Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№73 (28551) 22 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Индустрия игілігі

Отандыќ тўѕєыш теѕіз бўрєылау ќондырєысы АЌШ – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Таяуда Сенім грамотасын тап- əріптесі болып табылады. Астана сыруымен Дж.Кролды құт тық- мен Вашингтон ауқымды мəсетаған Қазақстан Сенатының Төра- лелер бойынша сындарлы ынтығасы дипломатқа Қазақстандағы мақтастықты табысты дамытып миссиясының табысты болуына келеді», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. тілек тестігін білдірді. «АҚШ (Соңы 4-бетте). Қазақ станның стратегия лық

Сапалы деѕгейге жеткізу ќажет Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысының Құрық кенті аумағынан отандық верфьте құрастырылған тұңғыш бұрғылау қондырғысы суға жіберілді. Өздігінен көтерілетін «Сəтті» қондырғысы Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аймағында жұмыс істемек. Аймақтағы кеме жасайтын екі компания арасында 2012 жылы қол қойылған келісімшарт негізінде құрастырылған техника барлаумен əрі бұрғылаумен айналысады жəне еліміздің теңіз аймағына арналып жасалғанмен, қазақстандық компаниялар болашақта Иран, Түрікменстан шекарасына шығаруға, яғни тапсырыс қабылдауға ниетті. Ені – 72, биіктігі 64 метрлік қондырғының 119 метрлік үшбұрышты тіреулері

бар. Теңіздің 5-80 метрлік таяз əрі өте терең тұстарында 6 мың метр тереңдікке дейін бұрғылау жүргізе алатын, құны 270 млн. долларды құрайтын қондырғы америкалық технология бойынша екі верфьте – алғашында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасқан бұрынғы «Кеппэл» зауытында жиналып, соңынан Құрық елді мекеніндегі Ерсай верфінде үш жылда құрастырылды. Бортында 86 адам жұмыс жасайтын қондырғы теңізде автономды түрде екі апта бойы тұра алады. Жалпы салмағы 10800 тоннаны құрайтын қондырғы аумағынан жұмысшылар үшін тұрғылықты орын мен тікұшақ қонатын алаң қарастырылған. Мамандар жаңа бұрғылау қондырғысының қауіпсіздіктің барлық талаптары мен ережелеріне сай екенін жəне

экологиялық талаптарға толық жауап беретіндігін айтуда. – Бұл – тұтастай Қазақстанда құрастырылған алғашқы баржа. Мұндай ірі жобаларды жүзеге асыру арқылы біз технологияны дамытуға мүмкіндігіміздің бар екендігін таныдық, яғни біздің компаниялар Қазақстанның теңіздегі бұрғылау жұмыстарын дамытуда ірі жобаларды жасай алады деп сенеміз. Жаңа баржа арқылы Каспий теңізінің қазақстандық секторында барлау жұмыстарын жүргізе аламыз жəне бұл жоба «Теңізшевройл» кен орнын кеңейтуге зор мүмкіндік береді. Біздің верфьтерде кем дегенде 45 мың тонна металл құрылымдарының тапсырыстары орналастырылады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда осы мақсатта іске қосылған үш арнайы орын аталған тапсырыстарды

 Көктемгі егіс

Алќапќа аттаныс алдында Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе өңірі егіншіліктің тəуекелді аймағына орналасқан. Бұған соңғы жылдардағы ауа райының қуаңшылықты болуы қосылып, диқан қауымы əр көктемді күпті көңілмен күтетін болды. Биыл да үміттің жібін жалғаған егіншілер тəуекелге бел буып отыр. Əрине, «Шегірткеден қорыққан егін екпес» дегенді қаперге алған диқан қауымының үміттенуі де орынды. Табиғат жомарттық танытайын десе қиын ба. Алайда, жүректері шайлығып қалған бірқатар шаруа қожалықтары «əліптің артын баққанды» дұрыс көрген сыңайлы. Сондықтан, үстіміздегі жылы егіс алқабының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 80 мың гектарға азайтылған екен. Биыл облыс бойынша барлығы 453 мың гектар жерге егіс салу көзделуде. Оның 340 мың гектарына бидай, арпа егіледі. 30 мың гектарға майлы дақыл, ал 75 мың гектарға мал азығындық бір жəне көп жылдық екпе шөптер егіледі.

Сондай-ақ, түрлі көкөністерден басқа 13 мың гектар алқапқа картоп отырғызылмақ. Облыста егіс басқа аудандарға қарағанда жері анағұрлым құнарлы жəне ылғал да көбірек түсетін Хромтау, Əйтеке би, Қарғалы жəне Мəртөк аудандарының аумағына салынатын болады. Дегенмен, басқа аудандарда да көктемгі егіске қамданып жатқан шаруалар бар. Мамандардың айтуынша, биыл облыстағы шаруашылық құрылымдарының көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету мақсатында барлығы 500 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Оның 400 миллион теңгесі Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, қалған 100 миллион теңгесі Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы беріледі. Диқандардың тұқым, жанаржағармай жəне техника үшін қажет қосалқы бөлшектер сатып алуына бөлініп отырған бұл қаржы жеңілдетілген үстемеақымен несиеге беріледі. Облыс əкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев басшылық ететін арнайы комиссия

шаруашылық құрылымдарының өтініштерін қарап, несие берілетін қожалықтардың тізімін бекітіп қойыпты. Облыс көктемгі егіске қажет тұқымдық астықтың 80 пайызын өзі қамтамасыз ете алады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұқым қоры бар. Кейбір шаруа қожалықтары да қажет тұқымды алдын ала дайындаған. Қалған жетпейтін 20 пайызын шаруа қожалықтары көршілес өңірлерден жəне Ресейдің Орынбор облысынан жеткізуде. Биыл Орынбор облысынан 3 мың тоннадай тұқым сатып алынады деп күтілуде. Көктемгі дала жұмыстар үшін облысқа 8 мың тоннаға жуық жанар-жағармай бөлінген. Бұл жеткілікті, əрине. Жанаржағармай шаруа қожалықтарына арнайы белгіленген оператор «Файн-Трейд» ЖШС арқылы литрі 82 теңгеден босатылуда, бұл баға нарықтағы бағадан 17 теңгеге арзан. Науқанға қатысатын барлық техника түрлері дайын, алды алқаптарға шығарыла бастады.

Ўлттыќ ўлы ґнердіѕ ќасиетті мекені 7-бет

Адалдыќтыѕ аќыры...

қабылдай алады. Олар – Ерсай мен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Кеппэл» верфьтері жəне Ақшұқұр ауданындағы бірлескен кəсіпорын. Ендігі негізгі қадам – Қашаған жобасына қатысты болмақ. Алдын ала жасалған есеп бойынша, мұндағы тапсырыс көлемі 2 мың тонна металл құрылымына дейін жетеді, – дейді Маңғыстау облысы əкімінің орынбасары Рахымбек Əміржанов. Каспий теңізінің табаны біркелкі емес, «Қашаған» кен орны орналасқан солтүстік Каспий түбі таяз болса, Баутино аймағында теңіз түбі терең болып келеді. Таяз жерлерде бұған дейін «Жамбыл» баржасы жұмыс жасап келген болатын. Маңғыстау облысы.

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Білім жəне ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ты аралап көрді. Кездесуге Президент Əкімшілігінің өкілдері, Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов, Ұлттық экономика вицеминистрі М.Əбілқасымова, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Д.Арғындықов қатысты. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында Г.Əбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын əкімшілендіру үдерісімен, үміткерлерді конкурстық іріктеудің, оқу мониторингімен жəне бағдарлама түлектерін одан əрі жұмыспен қамтудың тетіктерімен танысты. Сондай-ақ, аталған бағдарламаның жүзеге асырыла бастаған жылдар ішінде экономиканың түрлі салалары үшін 7929 маман даярланғандығын атап өткен Мемлекеттік хатшы, олардың қатарында 3 мыңнан аса инженер мен технолог, 600-ге жуық дəрігер, 1500-ден астам мұғалім,

оқытушы, ғылыми қызметкер, 81 PhD докторы, ұлттық жəне жеке компаниялардың 2000-нан аса мамандары бар екендігін айтты. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысының «Болашақ» стипендиясының иегерлерінің əлеуетін барынша пайдалану жəне оларды мемлекеттік қызметке белсенді түрде тарту қажет екендігі туралы айтқан болатын. Сондықтан да қазіргі таңда басты мəселелердің бірі бағдарламаның орындалу барысы қалай екендігін барлай отырып, қажетінше нəтижелі жұмыстарға қол жеткізу керек, деді Г.Əбдіқалықова. (Соңы 4-бетте).

 Мақта өсірушілерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 500 млн. теңге бөлінді. Құрылым өткен жылы аталмыш бағытта несиелеу желісін ашып, былтыр да 500 млн. теңге көлемінде қаржы аударған-ды. Нəтижесінде шаруаларға 517 несие беріліп, олар кесте бойынша толығымен қайтарылған.  Қазақстанның Даму банкі автокөлік өнеркəсібін қолдауға 20 млрд. теңге бағыттайды. ҚДБ мəлімдегендей, көрсетілген соманың 15 млрд. теңгесі елімізде құрастырылған автомобильдерді сатып алғысы келетін жеке тұлғаларға несие беру үшін, ал қалған 5 млрд. теңгесі арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы (ауыл шаруашылығы техникаларын қоспағанда) лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кəсіпкерлерді қаржыландыруға жұмсалады.  Астанада өтетін əскери парадқа өңірлерден 246 ардагер келеді. Қалалық мəдениет басқармасының хабарлауынша, қонақтарды теміржол вокзалында жəне халықаралық əуежайда салтанатты жағдайда қарсы алып, шығарып салу шарасы ұйымдастырылады.  «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазғандағы Даңқ алаңы маңына ағаш отырғызады. Компанияның баспасөз қызметі мəлімдегендей, құрылым жұмысшыларынан жасақталған еңбек десанты бір апта бойы көшет егілетін аймақты даярлап қойған. Қазіргі таңда 400-дей адам 3 гектар жерді күлқоқыстан тазартып, көшеттерді суаратын құбырларды тартты.  Оңтүстік Қазақстанда 154 гектарға жерасты жылыжайы салынып жатыр. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі бүгінде Ордабасы ауданындағы бұл жылыжайдың 30 гектарға жуығы іске қосылып, 30 адам жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Ол жылыту жүйесін қажет етпейді. Егер нысан толық іске қосылса, оның жылдық қуаттылығы 50-60 мың тоннаға дейін өнім беруге жететін көрінеді.  Қостанайда 1 330 саяжайы мемлекет меншігіне өтті. Қалалық ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімінің бастығы Қайрат Сəндібековтің айтуынша, бұл саяжайлар тілек білдірген азаматтарға жалға берілетін болады.  Ақмола облысында кəсіпкер жауын құртын өсіріп, пайда таппақ. Зеренді ауданының тұрғыны Талғат Жақыпов қазір аталмыш жəндік санын 10 млн.-ға жеткізген. Кəсіпкердің сөзіне қарағанда, одан өндірілетін биогумус минералды тыңайтқыштарды алмастыра алады. Кəсіпорынның жылына 2 000 тонна тиімділігі жоғары əрі экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІІ СЕССИЯСЫ

Ақтөбе облысы.

Бїгінгі нґмірде: «Ќара ќабылан» 5-бет

10-бет

«МƏҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР» 2015 ЖЫЛҒЫ 23 СƏУІР 

АСТАНА


2

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

БЕРЕКЕ БАСЫ – БІРЛІК

Ертеѕ, 23 сəуірде Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ 22-ші сессиясы ґткізіледі

Татулыќ ќайнары

Тəуелсіздікке қол жеткізген 24 жыл аясында тарих беттеріне алтын əріппен жазылар айтулы оқиғалар мен өзекті өзгерістер жетерлік. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Ел болып, еңсесін көтерген Қазақстанның бүгінгі хал-ахуалы, əлеуметі мен əлеуеті, тынысы мен тіршілігі, экономикасы мен ішкі-сыртқы саясаты бұрынсоңды болмаған елеулі өзгерістерге ұшыраған. Бабаларымыз мирас еткен, білектің күші, найзаның ұшымен жауынан қорғап, талай тарихи оқиғалар куəгері Қазақстан Республикамыздың тəуелсіздік алғанына айтарлықтай көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қоғамдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Осындай бейбітшілік заманда ел болып ұлыларымызды ұлықтап, айтулы даталарды еркін тойлайтын дəрежеге жеттік. Атап айтсақ, Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толып отыр, Ата Заңымыздың – 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы – кең көлемде аталып өтетін мерекелер. Қазақтың маңдайына біткен біртуар данасы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толғандығы, Шоқан Уəлихановтың 180 жылдығы да еліміз үшін маңызы бар мерейтойлар. Осындай айтулы мерекелік даталарға толы биылғы жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше жəне халық үшін негізгі бақыт – бейбіт заманда өмір сүру. Сондықтан, елімізде татулық пен тұрақтылыққа Тəуелсіздік алған жылдан бастап-ақ ерекше мəн беріліп, елеулі еңбектер атқарылып келеді. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттылықты одан əрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту. Ассамблея этномəдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномəдени бірлестіктердің, Қазақстан халқының ұлттық мəдениеттері, тілдері мен дəстүрлерінің өркендеуін, сақталуын жəне дамуын қамтамасыз етеді. Қазақ жерінде қазір 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мəдениетін дамытып, салт-дəстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың əрқайсысының ұлттық мəдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мəдени орталықтар əр халық өкілдерінің өз ұлттық дəстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көп ұлтты Қазақстанның мəдени жағынан əртарапта дамуына үлес қосып келеді. Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласы да нəтижелі жұмыс атқарып жатыр. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастар саласында Мемлекет басшысы Ассамблея сессияларында, ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген, қоғамдық бейбітшілікті сақтауға, азаматтардың патриоттығын, сондай-ақ, Алматы қаласының аумағында тұратын этностардың ұлттық дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын насихаттауға бағытталған стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста өз жұмысын атқарып келеді. Алматы – 2 миллионға жуық тұрғыны бар еліміздегі ең үлкен мегаполис. Қаламызда 100-ден астам этнос өкілдері тату-тəтті бірлікте өмір сүріп, тіршілігін жалғастыруда. Алматы қалалық ҚХА құрамында 34 қалалық этномəдени бірлестік бар жəне олар өз ұлттық құндылықтарын, тілін, мəдениетін, дəстүрін толыққанды сақтап, этносаралық қарым-қатынас тарды нығайтуда басты рөл атқарып келеді. Əрбір ЭМБ-те өз қоғамдық құрылымдары: ақсақалдары, əйелдер кеңестері, жастар қанаты, шығармашылық ұжымдары бар. Жылына бір рет Астана қаласында Бейбітшілік жəне келісім сарайында өткізілетін Ассамблея сессияларында берілген Президент Н.Ə.Назарбаевтың тапсырмаларын талқылап, іске асыру мақсатында Алматы қалалық ҚХА сессиясы өкізіледі.

Қалада М.Əуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры жəне Республикалық неміс драма театры халыққа қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында этностық топтардың өкілдеріне ана тілін үйретуге арналған 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, оларға жергілікті бюджеттен көмек көрсетіліп, Алматы қаласының əкімдігі қаржы бөледі. Тағы айтарлық маңызды жайт, 2012 жылдың сəуірінен бастап Алматы қаласында Философия, саясаттану жəне дінтану институтының негізінде Ғылыми-сарапшылық топ (ҒСТ) жұмыс істейді. ҒСТ-ның негізгі міндеттері – Алматы қаласының этносаяси, əлеуметтік-экономикалық, конфессиялық үрдістердің дамуына кешенді сараптама мен бағалау жүргізу, сондай-ақ, қалада осы үдерістің дамуы мен оларды болжау болып табылады. Алматы қалалық ҒСТ-ның төрағасы – БҒМ ҒК Философия, саясаттану жəне дінтану институты саясаттану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы М.С.Шайкемелов. 2012 жылы Алматы қалалық ҚХА жанынан Журналистер клубы ашылды. З.Қ.Сейсенова сол клубқа басшылық етумен қатар, «Достық-Дружба» журналының бас редакторы қызметін атқарып жүр. Мегаполистің аумағында қоғамдағы этносаралық келісім мен төзімділік мəселелерін, сондай-ақ барлық өткізілетін іс-шараларды жарыққа шығаратын ЭМБ-дің мерзімді басылымдарының редакциялары өз қызметін атқаруда. Олар «Достық» журналы, «Коре Ильбо», «Ахыска», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Уйгур Авази» газеттері, «Қазақстан» ТА – «Менің Қазақстаным» тележобасы жұмыс істеп келеді.Сонымен қатар, 2012 жылдың 14 қыркүйегінде Ұлттық кітапханада ҚХА-ның барлық əдебиеттері жинақталған Алматы қалалық ҚХА Депозитарийі ашылды. Онда Ұлттық кітапхана қорларының материалдары жəне Алматы қалалық ҚХА құжаттары топталған. Парламент Мəжілісінің үлгісі бойынша «Ынтымақ» депутаттық тобы жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Президенттің Жолдауын, Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту стратегиясын іске асыруға белсене қатысу. Қаланың 7 ауданында Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Кеңестер қызметінің негізгі мақсаты – əлеуметтікэкономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы үшін жағдай жасау, Алматы қаласы аудандары тұрғындарының қоғамдық келісімін қамтамасыз ету, ұлт бірлігінің негізінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының біріктіруші рөлі кезіндегі жалпы құндылықтарды нығайту. Алматы қалалық ЭМБ қоғамдық келісімді нығай туға арналған мемлекеттік жəне қалалық мереке, фестиваль, конкурс, дөңгелек үстел, ғылыми-тəжірибелік конференцияларға жəне басқа ісшараларға белсене қатысады. Алматы қалалық ҚХА хатшылығының жəне этномəдени бірлестіктердің бастамасы бойынша балалар, тұрмысы төмен жəне мұқтаж адамдар үшін қайырымдылық іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жыл маңызды оқиғаларға толы. Осы жылдың басынан бері «Татулық пен келісім жол картасы», «Алматы қалалық ҚХА-ның 20 ізгілікті ісі» шаралары өткізілді. Жуырда ғана алматылықтар «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алды. Сондай-ақ, Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге қалалық Ассамблея бірқатар қайырымдылық шараларын өткізіп, қамқорлық жасады. ҚХА жылы аясында да мегаполистегі ұйымдар, кəсіпорындар, ЖОО жəне де басқа мекемелерде өте көп шаралар өткізілуде. Бүгінде Алматы делегациясы Астанаға Ассамблея сессиясына қатысуға жол жүріп кетті. Сонымен қатар, қалада 1 мамыр күніне орай дайындық жүргізілуде. Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын жəне мықты денсаулық, бақыт, жұмыстарына табыс жəне ашық аспан тілеймін. Маргарита ƏБДƏЛИЕВА, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

Қасиетті Түркістан қаласынан бастау алған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық «Тайқазан» эстафетасы Қарағанды облысына да жетіп, оны салтанатты түрде Астанаға табыстау рəсімі өткен еді.

Тартуы мол Тайќазан Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Еліміздің мерейлі мерекесіне арналған барлық облыстардың игі істері мен тамаша табыстары тартуы ретінде тізімін мұның алдында қызылордалықтар толықтырып салған Тайқазанды Сыр өңірінен аймақтан Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінен құралған делегация жеткізген еді. Оны қабылдап алу құрметі ерен еңбек дəстүрі қазақстандықтарға қастерлі Теміртау қаласына тиді. Шараға қатысуға Металлургтер сарайына жиналған жұрт «Вайнах» чешен-ингуш этномəдени бірлестігінің жетекшісі Увайс Джанаев пен Жезқазған қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мəслихат депутаты Бекзат Алтынбеков қолдасып көтерген Тайқазанға ұлттық дəстүрмен шашу шашып, ду қол шапалақтап қарсы алды. – Кең-байтақ еліміздің облыстарын аралап өтіп, өндірісті өңірімізге де жеткен Тайқазанға қарағандылықтардың да арнаған тартуы аз емес. Достық пен татулықтың мекені болып отырған өлке еңбеккерлері берекелі істерді молайта береді, – деп салтанатты шараны ашқан

облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты 100 томдық «Сарыарқа кітапханасы» шығарылғандығын, Бұқар жырау ауданының орталығы – Ботақара кентінде, Қарағанды жəне Жезқазған қалаларында бірнеше тұрғын үйдің, Осакаровкада, Ақтоғайда денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілгендігін, Приозерскіде «Балақай» балалар бақшасы ашылғандығын, Балқашта жергілікті кəсіпкерлер жаңа өндірістік нысандарды іске қосқандығын, «Ардақты ардагерім» акциясы бойынша майдангерлер мен соғыс мүгедектеріне қайырымдылық көмек көрсетіліп жатуын атап өтіп, ынтымақтастық пен бірліктің жарқын көрінісі су тасқыны қиындығына ұшыраушыларға қамқорлық-қолдау жасалуы арқылы айғақ болып отыруын айтты. Шара сəн-салтанаты «Менің Қазақстаным» пойызы мүшелерінің сапары облысқа орайлас келуімен шырайланды. Белгілі өнерпаздар теміртаулықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. – Облысымыздың жасампаз істері, жақсы жетістіктері тізімімен

толықтырылған Тайқазан енді Астанаға жеткізіліп, ҚХА-ның кезекті сессиясында Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етіледі. Барша қазақстандықтардың бір мақсат, бір тілектегі елімізді көркейту жолында жұмыла еңбек етуін паш ететін онда біздің өңірдің де тартуы мол екендігіне қуаныштымыз. Соған ұйыстырған достығымыз – мақтанышымыз, – деді бізге «Понтос» грек этномəдени

Эстафета символы – елордада Кеше Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайының алдындағы алаңда 2015 жылдың 6 ақпанында Президент белгілеген «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына» арнаған сапарына Астанадан аттанып, еліміздің барлық аймақтарын аралап шыққан «ҚХА 20 жылдығына – 20 ізгі іс» эстафетасының символы – Тайқазанды қарсы алу рəсімі болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Салтанатты қарсы алуға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ассамблеядан сайланған Мəжіліс депутаттары, қала басшылығы, өнер ұжымдары, БАҚ өкілдері, шаһар жұртшылығының өкілдері жиналды. Тайқазанмен бірге жүріп, еліміздің барлық 16 аймағын аралап шыққандар арасынан Ассамблея мүшесі, атақты балуан Ислам Байрамуков «ҚХА 20 жылдығына – 20 ізгі іс» акциясының аясында 35 мыңнан артық мұқтаж жандарға қайырымдылық көмектер көрсетіліп, 620 мыңнан артық адам қатысқан 2500 іс-шаралар ұйымдастырылғанын жеткізді. Іс-шаралардың барлығы ҰОС ардагерлері мен мүгедектерін, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталыпты. Тіпті, қайырымдылық акциялары барысында əлеуметтік маңызы бар нысандар да іске қосылған екен. Сонымен қатар, 1 мыңнан артық ағаш көшеттері отырғызылып, аулалар мен көшелер абаттандырылыпты. «Қайырымдылық акциясына барлық аймақтардың жастары белсене араласып, ассамблеялықтардың бастамасын іске асыруға қолдан келген көмектерін жасады», – деді И.Байрамуков.

Еліміздің барлық аймағын аралап шыққан акцияның «Тайқазан» деп аталуының да нышандық мəні бар. «Қазан аузы жоғары» дейді қазақ, онысы Құдайдың берер несібесі, шашар ырыздығы мол болсын, келер жерін кең қыла көр дегені. Сөйтіп, қазан қазақ үшін байлықтың, барлықтың символы ретінде аталады. Ал ассамблеялықтардың осы символды ұстануының да зор маңызы бар. Бір қазаннан ас ішіп, қазақпен бір үйдің баласындай болған барлық Қазақстан халқының татулығы мен тəттілігінің, байлығы мен бақуаттылығының символы қазан болмай не болушы еді?! Оның үстіне, бұл жай қазан да емес, қазақтың темірді қамырдай илейтін, өркениетке ерте заманда-ақ жеткен ежелгі ел, өркенді жер екенін көрсетіп, жұртты таңғалдырған Тайқазан. Қазір Түркістандағы Қожа

Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған осы ғажап Тайқазанның акция барысында алып жүретін шағын макетін Носир Хомрақұлов жасапты. Тайқазан Қарағанды трассасының бойынан қарсы алынып, жол полициясының алып жүруімен Бейбітшілік жəне келісім сарайына жеткізілді. Мұнда жиналған қалың көпшілік оны ұрандап, қызғылықты қуаныш, көңілді сезімдермен қарсы алды. Құрамында сегіз қыз жəне сегіз жігіт болған мемлекеттік «Наз» театрының бишілері көңілді бимен осы жердегі сахналық көріністерді ашты. Ортаға қазақ абызының киімін киген ақсақал (Горький атындағы орыс драма театрының əртісі Б.Керейбаев) шығып: «Атқан таңмен таласып, жылы лепке үн қосып, құстары əн салып, қозы-лақтары жамырап, бұлақ сылдырымен оянған

Еѕсесі биік Екібастўз

«Меніѕ Ќазаќстаным» пойызы Кереку ґѕірінде таєы бір кїн аялдады Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Ақсудың ақкөңіл жұртымен қоштасқан «Менің Қазақстаным» пойызы сəуірдің 18-інде Екібастұз қаласына келіп тоқтады. Екібастұз. «Барысқа айналған мемлекетіміздің азат туын желбіреткен, елдің елдігі мен жердің кеңдігін насихаттайтын «Менің Қазақстаным» пойызының қатысушылары Екібастұз шаһарына қош келдіңіздер!» – деп ұрандата қарсы алған қала жұртшылығының көңілі көтеріңкі еді. – Биыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, – деді салтанатты митингте сөз сөйлеген қала əкімі Александр Вербняк. – Келісім мен татулықтың, ынтымақ пен бірліктің айнасына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы турасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екені мықтап есте сақталғаны абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің

тұтастығын сақтау мүмкін емес. Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтардың мүддесі», – деген болатын. «Менің Қазақстаным» пойызының директоры Ғазиз Телебаев өзінің қарымта сөзінде былай деді: «Біз көппіз жəне бəріміз бір елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – əрбір қазақстандық үшін парыз жəне абырой. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады», – дейтін даналықтың шыңына бүгінде барлығымыздың көзіміз жетіп отыр. Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік болсын». «Менің Қазақстаным» пойызымен байтақ елдің біраз жерін аралағанда байқағанымыз, басқа жұрттың жастарының қазақ тіліне деген құштарлығы еді. Мəселен, Екібастұз медициналық колледжінің студенті Светлана Шейва: «Біз, қазақстандықтар, халқы жомарт, даласы дарқан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік

атамекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген, достықты тұмар еткен, елін əн мен жырға құмар еткен елміз. Еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мəңгілік болуын ұран еткен елміз!» – деп тебірене сөйлегенде, қалың жұрт теңселіп кеткендей болды. Екібастұз өңірінде 8 ауылдық округ, 2 кент жəне 3 ауыл (барлығы 27 ауылдық елді мекен) орналасқан. Бұл өңірдегі тұрғындар саны 151 мың адамды құрайды. Өңірдің əкімшілік орталығы – Екібастұз қаласы. Өңір экономикасының басым саласы – өнеркəсіп. 2015 жылдың қаңтар айында қаланың өнеркəсіп кəсіпорындары 47 млрд. 407,8 млн. теңгенің өнімін өндірген. Өңірде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша 20 кəсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде нан-тоқаш өнімін шығару бойынша 9 кəсіпорын, 3 кондитер цехы, макарон өнімдерін шығаратын 1 цех, сүтті қайта өңдейтін 1 цех, 1 етті қайта өңдеу кешені, күнбағыс майын шығаратын 2 цех, 2 диірмен, теріні қайта өңдеу бойынша 1 цех жұмыс істейді.

бірлестігінің жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Деспина Касапиди салтанатты жиында тілдесуімізде. Осындай ағынан жарылған лебіз аймақта тату-тəтті өмір сүріп, бір-біріне құрметпен қараушы, бауырластықты қадір тұтушы сан ұлттар мен ұлыстарға ортақ ойды білдіргендей еді. Қарағанды облысы, Теміртау қаласы. қазақ даласындағы ғасырлар сырын бойына жиған бірлік пен ынтымақтың, тоқшылық пен татулықтың нышаны – Тайқазан, қош келдің!», деді. Одан əрі еліміздің төрт құбыласын түгендеп, Оңтүстік пен Солтүстік, Батыс пен Шығыстың өздеріне тəн түсті киімдерін киген «Томирис» бишілер ұжымы мен Қорғаныс министрлігінің əртістері шығып, би биледі. Одан əрі ресми адамдар арасынан Тайқазанды қарсы алуға арнаған құттықтау сөзді алғашқы болып Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы дегеніміз – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, бұл – Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, бұл – бірліктің, елдіктің, халық достығының жылы», – деді ол. Астана қаласы əкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жиналғандардың бəрін Тайқазанның Астанаға оралуымен құттықтады. «Тайқазан – молшылық қана емес, береке-бірліктің де символы. Ол еліміздің түкпір-түкпіріне жақсылықтың, молшылықтың, бірліктің рухын сеуіп ортамызға оралды. Сондықтан да бұл бəрімізге қуанышты оқиға», – деді ол. Мəжіліс депутаты, чешен этномəдени бірлестігінің төрағасы Ахмед Мұрадов өзінің сөзінде қазақтың кеңпейілдігі мен жомарттығының символындай болған Тайқазанның арқасында бүгінгі күнге аман жеткендерін айтты. «Сондықтан, біз оны өзіміздің құтқарушымыздай көреміз», – деді ол. Бұлардан басқалар да сөйлеп, Тайқазанның маңызы мен мағынасына тоқталды. Салтанат соңында абыз бата беріп, елімізге бірлік пен береке, бейбітшілік пен татулық тіледі. АСТАНА. –––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

2015 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша қолданыстағы кəсіпкерлік субъектілердің саны 6522 бірлікті құрайды, оның ішінде 1148 шағын жəне орта заңды тұлға, 5150 жеке кəсіпкер, 224 шаруа қожалығы бар. Митингтен кейін «Менің Қазақстаным» пойызымен келген мамандар өздеріне жүктелген міндетті атқаруға кірісіп кетті. Қаладағы «Қайнар» кешенінде Қоғамдық қабылдау кеңесінің қоғамдық қабылдауы жүргізілді. Осы кешенде əлеуметтік мəселелер, əділет жəне мемлекеттік қызмет көрсету, бизнес, ауылшаруашылық, білім беру, банктік жүйе, несиелік мəселелер бойынша қала жұртшылығына кеңес берілді. Екібастұз қаласының №2 емханасында пойызбен келген дəрігерлер жұртшылықты қабылдап, дəрігерлік кеңес жəне дəрігерлік тексеру өткізді. «Қайнар» кешенінің үлкен залында «Н.Ə.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық жəне қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» дəріс-презентациясы өтті. Кешқұрым Екібастұз қаласының орталық алаңында Е.Хасанғалиев бастаған өнерпаздар қала жұртшылығына үлкен концерттік бағдарлама ұсынды. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.


www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

3

САЙЛАУ-2015

Шетелдік байќаушыларды аккредиттеу аяќталды Дүйсенбі, 20 сəуірде Орталық сайлау комиссиясы «2015 жылғы 26 сəуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Соған сəйкес еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі екі миссиядан, бір халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен тағы 146 байқаушы аккредиттелді. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Олардың 79-ы – Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБның миссиясынан, 39-ы – ТМД байқаушылар миссия сынан, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, сондай-ақ, 18 байқаушы АҚШ-тан, үш байқаушы Ресей Федерациясынан жəне Əзербайжан Респуб ликасы мен Украинаның əрқайсысынан екі байқаушыдан. «Жалпы алғанда, Орталық сайлау комиссиясы 858 байқаушыны аккредиттеді, олардың 293-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 410ы – ТМД мис сиясының жəне 10-ы – ШЫҰ миссиясының,15-і – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі нің, 11-і – Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының, 3-еуі – Ислам ынтымақтастығы ұйымының өкілдері жəне 37 шет мемлекеттен 116

байқаушы бар», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 37 мемлекеттен бұқаралық ақпарат құралдарының 168 өкілі аккредиттелген. Осылайша, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің 1026 байқау шысы байқауды жүзеге асырады. Отырыста, сондай-ақ, Тəуел сіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының байқаушысы В.Терешкованың аккредиттелуін жою жəне Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына заңмен белгіленген тəртіппен комиссияның жаңа мүшесі сайланғанға дейін С.Оспанованы тағайындау туралы шешімдер қабылданды.

Таєы бір семинартренинг ґтті Еліміздің саяси өмірінде маңызды саналатын сайлау күні жақындаған сайын оған байқаушы ретінде қатысатындарға да назар ерекше. Əсіресе, отандық байқаушылардың сайлау күнгі іс-əрекеті шетелдік өз əріптестері алдында сын тезіне түсері тағы белгілі. Осыған орай, кеше Астана қаласында «Сайлау комиссияларының дауыс беру күнгі қызметі» деген тақырыпта семинар-тренинг өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мыѕєа жуыќ жас сайлаушы ќатысќан шара

Сайлауда əркімнің дауысы маңызға ие. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Сайлаудың маңыздылығы жəне сайлаудағы əрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Кеше КАЗГЮУ-дің (бұрынғы атауы – Қазақ гуманитарлық заң университеті) Фемида алаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 1000-ға жуық жас сайлаушы «Бір ел – бір тағдыр!» перфоманс-шоуға қатысты. Шара шымылдығы Мемлекеттік əнұраннан бастау алды. Содан соң университет

президенті, Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Мақсұт Нəрікбаев сөз сөйлеп, патриоттық акцияны өткізу туралы студенттердің бастамасын қолдады жəне барша қазақстандықтарды 26 сəуір күні сайлау учаскелеріне келіп, ел болашағы

үшін дауыс беруге шақырды. Салтанатты ашылудан кейін аталған білім ордасының І-курс студенттері Валерия Волошина мен Ердос Қасенов өз сөздерінде еліміздің басты сайлауына қатысудың маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Бұл патриоттық акцияға қатысушылардың дені сайлаушы ретінде сайлауға тұңғыш қатысқалы отырған жастар болып табылады. Бағдарлама барысында «Сенің дауысың – сенің таңдауын!» ұраны көтеріліп, көпшілік дауыс беруге

шақырылды. Сондай-ақ, осы оқу орнының белсенді студенттері ұлттық стильде «Ризамын» биін орындады. «Азат елімнің тарландарына ризамын мен, Дархан даламның арландарына ризамын мен. Ризамын, ризамын, ризамын мен», – деп басталатын əн əуеніне билей жөнелген жігерлі жастардың бойынан еліне, туған жеріне, дархан даласы мен намысты, ержүрек ерлеріне деген патриоттық сезімге толы жастық жалынды аңғарасың. Осындайда бойыңды қуаныш кернейтіні бар. Іштей қазақ болып туғаныңа мың қайтара шүкіршілік айтасың. Оның үстіне, əннің де құдіреті болар, тұла бойыңа тоқ жүгіргендей, төбе құйқаң шымырлап қоя береді. Іс-шараның кульминациясы ретінде еліміздің 16 өңірі көрсетілген Қазақстан картасының тұсаукесер рəсімі өтті. «Гиннестің рекордтар кітабына» енгізуге үміт еткен ең үлкен кенеп мата-картаның көлемі 170 метрді (17х10м.) құрайды. Карта студенттердің күшімен жасалды. Тоқетері, демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде ғана емес, борышым деп қабылдауы қажет. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.

Шараны Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия (СБРҚК) жəне Байқауға жəрдемдесудің астаналық орталығы ұйымдастырды. СБРҚК мүшесі Владимир Тельновтың айтуынша, биылғы сайлаудың барысын байқау үшін қоғамдық комиссияға үлкен міндет жүктелген. Өткен сайлау додасын 5 мыңға тарта байқаушы бақыласа, биылғысына одан екі есе артық байқаушы қатысады деп күтілуде. Бұл байқаушылар қысқа мерзімді байқаушылар болып, сайлау күні өздерінің байқаушы ретіндегі міндеттерін атқаратыны белгілі. Жалпы, осылайша сайлау учаскелері байқаушылармен толық қамтылатыны ерекше аталды. Еліміз бойынша нақты жағдайды біліп отыру мақсатында сайлау науқанына азаматтық қоғамды барынша тарту қажеттігі де атап көрсетілді. В.Тельнов бұл ретте сайлаудың əділ де ашық өтуі қажеттігіне ден қоя сөйледі. Олай болса, СБРҚК сайлаудың заң аясында өтуін барынша бақылап, өздерінің үлестерін қосатын болады. Семинардың басты мақсаты – СБРҚКның миссиясы жөнінде тұтас түсінік қалыптастыру жəне байқау үдерісін жетілдіру.

Семинар-тренингтің Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлауды қоғамдық байқау үдерісіне дайындық шеңберінде байқаушылардың біліктілігін арттыру əрі сайлау күні алдында өз міндеттерін бір пысықтап алу үшін өткізілгендігін айта кету керек. Сайлау учаскесінде өзге де миссиялардың байқаушылары жүретіндіктен, аталған комиссия байқаушыларының мінезқұлық əдебіне де ерекше ден қойылады. Семинар барысында байқаушының жұмыс күні, оның сайлау үдерісін байқау барысындағы іс-əрекеті егжейтегжейлі қарастырылып, ықтимал бұзушылықтарды белгілеу жəне комиссияның штабымен үнемі байланыс жасап отыру жөнінде бірқатар нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, байқаушы куəлігі мен жеке куəлігінің болуы ерекше қаперге салынды. Егер мұндай құжаттары болмаса, онда байқаушы сайлау учаскесіне жіберілмейді. Сондай-ақ, байқаушыда байқаушы күнделігі болуы тиіс көрінеді. СБРҚК қалалық филиалының мүшесі Алмагүл Сəлімбаева комиссия мүшелері қазірдің өзінде Астанадағы сайлау учаскелеріне барып, дайындық барысын өз көздерімен көріп қайтқандықтарын айтты. Оның сөзіне қарағанда, сайлау учаскелері сайлау күніне дайын көрінеді.

Заѕдылыќ ќамтамасыз етіледі Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау алдында ТМД Байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слободамен кездесті. Кездесу барысында Бас Прокурор азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, соның ішінде сайлауға қатысты өтініштерді қарау бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар туралы айтты. Ол қадағалау барысы заң бұзушылықтардың алдын алуға жəне оларға жол бермеуге бағытталып, осыған байланысты прокурорлардың құқық түсіндіру жұмысының күшейтілгенін атап өтті. Е.Слобода ТМД байқаушылар миссиясының міндеттері мен жұмыс қағидалары туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстандағы кезектен тыс

президенттік сайлаудың алдын ала өткізу дайындығына қатысты түйген əсерлерімен бөлісті. ТМД Байқаушылар миссиясы штабының жетекшісі сайлау заңнамасын қолдану жəне оны бұзудың мүмкін фактілері туралы басты қадағалау органында бар ақпаратты алуға мүдделілік танытты. Пікір алмасу барысында Е.Слобода сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына барынша толық жауаптар алды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


4

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

САЙЛАУ-2015

Елбасы еѕбегі – ќайта сайлануєа негіз

Батыстыќ ўстанымдарєа барынша наразы

Шешуші кезеѕдегі шешімді ќадамдар

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері кеше, яғни 21 сəуір күні Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті.

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан президенттікке кандидат, ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов Астана қаласында республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысы мен аймақтардағы сайлаушылармен кездесу нəтижелерін талқылады.

Кезектен тыс президенттік сайлауға бірер күн қалды. Осыған орай, Астанада Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Əбілғазы Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерінің слеті өтіп, оған президенттікке кандидат Ə.Құсайыновтың барлық аймақтық сайлауалды штабтарының жетекшілері мен қызметкерлері жəне де сенім білдірілген адамдары қатысты.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Делегация құрамында Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ə.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақ стан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Қазақ стан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков болды. Сапар барысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері «Көкшетау» мəдениет сарайында, «Көкшетау» облыстық қан орталығында, «Көкшетау минералды сулар» өндірістік кəсіпорны мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көкшетау техникалық институтында болды. «Кəсіпкер жəне аграршылардың өкілі ретінде бизнеске үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін мен Президентке рахмет айтамын. 2001 жылы біз өз кəсібімізді жеті адам болып бастадық, бүгін бізде 500-ге жуық адам еңбек етеді. Бұл – осынша отбасының тұрақты кірісі бар деген сөз. Мемлекеттік қолдау дегеніміз бүгінгі күні ол 5%-дық ең төмен деңгейдегі несиелер, «ҚазАгроҚаржы» мен «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы» беретін 7%дық көмек қаржылары. Көптеген жылдардан бері біз Президенттің қолдауын қатты сезініп келеміз», – деп атап өтті облыс белсенділерімен кездесу барысында «Есіл-Агро» ЖШС директоры Асылбек Ісмағамбетов. Өз кезегінде Көкшетау қалалық ауруханасы кардиология бөлімінің

меңгерушісі Сергей Зиборов: «Ұлтыңның, дініңнің немесе туған тіліңнің қандай екеніне мəн бермей, бəріне бірдей қарайтын мемлекетте өмір сүру – зор бақыт. Қазақстанды əлемдегі келісім мен халық бірлігінің аралына айналдырғаны үшін мен Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетіммен алғыс айтамын», – деді. «Кəсіпкерлер, орта тап – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Біздің мақтанатын да, бағалайтын да жəне айырылып қалатын да нəрсеміз бар. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетуі бизнес үшін алдағы уақытта табысты дамудың кепілі болады», – деді «Көкшетау минералды сулар» АҚ-тың директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Əлиев. «Өз жерімнің патриоты ретінде мынаны айтқым келеді, біздің Қазақстанымыз – ұлы жəне мүмкіндіктері кең ел! Менің тағдырым осының жарқын мыса лы: менің ғылыми дəрежем бар, ғылыми жұ мыстармен айналысамын, «2014 жыл дың үздік дəрігері» атағын алдым. Менің тағдырым барлық қазақстандықтардың тағдыры сияқты Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен тығыз бай ланыс ты деп есептеймін. Ол – менің көшбасшым, ол біздің бəріміздің көшбасшымыз. Оның соңынан барлық Қазақстан халқы ереді!», – деді өзінің сөзінде Ақмола облыстық ауруханасы неврология бөлімшесінің меңгерушісі Мақшəріп Мартазанов. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылы ғы арқасында біздің еліміздің – тəуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын айта келіп, ақмолалықтар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ертеңгі күндеріне сенімді екендіктерін мəлімдеді. Сондықтан халық президенттік сайлауда бейбітшіліктің, бірліктің жəне Қазақстанның өсіп-өркендеуінің символы болып табылатын Елбасы үшін дауыс беретін болады. Ақмола облысы.

АЌШ – Ќазаќстанныѕ стратегиялыќ серіктесі (Соңы. Басы 1-бетте). Төраға Қазақстан Сена тының АҚШ Конгресімен парламентаралық ынтымақтастықты өрістетуге мүдделі екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, ынтымақтастық жөніндегі топтар – Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасында қызмет ететін жəне АҚШ заң шығару жиналысындағы «Қазақстан достарының тобы» парламентаралық үнқатысудың негізі болып отыр.

Қ.Тоқаев «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатына жəне «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтқан бес институттық реформаның мазмұнына дипломаттың назарын аударды. Сенат Төрағасы жүздесушіні Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне əзірлік туралы хабардар етіп, діни форумға АҚШ діни қауымдастығы өкілдерінің қатысуына Қазақстан зор маңыз беретінін атап өтті.

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғанын жеткізді. «Біз қазіргі кезде өзінің өзектілігін жоғалтпаған марксизм-ленинизм идеяларына негізделген менің сайлауалды бағдарламамды жеткізе білдік. Халықтардың бейбіт өмір сүруі, төзімділік, жаңалыққа жəне өркендеуге ұмтылыс – осылардың барлығы алғашқы орында тұрған жалпыадамдық құндылықтар. Оларды алға тарту Жер бетіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолы болып табылады. Интернационализм мен отбасылық құндылықтардың маңыздылығын түсіну мемле кеттің ілгері дамуының кепілі болып келеді. Жас ұрпаққа бала кезінен бастап халықтарда тарихи қалыптасқан төзімділікті, шыдамдылықты, үлкендерді құрметтеуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сезімдерін сіңіру қажет. «Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы қоғамдық дамудың материалдық теориясына негізделген іргелі қағидаларды өзінің қызметінде қатаң басшылыққа алып келеді», – деді ол. Т.Сыздықовтың пайымдауынша, оның ҚКХП атынан президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мəдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді. «Батыс құндылықтары əдетте жалған болып келеді жəне тек өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана көздейтін тұтынушы-адамды қалыптастыруға бағытталған. Бұл ақшаға табынушылықты тудырып, адамдардың жеңіл табыс алуына жəне адамгершілік қағидаларынан бас тар туы на итермелейді. Батыстық тұрмыс салты мен мəдениеті бүгінде тығырыққа тіреліп отыр», – деді өзінің кездесу кезіндегі

Елші Дж.Крол АҚШ-тың Қазақстанмен өзара тиімді жəне тең құқықты негіздегі ынты мақтастықты дамытуға əзірлігін атап өтті. Вашингтонда Қазақстанның, əсіресе, қауіпсіздік жəне ядролық қарусызданудағы, сондай-ақ, энергетика саласындағы сындарлы сыртқы саясатын жоғары бағалайды. Елшінің пікірінше, Орталық Азия аймағында Қазақстан институттық реформаларды жүзеге асыруға əзірлігін паш етуімен ерекше орын алады. Америкалық дипломат парламентаралық алмасулардың маңыздылығы туралы Қ.Тоқаевтың пікірімен келісті жəне осы бағытта күш салатынын атап өтті.

Сапалы деѕгейге жеткізу ќажет (Соңы. Басы 1-бетте).

Компьютерлік базаны көрдік, ол бойынша бітірген түлектеріміз қалай жұмыс істеп жатқандығын мониторинг арқылы бағалау керек, дей келе, 20162020 жылдар арасында осы бағдарламаны толықтырып, жаңа сапалы деңгейге көтеруіміз қажет, деді. Сондай-ақ, ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын, инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік

бағдарламасын, Елбасы ұсынған бес институттық реформаны іске асыру аясында «Болашақ» стипендиясын одан əрі жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Кездесу барысында есеп берген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов аталған бағдарлама бойынша 11 мың иегер бар екендігін, 8 мыңға жуығы елімізде жұмыс істеп жатқандығын жəне шет елде оқып жүргендер саны

2000-ға жуықтайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, алдағы бесжылдық жоспардың əзірленуі туралы баяндаған орталық президенті «Болашақ» бағдарламасы келешекте қалай дамитындығына назар аударды. Бұл мəселе төңірегінде басты бағыт сапада болу қажеттігін еске салған Ғ.Нығыметов түлектердің біліктілігі мен техникалық мамандықтарға басымдық берілу керектігін атап өтті.

сөзінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Т.Сыздықов. Сонымен бірге, Тұрғын Ысқақұлы айтқандай, батыстық жойқын мəдениетті тарату кинематограф өнімдері, компьютерлік ойындар, ғаламтордың əлеуметтік желілері, əдебиет жəне қоғамдық тамақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда ол: «Батыс мəдениеті тығырыққа бара жатыр жəне оған зорлық-зомбылықты, бассыздық пен жеңіл табысқа ұмтылысты насихаттау əсерін тигізуде», – деп атап өтті. Өз кезегінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоңыров: «Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидатты қолдау үгітнасихат науқанының жоспары жалпы толық көлемінде іске асырылып келеді. Барлық жоспарланған шаралар дер кезінде атқарылды. Осы тұрғыда мен біздің шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында, солардың қатарында республикалық телеарналарда кеңінен сипатталғанын айтқым келеді. Біз ғаламтордың əлеуметтік желілерінде сапалы жұмыс жасадық жəне ол сайлаушылардың басым бөлігін Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыруға мүмкіндік берді», – деді. А.Қоңыров, сонымен бірге, республикалық сайлауалды штабы ның қызметіне халықаралық байқау шылардың назар аударғанын атап өтті. «Біздің республикалық жəне аймақтық штабтарымызға ЕҚЫҰ байқаушылары келіп, Т.Сыздықовты жақтаушылардың атқарып отырған жұмысымен танысты. Олар біздің сайлаушыларымызбен кездесуіміз секілді кейбір іс-шараларымызға қатысты. Халықпен жұмыс жасауға деген мақсатымыз бен ашықтығымызға куə болды», – деді А.Қоңыров өзінің сөзінде. АСТАНА.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Шара Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың республикалық сайлауалды штабының өңірлерде жүргізген жұмыстарына арналды. Жəне де насихат жұмыстарының алдын ала қорытындысын шығару үшін ұйым дастырылғаны белгілі болды. Отырыста Ə.Құсайынов өз жақтастарының өңірлерде жүргізген жұмыстары туралы жан-жақты айта келіп, алдағы тұрған іс-жоспары жайында баяндап берді. Сонымен қатар, президенттіктен үміткер белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлаушылармен жоғары деңгейде кездесулер ұйымдастырғаны үшін аймақтық сайлауалды штабтарының жетекшілері мен сенімді өкілдеріне алғысын білдірді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда бекітілген уақыт аралығында сіздердің қолдауыңызбен өз кандидатурамның үлесіне 132 мың дауыс жинап, тіркеуден сəтті өттім», – деді Əбілғазы Қалиақпарұлы. Оның сөзіне қарағанда, осы уақыттан бері ұйымдастыру жұмыстары қызу басталып, демалысқа да, мере кеге де қарамастан, жалғасып жатса керек. Сөзін сабақтай келіп, Ə.Құсайынов жолдың жартысынан көп бөлігі артқа тасталғанын, енді «сағаттарды теңестіріп», үгіт-насихат науқанының қалған уақытында атқарылар жұмыстарды одан əрі жетілдіру үшін ескертулер мен ұсыныстар тыңдалатынын ортаға салды. Бұдан кейін республикалық жəне аймақтық сайлауалды штабтарының жетекшілері сөз сөйледі. Алдымен сөз алған республикалық штаб жетекшісі Рүстем Жоламан президенттікке кандидат Ə.Құсайыновтың сенім білдірілген адамдарының белсенді жұмысына өз бағасын бере кетті.

Оның айтуынша, сол есептік кезеңде мақсаты бір адамдардың берік командасы құрылып, соның күшімен сайлау науқанының бірінші айналымынан – Қазақстан президенттігіне кандидатты тіркеу кезеңінен сəтті өткен. «Аймақтарда сайлауалды штабтарды ашу мəселелерін де сіздердің қолдауларыңызбен орынды шеше алдық. Насихат жұмыстарына қажетті көрнекі материалдар жоғары деңгейде əзірленіп, тиісті орындарға уақтылы жеткізілді», – деді Р. Жоламан. Штаб жетекшісінің айтуынша, үгітнасихат науқаны кезінде еліміз бойынша кандидаттың 36 билборды орнатылып, 25 мың плакаты ілінген. Сонымен қатар, 10 мың бағдарламасы таратылғаны да белгілі болды. Телеарналарда екі насихат ролигі көрсетіліп, 7 аймақтағы сайлаушылармен болған 18 кездесуге 540-тан аса адам қатысқан. Тағы бір белгілі болғаны, 214 адамнан құралған сенім білдірілген адамдар командасы құрылыпты. Р.Жоламан алдағы уақытқа жоспарланған міндеттерді де айқындап берді. Ол, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы барысын байқау жөніндегі қоғамдық комиссия мен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ өкілдерімен кездесулер өткенін де алға тартты. Оның пайымынша, барлық үгіт құралдарын: БАҚ, интернет, бетпе-бет кездесулер жəне өзгелерін қосқанда 500 мың адамды қамтуға болады. Жалпы, штабтар слетінде кандидаттың аймақтық штабтарының қызметкерлері мен сенім білдірілген адамдарының белсенді жұмысына жоғары баға берілді. Артынан барлығы да Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Əбілғазы Құсайыновпен естелік суретке түсті. АСТАНА.

Ќоєамды ілгерілетуші баєдар – ўлттыќ идея Ақордада «Мəңгілік Ел – қазақстандық құндылықтар жүйесі» тақырыбында əлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың сарапшылық форумы өтті. Форум жұмысына 100ден астам делегат қатысты. Олар «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық жобасының негізгі құндылықтарын, этносаралық келісімнің қазақстандық моделін, сонымен қатар, Жаңа қазақстандық патриотизм тұрғысында халықты топтастыратын идеяның мəнін жақ-жақты талқыға салды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды ашқан Парламент Мəжілісінің депутаты Серік Сейдуманов мұндай жиындар қоғамды толғандыратын сауалдарға жауап іздеуге мүмкіндік беретінін айта келе, форумға келген қонақ тарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың форум қатысушыларына арнайы құттықтау хат жолдағанын жеткізді. Осыдан кейін депутат дүниежүзіндегі беделді, озық, дамыған мемлекеттердің тəжірибесіне тоқтала келе, қоғам үшін ауадай қажет құндылықтарсыз жəне ұлттық идеясыз қандай да бір жетістікке қол жеткізу мүмкін емес деген ойымен бөлісті. «Қазақстан – посткеңестік кеңістікте көп жетістікке қол жеткізе алған ел. Алайда, еліміздің алдында бұдан

да үлкен мақсат-міндеттер тұр. Біз əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіміз керек. Біз бұған дейін қоғамның басты өзегіне айналатын құндылықтарға толы идеяны іздеп келдік. Ал бұл идеяны 2014 жылы Елбасының өзі көтерді. Алдағы уақытта біз оны жүзеге асырудың тетіктерін табуымыз керек. Ал бүгінгідей форумдар арқылы біз қоғамды ілгерілететін құндылықтарға зерттеу жүргізіп, талқылап, сарапқа салатын боламыз», – деді өз сөзінде С.Сейдуманов. Парламент Мəжілісінің депутаты Камал Бұрханов: «Мəңгілік Ел – бұл Қазақстан халқы ның саяси жəне тарихи философиясын зерттеуге апаратын жол. Яғни, Мəңгілік Ел – жалпыұлттық идеяның негізі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асы руды басшылыққа алған мемлекеттің, қоғамның, ондағы əрбір азаматтың күш-жігерін біріктіруге бағытталады»,– дей келе,

саяси мемлекетте ұлттық идея болуы қажет, ол идея қазақстандық қоғамды демократияландыру жəне жаңғырту кезінде барлық азаматты жұмылдыруы тиіс деген пайымын жеткізді. Ал Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы жөніндегі вице-ректоры Лəззат Нұрқатованың айтуынша, адал əрі сапалы еңбек ету ғылым мен техникаға, жаңа технологияға негізделген бəсекеге қабілетті қазақстандық өнім шығарумен тығыз байланысты. «Бұл əр қазақстандық өзінің маңдайтерімен тапқан ақшасына үй салып, көлік алып, табысты еңбек етуі керек, бірақ, əр азамат бұл жетістікті мемлекеттен емес, өзінен күтуі тиіс дегенді білдіреді», – деді ол өз сөзінде. Іс-шара аясында «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Сая сат Нұрбек те сөз алып, «Қазақстандықтардың құндылықтар бағдары – жаң ғыру мен эконо микалық даму жолында өсу жəне нəтиже» тақырыбында баяндама жасады. «Біздің институт өткен жылы қоғамдағы негізгі құндылықтар мен олардың экономиканың, кəсіпкерліктің, инновацияның дамуына əсері төңірегінде өте

маңызды зерттеу жұмысын жүргізді. Біздің ел қазіргі таңда өз алдына үлкен міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Олар – «Қазақстан-2050» жəне əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялары. Ал оларды жүзеге асыру үшін, Қазақстанның экономикасын одан əрі көтеру үшін тиімді əрі сапалы тетіктер, маңызды институттар керек. Қазіргі таңда əлемдегі жетекші елдер өздерінің əлеуметтік жəне экономикалық даму үрдістерін бірнеше өлшеммен байланыстыра қарайды. Бізде де солай болуы керек. Мəселен, соңғы уақытта институттық дамуға, елдегі формальді жəне формальді емес институттарды дамытуға айрықша мəн беру қажеттігі айтылып жүр. Бұл – өте маңызды. Себебі, инновациялық, экономикалық, жаңғыру үдерістеріне бет алу үшін осындай тетіктердің жетілдірілуі өте маңызды», – деді С. Нұрбек. Форум барысында, сонымен қатар, «Қоғамдық санадағы білімнің құндылықтары», «Қоғамдық келісім – Мəңгілік Елдің құнды лық негізі», «Мəңгілік Ел: жастарды біріктіруші құндылықтар», «Мəңгілік Ел» жобасының зияткерлік əлеуеті» секілді тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды.


5

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

ЕРЛІК – ЕРЛЕР ЕНШІСІ Ресейдің Челябі облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтар аз емес. Солардың арасында Мұхамеджан Бəйтеновтің есімі ерекше аталады. Барлаушы қандасымыздың ерлігі туралы əңгімелерді естіген кісі елтиді. Қазір Челябі облысындағы ізшілер ол туралы қызықты деректерді іздестіріп, біршама материалдар жинастырыпты. Сондай жұмыстардың басы-қасында қандасымыз Жарасхан Құттыаяқов жүр екен. – 70-ші жылдардың бас кезінде Қайдолла деген көкемнің үйінен бір сурет көргенім есімде. Көзіме оттай басылды. КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Леонид Брежнев, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы Николай Подгорный, тағы екі кісі Қызыл алаңда тұр. Ортадағысы көзі сығырайған, қара қазақ, омырауы толған орден-медаль. «Брежневтің суреті қайдан жүр, мына қазақ кім?» деп сұрадым көкемнен. «Бұл менің қайнағам, Мұхамеджан Бəйтенов деген кісі. Брежневпен бірге соғыста болған. Аңыз адам», – деді Қайдолла көкем. Жас кезім ғой, ары қарай қазып сұрауды білмеппін. Ол кезде Мұхамеджан ағамыз осы Нағайбақ ауданында, Арсланбай ауылында тұрып жатыр екен ғой. Елең қылмаппыз, бірақ сол сурет менің көз алдымда. Көкемнің «аңыз адам» деген сөзі де құлағымда қалып қойды. Уақыттың қадірін білмеген жайбасарлығымызға налимын. Қол созым жерде тұрған Мұхамеджан ағамызды іздеп барып, неге əлгі сурет туралы сұрамадым, əңгіме тиегін ағыттырмадым деп өкінемін. Ол кісі өмірден озғаннан кейін ғана мен оның ерлік істері туралы іздестіруге кірістім, – дейді Ресейдің Магнитогор қаласында тұратын қандасымыз Жарасқан Құттыаяқов.

«Ќара ќабылан» Соєыс кезінде немістер барлаушы Мўхамеджан Бəйтеновті осылай деп атап кетіп еді Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Мұхамеджан Бəйтенов 1918 жылы Челябі облысының Чесма ауданына қарасты Редутово селосында өмірге келеді. Троицкідегі педагогика техникумын бітіріп, бастауыш сынып мұғалімі болып жүргенде армияға алынады. Кейіпкеріміз ғұмыр кешкен Нағайбақ ауданындағы Арсланбай ауылында тұратын оның үлкен ұлы Жəңгірханның қолында əкесінің суреттері мен кейінгі жылдары жазылған жұтаң ақпаратты шағын мақалалардың қиындылары ғана сақталған. – Əкем соғыстағы өмірі туралы əңгіме қозғамайтын. Кеңес өкіметі кезінде дастарқан «ащы сусыз» болмайтын еді ғой. Сондай кезде ғана ол кісі көңілденіп, əн айтатын. Анамыз Ағайша: «Мұның соғысқа барғаны өтірік. Шамасы 7-8 жыл бір жерде мал бағып қайтқан болуы керек», деп əзілдейтін, – дейді Жəңгірхан. 1941 жылғы 7 қарашада Мəскеудің Қызыл алаңындағы атақты парадқа қатысқандар туралы ақпарат жинаған Иван Гаврилин деген соғыс ардагерінің 1986 жылы М.Бəйтеновке жолдаған хаты жəне оған жазылған жауап кейіпкеріміз жөнінде біраз мəлімет береді. «Құрметті Мұхамеджан Бəйтенұлы! Сіздің адресіңізді Челябинскіден С.С.Спицин хабарлады. Мен бірнеше жылдан бері Москвадағы 1941 жылғы 7 қарашада өткен əскери парадқа қатысушылар жөнінде мəлімет жинау, іздестіру жұмыстарымен айналысамын. Менің бұл жөніндегі ізденісім туралы «Социалистическая индустрия» газетінің 1985 жылғы 10 қарашадағы санында Н.Сухининоктың «1941ші жылғы хаттар» атты очеркі жарияланды. Сіз осы тарихи парадқа қатысқан екенсіз. Соған байланысты маған естелік жазып жіберуіңізді, менің сұрақтарыма жауап беруіңізді өтінемін», дейді ардагер хатында. Оған жазған жауабында Мұхамеджан атамыз өзінің майдан жолдары жөнінде қысқаша былай деп мəлімет береді: «Қымбатты Иван Сергеевич! Мен 1939 жылы əскери қызметке шақырылып, Бузулук қаласының Чапаев атындағы атты əскер училищесіне қабылдандым. Бұл оқу орнын дендеп қалғанымызда қайтадан Фин соғысы басталды. Осыған байланысты оны бітірмей жатып, өзім сұранып майданға аттандым. Петрозавод бағытындағы 6-шы Қызыл тулы дербес полктың 112-ші шаңғы эскадронының құрамында 1940 жылы аталмыш соғысқа қатыстым. Ұрыс қимылдары аяқталғаннан кейін мені Забайкалье əскери округіне ауыстырды. Ол 152-ші шекаралық атқыштар дивизиясындағы 544-ші полк еді. 1941 жылы Смоленск түбіне жіберді. Осы қаланы қорғағанда бірінші рет ұрысқа қатыстым. Сол жылдың шілде айында 544-ші атқыштар полкынан 100 солдатты іріктеп алып, командирлермен бірге Москваны қорғауға аттандырды. Біз Қызыл Пресняда тұрдық. Парад ұзақ болған жоқ, мен Картаваның қолбасшылығындағы курсанттар құрамасы сапында болдым. Парадтан кейін Можайск бағытына кеттік. Москваны қорғауды генерал Г.К.Жуков басқарды. Фашистерді Отан астанасынан 120 шақырым қуып тастаған соң, тірі қалғанымыз Звенигород қаласына оралдық. Осы жерде «гвардиялық» атағы бар 2-ші əуе десанты дивизиясы жасақталды. Көп ұзамай бізді Солтүстік-Батыс майданына жіберді, онда 18-ші неміс армиясының тылында Глават өзені үшін жауынгерлік тапсырмалар орындадық. Содан кейін

біздің дивизияны Курск иініндегі Орталық майданға аттандырды. Мен 2 - ші əуе десанты дивизиясының құрамында барлаушылар взводы командирінен барлау полкының командиріне дейінгі жолдан өттім. Үш рет жараландым, контузия алдым жəне өз бөліміме қайтып оралып отырдым. Мен 1-ші армияның, 118-ші Орал барлаушылар шаңғы бригадасының ардагерімін», дейді хатында. Соғыс кезіндегі барлаушылық жұмыстың қаншалықты маңызды болғанына маршал Г.К.Жуковтың мемуарындағы: «Əскери жіті барлау жұмыстарының арқасында 1943 жылғы көктемде неміс əскерінің жазғы шабуыл қарсаңындағы күш толықтыруы туралы бірқатар мəліметтерді біліп отырдық. Жақсы жүргізілген барлау жұмыстары қырғын шайқаста жеңісті қамтамасыз етудегі күштің бірі болды», деген бір ауыз сөзі жеткілікті секілді. Соғыс жылдары əскери барлау мəліметтерін пайдаланбаған бірде-бір шайқас, бірде бір ұрыс, операция болған емес. Жаудың əрекеті туралы сенімді, жеткілікті мəліметке қаныққан əскери қолбасшылар ғана табысқа жете алды. Соғыстың алғашқы айларының өзінде он мыңдаған адамның жау тылына барлауға жіберілгені қазір Ұлы Отан соғысы тарихы құжаттарынан белгілі. Мұхамеджан Бəйтеновтің жоғарыдағы хатында жазған: «Мен 2-ші əуе десанты дивизиясының құрамында барлаушылар взводы командирінен барлау полкы командиріне дейінгі жолдан өттім», деген бір ауыз сөзінен ол басын қатерге тіккен азапты күндердің ызғары есетіндей. Осы сөйлемнің астарынан барлаушы Мұхамеджан Бəйтенов жасаған талай ерлік те атойлағалы тұр. Оған оның соғыс жылдары алған ордендері, медальдері да куə. 1943 жылы тамызда ІІ дəрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, 1944 жылы сəуірде Александр Невский орденімен, 1945 жылы мамырда Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады. 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығы құрметіне Ұлы Отан соғысы орденінің І дəрежесін кеудесіне тағады. «Москваны қорғағаны үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Киевті азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдері тағы бар. Басқасын айтпағанда, Александр Невский ордені соғыс жылдары екінің біріне бұйырған жоқ. Ол жеке ерлік, батылдық көрсеткен жəне дивизияны, бригаданы, полкты, батальонды, ротаны басқаруда батыл шешімдер қабылдап, жаудың күшіне аз шығынмен соққы берген командирлерге ғана берілді. – Осыдан біраз жыл бұрын Башқұртстанның Янгель поселкесінде тұратын Əнуар Камалұлы Истамбаев ақсақалды іздеп бардық. Оны білетініміз, осы кісінің өзі Мұхамеджан атамызға ұзақ жылдар бойы іздеу салып, 70-80-ші жылдары тауып алған екен. Екеуі соғыста үш жылдай бірге болған. Қария былтыр ғана о дүниелік болып кетті. Осы кісінің біздің атамыз жөнінде айтқан əңгімесін ұйып тыңдай бергің келетін. Сол қариядан барлаушы Бəйтенов туралы аңызға бергісіз əңгімелерді естідік, – дейді Жарасхан Құддысұлы. Əнуар Истамбаев 1944 жылы күзде ауыр жараланып, тұтқынға түседі. Венгрияда халықаралық Қызыл крест госпиталінде емделіп, сонда оң аяғын кестіреді. 1945 жылы мамыр айында елге оралады. Майданда қаза тапқан ағасының жесіріне үйленіп, оның екі, өзінің алты баласын өсіреді, барлығына жоғары білім береді. – Бұл кісі сексеннен асқан жасының өзінде протезбен жүріп, біраз мал

өсіріп, шаруасын дөңгелентіп отыратын. Сөзі мəнді, айналасына абыройлы ақсақал еді, – дейді Жарасхан Құттыаяқов. «Мұхамеджан Бəйкенұлы секілді əскери барлаушы ілуде бірақ кездеседі. Тəңірім оған ерекше сезімталдық пен төзімділік қасиет берген. Қорқуды білмейтін жəне көз ілеспес шапшаң қимылдың адамы еді», – дейді екен Əнуар ақсақал. Мұхамеджан ата əскери тапсырмаға құрамында 15 адамы бар барлаушылар тобымен шығып отырған. Ол күндіз төңіректі бақылап, түнде «тіл» алуға барады екен. Тобындағы адамдарды əр жерге белгілеп, артына қалдырып отырады да, өзі жаудың орналасқан жеріне барып, «тілді» алып шығатын болған. Мұндай əдісті ол «тілге» келген барлаушылардың бəрі бірдей жау қолына түсіп қалмауы үшін жасайды екен. Көшпенділер өздері тұрған айналаның ой-шұқырын аз уақыттың ішінде біліп алатын болған ғой. Оның ұрпағы бұл кісі де солай əрекет жасаған. 1943 жылы жазда барлаушылар тобы басып алған Глубокое деген елді мекенде қолға түскен неміс офицерінің мəліметі ауа райының қолайсыздығына, жауынгерлердің шаршағанына, күштің азайғанына қарамастан дивизия қолбасшылығын шабуыл жасауға итермелейді. Бірақ тұтқынның: «Немістің 101-ші атқыштар дивизиясының орнына хортистер келді», деген сөзін анықтай түсу үшін тағы да «тіл» əкелу керек болады. Барлаушылар екі рет сəтсіздікке ұшырап, бос келеді. Бұл кезде Мұхамеджан Бəйтенов окопта қарап жатпай, төңіректі зерттей бастайды. Сол маңда бір бұлақ барын анықтайды. Демек, немістер оған су алуға келуі тиіс. Оның тапсырмасымен түні бойы барлаушылар бұлақты аңдиды. Командирдің ойлағанындай таң ата немістің екі солдаты суға келеді. Оларды барлаушылар тірідей ұстап əкеледі де, соңғы бұлардың сөзі алғашқы тұтқынның мəліметін растайды. Осыдан кейін дивизия командирі басқаша шешім қабылдауға мəжбүр болады. Əнуар ақсақал Мұхамеджанмен барлауға шыққанда, блиндаж ішінде бейқам отырған топ немістің үстіне кіріп барғанын айтыпты. Сонда Мұхамеджан гранатасын лақтырып, қолындағы екі пистолетпен отырғандарды жайпап салады. «Сол көріністен əлі күнге дейін денем тітіркенеді. Мен сасқалақтап қалдым. Ол еш абыржыған жоқ, немістің тірі қалған біреуін алдымызға салып, өз

жағымызға айдап алып келдік», деген екен бір əңгімесінде қарт майдангер. – Əнуар ақсақалдың аузынан Мұхамеджан атамыздың тағы бір ісін естігенде, тіпті таңғалдым. Барлауға шыққанда бұлар Опель кабинасындағы жарадар немісті қолға түсіреді. Бұл жай солдат емес, шені бар адам екен. Олар «тілді» арқалап, əр жерде одан оқтын-оқтын жауап алып келе жатады. Бір мезетте жарақатынан қан көп кеткен неміс офицері əлсіреп, көз жұмады. Не істеу керек? Топ жетекшісі Мұхамеджан Бəйтенов қарамағындағыларға жантəсілім еткен «тілдің» басын кесіп алуға бұйрық береді. Сөйтеді де оны сол өлген тұтқынның төс қалтасындағы куəлігі бар офицерлік френчіне орап дивизия штабына алып келеді. Бұл алынған мəліметтің айғағы ретіндегі дəлел осы деген сөз еді, – дейді Жарасқан. Архив материалдарында 2-ші əуе десанты дивизиясы құрамындағы барлаушылар 208 рет жау шебіне өткені, 24 рет ұрыс жүргізгені, 50 рет торуыл, жау тылына 18 рейд ұйымдастырғаны, соның арқасында маңызды мəліметтер берген 140 «тіл» əкелгені жөнінде дерек бар. Барлауға дивизиядағы ең батыл, суыққанды, тапқыр, төзімді жауынгерлер іріктеліп алынып отырған. Сапарға шыққан сайын басын өлімге тіккен жігіттердің алдында барлаушылар командирі Мұхамеджан Бəйтеновтің болғаны ақиқат. «Немістер Мұхамеджан Бəйтеновті «қара қабылан» деп атаған. Оның басына мол неміс маркасын тіккен. Ал біз дивизияда оны «қара дию» дейтінбіз, депті бір естелігінде Истамбаев. Украин майданындағы шешуші биіктік үшін шайқастың алдында генерал-майор Семен Колонин мен саяси бөлім бастығы Леонид Брежнев біраз күн 2-ші əуе десанты дивизиясында болады. Солдаттармен кездеседі, шайқасқа дайындық барысын қарайды. – «Мұхамеджан тұшпараны жақсы көретін еді. Ол барлаудан келгенде Леонид Ильичтің: «Михаил Борисовичке пельмен дайындаңдар», – дегенін естігенім бар. Біз жай солдатпыз ғой, ал Мұхамеджан олармен бірге болатын, бірге тамақтанатын», – деп əңгімелеген еді Ануар ақсақал. «Мұхамеджан атамыз бір рет барлауға шыққанда апта бойы хабарсыз кетіпті. Сонда оның тобында Ануар Камалұлы да болған. Картоп алқабында тығылып апта бойы жатқан. Қарны ашқанда өсіп тұрған картоптың түбін қазып жегенін

айтқан еді ақсақал», – дейді Жарасқан Құддысұлы. Кейіпкеріміз 1942 жылы Ленинград майданы аумағындағы Старая Русь, Новгород төңірегіндегі ұрыстарға қатысады. Сол жерде ауыр жараланады. Тəуір болғаннан кейін оны 15-ші шаңғышылар бригадасына барлаушылар взводының командирі етіп жібереді. Орлов-Курск шайқастарынан кейін 2-ші əуе десанты дивизиясының құрамындағы 6-шы барлау ротасымен Украинаны, Белоруссияны, Молдавияны, Венгрия мен Чехословакияны азат етудегі қанды шайқастардың бел ортасында жүреді. Арғы жағасы мен бергі жағасына адам дауысы жетпейтін Днепр мен оның саласы Припять өзендерінен жауынгерлер су емес от пен оқты кешіп өткендей болады. Осы өте жауапты операция 2-ші əуе десанты дивизиясындағы 6-шы барлау ротасының командирі капитан Мұхамеджан Бəйтеновке тапсырылады. Жау қорғанысын əбден бақылап алған ол Днепрден өтуді бір взводпен, үш станокты, алты қол пулеметімен жəне алты ПТР, бір 45 мм. зеңбірекпен қамтамасыз етуге шешім қабылдайды. Оның нақты бұйрығымен жүріп отырған барлаушылар төрт танк, жүз қаралы жаяу əскерімен қарсы тұрған немістерді тас-талқан етіп, екі өзеннен де өтеді. Еуропаны азат ету шайқастары кезінде Карпаттағы 810шы биіктік Мұхамеджан Бəйтенов басқарған барлаушылардың жанкешті қимылдарының арқасында үлкен шығынсыз алынады. Мұхаң соғыстың орта кезінде ауылына демалысқа да келіп үлгеріпті. Мұны оның жерлестері, замандастары жақсы біліпті. Қасында адъютанты болған. – Мен бала кезімде Мұхамеджан ағайдың көмекшісімен келгенін білемін. Бірақ қай жылы екені есімде жоқ. Анасының: «Қасында бойы сорайған, мұрны қоңқақ біреу бар. Баламның жанында болайын, əңгіме айтайын десем тапжылмай отырып алады. Ұйықтаса бетіне қонған шыбынды желпиді, ол жатқанда бəтеңкесін тазалап қояды, жанынан шықпайды», деп айтқанын əке-шешемізден еститінбіз, – дейді Арсланбай ауылының қарт тұрғыны Нүркеш Жапаров. Мұхамеджан Бəйтенов 1945 жылы 5 мамырда Прага түбіндегі шайқаста ауыр жараланады. Жарты жыл бойы Краков қаласындағы госпитальда емделіп, елге 1946 жылы оралады. Ол кісінің бүгінде Жəңгірхан, Темірхан атты екі ұлы мен қызы Мариям Челябі облысында тұрып жатыр. – Əкем өзінің майдандастарымен мерекелерде Ресейдің əр қаласына барып, кездесіп тұрды. Оған өзінің қаруластарымен кездесу ұнайтын, ешқайсысынан қалған емес. 70ші жылдары, мүмкін Жеңістің 30 жылдығында шығар, əйтеуір Москваға кездесуге кеткені есімде. Сол жолы бір топ майдангерлерді КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев қабылдаған. Одақтағы ең үлкен лауазым иесінің алдына барғанына ардагерлердің төбесі көкке жетеді. Леонид Ильич əкемнен: «Қандай мұқтажың бар?» деп сұрапты. Əкем: «Жоқ, бəрі жақсы» депті. Брежнев: «Көлігің бар ма?» дейді. Əкем: «Иə», – деп жауап беріпті. Брежнев оның қандай шығарылым екенін сұрайды. Əкем: «01» «Жигули» депті. «Маған сол кездескен қуанышым да жеткілікті, сонау Москваға барып тұрып, жағдайымды айтатын мен емес. Алла өзі береді, бəрі де жетеді», – деп келгенін ұмытқан жоқпын. Бірақ ол кісі елге оралған соң айналасы бір-екі айдың ішінде Челябіден: «Москвадан Бəйтенов Мұхамеджанның атына жіберілген «013» «Жигулиді» алып кетіңдер», – деген қатынас қағаз келіп тұр. Бас хатшының сəлемдемесі екенін білдік те барып алып келдік, – дейді ұлы Жəңгірхан. Мұхамеджан атамыз 1986 жылы И.Гаврилинге жауап хатында: «Таңертеңнен кешке дейін егіс алқабындамын. Астық бітік шықты, тек еңбектену керек», деп жазады. Соғыстан кейінгі ғұмырында ауылдық кеңестің төрағасы, зейнетке шыққан соң жанар-жағар май бекетінде жөнелтуші-кезекші болып істеген майдангерді білетіндер еңбекқор, қарапайым, ақкөңіл адам болғанын айтады. Сөйтіп жүріп Мұхамеджан атамыз 1991 жылдың қыркүйегінде ауырып, 73 жасында қайтыс болады. Замандастары секілді Мұхамеджан Бəйтенов те өз уақытының перзенті болды. Ол Кеңес Одағын Отаным деп білді, сол Отанға деген патриоттық сезім жалындап тұрды бойында. Ал адалдық пен көзсіз ерлік оның қазақ қанында тумысынан бар еді. Қай жерде, қандай жағдайда жүрмесін, ол сонысымен ерекшеленетін. Ең бастысы, міне, осы болса керек. АСТАНА – ЧЕЛЯБІ – НАҒАЙБАҚ – МАГНИТОГОР – АСТАНА.

Таќырыбы тыѕ таєылымды туынды Соғысқа қатысып жеңіске жеткен жəне осы жолда өз өмірлерін құрбан еткен асыл азаматтарды еске алып, құрмет көрсетіп отыру бəрімізге қасиетті борыш, қастерлі міндет. Бұл бағытта атқарылып жатқан игі істер де баршылық. Əсіресе, биылғы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы шеңберінде қолға алынған шаруалардың қарасы мол. Əрбір Отан соғысы ардагеріне көрсетілген еш теңдесі жоқ қамқорлық акциясынан бастау алған игілікті шаралар легі күн өткен сайын қарқын алып келеді. Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, саясаттанушы.

Осы ретте республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы, мемлекет жəне қоғам қайраткері, академик Өмірзақ Озғанбаев жəне осынау қоғамдық бірлестіктің бас маманы, Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері, ақын Көпболсын Бекмағанбетов екеуі бірлесе жазған «Отты жылдар əзілдері мен аңыздары» деген атпен «Астана Медиа Пресс» баспасында 2000 данамен жарық көрген кітапты сондай игілікті ізденістің жарқын бір көрінісі деуге толық негіз бар. Əдетте соғыс туралы шығармаларда олардың кейіпкерлерінің майданда көрсеткен ерліктері, жан беріпжан алысқан шайқастары туралы барынша жазылып жатады. Ал біз сөз еткелі отырған кітап, меніңше, өзінің тақырыбы жағынан көптің көңіліне дөп келетін тың туынды болып табылады. Бұлайша айтуға негіз де жоқ емес. Мəселен, отандық əдебиетте өз басым осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің қанды қасапта жүрсе де аузынан əзілі түспей табан астында тауып айтқан тапқыр сөздері мен ұтқыр жауаптары, өткір де өнегелі əзіл-қалжыңдары топтастырылған шығарманы кездестіргенім жоқ. Кітап езу тартқызар əңгімелерімен жеңіл əрі қызғылықты оқылғанымен, шындап келгенде, онда қырық атан түйеге жүк боларлықтай терең ой жатыр. Адам қандай болсын ауыртпалықты басынан кешірген күнде де өзінің табиғи болмысын сақтап қалуы үшін саналы да пəк сезімдерін жəне шынайы бейнесін ешқашан да жоғалтпауы керек. Əйтпесе бойын кекшілдік, қатыгездік, мейірімсіздік тəрізді не бір жағымсыз қылықтардың жаулап алуы əбден мүмкін. Осы ретте, даңқты партизан Қасым Қайсеновтің: «Мен мына қолыммен талай фашисті өлтірдім. Мұндай жағдайларға бойымның үйреніп кеткені соншалық, енді бейбіт өмірде өзіме өзім ие бола алар ма екенмін?!» деп алаңдауын, сөйтіп туған еліне қайтуға жүрексінгенін еріксіз түйсінесіз. Сөз етіп отырған кітаптың артықшылығы да, міне, осы өміршеңдігінде. Алты бөлімнен тұратын кітаптың өн бойы, оның алғысөзінде айтылғанындай, соғыста жеңген, бейбіт кезеңде еселеп еңбек еткен ардагерлердің жігерінің ешқашан мұқалмағанын, кезі келген тұста қағытпа əңгімеге, ұтымды уəжге, тапқыр теңеуге, жарасымды əзіл-қалжыңға бейімдеу болғанын паш етеді. Сондай-ақ, кейін соғыста бастан өткен оқиғаларын əзілге айналдыра отырып, айналасындағыларды күлкіге қарық етіп, майын тамыза əсірелей баяндайтын қарапайым ардагер майдангерлердің аузынан шыққан əңгімелерге де кеңінен орын берілген. Солардың бірі мынаған саяды: «Жезқазған өңіріне танымал «Даңқ» орденінің үш дəрежесінің толық иегері Жақсымбет Үншібаев деген кісі соғыстан кейін теледидардан тұрақты сөз сөйлеп, соғыстағы ерліктерін айтып, пулеметпен қанша неміс басқыншыларының көзін жойғанын айтады екен. Сексенінші жылдары болуы керек, бірде 9 мамыр қарсаңында Жақаң тағы да теледидардан сұхбат беріп, жылдағы айтып жүрген санын көбейтіп жіберсе керек. Кешкісін қатарлары жиналып, бас қосып отырғанда бір таныс замандасы айтыпты: «Ей, Жақсымбет, сенікі не, жылдан-жылға өлтірген фашистерінің саны көбейіп барады ғой, күллі немісті

қырамысың?» дегенде, Жақаңның досы, соғыста бірге болған құрдасы, майдангер, орақ тілді Қожахметов Оразбек деген кісі: «Əй, не деп отырсың, Жақсымбет оқ тиген немістердің тізімін ала келген, сол оғына жараланған немістер əлі де өліп жатқан жоқ па», – деген екен». Осы шағын əңгіменің өзінен-ақ əзіл-қалжыңға шебер майдангерлердің рухының əманда биік болғанын аңғару қиын емес. Кітаптың енді бір ерекшелігі, мұнда аса сирек кездесетін фотосуреттер топтастырылған. Айталық, «Ұлы жеңіс – фотомұрағаттарда» топтамасында Германияның сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп, И.В.Сталин жəне В.М.Молотовтың 1939 жылы тамыз айында бірге түскен көпшілік біле бермейтін суреті жарияланыпты. Ал «Курск иіні. 1943 жыл. Солдат.» фотосы бойынша кітапта мынадай мəліметтер беріледі. «Белгісіз солдат» атанып бір кезде бүкіл Кеңес Одағына пошта ашық хат арқылы тараған бір суреттегі мұртты жауынгердің Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының азаматы болғандығы таңдандырмай қоймайды. Осы ауданның тумасы Құлмағанбет Смағұлұлы 1942 жылы соғысқа өзі сұранып аттаныпты. Əйгілі қолбасшы Рокоссовскийдің армиясындағы бір дивизиясында барлаушы болып, арнайы тапсырмамен немістің офицерін ұстап əкелгеннен кейін арнайы түскен фотосуреті екен. Бұл сурет кейін «Огонек» журналының Сталинградты азат етудің 20 жылдығына арналған санында «Белгісіз солдат» деген атпен жарық көріп, бүкіл Одаққа тарайды. 1984 жылы Мəскеудің «Плакат» баспасы Жеңіс күніне орай суретті 1 миллион 300 мың данамен открытка түрінде басып шығарады. Өкініштісі, Құлмағанбет Смағұлұлы өзінің осылайша танымал болғандығын білмей кеткен екен. Ол аман-есен елге оралғаннан кейін, 1957 жылы өмірден озыпты. Əрине, шағын мақалада бұл кітапты толық саралап шығу оңай болмас. Дегенмен, мына бір мəселеге назар аудара кеткен жөн тəрізді. Кітап біршама ширатуды қажет етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, Отан қорғауға еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтарымыз қатысқандықтан, кітапқа барлық өңірлерден оның тақырыбына қатысты тиісті мəліметтер жинақталса құба-құп болар еді. Сонда жинаққа нақты майдан кезінде орын алған жайттар туралы ақпараттар легі көбейіп, кітаптың құндылығы онан сайын артары сөзсіз. Сол себепті бұл кітап толықтырылып қайтадан басып шығаруды қажет етеді. Тек, сол тұста қазір кітапта кездесіп қалатын кейбір материалдардың қайталанып берулері сияқты фактілерді жібермеуге, грамматикалық қателіктерді болдырмауға күш салу керек. АСТАНА.


6

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

 Тосын табиғат

 Тағдыр

Су тасып, сеѕ кґшкен Шыєыс ґѕірінде тґтенше жаєдайдыѕ алдын алу жўмыстары ќарќынды жїргізілуде Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Еліміздің бірқатар өңірлерінде көктемгі су тасқыны орын алып жатқанда, Ресейдегі Сібір ормандарының отқа орануы – қай кезде де бейқам болмауды, төтенше жағдайдың тас-түйін дайындықты талап ететінін тағы бір еске салды. Көршілес елдің ақпарат құралдарының мəліметінше, орманды шарпыған қызыл жалын іргелес мемлекеттерге де тарауы мүмкін. Осы орайда, Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Нұрбатшановқа хабарласып, тілсіз жаудың ықтимал қаупі жөнінде сұраған едік. Департамент басшысы əзірге өңір тұрғындары үшін өрт қаупінің алыс екенін, қазіргі кезде барлық күш тасқынға тосқын қоюға жұмылдырылып жатқанын жеткізді. Еліміздегі су ресурстарының басым бөлігіне ие өңір болғандықтан, департамент басшысының сөзінде жан бар. Қазір шығысқазақстандық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін сумен аңдысып, шарпысқан сыни сəт. Мəселен, кеше ғана Ертіс өзеніндегі мұздардың кептеліп қалуына байланысты су деңгейі көтеріліп, Бесқарағай ауданының Кривинка жəне Жетіжар ауылдарын су басты. Төтенше жағдайлар департаментінің мəліметінше, сел нəтижесінде пайда болған су тасқынынан 120 адамды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Құтқарушылар дер кезінде Ертіс жағалауын бекіту жұмыстарын ұйымдастырды. Өзеннің ауа жайылуын тоқтату үшін оқиға

орнына МИ-8 тікұшағы ұшып келді. Демалыс күндері орын алған оқиға барысында арнайы мамандар ең ірі мұз кептелістерін жарды. Соның арқасында Ертісте су деңгейі 614 сантиметрден 552 сантиметрге дейін төмендеп, қауіп біршама сейілді. Бірнеше күн бұрын көшірілген жергілікті тұрғындар өз үйлеріне қайта оралды. Тасқын қаупі жоғары аудандардың бірі – Зырян. Өткен жұмада өңір басшысы Даниал Ахметов Зырян ауданының тасқын қаупі жоғары белдеулерін аралап көрді. Облыс əкімі «Зырян полиметалл кенішіндегі техногенді жұмыстардан туындайтын су басудан Зырян қаласын қорғау»

Жастар Ќараєандыєа баруєа дайын Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Апат айтып келмейді. Жаз болса ағын суға жарымай отыратын қарағандылық ауылдар еріген қар суының астында қалды. Топан су басып, үй-жайын, малмүлкін тастап шыққан адамдарға мемлекет тарапынан көмек ұйымдастырылып жатыр. Мұндай қиын жағдайда жаны ашымайтын жанның ғана Құдаймен ісі жоқ. Сансыз əулие-əмбиелер мекені Оңтүстік жұрты обал-сауапты жақсы біледі. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты ОҚО филиалы мен облыстық жастар одағы ұйытқы болған қайырымдылық акциясына жұртшылық бір кісідей кірісіп кетті. «Мұндай жағдай менің басыма түспейді деп бейжай қалуға болмайды. Отандастарымыз қиналып жатқанда қолымыздан келген көмекті ұйымдастыру – азаматтық борышымыз. Қажет болса, ерікті отряд құрып, көмекке баруға əзірміз», – дейді бастамашыл жастар. Акцияның алғашқы күні-ақ «Жастар орталығы» ғимараты мен «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы белгілеген орынға гуманитарлық көмек жинала бастаған. Хабарлама

бойынша 20 сəуір күні сағат 12-де гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жолға шығу керек еді. Айтылған мезетте барсақ, абырсабырдың үстінен шықтық. Жастар орталығының директоры Ерлан Айтбаевты əңгімеге тарттық. – Расында, бүгін жолға шықпаққа жиналған зат, азық-түлікті қаттап, қаптап қойғанбыз,– дейді Ерлан Садырбекұлы. Алайда, аудан, қаладан хабарласқан азаматтар «біздің де атағанымыз бар еді, сəл күтіңіздер» деген соң бөгеліп қалдық. Негізінен, азық-түлік, балалардың киім-кешегі, аяқ киімдер, жылы тон, көрпелер жиналды. Қаржылай көмек көрсеткісі келгендер де телефон шалған. Біз оларға Қарағандыда көмек қорына ашылған есеп-шоттың адресін айтудамыз. Гуманитарлық көмекті жеткізетін көлікті «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы мойнына алып отыр. Мені жастарымыздың белсенділігі қуантады. Шымкенттегі Н.Назарбаев мектебінің оқушылары қаржы жинап, бірталай азық-түлік əкеліп берді. Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған 500ге тарта жастар Қарағандыға қол көмек болса, баруға əзірміз дейді. Осындай жақсы ниет «Жасыл ел», «Студенттер альянсы» тарапынан айтылуда.

– Қарағандылық ағайындарға азық-түліктен бөлек медикаменттер керек. Ауыз су мəселесінде де күрделі жағдай бар. Əлеуметтік желідегі қайырымдылық акциясына белгілі азаматтардан кімдер үн қосып жатыр? – Дəрі-дəрмек мəселесін реттеуде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев ұйытқы болуда. Ауыз су мəселесі бойынша республикаға белгілі «Тассай», «Тау» сияқты құтыға су құятын фирмаларға шығып жатырмыз. Менің ойымша, бұл проблема да шешімін табады. Əлеуметтік желідегі үндеуімізге ең алғаш болып үн қосқан қазақтың мықты азаматтарының бірі Мейрамбек Бесбаев болды. Облыстық ішкі саясат жəне дін істері басқармасының басшысы Берік Уəли салиқалы ой айтып, акцияны бірауыздан қолдауға шақырды. Сəкен Майғазиев, Тамара Асар, Алтынай Жорабаева сияқты əншілеріміз жанайқайын сездіріп жатыр. Қоғам қайраткерлерінен де үн қосып жатқандар көп. Бүгінде Қарағанды ауылдарында Оңтүстіктен барған құтқарушылар отряды жұмыс жасап жатыр. Ерікті жастар жасағы да көмекке əзір. Елдік осындай ізгі ниеттерден басталады. Жастарымыз отаншыл екен деп көңіліміз марқайып қайттық.

Бұл қыруар қаржы облыс ауылдарының көктемгі су тасқынынан шеккен зардаптарын өтеуге берілмек. «Егемен Қазақстан».

Ульяновск-Керей-Үміткер-Майқайың кентінен Қарағанды облысы бағытында республикалық жол жабылды. Өйткені, облыс аумағындағы республикалық жəне облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 9 учаскесінде тасқын су жол үстіне шығып кетті. Бір жамандықтың бір жақсылығы болады, енді шенеуніктер «амалсыздан» ауылдардың жолдарын жөндеп беретін шығар, бəлкім. Осы жағдайға байланысты облыс əкімдігі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының су шайған учаскелерін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жоспарын қабылдады. Аталған жоспарды орындау мақсатында су шайған учаскелерге судың қайта келуін болдырмау жəне жол бойын нығайту жөнінде барлық іс-шаралар жасалуда. Алғашқы кезде тасжолдың 93-ші шақырымында (Бірлік ауылы) ені 300 метр болатын су тас жол үстіне

шығып, арғы бетке аққан. Тасжолды түгел су басып қалды. «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, шұғыл түрде осы учас келерге техника жіберіп, инертті материалдарды жеткізе бастапты. Су шайған учаскелер жанына жол белгілері қойылған. Қызметкерлер қазір кезекшілік атқаруда. Жол бойына 8535 тонна кесек тас жеткізілді, 33 ауыр жүк техникасы жұмыс жасауда. Құм төгуге 16 техника тартылыпты. Ащысу өзені арқылы өтетін қырық жылғы ескі көпірдің аралық тіреуін де су орнынан қозғалтты. Көпірдің беті төмен қарай опырылып түсті. Көпір маңында 49 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмыс жасап жатыр. Көпірдің екі жағынан да жол белгілері орнатылып, полиция қызметкерлері кезекшілік атқаруда. Ескі көпір болса республикалық маңызы бар жолдың Құндыкөл ауылындағы тұсында салыныпты. Павлодар облысы.

Шығыс Қазақстан облысы.

Ќайырымдылыќ ќўшаєын жайды Қарағанды аймағындағы басқа жерлер секілді Қарқаралы ауданы да су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі. 10 селолық округтің 15 елді мекеніне су кіріп, 8306 тұрғынның 1340 -ы дер кезінде қауіпсіз орынға көшірілді. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

«Басы аманның малы түгел» дегендей, табиғат қысымы салдарынан баспаналарын су басып, туған-туысқанның үйін жағалап жүргендер болған іске болаттай берік болып, сабырлылық танытуда. Оларға жерлестері қолдан келген көмектерін аянбай көрсетіп жатыр. Соның шарапатын алдымен 178 түтіні бар Тоқтар ауылындағылар көрді. Мұнда 64 үй суға көлкіп, мал шығынымен бірге тұрмыстық техникалар, дүние-мүлік жарамсыз болып қалған еді. Ел азаматтарының ынтасына орай Құнанбай қажы мешітінің ұйымдастыруымен тоқтарлықтарға азық-түлік, аяқ киімдер таратылды. Сондай-ақ, арнайы құрылған комиссияның негіздемесінде 105 бас ұсақ жəне 4 бас ірі қара бөлініп, орны толтырылды. Бүгінде су шайып кеткен елді мекендердің жолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске «Қазақмыс» корпорациясы мен «Алтайполиметалл» ЖШС, шаруа қожалықтарының көмектері зор болып отыр. Адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы осындай қиындық кезінде білінеді ғой. Ауылдастарына қайырымдылық құшағын жайып, мал азығымен қамтамасыз етуші «Қарынши» жəне «Арқа» шаруа қожалықтары жетекшілері Қайырбек Қыдыралин, Хайдар Бурабаев сияқты көмек көрсетуге қосылушылар көбейіп келеді. Қарағанды облысы.

ШЫМКЕНТ.

Кґмек кґлемі – 900 миллион теѕге Фарида БЫҚАЙ,

атты жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Бұл жоба өзен арналарын кеңейту мен тереңдету, жағалауды бекіту, тоған жиегін жалдап биіктету, су қоймаларын бетондау жұмыстарын қарастырады. Зырян ауданының əкімдігі жарылыс жұмыстарын жүргізу, тікұшақ бөлу, халықты қауіпсіз жерге көшіру жəне азық-түлік тасымалдау сынды жұмыстарды үйлестіру үшін ірі кəсіпорындармен келісімшарт жасасқан екен. Олардың ішінде «Қазцинк», Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі, Кəсіби əскерилендірілген апаттыққұтқару қызметінің орталық штабы

сынды кəсіпорындар мен мекемелер бар. Сондықтан, ауданда төтенше жағдай туа қалған заматта көмек көрсетуге 747 техника сақадайсай тұр. Сондай-ақ, арнайы техникалар 29 көпірге, республикалық жолдардағы 3 көпір мен аудандық дəрежедегі жолдардағы 3 көпір мен 85 су өткізу құрылғыларына тазалау жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайдан сақтандыру жəне оны жоюға 15 млн. 988 мың теңге бөлініп, АИ-80 маркалы 5 тонна жағармай, 10 тонна дизель отыны жəне 500 литр дизель майы дайындалды. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, өңірдің таулы аудандарында қар көшкінінің қаупі 30 сəуірге дейін сақталады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Ломыгиннің айтуынша, төтенше жағдайды жоюға арналған қосымша қор жеткілікті. Онда 342 мың тонна жанар-жағармай, 66 мың дана қап, 7,5 мың тонна инертті материалдар сақталып, халықты тасымалдауға арналған 627 автобус, 364 ауыр жүк көлігі дайын тұр. Таяуда бірнеше жолдарды қарғын су шайып кеткенін хабарлаған болатынбыз. «Қазақавтожол» мекемесінің хабарлауынша, қазіргі кезде су шайып кету барысында зақымданған «Өскемен-Семей» жолымен барлық көлік түрлері, «Өскемен-ЗырянРахман қайнары» жолымен ауыр жүк көліктерінің қатынауына рұқсат берілді. Сондай-ақ, «ОблШығысЖол» мекемесінің мəліметінше, «Бородулиха-Жезкент» бағытындағы жолмен де жеңіл көліктер жүре бастады. Айта кеткен абзал, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу жəне зардабын жою жөнінде жедел штаб құрылған болатын. Қазір күшейтілген режімде жұмыс істеп жатқан штаб қызметі өңір басшысы Даниал Ахметовтің қадағалауында.

Су ќоймасындаєы жаєдай ќалыпты Облыс əкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласы мен оның іргесіндегі Краснояр кентінде бірқатар əлеуметтік, коммуналдық жəне су шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысып, көктемгі су тасқынының алдын алу, салынып жатқан құрылыстарды тездетіп іске қосу мəселелерін қарастырды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бұл жолы өңір басшысы облыс орталығының бас гидротехникалық нысаны – Шағалалы су қоймасында болып, қар суының тасқынына жол бермеу мəселесіне айрықша назар аударды. Көкшетау қаласының іргесіндегі бұл гидротехникалық нысан қыс жəне көктем мерзімінде Шағалалы өзенінің суын тоқтатып, реттеп отыруға арналған. Су торабының тасқын су қабылдау мүмкіндігі 28 миллион текше метрді құрайды. Бүгінгі күні мұнда 23,7 миллион текше метр су қоры жиналған. Су қоймасы Көкшетау қаласын жылына 10 миллион текше метр сумен қамтамасыз етеді. Сондайақ, жақын елді мекендерде тосын жағдайлардың алдын алу үшін су торабының шлюздерімен тасқын

су жоспарлы түрде ағызылып отырады. Облыс əкімі мұндағы жағдай қалыпты деңгейде болғанымен, тасқын су деңгейін тұрақты түрде бақылаудың қажеттігін атап көрсетті. – Қазіргі кезде Шағалалы су қоймасына қауіп төніп тұрған жоқ. Əйткенмен, жаз қамын да ойластыру қажет. Сондықтан, қоймадағы суды ағызуды біраз азайту керек. Егер ағып келетін судың көлемі артып жатса, онда су жіберуді де ұлғайтатын боламыз, – деді өңір басшысы. Сонымен қатар, С.Кулагин тасқын суға қарсы тұрғызылған, яғни Краснояр кентінің Шағалалы өзенінің жағасында орналасқан үйлерді қоршай салынған су бөгетінің қазіргі жағдайымен танысып, қала əкімі Ермек Маржықпаевқа тиісті тапсырмалар берді. Ақмола облысы.

Шонхудыѕ арманы – Олимпиада шыѕы!

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шонху Қайратхан – Қытай елінен атажұртқа оралған ағайынның ұлы. Ұл болғанда қандай, жігіттің төресі. Екі иығы қақпақтай, төбесімен көк тірегендей оғлан. Салмағы 130 кило тартады. Қырым артық еті жоқ, суытылған сəйгүліктей жарап тұр. Көкпарға салсаң, құнан қой емес, өгізіңді ат белі көтерсе, жерден жұлып алатын ердің өзі. Айыбы да, міні де емес, жалғыз жан жарасы бар. Жаратқан осындай алып жігітке естір құлақ, сөйлер сөз бермепті. Шымкентте екі күн қатарынан құлағы нашар еститін жəне естімейтін спортшылар арасында еркін жəне грек-рим күресінен республика чемпионаты өтті. Шонху Қайратхан екі күрес түрінде де белдесті. Қарсыластарын допша домалатты деу аз-ау, шыққан бетте бүркіттей бүріп, қапсыра құшақтаған күйі салақтатып тұрып, астына басты. Қос жауырынын кілемге тигізіп, тырп еткізбеді. Таза жеңіс. Дəл қазір Қайратханға қайраттанып қарсы тұратын балуан табылмай тұр. Халық аралық дəрежедегі спорт шебері, Сурдолимпиада ойындарында қола жүлде алған. Ендігі арманы сурдо, яғни есенсау спортшылардың барлығының арманы Олимпиада ойындарының жеңімпазы болу. Қолынан келмейді емес. Қола медалін мойнына тағып көрген. Өкініштісі, құрамада мұнымен тіресер, қайрат көрсетер, шеберлігін өсірер спарринг-қарсылас жоқ. Əйтсе де, Нұрмахан Тінəлиев, Дəулет Шабанбайдың қатарына қосса, шеберлігі əлі де өсер-ау. Республика чемпионаты Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионның екінші қабатында өтті. Жарысты ұйымдастырушы, осындағы мүмкіндігі шектеулі спорт мектебінің директоры Жиһангер Абылаев стадион директоры Құрал Өкшебаевқа рахмет айтты. «Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ», дегендей, дені сау адам мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемасын не қылсын. Ғимараттың жалдау ақшасын төле дейді. Құрал көкеміз азаматтық танытыпты. Тегін. «Бұдан кейін де қолдарыңды қақпаймыз, Алла тағала алдында сауап іс қой», депті. Ал жарыс өз мəнінде өтті. Екі күресті қосқанда жүзден астам балуан болғанымен, 70-80 пайызы грек-рим жəне еркін күресте де күреске түсті. Таңдау жоқ болса қайтеді. Керең спортшыларға осы да жетеді дей ме, жоғарыдағылардың аса бас ауыртпайтындығы байқалды. Бұл туралы сəл кейін. Жарыстың өзіне келсек, талай дарабоз балуандар өсіпті. Тараздық Ғабит Есжанов сурдолимпиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері. Ойлы балуан. Артық қимылға бармайды, оңтайын күтеді. Олимпиадада олжа салған еркін күресте Қазақстан чемпионы болды, бірақ грек-рим күресінде тағы бір мықты, спорт шебері, алматылық Ғабит Игенбайға есе жіберіп қойды. Ақтөбелік жас жолбарыс Мұхтар Есенқосұлының да (98 кило) екпіні тас жарардай. Жастар арасында өткен əлем чемпионатының қола жүлдегері ересектер құрамасында өзін жоғалтқан жоқ. Денесі сəл болбырлау көрінгенімен, көз алдамшы. Оңтайы келгенде лып етіп қолтық астына кіріп кетеді де, қапсыра құшақтап артқа лақтырады. Жай оғындай зу етіп артқа өтеді, белден алып аунатып тастайды. Өзі бар болғаны спорт шеберлігіне үміткер. Ол халықаралық дəрежедегі спорт шебері, өзінен тоғыз жас үлкендігі бар тəжірибелі балуан Асылжан Тəжиевтен ғана тізгін тартты. Жарыстың соңғы күнінде грек-рим күресінен өз салмақтары бойынша Елдос Күзербаев (59 кило), Ғабит Игенбай (66 кило),

Дəулет Елубаев (71 кило), Бағдат Сəбитов (75 кило), Əбдірахман Оспанов (80 кило) үздік шықты. Ал, аса ауыр салмақта Қайратхан Шонху шымкенттік Қанат Қасымбековті алғашқы минут айналмай жатып жауырынын кілемге жапсырды. Жарыс аяқталды. Күрес жақсы өтті. Ал проблема шаш етектен. Онсыз да тағдырдан теперіш көріп жүрген спортшылардың жағдайын қалай жақсарту, деңгейін қалай көтеруге болады?! Біз осы сауалды белгілі спорт маманы, ұлт жанашыры, «Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған республикалық даярлық орталығының» директоры Қыдырбек Рысбекке қойғанбыз. Бүгінде Ақмола облысынан басқа аймақтардың бəрінде құлағы нашар еститін жандарға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттар бар екен. Семейдігі №4 мектеп-интернатта жұмыс дұрыс жүйеге қойылған. Оңтүстік Қазақстан облысы бұқаралық сипат беріп, жақсы жұмыстар атқарып жатыр. Көптеген облыстар жарысқа баратын спортшыларға қаражат бөлу мəселесін жылы жауып қойған. Алматы облысы, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда облыстары мүмкіндігі шектеулі спортшыларға қомақты жалақы төлеп келеді екен. Республикалық орталық оқу-жаттығу жиын өткізу үшін құрамадағы спортшыларды Ыстықкөл жəне Алматыда дайындықтан өткізген. Қырыққа жуық іс-шара өткеріпті. Инчхондағы Азия ойындарында бұл жігіттер олжа салып жатса, осындай қамқорлықтан деп түсіну керек. Кейінге қалдырылмайтын шараларға келетін болсақ, ең алдымен спортшылардың жалақы мəселесі шешілуі керек. Екіншіден, спорт ғимараттарын жалға алуда жеңілдіктер қарастырылсын. Үшіншіден, мамандандырылған мектеп-интернаттардан спорт топтары ашылса, төртіншіден, осы спортшылардың баспасөзде көрінуі нашар, насихат аз. Сондықтан, проблемалары қамқор ағайындарға байқала бермейді. Ең негізгі мəселе, республика бойынша мүмкіндігі шектеулі спортшыларға бөлінетін қаржының бар көлемі 922 млн. теңге ғана. Өте аз. Қазақстанда ешбір пайдасы жоқ, əрбір жарыста қирай ұтылып жүретін ортаңқол футбол клубының бірінің жылдық қорындай қаржы бастан тартсаң аяққа жетпейді. «Қазақстанның намысы үшін жүрегімді жұлып беремін», дейтін, бірақ жұлып бермейтінін өзі де іштей мойындайтын, арзан беделі үшін жанкүйерлердің намысында ойнайтын əсіре футболшылардан осы Қайратхан Шонху сияқты сөйлей білмейтін, ести де алмайтын азаматтың пайдасы ұшан-теңіз. Жаттығу залында теңіздей тер төккен олар халықаралық жарыстарда Қазақстан байрағын көкке көтеріп жүр. Осылай түсіну керек. Бұл мəселені облыс əкімдері де ойланса болады. Қайырымдылық шаралар жасағанда мүгедек спортшыларды да ұмытпасын. Бір эпизод жүректі езіп жіберген. Жүргізуші: «Қазір «Менің Қазақстаным» əні орындалады», деп хабарлады. Орындаушы əншіні атады. Əуезді əн, жүрекке жақын сөз. Бəрі де əдемі. Бірақ, əнді қолы, аузымен ымдап, беріле шырқап тұрған бозбаланың да, оның айтып тұрғанын қолы, қимылынан ұғып тебіреніп тұрған спортшыларда үн де, естір құлақ та жоқ. Əнұран орындалғанда да бəрі қолдарын жүрек тұсына қойып, көк туға көз тігіп тұрды. Түр-түсі келісті осынау балуан жігіттерді кемсіткендердің өзінің көкірегі соқыр, санасы төмен, жаны мүгедек. Отаным деп отқа түсуге даяр жауынгер жігіттерді көріп, осыны ойладық ШЫМКЕНТ.

«Ќамќорлыќ» картасы Шығыс өңірінде əлеуметтік қолдаудың жаңа жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл жоба аясында əлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарды қолдаудың кешенді шаралары қарастырылады. Жаңа жобаның əзірге елімізде баламасы жоқ. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мəліметінше, жобаның жүзеге асуы өңір аумағында қарастырылған əлеуметтік қолдаудың барлық шараларының қолжетімді жəне қарапайым болуына жол ашпақ. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша, жаңа жоба ағымдағы жылдың жаз айларында енгізіледі. Яғни, əрбір көмек алушыға «Қамқор» пластик картасы беріледі. Оның ішінде карта иесі туралы толық ақпарат топтастырылып, аты-жөні, фотосуреті, қандай санатқа жататыны жəне қандай жеңілдіктерге ие екені көрсетіледі. Жыл соңына дейін əлеуметтік карта кезең-кезеңімен енгізіліп, 2016 жылдың басынан бастап толығымен қызмет ете бастайды. Карта үш кезең бойынша енгізілмек. Маусым-тамыз айларын қамтитын бірінші

кезеңде дəріхана иелерін, азық-түлік өнімін өндірушілерді жəне тағы басқаларды тарту, дисконтты жүйе құру іске асырылады. Екінші кезеңде (қыркүйек-қараша) карта иесі бір реттік мақсатты жəне тұрғын үй көмегін алып, дəріханалар жеңілдігін пайдаланады. Ал аз қамтылған отбасылардың балалары мектепте тегін тамақтанады. Үшінші кезеңде (желтоқсан) жүргізілген жұмысты сараптау жоспарланып отыр. Басқарма басшысы Айжан Садықованың айтуынша, əлеуметтік қорғаудың инновациялық жаңа жобасы 200 мыңнан астам тұрғынды қамтымақ. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, 70 жастан асқан зейнеткерлер, 40 мың теңгеден төмен зейнетақы алатындар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, тұрғын үй көмегіне мұқтаж жандар жəне аз қамтылған отбасылардың балалары бар. ӨСКЕМЕН.


 Өңір өнері

Ўлттыќ ўлы ґнердіѕ ќасиетті мекені

Ќостанайдыѕ І.Омаров атындаєы облыстыќ ќазаќ драма театры Алматы ќаласында гастролін бастады Қойнауы құт Қостанай – астығымен, кенімен, өндірісімен даңқын алысқа асырған өңір. Республикадағы астықтың төрттен бірін қостанайлық диқандар өсіреді. Экспортқа шығарылатын ұнның төрттен бірі Қостанайдағы өңдеу кəсіпорындарына тиесілі. Кен алыбы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі қашаннан республика индустриясының ту ұстаушысы болып келеді. Соңғы бес жылда облыс өндірісінің жаңа беті ашылды, Қостанай республикада машина жасау орталығына айналды. «АгромашХолдинг» жəне «СарыАрқаАвтоПром» зауыттарында Ssang Yong, Toyoto, Ivego секілді əлемді аузына қаратқан брендтер құрастырылады. Мал шаруашылығы, шағын жəне орта бизнес дамып келеді. Нұралы СƏДУАҚАСОВ,

Қостанай облысының əкімі.

Қостанай-Торғайдың құнарлы топырағы астығымен, кенімен ғана емес, қазақ халқына алыптарды беруімен қасиетті. Осы өңірде кір жуып, кіндік кескен батыр бабамыз, мəмілегер тархан Шақшақ Жə ні бек мінген тұлпардың тұяғы кең даланы дүбірлетті. Ел іргесінің бүтіндігін Тəтіқара ақын жырлады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов, алаш ардақтысы Міржақып Дулатов, Əлі би Жангелдин, қайраткерлер Нұрғали мен Нəзипа Құлжановтар, қазақ əдебиетіндегі ірі тұлға Би-аға – Бейімбет Майлин жəне Мəриям Хакімжанова, Шолпан Иманбаева, Сырбай Мəуленов, Ғафу Қайырбеков, Кеңшілік Мырзабеков секілді ақындар, Өмірзақ Сұлтанғазин, Темірбай Дарқанбаев, Асқар Закарин, Манаш Қозыбаев секілді ғалымдар шоғыры Қостанай өңірінің перзенттері. Қостанай жері – тұңғыштар мекені. Қазақтың театр жəне кино өнерін əлем елдеріне танытқан Асанəлі Əшімовтің «Əртіс деген халықтың барлық бабалары осы қасиетті Қостанай жерінен шыққан» деген сөзі ақиқат лебіз. Қазақ театр өнерінің іргетасын қалаған үш абыз – Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов жəне Қапан Бадыров Қостанай өңірінде туып-өсіп, ат жалын тартып мінген еді. Олардың бойындағы аса дарындылық та туған жер төсінде ұшқын атты, Қостанайдың құнарынан нəр алды. Тақыр жерге гүл шықпайды. Жалпы, қазақ драма театры туралы сөз қозғағанда алдымен Қостанай ауызға алынады. Ұлтымыз драма театрының бұлақ бастауында тұрған үш абыздың сыртында, қазақтың алғашқы драматургі Би-ағаң – Бейімбет Майлин болатын. Ұлы өнердің дəні Қостанай жерінде көктеп, өнді. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарындағы аласапыран уақытта Қостанай-Торғай өңірінде «Қызыл керуен» труппасы елді аралап, өнер көрсеткен. Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров осы труппаның мүшелері болды. 1920 жылы Серке атамыз тұңғыш рет Б.Майлиннің «Қаламқас» комедиясындағы Жарас рөлін сомдаған. Труппа үш-төрт жыл ішінде М.Əуезовтің, Қ.Кемеңгеровтің, И.Меңдіхановтың. Қ.Тоғысовтың пьесаларын сахналады. Əліби Жангелдин жетекшілік еткен «Қызыл керуен» – Қостанай қазақ драма театры бастауларының бірі еді. Ол ескі мен жаңаның арасында абыржыған халықты тəрбиеледі, сауаттандыру, денсаулық сақтау мəселелерін де шешіп отырды. Алайда, бұл – тарих күйінше қалып, Қостанайдағы осы жақсы істің Кеңес дəуірінде жалғасы болмағаны өкінішті. Кеңес Одағы жылдары қазақ өнерінің қасиетті мекені болған Қостанайда қазақ драма театры атымен болған жоқ. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп күрескен аталарымыз аңсаған, Тəуелсіздігіміз қолға тиген соң, барлығы да орнына келді. Қостанай өңірінде өткен ғасырдың 60-шы жылдары жаппай жабылып қалған қазақ мектептері ашылды, қазір облыс өңірінде 137 мектеп жас ұрпаққа қазақ тілінде білім береді. Есіктен қарап қалған қасиетті ана тіліміз, аяқасты болған асыл дініміз төрге озды. Қызыл империяның құрсауында болған қазақ жерінде ұлт саясатының ақсауынан халықтың өнері тұншыққандай еді. Ал бар өнердің бастауы, ұлтты рухани байытатын драма театры Кеңес Одағы жылдары тек Қостанайда ғана емес, еліміздің ірі орталықтары Көкшетауда, Петропавлда, Өскеменде, Ақтауда да ұмыт қалды. 2000 жылы Тəуелсіздігіміздің 10 жылдығы қарсаңында, жаңа ғасыр басында Қостанайда қазақ драма театры өмірге келді. Бұл халқымыз өнерінің, мəдениетінің аса бір үлкен жетістігі еді жəне тəуелсіздігімізді алғаннан кейінгі Қазақстандағы алғашқы

7

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

ұлттық өнер отауы болды. Кең байтақ даласы бар, дəулетті, əлеуетті Қостанайдың 70 жылдан аса ұлттық өнерге шөлдеген жұрты театрдың ашылуын аса қуанышпен қарсы алды. Осындай тарихи, игілікті істің бұлақ бастауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрды. Тəуелсіздігімізді алған алғашқы жылдардан бастап Нұрсұлтан Əбішұлы халқымыз тілінің, дінінің еңсе көтеруі, өнерінің өркендеуі жайлы айтып отырды. Сол жылдары облысты басқарған Өмірзақ Шөкеевтің іскерлігімен Қостанай қаласындағы бұрынғы мəдениет сарайы лайықтап жөнделіп, қазақ драма театрына берілді. Театр шымылдығы Əбіш Кекілбаев пен Сəкен Жүнісовтің «Абылай хан» спектаклімен ашылып, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп қатысқан болатын. Сол жолы театр лентасын қиған Нұрсұлтан Əбішұлы сахнаға көтеріліп, сөз сөйлеп, қостанайлық көрермендерге құтты болсын айтып, театр ұжымына табыс тіледі. Театрға белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақ өнерінің жанашыры, Қостанай топырағының перзенті Ілияс Омаровтың есімі берілді. Бұл дұрыс шешімге тек қостанайлықтар ғана емес, Ілекеңнің еңбегін білетін, оның көзін көрген халқымыздың өнер майталмандарының, зиялы қауым өкілдерінің барлығы да қуанды. Театр ұжымы А.Байтұрсынов атындағы бұрынғы Торғай облыстық драма театрының негізінде құрылды. Н.Ерекешев, Ж.Есенбеков (режиссер), Қ.Иманов, М.Жапаров, Ө.Мұқашев, Ш.Мүсілімова, А.Досанова секілді белді актерлер келіп, жаңа театрдың белағашындай болды. Кəсіби труппаны ұйымдастыру үшін Қазақ станның қалаларынан танымал əртістер шақырылды. Соған орай Орал қаласынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі Ш.Есенғұлова, сахна шебері Қ.Есенғұлов, Жезқазған қаласынан сахна шебері Қ.Бегайдаров, З.Балтабаева келді. Бұл əртістер қазір театрдың мықты діңгегіне, өзегіне айналды. Сондай-ақ, осы труппаны Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлектері толықтыра түсті. Қостанай көрермені халық əртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қойған Н.Хикметтің «Шығыстың шерлі махаббаты» мен Лопе де Веганың «Батыстың махаббат маша қаты» спектальдерін, яғни жас толқынның тырнақалды туындыларын тамашалаған болатын. Сол кезден бастап бүгінге дейінгі театр көрермендерге алпысқа жуық қойылым ұсынды. Ол трагедия, комедия жанрларын қамтиды, балаларға арналған қойылымдар өз алдына бір төбе. Театрдың шығармашылық ұжымының он бес жылда шыққан биігі мол, жеткен жетістіктері аз емес. Жыл сайын өтетін республикалық театр фестивальдарында Қостанай қазақ драма театрының жақсы жұмыстары аталып өтеді. Актерлердің шығармашылық деңгейі өсіп келеді. Мысалы, 2001 жəне 2002 жылдары Петропавл қаласында өткен ІХ-Х республикалық фестивальдарда актер Қонысбек Бегайдаров қатарынан екі рет «Ең үздік ерлер рөлі» аталымына ие болған еді. Қостанайда Қ.Бадыровтың 100 жылдығына орай өткен ХІ республикалық театр фестивалінде суретші М.Нұрмақановтың жұмысы «Ең үздік сценография» аталымына ие болды. Одан кейінгі өнер додаларында да жүлделі орындардан əртістеріміздің қанжығасы бос қайтқан жоқ. Осыдан екі жыл бұрын І.Омаров атындағы облыстық қазақ дарама театры жаңа қонысқа көшіп, тағы бір үлкен қуанышқа кенелді. Драма театрына арналған кəсіби жобамен салынған ғимарат Қостанай қаласының да архитектуралық сəнін үстемелей түсті. Кəсіби жоба болғандықтан театр заңдылығына сəйкес ол 260 көрерменге арналған. Екі сахналық залы, дайындық залы, спорт, фитнес залы, дəмханасы, тігін цехы

Елмен ел араласса – береке 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы еркін сауда айналымына əлемнің 40 мемлекеті енгісі келетіні жалпақ жұртқа белгілі. Сол елдердің арасында Вьетнам, Түркия, Үндістан сынды мемлекеттер бар. Үстіміздегі жылдың 2 қаңтарынан бастап Одаққа Армения Республикасы қабылданды. Сондай-ақ, Қырғызстан да Одаққа 25 мамырда ресми түрде қосылатын болады. Көптеген мəселелерді шешуге интеграциялық тенденциялар зор əсерін тигізеді.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы бастаманы алғашқы болып көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев екені баршамызға белгілі. Еуразиялық экономикалық одақ 176 миллионға жуық адамды біріктіруде, бұл дегеніңіз сауда-саттықтың деңгейін арттыруда. Елбасымыздың көреген саясаты арқасында дер уақытында іргелес жатқан мемлекеттермен шекарамызды белгілеп, БҰҰ-да бекітіп алдық, мұның өзі көптеген жер дауының алдын алды деп есептеуге болады.

«Елмен ел араласса – береке» дегендей, өзім көрші Ресей Федерациясына қызметтік іссапарларда жəне білімімді шыңдай түсу мақсатымен жиі барып тұрамын. 2010 жылы Кеден одағы күшіне енгелі шекарадан өту жеңілдей түсті, арнайы Кеден одағы азаматтарына арналған өткізу пункттері ашылғаны соның бір дəлелі бола алады. Бұл қазіргідей қарбалас заманда алтын уақытты барынша үнемдеуде. Шарапат АБАЕВ, «Газпром» ААҚ-тың Қазақстандағы өкілдігінің бас диспетчері, мұнай-газ ісінің магистрі.

АҚТАУ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 14 мамырда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды

бар театрда актерлер үшін барлық жағдай жасалған. Əр гримерлік кабинетте екі актерден отырады, оларға арналған демалыс залы мен жуынатын орындар, қойма, гаражға дейін қарастырылған. Театрдың мұндай кəсіби жаңа үлгісі елімізде əлі кездеспейді, көрші елдерде де некен-саяқ. Осыған сай театрдың актерлар құрамында да мін жоқ. Осыдан 3 жыл бұрын театр өз студиясын ашып, жергілікті жастардан өздеріне актер мамандарын дайындай бастады. Өзге облыстардан оншақты кəсіби маман актерлер келіп қосылды. Ал өткен жылы ғана Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының алты түлегі шығармашылық труппаны толықтырды. Ұжымда екі режиссер қызмет етеді. Маманға зəруліктен ада, мұндай толық шығармашылық ұжым Қазақстандағы 52 театрдың барлығында бірдей кездесе бермейді. Жаңа театрда шығармашылық ұжым бүгінде ерекше шабытпен қызмет атқарып отыр. Кез келген театр репертуар байлығымен танылады. Бұл жөнінен де І.Омаров атындағы қазақ драма театры мақтана алады. Əлем драматургиясының атасы В.Шекспирдің «Гамлеті» сахнадан түспей келеді. Данышпан Абайдың образы сомдалған «Абай» спектаклі бүгінге дейін жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қостанай өңі рінен шыққан халқымыздың нар тұлғаларының бейнесі сахналанды. Олардың бастауында бар қазақтың ұстазы, кемеңгер Ыбырай Алтынсарин тұр. Т.Қоңыратпайдың «Дала шамшырағы» пьесасы, Е.Төлеубайдың «Міржақып», «Мəриям мен Ілияс», «Батыр сұлтан», С.Тұр ғынбековтің «Кейкі батыр» шығармаларын көрермен жылы қабылдады. Оларда кемеңгер Ыбырайдың, алаш ардақтылары Ахмет пен Міржақыптың, халық батырлары Кейкі мен Амангелдінің, Ұлы Отан соғысында дзотты денесімен жауып, көзсіз ерлік көрсеткен Сұлтан Баймағанбетовтің образдары сомдалды. Театр адамның жанын тəрбиелейді, өмірді зерделейді. Сондықтан, көрермен сұранысы тек тарихи тақырыппен шектеліп қалмайды. Сахнада трагедия, комедия жанрларындағы шығармалар жүріп жатады, балалар тақырыбы да ұмытылған емес. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Ерекешев пен театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық əртісі Ерсайын Төлеубайдың басқаруымен театр ұжымы өзінің он бес жылдық тарихында еліміздің ірі мəдени орталығы Алматы қаласына гастрольдік сапарын бастады. Жеті күнге созылатын шығармашылық сапарда театр алматылықтарға он төрт спектакль ұсынады. Гастрольдың пердесі «Мəриям жəне Ілияс» қойылымымен ашылады. Алматының талғамы биік көрермендері Бейімбет, Сəкендердің жалғасындай, қазақ əдебиетінің, қазақ ақындарының анасындай болған Мəриям Хакімжанованың, оның бауырындай болып кеткен Ілияс Омаровтың, ақын Зияш Қалауованың, күрескер Алма Оразбаеваның алмастың жүзіндей қылпылдаған қиын жылдардағы тағдырына куə болады. Мəриям апаның аяулы бейнесін сахнаға Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Шаһарбану Есенғұлова алып шығады. Сонымен қатар, С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда», Серік Асылбековтің «Күзгі романс», Серік Тұрғынбековтің «Кейкі батыр», Ерсайын Төлеубайдың «Боздаған боздақтар», «Жеңгетай» спектакльдері де көрермен бағасын алады деп ойлаймыз. Кішкентай алматылықтар да Қостанай театрының көрермені болады. Бұл сапар І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры жұмысындағы шыққан биігінің бірі саналатыны сөзсіз. ҚОСТАНАЙ.

Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Hyundai Matrix автомобилі, мем.нөмірі 740АА03, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Зеренді ауданы, Ақкөл ауылдық округі, əуежай. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» РМК. Алғашқы баға – 567 000 теңге. Бастапқы баға – 2 835 000 теңге. Ең төменгі баға – 164 855 теңге. Кепілді жарна – 85 050 теңге. 2. Ваз-21074 автомобилі, мем. нөмірі 590АЕ03, 1998 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Зеренді ауданы, Ақкөл ауылдық округі, əуежай. Баланс ұстаушы – «Қазаэронавигация» РМК. Алғашқы баға – 110 000 теңге. Бастапқы баға – 550 000 теңге. Ең төменгі баға – 31 983 теңге. Кепілді жарна – 16 500 теңге. 3. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 048 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., 1-ш.а, 68-үй. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 160 000 теңге. Бастапқы баға – 800 000 теңге. Ең төменгі баға – 46 520 теңге. Кепілді жарна – 24 000 теңге. 4. Ваз-21213-200-00 автомобилі, мем.нөмірі С 032 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Есіл ауданы, Есіл қ., Мир к-сі, 13. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 196 000 теңге. Бастапқы баға – 980 000 теңге. Ең төменгі баға – 56 987 теңге. Кепілді жарна – 29 400 теңге. 5. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 029 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Целиноград ауданы, Ақмол кенті, 9-пятилетка к-сі, 13. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 236 000 теңге. Бастапқы баға – 1 180 000 теңге. Ең төменгі баға – 68 617 теңге. Кепілді жарна – 35 400 теңге. 6. Ваз-2107 автомобилі, мем. нөмірі С 017 NS, 2000 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 116 000 теңге. Бастапқы баға – 580 000 теңге. Ең төменгі баға – 33 727 теңге. Кепілді жарна – 17 400 теңге. 7. Ваз-21213 автомобилі, мем. нөмірі С 037 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 196 000 теңге. Бастапқы баға – 980 000 теңге. Ең төменгі баға – 56 987 теңге. Кепілді жарна – 29 400 теңге. 8. Ваз-21099 автомобилі, мем. нөмірі С 022 NS, 2002 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 206 000 теңге. Бастапқы баға – 1 030 000 теңге. Ең төменгі баға – 59 895 теңге. Кепілді жарна – 30 900 теңге. 9. Ваз-21213 автомобилі, мем. нөмірі С 016 NS, 1999 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 145 000 теңге. Бастапқы баға – 725 000 теңге. Ең төменгі баға – 42 159 теңге. Кепілді жарна – 21 750 теңге. 10. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 039 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Октябрьский к-сі, 15. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

Алғашқы баға – 224 000 теңге. Бастапқы баға – 1 120 000 теңге. Ең төменгі баға – 65 128 теңге. Кепілді жарна – 33 600 теңге. 11. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 040 NS, 2003 жылы шыға рылған. Орналасқан жері – Көкшетау қ., М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 224 000 теңге. Бастапқы баға – 1 120 000 теңге. Ең төменгі баға – 65 128 теңге. Кепілді жарна – 33 600 теңге. 12. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 038 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Есіл ауданы, Есіл қ., Мир к-сі, 13. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 274 000 теңге. Бастапқы баға – 1 370 000 теңге. Ең төменгі баға – 79 666 теңге. Кепілді жарна – 41 100 теңге. 13. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 015 NS, 2000 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қ., М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 126 000 теңге. Бастапқы баға – 630 000 теңге. Ең төменгі баға – 36 635 теңге. Кепілді жарна – 18 900 теңге. 14. Уаз-31514 автомобилі, мем. нөмірі Z 413 NS, 1997 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Бурабай ауданы, Бурабай кенті. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 171 000 теңге. Бастапқы баға – 855 000 теңге. Ең төменгі баға – 49 719 теңге. Кепілді жарна – 25 650 теңге. 15. Toyota Camry автомобилі, нөмірсіз, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, Біржан сал к-сі, 45. Баланс ұстаушы – Ақмола облысының прокуратурасы. Алғашқы баға – 866 000 теңге. Бастапқы баға – 4 330 000 теңге. Ең төменгі баға – 251 789 теңге. Кепілді жарна – 129 900 теңге. 16. Волга Газ-31029 автомобилі, мем.нөмірі С 786 КР, 1995 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., ЕЦ-166/4 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/4 мекемесі. Алғашқы баға – 108 000 теңге. Бастапқы баға – 540 000 теңге. Ең төменгі баға – 31 401 теңге. Кепілді жарна – 16 200 теңге. 17. Уаз-31514-017 автомобилі, мем.нөмірі 025КР03, 2001 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., ЕЦ-166/4 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/4 мекемесі. Алғашқы баға – 295 000 теңге. Бастапқы баға – 1 475 000 теңге. Ең төменгі баға – 85 771 теңге. Кепілді жарна – 44 250 теңге. 18. КАВЗ-685 автомобилі, мем.нөмірі 028КР03, 1984 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Атбасар ауданы, Атбасар қ., ЕЦ-166/4 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/4 мекемесі. Алғашқы баға – 150 000 теңге. Бастапқы баға – 750 000 теңге. Ең төменгі баға – 43 613 теңге. Кепілді жарна – 22 500 теңге. 19. Газ-31029 автомобилі, мем. нөмірі С 379 КР, 1995 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 68 000 теңге. Бастапқы баға – 340 000 теңге. Ең төменгі баға – 19 771 теңге. Кепілді жарна – 10 200 теңге. 20. Зил-Ммз 45021 автомобилі, мем.нөмірі С 397 КР, 1979 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 264 000 теңге. Бастапқы баға – 1 320 000 теңге. Ең төменгі баға – 76 758 теңге. Кепілді жарна – 39 600 теңге. 21. ДТ-75 тракторы, мем.нөмірі 0075AZD, 1981 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс

ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 186 000 теңге. Бастапқы баға – 930 000 теңге. Ең төменгі баға – 54 080 теңге. Кепілді жарна – 27 900 теңге. 22. 2 ПТС-3 трактор тіркемесі, мем.нөмірі ASDC745, 1986 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 110 000 теңге. Бастапқы баға – 550 000 теңге. Ең төменгі баға – 31 983 теңге. Кепілді жарна – 16 500 теңге. 23. Газ-3110 автомобилі, мем. нөмірі С 797 КР, 2000 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., Заводской кенті, ЕЦ-166/18 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/18 мекемесі. Алғашқы баға – 126 000 теңге. Бастапқы баға – 630 000 теңге. Ең төменгі баға – 36 635 теңге. Кепілді жарна – 18 900 теңге. 24. ПАЗ-3205-110 автомобилі, мем.нөмірі С 301 КР, 2004 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Зеренді ауд., Гранитный кенті. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/25 мекемесі. Алғашқы баға – 589 000 теңге. Бастапқы баға – 2 945 000 теңге. Ең төменгі баға – 171 251 теңге. Кепілді жарна – 88 350 теңге. 25. Ваз-2105 автомобилі, мем. нөмірі С 706 KР, 1993 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Зеренді ауданы, Гранитный кенті. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/25 мекемесі. Алғашқы баға – 73 000 теңге. Бастапқы баға – 365 000 теңге. Ең төменгі баға – 21 225 теңге. Кепілді жарна – 10 950 теңге. 26. Уаз-3962 автомобилі, мем. нөмірі С 036 BF, 2001 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Жарқайың ауданы, Державинск қ., Степной кенті, Центральная к-сі, 9. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/26 мекемесі. Алғашқы баға – 336 000 теңге. Бастапқы баға – 1 680 000 теңге. Ең төменгі баға – 97 692 теңге. Кепілді жарна – 50 400 теңге. 27. Уаз 31514-017 автомобилі, мем.нөмірі С 740 АА, 2001 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Жарқайың ауд., Державинск қ., Степной кенті, Центральная к-сі, 9. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ166/26 мекемесі. Алғашқы баға – 372 000 теңге. Бастапқы баға – 1 860 000 теңге. Ең төменгі баға – 108 159 теңге. Кепілді жарна – 55 800 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын – 2015 жылғы 14 мамырда сағат 9.00-да аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;банк «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КБе 16, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық

берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп, тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің вебпорталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы Қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жеке шелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбiр сатылған жекешелендiру объектісі бойынша аукцион нəтижелерi аукцион нəтижелерi туралы электрондық хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы жəне жеңiм паз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелерi туралы хаттама аукцион нəтижелерiн жəне жеңiмпаз сатушының жеке шелендiру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230, 13-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғанын жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжат тың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7162) 256556, 254715 телефондары арқылы алуға болады.


8

www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

 Сақтансаң – сақтайды

 Өнеге

Ќўтќару жəне ќалпына келтіру жўмыстары тоќтатылєан жоќ Апат айтып келмейді дегендей, еліміздің бес облысында орын алған қар суының тасқыны бірқатар елді мекен тұрғындарын біраз əбігерге салып, қиындықтарға тап қылды. Мұндай жағдайдың, яғни баспаналарын су алып, қайда барарын білмей қалған жандардың жан ауыртпалығын, шеккен зардаптарын айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ ондай жандарды мемлекет қараусыз қалдырып жатқан жоқ. Бəрі бақылауда тұр. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Еліміздің су басқан өңірлерінде Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдар, басқа да тартылған ұйымдардың біріктірілген күштерімен авариялық-құтқару, алдын алу жəне қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы кеше ІІМ ТЖ комитетінде өңірлердегі су тасқынының жағдайы бойынша өткен брифингте хабар беру жəне халықты оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов хабардар етті. Су тасқыны басталған кезеңнен бері Қарағанды облысында 9 ау данның аумағында 48 елді мекенді жəне 2 қыстақты су басқан еді, деді Р.Иманқұлов. Қазіргі уақытта осы аймақтағы жағдай жеті ауданда тұрақтанды. Бұқар жырау жəне Нұра аудандары бақылауда тұр. Облыс өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалған. Соған орай 13 279 эвакуацияланған адамдардың 11 940-ы үйлеріне оралған көрінеді. Бұған қоса су сору, гуманитарлық көмек жеткізу, құм үю, тəртіпті қадағалау, бақы лау, коммуникацияларды қалпы на келтіру, зардап шеккен халық қа ме дици налық жəне психо ло гиялық көмек көрсету жұмыстары да тоқтатылған жоқ. Енді жерлерді қайта өңдеу жұмыстары басталды. Ғ.Мұстафин атындағы ауылға өрт сөндіру жəне су сорғы станциялар мен

мотопомпалар барынша тартылған. Соның арқасында қазіргі уақытта облыста су басқан 2 107 үйдің 1 900-і судан құрғаған көрінеді. Су басқан аудандардан 33466 ірі жəне ұсақ мал қауіпсіз жерлерге айдалды, оның ішінде 28962 бас мал қайта қайтарылды. Ақмола облысында су тасқыны басталғаннан бері Атбасар қаласы жəне Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Целиноград аудандарының 12 елді мекені су астында қалды. Ақмола облысының ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Целиноград ауданының елді мекендерін аралап, соның барысында: Ағанас ауылында – 29, Қызыл Жар ауылында – 2, Ақмол ауылында – 3, Жаңажол ауылында – 12, Жалғызқұдық ауылында – 5, Р. Қошқарбаев ауылында – 2 су басқан үйлерді анықтады. Атбасар ауданында авариялыққұтқару бригадаларының тəулік бойы кезекшілігі тоқтатылған жоқ, олар жоғары дайындық режіміне көшірілді. Атбасар ауданының «Атбасар-Сочинское» жəне Шортанды ауданының «Шортанды-Жолымбет» облыстық маңызы бар автожолдарында ені 5-10 жəне 30-50 метр су ағып жатыр. Ол жерлерге жол белгілері орнатылып, бақылауға алынды. Сонымен қатар, мұндағы елді мекендерде суды сорып алу, жолдарды қалпына келтіру, қорғаныш құрылыстарын салу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Тəулік бойғы кезекшілік жүргізіледі. Өткен тəулікте Ақмола облысында

тұрғындарды көшіру болған жоқ. Тасқын басталғаннан бері су астында қалған 168 үйдің 114-інен су кетті. Су басқан аудандардан барлығы 5980 бас үй жануары қауіпсіз жерге айдалды. Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданының Степное ауылынан жəне Аққайың ауданының Қиялы ауылынан еріген қар суын бұру жұмыстары жалғасуда. Автожолдың 4 тұсына еріген қар суы жайылғандықтан онда бақылау бекеттері орнатылған. Ал Шығыс Қазақстан облысы ның автожолдарын қалпына келтіру үшін қазір дайындық жүргізіліп жатқан көрінеді. Зақымдалған жол учаскелеріне жол бел гілері орнатылып, қосал қы жол төселген. Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін аяқталмақ. Павлодар облысының Екібастұз ауданында Бесқауға ауылына апаратын зақымдалған автожолды жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сол сияқты Бірлік ауылына баратын жолды толық қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының 77 учаскесі қалпына келтірілді. 13 375 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын кезеңінде барлығы 16 171 адам көшірілген болатын. Су астында қалған 2 434 үйдің 2173-інен су кетті. Бірлескен күштің арқасында 22 588 метр уақытша бөген тұрғызылып, 363 417 текше.м су сорылды. Су тасқынына қарсы ісшараларға барлығы 6 444 адам жұмылдырылып, 1 707 бірлік техника, 153 су соратын құрылғы жəне 112 жүзу құралы қамтылған. Алайда, бір сақтанарлық жағдай, «Қазселденқорғау» ММ деректеріне қарағанда, Ақмола облысы шегіндегі Нұра өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр, атап айтқанда Қорғалжын ауданында су басу қаупі бар көрінеді.

Ґзара ыќпалдастыќќа уаєдаласты Астанадағы «Хильтон Гарден Инн» қонақүйінің мəжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Еуразияның көлік дəліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты халықаралық конференцияның өткені осы нөмірде бөлек жазылып отыр. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Міне, осы конференцияның аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мен конференция жұмысына қатысуға келген Əзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Маммедов, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулердің ұлттық институтының директоры Талант Сұлтанов жəне Түрік Республикасы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Əли Расул Усул төртеуі Өзара

ынтымақтастық жөніндегі меморан думға қол қойды. Ерлан Қарин нің айтуына қарағанда, бұл қадамға бармас бұрын түркі елдерінің аталған институттары басшыларының арасында алдын ала келіссөздер жүргізілген. Ал алдағы уақытта, дəлірек айтқанда, 8 мамырда Əзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында болатын кездесуде өзара іс-қимыл жоспарына да қол қойылатын болады. Меморандумға қол қойылар алдындағы өздерінің қысқаша сөздерінде Əзербайжан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Маммедов те, Қырғыз Рес публикасы Президентінің жанындағы

Стратегиялық зерттеулердің ұлттық институтының директоры Талант Сұлтанов та жəне Түрік Республикасы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Əли Расул Усул да бұл істің стратегиялық зерттеулер барысында өзара тиімді болатынын тілге тиек етті. Олар түркітілдес елдер арасындағы басқа да халықаралық ұйымдар сияқты бұл ынтымақтастық та туысқан халықтарды бір-біріне жақындата түсуге септігін тигізер деген үмітте екендерін айтты. Сонымен қатар, меморандумға қол қоюшы тараптар өзара ықпалдастық арқылы стратегиялық зерттеу институттары жұмыстарының тиімділігі де артып, жан-жақты кеңіп əрі байи түсетініне сенім білдірді. Қол қойылғаннан кейінгі қорытынды сөзінде Ерлан Қарин бұл меморандум түркітілдес мемлекеттердің стратегиялық зерттеулер орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сападағы бетін ашқанына сенім білдіретінін мəлімдеді.

Білімдініѕ орны – биікте Орталық коммуникациялар қызметінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметовтің қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттар қабылдаудың жаңа ережелері жəне құжаттарды қабылдау туралы» брифинг өтті.

Бүгінгі таңда «Болашақ» халықаралық стипендиясы – ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін əлемнің үздік жоғары оқу орындарында 8 мыңға жуық жоғары білікті маман даярлаған Қазақстандағы ең табысты білім беру бағдарламасы болып табылады. Жақында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау ресми түрде басталып, стипендиаттар үшін 2015 жылға басым мамандықтар тізбесі 343 мамандықты қамтитынын айқындады. Олардың арасында 141 – техникалық, 79 – медициналық жəне 123 – гуманитарлық бағыттағы мамандық бар. Ал оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне келсек, Times Higher Education, QS жəне Academic Ranking of World Universities, THE 100 under 50 жəне QS 50 under 50 халықаралық рейтингілері мен ұлттық рейтингтерде тек алдыңғы орындарда

тұрған 229 университетті қамтып отыр. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті 2015 жыл ғы конкурстық іріктеу 13 сəуірден бастап 1 қазанға дейін жалғасатынын айта келіп, сонымен қатар, ол үміткерлерді іріктеудің жаңа ережесінің қабылданғандығын жəне соған сəйкес қазақстандық магистр дəрежесі бар адамдардың да үміткер болуларына мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді. «Болашақ» бағдарламасы сти пендиаттарын академиялық даярлау бағдарламаның басым бағыты болып қалмақ, біз елді индус трияландыру, «Нұрлы Жол», АӨК, ЭКСПО өзекті жобалары үшін мамандар даярлауға көңіл бөліп отырмыз. Үстіміздегі жылдан бастап еліміздегі 11 жоғары оқу орнында «Болашақ» шеңберінде ҮИИДМБ үшін кадрлар даярлау бойынша 11 негізгі

жоғары оқу орнында отандық ғалымдар ғылыми зерттеулерінің қазақстандық мазмұнға бағытталуына мүмкіндік беретін Split PhD жаңа моделі іске қосылды», деді өз сөзінде Ғани Нығыметов. Сондайақ, тілдік даярлаудың «6+6» жаңа моделінің іске қосылуы, ол бойынша тілдік даярлықтың алғашқы 6 айы Қазақстандағы екі тілдік мектеп – Назарбаев Университет пен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, кейінгі 6 ай шетелде өтетіндігі айтылды. Еске сала кету керек, бағдарлама іске асырылған жылдарда 11 126 стипендия тағайындалып, 7 929 маман даярланды. 98% бағдарлама түлегі жұмысқа орналастырылды, олардың 45%-ы өз білімдерін мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерде, 2,5%-ы – ұлттық компанияларда, 11%-ы – халықаралық ұйымдарда, 39,5%-ы жеке секторда жүзеге асыруда. Биылғы жылы құжаттар қабылдау үш кезеңде өтетіні хабарланды: 13 сəуірден 8 мамырға дейінгі, 8 маусымнан 10 шілдеге дейінгі жəне 10 тамыздан 1 қазанға дейінгі кезеңдер. «Егемен-ақпарат».

Қ

АЗАҚ – сөздің мəні мен мəнеріне, көркем өрілген ойдың сыры мен сымбатына айрықша назар аударатын халық. Ол дүниенің бар болмысын оймен түйіп, сөзбен өрнектеген. «Ой – сөздің сандығы» деуі де соның нышаны. Қазақта сөз сандығына түспеген ой, сөзбен тұжырымдалмаған өмір көрінісі кемде-кем. Осы сөз құдіретін ерте ұққан ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, тəжірибелі əдіскер, өз ісінің білгірі, əдебиетті тану мен насихаттау ісінің майталманы Төкен Қонысбайқызы Жұмажанова десек артық айтқандық емес. «Болар бала бесіктен белгілі» дегендей, Төкен қарғадайынан ширақ, сезімтал болып өсті. «Кісі болар кісінің кісіменен ісі бар» деп халқымыз бекер айтпаған

ұштастырып, оқушы психологиясы мен қабілетіне қарай пəн əдістемесін дамытудың, тақырыпты игертудің тəсілдерін меңгереді. Төкен Қонысбайқызы ауыл мектебінде қызмет істеп жүріп те институттағы ұстаздарымен байланысын үзбеді. Ғылыми мақалалар, əдебиетті оқытуға қатысты тəжірибе нəтижелерін жариялап, алға ұмтылумен болды. Сөйтіп жүргенде, «талаптыға нұр жауар» дегендей, Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру академиясы əдебиеттану ілімі бойынша ізде нушілікке конкурс жариялап, ол сол конкурстан өтіп, білікті ғылыми ортаға оралады. Əдебиет пен тілдің білгір мамандары, елге танымал Т.Ақшолақов, Ə.Дайырова, С.Тлешова, Р.Құтқожина,

Фаузия ОРАЗБАЕВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Ж.Адамбаевамен осы қасиетті шаңы рақта жолығады. Зерделі де зе рек Төкен алдына қойған мақсатынан қайтпай, «Қазақстанда диссертациялық кеңес, əдебиетті оқыту методикасынан жетекші болатын маман болғанмен, ғылым докторы жоқ» деген пікірлерге қа р а м а с та н, ə де бие тті о қы ту əдістемесі саласы бойынша кəсіби маман болуға бел буады. Ұстазы академик Серік аға Қирабаевқа барады. Серік аға білімі мен білігі, тəжірибесі мен тəлімі жетіп тұрса да: «Мен əдебиетті оқыту методикасының маманы емеспін, Қырғызстанда атақты ғалымəдебиетші, əдіскер, осы саланың маманы Киреше Иманалиев бар, сол кісіге хат жазып берейін», – деді. Сөйтіп, ғылым жолын қуған Төкен Қонысбайқызы Қырғызстанға барып, осы елдің ұстаз-ғалымдарымен танысып, дəріс алды. Осы кезеңде Семей педагогикалық институты қазақ əдебиеті кафедрасындағы оқытушылық қызметке бəйге жариялайды. Жас маман Төкен Жұмажанова алты адамның арасынан конкурстан өтіп, Семей педагогикалық институтына мұғалім болып келеді. Бұл кез – Семейдің Қазақстанның қоғамдық-əлеуметтік өмірінде шарықтап тұрған шағы. Мəдениет пен өнер, білім мен ғылым салалары қарқынды дамып, ұлт зиялылары осы аймақта шоғырланып, еңбек етіп жүрген кез. Осындай ортада əдебиет пəнінен оқытушы болу Төкенге айрықша жауапкершілік жүктейді. Ол Қайым Мұхаметханов, Жұмағали Шəкенов, Медеу Сəрсеке, Төкен Ибрагимов сияқты білікті əдебиетшілермен араласып, танымын кеңейтеді. Топырағына Ақтамберді, Абай, Дулат, Шəкəрім, Əуезов сынды ұлылардың кіндік қаны тамған байтақ өлкенің əр тасы – шежіре, əр бұтасы – тарих емес пе?! М.Əуезов үшін ит жеккенге айдалып, жадап-жүдеп қайтқанына қарамай, алаш жұртына астанадай болған Семейдің абыройын асқақтатқан Қайым аға да; қырық жылға тарта Абай мұражайын басқарып, бар ойы мен санасын кемеңгер ақынның болмысы мен келбетін тануға, талдауға арнаған Төкен ағамыз да мақтауға да, мақтануға да лайық тұлғалар екені ақиқат. Ғылыми ізденіс жолында жүрген табанды шəкірт Мəскеу қаласына барып, сол кезде В.И.Ленин атымен аталатын үлкен кітапханада алты ай бойы жұмыс жасайды. Ресей, Англия, Оңтүстік Корея, Чехословакия, Қырғызстан, Өзбекстан, т.б. елдерде өткен конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Төкен Қонысбайқызы 1982 жылы Мəскеу қаласында, ғылымизерттеу институтында педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Иманалиевтің жетекшілігімен «5-10 кластарда сабақтан тыс оқуды ұйымдастырудың формалары мен əдістері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Төкен Қонысбайқызы қай кезде де ұстаздарымен, зиялы қауым өкілдерімен пікірлесе жүріп, əдебиетті адамтану, дүниетану, қоғамтану, өлкетану салаларымен байланыстыра қарастырды. Ол: «Əдебиет – сөз өнері, адамтану, адам тəрбиелеу құралы. Адам бойында асқақ арман, ізгі қасиет, берік сенім, сұлулық пен əсемдік, өмірге құштарлық, шынайы мөлдір сезім, т.б. қалыптасуына əдебиет

ƏДІСКЕР

болар. Ол көпшіл болып өсіп, мектепке бармай-ақ, балалардың тақпағын олардан бұрын жаттап, есебін де олардан бұрын шығарып, қағылез, алғырлығымен көзге ерте ілігеді. Төкен бірінші сыныпта оқушылардың алды болады. Тақпақты да жаттайды, берілген тапсырманы да мұқият орындайды. Содан жылдар жылжып өте берді. Ол əдебиетке ерекше зейінді екенін аңғартады. Ақтамберді, Дулат бабаларымыздың өлеңдері мен батырлық, лироэпостық дастандарды жаңылмай жатқа айтады. Сөйтіп, қаршадай кезінен əжесінің айтқан ертегіаңыздарынан сусындап, соғыстан кейінгі ел-жұрттың жағдайын санасына түйіп, ауылдың кешкі сызыла шалқыған əндері мен саздарынан нəр алған сезімтал қыз кітапты жата жастана оқыды. Бұл оны сəнді ғима ратқа, сұлу сарайға кіргендей əсерге бөледі. Алуан түрлі қиялдарға беріліп, əсем сезімдерді серік қып, бой жетті. Ойы да қанаттанып, қоса жетілді, асқақ армандардың өрісіне бет алды... Мектеп бітірген соң, Төкен Қонысбайқызы ҚазПИ-дің қазақ тілі, əдебиеті жəне тарих факультетіне оқуға түседі. Ол кезде атақты білім ордасын аты аңызға айналған, ұлтымыздың ұлы перзенті – Кеңес Одағының Батыры, профессор Мəлік Ғабдуллин басқаратын. Арман қанатында оқу-білім іздеп, Алматыға келген ол аса көрнекті ғалым-ұстаздар, қоғам қайраткерлері, əдебиет пен тіл ғылымдарының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлт зиялылары: Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Т.Абдрахманов, А.Əбілқаев, Ғ.Қалиев, Д.Əлімжанов, Н.Оралбаева, К.Бейсенбаева, т.б. осы сияқты педагогтардан дəріс алады. Институтта оқып жүріп, студенттердің ғылыми конференцияларында баяндамалар жасайды; əдеби кездесулерде шеберлік сыныптарын өткізіп, білімін тереңдетеді. Төкендерге тəлімгер болған қазақ көркем сынының көрнекті өкілі, атақты академик Серік аға Қирабаев елден оқу іздеп келген жас қыздың ізденімпаздығына риза болып, үнемі қамқорлық жасап отырады. Төкен ұстаздарына талапты шəкірт бола жүріп, ғылым жолына бет бұрды. Оны, əсіресе, əдебиетті оқыту əдістемесі қызықтырды. Ол əдебиет ғылымын теориялық, əдіснамалық тұрғыдан терең білуге күш салды. Өзі қалаған əдебиеттану ілімін жаңа бағытта тануға, зерделеуге бет бұрды. Төкеннің түпкі мақсаты – оқуды бітіріп, ауылға барып ана үмітін ақтап, оның қасында еңбек ету, мұғалім болу еді. Сөзіне берік, айтқанын орындап үйренген алғыр қыз ҚазПИ-ді бітірген соң, туған жұрты – Семей облысының Ақсуат ауданына оралып, қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі болып қызмет істейді. Дегенмен, Алматыда қалған ұстаздар тағылымы мен тəрбиесі, ғылымға деген құлшыныс елде жүрген кезде де Төкеннің есінен екі елі шыққан емес. Жоғары сынып оқушыларына «Қазақ əдебиеті» пəнінен сабақ бере жүріп, оқыту тəжірибесін қатар жүргізді. Ол теориялық білімін практикамен

ерекше əсер етеді», – деп, əдебиеттің мəні мен маңызын айрықша атап көрсетеді. Көп жылғы ізденіс пен тынымсыз еңбек ғалым-ұстазды ғылымның биігіне көтерді. Төкен Қонысбайқызы 1996 жылы «Əдебиеттен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың ғылыми-əдістемелік негіздері» тақырыбында диссертация қорғап, қазақ əдебиетін оқыту саласы бойынша елімізде ғылым докторы атағын иеленген бірінші ғалым дəрежесіне жетті. Содан соң профессор ғылыми атағын алды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ əдебиеті кафедрасына жаңа қызметке ауысты. Профессор Т.Жұмажанованың ғылыми зерттеу жұмысының басты нысаны – қазақ əдебиетін оқыту барысында кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастырудың əдістемесі. Ғалым клас тан тыс жұмыстардың қосымша сабақтар, тағылымдық дəрістер, атаулы күндер, жарыстар, пікір-сайыстар, саяхаттар, əдеби апталықтар, əдеби-музыкалық кештер, əдеби-көркем, драмалық үйірмелер, мəнерлеп оқу, əдеби мəтінді оқу, қашықтан оқу, интернет жүйесі, ақпарат кеңістігі – осы сияқты түрлерін іске асырудың амал-тəсілдерін, əдістемелік жақтарын жан-жақты сипаттай келіп, мұндай жұмыс түрлерін жүзеге асырудың басты мақсаты – тұлғаның əдебиеттен алған білімін тереңдету, ой-өрісін, танымын кеңейту деп түйіндейді. Зерттеуші кластан тыс жұмыстарды талдай, сараптай отырып, бұл жұмыстарды ұйымдастыру кезіндегі пəн мұғалімінің, сынып жетекшісінің, ата-ананың, қоршаған ортаның, кітапхана қызметкерлерінің рөлі мен мақсат-міндетін нақты көрсетеді. Педагог кластан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін жүзеге асыру барысында жақсы нəтиже беретін əдіс-тəсілдерді бөліп көрсетеді. Қазақ əдебиетін оқытуға байланысты əдістерді ғалым: «1) сабақта оқыту үрдісін ұйымдастыру əдістері; 2) білім алу көздеріне байланыс ты оқыту əдістері; 3) сабақ құрылысына, мұғалімнің қоятын мақсатына қарай оқыту əдістері» деп ажыратып, солардың арасынан талдау, эвристикалық, əңгіме-сұхбат, көр некті қайраткер, ұлы суреткер, ғалым М.Дулатовтың сөзімен айт қанда – «қирағат – баяндап, түсіндіре оқыту» əдістерін көркем шығармамен байланыстыра талдап, баяндайды. Педагогтың əдебиетті оқытуға байланысты назар аударған басты мəселесі – əдебиеттің ұлттық құндылық, халқымыздың рухани қазынасы, көсем мінезді бабалар мен шешен бітімді ақындардың аманат етіп қалдырған сөз өнері деп тану жəне сол танымды, асыл қазынаны ұрпақ санасына сіңіру. Ұстаздың қазақ əдебиетін оқыту əдістемесіне қосқан үлесінің бірі білім беру про цесінде жаңа технологияны қолданудың жолдарын ғылыми-практикалық жағынан не г із де у м е н ба йла ны с ты . Ол «Əдебиетті оқыту əдістемесі» атты еңбегінде жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын атап көрсетеді. Яғни, дамыта оқыту, модульдік оқыту, жобалап оқыту, компьютер арқылы оқыту, проб лемалап оқыту, деңгейлеп

оқыту – осылай жалғаса береді. Ғалым Төкен Қонысбайқызының зерттеу еңбектері əдебиеттану ғылымының əртүрлі бағыттары мен салаларын қамтиды. Соның бірі – тұлғатаным. Ұстаз А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Əуезовтің, С.Мұқановтың өмірі мен шығармаларын оқыту мəселесіне бағытталған сабақтар өткізіп, еңбектер жазды. Əдіскер ғалым қазақ əдебиетінің классиктерімен қатар туыстас елдердің ақын-жазушыларын зерттеуге жəне насихаттауға үнемі атсалысып келеді. Ол түрік мен əдебие тінің ұлы классигі Махтымқұлы шығарма ларын мектеп оқулықтарына енгізіп, бағдарламалар мен əдістемелік нұсқаулар дайындап, халықаралық əдеби процестің дамуына да игі ықпал етуде. Ғалым Төкен Қонысбайқызы қандай істі атқарса да, оған бүкіл болмысымен, жан дүниесімен беріліп, нəтижеге жетуге ұмтылады. «Жақсы істің игілікті болуы аяқталуынан белгілі» деп жиі айтып отырады. Сапалы оқу мен саналы білім – өркениетті еліміздің білікті маманын қалыптастырумен байланысты. Əр ұстаз өзінің алдына келген оқушысын, студентін қоғамға, ұлтқа пайдалы, білімді де білікті, «сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалан» (Абай) деп, дара тұлға ретінде тəрбиелесе, ұстаз еңбегінің жанғаны. Иə, педагогика ғылымдарының докторы Төкен Қонысбайқызы – қазақ əдебиетін оқыту əдістемесі саласындағы белгілі ғалым-ұстаз. Ол – жоғары оқу орындарына арналған «Əдебиетті оқыту əдістемесі» оқулығының, 9-11 сыныптарға арналған қазақ əдебиеті пəні бойынша жаңа буын оқулықтарының, электрондық оқулықтардың, қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша əзірленген мұражайлық телесабақтардың авторы. ҚазақстанСингапур жобасы бойынша қазақ тілін оқытуға байланысты жасалған мультимедиялық бағдарламалар мен оқулықтардың жетекшісі. Оның əдебиетті оқытуға байланыс ты жарияланған 100-ден аса мақалалары, көптеген оқулықтары мен оқу-əдістемелік құралдары еліміздің үздіксіз білім беру жүйесінде үнемі сұранысқа ие. Ол өзінің сүйікті ісін терең меңгерді, əдіскер маман ретінде еліне танылды. Ғылыми ісін жалғастыратын талантты шəкірттер тəр биеледі. Төкен Қонысбайқызының жетекшілігімен қорғалған 3 докторлық, 15 кандидаттық жұмыс – осының айғағы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор «Ы.Алтынсарин», «Еңбек арда гері», «Зор еңбегі үшін», Қазақстан жəне Қыр ғызстан Республикаларының «Білім беру ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды. Ұстазға, «Семей мемлекеттік педагогикалық институ тының құрметті профессоры» атағы берілді. Төкен Қонысбайқызы Мəскеу, Санк-Петербург, Прага, Лон дон, Сеул қалаларында өткен халықаралық конференцияларда баяндама жасап, ғылыми еңбектері жоғары баға алып келеді. Профессор 2006 жəне 2011 жылдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Мен білетін ғалым-ұстаз Төкен – өзінің мағыналы, мəнді өмір жолында еңбексүйгіштікті, əділеттілікті, төзімділікті, қайырымдылықты серік еткен зерделі оқымысты. Замандастарымен, туыс-туғандарымен, əріптестерімен сыйласа жүріп, ол қамқор перзент, адал жар, аяулы ана ретінде қоғам дамуының алдыңғы легінде келеді. Профессор Т.Жұмажанова ғылым жолында өз қолтаңбасын айқындап, əдебиетті жан-жақты зерттеп-зерделеу арқылы қазақтың бай, көркемсөз өнерін терең меңгеріп, насихаттауда өз үлесін қосып жүр. Ол белгілі ғалым, білгір ұстаз, білімді педагог, жаңашыл əдіскер ретінде еліне танылып, құрметке бөленген бедел иесі. Қорыта келе айтарымыз, ғылым докторы, профессор Жұмажанова Төкен Қонысбайқызының тұлғалық болмысы мен адамгершілік бітімін аңғартар біздің əңгімемізге арқау болған қос арнаның тоғысар тұсы – əдебиет екені даусыз. Əдебиет əлеміне, ұлы мəртебелі сөз өнеріне қызмет етуді өзіне бақыт санайтын осындай ойы терең, жаны бай жақсы адаммен қатар жүрудің өзі ғанибет қой. АЛМАТЫ.

Шоќан Уəлихановќа арналєан спектакль сахналанды

Биыл қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, демократ Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың туғанына 180 жыл. Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын айтулы тұлғаның мерейтойына орай Семейдегі Абай атындағы театр мен Ф.Достоевский атындағы театрының ұжымдары бірлесіп, «Монолог шепотом» қойылымын сахналады. Пьесаның авторы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Сахналаған – Қырғызстанның кинорежиссері Шамиль Джаппаров. Спектакльде Шоқан Уəлихановтың өмірінің соңғы кезеңдері бейнеленген. Көрермендерін бірден ерекше баурап, терең ойға жетелейді. Сахна ортасында өмір талқысынан күйреген ескі

дөңгелек тұр. Осы дөңгелекті бірге айналдырамыз деп Шоқанға достары Григорий Потанин, Федор Достоевский жəне тағы басқалары келеді. Əкесі Шыңғыс келіп, баласын бауырына басады. Шоқан сахнада тұрып, көрермендерге ой түкпіріндегі армандарын ақтарып, қайдан шықтым, қайда бара жатырмын деген сұрақтарға жауап іздейді. – Қырғызстанның кинорежиссері Шамиль Джаппаров тамаша туындыларымен əлемге танымал, – деді Федор Достоевский атындағы театрдың директоры Яков Горельников, – біздің шақыртуымызды қабыл алып, тарихшы-ғалым, драматург Ерлан Сыдықовтың пьесасын сахналап отырғанына ризамыз. Ерлан Бəтташұлы жаңа қырынан танылды. Пьеса көрермендердің көңілінен шықты. Биыл Қазақстан халқы

Ассамблеясының 20 жылдығы, осыған орай түрлі ұлт өкілдері, қазақ, орыс, қырғыз елі бірігіп, осындай жүрекке жылы, көңілге қонымды рухани дүниені жұрт назарына ұсынып отыр. Шоқан рөлінде – актер Сергей Елеусізов, ол бұл қойылымға ерекше дайындалғандығын айтты. Қойылым соңында спектакльді тамашалауға келген филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов көрермендердің атынан жүрекжарды лебізін білдіріп, қос театр ұжымына, режиссерге шығармашылық табыстар мен жетістіктер тіледі. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.


www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

 Мерей

 Руханият

Таныс болыѕыз: жаѕа журнал

Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Біраз жалдан бері өңірлерде əдеби көркем журналдар шығару үлгісі өз жемісін беріп жатыр. Бір замандары «Жұлдыз» журналы қазақ қауымының əр отбасынан орын алып, онда жарық көрген əдебиет алыптарының, олардың ізін жалғаған қаламгерлердің дүниелері жарық көріп, соны қалың қауым оқып нəр алатын. Өтпелі кезеңнің өткелі қадамды аштырмай, тынысты тарылтқан тұста жұртты құр қол қалдырмайық деген ниетпен облыстарды түрлі басылымдар жарық көріп жатты. Солардың бастысы əдеби-мəдени көркем журналдар еді. Сондай ұлт руханиятына үлес қосқан республикалық əдемі журнал «Ақ Жайық» Атырау топырағында 2013 жылы дүниеге келген еді. Басылымның беташар сөзін Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов үлкен толғаныспен жазып, жерінен жеті жұрт көшкен Еділ-Жайық бойының шежіресін тарата айтып, шаһарлар жайына тереңдеп барып, Маңғыстаудың алтын сандықта жатқан тарихын қозғап, ел руханияты мен экономикасын ұштастыра сөз етіп, сəт-сапар тілегені есімізде. Содан бері «Ақ Жайық» журналы ұлт руханиятына қажет алуан түрлі дүниелерді жариялай отырып, байтақ Отанымыздағы белді де белгілі қаламгерлердің шығармаларын оқырмандарға ұсынып келеді. Бұл басылымның өзге журналдардан бір айырмашылығы, дүркін-дүркін бəйге жариялап, қазақтың айтулылары туралы деректі фильмдердің үнтаспаға жазылған нұсқасын қатар беріп отыруы дер едік. Мысалы, Абай туралы деректі фильмнің нұсқасын көріп отырғанда ұлы ақын өмірінен көп мəлімет аласың. Сол секілді журналдың əр жылдардағы нөмірінен ақын Ақұштап Бақтыгерееваның, Ғалым Жайлыбайдың, Байбота Қошым-Ноғайдың өлеңдерін, Илья Жақановтың, Несіпбек Дəутаевтың, Жүсіпбек Қорғасбектің, Дидар Амантайдың, Əлібек Асқаровтың, Мақсат Тəж-Мұраттың көркем дүниелері мен деректі еңбектері, əдебиет танушылар Бауыржан Омарұлы мен Амангелді Кеңшілікұлының зерттеу мақалалары, күнделіктері орын алған. Бір сөзбен айтқанда, «Ақ Жайық» журналы ұлт руханиятының өткені мен бүгінін ұштауға өзіндік үлесін қосып келе жатқан басылым екенін, оны жарыққа шығаруға бас көз болып жүрген бас редактор, белгілі жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың еңбегін де ерекше атап өтуге тиістіміз.

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жақында Тараз мейрамханаларының бірінде облыстың Құрметті азаматы Тілеуқабыл Төребековтің тоқсан жасқа толған тойы болды. Тəнті болғанымыз – той салтанаты емес, той иесінің тоқсаныншы асуын – тік жүріп, анық сөйлеп, əрі кетсе алпысын тойлап жатқан азаматтай арда кейіппен қарсы алуы болды. Ал тоқсанға қызмет еткен кімдер дейсіздер ғой? Кілең алпыс, жетпіс, сексеннің сеңгіріндегілер. Тіпті, тілек айтушылар арасынан Төкеңнің... «кластасы» сөз алып, соңын ескілікті əуенге ұластырғанда жұрт ду қол соғып жіберді. Қарап отырып елжіредім. Қарап отырып «Тəубе!» дедім. «Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 2015 жылға қарай 71 жасқа, ал 2020 жылы 73 жасқа жететін болады» деген сөзге дəйек болар мəйекті ел өмірінен көргеніме қуандым. Ойымды қасымдағыларға айтып ем, олар да бас изеп, құптап, орнықты ой-пікірлерімен бөлісіп, қауқылдасып кетті. Жөн-жобасын білсе, тойды да ойға қызмет еткізуге болады екен. Кеңес өкіметінің кезінде алпысыңыз – қария, жетпісіңіз – еңкейген шал болатын. Сондықтан болар өр ақын Мұқағали Мақатаев: «Бəрін де көрдіңіздер, Бəріне көндіңіздер, Бəріне сендіңіздер, Бəрін де бердіңіздер, Сіздер алпысқа келдіңіздер. Менің де əкем келер еді алпысқа, Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста» деп күңірене жырлаған. Ал ол кезде сексен мен тоқсанға екінің бірі жете бермейтін. Тоқсан тоғыз жыл ғұмыр кешкен (18461945ж.ж.) қарт абыз Жамбыл Жабайұлы

ғана болатын. Қазіргі алпысқа «бəрін де көрдіңіздер» деп көріңізші... Ал бүгінде біздің елімізде Төкеңнен басқа да тоқсанын торықпай қарсы алған қаншама қарияларымыз бар! Солардың бірі, мысалы, тараздық ардегер Уəтай Əлімқожаев Жеңістің 70 жылдық мерекесін биыл, Құдай қаласа, 95 жасында қарсы алайын деп отыр. Əлі ұмытқаным жоқ, жаңа жыл қарсаңында осы абыз ақсақалды облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев арнайы барып құттықтады. Өйткені, Мəскеуден бастап, Солтүстік Кавказ, Украина, оның ішінде Киев, Житомир, Львов қалаларын, Польша, Чехословакия, Венгрия, Румыния жерлерін басқыншылардан азат етуге атсалысқан, соғыстан кейінгі жұпыны елдің ес жиюына да аянбай үлес қосқан, бес баласынан 6 немере, 8 шөбере сүйіп отырған Уəтай аға қандай құрметке де лайық. Жауынгер, жазушы Əзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» деп аталатын белгілі романындағы сүйікті қаһарман əйелдердің бірі Майраның (өмірдегі аты да Майра!) жары. Сондайақ, тоқсанды артқа тастап, жүзге қарай бет алған соғыс ардагерлері Төлеубек Жамбылов, Сырайыл Керімбаев, Халиулла Дармаханов, Виктор Карпасов пен Александра Кичигина туралы да осылай деуге болады. Еліміздегі, жүз бен тоқсанның тізімін жалғастыра беретін болсақ, Құдай көп көрмесін, баршылық. Ал сонау 1925 жылы дүниеге келіп, Кеңес өкіметінің аштығын да, тоқтығын да көрген, бірақ бəрін еңбекпен, біліммен, ақылмен, сабырмен, парасатпен жеңе білген Тілеуқабыл Төребеков қыршын жасында Қиыр Шығысқа аттанып, Жапон соғысына қатысыпты.

Осы ойлы қарияның басқа қызметтерін былай қойғанда, 1970-1983 жылдары Жамбыл (бүгінгі Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағасы болып жүргенде бүгінгі облыс орталығының көркеюіне үлкен үлес қосқанын да айта кеткен лəзім. №1 шағын ауданнан №11 шағын ауданға дейін өрістеген үйлерде өркен жайып отырғандар бүгінде алғысын Төкеңе де айтуға тиіс. Облыс орталығында бұдан бөлек қаншама ғажайып ғимараттар салынды. Мұны да басқа емес, тойға жиналған қариялар үлгі етіп айтты. Қысқасы, той-ардагерлер əн салып, ардагерлер би билеп, ардагерлер ғибрат айтқан мереке болды. Төкеңнің облыстық ардагерлер кеңесін қатарынан 20 жыл басқаруы да білімді қарттың біліктілігінің белгісі. Жақсы қартая білудің үлгісі. Бұл туралы той қонақтары облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев, ҚР Ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірзақ Озғанбаев толқып тұрып айтты. Облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың «Жаңа той басталған сəтте шашу шашылды. Сол шашудан бір тəтті болса да алып қалуға еңкейіп, қол созбаған адам жоқ. Міне, бұл тоқсан жасқа Төкең сияқты жетсек деген халықтың тілегі. Ниеттеріңізге жетіңіздер!» деген сөзін жиналғандар əкім ғана емес, сонымен бірге дос, бауыр, ағайынның батасындай жылы қабылдады. Тəуелсіз елімізде тоқсанның тойы мен жүздің жəрмеңкесі көбейсін! Қазақ елінің берекесі мен мерекесі сонда бұдан да артатын болады, ағайын! Жамбыл облысы.

Ќўќыќтыќ дəстїр жалєастыєы Астана қалалық сотында «Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы жəне билер сотының төрелігі» атты ғылыми тəжірибелік конференция өтті. Онда Астана қалалық соттың төрағасы Т.Бəрпібаев «Қасым хан, Есім хан, Тəуке хандар мен атақты билердің өзге елдермен қарым-қатынас орнатудағы дипломатиялық қызметтері» жайында баяндама жасады. Конференцияда Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы, билер сотының төрелігі, дала заңдарының мемлекеттік билікті дамытудағы маңызы, мемлекет басқарудағы хандар мен сұлтандардың рөлі, билердің заң шығару құқығы, билердің сот төрелігін

жүргізудегі əділдігі жəне тəуелсіздігі, Қазақ билер сотының бітімгерлік рөлі жайындағы ғылыми мақалалар талқыланды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған хронологиялық бейне сюжет көрсетілді. Беделі зор айбынды Алаш жұртының азаттық жолындағы азап пен қайғыға толы зобалаң кезеңдері тарихи деректермен бейнеленіп, тəуелсіздік алғанға дейінгі Қазақ елінің азаттық жолы суреттелді. Қазақ халқының хандық дəуіріндегі əдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы – «Қасым ханның қасқа жолы» ел басқару ісінде қолданылды. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа

Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 13 мамырда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасымен республикалық меншіктегі объектілерді сатудың орындалуын сəйкестеңдіреді. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1-лот. Daimler Kraisler автокөлігі, мем. нөмірі B 025 CW, 2002 жылы шыға рылған, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік к-сі, 75. Алғашқы баға – 1 234 944 теңге. Бастапқы баға – 1 234 944 теңге. Кепілді жарна – 185 242 теңге. 2-лот. Газ-31105 120 автокөлігі, мем. нөмірі В 030 AW, 2005 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Біржан сал к-сі, 130/132. Алғашқы баға –25 560 теңге. Бастапқы баға – 25 560 теңге. Кепілді жарна – 3 834 теңге. 3-лот. Газ-31105 411 автокөлігі, мем. нөмірі В 031 BY, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Біржан сал к-сі, 130/132. Алғашқы баға – 32 400 теңге. Бастапқы баға – 32 400 теңге. Кепілді жарна – 4 860 теңге. 4-лот. Skoda Octavia A4 автокөлігі, мем. нөмірі 140 AD 05, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Желтоқсан к-сі, 205. Алғашқы баға – 915 440 теңге. Бастапқы баға – 915 440 теңге. Кепілді жарна – 137 316 теңге. 5-лот. Peugeot Pars автокөлігі, мем. нөмірі 402 AE 05, 2004 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Сланова к-сі, 85А. Алғашқы баға – 683 006 теңге. Бастапқы баға – 683 006 теңге. Кепілді жарна – 102 451 теңге. 6-лот. Газ-2705 34 автокөлігі, мем. нөмірі В 455 BR, 2005 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Жасұлан, к-сі, 2б. Алғашқы баға – 891 120 теңге. Бастапқы баға – 891 120 теңге. Кепілді жарна – 133 668 теңге. 7-лот. ВАЗ-21070 автокөлігі, мем. нөмірі 486 АЕ 05, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Сланова к-сі, 85А. Алғашқы баға – 215 011 теңге. Бастапқы баға – 215 011 теңге. Кепілді жарна – 32 252 теңге. 8-лот. ВАЗ-21070 автокөлігі, мем. нөмірі 487 АЕ 05, 2006 жылы шығарылған, Талдықорған қаласы, Сланова к-сі, 85А. Алғашқы баға – 215 911 теңге. Бастапқы баға – 215 911 теңге. Кепілді жарна – 32 387 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі, 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымына конкурс жариялайды

Тоќсанныѕ тойы Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК КZ529261501102032004; БИК: KZKOKZKX; БИН:050540004455; Кбе:16; КНП: 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (кепілді жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Қатысушының талаптарды сақтамауы, сондайақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілім вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін ( пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Аукционға қатысушылар аукционға бір сағат қалғанда ЭЦК мен аукцион нөмірін пайдаланып аукцион залына кіреді. Аукцион хабарламада көрсетілген уақытта басталады.

Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, саудасаттық өткізілген күні тізілімнің вебпорталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізетілетін жер: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тəуелсіздік көшесі, 75, 211-бөлме. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты 8 (7282) 24-53-29, 24-24-91 телефондары жəне www.gosreestr.kz сайты арқылы білуге болады.

9

ие болды. 17-ғасырда Тəуке хан дəстүрлі құқықтық қағидаларды сақтай отырып «Жеті жарғыны» бекітті», деп атап өтті қалалық сот төрағасы Тілектес Ешейұлы. Шарада өзге де судьялардың, ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты баяндамалары тыңдалды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту – соттардың жаңа тарих беттерін қайта қарап, сот жүйесінің ертеректен келе жатқан құқықтық дəстүрін кеңірек тануға, бүгінгі ұрпақтық санасында қайта жаңғыртып, болашақпен сабақтасуына мүмкіндік береді. Тыныс АХМЕТЖАНОВА, Астана қалалық сотының баспасөз қызметкері.

«Құрылыс» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, 120001, Қаратоғай көшесі, 1) Директорлар кеңесі (бұдан əрі – қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 51-бабына сəйкес 2015 жылғы 18 сəуірде болған акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары туралы хабарлайды Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы саны – 118432. Дауыс беруге қатысушы дауыс беруші акциялардың жалпы саны – 114098. Бекітілген күн тəртібіндегі мəселелер бойынша: 1. Бірінші мəселе бойынша: Қоғамның 2014 жылдың жылдық қаржылық есептемесін бекіту. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ. 2. Екінші мəселе бойынша: 2014 жылдың Аудиторлық есептілігін бекіту. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ. 3. Үшінші мəселе бойынша: 2014 жылға дивидендтер төлеу туралы. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ. 4. Төртінші мəселе бойынша: 2015 жылға қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ. 5. Бесінші мəселе бойынша: «Құрылыс» АҚ-тың Директорлар кеңесі құрамына өзгерістер енгізу. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ. 6. Алтыншы мəселе бойынша: Директорлар кеңесінің шешімдерін бекіту. Дауыс беру қорытындысы: «Жақтап» - 114098 дауыс, «қарсы» - дауыс жоқ, «қалыс қалған» - дауыс жоқ.

«Құрылыс» АҚ, мекенжайы: Қызылорда қ., Қаратоғай көшесі, № 1, реквизиттері: ТСН 331000000979, БСН 990640004048, е/ш KZ456010201000022267, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БИК HSBKKZKX. «Құрылыс» АҚ акционерлерінің назарына 2014 жыл үшін артықшылықты жəне жай акцияларға дивидендтер төленеді. Артықшылықты жəне жай акцияларға дивидендтер 2015 жылғы 28 сəуірден бастап төленетінін хабарлайды. Бір артықшылықты акцияға 20 теңге мөлшерінде дивиденд төленеді. Бір жай акцияға 20 теңге мөлшерінде дивиденд төленеді. Дивидендтер «Құрылыс» АҚ-тың есеп-қисап бөлімінде ҚР ұлттық валютасы – теңгемен төленеді. Акционерлердің алмаған дивидендтері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та қоғамның дивидендтері бойынша қарыздарды аударуға арнайы ашылған депозитті шотына аударылады.

ХАБАРЛАНДЫРУ «Достык Темир Логистик» ЖШС вагон-км үшін ҚҚС-сыз 297,43 теңге – мөлшерінде жылжымалы құрамда жүруге кірме жолдарды беру бойынша қызметтерге тарифті бекіту туралы тұтынушылар назарына жеткізеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2015 жылғы 17 сəуірдегі «Достык Темир Логистик» ЖШС кірме жолдарының қызметтеріне тарифті жəне тарифтік сметаны бекіту туралы» №85-ОД бұйрығының негізінде тариф 2015 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

ОБЪЯВЛЕНИЕ ТОО «Достык Темир Логистик» доводит до сведения потребителей услуг об утверждении тарифа на услуги по предоставлению подъездных путей для проезда подвижного состава в размере – 297,43 тенге без НДС за вагоно-км. На основании приказа департамента Комитета по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Министерства национальной экономики Республики Казахстан по городу Алматы от 17 апреля 2015 года №85-ОД «Об утверждении тарифа и тарифной сметы на услуги подъездных путей ТОО «Достык Темир Логистик» тариф вводится в действие с 5 мая 2015 года.

100008, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны. Қызметтің негізгі мəні мен мақсаты – денсаулық сақтау жəне медициналық білім беру саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің: 1) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тəжірибесінің; 2) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары кемінде бес жыл тəжірибесінің; 3) білім беру немесе денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды. Мынадай: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған; 2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған; 3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; 4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кəсіпорын басшысымен жақын туыстық жəне туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік жəне орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) үміткерлердің жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 5) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны жəне еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы жəне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тəжірибесіне, кəсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дəрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады. Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты-жөні жəне мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі жəне сыртқы конверттер: a) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісі саладағы уəкілетті органға бағытталуы; b) «Байқау кеңесі мүшелерінің – мемлекеттік кəсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» жəне 2015 жылдың «22» мамыр айы 10.00 минутқа дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ». Конкурстық өтінім мемлекеттік жəне орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс енгізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарына конкурс өткізу хабарландыруы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады. Анықтама алу үшін байланыс телефоны 8 (7172) 742 818; 8 (7212) 513 479.

Шетелдік веб-сайттарда орналасќан ќўжаттарды заѕсыз тїрде ќабылдаєан тўлєалардыѕ назарына! 2015 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы АҚШ, НьюЙорк қ. Оңтүстік аймағының Аймақтық сотына Сізге қарсы талапарыз ұсынды. Іс Қазақстан Республикасы Does 1-100 Inclusive, No. 15 Civ/ 1900 (ER) (S.D.N.Y. 2015)-ға қарсы ретінде ресімделді. Талапарыздың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Толықтыра келе, Сізге қатысты Уақытша шараларды қамтамасыз ету жəне сотпен тыйым салу туралы өтінішхат (бұдан əрі – «Өтінішхат») ұсынылды. Өтінішхаттың жəне қоса берілген құжаттардың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Өтінішхат Негіздемелер ұсыну туралы бұйрық бойынша берілген, сондықтан іс жеделдетілген тəртіпте қаралатын болады. Біржақты уақытша сотпен тыйым салу Сізге, сіздің үлестес тұлғаларыңызға, жұмысшыларға, агенттер мен өкілдерге жəне сіз Қазақстан Республикасының компьютерлік желісінен материалдарды жəне Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғаларының Gmail есеп жазбаларын сізбен бірлесе пайдалануға, жариялауға, таратуға, басып шығаруға, көрсетуге, айырбастауға, бөлуге, қабылдауға, көшіруге, шолуға, қолжетімділікке, қандай да бір түрмен басқалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге немесе қолжетімділікті ұсынуға қатысқан барлық тұлғаларға шығарылды. Негіздемелер ұсыну туралы бұйрықтың көшірмесін мына сілтеме бойынша өтіп, табуға болады: www.facebook.com/KazakhstanvDoes. Сот тараптарды Уақытша сотпен тыйым салуға сəйкес 2015 жылғы 20 наурызда 14.00 сағатта Нью-Йорк қ. Оңтүстік аймақтық сотының ғимараты, АҚШ, 40 Фолей Сквер, Нью-Йорк қ., НЙ, 10007 мекенжайы бойынша келуге міндеттеді. Егер Сіздің атыңыздан заңгер өкілдік етсе, бізге бұл туралы хабарландыруды сұраймыз жəне біз сіздің адвокатыңызға Сот тағайындаған күнге жəне уақытқа қатысты хабарлаймыз. Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP 101 Парк Авеню Нью-Йорк қ., НЙ 101-78 – 0061 Жак Семмелманның назарына jsemmelman@curtis.com Қазақстан Республикасының адвокаттары Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты мен Жаратылыстану жəне география институтының ұжымы Қазақстан географиясы, экология жəне географияны оқыту əдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Сəкен Нұрқайдарұлы Иркитбаевқа əкесі НҰРҚАЙДАРДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты «Президент жəне халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаевқа жəне оның зайыбы Раушан Кəрішаловаға аналары Күлəйхан МАМАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы биология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Қазис Тəшенұлы ТƏШЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы отставкадағы полковник, Ішкі істер министрлігі академиясының доценті Хəкімжан Юнусұлы ИБРАГИМОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қазфосфат» ЖШС басшылығы мен ұжымы «Қазфосфат» ЖШС филиалдары – «Қаратау» жəне «Шолақтау» кен-өңдеу кешендерінің бас инженері Нұрғали Дулатұлы НҰРСЕЙІТОВТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

22 сəуір 2015 жыл

 Мүмкіндігі шектеулілер мүмкіндігі

 Өнер

Адалдыќтыѕ аќыры... Қазақ сахнасына тағы бір терең драматургия қосылды. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында əйгілі осетин драматургі Георгий Хугаев шығармашылығының шыңы болған «Қара шекпен» əфсанасының премьерасы жүруде. Ал театр актерлары рөлдердің үлкен-кішісі болмайтындығын кезекті рет паш етуде. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Аяќ орнына арба «билеген» Соңғы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет, билік тарапынан айрықша көңіл бөліне бастады. Осы арада Мемлекет басшысының: «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жəрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады», – деген сөзі ойға оралады. Бұл да қамқорлықтың бір көрінісі деп білеміз.

Жуырда Астанада Қазақстан V би олимпиадасының аясында Халықаралық Паролимпиадалық комитеттің қолдауымен арбамен спорттық билеуден «Kazakhstan Open-2015» ІІ турнирі болды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл игі шараны Астана қаласы əкімдігі мен Мəдениет жəне спорт министрлігі бірлесіп өткізді.

 Сіз білесіз бе?

Екі күнге жалғасқан сайысқа Қазақстанның 5 аймағынан (Тараз, Қарағанды, Қостанай, Астана, Атырау қалаларынан), шетелдерден, нақтылай түссек: Австрия, Грузия, Тайвань, Ресей, Қырғызстан, Гонконгтан келген арнайы өкілдер, спортшылар мен халықаралық төрешілер қатысты. Бағдарлама барысында 30 жұп бидің еуропалық жəне

латынамерикалық түрлері бойынша өзара бақтарын сынады. Арбаға таңылған денені қимыл-қозғалыс жасауға барынша икемдеп, жігерін жаныған өнерпаздардың талпынысы тəнті етті. Басы мен қолын шебер қозғалысқа келтіргенмен, аяққа келгенде, əттеңай дегізеді. Өнерлі жандардың мына құлшынысы жинал ғандардың жанын тебірентпей қоймады. Көңілдері босап, көздеріне жас алғандар да болды. Əсіресе, арбадағы жұптық биде тағдырлас екі адамның бір-біріне деген үйлесім, жарасым тапқан ерекше сезімдерін дидарларынан аңғару қиын емес еді. Олар

өздерін қорсынбайды, қайта, жүздері бақыттан бал-бұл жайнап, бар ынталарын салып, биге құлшынады. Сайыс нəтижесінде белгіленген əртүрлі би номинациясы бойынша Ресей, Қырғызстан, Қазақстан алдыңғы шептен көріне білді. Сондай-ақ, жеңімпаз атанғандар əлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. Естеріңізде болса, өткен жылы жерлестеріміз дəл осы жарыста 5 жолдамаға, 2 күміс жəне 1 қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Жасыратын несі бар, елімізде, тіршілікте кездесетін небір қайғылы, оқыс оқиға салдарынан

Ол – Ќазаќ хандыєыныѕ 550 жылдыєына арналєан ресми аќпарат кґзі Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған www.550kazakhan.kz ресми сайтын іске қосты. мəдениетіне жататын артефактілер, документалды жаңалықтар мен тарихи зерттеулер, Қазақ хандығының құрылуы туралы отандық жəне шетелдік жетекші ғалымдардың ғылыми жұмыстары ұсынылады. Тəуелсіздік бөлімінде егеменді Қазақстанның дамуы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың тəуелсіз, жан-жақты дамып жəне көркейіп жатқан мемлекеттің құрылуындағы рөлі туралы ғылыми-көпшілік мақалалар орналастырылады. Жаңалықтар бөлімі Қазақ хандығының мерейтойын тойлау аясында өтетін халықаралық ғылымипрактикалық конференциялар, патриоттық акциялар, зерделік ойындар мен олимпиадалар, фестиваль жəне көрмелер туралы баяндайды. Киножобалар бөлімінде «Қазақ елі» анимациялық фильмі, «Қазақ хандығына – 550 жыл» документалды фильмі жəне «Қазақ елі» тарихи-драмалық телехикаяның түсірілімдері туралы ақпаратты табуға болады. Сонымен қатар, бұл жерде қолданушылар осы уақытта-ақ Қазақ хандығы туралы фильмдерді, «Мəңгілік Ел» ұлттық тарихқа арналған документалды, көркем жəне анимациялық фильмдердің хикаялық циклдерін түсіру процестерінің жұмыс кадрларын көруге болады. Интернет-ресурстың Бейнеблогында патриоттық бейне роликтердің бейнематериал да ры,

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.

ғылыми-танымдық телебағ дарламалар мен деректі фильм дер ұсынылған. Одан басқа, сайт беттерінен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткізілетін Үкімет бекіткен Іс-шаралар жоспарымен танысуға болады. Жалпы алғанда, Қазақ хандығының мерейтойын атап өту аясында 2015 жылдың соңына дейін республиканың барлық аймақтарында 100-ден аса ірі шаралар ұйымдастыру көзделген. Халықтың үлкен мəдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мəдениет, фольклор жəне салтдəстүрлерін, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық əдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тəжірибесін жалпылау, мемлекеттік тілде əлемдік ғылыми ойлар, мəдениет жəне əдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды көздейтін мемлекеттік бағдарлама туралы барлық ақпарат алу үшін сайт басты бетіндегі Мəдени мұра сайтына сілтеме арқылы өту қажет. www.550kazakhan.kz сайтындағы ақпаратпен қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде танысуға болады, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі боксшымыз – Влажниа турнирініѕ жеѕімпазы

Албанияның Шкодер қаласында бокстан дəстүрлі Vlaznia Memorial халықаралық турнирі болып өтті. Оған 10 елдің былғары қолғап шеберлері қатысты.

Жарыс 16-18 сəуір күндері өтті. Қазақстаннан барған 5 боксшының 3-уі турнирді 16-сəуір күні іріктеу шайқастарынан бастады. Атап айтқанда, 64 кг салмақтағы Алмасбек Əлібеков испаниялық Йохан Оросконы, 69 кг. салмақтағы Сағадат Рахманқұлов германиялық Аббас Бараоуды 3:0 етіп ұтса, 75 кг салмақтағы Сапарбай Айдаров албан Ариан Кожашиді нокаутпен жеңді. 17 сəуір күні жартылай финалдық шайқастар болды. Бұл жолы Алмасбек чехиялық Виктор Агателянды (3:0), Сағадат испаниялық Йоуба Ндийе Сиссохоны (2:1) жолдан шығарып тастады. Турнирді бірден осы кезеңнен бастаған 91 кг салмақтан ауыр Қамшыбек Қоңқабаев албан Нелсон Хисаны 3:0 етіп тізе бүктірді. Ал Сапарбай Айдаров германиялық Деннис Радованға 1:2 есебімен жол беріп қойды. Сол сияқты албан Александер Рамодан осындай есеппен жеңілген Арман Рысбек (81 кг) те турнирді аяқтады. Сонымен, 18 сəуірде өткен финалдық бəсекеде үш боксшымыз турнирдің алтын медалі үшін күресті. Мұнда арасында Сағадат Рахманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаевтың жолы болды. Бұлардың біріншісі албан жігіті Албан Бекириді 2:1 етіп жеңсе, келесісі чех Павел Соурды нокаутпен ұтты. Ал болгардың белгілі боксшысы Айрин Исметовтен 0:3 болып ұтылған Алмасбек Əлібеков күміс медальді қанағат тұтты.

АСТАНА.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

 Суыт хабар

Шалќар кґлінде балыќтар ќырылып жатыр Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде белгісіз бір жағдайда балыққа зауал келді. Мұны жергілікті бір тұрғын Шалқар аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына хабарлап жеткізген.

Тексере келгенде, бəрі шындық болып шықты. Келгендер көлдің жағасында өліп жатқан сазан, аққайран секілді балықтардың үстінен түскен. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, прокуратура мен

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

ветеринар мамандарды, жергілікті əкімдіктегілерді құлағдар еткен. Қазір арнайы комиссия құрылып, балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Су мен балықтан сынама алынған. Ал Шалқар қаласының

Шынын айту керек, аталмыш спектакль жайлы аңдатпаларды қарап жүріп, оның «Алматы – Ислам мəдениетінің 2015 жылғы астанасы» атануына орай, Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысымен қойылатындығынан хабардар болсақ та, осынау премьераға аса мəн бере қоймаған едік. Дегенмен, күн өткен сайын «жақсы бір спектакльге барып қайттық» деген көрермендер қатары көбейе берді. Айтқандай, бұл пьесада бір ғана адам бар. Ол – қара шекпенді Шопан. Спектакльдің басты кейіпкері Тұзар атты иесіне адал берілген төбет десек те, адамның түрлі болмысын бейнелейтін

 Бəрекелді!

Жаѕа сайт

Бұл сайт Қазақ хандығының тарихын насихаттайтын маңызды ақпараттық-танымдық дерек көзіне айналуға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев айтып өткендей, бұл ерекше мерейтойды атап өту барлық қазақстандықтар үшін, əсіресе, өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тəрбиелеуде ерекше мəнге ие. Жаңа ресурс мəдени-ағартушылық жəне тарихи сипатқа ие болып, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын оқып-зерттеуде қызығушылық танытатын қолданушылардың ірі топтарына арналған. Интернет-жобаның негізгі аудиториясы мемлекетіміздің тарихын білуге ұмтылатын жастар болып табылады. Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбындағы барлық материалдар Қазақ хандығы, Тəуелсіздік, Жаңалықтар, Іс-шаралар жоспары, Киножобалар, Бейнеблог жəне Мəдени мұра бөлімдерінде орналастырылған. Қазақ хандығы құрылуының интерактивті модулі қолданушыға даму тарихымен мультимедиялық форматта танысуға мүмкіндік береді. Қазақ хандығы бөлімінде қолданушылар назарына қазақ хандарының генеалогиясы, Ұлттық музейдің қорынан алынған қазақ халқының XV- XVIII ғасырлардағы рухани жəне материалдық

мүгедек болып қалған мыңдаған мүмкіндігі шектеулі жандар өмір сүруде. Олардың да алдағы күндерден күтетін өз арман-тілектері бар. Қоғамға етене араласып, еңбек етуді, биік мақ саттарға жетуді армандайды. Соған ұмтылады. Талпынып, ізденеді. Иə біз, көмекке мұқтаж адамдарға көп қамқорлық, сансыз қуаныш сыйлауымыз қажет. Тағы бір ескеретін жайт, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға əлеуметтік жəрдемақыны төлеумен ғана шектеліп қоймай, оларды қоғамның толыққанды бір мүшесі ретінде қабылдай білуіміз керек секілді. Олар да өздерін еркін сезіне білгендері жөн. Сондықтан, осындай игілігі мол шаралардың жиірек өтіп тұрғаны абзал.

тұрғындары екі күннен бері қолқаны қабатын күлімсі иіс жағалауды алып кеткенін айтып отыр. «Көл жақтан келетін сасық иістен дем алу мүмкін емес. Кезінде бұл көл қандай еді! Соңғы жылдары берекесі кетті.

Жыл сайын суы тартылып бара жатыр. Биыл əйтеуір табанына су келгенге қуанғанбыз. Енді балық қырылып жатыр. Көлдің табаны тұнған батпақ. Қамыс пен балдырдан көрінбейді», – дейді Шалқар қаласының тұрғыны Азамат Көпбаев. Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Көкжал қасқыр, Көкшулан қаншық, Қосүрей қоян, еңбегі еш есек Кико, 250 жыл жасаған Қуқар қарға, айласына құрық бойлатпас Сылаң түлкі, əділетсіздікке жаны төзбейтін, бірақ оның қулықсұмдықтарын да əлі түсінбейтін Бе-бе қозы кезегімен бірінші планға шығып отырады. Ал қортық қасқыр мен қойлар да тіршіліктің иелері. Тындырғаны шамалы болса-дағы, топ бастаған Теке де айналамызда бар. Осы театрдың тынысын, актерлардың шама-шарқын байқап жүріп, Тұзардың рөлін белді актерлардың бірі Мақсат Сəбитов сомдайтынын біліп, қуанып қалған едік. Алайда адалдығы бағаланбаған итті Данияр Базарқұловтың орындауында көрдік. Сөйтіп, тағы бір тамаша талант иесімен қауыштық. Оралдағы қазақ драма театрынан Алматыға ауысқанына алты жылдай болған Даниярдың бұл басты рөлдерінің бірі болса да, бірінші кейіпкері емес, 23 жасында Ромео мен Калигуланы ойнауға қол жеткізген дарын иесінің шығармашылық қоржынында үлкендікішілі 45 рөл бар. Отандық кинематографияда да ізі басталды. Ал физиологиялық тұрғыдан да, психологиялық жағынан ауыр Тұзарды өз деңгейіне жеткізгенше актер 7-8 кило арықтағанымен қоймай кəсіпқойлығы жағынан да едəуір көтерілгенін айтты. «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына», деген сөз бекерге айтылмаған ғой. Көкжал рөліндегі саңлақ актер Еділ Рамазановтың əрбір ойыны көрермен қауымы үшін дəурен. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дейтін қағида иесі, аштықтан өзегі қанша талса да, одан да ұлы алапат рухани күш əфсананы алға жетелеумен қатар, адалдық идеясының шырақшысына айнала білді. Көрерменнің көзін қуантқан, өнердің сұлулығына тамсандырған бір кейіпкер Көкшулан еді. Сыған сұлуы Кармен рөлімен жарқ етіп көрінген Жанар Мақашева қазір сахнада ысылған актриса. Оның үстіне, ерек келбетті, тамаша пластика мен сирек үйлесім иесі сомдаған қасқырдың жас шуланы өткірліктің, сұлулық жəне ештеңеден тайынбайтын жастықтың да символы еді. Тұзар үшін өз үйірінен де безуге даяр

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Көкшулан кейпіндегі тəуекел де өмірдің тезіне түскенде өзгеретінін көрсетті. Қойылым барысында көрерменін бір жылатып, бір күлдірген, өнерсүйер қауымның өлшеусіз құрметіне ие болған Лидия Кəденованың Қосүрей атты қояны ең сəтті сомдалған рөл болды. Құдай жаратқан қорқақ қоянның да тағдыры мен қасіреті бар. Момындардың да көз жасы бар... Егер ғаламтордан бұрын-соңды Кеңес Одағының театрларында қойылған «Қара шекпенді» ақтарып, оның Жастар театрында нұсқалануымен салыстыратын болсақ, актерлік шеберлікті, режиссураның мықтылығын айтпағанда, декорациядан бастап, кейіпкерлердің костюмдері мен, тіпті, гримдеріне дейін аса сəтті шыққанын мойындаған болар

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

едік. Əйтпесе, бұл кəдімгі жыртық джинсы киіп те ойнай беретін, ең бастысы аң тектес адамдардың пиғылын алдыңғы кезекке шығаратын пьеса ғой. Қалай сөз саптасақ та, көрермен əрбір рөл өз иесін тапқанын, актерлар мен олардың кейіпкерлері тамаша үйлескенін бір ауыздан мойындады. Сенім емес, жүк арқалаған Кико есек – Дархан Сүлейменов, аса қабілетті актрисалардың бірі – Гүлбахрам Байбосынованың сылаңдаған сұлу түлкісі, Ерлан Кəрібаевтың қарқылдаған қарғасының да өз пəлсапасы бар. Баянсыз өмірде бақытсыз аяқталатын осынау спектакль біткен кезде, көз жасын жасырмаған, əлі де əфсана əсерінен айырылмаған көрермен көпке дейін актерларды жіберген жоқ. Сахнаға жаңа қойылымымен залды ризашылыққа бөлеген қоюшы-режиссер Асхат Маемиров көтерілді. Көпшілік тағы бір талантты режиссерге риясыз қошемет білдірді. Ал біз өнердің ұңғыл-шұңғылын бір кісідей білетін Асанəлі Əшімов ағамызға қарай диктофонымызды создық. – Мен театрды сəтті шыққан спектаклімен құттықтаймын... Итке «Сен адалсың, иеңе адал берілгенсің, бірақ, сенің үлкен қателігің де сол, Адамға сенесің» дейтін пьесада терең ұтқыр философия жатыр. Адамның да иті бар, иттігі болады... Спектакльдің көрерменге беретін тəрбие-тағылымы өте үлкен, актерлардың ансамблі өте мықты. Режиссер Асхат Маемиров аса жоғары дəрежедегі дарынды спектакль қоя білгенін айтуымыз қажет. Ойындар өте шынайы шықты, режиссер жас актерлардың қарымдарын дөп басқан. Бұл – театрдың үлкен еңбегі. Үлкен дəрежедегі қойылым туды деп есептеймін! – деді КСРО халық əртісі Асанəлі Əшімов. Театр директоры Сұлтан Срайылов актерлардың жаңа қойылымға жанкештілікпен дайындалғанын, тіпті, өздеріне тиесілі демалыс күндері де, жұрт шырт ұйқыда жатқан түндерде де репетициялар жүргізгенін көріп, іштей қуанғанын, еңбектің ақталғанын айтты. АЛМАТЫ. ––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахымжан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №545 ek

Profile for Egemen

22042015  

2204201522042015

22042015  

2204201522042015

Profile for daulet
Advertisement