Page 1

Кеше елімізде ғасырдың ғаламаты деуге лайықты игілікті ірі іс жеріне жеткізілді. Арқа төсі мен еліміздің батыс қиырын жалғастырған жаңа теміржол желісінің жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. Жасампаздық жолымыздағы тағы бір жарқын жеңісіміз құтты болсын, ардақты ағайын!

№164 (28388) 23 ТАМЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Келешекті кемелдендіретін кїрежолдар Кеше Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев Жезќазєан – Бейнеу жəне Арќалыќ – Шўбаркґл теміржолдарыныѕ іске ќосылуына ќатысты

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл күндері өндірісті аймақ жақты ыстық буып тұр. Ал тамыздың шыжыған дəл осы шағындағы өңір өмірінде өркен жайған өзгерістер адамдар көңілін одан да аса ысытып, көкіректі көріктендіріп, шалқытқан шаттық пен мақтанышқа бөлеуде. Өлке шырайын ажарландырып, келешегіне кең тыныс себуші ғасырдың ғажайып құрылысы – Жезқазған – Бейнеу теміржолының Орталық Қазақстаннан Батыс Қазақстанға ұласар тұсындағы үлкен бекет Сексеуілге дейінгі тармағы түйісіп, шалғайдағы ел іші дамуына жаңа жарқын жол ашылып

жатса, бұдан асқан қуаныш болар ма. Мұнымен бірге Арқалық – Шұбаркөл бағытындағы тораптың іске қосылуы да ел болашағын көрегендікпен көздеп, ұлан-байтақ өңір қиырларының бір-бірімен байланысын бекемдетуге бұдан екі жыл бұрын берілген Мемлекет басшысы тапсырмасының тыңғылықты орындалуының нақты бір дəлелі болды. Соның арқасында ел мен ел, жер мен жер арасы жақындап, өсіп-өркендеудің белесті биігіне нық қадам жасалған ұлы тарихи оқиға деп марқайып, мəртебеленіп жатыр жұрт. Кеше жергілікті халайық тағатсыздана күткен Жезқазған – Бейнеу теміржолының ашылу салтанатына қатысуға, қуатты

өндіріс қара шаңырағының тыныс-тіршілігімен танысуға келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жезқазғандықтар зор құрметпен қарсы алды. Жезқазған, Сəтбаев қалалары, Ұлытау ауданы жəне өңірлер өкілдері бас қосқан жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сөз сөйлеп, бұл болат жолдың ыңғайлы орналасу жүйесі еліміздің батысынан шығысына, солтүстігінен оңтүстігіне жүк тасымалдауды əлдеқайда қысқартып, Қазақстанның транзиттік əлеуетінің көкжиегін кеңейтетіндігін атады. Жаңа теміржол Орталық жəне Батыс Қазақстанның да муына экономика лық белсенділікті күшейтуімен де,

Їміткерлер ўсынылуда Сенат депутаттыєына кандидаттарды ўсыну мен тіркеу барысы туралы Ортсайлаукомның деректеріне сəйкес 22 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 83 кандидат ұсынылды. Олардың 15-ін мəслихаттар ұсынса, енді 68-і өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 4-і əйел адамдар. Кандидаттардың орташа жасы 53,5 жасты құрайды. Олардың ең жасы 37 жаста болса, ең үлкені – 68 жаста. Мамандығы бойынша: 28-і инженерлер, 13-і экономистер, 13-і ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дəрігерлері жəне басқалар), 11-і оқытушылар, 10-ы дəрігерлер, 4-і заңгерлер. Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 33-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кəсіпорындар жəне мекемелердің қызметкерлері, 28-і коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і ғылым, мəдениет, білім беру жəне денсаулық қорғау қызметкерлері. Екі үміткер сайлау додасынан шығып қалды. Олардың біреуі Конституция мен сайлау заңнамасы Сенат депутаттығына кандидаттарға қойған талаптарға сəйкес келмегендіктен, екіншісі Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін өз өтініші бойынша өзінің кандидатурасын алып тастады. Ұсыну 31 тамызға дейін созылады.

Оның қорытындыларын Ортсайлауком 2 қыркүйекте жариялауды жоспарлап отыр. Қазіргі сəтте облыстық, Астана жəне Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына кандидат ретінде 58 адамды тіркеді. Олардың екеуі – əйел адамдар. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының соңғы сайла ны мының өз кандидатураларын ұсынған қызметтегі 4 депутаты да Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде тіркелді. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы 53 жасты құрайды. Мамандығы бойынша: 21-і инженерлер, 10-ы ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дəрігерлері жəне басқалар), 8-і оқытушылар, 8-і дəрігерлер, 7-і экономистер, 2-і заңгерлер. Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 26-сы мемлекеттік органдар, ұйымдар, кəсіпорындар жəне мекемелердің қызметкерлері, 16-сы коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 10-ы ғылым, мəдениет, білім беру жəне денсаулық қорғау қызметкерлері. Кандидаттарды тіркеу 11 қыркүйекте аяқталады. Ал 12 қыркүйектен бастап тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Оќырман назарына!

өнеркəсіптік əлеуетті игеруді жеделдетуімен де, аймақтардағы өндірісті өркен детуге жағдай жасауымен де, Қытайдан Ресей жəне əрі қарай Еуропа бағыттарына өте тін трансқазақстандық көлік дəліздерінің транзиттік қуатын көтеретіндігімен де маңызды деп атап өтті. Іс-шараға орай Жезқазған қаласының орталық алаңында жаңа теміржолдың Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау жəне Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан басты стансаларымен арада телекөпір ұйымдастырылды. Станса басшылары Қазақстан Президентіне жаңа жол қатынасын пайдалануға беруге дайын екенін баяндады.

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада кеше жаңа ло гис тикалық қойма кешені іске қосылды. «Кешен өндірісті дамытуға, қайта өңдеуге жəне елордаға азық-түліктер жеткізуге өз үлесін қосады. Аталған кəсіпорынның ашылуы Астанада кəсіпкерлікпен айналысудың тартымдылығын тағы да бір мəрте дəлелдейді», – деді қалалық кəсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мəжитов.  Солтүстiк Қазақстан облысында кеше орақ науқаны басталды. Осыған арналған шара бұл жолы Тайынша ауда нындағы «ТайыншаАстық» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде өттi. Облыс əкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ай бар бек Сапаровтың

Нұрсұлтан Назарбаев «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерін салтанатты жағдайда іске қосты. Барша қазақстандықтарды құттықтаған ел Президенті магистральдің ашылуын жыл дың ең маңызды əлеуметтік-экономикалық оқиғасы деп атады. – Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл жолы бірнеше өңір мен бүкіл республиканың тіршілігіне жан бітіріп, ондаған жылдарға алға жетелейді. Біз тəуелсіздіктің барлық кезеңінде теміржол құрылысын тоқтатқан жоқпыз, қайта үдете түстік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы теміржол құрылысына 10 мыңнан

айтуынша, үстіміздегі жылы өңір диқандары 4 млн. 345 мың гектар алқаптан астық жинап алуды жоспарлап отыр.  Шығыс Қазақстан облысы халқының өмір сүру деңгейі аймақ экономикасы арқасында көтерілді. Бұл туралы кеше облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Елена Ясинская мəлім етті. Оның айтуынша, əлеуметтік салада жақсарған ең маңызды көрсеткіштердің бірі өңірде адам жасының ұзақтығын ұлғайту болып табылады, бүгінде орташа көрсеткіш мұнда 68-69 жасты құрайды.  Батыс Қазақстанда 979,9 млн. теңгеге 10 жоба мақұлданды. Облыс əкімінің орынбасары Марат Кəрімовтің төр ағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында олар қолдау тапты. Бұлардың арасында

астам адам тартылғанын, енді тағы 3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтты. – Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл теміржолдары жапсарлас аумақтардың дамуына жаңа серпін береді. Оның əсерін Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда жəне Қостанай облыстарының тұрғындары мен кəсіпорындары тікелей сезінетін болады. Аграрлық жəне өнеркəсіптік өнімдерді жеткізу мерзімі мен қашықтығын қысқартудан бүкіл Қазақстан ұтады, – деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет бас шысы жаңа теміржолдар Жезқазғанның дамуына оң ықпалын тигізетінін, енді бұл өңір

автокөлік қызметтерін көрсету, сауда қызметі салалары бар.  Сыр бойында тағы 8 ауыл таза сумен қамтылатын болды. Бұл биыл Қызылорда облысына «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 8 млрд. теңге қаражат бөлінуі арқасында мүмкін болды. Осының арқасында 10,5 адам таза ауыз суға қол жеткізеді. Бұған қоса, облыс орталығын сумен жабдықтау жəне суды сыртқа шығару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар басталды.  Шымкентте «Мектепке жол» арқылы бүлдіршіндер 57 млн. теңгеге оқу құралдарын алды. Қалада бүгінде əлеуметтік көмекті қажет ететін 24 мыңнан астам бала есепте тұр. Оларды мектепке дайындау акциясы аясында жалпы білім қорынан 6250 балаға материалдық көмек көрсетілді. Бұған

республикалық жəне халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта болатынын атап өтті. Қазақстан Президенті елдің көлік-логистикалық əлеуетінің артатынына тоқталды. – Осы теміржол желілерін іске қосу – Солтүстік-Оңтүстік жəне Шығыс-Батыс бағыттардағы жаһандық көлік қызметтері үшін де айтулы оқиға. Іс жүзінде біз Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу уақытын үш еседен аса қысқартатын транзиттік дəліздің өзімізге тиесілі бөлігін жасадық. Бұл – мүлде жаңа əлеует жəне оны толығымен пайдалану қажет, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

қоса, шараға қатысқан демеушілердің көмегімен 57 миллион теңгеге 5700 балаға қажетті оқу құралдары сатып алынды.  Маңғыстау облысында бірыңғай мектеп формасы тегін беріледі. Аймақта бұл көмекті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығынан аттайтын 12 500 бүлдіршін пайдаланады. «Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың мектеп формасына қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Əрбір мектеп формасының құны мемлекеттік сатып алу заңына сəйкес анықталады. Орташа есеппен 5-6 мың теңге көлемінде шығып отыр», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева. Хабарлар «ҚазАқпарат», BNews.kz, egemen.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.

 Білім жəне ғылым министрлігінің назарына

Таусылмайтын «тəжірибеніѕ» торына тїстік Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасына қатысып, магистратура оқу бағдарламасы бойынша құжат тапсырмақ ниетте едім. Ол үшін қажетті дайындықтың бəрі жасалды, ағылшын тілінен IELTS емтиханын тапсырып, тиісті балл жинадым. Өзім оқығым келетін елді де таңдап қойған болатынмын. Алайда, бұл арманымның орындалуына кедергі келтіріп отырған бір жайт бар болып шықты. Ол – «Болашақ» бойынша магистратура бағдарламасына бұған дейін магистратураны оқымаған азаматтар қатысуға құқылы деген ереженің алдымызды орауы. Ал мен 2010 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің магистратурасын тəмамдағанмын. Бірақ... иə, бірақ

магистрант деген дəрежем болмаса, бұл диплом еш жерге жарамсыз-тын. Себебі, бізге бір жылдық магистратура бағдарламасын оқытқан болатын. Ал ол қалай болды дейсіздер ғой. Мен 2009 жылы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін журналистика мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірдім. Дəл сол жылы осы жоғары оқу орнының журналистика факультетінің магистратурасына мемлекеттік грант негізінде түстім. Ол кезде аталмыш факультет магистратурасына 13 білім гранты бөлінген екен. Қыркүйек айында оқуға келгенімізде қазақ бөліміне түскен 9 магистрант тек бір жылдық білім грантына ие болғанын, ал екі жылдық бағдарламаның 4 гранты орыс бөліміне берілгенін білдік. Факультет басшылығы оқуға қабылдар алдында құжат тапсырушыларға сол жылы бір жылдық жəне екі жылдық магистрлік

бағдарлама бар екенін ескертпеді. Құжаттардың барлығын жалпы байқауға қабылдады да артынша гранттарды өз қалауларынша бөле салды. Тіпті, байқау кезінде жинаған балдарымызға қараған да жоқ. Сол кездегі факультет деканы Ғалия Ыбраеваға шағым айтқанымызда, одан: «Қайта қазақ бөліміне көбірек грант бергенімізге рахмет айтыңдар», – деген жауап алдық. Өкініштісі, бұл саны бар, сапасы жоқ білім гранты болып шықты. Өйткені, дипломымыз қазір жарамсыз. Сөйтсек, біз түскен жылы Білім жəне ғылым министрлігі тұңғыш рет тəжірибе ретінде бір жылдық білім гранттарын бөлген екен. 2010 жылы, яғни бір жылдан кейін оқуды бітіргенде қолымызға «журналистика бойынша білім магистрі» деп жазылған диплом тиді. Ал екі жылдық магистратураны бітірген түлектердің дипломында

«журналистика бойынша ғылым магистрі» деп жазылған болып шықты. Бірақ ең сорақысын сол жылы Phd докторантурасына түспек болғанда көрдік. Бір жылдық магистрлік дипломмен бұған тапсыра алмайды екенбіз. Оны былай қойғанда, университетте оқытушы болып қалып, сабақ беруге де құқымыз жоқ болып шықты. Ойлаңыздаршы, магистратура бағдарламасының өзі алдағы уақытта ғылыммен айналысуға жол ашатын мүмкіндік емес пе? Бұлай болмаса магистратураның қажеті не? Министрлік дəл сол жылы дипломы еш жерге жарамсыз шикі, дүбəра магистранттарды не үшін дайындады? Сонымен, бұл құжат кəдеге жарамаған күйі үйде жатты. Жатса жатсын, бірақ ол маған кесірін тигізеді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. (Соңы 2-бетте).


2

www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

Келешекті кемелдендіретін кїрежолдар

(Соңы. Басы 1-бетте). Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл теміржолдарының жалпы ұзындығы 1200 шақырымнан асады. Жезқазған – Бейнеу магистралін іске қосу Орталық Қазақстаннан Ақтау портына, Түрікменстанмен шекараға дейін жəне Парсы шығанағы бағытында ең қысқа теміржол қатынасын құруға мүмкіндік береді. Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісі Қазақстанның орталығынан Ресейге, одан əрі Батыс Еуропа елдеріне шығуды қамтамасыз етеді. Еңбек ардагері Амангелді Селбаев, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Мехадеван осынау ғаламат құрылысты салуға бастамашылық танытып, істі басынан аяғына дейін бақылауда ұстап, сəтті бітірілуіне қамқорлығын білдірген Елбасыға ризалық білдірді. «Біздің комбинат үшін бұл жол торабының пайдасы ұшан-теңіз. Бұдан былай қарай өнімімізді тұтынушы елдерге бұрынғыдай айналма жолмен емес тікелей жөнелте аламыз. Мəселен, жүк тасымалдаудың жол ұзақтығы 500 шақырымға қысқарды», – деген «Арселор Миттал Теміртау» басшысы мұндай істер əлемде сиректігін де жасырған жоқ. Бұдан соң телекөпір арқылы Бейнеу, Шалқар, Сексеуіл, Арқалық жəне Жезқазған стансаларының басшылары жүктер тиелген алғашқы пойыздардың сапарға дайын екенін мəлім етті. Мемлекет басшысы теміржолдардың қолданысқа енгізілуіне рұқсат беріп, қос ірі көліктіклогистикалық жобаны жүзеге асырған теміржолшылар мен құрылысшыларды ерен еңбек жеңістерімен құттықтады. – Біз бүгін тəуелсіздігіміздің шежіресіне алтын əріппен жазылар оқиғаға куə болып отырмыз. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасы бұрын-соңды болмаған биік белестерді алды. Экономика – 17, халықтың əл-ауқаты 15 есе өсті. Осының бəрі көз алдыда өтті. Құрғақ аймақта орналасқан елміз. Теңізге шығуға тура жол жоқ. Теміржол тасымалы дамымайынша экономиканы көтеру қиын. Сол себептен осы мəселенің

шешімін табу керек болды. Соңғы жылдарда 2,5 мың шақырым теміржол салынды. 4 облыстың 5 ауданын басып өтетін жаңа жолдың маңызы зор. Батыс Қытай

ішіне сұғынғаннан көбіне бұйрат биіктеніп, жондары кішігірім тау сияқты боп кетті. Кей жері құлдыраған еңіс, кей жері тікейген ор, кейбір тұстарында тақыр, жу-

Құры лысқа тартылған 11 мың адам ның қоян-қолтық еңбегі мен міндетке біліктілігі бүгінгі замандағы теңдессіз жобаны екі жылға жетер-жетпес уақытта іске

тұрақтауы нығайып, ел іші тынысына үлкен серпін беріледі. Мысал үшін, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны болатыны жол бойындағы ауылдар тұрғындарына қолайлы болып отыр.

автоматтандырылған қондырғылар бұйым сапасын жоғары талап-талғамға сай етеді. Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында тігін өндірісін кеңейту мен жаңғырту, индустриялық кір жуатын орын құру жобаларын іске асырушы компания табысты молайтуға ұмтылады. Құрамында еңбек ететін 480 тігінші əйелдің жалақыға өкпесі жоқ, тұрмыстық жайкүйлеріне деген көмек-қолдауға ризалықтары да бөлек. Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы кəсіпорында қолданылатын өндіріс технологиясымен танысып, көрме залына қойылған өнім үлгілерін көрді. Қазақстан Президентіне кəсіпорынды дамыту жобалары, соның ішінде Сəтбаев қаласындағы индустриялық қызмет көрсету комбинаты мен «Астана – жаңа қала» АЭА» аумағында құрылып жатқан жəне ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне қатысуы көзделіп отырған «ҚазТексЭкспо» автоматтандырылған өндірістік кешені таныстырылды. «Қазақмыс» ЖШС басқарма төрағасы Э.Огай Мемлекет бас-

– Батыс Еуропа теміржол дəлізі жасалды. Сонымен бірге, вагондық паркті күшейтуді, электровоздар шығаруды өзіміз қолға алдық. Алдымызда талай қиыншылықтар тұр. Талайын жеңе білдік. Мыс қорыту зауыты жұмысы уақытша тоқтатылса да менің тапсырмам бойынша «Қазақмыс» еңбекақы төлеуді сақтады. Қараша айында кəсіпорын өндірісіне қайта қан жүгіріп, металлургтер жұмыс орындарына оралады. Бəріміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып еңбек етейік, деді Елбасы. Жезқазған мен Қызылорда аумағын басып өтуші 1200 шақырымдық теміржол табаны қандай жерлерге, қандай қиындықпен төселерін Сəбит Мұқановтың «Есею жылдары» хикаятының «Қарсақпайға сапар» тарауындағы мына жолдар жақсы бейнелейді. «Бұйраттанған құм белестер, құмақ жолы шынында ауыр екен. Құм

санды сұрғылт даладан өзге ештеңе көрінбейді», деп жазылғандай, жапан түзде жол тарту оңай болған жоқ. Осынау жауапкершілікті мойнына алған «Жол жөндеу ші» ЖШС мен мердігер ұйымдар «Базис», «BI Group» жəне «Найза Құрылыс» компаниялары Жезқазған – Сексеуіл, Арқалық – Шұбаркөл, Шалқар – Бейнеу бағыттарында жол төсеміне 44,1 млн. текше метр топырақ үйіп, 20 көпір салып, 405 су өткізетін құбыр орнатып, 757 шақырым рельс-шпал өрімін құрастырып, төсеп шықты. Сондай-ақ, 258 шақырым электр желісі тартылып, 227 шақырымға талшықтыоптикалық желі жүргізілгенін де атап өту керек. Осындай орасан зор жұмысты мерзімінде бітіріп, талапқа сай сапалы салып шығу қазақстандық құрылысшылардың қолынан келуі кадрлық күшіміздің осал еместігінің де айғағы.

асыруға мүмкіндік берді. Қажетті мамандықтарды меңгеріп, басты салмақ жауапкершілігін мойындарына алған қарағандылық, қостанайлық, алматылық, астаналық, қызылордалық əріптестердің бірлескен қимылы «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін көрсетті. Аталған ғаламат жоба жүзеге асырылу арқасында Жезқазған– Бейнеу торабында жыл сайын 21 млн. тонна жүк тасымалдауға, жүктің жеткізілуі анағұрлым қысқаруына қолайлы жағдай жасалуымен бірге, ең маңыздысы, аймақтың Жезді, Қарсақпай, Байқоңыр, Қоскөл сияқты алыс түкпір лерінің күннен-күнге түлеп, түрленуі қазірдің өзінде байқалып келеді. Бұған дейін болашағы бұлдыр саналған бұл елді мекендерде ірі теміржол стансалары орнап, мəдени-тұрмыстық нысандар тұрғызылып, жастардың ауылда

Бұрын күрежолдардан шетқақ пай жатқан Жезқазған мен Арқалықтың қатынас қанаты алысқа ұзарып, инвестиция тартуға, индустриялық-инновациялық, шағын жəне орта бизнес жобаларын жандандыруға жағдай жақсаруы одан сайынғы елеулі өзгерістерге сенім арттырады. Бұдан соң Елбасы мысшылар шаһарындағы «Ютария ЛТД» ЖШС өндірісін аралап көрді. Кəсіпорын басшысы Сəуле Шəуенованың баян етуінше, жеңіл өнеркəсіп саласында қазақстандық көшбасшы компаниялардың қатарына қосылу мақсаты талпынысты таудай ете түсуде екен. «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған ұзақ мерзімді келісімшартқа сəйкес жылына 800 мыңға жуық арнайы жұмыс киімі жиынтығын шығаруға қол жеткізілген. Жаңадан орнатылған тігін технологиясы,

шысын кəсіпорынның қызметі мен даму перспективалары туралы хабардар етті. Ол мемлекеттің қолдауы арқасында корпорацияның минералдықшикізаттық базасын кеңейтуге, сол арқылы Жезқазған өңіріндегі кенішті пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік туғанын айтты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кəсіпорын еңбеккерлерімен əңгімелесіп, оларға табыс тіледі. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ЛТД» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандануда. Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар. Кəсіпорында жеңіл өнеркəсіп

 Айбын

Шеберлікті шыѕдау Кеше «Спасск» полигонында (Қарағанды облысы) «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының белсенді кезеңі өтті. Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия аймағында ҰҚШҰ ҰЖДҚК контингенттерін қолдану жөніндегі ірі ауқымды маневрлерге Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстаннан 3000ға жуық əскери қызметші тартылған.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне Қорғаныс министрі Серік Ахметов, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, сондайақ, РФ Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы Аркадий Бахин, Армения Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Давид Тоноян, Беларусь Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-майор Олег Белоконев қатысты. Қорғаныс министрі Серік Ахметов оқу-жаттығуға қатысушыларды оның табысты аяқ талуымен құттықтады. Министр: «Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ҰҚШҰ шеңберіндегі коалициялық өзара іс-қимыл мəселелеріне үлкен көңіл бөледі», деді. Сондай-ақ,

ол Ұжымдық жедел ден қою күштерінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жауапкершілік аймағында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті. «Барлық əскери қызметшілер жауынгерлік дағдысын жəне кəсіби

іс-қимыл көрсетті», деген министр осындай оқу-жаттығуларда штаб офицерлері əскерлерді қолдануды жоспарлауда жақсы тəжірибе жинақтап, өзара ісқимыл мəселелерін пысықтауға мүмкіндік алатындығын атады. С.Ахметов əскери қызмет шілерге олардың жоғары кəсіби шеберліктері мен жауынгерлік дағдылары үшін алғыс білдіріп, ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің қауіпсіздігі мүддесінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде табыстар тіледі.

Өзара іс-қимыл оқу-жаттығуы ерекшеліктері қатарында алдын-ала кезеңде Ұжымдық жедел əрекет ету күштерінің бөлімшелерін ҰҚШҰ Ұжымдық авиациялық күштері құрамында əскери-көліктік авиацияның ұшақтарымен жеткізуін жəне ҰҚШҰ Ұжымдық жедел əрекет ету күштерін Қазақстан мен Ресейдің əуе шабуылына қарсы қорғаныс біртұтас өңір лік жүйесімен бүркемелеу мəселесі бойынша практикалық міндеттерді орындауын атауға болады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің қор ғаныс қабілетін арттыру мақсатында тұңғыш рет ақпараттық қарсы тұруды жəне психологиялық күресті ұйымдастыру, оларды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындауға ерекше назар аударылды. «Өзара іс-қимыл-2014» оқужаттығуы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің əскери саладағы ынтымақтастығын ны ғайтуға ықпал етіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне геосаяси сипат тағы түрлі қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі əскери конти нгенттерінің мүмкіндіктерін арттырады. «Егемен-ақпарат».

бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы əзірлемелер енгізілуде. Осындағы кездесуде Мемлекет басшысын облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Жезқазған, Сəтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын əлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының жүзеге асырылу жайымен таныстырды. Онда «Қазақмыс» корпорациясының минералдышикізаттық базасын нығайту, кəсіпкерлік қозғалысты өрістету, тұрғын үйлер мен коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, əлеуметтік жəне көліктік инфрақұрылымды жетілдіру, табиғи қазынаны ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мəселелері айтылып, осыған байланысты іс-шаралар ортаға салынғандай, барлық салаларға соны серпін беретін жұмыстар құшақ жайып келеді. « Бұдан əрі қарай қоныс етуге қолайсыздыққа айналуынан жер қойнындағы кендері кезінде пайдаланусыз қалып қойған Жезқазған, Весовая, Крестовский кенттерінен тұрғындарды көшіру жəне оларды баспанамен қамтамасыз ету 2016 жылы толық аяқталуға тиіс. Осы уақытқа дейін 163 отбасы жайлы пəтерлерге қоныс аударса, жыл аяғында 24 екі пəтерлі үй пайдалануға беріледі. 2016 жылы екі қаладан орын тебуге арналып 5 көп пəтерлі жəне 240 аз қабатты үй бой көтереді», деп аймақ басшысы жұртшылықты алаңдатқан өзекті жайға кеңірек тоқталып өтті. Елбасы тапсырмасына сəйкес «Қазақмыстың» кеніштері ғұмырын неғұрлым ұзартуға орай ай тарлықтай жұмыстар ұйымдас тырылып отырғаны аталды. Қазірдің өзінде Жезқазған айналасында əлі де 50 жылға жететін кен қоры сақталғаны белгілі болып отыр. Сондықтан мыс шы ғару азаяды, өндіріс көлемі қысқарады деген алыпқашпа сөзге еш негіз жоқтығы айтылды. Толық жаңартуға қойылып, əзірге жұмысы тоқтатылып тұрған мыс қорыту зауытының байытылатын кенді жаңа технология көмегімен өңдеуге көшпектігі, Жыланды кен орнындағы Шығыс Сарыоба мен Қарашошақта қуатты шахталар салынбақтығы, кені қалдырылып кеткен жүлгелерден мыс құрамы жоғары 103 млн. тоннасы кəдеге жаратылмақтығы, құнтсыздық салдарынан əр тұста үйіліп, кейінде ұмытылған 900 млн. тонна қалдықты қайта өңдеп, игілікке асырылмақтығы, əлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы басқа да ауқымды шаралар аймақ дамуына берік негіз болып табылады. Сөз соңында Н.Əбдібеков бағдарламаның ойдағыдай орындалуына жеткілікті жағдай барын, сол мақсат биігінен көрінуге барынша күш салынатындығын жеткізді. Мемлекет басшысы өз кезегінде кешенді жоспардың тиянақты орындалуына талап пен қарқынды əлі де үдете түсу қажеттігін атап көрсетті. ЖЕЗҚАЗҒАН.

––––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Таусылмайтын «тəжірибеніѕ» торына тїстік (Соңы. Басы 1-бетте). Енді міне, хабарландырудағы тəртіп бойынша ағылшын тілінен IELTS емтиханын тапсырып, тиісті балл жинап болған соң, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының құжат қабылдау жəне байқауды ұйымдастыру бөліміне телефон шалғанымда: «Магистрлік дəрежесі бар үміткерлер «Болашақ» бойынша магистратураға тапсыра алмайды», деген жауап естідім. Құжаттарды қабылдау мен байқауды ұйымдастыру бөлімі: «Phd бағдарламасы бойынша бағыңды сынап көр», деп ұсыныс айтты. Шетелдік университеттердің Phd бағдарламасына өз бетіммен түсе алатыныма сенемін, алайда ол үшін толыққанды магистратура дипломы қажет екені түсінікті. Мен бір жылдық мына магистратура дипломыммен шетелдікі түгілі, ел ішіндегі жоғары оқу орындарының Phd бағдарламасына да тапсыра алмаймын. Қысқасы, қазір «Болашақ» бойынша не магистратураға, не Phd-ге тапсыра алмай, тығырыққа тірелдім. Магистратураға берілген диплом барлық жағынан тұсау салып отыр. Сондықтан бір жылдық магистратура деп алған дипломым ізденісімді əрі қарай жетілдіруге жарамсыз болғандықтан, Білім жəне ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік

қоғамы менің жағдайымды ескеріп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасына магистратура санаты бойынша қатысуыма рұқсат етуі керек деп есептеймін. Тиісті өтініштер ді «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Ғани Нығметов пен оның үш орынбасарына 20 тамыз күні электронды пошта арқылы жібердім. Алайда əзірге ешқандай жауап жоқ. Сондай-ақ, бұл кедергіге Білім жəне ғылым министрлігінің білім саласына жасаған кезекті көп реформасының бірінің салдарына тап болғандықтан, аталмыш ведомство басшысы Аслан Бəкенұлы Сəрінжіповтің жеке блогына да хат жаздым. Алайда ол министрдің блогына əзірге жарияланған жоқ. Шетелдің жоғары оқу орнын толыққанды магистратура бағдарламасы бойынша оқуға деген үлкен талпынысым, құлшынысым жоғары. Осы ынтама жол ашып, қойылған шектеу алынып тасталса, арманыма жол ашылар еді. Дипломы еш жерге жарамайтын магистратураны оқығаныма мен кінəлі емеспін ғой. Бұл Білім жəне ғылым министрлігіндегі бітпейтін, таусылмайтын реформаның кесірі. Мен жəне мен сияқтылар міне, сол таусылмайтын «тəжірибенің» торына түсіп отырмыз. Елнұр ƏЛІМОВА.

АЛМАТЫ.


www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

3

ЖАРАСТЫ ЖАСАМПАЗДЫЌ ЖОЛЫ Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия тұрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына ұқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың жəне тұрандықтардың ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып «ШығысБатыс» жүйесінде Қазақстан мен Ресейдің орны жөніндегі мəселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей – Батыс та жəне Шығыс та емес. Олар Еуразияға жатады жəне біртұтас славяндық-тұрандық айырмашылықты білдіреді. Батыс (орыс) мəдениетінде Шығыс əуендері, керісінше, Шығыс мəдениетінде Батыс əуендері мен элементтері кездеседі. Бұл орыс жəне басқа еуразиялық мəдениеттің ұқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, угро-финдермен, моңғолдармен тарихи достастық байланыстарымен дəлелденеді.

күйреуге деген əсер болуы мүмкін. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мəдени-философиялық доктрина, адам тіршілігінің əртүрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір тəсілі болар еді. ХХІ ғасырда Еуразиялық идеяның кең де терең мəнге ие болуы да сондықтан. Осыған орай Еуразиялық философия туралы жаңа зерттеулер, оны Батыс пен Шығыс мəдениеттері сұхбаты ауқымында теориялық негіздеу бүгінгі жаһандану заманының өскелең талабы. Батыс философиясы, Шығыс философиясы сияқты Еуразия философиясының

тиіс. Еуразиялықтар акылы мен құлқын «жинақтаушы» деген бір ғана сөзбен білдіретіні жайданжай емес. Жинақтаушылық – кез келген адамға, мейлі ол алыс немесе жақын болсын, əрине егер ол адам табиғатына жат болмаса, халыққа немесе мəдениетке ашықтық дегенді білдіреді. Жинақ таушылық гуманизм мұратымен, ал өзінің ең жоғары деңгейінде жалпыадамзаттық туысқандықпен жəне жалпы планетарлық мəдениетпен түйіседі. Еуразиялық мұрат Шығыс пен Батыс мұраттарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола тұра, оған кереғарлық жа-

өмір сүруі заңды. Сондықтан Еуразиялық идея Еуразия құрлығындағы мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар, көп деңгейлі интеграциялық процестердің қайнар көзі, ендеше, континенттік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы. Қазақстан Республикасы – еура зиялық ел, ендеше, оған еуразиялық идеясы басқаларға қарағанда өте жақын. Еуразиялық идея Еуропа мен Азияны біріктіреді,бірақ олар өзінің философиялық мəні тұрғысында Батыс пен Шығыс деген терең ұғымды біріктіреді. Біздің тəуелсіз мемлекетіміз географиялық тұрғыдан ғана емес, демографиялық жəне мəдени тұрғыдан да Еуропа мен Азия, христиандық пен исламның тарихи əлемі аралығында жатыр. Еуразия кеңістігі бойынша біздің елімізде ғана славяндар мен түркілердің іс жүзіндегі сұхбаты арқылы үйлесімді қатынасы, достығы, ислам мен христиандық арасындағы рухани келісім іске асып отыр. Осының арқасында Еуразиялық экономикалық одақ, Қазақстан, Беларусь, Ресей сияқты үш мемлекеттің Кеден одағы сияқты аймақтық ұйымдар құрылып, жаһандану процесінің зиянды салдарларына тосқауыл қойылуда. Еуразиялық идея дегеніміз, мəдени əртүрліліктің бірлігі. Бірлік дегенді көптүрліліктің ішкі үйлесімді байланысы, бірліктегі көптүрлілік деп түсінеміз. Сондықтан оны көптүрліліктің дамуы ретінде түсінуге болады. Еуразиялық экономикалық одақ жаңа жұмыс орындарын ашуға, Ресеймен бірлескен кəсіпорындар ашуға, өндірілген өнімнің сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ТМД елдері арасындағы өзара əсерге қосымша серпіліс береді. Қазақстан өзінің ұлттық заңдарын еуропалық стандарттарға жақындастырады. Ресейге қажетті еліміздің этносаралық жəне конфессиялық келісімді қамтамасыз етудегі тəжірибесін ескере отырып, Еуразия кеңісті гінде толеранттылық жəне мəдениетаралық сұхбат мəселелері Қазақстанның да басым бағыттарының бірі. Қазақстан мен Ресей арасында өзара бірбірімізге пайдалы істер бар. Мысалы, бізге Ресейдің мемлекеттік-конфессионалдық серіктестік тəжірибесі қызғылықты. Сонымен қатар, екі елге этносаралық қатынастар саласында қызмет атқаратын азаматтық қоғамның институттарының өзара əсері жəне үйлесімділігі құнды. Сол сияқты Еуразиялық ынтымақтастықта, соның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықта аймақтық деңгейде ғана шешімін табатын миграция мəселесі басым бағыттың бірі. Қазақ стан өркениетті миграцияны қолдайды. Беларусь, Қазақстан, Ресей арасындағы біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру шеңберінде көп теген мəселелер шешілу үстінде. Əсіресе, этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделінің халықаралық маңызы зор. Еуразияшылдық дегеніміз – ол ең алдымен бірлік дедік қой. Өз мағынасы, өзінің табиғаты мен мəні жөнінде де ол солай болуы

самайды, онымен бірге қатар тұр. Керісінше, екі мұратты да жандандырып, мəденирухани жағынан біріктіреді. Ол дүниені жаңғырту болып табылады жəне адамды бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Басқаша айтқанда, адамның материалдық-практикалық ісəрекеті рухани-адамгершілік бастамасымен молығады; өз кезегінде адамның руханиадамгершілік тұрғыдан дамуы дүниеден сырт болуды емес, қайта ол нақты іс-əрекетті, болмысты жаңғыртарлық əрекетті талап етеді. Осылайша еуразияшылдық өзінің мəні бойынша адамның дүниеге қатынасының ерекше түрі болып табылады. Ол іскерлікгуманистік қуатына орай шектен шығуды жеңуге жетелейді. Яғни, Батыс пен Шығыстың шек тен шығушылығын жеңуге, сөйтіп, бір жағынан, материалдық-практикалық қызметті, екінші жақтан, құлық тықрухани мəдениетті біріктіруге бағыттайды. Еуразия шыл ды қадамның дүниеге, жаңа өмір формасына қатынасының үшінші мыңжылдық талаптарына толық жауап берерлік жаңа тəсілі. Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық процестерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мəнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Еуразиялық мемлекеттер одағы жөніндегі нақты мұраты туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының ішкі тектік мəдениеті мен құлықтық болмысының жақындығына, славяндар мен турандықтардың іс жүзіндегі туыстығына негізделген. Еуразияшылдық мұраты біздің аумақта геосаяси жəне əлеуметтік-мəдени кеңістік щеңберінде терең интеграциялық процестер басталатын болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылуы мүмкін. Адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық, атлантизм мен континентализм арасындағы теңсіздік аса зор күйреуге, барлық планетаның жойылуына апарып соқтыруы мүмкін. Еуразияшылдықты адамның дүниеге қатынасы түріндегі мəдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің əртүрлі тараптарын үйлестірудің тəсілі болар еді. Қазіргі кезде Қазақстанда еуразиялық мұраттың кең де терең мəнге ие болуы да сондықтан. Қазіргі жаһандану заманында ешқандай мемлекет өз бетінше жалғыз өмір сүре алмайды. Қазақстан да өзінің ұлттық тəуелсіздігін еуразиялық аймақтағы Ресеймен жəне басқа елдермен көпдеңгейлі интеграцияға түсу жəне өзінің ұлттық мүддесін сақтау арқылы ғана орнықты дами алады. Еуразиялық экономикалық одаққа кіру – бұл тəуелсіздікті нығайту мен инновациялық дамудың даңғыл жолы. Сонымен, мемлекеттік тəуелсіздікті тек қана еуразиялық интеграцияны одан əрі өрістету арқылы ғана сақтауға, нығайтуға жəне дамытуға болады.

Еуразиялыќ идея: мəні мен ќўндылыєы Əбдімəлік НЫСАНБАЕВ, ҰҒА академигі.

Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н.Гумилевтің кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас үйлесімділік құрамындағы əрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мəдениеттің негізі «материалдық база» немесе «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият жəне рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді. Осыған орай «еуразия философиясы», «еуразия көп халықты ұлтының философиясы» сияқты жаңа термин енгізу қажет сияқты. Өмірді орнықтырудың сыртқы формасына қарайлаушылық пен мемлекет алдында бас июшілік – бұл Батыстың таңдап алған жолы, ол руханиятты, өзіне тəн мəдениет төлтумалылығын жоққа шығарады. Батысқа деген кірпияздық жəне батыстық центризмді сынау Еуразия қозғалысы өкілдерінің коммунистік Ресейді, марксизм мен большевизмді сынауымен байланысты болды. Олардың пікірінше, Қазан төңкерісі елді толығымен əлемдік өркениеттік даму жолынан шығарып тастап, Батыстың тұйыққа тірелген, рухтан ада жолына апарып тығырыққа тіреді. Алғашқы еуразиялықтар еңбегінде Еуразия доктринасы мəселелерінің барлық – географиялық, тарихи, саяси жəне т.б. қырлары сөз етілгенімен, басты бағыты түпкілікті түрде айқындалған жоқ. «Еуразия» деген ұғымның өзі дүдəмал жағдайда қалды. Ол еуропалықтар үшін Еуропа мен Азияға қатысты дүниенің тұрғысынан біресе «үшінші», біресе азиаттық бастаманың басымдығына байланысты олардың синтезі болды. Көп халықтық еуразиялық суперэтнос өкілдерінің өзіндік этномəдени бірегейлігіне жəне идеологияға кереғар руханиятқа ерекше мəн беретінін ұмыта отырып, еуразияшылдық көбінекөп тоталитарлық идеологиямен теңестірілді. Еуразияшылдық мəселесі өз ішіне географиялық, тарихи, əлеуметтік, геосаяси, этнологиялық, этнопсихологиялық жақтарды, яғни табиғи ортамен, адамның қоғамдық дамуымен жəне оның ішкі рухани əлемімен байланысты нəрсенің бəрін сіңіреді. «Еуразияшылдық» деген сөз «Еуропа» мен «Азияны» біріктіреді, бірақ олар философиялық мəні жағынан «Батыс» пен «Шығыс» деген кең жəне мазмұнды ұғымды білдіреді. Бұлардың мəнін аша отырып, Батыс пен Шығыс өзінің дүниеге қатыстылық қағидасы, яғни дүниедегі көзқарас пен өмірлікпрактикалық бағдарламасы тұрғысынан бір-біріне тікелей қарама-қарсы болып көрінеді. Дүниеге батыстық қатынас жəне одан туындайтын негізгі идея адамды қоршаған дүниенің жетілмегендігін жəне адамның əлеуметтік қажеттіліктеріне толық жауап бермейтінін айқындайды. Демек, дүние одан əрі жақсаруды, қайта құруды, одан əрі толығырақ қалыптастыруды қажет етеді. Басқаша айтқанда, батыстық дүниеге қатынастың басты қағидасы – заттық-практикалық, материалдық іс-қимыл. Оның мақсаты – сыртқы дүниені өзіне барынша

бағындыру жəне оны адамның əлеуметтік иемденуіне жəне үстемдік етуіне қарай бағындыру. Дүниеге шығыстық қатынасты алсақ, ол қарама-қарсы негізге аяқ тірейді жəне түбірінен басқа мақсатқа бағытталған. Шығыс адамы үшін əлем шексіз, сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді. Материалдық-тəндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рух ани жанды нəрсе бола тұрып, адам өзінің физикалық шектелуін жəне нəпсісін жеңіп шығуы жəне таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-əрекет. Егер Батыстың ұраны: «Сыртқы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт» десе, Шығыстың ұраны: «Өзіңді өзің танып, соның негізінде санаңды қайта өзгерт». Ал Еуразияның ұраны: «Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу». Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам бол!», рухани-адамгершілік жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастырған толыққанды адам бол! Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еуразия құрлығында ең шешуші суперэтностар – славян жəне тұран (түркі тілдес) халықтарының кейінгі ұрпаққа қалдырған бай философиялық мұралары бар, олардың жиынтығын Еуразия философия сы деуге əбден болады. Сон дықтан Еуразия философиясында тұрандықтар мен славяндардың философиялық дəстүрлері арасындағы сұхбат үдерісі өте қажет. Осының нəтижесінде Еуразия континентінде мемлекет аралық, ұлтаралық жəне конфессияаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік, ендеше еуразиялық рухани келісім қалыптасуда. Қазір ХХ ғасырдағы тəжірибемен байыған Еуразия идеясы оның алғашқы даму кезеңіне қарағанда да көкейкесті болып отыр. Бүгінгі күнгі жаһандану зама нында тұрақтылық пен қауіп сіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия континенті мемлекеттерінің дүниеге деген қатынасы мен интеграциясы іспетті аса тарихи қажеттілікке айналуда. Егер алғашқы еуразияшылдық Ресей империясының күйреуіне жауап ретінде болса, қазіргі еуразияшылдық КСРО-ның ыдырауы, сондай-ақ болашақта орын алуы мүмкін əлеуметтік-саяси

АЛМАТЫ.

Ќосымша мїмкіндіктер береді Бауыржан ЕДІЛБАЕВ,

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУдың Ақпараттықаналитикалық орталығының директоры.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистралдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мəнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр» деп атап өткен болатын. Расымен де, Елбасы атап өткендей, теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығына қарамастан, Қазақстанда жол қатынасының маңыздылығы зор екені аңғарылады. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ өнеркəсіптік қауымдастыққа жаңа жағдай жасауда. ЕАЭО Қазақстан үшін тасымалдау инфрақұрылымына кіру мүмкіндігін ашу арқылы құрлықтық тұйықталудан шығуды ұсынады. Еуразиялық экономикалық одақ пен бірлесу үдерісіне арналған

дөңгелек үстелде құрлықтық тұйықталу мəселелері талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар кездесуін Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Экономика институты ұйымдастырды. Мамандар бұл бірлесудегі Қазақстанның ұлттық қызығушылығын жəне ұлттық экономикалық мүдделердің басымдылығын қарастырды. ҚазҰТУ ректоры академик Жексенбек Əділов сөзі барысында ЕАЭО ұйымдастырушыларының қойған басты мақсаттары бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, экономиканың дамуын қамтамасыз ету, (экономикалық жəне геосаясаттық қызығушылық бағытында) қатысушы елдердің серіктестігінің жаңа заңнамалық базасын құру арқылы қарымқатынастың жаңа деңгейіне ауысуы екеніне тоқталды. «Президентіміз Н. Назарбаев атап өткендей, ЕАЭОның басты міндетінің бірі əлемнің негізгі экономикалық макроаймағы болу, еуразиялық бірлесу əр қатысушы елдің əлемнің дамыған елдер қатарына кіруін қамтамасыз етуі керек», – деді ол. Мамандар тең құқықтық пен іс жүзінде пайдалы нəтиже беретін Одақ болашақта еліміздің экономикалық деңгейін көтереді деп есептейді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы төрт жылда үш ел арасындағы тауар айналымы едəуір өсіп, 24 млрд. долларды құрады. Тауар айналымының өсуі (яғни, өнеркəсіптің кеңеюі) еліміздің нарығы мен өндіріс деңгейінде жаңа идеялар арқылы

экономикамыздың деңгейін көтереді. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ транзакциялық шығынды төмендету мен бизнесті дамытуға бағытталған айналым қаражатын қысқарту арқылы Қазақстан бизнесі үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Еуразиялық бірлестік Қазақстан мен ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бəріне маңызды экономикалық серпін берді. Бұл серпін сауда-экономика саласында үш ел арасындағы бизнестік белсенді əріптестікке себепкер болды. Сонымен қатар, əлемдегі өзге елдер ЕАЭО шеңберіндегі бірлестікке қызығушылық танытуда. Ғалымдар ынтымақтастық жалпыға ортақ мəселелерді шеше отырып, халықтың əл-ауқатының жақсаруына, əлеумет тікэкономикалық даму дың тұрақтылығына жəне ғаламдық экономика шеңберінде ұлттың бəсекеге қабілеттілігін нығайтуға жағдай жасайды деп пайымдайды. Олардың ойынша, бірлесу ЕАЭО қатысушы елдердің дамуындағы маңызды кезең, саяси тəуелсіздіктің тұрақтылығына негізделген маңызды бағыт болып табылады.

Алтай ґлкесініѕ негізгі серіктесі – Шыєыс Ќазаќстан Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне қарасты Рубцовск қаласы əкімшілігінің басшысы Владимир Ларионов пен Семей қаласының əкімі Айбек Кəрімов өзара əріптестік жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл ынтымақтастыққа негіз болған наурыз айындағы аймақ басшыларының жүздесуі болатын. Осыған орай Ресейден ат арылтып келген қонақтар Семейдегі ірі кəсіпорындар, мəдени мекемелер, спорттық нысандарды аралап көрді. «Семей тері-мех комбинаты», «Силикат» , «СемАЗ» жəне «Daewoo Bus Kazakhstan», «Семей цемент зауыты» кəсіпорындарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. «Өлімнен де күшті» монументі мен спорттық кешен, Невзоровтар отбасы мұражайында да болған қонақтар қаланың дамып келе жатқан тыныстіршілігіне деген ризашылықтарын да жасырмады. – Біз бүгін қала өмірі үшін аса маңызды жаңалықтың куəсі болып отырмыз, –деді Рубцовск қаласының басшысы Владимир Ларионов. – Осы келісімдер арқылы енді екі қаланың экономикасына, мəдениетіне инвестициялар құйылады. Бұл мемлекетаралық болашағы зор ынтымақтастық. Қазақстанға сапарымыз көңілімізден шықты. Алтай өлкесінің ең басты əріптесі – Шығыс Қазақстан. Алдағы уақытта Семейдің

дəрігерлері, мұғалімдері жəне тағы басқа мамандық иелері Рубцовскіге келіп, жастар достасып, араласқұраласымыз нығая түседі деп ойлаймыз. Цемент зауытында болған кезде, Еуразиялық экономикалық одақ бағдарламасы бойынша жұмыс істеуіміз қажет екендігін бірден түсіндік. Цементті тиімді бағада тез жеткізетін сіздерден жақын өңір жоқ. Бұл Ресейдегі құрылыс саласының қарқын алуына ықпал етер еді. – Келісімде кəсіпкерлік саласына ерекше маңыз берілді, – деді қала əкімі Айбек Кəрімов. – Бұл біздің алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстарымыздың бастамасы. Өндірістік техника, технологиялық бағыттар бойынша ғылым жəне экономика саласын нығайтамыз. Бүгінде əлем алға жылжыды, жаңалықтар, жаңаша технологиялар аса қажет. Семейдегі автобус, трактор шығаратын зауыттың өнімдерін сатып алуға əзірміз, деді ресейліктер. Өнімдері дамыған 5 елдің жоғары технологиясын іске қосу арқылы шығарылатын сапалы дүниелер екен, бұған Ресей де құрамдас бөліктерін жеткізетіндігін көргенде риза болдық. СЕМЕЙ.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.


4

www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

 Алқалы жиында айтылған жай

Елордалыќ білім сапасы ел назарында

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Египетте 33 адам ќаза тапты Синай түбегінде екі автобус соғысып, біреуінің аударылып қалуы салдарынан 33 адам көз жұмып, тағы 40 жолаушы əртүрлі дене жарақаттарын алған. Жол апаты түн ауа Шарм-эл-Шейх шипажайының оңтүстігіндегі жолдың 50 шақырымында болған. Қаза тапқандар жайлы əлі толық ақпарат жоқ, ал жарақат алғандардың арасында Ресей, Сауд Арабиясы жəне Йемен елдерінің азаматтары бар делінуде. Соқтығысып қалған автобустардың бірінде шипажайда демалыстарын өткізіп келе жатқан туристер болыпты. Жапа шеккендер халықаралық Шарм-эл-Шейх ауруханасына жеткізілген.

Тїркияда жаѕа кандидат аныќталды Түркияның 55 жастағы сыртқы істер министрі Ахмет Дауытоғлы биліктегі Əділеттілік жəне даму партиясының атынан елдің премьер-министрі лауазымына кандидат болып тіркелді. Мұндай шешім Анкарада өткен партияның орталық атқару комитетінің отырысында қабылданып отыр.

Қазіргі үкімет басшысы Тайып Ердоған үстіміздегі жылдың 10 тамызында ел тарихында алғаш рет өткізілген тікелей президент сайлауында (1923 жылдан бергі) жеңіске жеткен болатын. Енді Ердоған президент лауазымына кірісетін 28 тамыздан кейін ғана жаңа премьерді тағайындай алады. Бұл жерде Дауытоғлының 2009 жылы осы ел сыртқы саясат ведомствосын басқарып, «Көршілермен нөл проблема» деген доктринаны əзірлегенін атай кеткен жөн.

Мўнай баєасы тґмендеп келеді

Қазіргі таңда мұнай сату ұсыныстары артуымен оның бағасы біртіндеп түсе бастады. Brent мұнайы 0,12-ге арзандап, барреліне 102,51 долларға дейін кеміді. Ал WTI деген баға 0,14-ке төмендеп, барреліне 93,82 долларға дейін азайған. Алдыңғысы бір аптада арзандаса, екіншісінің төмендеп жатқанына екінші апта.

Бұрнағы күні Конгресс-Холл сарайында Астана қаласы мұғалімдерінің дəстүрлі тамыз кеңесі болып өтті. Ұстаздар қауымының айтулы басқосуына қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Парламент жəне қалалық мəслихат депутаттары, елордадағы жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның жəне жеке тұлғалардың тұрақты дамуының факторы» деген ортақ тақырыппен өткен биылғы тамыз кеңесінде қалалық білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева баяндама жасады. «Алдағы оқу жылының тақырыбы – білім берудің инновациялық стратегиясы. Инновация деген сапалы өсуді қамтамасыз ететін жаңалық екені белгілі. Инновацияның жарқын мысалы мектеп түлегімен құрдас Қазақстанның тарихи картасында пайда болған жаңа елорда – Астана қаласы болып табылады», деп бастады өз сөзін баяндамашы. 2013-2014 оқу жылында қалалық білім беру жүйесін қаржыландыру мəселесі 100 пайыз шешімін тапты. Аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балаларды тегін тамақтандыру мəселесі де толық шешілді. Биылғы жылғы ҰБТ қорытындысында түлектердің білім дəрежесінің көрсеткіші бұрынғы 81 пайыздан 87 пайызға дейін артты. 94 мектеп бітіруші «Алтын белгі» дəрежелерін толық қуаттап шықты. Қала мектептерінде жылдан-жылға білім сапасының тұрақты түрде өсу бағыты айқындалып келеді. Бүгінде Астана қаласының білім беру саласында 11866 педагог еңбек етеді, деді одан əрі баяндамашы. Олардың 84 пайызы жоғары білімді. Қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінде 5873 мұғалім еңбек етеді. Алайда, олардың тек 29 пайызының ғана жоғарғы санаты бар. Қалалық білім беру басқармасы жас мамандарға əлеуметтік көмек көрсетуге үнемі басымдық беріп келеді. 2013-2014 оқу жылында қалалық білім беру саласына жұмысқа қабылданған 714 маманның 178-і жас мамандар болып табылады. Одан əрі баяндамашы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру мəселесіне

тоқталды. «Мұғалімдерді 4 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу де, 5 жылда бір рет аттестаттаудан өткізу де тиімсіз. Финляндияда мұғалімдерді қайта даярлау жарты жылда бір рет жүргізіледі. Бүгінде нақ осы пəндер бойынша сабақ беретін мұғалімдерді жүйелі қайта даярлауға серпін керек. Олардың деңгейіне қойылатын талаптар жүйесі аса маңызды. Мұғалімдерді аттестаттау тəсілдерін өзгерту қажет», – деп атап көрсетті ол. Астана қаласы ұстаздарының дəстүрлі тамыз конференциясында қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, қалалық білім беру жүйесі мамандарының алдында тұрған келелі проблемалар мен шешімін күткен міндеттерге тоқталды. Ол өз сөзінде еліміздің білім беру жүйесінде орын алған кейбір проблемаларды ғылыми тұрғыда талдап, бұл көкейкесті мəселелердің алдын алудың нақты шаралары туралы ой бөлісті. ХХІ ғасыр – бұл қазірдің өзінде қиялдағы «болашақ» емес. Ол көптен бері өзінің күшіне енді. Сондықтан біздің мынан дай сұрақтар төңірегінде ойланатындығымыз заңды: біз қандай жағдайға тап болдық. Біз қалай өзгердік? Таяу болашақта біз қалай өзгереміз? Əрине, бірінші кезекте өскелең ұрпақтың болашақ даму жолы қалай болмақ? Бүгінде қарқынды дамыған технология, ақпараттар тасқыны, оның кең көлемдегі қолжетімділігі мемлекеттің жағдайына, экономикалық жүйеге, қаржы рыногы мен азаматтық қоғамның ахуалы на баламасыз ықпал етеді. Бізді қоршаған осынау ортадағы қарқынды даму барысында бірденбір жетістікке жетудің кепілі білім жəне дүниетаным болды жəне болып қалмақ. Жылдам өзгеріп отырған осынау əлемде білім беру үрдісінің орталық негізі бұрынғысынша Мұғалім болып қалмақ. Бүгінгі заманның мұғалімі, жаңа заманның педагогы... Ол қандай болуы керек? Ол өзі нені оқып білуі керек жəне балаларды

қалай оқытуы керек? Сонымен бірге ол бүгінгі жекелеген емес, жаһандық белгісіздіктер белең алған уақытта қандай қимыл көрсетуі керек? Бүгінгі ақпараттық технологияның мақсатты түрдегі ықпал етуі жағдайында ол моральдық құндылықтарды, əсіресе, өскелең ұрпақтың бойындағы моральдық құндылықтарды қалыптастыруға да, сонымен бірге оны түбірімен күйретуге де қабілетті. Қарапайым тілмен айтқанда бұл «санаға келтіру» («промывание мозгов») технологиясы деп аталады. Яғни қоғам үшін қажетті емес, тіпті жалған кінəраттардың өзі психологиялық əсерлердің үдемелі үрдісі салдарынан қалыпты ахуал ретінде қабылданып кетеді. Осындай технологиялардың бірі «Окно Овертона» деген атқа ие болған. Америкалық социолог Джозеф Овертон 1990 жылы бұрын мүлде жабық болып келген мəселелерге деген қоғамдық қатынастың өзгеру технологиясын белгілеп, жазып шыққан. Овертон бірқатар уақыт бойы БАҚ көмегімен қоғамдық пікірге айла-шарғы жасау арқылы белгілі технологияларды үнемі қолдана отырып, кез келген қоғамға мүлде қажет емес құбылыстарды байқаусыз түрде жалпыға бірдей қалыпты жағдай ретінде, тіпті заңмен бекітуге дейінгі дəрежеге жеткізуге болатындығын дəлелдеп берді, деп тұжырымдады осы ретте өз пікірін Иманғали Тасмағамбетов. Бұл феномен адамзатқа жат идеяларды жəне қоғамдық негіздегі келеңсіз қылықтарды өмірлік тəжірибеге енгізу механизмін айқындайды, деді одан əрі қала əкімі. Ол былай жұмыс істейді: ең бастапқы кезеңде көпшілікке жат сезімдегі құбылыстар талқылауға ұсынылатын тақырып ретінде алынады. Бұл үрдіс сөз бостандығы жəне ой бостандығы немесе ұлт мүддесі деген желеулермен бүркемеленеді. Біраз уақыттан соң өз кезегіндегі біраз «талқыдан» өткеннен кейін адамдардың санасы бұл құбылысты қажетті жəне қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастайды. Ең соңында, бұл үрдіс аталмыш кінəратты құбылысты қоғамдық дүниетаным ның қалыпты нормасы жəне заңдылығы ретінде бекітумен аяқталады. Қорытындысында қоғам бір кезде мүлде санаға жат

кінəратты құбылыстарды бекітетін жəне қорғайтын жаңа жүйелерді, жаңа заңдарды қабылдауға мəжбүр болады. Бұл ретте сұрапыл соғысқа жəне концлагерьлерге ұрындырған фашизмнің туындауын еске алсақ та жеткілікті. Иманғали Тасмағамбетов қалалық білім беру саласының материалдық-техникалық базасын жетілдіру мəселесіне ерекше басымдық бере отырып, тілге тиек етті. Оның айтуынша, жыл сайын елордамызға 40 мыңнан 60 мыңға дейін халық келіп қоныстанады екен. Бұл өз кезегінде жалпы білім беретін мектептерге үлкен салмақ түсіреді. Осының салдарынан соңғы 2 жыл ішінде қаламызда 3 ауысымды оқыту жүйесі негізіндегі проблема пайда болды. Елорданы одан əрі дамыту мəселесіне арналған биылғы кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл проблеманы түбегейлі шешу туралы тапсырма берді. Қазір қаламызда 5 мектеп 3 ауысымды оқыту режімі бойынша жұмыс істейді. Елбасының тапсырмасын іс жүзіне асыру мəселесі қолға алынды. Үстіміздегі жылы жаңадан пайдалануға берілетін 11 жаңа мектептің арқасында 3 ауысыммен оқытатын 3 мектептің проблемасы шешімін табады. Ал 2015 жылы пайдалануға берілетін 9 жаңа мектептің арқасында 3 ауысыммен оқитын қалған 2 мектептің проблемасы шешіледі. Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы еліміздегі орта арнаулы білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше басымдық берді. Қазіргі таңда қаламызда 12 мемлекеттік орта арнаулы білім беретін оқу орындары жұмыс істейді. Олардың жартысы өндіріс саласы үшін техникалық мамандар даярлауға бағытталған. Экономикамыздың дамуына байланысты техникалық сала мамандарының жетіспеушілігі өзекті мəселе болып отыр. Осыған байланысты 2017 жылға дейін елордада тағы да 4 жаңа колледж пайдалануға беріледі. Оның екеуі əрқайсысы 800 орындық құрылыс колледжі, біреуі 800 орындық энергетика колледжі жəне біреуі 1200 орындық техникалық колледж болмақ.

Қаламызда орын алған тағы да бір келелі мəселе, балаларға мектеп жасына дейінгі тəрбие беру саласы болып табылады. Қазір қаладағы балабақшаларда 33 мыңнан астам бүлдіршін тəрбиеленуде. Оған қоса 2012 жылға дейін туған 40 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. 2020 жылға дейін қаладағы балабақша проблемасын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 100 жаңа мектеп жасына дейінгі балалар мекемесін пайдалануға беру көзделініп отыр. Сонымен бірге, қаламызда мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бүлдіршіндерді тəрбиелеу мəселесінде орын алған келеңсіздіктер де жетер лік. Сондықтан, келесі жылы өтетін дəстүрлі тамыз конференциясының тақырыбын балабақшадағы тəрбие беруді жетілдіру мəселесіне арнауды ұсынамын, деді əкім. Қалалық білім беру саласында қол жеткізген жетістіктер де баршылық. Бұл табыстарға өз ісіне шынайы берілген жоғары дəрежелі кəсіби ұстаздардың шынайы еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Бар өмірін бала тəрбиесіне арнаған нағыз ұстаздар Астана қаласының мектептерінде баршылық. Солардың ішінде аса күрделі де құрметті, қиын да зейнетті ұстаздық мамандықта зор жетістіктерге жеткен бірқатар біздің əріптестеріміздің есімін ерекше атап өткім келеді. Олар Майра Ташенова – №60 мектеп-лицейдің химия пəнінің мұғалімі, Алма Тұрғамбекова – №62 мектеп-лицейдің жағрафия пəнінің мұғалімі, Татьяна Анисифорова – №6 мектепгимназияның математика мұғалімі, Гүлшара Дүйсенова – №38 мектеп-лицейдің физика пəнінің мұғалімі, Гүлнəр Қасенова – №54 мектеплицей дің математика пəнінің мұғалімі, Айжан Елмұрзаева – №66 мектеп-лицейдің биология пəнінің мұғалімі. КонгрессХолл сарайында өткен елорда мұғалімдерінің тамыз кеңесінде баяндама жасаушылар жəне баяндамаларды талқылауға қатысқан шешендер алдағы жаңа оқу жылында күн тəртібінде белгіленген білім берудің жаңа инновациялық стратегиясына сай жұмыс атқаруға құлшыныс білдірді.

Жаѕа есімдермен толыєа тїсті «Егемен Қазақстан».

Облыстық мəслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар облыстың бес тұрғынына «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағын беруге дауыс берді. Олардың барлығы да облыс жұртшылығына, одан да тыс жерлерге танымал адамдар. Қазақстанның Еңбек Ері, ғалым-агроном,

Қысқа қайырып айтқанда: Жапонияның өз күшімен өзін-өзі қорғау əскери-əуе күштерінің шабуылдаушы ұшақтары ресейлік ТУ-95 бомбалаушыұшақтарының ел шекарасына жақындап келуіне байланысты дабыл арқылы көкке көтерілген. Ресейлік ұшақтар Жапония əуе кеңістігін бұзбай, бұрылып кете барған. Ресейдің жəне Қытайдың қорғаныс министрліктері үстіміздегі жылдың тамызында «Шығыс-2014» жəне қыркүйегінде Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде «Бейбітшілік миссиясы» деген атаулармен кең көлемдегі оқу-жаттығуларын өткізбек. Израильдің күштік құрылымдары Газа секторындағы операцияны жалғастыру үшін əскерге тағы 10 мың резервисті шақырады. Қазір қатарда 25 мың резервист бар. Бұған жауап ретінде Хамас қозғалысы израильдік халықаралық Бен-Гурион əуежайын зымырандармен атқылайтындығын ескертіп те үлгерді. Əлемге əйгілі əнші Шакираның Loca деген əні доминикандық Рамон Ариас Васкестің композициясынан көшіріп алынғаны белгілі болды. Енді сот шағым түсіруші Mayimba Music компаниясына төленіп беруі тиіс өтемақының көлемін анықтайды. Өйткені, əн бірнеше миллион көшірмемен тарағаны белгілі.

Аргентина ќарыздан ќиналуда Америкалық сот Аргентинаның қарыздан шығу жоспарын заңсыз деп тапқан. Осы елдің билігі əлі қарызы өтелмеген облигацияларды жергілікті банк шығарған құнды қағаздарға айырбастап алуға рұқсат бермек болған екен. Осылайша елді «техникалық дефолтқа» жеткізбеудің амалы қарастырылыпты. Еске сала кетсек, 20012002 жылдары орын алған дефолт кезінде хедж-қорлар аргентиналық бондтарды өте төмен бағамен сатып алса, АҚШ Жоғарғы соты Аргентинаға осы ақшаны төлеп беруін талап еткені белгілі. Қазір үстемақысын қоса алғанда, оның көлемі 1,3 миллиард АҚШ доллары. Ел экономикадағы қиыншылықтарға иек артқан Аргентина барлығын бір демде төлеп бере алмайтындықтарын алға тартуда.

Туристер їшін арзандатуєа дайын Италияның кейбір шипажайлары табиғаттың қолайсыз жағдайларын қаперге ала отырып, бұрын брондалған нөмірлердің жарты ақшасын қайтарып бере бастаған. Бұл елдің қонақүй иелері ауа райы қолайсыздығын сақтандыруды да ұсынып отыр. Осылайша ауа райының қолайсыздығынан сақтандыру елдің əр аймағында 10-нан 50 пайызға дейін баратыны белгілі болды. Мұндай шараға барудың астарында биыл Тоскана мен Лацио, Лигурия, Фриули-Венеция-Джулия жəне Венето өңірлерінде жаңбырдың мол болуы жатыр. Найзағай, бұршақ жəне тіпті құйынның ұйытқуы салдарынан көптеген жергілікті жəне шетелдік туристердің қатары сейіле бастапты.

Жаѕа операциялыќ жїйе

 Өңір өмірі

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

Бұған басты себеп АҚШ соңғы 28 жыл ішінде алғаш рет мұнай көлемін мол өндірсе, ОПЕК бұл іске шілдеде кірісіп кеткен-ді. Одан қалса Ливия қара алтын өндіруді тəулігіне 100000 баррелден 612000 баррелге дейін жеткізіп, Эс-Сидер порты арқылы танкерлермен экспортқа жөнелте бастаған. Ирак өз аумағында орын алған соғысқа қарамастан, экспорт көлемін ұлғайтып келеді. Күрдістан да Түркия арқылы мұнай сатуға көшкен.

Қостанай ауылшаруашылық ғылымизерттеу институтының директоры Валентин Двуреченскийді, белгілі шаруашылық ұйымдастырушы, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қарқын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сайран Бұқановты кім білмейді. Олардың жүзеге асырып жатқан озық технологиясын, қиын жылдары шаруашылықты таратпай, адамдардың босып көшуіне жол бермей ауылды ұстап қалған ісі облыс жұртшылығы үшін аңызға

айналған. «Қостанай облысының құрметті азаматы» кітабына енгендердің қатарында кен алыбы «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамының президенті Мұхамеджан Тұрдахұнов, мемлекеттік қызмет саласының ардагері, қоғам қайраткері Петр Черныш, ардагер кенші, «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» ардагерлер кеңесінің төрағасы Əлсабыр Дəрменбаев та бар. Еліміздің гүлденуіне үлес қосқан олардың əрқайсысы

туралы келісті əңгіме айтуға болады. Облыстық мəслихат бұл атақты өткен жылы бекіткен болатын. Алтындалған кітаптың алғашқы бетіне даңғайыр механизатор, қазақтың аты аңызға айналған əйгілі қызы Кəмшат Дөненбаеваның, атақты теміржолшы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бертран Рубинштейннің, Торғай даласынан шыққан академик Кенжеғали Сағадиевтің есімі жазылған болатын. Міне, енді кітап жаңа есімдермен толықты. Бұлардың барлығы да – Қостанай өңірінің мақтанышы, халқымыздың байлығы. ҚОСТАНАЙ.

Жаңа Windows 9 операциялық жүйесінің таныстырылымы үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде Threshold кодтық атауымен орын алады деп күтілуде. Microsoft компаниясы сол кезде операциялық жүйенің жаңа мүмкіндіктерін паш ететін болады. Негізінен Threshold жобасын Windows-тың кезекті жаңартылуы деп қарастыруға болар. Өйткені, 2015 жылдың көктемінде ол Windows 9 деген атаумен шыға бастайтын болады. 2012 жылдың күзінде шыққан Windows 8 операциялық жүйесі сенсорлық экраны бар компьютерлерге арналса, жаңасы басқаруға барынша ыңғайлы етіп жасалмақшы. Бұл кезде Windows 7 операциялық жүйесіне базалық қолдау тоқтатылады. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

5

 Өнеге өрнектері Бұл естелік-эссені бұдан кем дегенде бес жыл бұрын жазуым керек еді. Жазуға тиісті едім. Ойда жүрсе де, орайы келмеді. Енді жазылды. Ұстазым бұл жазбаны көре алмады. Өкінішті... *** 1969 жылғы шілде айының басында орта мектепті бітіргенім туралы ақжолтай аттестат қолыма тиді. Бұл мен үшін əрі қуанышты, əрі қимас сезімге толы шақ еді. Он жыл бірге оқып, құлын-тайдай тебіскен достармен қоштасып, ендігі өмір жолымен жан-жаққа ұшқан құстардай самғап кете бермекпіз. Бəріміз, кластас ұлдар, туған ауылымыз – Ақкиізтоғайдың шығыс беткейін жанамалай ағатын Жем өзенінің өзіміз суына түсіп, құмына аунап үйренген жағалауына келіп, сырласып отырмыз. Біріміз Алматыға, біріміз Жамбылға, біріміз Атырауға, біріміз Ақтөбеге оқуға кетпекпіз. Ауылда қалып, еңбек жолын бастаймыз деген достарымыз да бар. Төрт шыны шарабымыз бар еді, соның үшеуін бөліп ішіп, біреуін сол жерде құмға көміп, белгі қалдырдық. Содан кім екені есімде жоқ: «Бəріміз бір-бірімізбен күресіп шығалық, кім жеңер екен?» деген қызық ұсыныс болды. Он бес ұл күресті бастап кеттік. Күреске түспейтін Аманғали досымыз төреші болып, кім жеңгенін дауыстап айтып тұратын болды. Мақтанғаным емес, жақсы күрестім. Аманғали: «Сен оқуға түседі екенсің», деп сəуегей-бата жасады. Күрестен соң бір-бірімізбен құшақтасып, қимай айырылысып, ауылға бет алдық. Ешкім үндемейді, əркім өз ойымен əуре. Жан-жаққа тарар алдында енді он жылдан соң осы жерге келіп, көміп кеткен шарабымызды тауып, бірге дəм тататын болып келістік. Өмір жолы біздерді жан-жаққа бөліп əкете барды. Сол жолдардың бірі мені ұстазбен ұшырастырды. *** – Қане, кім кіреді алғашқы топқа, бес бала кірсін, – деп бір апай ауызша емтиханға кірер жерде үрпиісіп тұрған біздерге қарап əмір бере дауыстады. «Қане, бол, тездетіңдер», деп асықтырып барады. Ұлдар шегіншектеп, батылсыздау қимылдаған төрт қыз алға шықты. Бесінші болып кіруге мен қозғалдым. Ойлаған қулығым да бар, төрт қызға жиырма минуттан уақыт берілсе, маған бір сағаттай мерзім тимек. Дайындалуға жақсы мүмкіндік деп ойладым да, есікке жақындадым. – «Тоқта, тоқтай тұр» деген дауыс естілді. Қарасам жасы отыздарға иек артқан, (шашы сирей бастаған соң, маған солай көрінді), арқасында жасыл дорбасы бар бір жігіт маған қарай қолын сермеп, шауып келеді екен. Танымаймын, бірінші рет көруім. (Сол адам маған əлі жұмбақ). Қасыма ентіге жетіп: «Асықпа, кіргесін билетті бесінші болып суыр жəне оң жақтан санағанда бесінші билетті ал. Сонда бес аласың», деді ол маған қамқор үнмен жылыұшырай қарап. Не жауап айтқаным есімде жоқ, кіріп кеттім. Бірақ əлгі бейтаныс адам айтқандай, бесінші болып, оң жақтан бесінші жатқан билетті суырдым. Шапшаң көз жүгіртсем, алғашқы екі сұрағы ауызша екен де, қалған екеуі қазақ тілінен болып шықты. Төрт сұрақ. Айналама енді көз салдым. Тақтаның алдында екі адам отыр. Бірі қара көзілдірік тағып, қара костюм киіп, галстугін тастай байлаған орта жастан асқан кісі. Оң қолында темекісі, будақтатып тартып отыр. Түнерген түріне қарап, қатал мұғалім-ау деп ойлап үлгердім. Екіншісі көзі жалт-жұлт еткен, шапшаң қозғалып, тез сөйлейтін, жаздық қысқа жең сары ала жейде киген жас жігіт. Айналасына жіті көз тастап қояды. – Көзілдірік, билет ал да, ана партаға отыр, – деп орта тұстағы бір партаны меңзеді. (Мен мектептен көзілдірік киюші едім). Билетіме қарасам, бірінші сұрағым «Абайдың поэмалары» екен. Есімді енді жидым, сөйтсем жазатын қағаз да, қалам да алмаппын. Барлығы есік алдында қағаз қоржынымызды қақшып алған сақшыда қалыпты. Абыржып, шекемнен тер шығып кетті. Ойланып отырмын. Қиналғандікі болар, Абайдың үш поэмасының екеуінің аты есімде, біреуі есіме түсер емес. Шекеден тер одан əрі кетті. Қас қылғанда сеніп кірген төрт қызымның біріншісі жауап бере алмай, жылап шығып кетіп еді, қалған үшеуі де бір-бірінің жолын қуып, жылап шығып жатты. Тер одан сайын кетті. Осы кезде аудиторияға бір аппақ кісі кіріп келе жатты. Ақ костюм, аппақ көйлек, ақшыл галстук, ақ туфли, басында ақ шетен қалпақ, қолында сəнді таяқ. Тек қолындағысы қызылқоңыр портфель. «Сендер сынды тым қатал алып жатырсыңдар ғой, əлгі балалар жылап кетті», деді ол мұндағы екі кісіге қарап, даусын баппен созып. Сосын кеудесін шалқақ ұстаған күйі сырбаз қимылмен маған қарай бұрылды. – Қарағым, қағаз-қаламың қайда? – деді ақырын сөйлеп. – Есік алдында ұмытып кетіппін, – дедім қысыла үн қатып. Əлгі аппақ кісі портфелін асықпай ашты, одан екі-үш аппақ қағаз, төс қалтасынан қалам алып: «Мə, қарағым, ала ғой, менің қолым жеңіл», деді қамқор үнмен. Көңілім босап кеткендей болды. Бірақ Абайдың поэмасының аты есіме түспей отырғанын ойлап, дереу қайта қатайдым. Ғайыптан кірген аппақ кісі өзіне тəн сəнмен асықпай басып, аудиториядан шығып бара жатты. (Бұл кісі белгілі ұстаз, ғылым докторы, профессор, мінезі мен əңгімесі студенттердің талай толқынына таусылмас «жыр» болған

Белгібай Шалабаев екенін кейін, студент кезімде білдім). – Əй, көзілдірік, кел, отыр мұнда, – деді шалт қимылды жас жігіт. Кібіртіктеп, алдына келдім. Қара көзілдірікті кісі темекісін əлі будақтатып отыр. Бізбен шаруасы жоқ секілді. – Ал, Абайдың «Əзімнің əңгімесі» деген дастанынан басқа тағы қандай поэмалары бар, аттары қалай, баста, – деді ол. Менің ұмытып отырған поэмам осы болатын. Қалған екеуін жақсы білем, сайрай жөнелдім. – Жə, болды, «Ескендірден» үзінді оқы, – деді жауабымды шорт үзіп. Оқи жөнелдім. Тағы тоқтатты. Бірақ манағы реңі жылып келе жатқандай болды. Екінші сұрағыңа көш, деді сəл жымиып. Тағы да сайрай жөнелдім. Тоқтатты. Сауалы қысқа, нақ-нақ. – Қайдан келдің? – Ақкиізтоғайдан. – Ол қайда? – Алыста. – Менің жауабыма мəз болып күлді. Сол кезде түсініп: «Гурьев облысында», дедім. – Мұнда неге келдің? – Ақын болғым келеді. – Онан сайын мəз болды. – Қане, өлеңің бар ма, оқы. – Оқыдым. – Тағы бар ма, оқы. – Оқыдым. – Мəке, мына баланың жауабына қанағаттандым, ақын болатын секілді. Сіздің қояр сұрағыңыз бар ма? Мен осы балаға бес қойғым келіп отыр. Қара кісі темекісінің түтінін бір бұрқ еткізіп: «Менің сұрағым жоқ, қоям десең қоя бер», деді түнере сөйлеп. Сынақ қағазыма бес деген бағаны қойып, қолын

ДƏН Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

түсіріп, қасындағы кісіге ұсынып еді, ол да қисая отырып, қолын сырғытып қоя салды. Кейін білдік қой, бұл ағай сол кездегі доцент, кейін профессор болған ғылым докторы, мінезі ауыр ұстазымыз Мархабат Томанов екен. Шығып бара жатырмын. – Əй, көзілдірік, ауыл балалары алған бағасын жуып, арақ ішіп кетеді. Сен олай жасама, дұрыстап дайындал, күзде сені аудиториядан көретін болайын, – деді ол мені есік алдында тоқтатып. Басымды изедім. Ағамдай қамқор, əкемдей пейіл білдірген ұстаздың сөзі есімнен шыққан жоқ, барынша дайындалдым. Сəтін салып, оқуға түстім. Оқуға түскесін, онымды ауылға телеграмма салып хабарлағаным да бір қызық. Бас поштаның алдында не жазамын деп қиналып тұрғанымда, (ол кезде барлық жедел хат-хабар орысша жолданады ғой) бір ағай келіп: «Поступил в КазГУ», деп жазып берді. Ол телеграмманы оқып берген көрші апамыз: «Балаңыз қазақ училищесіне» оқуға түсіпті деп ата-анамнан сүйінші сұрап, көйлек киіпті. Оқуға түскесін Талдықорған облысындағы Жаркент өңірінде жүгері жинап, қара күзде Алматыға оралдық. Бір күні аудиториямызға баяғы ағамыз кіріп келе жатты. Əуелі өзін таныстырды, пəннің атын айтты. «Сендерге əдебиет теориясынан сабақ беремін, атым Рымғали, фамилиям Нұрғалиев», деді ол курс журналын ашып жатып. «Қане, танысалық», деп біздерді түгендей бастады. Менің фамилиям аталып, орнымнан тұрғанда: «Ə, түскен екенсің ғой, құтты болсын», деп маған ескі таныстарындай жылы жүзбен қарағанда, едəуір арқаланып, курстастарым қызыға қарап қалды. Сол күннен бастап біздің Рымғалитану сабағымыз да басталды. Білімді, білікті, шешен, өткір, байламды, кесімді, тапқыр, теңеушіл, талғампаз, тарпаң, сыншыл, сыршыл, жаңашыл, жарқын, ұғымпаз, ізденімпаз, аудиторияны ақылымен аузына қаратқан Рекең – Рымғали Нұрғалиұлы біздің курстың, біздің курстың ғана емес, бүкіл факультеттің, факультеттің ғана емес, бүкіл университеттің мақтанышы мен мада ғына айналды. Біз Рекеңді əрқашан арқа тұтып, əрі ұстаз, əрі дос, əрі жолдас, тіпті рухани құрдас санадық. Реті келсе, сол кісіге еліктеуге ұмтылдық. Бұл жөнінен əрине, курстасымыз Тұрсынбек Баймолдаевқа жете алмадық. Жатақханада дуылдап жатамыз. Рекең кейде ойда-жоқта бөлмемізге кіріп келетін. Үстінде су жаңа спорттық костюм. Біз абыр-сабыр боп қара шайымызды қамдап, оны ортаға алып қуанып, жарқылдап қаламыз. Қара шайға қанған соң Рекең: «Қане, Құныпия, домбыраңды қолға ал», дейді жайраңдап. Жекеменшік əншіміз, курстасымыз Құқаң Дəнештің «Сары бидайына» басады. (Қазіргі белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы,

профессор Құныпия Алпысбаев). «Сары бидай, сағындым, қалқам, даусыңдыай», деп қайырғанда: «Шіркін, əннің төресі ғой, жалпы, халық əні деген түбі жоқ қазынамыз ғой», деп керемет əсерлі лекцияға түседі Рекең. Жазбасақ та, жадымызға түсіріп, жансарайымыз жаңғырып қалады. Сосын біздерге өлең оқытады. Бірінші курсқа түскенде бəріміз ақын едік. Бір курста елу ақын бар. Жұмекен ақын айтқандай, əуелі ақын, сосын прозашы, сосын сыншы, сосын ғалым, сосын мұғалім боп бірте-бірте бөлініп, соңында көп достарымыз ауылға ұстаз болып аттанып кетті. Рекең мінезі шапшаң болса да, өлең тыңдағанда пікірін бірден айта қоймайды. Ойын ишарамен білдіреді. Студент кезімізде факультеттің «Шағала» атты ұзындығы кейде 10-15 метр ге дейін кететін қабырға газетін шығаруды өзімізге мəртебе санаушы едік. Онда да басшымыз Рекең. Түскен шығармаларды өзі қарайды, талдайды, таразылайды, жақсы жағын айтып, үлгі көрсетеді. «Шағаланың» беделі сондай мықты болды, оған тіпті сол кездегі атақты ақындар Қадыр мен Тұманбай, Мұқағали мен Сағи, Фариза мен Мұхтар ағалар да өлең беретін. Бір жолы Мұқағали келіп, оның «Алдымен көргенім аспан» деген атпен топтама өлеңдерін қабырға газетіне орналастырдық. Сонда Мұқаңның риза болып, бəрімізді құшақтап, бауырына басқаны əлі көз алдымда. Мұны көрген Рекең: «Мұқа, біздің ұлдар сенің өлеңіңді əбден талдады, дұрыс талдады», деп, алып ақынның көңілін бір көтеріп тастағаны бар. «Мына Сейфитдиннің де өлеңдерін осы нөмірге салыңдар», деп тапсырма берген. «Адамның жастық өмірі, өтер де кетер көктем ғой» деген екі жолы есімде қалыпты курстасымыз Сейфеш жырының. (Сейфитдин Сүтжанов кейін ақындықты тастап, ғылым жолын қуды, қазір филология ғылымдарының докторы, профессор). – Е, балалар, сендердің осы қара шайларың мен үшін балдай ғой, шіркін, мұның бағасын кейін білесіңдер, – деп тебірене сөйлеп, толғана сыр шертетін Рекең. «Қайран қымбат студенттік күндер-ай», деп ойға батқанда, жап-жас жігіттің осынау біз үшін жұмбақ сəтін түсіне алмай, əрі-сəрі болатынымыз бар еді. Сол сөздің мəні мен мазмұны жылдар өткен сайын тиген жерін күйдіріп бара жатқанда, ұстазымыздың көкірегінде сайраған саздың ерендігі мен тереңдігін енді бағамдап жүрміз. Сосын ол ұлылардан бастау алатын небір қызықты да ғажайып əңгімелерін жырдай етіп жеткізіп, жанымызды елітіп, əдебиет əлемінің терең тылсымына бойлап тартып əкететін. Ол сол кезде əлі отызға да жетпеген жігіт екен-ау. Ал бізге дүниенің бəрін көрген, кəріқұлақ қариядай болып та көрініп кететін реті бар еді. Көп білгесін, көп көргесін адамның санасы тез есейіп кетеді екен де, сол адам өз замандастарынан бұрын туған көнедей болып көрінетінін біз осы Рекеңнен көп байқадық. Қазір ойлап қарасам, Рекең бізге сол кездің өзінде-ақ əдебиет саласы

бойынша ғылыми жетекшілік жасаған екен. Ол бізге əдебиеттің алғашқы əліпбиін басқа қырынан танытты. Мектеп бағдарламасының аясындағы тар көкірек біртін-біртін керегесін кеңейтіп, кенересін толтырып келе жатты. Жанам деген жүректерге шоқ түсірді. Шабам деген азаматтарға ат мінгізді. Табам деген жандарға талмай қолын созды. Жазам дегендерге жаңылмас жол ұсынды. Сөз өнерінің дерті мен сертін осы кісіден көбірек бағамдадық. Абыз Абайдан басталған əңгі месі ұлы Мұхаңа – Мұхтар Омарханұлына жалғасып, одан қала берді алыптар тобының қилы-қилы қызықтары мен бастан кешкен тарихи сəттері туралы айтылған сырлары мен дерек-дəйектері əдебиеттің ауызашары секілді болып, біздің рухани-имани əлемімізді жақсы мен жаңаға үндеумен болыпты. Əдебиеттің тарихы мен тəлімін, тағылымы мен мəлімін жаңаша естуге, жаңаша қабылдауға ол кісінің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сан толқын шəкірт оған үнемі еліктеумен болды. Есті еліктеу ертеңгі күннің есін жиғызады. Біз, бізден кейінгі толқын, тіпті бізден алдыңғы толқын, осы есті еліктеудің мектебін Рымғали мектебі деп айтар едік. Əдебиеттің алтын қазынасы – киелі сөздің құны мен пұлын анықтау ғой. Жылтырағанның бəрі алтын емес екенін, Абайдың айналасындағы ақындардың ұзан мектебінің үздік шəкірттерін, зар заман ақындарының шығармаларындағы шындық пен сұм заманның сұрқай реализмі арасындағы бітіспес күрес пен көрінбес майданды да біз Рекең ұлағаттарынан ұғып, білдік. Біз деген сөзді көп айта берсем, басқа лар да өкпелеуі мүмкін, жалпы Қазақ университетінің тіл-əдебиет жəне журналистика факультетінің барлық шəкірттері Рымғали мектебінің ортақ оқушысы болдық. Бұл тұрғыдан келгенде, Рекеңмен етене орайласқан оқшау топтың ішінде үнемі бірге бой көрсетумен болған, біздің курспен қанаттас оқыған журналистика факультетінің студенттері, қазіргі көрнекті ғалым, талмас талант Тұрсын Жұртбаев, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтов, жанкешті журналист Жанболат Аупбаев жəне басқа қатарластардың ұстазға деген шəкірттік құрметін бірге сезініп өстік. Бұл жағынан келгенде ұстазымыз шын мəнінде бақытты адам. Лекцияларында шырқап, шығандап кететін Рекең кейде ол кезде аттары аталмайтын алаш ардагерлерінің де есімдерін шапшаң айтып жіберіп, əрқайсымыздың жүзімізге үңіліп, түсінгені қайсы, түсінбегені қайсы, ұққаны қайсы, ұға алмағаны қайсы дегендей болып барлап, байқап қарайтын. Əуелгі кезде жүгіміз жеңіл болғандықтан самғап тартқан саңлақ сөзгерге ілесе алмасақ, кейінгі жылдарда сол кезде санамызға сыналап кірген сəуенің себезгісін малданып, сөзге қамшы тастайтын болдық. Бірақ онымыз ұстаздан оздық дегеніміз емес, біз де қарауыз болып, қанат қаға бастадық, ол сіздің тəліміңіз деген шəкірттік пейіл-ді.

Рекеңнің лекция оқу мəнері де қызық болатын. Əуелі аудиторияға жалт-жұлт бір қарап алады. Сосын алдыңғы қатарда отырғандарға тіктеле бір қарайды. Кейде қабағын шытады. Сондай күндердің бірінде еңбекқор, сабақтан өмірі қалмайтын бір курстасымызға: «Сен өзің өмірі сабақтан қалмайды екенсің. Қашан көрсем де қақшиып алдымда отырасың. Студент болғасын, анда-санда лекциядан қашпайсың ба? Бұл не деген стандартты өмір, жас адам жаңылыспас па, бұйығы тірліктен қашпас па, осындайды ұнатпаймын», деп ұрсып тастады. Біз аңтаңбыз. Лекциядан қашпайтын адамға ұрысқаны бізге өте қызық көрінді. Кейін түсінгеніміздей, ұстаз жан еркіндігін, ой еркіндігін, пікір қызулығын, сезім еркелігін бағалайды екен. Мүмкін, бізге солай көрінетін де шығар, Рекең əсіресе, біздің курспен мықты дос болды. Жасына қарамай жатсынбай араласты. Өмірден өткенше бізден жаны жырақтап көрген жоқ. Қай-қай лекцияны да жаңылмай жазып, қалдырмай қақшып теретін курстасымыз Балтабайдың (қазіргі филология ғылымдарының док торы, профессор Балтабай Əбдіғазиұлы) лекция дəптерлерін жинап алып, өз айтқандарын өзі қайта сүзгіден өткізіп, əдеби-ғылыми еңбектерінде кеңінен пайдаланғанын жақсы білеміз. Ағып айтып тұрғанда, шабыты шырқап кеткенде туатын ойлары мен жаңа идеялары, жаңа сөз тіркестері мен тапқыр теңеулері сол лекциялардың негізінде əдебиеттің салмақты дүниесі болып, талай рет оқырманға жол тартты. Олар ғылыми орталарда аталып өтіп, ұстаздың бəсін көтерді, бағасын биіктетті. Əдебиет – адамтанудың мектебі деген аксиома бар. Осы адамтану ғылымының даңғыл дəріскері Рымғали Нұрғалиұлы шəкірттанудың да əдіскері бола алды. Оның ғылыми болсын, əдеби болсын, дереги болсын жазғандарында жаңалық пен сонылыққа құштарлық тұнып тұратын. Əсіресе, қазақ драматургиясының поэтикасын талдағанда оның ұстанымдары мен тұжырымдары сол кездегі қазақ театр өнерінің көзі тірі майталмандарының шығармашылық портреттеріне жаңаша бояу жағып, көрермен көзі көңіліне бітер еді. «Жұмат Шанин деген мықты режиссер, драматург болған, оның қазақ театр өнерін қалыптастырудағы еңбегі ұшантеңіз» деп əрқайсымыздың бетімізге жалтжұлт бір қарап өтеді. Бұл есімді біз 1969 жылға дейін өмірі естімегенбіз. Оқулықтарды жапатармағай қарап жіберсек, оларда да жоқ. Тосылып қаламыз. Сосын біз де ұстаздың бетіне жалтақ-жалтақ қараймыз. Тез байқайды. Тез түсінеді. «Халық жауы, атылып кеткен», дейді сосын түнере тіл қатып. Санамызда сіресе жатталған «халық жауы» деген сөзді естігенде біз еш таң қалмаймыз. «Ол кісі базарға кеткен» деген сөз естігендей болып, лекцияны жаза береміз. Бақсақ, Рекең сол кезде-ақ біздің санамызға ең қажетті саяси ақпаратты ептеп сіңіріп жатыр екен. Əдебиеттің де тұнып тұрған саясат, шешуі қиын шырмауық екенін көгенкөздерге себездеп болса да сездіріп жатқан ұстаздың мұзбалақ мінезін жылдар өте келе жанжақты түсіндік қой. 1972 жылғы мамыр айында Рекең КазГУ-дың ғылыми кеңесінде əдебиет ғылымынан докторлық диссертация қорғады. Отыздан енді-енді асып бара жатқан шағы. Бұл жаста əдебиеттен докторлық қорғаған қазақ ол кезде жоқ. Керемет қорғады. Пікірлері, ұсынған тұжырымқағидалары сол кездегі академиктердің де айызын қандырды. Өзіміз қорғағандай болып, өзегіміз жанып, өбектеп отырмыз. Жарқырап қорғап, жазбай танытып, жаңылмай мойындатып шықты. Кейін докторлығын Мəскеу жаққа бекітуге жібергендегі шырғалаң өз алдына бір тар жол, тайғақ кешу болғаны əр шəкіртінің жүрегіне тікен болып қадалды. Рекең бұдан да өтті. Қиналған, шаршаған кездерінде жақсы шəкірттерінің шынайы жанашыр тілегіне сүйенді. Иілсе де сынған жоқ. Алаш арыстарының аласапыран тағдырын жетік білгендіктен де болар, ғылыми ортадағы басқа тиген бақай күрестің бақанын мойымай көтеріп, жүйкеге түскен жүкке жон арқасын тоса алды. Кездесіп, сырласып қалған сəттерде ол туралы жақ ашқан емес. Біздің бет-əлпетіміздегі сауал мен жауаптың кезек құбылған реңін байқаса да, байқамаған болып, жаңа бір жолға түсіп, бауырын жазған жорғадай жүрісінен жаңылмастан өтті. Оның қаламынан туған ғылыми монографиялар, зерттеу еңбектер, аудармалар мен көркем очерктер, сын мақалалар мен əдеби пайымдар, көркем проза мен драмалық шығармалар кəнігі зергердің қолынан шыққанын қапысыз танытып, көз сүйсінтіп, көңіл байытар дүниелердей ерекшеленіп тұратын. Жазудағы еркіндік пен ой ағысындағы ашықтық дерек пен дəйекке малынғанда шығарманың шұғыласы оқырманның жанын баурап, білгенін үстеп, білігін үстемелеп, авторлық позицияны оқырмандық позициямен біте қайнастырып, біріктіріп жіберетін. Бұл не сонда? Бұл – шеберлік, авторлық ремарканың белсенділігі, қаламгерлік энергетиканың қуаты, жан дүниесіндегі дидактикалық тегеуріннің молдығы. Рекең өзі де журналистік мектептің тезінен өтті. Солтүстік өңірлердегі суи бастаған ұлттық сезімнің мəйегін шайқап, мəнін оятудағы оның қаламынан туған көркем де көшелі мақалалар сол кезде қос саңлақтың көкірегінен туып, қазақ аспанын шарлап кеткен «Менің Қазақстаным» атты киелі марштың кіріспесі секілді

болды деп баға берсек, артық айтқандық болмас. Ұлттың ұятын сақтаудағы, елдің еңсесін тіктеудегі, намысына от қоюдағы Рекең қаламы қай кезде де, қай ұрпақтың алдында да қызармайды. Қайта, ту ұстап, тұлпар мінген тарлан тарихтың шаң басқан беттерін қажырлы қуатпен, перзенттік махаббатпен қайта аршудағы оның ұмтылыстары кейін желтоқсанда жаңғырып, алаш жастарының алаңға шығуына септігін тигізді. Рекең қазақ даласының қай қиырын да жақсы көрді, қазақтың қай баласын да шетке қақпай, бауырына тартты. Оған куə – біздер, біріміз Атыраудан, біріміз Сырдан, біріміз Алтайдан, біріміз Арқадан, біріміз түстіктен, біріміз терістіктен, бірақ ұранымыз: «Барлық қазақ баласы, бірігіңдер!» деген сөзге құйылды. Тек кейде, ұстазымыздың осы ұлағатты қасиетін тірі кезінде, жанында жүргенде жақсы сөзге орап жеткізе алмадық па деп өкінемін. «Жаныңда жүр жақсы адам», деген журналистік қағиданы сан мəрте жалаулатып жазсақ та, тіпті жанымызда ғана емес, жан дүниемізде жүрген жанды көзі тірісінде жарқыратып жаза алмағанымыз рас. Өмірден озған кісіге «тие берсін ғана тиеді» деген тіркес бар. Дəтке қуаты осы. ...Бір жылы тілшілік тірлікпен Абай елін, Жидебай мен Шыңғыстауды, Мұхаңның кіндігі кесілген Қасқабұлақты, Де гелең мен Абыралыны, Рекеңнің туған ауылы Қайнарды араладым. Кейін талай рет жолым түссе де, алғашқы əсерім сол күйінде қалды. Жидебайда болған алғашқы уақытта ұстазымның есіме түскен əңгімесі, сыры мен жыры Шыңғыстау даласының самал желімен жан дүниеме тереңдей еніп, өзім де осы далада туғандай болып, артыма қарайқарай аттанып едім. Бір кездескенде осы сапарым туралы айтқанда: «Абыралыны ажал аузына байлады ғой», деп қатты мұңайып қалғаны бар-ды. Қайнар ауылынан аттанып бара жатқандағы бір көрініс өмірі есімнен кетпейді. Қыр басында қаптаған құлпытастардың қарасы неткен мол еді. Қаз-қатар самсап тұр. Қолдарын жайып, құбылаға қарай ұмсынған тірі адамдар сияқты. Бір ауылдың өзінен осыншама көп құлпытастарды көргенім осы. Ажал сепкен, араны кең сынақ аймағының тапжылтпас куəгерлері осылар. Семей ядролық полигоны аталып, бүкіл бір халықтың тамырына талай жыл балта шапқан құбыжықты ауыздықтаған азаттыққа тізе бүгіп, тəу етсек болмас па? Осы сапардан кейін Рекең маған осы жерде өткен қан-қасап соғыстан аман-есен шығып, жеңістің жақсы хабарын жеткізген жауынгер секілді болып көрінетін болды. Тəн жарасы жоқ, бірақ жан жарасы сан алуан солдат секілді. Сырбай ақынның «соғыстан қайтқан солдаттары» сапында жанары жалт-жұлт етіп бір жауынгер кетіп бара жатқандай болады. «Ай қанатты арғымақ» секілді ақсамай тартып барады. «Трагедия табиғатын» өз басынан өткізген, «талант тағдырын» толық көрсеткен, қаламгерлік «күретамыры» туған елімен бірге жаралып, біте қайнасқан, «жартастағы қарағайдай» жай түссе де, жайрап қал маған, азаматтық қуаты арқылы «айдынға» шығып, алаш жұртының абыройына бөленген асыл ұстаз, ардакүрең азамат, аяулы аға Рымғали Нұрғали салған сүрлеу енді даңғылға, жағы босамас жамбылға айналды. Оны өзі де көріп, өкінбестей кетті деуге негіз бар. Рекең қам жасап, Қайнар ауылынан ертерек кеткен. Онысы қандай жақсы болған. Осының арқасында аман қалып, кейінгі ұрпаққа дəріс беруге тағдыр жазды. Тура бір жасында 41-ші жылғы сұрапыл соғысты бастан кешкен, одан кейінгі ажал аймағындағы алапат соғыстардың кезінде хат таныған, мылтықсыз майданның кезінде кəнігі барлаушыдай көгенкөздердің көкірек көзін оятуға адал қызмет жасаған, тəуелсіздік жылдарында қаламгерлік қуатын барынша көрсеткен, ұстаздық ұлағатын ұрымтал сəттерде де қол мергендей қалтқысыз қағып жеткізетін, таңнан таңға дейінгі мігірсіз жүрістерде де іздену мен табудан бір елі ажырамайтын, түртіп қалса түбін табатын, тірі теңеудің түрін табатын, керек пікірдің жігін табатын, Толыбайдың да мінін табатын талант алыстағы Араб елінде ақтық сапарға аттанғанда алаш жұрты бір теңселіп еді. Шартараптағы шəкірттері бір шулап еді. Ұстаздың əр шығармасы біздер үшін ыстық. Соның ішінде маған етене ұнап, ерекше əсер беретіні – «Дəн» новеллалар жинағы. Рекең əрбір ісінде, əрбір шығармасында, əрбір ғылыми еңбегінде айтар сөзінің дəнін бірінші орынға қойған қаламгер болды. Дəн деген нəрсе ұлы нəрсе, өмірдің дəні де, мəні де – оның тоқ етер түйінінен көрініп тұрады ғой. Сондықтан да Рымғали Нұрғали жанын мөлдіреткен жазбаларын «Дəн» деп тегін атаған жоқ. Өмірдің дəнін жел шашар кебектен əуелден айырып, сындарлы суырған саңлақ. Алтын күзде басына толған дəнінен қара жерге қарай қошеметпен иілген алтын масақтың айдай сұлу көркі қандай керемет болса, ұстаздың шəкірттеріне, қайырлы қазақ жұртына деген қошеметі де сондай еді. Ұстаз жүрегінен төгілген дəн оның алдын көрген мыңдаған шəкірттерінің жүрегінде тамыр жайып көктеп, жапырағын уақыт желі тербеп жатыр. Ол қазақ ұлысының ұлы топырағына түскен дəн еді. Ол дəн – ырыс, ол дəн – береке, ол дəн – жаңа өмір. Демек, ұстаздың өмірі – қазағының жүрегінде. Дəн егіп, терлеген қазағым мықты ғой!


6

www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

 Құқықтық реформа қадамдары

 Сараптама

Молдабай ҐТЕПОВ:

«Борыш. Ол бəрібір ґндіріледі» Атқарушылық іс жүргізу қашанда сот орындаушыларынан зор жауапкершілікті талап ететіні анық. Өйткені, қарызды өндіру туралы, сот шешімдерін мүлтіксіз орындау оңайға соқпайтыны жəне белгілі. Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында биыл қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістер сот орындаушыларының жұмысына қаншалықты əсер етті? Жарты жыл ішінде атқару өндірісі органдарында қандай жаңалықтар болды? Осындай өзекті сауалдармен Ақмола облысы сот актілерін орындау департаментінің басшысы Молдабай ӨТЕПОВТІ əңгімеге тартқан едік. – Молдабай Əбуұлы, «Атқарушылық іс жүргізу органдарының жұмысын жетілдіру туралы» заң атқару өндірісі органдарының қызметіне біршама əсер еткен болар. Қарызды өндірудегі сот орындаушыларына жүктелер міндеттер ауқымы туралы біле отырсақ. – Иə, 2014 жылғы ақпанның 28-інде сот орындаушыларының жұмысын жетілдіруге бағытталған заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыдан кейін атқарушылық органдар жұмысында бірқатар маңызды істер жүзеге аса бастады. Атап айтқанда жаза қатайып, борышкерлер сот орындаушысының талабын орындамаған жағдайда, қатаң əкімшілік жаза жауапкершілігін белгілеу сот орындаушысының өзінің қолына көшті. Мəселен, ендігі кезекте алимент өндірісі бойынша жаза қатайып, борышкерлерді тіпті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырып, айыппұл өндіруге болатын күнге де жеттік. Сондай-ақ, жеке сот орындаушыларына да зор міндеттер жүктелді. Яғни, қарызын өндірушілер жеке сот орындаушысына да құжаттарын табыс етуге, əсіресе, əлеуметтік маңызы бар алимент, коммуналдық қарыздар, жалақы, тағы да басқаларын жеке сот орындаушылары арқылы өндіріп алуға мүмкіншілік көбейді. – Заңның қабылданғанына

жарты жыл өтті. Осы мерзім аралығындағы атқарылған шаруалар жайында мағлұмат бере кетсеңіз. – Иығында ауыр жүк болса да, алты ай ішінде Ақмола облысының сот орындаушылары бірталай істің басын қайырып үлгерді. Сот арқылы келіп түскен 55 884 атқару құжатының 45,6 пайызын тыңғылықты аяқтап шықты. Соның арқасында 7 миллиард теңгеден астам қарыз өзінің заңды иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар, өкілетті органдар тарапынан салынған 204 миллион теңге айыппұлдың 189 миллион теңгесі республикалық бюджет кірісіне өндірілді. Алайда жыл санап, сот орындаушыларына келіп түсетін атқару құжаттарының саны еселеп өсіп отырғанын айтпасқа болмас. Мəселен, өткен жылдың есебі бойынша бір сот орындаушысына орта есеппен айына 125 атқару құжаты келетін болса, биылғы атқару құжаты 155-ке жетті. Жүктеменің аса ауыр болуы шағымдардың да көбеюіне əкеліп соғады. Оның үстіне əрбір атқару өндірісінің артында бірбір тағдырдың барлығын ескеру қажет. Бұған қосымша, көп жағдайда, сот орындаушысына өзінің негізгі жұмысымен қатар психолог ретінде де қызмет етуіне тура келеді. Соған қарамастан, атқару санкцияларын орындауда

да біршама оң өзгерістерге қол жеткізгенімізді атап кеткен жөн. Мəселен, жыл басынан бері мемлекеттің кіріс бюджетіне 29 миллион теңгеден астам атқару санкциясы өндірілді. – Сот шешімдерін орындауда алимент өндірісі өзекті əрі қиын болып отырғаны жұртшылыққа мəлім. Бүгінгі күні осы санаттағы атқару құжаттарының орындалуындағы ахуал қай деңгейде? – Алимент баланың кəмелет жасына дейін төленетіндіктен, оны өндіруде түрлі қиындықтар туындап жататыны рас. Оның үстіне, алимент өндірістері жыл санап көбейіп отыр. Бүгінгі күні біздің департаментіміздің есебінде 9445 алимент өндіру туралы атқару өндірісі бар. Бауыр еті баласының ырысын аузынан жырған атааналар алимент төлеуден көбіне жалтарып жатады. Олардың басым бөлігі жұмыс істемейтін, ішімдікке салынып кеткен жандар. Статистикалық дерекке жүгінсек, борышкерлердің 2411-і мүлде жұмысқа орналаспағандар. Олардың алимент бойынша мойнындағы қарызы 240 миллион 247 мың теңгеге жетіп отыр. Бұл ретте, үмітін үзіп, қуынуды

доғарған азаматтар да кездеседі. Əйткенмен, бала тағдыры бір отаудың ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігінде екендігін ұмытпаған жөн. Сондықтан, олар Қылмыстық кодекстің 136-бабына сəйкес сотқа жеке шағым беруіне болады. Жаңа Заң өкілеттік құзырымызды кеңітті. Борышкерлерді əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тарту, шетелдерге шығуына тыйым салу, көліктерін айыппұл алаңына тоғыту, мүліктеріне тыйым салу жəне тəркілеу сияқты заңды тетік тер қарызды қайтаруға оң ықпалын тигізуде. Нақты айтсақ, біздің араласуымызбен алимент төлеуден жалтарған 2448 борышкердің елімізден шетелдерге шығуына тыйым салынды. Сонымен қатар, балаларын несібесінен айырған əкелердің 118-і Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 524-бабына сəйкес əртүрлі тəулікке қамауға алынды. Жұмыссыз жүрген 18 борышкер сот орындаушыларының көмегімен жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы арқылы жұмысқа орналастырылды. – Атқарушылық іс жүргізуде бірталай өндірістік құжаттар орындалмай қалып жататыны жасырын емес. Бұған сот орындаушыларын кінəлап, жоғары жаққа шағымданатындардың да қатары азаймай тұр. Мұның себебі неде? Сот орындаушыларының жұмысын жүйелі ұйымдастыруда қандай қиындықтар бар? – Айтқаныңыз өте орынды. Əрбір істе қиындық болатыны сияқты, сот шешімдерін сапалы орындауда да қиындықтар жетіп артылады. Басты мəселе, сот орындаушыларының штаттық санының аздығы болып отыр. Бұл тұтас еліміздегі атқару өндірісі

органдарына түскен ауыр жүк десе де болады. Облыс бойынша 60 сот орындаушысы ғана қызмет атқарады. Енді осыдан туындайтын жағдайды көз алдыңызға елестете беріңіз. Жоғарыда атқару құжатының 56 мыңға жуықтағанын айтқанмын. Сонда əрбір сот орындаушысына кемінде мыңға жуық атқару өндірісімен жалғыз айналысуына тура келеді. Кейбір аудандарда бір ғана сот орындаушы қызмет етеді. Ал атқару өндірісіне бөлінетін уақыт көлемі заң бойынша екі айдан аспайды. Сондықтан сот орындаушысы атқару құжатын қарап, оны толық орындауға үлгермей қалып жататыны рас. Бұл өз кезегінде шағымдардың да толассыз көбеюіне ықпал етеді. Сот орындаушыларының басындағы тағы бір өткір мəселе, баспана жайы болып тұр. Бүгінгі күнге дейін көптеген сот орындаушылары үйсіз-күй сіз болғандықтан, баспана жалдап келеді. Əрине, бұл да өз кезегінде жұмыс сапасына кедергісін жасайтыны анық. Дегенмен, мемлекеттік қызметте жұмыс істегендіктен, қандай қиындықты бастан өткерсе де менің əріптестерім қызметіне адал, өз ісіне шынайы берілген жандар деп айта аламын. Жаңағы сұрағыңызға орай, биылғы жылдың алты айында Ақмола облысы сот актілерін орын дау департаментіне 82 шағым түскен. Оның бəріне толықтай жауап беріліп, тиісті шешімін тапты. – Жұмысты жетілдіру табыс көзі. Бұл орайда қандай мəселелерге көңіл бөлінбек? – Басты мақсат – атқару өндірісін орындауда саннан гөрі сапаға мəн беру. Əрине, бұл сот орындаушыларының тынымсыз еңбегі мен сот шешімдерін заң шеңберінде тиянақты орындауына тікелей байланысты. Сондықтан еңбегіміздің жемісті болуы үшін қолдан келгенше барлық жағдайды жасап, сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуына бар күшімізді салмақпыз. Бұл, өз кезегінде, демократиялық құндылықтардың артып, еліміздің сот жүйесі мен сот орындаушыларына деген сенімін нығайтады. Əңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

 Ауыл ахуалы

Алыс мекендегі ажарлы тірлік Қазір ауылдың бойына қан жүгіріп, тұрмысы түзеліп келеді. Міне, осындай шаруасы жолға қойылып, тұрғындарының ертеңгі күнге деген сенімі нығайып, ілгері күнге үлкен үмітпен өмір кешіп жатқандардың қатарында шалғайдағы Миялы, Дияр ауылдарын əбден атауға болады. Жақында осы екі елді мекен қарайтын Миялы селолық округінің əкімі Құрманғали ƏЛЖАНОВПЕН кездесіп, ауылдардың бүгінгі тұрмыстіршілігі хақында əңгімелесудің сəті түсіп еді.

– Мен білетін бұл елді мекендер келешегі жоқ ауылдар санатына қосылған еді. Кешегі егемендіктің елең-алаңындағы өліара шақтың қиындықтарын бір кісідей көргендеріңіз де есте. Электр, телефон байланысы, теледидар болмады. Ауданнан 200-300 шақырым қашықта орналасқан елді мекендердің ажары тайып, халықтың көңілі пəс тартқаны да рас. Қазіргі жағдайларыңыз қалай? – Кешегі ауыл шаруашылығын жаппай жекешелендіру кезінде тараған кеңшарлар мен ұжым шарлардың ізіндегі елді мекендердің күйі тайып, халық өндірісті жерлерге, қалалар маңына қоныс аударғаны белгілі. Оның бер жағында келешегі жоқ ауылдар пайда болды. Міне, осындай қара тізімге ілінгендердің қатарында Миялы, Дияр елді мекендері де бар еді. Сол кезде бұл ауылдардан тұрғындардың тең жартысы ірге көтеріп, басқа жаққа қоныс аударды. Мен ол кезде орта мектептің директоры болатынмын, трактордың моторымен елге кешке бірер сағат қана электр жарығын беруді ұйымдастырдым. Телехабар таратқышты өз үйімнің жанына əкеліп, халықтың сұранысына ие хабарларды көрулеріне жағдай туғызуға тура келді. Ал, жолдың азабы өз алдына. Бірақ, ел табанында қалғандар ілгері күннен үмітін үзбеді. Сол үміт ақталды десе де болады. – Бұл арада сіздің аудандық мəслихаттың депутаты ретінде көптеген істер тындырғаныңыз

ауылдастарыңыздың əлі күнге аузында жүр ғой. – «Халық айтса қалт айтпайды» дейді ғой, оларына рахмет, əрине. Менің жоғарыдағыдай істерге мұрындық болғаным рас. Сондай-ақ, кезінде арзанға жекешелендірген клубтың бүлдіргесіне тиіспей халыққа қайтарғаным да шындық. Ең бастысы, осы екі елді мекен қарайтын селолық округтің ашылу мəселесін көтерген де өзім. Бірақ, оған əкім боламын деген үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Сол кездегі аудан əкімі Бердіхан Кемешов барлық мəселе өзіңе белгілі, өзің қолға алсаң қайтеді деген ұсынысын жерге тастай алмадым. Бірақ, мұның бəрін мақтаныш үшін емес, өзімнің ауылдастарымның жағдайына деген жанашырлықтан туған азаматтық парызым деп ойладым. – Хайыр-хош делік, енді əңгімемізді ауылдың бүгінгі тынысына қарай бұрсақ? – Селолық округке қарайтын екі ауылда бір мыңға жуық адам тұрады. Біздің округтің аумағы өте үлкен. Атырау, Маңғыстау облыстарымен, Қарақалпақ елімен шектеседі. Аудан орталығынан 200 шақырым қашықтағы Миялыда 90 үй, 300 шақырымдағы Диярда 60 үй бар. Қазір барлық əлеуметтік нысандар халыққа қызмет көрсетуде. Екі ауылда да орта мектеп, клуб, кітапхана, медициналық пункт жұмыс істейді. Миялы ауылында балабақша бар. Телефон байланысы бар, теледидар көрсетіп тұр. Шыны керек, кеңшар тараған

кезде үдере көшкендердің алды ауылға келіп, мал өсіруге бағыт ұстауда. Көшу тоқтады, халықтың ауылдың ертеңіне деген сенімі нығая түсті. – Ауыл халқы немен айналысады, табыс көзі қандай? – Біздің өңірде бірыңғай мал шаруашылығымен айналысудан басқа мүмкіндік жоқ. Қазір округ аумағында 32 шаруа қожалығы мал өсіруді, мал азығын дайындауды кəсіп етеді. Осы 150 үйде шөп шабу, буу машиналарын, тіркемелерді былай қойғанда 80ге жуық техника бар. Шыны керек, олардың дені ескі болатын. Соңғы кездердегі ауылды дамытуға Үкіметтік деңгейде көңіл бөлінуінің арқасында ауыл дықтар өздеріне қажетті техникаларын жаңалай бастады. Екі жылдың ішінде «»ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 11 «МТЗ» тракторы, 6 шөп шабу агрегаты, бірнеше жұмырлап буу техникасы лизингке алынды. Бұл шаруалар үшін өте-мөте тиімді болып отыр. Қазір ауылдықтар осы əдіспен техника алуға ықыласты бола түсті. Мал саны жыл өткен сайын өсіп келеді. Үстіміздегі жылдың басында екі ауылда 2,5 мың ірі қара, 1300 жылқы, 1150 түйе, 13 мың қой болды. Қазір төлімен

бұдан да көбейді. Бұл орташа əр ауладан 20-30 ірі қара, 80 қой өреді деген сөз. Əлжуаз отбасыларына жататын 20-ға жуық үйдің өзінде кемінде екі-үш ірі қарасы, 15-20 қойы бар. Бізде əлеуметтік жəрдемақы алатындар да, жұмыссыздар да жоқ. Халық Үкіметтің мал өсіруге қар жылай қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламаларының қайтарымды екенін түсіне бастады. Мысалы, Төремұрат Əліпов басқаратын «Асылзат» шаруа қожалығы 300 ірі қара, 200 түйе, 200 жылқы, 1,5 мың қой өсіріп отыр. Қалыбек Иванов жетекшілік ететін «Ардабек» шаруа қожалығы бірыңғай ірі қара, жылқы, түйе өсіруге бағыт ұстауда. Шүкір, халық алыс ауылда отырып та тырбанып тірлік қылсаң тұрмысыңды түзеуге болатынына көздері жетті. Əр шаруа қожалығы мал азығын өздері дайындап алады. Артығын жекелерге өткізеді. Басқа ауылдарға қарағанда, бізде мал азығының бағасы арзан. Мал санының өсуіне «Сыбаға» бағдарламасының да көп көмегі болуда. Былтыр үш шаруа қожалығы 10 миллион теңге несие алды. Жылқыға, қойға жəне мал азығына берілетін субсидия өз алдына. Халық осындай қолдаудың қайтарымдылығын сезініп, мал тұқымын асылдандыруды да қолға алуда. Жекелердің ірі қара тұқымын асылдандыру мақсатында былтыр 12, биыл 8 бұқа сатып алынды. Қазір шаруа қожалықтары мал азығын дайындауда, қысқа қамдануда. – Малды өсіру бар да, оның өнімін өткізу бар ғой. Бұл мəселе қалай шешімін табуда? – Біздің ауылдарымыз облыс, аудан орталығынан тым қашық. Сондықтан малдарын, ет-сүтін, артық-ауыс шөбін, көкөнісін іргедегі Бейнеу, Құлсарыға өткізеді. Ал, қайтарында азықтүлікті, өнеркəсіптік тауарларды, киім-кешекті, тұрмысқа қажеттінің барлығын осы қалалардан

жеткізеді. Миялыда 4, Диярда 2 дүкен жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарында 35 «УАЗ» автокөлігі бар. Оны айтасыз, бесалты жігітіміз «Джип» мініп жүр. Мұның өзі ауыл тұмысының жақсарғаны емес пе? Тұрғындар ауылда да тұрғын үйлерін қаладағыдай болмағанмен, соған жетеғабыл етуге көшті. Төрт шаруа қожалығы бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысады. Тұрғындардың ауласына көкөніс өсіру дағдыға айналды. Артезиан құдықтары жасап тұр. Округ аумағында жұмыс істейтін «Ақпан» ЖШС екі скважина қазып берді. Дегенмен, ауыз су құбырын жүргізу алдағы күндердің еншісіндегі шаруа болып тұр. Бұған 2015-2016 жылдары қаржы бөлінеді деп күтілуде. – Ауыл əкімі ретінде сізді толғандыратын проблемалар қандай? – Бізді қинайтыны ауданмен екі ортадағы жол мəселесі. Əбден күйі кетті жолдың. Ауданға барып қайтудың азабын тартып келеміз. Бұл мəселені тиісті орындар біледі, жөндеуге кезек келмей жатқан болар деп ойлаймыз. Бəрі бірден тына қалмайтынын біз де түсінеміз. Екінші мəселе, дəрігерлік амбулатория ашылып, бір дəрігер бөлінсе дейміз. Бас ауырып, балтыр сыздаса сонау Оймауытқа баруға тура келеді. Сондай-ақ, Диярдағы орта мектеп бала саны жетпейді деген желеумен жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл мəселені жыл сайын аудан əкімінің араласуымен əзірге оң шешіп келеміз. Ауылға жас мамандар келе бастады. Ауылда бала туу көрсеткіші көтеріле ме деген де үмітіміз бар. Алда жағдай бұдан гөрі жақсара түсетініне сеніміміз мол. Əңгімелескен Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.

Еуроодақ пен АҚШ санкциялары соңғы кезде күшейе бастады. Ресей нарығынан «қашқан» капиталдың мөлшері 100 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Əсіресе, бұл қаржы, қорғаныс жəне энергетика секторларына айтарлықтай ауыртпалықтар əкелуде. Солтүстік көршіміздегі жағдайдың бұлайша қалыптасуы осы елмен белсенді сауда-экономикалық қатынастағы елдерді де алаңдатып отыр.

САНКЦИЯ Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Еуропалық инвестициялық банк арқылы ресейлік мемлекеттік сектордағы жаңа жобаларға қаржы салу тоқтатылуы мүмкін. Өткен жылдың өзінде аталған қаржы институты Ресейдегі жобаларға бар-жоғы 1,6 миллиард еуро ғана бөліпті. Ал акционерлері 64 ел болып табылатын Еуропа Қайта құру жəне Даму банкі былтыр солтүстік көршіміз аумағында жүзеге асырылып жатқан 790 жобаға 24 миллиард еуро салса, кейбір еуропалық елдердің қысымымен биыл оның мөлшері төмендеуін жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, санкциялар туралы ойын Германия канцлері Ангела Меркель былайша қорытады. «Бұл екінші санкция сатысының аяғы ма, жоқ əлде үшінші санкция сатысының басы ма, деп ұзақ жарыссөз жүргізуге болады – бұл маңызды емес. Қазірдің өзінде біз ел экономикасына қозғау салғанымыз айқын». Еуроодақ үстіміздегі жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енетін санкциялар топтамасын тағы қабылдағаны мəлім болды. Артынша АҚШ та өз тізімдерін жария етті. Еуропа Одағы Кеңесінің мəліметтеріне қарағанда, жаңа санкциямен ЕО азаматтары мен компанияларына 90 күндей айналымда болатын ресейлік мембанктердің жаңа еурооблигацияларымен жəне акцияларымен операциялар жасауға, сонымен қатар, ЕО сланц (тектес) газы жобаларына, арктикалық барлау мен мұнай өндеуге жəне терең су астынан мұнай өндіруге қатысты өнімдерді Ресейге экспортқа шығаруға тыйым салған. Ал АҚШ осы елдің энергетикалық секторына белгілі тауарлар мен технологияларды экспорттауды тоқтатуды қолға алған. Бұдан басқа Вашингтон Мəскеу банкі, ВТБ жəне Россельхозбанк сияқты қаржы институттарына санкция жариялай отырып, өз азаматтары мен компанияларына 90 күнге дейін осы банктермен байланысты кез келген транзакция жүргізуге тыйым салған. Мұндай шаралар қорғаныс сек торы мен кеме жасау саласына да қатысты екендігін айта кеткен жөн. Жалпы, Мəскеуге қатысты қысым көрсетуде Ақ үй мен Брюссель ұстанымдары ұқсас. Мысалы, құны 1,2 миллиард еуро болатын тікұшақ тасушы «Мистраль» кемелерін жасауға ресейлік «Рособоронэкспорт» жəне француздық DCNS компаниялары 2011 жылы қол қойса, Вашингтон бұл келісімнің Украинадағы жағдайға байланысты орындалмауы керектігіне назар аудартты. Оны АҚШ президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Бен Родс мəлім етті. Мүмкіндік болып жатса, АҚШ өздерінің де ресейлік РД-180 зымырандық қозғалтқыштан бас тартуға мүдделі екендіктерін де алға тартып отыр. Шынында да, бұл санкциялар Ресей экономикасына айтарлықтай салмақ болатыны қазірдің өзінде байқала бастады. Сөз реті келгенде АҚШ қаржы министрі Джейкоб Льюдің Ресейге қатысты айтқанын да тілге тиек ете кетсек дейміз. Ол өз сөзінде Ресейге енгізілген қосымша санкциялар осы елдің экономикасын рецессияға жеткізуі мүмкін деген болатын. Сарапшылар Ресей экономикасы өсімін нөлге дейін түсіріп отыр. Алайда, ресейліктер экономиканың тұрақты екендігін алға тартып, кейбір мəлімдемелер де жасады. Мəселен, Ресейдің Орталық банкі кейбір сараптамалық бағалаулар келтірген сыртқа əкетілген капиталдың 130170 миллиард доллар екендігін жоққа шығарып, ресми жылдық көрсеткіш бойынша əкетілу экономиканың барлық секторынан 90 миллиард долларды құрауы мүмкіндігін келтірді. Алайда, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында тікелей инвестиция 17,2 миллиард долларға дейін төмендеген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 42,2 миллиард долларға жеткендігін білеміз. Бұл Ресейге инвестиция салудан жаппай бас тарта бастаудың басы болса керек. Ресей өз валютасының бағамын ұстап тұру үшін тұрақтылық қорынан қосымша қаржы бөлгендігі айтылып қалып жүр.

Ал Батыс пен Ресей арасындағы жағдайдың мұншалықты ушығуы неден басталып еді дегенге келетін болсақ, оған Украинаның Еуропа одағымен ассоциациялануы туралы шартқа қол қоюға ұмтылуынан басталғандығын айта кеткен орынды. Ал малайзиялық Boeing 777 ұшағының атып түсірілуі отқа май құйғанмен бірдей əсер етті. Зымыран ресейлік аумақтан ұшырылды деп мəлім еткен АҚШ президенті Барак Обама болатын. Осы елдің мемлекеттік хатшысы украиналық жасақтарға əуе қорғанысы жүйесін (Бук деп аталады) берді, деп тікелей Мəскеуді кінəлады. Ал Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон, Германия канцлері Ангела Меркель жəне Франция президенті Франсуа Олланд ресейлік əріптестерін украиналық жасақтардың апат салдарын еркін жəне тəуелсіз зерттеу жүргізуді қамтамасыз етуіне ықпал жасауын талап етті. Осылайша қалыптасқан жағдай онсыз да қыл үстінде тұрған Батыс пен Ресей арасындағы қарымқатынастарға сызат түсірді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харфтың мəлім етуінше, мемхатшы Джон Керри Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескен сөзінде АҚШ пен ЕО «Ресейге қысым көрсетуге əзір екендігін» білдіріпті. Ал Ақ үйдің енгізген жаңа санкциясына қатысты жауап берген Ресей президенті Владимир Путин оның орынсыз екендігіне назар аудартуға тырысты. «Мен Штаттарда сыртқы саяси акцияларды жоспарлайтындар (бұл соңғы уақыттардағы көріністер емес, айталық, соңғы 10-15 жыл), өкінішке қарай, агрессиялық сыртқы саясатты жүргізіп келеді дегенді айтқым келеді, менің ойымша, бұл айтарлықтай кəсібилік емес. Өйткені, нені қолға алса да, сол жерлерде проблемалар туындайды», деді В.Путин. Ресей басшысының пайымынша, бұл санкциялық шаралар ресейлік-америкалық қарым-қатынастарды тығырыққа тірейді жəне америкалық мемлекет пен халқының ұзақмерзімді стратегиялық мүддесіне нұқсан келтіреді. Жалпы, Ресей АҚШ пен ЕО тарапынан жасалған қысымнан шығудың амалын МЕРКОСУР жəне БРИКС-ке мүше елдерден іздейтін сыңайлы. Жақында соңғы ұйым қаржылық қоры 100 миллиард доллар болатын ірі көпжақты қаржы институтын құратындығы айтылды. Құрылтайшылар құрамына Бразилия, Үндістан, Ресей, Қытай жəне ОАР кіретін бұл қаржы институты Дүниежүзілік банк пен Азия Даму банкінің (жарғылық қоры – 165 миллиард доллар) баламасы болуға тиіс. Ресей аталған банк жарғылық капиталына 18 миллиард доллар құюға ниет білдірсе, Қытай 50 миллиард доллар салуға дайын. Қытай демекші, осы елдің басшысы Си Цзиньпин БРИКС саммитінде Үндістан басшысын «əлемдік тəртіпті орнатуға» күш салуға жəне өзара экономикалық ынтымақтастықты арттыруға шақырғаны белгілі. Сол сияқты қытайлық Dagong Global Credit Rating рейтингілік агенттігі ресейлік əріптестер іздеп жүргендігін жариялап, БРИКС шеңберінде Standard &Poos, Mood s жəне Fitch сияқты өздерінің бағалаушыларын құруға ниет білдірді. Уругвайдың Монтевидео қаласында өткен халықаралық конференция барысында «бірполярлық əлемді құру талпынысына» қарсы Ресей мен Латын Америкасы белсенді əрекетке көшуі тиіс деген ұйғарым жасалды. Мұның өзі құрамына Аргентина, Бразилия, Уругвай, Парагвай жəне Венесуэла кіретін МЕРКАСУР-дың Батыстың ықпалын болдырмауда Ресеймен ынтымақтастыққа əзір екендігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде ірі мемлекеттер арасында рынок үшін күрес жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Бұрындары жеке мемлекеттер ретінде ықпалын жүргізіп келген елдер қазір одақтасып əрекет етуге көшкен. Соңғы жылдары Қытай, Үндістан жəне Ресей сияқты елдердің ықпалы артып келе жатқандығын ескерсек, оның ықпал ету аумағының кеңеюіне өзге одақтас елдер бейжай қарап отыра алмасы түсінікті де.


www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

 Жасампаздық жемісі

Музей – єажайып əлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде жұмыс істеу – осындағы барлық қызметкерлер үшін үлкен мақтаныш. Адам өмір бойы үйренеді дейді ғой. Біз үшін бұл музей өмір мектебі болды. Сол бір жауапты кезеңде Президент Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков пен музей директоры А.Сағынғали экспонаттардың жиналуына барлық мүмкіндіктерді жасады.

Қандай да бір елдің ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-салты, дəстүрі, төл мəдениеті мен əдебиеті, тарихы болатыны сөзсіз. Мəдениеті мен өнеріне, тарихына қарай ел өмірі мен оның рухани бет-бейнесі, абырой-беделі айқындалатыны анық дейтін болсақ, сол дүниелердің арғы-бергі тарихын тұспалдап ел қажетіне жарататын беделді мекемелердің бірі – музей деп жатамыз. «... Жалғанда уақытша өмірден асқан тұрақтылық жоқ» деген шығыс ғұламасының ұлағатты сөзі бар. Шындығында, ғасырларды бірбірімен жалғайтын тарихи оқиғалар тізбегін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де, заттық дəйектермен көрнекі түрде түсіндіретін де, сол бір дəуір, кезең жөнінде белгілі бір ұғым-түсінік қалыптастыратын да музей қызметкерлері екені белгілі. Біздің музейдегі қай экспонаттарды алсаңыз да, көз алдыңыздан еліміздің кешегісі мен егемендік алғаннан бергі Елбасымыздың саяси қызметі арқылы көрсетілген қасиетті Қазақ елінің қайталанбас тарихы боп көз алдыңыздан өтіп жатады... Музей – теңдесі жоқ ғажайып əлем. Өйткені, түнгі аспандағы самсаған сансыз жұлдыздар секілді бойыңды баурап, ойыңды таңғажайып қиялдарға жетелейді. Музей құру – оңай шаруа емес. Біздің музейдің өзін алып қарайықшы, кешегі онсыз да өзегі талған, тілі күрмелген, аяғы тұсауланған, қолы қысқарған замандағы тарихымызды, жаңа əлемдегі Қазақстанның əлемдік деңгейдегі дамуы мен басқа мемлекеттермен саяси-əлеуметтік, экономикалық, мəдени байланысын, өнерін, мəдениетін сабақтастырып насихаттауда, дамытуда, болашақ ұрпақ үшін сақтауда қиыннан қиыстырып, келушінің көзайымына айналдыру – бұл дегеніңіз бір мая шөптің ішінен ине іздегенмен бірдей деген сөз. Өз жұмысын бірнеше бағытта, атап айтқанда, ғылыми қор жинақтау, оны есепке алу, ғылымизерттеу, ғылыми-экспозициялық, көрмелік жəне экскурсиялық, ғылыми-ақпараттандыру жүйелері, музейлік педагогика саласын дамыту жұмыстарын жүргізіп отырған қасиетті

қарашаңырағымызға – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне бүгінде он жыл толды. Осы жылдар ішінде келушілеріміз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің балалық шағы, үлкен еңбек жолына араласқан кезеңдері мен бүгінгі таңдағы саяси қызметі арқылы тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихының негізгі кезеңдері жайлы оқиғалармен таныс болды. Мəселен, кез келген азамат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Демек, музей қызметкерлері тірлік толқынында, атқарар ісінде, шығармашылық еңбектерінде, сөйлеген сөзінде, тіпті, мазалаған ойында замана ағысына араласып жатады. Сөйтіп, өзі зерттеп отырған саласы туралы пікір түзіп, пайым жасайтыны даусыз. Жұртшылық оның бірін біледі, енді бірін біле бермеуі де заңды құбылыс. Музей ашылғалы бері талай-талай кездесулер, қабылдаулар өтті. Орайы келген осындай мерейтойда еске аларлық, есімнен мүлдем кетпейтін ерекше бір оқиға туралы айтып көрейін. Осыдан 10 жыл бұрын, 2005 жылы музейдің 1-қабатында келушілер қабылданып жатты. Келушілер алдымен Қазақстанның картасы мен Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың фотопортреті, егемен Қазақстанның өткенін, бүгінін жəне болашағын бейнелейтін «Өмір ағашы» мүсіндік композициясымен танысып, əрі қарай жүретін. Ол кезде жұмыс істеген қызметкерлер тобы шағын ғана еді. Келушілер легі көп болған соң, барлық бөлімнің қызметкерлері экскурсия жүргізуге жиі көмекке шығатынбыз. Сол 2005 жылы музейдің алғашқы келушілері қатарында Жамбыл облысының соғыс жəне еңбек ардагерлері де болды. Ұмытпасам Шу ауданынан ғой деймін. Экскурсия аяқталған соң əдеттегідей əрқайсымыз өзіміздің тобымызды шығарып салып тұрған едік. Кенет бір ардагер атамыз манағы «Өмір ағашы» композициясының бағытына қарай жүрді. Маған мына кісі шығатын есікті байқамай қалған шығар деген ой келіп,

«Кешіріңіз, ата, шығатын есік мына жақта, алдыңызда» дей берген едім, менің сөзімді қаперіне де алған жоқ, Елбасымыздың фотопортретіне қарап сөйлей жөнелді. Бағдарласам, онсыз да өткен күннің белгісіндей болған əжімдердің сай-саласымен аққан көзінің жасын сүртіп «Е, айналайын-ай, жаңа өзіміз көріп, куə болған дүниелер, елдігіміздің жүгін арқалап, түн ұйқыңды төрт бөліп тыным таппай жүргеніңді енді түсіндім, сонау көштің бетін Сарыарқаның төсіне бұрған кезеңде, е-е-ей, жалған дүние-ай, əркім əртүрлі пікір айтқанда не сенетініңді, не сенбейтініңді кейде білмей де қаласың. Əйтеуір, аман жүрші, жарқыным, талабың оң болсын», деген алғысын айтып тұрды да, есікке қарай беттеді. Менің есімнен жанары жасқа толған таудай ақсақалдың бейнесі əлі күнге кетер емес. Аң-таң болған күйімде жанымда тұрған Лəйлə Омароваға айттым. Бір түрлі қобалжыдық па білмеймін, əйтеуір, екеуміздің де көзімізге еріксіз жас келгенін де байқамай қалыппыз. Музейде Тəуелсіз Қазақстанымыздың қазіргі заманғы тарихының басталуы 1980 жылдың ортасы мен 1990 жылдардың басындағы түбегейлі өзгерістер, Қазақстанның даму жолында айқындалған үдерістер, Тұңғыш Президентіміздің сайлануы, Мемлекеттік егемендік туралы декларациямыздың қабылдануы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздерінің тарихы, президенттік институттың қазақстандық моделі, мемлекетіміздің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы – бəрі-бəрі қамтылған. Уақыт не деген жылдам десеңізші?! Енді біз болашаққа адымдап, қасиетті қазақ елі – Мəң гілік Елге айналу тарихын тереңірек зерттеп, зерделеу бағытындағы күрделі істерге жол тарттық. Музейдің шоқтығы барған сайын биіктеп, жылжыған жыл дардың жарқын беттерін ғасырларға жалғайтын ұлы істердің ұмытылмас іздерін қалдыруда музей басшылары мен əріптестеріме тынымсыз еңбектерінің абыройы аспандай берсе екен деген ой түкпіріндегі өмір пернесінің сазды əуені іспеттес риясыз көңілімді білдірмекпін. Нұржамал ШЫРЫМБАЕВА, Тұңғыш Президент музейінің Экспозицияларды жəне көрмелерді ұйымдастыру орталығының жетекшісі, Мəдениет қайраткері.

 Спорт

«Астана» да, «Аќтґбе» де ґз алаѕдарында ўтылды Бұрнағы күні түнде Еуропа лигасы 4-раундының алғашқы матчтары ойналды. Оған Қазақстан атынан қатысқан екі команда – «Астана» да, «Ақтөбе» де өз алаңдарында ойнағандарына қарамастан, ұтылып қалды. Бұл олардың қарымта матчтағы келесі кезеңге өту мүмкіндіктерін күрт қысқартып жіберді. Бəрінен де «Астананың» ұтылысы шымбайға қаттырақ батады. Аталмыш кездесудің дебютінде елордалық фут болшылар біршама территориялық басымдық көрсетті. Олар меймандар қақпасы алдында бірнеше қауіпті сəттерді тудырып, есеп ашудың сəттерін жіберіп алды. Алайда, көп ұзамай футболда «сен соға алмасаң, қарсыласың соғады» деген қағида осы жолы испандар үшін өте дөп келе қалды. Сөйтіп, негізінен қорғаныста жүрген қонақтар кенет бір қарсы шабуыл кезінде есеп ашты. Оны 33-минутта Канни түсірді. Ал екінші таймның басында испандар күтпеген жерден тағы бір гол соғып кетті. Оны Хаумеден доп алған Джованни дос Сантос өз есебіне жазды. Кездесудің 60-минутынан бастап алаңда астаналықтар саны бір ойыншыға кеміді. Себебі, екінші рет «сары қағаз» алған Марин Аничич алаңнан қуылды. Осындай алас-қапас тартыс кезінде алаң иелерінің қарқыны кеми берді. Мұны қонақтар жақсы пайдалана білді. Олар 84-минутта

матчтың соңғы нүктесін қойып үлгерді. Голды Марио Гаспар өз есебіне жазды. Есеп – 0:3. Ал «Ақтөбе» командасы Польшаның «Легия» командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Ойынның басында алаң иелері допқа өздері иелік етіп, қарсыластарын өз алаңы маңына қысып ұстауға күш салды. Бірақ меймандар бұл құрсаудан тез сытылып шыға білді. Сөйтіп, өз дарбазалары маңынан қауіптің бұлтын барынша аластатып бақты. Соның сал дарынан поляктар қақпасы жағына туралап барған өткір шабуылдар көп бола қойған жоқ. Бұл тұста тек 26-минутта Валерий Коробкин өте қолайлы тұста допты аспанға əуелетіп теуіп, өз мүмкіндігін босқа құртып алғаны ғана есте қалды. Ал алаң иелерінің қорғаныс шебі осы кезеңдері барынша сенімді ойнады. Əйткенмен, ақтөбеліктер келесі тайм басталар-басталмас тұста күтпеген жерден əлсіздік танытып алды. Мұны поляктар əдемі пайдаланып кетті. Айып алаңы ішінде бақылаусыз қалған

Дуду кенет Андрей Сидельников қорғаған қақпаның торын бүлк еткізді. Гол – 1:0. Қонақтар осылай есеп ашып кетті. Кейін белгілі болғанындай, бұл осы матчтағы алғашқы да соңғы гол болып шықты. Ал алаң иелері 54-минута Марат Хайрулиннің дарбазаға жақын жерден зуылдата ұрған добы арқылы есепті теңестіріп кете жаздады. Айта кетуіміз керек, соғылған гол ойынның көрінісіне көп өзгеріс енгізе алған жоқ, ақтөбеліктер бұрынғысынша шабуыл жасауларын жалғастыра берді, ал меймандар оларды қайтарумен болды. Осылайша, Владимир Газзаевтың шəкірттері матч біткенше қарсы қақпаға жорық ұйымдастыруларын тоқтатпаса, поляктар барларын салып қорғанудан бір жазбады. Осылай бір жақты шабуылмен өткен кездесу таблодағы бастапқы есепті өзгерте алмады. Қарымта матч 28 тамыз күні қарсыластар алаңдарында өтеді. Руслан ИГІЛІК.

Ќазаќстан ауыр атлеті Нанкинде ќола медаль алды Қазақстан ауыр атлеті Жасұлан Қалиев Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің жазғы екінші Олимпиадасында қола медальдің иегері атанды. Ойындарда Ж.Қалиев 77 килоға дейінгі салмақта күш сынасып, қоссайыс қоры тындысында 310 (139+171) килоны бағындырды. Алтын медальді екі жаттығуда 319 (142+177) кило салмақты бағындырған Армения өкілі Акоп Мкртчян жеңіп алды. Екінші орынға 316

(141+175) салмағымен ирандық Венкат Рахул Рагала жайғасты. Осымен қазақ жасөспірімдері Ойындарда екінші медалін омырауларына тақты. Бұған дейін «алтынды» дзюдошы Бауыржан Жауынтаев жеңіп алған еді. Еске сала кетейік, Қазақстаннан Нанкиндегі жасөспірімдер Олимпиялық ойындарына 51 атлет аттанған болатын. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

7

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 10 қыркүйекте (Астана уақытымен) сағат 11.00-де www. gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. Газ-3110 автокөлігі, тіркеу нөмірі D012КС, 2003 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Əйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Жібек жолы көшесі, 16. Алғашқы бағасы – 68 000 теңге. Бастапқы бағасы – 680 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 35 588 теңге. Кепілді жарна – 10 200 теңге. 2. Газ-31105-120 автокөлігі, тіркеу нөмірі D016КС, 2004 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Барақ батыр көшесі, 31. Алғашқы бағасы – 130 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 300 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 49 598 теңге. Кепілді жарна – 19 500 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 3. Ваз-21214 автокөлігі, тіркеу нөмірі 031РК04, 2008 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Е. Көтібарұлы көшесі, 56. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 35 000 теңге. Кепілді жарна – 5 250 теңге. 4. Газ-322132-224 автокөлігі, тіркеу нөмірі D041NS, 2002 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Əйтеке би көшесі, 25. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 93 000 теңге. Кепілді жарна – 13 950 теңге. 5. Газ-322132-24 автокөлігі, тіркеу нөмірі D010НК, 2001 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облысы бойынша салық департаменті» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Некрасов көшесі, 73. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 65 000 теңге. Кепілді жарна – 9 750 теңге. 6. Газ-3110-101 автокөлігі, тіркеу нөмірі D604BХ, 2001 жылы шығарылған, теңгерім иесі – «Ақтөбе облыстық сотының кеңсесі» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Сəтбаев көшесі, 16. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 17 000 теңге. Кепілді жарна – 2 550 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукцион өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: KZ160705012170166006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120340000827, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ банкіне, КБе-11, КНП-171. (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарналардың уақтылы түсу мақсатында өтініштерді беру алдында кепілді жарнаны үш күн бұрын төлеуге кеңес береміз. Кепілді жарнаны кері қайтару үшін аукционды ұйымдастырушыға, электрондық аукционға қатысушы банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын беруі қажет Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды

көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің вебпорталында енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағиданың қосымшасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порта лында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайда өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер электрондық аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекеше лендіру нысанының бастапқы бағасы белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекеше лендіру нысанын сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион жеңімпазы болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады.

«АК «Қазақстан жолдары» АҚ акционерлерінің назарына «АК «Қазақстан жолдары» АҚ, атқарушы органның орналасқан жері: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы өзінің акционерлеріне хабарлайды, жиналыс 2014 жылғы 27 тамызда сағат 16.00-де болады. Тіркеу 2014 жылғы 27 тамызда сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 409-бөлме. Жиналыстың бастамашысы – қоғамның Директорлар кеңесі. Акционерлердің тізімі 2014 жылғы 13 тамызда жасалды. Күн тəртібі: 1.Қоғамның есеп комиссиясының сандық құрамы жəне өкілеттік мерзімі туралы. 2.2013 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы. 3.2013 жылғы дивидендтер туралы. 4.Директорлар кеңесінің құрамы, Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау, Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау, Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шартын анықтау туралы. Бірінші жиналыста жиналым болмауы жағдайында, қайталама жиналыс 2014 жылғы 2 қазанда сағат 15.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Гоголь к-сі, 86. Жиналыстың күн тəртібіндегі мəселелер бойынша дауыс беру кезінде шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен 2014 жылғы 20 тамыздан бастап Алматы қ., Гоголь к-сі, 86, 409-бөлмеде танысуға болады.

Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК медициналық техникалық құрал-жабдықтарды сатып алу үшін тендер өткізетіндігін хабарлайды Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, көлемі, олардың егжей-тегжейлі ерекшелігі, жеткізу мерзімі жəне орны тендерлік құжаттарда көрсетілген. Тендерге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсету бойынша дəрі-дəрмектерді, профилактикалық (иммундыбиологиялық, диагностикалық, залалсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жəне медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді ұйымдастыру жəне сатып алу ережелерінің 8-тармағында аталған біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттар пакетін 2014 ж. 11 қыркүйекте сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі, 12-үй, есеп бөлімінен жəне lek.aoblzdav@mail.ru электронды мекенжайынан алуға болады. Тендерге қатысу үшін конверттерге салынған тендерлік өтінімдер «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға мына мекенжайы бойынша: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі, 12-үй, есеп бөліміне тапсырылады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 ж. 12 қыркүйекте сағат 13.00-ге дейін «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға мына мекенжай бойынша: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі, 12-үй, есеп бөліміне тапсырылады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2014 ж. 12 қыркүйекте сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Л.Асанова көшесі, 12-үй, «Панфилов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК есеп бөлімінде ашылады. Əлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8 (72831) 5-5392,5-53-94, panfilovcrbzakup@mail.ru

ГКП на ПХВ «Панфиловская центральная районная больница» объявляет о проведении тендера по закупкам Полный перечень закупаемых товаров, их подробная спецификация, количество, сроки и место поставки указаны в тендерной документации. К тендеру допускаются в пп.8 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства РК от 30.10.2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 15.00 час. 11 сентября 2014 года включительно по адресу: Алматинская область, Панфиловский район, город Жаркент, ул. Л.Асанова, 12, в бухгалтерии или по электронной почте по адресу: e-mail: lek.aoblzdrav@mail.ru Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, предоставляется в ГКП на ПХВ «Панфиловская центральная районная больница» по адресу: Панфиловский район, город Жаркент, ул. Л.Асанова, 12, в бухгалтерии. Окончательный срок предоставления тендерных заявок: 12 сентября 2014 года до 13.00 час. в ГКП на ПХВ «Панфиловская центральная районная больница» по адресу: Панфиловский район, город Жаркент, ул. Л.Асанова, 12, в бухгалтерии. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 15.00 час. 12 сентября 2014 г. по адресу: Панфиловский район, город Жаркент, ул. Л.Асанова, 12, ГКП на ПХВ «Панфиловская центральная районная больница» в бухгалтерии. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (72831) 5-53-92, 5-53-94, e-mail: panfilovcrbzakup@mail.ru

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып танылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33, 403-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, электрондық аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қағидаға сəйкес, сауда-саттықта жеңімпаз атанған тұлға сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған жағдайда, ол енгізген кепілді жарнасын жоғалтады жəне сатушыға кепілдік жарнамен жабылмаған бөлігінде оның іс жүзінде шеккен залалының орнын толтыратындығын қоса хабарлаймыз. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), БСН 990340003019 Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №883 Жарлығына сəйкес өзінің таратылғаны туралы хабарлайды. Кредиторлардың наразылықтары мен талаптары Астана қ., Сейфуллин көшесі, 37, тел.: 7 (7172) 90 93 53, 90 90 92, 90 93 02 мекенжайы бойынша хабарландыру жарияланған сəттен бастап екi айдан кешіктірілмей қабылданады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты Батыс Қазақстан облысы партия филиалының төрағасы, облыс əкімі Нұрлан Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Батыс Қазақстан облысының əкімдігі, облыстық мəслихат, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жəне облыстық ардагерлер кеңесі Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар Əбішұлы НОҒАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ өмірден озуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы Батыс Қазақстан облысының əкімі, басылым жанашыры Нұрлан Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар Əбішұлы НОҒАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстанның инновациялық жəне телекоммуникациялық жүйелер университеті» ғылыми білім беру кешенінің басшылығы мен ұжымы Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ өмірден озуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан облысының əкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевқа əкесі Асқар ƏБІШҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы белгілі ғалым, ҰҒА-ның құрметті мүшесі Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевқа ағасы Əскер Алтынбекұлы ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы белгілі ғалым, ҰҒА-ның құрметті мүшесі, Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылымизерттеу институтының бас директоры, профессор Əбдірахман Молданазарұлы Омбаевқа əкесі МОЛДАНАЗАРДЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады.

Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция), БИН 990340003019 сообщает о своей ликвидации согласно Указу Президента Республики Казахстан от 6 августа 2014 года № 883. Претензии и требования кредиторов принимаются не позднее 2-х месяцев с момента публикации объявления по адресу: г.Астана, ул.Сейфуллина, 37, тел.: 7 (7172) 90 93 53, 90 90 92, 90 93 02.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы – Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының оқу жұмысы жəне əдістемелік қамтамасыз ету департаменті талдау жəне мониторинг бөлімінің басшысы Евгения Жүсіпқызы Өмірқұловаға ұлы Эльдар Жапарұлы ОМАРОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Утерян передаточный акт по договору участия в долевом строительстве жилого комплекса «Қыпшақ» № 493 от 30 декабря 2006 года на имя Сейтмураткызы Аймолдир считать недействительным.

«KAZGOR» жобалау академиясы профессор, техника ғылымдарының докторы, Асқар Алтынбекұлы Құлыбаевқа ағасы Əскер АЛТЫНБЕКҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

23 тамыз 2014 жыл

 Еркін елдің ертеңі

Баќытты балалыќ шаќ

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Тағзым

 Жағымды жаңалық

Оѕтїстіктен келген ќарлыєаштар

Өнердегі өр тұлғаның бірі – Ермек Серкебаевтай сахна саңлағы былтыр өмірден өткені баршағы мəлім. Халқымыз тағы бір тума талантын қарашада жер бесікке салып, қамығып, жабықса да, жақсының соңында қалған өшпес мұраны дəтке қуат етіп, даңқын өшірмеуді парыз тұтқан еді. Мысалы, жуырда Алматыда əнші мəңгілік тыныстап жатқан Кеңсай зиратында шебер Қазыбек Сатыбалдиннің қолынан шыққан мүсін орнатылған болатын.

Петропавлда біз оларєа ќарап ќуанамыз

Байєали СЕРКЕБАЕВ:

«Əкем бїгін бір аунап тїсті-ау...» Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ендеше кеше Алматыда Бөгенбай көшесіндегі КСРО халық əртісі Ермек Серкебаев тұрған үйдің қабырғасына естелік тақта орнатылды. Алматы қалалық əкімдігі,

шаһар басшысының өзі бас болған айтулы шараға əншімен өмірде сапарлас болған сахна саңлақтары, көзкөргендер мен үрім-бұтағы бір кісідей жиналып, жүректен шыққан естеліктерін төкті. Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов зиялы қауым өкілдері жəне əншінің туыстары, жары, ұлдары Байғали мен Алмас Серкебаевтарға арнап: – Біз бүгін Кеңес Одағы жəне Қазақстан халық əртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ермек Серкебаев тұрған үйде орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Қазақ мəдениеті мен өнерінің асқар тауы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алып,

Абай атындағы опера жəне балет театрында қазақ жəне əлемдік опералық туындыларды зор шеберлікпен орындады. Ермек Серкебаев камералық жəне опералық əнші ретінде де кеңінен танылды. Қазақтың мəдениетін əн өнері арқылы Еуропа мен

əлемде кеңінен насихаттап, əлемдік биікке көтерілді. Ермек Бекмұхаммедұлы ұлағатты ұстаз ретінде көп шəкірт тəрбиелеп, өзіндік əн мектебін қалыптастырды. Өмірге бірнеше ғасырда бір келетін мұндай əнші есімі қазақ мəдениеті тарихында алтын əріппен жазылып, халық жадында қалатыны анық, – деп, əншіні есте қалдыруға бағышталған бастамалардың бітпейтінін жеткізді. Жиналған қауым əншінің замандасы КСРО халық əртісі Бибілүл Төлегенова, Серкебаевтың шарықтаған шабытты кезеңдеріне куə болған Жексенбек Еркінбеков сынды жандардың ғажайып естеліктерімен жиналғандарды ұйытты.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Айтқандай, ескерткіш тақта орнатылған Бөгенбай батыр көшесіндегі нөмірі 136 үйдің Серкебаевтар үшін орны бөлек. Жақындарының айтуынша, əйгілі баритон аталған үйде отбасылық өмірінің алғашқы жылдарын өткізген жəне осы құтты шаңырақта

оның ұлдары Алмас пен Байғали дүниеге келген. – Бүгін менің əкемнің рухы бір серпіліп қалды. Өйткені, ол туралы естелік ескерткіш тақта арқылы мəңгілік жадымызға жатталды. Осы үйде менің балалық шағым өтті. Ең бастысы, əкем маған классикалық музыкаға деген махаббатты сіңірді, – деді Байғали Серкебаев. Қазақ мəдениетінің абыройын əлемнің əр шалғайында асырып, дүниенің төрт бұрышында ұлттық өнердің деңгейін паш еткен Ермек Серкебаевтай тағдырлы талантты ұлықтайтын ұлағатты шаралар легі осылайша жалғаса бермек. АЛМАТЫ.

Осыдан 33 жыл бұрын Алматыдағы ҚазМУ-ді аяқтап, жас маман ретінде жолдамамен Петропавл қаласына келгенім есімде. Сонда облыстық газетке жұмысқа орна ласқанымда еліміздің солтүстік қақпасы атанған шаһарда қазақтардың соншалықты аздығын аңғарып, самсаған сары орманның ішіне кіріп кеткендей күй кеш кенмін. Троллейбустің ішінде «арпа ішіндегі бір бидайға» ұқсап, қандас ағайын кездесе қалса, бірбірімізге қарап, көзімізбен «ой, бауырымдасып» тұратынбыз... 1989 жылы жүргізілген Бүкілодақтық халық санағы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының небəрі 18,6 пайызын қазақтар құраған екен. Ал үстіміздегі жылдың басында бұл көрсеткіш 34,2 пайызға жетіпті. Еліміздің тəуелсіздігі мен Елбасымыздың кемел саясатының арқасында қарамызды көбейтіп, қатарымызды қалыңдата түскен осынау оң үрдіске қарап, көшіміз жүре түзеліп келе жатыр екен деп көңіл жұбатуға болады, əрине. Алайда, бүгінгі жеткен жетістікке малданып, тоқмейілсуге болмайтын мына алмағайып кезеңде республикадағы қазақтар саны өзге этнос өкілдерінен əлі де аз болып отырған екі облыстың бірі біздікі екендігі ойландырмай қоймайды. Тіпті, қазағы аз екінші өңір – Қостанайдың да көрсеткіші біздікінен сəл тəуір – 38,8 пайыз. Оның үстіне, Қызылжар өңірінен өзге жақтарға көшіп кетушілер легі толастамай, облысымыздың халқының саны соңғы 10 жылда 100 мың адамға кеміп кетті. Ал, биылғы жыл

басынан бері тұрғындарының саны тағы 1,4 мыңға кеміп, бүгінде 574,3 мың адам ғана қалған облысымыз республикадағы халқы ең аз өңірге айналып шыға келді. Осындай теріс үрдісті тежеп, демографиялық ахуалды түзету мақсатымен ел Үкіметі біздің өңірді алдағы уақытта шетелден атамекенге оралатын ағайындарға мемлекет тарапынан əлеуметтік көмек көрсетілетін 7 облыстың қатарына қосқанымен, олардың Қызылжарға көш тартып шыққандары əлі көріне қойған жоқ. Соңғы жылдары тоқтап қалған ұлы көштің алдыңғы легімен бірге келіп қалған оралмандардың да табиғаты қатал солтүстік өңірді жерсініп, тұрақтап қалғандары онша көп еместігі де Үкіметті ойландыруы керек. Есесіне, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ел Үкіметі биыл қолға алған «Серпін – 2050»: «Мəңгілік Ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасына зор үміт артуға болады. Міне, осы бағдарла ма аясында үстіміздегі жылы Сол түс тік Қазақстан облысының жоғары жəне орта арнаулы білім беретін оқу орындарына жеңілдікпен түсу үшін оңтүстік өлке жастарына 200 грант бөлінген болатын. Оның 150-і он педагогикалық мамандық бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне, 50-і екі мамандық бойынша Петропавл темір жол – көлік колледжіне бұйырды. Таяуда аталмыш оқу орындарымен хабарласқанымызда оңтүстік өлкеден Қызылжарға келіп, білім алуға ынта білдірген талапкерлер қатары аз болмай, бөлінген гранттар

толығымен өз иелерін тапқандығын білдік. Қуанышты жайт бұл! Сөйтіп, өткен ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстанның солтүстігіне тың игеруге аттанған жастар секілді, биылғы жаңа оқу жылының қарсаңында 200 жас өрен Қызылжар жеріне алғаш қадам басады. Қадамдары құтты болғай! Оларды біз өзіміздің ойсырап тұрған ортамызды толтырып, теріскей өңірге күнгейдің жы лы лығын ала келетін «оңтүстік қарлығаштарына» балағанымыз жөн. Əрине, Қызылжар өңіріне 200 грант аздық ететіні даусыз. Алдағы жылдары Үкіметіміз Солтүстік Қазақстан облысының өзіндік ерекшелігін ескеріп, бөлінетін грант санын еселеп арттырса, құба-құп. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бір кезде 10 мыңнан астам студент оқығанын, ал олардың саны өңірдегі демографиялық ахуалдың төмендеуіне байланысты құлдырап, өткен оқу жылында 5 мыңға дейін кемігендігін ескерсек, аталмыш жоғары оқу орнының қазіргі қолда бар мүмкіндігі келешекте оңтүстік өлкеден келіп оқитын мыңдаған жастарды қабылдауға еркін жететіндігі анық. Тағы бір ескерерлік мəселе – «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына орай оңтүстік өлкеден Қызылжар өңіріне келіп, білім алатын жастарға қолайлы жағдай туғызу мақсатымен «Қызылорда – Көкшетау» пойызының бағытын алдағы уақытта Петропавлға дейін ұзартқан жөн. ...Өзгелерді айтпағанда, қазақ мектебінде оқитын оқушылардың өздері де үзіліске шыға салып, бірбірімен орысша сөйлесуге бейім тұратын Петропавл қаласында көп ұзамай қазақ жастарының дауысы жиірек естілетін болады. Мен соған да қуанамын. Кəрібай МҰСЫРМАН, журналист. ПЕТРОПАВЛ.

 Бəрекелді!

Алыстаєы ауданда

«Мектепке жол» акциясы аясында 2 млн. теѕгеніѕ ќайырымдылыќ кґмегі жасалды Қазталов ауданында «Балаға мейірім сыйла» тақырыбымен өткізілген «Мектепке жол» республикалық акциясы ел есінде мықтап қалды. Бір күнде 597 оқушыға 2 млн. теңгенің көлемінде көмек көрсетілді. Бұған ауданның 21 мектебінің оқушыларына аудан əкімі аппаратынан бастап, 35 мекеме, кəсіпорындар қызметкерлері үлес қосты. Сондай-ақ ауданның кəсіпкерлері де қайырымдылық ісінен шет қалған жоқ. Акция ауданда жалғасын табуда. Гүлфия КӨШБАЕВА, журналист.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

«Жо-жоќ, аєа, біз аќ ішпейміз» Болат ЕСҚАЛИЕВ, журналист.

1985 жыл еді. Ақпанның ақырған аязды күндері. Редакция тапсырмасымен ұжымдағы үлкендеріміздің бірі, фототілші Ақсан Құрманғалиев екеуміз аудан орталығынан 33 шақырым жердегі «1 Май» кеңшарына бардық. «Мал шаруашылығы – екпінді майдан» айдарымен осы шаруашылыққа газетте бет арнауымыз керек. Қыстақтарда қайнаған еңбек. Аязды күндері фотоаппараттың пленкасы жүрмей қалатыны бар еді. Ақас біраз күйіп-пісті-ақ. Фотоаппаратын жылытып алу үшін оталып тұрған «Жигули» машинасымен жемшөп цехтары, қора-аула, арасында жүгіріп жүріп, əйтеуір сəтті суреттер түсірді-ау. Қыстың күні тез еңкейеді. Ең соңғы атбасын озат бақташы Қапсих Рамазановтың қыстағына тіредік. «Суретке түсіреміз» дегесін, ол кісі: «Тəуір киімдерімді киіп шығайын», деп үйде біраз айналып қалды. Аяз күшеймей тұрғанда, біз ауылға жетсек дейміз. Бақташыны сықитып суретке түсіріп болғанымызда, ол: «Үйге кіріңіздер, тамақ əзірлеп жатыр», деді. «Рахмет, аға, асығыспыз», дейміз қосарланып, «Ендеше, ақ ішіңіздер, жүріңіздер», – деп бəйек болып жатыр. – Жоқ, жоқ, аға, біз ақ ішпейміз, – деді Ақсан тездетіп қоштасып жатып. Ызғырық күшейе түскен-ді. Жолда келе жатып, жып-жылы кабина ішінде Ақасқа қарап: «Айран, қатықты жақсы көруші ең. Мана неге ішпедің, көп болса он минөтіміз кетер еді», деймін мен. Көзін жолдан алмастан: «Қайдағы айран?», деді. Мен Қапсих ағаның «ақ ішіп кетіңдер» дегенін айта беріп, оның мектепте орысша оқығаны, орысша ортада өскені есіме түсіп, күліп жібердім. «Қазақтың кейбір сөзін қақпай қаламын мен», деп, ақжүректен мойындайтын ақжарқын Ақас менің күлкімнен бəрін тез аңғарды. Сөйтті де: «тү-у, мына суықтан бізді жылынып алсын, ақ арақ ішсін деген болар десем. Ағадан ұят болды-ау. Қалай ойлап қалды екен?» деп басын шайқай берді. Бұл азамат сосын Чапаев аудандық баспаханасын бірнеше жыл іскерлікпен басқарды. Оны газет, кітаптар басылатын ірілендірілген ұжым дəрежесіне жеткізіп, еңбегі алысқа естілді. Өкінішке қарай, 1999 жылы, 49 жасында төтеннен келген науқастан көз жұмды. Бірақ еңбекқорлығы, адалдығы, адамдығы ауыл мен елдің есінде. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

 Қаз-қалпында

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Дастан КЕНЖАЛИН.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №380 ek

Profile for Egemen

23082014  

2308201423082014

23082014  

2308201423082014

Profile for daulet
Advertisement