Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№14 (28492) 23 ҚАҢТАР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

ФАНЕР

Семей аєаш ґѕдеу зауытыныѕ ґнімдері еуропалыќ елдерге экспортталады

Ґѕірлік директорды ќабылдады Кеше Қазақстан Республи касы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасының (ЮНЭЙДС) Шығыс Еуропа жəне Орталық Азиядағы Өңірлік директоры Виней Салдананы қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Мейманмен жүздесуде Қ.Тоқаев В.Салдананың таяуда осы жауапты лауазымға тағайындалуы ЮНЭЙДС-тің аймақтағы жұмысын үдетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Сенат Төрағасының пікірінше, БҰҰ-ның 11 ұйымының қызметін үйлестіретін ЮНЭЙДС ЖИТС жұқпалы ауруына диагностика жасау, алдын алу, емдеу жəне ақырында жоюды бағдар еткен əлемнің түрлі аймақтарындағы қызметінде елеулі нəтижелерге қол жеткізді. В.Салдана ЖИТС-пен күрес жөніндегі Қазақстан жүргізіп келе жатқан жұмыстарды жоғары баға лады жəне осы көкейкесті мəселені шешуде Парламент пен

Үкі меттің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. «ЖИТСпен күресте Қазақстан 2020 жылы Орталық Азия жəне ТМД-дағы алдыңғы саптағы ел болады деп күтеміз», – деді ЮНЭЙДС-тің Өңірлік директоры. Ұйым елдегі Алматы кеңсесін АИТВ жұқпалы ауруына диагностика жасау, алдын алу, емдеу жəне мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды үйлес тіру мақсатында Орталық Азиядағы ресурстық орталық деңгейіне дейін нығайтуды жоспарлап отыр.

Жастар – біздіѕ болашаєымыздыѕ тірегі Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Таяуда Семей қаласына іссапар мен барғанымызда, шаһар басшысы Айбек Кəрімов қалада Ин дустрияландыру картасына енген жобалардың нəтижелі жұмыс істей бастағанын жеткізді. Солардың бірі – «Семей ағаш өңдеу зауыты» ЖШС. Зауыт директоры Ғажап Қалиев бұрын «Ромат» компаниясында, Семей кірпіш зауытында еңбек етіпті. Жеке өндіріс орнын құруды көздеген ол осыдан үш жыл бұрын жаңа кəсіп бастаған. Алдымен

Кеңес өкіметі кезінде ағаш өндіру зауыты болған, кейіннен қаңырап бос қалған ескі ғимаратты сатып алады. Ғимаратты қалпына келтірген соң ондағы ағаш өңдеу зауытын қайта жаңғыртуды қолға алған кəсіпкер шетелден жоғары технологиялы қондырғылар алып келген екен. 2012 жылы құрылған Семей ағаш өңдеу зауыты бүгінде фанер өндіреді. 2013 жылы Қытайдан жаңа технологиялық қондырғылар сатып алынған. Зауыт директорының айтуынша, аталған қондырғының өндірістік қуаты өте жоғары.

Кеше Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов пен Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (ЭЫЖД) Бас хатшысы Анхель Гурриа 2015-2016 жылдарға арналған Елдік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру туралы Қазақстан Үкіметі мен ЭЫЖД арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Халыќаралыќ ўйыммен ыќпалдастыќ артпаќ Бағдарламада реформалар жүргізу, сондай-ақ, Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуының шешуші салаларында ірі жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫЖД-ның бірқатар қарарлары мен ұсыныс-кеңестеріне қосылуына, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына атсалысуына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы мен ЭЫЖД арасындағы екіжақты ынты мақтастық елдің мемлекеттік басқару жүйесі, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, фискальдық саясат салаларындағы бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасап, іскерлік ахуалды жақсартады. Қазақстан ЭЫЖД алғаш рет Елдік ынтымақтастық бағдарламасын бірлесіп əзірлеген төрт елдің бірі болып отыр. Елдік бағдарламаны жүзеге

асыру 2050 жылға қарай əлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі ұзақмерзімді міндетке қол жеткізу үшін Қазақстанның ЭЫЖД елдерінің озық тəжірибелерін енгізуге деген ұмтылысын айғақтайтын екіжақ ты қарым-қатынастардың стратегиялық маңызды сатысы болып табылады, деп атап өтті Кəрім Мəсімов қол қою қорытындысы бойынша. Өз кезегінде, Анхель Гурриа да қол қойылған құжаттың маңыздылығын атап көрсетті. Қазақстан Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық тұрғыда орналасқан, Орталық Азияда экономикасы көш бастаушы ел болып табылады. Мен Елдік бағдарламаны жүзеге асырудың оң əсерінің реформаларға жəне өңірдегі өзге елдерге пайда əкелетініне сенімдімін, деді ЭЫЖД-ның Бас хатшысы.

Арнаулы баяндамашымен жїздесті Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мен Мəжілістің Заңнама жəне сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев БҰҰ-ның Бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары жөніндегі арнаулы баяндамашысы Майна Киаимен кездесті. Жүздесу барысында тараптар бейбіт басқосулар мен шерулерді өткізу саласындағы еркіндік құқықтары саласындағы қазақстандық заңнамалық базаның жағдайы жəне оны жетілдірудің келешегі туралы пікір алмасты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

– Озық технологияға негізделген автоматты қондырғы бір мезетте 25 дана фанер шығарады. Кеңестік кезеңдегі зауытта 6 дана ғана шығаруға мүмкіндік болатын. Дəл осындай қондырғылардың ресейлік түрлері де бар. Бірақ олардың өнімділік қуаты төмен. Өйт кені, жар тылай автоматты болған дық тан, ресейлік құрылғы 18 фанер ұяшығына дейін ғана шығара алады. Ал біздің станоктарымыз еңбек өнімділігін арттыра отырып, автоматты түрде фанердің енін 1,22, ал ұзындығын 2,44 метр кө лемінде кеседі. Сондай-ақ,

фанердің қалыңдығын 6 миллиметрден 26 миллиметрге дейін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар. Қытай елінен əкелген цех қондырғысын орнатуға бір жарым жыл уақыт жұмсалды. Оның ерек шелігі компьютерлік бағдарлама арқылы құрылатындығы екен. Оны орнатуға қытай лық мамандарды шақырған жоқпыз. Өз білімімізге сүйеніп, бағдарламаны қытай тілінен орыс тіліне аудару арқылы қондырғыны орнатып шықтық, – деді Ғажап Қалиев. (Соңы 4-бетте).

Ынтымаќтастыќ жалєасады

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қорының Орталық Азия елдері жөніндегі кеңсесінің директоры Николай Ботевпен кездесті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы қордың Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен əл-ауқатының артуындағы елеулі үлесін атап

өтіп, оның атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді. Сіздер Қазақстан аумағында 1992 жылдан бері қызмет етіп келесіздер. (Соңы 2-бетте).

Ќаржы нарыєындаєы ќайшылыќтар 3-бет Ґнімі ґтімді «ЌазАзот» 4-бет Жырдыѕ жарыќ жўлдызы 6-бет Ата-əжелеріміз ертегі айта ма? 10-бет

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жəне оған ілеспе «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобалары талқыға салынды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде бірінші қаралған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы бойынша баяндаған Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов: Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жол дауында «жастар – біздің болашағымыздың тірегі», деген

сөз айтты. Заң жобасы Мемлекет басшы сының тапсырмаларын орын дау мақсатында əзірленіп отыр», – деді. Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында мемлекеттік жастар саясаты мəселелері бойынша заңнаманы жаңарту жəне «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде заң жобасын бүгінгі талаптарға сəйкес келтіріп, сапасын жақсарту

Сенат Төрағасы жүздесушіні елдегі əлеуметтік-экономикалық ахуалмен, Орталық Азиядағы жағдаймен жəне Парламенттің заң шығару қызметімен таныстырды. В.Салдана Президент Н.Назарбаевтың украин шиеленісін реттеу туралы бастамасы мен оның Астанада «Норманд төрттігінің» кездесуін өткізу туралы ұсынысы əлемдік қоғамдастық тарапынан ризашылықпен қабыл алынғанын жəне ол БҰҰ тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

басты талап. Заң жобасының мақсаты – жастардың дамуына жағдай жəне олардың мемлекет өміріне қатысуына мүмкіндіктер жасау. Заң жобасының мазмұнына да тоқтала кеткен министр оның бес тарау мен отыз бір баптан тұратындығын мəлімдеді. Бұл ретте мемлекеттік жастар саясатының үш негізгі міндеті қарастырылса, олар жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарды елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне тарту; азаматтыққа тəрбиелеу жəне қазақстандық патриотизм сезімін нығайту деп белгіленген. Сондай-ақ, қолжетімді жəне сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық əлеуетті дамыту мен денсаулық сақтау жəне нығайту назардан тыс қалмаған. (Соңы 2-бетте).

Ќазаќстан мен Еуроодаќ теѕ ќўќылы əрі ґзара тиімді əріптестер Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов пен Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Еуропарламент делегациясының басшысы Ивета Григуле қазақстандық-еуропалық өзара іс-қимылды нығайту мəселелерін талқылады. Бұл – Ивета Григуленің жаңа қызметінде Қазақстанға алғашқы келуі, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Қабиболла Жақыпов аталған бағыт біздің еліміздің стратегиялық басымдықтарының бірі екенін алға тарта келіп, Қазақстан Президентінің сан қырлы саясаты əлемнің көптеген елдерімен

ынтымақтастық орнатуға айқын жол ашатынын атап өтті. Ивета Григуле Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне өте жоғары баға берді. Оның айтуынша, біздің елде əрбір

адамның, жалпы алғанда, бүкіл қоғамның əл-ауқатын көтеруге айрықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күні Еуроодақ – Қазақстанның барлық саладағы ірі əріптесінің бірі. Мəртебелі мейманның атап өткеніндей, адамдар арасында сенімділік қарым-қатынасты орнату мен дамыту өте маңызды, ол жалпы мемлекет табысының жарқын кепілі. (Соңы 2-бетте).

● Еңбегімен еленген

АСПАЗ Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Дұрыс əзірленген тамақ – адамның көтеріңкі көңіл күйінің кепілдігі. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет. Перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сəулетті мейманханаларда аспаз таптырмайтын мамандық. – Мен Бородулиха ауданының тумасымын. Балалық шағым Камышенка ауылында өтті, – дейді Лəйла Ыдырысова, – кейін отбасылық жағдайға бай ланысты Семей қаласына көшіп келдік. Семейде қатарластарымнан қалмай еңбек еттім. Бұл тоқсаныншы жылдар болатын. Жұмыс жоқ, электр энергиясының өзі тапшы Семейде үйіміз қаланың шет жағында. Сол кезде біз сияқты жас отбасыларға да оңай болған жоқ. Қолымызда кішкентай баламыз бар, оны бағып-қағу керек. Киім, тамақ керек. Бəрі ақшаға

келіп тірелмей ме? Осындай қиын уақытта жұбайыма бір көмегім тисін деп асханаға ыдыс-аяқ жуушы болып орналастым. Осыдан менің еңбек жолым басталды десе де болады. Ыдыс-аяқ жуушы болып көп жұмыс істеген жоқпын. Өзімнің жеке кəсібімді бастағым келді. Мен табиғатымнан тамақ дайындауға өте жақынмын. Асханада ыдыс жуып жүріп, қандай тағамның болсын дəмін татып көргім келетін. Жетпей тұрған, болмаса көп салынған нəрсесін бірден сезіп қаламын. Тамақ дайындауға табиғатымнан жақын болған соң бəрінен де осы мамандықты таңдадым. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы туралы естіген Лəйла Ыдырысова қалалық жұмыспен қамту орталығында біліктілігін қайта көтеру курсына жазылып, аспаз мамандығына жолдама алады. Курс барысында бүгінгі күнгі ас мəзірі жəне мерекелік дастарқан

мəдениетінің қайта өркендеуінен түсінік алып, заман талабына сай келетін асханалық ыдысаяқтарды жетілдіруді, дастарқан басында өзін-өзі ұстауды оқыптүйсініп, білімін қажетінше кеңейтеді. Курсты тəмамдаған соң қаладағы «Бауырсақ» деп аталатын шағын асханаға аспаз

болып орналасады. Кейінірек асхананың иесі Ресейге көшпекші болып, «Бауырсақты» Лəйла Ыдырысова жеке өзі жалға алып, жұмыс істей бастайды. – Шағын асханамды біраз уақыт өткен соң кеңейтіп, дəмханаға айналдырдым. Адамдар дəмханама түскі асқа, демалуға,

уақытын қызықты əрі мазмұнды өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын атап өтуге келеді. Сол кезде бізге рахметін айтып жатады. Барлық халықтың ұлттық тағамдарын дайындаймыз. Кейбір адамдар аспаз өнерінде ешқандай қиындық жоқ, тек қана тағамдарды араластыру керек, ал пеш өзі пісіріп шығарады деп ойлайды. Қазіргі заманда кім тамақ дайындау білмейді, тіпті кез келген адам аспаз бола салады дейді. Бірақ олай емес. Бұл істе ең алдымен талғам керек, дəм мен иісті сезіп, халықты тойдырып қана қоймай, көңілінен де шыға білген жөн, – дейді бас аспаз Лəйла Ыдырысова. Оның дəмханасында жұмыс күні таңғы сағат алтыдан басталады екен. Қарамағындағы сегіз қызметкері осы уақытта келіп, өз жұмыстарына дереу кірісіп жатады. Нан, ет өнімдерінен жасалған тағам уақытында тезірек əзір болу керек. Ал сағат таңғы жеті жарымнан бастап адамдар тамақ ішуге келе бастайды. Жеке дəмханам бар деп қол қусырып отырған Лəйланы байқамадық, ол жұмысшыларымен бірге нан илеп, тамақ пісіріп, жанталасып жүр. СЕМЕЙ.


2

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

● Біз – қазақстандықтармыз!

ЫНТЫМАЌ ЫРЄАЄЫ Табалдырығымыздан аттаған жыл ел бірлігінің, татулықтың жылы болып тұр. Бұл іске биыл Алматы шаһарының белсенді жастары да араласатын болады. Жəне осы бастамаға Қазақстандағы талай ұлттың қызына жоғары білім берген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де қосылды. Осынау шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады.

487 ЎЛТТЫЅ ҐКІЛІ 70 ЖЫЛ ІШІНДЕ АЛМАТЫДАЄЫ ЌЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ АЛЄАН Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сонымен, қыздар университетінде «Менің Қазақстаным!» атауымен өткен ауқымды бас қо суда əртүрлі ЖООда білім алып жатқан тегі – бөлек, теңдігі – бір, түрлі этнос өкілдері қазақ стандық патриотизм моделін нығайту, ұлтаралық татулық пен достық қатынас, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келі сім тақырыбында дидарласты. Жастардың ауызбіршілігіне бастаған жиынды Қыздар педу ни верси т е тінің ректоры Динар Нөкетаева ашып, елдіктің жолы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, татулыққа

қосқан үлесі жайлы студенттерге жанжақты əңгімелей келе: – ...Мемлекеттің тыныс-тіршілігі, қайнаған өмірінің кішкентай көрінісі біздің киелі шаңырағымызда өтіп жатыр. Арман қуып əсем Алматыға аяқ басқан қыздар арулар ордасына табан тіреп, сапалы білім алып, білікті маман болып шығып жатқандарына, міне, 70 жылдан асты. Қазақтың ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тəжік, күрд, орыс, украин, корей секілді 480-нен аса өзге ұлт өкілдері білім алып жатқан тілегі бір қыздарына Қыздар университеті үлкен тірекке айналды, – деді. Одан əрі сөз алған «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы,

Қазақстан халқы Ас самблеясының мүшесі Асылы Осман: «Бүгін келешегіміздің кепілі, Алматының бетке ұстар қаймағы – жастар бас қосып отырған маңызды күн. Бүгінгі таңда Елба сының қойып отыр ған негізгі мақсаты да ел бір лігі. Ол бірліктің тұтқа сы да, ұйыт қысы да, келешегі де жастар деп үміт артып отыр, сол сенім ді ақтайтындай елдің мықты қайраткері, елін сүйген, жерін сүйген азамат тары болыңдар. Ел бірлігін ақ қар дай асқақтата біліңдер, елдің ынты мағына, татулығына ұйытқы болыңдар! Қыздар университетінде оқитын көптеген өзге ұлт өкілдерінен тұратын сіңлілеріме апалық ретінде айтар назым «Тілді білген адам ғана

сол ұлтты құрметтейді, салтына, дəстүріне бойлайды», – деді. Шара барысында Қыздар университетінде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері де татулық пен ынтымақ туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Атап өте кетейік, арулар ордасында қазіргі таңда 480-нен аса өзге ұлт өкілі оқиды. Жиын соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассам блеясының 20 жылдығына орай арнайы қарар қабылдады. Онда: ««Мəңгілік Ел» болуға бет алған Қазақ елінің «алтын» жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өсіп-өркендеуіне ықпал ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалуда. Сондықтан, біз алдымызға нақты міндеттер қоя отырып, мықты да бəсекеге қабілетті «Мəңгі Қазақстанды» құру үшін аянбай тер төгеміз, барлық жастық күшжігерімізді арнаймыз!» делінген.

Жастар – біздіѕ болашаєымыздыѕ тірегі (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан басқа, заң жобасында саламатты өмір салтын қалыптастыру; жұмыспен қамту мен жастар арасында кəсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау; жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту; құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеу шілікке тəрбиелеу көр сетіл ген. Экологиялық мəдениетті қалып тастыру мен талантты жастарды дамытуға жəрдемдесу жəне бос уақыт пен мəдени демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету де көзделген. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қатарына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес; Əкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер; Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі жатады. Республикалық жастар форумында орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, Қазақстан Респуб ликасы Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Ал өңірлік жастар форумы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мəселелерін талқылауды; жер гі лікті атқарушы органдар мен жас тар, жастар ұйымдары арасындағы үнқатысу мен өзара ісқимылды; мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеуді қамтамасыз етеді. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау жəне дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылатыны да ерекше атап өтілді. Осы орталықтар жастардың бастамаларын ақпараттық-əдістемелік, консультациялық қолдауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін жəне оны талдауды жүзеге асырады. Жастардың мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысуы: жастар ұйымдарының қызметіне; волонтерлік қызметке; білім мекемелері мен еңбек ұжымдарындағы жастардың өзін өзі басқару органдарының қызметіне қатысуы арқылы анықталып отыр. Қоғамға ерекше пайдалы қызмет болғандықтан, волонтерлік қызмет заңнамалық тұрғыдан алғаш рет өз бекітілуін таппақ.

Сонымен, заң жобасында мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттері, негізгі бағыттары анықталды, орталық мемлекеттік органдардың құзырет тері мен мемлекеттік жастар саясатын қалып тастыру мен іске асыру тетіктері бекітілді. Заң жобасын қабылдаудың күтілетін нəтижесі ретінде жас тардың ойдағыдай əлеуметтенуіне, олардың əлеуетін елді одан əрі дамытуға бағытталған мемлекеттік жас тар саясатының тиімді моделін қалып тастыру қарастырылады. Заң жобасы бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің Атырау, Қызылорда, Қостанай қалаларындағы көшпелі отырыстарында, оған қоса, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында, ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы, отандық жəне шетелдік сарапшылардың қатысуымен белсенді талқыланды. Жастар – ең жақын болашақтағы біздің адами капиталымыз, бəсекеге қабілетті мемлекеттің негізгі ресурсы. Сондықтан, жастарды қолдау мен дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымды мəселелері болып табылады. Бірқатар талқылаулардан кейін заң жобасы депутаттар тарапынан қолдауға ие болды. Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Заң жобасымен жұмысқа алғаш кірген жас маманмен екі жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасасу; он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ, техникалық жəне кəсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқубілім бағдарламаларын меңгерген, оларды бітірген күннен бастап бір жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға сынақ мерзімі орнатылмайтыны қарастырылған. Тұтастай алғанда, заң жобасы жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталған. Оларды қабылдағаннан кейін жас мамандармен еңбек шартын жасасу мерзімі ұзартылады жəне сынақ мерзімі орнатылмайтын жастардың санаттары кеңейтіледі.

Ќазаќстан мен Еуроодаќ теѕ ќўќылы əрі ґзара тиімді əріптестер

АЛМАТЫ.

Сұлтан КАРТОЕВ:

Ќазаќтан досыѕ болса, жолда ќалдырмайды Сұлтан Картоев халықаралық «НевадаСемей» антиядролық қозғалысына қатысушылар қатарына қалың көпшілікпен бірге, полигонды жапсақ екен деген арманмен қосылды. Бірақ ол бұл қозғалыстың жолы ауыр болатындығын, отбасын, негізгі мамандығын ұмытып, халықтың бейбіт өмірі үшін тек қана ат үстінен түспей жүру керектігін сол шақта білмеген де еді. – Сұлтан Омарұлы, сіз ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің үзеңгілес əрі сыралғы досысыз. Екеуіңізді осы «Невада-Семей» қозғалысынан басқа не біріктіреді? Қандай ортақ көзқарастарыңыз бар? – Қазір айтсам, ешкім сенбеуі де мүмкін. Бірақ кезінде маған «Олжастан бас тарт», деп соңыма шырақ алып түскендер болған. «Сөйтсең, қызметіңді өсіреміз, құрметтеп, қаржылай сыйлық береміз», деді. Мен көнбедім. Содан сегіз жыл бойы Олжаспен достығым үшін жаныма тыныштық болмады. «Ертіс ГЭСстройда» жұмыс істеген кезімде үш рет қуғындалдым. Үш рет өзімнің конс титуциялық құқығымды қорғап, жанталастым. Осының бəрінде мені Олжас қана қорғады, Олжас қана қолдады. Басымыздан неше түрлі өтті ғой, сонда да біз достығымызды сақтай білдік. Біздің арамыздағы достық – нағыз ерлер достығы. Мұндай бақыт екінің бірінің басына қона бермейді. Мен сол үшін де өмірге ризамын. Біз қазірде бір-бірімізге жиі қонаққа барып тұрамыз. Екеуміз де Павлодар облысынанбыз. Екеуміз де шахмат ойнағанды ұнатамыз. Қай жерде кездессек те – аэропортта, вокзалда, далада ол маған «Сұлтан, кəне шахматты шығаршы!» дейді. Кездескен сайын ол өткен күннің қиындықтарын есіне алады. – Сіздердің қатарларыңызға Қазақстанның ғана емес, бүкіл əлемнің халқы қосылды. Қозғалыс басталмастан бұрын сіз қандай іспен шұғылданып жүрдіңіз? – Миллиондаған əлем халқы сияқты мен де ядролық қаруға қарсы болдым. Себебі, 40 жыл бойы полигонның дəл түбінде өмір сүрдім емес пе?! 1984-1989 жылдары Шүлбіге жұмыс бабымен ауысып, «ЕртісГЭСстрой» мекемесіне

директордың орынбасары қызметіне кірістім. Зайыбыммен, балаларыммен апта сайын жер-дүниені тітіреткен жарылыстың куəсі болатынмын. Сол кездегі Семей облысының тұрғындары сияқты біздің үйімізде де киімкешек салынған екі шабадан дайын тұратын. Бірінде қосымша құжаттар, екіншісінде қысылтаяң сəтте қажет болып қалар деген азық-түлік пен дəрідəрмектер. Соғыс жағдайында өмір сүрдік қой. Осылай істеуге мəжбүр болдық. Кез келген сəтте бомба жарылып, жер ортасына түсіп кетуі мүмкін еді. Үйлеріміз «би билеп», шкафтардағы ыдыстар сыңғырлап «əн салатын» қорқынышты сəттер əлі де күні кешегідей көз алдымда. 1986 жылы Чернобыльде болған қайғылы оқиғадан кейін ядролық сынақтарға деген ең алдымен ғалымдардың, содан кейін қоғам қайраткерлері мен халықтың көзқарасы өзгере бастады, дəл сол жылы шілденің 11-і күні Мəскеуде өткен халықаралық форумда ядролық сынақтарға тыйым салу керектігін ғалымдар қатаң түрде ескертті. Өйткені, əлемдегі адамзат құрып кету қаупінің алдында тұрды. КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған форумға əлемнің дамыған озық елінен 340 ғалым шақырылды. Ол кездері ғалымдардың айтқанын, келтірген мəліметтерін назарға алып, полигонды жабайық деп халық тағдырын ойлап, бас қатырып жатқан бірде-бір басшы жоқ еді. Ал кеңестік компартияны қолдайтын орталық басылымдар, Мəскеуден шығатын газет-журналдар «Семейде ешқандай проблема жоқ, адамдар малдарын жайып, тойларын өткізіп жатыр, демалуға болатын тамаша таза табиғат ортасы» деп жазғанын талай оқыдық. Иə, егер біздің

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи Жарлығымен бəріне нүкте қоймағанда, мұндай айтыс-тартыс, дау-жанжалдар жалғаса берер еді де, сұрапыл ядролық полигон ешқашан жабылмас еді. Полигон жабылған сол жылдары халық дүниеге келген ұлдарын Олжас атап, еліне қорған болар ер-азамат болсын деп ырымдап жатты. – Полигон жабылды, олай болса алдағы уақытта «Невада-Семей» қозғалысының алдында қандай жұмыстар тұр? – Біз Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықпен бірлесіп жұмыс істеуге көштік. Мақсатымыз – Елбасы тапсыруымен бейбіт атомды насихаттау. Орталық директоры, ғалым Ерлан Батырбеков Қазақстанда жапондармен бірлесіп, АЭС салу жұмысын бастады. Бұл – тың жоба. Бұған дейін де Ерлан Ғаді летұлы көптеген шаруалардың басын қайырды. Соның бірі – полигон орналасқан Дегелең тауының етегіндегі инженерлік құрылымдарды, ондағы зиянды қалдықтарды тауып, оған арнайы құйма құйғызып, радиоактивтіліктің айналадағы қоршаған ортаға тарамауына ықпал етті. Бүгінде Дегелең тауын Ішкі істер министрлігінің ішкі əскерлері қорғауға алған. Сондай-ақ, қорғанысты нығайту үшін Дегелеңде үш деңгейлі жоба іске асырылды. Жоба бойынша бейнекамералар, басқару бекеті орналасқан. Осынау үш деңгейлі Қазақстан, АҚШ, Ресей ғалымдарының ойлап тапқан жобасы бойынша қорғаныс жүйесін жергілікті жерден де, Курчатов қаласынан да бақылап отыруға болады. Міне, əлем ғалымдары осылайша соғыс атомын болдырмауды қадағалауда. Ал осының басында əу баста Олжас Сүлейменов тұрған еді ғой. Сондықтан да халқы Олжасты ешқашан ұмытпайды. Өз басым Олжастай досым барын қашанда мақтан тұтамын. Əңгімелескен Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист.

СЕМЕЙ.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Жарасымдылыќ Аветик АМИРХАНЯН, «Айдана» ЖШС директоры, «Мирзоян» армян этномəдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мəслихаттың депутаты.

Қазақ елінің егеменді ел атанғанына 23 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде көптеген инновациялық бағдарламалар жүзеге асырылды. Нəтижесінде Қазақстан экономикасы дамыған өркенді елге айналды. Бүгінде Қазақ елін бүкіл əлем таниды, оның басшысының көрегендігін барша жұрт мойындайды. Өзім жеке кəсіппен айналысатын болғандықтан, кəсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктерді жиі пайдаланамын. Басқа елдерде кəсіпкерлерге мұндай қолдау жасалмайды. Өзге мемлекеттің кəсіпкерлері бізге қызыға қарайды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында біздің елімізде бар халықтың өкілі бірдей жағдайда, ын тымақтаса өмір сүруде. Түрлі ұлт өкілдерінің тату-тəтті өмір сүруі нің арқасында Қазақстанда саяси жағдай тұрақты. Мен осын дай дархан да бауырмал, қонақ жай елде тұра тынымды мақтан тұтамын. Менің жəне балаларымның Отанына айналған Қазақ елінің егемендігі мəңгілік болсын! Батыс Қазақстан облысы.

Мəжіліс Спикері өз кезегінде Елбасы саясатының арқасында жыл санап нығайып келе жатқан қазақстандық қоғамның толеранттылық үлгісіне көңіл бөлді. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық тартымдылық, тран зит тік-кө ліктік əлеует, сондай-ақ, парла мент аралық қарым-қатынас сынды ауқымды

мəселелер əңгімеге арқау болды. Қабиболла Жақыпов делегация мүшелеріне Мəжіліс қызметі туралы, елдің заңнамалық базасын жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді. Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету қажеттігін айт қан Ивета Григуле Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациямен байланысты кеңейту мақсатында қазақстандық депутаттарды Еуропарламентке шақырды.

Ынтымаќтастыќ жалєасады (Соңы. Басы 1-бетте). Осы жылдарда халық өмірінің тұрақты дамуы мен өсуіне өздеріңіздің үлестеріңізді қосып, бірнеше жобаны іске асырдыңыздар. Сондай-ақ, сіздер оралмандардың, жастар мен жасөспірімдердің, əйел-аналардың да жағдайын зерттеудесіздер. Соның ішінде, бірнеше облыста 13-16 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға болашақ əйел-ана ретінде өсу мен қалыптасуға қаншалықты жағдай барын қадағаладыңыздар. Əсіресе, соңғы бес жылда жүзеге асырған жобаларыңызға жоғары баға бере аламыз. Егер 2008-2009 жылдары 100 мың адамға шаққандағы ана өлімі 36,8 адам болса, сіздердің осы істі зерттеп, соның арқасында біз өкімет көмегін ұйымдастыруымыздың арқасында бұл сан соңғы жылы 11,5 адамға дейін төмендеді. Алдағы уақытта да осындай игілікті жұмыстарды бірлесе атқаратынымыздан үміттіміз, деді Г.Əбдіқалықова. Өзі тарапынан Н.Ботев Мемлекеттік хатшыға қор жұмыстарына жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді. Кездесуден шыққан соң Н.Ботев журналистерге брифинг берді. Біздің қорымыз Қазақстан тұрғындары үшін негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Ол халықтың өмір сапасы бойынша қалыптасқан үрдістер, өсім динамикасы жəне демография. Сондай-ақ, ананың денсаулығын сақтау, бала өлімінің азаюы мəселелерін де қарастырамыз. Ана денсаулығын сақтау мəселесінде

Қазақстан соңғы жылдары жақсы нəтижеге жетіп келеді. Біз Мемлекеттік хатшымен алдағы уақыттағы осы бағыттарда атқаратын жұмыстарымызды талқыладық, деді ол. Кездесуге аталмыш қордың Қазақстандағы атқарушы өкілі Р.Сисемəлиев, Қазақстан Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Сүлеймен қатысты. Л.Сүлеймен де журналистерге аталмыш қордың жұмыстары туралы пікірін білдірді. Бұл қор еліміздің мемлекеттік органдарымен тығыз байланыста. Соның ішінде Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Білім жəне ғылым министрліктері, Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Статистика агенттіктері бар, деді ол. Өткен жылы мемлекеттік органдар осы қормен бірлесіп, бірнеше жобаны табыспен жүзеге асырыпты. Соның ішінде отбасын жоспарлауды жақсарту, əйелдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, оралмандармен жұмыс жəне мигранттар мəселесі бар екен. Мемлекеттік хатшыдағы кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта да Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында халықтың əлеуметтік тұрмысының көкейкесті мəселелерін бірлесе шешу жолдарын жалғастыру туралы келісілді.


3

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ЌАРЖЫ НАРЫЄЫНДАЄЫ ЌАЙШЫЛЫЌТАР Қандай бір дағдарыс та қаржы рыногындағы қайшылықтарға қатысты болады. Ал бұл жолғы тығырықтың көп жағдайда қолдан жасалғандай қалпы бар. Мұндағы көп келеңсіздік əлем нарығындағы əділ бəсекелестіктің əлпетін көрсете алмайды. Бұдан гөрі ол телілер мен тентектердің текетіресіне көбірек ұқсайды. Бірақ

Ќор нарыєы 50 пайызєа ќўлаєалы тўр

«Мистральді» Ресейге беруді жаќтайды

Американың қор рыногы жақын арада 50 пайызға құлауы мүмкін. Бұл туралы беделді сарапшылар арнайы тұжырымдар жасады. «Біз қор рыногының қазіргі ауыр халі мен сөзсіз құлайтындығына таңғалуға тиіс емеспіз. Мұның өзі біздің күткен нəрсеміз еді», – деді қордың 2008 жылғы дағдарыстың кезінде табыс ставкасына $1 млрд. салуымен аты шыққан хеджменеджері Марк Спицнагель. «Біз қазір қаржы активінің алып көпіршігі үстінде отырмыз, – деп ескертеді швейцариялық қаржы кеңесшісі жəне қордың менеджері Марк Фабер. – Оның кез келген сəтте жарылып кетуі мүмкін». Фабер мұның бəріне АҚШ президенті Барак Обама мен федералды резерв жүйесінің ойланбай жүргізіп келе жатқан саясатын кінəлайды. «Олар жеке іскерлерге де, салымшыларға да, сондай-ақ, ата-аналарға да қатты қиянат жасап отыр, енді біздің əкешешемізге акциялар мен жылжымайтын мүліктерді тықпалап не керегі бар еді?», – деп ашынады ол. Кейбір қауесеттерге қарағанда, төніп келіп қалған апат инвестор Уоррен Баффеттің миллиард долларын да айналып өтпейді. «Уоррен Баффеттің индикаторы» қазір шынында үлкен қауіптің қарсаңында тұрған сияқты. Қор нарығының тарс ете түсуі кез келген сəтте орын ала салуы əбден ықтимал. Мұндай кезде инвесторларға не істеген лəзім? Бірінші нұсқа – өзіңнің барлық акцияларыңды сат та, ақшаңды жастықтың астына тық. Екінші нұсқа – тəуекел етіп, тас жұтып, дауыл дүркіреп өтіп кеткенше, əліптің артын баға тұр. «Алайда, – дейді Absolute Profits-тің негізін қалаушы Шон Хайман осыған орай, – мұның үшінші нұсқасы да бар. Нарықта алдағы апталарда ешқандай қауіп-қатерге ұшырамайтынына кепілдік беруге болатын нақтылы бір секторлар бар. Ақшаны əзірге солай қарай шығара тұру оншалықты қымбатқа түспейді». Хайман неліктен өзінің ойына өзі сенімді болып отыр? Ол Уолл-стриттің құпия күнтізбесінен хабардар. Ол соның арқасында 1968 жылы нарықты 250 пайызға басып озуға қол жеткізген. Ал күнтізбеде 19 инвестиция (рынок секторлары негізінде) мен 38 дата атап көрсетілген. Сіз тек акцияларды қажетті уақытында сатып ала қоясыз да, оларды қажетті уақытында сатып үлгересіз. Осылайша 1 мың долларды жиырма жылдың ішінде 178 мыңға айналдырып аласыз. «Бірақ бұл күнтізбе менің инвестициялық жүйемнің бір бөлігі ғана, – дегенді қосады Хайман. – Менде, сондай-ақ, нарықта кез келген бір айтарлықтай өзгерістердің болғалы жатқанын ескертіп тұруға арналған апат туралы хабар беру жүйесі де бар». Апат туралы хабар беру жүйесін ядролық зымырандардың «қырғиқабақ соғыс» кезіндегі ұшу өрісін есептеп шығарған адамдардың бірі талдап жасаған екен. Олай болса, жүйенің ешбір ақаусыз дəлдікпен жұмыс істеп, көрсететін болжамының деңгейі 100 пайызға барады. Хайманның айтуынша, нарық құлай бастаған кезде апат туралы хабар беру жүйесі инвесторларға акцияларды қолмақол ақшаларға айырбастайтын кездің жеткенін білдіреді. «Егер сіздерде осы жүйе бар болса, 2000 жəне 2008 жылдарғы дағдарыстардан ешбір қиындықсыз шығып кеткен болар едіңіздер, – дейді Хайман. – Енді ойланыңыздар, егер сол бір жаппай сатушылыққа ұрынып қалмаған болсаңыздар, қанша ақшаны алып қалар едіңіздер?». Шон Хайманның бұл сөздерін жеңілжелпі көретіндер де бар. Бірақ ол өзінің алған бағытының ешқашан бұрыс болмағанын ұдайы дəлелдеумен келеді.

Француздың қоғамдық пікірлерді зерттеу институты La Tribune газеті берген тапсырыс бойынша жүргізген сауалдама ел тұрғындары 64 пайызының тікұшақ тасымалдаушы екі «Мистральді» Ресейге беруді қолдайтынын көрсетті. Француздардың басым бөлігі президенттің «жаңа өкімі берілгенше» операциясы тоқтап қалған «Мистральді» Ресейге беруді жақтайтынын президент Франсуа Олланд жоққа шығара алмайды. Орыс флоты 2011 жылғы маусымда Францияның DCNS компаниясымен 1,2

млрд. еуроға келісімшартқа отырып, осы тапсырысты берген болатын. Ал өткен аптада Ресей Франциядан əскери кемелерді беруден бас тартудың себебін сұрап, ресми хат жолдады. «Мəселені бұдан əрі қараудың сотқа барып тірелер-тірелмесін шешу үшін француз тарапының əлі де ойланатын уақыты бар, Ресей бұған жазбаша түрде түсініктеме алуы тиіс», – делінген осыған байланысты жолданған сұраныста. Ал ел тұрғындары екі «Мистральді» Ресейге беру керек екеніне еш күмəн данбайды. Олардың басым бөлігі (75%) Францияның Ресей флотына корабльді беруден бас тартуы Украина мен Ресейдің арасындағы жанжалды реттеуге тиімді ықпал жасай алмайды, деп есептейді. «Француз қоғамдық пікірінде бұған байланысты осындай нақтылы ұстаным бар. Ол, əсіресе, жастары 35-тен асқан адамдар арасына кеңінен тараған», – деп атап көрсетеді IFOP қызметкері Дамьен Филиппо. Оның айтуына қарағанда, сұрау салудың нəтижелері жұрттың мəселенің саяси жағына назар аударуды қойғанын көрсетеді. «Респонденттердің 66 пайызы Ресей мен Украина арасындағы қарымқатынаста соңғы апталарда атап айтарлықтай ештеңенің өзгермегенін білдіргендеріне қарамастан, мұның өзі өте жақсы нəрсе», – деп тағы бір түйіп өтеді маман. Сұрау салынғандардың 77 пайызы тікұшақ тасымалдаушыларды беруден бас тартушылықтың соңы француздың кеме жасаушы зауыттары (DCNS, STX France) мен жұмысшыларды еңбекпен қамтамасыз етуге орасан зор залалын тигізеді. «Бұған қоса, мұның зардаптары қалай болатынын жұрттың өзі біліп отыр», – деген ой тастайды Дамьен Филиппо. Мұндай бірауызды пікірлер ересектер мен жастардың, ерлер мен əйелдердің ойлары бір жерден шығып жатқанын байқатады. Бұдан бөлек, француздардың 72 пайызы мұндай

дүрбелеңнің дөңгелегі өз белдеуінен айналып кетті. Енді осыған апарған тегершікті бірінші болып басқандар тұйыққа тірелгендіктің түйткілін түйсіне бастады. Ал мұның қамтып жатқан арнасының ауқымы сан алуан. Бүгінгі топтамада осыған қатысты бірқатар материалдар жарияланып отыр.

əрекеттің француздың күллі қорғаныс өнеркəсібіндегі жұмыстарына зиянын тигізіп, коммерциялық келісімдердің орындалуына күмəн келтіретінін айтады. Үндістанда Dassault Aviation компаниясы, міне, үш жылдан бері француздардан Rafale сатып алуға əрекет етіп келеді. Бірақ Францияның «Мистральге» байланысты ұстанып отырған саясаты əрбір жолы үнділіктерді тоқтатып қойып жүр. «Үндістанның ресейлік əріптестерінің бəрі бізді сенімсіз кəсіпорын ретінде көрсетеді. Ағылшындардың айтатындары да осы», – деп мəлімдеді таяуда сенаторлармен кездесуі кезінде қорғаныс министрлігі жоғары лауазымды тұлғаларының бірі генерал Лоран Колле-Бийон. Дəл осындай пікірді сұралғандардың 69 пайызы да білдіреді. Респонденттердің 56

пайызы мұның Францияның халықаралық деңгейдегі беделіне де нұқсан келтіретінін айтады.

Юаньныѕ оффшорлыќ орталыєы ашылады Қытай мен Швейцарияның орталық банктері 21 қаңтар күні Цюрихте юаньның оффшорлық орталығын ашу жөніндегі келісімге қол қойды. Орталық əлем нарығына Қытай валютасын кеңінен тартуға жəне Еуропада юаньмен есеп айырысушылық көлемін арттыруға ықпал ететін болады. Екі ел банк басшыларының түйінді келісімге қол қоюлары ҚХР мемлекеттік

кеңесінің премьері Ли Кэцянның Швейцарияға Давоста өтіп жатқан Бүкілəлемдік экономикалық форумға қатысу үшін келген сапары барысында жүзеге асты. «Ли Кэцян өзінің Швейцарияға сапары барысында Цюрихтен юань оффшорлық орталығын ашу жөнінде жоспарлары бар екенін мəлімдеді, – деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі. – Енді қол жеткен келісімдерге сай, Қытай бұл үшін Швейцария тарапына 50 млрд. юань ($8 млрд.) көлемінде квота беретін болады». Аталмыш қадам QFII (Qualified Foreign Institutional Investor) бағдарламасы шеңберінде, континеттік Қытайдағы биржаларда акциялар саудасын жүргізетін шетелдік инвесторлардың оизенциялары бойынша қолға алынып отыр. Мұндай юань оффшорлық орталықтары қазіргі күндері Гонконг пен Лондонда жұмыс істеп тұр. 2014 жылғы шілдеде КХР мен Швейцария банктері екіжақты саудаэкономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін 150 млрд. юань ($24 млрд.) көлемінде валюталық своп жасау туралы келісімге қол қойған еді. «Қытай валютасының 2014 жылғы трансшекаралық төлемі ауқымы 9,95 трлн. юаньды ($1,6 трлн.) құрады», – деп жазады Қытай халық банкіне бағынышты Financial News газеті. «Қазіргі таңда əлемде юаньмен сауда жасайтын 14 халықаралық орталық бар», – деп атап өтілген аталмыш басылым мақаласында.

Кїшті доллар да соќќы болып тиеді Əлемдік валюта бағамының соңғы кездері күрт өсе түсуінен Америка компаниялары мен ритейлерлері айтарлықтай салмақты зардаптар шеге бастады. Бұл туралы Газета.Ru хабарлады. «Ұлттық валютаның күшеюінен шетелдерде сатқан заттарыңнан түсетін қаржының көлемі азаяды, ол өз кезегінде компанияның жалпы таза табысының көлеміне соққы болып тиеді», – деп жазады осы орайда АҚШ-тың The Wall Street Journal газеті. Бұған қоса, жақын келешектерде АҚШ-тағы көптеген клиенттердің шетелдер компанияларына қарай бұрылып кетулеріне апарып соқтырады. Бұдан бірінші кезекте Америка косметология саласының компаниялары зардап шегеді. Айталық, осы кезге дейін өз тауарының 88 пайызын шетелдерде сатып келген Avon Products Inc оның бағасын доллардың бағамымен бірдей үздіксіз көтеріп отыра алмайды. Мұны, əсіресе, жергілікті реалы соңғы үш жылда доллармен салыстырғанда 50 пайызға арзандап қалған, компанияға көп табыс əкеліп тұрған Бразилия нарығында, тіпті, орталық банктің ставканы көтергеніне қарамастан, қолдана алмайсыз. Нəтижесінде Еуропадағы бəсекелестер Бразилиядан да, бірқатар басқа аймақтардан да өзінің үлесін алатындай дəрежеге келіп, баға жағынан айтарлықтай басымдыққа қол жеткізеді. Avon компаниясының бас директоры Шери Маккойдың айтуынша, Бразилия бұлардың сататын тауарларының бестен бір бөлігін алып отырады. Ал қалған танымал нарықтар қатарында Ресей, Аргентина, Польша жəне Оңтүстік Африка бар. Доллар бағамының өсуіне байланысты компания осы елдерге шығарылатын өнімдерінің бағасын да көтерген. Бірақ 2014 жылдың үшінші тоқсанында сатылған өнімдер жалпы көлемінің 8 пайызға азайғаны байқалған. Мұндай проблемалар АҚШ-тың косметика шығаратын Johnson & Johnson компаниясының да басында бар. Ал мұхиттың арғы жағына туристік сапармен барып қайту Еуропаның орта табысты адамдары үшін тек түске ғана кіретін арманға айналып бара жатыр. Мұндай серуенді енді жұрттың қалтасы көтере бермейді. Дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».

ДҮБІРГЕ

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Тїсіністік бар жерден тыныштыќ алыстамайды Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

Берлиннің ортасында 10 мың адам қатысқан митинг өтті. «Террорға қарсы шеру» деп аталатын бұл шарада Парижде болған террорлық əрекет айыпталып, жұртшылықты діни сабырға, бірлікке шақырған үндеу қабылданды. Бұл шара оны Германиядағы мұсылмандардың Орталық кеңесінің ұйымдастырғанымен ерекшеленді.

Қазір бүкіл əлемде «Шарли Эбдо» сатиралық журналының қызметкерлеріне қарсы жасалған террорлық қастандық, сондайақ, сол журналда Мұхаммед пайғамбарды əжуалаған карикатура жариялануы туралы əңгіме де көп, əрекеттер де көп. Қоғам екіге жарылғандай: біреулер террорлық əрекетті айыптаса, екіншілері журналды айыптайды. Бұл екі топтағылардың басты сипаты дінге де қатысты болып отыр. Басым жұртшылық исламистік экстремистердің террорлық əрекеттерін айыптаса, негізінен мұсылман қауымын біріктірген екінші топ журналда орынсыз карикатуралар жарияланбаса, экстремистер оларға тиіспес еді дегенді тұжырымдайды. Берлиндегі мұсылман қауымының бастамашылығымен өткен митингте жағдай басқаша болды. Елдегі 28 мұсылман ұйымын біріктіріп отырған Орталық кеңес пен осындағы түрік қауымдастығы негізінен ислам экстремистерін айыптап, өз діндестерін сабырға, түсіністікке, бірлікке шақырды. Митингке келгендер бірлікке шақырған плакаттарды, сондайақ, əртүрлі діндердің символы саналатын кресті, жарты айды, Дəуіттің жұлдызын алып жүрді. Митинг имамның құран оқуынан басталды. Ұйымдастырушылардың шақыруымен бұл шараға ел басшылары, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері келген. ФРГ президенті Гаук елдегі мұсылмандардың көпшілігі өздерін ерікті неміс қоғамының бір бөлігі санайтынын

ризашылықпен атап өтті. Германиялық мұсылмандар «Террормен біз бірге емеспіз, бізді олар басқаларға қарсы қойғысы келеді, олардан біздің жолымыз бөлек» дегенді айтады. Президент Гаук мұсылман қауымының патриотизміне жоғары баға берді. Германиядағы мұсылмандар Орталық кеңесінің басшысы Айман Мазиектің сөзі де президенттің сөзімен үндес естілді. «Экстремистердің біздің қоғамымызды іріткеніне жол бермейміз, біз – бір Германиямыз», деді ол. Митингке қатысқандар шараның соңында бірбірімен қол ұстасып жүрді, сонысымен ел бірлігін паш етті. Парламентте сөйлеген ФРГ канцлері Ангела Меркель елдегі жағдайға баға бере отырып, Германиядағы мұсылмандарды оқшаулауға да, олардың атына негізсіз айыптар айтуға да жол берілмейтінін үкімет атынан мəлімдеді. Бұл елде 4 миллиондай мұсылман бар. «Біздің конституциямыздың шегінде ислам дінін ұстауға кепілдік беріледі», деді канцлер. Сонымен қатар, ол Парижде болған террорлық əрекетті де қатты айыптады. Сөйтсе де бұл елде де əсіре ұлтшылдық желігі жоқ емес. Мұсылмандарға қарсы сөздер де айтылып, əрекеттер елесі аңғарылып қалады. Тек үкіметтің ұстанған бағыты олардың жолын кесетінін айтқан жөн. Өкінішке қарай, біраз елде антиисламистік, сондай-ақ, керісінше, исламистік желікке жол берілген, тіпті, оларды қолдағандай жағдай қалыптасып отыр. Оған белгілі дəрежеде сол ел басшылары ұстанған жаңсақ саясат та себепші. Діни желікті қоздырумен əділдікке жету мүмкін емес. Бұл желігу исламистерге де, ұлтшыл антиисламистерге де қатысты. Парасатқа жүгінгенде ғана түрлі дін өкілдерінің түсіністікпен өмір сүруіне мүмкіндік туады.

Ґзбектер ґз президентімен бір болатын сыѕайлы Жақында ғана Өзбекстанда парламент сайлауы өтіп, саяси күштердің ара-салмағы айқындалғандай еді. Сондай-ақ, бұл елде айта қалғандай саяси өзгерістің болмайтыны аңғарылған. Президент Ислам Кəрімовтің беделі мызғымай тұрғаны айқын еді.

Тіпті, елде билік президенттікпарламенттік сипаттан парламенттік-президенттік сипатқа көшкен күнде де Кəрімовтің беделіне нұқсан келе қоймайтыны күмəнсіздей көрінген. Өйткені, тікелей президенттің партиясы саналатын Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы ғана емес, парламенттен орын алған тағы да үш партия Ислам Кəрімов жүргізіп отырған саясатты қолдайтындықтарын білдірген. Ел енді осындай қалыптасқан саяси ахуалмен президент сайлауына бара жатыр. Ол үстіміздегі жылдың 29 наурызында өтеді. Сайлау науқаны айтарлықтай саяси дабырмен өтетін де шығар, бірақ онда шын мəнінде саяси күрестің бола қоюы екіталай. Оның басты себебі – қазіргі биліктегі партияның атынан Ислам Кəрімов президенттікке қайта ұсынылып отыр. Бұл елде оған қарсы тұрып, өз бағдарламасын ұсынатын жəне көпшілікті соңынан ертетін тұлға, алда болса, болатын шығар-ау, дəл қазір жоқ екені белгілі. Заң бойынша бұл елде президенттікке кандидатты тек тіркелген партиялар ғана ұсына алады. Кешегі парламентте орын алған төрт партия да Кəрімовке оң қарай ды. Оны ұсынған либералдемократтар қазіргі президентті барынша жарнамалайтыны анық. Ал өзге партиялар да өз кандидаттарын ұсынғанмен, қазіргі президенттің атына қатқыл сын

айта қоймайтыны, өз адамдарын жеңіл насихаттаумен шектелетіні жəне анық. Ислам Кəрімов 1989 жылы Ө з бе к с т а н К о м п а р т и я сы н ың бірінші хатшысы болып сайланса, бір жылдан кейін оны Жоғарғы Кеңес президент етіп сайлады. Содан кейін 1991, 2000 жəне 2007 жылдарда жалпыхалықтық сайлауда жеңіске жеткен. 2002 жылы жалпыхалықтық референдум өтіп, оның президенттік өкілеттігі ұзартылған. Сөйтіп, ол 2007 жылы жаңа мерзімге сайланды. Енді тағы да сайлануға толық құқылы. ЛДП өз ұсынысын президенттің басшылығымен қол жеткен табыстармен негіздейді. Ең бастысы – елде тыныштық бар. Сол жақсылықтар жалғаса беруі үшін басшылық тізгіні алда да Ислам Кəрімовтің қолында болғаны жөн деп есептейді либерал-демократтар. Бұл – президенттің соңғы сайлану мүмкіндігі. Содан да нағыз күрес келесі сайлауда болмақ. Оппоненттер дегенде, ол бір жағы сайлау демократиясының бір талабы екенін де естен шығармау керек. Сайлау баламалы болуы шарт. Халықтық-демократиялық партия өзінің Орталық кеңесінің төрағасы 45 жастағы Хатамжон Кетмоновты, «Ұлттық жаңғыру» партиясы парламент комитетінің жетекшісі, белгілі заңгер-ғалым 56 жастағы Акмал Саидовты, ал «Əділет» социал-демократиялық партиясы өзінің саяси кеңесінің төрағасы 62 жастағы Нариман Умаровты ұсынып отыр. Бұлардың ешқайсысы да қазір президентпен тайталасуды ойламайтыны белгілі. Сірə, Кəрімовтен қалған 15-20 пайыз дауысты бөлісуді ойлайтын шығар. Содан көбірек үлес алып жатса, ол да аз олжа болмас. Болашақ үшін керек болады. Бес жыл деген өте шығады. Əзірге таңдау – Кəрімов.


4

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ІС ЇСТІНДЕ

Ґнімі ґтімді «ЌазАзот» «Кісідегінің кілті аспанда» дейді қазақ. Өзгеден ат-түйедей етіп сұрап, алыстан арқалағанша қажетті дүниеңнің өзіңнен табылып тұрғанына не жетсін?! Еліміздегі химия өнеркəсібінің іргелі кəсіпорындарының бірі – өз өнімдерімен ерекшеленетін Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Негізі сонау 1964-1970 жылдары қаланған кəсіпорын талай өзгеге қосылу, қайта бөліну нəтижесінде тəуелсіздік алған соң жаңаша құрылды, жаңа тарихын бастады. Бүгінде еліміздің индустриялық дамуы барысында өзіндік қадамын қалыптастырып, өтімді өнімдерімен танылған іргелі мекеме. Синтетикалық сұйық жəне газ

түріндегі мүсəтір мен мүсəтір селитрасын, сондай-ақ, əлсіз азот қышқылын өндіретін бірден-бір зауыт. Сұйық мүсəтір «Қазатомөнеркəсіп» кəсіпорны бөлімшелеріне, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-ға технологиялық қажеттіліктер үшін жеткізілсе, мүсəтір селитрасы екі түрлі мақсатта қолданылады. Бірі ауыл шаруашылығы саласында минералды тыңайтқыштар ретінде пайдаланылса, екіншісі тау-кен өндірісі саласында қопару жұмыстары

үшін қоспаларды дайындауға жаратылады. Индустрияландыру бағытындағы мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғырту мен қайта құрылымдаудан өткен өндіріс орны заманауи құрал-жабдықтар орнату нəтижесінде жаңа технологиямен жұмыс жасай бастады. Ал ол өз кезегінде еңбек өнімділігіне жол ашты, сондайақ, жұмысшылар саны 30 адамға артты. Қазіргі таңда «ҚазАзот» ЖШС-інде фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінде бұрыннан қолданылған

Ерейменніѕ ерен жобалары ЭКСПО-2017-ге ќызмет етеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың маусымында еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасын бекітті. Бұл жаңашыл құжат мұнай, газ, көмір сияқты дəстүрлі байлықтарымызды тиімді пайдалануды, ең бастысы, шексіз мүмкіндіктегі жел жəне су ресурстарының қуатын игілікке жаратуды көздейді. Осы бағыттағы жобалардың бірі Ерейментау ауданында іске асырылуда. Біз елді елең еткізген бастаманың мəні мен мазмұны жөнінде аудан əкімі Ермек НҰҒЫМАНОВТЫҢ пікірлерін оқырманға жеткізу мақсатында əңгіме құрып едік. – Ермек Бекенұлы, ел тəуелсіздігі еркін дамуға жол ашумен қатар, қолда барды ұқсата білуді, ертеңгі есіктеріміздің алаңсыз ашылуын да қамдайды. «Қолда бар» дегеніміз – баламалы қуат көздері. Сіздің ауданда ерен жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұрын болмаған бастама еді. Өзіңіз таныстыра əңгімелеп өтсеңіз. – Елбасы Нұрсұлтан Назар баев жуырда жетекші телеарна лардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде тəуелсіздікті алумен қатар оны ұстап қалудың орасан зор жауапкершілігін алға тартты. Еліміздің тəуелсіз ғұмыр кешкеніне 24-ші жылға аяқ басты. Қазақстан тынысының тереңдігімен, Көшбасшысының көрегендігімен, болашағының кемелдігімен əлем назарына ілініп отыр. Қазақтың қайтпас мінезі – отыздықтан орын алу. Оған көптеген негіз бар. Жетілдіре түсер тұстарымыз да баршылық. Соның бірі – əлемді қатты толғандырып отыр ған табиғат байлықтарын пайда ланудың озық үлгісі. Бұл орайда, жаһандық экономикалық сынақтарды былай қойғанда, ЭКСПО-2017-нің емтихандары баршамызды толғандыратыны белгілі. Өйткені, əлем назарындағы шараның ұраны – баламалы қуат көздеріне аударылып отыр. Еліміз бұған дайын екендігін көрсету үстінде. Оған дəлел – Ерейментау ауданында салынып жатқан, өзге өңірлерде баламасы жоқ бірінші жел электр стансасы болып табылады. «Жасыл энергетика» кешенінің жалпы аумағы 60 гектарды алып жатыр. Бұл істі қолға алған «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС алғашқы мезеттегі 45 МВт қуатты келешекте 300 МВт-ға жеткізуге сенімді. – Жел энергетикасы жаңа қуат көздерінің мейлінше даму үстіндегі тиімді түрі саналады. Қазақстандағы жел энер гиясының əлеуеті мейлін ше мол аймақ ретінде Ереймен тау ға таңдау түсуінің сыры неде?

– Бұл тыңғылықты зерттеулерге негізделген мəселе. Арқа төсінде айрықша артықшылыққа иеленіп отырмыз деу жараспас. Осы орайда, Асан қайғы атамыздың аңыз ретінде айтылатын мына сөздеріне құлақ түрген артық емес сияқты. Ел аузында аңыз болған, ұрпақтанұрпаққа жеткен бір əңгіменің түпкі төркіні бүгінгі заман жаңалығымен толық үйлесім тапқандай. Асан қайғы бабамыз кезінде желмаясымен жолға шығып, жерұйық іздеп, Ерейменнің төңірегінен өткен сəтінде «Жарықтық, бұл өңірдің жеті есігі бар екен-ау. Жыл он екі ай айналасынан жел уілдесе де, халыққа жайлы қоныс, малға ыңғайлы өріс боларлық құтты өңір екен. Баурайында жайлаған мал оңалар, шүкір, елдің тұрмысы да көш ілгері болар», – деп сипаттаған деседі. Үкімет басшылары мен ғалы мдарымыз, өндірістің жаңа шыл ұйымдастырушылары осы байламға тоқтам жасағанына ризамыз. – Шын мəнінде бұл жоба Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолашары болып отыр. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауы да осыдан екпін алатыны белгілі. Ендеше, «Бірінші жел электр

стансасына» қойылатын міндет пен мақсат нені көздейді? – Елбасы өз Жолдауында энергетика саласына тоқтала келе: «...Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық ты болашақтың энергиясын іздеу жəне жасау жөніндегі озық əлемдік тəжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек», деп атап көрсетті. Ерейментаудағы айрықша жоба баламалы жəне жаңармалы қуат көздері арқылы елімізде пайдаланылатын қуат жиынтығының жартысын қамтамасыз етуге бағытталған. Мақсат – жылу-энергетикалық ресурстардың жалпы шығынын төмендету, экологиялық ортадағы ықтимал əсер деңгейін мейлінше азайту арқылы үдемелі əрі тиімді қуат құрылымдарын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, аталған жоба Ақмола облысындағы электр қуатына сұраныс пен оған деген тапшылықты елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба авторлары мұнымен де шектеліп қалмайтындығын айтуда. Біз үшін басты қуаныш «Болашақтың энергиясы» ұра нын көтерген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі толығымен Ерейментау ЖЭС-те өндірілген электр қуатын пайдаланатындығы. Бұл ел үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін əрі бұрын-соңды болмаған мерейлі оқиға болмақ. Бүгінгі таңда «Мəңгілік Ел» ұстындарын нықтап жатқан Қазақстан аталған міндет үдесінен абыроймен шығатыны анық. – Жаңалыққа жаны құмар. Біздің қалың оқырманымыз Ерейментау жел электр стансасының техникалық көрсеткіштеріне ден қоятыны белгілі. Осы жөнінде мағлұмат берсеңіз. – ЖЭС əрқайсысы 2,05 МВт қуаттағы 22 турбинадан тұрады. Өткен жылы Елбасы қатысқан тікелей телекөпір байланысында «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС жобасының менеджері Əлижан Құрманов мынадай деректер келтірді. Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық

құрал-жабдықтардың негізінде кəсіпорынның мамандарымен жасалған түйіршіктеу барабандарында сирек кездесетін мүсəтір сілтісін түйіршіктеу технологиясы пайдаланылады. Төл өнімдерімен əлемдік нарықта лайықты бəсекелес бола алатын зауыт өнімдерін Румыния, Латвия, Венгрия, Молдавия, Литва, Эстония, Болгария, Польша, Украина, Ресей, Түрікменстан, Əзербайжан мен Қырғызстан нарықтарына шығарып келеді, деректерге сүйенсек, соңғы үш айда 50 тоннадан астам өнім шет мемлекеттерге шығарылған. Қайта жаңғырту мен құрылымдаудан өткен зауыттың еңбек

бағдарламасына енгізілген жобаның жалпы құны, тиісті өзгертулерді қосып есептегенде 18 миллиард теңгеден асып түседі. Техникалық экономикалық негіздемелерге сай, кемінде 20 жыл жұмыс істейтін стансада бұл қаржы сегіз жылда толық өтеледі. Дайындық жəне құрылысмонтаж жұмыстарының бір бөлігі бұрнағы жылы аяқталған. Атап айтқанда, құрылыс алаңдарына мұнаралардың 12 кешені жəне қалақшалардың толық құрамы жеткізіліп, сегіз жел қондырғысы орнатылды. Мұнымен бір мезетте Ерейментау подстансасынан құрылыс орнына дейінгі 4 шақырымға 10 кВт қуаттағы жəне KEGOC-тен 220 кВт қуаттағы 8 шақырымдық электр желісі тартылды. Сондай-ақ, 20 шақырымдық жол құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына 162 адам мен 30 бірлік техника қатыстырылуда. Бүгінгі күні желқуат қондырғыларының 22 алаңы дайындалып, 19 жел электр қондырғылары құрастырылып отыр. Маңызды нысан 63000 кВА қуаттағы трансформатормен, басқа да көмекші жабдықтармен қамтамасыз етілді. Өткен жылы 13 ЖЭҚ іске қосылса, қалған тоғыз қондырғы биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қорыта айтқанда, 2015 жылдың шілде айында Ерейментау ЖЭС ортақ желіге алғашқы «жасыл» киловаттарын бере бастайды. – Ереке, «Бірінші жел электр стансасы» ЖШС – ауданда мемлекеттік үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырған бірінші жоба. Сіздерде дəл осындай тағы бір егіз жоба бар ғой. «Самал» ЖЭСін айтып отырмын. – Иə, 2012 жылдың екінші тоқсанында «Шеврон Мұнайгаз Инк.» корпорациясы «Самал» жел электр стансасы құрылысының

өнімділігі 50 пайызға артып, яғни 250 мың тонна мүсəтір, 450 мың тонна азотты тыңайтқыш өндірілген. Құны 5 610 млн. теңге құрайтын жоба толық қуатына енгенде мүсəтір өндіру көлемін жылына 200 мың тоннаға, əлсіз азот қышқылын жылына 270 мың тоннаға, мүсəтір селитрасын осы мерзімде 330 мың тоннаға жеткізу межеленіп отыр. Кəсіпорын əзірге жобалық қуатына толыққанды шыға алған жоқ, себебі, əлі де бірқатар жабдықтарды жаңартуды қажет ететіндігімен байланысты. Құрлықта «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа теміржол желісінің ашылуы, теңізде тасымал қарқынын арттыруға арналған шаралар өңірдегі əр салалы кəсіпорындардың да өрісін кеңейте түседі. «ҚазАзот» ЖШС де бұл мүмкіндіктен тысқары қалып жатқан жоқ, экспортқа шығаратын өнім

жобасын ұсынды. Мақсат – станса құрылысын жобалау жəне пайдалануға беру. Бұл Қазақстандағы шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылып отырған ең ірі жоба саналады. Басты идея экономиканы əртараптандыру, жоғары технологиялық өндірістер, жаңғырмалы жəне экологиялық тұрғыда таза электр қуаты салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құруды қолдауға бағытталған. «Самалдың» жобалық қуаты 50 мВт-ға лайықталған. Мұнда 54945 миллион теңге инвестиция игеріледі деп отырмыз. Қажетті жабдықтар əлемнің озық компанияларынан жеткізілген. Қазір нысан құрылысында жүзден астам адам жұмыс істеп жүр. «Самал» жоспар бойынша 2017 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі. – Ауқымды жобаның жемісі алымды кадрлардың қолында. Бұл орайда қандай мəселелер қолға алынып жатыр? – Аталған екі жоба шетелдік технология мен жабдықтар күшімен іске асырылуда. Бас мердігер «BI ENERGI PLUS» ЖШС мен қосалқы мердігер «Квинтек» ЖШС жұмысқа екі жүз елуден астам адамды жұмылдырды. Нысандар пайдалануға берілген сəтте білікті электриктерге, операторларға сұраныс өседі. Сондықтан, германиялық мамандар жергілікті тұрғындарды оқытып, үйрету үстінде. Өз тарапымыздан да белгілі тұрғыда қам-қарекеттер жасалуда. Кешенді түрде жүргізіліп отырған дайындық шаралары кадр мəселесіндегі сұрақтардың оңтайлы шешілетіндігіне негіз қалайды. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Ерейментау ауданы.

көлемін арттыруының бір себебі де осы. Алдағы уақытта Түрікменстанмен арада Үндістан, Біріккен Араб Əмірліктері, Парсы шығанағына жету жолдары қарастырылып, келіссөздер жүріп жатыр. ...Күнделікті өмір ырғағымен жұмыс уақыты басталған соң, «ҚазАзотты» бетке алған мыңға тарта жұмысшы зауыт аумағына еніп, өз жұмыс орындарына, арнайы цехтарға тарай бастады. Көп ұзамай құрал-жабдықтарын іске қосып, кезекті өнім дайындаудың қамына кірісті. Алда үлкен жоспар-жобалар, міндеттер тұр. Сыртқы нарықта бəсекеге берік болу, өнім сапасы мен еңбек өнімділігін арттыру, қажетті орындарды өніммен қамтамасыз ету – кəсіпорындағы мақсат осы. Маңғыстау облысы. ––––––––––––––

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН.

ФАНЕР (Соңы. Басы 1-бетте).

Өндіріске қажетті шикізат Ресей Федерациясының Барнаул, Новосібір, Краснояр жəне Кемеров өңірлерінен бөре не күйінде жеткізіледі. За уыт басшысының айтуынша, бүгінге дейін шикізат тапшылығы туындаған жоқ. Кəсіпорында көбінесе қайың өңделеді. Ал қайың көрші елде жеткілікті. Оның үстіне Ресейдің қайыңдары діңді, жуан болып келеді. Сонымен бірге, қарағай, майқарағай, самырсын ағаштары да өңделеді. Семей қаласының əкімі Айбек Кəрімов Ресейде 12 мемлекеттік орман шаруашылығы бар екенін айтады. Шаһар басшысы кəсіпкерлерге Шығыс Қазақстан облысындағы орман шаруашылықтарымен де бірге жұмыс істеп, санитарлық кесуге арналған ағаштарды алу керектігін жеткізді. Зауыттың ағашты кептіруге арналған жабық алаңы бар. Онда қайың ағашы суға салу технологиясы арқылы тез тарқатылып, шпон алынады. Сосын жоғары градустағы кабиналарда жылдам кептіріледі. Кептіру өндірісі сағатына 15 текше метр ағаш шикізатын кептіре алады. Цехқа жеткізілген соң, станокқа қойылған қайыңды 1,2 мм жұқалығында айналдырып, кесіп шығады. Кесілген өнімді тығыздау қондырғысына əкеліп, пішінін келтірген соң желім мен қабатты араластырып, қатты салмақпен қысады. Осылайша, фанер дайын болады. Зауытта фанерден бөлек ламинатталған тақтайлар шығарылады. Бұл құрылыста құйылатын іргетастың қалыбын дайындауға қолданылады екен. Инновациялық шешім ретінде фанер өнімдерін дайындаудың қалдықсыз өндірісі енгізілгенін айтуға болады. Яғни, ағаш жаңқалары мен қиындыларынан ОСБ тақтайлары (қатты тығыздалған плита) жасалады. Аталған өнім үйлерді қаптауға жəне жылылауға кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде ағашты тығыздап, жабыстыруға қажетті желім зауыт тың өзінде жасалады екен. Осыған дейін желімді Ресейдің Том қаласынан алып келген кəсіпорын қызметкерлері оның жабысқақтығы солғындау, кебу уақыты көп болғандығын айтты. Сондықтан, формальдегид,

натрий хлориді, сілте қышқылы сынды химиялық заттардан өздері желім шығара бастаған. Оның сапасы мен беріктігі де көңілге қонымды. Айына 5 мың текше метр фанер өндіретін зауытта осыған дейін 26 адам жұмыспен қамтылса, биыл жаңа цехтың монтаждау жұмыстары аяқталып, толығымен іске қосылғанда 200 адамға жұмыс табылады деп күтілуде. Жұмысшылардың еңбекақылары 60-70 мың теңгені құрайды. Кəсіпорын жетекшісі алдағы уақытта еңбекақы көлемін көтеруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Семей қаласы кəсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нөгеровтің айтуынша, ағаш өңдеу зауытының өндірістік толық қуатына көшуіне жеті ай уа қыт қажет. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 61 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 260 млн. теңге көлемінде кəсіпкердің жеке қаражаты жұмсалса, қалған қаражат екінші деңгейлі банктердің несиелік қаржысы есебінен алынды. Зауыт биыл үдемелі индус трия лықинновациялық даму бағ дарламасына қосылды. Жалпы, өткен жылдың 10 айында зауытта 700 млн. теңгенің өнімі өндірілген. – Семей ағаш өңдеу зауытының өнімін өткізуде ешқандай мəселе туындаған жоқ. Осы зауытпен əріптес болып отырған компанияның кеңсесі Алматыда орналасқан. Ол компанияның Қазақстан бойынша 15 филиалы жəне Ауғанстан, Иран елдерінде шетелдік əріптестері бар екен. Жалпы, елімізде ағаш өңдеу саласында бəсекелес аса көп емес. Ал көрші Ресейге келсек, жуырда Краснояр фанер зауыты жабылды. Сондықтан біздің өнімдерімізге сұраныс үлкен болады. Бизнес саласындағы келісімдер бойынша таяуда құрылыс жəне жиһаз өндірісіне арналған өнімдерді Португалия, Испания, Бельгия сынды еуропалық елдерге шығармақ, – деді қалалық кəсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Нөгеров. Ғ.Қалиев алдағы уақытта зауыттың өндірістік алаңын кеңейту көзделіп отырғанын, теміржолдың жанынан өнімдерді сақтайтын қойма ғимаратының құрылысы жүргізілетінін жеткізді. СЕМЕЙ.


5

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

 Қазақ хандығы – 550 Австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн (1486-1566) Қасым билеген Қазақ хандығы туралы жазып, оның тұрғындарын «қазақ татарлар» («Cosatski») деп таниды. 1518 жылдың маусым айынан 1519 жылдың қаңтар айына дейін Мəскеуде елшілік сапармен болған италиялық Франческо Да-Колло мен Антони Де-Конти өз еліне қазақ жерлері жөнінде мəліметтер алып қайтты. Иранға, Қытайға жəне басқа да шығыс елдеріне сауда-саттық жəне дипломатиялық жұмыстарымен барып қайтқан неміс ғалымы жəне жазушысы Адам Олеарийдің (1635 ж.), голландиялық Ян Стрейстің (ХVII ғасырдың екінші жартысы), француз үкіметінің дипломатиялық агенті Де-ла-Невилльдің (1689 ж.), француз көпесі Жан Батист Таверньенің (ХVII ғасырдың 30-жылдары), швед елшілігінің хатшысы Энгельберт Кемпфердің (1683 ж.), голланд суретшісі Корнелий де Бруиннің жолжазбаларында қазақтар жəне олардың қоныстары туралы сан алуан тарихи жəне этнографиялық материалдар топтастырылған. Əсіресе, 1664-1665 жылдары голланд елшілігі құрамында Мəскеуге келіп, оның шығыстағы аймақтары жөнінде материалдар жинастырған географ Н.К. Витсеннің 1692 жылы Амстердамда жарық көрген «Солтүстік жəне Шығыс Татария туралы» деген еңбегін ерекше атау керек. Кітапта Есім ханның, Тəуке ханның, Тұрсын мен Болат сұлтандардың, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Икан, Сауран, Отырар секілді қалалардың аттары аталады. Түркістан қаласында ұзындығы жиырма бес сажын ғимарат бар, ол «Астана» деп аталады; Астананың ішінде жүзден астам баспана орналасқан; олардың біреуінде адам бойындай қазан тұр; Астанада Əзірет-қожа деген қасиетті адамның бейіті бар деп жазады автор (Оқырман не туралы, кім туралы айтылып отырғанын білетін шығар). Голландиялық жазушының мəліметтері бойынша Қазақ хандығы Тəуке хан тұсында бір орталыққа бағынған, саяси жағынан нығайған мемлекет болған, хандықтың тек Сыр бойындағы қалаларының саны отыз екіге жуықтаған. Қазақтар туралы сыңаржақ пікірлер таратушыларға швед авторы Иоганн Табберт фон Страленбергтің 1738 жылы Лондонда жарық көрген «Еуропа мен Азияның солтүстік жəне шығыс бөліктерінің тарихи-географиялық сипаттамасы» атты кітабын парақтап шықса, біраз пайдасы тиер еді. Ф. Страленберг Қазақ хандығын Қазақ Ордасы («Kosachi Hordaе») деп атап, қазақтардың көне мəдениеті бар халық екендігіне деректер келтіреді. Олардың ішінен автор «жұмбақ жазуларды» (Орхон-Енисей жазуларын), Солтүстік жəне Оңтүстік Қазақстандағы ескерткіштерді, əсіресе, Ұлытау шыңдарының біріндегі петроглифтерді, Ертіс пен Есіл өзендері жазығындағы көне мазарлар мен қорғандарды атайды. Қазақ мемлекеттілігін зерттеуде бұрмалаушылықтарға ұшырап келе жатқан тақырыптардың бірі – қазақ дəстүрлі қоғамының саяси жүйесі. Қазақ қоғамында билік жүргізу бірнеше деңгейде жүзеге асырылды. Көшпелілердің синкреттік дүниетанымына орай орныққан биліктік жүйе мемлекеттік атрибуттардың бəрін қамтыды. Ең жоғары билік жүргізу құқы Шыңғыс хан ұрпақтарының əлеуметтік-корпоративтік тобынан сайланатын ханға тиесілі болды. Хандық биліктің негізгі функцияларына экономикадан тыс қайшылықтарды реттеу, рутайпалар арасындағы келіспеушіліктерді шешу, əскери-саяси жəне сот қызметтері жатты. Қазақтарда хан билігінің басты функциясы – халықты сыртқы шапқыншылықтардан қорғау, ел мен жердің тұтастығын сақтау болды. Қазақ қоғамындағы аға хан институтына қазақ жүздері арасындағы бірлікті нығайту, тұтас қазақ жұртына қатысты мəселелерді реттеп отыру міндеті жүктелді. Қайсыбір деректерде Қазақ хандығының Тəуке ханнан кейінгі билеушісі Қайып Мұхамбет болған (Казахско-русские отношения. Вып. 1. Док. 15. С. 18). 1718 жылдың көктемінде Əбілқайыр ханның «Қайып ханның тапсырмасымен соғысуға дайын екендігі» (Памятник Сибирской истории ХVIII века. Т. ІІ. С. 160) жөніндегі мəлімдемесі де Қайып тың бас хан болғандығын растайды. Кейін бұл дəрежеге Əбілқайыр, Абылай қол жет кізеді. Хан билігінің дискреттік сипатта бол ған дығы, Қазақстанның саяси жүйесіндегі түрлі билік субъектілерінің арасында қатаң верти каль д ы тəуелділіктің орын алмағандығы жөніндегі пайымдаулар орталық биліктің əлсіздігі секілді, қысқаша айтқанда, Қазақ хандығының мемлекеттілік болмысының пісіп-жетілмегендігі туралы идеяға қосымша қолдау табу ниетінен, қазақ мемлекеттілігінің өзіндік ерекшеліктерін ескермеуден, мəселені отырықшы-егіншілікті мемлекеттерге тəн биліктік жүйе негізінде қарастырудан туындайды. Қоғамдық санада хан билігі мемлекеттіліктің, қоғамды ұйымдастыру ісіндегі тарихи сабақтастықтың символы, қауіпсіздік пен игіліктің нышаны ретінде қабылданды. Бұл – сонау Түрік қағанаты заманынан бері келе жатқан хан мен халық тұтастығының бір көрінісі болатын. Хан бірден-бір билік иесі болған емес. Жоғарғы сюзерен ретіндегі оған хандықта билік жүргізуді қарауындағы ұлыстар мен тайпалық бірлестіктерді билейтін сұлтандармен жəне билермен бөлісуге тура келді. Жалпы мемлекеттік сипаттағы мəселелерді шешу үшін құрылтай (халық жиналысы) шақырылды. Тарихта Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасы құрылтайы белгілі. Орыс дереккөздерінде құрылтай «съезд» деп аталды. ХІХ ғасырдың орта кезінде қазақтар өмірімен танысқан бір орыс көпесі: «Көне заманнан қырғыздарда орыс бодандығына өтуіне дейін көп адамдар қатынасқан съездер болды» деп жазды (Записки саратовского купца Я.П. Жаркова о киргизах. 1852 г. / Путевые дневники российских чиновников и исследователей о казахской степи ХVIII – середины ХІХ века. Сб.док. и материалов / Сост. И.В. Ерофеева и др. Астана, 2012. С. 599). Құрылтайда хан сайлау, жау шапқыншылығына қарсы күрес, шет елмен бітімге келу, т.б. бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты мəселелер талқыланды. М.Х. Дулати «Тарих-и Рашидиде» Күлтөбені Моғолстанның əйгілі аймағы деп жазады. Күлтөбе басында ел бірлігі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қиын-қыстау кезеңдерде халық жиналысы бірнеше рет өткізілгенге ұқсайды. Бірақ онда қабылданған шешімді ханның бұлжытпастан орындау қажеттілігі қағидатты ешбір өзгеріске ұшырамады. (Жалғасы. Басы 11-13-нөмірлерде).

Хандық билік жəне оның статусы мен функциялары, сұлтандар жəне билермен қарым-қатынасы, хандық биліктің пəрменділігі мен беріктігі секілді мəселелер шығыс авторларының шығармаларында кеңінен зерттелді. Дəстүрлі қазақ қоғамының ең ықпалды саяси күшін, ханнан кейін, сұлтандар немесе төрелер құрады. Шыңғыс хан əулетінен тарағандардың барлығы сұлтандар аталып, олар, Шыңғыс ханның қай бұтағына жатса да, хан тағынан үміткер болды. Қазақтар далалық мемлекеттілік дəстүрлерді сақтай отырып, сұлтандардың жеке ұлыстарды басқару құқын да қабылдады. Олардың саяси құқықтарына жалпы мемлекеттік басқаруға, жергілікті (яғни, ұлысты) басқаруға қатысу жатты. Ұлысты басқару сұлтандарға оның халқының үстінен əскери-саяси билік жүргізуге мүмкіндік тудырды. Ұлыстық сұлтандарға соғыс кезінде жасақ құрып, оған қолбасылық ету құқы берілді. Марта Олкотт: «Қазақтарда екі сатылы əкімшілік құрылым болды: хандар мен сұлтандар аристократиясы рулық қағидатқа негізделген əкімшілік жүйесінен биік тұрды», – деп жазады. Алайда, америкалық профессордың пікірі үстіртіндеу секілді. Ол қазақ қоғамындағы билер институтының орны мен рөлін жеткілікті түсінбеушіліктен туындайды. Дəстүрлі қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің маңызды буыны – би халық түсінігінде: сот, төреші; батагөй, шешен; бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылды. Би, «Жеті Жарғы» бойынша, өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот жəне əкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тəртіп пен тыныштықтың бұзылмауына жауапты болды. Осылайша, билер билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тірегіне айналып, сұлтандармен тең құқылы дəрежеде мемлекеттік мəселелерді талқылауға қатысты. Қазақтарда билер, атқаратын жұмысына, лауазымына, беделіне, адами қасиеттеріне орай, ата би, төбе би, қатар би, жеке би, төтен би, бала би болып бөлінген.

болды. Ол жылдың бір мезгілінде, əдетте ел жайлауға көшіп болған соң (ал кейбір авторлар күз айларының бірінде дейді) өткізілген, оған хан, сұлтандар, үш жүздің елге сыйлы, «қара қылды қақ жаратын» əділдігімен танылған билері, батырлар мен қожалар қатысқан. Билер кеңесінде мемлекеттік маңызы бар мəселелер талқыланып, тиісті шешімдер алынған. Билер шешімдерін ешкім бұза алмаған, хан да, қара да оны орындауға міндетті болған. Тəуке хан қалыптастырған осы демократиялық-құқықтық қағиданы кейінгі қазақ хандары қатаң ұстанған. Ал билер кеңесінің Ресеймен тек бейбіт келісімге келу жөніндегі ұйғарымын бұзып, өз дегенімен Ресей бодандығын (мейлі, тіпті, протекторат-ақ болсын) қабылдау жөніндегі Əбілқайыр ханның қадамы халық тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Қазақтардың Əбілқайырдан сырт айналғаны соншалық, 1736 жылы оның ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль: «Хан өз қол астындағылармен аса бір үлкен сақтықпен

басқа елдердің көмегі түбінде опа бермейтіні, оның орнына əскери дайындықтан өткен тұрақты жасақ ұстап, оған керекті қаражатты төрелер мен ауқатты адамдардан жинауды ұсынады. Ұсынысты Төле би мен Қазыбек би де қолдайды (Билер институты жөнінде: Оразбаева А. Дəстүрлі қазақ қоғамына тəн билер институты. Алматы, 2004). Мұның өзі қазақ мемлекеттілігінің түбірлі саяси-əкімшілік реформалардың алдында тұрғанын, оның өзгеріске, прогрессивті дамуға қабілеттілігін көрсетеді. «Қырғыз – қайсақтардың саяси жəне əлеуметтік қатынастарын» зерттеген неміс ғалымы Франц Шварц: «Қырғыз-қайсақтарда, дворяндармен қатар, жай халықтан шықса да, құрмет тұту жағынан атақты ақсүйектерден жоғары тұрған адамдар бар. Олар – жорықтар кезінде ерлігімен жəне айлатəсілмен ерекше көзге түскендер, яғни батырлар», – дейді (Шварц Ф. Туркестан – ветка индогерманских народов / Немецкие исследователи в Казахстане. Ч.І. Пер.с нем. Алматы, 2006. С. 180).

ЕЛДІК БЕЛЕСТЕРІ Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Билер институты мемлекеттің саяси жəне əлеуметтік құрылымын тек қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мəдени салт-дəстүр негізінде де ұштастыра əрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуді көздеген бірден-бір құрылым болды. Оның үстіне ол мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз астаса отырып, халық пен билеуші топтардың белгілі бір əлеуметтік-саяси құндылықтар төңірегінде топтасуына ықпал етті (Оразбаева А. Қазақ хандығындағы билер институтының генезисі мен тарихи эволюциясы / Саясат. 1997. 107-б.). Билер институты көшпелілер қоғамында бұрыннан да белгілі болды. Қазақ қоғамында ежелгі құқықтық реттеу формаларының бірі ретінде билер соты жұмыс істеді. Оны көне замандардағы хандық басқару жүйесінің тайпа көсемдеріне сүйену арқылы мемлекет ішіндегі тəртіп пен реттілікті нығайтуға бағытталған ұмтылысы нəтижесінде өмірге келген далалық демократияның классикалық үлгісі деуге болады. Қазақ қоғамында сот төрелігі мемлекеттік басқару иерархиясындағы жоғарғы буын-хандық билікпен теңдес, кейде одан биік деңгейде тұрды. Билер соты жергілікті мəндегі дау-дамайды, қылмыстық жəне азаматтық істерді қараған. Билер сотының шешімдеріне көңілі толмаған, əділдігіне сенбеген дауласушы тарап өзге билерге немесе төбе би төрелігіне жүгінуге құқылы болған. Ал төбе би дəстүрлі қазақ қоғамында арбитр қызметін атқарған (Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет. А., 1997; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 2-том. А., 1999). Дəстүрлі қазақ қоғамында Еуропа елдерінің парламентімен деңгейлес институт – билер кеңесі

араласуға мəжбүр, сондықтан жеке басына көрсетіп отырған олардың тұрпайылығын айтып, менің сөге жамандауымды сұрады» деп жазады өз «Күнделігінде» (Джон Кэстль. 1736 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайырға барып қайтқан сапар туралы. Алматы, 1996. 22-23-б.). Билер кеңесінің шешімдері хан беделінен жоғары қойылғанымен, орталықтандырылған билік пен басқару ісіне қайшы келмеді (С. Өзбекұлы). Сонау ғұндар заманы, Түрік қағанаты кезеңдерінен бері келе жатқан мемлекеттік атрибуттар мен басқару институттары Қазақ хандығында сол күйінде, өзгерместен қабылданды деу қателік болар еді. Қазақ қоғамы мемлекеттілік дəстүр сабақтастығын жалғастыра отырып, оны өзінің өмір сүру жағдайына орай дамытты. Əсіресе, ХVIII ғасырда сыртқы күштердің ел егемендігіне байланысты жəне қоғам өмірінде отырықшылықты – егіншілікті өңірлер рөлінің артуын ескере отырып, аға ханды салтанатты түрде сайлау тəртібі жəне оған өзгеріс енгізу нормалары қабылданады. Оны Абылайды сайлауға үш жүздің хандары, сұлтандары, билері жəне басқа да ықпалды адамдарымен бірге, тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан қалаларының өкілдері қатысуынан көреміз. Абылай (1771-1780) отырықшы халықтарға қоса, көшпелілерден де салық жинай бастайды. Мемлекеттілік билікті күшейту шаралары қолға алынады. Абылай төлеңгіттерден тікелей өзіне ғана бағынатын жеке гвардия құрады. Хан өкілеттілігі кеңейтіледі. Төрелер өкілеттігін шектеу мəселесі де алға қойылды. Төле би ханға, қандай қиыншылық болса да, оны көтеретін төрелер емес, халық екендігін айтып, «Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш; Ел шетіне жау келсе, батырлар мен биге күш», – дейді. Əйтеке бидің 1698-1699 жылдары Түркістанда өткен жиында Ресейдің, Қытайдың, не

Отандық тарихнамада батырлар институты, оның дəстүрлі қазақ қоғамындағы орны, батырлардың əлеуметтік категория ретінде қалыптасуы біршама зерттелген. Батырлардың дəстүрлі функциясы – елді сыртқы шапқыншылықтан қорғау. Америкалық дипломат Ю.Скайлер: «Ерен ерлікті, елдік пен тəуелсіздікті жоғары ұстаған қырғыздар қай кезеңде де, Сырым, Арынғазы немесе Кенесары сияқты дала төсінде атқа қонған батырлар туы астында жиналуға дайын тұратын», – деп жазды (SchuyІer E. Turkistan. Notes of a journey in Russian Turkistan, Khokand, Buchara and KuІdja. VoІ. I. Іondon, 1876. P. 34). Батыс авторлары Қазақ хандығындағы билік бөлінісінің дəстүрлі қазақ қоғамының өмір сүру жəне даму ерекшеліктеріне байланысты екендігін, қайта қоғамды тұрақтандыруға, нығайтуға бағытталғандығын ескере бермейді. Себебі, сан ғасырлар тарихы бар көшпелілік, өзіндік өркениет ретінде, абсолюттік жүйені, ешқандай шектеу қойылмаған билікке ұмтылушылық үрдісін қабылдамады. Хан мен халық арасындағы билік тепе-теңдігінің сақталуы көшпелі қоғамның дамуына қолайлы жағдайлар тудырды. Қазақ мемлекеттілігі функцияларының жүзеге асырылуы негізінен əдеттік ғұрыптар басым түрлі құқықтық нормалар жүйесімен реттеліп отырылды. Түркі халықтарының сан ғасырлық құқықтық нормалар жүйесі Тəуке ханның 1680-жылдары Күлтөбеде хан кеңесін шақырып, жеті би атсалысып құрастырған қазақтардың «Жеті Жарғы» атты ата заңында жүйеленді. А.И.Левшин: «Билердің ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы əдеттік-құқық жүйелері «Жеті Жарғы» заңында жинастырылды», – деп жазады. Қазақ құқығы өз бастауын ХІІІ ғасырда өмір сүрген үйсін Майқы биден алады. «Жеті Жарғы» ережелер жинағында бұрыннан басшылыққа алынып келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолындағы», Хақназардың «Ақ жолындағы» «Есім ханның ескі жолындағы» жосықтар ғана емес, «Ұлы Жасақтың» да кейбір баптары пайдаланылады. Бірақ соңғылары қазақ халқының тұрмыс-салтына, əлеуметтік-экономикалық жағдайына орай бейімделіп алынды. «Жеті Жарғы», Моңғол империясы немесе Алтын Ордадағы секілді, жоғарыдан түсірілген құқық емес, құқықтық əдет-ғұрыпты жаңа саяси жағдайға бейімдеудің нəтижесі болды. Мұны неміс ғалымы Г. Дёрфердің көшпелілердегі моңғолдық жəне түркілік элементтерді зерттеуге арналған еңбегінен айқын көруге болады (Doerfer G. Türkische and mongoІischen elements im neufersischen. Bd. I. Wiesbaden, 1963. S. 264-265). Ғұлама ғалым С. Зимановтың сөзімен айтқанда, қазақ құқығының ерекшелігі – оның көшпелі мəдениет шеңберінде туып, сол дəуірдің ең құнды сипатын иеленуінде. «Жеті Жарғыда» əдеттік құқықтың басымдылы ғы қазақ халқының басын біріктіріп, Қазақ хандығының нығаюына жұмыс істеді. Ə.Бөкейхановтың: «Көшпелі жəне отырықшы өмір сүрген қарғатамырлы қазақтарды «əдет заңы» ортақ тəртіпке шақырды, өз таңбасы, өз ұрандары бар тайпаларды «алаш» ұраны ел басына күн туғанда бір тудың астына біріктірді» деген сөзінде осы тарихи шындық жатыр (Туземец [Ə. Бөкейханов]. Женщина по киргизской былине Кобланды / Туркестанские ведомости. 1899. №35. С. 208-209). «Жеті Жарғы» – Тəуке хан тұсында қоғам өмірінің сан-саласын қамтыған, Қазақ хандығының, ел-жұртының тұтастығы мен бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық құжат болды. Қазақ хандығының этностық негізінің нығаюын да ислам діні маңызды рөл атқарды.

Сыртқы күштерге қарсы күресте діни идеология халықты жұмылдырушы, интеграциялық процесті жеделдетуші күш болды. Қазақ хандарының бір дінге сенуі жəне бəрі бірдей ислам дінінің сопылық бағытын ұстанып, далалық исламның негізін қалауы қоғам мен мемлекетке ерекше ықпалын тигізді, рухани жікшілдікке тосқауыл қойды. Парсы ғалымы Меһди Санаи Қожа Ахмет Ясауидің қазақ халқының қалыптасуындағы рөлін жоғары бағалап, ол «Қазақстан үшін ұлттық жəне исламдық жағынан өзін-өзі тану құралы əрі халық мақтанышы болды» деп көрсетеді (Mehди Caнaи. Иассауи тариқаты – Қазақ əдебиеті. 1998. 17 шілде). Ислам діні, Қазақ хандығының мемлекеттік діні ретінде, ішкі жəне сыртқы саясатының доктринасына айналды. Қазақтардың бүкіл қоғамдық-саяси жəне мəдени өмірі Шариаттың басымдық рөлімен сипатталды. Қазақ заңдарының құқықтық дереккөздерінің бірін ислам діні құрай бастайды. Қорыта айтқанда, Қазақ хандығы исламдық мемлекет ретінде қалыптасады. Шариаттың мемлекет өмірінде берік орын алуымен халықтың əдет-ғұрпында, мəдени дамуында соны өзгерістер, елеулі алға басушылық орын алады (Нуртазина Н. Ислам и эволюция государственности в Казахстане / Отан тарихы. 2006. № 1.). Қазақ хандығының экономикасын тек көшпелі мал шаруашылығымен ғана сипаттап, осыдан барып «қазақтарда мемлекет болмады» деу ешқандай тарихи құжаттармен расталмайды. Еуразия кеңістігінің тұрғындары, олардың ішінде Қазақ хандығы халқын құрағандар ежелден, мал шаруашылығына қоса, егіншілікпен шұғылданып, кен қорытқан, қолөнер кəсібімен айналысқан. Мұны Еділдің төменгі жағы мен Жайық бойында, Сырдария, Талас, Жетісу өңірінде, Орталық Қазақстанда, Алтай тауының қойнауларында жиі кездесетін тарихи ескерткіштер айқын дəлелдейді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен генезисінде отырықшылық мəдениет пен ежелгі жəне орта ғасырлар кезіндегі қалалардың рөлі ерекше болды. Осы орайда А.И.Левшиннің мына сөздері ойға оралады: «Один бухарец, часто посещавший Оренбург и слывший человеком ученым, рассказывал нам, будто бы в древние времена берега Сыра и Аральского моря были столь населены, «что кошка могла прийти из Туркестана в Хиву, перебегая с одной крыши на другую» (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996. С. 111). Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген мемлекеттердегі көшпелілік жəне отырықшылық симбиозы əсіресе, қарахандар тұсында айрықша көрінді (Қараңыз: Прицак О. Караханиды / Ислам. ХХХІ. 1951. С. 21-23; Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А.꞊А., 1986; Пищулина К.А. Присырдарьинские города и их значение в истории Казахских ханств в ХV-ХVII вв. / Казахстан в ХV-ХVIII веках. А.-А., 1969). Х ғасырдағы ғалым-географ əл-Макдиси өзінің «Китаб əл-бəд ва-тарих» («Дүниенің басталуы мен тарихы жөніндегі кітап») атты энциклопедиялық шығармасында қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан ондаған қала тізімін келтіреді. Олар қолөнер өндірісі мен зат айырбасына, сауданың дамуына байланысты пайда болып қалыптасады. Созақ, Сығанақ, Отырар, Түркістан, Сауран, Қойлық, Талғар (Тальхиз), Тараз, Аркук жəне т.б. ортағасырлық қалалардың ірі сауда, қолөнер жəне саяси, мəдени орталықтар болғандығы шығыс дереккөздерінде айтылып, археологиялық жəдігерлермен нақтыланып отыр. Бір ғана Алтын Ордада 110 қала болғандығы, оның 21-інде ақша соғылғандығы анықталды. Бұлардың саны жыл санап артып келеді. 2001 жылы Орал қаласының түбінен, Шағанның Жайыққа құяр сағасындағы қырқасының мүйісінен ХІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІV ғасыр кезеңінде өмір сүрген қаланың орны табылды. Отырықшы өңірлерді, қала тұрғындарын былай қойғанда, көшпелілердің өздері де кейбір дəнді дақылдар өсірумен шұғылданған. Батыс дипломаты Иософат Барбаро Дешті-Қыпшақ тұрғындарының егін шаруашылығымен айналысатынын өз көзімен көреді (Барбаро и Контарини о России. К истории итало-русских связей в ХV в. Ленинград, 1971). Сырдария өңірі дамыған егіншілік пен сауданың, қолөнер мен мəдениет орталығы болды. Сырдария бойындағы қалалардың əлеуметтік-экономикалық жəне саяси маңызы, Қазақ хандығының тарихындағы рөлі В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, А.Х.Марғұлан, К.А.Пищулина тарапынан жан-жақты зерттелді. Тобылдық боярин С.Салтыковпен бірге Тəуке ханға барып қайтқан орыс елшісі В.Кобяков Сібір приказына былай деп хабарлайды: «А города у них, Тевкехана, все сделаны из сырого кирпича... А всего их, воинских людей, будет с 20 000 человек, которые кочуют по Сыру реке... А хлеб у Тевкихана родитца многое число, пшеница и ячмень и проса...» (Расспросные речи в Сибирском приказе казака Василия Кобякова о пребывании его в Туркестане / Дополнения к актам историческим. Т. Х. 1867. Док. № 80, ХІV. С. 389-390). ХVI-ХVІІ ғасырларда Ясы (Түркістан) қаласы үлкен егіншілікті аумақтың орталығына айналады. Ибн Рузбихан Ясыны «Түркістан билеушілерінің астанасы» деп атайды. Бұл өңір дəнді дақылдармен жəне басқа да азық-түлікпен өз халқын ғана емес, басқаларды да қамтамасыз етеді. Түркістанда Дешті Қыпшақтың, Мəуреннахр жəне Қытайдан келетін сауда жолдары тоғысады. Шығыс дереккөздерінде Ясы қаласының төңірегінде орналасқан Икан, Карнак, Карачук жəне т.б. елді мекендер аталады. Қазақ хандығының түпкілікті астанасы болуынан бастап Түркістан Сырдария өңірінің саяси, мəдени ғана емес, мұсылмандық орталығына айналды. Отырықшылық Жетісу өңірінің біраз аумағын қамтиды. Қазақтардың мұнда моғол хандығының тұсында тұрақты жайлау, қыстаулары болған. Қазақ қыстаулары бүкіл Сырдария өзенінің бойын алып жатады (Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани. Михман наме йи Бухара (Записки Бухарского гостя. Перевод, предисловие и примечание Р.П. Джалиловой, М. 1976. С. 94, 31). Қазақтардың көшпеліліктен гөрі, жартылай отырықшы болғандығын Қасым ханның (ХVI ғ.) моғол ханы Сеид ханға айтқан мына сөздеріненақ байқауға болады: «Қыс болса жақындап келеді, біз, дала өңірінің тұрғындары, бұл кезде қыстау мəселесінің қамын ойластыруымыз керек» (Материалы по истории казахских ханств ХV-ХVІІІ веков. А.-А., 1969. С. 227). (Жалғасы бар).


6

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

 Тағзым

«Жыл ґтті їлкен жїрек тоќтаєалы, Оны біз кґп іздейміз жоќтап əлі...» Алапат жарылыс поэзиясы Дидар АМАНТАЙ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Күн байыды. Елең-алаң, алагеуім мезгілде атқан таң нұры, көк жүзіне шаншыла көтеріліп келе жатып, тас төбеден құлады. Түс ауып, бесінге таяды. Жоғарыдан төгіліп, төменді аялаған, өлкелерді, асуларды, белдерді жылы шуағына бөлеген айрықша қуат сарқылып бара жатып қырқаларға ілінді, қарт адамдай құба жондарға, қара жолдарға еңкейді. Кешқұрым шұғыла ұзарып, жүріп өткен жолында толған, салтанаты асып, сəулеті жайнаған алтын табақ біртіндеп ақырын құлақтанды, қызыл күрең түске бөленді, оттың табы, ыстықтың лебі азайды – ғаламзатқа жарық құйып тұрған, жайлап өсіп келе жатқан ғарыштың алып нүктесі қызуынан айырылды. Төңірек қарайып, түнек көз байлады. Ақшам жамырады, сонсоң, апақ-сапақ шақта, тосын суық хабар жетті. Қызыл іңірде, ел аман, жұрт тынышта, заңғар биіктің көктегі шапағынан көз жасындай тамған, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар куə, Тəңір шапағаты, Жасаған Ие шарапаты, қала берді, шашқан жарлық махаббатынан жаралған арайлы күн, асыл перзент жалған дүниеден өтті, қырқа асып, түн қойнауына сіңді. Уа, Дешті Қыпшақ даласы, Фариза дүние салды! Махамбеттің қос жүзді болат семсеріндей – жалғандықты қақырата шапқан Фариза ақын, Оңғарсынова ханшайым патшалықтың інжу-маржан байлығына көз салмай, алтын-күміс қазынасына назар аудармай, дүние-мүлкіне құштар болмай, ықыласы түспей, тəкаппар қалпы баянсыз, тұрлаусыз фəнимен қош айтысып кете барды. Дешті Қыпшақ даласы! Алапат жарылыстың аяулы перзенті, зор қайратты Күн сөнгенде, зеңгір көк аспан əлемін жарқыраған жасық жұлдыздар билейді. Əдетте, таң атқанда, Құс жолында үркердей топтана шашылған, жүздеген шоқжұлдыздар өрістен қайтқан енелеріне ұмтылған жас төлдердей жамырап ағып түсер еді. Ей, Алаш жұрты! Пенде, Иса, алəйһис сəлəм, пайғамбар тəрізді, фəни ғұмыр қызығының құрбаны, бірақ, лұғат құрастырып, рисала жазған, жаратылысты танып, жұмбағын шешкен хакім қалайша бақидың, көп ғасырлық тарихтың, шексіз заманалардың шаңтозаңы астында ізім-қайым жоғалып кетеді. Зады, ештеңе жойылмайды, жоқтан бар жасалмайды, құдіреті күшті Құдай ғана алып қуатқа ие, асқан қайрат,

Мемлекет басшысының саяси күш-жігерінің арқасында елімізде сыбайлас жемқорлыққа, оның салдарына қарсы саясат дəйекті түрде жүзеге асырылып отыр. Мұның бір дəлелі ретінде айтсақ, «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүйелі түрде өткізуге бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жарияланды. Ол бүкіл қоғамды біріктіретін, халық пен партияның əлеуетін жұмылдыратын жəне саяси тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте іс-қимыл бағдаржолын дəйектейтін құжат болып табылады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар халықаралық жəне қазақстандық тəжірибеге сəйкес 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған стратегияда қарастырылған. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сəйкес əзірленді жəне онда жоғарыда баяндалған мəселелер қарастырылып отыр.

Сыбайлас жемќорлыќ жойылмай, ел дамуы мїмкін емес

аударсақ, соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күресте жақсы нəтижелерге жеткен мемлекеттер, мысалы, Иордания, Румыния, Эстония жəне басқа да Балтық бойы мемлекеттері, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрестің тиімсіз екендігін түсініп, оның алдын алуға аса назар аударуда. Осы орайда, мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жəне оған қарсы күресте заңнаманы практикада қолдануды оқытуды жүйелі түрде өткізуде академияның рөлі өте жоғары. Академия – бұл мемлекеттік қызметшілерді оқытатын жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қамқорлығымен жұмыс істейтін оқу-ғылыми орны екенін атап өткім келеді жəне ол жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымына кіреді. Осының өзі – біздің бұл процестегі атқаратын ісіміздің ба-

себептер мен жағдайларды зерттеу жəне осы əлеуметтік қатерге қарсы тұру мен оның алдын алу үшін жүйелі түрде тиімді шаралар əзірлеу. Мамандар əлеуметтік зерттеулер жүргізіп, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін «қатер аймағын» анықтап, біздің академияның білім бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізіп, тəжірибеге тиімді əзірлемелерді енгізу мақсатында үздік халықаралық тəжірибені талдайтын болады. Озық елдердің тəжірибесі project management немесе жобаларды басқару құралын қолдану керектігін көрсетеді. Осы орайда академияда Жобаларды басқару орталығы құрылған. Оның басты мақсаты – орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жобаларды басқаруға оқыту. Project management қағидаттарын жүйелі түрде енгізу мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын, қаражат пен ресурстардың үнемдеуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндігін барынша азайтады. Яғни, осы құралдың Елбасы жариялаған Қазақстанның «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру барысында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмыстың маңыздылығы зор. Мемлекеттік басқару академиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы əлемдік тəжірибені зерделеу, оны қолданысқа енгізу үшін сараптамалық жəне ғылыми диалогтың жүзеге асырылуына

рынша белсенділігін түсіну үшін жеткілікті алғышарт. Академияның басты мақсаты, рөлі – мемлекеттік аппараттың жауапты, адал, тиімді қызметкерлерін дайындау. Сарапшылар берген ұсыныстарға дейін де, академияда алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ басшылық лауазымға алғашқы рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың үш апталық курстарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту блогын қосу туралы шешім қабылданған. Оқу бағдарламасы формальды түрде, абстракті теориямен толтырылмай, керісінше, практикалық тұрғыдан сыбайлас жемқорлықтың не екенін, оның неден басталып, неге əкелетінін көрсететін нақты мысалдардың негізінде дайындалған. Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері өз еркімен қабылдаған антикоррупциялық шектеулер туралы атап өткен жөн. Ол шектеулер Агенттік қызметкерлерінің тұрмыста, жүрістұрысында, тұтынушылықта жəне қызмет бабында мемлекеттік қызметшіге сай этикалық жəне антикоррупциялық стандарттарды ұстануына бағытталған. Академия Агенттіктің құрылымына кіретіндіктен, біздің де қызметкерлеріміз аталған шектеулерді қабылдауды сөзсіз қолдады. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, академияда арнайы ғылыми-талдау орталығы құрылды, ол мемлекеттік басқарудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен Агенттіктің жұмысын ғылыми-əдістемелік, сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Орталық жұмысының бағыттары мен басымдықтары: сыбайлас жемқорлықты туындататын

қажетті жағдайларды жасауға дайын. Əлемдік тəжірибені зерделеу мен оны білу бір бөлек, алайда, ол білім мен тəжірибені біздің қызметте пайдаға асыру басқа нəрсе. Академия халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты жаңаша құруға жол ашуда. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді жұмыстарды ұйымдастыру үшін əртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың ұйымдастырылуын зерттейтін жəне оған салыстырмалы түрде бағалау жүргізетін əртүрлі халықаралық ұйымдармен, мысалы, Қазақстандағы Transparency International, Дүниежүзілік банк, БҰҰ Даму бағдарламасы жəне тағы басқалармен белсенді ынтымақтастық орнатып, бақылау жəне бағалаумен шектелмей, Норвегия елінің тəжірибесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды қоғамда, жүйелік деңгейде де, сондай-ақ əртүрлі практикалық семинарлар, тренингтер өткізу арқылы да ұйымдастыру бойынша практикалық көмек көрсетуге шақырылады. Қазіргі таңда Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы үшін Еуропалық одақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекеттерді іске асыруға арналған жұмыстарын ұйымдастыру мəселелеріне техникалық қолдау көрсету жобасын жоспарлау бойынша келіссөздер жүргізуде. Осы бағытта жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру өте маңызды, ол Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетімен де байланысты. Жасалған талдаулар халықтың өмір сүру деңгейі, қоғамның əл-ауқаты, экономикалық даму көрсеткіштері бойынша əлемдік көш алдында, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша ең төмен мемлекеттер қатарында тұрғанын көрсетті. Яғни, сыбайлас жемқорлықты жоймайынша, табысты дамыған ел болу мүмкін емес.

Болатбек ƏБДІРƏСІЛОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

асыл қасиет қожайыны. Алайда, Алланың құлай сүйген құлы болады, ол – Əсмəнің сіңлісі, Омар Һайамның қарындасы, адамзаттың аруы. Қара танып, сауат ашқан, кітап оқып, хақиқатқа талпынған ол, тегінде, хатқа тұлпардай жүйрік еді, шындыққа жақ, жалған сөзге қас еді... Бабаларының жауһар көзі еді ол! Сұлулықты көрген, даналыққа асық, таңғажайып дүниені таңғалып жырлаған ару ақын бола-тұғын зериза, лал, ақық Фариза! Негізі – шұғыла, тегі – топырақ, тірші лі гінде от боп ойнап фəни кешкен, өрттей лаулап өмір сүрген Фариза шайыр бауыры суық піл сауырлы қара жерге аттанар кезде, тар өткелдің табалдырығында тұрғанда, жалын атып маздап жанған құшағы ыстық маздақ ғұмырға өлердей жабысып, қимай

есінен танып, талықсып жығылмады. Иə, Фариза ақын дерт меңдеп, сырқат жеңгенде, тамылжыған өмірге жармасып, өлермендік танытқан жоқ. Ажалдан қаймықпады, тағдырынан тосылмады, бұрнағыдай алға жүрді, қарсы алдында оны, Кенесарыны тосқандай, тек өлім ғана күтіп тұрды. Күн сөнді, от өшті, Фаризаға бір уыс топырақ бұйырды. Бірақ қасиетті кітаптар, бабалардың өсиеті айтқандай, таң, асылы, қайтадан атады, күн қайыра шығады, задында, батты деген, уа, он оқ бұдын, алты Алаш, елең-алаң алдындағы Тəңірдің бір көз жұмып алған тынысы, қалт еткен бір тыныштығы екен. Фариза Оңғарсынованың сөздері маржандай тізіліп, алтындай жарқыраған – күн жауһарлы кітаптары – алапат жарылыстай мəңгілік.

Жырдыѕ жарыќ жўлдызы

Фариза Оңғарсынова поэзиясы қазақ жырындағы қыз-келiншектер өлеңдерiне ғана емес, жалпы ұлттық рухқа, халықтық болмысқа қатысты көптеген қасаң қалыптарды қақыратып өткен қасиетiмен қымбат танылады. Бiз қай заманда да халқымыздың əйеланаға, сүйген жарға, қыз балаға құрметi бөлекше болды десек, қазақ қызды жасытпай, жарқылдатып өсiрдi десек, олардан батыр да, ақын да, көсем де, шешен де шықты десек, соның бəрiне даусыз дəлелдi Фариза жырларынан табамыз. Оңғарсынова өлеңдерi қазақ қызының бiз айрықша ардақтайтын асыл қасиеттерiн — жан тазалығын, ар тазалығын, шыншылдығын, сыршылдығын,

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

батылдылығын, ақылдылығын, аяулы сезiмi мен қаяулы көңiлiн кiр шалдырмай ұстауға ұмтылатын асқақ аңсарын айрықша көркем күйде ақ қағазға төгiлте түсiрiп бергенiмен қымбат. Ə дегеннен əдеби ортадан жырақтау жүрiп, жыр жарысына жетпiсiншi жылдардың бас жағында ғана қосылған Фариза өлеңдерi қазақ поэзиясына өзiндiк үнiн ала келдi дей салу аздық етедi. Фариза – қазақ рухына əсер еткен ақын. Сексен алтының желтоқсанында Алматының қақ ортасындағы қарлы алаңға шыққан қарындастарымыздың арасында Фариза жырынан жанына жылу алғандар аз болмағаны анық. Онсыз да қыз баланы бөлекше қастерлейтiн халқымыз Фариза

өлеңдерi арқылы əйел затының қадірқасиетiн бұрынғыдан да биiк бағалай түстi деудiң ешқандай артықтығы жоқ. Фариза өзiне дейiн «қыз-келiншектер поэзиясы» деп аталып, кеңдiкпен, кейде тiптi кешiрiммен қаралып келген ұғымға да басқаша сипат бердi. Поэзияда жаңа өлшем орнатты. Бiз ақын жырларының жұмсақ лиризмiн, жұмбақ табиғатын əлi де ашып көрсете алмай жүрмiз. Автордың күнделiктi өмiрдегi қалпына қарап оның жырларынан бiрыңғай асқақтық, кiлең бiр өрлiк iздей беру де қате ұғым. Шынтуайтында, əйелдiң əлсiз əлемiнен шыққан Фариза жырларының табиғаты нəзiк, тiптi қорғансыз болып келедi. Ақын жырларының күшi де сол əлсiздiгiнде. Антологияның бұл ұсынымындағы «Əйелдiң монологы» соншалықты дəл табылған поэтикалық ырғағымен де, шыңғырған шындығымен де, сыздатар сыршылдығымен де, адамның ең бiр жан түкпiрiнде жататын интимдiк сезiмдердi жалаңаштай жаздап барып қайтадан жарқыратып алып кететiн ғ аж айы п ш еб ерлi г i мен де қ а й р а н қалдырады. Сұрапыл сезiм суретiнiң мұндай үздiк үлгiлерiн əлем əдебиетiнiң қазынасына қысылмай қосуға болады. Ашығын айтар болсақ, Фаризаның махаббат лирикасындағы жекелеген өлеңдер Ахматова мен Цветаеваның сөз қадiрiн бiлер жұрт мiнəжаттай жаттайтын жауһар жырларынан бiрде-бiр кем емес. Сондықтан да Фариза Оңғарсынова поэзиясы өткен ғасырдың соңғы ширегiндегi қазақ əдебиетiнiң бөлекше құбылысы болды, сондықтан да Мұқағали «жiгiтiнен қазақтың дос таба алмай» қиналғанда жүрегiн жегiдей жеген жан сырын Фаризаға айтты, сондықтан да Фариза жырларының рухы нəзiк өрлiктiң, сыршыл ерлiктiң бейнелi баламасына айналды. Қазақ өзiнiң Фаризасын, аяулы ақын қызын сол үшiн де қадiрлейдi, қастерлейдi. Сауытбек АБДРАХМАНОВ. («Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» авторлық антологиясының алғысөзінен, «Раритет» баспасы, 2007 жыл).

Стратегия алдағы жылдарға арналған мемлекеттің сыбайлас жемқор лыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды жəне сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою, оны туындататын себептер мен жағдайларды болдырмау жəне деңгейін төмендетуге көмектесетін іс-шаралар кешенін қамтиды. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықты алдын алу жəне ескертуге аударылған. Бұл бағытта стратегияны жүзеге асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қоғамдық бақылау туралы», «Бұқаралық ақпаратқа қолжетімділік туралы» жаңа заңдар əзірленіп, қабылданатын болады. Дегенмен, белгілі бір нəтижеге қол жеткізуде ағартушылық, білім беру, тəрбие жұмыстарының да рөлі зор, сондай-ақ жаңа орта қалыптастырудағы шыдамдылық та қажет. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялап, білім беру мекемелерінде, мемлекеттік органдарда, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ауқымды оқу курстарын өткізу арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, өткен жылы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы төрт жаңа кодекс қабылданды. Олар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл кодекстерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қылмыстық-құқықтық тəсілдері тұжырымдамалық тұрғыда қайта қарастырылған. Мысалы, Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте жауапты лауазымды қызметкерлер дің тізімі қайта қарастырылып, айыппұлдың көлемі нақты анықталған. Бұл нормалар жемқорлық факторларды болдырмауға бағытталған. Ал жемқорлыққа байланысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған жаңа өзгерістер ретінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: жемқорлық қылмыс бойынша сотталған азаматтарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойылық тыйым салынды; осы санат бойынша сотталған азаматтарға шартты жаза белгілеуге тыйым салынды жəне алынған параға қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленді. Қазіргі таңда əртүрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін бағалау барысында сарапшылардың көпшілігі Транспаренси Интернешнл халықаралық үкіметтік емес ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (Corruption perceptions index) қолданады. Онда мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі зерттеулер мен сараптамалық сұрастыру арқылы айқындалып, осы рейтингке қатысатын 183 елдің рейтингі дайындалады. Неғұрлым жоғары орынға ие болатын мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың деңгейі де соғұрлым төмен келеді. Қазақстан іске асырылған жүйелі шаралардың нəтижесінде 14 сатыға жоғарылап, 2014 жылы 126-орынға ие болды. Атап айтқанда, біз 2013 жылы 140-орында болсақ, 2012 жылы 133-орында, ал 2010 жылы, тіпті, 105-орында болдық. 2010 жылмен салыстырғанда Қазақстанның рейтингтегі позициясының төмендеуі, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайтуға қаншама күш салынғанға қарамастан, нəтижесінің шамалы өзгергендігін көрсетті. Себебін іздесек, халықаралық тəжірибе де, академия ғалымдары өткізген талдау да сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес, оның деңгейін азайтудың тиімді жолы емес екендігін нақты көрсетті. Аталған мəселеге ғылыми-əдіснамалық тұрғысынан тоқталсақ, жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының жемқорлыққа қарсы күресте акцентті алдын алу шараларына жəне коррупциялық қатерлерді жүйелі талдауға қойылуының дұрыстығын атап өткіміз келеді. Халықаралық тəжірибеге көңіл


ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Ќазаќстандыќ делегация дїниежїзілік форумєа ќатысты Таяуда Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров басқарған еліміздің делегациясы Берлин қаласына жұмыс сапарымен барып, «Жасыл апта» халықаралық жəрмеңкесі шеңберінде өтетін дəстүрлі Дүниежүзілік азықтүлік жəне ауыл шаруашылығы форумына қатысты. Қазақстандық делегация құрамына министрліктердің жəне «ҚазАгро» ұлттық компаниясының басшы қызметкерлері кірді. Германияның Федералдық азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы министрі Кристиан Шмидттің төрағалығымен өткен форумның аясында ұлттық азық-түліктің, тағам өндірісінің, ауыл шаруашылығының, агроөнеркəсіптің даму секторларының жəне т.б. қауіпсіздігіне қатысты мəселелер талқыланды. Қазақстандық делегация Берлинге сапары барысында Германияның азық-түлік жəне

ауыл шаруашылығы министрлігінің үкіметтік статс-хатшысы Роберт Клоспен, Моңғолияның ауыл шаруашылығы министрі Радиа Бурмаамен жəне басқа ресми тұлғалармен екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен қатар, «GWE-Group», «CLAAS» неміс компанияларының басшыларымен ынтымақтастықты тереңдету мəселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Берлинде биылғы 80-ші «Жасыл апта» жəрмеңкесінде 70 елдің 1650 көрме экспонаттары ұсынылды. Əлемнің барлық құрлықтарынан келген 70 ауыл шаруашылығы министрлері жəне шетелдік делегация санының едəуір өсуі есесінен биылғы жəрмеңке шетел қатысушыларының саны бойынша 1926 жылғы рекордтан озып шықты. «Егемен-ақпарат».

Бґдене ґсіріп, байып кетті Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Облысымыздың бірқатар тұрғындары бөдене өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуде. Солардың бірі Жанат Тасылбаева «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы өзінің отбасы мүшелерімен бірлесіп Қазақстанда көп адамдар айналыса қоймайтын бөдене құсын өсіріп, еті мен жұмыртқасын өндіруді қолға алыпты. – Бүкіл əлемдегі сияқты Қа зақстанда да экологиялық жағынан таза өнімдерге сұраныс көп, – дейді Жанат Тасылбаева. –Мəселен, Жапония елінде бөдененің жұмыртқасы мен еті үнемі қолданыста. Мектеп оқушыларының ой қабілетін арттыру үшін, денсаулықтарын нығайту үшін бөдене міндетті түрде олардың асхана мəзіріне кірген. Əуел баста Алматыдан 100 бөдене əкелінді. Оны үлкен қиындықпен жеткіздік. Бөдене негізінен жұмыртқаны көп беретін құс. Бір бөдене күніне 30 грамм ғана жем жейді.

7

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

Қосымша дəрумендер беріледі. Қаз бен үйрек, тауыққа қарағанда бөдене жиі жұмыртқалайды. Жанаттың айтуынша, бөденеден пайда табуға болатындығына көз жеткізгеннен кейін қаладағы жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Мəу лехат Шəкіровке барып, бизнес жобасын ұсынады. Сөйтіп, алғашқы несиесіне де қол жеткізіпті. Бүгінде ол кəсібімен облыс көлеміне танымал, əсіресе, Өскемен қаласы ең көп тапсырыс жасайды. Бұрындары тұрғындар бөдененің жұмыртқасын Ресейден əкеледі екен. Енді міне, Жанат Тасылбаеваның арқасында олар алыстан арбаламай, жақыннан дорбалайтын мүмкіндікке жетті. Жанаттың айтуынша, бөдененің еті жұмсақ əрі жеңіл. Бұл құсты үй жағдайында да өсіріп, көл-көсір табысқа кенелуге болады. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондар екен. Қазіргі таңда дүниежүзінде жапон бөденесі, мəрмəр бөденесі,

ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқаттарға шипа. Əсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Тыныс жолы демікпесі, асқазан аурулары, жүйке, жүрек жəне тағы басқа ауруларға пайдалы. Құрамында фосфор, темір, калий, радионуклидтің пайдалы қоспалары бар. Қазақ халқына таңсық құс емес. Себебі, қазақ ертегілерінде жиі айтылады. Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дəрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы жеткілікті, микроэлементтерге бай. Жанат Тасылбаеваның бизнесіне күйеуі Сағидолла Тасылбаев пен ұлдары Тайбек пен Əлибектер көмектесуде. Алдағы уақытта бөденеден басқа қоянның калифорниялық тұқымын, ор қоянды да өсірсем деп армандайды кəсіпкер келіншек. Ор қоянның терісі ғана емес, еті де пайдалы екен. СЕМЕЙ.

Байланыс аясы кеѕейеді Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысымен іскерлік байланысты орнатуға құштарлық танытушылар қатарында Ресей құрамындағы Башқұртстан Республикасы да бар. Соңғы кезде атыраулық студенттер осы елдің жоғары оқу орнында мұнайшылық кəсіпті игеруде. Мұнайлы өңір мен Башқұртстан арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылған. Осы меморандум аясындағы іскерлік байланысты бұрынғыдан да кеңейте түсуге тағы бір оң қадам жасалып отыр. Осы мақсатты көздеген Башқұртстандағы «Импульс» ғылыми-өндірістік кəсіпорнының ғылыми жетекшісі, химия ғылымдарының докторы Олег Пташко Атырауға еркін келіп, өңір басшылығымен кездесті. Оның айтуынша, Атыраудағы арнайы экономикалық аймақта бірлескен кəсіпорын құрудың мол мүмкіндігі бар. «Біз мұнай-газ саласына қажетті химиялық реагенттер шығаратын өндіріс орнын ашуды, сонымен бірге, бизнесті құрылыс материалдары мен өсімдіктің өсуін реттеуші ретінде əзірлеуге əртараптандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл жоспарымызды барлық талаптар мен экологиялық нормаларды сақтап, екі-үш жылда іске асырғымыз келеді. Біздің кəсіпорнымыздың ғылыми əлеуеті жоғары дей аламыз. Соның мысалы ретінде 1996 жылдан бері химиялық реагенттер шығаратынымызды айтуға болады. Өзіміздің арнайы екі зертханамыз жұмыс істейді. Ресейдегі жəне Башқұртстандағы ғылым академиялармен тығыз байланыс орнаттық. Енді біз Атырауда да соңғы технологиялар негізінде

химиялық реагенттер шығарумен бірге, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында да екі жаққа тиімді жобаларды іске асыруға ниеттіміз», дейді «Импульс» ғылыми-өндірістік кəсіпорнының ғылыми жетекшісі Олег Пташко. Облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Атырауда ресейліктермен бірлескен

Атырау облысы.

Ауыл шаруашылыєын оѕ ґзгерістер кїтеді Нұрмаханбет АЙТУҒАНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Екі жылдан бері, Ауыл шаруашылығы министрі С.Мамытбековтің көтеріп жүрген мəселелерінің бірі де бірегейі, ол ауыл шаруашылығының өнім өндірушілеріне мемлекеттен материалдық жəне қаржылық жəрдем берудің оңды да тиімді жолдары, оларға тікелей қаржылай жəрдем бергеннен, шығындарының едеуір бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп беру болатын. Енді міне, былтыр осы мəселе оңды шешімін тауып, «Агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің қаулысы қабылданды, сөйтіп, ауылшаруашылық кешендері субъектілері шығындарының біраз бөлігін мемлекеттік субсидия есебінен төлеп берудің жаңа ережесін бекітті. Бұл қағидалар «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңға сəйкес əзірленген жəне жаңа өндірістік қуат тарды

құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағыт талған инвестициялар кезінде агро өнеркəсіптік кешен субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидиялар) тəртібін айқындайды. Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектiлepi жұмсаған шығыстардың бip бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйым дылығын төмендету жəне салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-тің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды icкe асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады. Егерде осы қаулы іс жүзінде орындалса, онда, ауыл шаруашылығының тамырына қан жүріп, шаруашылықтар шаруасы дами бастайды, себебі, осы субъектілердің өнім өндіруге кеткен шығындарының 20-дан 80 пайызға дейінгі қаражатын субсидия есебінен жабу қарастырылған, бұл жағдайда өнім өндірушілер аздап болса да пайдаға кенеліп, олардың өндіріске деген қызығушылығы артады. Мемлекет бірінші рет агроөнер кə сіп кешені субъектілеріне, шығындарын жабу үшін 20-дан 80

«Сапа» – сан ќырлы серiктестiк Қазығұрт ауданының Шарбұлақ ауылында жыл он екi ай бойы тұрақты əрi табысты жұмыс iстейтiн «Сапа-2002» деп аталатын кəсiпорын туралы естiгенде сүйсiнгенiмiз рас. Кейiн оған барудың да сəтi түстi. Шынында да, аймақ орталығынан қашықтағы елдi мекеннiң iргесiнде жол бойында ауқымды алаңды алып жатқан, сыртын қоршаған жасыл желектiң арасынан биiк ғимараттары мен түтiнi будақтаған мұржалары менмұндалап көрiнiп тұрған еңселi зауыт əрі-берi өткендердiң назарын өзiне ерiксiз аударғандай едi. Қақпасынан кiрiп-шығып жатқан тасымал техника түрлерi де көзге шалынады. Көңiлге жылылық ұялататын бұл көрiнiстер алыстағы ауылда да тыңғылықты кəсiпорын бар екенiн жəне онда қайнап жатқан жұмысты анық байқатады. Бұрындары «Гүлденсе ауыл – гүлденемiз бəрiмiз» деп жырлайтын түкпiрдегi елдi мекендерiмiз қазiр азып-тозып барады дейтiн пiкiрлердi терiске шығаратын нақты дəлел емес пе бұл?! Сыртынанақ көрiп тұрмыз, қаладағы жүйелi жұмыс iстейтiн кəсiпорындардан айырмашылығы аз, тiптi, бiлiнбейдi. Ал ауласына енiп, цехтарын аралағанда шаруасының жақсы жолға қойылып, əбден қалыптасып қалғанына көзiмiз жеттi. Əу баста, негiзi мықты қаланған шаруашылық екенi бiрден-ақ сезiледi. Бұл күнде даңқы дүрiлдеген осы ЖШС-нiң иесi Нұржан Аширов тəуелсiздiктiң алғашқы жылдарындаақ мақсары егiншiлiгiмен айналысуға ден қойып едi. Кейiн келе iсi өрге жылжып, кəсiпкерлiктiң қыры мен сырын бiр кiсiдей меңгергенде 2002 жылы көпсалалы болып қайта құрылды. Жаңа ұйымдасқан «Сапа-2002» ЖШС-нiң атқаратын тiрлiгiнiң ауқымы уақыт өткен сайын ұлғая түстi. Серiктестiк бастапқы кезде өсiмдiк майын өндiретiн əрi сығындыдан қалған сарқындыдан жем дайындауға болатын мақсары ектi, одан кейiн бидай егудi бастады. Қазiргi кезде 4,5 гектар жерге осы дақылдар өсiрiледi. Алғашқысының əр гектарынан маусым сайын орта есеппен 12-14 центнер, екiншiсiнен 20-25 центнерден тұрақты өнiм жиналады.

жобаларды іске асыруға əбден болады. Бұл бір жағынан көршілес елдер арасындағы іскерлік қарым-қатынастың аясын кеңейтетін болса, екіншіден, мұндай жобалар екі елдің экономикасын өркендетуге серпін береді.

«Сапаның» сан-салалы екенiн баяндадық. Аудандағы бiрден-бiр жəне бiрегей iргелi шаруашылық жұмысының басым бағыты – мақсары егiп, дақылынан өсiмдiк майын шығару жəне оны өңдеуден артылған қалдықтарынан малға құнарлы жем əзiрлеу. Осы заманғы технологиялық қондырғылар орнатылған цехтардың қуаттылығы жылына 2160 тонна. Аудан халқының сұранысын толық қамтамасыз етуге 800 тоннасы жұмсалады. Ал қалғаны облыстың басқа өңiрлерi мен өзге елдерге жiберiледi. Атап айтқанда, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге жөнелтiледi. Тiптi, iргедегi Ташкенттен өсiмдiк майына сұраныс жөнiнде келiсiмшарт жаңа өнiм жиналмай жатып-ақ жасалып қойылады екен. Жұмыс ырғағы үйлесiмдi кəсiпорынға сенгендiктен Қазығұрт жəне өзге аудандардың шаруа қожалықтары өздерiнiң өсiрген мақсарысын «Сапаға» өткiзіп, тiптен кейде пiсiп тұрған астықты егiнжайдан тiкелей орып алуларын өтiнiп те жататын көрiнедi, Əрине, бұған «Сапаның» техникалық күшi де жеткiлiктi. Серіктестікте бүгiнде егiн оратын 7 комбайн, жер жыртатын 5 «К-700», жаңа үлгiдегi шынжыр табанды 3 трактор, тасымал автокөлiктерi жəне басқа да ауылшаруашылық техникалары бар. Өсiмдiк майын шығаратын ауылдағы кəсiпорында бұл күнде 100-ден астам адам жұмыс iстейдi. Зауыттың барлық жүйесiнде мамандар жеткiлiктi. Сырттан шақырылғандар жоқ. Бəрi де жергiлiктi тұрғындардан жасақталыпты. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы 40 00050 000 теңгенi құрайды. Жалпы, кəсiпорын жобасы Елбасының тапсырмасымен қабылданған үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жəне де екiншi деңгейлi банк арқылы алған 90,0 миллион теңге несиесiн «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының бiрiншi бағыты бойынша субсидияландырып отыр.

АЛМАТЫ.

Баєа баќылауда

Нарықтық экономикада орнықты орын алып үлгерген «Сапа-2002» ЖШС-нiң тағы бiр қабiлеттiлiгi жоғарыда айтылғандай, көпсалалы өндiрiстi дамытуында ерекше көрiнiс тапты. Серiктестiк соңғы жылдары өз жағдайларын сараптай келе мал шаруашылығын қоса өркендетуге түбегейлi бет бұрды. Ауылда тiршiлiк еткен соң, төрт түлiктi де өсiру керек. Басын көбейтiп қана қоймай, түрлi өнiм беретiндiгiн де кəдеге ұтымды жарату жағын қамдастыру қажет. Етiнiң, сүтiнiң, жүнiнiң өзiнен талай табыс табуға болады. Қазiр серiктестiкте 450 жылқы, қылшық жүндi 5000 едiлбай қойы бағылады. Бордақыланған мал етi Алматыға, Астанаға жөнелтiледi. – Табиғат құдiретiмен туындар тосын жағдайларға қарсы жасар шара бар ма, сiрə. Кейде ауа райының күрт өзгеруiнен егiншiлiгiмiзге зиян келiп жататыны да рас. Осындайда кездесетiн кездейсоқ шығындарды жасыратыны жоқ, қолдағы малдың есебiнен жабуға тура келедi. Бəрi де бiр серiктестiктiң қазанында қайнап жатқан соң, бiр саланы екiншiсiнен бөлежарып жүрмеймiз. Табиғат құбылысынан егiн шығымы өте төмен болған кездерi мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көремiз. Менiң өмiрлiк ұстанымым – жұмысымды жетiлдiре отырып, iзденiспен алға ұмтылу. Құдайға шүкiр, бiзде мақсатқа жетудiң барлық мүмкiндiгi бар, – дейдi ЖШС директоры Нұржан Сапабекұлы. Мiне, шалғайдағы ауылда тұрып-ақ көпвекторлы шаруасын дөңгелетiп отырған «Сапа-2002» ЖШС-нің жаңашыл, жемiстi жұмысымен аудан, қала бердi, облыс экономикасына қыруар үлес əкелсе, екiншiден, орта жəне шағын бизнестi дамыту жөнiндегi мемлекет саясатына үн қосуда өзiндiк орны бар өнегелi iс екенiн айту керек. Бүгiнде мықты бизнес – қуатты мемлекеттiң бiр тiрегiне айналғаны ақиқат. Оңтүстiк Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы.

пайызға дейін субсидия бермекші. Бұл шаруаларға өте тиімді, нақтылай жəрдем болады. Мұндай тəсілдер дамыған мемлекеттерде бұрыннан бар. Енді біздің мемлекетте де қолданысқа енбегі өте құптарлық қуанышты жағдай, яғни мемлекет ауыл мəселесіне де толық көңіл бөле бастады деп айта аламыз. Мұның барлығы да жалпы ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлеміне байланысты. Мəселен, Ресейде ауыл шаруашылығына бөлінетін жалпы қаржының көлемі, ішкі жалпы өнімнің 16 пайызын құраса, ол көрсеткіш Белоруссияда – 24 пайыз, ал Қазақстанда қазіргі күні əлі де 5 пайызға жетпей отыр. Қаулының қағидаларында орындау жолдары нақтыланып, қосымшала рында жобаның паспорты, мақсаты айқын анықталып, фермерлік қожалықтарға техника мен жабдықтар сатып алуда, олардың атауы жəне техникалық сипаттамалары көрсетіліп, бір бірлікке барынша рұқсат етілген құндарына дейін нақты жазылған. Бұл ауыл шаруашылығының негізгі түрлерін дамытуға, ауқымын кеңейтуге, алға жылжуына үлкен мүмкіндіктер туғызудың бірден-бір тиімді жолдары. Осы мүмкіндіктерді енді өнім өндірушілер дұрыс жəне

тезірек тиісті құжаттарын дайындап, мемлекеттің субсидия үшін бөлінген қаражатын тиімді пайдаланып қалуы керек. Мен өзім ауыл шаруашылығына елу жылдан астам уақыт еңбек сіңірген азаматпын, əлі де еңбек етудемін. Одақ кезінде кеңшарда маман болып жиырма жылға жуық қызмет жасадым, ал енді егемен ел болып еңсемізді көтергелі бері де аянбай еңбек етіп, осы саланың дамуына қызмет жасап, мүмкіндігімізді сарқа пайдаланып, білімімізді, тəжірибемізді тəуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне, жұмсап, шама-шарқым келгенше атсалысып келемін. Менің бұл жерде қадап, нақтылап айтпағым, дəл мұндай мемлекеттік қамқорлық егемен дік алғанға дейін де, одан кейін де, ауыл шаруашылығында бұрын-соңды болмаған еді. Еліміздің экономикасы дамып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында, осындай салмақты, салиқалы, ауқымды, ең бастысы, тауар өндірушілерге өте тиімді қаржылық жəрдем беретін қаулының қабылдануы, ауыл шаруашылығында еңбек етіп, оның қиыншылықтарына төзіп, ата-баба кəсібін тастап кете алмай қиналыста жүрген ұлтымыздың жанашырлары, қайтпас қажырлы халқымыздың өкілдері үшін үлкен серпіліс береді. Ол үшін Елбасымызға рахметімді айта отырып, ағайынды ауылдық жерлерде ата кəсібімізді дамытуға үлес қосуға шақырамын.

Жеңiс БАҺАДҮР.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қыстың көзі қырауда деп айтуға ұят. Өйткені, биылғы қыстың көктем мен күзден сəл ғана айырмасы болып тұр. Күн жылы. Дария да толық қатпады. Соның салдарынан Сырдың бойын қайта-қайта тұман басып қалып жатыр. Кейде өзімізді Лондонда өмір сүріп жатқандай сезініп те кетеміз. Бұрынғыдай жұлқынып соғатын жел де жоқ. Əйтеуір, биылғы қыс қаһарына міне алмаған күйі орнын көктемге босатып беретін шығар. Дегенмен, қыс қолайлы екен деп жылу маусымы тоқтап қалмайды. Жалғаса береді. Осы тұста қызылордалық тұрғындарға жағымды жаңалықты жеткізгіміз келеді. Биылғы қаңтар айынан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК жылу тарифінің 3,6 пайызға төмендегенін мəлім қылды. Бұған дейін тұтынушылар жылу үшін қосымша құн салығын есептегенде 85,1 теңге төлеп келген. Алдағы уақытта бұл сома 82,03 теңге болмақ. Қызылордада тек жылу бағасы ғана бақылауда емес. Тұрғындар үшін қажетті өзге тауарлардың да бағасы шарықтап кетпеуі қатаң назарда ұсталады. Мəселен, аймақтағы азық-түлік бағасын қадағалау мақсатында тұрақтандыру қорын басқару комиссиясы, штаб жəне жұмыс тобы жұмыс істейді. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Дəуірбек Əбуовтің айтуынша,

«Байқоңыр» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚтың еншілес «Қызылорда қаржы компаниясы» серіктестігі мен «Мирас» сауда орталығының арасында арнайы келісім жасалған. Аталған əріптестік келісімге сəйкес көкөніс өнімдері базар бағасынан 1520 пайыз арзанға сатылып жатыр. Сондайақ, жаңа жыл қарсаңында «Төмен баға» логотипі ілінген 4 сауда орындары ашылған. – Өткен жылы облыс тұрғындарын сапалы əрі арзан көкөніспен, ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 60 жəрмеңке өткізіліп, 266 миллион теңгенің өнімі нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды,– дейді Дəуірбек Кеңесұлы. Облысқа қарасты аудандар мен қалада орналасқан сауда-саттық дүкендерімен əлеуметтік маңызы бар тауарларға негізсіз үстеме қоспау мəселесі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сауда орындарының иелерімен ынтымақтастық меморандумға қол қойылған. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні облыстың азық-түлік нарығындағы жағдай тұрақты, сұранысқа ие тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды. Қысқасы, Қызылорда облысында баға шарықтап, халық артық шығынға батып жатқан жағдай жоқ. Екі иінінен демалып дағдарыс кеп қалса да, бағаны қалыпты жағдайда ұстап отыр. ҚЫЗЫЛОРДА.

1


8

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Маѕєыстау геологиялыќ зерттеулер мекені болмаќ Минералды ресурстар ел экономикасында маңызды рөл атқарады, себебі халық шаруашылығының бірқатар салалары мен отын-энергетика саласының дамуында аталмыш ресурстардың алар орны айрықша. Маңғыстау облысы минералды-шикізат көздерінің орналасуы жағынан республика бойынша айтулы үлеске ие, атап айтсақ, облыс аумағында республикада өндірілетін мұнай қорларының 14%-ы, ал табиғи газдың 11%-ы шоғырланған. Жетібайдан мұнай атқылаған тарихи сəттен бастап қазына қайнары атанған Маңғыстау еліміздің дамуына мұнай-газ саласында өз үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда өңірдің мұнай жəне газ саласын дамыту аясында игеріліп жатқан кен орындарында көмірсутегін өндіру деңгейін қарқынды дамыту жəне ұстап тұру, консервацияда тұрған жаңа кен орындарын игеру, кен орны дəрежесі берілмеген, бірақ өнімі бар екендігі белгілі болған алаңдарда геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру, сейсмикалық барлау жұмыстары нəтижесінде дайындалған геологиялық құрылымдарды барлаубұрғылау жұмыстарын жүргізу сынды бағыттар басымдыққа ие. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев республиканың геологиялық барлау саласының алдында бірқатар мəселелер қойып, геология саласын қарқынды түрде дамыту қажеттігін тапсырды. Өткен бес жылда геологиялық барлау жобаларына 40 миллиард теңге бөлінсе, келесі бес жылда одан 3 есе көп, яғни 120 миллиард теңге бөлінбек. Саланы дамыту дегенде алдымен қолға алынатын істер – геологияға жаңа технологияларды енгізу, мұнайды шығару коэффициентін көтеру, терең қабаттарға барлау жұмыстарын жүргізу. 2013 жылы қыркүйек айында Атырау қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық қызметтестігінің II форумында Н.Назарбаев пен В.Путин «Еуразия жобасын» іске қосты. Осы сəтте біздің Президентіміз Н.Назарбаев екі ел боп бірлесе жүзеге асыратын жоба барысында Каспий маңы ойпатының терең қабаттарының геологиялық құрылымдары мен геохимиясының жете зерттелетіндігіне тоқталып, жаңа көмірсутекті кен орындарының ашылып, халықаралық ірі мұнай компанияларының қызығушылығын тудыратындығын жеткізген болатын. Қазір бізде «Еуразия» жобасы жанынан жұмыс тобы құрылды, ол осы жобаны іске асыру жобасын жасақтау үстінде. Оның мақсаты Каспий бойы ойпатының терең қабаттарын зерттеу болып табылады. Үкіметаралық кеңесте

ол жерлерге бұрғылау жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылған болатын. Жер қойнауын ұтымды пайдалану мəселесімен қазір еліміздің Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитеті айналысып келеді. Комитет төрағасы техника ғылымдарының докторы Б.Нұрабаев Маңғыстау облысына келіп, өңірде қызмет ететін жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдерімен кездесті. Геологиялық барлау саласында мамандар мəселесі өте өзекті, өткір күйде тұр. Инвестициялар жəне даму министрлігі жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда, тау-кен инженерлерін, гидрогеологтарды жəне геология саласының басқа да көптеген мамандықтары бойынша мамандарды дайындау жөніндегі меморандумға қол қойды. Жыл сайын ТМД мемлекеттері аумағында жас геологтардың олимпиадасы өткізіліп тұрады, ал республика деңгейінде мұндай олимпиада алғаш рет өткізілді. Мұндай олимпиадалар мен слеттердің мақсаты – геологиялық барлау саласының мамандарын мектеп партасынан бастап дайындау. Мұндай үндеу барлық жер қойнауын пайдаланушыларға жолданса да, олардың тарапынан белсенділік, əсіресе, мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылардан байқалмай отыр. 90-жылдары көптеген мамандар – инженерлер, геологтар басқа салаларға жұмысқа кетті. Бізге дайын кəсіби мамандар қажет. Б.Нұрабаев геологтарды оқыту үрдісіндегі тағы бір өзекті мəселені айтып кетті. Оның айтуынша, көптеген кəсіпорындар студенттерге тəжірибеден өтуге мүмкіндік беруден бас тартып отыр. Ал онсыз сауатты, білікті маманды даярлау мүмкін емес. Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы компаниялардың тəжірибе өтуге қабылдау міндеттілігі заңнамалар деңгейінде бекітілетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, ғылым геологиялық барлау саласында шешуші рөлдердің бірін атқаруы тиіс. Осы кезге дейін ол əсіресе, мұнай-газ саласында өте баяу дамыды. Ғылыми жұмыстар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын болады. Маңғыстау облысында көне кен орындарын пайдалану қазір соңғы сатысында тұр. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Сунъ Синъюнъ жəне бас директордың бірінші орынбасары Б.Иманбаев жақын кезеңдерде өндірілетін мұнай-газ қорларының азаятындығы туралы айтып, мұнай өндіруді көбейтуге палеозой қабаттарын жаңа технологияларды пайдалана

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша өткен жылы Сырым ауданына 66 миллион теңге қаржы бөлініп, ауылда кəсіпкерлікті дамыту қарқынды жүруде.

Шарапаты мол баєдарлама Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Шынар Дүйсенғалиеваның айтуынша, 12 ауылдық округ бойынша 38 адамның жобалары іріктеліп, халыққа қызмет көрсету, өндіріс орындары, мал шаруашылығы саласы бағытындағы несие алушылардың жұмыстары жандана түскен. Тұрғындар шаштараз, наубайхана, пластик терезелер жасау, көлік жөндеу, жолаушыларға қызмет көрсету секілді жұмыстарды қолға алып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы несие алушылар тарапынан 68 ірі қара, 51 жылқы, 246 қой, ешкі сатып алынды. Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір түрі – əлеуметтік жұмыс орындары. Бұл бағытта өткен жылдың шеңберінде 13 шаруа қожалығы, 6 жеке кəсіпкермен келісімшарт жасалып, нəтижесінде 122 адам жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамтудың жол қартасы-2020» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды əлеуметтік қолдау, қоғамға пайдасы тиерлік істерге жұмылдыру бағытында жұмыстар қолға алынған. Аталмыш бағдарлама аясында 10 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылса олардың арасында несиеге қол жеткізген 7 адам бар. Несие алған мүмкіндігі шектеулі жандар бүгінде жолаушыларға қызмет көрсету, мал шаруашылығы, ұстахана цехы, фотосалон, компьютерлік қызмет көрсету секілді жұмыстарды қолға алып, бастап кетті. Мүсірбек АЙТАШЕВ. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы.

2

отырып жете зерттеу арқылы қол жеткізуге болатындығын айтты. Қазіргі таңда сала алдында «Маңғыстау облысында мұнай шикізаты қорларын өндіруді қалай көбейтуге болады?» деген мəселе тұр. Маңғыстау облыстық геология инспекциясы мамандарының белсенді жұмыстарының арқасында Геология жəне жер қойнауын пайдалану комитеті мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арасында «Өзара бірлесіп қызмет істеу» туралы меморандумға қол қойылды, онда 2015-2018 жылдары, негізінен Қарақия ауданында орналасқан 21 құрылымда іздестіру-барлау жұмыстары қаралған. Осы жұмыстардың нəтижесінде біз мұнай өндірудің қазіргі деңгейін сақтап қаламыз жəне алдағы уақытта компания бойынша мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға қол жеткіземіз деп ойлаймыз, ең бастысы, жергілікті мамандарды жұмыспен қамту мəселесі шешіледі деп күтілуде. Бұл мəселелерді шешу ғылыми тұрғыдан қарастырылуы тиіс, себебі бұл мұнай өндіруші компаниялар үшін өте өзекті мəселелердің біріне айналып отыр. Осы мақсатта Ақтау қаласында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ғалымдарынан құралған бірлескен кəсіпорын тіркелді. Болашақта олар облыс аумағында жаңа микролептондық технологияны пайдалана отырып жеделдетілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге атсалысады жəне мұнайды шығару коэффициентін көтеру мəселелерімен де айналысатын болады. Маңғыстау облысына сапарында Елбасы Н.Назарбаев өңірде көмірсутектен басқа, уран, темір, мыс, марганец, целистин, барит, минералды тұздар сынды пайдалы қазбаларды тездетіп барлауды ұсынды. Үкіметтің 2012 жылы 13 тамызда бекітілген елдің 2015-2019 жж. геологиялық барлау жұмыстарының бағыты мен осы саланың даму тұжырымдамасы бойынша алдыңғы кезекте түсті

металдарды, алтынды, сирек кездесетін элементтерді көбірек іздеу қажеттігі айтылды. Аталған жобаны жүзеге асыру барысында геологиялық іздестіру жұмыстарының технологиясын жетілдіру, саладағы инвестициялық климатты жақсарту да қамтылған. «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз» ұжымдары мен басқа да компаниялар қазір жаңа кен орындарын табу арқылы өнімді көбейту бағытын ұстануда. Осыған дейін Маңғыстауда темір, мыс, марганец, барит, целистин, қоңыр көмір, фосфорит, т.б. кен орындары табылған. Қазір соларға шетел инвесторларын тарту жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте бұл кен орындарын игерумен қатар, барлау, кен қорын есептеу, тағы басқа жұмыстар жүргізілетін болады. Н.Назарбаевтың жер қойнауын пайдалану туралы заңға өзгерістер енгізу туралы тапсырмасын басшылыққа ала отырып іс жүргізетін боламыз. Онда барлауға жер беру құқығының жүйесін түбірімен өзгертіп, кен орындарын жөнсіз саудаға салудан қорғау қажеттігі айтылған. Шетелдіктермен шарт жасасқан кезде болашақта экономикамызға, эколо гиямызға нұқсан келмеу жағын қатаң бақылау қажет. Заң бойынша инвесторларға он жыл бойы КТСдан жəне жер салықтарынан, сегіз жылға мүлік салығын төлеуден босатылу жеңілдіктері жасалған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін инвестордың оған негізгі шығынының 30 пайызын мемлекет қайтарады. Түрлі жеңілдіктер қазірдің өзінде Маңғыстауда рудалық қазбалар игеруге ынталы инвесторлар қатарын көбейтті. «Caspian Salt» компаниясы Малайзия, Польша инвесторларымен бірге минералды тұздарды игерумен айналыспақ. Нəтижесінде өңірде жаңа галлургиялық жəне сода шығаратын өндіріс ашылады деп отырмыз. Облыс халқының үлкен пайызының күнкөрісі осы мұнай-газ саласымен тікелей байланысты болғандықтан жаңа кен орындарын ашу, болмаса игеріліп жатқан кен орындарының тиімділігін арттыру мұнай-газ компанияларының басшылары үшін де, геология жəне жер қойнауын пайдалану облыстық инспекциясы үшін де шешуін табуы тиіс келелі мəселелер болып табылады. Осы бағытта аянбай еңбек ету, халықты жұмыспен қамтамасыз ету біз үшін ең басты мақсат. Қосай ШАҢЫТБАЙ, Маңғыстау облыстық геология жəне жер қойнауын пайдалану инспекциясының жетекшісі.

Болат жол береке əкелді «Егемен Қазақстан».

Тарихқа көз жүгіртсек, Алматы теміржолының электрлендірілуі 1984 жылы Мойынты – Шу бағытында басталған екен. Шу теміржол бөлімшесінің алғашқы электрлендірілген Мойынты – Сарышаған учаскесі 1985 жылы, Шығанақ учаскесі 1986 жылы пайдалануға беріліпті. 1988 жылдың қарашасында Шу торапты стансасына алғаш рет электровоз келеді. Ал 1995 жылы 4 қаңтарда ТрансҚазақстан теміржол магистралінің Луговой – Шу телімін электрлендіру жұмысы аяқталып, оның салтанатты іске қосылуына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл желінің елімізге, халқымыздың болашақ өміріне тигізетін пайдасы өте зор екенін айта келіп, «Ұлы Жібек жолы болат магистралі арқылы қайта жаңғырып, осы арқылы Қазақстан Тынық мұхитта Еуропа елдеріне жететін трансконтиненттік теміржол желісіне қосылып отыр», деген болатын. Міне, облыс үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызы зор болған Шу – Луговой теміржол бөлігін электрлендірудің 20 жылдығына арналып мемориалды белгі қойылды. Шынында, тəуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында бұл теміржол бөлігі өңірдің ғана емес, бүкіл республикамыздың теміржол тасымалын арттыруға үлкен үлес қосты. Электрлендірілген теміржолдар

Жария ету жалєасуда

Өткен жылдың 1 қыркүйегінен жер-жерде ресімделмеген мүлікті жария ету басталған-ды. Мүлікті жария ету акциясы үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатыны да белгілі. Үкіметтің халықтық мүддеден туындаған бұл қадамының осы кезге дейін қалай жүргізілгенін, қайтарымы қандай болғанын білмек үшін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дина Əйтеноваға жолыққан едік. Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

– Бұл акция қолда болғанмен, ресімделмеген мүлікті жария етуге толық мүмкіндік береді. Мұның өзі бəрінен бұрын болашақта жаппай декларациялау жүргізілетініне байланысты қолға алынған шара. Қазір азаматтарға болашақта өздерінің декларациясына көрсету үшін ресімделмеген мүліктерін жария етуге құқық беріліп отыр. Əрине, заңдылықты сақтайтын əр азамат мұндай мүмкіндікті пайдаланып қалулары тиіс екені айтпаса да түсінікті. Ал ақшаны жария етуді жүргізудегі ерекшелік, ол азаматтар үшін жария етудің баламалы тетіктерінің болуы деу орынды. Біріншіден, ақшаны нарықтық ставкамен ынталандыру сыйақысын ала отырып, екінші деңгейлі банкте үш жыл ұстауға болады. Екінші бір жолы – ақшаны жедел пайдаланғысы келген жағдайда, мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейлі банктердің, холдингтер

мен компаниялардың, даму институттары ұлттық басқарушыларының облигацияларын жəне «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акцияларды, сондай-ақ, Қазақстан қор биржасында орналастырылған басқа да бағалы қағаздарды сатып алып, экономикаға инвестициялауға болады. Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екінші толқыны аясында нысандарды сатып ала алады. Мысалы, 2014-2016 жылдары 791 нысан жеке секторға шығарылады, соның ішінде, біздің облыс бойынша 18 нысан бар. Жария етілген ақша табыс болып табылмайды, сондықтан салық салынбайды. Яғни, жинақ есепшотынан алынбаса жəне басқа есепшотқа аударылмаса, онда тиісінше мүлікті жария етуге төлем төлеуге міндеттелмейді. Егер азамат жария етілетін ақшасын жоғарыдағы көрсетілген инвестициялау механизмдері бойынша пайдаланғысы келмесе, онда бюджетке жария етілген ақшаның 10 пайызы көлемінде төлем төлеп, қаржысын өз таңдауы бойынша

ТМД мен Қазақстанның көлік жүйесінде бүгінде негізгі күш болып, жүк жəне жолаушы тасымалының денін атқарып келеді. Бүгінде Қазақстан теміржолы ірі тасымалдаушы ғана емес, Жамбыл облысының индустриясын дамытуда көшбастаушы ұлттық компания болып табылады. – Ел мен елді, қала мен ауылды байланыстырып отырған жол қатынасының ел экономикасы үшін қашанда маңызы зор. Ал осы қатынастың басым бөлігін қамтып, ауыр жүгін арқалап отырған теміржол саласы екені баршаға белгілі. Сонау 60-шы жылдары паравоздың орнын алмастырған тепловоздарға таң-тамаша қарасақ, бүгіндері жүйіткіген электр пойыздарға қол жеткізіп отырмыз. Шу қаласының əрбір тұрғыны теміржолдың дүрсілін жөргегінде естіп өссе, халықтың 70 пайызының еңбек жолы осы теміржол саласымен байланысты. Əулиеата өңірі тіршілігінің «күре тамыры» болған электрлендірілген болат жолының берекесі кіріп, даңқы арта түсті, – дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. Жиын соңында бірқатар теміржолшыларға құрмет грамотасы мен алғыс хаттар тапсырылды.

Оралхан ДƏУІТ,

кəдеге жаратуға құқылы, – дейді Дина Сапарқызы. Оның айтуынша, осы көрсетілген əдістер отандық экономиканы дамытуға жəне азаматтардың жария етілген ақшадан пайда табуына бағытталған. Осы акция барысында алынған деректердің құпиялылығы жария етуді жүргізудің табыстылығының факторы болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларына сəйкес мұндай ақпараттардың құпиялылығына кепілдік беріледі. Облыста жылжымайтын мүлікті жария ету бойынша 13 комиссия құрылған. Комиссиялардың жұмысшы органдары Ақтөбе қаласы жəне аудандар əкімдерінің аппараты болып табылады. Үстіміздегі жылғы 1 қаңтарға Ақтөбе қаласы мен Алға, Байғанин, Мұғалжар, Мəртөк, Қобда, Ойыл, Шалқар аудандарынан мүлікті жария етуге ұсыныс түскен. – Заңға сəйкес жария етуге ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталы, басқа тұлғаларға толтырылған жылжымайтын мүліктер, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан құрылыс нормалары мен ережелеріне сəйкес келетін құрылыстар мен ғимараттар, сондайақ, жекеменшік құқына жария етуге жататын нысанның мақсатты пайдаланылатын жер

Жамбыл облысы, Шу ауданы. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

телімі, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік жатады, – дейді Дина Сапарқызы. Осы кезеңде облыс бойынша жылжымайтын мүлікті жария етуге ғана арыз түскен көрінеді. Бағалы қағаздарды, ақшаны, заңды тұлғаларға қатысу үлесін жария ету бойынша арыз түспеген. Үстіміздегі жылғы 1 қаңтарға дейін облыс бо йынша 2416 жылжымайтын мүлікті жария етуге арыз түскен. Түскен арыздар бойынша мүліктердің жалпы құны 6556879,1 мың теңге құрайды. Осы кезеңде түскен арыздар бойынша тұрғын үйлер, бау-бақшадағы үйлер, шаруашылық құрылыстары, коммерциялық нысандар сынды жалпы сомасы 1842328,0 мың теңге тұратын 487 жылжымайтын мүлік жария етілген. Жалпы сомасы 2636019,0 мың теңге болатын 985 жылжымайтын нысан бойынша 514 арыз қайта өңдеуге жіберілген. Қайтарылған арыздардың 92 пайызының негізгі себебі жария етілетін нысандардың құрылысы аяқталмай құжаттар ұсынылуы, 8 пайызы жекеменшік құқығына жария етілетін нысандарға жататын жер телімдерінің өз мақсатына пайдаланылмауы, техникалық төлқұжаттарының дұрыс толтырылмауы болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ресімделмеген мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялар өз жұмыстарын бұрынғыдан да ширата түсуде. Ақтөбе облысы.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


 Бəрекелді!

 Замандас Біздің елімізді, елдігімізді сақтап келе жатқан ең үлкен құнды қазынамыз – тұлғалар. Қай заманда да, қай ғасырда да солай болған жəне солай болып келеді де. Баянды болашағымыз бен кемел келешегіміздің иесі мен қожасы – бүгінгі заманның озық жастары да алдыңғы толқын ағалардың дəстүрлі ізін жалғастырып, өз заманының тұлғасына айналады. Олардың алдындағы ұрпақ: «Артымызда қоламта емес, шоқ қалсын!..» деп аманат еткен. Жақсылық Садықұлы Тұңғатаров – сонау жетпіс-сексенінші жылдары Ақтөбе өңірінде, сонан соң республика аумағында іскер, білікті маман, талапшыл, қамқор жетекші, қай саланы да шебер ұйымдастырушы тұлға ретінде танылды. Осындай адами қасиеттер отбасынан жəне мектеп қабырғасындағы алғашқы күндерден-ақ қалыптаса бастаған еді...

Жаќсылыќ Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Ұлы Отан соғысынан мүгедек болып оралған Садық-əке қанқасап майданнан аман қалған соң түбі бір жақсылыққа жорып, 45тің қаңтарында дүниеге келген баласының атын Жақсылық қойды. Шынымен-ақ сол жылы көктемде фашизм масқара күйде тізе бүкті. Төрт жылға созылған соғыстан əбден қансоқта болған халық Ұлы Жеңісті тойлады. Садық-əке мен Барша-ананың Жақсылықтың алдында, одан кейін де балалары болды, олардың əрқайсысы бір төбе. Дегенмен, осы балаға əке мейірімі бөлек еді. Бəлкім, қанқұйлы соғыстың ортасында талай сұмдықты көзімен көріп, от кешкен соң, бір қазаннан ас ішіп, қолдағысын бөліскен қаруласынан бір сəтте айырылып қалған сəттердегі азаны бастан өткеріп, өмірін олжалап отбасына оралғанда дүниеге келген Жақсылығы Жеңіс туын ала туғандай көрген болар. Бала Жақсылық та жасынан-ақ əкенің ерекше қамқорлығына лайықты болуға тырысып бақты. Ала жаздай қозы, бұзау бағып, бірге ойнаған өзі тектес балалар 1 қыркүйекте мектепке бара жатқанда алты жасар ойын баласына басқа ой келді. Үйге алқынып жеткен ол əке-шешесіне «мен де мектепке барамын» деп қиғылықты салсын. Жасы толмаған баланы мектепке қайдан ала қойсын, бəрібір қайтарып жібереді, əйтеуір тыныш болсын деген болу керек, ата-анасы ығына жығыла кетті. «Кімсің?» дегенде фамилияңды айтарсың» деп жіберді. Содан мектепке жеткенше фамилиясын қайталаумен болды. Бастауыш сынып мұғалімі Елена Михайловна да жайсаң екен, бір ауыз орысша, беске дейін санауды да білмейтін баланы 1-сыныпқа тіркеді де жіберді. Мұғалима қателеспеген екен, бала алғыр болып шықты. Сөйтіп 4-сыныпты бітірді. Бесінші сыныпты бес шақырым жердегі Нагорноеда оқыды. Жататын үй жоқ. Таныстардың жатқыза қоятындай жағдайлары көтермеді. Сабақ ауыр болды. Келер жылы Ақтөбедегі мектеп-интернатқа көшкен соң жағдай өзгерді. Мемлекеттің қамқорлығына өткен соң киім көк, тамақ тоқ, алаң жоқ, тек оқу керек. Мектеп директоры Николай Елизарович Левченко интернат балаларын өз балаларындай көрді. Жоғарғы сыныптарда тарих пəнінен сабақ берген Күмісхан Имашұлы Ещанов кейінірек мектеп басшылығын қолға алды. Балалар да, мұғалімдер де Константин Иванович деп атап кеткен Ещановтың ықпалының күшті болғаны соншалық, Жақсылық та тарихшы болуды армандады. Ещанов сабақтан тыс уақытта жоғарғы класс оқушыларына вальс, фокстрот билерін үйретеді. Өзі музыкалық аспаптардың түр-түрінде ойнайтын, əн салатын. Мектепте үрмелі, ішекті аспаптар оркестрлері құрылды. Ещанов əлемдік живопись өкілдері, олардың туындылары туралы да сөз бастап кеткенде балаларды ұйытып тастайтын. Химия пəнінің мұғалімі – Алексей Федорович Пастухов балалар үшін осы бір ауыр пəнді қызықты етіп түсіндіретін. Оның киім киісі, жүрістұрысының өзі балаларға үлгі болатын. Өзі қатаң мұғалім болса да не балаларға, не əріптестеріне дауыс көтермейтін. Кейін ол біраз жылдар Ақтөбе қаласының оқу бөлімін басқарды. Осындай ұстаздардан тəлім-тəрбие алған Жақсылықтың бойынан ауылдағы тұйықтық, біртоғалық мінездер қалып, мектеп-интернаттың бір отбасындағыдай қым-қуыт тіршілігіне сіңісіп кетті. Тіпті, белсенділер қатарында сол кездегі əр оқушының арманы болған «Артекте» демалып қайтты. Мектеп-интернатты үздік аяқтап шыққан Жақсылық Тұңғатаров Кеңсахара ауылындағы бастауыш сыныпқа енді өзі сабақ берді. Барлық төрт сыныптың мұғалімі де, тəрбиешісі де өзі. Бастауыш сынып болса да Кеңсахара мектебі – үлкен еңбек жолы алдындағы алғашқы баспалдақ болатын. Өмірге көзқарас, бала кездегі тарихшы болам деген арман да өзгеріп, Жақсылық 1962 жылы Алматыдағы политехникалық институттың құрылысшы-инженер факультетіне оқуға түсті. Институттағы алғашқы жылдарда студенттік құрылыс отрядын ұйымдастырып, жыл сайын бүкілодақтық екпінді құрылыстарды жүргізуге қатысты. Еңбекке жасынан бейім өскен жас жігіт осы салада бірнеше құрылысшы мамандықтарын игеріп алды. Курсқа жер-жерден талабы таудай талантты жігіттер мен қыздар жиналған. Аманғазы Разбеков, Тоқтархан Қожағалиев, Болат Нұрғазиев, Заманбек Нұрқаділов сияқты жігіттермен араларынан қыл өтпестей дос болды. Мен жүріңкіреп барып үйлендім, – дейді Жəкең. Ол кезде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бас құрылысшы-инженер болатынмын. Іссапармен Алматыға жолым түсіп пойызға билет алдым. Бойдақ кезім. Вокзалда келбеті көз тартатын сұлу

9

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

қызға көзім түсті. Сəтін салғанын қараңыз, сол қызбен бір вагон, бір купеге тап болдым. Əкесімен бірге Алматыға демалысқа бара жатыр екен. Таныстық, əңгімелестік, Алматының вокзалында бөліндік. Тіке, досым Заманбекке тарттым. Ол кезде Зəкең ірі құрылыс-монтаж басқармасының бас инженері. Екі күн іздеп, əкесімен демалып жатқан қызды тауып, əкесінің рұқсатын алып, сол күні Зəкең əйелімен – төртеуміз күнұзақ бірге қыдырдық. Сол қыз – Светлана, міне, елу жылдан бері біздің үйдің түтінін түтетіп келеді. Светлана Қалешқызы қалада туыпөскен, тəрбиесі мен мəдениеті де қаланың қыздарындай болған соң Жəкеңнің достары (ауылдан шыққандар) одан тартыншақтап, ашылып кетісе алмай жүрген. Бірақ, ауыл мен қала арасында белең алып кеткен сол бір көрінбейтін шекараны Светлана Қалешқызының өзі бірден-ақ бұзды. Үлкенімен үлкенше, кішісімен кішіше сөйлесіп, туыстар мен достарды өзіне баурап алды. *** Жақсылық Садықұлы институттан соң Ақтөбе облысына келіп, Григорий Нико лаевич Киевский жетекшілік ететін кеңшарға құрылысшы-инженер болып орналасты. Кеңшар директоры көпті көрген, тəжірибелі, жаратылысы өзгеше адам екен. Алғашқы бірер айдан соң, Жəкеңнің қабілетін танығаннан кейін бұйрықсыз-ақ жұмыс жасай беруге жол ашып қойды. Шаруа дөңгеленіп жүре берді. Шаруашылықтағы құрылыс, жөндеу жұмыстары үлгіге айналды. Сол кездегі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Равхат Ғаділшин басқармаға бас құрылысшы-инженер лауазымына шақырды. Жақсылық Садықұлы үшін Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының құрылыс бойынша орынбасары қызметіндегі кезең өзінің жұмыс істеу қабілетін жан-жақты көрсеткен уақыт еді. Облыс басшылығына В.Ливенцов келген соң ауыл шаруашылығы құрылысының көлемі шұғыл көтерілгенін айта кету керек. Алдыңғы жылдарға қарағанда үш есе өсіп шыға келді. Облыс бойынша бір мезгілде жүздеген өндірістік жəне əлеуметтік маңыздағы нысандар құрылысы басталды. Облпартком мен облаткомға апта сайын сол құрылыстардың жүргізілу барысы туралы əр аудан бойынша ақпар тапсырылады. Осы салада сегіз жыл қызмет еткен Жақсылық Садықұлы облыс басшыларының алдында күнбе-күн есеп беріп отырады. Бұл саланы оттан түспейтін қазан сияқты елестетуге болады. Қазіргідей индустриялықинновациялық даму емес, ол кезде негізінен барлық назар да ауыл шаруашылығы саласында болатын. Жақсылық Садықұлы ауыл шаруашылығы саласына кездейсоқ келген жоқ. Өзі ауылда өсті. Ауыл еңбеккерлерінің қандай үйлерде тұрып жатқанын көзімен көріп, ортасында болды. Институттың соңғы курстарында жүргенде жастардың республикалық «Ленинская смена» газетіне ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысының сыртқы келбетін жақсарту, оған сапалы құрылыс материалдарын пайдалану, қысқасын айтқанда, болашақтың ауылы туралы пікірін білдірген мақаласы жарияланды. Шыныменақ, ауылдағы құрылыс стихиялы түрде жүргізіліп келген еді. Ауылдағылар қолына түскен материалмен жеке үйін салып шығады. Жəкең өзі осы салаға келгеннен кейін жағдайды түбегейлі өзгертуге кірісті. Елді мекендердегі тұрғын үйдің саман қабырғасын кірпішке, төбе жабатын ағашты темір-бетон жамылғыға ауыстырып, терезелер кеңейтілді, пəтерлерге су мен кəріз жүйелері кіргізілді. Бекітілген сметалық құн

шегінен шыққан жоқ. Бірақ тексерушілер базалық жобаға сəйкес емес деп, жаңа жобаны бұрмалаушылыққа жатқызды. Өзінің жобасын Алматыға барып қорғауға тура келді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мемқұрылыс жобаны қолдап, үлгі етуді, тіпті сыйақы тағайындауды ұсынды. *** Ақтөбе облысын 70-80-ші жылдардағы кезеңде басқарған Василий Андреевич Ливенцов осы өңірге ерекше еңбек сіңірді. Бірінші хатшының көмекшісі болған, қазір ақтөбелік ардагерлер ұйымының жетекшісі Кеңес Бірманов басқа қызметке ауысарда өз орнына Жақсылық Садықұлын ұсынған. Ол кезде Ж.Тұңғатаров облыстың ауыл шаруашылығы саласында көзге ілініп, танылып болған. Василий Андреевич Жəкеңді өзіне көмекшілікке ерекше ықыласпен алды. В.Ливенцовтың беделі республикада ғана емес, Одақ көлемінде де жоғары еді. Ол одақтық деңгейдегі министрлерге, Үкімет басшысының орынбасарларына, КОКП ОК Саяси бюросының мүшелеріне тікелей байланысқа шыға беретін. Бұл бір жағынан облыс үшін де едəуір пайдалы болды. Абыройы асқақ, беделі биік басшыға көмекші болған адамның қадір-қасиеті де орта деңгейде қалып қоймауы тиіс. Өйткені, үлкен мəселенің оң шешім табуы көмекшіге де байланысты болып жатады. Жақсылық Садықұлының қандай мəселеге де батыл кірісіп, шұғыл əрі тиімді шешім қабылдай білу қасиеті бірінші басшының ойынан шығып, ұнады, оған деген сенімі арта берді. Үлкен отырыстарда, келелі кеңестерде кейбір ірі өндіріс орындарының басшылары, аупарткомның бірінші хатшылары қандай да бір мəселелер бойынша Ж.Тұңғатаровқа кінə арта бастаса Василий Андреевич оларды тыйып тастап, оның шешімі орынды болған соң қорғап қалатын. Бұл кезең – Жəкеңнің партиялық органда шыңдалу, тəжірибе жинақтау, адамдармен жұмыс істеудің қыры мен сырын үйрену мектебі болды. Оның үстіне Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебінде қазіргі «Ғасыр Нұры» қоғамдық қорының директоры Есімқан Есенбаев сияқты таңдаулы кадрлармен оқып жүргенде білімі теориялық жағынан тереңдей түсті. Сол кезде факультет деканы Зинаида Леонтьевна Федотова «сабақты Тұңғатаров сияқты оқу керек» деп мектептің басқа тыңдаушыларына үлгі етіп отыратын. Партия органындағы қызметте жиыптерген тəжірибе кейін Фрунзе аудандық партия комитетінде бірінші хатшы болған жылдары өзінің игілігін берді. Жақсылық Садықұлы облыс орталығындағы аупартком басшылығын қолға алған соң бұрынғы белсенді қарқынын үдете түсті. Аппарат қызметкерлерінен үнемі тың ұсыныстар мен жаңа бағыттағы іс-қимылдарды талап етті. Осы орайда облыстың өзге аудандық партия комитеттері партиялық іс пен көпшілікмəдени шараларды қатар жүргізуде Фрунзе аупарткомының тəжірибесіне сүйенді, үйренді, іске асырды. В.Балакиров Ақтөбеде, комсомол, партия органдарындағы қызметтің талай сатыларынан өтіп, артына жақсы сөз, кейінгілерге үлгі болар із қалдырған адам. Облыстық партия комитетінде үгіт-насихат жəне партиялық ұйымдастыру бөлімдеріне басшылық етті. Мəскеуде соңғы жылдары зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Ресей Федерациясы Үкіметі Аппараты іс басқарушысының орынбасары болған Вячеслав Яковлевичпен кездесіп, еменжарқын əңгімелесіп, бұрын қызметтес болған жігіттерді сұрастырып, солар туралы сөз қозғай бастағанбыз. Сөз ауаны Жəкеңе көшкенде Вячеслав Яковлевич шешіліп кетті: – Жақсылық Садықұлы жас жігіт

кезінен-ақ өмірге көзқарасы байсалды, бойындағы қайраты мен жігерін орынды жұмсап, сөзі мен ісі тең түсіп жататын бекзат қой. Өзінің тікелей міндетіне де, айналасында болып жатқан құбылыстарға да бейтарап қарамайды. Ол қолға алған шаруа, ол бастаған іс оңтайын тауып, сəтімен аяқталады. Өйткені, оның көкірек көзі – ояу, қимыл-əрекеті – ширақ, жасаған ісіне – мұқият. Қай кезде де жоғары зиялы жəне зияткерлік ерекшеліктерімен өзіне тартып тұрады. Оның жүріс-тұрысы мен киім киісінің өзі адам қызығарлық. Қашан көрсең де сергек, жарасымды киініп, еңсесін жоғары ұстап жүреді. Əріптестеріміз, əсіресе, жас қызметкерлер Жақсылық Садықұлына ұқсауға тырысатын. Ж.Тұңғатаров сексенінші жылдардың соңына қарай «Ақтөбеоблагроөнеркəсіпқұрылысы» бірлестігін басқарып, ауыл шаруашылығы құрылысында бұрын өзі ұсынған жобаларды толығырақ жүзеге асырудың сəті түсті. Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласындағы ірі құрылыс бірлестігін басқарып отырған Жақсылық Тұңғатаровтың жігерлі іс-қимылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің назарынан тыс қалмады.1989 жылы Орталық Комитет Жақсылық Садықұлын ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы лауазымдық қызметіне алды. Партиялық ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары Оралбай Əбдікəрімов Тұңғатаровтың парасаттылығы мен қарапайымдылығын, бір мəселені шешудің бірнеше нұсқасын əзірлеп отыратын іскерлігін, сауаттылығы мен адалдығын, айтқан сөзіне тұра білетін адамдығын, сыпайы адамгершілігін тани білді. Еліміз өз алдына тəуелсіз мемлекет құра бастаған алмағайып кезеңде Жақсылық Тұңғатаров, Əмзебек Жолшыбеков, Нұр лан Рахымжанов, Нұрлан Омаров сияқты қайраткер азаматтар қажет болды. Мемлекетті басқарудың ерекше, тың үлгілері құрылды. Сол уақыт егемен елімізге еңбек ететін ерлердің екшелген, ірі тұлғалардың іріктелген сəті еді. Оралбай Əбдікəрімұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жəне Министрлер Кабинеті Аппараты ұйымдық-инспекторлық жəне аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі. Аз мерзім мен тар кезеңде азаматты танып-білген О.Əбдікəрімов Жақсылық Садықұлын Аппаратқа қызметке шақырды. Осында жəне кейіннен Парламент Сенатының Аппаратында Ж.Тұңғатаров мемлекеттік қызметтегі өзінің бай тəжірибесін тиімді жұмсап, шебер пайдалана білді. Кеңес Одағы сияқты үлкен держава ыдыраған соң, бұрын бір отауда болған рес публикалар сан тарау жолға түсті. Қазір солардың кейбіреуі əлі күнге дейін өзінің сара жолын таба алмай келеді. Біздің еліміз Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен аумалы-төкпелі кездерде дұрыс жолды тауып, таңдай білді. Өңірлердің іргесін бұзбай, əлеуметтік-экономикалық əлеуетін нығайтуға кірісті. Сол бір күрделі 90-шы жылдардың ор тасында Ж.Тұңғатаров Президент Əкімшілігінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік инспекторы болатын. Облыс əкімі Равиль Тəжіғараұлы Шырдабаев республикалық деңгейде ісімен танылған Ж.Тұңғатаровты өзіне бірінші орынбасар қызметіне шақырды. Қазақстан мұнайының астанасы – Атырауда шешімін күткен іс шаш-етектен болатын. Əсіресе, мұнайдың үстінде отырған өңірдің əлеуметтік ахуалының төмендігі көзге ұрып тұратын. Қысқа мерзім ішінде мұнай өңдеу зауыты қайта жарақтандырылып, елді мекендерге газ жүргізу, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын салу, өндіріс орындарының қызметін жандандыру істері қолға алынды. Облыс орталығында жаңа заманға сай тұрғын үйлер салынып, жаңа даңғылдар пайда болды. Өңірдің экономикалық əлеуеті арта түсті. Əсіресе, мұнай жəне газ өндіру көлемі ұлғайып, сапалық деңгейі өсті. Осындай шаруалардың ұйымдастырушысы, қозғаушысы облыс əкімі Равиль Тəжіғараұлы болса, оларды тікелей жүзеге асырып, іс басында Жақсылық Садықұлы жүрді. Жəкең сияқты кез келген істі еңсеріп кететін қайратты, жігерлі, білгір қайраткердің іс тəжірибесі қай салада да, қай кезде де сұраныстан түспейді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де еліміздің ірі-ірі құрылыс, мұнай компаниялары мен банк жүйесінде басшы қызметтер атқарған Жақсылық Садықұлы сол салаларда өзіне тəн өзгеше, ер-азаматқа сай ерекше қолтаңба қалдырды. Азаматтың айнасы – ортасы мен отбасы. Жəкеңнің ортасы – жоғарыда сөз еткен қара нардай жігіттер, марқасқа азаматтар. Олармен байланысы əлі күнге бекем. Ал отбасында Жақсылық Садықұлы зайыбы Светлана Калешқызымен алты бала тəрбиелеп өсірді. Эльмира мен Мұрат Есеналы, Кəмила, Іскендір деген балаларымен Атырауда, Лəйла мен Тимур Абай, Далили, Əмірлан деген балаларымен Астанада, мұнайшы Гүлнары өздерімен бірге, Дəмелі мен Əнуар Əлинұрымен Қарағандыда, Дана мен Ахат Ресейдің Воронежінде тұрып жатыр. Ертеде Садықəкенің бала Жақсылыққа көңілі қандай болса, Жəкеңнің де кенжесі Нұр-əд-Динге деген ықыласы ерекше. Əке ықыласына қарай Нұр-əд-Диннің де алғашқы қадамдары басқалардан өзгеше. Ресейдің белгілі ғалым-пе дагогтары физика-математика мектебіне Астанадан ойы озық, санасы ұшқыр оқушылар іздей келгенде мыңның арасынан таңдаулары Нұр-əд-Динге түскен. Қазір Нұр-əд-Дин Жақсылықұлы Новосібірде мамандандырылған ғылыми оқу орталығының 10-шы сыныбында оқып жүр. Міне, өз заманының тау теңдес тұлғалары осылайша қалыптасады.

Мырзекеѕ мырза екен

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада филология ғылымдарының докторы, профессор, мемлекет жəне қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің жеке кітапханасы ашылды.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты ашылу рəсімінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ғалымның елордадағы ең үлкен кітапханаға кітаптарын өткізуін өзгелерге өнеге болар үлкен оқиға ретінде бағалады. «Кітап – білім, мəдениет, болашақ. Сондықтан оның қадірін білуіміз керек. Мемлекет басшысы үлгі көрсетіп, арнайы кітапхана ашқан болатын. Міне, кезінде бірге қызмет атқарған əріптесі, ел ағасы, қоғам қайраткері Мырзекең де кітапханаға өз кітаптарын өткізіп отыр. Мұндай маңыздағы іс-шара бұдан кейін де жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр болмақ» – деді ол. Шара барысында композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақа нов түркітанушы ғалымның шығармашылығы туралы зерттеуге кіріскенін баяндай келіп, жылдар бойы жинаған рухани байлығынан өзгелердің де сусындауын жөн деп тапқан замандасына алғысын айтты. Сондайақ, бұл кеште Мəжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқиғаны елдің рухани санасының өсуіне септігін тигізетін əрі зиялы қауымның сапасын көрсететін жағдай деп атап өтті. «Менің замандастарым дүние емес, кітап жинады. Мен де бұларды

жылдар бойы тірнектеп жиып едім. Бұлардың ішінде сырласым да, мұңдасым да көп. Бірге ұйықтап, бірге оянатын, жата-жастана оқитын кітаптарым да болды. Енді міне, бəрін кітапханаға өткізіп отырмын...» – деген белгілі ғалым кітаптарын өткізуге себепші болған Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева екенін де айтты. Сондай-ақ, өзіндегі қазына тек кітаптармен шектелмейтінін, болашақта қазақтың атақты домбыра шеберлерінің жасаған аспаптарын өткізуді де ойластырып жүргенін де мəлімдеді. Ұлттық академиялық кітапхананың екінші қабатында орналасқан ғалым Мырзатай Жолдасбековтің жеке кітапханасы ақпараттық, мəдени жəне білім беру міндеттерін орындайтын болады. Яғни, бұл залда ғалымдар мен магистранттарға, басқа да пайдаланушыларға ақпараттықбиблиографиялық қызмет ұсынылып, сондай-ақ ара-тұра мəдени-көпшілік шаралар да өткізіліп тұрмақ. Қазіргі кезде жеке кітапхананың қорында тоғыз жарым мыңға жуық кітап пен кəдесыйлар, портреттер, медальдар мен монеталар бар. Кітапханаға жиналған жұртшылық Елбасының өнегесін жалғастырған ел ағасына ризашылығын білдіріп, «Мырзекең мырза екен» деп тарасты.

Алғыс айтамыз

Отбасымыздың алтын діңгегі Тұрлығазы Сабырбайұлы Дуанбектің жол апатынан қаза болғанына жыл толуына байланысты өткізілген шараларға белсене қатысып, көңілімізге медеу болған Тұрлығазының достарына, əріптестеріне, ағайын-туыстарға, сондай-ақ, естелік кітапша шығаруға демеушілік еткен «Стимул» ЖШС басшылары Сергей Леонидович пен Вячеслав Сергеевич Мутовкиндерге шын жүректен алғыс айтамыз. АСТАНА.

Дуанбековтердің отбасы.

«Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Жамбыл облысы емдеу-алдын алу ұйымдары үшін дəрілік заттарды жəне медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды Жалпы сомасы 1 828 976 355,17 теңге. Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік құжатамада көрсетілген. Тауар Жамбыл облысы жəне Тараз қаласына жеткізілуі тиіс. Тауар жеткізу мерзімі: шарт жасалған соң 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» №1729 қаулысының 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама топтамасын əлеуетті өнім беруші 2015 жылғы 12 ақпанда сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, №326 бөлмеден сағат 15.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе dzo_goszakup@mail.ru электронды почтамен алуына болады. Тендерге қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2015 жылғы 13 ақпанда сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2015 жылғы 13 ақпанда сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі,78, 2-қабат, мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43-27-49.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении тендера по закупке лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для лечебно-профилактических организаций Жамбылской области на 2015 год Общая сумма 1 828 976 355,17 тенге. Полный перечень закупаемых товаров, их количество и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Товар должен быть доставлен: Жамбылская область и город Тараз. Требуемый срок поставки товара до 31 декабря 2015 года после заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года №1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 12 февраля 2015 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет №326, время с 15.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: dzo_goszakup@mail.ru Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 13 февраля 2015 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 13 февраля 2015 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43-27-49.

«Червонное-Агро» ЖШС «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның 23-бабының 7-тармағына, ҚР Жер кодексінің 54-бабының 1-тармағына сəйкес 2015 жылғы 27 ақпанда сағат 10.00-де жалпы үлестік жер пайдалану жиналысын мына мекенжайда өткізу туралы хабарлайды: Солтүстік Қазақстан обл., Ғ. Мүсірепов атындағы ауд., Червонное а., Мəдениет үйінің ғимаратында. Күн тəртібі: 1. 2013 жылғы 10 қаңтардағы өтінішіне сəйкес табиғи жер телімін бөлу жолымен серіктестік қатысушыларының құрамынан Иван Иванович Шаламовтың шығуы туралы. 2. 2013 жылғы 10 қаңтардағы өтінішке сəйкес бөлінетін жер телімінің алаңы мен орналасқан жерін анықтау туралы.

«Терновское» ЖШС 2015 жылғы 9 ақпанда сағат 10.00-де кезектен тыс жалпы жиналысты мына мекен-жайда өткізу туралы хабарлайды: СҚО, Тайынша ауд., Терновка а. Күн тəртібі: 1. СҚО, Тайынша ауд., Терновка а. мекенжайында 2014 жылғы 27 қазанда сағат 10.00-де болған «Терновское» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында бұдан бұрын қабылданған шешімді мақұлдау. Утерянный страховой полис АО «Kaspi Страхование» АІІG/MTR/CTPL/00072000 считать недействительным.


10

www.egemen.kz

23 қаңтар 2015 жыл

 Айбын

Əскери кемеде кґк байраќ кґкке кґтерілді

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорыған тағы бір əскери кеме тəуелсіз еліміздің көк байрағын салтанатты жағдайда көкке көтерді. Маңызды шараға Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздің Қарулы Күштерінің тапсырысы бойынша Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған зымырандық-артиллериялық «Сарыарқа» əскери кемесі суға өткен жылы жіберілген еді. Су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық, ұзындығы 42 метр шамасында жəне ең жоғары жылдамдығы 2530 узел, жүзу қашықтығы 1200 мильді құрайтын кеме қазіргі заманғы зымырандық-артиллериялық қару-жарақпен, навигациялық қондырғылармен жабдықталған.

 Бір ауыз сөз

Ата-əжелеріміз ертегі айта ма? Гүлмира РАУШАНБЕКҚЫЗЫ,

Шəкəрім Құдайбердіұлы атындағы №75 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі.

Бала кезінен ата-əжелерінің ертегілері мен батырлар жырын естіп өскен аға ұрпақтың сөз өнерін кие тұтып, ұлттық қасиеттерімізді көзінің қарашығындай сақтап, халқына, еліне адал қызмет етіп жүргенін жақсы білеміз. Халық ауыз əдебиетінің кəусар бұла ғымен сусындап өскен аға ұрпақ қазір өздері немерелеріне ертегі айта ма? Біреуден ілгері, біреуден кейін тұрмысы бар, балашағасының қамын жасаймын деп «космостық» дəуірде балаларына, немерелеріне көңіл бөлуге уақыт таба алмайтын болуы керек деген де ой жоқ емес. Десек те, уақыт жоқ деп сайрап жүргендер теледидарда беріліп жатқан түрік пен кəріс, үнді сериалдарын үзбей

көреді. Немерелерін алдарына алып, бірге тамашалайды. Бұл сериалдарды бала көруге бола ма, жоқ па, оны ойлап жатқан ешқайсысы жоқ. Бұрын өздері қандай қазақ ақын-жазушылары барын,

кім нің қандай кітабы шығып жатқанын біліп отыратын. Ал, қазір өздерінің осы əдеттерін балаларына, немерелеріне үлгі қыла алмауының себебі неде? Өз ұрпағының компьютер, теледидар, телефон, интернетті

жақсы меңгергенін алға тартып мақтанады. Кейінгі ұрпақтың заман талабына сай ғылымитехникалық прогресс жемістерін білгені дұрыс қой. Əйтсе де, халқымыздың қиялы ұшқыр, тілі бай, тапқырлыққа толы ерте гілерін тыңдап өскен ұр пақтың көкірегі мейірімге, адалдыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке бөленіп өсетінін ұға тұра, бала тəрбиесіне көңіл бөлуде олқылық жіберіп отырғанымыз өкінішті. Шетелденудің бəрі керемет деп, оларға таңданудың қажеті жоқ екендігін ата-əжелеріміз білсе ғой. Рухани құлдырап бара жатқан балаларымыздың ертеңі не болмақ? Олардың болашақ ел тізгінін ұстар азамат болуы үшін ата-əжелері, əке-шешелері бесік жырынан бастап, ертегі, аңыздар, батырлар жырын бала құлағына құйып отырса, бала өзі де бейімделер еді. Немерелерінің құлақ құрышын қандыратын ертегі, аңыз əңгімелер айтатын ата-əжелеріміз көбейсе екен деп тілейміз. АЛМАТЫ.

«Егемен Қазақстан».

Елімізді жаудан азат етуде құрбан болған жерлестерімізге арналған бұл ескерткіш-кітап ерекше мəнге ие. Қымбат жəдігерімізде Ақмола облысының қазіргі əкімшілік аумағынан Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданға аттанған жауынгерлердің тізімі қала мен аудандар бойынша жеке-жеке ұсынылмақшы. Қазіргі күні əрбір аудан мəліметтер жинау жөнінде өздеріне жүктелген тапсырманы аяқтауға таяу екенін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шапай Əбутəліпов айтып отыр. – Біз жеңіс үшін жау мен айқасқан аға ұрпақтың, ажал құшқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухы алдында мəңгілік қарыздармыз. Батырларымыздың ерлігі біздер үшін əрқашан үлгі-өнеге. Бұл ерлік өскелең ұрпақтың жадында

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

 Суыт хабар

 Тағылымды тəжірибе

Бес балыќшы

Автобустар тўраќты баќылауєа алынады

мўз жарылып, «УАЗ» автокґлігімен суєа батып кетті

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».

Атырау қаласында да жолаушылар тасымалдайтын автобустар жұмысына көңілі толмайтындар бар. Сирек болса да тұрғындар сондай шағымын тілші қосынына хабарлап тұрады. Мұндай шағымдар қалалық əкімдікке де жеткен болуы керек, енді жолаушы тасымалдайтын автобустар қозғалысы GPS-пен бақылауға алынғалы отыр. Атырау қаласының əкімі Нұрлыбек Ожаевтың жергілікті жолаушы тасымалдаушылармен өткізген кеңесінде нақ осы мəселе мақұлданды. Бұған дейін, яғни өткен жылдың күзінде қалалық əкімдіктің қызметкерлері Астанадағы қоғамдық көлікте GPS жүйесін енгізу тəжірибесіне зерттеу жүргізіпті. Ал Атыраудағы алғашқы тəжірибе №4 маршрутта қатынайтын

Сондай тосын оқиға Арал ауданында болды. Қызылжар ауылынан шыққан балықшылар Аманөткел елді мекенінің тұсына жетеді. Сырдарияның үстінен «УАЗ» автокөлігімен өтпек болғанда, суға батып кетеді. Қалың судың астында көліктің есік-терезесін аша алмаған бес адам сол жерде жан тəсілім етеді. Оқиға орнына құтқарушылар барды. Автокөлік пен ішінде қайтыс болған 5 адам судан шығарылды. Биыл өзі қыстың да көркі кіріп тұрған жоқ қой. Жылдағыдай аяз емес. Өткенде дария еріді. Қыстың қақ ортасында. Солайша, толық қатпаған мұз опырылып кетіп, опат болып отыр. Осы оқиғаға орай облыс əкімінің орынбасары Нұржан Əлібаев шұғыл жиын өткізді. Аталған жағдайдың дария бойындағы қауіпсіздік шараларының сақталмағанынан орын алғанын айтты. ҚЫЗЫЛОРДА.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

мəңгілік жатталып қалуы үшін қоғам болып жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Осы басылымды 1000 данамен шығарып, Көкшетау, Степногор қалалары мен облыстың əрбір аудандарының мектептеріне, кітапханаларына, музейлер мен ардагерлер ұйымдарына тарту етпекпіз, – дейді Шапай Мүтəллапұлы. Облыстық ардагерлер ұйымының мəліметі бойынша, кезінде Көкшетау облысынан 100 мыңға жуық адам соғысқа аттанған. Қазір облыста 103 мың зейнеткер бар. Оның 228-і Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 72-сі Көкшетау қаласында тұрады. Тізімге алынғандардың барлығының есімі жаңа кітапқа енетін болады. Егер суреттері болса, тіпті жақсы. Соғысқа басқа жерден шақырылып, бірақ кейін белгілі бір себептермен біздің облысқа қоныс аударған ардагерлердің аты-жөндерін де кітапқа енгізу мəселесі ұмыт

қалмайды. Сондықтан, Шапай Əбутəліпов тұрғылықты мекенжайлары бойынша Көк шетау, Степногор қалалары мен аудан тұрғындарынан соғысқа қатысқан ата-бабаларының атыжөндерін нақтылауды өтінді. Ол үшін қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі мен əскери комиссариатқа хабарласулары керек. Ал, жалпы, осы айдан бастап аудандардан тізімдер сұрала бастайды. «Боздақтар» 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы екі томдық ескерткіш-кітап бұрынғы Көкшетау облысы кезінде, 1996 жылы жарық көрген болатын. Енді 3 томдық болып шығатын қымбат жəдігер сəуір айында жарық көрмек. Бұл басылымда майдан даласында қаза тапқан барлық жауынгерлердің есімі жазылады. Жарқын тарихтың жасампаз беттерін жазуға соғыс ардагерлерімен бірге тыл еңбеккерлері де айрықша үлес қосқаны белгілі. Сондықтан, тың игеру науқанына белсене қатысқан бірқатар еңбек ардагерлерінің есімдерін аталған кітапқа енгізу мүмкіндіктері қарастырылуда. Ақмола облысы.

«Егемен Қазақстан».

Кеше жергілікті уақытпен 13 сағат 12 минутта Атырау қаласына таяу орналасқан Жұмыскер елді мекеніндегі Исатай Тайманов атындағы мектепте оқитын оқушылардың бір тобы, дəлірек айтқанда, 21 шəкірт өздерін нашар сезінгендіктеріне шағым білдірген. Кейін анықталғандай олардың барлығы белгісіз заттан уланған. Шұғыл хабар алысымен аталған мектепке «жедел жəрдем» қызметінің 3 бригадасы дереу аттанып, уланған оқушылардың барлығын облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Мұндағы дəрігерлер əзірге анықтала

қоймаған, белгісіз заттан уланған 21 оқушының барлығын ауруханада қалдыру жөнінде шешім қабылдады. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетіліп, сақтандыру шаралары қолға алынды. Жансақтау бөліміне ешкім жатқызылған жоқ. Осы оқиғаға орай ауруханаға облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы барып, жағдаймен қанықты. Құзырлы органдарға оқиға себебін анықтауды тапсырып, сырқаттарға толық ем жасауды міндеттеді деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі кезде уланған оқушылардың барлығы дəрігерлердің жіті бақылауында. Атырау облысы.

Тəлкекке тїскен таєдырлар Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қаскелең қаласының маңына жұмыс іздеп Өзбекстаннан келген төрт қандасымыз құлдықтан құтқарылды. Қандай жұмыстан болса да тартынбай, қалайда қаражат табуды ғана ойлаған жандар əуелі алдауға түсіп, сосын шара сыздықтан күнкөрістерін күйттеп, айлар бойы тегін жұмыс істеген. Нақтылай түссек, құлдықтың қамытын киген. «Адам ды еркінен тыс ең бек

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

авто бус тарға енгізілген. Осы бағыттағы 12 автобусқа GPS жүйесі қондырылып, қоғамдық көліктің аялдамаларға келуі уақыты, ұзақ тұруы мен салонға адамның шектен тыс көп мінуі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтауы бақылауға алынған. – Бұл жүйе қоғамдық көліктерде жолаушы тасымалын жақсартуға септігін тигізеді. GPS жүйесін қаладағы 200-ден астам автобусқа орнатар болсақ, олардың күнделікті қозғалысын, құқық бұзушылықтарды экраннан көріп отыруға болады, – деген Атырау қаласының əкімі Н.Ожаев тиісті мамандарға GPS жүйесін енгізудің тиімді жолдарын қарастыруды ұсынды. Мұндай жүйе болашақта Атырау қаласындағы такси қызметіне де қолданылуы мүмкін. Атырау облысы.

етуге мəжбүрлеуге қатысты ішкі істер органында тіркелген дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданды», дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы Жанар Төлегенқызы. Жалпы, өткен жылы облыс аумағында адамдарды заңсыз түрде бостандықтан айыруға қатысты еліміздегі ең ірі мегаполис Алматының іргесіндегі аудандарда 14 дерек тіркеліпті. Алматы облысы.

 Əттеген-ай!

Клубќа ешкім ќызыќпай тўр Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Клуб дегенде сахнасында əртістердің концерті мен əкімдердің жиналысы өтетін ауылдағы кəдімгі клуб екен деп қалмаңыз. Бұл жолғы саудаға футбол клубы түсіп жатыр. Яғни, Жамбыл облысындағы спорт саласының басшылары теңбіл допқа теңге жұмсайтын қалтасы қалың азаматтарды іздеуде. Нақтырақ айтқанда, еліміздің бірінші лигасында өнер көрсететін «Лашын» командасы 520 мың теңгеге сатылғалы жатыр. Бұл саудаға қызыққан кез келген үміткер клубтың қожайыны бола алады. Облыстық денешынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбековтің айтуына қарағанда, клубты сатып алу оңай, бірақ, оны керек-жарақпен

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Маңғыстау облысы.

Оќушылар уланып ќалды

ќайта жарыќ кґреді

Бақберген АМАЛБЕК,

даңқын асыратын теңізшілеріміз үшін зор мəртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Елбасы алдындағы абыройлы парыз, ел алдындағы қасиетті борыш! – деп теңізшілердің өздеріне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаратынына сенім білдірді. Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаев, Маңғыстау облысы Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы, А.Ғұмаров сөз сөйлеп, əскери кемеге көтерілген тудың мəн-маңызы мен қадір-қасиеті туралы баяндады. Жастарды Отанды сүюге, оның алдындағы міндеттер мен парыздарға адал болуға шақырды.

 Оқыс оқиға

«Боздаќтар» кітабы Барша адамзат баласы үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны айрықша. Ақмола өңірінде мұң аралас мерекені өз деңгейінде атап өтуге қатысты дайындық шаралары басталып кетті. Осындай тағылымдық-тəлімдік шараның бірі – «Боздақтар» кітабын толықтырып, төрімізге қайта оздыру.

Ақтау халықаралық теңіз-сауда портының 7-ші тұрағында сап түзеген əскери-теңіз базасының жеке құрамы мен жиылған жұртшылық алдында Əскери-теңіз күштерінің туын кеме командирі капитан-лейтенант Р.Жүнісовке табыстаған Қорғаныс министрі: «Сарыарқа» кемесі – отандық өндірістің төл өнімі. Егемендік жылдары əлеуеті артып, экономикасы асқақтаған, сол арқылы қорғанысын қамдап, қауіпсіздігін арттырған мемлекетіміздің ақталған мерейі. Күндіз-түні туған еліміздің, əр үйіміздің түзу түтіні мен кең-байтақ жеріміздің бүтіндігін ойлаған Елбасының сарабдал саясатының жемісі. Бұл бес қаруын асынып, болашақта осынау əскери кеменің

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

қамтамасыз ету, түрлі деңгейдегі жарыстарға шығарып, ойыншылар мен жаттықтырушылардың жалақысын төлеу үлкен машақат. Əзірге бұл шығындарға облыстық бюджеттен жыл сайын 100-120 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп келеді. Айта кету керек, «Лашын» клубы осыдан бес жыл бұрын Тараз қаласында құрылған болатын. Алайда, бір жылдан кейін Қаратау қаласына көшірілді. Команда жылда бірінші лигадағы ойындарға тұрақты түрде қатысып келеді. Былтырғы маусымда 27 ұпай жинап, 15 команданың ішінде 11-ші орын алған болатын. Сөйтіп, мемлекеттік кəсіпорындарды бəсекелік ортаға шығару тəртібі бойынша «Лашын» футбол клубына конкурс өтіпті. Бірақ ешкім қызығушылық танытпаған... Жамбыл облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №485 ek

Profile for Egemen

23012015  

2301201523012015

23012015  

2301201523012015

Profile for daulet
Advertisement