23052015

Page 15

 Руханият

Əдебиетті ќорєау ќажет Қазақстан Жазушылар одағында өткен жыл қорытындысы жиынында қаламгерлер осындай тұжырымға келді. Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Ардагерлерге арналєан сайт Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Шығыс Қазақстанда көптеген тағылымды жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы басылымның бірнеше сандарында жəне газет сайтында жазған болатынбыз. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстың қалалары мен аудандарында жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерейтойлық шаралар қаһармандық көрсетіп, қан майданнан қайтпаған боздақтар мен ел-жерін жаудан қорғап қалған хас батырларымызды ардақтауға арналды. Айта кетер болсақ, Көкпекті ауданының Подгорное ауылында осы елді мекенде туып-өскен үш бірдей Кеңес Одағының Батырына жəне барша майдангерлерге арналған мемориалдық кешен бой көтерді. Облыс орталығындағы Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен тұсында қайта жаңғыртылған Даңқ мемориалында 7199 өскемендік Ұлы Отан соғысының ардагеріне арналған 7199 шырақ жағылды. Шығысқазақстандық майдангерлер Астанада өткен əскери шеруге қатысты. Көптеген ардагерлерге шипажайларға жолдама берілді. Семей қаласы мен басқа да аудандарда «Мəңгілік полк» акциясы ұйымдастырылып, ардагерлерге арналған спектакльдер, кино көрсетілімдері өтті. Осындай ұрпаққа ұлағат болар шаралардың бірі – шығысқазақстандық ардагерлерге арналған ақпараттық порталдың ашылуы деуге болады. Жақында А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада аталған сайттың салтанатты тұсаукесері өтті. Енді ғаламтор арқылы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбекккерлері мен концлагерь тұтқындары туралы, олардың отты жылдарда бастан өткерген қиындықтары мен ерлікке толы өмірлері жөніндегі барлық ақпараттар аталған сайтқа орналастырылатын болады. Шығыс өңірінде ашылған veteranvko.kz сайты өскелең ұрпаққа электронды форматта

жауынгер жерлестері жөнінде мол мағлұматтар ұсынуымен ерекшеленбек. – Бұл жобаны Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орайластырып жасадық. Сайттың түрлі бөлімдерінде шығысқазақстандық ардагерлер жөнінде барлық ақпаратты тауып, оқуға болады. Сондай-ақ, бейнесюжеттер, ерлік даңқы туралы ардагерлердің өзі əңгімелеген бейне жəне аудиоматериалдар, олардан алынған сұхбаттарды таба аласыздар. Бүгінгі таңда біздің өңірімізде көзі тірі үш Кеңес Одағының Батыры тұрады. Шетелдерде тұратындары да бар. Осы батырлар туралы ақпаратты да орналастыруға жəне сұхбат алып, сайтқа салуға тырысатын боламыз. Сонымен бірге, сайтқа соғыс жылдарында жұмыс істеген өндірістік кəсіпорындар мен майдан шебінен алыста, Жеңіс үшін тер төккен тыл ардагерлері де қамтылады. Даңқ орденінің толық иегері атанған батырларымыз туралы мəліметтер де қалыс қалмайды. Сайт жан-жақты əрі оқырмандарға қызықты болуы үшін соғыс жылдарындағы аудиоматериалдармен, фотосуреттермен ұдайы толықтырылып отырады, – деді аталған тұсаукесерде облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар. Сондай-ақ, сайтта жауынгер хаттары, мұрағаттық құжаттар мен майдангерлер есімімен аталатын көше, мекеме атаулары, соғыс жылдарындағы газет тігінділері, жаңалықтар мен оқиғаларға арналған бөлімдер бар. Ақпараттық портал облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының көмегімен құрылды. Айта кеткен лəзім, Ұлы Отан соғысында Шығыс өңірінен 109 Кеңес Одағының Батыры мен 22 Даңқ орденінің толық иегері шыққан. ӨСКЕМЕН.

Тереѕ ойлы, текті ќарындасым-ай... Аќын Тўрсынай Оразбаевамен ќоштасу Қуанышы мен қайғысы қапталдасып қатар жүретін өзі тəтті, діні қатты өмір-ай... Жанжағымызды жалмап, жалаңаштай бердің-ау... Не дейін енді саған... Профессор інім Серік Тойғамбаев Мəскеуден: «Аяулы қарыңдасың Тұрсынай Оразбаева қайтыс болды», деп қайғылы, қаралы хабар жеткізгенде есеңгіреп, біраз уақыт есімді жинай алмай қалдым... Қазаның жеңілі жоқ, ал, бұл қаза Тұрсынай сынды аяулы қарындасынан адасып қалған мен үшін ауыр. Өте ауыр. Аса аяулы ұлым Даниярымның қазасынан соң шұрық тесік болып, қаны сорғалаған сорлы жүрек жарасына тұз сепкендей болды бұл қаралы хабар. Содан да дене мұздап, жүрек сыздап, қалам ұстаған қолым қалтырап, əзер жазып отырмын осы жолдарды... Тұрсынай жылдар бойы иық тасып қатар жүрген сырлас, мұраттас қарындасым, қолқанатым, əріптесім, үзеңгілес серігім еді. Ол қазақтың талантты, қанатты қызы-тын. Өзі ақын, əрі сазгер, əрі əнші. Үлбіреген гүлдей нəзік Тұрсынай ұлт мүддесін қорғар тұста асу бермес алып тау! Соңғы 20 жыл бедерінде

15

www.egemen.kz

23 мамыр 2015 жыл

Мəскеуде – Жазушылар одақтары халықаралық қауымдастығында хатшы қызметін мінсіз атқарған ол берісі ТМД, əрісі əлем əдебиетшілерін жалғастырған, достастырған алтын көпір, елші болды. Ол өзінің өзгеше өрнегі, өз қолтаңбасы бар шығармаларымен ортаға көп олжа салды, қазақ əдебиетінің мерейін өсірді Өмір Алла тағаланың адамға берген сыйы ғана емес, тайғақ тағдырдың ауыр сыны. Сол сында сынбаған, өзінің емес, өзгенің, ең алдымен халқының қамын ойлаған терең ойлы текті қарындасым, Тұрсынай едің! Енді сен де ортамызды ойсыратып кеттің. Қарлығашың, қанатың – аяулы қызың Сардана барда, өзің сүйген, өзіңді сүйген қазақ халқы барда сен ұмытылмайсың! Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ: «Тəні көмілер, көмілмес еткен ісі». Алматыға ағалап! телефон шалатын, Мəскеу барсам жүрегін қолына ұстап, құстай ұшып, ұшақтан қуана қарсы алатын аяулы қарындасым- ай! Қош деймін енді амалсыз. Мəңгілік мекенің нұрға толсын. Сəбит ДОСАНОВ.

Өткен əдеби жылда қол жеткен жетістіктер мен табыстарды, кемшіліктер мен проблемаларды екшеп саралаған басқосу қашан да пайдалы болмақ. Мұндай жиын талантты жазушыларға шығарма жазып бермейді. Бірақ ол барды бағалауға, жақсыдан үлгі алуға, алдағы тақырыптарды айқындауға, дəуірге жіті көзбен қарап үн қосуға септігін тигізері анық. Қазақ қаламгерлерінің дəстүрлі жыл қорытындысы жиналысын аша келе, Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалин осы жайларды таратыңқырап айтты. Проза жанры бойынша баяндаманы филология ғылым дарының докторы, профессор əдебиетші Айгүл Ісімақова жасады, поэзия жөнінде ҰҒА корреспондент-мүшесі, ақын Бауыржан Жақып толғамды сөз айтты. Қазақстандағы орыс əдебиеті туралы белгілі ақын Любовь

Шашкова, ұйғыр əдебиеті хақында жазушы Рахметжан Юсупов əңгімеледі. Одан əрі жанрлар бойынша саралағанда фантастиканы – Шəмшиден Əб діраман, драматургияны – Сұл танəлі Балғабаев, балалар əдебиетін – Ділдəр Мамырбаева, сын-сықақ пен сатираны – Мұхтар Шерім, əдеби сынды – Гүлзия Пірəлиева, жастар əдебиетін – Ермек Қаныкей, деректі прозаны – Сара Латиева, аударманы – Ғазизбек Тəшімбай сынды жазушылар, əдебиетші ғалымдар əділ сын таразысынан өткізіп, аса бір байыптылықпен талдады. Өткен жылы олжа салған жақсы шығармалар аталып айтылды. Кемшіліктерге де тоқталды. Қазақ əдебиетінің өткен жыл ғы қоржыны тоқ екендігі қуантарлықтай. Көршілес елдермен əдеби байланыстардың нығая түскендігі де құптарлық. Осының бір көрінісіндей, алдағы уақытта Ресей-Қазақстан жазушыларының біріккен альманағы шығарылмақ.

Сонымен бірге, осы жиында айтылған ұсыныстарға орай, өз ұлыларымыздың, айталық, Абай, Махамбет, Мұқағали сынды заңғарлардың атындағы медальдар белгілеу жайы шешімін таппақ. Жазушылар одағының алдағы пленумдарының өзекті тақырыптары да пікірталас кезінде айқындалып қалды. Алда болатын бұл салиқалы жиындарда Қазақ хандығының 550 жылдығы жəне қазақ əдебиеті, балалар əдебиетінің жайы, драматургия жəне театр мəселелері кеңінен сөз болатын болып келісілді. Қазір кітап оқуға құлық аз, көркем əдебиетке деген ықыласынта кемшін. Əуезовті əрең білетіндер саны көбейіп барады. Осы құлықсыздықтан қазақтың əдебиетін, мəдениетін, күллі руханиятын қорғау қажеттігіне жыл қорытындысына арналған жазушылар жиналысы баса назар аударды. АЛМАТЫ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2015 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де (Астана уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz вебпорталында басталатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобының активтерін сату бойынша электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Активтерді сату «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ-тың жəне акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан көбі меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерін жəне объектілерін сатудың бірыңғай қағидасына жəне «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда жүргізу регламентіне сəйкес жүзеге асырылады (бұдан əрі – Регламент). Ағылшын əдіс бойынша электрондық аукционға мына актив қойылады № Активтің атауы Меншік иесі Қызмет түрі Орналасқан Бастапқы Кепілді р/с жері бағасы, жарна, теңге теңге 1 «Көліктік «Қазтеміртранс» КөліктікАстана қаласы, 3 452 560 000 59 460 000 қызмет көрсету АҚ экспедиторлық Есіл ауданы, орталығы» АҚқызмет көрсету Қонаев көшесі, тың 100% акция 10-үй пакеті

Аукцион қадамы 0,5%

Саудаға қатысушыларды тізілімнің веб-порталында тіркеу хабарлама тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне сауда басталғанға дейін екі сағат қалғанда аяқталады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына төленеді: 050540004455, KZKOKZKX БЖК, ИИК KZ529261501102032004, «Қазкоммерцбанк» АҚ. Төлемнің мақсаты: кепілді жарна электрондық конкурсқа қатысу үшін (кепілді жарнаның мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Кепілді жарна түрінде банктік кепілдік қабылданбайды. Кепілді жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына уақтылы түсуі үшін өтінім қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеуді ұсынады. Саудаға қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында келесі мəлімдемелерді көрсетіп тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірді (бұдан əрі – ЖСН), тегі, аты жəне əкесінің аты (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сəйкестендіру нөмірді (бұдан əрі – БСН), толық атауы жəне бірінші басшының тегі, аты əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктің банктік есепшот деректемесін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжай, телефон, факс, е- mail). Жоғарыда көрсетілген мəлімдемелер өзгеретін болса бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында көрсетілген мəлімдемелерді қатысушы өзгертуі қажет. Байқауға қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталына қатысушының ЭЦҚ қолы қойылған Регламентке сəйкес форма бойынша саудаға қатысу үшін өтінімді тіркеу керек. Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттың қазақ жəне/немесе орыс тілдерге аударылған нотариалды куəландырылған көшірмелерін ұсынуы керек. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жəне Қазақстан Республикасы тарап болып табылатын халықаралық келісімшартпен жəне келісімдермен қарастырылмаған шетелдік мемлекеттік ұйым немесе ұйымдармен берілген құжаттар ұсынылса, мұндай құжаттар заңдастырылу немесе белгіленген тəртіпте апостилденуі қажет. Қатысушы өзінің саудаға қатысуы туралы өтінімін тізілімнің веб-порталын қолдана отырып, кез-келген уақытта төленген кепілді жарнаны қайтару құқығын жоғалтпай, саудаға қатысу үшін берілетін өтінімнің ақырғы мерзімінің аяқталуына дейін қайтарып алуына болады. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, сатылатын объект бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің барлығы туралы тізілімнің веб-порталымен автоматты тексеріс жүргізіледі. Егер «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтер бар болса, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдайды жəне қатысушыға саудаға қатысуға рұқсат береді. Саудаға қатысу туралы өтінім тіркелген соң, қатысушы активтер жөнінде құпия ақпараттар алуға (Data room) ақпарат бөлмесіне құқылы. Назар аударыңыз! 1. Қатысушылардың саудаға тіркелу бойынша Регламенттің талаптарын сақтамауы жəне «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ-тың есепшотына кепілді жарнаның: 1) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – ПШЭП арқылы кепілді жарна төленгенде; 2) сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын – кепілді жарнаны қолма-қол ақшасыз тəртіппен төлеудің басқа əдістері тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдаудан бас тартудың негізі болып табылады. Автоматты тексерістің нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электронды мекенжайына өтінімнің қабылданғаны немесе өтінімді қабылдаудан бас тартудың себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. 2. Саудаға қатысу туралы өтінімге тізілімнің веб-порталында орналасқан объектіге сəйкес саудаға қатысу ниеті туралы өтінімінің сканерленген көшірмесін тіркеу қажет. Ағылшын əдісі бойынша электрондық аукционды өткізу тəртібі: Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталымен тағайындалған аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге мүмкіндік беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектілерінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 1) егер электрондық аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағиданың 43-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер электрондық аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағиданың 43-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектілерінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің вебпорталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпаз сатып алу-сату шартына қол қою кезінде сатушы келесі құжаттардың көшірмесін жəне міндетті түрде негізгі түпнұсқасын салыстыру үшін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды көшірмесін тапсырады: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорт немесе жеке тұлғалардың жеке басын куəландыратын құжат; 2) заңды тұлғалар үшін: куəлік немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; заңды тұлғалардың өкілдерінің өкілеттігін куəландыратын құжат жəне де паспорт немесе заңды тұлғалардың өкілдерінің жеке басын куəландыратын құжат. Құжаттардың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына тараптармен келісілген мерзімде, алайда тізілімнің веб-порталы сауда-саттықтар нəтижелерін шығарған күннен бастап алты күннен кешіктірмей қол қояды. Электрондық конкурс өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан көруге болады немесе 8 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) жəне 8 (7172) 603-520 («ҚТЖ» ҰК» АҚ) телефондары бойынша анықтауға болады.

Соны сезім серпіні Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Жастар одағы жəне Халықаралық əдеби «Алаш» сыйлықтарының лауреаты ақын, жазушы Əділбек Ыбырайымұлының «Сөз киесі» атты əдеби-лирикалы шы ғармашылық кеші өткен жұмада талдықорғандықтарды əсерлі əлемге енгізе білді. Алматы облысының орталық Мəдениет сарайының кіреберісіндегі көрмеде тізілген 12 кітап атауы ның тың да тосындығы, сахна төрінде автор туын дыларынан сыр шерткен

бейнежазба – бəрі де жарасымды шыққан. Əділбек Ыбырайымұлы дүйім жұрттың алдына шығып, парасатты ойын қара сөзбен бір қайырып, сезімге тұнып тұрған өлеңдерін оқығанда, халық ізгі ілтипатын толассыз қол соғумен білдірді. Бес белестің биігіне көтеріліп, туған жеріне келіп шы ғармашылық есеп бере білген астаналық азаматты Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев құттықтап, өңір басшысының жəне ресми тұлғалардың арнайы жолдаған хаттарын оқып берді. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Қазақстан Республикасы Əділет министрлігі тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын (бұдан əрі – БЭСА) таңдауды жариялайды Өнім беруші http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa Интернет-ресурсында орналастырылған, белгілген тəртіпте бекітілген талаптарға сəйкес келуі тиіс. Əлеуетті өнім берушінің ұсынысына http://adilet.zan.kz Интернет-ресурсында орналастырылған, Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығымен бекітілген Тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілуі қажет. Əлеуетті өнім беруші конвертке салынған БЭСА таңдауға қатысуға ұсынысты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 010000, Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 15-кіреберіс, 803-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментіне ұсынады (жолдайды). Анықтамалар үшін телефон: (8-7172) 74-04-81. БЭСА таңдауға қатысуға ұсынысты берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 12 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 18.30-ға дейін. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстар салынған конверттер Астана қ., Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 13-кіреберіс, 841-кабинет, мəжіліс залы мекенжайы бойынша 2015 жылғы 16 маусымда Астана уақытымен сағат 10.00-де ашылатын болады.

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19 мекенжайында орналасқан жəне деректемелері мынадай: ЖБН 970 540 000 107, 2012 жылғы 29 тамыздағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы куəлік сериясы 62001 №0015217, Кбе 16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы, SWIFT BIC: HSBKKZKX, KZ 536010111000012185 (теңге) «ҚазТрансОйл» АҚ хабарлайды: «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша 46 429 363 155 (қырық алты миллиард төрт жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс үш мың бір жүз елу бес) теңге 29 тиын сомасында дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады жəне бір жай акцияға шаққанда 2014 жыл үшін 120 (бір жүз жиырма) теңге 71 тиын дивиденд мөлшері бекітілді («ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 1/2015 хаттамасы). 2014 жылдың қорытындысымен «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 27 мамырда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша түзілді. Дивиденд төлеу ақшамен, оны «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тəртіпте аудару жолымен 2015 жылғы 10 маусымнан бастап жүргізіледі: 1) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ атынан төлем агенті арқылы; 2) «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та атаулы ұстауда тұрмаған «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ өзі «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің шотына белгіленген тəртіпте аудару жолымен.

Құрметті абоненттер!

Ақсеңгір жəне Шамалған кенттерінде «АЛТЕЛ» АҚ желісін GSM/UMTS/ LTE жаңа технологияларына ауыстыру аясында, 2015 жылдың 7 маусымынан бастап CDMA технологиясын пайдалануымен Pathword, Dalacom жəне City тарифтік жоспарларында абоненттерге қызмет көрсету ТОҚТАТЫЛАДЫ. Pathword, Dalacom жəне City тарифтік жоспарының абоненттері өз нөмірлерін GSM желісіне тиімді талаптармен қоса алады. Толығырақ www. altel.kz сайтында. «АЛТЕЛ» АҚ.

«Запорожье» ЖШС 2015 жылғы 8 маусымда сағат 10.00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Delta Bank» АҚ-тан займдар, кепілдіктер немесе кредиттік желілер алу. 2. «Запорожье» ЖШС-нің мүлкін, атап айтқанда жылжитын жəне жылжымайтын мүлкін өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге «Delta Bank» АҚ-ға кепілге міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті көлемде беру. 3. «Delta Bank» АҚ алдындағы өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға келісім беру. 4. «Запорожье» ЖШС-нің атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге беруге, банктік займ немесе кредиттік желілер алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру. «Жаркаинская нива» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) 6.06.2015 жылғы сағат 9.00-де Ақмола облысы, Жарқайың ауд., Бірсуат а. мекенжайында серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы өткізілетіндігі туралы өз қатысушыларына хабарлайды. 1. ЖШС құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау жолымен ЖШС-нің жарғылық капиталын ұлғайту туралы. 2. ЖШС-нің жаңа қатысушыларын қабылдау жолымен жарғылық капиталдың ұлғаюына байланысты барлық қатысушылардың үлестерін қайта есептеу туралы. 3. ЖШС жаңа қатысушылары салымдарын енгізу тəртібі мен мерзімі туралы. 4. ЖШС жарғысының жарғылық капиталы мөлшерінің ұлғаю бөлігіне өзгерістер енгізу туралы.

«АК Алтыналмас» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 111, 212-офис, БИН 950640000810, Кбе 17, ИИК KZ8594806KZT22031329, «Еуразиялық банк» АҚтың Алматы қ. №6 филиалында), ірі мəміле жасау туралы шешімді қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленуші Aquila Gold B.V. акционері қабылдағаны жөнінде хабарлайды, оны жасауға Еуразиялық даму банкімен жəне «Ақбақай КМК» АҚ-пен мүдделілік таныту бар.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мəлік-Айдар Хантемірұлы АСЫЛБЕКТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шəкен Шолпанқұлқызы Тұрмаханбетоваға анасы Əсемгүл Халыққызы ТҰРМАХАНБЕТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «География институты» ЖШС ұжымы мекеменің заңгері, заң ғылымдарының кандидаты Құндыз Сабырқызы Қожакееваға жұбайы Дулат Ералыұлы ҚОЖАКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.