Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №139 (28617) 24 ШІЛДЕ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

ДСЎ: жаѕа мїмкіндіктер кґкжиегі Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі барлық келіссөздерді сəтті аяқтады. Ұзақ мерзімге созылған үдерістің ресми нүктесі осы жылдың желтоқсан айында қойылады. Нақты айтсақ, Кенияның Найроби қаласында өтетін конференцияда Қазақстанның ұйымға мүше болғаны жарияланады. Алайда, оған дейінгі басты белес бағынды. Сондықтан еліміз салтанатты шараны күтпей-ақ, ДСҰ-ға қатысты қадамдардың негізгі бағыттарын айқындап, кезек күттірмейтін жұмыстарды бастап кетті. Осы ретте Қазақстанға ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ДСҰ қатарына қосылудың барлық басымдықтарын пайдалану қажет екенін айтқымыз келеді. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде ұлттық əлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеу жəне бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселелері шаруашылықтың əлемдік желісінің жаһандық өзгеруі аясында шешіледі. Соған қарамастан, қазіргі жағдайда əлем аренасындағы халықаралық еңбек бөлінісі үдерісіне қатысушы əр мемлекет ұлттық басымдықтарды жүзеге асыруға тырысуда. Сол сияқты Қазақстан да ДСҰ-ға мүше болуымен бірге экономикалық қатынастардың халықаралық жүйесіне қосылды. Бұл ретте ең алдымен ұлттық экономикамыз үшін ұтымды болатын тұстарға айрықша мəн беруіміз керек. Қазір Қазақстан ауыл шаруа шылығының əлемдік нарықтағы орны айтарлықтай жоғары деңгейде. Сондықтан ДСҰ шеңберінде осы салаға басымдық берілетіні анық. Бұл бағыттағы келіссөздер нəтижесінде қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Мəселен, аталмыш саланы «сары себет» атанып кеткен шеңбер бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі нақты өнімінің жалпы құнынан 8,5% көлемінде қаржыландыру құқығына ие болдық. Тарқатып айтар болсақ, еліміз ауыл шаруашылығы өнімінің соңғы бағасына тіккелей ықпал ететін мемлекеттік дотация нысандарын қолдана

алады. Сондай-ақ, оған «сары себет» шеңберінде институционалдық дамыту мен ауылдардағы инфрақұрылым құрылысына бағытталған қолдау шаралары еш шектеусіз ұсынылады. Аталған жайтқа қатысты жан-жақты түсіндірме берген Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова мұндай мүмкіндікке қол жеткізудің оңай болмағанын айтты. – ДСҰ-ға 2001 жылы кірген Қытай мен Қазақстан ғана «сары себет» шеңберінде 8,5% көлемде қолдау көрсету мүмкіндігін алды. Мəселен, Ресей Федерациясы 5 пайыздық қолдауға ғана ие болған еді, – деді. Сонымен қатар, ДСҰ-ның ережелері мен қабылдаған міндеттемелерге сəйкес, Қазақстанның астық өндірушілерге көліктік (экспорттық) субсидия ұсынбайтынын атап өткен жөн. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ даму институттары арқылы қолданыстағы қаржы ландыру бағдарламалары бойынша астық қоймасы құрылысы үшін пай ыздық мөлшерлемемен субсидия беруді қарастыруда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мəдениетін əртараптандыру үшін ынталандыру қолға алынуда.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

(Соңы 5-бетте).

ЌАУІПТІЅ БЕТІ ЌАЙТТЫ

«Даму» дем берген кəсіпорындар

Зардап шеккендерге кґмек кґрсетіледі Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыдағы сел орын алған жерлерде болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемеген Қазақстан».

Дамыған елдердің экономикасының басым бөлігі шағын жəне орта бизнестің үлесіне тиесілі екені белгілі. Біздің елімізде осы үрдіске қол жеткізудің қадамдары жасалуда. Кəсіпкерлікті қолдау бағытында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. «Даму» қорының қайтарымдылығын шағын жəне орта бизнес өкілдері қазірдің өзінде айқын сезіне бастады. «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарла малардың тиімділігін халық қа жеткізу мақсатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Өнді ріс» жобасы бойынша пресс-тур ұйымдастырды. Пресстур кезінде БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдауға ие болған үш кəсіпорында болды. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шағын жəне орта бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл бағдарламаның несиенің пайыздық мөлшерін субсидиялау, несие бойынша кепілдік беру, əлеуетті жəне жұмыс жасап жатқан кəсіпкерлерді оқыту, бизнесті сервистік қолдау, өз ісін жаңадан ашқан кəсіпкерлерге арналған гранттар сияқты тетіктері бар. Міне, осындай игіліктердің шапағатын көріп отырған кəсіпорындардың бірі

Вице-премьер Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божкомен бірге селдің туындауына себепкер болған мұздақ пен мореналық көл үстінен ұшып өтті. Сондай-ақ, лай көшкінінің негізгі бөлігін ұстап қалған селге қарсы бөгеттің жағдайын жəне Қарғалы өзенінің Алматы қаласының екі ауданы аумағындағы арнасын зерттеді. Оның сыртында Бердібек Сапарбаев апаттан зардап

4-бет

шеккен тұрғын үйлерде болып, тұрғындармен кездесті, оларды толғандырған сұрақтарға жауап қайтарды. Вице-премьер халықтың алаңдауына негіз жоқ, бөгет пен Қарғалы өзені маңайындағы су көлемі тұрғындарға қатер төндірмейді деді. Мен Үкімет атынан ахуалмен танысып, сел зардаптарын бағалау үшін келіп отырмын. Əкімдік ішкі

істер департаменті жəне төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта тасқын орын алған аудандарда 1200 адам мен 160 техника жұмыс істеуде, деді брифинг барысында Б.Сапарбаев. Сондай-ақ, ол бұл мəселенің Мемлекет басшысының бақылауында тұрғанын атап көрсетті. Қала əкімдігінде өткен кеңесте жұмыс сапарының қорытындылары шығарылып, оның барысында Б.Сапарбаев орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билікке бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ол табиғат

апатынан зардап шеккен көшелер мен аулаларды тазарту жұмыстарын күшейтуді, қосымша күштер мен техниканы тартуды тапсырды. Қалалық ішкі істер департаментіне тəулік бойы патрульдік қызметті жүзеге асырып, тəртіп сақтауды қамтамасыз ету, ал коммуналдық қызметке ауыз су тасымалын ұйымдастырып жəне энергиямен, газбен, сондай-ақ, сумен жабдықтауды қалпына келтіру тапсырылды. Қала əкімдігіне аулаларды аралап, шығындардың нақты көлемін бағалау, сөйтіп, заңнамаға сəйкес өтемақылар көлемін белгілеу міндеттелді.

 Тосын табиғат

– «Эко ВторТехРесурс» ЖШС деуге болады. Бұл кəсіпорын қолданыстан шыққан автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеумен айналысады. Мұның тиімділігі кəсіпкердің табыс табуы жəне жаңа жұмыс орындарын ашуымен бірге, шаһардың ең өзекті мəселесі болып отырған экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етуінде болып табылады. Кəсіпорын директоры Константин Исмұхамбетовтің айтуынша, серіктестік өткен жылы ашылып, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан. Бағдарлама аясында жаңа идеяны жүзеге асыру үшін несие бойынша пайыздық ставканы субсидиядау, несие

бойынша кепілдік беру жəне грант сияқты қолдау тетіктері қолданылған. Банктен 12,6 миллион теңгені құрайтын несие желісі ашылып, оның 14 пайыз өсімінің 7 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған көрінеді. Бұл қаржыға кəсіпкер өндірістік цех ашып, дөңгелектерді қайта өңдейтін қондырғыларды іске қосты. Мұндай ескі дөңгелектерді кəсіпкер дөңгелек жөндеу шеберханаларынан, кəсіпорындардан жəне жекелерден алады. Бұл екі жақты тиімді. Ескі дөңгелектер енді экологиялық жағдайды бұзып, кез келген жерде жатпайды, қайта өңделіп, кəдеге асады. (Соңы 7-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Деміккен əлем, дендеген дерт

 Елімізде жыл басынан бері 5 млн. тоннадан астам сүт өнімдері өндірілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мəліметке сүйенсек, биыл қайта өңдеу өнеркəсібін қолдау үшін республикалық бюджеттен 2 млрд. 700 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда Қазақстанда сүт өнімдерін өндейтін 400-ге жуық кəсіпорын жұмыс істейді.  Осы жылдың қаңтармамыр айларында Астананың бюджетіне 72 629,1 млн. теңге түсті. Қалалық экономика жəне бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнəр Жүсіпованың айтуынша, бұл – өткен жылдың сəйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 2 254,7 млн. теңгеге артық.  Биыл Шымкенттегі білім беру мекемелерін күрделі жөндеу үшін 375,8 млн. теңге қарастырылған. Қала əкімі Дархан Сатыбалдының хабарлауынша, осы қаржы есебінен бүгінде 6 мектеп пен 7 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Қызылордада оралмандарды бейімдеу жəне ықпалдастыру орталығы жұмысын бастады. Бұл жобаны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Болашақ жас тары» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Орталықта өңірде гі оралмандардың өзекті мəселелеріне байланысты кеңестер беріледі.  Семейде жылу желілерін қайта құруға 1,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Александр Генрихтің мəлімдеуінше, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан бұл жұмыс 10 жобадан тұрады.  Ақтөбеде бөдене құс фермасы заманауи қондырғымен жабдықталды. Кəсіпорын директоры Армен Абрамянның сөзіне қарағанда, жаңа техниканың құны – 150 мың доллар. Қазіргі таңда фермада 10 мыңнан астам бөдене бар. Компания басшылығы алдағы 6 айда құстың санын 30 мыңға жеткізбекші.  Биыл Павлодар облысында мектеп оқушыларын оқу құралдарымен қамтамасыз етуге 593 млн. теңге жұмсалады. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тамара Иванованың сөзіне сүйенсек, өткен жылы оқулықтарды сатып алуға – 476 млн., ал 2013 жылы 391 млн. теңге қаржы бөлінген.

ҚОС ҚАЙРАТКЕР 6-бет

Қызылша мен қызыл алма: қайсысынан табыс көп?

7-бет

СЕЛ Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше қаланың жаңадан құрылған Наурызбай ауданының тұрғындары таңғы сағат 3-те тосын дабылдан оянды. Тау бөктеріндегі Қарғалы өзенінің бөгеті бұзылған деген суық хабар жұртты дүрліктіріп жіберді. Апатты аймаққа полиция мен төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің қызметкерлері жеткенше жұрттың алды көлігіне мініп, жан-жаққа қаша бастаған. Үрей құшағындағы ұйқылы-ояу халық Қарғалы мен Таусамал ауылдарындағы көшелерден жарыса аққан лай судан одан бетер шошынып, не істерін білмеді. Тасқын жолындағының бəрін сыпырып, бірнеше жеңіл көлікті ағызып кетті. – Көршілер оятты... Қуанғанымыз – балаларымыз каникул басталысымен-ақ ауылдағы атасының қасына кеткен. Тездетіп жүгіріп, дөңдеу жерге шығып қарап тұрдық, – дейді Қарғалы ауылының тұрғыны Құралай Алғазиева. – Таң ағарып қалған. Өзен аңғарындағының бəрін ағызып алып кеткенін көзіміз көрді. Қарғалы мұндай мінез танытады деп үш ұйықтасақ, түсімізге кірмепті... Жер дүниенің бəрі лай-тасқын болып кетті. ТЖД қызметкерлері Қарғалы өзеніндегі бөгеттен асып аққан тау суының шлюздер арқылы тарап, жайылғаны туралы хабарлап, халықты сабырға шақырды. Бұл кезде сел жүріп

өткен аумақтағы тұрғындар қауіпсіз жерде орналасқан Наурызбай аудандық əкімдігі мен №176 мектептің ғимаратына көшірілген еді. Кейінгі таратылған мəліметтерге қарағанда қауіпті аумақтан 900-ге жуық адам көшіріліпті. Бұл түске жақын журналистерге берілген брифингте айтылған сөз. Апатты аумақта тынбай жұмыс істеген құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің саны техника жүргізушілерді қосқанда 1196-ға жетті. Таңғы сағат 06.43-те ТЖД тікұшағы апат болған аумақты бір айналып ұшып өтті. Бұл кезде бар қауіп сейілген. Алайда, көпшілігі

қалта телефондары арқылы оқиғадан хабардар болған халық біраз уақыт абыр-сабырға түсті. Алматының батысындағы Момышұлы мен Райымбек даңғылындағы, Шаляпин мен Ясауи көшелеріндегі бұрын-соңды болмаған көлік кептелісі соның айғағы. Қалалық ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Нұрпейісов журналистерге: «Қарғалы райынан қайтты. Тұрғындарға ешқандай да қауіп жоқ», деген мəлімет бергенде, көлікті-жаяу сансыз халық нөпірі əлі де көше кептелегінде тұрған... (Соңы 12-бетте).


2

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ

Бүгінгі таңда елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған 5 институттық реформаны жүзеге асыру басталып кетті. 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары қабылданды. Аталған жоспардың 19 қадамы сот-құқықтық жүйесін дамытуға бағытталған. Солардың бірі – судьялардың есеп беру тəртібін күшейту, судьялардың жаңа Этикалық кодексін жасау. Міне, осы қадамға сəйкес ел азаматтары судьялардың теріс əрекеттері бойынша Жоғарғы Сот жанынан құрылған арнайы Сот алқасына шағымдана алатын болады.

Судьялар тəртібін кїшейту – халыќ сенімін ныєайту Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет жағдайында кез келген дауды шешу үшін жеке жəне заңды тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер сотқа жүгінеді. Өйткені, сот заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау жолындағы адамдардың соңғы үміті болып табылады. Статистикаға жүгінсек, өткен жылы соттарда барлығы 1 528 744 іс, соның ішінде бірінші сатыдағы соттарда 1 420 632 іс қаралған. Ал енді қылмыстық жəне əкімшілік істер мен материалдарды есептемегенде, 916 395 азаматтық іс қаралған. Демек, былтыр сотқа 900 мыңнан астам адам жүгінген. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет судьялардың кəсіби қызметінің аса жауапты екендігін, оның қабылдайтын шешімдерінің адамның тағдырына, ар-намысы мен абыройына, құқықтары мен мүдделеріне, мен ші гі мен мүлкіне қатысты болып та былатынын ескере отырып, одан кəсіби біліктілігінің, қажетті іскерл ік жəне ұйымдастырушылық қабілетінің, жоғары моральдық-этикалық қасиеттерінің болуын талап етеді. Ұлт жоспарына сəйкес осы бағытта судьялыққа үміткерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру, соның ішін де біліктілік талаптарын күшейту көзделген. Судьялыққа үміткерлердің бұл жауапты қызметке 30 жастан бастап кірісуін белгілеу, міндетті түрде сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілін, кəсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін, бір жылдық тағылымдама жəне одан кейін бір жылдық сынақ мерзімін енгізу көзделіп отыр. Мұндай жағдайда судьялыққа осы қызметті саналы түрде таңдаған жəне оның барлық ауыртпалықтары мен жауапкершілігін түсінетін адамдар келеді деп сенеміз. Жоғарыда жарияланған реформаларды іске асыру мақсатында республика судьяларының алдына жаңа Этикалық кодексті қабылдау міндеті қойылды. Оны əзірлеу үшін судьялар қауымдастығы сот жүйесінің жəне судьялардың этикалық іс-əрекет стандарттарын қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын негізгі қағидаларға жүгінуге тиіс. Бұл ретте 2002 жылы Гаагада қабылданған Судьялар əрекетінің Бангалор қағидасы басшылыққа алынады. Бұл құжатты əзірлеуге жəне талқылауға 75 елдің өкілдері қатысқан. Осы жерде, Бангалор қағидасын жазған кезде бір судьяның айтқан сөздерін келтіргім келеді: «Не ақшаға, не семсерге сүйенбеген соттың беделі, сайып келгенде, оның шешім қабылдауға моральдық құқығы бар деген қоғамның сеніміне негізделеді». Мысалы, өзіміздің қазақ даласының билерін алатын болсақ, оларды ешкім қызметке тағайындамаған, бекітпеген, бұл лауазым мұрагерлік жолмен берілмеген. Би болу үшін оның өмірді тануы, əдет-ғұрып заңдарын терең білуі, шешендік өнері, халықтың алдында адал жəне əділ адам ретіндегі мінсіз беделі болуға тиіс еді. Ол кезеңде бидің əділетсіз шешіміне шағымдану өте сирек кездесетін. Егер би дұрыс шешім шығармаса, ол беделінен, халықтың сенімінен, билік айту құқығынан айырылатын. Сот жүйесінің қызметі бүгінгі күні де осы қағидаларға негізделеді. Сотқа деген сенім судья шығарған шешімдердің заңдылығына, оның сот процесін жүргізу кезіндегі іс-əрекетіне, соттан тыс уақыттағы жүріс-тұрысына, жеке басының қасиеттеріне байланысты қалыптасады. Сондықтан, судья ісəрекеттерінің қағидасы – еліміздің сот жүйесіне деген сенімнің негізі болып табылады. Қазіргі кезеңде Президенттің тиісті тапсырмасына сəйкес судьялардың жаңа Этикалық кодексін əзірлеу жұмысы басталып кетті. Онда судья ісəрекеттерінің жəне кəсіби этикасының стандарттары белгіленетін болады. Судьялардың кəсіби өкілеттігі əділдік, ақиқат, бостандық, құқық деген құндылықтармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан, оған қойылатын іс-əрекет стандарттары да осы құндылықтардан туындайды жəне судьялардың оларды сақтауы

қоғамның сот төрелігіне деген сенімінің негізін құрайды. Судьялар қауымдастығы халықтың, мемлекеттің тарапынан судьяға қойылатын міндеттемелер мен жауапкершілікті түсіне отырып, өздеріне осындай іс-əрекет стандарттарын қабылдауға дайын. Жаңа Этикалық кодекс нормаларын ұстану – судьялар үшін міндет, ал азаматтар үшін – судьялар корпусына деген сенімнің кепілі. Мұндай шараларды қабылдаудың мақсаты судьялардың тəуелсіздігімен қатар, олардың мемлекет пен қоғам алдындағы қатаң есептілігін қамтамасыз ету болып табылады. Судьялардың жаңа Этикалық кодексінің негізінде азаматтар судьялардың əрекеттері бойынша арнайы тəртіптік комиссияға шағымдана алатын болады. Бүгінгі таңда сот жүйесінде судьялардың іс-əрекеттеріне түскен дəлелденген шағымдар бойынша судьяға қатысты тəртіптік жазаны Сот жюриі қолданады. Бұл орган қызметін атқарып жүрген судьяның кəсiби жарамдылығын анықтау, судьяның отставкаға шығу жəне оны тоқтату құқығын растау, сондай-ақ судьяларға қатысты тəртіптік іс жүргізуді, тəртіптік істерді қозғау туралы мəселені қарау үшін құрылған, яғни оған бірқатар өкілеттіктер берілген. Біліктілік комиссиясы судьялардың кəсіби қызметін бағалаумен, олардың атқаратын қызметіне сəйкестігін анықтаумен айналысатын болады. Бес жылда бір рет, кейін он жылда бір рет жəне жоғары сатыда тұрған сотқа қызметке орналасуға конкурсқа қатысқан кезде біліктілік комиссиясының тиісті қорытындысы берілетін болады. Бұл судьяның кəсіби деңгейін тексеру құралдары болып табылады жəне судьяның есеп беру тəртібін күшейтеді, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесінде қолданылатын меритократия қағидаларына да сəйкес келеді. Тəртіптік комиссия судьяға қатысты тəртіптік іс жүргізуді қозғау жəне судьяны тəртіптік жауапкершілікке тарту мəселелерін қарайтын болады. Бүгінгі таңда заңға сəйкес судьяға қатысты сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны, судья əдебiне қайшы келетiн терiс қылық жасағаны, еңбек тəртібін өрескел бұзғаны, ал сот төрағалары жəне соттардың сот алқаларының төрағалары лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тəртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін. Сот жюриіне судьяға қатысты тəртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізу құқығы Жоғарғы Сот Төрағасы мен облыстық жəне оған теңестірілген соттардың төрағаларына берілген. Елбасы белгіленген реформаларды іске асыру мақсатында судьялардың іс-əрекеттеріне түскен азаматтардың дəлелденген шағымдары бойынша тəртіптік іс жүргізуді қозғау тетігін қарас тыру, сондай-ақ, судьяға сот басшылығының қысымын болдырмау, оның тəуелсіздігін күшейту мақсатында облыстық жəне оған теңестірілген соттар төрағаларының судьяға қатысты тəртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізу құқығын алып тастау көзделіп отыр. Азаматтарға судьялардың əрекеттері бойынша тəртіптік комиссияға шағымдану құқығын беру судьялардың да кəсіби тəртібін нығайтуға, олардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заң нормаларының бұзылуына жол бермеуіне, сот процесінде əрқашан сыпайы, төзімді болуына, сотқа қатысушыларға құрметпен қарауына, қызметінде жəне күнделікті өмірінде əдепті болуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, есеп беру тəртібін күшейту судьяның қоғамдағы беделінің өсуіне, жауапкершілігін арттыруға жəне сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Моряк ШЕГЕНОВ, Жоғарғы Соттың судьясы, Сот жюриінің төрағасы. АСТАНА.

Баєытымызды айќындаєан баянды баєдарлама Билігі əділ ел озады Нұртуған ТҰРЖАНОВ,

Маңғыстау облыстық соты кассациялық сот алқасының судьясы.

Мемлекет басшысы жариялаған «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бесінші бағыты елімізде таяу арада елеулі өзгерістер мен жаңаша даму жолы бастау алатындығын, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі едəуір артып, оның есеп бере білу қабілеті артатындығын көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен 2050 жылғы Қазақстан – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы екеніне сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін жəне тең құқықты, ал билігі əділ. Онда заң үстемдік етеді», – деп тұжырымдайды. Осы стратегиялық жоспардың қазығы Мəңгілік Ел идеясы болып табылады. Осы ұлттық идеяның шырағын жаққан Елбасымыз қараша халқымыздың əлемде алар орнын айқындап, адаспас жол, айнымас бағыт белгілеп беріп отыр. Мəңгілік Ел идеясы – теңдессіз, патриоттыққа толы идея. Ата-бабаларымыздың арманы. Бүгінгі біздің өміріміз, болашақтың бақытты жолы. Сондықтан да баршамыз тізе қосып, бірліктің туын берік ұстап, алауыздықтан аулақ болып, бір мақсат үшін, бір мүдде, бір болашақ үшін аянбай тер төгіп, қажымай қайрат қылуымыз керек, ерінбей еңбек етуге тиіспіз. Мемлекетті басқару тетігі Елбасының сенімді қолында, ол берген орынды талаптың бұлжытпай орындалуы мен абыройлы атқарылуы мемлекеттік қызметтің мойнында. Қанша ауыр болса да, мемлекеттік қызметтің икемді, қолайлы, тез арада шешім қабылдауға, оны жүзеге асыра білуге қабілетті болуы аса маңызды. Осы мақсатта қысқа мерзімде жүзеге асырылуға тиісті нақты жұмыстар белгіленген, бес бірдей реформалық жаңа жол дүниеге келіп отыр. Нақты белгіленген əрбір қадам қоғам дамуына қарыштап жол ашуға тиісті.Мысалы, сот жүйесіндегі бес сатылы жүйені (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау жəне қайта қадағалау жасау) үш сатылы жүйеге ауыстыру (бірінші, апелляциялық, кассациялық), яғни қарапайым тілмен айтқанда, аудандық, облыстық жəне республикалық дəрежедегі сот төрелігінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай халық қолдауына ие болатыны сөзсіз, себебі, халқымыз үшін екі бірдей артық сот төрелігі сатылары жойылады. Істердің тез арада қаралуы қамтамасыз етіледі. Бұрынғы кездегідей кейбір даулардың ұзақ уақыт шешімін таппайтын деректері азаяды. Сот жүйесіне қатысты басқа қадамдар да орынды қойылғаны, əрі дер кезінде көтерілген мəселе екені анық. Себебі, қаншалықты жаңа заңдарымыз, кодекстеріміз қабылданып жатқанмен, бүгінгі заманымыздағы, жаңа

технологиялар мен нарық кезеңіндегі өзгерістер үнемі икемді болуды қажет етеді. Сот жүйесіне қатысты емес басқа қадамдар да уақыт талабынан туып отырған нақты қадамдар екен дігіне барша қауым көзін жеткізіп отыр. Осының ішінде, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағыты – елімізде мемлекеттік қызметтен талап етілетін мүлдем жаңаша көзқарас. Мемлекеттік органның бұрынғы үйреншікті құрылымдық бағытының мүлдем басқаша қайта құрылатынын, кей бағыттардың түбегейлі өзгерістерге ұшырап, жауапкершілігі жоғары, əр əрекетке есеп беруге қабілетті болмақшы. Он нақты қадамнан тұратын бұл міндеттер: тəртіптік бақылау жүйесін жетілдіруді, мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құруды, есеп комитетінің бірінші сыныпты əлемдік аудиторлық компаниялар модельдерімен жұмыс істеуін, ашық үкіметті енгізуді, мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық, аумақтық бағдарламаларға сай нақты қол жеткізгендігі туралы жəне бюджеттің орындалуы туралы ашық жыл сайынғы баяндамаларын енгізуді, өзін өзі басқаруды дамыту, мемлекетке тəн емес қызметтерден арылуды, жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін айқындауды, қоғамдық кеңестердің өкілеттігін арттыруды жəне Мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сəйкес халықаралық сертификаттауды қамтыған. Əлемдегі алдыңғы қатардағы 30 ел қатарына қосылуды, Мəңгілік Ел болуды мұрат еткен Ұлы Дала елінің ұрпақтары –Қазақ елі үшін, оның жақын болашақта жарқын өмір сүруі үшін, Елбасының «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» міндеттемесі ұлтымыздың игілігі үшін қалтқысыз қызмет ететініне, халқымыздың алыс арманын жақындата түсетініне күмəнсіз сенімдемін. Еліміздің бақыты, бағыты баянды болғай.

Ґндіруші ретінде їлес ќосамын Зарета ФАТАЛИЕВА, «Берекет-Ф» ЖШС директоры.

Мемлекет басшысы Н.На зар баев тың баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет құру үшін ұсынған «нақ ты 100 қадам» бағ дарламасын оқып, көңілге көп сенім ұялаттым. Біздің еліміз бүгінгі қол жеткізген биіктікпен, табыстармен тоқмейілсіп қалмау керек, бұл, біріншіден, уақыт талабы, екіншіден, əлемде орын алып жатқан əртүрлі əлеуметтік-экономикалық ахуалдармен одан туындайтын қақтығысқауіптіліктер біздің елімізге бейжай отыруға болмайтындығын ұқтырады. Біз одан əрі етек-жеңімізді жиып, ақылмен, қайратпен алға ұмтыла түсуіміз керек. Қазақстанның қазіргі бейнесі мен беделін одан əрі толықтыра түсу үшін енді не істеу қажет, қай бағыттарда жұмыс жүргізіп, қандай салаларды қалайша жетілдірген жөн? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» бағдарламасында осы бағыттарды қолға ұстатқандай саралап берді. Ауқымды бес бағытқа бағамдалған бағдарламаның ең соңғы тарауы – «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп

аталады. Бұл дегеніміз барлық деңгейде, барлық салада құрылым басшыларының өзінің бітірген жұмысы туралы есеп беріп, ашықтық пішімін, қолжетімділік мүмкіндігін қалыптастыруға жəне нақты нəтижелілікті көрсетуге жол ашады деп түсінемін. Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру үшін жұмыстардың ауқымды əрі күрделі жүретіні Елбасы анықтап берген он қадамда байқалып тұр. Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды ықпалдастыру арқылы ұтымды пішін жасау – мемлекетіміздің алдына қойған жоспарлары мен бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруға септесетін болады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мəліметтеріне қолжетімділікті онлайн-мүмкіндікке айналдыру жоғары қарқынмен дамыған жəне өз орнын алдыңғы қатарлы елдер арасынан іздеген елге жарасымды қадам. Бюджеттік жəне топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нəтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары мен мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нəтижелері, жергілікті жəне республикалық бюджеттің орындалысы туралы есептерді беретін мəліметтер базасының онлайн жүйеге ауыстырылуы бұл тұрғыдағы мəселелер мен туындап тұрған кедергілерді еңсеруге көмектеседі. Қорыта айтқанда, бұл – ел ішіндегі барлық жағдайды көріп-біліп, таныпталдаудан туған бағдарлама. Сондықтан, оның өміршең əрі мемлекетіміздің өркендей түсуіне беретін оң нəтижесі мол болатындығына сенімдімін. Ал өзім сүт, нан өнімдерін дайындап, жергілікті тұрғындарды отандық өніммен қамтуға атсалысып жүрген өнім өндіруші ретінде бұл бағдарламаның жүзеге асуына үлесімді қосатын боламын.

«Тəртіпке бас иген ќўл болмас» Мəнет ШЫРАҚБАЙ,

Түпқараған ауданындағы «Жауқазын» балалар бақшасының директоры.

100 нақты қадам – бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктерін саралап, бола шақ жолына бастаған міндеттемелік бағдарлама. Міндеттілігінің маңыздылығы сондай, бұл 100 қа дам ның арғы жағында тұтас еліміздің тағдыры мен тəртібі тұр. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «тəртіпке бас иген құл болмас» дегеніндей, мемлекеттік аппараттан бастап, заң саласын жетілдіру, индустрияландыру мен экономикалық өсім үшін атқарылуы тиісті тапсырмалар, біртектілік пен бірлік мəселелері жеке-жеке əрі кең көлемде тайға таңба басқандай анық айтылған. Ал «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» – өркениет көшіне бет түзеген мемлекеттегі ашықтықты айқындайтын, қолжетімділікті арттыратын басты қажеттіліктердің бірі. Бұл бағыттағы 94-қадам, яғни «Ашық үкіметті енгізу» қазіргі таңда толғағы жетіп, күн тəртібінде тұрған мəселе деп білемін. Мысалы, қарапайым кез келген бір мəлімет алудың қазіргі таңда қандай қиын екені жасырын емес. Тиісті мекемеге, оның ішіндегі арнайы бөлімшеге хабарласып, тіпті, кей кездері хатпен шығып, ол хаттың қаралуын күтіп дағдаратын кездер болады. Бұл қадамды жүзеге асыру арқылы біз

ақпаратқа қолжетімділік туралы заңға қол жеткізіп, нəтижесінде мемлекеттік органдар құзырындағы құпия немесе заңмен қорғалатын ақпараттардан өзге мəліметтерге ашық түрде иелік ететін боламыз. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар басшыларының өздері атқарған қызметінің нəтижесі туралы халық алдында, жоғары оқу орындары басшыларының студенттер, қызметкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында есеп беруі, сонымен бірге, ол есептердің арнайы сайттарда орналасуы да қоғамымызда ашықтық мазмұнының қанат жая түскендігін аңғартады. Мемлекеттің есеп беруі дегеніміз, мемлекеттік қызметкерлердің, жұмыс берушілердің қызметін халықтың көз алдында жүргізуі жəне ол туралы ашық, нақты есеп беріп, баяндап отыруы, тұрғындардың біткен мен бітпегенді біліп, алдағы кезеңде бірлесе, кеңесе жұмыс жасауға жол ашатын жаңаша ұсыным екені анық.

Дамуымызєа мол мїмкіндік ашады Магомед ЛОРСАНОВ,

«Алпроф Ақтау» ЖШС директоры, кəсіпкер.

Қазақстанда кəсіпкерлікті дамытуға барлық мүм кін дік жасалған. Елба сы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жолданған əрбір құжат, ол Жолдау ма, ол бағдарлама ма, бізді шаруамызды дөңгеленте дамытып, ел ішінің бірлік-берекесіне ұйытқы болып, ортақ Отанымызды дамытуға шақырады. Барлық бастамалар мен тапсырмалар секілді «100 нақты қадам» бағдарламасы да қазақстандық жолдың баянды болуына қызмет етеді. «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағытында біраз нақты тапсырмалар айтылады. Əсіресе, ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетіндігі жəне азаматтардың бюджеттік жобаларды талқылауға қатысу мүмкіндігінің тууы туралы айтылуы көңілге қонымды. Қазір ауыл əкімдерінің қолында ештеңе жоқ, олардың ауылды көркейту туралы жақсы ойлары тек арман күйінде көкейлерінде қалып келе жатуы мүмкін ғой?! Себебі, сол ауылды сырттан басқаратын əкім емес, сол ауылда тұрып, бота-тайлақтан бастап, еңкейген кəрі, бесіктегі сəбиіне дейін танып отыратын сол жердің əкімі тереңірек біледі. Демек, не істеу керек екендігін де олар жақсы біледі, бұл бағдарлама осылайша тапсырмаларды орындаймын деп құлшынған ауыл əкімдеріне үлкен мүмкіндік туғызады ғой деп ойлаймын. Сондай-ақ, менің назарыма ерекше ұялаған тұс – қоғамдық кеңестердің жұмысы. Өздері мүшесі болып саналатын мекемедегі қоғамдық кеңестің жұмысына қатысу арқылы олардың біраз құжаттарды, бағдарламаларды талқылау рөлі артады. Ал қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін заңмен бекіту – қоғамдық кеңестің жұмыс жасау белсенділігін арттыруға жасалған дұрыс қадам. Жазып алған Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.


Їйлесімді байланыс кґрініс тапќан їдеріс Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Елбасының 5 институттық реформасын іске асырудағы «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының рөлі» тақырыбында арнайы брифинг болып, онда Үкімет жұмысына қолғабыс тигізу мақсатында жүзеге асырылып жатқан «I-Azamat», жəне #Talks2050 форумдары сынды жобалар барысы кеңінен айтылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының алдына бұл жолы «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мен Кеңес мүшелері Ғани Нығметов жəне Айша Ысқақова, сондай-ақ, аталған қозғалыс медиа-директоры Қанат Əуесбай шықты. Баспасөз мəслихатын өткізушілер «I-Azamat» жобасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге азаматтарды барынша тартуды көздеп отырғандықтарымен бөлісті. Ол үшін жоба аясында тұрғындардың құқықтық сауатын көтеріп, белсенді азаматтарды мемлекеттік қызмет көрсету саласы-

қатысуына мүмкіндік беріліп отыр. «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін үш тараптың – мемлекеттік қызмет көрсетушінің, тұтынушының жəне бақылаушы органның байланысы үйлесім табуы тиіс. Тұтынушы үнсіз қалмауы керек. Бүгінгі күні мемлекет кəсіби жəне есеп беруге тиісті мемлекетті құру үшін барлық шараларды жасап жатқаны баршаға аян», – деді Д.Жұмин өзінің сөзінде. «I-Azamat» жобасы үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастау алады деп күтілуде. Жоба авторлары қазірдің өзінде азаматтардың iazamat2050@ gmail.com электронды поштасына мемлекеттік қызметті пайдалану бары-

на мониторинг жүргізуге жұмылдыру ойлары бар екендігі көлденең тартылды. Кеңес төрағасы Данат Жұминнің айтуынша, азаматтар сапасыз қызмет көрсету деректері бойынша аталған қозғалысқа хабарласуы тиіс. Сонда ғана азаматтар мен мемлекеттік қызмет көрсету мекемелері арасында тəуелсіз кері байланыс тетігі орнайтын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу ісіне тəжірибелі бапкерлер жетекшілігімен азаматтардың өздерінің

сында кезіккен қиыншылықтар туралы баянды жіберуге болатынын жеткізді. Баспасөз мəслихаты барысында жоба жетекшілері қозғалыс белсенділерінің бірінің басында туындаған жағдайды мысал ретінде келтірді. Ол Астана қаласы емханаларының бірінде қызына тез арада ота жасату қажет болған кезде, медициналық талдамалар тапсыруға жолдама алу барысында біраз қиыншылыққа тап болған. Өйткені, жолдама беретін компьютер желісі істен шығыпты. Ал ота жасау мерзімі

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

белгіленіп қойған. Мұндай жағдайдың екі күнге созылуы талдамалардың дайын болмауына, сөйтіп, қыздың ауруханаға жату уақытынан кешігіп қалуына, тиісінше, ота жасалмай қалуына алып келгендей екен. Балалары үшін шырылдаған ата-анасының талабынан кейін ғана дəрігерлер жолдамаларды қолмен жазып берген көрінеді. Міне, осындай келеңсіздіктер кездесіп жатқан жағдайда, жоба авторлары олардың оңды шешілуіне өздерінің ықпалын тигізу ниетінде екендіктерін айтты. Бұл ретте, жоба алдымен Астана қаласында жүзеге асырыла бастайтыны белгілі болды. Ал күздің алғашқы айында «I-Аzamat» мектебі өз жұмысын еліміздің барлық өңірінде бастайды деп күтілуде. Онда тəжірибелі бапкерлердің жетекшілігімен азаматтық мониторинг акциялары өтеді жəне оған əлеуметтікбелсенді азаматтар алдын ала өтініш беру арқылы қатыса алады. Орайы келгенде мерзімі туралы жан-жақты ақпарат ағымдағы жылдың тамыз айында қозғалыстың веб-сайтында www. kz2050.kz жарияланатынын айта кеткен жөн. «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Мəдениет жəне спорт министрлігімен бірлесе отырып, #Talks2050 тақырыптық форумдарын өткізетіні де алға тартылды. Өңірлерде барлығы 5 форум өткізу жоспарланып отыр екен. Ал алғашқы форум Атырау қаласында «#Talks 2050: мұнаймен бірге, мұнайдан басқа жəне мұнайдан кейін» деген тақырыппен өткізілгені мəлім. Келесі форум 25 шілдеде Астана қаласында жоспарланып отырса, онда елорданы дамыту мəселесі талқылау өзегіне айналатын көрінеді. Яғни, #Talks2050 – бұл TED конференция пішіміндегі бейресми форум болса, оған түрлі саладағы өз ісінің танымал шеберлері спикерлер ретінде қатыспақ екен. Елордадан кейінгі форумдар əртүрлі тақырыптармен Петропавл, Өскемен, Шымкент қалаларында өтеді деп күтілуде. Мұндай жиындарда шамамен 10 адам сөз сөйлеуі тиіс, ал əрқайсысына берілетін уақыт 15 минуттан белгіленіп отыр. Шамамен 200-ден аса адам қатысатын осындай шаралар барысында қатысушылар аймақтардың дамуы жайлы əртүрлі салада жүрген мамандардың болжамдары мен пікірлерін тыңдауға мүмкіндік алмақ.

Кітапханадаєы кездесу Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Мəжіліс депутаты Абай Тас болатов А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өңір жұртшылығымен кездесті. Жүздесу барысында Абай Бөлекбайұлы Парламентте қабылданған жəне жобасы əзірленіп жатқан заңнамалар туралы əңгімелей келіп, кітапханадағы кездесуді ұйымдастыруға өзі бастамашы болғанын жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде кітапқа қызығушылық төмендеп бара жатқанын, кітапты жиі оқу керектігін, əсіресе, Қазақстан тарихына қатысты əдебиеттермен жақын танысу қажеттігін атап өтті. – Тарихты білу – азаматтардың отаншылдық сезімін қалыптастырудың негізі. Сондықтан, жастарымыз тəуелсіз еліміздің байтақ тарихымен жетік таныс болуы тиіс, – деді депутат. Оқырмандар сауалына жауап берген Мəжіліс депутаты облыс кітапханасына Қазақ хандығының 550 жылдығына орай шыққан екі кітапты тарту етті. Оның бірі – Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны, екіншісі – өзінің Ж.Сүлейменовпен бірлесе отырып құрастырған «Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» жинағы.

Генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Абай Тасболатов 49 ғылыми жəне əдеби шығарылымдардың авторы. Оның ішінде «Қазақстанның əскери тарихы»,

«Əскери терминдердің түсіндірме сөздігі», «Военно-теоретическое и педагогико-психологическое наследие Бауржана Момышулы» жəне тағы басқа кітаптары көпшілікке танымал. ӨСКЕМЕН.

Ґѕірде ґркенді істер бар Парламент Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Əмірхан Рахымжанов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Əмірхан Рақымжанов партия құрамындағы депутаттық фракция мүшелерімен, мемлекеттік мекеме басшыларымен, соғыс ардагерлері кеңесі жəне БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Əмірхан Мұратбекұлы əуелі «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша іске қосылған 320 орындық көпсалалы облыстық аурухананың жұмысымен танысты, халық денсаулығын жақсартуда аурухана мүмкіндігінің мол екеніне көз жеткізіп, жұмысын жүйелі жолға қойған бас дəрігерге ризашылығын білдірді. Елімізде медицина саласына айрықша көңіл бөлініп отырғанын айтты. Сонымен қатар, Мəжіліс депутаты «Батыс-2» шағын ауданындағы

3

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

«Достық» су спорты орталығында жəне жаңадан бой көтерген үш қабатты «Айлин» балабақшасында болды. Балабақшаның жалпы алаңы – 3714,6 шаршы метр. 300 орындық ғимаратта 12 топ қамтылған. Мектепке дейінгі ұйым заманауи талаптарға сай жəне тəрбиеленушілерге жоғары деңгейде жағдай ұсынатын жобамен жасалған. Заманауи үлгіде жабдықталған ғимараттың дербес трансформаторлық стансасы мен жылыту қазандығы бар. Содан соң депутат «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасымен салынған «Ақтөбе Сити» шағын ауданын аралап көрді. Онда салынып жатқан мектеп пен балабақшаның құрылысымен танысты. Ə.Рақымжановтың жұмыс сапары

17 шілдеде Алға ауданында жалғасты. Бесқоспа ауылының 60 балаға есептеліп салынып жатқан Бесқоспа орта мектебінің құрылысымен танысты. Алға қаласының «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 2 қабатты 4 үй салынған болатын. Пəтерлер бюджет қызметкерлері мен аз қамтылған отбасыларға берілген. Содан соң, жаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен үйлерді аралап көрді. Тұрғындармен кездесіп, бағдарламаның тиімді тұстарын əңгімеледі. Депутат, сондайақ, ау д ан н ың б і р қат ар меди ц и на мекемелерінде болып, олардың жұмысымен танысты. Бұдан кейін силикат кірпіш, минералды мақта, базальтты қиыршық тас, газ-бетонды блоктар шығаратын «Базальт А» жəне «Силикат А» ЖШС-лерінде болды. Қандыағаш қаласындағы балабақшаға аялдауды да ұмытпады.

 Демократия – даму даңғылы

Ґкілдік биліктіѕ басымдыќтары Владимир БЕРКОВСКИЙ,

Павлодар облыстық мəслихатының хатшысы.

Соңғы онжылдықтарда, бəріне белгілі болғандай, біздің ел əлеуметтікэкономикалық дамудың жоғары қарқындылығымен, мемлекеттің барлық салаларында реформалар мен жаңғыртуды жүзеге асыруда қол жеткізген жетістіктерінің халықаралық деңгейде танылуымен сипатталады. Мұның бəрі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегінің арқасы. Бұл жай ғана əдемі сөз емес. Кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша жарияланған сандар осыны растайды. Жалпы, өңірлік өнім көлемін 3 пайызға өсіре отырып, өткен жылды табысты аяқтаған біздің облыс ел экономикасына өзінің қомақты үлесін қосып келеді. Республикалық рейтингте Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының саны бойынша облыс 3-і, инвестиция көлемі бойынша 2-орында. Соңғы жылдары Индустрияландыру картасы шеңберінде 60-тан астам жоба енгізіліп, 5600 жұмыс орны құрылды. Облыстың барлық кəсіпорындары өнімдері бəсекеге қабілетті болу үшін өндірістің шығындарын төмендету бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, облыс əкімдігі еліміздің ұлттық компанияларымен жəне жүйе құраушы кəсіпорындарымен сомасы 128 млрд. теңге болатын жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі тиісті меморандумдарға қол қойды. Бұл павлодарлық кəсіпорындарға жыл соңына дейін кепілдендірілген тапсырысқа ие болуға мүмкіндік береді. Шағын жəне орта бизнеске бізде жан-жақты қолдау көрсетілуде, оларда экономикалық жағынан белсенді тұрғындардың 30%ы жұмыс істейді. Олар өткен жылы 370 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндірді жəне мемлекеттік қолдау көрсетілген жобалар бойынша біздің облысымыз республикада бірінші орынға ие. Сонымен бірге, əлемдік экономикадағы қазіргі дағдарыс жағдайы біздің жергілікті кəсіпорындарымыздың қызметіне өзінің үлкен əсерін тигізуде. Нəтижесінде бірқатар өндірістік көрсеткіштер өткен жылғы сандардан төмен болды. Өңірде «Павлодар облысының бəсекеге қабілеттігін арттырудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы» əзірленді, онда дамудың басым бағыттары белгіленді, олар – металлургия, теміржол, машина жасау жəне агротағамдар кластерлері, «Павлодар еркін экономикалық аймағының» нысандары. Өңіраралық кардиохирургиялық орталық облыстық денсаулық сақтау басқармасының қарамағына беріледі жəне оның негізінде жүрек ауруларын емдейтін ірі мамандандырылған кешен құрылады. Облыста экспорт-импорт операциялары əлемнің 70-тен астам елімен жүзеге асырылуда. Өңірлік экспорттың көп бөлігі ТМД елдерінің үлесінде (шамамен 70%). Алыс шетелдердің ішінен Қытай, Германия мен Италия негізгі сауда-саттық жөніндегі серіктестер болып табылады. Біз Ресейдің Сібір өңірімен: Новосібір, Омбы, Том облыстарымен жəне Алтай өлкесімен белсенді түрде жұмыс істейміз. Облыстың еңбек нарығында жағдай тұрақты болып қалуда. Өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды ғана құрады. Өнеркəсіпте, агроөнеркəсіп секторында, құрылыста жəне басқа да салаларда жауапты лауазымдарда жұмыс істей отырып, біздің депутаттарымыз осы көрсеткіштерге айтарлықтай үлес қосты. Заңнамаға сəйкес, облыстық мəслихат депутаттары халықпен кездесулер жəне жеке мəселелер бойынша қабылдаулар өткізеді, тек қана өткен жылы олар өздерінің сайлау округтерінде 185 қабылдау жəне 148 кездесу өткізген. Соңғы бес жылдың ішінде облыс орталығында үйлердің маңындағы аумақтар мен балалар алаңдарын көріктендіру бойынша көптеген мəселелер туындады. Бұл мəселе облыс əкімімен жəне Павлодар қаласының əкімімен пысықталды, соңғы үш жылда 75 аула жөнделіп, көріктендірілді. 18 аула демеушілік қаражат есебінен жөнделді, бұған кəсіпорындар басшылары, депутаттар да белсенді қатысты. Барлық шешілмеген мəселелер атқарушы билік органдарымен бірлесіп пысықталады. Партиялық қағидат бойынша қалыптастырылған облыстық мəслихат өзіне жүктелген депутаттық өкілеттілікті табысты түрде іске асырады жəне «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттемелерін өмірде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Облыстық мəслихат депутаттарының барлығы «Нұр Отан» партиясы

облыстық филиалының мүшелері екенін ескерсек, ұжымдық түрде қабылданатын жəне əрбір халық қалаулысының партиялық жауапкер шілігіне қатысты бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Депутаттық фракцияның негізгі бағыттары мыналар: партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асы ру жөніндегі өңірлік бағдарламаны əзірлеу жəне бекіту; «Нұр Отан» партия сының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысына қатысу; əкімдердің мəслихаттар мен халық алдында есеп беруіне қатысу; проблемалардың ше шілуін жəне есеп беру барысында айтылған уəделердің орындалуын мониторингілеу; өңірде əлеуметтік бағдарламалардың жəне экономиканы əртараптандырумен жəне инновациялық дамумен байланысты бағдарламалардың іске асырылуын қоғамдық бақылау; кездесулер өткізу мен сайлаушылар алдында есеп беру жəне т.б. Облыстық мəслихаттың сессиясында «Депутаттық этика туралы ереже» қабылданды, ол облыстық мəслихат туралы регламенттің қосымша бөлімі сияқты жəне енді əрбір депутат өзінің міндеттерін орындауда мейірімділік жəне шынайылық қағидаттарын, өзара бір-біріне жəне сайлаушыларға құрметпен қарау, депутаттық қызметтің барлық нормалары мен қағидаларын сақтау қағидаттарын басшылыққа алатын болады. Əрбір депутат партия мүшесі ретінде тиісті сайлау округінің аумағында орналасқан ұйымдардың партиялық ұяшықтарының қызметі үшін жетекші ретінде жауапкершілікті өзіне алады. Өңірлердегі партия филиалдарының ұйымдық негіздерін жетілдірудегі осы түбегейлі маңызды шешім оң нəтиже берді. Филиалдардың аудандық жəне қалалық бюроларының жұмыс жоспарларына сəйкес, облыстық мəслихат депутаттары олардың кеңейтілген отырыстарында атқарылған жұмыс туралы мерзімді түрде есеп беріп отырады. Мұндай іс-тəжірибе жұмысты əлдеқайда үйлесімді жəне тиімді түрде жүргізуге мүмкіндік берді. Фракцияның бастамасы бойынша депутаттар өңірлік салалық бағдарламаларды қалыптастыруға, тіпті, олардың жобалық əзірлеме сатысында міндетті түрде қатысады. Ол бюджеттік қаражаттарды тиімді жəне орынды пайдалануды арттыруға, халықтың жəне тиісті елді мекендердің мүдделерін іс жүзінде ескеруге мүмкіндік береді. 2013 жылы облыстық мəслихаттың «Нұр Отан» партиясы филиалының фракциясы арнайы бағдарлама қабылдады, ол біздің өңір тұрғындарының əлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға арналған. Облыстың қалалары мен елді мекендеріндегі шаруашылық субъектілеріне жақын орналасқан аумақтардың тазартылуы мен абаттандырылуына бақылауды қамтамасыз ету бағдарламаның бірден-бір тармағы болып табылады. Тағы бір бағыты – өндірістік жəне ауылшаруашылық кəсіпорындарда жазғы кезеңде жоғары сынып оқушылары үшін жұмыс орындарын қамтамасыз етуге депутаттарды тарту арқылы жəрдемдесу. Себебі, депутаттардың көбі ірі кəсіпорындардың басшылары болып табылады. Егер бірінші жылы басшылар жоғары сынып оқушыларын жұмысқа ынта білдірмей алса, енді оларды қуана алады, өйткені, оқушылар өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарайды, қызметкерлер демалыста болғанда оларды алмастырады. Тек қана өткен жылы кəсіпорындарда сегіз мыңнан астам адам жұмыс істеген. Осы бастаманы іске асыру арқылы облыстың мектеп оқушылары еңбек ету мүмкіндігіне ие болады, 4 сағаттық жұмыс режімінде 15 күн жұмыс істегені үшін орташа жалақы 36 мың теңгені құраса, ұжымдық еңбек, қарымқатынас жасау, ынтымақтасу, өзара жəрдемдесу мен өзара көмек көрсету дағдыларын бойларына сіңіреді. Мəслихат фракциясы қол жеткізген басты жетістіктер – халықтың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруда сапалық деңгейдің біршама артуы, бюджеттік қаражаттардың уақытында игерілуі, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мəлімдемелерін мүлтіксіз іске асыру. Əсіресе, ол облыста дағдарысқа қарсы бағдарламаны, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын, халықты əлеуметтік қорғауды күшейту, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу жөніндегі шараларды іске асыру кезінде, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуде жақсы байқалды. Біздің облыста да бүкіл республика сияқты балалар үйі проблемасы бар, онда жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған

балалар тəрбиеленуде. Тағдырлары əртүрлі болғанмен, оларды біріктірген ортақ қасірет – ата-анасыз қалуы. Облыста жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларды əлеуметтік жағынан бейімдеу мен осы проблемаға жұртшылықтың назарын аударту бойынша белгілі бір жүйе қалыптасқан. Бүгінгі күні өңірде заңды тұлға мəртебесі бар жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 638 тəрбиеленушіден тұратын 15 білім беру ұйымы жұмыс істейді, ал облыста барлығы жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1913 бала тұрып жатыр. 1216 жетім бала отбасылық тəрбиелеу түрімен қамтылған, олардың ішінен 1148 бала қамқоршылық жəне қорғаншылық түрінде, 68 бала патронаттық түрде тəрбиеленуде. Алайда, баспаналар, балалар үйлері мен интернаттар балалардың мейірімділікке жəне жан жылуына деген барлық мұқтаждықтарын толық көлемде қанағаттандыра алмайды. Жетім балалардың көбі 23 жасқа келуіне байланысты жасөспірімдер үйінен кеткенде тұрақты жұмысы жоқ болса, кейбіреулері баспанасыз болады, əлеуметтік жағынан қорғалмайды. Мұндай жағдайда асырап алу, патронаттық отбасында тəрбиелеу жəне кəсіпорындардың балаларды қамқорлыққа алуы сияқты нысандар баламалы нұсқалар болып табылады. Облыста Ақсу ферроқорытпа зауытының тəжірибесі бар, зауыт «Балалар үйлерінің тəрбиеленушілерін өмірі мен мансабын жоспарлау» республикалық жобасын қолдап, балалар үйінің 5 тəрбиеленушісін қарамағына тəрбиелеуге алды. Балалар Ақсу қаласына көшіп келіп, «Еуразия» оңалту орталығының жайлы нөмірлеріне жайғасты, онда олар үшін барлық қажетті тұрмыстық жағдай жасалған. Мұнда жасөспірімдер толыққанды тамақпен, компьютер техникасымен, киім-кешекпен, аяқ киіммен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік жəрдемақыдан басқа əрқайсысына ай сайын кəсіпорын есебінен қаражат кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін жеке шотына аударылады. Ақсу қаласындағы №19 лицей кəсіби білім беруде жауапкершілікті өзіне алды. Мұнда жастар жұмысшы мамандықтарын меңгереді жəне оқуды аяқтағаннан кейін ферроқорытпа зауытының кəсіпорындарында жұмыс істеу үшін қалады. Яғни, зауыт жастарға білім алу, өзін өзі айқындау жəне одан əрі даму үшін мүмкіндік береді. Олар зауыттың барлық спорттық жəне мəденибұқаралық іс-шараларына белсенді түрде қатысады, осылайша өзін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл жастар қарапайым адам бақыты туралы армандаса, оларға осы бағытта қала құраушы кəсіпорын көмектеседі. Осындай іске кешенді бастамашылық жасаған облыстық мəслихаттың депутаты, ферроқорытпа зауытының бұрынғы директоры, қазіргі кезде алюминий зауытының директоры Арман Есенжолов болатын. Ал осы бастаманы облыстық мəслихаттың басқа депутаты, Павлодар мұнай-химия зауытының директоры Шухрат Данбай қолдады. Зауыт кəмелеттік жасқа келген, зауытқа қажетті болып табылатын мамандықты меңгерген жастарды жұмысқа қабылдайды. Оларды зауыттың штатына кіргізіп, шетелге оқуға жібереді, онда жастар кəсіби дағдыларын арттырып, тіл үйренеді. Мұндай көзқарастың арқасында жастарда ертеңгі күнге деген сенімділік пайда болады, яғни олар жұмыссыз, үйсізкүйсіз қалмайды. Биыл «Депутат сағаты» жаңа жобасын енгіздік, онда облыстық басқармалардың басшылары өз қызметі туралы облыстық мəслихаттың депутаттары алдында есеп береді жəне депутаттар қойған сұрақтарға жауап қайтарады. Жыл басынан бері депутаттар алдында облыстық білім беру, кəсіпкерлік, сауда жəне туризм, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары есеп берді. Облыстық мəслихат өз қызметінің барлық бағыты бойынша облыс қалалары мен аудандарының мəслихаттарымен тығыз жұмыс жасайды. Кездесулер, семинарлар жəне депутаттарды оқыту өткізеді. Барлық мəслихат депутаттары өздерінің өкілеттіктерін өндірістік қызметінен немесе жұмысынан қол үзбей атқарады, тұрақсыз негізде жұмыс істейді. Осыған қарамастан, тұрғындардың өкілдік билікке қоятын талаптары артып келеді. Депутаттардың қызметі əрдайым бəрінің көз алдында жəне олар заңдылық, сайлаушылар алдындағы жауапкершілік, ашықтық сияқты басты өлшемдерді басшылыққа алады. Бұл мəселе əрқашан солай болып қалмақ, өйткені, оларды бір үлкен нəрсе біріктіреді, ол – тұрғындардың өмірін жақсартуға ықпал ету. ПАВЛОДАР.


4

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ДЕМІККЕН ƏЛЕМ, ДЕНДЕГЕН ДЕРТ Бірқатар сарапшылардың айтуынша, Грекия үкіметі «осал ойыншы» екендіктерін көрсетіп, онсыз да тығырыққа тірелген ел экономикасын мүлде тұралатып тастады. Əрине, бұл ретте басты кінə несие берушілерде жатқаны анық. Дегенмен, Ципрас үкіметі тұяқ серпер мінез де көрсете алмай, несие берушілердің дегеніне «бұйдаланған тайлақтай» көне кетті.

Тўралаєан экономиканыѕ тынысы тарылуда Грекияны тұқырту барысында несие берушілер басқа елдерге валюталық аймақтан шығудың қаншалықты қиындыққа соқтыратындығын тағы да көрсетті. Олар Ципрасқа өздерінің ұсыныстарын қабылдатып қана қоймай, сонымен бірге, Грекия халқының наразылығын туғызуға ықпал жасады. Сырттан жасалған қысымның салдарынан Грекияда орын алған банк каникулы кезінде елде жұмыс істеп тұрған компанияларының үштен екісі табысынан қағылды. Endeavor компаниясының деректері бойынша

əрбір тоғы зыншы компания шикізат сатып алуға мүмкіндігі болмағандықтан, өндірісті тоқтатуға мəжбүр болған. Капитал қозғалысын шектеуге байланысты банктер қаржы аудару операцияларын жасай алмады. Соның салдарынан компаниялардың өзара қаржы аудару мүмкіндіктері шектеліп, жұмыс ақсады. Ол-ол ма, қиындықтың көкесі алда тұрған сияқты. Грекиядағы компаниялардың төрттен бірі жақын арада өздерінің негізгі офистерін елден алып кетуді жобалап отырған көрінеді. Өйткені, Грекияда бизнес жүргізу барған

сайын қиындап барады. Сондықтан, олар өз бизнестерінің болашағын сақтау үшін экономикалық ахуалы дұрыс басқа елдерге көшіруді жөн көріп отыр. Endeavor – кəсіпкерлікке қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Осы компания 13-17 шілде аралығында елдегі 300-ден астам компания арасында сұрау салу жүргізіпті. Осы сұрау салу деректері бойынша аталмыш компаниялардың 58 пайызы халықаралық қаржы операцияларына шектеу қойылуына байланысты елеулі шығынға батыпты. Олардың көпшілігі тіпті шикізат

сатып алуға қаржы аудара алмай, өндіріс орындарындағы жұмысты қысқартуға мəжбүр болған. Бұл компаниялардың 69 пайызы едəуір қаржы шығынына батса, 11 пайызы мүлде жұмысты тоқтатқан. Экономика нақ осындай тығырыққа тірелген жағдайда елді одан сайын қарыз құрсауына салуға бола ма? Несие берушілер ақылды болса, ертеңгі күні өзі берген қарызының тағдырын да ойлауы керек еді. Профессор Джеффри Сакс өзінің хатында осы сұрақтар төңірегінде ойлануға шақырады. Соңғы жылдарда басты несие беруші Германия гректерді жұмыс

істемейді, жемқорлық белең алған деп сынаумен келеді. Грекияға жасалатын көмек туралы жаңа бағдарлама бойынша басты назар салық жинауды арттыруға арналған. Егер елдегі ірі компаниялар жұмысын шектеп, бизнес шетелдерге қоныс аударатын болса, бұл салықтардан не пайда? Грекиядағы қаржы тап шылығы банк жүйесіндегі жұмысты тежеп, компаниялардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін болса, таяу болашақта ел экономикасы бұрынғыдан да əлсіреп, мүлде тұралап қалмасына кім кепіл?

Ќўнсыздану шегі Экономика құлдыраған кезде, небір құндылықтардың өзі құнсызданып кететіндігі анық. Испанияның Сьюдад-Реаль əуежайы (сонымен бірге, ол «Дон Кихот əуежайы» деген атпен де танымал болған). Бар болғаны 10 мың еуроға бағаланып, қытайлық инвесторларға сатылмақшы. Бұл атышулы əуежай 2008 жылы ғана салынып, 2010 жылы халықаралық əуежай деген атаққа ие болған. Бастапқы кезде əуежайдың экономикалық ахуалы гүлденіп, табысы тасқындап тұрды. Алайда, 2012 жылы əуежайдың басына қара бұлт төніп, бар болғаны 1-2 айдың ішінде халықаралық əуежай банкротқа ұшырады. Independent агенттігінің мəл і мет і б о й ын ш а, əуежай соңғы уақытта осымен жетінші

рет конкурстық саудаға салынып отыр. Алайда, əуежайды сатып алушы ірі инвесторлар қара көрсетпей келеді. Тек соңғы уақытта Қытайдың Tzaneen International компаниясы ғана бұл əуежайды 10 мың еуроға сатып алу жөнінде ниет білдірді. Ал мамандардың айтуынша, СьюдадРеаль əуежайының құрылысына 1 миллиард еуро жұмсалған көрінеді. Саудаға қойылған кезде əуежайдың бастапқы бағасы 100

миллион еуроға бағаланған екен. Егер қыркүйек айына дейін конкурстық саудаға қатысушылар қарасы байқалмайтын болса, бұл əуежайды 10 мың еуроға қытайлықтар қанжығасына байлайтын болады. Қытай компаниясы Испания экономикасының дəуірлеу кезеңінен құлдырау кезеңіне дейінгі ахуалының куəсі болған əуежайды сатып алу арқылы Қытай компанияларының Еуропадағы орталығын құрмақшы. Испания билігі Қытай компаниялары болашақта əуежай маңындағы жылжымайтын мүлік ке жəне инфрақұрылымға инвестиция салады деген үмітпен осындай мардымсыз қаржыға сатуға мəжбүр болып отыр.

Тырысќаќ ауруы асќынып тўр лагеріне келіп бас сауғалауға мəжбүр болуда. Адам құны сұраусыз болып отырған бұл елде, əсіресе, балалар мен əйелдердің жағдайы өте мүшкіл. Еске сала кететін болсақ, 2013 жылы Оңтүстік Судан астанасы Джубе қаласында қарулы қақтығыстар орын алды. Содан кейін Оңтүстік Судан президенті Салва Киир елде мемлекеттік төңкеріс жасау қаупі туындағанын мəлімдеп, көтерілісшілер көсемі Риека Машарды айыптады. Осындай текетірес қарулы соғысқа ұласқан қақтығыстар салдарынан мыңдаған адамдар құрбан болды. Сөйтіп, 2011 жылы Судан мемлекетінен бөлініп шыққан Оңтүстік Суданда гуманитарлық апат жағдайы қалыптасып отыр. Соғыстан титықтаған елді кенет пайда болған тырысқақ ауруы одан сайын тығырыққа тіреді.

Босќындарды бґліп жатыр Еуропалық одақты тығырыққа тіреген босқындар жағдайы ұзақ уақыттан бері тиісті шешімін таба алмай келеді. Тұрақсыздық белең алған Таяу Шығыс жəне Африка елдерінен қашқан босқындар Италия мен Грекияның теңіз жағалауын мүлде басып кетті. Босқындар проблемасын шешу үшін Еуропалық одақ мемлекеттері бірнеше рет саммиттер өткізіп, осы өткір мəселені талай-талай күн тəртібіне қойды. Алайда, көптен бері қордаланып қалған бұл проблеманың шешуі оңай болып отырған жоқ. Еуропалық одақ басшыларының соңғы келісімі бойынша теңіз жағалауларында жиналып қалған босқындарды одаққа қарасты барлық мемлекетке бөлу туралы шешім қабылдады. Осы шешім бойынша Эстония

босқындарды бөлу бағдарламасы шеңберінде 130 адамды, таратып қоныстандыру бағдарламасы бойынша 20 адамды қабылдаса, Мальта тиісінше 60 жəне 14 адамды қабылдамақ. Латвия тиісінше 200 жəне 50 босқынды, Литва – 255 жəне 70, Финляндия – 792 жəне 293, Швеция тиісінше 1369 жəне 491 босқынды қабылдайтын болды. Сөйтіп, бұл елдердегі əрбір миллион тұрғынға шаққанда бөлінген босқындар саны Эстонияда 115 адам, Мальтада – 185, Латвияда – 125, Литвада – 112, Финляндияда

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Жаќтаушылар да, ќарсылар да кґп Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

АҚШ пен Куба дипломатиялық қарым-қатынасын толық көлемінде жүзеге асырды. Екі ел арасында да елшіліктер ашылып, 50 жылға созылған бір-біріне деген дұшпандық көзқарасқа есік жабылды.

Тарих жұрттың көз алдында. Коммунистік жəне капиталистік дүниелердің күресінде Куба белсенді рөл атқарды. «Бостандық аралының» табыстарын, ерлігін көп естідік. Бірақ, көпшілігі бекер сөз екен. Ешкіммен жауласпай, көршілерімен қоян-қолтық араласып өмір сүргенде, жағдайлары бүгінгіден жақсырақ болғандай екен. Соған көздері енді жетіп отыр. Алыстағы ағайын қолын созбады деуге де болмас. Қолдады. Көп қаржыны тегін де берді, қарызға да берді. Басқалармен жауласу үшін. Жауласып жақсылыққа жеткен жоқ. Ал қарыз мойынға мінді. КСРО-ның мұрагері Ресейге шашетектен қарыз болып қалып еді, Мəскеудің рақымы түсіп, 30 миллиард доллардан артық қарызын кешірді. Əрине, бұл мойындағы ауыр жүкті азайтқанымен, кубалықтардың экономикалық жағдайын жақсарта қойған жоқ. Ал жағдайды жақсартудың бірденбір жолы – жақын көршімен жанжақты қарым-қатынас орнату. Ал Гаванаға Вашингтон жарты ғасыр бойы сауда эмбаргосын орнатқан болатын. Екі ел арасындағы жаңа қарымқатынас енді басталды. Оның игілігі болатынына ешқандай күмəн жоқ. Екі жақта да елшілік ашылған. Оның Вашингтондағы ресми салтанаты дүйсенбі күні өтті. Ал Гаванадағысы 14 тамызда өтпек. Вашингтонға Куба сыртқы істер министрі Бруно Родригес Паррилья келсе, Гаванаға мемлекеттік хатшы Джон Керри бармақ. Кубаның қызыл-ақкөгілдір түсті туы Вашингтонда басқа елдердің туымен бірге көкке көтерілді.

Екі ел арасындағы жаңа қарымқатынас екі жаққа да тиімді болатыны, экономикалық дамуға жол ашатыны даусыз. Əлем жұртшылығы үшін бұл қарымқатынастың саяси мəні айрықша маңызды. Ел мен ел табысып жатыр, жауласудың орнын түсіністік алмастырғаны қуантады. Жəне бұл кездейсоқ елдердің арасындағы жақындасу емес, осыдан бірнеше жыл бұрын бітіспес дұшпан болған елдердің арасындағы жақындасу екенін атап айтқан жөн болар. Бұл əсте де оңай келе салған жетістік емес. Екі жақтан да ықыластың болуы ғана емес, мықты шешімге бас тігіп барғандықтың көрінісі. Бұрынғы жауларға деген қатыгез көзқарастан арылмағандар да жетерлік. Қалай болғанда да, Куба сыртқы істер министрі атап көрсеткендей, бұл жерде АҚШ президенті Барак Обаманың келісімге бүйрегі бұрып тұратын саясаты шешуші рөл атқарғаны анық. Екі ел арасында үлкен айырмашылық бар. Етене жақындасып кету мүмкін емес. Əңгіме ниетке, түсіністікке барып тіреледі. Дипломаттар соны алға тартып отыр. Ең алдымен, шыдамдылық, мақсатты күш-жігер керек. Екі жақтың жақындасуына септігін тигізетін арнайы комитет құру жөніндегі ұсыныстың айтылуы да негізді дейсің. Атап айтарлық бір жайт: екі ел арасының жақындасуына байланысты Куба оппозиционерлерінің дауысы қаттырақ естіледі. Куба ға қатал қараңдар дейді. Вашингтонның оларды «Зұлым елдер» тізімінен шығарғанына да қарсы болды. Адам құқын сақтауды қатаң талап етіңдер дейді. АҚШ пен Кубаның жақындасуын жақтаушылар да, оған қарсылар да көп. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қалай дегенде де, бұл оқиғаны билік мерзімі бітіп келе жатқан президент Барак Обаманың Құрама Штаттардың мүддесі үшін тындырған бір өзекті ісінің қатарына қосуға болатындай.

Лукашенкомен тайталасќа тїсетін жетеу Биыл қазан айында Белоруссияда президенттік сайлау өтеді. Мұның əлемдік деңгейде біраз əңгімеге арқау болатыны да анық. Қазіргі президент Александр Лукашенконың атына қатқыл-қатқыл сындар айтылады. Соған қарамай, Александр Григорьевичтің сайлауда жеңіп шығатыны күмəнсіздей көрінеді.

«Жұт жеті ағайынды» дегендей, азамат соғысы белең алған Оңтүстік Суданда тырысқақ жұқпалы ауруы күрт қозып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, жақында Оңтүстік Суданда тырысқақ ауруына шалдыққан 1212 адам анықталған көрінеді. Соңғы мəлімет бойынша, олардың ішінде 39 адам көз жұмған. Оңтүстік Судан мемлекеті денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, тырысқақ ауруының алғашқы нышандары 2015 жылдың 23 маусымында пайда болған көрінеді. Сол айдың аяғына дейін бұл кесел 18 адамның өмірін жалмап үлгеріпті. Тырысқақ кеселі ел астанасы Джубе қаласының жанындағы босқындар қоныстанған БҰҰ лагерінде алғаш орын алған. Қазір бұл лагерьде 166 мыңнан астам босқындар тұрып жатыр. Оңтүстік Суданда белең алған соғыс өртінің салдарынан адамдар тұрған қоныстарын тастап, босқындар

ДҮБІРГЕ

– 201, ал Швецияда 194 адамды құрап отыр. Соңғы бағдарлама бойынша, Еуроодақ елдері арасында босқындарды ең көп қабылдайтын Германия, Франция жəне Нидерланд мемлекеттері болмақ. Германия босқындарды бөлу бағдарламасы бойынша 10500, таратып қоныстандыру бағдарламасы бойынша 1600 адамды қабылдаса, Франция – 6752 жəне 2375, ал Нидерланд тиісінше 2047 жəне 1000 босқынды қабылдайтын болды. Сөйтіп, бұл елдерде əрбір миллион тұрғынға шаққанда босқындар саны Германияда 149, Францияда 137, ал Нидерландта 181 адамнан айналады. Алдағы уақытта осы бағдарламалар бойынша, Еуропалық одақ елдері тұрақсыздық салдарынан босқынға ұшыраған адамдарды əлеуметтік қамқорлыққа алатын болады.

Дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл өзі əдетті жағдайға айналғандай. Елде белсенді оппозициялық күштер бар. Кейде олардың шектен шығып кететіні де болады. Ондайда заң жолымен олардың біразы жазаланып та жатады. Сол үшін халықаралық ұйымдар тарапынан қатал сынға да алынады. Кейбір жетекші елдер тарапынан экономикалық санкциялар да енгізілген. Бірақ, Белоруссия – жерге қарап қалған ел емес, өз күндерін өздері көріп жатқан, басқаларға кіріптарлығы жоқ, егемендігін жүзеге асырып, белсенді саясат жүргізіп отырған мемлекет. Осының барлығын да жұрт президент Александр Лукашенконың атымен байланыстырады. Егер Лукашенко емес, оның орнында басқа біреу болса, Белоруссия əлдеқашан Ресейдің қарамағына өтіп кетер еді дейтіндер де бар. Ол да негізсіз емес. Ресми түрде бұл екі ел одақтас, ортақ басшылық құрылымдары да бар. Соған қарамай, Белоруссия – егемендігін берік сақтаған ел. Ол – Еуразиялық экономикалық одақты құрушылардың бірі. Ортақ қазаннан ас іше отырып, тіпті, кейде Мəскеуге қатқыл-қатқыл сын айтатыны да белгілі. Басқалар сөйте алар ма еді дейді жұрт. Кім біледі. Алда

– президенттік сайлау. Лукашенко қайта сайлана ма, басқа келе ме, кесіп айту əдепке сыймайды. Күреске Л укашен кодан басқа жеті адам қосылып отыр. Алғашында олардың саны 13 болатын. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің құжаттарын жанжақты зерттеп, жартысын талапқа сай емес деп, шығарып тастады. Талапқа сай деу де артықтау шығар, сынақтан өткендер мыналар: мұғалім Жанна Романовская, кəсіпкер Виктор Терещенко, «Шындықты айт!» қоғамдық компаниясының белсендісі Татьяна Короткевич, «Белоруссия казачествосын» құрушы Николай Улахович, сондай-ақ, оппозициялық үш партияның серкелері: Анатолий Лебедько (Біріккен азаматтық партия), Сергей Калякин («Əділетті əлем» партиясы) жəне Сергей Гайдукович (Либерал-демократиялық партия) өз ішінде белгілі шығар, ал кей жердегілердей аттары сыртқа естіліп жататындардан емес. Сайлауға дейін олардың алдында тағы бір сын бар – бір айдың ішінде өзін қолдайтын 100 мың адамның тізімін тапсырады. Əрине, Лукашенкоға бұл проблема емес. Оған бүгінге дейінгі қызметі үшін дауыс береді: қолдаса да, қарсы болса да. Александр Григорьевич жұртқа естірте, парламент спикері Андрейченкоға депутаттар жұртқа оппозицияның талаптарын түсіндірсін деп кеңес берсе, біреулер оны керісінше нұсқау деп қабылдады. Бұл сайлауда дау-дамай да болмай қоймайтыны анық. Кім қалай шуласа да халыққа жаққан адам сайланады.


24 шілде 2015 жыл

www.egemen.kz

 Абай-170 Абай Құнанбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған қазақ поэзиясының шұғылалы шыңы, ұлы тұлғасы. Ол қазақ əдебиеті тарихында қазақ жазба əдебиетінің негізін салумен бірге, сыншыл реализмнің де негізін қалаған кемеңгер ақын. Оның ұлы ақын, тамаша философ, кемел аудармашы, композитор, ірі қоғам қайраткері болып жетілуінің бірден-бір сыры, академик-жазушы Мұхтар Əуезов берген мəліметіне қарағанда, ол үш мектептің қайнар көзінен, нəрлі бұлағынан сусындап, əлем əдебиеті қазынасына өзінің мол үлесін қоса алды. Біріншіден, ол туған əдебиетінің бал бұлақтарынан нəр алған болса, екіншіден, Шығыс классиктерінің мол мұраларынан, үшіншіден, орыс жəне Батыс Еуропа əдебиетінің таңдаулы шығармаларынан сусындағандығын байқаймыз.

Науаи жəне Абай Иə, жасыратыны жоқ, күні кешегі, ХХ ғасырдағы қызыл империяның негізгі тұтқасы болған, коммунистік партия тұсында Абай нəр алған мектептер ішінде «Орыс əдебиетінің ықпалы басымдау, молдау» болды деген ой түйінді жиі-жиі айтып келген болатынбыз. Шынтуайтына келгенде, оның айрықша нəр алған бал бұлақтары – Шығыс əдебиетінде жатқандығын байқау оншалық қиын емес. Əрине, бұдан біз Абайдың шын мəніндегі ұлы тұлға болып жетілуінде орыс əдебиетінің де бір жөн ықпалы болғандығын түгелдей жоққа шығармақ емеспіз. Бірақ, Абайдың Абай дəрежесіне көтерілуінде Шығыс шайырларының ықпалы басым екіндігі анық аңғарылды. Мəселен, ақынның өз қолымен жазған 45 қара сөздеріне байыппен үңілер болсақ, оған анық қаныға түсеміз. Тіптен, Абай, 1859 жылы 14 жасында жазған өлеңінің өзінде де: Физули, Шəмси, Сəйхали, Навои, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз – бу һəммаси, Мəдет бер, я шағри фəрияд, – деп, Шығыстың ұлы шайырларын айрықша құрметпен тілге алып, олардан шалқар шабыт жолында медет сұрап, ерекше қадір-құрмет тұтқан болса, Абайдың шəкірті болған немере інісі Шəкəрім Құдайбердиев те өзінің 1907 жылы жазған «Лəйлі-Мəжнүн» дастанының кіріспесінде: Науаи, Сағди, Шамси, Физули бар, Сайқали, Қожа Хафиз, Фирдаусилер... Бəйітші елден асқан шешен болып, Əлемге сөздің нұрын жайған солар, – деп, Абай дəстүрін одан əрі жалғастыра түседі. Бұл жолдар ақынның Шығыс шайырларының шығармашылығынан жастайынан-ақ мол хабары бар екендігін анық аңғартумен бірге, оның үлкен зейіні мен пайым-парасатының аса биіктігін де байқатады. Оның үстіне, бұл, Абай өмірінің соңғы сəттеріне дейін кең өріс алған негізгі кредосы болды десек, ол артық айтқандық бола қоймас. Өйткені, ақын ержетіп есейген шағында да, əбден танылған кезінде де, ылғи да Шығыс шайырларына, оның ішінде Физули, Науаи, Низами, Фирдауси, Хожа Хафиз, Бедил, Бабыр еңбектеріне жиі-жиі соғып отырады. Рас, Абай Құнанбайдың 41 жасында көрген аса талантты, шоқтығы биік перзенті. «Атадан алтау, анадан төртеу, Жетімдік көрер жайым жоқ» деп өзі айтқандай, Құнанбайдың алты баласының ішінде Абай жастайынан-ақ аса зерек, ерекше ұқыпты, алғыр ойлы, тым зейінді болып өседі. Табиғатында аса зерек боп өмірге келген Абай, өмірдің алуан сырларына тереңірек үңіліп, өмірде, қоғамда болып жатқан əлеуметтік теңсіздіктерге ой көзімен қарайды. Өзінше ізденіп, көп оқып, ойға көп тоқиды. Осы арада өзбек халқының: «Өмірден алмаса тəлім, үйрете алмас ешбір мұғалім» деген қанатты сөзі ойға оралады. Сондай-ақ, Абай да қазақ қоғамында болып жатқан күрес-тартыстардың негізгі сырларына тереңірек үңіле отырып, зорлық-зомбылықтарды, əпербақандықтарды, алауыздықты өз көзімен көріп, біліп, оны зерек жүрекпен сезінеді. Өмірдегі ұсқынсыз іс-əрекеттерден, жер дауы, жесір дауы, əмеңгерлік мəселелеріне қатты налиды. Абай тек налып қана қоймастан, онымен тікелей күреседі. Феодалдық қоғамның зорлықзомбылығына қарсы тұрып, əділеттілік пен адалдықты арман етеді. Халықты солай қарай жұмылдыра түсуге бет бұрады. Жастайынан-ақ айрықша зейінді, ойлы боп өмірге келген Абай, араб, парсы, ескі өзбек (шағатай тілі) тілінде жазылған Шығыс шайырлары еңбектерімен кеңірек танысып, олардан рухани нəр алады. Əсіресе, өзіне Əлішер Науаиды ұлағатты ұстаз ретінде танып, оның шығармаларынан ерекше нəр ала бастайды. Науаи мен Абай арасындағы əдеби байланыстардың терең сырларын жан-жақты аңғарғанжазушы, ғұлама ғалым, академик Мұхтар Омарханұлы Əуезов: «Оған тілдері түсінікті болған соң Низами, Науаи көп əсер етті – дей келе, одан əрі: – ... Өзіне ең жақын ұстаз етіп классик Науаи шығармаларынан үлгі іздейді», – деген ойды алға тартады. Иə, бұл, түгелдей шындық. Оны біз Əлішер Науаи мен Абайдың кейбір шығармаларын өзара салыстыра назар аударсақ, анық аңғара түсеміз. Рас, Əлішер Науаи мен Абай екі түрлі дəуірде, екі түрлі тарихи-əлеуметтік, саяси жағдайда, яғни бірі – орта ғасыр мəдениетінің əбден гүлденген кезі – ХV ғасырда, қолөнершілер ортасында, қалада жасаса, екінші – Абай ХІХ ғасырдың екінші жартысында, қасиетті мекенде, қазақ сахарасында дүниеге келіп, сонда жасады. Солай бола тұрса да, олардың өмір жолдары мен шығармашылығында өзара ұқсастық пен үндестік, сарындастық сипаттар аса молынан кездеседі. Біріншіден, олардың өмір жолдарындағы ұқсастықтарға назар аударар болсақ,

онда өзінің сыныптас досы Құсайын Байқараның тікелей бұйрығымен Əлішер Науаи Астрабад əкімі болған сияқты, Абай да əкесі Құнанбайдың қолдап-қуаттауымен біраз уақыт болыс болып, ел басқарады, билік құрады. Екеуі де үстем тап иелерінің озбырлығына, əділетсіздігіне шыдай алмай, оларға тікелей қарсы шығып, ылғи да қарапайым халық жағында болады. Өз өлеңдерінде адамдықты, адалдық пен пəктікті, теңдікті биікке көтере жырлап, зорлықзомбылықты, əпербақандықты, əділетсіздіктерді сын астына алады. Əлішер Науаи мен Абай Құнанбаев əділет пен адамгершілікті, пəк сезім мен таза махаббатты, адалдықты, азаматтықты өз шығармаларында дəріптеп, барлық ой-түйіндерін ақ қағазға түсіруді басты мақсат етеді. Жауыздыққа, зорлықзомбылыққа тікелей қарсы шығып, достық пен ынтымақ, бірлікке, теңдікке айрықша мəн береді. Жастарды білімге тікелей шақырып, оқып, үйренуге үндейді. Əрі өмір, қоғам жайлы кең толғана отырып ақындық, өнер туралы да, оны орындаушылар жөнінде де өз пікірлерін ашық айтады. Жалпы, өнерге үлкен баға береді. Екіншіден, Əлішер Науаи өзінің сыныптас досы, құрдасы Құсайын Байқараның ел басқару ісіндегі əділетсіздіктеріне тікелей қарсы шығып, оны ылғи да адамгершілікке, адалдыққа, қарай үндеп отырса, Абай Құнанбаев та озбырлыққа, зорлық-зомбылыққа, əрі сол тұстағы болыс-билердің əділетсіздіктеріне тікелей қарсы шығады. Оларды өз өлең жолдарында мінеп, сынап, ылғи да əділетті, ынсапты болуға үндейді. Оны біз ақынның 1889 жылы жазған «Болыс болдым мінеки» өлеңінен анық аңғарамыз. «Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сүйтсе дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Əлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім, Орнықпайды суылдап», – деп, ұлы ақын өз дəуірінің шындығын шынайы аша түседі. Бұл орайда белгілі əдебиет сыншысы В.Г.Белинскийдің: «Ұлы ақындардың басқа ақындарға тигізетін əсері, сол ақын поэзиясының басқа ақын поэзиясында көрінуінде ғана емес, қайта сол ақын бойындағы қуатын кең өріс алдыруында», – деген ойы ойға оралады. Дегенмен де, күні бүгінге дейін Əлішер Науаи мен Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы сарындас сипаттар мен үндестік сырларын терең танып, оны жан-жақты ғылыми тұрғыдан үйрене алмай жүрміз. Əрі екі ақын шығармашылық жолдарының ішкі мəндеріне терең үңіле алмай келеміз. Мəселен: ұлы ақын Əлішер Науаидың бейнелеу теориясы «Ақси-Жиһан» жайлы болған көзқарасы мен Абайдың дəл осы мəселе жөніндегі ой-түйіндерінде бір ұқсастықтар мен өзіндік ерекшеліктері өз алдына сөз боларлық – бір төбе, қадау-қадау мəселелер. Өйткені, Əлішер Науаи қоғамдық өмірдегі бес сезім мүшесінің рөлін ерекше бағалап, хауасқа («Харенки захир булбул беш Хауас-Хамса») айрықша мəн бере қараған болса, Абай өзінің 38қара сөзінде «Хауас хамса заһари» деп үлкен ой түйеді. Абай өлең жолдарының бірінде: «Ақыл хауас барлығын Білмейдүр жүрек сезедүр» – деп, көп жағдайда

адам жүрегі кейбір нəрселерді, оқыс оқиғаларды алдын-ала сезетіндігін ескертеді. Егер, екі ақынның ой-толғаныстарына тереңірек көңіл бөлер болсақ, онда Науаи мен Абай таным мəселесін бір мағынада, яғни адам баласының ішкі, сыртқы сезімдерінің жиынтығы ретінде бағалайтындығын байқау оншалық қиын емес. Сондықтан да белгілі ғалым, ұлағатты ұстазым Мекемтас Мырзахметов осы мəселе төңірегінде ой жүгірте келіп: «Дүниетаным туралы мəселеде хауастың орны өзгеше екендігіне екі ойшыл ерекше мəн береді» – деп, терең байлам жасайды. Расында да Əлішер Науаи ақылды, ойлауды –шындықты білудің негізгі критерийі, өлшемі ретінде анық айтса, Абай да бұл мəселеге осы тұрғыдан көңіл аударады. Сол үшін де ақын Абай: «Ақыл – мизан, өлшеу қыл... Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз», – деп, барлық мəселеге ақыл көзімен ой бөліп, ақыл сенгенде ғана соған сене біліңіз деген ойды алға тартады. Тағы бір айта кетерлік жайт, Мұхтар Əуезов берген мəліметке қарағанда, Абай өзінің үлкен ұлы Ақылбайға кемеңгер ақын Əлішер Науаидың «Сабъай Сайер» («Жеті кезбе») дастаны негізінде «Жаррақ» атты дастан жазуды тапсырған екен. Бірақ, Ақылбай «Жаррақ» атты дастанды жазды ма, жоқ əлде жазбады ма, ол жайлы күні бүгінге дейін қазақ əдебиеттану ғылымында бірде-бір мəлімет жоқ. Оны ғылыми тұрғыдан мұқият зерттеп, ғылым сарабына салу да алдағы абзал міндеттердің бірі. Ұлы ақын Əлішер Науаи өзінің «Чар диуан» атты лирикалық туындысында адам өмірін «балалық», «жігіттік», «орта жастық», «кəрілік» деп төрт кезеңге бөліп, оның əрбір кезеңі жайлы өз ойын жан-жақты білдірсе, Абай оның тек «жігіттік» кезеңіне ғана айрықша мəн беріп, ол туралы өз ойын ортаға салады. Оның үстіне, Əлішер Науаидың кейбір ғазелдері мен лирикалық шығармаларында көрініс тапқан ой түйдектері, көтерген көкейкесті мəселелері Абай шығармаларында да аз көрініс береді. Оны біз Абайдың «Иузи раушан», «Көзімнің қарасы», «Адамның кейбір кездері», т.б. өлеңдерінен байқау мүмкіндігіне ие боламыз. Міне, олар Əлішер Науаидың «Хазаийн-ул-моаний», яғни «Мағыналар қазынасы» атты еңбегіндегі көңіл-күй лирикасымен үндесіп, сарындасып кетеді. Шындығында да Абай Шығыс шайырларына жас шағында ізденіп барған болса, ол кейін келекеле, кең тынысты кемел ақын болған шағында да, оқта-текте болса да қайта соғып, оларға сын көзімен қарап, өзінше түйіндеулер, пайымдаулар, байламдар жасағандығын да байқаймыз. Əлішер Науаи ұлы адамгершілік пен шын мəніндегі адамилықты аса жоғары бағалап «Одамий эрсанг демагил адами, Ониким йуқ халқ ғамидин ғами» десе, Абай да «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген тамаша идеяны алға тартады. Сондай-ақ, Əлішер Науаи «Одамларда одамлар бор, одамларнинг нақшидур, одамларда одамлар бор, хайвон ундан яхшидур» – десе, Абай да «Адамның адамы бар, наданы бар» деп, ұлы адамдықты, адалдықты барлық нəрседен биік қоя біледі. Оның үстіне Əлішер Науаи «Өмірді босқа өткізбе, еңбек ет» дей келіп, «Умирини зайъе этма, мехнат қил, Мехнатни саодатининг калиди бил», – дейді. Абай болса: «Сақалын сатқан кəріден, Ақылын сатқан бала артық. Арын сатқан патшадан, Еңбегін сатқан құл артық», – дей отырып,

адал еңбектің, шынайы пешене тердің мəні мен мазмұнын аса биікке көтере түседі. Сөйтіп, екі ақынның екеуі де адал еңбек, төккен тер адам баласын ер атандыратындығын өте əдемі жеткізумен бірге, адамды қарапайымдылыққа, адалдыққа баули түседі. Сондай-ақ, Əлішер Науаи өзінің «Хайратулаброр» («Жақсы жандардың қайраттануы») еңбегінде өлең сөздің мазмұны мен пішініне айрықша мəн бере келіп: «Назмда ҳам анга маъни дурур Бўлсин анинг сурати ҳар не дурур. Назмки маъни анга марғуб эмас, Назмни ҳам сурат зрур хуш анга. Заинда маъни доғи дилкуш анга», – десе, Абай Құнанбаев та өзінің «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңінде, өлеңнің мазмұнын алтынға, сыртын күміске балайды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», – дейді, Абай. Тіптен Əлішер Науаи өзінің «Фархад-Шырын» дастанында қыс көрінісіне жан бітіре, жандандыра суреттей келіп: Совурда чун шажар баргини сар-сар, Су(в)нинг сиймобини дай қилди мар-мар. Ҳаво доғи булутдин кийди синжоб, Булут доғи хавога сочди сийоб», – десе, Абай Құнанбаев та өзінің «Қыс» атты өлеңінде табиғат тылсымына жан бітіріп, жандандыра суреттейді. Оқып көрелік: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды. Дем алысы үскірік, аяз бен қар, Кəрі құдаң қыс келіп, əлек салды», – дейді ұлы ақын. Екі ғұлама ақын өлеңдеріндегі үндестік осылай жалғасып отырады. Абай шығармалары 1922 жылы Ташкентте қазақ тілінде басылып шыққаны белгілі. Белгілі ғалым Абдурахман Сағди 1923 жылы Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған «Ақ жол» газетінде алғаш рет «Абай» атты мақаласын жариялайды. Онда Абай өлеңдеріне аса жоғары баға береді. Əсіресе, «Жаз» атты өлеңіне тоқтала келіп: «Ес кетерлік ұсталықпен, тіпті жеңіл һəм табиғи шығарылған», деген байлам жасайды. Одан əрі ол: «Абай барлығы 5313 жол шамасында өлең жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тəржімалағаны 1700 шамасында. Соңғыларын шығарып тастағанда 3612 жол шамасында болады», деген ойды алға тартады. 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойы Алматыда ерекше салтанатпен атап өтілгенде, бұл ұлы жиынға Өзбекстаннан Айбек, Ғафур Ғұлам, Абдурахман Сағди, Миртемир, Хади Зариф секілді өзбек жазушылары мен ғұлама ғалымдары қатысады. Əрі сол жылы ақынның 100 жылдығына орай «Өлеңдер» жинағы тұңғыш рет өзбек тілінде басылып шықса, онан соң 1961, 1970 жылдары тағы да «Өлеңдер» жинағы жарық көріп, туысқан өзбек халқының рухани игілігіне, мəдени байлығына айналады. Тіптен, 1995 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай «Абай» деген атпен, оның 20-дан астам өлеңдері, «Мақсұд», «Ескендір» поэмаларымен бірге, 45 қара сөзі Нəсір Фазылов аудармасында өзбек тілінде жарық көреді. Əрі сол жылы, «Шолпан» баспасынан осы мақала авторының «Абай мəңгілігі» атты зерттеу еңбегі өзбек тілінде басылып шықты. Абай өлеңдерін өзбек тіліне аударуда Ұйғын мен Миртемир, Мақсут Шайхзаде мен Жұманияз Жаббаров, Асқад Мұхтар, Мұхаммад Əлі, т.б. ақындар өз үлестерін қосты. Тіптен, белгілі өзбек ақыны, қазақ əдебиетінің ең жақын досы Миртемирдің ақынға арнап «Абай – бабай» атты өлең жазуының өзі, ұлы тұлғаға деген мейірінің сəтті жемісі десек, ол артық айтқандық бола қоймас. Ақын өлеңін Ə.Абайділданов «Абай ата» деп, қазақ тіліне сөлін жоғалтпай сəтті аударды. «Алатаудың мəрмəр тасын тұғыр етіп қырандай, Алматының көшесінен отыр көзін бір алмай. Халқының ол зердесіне жағып сөнбес шырақты, Елдің даңқын жырға бөлеп, ойлы отырған сияқты. Замандардан зарлап өмір, қаншалықты көрді азап, Туған елдің күш-қуатын бүгін ашты бұл қазақ. Сол халықтың даналығы бойында еді Абайдың, Ескерткіші алдында оның бас имесін қалай кім?» – дей келе, ұлы тұлғаның бүгінгі қазақ өміріне емірене қарап, қол жеткізген табыстарына дəн риза екендігін ақын ерекше сезініп, қуана тілге алады. Онан соң ақын: «Барған сайын терең бойлап табиғаттың сырына, Бүгін міне, шықты қазақ – өнер, білім шыңына. Жеті қабат көк жүзінде ғарышқа да бойлады, Жұлдыздарға бірге жетпек ақын Абай ойлары. Жазда барсаң, қыста барсаң – Абай отыр бір қалып, Кептер барып иығына қонақтайды жыр барып. Абай ата маңғаз отыр, төбесінде – көк аспан, Түзде жұлдыз жыпырласып көруге оны таласқан», – деп, тамаша түйіндеулер жасайды. Бүгінгі таңда ұлы ақынның 170 жылдығын үлкен салтанатпен тойлағалы отырған осы бір кезеңде, Абай тойы тек қазақ халқы арасында ғана емес, ол сонымен бірге, туысқан өзбек халқының да ұлы тойына, мерейлі мерекесіне айналары даусыз. Осы мерейлі мерекеге орай өзбек тілінде Əбділлə Рустемовтің «Абай əлемі» атты еңбегі жарық көрумен бірге, біздің алғысөзімізбен, əрі əзірлеуімізбен Абайдың кітабы «Жарқын жұлдыз» деген атпен өзбек тілінде басылып шықты. Міне, мұның бəрі, туысқан өзбек халқының данышпан ақын Абайға деген сүйіспеншілігінің жемісі десек, ол артық айтқандық емес, бірден бір шындық. Қалдыбек СЕЙДАНОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. ТАШКЕНТ.

5 ДСЎ: жаѕа мїмкіндіктер кґкжиегі (Соңы. Басы 1-бетте). Министрдің сөзіне сүйенсек, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жойылуы тиіс. Осыған орай ауыл шаруашылығы өндірісін қолдаудың ДСҰ ережесіне сай заңды, баламалы шаралары жүзеге асады. Сондай-ақ, Жанар Айтжанова қызмет көрсету бойынша қазақстандық мазмұндағы тəжірибені қолдану құқығын сақтап қалғанымызды айтты. Коммерциялық қайта сату немесе қолдану мақсатында квазимемлекеттік сатылым негізіндегі жергілікті мазмұндағы талаптар ДСҰ-ға кірген сəттен бастап тоқтатылады. Себебі, бұл талаптар ДСҰ нормаларына қайшы келеді əрі ұйым тəжірибесінде мұндай жағдайлар бұрын болмаған. Осыған орай, Қазақстан өзіне телекоммуникация, сақтандыру, банк, көлік, туризм, сауда жəне т.б. қызмет көрсетудің 10 саласы, сондай-ақ, 112 (ДСҰ сыныптамасында қарастырылған 155 кіші саладан) кіші сала бойынша міндеттемелерді алды. Қазақстан сонымен қатар, техникалық басқару жүйесін сəйкестендіруді қамтамасыз етуге, одан бөлек, ДСҰ ережелері реттейтін санитарлық, ветеринарлық жəне фитосанитарлық бақылауға бағытталған міндеттемелерді қабылдады. Жалпы, ДСҰ-ға мүше болу кез келген ел үшін дамудың жаңа белестерін бағындыруға мүмкіндік туғызады. Себебі, бұл ұйым жаһандық экономикалық құрылым болып табылады. Оның басты міндеті – əлемдік нарықта күшті жəне əлсіз серіктестермен бəсекелестік күрес ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету. Осы ретте Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелікке өтуі – шаруашылықтың жаһандық жүйесіндегі барлық ірі қатысушылардың біздің елді мойындағаны деп айтуға толық негіз бар. Еліміздің осындай негізгі жаһандық макрожүйенің əрекеттесу режіміне қатысуы жаңа көкжиектер мен əлеуметтік-экономикалық дамудың соңғы мүмкіндіктеріне жол ашады. Бірінші кезекте тұтынушылар үшін тауар таңдаудың аясы мен бағасы қолжетімді қызмет түрлері артады. Тарифтік жəне тарифтен тыс шектеулердің нəтижесінде экспорт бағдарлық тұрмыстық субъектілер үшін жұмыс істеудің қолайлы режімі құрылады. Алайда, кез келген халықаралық ұйымдағы сияқты, ДСҰ-да да мүше елдердің жұмыстарына белгілі бір кедергілер кездесуі əбден мүмкін. Мысалы, шетелден келетін белсенді, арзан тауар жəне қызмет ағынына байланысты Қазақстанда баға төмендейді. Өз кезегінде бұл жағдай отандық тауар өндірушілерге айтарлықтай соққы болып тиері сөзсіз. Себебі, олардың дені бүгінде əлі де болса бəсекеге қабілетсіз. Бұл ретте нақты қолдауға зəру ұлттық экономиканың өңдеу саласын қалыптастыруға ерекше ден қою керектігін ұғамыз. Бұл жағдайда жұмыс істеп тұрған тиімді кəсіпкерлік саланы қалыптастыру жəне дамыту бойынша сауатты мемлекеттік саясат жүргізу басты міндет болып табылады. Нақты айтқанда, бəсекеге қабілетті кəсіпорын құру, қолдаудың сенімді жүйесін қамтамасыз ету жəне олардың əрекетін қорғау мəселелері өте өзекті. Мүше елдердің өндірістік, технологиялық жəне ақпараттық рес урстармен қамтамасыз етудегі айырмашылығы үлкейген сайын, ең ірі жаһандық жүйе үшін сауда-саттық құрудан келер пайданың да молая түсетіні түсінікті. Жаһандануды төмен дамыған елдерге қатысты алып қарар болсақ, ол макроэкономикалық өзгерістерге кері əсер ету мүмкіндігіне ие күш болып саналады. Жаһандық жүйенің заңдары экономикасы қуатты мүше елдер үшін жұмыс істейді. Соған орай ойынның шарттары да сол елдердің ықпалы бойынша түзіліп отырады. Əйтсе де, аталған мəселе дамушы елдер үшін бұл қатарда орын жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, дəл сол талаптар дамушы елдерді ынталандырып, олардың экономикалық өсуіне оң ықпалын тигізуі мүмкін. Қазақстан үшін ішкі дамудың міндеттерін шешуді оңтайландыру мəселесі бойынша барлық аспаптық əдістер мен жүйелер маңызды. Одан бөлек, бұл жағдайда ұлттық экономикадағы бəсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ДСҰ-ға кіру басымдықтарын тиімді əрі кең көлемде пайдалану, ішкі тұрақтылықты қалыптастыру жəне өз-өзін қамтамасыз ететін əлеуметтік-экономикалық жүйенің де алар орны ерекше.


6

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

 Өнеге өрнектері

Б

аға сынды болған шығар. Өйткені, олар да мемлекеттік-қоғамдық жұмыс пен қаламгерлікті қатар тізгіндемеп пе еді (Артында қалған мол мұралары соның дəлелі емес пе!..). Ең соңғысы – Қуаныш Сұлтанұлының бұл күнде тек қазақстандықтар емес, əлем таныған тұлғаға айналғаны. Ол ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясын реформалау туралы баяндаманы əзірлеуге қатысқан тұңғыш қазақ. Жəне өз пікірлерін де өткізе білген қазақ. Өзінің батыл-батыл ойлары арқылы халықаралық беделге ие болып отырғаны да содан... Ол кісінің елі үшін атқарған игі істері айта берсек, бұдан да əрі жалғаса береді.

ұл фəни дүниеде ақылға салып қарасаңыз, кісі мен кісінің танысып-білісуі əрқалай, əртүрлі. Ал енді танысу бар да, сол таныс-білістік өмір бойына тəтті сезімдей жалғасып, тағдырыңа тікелей қатысты, тіпті ет бауыр жақыныңдай болып кететін де жағдайлар болады. Ол енді Алланың ісі шығар-ақ! Өйткені, кейбір азаматтармен қанша тығыз араласып, сыйласайыншы деп талпынсаң да, тіршілік иіні басқаша қиюласып кете баратыны бар. Еркіңнен тыс! Бүгін менің қолыма қалам алғызған қос ағам – өзім үшін орны ерекше, аса қадірлі азаматтар болып келеді деп айтсам, бұл ақиқат ауылынан алыс кете қоймас. Олар кімдер дейсіз бе? Олар – Қуаныш Сұлтанұлы мен Оңалбек Сəпиұлы! *** Арман деген – аңсар өмір! Əуел баста, тіпті бала күннен журналист болуды армандап, əрдайым сол бір іңкəр сезім жетегінен шыға алмай, ақыры Алматыға келген соң, журналистика факультетіне оқуға түскен едік қой! Оқуды жап-жақсы тəмамдап, Сыр өңіріне оралып, Қызылорданың дəл түбіндегі Сырдария деген аудандағы аудандық газетке тілші болып жұмысқа қабылдандық. Күнделікті газет жұмысы! Аудан дық газетте қызмет істеген əріптестерім жақсы түсінеді, аса оңай шаруа емес, əр күнгі нөмірге əйтеуір бір материал жетпей жатады. Соны, жас журналист деп, бізге тапсырады да, жарты сағаттан соң бас редакторың алдында айтылған материалдың дайын күйінде жатуын талап етеді. Ал, талпын! Ал, қара терге түс! Ал, орындамай көр... Сондай сан-сапалақ қарбалас күндердің бірінде мына пақырыңызды, осы жолдар авторын облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы шақырып жатыр деген хабар жетті. «Обкомолдың хатшысы біз секілді комсомол жұмысынан алшақ адамды неге аяқ астынан керек ете қалды екен?». Осындай дүдамал оймен Қызылордаға келдім. Көп күтіп отырғаным жоқ, бірінші хатшы мені тез-ақ қабылдады. – Сені шақырған себебім, – деді хатшы, – ақылдаса келе, осында, облыстық комсомол ұйымына қызметке алмақшы болып шештік. Нұсқаушылық жұмыс. Өз маман дығыңа өте жақын мəденикөпшілік жұмыстармен айналысасың. Барлық шығармашылық ұйымдармен байланыс, жас таланттармен қоян-қолтық араласу дегендей... Мен сасып қалып: – Бұл жұмысты алып кете аламын ба? – дедім. – Неге атқара алмайсың? Өзің журналист екенсің, кітап жазады деп естідім. Оның үстіне комсомолсың... Сосын аз-кем үзіліс жасады да, қайтадан сөзін жалғады. – Қысқасы, мен бүгіннен бастап бұйрыққа қол қоямын. Дүйсенбіден жұмысқа шық, – деп кесіп айтты. Əңгіме осымен аяқталды. Сұрақ та жоқ, қарсылық та жоқ. Міне, қызығы мен шыжығы мол комсомол қызметіндегі алғашқы баспалдағым осылайша басталып жүре берген еді. Бұл – 80-жылдың басы болатын. Мені жұмысқа шақырып, жылы сөзін айтып, үміт арта сөйлеп, арқамнан қаққан кісі Оңалбек Сəпиұлы еді. *** Аяқ астынан комсомол қызметкері болып шыға келгеніме өзім де көпке дейін сене алмай жүрдім. Нұсқаушы болып қызмет атқарып жатқаныма 5-6 ай болып қалып еді, бір күні Оңалбек аға мені өзіне шақырып алып: – Ертең осында Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Қуаныш Сұлтанов ағаң келеді, – деді. – Ол кісінің журналист екенін білетін боларсың? Айтайын дегенім, осында шағын кездесу өткіземіз. Кездесуде сен бір-екі ауыз сөз айт. Қаламға жақын екеніңді көрсет осы жолы... Бірінші хатшыға өз ішіңдегіні айтып, бұдан əрі сөзді созып, қарсы келу қайда! Басымды изедім де, кабинеттен шығып кеттім. Ертеңіне өзіміздің шағындау залға жиналып, Қуаныш Сұлтанұлын асыға күтіп отырдық. Ол кісі Оңалбек Сəпиұлы екеуі облыстық партия комитетінен тез-ақ оралды. Қуаныш Сұлтанұлы кейбір шенеуніктер сияқты төрге шығып алып, сықиып отырмады, өзі сөз бастап кетті. – Оңалбек Сəпиұлы, біз өзіміз ғой, бұл өз үйіміз. Сосын да ресмилікті қойып, жүрекжарды

ЌОС ЌАЙРАТКЕР (Аєалар туралы толєаныс)

Жолтай ЖҰМАТ, жазушы.

əңгіме айталық, – деді. – Ақылдасайық... Ішімнен жып-жылы ағыс жүріп өткендей болды. Бағаналы бері ресми түрде сөзімді қалай бастасам екен деп отыр едім, енді көңілім де орнына түскендей. Қуа ныш Сұлтанұлы əуелі өзі сөз алып, басаяғы 20 минуттай əңгіме айтты. Сол əңгіменің түйіні: біз қазақ деген халықпыз; тарихы терең, əдетғұрпы мол, тілі шұрайлы елміз; біздің ата-бабаларымыз осынша кең жерді тек білек күшімен емес, ақыл-парасатымен қорғап қала білген; олай болса, бүгінгі қазақ жастары да сол аталар жолына адал, сара бағытқа сай болуы керек... Ұмытпасам, бір қыз (өзге ұлт өкілі) сауал қойды. – Ұлтшылдық туралы не айтасыз? – Ұлтын сүйгеннің бəрі кертартпа, ұлтшыл бола бермейді, – деді Қуаныш Сұлтанұлы. – Ұлтшылдық деген сөзді мен екі бағытта қарастырамын: бірі – тек өз ұлтын сүю, соны ғана көтермелеу; екіншісі – өз ұлтын сүйе отырып, өзге ұлттарға да құрмет сезімін жоғалтпау. Біз үшін соңғысы аса қажет мінез... Тағы да бірнеше сауалға жауап берді. Қай сұраққа да кібіртіктеп, күмілжіп қалған сəтін байқамадым. Сұрақтар аяқтала бере, Оңалбек Сəпиұлы: – Қуаныш Сұлтанұлы, біздің аппаратта жас журналист жұмыс істейді. Мына жігіт, – деп мені көрсетті. – Аудандық газеттен келді. Мəдени-көпшілік жұмыстарына жауап береді. Жазған кітабы бар. – О, өте жақсы! Мен де алғашқы қызметімді аудандық газеттен бастағанмын, – деп Қуаныш Сұлтанұлы сөзді іліп əкете қойды. – Жалпы, менің байқауымда, журналистерден өте алғыр, өте талантты комсомол қызметкерлері шығады. Сенемін оларға... Қысқасы, сол күні Қуаныш ағаны бетпе-бет көріп, ішімнен “қайраткер азамат тап осындай болуы керек қой” деген ой түйген едім. Айтпақшы, сол күні оңаша отырыста Қуаныш ағам комсомолдың белгілі қайраткері, ұлтжанды азамат Өзбекəлі Жəнібеков туралы көп əңгімеледі. – Ұлтты шын мəнінде сүйе білуді біз сол Өзекеңнен үйренсек еш артық емес, – деп сыр айтты. – Өз-ағаң жəй комсомол-партия қайраткері емес, ол өз ұлтының əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрлерін жаңғыртушы, солардың жаңа тұрпатта өз халқына оралуына күш салып жүрген азамат. Ол кісінің сөзін Оңалбек ағам да қостап отырды. Екеуінің Мəскеуде жолыққан сəтін əңгімеледі. – Маған Өзекеңнің жүректілігі, батылдығы ұнады, – деді Оңалбек Сəпиұлы. – Өз ойын бүл те лектемей, барынша ашық жеткізуі – азаматтығы, мықтылығы. Қысқасы, сол күнгі кеш менің есімде мəңгі сақталып қалған-ды. Əуелде аса көндігіп кете алмаймын-ау деген бұл жұмыс бара-бара мені өзінің ұйығына тартып əкетті. Тіпті, бойым үйреніп кеткені соншалық, түрлі жиын-жиналыстарда аяқ астынан сөз сұрап, емін-еркін сөйлеп ала жөнелетін болып алғам-ды (Мұндай “қасиет” комсомол қызметкерлеріне аса қажет-ақ!).

Облыстық комсомол ұйымында тұрақтап қалып, бірнеше жылдай қызмет атқарған екем. Бұл кездер мен үшін үлкен өмір мектебі болды десем, артық айтқандық бола қоймас. Əрине, алғашқы кездерде сүрініптұрған жағдайлар да аз кездеспеді. Əлі есімде, бір жолы Жаңақорған аудандық комсомол ұйымының жастарға саяси-идеялық тəрбие беру бағытындағы жүргізіп отырған жұмыстары жайында бюроға мəселе əзірледік. Топты мен бастап барған едім, екі күннен соң, қатты ауырып, қалаға қайтып кеттім. Кезекті бюро мəжілісінде бюро мүшелерінің бірі бірден маған шүйлікті. – Сен неге тексеру қорытындысын шығарып, оны түйіндеп қайтпағансың? Бұл комсомол қызметкері үшін кешірілмес қателік! – деп ұрса жөнелді. – Мен не дерімді білмей: – Сырқаттанып қалған соң... – деп күмілжідім. Сол кезде Оңалбек Сəпиұлы сөзді өзі жалғады. – Комсомол қызметкері қандай жағдайда да өзі бастап барған топты тастап кетпеуі керек, бюроға мəселе əзірлеу аса жауапты іс, – деді. – Сен дұрыс жасамапсың. Бұл жарамайды. Содан соң маған қарап “ жауапсыздығың үшін ескерту жасаймын” деді. Ішім өртеніп кете жаздады сол сəтте. Міне, бұл комсо мол жұмысындағы алғашқы ащы сабақ еді. Алғашқы жəне соңғы ескертуім де осы болды-ау деймін... Бір жылдан соң Оңалбек аға Мəскеуге, Қоғамдық ғылымдар академиясына оқуға аттанатын болып жиналып жатты. Сондай абыр-сабыр күндердің бірінде комсомолда қызмет ететін 2-3 жігітті оңашалап, өз өмірі жайлы айтқаны бар-ды. Оған себеп болған Зауыр Ақдəулетов есімді жігіт. – Аға, – деді ол, – сіз орыс мектебін бітіргенсіз бе? – Жоқ, айналайын, – деді Оңалбек аға. – Біздің ауылда орыс мектебі қайдан болсын. Мен бір орысы жоқ, таза қазақ аулында өстім. Жас күнімнен нағашы əжемнің қолында тəрбиелендім. Содан да болар, мен қазақ тілінің қаймағына қанып өскенмін. Ал, орыс тілін уақыттың өзі үйретті ғой... Ол кісі аз-кем ойланып қалды. Сосын маған қарап: – Жас күнімде мен де журналист болғым келіп еді, – деді. – Əуелгі кезде ауылда екі жыл қой бақтым. Қой соңында жүріп, əртүрлі ойларға, армандарға берілетінмін. Сол ойларымды кешкісін дереу қағаз бетіне түсіремін. Тіпті, аудандық газетке бірне ше мақалаларым да шыққан. Бірақ, тілші болудың, журналист болудың азабын тез түсіндім-ау деймін... Ойлана тыңдап отырдым. «Ə, бəсе!» деймін ішімнен. «Бұл кісі көп ортасына шығып сөйлегенде, басқаларды еріксіз елтіп əкетеді. Сөздерді түйдектүйдек, кесек-кесек етіп, əдемі де əсерлі айтады. Оны қазақ шешендік өнер демеуші ме еді...». Оңалбек Сəпиұлы қазақ қарасөзінің қадірін бір кісідей-ақ біліп, оны көкке көтере, мəртебесін талай рет асқақтатқанына уақыт өте келе əлденеше рет көз жеткізгеніміз де рас... *** Уақыт деген қандай жылдам! Көзді ашып-жұмғанша содан бері де талай жылдар жылжып өте шығыпты!

Қызылорда облыстық комсомол ұйымында, сосын облыстық журналистер ұйымында жауапты хатшы болып, біраз тəжірибе жинақтаған соң, Алматыдағы Жоғары партия мектебіне оқуға аттандым. Бұл кезде Оңалбек аға Мəскеудегі оқуын үздік аяқтап келіп, бір ауданда хатшылық жұмыс атқарып, енді Қызылорда облыстық партия комитетінде идеология саласына басшылық жасайтын-ды. Оқып қайтуымды тікелей қолдаушы да – сол кісі. Жоғары партия мектебіне кетіп бара жатқанымды айтып алдына барғанымда, жүзі жадырап: – Өте дұрыс, енді сендер өсулерің керек, ұлт үшін, бойында қаны бар жігіттер ауадай қажет, кежегесінен кейін кететіндерді еш жақтырмаймын, бала, – деп менің көңілімді едəуір көтеріп тастады. – Аға, оқуды аяқтаған соң, тұп-тура осында ораламын ғой, – деймін мен. Сонда Оңалбек аға: – Кейін қарай шегінбе, тек алға ұмтыл. Білесің бе, мен отызға толар-толмас шағымда сонау-у Мəскеуге барып, Орталық комсомол комитетінде, орыстардың қалың ортасында қызмет істегенмін, – деді. – Алматыға да қағаз жаза білетін, өз ойы бар азаматтар, əсіресе, қазіргі кезде керек. Осындай қолдау сөздерге кəдімгідей қанаттанып, Алматыға аттанып кете барған едім. лғашқы курста оқып жүрген кезімде бізге орталық партия комитетінен Қуаныш аға Сұлтанұлы келіп, лекция оқыды. Үзіліс кезінде амандасып, өз жайымды айттым. – Е, білемін. Ұмытқам жоқ, – деп Қуаныш аға жылы қабақ таныта сөйлескен-ді. – Оқуға келгенің дұрыс болған. Саяси тұрғыдан өте сауатты болу – бүгінгі күннің басты шарты. Оңалбек Сəпиұлының ақ жол тілегені Алланың құлағына шалынды ма, білмеймін, мен сол партия мектебін бітірер-бітірместен Орталық партия комитетіне нұсқаушы болып қызметке алындым. Міне, осылайша өзім қатты қадірлейтін, өмірде ұстаз санаған Қуаныш Сұлтанұлымен қатар жүру бақытына ие болғанымды қарасаңызшы! Тіпті, армандасаң да дəл бұлай орындала қоймас! Қиюласа қоймас мұндай жағдай... Əртүрлі жиналыстарда, кейбір басқосуларда Қуаныш аға мені көрсе болды, дереу мойын бұрып: – Шығармашылық қалай? – деп сұрайды. – Не жазып жүрсің? – Мен, аға, айтылмай келген ақтаңдақтар ақиқаты жайлы ой тербеп жүрмін. Қазақтың арыс ұлдары Сұлтанбек Қожанов пен Нəзір Төреқұлов жайлы тарихи эссе кітабын жазудамын. Сол-ақ екен, Қуаныш ағам Алаш арыстары туралы əріден толғап ұзақ əңгіме шертті. Мен сол жолы ол кісінің бұл тақырыпта соншалық көп білетініне таң қалдым. Сол кездері есімдері тілге тиек етілмейтін Əлихан Бөкейханов пен Мағжан Жұмабаев туралы көп деректер айтып берді. Өте қызғылықты əңгімеледі. Бейне кітап оқып отырғандай əсерде болғаным бар. Қуаныш Сұлтанұлы сөйлеу мəдениетін барынша меңгеріп, екі тілде қатар көсіле алатын, бүгінгі заманның шешендерінің бірі десек, артық айтқандық болмас. Ал мұндай қасиет болуы үшін үш түрлі ерекшелік қажет: біріншісі – білімділік, екіншісі

А

– парасаттылық, ал үшіншісі – тіл байлығы... Бақытымызға қарай, Қуаныш ағаға Алла тағала осы үш ерекшелікті де аямай, молынан бере салған екен. Өзі жақын тартып, қатарындай əзілдесіп жүре беретіндіктен, мен де бір жолы əзіл араластыра: – Қуаныш аға, сіз бүгінгі заманның Жиренше шешені сияқтысыз, – деп қалдым. Сонда ағам маған қарап: – Жиреншенің бойында 20 қасиет болған, ал бізде соның үштен бірі де жоқ, – деді. – Ал шын Жиреншені іздесең, ол – Өзағаң – Өзбекəлі Жəнібеков! *** Компартия тарқады. Бəріміз жұмыссыз қалдық. Жұмыссыз үйде жатқаныма бір ай болған-ды. Осы екі арада Қуаныш Сұлтанұлы республикада тұңғыш құрылған Баспасөз жəне ақпарат министрі болып тағайындалды. Ішімнен қатты қуандым. Ағаның биік орынтаққа отырғаны расында да айтуға тұрарлық оқиғатын. Бір күні үйдегі телефон шырылдап қоя берді. Балам алды да: – Сізді сұрайды, – деп трубканы маған берді. Құлақ тосып ем, арғы жағынан естілген əйел үні “сізді түстен кейін Қуаныш Сұлтанұлы өзіне шақырады” деді. Түс ауа Баспасөз министрлігіне қарай асыға адымдап келе жаттым. Министрдің мені өзі іздеуі, əрине, үлкен қуаныш. Компартия тарқап, бəрі астан-кестен болып жатқаны сол бір аласапыран тұста біреуді-біреу іздемек тұрмақ, атыжөніңді ұмытып кететін күндер-ді. Ешкім ешкімге ренжи алмайтын кез. Өкпе айтудың өзі орынсыз уақыт. Қуаныш ағам аса жылы қабақпен қабылдап отырып: – Сен бізге қызметке кел, – деді. – Баспасөз хатшысы қызметіне... Міне, солайша мен комсомол қызметі кезінен танып-білген Қуаныш ағамның тап жанына қызметке жайғастым. Енді күнбекүн көріп, өз аузынан тікелей тапсырмалар ала бастағам-ды. Əсте аса сыйлайтын кісіңмен қоян-қолтық қызметтес болу да аса қиын нəрсе. Қай ісім жақпай қалады, қай жерден мүлт кетем деп, ертелі-кеш алаңдайсың да жүресің. Ойыңда беймаза сезім қасатталып, қабаттасып жатады. Қуаныш Сұлтанұлы тұңғыш Баспасөз жəне ақпарат министрі бола сала, жаңа министрлікті қыпқысқа уақытта қалай аяғынан тік тұрғызғанына мен өзім куəмін. Тап осы жұмыста Қуаныш ағамның бұрынғы комсомол-партия саласындағы өмірлік тəжірибесі көп көмекке келді-ау деп ойлаймын. Өйткені, біздің жұмыс өзіненөзі дөңгеленіп жүре берді. Тек қана алға басты. Министрліктің беделі артты. Министрлікке шетелдік ресми қонақтар көп келе бастады. Оралмандардың бірінен соң бірі қаптағаны өз алдына. Министрлік тек баспасөз орталығы емес, саясиидеологиялық орталыққа да айналып жүре берді. Тіпті, сол кезде жұмыс ауқымы кең эксперттіксараптамалық орталық та ашылып жұмыс істеді. Айтпақшы, сол кезде көптеген белгілі қаламгер, саясаткер, ғалымдар осы министрлікке қызмет ке шақырылды. Олардың ара сында белгілі журналист

Н.Оразбеков, саясатшы-қаламгер С.Құттықадамов, т.б. бар еді. Қазақ теледидарына басшы болып жазушы Д. Исабеков те осы кезеңде тағайындалған болатын. Ол кісінің өмір жолына көз жүгіртсеңіз, еріксіз таңғаласыз. Талдықорғандағы аудандық газетте басталған жол аудандық, облыстық, Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып жалғасады. Содан соң Орталық партия комитетінің мəдениет, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімдерінің меңгерушісі, Қарағанды облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы, Орталық партия комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі болды. Содан соң республика Үкіметінің вице-премьері, Парламенттің вице-спикері дəрежесіне көтерілді. Қытайда елші болғаны өз алдына бөлек əңгіме. Ал соңғы жылдарда республика Парламентінің Сенаты жəне Мəжілісінде депутат, тұрақты комиссия төрағасы болып үздіксіз жұмысын жалғастырып келеді. Одан да өзге қоғамдық жұмыстары жетерлік. Саусақ бүгіп, ұзақ санамалауға болады екен. Халқының сүйікті ұлы ретінде Қуаныш аға елінің есінен шықпайтын көптеген елеулі істер атқарды. Соның ішінде ерекше бөліп айтарлығы – 1993 жылы ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тікелей тапсыруымен ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майормен жолығып, 1995 жылғы даталы шараға Абайдың 150 жылдығын кіргізіп қайтқанын тарихи оқиға деуіміз керек. Тағы бір ерекше еңбегі – Қытай мен Қазақ елі арасындағы ресми байланыстардың жан-жақты жанданып, барынша нығая түсуіне мұрындық болғаны. Сол шақта бұл алып елмен байланысты нығайту аса маңызды орын алатын еді. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев осындай жауапты жерге Қуаныш Сұлтанұлын əдейі таңдаған да болар. Ал, Қуаныш аға Қытай жерінде жəй елші болып қалған жоқ, əртүрлі мəденисаяси шаралардың да жоғары деңгейде өтуіне тікелей бастамашы бола алды. Соның нəтижесінде Қазақстан-Қытай байланысы барынша нығайды, екі ел арасында тығыз байланыс орнады. Еліміздің адам құқықтары жөніндегі комиссиясын да Қуаныш Сұлтанұлы басқарады. Ол, сонымен бірге, көптеген жас таланттарды (əдебиет, мəдениет, өнер, т.б.) тəрбиелеп, өмірден өз жолын табуына көп үлес қосты. Сосын атап айтар қыры – Қуаныш Сұлтанұлы үлкен ғалым. Ғылым докторы. Оның қаламынан туған “Қытай реформасы туралы очерктері” (орысшасы – «Реформы в Казахстане и Китае») деген монографиялық еңбегі ерекше мəртебеге ие. Ол кісі, сондай-ақ, қандай лауазымды қызметте болмасын, өзінің ең алдымен журналист екенін əсте естен шығарған емес. Əркез беделді басылымдардан ойлы да өрелі мақала-эсселерін оқып жүремін. Қай-қайсысы да əсерлі, сезіміңді қозғайды. Қуаныш Сұлтанұлының «Қарлығаштар», «Жастардың аяқ алысы», «Уақытпен бетпебет», «Серпінді кезең», т.б. ойлы кітаптары жарық көрген. Осындайда ойлайсың, баяғы Алаш ардақтылары атанған бесаспап ата-ағаларымыз да тап осы Қуаныш

*** Мен екі бірдей ағамды – Қуаныш Сұлтанұлы мен Оңалбек Сəпиұлын бекер қатар атап отырғаным жоқ. Көп кісілер біледі, қазақтың маңдайына біткен осы екі қайраткер өмірде де, қызметте де өте тығыз араласқан, аса сыйласты достар. Мысалы, Оңалбек Сəпиұлы жас кезінде Мəскеудегі Бүкілодақтық комсомол ұйымында жауапты қызметте болса, Қуаныш Сұлтанұлы республика комсомолына жетекшілік ете жүріп, екеуі тығыз байланыста болғаны өз алдына бөлек əңгіме. Бөлек дастан! уаныш аға Орталық партия комитетінде жауапты қызметте болғанда, Оңалбек аға Қызылорда облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болды (Əрине, бұған дейін де, одан соң да осы облыста бірнеше ауданды абыроймен басқарғаны өз алдына). Тағы да аралас-құралас еңбек етті. Бір-бірін қолдады. Осыдан соң екеуі де республика Парламентінің депутаттары ретінде тағы да қым-қиғаш араласты. Маңызды заңдардың сапалы əрі тезірек қабылдануына барынша мол үлес қоса білді. Тіпті, тікелей ықпал етті десек те артық емес. Ең бастысы – ол екеуі азамат ретінде терең түсінісе білген ғажайып жандар. Бірін-бірі қадірлеп, үнемі қолдау көрсетіп, ылғи да сенімді көңілмен сөз айтатын азаматтар. Мен бұл сөзді нық көңілмен айтып отырмын. Өйткені, Оңалбек ағамен сөйлесе қалсаңыз, сөз арасында Қуаныш Сұлтанұлын тілге тиек етеді, жақсы-жақсы қырларын алдыңызға жайып салады. Ал Қуаныш аға болса, ол кісі де Оңалбек досына деген шексіз құрмет сезімін ешқашан жасырып қалған емес. Əнебір жылдары Қазақстан Парламенті депутаты болып тұрған тұста Оңалбек Сəпиұлына бара қалдым. Өте көңілді отыр екен. Қуаныш досы туралы əңгіме бастады. – Осы əлгінде ғана бірге тамақтанып едік, – деді. – Баяғы күндерді еске алдық. – Комсомол кезіндегі оқиғалар болар, аға? – Жоқ, кешегі 86-жылғы оқиға төңірегінде болды əңгіме. Сен білесің бе, Колбин келе сала ең мықты деген партия қайраткерлеріне ауыз салды ғой. Міне, соның бірі – осы Қуаныш. Оны сол кездегі ең қиын облыс – Қараған дыға идеология хатшысы етіп жіберді. Сонымен, қызметтік баспалдағы да аяқталар деп іштей түйін жасап қойса керек. Олай болмады, Қуаныш Сұлтанұлы ол жақта да өзінің іскерлік қабілетін, тіл табыса білетін қасиетін елге көрсетті. Шахтерлермен қоян-қолтық дос болды. Сөйтіп, хатшылық жұмысын абыройлы атқарып қана қоймай, бүкіл қарағандылықтардың алғысын алып, Алматыға зор беделмен оралды емес пе! Əне, мықтылық деген осы болады, бала! Содан соң Қуаныш Сұл танұлының үлкенмен де, кішімен де тең дəрежеде сөйлесіп кете алатын, көп кісіде кездесе бермейтін ғажайып мінезін əңгімеледі. Мен ол кісіні тыңдап отырып, ойша Қуаныш ағамның жарқылдап күліп, жарқырай сөйлейтін бейнесін көз алдыма сол қалпымен елестеттім... Ол екеуі құрдас десе де болады. Бірінен кейін бірі жетпіс деген салдарлы, салиқалы, ой тоқтатар жастың төріне көтеріліп келе жатыр екен. Бірақ, олардың шаршапшалдығып, кəрілікке бой алдыра бастағанын байқаған емеспін. Қашан көрсем де тың, сергек! Өмір сүруге өте құштар! Айналасындағыларға жігерлілік пен құштарлық нұрын шашып тұрады, екеуі де... Мен үшін осы екі азаматтың жас кезімде өзіме өте жақын аға əрі ұстаз болғаны аса қым бат. Тəрбиесін көріп, қанат қатайтқанымды əрдайым риза сезіммен еске алып отырамын. Жақсы аға болу – қандай бақыт! Жақсы ағаң болған қандай ғанибет!

Қ


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Ќызылша мен ќызыл алма: ќайсысынан табыс кґп? Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Шынында қалай ойлайсыз, қызылша пайдалы ма, жоқ əлде қызыл алма пайдалы ма? Қайсысынан табыс көп? Мұны əрине, осы кəсіппен айналысып, бақша мен баудың қыр-сырын меңгерген еңбекқор адамдардан сұрау керек. Жақында Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев Меркі ауданына барған сапарында бірқатар шаруашылықтарды аралап, қызылша алқабы мен алма бағы қожайындарының осындай пікірталасына куə болды. Жердің көркі – Меркінің төбесінен маңғаз қарап жатқан ақ бас Алатаудың етегіне «Совет» шаруа қожалығы 20 гектар интенсивті бақ отырғызыпты. Мұнда Түркиядан қажетті көшет алынып, тамшылатып суару технологиясы қолданылуда. – Құны 304 млн. теңгені құрайтын 20 гектарлық интенсивті бақты егу жобасын өткен жылы қолға алған болатынбыз, – дейді «Совет» шаруа қожалығының төрағасы Совет Қалманбетов. – Алдымен 50 мың түп алма ағашын отырғызып, соған тамшылатып суару жүйесін орнаттық. Түркия елінен əкелінген бұл жабдықтардың бағасы 60 мың АҚШ долларын құрайды, бұған 7 жыл мерзімге лизингтің арқасында қол жеткіздік. Қазір үздіксіз жұмыс істеп тұрған бұл құрылғыларды түрік фирмасы жыл бойына бақылауда ұстайды. Қаржыны қайтару мəселесінде екі жылға дейін каникул берген. Бұл аралықта алма ағаштары бой

7

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

түзеп, өнім бере бастайды. Осыдан кейін ғана несиені қайтара бастаймыз. Əйтсе де осы тамшылатып суару, алма ағаштарын отырғызу жұмыстарының 40 пайызын мемлекет тарапынан берілген субсидия жауып отыр. Шаруашылық басшысы баудың əр гектарынан орташа есеппен 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл əрине, 2018 жылы мүмкін болмақ. Ал 2016 жылдан бастап баудан 5-10 тонна алма жиналады деп күтілуде. Алма ағаштарын баптап, уақтылы суарып, қажетті тыңайтқыштарын беріп отырған жағдайда бесінші жылы 100 тоннаға дейін өнім алуға болады екен. Яғни, жоба екі-үш жылда өз құнын өтейді. Алдағы уақытта бұл шаруашылық 1000 тонналық жеміс-жидек сақтау қоймасын салуды жоспарлауда. Ал Сұрат ауылдық округіндегі «Сыпатай батыр» ЖШС-нің төрағасы Қанат Шайхиев алмаға

қарағанда қызылша алқабының өн бойы қып-қызыл табысқа толы екенін дəлелдеп əлек. «Əрине, Алла берекесін еңбек еткенге береді. Қай саланы қолға алсақ та, адал еңбекпен тапқан табысқа ештеңе жетпейді. Əйтсе де алмадан түсетін табысты кемі екі-үш жыл күтуге тура келеді. Ал қызылша алқабынан жыл сайын өнім жинайсың. Жəне табысы мол. Мемлекеттің бұл өнімге деген қолдауы ерекше. Былтыр 60 тоннадан өнім алдық.

Бұрын мемлекет қызылшаның əр гектарына 6 мың теңге субсидия беретін. Былтырдан бастап бұл сома 13 мыңға көтерілді. Басқа да жеңілдіктері бар. Осының өзі үлкен қолдау», – дейді Қанат Шайхиев. Биыл бұл шаруашылық 300 гектар жерге қызылша егіп, жаңбырлатып суару əдісімен өнімдерін еселеуде. Айтпақшы, Меркі ауданының əкімі Бақтияр Көпбосынов соңғы жылдары бұл өңірдің шаруаларын ағын су мəселесі қатты қинап жүргенін айтты. Əсіресе, өткен жылы меркілік шаруалар тамшы суға зар болып, қаншама егістіктер қурап кетті. Тіпті, судың басында отырған қырғыз ағайындардың өздері де ағын судан қатты тарықты. Қолдағы бар мəліметтерге сүйенсек, 1992 жылы Аспара мен Меркі өзендері арқылы Үлкен Шу каналында секундына 23,71 текше метр су ақса, өткен жылы бұл көрсеткіш 6,09-ға дейін түсіп кеткен. Содан болар біз əңгіме еткен екі шаруашылық та тамшылатып жəне жаңбырлатып суару əдісін кеңінен қолдануда. Меркі ауданында жыл сайын мұндай технологияны меңгерген шаруашылықтардың қатары көбейіп келеді. Əрине, қызыл алмаға қарағанда қызылшадан табыс көп немесе керісінше алмадан пайда көп деп кесіп айтуға болмас. Ерінбегенге екеуінен де табыс мол. Бұл жағын оқырманның өзі де ой сарабына сала жатар. Бізді екі шаруашылық басшысының да еңбекке деген құлшынысы, өз істеріне деген ынта-жігері қуантты. Бұлар нағыз өз ісінің мамандары. Ендеше, «Бейнет көрмей, дəулет жоқ» деген, лайым, адал еңбек етіп, маңдай терін аямай төккен жандарға табыс пен бақыт басын ие берсін! Жамбыл облысы.

Тыныс ашатын теміржол желісі Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Таран ауданында орналасқан «Варваринское» кəсіпорны Доре алтыны мен мыс концентратын өндіреді. Таран ауданын құраушы кəсіпорын облыстағы кен өндіруші компаниялардың да бірегейі болып саналады. Осы ірі кен кəсіпорнында жағымды жаңалық болды. Ұлы жолға апарып қосатын Баталы стансасы мен «Варваринское» акционерлік қоғамы арасын жалғайтын темір жол желісі жəне Варваринское стансасы пайдалануға беріліп, мыс концентратын тиеген алғашқы вагондар салтанатты түрде өтті. Төрт жылға жуық салынған темір жол желісінің ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. «Варваринское» кəсіпорны өзінің өндірістік мұқтажы үшін 2 миллиард теңгеден аса қаржы шығарып, темір жол желісінің құрылысын жүргізді. Осы желімен жылына кемінде 1 миллион тонна жүк тасылатын болады. Жолдың салтанатты ашылуына облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов қатысып, «Полиметалл» компаниясының бас директоры Виталий Несиспен бірге шойын жолға символикалық алтын шеге қақты. – «Варваринское» кəсіпорны екі жақты меморандумға қол қойған 5 жылда Таран ауданы мен Қостанай облысындағы əлеуметтік маңызды нысандарды қолдау үшін жарты миллиард теңге инвестиция салды. Сіздердің табысты еңбектеріңіз, кəсіпқойлығыңыз бен жауапкершіліктеріңіз отандық индустрияны бəсекеге қабілетті ете түсеріне сенімдімін, – деді Нұралы Мұстафаұлы. «Варваринское» акционерлік қоғамының активтері Ресейдегі алтын өндірушілердің ірі үштігіне кіретін «Полиметалл» компаниясына тиесілі. Компания басшылығы қазақстандық кəсіпорынды кен өңдеу орталығына

айналдыруды біраздан бері ойластырып, осы бағытта жұмыс істеген болатын. – Темір жол желісінің іске қосылуы «Варваринское» кəсіпорнының екінші рет дүниеге келуі секілді болды, яғни кен орны енді дамудың жаңа сатысына көтеріледі, – деді «Полиметалл» компаниясының бас директоры Виталий Несис. Айтса айтқандай, осыған дейін «Варваринское» кəсіпорны Доре алтыны мен мыс концентратын тек өзі қазған кеннен ғана алатын. Енді жаңа темір жол желісі «Варваринское» кəсіпорнына басқа да кен орындарынан шыққан шикі кенді тасымалдауға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мұнда 800 шақырымдағы кеніштерден кен жеткізілетін болады. Айналасы 800 шақырымдық төңіректегі кеніштер кен өңдеу зауытын іздемейді, кенді өңдеу үшін алысқа сабылмайды, «Варваринское» кен орнының өңдеу зауытын пайдаланады. Мұның қай жаққа болса да тиімділігі жоғары. Баталы стансасы мен «Варваринское» кəсіпорнының өндіріс алаңын байланыстыратын жаңа темір жол желісімен кен орнының кені, одан шыққан тауарлық-материалдық құндылықтар, мыс концентраты, жанар-жағармай тасылады. Осы жобаның арқасында кен орнына осының барлығын тасымалдауға автокөліктің қажеті болмайды. Ол кен артқанда шығатын зиянды шаңның азайып, топырақтың, айналадағы су қоймаларының ластануына, жағар-жанармайдан бөлінетін зиянды қалдықтардың ауаға таралуына сəл де болса тосқауыл болады. Осы жобаны жүзеге асыру кезінде 250 адам жұмыспен қамтылды. Енді темір жол желісінің тапсырылуына орай 60 адам жол

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» шағын ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған жетпіс пəтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы кезге дейін қалалық əкімшілікте кезекте тұрған осыншама ақтөбеліктерге баспаналы болу бақыты бұйырды. Бұл тұрғын үйді «Солерес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қысқа мерзімде сапалы салып бітірді. Тұрғын үйдің пəтерлері бір, екі жəне үш бөлмелі. Лифт жұмыс істеп, су, газ жəнет электр қуаты келіп тұр. Балалардың ойын алаңы да дайын етілген. Жаңа тұрғын үйге қатты жамылғылы жол салынған. Қала əкімі Ерхан Омаров баспаналы болғандарға пəтер кілтін тапсыру салтанатында құттықтау сөзін арнады. Елбасының

қазақстандықтарды əлеуметтік жəне қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге берген тапсырмаларының ойдағыдай орындалып отырғанына тоқталды. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған жетпіс пəтерлік тұрғын үйдің «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынғанын жеткізе келіп, бұл жұмыстың алда жалғасын табатынына, ақтөбеліктердің баспаналы болу мүмкіндігі арта түсетініне сендірді. Биылғы жылдың аяғына дейін 1180 пəтер пайдалануға берілетінін жеткізді. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма басшысының орынбасары Сержан Жұмабековтің айтуынша, «Бəйтерек» холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қазақстанның бес қаласында «Бəйтерек» холдингі жүзеге асыратын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жалға берілетін əлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша

(Соңы. Басы 1-бетте).

– Шиналарды қайта өңдегенде темір жаңқасын, текстиль жəне резина үгіндісін аламыз. Резина үгіндісі асфальт жасауға қолданылады. Сондай-ақ, одан ар найы резина төсеніштер жасауға болады. Оны балалар алаңдарында, əкімшілік ғи мараттарында, саябақтарда пайдалануға болады. Бұл қазір пайдаланылып жүрген бетон плиткалардан гөрі пайдалы, балалар құлағанда жарақат алмайды əрі ұзақ уақытқа төзеді, – дейді серіктестік директоры Константин Исмұхамбетов. Кəсіпорында қазірдің өзінде ескі дөңгелектерді өңдеп резина үгіндісін алу жолға қойылған. Мұнда электр қуатын аз жұм сайтын Қытайдың арзан қондырғысы орнатылған. Ол сағатына 200 килограмм резина үгіндісін өндіреді. Бұл жобаға 30 миллион теңге жұмсалған. Енді таяуда осы үгінділерден өнімдер дайындайтын цехты пайдалануға беру көзделуде. Жаңа кəсіпорында оннан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. – Автокөліктердің дөңгелектерін қайта өңдегенде шикі резина да алуға болады, ол үшін арнайы қондырғылар керек. Жұмысымыз жүріп кетсе, бұл шаруаны да қолға алмақшымыз, – дейді ол. «Өндіріс» бағдарламасына қатысушы екінші кəсіпорын – «Тұяқова» жеке кəсіпкерлігі кондитер бұйымдарын шығарады. Кəсіпкерлер Эльвира Жақыпова мен Мая Тұяқова біргіп, осы бағдарламаға қатысып, бұрынғы наубайхана цехын жəне қажетті құрал-жабдық сатып алған екен. 2014 жылдың соңына таман «Өндіріс» бағдарламасы бойынша жылдық 6 пайыз мөлшермен 37 миллион теңге несие алған. – 2013 жылы дəмхананы сатып алдық. Бір жылдан соң өндірісті кеңейту үшін жаңа орын іздеп, осы наубайхананы таптық. Қаржымыз жеткіліксіз

болғандықтан «Даму» қорына хабарласып, банк арқылы несие рəсімдедік. Жаңа кондитер цехын биыл іске қостық. Кондитер цехында жаңадан 15 жұмыс орны ашылды. Қазір өнімдерімізді қала ның супермаркеттеріне, ша ғын дүкендерге, ауылдық жер лердегі сауда орындарына өткізудеміз. Жақында Атырау қаласына ба рып, ірі сауда желілерімен өнімдерімізді өткізуге келісімшарт жасасып қайттық. Өнім деріміздің сапасы өте жоғары, күн сайын сұ ра ныс артып келеді. Қазір он түрлі кондитер өнімдерін шығарамыз. Бұл кəсіпорынның тез аяғынан тұрып, пайдамен жұмыс істеуіне алғышарт жасайды деген сеніміміз мол, – дейді Эльвира Жақыпова. «Болашақ» шағын ауданында ашылған «Болашақ Стом» тіс

жақтан жаңа технологиялар мен материалдар туралы түсінігіміз молая түсті. Осы біліміміз бен ізденісімізді іске қосқымыз келді. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, бұл мақсатымызға «Өндіріс» бағдарламасы дөп келе кетті. Сөйтіп, 2012 жылы мемлекеттік бағдарламамен жылдық өсімі 14 пайыз несие рəсімдедік, оның 7 пайызын мемлекет субсидиялады. Кепілдеменің жартысын банкке қойып, қалған жартысына мемлекеттен кепілдеме алдық, – дейді тіс емханасының басшысы. Емханада тіс емдеу, ағарту, протез жасау қызметтері көрсетіледі. Кəсіпкер болашақта «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен тағы бір тіс емханасын ашуды жоспарлап отыр. «Даму» кəсіпкерлікті дамыту

емханасының халыққа қызмет ете бастағанына көп бола қоймапты. Бірақ, тіс емханасының басшысы Надежда Сергееваның бұл салада жұмыс істегеніне біраз болған. Бұған дейін тіс емханаларына медициналық тауарлар мен құралжабдықтар сатумен айналысқан. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін білген соң заманауи стандарттарға сай келетін тіс емханасын ашып, бағын сынап көруді шешеді. – Жолдасым екеуміз медициналық тауарларды сатумен бірге, дəрігерлерді оқытуға Германияға бірнеше рет апарғанбыз. Сол

қоры» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының бас менеджері Əліби Сабырдың айтуынша, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында облыста жалпы сомасы 2 миллиард теңгені құрайтын 34 нысан субсидиялауға қолдау алған, 3,5 миллиард теңгеге 31 субсидиялау келісімшартына қол қойылған. Кепілдік беру бойынша 0,5 миллиард теңгеге 22 нысан қолдау алып, 14 кепілдік беру келісімшарты жасалған. Ақтөбе облысы.

Тґрт мыѕдай жер телімі ќайтарылды Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

бойынан нəпақасын табады. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту жақсара түсері анық. «Варваринское» кəсіпорны жұмыс істеп жатқан кеніште пайдалы қазбаның 15 жылдық ғана қоры қалғаны белгілі болатын. Соған байланысты кəсіпорын қазір кен қазумен қатар, оны өңдеуге маңыз беріп отыр. Зауыттың мүмкіндігі өте жоғары. Сондықтан, өзінің құнын он жыл шамасында ғана ақтайтын темір жол желісін тартты. Зауыт озық технологияны қолданып, құрамында алтыны тым аз немесе тым көп кенді бірдей өңдей береді. «Полиметалл» ААҚ бас директоры Виталий Несис өндіретін кенінің сапасына қарамай, төңіректегі қандай кенішпен де ынтымақтаса жұмыс істеуге даяр екендігін айтты. Демек, жаңа темір жол желісі «Варваринское» кəсіпорнының тынысын кеңейтіп, өмірін ұзартады. Қостанай облысы, Таран ауданы.

Аќтґбеліктер баспаналы болды Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Даму» дем берген кəсіпорындар

Оңтүстік Қазақстан облыстың жер қатынастары жəне жердің пайдалануы мен қорғауын бақылау басқармасының басшысы Серік Тұрбеков 4 мыңнан аса жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты. Басқарма 2011-2014 жылдар аралығында түгендеу жұмыстарын жүргізіп, пайдаланылмаған 18588 жер учаскесін анықтапты. «Бұл жер телімдерінің 4008інің келісімшарттары бұзылып, мемлекет меншігіне қайтарылды. 8708-інің иесіне ескерту берілгеннен соң жеке тұрғын үйдің құрылысын бастап жіберді. Ал 162 жер телімі басқа тұлғаларға сатылып кеткен болып шықты. Кім, қашан сатқанын біз анықтап жатырмыз», – дейді басқарма басшысы Серік Тұрбеков.

Халқымызда «керек тастың ауырлығы жоқ» деген нақыл сөз бар. Бір кездері оңтүстікте жер телімдерін алу үлкен науқанға айналған. Тиісті мекеме алдында папка қолтықтаған адамдар құмырсқаның илеуіндей құжынап жататын. Алғанының ұтылғаны жоқ. Қаланың орталығында 8-10 сотық жерлер 100 мың долларға дейін қымбаттағанда талай адам кешегі пақырдан бүгінгі байжуанға айналып кеткен. Бұдан əрі қымбаттайды деп əліптің артын баққандары да болды. Қолым ұзарса, бала-шағама үй көтеремін деп арқасын кеңге салғандар да болды. Бірақ, əр нəрсенің сұрауы болады. Пайдаланылмаған жерлер Мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл заңды кəсіпкерлерге де қатысты. Уақытында жеке кəсіп ашамын деп жер телі мін алған азаматтардың 7

пəтерлердің кезекті пулын үлестіру бойынша іс-шаралар өткенін атап өтті. Үстіміздегі жылғы шілде айында осы қалаларда үлестірілуі жоспарланған пəтерлердің жалпы саны 360-ты құрайды. Жалпы, 2015 жылы «Бəйтерек» холдингі жəне оның еншілес құрылымдары – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ пен «Бəйтерек девелопмент» АҚ жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 000 пəтерді сатып алу мен салуды жоспарлар отырғанын айтты. Су жаңа пəтер иелері атынан Гүлнар Тілепова сөз алып, «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін Елбасына жəне «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ пен «Бəйтерек» холдингінің басшыларына алғыс сезімін білдірді. Бұл бағдарламаның қанатын кеңге жайып, қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге серпін беретініне сенім артты. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-тың Ақтөбедегі өкілі Байрон

мың гектардан астам жерді өз мақсатына пайдаланбай отырғаны анықталған. Түгендеу кезінде ешқандай жұмыс жүргізілмеген 200 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Осындайда еске түседі. Сонау бір жылы қала əкіміне барғанбыз. Іште облыстағы ірі қызмет істейтін азамат отыр екен. Қала əкімі күледі. «Қызыл сызықтың үстіне нысан салған азаматтарды кəсіпкер ретінде білмейтін едік. «Бұзамыз» деп едік, жамағайынына жаздырған шын иелері шыға келеді. Көбісі мемлекеттік қызметкерлер» деген. Анау да қыңбайды. «Құжаттарым заңды. Қазіргі құны 300 мың доллар. Төлеңдер де бұза беріңдер». Бір кездері жиі ауысатын қала əкімдігінің «əдейі жасаған қателіктерінің» салдары бүгінде осылай білініп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Өтешовтің айтуынша, бұл пəтерлердің əр шаршы метрі арзан, сондай-ақ, бастапқы жарна төленбейді, бес жылдан кейін жекешелендіріп алуға болады екен. Қала əкімі Ерхан Омаров пен «Қазақ стан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма басшысының орынбасары Сержан Жұмабеков баспаналы болғандарға пəтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстады. Содан кейін еңселі де кең, жақсы жобаланған пəтерлерді аралап көрді. 2009 жылдан қожетімді пəтер кезегінде тұрған Бауыржан Нұржановтың қуанышында шек жоқ. Ол үш бөлмелі пəтерге қол жеткізген екен. Зайыбы Гауһар мен ұлы Шəмшінің де көңілдері көтеріңкі. – Бұл жастар үшін өте тиімді бағдарлама. Елбасына жəне оның тапсырмасын мүлтіксіз орындауға жұмылған жергілікті билік пен аталмыш компанияларға алғысымыз шексіз, – дейді ол. Ақтөбе облысы.

1


8

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Аманжоловтан алынған ақпар бойынша, 16 шілдеге дейін өңірде 1107,4 мың тонна балауса шөп дайындалып, қыстақтарға тасып алынды. Яғни, бұл біржарым жылдық жемшөптің (1600, 6 мың тонна) 70 пайызы қорланғанын айқындайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, ақмолалық механизаторлар былтырғы 16 шілдедегі көрсеткіштен 766 мың тоннаға артып түсіп отыр. Қазірше жоспардың 72-80 пайызының орындалуын қамтамасыз еткен Сандықтау, Ерейментау, Аршалы, дайын даудың өзіндік құ нын Атбасар, Жарқайың жəне Зеренді аудандары алда келеді. төмендетуге септігін тигізеді. Өзім өзгелер сияқты қыстаққа күніне 3540 тонна шөп тасымалдаудамын. Нау қан аяқталған соң маядағы шөп ірік те ліп, лабораториялық зерттеуден өткізіледі. Осы есеппен малды азықтандырудың рационы жасалады. Көкшетаудағы тілшілер қосынынан телефон байланысыБақберген АМАЛБЕК, Сандықтау тауының етегіндегі на шыққанымызда, Қорғалжын «Егемен Қазақстан». орман сағасында жұмыс қарқынды аудандық ауыл шаруашылығы жүріп жатыр. Ша бындыққа 14 бөлімінің басшысы Дінмұхамбет Жуырда көш басындағы Сан- «МТЗ-80» тракторы шығарылыпты. Баешов жұмыстың рекордты дықтау ауданының «Балқашын» Бұл агрегаттарды Яков Кодинцев, қарқынмен атқарылып жатқанын асыл тұқымды мал зауытында болған Саламу Шахгиреев, Евгений хабарлады. Мұнда шөп бітік едік. Көп салалы шаруашылық Осел бор сияқты тəжірибелі ме- шыққан, əр гектардың түсімділігі басшысы Шəріп Докаев мал басы ханизаторлар басқарады. Арман 12-20 центнердің аралығында екен. көбейіп, 3000 қазақтың ақ бас сиыры мен шетелдік асыл тұқымды мал күтімге алынғанын айтады. Директор ауыл экономикасы мен əлеуметтік жаңғыртулардың діңгегіне айналған саланы одан əрі дамыту, өнімді тереңдете өңдеу жөніндегі нақты жоспарларымен де таныстырып жатыр. Оны ойдағыдай орындау мал азығын жеткілікті қорландыруға тікелей баланысты. Агротехникалық талаптарға сай көпжылдық екпе шөп алқаптарының жиі жаңартылып, өң делуі көңілге қонымды. Егіс айналымына өнімділігі жоғары шөп түрлері себіледі екен. Осының нəтижесінде балғын шөпті екі рет шабуға мүмкіндік туған. – Биыл біз 3000 тонна шөп дайындау жоспарын еңсеріп қалдық, – дейді Шəріп Əлиұлы. – Бұл Қарымсақов, Сергей Алексеев Жұртшылық табиғат сыйын молышаруашылық малымен қатар, жүргізетін механикалық тырна- нан жинап алу қамында. Өйткені, ұжым мүшелерін сапалы азықпен уыштар құрғақ шөптен берекелі ауданда 23000 ірі қара, 10400 қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. атжалдар түсіруде. жылқы, 28000 қой-ешкі өріске шыЕңбек ардагерлері, əлеумет тік – Жылдағы əдетімізбен балғын ғады. Сондықтан, барлық 15 ірі жағынан аз қамтылған отбасылары шөпті престеп бумалаймыз, – дей- ауыл шаруашылығы құрылымы мен мен бюджеттік сала қызметкерлері ді бізбен əңгімесінде Владимир 38 шаруа қожалығы шабындықтағы де назардан тыс қалмайды. Тасымал Мезенов. – Бұл жанар-жағармай шабытты еңбек көрігін қыздыруда. жағын да өзіміз ұйымдастырамыз. Қорғалжындықтар қазіргі кезде үнем деуге жəне мал азығын

ҮКІМЕТ

Шабындыќтаєы шалєы сырылы

ҮКІМЕТ

жоспарланған 94800 тонна жемшөп қорының 58 мың тон насын жинап алды. Қазіргі қарқын ауыл еңбеккерлерінің меже биігінен көрінетініне сенім қалыптастырады. Аршалы ауданындағы «Агрофирма «Поиск» ЖШС-нің директоры Александр Гусев қыстаққа қойылатын малды қоректендіруге бір мың тонна жемшөптің жететіндігін айтады. Əйткенмен, шаруашылық жыл сайын біржарым жылдық қорды қамтамасыз етуді дағдыға айналдырған. Биылғы жылдың ұстанымы да осындай болмақ. Іс үдесінен шығу үшін шабындықтарға жеті жəне тоғыз метрлік төрт шалғы агрегаты шығарылған. Өнімді шөмелелеумен екі трак-

тор, тасымалдаумен көп тіркемелі «Кировецтер» айналысады. Қоймаға күніне 60-70 тонна құнарлы азық жеткізілуде. Қазірдің өзінде қажетті 1000 тонна мал азығын дайындаған ЖШС көрсеткішті еселей түсуге сенімді. Ақмола облысы.

Таза су желісі іске ќосылды Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі кезде таза ауыз суды тұтынудың əлеуметтік салмағы мен адамдар денсаулығына тигізетін пайдасы жоғары. Сондықтан, бұл бағыттағы жаңа жобалар таза суға деген тұрғындар тілегін өтеуге қызмет жасай алады. Оның жарқын мысалы Орал өңірінен айқын көрінуде. Атап айтқанда, Орал қаласының маңындағы Мичурин ауылында құтыдағы ауыз су өндірісінің жаңа желісі іске қосылды. Аталған жобаның жалпы құны 978 миллион теңгені құрайды. Бұл нысан аймақтың индустрияландыру картасы шеңберіне сай тұрғызылған. Сыйымдылығы 19 литрлік ауыз су құтысындағы желі аталған жобаның тек бірінші кезеңі болып табылады. Кəсіпорында өндірілген өнімді тек батысқа зақстандықтар ғана емес, сонымен бірге, көршілес өңірлердің тұрғындары да пайдалана алады. Жаңа өндіріс алаңында 20 жұмыс орны ашылған. Осы аптаның басында біз сыңғырлаған

су жаңа өндіріс ошағының қызметімен танысып қайтқан едік. Бізді мұнда «Родник» фирмасы» ЖШС-нің директоры Лилия Хайруллина жылы жүзбен қарсы алды. «Біздің кəсіпорын өнімдерінің адамдар үшін аса қажет екені анық. Өйткені, таза ауыз су – қашан да денсаулық кепілі. Су – өмірің өзегі, тіршілік нəрі. Соның ішінде құтыдағы су тұрғындардың тұтынуына өте қолайлы», – дейді ол. Оның айтуынша, жаңа желі арқылы өндіріс қуатын одан əрі көтеру жолдары белгіленіп отыр екен. Сол кезде жыл ішінде шығатын 19 литрлік ауыз су өнімдерінің саны 1 миллион құтыға иек артпақ. Өндіріс жетекшісінен өзара əңгімеде құтыдағы ауыз су желісін ашу олардың алға қойған басты мақсаты екенін білдік. Халыққа аса қажет кəсіпорынды аяғынан тік тұрғызу үшін Хайруллиндер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қажетті қаражат алыпты. Соның ішінде жүк пен өнімдер таситын көліктер алуға да несиелер бөлінген. Ең бастысы, электр, су, газ, жол секілді жетіспей тұрған инфрақұрылымдар үшін табаны

күректей 152,1 миллион теңге несиелік қаражат жұмсалған. Бұл – біз үшін үлкен жеңілдік. Мемлекет тарапынан белгіленген мұндай қамқорлық пен қолдау отандық бизнес өкілдерін бұдан да биік, асқақ мақсаттарға ынталандыра түседі, деп түйді өз ойын Лилия ханым. Бүгінгі өндірістік өмірде нақты есептер мен байыпты болжамдар жүргізілмесе, оның бəйгесі алысқа ұзап кете алмайды. Бұл тұрғыда жаңа кəсіпорынның өзін-өзі толықтай қашан өтейтіні жөніндегі алдын ала жасалған талдаулар да меншік иелерінің алысқа көз тастай білетін алымдылығын аңғартады. Яғни, олардың есебі бойынша аталған жоба бес жыл ішінде өзін-өзі толығымен ақтауы тиіс. Түйіп айтқанда, жобаның келесі екінші кезегі аяқталған кезде өндірістегі жұмыс орындары бірнеше есе өсіп, мұнда еңбек етушілердің саны 120-ға жеткізілмек.

Шілденің шіліңгір ыстығы апшыны қуырып тұр. Соған қарамастан, Бородулиха ауданында шөп жайқалып өскен. Шаруалар екіүш күн бұрын жемшөп науқанын бастап кетіпті. Алайда, соңғы екіүш аптада аспаннан бір тамшы жаң бырдың тамбауы қожалық иелерін тығырыққа тіреп тұрған сыңайлы. Көне орман белдеуі бойында орналасқан Бородулиха ауданында болған кезде Александр Майер басқаратын «Родина» шаруа қожалығының жұмысымен таныстық. «Казахстанская правда» газеті атындағы ауылда негізінен немістер мекендейді екен. Олардың біразы аумалы-төкпелі нарық кезінде тарихи отандарына қоныс аударыпты. Алайда бірнеше отбасы кіндік қандары тамған Қазақстанға кері оралған. Ал алпыстың асқарына таяп қалған Александр Александровичті атажұрттағы туыстары аттай қалап шақырса да оны құп алмаған. «Германияға бардым, туыстармен қауыштым, бірақ экономикасы қанша дамыса да ол жер ұнамады. Біздегідей орманы жайқалған, жері шүйгінді, кеңбайтақ өлкені қайдан табасыз. Ал мен жастайымнан жердің қадірін көкейге түйіп өстім. Егін егіп, ауыр еңбектің игілігін көруді ұнатамын», – дейді зор денелі, екі иығына екі кісі мінгендей жауырынды жігіт ағасы А.Майер. – Мұнда ағайынды үш Майерлер тұрады екен. «Витязь» жəне «Березка» шаруа қожалықтарын інілері

2

Виктор Александрович пен Леонид Александрович басқарып, жыл сайын егіннен мол өнім алуда. Ал бізбен əңгімелесіп отырған Александр Майер екі ұлы Владимир жəне Виталиймен бірге биыл да он мың гектарға егін еккен. Ірі қара малы да бар. «Родина» шаруа қожалығында 50-ден астам трактор, комбайн, «КамАЗ» автокөліктері бар екен. Егін орағы басталған кезде олар ешкімнен көмек сұрамай, астықты орып, жинап алған соң жерлестеріне қолғабыс жасайтын көрінеді. – Семей қаласында осыдан бірнеше жыл бұрын «Родина» сауда үйін салғанбыз. Ондағы мақсат – 350 мыңға тарта тұрғыны бар се мей ліктерді арзан ет, сүт,

«Егемен Қазақстан».

Астанаға апта бармасаң, жаңа құрылыстар пайда болып, көзіңді қуантады деп жатады. Өзіміз тұрып жатқан Шымкент те солай. Бір ықшам ауданға тағы бір қайырылып соқсаң, жаңа нысандарды көріп, «қашан салып үлгерген-ей?» деп ішегіңді тартасың. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында Антальяда садақ атудан Əлем кубогы ның кезекті кезеңі өтетін болып, жолымыз түскен. Садақ шыларымыз бір апта атып жаттықты, екінші аптада жарысқа түсті. Қасымда серік жоқ, жалғыз журналистпін. Қол бос, іш пысады. Іргедегі теңізге кеуделеп кіргеннен басқа ермек жоқ. Жақын маңдағы көп қабатты үйлерді тамашалаймын. Төрт-бес үй ортасында бір жазғы стадион. Күндіз балалар доп қуып жатады. Сам жамылысымен ересектер волейбол, баскетбол добының апшысын қуырады. Өз еліңмен салыстырасың. Спорт алаңдары мектепте болмаса, үй ортасында ырымға жоқ. Қаланың күн көрмеген жұқалтаң балалары машина мінбелеген есік алдындағы шағын алаңда доп қуып жүреді. Əке-шешесінің екі көз бозымбайларында, əрібері ырылдап келіп-кетіп жатқан машинаның астына түсіп кете ме деп кірпік қақпайды. Облыс əкімдігі оябын тапты. Асқар Мырзахметов бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясында əр ауланы есепке алып, кəсіпкерлерге пышақ үстінен үлестіріп берген. Ниет жақсы болса, орындалмайтын дүние жоқ екен. Əр аулада балалар алаңқайы пайда болды. Төртбес үйдің ортасында Түркияда біз армандаған шағын стадиондар пайда болған. Ойнарға жер таппайтын қаланың баласы ойынпаздықтан ауыл баласынан озып кетті. Енді алқа-салқасы шыққан ескі үйлер жаңа үйлерге

Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист.

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы. –––––––––––– Суретте: А.Майер Семей қаласындағы «Родина» сауда үйі жанында. Суретті түсірген автор.

айналып жатыр. Сиқыршының таяғының түк те қатысы жоқ, мемлекеттік бағдарлама арқылы. Шымкенттің ең күре жолы Тəуке хан даңғылындағы «Имран» супер маркетінің үстіндегі қала дағы ең биік пəтерлері қыстан көтерем болып шыққан арық-тұрық малдай тозып тұрған еді. Қазір жаңадан салынғандай сəулетті үйлерге айналып кетті. Орталықтағы көп қабатты үйлерді бульдозермен сырып тастай алмайсың. Тұрғындарымен кездесіп, жаңғырту бағ дарла ма сы арқылы ине-жіптен жаңа шыққандай жөндеп алуға болады. Жаңғыртуға кеткен ақшаны тұрғындарға ай сайынғы төлеміне шақсаңыз, қалтаны қағатындай ірі емес. Осылайша, жүздеген үйлер күрделі жөндеуден өтіп, қаланың көркін аша түсті. Алғашқыда бұл бағдарламаға сенімсіздікпен қараған жұрт бүгінде өздері ықылас білдіруде. Сондай үйлердің тұрғындарының бірі Ұлболсын Сейсенова: «Бұрын бес қабатты үйіміздің төбесінен су өтетін еді. Жекеменшік болғаннан кейін мұңымызды кімге айтарымызды білмейтінбіз. Қазір жаңғырту бағдарламасының арқасында шатыр ауыстырылды. Аула жөнделді. Шағын футбол алаңы іске

Ерекше жїкке – ерекше жаєдай «Егемен Қазақстан».

құрметті азаматы, бірнеше медальдың иегері, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттері арасындағы «Үздік адам» атағын жеңіп алған қожалық иесі А.Майер. Қожалықтағы комбайншы В.Малыга, механизатор В.Перик, Майердің ұлдары Владимир жəне Виталиймен тілдескенде, олар биыл да егіннің шығымы жақсы екенін, көкөністің жайқалып өсіп тұрғанын, малға қажет жемшөпті қазірдің өзінде жинап алғанын айтты. «Ең бастысы, татулық, ынтымақ, Елбасы Н.Назарбаевтың кемел саясаты нəтижесінде Қазақстан қарыштап дамып келеді, демек, еліміз көркейіп, ұлттар достығы тереңдей түседі», – дейді қарапайым еңбек адамдары.

ірімшік, қырықжапырақ, сарымсақ, басқа да көкөніспен қамтамасыз ету. Бұл өнімнің барлығын өзіміз шығарғандықтан бағасы да арзан. Сондықтан, саудамыз жүріп тұр. Қазір сауда үйінде 12 адам еңбек етеді. Ал қожалықта 28 адам жұмыс істеп, жалақыларын уақтылы алады, оларға барлық жағдайды жасаймыз, – дейді Боро дулиха ауданының

Бақтияр ТАЙЖАН,

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Мичурин ауылы.

Ґнімдері сўранысќа ие

Ескі їйден – жаѕа пəтерге

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ рефрижаторлық контейнерлер алғалы контейнерлік пойыздарды тұрақты жүргізе бастады. Ауа райының аса қолайлығын, температуралық бапты қажет ететін, тез бұзылатын жүктер теміржолмен жыл бойы əрі теңіз жолына қарағанда əлдеқайда тез жеткізіле бастады. Рефрижаторлық контейнерлер өз алдына қойма іспетті. Жаз ғы мезгілде тоңазытқыш қызметін атқарып, қыста жылытылатын орын секілді. Өткен жылғы қазаннан бастап қазақстандық теміржолшылар контейнерлік пойыздармен электроника, азық-түліктер, басқа да қоршаған орта əсерінен тез бүлінетін тауарларды тасымалдауды тиімді ұйымдастырып жүр. Өткен жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың еншілес компаниясы – «KTZ Exspress» АҚ əрқайсысы 27 тоннаға дейін жүк сыйымдылығы бар 200 рефрижаторлық контейнерлер сатып алды. Контейнердің ішіндегі ауа қысымы +20 градустан -20 градус аралығында рет теліп тұрады. Қазіргі заманғы дизель генераторы қондыр ғысына 800 литр жанармай құйылады. Бұрынғы дизель генераторының жанар май сыйымдылығы небəрі 300 литр

болатын. Мамандардың есептеуінше, осынша жанармай 20 күннен астам уақытқа еркін жетеді. – Біздің рефрижаторлық контейнерлік пойыздарымызбен Чунцин-Дуйсбург аралығында қысқы мезгілде əлемдік НР дең гейіндегі компанияларға компьютердің жинақ бөлшектері (дисплей, мониторлар, принтерлер, чиптер) тасымалданды, – деді «KTZ Exspress» АҚ департамент директоры Жасұлан Хамзин. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың қазан айынан бері осы компанияларға барлық жүкті 190 рефрижаторлық контейнерлер жеткізді. Биылғы сəуірден бері Қытай мен Қазақстанның соңғы нүктелеріне дейін 150 алып контейнер қызмет көрсетіп жүр екен. Ағымдағы жылы НР компаниясы тапсырыс көлемін көбейте түсіп, рефрижатормен тасымалдау көлемін 300 вагонға жеткізуді көздеп отырған көрінеді. Осы игі істерге орай атал ған компания қолайлы контейнерлердің санын көбейтуді жоспарлапты. «Осыған байланысты біз де рефрижаторлық контейнерлер санын өсіруге мүдделі болып отырмыз. Жазғы маусымда Қазақстан мен Орталық Азия ел деріне мұздатылған, тез бұзы латын жүктер жеткізіледі. Қазіргі кезде біз ірі еуропалық Ferrero, Nestle компанияларымен келісімдер

қосылды. Үйіміз жаңарды. Балаларымыз үшін алаңдамайтын болдық, үйің əдемі болған соң көңіл күйіміз көтеріңкі», деген. Бұрынғы тозығы жеткен су, жылу құбырлары жа ңа ртылғаннан кейін коммуналдық төлемге жұмсалатын қаржыдан үнемдей алады. «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры Мұхтар Мұхамеджан: «Жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге бөлінген ақшалардың қайтарылымы жақсы. Жылға, айға бөлінген ақшаларды басқа үйлерге салып жатырмыз. Бұл өте жақсы бағдарлама», – дейді. Шымкентте жеті айға бөлінген 34 көп қабатты үйдің əзірге он бірі жөндеуден өтті. Осы жұ мыстарға 252 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік қаржы арқылы осылайша қала жаңарып жатыр. Мұның тиімділігі сол, жұмыс жасап жатқан қаржы қайтарылады. Есесіне ықшам аудандардағы тозығы жеткен үйлер жаңарып, тағы да иелеріне қызмет ету ғұмырын ұзартады. Осылайша, Шымкент тозығы жетіп, əр жерінен сетінеген көйлегін шешіп тастап, жаңасын иініне іліп жатыр. ШЫМКЕНТ. жасаудамыз. Олар өз өнімдерін Қытайға шы ғарғысы келеді. Бұған дейін белгілі болғандай, Қытайдан көп жүктер Еуропаға жол тартады. Біз кері қарайғы бағдарда жылжымалы құрамның бос қайтпауын да ойластырудамыз», – деді Ж.Хамзин. Компания жүктердің сақталуына қатты назар аударуда. «Əскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ өкілдерімен бірге тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді. Контейнерлердің сақталуын күндіз-түні қадағалайтын Соntrol Tower жүйесі Қытай мен Еуропа бағдарына қатынайтын жылжымалы құрамға мониторингілік бақылау жүргізеді. Қазіргі кезде тасымалдауды ұйымдастырудың барлық кезеңінде навигациялық онлайн жүйесінде жедел жауап қызметі жасақталған. Яғни, ғарыштық жүйе арқылы контейнердің жағдайы, онда тасымалданатын ерекше жүк, белгі беру құрылғысы, есігінің беріктігі, жанармайдың мөлшері секілді мəліметтер түгелдей көрінеді. Мұның барлығын арнайы құрылған жұмыс тобы күндіз-түні бақылайды. Қазіргідей əлемдегі экономикалық жағдай қиындаған тұста Қазақстан теміржолы еліміздегі транзиттік тасымалға қызмет түрлерінің тиімділігі мен сапасын көтеру арқылы, көліктік қызмет түрлерінің қолжетімділігіне зор көңіл бөлуде. Сондай-ақ, ғаламдық үдерістерді сараптай келе, компания контейнерлік тасымалды дамыту бағытында жаңа қызмет түрі – жүктерді рефрижаторлық контейнерлермен тасымалдауды ұйымдастыру шараларына басымдық беріп отыр.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


24 шілде 2015 жыл

 Өнер

 Аудан ахуалы Дана халқымыздың осы ақыл да нақыл сөзі бірнеше ұлттар мен ұлыстардың басы біріккен, бір мүдде, бір мақсатқа жұмылған бүгінгі қазыналы Қазақстан туралы арнап айтылғандай. Тəуелсіздіктің ширек ғасырға жуық уақытында Қазақ елі экономикасы қуатты, өмірі шуақты, тыныштығы тұрақты əлем таныған айбынды мемлекетке айналды. Жаңа ХХІ ғасырдың табалдырығын халқымыз егемен ел болып аттады. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған айтулы тарихи оқиғаның бастауында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұр. Елімен етене Елбасының қайраткерлік қарымы мен көрегендік қасиетінің арқасында атқарылған ұлан-ғайыр ұлы істер ұлтымыздың өршіл рухын биікке көтерді.

ЖАНДАНУ Халел МАҚСҰТОВ,

Қарқаралы ауданының əкімі.

Қазақстанды құтты қоныс санап, тəуелсіздікті бойтұмарға балаған алуан ұлт өкілдері бір атаның балаларындай тату-тəтті ғұмыр кешіп келеді. «Адамзаттың бəрін сүй, бауырым деп» хакім Абай өсиет еткендей, кең қолтық қазақ халқы өзге ұлттардың адамдарын жанындай жақсы көріп, бауырына басты. Əлімсақтан ырысқа кенелген, ынтымағы жарасқан тəуелсіз мемлекетімізде қазір жүзден астам ұлт пен ұлыстар емен-жарқын еңбек етіп, өмір сүруде. «Кең болсаң кем болмайсың», – дейді бабалар тағылымы. Атақты Абылай ханның ақылшысы, көмекей əулие атанған Бұқар жырау: «Ойда орыс, қырда қытай, өзекте өзбек аман болса, ол қазаққа жаман болмайды» деген екен. Зады, тəуелсіздіктің берік тұғыры – тыныштық, ынтымақты тірлік. Осы қарапайым əрі қастерлі ұғымды өмірінің бағдаршамына, іс- əрекетінің бұлжымас қағидасына айналдырған Елбасы ел тыныштығын сақтауға барлық күш-жігерін, ақыл-парасатын жұмсап келеді. Тəубе, төрткүл дүние түгел таныған Қазақстан бүгінде таңы тыныш ататын, кеші бейбіт бататын бақуатты ел болып отыр. Киелі Ұлытау төрінде сөйлеген сөзінде Президентіміз: «Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да қасиетті жерлер табылады» – деген еді. Сондай қасиетті жердің бірі Арқаның алтын алқасы – Қарқаралы. Дəулетіне сəулеті сай, жері қисапсыз қазынаға бай аудан халқы бүгінде Отан байлығын молайту жолында табанды еңбек етуде. Елбасы белгілеген бағдарламаларды тиянақты орындау түбегейлі мақсатқа айналды. Болашақтың басты бағдары – «Мəң гілік Ел», «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол», «Ұлт жоспары: 5 реформа жəне 100 қадам» мемлекеттік аса маңызды құжаттар. Осы бағдарламалардың талаптарын дəйекті əрі табысты жүзеге асыру өте жауапты жалпыхалықтық іс екенін жақсы түсінеміз. Ел экономикасына сүбелі үлес қосу қазіргі таңдағы ең шешуші мəселе. Осы жауапкершілікті жан-тəнімен сезінген аудан жұртшылығы еселі қарқынмен еңбек етуде. Өңірде тау-кен өндірісі мен мал шаруашылығы жедел өркендеп келеді. Үстіміздегі жылдың алты айында негізгі салалар бойынша жалпы экономика көлемі 20 млрд. 200 миллион теңгені құрады. Жоспардың орындалуы 121,8%-ға жетті. Барлық салалар бойынша нақты көлем индексі орындалды: өнеркəсіптің нақты көлем индексі 103,7%-ды құрады, ауыл шаруашылығы – 105,9%, инвестициялар – 156,4%, сауда – 100,7%. Қазір ауданда үш ірі өнеркəсіп орындары тұрақты жұмыс істейді. Бұлар «ӨркенКентөбе» кəсіпорыны, «Қазақмыс» корпорациясының Қарағайлы кен байыту фабрикасы жəне Абыз кен орны. Өнеркəсіптік өндіріс құрамының 70 пайызынан артығы «Өркен – Кентөбе» кəсіпорынының еншісіне тиесілі. Өңдеу өнеркəсібінің көлемі 603,1 млн. теңгені құрады

немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 207,8%-ға орындалды. Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген «Көктасжал» мыс кен орнында тау-кен кешенін салу жəне пайдалану жобасын «Алтай Полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып келеді. Жобаның жалпы құны 63,1 млрд. теңге болып отыр. Бүгінгі күнге игерілген инвестиция көлемі 21,3 млрд. теңге болды (2015 жыл – 8,0 млрд. теңге). Кəсіпорынның толық іске қосылу уақыты ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Мұнда жергілікті тұрғындардан 186 адам жұмыс істейді. Тұрақты іске қосылған кезде 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен бірге, ауданымыздағы «Алайғыр» кен

жоба жасады. Құны – 69,8 млн. теңге. Бұл жобаның мақсаты ауданның шаруа қожалықтарындағы ірі қара малдарын асылдандыруға көмек көрсетуді көздейді. 2013 жылдың қыркүйек айында АҚШ-тан 26 бас жəне қараша айында Ақмола облысынан 134 бас ангус асыл тұқымды малы сатып алынды. Қазіргі кезде бұлар 177 басты құрап отыр. Қазақта «Қойлы бай – қоралы бай, ешкілі бай – есепті бай» деген мəтел бар. Ешкі түлігін өсіру жергілікті экономикаға едəуір үлес қосады. Қазақ ешкіні ежелден ерекше бағалаған. Ол – өсімтал жануар. Қой мен сиырға қарағанда жылына екі рет төлдейді. Ешкінің осындай пайдалы жағын ескерген «Шоқпартас» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан

орнында полиметалдық қазбаларды өндіру жəне қайта өңдеу жобасы қолға алынды. Жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілген. Жалпы құны – 41,2 млрд. теңге. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығына мемлекеттік бюджетке жалпы 573,1 млн.теңге түсті, яғни жоспар 120,2%-ға орындалды. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,8% болды. Ал аудандық бюджетке 288,6 млн. теңге түсіп, жоспар 118,4%-ға орындалды. Елбасының тапсырмасы бойынша «Туған жерге тағзым» акциясы жер-жерлерде кең өріс алып келеді. Ауданда ауыл шаруашылығы саласында 679 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Соңғы жылдары шалғайда қалған елді мекендерге іскер азаматтар бетбұрыс жасай бастады. Бұл – жақсылықтың нышаны. Ел экономикасын ілгерілету мақсатындағы кəсіпкерлеріміздің оң істері өте құптарлық. Айталық, кəсіпкер азамат Дидар Тоғызбаев қодас өсірумен шұғылданады. Биыл көктемде ол сонау Хакасиядан 140 бас тибет ірі қарасын сатып əкеліп, Нұрмақов атындағы ауылдық округ аймағына орналастырды. Кəсіпкер азамат қодастың жүнін қырқып, ал етінен шұжық, консерві, сүтінен ірімшік өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта тибет сиырларын 500 басқа дейін жеткізуді межелеген жайы бар. Кəсіпкер, аудандық мəслихаттың депутаты Ардақ Елубаев «Ынта» шаруа қожалығын құрып, 500 бас ангус асыл тұқымды ірі қара малын өсіру үшін ұзақ мерзімді инновациялық

Төлеубаев Ресейден «Заненская» асыл тұқымды 49 бас сүтті ешкілерді сатып əкеліп өсіруде. 2016 жылы ешкі сүтінен өнім өндіретін арнайы цех ашуды жоспарлап отыр. Ауданда «Сыбаға», «Құлан» жəне «Алтын асық» бағдарламаларына сəйкес «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы бүгінгі күнге 134 ірі қара, 48 жылқы сатып алынды. Тиісті тапсырма негізінде аталмыш бағдарламалар бойынша алдағы уақытта 1320 ірі қара, 350 жылқы жəне 5800 қой сатып алу көзделген болатын. Осы игілікті шаруа ойдағыдай орындалған жағдайда ауданда мал шаруашылығының пəрменді дамуына кең жол ашылады. Қазіргі таңда ауданның шағын бизнес саласында 3295 адам жұмыс атқаратын 1602 кəсіпкерлік нысандар бар. Бүгінде шағын бизнестің барлық тараптарында көрсеткіштер орындалды жəне былтырғы жылмен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда бірқатар тындырымды істер атқарылды. «Қарқаралы ауданында ауыр жүк тасымалдау қызметін көрсету» жобасын орындаумен азамат Ұлан Мақышев айналысады. Ол 40 тонналық «Шансиман» көлігін сатып алды. Жоба мақсаты Қарағанды облысы мен басқа да аймақтарға ауыр жүктерді тасымалдауды, ауданда қызмет көрсету түрлерін көбейтуді жəне көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Егіндібұлақ ауылында жеке кəсіпкер Өмірзақ Қапсаттаров модульдік

мал сою пунктінде қосымша ет өңдеу цехын ашты. Тəулігіне 10 бас ірі қара сойып, ет өнімдерін іске жаратады. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының облыстық бөлімшесінен алған 28,0 млн. теңге несиеге ет өңдейтін жаңа үлгідегі құралжабдықтар сатып алынды. Құрылыс – экономиканың күретамыры. Ауданда осы жылдың алты айында 3862 шаршы метр жекеменшік тұрғын үй салынып, іске қосылды. «Қолжетімді баспана» бағдарламасының аясында 644 шаршы метрді құрайтын 12 пəтерлі тұрғын үй мемлекеттік мереке – Астана күні қарсаңында пайдалануға берілді. Қарқаралының сұлу табиғаты көз тартады. Мұнда туризмді дамытуға мүмкіндіктер мол. Мемлекеттік ұлттық-табиғат саябағының жалпы аумағы 120,1 мың гектарды алып жатыр. Ол ерекше қорғау аймағы болып есептеледі. Аталмыш ұлттық табиғат бағында 11 ресми туристік маршруттар халыққа қажетті қызмет көрсетуде. Табиғат саябағында қысқы маусымда жалға алуға болатын, туризм нысандарын салуға қолайлы 20 жер телімдері бар. Бұл жерлерде демалу жəне туризм базаларының, сауда орындарының жəне басқа да нысандардың құрылыстарын салу жоспарланған. Бүгінгі күнге 14 жер телімі жалға берілді. Осы уақытқа дейін 21 кəсіпкермен келісімшарт жасалса, оның ішінде 8 келісімшартқа биылғы жылы қол қойылды. Шағын демалу жəне тамақтану орындарын ашу жобалары жүзеге асырылуда. Жалын жігер жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Елбасымыздың бейнелеп айтқанындай, «жастар болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегі». Демек, бүгінгі жас өрендерге қамқорлық бұл кемел келешекке қамқорлық деген сөз. «Талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеген» жастардың бағалы бастамаларын қолдап, батыл қадамдарына жол ашу өмір көрген, өнегесі көп үлкендердің ұлағатты ісі болса керек. Қазіргі таңда ауданымыздың əрбір төртінші тұрғыны – жас жігіттер мен қыздар. Сол алғыр, албырт жастардың бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыру тəлімді тəрбиенің нұсқалы тəсілі. Бізде жастармен үш бағытта дəйекті əрі пəрменді жұмыстар жүргізіледі. Бірінші, түрлі деңгейде байқаулар, жарыстар, кездесулер өткізіледі. Екінші, спорттың бұқаралылығын жан-жақты насихаттау жəне өрістету ісі тыңғылықты жүзеге асырылуда. Үшінші, əлеуметтік желілер арқылы тəрбиелік шаралар туралы толымды ақпараттар жəне бизнеспен айналысуға байланысты пайдалы кеңестер беру қолға алынады. Жастардың сəулелі санасына адами-имани құндылықтарды сіңірудің өлшеусіз зор маңызы бар. Əр жасөспірімді елжандылыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, елдік пен ерлік дəстүрлерді дəріптеуге баулу – тəрбие жұмысының жұлынды арқауы. «Туған жерге туың тік» демекші «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша кейінгі үш жылда 49 жас маман жұмысқа орналасты. «Жасыл ел» еңбек жасағына 32 қыз-жігіт тартылып, аудан өміріне белсене қатысып жүр. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын жырлағандай, жастар біздің бүгінгі сенімді қолғанатымыз, ертеңгі елдің иесі де солар. Қайсар жырдың қаһарманы, дауылпаз дарын Қасым ақынның: «Кең пейілді, кең далалы қазақпыз. Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз» деген шалқымасы жаныңа жауынгерлік рух беріп, кеудеңді керемет бір сазға бөлейді. Осындай жауһар жырларды оқығанда Тəуелсіздіктің бағасын біле түсесің, ұлы далаңа қарап өзіңді аса бақытты сезінесің. Бұл бақыттың алтын тамыры азаттықта жатыр. Сол азат елдің айдарлы ұлдары мен тұлымды қыздары шын бақытты. Соған қуанасың! Қарағанды облысы.

 Əлеуметтік қорғаудың əлеуеті

Мїмкіндігі шектеулілерге назар жоєары Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

Шығыс өңірінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен өмір сүретін əлем» атты фестиваль өтті. Кембағал бүлдіршіндерді қоғамға бейімдеу, денсаулығын оңалту жəне шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында өткен фестивальды «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде ұйымдастырды. Бұл шараға облыстың 15 ауданы мен қаласынан келген мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Өмірге құштар бүлдіршіндердің əрқайсысы ұйымдас тырушылар тарапынан алғыс хатпен марапатталып, естелік кəдесыйға ие болды.

9

www.egemen.kz

– Жыл өткен сайын балалардың бұрынғыдан да тамаша өнер көрсетіп, өздерінің жан-жақты қырларын ашып жатқанын байқаймыз. Біз

балаларға қуаныш сыйлауға тырысамыз. Сондай-ақ, денсаулықтарын жақсартуға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді «Нұр Отан» партиясы

облыстық филиалының сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру жəне бақылау бөлімінің меңгерушісі Елена Семенова. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға зор көңіл бөлінеді. Жыл сайын қайырымдылық акциялары мен қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Биыл «Нұр Отан» партиясының филиалы «Бақытты балалық» жəне «Кедергісіз келешек» жобалары аясында түрлі шаралар өткізуде. – Қуанышымда шек жоқ. Мен екінші мəрте осындай іс-шараға қатысып отырмын. Бұл жолы да жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Бұл фестиваль менің шеберлігімді шыңдап, биік мақсаттарға ұмтылуға қанаттандыра түсті, – деді Александра Иванисова. Шығыс Қазақстан облысы.

Тїлеген Тїркістан театры Дүйім жұртқа талантымен, өнерге деген сүйіспеншілігімен жəне ерен еңбегімен танылған театр өнерінің майталманы Райымбек Сейітметов ағамыз өз қолымен құрып, оған өміршеңдік сыйлаған Түркістан сазды-драма театрының бүгінгі күнгі ахуалын біліп, ондағы жаңалықтармен таныс болу үшін аталған театрдың директоры Ержан ИБАДУЛЛАҰЛЫН əңгімеге тартқан едік. – Ержан Ибадуллаұлы, туған жерінде өнер ошағын ашып, 2000-жылдардағы қазақ театрларының қатарына жас болса да болашағынан үміт күттіретін Түркістан сазды-драма театрын қосқан Райымбек ағамыздың жұмысы қазіргі таңда қалай жалғасуда? – Расында да, бұл театрдың тарихы мен болмыс-бітімі қазақ театр өнерінің ірі қайраткері Райымбек Сейітметовтің есімімен біте қайнасып жатыр. Ол кісі өз еркімен 1995 жылы кіндік қаны тамған жері, түркі халықтарының рухани астанасы Түркістанға алдына үлкен мақсат қоя келді. Сондағы көздегені туған жерге мəдени ошақтың отын жағып, өнер мектебін қалыптастыру болатын. Жүректе жатқан ізгі ниет жолында тер төгіп еңбек етті, іске бел шешіп кірісті. Осы орайда, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінен өнер факультетін ашып, дарынды жастарды актерлік шеберлікке баулыды. Менің де ұстазым болған Райымбек ағадан алған білімім өмірлік азық болар құндылық екендігін айтсам, бүгінгі тіршілігімде сол кісінің шарапатымен келемін дер едім. Бұл тұста айта кетейін, сөзде жеңіл көрінгенмен, театр ашу ісі оңай шаруа емес. Өнердің қызу қайнаған ордасы Алматыдан алшақ жатқан, əлі де болса көпшілік санасына сіңіріле қоймаған шағын қаладағы тұрғындардың театрға деген махаббатын ояту қиынның қиыны болатын. Осы ретте, өзі ашқан өнер факультетіне оқу-əдістемелік жүйесін енгізіп, жастарды кəсіби өнердің нəрімен сусындатты. Сол бір қиын-қыстау кезеңде жылуы жоқ, жарығы көп сөнетін, аядай суық үйде тіршілік етсе де қайсар мінезінің, еңбекқорлығының, өнерге деген адалдығының жəне табандылығының арқасында бастаған ісін аяғына жеткізуді мақсат етті. Нəтижесінде, өзіңіз айтып отырғандай, қазақ театрының қатарына тағы бір жас театр қосылды. Болашақ театр əртістері яғни, өнер факультетінің студент жастары 1998 жылы Түркия мемлекетінде С.Балғабаевтың «Ең əдемі келіншек» драмасын түрік тілінде қойып, гастрольдік сапарда болды. Түркістан театрының труппасы қазақ, түрік тілдерінде еркін өнер көрсете алады. Бұл сөзіме дəйек, олар 2000 жылы Алматы қаласында өткен «Еуропа бірлігі» театр фестиваліне қатысып, бірінші күні Қазақстанның атынан Б.Вахапзаденің «КөкТүріктер» спектаклін қазақ тілінде көрсетсе, екінші күні Түркия мемлекетінің арнайы өтінішімен «Көк-Түріктер» спектаклін түрік тілінде жақсы ойнап шықты. Сол кезеңдерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2000 жылдың 9 наурызында театр ресми ашылып, Райымбек Сейітметов өз жұмысының нəтижесін көрді. Мемлекет басшысы 2001 жылдың қараша айында Түркістан театрында қонақта болып, «КөкТүріктер» спектаклін басынан-аяғына дейін тамашалап, «Райымбек Ноғайбайұлы негізін қалаған Түркістан театрының болашағы зор деп сенемін», деді. Шын мəнінде, осыдан кейін театр тасы өрге домалады, бағы жанып, дүйім жұртқа танылды. – Сахналық өнердің көріністерін жан-тəнімен сүйсініп ойнайтын театр əртістеріне тоқталып өтсеңіз, олардың бойындағы өнерсүйгіштік қасиет о баста Райымбек ағаның театрға мықтап орнатқан іргетасы іспеттес болар... – Жалпы, Түркістан театрының əртістері – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университеті өнер факультетінің түлектері. Райымбек ағамыздың шəкірттері республикамыздың түкпір-түкпірінде өнер салаларында қызмет жасауда. Ал, солардың ішінде елге танылып, көзге түскен қазіргі таңда беделді «Алдараспан» əзіл-сықақ театрының директоры Нұржан Төлендиев түлеп ұшқан театр бұл, Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық театрдың актері, кино əлеміне танылып үлгерген Ержан Нұрымбетовті атап өтейін. Осы екі азамат та Түркістан театрында актер болған. Айта берсек, біздің театрдан қанаттарын қатайтып, өнер əлемінде жан-жақты бақ сынап жүрген қаншама дарынды жастарымыз бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі-үш театрда актер, режиссер жəне көркемдік жетекші болып қызмет атқарып жүрген əріптестеріміз де аз емес. – Театр репертуарында қандай қойылымдар бар екендігін білсек. – Түркістан қаласының сазды-драма театрының репертуарында бүгінгі таңда бүлдіршіндерге арналған онға жуық ертегі жəне отыздан аса қойылымдар бар. Солардың ішінде, əрине, театрымызды республика жəне шетелдерге танытқан Б.Вахапзаденің «Көк-Түріктер» тарихи драмасын ерекше атап айтар едім. Бұл қойылым Түркістан театрының төлқұжаты іспеттес. Шетелдерге танытқан дейтін себебім, осы

тарихи драмамен Түркия мемлекетінде бірнеше рет гастрольдік сапарда болдық жəне осы қойылыммен Тəжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен «Навруз-2011» атты ІІІ Кəсіби театрлардың халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан өнер көрсеттік. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет басқармасы өткізетін «Театр көктемі» атты аймақтық фестиваліне қатысамыз. Биылғы фестивальде Түркістан театры «Ең үздік əйел бейнесі» жəне «Көрермендер көзайымы» аталымын иеленді. Оның алдында Ж.Жұматтың «Тірі жан» драмасымен «Өзекті мəселені көтергені» үшін арнайы аталымына ие болғанбыз. – Қала халқы театрға баруға ұмтылыс танытпайтындай көрінеді. Бұл тұрғыда, тұрғындар арасында өнерге деген қызығушылықты арттыру қажет пе деп ойлаймыз. – Қазір ХХІ ғасыр, яғни технологияның ғасыры. Телеарна мен интернеттің дамыған уақытында қажетті дүниелерін көпшілік үйден шықпай-ақ біліп, көріп жатыр. Оның үстіне, дұрыс айтып отырсыз, Түркістан қаласы Алматы сияқты өнер ордасы емес. Дегенмен де, Түркістан халқының театрға қызығушылығы немесе театрға деген мəдениеті төмен деп айта алмас едім. Театрымыздың репертуарын бақылап жүретін, жаңа қойылымдардың тұсаукесерін қалдырмайтын қөрермендеріміз баршылық. Əр қойылымның өз көрермені бар. Мəселен, жастар комедия, драма жанрына көп келсе, аға буын тарихи қойылымдар мен трагедияға басымдық береді. Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, қаланың зиялы қауымы театрдың тұсаукесерінен, кешкі қойылымдарынан қалмайды. Сондықтан да рухани астанамыз атанған Түркістан халқы театр мəдениетін меңгерген деп айтуға толықтай негіз бар. Оның үстіне, Түркістан қаласында бұған дейін театр болмағанын да ескерейік... – Сөзіңіз аузыңызда, мұндағы билет бағасы да қолжетімді екендігін білеміз. Басқа қалаларда билет құны қымбаттау, салыстыруға келмейді. Яғни билет құны театр бюджетін қаншалықты толықтыра алып отыр? – Расында да, біздің театр билеттері арзан, дегенмен, олардың бағалары гастрольдік сапарларға шыққан аймақтарда өзгертіледі. Бұл билеттен түскен табыс театр бюджетін толықтай толтырады дегенді білдірмейді, бізді облыс əкімдігінің мəдениет басқармасы қаржыландырады. Жалпы театр халыққа рухани қызмет көрсететін өнер ордасы болғандықтан, ақша үшін емес, көпшілікке рухани азық беру үшін, өнердің киесін түсінетін көрерменнің жүрегіне жол табу үшін еңбек етеміз. Сондықтан да оның бағасын емес, сапасын бағамдап, рухани азықты ешқандай қаражатпен толтыруға болмайтынын ұдайы айтып жүремін. – Театрға ресми түрде əлі күнге Райымбек Сейітметовтің есімі берілмегендігі жөнінде не айтар едіңіз? – Біздің де бүгінгі таңда алға қойған мақсатымыз осы. Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес, кісі есімін иелену үшін оның өмірден озғанына 5 жыл өткеннен кейін есімін алуға болады. Бірақ бұған кезінде мораторий жарияланды. Ол 2013 жылы сəуір айында тоқтатылысымен қажетті құжаттарды қалалық ономастика бөліміне өткіздік. Қалалық ономастика бөлімі облыстық ономастика бөліміне жіберіп, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің ұсынысымен Үкіметке жолданған. Қазіргі таңда Үкіметтің қарауында. Үкілі үмітіміз ақталып, ресми түрде «Райымбек Сейітметов атындағы» деген атты алар болсақ, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай болар еді. Сол жағдайға жетсек, менің азаматтық та, шəкірттік те парызымның орындалғаны. – Театрдың соңғы жаңалықтарымен бөліссеңіз. – Театрымыздың соңғы жаңалығы – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қ.Ысқақ пен Шахимарданның «Хандық аманат» атты тарихи драмасын сахналадық. Бұл тарихи драманың қоюшы-режиссері – Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық театрдың режиссері, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. Осы қойылыммен биылғы жылдың 2228 маусымы аралығында «Астана күні» мерекесіне орай Астана қаласының əкімдігі ұйымдастырған «Сахнадан сəлем!» атты ІІІ Халықаралық театр фестиваліне қатысып, 27 маусым күні Қ.Қуанышбаев театрында өнер көрсеттік. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

ТҮРКІСТАН.


10

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

 Тарих толқынында

Иə, бүгінгі материалымыздың тақырыбына шығарып отырғанымыздай, жүрек қалауымен жасалған іс қана жүректерге жол таба алатыны анық. Бұдан он жылдан астам уақыт бұрын, яғни Жеңістің алпыс жылдығы қарсаңында «Жеңіс тарихы» атты деректі фильмдер топтамасын түсіруді қолға алған оралдық кəсіпкер Мұрат Жəкібаевтың қадамына да осындай ішкі құштарлық тəн десек қателеспейміз. Сол кезеңнен бастап ол өзінің продюсерлік орталығын құрып, Жеңіс тарихына қатысты қысқа метражды фильмдерді көрермендер назарына ұсына бастады. Оның өзегін өртеп, жан дүниесін толқытқан киноленталардың қатарында «Матай – жолдың басы», «Хиуаз Доспанова» секілді сүйекті дүниелер бар.

Жїрек ќалауыныѕ жемістері Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Зеѕбірек аузына байланып атылєан батыр Жанғара ДƏДЕБАЕВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

Байзақ батырдың заманы қилы оқиғаларға толы əрі соқтықпалы, соқпақсыз болды. Соған байланысты ол өмірдің қилы кезеңдерінен, тар соқпағынан өтті. Батыр қоқанның қысқа күнде қырық құбылған ішкі саяси-əкімшілік жүйесі мен халықтың жат жұртқа тəуелді болған ауыр əлеуметтік жағдайы шегінде алған бағытына, сөзі мен ісіне тиянақты, тұрақты болды, халықтың ұлттық рухани құндылықтарын сақтау мен қорғауды өзінің өмірлік мақсатына балады, азаматтық ұстанымына айналдырды. Ел-жұрттың жатқа тəуелділігі жағдайында ұлттық құндылықтарды жоғалтып алу қатері ұдайы төніп тұратыны анық. Жатқа тəуелділіктің барлық ауыртпалығын үнтүнсіз, тұяқ серіппей көтеру құлдық сананың қалыптасуына алып келеді. Құлдық сана қалыптасқан ел ел болудан қалады, өйткені, құлдық санаға бой алдырған əрбір құл өзінің қолындағы құлдық кісенін мақтан көретін дəрежеге жетпей қалмайды. Ердің азуы, елдің тозуы деген осындайда болады. Байзақ ердің азуынан, елдің тозуынан сақтанды. Қоқаңдаған қоқан тұсында ақылдың алымы, білектің күші, найзаның ұшы бірбүтін болып тұтасып тұрмаса, ел іздеген тəуелсіздікті, ел жоқтаған əділетті табу да, сақтау да қиын еді. Күш жоқ жерде əділетті табу, əділетті қорғау мүмкін емес, əділет болмаған жерде қара күштен қайыр жоқ. Байзақтың болмысында əділетті жақтарлық қасиет те, елді қорғайтын күш те бар еді. Байзаққа қара ормандай қалың ел қарады. Ол қара ормандай қалың еліне арқа сүйеді, сол елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтады, сол елді қолдап, сол елді қорғады. Байзақ заманында қоқанның қой зекет, түндік зекет, қырман зекет, қол пұл, тарту сияқты толып жатқан алым-салықтары елдің есін алды, еңсесін басты. Зекетшілер мал алғанды қанағат тұтпай, ар мен жанға қол сала бастады. Малын алғанға көнген жұрт жаны мен арына қол салғанға шыдай алмады. Қоқандықтардың зорлығы мен қорлығына қарсы елдің наразылығы 1809 жылы күзде ашық күреске айналады. Байзақ батыр осы қарулы қақтығыстың қақ ортасында болды. Бұл тұста ол 25 жастағы қайраты тасыған жігіт еді. Қоқан ханы қазақтардың көтерілісін басуға қапысыз дайындалып, əр ру өз қыстақтарына барып қонған шақта, осы жылдың қысында жорыққа шығады. Хан жазалаушы əскерін аттандырып тұрып, жолда кездескен қазақтардың ешқайсысын тірі қалдырмай, бəрін де тонап, қырып-жою туралы жарлығын жариялайды. Қыстау-қыстауда бір-бірінен алшақ əрі қамсыз отырған қазақтар қоқанның жасанып шыққан жазалаушы əскеріне қарсы қайрат көрсете алмайды. Қапыда қалған жұрт тоналып, талан-таражға түседі. 1813-1814 жылдары қоқан хандығына 200 мың сомдық дүниемүлік артқан керуенді бастап келген Филипп Назаров Шымкент маңынан Əлімхан тұсында болған осындай шапқыншылықтың əсерінен қаңырап, иесіз қалған қазақ қыстақтарын, қоражайларын көріп, олардың иелерінің шығысқа қарай ығысып кеткенін жазады. Ф.Назаров 1814 жылы Шымкент Қоқанға бағынғанмен, Түркістан жəне Созақ Қоқанға бас имей, онымен соғыс жүргізіп жатқанын көрсетеді. Бұл со ғыс тың туын ұстаушы ел ішінен шыққан батырлар болса, Байзақ солардың көрнектілерінің бірі еді. Анталап аңдыған жау Ташкенттен Əулиеата, одан Шуға дейінгі елді өзіне қаратты. Қоқан билеушілері мұнымен тоқтамай, қазақ ортасындағы билігі мен ықпалын нығайту үшін, ел ішіндегі батырлар мен билерді өз жағына тартып, оларға түрлі шен-шекпен ұсынды. Олар ел ішіндегі беделді кісілердің көңілін табу арқылы, қарудың күшімен жете алмаған мұраттарының үдесінен шығуға күш салды. Бұл ретте Қоқан хандығына Əлімханнан кейін отырған Омархан көп іске ұйытқы болады. Ол ел ішіндегі батырлар мен билерге, рубасыларға сүйеніп, хандықтың ішкі жағдайын нығайтып алуға ерекше көңіл аударады. Хан қазақтың ел басындағы бірқатар белгілі батырлары мен билеріне датқа деген атақ беріп, бауырына тартты. Қоқан хандығының іш тартуына, берген шен-шекпеніне қарамастан, Байзақ батыр қоқандықтардың ел ішінде ойран салуына жол бермеді, өз елінің тəуелсіздігі туралы түпкі ойларынан қайтпады. Осындай жағдайда Қазақ елінің тұтастығы, мемлекеттік дербестігі, егемендігі туралы ұран көтерген Кенесары қозғалысының мұрат-мүддесі Байзақ батырдың түпкі нысанасымен үндес келді. Кенесары елдің ақсақалдарымен, батырларымен əңгімесінде, оларға арнаған

үндеулерінде өзінің Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріне келгендегі басты мақсаты қазақ пен қырғыздың басын қосып, оларды қоқан езгісінен азат ету екендігін баса айтып отырған. Бұл мақсат қоқан езгісінен есі шыққан қалың елдің де, ел басындағы есті азаматтардың да көкейіне қонып, олардың тəуелсіздік туралы өмірлік мəні жоғары ұлы тілектерімен мейлінше үндесіп, үйлесуші еді. Байзақ батыр бастаған отаншыл рухтағы батырлар, ер-азаматтар елдің азаттығы мен дербестігі, егемендігі үшін ереуіл атқа ер салып, күрес майданына шықты. Байзақ батыр нар тəуекел іске барып, сарбаздарын соңынан ертіп, Кенесарыға қалың қол болып қосылып қана қоймай, жауынгер жасаққа ат-көлік ретінде үйір-үйір жылқысын да алдына салып айдап келді. Нысанбай жыраудың “КенесарыНаурызбай” дастанындағы Наурызбай соғысқа мінетін Көкдөнен мен Кертайлақ Байзақ батырдың сəйгүліктерінің алды еді. 1840 жылы Қоқан хандығы мен Бұхара хандығы арасында соғыс өрті лап ете түсті. Бұған Қоқан хандығының хан тағында отырған Мəделі ханның елдің дəстүрлі дүниетанымына, əдет-ғұрпына, шариғатқа қайшы іске баруы себеп болды. Қоқан мен Бұхара арасындағы соғыста Кенесары Бұхара жағына шығады. 1841 жылы ол қоқанның бірнеше бекіністерін алады. Бұл соғыста Кенесары жағында бір Байзақ қана емес, қазақтың басқа да белгілі батырлары болады. Соғыс нəтижесінде қазақтар Түркістан өлкесіндегі бірнеше қалаларын қоқандықтардан азат етеді. Созақты билеп тұрған Отыншы жəне Сушы деген қоқан бектері өлім жазасына кесілді. 1845 жылы Кенесары Алатау қазақтарына сұлтан болып тұрған туысы Рүстем Абылайұлының маңына келеді. Кенесары қоқанға қараған қазақтарды азат ету жолындағы күресін енді Алатаудың етегінен бастағанды дұрыс көреді. Байзақ бұл жолы да сарбаздарымен Кенесарының қасынан табылады. Байзақпен бірге Кенесарыға бір топ батырлар қосылады. Кенесарының тапсыруымен Байзақ батыр Қоқанның бірқатар бекіністерін алады. Меркі қамалын алуда үлкен қайрат көрсетті. Соғыс қоқандықтардың қырғыз елінің ішіндегі бекіністеріне, Бішкек қамалына қарай ойысқанда, қоқан билеушілері қазақтардың азаттық күресінің бетін бұрып, оларды қырғыз халқымен шабыстыруды көздейді. Сонымен қатар, қазақ жерін əр тараптан отарлап келе жатқан Ресейдің əскери-басқару аппараты қазақтарды өзара бір-біріне айдап салу, қазақ, қырғыз арасында ұрыс-соғыс өртін тұтату үшін, арандату амалдарының неше алуан түрлерін қолданды. Ақырында орыс отарлаушылары мен қоқандықтар қазақтардың қырғыздармен бірлесе отырып, қырғыз жеріндегі Қоқан бекіністерін алуға бағытталған əскери жорықтарына қарсы қырғыз халқын айдап салды. Оның үстіне қырғыз манаптары Жантай мен Орман Кенесарының қазақ пен қырғызға бірдей бас болғысы келген шешіміне үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Олар Кенесарының билігін мойындағаннан гөрі Қоқанның езгісінде қала бергенді дұрыс деп білді. Кенесарының жіберген елшілеріне айтқан сөзінде Орман қазақ пен қырғыз – екі елдің де билігін өзіне беруді, ал Кенесарының барлық істі өзімен келісе отырып қана істеуі шарт болуын талап етті. Қырғыз бен қазақтың басын қоқандықтардың езгісінен азат ету туралы ұлы мақсат, осылайша, қырғыз манаптары тарапынан қолдау таппайды да, сөздің мəні, ойдың жүйесі билік, атақ, мансап төңірегінен ұзап шыға алмай қалып қояды. Қырғыз бен қазақ арасындағы шағын қақтығыстардың ұлғайып, шиеленісуі Орманды да, Кенесарыны да ашындырған үстіне ашындыра түседі. Ашық ұрыс басталады. Ұрыс басталғанда, Байзақ батыр Кенесарының қасында болады. Нысанбай жыраудың жырлауы бойынша, қырғыз батыры Бидер ортаға шығып, қазақ батырларын жекпе-жекке шақырады. Қазақтан ортаға батыр шықпай, жұрт мазасыздана бастайды. Байзақтың қолынан қырғыз батырымен жекпежекке ұмтылып шыққан жан болмайды. Бұл қазақ қолының қырғыздарға қарсы қан-майдан соғыс ашуға ықыласы болмағанын аңғартады... Кенесары бастаған ұлт-азаттық соғысы ақырғы шегіне жетті. Кенесары да, Байзақ батыр да елжұртының тəуелсіздігіне жете алмады. Байзақ батырдың Кенесарыдан кейін ел-жұртының ортасына келуі ол үшін өзі қарсы күресіп жүрген Қоқан билігін мойындаумен пара-пар еді. Батыр мұндай іске амалсыздың күнінен көнген болса керек. Осылайша, Байзақ батыр бұрын кетіскен қоқандықтармен енді келісуге мəжбүр болады. Қоқанға қараған халықтың жағдайы Ташкент əкімі болып Мырза Ахмет парваншы келген кезеңде қатты төмендейді. 1857 жылы

Əулиеата аймағының Байзақ датқа бастаған қазақтары қоқан езгісіне қарсы тағы көтеріледі. Көтеріліске қырғыздар да белсене қатысады. Мырза Ахмет əр руға, əр рудың əр атасына жүзден, екі жүзден зекетшілер жіберіп, елді естен тандырады. Мырза Ахмет шашқан шығынның орнын елден жиналатын алымсалық жаба алмайтын жағдай да туады. Ел қатты күйзеледі. Мырза Ахмет алым-салық төлей алмаған жұрттың жасөспірім балаларын тартып алып, оларды сарттарға құлдыққа сата бастайды. Ол сондай-ақ 1 ділдə зекет төлемеген қыздың күйеуге шығуына тыйым салады. Сырдария өлкесінің əскери басшысының Орынбор генерал-губернаторына 1858 жылы 7 маусымда жазған ақпарына қарағанда, ашынған жұрт Мырза Ахметтің інісі Мырзаби, бес жүз қолдың басшысы молла Майсұп бастаған зекетшілердің жасағының жазасын береді. Қарым-қатынастың шиеленісуі Қоқан хандығындағы ішкі тартысты күшейте түсті. 1862 жылы 23 ақпанда ханға қарсы топ хан сарайына басып кіріп, Малля ханды өлтірді де, хан тағына оның он төрт жасар бауыры Самұратты отырғызады. Архив құжаттарында бұл хабар мынадай түрде сақталды: «Қоқан ханының өлімі туралы алып-қашпа сөздер шындыққа айналып отыр. Наурыздың 14 күні шымыр билерінің бірінің баласы қашқарлықтарға келіп мынаны айтқан: ол наурыздың 12-де жолға шығыпты. Сол күні, бұл жолға шығар алдында, Ташкенттен Байзақ бидің ұлы Ақмолда келіп, қоқан ханын қыпшақ Өтембай датқаның баласы өлтіргенін, ханның дүние-мүлкі ханталауға түскенін, ал таққа оның кіші інісі Самұрат (Шах-Мұрад) отырғанын айтқан. Қанатша бұл кезде Жаңа Қорғанда екен, ханталаудан түскен дүниеден оған 2 000 ділдə алып келген». 1862 жылы күзде генерал-майор Циммерман он бір күнге созылған соғыстан кейін Тоқмақ пен Бішкекті өзіне қаратады. 1863 жылы Ресей əскерінің сырдариялық тобы Созақты, Түркістанды алды. 1864 жылы 5 шілде күні таңертең Əулиеата Черняевтің қолына көшті. Черняев 1864 жылдың 7 шілдесінде Шымкентке шабуыл жасайды. Артиллериялық снаряд жетіспегендіктен, ол Шымкентті қорғаушыларды ығыстыра алмайды да, оқ-дəрі, қару-жарақ қорын молайту үшін, Түркістан мен Əулиеатаға кері қайтады. Шымкенттегі қоқан əскері, Сейіт хан мен Əлімқұл өздерінің «жеңісін» аспанға зеңбіректен оқ атып, сырнайлатып атап өтеді. Қоқанның бар билігін қолында ұстаған Əлімқұл өзін шапқалы тұрған орыс əскеріне қарсы қандай қайрат қыларын білмейді. Аман қалар жол іздеген Əлімқұл Нармат парваншыға елдегі Байзақ датқаны алдына алып келуді бұйырады. Нармат парваншы Байзаққа хат жолдап, оны хандық қауіпсіздігіне байланысты кеңеске шақырады. Байзақ Нарматтың хатына сеніп, оның қолына қапылыста түседі. Нармат парваншы Байзақты, оның қасына еріп келген баласын, інісі Əбдуəлі биді Шымкенттегі Əлімқұлдың алдына əкеледі. Сейіт хан мен Əлімқұл аталық жасанып келген жауға қарсы қандай қайрат қылуға болатындығы туралы кеңес өткізеді. Қоқандықтар алқалай кеңес құрғанмен, ақылменен ой таппады, айламенен жол таппады. Сейіт хан мен Əлімқұл кеңес үстінде Байзақ датқа мен оның інісі Əбдуəлі биге қоқан мүддесін қорғамады деген айып тақты. Байзақ датқа қоқан ханына да, ханның аталығына да, хан кеңесіне де басын имеді, тізесін бүкпеді, жанына араша сұрамады. Қарадан шығып, хан болғандай, қараған кісі таң болғандай қалпынан айнымады. Хан мен ханның аталығы бұған шыдамады: Байзақ датқа мен Əбдуəлі биді зеңбіректің аузына байлап атты. Жалған дүние Байзақтан кейін қалды. Ақмолла батырбасы он мың қолмен қоқандықтарды тастап, Ресей əскеріне барып қосылды. Байзақ датқаның өлімі қоқанның хан ретінде азып-тозуын, ақырында жойылуын тездетті. Елдің тəуелсіздігі жолына арнаған өмірден артық мағыналы, мəнді өмір жоқ. Өйткені, өмірдің мəнінің өзі оның тəуелсіздігінде. Тəуелді ердің өмірі – құлдық өмір, тəуелді елдің тірлігі – құлдық тірлік. Бірақ ердің ері өзі мен елінің тəуелсіздігі үшін өлуге бар, құлдыққа көнуге жоқ. Елдің ынтымағы мен бірлігі, тəуелсіздігі үшін тер төгіп, бейнет кешу, қан төгіп, жан беру – ердің ерінің ғана қолынан келетін іс. Байзақ Мəмбетұлы елінің ынтымағы мен бірлігі, тəуелсіздігі үшін қара терін тамызып, бейнет кешті, қызыл қанын ағызып, жанын пида етті, елжұртының қоғамдық санасын тəуелсіздік туралы ұғыммен, тəуелсіздік үшін күрес тəжірибесінің сабақтарымен байытты. АЛМАТЫ.

Өз атауынан көрініп тұрғанындай, оның біріншісі, көрнекті конструктор, əлемге əйгілі Калашников автоматының құрастырушысы Михаил Калаш ников тың адам таңғаларлықтай қаруды қалай ойластырып, жетілдіріп шығарғанына арналса, екіншісі, өз атауынан көрініп тұрғанындай қазақтың батыр ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың ерлігін паш етуге бағытталған. Ең бастысы, бұл деректі фильмдердің бəрін де кезінде көрермен қауым жылы қабылдады. Ондағы шынайылық пен тазалыққа жəне боямасыз байыптауларға оң баға берді. Міне, сөйтіп, араға тағы да табаны күректей он жыл түсті. Арада өткен уақыт, майдангерлер аманаты Мұраттың жанына маза бермей келгенін тағы бір терең түйсінгендей күй кешіп отырмыз. Сөйтіп, ол Жеңістің 70 жылдығына орай жүрегі қалаған ісін тағы да жалғастырып, «Жеңіс тарихы» циклі шеңберінде көрермендерге «Аман қалу бақыты», «Он жыл өткен соң» жəне «Кездесу қуаны шы» деп аталатын шағын, қысқа мет ражды көріністерден тұратын дерек ті фильмдерді ұсынды. Бұл кинотуындылардың басты ерекшелігі – рөлдерде киноактерлердің ойнамайтыны. Оның есесіне кинокадрлардағы шынайылық пен табиғилық оны көрген адамның қай-қайсысын да тəнті ете түседі. Нақтырақ айтқанда, Мұрат Жəкібаевтың продюсерлік орталығы түсірген фильмдердің басты кейіпкерлері бүгінде самайларын ақ қырау шалған алды 95-ке, арты 90ға қараған батысқазақстандық бұрынғы майдангерлер. Олардың қатарында таяуда ғана дүниеден өткен соғыс ардагері Бисен Жұмағалиев пен көзі тірі Қадыр Ғайсин, Мұхтар Əжіғұлов, Иван Гапич, Алевтина Митрохина, Мəжит Жаданов секілді майдангерлерді атауға болады. Деректі

кинотуындылардың тағы бір ұтымдылығы соғыс кезінде жəне Жеңіс күні түсірілген деректі кинохроникалардың молынан пайдаланылуында. Оның бəрінің тігісі білінбей кəдімгі кəсіби кинорежиссерлерге тəн шеберлікпен мұқият жымдастырылуында. Осындай сəтті продюсерлік шешімдер кино өнеріне жақын жүретін кəсіпкердің қиялынан емес, оның бал жинаған арадай тынымсыз еңбегі мен ізденісінен туған деректерді образға бөлей білуінен хабар бере алады. Сонымен бірге, бұл кинокадрлар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман дегендей, бүгінгі тыныштық пен бейбіт өмірдің қадір-қасиетін ұғындыра білуімен, осының өзі бақыт екенін аңғарта алуымен де өз құндылығын биіктете алады. Тұтастай алғанда, от пен оқты көрген жаумен арыстанша арпалысып Жеңіс күнін жақындатуға өз үлесін қосқан фильм кейіпкерлерінің қарапайымдылығы мен соғысқа қатысқанын артықшылық деп санамайтыны, оны Отан алдындағы азаматтық борышы деп есептейтіні де бүгінгі ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді тереңдетуге əсер ететіні хақ. Фильмде өз ой-пікірін осылайша түйіндеген 93 жастағы Сталинград шайқасының ардагері Мұхтар Əжіғұловтың жүрекжарды

лебізі кім-кімді де асқақ мақсатмұраттарға жетелері анық. Аталған деректі фильмдер топтамасынан алған əсерін белгілі қазақстандық кинорежиссер Талғат Теменов газет тілшісіне былайша жеткізді: «Жоғары кəсіби шеберлік пен биік профессионализм тұрғысынан қарастырғанда аталған фильмдердегі киносюжеттерге əртүрлі көзқарас тұрғысынан келуге болады. Алайда, мəселе мен гəп мүлдем басқада. Ең бастысы, бұл киноленталарда осы істі шынайы жүрекпен қолға алған шығармашылық топ мүшелерінің көңіл толқытарлық тебіренісі бар. Олардың ішкі жан дүниелерінің риясыз дүрсілі бар. Сондықтан да, ел-жұртқа ұсынылған киноленталар ешкімді де енжар, селсоқ қалдыра алмайды». Біз де Жеңістің 70 жылдығы құрметіне байланысты экранға жол тартқан деректі фильмдер топтамасы жөніндегі толғанысымызды танымал кинорежиссердің осы ойлы пікірімен түйіндегенді жөн көреміз. ОРАЛ. ––––––––––––––

Суретте: Деректі фильмдер топтамасынан көрініс. Суретті түсірген: Рафхат ХАЛЕЛОВ.

 Кəсібің – нəсібің

Теріні кəдеге жаратќан кəсіпкер Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Көзін тапсаң, кəдеге жаратарлық байлық біздің жерімізде жеткілікті. Бұған дейін өңірде мал терісі іріп-шіріп əр жерде жа татын-ды. «Байлықтың бағасын білмейміз» дегенді əркім айтқанымен, тері өңдеуге келгенде кім-кім де тайсақтап шыға келетін, бұл кəсіпке ешкімнің тісі бата бермейтін. Мəртөк поселкесінде т е р і н і а л ғ а ш қы ө ң д е у ц е х ы ашылғаннан кейін өзекті мəселенің де түйіні шешіле бастады. Мұндай тəуекелге бел буған Əбіл Гасанов басқаратын «А.С.Ар.Аз.Г» шаруа қожалығы болатын. Аяқ асты рəсуа болып жатқан тері өңдейтін кəсіпорын ашу туралы ой оны көптен мазалайтын. Ауылдық жерде тұратын ол шаруа қожалықтарындағы теріге байланысты проблеманы бір кісідей білетін де еді. Əбіл Гасанов көптен бері кəсіпкерлікпен айналысып келеді. Қарашай селолық округінде оның отбасылық бизнесі бар. 400 гектарға егіс салады, мал өсіреді. Жаңа бастаманы жүзеге асыру үшін тері өткізу нарығын, өңдеу технологиясын бүге-шігесіне дейін зерттеді. Біздер үшін тосындау шаруаға «Жеті өлшеп, бір кеспей» кірісудің пайдаға шығармайтынын түсінді. Өз қаржысын есептеді, отбасы мүшелерімен кеңесті, жергілікті биліктің қолдайтындығына көз жеткізді. Сонан кейін барып, тың шаруаны қолға алды. Бұдан екі жыл бұрын Мəртөк селосында бөлінген жерге жаңа тері өңдеу цехының жалпы алаңы 216 шаршы метр ғимаратын тұрғызуды бастады. Өз қаржысына Түркияның жəне Италияның өндірістік қондырғыларын сатып алып, орнатты. Қондырғыларды орнатуға шетелдік мамандар көмектесті. Оның өндірістік қуаты айына 180 тонна теріні алғашқы

өңдеуге мүмкіндік береді. «Көз қорқақ, қол батыр» деген халық даналығының дұрыстығын өз басынан өткергенде анық түсінді. Бастапқыда қолдан келмейтін іске бел буған жоқпын ба деп іштей қобалжып жүргені де рас. Шынтуайтына келгенде, құрылыс жұмыстарына, қондырғыларды сатып алып, орнатуға көп қаржы да жұмсалды ғой. Дегенмен, цех аймақтың ірі инвестициялық жобалары қатарына енгізілген соң барып көңілі бірленді. Алдымен кəсіпорынға газ жүргізді, скважина бұрғылап, су келтірді, лизингке автотиегіш алды. «Ақтөбе ауыл несие» АҚ-тан химреагенттер сатып алуға айналым қаржысына 14 миллион теңге несие алды. Қазір теріні алғашқы өңдеу цехы пайдалануға берілген. Əрқайсысына 5 тонна тері кететін үш барабан, шелдейтін, сығатын жəне өлшейтін станоктар жұмыс істейді. Жартылай фабрикат, яғни көгілдір тері алмас бұрын ол барлық технологиялық өңдеуден өтеді. – Цехта 24 адам еңбек етеді. Барлығы да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылған жергілікті тұрғындар. Олар өндірістің базасында оқытылып, тəжірибеден өтті. Тері тапсыру көлемі артса, мұнда жұмыс екі ауысымда жүргізіледі. Сонда жұмысшылар

саны 40-қа жетеді, – дейді цех бастығы Павел Воля. Цех жұмысын бастағалы 25 тонна жартылай фабрикат алынып, Қытайға өткізілген. Енді Түркиямен, Италиямен өнім өткізуге келіссөздер жүргізілуде. Кəсіпкер Əбіл Гасанов болашақта жартылай өңделген терінің сапасын əлде де жақсартып, түпкі өнімге жеткізуді ойластыруда. Сондай-ақ, тері бояу цехын ашуды да көздеуде. Қазір дайын өнімдер сақтайтын қойма салынуда. Ал цехты шикізатпен қамтамасыз ету үшін кəсіпорын өкілдері ауылдарға шығып, теріні өздері дайындайды. Облыс орталығында тері қабылдайтын арнаулы орындар да ашып қойған. Кəсіпкерлікке Əбілдің отбасы мүшелері – зайыбы Саида, ұлдары Арзу мен Азер де белсене араласады. Шаруа қожалығы да солардың аттарының алғашқы бас əріптерінен құралып, «А.С.Ар. Аз.Г» деп аталған екен. Қазір бұл цех туралы облыс қана емес, көрші өңірлер де хабардар болып үлгеріпті. Себебі, бұл еліміздің батыс өңіріндегі бірден-бір тері өңдеу цехы болып табылады. Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы. Суретте: цех бастығы Павел ВОЛЯ.


www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

 Өнеге «Бірлік – біздің қасиетті туымыз». Елбасының осынау бір қанатты сөзі – генерал Мұқышевтың барлық саналы ғұмырының темірқазығына айналған қағида. Баз біреулер үшін Мемлекет басшысы үнемі басымдық бере айтатын «татулық, бірлік, тұрақтылық» атты сөздер күн тəртібінен түспейтін жаттанды тұжырымдар болып көрінуі мүмкін. Ал төңкеріске толы тоқсаныншы жылдардың тағдыршешті оқиғаларын бастан өткерген Бекболат Бапанұлы бұл қасиетті қағидалар тəуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың, бүгінгі жеткен табысымыздың тұғыры екенін жете түсінеді.

Приволжск əскери округі еді. Оралда қақтығыс бола қалса, олар «Бітімгершілік əскері» ретінде күш қолдануға тиіс екен. Кеңес Одағының əлі ыдырамаған кезі. Сондықтан, олардың мұндай қадамға баруға толық құқығы бар. Міне, осы жағдайдың бəрін ерекше ескеріп, ормандай ұйысып отырған «ағаларына» арқа сүйеп, дандайсыған казактарды сабасына түсіру оңай болған жоқ. Облыстық штаб бастығы Бекболат Мұқышевтың мойнына халықтар арасындағы достық қатынасқа қылау түсірмей, ел бірлігін сақтаудың зіл батпан салмағы жүктелді. Мəдениет үйі алаңында бетпе-бет келіп, текетіреске түскен екі жақтың біреуі оқыс қимыл танытса немесе артық ауыз ащы сөз айтса, төбелес дүр ете түскелі тұр. Оның арты – ұлтаралық жан-

Темірќазыќ Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Əлі есінде... 1991 жылғы «тамыз төңкерісі» сəтсіздікке ұшырап, жарты əлемді «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» ұстаған алып империя іштей іріп, ыдырай бастаған. Осы бір аласапыранды пайдаланып, Қазақстанның Батыс өңіріне қоныстанған казактар қыркүйек айында Орал қаласына жиналып, Батыс Қазақстан облысын Ресей құрамына қосу жөнінде мəселе көтергелі жатыр деген суыт хабар тыныш елді дауыл соққандай дүрліктірді. Ол кезде милиция полковнигі Бекболат Мұқышев Орал облыстық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары болатын. Қиюы кеткенді қиюластыру қиын екен. Кешегі темірдей тəртіпке бағынған одақтас республикалардың басым көпшілігінде орталық билікке қарсы жанжалдар, ұлтаралық қақтығыстар орын алып, КСРО атты алып мемлекет от құшағына оранды. Қаулаған осы өрттің ортасында «жасыл» аралдай Қазақстан ғана тыныштығы мен татулығын сақтап тұр еді. Қазақ еліндегі осы бір тұрақтылық «қойнына тас тыққан» кешегі кейбір «жерлестеріміздің» ішкен астарын бойына сіңдірмей қойды. Батыс Қазақстан облысын Ресейге қосу үшін құрылтай өткізу жөніндегі қауесет шындыққа айналды. Сөйтіп, Ресейдің түкпір-түкпірінен казактардың өкілдері, Алматы облысындағы Жетісу казактарының, Шығыс Қазақстан жəне солтүстік облыстардағы казактардың өкілдері жолаушы пойыздарымен, автобустармен, арнайы жеке көліктермен Орал қаласына ағыла бастады. Казактардың Орал қаласына жиналып жатқанын естіген республикамыздың барлық облыстарындағы

ұлтжанды азаматтар да «казактардың заңсыз қитұрқы əрекеттеріне жол бермейміз», деген ұранмен өз өкілдерін Орал қаласына жөнелтті. Оралдағы оқиға бірте-бірте ширығып кетті. Оқиғаның тым асқынып, ұлтаралық жанжалға ұласып кетпеуі үшін облыс басшылығы облыстық ішкі істер басқармасында шұғыл шаралар қабылдайтын арнайы штаб құрды. Облыстық арнайы штабқа білікті маман, тəжірибелі заңгер Бекболат Мұқышев басшылыққа тағайындалды. Штаб жедел іске кірісті. Облыстың барлық аудандарынан милиция қызметкерлерін орталыққа жинақтап, арнайы кеңес өткізіп, тиісті орындарға орналастырды. Қалада ол кезде Промышленный, Ленин атты екі аудан болатын. Екі аудандағы барлық мəдени-көпшілік орындар, қоғамдық тəртіп қатаң бақылауға алынды. Штабқа мəлім болғанындай, казактарды арандатып жүрген Орал облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған Водолазов деген еді. Казак атаманы Качалин деген құрылтайды өткізу міндетін мойнына алып, сол үшін арнайы қор құрып үлгерген болатын. 1991 жылдың 15 қыркүйегінде үстеріне əскери киімдерін киіп, қаруларын асынған казактар КСРО Қорғаныс министрлігіне қарасты зауыттың мəдениет үйіне жинала бастады. Олардың ойы осында өздерінің құрылтайын өткізіп, автономия туралы шешім қабылдамақшы. Ал еліміздің барлық дерлік облыстарынан келген қазақ азаматтары аталмыш мəдениет үйін қоршап алып, олардың арам пиғылын жүзеге асыртпауға бекінді. Нағыз текетірес басталды. Полковник Мұқышев бастаған тəртіп сақшыларының міндеті – заңсыз құрылтайға тосқауыл қою жəне шиеленіскен екі жақтық жанжалға бой алдырып, қантөгіске баруына жол бермеу. Ең қауіптісі, Ресейдің

жал, қантөгіс. Сондықтан, төтенше штаб қыл үстінде жүргендей қимылдап, жағдайды шиеленістірмеудің бар амалын жасап бақты. Біліктілік пен парасаттылықтың арқасында аса қиын бұл мақсатқа да қол жетті. Штаб мүшелері казактар мен жергілікті ұлт өкілдерінің арасындағы текетіресті ушықтырмай шешті. Олар мəдениет үйіне жиналған казактарды қосалқы есіктен топ-топ болып шығып кетуге көндірді. Қазақ азаматтары да сөзге тоқтап, қызуқандылыққа салынбай, мəселені бейбіт жолмен шешуге ден қойды. Орал қаласына жиналған казактардың да, жан-жақтан келген жергілікті азаматтардың да аман-есен өз облыстарына жетуіне жағдай жасалды. Облыстық штаб басшысы Бекболат Мұқышевтың ұсынысымен 15 қыркүйек күні кешкісін облыста тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі ұйымдастырылып, көркемөнерпаздарының концерті өтті. Араға бір жыл салып, 1992 жылдың 15 қыркүйегінде «Орал казактарының бірлігі» күнін атап өтуді сылтауратып, казактар қайтадан Батыс Қазақстан облысының орталығына жинала бастады. Бұл кезде Облыстық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқаратын Бекболат Бапанұлы тағы да көрегендік танытты. Ол облыс əкімінің алқа мəжілісіне арнайы бастамамен шығып, бұл күнді «Жайық өңірі халықтарының достық күні» деп атап өтуді ұсынды. Бұл ұсыныс жаппай қолдау тапты. Содан бері 15 қыркүйек Орал облысында тұратын барлық ұлт өкілдерінің ортақ мерекесі ретінде дəстүрлі түрде аталып келеді... Осы бір күрделі оқиға хақында сыр тартар болсақ, Бекең – Бекболат Мұқышев, егемен еліміздің тəуелсіздік шежіресінде ерекше орын алған сол бір оқиға көрнекті мемлекет қайраткерлері, халқымыздың ардақты ұлдары Нəжімеден Есқалиев, Кенжеғали

Жүнісов жəне Қабиболла Жақыповтың біліктілігінің арқасында сəтті шешімін тапты ғой, деп əңгімесін түйіндер еді. Иə, бұл ел ағасы, генерал-майор, республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Бекболат Мұқышевтың өнегелі өміріндегі елеулі белесінің бір ғана көрінісі. Ал адалдықты пір тұтқан генералдың ұлағатты ғұмыр шежіресінде мұндай белестер қаншама десеңізші!.. Бекболат Бапанұлы бүкіл саналы ғұмырын құқық қорғау органдарының қызметіне арнаған жан. Орта мектепті ойдағыдай бітіріп, Бестөбе кенішіндегі №2 шахтада еңбек етіп жүрген кезі болатын. 1964 жылы кеніш комсомол комитеті белсенді жас шахтерді жолдамамен милиция органына қызметке жіберді. Міне, содан бастап табандаған 40 жылға жуық өмірін жауапкершілігі жоғары, қауіпті де қызықты құқық қорғау органындағы қызметке арнады. Осы жылдар ішінде қылмысты іздестіру бөлімінің қатардағы оперативті уəкілінен бастап, облыстық ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне дейінгі еңбек жолынан өтті. 1995 жылы Бекболат Бапанұлы Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен милиция генерал-майоры атағына ие болды. Ғасырлар тоғысында өз еркімен отставкаға шыққанға дейін ол адалдығын ту еткен таңдауынан таймайтын тарландығын паш етті. Бекболат Мұқышев осы Ақмола өңіріндегі алтынды аймақ Бестөбе кентінде тұратын Бапан кеншінің кіндігінен тараған жалғыз перзенті еді. Тау-кен шебері атанған Бапан замандастарының арасында сыйлы, қатарластарының алды болған беделді кенші болатын. Тек балалары жастай шетінеп, бір перзентке зар болып келе жатқанда осы Бекболат өмірге келіп, бір əулеттің ертеңге артар үмітін жалғастырған еді. Алайда, талайлы тағдыры Бапан отағасына жалғызының қызығын қызықтауға таршылық жасапты. Бекболат жеті жастан асқанда, ел аузына іліккен майталман кенші Бапан мезгілсіз дүниеден озды. Бала Бекболат асқар таудай сүйеніші, мызғымас қамал қорғаны аяулы əке ұлағатынан шөл қандыра сусындай алмай қалды. Бірақ, балалық пəк сезімі жастайынан адалдық пен еңбекке баулыған əке өсиетін қалт жібермей, қағып алды. Жеті белестің бел ортасына шыққан Бекеңнің ғұмыр-дастанындағы сол бір адами адалдық оны атақ пен даңққа да, қадір мен құрметке де бөлеп келді. КСРО жəне Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, Ақмола облысының құрметті азаматы Бекболат Бапанұлы құдай қосқан қосағы Алтынмен бірге төрт ұл, бір қыздан тараған ақар-шақар əулетті мəуелі бəйтеректей саясына алып, бірлігі мен берекесі жарасқан егемен елдің ертеңгі биіктеріне бастап келеді. Ардагер ағаның ұрпаққа ұғындырар ұлағаты да, ізбасарларына айтар өсиеті де тəуелсіз елдің тұрақтылығы мен табысының темірқазығы – ел бірлігіне кір шалдырмау.

 Спорт

 Тағзым

«Астана» келесі кезеѕге шыќты Чемпиондар лигасы додасына іріктеу турнирінің екінші кезеңінен қосылған Астананың «Астана» командасы бұрнағы күні өз алаңындағы Словенияның «Мариборымен» қарымта кездесуінде 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл қарсыластардың бұдан бір апта бұрын Мариборда өткен ойынында алаң иелері 1:0 есебімен ұтқан еді. Сөйтіп, екі ойын қорытындысында доп айырмашылығы бойынша басымдыққа жеткен елорда жасағы келесі кезеңге шықты. Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Азаматын ардаќтаєан ауыл Жақында Қайнар ауылы Мəдениет үйінің алдындағы аллея осы өңірден шыққан тағы бір айтулы тұлғаның бейнесімен толықты. Яғни, кезінде Қаржы министрі болған Рымбек Байсейітовке туған жерінде ескерткіш қойылды.

Салтанатты шараның əсерлі сəттері мол. Алдымен Рымбек ағаның ұлы, белгілі қаржыгер Бақытбек Байсейітов, тарихшы Болатбек Нəсенов, Семей қаласының əкімі Ермак Сəлімов, «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының президенті, Шығыс Қазақстан облысы мəслихатының депутаты Марат Құрманбай бастаған азаматтар Қайнардағы мешітте аруақтарға құран бағыштады. Осы тұста айта кеткен жөн, Қайнар ауылындағы мешітті осыдан он жыл бұрын Рымбек Смақұлының жары Мағрипа қажы Смағұлқызының бастауымен балалары өз қаржыларымен салдырған болатын. Аллеядағы ескерткіштің ашы лу салтанатында сөз алған Абы ралы өңірі тұрғындарының əлеуметтік мəселелерін шешуге атсалысып жүрген Марат Құрманбай «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының алты жыл ішіндегі атқарған істеріне тоқталып өтті. Аталмыш қордың ұйымдастыруымен алғашқы жылы Семей ядролық сынақ полигоны құрбандарына арналып, Елба сының «Ұлы Даламызға азапты қасірет əкелген оқиға ешуақытта қайталанбауы тиіс», – деген сөзі жазылған, көлемі 15 метр биіктіктегі монумент-ескерткіш салтанатты жағдайда бой көтерген еді. Одан кейінгі жылдарда да ел тарихына орай «Бабалар ерлігі – тəуелсіздік тірегі», «Ұлы Отан соғысына аттанған абыралылықтар» атты тақтатастар ашылып, кейінгі ұрпаққа тағылым болар белгіге айналып жатыр.

– Міне, бүгін жерлесіміз, көптеген орден, медальдардың иегері, кезінде Қаржы министрі қызметін атқарған Рымбек ағамыздың ұрпақтары ескерткіш-бюстің ашылуына ұйытқы болып отыр, – деді Марат Серікжанұлы ескерткіштің ашылу рəсімінде. – Абыралы өңірінен шыққан атақты адамдардан мұнда Əміре Қашаубаев, Төлеужан Ысмайылов сияқты белгілі тұлғалардың бюстері тұр. Олардың қатары енді Рымбек Смақұлына көрсетілген құрметпен толығып отыр. Бұл идеяны алғаш көтерген қадірменді ел ағасы Өміржан Жақып ақсақал болатын. Қазыналы қарияның аманаты ойдағыдай жүзеге асқанына қуаныштымыз. Ал қаржыгердің ұлы, халық аралық банк кеңесінің вице-президенті Бақытбек Байсейітов Алматыдағы анасының ауылдастарына деген ыстық сəлемі мен алғысын жеткізді. Осы тұста Қайнар ауылының əкімі Сағынғали Аманғалиұлы абыралылықтар атынан Бақытбек Байсейітовке ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, шара барысында Болатбек Нəсенов Қазақ КСР Қаржы министрлігін 1974-1985 жылдары басқарған, ҰОС ардагері Рымбек Байсейітов жайында естеліктерімен бөлісіп, өткен жылдардың ұмытылмас сəттерін еске алды. Сəтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ.

Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауылы.

«Марибор» өткен маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, атақты «Челси», «Шальке» жəне «Спортинг» клубтарымен тең ойнаған болатын. Сондықтан, «Астана» үшін бұл команданы айналып өту оңай болған жоқ. Тартысты өткен ойынның 12-минутында «Астана» клубының ойыншысы Бауыржан Жолшиев есеп ашты. Алайда, үзіліске 6 минут қалғанда қонақтар сапынан Александер Райкевич гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті. Енді біздің жігіттерге кем дегенде екі гол соғу керек болды. Өз жанкүйерлері алдында намысқа басқан футболшылар 43-минутта тағы да есепте алға шықты. Бұл жолы мергендігімен көзге түскен Колумбиядан

келген легионер Рохер Каньяс болды. Екінші таймды аса белсенділікпен бастаған астаналықтар 58-минутта «Марибор» қақпасына қажетті үшінді допты енгізді. Патрик Твумасидің айып алаңның сыртынан шірене тепкен бұл добы біздің команданы турнирдің үшінші іріктеу кезеңіне шығарды. Келесі кезеңде «Астана» Финляндияның ХИК командасымен күш сынасады. Алғашқы кездесу 29 шілдеде Хельсинкиде өтсе, қарымта ойын 5 тамызда «Астана Аренада» ойналады. Айта кетейік, елорда командасы Чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетуде. Өткен маусымда Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына дейін жетіп, Испанияның «Вильяреал» командасына есе жіберген болатын.

11

«Разрез Куу-Чекинский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (атқарушы органның орналасқан жері: Қарағанды обл., Бұқар жырау ауданы, Қушоқы кенті) «Разрез Куу-Чекинский» ЖШС атқарушы органының шешіміне сəйкес 2015 жылғы 10 тамызда сағат 11.00-де Қарағанды обл., Бұқар жырау ауданы, Қушоқы кенті, есептік орам 120, 13-учаске, «Разрез Куу-Чекинский» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 10 тамызда көрсетілген мекенжайда сағат 9.30-дан 10.45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқылы қатысушылардың тізімі 2015 жылғы 3 тамызда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша жасалады. Күн тəртібіне мына мəселе енгізілді: - «Разрез Куу-Чекинский» ЖШС органдары туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында қайталама жиналыс өткізу күні – 2015 жылғы 11 тамызда. Қатысушылардың жалпы жиналысының күн тəртібіндегі мəселе бойынша материалдармен «Разрез Куу-Чекинский» ЖШС атқарушы органы орналасқан жерде танысуға болады. Товарищество с ограниченной ответственностью «Разрез Куу-Чекинский» (местонахождение исполнительного органа: Карагандинская обл., Бухар жырауский район, п.Кушокы) уведомляет своих участников, что в соответствии с решением исполнительного органа ТОО «Разрез Куу-Чекинский», 10 августа 2015 года в 11.00 часов по адресу: Карагандинская обл., Бухар жырауский район, п.Кушокы, учетный квартал 120, участок 13, состоится внеочередное общее собрание участников ТОО «Разрез Куу-Чекинский». Регистрация участников осуществляется 10 августа 2015 года по указанному адресу с 09 часов 30 минут до 10 часов 45 минут. Список участников, имеющих право на участие в собрании, составляется по состоянию на 00 часов 00 минут 03 августа 2015 года. В повестку дня включены вопросы: - Об органах ТОО «Разрез Куу-Чекинский». Дата проведения повторного собрания в случае отсутствия кворума на первом собрании – 11 августа 2015 года. С материалами по вопросам повестки дня общего собрания участников можно ознакомиться по месту нахождения исполнительного органа ТОО «Разрез Куу-Чекинский». Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі № 8, 15-кіреберіс, 318-бөлме, телефон: 8 (7172) 74-04-26, Алматы қаласы, Масаншы көшесі, № 67, индекс 050012, мекенжайындағы «А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны директорының лауазымдық бос орнына байқау жариялайды. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымдарында немесе осы ұйымдар ерекшелігіне сай басшылық лауазымда 5 (бес) жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы. Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі: 1) байқауға қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілінде түйіндеме; 3) еркін нұсқада баяндалған өмірбаяны; 4) белгіленген тəртіппен расталған білімі туралы құжат көшірмесі; 5) белгіленген тəртіппен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 6) денсаулығы туралы анықтама (№ 86 нысан); 7) кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы; 8) 3х4 көлеміндегі фотосуреті. Байқауға қатысушы біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежесі мен атағы туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, бұрынғы жұмыс орнынан берілген кепілдемесін) қосымша ақпаратты ұсына алады. Байқауға қатысу үшін құжаттар қабылдау жарияланған сəттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Байқауға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары мен лауазымдық міндеттер туралы қосымша мəліметтерді Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің мына телефоны арқылы алуға болады: 8 (7172)74-04-26 (318-бөлме). «АА № 406 авиажөндеу зауыты» АҚ, орналасқан мекенжайы: ҚР, Ақтөбе қ., əуежай, акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы өз акционерлеріне хабарлайды, жиналыс 2015 ж. 25 тамызда сағат 11.00-де мына мекенжайда болады: Ақтөбе қ., əуежай, «АА № 406 авиажөндеу зауыты» АҚ мынадай күн тəртібімен: 1) Қоғамның 2014 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту; 2) Қоғамның 2014 жылғы таза табысын бөлу тəртібі туралы жəне 2014 жылғы дивидендтер туралы; 3) Қоғамның, оның лауазымды тұлғаларының іс-əрекеттеріне акционерлердің өтініштері жəне оларды қараудың қорытындылары туралы. Акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу 2015 ж. 25 тамызда сағат 10-нан бастап 10.30ға дейін жүргізіледі, өзіңізбен бірге жеке куəлігіңіз болуы қажет. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімін жасау күні 2015 ж. 10 тамызда. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы – қоғамның Директорлар кеңесі. Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдарды 2015 ж. 14 тамыздан кейін мына мекенжайдан алуға болады: Ақтөбе қ., əуежай, «АА № 406 авиажөндеу зауыты» АҚ. Жиналым болмауы жағдайында акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2015 ж. 26 тамызда сағат 11-де жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі. АО «Авиаремонтный завод № 406 ГА», находящееся по адресу: РК, г.Актобе, аэропорт, извещает своих акционеров о проведении годового общего собрания акционеров, которое состоится 25 августа 2015 г. в 11.00 по адресу: г.Актобе, аэропорт, АО «Авиаремонтный завод № 406 ГА» с повесткой дня: 1) Утверждение годовой финансовой отчетности общества за 2014 год; 2) О порядке распределения чистого дохода общества за 2014 год и о дивидендах за 2014 год; 3) Об обращениях акционеров на действия общества, его должностных лиц и итогах их рассмотрения. Регистрация акционеров (их представителей) производится 25 августа 2015 г. c 10 час. до 10 час. 30 мин. при себе иметь удостоверение личности. Дата составления списка акционеров имеющих право на участие в общем собрании акционеров 10 августа 2015 г. Инициатор созыва годового общего собрания акционеров – Совет директоров общества. Материалы по вопросам повестки дня можно получить после 14 августа 2015 г. по адресу: г. Актобе, аэропорт, АО «Авиаремонтный завод № 406 ГА». В случае отсутствия кворума повторное общее собрание акционеров состоится 26 августа 2015 г. в 11 час. по вышеуказанному адресу.

«Алиби-Павловка» ЖШС 10.08.2015 жылғы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка ауылы, Южная көшесі, 22 мекенжайында жалпы жиналыс өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды. Күн тəртібі: 1. 2015 жылғы 22 шілдеде сағат 10.00-де Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Павловка ауылы, Южная көшесі, 22 мекенжайында болған «Алиби-Павловка» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында бұдан бұрын қабылданған шешімді мақұлдау туралы.

«Сепе-1» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 10.08.2015 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылы. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Сепе-2012» ЖШС жəне «Сепе-1» ЖШС 10.02.2014 жылдан 18.02.2016 жылға дейін №120/0025-14 банктік займ шарты бойынша міндеттемелердің ісəрекеті мерзімін ұзартуға байланысты, «Цеснабанк» АҚ арасында 16.10.2014 ж. жасалған №120/0025-14/1 кепіл туралы (жарғылық капиталдағы үлес) шартқа бұдан бұрын жасалған қосымша келісімді мақұлдау туралы. 2. Серіктестіктің атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттікті беру туралы. Хабарландыру Шарипов Дидар Уандықұлының атына берілген №2062397 ҰБТ сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-07-26. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Аршалы ауданының əкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін жəне шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалануға жер телімдерін беру бойынша конкурстың №21 лоты болмағандығын жəне жарамсыз деп танылғандығын хабарлайды, конкурс 2015 жылғы 8 маусымда сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізілді: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тəшенов көшесі, 47, отырыс залында, жер телімінің алаңы 720,0 га болатын жайылымдық, бонитет балы 18, Сарбие ауылдық округында орналасқан. Ауыл шаруашылығы өндірісін жəне шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалануға жер телімдерін беру бойынша конкурс негізінде «Алтынбек» шаруа қожалығына аталған жер телімін беруге байланысты, конкурс 2014 жылғы 12 желтоқсанда мына мекенжайда өткізілді: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тəшенов көшесі, 47, отырыс залында.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу жəне маркетинг» АҚ бюджеттік жəне салықтық жоспарлау департаментінің директоры Ринат Ғалымжанұлы Сүлейменовке əкесі Ғалымжан Айтпайұлы СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі клуб мүшесі, «Имидж-Центр» журналының бас редакторы Айжан Қуанышбайқызы ЖҰМАБАЕВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

24 шілде 2015 жыл

 Айбын

Кадет корпусыныѕ курсанттары Биыл осы əскери оќу орнына тїсуді 400-ден астам ќазаќстандыќ жас армандайды 17-21 жас аралығындағы 437 азамат, яғни келісімшарт жəне мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілер Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына түсуді жоспарлауда. Олардың 283-і ҰБТ тапсырып, 153-і кешенді тестілеуге дайындық үстінде.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесіне дейін 30 немесе одан жоғары балл жинаған үміткерлер іріктеудің келесі кезеңдерінен өту үшін Кадет корпусына жіберілді. Бастапқыда кəсіби-психологиялық іріктеу, нормативті дене даярлығынан өту, содан кейін

медициналық куəландыру, жас жауынгердің курсы жəне соңғы кəсіби-психологиялық іріктеуден өткен сарбаздар оқу орнына қабылданады. Əр кезеңнен өтуге бір мүмкіндік беріледі. Ш.Уəлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Кадет кор пусы – кіші команда лық

Жыл сайын жетістіктерімен өз рекордын жаңартып отыратын Алматыдағы Республикалық физика-математика мектеп-интернаты таяу күндері тағы үлкен табысқа жетіп, БАҚ арқылы қуанышымен бөлісті. Аталмыш мектептің үш оқушысы Қазақстан құрамасында Таиландта өткен Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) аттанып кеткен болатын. Өткен жылы осы олимпиаданың алтынын жеңіп алған Ахан Исмаилов биыл екінші рет жеңісін қайталап, екі дүркін чемпион атанды.

Ќазаќ баласы екі жыл ќатарынан IMO алтын медалін жеѕіп алды

«Егемен Қазақстан».

Аса беделді осынау олимпиадада екі жыл қатарынан алтын алған қазақ баласы бұрын болмаған. Жəне осы мектептің оқушысы Олжас Қадыракунов күміс медаль, ал Ален Абдрахманов қола медальмен марапатталды. Қысқасы, Республикалық физика-математика мектеп-интернатының қалай мақтанса да жөні болып тұр. Оның алдында биылғы 5-12 шілде аралығында Үндістанда 86 ел ден 382 оқушы қатысқан 46шы Ха лықаралық физика олимпиадасы (IPhO) өткен болатын. Сол жарыста Қазақстан командасы бір алтын жəне бір қола медаль жеңіп алса, алтын медальді Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқу шы сы Дəулет Құрмантаев иеленіп еді. Ал 4-16 шілде аралығында Таиландта өткен 56-шы Халықаралық математикалық олимпиадасына (IMO) əлемнің 104 елінен 600-ге жуық оқушы қатысқан. Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс жəне 2 қола – барлығы төрт медальді жеңіп алып, Қазақстан командасы əлемдік білім додасында 25-ші орынға тұрақтады. Нəтижесінде дарынды қазақ балалары əлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне шақырылып, білім гранттарын жеңіп алған. Енді Ахан Исмаилов Гонконг Ғылым жəне технология университетіне,

Олжас Қадыракунов Оңтүстік Кореядағы ең үздік университет саналатын Сеул Ғылым жəне технология университетіне қабылданған. Журналистермен өткен баспасөз мəслихатында мектеп директоры Қайрош Мақышев оқушылардың үлкен табысқа жетуіне математика пəнінен дайындаған ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп: «Мықты мұғалімдеріміздің бірі – 2013 жылы «Қазақстан Республикасының үздік педагогі» атанған Ибрагим Ибатулин өзінің олимпиадаға дайындау əдісінің дұрыс екенін дəлелдеп шықты», деді. Ал Ибрагим Жоржұлы үлкен олимпиадалар кезінде баланың білімі ғана емес, психологиялық тұрғыдағы дайындық, ата-аналардың қол дауы, жарыстардың ашық та əділ өтуі өте үлкен рөл ойнайтынын айтады. – Тек бір ғана оқу жылында біздің оқушылар əлемнің əр түкпірінде өткен 40 шақты халықаралық олимпиадаға қатысты. Барлығынан дерлік жүлдемен оралып отырды. Апта сайын балаларды шетелдерге шығарып салып, қарсы алып отырдық. Дегенмен, осынша жыл педагогика саласында жүріп, көзімнің жеткені – дарынды балалар жүздеп, мыңдап саналады. Бірақ, оқушылардың ерекше табысқа жетуінде ата-аналардың бейғам болмай, баласына барынша қолдау көрсетуі нақты нəтижесін береді, – дейді тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қайрош Мақышев. Сол сияқты бүгінгі күндері,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

«В» жəне «С» санаттары бойынша авто кө лік жүргізушісі куəлігі беріледі. Бүгінгі күнге дейін аталмыш оқу орны Қазақстанның Қарулы Күштеріне 2200-ден астам маман даярлап шығарды. Қазіргі таңда түлектер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда əскери қызметін сəтті атқарып жатыр. «Егемен-ақпарат».

 Міне, қызық!

 Еркін елдің ертеңі

Айнаш ЕСАЛИ,

құ рамдағы білікті əскери кадрларды даярлайтын оқу орны. Кадеттерді оқыту бағдарламасы екі жылдан тұрады. Бірінші курс та əскери істің негіздерін жəне мамандық бойынша пəндерді зер делейді, ал екінші курста – əскери тəжірибе жинақтауға кірі седі. Оқуды бітіргеннен кейін ка дет тіктерге «Əскери басқару» ма мандығы бойынша «Əскери басқарудың кіші маманы» (менеджер)» білік тілігімен қоса, 3-сыныпты жаяу əскерлер əскери көлігінің механик-жүргізушісі жəне

яғни 20-29 шілде аралығында Əзербайжанда химия пəнінен 47ші Халықаралық олимпиада (IChO) өтуде. Қазақстан командасының құрамында РФММ-ның10-сынып оқушысы Арнұр Макенов бар. Өз рекордын өзі жаңартып отыратын мектептің соңғы 10 жылда 6 түлегі АҚШ-тағы Массачусетс тех нологиялық институтына өз күштерімен қабылданған. Əлемдегі жоғары оқу орындары ішінде рейтингі жоғары мұндай институтта білім алу кез келгенге бұйыра бермейтін бақ. Осылайша Республикалық физика-математика мектеп-интернаты түлектері əлемдегі ең жетекші оқу орындарына түскен еліміздегі бірден бір көшбасшы мектеп болып тұр. Тек биылдың өзінде аталмыш мектеп-интернаттың 70 бір дей түлегі мектепті «Алтын белгіге» бітірді. Бір мектеп үшін бұл аз емес. 15 түлекке «Алтын белгісін» ақтауға 1 ғана баллдан жетпей қалған. Есесіне бұл түлектердің барлығы дерлік мектепте оқып жүріпақ, халықаралық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарды иемденіп, айтулы университеттердің білім гранттарына ие болған балалар. Ендігі жерде олар грант есебінен тегін білім алады, жарқын болашақтарын жасайды. Сол сияқты «Физматтың» Есет Жүсіпов пен Ниджат Джавадов дейтін екі шəкірті INTEL ISEF-те, яғни Дүниежүзілік оқушылардың ғылыми жəне инженерлік жетістіктерінің жарысында төртінші орын алған. АҚШ-та өткен бұл байқауға биыл 77 мемлекеттен 1658 оқушы қатысып, оған Нобель сыйлығының лауреаттары мен жетекші университеттердің профессорлары қазылық еткенін, жүлде қоры 4 миллион АҚШ доллары екенін ескерсек, онда бұл табыстың орны көрінеді. Қысқасы, дүниежүзі бойынша бұл жарыста 16 елдің ғана оқушылары медаль алып келеді. Ал «Физмат» оқушылары бес жылдан бері жүлдеге ілігіп, екінші жыл қатарынан екінші орынды ұстап тұр. Тізе берсең, аталмыш мектепте ерекше табысқа жеткен балалар жылда табылады. Өз кезегінде мектеп те балалардың талантын ашу жолында тынбай ізденеді, тəжірибе алмасады, өз ісін сүйетін мықты мұғалімдерді жалдайды. АЛМАТЫ. –––––––––––– Суретте: А.Исмаилов пен О.Қадыракунов ұстаздары И.Ибатулинмен бірге.

Ќараєайдан ќўрап жазєан... «Ќазаќстан-2015» жазуын єарыштан да оќуєа болады екен «Семей орманы» резерватының орманшылары 1200 қарағайдан «Қазақстан-2015» деген сөзді жазып шықты. Əріптердің биіктігі 70 метр, ені 50 метр. Бұл «Парктер шеруі» деп аталатын екі айлық экологиялық акцияның аяқталуына орай жасалған рəсім. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Егер кімде-кім қарағайдан құралған «Қазақстан-2050» деген жазуды көргісі келсе, Бесқарағай ауданы, Қарағайлы ауылына атбасын бұруы керек. Сол маңдағы «Семей орманының» Бөкебай бөлімінде «Бөкебай» деген жазуды да көруге болады. Журналистерге тікұшаққа отырып, əуеден осы жазуларды көруге мүмкіндік туғызғандықтан олар жердегі ауыл жастары ұйымдастырған флеш-мобты да тамашалай алды. Жастар «Парктер шеруі» деп жазып, оның белгісі қызғалдақ гүлін салды. – «Парктер шеруі» жүрген екі ай ішінде қоршаған ортаны қорғау жəне көгалдандыру бойынша, орманды сақтап,

гүл, жалау, шарлар, плакаттар мен ұрандар ұстап, табиғатты қорғауға, орманды аялауға шақырды. Мұның соңынан көрме, концерт ұйымдастырылды. Мəселен, Н.Баймұратов атындағы орта мектептің 6-шы сынып оқушысы Айдар Кеңесбек пультпен басқарылатын ауыр техника түрі мен өзі жүре алатын өрмекшіні жасаған. Ал Мөлдір Нұрланқызы болса, мектеп ауласына субұрқақ салудың шағын үлгісін ұсыныпты. Ефим Працюк те өзінің тырнақалды туындыларымен жұртшылықтың назарын аудара білді. Ол құстар мен жанжануарлардың лего ойыншығын құраған. Кіші Владимировка ауылының оқушылары да көрмеге өз қолөнерлерін қойды. Ксения Коренная пластик құтылардан қолтырауын жасап шыққан. Виталий Жабровец болса, өз қарындасына тербелетін құлын сыйлады.

қорғау бағытында көптеген жұмыстар атқарылды, – дейді «Семей орманы» резерваты Бөкебай филиалының директоры Сейілхан Кемпіров. – Ауыл тұрғындарының барлығы осы акцияға белсене атсалысты. Олар орман алаңқайынан қо қыстар тазартты. Ауылдың көшелерін сыпырып, бұлақ көзін аршыды. Спорттық, ағартушылық бағыттағы көптеген мəдени іс-шаралар өтті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығында ауыл ақсақалдары да ардақталды. Барлық қатысушыларға ризашылығымыз шексіз. Орманшылар ең ірі белсене қатысушыларды құрмет гра моталарымен жəне бағалы сыйлықтармен марапаттады. Тікұшақ жерге қонғаннан кейін балалар мен мұғалімдер, түрлі

Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы.

СЕЛ (Соңы. Басы 1-бетте).

Қазір полиция əлеуметтік желідегі «Сел қайталанады» деген хабарды таратқандарды іздестіру үстінде. Қалалық ішкі істер департаментінің өкілі Салтанант Əзірбек жедел өткізілген баспасөз мəслихатында фейгті видео салған беймəлім интернет пайдаланушының іздестіріліп жатқаны туралы атап айтты. «Қорыққанға қос көрінеді» дегендей, онсыз да зəресі ұшқан халықтың назарына таудан құлай ағып, автокөліктерді жаңқадай іліп алып кеткен алапат тасқынвидео қала тұрғындарын бейжай қалдырмағаны сөзсіз, əрине. Сөйтсе, ол тау табиғаты мен қос-қабаттан салынған үйлері ұқсас Қарашай-Черкес елінде болған бұрынғы селдің ұқсас бейнекөрінісі екен. Жалған хабар таратқандар ұсталса, сот арқылы 2 жылдан 5 жылға дейін түрмеге жабылады. Бірақ... қалада түске дейін Қарғалы бөгетіне таудың басқа аңғарынан келіп қосылған сел туралы да өсек-аяң басылмай

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Ќўжатсыз... шекара аспаќ еді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысының полицейлері «Рубеж» бекетінде Ресей Федерациясының аумағына мұнайды заңсыз шығаруға оқталған автокеруенді ұстады. «Mercedes» маркалы үш көліктен жасақталған автокеруен жүргізушілері Ресей Федерациясының азаматтары болып шықты. Алайда, олар үш көліктің цистерналарына құйылған мұнайдың қайдан алынғанын растайтын бірде-бір құжатты көрсете алмапты. – Мұнайдың жалпы көлемі 72 тоннаны құрайды. Тексеру барысында оның иесі анықталды. Ол Атырау облысында тұратын бір серіктестіктің директоры екен. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Кешенді жеделтергеу шарасы жүргізілуде, – деп мəлім етті Атырау облыстық ішкі істер депар таментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. Атырау облысы.

 Тосын табиғат

тұрды. Расында да тау бөктеріндегі мұздың жылжуынан пайда болған тау жыныстарынан жиналған қойырпақ көл (морена) төмен ағып, Қарғалы өзеніне қосылыпты. Бұл туралы қала əкімі Ахметжан Есімов төтенше жағдайға байланысты өткен Алматы қаласы мəслихатының төтенше сессиясында депутаттарға айтып берді. Алматыда бірнеше күн бойы +40 градустан төмендемеген ыстықтың ақыры 3600 метр биіктіктегі ауа температурасын 11 градусқа дейін жылытқан. Соның салдарынан еріген мұз қыртыстарының

қойыртпаққа толы бір тасқынының беті қайтты... Қауіп сейілді. Зардап шеккен тұрғындарға ТЖД арқылы 2 миллиард теңге бөлінгені туралы осы мəслихат барысында айтылды. Төтенше жағдайдың мəнжайымен танысу үшін Алматыға Астанадан Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко ұшып келді. Көп кешікпей төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штабта болған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев селге қатысты пікірін былай білдірді:

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

 Қылмыс

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

– Мен мұнда еліміздің Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша келдім. Қазір ғана зардап салдарын жоюшылардың қасында болып, техниканың күшін байқап қайттым. Қала басшылығының ұйымдастыруымен өте ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Сел күннің қызуы мен мұздақтардың еруіне байланысты жүрген. Мұздақ аумағында да болдым. Қазір онда жиналған көлшік жоқ. Бір сөзбен айтқанда, қауіп сейілген. Бөгет басында болып, қарап шықтым, рас, түнде онда 40 мың шаршы метрге дейін су жиналып, деңгейі 12-15 метрге дейін көтерілген. Бірақ, бұл арада бөгеттің биіктігінің 28 метр екенін де ескерейік. Тағы да қайталап айтайын, дəл қазіргі таңда қалаға төніп тұрған ешқандай да қауіп жоқ. Ұйық басқан арналар жаппай тазартылып жатыр. Тау басындағы мұздақтардан жиналатын көлшік маңына қырағы күзеттің қойылғаны туралы осы жерде мəлім болды. Ол үшін күнтүн демей арнайы тікұшақтар қызмет көрсетуде. Көптен бері үзіліп қалған SMS хабарлар мобильді телефон желілерінен «Алматы мен Алматы облысының сел қаупі бар аудандарында нөсер болуы мүмкін» деген ескертулер бере бастады. АЛМАТЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №612 ek

Profile for Egemen

24072015  

24072015  

Profile for daulet
Advertisement