөнген ортасының, ата-ана тəрбиесінің талқыға түсер сəті де осы. «Қатын алма, қайын ал» немесе «аяғын көріп, асын іш, анасын көріп, қызын ал» деген тіркестер қыз отбасына қойылатын талаптардың қаншалықты ауыр екендігін байқатады. Жалпы,

халқымыздағы «тек» мəселесі тегін емес, тегі мықты, тəрбиелі жердің ұрпағының арасынан мінез жағынан телі-тентектер табылуы мүмкін. Бірақ, қанның тазалығы, сүйектің асылдығы бəрібір, ұрпақтың саулығына, отбасының беріктігіне қызмет етеді. Ұят, ар, иман ұғымдарының иісі жоғалмайды. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын өсіп-өнген əулеттің қызын шаңырағына келін етіп түсірген азаматтың «азуы алты қарыс ауылмен құда болдым, арманым жоқ» дегені ауыздан-ауызға, ауылдан-ауылға тарап еді. Бұл сөзге қарап əлгі азаматты қолында білдей қызметі бар, айбарынан ел ыққан ықпалды жанмен немесе қалтасы қалың кəсіпкермен құда болған деп ойлауыңыз бек мүмкін, олай емес. Оның құдасы кеңшардың қойшылығынан зейнеткерлікке шыққан қарапайым отбасы, қыз сол отбасының киіз үйдің ішінде өскен он баласының бірі болатын. Демек, ол ата текті, өнегелі тəлім-тəрбиені, бастың амандығын, деннің саулығы мен қанның тазалығын, сол арқылы жапырағын кеңге жайған асылдықты айтып тұр. Кешеге дейін қатып қалған дəстүр, келін бұлжытпай орындауға тиіс заң ретінде қалыптасқан бұл сыйластыққа да қазір сызат түсті... Түсінбеушіліктер, əсіресе ене мен келін арасындағы алауыздық салдарынан ойран болған отбасылар аз емес. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, мəселенің бір шеті енелерде жатыр. Əйтсе де, қазіргі енелер – қазақы салт-дəстүрмен «мұздай қаруланған» жəне соны қалт етпей орындауды талап ететін жандар емес, кеңес кезінде білім алған, ескі мен жаңаның, өткен мен бүгіннің арасын айыра алатын буын өкілдері. Бірақ, батыстың буы, жаһанданудың желі тиген бүгінгінің жастарымен тіл табысу кей жағдайда оларға да қиын тиіп жататындай.

24 қыркүйек

ІК ШІЛ

www.egemen.kz

Ұядан ұшқанда ілген тəрбиесі болмаса, төркін жұртында «бізді ұятқа қалдырма» деп қызына басу айтып отыратын ата-ана болмаса, қыздың, яки келіннің ата-енеге көнуі қиын. Дегенін жасатуға бейіл. Осындайда «келіннің өзі келген əулеттің ісіне араласу құқы бар ма?» деген сұрақ туындайды. Тапқан-таянғанын ортаға салып, дүркіретіп той жасап, жүрегі жарылардай үлкен қуанышпен күтіп алған келінінің қылығын түсінбей, кешегі тып-тыныш күндерін құйын шарпып, астан-кестен еткендей атаене көкірегі қарс айрылыса, «қыз кезінде бəрі жақсы...» дегендей, таңдап алған аруының «шабуылын» тойтара алмай, ажырасайын десе перзенттерін əйелінің жетегінде жіберуге қимай екі ортада басы далға түсіп, жанарымен жер шұқып азамат жүреді. Келіннің қайын жұрт, ата-ене алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктері заңмен бекітілмеген, ал сабасына түсіріп көр! Неге екенін қайдам, қазір келіндердің «көтерілісін» көп кездестіріп, көп еститін болдық. «Жалғызым жаудан қатты, алғаны одан қатты» демекші, маңдайына жел тигізбей өсірген жалғыздың жары енесін қойға келген ешкідей еткенді көріп жүрміз. Жер қайысқан он ұлдан қара шаңырақта еңіреп жалғыз қалған қарт ананы да көрдік. Кейуана келмеске кеткенде, есігі тарс жабылып, үй қаңырап қалып жатыр. Ауыл жақта əзілқой, адам таңдап жатпай кездескен үлкен-кішінің бəрімен қалжыңдаса жөнелетін ағамыз болды. Мезі болғандар, қашқақтап жүретін. Əсіресе, жеңгелерінің күні қараң – тасадан-тасаға тығылып, безіп кететін. Сол ағайдың қызы бойжетіп, бір əулеттің босағасын аттады. Құдалықта үй толы жұрттың алдында əлгі ағамыз «Қызым, бұл үйдің төріндегі адамдары түгілі,

– жас мамандардың баспана мəселесі. Көтермеақы бүгінгі нарық бағасымен алғанда ауылдан үй сатып алуға жетпейді. Сондықтан пікірталасқа қатысушылар жас мамандар үшін көтермеақының көлемін ұлғайтуды ұсынды. Білім жəне ғылым министрінің орынбасары Т.Балықбаев жоба жүзеге асқан бес жылдың ішінде ауылға барған əлеуметтік сала мамандарының басым көпшілігі, яғни 75 пайызы жас мұғалімдер екенін еске салды. Ал Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары С.Омаров ауыл шаруашылығы бүгінде жоғары білімді агрономдар, зоотехниктер, ветеринарлықсанитарлық дəрігерлер, фермерлер, механизаторлар, инженер-технологтар, техник-электршілер, трактористмашинистер, электрмонтерлер секілді толып жатқан мамандықтарға мұқтаж, зəру екендігін санамалап айтып берді. Оларды да барынша жобаға тарту керектігі өткір білінеді. Өңірлік даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қ.Өс кенбаевтың келтірген мысалы көңілді жылытқандай. Жоба басталмай тұрған 2008 жылы ауылға 3 369 жас маман барса, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш екі есе өскен, яғни 6 044 маман жұмыс орнын ауылдан тапқан. Демек, жастарға арналған бұл жобаның жүзеге асыру тетіктерін барынша жетілдіре түсу керектігі сұранып-ақ тұр. Отырыста «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алған жастар еңбек жолын ауылдан бастаса «Дипломмен – ауылға!» жобасының беделі арта түсер еді деген пікірлер де ойланарлық. Ал жастар баспанасы мəселесін шешуде де түрлі ұсыныстар, пікірлер ортаға салынды. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ғабидолла Əбдірахимов көшпелі отырыста жан-жақты талқыланған «Дипломмен – ауылға!» жобасының жүзеге асуы барысын қорытындылай келе, республика Үкіметіне қарауға сегіз түрлі ұсыныс дайындалатынын мəлім етті. Бүгіннің өзінде ауылға баратын жас мамандарды əлеуметтік қолдау үшін 70 айлық көрсеткіш көлемінде, яғни 129 640 теңге бір реттік көтерме ақы жəне баспана сатып алу немесе оның құрылысы үшін 1500 айлық көрсеткіш мөлшеріндегі 2 778 000 теңге несиені он бес жылға жылдық үстемесін 0,01 пайызбен беру мəселесі қаралуда. Иə, ауылға жастар бармай болмайды. Ауыл шаруашылығын көтеруді Президент мақсат етіп қойды, ол үшін қыруар қаржы бөлініп, бағдарламалар жүзеге асуда. Бұл экономикалық жағы делік, оның сыртында ұлттың тамыры ауылда жатыр емес пе? Ұсыныстарға сəйкес Үкімет тарапынан жағдай жасалар. Ал жастар тарапынан қиындыққа қарсы тұрар жігер табылса құба-құп. ҚОСТАНАЙ.

босағасындағы иті мен мысығының аш болмауына енді сен жауаптысың. «Көргенсіз» деген сөзді ести көрме, бізге де естірте көрме!» депті. Сол кезде өздері өмір бойы сайқымазақ санап жүрген жанның жібі түзу отағасы екендігін жақтары талғанша айтты жұрт. Тəлім-тəрбие деген осы – қызы əке сенімін ақтады, барған жеріне «тастай батып, судай сіңді». Жуырда «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына жалғыз ұлы мен келінінен зəбір көріп, далада қалған 58 жастағы ана барып шағымданған. Аталмыш телеарнаның «Ашығын айтайық» бағдарламасынан қаныққанымыздай, қызын ұзатып, 3 бөлмелі үйін ұлының атына аударып берген ана енді келінбаланың қыспағы салдарынан үйсіз қаңғып қалуға мəжбүр болыпты. Тіпті, үйдегі ұрыс-керіс салдарынан келін-бала ана қолын сындыруға дейін барған. Ал, қарттар үйін пана еткен ақсақалдар мен кейуаналардың жайы өз алдына бір тақырып. Еңбек демалысында ел аралап біраз жəйға қанықтым. Кешеге дейін татулығына кінəрат түспеген, туыстай болып кеткен ауылдағылардың арасы əлем-жəлем əңгіме, бітпейтін даудамай, бəсеке-байлық. Именгендей болып ұялып тұратын келіндер жоқ. Келіннің кесірі шарпыған үйлер, көкірегі қарс айрылған аналар, күрсінген аталар... Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Ел арасында ибалы, инабатты, көптің алғысын алып, барған жерінің бағын ашқан жеңгелер мен келіндер аз емес. Мен жүздескен білдей депутат ағай өз қызының атасын баладай бағып, ауыл-аймақтың мақтаулы келіні атанғандығына шүкір ететіндігін айтты. Мұндайда жаның сүйсініп қалады екенсің... Бүгінгінің келіндері жаһанданудың иіріміне еніп, батыстың тəлім-тəрбиесіне, мəдениетіне қадам басқанмен, ұлттық үлгі де бар емес пе? Болашақтың келіндері қандай болмақ? Ақтау қаласының іргесіндегі Қызылтөбе ауылында бір қызбен тілдескенім бар. Тұрмыс құрған апасы туралы əңгімелей келе: «үйінде 70 жастан асқан енесі бар, сол өлмей не бітіріп жүр екен? Басы жасамайды апашканың, кемпір-шалы бар үйге барған, мен мұндай үйге ешқашан бармаймын!» деген жүрек ауыртатын тұрпайы сөзі көкейімде тұр. Мақаланы жазуға себеп болған да осындай суық сөздер еді... Маңғыстау облысы.

2014 жыл Сырдың бойындағы емдік қасиеттері елге ертеден белгілі мия деген өсімдік бар. Жергілікті жұртшылық оны ешбір жан-жануар аузына салмайтын ащылысортаң «есекмия» деген өсімдіктен ажыратып əрі əспеттеп көрсету үшін «қызылмия» деп ерекше екшелеп айтады.

Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры.

Шынында да бұршақ тұқымдасына жататын «мия» атты бұл көпжылдық шөптесіннің түрлі дəрі-дəрмек жасауда таптырмас орны бар. Əдетте, фармацевтер қызылмия мен оның миятамыр деген түрлерінің тамырларынан гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минерал тұздары секілді заттарды түзіп алады. Соның арқасында аталмыш өсімдіктің дəрілік элементтері медицинада, темекі жəне тамақ өнеркəсібінде қолданады. Бұған қоса, жапырағы мен сабағы қой малы үшін таптырмас азық қоры болып саналады. Бұл көпжылдық шөп тектес өсімдіктің биіктігі 100130 сантиметрге дейін жетеді. Ол негізінен өзен бойларында, сулы атыраптарда, арықжаптың жағасында, топырақты аймақтарда өсетіндігімен ерекшеленеді. Адамдар мияның тəтті тамырларының адам денсаулығы үшін шипасы мол екенін ежелгі замандардан жақсы білген. Айталық, гректің біздің дəуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген атақты тарихшысы Геродот мия тамырының мың-сан сырқатқа ем болатынын дөп басып, жазып кеткен екен. Ол өзінің 9 томнан тұратын əйгілі «Тарихының» бірнеше жерінде осы тақырыпқа қайта оралып отырған. Ал ертедегі Қытайда мияның тамырларынан жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге қызмет ететін дəрумендер жасалған. Қазір де мия инсулин іспеттес дəрідəрмек дайындауға кеңінен пайдаланылады. Бүгінгі кең-байтақ Қазақстанның шөл-шөлейтті жəне далалы аймақтарында өсетін мияның 5 түрі өсетін болса, солардың барлығы да Қызылорда облысының аумағында танап таратқан. Жəне олар облыстың барлық аудандары жерлерінде кездеседі. Ал өңіріміздің өміршең шөбі, өскелең өркені болып табылатын, қазір «Сырдың алтын тамыры» деген лайықты атауға ие болып отырған сол мияның өзімен қоса тамырын көздің қарашығындай қорғап, оларды сақтап қалу қазір барған сайын қиындап барады. Себебі, осындай бағалы шөптің бəсіресін базардан көріп, оны көтере сатып алып кетуге құмарлар мен ынтықтар соңғы кездері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келеді. Соның ішінде көне кезеңдерден халықтық медицинасы қатты дамыған Қытай жерінде бұл шөпке деген сұраныс өте көп. Сол сұраныстың дүмпуі мен дүрмегі мұнда оңай жерден табысқа кенелуде салмаққа құштар біраз ағайынды отырған орындарынан шалт тұрғызып, біраз қопаңдатып қойған сияқты. Оңай табысқа кенелуді көздеген кейбір азаматтар кетпендеп, күректеп қазып емес, ауыр техникалардың күшімен тереңдігі жарты метрден астам қопарып жинап, туған жеріміздің табиғатына аяусыз нұқсан келтіруде. Осының

өзі бүгінгі таңда қызылмия тағдырының қыл үстінде тұрғанын көрсетеді. Қызылмия – Сыр өңірінің барлық атырабында да жеткілікті. Дегенмен, ол суы мен нуы көп, суармалы егіншілігі кеңірек етек жай ған Сырдария ауданы ауқымында бəрінен де көбірек. Сондықтан біздің инициативамызбен жақында осы ауданда «Сырдың алтын тамырын қорғайық!» тақырыбында акция өткізілді. Бұған жергілікті жерлерде əлгіндегідей жабайы тірліктерге қарсы қойылып отырған тосқауылдың кемдігі себеп болды. Өкініштісі, мұндай заңсыздықтарды көре тұра көз жұма қарап отырған жергілікті ауыл əкімдері мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жоқ емес. Бұған дəлел, мия тамырларын жабайы түрде жинау фактілерін анықтау мақсатында аудандық прокуратура үстіміздегі жылдың тамыз айының 18-21 күндері аралығында əр елді мекенді аралап, халықпен кездесу жүргізу барысында Жетікөл ауылының тұсында белгісіз азаматтардың 14 гектар жердің миясы тамырларын жабайы түрде заңсыз жинағаны анықталған. Ең қызығы, аталған деректер сол ауылдың мектеп оқушысынан бастап қариясына дейін белгілі болып отырғанда, ауылдың əкімі мен учаскелік инспекторы бұдан бейхабар жандардың кейіптерін танытқан. Қазір уəкілетті органдар осы оқиғадан шығатын өсімдікті заңсыз жинау фактісі бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Облыстық прокуратурада дəрілік құралдар өндірісі үшін шикізат болып табылатын мия өсімдігі тамырларын заңсыз жинаудың жай-күйі талданды. Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, 2014 жылы облыс аумағында қызылмияны заңсыз алудың, қазудың 23 фактісі тіркелген. Бұл жерде Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы №1034 қаулысымен бекітілген өсiмдiктердiң сирек кездесетiн жəне құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне мия өсімдігінің енгізілмеуі кінəлі тұлғаларды тиісті жауаптылыққа тартуда кедергі келтіріп тұрғанын да айта кетуіміз керек. Үкіметтің 2011 жылғы 1 қарашадағы №1268 қаулысымен «Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану» қағидасы бекітілген. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қыс қа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды (Орман кодексінің 29бабы 2-бөлігі). Ал облыстық мəслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі №122 шешімімен мемлекеттік орман қорының жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақ тарындағы учаскелерде орман пайдалану үшін төлем ставкалары (мия тамырлары – 1 кг. 200 теңге) бекітілген. Осылайша, Орман қоры учаскелерінен өсімдіктерді пайдалану тəртібі, пайдалануға рұқсат беру негіздері жəне төлем ставкалары бекітілгендіктен,

сəйкесінше ондағы нысандарды заңсыз пайдаланғаны үшін тиісті əкімшілік жауаптылық қаралған. Орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі нысандарын (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тəртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегені, мия тамырларын жабайы түрде жинауға қолайлы жағдай туғызуда. Осыған орай, Орман қорынан тыс жерден өсімдіктер дүниесі объектілерін (мия тамырын жинау) алуға рұқсат беру тəртібі қолданыстағы заңнамамен реттелмегендіктен, заңнамаларға өзгерістер енгізу жөнінде Бас прокуратураға қызметтік хат жолданды. Өз кезегінде Бас прокуратура қызметтік хатта көрсетілген мəселелер қолдауын тауып, бүгінгі күні мемлекеттік уəкілетті органдармен қызылмия тамырын Қазақстан Республикасына əкелуге жəне одан тысқары жерлерге əкетуге рұқсаттар беру қағидалары əзірленуде. Облыстағы прокуратура органдары ішкі істер жəне уəкілетті органдарға орман қорының жай-күйiне, қорғалуына жəне пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған нұсқаулар берді. Шаруа қожалықтардың жерлерінен (орман қорынан тыс жерден) мия тамырлары алынған жағдайда, қожалық басшыларын жердi нысаналы мақсатында пайдаланбағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тарту мəселелерін шешу жөнінде төменгі тұрған прокурорларға тапсырмалар жолданып, уəкілетті органдар бағытталды. Ал Сырдария аудандық прокуратурасының қолға алуымен ауданда мия тамырларының заңсыз алынуына тосқауыл қою, бұл бағыттағы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды, үкіметтік емес ұйымдарды тарту мақсатында өткізілген жоғарыдағы акцияға жергілікті əкімдер, құқық қорғау органдарының басшылары, мəслихат депутаттары, қоғамдық жəне ардагерлер кеңесінің төрағалары, уəкілетті органдардың жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара кезінде қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, мия тамырларын заңсыз жинауды болдырмаудың алдын алу жайы талқыланды. Сонымен қатар, аудандық прокуратура «Сізге мия тамырының қазылу деректері белгілі болса...» тақыры бында жадынамалар таратты. Бұл аса маңызды шарадан облыстық əкімдік те тыс қалған жоқ. Облыс əкімдігінде арнайы жұмыс тобы құрылып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Табиғат ана байлығы баршамызға ортақ болғаннан кейін, оны қорғап, қастерлеуде баршамыздың парызымыз деп білемін. Егер осындай заңсыздықтармен бірігіп, бір жұдырықтай ел болып, қарсы тұратын болсақ, мұндай заңсыз əрекеттерге тегеурінді тосқауыл қоя алар едік. Сонда ғана қазір тағдыры қыл үстінде тұрған қызылмияны сақтап қалатын боламыз.


24 қыркүйек 2014 жыл

ДА

ЫН Н Ы Қ Л О ТАРИХ Т

«БƏРЕКЕЛДІ, ЌАЗАЌТАР, ЖАСАЙ БЕРІЅДЕР!» Адольф Янушкевичтіѕ «Ќазаќ даласына сапар туралы жазбалар» атты еѕбегі жайлы ой-толєам Ғабит ЗҰЛХАРОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

«Анама хат ОМБЫ. 1846 жылдың 8 мамыры. Біз енді бірнеше минуттан кейін жол үстінде боламыз. Нөкер, жүк аттары, казактардан құралған жасауыл – бəрі де сақадай-сай. Тек сапарлас серігімнің əйелі, балалары мен үй қызметкерлерінің жылап-сықтауларымен өзінің де көз жасын құрғата алмай тұрғандығы ғана бізді Омбыда сəл кідірте түсуде. Отбасылы адамның өз үй-ішінен ұзап шығардағы, осынау, қоштасу сəтінде, мен де қымбатты анашым, саған аманшылық тілеген сəлемімді тағы да жолдай отырып, өзіңнің ақ тілеулі батаңның шапағатында болатындығымды айтқым келеді. Мені алда қиындығы мен қолайсыздығы мол ұзақ сапар күтіп тұр. Мүмкін, оның қауіпті болуы да ықтимал. Бұл менің бұдан бірнеше жыл бұрын өркениетті Еуропаны аралаған саяхатыма мүлде ұқсамайды. Мен енді, тіпті, белгісіз ел – қазақ даласын бойлай сапар шегемін. Қолыма қару алып, асау атпен өзендерді кешіп, бұған дейін ешбір поляктың аяғы тимеген тау шыңына шығамын. Көшпелі халық ортасында болуға бел байладым. Сөйтсе де, бұл сапар мені ешбір үрейлендірмейді. Алдағы сапарымды бір тəңірге сыйына отырып қабыл алдым. Демек, бұл менің осы жолдағы əр қадамымды ақ тілеулі анамның дұғасы да қорғар деп сенемін. Сен менің арғымақ пен қайығым бол, Сен маған жол көрсетер жұлдызым бол! Тағы да қайталап айтамын, қош сау тұрыңыз, сүйікті анашым! Баршаңызбен қоштасамын, аман болыңыздар!». Міне, алғашқы жолдары дəл осындай хатпен басталатын кітаптың басылым көргеніне 150 жылдан асыпты. Бақсақ, ХІХ ғасырдың ортасында қазақ халқының əдет-ғұрпын, салт-санасын, ауыз əдебиетін зиялы Еуропа жұртшылығына тиянақты таныстыруда Сібір мен Қазақстанға айдалып келген поляктың ұлт-азаттық қозғалысының өкілдері атқарып кеткен еңбектері ерекше. Жіктеп айтсақ, өз дəуірінің арқалы ақыны Густав Зелинский (1809-1881) халқымыздың сол кездегі өмірінен «Қазақ», «Дала» атты екі романтикалық поэма жазса, кезінде Семей қаласында айдау мерзімінің біраз жылдарын өткізген, құқық ғылымдарының кандидаты, ұлы ақын Абайдың рухани серіктестерінің бірі болған Северин Гросс (1852-1899) «Қазақтардың ежелгі əдет-ғұрыптары» деген еңбегін бастыртып шығарды (Петербург, 1886). Ал, поляктың белгілі суретшісі Бронислав Залесский (1820-1880) Қазақстанның батысында тоғыз жыл айдауда болған кезінің баянды бір белгісі ретінде «Қазақ даласының өмірі» атты суретті альбом жасауға мүмкіндік тапты (Париж, 1865). Бұлардың ішіндегі бірі де, бірегейі де – көсемсөзші Адольф Янушкевич (1803-1857). А.Янушкевич өз заманына сай білімді де мəдениетті азамат болған. Польшадағы Вилен университетін ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған ол өзі тұрған Подолия қаласындағы сеймге депутат та болып сайланған. Өз Отанын жанындай сүйген Янушкевич патшалық Ресейдің отаршыл саясатына қарсы азаттық істерімен ашық айналысқан. 1830 жылы А.Янушкевич Польшадағы патшалық тəртіпке қарсы бағытталған қарулы көтерілістің бел ортасында жүріп, қатты есінен танып, жаралы күйінде тұтқынға түседі. 1834 жылы Янушкевич дворян атағынан сот үкімі бойынша айырылып, өлім жазасына кесіледі. Алайда, соңынан бұл үкім сəл жеңілденіп, ол оралу мерзімі мүлде көрсетілмеген Сібірге жер аударылады. Янушкевич айдаудың алғашқы 12 жылын Сібірде, қалған мерзімін Есілде, Омбыда өткізеді. 1841 жылы Омбыдағы шекаралық басқарманың қазақ бөліміне ауысуға рұқсат алады. Ол осы қызметте жүріп, 1843 жылдан бастап қазақ даласына дүркіндүркін сапарға шығатын орыс экспедицияларының құрамында қатардағы іс жүргізуші болуға мүмкіндік табады. Сөйтіп, Янушкевич 1846 жылы осындай экспедициямен жолға шығып, орта жəне ұлы жүз қазақтарымен кездеседі. Осы сапарларынан көргендері мен білгендерін өзінің сонау алыста қалған Польшадағы туыстарына хат арқылы баяндап отырса, енді біразын сол қалпында күнделігіне түсірген. Əсіресе, оны Қазақ елінің меймандостығы, табиғаты ерекше қызықтырған. 1856 жылы І-Николай өліп, оның орнына келген жаңа патша бұрынғы поляк тұтқындарына кешірім жасайды. Бұл кезде Янушкевичтің айдауда жүргеніне 24 жыл болған еді. Денсаулығынан біржола айырылған ол бостандыққа шыққанына бір жыл да толмай, туған жерінде қайтыс болады. Янушкевич – бұл дүниеден үйленбей өткен адам.

Есіл бойында Янушкевичпен айдауда бірге болған революционер, поляк ақыны Е.Зелинский Парижге барған бір сапарында, сонда қоныс аударған оның туыстарына Адольфтың қазақ даласындағы сапарында жазған барлық хаттары мен күнделіктерін табыс етеді. Ал, туыстары өз кезегінде Янушкевич есімін есте қалдыру үшін сол сапарда жазғандарының бəрін жинап, өз қаражаттарымен кітап етуге бел байлайды. Оның кітабы тұңғыш рет 1861 жылы аз таралыммен Париж қаласында поляк тілінде жарық көреді. Екі бөлімнен тұратын бұл кітаптың алғашқы бөлімінде Янушкевич өмірі жан-жақты баяндалса, екінші бөлім түгелімен оның қазақ даласындағы сапардан жазған хаттары мен күнделіктерінен тұрады. Жұртшылықтың бұл кітапқа деген талабы мен ынтасын ескерген туыстары Янушкевич кітабын екінші рет 1875 жылы Берлин қаласында да қайтадан бастырады. Бұл жерде мына бір жайды айта кету жөні өзі сұранып тұрғандай. Шетелде тұрып жатқан орыстың белгілі жазушысы И.С.Тургенев 1863 жылы Баден-Баденнен Ресейдегі өзіне таныс əдебиет сыншысы П.А.Анненковке: «Дегеніңіз болсын (бұл өте маңызды), Адольф Янушкевичтің «Қырғыз даласынан жазғандары» орыс тіліне аударылып, журналдардың біріне басылған ба, біліңізші», деп жазбаша сұрау жолдаған. Алайда, патшалық Ресейдің отары болған Польшада оны басып шығаруға рұқсат берілмепті. Сөйтіп, жыл өткен сайын кітап та, оның авторы да ұмытылып қала берген. Жалпы, бұл кітап бұрын да, тіпті, бүгінгі Польшада да əлі басылып көрген жоқ. Тек, 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы, доцент Ф.И.Стеклова XIX ғасырдағы поляк-қазақ əдеби байланыстарын зерттеу барысында кездейсоқ Янушкевичтің қазақ елі туралы танымдық мəнге толы көлемді бір кітап жазғанын біледі де ғалым оны тауып алу мақсатымен польшалық əріптестеріне хат жазады. Амал не, бүгінгі Польшада жоғарыдағы екі басылымның бір ғана данасы сақталып қалғандығы жəне оны ел шетіне шығарудың еш мүмкіндігінің жоққа тəн екендігі туралы жауап алады. Ақырында, көп ізденістің нəтижесінде Ленинградтағы Н.Е.Салтыков-Щедрин атындағы кітапханадан Янушкевичтің 1875 жылы Берлин қаласында басылған кітабы табылады. Міне, осы нұсқа бойынша Ф.И.Стеклова 1966 жылы «Қазақстан» баспасы арқылы Янушкевич кітабын поляк тілінен орысшаға аударып, бастырып шығарды. Бұдан кейін, арада 13 жыл өткенде, 1979 жылы бұл туынды Мұқаш Сəрсекеев аудармасымен төл тілімізде жарық көрді. Янушкевичтің кітабы, əділін айтсақ, халқымыздың XIX ғасырдың ортасындағы əлеуметтік тұрмысынан үлкен де мəнді дерек беретін, танымы мол тарихи туынды. Кітап, негізінен Янушкевичтің туыстары мен достарына жазған хаттарынан жəне əр күнгі сапардың жай-жапсарын баяндайтын күнделіктерінен тұрады. Əр хат ой елегінен туындайды. Əрине, Янушкевич арнайы саяхаттың адамы емес. Себептерге дəнекер дегендей, Омбыдағы шекара бастығы генерал В.Вишневский (бұл да поляк) басқарған орта жүзді аралау экспедициясының нəтижесінде туған дүниелер. 1846 жылдың 8 мамырынан 10 қазанға дейінгі аралықтағы Омбы – Семей – Аягөз – Лепсі

– Шыңғыстау – Қарқаралы – Баянауыл – Омбы бағытындағы алты ай бойғы ат арқасы, арба үсті, дамылсыз жүріс, шырғалаң-шатақ, билік пен бітім, жан санағы мен мал санағы, тағы басқа істерге Янушкевич жанды куəгер болады. Бұл орайда, Янушкевич қазақ даласында болып жатқан құбылыстарға өзінің көзқарасын, пікірін білдіруші – ағартушы-демократ екенін айқын аңғартады. Ол күнделігінде патша əкімдерінің, қазақтың ақсүйек байларының татымсыз, нанымсыз қылықтарын əжуалайды, келеке етеді, қарапайым халыққа жаны ашиды, іш тартады. Янушкевич кітабының ең басты құндылығы ондағы уақиғаны қаз-қалпында суреттеуінде. Қазақтың сол кездегі айтулы тұлғалары – Мəуке би, аға сұлтан Құнанбай, батыр Барақ, күйші Тəттімбет, ақындар Түбек, Жанақ, Орынбай, Сырым батыр мен Кенесары жөніндегі пікірлерін кең жазып қалдырған. Кітабының жазылу мерзімі мұнан да құнды. Бұлай дейтініміз, оның осы бір сапары орыстың атақты жиһангезі Н.М.Пржевальскийдің 1885 жылғы Тибет пен Қазақстан жерлерін қамтыған саяхатынан, сондай-ақ, дəл осы жылы Сібір мен Қазақ даласын аралаған американ журналисі Джордж Кеннан сапарларынан 39 жыл бұрын болған. Тіпті, олар қазақ жерін аралаудан ширек ғасыр бұрын-ақ, Янушкевичтің басылып шыққан, осы бір кітабы арқылы Еуропа жұртшылығы қазақ тұрмысы мен оның жері, əдет-ғұрыптары туралы жан-жақты деректерді, түсініктерді оқып үлгерді. Немесе, кешегі жатжұрттық ғалымдар Радлов, Левшин, Алекторов, Затаевичтер қалдырып кеткен еңбектер қазақ халқының бітім болмысын өздеріне тəн мамандықтары тұрғысынан əңгімелесе, Янушкевич қазақ халқының табиғатын байсалды баяндайды. Демек, бұл кітаптың танымдық бағасы осында деп айтуға толық құқымыз бар. Енді мысалға жүгінелік: «Дастарқан мəн-мəзірі дұғамен басталып, дұғамен аяқталды. Бəрі таң-тамаша өтті. Жандарал жиналғандармен қоштасып, нөкерлерімен бірге киіз үйден кете берген кезде, қалған жұрттың шырқы бұзылды. Өздеріне тартылған жылқы еті жұмырларына жұғын болмаған жарлы-жақыбайлар ақсүйектерден қалған сарқытқа таласамыз деп, молдалар отырған үйдің шаңырағын ортасына түсіріп кетті. Көпшіліктің бағына қарай, бұл қорқынышты жағдай болған кезде, ешкімнің өміріне қауіп-қатер төнбегені былай тұрсын, отырғандардың бірдебірінің маңдайына сызат түскен жоқ. Бəрекелді, қазақтар, жасай беріңдер!». Иə, Янушкевич өзімен айдауда болған, еліне одан ертерек оралған революционер, ақын серігі Густав Зелинскийге жазған хатында (1846 жылы 12 маусымда Аягөзден жолданған) қазақ халқына деген қаншама ыстық ықыласы жатыр десеңші. «Бұдан бірнеше күн бұрын мен өзара дүрдараз екі ру өкілдері қақтығысуларының куəсі болып, ешқашан да Демосфен мен Цицеронды естіп жəне білмеген шешендердің сөздеріне қол соғуыма тура келді. Ал, менің алдымда, бүгін, тіпті, оқи да, жаза да алмайтын ақындар өлең айтып отыр. Олар өздерінің таңғаларлықтай таланттарымен менің жүрегім мен жаныма көп нəрсені ұялатты. Ал, бұлар жабайылар, тағы ма? Бұл халық ғұмыр бойы мал бағып,

9

www.egemen.kz

болашақтан мақұрым қалмақ па? Жоқ, олай емес! Бұл имандай шындығым. Мұндай талант иелері өркениеттен əсте тысқары қалмақ емес. Оның рухы күндердің күнінде қазақ даласына жетіп, жарық отын үрлей түсер. Бүгінде жүдеген, қажыған көшпелілердің қазірде оған шекесінен қарап отырған елдер қатарына қосылар күндері де туар». Адольф өзі көрген, жүрген жерлерінің əсем табиғатын суреттеуге де шебер-ақ. Інісіне жазған хатының бірінде ол қазақ жері туралы төмендегідей сыр төгеді. «Алатау, Тарбағатай жəне Шыңғыстау еуропалық Альпінің, Апениннің жəне Карпаттың азиялық інілеріндей болып маған солардың оңтүстіктен солтүстікке қарай аласара созылып жатқан мүсін сілемдеріндей көрініс береді. Алатауға қарағанда, Тарбағатай жатаған іспеттес. Тарбағатай мен Алатауды өзара салыстырғанда, түйе мен қойды қатар жатқызғандай екен. Тарбағатай өзінің ұлылығымен жəне жомарт табиғатының əртүрлі байлығымен қызықтырса, Алатау жолаушысын бұрын-соңды көрмеген ғажайып əдемілігімен елітеді. Ал, Шыңғыстаудың тəкаппар кербездігі мен үшін, тіпті, алабөтен». Ал, Лепсі өңірін шешесіне жазған хатында Янушкевич: «Бұл жердің сұлулығын, тамылжыған табиғатын сізге елестету үшін сонау Омбыдан осында жаяу келсем, төгілген терім еш болды демес едім. Дүниеде ешбір король мұндай жерде тұрып көрмеген, Жер үстінің жұмағындай. Əттең суреттеуге бұдан əрі, тіпті, тілім жетпейді», – деп ағынан жарылады. Янушкевич кітабында, ұлы Абайдың əкесі аға сұлтан Құнанбайды кескіндеуі тіпті керемет. «Бұл да дала өңіріне аты кең жайылған адам. Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат оған ғажайып ес жəне жүйрік тіл берген. Іскер, өз аталарының игілігі туралы қам жейді. Дала Заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі. Қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі. Қара қылды қақ жарған би жəне өнегелі мұсылман. Қарапайым Құнанбай əулиенің даңқына бөленген. Одан ақыл сұрауға жас та, кəрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Бір топ сұлтан мен бес мырза біздің үйде болып, шай ішті. Басқаларға ықпал ететін осы рулық топ жөнінде: «Сарай, Пацқа, Пац сарайға татиды» деген біздің поляк мақалын айтса болар еді. Барақтың қасында ақсүйектер (сұлтандар) ақсүйек емес, сүр сүйек болып көрінеді. Ал, барлық байлар Құнанбайдың кебісін кигізуге жарамайды». Қазақ халқының үлкен досы, Польшаның парасатты перзенті А. Янушкевичтің артына қалдырып кеткен бұл мұрасы – бүгінгі ұрпаққа баға жетпес барынша құнды кітап. Сөйтсе де, қазірде екінің бірі Янушкевичтің кім екенін, оның кітабының мəн-жайын жете біле бермейді. Өйткені, ол туралы кезінде жазылған Ф.И.Стеклова мақалаларынан басқа танымдық деректер жоққа тəн. Бұдан 45 жəне 32 жылдай бұрын орыс жəне қазақ тілдерінде бір реттен шыққан кітаптар тез таралып, қазір сирек шығармаға айналып кетті. Аударма дегеннен шығады. Бұдан қырық жылдай бұрын, осы мақала иесі Янушкевич кітабының орысша нұсқасымен танысқан соң аудара бастағанымды, кейін оны Астана қаласындағы «Аударма» баспасына 2002 жылы тапсырғанымды, М.Сəрсекеев аудармасымен салыстырып, саралап екшегенде, оның үштен біріне өзгеріс енгізгенін айта кетсем деймін. Салыстыру нəтижесі менің аудармам да өз алдына дербес еңбек деп бағалауға негіз барлығын айғақтады. Сол кездегі Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігіне қарасты Баспа жəне полиграфия жөніндегі департаменті де бұл аудармаға оң баға беріп, оны Янушкевичтің туғанына 200 жыл толатын 2003 жылы басып шығару үшін Əділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне жіберді. Онда да талқыланып, аудармашыға авторлық құқық беру жайы тиянақталды. Ақырында, Янушкевичтің кітабы, яғни мен аударған нұсқада 2003 жылы «Аударма» баспасынан «Қазақ даласына сапар туралы жазбалар» деген атпен 2000 дана таралыммен басылып шықты. Бұл құнды еңбекті мемлекеттік тапсырыспен əлі шығарып тұру керек. Себебі, мұнда ел өмірі, қазақ жері баяндалған. Онымен танысу арқылы өткен тарихымызды жан-жақты біле беретін боламыз. Сондай-ақ, Янушкевич кітабы негізінде бірнеше сериялы кинофильм түсіру де – өзі сұранып тұрған шаруаның бірі. Өйткені, жазбалардың əр жолы селкеуі жоқ дайын сценарий десек, қателеспейміз. Янушкевичке Қазақ елінің Астанасынан ескерткіш орнатса да ешбір артықшылығы жоқ. Себебі, ол бұдан 150 жыл бұрын «Ақмола – мəселен, бүкіл даланың болашақ астанасы» деп айшықтап жазып кеткен екен.

Зырянда зыєырєа ораќ тїсті (Соңы. Басы 1-бетте). Биыл ауданда 4 мың гектарға ылғал үнемдеу технологиясы қолданылып, 552 тонна минералды тыңайтқыштар пайдаланылды. Келер жылы тыңайтқыш көлемін көбейту жоспарланып отыр. 538 тонна элиталық тұқым сатып алынып, 2 жарым мың гектарға егілді. Техника жағынан да күрделі мəселе туындаған жоқ. Аудан көлемінде 227 комбайн, 29 кептіру агрегаттары, 1 лицензиялы элеватор, 83 мың тонналық 49 астық қоймасы бар. Бүгінде дəнді дақылдардың 82,5 пайызы орылды. Диқандар Табиғатана тамылжыған қалпы тағы бір апта тұрса, барлық жиын-терін науқаны ойдағыдай орындалатынын жеткізді. Зыряндықтар биыл дəнді дақылдарға 199 млн. теңге субсидия алыпты. Жалпы, мал шаруашылығымен бірге есептегенде 340 млн. теңге субсидия бөлінген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 259 млн. теңгені құраған болатын. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аудандағы шаруа қожалықтары жетекшілерімен кездесуде жемшөптік азық мол болғандықтан, мал шаруашылығымен де айналысу қажеттігін жеткізді. Зырянда биыл алғаш рет зығыр егілген екен. Əйгілі зығыр майын өндіретін өсімдік 1500 гектар алқапқа егіліп, бітік шығыпты. Біз теңіздей толқыған зығыр танабына түскен төрт комбайнның егістікті орып бара жатқанына куə болдық. Тəуекелге бел буып, ауданда тың бастама көтерген «Нивы Чапаево» ЖШС директоры Жанатбек Бұғыбаевпен əңгімелестік. – Бірінші мəрте ексек те, зығыр жақсы шықты. Көктемде, мамыр айының соңында еккенбіз. Гектарына 15 центнерден өнім алудамыз. Қостанай өңірінде 1012 центнерден алады екен. Сондықтан бізде өнім жоғары деуге болады. Өнімді толық жинап алған соң Германияға өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 1500 гектарға рапс, 5 мың гектарға бидай, 1 мың гектарға күнбағыс ектік. Бидай гектарына 23 центнерден өнім берді. Шаруашылықта 100 бас ірі қара бар. Алдағы уақытта Тұрғысын ауылына заманауи сүт өндіру кешенін салуды жоспарлап отырмыз. 100-ден астам адам жұмыс істейді. Биыл мемлекеттен 30 млн. теңгеге жуық субсидия алдық. Бұл – біз үшін үлкен көмек, – деді Ж.Бұғыбаев. Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы.

Отанєа ќызмет етудіѕ їлгісіде сəуір 1993 жылы 15 е құрам Қазақстан жек льота атқыштар ба өздерінің , п ны құрылы міндеттерін жауынгерлік . өтеуге кірісті СƏУІРБАЙ, Сатыбалды қстан». «Егемен Қаза

н ан н ан ке ле ті О ла р А уғ ан ст аққа, мұздай -жар есірткіге, қаруррористік топтарте іздікқаруланған қойды, тəуелс ға тосқауыл б ек іт уг е қы зм ет ті ң тұ ғы ры н кери қақтығыстар етті. Əрине, əс р л ік қ и м ы л д ар ге м ен ж ау ы н ш ы ғы н ы да бо лам ад де н зі жеке ке Қазақстанның ды. Алайда, р батальоны Отан құрам атқышта зын абыроймен ры алдындағы па . ы орындад ндық батальон Міне, қазақстан а д а 21 ж ы л ан ы н ы ң құ ры лғ ос ы тə ж ік -а уғ ан ір аз Қ . ан то лд ы зе ту ге қа ты сқ ш ек ар а сы н кү йбіт еңбекке орабе жауынгерлер еліміздің дамуыді ен ем ег ында лып, , жастар арас на атсалысуда рбие жұмыстарын патриоттық тə ы жүргізуде. н да й м аң ы зд Ж ақ ы н да ос ы ова атындағы ұбан шара Ғазиза Ж монияда өткізілді. ар облыстық фил сында патриоттық Шара бары ле н ді . ал ды , би би əн де р ш ы рқ екарасында əскери Тəжік-ауған шен бір топ ардагер борышын өтег əк ім ін ің А лғ ы с ла ж ау ы н ге р қа азақстанның жеке «Қ , ен м ы ар тт ны» ха ш та р б ат ал ьо құ р ам ат қы лі к қо зғ ал ы ст ы ер ж əн е «А рд аг үшін» медальдарынасихаттағаны ы. лд мен марапатта сы.

Ақтөбе облы


10

www.egemen.kz

Тың көтерудің Қазақстанға қаншалықты пайдасы мен залалы болғаны жөнінде аз жазылған жоқ. Біз олар туралы емес, осы мəселенің басқа қырына тоқталып көрмекпіз.

Тың Хрущевтан бұрын басталған Қазақстан тыңына қол салуды орыс патшалығы Транссібір теміржол магистралі іске қосылған ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қолға алған. Көкшетаулық ғалымэкономист, Петербург университетінің түлегі Мəмбетəлі Сердалин сияқты білікті адамдар жерді жаппай жыртуға сол кезде-ақ қарсы болған. 1890 жылы Сенат комиссиясының алдында жасаған баяндамасында ол: «диқаншылық пен бидай егу сияқты дəстүрге жатпайтын тіршілікті күштеп таңу бұл даланы шөлейтке айналдырып жіберуі мүмкін. Бұл далада диқаншылықпен шындап айналысу екі жағдайға – табиғаттың жəне экономиканың

жер жыртылған. 18 млн. 1954 жылдың наурыз айында ғана Қазақстанға 280 мыңдай тың көтеруші келген. 1958 жылы егістік алқаптарының көлемі 28,7 млн. гектарға жеткен... Əрине, тың көтерудің жақсы жақтары да болды. «Аузымыз ақ нанға селеншіктер келген соң ғана жарыды», деген сөздерді де естідік. Бірақ... осынша жерді бірден жырту, соншама халықты біреудің атақонысына бірден тоғыту ақылға қонымсыз істер еді. Бұл жердің де өзінің иесі бар, ежелден келе жатқан киесі бар, шаруашылық жүргізу тəсілі бар екендігімен санаспаған, тіпті, көзге ілуді қаперіне де алмаған Кеңес өкіметінің сол кездегі басшысы Н.Хрущевтың қылығын не деп айтарға білмейсің.

24 қыркүйек

А Н А М

ЗА

еді. Елдегі нан жетіспеушілігін сөйтіпақ жоюға мүмкіндік бар-тын. Сонда, Хрущевтың жолы жоқ, күз бен көктем айларында саз батпақтан шыға алмайтын, қысы болса ұзақ, қарлы-боранды, суық, жазы кей жылдары аптап құрғақ, кейде жауыннан көз ашпайтын тым ылғалды, ешқандай тұрмыстық жағдайы жоқ, бұрын адамдар аз тұратын жаңа жерлерге халықты айдау себебі неде? Мұны, қазіргі тілмен айтсақ, ешқандай тиімді экономикалық жоба деп атауға келмейді. Ендеше, Хрущев «тың көтеру» дегенде неге дедектеп кетті? Хрущев – «Сталиннің шекпенінен» шыққан «қайраткер». Ал Сталин елді құрсаулап, қорқытып, террорлық қысым жасаумен, саналарға өзінің идеологиясын күшпен сіңірумен ұстады. Хрущев соны көріп, пісіп-жетілді. Саясаткер ретінде сол мектептен өтіп, қалыптасты. Өзі де репрессиялық істерге белсене араласты. Талай жазықсыз жандарды

2014 жыл

оларды қоныстандыруға мемлекеттің күші жоқ. Оның үстіне еуропалық еркіндікті көрген мұндай жандар тым-тырыс жүре алмайды, белсенді іс-əрекетке бейіл болғандықтан, бірдеңені ойлап табады. Тіпті, елдегі аштыққа, жетіспеушілікке наразы жандарды ұйымдастырып, ереуілдер, қарсылықтар ұйымдастыруы да мүмкін. Ал сталиндік əдіспен халықты басып тастауға енді болмайтын еді. Оның үстіне Хрущевтың халық алдында беделі жоқ. Халыққа ұнайтын сөздерді айта бергенімен, нақты ісімен танылған емес. Сондықтан барлық халықты селт еткізетін бір ірі əрекет, бүкілхалықтық шара керек екендігі көрініп тұрды. Жəне ол Хрущевтың халықшылдығын, елге «жаны ашып», тыным таппайтындығын көрсетуі керек. Бұған қоса, жоғарыда айтылған криминалдық элементтерді, шетелден келген бұрынғы эмигранттарды, сонымен бірге, көрініп жүрген жəне көрінбесе де

тыңды тырағайлап көтерудің сыры Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

жағдайына байланысты қиынға түседі. Қаһарлы қыс пен аңызақ жаз талай жерде дəнді құртып жібереді, еткен еңбектің бəрі зая кетеді», деген сияқты толғақты пікірлер айтқан. Əлихан Бөкейханов та осылайша наразылық танытқан. Алайда, олардың сөзіне құлақ асқан империя болған жоқ. Мұның ең басты себебі, 1861 жылғы шаруалардың басыбайлылығын жою туралы реформа еді. Осы күнге дейін тарих ғылымы шаруалардың басы байлаулы болғанын құл иеленушіліктен бөлек атап, феодализм қоғамдық-экономикалық формациясының «басыбайлылығы» деп біршама жеңілдетілген атау берген. Ал шын мəнінде бұл құл иеленушіліктің бір формасы еді. Өйткені, помещиктің қарамағындағы шаруалардың жұмыс істеуден басқа ешқандай құқы жоқ-ты. Қолындағы барлық еңбек құралы мен өңдейтін жері помещиктікі. Иелері қаласа оларды тартып алады, ал өздерін сатып, айырбастап, тіпті, өлтіріп тастауға да құқықты болған. Барлық құжаттары да помещиктің қолында. Демек, оларды құл демеске əддің жоқ. Əрине, олар отбасылы болған. Бірақ классикалық үлгідегі құлдар да отбасын құрған, бала өсіре алған. Сондықтан мұны құл иеленушіліктің бір түрі еді деп айтуға толық негіз бар. Демек, адамзат тарихындағы құл иеленушілік Ресейде ХІХ ғасырдың аяғына дейін келген. Осынау, адамды мал қатарына санайтын ұятты істі жоғалтуды Ресейдің прогрессивті көзқарастағы қайраткерлері үнемі айтып келген жəне оның ІІ Александр патшаның тұсында ғана, 1861 жылы жойылғаны белгілі. Алайда, адамның құқын таптап, құл есепті жұмсау орыс патшалығындағы түрлі биліктің санасында ұзақ уақыт қалып қойды. Кейінгі, Кеңес өкіметі кезіндегі билеушілердің де адамның өмірін қара бақыр құрлы көрмеуі сол кездің зардабының əлі де толық еңсерілмегендігінің көрінісі еді. 1887-1889 жылдардағы халық санағы бойынша Ресейде осындай 23,1 млн. құл іспетті шаруалар болған. Барлық халық 62,5 млн. болғанда, бұл оның 40 пайызына жуығы. Осынша халық құлдықтан босанғанда қайда жіберерін білмеген патша ақыры оларды Сібір мен Қазақстанға айдауға кіріскен. Өйткені, біріншіден, олар жаңа жерлерді отарлау ісіне қажет, екіншіден, өздеріне жұмыс табады. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан патша əкімшілігі Қазақстанда əскери отарлауды аяқтап, енді шаруалар отарлауын жасау саясатын қолға алды. Соның салдарынан қазақ даласына жүздеген мың «қарашекпенділер» ағылып келе бастады. Олардың əрқайсысына 30 десятинадан (1 десятина – 1,092 га) тегін жер, 100 рубльден ссуда жəне салықтың барлық түрінен 15 жылға босату туралы ереже қабылданды. Патшаның осындай саясатын еліміздің солтүстік өңірінде іске асырған «Транссібір теміржолының» басқармасы еді. Оның айрықша комитеті көшіп келген 160 мың «қарашекпендіге» Ақмола облысынан 2 млн. 241 мың 503 десятина ( 2 млн. 447 мың 721 га) жер бөлген. Қазақ жерін зерттеген Ф.Щербинаның экспедициясының мəліметтеріне қарағанда, 1896-1902 жылдары Ақмола, Торғай, Семей облыстарынан қазақтардың барлық жерінің жартысынан астамы жəне ең құнарлы деген жерлері «қарашекпенділерге» тартып əперілген. Бұл – 1860-жылдардың ортасынан басталып, 1910-жылдарға дейін, 35-40 жылда болған оқиға. Демек, осы уақытта 2,5 млн. гектардай қазақ жері жыртылған. Бұл да өте көп. Ата-бабамыздың қаны мен тері төгілген, өзіміз үшін қымбат жерімізге «қарашекпенділер» ойнақ салып, иелік етіп жатқанын көргенде намысы жер болып, қаны ойнап, қарсылық көрсеткен талай ерлер болған. Бірақ... ол кеңестік кесапатқа қарағанда түк емес екен. 1954-1955 жылдары, тек 1 жылда ғана Қазақстанда 18 млн. гектар

1977 жылы КСРО-ның бұрынғы Премьер-министрі В.Молотов Хрущевтың тың көтеру идеясы туралы: «Тыңды игеруді тым ерте бастап жіберді. Əрине, бұл қисынсыз нəрсе еді. Ал мынандай ауқымда бассыздықтың өзі болатын. Мен салған беттен тыңды шақтаулы көлемде игеруді, ел тұрып жатқан өңірлердегі дайын нəрсені көтерудің орнына бізді қыруар қаржы салуға, қисапсыз залал шегуге мəжбүр ететін мынандай алып ауқымда жұмыс жүргізбеуді жақтағанмын. Осы ақшаның бəрін біздің Қаратопырақсыз аймаққа жұмсауды, ал тыңды бірте-бірте көтеруді ұсындым. Қаражатты шашты да тастады – бидайды сақтайтын жер жоқ, шіріп жатыр, жол салынбаған, тасып əкете алмайсың. Хрущев болса бір идеяға жабысып, ауыздығын алып тастаған аттай шабумен жүр!», деп жазды. Əрине, Хрущевтың бұл идеясын жеріне жеткізе, ғылыми түрде сынағандар аз емес. Соның ішінде Ж.Шаяхметов оның ешқандай дайындықсыз басталып, не адамдар тұратын, не астық сақтайтын орындар салмай басталғанын атап көрсеткен. Соның бəріне Хрущев пысқырып та қарамаған. Өйткені, оның өзіндік себебі бар еді. 1954 жыл кешегі қырғын соғыстың аяқталғанына 9 жыл ғана өткен мерзім болатын. Ресми деректерге қарағанда, соғыста 27 млн. кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде жау тылында 4 млн. партизан мен астыртын қызмет атқарғандар өлтірілген. Бұлардың бəрі дерлік Украина, Беларусь жəне Ресейдің Батыс облыстарының халқы. Соның кесірінен елдің осы аймағындағы еңбекке жарамды адамдар мүлде азайып кетті. Соғыс болған аймақтарда 1710 қала, 70 мың ауыл мен деревня қирап қалды. Салдарынан 25 млн.-нан артық адам баспанасыз қалды. 32 мыңға жуық кəсіпорын, мыңдаған шақырым темір жəне тас жолдар бұзылды, 100 мыңға жуық ұжымшарлар мен кеңшарлар бүлінді. Егістік көлемі 25 пайызға азайып кетті... Міне, осының бəрін соғыстан кейінгі толық емес 9 жылда қалпына келтіру мүмкін бе еді? Əрине, мүмкін емес. Оның үстіне, жұмысқа жарамды жастағы адамдар негізінен қаза тауып немесе мүгедек болып қалды емес пе? Осындай, өздері де қираудан енді ғана есін жинап келе жатқан Батыстағы аймақтардан Хрущев жұмыс істеуге жарамды 600 мыңға жуық адамды тың көтеруге неге айдаған? Тіпті, 1962 жылға дейін олардың саны 2 млн.-нан асқан ғой. Тыңды жастар көтерді, бастамашылық, белсенділік солардан шықты деген сөз – кеңестік құр насихат. «Едем мы друзья, в дальные края...» деп əндетіп, күліп-ойнаған көңілді жастарды қайта-қайта көрсету тек халықтың көзін алдау ғана. Рас, комсомолдар мен студенттердің, əскерден енді келгендердің бірер тобы арнайы ұйымдастырылып, бірнеше қалалардан келтірілген, бірақ олардың саны барлық тың эпопеясы жылдарында 50 мың адамнан аспаған.

Хрущевтың қулығы қай жерде Ендеше, осы тың көтерудің астарында не болды екен? Соған үңіліп көрелікші. Əрине, Хрущевтың ойында қазақ даласын орыстандыру мақсаты тұрды деген тұжырым да көптен бері айтылып жүр. Оның да жаны бар сөз. Алайда, ең бастысы ол емес. Хрущевтың барлық мақсаты, күшжігері тыңның сылтауымен өзінің жекедара билігін нығайтуға бағытталған болатын. Енді осы тұжырымның дəлелін ашып көрелік. Көптеген білікті адамдардың, сарапшы ғалымдардың айтуына қарағанда, Хрущев тыңды елді астыққа кенелту үшін көтермеген. Егер, ол елді астыққа кенелтуді ғана ойласа, 1977 жылы Молотов айтқандай, жері құнарлы аймақтарды көтеріп, ұжымшарлар мен кеңшарларды қалпына келтіріп, солардан-ақ гектар берекелігі жоғары астық жинауына болар

Карикатураны салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

немесе Хрущевтыѕ ќитўрќылыєы

өлтіруге тікелей атсалысты. Сондықтан ол халықтан қорқатын, оны тек бұқтырып, басын көтертпей ұстау керек екенін жадына жақсылап жазып алған саясаткер еді. Алайда... Алайда, Сталин өлген соң оның серіктестері, соның ішінде əлі көзі жойылмаған Л.Берия да бар, жұмсақтық саясатын ұстануға бет бұрды (Бұл – кейін «хрущевтық жылымық» деп атау алған саясат). Бұлар Сталиннің жолымен жүрсе де Сталин бола алмасын білді. «Екінші Сталинді» халық та көтере алмас еді. Сондықтан ізбасарлар оның саяси бағдарын жұмсарту арқылы халық алдында ұпай жинауға ұмтылды. Осы бағытта бірқатар жұмыстар да атқарылды. Соның ішінде, 1953 жылғы 27 наурызда амнистия жариялап, бір жақсы атты көрінді. Бұл акция бойынша 1 миллионнан артық қылмыскер түрмелерден босатылды. Бірақ осы акция үшін халық Хрущев емес, Берияның атын көп атады. Бірнеше миллион жан өздерінің жақын туыстарымен қауышып, қуанышқа бөленді. Бірақ босатылғандардың арасында неше түрлі қауіпті, қылмыс əлемінде беделді, кəнігі баскесерлер де көп еді. Олар шыққан бойда жаңа қылмыстар ұйымдас тыруға кірісті. Сондықтан қылмыс осы айларда жалпы, КСРО бойынша еселеп көбейді. Кеңгірде, Норильскіде жəне т.б. жерлердегі лагерьлерде саяси қылмыскерлер көтеріліс жасап, жаппай толқу лар да туып жатты. Жалпы, КСРО-да Сталиннің кезінде тіркелмеген жаппай тəртіпсіздік («массовые беспорядки») деген осы Хрущевтың жылымығының кезінде белең алды. Елдегі саяси бағыттың жылымыққа айналғанын естіген алыс-жақын шетелдердегі соғыс кезінде тұтқынға түскендер, тіпті, оның алдында эмиграцияға кеткендер, соның ішінде Қытайға кеткендер де қайтуға сұрана бастады. Олардың негізгі бөлігі орталықта, ірі қалаларда тұруды көксеген пысықайлар еді. Алайда,

іштен шалуы мүмкін саяси қарсыластарын алыс шетке айдап, тоғытып тастайтын амал керек болды. Міне, осының бəрін жатпай-тұрмай ойлаған пасық қулықты Хрущев ақыры амалын тапты жəне оны халықтың ең қажетті жоғын жоқтаудан туған жалғыз амал ретінде насихаттауға қатты көңіл бөлді. Сөйтіп... Партияның қоржынында көптен бері жатқан тың көтеру идеясын қолға алады. Бұл мəселені 1946 жылы Т.Лысенко мен В.Немчинов деген ғалымдар көтерген. Биолог Лысенконың қандай жалған ғалым екендігі артынан əшкереленген. Ал Немчиновтың мамандығы экономист болатын. Сондықтан бұлардың ұсыныстарының ғылыми дəлдігі жоғары деп айтуға ауыз бармайды. Алайда, Хрущев соған шап беріп, нəтижесінде тыңның желеуімен Қазақстан мен Сібірді кезекті рет халықтарды есепсіз тоғытатын өзгеше лагерьге айналдыруды қолға алады. Міне, тыңның ең тереңдегі құпиясы осы. Тың көтеру туралы жазған КСРО-ның насихат құралдары тек жолдамамен келген саны аз комсомолдарды ғана көрсетіп, соларды ғана айналдыра берді. Ал тың тарихының қалың қыртыстарында оны «көтеруге келген» адамдардың шынайы бет-бейнесі ешқашан толық ашылмай, жасырылып қалды. Шын мəнінде, мұнда келгендердің негізгі құрамы қоғамдағы бұзық, бұрын сотталған криминалды элементтер мен жоғарыда айтылған жандар еді. Украинаның, Ресейдің батыс, орталық облыстарындағы барлық түрмеден шыққан, жұмыс істегісі келмейтін ең «қиын» жандар тегіс тыңға жіберілген. Мұнда келіп те олар тер төгіп жұмыс істемеген, көбісі қайта кеткісі келген. Алайда, олардың паспорттарын жинап алған жергілікті органдар жоғарыдан келген бұйрыққа сəйкес қайтармай қойған. Осының өзі-ақ адам құқы мен еркін таптап, биліктің ойына не келсе соны істегендігін көрсетеді. «Целина – это

некая мистификация. Это – не экономический проект. Если это чисто экономическая программа, зачем бросать людей на целину – не освоенную, полунепригодную для сельхозработ, когда у нас было черноземье, у нас были даже субтропики. Вы туда вложите деньги, обустройте там фермерское хозяйство, и все у вас пойдет. Нет, он отправил на целину. Потому что это форма изоляции. Более того, целина превратилась в своеобразное место ссылки», деп жазды профессор Игорь Чубайс. Ал «Массовые беспорядки в СССР при Хрущеве», деген еңбегінде зерттеуші В.Козлов тың көтерушілердің арасында жаппай тəртіпсіздік пен ереуілдердің өте жиі болғанын айтады. Тыңға келгендердің бір келбетін болған оқиғаның негізінде жазушы С.Шəймерденов те өзінің «Ағалардың алақаны» кітабында үстірт болса да атап кетіпті. Онда тыңгерлердің қазақ ауылына көрсеткен қорлығы малдарын, құстарын тартып алып, сойып жейтіндері айтылады. Жазушының əңгімесінде сондай зорлықтарға қарсы жалғыз азамат атқа мініп айқасқаны суреттеледі. 2007 жылы Қостанай облысына барған сапарымда тыңның бел ортасында болған Мағауия Жүнісұлы деген ақсақалдың əңгімесін естігенім бар. Ол Хрущевтың кадрлық саясаты – тыңдағы барлық билікті тек келімсектердің қолына беруді көздегенін айтқан еді. Сонда, билікке қол жеткізгендердің кейбірі 3-4 сыныптық қана білімі барлар болыпты. Міне, солар кеңшарларға директор, аудандық, тіпті, облыстық атқару комитеттеріне төраға болу секілді жауапты жұмыстардың құлағын ұстаған. Ұрда-жық, дөрекі, ешқандай білімсіз, надан болған ондайлар жоғары жақтан қандай бұйрық келсе де орындауды жəне өзі мен жақындарының жағдайын жасауды ғана білген. Хрущевтың да мақсаты сол, ұрда-жықтарды таққа отырғызып, қолына шексіз билік беріп, өзімен келгендердің жəне келетіндердің жағдайын жасауына мүмкіншілік беру сияқты. Сол үшін олардың жасаған зиянкестіктеріне, тіпті, қылмыстарына да көзжұмбайлық жасатқан. Сөйтіп, түпкі көздегені – оларды май шелпекке батқызып, қайтып кетуді ойламауына қол жеткізген. Хрущевтың осындай қамқорлығын сезінген ұрда-жық басшылар да тек соған ғана жағудың жолдарын қарастырған. Ал жергілікті, республика басшылығын олар көзге ілмеген. Сайып келгенде, Хрущев үлкен тыңды өзінің жекеменшік вотчинасына, сенімді тылына айналдырған. Сондықтан да оған өкіметтің көңілін бөлдіріп, материалдық-техникалық жағынан жабдықтау мəселесін жоғары орынға шығарған. 1954-1961 жылдары Тың КСРО-ның ауыл шаруашылығына бөлетін барлық қаражатының 20 пайызын жұтып отырған. Ал мұндай қамқорлықты Қазақстан үшін «артық» деп санаған ол кешікпей Тың өлкесін Ресей Федерациясына қосу туралы да бастама көтереді. Оның орындалуын Жұмабек Тəшенов секілді мықты қайраткерлердің жанкешті əрекеті ғана болдырмағаны белгілі. Сөйтіп, Хрущев тыңның арқасында өте биік жеке табыстарға қол жеткізеді. Алдымен ол өзінің билігіне ықтимал қарсыластарды, қылмыскерлерді орталықтан сырып тастап, бір мақсатына қол жеткізді. Одан, Тың өлкесіне кез келген ұрда-жық, əпербақан, сауатсыз басшыларды қою жəне оларға қамқорлық жасау арқылы одан өзіне сенімді тыл жасап алды. Үшіншіден, тыңның алғашқы жылдарында үлкен астыққа қол жеткізіп, өзінің авантюрасына қарсы болған ғалымдарды, саясаткерлерді тықсырып тастады. Сондықтан да Хрущев тың өлкесіне жиі келіп тұрған. Д.Қонаевтың жазғанына қарағанда, 1960 жылы тыңға келген ол Қазақстанда 13 күн болыпты. Əлемдегі ең алып елдің бірінші басшысы бір аймақта осынша болуы мүмкін бе? Мүмкін екен. Хрущев соны мүмкін қылған. Ал бұл уақытта оның келісімін, рұқсатын, бұйрығын, шешімін күтіп қаншама шұғыл шешілуге тиісті маңызды істер сарғайып жатқан ғой! Осыдан-ақ оның ел үшін қаншалықты тиімді басшы болғанын біле беріңіз. Сөз соңында Хрущевтың қалың көпшілікке белгілі дөрекіліктерінің қатарында Д.Қонаевтың өз көзімен көргенін де айта кетейік. Қазақстанның 40 жылдығына келген оған Қазақстан басшылары ат мінгізеді. Хрущев оны ұнатып, күзет бастығына вагон-гаражбен Мəскеуге жеткізуді бұйырады. Бірақ анау бұл сөзді құлағына да ілмей, вагон-гаражда орын жоқ деп тұрып алады. Сонда... Хрущев барлық адамдардың көзінше өзінің күзетшісімен салғыласып, оған ұрсып тұрып алған екен. Міне, осы фактіден-ақ оның жанындағы адамдарға да еш қадірі болмағанын көре беріңіз. Амал қанша, бізді ұзақ жылдар бойы осындай адамдар да басқарып, жол, жөн сілтеді ғой. Осындай наданның кесірінен миллиондаған гектар жайылымдық бүлініп, ештеңеге аспай қалды. Мықтағанда гектарынан 3-4 центнерден астық беріп, шығарған шығынды өтей алмайтын ондай жерлер көп. Кеңес Одағының кезінде кеңшарларды міндеттеп, шығынды болса да бұл жерлерге егін сепкізетін, ал қазіргі, ақшасын санай білетін фермерлер ондай жерлерді пайдаланбайды. Осыдан 2-3 жыл бұрын жасалған ревизияның қорытындысы бойынша топырағы астық егуге құнарсыз болғандықтан 6 млн. гектардай жер қолданылмай, бос жатқаны анықталды. Бұл жерлерге табиғи шөп те шықпайды, тек арам шөп басып, жерді одан жаман тоздырып жатыр. Соның бəрі Хрущевтың солшылдығының, жеке басының мүддесін ғана көздегендігінің кесірі. Оның зардабын біз əлі күнге тартып келеміз.

 Өңір өмірі

Калачидаєы кезекті кездесу Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі Сергей Кулагин Есіл ауданындағы Калачи ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы алдымен осында салынып жатқан тұрғын үй лер құрылысының барысымен танысты. Қазіргі кезде Крас ногордағы 88 отбасын кезең-кезеңмен көшіру жоспарланған. Осы мақсатта Калачи елді мекенінде екі пəтерлі 6 тұрғын үй салынып жатыр. Мұнан кейін аймақ басшысы жергілікті мектепке барып, білім ошағының жұмысымен танысты, білім ошағына қарасты шағын орталықта болды. Облыс əкімі тұрғындармен кездесу барысында «Біз қандай да бір шара қолданбас бұрын мұндағы жұртты дүрліктіріп отырған ерекше құбылыстың себеп-салдарын толық анықтап алуымыз керек. Алдағы уақытта қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдарды шақыртуды жалғастыратын боламыз. Сондықтан, сіздердің пікірлеріңізді білу мен үшін маңызды», деді. Кездесу қорытындысында С.Кулагин аудан əкіміне қыстыгүні елді мекенге барар жолды қардан тазалау жұмысын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау жəне білім беру басқармаларының басшыларына Калачидегі дəрі герлік амбу латорияда тұр ғын дарға тəулік бойы алғашқы меди ци налық кө мек көрсету жұмысын үйлестіруді, ауылдық мектепте оқулықтардың жетіспеушілік мəселесін тез арада шешуді жүктеді. Ақмола облысы.

Есірткіге ќарсы шаралар аясы кеѕейді

Бес тəулік бойы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында есірткі топтары əрекеттерінің жолын кесу жəне заңсыз айналымнан есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, қарулар мен оқдəрілерді алу, есірткі бизнесінің экономикалық негіздерін жою жөніндегі үйлестірілген жедел шара өткізілді. Оған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті органдары, қылмыстық кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің қаржылық бақылау бөліністері (ЕАТ), бақылаушы ретінде Ауғанстанның, Қытайдың, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО), Интерполдың жəне ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара əскерлері қолбас шыла рының кеңесі үйлестіру қызметінің өкілдері қатысты. Операцияның мақсаты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағына Ауғанстаннан жəне Қытайдан өтетін есірткі құралдарының контрабандасы арналарын жабу, Шу алқабынан есірткі дайындау мен əкетудің жолын кесу, Орталық Азия елдерінің аумақтарын есірткі контрабандасы үшін пайдаланатын трансұлттық есірткі топтары əрекеттерінің жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру бойынша практикалық міндеттерді шешу болып табылады. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттердің құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының белсенді іс-қимылының нəтижесінде заңсыз айналымнан 4 тонна 206 кг. есірткі, оның ішінде 95 килограмм героин, 40 килограмм синтетикалық есірткі, 27 кг. апиын, 2 тонна 570 кг. марихуана, 1 тонна 81 килограмм гашиш, 17 кг. жабайы өсетін көкнəр, 1 тонна 101 килограмм прекурсор алынды. Сондай-ақ, қылмыскерден 211 дана атыс қаруы жəне 18971 оқ-дəрі тəркіленді. 2446 есірткі қылмысы анықталды. Барлығы 12288 мың қыл мыстық іс, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 1733 қылмыстық іс қозғалды. Есірткі қылмысы үшін 1637 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.


24 қыркүйек

ІЛІК

АН ТІРШ С Қ О Т Ы ТОЛҒАУ

2014 жыл

Айтахановтыѕ айтќаны

Шымкентіңізде тоқ саннан аса тойхана бар. Олар салтанат сарайы, мейрамхана, тағысын-тағылар деп аталады. Көпшілігіне екі-үш ай бұрын тапсырыс беріп, кезекке тұрып қоймасаңыз, қолыңыз жетпейді. Барлық тойханаларыңызды былай қойғанда, жүздеп саналатын кафелеріңізде де күн сайын, түн сайын тойлар, құдалықтар, туған күндер, банкеттер, тəтті шайлар, сырға салу салтанаттары, кездесулер, қоштасулар, құдайы тамақтар, тағысын-тағылар... Ал енді бар ғой, сол салтанат сарайларының, мейрамханалар мен кафелердің аса жоғары дəрежелі, бірінші, екінші жəне үшінші деңгейлердегі, қарапайымдар мен қарабайырлар болып бөлініңкірейтінін біле бермейсіз. Қажеті қанша. Кім не десе, о десінші, тойханалар мен кафелердің де, басқа дəмханалар мен асханалардың да, той-томалақтардың да көбейгені жаман емес, əрине. «Адамдықтың рəмізі – шүкір» дейді

…Белгілі себептермен қоныс аударып, жаңа тұрғын үйге енді ғана орналасып болған кезім. Тек мекенжайымның өзгергені ғана болмаса, сол күндегі күйбең тірлік. Небəрі екі күннен кейін ғана «су жаңа» көршілеріме үйрене бастадым. Солардың арасында көзіме ерекше ілінгені – елуді алқымдап қалған бір апа болды. Əлгі апамыз күнде жұмыстан үйге оралғанымда жанары солғын тартып, кіреберіс ауызда отырады да қояды. Күндегі əдеті осы. Отырғанда да, өзімен шамалас апаларымызбен əңгіме-дүкен құрып отырса бір жөн ғой. Əлдебір жаққа тесіле қарап, келбеті нұрсызданып, бар тіршіліктен ада болып отырады. Бұдан басқа тірлігі жоқ, қайтсін енді, зейнеткерлік жастағы адам дейін десең, оған да келмейді. Белі бүгіліп, жер иіскеп отырған жайы жоқ. Неге екенін қайдам, елуге де толмаған апамның күндегі кіреберісте отырған қалпы маған ұнамай-ақ қойды. Біраз ойға да шомдырды.

Арекең: «Мынаның қалтасына қомақты бірдеңе түскен екен, ə, балдар. Өз обалы өзіне. Мен мұны қатырайын», − деді. Сөйтіп, үлкен басымен ұшып тұрып: «Ассалаумағалей-кө-ө-өм, басеке!» − деп сəлем берді. Бригадир ағамыз одан бетер кекірейіп, үлкен кісінің сəлемін əзер алды. Қолының ұшын берді. Ішіп алыпты өзі. Кенет молда кісі күрт өзгеріп: «Əй, танауыңнан анауың сорайып шығып кетіпті ғой! Үйіңе барып айнаға қара. Келін шыраққа қырықтырып ал!» − деді. Басекең аңырыңқырады. Алғаш қалталарын, сонан соң бет-аузын сипап, мұрнын ұстап сасқалақтауға айналды. «Танауыңды қатты көтере берме, анауың дегенім ішіндегі қылтанақтар ғой, жаман көрінеді екен жүдə», − деді Арекең. Бригадирдің жүні жығылып қалды. Қызарақтап кете барды. «Ішіп алған, біреу зəткі (взятка ғой) берген. Əйтпесе, жаман адам емес», − деп жайбағыстады молдекең. Жақында ғана бір жиында болдық. Тоқсанға таяңқырап қайтыс болған кісінің қырқы беріліп жатты. Бір үстелдің басында, яки

Ќўдаєилар «ќырќысы»

Кїлесіѕ. Кейде кїрсінесіѕ... Мархабат БАЙҒҰТ,

«Егемен Қазақстан».

хадис-шəрібіңіз. Шүкіршілік делік. Шымкентіңіздің той-тамашасына, дастарқан мəдениетіне, тамақтағамдарының тəттілігі мен дəмділігіне көршілес Қызылорда мен Тараз өңірлері ғана емес, Алматыңыз бен Астанаңыз да қызығатынын дəлелдеп жазғанбыз. Бұл жолғы айтайын дегеніміз ол емес-ті. Айтулы сенатор Айтахановтың аманаты. Дүйсенбіден жексенбіге д е й і н күн құрғатпас тойларда Сенатыңыз бен Мəжілісіңіздің депутаттары да жиі-жиі боп тұрады. Əсіресе, каникулдары кезінде бір тойға халық қалаулыларының оншақтысына дейін қатысатыны рас. Жақында таңғажайып той өтті. Жастар үйленді. Қай жағынан алып қарасаңыз да, талғам жоғары, тағылым терең. Алайда, Айтаханов бір мəселеге риза болмады. Той ортасына таман үйленуші екі жастың ғажайып табиғат аясында, керемет шаһарлардың шадыман жерлерінде жəне т.б. тұстарда қыдырғаны, сырласқаны, демалғаны, сейілдегені – сүйіскеніне дейін экранда көрсетілді. Жарасып-ақ тұрыпты. Алайда, Айтаханов күрсіне берді. Аһылады. Үһіледі. «Не болды, Қалеке?» дедік. «Ойбай-ау, Оңтүстіктің əрбір іс-шарасы, тойы, отбасыларындағы отырыстарына дейін бүкіл елге, күллі қазаққа үлгі-өнеге болуы керек емес пе?! Мына бейнебаян өте жақсы, бірақ бастан-аяқ ағылшынша əнмен, ағылшынша сөзбен, ағылшынша сазбен өрнектелді. Олардың орнына қазақтың халықтық, ұлттық əндері мен күйлері, тіпті болмаса бүгінгі ғашықтық əдемі дүниелер қолданылса, қатып кетпей ме?! Осыны «Егеменге» жазыңызшы», деді. Тойдың соңына дейін сенатор қайта-қайта қайталады. Ал біз пақырыңыз ағылшыншаға үйреніп үлгергенімізге ұялдық. Айтахановтың аманатын орындап отырыппыз.

Шірену шектен шыќпаєай...

Ай, айналайын, ауылдағы аталарымыз-ай! Əсіресе, Аралбай молда əзіл-шынын араластырып, аздап шымшыңқырап, үлкенді де, кішіні де тəрбиелеп, шіренгендерді тəубесіне түсіріп отырушы еді. Бірде əртүрлі əңгімелерін тыңдап, Аралбай ақсақалды айнала қоршап отырғанбыз. Ауылдағы ең кəттə бастық боп саналатын бригадир ағамыз атқораға қара айғырын тапсырып, жаяу қайтып келе жатыр екен. Бəрібір, маңғаз адымдап, Арекеңді көрмегенсіп, қалтасынан беторамалын алып, орталықтардан келетін өкілдерше сол орамалға сіңбіріп, бүктеп қалтасына салды. Танауы таңқиды.

дастарқанда өңшең ығайлар мен сығайлар жайғасқан екен. Осы күнгі үлкендеу дөкейлер. Кеңес кезінде аудан, қала басқарғандар. Сот болғандар. Бизнестің ірі-ірі өкілдері. Бір жағынан риза боласыз. Қазекем де жетілді-ау. Деп. Социализмнің ортақ өгізі гүрс етіп құлап, оңаша бұзаулардың соңына түскенннен кейін кейбір ғимараттарды, жүздеген, мыңдаған гектар құнарлы-қымбат жерлерді жекешелендіргендер. Ба йысыншы. Бар болсыншы. Ұлттық буржуазия қуаты қалыңдаса, байтағыңыз да көркейер. Берекесін берсін. Аман жүрсінші. Ел есен болсыншы. Дейсіз. Алайда, қалайда тырсылдай шірену керек пе? Тіпті, той емес, бай-бағландар банкеті емес. Құдайы аста да жарылардай кеуде керіп, көкірек көтеріп, бүйідейін білеуленіп, тоқ кенедей кекірею қайран қазақтың қасиетін төмендетпесе, биіктетпейтіні, айналайындар-ау, аян ғой. Қайбір жылы Түркияда болдық. Қазақтың аса бай азаматын көрдік. Фабрикасы бар. Зауыттары бар. Тағысын-тағылары бар. Бірақ, түк те шіренбейді. Түксиіп, түнермейді. Біздегідей бұткерме талтаңдау жоқ. Сəлемі əдемі. Əне, ісініп-кебініп кетіп барады. Бірнешеуі. Кенедей күпсіп. Аралбай молдадай ақсақалдар жетіспейді-ау кейде. Аздап-аздап аяқтарын тартқызар ма еді... Дейсің.

Жазу мен азу

Жалпы, орта мектепті бітірген əрбір адам сауатты сөйлем құрап, ой-пікірін, өтініштерін, ал жоғары білімділер өздерінің мамандығы хақында мақалаларды да қатесіз жазатындай қабілетті болуға тиіс. Ал, бізде ше? Сауатсыздық жайлап барады. Бір жігітіңіздің əкім болардағы өтінішінен үш-төрт қате табылғаны «жырланып» жүріпті. Жалғыз ғана жай сөйлем құрай алмайтын мектеп бітірушілер мыңдап саналады. Ал, жазуға сəл-пəл икемі барлардың бəрі жазушы, ақын, журналист болғысы келетіндей кесел жұқпалы ауруға айналып бара жатқандай-ау. Жақында ғана жап-жақсы сөйлейтін, сырттай қарағанда қайраткерлердей көрінетін бір аға тайымызбен жақындау əңгімелесіп, жағамызды ұстауға мəжбүрлендік. Алла кешіргей. Əлгі əйдігіңіз көп жылдар бойы басшылық қызметтер атқарған. Тіпті, ғылыми мекемеге дейін жетекшілік жасаған секілді еді. Сірə, ғылыми атағы да бар-ау, жаңылыспасақ. Яғни, қорғаған. Жанына таман жайғасып, бір жиында пікірлесудің сəті түскен. Түспей-ақ қойғаны дұрыс еді. Өзінен-өзі жазу мəселесін қозғады. Сөйтсек, сондай «сой» кісіңіз газет-журналдардағы қара мақалалар мен көркем əдеби

11

www.egemen.kz

əңгімелерді ажырата алмайды екен. Тіпті, бүгінгі заманда шектен тыс топырлап басылып жататын əлдебір «əулеттік кітапсымақтар» мен Мұхтар Əуезов сынды кемеңгер суреткеріңіздің айналайын Абайыңыз хақындағы романэпопеясын қатар қой-е-еп, қазықартаны рахаттана шайнайды-ай... Қымыз сіміргеніне һəм қызығасыз. Бірталай ағаларыңыз, ініқарындастарыңыз кітаптар бұрқыратқан. Анау кезеңдерде де. Кейінгі кездерде де нөпір кітаптарын нөсерлетіп жатып ты. Алайда, көбісі ақын да емес, жазушы да емес, журналист те емес. Бірақ, басылымдарда, көбік кітаптарында өздерін ақын, жур налист, жазушы деп көрсетеді. Кейбіреулері Қазақстан Жазушылар немесе Журналистер одақтарына мүшелікке де өтіп кеткен. Өкінішке қарай, кімнің кім екенін, ненің не екенін айыра алмаушылық та басымданып барады. Əне, тағы бір кісі келе жатыр. Қолтығында екі-үш кітап. Жазушылар одағына өтуге ке пілдеме сұрайтын шығар. Қорқасың. Жазуды да аздырдық-ау. Обалай. Қазақ дейтұғын ұлтыңызда ұят-аят, обал-сауап, адал-арам дей тұғын ұғымдарға көзқарас өзгеше еді. Қазір солар қалды ма өзі деп қиналасың. Бүгінде біреулерге біреулер кітап жазып бере салады. Бірдемелерін ала салады. Біреулерді біреулер-ақ қолдан «ақын», «жазушы», «журналист» ете береді. Мəдениеті биік, өрелері өрісті жұрттар да біреуге жаздырса, «Əдеби нұсқасын жасаған Пəленше», «Жазып алған Түгенше» деп міндетті түрде көрсетеді. Ал, бізде... Бола береді. Бəрі. Алматыда атақты ағамыз бар еді. Қарымды қаламгертұғын. Марқұм жазушылыққа ғана емес, журналистикаға да аса қатаң талап қоятын. Жалғыз ұлы журналистика оқуына түспек ойын білдіргенде, ағамыз: «Артыңа қара! Екі сөздің басын құрап бірдеңе жазғаныңды байқамадым. Басқа мамандықты таңда!» − деп тыйып тастаған. Қазір ше? Қазір жалқы ғана жай сөйлем құрай алмайтын жетесіздерін жетелеп, еркетотай ұлдары мен қыздарын журналистикаға сүйрелеп, жұртқа да, ұлтқа да обал жасаушылар қаншама...

Автобустар. Айќай-шулар

Оңтүстігіңізді, оның ішінде Шымкентіңізді шырылдай қорғаушылар қатарындамыз. Шамамыз жеткенше жақсырақ жағын жазыңқыраймыз. Айтудайын айтамыз-ақ. Əрине, ара-арасында сынаңқырап қояр кездеріміз де кездеседі. Онсыз болмайды ғой. Шымкентіңізді жөндіжөнсіз шымшылап, шаншылап,

кекететіндер көп. Мұқата мырсылдайтындар жетіп-артылар. Кей-кейде солардікі де дұрысау дейтіндей жағдайлар болады. Мəселен, автобустарды алып қарайықшы. Егер бір киногеріңіз Шымшаһарыңыздағы автобустар қозғалысын, оларды жүргізушілер мен айқайлап ақша жинаушыларды жəне жолаушылардың жағдаяттарын қаз-қалпында түсіріп, көгілдір экранға шығарып кеп-кеп жіберсе, қырғын қызық болар еді. Сценарийдің керегі шамалы, тек түсіре бер. Мінекиіңіз. Шымкентіңіздің Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі бұрын «Студенттер қалашығы» аталған, бүгінде «Болашақ» деп өзгертілген аялдамада тұрыппыз. Екі бірдей ұзын-ұзын сарыбел, қоңырқызыл автобус алқынжұлқын тоқтады. Бірінен-бірі озуға тырысып ойқастайды-ай. Үшінші біреуі əлгі екеуінен бетер ентелеп, алға шыға аялдады. Жолаушылар мініп жатыпты. Ақша жинайтын үш əйел үш автобустан түсе сала тамақтарын жыртатындай тарғыл дауыспен бақыра бастады. «Ыспартибная», «Алимбетова», «Баянсұлу», «Ыспартак», «Сентральный парк», «Озера»... Үш автобус жұлқына жөнелер. Əрқайсысы ыршып алға шықпаққа тырысар. Өзге мəшинелер пышырай қашады-ай. Жолаушылар ығы-жығы. «Ойпырай, орманнан отын таситындай», − деп күрсінеді кейуана. Қай жүргіншіге қарасаңыз-дағы, көңіл күйлері төмен. Қабақтарда кірбің қалың. Жұмыстан қайтасыз. Тəуке хан даңғылы. Алты автобус аласапырандата, тартқыласа тізілді. Ақша жинайтын үш қыз, үш жігіт кеңірдек қинай айқайлайды. Жетінші автобус жетті. Алдыңғы алтауға: «Айда, кет!» дегендей құлақ жара бақырады. Адамдар абыржи жүгіріп, қайсысына мінерін білмей, бір-бірін қағыпсоғады. «Міне, итырқылжың тірлік осы. Жұрттың бір-бірін жек көріп бара жатқаны осындайдан. Ал, сіздер мəдени деңгей, мейірім, инабаттылық дейсіздер», − дейді бізді танитын ғалым ағамыз. Кешке қарата қу тірліктің қамымен Мұхаммед Хайдар Дулати аялдамасында тұрасыз. «ГиперХаус» дейтін алып сауда үйінің алды. Төрт-бес автобус таласа келіп тұрады. Ақша жинаушылар шыңғырады. Ауыздары көпіріп. Мойындары көгеріп. «Карла Маркса!» (Мұ хаммед Хайдар Дулати бол ғалы бесалты жыл). «Карла Марксаға келдік!», «Келесі – Кунаева!», «Байтұрсынова!», «Аймауытова!», «Тəуке хана!», «Озера!». Деседі. Ақша жинағыштар. Жастары бар. Жасамыстары бар. Қазақ жігіттер. Қыздар. Қазақ қатындар. «Кунаева дайындаламыз!», «Рыскулова!», «Қожанова!», «Төреқұлова!». Кино түсіруге керекті «кереметтер» жүдə көп. Шымкентіңізде. Автобустарда. Аялдамаларда. Осыны бір кісіңізге əңгімелесек, бүй дейді: «Тəуір адамдар бүгінде автобуспен жүрмейді ғой». Əй, осы мына біз тəуірлердің қатарында емеспіз-ау, сірə. Күлесің. Кейде күрсінесің...

Күндегідей емес, бүгін жұмыстан ертерек келдім. Үйге кіріп, тамақтанып алған соң, біраз «көкжəшікті ақтардым». Ол да қызықсыз болған соң, есіктің алдына шығып бой жазуды жөн көрдім. Күрең күз есігімізден ене бастаса да, жаздың самал лебі қимастық танытқандай айдарыңнан еседі. Биікке құлаш ұрған бес қабаттан тұратын үйдің алдында былай жүріп, олай жүріп, болмаған соң, əлгі апаны əңгімеге тартып: «Бүгін ауа райы қандай тамаша! Көрмейсіз бе, құдды күз емес, жаз басталып жат қандай», – дедім. Апам бетіме бір қарады да, əрі қарай үнсіздігін жалғастыра берді. Мен де жанында үнсіз отыра кеттім. Болмаған соң ол кісіні күнде көретінімді, неліктен осы күйде отыратындығын білгім келгенін жайып салдым. «Бұлай күнде отыра бергенше, ішіңіздегі шерді сыртқа шығарып алғаныңыз жақсы ғой», – деп сөзімді сал мақтадым. Осы кезде үшінші қабаттағы үйлердің терезесінің біреуінен: «Сені іздеп бейтаныс кісі телефон шалып жатыр», деп бір бойжеткен қыз дауыстады да, терезені қайта жауып алды. Апай бұған назар аудармады да. «Қызыңыз ба? Сіздің қызыңыз бар екенін білмеппін», – дедім қайтадан əңгіме бастап. Ебедейсіз бетіме жалт қараған ол: «Бəрі осы қыздың күйігінен болды ғой», – деді де, əңгіме тиегін ағыта жөнелді. Өзін Жамал деп таныстырған əлгі апай басынан өткен оқиғасын бүкпесіз жайып салды. «Жаңағы терезеден «айқайлаған» қыз Əсел – менің жалғыз қызым. Біз осы үйді жалға алып тұрып жатырмыз. Жұбайым осыдан біраз жыл бұрын қайтыс болды. Тұрмыстың тапшылығымен қызымды оқуға да түсіре алмадым. Қымбат оқуға қолы жетпеген соң жас тайынан қара жұмысқа кірісті. Сөйтіп жүргенде оңтүстіктік бір жігітпен көңіл жарастырды. Əлгі жігіт осында келіп

қыз метке орналасқан екен. Жалғыз қызым болған соң, оның таңдауына қарсы болмадым. Өзі ұнатса болғаны дедім. Əлімнің келгенінше қызымның жасауын да дайындап қойдым. Осылай жүргенде арада бір жыл өтті. Бір күні екеуі отбасын құрғысы келетіндіктерін жеткізді. Мен келісімімді бердім. Арада бір апта өткен соң Шымкенттен жігіттің анасы той қамын ойласуға келді. Мен болашақ құдағиымды қолымнан келгенше дайындалып, қарсы алдым. Бірақ, бұл кездесуіміз ойдағыдай болмады. Күйеу-жігіттің анасы келе салып, бірден тұрып жатқан баспанама тиісті. «Неге жалға тұрып жатырсыздар? Өз үйлеріңіз жоқ па?», деп күле қарады. Оның бұл сұрағын үнсіздікпен жеңдім. Сосын құдағи өздерінде тойдың қалай өтетіндігін айтып, менің тойға қандай сыйлық жəне қандай көлемде қаржы əкелетінімнің тізімін айтып, жүйкемді жұқартты. Қыз беріп отырған адамның ыңғайына иілудің орнына, құдды мен қыз алып жатқандай, тізімнің үстіне тізім қосып қоймады, тегі. Ақыры шыдамаған мен оған: «Қызым күйеуге шықпай қалса да, мен саған қызымды бермеймін. Мына айтып отырғаның не?» деп қалай дауыс көтергенімді білмей қалдым. Сөйтіп, құдағи өкпесін басып, еліне қайтты. Менің бұл қылығыма қызым да ашуланды. Қызыма: «Өзің көрмеймісің, адамгершіліктен ада біреу ғой», деп те кейідім. Бұл оқиғадан кейін Мақсат (күйеужігіт) үйге келіп, анасы үшін қайта-қайта кешірім сұраумен болды. Бір жағынан Мақсат, бір жағынан қызым қоймаған соң ақыры екеуінің қосылуына өз рұқсатымды бердім. Осылайша, екеуі тойсыз қосылды. «Өз ішімнен шыққан шұбар жылан» емес пе, екеуіне жалға үй алып бердім. Қызымның тойына деп жинаған қаржым мен алдын ала алып қойған жасауымды, жиһаздарымды да апарып бердім. Екеуі əрі қарай жарасып кетсе маған

одан басқа қандай бақыт керек деп ойладым. Бірақ екіүш ай өтпей жатып олардың сөзге келіп қалулары жиілей берді. Басында отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой деп ойлайтынмын. Күйеубаланың анасы маған деген өкпесін қызымнан алуын қоймапты, айдалада тұрып жатса да араға түсумен болыпты. Ақыры екеуі ажырасып тынды. Менің басқа амалым жоқ қой, қызымды қайта қабылдадым. Бұл оқиғаның өткеніне де үш жылдың жүзі болып қалды. Осы үш жылдан бері жан жарам жазылмай келеді. Өкінумен келемін. Бəрінен жаманы – күнде қызымның мені кінəлаған сөздерін есту. Мені бүгінгі таңда қинайтыны – қызымның мені өзіне жау санап, адам құрлы көрмейтіні. «Қызым жасың болса отыздан асып барады. Тұрмыс құрудың қамын ойласаңшы» десем маған: «Сен маған тұрмыс құру туралы аузыңды ашушы болма. Кезінде менің тағдырымды бүлдірген сен емес пе едің? Енді тағдырыма араласушы болма», деп жауап қатады», – деп сөзін аяқтай бергенінде бағанағы терезе қайта ашылып əлгі қыз: «Мына телефонға дамыл болмады ғой. Адамға ұйқы бермеді. Сені сұрайды да жатады», деп өктем дауыспен айқайлады. Жамал апа орнынан тұрып, отырған бөстегін қағып бола беріп: «Балам-ай, осы күйікпен қашанға дейін өмір сүрерімді білмеймін. Қызының тағдырын бүлдірген ана атанып жер басып жүре алмаспын», – деді де үйге қарай аяңдай бастады. Жамал апаның артынан қуып жетіп: «Сіз бұған кінəлі емессіз. Олай ойлауыңыз қате» дегенімше, болған жоқ, үшінші қабаттағы пəтердің есігі ашылып, «өмірін бүлдірген шешесінің» қолына қызы телефонды ұстата салды да, теріс бұрылды. Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ, журналист.

АСТАНА.


12

24 қыркүйек

www.egemen.kz

2014 жыл

 Жағымды жаңалық

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына 2 қосымша 1-нысан Ұйым атауы: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қайта құру туралы мəлімет Ұйым қызметінің түрі: біліктілікті арттыру Ұйымдық-құқықтық нысаны: акционерлік қоғам Есептілік нысаны: шоғырландырылған Қызметкерлердің орташа жылдық саны: 1792 Кəсіпкерлік субъектісі Заңды мекенжайы (ұйымның): Қазақстан Республикасы, республикалық маңызды қала: Алматы, Амангелді к-сі, № 61-үй

Жағымды жаңалық

2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс Активтер

Жылына 1700 тонна сїт ґндіреді

Зырян ауданыныѕ Шірікќайыѕ ауылында жаѕа сауын кешені ашылды Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Зырян ауданының Шірікқайың ауылында заманауи сауын кешені ашылды. Жоба құны – 128 млн. теңге. Аталған кешен «ҚазАгроҚаржы» АҚ жəне «Ертіс» ƏКК ҰК» АҚ арқылы 121,4 млн. теңгеге қаржыландырылды. Былтыр 300 бас сиыр мен 130 бас бұзауға арналған қора толығымен жабдықталса, биыл 300 бас сиырға

арналған қора салыныпты. Сондайақ, сиыр саууға арналған ғимараттың құрылысы жүргізіліп, сағатына 120 сиырды саууға қабілеті бар «Елочка» сауу аппараты орнатылды. Петр Дяглев жетекшілік ететін «Средигорненский» ЖШС егістік жəне мал шаруашылығымен қатар шұғылданады. 8 мың гектар егістік алқабы бар шаруашылық аудандағы ірі жұмыс берушілердің бірі. Мұнда қазіргі кезде 350 адам еңбек етуде. – Кеңестік кезеңде

«Средигорное» совхозында 6 жарым мыңнан астам мүйізді ірі қара, оның ішінде 1800 сиыр болды. Жекешелендіруден кейін ауыл тұрғындары өзге жерлерге қоныс аударып, мал басы 3 мыңға дейін кеміді. Біз сол кездегі малдың жартысын сақтап қалдық. Мемлекеттің қолдауымен шаруашылығымыз жыл өткен сайын дамып келеді, – деді П. Дяглев. Қайта жаңғыртудан өткен сиыр сауу кешенінде екі сауу аппараты

орналасқан. Жаңа құрылғы арқылы 32 сиырды бір мезетте саууға болады. Ал тəулігіне 600 сиырды сауады. Петр Федоровичтің айтуынша, 2014 жəне 2019 жылдарға арналған жобаның тиімділігі көп. Мəселен, жедел кіріс 94,336 млн. теңгеге жетсе, кешеннің құрылысы мен сатып алынған құрал-жабдықтар 4 жылда өз құнын ақтайды. 2015 жылдан бастап жылына 1700 тонна сүт өндіру қуатына көшу жоспарланып отыр. – Бұрын бізде сауыншылар

жетіспейтін. Жаңа сауу құрыл ғылары арқылы еңбек өнімділігі артып отыр, – деді шаруашылық жетекшісі. Кешенде сонымен бірге, малды азықтандыру жəне төлдету алаңдары бар. Сиыр сауу кешенімен танысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдауды тиімді пайдаланып, өндіріс көлемін арттыру керектігін жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы. ----------------------------------

Суреттерді түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

 Қылмыс

Бас мемлекеттік еѕбек инспекторы сотталды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жеңіл жолмен баю жолына түскендер ештеңеден де тайынар емес. Екінің бірінің қолы жете бермейтін лауазымды қызметке тұрып, астына сүліктей автокөлік мінсе де, өзгелерден анағұрлым жоғары еңбекақы алса да місе тұтпай, ашкөздікпен парақорлыққа баруда. «Ашыққаннан құныққан жаман» дегендей, арам ақшаға арбалап қолы жеткен сайын жемсаулары бүлкілдеп, тіпті, тойынар түрі жоқ. Алдарына ісі түсіп келгендерді «майшелпекке» айналдырып, қалтасын қағу түкке де тұрмайды оларға. Бірақ, «Көп асқанға, бір тосқан» демей ме, міне, соның кезі келгендей. Жақында ғана Ақтөбе қаласының №2

соты Марат Ғабидуллин мен Мықтыбай Жəмиевке қатысты қылмыстық іс қарады. Марат Ғабидуллин бас мемлекеттiк еңбек инспектор – «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің басшысы, мемлекеттiк атқарушы міндеттер орындауға уəкiлеттi лауазымды тұлға бола тұра адам айтса нанғысыз қылмыстарға барыпты. Ол үстіміздегі жылғы 7 ақпанда «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-нің ғимаратындағы қызметтік бөлмесінде «NSE consulting group» ЖШС директорының орынбасары А.Серкешбаевадан жалпы сомасы 10 мың теңге параны қолма-қол алған. Бұл пара оған пара берушінің жəне Қ.Жапаровтың пайдасы үшін, атап айтқанда, Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Қ. Жапаровтың атына 2014 жылғы 31 қаңтарда

еңбек қорғау бойынша оқыту курстарында оқытылғаны туралы №14-012 хаттамаға қол қойғаны жəне қысқа мерзімді еңбекті қорғау жөніндегі оқыту курстарында оқып, «Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғаудың өзекті мəселелері» курсының оқу бағдарламасын аяқтағаны туралы №198 сертификатты бергені үшін берілген екен. Алайда, Қ.Жапаровтың емтихан тапсырмақ түгі лі, аталған курстарға қатыспағаны анықталды. Араны ашылған парақор басшы бұған да тоқтамайды. «Дəніккен қарсақ құлағымен қазады» дегендей М.Ғабидуллин «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ жұмысшысы Д.Фишерді делдал ретінде пайдаланып, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ басшысы Р.Мұхамедғалиевтан 2 мың АҚШ доллары қаражатын бопсалау арқылы алғаны

да анықталды. Бұл қаражат сомасы өндірісте Ж.Орақовтың өліміне əкеліп соқтырған жазатайым оқиға бойынша қарайтын комиссияға арналды деп болжамдалған. Сондай-ақ, М.Ғабидуллин уəкілетті мемлекеттік қызметті атқарушы тұлға бола тұра «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ-нің мемлекеттік инспекторы Мықтыбай Жəмиевпен алдын ала келісіп, С.Елеусізовтің өліміне əкеліп соқтырған жазатайым оқиға бойынша жұмыс берушінің пайдасына оң шешім қабылдағаны үшін жалпы сомасы 3 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай пара алған. Сөйтіп, сот үкімімен М.Ғабидуллин кінəлі деп танылып, оны 8 жыл бас бостандығынан айыруға жəне мүлкін тəркілеуге шешім шығарылды. Сол сияқты М.Жамиев те тағылған айып бойынша кінəлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облысы.

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 9 қазанда 10 сағат 00 минутта Шевченко к-сі, 28 мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 525,0 ш.м. ғимаратты кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға 10 жыл мерзімге беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды Тендер мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Достық д-лы, 134. Тендер шарты: - ғимаратты ғылым жəне білім саласы бойынша мақсатты пайдалану; - ғылыми-техникалық талдауларды зерттеу жəне жүзеге асыруға қатысу; - ғылыми-инновациялық қызметті дамыту; - ғимаратты тиісті жағдайда ұстау. Тендер шартына сəйкес нысанды пайдалану бойынша ең тиімді бағдарлама ұсынған қатысушы тендер жеңімпазы болып танылады. Тендерге қатысу үшін кепілді жарна 4 337 000 теңгені құрайды. Кепілді жарна Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің депозиттік есеп-шотына төленеді: БСН-120340013492, ЖСК-KZ 250705012170180006, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, БСК ККМFKZ2A, мекеме коды-2170180, бенефициар коды11, (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Тендер өткізілгеннен кейін кепілді жарна тендер аяқталған күннен бастап он банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады, ал ақша тендер өткізуден кейін депозитке түскенде, онда оның түсу

күнінен бастап он банктік күн ішінде. Кепілді жарналар қатысушының деректемелері көрсетілуімен тендер қатысушысы берген кепілді жарнаны қайтару туралы өтініші негізінде қайтарылады. Кепілді жарналар тендер қатысушыларына олардың тендерге қатысуға бас тартуы жағдайында оны өткізуге дейін кемінде үш күн қалғанда қайтарылмайды. Заңды тұлғалар тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсыру қажет: 1) белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп жарияланған жағдайда, оның жазбаша ақпараттық хабарламада көрсетілген жəне тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді; 2) басқа құжаттардан бөлек желімделген конвертте тендерге байланысты құжаттаманы қоса бере отырып, жазбаша түрде тендер шарттары бойынша ұсыныстарды; 3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған жəне

мөр басылған (электронды цифрлық қолтаңба) анықтамасының түпнұсқасы. Егер əлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ, шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің əрқайсысынан анықтама ұсынылады; 4) Қазақстан Респуб ликасы ның заңнамасында міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебін; 5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куəландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; 6) жарғының нотариат куəландырылған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып, жарғы көшірмесін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік жəне орыс тілдерінде нотариат куəландырған аудармасымен ұсынады; 7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мен

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЛДАУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ПƏТЕРЛЕР АҚТӨБЕДЕ

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысының кіші бөлімінің 6-тармағы 3) тармақшасына сəйкес Ақтөбе қаласында «Юнис Сити» ТК-ден пəтерлерді сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізуді бастайтынын хабарлайды. Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пəтерлер үшін ай сайынғы төлемнің мөлшері 1 шаршы метр үшін 1289,41 теңге нақтыланған баға бойынша жүзеге асырылады. Пəтерлерді алу үшін өтінімдер www.fnsk.kz. веб-сайты арқылы басында Ақтөбе қаласында баспанасы жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартқысы келетін адамдардан қабылданады. Сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін объектілердің жалпы саны – 30 пəтер. «Юнис Сити» ТК Ақтөбе қаласының «Авиатор» ауданында Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үйде орналасқан, үйдің қаңқасы: құрама темірбетон, қабырғаларының материалы: кірпіш, қабаттар саны: 7 жəне 8 қабат. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пəтер алғысы келетін барлық адам www.fnsk.kz сайтына тіркелуі қажет. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін сайтқа тіркеліп қойған жөн. Сайтқа тіркелу үшін электрондық-сандық қолдың болуы қажет. Тіркелу жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтынан оқи аласыздар. Сатып алу құқығымен жалдау туралы өтінімдерді қабылдау басталатын күні мен уақыты: 2014 жылғы 20 қазан, сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 2014 жылғы 4 қараша, сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша). Өтінімдерді қабылдаудың белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар үшін сатып алу құқығымен жалдау арқылы пəтер алуға өтінімдер жіберу мүмкіндігі бір мезгілде ашылады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыт бойынша автоматты түрде қалыптасады. Бұл ретте өтінім белгілі бір пəтерлер түріне беріледі. Өтінімдер нақты берілгеннен кейін таңдап алынған пəтер түрін өзгертуге болмайды. Мүлікті ұстау шығыстары (коммуналдық жəне пайдалану қызметтері, күрделі жөндеу жинақталымдары, мүлікті сақтандыру, Жылжымайтын мүлік қорының мүлік салығын төлеумен байланысты шығыстарын өтеу) жалдау төлемінің құрамына кірмейді, оны Жалгер шартқа қол қойылған күннен бастап өзі төлейді. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидалары, Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын, коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тəртібі жəне Өтінім беру жүйесі жөніндегі келісім Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында орналастырылған. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үй мекенжайы бойынша орналасқан сатып алу құқығымен жалдау арқылы өткізілетін пəтерлерінің түрі бойынша тізімі № Пəтер түрі р/с 1

№6

Бөлмелер саны

Пəтер түрі бойынша ең үлкен ауданы, ш.м.

Пəтер түрі бойынша ең үлкен жалдау төлемі, теңге

Пəтерлердің жалпы саны

3 бөлмелі

73,9

95 287,4

30

Пəтерлердің жоспарымен жəне Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 155-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінің орналасқан жері туралы ақпаратпен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың www. fnsk.kz сайтынан таныса аласыздар. Анықтама телефоны: 8 (7172) 91-90-70, info@fnsk.kz

əлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (Қазақстан Рес публикасының заңнамасына сəйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған жəне мөрі (электронды цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұсқасын немесе электронды көшірмесін; 8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілді жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын; 9) тендерге əлеуетті қатысушы өкілінің, оның ішінде кепілді жарнаны енгізген өкілдің өкілеттіктерін куəландыратын құжатты (жеке куəлікті, паспортты (шетелдік азаматтар үшін) немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куəлікті ұсынған жағдайда жарамды); 10) əлеуетті қатысушының ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Жеке тұлғалар тендер қатысушысы ретінде тіркелу үшін жоғарыдағы 1), 2), 8), 10) тармақтарда көрсетіліп қарастырылған құжаттарды, сондай-ақ мыналарды тапсырады: 1) жеке куəліктің, паспорттың (шетелдік азаматтар үшін) немесе ішкі істер

органдары берген уақытша жеке куəліктің көшірмесін; 2) кəсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін (жеке кəсіпкер үшін) ұсынады. Өтінімдерді қабылдау жəне тендерге қатысуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар болған кезде жүргізіледі. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сəйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ заңды тұлға; 2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу жəне оны орындау жөніндегі тиісті міндеттемелерді орындамаған алдыңғы т ен дер л ер дің жең імп аз ы т ен дер г е қатысушы болып табылмайды. Тендер қатысушыларынан өтінімдер қабылдау жəне тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне тендер басталуға дейін жиырма төрт сағат қалғанда мына мекенжайда аяқталады: Алматы қ., Достық д-лы, 134, 211-бөлме. Тендер туралы қосымша ақпаратты 8 (727) 313-07-78, 313-07-79 телефондары арқылы білуге болады.

Хабарландыру Мұғалжар ауданы əкімдігі ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру бойынша конкурс өткізетінін хабарлайды.

Конкурсқа: №1 учаске Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің босалқы жер қорынан ұсынылады, жер учаскесінің көлемі 1500 га, түрі – жайылым, балл бонитеті 14, пайдалану құқығы мен уақыты – жалға (өтеулі), уақытша 49 жыл мерзімге. Жер учаскесін пайдаланудағы қойылатын талап: ауыл шаруашылығы мақсатында, мал жайылысы үшін. Жер учаскесі аудан орталығы Қандыағаш қаласынан 70 шақырым, Жұрын ауылынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. №2 учаске Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің босалқы жер қорынан ұсынылады, жер учаскесінің көлемі 246 га, түрі – тыңайған жер, балл бонитеті 22, пайдалану құқығы мен уақыты – жалға (өтеулі), уақытша 49 жыл мерзімге. Жер учаскесін пайдаланудағы қойылатын талап: ауыл шаруашылығы мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін. Жер учаскесі аудан орталығы Қандыағаш қаласынан 15 шақырым, Ақкемер ауылынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. №3 учаске Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің босалқы жер қорынан ұсынылады, жер учаскесінің көлемі 487 га, түрі – жайылым, балл бонитеті 17, пайдалану құқығы мен уақыты – жалға (өтеулі), уақытша 49 жыл мерзімге. Жер учаскесін пайдаланудағы қойылатын талап: ауыл шаруашылығы мақсатында, мал жайылысы үшін. Жер учаскесі аудан орталығы Қандыағаш қаласынан 73 шақырым, Талдысай ауылынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Конкурс 2014 жылдың 28 қазанында Мұғалжар ауданы əкімдігінің ғимаратында жергілікті уақытпен сағат 10.00-де өтеді. Конкурс туралы мəліметті 8-713-33-316-37 телефоны арқылы білуге болады.

«Қостанай облысы əкімдігінің табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ұзақ мерзімді орман пайдалану бойынша тендердің қорытындысын жəне оның жеңімпаздарын жариялайды: I. Жанама пайдалану үшін мемлекеттік орман қорының (МОҚ) учаскелері: №1 лот – тендерлік өтінім қабылданбады; №2 лот – «Утимисов Т.К.» ш/қ – Сарыкөл ауданы, Тимирязевка а. II. Сауықтыру, рекреациялық жəне спорттық мақсаттар үшін МОҚ учаскелері: №1 лот – тендерлік өтінім қабылданбады. III. Сауықтыру, рекреациялық, туристік жəне спорттық мақсаттар үшін МОҚ учаскелері: №1 лот – «Турист и К» ЖШС – Қостанай қ., Толстой к-сі, 27; №2 лот – «Қайрат-Тур» ЖШС – Алтынсарин ауданы, Щербаков а.; №3 лот – «Селена 2010» ЖШС, Алтынсарин ауданы, Щербаков а.

I. Қысқа мерзімді активтер: Ақша қаражаты жəне оның эквиваленттері Сату үшін қолда бар қаржы активтері Туынды қаржы құрал-саймандары Пайда жəне шығын арқылы шынайы құны бойынша ескерілетін қаржы активтері Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері Басқа қысқа мерзімді қаржы активтері Қысқа мерзімді сауда жəне басқа дебиторлық берешек Ағымдағы табыс салығы Запастар Басқа қысқа мерзімді активтер Қысқа мерзімді активтер жиыны (010-нан 019 аралығындағы жолдар сомасы) Сатуға арналған активтер (немесе шығып қалатын топтар) II. Ұзақ мерзімді активтер Сату үшін қолда бар қаржы активтері Туынды қаржы құрал-саймандары Пайда жəне шығын арқылы шынайы құны бойынша ескерілетін қаржы активтері Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері Басқа ұзақ мерзімді қаржы активтері Ұзақ мерзімді сауда жəне басқа дебиторлық берешек Үлестік қатысу əдісімен ескерілетін инвестициялар Инвестициялық мүлік Негізгі құралдар Биологиялық активтер Барлау жəне бағалау активтері Материалдық емес активтер Кейінге қалдырылған салық активтері Басқа ұзақ мерзімді активтер Ұзақ мерзімді активтер жиыны (110-нан 123 аралығындағы жолдар сомасы) Баланс (100 жол +101 жол + 200 жол) Міндеттеме мен капитал III. Қысқа мерзімді міндеттемелер Займдар Туынды қаржы құрал-саймандары Басқа қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері Қысқа мерзімді сауда жəне басқа кредиторлық берешек Қысқа мерзімді резервтер Табыс салығы бойынша ағымдағы салық міндеттемелері Қызметкерлерге сыйақы Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер Қысқа мерзімді міндеттемелер жиыны (210нан 217 аралығындағы жолдар сомасы) Сатуға арналған шығып қалатын топтардың міндеттемелері IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер Займдар Туынды қаржы құрал-саймандары Басқа ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелері Ұзақ мерзімді сауда жəне басқа кредиторлық берешек Ұзақ мерзімді резервтер Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиыны (310нан 316 аралығындағы жолдар сомасы) V. Капитал Жарғылық (акционерлік) капитал Эмиссиялық табыс Сатып алынған меншікті үлестік құралсаймандар Резервтер Бөлінбеген пайда (жабылмаған шығын) Бас ұйымның меншік иелеріне қатысты капитал жиыны (410-нан 414 аралығындағы жолдар сомасы) Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі Капиталдың барлығы (420 жол +/- 421 жол) Баланс (300 жол + 301 жол + 400 жол + 500 жол)

мың теңге Жол Есепті Есепті коды кезеңнің кезеңнің соңында басында 10 11 12 13

438 086

199 543 73

14 15 16

11 282

2 338 5 726

17 18 19 100

7 402 288 155 30 906 775 831

6 171 293 083 15 872 522 806

101 110 111 112 113 114 115

432 542

116 117 118 5 097 509 7 112 741 119 120 121 49 193 53 082 122 123 1 200 5 146 702 7 598 366 5 922 533 Жол Есепті коды кезеңнің соңында

8 121 172 Есепті кезеңнің басында

210 211 212 213

432

214 215

2 707

8 626 8 991

216 217 300

387 196 404 199 498

26 316 44 365

301 310 311 312 313 314 41 200 692 530 315 316 1 336 505 1 084 943 400 1 377 705 1 777 473 410 4 045 870 4 045 870 411 412 413 414 420

40 177 1 961 254 259 283 292 210

421 500 4 345 330 6 299 334 5 922 533 8 121 172

«Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрайымы

Ахметова Г.К.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ бас бухгалтері

Сарбасова М.М.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылығы мен ұжымы «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Саяхат Алпысұлы ҚОНАҚАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Жəмила Нүсіпжанқызы Нұрманбетоваға жұбайы Саяхат Алпысұлы ҚОНАҚАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру жəне сауықтыру орталығы Сара Алпысқызы Назарбаеваға, туған-туыстары мен жақындарына інілері Саяхат АЛПЫСҰЛЫНЫҢ мезгілсіз дүние салуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Саяхат Алпысұлы ҚОНАҚАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «KAZENERGY» қауымдастығының басшылығы мен ұжымы «Тау-Кен-Самұрық» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Саяхат Алпысұлы ҚОНАҚАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ұжымы институттың ғылыми қызметкері Анас Жолдасбекұлы Əбуевке əкесі Жолдасбек ƏБУҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ университетінің журналистика факультетін 1976 жылы бітірген түлектер замандастары Əтіркүл Тоқбергеноваға жəне курстастары Қуаныш Жиенбайға апайлары Жақсыгүлдің қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


24 қыркүйек 2014 жыл

Р

Е ҮРК

Санаулы саңлақтар санатында Бала кезімізден Бердібек шығармаларын оқып өстік. Ол кезде кітап оқу – дағды, дəстүр болғандықтан, жақсы көрген өлеңдерімізді жаттап алатынбыз да, жарыса кеп айтатынбыз. Əсіресе, ана тіліндегі мазмұны қызықты, ойы да тапқыр, тілі де жеңіл əрі көңілді күлкіге бөлейтін шағын өлеңдер де жетерлік еді. Соның бірі «Саққұлақ» деген өлеңі еді. Күшігім менің Саққұлақ Келеді əне шапқылап. Сақтығыңды көрейін, Қойшы атайға берейін. Колхоз малын күзетіс, Қасқыр келсе, ала түс. Қасқыр‒малдың қас жауы, Ауызыңды сала түс. Ақ балтаны ала сап, Мен де жетіп барайын. Сен екеуміз ортаға ап, Тарттыралық сазайын. Бұл ‒ сол кездегі өмір шындығы. Жалпы, Б.Соқпақбаев шығармалары оқыған əрбір балаға да, үлкенге де ой салып, жандүниесін жаңа бір ұмтылысқа əкетеді. Оқырманның қиялын ұштайды. Кейде ересек жандардың өзі де балалық шағына қайта оралады. Отанды сүю, ұлтын құрметтеу, ұлы тұлғалары мен данышпан ғұламаларын қастерлеу айрықша орын алады. Мысалға жүгінелік. «Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды, қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дəулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді ұмытып кетемін. Махамбет жырының əр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей боламын. О, қасиетінен айналайын, қазақ жері. Осының бəрі сенің топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе?!..» депті жазушы «Менің атым Қожа» повесінде. «Бердібек не нəрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы», дейді талантты замандасы Тахауи Ахтанов. Мұндай ақиқат сөзге не алып, не қоса аласың! Б.Соқпақбаевтың оқырманды жалықтырмай, қайта қызықтыра, құлшындыра түсетін бір ерекшелігі ‒ оқиғаны əсерлі де нанымды, нақты да дəл баяндауында. Сонан соң суреткердің тіл шеберлігіне ынтығасыз. Жүйткіген жорға тіл əңгіме-хикаяттарында бауырын еркін жазып, көсіле шабады. «Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға əбден болады. Оның туындыларының електен өткен дүниедей болып мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармаларының оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет-қадірі де осында!», дейді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

сыйлас досы Сафуан Шаймерденов. «...Ол суреттеліп отырған дəуірдің көріністерін шынайы шындықпен бейнелеп, оқушыға жаңа өмір ашады» дейді академик Серік Қирабаев. «Менің кітаптарымды оқуға шыдамы жеткен құрметті оқушыларым олар да біраз нəрсені ойында тұтса, екінші біреулерге сайрап айтып бермей, өзің оқы деп, кейбір нəрселерін жеткізе алмай тұрса, маған бұдан артық ештеңенің қажеті жоқ. Жазушылық мақсат тек осы ғана» депті өзі балалар баспасөзіне берген бір сұхбатында. «Менің атым Қожаны» қолдан-қолға көшіріп, тоздырып оқыған оқырмандарға фильмнің түсірілуі де тіпті үлкен тарту болғаны анық. Алатаудың тамаша табиғатының аясында əрі Нұрғиса Тілендиевтей біртуар талантты композитор əнімен əрлеген кино қаламгер абыройын аспанға бір-ақ шығарды. Əлемнің талай тілдеріне аударылған Қожаның қызықты хикаяттарын кітаптағыдай шынайы кино тілінде сөйлеткен А.Қарсақбаев шеберлігі шексіз еді. Повесть қандай құрметке кенелсе, фильм де Қазақ еліне зор мақтаныш əкелді. Иə, «Менің атым Қожа» соншалықты неге қызықты? Неге құнды? Мұнда тəлім-тəрбиемен қатар, ұлттық мəселе көтеріледі. Қожа қанша бұзақы, тентек болса да, ақылды. Ол өмірге ересектер көзімен қарайды. Өмірдегі, қоғамдағы қайшылықтарды өз сана-сезімінде саралауға бейім. Əділет, шыншылдық жолында ештеңеден аянбайды. Жанармен арадағы балаң сүйіспеншілік те соншалықты нанымды бейнеленеді. Қожа өзінің қателіктерін біледі, түсінеді. Одан қалайда қорытынды шығаруға тырысады. Жайлауға шығарып салып тұрғанында анасының «Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ» деген сөзінің көпке дейін құлағынан кетпеуі ойсыз емес екенін білдіреді. Мамасына: «Адам боламын, қалай да адам боламын» дейді. Сонымен бірге: «Жазушы болып шықпасам неғыл дейсің» деп жақсылық жолына ұмтылады. Сөйтіп, Қожа алдына асыл мақсат қояды. Б.Соқпақбаев кітабында бүгінгі уақытта жиі айтып жүрген өзін-өзі тану мəселесі көтерілген. Ол қандай бұзақылық, тəртіпсіздік жасаса да, мектептің, ата-ананың тəрбиесі аздай көрінеді. Қаламгер əркім өз ісіне жауапты дегенді меңзейді. Сана-сезімі, түйсігі болса, өзінің қателігін өзі түзеуі тиіс деген қорытындыға келеді. Қожаның өз мінезін түзеуге ықыласы нанымды берілген. Ол педсоветте, содан соң класс жиналысында тəртібі талқыланғаннан кейін Қожа: «Əрине, бəріне өзім айыптымын. Осының бəрі тəртіпсіздіктің, мінез-құлықтың нашарлығының кесапаты. Əйтпесе, ана Темір құсап өзімдіөзім үлгілі ұстап, тең жүріп, тең тұрсам,

мұндай жағдай болар ма еді. Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! Түзелуім керек». Бұл кейіпкер монологы ғана емес, Қожаның өзіне қойған қатаң талабы. Кешкі астан кейін оңаша бөлмеде «құпия» кеңес ашып, қаулы қабылдауы, онда тəртіп, сабақ мəселесін қарауы, алдына нақты міндеттер қоюы оның жаңа адам болуға талпынысын аңғартады. Қабылданған «қаулы» мақсатты ұмтылыс нышаны. Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар əдебиетіндегі жаңашыл жазушы. Оның жаңашылдығы Америка классигі Марк Твен үлгісіндегі шығарма жазуы емес. Осы бағытты негізге алып, коммунистік идеология жүйесінде ұлттық тəрбие мəселесін өткір қозғады. Шығармашылық шынайылығы сондай, оқырманға ой салды, толғантты. Қазақтың талантты ақыны, балалар поэзиясының классигі Қадыр Мырза‒ Əлі де мұны пайымды пікірімен растай түседі. «Бердібек Соқпақбаев кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай болмайсың, өзіңнің ең тату-тəтті дос, жолдастарыңды ұзақ сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес», дейді білімдар ақын. Б.Соқпақбаев көптеген классикалық шығармалардай кейіпкерлерін үнемі жағымсыз жақтарымен көрсете бермейді.

Оларды біртіндеп балалықтан арылтып, есейтеді, тірліктің кейбір қиын сəттерінде сынға салады, шыңдайды. Өмірден сабақ алғызады, жақсыдан тағылым түйдіреді. Өз қателіктерінен үйретеді. Қиқар қылығынан арылтады. Жазушы əр кейіпкерді өмір тартысына араластырады, мінез-құлқын, ерекшелігін ғана емес, арман, үміттерін де бейнелейді. Кейіпкердің сөйлеу тілі де, білімі, талабы, мінезі бəрі нанымды сомдалғаны сондай, ортамызда жүргендей сезінетінбіз. Суреткердің əр əңгімесі, повесі, романы қалай баурап алса, А.Қарсақбаев түсірген, жоғарыда айтқан «Менің атым Қожа» жəне «Балалық шаққа саяхат» фильмдері қанша көрсек те, жалықтырмайтын, қайта қызықтыратын құнды дүние. Тіпті кейбір тұстарындағы тұспалдап социализм заманын мінеп отырғанын енді ғана аңдағандаймыз. Мектеп күзетшісі Сəтбек пен арадағы диалогтар фильмде де қалжыңбас қарт пен қиқар баланың мінез-бітімін айнытпай бейнелеуімен ұтымды. Немесе жайлауға бара жатқанда Сұлтан екеуі Жұмағұл шопанның үйіне соққан тұстағы Дəулет пен Сұлтанның диалогтары қулық пен сұмдықтың, аңқаулық пен пəктіктің айқасы іспетті. А.Қарсақбаевтың мықтылығы осынау повесть оқиғаларының негізін сақтаумен бірге, кейіпкер сөздерінің тартымдылығына аса мəн бергендігі дер едік. Қазақ балалар əдебиетінің алыптарының бірі, халық жазушысы Мұзафар

Əлімбай талантты жазушының шығармашылығындағы батылдығы мен берік мақсаткерлігі туралы кезінде былай депті: «Саясаттан сая іздемей, ресми идеологияны құптамай өткен Бердібек шығармаларында өз тенденциясын берік ұстанып, сонысынан айнымай, ақиқатшылықты темірқазық тұтты». Шындықты бетке айту қашан да оңай болмаған. Əсіресе, мыңдаған, миллиондаған адамдарға таралатын кітаптарда ұлт, ел өмірінің ақиқатын баян дау, астарлап жеткізу ‒ нағыз қайсар, табанды, ұлтжанды таланттарға тəн ерекшелік. Б.Соқпақбаев – кеңестік үкімет билігіне іштей бойұсынбаған санаулы батыл қаламгерлердің бірі еді. «Бердібек ағай өзінің шығармалары арқылы өмірдің соншалықты ауыр екенін, өмірде əділеттің сақтала бермейтінін, содан адам жаны жараланатынын мейлінше шыншыл баяндап берген жазушы» дейді белгілі əдебиетші ғалым Қ.Ергөбек. «Ойға алып, санада сараптап, қағазға түсіретін қаншама шығармалары жазылмай қалды. Өзінің басына түскен көп жағдайда жазушы тағдыры – ауыр тағдыр. Ол өмір құбылыстарын, қаны сорғалаған қоғам қайғы-қасіреттерін шынайы көрсетуі керек. Ал оған сенің қарым-құлашың жеткенмен, анық та айқын бейнелеуге мүмкіндігің бар ма? Мəселен, мен мына романымда кейіпкерлерді қиялдан туғызғаным жоқ. Өмірдің өз өзегінен ойып алдым. Оным өзіме ұнағанымен, басқаларға, басшыларға ұнады ма? Қара бояуды қалың жаққансың, деп көп жерін, тұздығы татыды-ау деген нағыз дəмді жерлерін сызды да тастады. Қанша шырылдадым. Жүрегімді жұлғаннан кем əсер еткен жоқ. Басың байлаулы, аяқтарың тұсаулы болған соң, көретін күнің сол екен. Тарынбай қайтейін, торықпай қайтейін!» дейді «Ақжарқын да адал еді» атты естелігінде жазушының қаламдас, сыйлас, ақылшы ағасы Ə.Мейірбекұлы. Бұл шынайы сөз. Жазушының жан күйзелісін айтып отыр. Торығуын əрі сол кездегі қаламгер қауымның ортаға тартпауы көрнекті суреткердің томаға-тұйық тірлік кешуіне əкеп соққанын еске салады. Болашақ ұрпаққа əлі де айтары да, жазары да жетерлік жазушы өмірден, қоғамнан түңілген күйі ажал түнегіне сіңді де кетті. Алайда, артында оқырманы сүйіп оқыған ғаламат кітаптары қалды. Бектастай, Қожадай, Мұраттай қазақ көркем прозасындағы мəңгілік кейіпкерлері бар танымды, тағылымды туындыларымен ұрпақтар жүрегінде жаттала береді. Санаулы саңлақ суреткерлердің санатындағы Соқпақбаев – қазақ барда құрметтен кенде болмайтын жасампаз тұлға! Əнуар ТАРАҚОВ, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Мəдени жайылым маманы

1980 жылдың шілде айында Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты «Задария» асыл тұқымды қаракөл зауытының «Бақтыөлең» құмдауыт аймағына екі «Кукурузник» ұшағы айналаны шаңға көміп шайқалақтай қонған еді. Ішінен шығып жатқан адамдардың бет-əлпетінен алыстан келгендері бірден байқалады. Келген бойда қоршалған алаңда өсіп тұрған өсімдіктерге беттеді. Қаракөл қозының қара бұйра терісіндей дөңгелеген шашы мен күннің аптабынан сəл-пəл тершіген бетін бір сипап жіберген африкалық жас жігіт топтың алдында жүрген қазақ ғалымына жақындай түсіп, қойын дəптеріне жорғалатып жазып алып жатыр. Екінші бір қайыстай қара жігіт жайқала өскен сексеуілге жаңа көргендей тамсанып қарап қалған. Топтан бөлініп шеткеріректе құлпырып шыққан шөптің бір түрін алақанымен аялай сипап тұрып, қазақ ғалымын қол бұлғап шақырады. «Мен өмірбақи осы «боржовканы» өсіре алмай еңбегім еш болып еді, қазақтың жері қасиетті ме, əлде сенің сиқырың бар ма, ə, Сейфолла?!» деп аппақ костюмінің

омырауындағы Алтын Жұлдызы күнге шағылысқан Ресейлік ғалым апай. Сейфолла Əбдірайымов білімнің биікке көтеретінін, өзгелерден мəртебең асып тұратынын мектеп қабырғасында жүрген кезде-ақ сезінгенді. Институттағы пəндердің түгелдей дерлік орыс тілінде жүргізілгенін көрген намысқор жас көп сөздердің мəнісін білмесе де кітапта жазылған ережелер мен тұжырымдарды сөзбе-сөз жаттап алатын. Оқулық кітаптарды айдың жарығымен бір қайталап барып басын жастыққа қоятын. Міне, соның жемісін енді көрді. 1965 жылы Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты деген атағын Мəскеудегі ғылыми кеңестен бекітіп, мерейін өсірді. Елге, Қазақстанға оралды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне барды. Сала басшысы Əбдірахым Елеманов жылы қарсы алады. «Əзірше министрліктің ғылым жөніндегі Бас басқармасы бастығының орынбасары боласың», деп жатақханадан жай беріп, пəтердің кезегіне тұру қажеттігін айтады. Сөйтіп, мəселені бірден шешеді. Бір жарым жыл ішінде саланың беталысымен танысып, білікті мамандарымен араласып, бірқатар өзекті жұмыстарды оңтайлы шешуге атсалысады. Бұл жылдары өзгесін былай қойғанда Қазақстанда жоғары қарқынмен дамып келе жатқан қаракөл шаруашылығының жемшөп базасын шешу – ең бір өзекті мəселелердің бірі болатын. Ал, дамыған елдердің шөл жəне шөлейт аймақтарында мал шаруашылығын өркендетудің жаңа тəсілдері кеңінен қанат жайған шақта мəдени жайылымды қолға алу қажет болды. Ол үшін білімді де білікті маман əрі ғалым Сейфолла Əбдірайымовке Шымкент қаласында орналасқан Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу

институты «құда түсіп», жайылым жəне жемшөп базасы бөлімінің меңгерушісі қызметіне арнайы шақырылады. «Бұл – 1965 жылдың қыркүйек айы болатын. Бөлімде бар-жоғы екі-үш қызметкер. Оңтүстік өлкесінің шөл жəне шөлейт аймағының ұшы - қиыры жоқ құм дала. Бір сөзбен айтқанда жөн сұрайтын жан емге жоқ. Тəжірибе жүргізейін десем дайын тұрған стансаны қайдан табарсың? Яғни, істің бəрін білек түріп өзім бастауым керек екенін аңғардым да, тəуекел деп экспедиция ұйымдастырып, Бетпақдала, Мойынқұм даласын барлап, изен, теріскен шөптерінің тұқымын жаяулап жүріп жинап, Тассайдың төңірегіне егіп едім, алайда еңбегім еш болып, ештеме ала алмадым. Келесі жылы, тəуекел деп Бақтыөлеңнің құмына ектім. Өнім алдым, əйтеуір. Бұл өсімдіктер өміршең келеді. Бір өсіп кетсе болды 10-15 жыл бойы қаулап тұрады. Сөйтіп, алғашында 10, кейіннен 100 гектар алқапта изен, теріскен, сексеуіл, саған шөптері жайқалды. Ендігі мəселе, осынша жайылымды тиісті көлемде қоршау керек болды. Совхоз директоры жүзім егетін зауыттан темірбетон бағаналарын əкеліп, оны қазық етіп қадады. Өзім болсам Түркістан əскери округінен тікенек сым жеткізіп, алқапты қоршадық. Облыс басшыларының қолдауы арқасында бастаған ісіміз алға басты. Өзгесін айтпағанда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Шаян, Түркістан, Шəуілдір, Арыс, Шардара аудандарында 250 мың гектар жерде мəдени жайылым іске қосылып, қаракөл қой шаруашылығының саны мен сапасы артты» деп ойын аяқтады. Жайылым жəне жемшөп өндіру бөлімінің меңгерушісі С.Əбдірайымовтың методикалық жетекшілігімен алғашқы рет Қазақстанның оңтүстігі мен

оңтүстік-батыс өңірінің шөлді-шөлейтті айма ғында: изен, теріскен, шаған, күйреуік жəне сексеуіл тұқымдарын өндіру жылына 500 тоннаға дейін жетіп, екпе жайылымның өндірістік айналым аумағы 250 мың гектарға дейін өсті. Шөл жəне шөлейт жердегі жайылымдарды игеру тек қана біздің республикаға ғана емес, басқа да елдерден де қолдау тапты. Ресей Федерациясының Қалмақ жəне Волгоград облысында, Əзербайжанда, Қырғызстанда, Тəжікстанда, Түрікменстанда изен, теріскен екпе жайылымдары жасалынды. Осылайша, оның басшылығымен алғашқы рет изен, теріскен, шаған, сексеуіл, т.б. тұқым шаруашылығының ғылыми негізі қаланды. Сұрыптау əдісімен изеннің «Задариялық» жəне «Бақтыөлең», «Нұр», теріскеннің «Арыс», «Қызылқұм», күйреуіктің «Сəн» жəне сексеуілдің «Жансая» сорттары шығарылды. Қазір осы сұрыптау əдісі жусан, жүзгін, қараматау, эспарцет, таспа, өзге де мал азықтық өсімдіктерге қолданылып келеді. Ол көп жылдық зерттеулер нəтижесінде 1989 жылы Шөл институтында (Ашхабад қаласында) «Қазақстанда жайылымды тиімді пайдаланудың жəне жақсартудың теориялық жəне практикалық негіздері» тақырыбында докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғады. С.Əбдірайымов ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық гранттар мен жобалар бойынша жүргізді. Белгілі ғалым Қазақстанның аграрлық ғылымын халықаралық деңгейге жеткізу ісіне де өз үлесін қосып келеді. Оған оның Моңғолияда, Йеменде басылған елеулі еңбегі дəлел. Профессордың 300-ден аса ғылыми еңбегі, соның ішінде: «Оңтүстік

13

www.egemen.kz

Қазақстанның жайылымы» монографиясы ерекше маңызға ие. Бұл аталған еңбектің қаракөл шаруашылығына жəне Қазақстанның жайылымын түбегейлі жақсартуға орасан пайда тигізетін теориялық жəне практикалық маңызы зор. Оның жетекшілігімен мал азықтық өсімдіктердің 14 түріне авторлық куəлігі алынып: изеннің 3, теріскеннің 2, жүзгіннің 2, күйреуіктің 1, сексеуілдің 2, буассье шытыршығының 1, таспаның 1, қараматаудың 1, эспарцеттің 1 сорттары аудандастырылған. Ол 2003 жылы Ұлттық Ғылым академиясының академигі болып сайланды. «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы дəрежесіне ие болған. Өмірлік жолдасы Софья Сұлтанқызы филология ғылымдарының докторы, профессор болса, үлкен ұлы Жеңісбек Оңтүстік-Батыс мал жəне өсімдік ғылымизерттеу институтының бөлім меңгерушісі, ғылым докторы. Өзге балалары да өз орнын тапқан азаматтар. Ұлағатты ұстаздың жолын қуған талапты жастар аға жолын жалғастырып келеді. Оның жетекшілігімен Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тəжікстан мен Түрікменстанда 14 шəкірті кандидаттық жəне докторлық диссертация қорғады. Академик Сейфолла Əбдірайымұлы – жерге нəр берген, қалың елге əл берген, халқының белді де беделді азаматы. Отанымыздағы мəдени жайылымының көш басында тұрған маман ғалым. Оның ғылымдағы ізденісі, өмірде өз орнын берік тауып келеді. Қажы ҚОРҒАНҰЛЫ, журналист.

Ќала кїніндегі ќуаныш Өткен аптада өскемендіктер Қала күнін ерекше атап өтті. Биылғы Қала күні мерекелік іс-шараларымен ғана емес, əлеуметтік нысандардың ашылуымен де есте қалмақ. Атап айтқанда, бірқатар өскемендіктер бұл мерекеде баспаналы болды. Облыс орталығының күнбатысында бой көтеріп келе жатқан жаңа ауданда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде салынған 160 пəтерлі үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

– Елбасы Қазақстанның тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлуде. Бұл үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Осы арқылы біз жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алып отырмыз, – деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев. Облыс əкімінің айтуынша, өткен жылы 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілсе, бүгінде жаңа шағын ауданда 33 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Бұл ауданның келешегі зор болады деп күтілуде. Жаңа ауданда мектеп пен балабақша салынып, инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйге жас отбасылар, жетім балалар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері ие болды. Өңір тұрғындары үшін өте үлкен маңызға ие нысандардың бірі – облыстық офтальмологиялық орталық. Мемлекет-жеке меншік əріптестігі шеңберінде ашылған орталық визометрия, офтальметрия, тонометрия, офтальмоскопия, гониоскопия, эпителия жасушаларын санау, көздің тор қабығын компьютерлік томографиядан өткізу, көздің мүйізгек қабығына керототопография жасау сынды күрделі ем-шаралар жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Халықаралық жəне отандық денсаулық сақтау талаптарына сай заманауи медициналық мекемеде офтальмологиялық тұрғыда мамандандырылған, емдеудиагностикалық жəне хирургиялық қызмет көрсетіледі. Аталған ғимаратқа 450 миллион теңге инвестиция салынған болатын. Тек құрал-жабдықтарды сатып алудың өзіне 142 миллион теңге жұмсалыпты. Орталықтың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Үш қабаттан тұратын ғимаратта 63 бөлме бар. Офтальмологиялық орталықтың негізгі ерекшелігі суқараңғы науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеп, ота жасай алатындығында деуге болады. Мұнда облыста тұңғыш рет көз жанарына лазерлік ем мен антикоагуляциялық ота жасалады. Сондай-ақ, Өскемен қаласының жас тұрғындарына арналған «Балалар жанарын қорғау» кабинеті ашылады. Сондай-ақ, мереке аясында «Шуақ» балабақшасы салтанатты түрде тұсауын кесті. «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшада бүлдіршіндер қазақ жəне орыс тілдерінде тəрбиеленіп, оқытылады. Мектепке дейінгі білім мекемесі 2 жастан 5 жасқа дейінгі 420 бүлдіршінді қамти алады. ӨСКЕМЕН.

Сора ґсіргенніѕ соры ќайнайды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Мұнайлы өңір орталығына таяу орналасқан шаруа қожалығының аумағынан заңсыз өсірілген 91 түп сора шөбі табылды. Мұны Атырау облыстық ішкі істер депар таментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анық тады. Бұған қоса осындағы сарайдың ішінен салмағы 3 кило 200 грамм болатын кепкен сора тағы шықты. Сөйтіп, шаруа қожалығына тиесілі жер аумағын жалға алған атыраулық 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қазір уақытша оқшаулағышқа қамалды. Бұл азаматқа қатысты заңсыз есірткі шөптерін өсіргені жəне заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Атырау облысы.


14

www.egemen.kz

РЫҒЫ А Ж Р А Д З ЖҰЛДЫ болдым. Менің жетістіктеріме Галина Иосифовнаның өзі таңғалатын еді». Ал Бибігүлдің қуанышын, əншіліктің əліппесін меңгеріп алғанын анасы да, бауырлары да, жанындағы адамдар да түсінбейді. «Адам əн айтуға да оқи ма екен? Бізде əн шырқамайтын адам жоқ қой, жұмыс істеу керек, əн салу да жұмыс па екен?!» деп ренжиді. Кейін Г.И.Серебрякова өзінің өмірбаяндық кітабында Бибігүл Төлегенованы былайша еске алған екен: «Алғашқы дыбыстардан бастап өзіне тартып алды. Дауысы реттелмегендіктен де сенімсіздікпен қысылып шықты. Оның тембрінің ғасырдағы өте үздік колотуралық сопраномен кездейсоқ ұқсастығы мені таң-тамаша қалдырды. 1931 жылы Лондондағы «АльбертХоллда» қайталанбас Галли Курчиді тыңдаған едім. Міне, шалғай қиырдағы Семейде əлі əн айтуға ешқашан үйренбеген жас əншінің дауысында сол бір күн сəулесіндей нəзік, бақбақ гүлдің ұлпаларындай жұмсақ ноталар құйқылжыған болатын». Өмірінде көп қуғын-сүргін көрген, «халық жауы» атанып, Қазақстанға жер аударылған

бүкіл отбасымызбен сұп-суық бөлмеде бүрісіп отырамыз. Пеш үстінде тостақта сүйек-саяқ қайнап жатыр. Ал мен – болашақ Виолетта – орындыққа шығып алып, қолымдағы жөкені арлы-берлі ойқастатып, ағызып-тамызып үй əктеп жүрмін. Түсі əдемірек болуы үшін əкке қорғасын қосамыз, сосын өзіміз сонымен демаламыз. Сұмдық! Надежда Николаевна бөлмеге кіріп келіп, сілейіп қалды. Мен аяқастынан əбігерге түсіп, отырыңыз деп аяғы ақсақ орындықты ала жүгірдім. Ал менің қарт енемнің кім келгенінде шаруасы да жоқ, тіпті орнынан қозғалмайды да. Надежда Николаевна ол кісіге жақындап келіп: «Ұят емес пе?! Қайда салып қойғансыз? Таланттың тамырына балта шабасыз ғой!» деді. Ана кісі ештеңе де түсінген жоқ. Надежда Николаевнаның көздері жасқа шыланып, қолын бір сілтеді де, кете берді. Алайда, көптеген жылдар өткен соң, мен пəтер алғанда үйді көруге келді. Баяғы барак есіне түсіп, есіктен кіре салысымен жылап жіберді. Қабырғаны алақанымен сипалап тұрып:

24 қыркүйек 2014 жыл Бибігүл Ахметқызының «Риголетта» операсындағы жұмысына былайша жоғары баға берген екен: «Бибігүл сомдаған образ бүкіл спектакль барысында жетіле түседі. Ол бейтаныс жас жігітке бір көргеннен ғашық болған аңғал қыздың махаббатқа бүтіндей берілетін құмар əйелге айналғанын көрсете біледі... Тартыншақ қыз біздің көз алдымызда өзінің ар-намысын қорғай алатын батыл əйелге айналады. Джильданы Бибігүлден, Бибігүлді Джильдадан айыру қиын. Бибігүл Джильданың ариясын өте жеңіл жəне таңғажайып таза орындайды. Ол арияны халық əндері сияқты шын жүрегімен шырқайды. Оның өнері өте шыншыл, табиғатқа өте жақын». Дегенмен, атағы күн сайын аспандап келе жатқан жас əнші бір күні қызғаныштың құрсауында қалады. Бұрынғы радионың əншісі опера театрында не істейді, оған бұл жер қол емес деген сылтау-себептер оны теа-

л ў б л ў Б (Ирина Серкебаеваныѕ «Бибігїл Тґлегенова: сїйіспеншілік, їміт жəне сенім» атты кітабы туралы толєау)

Жақында Астанаға келген Бибігүл Төлегенова апаймен кездесіп, əңгімелескен едім. Бибігүл апай əйгілі əнші, қазақ халқының бұлбұлы бола тұра табиғатынан қарапайым адам. Алғаш рет Бибігүл апайға сирек дауысты əнші Ерік Құрманғалиев туралы жазып жүргенімді айтқанымда, маған ықыластана зер салып қарады да, «Атың Маржан ба, есімде жақсы сақталып қалатын болды ғой, менің Атырауда Маржан Төреханова деген əнші шəкіртім бар, сонда сен атыраулық ақын Маржансың» деген еді. Телефон соққанда: «Бұл ақын Маржан» десем, апай мəз болып күліп алады. Бибігүл апай туралы тұңғыш өмірбаяндық кітап жарық көріпті. Бұл кітапты Ермек Серкебаевтың қызы Ирина Серкебаева орыс тілінде жазған екен. Енді қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартып отыр. Екі кітап та «Атамұра» баспасынан шыққан. Бибігүл апай кітабын қолтаңба жазып сыйлады. Қызыққаным соншалық, кітапты бас алмай оқып шықтым. Əнші апамыздың өз аузымен айтылған өмірі мен өнері қатар өрілген кітап ел қызыға оқитын көркем дүние. Маржан ЕРШУ,

ақын, филология ғылымдарының кандидаты.

Ұлы əншінің балалығы ел басынан кешкен қиыншылықпен, жоқшылықпен басталған. Бибігүл апай былайша еске алады: «1937. Əкемді ұстап кеткен кез соншалық қиын болды. Анамның сол ауыртпалықты қалай көтеріп, отбасын, бізді қалай сақтап қалғанына таңғаламын. Көмек қолын созатын жан адамы жоқ, шиеттей жас балалармен қалған балғын əйелді көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Шешемнің əкемнен қалған сеңсең тонды тілгілеп, біздерге қысқы аяқ киім тігіп беретіні есімде қалыпты. Кəдімгі тері байпақтар. Олардың өзі бір-екі аптадан аспай тасталқаны шығатын, əп-сəтте қажалып, қақырап қалатын. Соған қарамастан тонды қиқалап қайта тігетін, тағы да кескілеп, тағы тігетін. Осындай аштық пен қиын-қыстау заманнан аманесен малтығып шығуымыздың өзі бір таңғажайып дүние. Өз басым тақыр еденде қаз-қатар тізіліп, бір көрпенің астында ұйықтау, бірүйлі жанның қырғын тигендей қызылшамен бір сəтте ауыруы, түскі асыңа бір тілім нанды талғажу ету деген сияқтылардың барлығын солай болуы керек деп қабылдайтынмын. Бірде қыстың қақаған суығында шешем екеуміздің біреудің кірін жуып-шайқағанымыз есімде. Кір жуатын машина, су құбыры деген атымен жоқ, барлығы өзен суында қолмен істеледі. Анамның қолдары қызарып емес, көгеріп кеткеніне қарамастан жұмысын тоқтатпады. Ол күндердің қуанышы аз болатын. «халық жауының» қызы болу-оңай ауыртпашылық емес, ол біздің бəрімізге – отбасымызға шарпуын тигізді». Осы жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес. Сондай қиыншылықты қайшылыққа толы өмірдің салмағын нəзік иығымен көтеріп, он төрт жасар қыз – болашақтың ұлы əншісі алға жүріп келеді. Алғашқы еңбек жолын киномеханиктің көмекшісі болудан

бастаған қыз Семей консерві цехының жұмысшысы боп еңбектегі қадамын жалғастырып жүргенде, тағдырдың айдауымен Семейге «халық жауы» боп жер аударылған жазушы əрі кəсіби əнші Г.И.Серебряковамен кездеседі. Көркемөнерпаздар тобында жарқырап көзге түсіп жүрген жас талантты Серебрякованың қырағы көзі шалады. «Қызым, сен консерваторияда оқуға тиіссің, сенің дарының ерекше» деп ықыластана үн қатқан Галина Серебрякованың сөзіне балаң қыз «Маған онда оқудың қандай қажеттілігі бар, онсыз да консерві цехының желісінде жұмыс істеп жүр емеспін бе» деп жауап қатқан екен. Галина кешкісін жұмыстан соң Бибігүлді үйіне шақырып, əн өнеріне үйретеді. Ол туралы əнші былай деп еске алады: «Галина Иосифовна ұлы əншілер, əр алуан мектептер туралы əңгімелейтін. Маған өнердің қандай да жақсы жақтарын ұтымды үйретіп,

көркем мəнерге қалай жақындауға тəрбиеледі. Біз көркем мақам, дұрыс сөйлей білу, артикуляциямен айналысып, дем алу мен дыбысты дұрыс ала білуге үйрендік, ол кісі мені əр алуан техникалық нəзіктік пен əн айтудың шеберлігіне баулыды. Бар болғаны үш ай аралығында «Риголетта» операсындағы Джильданың ариясын, Штраустың «Көктемгі дауыстар», С.Туликовтың «Қуаныш вальсін», тағы да толып жатқан əндерді жатқа айтатын

талантты əрі мықты орыс əйелі Галина Серебрякова осылайша Бибігүлді үлкен жолдың бастауына алып келген. Алматыға консерваторияға келіп оқуға түседі. Бірақ бірден жолы бола кетпеген. Алғашқы сапарында, тамағына салқын тигізіп, еліне кері қайтқан жас əнші екінші келген сапарында қайрақтай қайратпен келеді. Оның бар арманы – əн айту, əйгілі əнші болу еді. Екінші курста жастық жалынмен тұрмыс құрған əншінің жолы күрделене түседі. Үйішіндегі жəне сабақтағы қиындықтар, тұрмыс тауқыметі жас əншінің жанын жүдетеді. Оған отбасындағы адамдардың бабын табу, қазақы тəртіптəрбиемен күту қиынға түссе де, ол бəріне балалары үшін төзеді. Сол кезде дауысынан да айырылып қалады. Сондай кезде оның шын жанашыр ұстазы Надежда Николаевна Самышина

əншінің бақытына орай оның болашағын қорғап қалады. Біраз күн тамағына күш түсіртпей вокалдық диетаға отырғызып қояды. Бірақ теориялық дəрістерін үзбейді. Бір күні сабаққа келмей қалған шəкіртін іздеп үйіне бас сұққан ұстазы оның тірлігіне қайран қалады. Бұл жайында Бибігүл апай былай деп еске алған: «Ол кісінің Фурманов көшесіндегі қирайын деп тұрған барактағы менің үйіме келгенін жиі еске аламын. Жарық жоқ, су жоқ, төбенің бəрі шұрқ тесік,

«Міне, қызым, алтыным менің, енді сенің адам сияқты өмір сүруге қолың жетті» деді. Осы бір детальдар өткен кезеңдердің өмір шындығын паш етіп тұрғандай. Бибігүл Ахметқызының еңбекқорлығында шек жоқ, сірə. Адам таңғалатын оқиғаның бірін айтайын. Оған 1954 жылы Абай атындағы опера жəне балет театрына жұмысқа орналасқанда Вердидің «Риголетта» операсына дайындық туралы айтылады. Бибігүл партитураны алып, күні-түні дайындыққа кірісіп кетеді. Ол операдағы өзінің рөлін ғана емес, барлық кейіпкердің айтатын сөзін жаттап алады. Театрға дайындыққа келгенде бүкіл операны орындай жөнеледі. Тоқтамайды. Кейіпкердің бəрі бір өзі болып əндете жөнеледі. Герцогтенор, Риголетто-баритон, Джованнамеццо-сопрано... Дирижерден бастап, көргендердің бəрі күлкіден құлап жатады. Бибігүл образға кіріп кеткені сондай ешкімді аңғармайды. Бар ойы – əйтеуір тəуір аяқтау. Күлкісін əзер тыйып, көзінен аққан жасын сүрткен КСРО халық əртісі, өте тəжірибелі дирижер əйгілі Зак сонда жас əншіге: «Қызым менің, жарқыным, сен Джильданың партиясын ғана айтуың керек еді! Жарайды, ештеңе етпес, есесіне сен материалды толық меңгеріпсің, ертең саған оңай болады», депті. Ал кейін опера сахнаға шыққаннан кейін Ғазиза Жұбанова

трдан ығыстырып шығарады. Ол жағаға шыққан балық болды енді деп мысқылдаушылар мен күндеушілер қатары да көбейе түседі. Сөйтіп, Бибігүл Төлегенова филармониядан, одан кейін Құрманғазы оркестрінен бір-ақ шығады. Айлап дала мен қала кезіп, елдің сан қиырын шарлап кетеді. Микрофон қазақ даласына жетпісінші жылдары ғана жетті. Ол кезге дейін Бибігүл де техниканың көмегінсіз, яғни, микрофонсыз əн салды даланы, қыратты, тауларды жаңғыртып. Бибігүлдің əні желдің гуілімен, жаңбыр даусымен, найзағай жарқылымен жержаһанға тарап жатты. Ол қай жерде концерт қоймасын адал еңбек етті. Халық алдында таңғажайып дауысымен қоса, ол қанына сіңген қарапайымдылығымен шынымен «жұмысшы таптың өкілі» екенін танытты. Сахнаның киесі оны көтерді. «Халық жауының» қызы деген атақ оған қара күйедей жабысса да, бірбеткей қайсар мінезі мен өнерге деген адалдық оны биік-биік баспалдақтарға алып шықты. Сансыз, шаршататын көп гастрольдер. Бармауға, бас тартуға болмайтын. Ол кезде өнер ұжымдарының жылдық, айлық көрсеткіш үшін жержерде концерт беру жөніндегі жоспарын орындамау, гастрольден қалу Кеңес Одағының саясатына қарсы келгенмен пара-пар болған еді. Жол үстінде, автобуста, пойызда, ұшақтарда сан түрлі ауа райының əсерінен суық алғызу, əлсіреу салдарынан əнші көп зардап шекті. Температурасы көтеріліп, бронхит, жөтел қысып, қатты ауырып тұрған тұстарда да бар күшін жинап, сахнаға шықты. Əншінің өміріндегі қиын жағдай – афишаға аты жазылып қойылған соң, ауырып тұрса да, амалсыздықтан сахнаға шығып əнін айтып, сахнадан шыға бере əлсірей құлап, ауруханаға, реанимацияға ұшақпен алып кеткен кездерді де бастан кешті. Содан айлап, апталап ауруханада жатқан кездері болды. Сəтсіз құрылған отбасындағы кикілжіңдер де, өнеріне табынушылар да оның жанын шаршатты, қажытты. Ол жеке өмірінде махаббаттан емес, махаббаттың машақатынан көп азап шекті. Ол биік сезімдерін əнмен ғана əлдилеуді мақсат тұтты. Концерттер, сахналық қойылымдар, гастрольдер, репетициялар, Жоғарғы Кеңестің депутаты деген партиялық үлкен міндеттер

бірімен бірі алмасып, уақыт өтіп жатты. Уақытпен бірге Бибігүл Төлегенова да өсті, өркейді. Ол қазақ операсында Күлəш Байсейітовадан кейін «Қыз Жібекті», өзінің «Қыз Жібегін» алып келді. Бұл – Бибігүлдің тынымсыз ізденісінен туған үлкен жаңалық еді. «Қыз Жібек» операсындағы Жібектің «Гəккуі» туралы Бибігүл Төлегенова кітапта былай дейді: «Күлəштан кейін Қыз Жібекті сомдау оңай болған жоқ. Роза Жаманова да, Шабал Бейсекова да, Майра Айманова да орындап, образды сомдауда əрқайсысы өздерінше шешім қабылдады. Бірақ солардың барлығы да Күлəштің мəнерін жеткізіп, соны сақтауға тырысты. Ал мен бұл əнді орындағанда дауысқа халықтық нақыш беру үшін академизмнің кейбір үлестерінен бас тарттым. Менің ойымша, бұл əнді жылырақ, өзінің бастапқы қалпына жақындата түсетін тəрізді. Премьера өткен күні қатты толқып, бөлмеде ерсілі-қарсылы жүріп, əжептəуір абыржыдым. Спектакльден кейін Роза Жаманова келді. Мені бетімнен сүйіп құшақтады да: «Болды, Бибка, енді мен сабама түстім жəне «Қыз Жібекті» бұдан былай орындамаймын!» деді. Роза өз жүрегіне ең жақын Жібегін сенімді қолға тапсырғанына риза болғандай еді. Символикалық мəнде, əрине». Талантты таланттың түсініп, қолдағаны қандай ғанибет десеңізші! Роза Жаманова да жаны таза, парасатты талант еді. Бибігүл Төлегенова опера теа трына да қайта оралады араға біршама жылдар салып. Ол жер шарының жартысынан астам елінде, түрлі-түрлі мемлекеттерде болып, концерт берді. Сол барған елдерінің тілінде, сол халықтың əндерін нақышына келтіре шырқады. «Бұлбұл» əнінің құдіретінен болар, халық ішінде əншінің өзі де «Бұлбұл» атанып кетті. Тіпті, мынадай қызық жағдай болған екен. «Америкада концертіміз басталды. Мен «Бұлбұл», «Гауһартас», Линданың каватинасын орындадым. Біраздан кейін менен «Сіз бір жеріңізге магнитофон тығып алған жоқсыз ба?» деп сұрайды. Мен «Жоқ, əрине» деп күлдім. Жапонияға барғанда, Токионың мэрі бізді қабылдап жатқан. Біз кішкене залда сахнасыз, адамдардың алдында тұрып əн салдық. Бір уақытта мэр орнынан тұрып, менің жаныма келіп мұқият тыңдап орнына кетті. Əн айтып болған соң, «Сіздің жағаңыздың астында бұлбұл тығылып тұрған жоқ па?» деп сұрады. Мен жағамды көтеріп: «Жоқ! Тығылып тұрған жоқ» дедім». Үндістанға барғанда, қонақүйде ұйықтап жатқан əнші терезе түбінде шулаған дауыстардан шошып оянады. Таңертеңгі шақ. Желеңін жамыла сала, не боп қалды деп балконға шықса, «Бибігүл! Əн сал! Бибігүл! Əн сал!» деп айғай сап тұрған қаумалаған халықты көреді. Əнші бəлсініп жатпай, көптің сұрауына орай, балконда тұрып, «Гауһартасты» əуелетіп шырқай жөнеледі. Қазақтың əнімен үнді жерінде жүректердің қылын тербей, аспандаған шағы еді бұл. Таңғажайып əнші даусымен миллиондаған адамдардың, бірнеше ұрпақтың сүйіктісіне айналған адамның арманы бар ма?! Бар екен. Ол Италияға оқуға барғысы келеді. Сол кездегі Одақтағы мəдениет министрі Екатерина Алексеевна Фурцевадан Италияға білімін жетілдіру үшін оқуға жіберуін сұрайды. Министр ханым «Төлегенова КСРО халық əртісі емес пе?! Салған əнін салып жүре берсін» деп шорт кескен. Алғашқы ұстазы Г.И.Серебрякова итальяндық маэстролардан сабақ алған. Екінші ұстазы Н.Н.Самышина Сперанскийден тəлім алған. Ол да Италияда оқыған. Г.И.Серебрякова кəсіби əнші болса да, елшінің əйелі болғандықтан сахнада əн айта алмаған. Ол айдауда, Семейде жүргенде жаралы жанын жұбату үшін үйінде ғана əн айтқан екен. Оның əн салуындағы итальяндық сарын Бибігүл Төлегенованы қатты қызықтырған екен. «Адам əртіс болса, тұла бойы тұтас көркем болуы керек» дейді əйгілі əнші. Кітапты оқи отырып, тұла бойы тұтас көр кемдік Бибігүл Ахметқызының бойынан табылатына көз жеткізгендей боласыз. «Əрбір əншінің əн айтуға дайындалуда жəне жаттығуда өз мəнері, өз жұмыс істеу тəсілі, өзінің жаттығу тəсілі бар. Бірақ бəріне ортақ нəрсе – олар жұмыс істеуі керек. Үнемі жаттықпасаң əншілік те жоқ. Мен үйде жұмыс істегенде, мəтіндермен, артикуляциямен, интонациямен, дұрыс демалумен шұғылданамын. Бір əнді əр түрлі мəнерде айтып көремін. Əннің көңіл күйін, əннің акценттерін, дыбыс үзілістерін өзгертемін», депті кітапта Бибігүл Төлегенова. Бұл – өнерге жан-тəнімен берілген, əнсіз өмір сүре алмайтын ұлы жүректің сөзі. Əні өзіне, өзі əнге айналған қазақтың алтын бұлбұлы – құрметті Бибігүл Ахметқызы 85 жасқа аяқ басқалы отыр. Тойыңыз құтты болсын, Бибігүл апа!


24 қыркүйек 2014 жыл Ал ендеше, бұған не дейсіз?! Алақандай ауылдың кəрі-жасы азды-көпті абырой-беделімізге нұқсан келтірді-ау, бұл қызыл көзден қалай жəне қайтіп құтыламыз, не істейміз, айдалада жападан-жалғыз жынданып киік атқанда жазықсыз жануардың нақақтан төгілген қаны мен обал-сауабы жауырынына неге оқ боп қадалмайды, сөйтіп неге мұрттай ұшырмайды деп Сүгірбекті сырттай «ірепсойып», ағаш атқа теріс мінгізіп, «қарғап-сілеп» жүргенде... ойламаған тұстан екі «Джиптің» төбеден сау ете түскені. Əрине, асай-мүсейлерін асынып, жеті қараңғы түнде де жан-жақтан шамдарын жарқыратып жұмыстарын жалғастыра беретін бұл «телевизонщиктердің» орталықтың арнайы тапсырмасымен Сүгірбек жайлы деректі фильм түсіргелі келгендерін кім білген. Білсе бұлар да бір қыңыраюға қыңыраяр еді ғой. Немене, «шектен шыққан браконьер», бəрінен бұрын ақылға көнбей «өз бетімен кеткен» Сүгірбектен басқа фильмге түсетін жөні түзу адам құрып қалып па?! Түкпірдегі ауыл үшін бұл тақырып ызбай жара. Түртіп қалсаң арғы жағынан ашу-ыза бұрқырап шыға келеді. Əлгілердің не шаруамен жүргендерін білмеген соң ауыл əкімі Əзберген байғұсқа қандай кінə тағарсың. Мұрнынан шаншылып, шала бүлінді. Экологиялық апаттың ауырлық нүктесіне қоныстанған ауыл жайлы түсірілген фильмдер де, жазылған шығармалар да жетіп артылатын. Тіпті, БҰҰ-дан келгендер қаншама! Бірақ олардан түскен пайда шамалы еді. Көпшілігіне экзотика керек, қылтанақ өспейтін, өркениет көшіне ілестік десе де əлі күнге дейін ауыз суды құдықтан тартып ішетін, төңірегі ысылдаған қызыл құмнан басқа түк көрінбейтін өлкеде «қалай өмір сүріп жатырсыздар» деп «жанашырлық» білдіргеннен басқа қолдарынан келер қайраны жоқ со секілді келімсектерді кім санап тауыса алар. Бұйырса əлі де келер. Келмеңдер деп қақпаны тарс бекітіп жауып тастауға мүмкіндіктері болып тұр ма. Үмітсіз – шайтан. Əкімнің құрақ ұшатыны əлдекімдер ауылға биік антенна орнатуға жəрдемдессе де шүкіршілік қой деп бір қайырады. Екіншісі, өзінің қамы, «ауылына барғанда бізді адам қатарына санамады» деп сол əлдекімдердің жоғарыға қоңырау түсірмесіне кім кепіл. Аш құлақтан – тыныш құлақ. Дастарқанға кеткен азды-көпті шығынның орны жүре бара толығар. Толықпаса да ел іші аштан өліп, көштен қалмас. Қой сойып, келіншегіне жəрдем етсін деп əкімшіліктегі хатшы қызды шақырып, қуырдақ жасатты. Қолға түсе бермейтін қыл мойындарды шеткі үстелдің үстіне тізіп қойып, «қайсысын қалайсыздар» деп əкім басымен иіліп-бүгілді. «О құм құрсауындағы ауылдың қонақ күту мəдениеті тамаша!» деп жалбыр шаштары желкелерін жапқан операторлар мен жүргізушілер түннің бір уағына дейін тегін дүниеден емін-еркін сілтеген. Бір жағынан солары да оңды болды. Жылы жер, жұмсақ орын іздеп, ешкімді əуре-сарсаңға салған жоқ. Мəшинелерінің алдыңғы орындықтарының арқалығын жазып жіберіп қисая-қисая кетті. Таза ауа тұла бойларына майдай жақты білем, артынша қор ете түсті. Түсірушілер тобының жетекшісі əрі болашақ фильмнің режиссері жасының біразға келгендігіне қарамай бой-сойын күтіп ұстайтындығы былай тұрсын, көзінің айналасына түскен бірді-екілі əжім іздерін де опа-далаппен жасырып үлгерген Гүлайна ғана үйге кіруге асықпай, тамақтан соң аула ішінде қыдырыстап біразға дейін жүріп алды. Əзберген төргі бөлмеге өзіне арнап төсек салынғанын əрі-бері ескертіп еді, Гүлайна шырақ оған пəлендей көңіл аудармады. «Ұзақ жол шаршатқан шығар», дегенді де құлағының сыртымен тыңдады. «Ауылда қанша түтін бар?», «Орта мектептегі бала саны қанша?», «Теңіз əлі қашықта, сонда сіздер немен айналысасыздар, негізгі кəсіптеріңіз не?», «Əкімдіктің құзырына нелер жатады?» деген секілді жаттанды сұрақтарға жауап беруден де кісі жалығады білем. «Мектептегі бала саны толмаса қалтасынан ақша суырып бергендей, көпбалалы отбасыларын осы ауылға бірден қоныстандыра салатындай, жүйке жұқартып несіне мыжи береді екен, а?!». Қаладан келген сүрбойдақ əрі сылыңғырдай сұлу режиссер Гүлайналарға сенім бар ма. Біреудің отбасын ойрандап, байын тартып əкету бұйым боп па бұларға! Оның үстіне күйеуі Əзберген қайбір етегіне намаз оқып жүрген адам. Көзі көрмесе де бетаузы жылтыраған мына секілділер ым қақса мұрны тесілген тайлақтай томпаңдап, соңдарынан еріп жүре бере ме деп те қауіптенеді. Əкімнің келіншегінің де тұла бойын қызғаныш билейді. Кəдімгі таңғы шықтай таза сезімнен туған қызғаныш. Ауыз үйде ыдыс-аяқ жуған боп, олай-былай көлбеңдеп өткенде мойнын созып, ағаш сəкіде иық түйістіріп отырған екеудің сұлбасына ұрлана қарап қояды. «Оу, бұлар түн ішінде күллі экологиялық мəселені шешіп тастамақшы ма?!». Əлдебір тəрелке еденге шағылып түседі. Тамағын кенеп, əсіресе, күйеуіне əлденелерді дауыстап айтқысы келеді: «Бүгін режіміңіз бұзылды ғой, отағасы!». Ынжық, ұят несін алған?! Іштей ширығып қанша тыраштанса да тілін түртіп тұрған сол бір ауыз сөзді айта алмайды. Əзбергеннің де ашуы басына тебеді: «Жұрттың əйелдері ғой əртістің рөлін ойнауға келгенде алдарына жан салмайды. Ал біздікі ұртына су толтырып алғандай үнсіз. «Режім бұзылды ғой, отағасы?!»– десе бір жері қисайып қала ма. Гүлайнаның көди-сөди мылжыңынан құтылуға сол «ескертпенің» өзі-ақ жетіп-артылар еді. Қор болған қайран уақыт-ай! – Жеңгей, бір жұтым су беріңізші,–деп дауыстады бірде қонақ бикеш. Əкімнің келіншегі төгіпшашып бір тостаған суды əзер əкелді. Гүлайна су ішемін дегенше, байқатпай күйеуінің бүйірінен де бір шымшып үлгерді. – Паһ, бал татиды, колонканың суы ма? – Қайдағы колонка, шыңырау құдықтың тұнбасы. – Бəсе, өзім де солай ойлап ем. – Гүлайна маңдайға түскен бір уыс шашын кейін серпіді. – Демалатын да уақыт шамаласты-ау, асылы?! – Ертең жұмыс! – Əкімнің келіншегі де іштегі «желін» сыртқа шығарды-ау, əйтеуір. –Жұ-м-ыс! – деді естідіңдер ме дегендей, даусын сəл қатайтып: «Сендердей ерігіп жүргеніміз жоқ. Балабақшаның шаруасы да жетіп артылады бір басымызға». Тырптырп басып кейін шегінді. – Біздің тірлік, міне, осылай ағасы. Өмір бойы тосын кейіпкер, тосын мінезді герой іздейміз. «Гүлайнасы түскір не деп сандырақтайды, бəтір-ау?! Геройың да, кейіпкерің де өзіңе! Ал қазір кішкене тыныштық бер, біз пақырға!..». – Ел кезіп қаңғырып кетеміз өстіп... Іздеген адам жоғын табады бəрібір. Біз де таптық деген ойдамыз... Сіз немене, қалғып кеткеннен саусыз ба? Сізге əжептəуір əңгіме айтып отырсам. – Гүлайна боларболмас қабағын шытты. – Айта бер, құлағым сізде. Ара-тұра мызғып алсам, оған көңіл аударма. – Сүгірбек Сұлтанов осы ауылда тұра ма? Əлде... – Осы, осы ауылда! – Əзбергеннің жон арқасы тоқ соққандай дір ете қалды. – Кім, кім дедіңіз? – Сүгірбек Сұлтанов. Сіз немене ол азаматты жыға танымаушы ма едіңіз? Оны аяғымыздан

сарсылып, жер-көктен іздеп жүрсек, аты-жөні осы ауылдың тізімінен шыға келді. – Ал... Сүгірбек Сұлтанов не қиратып тастапты соншалық?! – Əзбергеннің ұйқысы шайдай ашылды. Өкінішті күйде мойынға құлаған басын тік көтерді: «Адамды өстіп қорлауға бола ма, құлдығым!». – Гүлайнаның жүзіне бір жағынан тіксініп, екінші жағынан жалынышты жəрдем сұрағандай ұзағырақ үңілді: «Мəселенің басын ашып алу керек еді ғой əу бастан. Шаруаларың Сүгірбекпен бітетін болғанда, көрші бөлімшеге апаратын күре жолға салып жіберетін едік баяғыда». – Əкімсіз. Бүгінгі шай-суыңызға рақмет. Елдің жағдайы, тұрғындардың мінез-құлқы жазулы хаттай сіздің алақаныңызда ғой. Тілге тиек боларлық

І

ЕМ Л Ə Е ІМ

ƏҢГ

тіпті, мұсылманшылыққа сай келетін де сауапты іс емес. Жəне жан-жақтан андыздаған киік атушылар құмды өңірге бес қаруын асынып, бірден лап қойса сөз бар ма! «Біріне-бірі сілтейді, бастаушысын табу қиямет-қайым, ешкім ешнəрсе мойындамайды» деп жүрдім-бардым сылтау айтуға да болар еді. Қырсыққанда Сүгірбек Сұлтанов жалғыз. Киіктің мүйізін саудалаушылармен ауыз жаласқаны соншалық, олардың қай тұста кездесіп, қай тұста уəде байласатындығын тірі жан білмейді. Əрбір мүйіз қолма-қол ақша. Ал Сұлтановтың айдалада аңшылық құрғаны тұрғанымен аңыз, қиял-ғажайып ертегі. Америкалық шытырман оқиғалы киноларың жолда қалады оның жанында. Киік ату үшін арнайы жасақталған қос

www.egemen.kz

Мұның бəрі деректі фильм режиссері əрі продюсері Гүлайнаның сценарийі бойынша атқарылып жатқан іс-шара екендігін өмірі теледидардағы бейнелердің қалай жасалып, елге қалай көрсетілетіндігін түсінбейтін кемпір оны қайдан сезінсін. Гүлайнаның екі езуі екі құлағында. Екі тəулік ішінде ойға алған шаруасын түгелдей аяқтаған. Фильм нашар түсірілмеген секілді. Үлкен олжасы–Сүгірбек Сұлтанов бұрын-соңды деректі фильмдердің тақырыбына айналмаған тың дүние. Қиян шеттегі қазақы ауылда дəл осындай өмір жолы қиямет-қайым бұрылыстарға толы жұмбақ адам тірлік кешеді деген кімнің ойында бар. Ауылдастарының Сүгірбекті не үшін ұнатпайтындары белгілі. Оны

СҮЙІНШІ Қуаныш ЖИЕНБАЙ.

Сұлтановтың өмірбаянына қатысты бір-екі эпизод айтып бермейсіз бе? – Не, не дейсіз, оның не айтатыны бар?! Біріншіден Сұлтанов шектен шыққан браконьер. Киік атады, обал-сауапты түсінбейді. Ақбөкеннің етін сасытып айдалаға қалдырып кету, оған түкке де тұрмайды. Киіктің мүйізі ғана керек. Оны сүрлеп Қытай асырады. Жалғыз шешесі бар, ол кісі де жүрек жұтқан. – Жүрек жұтқаны қалай? – Оны үйіне барған соң түсінесіздер. – Үйленген бе? – Бойдақ. Жасы отыздан асты, қарғысқа ұшыраған адамға дені дұрыс қыз жолыға ма. – Солай деңіз! – Гүлайна демін ішіне тартып, ауыр күрсінді. – Қарғысқа ұшыраған. Аты қандай жаман еді! – Ал сіздер сонша жерден сабылып, Сүгірбектен құдай жасағыларыңыз келеді. Жолдарыңыз болсын! Сұлтановты Бөген ауылының бөлімшесі – Қаратүбек қыстағынан табасыздар. Ол егер сіздерді қабылдай қойса... – Не көрініпті, кісікиік боп кетпеген шығар мүлдем. – Ел болып жабылып бетін бері қарата алмадық. – Оны тек киік атқаны үшін ғана ұнатпайсыздар ма? – Ол бергі жағы ғой, жалпы адами психологиясы өзгерген. Тірі жанмен тілдеспейді. Араға ауылдың ақсақалдарын салдық, құқық қорғау органының қызметкерлері де жəрдемге келді. Бірін тыңдамады, теріс қарады. Өзінікі жөн, өзінікі дұрыс. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген рас екен. Біз дəстүрі бар іргелі ел едік. Оның бəрі айдалада қалды да, атақ-даңқымыз қазір Сұлтановтың арқасында ғана аспандап тұр. Мергеннің ауылы атандық. Паһ!.. Содан герой жасамақшысыздар, ə?! Мейлі, оны бəлкім сіздер жөнге саларсыздар... – Басқадай да өнері барын білмейтін болдыңыздарау?! – Ол қандай өнер? Əлгі менің айтқандарым бір адамның тақиясына тарлық ететін өнер ме?! – Шабандоз, Қарақұмды көктей өтетін жол бастаушы. Ана жолы Париж-Дакар халықаралық марафоншыларын еш жерге ұрындырмай Үстірттен Мойынқұмға дейін сол сіздердің Сұлтановтарыңыз алып жүріпті деген де сыбыс бар. – Ондайын естімеппін, айналайын, естімеппін! – Əзберген сүйретіліп орнынан тұрды. Ай сүттей жарық еді. ХХХ Нəтижесіз болса да аудандық ішкі істер бөліміндегілер Сүгірбекті қолға түсіру жөнінде екі дүркін жоспар құрған-ды. Бірі, аңдып жүріп үйінен ұстау, екіншісі, киік атып жүрген жерінен тұзақтау. Екін шісі ақылға қонымды. Біріншісі шарасыз, бейшараның тірлігі. Тіпті күлкілі, терлеп-тепшіп шай ішіп отырған кісіні кісендеп, терезесі тор темірмен қоршалған вездеход мəшиненің қорабына итере салу аса жан қинайтын шаруаға ұқсамайды. Оның үстіне айыптыны бұлтартпас айғақтарымен ұстаса, бұлардың да мерейлері үстем. Бұлар да айлық алып, бала-шаға асырап, былайғы жұртқа айбын болып көрінетін кəсіптеріне деген адалдықтарын ақтасын. Талтаңдағанда тақалы етіктері тоң топырақты ойып жібере жаздайды, сөйлегенде де ұрттарын толтырып, бірнəрсені қиратып тастағандай нығарлап сөйлейді. Оу, сөйтіп жүріп, бəрі жабылып Қаратүбек қыстағындағы атақты браконьер Сұлтановтың кінəсін мойнына қойып, жауапқа тарта алмайды. Мұндай еркіндікті Сүгірбекке марқұм əкесі мұралыққа қалдырып па? Түз тағысы дегеніңізбен киік те осы өңірдің табиғи байлығы. Арыдан сілтегенде қырдың сұлулық символы. Күз айында əрбір киіктің басы биылғы төлімен есептеліп, ауданаралық «Қызыл кітапқа» енеді. Оны табиғат қорғау мекемесінің қызметкерлері апта бойы əуреге түсіп, тікұшақпен санап шығады. «Біздің өңірде осынша бас киік мекендейді» деп аудан облысқа, облыс республикаға ақпар түсіреді... Жə, одан арғыларында не əкелерінің құны бар?! Одан да Сүгірбек Сұлтановқа қатысты шаруаны бір ыңғайлап алмай ма?! Өкіметке бəрібір: сенің құм суырған өңірде экология азабын тартып, өмір сүріп жатқаның, тартылған теңіздің тұзды шаңдағын жұтып, бір жұтым суға зар болып жүргенің мүлдем ескерілмейді. Ал жығылғанға жұдырық деп, онсыз да ит тартқан қара терідей əбден тоз-тозы шыққан табиғи ортаға жанашырлық танытудың орнына, өзімен-өзі өсіп-өніп, сенен жем-азық, қосымша қамқорлық қажетсінбей итініп-сұғынып тірлік кешіп жатқан киікті бас жоқ, көз жоқ қырып салу – басқасы-басқа,

доңғалақты мотоциклі құм белдерді бұйым құрлы көрмейді. Төбеден төбеге секіреді. Жə, онысын қойшы, ондай көрініске ептеп көз үйренді ғой. Бəрінен алты атар мылтығын сарт та сұрт оқтап алып, жердің жыртығынан шыға келген албастыдай қара-құрым киікке бір бүйірден килігетін Сүгірбектің көздері қанталап, жусанды даланы əп-сəтте ақ шаңға көметін адам таңғаларлық іс-əрекетін айтсаңшы! Мотоциклдің рөлін екі аяғымен басқарады деседі, яғни екі қолы бос. Бос болғанда мылтықты оңдысолды кезенуге мүмкіндігі мол. Киіктің аналығы мен іші-бауыры қабысқан көтерем лағын назарға ілмейді. Оған керегі мүйіздері, аспанға шаншыған текесі. Текелерді ғана қуып жүріп жер жастандырады. Осының бəрін Сүгірбек сонда қайдан үйренген? Əскер қатарынан оралған соң жалғыз шешесіне қарайласқысы келді ме, оқимын-тоқимын деп сыртқа да аттап шыққан жоқ-ты. Бар бітіргені кəсіптіктехникалық училище. Ұжымшарда тракторист боп екі-үш жыл жұмыс істеген соң, тіпті еңбек кітапшасымен де ісі болмай, бəрімен қоштасқан. Сосынғысы осы... Міне, бұған қайтіп қаның қайнамасын. Сөйткен Сүгірбекті əлдекімдер ат сабылтып сонау ит өлген жерден іздеп келеді. ХХХ Əкім айтпақшы Сүгірбектің шешесі де нағыз «жүрек жұтқан» адамның сортынан екен. Күлмейді, не көп сөйлемейді. Бойында бір шайнам арам ет жоқ, тарамыс. Қан-сөлсіз жүзі, шүңірек көзі кез келген адамның кеудесіне сүр жебедей қадалады. Кез келген адам демекші, жалғыз баласы жайлы деректі фильм түсірушілерді де ұнатып жүргені шамалы. Əсіресе, Гүлайнаны атарға оғы жоқ. Сүгірбектің басын дуалап қойғаннан сау ма, əлде байқатпай буын-буынын алып түсетін дəрі ішкізіп жіберді ме. Ұлының аяқ астынан асып-сасып, əбіржіп, самайынан моншақтап тер ағып, біреу əлдене десе ыржалақтай күліп, пұшайман болған түріне қарап жыны қозады. Сұйық кірпіктері тікірейіп-тікірейіп шыға келеді. Шыдамсызданып, дастарқан басында ішіп отырған ыстық шайын бетіне шашып жіберсем қайтеді деп те бір оқталады. Артынша сабасына түседі. Сабасына түсетіні, «телевизонщиктерден» ұялғаны емес, Сүгірбекті одан əрі жерлеп бітпеймін бе дейтін сақтығы. Оу, айдың-күннің аманында Сүгірбекке не көрінген, а?! Жынынан айырылған бақсыдай Гүлайнаның алдында құрдай жорғалайды, тұр десе – тұрады, отыр десе – отырады. Мотоцикліне мінгізіп олай да секіртеді, былай да секіртеді. Елден бөлектеніп екеуі қора сыртына шығып əңгімелеседі, одан қалды түннің бір уағына дейін тартылған теңіз жағалауында серуендейді. Қатпа кемпірдің пайымдауынша, Сүгірбек сау емес: үй шаруасына иненің жасуындай жəрдемін тигізбей, оқтау жұтқандай сіресіп жүретін жалғыз ұл əне, екі шелекті қолына іле салып, аула сыртындағы шеген құдыққа қарай жүгіріп бара жатады; екі шелектің лық толы суын төкпей-шашпай жаяу бүлкілмен желе жортып келе жатады. Самаурынға от тұтатып жіберуден де жасқанбайды. Тіпті, жуылған кір-қоңын керілген арқанға жая салу дегеніңіз де түк емес. Жыңғылдың томарын үгітіп, қазан қайнатып та жібереді. Бəли, мынау шынымен Сүгірбек пе?! Əлде мына шуылдақтар өзінің ақыл-есін де алып тынғаннан сау ма?! Жасы жер ортасынан ауғанда алжасу дегеніңіз нақ осы болып жүрмесін?! Саңырау болғыр құлағы күңгір-күңгір бір нəрселерді естиді. Əккі аңшылар жеті қараңғы түнде қасқырды шамның жарығымен аулайды деседі. Өздері текке сабылып, жан қинамайды. Атаукерелерін ішіп, темекілерін тартып, мəз-мейрам боп отыра береді. Түн қойнын тілгілеген өткір шамның сəулесі бірде болмаса бірде түз тағысын іліп түседі. Көзге түскен сəуледен не олай, не бұлай қаша алмай, арбалып қалады екен сорлылар. Сөйтіп таяқ тастам жерге жеткенде мылтықтың шүріппесін бір басады да тоңқалаң асырады. Мына тірлік айнымаған соның кері. Аула ішіндегі жан-жақтан себезгілеген сəуле құдды əлгі əумесер аңшылардың айласынан аусайшы! Бұл жолғы тағылар – қатпа кемпір мен ұлы Сүгірбек. Күле ме, жылай ма, бірде Сүгірбек... ауланың арғы есігінен кірген шешесін жерден тік көтеріп алады да, сəкінің үстіне жайылған дастарқанның шетіне əкеп жайлап отырғызады. Сосын тамақ жібітетін су əкеліп береді. Суды ішкен, ішпегені есінде жоқ. Əттең, əттең-ай! Үрен-сүренін танымайтындарға мазақ болдық-ау! «Əй, соры қайнаған, мыналардың арбауына түскенді қашан доғарасың, а?! Бұған айдаладағы мені қатыстырғаның не?!». Екі қолымен шешесінің қаңбақтай денесін олайбылай көтеріп жүргенде ұлының құлағына осыны сыбырлаған. Бірақ оған құлақ қойған Сүгірбекті көре алсашы!

бүге-шігесіне дейін қазбалаудың қажеті шамалы. Сүгірбектің жанын түсінуге талпыныс жасаған тірі пенде табылмаған. Одан бəрі ірге аулақтатқан. Сырласуға, түсінісуге, ішкі дүниесіне үңілуге талпынбаған. Сүгірбек те жерлестерімен əмпəйжəмпəй, тонның ішкі бауындай араласып кетуге жол таба алмай, үлкен кедергілерге киліккен. Кедергісі – жұрттың бұған жолағысы келмей, теріс қарағаны. Соған əбден құсаланған жігіт бойындағы бар ызаашуын киік атуға арнап, Қарақұмның безерген бетін тілгілеп, мотоциклмен олай-былай ойқастайды. Кеудесін дала желіне сүйгізеді, құлайды, сүрінеді. Киік кездеспесе жыңғылдың басына жейдесін іліп, армансыз соны атқылайды. Үйге келсе шешесі мылқау. Ең құрыса асты да шүйіркелесіп ішпейді. Фильм Сүгірбек Сұлтанов жайлы қатып-семген түсінікті мүлдем теріске шығарады. «Жо-жоқ, Сүгірбек Сұлтанов жайындағы сіздердің пікірлеріңізбен біз мүлдем келісе алмаймыз. Міне, сенбесеңіздер өздеріңіз куə болыңыздар. Жалпы, Сүгірбектің жаны мақтадай жұмсақ. Қайырымды, ізетті, ибалы. Кішкене мүмкіндігі болса жалғыз шешесіне қамқор. Суын тасып, отынын жарып, қазанын қайнатады. Егер... жазатайым, шешесінің бас сақинасы ұстаған болса, оны жерден лып еткізіп көтеріп алады да төсегіне жатқызады. Көрші-қолаңның өтінішін өліп-тіріліп, демі жеткенше тиянақты əрі жауапкершілікпен атқарады... Фильм адамгершілік тұрғысындағы толып жатқан сұрақтарға жауап береді. Кейіпкер бейнесі жанжақты сомдалған. Тағы бір табыс – Сүгірбек Сұлтановтың ана жылы Париж-Дакар көпкүндік марафон жарысына қатысушыларды айқай-шусыз, дабыра-дамайсыз Үстірттен Мойынқұмға дейін алып жүргені. Қарақұм шөліне ұрындырмай үлкен көшті діттеген нүктеге жеткізіп, кідірмей кері қайтқан. Сонда халықаралық маңызға ие болған марафоншылар Қаратүбек қыстағында Сүгірбек Сұлтанов

15

дейтін «жаужүрек жолбарыс» тұратындығын қайдан білген жəне оның жол бастаушы шеберлігіне сенім білдіргендері соншалық, қызметі үшін алдын ала ақысын да төлеп қойған... Гүлайна ұтысқа шығатын тұстан қадалып айырылмайды. Оны Сүгірбектің ісəрекеті арқылы дəлелдеп шықты. Əрине, алғашында Сүгірбек те қолға түскен қасқырдың күшігіндей басын олай да, былай да алып қашқан. «Кетіңдер, сендерді шақырғаным жоқ, маған тыныштық беріңдер!» деп тас бүркеніп жатып та алған. Соның бəрінің тігісін жатқызып, кейіпкерінің көкірегіне сыналап сəуле түсіргені былай тұрсын, тірі жанға айтпайтын құпия-сырларын да бері қарай суырып алған Гүлайнаның шеберлігіне тең келетін не бар бұ дүниеде?! – Сіз мені тым аспандатып жіберген жоқсыз ба? Ертеңгі күні масқара болып, елдің бетіне қарай алмай жүрмейін,–деді Сүгірбек киношылармен қоштасу шайының үстінде. – Немене, маған сенбейсіз бе?–деп Сүгірбектің жүзіне қуақылана жымиды Гүлайна... Қызық, қызық болғанда айтпаңыз, томаға-тұйық, жерлестеріне де сүйкімсіз əрі төбеден түскендей ойындағысын бүкпесіз, іркіліссіз қойып қалып, түк білмегендей тымырайып отыратын осы бір алпамса денелі жігітке деген сүйіспеншілік сезімі жүрегін дір еткізгеннен сау ма?! Күлкілі, ə?! Бəли, бір көргеннен ғашық боп қалған десеңші!.. Əрі Сүгірбектің «қарғысқа ұшыраған жігіт» екендігін біле тұрып. Жə-жə, кинодағы рөлін сценарий бойынша мінсіз орындады. Ал өмір сүру ережесі одан гөрі күрделі, одан гөрі маңызды ғой. Сценарий секілді оны қиялдан құрай алмайсың. Стоп! Осы тұстан тоқтағаны абзал. Келер күндер елесі өз иіріміне тартып бара ма қалай?! Ой, түбің түскір, тағы не пəлеге кезікті?! Сүгірбектің кинодан былайғы уақыттағы түксиген қабағына, сілеусін көзіне, дүрдиген ерніне емешесі үзіліп, қарай бергісі келетіні несі, а?! Ой-хой, егер нəзік жанды ұрғашының сезім-түйсігін түсінетін еркек болса... – Сенің сүйіктің?.. – Менің сүйіктім – қызғыш түсті мотоцикл. – Өзім де солай ойлағам. – Сіз əңгімені неге басқа жаққа бұрып жібердіңіз? – Не айтып келе жатыр едік?–Гүлайна шынымен аңтарылып қалды. – Өтірікті, жалғандықты жақтырмаймын. – О жағынан бір адамдай хабардармыз. – Ендеше, мынаған келісейік, мені фильмде еш кінəсі жоқ, тура кітаптағыдай супер кейіпкер етіп шығарсаңыз, онда маған ренжімейсіз! – Ал қызық? – Қызық болғанда... Лентаны қайда тықсаңыз да тауып аламын. Менің бойымда ондай инстинкт жақсы дамыған. Сенбесеңіз, психолог жалдап тексертіңіз. – Біз де анау-мынау психологтан кем түспейміз. Сосын, иə, тауып алдыңыз?.. –Гүлайна Сүгірбектің жуан білегіне сұқ саусағымен «сурет» салды. – Тауып алған бойда өртеп жіберемін. – Ал біздің күні-түні тынымсыз істеген еңбегіміздің өтеуін кім төлейді? – Оған қам жемеңіз. Тек қаржының мөлшерін айтыңыз. – Миллионер Қаратүбек қыстағынан табылды-ау! – Со-лай! – Мəселенің басын ашып алғанымыз жақсы болды. – Продюсер бірден пайдалы шаруаға көшті. – Бір ай, бір айға дейін фильмді жамап-жасқаймыз. Біздің тілмен айтқанда монтаждаймыз. Эфирге шығар алдында сіз облыс орталығына келесіз. Фильмді көріп келісесіз, не келіспейсіз. Хабар өзімнен. Айтқандай, кім біледі... Біздің гонорарымызды ала келуді де естен шығармаңыз. Екі джип түс ауа күрежолдың шаңдағын бұрқыратып, облыс орталығына бет алды. ХХХ Сүгірбек облыс орталығына келе қалса қайда апарамын, қайда қыдыртамын, нені көрсетемін деп жүргенде республикалық көшпелі хайуанаттар паркінің осы жерден табыла кеткені. Гүлайна сірə, бүйтіп қуанбас. «Хайуанаттарды тамашалайтын баланы таптыңыз ғой», деп Сүгірбек мойнын ішіне тартып, қарсылық танытатын шығар деп еді. Жоқ, қамшы салдырмай бірден келісті. Гүлайна мұны əдейі істеді ме, əлде кездейсоқтық па, о жағына тереңдеудің қажеті не. Парк Сүгірбекке керемет ұнады. Əртүрлі аңдарды көргенде аңтарылып тұрып қалды. Айнымаған бала, кейбір торкөз үйшіктің тұсында сағаттап аялдады. Гүлайна түсірген деректі фильмді қабылдайтын, не қабылдамайтын «комиссия төрағасы» тіпті облысқа не үшін келгендігін де естен шығарып алғандай. Бір тəулікті толықтай парк аралауға арнады. Гүлайнаның тағаты таусылды. Бүйтіп жүретіндей мүмкіндігі қайда, уақыты шектеулі. Кешкілік осы арадан əкетемін деп Сүгірбектің уəдесін алып, асығыс-үсігіс жұмысына жүгірген. Сүгірбектің шаршайтын түрі байқалмайды. Павильондарды екі-үш мəрте айналып шықты. Ойдажоқта жарқыраған емен есікке кезіккені. Жұрт кіріпшығып жатқан соң мұның да қызығушылығы оянып, сөзге келместен кіріп барды. Бірақ бірде-бір жабайы мақұлықты көре алсашы. Төрт қабырғасы тұтасқан айна. Артынша айналы бөлме қызылды-жасылды айқыш-ұйқыш сəулелерге толды да кетті. Сосын таблодағы жалғыз жол жазу көзіне оттай басылды: «Дүниедегі ең жыртқыш жаратылыс кім, білесіз бе?!». Осы сəтте Сүгірбек төрт қабырғаға түскен сүмірейген сұлбасын байқап қалды. Не айтасыз? Арғы жағы тайға таңба басқандай белгілі ғой. Дүниедегі ең жыртқыш жаратылыс – Адам! Адам!.. Адам!.. Мына кабина сол үшін, адамның тəубесіне келуі үшін əдейі жасалғанды. Неткен үйлесімділік! Таптырмайтын ракурс!.. Парк ішіндегі жасанды көл жағасында қос аққу сыланып-сипанады. Балапандарын ертіп, тірі пендеден үрікпей де қорықпай қырғауылдың мекиені жүр... Киіктің ай мүйізді текесі де осында... Осы сұлулыққа қарап тұрып денесі тітіркенді, иегі-иегіне тимей, жүрегі алқынып аузына тығылды. Ауа жетпегендей бір түрлі тынысы тарылып, əлсіреп бара жатты да, асығыс-үсігіс дереу далаға атып шықты. – Мен мұнан былай киік атуды мүлдем доғарамын. Бəрінен... бəрінен саналы түрде бас тартамын! – деді Сүгірбек Гүлайнаның жеке көлігіне отырып жатып. ХХХ Ауыл əкімінің тұрғындар алдындағы дəстүрлі есеп-беру жиналысы бұл жолы тосын жаңалықпен басталды: – Сіздерден сүйінші сұрағым келіп тұр, – деп тамағын үсті-үстіне кенеді Əзберген. – Сүгірбек бүгіннен бастап, тұрақты мекенжайын өзгертіп, біздің тізімнен шықты. Облыс орталығында тұрып, жаңаша өмір бастамақ. – Бəр-е-кел-ді! – Бəсе, ана режиссер қыздың қадалуы жаман еді. – Иə, сол, сол... Гүлайнаға үйленген. – Енді шешесі қайтер екен? – Жə, ол кісінің жарасы жеңіл ғой. Əкімнің əдеттегі жаттанды баяндамасын ешкім құлақ қойып тыңдаған жоқ.


16

24 қыркүйек

АР Ш О Р ХАБА

www.egemen.kz

2014 жыл

 Атамекен

 Мирас

«Мəдени мұра» бағдарламасының қабылданғанына 10 жыл толуына жəне Ұлттық музейдің ашылу құрметіне орай ұйымдастырылған «Ұлттық мұра» автошеруі – елімізде алғаш рет қолға алынып отырған тың жоба. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ќазєан жерден ќазына табылды

Алғашқы автошерудің қорытындысы хабарланған Ұлттық музейдегі баспасөз мəслихатында музей директоры Дархан Мыңбай автошеруге қатысушылардың өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып келгенін баяндады. Еске сала кетейік, «Ұлттық мұра» автошеруі 10 қыркүйекте Алатаудың баурайынан бастау алған болатын. Осы күні А.Қастеев атындағы мемлекеттік музейде автошеруге қатысушылармен баспасөз мəслихаты өтті. Алматы облысындағы тарихи жəдігер лердің ордасына айналған Есік жəне Талғар қалаларында болған музей қызметкерлері тарихи құн дылықтарға қатысты мол мағлұматқа кезіксе, 11 қыркүйекте мамандар Тараз қаласы тұрғындарымен кездесу өткізді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мəдени қорықмұражайының директоры Тəкен Молдақынов автосаяхатшыларды Қарахан, Айша-Бибі, Тек тұрмас кесенелеріне бастап барды. Алматы – Тараз – Шымкент – Түркістан – Қызылорда – Жезқазған – Қостанай – Көкшетау – Астана бағытын қамтыған ауқымды жоба барысында құрамында Ұлттық музей директорының орынбасары Ə.Қойлыбаев, тарих ғылымдарының докторы, ЕҰУ профессоры Ж. Артықбаев, Ұлттық музейдің Консервациялау жəне қалпына келтіру орталығының жетекшісі Т.Əбілқасымов, мəдени-білім беру жұмыстары бөлімінің маманы Р.Мұхамеджанова, ақпараттықимидждік жұмыстар орта лығының қызметкері Г.Өтегенова,

PR-менеджері Ə.Күзембаева, «АгромашХолдинг» АҚ-тың жүргі зушілері С.Горобец, А.Ха лецкий, Ю.Тюфеков, фототілші Е.Орманов, оператор Ж.Дүйсекеев бар шығармашылық топ мəдени-тарихи нысандарға атбасын тіреп, орталық пен оңтүстіктің мұражайларын аралау мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал, 12 қыркүйекте Ұлттық музей қызметкерлері шырайлы Шымкент шаһарындағы Ə.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Б.Байтанаевпен, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ə.Исмайыловпен, сондай-ақ, мəдениет саласы қызметкерлерімен, жоғары оқу орындары студенттерімен кездесу өткізді. Автошеру аясында ОҚО мəдениет басқармасы атынан Ұлттық музейге сыйға тартылған Р.Смағұловтың «Қыз ұзату» картинасын мамандар музей қорына əкеліп тапсырды. Автошерушілердің оңтүстіктегі күндері, Қожа Ахмет Ясауидің туған жері Сайрам (Исфиджаб) топырағындағы, оның əке-шешесі Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелері басындағы сəттер бейнетаспа тілімен əсерлі баяндалды. 13 қыркүйекте қасиетті Түркістанның имани иіріміне бас иген олар жолшыбай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық

спорт-мұражайына, əл-Фараби атындағы мұражай мен Арыстанбаб кесенесіне соғып қайтты. 1500 жылдан астам тарихы бар қаланың тарихи-мəде-

қаласында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарымен етене таныстырды. Бұдан кейінгі бағыттың Сығанақ пен Сауран қалаларына арналуы бекер емес. Ал, Сыр елі

ни этнографиялық орталығын да автошерушілер сала қызметкерлерімен кездесті. «Қазреставрация» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы А.Иманбаев шығармашылық топқа Қожа Ахмет Ясауи сəулет кешенін, қалпына келтірілген жерасты мешітін аралатып, ежелгі Күлтөбе

жұртшылығымен жүздесудің тарихи-өлкетану мұражайында өтуі Ұлттық музей қызметкерлері мен жергілікті мамандар арасында тығыз шығармашылық байланыс орнатуға зор мүмкіндік туғызды. Қыркүйектің 16-сы күні олар Жез қазған қаласына келіп жет ті. Қала əкімі Б.Ахметов

Азиада: тґртінші кїнніѕ еншісі – екі алтын «Егемен Қазақстан» – ИНЧХОННАН.

Сонымен, біздің қоржыны мызда күні бүгінге дейін 4 алтын, 4 күміс жəне 10 қола, барлығы 18 медаль бар. Осы жүлделер жиынтығымен Қазақстан құрамасы төртінші орынға табан тіреді. Ал бірінші орынға кешелі бері Қытай спортшылары берік бекіп алды. Олар 40 алтын, 21 күміс жəне 20 қола, барлығы 81 медальмен осының алдында өзімен текетіресіп, бірінші сатыны бермей келген алаң иелері – Оңтүстік Корея атлеттерін шаң қаптырып кетті. Корейлер 18 алтын, 18 күміс жəне 21 қола медальмен екінші орынға ығысты. Бұдан кейінгі үшінші орынға əрең іліккен жапондар соңғы күндері алтын медаль санын 15-ке жеткізсе, күміс жəне қола медальдардың əрбірін 22-ден қайырды. Біздің соңымыздан Солтүстік Корея жəне Моңғолия құрамалары келеді. Солардың соңынан қуған өзбек бауырларымыздың еншісі əзірге сегізінші орын болып тұр. Қазақстанға осы күннің алғашқы алтын медалін стенд атушы əйелдер құрамасы алып берді. Құрамында Анастасия Давыдова, Мария Дмитриенко жəне Оксана Середа бар команда жалпы жиынтығы 203 ұпай жинап, өзінен кейінгі Қытай жасағынан 4 ұпай алға кетті. Жекелей сында Анастасия Давыдова – 71, Мария Дмитриенко – 70, Оксана Середа 59 ұпай қосты. Үштікті 198 ұпаймен Солтүстік Кореяның

мерген қыздары тиянақтады. Бұған дейін стенд атудан ерлер арасында Андрей Могилевский ғана қола жүлдені жеңіп алған еді. Жалпы, бұл күн семсерші қыздарымыздың қола медаль жеңіп алуларынан басталды. Құрамында Татьяна Приходько, Тамара Почекутова, Юлия Живица мен Диана Паманша бар құрама жартылай финалда Қытай спортшыларынан 45:27 есебімен ұтылып, Азия ойындарының қола медалін қанағат тұтты. Бұған дейін ол Индонезия командасын 45:31 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. Бұдан бөлек, теннистен еліміздің əйелдер құрамасы қола жүлдені қоржынымызға салды. Тарата айтар болсақ, жартылай финалда біздің қыздар Тайпей командасына қарсы ойнады. Ойын нəтижесі бойынша Тайпей 2:1

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

есебімен басым түсті. Бастапқы матчта Юлия Путинцева екі сетте Юн Ян Чанге 4:6, 1:6 есебімен есе жіберіп алды. Осыдан кейін құраманың көшбасшысы Ярослава Шведова ұпай теңестірді, дəлірегі, қарсыласы Су Вей Хсиехті 6:3, 7:6 (4) есебімен жеңді. Шешуші, яғни, жұптасып ойнайтын матчта Шведова мен Путинцева тайпейлік Чан жəне Хсиехке 0:6, 2:6 есебімен жол берді. Нəтижесінде, жартылай финалдық додада біздің құрама командалық турнидің қола медалін иеленді. Қазақстан құрамасына бұл күннің екінші алтын медалін əперген жүзгіш Дмитрий Баландин болды. Ол 200 метрге брасс əдісімен жүзуден өткен жарыста алдына жан салмады. Сөйтіп, ол Азиада чемпионы атанып қоймай, құрлықтың жаңа рекордын жасады. Біздің бағлан

Кешегі кеңес заманында қазақ көп құндылығынан айырылып қалды ғой. Соның бірі ит жүгіртіп, құс салған аңшылық жəне саятшылық өнер еді. Кезінде төңкеріске дейінгінің бəрі жарадай көрініп, кертартпалық, партияның бағдарына қарсы деп қабылданып, қудалауға ұшырады. Ендігі жерде ауылдағы қазақ колхозға кіріп, қой бағып, қотан күзеткеннен басқаны білмеуі керек деген жазылмаған заң қабылданып, басқа тірліктің бəрін шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділер құртты. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Соның кесірінен қазақтың əупілдеген дауысы күншілік жерден естілетін, қасқырды бұрап ұратын төбеттері, қоян мен түлкіні құйындай соғатын, қаншырдай жаратылып, киіз үйдің бір бұрышына үйшігі істелініп, астына туырлық төселіп күтілетін қасиетті тазылары да көшпелі өмірмен бірге құрып, 50-60 жыл бойы ұмытылды. Тек еліміз тəуелсіздік алған кезден бастап қана оларды қайта жаңғырту қолға алынды. Соның өзінде көрші халықтардан

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Мəселенің мəнісі

Сыныптасын ґлтірген оќушы пышаќ ќолданєан

Кеше өрнегін түзген Азия ойындарының төртінші күні Қазақстан спортшылары үшін жүлделер жауған күн болды. Бұл күні еліміз құрамасы қоржынына 2 алтын, 2 күміс жəне 5 қола медаль түсті.

Дастан КЕНЖАЛИН,

Ќазаќтыѕ тазысы мен тґбеті

автошерушілерді қабылдағаннан кейін экспедиция мүшелері тарихиөлкетану мұражайы ұжымымен кездесті. Басқосу барысында «Қазақмыс» корпорациясының тарихи-өндірістік мұражайының директоры К.Балкенов пен Жезқазған қаласы жастар бастамалары орталығының директоры І.Түсіп жүрекжарды лебіздерін арнады. Айта кететін бір жайт, ұлттық жобаның ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Ұлытау туралы толғанысымен сабақтасып жатуы үлкен ғибрат саналады. Делегация мүшелері Жезді тау-кен жəне балқыту ісі тарихы мұражайы мен ортағасырлық Басқамыр қаласынан Қазақ елі тарихына қатысты тың тағылымдарға қанықты. Мұнан кейін оларды ұлт ұясы – Ұлытау күтіп тұрды. 18 қыркүйек күні Қостанай қала сына жеткен мамандар үшін облыстық сурет галереясында өткен кездесудің жөні бөлек – жиынға экспедицияны «Ssang Yong» жол таңдамайтын көлігімен қамтамасыз еткен «АгромашХолдинг» зауыты директоры ның бірінші орынбасары Серік Төлебаев қатысты. Ертесіне авто шеру Ақмола облысына табан тіреді. Жер жəннаты Көкше дегі мұражайларды аралап, Абылай хан алаңын айналды. Баспасөз мəслихатында сөз сөйлеген шығармашылық топтың мүшелері аймақтардағы музейлердің көкейкесті мəселелерін сөз ете келіп, Ұлттық музейдегі игі ізденістерге иек артқан əріптестерінің өтініш-тілектерін жеткізді. Бұған қоса Ұлттық музей қорына бірегей мəдени жəдігерлерді өткізуге ниет білдірушілер табылып жатқанын айтты. Ал, «Ұлттық қазына» Қазақстан музейлері ассоциациясының құрылуы салада қордаланған түйткілдерді шешуге серпін береді деп үміттендіреді. Ұлттық музейдің 3 жылға жоспарланған жобасының 2015-2016 жылдары еліміздің шығыс, батыс, солтүстік аймақтарын қамтитыны алда əлі аспаған асулардың, шықпаған белестердің аз еместігін көрсетеді. ––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

жарыстың іріктеу кезеңінде де жақсы нəтижені көрсетті. Ал финалда іріктеу кезеңіндегі нəтижесін одан сайын жақсартты. Осылайша, қашықтықты 2:07. 67 минутта жүзіп шықты. Осы сында жапониялық Кадзуки Кохината біздің спортшыдан 1,5 секундқа қалып, екінші орынды иеленді. Үшінші орынға тағы бір Күншығыс елінің жүзушісі ие болды. Бұл жүлдені Ясухиро Косеки алды. Мұның алдында суда жүзуші тағы бір атлетіміз – Екатерина Руденко 50 метрге арқамен жүзуде күміс медальға қол жеткізіп еді. Ол шешуші сынақта қытайлық қарсыласы Фу Юаньхуэйге 0,38 секундқа есе жіберіп, мəреге екінші болып жетті. Қола медаль жапон Миюке Такемуренің қанжығасында кетті. Қазақ еліне бұл күнгі екінші күміс медальды дзюдошылар құрамасы сыйлады. Біздің татами шеберлері финалда Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберіп алды. Ақтық сында бізден тек Азамат Мұқанов қана қарсыласын еңсере білді. Есесіне, қалған спортшыларымыз алаң иелерінен жеңіліс тапты. Біздің жалпы саны бұл күні 10ға толған қола медаліміздің соңын ушу-саньда саңлағы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов сыйлады. Ол 75 килоға дейінгі салмақта жартылай финалда ирандық əріптесі Хамид Резаға жол беріп қойды. Міне, Ойындардың алғашқы 4 күнінің қорытындысы осындай. Ол саңлақтарымыздың алға қойған мақсаттары үдесінен табылып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Астанадағы №76 мектепте орын алған жантүршігерлік оқиға тұрғысында жаңа деректер шығып отыр. Сыныптасын өлтірген Арлан Олжаханның бұрын оқыған елордадағы №52 мектептің ұстаздары оның өте ақылды жəне ешкімге сырын аша бермейтін тұйық бала болғанын айтады. Баланың бұрынғы сынып жетекшісі Алма Ахметова: «Ол сабақ кезінде ешбір себепсіз кабинеттен шығып кететін əдеті болатын. Себебін сұрасақ, жауап бермейтін», – дейді. Жасөспірімнің психикасы бұзылғанын алғаш рет дəл №52 мектептің оқытушылары байқап, баланы арнайы тексеріске жіберіпті. Сондай-ақ, бір оқушы Арланның өзін үнемі қызық ұстағанын, тіпті, бірде топ басшысын пышақпен қорқытқанын жеткізген. Куəгерлердің айтуынша, Арлан бірден пышақты суырып алып, Дəуіржанға сұғып алады. Оның аузынан қан кетеді. Басында не болғанын түсінбей қалады да, сəлден кейін: «Апай, маған пышақ тықты, өлтірді», – деп айғай салады. Кейін анықталғандай, Арлан Дəуіржанға кеңсе пышағын сұққан. Заңгерлер сыныптасын өлтірген оқушы жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп отыр. Алайда, психикасы бұзылған баланы жалпы білім беретін мектепке қабылдаған мамандар жауапқа тартылуы мүмкін.

кеш қалып, тазы мен төбетті енді ғана құрметтеп жатырмыз. Алысқа бармай-ақ айтатын болсақ, көршілес түрікмендер ақалтеке жылқылары мен алабай и т т ер ін ің ст ан дар т т арын баяғыда-ақ халықаралық дəрежеде тіркетіп, сертификатын белгілеп, қазір мемлекеттік деңгейде қорғап отыр. Ал біз мұндай асылдарымызды енді ғана рəсімдегелі жатырмыз. Өйткені, қай күнде қазақтың ісінен сөзі ұзын, осы тазылар мен төбеттер туралы нақты деректерді айтудың орнына, мифологиялық аңыздарды қоса суреттеп, бөсіп кетеді. Мəселен, тазыларды қоян мен түлкі ғана емес, қасқыр да алған деп біреуі соқса, тағы біреулері қабан да соққан деп өсіре түседі. Ал төбеттерді қасқыр ғана емес, арыстан мен жолбарысқа да шапқан деп құтыртып жібереді. Осындай əсіреқызыл дəріптеулер олардың стандарттарын бекітуге келгенде бірауыздылыққа келтіре алмай, сан-саққа жүгірткен еді. Ештен – кеш жақсы дегендей, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков 17 қыркүйекте қазақы тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті. Енді, осы стандарттарға келетін иттер мемлекет қамқорлығына алынады. Келесі кезекте оны халықаралық деңгейде тиісті органдарда тіркету міндеті алда тұр. Біздің елімізде аңшылар мен аңшылық шаруашылықтар субъектілерінің республикалық қауымдастығы атты «Қансонар» ұйымы өмірге келіп, оны елімізге белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Оралбай Əбдікəрімов басқарып отыр. Осы ұйымның ұйымдастыруымен Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада осы мəселеге арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Оған қазақстандық аңшылық, құсбегілік саяткерлік өнермен айналысушы жəне ондай адамдарды қаржылық жағынан

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

қолдайтын азаматтар қатысты. Сондай-ақ, осындай өнермен айналысатын шетелдік қонақтар да қатысып, өздерінің ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелді ашқан сөзінде Оралбай Əбдікəрімов тазы аңшылығы мен төбет иттердің тұқымын қайтадан қалпына келтіруді «Мəдени мұра» бағдарламасының бір қыры деп айтуға болады, деді. Өйткені, олар біздің тарихи, мəдени мұрамызбен біте қайнасқан бір бөлігі. Ақындар мен жыраулар осы бағытта талай тамаша əндер мен жырлар шығарған. Мұндай иттерді бір-біріне сыйлаған адамдар олардың қасиетін терең білетін болғандықтан, достық қарымқатынастарын ешқашан үзбеген. Енді біз де соған үлкен мəн беріп отырмыз. Стандарттарға сай келетін иттер «Қансонар» ұйымында тіркеліп, оларға паспорт беріледі жəне онда ататегі жазылып тұратын болады. Болашақта қазақ тазысы мен төбетінің стандарттарын халықаралық ұйымдарға танытып, оларға мойындату міндеті біздің алдымызда тұр. Бүгінгі дөңгелек үстел барысында осы іспен ертеден айналысып жүрген адамдар сөйлеп, тазы мен төбеттің бүгінгі хал-ахуалы қандай, қай жерлерде бар, оларды қалай сұрыптау керек, қай жерде өсіруді ұйымдастыру керек деген секілді мəселелерді ортаға салады. Ал ертең «Балқарағай» деген жерде тазының байқауы болады, деді ол өзінің кіріспе сөзінде.

Осыдан кейін дөңгелек үстелде қазақтың тазысы мен төбетінің бүгінгі ахуалы, олардың тұқымын қалпына келтіру жолдары» деген тақырыпта «Зоология институты» РМК ғылыми қызметкері, Тазы тұқымы ұлттық клубының президенті Константин Плахов баяндама жасады. «Кавказ итінің тұқымы» деген тақырыпта Əзербайжан өкілі Ильхам Қасымзаде, Ресейдегі ұлттық жəне аборигендік ит тұқымдары туралы Санкт-Петербургтен келген Лидия Костюнина жəне т.б. сөйлеп, пікір алысылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысында қазақтың тазысы мен төбет иттерінің тұқымын қалпына келтіру жəне олардың стандарттарын дүниежүзілік ұйымға тіркету жұмыстарын қызу қолға алу жөнінде қарар қабылданды. Осы шара ашылмас бұрын Ұлттық банктің «Төбет» атты номиналы 500 теңге болатын монета шығарғаны туралы айтылып, оның тұсаукесер рəсімі болды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Жақсыбай САМРАТ, Айгүл СЕЙІЛОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №402 ek

Profile for Egemen

24092014  

2409201424092014

24092014  

2409201424092014

Profile for daulet
Advertisement