Page 1

Ғылым саласындағы негізгі рөлді жоғары оқу орындары ойнауы тиіс. Егер 2010 жылы олар ғылымитехникалық бағдарламаларының жалпы санының 33 пайызын орындаса, бүгінгі күні жоғары оқу орындары жобаларының 67 пайызы мақұлданып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында қолданбалы жəне ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құру жұмыстарын одан əрі жалғастыру керек.

№132 (28071) 23 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Н.НАЗАРБАЕВ.

ИННОВАЦИЯЛЫЌ ДАМУДЫЅ ЖАЅА МЇМКІНДІКТЕРІ Астанада ґткен Шетел инвесторлары кеѕесініѕ 26-шы пленарлыќ отырысы Елбасыныѕ алєа ќойєан маќсатына ќолдау білдірді

Кеше Астанада əлемнің озық ақылойының назарын аудартқан VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Форумның алғашқы күні халықаралық ауқымда маңызы зор бірнеше басқосулар болып өтті. Атап айтқанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экономика жəне басқарудағы қазіргі тенденциялар: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізілсе, Тəуелсіздік сарайында сегіз панельдік сессия, бірнеше баспасөз мəслихаты жəне ІІ Бүкілəлемдік жастардың экономикалық форумы өткізілді.

Əлем сарапшылары елордада бас ќосты Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ. «Егемен Қазақстан».

Жаһандық тиімді үнқатысу алаңына айналған Астана экономикалық форумының халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп отырған VI Астана экономикалық форумы (АЭФ) мен бірінші Бүкілəлемдік дағдарысқа қарсы конференцияға (БДҚК) əлемнің 100-ден астам мемлекетінен 11 мыңнан астам қонақтар келді. Олардың ішінде 35 іс басындағы жəне бұрынғы министрлер, 10 Нобель сыйлығының лауреаттары, 40-тан астам халықаралық ұйымдар, корпорациялар мен кəсіпорындардың басшылары бар. Форум қорытындысы бойынша G 20 мемлекеттеріне əлемдік экономиканың одан əрі дамуы үшін ұсыныстар парағы əзірленеді. Əзірленген ұсыныстар G 8 жəне G 20, Халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік банкке, БҰҰ жəне Экономикалық ықпалдастық жəне даму ұйымына жіберіледі. VI Астана экономикалық форумы аясында Тəуелсіздік сарайының баспасөз орталығында

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы пленарлық отырысы болып өтті. Еліміздің жаһандық бəсекеге қабілеттілігінің негізін құрайтын Қазақстанның инновациялық тұрғыдан даму мəселесі осы отырыстағы əңгіменің басты тақырыбына айналды. Сұңғат ƏЛІПБАЙ, Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы отырыс басталмас бұрын осы оқиғаға байланысты арнайы ұйымдастырылған инновациялық

көрме жұмысымен танысып өтті. Мұнан кейін пленарлық отырыс жұмысы да басталып кетті. Отырысты ашардағы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев барлық мүшелері мен байқаушыларына кеңес жұмысына белсене қатысқандары үшін жəне оның

тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстары үшін өз алғысын білдірді. – Осыдан 15 жыл бұрын Шетел инвесторлары кеңесін құру туралы шешім қабылданған болатын. Оның қабылдануына Министрлер кабинеті, Инвестициялар жөнін дегі мемлекеттік комитет жəне Еуропа Қайта құру жəне даму банкі басшылығы арасындағы жалпы кеңес нəтижелері түрткі болды. Кеңеске əртүрлі халықаралық компаниялар басшыларын шақыру жөнінде ұйғарым жасалды. Міне, содан бері

Кеңестің 25 отырысы өткен екен. Осы ара лық та оның құрамы айтарлықтай кеңейді. Мен мұны заңды үде ріс деп есептеймін. Бұл бір жағынан алғанда, халықаралық бизнес-қауымдастықтың тарапынан Қазақстанға деген ын таықыластың арта түскендігін біл діреді. Оның үстіне осы аралықта біздің елімізге келіп жатқан шетелдік инвестициялар көлемі де айта қаларлықтай дəрежеде өсе түсті, – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Елбасы өз

сөзінде отырысқа қатысушыларға кеңес құрамына жаңадан қосылған мүшелерді таныстырып өтті. Мұнан кейін сөз кезегін Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті сэр Сума Чакрабарти мырзаға берді. С.Чакрабарти Елбасына алғысын айтып, инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру ісінде қаржы саласындағы персоналдардың білім-білігі мен тəжірибесіне үлкен мəн беру керектігін айтты. (Соңы 2-3-беттерде).

Кеѕес аясындаєы кездесу

Банк басшысын ќабылдады Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу өткізді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің Қазақстан экономикасының түрлі секторындағы мемлекеттік жəне жеке меншік жобаларды жүзеге асыруға қатысуының негізгі аспектілері талқыланды. Мемлекет басшысы Еуропа Қайта құру жəне даму банкі бүгінде тиімді үнқатысу алаңына айналған Шетел инвесторлары кеңесін құруға белсене қатысқанын атап өтті.

– Кеңес отырысында инвесторларды толғандыратын барлық мəселе қарастырылады. Сонымен қатар, біз өз тілектеріміз бен ұсыныстарымызды айтамыз. Қазақстан мен Банк арасындағы екіжақты ынтымақтастық серпінді əрі табысты дамуда. Біз елімізді одан əрі дамытуға бағытталған біздің се ріктестігімізді өте жоғары ба ға лай мыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің президенті Мемлекет басшысына кездесу үшін алғысын айтып, екіжақты ынтымақтастықтың одан əрі нығая түсетініне сенім білдірді. Еуропа Қайта құру жəне даму банкі 1991 жылы Орталық жəне Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға өтуі кезінде жобаларға қаржылық көмек көрсету үшін құрылған. Бүгінде 64 ел жəне 2 халықаралық ұйым (Еуропа одағы жəне Еуропа инвестициялық банкі) Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің мүшесі болып табылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шетел инвесторлары кеңесінің 26-шы отырысы аясында «Ресей Жинақбанкі» ААҚ басқарма төрағасы Герман Грефпен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесуде Қазақстанда банк саласын дамыту мəселесі жəне Еншілес банктің біздің еліміздегі қызметінің нəтижесі қаралды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық қаржы жүйесін жетілдіру жəне нығайту жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, ортақ күш салу еліміздің банктік секторының одан əрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Герман Греф тəуелсіздік жыл дарында Қазақстанда қолай лы инвестициялық ахуал қалыптасқандығын айта келе,

банктің біздің еліміздегі қызмет аясы ұлғаятынына үміт артатынын айтты. Жинақбанкі Ресей Федерациясындағы жəне ТМД елдеріндегі ірі банк болып табылады жəне рыноктық капиталға айналдыру жөнінде əлемдегі 20 ірі банк құрамына кіреді. Банктің қызметін 100 миллионнан астам жеке тұлға жəне 1 миллионға жуық кəсіпорын пайдаланады. 2006 жылдан бері Қазақстан аумағында «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің 13 филиалы жұмыс жүргізуде.

Орталық Азияның орнықты даму сарапшыларының желісі (NECDCA) жəне Экономикалық зерттеу институты Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық жəне əлеуметтік комиссия (UNESCAP) мен АҚШ халықаралық даму агенттігінің Орталық Азиядағы миссиясы (USAID) бірлесіп ұйымдастырған «Жасыл» өркениетке өту негіздері» атты тақырыпта панельдік сессия болып өтті. Əлемдік қоғамдастықтың «жасыл» стратегияларға қызығу шылығы жоғары болғанмен, əсіресе Рио-+20-дан кейін, қазіргі жағдайда табиғатпен үйлесімді экономикалық дамуды қамтамасыз ететін, дамудың жаңа модельдерін қалыптастыратын нақты методология мен құралдар анықталмаған. Осыған орай, аталған сессия халықаралық тəжірибені, елдің даму бағдарламаларын талқылау негізінде дамыған жəне транзиттік елдердің «жасыл» экономика мүдделеріне сай ғылыми зерттеулер мен оқу-ағарту саласын кеңейтуге байланысты ұсыныстар жасау мақсатында ұйымдастырылды. (Соңы 3-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жəне ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы

Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жəне ұлттық экономиканы дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен: 1) «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан əрі – «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ) құратын болсын; 2) «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-тың негізгі қызметі өзіне меншік құқығымен тиесілі жəне ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын; 3) мыналарды: акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін, оның ішінде осы Жарлыққа 1-қосымшаға сəйкес акционерлік қоғамдарды қамтитын, акционерлік қоғамдар тізбесін бекітуді; «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне осы Жарлыққа 2-қосымшада көрсетілген республикалық мүлікті айырбастау шарты бойынша беруді; 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін экономиканы дамытуға жəне əртараптандыруға жəрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту мақсатында «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің заңнамалық негізін əзірлеуді қамтамасыз етсін; 4) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын. 2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 мамыр. № 571 -----------------------------------Жарлыққа қосымшаларды 4-беттен оқисыздар.

Ќамтамасыз ету тапсырылды Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қуандық Уəлиханұлы Бишімбаевтың «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайлануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Оклахома штатында болған жойқын торнадо салдарынан адамдардың өмірі қиылып, зардап шегуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жойқын торнадо салдарынан ондаған жанның өмірі қиылып, жүздеген адамның зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. «Осындай ауыр сəтте Қазақстан халқының жəне жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын, сондай-ақ жараланғандардың тез арада сауығып кетулеріне тілектестігімді білдіремін», делінген жеделхатта.


2

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

ИННОВАЦИЯЛЫЌ ДАМУДЫЅ ЖАЅА

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ол қазіргі ке зеңде Қазақстанның банк жүйесі қалыптасу белесінен өтіп жатқанын тəптіштеді. Оның ішінде толық қа лыптасып болмаған екінші деңгейлі банктердің шетелдерден алған қарызы мол еке нін тілге тиек етіп, ондай жағдайда олардың жеке меншік секторларды несиелеуге, бизнесті батыл қаржыландыруға қауқарсыз болатынын жеткізді. Нəтижесінде, шағын жəне орта бизнесті дамыту ісі олқы түсіп жатқаны да назар аударарлық деді. Сондықтан Еуропа Қайта құру жəне даму банкі Қазақстанда шағын жəне орта бизнесті көтеруге қолұшын беретіндігін білдірді. Өйткені, Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта жаңа туған инновациялық идеяларды жүзеге асыру шаралары көңіл көншітпейді. Алдағы мақсат – осы кемшілікті жою болып отыр. Егер ол инновациялық идеялар дүниеге келіп, іске асар болса міндетті түрде коммерциялық мақсат көзделгені дұрыс деп атап өтті. Банк президенті шетелдік инвесторлардың ұсыныстілектерін дұрыс түсініп, түрлі жағдайға төзімділік танытқан жағдайда, олар өз кезегінде елдегі жеке меншік сектордың кең қанат жайып, инновациялық жаңа жобалардың дүниеге келуіне мұрындық болады. Сондай-ақ, инновациялық жобалардың жүзеге асып, бизнестің еркін дамуына кедендік кедергілер де тұсау салатын кездері бар. Өйткені, кез келген бизнес экспортқа тауар шығармай, бір орында дамуы мүмкін емес. Сондықтан, құжаттау ресімдерін де жетілдіре түскен абзал. Мұнымен бірге, жеке меншік сектордың еркі мен мүлкін нақтылап отырған жөн. Əсіресе, елдегі шетелдік компаниялармен серіктесіп жүзеге асырылған инновациялық жобалардың кімге тиесілі екендігін анық көрсеткен дұрыс. Қазақстанның əлемдік эко номикалық дағдарыстан қорғанып, одан шығу жолын дұрыс таңдағандығы да Чакрабарти мырзаның назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, қысылтаяңда дамудың төте жолын таба білген ел екенін айтты. Нəтижесінде, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық к өрме с і өтет ін дігін, со ғ ан орай, Қазақстан «жасыл» экономика, «жасыл» энергетика сияқты экологиялық маңызы зор əрі тиімді бағдарламаларды жүзеге асыру үшін инновацияны дамытуға күш салып отырғанын қолдайтындығын білдірді. Негізінен сол бағдарлама аясында жеке меншік секторды көтеру де маңызды. Сөйтіп, инновацияны жан-жақты əрі еркін дамытуға жеке меншік

секторды қатыстырған дұрыс екенін қайталады. Шетел инвесторлары кеңесі отырысында оның жүзеге асырған жұмыстары туралы баяндаманы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев жасады. Ол өз сө зін де Қазақстанда ұлттық инно ва циялық жүйенің бастапқы негіздері 2000 жылдар дың ортасынан бастап қаланғандығын, осы кезеңде оның

арқауында Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея тəжірибелері бойынша мамандандырылған институт – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ құрылды. Бүгінде ол инновациялық жүйелерге қатысушылардың барлығына, соның ішінде өңірлердегі қатысушыларға көрсетілетін қолдау шараларының орталығы болып отыр. Агенттік инновациялық инфрақұрылымдарды белсенді дамытуды жүзеге асыруда. Ол инфрақұрылымдардың қа та-

2500-ден астам идеялар мен жобаларды қарады. Олар дың 520-сы жүзеге асыруда практикалық көмек алды. Осындай көмек алғандардың қатарында 152 өнеркəсіптік кəсіпорын, 123 шағын инновациялық компания, қазақстандық ғалымдардың 245 жобасы бар. Қабылданып жатқан шаралар нəтижесінде 2012 жылы Қазақстан инновациялар дамуының негізгі индикаторла ры бойынша жоғары дəрежеге жетті. 2009 жылмен

қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша едəуір алға жылжи түсті. Сөйтіп, Қазақстан, Бразилия, Малайзия, Түркия, Ресей Федерациясы жəне тағы басқа да елдермен қатар «басқару тиімділігін» жəне «инновацияларды» басшылыққа алатын елдер тобына өтті. Өз орнын 21 баспалдаққа көтеріп, бүкіл əлем бойынша 51-орынға ие болды. Мұнан кейін Əсет Исекешев инновациялық саясаттың жаңа кезеңін жүзеге асыру аясында Қазақстан Үкіметінің 2020 жылға

қызметтерді ұсынуда инновацияларды дамытуға баса мəн берілмек. Мəселен, қазір дің өзінде Астанада қаланы басқарудың заманауи жүйесі «smart city» жобасы енгізілуде. Үшінші топ – үшінші индустриялық революцияның жаңа технологиялық міндеттері бойынша жұмыс істеуге негізделген. Мұнда бəсекелестік шарттарын түбегейлі өзгертетін факторлар ескеріледі. Атап айтқанда, сұраныс динамикасы мен құрылымының өзгеруі, жаңа

негізгі заңнамалары, ин дустриялық-инновациялық құ ры лымдары, даму институттары, қар жылай қолдау құралдары қа лып тастырылғандығын айтып өтті. 2010 жылы ел дамуының индустриялық-инновациялық бағдарламасы қабылданған соң жинақталған тəжірибелер ескеріле отырып, инновациялық саясатқа деген көзқарас қайта қаралды. Бұл кезеңде іс жүзінде инновациялық жүйеге жүктелетін міндеттер едəуір дəрежеде өзгеріске түсті. «Ғылым туралы», «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Бұл заңдарда инновацияларды қолдаудың жаңа құралдары бекітілді. Үкімет жанындағы Технологиялық қолдау жөніндегі кеңес жұмысқа кірісті. Ұлттық инновациялық қор

рында «Инновациялық технологиялар» арнайы экономикалық аймақтары, 8 өңірлік технопарк, 4 салалық конструкторлық бюро, технологиялар трансфертінің қа зақстандық-кореялық жəне қазақстандық-француздық орталықтары, 12 венчурлық қор, жоғары оқу орындары жанындағы 15 коммерцияландыру кеңесі бар. Кореяның ғылыми жəне технологиялық бағалау жəне жоспарлау институтының (КИСТЕП) əдістемелік қолдауымен Қазақстанда бірінші ғылымитехнологиялық форсайт өткізілді, ел үшін аса маңызды 75 технология анықталып, солар бойынша бизнеспен жəне ғылыммен біріге отырып, мақсатты технологиялық бағдарламалар əзірленуде. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік барлығы

салыстырғанда кəсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсайтын қаржылары 5 еседен астам өсті. Яғни 61 млрд. теңгеден 326 млрд. теңгеге жетті. Инновациялық өнімдер көлемі 82 млрд. теңгеден 379 млрд. теңгеге жетіп, 4 еседен астамға өсті. Өңдеуші кəсіпорындарда еңбек өнімділігі 34 пайызға артып, əрбір жұмысшыға 51 мың доллардан айналды. Еліміздегі инновациялық белсенді кəсіпорындар үлесі 4 пайыздан 7,6 пайызға дейін көбейді. Ішкі жалпы өнімдегі инновациялық өнімдер үлесі 2011 жылы 0,86 пайызды құраса, 2012 жылы 1,3 пайызды құрап, осы аралықтың өзінде ғана 70-80 пайыз ұлғая түсті. Ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде еліміз Бүкіл əлемдік экономикалық форумның жаһандық бəсекеге

дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын əзірлегендігін айтып өтті. Осы тұжырымдамада міндеттердің 3 тобы белгіленген. Бірінші топ – экономиканың дəстүрлі салаларын модернизациялау арқылы оларды инновация лық даму жолына шығару. Бұл біздің елімізді Біртұтас экономикалық кеңістік, Батыс Қытай, Орта лық Азия рыноктарында өңірлік бəсекеге қабілеттілігін жоға рылатуға мүмкіндік береді. Мұн дағы негізгі міндет еңбек өнімділігі мен ресурстық тиімділікті арттыруға келіп саяды. Екінші топ тек экономикада ғана емес, сонымен қатар əлеу меттік салада да инновацияларды дамытудың əлемдік трендін игеруді көздейді. Медицинада, білім беру саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, мемлекеттік

технологиялардың пайда болуы жəне бəсекелестік сипаты мен ойыншылардың бизнес үлгілерінің өзгеруі есепке алынады. Өндірістерді жаппай автоматтандыру мен робот техникаларды енгізу, жаңа материалдарды жасап шығару, электронды сауда-саттықты ұйымдастыру, логистиканың жаңа буынына қол жеткізу, «жасыл» технологияларды игеру секілді мəселелер барынша өзекті бола түседі. Əсет Исекешев аталған ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асы ру мақсатында қазіргі уақытта технологиялар мен білімдер шоғырландырылып, қызметкерлер даярлайтын құзырет орталықтарын құру жөніндегі жұмыстардың басталғандығын мəлімдеді. Инновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы барлық берілген міндеттерді

есепке алғанда өз ғылыми біліктілігімізді дамыту, технологиялардың ақылы трансфертіне қол жеткізу, инновациялық орта қалыптастыру секілді үш маңызды бағытқа шоғыр ландырылмақ. Келесі сөз кезегін алған Азия Даму банкінің вице-президенті Лакшми Венкатачалам Қазақстанның инновацияны барынша енгізуге талпынып жатқан əрекетіне қуанышты екенін жеткізді. Өйткені, инновация экономикалық дамудың өзегі. Лакшми ханым Қазақстанның инновацияны дамыту жолында үш мəселеге көңіл бөлгенін жөн санайды. Ол – қаржыландырудың инновациялық моделі, екінші, қуат көзін тиімді пайдала ну, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы трансфертті технологияны жаңғырту. Қаржыландырудың инновациялық моделі сөз болғанда, соңғы екі онжылдықта Қазақстанның қарқынды дамуына қарамай, елдегі инфрақұрылымды жақсартуға əлі де үлкен инвестицияның керек екені аян. Орталық билік өзінің басқару өкілеттілігінің бір бөлігін жергілікті əкімдіктерге бергенімен, олар еңсе көтеріп, инфрақұрылымын жақсартуды қаржыландыруға қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан, саланы сауықтыруға Ұлттық қорды жəне «Самұрық-Қазына», зейнетақы қоры, болмаса шетелдік қор рыноктарын тартуға болар еді. Бірақ, Қазақстан əлі жергілікті инфрақұрылымды жаңғыртуға нақты жоба-жоспар жасаған жоқ. Десек те, Азия Даму банкі осы тұрғыда Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр. Нəтижесі болар деген үміттеміз, деді банк вицепрезиденті. Қуат көзін тиімді пайдалану үшін үлкен зауыттардан бастап, жеке отбасыларды да инновациялық технологияларды орынды пайдалануға тарту керек. Электр энергиясын тиімді пайдалану тек қана қуат көзін үнемдеу ғана емес, сонымен қатар, энергия өндіретін аса үлкен электр стансаларын салудан құтылу екені де баршаға мəлім. Қазіргі таңда əлемдік маңызы бар осы шараны қолға алған Қазақстанның ісіне сəттілік тілеймін. Ал трансферттік технология арқылы жасалатын инновация Қазақстанның ойға алған игі істерін жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Бұл елдің жаңа даму бағытына серпін беретіні рас. Өйткені, ауқымды жобаларды іске асыруға Қазақстанның табиғи ресурстары молынан жетеді. Егер елдің бүгінгі даму бағдарламалары мүлтіксіз іске асса, нағыз техникалық «ноухауға» айналып, аймақтағы инновация көзі боларына дау жоқ. Сондықтан, Азия Даму банкі бұдан былай да Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді, деді Лакшми ханым.


3

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

МЇМКІНДІКТЕРІ

Кеңесте Қазақстан инновациялық даму бағытына орай «Би Джи Групп» компаниясының бас атқарушы директоры Крис Финлейсон да сөз сөйледі. Ол инновациялық технологияларға қатысты маңызды мəселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік туғанына ризашылығын білдірді. Сөйтіп, Қазақстандағы мұнай-газ секторында технологияны барынша дамыту маңызды екенін атап айтты. Əсіресе, ашық аспан астында, қолайсыз климатта жұмыс істейтін технологияларды жетілдіріп, жаңартқан жөн. Негізі Қазақстанда бұл істер жүзеге асырылып жатыр. Бірақ салада əлі де атқарылар іс көп. Сондықтан қара шаңыраққа «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком паниясының келуін қуана қолдаймыз. Себебі, компаниялар кен орнын меңгеруде, технологияларды жаңартуда бірбірімен тəжірибе алмасып, жақсы жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз. «Би Джи Групп» Назарбаев Университетінің энергети калық зерттеулерін қолдап, инновациялық дамуына демеушілік жасап келеді екен. Жыл сайын аталған оқу ордасындағы ең озат екі студенттің ғылыми ізденістерін Ұлыбританияның жетекші университеттерінде өткізуіне көмектеседі. Сөз соңында Крис мырза Қазақстанның технологиялық инновацияға баса назар аударып отырғанына тоқталып, салада жүзеге асырылып жатқан жобаларды қолдайтындықтарын білдірді. «Ge-Transportation» компаниясының президенті əрі бас атқарушы директоры Лорензо Симонелли шетелдік инвесторларға Қазақстанның лайықты жағдай жасап отырғанына алғы сын айтты. Елбасының Қазақстанды халықаралық қауымдастыққа танытып, əлемдік экономиканың интеграциялануына белсене араласып, жақсы жетістікке жеткенін тілге тиек етті. Негізі «Дженерал Электрик» елімізде ауқымды жобалардың дүниеге келуіне араласып жүр. Мəселен, Астанадағы индустриялық паркте алғаш орын тепкен локомотив құрастыру зауытын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп салып, бүгінге дейін 200-ден астам «Evolution» тепловозын құрастырып шығарды. Оның бірқатары шетелдерге экспортталғаны да мəлім. Аталған локомотив əлемдегі соңғы үлгідегі локомотивтер санатында. Ол жанар-жағармайды бұрынғы тепловоздардан 30 пайызға дейін үнемдейді. Сондай-ақ, қоршаған ортаға тигізетін зияны да жоқтың қасы. «Жасыл» экономика, «жасыл» энергетика бағытына бет бұрған Қазақстан үшін аталған локомотив барлық жағынан тиімді болып отыр. «Дженерал Электрик» 2010 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында келісім бойынша мұнай-газ секторының құралжабдықтарын жөндеумен де айналысып, сервистік орталықтарын іске қосқан. Сондайақ, аталған компания Астана қаласы əкімдігімен бірге, елордада салынатын жылу электр орталығының техникалықэкономикалық негіздемесін де жасап жатыр. Аталған компания еліміздің өзге өңірлерінде де бірқатар тиімді инновациялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүр, деді Лорензо мырза. «Ресей жинақбанкі» ашық акционерлік қоғамының президенті жəне басқарма төрағасы Герман Греф озық инновацияға қол жеткізу үшін өскелең ұрпаққа дұрыс тəлім-тəрбие мен жақсы білім беру керектігін алға тартты. Ол балаларды балабақшадан бастап инновацияға икемдеуді дұрыс деді. Сөйтіп, мектепте де балаларды инновацияға бейімдеп, оқытқанды жөн санайды. Осылай адам капиталын дамыта отырып, озық инновацияға қол жеткізуге болатынын айтты. Сонда ғана бəсекелестік ортада жақсы нəтижелерге жетуге болатынын жеткізді. Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының акционері Александр Машкевич 2020 жылға дейін қабылданған

ин новациялық даму тұғыр намасы озық технологияларды салаға енгізуді айқындап береді. Біз осы бағытта қарқынды жұмыс істеп келеміз. Сол үшін өткен жылы Инженерлік зерттеу орталығын құрдық. Ол инновациялық дамудың алдағы болашақ дамуын бағдарлайды. Бұйыртса, осы істің аясында бірқатар өндіріс ошақтары дүниеге келмек. Олар əлемдегі ең соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады. Сөйтіп, жүздеген жаңа жұмыс орындары да ашылады. Мəселен, Ақтөбеде 47 гектар жерге жаңа зауыт орын теппек. Əлемде теңдесі жоқ инновациялар енгізілетін зауыт пештері ұсақ темір үгінділерімен жылытылмақшы. Сөйтіп, қуат көзін үнемдеумен бірге, қоршаған ортаға зияны тимейтін болады. Дей тұрғанмен, көптеген инновациялық жобаларды жүзеге асыруда алдымыздан кедергілер де шығады. Егер отандық жоба институттарымен осы жұмыстар бойынша тыңғылықты істер атқарылса, нұр үстіне нұр болар еді, деп сөзін қайырды ол. «Бейкер и Макензи Интернеш нл» компаниясының атқарушы комитетінің мүшесі Коэн Ванхарентс Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын əңгімеледі. Еуразия кеңістігінің кіндігіне орналасқан Қазақстанға ауыл шаруашылығы саласына инновациялық технологияларды əкелу қолайлы. Сөйтіп, саланың ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуына мүмкіндік жасауға болады. Өкініштісі, Қазақстанда ірі қара малын өсіру ісі дұрыс жолға қойылмаған деп ойлаймын. Сондай-ақ, Каспий теңізінің айтарлықтай бөлігіне иелік етіп отырған Қазақстан балық шаруашылығын дамытып, Иран мен Ресей сияқты бекіре балықтары мен уылдырықтарын өндіру бойынша əлемге танылуына мүмкіндігі бар. Ол үшін бірқатар маңызды шараларды қолға алу керек. Оның бастысы, салаға инновациялық технологияның үздік үлгілерін батыл енгізу керек. «Камеко» корпорациясының аға вице-президенті жəне бас операциялық директоры Роберт Стиннің айтуынша, жеке сектор инновациялық-технологиялық прогреске мемлекеттік саясаттың көмегімен ғана қол жеткізеді. «Камеко» инновацияға үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл салада өзінің жетекшілігін жалғастыра береді. Бұл тұрғыдағы біздің игі жұмыстарымыз жұрт назарында. Осы істерді жүзеге асыруда қолдау білдіріп жүрген Үкіметке ризалығымыз мол, деді Роберт мырза. Сонымен қатар, кеңесте «Роял Датч Шелл» компаниясының Əлем бойынша жобалар жəне технологиялар комитетінің атқарушы директоры Маттиаса Бихселя, «Шеврон» корпо рациясының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, барлау, өндіру жəне газ жобасы бойынша атқарушы вице-президенті Джордж Киркланд, «ЭксонМобил» корпорациясының аға вице-президенті Марк У.Алберс жəне тағы басқалар сөз сөйледі. Шетел инвесторлары кеңесінің 26-пленарлық отырысын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қорытындылады. Ол өз сөзінде қабылданып отырған Қазақстанның 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы əлемге танымал сарапшылардың қатысуымен əзірленгендігін атап өтті. – Бұл тұжырымдама тиісті қаржымен қамтамасыз етілген жəне ол бойынша инвесторлармен негізгі көшбасшы жобалар бірлесіп жүзеге асырылатын болады. Осы арқылы біз жеке инновациялық белсенділікті ашу ісіне кіріспекпіз. Сондайақ «жасыл» экономикаға көшуді қамтамасыз ету жөнінде əзір ленген тұжырымдама біздің мемлекетіміздің жаңа даму кезеңін білдіретін бола ды. Оны жүзеге асы рудың катализаторларының бірі ретінде Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді жоспарлап отырмыз, деді Қазақстан Президенті. Осы ретте Мемлекет

басшысы жоғарыдағы аталған стратегиялық маңызды құжатты шынайы түрде жүзеге асыру үшін бірқатар жүйелі шараларды əзірлеудің қажеттігін еске салып өтті. Бірінші – еліміздің білім жүйесін инновацияларды қамтамасыз ете алатындай қажетті кадрлар дайындайтын деңгейде қайта қалыптастыру. Осы жиынға қатысып отырған инвесторлардың көпшілігі əуелгі баста біздің елімізге жұмыс істеуге келген кезде білікті жұмыс күшінің жетімсіздік проблемасына тап болған. «Осындай жағдайға байланысты бізге халықаралық деңгейде біліктілік құзыретіне ие инженерлік жəне техникалық кадрларға деген сұранысты қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Мұны біз бизнеспен бірлесе отырып жүзеге асырамыз», деді Елбасы. Екінші маңызды бағыт – қазақ стандық ғылыми əлеуетті нығайтып іске қосу болып табылады. – Ғылым саласындағы негізгі рөлді жоғары оқу орындары ойнауы тиіс. Егер 2010 жылы олар ғылыми-техникалық бағ дарламаларының жалпы саны ның 33 пайызын орындаса, бүгінгі күні жоғары оқу орындары жобаларының 67 пайызы мақұлданып отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарында қолданбалы жəне ғылыми-зерттеу бөлімшелерін құру жұмыстарын одан əрі жалғастыру керек. Біз іргелі жаратылыстану жəне нақты ғылым жайында ұмытпауға тиістіміз. Бұл бағыттар қысқа мерзімнің ішінде пайда əкеле қоймайды. Бірақ олар отандық өнертабыстар мен жаңалықтар ашудың негізі болып табылады, – деді Елбасы. Осы ретте Нұрсұлтан Əбішұлы өз ғылыми зерттеулерінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген жəне инновацияларды енгізген ға лымдар үшін Əл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық тағайындау жөнінде шешім қабылданғандығын хабарлады. Бұл сыйлық əр жыл сайын жеті номинация бойынша берілетін болады. Қазақстан басшысы маңызды құжаттарды жүзеге асырудың үшінші шарасы ретінде инновацияларға деген сұранысты қалыптастыру міндеті алға қойылғандығын атап көрсетті. – Шетелдік инвесторлар мен жергілікті компаниялардың зерттеулер мен əзірлемелерге деген тапсырысының Қазақстанда орналасуын қамтамасыз етуіміз қажет. Бəлкім, мұны заң жүзінде бекіту де жөн шығар, – деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетілген мəселелерді жүзеге асыру үшін ортақ міндет жүктеуді ұсынды. – Мен оны «үш жетілік бастамасы» деп атар едім, өйткені оны жыл бойы бірлесіп жүзеге асыруға болады. Біріншісі, Қазақстанға кемінде əлемге аты əйгілі 7 ғалымды шақыру. Екіншісі, Қазақстанның 7 компаниясын жоғары технологиялық тапсырыстармен қамтамасыз ету. Үшіншісі, 7 инновациялық стартапты құруға қолдау көрсету, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бұл бастаманың орындалуын Кеңестің жұмыс тобы арқылы үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды, сондай-ақ оның келесі отырысының тақырыбын ұсынды. – 2014 жылы Қазақстанның екінші өнеркəсіптік бесжылдығын іске асыруға шетел инвесторларының қатысуы мəселесін тал қылаған жөн. Ол енді индустриялық-инновациялық сипат алады. Мен Үкіметке биылғы қарашаға дейін оның тұжырымдамасын əзірлеуді жəне келесі жылғы мамырға дейін бағдарламаның өзін əзір леп бітіруді тапсырамын. Мен оны Кеңестің 2014 жылғы мамырдағы келесі отырысында сіздер мақұлдағаннан кейін бекіткім келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы сө зі нің соңында отырысқа қатысушыларға табыстар мен игіліктер тіледі. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Əлем сарапшылары елордада бас ќосты (Соңы. Басы 1-бетте).

Панельдік сессия қаты сушылары алдында Президент Əкімшілігі Стратегиялық жобалау жəне сараптама жасау орталығының басшысы Азамат Əбдімомынов сөз сөйледі. Ол VI Астана эко номикалық форумы ның Мемлекет басшысы Н.Назар баев тың тікелей қамқорлығымен өткізіліп отырғанын атап көр сетті. Сессияда «жасыл» экономикаға өту стратегиясын əзір леу дің халықаралық тəжірибесі, оны іске асырудың тиімді тетіктері талқыланды. Сессия қа тысушылары алдында климатты зерттеу саласында 2007 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, ЭСКАТО Қоршаған орта мен даму департаментінің директоры Рой Кван Чунг сөз сөйледі. Р. Чунг мырзаның пікірінше, табиғи капиталға ауыртпалықты азайтуға бағытталған əлемдік экономиканың жаңа даму парадигмасы ұлттық даму бағдарламаларына өз түзетулерін енгізді. Сол сияқты сессияда Лондон университетінің Корольдік колледжінің профессоры Крис Хамнетт, Моңғолияның қоршаған орта жəне «жасыл» даму министрінің кеңесшісі Адъясурэн Цохио жəне басқалар сөз сөйледі. «Инфрақұрылымды құру мен дамыту жолы арқылы туризм индустриясының тұрақты дамуы» атты панельдік сессия өтті. Оның мақсаты – Қазақстан туристік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жолын іздеу. Сессияға Дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы директоры Фредерик Пиере, Хорватияның экс-президенті Степан Месич, Тунистің туризм экс-министрі Хелил Лайими жəне басқалар қатысып, күн тəртібіндегі мəселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. VI Астана экономикалық форумы шеңберінде «Мемлекеттік қызметті жаңғырту: тұрақты даму мақсатында тиімділікті арт тыру» атты жаһандық конференция өткізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, БҰҰ Даму бағдарламасы жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған кон ференция шеңберінде үш панельдік сессия ұйымдас тырылды. Сессияларды мемлекеттік қызмет саласындағы танымал сарапшылар – АҚШ-тың Жалақы бойынша федералдық кеңесінің төрағасы Стив Кондри, Халықаралық əкімшілік ғылымдар институтының бас директоры Ролет Лоретан жəне БҰҰ ДБ-ның Еуропа жəне ТМД елдеріндегі Братиславтық аймақтық орталығының мемлекеттік басқару саласындағы демократиялық тəжірибе көшбасшысы Анни Демиржан жүргізіп отырды. Конференция жұмысына Мемлекеттік қызмет саласындағы Əзербайжан, Ауғанстан, Грузия, Қырғызстан жəне Тəжікстан елдерінің құзырлы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, сонымен бірге Татарстан Республикасы президенті аппаратының басшысы қатысты. Жаһандық конференция барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

қызмет істері агенттігі мен мемлекеттік қызмет саласында құзырлы шетелдік мемлекеттік мекемелер арасында Өзара түсіністік жəне əріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен «Əлемдік жұмыссыздық: кешенді шешу жолдары» атты панельдік сессия болып өтті. Сессияның мақсаты – жұмыссыздықты қысқарту жəне осы мəселенің шешу жолдарын қарастыру бойынша, халықаралық тəжірибенің сараптамасына жүгіну. Оған Еуропа мен Азия елдерінен жүзге жуық делегат қатысуда. Панельдік сессияның модераторы «Maxim Corporate Finance LLP» президент Вахид Кайзер (Ұлыбритания). Сессия жұмысына Қазақстанның заң шығарушы органдары мен атқарушы билік өкілдері, Нобель сыйлығының ғалым-лауреаттары, ТМД елдерінің еңбек министрлері, сонымен бірге, алыс жəне жақын шетелдердегі еңбек рыногы жəне жұмыспен қамту орталықтарының мамандары қатысты. Қатысушылар арасында

Шы ғыс Еуропа жəне Орталық Азия елдеріндегі халықаралық еңбек ұйымы бюросының жəне лайықты еңбек рыногы мəселелері бойынша техникалық қолдау тобының директоры Димитрина Димитрова, ТМД-дағы атқарушы комитет төрағасының орынбасары Тоқтасын Бұзубаев, Тəжікстанның Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Махмадамин Махмадаминов жəне басқалар бар. Əлемдік экономикалық дағдарыста мəлім болғандай, жұмыссыздық мəселесіне мəн бермеу əлеуметтік тұрақсыздықтың өсуіне ықпал ететіндігін көрсетті. Мұндай жағдай өзара инвес тициялық сауда келісімін ұстанатын қандай да бір ел мен мем лекетке кесірін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі күні көптеген мемлекеттер еңбек рыногындағы келеңсіз жайттарды бастан кешуде. Жұмыссыздық деңгейі соңғы бірнеше айдан бері өсіп келеді. Егер де 2011 жылы Еуропа елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 16,5 миллион адамды құраса, Eurostat агенттігінің есебі бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылы 18,5 миллионға жетіп,

Əріптестік əлеуеті жоєары

Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин VІ Астана экономикалық форумына қатысуға келген Румыния Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Валериу Згоняны қабылдады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Румыния Парламенті екі палатадан тұрады, соның төменгі палатасы Депутаттар палатасы деп аталады. Екіжақты кездесу барысында екі елдің парламенттері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мəселелері талқыланды. Осы кезеңге дейін екіжақты ынтымақтастықтың жақсы қарқынмен дамып келе жатқаны аталып өтті. Əсіресе, энергетика саласындағы ынтымақтастық жақсы жолға қойылған. Кездесу барысында Марат Тəжин өзара тиімді инвестициялық əріптестік

мəдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге де ықпал ететінін атап өтті. Бізге мəдениет, білім беру салаларындағы алмасуларды жандандырып, шығармашылық жəне ғылыми ортаның араласуларын тереңдете түсу керек, деді Мемлекеттік хатшы. Өз кезегінде Валериу Згоня «Қазақстан-2050» Стратегиясын ғылыми дəлелдігі сенімді құжат деп қабылдайтынын айтып, оны басшылыққа алған Қазақстанның жақсы табыстарға жететініне сенім білдірді. Сонымен қатар ол Румыния мен Қазақстан ынтымақтастығының болашағы зор, əлеуеті жоғары екеніне тоқталды.

11,7% құраған. Ал Қазақстандағы жағдай біршама тұрақты. Əрине, ол мемлекеттің дер кезінде қолға алып отырған шараларының арқасы. Алғашқы күні форум аясында Қызылорда облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған «Байқоңыр. Жаңа инвестициялық көкжиектер» атты баспасөз конференциясы болып өтті. Баспасөз конференциясында облыс əкімінің орынбасары Наталья Годунова аймақтың экономикалық өрлеу орталығы ретінде жаңа даму сатысына бет алғандығы, өңір экономикасына кедергісіз инвестиция ағыны үшін барлық жағдай жасалғандығы туралы жан-жақты айтып берді. 2013 жылдың қазан айында Астана қаласында «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Ол жаңа өндірістер ашуға, бизнесті кеңейтуге, өзара тиімді əріптестікті дамытуға байланысты мəселелерді талқылау үшін тиімді алаң ретінде ойластырылып отыр. Форумда инвесторларға аймақ экономикасының негізгі даму бағыттары бойынша таныстырылымдарға қатысу, нақты инвестициялық жобаларды талқылау мүмкіндігі ұсынылатын болады. Əрбір инвестор өз мүддесін іске асырып, ең батыл идеяларын жүзеге асыруға қолдау таба алады. Аймақтың іскерлік ынтымақтастық үшін есігі айқара ашық жəне облыстың əлеуетін дамытуға бағытталған кез келген бастаманы қолдауға дайын. Баспасөз конференциясында Қызылорда аймағының инвестиция тарту үшін тиімді бағыттары ұсынылады. Жаңа мұнай-газ кен орындарын пайдалану, металлургиялық секторды жəне жаңғыртылған электр энергиясы көздерін дамыту, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жəне терең өңдеуді дамыту салаларына баса назар аударылады. Сондай-ақ, форум аясында «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз мəслихатын өткізді. Аталмыш баспасөз мəслихатына Нарықтық экономика институтының (ІМЕ) басқарма төрағасы Красен Станчев, «Даму» қорының басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимова, Үндістанның кəсіпкерлік жəне мансаптық даму жөніндегі халық аралық орталығының директоры Хина Шах жəне басқа лар қатысты. Ал «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың ұйым дастыруымен «Болашақтың энергиясы өмірімізді қаншалықты өзгертеді?» тақырыбымен баспасөз мəслихаты болып өтті. Баспасөз мəслихатында Орта лық Азия Кембридж фор умы ның төрағасы, КембриджҚазақстан орталығының төрағасы Сидхарт Саксена, Стэнфорд университетінің энергетика саясаты мен қаржы зерттеулері орталығының ғалымы Джеффри Болл, «KAZENERGY қазақстандық мұнай-газ жəне энергетика кешені ұйымдары» ЗТҰ бас директоры Əсет Мағауов қатысып, сөз сөйледі. VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын одан əрі жалғастыруда.

----------------------------------------Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


4

www.egemen.kz

Ыќпалдастыќ їшін жаќсы негіз бар Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Астана экономикалық форумына қатысу үшін біздің елімізге келген Румыния Парламенті Депутаттар палатасының төрағасы Валериу Штефан Згонямен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

23 мамыр 2013 жыл

 Толғандырар тақырып Еліміз өзінің жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Н.Ə. Назарбаев белгілеп берген басымдықтарға сəйкес мемлекетті басқару жүйесін одан əрі демократияландыру, жекелеген билік өкілеттіктерін жергілікті орындарға беру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, ауылдық деңгейдегі əкімдерді сайлау сынды көптеген игі мақсаттарды жүзеге асыруға ерекше мəн беріліп отыр. Осыған орай, елімізде мемлекеттік қызметтің дербес даму моделін əзірлеу жұмыстары қарқын алып, заңға да тиісті өзгерістер енгізілді. Газет тілшісі Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (МБА) ректоры Болатбек ƏБДІРƏСІЛОВПЕН сұхбаттасып, мемлекеттік қызмет мамандарын даярлау жүйесіне қатысты көкейкесті сұрақтарға жауап алуға ұмтылған болатын.

ағылшын тілін оқытуды, озық зерт теу технологияларымен танысуды жəне үйретуді, рейтингті журналдар үшін ғылыми мақалалар жазуды көздеуі тиіс. Сонымен қатар, тағылымдама барысында біздің ғалымдар осы орталықта ғылыми пікірталастарға жəне ғылыми-зерттеу топтарының жұмыстарына қатысқаны жөн. Өкінішке қарай, шетелде ғылыми тағылымдамалар ұйымдастырудың қазіргі нысаны жеке-дара сипатта болып келеді, мұның өзі бағдарламаның тиімділігін төмендете түседі.

Мемлекеттік ќызметтіѕ жаѕа моделі Қ.Мəми екі елдің парламентаралық ынтымақ тастығын дамыту жəне нығайту үшін жақсы негіз қаланғанын атап өтті. Парламентшілердің өзара сапарлары жүзеге асуда, екі елдің заң шығару органдарында ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтар жұмыс істеп келеді. Бұл заң шығару мəселелері жөніндегі сындарлы үнқатысуды ілгерілетуге, экономика саласындағы жаңғыру мен қоғамдық жаңарулар барысында тəжірибе алмасуға ықпал етеді. Қазақстан Парламентінің депутаттары румын əріптестерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі жəне НАТО Парламенттік ассамблеялары, сондай-ақ Парламентаралық Одақ секілді халықаралық парламенттік ұйымдар аясында көпжақты байланыстарды дамытуға ниеттеніп отыр. Тараптардың екіжақты экономикалық байланыстарды одан əрі тереңдетуге жəне кеңейтуге мүдделі екендігі атап өтілді. Өткен жылы Қазақстан мен Румынияның арасындағы өзара сауда көлемі 3 миллиард доллар шамасында болды. В.Згоня Қазақстан Румынияның

аймақтағы басты əріптесі екенін жəне елдің басшылығы екіжақты ын тымақтастық жобаларына баса назар аударатынын айтты. В.Згоня екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтың жеке үлесін ерекше атап өтті. «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Ромпетрол» компаниясының қызметі Қазақстан мен Румынияның табысты инвестициялық ынтымақтастығының өнегелі үлгісі болып табылады. Мəртебелі мейман 21 мамыр күні, Румыния Парламентінің Депутаттар палатасы «Ром петролдың» қаржылық қарызын реттеу туралы заң жобасын бекіткенін хабарлады. Тұтастай алғанда, В.Згоня Румынияға қазақстандық инвестицияның жəне Қазақстанға румыниялық инвестицияның одан əрі жалғаса беретініне сенім білдірді. Румынияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстарына жəрдемдесуге əзірлігі айтылды. Кездесуде сондай-ақ мəденигуманитарлық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасылды.

Ґзара ынтымаќтастыќтыѕ жаѕа кезеѕі Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Румыния Парламенті депутаттар палатасының төрағасы Валериу Згонямен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар VI Астана экономикалық форумының, сондай-ақ, дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулин мен Валериу Згоня аталған сұхбат алаңы аясындағы талқылаулар заманауи өзекті мəселелерді шешу жолында нақты қадамдар жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Мəжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық кеңістік үшін де, бүкіл əлем үшін де зор маңызға ие ауқымды бастамаларын айрықша атап өтті. Өз кезегінде Валериу Згоня Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жоғары бағалап, біздің еліміздің тағы да зор табыстарға жететініне сенім білдірді. Екі ел арасындағы əріптестік туралы сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин: – Біздің елдеріміздің арасында сындарлы сұхбат орнады. Румыния

Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жəне Балқанақтағы негізгі əріптесі болып табылады, – деді. Валериу Згоня өз кезегінде ынтымақтастықты одан əрі нығайтудың əлеуеті жоғары екендігін жеткізді. 2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3 миллиард долларды құрады. Қазақстанда 38 бірлескен кəсіпорын, ал Румынияда 13 кəсіпорын табысты жұмыс атқарып жатыр. Тараптар, сонымен бірге, екі жақты қатынасты дамытуға екі ел парламенттерінің де айтарлықтай үлес қоса алатындығын тілге тиек етті. – Біздің елдеріміздің жоғары заң шығарушы органдары арасында əріптестік қатынас орнату арқылы Румыниядағы əріптестерімізбен байланысты күшейтуге мүдделіміз, – деп атап өтті Мəжіліс Төрағасы. Екі парламентте де ынтымақтастық жөніндегі топтар құрылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығына 1-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың ТІЗБЕСІ р/с № 1 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.

Атауы 2 «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы «Қазақстанның тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы «Стрестік активтер қоры» акционерлік қоғамы «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы «Қазына Капитал Менеджмент» акционерлік қоғамы «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамы «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы

Акцияларының мемлекеттік пакеті 3 100 % 100 % 91,3554 % 100 % 100 % 100 % 100 % 100 % 100 % 100 %

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №571 Жарлығына 2-қосымша «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік коғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік р/с № Мүліктің атауы 1. 1997 жылғы 14 шілдедегі Ішкі жəне халықаралық газ тасымалдау жүйелерінің жəне шаруашылық қызметінің концессиясы шартын бұзу нəтижесінде алынған газ тасымалдау жүйесінің активтері 2. Үштаған, Шөлтөбе, Бейнеу кенттерінде «Кавказ-15» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары жəне Сай-Өтес жəне Тəжен кенттерінде «Кавказ-10» АГТС-ке тартылған жоғары қысымды газ құбырлары 3. Ресей Федерациясының Алтай аймағы мен Орынбор облысы аумағында орналасқан, Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын темір жол көлігінің объектілері жəне өзге мүлік 4. Қазақстан Республикасының аумағында: 1) мемлекеттік шекара – Никельтау бекеті (Орск – Никельтау желісі) учаскесінде; 2) мемлекеттік шекара – Тобыл бекеті (Тобыл - Қарталы желісі) учаскесінде; 3) мемлекеттік шекара – Пресногорьков бекеті (Новоишимск – Утяк желісі) учаскесінде; 4) Петропавл станциясы (тек қана) – №7 блок бекеті (Петропавл - Көкшетау желісі) учаскесінде орналасқан темір жол көлігінің объектілері жəне өзге мүлік 5. Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қайсенов көшесі 121 мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы ауданы 71,20 шаршы метр гараж 6. Бұру ұзындығы 17 771 м. (ƏЖ-10 кВ – 14676 м. электр желілері) магистральды газ құбыры жəне Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аққайтым кентіндегі АГТС (АГТСм –1 дана) операторлары үшін екі пəтерлі тұрғын үй 7. Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашығанақ–Орал» магистральды жоғары қысымды газ құбыры

– Соңғы кездері мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қандай міндеттер мен жауапкершілік жүктеп отыр? – Бүгінгі заман талабы да, заң талабы да мемлекеттік қызмет сала сында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің жұмыстары мен міндет теріне жаңаша көзқараспен, ерекше жауапкершілікпен қарауды жүктеп отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы басымдықтарының аясында орталық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жергілікті орындардағы үдерістерді терең талдау мен зерделеу, өзгерістерге тез жəне сəйкес мəн беру, инновациялық басқару шешімдерін қабылдау, тəуекелдерді ескеру, жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды заманауи деңгейде ұтымды басқару сияқты құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар арта түсуде. Өңірлердегі басқару жүйесі де маңызды өзгерістерге түсу үстінде. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне сəйкес, облыс əкімдерінің аппарат жетекшілері жəне аудандар мен кейбір қала əкімдері кіретін мемлекеттік қызметшілердің жоғары əкімшілік «А» корпусының кəсіби негізі қалыптасып келеді. Олар тұлғалық, кəсіби жəне басқарушылық дайындықтың жоғары деңгейі талап етілетін кəсіби-менеджерлер болуы тиіс. Аудандық мəслихаттар жергілікті түйткілді мəселелерді шешу үшін маңызды өкілеттіктер беріліп, қаражат бөлінген 3,5 мыңнан аса ауылдық округ əкімдерін сайлайтын болады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының атқаратын жұ мыс тары ауқымды болмақ. Өйткені, мемлекеттік аппарат алдында тұрған ауқымды міндеттер кадрлар дайындау сапасы мен олардың біліктілік дең гейін арттыруды, «Қазақстан-2050» Стра те гия сының басымдықтарын іске асыруды жан-жақты сараланған ғылымиəдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді қажетсінеді. Ал халықаралық тəжірибе көрсетіп отырғанындай, салалық мамандар даярлау бағдарламалары, оның ішінде мемлекеттік стандарттар іс-тəжірибеге бағдарланған оқыту негізінде қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталуы тиіс. Атап айтқанда, əлемнің жетекші мектептерінің оқу бағдарламаларының негізін құзыреттілік тəсілі құрайды. – Əлемнің жетекші оқу орындары бағдарламаларымен салыстырғанда біздегі «Мемлекеттік жəне жергілікті басқару» мамандығын оқыту стандарттары қандай деңгейде, өзіндік ерекшеліктері бар ма? Жалпы, бүгінгі таңдағы еліміздің мемлекеттік қызмет мамандарын дайындаудың барысы қалай? – Қазіргі таңда елімізде «Мемлекеттік жəне жергілікті басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік қызмет үшін мамандар дайындау бакалавриат деңгейінде – 59, магистратура бойынша – 24, докторантура бойынша 4 жоғары оқу орнында жүзеге асырылып келеді. Біздің мамандарымыз бен шетелдік сарапшылардың қатысуымен жүргізілген сараптама жұмыстары біраз жəйттің бетін ашты. Магистратураның мемлекеттік стандарттарын əлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен салыстырмалы талдау жасау нəтижесi біздің мемлекеттік стандарттарымыз бен бағдарламаларымыз мазмұн жəне пішін жағынан түбегейлі қайта өңдеуді қажет ететінін көрсетті. Ең алдымен, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша алынатын дəреже біркелкі емес, білім траекториясы негізінен экономикалық білім алуға бағытталып, ал пəнаралық құрамдас бөліктер ескерілмеген, магистратура үшін мемлекеттік стандарттың міндетті пəндері ескірген болып шықты. Сарапшылар оқу барысында магистранттардың сарап тамашылық жəне зерттеушілік құзыреттерінің дамымайтынын, оқытудың басым жағдайда тек теориялық сипатта ғана жүргізіліп келгенін анықтады. Осы күнге дейін білім алушылардың теориялық оқу көлемі шамамен 80%-ды құрап келген, себебі, ғылымизерттеу жұмыстары үшін оқу уақытының шағын ғана көлемі бөлінсе, практика мен тағылымдама туралы айтудың өзі артық. – Жоғарыда өзіңіз бүгінгі заман да, заң да мемлекеттік қызметкерге жоғары жауапкершілік пен жаңа талап жүктейтінін айттыңыз. Сондай-ақ, оларды даярлау ісінде біршама олқылықтар орын алғанын көлденең тарттыңыз. Ал ендігі бағыт қандай болуы тиіс? – Өткен жылдан бері Академияда мемле кеттік қызметкерлерді даярлау үшін тұлғалық, бейінді-іргелі жəне басқарушылық құзыреттер ескеріле отырып жасалған қазіргі заманғы МРР (Master of Public Policy), МРА (Master of Public Administration) жəне басқа

да бағдарламаларды енгізу басталғанын атап өткен жөн. Психометрикалық тест көмегімен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген зерттеулер жаңа бағдарламалар бойынша білім алатын тыңдаушы-магистранттардың құзыреттілік көрсеткіштерінің тұрақты серпін алғанын көрсетті. Біздің пайымдауымызша, жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттілік бейінін жəне Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің талаптарын ескере отырып, тез арада түбегейлі жаңа мемлекеттік стандарттар əзірлеуге кірісу қажет. Осы жерде біздің Академияда жəне басқа да жоғары оқу орындарында жылдар бойына жинақталған озық тəжірибе пайдалы болары сөзсіз. Дегенмен, мемлекеттік жəне жергілікті басқару (МЖБ) мамандарын даярлаудың сапасын көрсету жəне жоғары оқу орындары даярлығының бүкіл жүйесін қайта қарау, əсіресе, жоғары оқу орындарының жергілікті басқару органдарымен өзара байланыстарын нығайту қажет деп ойлаймыз. Келешекте бағдарламаларды стандарттаудан алшақтап, оқытуды жыл сайын жаңартылатын, мемлекеттік органдардың қажеттілігіне тез ден қоятын икемді білім бағдарламаларға (курикуллум) толы ғымен көшіру қажет. Білім жəне ғылым министрлігінің Білімді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осындай перспективалық тəсіл айқындалған. – Қазіргі ЖОО-лардағы білім берудің дəстүрлі əдіс-тəсілдері мен оқу-əдістемелік құралдарына қатысты көз қарасыңыз қандай? Мүмкін болса, осы бағыттағы тың ізденістердің мақсат-мазмұнын таратып айтып өтсеңіз. – Талдау көрсетіп отырғандай, еліміздің жоғары оқу орындарында негізгі сабақ өткізу нысандары – лекциялар мен семинарларға ғана негізделген оқу үдерісі арқылы кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы сапасына қол жеткізу мүмкін емес. Əлемдік практика мен Академия тəжірибесі көрсеткендей, білім алушылардың түрлі құзыреттерін тиімді дамытуға оқытудың интерактивті əдістері, іскерлік жəне рөлдік ойындар, сasestudy (ситуациялық талдау), brainstorming, тренингтер, Open Space жəне тағы басқа жаңаша оқыту нысандары қолданылғанда ғана қол жеткізуге болады. Əрине, жаңа білім бағдарламаларына көшу жоғары білім ұйымдарының құрылымын жетілдіруді қажет етеді, олар заман талабына сəйкес ұтқыр əрі жылдам өзгере білуі тиіс. Еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан қатаң белгіленген штат саны мен сағат көлеміне ие кафедралық тəсіл дамуды тежейтін факторға айналып келеді. Ол жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары мазмұнын кадрларға жəне олардың құзыреттеріне қарай икемдей түседі. Талдау көрсеткендей, əлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жұмысы мүлдем басқа қағидаттарға – бағдарламалық тəсілге негізделген тиімді құрылым бойынша

– Академиядағы ғылымның дамуы туралы, сондай-ақ, басқарудың жаңа жолдарын іздестірудегі халықаралық жəне елішілік белсенді пəрмені туралы не айтар едіңіз? – Академияда мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми-сараптамалық əзірлемелер бойынша уəкілетті мемлекеттік органдармен жеткілікті ғылыми негіздер, тəжірибе мен өзара əрекеттестік жүзеге асқанын «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау мақсатында Қазақстан ғалымдарының күшжігерін біріктіру үдерісін жүргізу үшін қазіргі заманғы материалдық-техникалық негіз жəне халықаралық байланыстар жақсы жолға қойылғанын атап өткім келеді. Жақында Дьюк университеті, АҚШ Федералдық басшылардың біліктілігін арттыру институты (FEI), Америка мемлекеттік басқару қауымдастығы (ASPA), француздың Париж І Пантеон-Сорбонна университеті, Германияның ДВВ академиясы, Потсдам университетінің жетекші өкілдерінің қатысуымен өткізілген on-line конференция ғалымдарымыздың едəуір кең əрі маңызды мүмкіндіктерін, басқару ғылымында бірегей идеялар мен тəсілдердің бар екенін көрсетті. Жүргізілген дебаттар барысында Қазақстанның жетiстiкке кол жеткiзген мемлекет құрудағы жоғары əлеуетін бағалауда біздің жəне шетелдік ғалымдардың пікірлерінің сəйкестігі анықталды. Əлемге танымал америкалық профессорлар Майк Мунгер, Джоуль Рош, Джозеф Тамм (Дьюк университеті), Алан Розенбаум, Жан-Мари Коул (ASPA), франциялық профессорлар Жерар Марку мен Франсуа Дрейфус, Париж I ПантеонСор бонна университетінің ғалымдары ғаламдық экономикалық трендтер барысында еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуының орта жəне ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтау кезінде Қазақстанда пайдаланылған бірегей тəсілдерді атап көрсетті. Осы орайда, біздің негізгі қазақстандық бірегей жолымыз бар екенін атап өту маңызды, оның негізін Елбасы 2000

Келешекте бағдарламаларды стандарттаудан алшақтап, оқытуды жыл сайын жаңартылатын, мемлекеттік органдардың қажеттілігіне тез ден қоятын икемді білім бағдарламаларға (курикуллум) толығымен көшіру қажет. Білім жəне ғылым министрлігінің Білімді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осындай перспективалық тəсіл айқындалған. атқарылады. Мұнда жоғары оқу орындарын мамандық бойынша даярлау бағдарламасы еңбек рыногында сұранысқа ие пəндердің тиісті жиынтығына қарай жобаланады, осыған қарай заманауи білім мен оқыту технологияларын меңгерген оқытушылар іріктеледі. Мұның өзі еліміздің жоғары оқу орындарына жаңа, заманауи басқару жүйесі мен құрылымдық ұйымдарды енгізу міндетін жүктейді. – Сіз жоғары оқу орындары жүйесінің қажетті өзгерістеріне тоқталдыңыз, осы орайда жастарға білім беретін педагогтардың біліктілік мəселесі де алға шығады емес пе? – Дұрыс айтасыз. Əлбетте, біз ғалымдарымыздың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлуіміз қажет. Біздің пікі рі мізше, жоғары оқу орындарының про фессор-оқытушылар құрамы мен ғылы ми қызметкерлері үшін «Болашақ» бағ дарламасының мүмкіндігі аса зор. Бірақ оны іске асырудың жекелеген аспектілеріне түзету енгізу қажет сияқты. Мысалы, алдын ала дайындалған тағылымдама бағдарламалары бойынша əлемнің үздік ғылыми-білім беру орталықтарында оқыту үшін жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылары құрамынан зерттеу бағыттары бойынша мақсатты топтарды жасақтау қажет. Бұл бағ дар ла малар

жылдардың басында белгілеп берген болатын. Қазақстан басшысының революция арқылы емес, эволюция жолымен мемлекеттік құрылыс туралы саясаты өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бүгінгі күні ұзақ жылдарға арналған елдің дербес даму моделін əзірлеп келеміз. Ол табысты, тиімді болып, Қазақстанның бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етуі үшін біз дербес тиімді ғылыми əзірлемелерді қамтамасыз етіп, ғылымизерттеу жұмыстары арқылы жаңа тəсілдер мен жаңа шешімдерді, жаңа білімді таратуымыз керек. – Мемлекеттік басқарудың жаңа типін қалыптастыруда өзекті болатын мəселенің бірі – қосымша білім беру жүйесі деген ұстанымға орай не айтасыз? – Қазіргі таңда бұл сала өңірлік оқу орталықтары, министрліктер мен жеке білім беру ұйымдары жанындағы ведомстволық оқу орталықтары орын алған бəсекелес нарыққа шығарылды. Соңғы кездері Академияда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беруді ұйымдастырудың жаңа тəсілдері енгізілді. Бұл орайда біз семинар тақырыптары мен білім алушылардың контингентін қалыптастыру мақсатында Президент Əкімшілігімен жəне басқа да мемлекеттік органдармен өзара əрекеттестікті күшейте түстік.

Оған қоса, мемлекеттік қызметкерлердің қашықтан жəне интерактивті оқыту əдістері белсенді əзірленуде (бейнеконференциялар, webинарлар, кейс-study, жобаларды əзірлеу, іскерлік ойындар жəне т.б.). Академия ғалымдары əзірлеген технологиялардың көмегімен біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттеріне диагностика жүргізуді қолға алдық. Тұлғалық құзыреттердің диагностикасынан өткен əрбір мемлекеттік қызметшіге жеке кəсіби дайындық жоспары мен мансаптық өсу бойынша ұсынымдар беріледі. Мемлекеттік қызметшілердің өзіндік дамуына одан əрі психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету көзделеді. «А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін оқытуға белсенді дайындық жүргізіліп келеді, олар академияда ғана емес, сондайақ жергілікті жерлерде оқытылатын болады. Бұл ретте біздің тарапымыздан АҚШ, Корея, Канада, Нидерланды мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру жүйесінің халықаралық тəжірибесі жан-жақты зерделенді. Жоғары басқарушы буынның даярлық бағдарламалары (Senior Executive Service) ерекше қызығушылық тудырды. Жоғары басқарушылық буынның біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқыту мерзімінің біршама ұзақтығын атап өткен жөн. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 27 аптадан 44 аптаға дейін, Федералдық атқару институтында (FEI, АҚШ) 3 жыл бойына жəне 28 құзыретті дамытуға бағдарланған. Алдыңғы қатарлы халықаралық тəжірибеге сүйене отырып, Академияда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін бағдарламалардың 3 түрі əзірленді, олар ел Президенті құрған Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде жүзеге асырылатын болады. Осылайша, Академияда барлық деңгейлі мемлекеттік қызметшілерді базалық оқытудың құрылымдық жүйесі жасалды. – Өңірлік оқыту орталықтарының жұмысына көңіліңіз тола ма? – Біліктілікті арттыру үдерісінің негізгі үлесі мен барлық қайта даярлау жұмысы Академияда жəне жергілікті жерлердегі өңірлік оқыту орталықтарында (ӨОО) жоспарлануда. Талдау көрсеткендей, біліктілікті арттырудың қазіргі жүйесінде, əсіресе, жергілікті жерлерде бірқатар мəселелер қордаланып қалған. Негізінде олар біздің қарамағымызда емес, олар жергілікті əкімдіктерге карайды, бірақ өңірлік оқыту орталықтарының қазіргі жағдайы алаңдатарлықтай. Қазіргі кезде 14 өңірлік оқыту орталығы жұмыс істейді. 2012 жылы өңірлік оқыту орталықтарының ағымдық жағдайына жүргізілген талдау көрсеткендей, олардың екеуінде ғана, яғни Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы орталықтардың дербес ғимараттары бар, ал қалғандары оны жалға алып отыр. Орын-жай мен оқу ауди торияларының жетіспеушілігінен білім алушыларға қолайлы жағдай жасау деңгейі төмендей түсетіні түсінікті. 14 өңір лік оқыту орталығының алтауында штат 1-3 қана оқытушыдан құралады. Ал қалғандары əр түрлі жоғары оқу орындарынан оқытушыларды шақыру арқылы семинарлар ұйымдастыратын «білім алаңына» айналған. Орталықтар қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құрал-жабдықтармен жеткілікті жабдықталмаған. Интернетке қосылу жылдамдығы төмен, бұл қашықтықтан оқыту əдістерін қарқынды енгізуге, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың электрондық жəне on-line бірыңғай білім ортасына кіруіне кедергі жасайды. Бұл мəселе осы жылдың наурыз айында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: кадрлар даярлауды жетілдіру мен мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда талқылау нысанына айналды. Онда мемлекеттік жəне жергілікті басқару органдарына өңірлік оқыту орталықтарын жетілдіру мен дамыту бойынша нақты ұсыныстар əзірленіп, тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберiлдi. Тағы бір мəселе – біліктілікті арттыру бойынша білім бағдарламаларының сапасын көтеру талабына орай 2012 жылы Академияның қосымша білім беру институтына 50-ден аса білім беру ұйымдарынан 312 бағдарлама келіп түсті. Өткізілген сараптама нəтижелері бойынша, оның ішінен 141 бағдарлама немесе 45%-ы кері қайтарылды, мұның өзі осы салада жауапсыз орындаушылардың бар екенін көрсетеді. Қорыта айтқанда, соңғы жылдары Академиядағы оқу жəне ғылыми жұмыстар түбегейлі қайта құрылғанын атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту дың қазіргі заманғы бағдарламалары енгізілді, белсенді жəне жаңа əдістерді қолдану арқылы ғылыми зерттеулер ұйымдастырылды. Ақпараттық-білім беру технологияларымен жабдықтау қысқа мерзім ішінде қазіргі заманауи деңгейіне көтерілді. Профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, докторанттар мен магистранттардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі едəуір арта түсті. Осының барлығы біздің ғалымдарға жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының профессорларымен, ғалымдарымен ғылыми пікірталас жəне зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Академия ұжымы Елбасының негізгі идея ларын іске асырудағы өз рөлін жете түсіне отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруды тиімді ғылымиəдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз ету міндеттерін табысты шешу үшін ресурстық жəне зияткерлік əлеуетті арттыруды жалғастыра беретін болады. – Ашық əңгімеңіз үшін рахмет. Əңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».


Кеѕестердіѕ бірлескен отырысы Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жəне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Бірлескен отырыста сот төрелігін жүзеге асыруды одан əрі оңайлатуға, төрешілдік рəсімдерді азайтуға, ақпараттық технологияларды пайдалануға жəне дауларды соттан тыс реттеу институттарына елеулі емес мəселелер бойынша дауларды беруге бағытталған заң жобаларының басты қағидалары қарастырылды. Аталған мəселелер бойынша Жоғарғы Соттың ақпараты тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңесі жəне Жоғары Сот Кеңесі отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасын жəне құқық қолдану қызметін əрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

Жалєа ґзара жер учаскелері беріледі Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар төрт мəселені талқыға салды. Күн тəртібіне шығарылған үш заң жобасының біреуі мақұлданса, біреуі қаралмайтынына байланысты түсіп қалды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Қ қ

Алдымен Мəжіліс «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтыруларды қарастыратын заң жобасына қорытынды əзірлеуді Қаржы жəне бюджет комитетіне табыстады. Үстіміздегі жылдың 16 мамырында палата қарауына енгізілген заң жобасы макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтыланған негізінде қалыптастырылған. Яғни, заң жобасында бюджеттің кіріс бөлігіне түсе тін түсімдер кеміп, оның орнын бюджеттің шығыс бөлігін қысқарту арқылы тапшылықты азайту көзделген. Бұдан кейін қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмысты жалғастыру мəселесі өз шешімін тапты. Оның себебін палатаның Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова Үкіметтің жазатайым оқиғалардан сақтандыруды одан əрі дамыту жөніндегі мəселені қайта қарауымен байланыстырды. Сондай-ақ, кеше Қазақстан мен Беларусь үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы да депутаттардың қолдауына ие болды. Тарқатып айтқанда, еліміз Белоруссияға Астана қаласы Р.Қошқарбаев даңғылығындағы алаңы

0,86 га жер учаскесін (Пирамида мен Хазірет Сұлтан мешіті аумағында орналасқан) пайдаланғаны үшін 1 АҚШ доллары деп көрсетіп, 49 жыл мерзімге жалға береді. Ал Белоруссия Қазақстан Елшілігі үшін Минск қаласы Победитель даңғылы мен Орловский көшесі ауданындағы алаңы 0,86 га жер учаскесін пайдаланғаны үшін жалға беруді жоғарыдағыдай шартпен жүзеге асырады. Бұл жерде жер учаскелерінде салынған ғимараттар мен құрылыстар оларды тұрғызған мемлекеттің меншігі болып табылады. Жəне де жер учаскесі орналасқан мемлекеттің оларды сатып алуға деген басым құқығын ескере отырып сатылуы да мүмкіндігі қарастырылған. Тізімнің соңында тұрған 1992 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық жəне өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы кеше күн тəртібінен түсіп қалды.

Талап жəне тəртіп

Жўмысшы жалаќысыныѕ жґні бґлек Біз кезіңде «Еңбек ет те, міндет ет» деген ұстанымды ұстаған қоғамда өмір сүрдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл қағида аяқасты болып барады. Көптеген еңбек ұжымдарында жұмыс адамының жалақысын уақтылы төлемеу, кейде тіпті мүлдем бермей қою үйреншікті үрдіске айналды. Бұл көбіне-көп бюджеттік емес мекемелерге тəн болып отыр. Мұның өзі ең алдымен еңбек адамының конституциялық құқықтарын бұзу болып табылады. Сондықтан аталмыш өзекті проблемаға прокуратура органдары араласа бастады. Қанат ҚҰЛЖАНОВ, Байқоңыр қаласының прокуроры.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы қарышты қарқынмен жүріп жатыр. Оның еліміз аума ғын дағы ең ұзын бөлігі де Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Осы ұлы жолдың құ рылысында 4 бас мердігер, 100ден астам субмердігерлік құрылыс ұйымдары жұмыс жасауда. Облыстағы еңбек адамының жалақыларын дұрыс жəне уақтылы төлемеу деректерінің көбі мен көлемдісі де негізінен осы жол мекемелерінің төңірегінен шығып жатыр. Жасыратыны жоқ, облыс прокуратура органдары қазіргі таңда осынау күрделі де өзекті проблеманы шешуде орасан зор жұмыстар атқаруда. Содан да шығар, жұмыс адамдары арасынан бүгінде біздің салаға осы мəселеге байланысты шағым айтып, туындап отырған тығырықтан шығарып беруді өтініп келетіндер көп. Жақында бізге сондайлардың

5

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дəлізіндегі субмердігерлік ұйым – «Жылыойқұрылыссервис» ЖШС-ында еңбек ететін 370 адам қол қойған арыз келіп түсті. Хат жолдарында олардың өткен жылғы қыркүйек айынан бері жалақы алмағаны туралы айтылған. Ал жалпы қарыздың мөлшері бұл кезде 57 млн. теңгеден асып түсіпті. Біз үшін қиындық туғызған ең басты проблема серіктестік кеңсесінің Атырау облысында орналасқандығында болып шықты. Осыған орай мұнда жұмыс жасайтындардың тек жартысы ғана Қызылорда облысынан алыныпты да, қалғандары аталмыш аймақтан вахталық тəсілмен қатынап жұмыс істейді екен. Ал Байқоңыр қаласымен іргелес Төретам жəне Ақай кенттерінен жұмысқа алынған жұмысшылардың сонау бір қияндағы мекеме басшыларын көре қоюлары екіталай. Арқаны кеңге салған серіктестік жетекшілері де мұндағы жұрттың қалай күн көретіндерін ойлауды ұмытқан. Бұл мəселені Байқоңыр қаласы прокуратурасының арнайы тексеруі нəтижесінде жұ мыс

Францияның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ Қызылжар өңірінде жұмыс сапармен болып, негізгі əңгіме инвестициялық əлеуетті өрістету төңірегінде өрбіді. Жергілікті кəсіпкерлермен іскерлік кездесулер ұйымдастырылып, екі тараптың инновациялық мүмкіндіктері, алдағы əріптестік қарымқатынастар жан-жақты сөз болды. «Молсервис» ЖШС индустрияландыру картасы шеңберінде франциялық «Тимонте» компаниясының құрал-жабдықтарын орналастырғаны мысалға келтірілді. Елші облысқа бірінші рет келіп отырғанына қарамастан, жылы əсерге

АҚШ-тың ұлттың метеорология қызметі мамырдың 20-сы күні Оклахома штатында ойран салған торнадоның күшін Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған 6000 атом бомбасына теңеді. Ғалымдардың сөздеріне қарағанда, құйын айналымының жылдамдығы сағатына 322 шақырымға жеткен. Тағы бір атап көрсеткен жəйт – торнадоның ені 2 шақырымды құраған. Алапат құйын 40 минут бойы тоқтамаған. Оның Мур қаласында көптеген тұрғын үйлерді қиратып, екі мектепті жерменжексен еткені белгілі. Штат сақтандыру комиссиясының алдын ала бағамдауы бойынша сақтандыру төлемдері 1 млрд. доллардан асып жығылуы ықтимал. Ал жалпы шығын 3 млрд. доллар шамасында делініп отыр. Үйінділер арасынан тірі қалған адамдарды іздестіру жалғастырылуда.

Ќытайєа жеке елшісін жіберді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жоғары лауазымды əскери шенеунік Чхве Ен Хэні өзінің жаңа жеке өкілі ретінде Пекинге жіберді. Корея халықтық армиясының саяси бюро директоры бастаған делегация Қытай астанасына Қытай-АҚШ саммиті қарсаңында ҚХР-мен қарым-қатынасты жақсарту үшін жіберіліп отыр. Екі ел арасындағы жағдай КХДР-дің ядролық бағдарламасын дамытуына жəне осыған орай Қытайдың ескертуін Пхеньянның құлағына ілмеуіне байланысты соңғы кездері нашарлап кеткен еді. Жақында Солтүстік Корея шекарашыларының 16 адамнан тұратын Қытай балықшыларын ұстап, екі апта бойы босатпай қоюы отқа май құя түскен болатын. Күні кеше балықшылар босатылды. Бірақ өкпе қалғаны анық. Жалпы, қытайлықтар ел билігінен Пхеньянға қатысты қатаң саясат ұстануды талап етіп отыр.

Димон атаєанєа «еш ќарсы емес»

Қысқа қайырып айтқанда:  Ресейдегі Хруничев атындағы орталықта жеңіл жəне ауыр сыныптардағы алғашқы «Ангара» зымыран-ұшырғышы жасап шығарылған. Енді ол «Плесецк» ғарыш айлағына жіберілетін болады. Оның алғашқы ұшырылымы 2014 жылдың басына жоспарланып отыр.

берушілердің тек жалақы төлеу ді ғана кешіктіріп қоя салмай, олардың зейнетақы қорла ры на түсуге тиісті міндетті төлем дерін де осы кезге дейін жібермегендері анықталды. Бұған қоса, жұмысшылардың айлық жалақылары ұдайы негізсіз төмендетіліп отырған. Базбір жұмысшылардың аты-жөндері тіпті ақша алатындар ведомостысында да жоқ болып шықты. Сол сияқ ты келісімшарттарын күні бұрын үзген азаматтар еңбекақы бой ын ша қарыздары жөніндегі құжаты мен еңбек кітапшаларын

Іс-шараға қатысушылар «Қазір гі əлемдегі Қазақстан» атты фотокөрме мен елшіліктің баспа материалдарымен танысып, еліміздің қазіргі дамуы туралы ақпарат алды. «Ізгі еркіндік күні» жобасы Хельсинки қаласы азаматтық секторының бастамасы бойынша жүзеге асырылуда. Жобаның қаты сушылары маңызды халықаралық бастамаларды қолдайтын жəне басқа елдердегі жетістіктерге қоғамның назарын аударуға ұмтылатын қарапайым азаматтар болып табылады.

Инновациялыќ мїмкіндіктер талќыланды «Егемен Қазақстан».

Шыєын – 3 млрд. доллар

Оның сөзіне қарағанда, Димон деген ат бала кезінде беріліпті. Бірақ, дейді Д.Медведев, шенеуніктер арасында бір-бірін аты жəне əкесінің атымен атау дəстүрі қалыптасқан. Бұл адамның бір-біріне деген құрметін білдіреді. Ал наурыз айында өткен баспасөз мəслихатында премьер-министрдің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова үкімет басшысын интернетте Димон деп атағаны қапаландырады. Ол сіздерге Димон емес, премьер-министр деген болатын.

Қазақстанның Хельсинки қаласындағы елшілігі фин астанасының азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін «Ізгі еркіндік күні» жобасының шеңберінде еліміздің ядролық сынаққа қарсы бастамаларымен таныстырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

Əлем жаңалықтары

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында өзін интернетте Димон деп атағанға қарсы емес екенін, мұның қалыпты жəйт болып табылатынын мəлімдеді. «Егер, тіпті ашық айтатын болсам, бұл менің қытығыма еш тимейді. Əрине, маған ұнамайтын нəрселердің бар екені де түсінікті», дейді ол.

Еліміздіѕ бастамасымен танысты Қазақстандық дипломаттар іс-шараға қатысушы ларға Астананың ядролық таратпау жəне қарусыздану ісіндегі халықаралық бастамалары жөнінде əңгімеледі. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтату бойынша еліміздің күш-жігеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда ядролық қару сынақтарына қарсы ғаламдық қоғам пікірін біріктіру мақсаты болып табылатын «АТОМ» жобасының тұсаукесері үлкен қызығушылық тудырды.

ШАРАЙНА

бөленгенін ризашылықпен атап, өңір мен Франция арасындағы тауар айналымы 2,7 миллион долларды құрайтынын, бұл көрсеткіштерді ұлғайтуға болатынын, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіп салаларында ішкі мүмкіндіктердің молдығын жеткізді. Петропавл қаласында француз мəдени орталығын ашуға уəде етті. Жұмыс сапарының екінші күні оқу, мəдениет орындарында болып, жұртшылық өкілдерімен, студент-жастармен жүздесті. Дипломатты аймақ басшысы Самат Ескендіров қабылдап, өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму жайымен таныстырды. Солтүстік Қазақстан облысы.

ала алмаған. Бұл олардың келесі бір жерге жұмысқа тұруларына кедергі келтірген. Біз осының бəрін өте қысқа мерзімде ретке келтірдік. Атап айтқанда, Байқоңыр қалалық прокуратурасының еңбек жөніндегі уəкілетті органдарға енгізген ұсынысы, сондай-ақ Қызылорда жəне Атырау облыстық прокуратура органдарының бірлесе күш салулары арқасында жұмыс берушілер жіберген барлық кемшіліктер қазір түгелдей жойылды. Мамырдың 18-і күні жоғарыда аталған 370 жұ мысшы осы кезге дейін ала

алмай келген жалақыларына қол жеткізді. Бұл жерде тек аталмыш кəсіпорынға Ақтөбе жəне Жамбыл облыстарынан келіп, жұмыс атқарып жүрген вахтадағы еңбек адамдарының қарыздары өтелмей қалды. Себебі, олардың банкілік карталары болмай шық ты. Сонымен қатар, олардың алашақтары жөнінде де нақты ақпарат жоқ. Қызылорда облысы. ––––––––––––––––––– Суретті түсірген Алмас МАНАП.

Сертификаттар табысталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Каспий теңізінен мұнай өндіру жобасының операторы – НКОК (Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.) компаниясы қазақстандық 16 компанияға халықаралық стандарттау ұйымының ISO-9001, ISO-14001, ISO-22000 жəне OHSAS-18001 сертификаттарын табыстау салтанатын өткізді. Қазақстандық ком пания лардың барлығы Сапаны ба қы лау орталығы («QMC» ЖШС) өткізген оқытуды табысты аяқтаған. Сонымен бірге, «TCL Central Asia» ЖШС-нің аудитінен өтті. – Қазақстанда теңізде іске асырылып жатқан алғашқы мұнай жобасы ретінде «Қашаған» жаңа технологияларды дамыту жəне тəжірибені қазақстандық компанияларға беру тұрғысында маңызды рөлге ие. НКОК компаниясы Солтүстік Каспий жобасына қазақстандық компанияларды мейлінше көптеп тартудың жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге, жобаға жұмылдырылған компаниялардың халықаралық стандарттарға жетуіне көмектесіп келеді. Жергілікті қамтуды мүмкіндігінше көптеп тарту – консорциум үшін де, Қазақстан үшін

де басым бағыт, – деп атап өтті НКОК компаниясының өңірлік директоры Рүстем Ілиясов. НКОК компаниясының жергілікті қамту бойынша менеджері Айнұр Неталиеваның мəлім етуінше, былтыр операторкомпания жүйелі тəсіл дайындап, «Қашаған» кен орнын игеру аясында жергілікті қамтуды дамытудың көп жылдық бағдарламасын қабылдаған. Бұл бағдарламада жергілікті қамтуды ұлғайтудың нақты мақсаттары, сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді көптеп тарту қарастырылыпты. Жергілікті мекемелердің өз саласында бəсекелестігін арттыру мақсатымен ISO жəне OHSAS халықаралық стандарт та ры на сəйкестігі үшін жабдықтаушыларды оқыту мен аттестаттау стратегиясы да қабылданыпты. Енді халықаралық стандарттарға сəйкестік сертификатын иеленген жергілікті жабдықтаушылар тек НКОК пен агент компаниялардың тендерлеріне сеніммен қатысып қоймай, өз тауарлары мен қызмет көрсетулерінің бəсекелестігін арттырып, басқа да халықаралық компанияларға ұсына алады. Атырау облысы.

 Джон Роумингтің «Гарри Поттер жəне пəлсапалық тас» романының алғашқы жарияланымы Лондондағы аукционда 150 мың фунт стерлингке (шамамен 230 мың доллар) сатылған. Кітапты саудаға телефон арқылы қатысқан белгісіз біреу сатып алыпты. 1997 жылы ол жылдың ең үздік балалар кітабы атанған болатын.  Ұлыбритания парламентінің қауымдастар палатасы Англия мен Уэльсте бір жынысты некені заңдастыру туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатты қолдап 366 депутат өз дауыстарын берсе, 161-і қарсылық танытқан. Қолдамаған депутаттардың басым бөлігін, яғни 133-ін консерваторлар құраған.

Боксшы мен президент итжыєысы «Удар» оппозициялық партиясының серкесі Виталий Кличконың рейтингі Украинаның іс басындағы президенті Виктор Януковичпен теңескен. Мұны сəуір айында жүргізілген сауалдаманың қорытындылары көрсетіп берген. Респонденттерге егер президенттік сайлау алдағы жексенбі күні өтер болса, онда сіз кімге дауыс берген болар едіңіз деген сауал қойылыпты. Респонденттердің 16 пайызы мемлекет басында В.Кличконы көргілері келетінін білдірсе, осынша пайызы В.Януковичті көргілері келетінін айтқан. Ал елдің экс-премьері Юлия Тимошенкоға сұрау салынғандардың 9 пайызы өз дауыстарын беруге дайын екен. Егер президенттік сайлаудың екінші турына Кличко мен Янукович шығар болса, украиналықтардың 38 пайызы өз дауыстарын боксшыға, тек 19 пайызы ғана қазіргі президентке беруге дайын екендіктерін білдірген.

Жаѕа зымыранды сынаќтан ґткізеді Үстіміздегі жылдың жазында Ақ теңізде жаңа баллистикалық зымыранды зауыттық сынақтан өткізу жүзеге асырылады. «Скиф» деп аталатын бұл зымыран теңіздің немесе мұхиттың түбінде күту режімінде «бұйрық күтіп» жатады. Бұйрық түскен кезде жер бетіндегі немесе судағы нысаналарды жойып жібереді. Зауыттық сынақ табысты өткізілген жағдайда «Скиф» мемлекеттік сынақтан өткізуге беріледі. Оның нəтижелі қорытындысы бойынша зымыран Ресей əскери-теңіз күштерінің қару-жарағы қатарын толықтыратын болады. Ал қазіргі кезде Ресейдің қару-жарақ арсеналында «Синема» зымырандары тұр. «Лайнер» деп аталатын баллистикалық зымыран да жасалу үстінде. «Скиф» пен «Лайнердің» кеңестік кезеңде шығарылған «Синемадан» қандай айырмашылық, өзгешілігі бар екені нақтыланбайды.

Адам сенбес... ќўс ќўны Қытайлық кəсіпкер Ху Чжень Юй сирек кездесетін бельгиялық көгершін үшін 400 мың долларға жуық ақша төлеген. Жұмыртқадан шыққанына енді ғана 1 жыл болған кептер құны əлемдік рекорд ретінде тіркеліп отыр. Мұндай көгершіндер негізінен жарыстарға қатыстырылады екен. Бірақ қытайлық бизнесмен оны көгершіннің жаңа ұшқыр түрін шығару үшін пайдалануды жоспарлап отырған көрінеді. Көгершіннің қымбат болуы оның жастығымен байланыстырылады. Сатып алушының есебінше, одан кем дегенде сегіз жыл бойы тұқым алуға болады. Ал көгершіннің бұл түрін кептертанушы Лео Эреман шығарыпты. 17-19 мамыр күндері өткен аукционда ол өзінің барлық 530 көгершінін сатса, олардан түскен ақша 5,5 миллион долларды құраған. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


6

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

 Зерде Алаш қозғалысының жарқын тұлғалары Мағжан Жұмабайұлы мен Қошке Кемеңгерұлының тағдырлары қаншалықты ұқсас болса, шығармаларында айтылар негізгі ой соншалықты сарындас, идеялас. Аталған екі қайраткер уақыт пен кеңістік жағынан алғанда бір кезеңде өмір сүріп, бір дəуірде еңбектерін жазды, ортақ қоғамдық-саяси ісшараларға қатысты. Мағжан Қошкеден үш жас үлкен. Ол туған Сарытомар ауылынан Қошке дүниеге келген Ырғызбай жайлауы (қазір Омбы жері) небəрі жүз шақырымдай қашықтықта жатыр. Екеуінің балалық шақтары Батыс Сібір аймағының бір шетінде, ақ қайыңды, көлдері мол жазық далада өтті. Мағжанның атасы Жұмабай – қажыға барып келген тақуа адам болса, Қошкенің əкесі Дүйсебай да ХІХ ғасырдың соңында қажылық парызын өтеген діндар, көзі ашық

 Замандас

Сұлудай бұраңдаған бұтақтарда, Əн салып, əр түрлі құс тұрған сайрап, – деп жазса, Қ.Кемеңгерұлы осы өлеңмен аттас туындысында əсем табиғаттың көрінісін: Кіріпті табиғаттың əбден түрі, Алты ай қыс кетір еді жерден соры. Тоя алмай қызығына жазғы күннің, Сайрайды əнші құстар күні-түні, – деп суреттейді. Екі ақынның «Жазғытұры» деп аталатын өлеңдері бір журналда жарық көреді. Мағжанның туындысы 1913 жылы жарияланады да, ол кейін Қошке өлеңінің жазылуына себеп болғандай. Екі шығармада көркем табиғаттың бейнесі тамаша беріледі. Сонымен қатар, екі өлеңнің идеясында айырмашылық бар. Мағжан өз туындысында жыл мезгілінің көркем суретін бейнелеумен ғана шектелсе, Қошке шығармасының соңында: Көгалда жазғытұрым сауулы бие,

Б.Серкебайұлы, Ж.Садуақасұлы, Б.Айбасұлы, Е.Байғасқаұлы, С.Садуақасұлы, А.Досжанқызы, М.Саматұлдарымен бірлесе үлкен маңызы бар саяси іс-шараны өткізгенін айрықша атауға тиістіміз. 1918 жылдың мамыр айында Омбы қаласында қазақ жастарының Бүкілелдік бірінші съезі ұйымдастырылды. Оны өткізуді «Бірлік» ұйымының жастары мойнына алды. Съезге қазақ даласының түкпір-түкпірінен делегаттар шақырылды. Олардың ішінде М.Əуезов сынды оқыған, көзі ашық азаматтар да болды. Жиынның ұйғаруы бойынша қазақ жастарының басын біріктіретін ортақ ұйым дүниеге келді. Оның атын делегаттар «Жас азамат» деп бекітіп, осы аттас газетті шығаруды қолға ал ды. Аталған газеттің редакторлығына Қ.Кемеңгерұлы сайланды. «Жас азамат» газетінің қазақ тарихын-

идеялық мазмұны күшті шығармалары арқылы бірнеше буын қазақ оқырманы тəрбие көрді. Оның ниеттестері мен қарсыластары жауһардай жырларын сүйсініп оқыды, одан ғибрат алды. Сонымен қатар, көзі тірісінде жалғанның жақсылығын аз көрген, тоғышарлар мен пендешілікке бой алдырған көре алмаушылардың құрбанына айналып, ауыр тағдырды басынан кешкен, «сұм өмірі абақты болған» ақын да – Мағжан Жұмабайұлы. Жалған дүниеден азаппен, қорлықпен, жаламен қуылған, кінəсіз ату жазасына кесілген ақиық ақынның аяулы есімі тағы жарты ғасыр бойы əдейі қараланып келді, өлеңдері оқырманға жеткізілмеді. Тірісінде өзі, өлгеннен кейін есімі мұнша қиянат көрген қазақ əдебиетінде, əлем əдебиетінде Мағжандай ақын өте сирек. Еркін ойлау заманы орнағаннан бері

Маєжан мен Ќошке кісі. Мағжан мен Қошке кеңестік дəуірде екі мəрте тұтқындалып, абақты мен айдаудың қасіретін кешіп, ақыры бірі 1937 жылдың қарашасында Омбыда, екіншісі 1938 жылдың наурызында Алматыда оққа ұшты. Бұл екі тұлғаның өмір жолдарындағы ұқсас жайттарды көрсеткенде ол мысалдардың қайраткерлерге азамат, қаламгер ретінде қалыптасуларына қаншалықты ықпал еткенін байқағымыз келеді. Жеке адамға тұлға ретінде қалыптасуына шыққан тегі, өскен ортасы, алған білімі мен тəрбиесі, аралас-құралас болған замандастары əсер етсе, осы жағынан алғанда Мағжан мен Қошке тағдырларында ұқсас тұстарды көп байқауға болады. ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы оқуға, əсіресе, орыстың білімі мен өнеріне ерекше ден қойды. Көзі ашық Бекен болыс пен Дүйсебай қажы өз балаларына сауатты білім беруге тырысты. Ауылдағы Ахметдин молдадан сауатын ашқан М.Жұмабайұлы кейін Қызылжардағы Мұхамеджан Бегішевтің медресесінде оқиды. Бозбала Мағжан 1908 жылы Қызылжар қаласында Алаш қайраткері М.Дулатұлымен танысып, оның алдынан дəріс алады. Міржақыптан ақындық тəлімтəрбие көріп, қоғамдық-саяси көзқарасын қалыптастырады. Қ.Кемеңгерұлы да Мағжанның жолымен əуелі ауылдағы Белгібай молдадан сауатын ашып, кейін Омбы қаласында Приход мектебін бітіреді. Жас Қошкенің азаматтық көзқарасын қалыптастырған, оған ұлт мəселесіне қатысты оң тəрбие көрсеткен адам – өзінің туған жездесі, алаштың көрнекті қайраткері Отыншы Əлжанұлы (1873– 1918). Отыншы мен Міржақып – Əлихан бастаған Алаш қозғалысының аға буын өкілдері. Олардың қоғамдық-саяси істері, жазған еңбектері, өмірлік ұстанымдары Мағжан, Қошке сынды кейінгі буын Алаш қайраткерлеріне үлкен ықпал етті. 1918 жылы О.Əлжанұлы қызылдардың қолынан мерт болғанда Қ.Кемеңгерұлы былай деп жазды: «Ел-жұртыңды, туысқандарыңды тастап, мəңгі сапарға жөнелдің. Жаңа гүлденіп келе жатқан Алаштың көшбасшы азаматтарға өте мұқтаж уақытында қанішер, жендет большевиктердің қолынан мезгілсіз қаза таптың. Ертеден ел қамын ойлап, Алаш тілегін қолыңа шырақ қылып ұстап едің, сол шырақтан өміріңнің ақтық сағатына шейін айырылмадың. Білім дариясына сусындауыма, саяси көзімнің ашылуына себепкер болып, ұлтшылдықтың өріне сүйреп едің, алыста жатсаң да, ақыл сабағыңды хатпен беріп, ұстаз болып едің. Жұмсақ сөзді, мəлім жүзді, көркем мінезді қымбат жездем, дидарыңды көре алмадым-ау! Опасыз тағдыр, баянсыз дүние! Мейірімсіз өлім! Амал жоқ… Иманың жолдас болсын!» (Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. – Алматы: Алаш, 2005. 192-б.). Опат болған Отыншыға қалың қазақ елі түгел қайғырды. М.Дулатұлының да қабырғаны қайыстыратын мұнақыбы сол кезеңде баспасөзде жарық көрді. «... Əлихан, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Халел, Жаһанша, Жақып, Отыншылар – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттың рухани көсемдері еді», – деп көрсетеді танымал алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай (Жұртбаев Т. Талқы. – Алматы: Қазақстан, 1997. 76-б.). Яғни Міржақып Мағжанға азамат ретінде қалыптасуға қаншалықты əсер етсе, Отыншы да Қошкеге соншалықты ықпал етті деуге негіз бар. ХХ ғасырдың басында халықтың санасезімін оятқан үлкен күш – баспасөз болды. Ұлттық баспасөздің қанаттанып жатқан кезеңінде өмір сүрген Мағжан мен Қошке өздерінің азаматтық көзқарастарын күнделікті жарық көріп жатқан саяси-əлеуметтік мақалалар, хабарлар, азаттық рухтағы көркем шығармалар арқылы қалыптастырды. Мағжанның өлеңдері «Айқап» бетінде 1911 жылдан бастап жарық көрді. Ақынның осы басылымда жарияланған «Жатыр», «Шын сорлы», «Күз күні», «Жазғытұры», «Дала, қала», «Бұлбұл» т.б. өлеңдері оның атын аз уақытта жалпақ елге жайды. Қаламгер Қ.Кемеңгерұлы ақын Мағжанның есімін «Айқап» арқылы таныды деуге негіз бар. 1926 жылы Қ.Кемеңгерұлы: «...Мағжанның ақын болғандығы «Шолпандағы» «Бұлбұл» деген өлеңінен көрінген», – деп жазады. Қ.Кемеңгерұлы да өзінің əдебиет саласындағы жолын поэзиядан бастаған. Ақынның алғашқы жазған көркем шығармалары: «Солған гүл», «Бақ іздеген» секілді өлеңдері, Пушкиннен, Никитиннен аудармалары да «Айқап» бетінде 1915 жылы басылды. Екі ақын шығармаларында үндестікті, ортақ сарынды, табиғатты суреттеуде ұқсас көркем тəсілдерді байқауға болады. Мағжан «Жазғытұры» өлеңінде: Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап, Жібектей көкорайлар жатқан жайрап.

Сары қымыз сапырулы тегенеде. Ішкен ас, жеген тоқ болушы едің, Түсесің енді, жұртым, қандай күйге? – деп тебіренеді. Он тоғыз жастағы Қошке жалғыз табиғат көрінісін ғана суреттемей, əлеумет мəселесіне де тоқталып, туған халқының тағдырына алаңдаушылық білдіреді. М.Жұмабайұлы мен Қ.Кемеңгерұлы 1913 жылдың күзінде Омбы қаласында танысты. Бұл уақытта Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясына оқуға түссе, Қошке Орта дəрежелі Омбы ауылшаруашылық училищесіне шəкірт ретінде қабылданады. Екі азамат осы уақытта мəдени-ағартушылық бағыттағы қазақ жастарының жасырын ұйымы «Бірлікке» мүше болады. «Бірлік» ұйымының мақсатында ауылдан келген қазақ шəкірттеріне жəрдем көрсету, ұлттық баспасөзді дамыту, көркем шығармаларды жазу, театрға арналған əдебиеттерді жариялау секілді мəдени шаралар болды. Сонымен қатар, ұйым жастары саяси-əлеуметтік істермен де айналысқаны туралы мəліметтер бар. «Бірлік» ұйымының қолжазба журналы «Балапанға» Қ.Кемеңгерұлы редакторлық етсе, ол басылым жайында Мағжан «Балапан қанат қақты» деп аталатын аллегориялық шығарма жазды. «Алашты мəдени-əдеби жағынан озық ел қатарына қосу, кітап, оқулық жазу, газет-журнал шығару, т.б. секілді мəселелерді күн тəртібіне қоюы – «Бірлік» пен оның үні «Балапанның» тарих алдындағы үлкен қызметі. Ұйым əдебиетті – ұлт тағдырына жауапты күш деп есептейді. Ол, əсіресе, жаңа əдебиеттің іргелі саласы – драматургияны өрістетуді жиі айтады», – деп көрсетеді «Бірлік» ұйымы мен «Балапан» журналына қатысты құжаттармен жіті танысқан белгілі алаштанушы ғалым Д.Қамзабекұлы (Қамзабекұлы Д. Алаш жəне əдебиет. – Астана: Фолиант, 2002. 265-б.). Алаш қозғалысына екі қайраткер де саналы түрде қатысты. Олар Алаш идеясына, Алаш көсемдерінің ұранына, жалпы Алаш қозғалысының қазақ ұлтына беретін жақсылығына имандай сенді. Аға буын Алаш арыстарының соңынан еріп, өздері де қазақ халқының азаттық жолындағы көрнекті қайраткерлеріне айналды. 1917 жылы Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп шыққан М.Жұмабайұлы саяси-əлеуметтік іс-шаралардың ортасына, қазандай қайнаған қоғам жұмысына, ұлт тағдырына қатысты өзекті мəселелерді шешетін жиындар мен съездердің ішіне кірісіп кетті. Осы жылы Омбы қаласында өткен Ақмола облысы қазақтарының съезіне қатысып, ол жерден Бүкілқазақ съезіне делегат болып сайланды. 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 аралығында Орынбор қаласында өткен Екінші Жалпы қазақ-қырғыз съезіне Мағжан мен Қошке де делегат болды. Бес миллион қазақтың тағдыр-талайын таразыға салып қарастырған осынау аса маңызды тарихи жиын 82 делегаттың басын қосты. Олар елдің болашағын, жердің тағдырын саралады. Қиын-қыстау заманнан халықты аман алып өтуді ойластырды. Ат төбеліндей қазақ зиялыларының ішінде Мағжан мен Қошке де тарихи шешімдерді шығаруға атсалысты. Азамат соғысы кезінде М.Жұмабайұлы мен Қ.Кемеңгерұлы негізінен Омбы қаласында болды. Осы жерде екі қайраткердің өз замандастары: А.Сейітұлы, М.Сейітұлы,

дағы орнын ғалым Д.Қамзабекұлы өз зерттеулерінде жақсы ашады. Аталған газеттің бірінші санында М.Жұмабайұлының «Жастарға» атты өлеңі жарияланып, оның алдынан автор қазақ жастарына төмендегідей үндеу сөз тастайды: «...Жастар! Алда жүрген, алаш жолына аянбай қызмет қылған адал жүрек ағалардан үлгі-өнеге алыңдар. Елдіктен, ерліктен айырылып, екі жүз жылдай еңсесі түскен елді ойлаңдар. Күнді – түн, жақыныңды – жат, пайданы – зиян деп жүрген толық саяси құқықтарын іздеп алуға ер жетіп, есі кірген елді ойлаңдар». Газеттің осы санында Қ.Кемеңгерұлы: «Түбінде қазақтан капиталистер шыққанда, фабрика-зауыт көбейгенде, тұрмыстың өзін де тап-тапқа бөлер, оған шейін социализм күйін күйлемей тұра тұрайық. Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке дара ұстаған жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза Жапонияның жолымен жүріп, бірлікберекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген аталарымыздың алтын мақалын естерімізден шығармайық», – деп туған халқына тоқтау айтады, азаматтық пікірін көсем сөз арқылы жеткізеді. Қайраткер бұл мақаласында қазақ халқына социализмнің ауылына жетуге əлі ерте екенін түсіндіріп, тапқа бөлінген орыс халқынан жаман үлгіні алмауға, бірлікберекеден айырылмауға, Алаш көсемдерінің салған ізімен жүруге шақырады. Байқап қарасақ, екі арыстың бір газеттің бір санында жарық көрген еңбектеріндегі ойлары ортақ, пікірлері бір. Мағжан ақын өзінің атақты «Мен жастарға сенемін» атты отты өлеңін де алғаш рет Қошке редактор болған осы «Жас азамат» газеті арқылы елге жеткізді. Қ.Кемеңгерұлы 1920 жылы Омбы губерниялық білім беру бөлімінде қырғыз-қазақ секциясының мектептен тыс білім беру инструкторы ретінде қызмет істейді. Омбы облыс тық мемлекеттік архивінде «Омбы губерниялық білім беру бөлімі» деп аталатын қорда Қ.Кемеңгерұлы туралы деректер бірнеше істе кездеседі. Ағартушы Омбы білім беру бөлімінде 1920 жылдың бесінші сəуірінен 1921 жылдың бірінші қаңтарына дейін қызметте болады (Омбы облыстық Мемлекеттік архиві. 318-қор, 1-тізім, 73-іс, 8-б.). Аталған қорда Қ.Кемеңгерұлымен бірге М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы бір мезгілде жұмыс атқарғанын растайтын деректер бар. Мағжан секция бөлімінің меңгерушісі болып 1920 жылдың оныншы мамырынан 1921 жылдың он бесінші ақпанына дейін қызмет істейді. Мəскеуде оқып жүрген Мағжан «Алқа» əдеби ұйымын құруды жоспарлап, оның «Табалдырық» бағдарламасын жазғаны белгілі. Бағдарламаның мазмұнын талқылауға Ташкент, Орынбор, Семей, Қызылжардағы қазақ оқығандары қатысты. Соның ішінде Қ.Кемеңгерұлы да болғанын бүгінде архив құжаттары дəлелдейді. Қошке 1937 жылы ату жазасына кесілгенде оған қойылған айыптың бірі – «Алқа» платформасына қатысқандығы болатын. Қазақ поэзиясының ХХ ғасырда жасаған ең ірі өкілдерінің бірі Мағжан Жұмабайұлының есімі көзі тірісінде-ақ аңызға айналды. Оның əдемі лирикасы қазақ əдебиетін үлкен сатыға көтеріп, поэзия жанрына төңкеріс əкелді. Ақынның қуатты да көркем,

Мағжан ақынның жанашырлары, шын зерттеушілері, іздеушілері көбейді. Ол игі жұмыс, алдымен, қазақтың өзі үшін қажет. Алайда, ақынның жұмбағын толық ашып болған жоқпыз. Оған жаңа ой, тың пікір білдіре алатын азат рухтағы зерттеушілер қажет. Бұрын ағаттық жасадық, қателескен екенбіз, енді ақын аруағының алдында кешірім өтінеміз деушілердің сөздеріне əділ баға беретін де күн келді. Мұндайда Міржақыптың: Кешегі қара күндерде, Жұлдызсыз, айсыз түндерде. Жол таба алмай сенделіп, Адасып Алаш жүргенде. Бұл күнгі көп көсемдер Сұраймын сонда қайда едің?! – деген өлең жолдарын еріксіз еске аламыз. Мағжанның азаматтық тұлғасын, ақындық күш-қуатын шын бағалай білген, поэзиясының құбылыс екендігін көзі тірісінде мойындаған, оның қиын-қыстау заманда жанашыры, ниеттесі болған адамның бірі – Қошке Кемеңгерұлы. Қаламгер Қ.Кемеңгерұлы өзінің көркем əдебиет мəселелері туралы жазған мақалаларында, зерттеу кітаптарында Мағжанның ардақты есіміне кір келтірмейді, рухани мұрасына объективті əділ баға береді, керісінше оны мейлінше қорғауға, таяз ойлайтын сыншылардан арашалауға тырысады. Сыншы «Көркем əдебиет туралы» деп аталатын айтыс мақаласында С.Мұқановқа былай жауап береді: «Сəбиттің ойынша, ақын тегінде үйренумен, атақты жазушылардан үлгі алумен суретші болатын көрінеді. Мен де (мақтанып жіберейін) бір қазақтың баласындай орыс əдебиетімен таныспын, өлең жазу əдісін де білемін, бірақ қанша тырбансам да Мағжандай болатын емеспін. «Кім... би болғысы келмейді, бірақ бола алмайды» дегендей, талайлар Мағжандай болғысы келеді, бірақ талантында кемістік болатын шығар». Мағжан мен Қошкенің ой-аңсары бір, ниеті ортақ. Олар адамзатты таланттар мойындатады, ұлтты тұлғалар бастайды деп сенді. Ақын Мағжан Абылай хан, Баян батыр, Кенесары хан, Наурызбай сұлтан сынды талай тарихи тұлғалардың бейнесін өлең сөзбен өрнектеді, олардың көркем əдебиеттегі өлмес образын жасады. Сол арқылы ұлы тұлғалардың ардақты есімін халық жадында мəңгі қалдыруға тырысты. Қ.Кемеңгерұлы Мəскеуден 1924 жылы жарық көрген «Қазақ тарихынан» атты кітабында: «Кенесары қалың қауымға қауға түскен бір шағым оттай болып, халықтың толқынын көтеріп жіберді... Халық қаһарманы Кенесары мен Наурызбай өлген соң қазақ елі жылдың оны өткенде мүлде жуасыды», – деп қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бастаған көсеміне өзінің əділ бағасын береді. Осы орайда белгілі əдебиетші ғалым А.Ісімақова былай деп жазады: «Қазақ əдебиетінде, елдің тарихында тұңғыш рет Кенесары ханға «Халық Қаһарманы» деген бағаны Қ.Кемеңгерұлы берген. ХХ ғасыр басында Кенесарының атын атауға тыйым салынған Голощекин заманында адамзат тарихы деңгейінде ұлттық тарихқа əділ баға берген Алаш əдебиетшісі Қ.Кемеңгерұлының тарихи тұлғаға əділ атақ беруінің өзі ерекше ерлік екенін ескерсек, бұл бүгінгі тəуелсіз елдің қазақтары үшін əділ ғалымдықтың үлгісі болып қала бермек» (Ісімақова А. Алаш əдебиеттануы. – Алматы: Мектеп, 2009. 335336-б.б.). Қ.Кемеңгерұлының жары – Гүлсім Жəмиқызы (1904-1988) жолдасы атылғаннан кейін қуғын-сүргін қасіретін, абақты мен айдаудың бəрін көрді. Ол қолындағы үш баласын жеткізіп, жолдасының ардақты атына кір келтірмей өмірден өтті. Сол кісі Мағжанның зарлы өлеңдерін, қилы тағдырын үнемі айтып отыратын. Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. Қарашығым, құлыным деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым... Ас бола ма сасық сорпа, қара нан? Алма бетте қалмады ғой ыстық қан. Қоңырау қағып, оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те атпай таң, – деген Мағжан ақынның өлеңдерін біз алғаш рет аяулы əжеміздің аузынан естідік. Сол кезден бері Алаш рухы бойымызға сіңе бастады, сол уақыттан бері Алаш мұратымен жүріп, Алаш жолын зерделеуге ден қойдық. Мағжан Жұмабайұлы мен Қошке Кемеңгерұлының өмір жолдарынан, жазған еңбектерінен ұлтқа риясыз қызмет істеудің үлгісін байқаймыз. Алаш қайраткерлерінің қайқайсысының да істеген ерен қызметі, жазған құнды мұралары – ұлт-азаттық күрес тің өзіндей бағалануға тиісті ғажап құбылыс. Қайырбек КЕМЕҢГЕР, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Баќытжанныѕ бес биігі Бақытжан – сан қырлы талант иесі. Ол – ақын, аудармашы, журналист, көсемсөз шебері. Бұл тұтастай алғанда бір қыры болып есептелсе, екінші жағынан ол – ғалым. Ғалым болғанда екінің бірі еншілей бермейтін, соқпағы мол, соны жол – энергетика ілімі. Өзі Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының энергетика факультетін тəмамдаған. Алғыр жігіт қыр-сыры қат-қабат, түйіні мол техникалық ғылымды тез меңгеріп кетті. Осы салада өзінің алдында тұрған арыс ағалары Қ. Сəтбаев, Ə. Марғұлан, Е. Бөкетов, Ш.Шөкин, Ш.Есенов, А.Машанов сынды тұлғалардың тағылымды жолын жалғастыруға білік-білімін аямай жұмсады. Өзі де осы тарихи тұлғаларды терең зерттеп, кейіннен ғылыми эсселер жазып, ғылыми еңбекке журналистік тағылымын тоғыстырды. Содан бастап, оның бойындағы қаламгерлік қабілет ғылыми еңбектердің дүниеге келуіне түрткі болып, ол ғалымдық пен ақындықты қатар алып жүретін қастерлі жолға біржола бет бұрды. Бұған оның оқу-біліммен ұштасқан өндіріс саласындағы еңбек жолы түбегейлі əсер етті. Институтты тəмамдағаннан кейін ол өмір жолын өндіріске жалғап, алғашқы қадамын Өскемен жылу электр орталығынан бастады. 1970-жылдардың аяқ шенінде Бақытжан Ошақбайұлы Қазақтың Энергетика ғылымизерттеу институтына (қазір академик Ш.Шөкин атындағы) шақырылып, жас маман өзінің бойда бар күш-жігерін бірыңғай ғылым жолына сарп етті. Сол жылдары ол Алматы темір жол институтында жылу энергетикасынан дəріс беріп, плазма техникасы мен ауа ағындарының аэродинамикасын зерттеп, бірнеше ғылыми мақалалар жазды. Соның нəтижесінде плазмотрондарды іске қосып, олардың жаңа буындары бойынша тың жетістіктерге қол жеткізуге жол ашты, өндірісте игілікке жаратуға барынша ықпал етті. Осы жемісті еңбегі үшін Б.Тобаяқов 1986 жылы «КСРО өнертапқышы» атағына ие болды. Соңғы жылдардың өзінде жиырмадан астам жыр жинағын шығарған Бақытжан ақынның шығармаларын оқи отырып, оның əлі талай биік қиырға қанат қағатын қарымын байқадық. Оның кейінгі кітаптарының бірі – Астанадағы «Фолиант» баспасынан шыққан «Жеті жұрт» деп аталады. Енді көп кітапдардың ішінен осы бір кітапқа талдау жасап көрелікші. Бала жастан, Жазмышқа қарамастан, Тағдыр желі алысқа ала қашқан. Өлең сіңіп қаныма ана сүтпен, Жаздым жырды балауса, дара дастан. ...Сыр үзілмес, ежелден су сүзілмес, От жақпасаң қазаннан бу түзілмес. Қанмен жазбай, Құр босқа мəз боп жазсаң, Маңдайына жырыңның ту тігілмес. Осы шумақтардың мəні де, ма ғынасы да, мəтіні де басқалардан мүлде бөлек ой тербейді. Өзінің мамандығына, оқу-біліміне орай бөлек бітім байқатады. «Сыр үзілмес, ежелден су сүзілмес», «От жақпасаң қазаннан бу түзілмес»-ті айту үшін ақыл-парасаттың сыртында кемел ой керек. «Бу түзілмес» сөзінде де бір сыр бар. Тіпті осы тіркестің өзінде ғылымға, білімге жақын ой түзіліп тұрған жоқ па? Бұл арада да Бақытжан ешкімге ұқсап тұрған жоқ. Əлдекімдей сөз қуып шешенсіп тұрған жоқ, өзінше философиялық пайым танытып, бөлек парқын байқатады. Бір жақсысы, Бақытжанда мұндай ой өрнегіне жетелеген жырлар молынан баршы лық. Мұны Бақытжанның ақындық жолының бір қыры деп бағамдауымыз керек. Бақытжанның ақындықтағы тағы бір қыры, алған бір биігі – оның аудармашылығы. Оның аудармаларын сөз қылып талдау үшін біраз қағаздың бетіне бағалы сөзіңді, пəтуалы ойыңды өрнектеуің керек. Ол өзінше бір тақырып, өзінше бір тарау болып табылары хақ. Алайда, біз Бақытжанның қазақ оқырманына ұсынған ауқымды аудармаларының басты тақырыптарын ғана тізімдеп өтуді жөн көрдік.

Мəселен, оның орыс ақыны А.Сумароковтан аударған «Бұлғын тон» өлеңіне көз жіберіп көрейікші: Байлыққа не жетсін, Дəулетке не жетсін, Оған мастанғандар болды ғой ерек шын. Көріп едім бұлғын тонды жамылған, Өз-өзінен ыңыранған, тарылған. Өркөкірек сол пендеміз əлден кем, Даладағы өріп жүрген малмен тең. Мал емей енді немене, Адамға оны теңеме! Осы шағын аудармадан-ақ ақынның ауқымы айқын аңғарылады. Тіпті жыр жолдары бүгінгі заманғы байшыкештерді меңзейді. Егер түпнұсқамен салыстыра отырып талдаса, оқушы аудармашы шеберлігіне тəнті болар еді. Б.Тобаяқовтың аударма сала сындағы еңбегінің ең бір ауқым дыларының санатына оның италиялық классик жазушы Альберто Моравианың «Нəресте» атты новелласы айрықша айтуға тұрарлық. Бақытжанның үшінші айрықша қыры, яғни осынау алпыс жа сына дейін алған тағы бір асуы – оның публицистикасы, маңызды да, мəнді мақалалары. Оның мақалаларының негізгі мəтіні – ғылыми негіздемеде жатыр. Мəселен, оның «Сəтбаев жазған Алгебра», «Теңге – ұлттық валютамыздың атауы», «Энергияның қай түріне көшкен жөн?», «Энергетиканы еселей дамыту – ел назарында», «Энергияға зəрулік азая ма?» деген терең танымдық мақалалары тек Бақытжан сынды білікті маманның қолынан келетін, қуатты қаламынан шығатын туындылар екеніне көз жеткізіп, тəнті боласың. Бақытжанның тағы бір – төртінші қыры, оның əн мəтініне əуестігі. «Əуестігі» деген бергі сөз. Мəтінде, ол əн мəтінін осы күнгі елге белгілі болып жүрген біраз ақындардан дараланып тұрғанын айта кетуіміз керек. Кейбір мəтіншілер секілді құрғақ сөз құрсауында қалмай, ойлы, өрнекті сөз тіркестерін əнəуенге лайықты əдемі əдіптейді. Мысалы, əнге арналған «Наурыз» атты өлеңін былай түйіндейді: Ренжіспей мынау жалған фəниде, Өмір сүрсек – сол ғой бақыт, əрине. Биыл да бұл ағарғаны мол болып, Құт əкелсін Əз Наурыз əр үйге! Бақытжанның бесінші биігі – қайраткерлігі. Б. Тобаяқовтың қайраткерлік қыры ол осы Астанаға көшіп келіп, табан тірегеннен кейін арна тартты деп айтсам артық емес. Ол Астанаға келе сала елорданың тағдырына байланысты талайталай тағылымды, тартысты пікірталастарға қатысып, ол ортада өзінің пəтуалы сөздерін айтудан жалықпады. Əсіресе, оның қоғам қайраткері, саясаттанушы Сайлау Батыршаұлымен бірігіп атқарған келелі істерін тілге тиек етуге тура келеді. Соның нəтижесінде ол «Астана қалалық мемлекеттік тіл қозғалысына» қолғабыс ете жүріп, қыруар істерді белсенді атқаруға айрықша үлес қосты. Ана тіліміздің дамуына, өркендеуіне, ілгері басуына жанқиярлық танытты. Мен Бақытжанның өмірі мен шығармашылығының бес түйінін, бес биігін баян еттім. Алайда, оның шығармашылық жолында əлі талай биіктерді бағындыра алатынына күмəніміз жоқ. Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты.

АСТАНА.


7

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

 Достық дəнекері

 Үйренетін үрдіс

«Кезексіз емхана» баєдарламасы ќалай жїзеге асуда?

Жаѕа баєыт екі елді жаќындастыра тїсті Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан біршама уақыт бұрын «Алматы – Киев» жəне «Астана – Киев» бағыттарында əуе қатынасы ашылған болатын. Осы оқиғаның құрметіне əрі екі елдің осылай тікелей қарым-қатынас жасауына септігін тигізіп отырған отандық «Эйр Астана» əуекомпаниясының 11 жылдық мерейлі мерекесіне орай Киев қаласында салтанатты кеш өтті. «Премьер-Палас» қонақ үйінде өткізілген бұл кешке Көлік жəне коммуникация вице-министрі Азат Бектұров, «Эйр Астана» əуекомпаниясының президенті Питер Фостер, Қазақ станның Украина мен Молдовадағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, халықаралық «Борисполь» əуежайының бас директоры Антон Волов, сондай-ақ, басқа да лауазым иелері мен екі елдің азаматтары қатысты. «Эйр Астана» əуекомпаниясы соңғы жылдары жаңа бағыттардың ашылуына белсенді қызмет етуде. Мысалы, тек былтырдың өзінде «Астана – Санкт-Петербург», «Ас та на – Омбы», «Алматы – Гонконг» рейстері ашылса, биыл «Аты рау – Мəскеу», «Алматы – Хошимин», «Астана – Киев», «Алматы – Киев» бағыттарында жолаушылар тасымалдай бастады. Соңғы екі ай көлемінде, оның ішінде аптаның дүйсенбі, сəрсенбі жəне сенбі күндері «Embraer 190» əуелайнерімен «Астана – Киев» рейсі орындалса, сейсенбі, жұма жəне жексенбі күндері Airbus A320 əуелайнері «Алматы – Киев» бағытында қатынай бастады. Шығыс Еуропа елдерімен шектесіп жатқан Украинамен тікелей əуе байланысын орнатудың стратегиялық маңыздылығы жөнінде оның алдында елордада өткен жиында «Эйр Астананың» президенті Питер Фостер баяндап өткен болатын. Оның ішінде екі ел арасындағы саяси жəне сауда-экономикалық қатынастың нығаюы мен қазақстандық саяхатшылардың Киев арқылы Еуропаға ыңғайлы түйісетін рейстердің мүмкіндіктерін пайдалана алатыны əңгімеге арқау болған-ды. Ал Киевте өткен салтанатты кеште компания президенті қысқа да нұсқа сөйледі. Өз сөзімен айтқанда, өміріндегі ең басты екі əйелді, яғни анасы мен жарын Киевке ерте келгенін бұл кештің маңыздылығымен түсіндірген компания президенті кеш барысында Қазақстанда болмаған украиндықтарды біздің елімізге қонаққа шақырды. Əуекомпаниясының тоқтап қалмай, əрі қарай да жаңа рейстерді аша беретінінен құлаққағыс етті. Екі мың жылдық тарихы бар, бірегей архитектурасымен жəне ғибадатханаларымен əлемдегі ең бір танымал қалалардың қатарында саналатын Киевте өткен салтанатты кеште Көлік жəне коммуникация вице-министрі Азат Бектұров құттықтау сөз сөйледі. «Эйр Астана» компаниясы құлашын кеңге жайып келеді. Көптеген жаңа бағыттар ашылуда. Əрбір жаңа ашылым біздің министрлік үшін де, компания үшін де маңызды. Бұл рейсті ашу соншалықты оңай болған жоқ. Көптеген келіссөздер жүргіздік. Біз үшін Украина жағырапиялық жағынан алыс болғанымен, тарихи, рухани тұрғыдан жақын ел. Сондықтан ендігі жерде екі елдің əріптестігі баянды болғай, компанияның еңбегі жемісті болғай!» – деді вицеминистр. Қазақстан мен Украинаның жағырапиялық жағынан жақын емес екені рас. Қараңыз, Алматы дан Киевке əуелайнері 5 сағат ұшатын болса, Астанадан 4 сағаттай ұшады. Бірақ бұл оның алдындағы транзит арқылы қатынаудан əлдеқайда жақын. Яғни, бұрын Киевке Мəскеу арқылы қатынап келдік. «Домодедова» не «Шереметьево» аэропорттарының күту залында өткен сағаттарды қосқанда Киевке бару үшін қазіргіден екі еседей көп

уақыт кететін. Оған қаржылық шығынды қосқанда Украинаның астанасына жету қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіретін. Ал, Астана – Киев, Алматы – Киев бағыттары арқылы уақыт та, қаржы да үнемделмек. Астанадан Киевке эконом-кластағы барып-қайту билетінің құны барлық алымдарды қосқанда 47 мың теңгеден, ал бизнес-класта 210 мың теңгеден басталатынын, ал, Алматы – Киев – Алматы бағыты бойынша эконом-кластағы сапар 49 мың теңге, бизнес-класта 211 мың теңге тұратынын ескерсек, жағырапиялық алыстықтың оңай еңсерілетіні байқалады. Оған қоса екі елдің саудаэкономикалық қарым-қатынасы үшін тиімді саналған бұл жаңа рейстер қарапайым халықтың қарым-қатынасы үшін де ыңғайлы болатыны Киевтегі кеште баса айтылды. Қазақстанның Украина мен Молдовадағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков Украина мен біздің елімізді дос, бауыр елдердің қатарында атап, бармаса, келмесе жат болатынын əңгіме өзегіне айналдырды. Ұлы Отан соғысы жылдары 600 мың қазақстандықтың Украинаны азат етуге қатысқанын, соның 156-сы Кеңес Одағының Батыры атағын алғанын, 2 мəрте батыр атанған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің алғашқы ұшу сапарын дəл осы жерде бастағанын тілге тиек еткен елші бұдан кейін де екі халықтың арасындағы достық, бауырластық сенімге сызат түспеуі үшін етене қарым-қатынастың орын алуы керектігін, бұл үшін осындай жаңа рейстің ашылғанына қуанышты екенін жеткізді. «ХХІ ғасырда əуекомпаниялары елдер мен елдердің арасындағы араласқұраластықты жүзеге асырып отыр. Соның ішінде Қазақстан мен Украина дейтін екі елдің қарымқатынасы да біз үшін өте маңызды. Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев Украи намен қарымқатынасты нығайтуға ұдайы назар аударып келеді. Соның негізінде жуырда ғана Қазақстанның Премьер-Министрі осында іссапармен келгенін білесіздер. Біз бүгінгі таңда осы елдің барлық аймақтарымен байланыс орнату үшін тынымсыз еңбектеніп жатырмыз. Нəтижесінде біздің делегациялар алдағы уақытта Украинаның барлық аймақтарына іссапармен келмек. Сондай-ақ, Украина делегацияларының да Қазақстанның аймақтарына іссапарлары жоспарлануда. Соның есебінен екі ел арасында тауар айналымы өспек. Екі ел арасында көптеген шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл біздің осы елмен интенсивті əріптестікке көше бастағанымызды айғақтайды. Мен екі ел халқының да бірбіріне қатынауы өседі деп сенемін. Өйткені, екі елге ортақ мəселелер көп» – деді елші. «Эйр Астана» əуекомпаниясы 2011 жылы тіркеліп, ең алғашқы рейсін 2002 жылдың 15 мамырында «Астана – Алматы» бағыты бойынша орындаған екен. Қазіргі таңда компанияның маршруттық желісі 63 бағыттан, ал əуепаркі 26 заманауи ұшақтан тұрады. Қызметін бастағаннан бері компания ұшақтары 230 мың рет сапарға шығып, 20 миллионнан астам жолаушыны тасымалдапты. Киевтегі кеште «Эйр Астананың» ТМД аумағындағы жетекші əуекомпаниялардың бірі екендігі де баса айтылды. Компания өз аттарынан Киевте ұйымдастырған салтанатты кешті елдің есінде қаларлықтай етіп өткі зу үшін барынша дайындалыпты. Қазақтың талантты қызы, əйгілі скрипкашы Жəмила Серкебаеваның осы кеште өнер көрсетуі қонақтарға ерекше көңілкүй сыйласа, ХХ ғасырда «Есік» қорғанынан таб ылған, барша қазақтың мақтанышы іспетті «Алтын адам» «Премьер-Палас» қонақ үйінің мейрамханасына ерекше сəн беріп тұрды. Оған қоса, қазақтың киіз үйі барлық жасаужабдығымен төрге орнатылып, кештің ажарын айшықтады.

Соңғы жылдары еліміздегі денсаулық сақтау жүйесіндегі оңды өзгерістің бірі – «Кезексіз емхана» бағдарламасы. 2011 жылдың қыркүйек айындағы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін мекемелердің тіркеу бөлімінің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің № 606 бұйрығына сəйкес халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бұл бағдарлама бүгінде белең алып, жаппай жүзеге асуда. Осы ретте Алматыдағы Бостандық ауданына қарасты №17 қалалық емхана кезекті болдырмаудың тиімді жолымен жұмыс істеуде қанатқақты жобаны алғаш енгізген емдеу мекемесі болып табылады. Ендеше, елімізде жүзеге асырылып отырған «Кезексіз емхана» қандай бағдарлама, шынында да ол науқастарды дəрігердің есігін бағып, сарылып кезек күтіп отырудан құтқара ала ма? Осы тақылеттес сауалдарға жауап алу мақсатында 13 жылдан бері аталмыш емхананы басқарып келген, бұған дейін еліміздегі қан тамырлары хирургия саласында күрделі ота жасау мен енгізуде, шəкірт дайындауда, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда өзіндік үлес қосқан «Құрмет» орденінің иегері, медицина ғылымдарының кандидаты Асхан СМАЙЫЛОВҚА жолыққан едік. – Асхан Смайылұлы, бас ауырып, балтыр сыздамайтын пенде жоқ, ал ауыра қалсақ дереу емханаға барып, дəрігерге көрінеміз. Ауырып, жаны қиналып тұрған науқасқа əуелі тіркеу бөлмесінде, одан дəрігер кабинетінің алдында ұзын-сонар кезекті күтуге тура келеді. Осындай оралымсыздық көптің көңілінде көптен жүрген ой еді... – Дұрыс айтасыз, мəселенің төркіні науқастардың сағаттап кезек күтуінде болып тұр ғой. Алдымен сөз еткелі отырған бағдарламаның қалай дүниеге келгеніне тоқталайын. Бүгінде елімізде бес мыңға жуық емдеу мекемесі бар десек, солардың арасында ең таңдаулы деген 50 аурухана мен 50 емхананың қатарына біздің №17 қалалық емхана да кірген-ді. 2011 жылы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осы емдеу орындарының басшыларын Астанаға шақырып, республикалық кеңес өткізіп, əрқайсымызға денсаулық сақтау саласын қалай жақсартуға, оңтайландыруға болады деген ой тастады. Содан «неге біздің науқастар қысыжазы ыстық-суықта, қарлы жаңбырда болсын таңертеңгі сағат сегізден топырлап кезек күтеді. Неге біз шетелден, Еуропадан қалып қоямыз? Солардағы мəдениетті неге үйренбеске» деген ой келді. Екіншіден, емханамыз таңертеңгі сағат сегізден кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді. Науқастар таңертеңнен түске дейін толассыз келеді де, түс ауғаннан кешке дейін қабылдауда адам жоқ, дəрігерлер бос отырады. Неге дəрігерлердің уақытын үйлестіріп, реттемеске деген ой тағы келді. Содан жұмысты үйлестіруді бірден тіркеу бөлімінен бастадым. Бұрындары кез келген емхананың тіркеу бөлімінде көп болса екі-үш телефон жұмыс істесе, оның санын онға жеткіздім. Бұрын онда төрт қызметкер болса, оларды он беске көбейттім. Сөйтіп, тіркеу бөлімі анықтама, диспетчерлік қызмет түрін көрсетіп, емхананың бұрынғыдай түске дейін емес, таңертеңгі 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ретімен, кезегімен жұмыс істеуіне қол жеткіздік. Бір айта кетерлігі, тіркеу бөліміне тек сырттан науқастар ғана телефон соға алады, ал емхана жағынан байланысқа шығуға тыйым салынған. Содан емханаға келушілерді əр кез жинап, «енді таң атпай емханаға келудің қажеті шамалы, жылы үйде, жұмсақ диванда отырып тіркеу бөліміне телефон шалып, дəрігер қабылдауына алдын ала қалаған күніңізге, уақытыңызға жазылып, үйге дəрігерлік шақыртулар беру мүмкіндіктеріңіз бар» деп мəселені түсіндіріп, ақпараттық парақшалар іліп, ұжымды да дайындадым. Əрине, жаңа бастамаға қарсы болғандар да кездесті. Байқаймыз, жұмысымыз ыңғайға келіп қалған сияқты. Əсіресе, бұл жоба жұмыс істейтіндер үшін өте оңтайлы болып шықты. Жұмыстан қашанғы сұрана берсін. Телефон шалып, өзіне қажетті уақытты таңдап, он-он бес минөттің ішінде шаруасын бітіреді де кетеді. Ал бұрын қалай еді, кезек сақталмаған соң науқастар бірбірімен сөзге келіп, арты дау-жанжалға айналып, шағым айтушылар көп болатын. Ал мына жағдайда тіпті, ешкім танысын да кіргізе алмайды. Өйткені, əркімнің өз уақыты бар. Осылайша, біріншіден, кезекті реттеуге, екіншіден, арыз-шағымның санын азайтуға, үшіншіден, науқастардың уақытын үнемдеуге қол жеткіздік. Сол кездері Астанадағы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығына оқуға бара қалдым. Онда жобамның таныстырылымын өткізіп едім, жұрт өте жақсы қабылдады. Бұл жаңалық министрдің орынбасарына, одан министрге жетеді. Көп ұзамай министрдің селектрлік мəжілісі өтетін болып, бізден «кезексіз емханаға» байланысты материалдарды сұратты. Түстен кейін селектрлік мəжілісте осы жайында он бес минөт баяндадым. Министр сөзімді бөлмей тыңдады да, таныстырылым аяқталған соң: «Естіп отырсыздар ғой, бүгіннен бастап еліміздегі барлық емхананың бас дəрігерлері, орынбасарлары осы тəжірибені үйреніп енгізу үшін Алматыдағы №17 қалалық емханаға барасыздар», деді. 1911 жылдың аяғына дейін барлық өңірлерден емхана басшылары келіп, бар жайтты өз көздерімен көріп қайтты. Біздер осы бағытта іске кіріскеннен кейін министрліктің амбулаторлықемханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы №606

бұйрығы шықты. Осылайша, 2011 жылдың 1 қазанында осы жұмысты ресми түрде бастап кеттік. Артынша 2011 жылдың 20 желтоқсанында Денсаулық сақтау министрлігі тез əрі сапалы медициналық көмек көрсететін, кезектері жоқ жəне емхана қызметі ретке келтірілген ең үздік емхананы анықтауға бағытталған «Кезексіз емхана» бағдарламасы аясында «Бүгін – сен үздік, ертең – барлығы» атты республикалық байқау жариялады. Əрине, біз байқаудың жеңімпазы атандық. Былтыр сəуір айында Финляндияға барып қайттым. Ағымдағы жылдың 1 наурызында «Кезексіз емхана» байқауының 2-кезеңіне де қатысып, онда еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жəне медбике ісінің рөлін жоғарылату идеясын ұсындық.

жағынан жазып, тіпті бет-жүзіне де қарауға шамасы келмей жатады. Мұндай жағдайда сапа қайдан болсын. – Ал енді сол сапаны жақсарту үшін не істеу керек? – Дəрігердің жүктемесін азайтуымыз керек. 1993 жылы Америкаға барғанымда медбике атқаратын жұмыс көлемін, медбике мəртебесін көріп таңғалып келдім. Оларда медбике үлкен клиниканың өзінде бөлімше меңгерушісі қызметін атқарады. Мəселен, бізде хирургия бөлімшесіне ғылым докторы, профессор жетекшілік етсе, оларда медбике. Яғни, медбике кəдімгі педиатр, терапевт сияқты өз алдына жеке мамандық. Бізде қалай, медбике – дəрігердің «қосымшасы», «көмекшісі», «барып кел, шауып келі». Демек, медбике өз

– Елімізде соңғы жылдары аурудың алдын алу мақсатында скринингтік бағдарламалар жүргізілуде. Бұл іс-шара дəрігерлерге қосымша жүктеме болып отырған жоқ па? – Скрининг – белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, яғни аурудың алдын алу. Қазақстанда скринингтің бірнеше түрі өтуде. Барлық скрининг тұрғындар тіркелген медициналық емханаларда тегін. Осы ретте емханада кезек тудырады деген емделушілерді үшке бөліп жібердік. Бірінші лек, ол өзіңіз айтып отырған, скринингтік бағдарлама бойынша келетіндер. Оларды бірінші қабатта жеке дəрігер, медбикесімен қабылдайды да, жалпы кезекке кірмейді. Екінші лек, зертханалық тексерулер, ол да таңертеңгісін бір-екі сағаттың ішінде аяқталады. Үшінші лек, негізінен учаскелік терапевт пен бейінді маман (узкий специалист) дəрігердің қабылдауына баратындар. Міне, осы жүйенің нəтижесінде емханада науқастар көп болады деген дүйсенбі күннің өзінде кезек 10-12 адамнан аспайды. Өйткені, əр дəрігердің қабылдауына əркім өз уақытында келіп-кететіндіктен, əр кабинеттің алдында көп болса екі-үш адамнан отырады. Бұл ыңғайлы болды. – Айтыңызшы, бізде бір науқасты қабылдауға бөлінген уақыт нормативі бар ма? – Əрине, бар. Норматив бойынша бір терапевтік қабылдауға əр науқасқа он бес минөт бөлінген. Əрине, бұл уақыт аздық етеді. Дəрігерге де қиын. Кабинетінің алдында отыз адам отыр делік. Үш сағаттың ішінде бəрін қабылдап үлгеруі керек. Сол үшін дəрігер не істейді, кейде асығыстыққа жол береді. Сырқат адамды шешіндіріп, түгел қарап шығуға уақыты жоқ, бір

бетінше еш нəрсе шеше алмайды. Қалай десек те, біз медбике ісінің сапасын көтермей, медициналық көмек сапасын көтере алмаймыз. Сондықтан да министріміз «кезексіз емхана» бағдарламасынан кейін бірінші, екінші медбике нормативін енгізді. Қазір бізде учаскелік терапевтің қарауында екі, ал жалпы тəжірибедегі дəрігерде (врач общей практики) үш медбике бар. Бірақ, олардың функциясы ашылмаған. Біздің мамандар соны жете зерттеп, өңдеп, бірінші, екінші медбике не істеуі керектігін анықтады, оны министрлік бекітіп берді. Мысалы, екінші медбике емханада отырмайды, өзіне тиесілі учаскені аралап, бүкіл тұрғындарды жаңа туған баладан еңкейген кəріге дейін тіркеп, олардың барлық проблемасын біліп отырады. Мысалы, скринингтен өту керек болса, телефонмен хабарлайды, болмаса барып шақырады. Емханаға келсе өздері күтіп алып, бойын, салмағын өлшеп, қантын, холестеринін тексеріп, электрокардиограммаға түсіріп, анализдері жақсы болса үйіне жібереді. Оған дəрігердің қажеті жоқ. Ал егер патология табылып жатса, аурудың алдын алу бөлімінің дəрігеріне жібереді. Ол көріп, қажет деп тапса, бейінді маманға жолдама береді. Жоғарыдағы тексерулерді жасау үшін медбикелерді өзімізде оқытып, үйреттік. – Асхан Смайылұлы, кезекті болдырмаймыз деп бейінді мамандарға алдын ала жазылғанмен, науқастарға апталап, кейбір мамандарға он-он бес күндеп күтуге тура келеді. Сондықтан неге бейінді мамандардың санын арттырмасқа? – Жалпы емхана ережесі бойынша тіркелген пациенттің негізгі дəрігері – учаскелік терапевт. Ауырып келген сіздің кардиологқа бару-бармауыңызды

учаскелік дəрігеріңіз шешуі керек. Мысалы, сізде қант диабеті болса глюкоза, гармон мөлшерін анықтауға бірінші рет эндокринологқа көрінесіз де, қалған уақытта терапевт бейінді маманның емін жүргізіп, бақылауда ұстауы тиіс. Міне, сонда бейінді маманға жүктеме аз болмақ. Ол учаскелік терапевт емес, консультант, яғни учаскелік терапевтің білмеген жерін айтатын кеңесші. Ал біздің пациенттер қайтеді, белі ауырса – невропатологқа, жүрегі ауырса – кардиологқа барады. Ал емханадағы жалғыз невропатолог, жалғыз кардиологқа емханаға тіркелген 78 мың адамның бəрі өз бетінше баратын болса, не болмақ? Кезектің көкесі сонда болмай ма? Оларға жиырма кардиолог, урологты қайдан табамыз. Ал сонда терапевт не істеуі керек? Міне, осы жүйені реттестіруде бүгінде Қазақстанда төрт қанатқақты жоба бар. Оған Алматыдан төрт емхана еніп отыр. Ол жобада учаскелік дəрігердің функциясы анықталмақ. Өйткені, қазір қалай, басымызды невропатолог пен нейрохирург, оған қоса окулист, лор, стоматолог емдесе, кеудені – эндокринолог, маммолог, пульмонолог, кардиолог, төменірек – гастроэнтеролог, гепатолог, хирург, уролог, одан кейін акушер-гинеколог, аяқ-қолға артопед, травмотолог, т.б. емдейді. Сонда терапевтер кəдімгі диспечер болып қалды. Мысалы, біздер Мəскеуде оқып жүргенде Боткин сияқты терапевтер барлық ауруды білетін кең профильді мамандық иесі болатын. Қазір бəрін бөліп тастады. Мысалы, құяңды емдеудің соншалықты қиындығы жоқ. Терапевт жүрек ауруын неге емдей алмайды. Ал емдей алмаса, онда ол қандай терапевт. Сондықтан осы қанатқақты жобада емдеудің біраз бөлігі терапевтерге берілмек. Бейінді мамандарға терапевт емдеп, қолынан келмегенде, болмаса диагнозды анықтауда ғана жіберілмек. Бұл – бір. Екіншіден, жоғарыда айттым, бізде медбикелер дəрігердің «қосымшасы» деп. Неге сонша жыл оқыған, қолында дипломы бар медбике сенің ауру, ауру емес екендігіңді ажырата алмайды? Неге сондай бір жеңіл-желпі ауруларды дəрігердің мойнына жүктеп қоямыз. Сондықтан дəрігердің кейбір функцияларын екінші медбикелерге беріп отырмыз. Мысалы, Финляндияға барғанда көрдік, екіқабат əйел босанғанша акушергинекологқа көрінбеуі мүмкін. Барлық анализі қалыпты, физиологиялық жағынан өзгеріссіз жағдайда акушердің өзі босандыра береді. Оған дейінгі процедураны жалпы тəжірибедегі дəрігердің медбикесі жүргізіп, бақылап отырады. Егер босануда проблема болып жатса ғана акушер-гинеколог қосылады. Біз оның бəрін апарып акушер-гинекологтың мойнына іліп қойдық. Оның үстіне елімізде мамандар жетіспейді. Қазір қараңыз, педфакты жауып тастадық. Емдеу факультеті жоқ. Бүгінде жалпы тəжірибедегі дəрігер алты жыл оқыса, жетінші жыл интернатура, мұның өзін екі жылдық жасамақ. Егер сіз кардиолог, невропатолог мамандығын қаласаңыз, резидентурада екі жылдан төрт жылға дейін оқисыз. Бүгінде жұмыс істеп жатқан бейінді маманның дені бұрыннан келе жатқандар. Олар зейнетке кететін болса, бейінді мамандарға тапшылық анық сезілетін болады. Бүгінде емханамыз осы жоба бойынша терапевтерді кардиолог, эндокринолог, т.б. салалық мамандықтарға оқытып жатыр. Қазір он дəрігеріміз білімін жетілдіруде. – Ендеше, жаңадан салынған елі міздегі бірен-саран емханалар болмаса, əлі кезек мəселесін түбегейлі реттестіріп шешу қиынға түседі дейсіз ғой... – Кезекті түбегейлі шеше алмауымыздың тағы да мынадай себептері бар. Кеңес өкіметі тарағанша Алматыда ең соңғы бой көтерген №4,№3,№9 емханасынан кейін бірде-бір медициналық мекеме салынбаған. Тəуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жинаған соң Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасының аясында елімізде жаңадан емдеу мекемелері салына бастады. Соның бірі – біздің емхана. Соңғы жылдары Ұлжан, Құлагер шағын аудандарында, №21, №22, №23, №24 емханалары салынса, жақында №25 емхана пайдалануға берілмек. Яғни, емхана көбейген сайын, ондағы кезек өзі реттеле бастайды. Мысалы, біздің емхананың күндік нормативтік сыйымдылығы 500 адамға арналған. Бірақ мұнда келіп-кететін адамдардың саны 780-900 аралығында, қысты күндері мыңға дейін барады. Ол дегеніңіз – дəрігерге екі-үш есе жүктеме деген сөз. Біздер қанша кезекті құртамыз дегенмен, бəрібір нормативтен асып тұр. Сондықтан кезек мүлдем болмайды деп айта алмаймыз. Егер Еуропадағы сияқты нормативке сай 78 мың емес, 45 мың тұрғынға қызмет көрсететін болсақ, онда бұл жұмысты дөңгелетіп əкетуге болар еді. Қорыта айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігінің «кезексіз емхана» бағдарламасы емханалардағы қызмет көрсету сапасын арттырып, жариялылықты қалыптастырмақ. Əңгімелескен Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». ––––––––––––––––––– Суретті түсірген Еркін ЕРКЕШ.


8

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 8 мамыр

№ 461

Астана, Үкімет Үйі

Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 24-9) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 461 қаулысымен бекітілген Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан əрі – Заң) 8-бабының 24-9) тармақшасына сəйкес əзірленді жəне балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) комиссия – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның ведомствосында құрылатын аккредиттеу жөніндегі комиссия; 2) аккредиттеу – аккредиттеу субъектісінің Заңда белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыруға құзыреттілігін ресми тану рəсімі; 3) аккредиттеу органы – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті мемлекеттік органның ведомствосы; 4) аккредиттеу субъектісі – балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы (бұдан əрі – қауымдастық). 3. Аккредиттеуді аккредиттеу субъектісінің Заңда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқықтылығын растау үшін аккредиттеу органы жүргізеді. 4. Аккредиттеуден өту үшін: 1) аккредиттеу органының аумақтық бөлімшелері орналасқан жерлерден кемінде сегіз облыс орталығында тіркелген филиалдарының жəне (немесе) өкілдіктерінің; 2) веб-сайттың; 3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласында арнайы əдебиеттің, балық шаруашылығы бойынша əдістемелік материалдар мен оқу жəне көмекші құралдарының; 4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы мамандарды қоса алғанда, жоғары немесе орта білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының; 5) қауымдастық құрамында əуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулаушылықтың қоғамдық бірлестіктері болуы қажет. 5. Аккредиттеуді жүргізу кезеңдері: 1) мерзімді баспасөз басылымдарында аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау; 2) қауымдастықтың аккредиттеу органына осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі; 3) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы; 4) аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау; 5) аккредиттеу туралы куəлік немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дəлелді жазбаша жауап беру. 2. Аккредиттеуді жүргізу тəртібі 6. Аккредиттеу органы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жəне уəкілетті органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік жəне орыс тілдерінде аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру жариялайды. 7. Аккредиттеуді жүргізу мақсатында құрамы аккредиттеу органының қызметкерлерінен қалыптастырылатын комиссия құрылады. Комиссия құрамы аккредиттеу органы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы жəне кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия төрағасы аккредиттеу органының басшысы болып табылады. Комиссия хатшысы аккредиттеу органы қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады жəне комиссия мүшесі болып табылмайды, аккредиттеуді ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі бүкіл құжаттаманы жүргізеді. Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді комиссия ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды. 8. Аккредиттеуден өту үшін қауымдастық хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына мынадай құжаттарды береді: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтiнiш; 2) құрылтай құжаттарының жəне қауымдастықтың заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмелері, қауымдастықтың филиалдары жəне (немесе) өкілдіктері болған жағдайда, филиалдарының жəне (немесе) өкілдіктерінің есептік тіркелгені туралы куəліктерінің көшірмелері; 3) осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттар; 4) қауымдастық мүшелерінің тізімі. 9. Құжаттарды қарау комиссия отырысында жүзеге асырылады, оның нəтижелері бойынша Комиссия: 1) қауымдастықты аккредиттеуді; 2) аккредиттеуден бас тартуды ұсынады. 10. Аккредиттеу органы комиссия ұсынымының негізінде аккредиттеу туралы куəлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аккредиттеу туралы куəлікті немесе себептерін негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қауымдастыққа аккредиттеу органы тиісті шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде береді. 11. Аккредиттеуден: 1) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 8-тармағына сəйкес келмеген; 2) ұсынылған құжаттарда дəйексіз немесе толық емес мəліметтер көрсетілген жағдайларда бас тартылуы мүмкін. 12. Құжаттарды қарау (өтініштер қабылданған сəттен бастап) жəне аккредиттеу туралы куəлік беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. 13. Аккредиттеу туралы куəлік 4 жыл мерзімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша беріледі. 14. Аккредиттеу туралы куəлік иеліктен шығарылмайды жəне басқа тұлғаларға берілмеуге тиіс. 15. Атауы жəне орналасқан орны өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу органына аккредиттеу туралы куəлікті қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi. Аккредиттеу органы тиісті жазбаша өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, аккредиттеу туралы куəлікті қайта ресімдейді. 16. Аккредиттеу туралы куəлiк жоғалған немесе бүлінген жағдайда аккредиттеу органы жазбаша өтiнiштің негiзiнде осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген мерзім ішінде қауымдастыққа аккредиттеу туралы куəлiктiң телнұсқасын бередi. 17. Қауымдастықты аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен шағым жасалуы мүмкін. 18. Аккредиттеу туралы куəлік өзінің қолданылуын: 1) қолданылу мерзімі аяқталған; 2) аккредиттелген қауымдастық қайта ұйымдастырылған немесе таратылған; 3) қауымдастық куəліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген; 4) аккредиттеу органы Заңда көзделген қызметтің тиісті дəрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады. 19. Аккредиттеу туралы куəліктің қолданысы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда аккредиттеу органы осы Қағидаларда белгіленген тəртіппен аккредиттеуді қайта өткізеді. 20. Заңның 33-1 бабы 2-тармағына сəйкес аккредиттеуді аккредиттеу органы аккредиттелетін қауымдастықтардың меншікті қаражаты есебінен жүргізеді. Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Кімге: _____________________________________________________________________________ (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, Т.А.Ə) ___________________________________________________________________________________ Кімнен:____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның лауазымы, Т.А.Ə) Деректемелері: _____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ (пошталық мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы) Өтініш ___________________________________________________________________________________ (қауымдастықтың атауы) ___________________________________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1.__________________________________________________________________________________ 2.__________________________________________________________________________________ 3.__________________________________________________________________________________ 4.__________________________________________________________________________________ 5.__________________________________________________________________________________ _______________________ (қолы)

________________________________________ (лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты)

Күні: 20 жылғы «___» _______________

23 мамыр 2013 жыл

 Өңір өмірі

Ќызылордада ќарќынды жўмыс жїріп жатыр Ақмешіттің көшесінде кептелек пайда болды. Бұрын зулап жататын көліктер тұрып қалып, бұған дейін мұндайды көрмеген жүргізушілер күйгелектеніп, абыр-сабыр болып жатыр. Мұның себебі неде? Бір күнде көлік көбейіп кетті ме? Жоқ. Енді ше? Қызылордада жол жөндеу жұмыстары басталып кетті. Қаладағы жолдарды жөндеудің алғашқы кезеңінің өзіне 43 көше кіріп отыр. Аз емес, əрине. Ал осы жұмысқа бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінген. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Мына деректі оқыған адамның бірден «Қызылорданың көшелері қырық жамау болған екен. Бұрынғы əкім не істеген?» деп ойлауы бек мүмкін. Мəселенің олай емес екеніне біз куəлік бере аламыз. Қаланы бұған дейін басқарған Мархабат Жайымбетовтің кезін де аяғыңды тығып алатын шұңқыр жолдар жөнделіп, Ақмешіттің ажары кірген. Оны əрбір қызылордалық біледі. Шаһарға жаңадан тағайындалған əкім Нұрлыбек Нəлібаев қаланың шет аймақтарындағы көшелерді жөндеуден бастады жұмысын. Бұрын қатынау қиын соғатын шеткері жатқан аймақтардың қаламен байланысы осылайша жақсармақ. Оның ішінде Титов қыстағы, КБИ шағын ауданы, Тасбөгет кентінің жолдары, Əл-Фараби ауданының көшелері бар. Əсіресе, барсаң батпақтап қалатын Əл-Фараби шағын ауданы тұрғындарының көзі ашылатын болды. Сонымен қатар, қаладағы кейбір орталық көшелер де жөндеу көреді. Жалпы, Қызылорданы бір көше белінен кесіп өтіп жатыр. Ол Жібек жолы болып басталып, одан Абай көшесіне жалғасып, Ах мет Байтұрсынұлымен аяқталады. Бүгінде осының Жібек жолы бөлігіне күрделі жөндеу басталып кетті. Сондықтан онда уақытша көлік жүру тоқтатылып, жүргізушілер айналма жолмен өтуде. Осы жерде ғой кептелектің пайда болып жатқаны. Жол дегеннің өзі мəңгілік емес қой. Кетеуі кететін кездері болады. Сондай мұрты бұзылған көшелердің де тесігі жамалмақ биыл. Қала əкімдігі тамызға дейін негізгі жолдардың жөндеуі аяқталады деп отыр. Осылайша, қызылордалықтар тақтайдай тегіс

жолда жүреді. Ал қазіргі кептеліс, уақытша ғана. Сырдың бойындағы сырбаз қаланың тіршілігі туралы сөз бастадық қой. Соны жалғай түсейік. Биыл Қызылордада қандай жаңалықтар болмақ? Осы жылы қалада 790 пəтер пайдалануға беріледі. Мəселен, құрылысы былтырғы жылдың соңына қарай басталған Амангелді жəне Сұлтан Бейбарыс көшелерінің бойында салынып жатқан тұрғын үйлер пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, 7 жалдайтын, «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 3, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 3, ипотекалық 5 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бəрінің басын қоссаңыз, 18 тұрғын үй екен. Ал биыл 270 отбасы баспаналы болады. Олар Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде əзірленген «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша осы мүмкіндікке ие болып отыр. Жайма базар Қазақстанның қай қиырынан да табылатын шығар. 90-жылдардың басындағы дүрбелеңде пайда болған осы бір күнкөріс көзі əлі күнге дейін өмір салтымыздан шыққан жоқ. Заман дамып жатса да жабайы саудадан арыла алмай келеміз. Қызылордада халық көп баратын базарлар ретінде – «Асбол»жəне «Сыбаға» сауда орындарын атауға болатын шығар. Тұрғындардың күнделікті тұрмыстіршілігінде маңызды орын алатын аталмыш сауда орындарында, өкінішке қарай тауарлардың көпшілігі бей-берекет əрі ашық аспан астында сатылуда. Үкіметтің жайма базарды жабық базарға алмастыру туралы тапсырмасы бар. Осыны басшылыққа алған қала əкімдігі тұтынушыға қажетті тауардың барлық түрін табуға

Жазєы ќозєалыс кестесіне ауысады «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылдың 26 мамырынан бастап жолаушылар пойыздарының жазғы қозғалыс кестесіне ауысатыны туралы хабарлайды. Жаңа кестені жасау кезінде жолаушылардың барлық талап-тілектері ескерілді. Кестеге еңбек демалысы мен шəкірттер демалысы кезінде сапарлайтын жолаушылардың сұраныстарына орай маусымдық маршруттар енгізілген. Оған

№483/484 Астана-Адлер бағыты секілді жаңа маршруттар мен қосымша вагондар қосылып, №151/152 «Алматы-Петропавл» бағытындағы жаңа жүрдек пойызы белгіленді. Сонымен қатар, кестеге күнара жүретін «АлматыАтырау» қатынасындағы «ТұлпарТальго» вагондарынан құралған жаңа жүрдек маршрут секілді жаңашылдықтар да енді. «Егемен-ақпарат».

 Тосын табиғат

Аккредиттеу туралы куəлік

мынадай қызмет түрлерін:

1) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, аквадақылды, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, əуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру; 2) балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес жəне халықаралық ұйымдарда білдіру; 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану мəселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жəне басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; 4) жануарлар дүниесiнің объектілерін мониторингілеуге жəне есепке алуға қатысу; 5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысу; 6) балық шаруашылығы су айдындарын жəне (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу; 7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысу; 8) мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстарының жəне басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың құру, қырылу қаупі төнген жағдайларда, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысу; 9) шетелдіктермен əуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру шарттарын жасасу; 10) Жарғыда көзделген жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге

асыру құқығын таниды. (Комиссияның 20___ жылғы «____» _______________ № _______хаттамасы) Куəлік 20__жылғы «___» ___________ дейін жарамды. Аккредиттеу органының басшысы __________ ___________________ (қолы) (Т.А.Ə) МО

ҚЫЗЫЛОРДА.

Тўтылды деген осы

Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша

20___ жылғы «__»__________ ___________________________________________________________________________________ (аккредиттеу органының атауы) _______________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан ___________________________________________________________________________________ (балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің ___________________________________________________________________________________ қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының атауы)

тартуда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының қосып отырған үлесі ерекше. Биыл бағдарлама аясында 4,5 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, 16 жас маман жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Жыл өткен сайын жастардың қоғамдағы орны нығайып, азаматтық белсенділігі артып келеді. Ерекше атап өтетін жайт, жастардың қоғамдық маңызды шараларда бастама көтеріп, белсенділік көрсетуі. Мəселен, қала тазалығын қолға алғанда жастардан құрылған «Тазалық сақшылары» насихаттық жұмыстарға көмекші болса, Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарттарымызға кө мек көрсетіліп, көңіл бөлінді. Тəуелсіздік алған алғашқы жылдары қаладағы жастар ұйымдарының саны 5-тен аспайтын болса, қазіргі таңда олардың саны 40-тан асты жəне бұл мақсатқа бөлінетін қаржы көлемі де бірнеше есеге ұлғайып отыр. Айталық, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға өткен жылы 4,9 миллион теңге бөлінген болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 2,5 есеге артып, 12,7 миллион теңгені құрап отыр. Қалада жастарды қолдау мен көмек көрсету бағытында 8 əлеуметтік маңызды жоба аясында жұмыстар атқарылуда. Олар: жастар саясатын жүзеге асыру аясында «Эрудит» жас көшбасшылар мектебінің қызметін ұйымдастыру; қаладағы жоғары жəне орта арнаулы оқу орындары арасында «Студент көктемі-2012» өнер фестивалін ұйымдастыру; жастар апталығын жəне «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты дəстүрлі жастар форумын өткізу; жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру; жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру; қала жастарына əлеуметтік-құқықтық кеңес беру қызмет жұмысын ұйымдастыру; жастарға арналған ресурстық орталық қызметін ұйымдастыру; қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру. Аула клубтары демекші, биыл

 Қылмыс пен жаза

МО

№___________

болатын «Атамекен» сынды сауда орталығын үлгі ретінде атап, осындай орталықтар санын арттыруға ниетті кəсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Жайма базардың айналасында көлік кептелектері де көп орын алады. Онсыз да тар көшеде машина жүре алмай қалады. Сондайақ, сатушылардың айналаны таза ұстамайтыны да жасырын емес. Экологиялық талаптардың сақталмауынан түрлі иіс шығып, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызады. Осындай жағдаяттарды ескерген Нұрлыбек Нəлібаев сала басшыларына бейберекет орналасқан сауда нысандарына толық талдау жұмыстарын жүргізіп, тəртіпке келтіруге қатысты нақты ұсыныстар беруді, сондай-ақ, сауда орталықтарының басшыларына жақын күндері өз автотұрақтарын салдыртуды қатаң тапсырды. Жыл басынан бері қалада жұмыс іздеуші ретінде 1465 (1629 жас арасындағы) жас тіркелген екен. Бүгінде осы жастардың 515-і тұрақты жұмысқа орналасса, 311 жас қоғамдық жұмыстарға тартылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 168 жас əлеуметтік жұмыс орындарында, 158 адам жастар тəжірибесі бойынша жұмыс жасауда. Жалпы жыл соңына дейін əлі де 162 жасты жастар тəжірибесі бағдарламасы аясында уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қаланың индустриялықинновациялық дамуын қамтамасыз етуде нарықтағы сұранысқа ие кəсіби мамандықтар бойынша тұрғындарды оқыту жəне қайта даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Мəселен, жыл басынан бері 73 жас қайта даярлау курстарына жолданып, еңбек нарығында сұранысқа ие болған 17 мамандық түрі бойынша оқып жатыр. Мұнымен қоса, қалада жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі бос жұмыс орындары жəрмеңкесі тоқсан сайын ұйымдастырылуда. Өткізілген жəрмеңкелердің нəтижесінде 39 адам тұрақты жұмыс тапты. Жастарды тұрақты жұмыс орнымен қамтып, ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды

қалада 5 аула клубы өз жұмысын бастайды. Қызылорда қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы ерекше жобалардың бірі ретінде мамыр айының соңына дейін ашылатын жастарға арналған ресурстық орталықты айтуға болады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 4,3 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ресурстық орталық қаладағы жастарға жоғары білікті психологтар мен заңгерлер тарапынан тегін кеңестер мен көмектер берілуін жəне түрлі бағытта іс-шаралар өткізілуін қамтамасыз етеді. Жастардың кез келген мəселелер бойынша ақпарат алуына мүмкіндік жасалатын болады. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қалада аула клубтарының жұмыстары жандандырылуда. Осы орайда, шет аймақтар: Титов қыстағы, Тасбөгет кенті, «Шұғыла», «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандарында жаңадан 5 аула клубын ашу жоспарлануда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 3,2 миллион теңге қаржы қарастырылды. Мұнан өзге, қаладағы мəдениет үйлері мен клубтар жанында 54 үйірме жұмыс жасайды. Бұл жерде 600-ге жуық жас түрлі оқу үйірмелеріне қатысып, шығармашылықтарын шыңдауда. Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап, қаладағы, ауылдық округтердегі мектептерде жоғары сынып оқушыларына кəсіптік бағыт-бағдар беру, жастар арасындағы құқық бұзушылық пен суицидиалды мінез құлықтың алдын алу мақсатында кездесулер ұйымдастырылуда. Мұнан бөлек, жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру мақсатында қаладағы мектептерде жəне көп қабатты тұрғын үй аулаларында «Мен спортты таңдаймын!» атты спорттық-эстафеталық жарыстар ұйымдастырыла бастады. Осы арада айта кету керек, қазіргі кезде облыс орталығында 463 спорт нысаны жастарға қызмет көрсетуде. Нəтижесінде биылғы жылдың І тоқсанында 37 спорттық шара ұйымдастырылып, 37161 жас бұқаралық спортпен айналысуға мүмкіндік алды. Сонымен біткен іс, қолға алынатын шаруа, алда атқарылатын тірлік аз емес. Мұның барлығы ел игілігі үшін жасалып жатқаны əмбеге аян. Бастысы, басталған жұмыстардың орта жолда тұрып қалмай, оң нəтижемен аяқталғаны.

Кенді Алтайда жер сілкінді Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы – жер сілкінетін қауіпті аймаққа жатады. 1990 жылғы 14 маусымдағы эпицентрі Зайсан ауданында болған қуаты 8 баллға жеткен табиғат апатының зардаптары əлі ұмытыла қойған жоқ. Бұдан кейін де ауық-ауық тербеліс болып, жұрттың зəре сін алғанын көпшілік біледі. Енді, міне, сейсмологтар облыс орталығынан 172 шақырым қашықтықта жердің

тербелісін тіркеді. Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитеті сейсмология тəжірибе-əдістемелік экспедициясының ресми сайты таратқан ақпарат магнитудасы 4,5 баллды құрайтын тербеліс жер бетінен 5 шақырым тереңдікте болғанын растады. Сілкініс кіндігі Зырян қаласынан – 75, Өскеменнен 172 шақырым қашықтықта тіркелген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. ӨСКЕМЕН.

Шегірткенің айтатыны бар ғой, «бір қаштым – құтылдым, екі қаштым – құтылдым, ал үшіншісінде тұтылдым» деп. Дəл қазір сондай «не жаздым, құдайдың» күйін біздің шетелдерде сауға сұрап жүрген қашқынымыз Мұхтар Əбілəзов те кешіп жатыр. Англияның жоғарғы соты БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Əбілəзовтің меншігіне жататын Ұлыбритания жеріндегі үш «люкс» класты жылжымайтын мүліктер нысанын KPMG компаниясының басқарушысына сату уəкілдігін берген түпкілікті бұйрық шығарды. Аталмыш шешім «БТА-банк» акционерлік қоғамының Əбілəзовтің банк директорлар кеңесінің төрағасы болып тұрған жылдарында банктен заңсыз жолмен алып кеткен активтерін қайтару мақсатында ұсынған заңды өндіріс шеңберінде шығарылып отыр. БТА-банктің баспасөз қызметі, сонымен бірге, Лондон жоғарғы соты бұдан бұрын банктің пайдасына 3,7 млрд. долларға жуық жалпы қаржыны қайтарып беру жөніндегі басқа да бірқатар маңызды шешімдердің жалғасы болып табылатынын атап көрсетті. Таратылған баспасөз парақшасына сəйкес, енді сот Лондонның Carlton House деп аталатын солтүстік бөлігінде орналасқан Бишоп авенюдегі кең сарайды (особняк) сатуға рұқсат етті. Особняк қабылдау бөлмесінен, кітапханадан, 9 жатын бөлмесінен, соның аумағындағы бассейн мен 12 адамға арналған түрік моншасынан тұрады. Саудаға сондай-ақ Виндзор қаласы аумағында орналасқан Oaklands Park деп аталатын өңірдегі 40 гектардан астам жер телімі де шығарылады. Бұл учаскенің ауқымында 8 үй, питомник, теннис корты, көлдер, орман алқабы мен тікұшақ қонатын алаңқай бар. Бұдан басқа, Лондонның СентДжонс-Вуд ауданында Alberts Court атымен танымал болған күзетке алынған пəтер сатылатын болады. Осы жерде сауда-саттық жұмыстарын атқаратын компанияны да таныстырып өткеннің артықшылығы болмас. Онымен шұғылдану міндеттелген KPMG

– əлемдегі осындай кəсіби қызметтегі аса ірі жүйелердің бірі. Ол аудиттік жүйедегі Deloitte, Ernst & Young жəне PwC компанияларымен бірге Үлкен төрттікті құрайды. Оның халықаралық штабпəтері Амстелвен (Нидерланды) қаласында орналасқан. Ал филиалы біздің елімізде, Алматы қаласында да бар. «Соттың бұл бұйрығын Əбілəзовтің директорлар кеңесі төрағасы лауазымында жүрген кезеңінде сіңіріп кеткен банктің бірнеше миллиард долларға бағаланатын активтерін алдағы уақытта қайтару жолындағы тағы бір маңызды қадамдардың бірі деп есептейміз. Енді біз сот шешімімен шығарылған активтерді сата аламыз. Соттың шешімін бұдан ары да банктің бүкіл əлемге тарап кеткен активтерін қайтару үшін пайдалануды жалғастыра береміз», – деп баспасөз қызметі БТА-ның басқарма мүшесі, басқарушы директоры Павел Просянкиннің сөзінен дəйектеме келтірді. Лондонның жоғарғы соты ең алдымен 2012 жылғы ақпан айында Мұхтар Əбілəзовті сот өкімін құрметтемегені үшін 22 айға бас бостандығынан айырған болатын. Сол шығарылған қаулыға сəйкес, бизнесмен билік органдарына беріліп, өзінің активтері жөніндегі ақпарды толық жеткізуі тиіс еді. Олай болмаған жағдайда оның БТА-банк беріп отырған жалпы сомасы 6 млрд. доллардан астам ақша тұратын 8 талап-арыз бойынша өзін өзі қорғау құқығынан айырылып қалатыны да ескертілді. Алайда, Əбілəзов бұл қаулы мен ескертпеге пысқырып та қараған жоқ. Шамасы, мұның бəрін ол жəй қоқан-лоқы санап, бəрі өзінен өзі орнына келе салады деп ойласа керек. Немесе не десе айтқаны келіп тұрған өзінің баяғы бір шалқақтап Қазақстанда жүрген кезеңін есіне алған болуы да мүмкін. Сөйтті де, Британияның жоғарғы сот органының шешіміне түкіріп кете барды. Оның ең үлкен қателігі де осы болды. Сол қателік Мұхтарды соттан қашуға мəжбүр етті. Бірақ бұлайша ұзақ қаша алмасын сезгесін, ол Лондонның жоғарғы

сотына қайта шағым берудің де жолын тапты. Əлбетте, сот 2012 жылғы қарашада оның апелляциясын қанағаттандырудан үзілдікесілді бас тартты. Сосын Мұхтар Ұлыбритания жоғарғы сотына қарай шағым жолдады. Шамасы, бизнесмен осы сотқа қатты үміт артса керек, оның апелляциялық инстанциядағы шешімді өзгертуден бас тартқанын естігенде жынданып кете жаздады… Осыдан бастап Альбионның аумағынан аласұра қашқан БТАбанктің бұрынғы басшысының сайда – саны, құмда ізі болмай кетті. Содан бері оның қайда жер басып жүргенін ешкім білмейді. Ал біздің банк баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, Əбілəзов Лондонның жоғарғы соты 2012 жылғы ақпанда өзін қамауға алу туралы қаулы қабылдағанға дейін-ақ Британия аралын тастап шыққанға ұқсайды. Сондай-ақ, сотқа тапсырылған материалдарда Əбілəзовтің бұрын сот талап еткенде көрсетуден бас тартқан құжаттарын алып, Еуропа елдерінің біріне барып тұрақтауы ықтимал екені де айтылыпты. Осы ретте БТА-банктің Мұхтар Əбілəзовпен есеп айырысуды 2009 жылы-ақ бастап кеткенін айта кетуіміз керек. Сол кезде оған банктің миллиард доллар қаражатын алып кетті деген талапарыз берілген еді. Ал 2011 жылғы мамыр айында Лондон соты банктің Əбілəзовке қойып отырған талаптарын заңды деп тапты. Қазақстанда банкті национализациялау жүріп болғасын, яғни ол «Самұрық-Қазына» егемен қоры арқылы мемлекет қарамағына қайта өткеннен кейін көп ұзамай, 2009 жылы Əбілəзовтің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған қатысты тағы бір қылмыстық іс Ресейде де қозғалды. Бұл кезде Ұлыбританияда саяси баспана алып үлгерген қашқын өзінің тарапына қойылып жатқан бұл айыптаулардың саяси астары бар деп байбалам салды. Ал қазірге дейінгі уақыт мұнда ешқандай да саясаттың исі жоқ екенін көрсетіп берді. Руслан ИГІЛІК.


www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

9

Їлкен ґнер ќўшаєында

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Қарағандыны бұл күнде осындай көңіл-күйге бөленген деуге болады. Кеншілер қаласының өнерсүйер қауымына еліміз ұлттық театрларының 11 республикалық фестиваліне қатысушылардың өз ізденістері мен жетістіктерін бағамдататын қойылымдарды тамашалау мүмкіндігі туып отыр. Мəдени жəне тілдік алуантүрлілік сақталудың, этностар мəдениетінің өзара толысуын, ұлтаралық келісімнің нығайтылуын,

Қазақстан халқының кең тамырлы мəдениетінің одан əрі дамуының жарқын көрінісін паш ететін бұл үлкен өнер байқауына Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма теа тры жəне Құддыс Қожамияров атындағы мемлекеттік ұйғыр дра ма театры, корей музыкалық комедия, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек, Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрлары отандық, шетелдік классик жəне танымал драматургтердің шығармаларын сахнаға шығарып, көрермендер сарабына салуда.

Фестиваль Сəкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театры ғимараты алдындағы алаңда жергілікті өнерпаздардың оған қатысушыларды əн-күй, жыр шашуын төгіп қарсы алуымен ашылды. Аймақ басшысының орынбасары Бейсенбай Жұмабеков ел мəдени өміріндегі елеулі оқиғаның Қарағанды жерінде өткізілуі үлкен қуаныш екенін атап, достық пен татулықты, бірлік пен тұтастықты біріктіруші ұлттық өнер саласы саңлақтарына шығармашылық табыс тіледі. Байқау Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма театрының жас режиссері Меруана Жанботаеваның жаңадан сахналаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» қойылымын көрермендер назарына ұсынумен басталды. Өңірлер ұлттық өнер шаң ы р а қ т ар ы н ың ө кі л д ер і қала жұртшылығына өз шығармашы лық ізденістерін таныстыру аралығында оқу орындарында, өндіріс ошақтарында болып, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Фестиваль жеңімпаздары ертең белгілі болады. ҚАРАҒАНДЫ.

Мерейіѕіз ґсе берсін Біздің Мəрия апамыз 80 жасқа толып, бүгін мерейтойын атап отыр. Ол 1956 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ауылда, аудан орталығында, педагогикалық институтта ұзақ уақыт бойы талмай еңбек етті. Содан бері көптеген оқушылар мен студенттерді оқытып шы ғарды. Еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген шəкірттері ұстаздарын үнемі өнеге тұтады. Біз де бүгін анамыздың орнына ана болып жүрген аяулы ақ апамыз Мəрия Максімқызы Сағындықованы туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Мəрия Максімқызы 1933 жылы Ресейдегі Астрахан облысының Жоғарғы Басқұншақ стансасында дүниеге келді. Əкесі Мүшпиық шаруақор жан еді, ал анасы Зияда үй тіршілігімен айналысып, балаларын аялап өсірді. Апамыздың жалғыз ағасы Мұхит Орал педагогикалық институтын тəмамдағаннан соң арнайы жолдамамен Қостанай қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебінде 1939-1941 жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүргенде əке-шешесін жəне үш қарындасын қолына көшіріп алады. Ол 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда майданға өз еркімен аттанады. Сол уақытта Мəрия апамыз анасына қолғабыс беріп, Жұмағаным жəне Мумина əпкелерімен тылда жұмыс істеді. Уақыт зымырап өтіп жатты. Жоғары білім алуды мақсат еткен

Мəрия 1951 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетіне түсті. 1956 жылы институтты үздік бітіріп, Қостанай облысының Қарасу ауданындағы қазақ жəне орыс мектептерінде мұғалім болды. Ал 1962-1969 жыл дар аралығында Қайранкөл жəне Дружба кеңшарларындағы мектептерде ұстаздық етіп, мол тəжірибе жинақтады. 1970 жылы жездеміз Естай Сейітов Алматы қаласына қызметке шақырылды. Мəрия апай да бір кезде өзі білім алған Қазақ қыздар педагогикалық институтына оқытушы болып орналасты. Еңбегі лайықты бағаланып Білім министрлігінің жəне салалық кəсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталды. Құрметті зейнет демалысына шыққаннан кейін Қостанай қаласына қоныс аударып, берекелі өмір кешіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, апамыз бен жездеміз – адамгершілігі жоғары ақ ниетті адал жандар. Олар туыстары мен жолдастарына өте қадірлі. 23 мамырда апамыз бен жездеміздің отау құрып, түтін түтеткендеріне 57 жыл толып отыр. Қымбатты да аяулы Мəрия апа, жездемізбен бірге ұзақ əрі бақытты өмір сүріп жүре берулеріңізге тілектеспіз. Шын ниетпен құттықтаушылар: сіңлілеріңіз – Орынгүл, Мумина, Жаңыл, күйеу балаларыңыз – Жеңіс, Əскербек, жиен ініңіз – Марат.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншік нысандарын сату бойынша электрондық аукционды өткізуіне байланысты «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) санында жарияланған 2013 жылғы 3 маусымдағы № 8 аукционы өткізілмейтіні туралы хабарлайды.

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ кеңсе жиһазын сатып алу бойынша жабық көпшілік тендер жүргізілетіні туралы хабарлайды. Тендерлік құжаттама пакетін жəне қосымша ақпаратты www. asiacreditbank.kz сайтынан алуға болады. Конверттерге салынып, мөрмен бекітілген тендерлік ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі 2013 ж., 6 маусымда, 18.00-ге дейін. Мекенжайы: 050004, Алматы қ., Гоголь к-сі, 95/70-үй.

«Маңғыстаумұнайгаз» ак ционерлік қоғамы (орналасқан жерi: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 6-ш/а., 1-ғимарат) хабарлайды: 2012 ж. қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге 74 361 325 000,00 теңге бөлінді. Дивидендтер төлемі келесідей жүзеге асырылады: Қоғамның артықшылықты акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2013 жылғы 22 мамырға тағайындалды. 1 (бір) артықшылықты акцияға дивидендтің жалпы мөлшері 682,55 теңге құрайды (Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес төленуге тиісті салық төленген соң); Жай акцияларына ие дивидендтер төлемі 2 транш арқылы жүзеге асырылады: Транш № 1 Қоғамның жай акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2013 жылғы 23 мамырға тағайындалды. Транш № 2 Қоғамның жай акцияларына ие акционерлерге дивидендтер төлемінің басталуы 2013 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалды. Дивидендтер төлемі акционерлердің, соның ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының құрылымдық бөлімшелерінде ашылған шоттарына ақша қосып қою жолымен жүргізіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қордағы жерден 10 жыл мерзімге тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, шаруа, фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін, мал шаруашылығын жүргізу үшін, бақшалық үшін жалға жер телімдерін беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс өткізу орны мен күні: Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық əкімдігі, Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 197, үшінші қабат, 2013 жылғы 24 маусымда сағат 10.00-де. Жер телімдерінің тізбесі жəне конкурс шарты «ozo-tsh.sko.gov.kz» интернет-ресурсында орналастырылған, анықтама алу телефоны: 8(715-36)22697.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымда қабылданған жəне 2012 жылы 26 желтоқсанда өзгертіліп толықтырылған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 77-бабы 1, 4-тармақтарына сəйкес бір көз негізінен «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясынан изотрубкалармен қамтамасыз ету қызметін сатып алу ниеті туралы хабарлайды.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымда қабылданған жəне 2012 жылы 26 желтоқсанда өзгертіліп толықтырылған «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 77-бабы 1, 4- тармақтарына сəйкес бір көз негізінен «Муди Интернешнл» ЖШС-нен ISO 14001 жəне OHSAS 18001 Халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау қызметін сатып алу ниеті туралы хабарлайды.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау настоящим объявляет о намерении закупа из одного источника у компаний «Шлюмберже Лоджелко Инк» услуг по поставке изотрубок в соответствии с пунктами 1, 4, статьи 77, Закона Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» от 24 июня 2010 года, с изменениями и дополнениями от 26 декабря 2012 года.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау настоящим объявляет о намерении закупа из одного источника у ТОО «Муди Интернешнл» услуг по сертификации по международным стандартам ISO 14001 и OHSAS 18001 в соответствии с пунктами 1, 4, статьи 77, Закона Республики Казахстан «О недрах и недропользовании» от 24 июня 2010 года, с изменениями и дополнениями от 26 декабря 2012 года.

ЖІГЕРІҢДІ ЖАНИДЫ Әрбір еркек әл-қуатының мықты болуына онша мән бермейтіні рас. Келе-келе оның салдарынан қолайсыз жағдайдың көрініс табатыны да жасырын емес. Өйткені оған себеп те бар. Алдымен ақша тауып мәшине, пәтер сатып алуға ұмтыласың. Тағы сондай өмірлік түйткілдер алдыңнан шыға береді. Сөйтіп жүргенде елуден асып кеткеніңді де сезбей қаласың. Міне осы шақта опынып отырасың. Мұндайда тығырықтан шығудың жолы бар ма? Әрине бар. АЛИКАПС табиғи құрамы күрделі жағдайдан құтқаруға таптырмас көмекшіге айналып, түйткілді шешуге жәрдемдеседі. Оны жыл сайын 1 курсынан өтіп ішсеңіз, қалған 11 айда өзіңізді өте жақсы күйде сезінесіз. АЛИКАПС – құрамында ешқандай химиялық қоспа жоқ табиғи құрал! Оған сезімге өзіндік әсер ететін қуатты афродизиак пен шөп сығындысы кіреді. Бұл - ұзын жапырақты эвриком тамырының сығындысы және ергежейлі пальма мен дамианның жапырақтарының табиғи құрамдарынан жасалған сығынды. Көп ғасыр бойы

Мнайдарова Маржанкуль Жолдасовнаның атына берілген Ақмола облысы, Қосшы ауылы, 3-ш/а, 56 учаскені сату-сатып алу шарты ЗУ ( 30.06.11 ж. берілген №1031) кадастр нөмірі 01:011:016:3221 жарамсыз деп саналсын.

АЛИКАПС – ЖІГЕРІҢІЗДІ ЖАНИТЫН ХИМИЯЛЫҚ ҚОСПАСЫ ЖОҚ ТАБИҒИ ҚҰРАЛ! ОНЫҢ ҚҰРАМЫНА АФРОДИЗИАК ПЕН ШӨП СЫҒЫНДЫСЫ (маяк) КІРЕДІ. Дәріханалардан сұраңыздар!

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан əрі - Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабын орындау үшін, Қоғам акционерлерінің 2013 жылғы 21 мамырдағы жылдық жалпы жиналысымен 2012 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым жəне басымдықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданғанын хабарлайды. 1) «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17. Қоғамның банктік деректемелері: БСН 040340001283, ЖСК KZ656010111000022542,SWIFT HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астанадағы аймақтық филиалы. 2) дивидендтер төленетін кезең – 2012 жыл. 3) бір басымдықты акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 1 619 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіппен төлеуге жататын салық сомасы). 4) бір қарапайым акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 1 619 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіппен төлеуге жататын салық сомасы). 5) дивидендтерді төлеудің басталатын күні – 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап. 6) дивидендтерді төлеудің тəртібі мен түрі: дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күні – 2013 жылдың 31 мамыры, 23 сағат 59 минут; дивидендтерді төлеу тəсілі – акционерлердің банктік шоттарына қолма-қол емес ақша аудару жолымен дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бойынша. Дивидендтерді көрсетілген мерзімде алуды қамтамасыз ету үшін Қоғамның акционерлеріне қажет болған жағдайда дивидендтер төлеу басталатын күнге дейін Қоғамға дивидендтерді алушының банктік деректемелерін ұсынуы жəне дивидендтерді алушының банктік деректемелерін көрсете отырып Қоғамның тіркеушісіндегі немесе өзіне тиесілі акцияларды номиналдық ұстаушыдағы акционерлердің тізіліміндегі өзінің деректерін жаңартуы қажет. Дивидендтерді аудару туралы өтініштің үлгісі Қоғамның www.kmgep.kz сайтына Инвесторларға – Акционерлерге арналған ақпарат тарауына орналастырылған. Қоғамның ауқымды депозитарлық қолхаттарын (АДҚ) ұстаушылар үшін қосымша мынаны хабарлаймыз: АДҚ түріндегі акциялар бойынша дивидендтер төлеу Депозитарийдің

ТОО «ТНС-Агро» сообщает о проведении внеочередного собрания который состоится по адресу: Акмолинская область, Аршалынский район, с. Берсуат 10.06.13 года в 10:30 ч. Повестка дня: 1. Обращение в ТОО КТ «Аршалы». 2. О предоставлении в качестве обеспечения исполнения обязательств в залог имущество ТОО «ТНС-Агро» в АО «Аграрная кредитная корпорация». 3. О предоставлении согласия на внесудебную организацию залогового имущества ТОО «ТНС-Агро» в случае не исполнения по заключаемым договорам ТОО «ТНСАгро» обязательств перед ТОО КТ «Аршалы» и обязательств ТОО КТ «Аршалы» перед АО «Аграрная кредитная корпорация». 4. О наделении полномочиями директора ТОО «ТНСАгро» на подписание договора займа, кредитного договора, рамочного соглашения, договоров залога, гарантии, дополнительных соглашений к ним и иных документов.

жауапты сақтаушысына қолданылып жүрген салықтық заңнамаға сəйкес резидент емеске (The Bank of New York) төленетін кірістен табыс салығын ұстап қалу арқылы теңгемен жүргізілетін болады. Депозитарий дивидендтерді АҚШ долларына айырбастайды жəне оларды Депозитарийдің комиссиясы мен шығыстарын ұстап қала отырып АДҚ-ны ұстаушылардың арасында бөледі. Салықтық жеңілдіктері мен артықшылықтары бар АДҚ ұстаушылардың ұстап қалынған табыс салығын өтеу үшін Депозитарийге салықтық резидентігін құжаттарды, дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күніне депозитарлық қолхаттарға арналған меншік құқығын, дивидендтердің АДҚ-ға түсуі фактісін растайтын құжатты жəне банктік деректемелерін көрсете отырып ұсталған салықтардың сомасын өтеу туралы өтінішін ұсынуы қажет. Қоғам тіркеушісінің хабарласу деректері: «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 141, тел. 8 (727) 272-47-60 ішкі 150, факс: 8 (727) 272-47-60 ішкі 230. Астана қаласындағы филиалы: Астана қаласы, 010000, Есенберлин көшесі, 14, 2 жəне 5 бөлмелер. Тел.: 8(7172) 30-32-13, 8(7172) 38-84-69. Атырау облысындағы Бірыңғай тіркеуші трансфер – агентінің байланыстық деректері: 060000, Атырау қаласы, Баймұханова көшесі, 70 а, тел. 8 (7122) 36-62-96, факс 8 (7122) 36-62-91. Маңғыстау облысындағы Бірыңғай тіркеуші трансфер - агентінің байланыстық деректері: 130000, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, «Звезда Актау» бизнес орталығы, т/ф.8 (7292) 42-66-40. Бірыңғай тіркеушінің қосымша байланыстық деректері, сондай-ақ Қазақстанның аймақтарындағы трансфер – агенттерінің тізбесі Бірыңғай тіркеушінің сайтында көрсетілген: www.tisr.kz. Қоғамның дивидендтер төлеу мəселелері бойынша хабарласу деректері: «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, қазынашылық департаменті, тел.: 8(7172)97-75-79, 8(7172)97-74-48, факс: 8 (7172) 97-78-92, e-mail: S.Tlepova@kmgep.kz, A.Makhambetova@kmgep.kz, www.kmgep.kz Атырау қаласындағы байланыстық деректер: Атырау қаласы, Уəлиханов көшесі, 1, «Ембімұнайгаз» АҚ, қазынашылық бөлімі, тел.: 8 (7122) 99-3262, факс: 8 (7122) 35-41-27, 35-41-34. Жаңаөзен қаласындағы байланыстық деректер: Жаңаөзен қаласы, Қ. Сəтбаев көшесі, 3, «Өзенмұнайгаз» АҚ, қазынашылық бөлімі, тел.: 8(72934)63-363, факс: 8 (72934) 63-390.

ТОО «АФ Новомарковка-2010» сообщает о проведении внеочередного собрания который состоится по адресу: Акмолинская область, Ерейментауский район, с. Новомарковка 08.06.13 года в 10:30 ч. Повестка дня: 1. О получении в АО «Аграрная кредитная корпорация» займа на приобретение КРС и на пополнение оборотных средств. 2. О предоставлении в качестве обеспечения исполнения обязательств в залог имущество ТОО «АФ Новомарковка-2010» в АО «Аграрная кредитная корпорация» 3. О предоставлении согласия АО «Аграрная кредитная корпорация» на внесудебную реализацию вышеуказанного имущества, в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения обязательств по заключаемым договорам. 4. О наделении полномочиями директора ТОО «АФ Новомарковка-2010» на подписание договора займа, кредитного договора, рамочного соглашения, договоров залога, гарантии, дополнительных соглашений к ним и иных документов.

АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» сообщает о проведении закрытого публичного тендера по закупу офисной мебели. Пакет тендерной документации и дополнительную информацию можно получить на сайте www.asiacreditbank.kz. Окончательный срок представления тендерных предложении запечатанных конвертах, скрепленных печатью, до 18.00 ч. 6 июня 2013 г. по адресу : 050004, г.Алматы, ул.Гоголя, д.95/70.

бұл өсімдік еркектердің жігерін жанып, күш-қуатын молайту үшін пайдаланылған екен. Ол кез келген жастағы ер-азаматтардың көңіл-күйін жақсартып олардың өмірге деген құштарлығын арттырады. Өзіңізді жақсы қалыпта ұстағыңыз келсе, онда бір ай ішінде күніне бір капсуласын қабылдасаңыз жеткілікті.

Шұғыл желідегі тегін телефон: 8 (800) 080-59-59 (жұмыс уақыты: 08:00-23:00) Алматы қаласындағы анықтама телефоны: (727) 297-59-59 / www.riapanda.ru

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ЖАРНАМА. БАД. Дəрі-дəрмек болып табылмайды. Пайдаланар алдында мамандармен кеңесіңіз. СГР № RU.77.99.11.003.E.044808.10.11 от 31.10.2011

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың бұрынғы вице-президенті Махамбет Демешұлы Батырбаевқа орны толмас қайғыға душар болуына - əпкесі Балсия Демешқызы БАТЫРБАЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы мен ұжымы Махамбет Демешұлы Батырбаевқа жəне оның туған-туыстарына апалары Балсия БАТЫРБАЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

23 мамыр 2013 жыл

 Талбесік

 Сүйінші!

Халық күнтізбесі бойынша 20-25 мамыр аралығы киік лағын өргізетін кезге тұспа тұс келеді. Əлбетте, осы бір күндерде күн салқындап, жауын-шашын болуы да табиғаттың басты ерекшелігі. Мұны халық құралайдың салқыны деп атайды. Өйткені, шыжыған ыстықта емес дəл осындай қоңыр салқын күндер дала аруы төлі – құралайдың тез аяқтанып, жүйткіп кетуіне қолайлы делінеді. Биылғы жылы осы халықтық болжам мен күнтізбе айнымай дəл, сол қалпында келіп тұрғанын ел-жұрт оң, жақсы құбылысқа жорып отыр.

Ќўралайдыѕ салќыны Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Иə, мамырдың дəл ортасында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ыстық 38 градусқа дейін жетті. Əйтсе де, 19 мамыр күні ауа температурасы төмендеп сала берді. Осы жанға жайлы құбылыс одан кейінгі күндерге де жалғасты. Құралайдың салқыны соқты десті өңірдегі көнекөз қариялар. Бұған дейінгі жылдарда Еділ мен Жайықтың аралығында миллиондап жүрген ерке дала аруларының саны онша дəл емес дерек көздеріне қарағанда, қазір отыз мыңның о жақ бұ жағында көрінеді. Оның соңғы жылдарда қанша есе азайғанын, қанша есе қырылғанын осыдан-ақ біле беріңіз. Бұдан біраз уақыт бұрын облыс аумағында мамыр айының аяғында киіктер екі жыл қатарынан қырылды. Əр жылғы шығын мөлшері ресми деректерде 12 мың делінгенімен, шынтуайтына келгенде оның саны бұдан əлдеқайда көп деп тұжырымдайды жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандар. Кезінде оның себебі мен салдары да айтылған болатын. Қалай десек те, болар іс болып, бояуы сіңгені анық. Ендігі міндет киіктердің атауы «Қызыл кітапқа» ілікпеуі

үшін оның алдын алу, бұл бағытта қолдан келген барлық мүмкіндіктерді қарастыру болмақ. Киіктердің өрісін белгілеп, қажетті жағдайда желден жүйрік жануардың шығандап кетпеуі үшін тосқауыл қойып, сырттай бақылауға алу – соның бір жолы ретінде белгіленген. Бүгінгі күні сақталып отырған киіктердің азын-аулақ үйірлері мен соңғы тұяқтары облыстың

Казталов жəне Жəнібек аудандары аумағында кездеседі. Ендеше, бұл маңайға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп, оған қорық мəртебесін беру жолдары қарастырылса ақбөкендердің жаппай құрып кетпеуіне септігі тиер еді-ау деген ой келеді. Батыс Қазақстан облысы. ––––––––––––––––––

Еѕбек семестрі басталды рөліне тоқталды, жастарды биылғы еңбек маусымының басталуымен құттықтады. Командирлер мен комиссарлар шығып сөйлеп, ауыл мен қала тазалығына, олардың көркеюіне елеулі үлес қосып жүргендерін тілге тиек етті. «Атамекен» студенттік жасақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Мусиннің айтуынша, биыл еңбек маусымының төрт кезеңінде 5 мың студент жұмыс істейді деп күтілуде. Оның екі мыңы аудандарда, үш мыңы қалада еңбек ететін болады. Еңбек маусымына қатысатын

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Облыс орталығындағы Қобыланды батыр атындағы стадионда студенттік құрылыс жəне «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының тоғызыншы еңбек маусымының басталуы салтанатты жағдайда ата лып өтті. Салтанатта сөз ал ған облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Зəпен Жұмабаева мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысына, жастар жасақтарының қоғамдағы

Жаѕа басылым Ақын-жазушылар тынысындағы жаңалықты жеткізуде «Жұлдыз» журналының оқырманға сіңірген еңбегі орасан зор деп есептейміз. Рухани аспанымызға əманда жарығын сепкен ол байтақ елдің басылымы ретінде алдыңғы ұрпақтың асыл мұрасы қатталған қалың қазынадай қазағына қызмет ете береріне еш күмəн жоқ. Əдебиет əлеміндегі жауһар дүниеге жанарын суарып отырмаса көңіл-терезесі көмескі тартатын халыққа тағы бір журналдың дүниеге келгендігі туралы қуанышты хабарды жеткізуге асығулымыз. Қолымызға «Ақ Жайық kz» əдеби-көркем қоғамдық-саяси журналының биыл жарық көрген бірінші нөмірі тиді. Басылымның директорыбас редакторы – белгілі қаламгер Рахымжан Отарбаев. Редакция алқасындағы тұлғалардың бəрі таныс – халыққа белгілі қаламгерлер, мəдениет пен өнер қайраткерлері. Алғысөзді Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жазған. «Алаш оқырманы» деп аталатын кіріспеде «Ақ Жайық» туралы толымды түсінік беріледі.

жастар арнаулы киіммен, тегін тамақпен жəне 30 мың теңге жалақымен қамтамасыз етіледі. Жұмысқа алып барып, əкелетін арнаулы автобустар бөлінеді.Сондай-ақ, еңбек биржасы арқылы келген 25 дипломды жұмыссыз жас та солардың қатарында еңбек етуді ұйғаруда. Жалпы, жыл сайын еңбек маусымын ерте бастап, ұйымшылдықпен өткізетін ақтөбелік жасақтар республика бойынша көш бастаушы болып келеді. Ақтөбе облысы.

Аусыл апаты Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Үржар ауданының Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Ақшоқы ауылындағы 47 үйдің 199 ірі қара малының аса қауіпті аусыл ауруына шалдыққаны жайлы суыт хабарды аудандық

ветеринарлық инспекцияның бастығы растаған болатын. Үстіміздегі жылдың 9 – 15 мамыры аралығында ірі қара малдың ауруға шалдыққаны жайлы хабарды тексеру нəтижесі бойынша оны астаналық мамандар да растады. Ал кешегі жедел алынған

«...Тараздықтар – «Жамбыл», Алматы өңірі – «Мұқағали», Семей алқабы – «Абай», көмірлі Қарағанды – «Қасым», Арқа жұрты – «Жаңа Сарыарқа» журналдарының тұсауын кесіп, өткен тарих пен бүгінгі нұрлы кезеңнің шежіресін қозғап, алтын желінің арқауын үзбеуде. Атырау топырағында дүниеге келген республикалық «Ақ Жайық» журналы да осы ізгі үрдістің жалғасы іспеттес» дейді автор. Өңір руханияты өркендеуінің бірден-бір көрінісі болып табылатын басылымды одан əрі парақтағанда, киелі топырақта туып-өскен сан қилы тағдырдың тағылымын баяндайтын жазбалар санаға жарық сəуле сыйлайды. Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның поэзиясымен, Ілия Жақановтың «Зəуреш» əні хақында шынайы мағлұмат беретін көркем дүниесімен, жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Өнер» атты əңгімесімен, Амангелді Кеңшілікұлының «Көңіл күнделігі» деп аталатын ойтолғауларымен, белгілі зерттеуші

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мақсат Тəж-Мұраттың – «Лақап аты – «Ағаев», мəдениеттанушы Серік Ерғалидың «Наурызды жаңғырту тұжырымы» туындыларымен көңіл аудартатын журналда мұнан да басқа қызықтырар дүниелер өте мол. Мұқабасы, көркемдік безендірілуі заманауи үлгімен үндескен басылымның жылына төрт саны жарық көреді деп күтілуде. Жазылудан жалпақ жұрт жалықпасын деген ақ тілекті арнағымыз келеді біздің де!

Елі аќынын ардаќтады Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы əкімдігімен Қазақстан Жазушылар одағы ақын мерекесін оның туған жері Алакөл ауданында, Үшарал қаласында өткізуді ойластырса, рухани орталық Алматы қаласынан шыққан зиялы қауым өкілдері оған бүкіл жол бойы қаламгерге деген құрметтің бесігінде тербеліп барды. Əрине, бір ақынның, ірі ақынның шығармашылығы туралы көп нəрсені айтуға болады. Ал ақынның елі өзінің азамат перзентін туған жерінің өмірімен етене жақындастырып, одан рухани нəр алып өткізгені айрықша əсер қалдырды. Осы бір біраз шаралардың басын біріктірген кешенді мерекенің аты да ерекше: «Ар алдында мен өзімді əрдайым Дар алдында тұрғандайақ сезінем» делінген. Азамат ақынның келбетін аңғартатын бүгінгі күні қанатты тіркеске айналған осынау сөздер қай жерде де атойлап алдыңнан шығады. Сарайлардың маңдайшасында, үйлердің қабырғаларында, балалардың қолындағы транспоранттарда, шақыру қағаздарында бейнеленіп қана қоймай, енді əркімнің жүрегінде жатталып қалатындай көрінеді. Қонақ қауым Қабанбай батырдай, Дінмұхамед Қонаевтай тұлғалардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, оларға құрмет көрсеткенде де, азамат ақын Сəкен Иманасовтың солармен рухтастығын

да аңғарғандай еді. Қаланың бас алаңында өткен салтанатты да оған қатысқан жұртшылық сірə ұмыта қоймас. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай бастап келген қаламгерлердің тебіреніске толы сөздерінен олар өздерінің азулы ақын жерлесінің орнын қайта бір сараптағаны анық. Сəкен ақынды еске алу осы күні қорытындыланғанмен, оның басталғанына біраз болған. Бүкіл облыс мектептерінде «Сəкен Иманасов оқулары» өтіп, онда ақын жырларын мəнерлеп оқудан оқушылар арасында жарыс өтіп, жеңімпаздар ақтық сайысқа осында келген. Ақынға арналған республикалық жыр мүшəйрасының қорытынды жиыны да осында өтті. Ақын Ұлықбек Есдəулет бастаған қазылар алқасы бас бəйгені ақын Бақытжан Алдиярдың қанжығасына байласа, бірінші орынды Ғалым Қалибекұлы, екінші орындарды Абзал Бөкен мен Бауыржан Қарабеков иеленді. Сəкен ақынның дүниеден өткеніне жарты-ақ жыл болса да, оның жерлестері мынау мерейлі мерекесі қарсаңында оған өзі оқыған мектепте мұражай ашып та үлгеріпті. Онда ескерткіші де қойылған. Бірде жауыны, бірде ызғары ұзаққа созылыңқыраған көктем де, жұрт пейіліне қарағандай, осы бір күндерде жаймашуақ қалпына түсіп, Сəкен Иманасовтай арқалы ақынын ұлықтаған елдің қуанышын тасытқаны да жарасымды болды. Алматы облысы.

д ю т отоэ

Ф

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.

 Ойпыр-ай!

Жаєа ўстатар ќылмыстар Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Меркі ауданындағы шағын ғана шаруасы бар бір кəсіпкердің үйіне қандықол қарақшылар түн ішінде баса-көктеп кіріп, үй иесінің əйелі мен келінін балталап өлтіріп, ал отағасы мен баласын ауыр жарақаттап, 3 миллионға жуық теңгесін үптеп кеткені туралы хабарды естігенде жағамызды бір ұстағанбыз. Жақында Шу ауданында тағы бір сұмдық оқиға болды. Елу жастан енді асқан əке өз ұлының қолынан көз жұмды. Оқиға былай болыпты. 27 жастағы жігітсымақ əкесінің «жұмыс істемейсің», «араққа құмарсың» деген сөзіне бола ағашпен ұрып өлтірген. Сосын өліп жатқан əкесіне қарамастан, арақ іздеп кеткен.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Жə, Жамбылдағы қылмысты қылмыс делік, ал салақтықтың салдарынан дүниемен қоштасқандарға не деуге болады? Бұған кім кінəлі? Мұны дəл басып айту қиын. Бірақ қаза тапқан адам газ құбырын тартушылар қазып кеткен терең орға түскен. Сол кезде ордың шетіндегі үйінді топырақ құлап, оны тірідей көміп қалған. Оны құтқармақ болған ағайындары да ажал құшты. Сөйтіп, төрт азамат оқиға болған жерде көз жұмды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, марқұмдардың мүрдесі арнайы техниканың көмегімен қазылып алынған. Жамбыл облысы.

Суретті түсірген Алмас МАНАПОВ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Ақтөбеде 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан 2003 жылғы əлем чемпионы, 2004 жылғы Азия чемпионы, Афины жəне Пекин олимпиадаларына қатысушы Галиб Жафаровтың жүлдесіне арналған ІV халықаралық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Əзербайжан мен Өзбекстаннан 106 жас боксшы қатысты. Турнирге Галиб Жафаровтың өзі, Лондон олимпиадасының чемпионы Серік

«Егемен-ақпарат».

Сəкен Иманасовтың əдебиеттегі орны белгілі. Соған лайық құрмет көрсетіліп жатса, оны да орынды көресің. Дəл осы жолы Жетісу өңірінде жерлестерінің еске алғанына қарап, оған деген халықтың ынта-ықыласының орны бөлек екенін де аңғарғандай боласың.

 Оқыс оқиға

мəлімет бұл аурудың өңірге кең тарау қаупі бар екенін көрсетті. Бұл сөзімізге 680 мүйізді ірі қара малдың жойылғаны дəлел болып отыр. Аусылдың алдын алу мақсатында күні кешеге дейін 3453 ірі қара мал, 4962 ұсақ малға егу жұмыстары жүргізіліп үлгерілген.

Жафаровќа еліктейтін жастар кґп

 Тағзым

Суретте: киіктің лағы.

 Еркін елдің ертеңі

 Спорт

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Сəпиевтің, кəсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғыш əлем чемпионы Марат Мəзімбаевтың, атағы алты құрлыққа белгілі боксшы Нұржан Кəрімжановтың арнайы келіп, қатысуы спорттық бəсекенің бəсін арттыра түсті. Саңлақ спортшы ағаларының алдында жерге қарап қалмас үшін жас былғары қолғап шеберлері рингте жасындай жарқылдады, барынша жақсы қырларынан көрініп қалуға тырысты. Он төрт салмақ дəрежесінде қолғап түйістірген жасөспірімдер арасында сегіз қазақстандық, бес əзербайжандық жəне бір өзбекстандық боксшы чемпион атанды. Галиб Жа фаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дəурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды əдіс-тəсілі жанкүйерлерді тəнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды. Жарыс барысында Жафаровқа еліктейтін жас боксшылардың жаңа толқыны өсіп келе жатқаны айқын аңғарылды. – Əзербайжан елінен турнирге 13 боксшы келді. Галиб – қазақтың ғана емес, əзербайжан халқының да мақтанышы. Бұл турнирге біз жыл сайын қатысамыз. Ондағы мақсатымыз – əлемдік рейтингте биіктен көрініп жүрген қазақ боксшыларымен өзара тəжірибе алмасу. Қазақстандық жас боксшылар да Əзербайжанда өтетін Гейдар Əлиев, Аббас Агаларов атындағы жəне «Жібек жолы» турнирлеріне жыл сайын келеді. Екі ел боксшылары арасында əріптестік тығыз байланыс бар, – дейді Əзербайжан құрамасының жаттықтырушысы Тавакюль Мамедов. – Турнирді жас боксшылардың шыңдалу мектебі деуге əбден болады. Бұл жарыс балалардың боксқа деген қызығушылығын тудырып қоймайды, оның нəтижесі таяу жылдарда көрінетін болады. Турнир жас боксшылардың жаңа толқынының өсіп шығуына ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл жолғы турнирдің ұйымдастырылуына қатысушылар дəн риза болды. Алдағы міндет турнирге қатысушылардың ауқымын кеңейте түсу болмақ, – дейді бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорт ісінің нұсқаушысы Марат Əкімов. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ақтөбе облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 9 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №63 ek

Profile for Egemen

23/05/2013  

2305201323052013

23/05/2013  

2305201323052013

Profile for daulet
Advertisement