24/04/2013

Page 1

№113 (28052) 24 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Ўстанымдары жаќын елдер

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Екі елдің көшбасшылары Мəскеуде 2012 жылғы желтоқсанда өткен жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру аясында еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістерді одан əрі дамыту мəселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар Бішкекте өтетін ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ның алдағы саммиттерінің, сондай-ақ 2013 жылы мамырда Астанада өтеді деп жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тəртібінің негізгі тармақтарын қарастырды.

Дайындыќ мəселелері талќыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесінің төрағасы Анатолий Рубиновті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

– Бұл ретте біздердің пар ламенттері міз маңызды рөл атқарып отыр. Біз түрлі пі шіндерде байланысамыз жəне заңнамалық база мен біздің ісəрекеттеріміз үнемі келісім тауып отырады. Біз бұл үдерісті мейлінше жандандырып, оны жеделдету жəне тиімділігін одан əрі арттыру ниетіндеміз. Менің сапарым парламентаралық өзара ықпалдастықтың арта түсуіне мүмкіндік туғызады деп ойлаймын, – деді А.Рубинов.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел өкілдерінің əр сапары мен кездесуі мемлекеттерді жақындастыра түсетінін, елдер арасы қазірдің өзінде барлық жағынан жақын екенін атап өтті. – Қазақстан мен Беларусь ішкі жəне сыртқы саясатты дамытуда көп мəселе бойынша өте ұқсас ұстанымда. Біз экономикалық жəне саяси салаларда белсенді өзара ықпалдастықтамыз, атап айт қанда, ТМД, ҰҚШҰ, соңғы уақытта – Біртұтас экономикалық

кеңістік пен Кеден одағы аясында ынтымақтасамыз. Биылғы мамыр айының соңында экономикалық интеграцияның одан арғы мəселелерін талқылау үшін үш мемлекет басшыларының бірлескен кездесуі жоспарланған, – деді Мемлекет басшысы. А.Рубинов кездесудің өтуіне мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдірді жəне Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық үдерістер айтарлықтай жедел жүріп жатқанына тоқталды.

Ел экономикасында ґсім бар

Жарлыќќа ќол ќойды

Əлемдік экономика мен сыртқы рыноктардағы кейбір қолайсыздықтарға қарамастан, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы дамудың оң нəтижесін көрсетіп отыр. Мəселен, алдын-ала бағалау бойынша елдің ІЖӨ-і 4,5 пайызға өсті. Экономиканың алты негізгі саласы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7 пайызды құрады. Бұл жөнінде кеше Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мəлім болды. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Үкімет отырысында 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы əлеуметтікэкономикалық даму қорытындылары бойынша баяндама жасаған Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ел эко номикасының өсуіне тұрақты макроэкономикалық ахуал септігін ти гізгенін атап өтті. Министрдің мəліметінше, 2013 жылғы 1 сəуірде Ұлттық қордың активтері 73 млрд. АҚШ долларын құраған жəне жыл басынан бері 5,2 пайызға өскен. «Инфляция ағымдағы жылдың наурызында 0,2 пайызды құрады, ал 2012 жылдың наурызында 0,3 пайыз болған. Жылдың басынан бері инфляция 1,9 пайыз болды, бұл 2012 жылдың сəйкес деңгейінен 0,8 пайыздық тармаққа асып түседі. Негізінен ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтердің 4,0 пайызға өсуінің есебінен болды. Бұл ретте азық-түлік тауарлары бағасы өсуінің төмендеу үрдісі байқалады, олар өткен жылғы 1,6 пайызға қарсы 1,1 пайызға өсті, азық-түлік емес тауарлар 0,6 пайызға төмендеді немесе 0,2 пайыздық тармаққа төмен», деді Е.Досаев. Министр бүгінде əлемдік экономиканың əлсіз дамуы елдегі экономикалық ахуалға қалайда өз əсерін тигізіп жатқанын айтып өтті. Бұл əсіресе, өнеркəсіп салаларына қатысты. Мысалы, қара металлургия өніміне əлемдік сұраныстың қысқаруы өндірісті біраз кемітіп отыр. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-та өндіріс көлемі төмендеді, бүгінгі күні кəсіпорынның сұрып илеу цехының жүктемесі 50 пайызды құрайды, деп атап өтті Е.Досаев. Есесіне өңдеу секторының басқа салаларында оң серпін бар, дейді министр. (Соңы 2-бетте).

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Президенттің Жарлығында «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» өзінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі №149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сəйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңдегі дамуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы ететіні атап өтілген.

Ынтымаќтастыќты дамыту жемісі «Егемен Қазақстан».

Кездесу екіжақты түсіністік ахуалында өтті. Р.Блейк соңғы жылдардағы АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту жемісті жүргізіліп жатқанын атап өтті. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерілді, деді ол. Өз кезегінде М.Тəжин сыртқы

 Талап жəне тəртіп

«Ала таяќтылар» алаѕдатады Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Себепсіз салдар болмайды демекші, бұл мақаланы жазуымызға интернет желісінде Алматы облыстық ІІД жариялаған мына бір оқиға себеп болды. Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Шонжы – Ақсу күрежолында «Toyoto Camry» жəне «Mazda» автокөліктері соғылып, қос көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Шонжы ауылына жеткізілген алты жолаушының біреуі ауыр жағдайда жатыр. Болжамға сүйенсек, өте қатты жылдамдықта келе жатқан «Toyoto Camry» автокөлігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай қалған. Бұл жерде қозғайын деп отырған ойымыз бірінен екіншісі асып түсетін жол апаттарын тізбелеу емес. Керісінше, жол апатын болдырмау, мүмкіндігінше алдын алу мəселесі. Рас, бұл сұрақты жол полициясы қызметкеріне бағыттасаңыз «Көліктердің кез келген жерде кездейсоқ соғылатынын біз қайдан білеміз, көріпкел емеспіз ғой, бұл біздің функционалдық

міндетімізге кірмейді», деп бей күнə кейіпке ене қалады. Адам өміріне бей-жай қарамау, адамгершілік оларға жат екенін дəлелдеп отырудың өзі артық. Сонда адал еңбегіне сүйенген адамдардың жылдар бойы тірнектеп жинаған қаражатына сатып алған автокөлігі бір сəтте соғылып, мылжаланып, жарамсыз болып қалғанын айтпағанда, адамдар өмірі, жүргізушілердің жол жүру ережесін бақылауға жауапты «ала таяқтыларды» селт еткізбейтініне етіміз үйреніп кетті ме? Көліктер соқтығысын ысырып қойғанда, жетісулық жүргізушілер жаяу жүргіншілерді қағып кететіні де жасырын емес. Нақты бір мысал келтірсек, ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Жамбыл ауданында «ВАЗ2109» көлігінің жүргізушісі Т. Ұзынағаш – Бесмойнақ күрежо лының 66 шақырымында жаяу жүргінші Т.деген азаматты қағып, сол жақ жамбасын сындырған. Жалпы алғанда, соңғы жылдары А лматы облысы аумағындағы жолдарда мұндай

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Р.Түсіпбеков Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа жəне көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту жөнінде Агенттік қабылдаған шаралар туралы баяндады. Бұдан басқа, ол қаржы полициясы органдарының жедел-қызмет

жұмысының нəтижелері жəне резонансты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойды жəне нақты тапсырмалар берді.

Келісімніѕ бірегей їлгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. отырыс аясында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мəселелері талқыланды. «Егемен Қазақстан».

саясаттағы мəселелерде екі мемлекет арасындағы қатынастар тұрақты стратегиялық əріптестік сипатында қалыптасқанын қанағатпен атады. Сонымен бірге, екі ел арасындағы экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы байланыстар да серпінді даму үстінде екендігі айтылды. Кездесу барысында Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуына қолдау көрсетудің маңыздылығына айрықша назар аударылды.

асырудың 2014 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының негізгі қырлары қаралды. Мемлекет басшысы алдағы сессияға əзірлік жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының одан арғы қызметі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Наќты тапсырмалар берді

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік жəне Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады. Жақсыбай САМРАТ,

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясына дайындық мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге

Отырысқа Президент Əкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, этномəдени бірлестіктердің, аймақтық ассамблея хатшылықтарының басшылары, сондай-ақ ғылыми, шығармашыл зиялы қауым жəне БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгіледі. М.Тəжин Мемлекеттік этносаясатты

қайғылы де ректер неге көп? Статистикалық мəлімет бойынша жол-көлік соқ ты ғысы бойынша республикамызда Алматы облысы үшінші орында болса, соның салдарынан мерт болған адамдар саны да жылдан-жылға өсіп, екінші орын ға көтерілгені өз алдына. Рес публикамыздағыдай жетісулық «ала таяқтылар» да ауылдар іргесін басып өтетін күрежолдардың қалтарыстарында тығыла тұрып, жүргізушілер құжатын тексеріп, қандай да бір кінəрат тауып, бар мақ басты, көз қыстыдан танар емес. Сөйтіп тұрғанда, дəл қасынан құйғытып өткен көлік сұлбасын байқай қойып, көрмеген кейіп таныта сырт айналу да əдетке енген. Осы кезде дəл осы тұста айта кетсек жол полицейі құжатын тексеру үшін тоқтатқан көліктердің бірінің жүргізушісін, иə болмаса сол көліктен түскен жандардың бірін жол полициясы қызметкеріне пысқырып та қарамай ызғытып өте шығатын көліктердің бірі қағып кетсе не болады? Бейкүнə жанның өмірін қиған əлгі «қызмет бабымен асығып бара жатқан мықты» жауап бере ме, əлде төл міндетін заңнама шеңберінде орындай алмай тұрған «ала таяқты» кінəлі бола ма? (Соңы 4-бетте).

ақпараттық-насихаттық, талдамалық жəне ғылыми сүйемелдеу саласындағы тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі 20132014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномəдени бірлестіктер қызметтерінің қорытындысы қаралды. Батыс Қазақстан облысының əкімі Н.Ноғаев, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Демеуов, Парламент Мəжілісінің депутаты, Қазақстан корей қауымдастығының төрағасы Р.Ким, Қазақстан немістері қоғамдық бірлестіктері «Возрождение» қауымдастығының төрағасы А.Дедерер баяндама жасады.

Белоруссияда Ресейдің əскери авиабазасы құрылатын болады. Бұл туралы Белоруссия президенті Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мəлімдеді. Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Кван Чжиннің атына келген хаттан ақ ұнтақ табылған болатын. Сарапшылар оның бидай ұны екенін анықтады. Елдің құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тексеруді жалғастырып жатыр. АҚШ-тың Бостон қаласындағы дəстүрлі марафон кезінде лаңкестік ұйымдастырды деп тұтқындалған ағайындылардың бірі Джохар Царнаев лаңкестікке идеялық жағынан рух беруші қаза тапқан ағасы екенін айтыпты. Президенттік сайлауда Николас Мадуродан жеңілген Венесуэланың бірлескен оппозициясының серкесі Энрике Каприлес елде жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр. Еуроодақ кеңесі Малиге əскери техника беру туралы ұсынысты қолдады. Бүгінде Малиде Франциядан, сондайақ Батыс Африка елдері эконо микалық қоғамдастығы мемлекеттерінен 4 мың шамасында əскерилер шоғырландырылған. Иран президенті Махмұд Ахмадинежад ықпалды адамдардан алдағы маусым айында өтетін президенттік сайлау қарсаңында елдегі саяси жағдайды ушықтырмауға ша қырған ескерту алғанын хабарлады. Ол п резиден т орынтағында екі мерзім отырғандықтан, үшіншісіне қатыса алмайтыны белгілі. Қарулы бүлікшілер Сирияның солтүстігіндегі Алеп по провинциясында гуманитарлық миссия өткізу кезінде жергілікті екі архиепископты ұрлап кеткен. Ауғанстанда бір ай ішінде 467 содыр өлтіріліпті. Бұл туралы Ауғанстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Захир Азими хабарлады. Ауған əскерлері соңғы бір ай бедерінде елдің əр түкпірінде 2 мың 209 тазалау жəне 622 əскери операциясын жүргізсе керек. Үндістан сыртқы істер министрлігі кеше мəлімдеме таратып, онда Гималайдағы талас тудырып отырған аймақта Қытай армиясының постын орналастыруына байланысты наразылық білдірді. Иракта үкімет күштері мен сүннит көтерілісшілерінің арасындағы қақтығыс салдарынан 27 адам қаза тапса, тағы 70-і жараланған. Ирак əскерилері екі солдатынан айырылған. Ал «ƏлАрабия» тілшісі жүздеген адам қаза тапты деп мəлімдеп отыр. Канада полициясы жолаушылар пойызындағы лаңкестіктің алдын алған. Күдікті деп табылған екі адам ұсталған. Нидерланды сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Раймонд Путерай Ресейдің пайдасына жансыздық жасады деген айыппен 12 жылға сотталды. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бїгінгі нґмірде:

Оймақтай ой Ықылассыз тыңдаушыға сөз айтқаннан, тыныш отырған мақұл. Унсур КЕЙ-КАБУС.

11-бет

АХМЕТ – ІЅКƏР

12-бет

«КЕЅ ДЇНИЕ, ЌЎШАЄЫЅДЫ АШ, МЕН КЕЛЕМІН!» 7-8-беттер

13-бет БІЗ БІР ƏРІП ЇШІН «Олар ќалай кїрестік? арал їшін 5-бет

алысты»

6-бет


2

24 сәуір

www.egemen.kz

2013 жыл

Парламентаралыќ ынтымаќтастыќ ныєая тїседі

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Астанаға ресми сапармен келген Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесуде екі ел басшыларының саяси күш-жігері, сапар алмасу қарқыны, тату көршілестік жəне өзара құрмет рухы Қазақстан мен Беларусь əріптестігінің берік негізі жəне кепілі болып табылатыны айрықша атап өтілді. Бұл тұрғыда парламентаралық ынтымақтастық стратегиялық əріптестікті

ілгерілетудің маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Кездесу барысында Қ.Мəми мен А.Рубинов Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжатта екі елдің екіжақты парламентаралық өзара іс-қимылының келешегі көрініс тапты. Атап айтқанда, келісім Қазақстан мен Беларусь парламенттері жоғарғы палаталарының арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия құруды көздейді. «Екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы депутаттардың рөлін арттыру жəне комиссия алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін бұл құрлымның жеткілікті əлеуеті бар екеніне нық сенемін», – деп атап өтті Қ.Мəми. Жүздесушілер, сондай-ақ, ынтымақтастықтың басқа да өзекті мəселелерін талқылады. Екі ел парламентшілерінің интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын белсенді түрде үйлестіріп отыруы атап өтілді.

Интеграциялыќ їдерістерге ерекше назар Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин біздің елімізге алғаш рет сапармен келген Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар екі елдің қарым-қатынасының стратегиялық маңызына назар аудара келіп, Қазақстан мен Беларусь көшбасшыларының қызметі саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге, тұрақты дамытуға бағытталып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, Анатолий Рубинов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев жүргізген маңызды реформаларды бүкіл əлемдік қоғамдастық мойындағанын алға тарта келіп, Елбасының кемел саясатына ерекше назар аударды. Бұл ең алдымен, түрлі салада жоғары қарқынмен дамып келе жатқан қазақстандық экономикаға жəне Астана құрылысының қарқынына қатысты, деді А.Рубинов. Өз кезегінде Н.Нығматулин Елбасының «Қазақстан-2050»

Стратегиясы еліміздің табысты дамуы жолында тағы да зор мүмкіндіктер ашатынын баса айтты. Интеграциялық үдерістерге ерекше көңіл бөлінді. Тараптар Кеден одағы аясында өзара тиімді байланыстарды саралады. Жалпы алғанда, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, екі жақты тауар айналымы 760 млн. АҚШ долларынан асқан. Мəжіліс Төрағасы Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің Кеден одағы аясында аймақаралық əріптестікті нығайту мен инвестициялар тарту болашағының зор екендігін атап өтті. Қазақстан мен Беларусь

парламенттерінің палата спикерлері екі елдің ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА жəне ҰҚШҰ ПА аясындағы əріптестігіне жоғары баға берді. – Қазақстан жəне Беларусь пар ламенттері алдағы уақытта да интеграциялық үдерістерді заңдық тұрғыдан қамтамасыз етеді,–деді Н.Нығматулин. Н.Нығматулин мен А.Рубинов парламенттік салалық комитеттер мен əріптестік жөніндегі топтар арасында өзара əрекеттестікті нығайтудың қажеттілігін атап өтті. Тиісті өкілетті топтар екі елдің парламенттерінде де жұмыс істейді. Кездесу соңында Мəжіліс Төрағасы Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесі Төрағасының сапары екі ел парламенттері арасындағы өзара түсіністік пен саяси үнқатысуды нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ел экономикасында ґсім бар (Соңы. Басы 1-бетте).

Атап айтқанда, түсті металл өндірісі 4,8 пайызға, жеңіл өнеркəсіп 4,7 пайызға, химия өнеркəсібі 1,6 пайызға өскен. Машина жасау саласы мен сусын өндірісі өнімдерінің өсуі 21,3 пайызды құраған. Тұтастай алғанда өңдеу өнеркəсібіндегі өнім өндірісі 1,6 пайызға өсіпті. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі қаңтар-наурызда 206,9 млрд. теңгені құраған жəне өткен жылдың деңгейінен 0,4 пайызға ұлғайған. «Экономика өсуінің негізгі факторларының бірі негізгі капиталға салынған ин вестициялар көлемінің ұлғаю үрдісінің қалыптасуы болып табылатынын атап өткім келеді, ол бірінші тоқсанда 8,5 пайызға өсті. Бұл ретте өңдеу өнеркəсібіне салынған инвестициялардың өсуі 42,2 пайызды құрады, көлік саласына – 22,2 пайыз, кен өндіру өнеркəсібіне жəне ауыл шаруашылығына 12 пайыздан астам, деді министр. Ал тұрғын үй құрылысына жыл басынан бері 86,4 млрд. теңге бағытталыпты немесе өткен жылғы деңгейден 6,7 пайызға көп, бұл 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік туғыз ған. Сонымен қатар, министр экономиканың өсуімен ел азаматтарының əлеуметтік əлауқаты қамтамасыз етіліп отырғанын айтып өтті. Халықтың нақты ақшалай табысы 2013

жыл дың екі айы ішінде 2,6 пайызға, қаңтар-наурыздағы нақты жалақы 0,9 пайызға, номиналды жалақы 7,8 пайызға өсіп, 101 мың теңгеден асқан. Сондай-ақ, еңбек рыногындағы жағдай тұрақтанып, наурыздағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халыққа шаққанда 5,3 пайызды құраған. Үкімет отырысында одан əрі ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы Қаржы министрі Болат Жəмішев баяндады. Министрдің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында бюджет түсімдері 1 248,0 млрд. теңгені немесе 99,1 пайызды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер 82,9 млрд. теңгеге ұлғайған. Кірістер 1 244, 1 млрд. теңге немесе 100 пайыз, бұл ретте негізгі кіріс көздері артығымен орындалды, дейді министр. Салықтар 807,2 млрд. теңгеге немесе 100,8 пайыз, салықтық емес түсімдер – 18,8 млрд. теңге немесе 134,9 пайыз, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,1 млрд. теңге немесе 110,3 пайыз болған. Ал трансферттер 418,0 млрд. теңге немесе 97,5 пайыз. Республикалық бюджеттің игерілмеген қаражат сомасы 162,4 млрд. теңгені құрайды. Қаржы министрі атап өткендей, игерілмеген соманың жартысынан астамы, яғни 84,6 млрд. теңге бюджеттік қаражаттарды тиімсіз басқаруға келсе, 34,8 млрд.

теңге республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруға байланысты мердігерлердің келісімшарт міндеттерін орындамауынан, 30 млрд. теңге республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруға байланысты қаржыландыруды тоқтатудан, 10,5 млрд. теңге əртүрлі баптар бойынша бюджетті үнемдеуге байланысты игерілмеген. «Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша респуб ликалық бюджеттен 1 трлн. 286,8 млрд. теңге жұмсалып, ол есепті кезең жоспарының 88,8 пайызын құрады, оның ішінде даму бюджеті бойынша 125,3 млрд. теңге жұмсалса, бұл былтырғы сəйкес мерзіммен салыстырғанда 51,9 млрд. теңгеге артық», деді Б.Жəмішев. Оның айтуынша, бюджет шығысының басым бөлігі əлеуметтік бағыттарға жұмсалды. Сонымен, жалпы шығыс көлемі ішінен қаржы əлеуметтік жəрдем жəне əлеуметтік қамсыздандыруға 25,2 пайыз, денсаулық сақтауға 11,5 пайыз, білім беруге – 7,3 пайыз бағытталды. Аталған мəселе бойынша тал қылауды қорытындылай келіп, С.Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметке үстіміздегі жылы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуді тапсырғанын айтып өтті. Оның айтуынша, тұтастай алғанда бірінші тоқсанның қорытындысы көңіл көншітерлік. Алайда, дүниежүзілік экономиканың қазіргі даму жағдайына

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кешенінің сəулеттік дизайнын жасау бойынша конкурсқа қатысушылармен кездесуі өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Конкурсќа ќатысушылармен кездесті

Серік Ахметов атап өткендей, «Мұндай ауқымды мамандандырылған шараны өткізу халықаралық қоғамдастықпен бірге біздің елімізде де үлкен қызығушылық туғызады». Бұл көрмені ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктейді. «Көрмені өткізуге дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ЭКСПО-2017 алаңының сəулетті дизайнын жасау болып табылады», деген С.Ахметов Қазақстан тарапынан конкурстың барлық кезеңдерінің ашық өтуі қамтамасыз етілетінін атап көрсетті. Кездесу барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар

кеңесінің төрағасы – Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма басшысы Талғат Ермегияев көрмені өткізудің тұжырымдамасымен таныстырды. Кездесу соңында С.Ахметов қонақтарға конкурсқа қатыс қандары үшін алғыс білдіріп, оларға алдағы бірлескен жұмыстар барысында табыстар тіледі. Конкурсқа Италия, АҚШ, Германия, Англия, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Қытай, Түркия, Испания, Ресей, Жапония, Қазақстанның сəулетшілері қатысады.

қарамастан, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға қол жеткізілуі керек. «Біздің алдымызда биыл 6 пайыз экономика өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұған экспорттық мүмкіндіктерді арттыру есебінен ғана емес, сондай-ақ ішкі сұраныстарды да арттыру есебінен қол жеткізуіміз қажет. Біздің экономикамыздың кездесетін тəуекелдер мен қауіп-қатерлері бар сыртқы факторлардың ықпалында екенін естен шығармауымыз керек», деп түйіндеді Премьер-Министр. Үкімет басшысы Экономи ка жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне мүд делі мемлекеттік органдар мен бірлесіп əлемдік, сон дай-ақ, еліміздің ішіндегі эко но микалық жағдайларға мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда, дағдарысқа қарсы жоспар аясында қалыптасқан жағдайға байланысты əрекет ету бойынша қосымша ұсыныстар жасауды жүктеді. Республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшілеріне жəне өңірлер əкімдеріне қаржылық тəртіпті сақтап, бюджет қаржысын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды. Отырыста, сондай-ақ, 2013-2020 жылдарға арналған электронды денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы қаралып, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.

Кґрме сəулетшілерініѕ басќосуы

Кеше Астанада ЭКСПО көрме кешенінің үздік эскиз-нобайы жобасының халықаралық сəулет байқауына қатысушы 30 архитектор мен сəулет компанияларының өкілдері бас қосты. Ондағы мақсат – болашақта тұрғызылатын нысан алаңымен егжейтегжейлі танысып, жобаны əзірлеу барысында туындауы ықтимал мəселелерді талқылау. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік сарайындағы жиында архитекторлар Астананың бүгінгі жəне болашақ көрінісінің стенділерімен, макеттерімен танысып шықты. Сөйтіп, ЭКСПО көрме кешенінің құрылысын талқылады. Басқосуды ұйым дастырудағы мақсаттың бірі байқауға қатысушылар Астананың сəулет ансамблін, инженерлік жəне көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ, көрме нысандарын халықаралық шара өткен соң да пайдалану мүмкіндігін есепке ала отырып, еркін жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау болды. Жүлде қорында 150 мың АҚШ доллары бар байқауға қатысу үшін бүгінге дейін 75 ынталы компания тіркеліп үлгірген. Оның 22-сі отандық, қалғандары шетелдік компаниялар. Олардың арасында бұған дейін Астанада сəулет өнерімен ел ықыласына бөленген компаниялар мен жеке тұлғалар да бар. Ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін жалғасатын байқауға 105 қатысушы өз үлгісін ұсына алады. Байқауға түскен шығармалар елорданың архитектуралық кеңесінің отырысында талқыланып, жеңімпаз анықталады. Байқау қорытындысы осы жылдың 1 қыркүйегінде шығарылады.

Демографиялыќ саясатќа ден ќою еліміз болашаєын ќазірден ойлаудан туындайды

«Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Əлеуметтік кеңес пен Мəжілістің Əлеуметтік-мəдени даму комитеті «Мемлекеттің демографиялық саясаты туралы» деген тақырыппен бірлескен отырыс өткізді. Онда елімізде қалыптасқан демографиялық ахуал жан-жақты сөз болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Аталған кеңеске депутаттардан өзге Президент Əкімшілігі мен орталық мемлекеттік органдардың, қоғамдық жəне халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырысты кіріспе сөзбен ашқан «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Əлеуметтік ке ңестің төрайымы Айткүл Самақова бұл мəселе Қазақстан Рес публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында да ерекше атап өтілгендігін тілге тиек етті. Мемлекеттің айрықша назары арқасында демографиялық жағдайымыз жақсарып, соңғы бес жылда туу көрсеткіші 11 пайызға артып, табиғи өсім 37 пайызды құрапты. Өткен жылы елімізде 379 мың нəресте дүниеге келсе, бұл осыдан тоғыз жылғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп екен. Жалпы, тəуелсіздіктің 20 жылында Қазақстанда 6 миллион нəресте жарық дүние есігін ашқан. Ана мен бала өлімі төмендеп, халықтың өмір сүру жасы ұзарған. Қазіргі кезде елімізде əр 100 еркекке 107 əйелден келетін көрінеді. Ал тепе-теңдіктің бұзылуы 30 жастан басталып, зейнет жасына жеткенде 100 еркекке 140 əйелден келеді екен. «Бұл əйел мен еркектің өмір сүру ұзақтығы арасында 9,5 жас айырмашылық бар екенін білдіреді. Бұл – содан туындап отырған үлкен айырмашылық. Осы айтылғандардың бəрі еліміздегі демографиялық жағдайға өз əсерін тигізеді», – деді Айткүл Байғазықызы. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Əйелдер iстерi жəне

отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі, Мəжіліс депутаты Елена Тарасенко, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева, Денсаулық сақтау вицеминистрі Ерік Байжүнісов, Статистика жөніндегі агенттік төрағасы Əлихан Смайылов жəне АФПНР атқарушы директоры Рамон Сан Паскуаль да өз ойларын ортаға салды. Келтірілген мəліметтерден белгілі болғанындай, 2013 жылдың 1 наурызына қараған күні еліміз тұрғындарының саны 16 953,9 мың адамға жеткен. Оның 9 291,5 мыңы (54,8 пайызы) қалаларда шоғырланса, 7 662,4 мыңы (45,2 пайызы) ауылдық жерлерде тұрып жатқаны мəлім болды. Сондай-ақ бір қуанарлығы, соңғы он жыл ішінде туу 1,5 есеге артқандығы. Егер 2003 жылы 247,9 мың сəби өмірге келсе, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы бұл көрсеткіш 379,1 мыңға дейін өсіпті. Туу коэффициенті əрбір 1000 адамға шаққанда 22,58 құраған. Сонымен, 2002-2012 жылдары табиғи өсім 2,7 есеге артып, əрбір 1000 тұрғынға шаққанда 2002 жылғы 5,2-нің орнына 14,17-ні көрсеткен. Алайда, өлім деңгейі əлі төмендей қоймапты. Негізгі себептер қатарында қан айналымы, ісіктер, жазым, жарақат жəне улану айтылды. Мəселен, қан айналымы жүйесі ауруларынан еңбекке қабілетті (20-64 жас) адамдар қайтыс болса, солардың 64 пайызы ер адамдар екен. Жазым, жарақат алу мен улану жағдайларында қаза болғандардың 80 пайызы ерлер екені де мəлім болып отыр. Сонымен бірге, еңбекке қабілетті ерлердің қаза табуы осы жастағы

əйелдерге қарағанда 3 есеге көп болып шыққан. Үйлену мен ажырасу көрсеткіштері де көңіл көншітпейді. Үстіміздегі жылдың қаңтар-ақпан айларында 21,6 мың неке тіркелсе, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,9 пайызға төмен. Ал ажырасушылар қатары 8,2 мыңға жетсе, бұл 9,3 пайызға артқандығын көрсетеді. Əйтсе де миграциялық көрсеткіште оң нəтиже бар екен, кетушілерге қарағанда келушілер 559 адамға артыпты. ТМД елдері ішінде Қазақстан тұрғылықты халқының саны бойынша Ресей, Украина жəне Өзбекстаннан кейінгі төртінші орында келеді. Алайда, Қазақстан əлем мемлекеттерінің ішінде бір шаршы километрге 6 адамнан келетін халқы тығыз орналас паған елдер қатарында. Ел тұрғындарының тығыз орналаспауы Қазақстанның əлеу меттік-экономикалық дамуына ай тарлықтай кедергі келтіруі мүмкіндігі де айтылмай қалған жоқ. Депутат Е.Тарасенко бізде əлі де некеге күштеп отырғызу, əйелдерді зəбірлеу сияқты келеңсіздіктер тыйылмай келе жатқандығына назар аударды. Сондықтан да «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңның бірқатар ережелерін өзгерту қажет. Сонымен қатар, ерлердің белсіздікке ұшырауы мен əйелдердің бала көтере алмауы себеп-салдары мен медициналық көмек көрсету барысы да сөз етілді. Осы ретте еліміздегі демографиялық жағдайға əсер ететін фактор ретінде бедеулікті тегін емдеу жайы қыркүйекте өтетін отырыс барысында талқыға салынары да белгілі болды. Əлі күнге дейін бірде-бір мемлекеттік орган ресми демографиялық болжаммен айналыспайтындығы да көлденең тартылды. Үкіметтің өзі тұрғылықты халықтың мəселелері жөніндегі зерттеу орталығының қажеттігін мойындапты. Мұндай орталықты ашу бюджеттен қаражат қажет ететіндіктен, бұл мəселе тағы бір пысықтаудан өткізілетін болып шешілді. Талқылау қорытындысы бо йынша бірлескен отырыс ұсынымдарының жобасы əзірленді. Онда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ана мен бала өлімін азайту, отбасын нығайту сияқты бірқатар ұтымды ұстанымдар көрініс тапқан.


24 сəуір

3

www.egemen.kz

2013 жыл

ОТАНЫМЫЗ – ОРТАЌ ЇЙІМІЗ

Бїгін Астанадаєы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Елбасы Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ ќатысуымен Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ кезекті ХХ сессиясы ґтеді

«Ќазаќ ўлтыныѕ бір перзентімін» Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Маќтаулы елде марапат кґп Қазақтың қасиетті шаңырағы астында көптеген этностардың өзара түсіністік пен ауызбіршілікте тату-тəтті өмір сүріп отырғанына алыс-жақынның қызығушылықпен көз тігетіні анық. Осынау ғалами бірлікке ұйытып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше азаматтар құрған меценаттар клубы біртұтас Қазақ елінен шыққан саяси қайраткерлер мен өнер, ғылым майталмандарына ұсынылатын «Ильхам» тəуелсіз сыйлығын тағайындағанына да бір мүшел уақыт толыпты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы қарсаңында осы меценаттар клубының төрағасы Ділмұрат КУЗИЕВПЕН сұхбатымызды оқырман назарына ұсынамыз. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

– Ділмұрат Пірмұхаммедұлы, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің ауызбірлігіне, отан дастарымыздың арасынан шыққан əр саланың майталмандарын тіліне, ұлтына бөлмей, Қазақ елінің мəдениеті мен руханиятына, ғылымы мен бейбіт тірлігіне сіңірген еңбегін бағалай отырып берілетін осы «Ильхам» тəуелсіз сыйлығының тағайындалу идеясы мен тарихы қай кезден бастау алады? – Бұл меценаттар клубы 2000 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің кəсіпкерлеріне мəдениет, өнер қайраткерлерін, зияткерлік интеллигенцияны қолдау туралы Жолдауына байланысты өнеркəсіпшілер, кəсіпкерлер жəне ауылшаруашылық жұмысшылар ассоциациясы республикалық қоғамдық қоры тарапынан құрылған болатын. Меценаттар клубының мүшелері ассоциация құрамына кіретін орта жəне шағын бизнес кəсіпорын жетекшілері, сондай-ақ жеке тұлғалар. Аталған клуб мəдениет, өнер, əдебиет салаларының өркендеуіне қосқан үлестері үшін «Ильхам» тəуелсіз сыйлығын тағайындады. Сыйлықты тапсыру тəртібі «Ильхам» сыйлығының ережесіне сай жүргізіледі. Бұл сыйлықты тағайындаудың басты мақсаты өз күшжігерін Қазақстанның мəдени мұрасын дамытуға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, Қазақстанның ұлттық қазыналарын байытуға арнаған зияткерлік интеллигенцияны қолдаудан туған еді. Тағы бір мақсаты жас таланттарды ашу мен шығармашыл жастарға кішкене де болса демеу болу. Ережеге сай «Ильхам» сыйлығы сегіз номинация бойынша табыс етіледі: «Ғылым», «Əдебиет», «Білім беру», «Бейнелеу өнері», «Спорт», «Музыка», «Театр» жəне соңғы жылдарда енгізілген «Бейбітшілік, ұлтаралық жəне дінаралық келісімдерді нығайту жолындағы баға жетпес үлесі үшін» номинациясы тағайындалды. Бұл номинация өмір талабына сай тағайындалып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның бүкіл дүние жүзіне бейбітсүйгіш, экономикасы дамыған мемлекет ретінде танылып отырғаны белгілі. – Рас, «Ильхам» сыйлығы ұсынған номинациялардың дені елішілік татулықты нығайтуға

негізделген екен. Тəуелсіз сыйлық бүгінгі күнге дейін əр салада көрнекі істер атқарып жүрген қандай кісілерге тапсырылып келді? – Бүгінгі таңға дейін «Ильхам» сыйлығының иегері қатарында жоғарыда аталған салаларға еңбек сіңірген, əлі де Қазақстан халқының өркендеуі үшін қажымай тер төгіп жүрген əртүрлі ұлттың өкілдері бар. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері жə не «Қазақ тілі» қоғамының құр мет ті президенті, ҚР ҰҒА академигі Ə.Қайдаров, КСРО-ның жəне Қазақстанның халық əртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа ты А.Əшімов, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ұйғыр халқының көрнекті жазушысы А.Аширов, театр сыншысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңір ген қайраткері А.Қадыров, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Ақбаров, Нобель сыйлығының 100 жылдығы құрметіне орай Нобель Алтын сыйлығының иегері атанған көрнек ті жазушы Д.Ясин, Ресей эстрадасының жұлдызы, отандас əнші-композиторымыз М.Насыров, Қ.Қожамияров атындағы республикалық ұйғыр театрының бас режиссері Я.Шамиев, Алматы қаласындағы № 101 орта мектеп директоры Х.Ниязова, ҚР-ның еңбек сіңірген мəдениет қайраткері, Қазақстанның халық əртісі Г.Разиева жəне басқа да көптеген өнер жəне ғылым адамдары бар. Биылғы «Ильхамға» ие болған кісілерді де атай кетсем, «Бейбітшілік, ұлтаралық жəне дінаралық келісімдерді нығайту жолындағы баға жетпес үлесі үшін» номинациясы бойынша қазақтың біртуар ұлы, адамзаттың рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер, ақын Олжас Сүлейменов лайық деп бірауыздан құпталды. «Спорт» сыйлығын былтырғы Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, аса талантты боксшымыз Серік Сəпиев, ал музыка саласы бойынша елімізге кеңінен танымал талантты жас Біржан Хасанғалиев ие болды. – Əңгімеміз «Ильхам» тəуелсіз сыйлығы тұрғысынан болғаннан кейін, бұл сыйлыққа ұсынатын мүсін мен жүлде қоры туралы да айтып өтсеңіз. – Жалпы, əр номинация бойынша тек бірінші жəне екінші орындарға ғана сыйлық тағайындалады. Яғни, бірінші бəй геге халықаралық дəрежеде еңбегі мойындалғандар

лайық деп танылса, екінші орынға еліміздің ішкі татулығы мен ұрпақ тəрбиесіне еңбек сіңірген, жоғарыда аталған салаларда өзіндік жол таба білген жас ғалымдар мен еңбекқор ізденушілер лайық деп ұсынылады. Сыйлықтар жүлде қоры мен материалдық сипаты бойынша бірінші орынға алтын жалатқан «Ильхам» мүсіншесі мен арнайы диплом, осы сыйлыққа лайық дегенді білдіретін лауреаттық төсбелгі мен 500 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі. Екінші орынға лауреат төсбелгісі мен арнаулы диплом жəне 200 мың теңгелік ақшалай сыйлық табысталады. Ал «Бейбітшілік, ұлтаралық жəне дінаралық келісімдерді нығайту жолындағы баға жетпес үлесі үшін» дейтін жаңа номинацияға алтын жалатқан мүсін мен жиегі алтындалған арнайы диплом жəне ерекше лауреат төсбелгісі, сондайақ жоғары мəртебесіне сай 1 миллион теңге ақшалай сый-сияпаты бар. Бір ескерерлік мəселе, бұл номинация бойынша екінші орын тағайындалмайды. – Құрылтайшылары кімдер? – Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері ақылдаса келе, ірі бизнес пен өнеркəсіп, өндіріс орнын басқарып отырған бір топ азамат əр ұлттың өкілінен құралған меценаттар клубын жасақтаған едік. Құдайға шүкір, содан беріде, міне, он үш жыл зымырап өте шықты. Талай ғалымдарымыз бен өнер қайраткерлеріміз ескерілді, талай еңбек екшелді. Ал енді осы меценаттар клубының құрамына келсек, ол қатарда «Ақ Орда» респуб ликалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат Мұсағұлов, халықаралық «Техноказ» фирмасының бас директоры Шалом Розенберг дейтін израильдік кəсіпкер, «Бəйтерек» ЖШС-нің басшысы Халида Мамедова, республикалық «Жұрағат» журналы ның бас редакторы, Журналистер одағының мүшесі Сəлия Əбдікəрімова, «Еуразия» ЖШС-нің бас директоры Білəл Үшіров, «СЖБК» ЖШС-нің бас директоры Павел Бычков пен осы фирманың бас есепшісі Айман Əбдібаева, «Универсал» ЖШСнің президенті Зəкіржан Кузиев, «Балтабайский ХПП» ЖШС-нің басшысы Серік Ахметов пен «Дружные ребята» республикалық балалар газетінің бас редакторы Əлімжан Ақбаров, «Кто есть кто в Республике Казахстан» жобасының директоры Эльмира Тохтахунова жə не «БЕНТ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы əрі кəсіпкерлер мен өндіріс иелерін жəне ауылшаруашылық өкілдерін біріктірген «АППиС» республикалық қоғамдық қорын басқарып отырған өзім де мүшелікте бармын. Бұл қатарда өзге түрлі деңгейдегі еліміздің əр өңірінде еңбек етіп жүрген іскер азаматтар да бар. АЛМАТЫ.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, дүнген этномəдени бірлестігінің басшысы Əбдікəрім Мұсаевтың киелі Жайық топырағына қоныс тепкеніне біраз жылдың жүзі болыпты. Атасы Мұсаның ұлты дүнген болса, əжесі Гүлайым қазақ қызы екен. Жастайынан қаракөздермен етене араласып, бауыр басқан Əбдікəрім аға өзін «осы ұлттың бір перзентімін» деп сезінеді. – Орал жаққа 1977 жылы келдік, – деп бастады əңгімесін Əбдікəрім Əлиұлы. – Жамбыл облысының тумасымын. Фрунзедегі политехникалық институтты бітірген бойда Зеленов ауданына жолдамамен жұмысқа келдім. Өзімді жақсы қырынан көрсеттім білем, көп ұзамай облыстық тұтынушылар одағының басқармасы Шыңғырлауға жіберді. Өмірімде көріп-білмеген Шыңғырлау жерінің табиғаты тіптен тамаша екен. Негізі, Қазақстанның қай өлкесі де керемет қой. Өзім туып-өскен Жамбыл өлкесі секілді жасыл желегі жайқалған мекеннің халқы да қонақжай болып көрінді. Əп-сəтте баяғыдан білетіндей жақындасып кеттік. Түннің ішінде есігіміз айқара ашық жататын. Есікті кілттеу дегенді білмеуші едік. Ауыл-аймақпен мидай араласып, дəмтұзымыз жарасты. Тіпті ұзақ жылдар бойы олар менің дүнген екенімді білмеді. Ешкімді жатырқамайтын көпшіл мінезім ел-жұрттың көңілінен шықты. Табиғаты сұлу өлкеде зайыбы Бибігүлмен ұл-қыз өсіріп, шаңырақтың шаттығын нұрландырып, «терезесі тең, керегесі кең» өмір сүрді. Балалары Шыңғырлаудың мектебінен білім алды. Сөйтіп, жұмыс бабымен Орал қаласына қоныс тепті. Қайда да Қазақстанның гүлденуін, құлпыруын ойлап қам жейтін азамат өз күшімен «Бибігүл» мейрамханасының іргесін қалады. Жан жарының атымен аталатын сəулетті ғимарат бүгінде шаһарымызға сəн берсе, екінші жағынан нарықтың жүгін көтеріп, экономикалық ілгерілеуімізге өз септігін тигізуде. Қазір бұл мейрамхана біраз адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың уақтылы жалақысын төлеп, халықтың əлауқатын арттыруда, ел-жұртқа дүнген асханасынан дəм ұсынуда еңбекқор кəсіпкер алдына жан салмайды. Əбдікəрім ағаның отбасы о бастан татулықтың тірегіне айналып, бірліктің берекесін сақтап келеді. Өзінің айтуынша, Қытайда туыпөскен атасы Мұса ұлты қазақ Гүлайыммен ұзақ жылдар сəнді де мəнді өмір сүрген. Олардың ұрпақтары, яғни Əбдікəрім ағаның əкесі Əли мен анасы Семей дүнгендер болған. – Қазір үлкен кісілердің бəрі о дүниелік болды. Бізді қазақша дүнгендер деп атаса, Қытайша хуэйцзу «хуэй» халқы деген екен. Арғы ата-бабаларымыз қытайда туыпты. Үйдегілер кішкентайымыздан бізге: «Қайда

тусаңдар да сендер мұсылмансыңдар. Ислам дінін ұстанып, Ислам мəдениетінің мұрагері боласыңдар. Өзбек, қазақ, қырғыз, дүнгендер Құдай берген мұсылмандар» деп айтып отыратын, – дейді. Ынтымағы жарасқан отбасының жапырағы жайылып, бүгінде ата-бабаларының салтын сақтап келеді. Қазақ халқының да ежелден бергі дəстүрін қадір тұтады. Ұлыстың ұлы күндері олар үшін үлкен той. Көпшіл, ұйымшыл отбасында ұл-қыздары Тахир, Бақтияр, Шахмина, Əлилер ержетіп, үйлікүйлі болып, еліне адал еңбек етуде. Үлкен ұлдары Тахир кіндік қаны тамған Жамбыл жақта тұрады. Ауыл шаруашылығымен айналысады. Оның қайын атасы дүнген, қайын енесі қырғыз көрінеді. Ұл-қыздарым Сұлтан, Əмір, Карина, Айша деген немере сүйдірді деп мақтанып қояды ағамыз. Ал орыс халқынан қыз алған Бақтиярдың да тұрмысы жақсы. Елбасының туған күнімен орайлас келген соң жақсы ырымға балап, дүниеге келген бір немересіне Нұрсұлтан аталарының есімін беріпті. Бақытты, шатты Мұсаевтар əулеті осылайша ұлтаралық татулықтың, достықтың алтын көпірін жалғап отыр. – Қазір жасым алпыстың жетеуіне жетті. Кемпірім Бибігүл екеуміз баяғыда мектепте бірге оқып едік. Институтты да бірге тəмамдадық. Содан бері қол ұстасып, бір шаңырақтың астындамыз. Егер елімізде тыныштық пен бейбіт заман болмаса, осылай ел қатарлы жүрер ме едік. Осы Оралда Абдоллаев, Кəрімов, Исмайлов, Омаров сынды дүнген отбасымен көптен араласамыз. Ел азаматы Сатыбалды Ахметовпен жан доспын.

Қызмет бабымен басталған таныстығымыз кейін үлкен достыққа жалғасты. Бəріміз де еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүрегімізден алғыс айтамыз. Күні ертең елордамыз Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жиырмасыншы сессиясы өткелі отыр. Осы шараға облыс делегациясымен бірге дүнген этномəдени бірлестігінің өкілдері де қатысады. Бұл жиынның мəні мен маңызы бөлек. Көпұлтты мемлекеттің көздеген мақсаты бір. Ол – ынтымақ пен бірлік, татулық, ел тыныштығын сақтап, ерінбей еңбек етіп, осы елдің бір кəдесіне жарап, жақсылыққа ұйытқы болу. Орал қаласында да көптеген ұлттар тұрады. Олардың бəрі бір-бірімен дос. Тек мереке күндері ғана емес, былай уақытта да құшақ жая көрісіп, игі ісімізді қолдап, қиындықта қасынан табылып, қуанышқа ортақтаса білеміз. Мемлекет басшысының Жолдауын қолдап, алға қойған іс-жоспарларын қуаттап, жұмыла күш біріктіріп, ынтымағымызды одан əрі нығайту жолында біздің дүнгендер де аянып қалмайды. Сондықтан бəріміз бір болайық, ел болайық! – деп Əбдікəрім ағамыз достықтың туын бір көтеріп тастады. Иə, бес немересін имандылыққа тəрбиелеп, өзі бірнеше тіл үйреніп, жұма күні мешітке барып дінін де, салтын да сақтап, көпұлтты халықтың бірлігін ойлайтын Əбдікəрім Əлиұлы осындай жан. –––––––––––––––––––––– Суретті түсірген Ардақ ҚАСЫМОВА. Суретте: Ынтымағы жарасқан əулет

Баршамыздыѕ маќсатымыз – бірлік дейді Аягґз ќаласыныѕ тўрєыны Гїлнара Салибаева Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Аягөз аудандық қазынашылық мемлекеттік мекемесі басқармасының бастығы Гүлнара Нығметоллақызымен ойда жоқ жерде кездестік. Ол өз ұжымымен бірге «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Мəдениет үйінде өтіп жатқан «Мейірім» акциясына қатысуға келіпті. 700 орындық ғимарат іші халыққа лық толы. Аягөздегі жетім балаларды аялауға арналған акцияда мекемелер мен шаруа қожалықтарының иелері қайырымдылық танытып, қолдан келген көмектерін жасады. Тіпті «Аягөз жол ПЧ-42» мекемесінің бастығы Ғазез Мұқажанов мəрттік танытып, жетімдерге екі бөлмелі екі пəтерді салып беретінін айтты. Ал Гүлнара қарындасымыз да бұл қайырымдылық шарасынан тыс қалмай, ұжыммен бірге қомақты көмек жасады. Қайырымдылық шарасы аяқталған соң Гүлнара Нығметоллақызымен əңгімелесудің сəті түсті. Жанымызда Аягөз ауданы əкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Роза Қайырбаева бар. Аягөз ауданында 70 мыңнан ас там адам тұрады. Мұндағы жер гілікті тұрғындардың дені қазақтар. Г.Салибаева осындағы №1 орыс мектебін тəмамдаған соң, Алматыдағы несие беруесеп техникумына оқуға түседі. Бала кезінен өзі ұнататын осынау

оқу орнын ойдағыдай аяқтаған ол қызмет ете жүріп білімін одан əрі жалғастыруды мақсат тұтады. Ақыры талапты қыз арман қала Алматыдағы халық шаруашылығы институтының студенті атанады. Оны аяқтаған соң Аягөзге оралады. Ұйғыр жігіті Ғабдулқайым Салибаев екеуі бірін бірі ұнатып, тұрмыс құрады. Қазір алтын асықтай екі балалары бар. Ұлы Ниғмет Демирел университетін үздік бітірген, қазір Алматыдағы ірі компанияда директор. Ал қыздары Фируза 7-сыныпта оқиды, құрбылары арасында сыйлы, оқуда озат. – Мінезі салмақты, ұжымында зор беделге ие Гүлнара Нығметоллақызының атқарып отырған жұмысы бүкіл ауданның тыныстіршілігімен тікелей байланысты, – дейді аудан əкімінің орынбасары

Сейілбек Ысқақов. – Аудан бойынша 96 мекеме бар екенін ескерсек, бүкіл қаржылық операциялар осы жерден өтеді. Ұжымда 20 адам еңбек етеді. Барлығы білікті де білімді кадрлар. Оның үстіне, қазақ тілінің майын тамызатын, мақал-мəтелді жатқа соғатын Г.Салибаева мемлекеттік тілдің өркендеуіне де өз үлесін қосып келе жатқан іскер де өнегелі жан. Мекеме Наурыз, басқа да мемлекеттік мейрамдардың мəнді де мазмұнды өтуіне назар аударады. Оның үстіне қазынашылық мекеме түрлі шараларға қатысып, қолдан келген көмектерін жасайды. – Қазақтармен қоян-қолтық араласып, туыстарша сыйласып кеттік, – дейді Гүлнара Нығметоллақызы. – Көршілерім Баян жəне Мəдина апайларға деген құрметім ерекше. Қазақ көршісі десе қоң етін кесіп беруден тайынбайтын жомарт халық қой. Тығыз араласып, бір-бірімізді мереке күндері құттықтап жатамыз. Мəдениет үйі жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлімінде төрайым бола жүріп, Аягөздегі басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіруде де біраз шараларды атқардық. Аудандағы халықтың 98 пайызы қазақтар, қалған 2 пайызы басқа ұлт өкілдері. Аудан əкімі Əнуарбек Мұхтарханов ағамызға алғысымызды айтамыз, уақыты тапшы болса да, бізбен кездесіп, көмегін жасап тұрады.

Г.Салибаеваның айтуынша, аудан экономикасы өсіп келеді. Аудандағы бюджеттің орындалуын, қаржыны ұтымды да орны-орнымен пайдалануды бақылайтын мекемені басқарған соң кірісшығыс назарда болуы керек, дейді ол. Биыл «Қазақмыс» корпорациясы Ақтоғай кен-байыту комбинатының құрылысын бастады. Оған 750 миллион АҚШ доллары бөлінді. 2015-жылдары алып кəсіпорын іске қосылған соң ауданның 1500-2000 адамы жұмыспен қамтамасыз етілмек. Алтын өндіретін кеніш пайдалануға берілетін мерзім де алыс емес. Аягөзде өткен жылы бірнеше мектеп, балабақшалар іске қосылды. Аудан экономикасының өркендеуі адамдардың ертеңгі күнге деген сенімдерін арттыра түскен. – Қазақтармен көрші болғаны ма қуанамын. Олар достық пен татулыққа адал. Қонақ келсе, төрін ұсынады. Күйеуім ұйғыр, өзім татар болсам да бірдебір рет өгейсіткендерін көрген емеспіз. Қайта бауырларына тартып, құшақтарын жаяды. Ендеше, еліміздің гүлденуіне үлес қосу – барлығымыздың мақсатымыз, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Гүлнара Нығметоллақызы. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы. –––––––––––––––––––––

Суретті түсірген автор.


4

24 сәуір

www.egemen.kz

2013 жыл

 Əлеуметтік қорғау əлеуеті

Бўл – бїкіл əлемде ќолєа алынєан їдеріс

Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Серік Əбденов Қарағанды облысында сапармен жүр. Жұмыс сапары барысында Серік Əбденов Теміртау жəне Қарағанды қалаларына табан тіреп, жұмысшылармен кездесу өткізді. Жиынға қатысу барысында еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты сауалдарға жауап беріп, аталмыш жобаның тиімділігін тілге тиек етті. Министрдің сапары бұдан кейін Жезқазған қаласында жалғасады. Теміртау қаласында министр өндіріс орындарының жұмысшылары, білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт салаларының, кəсіподақтар жəне қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесулер өткізді. – Зейнетақы жүйесін жетілдіру жолындағы қадамдардың барлығы да жинақталған қаржының толық сақталуы мен тұрақты өсімге қол жеткізу мақсатында жа салып жатыр, – дейді министр. Ұлттық банк пен Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау, Қаржы жəне Экономикалық жос парлау министрліктерінің ма мандарынан құралған ведомствоаралық жұмыс тобы дайындаған заң жобасы жинақтаушы зейнетақы жүйесін бір ретке келтіруге мүмкіндік береді. Əрі бұл саладағы жұмыстардың жариялылығын қамтамасыз етпек. Негізгі мақсат – республика халқының келешекте де жеткілікті дəрежеде зейнетақыға қол жеткізуіне мүмкіндік жасау. Осыдан кейін ведомство басшысы Қарағандыға табан тіреді. Онда да ол əртүрлі сала қызметкерлерімен, кəсіп иелері жəне мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесулер өткізді. Серік Əбденовтің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту мəселесі күллі ғаламдық үрдіске айналып отыр. Тек бұл мəселені

қоғам болып бірлесе қолға алғанда ғана жүйелі түрде бір ретке келтіруге болады. – Осы мақсатта біздің мамандар əрбір өңірді аралап, жүзеге асырылып жатқан жобаның тиімді тұстарын түсіндіріп қайтты. Өйткені, қолданыстағы жобаның тиімсіз тұстарын байқап отырмыз. Үлестің кемуі салдарынан жинақтық зейнетақы жүйесі қарқын алып кете алмай отыр. Оның үстіне еңбек өтілінің мардымсыздығынан жеткілікті дəрежеде зейнетақы жинағына қол жеткізе алмайтын қызметкерлердің де қатары артып келеді. Бұл болашақта зейнетақы төлеу жүйесінің күрт азаюына алып келетін жайт, – деп атап өткен министр бүгінгі таңда мемлекет тарапынан миллиондаған қазақстандықтардың қолжетімді зейнетақы жүйесіне қол жеткізуіне барынша ұмтылыс танылып жатқанын айтты. Министрдің сапары енді Жезқазған өңірінде жалғасады. Онда Сəтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізу жоспарланған. Екі күнге созылатын бұл сапарда Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі кемінде 1,5 мыңнан астам адаммен кездеседі деп күтілуде. «Егемен-ақпарат».

Мемлекет ешкімді таєдыр тəлкегіне тастамайды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ зейнетақы жүйесін жаңғырту

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жаңғырту, бірінші жағынан, оның қолданыстағы уақытында макроэкономикалық жағдайдың өзгеруімен; екінші жағынан, ынтымақты компоненттердің алынып тасталуына орай зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі алда тұрған өзгерістерге байланысты.

макроэкономикалық жағдай

1998 қамтылу деңгейі тұрғындардың

86,9%-ы

2012 қамтылу деңгейі тұрғындардың

94,7%-ы

ҚАМТЫЛҒАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ САНЫ 2,4 млн. адамға ӨСТІ

8,5

млн. адамды ҚҰРАЙДЫ

соңғы 15 жылда экономика бойынша бір жұмыскердің ЕҢБЕКАҚЫСЫНЫҢ ОРТАША КӨЛЕМІ 8 есе ӨСТІ

98 736

ҚҰРАЙДЫ

теңгені

«Егемен Қазақстан».

– Қазақстанды дамытудың қазіргі заманғы сатысында біз əдістер мен түрлі шаралардың қажеттігін жəне оны қабылдау керек екенін түсінуге тиіспіз. Бұл үшін біздің қызметімізде анықтық, айғақтық, сенімді мəлімет жəне ақпараттар болуы керек, –деп мəлімдеді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Ал облыс əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов осы тақырыпқа баяндама жасап, зейнетақы жүйесін жаңғырту үдерісінен кері шегінбейтінімізді белгілі айғақтарды мысалға ала отырып, түсіндірді. Ə йелдердің зейн ет жасын ұлғайту зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бір кепілі болмақ. Мұндай шара барлық дамыған

елдерде жүргізіліп жатқан үдеріс. – Қазір ынтымақты зейнетақының уақытын кеміту жинақтаушы емес, базалық зейнетақымен өтеліп отыр. 2040 жылдан бастап, əйелдер еңбек өтілімен есептелетін ынтымақты зейнетақы алмайды. 1980-1982 жылы өмірге келгендерден бастап əрі қарай əйелдер тек өзінің жинақтаған зейнетақысына сенетін болады. Мемлекеттің ең төменгі кепілі тағы бар. Дегенмен, қамсыз қарттығын қамтамасыз етемін дегендер тек еңбекпен жинақтаған қаржысына ғана арқа сүйейді, – деді Серік Шыңғысұлы. Серік Бектұрғанов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының артықшылықтарын түсіндірді. Əрине, көп балалы аналар, ауыр жұмыстағы, базарда бір күндік нəпақасын тауып

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Содан кейін «Нұр Отан» ХДП ғимаратында өңірдің жүйе құраушы кəсіпорындары ұжымдарының өкілдерімен, мəдениет, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларының, əйелдер мен жастар мекемелерінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысқан А.Рау зейнетақы

Мақаланың желісіне орай логикалық тұрғыда өрбіген мұндай ойдың түбіне нақты өмірді басынан өткізіп, ашынып, айтар жерін күтіп жүрген халық əлі-ақ мысалды молынан ағытары хақ. Ал, біз Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қар сы күрес (қаржы полициясы) депар таментінен алынған нақты фактілерді ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 470-бабын бұзған жүргізушіден заң нама талабымен іс қағазын толтырмау үшін 20 мың теңге көлемінде пара алған облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының қызметкерлері Р.Асанов пен Б.Қанайбековтер құрықталып, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, қаржы полициясы мен ішкі істер департаменті қызметкерлері бірлесе көлік құжаттарын қайта жасау үшін 15 мың теңге пара алу барысында Панфилов аудандық жол полициясы емтихан алу жəне тіркеу бөлімінің бастығы М.Жалдыбаевты ұстап, қылмыстық іс қозғады. Нəтижесінде «бұрынғы» ала таяқты

тұрған əйелдер, мүгедектер туралы сауалдар да жетерлік. Осы орайда негізінен əйелдерден тұратын ұжым – «Алпамыс» аяқ киім фабрикасының директоры Алмагүл Сəуденованың пікірін білгенбіз. – Зейнетақы жүйесін жаңғыртудан еңбек еткен, жұмысы бар əйелдер ұтылады деп ойламаймын. Тек қазір бізде əлеуметтік əртүрлі топтағы əйелдер бар. Осы жаңғырту кезінде солардың жағдайы ескерілсе деп ойлаймын. Ал ең бастысы, дүние жүзіндегі дамыған елдер тəжіри беден өткізіп жатқан бұл істі мемлекет бекер қолға алып отырған жоқ. Мемлекетті дамытатын қаржыны инвестициялық қарымды жобаларға салмай, пышақ үстінен зейнетақыға бөліп бере берсе, ол елдің қазынасында қандай береке қалады?

жүйесін жаңғырту мəселелері жөнінде баяндады. Астаналық қонақ еліміздегі зейнетақы жүйесін жаңғыртудың қажеттігін дəлелдей отырып, бұл бағыттағы əлемдік тəжірибенің үлгі аларлық жақтарын таратып айтты. Мұны еліміздегі экономикалықəлеуметтік қайта құрулардың өмірдің өзі ұсынып отырған заңды жалғасы ретінде бағалады. Еліміздегі зейнетақы жинақтау қорларын Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына біріктірудің қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ, əйелдердің зейнетақыға шығу жасын көтеруге қатысты ойларын ортаға салды. Ол зейнетақы жүйесін жаңғырту аталған жүйенің жұмыс істей бастағалы бергі кезеңде макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты болып отырғанын тілге тиек ете келіп, оның зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға, адамдарды еңбекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталып отырғанын жеткізді. Ол сондай-ақ ауыр

Бұл – мемлекетті дамыту, сол арқылы адамдардың əл-ауқатын көтеру үшін барып отырған шара. Сондықтан оны патриоттық сезіммен түсінуіміз керек. Мемлекет дамыса, ешкімді де тағдыр тəлкегіне тастамайды, – дейді Алмагүл Қасымқызы. Мəжілісте сөйлегендер құжатқа ұсыныстар жасаумен қатар, адамдардың нарыққа бейімделуі, менталитетімізге сыни қарауымыз қажеттігін де əңгіме етті. «Көз қорқақ, қол батыр» деген емес пе? Масылдықтан біржолата арылып, əркім өз өмірін жастан ойлауға, жоспарлай білуге тəрбиелейтін уақытқа жетелейтін шара болар деген ойды сөзге тартқандар айтып жатты. Көпшіліктің күдігі сенімге айналып келе жатқандай. ҚОСТАНАЙ.

жəне зиянды өндірісте жұмыс істейтіндерге жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін аудару мəселелерін де қозғады. Ақтөбе облысы бойынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Саламат Аманбаев зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан түсінік жұмыстарынан хабардар етті. Оның айтуынша, облыста осы бағытта 115 мəслихат депутаттарын, атқарушы органдар, мекемелер мен кəсіпорындар басшыларын, еңбек ардагерлерін біріктіретін 38 ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істейді. Осы мəселеге арналған 21 семинар өткізілген. Ұлттық банк операциялық басқармасының бастығы Дина Сүндетова зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы Ұлттық банктің рөлі туралы баяндады. Ол зейнетақы жинақтау қорларынан Бірыңғай мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорына ауысудың жайжапсарын түсіндірді. Дөңгелек үстелге қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты ойларын ортаға салды, нақты сауалдарына орнықты жауап алды. Ақтөбе облысы.

бір жылға бас бостандығынан айы рылды. Алматы облыстық прокуратурасы Жол полициясы басқармасының соңғы екі жылда атқарған жұмысына талдау жасағанда «ала таяқтыларды» қылмыстық іске, оның ішінде сыбайласқан жемқорлық əрекеті бойынша жауапкершілікке тарту жалғасып отырғанын анықтаған. Сыбайласқан жемқорлық фактісімен 5 жол полициясы қызметкері құрықталған. Осы орайда прокуратура органының заңнаманы бұзбау, келеңсіз фактілерге жол бермеу жайлы құзырлы органға жазған ұсынымы да бар. Негізі көлік жылдамдығын дөп басып көрсететін құралдарын алып, ауылдан ұзап шығып, төл міндетін орындау жол полициясы қызметкерлеріне жат па? Түкпірлердегі ауылдарға олардың баруы сол күннің жаңалығы болып лезде тарайтыны бұрыннан қалыптасқан. Ал күрежолдарда анда-санда «ала таяқтылар» тұрса жүргізушілер жарықтарын лып еткізе жағып-өшіріп бірбіріне белгі бере қоятыны тағы бар. Соның салдары болар «ала таяқтылар» мəселелері кез келген жерде барлық деңгейде көтеріліп

Алматы облысы.

Ќауєаєа жармасќаны ќайткені? Суы тапшы Маңғыстауда суға қатысты өрбіген қызықты əңгімелер де, орын алған айтулы оқиғалар да көп. Кеңестік кезеңде айдаладағы бір құдықтың маңына екі шопан қатар қоныстанады. Əншейінде əзілі мен əңгімесі жарасып, бір-бірінің үйінің төрінен кетпейтін құрдас қос қойшы құдық басына келсе келісе алмай қалатын көрінеді. Суы таңқы құдықтан отарын бірінші боп суаруға екеуі де асығады. Осылай аңдысып жүріп бірде екі отар қой құдыққа қатар келеді де, қос қойшы «мен бұрын суарам» деп таласып қалады. Сол жолы айтысып-тартысып жүріп отарларын суарып шығарғанмен, егесте есесі кеткен бірі «ертең бірінші боп атаңның басына суарарсың» деп құдық үстінде дырылдап тұрған Л-100 мотордың жанар-жағармай құятын ыдысын ағытып, атына өңгеріп ала кетеді. Ішкі ойы – өзі үшін ғана қондырып, отарын бірінші боп қандырып алу. Ертесіне құдыққа алғашқы боп екпіндете жеткен көрші шопан үңірейген моторды көріп, «суға қарық болғың келген екен ғой, қап, бəлем!» деп мотордың келесі бір бөлшегін жұлып алып кете барыпты... «Егемен Қазақстан».

Сауалдарына орныќты жауап алды Индустрия жəне жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау жұмыс сапарымен облысқа келді. Ол үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын темір жол рельстерін шығаратын зауыт пен индустриялық парк аумағында салынатын өндірістік əйнек зауыты жобаларымен танысты.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Қазір екінің бірінің аузында мемлекеттің зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы əңгіме жүр. Əйелдердің зейнет жасын ерлермен теңестіріп, 63-ке дейін ұлғайту туралы жоба өмірдің əр саласында еңбек етіп жүрген əйелдерді ойландырып тастағаны рас. Жақында зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты облыста өткен мəжіліс осы сұрақтардың біразына жауап бергендей болды. Оған аудан, қала əкімдерімен қатар, еңбек ұжымдарының жетекшілері, кəсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Ала таяќтылар» алаѕдатады

жатады. Ал, олар «халық не демейді...» деп мырс-мырс күліп өз ойларын іске асыра береді. Жуырда Алматы облыстық экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) департаменті қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болды. Сол отырыста баяндамашылардың бірі кəсіпкерлер бірлестігі ассоциациясының Алматы облысы бойынша медиаторы Б.Файзуллин облыстық жол полициясы емтихан алу жəне тіркеу бөлімінің соңғы уақыттағы жұмысын қатты сынға алды. Сыбайласқан жемқорлықтың исі аңқып тұрған мəселелер жіпке тізіліп, аталған бөлімде арнаулы жасақталған, яғни «сенімді» делдалдар жұмыс істейтіні баса айтылды. Өйткені, ащы ішекше созылған «жасанды» кезекте тұра беруге шыдам керек, қандай да бір құжат үшін ала шапқын болып сарсаңға түскісі келмейтіндер тағы бар. Тізбелей берсеңіз, себеп сағызша созылып шыға береді, шыға береді ғой. Түпкі мақсат жол-көлік апатының алдын алу, жазатайым бола қалғанда соның салдарынан адам өмірінің қиылуына, түрлі деңгейде жарақат алуларына жол бермеу жəне азаматтардың табан ет, маңдай тер өтеуімен қол жеткізген көліктерін игіліктеріне мініп, «ала таяқтылардың» қоғамда өз орындарын білуі – басты мақсаты.

Уақыт өтті, шақар шалдар келмеске кетті. Бірақ, суға қатысты дау қалып қойды. Тек сипаты басқаша... Өткен жылы қазан айында «Егемен Қазақстан» газеті бетінде Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында теңіз жағасындағы табиғи тұщытылған жер асты суларын шаруашылық-тұрмыс тық қажеттіліктерге пайдалану үшін сутартқыш имараттар салынғандығын хабарлағанбыз. Жобаны жүзеге асырушы осыдан 5 жыл бұрын құрылған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК болатын. Өз жұмысын Елбасы Н.Назарбаевтың ауылшаруашылық секторын дамыту, табиғи жайылымды тиімді пайдалану тұрғысындағы тапсырмаларына сəйкес ұйымдастырған мекеме екі кезеңнен тұратын жобаның алғашқы бөлігінде теңіз жағалауынан 15-25 метр тереңдіктен 8 ұңғыма қазып, əрқайсысы 300 м³ сыйымдылықтағы 2 резервуар қойды. Ақшұқырда ішкі су жүйе лерін салып, суды құбырмен үйді-үйге жеткізіп беру жəне əлгі су ды одан əрі ашық резервуарларда тұщытып, күн сəулесімен байыту арқылы ауыз суға айналдыру, көкөністер өсіруге жарату – жобаның екінші кезеңінің жүгі еді. Тəжірибелі су маманы А.Мұрзаев басшылық ететін су мекемесі құрылғалы бері Маңғыстауда бес жобаны қолға алды. Олар қазған ұңғымалар мен орнатқан қондыр ғылардан шөлін қандырып, суға қажеттілігін өтеп отырған ауылдар жоқ емес. Ал Каспий теңізі жағасындағы тұздылығы төмен жер асты суларын тарту ар қылы халыққа арзан су беру, мал жəне егін шаруашылығын дамы ту, жақын маңдағы далалық шөп терді жаңбырлатып суару, жо ңышқа, жүгері дақылдарын өсіріп шаруашылыққа қажетті жемшөп базасын құру – мекеме қызметінің басты бағыттарының бірі. «Ақшұқырдағы су имараттары жобасының екінші кезеңі басталды ма екен?» деп жаңалық хабар күтіп жүргенімізде, жерасты суларын кəдеге жарату арқылы тұрғындарға су тауып беремін деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген А.Мұрзаев хабарласты. Бірақ, хабары мен күткендей жағымды емес. – Бұрын пайдаланылғанмен

кейін түрлі себептермен қолданыстан шыққан су көздерін аршып, жерасты суларын ұңғыма арқылы тартып біраз шаруаны бірыңғайлаған едім. Тұрғындардың да қолдапқуаттауы жақсы, біткен іске риза. Ақшұқырда жобаның екінші кезеңіне 40 дана қосымша ұңғыма қазуға жер орнын сұрап Түпқараған ауданы басшылығымен кездестім. Аудан əкімінің орынбасары Дəулеткерей Меңдіханов «алдымен су тұшытатын қондырғыларды тауып орнатыңдар, біз биыл Ақшұқыр ауылына су таситын көлікпен болса да су беруіміз керек, жер телімін кейін береміз» дегесін мен Финляндияға барып, Маңғыстаудың табиғат ерекшелігіне қолайлы қондырғыны қарап келдім. Алайда, Д.Меңдіханов өзі білетін бір мекемемен су тұщытатын қондырғыны 5 жылға лизингке сатып алу үшін келіссөз жүргізіп жатыр екен. Айтатын уəжі – «нысана Түпқараған ауданындағы мекеменің балансында болуы керек». Менің шаруама тосқауыл қойып, өздерінің ішкі есебін жүзеге асыруға əрекеттенгені қалай? – дейді ол. Не нəрсенің де бастауы қиын, осы қиындықтың бəрін артқа тастап, ойлаған ісін ортасына дейін еңсеріп келгенде Абдулла мырзаның алдынан қолдан жасалған кедергілер кездесіп тұр. Бұған дейін жолын қа лың шөп басып ұмыт қалған құла түз, ондағы қолға алынбай қаңырап тұрған құдықтар қайта қазылып, шып-шып су көзі көріне бастауы базбіреулердің қызығушылығы мен қызғанышын тудырғандай. А.Мұрзаевтың айтуынша, Түпқараған басшылығы бұл нобайлаған жобаны жарты жолдан иемденіп, «Ақшұқыргазсервис» мекемесіне телімек. Теңіз жағасы мен ондағы жерасты табиғи тұщытылған су қоры аталмыш ауданның аймағына жуырда пайда бола кеткен жоқ, сонда ауданның азаматтары бұған дейін аяқ астындағы суды көрмей аспаннан ай қарап жүргені ме? Енді «берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» деп тым тəуір басталған іске оралғы болуының сыры неде? Халыққа керегі – су, ал басқаларға ше? Су имараттары орналасқан жер жобаны жүргізуші «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК-ге ресімделген жəне бұл меншігіне өтіп кетеді деп күдіктенетіндей жекенің иелігінде емес, мемлекеттік мекеме. Суландырудың, құдықтың, қондырғының жай-күйін білетін маманы жоқ, бұрын-соңды су мəселесімен айналысып көрмеген

«Ақшұқыргазсервис» МКК жұмысты лайықты атқарып, тұрғындарды сумен қамти алады ма, əлде қарауына алғанмен қауқары келмей шатқаяқтай ма? Мұның зардабын тартатын халық қана болмақ. Бұлай алаңдауымыздың да өз себебі бар... Қарақия ауданының Сенек ауылынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан Аққұдық елді мекенінің Ақмая жерінен Одақ кезінде 2 ұңғыма қазылып, кейін қаңырап қалған. Суы ащы болғандықтан, қы зығушылық та көп болмаған сыңайлы. Аққұдықта қазір 40 шамалы отбасы бар, бəрі де мал қамын күйттеп отырғандықтан ірілі-ұсақты мал басы жетерлік. Осыдан 2 жыл бұрын Қарақия ауданының əкімдігі бөлген қаражатты алған бір мекеме құбыр тартып, ескі ұңғыманы іске қоспақ болады. Су тұщытатын қондырғы орнатқанмен, суды тұщыта алмай əлекке түседі – қондырған сораптары (насос) күйіп кетіп, су айдай алмай əбігерленеді. Ақыры Аққұдықтағы жұмыс адыра қалып, далада қондырғының қауқиған қаңқасы ғана қалады. Сонда «Аққұдық ауылын сумен қамту мен Ақмая жерінде тұщыту қондырғысын жинақтау мен ұңғымаларын жарақтандыру» нысаны үшін бөлінген 104 282 399 тең ге қыруар қаражат айдалаға апарып тастағандай желге ұшқаны ма? Мақсаты болғанмен, маманы жоқ мекемеге мойынсұнбаған жоба қазір «Тұрмыс-Сервис» МКК-ның «мойнына ілулі». Бір қызығы жапан даладағы жай-күйді кім барып көріп-біле қояр дейсің дей ме, əлде қаражаттың есебінде шикілік бар ма – бұл нысан туралы «жұмыс жасауда, тұрғындарға ауыз су берілуде» деген ақпар беріліп жүр. Расында, Аққұдықтағылар суды жолы қашық əрі қиын Сенектен тасып ішуде. Кетеуі кеткен істен үміті үзіліп, өздерінің қолынан келмейтіндігін іштей мойындаған Қарақия ауданы «қашық орналасқандықтан күтіп ұстауы қиын» деген желеумен нысанды «Маңғыстау облысының су жүйесі» мекемесіне ысыра салуға ынтық, ал Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болса, «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деп бойын аулақ ұстап отыр. Бұл маманы жоқ мекеменің жұмысты мандыта алмағандығының мысалы. Ауыл тұрғындарының суға деген сұранысын қанағаттандыруға шын пейілді болса, Түпқараған ауданы басшылығы осы сəтсіздіктен сабақ алуы керек еді... Біреудің дүниесін баса-көктеп «жаулап алу» жақсы əрекет емес. Былтырдан бері «əуежайға құбырмен жеткізілетін МАЭК-тың суын көлікке кезекке тұрып тасымалдатпай, үйімізге əкеп шүмекпен ағызады» деп тəтті үміт жетегінде жүрген ақшұқырлықтардың арманы барымтаға ілікпесе болғаны. Мəселеге облыс əкімдігі назар аударып, жобаның жолдан торығандарға қолды болмай, кəнігі мамандары, тəжірибесі бар, істің бастаушысы болған «Маңғыстау облыстық су жүйесі» МКК-ге берілуіне ықпал етсе – ел шулы емес, сулы болар еді. Маңғыстау облысы.


24 сəуір 2013 жыл

Ұ

йықтап жатқанмын. Телефон шылдыры оятты. Ұшып тұрдым. Трубканы көтеріп, құлаққа тоса бергенде-ақ таныс дауыс естілді. Үнінен абыржушылық байқалады. Жылдамдатып, асығыс сөйлегендіктен, канша ойлансам да кім екенін ажырата алмадым. Сəлемсауқаттың рəсімін де жасамады. Өз ойын бірден төкті. – Сұлтанғали, ертең коман дировкаға кетуші едім. Бүгін түстен кейіннен бастап мазам кетті. Орталық Комитеттегі бір танысыма телефон шалып едім. Ол ешбір қазақтың ойына кіріп-шықпайтын тосын хабар жеткізді. Сендер журналистік пост құрып, күнде телевизиядан хабар беріп, құрылыс барысын экраннан көрсетіп жүрген биік таудағы Медеу комплексі бар емес пе? Соның аталуын «Медео» деп өзгерткелі жатқан көрінеді... Осы сəтте ғана ұйқым шайдай ашылды. «Ме-де-о, Ме-де-о, Меде-о...» деп іштей күбірлей бердім. Трубкада сөйлеп тұрған адамның кім екенін енді ғана танығандаймын. – Мəке, сіз екенсіз ғой. Үйге телефон соқпаушы едіңіз. Үй ішіңіз аман ба?.. – Сұлтанғали, бəрі аман. Тек «Медеу» сөзінің «Медео» болып бара жатқаны жаман. Осы атауды естіген бойда ЦК-дағы біраз таныстарыммен телефон арқылы сөйлесіп, бұлайша өзгертуді кім бастағанын да анықтағандай болдым. Сенің əріптесің көрінеді. Сен мені тыңда. «Осы сөз үшін реніштерін бұрынғыдан да тереңдетіп алар», деп оның ат-есімін айтқым келмеп еді. Бала емессің. Жүз шайыспа. Ол тек ұсыныс жасаушы ғана. Жер-су атауын ол емес, Орталықтағы дөкейлер бекітеді. Сондықтан... – Орталықтағылар осылай ұйғарса жəне, Мəке, сіз сияқты аса беделді азаматтар өз пікірін өткізе алмай жатса, сіздермен салыстырғанда мен кіммін соншалық?! Менің сөзіме кім құлақ аса қояр дейсің. – Дұрыс айтасың. Бірақ сен бұл іске басқа жағынан кірісуің керек. Осы сөзді арқау етіп, спорт хабарларыңда ретін келтіріп, жиі-жиі айтып, көрермендердің назарын аударсаң деймін. Тек өзің ғана айта бермей, хабарға қатысқан адамдарға сұрақ беріп, «Осы дұрыс па?» де. Спорт жанкүйерлерінің пікірін сұра! Көше жүргіншілерінен интервью ал. Медеу комплексіне барып, сондағы қазақ жұмысшылары мен қызметкерлерінен сөз тарт. Спорт мамандары бұл атауды қалай қабылдар екен? Оларға да ой сал. «Медеу» деу керек пе, əлде «Медео» дегеніміз дұрыс па? деп сұрақты төтесінен қой. Стадион атауы əлі ресми түрде бекіген жоқ. Жұрт «Медеу» атауының «Медео» болып өзгеруіне қарсылық білдіріп жатса, орталықтағылар райынан қайтар. Осыдан басқа амал қалған жоқ. Түсіндің бе? Сен мұны партиялық тапсырма деп ұқ!.. – Мен коммунист емеспін ғой. – Е, онда тіпті жақсы! Саған партиялық пəле-жала жуымайды. Судан құрғақ шығасың. Бұл Мифтақ ағай еді. Жантикин. Орталық Комитеттің үгіт-насихат бөлімінде ұзақ жыл қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орден, медальдармен марапатталған. Көпшіл. Өзі соншалық əңгімешіл. Орыс тілінде айтылатын анекдотқа жүйрік. Ол оны бір бастаса, сол жерге жұрт тез жинала қалады. Мифтақ ағаның дауыс ырғағы сондай əңгімеге лайықты. Жұрт қырантопан күліп жатқанда өзі тек езу тартады да қояды. Қашан көрсең де көз жанарының күлімсіреп тұрғанын аңғарасың. Мен Мəкеңді бұрын сырттай ғана танитынмын. Кенжеболат Шалабаев Орталық Комитеттен Қазақ телерадио комитетіне төраға болып ауысқаннан кейін арада бір жыл өтер-өтпестен осы Мифтақ Жантикинді радиоға шақырған. Сол кезден бастап білемін. Өзі спорт жанкүйері. Əсіресе, футбол мен допты хоккейді ұнатады. Репортаждардың қазақша жүргізілуін пəрменді қолдағандардың бірі осы Мифтақ ағай. «Олай сөйлеме, былай сөйле», деп ақыл-кеңес береді. Алдын ала келіскен ғой деп ойлаймын. Мифтақ ағайға К.Шалабаевтың бірден жаңа жұмыс жүктепті. Мəскеудегі «Маяк» радиосы сияқты «Шалқар» бағдарламасын ашып, соны басқарасың дегенге ұқсайды. Кенжеболат өте ақылды, өте іскер кісі еді. Ол «Шалқар» бағдарламасын ашу арқылы соның есебінен ауылдық жерге таратылатын қазақ тіліндегі хабарлардың көлемін ұлғайтпақ болған. Мұны өзі ашып айтпаса да ұжымдағы қарадомалақтар астарын сезіп, Кенжеболат ағаны іштей жақсы көре бастады. Шынында да, К.Шалабаевтың ұлтжандылығы өзгеше еді ғой. Оның тұсында телерадиода қазақылыққа қатысты бір жаңа идея туындаса, ол оны бірден қолдай қоймаса да, бірте-бірте жүзеге асыратын. Əуелі радиода, содан арада бір жыл өткен соң теледидарда арнайы бөлім ашып, бұрын тек бір тілде – орыс тілінде беріліп, құлақ сіңісті болып қалған спорт

ЗДІК І С Л ТƏУЕАПТАРЫ ТАЛ

 Айбын

Медеу(о) (о)

БІЗ БІР ƏРІП ЇШІН ќалай кїрестік? Сұлтанғали ҚАРАТАЙҰЛЫ,

қазақтың тұңғыш спорт комментаторы, Қазақстан спортының құрметті қайраткері.

хабарларын қазақ тілінде сөйлеткен осы К.Шалабаев еді. Бастығынан тапсырма алған Мифтақ Жантикин Мəскеуге жиі барғыштады. Орталық радиодағы «Маяк» бағдарламасының іс-тəжірибесін терең зерттеп, соның қазақ тілінде берілуінің үлгісін жасады. Казіргі «Шалқар» сол Мифтақ ағаның жоба-жоспарынан бастау алғанын ұмытпауымыз керек. Кенжеболат аға «Шалқар» бағдарламасын қаз тұрып кеткенге дейін назардан тыс қалдырмады. Лездеме сайын өзі сөйлеп, бағдарламаның жетістік жағына айрықша тоқталатын. Мифтақ ағай екі тілге де судай. Содан оны Брежнев тұсында өткен бір сьезге күллі Қазақстанның журналистері атынан хабар беріп тұруы үшін бірегей етіп Мəскеуге жіберді. Əттең, нақ осы тұста Мəкең масқара болды. Естуімізше, Польша журналистерімен дастарқан басындағы əңгімеде «біз соғыста Польша жерін керзі етікпен таптап өттік...» дегенге ұқсайды. Соны кек тұтқан Польша журналистері съездің президиумына ресми түрде наразылық хат түсіреді. Осыны желеу етіп съездің басықасында жүрген КОКП Орталық Комитетінің шенеуніктері Мəкеңді 24 сағаттың ішінде Мəскеуден кетуге мəжбүрлейді. Сол тұстағы Алматыда өрбіген өсекаяңға құлақ түрсең, тіпті қорқынышты. Ол кездегі партия съездері 5-6 күнге созылатын. «Съезд біткен соң мəселесі Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде қаралады екен... Партия билетін алады екен... Соттайды екен... Жер аударуы да мүмкін... Байғұсқа қиын болды ғой... Таяқтың бір ұшы Кенжеболат Шалабаевқа да тиетін шығар. Ол төрағалықтан түсіп, партиялық жазасын алады, əрине...» деген гу-гу əңгіме ұзаққа созылды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің көптеген қызметкерлерімен, əсіресе, бірінші хатшы Дінмұхамед Қонаевтың жеке өзімен өте жақсы, адами қарымқатынаста болған Кенжеболат аға сол тұста өзін ұмытып, Мифтақты қорғап, арашаға түскенін ұжымдағы құлағы түрік азаматтардың бəрі айтып жүрді. Ақыры, Мифтақ аға қанқұйлы жазадан аман қалды. Кенжеболат аға да қызметін жалғастыра берді. Осындай қиын-қыстау сəтте К.Шалабаев адамгершіліктің тағы бір үлгісін көрсетті. «Қауіп-қатерден құтылдың. Енді жұмысқа шық!» демей, өзінің достық пейілін білдіріп, Мифтақ ағаны қызметіне кірісуге бірден шақырмай, психологиялық жағынан қалпына келуі үшін (Кенжеболат ағаның маған да дəл осындай жақсылығы болған) екі-үш ай үйден шықпай отыруына жағдай жасады. Гу-гу, ду-ду əңгіменің бастапқы серпіні семіп, съезд қарарларымен қаруланған жұрт еңбекке қызу кірісіп жатқан күндердің бірінде Мифтақ ағай қызмет үйінің сыртқы есігінен кіріп келді. Оның сол сəттегі реңін көрсең. Өң жоқ, түс жоқ, сұп-сұр. Бұрын қара торының əдемісі еді. Беті əжім сызықтарынан ада болатын. Енді жағы солыңқы, қабағы түсіңкі. Кінəлі адамдай бейшаралық күй кешкендігі көрініп тұр. Бұрынғыдай жарқын мінезін танытқысы келетін-ақ сияқты. Соның өзінде қымсынғаны байқалады. Мифтақ ағаның сол кездегі жүдеу де аянышты кейпі əлі күнге дейін көз алдымда.

5

www.egemen.kz

Партияның алдында қиянаты бар деп шеттетпей, оған жұрт бұрынғысынша бауырмалдық, ізгі ілтипаттық танытты. Ұжымның өзіне деген ыстық ықыласын сезінген Мифтақ ағай баяғы қалпына тез келді. Енді, міне, бірінші рет маған телефон шалып, өзінің нағыз ұлтжандылығын аңғартып отыр. – Сұлтанғали, спортты теледидардан көретін жанкүйерлердің бəріне бірдей ұнамасың анық. Бірақ олар сенің ана тілімізде сөйлегеніңді қолдайды. Өз үлесіңді – қазақ үлесін таласып алып жүргеніңді түсінеді. Мына «Медеу» деген сөзді «Медео» деп өзгертуге қатысты жұрттың қарсы пікір білдіруі сенің ұлттық ұстанымыңа дөп келеді. Сол себепті саған да арнайы хабарласып жатқаным ғой. Терең түсін! – деп аяқтады Мифтақ аға телефондағы сөзін. Мен қайбір сыр сақтағыш адаммын. «Мифтақ ағай іссапарға кетер алдында телефон соқты» демесем де, биік таудағы мұз айдыны кешенінің ресми атауы «Медео» болып өзгеретінін, осылай аталуына əріптесімнің едəуір ықпал еткенін кездескен таныстарыма айта бастамаймын ба, жерден жеті қоян тапқандай. Медеу құрылысына журналистер де елеулі үлес қосты. Олар ондағы жұмыс барысын газеттерде жазды, эфирде əңгімеледі. Ал біз, теледидар қызметкерлері, бұл іске тіпті басқа сипатта білек түре кірістік. Спорт редакциясы Медеуде комментаторлық бекет (пост) құрды. Бұл бастаманы көтерген жəне пəрменді ұйымдастырған, обалы не керек, Владимир Давыдович

жетік маман. Бүкілодақтық дəрежедегі футбол төрешісі, Дауысы эфирде таза да тұнық, ашық та айқын естіледі. Сөзі жатық. Көз алдында болып жатқан алаңдағы көріністерді дəл жеткізеді. Бұрын тек бір тілде–орыс тілінде репортаж берілгендіктен, Толчинскийді спорт жанкүйерлерінің бəрі танитын, бəрі жақсы көретін. Мен əу баста одан көп үйрендім. Оның əр сөзіне ден қоюшы едім. Бірақ əлгіндей оғаш бастамасын – «Медеуді» «Медео» деп өзгерту туралы ұсыныс жасағанын естігенде, қатты қапаландым. Қазақта «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген мақал бар. Оны жақсы көруім, пір тұтуым енді тұмандана бастады. Бұрын қазақ кадрларының спортта өте аздығына қатысты əңгіме өрбігенде, қазақ тіліндегі спорт хабарлары оның тікелей араласуымен, еш себепсіз бағдарламадан түсіп қалып жатқанда ашынып, қызылкеңірдек болып қалатынымыз бар-ды. Сондайда ұлттық қаның таситын. Намысқа тырысатынсың. Бірақ оны кек тұтпай, пейіліміз теп-тез шайдай ашылып кете баратын. «Мұның бəрі күнделікті қызметімізге байланысты пікір таласы ғой...», дегендей ойға келіп, өзімнің албырттық өруімді тежеп жүретінмін. Алайда, бұрын аңғармаған олқылықтар енді көзге түсіп, қоюлана берді. Ең бастысы, жергілікті ұлт өкілдерімен қаншама сырттай татутəтті болып жүрсе де, қазақ тілін жек көретіндігі мені таңғалдырды. Онысын ашып айтпаса да, «Спорт хабарларын, əсіресе, спорт репортаждарын қазақ тілінде берудің қажеті жоқ. Қазақтар

«Қазақ тілінде «о»-мен аяқталатын бірде-бір сөз жоқ. Сіз біздің тілдің ішкі сипатын білмей, оны өзге тілдің ыңғайына бұрасыз», деймін ашуға булығып. Осының бəрі тоғысып, енді Медеудің «Медео» болып өзгеруіне келіп тірелді. Толчинский еді. Арнайы оператор бөлінді, көлік бөлінді. Алғашқы күндері сəтсіздікке ұшырадық. Биік тауға көтерілгенде оператор Коптевтің қан қысымы артып, мұрнынан қан кетті. Жазда қатынау қиын емес еді. Қыста, əсіресе, аязды күндері жеңіл көлік тайғанақтап, тауға шығу оңай болмады. Теледидар басшылары оны да шешіп берді. Сөйтіп, түсірілген сюжетті күн сайын көрсете отырып, Медеу құрылысының барысын əңгімеледік. Мамандар шақырып сөйлеттік. Арнайы хабар жасап, мұз айдынының тарихын қозғадық. Ол кезде Медеудің атын өзгерту ешкімнің де ойына кіріп-шыққан жоқ-ты. Құрылыс аяқталды. Онда конькиден тұңғыш рет Еуропа чемпионаты өткізілетін болды. Міне, нақ осы тұста стадионды қалай атау жөнінде Орталық Комитетте сөз болғанға ұқсайды. Үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі (есімі жадымда жоқ): «Медеу» деген кім өзі? Революционер болмаса, қоғам, партия қайраткері болмаса, оны дəріптеудің не қажеті бар? Əрі айтуға да ауыз жуыспайды екен...», депті-міс. Соны естіген Толчинский «Медео» десек қайтеді? Еш мүдірмей жеңіл айтылады. Шетелдіктерге де оңай десе керек ақылгөйсіп. Осыған келіскен Орталық Комитеттің үгітнасихат бөлімі «Медеу» кешенінің маңдайшасына осы сөзді «Медео» деп үлкен əріппен жазып қоюға рұқсат береді. Мифтақ ағай мұны дəл сол күні естиді. Сөйтіп, дабыл қағады. Мен Владимир Давыдовичті бұрын ұстаз тұтатынмын. Ол – өз ісіне өте

орыс тілін жақсы түсінеді, жақсы біледі. Сондықтан репортаждарды Ленин тілінде, Пушкин, Толстой тілінде жүргізуді қолдауларың керек...», деген пікірін лездемелерде айтқанымен қоймай, кез келген таныс, дос-жарандарының құлағына құятындығы сезілді. Осындай пікір қозғаған «домалақ» хаттар жиі келетін болды. Тіпті Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласынан да түсті (соның бірі əлі күнге дейін қолымда сақтаулы). Мұндай айла-шарғыға да мəн бермес едім, егер əріптесімнің ұлттық тілге қатысты ғайбат сөздері іспен дəлелденіп жатпаса. «Алматыдағы орталық стадионға Қажымұқан атын берейік» деп мəселе көтеріп, газетке материал дайындадық. Оның да жолын кесті. 1966 жылы жасанды мұзы бар спорт сарайы іске қосылғанда да Қажымұқанның атын тағы еске алдық. Оған да тосқауыл қойғаны құлағымызға жетті. Бірақ ол бұл жолы қиыннан жол тапты. Спорт сарайын «Октябрьдің 50 жылдығы атындағы» деп атауды ұсынып, мақұлдатты. Бұл 1967 жылы аталып өткен Кеңес Одағының 50 жылдығына сайма-сай, тұстас келді де, бірден жұрттың аузы жабылды. «Мұндай іс-шара Владимир Давыдовичтің құзырына енбейді ғой», дер кейбіреулер. Иə, солай. Бірақ қазақ тіліне жаны ашымағаны анық. Өзі сүттен ақ, судан таза болса бір сəрі ғой. Эфирге отырып, кез келген статистикалық деректі еш ойланбастан, қалай болса солай айта салатын. Бұрын ондайын байқасам да, аса мəн

бермейтінмін. Енді сезген бойда тура бетіне айтудан тартынбадым. Сыпайылап түзеткенім репортаж кезінде талай рет эфирге кетті. Оны жұрт осы уақытқа дейін ұмытпай айтып жүр. Сынды кім ұнатушы еді, тəйірі! Кикілжің қаспақталып, қалыңдай түсті. Міне, нақ осы шақта «Медеу» сөзін «Медео» деп атауды ұсынып, Орталық Комитеттегі таныстарына мақұлдатып жіберді. Біз қаншама шырылдадық, күңірендік. Қазақ тілін қорғаймыз деп жүріп, ашуызамен артық-кем сөз айттық. Сол тұста көп сөздікті парақтадым. Əр саланы қамтитын 100-ге жуық сөздік-кітап сатып алдым. Мен өзге журналистерге ұқсамаймын. Қанша дегенмен, тіл-əдебиет факультетінде оқыдым ғой. Жəй қатардағы студент емес, Абай атындағы стипендиатпын. Тілді түп-тұқиянын қалдырмай, жеті атасынан бастап қаужайладым. Қазақстанның тіл мамандары жазған кітаптарды былай қойғанда, есімдері əлемдік лингвистикада құрметпен аталатын Малов, Ефремов, Виноградов, Радлов, Чиковаво, Трофимов сияқты ғұламалардың еңбектеріне көз жүгірттім. Сондағы оқығандарым əсер еткені анық, «Орыс тілі – империя тілі. Ол саны аз ұлттың тілін жұтып қояды», деймін. Журналдан не «Известия» газетінен оқысам керек, бір грузин ғалымының «Орыс тілінің енуі осы қарқында жүре берсе, грузин тілі 250 жылда жойылады», дегенін де тілге тиек етемін. «Қазақ тілі – бай тіл. Оның синонимдік қатары мол», деймін. «Сіздер сан жағынан аз ұлттың сөздерін қадірлеуді ұмыттыңдар!», деп жеке əңгімеде əріптесімнің бетін қайтарған боламын. Осындай дəлелдерім оған жаға қойсын ба?! «Ұлтшылсың!», дейді қарсылығын саясатқа бұрып. Бұл сөзден сол кездегі əкім-қаралардың бəрі қорқатын. Мен оны шовиниссің деуге батылым бармайтын. Өткен ғасырдың 70-жылдары «ұлтшыл» деген сөздің жаңа синонимдік сыңары тілдік қорға қосылды. Ол «ұлтжанды» деген сөз. Мен енді «ұлтжандымын» деп қорғандым. Əріптесім бұған да қаймықпады. Сəті түскенде, əсіресе, қазақ тіліне қатысты пікір таласы өрбігенде мені тобықтан қағудан тартынбады. «Қазақ тілінде «о»-мен аяқталатын бірде-бір сөз жоқ. Сіз біздің тілдің ішкі сипатын білмей, оны өзге тілдің ыңғайына бұрасыз», деймін ашуға булығып. Осының бəрі тоғысып, енді Медеудің «Медео» болып өзгеруіне келіп тірелді. Бір өкініштісі, тілге қатысты өрбіген осы дау-дамайда мен кейде жалғыз шырылдағандай күй кештім. Рас, лездемелерде бар орысшамды сарқа пайдаланып, əдеп сақтап, жайлап сөйлесем, кабинеттегі пікір таласында дауыс көтерген кезім болған-ақ шығар. Бір ғажабы, сондайда өзгелер үнсіз. Əріптесім өз ойын дəлелдеп, орыс тілінің құдіреттілігін баса айтып, қазақ тілін түкке тұрғысыз етіп жатса да, тіпті «Қаратаев – ұлтшыл» деп жатса да оның аузын ешкім жаппады, жапқысы да келмеді. «Жоқ, сен қателесесің!» десе, қазіргі көзі тірі əріптестерім айтсыншы. Мен оларға ренжімеймін. Коммунистік заман ғой. Қызметтестердің, əсіресе, басшылардың дені осы партияға мүше. Олар 30-жылдардағы қуғын-сүргінді бастан кешірмесе де, оның суық ызғарын менен гөрі көбірек сезінді. Саясатқа қатысты əңгіме өрбісе, даудамай туындаса, «Аш пəледен қаш пəле» дегенді ойға перделеп, үнсіз қалады. Ал жиын аяқталып, сыртқа шыққанда, кабинеттегі пікір таласы саябырсығанда, оңаша қалғанда олар қолдаған болып, қайсыбірі арқамнан қағып, қолымды қысып, «Жақсы айттың! Өте дұрыс айттың!», деседі қолпаштап. Мен соған мəз болып кете барамын. Қазақ тілінде «Əңгімеден əңгіме туындайды» деген мəтелдік сөз тіркесі бар. «Медеоға» қатысты пікір таласы осылай жұлқысып, осылай белдесті. Сынбадық, тізе бүкпедік, тек майыстық. Сол тұста күле қарап, «Қай жеңгенің менікі!» дегендей сыңай танытқандар да болды. Олар ана тілінде таза сөйлеп, таза жазатын, білікті, білімді болса да қазақ тілінің жоғын жоқтамады. Тілге қатысты кез келген жағымсыз көрініске көнбістік танытты. Бұл үшін əріптестеріңді кінəлай алмайсың, əрине. Себебі, заман солай. Тіпті Владимир Давыдовичті сол коммунистік заман туғызып, тəрбиеледі. Ол қазір арамызда болсыншы. Сөз жоқ, қазақ тілінің мемлекеттілігін қолдар еді. Өзге əріптестерім де сол кездегідей жалтақ көз болмас еді. Ал біз Мифтақ Жантикин ағаның бір ауыз сөзін қолдап, дуылдадық, шуылдадық. Бір əріп үшін осылай күрестік. Сол күресімізге Тəуелсіздік нүкте қойды: 1976 жылдан 1991 жылға дейін 15 жыл қаспақтанған «Медео» жазуы биік таудағы стадионның маңдайынан сүртіліп тасталды. Шүкір делік. Осындайда қазақ тілінің бір жұрнағы үшін қалай күрескенің де еске түседі екен. Оны кейінге қалдыралық. АЛМАТЫ.

Жауынгерлік парадта отандыќ ґнімдер кґрсетіледі «2013 жылғы 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мерекелеу құрметіне «Отар» 40-шы əскери базасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парадында жаңа жəне жетілдірілген əскери техника мен қару-жарақтың жəне байланыс құралдарының көрсетілімі болады. Бұл өнімдердің бəрі «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың құрамына кіретін қазақстандық қорғаныс өнеркəсібі кешені кəсіпорындарында жасалған. Атап айтқанда, олардың бəрі əскери жəне азаматтық мақсаттағы арнайы техникалар. Оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, түрлі стансалар, қар мен батпақта жүруге арналған «Тұлпар» көлігі, ЕС145 тікұшағы жəне ұшақсыз ұшу аппараттары бар. Сонымен қатар, Қазақстанның əлеуетті құрылымдары үшін шығарылған түнгі көру құралдары, əртүрлі модификациядағы бронды кеудешелер жəне басқа да дербес қорғаныс құралдары көрсетіледі. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жауынгерлік парадқа 80-нен астам ұшақ пен тікұшақ қатысады. Құрлық əскерлері мен Əуе қорғанысы күштерінің əскери бөлімдері заманауи қару-жарақ пен техниканың пайдалану мүмкіндіктерін тактикалық жəне тəжірибелік тұрғыда көрсетпек. Сонымен бірге, Каспий акваториясындағы Қазақстан Əскери-теңіз күштері кемелерінің жауынгерлік атысы онлайнрежімінде таратылатын болады.

«Егемен-ақпарат».

Азаматтыќ борышын ґтеуге аттанды

Кеше Астанадағы Отан қорғаушылар алаңында «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының ұйымдастыруымен жəне «Жас Отан» жастар қанаты, қалалық жастар мəслихаты, қорғаныс жəне білім басқармаларының қолдауымен жастарды əскер қатарына шығарып салу салтанаты мен «Астана жастары мен əскер – біртұтас» атты əскери-патриоттық акциясы өтті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Салтанатты шараға əскерге дейінгі жəне əскер жасындағы мыңдаған жас жігіттер мен көктемгі əскерге шақырылған 200-ден астам жас қатысты. Осы жерде ардагерлер мен Республикалық Ұланның сарбаздары «Отан – Ана» ескерткіші алдындағы Мəңгілік алауға Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне гүл шоқтарын қойған соң, ата-баба рухына бір минуттық үнсіздік жарияланды. Осыдан кейін Халық Қаһарманы, Парламент Мəжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов пен басқа да азаматтар əскер сапына шақырылғандарға аманат сөздерін айтып, жиналған мектеп оқушыларына, бастапқы əскери сабақта белсенділік көрсеткен əскер жасындағы жастарға əскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куəліктерді салтанатты түрде табыс етті. Ал əскер қатарына шақырылған жастар болса, олардың атынан Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тумасы, Көкшетаудағы «Көкше» академиясының Қуат Сəтібаев деген түлегі сөз сөйлеп, əскери қызметті абыроймен атқаратындарына уəде берді. – Біз бүгін ерекше жауапты кезеңнің алдында тұрмыз. Əрбір азаматтың абыройлы міндеті Отан қорғау болса, борышымызды өтегелі əскер қатарына шығарып салу рəсіміне қатысып отырмыз. Бұл шара кешегі өткен сұрапыл соғыста ел үшін құрбан болған ардагер аталарымыздың құрметіне орнатылған «Отан-Ана» монументінің алдында өтуі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен өз достарымның атынан, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында əскери қызметімізді абыроймен атқаратындығымызға сендіргім келеді, – деді ол. Сол сияқты осы шарада бізбен əңгімеде Қарағанды облысының тумасы, Қарағанды политехникалық институтының 3-курс студенті Ғизат Исхақ əскер қатарына шақырылып жатқанына өз басы өте қуанышты екенін, əскери қызметті абыроймен атқарып, Отан алдындағы азаматтық борышын лайықты деңгейде өтеп шығатынын айтты. «Біз – бір елдің баласымыз. Менің ата-бабам Кавказ халқының өкілдері болса да, Қазақстан менің Отаным. Мен осы жерде тудым, өстім. Енді Отанымды қорғау жəне оның алдында əскери борышымды өтеу менің азаматтық парызым, міндетім», – деді ол. Одан əрі шара аясында əскери техника, атыс қару-жарақтары, əскери киім үлгілерінің көрмесі, əскер түрлерін таныстыру рəсімі өтті. Осы жерде жас жігіттер мен бозбалаларға «АК-74» автоматын шашып, қайта жинау машықтары көрсетілсе, олар өз кезегінде БТР, БМП-лардың асты-үстіне шығып, əскери техникаларды қызыға тамашалады. Акцияда сондай-ақ «Қалқан» арнайы жасағы взводының десанттық-шабуылдаушы бригадасының, Қорғаныс министрлігі аэроұтқыр əскерінің жəне Республикалық Ұланның құрметті қарауылының дефиле ротасы өнер көрсетті.

––––––––––––––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.


6

Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында кеңестік ғылымға жан-тəнімен қызмет етіп, аттары əлемге жайылған аса көрнекті екі ғалым болды. Олар ағайынды Вавиловтар еді. Бірі – сталиндік репрессияның құрбаны, бірі – КСРО Ғылым академиясының президенті. Халық жауы (атанған) Вавиловтың «кінəсі» генетика саласында ашқан жаңалықтарын қызғыштай қорғап, ымыраға келмегені. Сондықтан да жаулары үстінен қайта-қайта арыз жазып, ақыры түбіне жетіп тынды. Вавиловтың жетістіктерін теріске шығарып, өз дегенін дəлелдеп баққан Лысенко Сталиннің шапағатына бөленді, жоғары атақ-абыройға жетті, бағы жанды. Ол өзін (жау атанған) Вавиловтың шəкіртімін дейтін. Ұстазының орнын тартып алған бойда өзгеріп шыға келді. Сталин өлген соң əсіреқызыл, мансапқор екені əшкереленіп, із-түзсіз жоғалды. Ағайынды Вавиловтардың екіншісі – КСРО Ғылым академиясының президенті боп, ғылымға мол үлес қосты, абырой биігінен көрінді. Бірінші Вавилов та ақталып, əділдік қалпына келді. Ағайынды Вавиловтардың есімі ресейлік ғылым тарихында алтын əріптермен жазулы. Төменде баяндалғалы отырған оқиға да, дəл солардай болмағанмен, базбір ұқсастық жақтары жоқ еместей. Əңгіме Хрущевтің өктемдігіне көнбей, өз ұстанымдарынан қайтпаған Өзбекстан жетекшісі Усман Юсупов пен оның сенімді серігі – оң қолы, Хрущевке ашық түрде қарсы шыққан одақтық министрліктің басқарма бастығы, қазақ ғалымы Мұрат Бəкірұлы Майлыбаев жайында.

Ол кезде Арал қалпында еді Хрущевтен қорықпаған бір өзбек, үш қазақ Одақтық министр... Республика басшысы... совхоз директоры... Майлыбаев марапаттан бас тартты Бұл хақында «Біз Мұрат ағамен жай жерлес емес, бір ауылда туып, бір өзеннің суын ішкен тату-тəтті ағайын іспетті адамдар едік, – деп еске алады Ресей Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор, байырғы гидротехникмелиоратор, қазір де мамандығы бойынша еңбек ететін Абай Тұрсынов. – Өмірге келгеніне жүз жылдан асты. Рамадан тайпасынан тарайтын Мұрат ағаның ата-ана, ағайын-туыстары Ташкент айналасындағы біздің ата-бабаларымыз мекендейтін Қауыншы аймағында ғұмыр кешті. Біздің онымен қаншалықты жақын, бауырласып кеткеніміз алда айтылатындардан аңғарылар деп ойлаймын. Бұл жолы уақытында ашып айтуға ешкімнің (менің де) батылы жетпеген ақиқаттың бетін ашып байқайық. Бастан небір қияметтер өтті ғой. Мұрат Бəкірұлының қалай аман қалғанына осы күнге дейін таңғаламын». Өзбекстанның Жаңажол ауданында туыпөскен Мұрат Бəкірұлы ес білгеннен мақта өсірудің жай-күйін зерделеп, сол салада көптеген жаңалық ашып, жиырма бес жасында Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атанды. Отызында орда бұзды. Орда бұзбай не, 1940-жылдардың соңында сол кездегі КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінде бас маман, одан жаңадан құрылған КСРО Мақта шаруашылығы министрлігінің ОңтүстікБатыс өндірістік басқармасының бастығы болса. Аталмыш министрлік тараған соң, қайтадан бұрынғы қызметіне барды (КСРО АШ министрлігі). Мұрат Бəкірұлы мақтадан табиғи жолмен жоғары өнім өндіретін технология авторларының бірі еді. Олар ұсынған тəсілмен қосымша игерілген тың жерлерден соғысқа дейін-ақ əр гектардан 100 центнерден, қандырып суғаруға (субирригация) мүмкіндік аз алқаптардан 55 центнер сүйрік тал шықты мақта жиналды. Есесіне, жердің құнары сақталып, топырақ тозбады, жер асты суларының деңгейі көтерілмеді, егістік сорланбады. Бұл мақта өсірудің залалсыз, тиімді үлгісі-тін. Бірақ, Хрущевтің тұсында мақта өндірудің жаңа тəсілін таптық деп даурыққан əпербақандардың қырсығынан бəрінің күлі көкке ұшты. Əмудария мен Сырдариядан мөлшерсіз бұрылған сулардың тоқсан пайызы жер астына кетіп, суармалы жерлер түгелге жуық жарамсызданды, мақта алқаптарын сор басып, көлдете суардық дегеннің өзінде əр гектардан алынған өнім 10-15 центнерден аспады (əлі сол төңіректе). Бұл нағыз қасірет, Мұрат Бəкірұлының сөзімен айтқанда, Арал апатының бастауы еді. Жөнжобаны түсіндіріп, құдайлығын айтқандар жау атанды, қуғын-сүргінге ұшырады. Əлдекімдердің уағызына елтіп, өз бетінен қайтпаған Хрущев мақта өсірудің ғылыми негізде əлдеқашан дəлелденген, əрі ғасырлар бойы жинақталған тəсілдерін басшылыққа алайық дегендерге тісін қайрап, дүм шеге балады, ал, өздерінше «жаңалық» тапқандарды білгір санап, қолдап-қуаттады. Бірақ, бəрібір бір топ адам қатты қарсыласты. КСРО Мақта шаруашылығы министрі Усман Юсупов бастаған маман-ғалымдар пікірлерін Хрущевке ашық айтты. Бір емес, бірнеше рет өз ұстанымдарын дəлелдеуге күш салды. Хрущев көнбеді. Усман Юсуповтан құтылғысы келді. Көз алдау үшін министрлік қызметтен Өзбекстан Компартиясы Орталық комитетіне бірінші секретарь етіп жіберген Усман Юсупов ұзамай одан да қуылып, шөлейт аймақтағы совхоздардың біріне директор боп төмендетілді. Көрдіңіз бе, одақтық министр, республика басшысы... совхоз директоры (бұған алда егжей-тегжейлі тоқталамыз). Түркістан республикасы тарап, оған қарайтын республикалар бөлініп кетті. 1924 жылы Ташкент қаласы Өзбек КСР-нің қарауына өтіп, астанаға айналды (өзбектердің астанасы оған дейін Самарқан еді, Ташкент бейтарап қала болатын). Ендігі жерде қазақ жастары жаппай Ташкенттегі институттар мен мамандандырылған техникумдарда білім алуға ұмтылды. Мұрат Майлыбаев 1926 жылы Орта Азия мемлекеттік университетін (əйгілі САГУ) тəмамдаған соң, Орта Азия мақта шаруашылығы (СоюзНИХИ) институтында жұмыс істеді. 1933 жылы Мақтаарал тəжірибе стансасына ауысты. Міне, осы жылдарда (1933-1939) Мұрат Майлыбаев аса қуатты ғылыми-зерттеу тобын құрып, оның құрамында кейіннен биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, менің немере ағам, Мұраттың құдасы Ештай Өзенбаев, аталмыш тəжірибе стансасы негізінде құрылған Мақтаарал совхоз-техникумының директоры, САГУ-ді бітірген ғалым-профессор Бəкір Əлібаев, Жаңажол мақта зауытының бұрынғы жұмысшысы, кейін Өзбекстан компартиясы ОК-нің бірінші секретары болып, КСРО Мақта шаруашылығы министрі лауазымын атқарған, əлгіде аталған үш қазақ ғалымын барынша қолдаған, мақта өсірудің тəсілін жеті атадан бері жақсы білетін, ұлты өзбек, бірақ қазақтың тілі мен салт-дəстүріне жетік Усман Юсуповтар болды. Аталмыш топ мүшелерінің ұзақ жылдық

24 сəуір

АР Д Л А Р А Н АҒА

www.egemen.kz

АШЫЛМ

үлкен-кішілері жайлы жылы-жылы сөздер айтты. (Қазақша таза сөйлеуші еді дедім ғой, əйтпесе, Оңғарбай атам оған хатты өлеңмен жаза ма?). Айтқандай, мен ойда жоқта басыма түскен қиындықтан бір ауыз сөзбен құтқарып, басқа оқу орны – Мəскеудің су шаруашылығы институтына түсуіме кеңес берді. «Ей, інім, сенің үрімбұтағыңның бəрі мұрап болған, енді сен де ғалыммұрап боласың», – деп арқамнан қақты. Одан бері 66 жылдан астам уақыт өтті. Аса қадірлі Усманаканың өсиетін қалтқысыз орындап келемін деп ойлаймын өзімше. Оңғарбай бабамның сəлем хатында айтылған мақтаны «шаршылап-ұялау əдісімен» өсіру науқаны билік басына Н.С.Хрущев келген соң зор қарқынмен белең алып, кең түрде насихатталуға көшті. Кеңестік мелиораторлар мақта шаруашылығын жаппай «механикаланды-

2013 жыл

қойды. Онан соң бір топ «үздіктердің» есімін атап, марапаттау жөніндегі жарлықты оқыды. Арасында Усман Юсупов пен Мұрат Майлыбаев та бар болып шықты. Бұл нағыз басынғандық, оларды өз жағына қаратудың қитұрқы амалы еді. Пленум жүріп жатыр. Хрущев сөйлеп тұр. Қайта-қайта ду қол шапалақтау. Айтарын айтып тауысуға айналды. Усман Юсупов пен Мұрат Майлыбаевтың атына да жылы лебіз білдірді. Ендігі кезек еңбекте үздік шыққан ерендердің аты-жөндерін атап, трибунаға шақыру... Осы кезде Усман Юсупов Мəскеуден кеткен соң да КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінде жоғары лауазымды қызмет істейтін Мұрат Майлыбаев ұшып тұрып: – Құрметті Никита Сергеевич! Жақсы сөздеріңіз үшін рахмет, бірақ, мен сізбен келіспеймін, – деді Хрущевке тіке қарап. – Мұнда «шаршылап-ұялау əдісіне» қарсы менен басқалар

Профессор Абай ТҰРСЫНОВ:

«ОЛАР АРАЛ ЇШІН АЛЫСТЫ» табанды еңбегі арқасында қандай табыстарға жеткенін сөз басында да шамалап айттық. Олар жасаған технология жетістіктері күллі Орта Азия мен Қазақстанда басшылыққа алынып, суармалы жерге еккен мақталық алқаптың əр гектарынан 100, суы аз жерлердің əр гектарынан 55 центнерден өнім алынушы еді (Кейінгі ұзақ жылдар ішінде 20 центнердің өзі зор жетістік деп саналатын болды). Мұрат Майлыбаев басқарған топ мүшелерінің технологиясы бойынша мақта жəне басқа дақылдар егілген алқаптардың əр гектарына жұмсалатын су мөлшері 3,5 мың текше метр болса, кейін «жаңашыл» айқайшылардың арқасында 16,5 мың текше метр болды (Арал қасіреті қалай басталғанына назар сап, есте ұстайтын тұс осы). Əлбетте, ертеден келе жатқан мыңдаған жылдық тəжірибеге сүйеніп жасалған ғылымитехнологиялық ұстаным қатаң сақталуы керекақ еді. Онда диқандар мақтамен бірге, басқа дақылдарды да дүркірете өсіріп, асып-төгілген мал азығы, көл-көсір жем-шөп, жібек құртын өсіруге қажет тұт ағашы, құс шаруашылығы, ежелгі қолөнерді дамыту істері сəтті жалғаса берер еді. Мақта плантациясына далиған алқаптың керегі болмай, жан-жағын тұт, басқа да ағаштар қоршаған шағын алқаптар жетіп артылар еді. Жəне ол «түнгі суаруға» қолайлы боп, жыл сайын тұрақты түрде жоғары өнім алуға қол жетер еді. Бірақ... Жергілікті ғалымдардың ата-салт негізіндегі ұсыныстары Мəскеу мен ондағы мүйізі қарағайдай мелиораторларға ұнамады. Ұнамақ түгіл, тұстұстан өре шапты. Лысенко «идеясымен» уланған кежірлер мақта плантациясынан механизацияны кең қолдану тəсілімен суару арқылы бұрын-соңды болмаған ас та төк өнім аламыз деп өршелене түсті. Ол деген бұған дейінгі мақта өсіру дағдысын түбірімен жойып, ұлан-ғайыр алқапқа техниканы қаптатып жіберу деген сөз болатын. Бұл жөнінде ол кезде КСРО Мақта шаруашылығы министрі боп істейтін Усман Юсуповпен жеке əңгімелескенім бар. Мен Жаңажол қаласындағы орыс орта мектебін медальмен бітіріп, Өзбекстан комсомолы орталық комитетінің жолдамасымен Бауман атындағы жоғары техникалық училищеге түсу үшін Мəскеуге барған едім. Жолға шығар алдында ағайындардың жасы үлкен ақсақалы, 1914 жылдан компартия мүшесі, Жаңажол қаласындағы кедейлер одағының басшысы, жоғарыда аталған акционерлік компанияға қарасты зауыттар мен жер телімдеріне иелік еткен Оңғарбай бабамнан бата алдым. Оңғарбай бабам сол кездегі өрімдей жас жігіт Усман-аканың (оны күллі Өзбекстан солай атаған) жанашыр-ұстазы болатын. Қарт большевик Мəскеудегі шəкіртіне мен арқылы сəлемхат жолдамақ боп, оны ежелгі түрік ғұрпы бойынша өлеңмен жазды. Мен бастан-аяқ жаттап алып, Усман-акаға үш қайтара ауызша оқып берген соң, ұмытуға тиіс болдым. Одақтық министрдің қабылдауына күздің ортасында бардым. Жұмыс мерзімі əлдеқашан аяқталғандықтан, Усман-ака кабинетінде бір өзі отыр екен. Оның мені ет жүрегі елжіреп, ашықжарқын қабылдағаны сонша, өз-өзімді ұстай алмай, еңкілдеп жылап жібердім. Қайтейін, аңғалдығымның салдарынан басыма түскен қиындық та жоқ емес-ті. Өзімізге аян дəстүрге сай, ол мені алдымен жуынып-шайындырды, арнаулы бөлмедегі дастарқанға шақырып, палауға тойдырды, шай ішкізді. Онан соң барып шаруамды айтуға рұқсат етті. Оңғарбай бабамның тапсыруы бойынша, ол жазған өлеңді өзінің мақамына салып, бет құбылысымды өзгерте тұрып, нықтап-нықтап үш қайтара оқыдым. Қатты əсер етсе керек, Усманака басын төмен салып, көпке дейін үнсіз отырды. Менің аспай-саспай, тақылдап сөйлегеніме таңданса да керек. Кейін ол өлеңді ұмыттым, əрине. Бірақ, жалпы мазмұны жадымда. Оңғарбай бабам өз шəкіртіне Одақтағы еуропалық аймақтың оңтүстігінде мақта өсіру тиімсіз, тіпті, зиян дей келіп, Усман-акадан бұл жұмысты тастап, Өзбекстанға оралуды талап еткен-ді. Мақтаны «шаршылап-ұялау əдісімен өсіру» деген нəрсе төніп келеді, соның алдын алу сенен басқаның қолынан келмейді деп нығарлаған. Усман-ака хат мазмұны мен таусыла сөйлеген Оңғарбай бабамның ашулы талабын маған ұзақ түсіндірді. Шамасы, жан дүниесін қозғап жіберсе керек, туған жерді аңсап, қатты сағынып жүргенін де жасырған жоқ. Жалшылықпен өткен жастық шағын еске алды, əкемнің əкесі Тұрсын атам, əкем Əбдірахман, Торқыс ауылының басқа да

ру жəне автоматтандыру» идеяларын əпербақан Хрущевтің миына құйып бақты. Ол туралы күллі басылымдар (одақтық газет-журнал) күн құрғатпай жазып, айтулы жиын (пленум, съезд), форумдарда көл-көсір табыс көзі деп аспандатты. Жəне мол өнім алушылардың аты-жөндері дəріптеліп, орден, медальдармен марапатталды, кеуделеріне Алтын жұлдыз тақты, съездерге делегат болды, шетелдерге барды. Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмелерде əздектелді. Толып жатқан асқақ əн, ода шығарылды. Не керек, насихаттың аты насихат, мақтаны «шаршылапұялау əдісімен» өсіру (егу), жаңбырлатып суарудың «ғажаптығы» тез арада халықтың санасына сіңіп те үлгерді. Алайда... Егіс көлемін соншалық далитпастан, шағын алқаптарды ұтымды пайдалану арқылы мол өнім алуға болатын ғасырлар бойы жинақталған тəжірибенің бір-ақ сəтте жоққа шығарылуына бұл саланың кейбір мамандары келісе алмады. Алдымен Хрущевтің өзі КСРО Мақта шаруашылығы министрі еткен қадірменді Усман Юсупов оған (Хрущевке) там-тұмдап айтып жүрді. Мұны партия саясатына қарсылық жəне ғылым мен техниканың жетістігін бағаламау, түсінбеу, көне көзқарастан айнымау, кертартпа-кещелік, мақта шикізатын əдеттегіден жүздеген есе көп өндіруге қастандық деп қабылдаған Хрущев ұзамай аталмыш министрлікті таратып, Усман Юсуповты еліне қайтарды. Бірден қатты кетпей, Өзбекстан Компартиясы Орталық комитетіне бірінші секретарь етіп жіберді (партия саясатын қолдап, айтқанымыздан шықпайсың деп, əрине). Көп кешікпей Өзбекстан Орталық партия комитетінің бүкіл елді шулатқан əйгілі пленумы болып, оған Хрущев қатысты. Оның түпкі мақсаты пленум мүшелеріне «шаршылап-ұялау əдісін» шегелеп түсіндіріп, партия саясатының дұрыстығына бүкіл жұрттың көзін жеткізу еді. Сондай-ақ, өзін жақтайтындар мен еңбекте үздік шыққандарды мақтап-марапаттау да ниеті бар-тын (марапатқа лайық жампоздар неге аз болсын, үш мəрте Еңбек Ері Хамрақұл Тұрсынқұловтай қасқалар жететін). Бірақ, Хрущев осы жолы өңі түгіл, түсіне кірмеген қарсылыққа тап болды. Ұзын-ырғасы былай. Усман Юсупов бастаған мақта өсірудің майын ішкен бір топ агроном-ғалымдар мен ақ жолдан аттамаған кейбір атышулы диқандар «шаршылапұялау əдісінің», басқаны айтпағанда, орны толмас сүргінге ұшырататынын алдын ала білді. Усман Юсупов əсіресе Мəскеуде министр боп тұрғанда өз қарауында басқарма бастығы əрі коллегия мүшесі боп істеген Мұрат Майлыбаевпен оңашада қауіптің қалай алдын алу керектігі жөнінде жиі сөйлесетін. «Бұл апат, диқандардың тілімен айтқанда, топан су, – дейтін Усман Юсупов Мұрат Майлыбаевқа. – Мен шамам жеткенше жол бермеуге тырысамын. Сен де солайсың, білемін. Өзбекстанда бізді қолдайтындар жеткілікті. Əй, бірақ, Хрущевтің бет алысы жаман, топан су күндердің күнінде өзімізді шайып кетпесе неғылсын». Шынында да, Өзбекстанда мақтаны «шаршылап-ұялау əдісімен» өсірудің зияндылығын ұғып, қиналып жүретіндер аз болмайтын. Жəне біразы қазақтан шыққан ғалымдар-тын. Сонымен, пленум басталсын. Сөз Хрущевке берілді. Түлкі бұлаңға жетік пақыр сөзіне анекдот араластырып, əлдекімдерді мақтап, əлдекімдерге көпшік қойып, ең соңында «шаршылап-ұялау əдісін» екі езуі көпіре дəріптеді. «Коммунизмге жету үшін бұл төте жол, ғылымның үздік табысы, бірақ, арамызда бізді түсінбейтін, қолдамайтын жолдастар бар. Олар бұдан былай партия саясатына қарсы келмес деп ойлаймын», дегенді де қосып

да бар. Бізге сөз беріңіз! Хрущев абдырап қалғандай болды. Парт бола ісініп, ашуы мұрнының ұшына шықты. – Бұл қалай?! – деп Усман Юсуповке бұрыла беріп еді, ол да асып-саспастан: – Сізге талай айттым. «Шаршылап-ұялау əдісінен» тартар зиян алда. – Мен Майлыбаев жолдасты қолдаймын. Біз көзқарасы бір адамдармыз. Мақта өсіруді ешкімнен артық болмаса, кем білмейміз. Рақым етіп, өзгелердің пікірімен санассаңыз екен. Бұл сізге де, партия саясатына да қарсылық емес, құрметті Никита Сергеевич! – деді өңі түтігіңкіреп. Хрущев одан сайын жынданды. Пленумнан мəн кетті. Зал сілтідей тынған. Хрущев «жарты сағат үзіліс!» деп қарқ етті. Қорқыныш, үрей. Пленум қайта жалғасты. Хрущев ашулы. Оны қолдаушылар табылды. Хрущев қорытынды сөзінде: «Солай, жолдастар. Осылай боларын білгенбіз. Кері бұратындарға кеңшілік жасамақ едік, амал қанша, болмады. Партия жаңылмайды. Артқа шегінбейміз. Бұған дейін де, бұдан кейін де тек қана ғылым мен техниканың жетістіктеріне сай жұмыс істейміз, деп дүрдиді. Пленум соңында ұйымдастыру мəселесі қаралды. Усман Юсупов орнынан алынып, алыс аймақтағы совхозға директор боп баратыны айтылды. Мұрат Майлыбаевтың аты да аталмады. Тек партиядан шығарылып, жұмыстан қуылатыны хабарланды. Осылай боларын Мұрат Майлыбаев та білгенді. Халық жауы ма, басқа ма, əйтеуір, жақсы болмасы анық еді. Бірақ, ол тайсалмады, жалпылдап жан сақтау қаперіне де кірген жоқ. Себебі, өз білігінің дұрыстығына сенімі кəміл еді, одан айнуға ар-ұят, ожданы жібермеді. Сондықтан да тайсалмады, тартынбады, айтқан сөздері қаперге алынбасын біле тұра бүкіл қауымға жеткізді. Хрущевтің жылымшы сөзіне елікпеді, берем деген Қызыл Ту орденінен бас тартты. Қорықпайтын адам жоқ, ал ол қорықпады (өз сөзі). Жоғарыда айтқанымыздай, сол бір «қарғыс атқан» пленумға «шаршылап-ұялау əдісін» қолдамақ түгіл, оны естуге жүректері дауаламайтын Усман Юсупов пен Мұрат Майлыбаевтан басқа да жүрегінің түгі бар азаматтар қатысқанды. Бірі – Өзбекстанның сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі, менің немере ағам, биология ғылымдарының докторы, профессор Ештай Өзенбаев-тын. Сол жолы репрессияға ұшырайтынына көзі жеткен ол да арызын жазып, қызметтен босады да, ғылыми-зерттеу институтына жылжыды. Бірақ, онда тұрақтай алмай, амалсыз Алматыға қоныс аударды. КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жоғары лауазымды қызметінен айырылып, партиядан шығарылған Мұрат Майлыбаев та Алматыда аса үлкен болмаса да, шайлығына жетерлік жұмысқа орналасып, адал қызмет етті. Жалпы, мақтаны «шаршылап-ұялау əдісімен»

өсіруді қолдамағандардың дені қазақтар еді. Өзбек Усман Юсуповтан соңғы қазақ Мұрат Майлыбаев, Ештай Өзенбаевтан кейін сол жөнсіздікке батыл қарсы шыққандардың төртіншісі – ол да менің туысым – белгілі ғалым, Орта Азия Мемлекеттік университетінің түлегі, Мақтаарал совхозтехникумынның директоры, профессор Бəкір Əлібаев болатын. Аталған пленум шақырылғанға дейін өзі басқаратын Одаққа мəлім атышулы шаруашылықта мақтаны жаңбырлатып суарудан бас тартқан Бəкір де аяусыз жазаланды, қызметтен қуылып, партия қатарынан аласталды. Ауыртпалықты көтере алмай, қайғылы қазаға ұшырады. Артында əйелі, үш баласы қалды. «Шаршылап-ұялау əдісін» қолдамағандар сазайын тартып, мақтаны жаңбырлатып суарудан бас тартқандар талқандалған соң, «жаңашыл» мелиораторларға кең жол ашылып, ойларына келгенін істеді: мақта өсірудің байырғы тəсілдері жойылды, бос жатқан алқаптар «тың игеру» деген сылтаумен жыртылып, қым-қуыт атыздар қазылды, диқандардың оларды суға қандыру мүмкін емес деп зар қаққанына ешкім құлақ аспады. Суландыру жүйесі толықтай бұзылды. Сырдария мен Əмударияның сулары толассыз жер астына кетіп жатты. Топырақ сорланып, мақта өсіру қиындады. Бəрінен сорақысы, Арал тартыла бастады. Арал теңізі құрыды деп дабыл қағу кейін пайда болды ғой. Себебін біреу біліп, біреу білмейді. Ал, оның бірденбір себебі, алысты болжауға шамасы жоқ, əлжуаз, жағымпаз, ұраншыл, науқаншыл топас мелиораторлардың мақталық алқап көлемін шектен тыс ұлғайтып, «шаршылап-ұялау əдісімен» өсіруді іске асырғаны еді. Жаңбырлатып суару деген кесапаттан да қаншама су ысырап болғаны бір Құдайға аян. Арал теңізінің болашақ қайғылы тағдыры хақында əлі ешкім ештеңе білмейтін кездегі олардың бұл болжамдарын көрегендік десе де болғандай еді. Ақыры айтқандары айдай келіп, Өзбекстандағы қыруар егістік алқап дақыл өсіруге жарамай қалды. Қарақалпақстандағы сор басқан алқаптардың мүшкіл күйінен қаншама халық əлі күнге қиындық көруде. Аралдың халі анау. Əйтсе де, Аралдың неліктен тартылғанын көп жұрт əлі күнге дейін нақты біле бермейтіні анық. Соған орай мынадай жайларды айтуға болады. Бұл бұрынғы КСРО басшылығының су шаруашылығы жүйесіндегі аса ірі қателігі. Көктен шұға жаудырып, көл-көсір өнім өндіреміз деген бос қиялы. Соның кесірінен Сырдария мен Əмударияның жер астына кеткен суларынан табиғат та, адамдар да өлшеусіз зиян шекті. Ұланғайыр аймақ (тіпті, дүние жүзі десе де артық емес) суы тартылған Аралдың аспанға ұшқан тұзды тозаңына бір тұншықса, суармалы алқаптардағы жер асты сулары көтеріліп, топырақ сорланып, дақыл өсірудің жолы кесіліп, опық жеуде. Бұларды көзі қарақты адамдар сол кездерде де айтты, дабыл қақты. Мəселен, «Арал-88» экспедициясына бізбен бірге қатысқан мəскеулік журналист «Правда» газетіне (15.ХІ.1988ж.) «Мақта алқабы адамдардың уақыты, күш-қайраты мен денсаулығын күйретуде» деп ашық жазды. Сол газеттің (ол да экспедиция құрамында болған) Селюнин дейтін шолушысы: «Мақта өсірушілер өндірістік мүмкіндіктен мақұрым қалып отыр», деп жар салды. Міне, көріп отырғанымыздай, сонау 1950 жылдардың орта шенінде Хрущевке қарсы шыққан Усман Юсупов, Мұрат Майлыбаев, Ештай Өзенбаев, Бəкір Əлібаевтай алысты болжай білген ғалым-агрономдардың апаттың алдыналу жөніндегі іс-əрекеттері далаға кетті, олардың қаупі тегін емес-ті. Олар сол үшін бастарын қатерге тігіп, қуғын-сүргінге ұшырады, жаманат жамылды. Алайда, өкінген жоқ. Мұрат аға Майлыбаев 1992 жылы 26 мартта 86 жасында дүние салды. Ол көрсоқыр қорқаулардың шермендеге ұшырайтынын көзінің тірісінде-ақ жақсы білді, ұғынды. Бірақ, не пайда? Қаншама мақталық алқап бүлініп, Арал теңізі жоғалды, суалды. Бұл олқылықтардың орны қалай толады? 1978 жылы Ленинградтан Алматыға келгенде Мұрат ағаның үйіне барып, сəлем бердім. Мені көргенде жүрегі жарыла қуанып, əрі əлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып жүргенін жасыра алмай, қатты күйзелісте отырды. Ол кезде Арал теңізінің аянышты халі жер-жерде кеңінен сөз болып жататын. «Айтпадым ба, айтпадым ба?» дегеннен бөлек аузына сөз түспеген қайран ағам көз жасына тұншыққан-ды. Сол жолы менімен қоштасқанда да: «Обал-ай! Обал-ай!» – деп күрсінумен болды. ...Əйгілі ғалым-агроном Мұрат Майлыбаев ағамның «обал-ай, обал-ай!» деп күрсінгені күні бүгінгідей көз алдымда. Аралдың құрдымга кетерін 10-15 жыл бұрын болжап: «Айтпадым ба? Айтпадым ба?» дегені де есте. Иə, бұл фəни жалғанда небір ғазиз, көреген жандар ғұмыр кешті. Жарық дүниеден жаным арымның садағасы деген Мұрат Майлыбаевтай сайыпқырандар да өтті. Олар қолдан келгенін жасады. Жасай алмағаны үшін жазықты емес. Олар жасай алмағанды кейінгі ұрпақ жасауы лəзім. Өз басым Арал қалпына қайта келер деп үміттенемін. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен бүгінгі жасалып жатқан іс-шаралар куə деп қараймын. Сондай-ақ, ұзақ жыл башпайына «қоңырау байланып», елеусіз жүріп-тұрған Мұрат Майлыбаевтай ержүрек ғалымның еңбегін ескеріп, əділ бағасын беретін уақыт жетті. Өзбек халқы қашаннан аспандата қадірлеп жүрген Усман аға Юсупов секілді, Майлыбаев та тиісті бағасын алып, кеңінен дəріптелуі тиіс деп ойлаймыз.

Р.S.

Несін жасырамыз, Мұрат Бəкірұлының көзі тірісінде онымен сөйлесіп, ақиқатты анықтаған ешкім болмауы өкінішті. Біріншіден, ондай адам барын білмеді, екіншіден, бірліжарым білетіндер партиядан шығып, қызметтен қуылғаны үшін тайсақтады, сескенді (оларды түсінуге болады). Е.Өзенбаев, Б.Əлібаев жайлы да солай. Өзбектер де Усман Юсуповтың жеке басын құрметтегенмен, Аралға қатысты жанкешті əрекеті жайлы пəлен дегенін байқамаппыз. Бір өзбек, үш қазақ. Хрущевтен тайсалмаған төртеу (бұл басқаларды мансұқтау емес). ОЛАР АРАЛ ҮШІН АЛЫСТЫ. Жоғарыда баяндалғандарды əлқисса деп түсінейік. Əрі қарай індетуге бастау деп қарайық. Арал апатының шын сырын білу қажет болса... Жазып алған: Зəкір АСАБАЕВ.


24 сəуір 2013 жыл

РІ

ЕКТЕ Н Р Ө ІР

ӨМ

Қазақта «ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» деген мақал бар. Қалай жақсы айтылған. Халқымыздың тарихына көз салсақ қай кезде де ұлтымыздың ұйтқысы, жұртымыздың мəйегі бола білген, көзі қырағы, ауызы дуалы аяулы асыл азаматтары – ел ағалары болған ғой. Осы тұрғыда ой қозғасақ кешегі артына өнегелі істер мен үлгі тұтар жосықтар қалдырып кеткен Ілияс Омаров, Өзбекəлі Жəнібеков сияқты асыл азаматтар ойға оралады. Тəуелсіздігіміздің іргесі нығаюына, халқымыздың бірлігі артып, еңсесі көтерілуіне, тіліміздің, діліміздің орнығуына айтарлықтай үлес қосып, елді ұйытар есті сөздерін айтып, өнеге шашып, ортамызда жүрген Шерхан Мұртаза, Əбдіжəміл Нұрпейісов, Əбіш Кекілбаев, Өмірбек Байгелди, Кəкімбек Салықов, Төрегелді Шарманов, Əбдуəли Қайдаров, Шериаздан Елеукенов, Серік Қирабаев, Тұрсынбек Кəкішев сияқты абзал ағалар еске түседі. Өзінің бойындағы барлық қажыр-қайратын туған елінің, ұлтының, жұртының керегі үшін аянбай жұмсап жүрген Мырзатай аға да солардың сойынан. Соңғы уақытта мен Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың күреске, ғибратқа, қызықтарға толы өмірі туралы сырсұхбатқа құрылған жаңа роман жазу үстіндемін. Бүгін сол романның бастапқы тарауынан үзіндіні «Егемен Қазақстан» газеті арқылы көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдім. Автор.

Болат БОДАУБАЙ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Мырзатай: Мен өзім өте шалғайда, қайнаған өмір базарынан қағаберісте қалғандай болып көрінетін шағын ауылда туған адаммын. Алақандай ауылымыз қазыналы, қасиетті кəрі Қаратаудың баурайында, етегінде еді. Қаратау батыста көлбеп жатады, біз шығысындамыз. Қаратаудың баурайы сыңсып тұрған шие, долана болатын. Көбіне жел батыстан тұрады, батыстан тұрғанда сол шиенің, долананың иісі біздің ауылға келетін. Қаратауға қарасақ, бойымызға қуат алатынбыз. Жоталарында сақырлатып тастан-тасқа секіріп арқарлар жүретін. Құлжасы қасқайып қарап, биікте, шыңда тұратын. Қаратаудан жібектей есіліп жұпар самал соғатын. Жан дүниемізді аралап, рахат сезімге бөлейтін. Ауылымыз шағын еді. Бар болғаны 20-30 үй. Менің бабам – Темір дейтін кісі би болған. Сол кісі заманында Ақмешіттің генерал-губернаторы Перовский дегенмен келісе алмайды. Содан соң «мен сенің табаныңа жаншылмаймын» деп, ағайынын алып, Қызылорданың Тереңөзек деген жерінен бүгінгі Жамбыл облысының Таласына көшкен екен. Жолжөнекей бала-шаға, келін-кепшіктің жағдайымен, жас босанған келіндер қол-аяқтарын бауырына алсын деп, қазіргі Шəуілдірдегі Темір станциясы тұрған жерге аялдайды. Ол кезде темір жол да, станция да жоқ. Сонда қыстайды. Ерте көктемде егін, баубақша салып, күзгі жиын-теріннен соң жылжып Таластың төменгі сағасына қоныстайды. Əлі есімде, менің бала кезімде біздің елден атпен, есекпен Əзіреті Сұлтанға (Қожа Ахмет Яссауи) зиярат етіп барып келгендер: – Жолда Темір бабамның бауына түнедік, – деп əңгімелейтін. Үлкен əруаққа сыйынғандай, сол жерден орамалға түйіп топырақ əкелетін. Содан, ол жерден Темір бабамыз өзіне ерген ағайын-жұртын алып, төменгі Таласқа көшіп келеді. Біраз жылдар сол жерді жайлап, өмір кешеді. Темірдің ұлы Қожамқұл еңбек десе елпілдеп тұратын бейнеткеш, диқан, сөзге де ұста, ел-жұртты күлдіріп сөйлейтін, қуақы адам болыпты. Өздері көшіп келіп, қоныстанған жерге егін салады, тал өсіреді. Ағайын-туыстарын да ұйыстырып, ілкімді істерге жұмылдырады. Соның арқасында тұрмыстары оңалады, мал-бастары көбейеді. Сол жер кейін «Қожамқұлдың талы» деп аталып кетеді. Біз осы Қожамқұлдан тараймыз. Қожамқұлдан – Ақбота, Ақботадан – Жолдасбек туады. Автор: Ол кісіге неге Ақбота деп қыздың атын қойған? Мырзатай: Қожамқұл атамыз үйленген соң көпке дейін перзент көрмей жүреді. Ақырында Қызжан əжеміз ұл туып беріп, оған көз тимесін деп, əдейі Ақбота деп қыздың атын қойған екен. Сол Ақботадан – Жолдасбек, Жолдасбектен – мен туамын. Автор: Өз əкеңіз туралы да айтсаңыз. Мырзатай: Əкем ұзын бойлы, қызыл шырайлы, денелі, анау-мынау ат көтеріп жүре алмайтын, ақ сары кісі еді. Салмақты, сабырлы, мықты болатын. Екі беті нарттай қызыл еді. Мені қасынан тастамайтын, соғым басына, шақырған жерге мені апаратын. Бір күні үлкендер: – Ей, Жөке, Шымыртайды қасыңа көп ертпейсің. Неге осы жəумелегіңді қасыңнан тастамай ертіп жүресің? – деп сұраса керек. Сонда əкем: – Ə, аталары, сіздер əлі көресіздер, бəрінен де Мырзатайым озады. Бірнəрсе шықса осы жəумелегімнен шығады. Шымыртай осы Мырзатайдың атын байлағанға жараса да болғаны, – деп айтыпты дейді. Автор: Қазақта «əке – балаға сыншы» деген сөз бар ғой. Мырзатай: Сол сөз рас, меніңше. Бір күні мен əкеме өкпелеппін... Қырдың астында «Қызылəуіт» деген көрші ауыл болған. Содан мен

«Кішкенем» дейді. Бəріне ат қойып алған. Өзінің оқушыларын атымен атай алмайды. Ауылда Андақұл жəне Сапарқұл деген бақуатты, ағайынды кісілер болды. Сапарқұлы үлкен. Сапарқұлдың баласы – Асан деген болды. Менімен құрдас еді. Класта отырады, күздің күні жүгері піседі, дүмбілді көп жейді де іші өтіп жүреді. Сабақ басталғанда жылтыңдатып қолын көтереді де отырады. Далаға шыққысы келеді ғой. «Не болды саған тағы, қайныағаның баласы?» – деп сұрайды мұғаліміміз. «Далаға шығып келейінші» – дейді ол. «Не болды, жаңа ғана шығып едің ғой, отыр», – деп ұрсады мұғалима. Анау əрі отырады, бері отырады, шыдай алмай: «Үй, əкеңнің ауызы... Əсия, Жəкеме айтамын», – деп орнынан тұрып, шығып жүре беретін. «Жəке» деп отырғаны мұғаліміміз Əсияның күйеуі ғой. Ал Əсия: «Осы микеще қайным қайбір адам болады дейсің», – деп отыра беретін. Басқа ешнəрсе айта алмайды. Балалар кейде үйдегі үлкендеріне шағынып, олар Əсияның күйеуіне айтып, күйеуі Əсияны сабап алатын кездері де болатын.

«КЕЅ ДЇНИЕ, ЌЎШАЄЫЅДЫ АШ, МЕН КЕЛЕМІН!»

өкпелеп: «Мен Ақтөбеге бала болмайын, мен Қызылəуітке-ақ бала болайын», – деп кетіп бара жатсам керек. Əкем: «құлдығым-құлдығым, шырағымшырағым» деп қуып жетіп, құшақтап, мені үйге алып келіп, ешкі сойып, ағаларын, үлкендерді шақырып, құдайы берді. «Көз тимесін, Мырзатайларың болайын деп тұр, бұл мені жеңді. Мен Ақтөбеге бала болмаймын, Қызылəуітке бала боламын деді. Құдай аузына салып тұр ма, бұл өзі елдің баласы болайын деп тұр екен», – деп ырым қылып, құран оқытқаны есімде. Əкем əділ, адал, мемлекетшіл кісі еді. Қоғамның малына, қоғамның мүлкіне қол сұғуға болмайды деп отыратын бізге. Ол кезде колхоздар өте майда. Əкем өмір бойы колхозды басқарды, партком да болды. Анамызбен екеуін аталарымыз құда түсіп қосқан екен. Автор: Енді анаңыз туралы да айтып өтсеңіз. Мырзатай: Анам əжептəуір дəулетті кісілердің қызы болыпты. Өрмек, басқұр, ши тоқитын, ғажап шебер кісі еді. Əкесі киімді Хиуадан, Бұқарадан алдырады екен. «Қонышын жіппен кестелеген қызыл, жасыл етігім болатын. Айтысқа, жиынға барғанда бір ағам алдымда, бір ағам артымда, екі жеңгем екі қанатымда жүретін еді, тойға сəн-салтанатымызбен баратынбыз», – деп еске алатын. Анам (мен ол кісіні «апа» деуші едім) талай айтысқан адам. Апамның даусындай дауыс жоқ еді. Апам ақын еді. Сол кісінің «Əй-угай, армандамын жаратқанға», «Бедел-ай, бөпем-ай» деген екі əні 65 жылдан кейін құлағыма қайта оралды. Не құдірет екенін білмеймін, айырылып қалып едім, есіме қайта түсті. Үнемі, əсіресе, «Əй-угай, армандамын» дейтін əніне салып айтып отыратын. Сол əнімен өзінің бүкіл өмір тарихын жырға қосатын. Соларды айтып алып, көңілі босап жылайтын. Апам керемет сұлу кісі еді. Осыдан біраз бұрын сол кісінің екі əнін есіме түсіріп, қыздарды шақырып алып тыңдаттым. Олар «аға, бұл əндерді нотаға түсірейік, сіз сөздерін қайта жазыңыз», – деп қолқалап болмады. Сосын апамның əніне, сол кездегі сөздерін ұмытып қалғанмын ғой, соған жақындатып сөз жаздым. Ол əндерді белгілі əншілер Гүлмира, Ардақ, Клара сияқты қарындастарыма үйреттім. Сол əндерді қазір Гүлмира Сарина айтып жүр. Біздің ауылдың жоғарғы жағын Қапшағай дейтінбіз. Өзеннің жағасы – жартастар. Солар толған ескілікті жазулар, суреттер болатын. Автор: Сол өзіңіздің туып-өскен ауылыңыздың өте-мөте есте қаларлықтай ерекшелігі бар ма еді? Мырзатай: Бір ғажап жері сол кішкентай, алақандай ауылымыз керемет өнерпаз болатын. Əлі күнге дейін есімде, Əйтпенбет дейтін əкеміз болды. Жасы менің əкемнен үлкен еді. Ауылдың жекеменшік қойын бағатын. Сол кісінің қалақтай ғана, кішкентай, қолдан шабылған домбырасы бар-тұғын. Домбыраны қазіргі күні желімдесе, ол кісі кішкентай ғана ағаш шегелермен шегелеп қоятын. Кешке жақын Қаратөбенің баурайында отырып, Əйтекені тыңдаймыз деп ел жиналатын. Далаға ештеңе төсеместен, жайқалған көк шөп үстіне, кілем жайып қойғандай, бəрі еркін жайғасып, біреуі жамбастап, біреуі шынтақтап жатып ап, күй тыңдайды. Əлі анық есімде, осы ауылға екі рет Сүгір келді. Біздің ауылда бір құдасы

бар еді. Сол құдасына келетін жəне қайтарында, ылғи мал айдап, мал жетектеп қайтатын. Барша жұрт «Сүке, Сүке!..» деп жаны қалмайтын. Шағын ғана кісі еді. Басында қырғыз-қалпақ сияқты қалпақ, үстінде шибарқыттан китель сияқты етіп тіккен сырт киімі болатын, онысының етегі ұзындау еді. Қолдан тіккен шалбары бар-тұғын. Жарықтық, күйкентайдай ғана кісі болатын. Төрде отырғанда бала сияқты болып көрінетін. «Сүкеңді тыңдаймыз!» дегенде жұрттың бəрі тына қалатын. Бəріміз елітіп тыңдайтынбыз. Мен сөйтіп, сəтін салғанда, кішкене кезімнен Сүгірдің күйлері жаныма сіңіп өскен адаммын. Екінші жолы келгенінде, біздің Əйтпенбет əкеміздің жасы Сүгірден үлкен еді, Сүгір: «мына жерге Əйтекең отырсын» деп, Əйтекең əкемізді сұмдық бағалап, құрметтеп, қасына отырғызып, «алдымен Əйтекең күй тартсын» деп, жолды əуелі сол кісіге беріп, алдымен күй тартқызды. Таң қалатыным, сөйткен Əйтекеңнен ешқандай мұра қалмады. Біз, осы қазақ, сондаймыз ғой. Бір ауылда тұрып, бірінің өнерін бірі бағаламайды, үйреніп алайық, есте сақтап қалайық демейді, тек бəрі де шетінен данышпан, шетінен өнерпаз, шетінен ақын, шетінен шешен, шетінен көсем... Сондағы Сүгірдің өзі ден қойып тыңдағаны, бағалап, төрге отырғызып жол бергені кейін есіме түскенде Əйтпенбет сұмдық күйші болған екен-ау деп ойлаймын. Мен əлі күнге дейін сол кісінің күйлерін ешкім жазып алмағанына, жадында сақтап қалмағанына өкінемін. Соғыс кезінде еркектердің бəрі майданға кетті. Ауылда бала-шаға, өңкей қатын-қалаш қалды. Бəрі жұмысқа шығады. Басқарманың əйелі Дəмет деген жеңгеміз болды. Сұмдық қасапшы еді, ірі кісі. Бірде апамның: «Дəмет келін, шырағым, үйге келіп, тоқты сойып берші», – деп шақырғаны есімде. Сойғанда өзім сағатқа қарап тұрдым, 17 минутта бəрін дайындап, қазанға салып берді. Апам марқұм «Дəметтей қасапшы жоқ» деп отыратын. Болсамбек сол Дəмет жеңешемді «сен басқарманың əйелісің, жұмысқа бармайсың» деп сынап: «Менің байым басқарма, екі көзім аспанда. Жатсам да алам бір еңбек, тұрсам да алам бір еңбек. Маған қарап бос қалма», – деп өлең шығарғаны есімде. Ауылдағы кісілердің бəрін сөйтіп сынап-мінеп, өлеңге қосып, жұртты күлдіріп жүретін. Түр-əлпеті, мінез-құлқы, істеген істері нағыз Алдар көседен аумайтын. Оспан деген жəкеміз болды. Еспенбеттің Оспаны. Колхозда бухгалтер болды. Өмір бойы бухгалтер болып, бір тиын «рəстрəт» дегенді білмеген адам екен. Жұрттың бəрі таң қалатын. Өзің білетін журналист қаламгер Серік Əбдірайымов Бөпетайдың Жақып деген баласының қызын алды. Ал мына біздің Оспан жəкеміз, бұрын байға тиген, соңында қызы бар, Бөпетайдың Əсия деген қызын алған еді. Əсия бізге сабақ берді, мұғалім болды. Оның əкесі Бөпетай жездеміз еді, өзі кішкентай ғана, күйкентайдай кісі болатын, ал апамыз – Бөпетай жездемізді қолтығына қыстырып кететіндей, алпамсадай кісі болатын. Сөйтіп Əсияның əкесі – жездеміз, өзі – жеңгеміз, бізге төртінші класта сабақ беріп жүрді. Сонда біздің оқығанымыздың сиқын, түрін қара. Мұғаліміміз Əсия мені «Мырзажігіт» дейді, Жаңабай жəкемнің баласын – «Мырзааға» дейді, тағы біреуді

Біз дұрыстап сабақ оқи алмадық. Болсамбек біздің мұғалімімізді де: «Бөпетаева Əсия, соңында бар Шəкия, Еспенбетов Оспан, Құдай оны қосқан» деп өлеңге қосатын. Бұл өзі поэма сияқты ұзақ толғау еді. Осы бір жерлері ғана есімде қалыпты. Бүгін ойлап отырсам, ол кезде бізде дұрыс мектеп те, мұғалім де, қағаз-қалам да болмаған екен ғой. Автор: Мырзеке, бұрын айтылып, жазылмаған мына əңгімелеріңіз қызықты болып барады. Сіздің ауыл расында да өнерпаздардың ордасы екен ғой. Осыған орай Жамбыл атамыздың да өсіп-өнген ортасы ойға түседі. «Екейде елу бақсы, сексен ақын, гулейді жын қаққандай кешке жақын» демеуші ме еді Жамбыл атамыздың Екей руы жөнінде. Тақыр жерге түк шықпайды. Шөп те құнарлы жерде өседі. Сіздің əн-күй дегенде құлағыңыздың түрік болғаны, əн де, күй де шығаратыныңыз, өнерге, əдебиетке іңкəрлігіңіз өсіп-өнген ортаңыздың əсерімен бала кезіңізден-ақ қалыптасқан екен ғой деген ой келіп тұр маған. Мырзатай: Иə. Балалық шақта алған əсерлердің өмір бойы ұмытылмайтыны, бүкіл өмірге азық болатыны рас қой. Мен осындай алақандай ауылда, аңыздар мен абыздардың ортасында өстім. Автор: Жаңа ауылдың адамдарын бірсыпыра айтып өттіңіз. Сіздің бала кезіңіздегі, есейген шағыңыздағы жəне осы күнгі ауылдардың бет-бейнесі бірбіріне ұқсамайды. Əртүрлі ғой. Осы тұрғыдан алғанда сол кездегі ауыл өмірінің кейбір ерекшеліктерін де еске түсіріп, айта кетсеңіз. Мырзатай: Ол жылдарда, қайдан келетінін білмеймін, бақалшылар келетін ауылға. Оларды біз «долылар, сығандар» дейтінбіз, солар келетін кернейлетіп, сырнайлатып. Арбалары болады, арбасында айна-тарақ, неше түрлі жіп, ине, түйреуіш, керектің бəрін əкеледі. Сол жерден біздің ауылдың қыздары шаңқобыз алады. Мен талай жерде айтып жүрмін, мұндай құдіретті көрген емеспін. Менің күнделігімде де бар. Ауылдың қыздарының бəрі шаңқобызшы болатын. Кешке қарай мал жайғастырады, лақ-қозыны көгендейді, ешкі-сиырды шешелеріне саудырады, бəрін тындырып келгеннен кейін, бəрі бір үйге жиналады. Бес қыз отырса шаңқобыз тартып, 6-шы, 7-ші, 10-шы, 15-ші қыздар келген жерден қосылып, тарта береді. Бұл қандай феномен! Дирижер жоқ, жетекші жоқ, арнайы білім жоқ, бірінен бірі үйреніп тартады. Ондай шаңқобызшыларды еш жерде көргенім жоқ. Біздің ауылдың қыздары, соғыс кезі, шаңқобыз тартқанда зар илетіп, сай-сүйегіңді сырқырататын. Жастардың бəрі соғысқа кетті. Көбі келмеді. Содан болар, ауылда жасы ұлғайған қариялар көп болды. Таңды атырып, күнді батырып дастан, қисса айтатындар болды. Солардың ішінде Елемес деген ағамыздың үні бөлек еді. Əймен дейтін əкем болды. Бұрын болыс болған, ақындығы да бар еді. Торғайдай кісі еді, əппақ, үкінің балапанындай болып үрпиген, өзбекше күзеген сақалы болатын. Өте сыйлы адам еді, қасына «Темір бидің баласысың, Жолдасжан» деп менің əкемді отырғызады, əкем мені тастамайды. Ойнап жүрген жерімнен «көкең шақырып жатыр» деп шақыртып алады, жүрегім зу ете қалатын. «Ойын аздырады! Əңгіме тыңда, əкелеріңнің қасында отырып» дейді. Əймен əкем ұзақ-ұзақ дастандардан айтып, қиссалардан қайырып,

7

www.egemen.kz

жұрттың бəрін ұйытып отыратын. Автор: Кітаптарыңыздан əкеден жастай қалғаныңызды білеміз. Мырзатай: Мен тоғыз жасқа келгенде əкем қайтыс болды. Əлі күнге ұмытқан жоқпын. Майдың тоғызы болатын. Жеңіске арналған мереке күні еді. Шымыртай көкпарға барам деп жылаған соң, ауырып төсекте жатқан көкем Қаражанды алдырып, далаға өзі шығып, тартпасын өзі тартып, «Қаражан, Қаражан» деп биесінің басынан сипап көп тұрды. Содан соң Шымыртайды қасына шақырып алды да, «жарайды, бүгін Қаражанды көкпарға сен мін, бірақ қинама» деп үстіне отырғызып жіберді. Қаражан да бірдеңені сезгендей, иесімен қоштасқандай, көзінен жас моншақтап тұрды. Əкем, мен оны «көке» дейтінмін, екі күннен кейін қайтыс болды. Əкемді жерлерде қариялар «Осы жəумелегін жақсы көруші еді, аттың басын осы Мырзатай жетектесін», – деп маған жетектетті. Зиратқа жақындай бергенде арықтың бойынан көжек қашпасын ба?.. Арбаны тастай салып көжекті қуа жөнелгенім есімде. «Ойбай, сорлы-ау, əкең өліп жатқанда мынауың не сенің» деп ел мені қуды. Сонда мен əкемнің қайтыс болғанын түйсінбеген екенмін. Ырымжырымын жасап, бір кезде əкемді жердің қойнына салды. Үстін жауып, таспен бастырып жатқан кезде шыңғырып жібердім. «Ашыңдаршы, көкем тұншығатын болды ғой, ашыңдар, ашыңдар» деп. Сонда мен көкемнің өлгенін əлі білмегенмін ғой. Үлкендер «алып кетіңдер» деді. Екі ағам былайырақ алып шығып: «қой, ұят болады, жылама», деп ақыл айтты. Кішкене сабыр қылғаннан кейін мен де өзгелермен бірге жақындап келіп отырдым. Молда Əбдірəсіл жəкем құран оқыды. Дауысы сондай жағымды еді. Құран оқығанда сай-сүйегім сырқырап, ішкі дүниемнің бəрін əлдебір сезім кеулеп кетті. Ерітіп-елжіретіп барады. Сонда білдім, əкемнің қайтыс болғанын. Сонда сезініп, түйсіндім. Жалпы, кейін əкемнің үмітін ақтадым ғой деп ойлаймын. Алдында айтып кеттім ғой, көктемде ауылға долылар, сығандар келетін деп. Солардың ішінде шашы жалба-жұлба кемпір болатын, қазақша білетін, сол бал ашады екен. Соған бəрі бал аштырады. Оны апам айтады. Саған айым-күнім жетіп отырған едім. Қарасам, жұрттың бəрі барып, бал аштырып жатыр. Əй, əдіре қалғыр, мен де барайыншы деп бір тушамды жетелеп барып, өзгелермен бірге мен де бал аштырдым дейді. Кемпір: «Ұл туасың, оң аяғының нышаны болады, елге өте белгілі адам болады, көп жасайды, еліне қадірлі болады», – депті. Бүкіл ауыл, кішкентай ауыл ғой, бəрі тыңдап тұрған ғой сонда. «Ой, бұл кемпір не біледі, сандырақтай береді, аяғында нышаны болады дейді, қайдан біледі оны» дегендер болыпты. Бір аптадан кейін мен туыппым. Апам айтады: «Мен далада қалдым, елдің бəрі сен шыр етіп дүниеге келген бойда сенің аяғыңды қарап жатты» деп. «Астафыралла! Мына баланың расында да оң аяғында алты бармағы бар екен», – деп таң қалысыпты бəрі. Ауылда балалардың əдеті еді ғой, бірінбірі ұратын. Мені бір бала маңдайымнан шерткен емес. Өйткені, үлкендердің бəрі: «Тимеңдер Мырзатайға! Ол нышаналы!» – деп зар илейтін. Шынын айтайын, жақсылы-жаманды қазір жасымыз біраз жерге келді ғой, байқағаным, өмірде, бұрын да, кейінгі кезде де маған қысастық, қастандық жасағанның ешқайсысы оңған емес. Оның неге екенін білмеймін. Автор: Бұл да бір қызық жағдай екен. Қазақтар, əдетте, жақсы адамдар жайында оларды «ақ, аққа құдай жақ» деп жатады ғой. Ақты, адалды періштелер де қолдап жүреді деседі. Шамасы, осылар жай ғана айтыла салған сөз болмаса керек. Мырзатай: Əбдіжəміл ағамыз «осынша жасқа келемін, осынша құрмет көремін деп ойлаған емес едім» деген еді. Мен де ол кезде болашағымды болжай алғаным жоқ, əрине. Мен де, жалпы сол кездегі біздің ұрпақ, бүгінгі күннің биігінен қарасақ, ауыр күндерді, қиын тағдырды бастан кешіріппіз. Біздер көп қиналдық. Жетімшілікті, жетпеушілікті, кемшілікті көп көрдік. Бірақ аман-есен осы заманға жеттік. Тəуелсіздікті қолмен орнықтырып, ашығын айтайын, тəуелсіздікке аянбай қызмет еткен кісілердің бірі болдым. Менің үлкен бақытым осы ғой деп ойлаймын. Мен өзім таң қаламын, өмірде біреудің аузынан ақ май ағызсаң да адам болмайтындар болады. Біздің ұрпақтың балалық шағы да, жігіттік кезі де кілең қиындықтарда өтіпті. Соғыстың сорлатқан, əрбір үйге қаралы қағаздар келіп, жұрт жылап-сықтаудан көз ашпаған жылдары, одан кейінгі жарытып киім кимеген, тойынып тамақ ішпеген ауыр кезең... Біздер жөндеп білім де ала алған жоқпыз. Мұғалімдеріміздің де деңгейі өте төмен болды... Соның бəріне қарамастан, жетіліп, өсіп адам болғандар, азамат болғандар аз ба еді. Қиындықтың бəріне төзген, жаңа өмір орнатуға барын салған, бойындағы бар қажыр-қайратын, қабілетін жұмсаған ұрпақтың өкіліміз ғой біздер, расын айтқанда. Қазіргі мектептерді қарашы – не деген өзгеріс, не деген өсу! Бəрі бар: кітап та, мұғалім де, ақпарат та бар, теледидар анау, интернетің мынау, сұмдық! Осындай кезде білім алмаған адамнан не үміт, не қайыр? Біздің кезімізде түк болған жоқ. Ауылда, тізеге дейін топырақ, құмның ортасында дүниеге келіп, оқуға,

білімге талпынып, қалаға келіп, оқу бітіріп, ғылым мен ізденіс жолына түсіп, мəдениет, өнеге, тəрбие көріп, қалайша қазаққа белгілі адам болып шыққаныма, расын айтқанда, осы күні өзім де кейде таң қаламын, тəубе қыламын. Автор: Мырзеке, жаңа сіз «біздер жөндеп білім де ала алмадық» дедіңіз ғой. Енді соған оралып, мектепке қалай барғаныңыз, бастапқы оқу жылдары, алғашқы мұғалімдеріңіздің кімдер болғаны, олар сабақты қалай оқытқаны туралы да айта кетсеңіз. Мырзатай: Мен мектеп есігін 1943 жыл дың күзінде аштым. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез. Нағыз алапат қиындықтардың уақыты. Елдегі іске жарамды жігіттердің бəрі майданға кеткен. Ауылда еңкейген кəрі мен еңбектеген балалар, шымылдығы желбіреген келіндер ғана қалған. Майданнан қаралы хабар алып, көзінің жасы көл болған аналар, аталар. Кеше ғана келін боп түсіп, күйеуінен айырылып, көрген түстей естанды халге тап болған, есеңгіреген, қара жамылған жас келіншектер. Бұл өмір не болады? Боздақтар елге қайтып орала ма? Алапат соғыс қаншаға созылады? Еңсені езетін бұл сұрақтардың жауабын ешкім білмейді. Ауылдың сол бір жабырқаңқы кезі əлі күнге көз алдымда. ДƏЙЕКСӨЗ: Алақандай ауылдан мектепке баратындардың да саны көп емес еді. 1-4 класс болып бəріміз бір класта оқитынбыз. Мұғалім біреу, оқудың ешқандай сапасы, берекесі жоқ еді. Ауылда бір үй құдайы берсе, мұғалім ағайымызбен бəріміз сабақты тастап сол үйде, қазан-ошақтың төңірегінде жүретінбіз. Мұғаліміміз өзіміздің туысымыз Жұманов Қыздарбек деген кісі еді. Түк білімі жоқ, бізге не үйретсін, ағайымыз бізге ештеңе үйрете алмады. Мектебіміздің өзі үлкен коридордан, екі-үш кластан тұратын. Оның кіре берістегі бөлмесінде мұғалім ағайымыздың өзі тұратын. Қыздарбек ағамыз жұқалтаң келген, бидай өңді, ақсап жүретін кісі еді. Сол аяғы оң аяғынан қысқа болатын. Тұрғанда сыңараяқ, бір аяғын көтеріп тұратын. Ол кісі біздің əрі мұғаліміміз, əрі директорымыз секілді еді. Ағайымыз малын жайғастырып кейде сабаққа да келмейтін. Сонда класқа шешесі Бақтылы келіп: – Қыздарбектің қолы тимей жатыр. (Кейде шай ішіп жатыр дейтін). Шуламай тыныш отырыңдар. Шулағандарыңды қамап қоямын, – деп қорқытатын. Бір күні қыста қар қалың жауып, омбылап мектепке əзер келсек, мектептің есігі жабық. Шулап жүріп есікті зорға аштырдық. Сөйтсек, ағайымыз бұзаулы сиырын қашарымен, екі-үш қойын, тазысын мектептің ішіне қамап қойыпты. Ірі қаралары сатпақтап тастаған, қойлар құмалақтаған, тазы тышыпсиген, бəрі лас, жүретін жол жоқ. Мектепте ағайымыз да жоқ екен. Балалар бұған наразылық білдіріп еді, Бақтылы: – Бұл не деген сұмдық. Мұғалім не істеймін десе де өзі біледі, онда сендердің жұмыстарың болмасын, шибөрінің көтіндей шулаған өңшең оңбағандар. Үндеріңді шығармай тыныш отырыңдар, өңшең шуылдақтар. Менің жыныма тисеңдер, бұдан былай оқымайсыңдар. Қыздарбек емес, менмін директор, тыңдамай көріңдер! – деп борандатты кеп. Шынында да мектептен шығартып жіберуі де мүмкін деп қорықтық сонда. Арамызда шайпаулау, мінезі шатақтау Мартан деген қыз бар еді, оның əкесі Бақтылының күйеуінен үлкен. Соны пайдаланып: – Ей, Бақтылы, не деп тұрсың сен. Осыныңды апама айтам, – деп еді. Бақтылы: – Апаң түгіл əкеңе айт. Мен қайнағадан да қорықпаймын. Құдайдан да қорықпаймын. Құдайыңа айт. Сен осы мінезің үшін бүгін қамаласың, – деп дүрсе қоя берді. Бақтылы бұрын да балаларды мектепке қамап қоятын. Қамалатынның бірі сол Мартан болатын. Əлгі сөзді естуі мұң екен, Мартан: - Мен қамалатын болдым, мынау мені тағы қамайтын болды, - деп жылап жіберді. Сол күні төрт сағат бойы класта əдеттегідей босқа отырдық. ...Сабақ дейтін сабақ болмайтын. Шуламай отырыңдар деп, тапсырма береді, біреу оқиды, біреу оқымайды. Менің Шəріпхан, Шымыртай ағаларым кітап бетін ашпайтын. Екі көзі терезеде, көкейінде атқа міну, көкпар, бəйге болатын. Мен бірінші класқа барғанда олар 4 класта еді. Үш жылдан кейін қуып жетіп, олармен кластас болдым... Осындай мектептен шығып, адам болғанымызға таңғаламын. Солардың ішінен Жұмаділ, Сейітжан үшеуміз ғана талпынып, жоғары білім алдық». М. Жолдасбеков, «Күндерімнің куəсі» кітабынан.

(Соңы 8-бетте).


8 (Соңы. Басы 7-бетте). Автор: Мырзеке, соғыс аяқталған соң, сіз əлі бастауыш кластарда оқып жүргеніңізде əкеңіз қайтыс болғанын айттыңыз. Содан кейінгі жылдарда орта мектепті бітіргенше көп қиындық көргеніңізді де білеміз. Сол жылдар туралы да баяндай кетсеңіз. Мырзатай: 1948 жылдың жазында бастауыш мектепті бітірген соң, енді оқуды қалай жалғастыруым керек дегенді ойлап, апам екеуміздің басымыз қатты. Көкем ол кезде жоқ, дүние салған. Тіршілік етудің қиын кезі. Бас көтеретін ер-азаматтардың майданнан оралғандары көп емес. Əскерге кеткен ағам Омартайдан хабар жоқ. Ауылда білім беретін тек бастауыш мектеп қана. Оның да жағдайы мəз емес. Біздерге сабақ берген Қыздарбек деген ағамыз, Əсия деген жеңгеміз жөнінде айттым ғой. Олар бізді оқытып жарытпады. Өздерінің жөнді білімдері болмаған соң, бізге не берсін. Мұғалім деген аттары ғана. Сонымен, біз жарытып білім ала алмадық. Бүгінгідей кітапхана да, теледидар да, кино да, ештеңе жоқ қой ол кезде. Тіпті қалам да, қағаз да жоқ. Ағам екеуміз бір қарындашты қақ бөліп, жіп тағып, қалтамызға байлап алатынбыз. Сөйтіп, қалайда оқуым керек болды. Қайда барамын? Кімнің үйінде жүріп оқимын? Апам екеуміз ойласа, ақылдаса келе Қызылжар селосында тұратын бөлем Ысқақ Ахметовтің үйінде жатып оқығаным дұрыс шығар деген байламға келдік. ДƏЙЕКСӨЗ: «Ысқақ – апамның үлкен əпкесінің баласы, Қызылжарда дүкенде сатушы екен. Біздің ауылдан жүз шақырымдай жер, сонда кеттім. Ол кісінің Гүлзада, Үрзада дейтін екі қызы бар, жеңгем Сəлима жыландай ысқырынған кісі екен. Мені жақын тұтып, бауырына тарта қоймады. Бір жапырақ нан жеп, бір кесе шай ішсем де көзі өңменімнен өтіп, əбжыландай арбап отыратын. Мені өз балаларымдай бұ да бала ғой, күйеуімнің туған бөлесі ғой, демеді. Оның үстіне мен келгеннен кейін көп ұзамай бөлемді ауданға апарып қамап қойды. Осы-ақ екен, құлағыма тыныштық болмады. Жеңгеміздің сары жалақ, шикіл сары өгей шешесі бар еді, ол да мені даттап шыға келді. Неше түрлі сұмдық сөздерді айтып, бөлемнің қамалғанына мен кінəлідей болып қалдым. Таңертең ерте тұрамын, Қаратау алақандағыдай анық көрінеді. Ауылым сол Қаратаудың бергі астында. Сағынышпен жылаймын. Көзімді жасқа бұлаймын. Сағыныштан жүрегім талады. Амал қанша, бəріне де шыдаймын. Бір күні қамаудан босанып бөлем Ысқақ келіпті, мені мектепке іздеп келді. Сабақтан соң үйіне алып кетті. – Сорлы, өлетін болыпсың ғой, саған ешкім қарамаған екен ғой, – деп ашуланып: – Құдайдан үмітің бар ма, мынау менің туған бөлем ғой, арысы, тіпті, адамның баласы емес пе, бір мезгіл қарасаң етті, құдайдан үмітсіз, – деп жеңгемізді көзімше ұрды. Кінəлі адамдай, ыңғайсыздандым. Көп кешікпей бөлем қайта ұсталды, мен баяғы қаңғитын əдетіме қайта түстім. Сол кезде де қайырымды кісілер болды, өздері жарымай отырып, балаларының аузынан жырып, жарты жапырақ нанды бөліп беруші еді маған. Ол кезде наннан артық тағам жоқ. Нанға тойған адам бір жасап қалатын. Қызылжарда итшілікпен осылай бір жыл өтті. Бесінші класты үздік бітірдім. Куəлігімді тапсырып тұрып завуч ағамыз Батчаев Сағит Ильясович (ұлты қарачай, математик еді): – Мырзатай, шалбарың тесіліп, қаңғып жүріп бесінші класты үздік бітірдің. Шамамда сенің келешегің зор, келешекте кім болғаныңды көрер ме едім, шіркін, – деді. Құшағына алып, басымнан сипады. Бастан сипауға зар болып жүрген кезім, мен ағыл-тегіл жыладым. Көзімнің жасын тыя алмадым. – Алған бетіңнен қайтпа, қиындыққа төзе біл, сонда мұратыңа жетесің, – деді əлгі ағай. Кейіннен іздеудің бір реті келмейақ қойды, сол ағайдың тағдырының не болғанынан менің еш хабарым жоқ. Куəлікті қолыма алып, мектептің жанындағы Қодар деген кісінің үйінде жиналып, ошақтының балаларымен ілесіп Үшаралға кетпек болып, балалармен ойнап жүріп мұрыным қанап, арықтың суына жуып отырғанымда көз ұшынан жердің танабын тартқан, маңдайындағы төбелі түнгі аспандағы Шолпан жұлдыздай жарқыраған өзіміздің Қаражан анадайдан көзіме оттай басылды. Саздау жер еді, Қаражан жануар жүріскер еді, шымды солқылдатып салып келеді екен. Қаражан біздің ең сүйкімді малымыз болатын. Бəйге алып, Темірдің шаңырағының абыройын асырып жүрген бие еді. Заты жылқы дегені болмаса, ақылды еді. Оттай жанған жанарынан көзің тайып кетуші еді.

www.egemen.kz

ӨМІР

ЕРІ Т К Е Н Р

Ө

Өткір еді жанары. Жақындай бере Қаражанның үстіндегі ағам Шымыртайды көрдім. Көргенім мұң екен, əкем тіріліп келгендей, бүкіл ауыл көшіп келгендей, төңірегім түгелденгендей болды. Қарсы жүгіріп, Қаражанды мойнынан құшақтап, танауынан иіскеп, жылай бердім. Дүние шыр айналғандай болды, өзгергендей болды. – Ағам келді, Қаражан келді! – деп айқайлай беріппін. Есі шыққан маған қарап, бұрын ешқашан селт еткенімді көрмеген балалар, мұнымды көріп, аңтаң болды. Қаражан мені танып, оқыранып: – Бұл жақта не ғып жүрсің қаңғып, – дегендей иіскелей берді. – Оқу, білім іздеп жүрмін, Қаражан, оқу іздеп жүрмін ғой, – деп мен де Қаражанымды мойнынан, сауырынан, жалынан, алқымынан сипап, терге малшынған, тұз татыған денесін сүйе бердім. Сонда ең жақыным да, ең асылым да Қаражан боп көрінді көзіме. Мен ебіл-дебіл жылаудамын. Аттан түсіп Шымыртай: – Шырағым, шырағым; құлыным, құлыным; құлдығым, құлдығым, – деп бауырына қысып, ебіл-дебіл ол да жылады. Сол жерде жылап қанша тұрғанымызды білмеймін, ел жиналып қалыпты, бəрі де бізге қарап тұр. Жоғалып табысқандай, мен,

«КЕЅ ДЇНИЕ, ЌЎШАЄЫЅДЫ АШ, МЕН КЕЛЕМІН!»

Қаражан, Шымыртай үшеуміз сол сəтте дүниедегі ең бақытты адамдай сезіндік. Топ ішінен шығып Батчаев Сағит Ильясович ағай: – Мынау бір сай-сүйегімізді сырқыратқандай оқиға болды ғой. Ағасы екенсің ғой, іздеп келгенің қандай жақсы болды, Мырзатай бұл еңбегіңді ақтайды, жолдарың болсын, – деді. Түйіншегімді алып, Шымыртайдың артына жайдақ мінгестім. Қаражан жылқы малына сирек бітетін жер танабын қуырған жүрісіне салды. Жер дөңгеленіп, мен аспан астында ұшып бара жатқандай сезіндім. Ол кезде сағат жоқ, қанша жүргенімізді білмеймін, ауылға тез келдік. Мəлікбайдың үстінен талдары жайқалып ауыл көрінгенде төбем көкке жеткендей болды. «Ауылым менің. Өскен, өнген жерім менің, сені кім ұмыта алады. Мен де ұмытқан жоқпын. Күндіз-түні сені ойладым. Қандай ыстық едің!» деп төбесі көрінген ауылыма жеткенше асықтым. Қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздады. Ауылға келіп, апамның құшағына кірдім. Анамның кеудесін иіскеп тұрып алдым. Ананың соншалықты жақын, соншалықты қымбат, асыл екенін мен бірінші рет сезіндім. Сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдерге бөлендім. Тіпті, дүниенің құшағын қайта ашқандай болдым. Анаға, туған ауылға жететін жержаһанда ештеңе жоқ екеніне анық көз жеткіздім. Екеуін бөлуге болмайтын егіз ұғым. Ананың құрсағынан шығасың, жарық дүниеге келесің, туған жерге кіндік қаның тамады. Ана, туған жер екеуі сөйтіп тұтасады. Өйткені, екеуі де анаң, бөлуге болмайды, бөлінбейді. Ауылда жүріп апам жұмсағанда кейде тіл алмаушы ем, онымның күнə екенін жаңа түсіндім. Ана, бала, туған жер үшеуіміз қайта қауышқанда дүние түгелденгендей болды».

М. Жолдасбеков, «Күндерімнің куəсі» кітабынан. Автор: Мырзеке, бесінші сыныпты соншалықты қиындықпен, азаппен бітірген соң, алтыншы сыныпта интернатта оқығаныңызды білемін. Ол туралы сіздің кітаптарыңызда бар. Сіздің сол жазбаларыңызды оқыған кезде мен өзімнің де алтыншы сыныптан бастап туған ағам Маратпен бірге (ол менен бір сынып жоғары, жетіншіде болатын) интернатқа алынғанымызды, сөйтіп, орта мектепті Жамбыл облысы, Шу ауданының орталығы, қазіргі Төле би

ауылындағы интернаттан бітіргенімізді еріксіз еске алған едім. Бесінші сыныпты бітіретін жылы менің де əкем қайтыс болған. Шешем мектепте оқымаған сауатсыз адам. Соған дейін бірнеше колхоздың мал дəрігері болып істеген əкем қыстың күні бір колхоздан екінші колхозға бара жатып, кешкісін боран басталғанда оқыста алдынан салдыр-салдыр етіп ұшып өткен қаңбақтан аты үркеді. «Жазым болса быламыққа тіс сынады» деген емес пе. Қамсыз отырған əкем ерден ұшып түскенде басы тасқа соғылып, есі ауып, қақаған қарлы боранда далада жатып қалады. Сөйтіп, суық екі өкпесінен қабат өтіп кеткен əкем қыс бойына төсек тартып ауырып жатты да, ақпанның аяғында, көктем жақындағанда қайтыс болды. Соғыстан кейінгі елуінші жылдардың басы ғой. Халықтың тұрмысы ауыр. Қолындағы үш баламен жалғыз қалған анамның басына түскен қиын халді Алла ешкімнің басына бермесін деп тілеймін. Үш баланы қайтсем аштан өлтірмей, адам қыламын деп анамның жан ұшырғанын, жаз айында үлкені он үштегі, кішісі жетідегі (інім ғой) үш баласын шұбыртып, колхозға масақ теруге барғанын еш уақытта ұмыта алмаспын. Үміт үзілуге тақаған сол күндері бір ағайындарымыз кеңес беріп, сəті түсіп, ағам екеуміз аудан орталығындағы интернатқа алынған едік. Мырзатай: Иə, интернат, детдом дегендер Кеңес өкіметінің халыққа жасаған жақсылықтарының бірі еді ғой. Қаншама ұл-қыздар интернат пен детдомдарда күнін көріп, жанын бағып, оқу бітіріп, өмірге қанат қақты. Ел-жұртқа, халыққа белгілі адамдар болып шықты. Мен жатқан интернатта менен бұрын жатып оқыған Шерхан Мұртаза ұлтымыздың мақтаныш тұтар жазушыларының бірі болды. Кейін «Интернат наны» дейтін шығармасын жазды. Қаратай Тұрысов ағамыз халқымыздың белгілі мемлекет қайраткеріне айналды. Интернаттан кейін Ленинградтағы жоғары көркемсурет училищесіне түсіп, соны бітірген Шəкен Ниязбеков халқымызға белгілі суретші болды. Қазақстанның мемлекеттік туының авторы атанды. Елімізге əйгілі тағы бір үлкен азамат, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде көп жыл мəдениет бөлімін басқарып, ұлт мəдениетін өркендетуге үлес қосқан Михаил Есенəлиев те балалар үйінің түлегі еді. Ол кезде «детдом» деген сөзді «балалар үйі» деп ешкім қазақшаға аударып жатпайтын. Отызыншы жылдардағы ашаршылықта, Ұлы Отан соғысы жылдарында, олардан кейінгі ауыр кезеңдерде детдомдар мен интернаттар талай балалардың жанын сақтап, олардың мектеп бітіруіне, білім алуына, адам болып шығуына жол ашып, мүмкіндік туғызды. Автор: Осы сөздеріңіздің мысалы ретінде айта кетейін. Мен жатқан

интернатта да менен бұрын, менімен бірге, менен кейін оқыған талай балалар, ұлдар мен қыздар кейін жоғары оқу орындарын бітіріп, білікті мамандар болып, ауыл шаруашылығын, Шу ауданын өрге сүйреуге, өркендетуге үлес қосты. Ұзақ жылдар совхоз директорлары болып істеген Қайып Кененбаев, Əбдіқұл Таубалдиев сынды ағаларымыз бен Мирон Қаратаев, Сағат Жұмағұлов, аудан басшысы дəрежесіне дейін көтерілген Жəнібек Майханов сияқты сыныптастарымды, институт бітіріп, көп жылдар мектепте үлгілі директор болған Берікбай Нұрғалиевті, Ленинградтан жоғары білім алып, экономика ғылымдарының кандидаты атағын қорғап келіп, Ғылым академиясында көп жыл қызмет атқарған Тұрыс Сартаев сияқты, басқа да көптеген интернат түлектерін атауыма болар еді. Осы тұста сізге тағы бір сұрақ қоюдың реті келіп тұр. Өзіңіздің интернатқа қалай алынғаныңызды айта кетсеңіз. Мырзатай: Ол туралы менің күнделіктегі жазбаларымда бар. ДƏЙЕКСӨЗ: «Жаз бойы сұрастырып: – Жамбылда интернат деген бар, ол жетім балаларды қабылдайды. Ешкімді бөлмейді, бəріне бірдей қарайды, – дегенді естіп, тамыздың 25-інде Жамбылға жүрдім. Жамбыл – Байқадам (бүгінде Саудакент) тас жолының бойындамыз. Ол кезде жүрсе күніне бір-екі-ақ машина жүреді. Əйтеуір бір машинаға мініп, қалаға жеттім. Қаланы өмірімде бірінші рет көруім. Күн кешкіріп қалған еді. Түнгі аспанда жыпырлаған жұлдыздарды ғана көріп өскен баламыз ғой, қалада дəл аспандағы жұлдыздай жарқыраған шамдарды көргенде таң қалдым. Қаланың теректері биік, үйлері əдемі болады екен. Қалада жаратылысы бөлек адамдар тұратын тəрізді көрінді маған. Қаланың тарихын да, көшелерін де білмеймін. Көзіме танитын бір кісі көрінбейді. Ымырт түсті. Мені үрей билей бастады. Иманжүзділеу бір кісіден жөн сұрадым. – Мен сол интернаттың маңайында тұрамын. Жүр, маған ілес, бала, – деді əлгі кісі. Ол кісі мені интернатқа əкеліп, өзі əрі кетті. Мен алғысымды айтып, сонда қалдым. Түнде жан-жақтан келген балалар жиналып: – Анандай құжат, мынандай құжат керек екен, – деп, шуласып жатты. Менде бар болғаны туу туралы жəне 5-класты бітірді деген куəлік қана бар. Бəріміз топырлап оқу жəне спорт залдарында жаттық. Ертеңіне интернатқа қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Біреулер қуанып, біреулер жылап

24 сəуір 2013 жыл

шығып жатты. Бір кезде кезек маған келді. Кірдім. Тұратын жерімнен анықтама, аудандық оқу бөлімінен жолдама, əкемнің жоқтығы туралы куəлік жоқ болып шықты. Оны қайдан білейін, енді кімнен аламын. Мен де жылап шықтым. Сол жылағаннан аулада кешке дейін жылап отырдым. Кешкісін қазаққа ұқсас бір əйел келіп, менімен орысша сөйлесті. Түгіне түсінбедім. Бір кісі аударып, түсіндірді. Сөйтсем, əлгі кісі интернаттың меңгерушісі Ким Лидия Тимофеевна деген кісі екен. Үйіне апарып қондырды. Күйеуі облыстық оқу бөлімінің меңгерушісінің орынбасары екен, өте сұсты кісі еді. Менің əлгі кісіден қорыққанымды сезініп, Лидия Тимофеевна: – Он хороший человек, хороший человек, – деп жатты. Күйеуінен рұқсат алды-ау деймін, ертеңіне интернатқа қабылдандым. Түсте асханада шөп салған көже берді. Сұйығын ішіп қоямын, талмапталмап шөбін жұтайын десем жұта алмай-ақ қойдым. Сөйтсем, борщ деген тамақ екен. Бұрын көрмеген соң қайтесің, кейін үйреніп алған соң борщты да атамыздың асындай ішетін болдық. Лидия Тимофеевна мені аспазшы тетя Сонямен таныстырып қойды. Таңертең екі түйір, кешкісін екі түйір қант береді, соның біреуін жеп, біреуін жинай бердім. Қысқы каникулда апама бір дорба қант апардым. Ол кезде қант тапшы. Балам мал тапты деп апамның қуанышында шек болған жоқ». М. Жолдасбеков, «Күндерімнің куəсі» кітабынан. Автор: Мырзеке, сіз Жамбылдағы, мен Шу ауданының орталығы Төле би ауылындағы интернатта өссек те, ондағы өмір бір-біріне ұқсас екен. Біздегі аспазшы əйелдің де ұлты корей еді. Біз оны «Настя тəтей» дейтінбіз. Таңертең, кешке бізге де екі түйірден қант беретін. Біз де соның біреуін жеп, біреуін жастығымыздың тысының ішіне салып, жинайтынбыз. Сөйтіп, ауылға, шешелерімізге апаратынбыз. Олар қуанатын. Елде соғыстан кейінгі жоқшылық кезі ғой. Бəрі тапшы. Сонда бөлмелерде қатар жатқан балалар мен қыздардың көбі-ақ əлгіндей қант жинайды. Салатын жерлері белгілі – жастықтарының тысы. Шамадан, сөмке дегендер ешкімде жоқ. Кейін сол кезді еске алғанда таңғалатыным – жүз шақты бала жататын интернатта ұрлық деген атымен болмаушы еді. Бөлмелер кейде есіктері жабылмай, ашық-шашық та жатады. Ұлдар, қыздар бір-бірінің бөлмесіне кіріп-шығып та жүреді. Сонда үлкені бар, кішісі бар, ешқайсысы бір-бірінің бір түйір қантына тимейді. Тек өздеріміз ғана анда-санда түгендеп, санап қоюшы едік. Қайда, қашан, кімнің шығарғаны белгісіз: Интернаттың формасы, Екі жүз грамм нормасы, Аш та қылмайды интернат, Тоқ та қылмайды интернат, Қашып кетсең егерде Түк те қылмайды интернат, – деген бір ауыз өлеңді бəріміз білетінбіз. Бірақ интернаттан ешкім ешқайда қаша қоймайтын. Өңдеріміз жүдеу, киімдеріміз де арзанқол, біркелкі еді. Таңертең, кешке əртүрлі ботқа жеп, шай ішеміз. Түсте борщ, көже, кəтлет, кейде гүлəш болады, ондайда қуанып қаламыз. Əр жолы бір-бір тілім нан, анда-санда, мерекелерде нанға жағатын, көлемі шай қасықтың басындай сары май береді. Мырзатай: Беретін қара наны «ржаной» деп аталатын. Оның іші былжырап, суланып тұратын. Күн сайын бір-екі бала асханада кезекші болады. Аспазшыға көмектеседі. Олар таңертең нанды жұқалап турап, дайындап қояды. Осылайша, үш мезгіл əр балаға бір-бір тілімнен нан тиетін. Бəріміз сонда əлгі нанның сыртын жеуге ұмтылушы едік. Соған құмармыз. Оны «гарбушка» деп атайтын. Қолына гарбушка тиген бала қоқиланып, мəртебесі өсіп, қуанып, жанжағына қораздана қарап отыратын. Интернаттағы ауылдан келген балалардың бəрі қолдан пісірген таба нанды сағы на тынбыз. Мен де анамның табаға көміп пісірген, иісі мұрынды жарған ыстық нанын есім кеткенше аңсайтынмын. Интернаттың түбінен арық ағатын. Соның жанындағы көгалға жата кетіп: «Апа-ау, апа, таба наныңды сағындым!» деп дауыстап жылайтынмын. Сонда өзімнің дауысым апамның құлағына жететіндей болып сезілетін. Шамасы, нанды ғана емес, апамның өзін де сағынғаным болар. Сағынғаным сонша, жүрегім талып, шаршайтын. Балаға анадан жақын, анадан ыстық ешкім жоқ қой. Автор: Балалардың жыл бойы киген киімдерін жазда, үйлеріне қайтарда кəстелəнші апай жинап алып, күзде келесі сыныптың балаларына қайта үлестіретін. Бір жолы менің сыбағама басқа біреуден қалған жыртылған бəтіңке тиіп, қыс түсіп, аяз басталғанда башпайларымды үсітіп алғаным есімде. Мырзатай: Бізге берген киімдері

арзанқол болғанмен, əжептəуір еді. Ең алғаш интернатқа алынған соң, бірер күннен кейін саппен моншаға апарды. Сонда кигізді алғашқы киімді. Кейінірек, суық түсер алдында əппақ көйлек, дамбал берді. Мен оны алғашқыда шалбар екен деп қалдым. Сөйтсем, суықта шалбардың ішінен киетін «кальсон» екен. Сонымен, қысқа қайырғанда, алтыншы кластан бастап сегізіншіні бітіргенше интернатта жатып оқыдым. Сол кезден айта кетуге болатын тағы бір жай – менің гармонь тартуды үйренгенім. Сөйтіп, апамның бір арманын орындағаным. Қыз күнінде апамның: «Шіркін, кейін ұлым болса, ол жақсы жігіт болып өссе, құйқылжытып гармонь тартса, мен жанында тыңдап отырсам, қосылып əн салсам» деп армандағанын айтқаны құлағымда қалып қойыпты. Содан интернатқа келсем, қоймасында ескі жыртық гармон бар екен. Оны ешкім керек қып, тартып жатқан да жоқ. Қоймашымыз əрі тəрбиешіміз Пушкарев Владимир Степанович деген жақсы, қайырымды кісі еді. Жас кезінде алғаш ақгвардияшылар қатарында болып, кейін қызылдар жағына көшіпті. Өзге тəрбиешілер таңертең келіп, айқайлап оятатын. Тез тұра қоймасаң, одеялды жұлып алады. Ол кісі келгенде рахат, дауыс көтермейді, жайлап оятады. Сол кісі рұқсат беріп, гармонды өздігімнен ойнап, үйрене бастадым. Жас кезімнен домбыраға, əн-күйге əуестігімнің пайдасы тиді ме, тез үйреніп, кешікпей-ақ жап-жақсы тартатын болып кеттім. Мектептегі кештерде мен гармонь тартам, балалар билейді. Жазда демалысқа шыққанда Пушкарев рұқсат беріп, гармонды ауылға да алып бардым. Апам қатты қуанды. Маған гармонь тартқызып, өзі қосылып əн салып, арманына жеткендей болған еді. Анамның ағаларынан басқа бір əкпесі, бір сіңлісі болды. Мен бесінші сыныпты əпкесінің Қызылжарда тұратын Ысқақ деген баласының үйінде жатып оқимын деп, көрген қорлықтарымды алдында айтып кеттім. Ал сіңлісі Ақайым деген кісі еді. Тоғызыншы класта, оқитын басқа мүмкіндік болмаған соң, мен енді Жамбылда, ат зауытының маңында, «Питомник» деген жерде тұратын сол сіңлісінің қолында оқыдым. Ақайым апам – менің апамнан бойы ұзын, бірақ түрі аумайтын еді. Менің анамның кірпігі таяқтай болатын. Көзін ашып-жапқанда, кірпіктері ашылып жабылған есік сияқты еді. Ақайым апамның да кірпігі сондай болатын. Күйеуі Əжіғұлов Аязбай деген кісі. Ол да Тасжүрек. Тасжүректің Кенжесі. Мен сонда бір жыл оқығанда, неге екенін білмеймін, Əжіғұлов болып мектепке бардым. Келгеннен кейін апама: «Апа, мен Əжіғұлов болмаймын, мен Жолдасбеков боламын, менің əкем Жолдасбек емес пе?», – дедім. Содан соң апам, сіңлісіне: «Ақайым, сен мына Мырзатайды Əжіғұлов деме, өзінің əкесінің атына жаздыр», – деп тапсырып, өз əкемнің атына қайта жаздыртты. Орта мектептегі аттестат алатын соңғы, оныншы сыныпты Қаратау қала сындағы интернатта жатып бітірдім. Белгілі композитор Ілия Жақанов екеуміз бір класта оқып, мектепті бірге бітірдік. Автор: Мектеп бітірушілердің кеші болды ма? Мырзатай: Кешіміз сол Қаратау дағы Сталин атындағы қазақ мектебінде өтті. Үлкен залы бар еді. Балалар мен қыздар билегенде əлгі зал селкілдеп кетті... Ұлдардың сол кеште жасырып арақ ішкен жағдайлары да болды... Автор: Мектеп бітірер кездегі өзіңіз туралы тағы не айтар едіңіз? Мырзатай: Неге екенін білмеймін, ол кезде мен ұялшақ едім. Қыздардан, үлкендерден ұялатынмын. Ерегіссем, қырсығып қалатын қыңыр мінезім де бар болатын. Автор: Мырзеке, келешекте кім боламын деген қиялға берілу, болашақтағы өзінің мамандығын, жолын таңдау – жастық шақтың еншісі ғой. Мектепте оқыған жылдарда сіз келешекте кім болуды армандадыңыз? Мырзатай: Алғашқыда артист болсам деп қиялдадым. Ол кезде жазда ауылға артистер келетін. Жұрт оларды қуана қарсы алады. Сахнадағы өнері, киген киімдері, сөйлеген сөздері барлығы ерекше жарасымды, керемет болып көрінетін. Кейінірек, мектеп бітіруге жақындағанда профессор болсам деген ойға бекідім. Автор: Сол кезде-ақ өз болашағыңызды дұрыс болжаған екенсіз ғой. Мырзатай: Мектептен соң ауылда бір жыл жұмыс істеп, киімдерімді бүтіндеп алып, келесі жылы Қазақтың мемлекеттік университетіне түссем деп талпынып, Алматыға келдім. Жолым болып, оқуға түстім...


24 сəуір

ДЕ Р Е З

2013 жыл

Біздің қазақ халқы сол Ұлы Отан соғысы жылдарында қай жерде мерт болғанын білмей, із-түзсіз жоғалтқан аға-бауырларын əлі күнге дейін сағына іздейді. Сағынышпен еске алып отырады. Соғыс сызы əлдеқашан естен шыға бастаса да, кеудедегі сартап сағыныш, о шіркін, əлі де үзілер емес. *** Ілгеріде... Қызылордадағы жастар ұйымының бөлім басшысы қызметін атқарып жүрген шағымызда туған інімдей боп соңымнан ерген бір бауырым – нұсқаушы Ниятолла (өзі осылай атағанды ұнататын) Раманқұлов маған əлі сиясы кеппеген бір өлеңін асыға-алқына оқығаны бар. Өзім əлдебір қарбалас жұмыс жайымен сапырылысып жатсам, ол да жағадан алып: – Тыңдашы, ғажап жыр! – дейді. – Өткір өлең... Ызғарлы өлең... – Е, қойшы! Осы күні өлең тыңдап отыратын уақыт па екен, – деймін оның алқынған көңілің баса сөйлеп. Ниятолла сонда да қайтар емес. Ақыры оқыды. Тыңдамасыма қоймады. Сондағы саңқылдап оқыған ұзақ

асыл азамат біраз жыл азап көріп, əзер дегенде ақталып, елге оралған бетте соғыс өрті тұтанып жүре береді. Сосын шұғыл түрде əскерге шақырылып, соғыс даласына аттанады. Том, Воронеж, тағы басқа да бірнеше қалаларда жаумен болған қиянкескі ұрыстарға талай рет кіріп шығып, бəрінен де аман қалып, шыбын жанын олжа көрген жауынгер жігіт 1945 жылы елге қайтуға дəмеленіп, буынып-түйініп отырғанда, Шығыс майданына, Жапония жеріне баруға бұйрық түседі. Міне, осы Қиыр Шығыста болған күндерінде Əбзəли Егізбаевқа оқыстан оқ тиіп, қаза болса керек. Жеңістің жалауы желбірегелі тұрған кезде есіл ер қапыда көз жұмады. Жүрегі жырға толы азаматтың фəниден аттанардан аз ғана бұрын жазған бір жырында мынадай жолдар бар: Халық үшін белді буып аттанамыз, Қолға алып қару-жарақ, сапталамыз. Кеудеден кеткенше жан, жұмғанша көз, Қайрат қып, ел борышын атқарамыз... Рас, есіл ер соңғы демі біткенше еліне, Отанына адал болды, сол үшін қасық қанын да аяған жоқ.

майданға аттанды, елді фашистерден қорғап, ерлік көрсетуде, ал мен елде тығылып жатырмын» деп сыр айтты. Мен оны жұбатып «сіз жас бүлдіршіндерге білім беріп жүрсіз ғой» дедім. Ағам менің сөзіме мəн берген жоқ. «Шамасы, мен де өз еркіммен соғысқа кететін шығармын» деп күбірлегенін өз құлағыммен естігенмін. – Отансүйгіштік деген осы болар! – Əй, қайдам! – деп анам қамыға түсті. – Ол мұғалім ғой, сол шаруаны абы роймен атқарып жүре берсе, жұр тына көп жақсылық жасамас па еді. Соғысқа аттанып кетті де, жапжас кезінде қыршынынан қиылды. Жалындап тұрған жас өмір орта жолда үзілді де қалды... *** Гвардия аға сержанты Нұрбек Шаханов Сыр бойындағы Жаңақорған ауданынан əскерге алынып, 4-5 ай Алма-

Мінбеге көтерілген үздік мектеп оқушысы да Нұрбек атасының жастарға арнап жазған жырын мəнерлетті: Соғыс деген айдаһар ғой ақырған, Арбап бізді апанына шақырған! Сендер аман болыңдаршы, жас ұрпақ, Ойнаңдаршы, күліңдерші асыр сап! Өзім жетпей, сөзім жетсе еліме, Аманатым – үлкен-кіші, бəріне!... Оның кіршіксіз таза дауысы бүкіл ауылды аралап бара жатты... Өлеңнен Нұрбектің өршіл рухы сезіліп тұрды... Осы шаруаны өзі бақылаған анам риза болып: – Айналайын, енді өле берсем де болады, – деді. – Əйтпесе, кеудемде бір сағыныш үзілмеуші еді. Аңсап жүруші едім сол ағатайымды... Тірі болып, сексен жас жасағанда не істей алдым деп... Апам сөзінің аяғында кемсеңдеп кетті.

(эссе)

Соєысəне ж саєыныш Жолтай ƏЛМАШҰЛЫ, жазушы.

өлеңінің бір шумағы ғана есімде сақталып қалыпты. Жыр соғыс туралы болатын. Дəміндей ерменнің, Бойға ащы тарады. Соғысты көргеннің Бəрі де жаралы... деп түйіндеп еді. Осы жолдар, неге екені белгісіз, əлі күнге дейін есімнен шықпай, соғыс туралы сөз болса, үнемі тілімнің ұшына орала беретіні бар. Таяуда Сыр елінен Астанаға мені іздеп келген Амангелді аға Əбзəлиев хабарласты. Бұл кісі кешегі Ұлы Отан соғысында майданнан оралмаған ақынжауынгер Əбзəли Егізбаевтың ұлы. Əкесі соғысқа аттанғанда небəрі 4-5 жасар бала екен, əке бейнесін де еміс-еміс елестетеді. – Сені іздеу себебім, – дейді ағам. – Мына əкемнің артында қалған жəдігер жырлар топтастырылған кітапты бере кетейін деп едім. Бар жұмысым осы. Сосын Əбзəли Егізбаевтың бір томдық өлеңдер жинағын алдыма қойды. «Сырдария кітапханасы» сериясымен басылыпты. «Фолиант» баспасы арқылы əсем безендіріліп, көркем етіп шығарылыпты. Кітапты қолыма алып, ақырын сипалап көрдім. Бұл жай өлеңдер жинағы емес, қанды майданға қатысып, жанбай – жоғалмай оралған өршіл жырлар ғой, деймін дауысым дірілдеп. – Тек майдан жырлары емес, мұнда 1937-жылдардағы жазықсыз жапа шеккен жандардың мұң-наласы да көркем кестеленіп көрініс тапқан, – деді Амангелді аға. – Əкем соғысқа аттанғанға дейін де бірқатар өлеңдер жазыпты. Біз соны іздеп жүріп тауып алдық. Содан соң маған тағы бір кітапты ұсынды. «Біз сенің өміріңнің жалғасымыз» деп аталады екен. – Бұл, – деді аға, – артында қалған ұрпақтарының ұзақ жылғы сағыныш сезімі, ыстық ықыласы, һəм жүрекжарды сөздері жазылған жинақ. Бұны да оқып шығарсың. – Өзіңіз жаздыңыз ба? – Өзім жазған дүниелер де бар, ағам Нағмеддиннің əке туралы толғанысы бар, басқалардың естелік-мақалалары да молынан берілген. Ең бастысы, бұл кітапта əкемнің өшпес рухы атой салып айқайлап тұр.

*** 1941-45-жылдардағы қанқұйлы соғыс кезінде опат болған əкелер мен апалар ұрпағы, айтатыны жоқ, осы күні жаны жабырқау тартып, əрдайым-ақ кермек сезімді бастан кешеді. Олар өткен өмірлерін сөз еткенде қолқасы қысып, кеуделерінен суық ызғар соғады. Амангелді Əбзəлиев аға екеуміз аз ғана уақыт тілдескен сəтте байқағаным – азаматтың асыл жүрегі жаралы. Жасы жетпістен асса да, əке туралы толғана сөз бастаса, еріксіз дауысы дірілдеп, жанары жасаурайды. Əбзəли Егізбаев Сыр бойындағы Қармақшы елді мекенінде 1907 жылы дүниеге келген екен. 1930-жылдардан бастап бірнеше жыл комсомол, кеңес жұмыстарында əртүрлі деңгейдегі қызметтерде болады. Ал 1933 жылы біржола ұстаздық жұмысқа ауысады да, 1937 жылы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалады. Дəл сол қызметте жүрген шағында оған «халық жауы» деген жала жабысты. Аяғында істі болып, жер ауып кете барады. Тағылған қылмысы – «мектеп жөндеу жұмыстарын қасақана ұзартқан», «ауданға мектепте оқитын бала санын азайтып көрсеткен», тағы сол секілді майда-шүйде нəрселерді тізіп-тізіп көрсеткен. Осылайша, жазықсыз жапа шеккен

*** – Əкем небəрі отыз сегіз жас өмір кешті, бірақ, сол қысқа уақыттың өзінде көп нəрсеге үлгеріпті, – дер еді Амангелді аға. – Ал біз болсақ... Ол кісі аз-кем үнсіз қалды да, содан соң қайтадан сөзді жалғады. – Мен əкемнің сүйегі жатқан жерді іздеп, сонау алыстағы Қиыр Шығыс елдеріне сапар шегіп қайттым, – деді аға. – Қасымда екі-үш кісі болды. Сол сапарда мен неге екенін қайдам, үнемі кермек ой үстінде болдым. Əкеңді іздеу, анығырақ айтқанда, оның баяғыда жер қойнына берілген мəйітін іздеуден өткен ауыр сапар болмайды екен... – Жерленген жерін таба алдыңыздар ма? – Əрине, таптық. Оған ең əуелі тікелей қолдап, қол ұшын берген сол кездегі Қытайдағы елші, ұлтжанды азамат Қ. Сұлтанов болды. Сол кісі əкеміздің сүйегі Манчжурияда жатқанын айтты. Əке міздің мəйіті Манчжурия қаласындағы қалалық паркте, бауырластар зиратынан орын алыпты. Іздеп барып, бейіт алдында бас иіп, құран оқыдық. Амангелді аға осыны айта отырып, толқулы сезімді бастан кешеді. Дауысы да дірілдеп бара жатты... Мен ойланып қалдым. «Бұл соғыс ызғары қай заманда тыныс тауып, біржола тыншуы мүмкін! Қашан адамдардың жүрегі қан жылауын доғарады екен, ə! Бұл не деген ұзақ қайғы... ». Ойыма əнебір жылдары анам айтқан соңғы əңгімелер еріксіз орала берді.

*** Бекзада Жұматкеліні 2010 жылы жаз айында бақидан фəниге озды. Қыс бастала қатты ауырды да, алаңсыз төсек тартты. Үнемі балалары мен қыздарын іздей беріпті, іздей беріпті. Хабар бізге де жеткен еді, бірақ қызмет жағдайымен дереу жиналып жетіп баруға мүмкіндік болмады. Көктем шыға аз уақытқа демалыс алып, ауылға келдім. Анам қатты жүдеп қалыпты. Жанында əлденеше күн болып, əңгімесін тыңдадым. – Балам, – деді анам, – сен білесің бе! Мен əкемнен 3-4 жасымда айырылдым. Ол кісінің адами бейнесін де білмеймін. Көз алдыма, қанша тырыссам да, елестете алмаймын. Сосын оңашада үнсіз жылап аламын. – Оны білем ғой. Талай рет айтқансыз. – Əрі қарай тыңда, – деді анам. – Ал енді Нұрбек деген ағам Шымкенттегі Қапланбек зооветеринарлық техникумын үздік оқып, аяқтаған соң, ауылда ұстаз болды. Бала оқытты. Барлық пəнге жетік болатын. – Оны да айтқансыз. Нұрбек аз уақыт ішінде мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары, тіпті, бірер ай директорлықты да өзі атқарды дегенсіз. – Бірақ, сол жұмыста көп отырған жоқ. – Иə, Нұрбек ағатайыңыз аяқ астынан соғысқа аттанды. – Рас, соғысқа өз еркімен сұранды. Аудандық əскери комиссариатқа барып өтініш білдіріпті. Оны біз кейінірек білдік... – Неге олай етті екен, ə? – Ағам маған бір жолы «менің барлық құрдастарым мен қатарластарым

тыдағы мергендер əзірлейтін арнаулы курста ерекше дайындықтан өтіпті. Содан соң арнайы жасақталған əскери топпен қан майданға аттанады. Жауынгердің неміс фашистерімен бетпе-бет айқасқа түсуі Украинаның Донецк қаласындағы Голая Долина селосы болды. Мұнда ол 88-атқыштар дивизиясы құрамында еді. Шайқастың алғашқы күндері-ақ өте мергендігімен өзгелерден ерекшеленіп, əлденеше рет алғыс алыпты. Аз уақыт ішінде взвод командирі болып бекітіліпті. Қаншама əскери тапсырмаларды мүлтіксіз орындай алыпты. Мерген жігіттің ақырғы демі 1943 жылы 22 шілдеде соғыс даласында үзілді. Мəйіті сол селода мəңгі мекенін тапты. Анамның айтуынша, Нұрбек те ептеп өлең шығарады екен, ақындығы ауылда жүрген кезде-ақ белгілі болыпты. Екі-үш ауыз өлеңді аяқ астынан шығара салады екен. Соғыс даласынан жазған бір хатында: Аман-сау жатырмысың қарындасым, Кеудеңнен қуанышың арылмасын! Сəлем айт Зəуре атты анамызға, Тілектес бола жүр деп балаңызға!.. – деп Бекзадаға жыр арнайды. – Ағамнан келген сағынышқа оранған үшбұрышты хаттарды күні кешеге дейін сақтап жүруші ем, – дейді анам. – Əкеңе тұрмысқа шыққан соң бəрін де жоғалттым. Қайда қалғанын білмеймін. Сол Нұрбек Шаханов тағы бір хатында былайша өлеңдетіпті: Ыстық қой кім-кімге де Отан деген, «Жаурасаң, мына менен от ал» дер ем! Қорғаймыз жан Отанды жау біткеннен, Сүйіңдер бұл Отанды мендік деммен!.. Арқамды Отаныма тіреп тұрып, Жайратам жау біткенді білек түріп!.. О, ана, бір өзіңе табынамын, Ақ сүтіңмен келген маған жүректілік!..

*** Көптен төсек тартып жатқан анам Бекзада Жұматкеліні енді басын көтерді. Сосын бізге – төрт ұлына қарап: – Əй, осы менің бақиға аттанар күнім де алыс қалмады білем, – деді. – Енді сендерге айтар бір өтінішім бар. – Айтыңыз, апа! – дестік жамырай сөйлеп. – Көзім тіріде сол соғыста мерт болған Нұрбек марқұмға ас беруім керек. Ертең ана дүниеге барғанда əке-шешеме не бетімді айтамын! Нұрбек ағатайыма не деймін. – Не істеуіміз керек? – деді Дəуітбек ағам. – Ас берейік. Құран оқытайық. Киім таратайық. – Е, жарайды, – деді Елтай ағам. – Ол қиын шаруа емес екен. Қолда мал бар. Көкөніс те шешілген... Апам аз-кем жөтеліп алып: – Сендер бастасаңдар, мұндағы ағайын-туыс та қарап қалмас, – деді. – Төркін жағым да арқаланып келіп жетер. Бəрі де Нұрбек марқұмның аруағы алдында бас иеді ғой. Сəуір айының соңғы мамыражай күндерінің бірінде Сыр бойындағы Қыраш ауылында соғыстан қайтпай қалған жауынгер азаматқа арналып ас берілді. Құран бағышталды. Естеліктер айтылды.

*** Амангелді аға əңгіме айтып отыр. – Мен Манчжурияға барған сол сапардан бос қайтқаным жоқ, əкем қайтыс болған жерден топырақ ала келдім, – деді. – Дорбадағы топырақты өзі туған жерге əкеліп қойдық. Бұл - əкемнің туған еліне қайта оралуы ғой... Соғыс аяқталғалы бері қаншама уақыт өтіп барады. Бүгінгі жас ұрпақ ол соғысты, тіпті қанша ұғындырсаң да түсіне бермеуі мүмкін. Ал, соғыстан қайтпай қалған ерлердің ұрпағы болса, əлі де мұңаюлы. Əлі де жүректері жаралы. – Əкем бір өлеңінде былай деп жазыпты, – деді Амангелді аға. – Тыңдап көрші. Бəйшешек гүл-гүл жайнаған, Бағында бұлбұл сайраған, Сайран салып ойнаған, Туған жер бізді сағынтты! Пүліштей егіз түрленген, Ырғала өсіп гүлденген, Əлемге əсем нұр берген, Туған жер бізді сағынтты!.. Ол өлеңнің соңғы жағын түгел оқи алмады. Тағы да қамыға, дауысы дірілдеп, тоқтап қалды. Мен ол кісінің көңілін аулап, əңгіме бағытын басқаға бұрдым. – Ұмытпасам, сіздің əкеңіз жайлы қазақтың белгілі ақыны Сырбай Мəуленов өте əсерлі əңгіме айтыпты. Ал, Əбу Сəрсенбаев «Əбзəлидің толарсақтап қан кешіп, бораған оқ пен оттың ортасында жүріп, осынша өлең жазғанына таңырқайсың» деп жазыпты ғой. – Ол рас, – деді Əбекең. – Əкемнің 80 жылдық тойында осындай жылы-жылы пікірлер айтылғанын өз құлағыммен естігенмін. – Əбзəли Егізбаев Жазушылар одағындағы майдангер-қаламгерлер арасында есімі жазылған кісі! – Иə, ол да бар, – деді Амангелді аға. Кішкене тоқтады да, содан соң: – Таяуда əкемнің кітабын Елбасымыз Н.Назарбаевқа арнайы жолдаған едім, ол кісіден алғыс сезімге оранған жауап хат алып қуандым, – деді. *** Ол кісі шығып кеткен соң, оңаша ойланып отырып қалдым. Көз алдымда Сыр елінен майданға асығыс аттанып кетіп, қайтып туған жеріне аман-есен жете алмаған қос боздақ! Таңғаларлығы – екеуі де бір жылдары ұстаздық жұмыс атқарып, жас бүлдіршіндерге ілім-білім үйретіпті. Екеуі де мектеп басшысы болыпты. Екеуі де білімді, білікті азамат екендігін аз уақытта бүкіл елге дəлелдеп үлгеріпті. Ал ең таңғаларлығы – екеуі де ақын. Екеуінің де көкірек сарайы сайрап тұр. Көмекейін ашса, ар жағынан жыр төгіледі. «Əттең» дейсіз осындайда. «Сол бір қанқұйлы соғыс болмаса, Əбзəли мен Нұрбек қазақ поэзиясында жарық жұлдыз болып жарқ етіп көрініп, ұлт əдебиетін тағы да бір биікке көтеріп тастар ма еді». Міне, ХХI ғасырда біз кешегі соғыс тақырыбын осылайша сағынышқа орап, тек қана аңсау сезімімен баян етіп отырмыз. Өйткені, ол күндердің елесі бүгін жүрек сыздатар ауыр ойларға жетелеп қана қоймайды, сонымен бірге, көңіл толқытар кермек сағынышты да молынан кеудеге құя түседі.

www.egemen.kz

9

Сырдар жер емс ияның екі жағал е, а ғасырлар екінші бөлігі ат уын мекендеген қ акəсіп – осы құйқ алың қаза м а етпеген, мал жай лы жерді мекенде ал шаруашылығы қтың бір бөлігі е ылымын гін егіп ген ел «Қ жоққа ш мен айна аза ой ы егіншілер ғарады. Керек д лап көшіп-қонып қтар жерді игер лысатын. Сан іп ес ін ж қазақ қол ің бəзбірі «Қаза еңіз, бүгінгі күнге үре берген», деге , диқаншылық қ диқанн н қасаң ұ ымен сеп д е йін сол ың ғы кізіп алад ы. Мұны қолы берекелі к өңірдегі өзбек-қ мды еледі», де ы көз көрге н соң айт п дəн-дақ рғыз ылын амыз.

Əскерге кеткен Кґкќасќа

Аққорған мен Мырзашөлдің арасын қақ жарып аққан Сырдарияның сағасында жанға дауа, дертке дəру шөптің сан түрі өседі. Мал баққан елге жақсы жайылым. Қамыс-құрағы атты адамды жасырса, жусаны бұрқырап, жоңышқа, беде, шырмауығының қалыңдығы сонша тай-құлынды матап, ұсақ малды адым жер жүргізбейтін, ит тұмсығы батпайтын нағыз «құйқалы қалың» осы жер. Құйқалы қалыңның кең бір жайылымын «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ашаршылық кезеңінде «Шүлен таратқан Оразкелді» деген жақсы аты шыққан оразкелділердің бір ұлысы мекендейтін. Ұлыстың басшысы жеті атасынан бері дəулет үзілмеген Жолбек бай деген болған екен. Жүзі нұрлы, жүрегі жұмсақ, қолы ашық Жолбектің байлығын кім санап, кім есеп-хатқа түсіріпті? Сұрай қалсаң «Мыңғырған малының есебі жоқ бай болыпты...» дейді көнекөз қариялар. Жолбек бай мал басын көбейтумен ғана емес, əр түліктің төлін асылдандыру ісімен де көп шұғылданыпты. Əсіресе, жылқы тұқымын асылдандыруды мықтап қолға алған де седі. Оның айпара дəлелі, балуан інісі Сəңгіл мінген Көкқасқа тұлпар. Сəңгілдің сəн-салтанатын келтіріп, даңқын шығарған Көкқасқа туралы аңызəфсана Сырдарияны жағалаған елдің арасында баршылық. Аңыздан аршылып, ақиқаты жазылған үш тал қағазхат Сейхунабат ауданының ақсақалы Бөріхан Мұталиповтан бізге де келіп жеткен-ді. Оқушы қауымға соны баяндауды жөн санадық. Жолбек бай ат құмар, балуан денелі кенже інісі Сəңгілді жастайынан жанынан тастамай, той-жиынға, аламан бəйге, додалы көкпарларға үнемі ертіп жүреді екен. Жас кезінен-ақ небір аузы дуалы билер мен көкірегі дария-даңғыл қарияларды көріп өскен Сəңгіл ел жағдайымен қатар, мал шаруасына да бекем болыпты. Қара Айдар сынды атбегілерінен тұлпар шығар тай-құлынның бітім-болмысын айырып, оны баптап, түрлі өнер-ойынға баулудың қыр-сырын да терең меңгерген. Сəңгілдің жігіттік шағы туып, жұлдызы жанған кезде бірнеше асыл тұқымның будандасуынан туған Көкқасқа құлын да бой түзеп өсіп, жер тарпыған тұлпарға, жол апшысын қуырған жүйрікке айналған мезеті екен. Сол тұстағы атбегілер мен құрыш тақым шабандоздарды таңғалдырғаны – Көкқасқа бел – тұрқы ұзын, құйма тұяқ бəйге жүйрігі ғана емес, тірсегі жуан, піл табан көкпар аты да болыпты. «Бəйгелі тойда алдына қыл құйрық салмаса, көкпарда үлкен додаларды жарып шығып, топтан лезде қара үзетін екен», дейді көнекөздер. Жануардың аяғы ұзын əрі жуан болғанымен, оған жараса тұяғы тіктеу біткен. Нағыз аққу мойын, қоян қабақ, қамыс құлақ тұлпар еді. Ол кезде Сəңгіл шабандоздың тақымына түскен серкенің шаты сетінеп жыртылмаса, ешбір мықты құрыш тақымын ажыратып, салымды тартып алып кете алмайды екен. Бірде, қалың нөпірді жарып шығу үлкен күш болған шақта Көкқасқа жанындағы жарға түсіп кетеді де, жар табанындағы жалғыз аяқ жолмен шауып отырып қайта көкпар алаңына шығыпты. Жаратқан бір айналдырғанды шыр айналдырады демекші, жұлдыздай аққан Көкқасқа мəреге жақындай беріп бір қарғығанда үлпі қар басқан үлкен апанға күмп етіп түсіпті. Апанның тереңдігі сондай, Сəңгіл мен Көкқасқаның басы ғана қылтиып көрінеді дейді. Етқызуы қайтпаған арғымақ екі ұмтылып, ернеуге шыққан да ентелеген көп атты жарып өтіп, мəреге қарай заулаған. Көкқасқа мен иесі Сəңгіл туралы мұндай əңгімелер көп-ақ. Шабандоз туралы кезінде өзбек классиктерінің бірі Сайд Ахмат та көлемді əңгіме жазған болатын. Қазыққа қайта оралсақ, сол заманда алты алашқа аты кеткен ақылман Омар ақсақал, Сəңгіл мен Көкқасқаны көзсұқтан, тіл-сөзден сақтау мақсатында, шабандозды арнайы шақыртып алып, бата берген деген дерек бар. Ол батаның бастауы əлі ел аузында. Көкқасқа асыл тұқым, тұлпар тұяқ, Ытады көкпар қолға тигеннен-ақ. Жануар бас бəйгені бермей кеттің, Сəңгіл боп шабондозың бастан-аяқ.

Мінгенің Көкқасқа мен Жиренқасқа, Атың шықты мəре бермей ел мен жұртқа. «Аруақтары Оразкелдің қорғасын» деп, Батасын берген екен Омар ата. «Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ер көгерер» демекші, сол шақтағы Сəңгіл мен Көкқасқаның аты ана жағы өзбек-тəжікке, мына жағы Алты алаш қазаққа кең тарапты. Екі сойдың дабысы Мəскеуге де жетсе керек. Сол 1941 жылы Кеңес одағының астанасы Мəскеуде жылқы көрмесі əрі ат жарысы ұйымдастырылып, оған Сəңгіл мен Көкқасқа да шақырту алыпты. Одақ төрінен арнайы жіберілген шақырту қолына тиген Сəңгіл ағайынтуғаны мен ауыл ақсақалдарын жинап, Мəскеу шақыртуын қабыл алу немесе бармай қалу мəселесін ортаға салыпты. Ауыл ақсақалдары əр пікірдің жігін таратып, ортақ ойға ойысыпты. Қалыптасқан дəстүрлі тəртіп бойынша Омар ақсақал сөз алып: «Сəңгілдей ер мен Көкқасқадай тұлпар жылда тумасы кəміл. Мəскеудің төрінде Көкқасқаның өнерін көрсету бақыты да күнде бұйырмасы белгілі. Сондықтан барғаныңды дұрыс деп ұйғардық. «Жортқанда жолың болсын. Жолдасың Қыдыр ата болсын!» деп ақ батасын беріпті. Күндерге күндер жалғасып, Сəңгіл мен тұлпары Мəскеуге де жетіпті. Үлкен жердің көзсұғынан сақтанған Сəңгіл Көкқасқаның басы мен төрт тұяғын ғана ашық қалдырып, бүкіл денесін төгілген əсем жабумен жауып ұстапты. Əйтсе де, көрмеде жабуын алып жүруге тура келіпті. Көрмеге келген атты əскер офицерлерінің көбі Көкқасқаның маңғаз жүрісі мен керім дене бітіміне қызығып, тұлпарды айналшықтап, жанынан ұзай алмай қалыпты, десе-ді. Ат жарысы кезінде Сырдың саңлақ сəйгүлігі жүздеген қатарлас аттан қара үзіп, мəре сызығына бірінші болып келеді. Небір додалы көкпарларда тілерсекке дейін саз кешіп, күні бойы қағылып-соғылып шабуға үйренген Көкқасқаға жұмсақ əрі тегіс ажырықтың үстінде көсіле шабу жан рахаты еді. Жарыста құстай ұшқан жануардың еті қызып, енді бауыры жазыла бастағанда, шабыс аяқталады. Мұны көрермен арасындағы сұңғыла көздер байқамай қалмады. Олар кең тынысты жүйрікті айналшықтап, жуан күшті аяқтары мен болат тұяқтарына қарап таңданыстарын жасыра алмапты. Сəңгіл көрмеден мол сый-сыяпатпен қатар, Көкқасқасы үшін алтын медаль алып қайтады. Бұл кезең Екінші дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқан уақыты екені мəлім. Мəскеудегі жылқы көрмесі аяқтала сала Германия Кеңес одағына қарсы соғыс ашты. Осыған орай Одақтың барлық республикаларынан жылқы көрмесіне келген арғымақтар түгел əскерге алынды. Ел көзіне ерек түсіп, талай офицердің көзқұртына айналған Көкқасқа жануар да атты əскер армиясына беріледі. Жаратылысынан есті жануар қоштасарда иесінен басқа ешкімнің аяғын үзеңгісіне салдырмай, қайта-қайта иесіне қарап кісінеумен болады. Көкқасқаны осы күнге дейін Сəңгілден басқа ешкім мінбеген екен. Арғымағының жанарынан жас көрген Сəңгіл де шыдай алмай еңіреп тұрып жылайды. Қоштасудың бұл қасіретті көрінісіне шыдамаған офицерлер Сəңгілді көлікке отырғызып алып кетеді. «Иесі көзден таса болса, мінуімізге мойынсұнар», деген болар, бəлкім. Амал не, көзінің жасын көл қылған Сəңгіл қанатынан айырылған қырандай қайғыға көміліп, елге оралды. Бұл келген күні айы-күні жетіп отырған бəйбішесі шекесі торсықтай ұл туып, ырымшыл қазақ емес пе, ұзағынан сүйіндірсін деп, ұлының атын Медалхан қояды. Біздің елге Медалхан деген есім осылай келген. Одан беріде Сырдария бойындағы елде талай Сəңгіл, талай Медалхан, Медалбектер дүниеге келді. Бүгінде Сəңгілдің немересі Əдəмхан Сырдарияда тұрады, ішкі істер органында полковник шенінде қызмет етіп, зейнетке шыққан. Үбірлі-шүбірлі, өсіп-өнген ел. Ал Көкқасқаның кейінгі тағдыры біздің елге беймағлұм. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».


10 Тəтті өті ріктен ащы шындық артық. Ақиқатын айтсақ, күні кешегі сол алыптар тобының шəкірттері – бүгінгі зиялы қауым ұсақталып барамыз. Бұл зиялы қауымның көшбасшысы қаламгерлерге ғана емес, бар саладағы жақсы мен жайсаңдарымыздың бəріне бірдей қатысты. Мұхтар Əуезов бастаған алыптар тобының деңгейіне көтерілгендер саусақпен санарлық. Ғылымда Қаныш Сəтбаевтың, Айтжан Абдулиннің, Патшайым Тəжібаеваның өнерде Күлəш Бəйсейітованың, Қалыбек Қуанышбаевтың, Серке Қожамқұловтың, Елубай Өмірзақовтың, Қапан Бадыровтың, Шара Жиенқұлованың, Роза Бағланованың, əдебиетте Мұхтар Əуезовтің биігіне көтерілген кімің бар?! Шығармашылықты ғана емес,

шалған. Шіркін-ай, Əуезов біз жұмыс істеп жатқан Мақтааралдың Киров бөлімшесіне келсе ғой» деп армандап жүрген күндердің бірінде өзіммен бірге университеттің бірінші курсына қабылданған жерлесім Қойшығара – бүгінгі белгілі қаламгер Қойшығара Салғарин: – Əне, ана жаққа қараңдар, – деді. Бірнеше жеңіл машина таспадай тартылған теп-тегіс асфальт жолдан бұрылып, ойқы-шойқы дала жолымен тура бізге қарай беттеп келеді екен. Алда «Чайкаға» ұқсас ұзын қара «зим». «Бұлар кімдер?» деп ойлап үлгергенше жеңіл машиналар легі мақталықтың шетіне келіп тоқтады. Алдыңғы машинадан түскен ортадан жоғары бойлы, кереқарыс кең маңдайы күн нұрымен шағылысқан, етжеңді, бұйра шаш кісіні жазбай таныдық. Ол ойлы жүзін өзіміз газеттерден жиі көріп жүрген сөз зергері, ой

Ө – Рахмет деген ұлы сөз, – деді Əуезов оң қолымен мұрынын саумалап. – Біздің қырық шақырым бері бұрылып, қырық шақырым кері қайтатын ұзын-ырғасы сексеннен аспайтын аз еңбегімізге бұдан артық баға болмаса керек. Солай емес пе, жолдастар. – Иə, солай. – Дұрыс айтасыз. – Дəл солай, – десті Əуезовтің жол серіктері. – Ал, жас достарым, Алматыда, университетте кездескенше. Жолыққанша жол жақсы, көріскенше күн жақсы болсын! – деп студенттерге мейірлене қарады Əуезов. Сол сəт ойлы, мұңлы жанары таңғы шықтай мөлдіреп, нұр төгілген Əуезовтің жүзінен оның жан дүние иірімдерін көргендей болдық. – Жолақысы жүрсе бітеді. Ал, енді жүрелік, – деді Əуезов жолсеріктеріне.

Ұлы суреткер ұлағаты Сағындым сені, Алыптар! Аңсадым сені, Ағалар! Ой орманын кезіп кеткен сəттерде іштен шыққан осы бір сөздерде шығар күндей шындық бар. Ақиық ағаңды аңсау... Алыптарды сағыну... Бұл бір менің ғана басымдағы жай болмаса керек. Өмірдегі кейбір көлеңкелі жайлар көңіліңе қаяу түсіріп, жаның жабырқаған сəттерде Тарих-Ана ұзақ толғатып, сирек туатын сом бітімді сол ұлы тұлғалар көз алдыңа келеді. Жиырмасыншы ғасырдағы біз көрген алыптар тобының көшбасшысы, ұлттың ұлы ұстазы Мұхтар Омарханұлы Əуезов еді-ау. Сол алыптар тобында Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сынды кемел ойлы кемеңгерлер болған-ды. Осы төрт ғұлама қазақ руханиятының төрт қабырғасын қаңыратпай ұстап тұрған төрт діңгек еді. Дара туған дана еді олар. Осынау алыптар тобының сөздері де, істері де ірі болатын. Ойхой дүние арман-ай, жарық дүние дейтін жалғанай, сондай сом бітімді тұлғалар енді қайтып туар ма?! Еліміздің ертеңі жастар дара туған даналар жолын қуар ма?.. Сəбит ДОСАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

ұлт қамын ойлаған ұлылықты, адами асыл қасиеттерді тұтас алып қарасаң, алыптар тобының орны ойсырап-ақ тұр. Олардың жөні бөлек, жолы басқа. Тағдырдың маған тартқан бір сыйы – мен сол жөні бөлек, жолы басқа алыптар тобының көшбасшысы Мұхтар Омарханұлы Əуезовтің көзін көрдім, дəрісін тыңдадым. Ұлы ұстазбен алғашқы ұшырасу 1959 жылдың күзінде болып еді. Сол жылы сол кездегі С.М. Киров, бүгінде Əл-Фараби атындағы ұлттық университетке оқуға қабылданған бір топ жас Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында мақта теріп жүргенбіз. Үлбіреп тұрған аппақ мақтаны қауашағынан алып, беліңе байлап алған ала қапшыққа салатын бұл жұмыс жігіттің қолы емес екен. Еңкейе-еңкейе белің талады, мақтаны тез терсең қолыңды мақта қауашағы жарақаттайды, баяу терсең күндік нормаңды орындай алмай, қабырға газетінде сыналып, күлкіге ұшырайсың. Үлпілдеген, салмақсыз ақ мақтадан күніне пəлен килограмм теру оңай емес. Мақта теруге жігіттерден гөрі қыз дар əлдеқайда икемді. Осы қиын жұмыста Қызылорда облысынан келген Рая (фамилиясын ұмыттым) атты ақсары қыз маған көп көмектесті. Рая мақта тергенде қолы қолына жұқпайды. Ол өз нормасынан артылған бір емес, бірнеше қапшық мақтаны менің есебіме өткізіп жүрді. Жақсылығын көп көріп едім, қазір қайда екен, университетте бірге оқыған, қайран Рая?! Жұмыс ауыр. Жағдайымыз онша жақсы емес. Университеттен келген бес жүз қырық қыз бен жігіт бір қазаннан ас ішеміз. Таң алдында тұрып, асығыс тамақтанып, күн ұясынан шықпай жатып мақта теруге кірісеміз. Үзіліс жоқ. Түскі асты мақталыққа əкеліп береді. Содан қас қарайып, күн батқанша дамыл жоқ. Жұмыс та жұмыс. Күн дік норма – əскери тəртіп. Жататын жерімізге келіп, кешкі ас ішіп болғанша түнгі он екі болады. Таңертең ерте, сағат алтыда тұру керек. Шаршағанымызға қарамастан түнгі он екіден кейін болатын киноға не биге барамыз. Ертесіне ұйқылы-ояу жүріп таңғы ас ішіп, тағы да ауыр жұмысқа жегілеміз. Соның бəріне шыдас берген қайран жастық-ай! Сол бірсарынды өтіп жатқан күздің сұп-сұр сұрғылт күндерінің бірінде Алла тағала біздерге күтпеген қуаныш сыйлады. Қойнымызға сыймаған ол қуаныш ұлы ұстаз Мұхтар Əуезовпен жүздесу қуанышы еді. Атақты «Абай жолы» романэпопеясы əлемді аралап кеткен Əуезов енді бүгін күн тақырыбына қалам тартып, заман талабына орай замандастар бейнесін жасауға бекініпті. «Жаңа романына жаңа кейіпкерлер іздеген Əуезов оңтүстіктің аудан, ауылдарын аралап жүр» деген хабарды құлағымыз

алыбы Мұхтар Əуезов еді. Күтпеген қуанышқа кез болған біздер жүгіре басып Əуезовтің қарсы алдына келіп кілт тоқтадық та: – Ассалаумағалейкум, Мұхтар аға! – деп жапатармағай жарыса сəлем бердік. Сəлемімізді алып бізге сүйсіне қараған Əуезов шабыттана сөйледі: – Пəлі, өздерің төркіндеріңе келген келіндей қуандыңдар ғой. Жөн, жөн-ақ! Мен сендердің төркін жұрттарың университеттен келдім ғой. Иə, балапандарым, жағдайларың қалай? Жұмыстарың жеңіл емес, əрине. Жатын орындарың жайлы, ас-суларың сайлы ма? Ешкім ренжіткен жоқ па, сендерді? Бəрі дұрыс па? – Жақсы. – Бəрі дұрыс. – Жақсы, – десіп жарыса сөйлеп жатырмыз бəріміз. – Ал, мұнда университет ұстаздарынан кім бар? Басшыларың кім? – деп сұрады Əуезов. – Мен бармын, Мұхтар Омарханұлы, – деді отыздың о жақ, бұ жағындағы сұңғақ бойлы сұлуша келген орыс жігіті. – Сəлеметсіз бе? Аты-жөніңіз? – Плахин. – Қай кафедрадансыз? – Əскери кафедрадан. – Шамасы, жаңа кадр боларсыз? Біраздан бері болса білсем керек еді, – деді Əуезов Плахинге барлай қарап. – Университетке жұмысқа тұрғаныма бір-ақ жыл болды, – деді Плахин маршалдың алдында тұрған офицердей тіп-тік, ашаң денесі сымдай тартылып. – Ал, Плахин жолдас, не айтасыз? Студенттердің жағ да йы жақсы ма? Олардың еңбе гі, тұрмыс жағдайына орай жергілікті басшыларға айтар талап, тілектеріңіз бар ма? Қысылмай баяндаңыз. – Ешқандай өтініш жоқ. Бəрі жақсы, Мұхтар Омарханұлы. – Біздің филфактан, журфактан қанша студент бар мұнда? – Филфактан отыз, журфактан жиырма. – Е, менің лекциямды тыңдайтындар елу екен ғой. – Елу деген де бір қауым ел, – деп қалды Плахин. – Көріп тұрсыздар ғой, – деді Əуезов енді бір сəт арқа тұсында тұрған жол серіктеріне мойын бұрып – бұл тұстан зу етіп өте шықпай қырық шақырым кері жүріп келген еңбегіміз еселеп қайт ты емес пе? Балапандарымның қуанғанын көрмейсіңдер ме? Адамның адамға қуаныш сыйлауынан асқан бақыт бар ма?! – Дұрыс айтасыз, Мұқа! Студенттер ғана емес, сіз өзіңіз де толқып та, қуанып та тұрсыз. Бұл жастар біздің болашағымыз. – Өзіңіздей ұлы ұстаздан тəлім алатын бұл жастар бақытты ғой, – деп əңгімеге араласты Əуезовтің тағы бір жолсерігі. – Иə, оған сөз бар ма? – деп қостай кетті тағы бірі. – Бізге атбасын бұрғаныңызға рахмет! Сізге мың мəрте тағзым, – деді ортамыздағы біздерден бес-алты жас үлкен Шафқат атты студент.

24 сəуір

Е НЕГ

www.egemen.kz

Біздер – сол жылы студент атанған жастар кедір-бұдыр дала жолында шайқалып бара жатқан жеңіл машиналарға қадала қарап біраз тұрып қалдық. – Қап, фотоаппараттың болмағаны-ай, – деді Өтежан Нұрғалиев – Əуезовтің өзімен суретке түстік деп мақтанып жүретін ек. Сол күнгі сол бір қуаныш əлі есте... Иə, бəрі есте. Оңтүстіктен аман-сау оралып, сабаққа да кірістік. Біз, біз дегенім курстастарым Қойшығара Салғарин, Өтежан Нұрғалиев, Өзбек Кесікбаев, Нұржамал Ботабаева, Тұрсынзада Есімжанов, Абдулхамит Мархабаев, Мұхаммет Мезгілбаев, Ғазизбек Тəшімбаев, т.б. журналистер даярлайтын факультетке қабылданғанбыз. Кейбір лекцияларға бармай қалатын біздер – болашақ журналистер Əуезовтің дəрісін тыңдауға ынтықпыз. Енді қайтпек керек. Арамыздағы біздерден бірер жас үлкен Мұхаммед оның да жолын тапты. Филология факультетінде Əуезовтің дəріс оқитын уақыты мен аудиториясын біліп аламыз да, сол жерге филологтардан бұрын барып, отырып аламыз. Есіктен кіргеннен шығып бара жатқанға дейін сөйлеп, толымды ойлар толғайтын əр сөзі көркем, əрбір сөйлемі көсем Əуезовтей шешен ғұламаны тыңдау бақыты бұйырған ұрпақпыз біз!.. Əлі есімде, 1960 жылы уни верситеттің сол кездегі Киров пен Панфилов көшесіндегі ғимаратының үлкен залында Мұхтар Əуезовпен кездесу болды. Зал толы халыққа қыдырта көз тастап, сəл ойланған Əуезов құлаққа жағымды қоңыр үнмен сөйлеп кетті. Алғаш сөз бастағанда тұсаулы тұлпардай кібіртіктеп, кідіре кедір-бұдырлау сөйлеген ғұлама бес-алты минуттан соң көсіле көркем сөйлеп, теңіздей терең ойлар айтты. Сол күні ерекше бір шабытпен шешіле сөйлеген шешеннің сол кездегі жас қаламгерлер Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырзалиев, т.б. қарата олардың шығармашылығынан «Жыл келгендей жаңалық сеземін» дей келіп талантқа қояр талап кемімесін деген оймен айтқан: «Толыспаған Толстойлар, шала Шекспирлер» дегені ілезде қанатты сөзге айналып кетті. Сол бір күнгі тарихи сөзінде Əуезов: «Образ болмай ойдың да қасиеті болмайды. Жұрт айтып жүрген ойды сіз де айтасыз. Жұрт айтпаған ойды айту – анда-санда бір ұшырасатын бақыт, ол ырыс... Ойдың көпшілігі жұрт айтқан ой болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі бақыт» дей келіп, «Жастар осы бастан бірнеше əдеттен сақ болу» жайын аталық қамқорлықпен ескерткен тұста көркем сөз, көсем оймен көсілді-ау жарықтық Мұқаң. Ақ өлең болып ағытылған сол бір ақыл, нақыл сөздер арада елу жыл өтсе де əлі ескерген жоқ. Мына бір үзік үзінді соған айқын айғақ: «Ең алдымен, жақсы екен деп асқақтамау керек, тумай тұрып толдым, жазбай жатып болдым деуден қашу керек. Бұл мінез адамды жаман

нəрсеге апарып ұрындырады. Арақ ішу, мас тану осыдан туады. Ұлы Лениннің, Горькийдің кішіпейілдік сияқты жақсы дəстүрі бар. Осыны үйрене білу керек. Мастану дегенді көрмей жүрген жоқсыздар, болып қалдым екен деп алдыңғыны мүйіздеп, шынтағымен қаққылап, өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл ең алдымен, өзімшілдікті күншілдікті туғызады. Мəдениеті аз əдебиеттерде бұл үлкен сордың бірі. Екіншіден, жақсы еңбек жаздым, танылмады деп қорықпаңдар, танылмаған Шекспир мен танылмаған Толстой көп бола береді деп ойламаңыздар. Олар дүниеде біреуақ. Олар көрінгенге мысал емес. Шала Шекспирлер, толыспаған Толстойлар танылмай жүре берсін. Одан келер-кетер аз ғана. Өңірі табылмаған тау, тереңі танылмаған өзен бар ма, біздің өмірімізде баға берілмей қалған қасиет бар ма? Бағалы-бағаланбай келген қасиет жоқ. Советтің адал сыны, əділ бағасы құмның түкпіріндегі Кербабаевты да таныды, тапты да ғой. Кішкентай чукчаның Рытхэуін, туваның Салчак Токасын таныды да, тапты ғой. Ақындық жақсылығым танылмайды деп ойламаңыздар». Бұл ұлы ғұламаның жазып алып оқыған сөзі емес, ауызша ағытылған ақиық, ақиық тіркестер еді, ал жазған кезде жауһардай жарқыратушы еді, жарықтық. Аса жоғары бағалаған парасатты пікірлерді Михаил Шолохов та, Александр Фадеев те, Андре Стиль де, Николай Тихонов та, Александр Корнейчук та, Берді Кербабаев та, Мұстай Кəрім де, Расул Ғамзатов та, Бенжамен Матип те, өзіміздің Ғабит Мүсірепов те, талай елдің талай тарланбоздары айтыпты. Солардың бірі – Николай Погодиннің: «Қазақстан үшін Əуезов екінші Абай, біз үшін шығыстың Шолоховы» деген сөзінің екінші бөлігіне бақиға аттанған сəтте айтылған сөз ұлы суреткер тұлғасын ашуда кемел емес, кем соғып отыр. Ұлы ұстаз Мұхтар Əуезов ұлт əдебиетін ғана емес, əлем мəдениетін де жаңа биікке көтерген ұлы суреткер. Көркемсөз бен кемеңгер ойдың алыбы ол! Тарих – Ана ұзақ толғатып, сирек туатын ұлы тұлғалар бір халықта ғана емес, бар халықта да бар. Олар бір ұлттың ғана емес, барлық ұлт, барша халықтың мақтанышы. Əлемдік асыл қазынаға олар қосқан жауһарлар адамзаттың ортақ игілігі. Көркемсөз бен кемеңгер ой алыбы Мұхтар Омарханұлы Əуезов осы санаттағы саңлақ. Ол өткен – жиырмасыншы ғасырдағы алыптар тобының көшбасшысы. Мұхтар Əуезов сынды ұлы тұлғалар ақ бас шындары алқаракөк аспанмен таласқан асқар таулар секілді қашықтан қарасаң айбынды, сұсты, кейде тіпті, суық болып көрінеді. Ал, сол алыстан айбынды көрінген асқар таулардың жанына жақын келсең, өзгеше бір жылылық, тартымдылық табасың. Əкелеріміз ұлттың рухани ұстазы, ойлы Абайды, мұңлы Мағжанды, отты Махамбетті көрген жоқ. Біздің ұрпақтың маң дайына ұлт көсемдері Əлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты көруді жазбады. Сəкен, Бейімбет, Ілияс сынды сұңқарларды да көрмедік біз. Есесіне бізге сол ұлылардың мұрагерлері Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сынды дара туған даналармен замандас қана емес, сыйлас, сырлас болу бақытын сыйлады Алла тағала. Осынау алыптар өзгеше жаратылған ерекше жандар еді. Сөздері қандай көркем болса, өздері де сондай көркем еді. Ірі еді сөздері де, өздері де. Жастарды айтамыз, зиялы аталып жүрген мына біздер де Сіздердей ірі бола алмадық, Алыптар! Оны айтасыз, зиялы қауым зиянды қауымға айналып бара жатыр ма деп қорқамын. Ұлымыздан ұлтымызды жоғары қоя алмаған өзімшілдігіміз өз алдына жер мен жүздің шылауында шырматылып жүрміз əлі. Жарқ ете қалса бір жұлдыз қолдамаймыз, етектен тартып, жала жауып қорлаймыз. Тым болмаса күншілдіктен де құтыла алмадық. Қызғаныштың қызыл иті қаппаған қай жақсың бар, айтшы, кəне, қазағым! Аз болды ма содан тартқан азабың?! Біз Сендердей бола алмадық кешіріңдер, Алыптар! Соңымызда бізге сенген халық бар. Соны ойлайық, замандас. Алыптардай болмасақ та ұсақтықтан арылып, алдымыздағы ағалардай ірі болуға тырысайық. Алыптар еске түскенде жүрек шіркін сағыныштан сыздап сала береді. Алыстаған сайын биіктей беретін Алыптарды бір біз ғана емес, келер ұрпақ, кемел тарих аңсайды əлі. Аңсадым сені, Ағалар! Сағындым сені, Алыптар!

2013 жыл

ойымызға оралды. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейдi» демекшi, жасы сексеннен əлдеқашан асқан қарт ана əлi

əсерiмдi сұрады. Мен фестивальға дүниежүзiнiң алдыңғы қатарлы жастары қатысқанын, сол жолы Ленин орденiн алғанымда бұл жетiстiгiме сол жастардың барлығы қуанғанын, əсiресе Болгария, Африкадан келгендердiң «хлопок, хлопок» деп қайталап айтып, мақташы екенiмдi бiлiп қолымды қысқанын əңгiмеледiм. Көп ұзамай радиодан «Оңтүстiкте ақ мақта» деген жаңа əндi тыңдадық. Елдiң бəрi «Гүлсiмге арналған əн» деп шулап жатты ғой. «Еңбек – ер атандырады» деген осы да. Əйтпесе, əн арнайтын болса көркiне көз тоймайтын сұлулар əсем астанада көп емес пе, – дейдi Гүлсiм апа. «Жүрекке қаларлықтай орнап мəңгi, Гүлсiм қыз шырқатады шаттық əндi. Əсерлi мақта терген қимылы да, Еңбекке шақырғандай барлық жанды», – деп жыр жолдарында айтылғандай, Гүлсiм ару аудандық кеңеске депутат болған кезiнде қоғамдық iстерге белсене араласып, талай рет мiнберлерден жастарды еңбекте озат, үлгiлi, тəртiптi болуға үндейдi. Көп ұзамай Нұрмахамбет Садықовқа тұрмысқа шығып, отбасылық өмiрдiң қызығына бөленедi. Жетi ұл-қыз тəрбиелеп, 1978 жылы «Ана даңқы» орденiн кеудесiне тағады. Кезiнде атақ-даңқы жер дүниеге жайылған Гүлсiм Садықова зейнет керлiкке шыққанға дейiн ұжымшардың айналысқан шаруашылығына байланысты бiрде мақта, бiрде көкөнiс өсiрiп, үнемi алдыңғы қатардан көрiнiп, елге абыройлы болады. Бүгiнде сексеннiң сеңгiрiнен асқан еңбек ардагерiнiң тұрмыстық жағдайының тым мүшкiлдiгiн көрiп, көңiлiмiз пəсейiп қалды. 2005 жылы жұбайы Нұрмахамбеттен айырылған ананың көп ұзамай

н а є л а н й а е г н ə i м i Ес а п а м i таж ќ ў м е н Гїлс i ѕ кґмег лiктi и б i т к i жергiл

Кей əндер тағдырлы келедi. Əн шумақтарынан адам атын кездестiргенде «бұл кiм болды екен?» деген сұрақтың кесекөлденеңдейтiнi рас. Бала кезiмiзден ақын Нұрсұлтан Əлiмқұловтың сөзiне жазылған «Оңтүстiкте ақ мақта» əнiн əйгiлi əншi Жамал Омарованың орындауында тыңдағанымызда əн жолдарындағы: Бiр қыз бар Оңтүстiкте Гүлсiм атты, Көркi де, мiнезi де тым сымбатты. Еңбекте алғаш оны көргенiмде, Тауларды ақ мақтадан үйiп жатты. Қайырмасы: Ахау, Оңтүстiкте «ақ алтын» – Зор байлығы Отанның. Мақта терген сұлу Гүлсiм, Еңбек Ерi атандың, – деген шумақтардан «Еңбек Ерi атанған ару Гүлсiм кiм екен?» деп ойлаушы едiк. Бiр қызығы, осы əнге жазған өлеңi үшiн Нұрсұлтан ақынға Жамбыл атындағы республикалық əдеби сыйлық берiлiптi. Бүгiнде радио-теледидардан соңғы шыққан жаңа əндер ғана орындалып, ескiлерi көненiң көзiндей болып алтын қорда сақталып қалды емес пе?! Дей тұрғанмен, журналистiк қызығушылықпен жүрген жерiмiзде Оңтүстiктiң тарихын қолмен жасаған еңбек ардагерлерiнен мақташы Гүлсiм жайында сұрастырудан əсте жалыққан емеспiз. «Iздеген жетер мұратқа» демекшi, жақында Нұрсұлтан ақын əнге қосқан мақташы Гүлсiм жайлы алғашқы деректi Шымкент қаласындағы «Қатынкөпiр» шағынауданы ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Салыбек Құдияров пен оның орынбасары Əбдiғаппар Орынбасаровтан естiп-бiлдiк. Ақынның əн жазуына себепшi болған Гүлсiм Садықова (қыз күнiндегi аты-жөнi Ахметова) осы шағын аудандағы Əл-Фараби көшесiнiң №39 үйiнде тұрады екен. Хабар жеткен соң фототiлшi Қайсар Шерiм екеумiз жолға жиналдық. Үлкен жолдың бойындағы аласалау келген ескi үйдi табу қиынға түскен жоқ. Сықырлауық кереуетте отырған аққұба өңдi кейуананы көргенiмiзде ақынның: «Қараса көз жанары тоймағандай, Саусағы рояльда ойнағандай. Гүлсiм қыз «ақ алтынның» арасында Табысын еңбегiнiң той лағандай», – деген жыр жолдары

де көрiктi, жүзiнен мейiрiм шуағы төгiлiп-ақ тұр. Бiр қызығы, əн кейiпкерiнiң өзбек ұлтынан екенiн өзiмен жолыққанда ғана бiлiп, таңғалдық. – Құжатымда 1935 жылы туған деп жазылғанымен, одан бұрынғы жылдары дүниеге келсем керек. Себебi, Құдыш ағам «Пəренжiнi тастаған жылы туылғансың» деп айтатын. Институтта оқи алмадым. Зейнеткерлiкке шыққанға дейiнгi бүкiл өмiрiм еңбекпен өттi, – дейдi қарт ана. Оңтүстiктiң «ақ алтынын» теруде алдына жан салмаған озат терiмшi Гүлсiм 1950 жылдардың басында күн сайын 350-400 келiге дейiн өнiм жинап, рекордтық көрсеткiшке жетедi. «Ол тұста еңбек озаттары құрметтелетiн. Елдiң бəрi озаттарға теңелу үшiн жатпай-тұрмай еңбектенетiн. Күн сайын үш-төрт қанарды мақтаға толтырып өткiзгенiмде əрқайсысы жүз келi тартатын», – деп еске алады Гүлсiм апа. Еңбектегi үздiк көрсеткiшi үшiн Гүлсiм Ахметова 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң грамотасымен марапатталады. Келесi жылы КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң «Тың жердi игергенi үшiн» медалiн кеудесiне қадайды. Ал 1957 жылдың қазан айында Мəскеу қаласында өткен Бүкiлодақтық ауыл шаруашылығы көрмесiне қатысып, ВЛКСМ Орталық Комитетiнiң Құрмет грамотасына ие болып, мəртебесi асқақтайды. Осы жолы Дүниежүзiлiк жастардың VI фестивалiне қатысып, омырауына сол тұстағы ең жоғары марапат – Ленин орденiн тағады. Озат терiмшi Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент аудандық кеңесiне депутат болып сайланады. Осылайша мақташы Гүлсiмнiң атағы алысқа жайылады. Оңтүстiкке шығармашылық iссапармен келген ақын-жазушылар мен сазгерлер Ленин ордендi озат терiмшiнiң атағына қанығып, бiр көруге құмартады. Ақын Нұрсұлтан Əлiмқұлов озат терiмшiнi көру үшiн сол тұстағы Куйбышев колхозының басшыларымен бiрге мақта алқабына арнайы барады. – Жас кезiмде өте көрiктi болдым. Таңертеңнен кешке дейiн далада жүргенiммен күнге қарая қоймайтынмын. Колхоз бастығы «Алматылық ақын сенi көргiсi келедi» деп бiр кiсiнi дала қосында таныстырды. Ақын күн сайын қанша мақта теретiнiмдi, Мəскеуге фестивальға барғанымда алған

қолындағы ұлы Зəкiржан ауырып, қайтыс болады. Үстiүстiне жамалған қайғы ананың денсаулығына салмақ салып, соңғы жылдары қант диабетiмен сырқаттаныпты. Кеселдiң меңдегенi сонша, осыдан бiр жарым жыл бұрын оң аяғын тiзеден жоғары кестiруге мəжбүр болған. – Қыздарымның барлығы тұрмыста, үйлi-жайлы. Кенже ұлым қайтыс болған соң үлкен ұлым Мамыржанды қараша ңыраққа қайтадан көшiрiп алдым. Оның денсаулығы жоқ, екiншi топтағы мүгедек. Келiнiм Гүлчехра маған қарау үшiн атқарып жүрген қызметiн тастап, үйде отыр. Өздiгiнен жүрiп-тұра алмайтын науқас адамға қарағаны үшiн өкiмет келiнiме жəрдемақы тағайындаса екен, – деген Гүлсiм апа соңғы кезде тұрмыстық жағдайларының тым төмендеп кеткенiн баяндады. Айтса айтқандай, 1946 жылы құрылысын жолдасы жүргiзген баспана iргетасы болмағандықтан, əбден отырып, терезелерi еңкiш тартып қалған. Сыртынан құйылған iргетас пен терезенiң арасы тым жақын. Үйдiң шатыры да шiрiп, белағашы майысып, қайта жабуды қажет етедi. – Кезiнде атағыңыз жер жарып тұрғанда Мəскеуге дейiн барып қайтыпсыз. Сонда өкiмет сiзге баспана жағынан көмектеспедi ме? – деген сұрағымызға Гүлсiм ана: «Ол тұста еңбек озаттары кеудесiне таққан орден-медальға риза болып, баспана, көлiк секiлдi материалдық игiлiктердi сұрауды айып көретiн. Сол тұстағы тəрбие, идеология солай едi ғой», – деп жауап бердi. Өмiр бойы бiр көрсем деп армандап келген кейiпкерiмiзге жолығып, сырына, қазiргi тұрмыстық жағдайына қанықтық. Қанағат пен ынсапқа суарылған тектiлiгiнен «Əсем əндегi əдемi аруды көремiн деп келгенiңде мұң-шерiмдi айт қаным əбес болған жоқ па, қарағым?» – деп ұялшақтағаны да өзiне жарасып-ақ тұр ардақты ананың. «Жас күнiмде – бейнет, қартайғанда зейнет бер» деген тəубешiл халық емеспiз бе. Оңтүстiктiң ақ мақтасын бүкiл республикаға танытқан Гүлсiм Садықованың бүгiнгi жағдайын облыс, қала басшылары бiлсе, бұлайша жерге қаратып қоймай, еңбек ардагерiн қамқорлығына алатын шығар деген ойдамыз. Үмiтхан АЛТАЕВА, журналист.

Оңтүстік Қазақстан облысы.


24 сәуір 2013 жыл ін, алықтан сытыың кеңдіг ін, н ы с ы соң да сыпырм м л ан г о е лғ б и бо и ж ғ к и ө құрық салынаб к Есімі – та ғы шетсіз-шексіз рзалығын лып, сындарлы сезімге ксіз нəрседен не мы яда із, дəйе һəм поэзи ана тіліне деген жаратылыс ды. Əйтпесе, дəнс з? ы – сы қ ал, тегі дай жал Мырзабеков! сығымдап алар ердегі кең тынысты п тұрған ...Өмірдегі, өн айқында Ол – Кеңшілік ғы кеңшілік ! Поэзиядағы ң ? о н с е к н е й іктікі басқа жол жыр пырағы е а іл т ш л іс о ең кім К ң с е н Ж ы Ұлы уғас ң дүлдүл Бəлкім, ң б а с т а у ы н д а т 46 жылдың 6 қасқа жол! Оны кемелдік тұрпатымен н, 9 ы ме 1 н ты . н а па к а си тарнын зам кеңдік кере яқтарын өзгеше п атаса қ əлемнің айды стап тұ а п, д ы м ан ал ы сқ р да ... қа ұ ы ай ан ы ағ н д ст а н ба н ы ы ра Ақ ағ қт ы шілдесі! еке бір ұлды құл н де екі ғасыр пы п, та ңд ай қа оқ басып, Қып-қызыл торсық шалыпты... Пушки есігін ашып- «Табаным талай ш Та рп аң ем , та ғд ы р . с шығара л осы күні дүние қы құнарына от қа кү йд і ер ін ай басқа сүйредім»,– зб ə а з ғы д а ал С н қ і н, т ы ке ың өп қтасы бұр аржанын а с а ғ а н а з д ы - к де но ер ні н ш үй ір е, ке рі ле тү сі п, н, м з ө С . ж ің ы п ты т т де ла н ік а қа іл се ж ғ тү ш йг е Ма Кең к е л с е к , н асыңқы ғұмыр астықтардың не т ке рд ең де у күп, ұрынбайтын жерде с та а қ ұс т қ Ұ қ қа ! е ы у ас а р ін ш рлаге тіқы кеудес айлы, өз Кеңшіліктің жы на телініп маңдайы нда алабөтен ұп д а р ы т ұ н ы п «ұрына» салатын ына жармасып жүріп ы да ұңғыс т а ғ д ы р т ы л с ы м тыруға негіз рын заманның жал . н е лыс г іл р ө оқу керек сияқты ілді... Са к е с н ы т жата

Қайсар ƏЛІМ,

ІҢ ЕТТ І И Б ƏДЕ ГІМЕС ƏҢ

қатқан түйткілден жүрегі шоршып, шошынғаны қаншама жылдар өткен соң өлеңнің шеріне байланды. Күштеп емес, күңіренте құйылды. Естігені – егілтті. Елемейін десе де еркінен тысқары еліктірді. Жүрекке əмір жоқ екен. Өлеңді де бұйрықпен бұйыртады-мыс. Ұйқас па? Оған бас қатырғысы жоқ. Осылайша «Бір шаңырақ туралы балладаның» түйіні былайша құйыла салды: «Біз мынау, Ұлы Жеңістің Жөргегінде өскен балғындар. Қау етіп қаптап жер үстін, Өртеңге өскен шалғындар, Бас иеміз саған, соғыстың Тауқыметін тартқан тағдырлар!». Дене түршігеді, жүрек лоқсиды. Бəрін Кеңшілік көрген. Міне, ол қабір басында құлазып тұр. «Шығырын салған шалменен, Диірменін тартқан кемпірдің. Қабіріне келіп таңменен, Топырақ салып мен тұрмын». Топырақ қай кезде салынады?! Ол рəсімді ақын білмейді емес, біледі. Қайтыс болған адамның қырқына немесе жылына келіп топырақ салынбайды. Өлшеулі ғұмырдың соңғы мезеттік, жалған өмірдің жылыстаған қас-қағым сəтіндегі тірілердің ақырғы парызы – бір уыс топырақ салу! Бұл жерде дəстүрден сəл ауытқуға шұқшию еске де келмейтіндей (бірақ дара ақын түйсігінде ештеңе бұрмаланбауы тиіс-ау – Қ.Ə.) ғой. Сезім

www.egemen.kz

ақын шындығының табы жатқандай. Мəселенки, жоғарыдағыдай соғыс, тың ардагерлері, жас өркеннің кейбір сөз қадірін түсінетін отансүйгіш бүгінгі оғландары Кеңшілік жырларын неге өксіп, өкініп оқиды екен?! Бір гəп бары анық-ау!

К

ҮНДІ – күнге, түнді – түнге ұратын Кеңшілікте тыным болсашы. Жанын шарпи аласұрғызып, осындай аракідік ұйытқи тиетін соқпалы да сұрапыл дауыл сөлін сығып, тамырын қаңсытып тастағандай дел-сал күй кештіретін. Өзіне ғана аян... Сəл-пəл шыдаса, əбден жүрек өтінде, қалам ұшында күйгелектенген көңіл біртіндеп сабасына түсер. Не істеп қойғанын аңғармаған аңғал батырдай есін шындап жиып, маңайына алақ-жұлақ етіп, арсыңкүрсің күпініп, тау қопарғандай қопаңдап кетті. Иə, дəтке – қуат! Оңды бір өлең туған-ау, нəті! Кеңшілік шаранасы əлі кеуіп үлгермеген сəбиін қолына алғандай алабұртып, балбырап барады... «Қашан тумай жатыр менен оңды өлең! Туып жатыр, туа береді. Арнау өлеңдерін көбейтті деп міңгірлейді кейбіреулер. Ауызға қақпақ болмадым. Көки берсін. Арнауға тұрар адам болса, неге жазбаймын, ə? Айтшы, көнталақ,

«Егемен Қазақстан».

...Ару Алматыға барған сайын, табаным жерге тиісімен, алдымен асқақ Алатауға дауыстап сəлем беріп алам да, ыңғайы келіп жатса бірден тартып кететін, зауырқайыр қол тимей қалса шаруаның ара-арасында ентігіп жетіп, елігіп те егіліп тұратын бір ыстық жерім бар. Ол – Абылай хан мен Абай даңғылының қиылысындағы (осы даңғылдың 43 А үйі) бұрын ақиық ақын Қайнекей Жармағанбетов тұрған үй еді. Осы үйдің тау беткейіндегі орта тұсында аспанға тік шаншылып, жуандығы өлшемге оңай келмейтін дəу де зəулім қарағаш паңданып тұрар еді. Ұзындығының төрт қабат үйге жетелес буыны тықырланып, одан арғы көкке шаншылған ұшар басы кəрі кейуананың тарамыс саусақтарындай тарбиып, жүлгеленген бұтақтары салаланып кететін. Көз алмайсың – қайран қаласың, тамсанасың. Біздер оқу аңсап, Алматыға келген 1965 жылы алғаш көрген бұл алып ағаш əлі күнге сол сынынан ажырамағандай. Бір жолы Кеңшіліктің өзі əкеліп көрсеткен. «Бұл үйде Қайнекейдей əйдік ақын тұрады!» – деп, масаттанған. Сол кісінің бай кітапханасынан Мағжан деген «халық жауының» өлеңдерін (кейін бір ұлының атын Мағжан қойған – Қ.Ə.) жасырып оқитынын сау кезінде сыбырлап, қызып алғанда айғайлап айтып, ішіне бүккен əлдене сырды тырналап сыртқа шығарғысы келетін. Сол, қаншама кісі құшақтаса да қаусыра орай алмайтындай қарағашқа иығын сүйеп түскен Кеңшіліктің суреті кейін кітаптарына еніп, былайғы баспасөз беттерінде де жарияланып тұрады. Қайнекей сал ауруына ұшырап, Торғайына мəңгілік тыныстаған соң: «Бұл қарағаштың иесі енді мен болып қалдым!» – деп құлазитын. Қайран Кеңшілік те дəм-тұзы таусылғанда Кеңсайға сыймай өзінің кең Торғайына оралды... Екеуі де Торғайда туып, Алматыда қорғасындай жыр қалыптап құйып, туған өлкесінде тыншып жатыр... Ақындар ауылда туып, астанада өледі деуші еді ғой. Соның сыңайына келетін шығар. Бірақ бұлар – қос дүлдүл өз ауылының жеңіл торқа топырағын жамылыпты-ау!.. Ақтаңгер ақындарды сағынышпен еске алып тұрып, олар талай сүйеніп шабытқа кенелген алып қарағашты бірнеше мəрте суретке басып алдым... Əне, Кеңшілік қарағашқа сүйеніп тұр... «Топырағы – негізі – Бағы, соры аралас. Табиғаттың егізі, Қайран Ақын – Қарағаш...» Соңғы шумағы? Иə, былай аяқталатын: «Құзар басын мұң шалып, Жырлайды да жылайды. Күн артына күн салып, Екеуі де құлайды!..».

Ө

ТКЕН ғасырдың жетпісінші жылдарының бас кезеңі еді. Қостанайдың «Турист» мейманханасында, аядай бөлмеде республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Байтұрсын Ілияс, Алматыдан келген ақын Кеңшілік Мырзабеков үшеуміз отырмыз. Кеңшілік терісіне симайды. Темекісін саусақтарымен шертіп, шиырып тартады. Қимылы өзгеріпті. Классик Ғабеңдей (Мүсірепов) баяу, сылбыр, еріншектеу. Паңданып сөйлейді. Торғай жақта оқып, етене біліскен екеуі бір-біріне еркін. Əзіл-қалжыңы жарасады. Жоқ жерден дауласа кетіп, қып-қызыл боп айтысады да лезде бір ауыз сөзбен табыса қояды. Мен сырттық адамша, қоңылтақсып отырмын. Қамысты ауданында оқып, туған елден жырақтау жүргенім сезіледі. Дегенмен, Алматыдағы табысқан ыстық күндердің табы сезім үйіріп, сағынышымызды қоюлата түседі. Біраздан соң Кеңшіліктің бастапқы кеудемдеу, қытымырлау қалпы сейіліп, баяғы кеңкілдек сарыбалаға айналып жүре берді. Түсінеміз оны. Ақындардың жас перісі! Уыздай 26 жасында «Іңкəр дүние» атты тұңғыш өлеңдер кітапшасы шығып, осыдан бірер ай бұрын бізге қатынаушыдан беріп жіберген еді. Пышақтың қырындай ғана. Қолға ілігуі қиын, үлбіреп тұр. Небəрі 32 бет. Алғашында қорашсынып қалғанбыз. Оқи келе бас алмай құнықтық. Кейбір шумақтары көкейге қонып, жатталып қалды. Енді, міне, сөз ауаны тікелей осы кітапшаға ауып, сөз тамыршысындай сайрай жөнелдік. – «Байқоңыр» өлеңің шымыр екен! – деді көпірме сөзден ада, мақтауға сараң Байтұрсын. – Кеңшілік, мына жері тым тəуір түйінделген: «Жоқ... жоқ, далам, шыдағаның жөн болған, (Дала біздің шыдамды ғой таңданбан), Дала біздің мінезі ауыр болғанмен, Талай ғасыр ұшқысы кеп қомданған». Кульминациясын қарашы: «Ұя салған зымыран құсы заманның, Жаса дала! Қойдай жуас қоңыр қыр»,– дейсің. Қазақ даласының оянғанын, техникалық прогрессіз ел дамуының мүмкін еместігін айтқың келіпті. Кеңшілік темекісін ұртын суалта сорып, үрлеп жіберген өз түтінінен өзі шашалып: – Пафостық өлеңнің астарына үңілші, Баеке! Орыс бұғауындағы даланың бұлқына алмасын да күйректікке телігендеймін ғой! Амалсыз бұқпантайлағаным ғой. «Талай ғасыр ұшқысы кеп қомданған», – дегеніммен, «шіркін-ай, Байқоңыр айлағын өзіміз игерсек...» деген үмітарман тұтана алмай, тұншығып тұр-ау! Өзгенің өңмеңдеуінен əлі талай опық жерміз, түге... – деді де пəлсапасын соғып кетті. Зымыран

бəсекесінде əлем үстемдігіне ұмтылған даңғайыр мемлекеттер əлі талай көз сұғын салады бізге. Аспанымыз амалсыз түтеленеді. Уланғанымызды білмей қаламыз. Бұған далиған даламызға атом энергиясын өндірмекке таптырмас база ретінде қараушылар табылатынына имандай сене беріңіз... Қазақ даласы кең! Ал кеңдікті тарылтуға құмар – қызғанымпаздар табылмай қалмайды. Кеңдік қасиетің алдымен өз қызығыңа жұмсалсын... Баекең де өз ойынан шыққан мына түсіндірмеге разы кейіппен жеңіл жөткірініп алып: – Дұрыс айттың, ақыным. Сенің талантың үнемі кең пішілгені дұрыс. «Теңіз бен дала тағдырын ойлап тұрдым мен, Қапшағай ГЭСтен тараған қуат сəулеше», – деп «Қапшағай əсері» өлеңіңде тапқыр жырладың. Даланы судан қуратпай, теңізін қоңсы еткеніңнен ертеңгі гүлденген өмірдің болмысы аңғарылады. Ойлантпаса, несі өлең,– деді де Кеңшілік інісіне тоймастай боп сүйсіне қарады. Кеңшілік бусана түсіп, желпініп қалды. Қайтадан танаурап, жүйрік аттай тарпынып, маңайына мұрнын шүйіріп, астамшыл күйге түсті. Мұнысын ерсі көрген Байтұрсын осыған мақтау өтіп кетпесін дегендей, ширатып, кейде атойлап кететін əулекілеу мінезінен сақтандырып қою мақсатымен кітапшаны парақтап, бір жеріне тесілді де оқи бастады: «Айналдық күлкілерден, Бақыт пен бал төгілген. Айналдық күлкілерден, Атқандай таң төріңнен». Осы шумақтың жеңіл ұйқастарына тұшынбайтынын, мазмұны да қарадүрсіндеу екендігін айта бастап еді, Кеңшілік шоқ басқандай ыршып түсті де: – Баекесі, тоқтаңыз! Сəби күлкісінің құдіретін бергім келген!– деп орнынан тұрып кетті. – Маған сын айту үшін мықты ақын боп туу керек! Мұқағалилардың өзі екпінімнен ығыса бастағанда!.. – Ей, Кеңшілік! Сынды тыңдай білуге үйрен! Бірі жағып, бірі жақпаса да ұшқарылықпен дыз ете қалмашы! Сабаңа түсіп, саралай біл! Сабырлылықты жарты бағыңдай есепте, əйтпесе... – Байекең інісінің əдейі мысын баса тұқыртты. Жаны ашығаннан жалпақшешейлікті ысырып қойды. Сылап-сипай салуға болар еді. Ауыздығымен алысқан талант тұлпарына қажетті жерінде тартына білуді меңзегені ғой. Ретсіз тарпынғанның тамыры тереңге кетпейтінін түсінетін Кеңшілікке ағасының бұл талаптары таңсық емес еді. Өзгелердің де талай құқайын байқап жүрген. Көбіне ретсізі басымдау келеді. Ал мына ескертпені лезде ой сүзгісінен өткізіп жібергенде, расында да шумақтарының шалағайлау шеті түріліп қалғандай болды. Соны түсінген ол аңқылдақтығына басып: – Кешір, аға! Түсіндім, аға! – деді де інілік ізетпен кішірейе түсіп, ағасын құшақтап алды. – Ал мына өлеңің ғажап құбылыс! – деп ағасы жаттап алғанын төкпелетіп жіберді: «Бар ма екен сенің есіңде, Балқаймақ күндер шайқаусыз. Бұлтиып бір зат төсіңде, Булығып өсті байқаусыз». Алысқа шабасың, бауырым! Мəстекше тыпырлама, сəйгүлікше құйғыт! Кеңшілік əлдене ойға шым батып кетіпті... Не ойлады? Ал мына Баекесі дəл осы отырыстан 17 жылдан соң, қимас інісі өмірден өте салысымен «Лениншіл жасқа» «Кеңшілік жатыр» деп егіле қайғырып: «Уа, Кеңшілік, текті тентегім, Торғай жаққа барып қайтайықшы деуші едің. Асығушы едің көргенше ел шегін...» – деп көз жасын көлдей ғып, тыя алмаған-тын.

Ұ

ЛЫ ЖЕҢІСТЕН соң туған Кеңшілік соғыс құбыжығын көрмесе де жүрегін сол сойқанның тырнағына осқылатып қойып, өкпесі қанталап, қабынып жүргені... Ес біле соғыстан қайтқан солдаттардың арасында өсті. Зіңгіттей азаматтар екен, мүгедек боп оралғандары қанша ма? От пен оққа түсіп, шыңдалған жүрек жұтқандар шетінен. Еңселерін түсірмейді. Қыбырлап, тырбанып еңбекке араласады. Бейбіт өмірді көргендеріне шүкіршілік етеді. Отан үшін шəйіт болғандардың ерлігін айтқанда, тұла бойы қалш-қалш етіп, қара терге малшынады. Сəби көңіл безбені ел басына түскен осынау тақсіреттің тауқыметін тарамдап тауыса алмайды. Періш боп

сергелдеңі қыр басына еріксіз жетелеп, томпиған моланың жанына жеткізген екен. Салтпен санасар санада сабыр сарқылыпты, түге... Ақын бір шаңырақтың тып-типыл болғанына налиды. Бір ауылдың бір дəнегі желге ұшты, тұқымсыз қалды. Жалғызын соғыс жалмап тынған сорлылардың бір шаңырағы күйреп түсіп еді. «Қайғының дерті қатты ұрған, Шайқалған бұл бір шаңырақ. Қазаны қаспақ, қақ тұрған, Қалды ғой, қалды-ау қаңырап». – Сенің осы өлеңің (баллада екені оған бəрібір) кез келген қазақ ауылының соғыс өшіріп, иесіз қалған ошақтарына орнатылған ескерткіштей боп елестейді көзіме, – деп еді бір егде кісі Жеңіс мейрамында, қауға сақалына жылыстап сіңген мөлдір тамшыны сілкіп тастап. – Балам-ау, соғысты көргеннен бетер суреттейсің, былайғы өлеңдеріңде де. Майдан даласының өлігі, оқ-дəрі күйігі көңірсиді... Сөздеріңнің киесі бары аңғарылады. Абай бол, ақыным, аузыңдағы ардағыңа! Бұл кісі қостанайлық майдангер əрі тыңгер еді. Атағы жер жарады. Еңбек Ері – Аманкелді Исақов өзінің «қос майданда» (бірінде – КСРО үшін қан төксе, екіншісінде – кіндігі байланған жусанды даласының жотасын əмірмен жыртқылап шер төккен – Қ.Ə.) көрсеткен қимыл-əрекетін барша тыңгерлердің бойынан тамыршыдай дөп басып танып, Кеңшілік өлеңдеріне жəне сүйсініп жүретін. Сол себеті де іңкəрлігін кездескен жерде бүгіп қалмайтын. «Қарағым-ау, сенің «Боз биеңді» оқыған сайын қылмыс жасап қойғандай, қара беттенемін. Сезесің бе, жаным, өзіңе ғана жалынып айтам. Тіс жара көрме! Келесі өлеңіңе кірістірсең, өзің біл,– деп бір жолы жан күйзелісін жасырмаған. – Сондағы: «Есті мал қырға егіске барып түскен жоқ, Қыр жақты кетті көкпеңбек барқын түс меңдеп. Көз қырын қырға қадаған сайын биеде, Көдеге талғақ келе жатты бір күш меңдеп...» дегенің, біздердің, тыңгерлердің, туған ел алдында əдейі жасаған күнəсіндей боп, қабырғамызды аяздай қариды!» Оқырманын қинаған өлең Кеңшілікті қайтіп оңдырсын! Жаны үнемі табада шыжғырылып жүретін... Соғыс, тың тақырыбы дейсің бе, əр шығармасында – баллада, поэма, т.б. жанрларда шегеленіп қалған бір ақиқат бар. Ол – Шынайылық! Шындық! «Шындық – сұмдық қаталсың да қаттысың, Шындық – сұмдық ащысың да тəттісің», – деп əділдік тінін суыртпақтап тарқатты ақын. Енді бір ширығысты сəтінде: «Шындық іздеу, шындық табу – мəңгі арман, Адамзатқа мəңгі мұрат сол болған»,– дейді де ұлы аңсауды ұлықтай түсіп, одан əрмен былайша шебер түйін жасайды: «Шындық күшін шама-күш жоқ өлшеуге, Оны жүрек соғуымен мөлшерле! Шындық – сəуле көре алмауың да мүмкін, Шындық үшін құрбан болып өлсең де!». Иə ол қысқа ғұмырында шындық іздеп өткен ақын. Тапты ма? Таппады ма? Уақыт төреші. Бүгінгі заманның тамыр бүлкілінде де бір ғажабы,

менің геройларымның кендесі, кемі бар ма? Сəтбаев пен Мүсіреповке, Есенберлин мен Хакімжановаға, Тілендиев пен Қайырбековке, Мақатаев пен сыншы Əшімбаевқа, т.б. жыр арнадым. Ішінде кесек-кесек балладаларым да бар. Оларсыз ұлтты көзге елестетуге бола ма? Керісінше де сондай мазмұнға ие. Кімге арнағанымды өлеңімнен біле қояды. Құлақ түр, қане. «Ғажаптан-ғажап сыйлайтын селеуін қырдың, Ғажаптан-ғажап келетін себебін білгім. Кейитін кейде «кебіннің керегі жоқ» деп, «Ақ селеуімді оранып өлемін бір күн». Бұл кім? Ақ шашты əзіз Ілияс Есенберлин! Тарихын өзі оятқан даласында ақ селеуге оранып қылжия қалғысы бар. Ал мына шумақтан Қаныш бейнесі белең алса керек: «Бұл балға барлаушымен арыпашып, Қарсақпай, Қаражалға жолы ұласып. Жезқазған, Жезді, Саяқ тастарының, Тап басып үлгерген кез бағын ашып». Келесісін зерделеші. «Меніңше, бұл адам, «Дың» еткен дыбыстан жаралған, «Дың» еткен дыбыстан – Туатын «үп» еткен самалдан. Тырс еткен тамшыдан – Тырс еткен жасыңнан жанардан. Сарт та сұрт найзағай жасылдан». Мұны – Тілендиев демей көрші, сен. Оған былай деп, ескерткішті мен ғана соғармын, бəлкім: «Ақынды құс демесе жала сөз ғой, Қорығы – Қарасаздар... Қарасаз ғой. Өлеңмен бірге туған біздің қазақ, Өлеңді түсінбейтін баласы аз ғой». Мұқағали! Дөп баспау мүмкін емес! Жə, енді бір арнауымнан үзінді, сосын жетеді: «Қазақта төкпе ақынның бірі – Ғафу, Түйіліп жыр жазарда түрі қату. Секілді сөзмергеннің – қолмергені, Білмейтін бұқпантайлап, бұғып ату». Осылар – жадағай мақтау ма? Қолтығына кіру ме? Жалпақшешейлік пе? Жырдың құнын түсіру ме? Даралар, даналар образы арқылы Ел бейнесін жасадым емес пе? Ел мен Ерлердің сом тұлғасын құйдым ғой! Тілім кесілгенше, кесек те көркем бітім жасаудан жаңылмаспын, сірə. Тіл демекші, менің кестелі тіліме Мұқағалилар тəнтілігін жасырмаған. Сырбай, Ғафу ағаларым «сары тайлағым» деп еркелететін. Мықтылар ғана мықтының жалынан сипалай алады. Өйту – күшеншектерге күнə іспетті. Ал мен кейбір мимырт жүрісті мəстек ақындарды тарпып тастап, маңайыма жуытпаймын. Өйткені, мен дарынды, таланатты жаратылыспын. Күлмеңдер, күндемеңдер! Бəріңнің іштерің сезіп отыр емес пе? Шындықты ашық мойындау керек! Құдіретті ақын Кеңшілік Мырзабеков құдай берген ойға кең, құйыла салатын сөзге мырза! Айтшы, қане, осыным өтірік деп! Ауызыңды қисайтып жіберейін!.. Ескертемін, «Ақын» деген қасиетті атауды былғай көрмейікші! Киесі ұрады, əйтпесе! «Неге дөңбекшіп, тулап шығамыз, Соның себебін айтсақ мына біз. Ақ пен Қараның, Шаттық, Қайғының – Тамырында бүлкілдеп, соғып тұрамыз!»– дегенмін мен ақын туралы. Ақындар, ойланыңдар!..». ...Кеңшіліктің біз түзген бұл монологынан түңілмеу керек, терең үңілу керек сияқты, асқақ та ақиқатшыл ойларының астарына!

Л

ЕНИННІҢ 100 жылдығын əспеттеген мəре-сəре əдеби кеш өтіп жатыр. Ағылтегіл марапат жырлар тау суынша сарқырайды. Мінбер босар емес. – Мен! Мен! – деп Кеңшілік кеуделеп алға озды да, босай берген мінберге атқырынып шықты. Манадан делебесі қызып, танаурап отырған. «Мыналардыкі не? Түкке тұрғысыз жасық өлеңдер. Ленин мəңгі жасай ма? Ол да «Өлдің Мамай қор болдыңның» кебін кимей қайда барады. Айтқанына, жазғанына қарап, бажайлауға болмай ма, түге. Дана? Данышпан? Күн көсем? Ендеше неге Қазақстан бейшара күй кешіп отыр, ə?! Алаш салған ұлттық ұраның қайда?! Əукесін қамыт қиған өгізден не артықтығың бар, əумесер Қазағым!» – деп Кеңшілік ойға кеміріліп, əрең шыдап отырған еді. Е, міне, сəті түсті-ау!.. Төралқада отырған Ғафу ақын «Қап, мынаның осқырынған түрі жаман, бүлдірмес пе екен?» деп, ернін тістелеп қойды. Мінбердің қос жақтауын жұлып алардай, құшағын кере мытып ұстаған Кеңшілік, ырғалып, ыңыранып, гуілдеп сəл тұрды да гүрілдете жөнелді. Дауыл тұрып кеткендей шошынды

11

залдағы тыңдармандар. Ақын арындап, арқырап тұр: «Нан турап жеп ап, ақырған ащы айранға, «Шаршадым» деді сабанға құлап Қайролла. «Нан бар ғой, тоба, нан бар ғой мынау» деп жатып, Қашпай қалған қашар жайлы ойлауда»... Ішкі астары, ым-жымы жыпқыл-жыпқыл-ау! Тəубашылдық! Тұйыққа тіреле бастаған өскелең өмір өксігі. Көсемшілеген алдамшыл көңіл?! Меңзеліп-ақ тұр бəрі-бəрі: ұлттық ұйпаланған ұстының да, ащы запыранды құсығың да, адымыңды аштырмаған шынжырлы тұсауың да, жетесіз жетілмейтіндіктен көкірек аздырған құсаң да... құдай-ау, өлермен күйдегі өгіздей кейпіңді көзіңе күйдіргідей қарытады. Алдың тұман! Жүз жылдық мерейтой ғасыр кəдесіне жарай алар ма, тəубашыл қазағым-ау? Бір күнгі нанына тобашыл тобырым-ай! Кеңшілікше қатты кетпегенде қайтпекпіз, енді... «Өк, өк!..» десе өгіз де өрге тырбанар... Тəуелсіздікке Кеңшілік сияқты болжампаз ақын керек! Жылауық емес, жасампаз! Əбділда ақын абдыраңқы, бірақ құлақ құрышы қанғандай, аса сақ отыр. Ғафу күмбір-күмбір кісінеген тұлпарша, ауыздығын қарш-қарш шайнағандай боп, күреңітіп кеткен. Өтежан өлеңнен өртеніп, өзін-өзі сөндіре алмай əлек. Кешті жүргізіп отырған Сұлтанғали Садырбаев: «Əй-əй, тентек сары»,– деп кекештене күмілжиді. Бəрінің жүзі сұстылау көрінгенімен, іштері жылынып, əлдене үміттен қылп-қылп етеді... Кеңшілік өлеңдерінің кемелдікке бет бұрған кезеңін болжаммен ғана айта аламыз. Мүмкін, оның сапалық сырларын балауса жырларынанақ санамалауға болар. Талант тəңірі сыйы десек, бастапқы қадам мен бастыққан тұсындағы інжу-маржан үзіктерінен өршелене өсу үдерісін аңғарамыз. Қай өлеңін алмаңыз, заман, қоғам, адам астарларының тіні ажырамастай түзілген. Демек, уақытпен қанаттасқан ұлт ақыны елдік мұраттарды еншілей білуімен дараланады. Тіпті, кітаптарының атауларынан-ақ тақырып кеңдігі, кемелдік көкжиегі айқындалған. Айталық: «Іңкəр дүние», «Дүбірлі дəурен», «Көктем көкжиегі», «Сəруар», «Революция перзенттері», «Замандас сыры», «Ауыл мен астана», «Қасиетті қасқағым», «Балалық шақ балладалары», «Дəуір – дастан», т.б. кітаптарының осындай атаулы ұстын-ұлағаттарының ұлттық мінезбен, халықтық аңсар-үмітпен өрнектелуі кездейсоқтық емес қой. Кемел ойының пернелері əуелгіде түрілмей, таңсығын ішіне бүгіп, бүр жарған өрік ағашының алқызыл гүліндей түр-түсімен де, жұпар иісімен де есті алып, ынтықтыра тартады. Миға салмақ түсіру керек: əуездік пен əуендік үндестігін тап басу; шындық пен ақиқатқа жүгіну; уақыт билігін бағамдау; ұлттық тілдің сиқырына тояттану; бояу қанықтығымен бедерленген тілдің тереңіне үңілу; образды ойлау жүйесінің көркемдікпен əдіптелгенін саралау; лирикалы сергектіктен серпінденген эпиктік даралығына ұмсыну; бəрін айт та бірін айт, ақындық құбылыстың өзіндік мінезбен суарылған тектілігін мойындау, т.б. талант қырларын түсіне де түйсіне білу шарт. Сонда ғана ақынның кеңдігі мен кемелдігінің көкжиегі сағымнан гөрі, сағындырған сабатты көгалдай ынтықтыра тартары анық. Иə, тағы не айтпақпыз? Поэзиясын былай қойғанда, прозасының өзі мық шегедей бекем, көркем дүниедей ғұмырлы, кейіпкерлері кесеккесек бітімді боп келетіні, тағы рас. Мейлі ол суреттеме ме, көсемсөз бе, очерк пе, қара мақала ма, бəрібір тұшына түсесіз. Құдіреті не? Ойлау, толғау, айту, жазу секілді табиғат берген тылсымдықтың таланға бұйыртқаны да. Оның осындай ерекшеліктерін шөкімдей ғып біз айтқанша, кəнігі сыншылар неге кесек турап, көсілмейді десеңші. Дүркіреп шығып, дүрілдеп көрініп, найзағайдай тілгіленіп, жасындай ғұмырында жалт қаратқан дүрия-дəурені ағып түскен... Содан бергі ширек ғасыр ішінде Кеңшілік бірде еленіп, бірде көмескі тартып, кітаптары қайталанып шыға қалғанда ғана шоқтай қызарып, жарқырай жана түсіп, əттегенай, бəрібір əдебиеттану ғылымының нысанына берік айнала алмай, күйзеліске ұшырағандай еді. Көзі тірісінде он бір өлең кітабы оқырман қолына тиді. Өзі кеткен соң үш таңдамалысы жарық көрді. Жуырда төртіншісі шықты. Бұған бір аударма кітабын қосыңыз. Былайша айтқанда, есімі еленіп, шығармашылығы жаңғырығып жатқандай. Ал сыншылар неге самарқау?! Түйінді ойлар қайда? Төбені қимаса да төрге лайық емес пе, Кеңшілік! Лайықты баға – енді Кеңшілік үшін емес, қазақ əдебиеті үшін əбден керек! Барымызды, жоғымызды түгендеп алу үшін қажет. Бағдарымызды айқындауға немқұрайды қарамағанымыз абзал-ау! Сонда бүгінгі поэзияның бағасы да байқалар еді. Ендігі қайырылмағымыз не? Ұлы Аманкелдінің əкесі туралы терең мəнді жазбаларын жұртшылық сүзіп оқып жүр. Жарияланбаған өлеңдерін жары Зинура аялап, мəпелеп кітаптарына ендіруден жалықпайды. Серік пен Серікбай, Жұмат Əнесұлы ауық-ауық еске алуларын жазып қояды. Тағы біршама дос-замандастары да Кеңшілікті «тірілтіп» алып жатады. Бұған да шүкір! Анасы Мəркүл ұлын еске алу мерейтойларына қатысып, жаулығының ұшын тістелеп, көзінің жасын сарқып отырғаны бар... ...Кеңсайға сыймаған Кеңшілік далиған даладағы Торғайында мəңгі тыныстап жатыр. Ей, жолаушы! Қарт Торғайға Арқалық жақтан кіре бергеніңде сол қапталыңда көрінетін өлілер мекеніне көз салшы! Мүмкін болса көлігіңнен түсіп дұға қылшы! Сол зиратты Кеңшілік мекендеп жатыр. Қабірінің маңдайшасындағы өз шумақтарының бір үзігі мынадай: Туған жер, саған қаталап, Кім қалай сүйсе, өз еркі. Мендегі сендік махаббат – Жанардың нұры – көз өрті, Жүректің нұры – сөз өрті! ...Осы шумақ əр пенденің көкейіндегі сөзіндей ғой! Алып-қосарымыз жоқ, ақын дос! Кең екенсің, кемелдігің көрінеді! Əнге мəтін жазбаған сабазым-ай! Əйтпесе, бұл жүрек сөзі əуенге сұранып тұр ғой, құйқылжыр еді əуелеп! ...«Еркіндігіңде жақсы өмір, Тағат та керек, тоқтам да! Ырзамын тағдыр бəріне, Жүрек пен махаббат барда!» – Кеңшілік үні көңілдерде күмбірлей береді!.. АСТАНА.


12

www.egemen.kz

Қ

АЗАҚТЫҢ кеңдігінен кемдігі бар ма, шіркін! Соңғы асым етін қонағына сақтап, сұрағанға аузындағысын жырып беріп, өзі аш жүруге əзір мұндай мəрт халық бұл жалғанда жоқ та шығар. Алты күн дым сызбай ашқұрсақ жүрсе де жүгін арқалап балпбалп күйіс қайтарып тарта беретін нағыз нар сияқты ғой, нар сияқты. Біздің ауылда сондай бір Алпысбай деген нар азамат болды. Өзі он саусағынан өнер тамған ісмер əрі əйдік етікші еді. Сол өнерімен сонау аштық жылдары бүкіл əулетін асырап аман сақтап қалды. Ұлы Отан соғысы жылдарында да сол өнері кəдеге асып, əскер жасынан асып кеткеніне қарамастан облыс орталығындағы майдангерлерге киім тігетін артельге шақыртып алынып, еңбек жауынгері ретінде шеберханада

ИХ ТАР ЫНДА ҚЫН ТОЛ

өзгелерден оғаш бір мінезі болатын. Күндіз қонақта мəжіліс құрып, шешіле сөйлеп, көсіле кеңесіп, ара-арасында əн салып отырысты қыздырып отыратын сері күн батқан соң түскен үйіне қонбай, көл жағасына, не орман арасына барып түнеп келетін. Сонда мінген атына ілесіп жүретін төрт-бес саяқ соңынан қалмай ере жөнелетін. Кейбір сумаң сөзділер сол саяқтарды көзге көрінбей перінің қыздары мініп жүреді деп сыпсыңдасатын. Меніңше, кірпияз кісі иіс-қоңысы бар басқа біреудің төсегіне жатқаннан гөрі таза ауада, табиғат аясында түнегенді қалайтын болса керек. Жарықтық жəне жанындағылармен тізелесіп отырмай, арада орын қалдырушы еді ғой. Сонысын да сөз қылып, екі жағында екі перизат отырады екен деп өсектейтін. Əйтпесе, оның перизатын көрген тірі пенде жоқ. – Жо-жоқ, кейінірек көрген бір кісі болыпты, – деп

Сарбас АҚТАЕВ, жазушы.

жұмыс істеді. Кеудесін оққа тосып, отқа кіріп, қан шешіп жүрген сарбаздар үшін тон пішіп, етік тікті. Отбасын қалаға көшіріп алып, төрт-бес баласымен пəтер жалдап тұрды. Кейін асүйінде жалғыз басты иесі жататын бір бөлмелі пəтерде тұрғанда Көкшетау қазақ орта мектебінің жетінші сыныбында оқып жүрген мен келіп сығылыстым. Алғаш тұрған үйім жайсыздау болған соң əкем өз ауылмыздың адамы ғой деп мені осы кісілерге əкеп орналастырды. Өзінің төрт баласының үстіне былтыр тұрмысқа берген қызының қайын сіңлісі, бір жамағайынның педучилищенің бірінші курсында оқитын баласы жəне бар. «Саркеніңнің сабақ қарауына қиындық туады демесек, алтау сыйған жерге жетеу де сыяды ғой. Біздің үйге қойсаң қой, өз балаларым не ішіп, не жесе, ол да соны ішіп, соны жеп жүре береді ғой» депті отағасы əкеме. Бір ғажабы, Алекең мен бəйбішесі Бəну апа өз балаларынан талымды кем көрген жоқ. Қайта үйелмелі-сүйелмелі екі ұлына менің ұқыптылығымды, ұсынақтылығымды, оқуға деген ынтамды үлгі етіп, өнеге ғып отырады. Үш сынып төмен оқығанымен, үлкені менімен түйдей құрдас, екіншісі екі жастай кіші, тай-құлындай тебісіп бірге жүреміз, бір төсекте жатамыз. Кейде қонақ көбейіп кеткенде үшеуіміз де есіктің аузына ысырылып қаламыз. Ал қазақтың үйі қашан қонақсыз болған. Бұрын аудан орталығы болған Көкшетау қаласының төңірегіндегі ауылдардан керек-жарағын іздегендер күн құрғатпай ағылып келеді де жатады. Қазіргідей автокөлік жоқ, ат жегіп келгендердің көбі қорасы кең осы үйге қисая кетеді. Сондықтан, қара қазан оттан бір түспейді. Ет асып, самауыр қойып, бауырсақ пісіріп бəкене бойлы өзі қолтоқпақтай ғана Бəну апаның ертеден қара кешке дейін қара жанына бір дамыл жоқ. Кейде кіші қызы Шəмшия əлі қолқанатқа жарай қоймаған шешейді қарадай аяйсың. Бірақ қонақты құт көріп, онсыз отыра алмайтын қазақ мұны бейнет емес, міндет деп біліп, ондай еңбекті елеуші ме еді!? Алпекең аршын бойлы, атан жілікті, атпал азамат болатын. Көбіне жұмыстан келген соң да дем алмай, қолқа салушылардың бұйымтайын орындап, əйелдердің сəнді туфлиі мен шоңқайма етіктерін үйде тігетін. Кейде оның шалт қимылы мен шалымдылығына, шебер өрнектеріне таңданып, қасында ұзақ отырып қалатынмын. «Етікшіге жолама, сөзі тиер өзіңе, бізі тиер көзіңе» дегенді елемей, өнеріне зер салып, ден қойғанымды ұнататын ол «қолыңның епсектігі тəп-тəуір, кəне, мына бастаманы сен қайып тігіп көрші» деп ара-тұра маған да жұмыс беріп қоятын. Зəуде бір мойны талып шаршағанда орындығында отырып еңсесін тіктеп, екі қолын екі жаққа жайып жіберіп шалқайып, қайта қаздия қап: – Кəне, Кенжеболат мырзаның мирасқоры, бірдеңе оқышы, тыңдап бір тынығайын, – дейтін ара-тұра. Тілегін екі етпей, «Ер Тарғын» немесе «Қобыланды батыр» жырларынан үзіндіні заулата жөнелетінмін. Кейде қонақ келгенде (келмейтін күн сирек) ас піскенше əңгімедүкен құрып, «мына мырзаның ұрпағы батырлар жырын нəшіне келтіріп, жақсы оқиды» деп, мені сарнатып қояды. Үлкендердің жақсы оқиды екенсің деген мақтауына мəз болып, мен бейбақ содан бастап өлең-жырларды іздеп жүретін болдым. «Алпамыс», «Қамбар батыр», «ҚарасайҚази», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» тəмамдап, жаңа жарық көрген «Ақбөпе», «Құралай сұлу» сияқты дастандарға шықтым. Құрдасым Қуаныштың өлеңжырмен жұмысы жоқ, ал інісі Жұмағат басы қазандай боп, көзі бажырайып, құлағы қалқиып, əңгіме біткенге ұйиды да отырады. Бір күні қолыма Айтбай Хангелдиннің жеке кітап боп шыққан «Ақан сері – Ақтоқты» дастаны түсіп, кешкісін қонақтарға соны оқып бермеймін бе. Көбі Ақан ағаңның көзін көрген, сөзін тыңдаған, сəнін қызықтап, əнін тамашалаған қариялар гуілдесіп, əңгіме күбісін гүмп-гүмп пісе жөнелгені ғой. – Осы Ақан-ағаңның перінің қызымен жүрді дегені не сөз? – деп қалды бір қонақ. – Тек, перісі не, перизат емес пе! – деп түзетті оны екіншісі. – Жарайды, перизат болса перизат болсын, ал серінің сонымен көңілдес болғаны шын ба, өзі? – Ақан-ағаңмен қадірлес құттыбай Əділ балуан бірде əзілдеп серіге: – Ақан-ай, бұрынғыдай өңің жоқ па? Ылғи ойда жүресің, дөңің жоқ па? Бар дейді бір басыңда үш перизат, Ағаңа кемпірінен жөні жоқ па? – дегенде, сері жұлып алғандай шалт жауап қайтарып: – Арғы атаң Малбағар батыр екен, Əдағаң əрбір істен қапыл екен, Қазақтың қара ақымағы қайда десем, Жиылып Құттыбайда жатыр екен, – деп қатты шамданыпты деген сөз бар. Соған қарағанда əлгі сыбыс сəнқой сал, сырбаз серіні көре алмайтын күншіл өңездердің өсегі болуы да мүмкін, – деп сəл кідірген келесі қария сөзін əрі қарай сабақтап: – Бірақ біз көрген Ақан-ағаңның

əңгімеге үй иесі Алпағаңның өзі араласты. – Ұмытпасам, аты Əбіш болуы керек. Сол шамасы мына сары балаға нағашы да боп келетін шығар, – деп маған бір қарап қойды да, əңгіме тиегін ағытты. Оның айтуынша, төңкерістен төрт-бес жыл бұрын Ақанағаң өмірден озғаннан соңғы алғашқы жаз аяғы болса керек. Ел жайлауға көшіп жайғасқан соң қыстауға қайтып келіп, төрт-бес жігіт қол шалғымен пішен дайындап жатады. Бір күні жанындағы жігіттер көрші ауылдағы бір ойын-тойға кетіп, Əбіш дала қосында жалғыз қалады. Балуан тұлғалы батыр жігіт қанша батыл болғанымен əлде неден жүрегі секем алып, іргеде сүйеулі тұрған балтаны қосқа ала кіріп, басына жастанып жатады. Əлден уақыта көзі ұйқыға бара бергенде құлағына жоқтау сияқты бір сыңсыған əуен келеді. Ізінше шолпының сыңғыры естіледі. Жігіт ағасы жасындағы сақа азамат орнынан атып тұрып, ошақтағы отты қайта тұтатады да, балтаны тізесінің астына басып, шарта жүгініп отыра қалады. Əлгі əуен сəл саябырлап, шолпылардың сыңғыры жақындай түседі. Бір мезетте қосқа «Кеш жарық!» деп басында жалт-жұлт еткен сəукелесі бар, зерлі қара мақпал қамзол киген, желбіреуікті торғын қара көйлегі бақайына түскен жасы қырықтар шамасындағы бір əйел кіреді, соңында өзінен əжептəуір кіші бір бикеш пен үріп-ауызға салғандай, ай десе аузы, күн десе көзі бар бір бойжеткен ілесе кіреді. Əлбетте тылсымдалып қалғандай тіл-аузы байланып сөйлей алмай қалған арыс азамат тақымындағы балтаның сабына қолы тигенде: – Тіфə, кет пəлекет, шығыңдар кəнекей! – деп айғайлап жібереді. – Сабыр, батыр, сабыр ет. Əуелі тізе бүгейік те. Біз жатың да, жауың да емеспіз сенің, – деп кексе əйел босағадағы текшелеп қойған отынға бөксе басып, жанына бойжеткен мен бикешті жайғастырады. – Əбіш-жан, сөзіме құлақ сал, мен ағаңның аманатын орындағалы келіп отырмын, – дейді бейтаныс əйел. – Ағаң кім? – Ақан-ағаңды айтамын да. Сол сері ағаңның жандай сүйген жары – перизаты мен боламын. Мынау менің сіңлім, ағаңның балдай тəтті балдызы, ал анау Ақанағаңның жалғыз қызы, асылдың тұяғы, алтынның сынығы. Жарықтық өмірден өтерінің алдында осыны елімнің бір атпал азаматына қос деп аманат етіп еді. Сол аманатын орындағалы, көзімнің ағы мен қарасындай осы қарғашымды өзіңе қосқалы əкеп отырмын. – Жоқ, үйлі-барандымын. – Əйелің болса, өмір серігің шығар, мынау көңіл серігің болар. Тым құрыса жаныңа шақырып, қарындасың ғой, маңдайынан иіскеші. – Жоға, жоғалыңдар! – деп Əбіш тізесінің астындағы балтаны жұлып алып, маңына жолатпай отырып алады. Осындай салғыласумен сүт пісірім шілде түнінің де көбесі сөгіліп, таң білінейін деді. Таң біліне: – Жарайды, айтқанға сенбедің ғой, сенбегенің – көнбегенің. Бейтаныс əйел орнынан тұрып қасындағы екеуіне иек қағып, қостан шыға берді. Ізінше Əбіш те орнынан тұрып, сыртқа шықса, əлгі үшеуі ізім-ғайым, үшті-күйлі жоқ... – Содан əлгі Əбіштің екі көзі қызарып кетіпті. Бертін елірме сырқатқа шалдыққан дейді сабаз, – деп əңгімесін аяқтаған Алпағаң тағы да бір уəж айтты.

– Ақан сері өмір есігін ашқан «Кеңащы» ауылы Жақсылық қарауылдың Малтабар, Шұңғырша деген екі баласының ұрпақтарынан тұрады. Ақанның Ақтоқтыға қосыла алмаған себебі, олар аталас: Малтабар балалары. Жеті атаға толмаған соң, қосылуына рұқсат болмаған. Ал Əбіш – Шұңғырша, Ақан серінің қызын Шұңғырша жігітіне қосудың шариғатқа еш қайшылығы жоқ. Алпағаңның Əбішті маған нағашы деуінің жаны бар. Шұңғыршаның Байсарысынан Шахаман, Сарбас, Сарт туады. Сарбастан – Ұлтай, Ұлтайдан – Қоянбай, Көшімбай. Қоянбайдан Əбіш те, Көшімбайдан менің нағашы атам Əділəлі тарайды. Барлығын бұрынғыша Қоянбай ауылы атайды. Бала тұрмай жүргенде маған ырым қылып, түпкі нағашы атамның атын қойған. Жаз айларын бала күнімде ұдайы нағашыларымның ауылында өткізетінмін. Аталарының атын атауды обалсынып, ауылдың барлық əйелдері мені «Саркен» деп еркелететін. Сонан да ма екен, əлгі оқиға маған балалармен баурайынан бала күнімде жидекті көп теретін Жарағаштың қойнауында өткендей көрінген. Жарағаштың бауырында тұрып, ен шалқар Қоскөлдің шетсіз, шексіз айдынын тамашалаушы едім. Ашаршылықтан бір жыл бұрын осынау айдын шалқар дария екі сағаттың ішінде жоқ болып кетіпті. Көлдің ортасынан бір аппақ бұлт аспанға атылды да тұрды деседі көзі көргендер. Жұрт оны көлге айдаһар түсіп, жұтып қойды деп аңыз етеді. Зайыры, жер жарылып, барлық су жер астына сарқылса керек. Көл табанына көкорай шалғын шөп шығып, сол шүйгінде мал жайылып жүргенін кішкентай күнімде өзім де көргенмін. Ұлы Отан соғысы басталатын жылы қар көп болып əрі күрт еріп, Қоскөлге су қайта түсті, бірақ бұрынғы арнасына толған жоқ. Жағасына жарым шақырымдай жетпей қалды. Бұл да бір табиғаттың тылсымы ғой. Жарағаштың бауырында болды деген жұмбақ оқиға да сондай тылсымның бірі шығар. Бірақ, менің қиялшыл көңілімнен таң бозара қостан шығып, сағымға сіңіп кеткен үш перизат ұзақ уақыт шықпай, құпиясын ашқызбайақ қойып еді. Түйткіл түйінін араға қырық екі жыл салып, сексенінші жылдардың соңында ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев ақталғаннан кейін тапқандай болдым. Ақан ағасына дарыны да, жалыны да, өрлігі де, серілігі де ұқсас сөз зергері Мағжан ел аузынан сыршыл сері ақынның өлең-жырларын жинап, бір ізге түсіріп, жанжақты зерттеп, зерделі еңбек жазған ғой. Сонау қырық жетінші жылы жеткіншек бала күнімде ауыл ақсақалының аузынан естіген жоғарыдағы оқиғаны елу жылдан кейін ғана ақталған ұлы ақынның Ақан сері туралы очеркэссесінен ұшыратқанымдағы сезімімді айтып жеткізу əсте мүмкін емес. Сонда қарапайым етікшінің құймақұлақ зерделілігіне қайран қалғанмын. Эсседегі оқиға Алпағаңның аузынан естіген əңгімемен егіз тамшыдай ұқсас екен. Перизатты көрген кісінің есімі де тура өзі. «Шұңғырша қарауыл Əбіш деген жігіт шөп шапқалы қыстауға барып, іңірдегі шошалада балта қайрап отырады, – деп жазады эсседе. – Ортада от бықсып жатады. Шошаланың іші қара көлеңке. Бір мезгілде жел шыққандай, қыстаудың желкесіндегі қалың қайынның жапырақтары сылдырлағандай болады. Желмен ашылғандай ақырын ғана есік ашылып кетеді де, үйге үш əйел кіреді. Алдыңғысы денелі – бəйбіше, екіншісі орта жастағы əйел, үшіншісі – талдай нəзік талдырмаш бір қыз. Үшеуінің де жүзінен сорғалап сəуле төгіліп тұрғандай. Киімдеріне көз тоқтамайды. Үшеуі де қолдарымен жүзін тасалай беретін тəрізді. Келіп, босағаға отырысады. Əбіш қалтырап тоңғандай, тісі сақылдап, «Құлһуалланы» оқи бастайды. Мұсылман пері құраннан қаша ма, үш əйел отыра береді. Біраздан соң бəйбіше сары інгендей ыңыранып сөз бастайды. «Шырағым, Əбіш, танымаған соң сен бізді жатсынып отырған шығарсын. Мен Қорамса атаңның үйіндегі шешеңмін. Мынау – Ақан-ағаңның үйіндегі жеңгең, анау – менің кіші балам. Таза жүретін мұсылман адамға бермек ойым бар еді. Үй-ішіміз болып, сені ұнатып, саған қосқалы келіп отырмын», – дейді. Бəйбіше соңғы сөздерді айтқанда, сұлу қыз сылаңдаған аққудай керіліп, күлімдеп қояды. Əбіште зəре-құт жоқ. «Əлһəммудилəдан», «Құлһуалладан» қайран болмаған соң, жандармен тізесінің астындағы жатқан балтаны алып ұмтылады. Сол уақытта үш əйел күбір-күбір сөйлескендей болып, судырлап үйден шыққандай көрінеді». Зер салып, зерделей қарасаң, сол сарын, сол оқиға. Жалғыз ғана айырмашылығы үлкен перизаттың Ақанның емес, əкесі Қорамсаның бəйбішесі болуында. Асылы, мұның ақын-əнші, сал-серілерді өсек қылып, жынсайтанның жетегінде жүрген жандар деп білетін надан жұрттың шайтанмен шатыстық серінің өзіне ғана емес, тұқым-тұғиянына тəн деп Ақан-ағаңды мұқату үшін əдейі ойдан шығарған өсек-аяң екенінде дау жоқ. Мағжан да мұны тап басып, сырын дəл ашатын секілді. Оның жазғанына қарағанда, Ақан қырыққа аяқ басқанда, сұлулықтың асығы – жарынан, көңілінің де, өмірінің де пырағы – тұлпарынан айырылып, тірлік айдынында əн салып жүріп, аққу қанаты қайырылып, жүйрік жаны ой дария сына шомып, жарасымы жоқ былық, былапыт тұрмыстан безгенде, жан-сырын ұға алмай, жұмбағын шеше алмай, халық оны алып барып періге балайды. «Бірақ халық соқыр сезіммен кешегі ерке серісі – Ақанының саф асыл болмысына кір жаққысы келмей, жанды заттағы сұлу періге апарып қосады» деп тұжырады əділ таразы сындарлы сыншы, сұңғыла ақын (Мағжан Жұмабаев шығармалары, Жазушы, 1989 жыл). Шынында да, еркін де ерке өсіп, сəн-салтанатты күйттеп, ғұмыр бойы əсемдік пен əдемілікті мұрат тұтып өткен сейдін көңіл сері ақын күйбеңі көп күйкі тірліктен өзі аңсаған саф асыл сұлулықты таба алмай, оны қиял əлемінен, басқа бір тылсым тірліктен іздеп шарқ ұрғаны айдан анық. Осы бір оғаш көрінетін оқшау мінезін өзінше жорып, жұмбақ жанын түсінбеген жұрт оны əдеттен тыс тірлік ортасында көргісі келіп, қайдағы бір қиял қызы – перизаттарға телігені рас. Бəлкім, бұл өз серісі қайда жүрсе де, қызыққа шүйгіп, жұмбақ болса да тек сұлулықтың ортасында жүрсін деген арманның да жемісі болар. Серінің өзі де тек сұлулықты ғана сүйіп өткен ғой. Мейлі, қиял болса қиял болсын, ал сол қиялдың бір қанатында серінің кіндік қаны тамған жерде туып өскен, өткен ғасырдың басында ғұмыр кешкен, өмірде нақты болған атпал азамат Əбіш Қоянбайұлының жүруі бір қызық емес пе. Əбіштің кіндігінен жалпы төрт ұл, үш қыз тарайды. Ұлдары: Қасымғали, Əшімғали, Ахметқали, Молдағали бертінге дейін болды. Қасымғалидан – Қалтай, Əшімғалидан – Тоқболат, Ахметқалидан – Жасұлан, Молдағалидан – Жанболат бастаған үш-төрт ұл бар. Олар өсіп-өрбіген, немере-шөберелердің өзі жүзге жақындап қалған шығар. Демек, Қоянбайдың Əбіштен тараған ұрпақтарының өзі ақар-шақар бір ауыл. Олардың осылай өсіп-өніп, өркен жаюына Ақаң-ағаңның аруағының да шарапаты тиген шығар, сірə. Тəн өлгенмен жан өлмей, жарқын рух жасай бермек қой, əсілі.

24 сәуір 2013 жыл

Хасенді ќадірледі Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Халықаралық «Түріксой» қауымдастығы мен Ғази (Ататүрік) университеті Хасен Өралтайдың туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өткізді. Конференция төрағасы, Ғази университетінің профессоры Ахмет Бижан Ержуласунның: – Хасен Кеңес қысымындағы түрік республикаларының тəуелсіздік алуынан бес-он жыл бұрын өзара мəдени байланыс жасауына көп ықпал жасады. Сондықтан да, Хасен Өрал тай (Оралтай) барша түрік қауымдастығына ортақ қайраткер ретінде «Түріксой дың» бұл конференцияны ұйымдастырып отыруы өте орынды. Біз Хасен Өралтайдың өмірі мен қайраткерлігін пікір білдіру арқылы бəріміздің ұлтымыздың даму жолындағы мəселелерді қозғаймыз, – деген кіріспе сөзі бүкіл ғылыми мəжілістің мақсаты мен міндетін анықтап берді. Конференцияда Қазақстан Республикасының Түркиядағы төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, «Түріксойдың» Бас директоры Дүйсен Қасейінов, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, профессор М.Қойгелдиев, Кония университетінің профессоры Мариям Қырымлы, Мəрмəр уни верситетінің профессо ры Əбуақап Қара, тарих ғылымының докторы, Ұлттық университеттің профессоры Набижан Мұхаметқан, жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай, Түрік академиясының жетекші ғылыми қызметкері, ғылым кандидаты Жарылқап Бейсенбайұлы,

белгілі ғалым Дархан Қыдырəлі, «Болашақ» бағдарламасының Кония университетіндегі докторанты Асқар Құмаров Хасен Өралтайдың өмірі мен қайраткерлік қызметінің, жалпы түркі бірлігі мен Алаш идеясын халықаралық деңгейде дамытуға қосқан үлесі, ол туралы жазылған зерттеу еңбектері мен саяси, ғылыми-зерттеу мақалалары, ондағы көтерілген мəселелердің өзектілігі, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы мен саяси тұжырымдары, жалпы, саяси босқындардың тарихтағы орны, олардың бүгінгі тағдыры жөнінде келелі пікірлер айтты. Қайраткердің жары Хадиша Өралтай конференцияны ұйымдастырушылар мен баяндама жасаған ғалымдарға алғыс білдірді. Ғылыми конференция марқұмға қатым түсірумен аяқталды. Сондай-ақ, өткен аптада елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада 480 томнан асатын Хасен Өралтайдың кітап қорының көрмесі ашылды. ---------------------------Суретте: Хасен Өралтайдың жары Хадиша Өралтай.

Ќос ананыѕ таєылымы Лəззат ЙАМҰХАММЕДҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Мен ұлы аналарымның – əкемнің екі анасы, шешемнің анасы, өз анам – қасиеттілігіне таң қалам. Француздың «əрбір əйел оқылмаған кітабына» қазақ əйелі сыймайтындай. Əрбір қазақ əйелі – даналық мектебі, ұлылық ұраны, сұлулық символы. Бір ғана отбасының аналарын мысалға алайық. Əкем Йамұхаммедтің Үрəйла, Шоқан есімді екі анасы туралы. Атам Əділбек бел құдалықпен алған алғашқы əйелінің денсаулығы сыр бере берген соң, ұнатқан əйелі, өзінің қатары, жас жесір қалған Үрəйла анамызды алады. Атамыздың анасы болса, бел құдалықпен келген алғашқы келінімен бірге боламын деп, еншісін алып, үлкен келінімен бөлек кетеді. Үрəйла анамыз екі ұл туады, Құран ашып отырып өзі атын қояды – Йамұхаммед, Жармұхаммед деп. Өзі арабша еркін білген, құран оқып, дұға жасап, халықты емдеген адам. Абысындарының: «Жəкеміз қыздай алмады» деген сөзіне жауабы ма, кім білсін, қырықтағы Үрəйла анамыз 20 жасар немере сіңлісі Шоқан анамызды қыздай əкеп, 40 қара беріп, атамызға өзі қосады. Өз аты Ізбайда болған, атамыз еркелетіп, Шоқан атап кеткен. Əжелер айтатын, атамыз үш күн қалыңдығына жоламапты. Төртінші күні де екі құлынын иіскеген болып, жанына жантая берген атамызды Үрəйла анамыз: «Ең болмаса қалың малға берген қырық қараны ақтасаңшы. Бар жанына!», деп қамшымен салып қалған дейді.Өз төсегіне бұдан кейін атамызды жолатпапты, мүмкін, атамыз жоламады ма, кім білсін. Сіңлісіне мал-жанды табыстаған Үрəйла анамыз сол кеткеннен, ел аралап халықты емдеген, 30-жылдардағы ашаршылықта Əулиеата аймағындағы Қарақұм, Құмбел, Құмжота белдерінен түрлі шөп тамырларын тасып, бір рулы елді аман алып қалған. Сол жылдары қайтыс болған. Құдайдың құдіреті көп қой, Шоқан анамыз құрсақ көтермепті, əпкесінен қалған екі ұлды өз баласынан артық көріп өсірген. Кеңес өкіметінің белсенділері «əулиедіндардың кітабын өртейміз» деп, Үрəйла анамыздың сандықсандық кітабын далаға үйіп,

өртегенде, «ысылдаған ордалы жыланның дауысы ауылды кернеп кетіп еді» дейді көзкөрген қариялар. Əкеміз Йамұхаммед анасы Үрəйла қайтыс болған соң, Тараз қаласына жаяу тартып, балалар үйіне барып, үйге қайтпаған. Ар жағы соғыс басталып, əкеміз бес жыл керзі етігімен майданда болып, 1947 жылы кеудесі орденге толып еліне бір-ақ оралған. Шоқан анамыз қайратты адам болған екен. Соғыс жылдары картоп, қызылша жинаудан дүниежүзілік рекорд жасап, Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Калинин қол қойған құжатты Алтын жұлдызбен бірге ауылға Күлəш Байсейітова əкеліп (Алматыға шақырса, атамыз жібермей қойыпты) кеудесіне тағып кетеді. Қазір Байзақ ауданының орталығында Шоқан анамыздың ескерткіш мүсіні тұр. Жармұхамед ағамыз соғыстан, артынан əскери қызметтен 1949 жылы ғана денсаулығына байланысты елге оралып, бір ай ішінде қайтыс болады. Біз ҮрəйлаШоқан аналарымызға бас иіп өстік, бірі туған, бірі тумаған деуге аузымыз бармайтын. Əкеміз Йамұхаммедтен үш ұл, үш қыз тарадық. Өсіп-өніп отырмыз, əкеміз де, анамыз да бүгінде о дүниелік. Шоқан анамыз 1969 жылы қайтыс болды. Өз анамыз Арзан да енесі Шоқан анамызды аялап өтті. Мен 40-қа келген келіншектерге қарап ойланамын, менің Үрəйла анамның ерлігін қайталай алар ма едіңдер деп. Əйтсе де, мен білмейтін ҮрəйлаШоқан аналар халық арасынан табыларына сенімдімін. Əр қазақ отбасында алтыннан ескерткіш қоярлық аналар бар. ---------------------------Суретте: Əжеміз, үлкен анамыз Шоқан Көкікеліні.


24 сəуір

НЫ

АҺА Ж Р Ы

2013 жыл

www.egemen.kz

Ж

– «Аққұмның бір қызы бар Іңкəр атты Ақылы көркіне сай – инабатты»... Дегенді естіген соң бала Ахмет, Əртүрлі ойға түсіп, Мұңға батты. Сұлуды естігеннен көрген жақсы, Гүлдерін қырдың қызыл терген жақсы. Өзінше отауға ие болмаса да, Он үшке Ахметтің келген жасы. Əсершіл келеді ғой бала деген, Қарайлап айналаға алаң-елең. Іңкəрдің ауылына, Аққұм жаққа, Көшкенде жылқы айдаса аламенен. Осындай ойға түсіп бала ғашық, Кетеді ақ сағыммен араласып. Іңкəрдің ауылына алып барса, Астында ала тайы ала қашып.

Байтұрсын – Əулетімен бір ел еді. Қоныстап Қыр мен Сырды жүрер еді. Басталған батыс жақтан Сары Тосынның Тұмсығы осы араға тіреледі. Болмайды «Жыңғылдыдан» өткен оңай, Жағасы – қалың жыныс, тал-қарағай, Қар түспей арғы бетке өту үшін, Көшпелі ел мал айдайтын солай қарай. Мал бағу – Қазақ үшін мақтан кəсіп, Даурығып айғайласып, аттандасып, Бір жақтан арғын-қыпшақ басын қосса, Сыр жақтан жаппастар да қапталдасып. Жататын азғана күн мал жайласып, Дəм тату дастарқаннан болған нəсіп. Жоғалған малын іздеп, шашау шыққан, Арғы бет, бергі бетке айқайласып. Көрісіп, қалың қауым қауқылдасып, Күлісіп, құрақ ұшып, қарқылдасып. Алты ай жаз бірін-бірі көрмеген жұрт, Алатын осы арада мауқын басып. Марқайып, Қайран Тосын төсін керіп, Базары байтақ елдің секілденіп. Өткелден осы бүгін өту үшін, Тақаған Байтұрсынның көші келіп. Маңырап, Қой-ешкісі ығы-жығы, Ерекше естілгендей бүгін үні... О, ғажап! Осы арада кім ойлаған Тағдырдың тап болар деп тығырығы. «Кəрі ояз» – Яковлев Торғайдағы, Үйінде отырыстың болмай мəні. Не болған Жыңғылдыда ығы-жығы, Қаптаған қалың жатақ Қай-қайдағы. Болған соң босатпайтын жұрт есігін, Кəрі ояз ойлап тауып бір тəсілін. Басынып қара тобыр кетпесін деп, Əдейі шығарғанды бұл шешімін.

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

АХМЕТ – ІЅКƏР (Дастаннан үзінді) Дегенде ағасы Ақтас: – Тоқта, тақсыр! Біз – қоймыз, Ал, сен болсаң бөрі-қасқыр. Бағзыдан атамекен туған жерді Бас салып менікі деу, қандай дəстүр?! Саласың елге салық, көпке міндет, Білемін, біздің елден кетпегің жоқ. Əкеңнен қалған жердей Ресейден, Арқалап алып келген өткелің жоқ! Кəрі ояз: – «Замолчи!» деп айқайлады, Бір солдат қару ұстап оңтайланды. Тебініп астындағы атыменен Кимелеп екіншісі қайта айналды. Осы сəт Байтұрсынды ашу кернеп, Қамшысын қалған еді қатты сермеп. Сол кезде «кəрі ояз» аттан ауып, Құлады қара жерге бір тізерлеп. Байтұрсын басқан кезде қатты ашуға, Тұрмапты босқа қарап Ақтасың да. Ақтастың қолындағы қайың шоқпар, Тиіпті «кəрі ояздың» қақ басына. «Кəрі ояз» сол арада салып ойбай, Қайталап дей беріпті: – Торғай, Торғай! Əулеті Шошақовтар түгелімен Түрмеге тоғытылсын бірі қалмай... «Кəрі ояз» болмас сірə, мұндай кекті, Ақыры, дегеніне тынбай жетті. Ауылын Байтұрсынның түгел тығып, Торғайдың түрмесіне сыймай кетті.

Осы жай қайдағы бір шабарманнан, Оязға кеше кеште хабарланған. Қалаға қалың елді жақындатпау, Шешімін түйін болды таба алмаған. Соңғы кез «Кəрі ояздан» бедел кетіп, Тастады абыройын төмендетіп, Халықты қорқытпақ боп қаруымен, Жеткені – Жыңғылдыға жеделдетіп.

– «Кəрі ояз», қатты кетті аса тіпті, Десіп жұрт қайта шешім жасатыпты. «Мектепте жақсы оқиды» делінген соң, Артынан Ахметті босатыпты.

Қылтиып иығында мылтықтары, Кетердей түгел жайпап құртып бəрі. Қалың ел мұны көріп, Қапаланды, –Төтеннен тап болды, – деп қырсық тағы. «Кəрі ояз» қарлығыңқы бір дауыспен, Бұйрығын оқып берді тұрған үстем: –Жеріне мемлекеттің мал таптатып, Бастыңдар аяғыңды былғанышпен. «Қалаға 30 шақырым жақындамау»... Бұйрықты масқара ғой мақұлдамау. Сендердің, Шошақовтар қайда болсын Дауларың дауыл болып басылмады-ау!

Халықтың естігені дұрыс шықты, Бəрі де он бес жылдан іліп шықты. – «Бұларың барып тұрған қатыгездік!» – Деп біреу бұзды залдан тыныштықты.

Мұндайда үргін-сүргін топыр – қызық, Келеді той думаны енді қызып. Үстіне «иə, сəт!» деп аттандырды Жеңілдеу бір баланы отырғызып.

Қалың ел шыға келді тағы шулап, Толқындай дауыл соққан қайта тулап. Кейбірі қазақшалап сілтеп жатыр, Ояздың əкесінің аузын «сулап».

Кең жазық – еркін сілтеп даламенен, Ат жарыс ұлы дүбір ала келген. Қосылып тоқ бəйгеге кете барды, Көзге ұрып топ ішінде ала дөнен.

Əйелі, баласымен ағасы Ақтас, Тағы да талайлары болған жақтас. Əулетін Байтұрсынның түгел тізіп, Айдатпақ «итжеккенге» кəрі қақпас.

Қалды жұрт андағайлап, Аттар кетті, Жанталас – ызы-қиқу көкпар да өтті: Думанның Дуылдаған ең қызығы – Басталар палуан күрес шақ та жетті.

Байтұрсын тұра алмады төменшіктеп, Қарады төрағаға көзін тіктеп: – Айтарым, Айыбымды мойындаман, Жазаңды артсаңдағы қанша жүктеп.

Табылып, Тақасқаны, керіскені, Табылып Төбелесіп-періскені. Солардың арасында кінəлі боп, Түсіпті Ахмет те он үштегі.

Дегбірі қалың елдің қалмай тағы, Туды деп тауқыметтің қандай шағы. Қасында қаруы бар екі-үш солдат, Соңынан ертіп жүрген жандайшабы.

– Кетейін елмен-елді жалғастырып, Өнерім осы болсын қосқан тойға.

Сонымен, Сот шешімі шықты шындап, Түбінде не тындырар айқай құрғақ. Соңғы сөз Байтұрсынға берілгенде, Қалың ел тына қалды ұйып тыңдап.

Өзеннің ұрымтал тұс – Өзегіне, Өткелдің тұрып алып кезегіне. Оралды əулетімен Байтұрсындар Жалғаған Сыр мен қырды өз еліне. Қашаннан Сырды қыстап, Қырды жайлап. Жиылып осы араға ауыл аймақ. Асықпай іргедегі Ақкөліне, Отырған – Құлын ұстап, бие байлап.

Ел-жұртты ығыр қылған сот шешімін, Тыңдады тағат таппай, құлақ салып.

Қалиы, Байтұрсыны, Сабалағы, Олардың інілері, Ағалары... Əкетпек Сібір жаққа қойдай тізіп, Бар болса жол жүруге жарағаны.

...Қара күз. Қарашаның басы болар. Қат-қабат, Қарбалас шақ – осы болар. Торғайдың «Жыңғылды өткел» жағасында, Жататын тігіп алып қосын олар.

Болған соң əулетімен басы даулы, Ахмет мектебінде бақылаулы. «Оқ тиіп он үш жаста жүрегіне» Ауырып біраз уақыт жатып алды. Сонда да қалған емес сабағынан, Мұң кетпей жүрсе-дағы қабағынан. Іңкəрға деген ыстық махаббаты, Үзілген қызыл гүлдей сағағынан. Өмірдің сезгеннен соң зор ұшқынын, Оқыды күні-түні орыс тілін. Онысы əкесіне «адвокат» боп, Дəлелдеу болған істің дұрыстығын. Көңілін жас жігіттің тонап қайғы, Қара бұлт кеудесіне қонақтайды. Əкесі, шешесі де тас түрмеде, Бірақ та, есігінен қаратпайды. Тас түрме. Қарт Торғайдың қаласында.

Байтұрсын əулетінің бəрі осында, Жалғыз-ақ сыртта жүрген Ахмет бар, Ұқсаған балапандай шарасызға. Болмайды Барып əсте, жолығуға, Жігіттің жас жүрегі торығуда. Күні-түн тас түрменің төңірегі, Бейне бір жүргендей-ақ торуылда. Білмейді істің мəнін, Жосығын да, Батпандап қайғы жүгі қосылуда. «Қазаннан көшпелі сот келеді», – деп, Арада алты ай күтіп, тосылуда...

Алапат ұлан-асыр сот басталды, Болмаған бұл Торғайда бұрын-соңды. Созылды соттың ісі сегіз күнге, Тыңдамай уəжіңді, лебізіңді де. Бəрін де «итжеккенге» айдатпақшы, Заңына болмаса да негіз мүлде. Халықтың құлақ түрсек күбіріне, Қатты айтпай сыбырлайды бір-біріне. Бəріне 15 жылдан қағаз-хаттап, Əкетпек жеделдетіп Сібіріне.

Білгенмін, Тірелерін осы жайға, Асырдың қулығыңды қосып айла. Бурадай құтырынған тұр ғой, міне, Жарылған оязыңның басы қайда?!

Басым тұр қара дəудің ызбары əлі, Жиналған палуандар жүз қаралы. «Батырым нағып тұрсың?!» – дегендейін, Бір кезде Ахметке қыз қарады.

Тағдырдың күтіп тұрған сынағы алдан, Қорықпаймын, бүгін келсін, сұм ажалдан. Жан балам! Білім алып, орысша оқып, Кегімді қайтарып бер мыналардан!

Іңкəрдің лебі ме, Намысты ерге, Болмаса – Бойындағы шабыт – сел ме? – Мен бармын! – деп Ахмет атып тұрып, Ширығып, жылдам басып Шықты төрге.

Сот бітті. Ел дүрлігіп айғай-шудан. Көріскен кемпір-шалдар шалып құрбан. Əулетін Байтұрсынның айдап кетті, Арбаға отырғызып дайын тұрған. Тербетіп бір зарлы əуен қырат-қырды, Шыңғырып бала жылап – құлақ тұнды... Іңкəр де Ахметтің құшағында, Еңіреп Елмен бірге жылап тұрды.

*** Торғайдың қара қоңыр бір кешінде, Тұр еді тас түрменің іргесінде. Басында орамалы бір қыз келді, – Жүр – деуге шама бермей, – бұл несіне?!

Оншама ыстық емес, күн де желкем, Тігілген киіз үйлер қатар-көркем. Аттарды аралап жүр əкесімен, Бəйгеге түсетұғын бүгін-ертең.

Төраға бір жалт етіп жалақ ерні, – «Бұл кім?» деп көпшілікке қарап еді. – Мен! – деді жас Ахмет тура қарап, Зал іші бір дүрлігіп қала берді.

Келеді əрбіріне беріп баға, Қоймайды сын айтады көріп қана. Кейбірі аттан түсіп сəлем берер, Көлденең келе жатып жолыққанда.

– Ахмет! – деді əлгі қыз, – Мен Іңкəрмін, Бұл жерде өзің сынды мен де зармын. Естимін əн айтыпсың маған арнап, Көруге мен де сені ынтызармын.

Төраға сəл таңырқап: – Мынауы не... Шынында əкесіндей кінəлі ме? Дегенде, ояз тұрып орынынан: – Созбайық мұның сөзін тым əріге,

Мынау ат озады деп, Мынау озбай – Кетеді кейбірінің мінін қозғай, Кейбірі – бұған тіпті разы емес, Жалықпай ат жаратқан ала жаздай.

Əулетсің, білем бəрін, асыл текті, Сеземін басқа түскен қасіретті. Қамықпа, бұдан былай мен бармын! – деп, Іңкəр қыз кірпігінен жасын төкті.

Бұл бала жас та болса оқымысты, Көзінің қарасаңшы, оты күшті. Оқуды, жағдайына қарамастан, Бестікпен аяқтады осы қысты.

Жанарын Ахмет те жаспен шылап, Не дерін білмей қалып тұр абдырап. Əйтсе де, бойын тіктеп, божырамай, Іңкəрдің амандығын жатыр сұрап.

Меңгеріп осы бастан орысша ұқса, Жазалау жөн-жосықсыз – теріс жұртқа. Қазір де тілмашыңа жарап-ақ тұр, Түбінде дайын бала – болыстыққа.

Осы бір оқиғаға өң мен түстей, Ахмет тұрды біраз толқып іштей. Іңкəр қыз деді тағы: – Аққұм деген, Əніңіз ел аузынан жүр ғой түспей...

Дегенде, сəл ойланып төраға да, – Жарайды қала берсін, жөн-ақ онда. Əйтсе де, бақылаудан босатпаңдар, Не заман болашақта болар алда?!

Ару қыз құрмет етті Басын иіп, Құшақтап Ахметтің бетін сүйіп. Тағы да деді Іңкəр: – Қиын кезде, Шалмасын жүрегіңді қайғы-күйік. Екеуі баяғыдан таныс жандай, Рахат жан сырына қаныққандай. Қоштасты екі ғаріп қимастықпен, Əлдекім тұрған кезде танып қалмай. *** Кім таңдап алар дейсің қырын жолды, Бұл өзі айта жүрер ырым болды.

Уыты – Уақыттың – от кешуі, Ақыры шығып тынды сот шешімі. Халықтың қолдауынан, Қорғауынан Ояздың басым түсті кектесуі.

Бойында Бұлт-бұлт етіп, Бұлшық еті, Жойқын күш, тастайтындай Жұлқып өтіп. Ортаға шықты осылай Бір дəу қара – Дүрлетіп айналасын – Дүркіретіп.

Ешкімге артқан жоқпын иегімді, Білмеймін сүйкенуді, сүйенуді. Басармын туған Торғай топырағын, Сібірден сүйреп келіп сүйегімді.

Ахмет сотта отырды бастан-аяқ, Ақ жүзін ағыл-тегіл жасқа бояп. Жіберді тілдей қағаз төрағаға, – Мені де əкетіңдер тастамай-ақ!

***

Жеңіліп жатыр бірі, Біреу жеңіп, Бойына қуат кіріп, шабыт еніп. Бір кезде «түйе палуан» дара шықты, Паңданып өз күшіне өзі сеніп.

Өзіме ұнамай тұр мына қылық, Босада қойғаннан соң кінəлі ғып. Басына қамшы тиді дегізгенше, Шоқпармен құлатпадым бір-ақ ұрып!

Осылай тыңдай қалсаң елдің сөзін, Қалдырып Ахметтің жалғыз өзін. Əйелі, баласымен-шағасымен, Əулетін Байтұрсынның құртпақ көзін.

Салғандай осы арада сөзге салмақ, Ару қыз Ахметті тұрды барлап. – Аққұмда Бір Аққу қыз бар деген соң, Шынымен айтып едім саған арнап.

Түрініп етек-жеңін бір-бір мықты, Күрескер топ ішінен дүлдүл шықты. Шапшаңдық, айла-тəсіл, амал керек. Шын күрес ұнатпайды сылбырлықты.

Күн қызып, Болған кезі ұлы сəске, Күреске – Атан түйе тігіп бəске. Бірақ та, Қара дəумен жұлқысуға, Ешкімнің барар емес батылы əсте.

*** Болса да қай заманда, Қай ғасырда, Той деген толы болар айғай-шуға. Ішінде қалың елмен қараталас, Іңкəр қыз əкесімен той басында.

Қыс өтіп, Енді міне, көктем келді, Кім аяр түрмеде азап шеккендерді. Ағайын бəрі сырттап сала берген, Мұндайда кімге айтасың өкпеңді енді.

13

Кейбірі айтқанына мəз болады, Кейбірі мақтануға аз қалады. Бір жерде əңгіме айтып тұрып қалмай, Көруге одан əрі қозғалады. Бір кезде аулақ тұрған ана жерден, Көзіне бірден түсті ала дөнен. Аз ғана асаулығы сезіліп тұр, Ат екен сирағы ұзын, алқымы кең. Құбыла – тең болғандай дүниесі, Кім, – деді, – мынау аттың шын иесі. Тыпыршып бір орнында тұра алмай тұр, Бардай-ақ көтеретін бір киесі. Сол кезде Ахмет те «мен, мен!» – деді Иіліп əкесіне сəлем берді. – Озайын деп тұр екен топқа салсаң Ерік бер мына ала дөненге енді... Тұлпарды танып тұрмын шаппай келген, Озады ең болмаса тоқ бəйгеден, Қосып көр, бəлкім озар, алаңдама, Кім білген қонатынын бақ қай жерден?!

Кəрі ояз жынын шашқан бейне бура, Көктемде құтырынып шыққан тура. «Бірін де босатпаймын!» – деген кезде, Зал іші толып кетті айқай-шуға.

Бір жақтан Нүреш айтты: – Мына кісі Келіп тұр біздің атты сынағысы. Озар деп осы жолы мен де ойлаймын, Тұлпардай тұр ғой міне, құрақ ұшып...

Төраға қаламсабын тықылдатып, Столды сөз сөйледі нұқып жатып. – Ояздың басын жарған бұл бұзықтар, Қайтады «итжеккеннің» дəмін татып!

Күдігі Ахметтің сейілді енді, Қосуға тоқ бəйгеге пейілденді. – Іңкəрға тартқан сыйым осы болсын, Қайтайын таңғалдырып қалың елді!

Дуылдап біраз уақыт барып-барып, Дауылдай сап басылған тынды халық.

Атасы ақ тілегін айтқан бойда, Ахмет шын бекіді осы ойға

Таңданып кейбіреулер «бұл кім?» деді, – Тақасу қара дəумен мүмкін бе еді! Жүрегі Іңкəрдің де алып ұшып, Астында аршын төстің бүлкілдеді. Ахмет қара дəуге келді тақау, Қара дəу тіл қатпайды бейне мақау. Қиын ба, мынадайда мерт болары, Болмаса, тұлғасына түсіп ақау. Іңкəр қыз, Іштей тілеп «иə, сəт!» деп – Сиынып бір Құдайға бойға – дəт, деп. Қарады қара дəуге Ахмет те, Өзімен салғастырып сынап ептеп. Қара дəу Ахметке тұра ұмтылды, Тартысып, Салғыласып – көп жұлқынды. – Апыр-ай, не болады Ақыры! – деп, Іңкəр қыз əкесімен толқып тұрды. Қымқыру қара дəуді Қиын еді, Ахмет қыран құстай шүйіледі. Қара дəу Қолтығына қысып алып, Ұршықша Ахметті үйіреді. Құтылып Ахмет те Қолтығынан, Əзірге көрінбей тұр олқы бұдан. Бір кезде Жас Ахмет қара дəуді, Бөрідей ала түсті алқымынан. Келтірмей белден ұстап үйіруге, Бүркіттей қона қалды иінінде. – Ахмет, Ахмет! – деп Айқай салып, Жанкүйер – Жастар жағы сүйінуде. Қара дəу тəсіл жасап шатты-батты, Тұйғынды төмен қарай қапсыра атты. Сырықтай сирағымен Түскен бойда Тобықтан – Қара дəуді Қатты қақты. Бойында шабыт селі сəл тасыған, Ауыр жүк арылғандай арқасынан. Құлаған дауыл күнгі Томардайын – Қара дəу – Бір-ақ түсті шалқасынан. Есіріп тұрған қауым – ел манағы, Ішінде Іңкəр ару – кермаралы. Жан-жақтан «Жарайсың!» деп айқайласып Жіберді дүрліктіріп кең даланы. Тынғандай бір алуан іс атқарып, Ахмет елге қарап тұр шаттанып. Маң басып, Маңдайынан сүйді ақырын Атасы Ахметті құшаққа алып.


14

24 сəуір

www.egemen.kz

2013 жыл

Қылмыс пен жаза

Кїбісіне ќарай піспегі

Ресей бизнесмендері БТА Банктен М.Əбілəзов їшін 70 млн. доллар кґлемінде аќша əкеткен. Жақында Ресей Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті «Дело» лизингілік комп ан и я сы и ел ері н і ң б і рі Дмитрий Пак пен кəсіпорынның бас директоры Олег Царевке қатысты тергеуді шегіне жеткізді. Мəскеудің «Коммерсантъ» газетінің жазуына қарағанда, осы тергеудің арқасында бұл екеудің айрықша ірі көлемде алаяқтық жасап, мемлекеттің ақшасын талантаражға салғандары ақи-тақи айғақталған көрінеді. Бұл тандем өзара тізе қоса жұмыс жасай отырып, қағаздағы қаншама қаржыны қолма-қол ақшаға да айналдырып үлгеріпті. Тек берекесіз тірлікке осы білектерін түріп, белсене кіріскен осы екеудің күш салуымен ғана БТА Банк лизингілік компанияға өзі берген 70,3 миллион доллар мен 16 миллион рубль (506,8 мың доллар) несиені талап ету құқығынан айырылып қалады. Бір қызығы, қазір қуғында жүрген қазақстандық банкир Мұхтар Əбілəзовтің бұрыннан

ауыз жаласқан ағайыны болып табылатын Дмитрий Пак пен оның қолбаласы Олег Царев ақшаны алып кетудің барлық тəсілдері мен айла-амалдарын осы əуезесі жоғары əріптесінен күнделікті сабақ алу арқылы жүзеге асырғанға ұқсайды. Тергеудің бір болжамы бойынша, 2009 жылы сол кездегі жеке меншіктегі БТА Банктің əлі иесі болып табылатын Əбілəзов қызметкерлерге өзінің бақылауындағы компанияның мейлінше құнды активтерін бөліп шығаруды тапсырады. Сонда бұлардың арасында Ресейдің «Дело» компаниясының ондаған миллион доллар кредиті де судың бетіне қалқып шыға келеді. Сол аралықта аталмыш лизингілік ұжым БТА Банктен жалпы құны 70 миллион доллардан асатын ұзын саны 70 кредит алып үлгерген екен. Бұдан əрі қазақстандық банкирдің тікелей тапсырмасы бойынша «алты жалған келісім дайындалады». Оның мəні «Делоның»

осы қарыздарының бəрін жабу сырттағы басқа ұйымдарға өткізіледі. Бұған қоса, банктің займшының атына бұл операцияны мақұлдаған кепілдемесі де жіберіледі. Аспандағы ақшаның ауаға ұшып, буға айналып, жоқ болып кетуіне құралған бұл сызбаны бұдан да əрі шатастыра, күрделендіре түсу үшін оны ойлап табушылар (негізінен М.Əбілəзов деп түсініңіз – Р.И.) қарызды бір-біріне кезекпе-кезек жолмен өткізілетін жүйесін жасап, бірнеше офшорлық компанияны қатарға тартады. Нəтижесінде кредиттер бойынша барлық төлемдерді алатын Ригадағы «Балтикумс» банкі осы мақсатта арнайы шотын ашып берген Кипрдің «Кимос» атты компаниясы болып шығады. Бірақ бұл қулықтың құйрығы бір-ақ тұтам еді. Сол 2009 жылдың өзінде-ақ Ресей банкінің жаңа басшылығы БТА-дан ақша ұрланғаны жөнінде, соның ішінде «Дело» жауапкершілігі шектеулі қоғамына қатысты да талаптар

болды, арнайы мəселе көтерді. Осының негізінде бұл мəселе төңірегінде бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Сол бойда манағы Дмитрий Пак қамауға алынды. Бірақ кепілдігін төлегеннен кейін тұтқыннан босатылды. Ал Олег Царев 2012 жылы ұсталды. Қазір ол үй қамақта отыр. Ал тергеу нəтижелері осыдан бірер күн ғана бұрын айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға өткізіліпті. Бұл тұста Пак өзінің айыбын мойындай қоймапты. Мұның есесіне жандайшабы біраз нəрсені мойнына алған сияқты. Бұл іс бір жағынан айранды біреудің ішіп, шелекті екінші біреулердің жалағанына ұқсайды. Біреулердің қолымен осылай от көсеп, қымқырылған ақшаның басым бөлігін қалтасына басып кеткен Мұхтар Əбілəзовтің бұл тірлігі оның жеке басының мүддесі үшін ешкімді де аямайтынын тағы да байқатып береді. Қазақта «Екі қу намаздыгер мен намазшамда жолығады» деген сөз бар. Тегінде, бұлардың миллионның ішінен бірін-бірі тауып алып жүргендері де бекер емес қой. Піспектің де күбісіне қарай сайланып келетіні де рас-ау.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ 2013 жылғы 16 мамырда республикалық мүлікті 1 жыл мерзімге мүліктік жалға (жалдауға) беру бойынша тендер өткізеді Тендер мына мекен-жайда болады: Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114. Тендерді өткізу уақыты сағат 11.00-де. Тендерге ұсынылады: 1. Асхана үй-жайы, жалпы алаңы 420,5 ш.м., пайдалы 378,4 ш.м., (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі 155,9 теңге. Кепілді жарна - 131100 теңге. Тендер шарты - нысанды қызметкерлер мен студенттерді тамақтандыру үшін пайдалану; - көпшілік тамақтандыру саласындағы жұмыс өтілі 1 жылдан астам; - тамақтың түр-түрінің болуы; - көпшілік тамақтандыру саласындағы жұмысы бойынша ұсынымының болуы. 2. Асхана үй-жайы, жалпы алаңы 198,9 ш.м., пайдалы 119,5 ш.м., (бөлек есептеу бойынша) инженерлік коммуникацияларымен бірге мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Чкалов көшесі, 34. Айына 1 ш.м. үшін жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі 155,9 теңге. Кепілді жарна - 62000 теңге. Тендер шарты - нысанды қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру үшін пайдалану. Жалдау ақысының мөлшерлемесі

өзіне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы күрделі жөндеуге аударымды, тұрақжайға қызмет көрсету төлемдерін кіргізбейді. Бұл төлемдерді баланс ұстаушымен шарт бойынша немесе қызметтер көрсететін ведомстволық күзет, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа қызметтер тікелей жалдаушы төлейді. Тендер өткізу ережесі Тендер өткізу барысында комиссия тендерлік құжаттамада қамтылған нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне барлық талаптарға сəйкес келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Егер тіркелген өтінім саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп хабарланады. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет: 1) тендерге қатысушы үміткердің тендер шарттарын орындау жөніндегі міндеттемелері көрсетілген өтінім жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемелері мен тиісті шартты жасауы; 2) тендер шарты бойынша жапсырылған конвертке салынған ұсыныс;

3) заңды тұлғалар үшін – құрылтайшы құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғы) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмелері жəне көрсетілген құжаттардың көшірмелерін нотариалды куəландырылған немесе салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрді ұсынумен салық төлеушінің куəлігі; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің көшірмелері, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжат, салық төлеушінің куəлігі жəне көрсетілген құжаттардың нотариат куəландырған көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті ұсынумен бірге үй кітапшасы; 4) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінен көшірмені; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариат растаған құрылтай құжаттары; 6) кепілді жарнаның аударылғандығын

растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 7) өтініш беру сəтінде салықтық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-ның мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ110705012170169006, БИК KКМFKZ2A, БСН 120240019160, КБЕ 11,КНП 171, «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ-да. Өтінімдер мына мекен-жайда қабылданады: Өскемен қ., Крылов к-ci, 114. Анықтама aлy телефоны: 57 00 19, қабылдау бөлмесі 25 69 94. Өтінімдер қабылдау жəне тендер өткізу шартымен жəне тендер құжаттамасымен танысу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін бір жұмыс күні ішінде аяқталады (2013 жылғы 15 мамырда сағат 11.00-де).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды I. Сауда-саттық 2013 жылғы 13 мамырда сағат 10.00-де өткізіледі. Кепілді жарна – 11 000 теңге. Аукцион сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша 1-лот. ВАЗ-21070 автомəшинесі, мем. нөмірі В 024 FP, 2003 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 231000 теңге. Алғашқы баға – 1155000 теңге. Ең төменгі баға – 116000 теңге. 2-лот. ВАЗ-2115 автомəшинесі, мем. нөмірі В 022 FP, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 68000 теңге. Алғашқы баға – 340000 теңге. Ең төменгі баға – 34000 теңге. 3-лот. ВАЗ-2106 автомəшинесі, мем. нөмірі В 029 FP, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 329000 теңге. Алғашқы баға – 1645000 теңге. Ең төменгі баға – 165000 теңге. 4-лот. ВАЗ-2106 автомəшинесі, мем. нөмірі В 020 FP, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 184000 теңге. Алғашқы баға – 920000 теңге. Ең төменгі баға – 92000 теңге. 5-лот. ВАЗ-21070 автомəшинесі, мем. нөмірі В 034 FP, 2003 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 212000 теңге. Алғашқы баға – 1060000 теңге. Ең төменгі баға – 106000 теңге. 6-лот. ВАЗ-21070 автомəшинесі, мем. нөмірі В 033 FP, 2003 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 264000 теңге. Алғашқы баға – 1320000 теңге. Ең төменгі баға – 132000 теңге. 7-лот. ВАЗ-21061 автомəшинесі, мем. нөмірі В 028 FP, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 437000 теңге. Алғашқы баға – 2185000 теңге. Ең төменгі баға – 219000 теңге. 8-лот. ВАЗ-21213 автомəшинесі, мем. нөмірі В 031 FP, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 436000 теңге. Алғашқы баға – 2180000 теңге. Ең төменгі баға – 218000 теңге. 9-лот. ВАЗ-21099 автомəшинесі, мем. нөмірі В 036 FP, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 435000 теңге. Алғашқы баға – 2175000 теңге. Ең төменгі баға – 218000 теңге. 10-лот. ВАЗ-21150 автомəшинесі, мем. нөмірі В 014 FP, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 426000 теңге. Алғашқы баға – 2130000 теңге. Ең төменгі баға – 213000 теңге. 11-лот. ВАЗ-2121 автомəшинесі, мем. нөмірі В 018 FP, 2001 жылы шығарылған,

Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 428000 теңге. Алғашқы баға – 2140000 теңге. Ең төменгі баға – 214000 теңге. 12-лот. ВАЗ-21213 автомəшинесі, мем. нөмірі В 023 FP, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 346000 теңге. Алғашқы баға – 1730000 теңге. Ең төменгі баға – 173000 теңге. 13-лот. ВАЗ-21213 автомəшинесі, мем. нөмірі В 021 FP, 2002 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 249000 теңге. Алғашқы баға – 1245000 теңге. Ең төменгі баға – 125000 теңге. 14-лот. ВАЗ-21213 автомəшинесі, мем. нөмірі В 019 FP, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 355000 теңге. Алғашқы баға – 1775000 теңге. Ең төменгі баға – 178000 теңге. 15-лот. ВАЗ-21099 автомəшинесі, мем. нөмірі В 015 FP, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 528000 теңге. Алғашқы баға – 2640000 теңге. Ең төменгі баға – 264000 теңге. 16-лот. ВАЗ-21150 автомəшинесі, мем. нөмірі В 004 FP, 2005 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 21000 теңге. Алғашқы баға – 105000 теңге. Ең төменгі баға – 11000 теңге. 17-лот. ГАЗ-3110 автомəшинесі, мем. нөмірі В 037 FP, 2001 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 48. Бастапқы баға – 264000 теңге. Алғашқы баға – 1320000 теңге. Ең төменгі баға – 132000 теңге. 18-лот. Hyundai Sonata автомəшинесі, мем. нөмірі В 229 DB, 1998 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Бастапқы баға – 304000 теңге. Алғашқы баға – 1520000 теңге. Ең төменгі баға – 152000 теңге. 19-лот. ВАЗ-21043 автомəшинесі, мем. нөмірі В 225 DB, 1998 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Бастапқы баға – 196000 теңге. Алғашқы баға – 980000 теңге. Ең төменгі баға – 98000 теңге. 20-лот. Mitsubishi Galant автомəшинесі, мем. нөмірі В 230 DB, 1997 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Бастапқы баға – 377000 теңге. Алғашқы баға – 1885000 теңге. Ең төменгі баға – 189000 теңге. 21-лот. ВАЗ-21061 автомəшинесі, мем. нөмірі В 233 DB, 2000 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Бастапқы баға – 137000 теңге. Алғашқы баға – 685000 теңге. Ең төменгі баға – 69000 теңге. 22-лот. ВАЗ-21213 автомəшинесі, мем. нөмірі А 017 КС, 2000 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Гайдар к-сі, 17. Бастапқы баға – 377000 теңге. Алғашқы баға – 1885000 теңге. Ең төменгі баға – 189000

теңге. 23-лот. ГАЗ-3110 автомəшинесі, мем. нөмірі В 679 DА, 2005 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75. Бастапқы баға – 308000 теңге. Алғашқы баға 1540000 теңге. Ең төменгі баға – 154000 теңге. 24-лот. Sс6350с автомəшинесі, мем. нөмірі В 061 BК, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қ., Жансүгіров к-сі, 187-А. Бастапқы баға – 409000 теңге. Алғашқы баға – 2045000 теңге. Ең төменгі баға – 205000 теңге. Өтінімдер мына мекен-жайда қабылданады: Талдықорған қ., Тəуелсіздік к-сі, 75, 2-қабат, 210, 211-бөлмелер, телефондар: 8(7282) 21-00-02, 27-07-12. Барлық талап-шағымдар өтінімдер берген сəтке дейін қабылданады жəне қаралады. Анықтама алу телефондары: Талдықорған к., 8(7282) 21-00-02, 27-07-12. Өтінімдер қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады жəне 2013 жылғы 13 мамырда сағат 09.00-де аяқталады. Аукцион өткізу тəртібі мен жеңімпазды анықтау шарты Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион өткізу кезінде - аукционшы жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын жариялайды жəне жаңа бағаны жариялай отырып, оны мəлімделген қадаммен төмендетеді. Аукционшы баға жарияланған кезде аукциондық нөмірді бірінші көтерген қатысушының нөмірін атайды жəне балғаны соғып, осы жекешелендіру нысаны бойынша оны жеңімпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендіру нысанының ең төменгі бағасын жарияланған кезде қатысушылардың бір де біреуі осы жекешелендіру нысанын сатып алуға ниет білдірмесе, онда бұл жекешелендіру нысаны сауда-саттықтан алынып қалады. Егер бағаны жарияланған сəтте екі немесе одан көп нөмір көтерілсе, ондай жағдайда аукционшы бағаны жеңімпаз анықталған сəтке дейін тіркелген қадам көлеміне көтере береді. Жарияланған қадам сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша белгіленген қадамына, бірақ ұлғайту жағына тең болуы тиіс. Егер бағаны арттыру кезінде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың бір де біреуі оны арттырылған баға бойынша сатып алуға тілек білдірмесе, онда аукционшы жеребе тастау рəсімін қолданады. Егер сауда-саттық өту сəтінде жекешелендіру нысанын бір ғана қатысушыға сатуға жол берілетін үшінші жəне одан кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, пайдаланылмаған кепілді жарнасы бар тек бір ғана тіркелген қатысушы қалса, жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттық өтпеген болып саналады. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеу үшін мына құжаттарды тапсыру

қажет: 1) Ережеге сəйкес нысан бойынша саудасаттыққа қатысуға өтінімді; 2) Жеке тұлғалар үшін: төлқұжаттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін (ИИН), салыстыру үшін тұпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін жеке тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; Заңды тұлғалар үшін: жарғының жəне заңды тұлғаны мемлекеттік тір кеу туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесін, салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі не аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін, сондай-ақ ағымдағы шоттың болуын растайтын банктен анықтаманың түпнұсқасын. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін заңды тұлғаға бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; 1) Кепілді жарнаның еңгізілгенің растайтын төлем құжаттарының тұпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 2) Заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі төлқұжатының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмесін ұсыну қажет. Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпарат қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сəтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасымен бірге құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілді жарна Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есеп-шотына төленеді: KZ790705012170167006, Астана қаласындағы ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне, БИН 120340000064, БИК KKMFKZ2A, бенефициар коды – 11, мекеме коды – 2170167 (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді).

Руслан ИГІЛІК.

Ґрендер ґнегесі Екі дос Аќан Диданов пен Андрей Перков ќылмыскерді ўстауєа кґмектесті Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Осы күнде қарағандылық бұл жеткіншектердің есімдері ел аузында. Жас шамаларына қарамай қорықпайүрікпей, тіпті ересек азаматтардың да бəрінің бірдей батылы бара бермес жағдайда ерлік үлгісін танытулары жұртты сүйсінтіп жатыр. Олар бұлайша боларын өздерінен күтпеген де еді. Əдеттегідей бір топ жолдастарымен мектептегі сабақтан қайтып келе жатқандарында ауызбен айтқысыз оқиға үстінен шығамыз деп ойламаған шығар. Тасалау тұста 11 жасар бүлдіршін қызға жантүршігерлік əрекет жасаушыны жан-жақтан көмек шақырған жанайқайларымен сескендіріп, қылмысын жасыру үшін жəбірленушінің өмірін қиюдан да тайынбас жауыздықтан арашалап, дереу полицияға хабар беріп, соңынан қалмай тығылған жеріне дейін нұсқаулары екі аяқты аюанды тез құрықтатуға септігін тигізеді. Қаланың Майқұдық аймағының шеткергі 13 шағын ауданындағы біреуі №54 қазақ, екіншісі №65 орыс мектебінде оқитын, 14-15-тегі тетелес бұлар осы маңдағы көп қабатты үй тұрғындарына ұдайы бірге жүретін көргенді жасөспірімдер ретінде таныс.

Қалалық құрбы-замандастары қатарына Қарқаралыдан келіп қосылған Ақан Андрейден орысша сөйлесуді үйренсе, ал Андрей Ақаннан каратэ күресінің айла-тəсілдерін үйренуге құштар. – Ақан мектебіміздегі озат оқушылардың бірі. Жайшылықта ұяң шəкіртіміздің қажет болған жағдайда батылдық та қасиеті бар екен. Жарынан ерте айырылған анасына, оқушы апаларына ер бала тұрғысында сүйеу болуға ұмтылысынан қайраттылық мінезділікті сезуші едік. Оның осы қылығы ұстаздарына мақтаныш. Ертең каратэ бойынша Оралдағы республикалық жарыстан оралатын Ақан ерлігін мектебіміз бойынша өнеге етіп, атап өтпекпіз, – дейді директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Рымкүл Жұмағұлова. Екі достың осынау ерліктеріне, əсіресе тəртіп сақшыларының ризалығы да бөлек болып отыр. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Мергенбай Жаппаров əріптестері атынан Ақан Диданов пен Андрей Перковқа алғысын жеткізіп, Құрмет грамотасын тапсырды, қолдарына сағат тағылды. Болашақта қатарларына қосылуға шақырды. ҚАРАҒАНДЫ.

Ақпараттық хабарлама «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан əрі - Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сəйкес Қоғам акционерлерінің 2013 жылғы 16 сəуірдегі кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындыларын жариялайды. Күн тəртібі: 1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. 2. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеудің мөлшері мен шарттарын белгілеу. Күн тəртібінің Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы бірінші мəселесі бойынша: 1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. Қиынов Лəззат Кетебайұлының кандидатурасы үшін Бимағамбетов Тимур Мұстахиұлының кандидатурасы үшін Сырғабекова Əсия Нарыманқызының кандидатурасы үшін Нұрсейітов Абат Ақмұқанұлының кандидатурасы үшін Дэйер Филипптің кандидатурасы үшін Уолш Эдвард Томастың кандидатурасы үшін

51 219 784 дауыс берілді 51 219 784 дауыс берілді 51 219 784 дауыс берілді 51 219 784 дауыс берілді 69 301 300 дауыс берілді 69 345 157 дауыс берілді

2. Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімі бір жылға (2014 жылдың 15 сəуірін қоса алғанда) белгіленсін. Дауыс берді: - «Қолдап» - «Қарсы» - «Қалыс»

- 57 323 720 дауыс; - дауыс жоқ; - 217 782 дауыс.

Күн тəртібінің Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеудің мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы екінші мəселесі бойынша: Дауыс берді: - «Қолдап» - «Қарсы» - «Қалыс»

- 57 343 244 дауыс; - дауыс жоқ; - 198 258 дауыс.

«Semser Security» ЖШС-ның Алматы филиалы, орналасқан мекен-жайы: Алматы қ., Коперник көшесі, 130, голланд əдісі бойынша неміс тектес иттің түрін сату жөнінде ашық аукцион өткізу туралы хабарлайды. Аукцион өткізу уақыты: 2013 ж. 30 сəуірде сағат 11.00-де. Қосымша ақпаратты күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін мына телефондар арқылы алуға болады: 330-19-67 бухгалтерия, 330-1980 қабылдау бөлмесі.

Алматинский филиал ТОО «Semser Security», расположенное по адресу: г. Алматы, ул. Коперника, 130, объявляет о проведении открытого аукциона по продаже овчарки немецкой породы, голландским методом. Дата проведения аукциона: 30 апреля 2013 г. в 11.00 часов. Дополнительную информацию можно получить ежедневно в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов по тел: 33019-67 бухгалтерия, 330-19-80 приемная.

«Актюбе-О» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Ақмола обл., Жарқайың ауд., Отрадное а. Күн тəртібі: 1. «Актюбе-О» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Интернационал-Астана» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Ақмола обл., Жарқайың ауд., Бірсуат а. Күн тəртібі: 1. «Интернационал-Астана» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Жаркаинская Нива» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Ақмола обл., Жарқайың ауд., Бірсуат а. Күн тəртібі: 1. «Жаркаинская Нива» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Алиби-Жаркаин» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Ақмола обл., Жарқайың ауд., Отрадное а. Күн тəртібі: 1. «Алиби-Жаркаин» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Нива-Узунколь» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Суворов а. Күн тəртібі: 1. «Нива-Узунколь» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан обл., Айыртау ауданы, Саумалкөл а. Күн тəртібі: 1. «Агрофирма «Жер-Ана» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Золотой колос» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Пресногорьковка а. Күн тəртібі: 1. «Золотой колос» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Ишимское» ЖШС жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауд., Есіл а. Күн тəртібі: 1. «Ишимское» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Сокол-Агро 2010» ЖШС кезектен тыс жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Сокол а. Күн тəртібі: 1. «Сокол-Агро 2010» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

«Арыкбалык» ЖШС жалпы жиналысты 2013 жылғы 10 мамырда сағат 10.0-де мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауд., Арықбалық а., Механизаторлар к-сі, 13. Күн тəртібі: 1. «Арыкбалык» ЖШС атқарушы органы – директорын сайлау туралы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппараты аппарат қызметшісі Кəмилə Қайыргелдіқызы Шолақоваға інісі Нұрғали ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «KAZGOR» жобалау академиясы Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Қайсар Əлімге ағасы Салық ƏЛІМҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Жақындары мен туыстары Сəбит Абдрахманұлы Бабаевқа туған қарындасы БАҚЫТЖАМАЛДЫҢ мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің орталық басқармасы вице-президент Серік Шаңғытбайұлы Түмбетовке апасы Ұлтуған ШАҢҒЫТБАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ор тақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жай лы, иманы жолдас болып, Алланың дидарына қауышсын.


24 сəуір 2013 жыл

Ш

ег ебай – үл кен қал ан ың шеткері мөлтек ауданындағы биік үйлердің бір жертөлесіне орналасқан аядай ғана дүңгіршек иесі, яғни етікші. Ертеңгілік əдеттегі қалыпты тіршіліктен сəл қиыстау, бұл маңай абыр-сабыр күй кешеді. Кіреберістегі темір есікте де бір тыным жоқ, ашылып-жабылған сайын майланбаған топсасы «ойбайын» салып, миыңды кеміреді. Тұйық көшенің арғы бұрышынан жылт етіп көрінген ескі «Москвич» жайлап келеді де, дүңгіршектің алдына дік етіп тоқтайды. Апырмай, ағысқа қарсы жүзген көксеркеден аусайшы! Адам деген былай, ортаға бейімделер болмас па. Жұрт аяғы басылып, төңірек тынышталған соң-ақ келуіне болады ғой Шегебайдың, немесе Шегебай етікшінің. Қай жұмысынан қалып барады. Шегебайдың орнын тартып алғысы келіп, сыртынан бақылап, бақталасып жүрген біреу бар ма. Шлагбаумнан жүрдек пойызды белгіленген минутында, секундында өткізіп жіберетін кəнігі теміржолшыдай Шегебай дəл таңғы тоғызда осы маңнан табылады. Жəне күнде осы. Оу, жұмыр басты пендеңіз токқа қосылса бітті, зыр қағып жүйтки жөнелетін ойыншық мəшине емес қой. Басы ауырады, балтыры сыздайды. Тіпті, думанды кештен көңілдірек оралып, артық ішілген «сомапалдың» əсерінен айыға алмай, түстен кейін, не жұмысқа шықпай қалса да Шегебайды шарқ ұрып іздейтін кім бар?! Жөндеуге берген аяқ киімдер иелеріне бүгін тапсырылмаса, ертең-ақ қолдарына тиеді. Кеңірдектен алатындай ол не қылған асығыстық? «Таң азаннан дірдектеп нем бар. Шіркін, Шегебай болсам жатар едім шалжиып, төбеге шырт-шырт түкіріп. Ай-хай, дүние-ай!» – Балкондарынан еңкейіп төмен қараған екі-үш қартаң кісі Шегебайдың қызыл «Москвичін» көргенде амандық-саулықтан бұрын: «Дұрыс, дəл уақытында. Жұмыстан кешіккен жоқ, үстеме жалақыңызды дайындай беріңіз» дегендей бірбіріне көз қысы сып, жымың-жымың күледі. Одан əріге тереңдеу, бір түрлі олар үшін де ұят əм қылмыс. Кешегі «коммунизм елесінен» əзер құтылса да бүгінгі коммерциялық капитализм əлеуетіне «бір кірпіш боп» қалана алмай, өздерін құдды қос мекенді тірлік иесіндей сезінетін мына биік балкондағы кісілер Шегебайды жақсы таниды. Бес саусақтай біледі. Оның сол аяғының жуан саннан не үшін кесілгендігін, Ауған соғысынан тапқан кесел еместігін еске түсіру дегенің бергі жағы ғой əншейін; Шегебайдың етікшіліктен түсетін табысына қоса ұн-жарма комбинатынан бір айлық жəрдем ақша алатыны, үш бірдей қыз тəрбиелеп отырғаны, алдының институтта оқитыны, отбасымен ынтымақты өмір сүретіні, əйелінің ең болмаса бір ұл туып бере алмадымау деп Шегебайдың алдында кінəлі кісідей қысылатыны, жастары біразға келіп қалса да шаңыраққа ие болатын перзент сүюден əлі де үміттері барлығы, ерлі-зайыптылардың есепсіз дүние шашпайтын мəттақандығы, тіпті гипс жаңалау үшін Шегебайдың бес жылда бір рет Германияға барып қайтатыны... бəрі-бəрі көз алдарында жазулы хаттай сайрап тұр. Ескі «Москвичтің» əм аяқ киім жөндейтін «Алтын таға» дүңгіршек иесін ал мықты болсаңыз кемсітіп көріңіз! Мүгедек, мүгедектігін кімнен жасырады. Өмірбаяны əлгідей. Жалпақ табанымен талтаңдап жер басып жүргендердің де қырып тастағаны белгілі ғой. Шегебайдың жанында олардың бір де біреуі жіп есе алмайды. Шегебайдың кез келген тірлігі атқан оқтай. Үнемі ондыққа дөп тиеді. Дүңгіршектің іші де құстың ұясындай, жып-жылы. Осындайда ескі түсінікті жымысқы ойлар алдымен омыраулайды-ай. Бірақ оны Шегебайға тели көрмеңіз, түптің түбінде өзіңіз абыройсыздыққа қаласыз. Етікшілер туралы ел не демейді. Біз дің қалада да солай, етікшілердің дені мүгедек кісілер, не мылқаулар. Əрине, бəрін бір ұғымның қауызына сыйғызуға болмас. Дегенмен, дені ішеді. Кешқұрым дүңгіршек жабыларда көпшілігінің бастары бұлғақтап, бір нəрсе сұрайын де сең бетіңе қарап ыржа лақ тап, басқа əлем, басқа əуенің ырғағына түсіп, өздерінше рахатты күй кешеді. Мейлі ғой, мұндайға көпшіліктің көзі үйренген. Мəселен, осы мөлтек аудандағы бір етікші қара жерге төрттағандап тік тұрғызбаған тағдырына налып, өзін өзгелерден кем санап, осыларға келгенде тым кеңпейілдік танытатын құдайды да қарғап-сілеп, қазір өліп кетсе де өкінбейтіндігін айтып, бірде жуан дауысымен барылдап, бірде жылап-сықтап, шолтақ аяғына киген ағаш гипсі бір бұрышта, өзі тар көшеде көлденең түсіп жатып алса да тірі жан үндемейді. Елемейді, елең қылмайды. Қу арақтың уы ғой дейді əрі кеткенде. Аяушылық сезімдер тұс-тұстан төпелейді. Түнемелікке қалатындай болса əлдекімдер қолтықтан демеп, шаңдақ киімдерін реттеп, дүңгіршек алдындағы жайдақ орындыққа əкеп жайғастырады. – Əйеліңізге хабарлайық, телефонын айтыңыз, алып кетсін. Манадан бері айтылған мың-сан ақылдың бір де біріне құлақ аспаған етікші «əйел» дегенде ток соққандай тітіркеніп, былшықтанған жанарымен төңірегіне тіктеліп қарайды: – Атамаңыз, əйелі құрысын! Бұл бəлкім, үйреншікті, жүрдім-бардым айтыла беретін қалжыңы да болар. Етікшінің əйелі тап сіз ойлағандай жарымжан күйеуіне төбеден қарайтын, күн сайын мөлшерлі тиын-тебенді алақанға салып тұрмаса табан астынан ұрыс шығаратын тəкəппар кісі де болмауы мүмкін ғой. Жалпы мылқаулар мен мүгедектерді қандай жүрек жұтқан да жөнге саламын деп уəде бере алмас. Өжет қой шеттерінен. Бастарынан бір сөз асырмайды жəне бір сөзді кешіре алмайды. Қалың қамыс ішіндегі жолбарыстай үнемі атыла кетуге дайын тұрады. Əлім жете ме, жұдырықтасудың жеті атасын меңгерген біреу болса əкемді танытар, одан құйрығымды қысып тыныш отырайын деген сақтық, қорқу, үрейлену сезімдері мылқаулар мен мүгедектердің бойларынан көп ұшыраса бермейді. Мүлдем өліп қалған. Əлде... гуманистік, ізгілік, адамгершілік турасындағы заң атаулының бəрі жиналып келгенде солардың мүдделерін қорғайтын болған соң, соған арқа сүйей ме?! Əйтеуір, ақыл-есі бүтін адам жарымжандармен жағаласпайды. Иіледі, сынатын жерде сынады. Жазатайым ашуландырып алса да жазықты болғандай арқасынан қағып, жік-жапар

күй кешеді. Жанжал шықса жеңіске жететін солар. Ал іс шынымен насырға шапқандай болса, жүйкесі жұқалары аяғындағы гипсін жұлып алып, қақ маңдайдан қонжитады екен дегенді де естігеніміз бар. Мұның бір де бірінің Шегебайға қатысы жоқ. Шегебайдың тұла бойынан ибалықтың иісі аңқиды. Клиенттерімен ылғи да күліп амандасады. Жұ мыр басына пайдасы жоқ, бөстекі əңг і ме лерге араласпайды. Əкім-қаралар дың жер-жебіріне жетіп жамандайтын, ішіп қойды мен жеп қойдының көрігін қыздыратын, саясаттан сала құлаш «толғау» соғатын, «жұрттың бəрі жаман да тек өздері ғана жақсыларды» Шегебай саналы түрде жанына жуытпайды. Болған талайлар. Ертелі-кеш аядай дүңгіршектен қарыс сүйем аттамайтын, етік жамап, өкшелерге нəл қағып, күс-күс алақанынан қалақтай балғаның сабы ажырамайтын Шегебайды аяп, сырттай болса да зиялы қауымның ортасына тартқансып, етікшінің «сауатын» ашқысы келетін сұңқылдақтар «Алтын тағаны» төңіректеуін төңіректеген. Бірақ олардың бір де біріне Шегебай ыңғай танытпады. Ыңғай танытса ұтылады. Белінің қуаты, білегінің күші бола тұра жан қинап жұмыс істегісі келмейтін, одан гөрі базар жағалап, екі-үшеуі «сабраз» жасап, арзанқол шөлмекті ауызданауызға жағалатып, бұрыш-бұрышты бұқпантайлап пана тұтатындар аздап жылынып алу үшін Шегебайдың дүңгіршегіне де əдейілеп соғар еді. Қырық жылғы құдасын көргендей құшақ жая ұмтылар еді. Ойдан-қырдан жүдемелетіп əңгіме соғар еді. Өзге етікшілердің өзім деген кісілерге қол ұшын беруге əзер тұратын жомарт мінездерін мысалға келтірер еді. Темір төске балға шақ етіп тиеді. Шегебай германиялық гипс аяғын ер кіндеу созып, бірнəрсе айтқысы келгендей тамағын кенейді. Жұтқыншағы жыбырлайды. Темір төске тиген балғаның дауысы шақар. – Болдыңдар ма, бойларыңды жы лытқан шығарсыңдар. Енді осы той ған дарыңа риза болыңдар! Шагом марш! – Оу, Шегебай-ау, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығармаушы ма еді? – Сен немене, неңе жетісіп əкіреңдейсің, а?! – Əкіреңдеп тұрғаным жоқ, маған жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер. – Не?! Сенің қолыңнан балғаңды тартып алғалы жатқан біреу бар ма?! – Балғаны тар-

Қуаныш ЖИЕНБАЙ.

тып алу ма сендерге, арттарыңа қараңдар! – Біз көппіз, көзі адырайған көксау Шегебайдың кеудесіне сұқ сау сағын қадайды. – Аспандама, ақсақ! – Шыр бітейін деген екен... – Көзіңе көк шыбын үймелету түк емес біз үшін... Сен секілді талай ақсақтың асаулығын жөнге түсіргенбіз бір сəтте. – Қолдарыңнан екі келсе бірін қылыңдар. – Үстіңнен аудандық мəслихатқа арыз түсірсек ертең-ақ біздің алдымызда құрдай жорғаларсың! – Ойбай-ау, аудандық мəслихатты қайтесіңдер, жаздың екен, маңдайды парламентке бір-ақ тіреңдер. – Ал біз, кімге жəне не жазатындығымызды жақсы білеміз, ақыл үйретпе! Халыққа жөнді қызмет жасай алмайтын етікшінің керегі не?! Дөрекі... – Арымызға тіл тигізді деңдер бір жерінде... – Оны өзіміз білеміз. – Мейлі, ал қазір дереу табан да рыңды жалтыратыңдар! – Егер жалтыратпасақ... – Онда өз обалдарың өздеріңе! Шегебайдың жарымжан аяғымен қалай орнынан ұшып тұрғандығын ешбірі байқамай қалды. «Дүлей ғой мына ақсағың!» Көк желкеден тиген гүрзідей жұдырық алғашқы екеуін қосақабат сыртқа атып жіберді. Үшіншісінің намысы оянып қарсы ұмтылмақшы еді, гипс аяқ тура оң бүйіріне қадалды. Қисалаңдап ол кетті. Төртіншісінің көзі жыпылықтап, тұтқыннан құтылғандай қос қолын төбесіне қойып, Шегебайдың арт жағымен мысықтабандап жылжыды. Тысқа шыққан соң тісін қайрады: – Бұл бассыздығың үшін тиісті органдарға жауап бересің Шегебай, бұл – адам правасын таптау! Біз демократиялық елде өмір сүріп жатырмыз... – Қолдарыңнан келсе кесіп алыңдар! – Неңді кесеміз, екінші аяғыңды ма?! Арыз бір адамның атынан жазылса келістіруге, бітістіруге, тіпті жауып тастауға да болар еді. «Алтын таға» дүңгіршек иесінің үстінен жазылған қаралау арыздың соңына анау-мынау емес, төрт азамат қол қойған. Төртеуі де азаматтық құқымыз жермен-жексен болды деп зар илейді. Жəне жазулары қандай, мірдің оғындай! Сауатты. Заң-законның көзінен тізгенде академикті жаңылыстырар. Жауап күтеміз деп артын салмақтайды. Талап арыз екі-үш құзырлы мекемеге қатар жіберілген. Не істеу керек? Əкімдіктегілердің əбден бастары қатты. *** Шегебайдың күндегісі осы, бір жа ғынан мұнысына да шүкіршілік. Ақ сақтығын араға тықпалап, ертеңді-кеш ошақ бұтын күзетіп, үйден қарғы адым шыға алмайтындай күйге ұшыраса, ішудің көкесін əне, сонда кезіктірер. Оу, бəрінен бұрын «қой, жұмысқа барайын» деп, есік жақтауындағы киімдерін киіп, темір гараждың ішінде күйбеңдеп жүретін тірлігіне не жетеді! Қызыл «Москвичі» жарап тұр əзірге. Қақаған қара суығыңа қарамай, кілтті бұрап кеп жіберген сəтте дар ете түседі. Шетелдік жұтынып тұрған жаңасын алуға бір түрлі көңілінің хошы жоқ.

І

ЕМ Л Ə Е ГІМ

ƏҢ

www.egemen.kz

Қай бəйгеден қалып жатыр. Үй мен жұмыс арасына кідіріссіз қатынап тұрса жарамай ма. Жəне Шегебай ескі мəшиненің кем-кетігін өзі-ақ жөндеп алады. Ешкімге жалынбайды. Оның үстіне көз дегеннен көрді ғой көресіні. Ертеңгілік көршілері бірінің мəши несін бірі сүйрелеп, от алдыра алмай əуреге түсіп жатқанда ақсақ Шегебай мұртынан күліп, шетелдік мəшинесімен жандарынан зу ете шықса... Бəрекелді! Ондайда Шегебайдың осы кісілердің ұлтаны желімнен ажыраған аяқ киімдерін аса ыждағаттылықпен жамап беретіні, пұлын да көп алмайтыны əрі уəдесінде тұратыны ескерілмейді де, оның ақсақ аяғын сылтауратып, биік үйлердің арасына темір гараж қойғызып алғандығы – əрбірінің кеудесін аяусыз тырналар. Міне, жылы жерде тұрған Шегебайдың мəшинесі бірден гүр ете түспегенде қайтеді?! Оу, бұл Шегебайдікі не басыну, а?! Егер Ауған соғысынан мүгедек боп оралса əңгіме тəмəм. Жұрттың аузын жабуға сол жалғыз деректің өзі жетіп-артылады. Бірақ олай емес қой, Шегебай бейбіт күннің мүгедегі. Турасына көшкенде ұн-жарма комбинатында техник боп жүріп, жүгері тартатын агрегаттың əлдебір ақауын жөндемек болғанда транспартерге аяғын шайнатып алған. Сол-ақ. Осындай кəкір-шүкірді сылтауратып, əркім əкиматтан

рұқсат алып кез келген жерге қаптатып гараж қоя берсе, балалар ойнайтын алақандай алаңнан да айырылып қалар. Шегебайдың темір гаражын сүргізіп тастаса қалай болар еді. Əрине, мұндай арам ой əркімнің кеудесінде булығып жүрген де шығарау. Бірақ гуманистік тəрбиемен ауызданған кешегі кеңес заманының адамдары қалай дегенде де ізетті ғой. Мүгедекті іштей мүсіркейді. Ал Шегебайдың үш қыз тапқан əйелі етікшіге қарағанда сəл ақылдылау. Ойланып сөйлейді, алды-артын безбенге салады. Орынсыз жерге килікпейді, көбіне-көп үнсіз қалады. Мəселен, мына жағдайға бола Шегебайдың құлағын шулатудың қажеті не?! Аман-есен жүре берсін Ше гебай! Құдай тілеуін беріп төртінші құрсақ көтереді екен, Шегебайдан сүйінші сұрауға асықпайды. Мəнжайды шегіне жеткенше зерттейді. Бір-екі айдан соң УЗИ аппаратына түседі. Ұл болса талай түнгі арман-мақсатының орындалғаны. Егер... жо-жоқ, о не дегеніңіз, Алла асылық айтқызбасын, көзге көрінген үш қызын бағып-қағып, құтты орындарына қондырса да жетер. Екі-үш күн ауруханаға жатып шығар азар болса... – Сіз былай икемделсеңізші өмірге?! – Не?!–Шегебай əлдекім жон арқасын осып жібергендей осқы ры нады. – Не айтпақсың мұнымен?! – Тыңда, тыңдасаң–біздікі сізге болысу. – Ал, ия... – Елмен жағаласып... Жұрт аяғы басылған соң шықсаңыз да құр қалмассыз үлестен. Көзге түсіп... Артық əрекеттің қажеті не? – Кімнің қорасына түсіппін?! – Түспесеңіз де... Мəшинеңізді жылы гаражға қоясыз. Ешбір қинал май сыз. Ал атан жілікті жігіттер... – Немене, атан жілікті жігіттер керек болып жүр ме саған?! – Ту...у, бас десе құлақ дейсіз. Қызба мінезіңай! Егер қажет болса əйелдер о жағын да сізден сұрамайды. – Иə, солай, солай екен-ау?! – Амалсыз шегіншектейді Шегебай: «Дұрыс, дұрыс айтады, əйелдің қулығына таяқ бойламас. Гараждың құжаттары түгел. Жер салығын төлегем. Оның үстіне əлгі сен айтқан атан жілікті жігіттердің алдынан талай өткем. Арым таза. Аккумуляторларын менің жылы гаражыма кіргізіп қойса бірнəрселері кете ме? Жалқау шеттерінен. Əлде мүгедек Шегебайға кіріптар болғысы келмейді. Не дейсің маған?! Ал мен тумысымнан жұмыскер боп жаратылған адаммын. Сондықтан денім сауда жұмыстан жарты сағат кешіккім келмейді. Мейлі, тау қопарып тастамасам да...» Шегебай «Москвичін» дүңгіршектің терезе тұсына əкеп тіреп қояды. Кабинадан алдымен оң аяғын, сосын сол аяғын шығарады. Маңдайшадағы кішкене айнаға қарап, қобыраған шашын тарайды. Жейдесінің жағасын түзейді. Үстіне иісмай бүркеді. Ақсаңдай басып екі жерден құлыпталатын темір есікті жайлап ашады. Əлденеден күдіктене ме қалай. Осы арадан желкелеп шығарып жіберген əлгі аяқ-қолдары балғадай төрт азамат Шегебайға əкімшілік тарапынан тиісті жаза қолданылмады деп жарапазан айтып жүрген көрінеді-міс; ол ақсақтың əлі сазайын тарттырамыз деп тістерін қайрап жүрген көрінеді-міс. Кім білсін, осы күні адамға сенуге бола ма. Автобекетке, вокзалға,

концерт залдарына жарылғыш зат қойып, оларын күні бұрын құқық қорғау органдарына хабарлап, айдың-күннің аманында елді дүрліктіріп жəне одан лəззат алып, шырт-шырт түкіріп жүргендерден бір нəрсе күтуге бола ма. Олардың қасында Шегебайдың «Алтын тағасы» сіріңкенің бір тал шиі ғой əншейін. Жарқ етті де жоқ болды. Орнында бір уыс күл қалар. Ішке кірген бойда бірден былғары алжапқышын беліне байлап, төс темірді дүңкілдете жөнелмейді. Алдымен гүл дерге су құяды. Қызыл пүлішпен қапталған диванның шаңын сүртеді. Керекті қағаздарын реттейді. Салық коми тетіне, электр қуатына жəне сондайлық кəкір-шүкірге төленетін ақша ны сейф тің үстіңгі тепшегіне қаттайды. Қолына хош иісті крем жағады. Əйелінің əпенділігін күлкі қылғанымен ептеп іші жылиды. Шегебайдың олпы-солпы жүргендігін ол да қаламайды. Бойжетіп қалған қыздарының кейбір қылықтарына қарадай қарап қарны ашады, əлі бала. Əкелерінің күні бойы шаншылып, балға соққылағандығымен шаруалары жоқ, Шегебай табалдырықтан аттаса-ақ болды, мойнына асыла кетеді. Ой, бəрекелді! Сондайда күйеуінің үстінен жағымсыз иіс шығып жүрсе жақсы ма?! Қыздары түгіл оны өзі де ұнатпайды. Айтқанға көнсе Шегебайдың иығына қыл жұқтырғысы жоқ. Ағаш сəкідегі қаз-қатар тізілген аяқ киімдер қатаң график бойынша кезегін күтеді. Айналып келгенде олар түгелімен Шегебайға бағынышты. Бірін-бірі баса-көктеп, басып-жаншымайды. Ертеңгі күні осылар иесін тапқанда қалай-қалай ойнақтар еді, тіпті Шегебайды да басып озып, шаң қаптырып кетер еді. Аяғы саулармен жарысқа түсе тін дей Шегебайдың шамасы қайда. Сондықтан əркім қолынан келетін шаруасына мəтіби. Мыналарды балғамен тұмсықтан бір-бір нұқып қойса да Шегебайдың қолын қағатын тірі жан жоқ. Бірінші тұрған бұзаубас бəтеңке анау интеллигент шалдікі. Əрине, шал десеңіз шалқасынан түсер. Əлі күнге дейін сыптай боп əдемі киінеді. Өмір бойы креслодан түспеген кісі сəл көкіректеу, танымайтын адамдай кейде Шегебаймен де салқындау амандасады. Шегебайдың оған қарап қалған несі бар, жасы үлкен болған соң бас изейді. Одан бір нəрсе дəмете ме? Аяқ киімін жөндеуге əкеп жүрген кемпірі. Ой, оныкі баяғы оқтау жұтқандай сіресу. Бəтеңкені қолына алып тұрды да кері ысырды. Ықылас танытпады бір түрлі. Одан кейінгі кезек бастауыш мектеп мұғалімінің етігі. Бір баласы бар. Бұл ауланың тұрғындары Шегебайға бес саусақтай белгілі. Оның күйеуімен қол ұстасып қатар жүргенін көрмепті. Əлде байқамай қалды ма. Ұзынқұлақтан естуінше əлгі есерсоқ күйеу біреудің тұрмысқа шықпаған қызымен байланысып жүкті ғып қойған тəрізді. Қыздың əкесі де əпербақан біреу білем, «қолыма түссең ажалың менен болады» дейтін көрінеді. Оу, айдалаға айбат шеккенше, одан да қызын тəрбиелеп алмас па?! Мұғалимамен хабарласа ма, хабарласпай ма, кім білсін, о жағына тереңдеп қайтеді. Ал шындығына келгенде Шегебайдың көкірегінен де бір түрлі аяушылық сезім оянады. Өзі де үріп ауызға салғандай əдемі. Оқтаудай балтырлары қандай! Сырмасы сынған етікті мұқият сүрткілейді. Қонышын қалыпқа кигізеді. Өткір бəкінің ұшымен сөгілген тұсты ойып алып, жаңадан былғары жапсырады. Бүгін кешке дейін дайын етеді бұйырса. Радиодан терме тыңдайды. Сыр сүлейлерінің ерекше маһаммен

15

айтылатын терме-дастандарының дискісі түгелге дерлік осында. Бірінен соң бірін тың дайды. Жалықпайды. *** Мылқау əйелдің бір бөл мел і үй ін де шалқасынан түсіп, шырт ұйқыда жат қан Биахмет жер асты дүмпуінен шошып оянғандай, жастықтан басын жұлып алды: – Мен... мен, қайда, қайдамын, а?! «Сен, сен айдасың!–Келіншек сылқ-сылқ күліп саусақтарын ербеңдетті. Үстөл үстіндегі жартылай ішілген жартылықты нұсқады, – бас жазамысың?!» – Кетші-ей!–Биахмет бет-аузын тыржитты. Бір стақанды тартып жіберсе де теріс болмас еді. Бірақ өз-өзін тежеуге тырысты. «Мынау қайдан тап болған тың бастамалар? Ішу ешқайда қашпас, ішті ғой мүйіз шықса. Апыр-ай, бір нəрсе көрінейін деп жүргеннен сау ма?! Шегебайдың түр-тұлғасынанақ құтыла алмай-ақ қойды. Көзін тастай жұмса-ақ болды, жүрер жолын кес-кестеп, талтайып Шегебай тұра қалады. Міне, менікін көрдің бе дегендей, балағын жуан санға дейін түріп, Германиядан жасатқан гипс аяғын көрсетеді. Ұрып қойыпты ондай аяқты! Өзіміздікімен-ақ Биахмет те қатардан қалып жатқан жоқ. Ешкімнен кем емес, бұйырса ертеңнен бастап Сарыағаш шипажайына барып, демалып қайтпақшы. Биахмет ақсақ та осы мөлтек ауданның ана басындағы аяқ киім жөндейтін дүңгіршек иесі. Мұныкі де Ауған соғысынан тапқан кеселден аулақ. Төбелес қоя баяғы. Біреулер пойыздың тамбурынан лақтырып жіберген. Жер-жерге түйіндемесін жіберіп, өзіне лайық қызмет іздеп еді. Техникум бітірген. Екі-үш дипломды мамандар қызмет таппай сандалып жүргенде Биахметтікі не аспандау. Мүгедектерге моральдық жəне ас қан адамгершілік тұрғысынан қарайтын біздің қоғам қалай дегенде де адал ғой. Биахметке де əкелік қамқорлығын аямады. Екі-үш ай тегін оқытып, дүңгіршек ашып берді. Қалғаны Биахметке байланысты. Жарағыр, көбірек сілтеп жіберген бе немене?! Төбе құйқасы қырық құмырсқа кеміріп жатқандай шымырлайды. Тамағы құрғайды. Мойны былқылдап, екі иығына алма-кезек құлайды. Осы келіншектің не пəлесі барын қайдам, əлде арақтың ішіне дəрі қосып бере ме, əйтеуір үйіне келсең бітті, айналсоқтап тұзаққа түскендей маталасың да қаласың. Биахметті клиенттер күтіп жүрмесін ана жақта. Көзі кіртиіп төңірегіне тіктеліп қара ды. Өз шаруасымен əрлі-берлі зырлаған мылқау келіншектің жуан бөксесін алақанымен сарт еткізді. Бұйымтайы енді еске түсті: – Бардың ба, Шегебайға? «Бардым». – Келіншек басын изеді. – Мəн-жайды түсіндірдің бе? «Түсіндірдім». – Не деді? «Үн-түнсіз шығарып салды». – Қалай, қалайша, жын қағып кеткеннен сау ма Шегебайды?! Оу, ол Германияға жүргелі жатқанда осы қаланың бар етікшісі жиналып, «орамал тон болмайды, жол боладының» ырымын жасап, ниетімізді білдірген жоқ па едік. Соның басы-қасында өзім жүргем. Германия болмағанмен Сарыағаш та... Қабырғаға сүйеніп орнынан тұрды. Тəлтіректеп тысқа шықты. Бүрсеңдеп ішке қайта кірді. Əлденеге ашуланғандай қолдары дірілдеп, қырлы стақанға құйылған арзанқол арақты шіміркенбестен тартып жіберді: – А-ха-ха, сен, сен бар-ау, маладес! Сезесің бір нəрсені. А-ха-хау, бүгін менің кайф ұстайтын күнім екен ғой. Бүгін қасыңдамын бұйырса... «Еркіңіз білсін!» дегендей келін шектің көздері күлімдеді. Биахмет екі қолын тарақтап желкесіне қойып, темір кереует үстінде еркін көсілді. Мастығы тез тарқады. Көзін жұмса бітті Шегебайды көретін болған соң, одан құтылудың жолдарын тереңірек жəне жауапкершілікпен ойластырды: «Шегебайдың мұнысы адамгершілікке жата ма? Бес-он тиынын бермесе артына тықсын! Биахметке бұйырған несібе де тұрған шығар бір жерде. Кімкімді асырап жүр? Оу, алысқа сапар шеккелі жатыр екен, «Биахметтің жолы болсын, жақсылап демалып қайтсын» демей ме ең болмаса. Үн-түнсіз шығарып салғаны қалай? Жəне Биахмет арнайы адам жіберіп тұрғанда...» Көз алдынан аумалы-төкпелі дүниелер кино лентасындай тізбектеліп өтіп жатты. Қаладағы мылқаулар мен мүге дектер қауымдастығы бас қосу ұйым дас тырса бітті, бəрі жабылып Шегебайды мақтайды. Мақтағанда да түбін түсіреді. Ақсақтығына қарамай шағын бизнесті дұрыс жолға қойған Шегебай... Тірі жанды сандалтпай, аудандық салық комитетіне уақытымен жарнасын төлеп тұратын да Шегебай... Халыққа қалтқысыз қызмет істеудің үлгісін Шегебайдан үйреніңдер... Шегебайдың тəжірибесін бүкіл қалаға таратамыз... Айына бір рет Шегебайдың лекциясын тыңдайық... Шегебай мастер-класс ұйымдастырсын... Оу, сонда бұл Шегебай басакөктеп қайда барады?! Шегебайға тоқтам айтатын бір адам табыла ма, самародный сары алтын болды-ау сонда бұл Шегебай?!.. Шегебайдың иненің жасуындай қыл мысы жоқ, тап-таза... Шегебай құдайдың тапа-тал түсінде төрт бірдей азаматты желкеден түйгіштеп, дүңгіршектен қуып шығады. Сонда да Шегебайдікі дұрыс. Мейлі, ит те болса сол төртеуі ғой, Биахметтің арғы-бергі жол шығынын көтеріп жүрген. Шегебай бүйтіп басқа секіре берсе, бір күні... *** Шегебайдың дүңгіршегі түн жарымында от құшағына оранды. Оның қайдан келген кесел екендігін етікші жақсы түсінді. Ертеңінде асықпай киінді. Қайда асығады. Гипс аяғын сылап-сипап қайта киді. Тістері қышырлады, жағы жыбырлады. Сөйтті де мылқау келіншектің үйіне телефон соқты:–Биахмет, сен сондасың ғой, күт мені. Қазір барып, желкеңді қиямын, сау аяғыңды сындырамын!.. Əңгіме сол!.. – Келме, неге келесің! Сені шақырған біреу бар ма?! Кайфты бұзасың, бүгін кайф ұстайтын күнім... Шегебайды есік алдынан əйелі күтіп алды:– УЗИ-ге түстім. УЗИ алдамайды. Құдай тілегімізді берді, төртіншіміз ұл екен, Шегебай... Етікші не ілгері, не кейін жүрерін білмей қалт тұрып қалды.


16

24 сəуір

www.egemen.kz

2013 жыл

! з ы м р а т ќ ы д н а т аќс

з а ќ Біз

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №44 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.