Page 1

Бїгінгі нґмірде: «Əлгі мені ќонаќќа шаќырєан ќария баќуатты ма екен?!» 3-бет Сот жїйесін жетілдіру – заман талабы 5-бет Асќынєан дертке ем табу ќиын 6-бет Бір теѕгемен тендер ўтып алды 16-бет

№224 (28702) 21 ҚАРАША СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мїдделер мен мїмкіндіктер екшелген екіжаќты кездесу Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, халықаралық жəне өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қарастырылды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Екіжақты кездесуді ашқан Қазақстан Президенті өзінің шақыруы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген Мохаммад Ғаниға ілтипат білдірді. «Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мəдени жəне тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде

бұрынғы Президент Х.Карзаймен де көп ынтымақтастықта болдық. Бүгінде Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге өркендеген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді»,– деді Қазақстан басшысы. Осылай дей келе, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан бетпе-бет келіп отырған қиындықтар мен тəуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен

Сенат Тґраєасы Ќ.ТОЌАЕВ:

Сапалы денсаулыќ саќтау жїйесі – ел дамуыныѕ айрыќша факторы 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нəтижелері, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жобасына сəйкес денсаулық сақтауды дамытудың келешегі жəне оны құқықтық қамтамасыз ету шаралары сенаторлардың Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде талқыланды. Оған өзге де министрліктердің, сондайақ, жоғары оқу орындарының, ғылыми, қоғамдық жəне халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға арнаған сөзінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың денсаулығын қорғау Президент Н.Назарбаевтың стратегиялық бағдарының басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Сапалы денсаулық сақтау жүйесі – ХХІ ғасырдағы ел дамуының айрықша əлеуетті факторы. Денсаулықты қорғау жүйесін тиісті деңгейде қамтамасыз ету əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің маңызды кепілі болмақ. Мемлекет басшысы

денсаулық сақтау жəне медицина ғылымдарының озық жүйесін құру, дені сау ұлт қалыптастыру міндетін қойды. «Аталған іс-шаралар Қазақстанның ішкі қажеттіліктеріне ғана емес, адамзат дамуының заманауи үрдістеріне, əсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабыл даған Мыңжылдық даму мақсат тарын жəне 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тəртібін орындау міндеттемелеріне лайықты жауап береді», – деді Қ.Тоқаев. (Соңы 2-бетте).

қарайтынын жеткізді. «Соңғы жылдары елдеріңізде тұрақтану үдерісі байқалуда, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Біз бұл ниетіңізді де қолдаймыз», – деді Қазақстан Президенті. Ал Мохаммад Ашраф Ғани өз сөзінде еліміздің тəуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды. «Сіз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда əлемде оған талайлар сеніңкіремеді. Алайда, Сіздің басшылығыңызбен жəне жан-жақты əрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да. Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге үлгі

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Сербия Республикасыныѕ Їкіметі арасындаєы Инвестицияларды ґзара кґтермелеу жəне ќорєау туралы келісімді ратификациялау туралы 2010 жылғы 7 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу жəне қорғау туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 18 қараша. № 409-V ҚРЗ

Ассамблея жылы аяќталып келеді

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару ісі жəне бұқаралық саясат: қоғамдық келісімді нығайтудағы басқару жəне азаматтық қатысу технологияларын əзірлеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Конференция жұмысына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өзінің сөзінде қазақстандық біртектілік пен

Кїн тəртібі наќтыланды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Депутаттардың назарына сотсараптама қызметіне қатысты, сондай-ақ, «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобалары

бірінші оқылымда ұсынылмақ. Осы күні Мəжіліс депутаттары бағалы металдар мен асыл тастар туралы заң жобасын ілеспе құжатпен екінші оқылымда қарайды.

бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан: «Кеше əлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін», деген сөзіңізді еске алғым келеді», – деді Ауғанстан Президенті. Бұдан кейін болған кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Ауғанстан Президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін беретініне сенім білдірді. Ұлы Дала елі мен Ауғанстанның тарихи тұрғыдан қалыптасқан дəстүрлі достық қарым-қатынастары, берік мəденирухани байланыстары бар екенін айтты. Қазақстан Президенті, сондайақ, екі ел арасындағы қарым-қатынас бірнеше ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы мен Ахмад-шах Дурранидің кезінен

Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тəртібі Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі келісімінің баптарын ратификациялау туралы заң жобасын да қамтыды. Ал мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді жəне олардың айналымын мемлекеттік реттеу мəселелері бойынша

бірлік жөніндегі барша жұмыс Қазақстан халқы Ассам блеясының аясында бағдарламалық тұжырымдама негізінде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл іс «Болашағы біртұтас ұлттың» жол картасына айналды, деді. (Соңы 2-бетте).

түзетулерге қатысты жұмыс одан əрі жалғасады. Жалпы отырыста Чехиямен заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға байланысты, сонымен бірге, рұқсат беру құжаттарын қысқарту жəне рұқсат беру рəсімдерін оңайлату мəселелері бойынша түзетулерге қатысты бейінді комитеттерге қорытынды əзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

бастау алатынына да назар аударды. Қазақстан басшысы Ауғанстанда 30 жылдан астам уақытқа созылған азамат соғысы халықтың əл-ауқатына қатты əсер еткенін, сондықтан Қазақстан М.Ғанидың елді тұрақтандыру жəне дамыту жөнінде жүргізіп жатқан бүгінгі жұмыстарын толық қолдайтынын айтты. Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі күшжігерді түрлі халықаралық ұйымдар аясында қолдауды жалғастыра беретіні айтылды. Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан Президенті, сонымен қатар, Ауғанстанның солтүстігіндегі ахуал ушыққан 1996 жылы Орталық Азия елдері мен Ресейдің шұғыл кездесуі қазақ жерінде өткенін жəне сондағы

келіссөздер БҰҰ қарарын қабылдауға негіз болғанын еске салды. Екіжақты қарым-қатынастың маңызды тұстары мен оларды дамытудың келешегі, сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі мəселелер талқыланған бүгінгі келіссөздерді жоғары бағалады. Мохаммад Ғани Қазақстан тəуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқа нын, Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты жəне өркендеп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап көрсетті. Ауғанстан Президентінің Қазақстанға жасаған сапарының соңында мемлекет басшылары келіссөздерінің қорытындысына арналған бірлескен брифинг өтті. Онда Қазақстан Президенті келіссөздер барысында 400 миллион доллар шамасындағы өзара тауар айналымы көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты екі мемлекеттің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан əрі жандандыра түсу басты мəселе болғанын атап өтті. Мəселен, 2015 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 210,7 млн. долларды ғана құраған екен. (Соңы 2-бетте).

Наградалар жґніндегі комиссияныѕ отырысы

қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наг радаларды тапсыру дəстүр бойынша Тəуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын бекіту жəне жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мəселелері жөніндегі заңдардың жобаларын жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, марапаттау туралы ұсынымдарды жəне өзге де мəселелерді қарастырады.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бір лестіктерден келіп түскен Қазақстан Республикасының мем лекеттік наградаларымен

марапаттау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысының

● Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Кəсіпорын «Алтын сапа» жїлдесінен їмітті Кəсіпорынның бас директоры Олег Круктың айтуынша, облыс орталығындағы өндіріс орны машина жасау саласы, мұнай жəне газ кен орындары арасында өткен халықаралық көрмелерге де қатысыпты. 2007 жылы еліміздегі «Алтын сапа» байқауында ІІ орынға ие болып, «Өндірістік маңызы зор үздік тауар» номинациясының иегері атанған. Сонымен бірге, «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Үздік басқару жүйесі» байқауларында жүлдегер атанғандарын кəсіпорында жасаған өнімдерінің сапасына қарай берілген жоғары баға деп біледі. Өнімдерінің орау қағаздарына «Қазақстанда жасалған» деген логотип басылған. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығындағы «Қаз энергокабель» АҚ кəсіпорны – мемлекеттік үдемелі

ин дус триялық-инновациялық даму бағдарламасының белсенді қатысушысы. Өндірістік əлеуеті де нығайды. Өнім өндіруде негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады. Əлемдік дағдарыс, Ресей, Украинадағы жағдайларға дейін өнімдерін сол жақтарға

кедергісіз өткізген сəттерде экспорттаушы кəсіпорын да атанды. Жуырда ғана Омбы қаласының басшысы Вячеслав Двораковский жəне омбылық кəсіпкерлер кəсіпорында болды. (Соңы 3-бетте).


2

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

Мїдделер мен мїмкіндіктер екшелген екіжаќты кездесу

(Соңы. Басы 1-бетте). Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанға өзара алыс-беріс негізінде 600 мың тоннадан астам Қазақстан астығын жеткізуге, сондай-ақ, осындай

негізде жол салу, құрылыс материалдарымен, ло ко мотивпен жəне вагондармен қам та масыз ету ісінде көмек көрсе туге қа тысты уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтып, Қазақстанның Ауғанстанды қиын кездерде əрдайым

қолдағанына тоқталды. Мəселен, 2002 жылдан бастап Ауғанстанға 20 миллион доллардың азық-түлігі жеткізіліп, құқық қорғау органдарының қызметін нығайту үшін қаражат аударылған жəне ауған студенттерінің біздің елде

Сапалы денсаулыќ саќтау жїйесі – ел дамуыныѕ айрыќша факторы (Соңы. Басы 1-бетте). Сенат Төрағасы Қазақстан Мыңжылдық даму мақсаттарының көпшілігін, оның ішінде балалар өлімін азайту, аналар өмірін сақтауды жақсарту, АҚТҚ/ ЖҚТБ (ВИЧ/СПИД) жəне өкпе ауруларымен күрес секілді тармақтар бойынша міндеттемелерді орындағанын атап өтті. Президент Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдерінің деңгейіндегі денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатын алға қойған болатын. Бұл, Қ.Тоқаев атап өткендей, «отандық жəне халықаралық тəжірибенің үздік үлгілеріне негізделген денсаулық сақтаудың жаңа жəне ұзақ мерзімді үлгісін құруды талап етеді». Сенат басшысының айтуынша, дəрігер мамандарды даярлау саласында күрделі жағдай қалыптасып отыр, жыл сайын жоғары оқу орындарының жүздеген білімі төмен түлектері өмірдің маңызды саласы – медицинаға аяқ басып, орны толмас зиян келтіруде. Төраға, сондай-ақ, дəрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуде сақталып отырған өзекті мəселелерге, дəрігер мамандар еңбекақысының төмендігіне, дəрі-дəрмек өнімдерін заңсыз əкелудің арта түскеніне назар аударды. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің материалдық жағдайын жақсартуды олардың кəсіби біліктілігіне қарай, сонымен қатар, медициналық қызметтердің тікелей тұтынушысы – халықтың пікірін ескере отырып жүзеге асырған жөн екені де айтылды. Қ.Тоқаев денсаулық сақтау саласында орын алып отырған ахуалға не гізгі басымдықтардың тоқтаусыз ауы суы, сан түрлі бағдарламалар мен стратегиялардың, ережелер мен ұйға рым дардың көптігі жағымсыз əсер ете тініне назар аударды. Төраға:

«Сондықтан, біз де нақты бір модельге тоқтап, соны іске асыру бағытында жұмыс істеуіміз керек», – деп атап өтті. Қ.Тоқаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету аясында Парламент «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңды қабылдағанын еске салды. Жоғарғы палата басшысының пікірінше, ендігі жағдай осы жүйенің табысты жұмыс істеуіне байланысты болады, бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек. «Алғашқы медициналықсанитарлық көмекті күшейтуге жəне жекеменшік медицинаның дамуына қолдау көрсетуге, медициналық мекемелерде корпоративтік басқару жүйесін енгізуге баса назар аудару қажет. Бұл орайда, барша қоғам салалық министрлік пен басқа да жауапты органдардан Елбасы реформаларын сапалы түрде іске асыруды талап етуге құқылы», – деді Сенат Төрағасы. Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов денсаулық сақтаудың маңыздылығын атап өте келіп, осы саланың құқықтық негіздерін жасауға жəне жетілдірудегі Парламенттің рөліне тоқталды. 2009 жылы қабылданған «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске қосымша депутаттар таяуда еліміздің денсаулық сақтау саласын алдыңғы қатардағы халықаралық жəне отандық тəжірибеге сəйкес дамытуды қамтамасыз етуге арналған бірқатар заңдарды қабылдады. «Елімізде жыл сайын тегін дəрігерлік көмектің кепілдендірілген көлеміне, материалдық-техникалық жабдықтауға, қазіргі заманғы медициналық құралдар мен дəрі-дəрмектер сатып алуға қаржы бөлу жыл сайын ұлғайып келеді. Соңғы жылдарда елімізде өмір ұзақтығы,

балалардың дүниеге келуі арта түсті, адамдардың қайтыс болуы мен өкпе ауруларынан қаза болу, қан айналымы жүйесінің аурулары азайды», – деді А.Бижанов. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 20112015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нəтижелері туралы баяндап, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырды. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту үдерістерінде жұқпалы емес арулардың өсуі, жаңа технологияларды енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесінің ресурс ауқымы мен егде халықтың саны арта түсуі секілді жаһандық қатерлерді ескеру қажет. Қазақстанға алғашқы денсаулық сақтауды дамытуға, мемлекеттік дəрі герлік ұйымдардың тиімділігін, ашықтығын жəне есеп беретін менеджментке басымдық беруді, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру жəне дамытуды, жүйеге қатысушылардың бəріне ортақ жауаптылықты дамыту арқылы денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жолдарының бірі – адам ресурстарының сапасын жетілдіру. Талқылауға «Ұлттық ғылымикардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, Астана қаласындағы Амбулаторлық гемодиализ орталығының бас дəрігері Жақсылық Смайылов, сенатор Əли Бектаев қатысты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Ассамблея жылы аяќталып келеді (Соңы. Басы 1-бетте). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел бірлігін нығайтудағы өміршең істері бүгін əлемдегі көптеген елдерге үлгі болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылатын Бес халықтық реформада да осы мəселе қарастырылған. Қазір осы бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар қолға алынуда. Осы жобалардың табыспен жүзеге асырылуы баршамыздың алдымызда тұрған абыройлы міндет, дей келіп, Г.Əбдіқалықова конференция көтеріп отырған тақырып бүгінгі таңдағы өте маңызды мəселе екенін атап өтті. Екінші болып конференцияға құттықтау сөзді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, биология ғылымдарының докторы Болатбек Əбдірəсілов арнады. Бүгінгі конференцияда этносаралық жəне конфессияаралық келісімде қол жеткізген табыстарымызбен қатар, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара тиімді іс-қимылдарды қамтамасыз ету

мəселелері талқыланады деп сенемін, деді ол. Құттықтау сөз айтушылар қатарында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ЖОО-лардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының төраға сы Анатолий Башмаков, Қырғыз Республикасы Президенті аппаратының бөлім басшысы Мира Карыбаева жəне т.б. болды. Түстен кейін конференция өз жұмысын сессиялық отырыстарда жалғастырды. Жалпы, конференция Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды. Конференция барысындағы пікір алмасуларда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындыларын шығару жəне оның перспективалары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бөлігіне қатысты шараларды іске асыруға байланысты Қазақстанның мемлекеттік этносаясатының негізгі бағыттары мен басымдықтары

талқыланды. Секциялық отырыстар барысында қазақстандық біртектілікті нығайту жəне қазіргі қоғамдағы (азаматтық, этностық, діни, тілдік) өзін өзі айқындау ерекшеліктері, қазақстандық біртектілік пен халықтың бірлігін нығайтудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі мен қызметі мəселелері талқыланып, ойлар мен ұсыныстар ортаға салынды. Конференция жұмысына Президент Əкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, халықаралық ұйымдардың (Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қазақстандағы жəне Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның миссиясы, Еуропалық Кеңестің Қазақстандағы өкілдігі) өкілдері мен қазақстандық жəне шетелдік сарапшылар (Ресей, Қырғызстан, Болгария, Финляндия), практик-мамандар, гуманитарлық пəндердің оқытушылары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар үшін нақты ұсынымдар əзірленіп, жолданды.

білім алуы үшін 50 миллион доллар бөлінген. «Біз Ауғанстанның дамуын қамтамасыз ету үшін қолдан келетін көмекті жалғастыра береміз», – деді Қазақстан басшысы. Брифинг барысында Нұрсұлтан

Назарбаев Ауғанстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай екеніне жəне геологиялық барлау жұмыстарына тартылуы мүмкін мамандардың Қа зақстанда да бар екеніне назар аударды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы

келіссөздер аясында екі елдің тиісті қыз меттерінің терроризмге қарсы күресте өзара ықпалдасу мəселелері талқыланғанын айта келе, экономиканы дамыту жəне халықтың əл-ауқатын, тыныштық пен өзара келісім негізінде арттыру екі ел үшін де негізгі басымдық болып саналатынына назар аударды. Елбасы Ауғанстан Президентінің біздің елге сапары екіжақты қарым-қатынастарға пайдасын тигізіп, ынтымақтас тықты арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді. М. Ғани Ауғанстанның Қазақстанмен жəне жалпы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұл ретте, ол өзі басқарып отырған елге «Қазақстан жолы» тұрақтылықты нығайту жəне экономиканы дамыту ісінде үлгі бола алатынына, екі елдің сауда-экономика, көлік, инвестиция жəне азық-түлік салаларындағы ынтымақтастығы іс жүзінде табысты болатынына сенім артты. Брифинг соңында халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мəселесінде Қазақстан мен Ауғанстан көшбасшылары мүдделерінің үндесетіні атап көрсетілді. Бұл күні екі елдің арасында бірқатар құжатқа қол қойылды. Мəселен, Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов пен Ау ғанстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік министрі Вайс Бармак азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ал еліміздің Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ауғанстанның Мəдениет жəне ақпарат министрі Абдул Бари Джахани мəдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

–––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Бўл – серпінді жўмыстар кезеѕі Кеше облысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен келді. Сонымен бірге, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің өркендеуі үшін жүргізіп отырған жаңашыл реформаларын халыққа түсіндіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында партияның үгіт-насихат топтары өңірлерге сапарға шығыпты. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі Қанат Бозымбаев қатысқан жиында Асқар Мырзахметов өндірісті өңірде партия белсенділерімен жүздесіп, алдағы атқарылатын ауқымды шаралармен таныстырды. Жиынға партияның облыстық филиалының жауапты қызметкерлері, облыстық мəслихаттағы «Нұр Отан» фракциясы мүшелері мен сарапшы топ жетекшілері, партия ардагерлері, жасотандықтар, партия бастауыш ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, мұнай-химия зауытындағы бастауыш партия ұйымы өкілдері мен Ақсу ферроқорытпа зауыты жұмысшылары жиналған жиында еңбек қарым-қатынастарын реттеудегі партия бастамалары жөнінде айтылды. Бұл күндері Елбасы бастап, əлемдік қаржы дағдарысы тегеурінімен бетпебет келген еліміздің еңсесін биік көтеру үшін барлық салада алдын алу шаралары жедел қолға алынғаны қазақстандықтарға аян. Экономиканың тұрақты өсу қарқынын сақтап қалу бағытында арнайы бағдарламалар қабылданды. Сондықтан да, жиынға қатысып отырғандарға «Нұр Отан» шақырған басқосудың мəн-мақсаты айқын еді. Ал дағдарысты еңсеру бағытында қабылданған нақты ісшаралардың нəтижелері де бар. Партия бастамасымен қолға алынған бұл шаралар кешенді жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Өздерінің əлеуметтік тұрақты жағдайлары үшін қаржы дағдарысының алдын алу шаралары үшін Елбасының, Үкіметтің, «Нұр Отан» партиясының жұмылып жұмыс жасап жатқандарын бүкіл қазақстандықтар жақсы біледі.

Ал жүздеген жұмысшысы бар өндіріс орындары шоғырланған біздің облыс үшін партия тарапынан жасалып жатқан шаралар ауқымының маңызы аса зор. Жұмыс сапары барысында өндіріс орындарындағы бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесулер өткізген Асқар Мырзахметов ұйымдардың материалдық-техникалық жəне əдістемелік базасын нығайту жұмыстары қолға алынғандығын, бұл мəселе 2016 жылы түпкілікті шешімін табатынын жеткізді. Бастысы, енді партия мүшелерінің сапалық құрамын экономика саласындағы қызмет етіп жүргендердің, яғни өндірісті өңірлердегі ірі кəсіпорындар мен шағын жəне орта бизнес өкілдерінің, сондай-ақ, агроөнеркəсіптік кешен қызметкерлерінің есебінен кеңейту керек. Павлодарлық нұротандықтармен кездесу барысында Елбасы, партия Төрағасы тарапынан Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға байланысты партияға мемлекеттік реформаларға қатысты нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелгендігі айтылды. А.Мырзахметов Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру жұмыстарының тетіктері жайлы айта келе, осыған орай партияда жалпыұлттық жобаларды халыққа насихаттаудың нақты іс-шаралар тізбегінен құралған арнайы жоспары бекітілгенін жеткізді. – Партия жұмысында ұлттық ісшаралар жоспарына басымдық берілуі тиіс. Сондықтан «Нұр Отанның» Сайлауалды тұғырнамасының жəне мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы қатаң қадағалануы қажет. Ұлттық

қордан бөлінген қаражаттың кəдеге жаратылуы тікелей Елбасының бақылауында. Сондықтан, нұротандықтар мемлекет қаржысының діттеген жеріне жетуін қадағалауы қажет, – деген А. Мырзахметов партиялық жəне қоғамдық бақылауды күшейтудің тетіктері қарастырылатынын жеткізді. Конференцияда қалалық мəслихаттың депутаты, кəсіпкер С.Терентьев сөз алып, жалпы кəсіпкерлікті қолдау, бірлесе жұмыс жасау, Ұлттық қордан бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы бағытында атқарылған істерге тоқталды. Ал «Қазақстан Алюминийі» зауытының өкілі Олжабай Момышұлы зауыттағы партия лықтардың саны 6 808 адамды құрай тынын, жұмысшы өкілдері ел игілігі үшін қызу еңбек етіп жатқандарын, партиялық жұмыстағы жаңашылдықтың бастауыш партия ұйымдарына серпін беретінін айтты. Сапары барысында Төрағаның бірінші орынбасары «Еркін пікір» сұхбат алаңында облыс жастарымен кездесіп, «Жас Отан» жұмысын нақты бағытқа ауыстыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау орнату қолға алынғандығы мəлімделді. Осы орайда, мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау жəне интернет пен əлеуметтік желілерде жастардың əлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты мониторинг жүргізудің жаңа ережесіне сəйкес, қазақстандық патриотизмді нығайту, жастар құқықтарын қорғау, «таза сессия» акциясын іске асыру үшін ірі жоғары оқу орындарында партиялық топтар құру жайы сөз болды. – Жалпы, өндірісті Павлодар облысының дамуы – бəріміздің көз алдымызда. Облыс əкімі Қанат Бозымбаев іскер басшы ретінде өңірдегі өркенді істерді қолға алуда. Бəрімізді де алда сенімді серпіліске толы үлкен жұмыстар күтіп тұр, сол мүдде мен үде биігінен шығайық, – деді сөзінің соңында А.Мырзахметов. Павлодар облысы.

Партия – адал азаматтар орны «Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда партиялық жауапкершілікке тарту мəселесі сөз болды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Отырысқа жиналғандар партиялық жауапкершілікке тарту практикасы туралы ақпаратты жəне жауапкершілікке тарту ережесінің жобасы бойынша ойларын ортаға салды. Партиялық бақылау комитеті партия мүшесін жауапкершілікке тартудың негізінен партия Жарғысының талаптарына сəйкес жүзеге асырылып отырғанын айта келе, кей тұста одан ауытқитын тұстардың болуына қынжылыс

білдірді. Мəселен, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы əкімі аппаратының қызметкері Ж.Оташеваға, Батыс Қазақстан облысы, Бөкейордасы ауданы, Саралжын ауылдық округінің əкімі К.Рəшқалиевке партиялық жаза ретінде қатаң сөгіс берілгені, ал оның Жарғыда көрсетілмегені алға тартылды. Сондайақ, отырыста Жарғымен көзделмеген партиялық жаза түрлерін қолдануда сыбайлас жемқорлық əрекеттерін жасаған партия мүшелеріне алдын ала ескерту, ескерту жəне сөгіс беру сынды жаза түрлерін қолданудың жеңіл екендігі, ал ондай жаман істердің ортасында жүрген жанға Жарғы бойынша партия қатарында орын жоқ болуы тиістігі атап айтылды. Комитет мүшелері сыбайлас жемқорлық мəселесінде партиялық

жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасының болмауы жауапкершілікке тартудың тəртібін егжейтегжейлі қарастыратын арнайы құжаттың қажеттігін тудырады, сондықтан оны регламенттеу маңызды деген ұйғарымға келді. Комитет талқыға салған мəселені сараптаушылар төмендегідей зерделеп, партиялық жауапкершілікке тартуда Батыс Қазақстан облысының ең алдыңғы орынға шыққанын, одан кейін Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары жалғастыратынын пайымдаған. Отырыста комитет мүшелері арнайы қаулы қабылдап, онда партиялық жазалау тəртібін енгізетін арнайы ереже жобасы пысықталып, оны партияның Саяси кеңесінің бекітуіне ұсыну тапсырылды.


«Ауыл» партиясы: жаѕарєан ўйымныѕ жаѕа баєдарламасы

● Елімен етене Елбасы

Жаңарған «Ауыл» партиясы партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы мен төралқа отырысын өткізді. Онда «Ауыл» партиясы өзінің облыстық филиалдарында партиялық құрылыс жұмысын аяқтағаны айтылды.

«Əлгі мені ќонаќќа шаќырєан ќария баќуатты ма екен?!»

Тұғырына қонақтаған қыран бүркіт, айналасына жіті көз салып, сергек қимылмен айналасына жалт-жұлт қарағанда, от жанарлы көзінен бірде жалын шарпыған Бетпақтың шөлді даласын, бірде Көкшенің көкпеңбек баурайы мен тал-қайыңы бұрала ырғалған қойнауын, енді бірде ай келбетті ару Астананың көрікті көшелерін көргендей боламын. Тұңғыш туымның ажарына ажар қосып қалықтаған қыран бейнесі қырдағы көңіліме қанат бітіргендей. Тұңғыш деген ұғымның астарында тұңғиық ерекшелік бардай. Селт ете қаласың. Ұлы да қастерлі Отанымыз – Қазақ елінің тұңғыш Тəуелсіздігін əлем тұңғыш мойындады. Тұңғыш рет өз тəуелсіздігін 1991 жылы алды. Тұңғыш төл теңгеміз шыққанда өз қазынама иелік ететін күнім туғанда, ерекше толқыныста болғанымды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Тұңғыш Елтаңбамыз, тұңғыш өз Қарулы Күштеріміз құрылды. Дана қиялынан туған алып Астана бой көтерді. Бала қиялынан туған ертегідегі алып шынар, көз жетпес Бəйтерекке айналды. Осы Тұңғыш атрибуттардың ең басында осы тұңғыштарды тұңғыш еткен Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тұр. Иə, 16 желтоқсан Қазақ мемлекетінің тарихындағы жалпыұлттық мемлекеттік мереке – Тəуелсіздік күні. Бұл мереке Қа зақ станның бүкіл азаматтары мен оның Елбасының бірлігінің символы болып табылады. Мемлекет басшысының стра тегиялық бағытын жүзеге асыруда тұрақтылықтың нығаюы мен қоғамның топтасуына жағдай жасайтын мереке. Біздің мемлекетіміз тұңғыш рет дербес мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, ЮНЕСКО, ИЫҰ, АӨСШК жəне басқа да беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰға төрағалық етіп, 1-2 желтоқсанда оның 11 жыл бойы өтпеген саммитін ұйымдастырды. Осы күндер алдымен Елбасымыздың, одан кейін соңынан ерген халқының абсалютті тарихи жеңісі болды. Мемлекет басшысының өзі қызмет етіп келе жатқан жылдарының əрбір айлары мен жылдары, апталары мен күндері тұңғыш сөзімен тікелей байланыса кетеді. Тəуелсіз жаңа мемлекет үшін жасалып жатқан ізгілікті істердің бəрі де тұңғыш сөзіне саяды. Өткенге көз салсақ, жас Қазақстан мемлекеті үшін елде бейбітшілік пен келісімді сақтау бірінші кезекті міндеттердің бірі

3

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

деп ұғынған Елбасымыз 1992 жылы өткізілген Қазақстан халқының тұңғыш форумында этносаралық мəселелер бойынша қоғамдық институт құру туралы идея айтты. 1995 жылғы наурыз айында Президент жанынан жаңа консультативтік-кеңесші орган – Қазақстан халықтары Ассамблеясы (2007 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы) құрылды. «Қазақстандықтар бірлігі – ол Қазақстанның бұлжымай алға басуының баға жетпес кепілі», деп атап көрсеткен Елбасымыз ортақ үйімізде мəңгілік тыныштық пен бейбітшіліктің салтанат құруы жолында қажырлы еңбек етіп, тер төкті. Нұрсұлтан Əбішұлы еліміздің тəуелсіздігі жылдары ішінде барлық салада халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарының, ойсанасының, дəстүрі мен салтының, өнері мен мəдениетінің, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты. Тəуелсіз елдің астанасының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да Отанымыздың əлемдік қоғамдастықта зор беделге ие екенін əйгілегендей. Елімізде жүргізілген баян ды реформалар мен игілікті істердің қорытындысы мен бағындырған белестеріміздің басынан Ел басының бейнесін айқын көреміз. Сөзімнің мəйегі мəнді болуы үшін қазақ ұлтының түп-тұқиянына негіз болған, талай құқай мен теперіш көрген, солақайдың сойылы соқтыққан Созақ кеше қандай еді, бүгін қандай? Айтсам сенбессіз. Көрсеңіз сенерсіз. Құт дары ған қойнауына, ырыс қонған ын тымағына қайран қалып, қоныстанамын деп келерсіз! Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясаты арқасында тарихында болмаған мектептер, ауруханалар, спорт ғимараттары, балабақшалар мен саябақтар бой көтерді. Игілігін ел көріп жатқан осы жағымды жаңалықтар мен жақсылықтар Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбектерінің нұрлы жемісі. Əлемдегі болып жатқан ақпараттар ағыны үйіңізде, төрткүл дүние төріңізде, ұл-қыздарыңыз шетел асып, білім алып жатыр. Тарихыңды зертте, ақтаңдақтарыңды ақтар, өткеніңді оят, келешегіңді болжа – бəріне зор мүмкіндіктер қарастырылған. Елбасымыз айтқандай, бүгінгі ұрпақ 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуы тиіс сияқты қабылдайды демекші, расында да бір

мем ле кеттің қауіпсіздігі мен ел ішіндегі ынтымақтастықты тұрақты ұстап тұру үшін қанша күш пен жігер, салмақ пен сана кетті десеңізші. Елбасымызды осы Созақ өңіріне келіп, қонақ болуға шақырған кеңпейілді жаны жомарт ағалар да болды. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Сатымқұл көке өткенді бір сəт еске алады: «Түркістан қаласында Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевпен тікелей байланыста пікірлесу болып жатқан. Қолымызда микрофон, əрбіріміздің көкейімізде бір сауал. Менің кезегім келгенде қатты толқып тұрғанымды байқадым. «Ханның жүзі жылы болғанымен, мысы басым» демекші, толқынысымды зордың күшімен сабырға жеңдіріп, Тұңғыш Президентімізді кешегі қоғам қайраткері, алаштың ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың кіндік қаны тамған Ақсүмбе ауылына арнайы қонаққа шақырдым... Елбасы Созақ дегенде: «Əлгі мені қонаққа шақырған қария бақуатты ма екен?!» деп мені сұрап тұрады екен. Рахмет!» – деп Сатымқұл көке тарих жадында құнды кезең болып қалар бір сəтті жылы жүрекпен еске алды. Президент бұл шақыруды ыстық ықыласпен қабыл алған. Артынша «Ақсүмбе Елбасыны ардақтайды» деген мақала жарық көрді. Осылайша Елбасына деген ыстық ілтипатын көрсеткен Созақ еліне республика халқының назары бұрынғыдан да ерекше ауды. Елбасымен жүргізілген тікелей телекөпірден кейін аудан басшылығы Тұңғыш Президентімізді күтіп алғанда ерекше, тарихи қастерлі орын болу керектігін көп ойластырып, Керей мен Жəнібек хандарға ескерткіш тұрғызу керек деген ортақ шешімге келді. Содан 1997 жылы 14 желтоқсанда, Тəуелсіздік күні қарсаңында бүгінгі Керей мен Жəнібек хандарға арнап тұрғызылған ескерткіш бой көтерген болатын. Тұңғыш Президентіміздің ықпалымен тұрғызылған еңселі ескерткіш таң шапағымен нұрлана келешек ұрпақты Нұрлы Жолға бастағандай асқар биіктен менмұндалайды. Асқан реформаторлығы, саяси көшбасшылық тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түскен Тұңғыш Президентіміздің мерекесі мерейлі, тəуелсіз еліміздің болашаққа апарар жолы нұрлы, таңы арайлы, сапары сəтті болғай! Мақсат ҚАРҒАБАЙ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

Елбасымыздыѕ ўлаєаты мен ґнегесі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күні жақындап келеді. Қазақстан секілді тіршілігі мамыражай, бақуатты да бейбіт елде, дүниежүзі сыйлап құрметтейтін, өркендеп, өсіп келе жатқан мемлекетте өмір сүріп жатқан біздер тағдырымызға мың да бір алғыс айтуымыз керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың тəуелсіз мемлекеті мен туған халқына жəне барша қазақстандықтарға жасап отырған өлшеусіз еңбегін бағалай алып жүрміз бе? Меніңше, ұлтымыз бен барша халқымыздың санасы мен жүрегінен бұл сауалға жауап іздеп көрмек керек. Ақиқатында, əр қазақстандық ойлануы тиіс. Қазіргі қазақстандықтар кешегі кеңес дəуірінен масылдықты, жалқаулықты жаңа қоғамға, капитализм атты дəуірге ала келген жұрт. Анығын айтар болсақ, социализм адамдарды жалқаулыққа үйретіп кетті. Қоғам өзгергенмен, сана өзгермей тұр. Елбасы жалғыз өзі дерлік барша елді ұшпаққа қалай жеткіземін, əлемдік өркениеттің өріне қалай шығарамын деп, тау көтерген Толағайдай барша қазақстандықтардың жарқын өмірі үшін тынымсыз еңбек етуде. Президентіміз «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын» құруды ұсынды. Бұл – үлкен

бастама, керемет ғибрат! Осы ұлы мұратты іске асыру үшін бүкіл ел болып жұмылуымыз керек. Жаңа жылдан іске асырыла бастайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау да еліміздің ертеңі қандай болатынын белгілейді. Елді индустрияландырудың екінші екпінді бесжылдығы өтуде. Барша Қазақстан өңірінде жаңа зауыттар, фабрикалар салынып, іске қосылуда. Баршамыз еліміздің «ренессанстық» дəуірінде, өз тарихына оралуы мен өркендеуі кезеңінде ғұмыр кешіп жатырмыз. Осының барлығы Елбасымыз секілді ерен тұлғаның, тəңір мен тарихтың қазақстандықтарға берген қайраткерінің арқасында келген бақыт екенін жүрекпен сезініп, ақылмен салмақтап, санамен бағалалық, ағайын! Өз басым Елбасымызды мемлекетіміздің əлемдік деңгейдегі аса көрнекті қайраткері деп ұғамын! Тұңғыш Президентіміздің күні құтты болсын, бауырлар! Смағұл РАХЫМБЕК, жазушы.

АСТАНА.

Конференция жұмысына партия мүшелерінің басым көпшілігі қатысып, ұйымның ағымдағы жұмыс барысына баға берді. Сонымен қатар, партиялық құрылымды жаңалап, оған жан бітіру, келешектегі жоспарларды нақтылап, даму стратегиясын белгілеу жəне саяси жұмыстың тактикасын анықтау жайы қаралды. Ұйымдастырылған конференциялар қоғам ішінде «Ауыл» партиясының алдағы қызметіне деген сенім мен үміттің бар екенін көрсетіп берді. Ауыл партиясының төрағасы Əли Бектаевтың айтуынша: «Партияның ең басты міндеті – осы үмітті ақтау, сенімге селкеу түсірмеу. Əрі ел дамуына өзіндік үлес қосатын партияда қуат, тиісті қор, ең бастысы – ынта мен ықыластың бар екенін дəлелдеу». Отырыста ұйым мүшелері партиялық құрылыс үдерісінде, елдің қоғамдық-саяси жəне əлеуметтік дамуында орны бар деп саналып отырған жаңарған партия бағдарламасын қабылдады. Жаңарған бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев жариялаған «Мəңгілік Ел» идеясымен сабақтас. Партия Қазақстанның жəне қазақстандықтардың ең басты құндылығы мен байлығы Тəуелсіздік деп біледі. Қолдағы осы

құндылықты əрбір жан көзінің қарашығындай сақтап, оған келешек ұрпақтың сапалы, лайықты, молшылықта өмір сүруінің кепілі ретінде қарауы керек. «Ауыл» партиясы ауыл ахуалына, ауыл проблемаларына жіті көңіл бөледі. Заманауи, мықты, бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы елдің көркейіп, дамуын қамтамасыз етеді деп біледі. «Ауыл шаруашылығын дамытудың арқасында неғұрлым өтімді, сұранысқа ие өнімдер өндіруді ынталандыру, өндіріс көлемін бақылау, бағадағы тұрақсыздықты төмендету жəне ауыл шаруашылығындағы болжам жасауды жақсарту əрі көпшілік тұтынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру қажет», – деді «Ауыл» партиясының төрағасы Ə.Бектаев. Партияның саяси кеңесінің төралқа отырысында идеологиялық, ақпараттық сараптамалық, ұйымдастырушылық қызметті жетілдіру жəне аймақтық бөлімшелерді күшейту мəселелері қаралды. Сонымен қатар, партиялықтар ағымдағы жағдайда жүргізілетін қоғамдық-саяси жұмыстар жоспарын бекітті. Сəулебек БІРЖАН.

Маѕызы жоєары мəслихат Кеше еліміздің сыртқы саясат ведомствосының ғимаратында Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне орай дөңгелек үстел өткізіліп, шетелдік елшілік өкілдеріне жаңадан ашылған перспективалар мен мүмкіндіктер жайы кеңінен таныстырылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Маракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы шарт ратификацияланғаны белгілі. Енді еліміз 10-18 желтоқсанда Найробиде өтетін министрліктер кездесуіне ДСҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде қатысады. Бұл ұйымға мүше болу Қазақстан экономикасының дамуына серпін беріп, еліміздің əлемдік қоғамдастықпен терең интеграциялануына өзіндік үлесін қосады деп күтілуде. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың айтуынша, бұл экономиканың ашықтығын қамтамасыз етіп, сауда мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетуді жаңа деңгейге шығарады. «Біз бес институттық реформада айқындалған экономикалық басымдықтарды жүзеге асыру үшін ДСҰ-ға мүшелік ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияларды, заманауи технологияларды тартуға оң ықпал етеді деген сенімдеміз», деді Алексей Юрьевич. Вице-министр бұл ретте ДСҰ-ға мүшелік екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге

де өзіндік ықпалын тигізетініне назар аударта кетті. Мұндай елдер қатарында АҚШ, Еуропалық одақ, Жапония, Қытай, Бразилия, Үндістан, Канада жəне өзгелері аталды. Сонымен қатар, Азия-Тынық мұхиты, Азия, Африка елдері, Бразилия, Австралия, Канада жəне өзгелері үшін Қазақстан жаңа нарық болып табылады. Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың айтуынша, Қазақстан бүгінде əлемдік экономиканың маңызды бөлшегіне айналып отыр. Еліміз экспортының 70 пайызы көмірсутегі мен өзге де шикізат көздері болып келеді. Сондайақ, министр өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы инвестицияға барлық жағдайды туғызу мəселесін көтерді. Қазақстан Үкіметі индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын əзірлегендігін де айналып өтпеді. Əсіресе, машина жасау, ауыл шаруашылығы салаларына, тасымалдау жəне өзге де қызмет түрлеріне ерекше маңыз беріліп отырғаны ортаға салынды. Жалпы, отырыс барысында еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін атқарылған жұмыстардың барысы ашып көрсетіліп, мүмкіндіктері жан-жақты сараланды.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жəне жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол елдегі жылыту маусымы жөнінде жəне қуат көздерін дұрыс пайдалануға қатысты айтты.

Жылуєа да їнем ќажет Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қуат көздерін тиімді пайдалану мен қыс маусымында тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелерді жылыту шарасы тығыз байланысты екеніне тоқталған комитет төрағасы, бұл мəселелер Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында көтерілгенін еске салды. Сөйтіп, 2020 жылға дейін Қазақстанда тозған инженерлік желілердің көлемі 67 пайыздан 53 пайызға дейін азаятынын жеткізді. «Нұрлы Жол» бағдарламасына сəйкес, барлық қаржы көздерінің арқасында 31 мың шақырымнан астам желіні қайта жаңғырттық. Енді, 2020 жылға дейін, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, 96,6 мың шақырым желіні қайта жаңарту көзделіп отыр», деді ол. Ведомство басшысы 2016 жылдың жоспарларына нақты тоқталды. «Келер жылы бюджеттен субсидия төлеу үшін 14,5 млрд. теңге қаржы көзделген. Еуропа қайта құру жəне даму банкімен бірге жалпы сомасы 25,2 млрд. теңге болатын 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы, «Нұрлы Жол» бағдарламасының негізгі мақсаты – 2020 жылға қарай тозған инженерлік желілердің үлесін 67 пайыздан 53 пайызға дейін азайту. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда апатты жағдайдағы желілердің көлемін 200 шақырымнан 100 шақырымға дейін азайту жоспарымызда бар», деді М.Жайымбетов. Баспасөз мəслихатында тұрғын үйлердің талапқа сай емес тұстары да сөз болды. Мəселен, тұрғын үйлердің 70 пайызы жылуды үнемдеу техникалық талаптарына сай келмейді екен. «Расын айтқанда, бүгінде ел экономикасының ішкі жалпы өнімі энергияны тұтыну сыйымдылығы жағынан дамыған елдерден 10-17 есеге қалып қойған. Айтпағым, елдегі инженерлік желілер, тұрғын үйлердің əлеуметтік жəне өнеркəсіптік ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін олардың энергияны тұтыну сыйымдылығы деңгейін кемінде 15 пайызға төмендеткеніміз абзал. Бүгінде халықтың отынды тұтыну деңгейі 31 пайызға дейін жетеді. Тұрғын үй секторы 11 пайыз электр қуатын жəне 40 пайыз жылу энергиясын тұтынады. Шамамен 70 пайызға жуық тұрғын үй жылуды үнемдеу жөнінде техникалық талаптарға сай келмейді. Елдегі кешендерде 1 шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясын тұтыну көрсеткіші сағатына 270 кВт болса, Еуропада орта көрсеткіш 100-120 кВт», деді спикер.

Кəсіпорын «Алтын сапа» жїлдесінен їмітті (Соңы. Басы 1-бетте). Алюминийден жасалатын созылмалы илек сымдардың жылдық мөлшерін 15 мың тоннаға дейін жеткізетін жоба да қолға алынбақшы еді. Бірақ, бағдарлама арқылы іске қосылған бұл жоба əлі іске асқан жоқ. Ал «алюминий илекті өндірудің» инвестициялық жобасы шикізатты шетелден жеткізуге тəуелді болуды азайтады. Аталмыш өнімдердің қазақстандық үлес деңгейін жоғарлатады. Кабельді-өткізгіш өнімдерді өндірудегі материалдық шығындар да азаяды екен. Жалпы, облыс орталығындағы «Казэнергокабель» АҚ Мəскеудегі «Ассоциация Электрокабель» құрамына қарайтын Ресей жəне ТМД мемлекеттерінің кабельдік кəсіпорындарын, сонымен қатар, кабель өнімдерін шығаратын «Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» ААҚ-ты біріктіретін бір ғана қазақстандық кəсіпорын саналады. Кəсіпорын 1994 жылы құрылды. Алғашында өндірілетін кабельдік өнім 400 түрлі болса, қазір 7 мыңға жуық түрі өндіріледі. Отандық тауар осылай жолға түсті. – Өнімнің сапасы кəсіпорындағы бақылау-өлшеуіш жəне сынау жабдықтарымен анықталады. Өндірістің барлық кезеңін бақылай алады. Технологияның үздіксіз жетілдірілуі, жаңа материалдарды қолдану, кабельдіөткізгіш өнімнің жаңа түрлерін игеру, тапсырыс жоспарларын компьютерлік жүйеге енгізу жəне бақылау сапасы, өндірістік тапсырыстарды, икемді бағаларды қалыптастыруға жəне жоғары сапалы өнімдерді қысқа мерзімде

орындауға мүмкіндік береді, – дейді Олег Крук. Зауытта өндірістік, əкімшілік, қойма корпустары, сондай-ақ, тұр мыстық корпустар мен əр түр лі көмекші ғимараттар бар. Өнеркəсіп заманауи өнді ріс тік-технологиялық құралдар мен жабдықталған. Бүгін «Казэнергокабель» АҚ кабельді-өткізгіш өнімнің ірі отандық өндірушісі. Астана, Алматы, Ақ төбе, Ақтауда филиалдары жұмыс жасайды. Өзінің тұтынушыларын өнімнің алуан түрлерімен қамтамасыз етуде. Алдағы уақытта автомобиль өндірісіне қажетті алюминийдің 4-5 класты иілгіш сымдарын шығармақшы. Жəне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 200 миллион теңгеге жуық несие алып, Германиядан өндіріске аса қажетті заманауи қондырғылар жеткізілді. Отандық тауар өндіруші ретінде отандық тауар өндірушілерді қолдау жəне еліміздің кəсіпорындарының өнімдерін сатып алуды жүзеге асыруда қазақстандық үлес мөлшерін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұрақты қатысушысы. Жоғары сапалы көрсеткіштер өнімді халықаралық, мемлекетаралық стандарттарға сəйкес өндірудің, жоғары сапалы шикізатты, заманауи жабдықтар мен технологияларды қолданудың, мекемеде ISO 9000 сериялы басқа да стандарттарға сəйкес сапа жүйесін енгізудің нəтижесінде алынатыны сөзсіз. 2010 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің демеушілігімен «Казэнергокабель» АҚ «Алюминийлі илемді өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық жобасы

аясында жылына 15 мың тонна сым илектерін шығаруды қолға алған болатын. Инвестиция көлемі 0,3 млрд. теңге. Бұл жоба бойынша алдағы жылдары алюминийден жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, автомобиль дискілерін, құрылысқа қолданылатын төсемелер, көліктердің қосымша бөлшектерін жасайтын басқа да кəсіпорындар құрылатын көрінеді. Кабельді орама сымдар жасайтын кəсіпорын енді алюминийді де өңдеп, сол өнімнен катанкалар, құймалар, ширатпа тізбелерін, орамаларын жасай бастады. Өз жерімізде өндірілген алюминий құймаларын пайдалану арқылы орама сымдар өндіретін жергілікті жоба іске асырылуда. Бұрын үйіміздің жанында алюминий өндірсек те, оны өндіріске пайдалану үшін Ресейден, Қытайдан тасымалдап жүрдік. Енді жеріміздің саз балшық құймасы өз қолымызға тиді. Арзан əрі сапалы. Бірақ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ алюминий өндірісі көлемінің төмендеуіне байланысты өнім тасымалын 20 пайызға дейін азайтатынын мəлімдеді. Оған оның əлемдік нарықтағы бағасының арзандауы да себеп болса керек. Екіншіден, инвестициялық жоба демеуші кəсіпорын тарапынан нақты өндірістік-ғылыми зерттелуден өтпей, нарық барысын пайымдамай, сараптамадан асығыс өткен сияқты. Кəсіпорынның бас директоры Олег Круктың айтуынша, бұл күндері зауыт өздерінде шығарылатын өнім түрлерін кеңейту жөнінде жұмыстар жүргізуде. Еуразиялық экономикалық одақ аясында кəсіпорынның бəсекеге

қабілеттілігін арттырмақ. Қазіргі уақытта телекоммуникациялар саласындағы кəсіпорындарда жоғары сұранысқа ие болатын талшықты-оптикалық кабельдер жасап шығару үшін жаңа желі іске қосылды. Қытайдың арзан өнімдеріне қарағанда, отандық жергілікті тауар өндірушілер кабельдерді таза мыстан жасайды. Жаңа өнімдердің отқа төзімді бірнеше түрлері де бар. Бұл күндері еліміздің барлық кəсіпорындары «Казэнергокабель» АҚ-тың кабель өнімдерін тұтынушылары болып табылады. Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстанға да кабель өнімдерін экспортқа шығаруды жалғастыра бермек. Өйткені, жергілікті кабель жоғары сапалы шикізаттан жасалды. Шетелдік жабдықтар, қазіргі заман технологиялары, өнеркəсіп сапа жүйесі 9000 ISO сериясының халықаралық, мемлекетаралық стандарттарға сай жоғары деңгейлі. Тауарлардың сапа сəйкестігінің сертификаты мен СТ-КZ сертификаты бар. – Кəсіпорынның мақсаты – тұтынушының, тапсырыс берушінің талабын орындау. Бұл біздің өндірістің дамуының басты шарты. Қазір біздің кəсіпорын да елімізде Елбасы Жарлығымен 2006 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін «Алтын сапа» байқауына қатысуда. Бұл елдегі кəсіпкерлікті қолдауға арналған нағыз жарқын бастама деп ойлаймын. Желтоқсан айында «Алтын сапаның» жүлдегерлері марапатталмақшы. Отандық өнім өндіруші ретінде біз де жүлдеден үміткерміз, өзімізге сенімдіміз. Өйткені, кəсіпорында технологияларды жетілдіріп отыру, кабельдіөткізгіш өнімдердің жаңа түрлерін игеру, тапсырыстарды жоспарлау, жоғары сапалы отандық жергілікті өнім шығаруға мүмкіндік береді, – дейді Олег Крук. Павлодар облысы.


4

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Тұрақты комитеттер тынысы

Мəскеуде ќол ќойылєан келісім

 Талқылау тағылымы

 Фотокүнделік

Сарапшылар тобыныѕ отырысы

ќаралєан кеѕейтілген отырыс

Онда дуалды білім беруді дамыту мен техникалыќ жəне кəсіби білім беру ўйымдары тїлектерін жўмыспен ќамту мəселелері талќыланды

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму жəне кəсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) жəне өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу жəне электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында Парламент Мəжілісінің депутаты, партия кураторы Г.Исімбаеваның жетекшілігімен Сайлауалды тұғырнаманың «Білім беру жəне ғылым» бағытындағы сарапшылар тобының отырысы өтті.

Кеден одағының мемлекеттері 2014 жылы 15 тамызда Мəскеуде қол қойған бұл келісім Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында көлік құралдарының еркін айналысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағыт талған. Келісім Қазақстан, Беларусь, Ресей аумақтарында шығарылған жəне осы мемлекеттерде тіркеуге жататын көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) жəне өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын қолдану мəселелерін реттейді. Əртүрлі көлік құралдарының электрондық паспорттарын қолдануға талаптар белгіленді. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 Сізді не толғандырады?

Геологиялыќ-барлау жўмыстарына ќаржыны шектемейік Оєан жўмсалєан əр теѕге еселеп ќайтады Арман ҚОЖАХМЕТОВ,

Мəжіліс депутаты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекі тілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасының ісшаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстанда пайдалы қазбалардың перспективалы кен орындарын анықтауға жəне еліміздің минералдық-шикізаттық базасын арттыруға бағытталған геологиялықбарлау жұмыстары басталды. 2015 жылы бюджеттік қаржыландыру есебінен минералдық шикізаттың алуан түрлері бойынша жалпы сомасы 11,2 млрд. теңге болатын 67 геологиялық-барлау жобасының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Осы жобалар бойынша барлау жұмыстары қазіргі таңдағы ең жаңа, ең озық геофизикалық жабдықтар мен технологияларды, оның ішінде аэрогеофизиканы пайдалана отырып жүргізіліп жатыр. Алғашқы жұмыс жылының алынған нəтижелерін талдап-түсіндіру қазірдің өзінде зерттелу үстіндегі учаскелердің болжамды минералдық шикізат əлеуетін арттыру бөлігінде перспективасы жоғары екенін айтуға мүмкіндік береді. Алайда, 2016 жылы бюджет жоба сында жүр гізілетін жұмыстарды қаржыландыру лимиті 3,2 млрд. теңге мөлшерінде белгіленген, бұл бұрын басталған жобалардың 21-і бойынша ғана жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан, ал кейбір жағдайларда аяқталып келе жатқан жобаларды қаржыландыру жоспары қаражатының мөлшерін де, санын да 3 еседен астам қысқарту жоспарланып отыр. Бұл жобаларды консервациялау стратегиялық пайдалы қазбалар түрлерінің ресурстарын өсіру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді бұзуға жəне болашақта бекітілген жəне қолданыстағы сметаларда көзделмеген, ұйымдастыру жəне аяқтау жұмыстарына шығындардың ұлғаюы салдарынан жұмыс құнының қымбаттауына алып келеді. Əлемдік үрдіске сəйкес шикізат ресурстарын тұтыну көлемінің кө беюі оларды анықтау бойынша геологиялық зерттеулер жүргізуді жандандыра түседі. Геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу қарқынының баяулауы республиканың минералдықшикізаттық əлеуетінің төмендеуіне жəне отандық, сондай-ақ, шетелдік инвесторлардың қаржы қаражаты ағынының азаюына алып келуі мүмкін. Яғни, инвесторларды болжамды ресурс тар деңгейінде ең аз шикізатқа алдын ала бағалау жүргізілген перспективалы алаңға ғана тартуға болады. Экономикалық дағдарыс жағдайын да еліміздің ми нерал дықшикізаттық ресурстарын көбейту

негізді болып табылады, бұл дағдарыстан шығу кезінде игеруге дайындалған пайдалы қазбалар, оның ішінде стратегиялық пайдалы қазбалар (алтын, мыс, полиметалдар, сирек кездесетін металдар) кен орындарына ие болуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда шикізат базасының жай-күйі мүшкіл, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін болжанған негізі, қайта өңдеуші, көбінесе қала құраушы таукен-металлургия қуаттары; экономикасы күйзеліске ұшыраған шағын жəне монақалалары бар Жезқазған, Торғай, Балқаш бойы секілді өңірлер геологиялық-барлау жұмыстарын бірінші кезекте қаржыландыруды талап етеді. Өкінішке қарай, осы өңірлердің бірқатар перспективалы объектілері қаржыландырудың шектелуі салдарынан 2016 жылы жұмысы жалғастырылатын жобалардың тізбесіне енбей қалған. Атап айтқанда, 2016 жылға жоспарланған жобалар тізбесіне Сарыадыр, Алтыншоқы, Тасты, КерейОпар учаскелері енгізілмеген. Бұл учаскелерде жүргізілетін жұмыстарды қосымша қаржыландыру сомасы – 825 337,02 мың теңге. Аталған учаскелер шегінде жүргізілген алғашқы жұмыс жылының нəтижелері перспективалы аномалия ларды анықтап алуды қамтамасыз етті, кендік құрамы бұрғылау жұмыстарымен айғақталды. Бұл учаскелердің жиынтық болжамды бағасы шамамен 1,7 млн. тонна мысты, 8 млн. тоннадан астам қорғасынды, 7,8 млн. тонна мырышты құрайды. Аталған учаскелердің ықпал аясына Арқалық, Шұбаркөл, Жез қазған, Сəтбаев, Қаражал, Жəйрем, Балқаш, Ағадыр секілді моноқалалар кіреді. Геологиялықбарлау жұмыстары, ал кейіннен кен орындарын игеру аталған елді мекендердің экономикасын жандандырып, əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жол ашады. Инвесторларды тарту жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, салық салу базасы пайда болады. Қазіргі таңда перспективалы алаңдарда пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру мен барлау бойынша бірлескен жұмысқа RioTinto, Iluka, Kores, Ulmus секілді əлемдік деңгейдегі жетекші тау-кен компаниялары тартылып отыр. Бүгінгі күні бірлескен жобалар бойынша іздестіру сатысында жұмсалған 1 теңге бюджет қаражатына орта есеппен 5 теңге инвестициядан тура келіп отыр. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, ел Үкіметі 2016 жылы геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыру бюджетін қосымша 825 337,02 мың теңгеге арттырса жəне келесі жылы іске асырылатын жобалар тізбесіне Сарыадыр, Алтыншоқы, Тасты, Керей-Опар учаскелерін енгізу мүмкіндігін іздестірсе, тек ұтатынымызға еш күмəн жоқ.

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

 Жаңа жоба жайында

Бюджетке тїзетулер енгізілді Мəжілісте «2015-2017 жылдардың Республикалық бюджеті туралы» Үкіметтен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген заң жобасы таныстырылды. Тұсаукесер палатаның Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутаттар алдында баяндама жасады. Сонымен, отырыста мəлім болғандай: макроэкономикалық көрсеткіштердің 2015-2019 жылдарға арналған болжамының өзгеруіне, он айда бюджеттің іс жүзінде атқарылу қорытындыларына сүйене отырып, есептеулерді нақтылауға, сондай-ақ, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын түзетуге байланысты 2015 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізілді. Бірінші кезекте бюджетті нақтылау бюджеттің кіріс бөлігі түсімдерінің тиісінше төмендеуі салдарынан бұзылған бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бюджет түсімдерінің жалпы төмендеуі 66,5 млрд. теңгені құрады. 38,3 млрд. теңге іс жүзіндегі түсімдердің макроэкономикалық көрсеткіштерін түзету есебінен, 28,2 млрд. теңге Ұлттық қорды басқару

кеңесінің шешіміне сəйкес Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт көлемінің азаюынан болды. Кіріс бөлігінің 38,3 млрд. теңге сомасына төмендеуін əлеуметтік міндеттемелерді қозғамайтын бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің шығыстарын қысқарту арқылы өтеу ұсынылды. Нəтижесінде нақтыланған бюджет параметрлері, бюджет түсімдері 5 921,5 млрд. теңгені, шығыстар 7 179,2 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылдың бюджет тапшылығы мөлшері бюджетті бірінші нақтылаудан кейін жүргізілген 2014 жылдың қал дық тары толық пайдаланылуына байланысты түзету ескеріле отырып бекітілген деңгейде сақталды жəне ол 1 257,7 млрд. теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 3%-ын құрайды. Енді аталған заң жобасы Мəжілістің Қаржы жəне бюджет комитетінің мүшесі, депутат Глеб Щегельский жетекшілік ететін жұмыс тобында талқыланатын болады.

Отырысқа Парламент Мəжілісі мен мəслихат депутаттары, Білім жəне ғылым, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Инвестициялар жəне даму министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, сондай-ақ, ҮЕҰ, Астана жəне Алматы қалалары мен облыстар əкімдіктерінің өкілдері қатысты. Шара барысында партия кураторы Г.Исімбаева партиялық тұғырнаманы іске асырудағы соңғы 3,5 жылда көрсеткіштердің жоспарға сəйкес орындалып келе жатқанын атап өтті. Айталық, партия тұғырнамасында дуалды білім беретін колледждер санын арттыру қарастырылған. 2013 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы мұндай колледждер саны 176-дан 348-ге, яғни 2 есеге өскен. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірінде кəсіби-техникалық колледждер құрылуда. Сонымен қатар, Г.Исімбаева қатысушыларды дуалды білім беру мəселелерінің бірқатары реттелген «Білім туралы» заң жобасындағы жаңалықтармен таныстырды. Атап айтқанда, дуалды білім беру ұғымы нақты ай қын далып, үдеріске қатысушылардың үшжақты жауапкершілігі қарастырылған. Яғни, теориялық жəне өндірістік баулудың көлемі, кəсіби даярлықтың 60-ын құрайтын кəсіпорындарда кəсіби практикадан өту, сондай-ақ, еңбек нарығы сұранысына қарай қалыптастырылатын мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс беру көзделіп отыр екен. Білім жəне ғылым министрлігінің деректеріне сүйенсек, жыл басынан бергі жұмысқа тұрғызылған техникалық жəне кəсіби білім беру мекемелері түлектерінің үлесі 63,7% көрінеді. Сондай-ақ, жыл сайын 100 мың түлектің 60-тан 70%-ға дейінгі көлемінің жұмыспен қамтылатыны атап өтілді. Елді кең көлемде индустрияландыру үшін техникалық салаға білікті мамандар қажет. Осы мақсаттың аясында, Елбасы екі жылдың көлемінде дуалды-техникалық білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруды тапсырған болатын. Мысалы, «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Н.Алтаевтың атап өтуінше, палата тарапынан аталған жүйені ендірудің Жол картасы əзірленген. Яғни, өндірістік баулу үшін 993 келісімшарт жасалып, 15 600 білімгер 1077 кəсіпорында тəжірибе жинақтайды. Кəсіпорын кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстары жүргізілуде. Алайда, бұл мəселеде бірқатар түйткілдер бар. Бұл нарық қажеттілігін ескерместен мамандар даярлау, кəсіби стандарттар мен біліктілік талаптарына қатысты салалық əдістеменің жоқтығы, біліктілік бекітудің бірыңғай жүйесі нің жоқтығы, кəсіпорындардың төмен мотивациясы мен дуалды білім беру үрдісіне аз тартылуы. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетовтің

айтуынша, еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында теңгерімсіздік бар. Яғни, тек сандық қана емес, сапалық тұрғыда да. Бұл білім беру жүйесі мен өндірістің арасындағы өз ара байланыстың əлсіздігін білдіреді. Еңбек нарығының даму болжамына сəйкес, алдағы 5 жылда ең жұмыспен қамты латын мамандықтар: құрылыс, қаржы жəне сақтандыру қызметі, мейрамхана жəне қонақүй ісі, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қызмет, сауда, білім беру жəне т.б. Бес жылдық мерзімде кəсіпорындарда білікті мамандарға деген қажеттілік те артады. Инвестициялар жəне даму вице-министрі Р.Ошақбаевтың сөзінше, индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында (2015-2019 жылдар) 466 жоба іске асырылады деп күтілуде. Яғни, 60 мың уақытша, 50 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Техникалық сала мамандары – операторлар, машинашылар, жүргізушілер, монтажшылар, механиктер, құрастырушылар, аппаратшылар ең сұранысты мамандықтар болады. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының аясында 395,5 мың жұмыс орны ашылады. «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары В.Тель новтың ұйымдастыруымен жұмыс бе рушілер мен техникалық жəне кəсіби білім беру орындары түлектерінің арасында жүргізілген əлеуметтік зерттеу қорытындылары жарияланды. Зерттеулер нəтижесі бойынша, жұмыс берушілердің 40%-ы «техникалық жəне кəсіби білім беру орындарының түлектері теориялық білімдерін арттыруы керек» деп санайды екен. Сұралғандардың үштен екісінің «болашақ мамандардың практикалық даярлық деңгейін жақсарта түсу керек» деп санайтыны да анықталған. GIZ бас кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы дуалды білім беруді ендіру» жобасының атқарушы басшысы Райнер Гёртц дуалды білім беруде табыстарға қол жеткізген елдердің тəжірибесін алға тарта отырып, республика аумағында жаңа əдістемені енгізу бойынша бірқатар ұсынымдар берді. Атап айтқанда, кəсіби білім беру ұлттық орталығын құру ұсынылды. Бұл орталық үдеріске тартылған барлық тараптарды байланыстырып, техникалық жəне кəсіби білім беру жүйесін үйлестіретін болады. Отырысқа өңірлік кураторлар, мəслихат депутаттары белсене қатысты. Олар өңірлердегі мəселелер мен аталған түйткіл дерді шешудің жолдары турасында əңгімеледі. Талқылау қорытындысы бойынша ұсынымдар əзірленіп, Қазақстан Үкіметіне жолданатын болады. Сəулебек БІРЖАН.

 Сауал салмағы

Жаћандану жаєдайында азыќ-тїлік ќауіпсіздігі ўлттыќ ќауіпсіздікпен ќатар ќойылуы тиіс Мəжілісте палата Төрағасының орынбасары Абай Тасболатовтың жетекшілігімен өткен «Агроөнеркəсіптік кешендегі субсидиялау жүйесінің тиімділігін арттыру» деген тақырыптағы Үкімет сағатында депутат Əлихан ТОЙБАЕВ Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВКЕ сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді:

«Менің сұрағым егін шаруашылығын субсидиялау мен мал шаруашылығын субсидиялауға қатысты. Біраз уақыттан бері сіз бұқаралық ақпарат кұралдарында келесі жылдан бастап егін шаруашылығында əр гектарға төленіп жатқан субсидия мен мал шаруашылығын субсидиялауды «тиімсіз» деп жойылатындығы жайында айтып жатырсыз. Егер осылай болса, онда субсидияға қолдары жетпей жатқан ұсақ шаруалар не істейді? Бұл субсидиялардың орнына сіздер 100 млрд. теңге көле міндегі қаржыны инвес тициялық субсидиялауға, па йыз дық мөлшерлемені, егін шаруа шылығын сақтандыруды, қосымша құн салығын (ҚҚС) жəне асыл тұқымды жұмыстарды

субсидиялауға жұмсамақсыздар. Сонда аталған субсидиялардың жаңа түрлері тек ірі бизнес субъектілеріне ғана қатысты болып тұрғаны ғой!? Не себептен біз ірі бизнестің жағдайын ойлап, ал егін егіп, мал өсіріп жатқан ұсақ шаруаларды күнкөріс көзінен айыруымыз керек? «Инвестициялық субсидияландыру» дегенде сіз неге əртарап тандыруды ойламайсыз? «Осындай дақылды өсірсең – субсидия береміз, ал басқа түрін ексең субсидия жоқ» деген ісшара елімізді одан əрі импортқа тəуелді етпей ме?! Мысалы, қант қызылшасын өсірудің жағдайы онсыз да қиын еді, енді мүлдем құрып кету қаупі бар. Менің ойымша, бүгінгі қиын уақытта, ең алдымен ұсақ шаруалардың жағдайын

ойлап, оларға субсидияны, тіпті, жеңілдетілген жолмен беру керек. Өйткені, өздерінің өнімдерімен (ет, сүт, көкөніс, т.б.) бізді қамтып жатқан солар. Сонымен бірге, оларға дағдарыстың зияны қатты тимейді. Тағы бір айтайын дегенім, бүгінгі Үкімет сағатының тақырыбы өте маңызды мəселеге арналған, өйткені, Қазақстан үшін агроөнеркəсіп кешені саласы – ең маңызды басымдық. Өйткені, жаһандану заманында азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылуы тиіс, себебі, ауыл шаруашылығы тығырыққа тірелетін елдің қауіпсіздігіне де қатер төнеді. Осыдан екі жыл бұрын «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданып, агроөнеркəсіп кешені жаңа серпіліс алады деп

үміттенген едік. Осы бағдарлама шеңберінде аграрлық сала бұрын көрмеген қомақты қаржы мемлекет тарапынан бөліне бастады, соның ішінде субсидияландыру да бар. Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия көлемі 60-тан астам пайызға өскенімен, осы саладағы өнімнің өсімі бөлінген қаржының көлеміне сəй кес емес. Министр мырза, бұл жағдай субсидиялардың кейбір түрлерінің тиімсіздігінен делініп отыр. Меніңше, аталған жағдайға субсидия түрлерінің ешқандай қатысы жоқ, кінəнің барлығы субсидия түрлерін беру механизмдерінің шикілігінен. Осының салдарынан субсидияға бөлінген қаржының жылдан жылға дұрыс игерілмейтініне куə болудамыз. Субсидияның жаңа түрлерін енгізер алдында, ең болмаса, екі жылдай қанатқақты жоба ретінде еліміздің кейбір өңірлерінде енгізіп, қалай істейтіндігін

жəне нəтижесін көру керек еді. Сіз осыдан бір жыл бұрын Алматы облысындағы «БайсеркеАгро» шаруашылығында бізбен кездескен кезде «субсидия беруді электронды жүйеге көшіреміз» деп едіңіз, бірақ бұл мəселе де аяғын таппай қалды. Меніңше, елімізде біраз уақыттан бері оңды істеп келе жатқан «eGov» порталында АӨК субъектілеріне келесі жылы берілетін субсидияның көлемі жəне осы мақсатқа əр облысқа қанша қаржы қарастырылғаны жайында бөлек тарау ашу керек. Министрге қойылған сұрақтарда ұсақ шаруалар жайында көп айтылғаны бекер емес! Субсидияның жаңа түрлерін енгізер алдында, министрліктің қызметкерлері солардың пікірін тыңдады ма? Тыңдаған жоқ! Тіпті, олармен ешкім кездескен де емес. Осыған орай, бұл мəселені жан-жақты қарап, ұсақ шаруалардан бастап, ірі бизнес өкілдеріне дейін талқылауға шығарып барып, шешім қабылдау керек».


Сот жүйесін жетілдіруге байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың талаптары Парламент қабырғасында қалай орындалып жатқаны туралы айтып беруді білікті заңгер, Заңнама жəне сотқұқықтық реформасы комитетінің мүшесі Оңалсын ЖҰМАБЕКОВТЕН өтінген едік.

Сот жїйесін жетілдіру – заман талабы

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформасында екінші болып сот жүйесін реформалауды атап өтті. Бұл реформаның негізгі көздеген мақсаты неде? – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде жаһандық сын-қатерлер мен тəуекелдердің тереңдігі əр мем лекеттің тұрақтылығы мен табыстылығын сынаққа салатындығын халыққа ашық жеткізіп, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының барлық міндеттерін шешуге, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – əлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізуге, мемлекетімізді одан əрі нығайтуға, халықтың əлауқатын көтеруге бағытталған бес институттық реформаны ұсынды. Бес институттық реформаны орын дау тəсілдері мен жолдары Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқын белгіленді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары заңдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс, əйтпесе жүзеге аспайды. Сондықтан Елбасы Ұлт жоспарын іске асыру жөніндегі ең шұғыл заңдардың алғашқы топтамасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс деген міндет қойды. Осы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға ықпал ететін кейбір заң жобаларын Мəжіліс пен Сенат депутаттары заң шығару бастамашылығы құқығын пайдаланып өздері əзірлеп, қарауға енгізді. Парламент Мəжілісі Елбасы тапсыр масының негізгі бөлігін табысты орындап, қыркүйек–қазан айларында 60-қа жуық заң жобасын қарап, мақұлдағаннан кейін Парламент Сенатына жіберді. Сенат та өз кезегінде қысқа мерзімде ол жобалардың көбін қабылдады. – Сот жүйесін жетілдіру мəселесі де «100 нақты қадамда» басты басымдықтардың бірі ретінде аталды. Оның қазіргі жағдайы қалай жəне болашақта қандай бағытта өзгеруі керек? – Өркениетті, құқықтық мемлекетте сот жүйесінің, соттардың, судьялардың мəртебесі өте жоғары. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тəуелсіздігі Конституциямен жəне заңдармен қорғалады. «Тұрақты судья» деген ұғым судья зейнеткерлік немесе шекті жасқа толғанға дейін судьялық лауазымда жұмыс істей алатынын көрсетеді. Республикада соттар қараған істердің саны жылдан-жылға өсіп келеді. 2013 жылы соттар 1,1 млн. азаматтық, əкімшілік, қылмыстық істер қараған болса, 2014 жылы істердің саны 1,2 млн.-нан асты. Соттар жеке жəне заңды тұлғалардың өз мүдделерін қорғауға жүгінетін негізгі инстанциясына айналды. Қоғамда соттарға деген сенім деңгейі де өсіп келеді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өткізілген əлеуметтік сауалдама нəтижесіне қарасақ, респонденттердің сот қызметімен қанағаттанушылығы 71,3%-ға жеткені айтылды. Сот жүйесі үшін бұл – жақсы көрсеткіш. 2011 жылы Ұлттық сот жүйесі Ғаламдық бəсекеге қабілет тілік индексі шеңберіндегі соттардың тəуелсіздігінің тұрақты көрсеткішінде 111-орынды алса, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 25 позицияға өрлеп, 86-орынға көтерілді. Əжептəуір ілгерілеу бар екені сөзсіз. Бірақ мемлекетіміздің бəсекеге қабілетті елдердің арасында 42-орынға көтерілгенін ескерсек, сот жүйесінің 86-орны бізді қанағаттандырмайтыны айтпаса да түсінікті. Елбасы «Нұр Отан» пар тиясының XVI съезінде сот жүйесі туралы: «Əділ қазылық ету – кез келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы – би адал, əділ болуы керек. Қазы – халық ожданы. Ол қара қылды қақ жарған əділ болса, дау айтушылар төреліктің дұрыстығына күмəн келтірмейді», деген нақты талап қойды. Судьялар, Елбасы айтқандай, əділ төрелікті жүзеге асыруды өздеріне міндет етуі керек. Бұл тұрғыдан алғанда кейбір

5

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

судьялардың қай жағдайда болмасын сот процесіне қатысқан екі жақтың бірі сот шешіміне риза болмайды, бұл сот жұмысының ерекшелігі делінетін қалыптасқан пікірімен келісуге болмайды деп санаймын. Сот шешімінің əділдігіне, судьяның адалдығына екі жақтың да көзін жеткізу керек, екі жақ та шешімді əділетті деп мойындауы керек. Сот төрелігінің мақсаты осы. Елбасы сөздерінің терең мағынасы да осы мақсатта жатыр. Қазақстан судьяларының VI съезінде Елбасы: «Бейтарап жəне əділетті сот кез келген мемлекеттің негізі», деген еді. Заң үстемдігін қамтамасыз ету реформасының негізгі көздеген мақсаты – сот жүйесінің тəуелсіздігін нығайту, сот төрелігінің тиімділігін арттыру, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сəйкес келетін сот жүйесін құру. – Осы реформаның ішінде əділсот төрелігі инвесторлар мен бизнес үшін қолжетімді болмағы айтылды. Бұл мəселеге байланысты пікіріңіз қандай? – Меншік құқығына кепілдік беретін кəсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде, экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсаты бес институттық реформада көзделген. Қазақстан елдің инвестициялық ахуалын жақсарту жолында үлкен табыстарға жеткені белгілі, алайда, бұл мəселеде де шешілмеген тұстар бар. Соның бірі сот органдары жұмысының тиімділігіне, соның ішінде судья лардың істерді қараудағы əділеттілігі мен біліктілігіне келтірілген күмəн. Сондықтан да Елбасы бұл мəселеге айрықша назар аударып, инвесторлар мен бизнестің əділсотқа қолжетімділігін қамтамасыз ету міндетін алға қойып отыр. «Инвестициялық таластар шетелдік жəне халықаралық соттардың ең озық стандарттарына сəйкес қаралуы керек. Халықаралық тəжірибенің озық үлгілеріне сəйкес құрылған инвестициялық əділсот пен халықаралық төрелік елдегі бизнес ахуалды əлемдегі ең тартымдыларының бірінің қатарына жеткізуі қажет», деді Президент. Мемлекет басшысының осы талабын жəне «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау үшін Жоғарғы Сот бірінші инстанциядағы ірі инвесторлардың қатысуымен болған істерді қарау үшін арнаулы мамандандырылған алқа құруды қолға алып отыр. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жанынан инвестиция лық таластарды қарастыратын қазақстандық судьяларға консультация беру үшін беделді судьялар мен заңгерлерден тұратын Ха лық аралық кеңес құрылады. Бұл кеңестің қорытындылары ұсынымдық сипатқа ие болады. Осы қатарда «Астана» халықаралық қаржы орталығы» мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты туралы» атты заң жобалары да жоғарыда аталған мақсаттардың орындалуын көздейтінін айта кету керек. – Елбасы Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде айтқан сөзінде сот жүйесінің ең осал буыны – судьяларды іріктеу болып отыр деген еді. Судьяларды іріктеу бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? – Судьялық қызметке жүзден артық үміткердің арасынан біреуі ғана таңдап алынады. Бұл міндетті мойнына алған адамдар

өзінің өмірінде, жүріс-тұрысында шектеу бар екенін сезінуі жəне оны қабылдауға дайын болуы керек. Мемлекет басшысы сот жүйесінің қалыптасуына, дамуына, судьялардың материалдық жəне əлеуметтік қамсыздандырылуын жоғары деңгейге көтеру мəселелеріне үнемі көңіл бөліп отырады. Тəуелсіздік жылдары судьялардың алты съезі өтті. Барлық съездерге де Елбасы өзі қатысып, соттар жұмысына баға беріп, судьялардың материалдық-əлеуметтік жағдайын жақсарту іс-шаралары туралы айтып, жұмыстарының бағыттарын айқындап беріп отырды. Судьялардың барлық съездерінде де Елбасы судьяларды, жалпы сот жүйесін аса өткір сынға алған жоқ, бұл оның қоғамға, мемлекеттік органдарға, ел азаматтарына сотты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру мақсатын көздегендіктен болар деп ойлаймын. Алайда, судьялар корпусының заманауи талаптарға сəйкес еместігін, сот жүйесі бұрынғы жылдардан келе жатқан кемшіліктерден арылмағанын Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде айтуға мəжбүр болды. Жалпысында, судьялар, Елбасы айтқандай, əділ төрелікті жүзеге асыруды өздерінің алдына міндет етіп қоюы керек. Сонымен қатар, əрбір судья өзінің адам тағдырын таразыға тартатын жоғары элитаға енгенін бағалай білуі керек. 2007 жылдан бастап, Кон ституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің нəтижесінде судьяларды іріктеу жұмысы түгелімен Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне берілді. Жоғары Сот Кеңесінің өзі де консультативтік-кеңесші органнан заңды тұлға құрамайтын мекеме болып өзгерді. Мен өзім Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметін төрт жыл атқардым. Елбасының судья болу үшін 25 жас аз шығар деп айтқан сөзін басшылыққа алып, мəселен, 2010 жылы бос судьялық лауазымға өткізілген конкурстың нəтижесінде 540 үміткердің арасынан 75 адам іріктеп алынып, судьялық лауазымға тағайындауға ұсыным берілді. Конкурстан өткен үміткерлердің орта жасы 34 болды. Ал енді Конституцияның 79-бабында көрсетілген судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптардың ішінде 25 жасқа толу шарты тек сол жастан конкурстарға қатысуға мүмкіндігі туындайтынын көрсетеді. Ол судья болудың кепілдігі емес, жоғары заңгерлік білімі болуы керек сияқты үміткерге қойылатын талаптардың бірі ғана. Өз тəжірибеме сүйене отырып айтатын болсам, аудандық соттарда судья болуға 30-40 жастағы, облыстық соттарда судья болуға 35-45 жастағы, ал Жоғарғы Сотқа 45-55 жас арасындағы адамдар ғана лайықты деп санаймын. Өйткені, осы жастардағы адамның өмірлік тəжірибесі алдына тартылған аса жауапты міндеттерді ат қаруға толық мүмкіндік береді. Қазіргі кезде қоғамда судьялық лауазымға алғаш рет өту үшін кандидат 30 жасқа толу керек деген пікір қалыптасты. 30 жастан асқан адам өмірлік тəжірибе жинақтаған, қызметте айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өзін көрсете білген, шешімдер қабылдағанда, қарым-қатынастарда жастыққа тəн асығыстықтан, қызуқандылықтан тыйылған, өзін өзі ұстай біледі. Судьялыққа кандидаттардың отбасылы, балалы болғаны, сонымен қатар, тұрғын үй, жеке көлік мəселелері сияқты əлеуметтік мəселелерін шешіп алғаны да өте маңызды. Парламент қабылдаған Азаматтық процессуалдық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы азаматтардың əділсот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдетуді көздеп, сот жүйесі инстанцияларын оң тайландыруды қарастырады, яғни бұрынғы бес баспалдақты жүйеден (алғашқы, аппеляциялық, кассациялық, қадағалау жəне екінші рет қадағалау) енді үш дең гейлі (алғашқы, аппеляциялық, кассациялық) жүйеге ауыстырылып отыр. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Денсаулыќ саласыныѕ деѕгейі кґтерілмек «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытудың негізі болады. Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін жаңа кезеңде дамыту» атты брифингте Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мəлімдеді. Сөз басында ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы биыл ғы жылы жүзеге асырылуы аяқталатын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қисынды жалғасы екенін атап айтты. «Қазіргі таңда көптеген əлем елдерінің, соның ішінде Қазақ станның денсаулық сақтау жүйесінде жұқпалы аурулардың ұлғаюы, жаңа технологияларды енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстардың артуы, жасы ұлғайған халық санының өсімі сынды бірқатар жаһандық қауіп-қатерлер тұр. Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге

асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің əлеуеті нығайтылды, нарықтық механизмдердің элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялардың трансферті жасалды. Аталған бағдарлама қол жеткізген нəтижелерді бекітуге жəне дамытуға, денсаулықты қорғау мəселелерін жаңа қауіпқатерлерге сай шешуге, сонымен қатар, саланың 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамуына негіз болады», деді Тамара Дүйсенова. Сондай-ақ, брифинг барысында министр азаматтарды дəрі мен қамтамасыз ету мəселесіне де тоқталды. Ол ағымдағы жылдың 30 наурызында Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша меморандум жасасқанын еске салды. Меморандумға қол қоюдағы мақсат халықтың əлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дəрілік заттар мен медициналық мақсаттағы

бұйымдардың отандық жəне халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар жəне бөлшек сауданың өкілдері 2015 жылғы 1 наурыз деңгейіндегі бағаларды бекітіп, жиі қолданылатын дəрілік заттар мен медициналық мақ саттағы бұйымдардың 200 атауына бағаны ұстап тұру туралы əлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алды. Атап айтқанда, оның қатарында қабынуға қарсы, ауырсынуды жəне дене қызуын басатын препараттар,

антибиотиктердің кейбір түрлері, сондай-ақ, шприцтер жəне дəкелер, тағы басқалар бар. Министр қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ДСƏДМ Медициналық жəне фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мамандарының еліміздің фармацевтикалық қауымдастықтарымен келесі жылға аталған меморандум тəріздес келісімге қол қою туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын да хабарлады.

 Руханият

Орны бґлек ґнер ордасы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бибігүл НҮСІПЖАНОВАМЕН əңгіме.

– Бибігүл Нұрғалиқызы, Қазақстандағы ең шоқтығы биік, мəртебесі өзгеше өнербілім ордасының əр күні шұғыл да қызықты мəдени жаңалықтарға толып жататын шығар... Мəселен, академияның күн парағында дəл бүгін не деп жазылды? – Оныңыз рас... Міне, қазір ғана Қарағандыдан жағымды жаңалық келіп жетті. Біздің студентіміз «Жұлдыз» байқауының Гранприін жеңіп алыпты. Негізі, өзіңіз байқағандай, жылдың төрт мезгілінде өтіп жататын өнер байқаулары мен фестивальдері біздің жаттығу алаңдарымыз іспетті. – Бұл – əскери тілмен айтқанда, оқу-жаттығу алаң дарындағы қол жеткен табыстарыңыз дейік. Ал таза оқу-білім беру саласындағы атқарылып жатқан, алда атқарылатын жоба-жоспарларыңыз хақында не дер едіңіз? – Заман талабына сай алдағы 2017 жылдан бастап еліміздегі бүкіл оқу орындары халықаралық аккредиттеуден өтуі тиіс. Сондықтан біздің ұжымымыз сол шепті бағындыру бағытында бірқатар дайындықтар жасап, алдымен ұлттық аумақтағы, жергілікті сынақтан өту үстінде. Ұстаздарымыз оған тас-түйін дайын. Таяу күндері əлгі халықаралық сынның сарапшыларымен алғашқы жүздесуімізді бастаймыз. – Істеріңіздің оң болуына тілектеспіз. Енді сəл шегініс жасауға рұқсат етіңіз: ертеректе, Одақ кезінде дейікші, қазақ қоғамының, оның ішінде қазақтардың салыстырмалы түрде айтқанда екі «бас ауруы» болды. Оның біріншісі – футбол да, екіншісі кино еді. Бауырлас өзге халықтармен салыстырғанда, біздің киноларымыз діттеген биігіне шыға алмай, футболымыз да төменде қалып ақсап жатар еді. – Ол ойыңызға қосыламын. Дегенмен, тəуелсіздік алған жылдардан бері қазақ киносы да, сіз ерекше мəн беріп айтып отырған футболда да іргелі өзгерістер болып жатқаны ақиқат. Кəсіби футболдағы ел үлесінің қай дəрежеде екенін нақтылап айта алмаймын, бірақ, академия спортшыларының, оның ішінде футбол саласынан өткізген турнирлері көңіл көншітеді. Сарапшыларымыз солай дейді. Жалпы, өнер мен спорт егіз ұғым ғой. – Менің айтпағым, қазақ киносының мамандарын даярлайтын бірден-бір сіз басқарып отырған ұстахана қазақ киносына қандай үлес қосып келеді? – Актер, режиссер, киносценарийші, кинодраматург секілді өзге де кəсіби мамандар

біздің қарашаңырақта дайындалады. Таяу арада əрқайсысы 1 миллион теңгелік екі бас сыйлығы бар «Бастау» деп аталатын кинофестиваль өткіздік. Жюри мүшелігіне Ресейден кеңесорыс киносының шебері Виктор Мережконы да шақырдық. Өнер сайысы өте бəсекелі тартыста өтті. Жеңімпаздар марапатталып, кинотүсіруші жүлдегер топ бұрынғы Бүкілодақтық, қазіргі Бүкілресейлік мемлекеттік кино институтына (ВГИК) тəжірибе алмасуға аттанды. Бұл ізін суытпай жалғасын тауып жатқан көп шаруаның бірі ғана. –Қазір өнерлі елдің ұрпағының бар арманы Голливуд емес пе? – Иə, иə... Біздің Нью-Йорктегі кино мектебімен өзара қол қойған келісімшарттарымыз бар. Онда магистранттарымыз, докторанттарымыз оқу орнының білім жүйесінің жобасы бойынша барады. – Студенттер ше? – Студенттерді жіберуге де мүмкіндігіміз бар. Бірақ, оған арнайы мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінуі тиіс. Өйткені, біздің ақшамыз студенттің жолы мен жатын орнын ғана жабады. Қымбат. Оқудың қаражатын балалардың өздері төлеуі тиіс. Сондықтан оның жолын табу – болашақтың ісі. – Халықаралық дəрежеде дəріс алу жоғарыда аталған екі мемлекетпен шектелмес деп ойлаймын. – Рас айтасыз, Түркияның Ыстамбұл қаласындағы ең атақты Мимар Синан университетімен біраз жылдан бері тығыз байланыс жасасып келеміз. Алдағы жаз да студенттерімізді сонда пленарлық оқу-жаттығудан өтуге жібермекпіз. Қазір балаларды іріктеу үстіндеміз. Өйткені, ол жақтың талаптары бойынша тек қыз балаларға ғана жатақхана беріледі, ал ұлдар пəтер жалдауы тиіс. – Қазақ хандығының 550 жыл дығына орай киносериал түсіріліп жатқанынан хабардармыз. Бұл киноэпопеяға сіздің академияның араласы бар ма? – Сериалдың сценарийін жазушы Смағұл Елубаев жазды. Ол – біздің академияның ұстазы, профессорымыз. Ондағы операторлар мен актерлерге дейін біздің академияның жаңа буын өкілдері екенін мақтаныш санаймыз. – Атақты жерлесіміз, Голливудтың марқасқасы Тимур Бекмəмбетовпен бай ланыстарыңыз қалай? – Дəл қазір ол кісімен ешқандай байланыс жоқ. Болашақ жоспарымызда бар. Шақырсақ келеді ғой... Фильмдеріне үзінді болса да əркез қазақтарды қосып жүр емес пе? Айтпақшы, бүгін

ғана екі оқытушымызды Оңтүстік Кореяға шығарып салдық. Олар Сеулдің өнер институтында шеберлік сабақтарынан дəріс өткізеді. Дмитрий Сушков пен Гүлнар Саитова, екеуі де тəжірибелі хореографтар. Осы орайда барлығы 50-ден астам шетелдік кино-мектептермен байланысымыздың барын, олармен өзара келісімшарттарға отырғанымыз туралы да айта кетейін. Сол Кореяның кино түсіретін құрал-жабдықтары туралы өзіңіз де білесіз... бір керемет дүниелер ғой! Таяу арада солай қарай бір топ студентті жібереміз. – Ал өз еліміздегі кино мэтрлеріміз Асанəлі Əшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді ағаларымыз туралы... – Иə, иə... олар біздің академияның педагогтары. Əрқайсысының өзіндік қол таңбасы, академияда арнаулы шеберханалары бар. Бұл арада Оразхан Кенебаев, Мұрат Ахманов, Еркін Жуасбек, тағы басқа өнер ұстаздары туралы да айтар едім. Астанадағы Нұрқанат Жақыпбайдың «Жастар» театры бізбен бірлесіп, дуалды жүйемен жұмыс істейді. Биыл сол курсты 17 бала бітіреді, оның 14-і аталған театрға қызметке қабылданады. – Жалпы, еліміздегі жалғыз өнер академиясына оқуға түсуге үміт білдіргендер өте көп болары даусыз шығар. – Оныңыз рас, əнші немесе актер болам деге ұландарымыз өтемөте көп. Эстрадалық-вокальға ынта білдірушілердің санында, тіпті, шек жоқ. Дегенмен, біз өз саламыздағы сабақтастықты бұзбай жандандыру мақсатымен ең алдымен өнер колледждерін тəмамдаған жастарымызға жеңілдіктер береміз. Атап айтқанда, Таңсықбаев, Қастеев, Селезнев атындағы колледждерді бітіріп, маманданып келген талапкерлерді қабылдаймыз. Біздің оқу орнының өзге білім ордаларына қарағандағы ерекшелігі де сонда. – Академияның бүгінгі ең көкейтесті проблемасы дегенде, қандай ой қозғар едіңіз? – О-о... проблема дегенде, біздің ең бір жанымызды ауыртып жүрген жайтты айтпасам болмас. Қандай білім ордасы салынғанда да, оның алғашқы жобасынан бастап, мəселен, оқу орнының асханасы, жиналыс өткізетін

орны, спорт залы, кітапханасы болуы керектігі ескеріледі. Біздің отырған үлкен үйіміз тарихи ғимарат бол ғандықтан, əлгі айтқан кейбір қосалқы нысандар жетіспейді. Біз жалпы 14 мамандық бойынша дəріс береміз, оны жіліктегенде, 50 кəсіби мамандықтың кескінсұлбасы шығады. Биылдан бастап актерлік мамандыққа орыс тобы мен неміс тобын сұраныс бойынша алып отырмыз. Келесі жылы корей тілінде алғашқы студенттер қабылданады. Ал алғашқы ұйғыр тобы оқуын биыл кезекті оқу жылында тəмамдайды. Мəселен, сіз бен біз əлгінде атап өткен киноға келейікші, осы саланың да елеулі мамандықтары бойынша дəріс беруге қолайлы арнаулы ғимараттар жоқтың қасы. Арнайы павильон, түсіру алаңдары дегенім ғой... Айта берсе, жыр көп. – Біздің ақпарат көздерінен білетініміз сіз – Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжановтың қызысыз. Өнерлі отбасында туғансыз. Өзіңіздің академияға дейінгі жүріп өткен қызмет жолдарыңыз туралы айтып беріңізші? Сіз кімсіз? – Менің негізгі мамандығым – пианиношы. Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебін, өзіміздің консерваторияны бітірдім – музыкалық-педагогикалық саланың маманымын. Сол тұстағы Абай атындағы педагогикалық институттың музыка бөлімінде, 2000 жылдан осы біздің академияда дəріс оқыдым. Музыкалық оқу орындарын басқарған тəжірибем бар. Былтырдан бері осында басшылықтамын. – Соңғы сауал: алдағы күндерге қатысты жоспарларыңыз туралы білуге бола ма? Қысқаша тоқталып өтіңізші. – Алдымызда театр мен өнер майталманы Асқар Тоқпанов ағамыздың 100 жылдық мерейтойы келіп қалды. Сол күнге орай ғылыми-тəжірибелік конференция өткізуге дайындалудамыз. М.Əуезов атындағы академиялық драма театрында өнер шеберінің шығармашылық кешін өткізу ойымызда. Қазақ өнерінің қаймақтары мен ақсақалдары аса танымал сол азаматтың даталы күнін атап өтуге бір кісідей жұмылу үстінде. Қоладан құйылған мүсінін акедемия есігінің алдына қоямыз. Ендігі жылы үлкен өнердегі арыс ағаларымыз Кəукен Кенжетаев пен Ораз Əбішевтің туғандарына 100 жыл толады. Олардың да өткен ғұмыр жолдарының ізін басып келе жатқан бүгінгі жас ұрпаққа беретін ұлағаты көп деп ойлаймын. Жалпы, жоспарлар мен жобалар көп. Оларды сол өзінің уақыты келгенде көрсеткеніміз оңды болатын шығар. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

АСЌЫНЄАН ДЕРТКЕ ЕМ ТАБУ ЌИЫН Гректер миграциялыќ проблеманы Тїркияныѕ кґмегімен шешпек Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас өткен сəрсенбі күні миграциялық проблемалар жəне екіжақты қарым-қатынастар бойынша Түркия басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздердің басты тақырыбы – Түркия аумағынан грек аралдарына жүз мыңдап келіп, одан əрі Еуропаның өзге елдеріне барып жатқан босқындар мен мигранттар проблемасын шешу. Миграция жөніндегі халықаралық ұйым ның мəліметтері бойынша, жыл басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы 832 мың мигрант пен босқын келген. Олардың басым дені, яғни 685 мыңы Грекияға келіп отыр. Қазан айының соңында Еуропаға қарай тағы да 300 мың адам бара жатыр деген хабар тараған болатын. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, босқындар ағыны толастар емес. Түркиямен ынтымақтастық босқындар ағынын азайтудың бірден-бір тəсілі, деп мəлімдеген болатын Ципрас Валеттеде өткен Еуроодақ басшыларының саммитінде. Ципрастың пікірінше, Түркия босқындар келетін жолдағы алғашқы пункт болып

табылады, сондықтан, бірде-бір елдің қолынан келмей отырған осынау тасқынды тоқтатудың жалғыз жолы, ол – Түркиямен өзара түсіністік орнату. Грекия премьері босқындарды өз елінен емес, Түркияда тіркеп, орналастыру үшін ол елге қаржылай көмек көрсетуді ұсынды. Ципрастың айтуынша, ол мыңдаған босқындардың өмірлерін аман алып қалуға да көмектеспек. Өйткені, биылдың өзінде ғана 3,4 мыңнан астам босқын суға кеткен болатын. Грекияның миграциялық саясат жөніндегі министрі Яннис Музалас мигранттарды Түркиядан тасымалдау мүлде кедергісіз жүзеге асуда, оларды тоқтату үшін билік ешқандай шара қолданып жатқан жоқ деп есептейді. Өзінің бұл сапарын Ципрас сейсенбі күні Германия канцлері Ангела Меркельмен талқылаған болатын. Меркель Анталияда өткен «Үлкен жиырмалық» саммиті

шеңберінде Түркия басшылығымен осы мəселе туралы əңгімелескенін жеткізген. Айта кету керек, Меркель Эгей теңізін грек тің жəне түріктің жағалау күзеті қыз меттерінің бірлесіп патрульдеуінің бастамашыларының бірі болып табылады. Бірақ, Афина бұл идеяны теріске шығарған

Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы елдің өзі үшін де, сол сияқты, Еуроодақ үшін де теріс ықпал етпек жəне ол көптеген бұрынғы шешімдерді қайта қарауды талап етеді, деп мəлімдеді Біріккен корольдіктің сыртқы істер министрі Филип Хаммонд.

болатын. Оны Грекияның сыртқы істер министрі Никос Котзиас көптеген грек аралдарының Түркиядан өте шал ғайда жатқанымен жəне Грекия мен Түркия арасында бірлесіп патруль жасайтындай халықаралық сулардың жоқ екенімен түсіндірген.

Ұлыбританияның Еуропалық одаққа мүшелігі туралы референдум 2017 жылдың соңына дейін өтуі тиіс. Ірі елдің, Еуроодақтағы екінші экономиканың одақтан шығуы Еуро палық одақ пен оның болашағы үшін айтарлықтай зардаптар əкелер еді, деді Хаммонд Брюссельде өткен Еуроодақ комитетінің осы мəселені қарауға арналған отырысында. Министр одақтан шығудың Ұлы британияның өзі үшін де айтарлықтай жайсыз ықпалының болатынын келтіріп, экономиканы қалай дамыту, бри тан дық тардың тұрмыс-деңгейін қалай қамтамасыз ету жəне ұлттық қауіпсіздікті қалай қорғау жөніндегі ондаған жылдар бойғы ой-пайым дардың бəрін жоққа шығарады, деп атап көрсеткен. Мұның өзі көптеген мəселелерді түбірінен қайта қарауды талап етер еді, ал олардың қысқа мерзімді болашақта Ұлыбританияның өзіне де теріс ықпал ететініне менің сенімім мол, деген ол. Хаммонд сонымен бірге, Ұлыбританияның Еуроодақты реформалауға қол жеткізу

жолында, елдердің бəрі бірдей онымен оп-оңай келісе қоймайтындықтан, бірқатар проблемалармен бетпе-бет келуі мүмкін екенін де атап өт кен. Тіпті, олардың кейбіреулерінің Лондонның ұсынысын қабылдау үшін референдум өткізуді талап етуі де əбден мүмкін. Өткен аптада Ұлыбритания пре мьер-министрі Дэвид Кэмерон өз елінің Еуроодақтағы болашағы туралы бағ дар ламалық сипатта сөз сөйлеп, онда ұйымды реформалау, атап айтқанда, мүше елдердің ұлттық парламенттерінің өкілеттіктерін кеңейту жөнінде бірқатар талаптарды көлденең тартты. Лондон Еуроодақ ішіндегі көші-қонға бақылау орнатуды талап етуде. Сол сияқты, Британия мигранттардың түрлі елдерден жəрдемақылар алуына жəне əлеуметтік жəрдемақылар мөлшерін азайтуға жол бергісі келмейді. Сонымен бірге, Ұлыбритания Еуроодақтың заң жобаларына тосқауыл қою, Брюс сельдің ЕО-ға мүше елдердің бизнесіне араласуын шектеу мəселелерінде ұлттық үкіметтердің құзыреттерін ұлғайтуды талап етіп отыр.

Бўрмалауєа барєан банктер айыппўл тґлейді

Экстремистермен Ќытай да кїресіп жатыр «Рейтер» ақпарат агенттігі Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында полиция радикалды экстремистік топтардың 28 терроршысының көзін жойғанын хабарлады. Операцияға полиция мен арнайы қызмет жеке құрамының 10 мыңға жуық адамы жұмылдырылған. Экстремистердің «56 күн үздіксіз жүргізілген ұрыстан кейін» көзі жойылған. Банды топтары 18 қыркүйекте таудағы көмір шахтасының біріне шабуыл жасаған. Сол шабуылдан арасында полицейлер бар 16 адам мерт болып, 18 адам жараланыпты. Кейбір деректер бойынша, қаза тапқандардың саны 50 адамға жуықтайтын сияқты. Шабуылдан соң экстремист-содырлар тау-тасқа бой тасаламақ болған. Олардың біреуі полицейлерге өз еркімен берілген екен. Ақпарат агенттігі, сондай-ақ, 2008 жылы осы экстремистік топтар мүшелері алты рет Қытайдан сырт жерлердегі экстремистік ұйымдардан «тактикалық жетекшілік туралы өтініш» білдіргенін келтіреді.

Кувейтте «Ислам мемлекетіне» қолдау көрсетті деген күдікпен тұтқындалған ливандық Усама Хаят қаруды Украинадан сатып алғанын жəне оларды Түркия арқылы Сириядағы содырларға жібергенін мойындады. Өткен бейсенбі күні «Ислам мемлекетін» қару-жарақпен қамтамасыз етумен айналысқаны үшін бірнеше елдің алты азаматы ұсталғаны жөнінде хабарланған еді. Кувейт ішкі істер министрлігінің мəліметтеріне қарағанда, дəл осы Усама Хаят экстремистер ұясының басшысы болып табылады. Сонымен қатар, ол «Ислам мемлекетіне» содырларды тартқанын жəне ақша жинап, оны «Ислам мемлекетіне» қатысы бар Түркиядағы банктік есепшотқа аударып отырғанын мойындаған. Бұған қоса, полиция тұтқындалған қалған бесеудің қандай рөл атқарғанын да анықтады. Үш сириялықтың бірі қару-жарақ саудасымен айналысыпты. Тағы бірі қаржы мен байланыс қызметіне, ал кувейттік азамат логистикалық қолдау көрсетуге жауапты болған екен.

Армениядан ґтемаќы талап етуі мїмкін Əзербайжан Армениядан Таулы Қарабақты жоғалтқаны үшін жəне 90-жылдардың екінші жартысында екі мемлекет арасында болған қарулы жанжалдың салдарына байланысты өтемақы ретінде ірі көлемде ақша талап етуі мүмкін. Əзербайжанға осы жанжалдардан келген шығын көлемін арнайы құрылған жұмыс тобы есептеген екен. Қазіргі кезде одан келген шығын сарапшылардың бағалауы бойынша, 818,88 миллиард долларды құрайды. Жұмыс тобы уақыт өткен сайын оның көлемі өсе түсетінін айтады. Əзербайжан билігі 2012 жылы қыркүйекте Таулы Қарабақты жоғалтудан жəне басқалардан келген шығынды 431,5 миллиард доллар деп бағалапты. Соңғы айларда Таулы Қарабаққа қатысты жағдай едəуір ширыға түсті. Шекарада оқ атылып, адам өлімі де болып тұрады.

Қысқа қайырып айтқанда:

● Түркияның қауіпсіздік органдары Полатлы қаласы аумағында жерге көмілген 100 килодай нитрометан тапты. Оны жарылғыш зат ретінде пайдануға болады екен. Полицияның хабарлауынша, нитрометан Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясына тиесілі сияқты. ● Қырым мұсылмандарының діни басқармасы Судак қаласының маңындағы «Яньы Маала» мешітінде садақадан түскен ақшаны жəшігімен бірге ұрлап кеткенін хабарлады. Онда мешітке келушілердің соңғы үш аптада берген садақалары жиналған. ● АҚШ-та алпыс жастағы Констанс Карпенито есімді зейнеткер лотереядан осымен екінші рет 1 миллион доллар ұтып алды. Ұтыс шыққан екі билетті де ол «Stop @ Shop» супермаркетінен сатып алыпты. ● Еурокомиссияның басшысы Жан-Клод Юнкер Ресей президенті Владимир Путинге хат жазу арқылы Еуроодақ пен Еуразия экономикалық одағы арасындағы сауда байланысын нығайтуды ұсынды.

Ядролыќ баєдарламасын шектей бастады БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (МАГАТЭ) Иран өзінің ядролық бағдарламасын əлемдік державалармен жасасқан келісім аясында шектей бастағанын хабарлады. МАГАТЭ бұл жөнінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған есебінде баяндалған. Иран мен алты мемлекет арасында биылғы жылдың шілде айында жасалған келісім 18 қазанда мақұлданған еді. МАГАТЭ-нің есебінде содан бері Иран уран байытуда қолданатын центрифугалар санын азайтқанын келтірілген. МАГАТЭ-нің есебінше, ресми Теһеран Натанз жəне Фордодағы уран байыту орталықтарында 4,5 мың центрифуганы істен шығарған. Бірақ, Иран өздеріндегі центрифугалар санын рұқсат етілген шекке, яғни 5 мыңға дейін түсіру үшін тағы 10 мың центрифуганы істен шығаруы тиіс. Ал МАГАТЭ-нің ұсынған есебімен таныс дипломаттардың сөзіне сілтеме жасаған «Ассошейтед пресс» ақпарат агенттігі істен шығарылған центрифугалардың барлығы қысқа мерзім ішінде қайтадан іске қосыла алатынын келтіреді.

Біртўтас майдан ќўруєа шаќырды Түрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған экстремизммен күресу үшін мұсылман елдерінің басшыларын біртұтас майдан құруға шақырды. Бұл ақпаратты түрік басылымдарының жарияланымдарына сүйене отырып «Газета.ру» агенттігі таратты. «Терроршылардың əрекетіне қарсымын жəне барлық мұсылман елдерінің лидерлерін терроршылармен күресу үшін біртұтас майдан құруға шақырамын», – деп атап өткен Түркия президенті. Сондай-ақ, Режеп Ердоған «барлық мұсылмандар терроршы» деген пікірлерді өткір сынға алған. Президенттің сөзіне қарағанда, «Ислам мемлекетін» ислам дінімен байланыстыратындар қателеседі. Түркия басшысы бұдан біраз уақыт бұрын гуманитарлық көмек көрсету жауапкершілігінен құтылу мақсатында Еуропадағы миграция дағдарысын терроризмнің жаһандық қаупімен байланыстыруға болмайтынын айтқан болатын.

Британдық Barclays банкі өзінің электронды сауда платформасы арқылы шетелдік валюта рыноктарында жүзеге асырған заңсыздықтарына қатысты тағылған айыптарды реттеу шеңберінде алдағы айда тағы да кем дегенде 100 млн. доллар айыппұл төлемек, деп жазады Financial Times. баға лауынша, банктердің соттасу шығындары 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бергі уақытта 219 млрд. долларға жеткен. Айыппұлдардың неғұрлым ірілері Американың несиелік ұйымдарына салынған. Мəселен, Bank of America шамамен 70 млрд. доллар төлеуге мəжбүр болған көрінеді. Қазан айында Barclays АҚШтың несиелік одақтар ұлттық басқармасына ипотекалық құнды қағаздарды сату барысында несиелік одақтарды алдамақ ниетте болды деген айыптарды реттеу шеңберінде 325 млн. доллар төлейтіні белгілі болды. Банкке қатысты басқа да заң бұзулар бойынша тергеулер жалғасуда. Олардың қатарында 2008 жылғы катарлық инвесторлардың есепшоттарымен заңсыз операциялар жасалды жəне бағалы металдар рыногында бұрмалауларға жол берілді деген сияқты айыптар бар.

Əлем жаѕалыќтары

Ќаруды Украинадан сатып алєанын мойындады

Британияныѕ Еуроодаќтан шыєуыныѕ зардабы зор болмаќшы

Мамыр айында Barclays НьюЙорктің банк реттеушісіне форекс спот-рыногындағы алыпсатарлығы үшін 485 млн. доллар төлеуге келіскен болатын. Ал қазір несие ұйымына Нью-Йорктің қаржы қызметі департаментіне электронды саудадағы заң бұрмалаушылықтары үшін бұрынғыдан гөрі азырақ төлеуге тура келуі мүмкін, деп хабарлайды Financial Times ахуалдан хабары бар дереккөздерге сілтеме жасай отырып. Оның өзі қазіргі заң бұзушылықтың мамыр айындағымен салыстырғанда азырақ болғанына байланысты болып отыр. Дегенмен, реттеушілер Barclaysтың бұрмалауларын елеулі заң бұзушылықтар ретінде қарастыруда. Жоғарыда аталған басылымның жазуына қарағанда, банк форекстің электронды саудаларында клиенттер мен контрагенттерге қатысты заңсыз түрде үстемдікке ие болуға тырысқан. Moody`s рейтинг агенттігінің

ШАРАЙНА

Солтїстік Дакотада мўнай ґндіру алєаш рет тґмендеді Америка Құрама Штаттарының шешуші тақтатас формацияларының бірі болып табылатын Баккен кен орнында мұнай өндіру соңғы 11 жыл ішінде жылдық есептеуде төмен нəтиже көрсетіп отыр.

«Блумберг» агенттігі сілтеме жасаған Сол түстік Дакотаның табиғи ресурстар департаментінің мəліметтері бойынша, 2015 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Дакотадағы Баккен геологиялық формациясынан мұнай өндіру көлемі тəулігіне 1,1 млн. баррельді

құраған. Бұл 2014 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1,1 пайызға төмен. Баккен кен орны үшін бұл 2011 жылдың тамыз айынан бергі кезеңдегі жылдық көріністегі көрсеткіштің алғашқы төмендеуі болып отыр.

Топтаманы дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Пхеньян келіссґздер ґткізуді ўсынды Солтүстік Корея көршісі Оңтүстік Кореяға келіссөздер өткізуді ұсынды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тараптардың келіссөздері 26 қараша күні екі елдің арасындағы шекарада өтеді деп күтілуде. Бұл Корея түбегіндегі қарбаластықты бəсеңдетуге байланысты үкіметтік деңгейде өтетін алғашқы кездесу болып табылады. Өйткені, осы жылдың тамыз айындағы қарулы қарсы тұрушылықтан кейін Пхеньян мен Сеул екіжақты қатынасты жақсарту жөнінде уағдаласқан еді. Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея 1950-1953 жылдардағы қарулы қақтығыстардан жақын уақытқа дейін формальды түрде соғыс жағдайында болып келді. Ресми Пхеньян 2010 жылдан бері АҚШ-пен бейбіт бітім жасау туралы келіссөздер жүргізуге ұмтылыс танытуда. Айта кетейік, 2013 жылдың наурызында КХДР билігі Оңтүстік Кореямен шабуыл жасамау туралы келісімді бұзған еді. Сондай-ақ, өздерінің бітімге келу туралы келісімнен шығатындарын мəлімдеген болатын. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


21 қараша 2015 жыл

7

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 2122, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат, № 15, 78-құжат): 830-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын: «4-3) салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органға – тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес;». 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар;№ 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4,21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат, № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат): 1) бүкіл мəтін бойынша «жалға беруге», «жалға беруді», «жалға беруден», «жалға беру», «жалға, өзге де негіздерде» деген сөздер тиісінше «мүліктік жалдауға (жалға беруге)», «мүліктік жалдауды (жалға беруді)», «мүліктік жалдаудан (жалға беруден)», «мүліктік жалдау (жалға беру)», «мүліктік жалдауға (жалға беруге), өзге де негіздерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 24-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «24-1-бап. Уəкілетті органның əскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы»; 67-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»; мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «67-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері»; 154-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері»; 154-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 154-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері»; 156-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер»; мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 1566, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 жəне 156-12-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру 156-2-бап. Салық шегерімдері 156-3-бап. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі 156-4-бап. Стандартты шегерім 156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру 156-6-бап. Көп балалы отбасы үшін салық шегерімі 156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі 156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі 156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі 156-10-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі 156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі 156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру»; 157 жəне 159-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 18-тарау мынадай мазмұндағы 159-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету»; 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер»; 160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «160-бап. Жалпы ережелер»; мынадай мазмұндағы 160-1, 162-1 жəне 165-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «160-1-бап. Салық кезеңі жəне есепті кезең»; «162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама беру тəртібі»; «165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тəртібі»; 166-баптың тақырыбы алып тасталсын; 170 жəне 172-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс»; «172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс»; 4-параграф мынадай мазмұндағы 172-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «172-1-бап. Салық сомасын есептеу»; 173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап. Стипендиялар түріндегі кіріс»; 20-тараудың жəне 177-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «20-тарау. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер 177-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер»; мынадай мазмұндағы 177-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «177-1-бап. Салық кезеңі»; 178-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «178-бап. Жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу»; 1-параграф мынадай мазмұндағы 180-4-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесін басқаға беруден түсетін кіріс»; 20-тараудың 2-параграфының жəне 181, 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс 181-бап. Жалпы ережелер 182-бап. Жекеше нотариустың кірісі»; мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 жəне 182-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі 182-2-бап. Адвокаттың кірісі 182-3-бап. Кəсіби медиатордың кірісі»; 20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тəртібі»; 21-тараудың жəне 185, 186 жəне 187-баптардың тақырыптары алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 21-1-тараудың, 1-параграфтың, 187-1, 187-2, 187-3-баптардың, 2-параграфтың, 187-4, 187-5-баптардың, 3-параграфтың, 187-6, 187-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары 1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация 187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация 187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері 187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері 2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация 187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация 187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері 3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация 187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация 187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері»; 200-1 жəне 205-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері»; «205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну»; 25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну»; 221-1-баптың тақырыбы алып тасталсын; 363-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «363-бап. Салық кезеңі жəне есепті кезең»; 416 жəне 417-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 17-бөлімнің, 60-тараудың жəне 419, 420, 421, 422, 423, 424, 425-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 583-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «583-бап. Уəкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың жəне уəкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»; 83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфтың жəне 6061, 606-2, 606-3, 606-4, 606-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару 606-1-бап. Жалпы ережелер 606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру 606-3-бап. Салық агенттерінің мəліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тəртібі 606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тəртібі 606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару тəртібі»; 643-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау»; 89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама əдіспен айқындау»; 3) 12-баптың 1-тармағында: 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «17) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде: жеке тұлға кəсіпкерлік қызмет мақсаттарында пайдаланбайтын; мүліктік жəне басқа да кірістерден жеке табыс салығын салу объектісі болып табылмайтын материалдық нысандағы заттары;»; 43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «43-1) уəкілетті адам – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 81-тарауына сəйкес жеке тұлғалар бойынша өзінде бар мəліметтерді уəкілетті органға ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;»; 4) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын: «8-2) осы Кодексте белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын, есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін, жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізуді, айыппұлды қайтаруды талап етуге;»; 5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) осы Кодекстің 83-тарауында көзделген жағдайларда салық органының талап етуі бойынша мынадай құжаттардың: медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге арналған шарттардың; медициналық қызметтер көрсетуге, білім беру қызметтерін көрсетуге ақы төлеу үшін, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының; медициналық қызметтер көрсетуді, білім беру қызметтерін көрсетуді алғанын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтегенін растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Егер осы тармақшада көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен нотариат куəландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген қызметтерді көрсетуге ақы төлеу бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізілген кезде пайдасына мынадай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның атауы мен сəйкестендіру нөмірі болуы шартымен мынадай құжаттардың бірі: төлемдер жəне ақша аударымдары банк шотын пайдалана отырып не банк шотын пайдаланбай жүзеге асырылған кезде жасалатын төлем құжаты; төлемдер жəне ақша аударымдары төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылған кезде жасалатын чек (бұдан əрі – чек); банк шоты бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан əрі – үзінді көшірме) осындай қызметтерді көрсетуге ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстарды растау құжаты болып табылады. Аталған қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған жəне оларға ақы төленген жағдайда чектерде жəне үзінді көшірмелерде пайдасына осындай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның сəйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді;»; 6) 15-баптың 2-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) əрбір жеке тұлға бойынша төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын есептеу жəне ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер жəне əлеуметтік салықты, əлеуметтік аударымдарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелердің есебін жүргізуге;»; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген нысан бойынша жəне тəртіппен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы тегін беруге;»; 7) 17-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Салық төлеушінің (салық агентінің) уəкілетті өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуына байланысты жасаған əрекеттері (əрекетсіздігі) өзі аталған өкілге осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде берген өкілеттіктері шеңберінде салық төлеушінің (салық агентінің) əрекеттері (əрекетсіздігі) деп танылады.»; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Жеке тұлғаның заңды өкілінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға осы жеке тұлғаның қатысуына байланысты жасаған əрекеттері (əрекетсіздігі) жеке тұлғаның заңды өкілінің əрекеттері (əрекетсіздігі) деп танылады.»; 8) 19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) жəне 6-1) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізу мақсатында жеке тұлғадан осы Кодекстің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынуды талап етуге;»; «6-1) осы Кодекске сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, аталған декларацияда көрсетілген мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер де мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мəліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;»; 9) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) жəне 261) тармақшалармен толықтырылсын: «9-1) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізуге;»; «26-1) мыналарды: активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны; кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жеке тұлғалардың жеке сəйкестендіру нөмірі туралы ақпаратты уəкілетті органның сайтында орналастыруға;»; 10) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Уəкілетті мемлекеттік органдар тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мəліметтерді уəкілетті органға осы Кодекстің 81-тарауында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынуға міндетті.»; 11) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын: «24-1-бап. Уəкілетті органның əскери басқару органдарымен өзара іс қимыл жасауы 1. Жергілікті əскери басқару органдары мерзімді əскери қызметке шақырылған жəне мерзімді əскери қызметтен босатылған жеке тұлғалар туралы мəліметтерді уəкілетті органға мынадай мерзімдерде: 1) жеке тұлғалар сəуірде-маусымда: мерзімді əскери қызметке шақырылған; мерзімді əскери қызметтен босатылған жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей; 2) жеке тұлғалар қазанда-желтоқсанда: мерзімді əскери қызметке шақырылған; мерзімді əскери қызметтен босатылған жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жергілікті əскери басқару органдарының тізбесін уəкілетті органға мынадай мерзімдерде: 1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей; 2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.»; 12) 31-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Он сегіз жасқа (кəмелетке) толмаған адамның жəне (немесе) əрекетке қабілетсіз немесе əрекет қабілеті шектеулі адамның салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңды өкілі орындайды.»; 13) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлік басқаруға беруі кезінде осындай декларацияны толтыру жəне ұсыну жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.»; 14) 55-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы алып тасталсын; 15) 56-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер осы баптың 2-1 жəне 2-2-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тəртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кəсіби медиаторлар салықтық есепке алуды уəкілетті орган бекіткен қағидаларға сəйкес ұйымдастырады жəне жүргізеді.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кəсіби медиаторлар жеке практикамен айналысудан түсетін кірістер мен жүргізілген шығыстарды есепке алу саясаты туралы ережелерді қоса отырып, дербес əзірлеген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»; 6-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1-1) осы баптың 2-1-тармағында аталған дара кəсіпкерлер, сондай-ақ осы баптың 2-2-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттарын;»; 16) 63-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салық есептілігі – осы Кодексте белгіленген тəртіпке сəйкес ұсынылатын, салық төлеуші, салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын, əлеуметтік аударымдарды, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне (немесе) жарналарды есептеу туралы мəліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.»; 3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Салық есептілігі (активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, импортталған тауарлар жөніндегі жанама салықтар бойынша декларацияны, тауарларды əкелу жəне жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда) мынадай түрлерге бөлінеді:»; 17) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын: «67-бап. Салық агенттері ұсынатын жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері 1. Уəкілетті орган жеке табыс салығы мен əлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді: 1) мыналар: салық агенттері; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер; Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдарды төлеушілер; «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша); 2) мыналар: салық агенттері; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер; Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдарды төлеушілер;

«Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша). 2. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша): 1) мыналар: жеке табыс салығы; міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары; əлеуметтік салық; əлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын жəне аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 2) мыналардың: жеке табыс салығының; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік салықтың; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 3. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары: 1) кірістер алушы болып табылатын əрбір жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы бойынша мынадай мəліметтерді: жеке тұлға туралы сəйкестендіру деректерін; төлем көзінен салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын; салық салудан босатылатын кірістер сомасын; қолданылған салық шегерімдерінің сомасын; салық салынатын кірістер сомасын; есептелген жеке табыс салығының сомасын; төленген кірістер сомасын; төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын; жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын; аударылған жеке табыс салығының сомасын көрсете отырып, жеке табыс салығы сомаларын есептеу, ұстау жəне аудару; 2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша: жеке табыс салығының; əлеуметтік салықтың; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы; 3) салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған əрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша əлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. 4. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша): 1) мыналар: жеке табыс салығы; міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары; əлеуметтік салық; əлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын жəне аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 2) мыналардың: жеке табыс салығының; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік салықтың; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 5. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары: 1) кіріс алушылар болып табылатын əрбір жеке тұлға – шетелдік жəне азаматтығы жоқ адам бойынша мынадай мəліметтерді: жеке тұлға туралы сəйкестендіру деректерін; төлем көзінен, оның ішінде халықаралық шарттарға сəйкес салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын; салық салудан, оның ішінде халықаралық шарттарға сəйкес босатылатын кірістер сомасын; қолданылған салық шегерімдерінің сомасын; төлем көзінен салық салынатын кірістер сомасын; салық мөлшерлемелерін; есептелген жеке табыс салығының сомасын; төленген кірістер сомасын; төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын; жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын; аударылған жеке табыс салығының сомасын; халықаралық шарттардың қолданылуын; Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, резиденттер жəне бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау жəне аудару туралы жəне жеке табыс салығын жəне əлеуметтік салықты, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептеу; 2) құрылымдық бөлімшелер бойынша: жеке табыс салығының; əлеуметтік салықтың; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.»; 18) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын: «67-1-бап. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы, кірістері мен мүлкі туралы салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері 1. Уəкілетті орган жеке тұлғалар декларацияларының мынадай нысандарын осы декларацияларға қосымшалармен қоса бекітеді: 1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация (бұдан əрі – активтер мен міндеттемелер туралы декларация); 2) жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан əрі – кірістер мен мүлік туралы декларация): қосымшаларымен; қосымшаларсыз оңайлатылған нысан бойынша (бұдан əрі кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация); 3) жеке табыс салығы бойынша декларация. 2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы

Кодекстің 187-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасында жəне одан тыс жерлерде: 1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің; 2) тұрғын үй құрылысына қатысу үлесінің; 3) банк шоттарындағы ақшаның; 4) қолма-қол ақшаның; 5) Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған банктерге жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) жəне жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі); 6) осы Кодекстің 187-2-бабының 2-тармағында көрсетілген өзге де мүліктің болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналған. 3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар осы Кодекстің 187-2-бабында көрсетілген талаптарға сəйкес салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мүлікті сенімгерлік басқаруға, трасттарға беру туралы мəліметтерді де көрсетеді. 5. Кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғалардың: 1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер; 2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер; 3) салық салудан босатылатын, оның ішінде халықаралық шарттарға сəйкес салық салудан босатылатын кірістер; 4) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық жəне есепке жатқызу сомалары; 5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу; 6) салық шегерімдері; 7) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктің, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу жəне (немесе) иеліктен шығару жəне (немесе) өтеусіз алу; 8) жеке табыс салығы бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге арналған жеке тұлғаның шығыстары туралы мəліметтерді банк мекемелерінің беруіне жеке тұлғаның келісімі көрсетіле отырып, осы Кодекстің 156-10-бабында айқындалған салық шегерімін қолданған жағдайда, асып кетуді есепке жатқызу жəне қайтару жөніндегі талаптар туралы ақпаратты көрсетуге арналған. 6. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 7. Кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшалардың нысандары: 1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу жəне (немесе) өтеусіз алу; 2) осы Кодекстің 180-1-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде өткізу; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде осы Кодекстің 180-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде беру; 4) жұмыс берушілер болып табылмайтын дара кəсіпкерден немесе заңды тұлғадан алынған, олар бойынша жеке табыс салығын есептеу төлем көзінен жүргізілген кірістер; 5) шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің өзге де активтерін өткізу; 6) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тəртібін қолданатын дара кəсіпкердің кірістері; 7) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың кірістері; 8) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысындағы үлесті басқаға беруден түсетін кірістер; 9) салық салудан босатылатын кірістер; 10) салық шегерімдері; 11) Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) жəне жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі); 12) халықаралық шарттарға сəйкес салық салудан босатылатын кірістер; 13) шетелдік көздерден алынатын кірістер, жеңілдікпен салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары, төленген шетелдік салық жəне есепке жатқызу сомалары; 14) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған кірістер, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын елде алынған кірістер, шетелдік салықты есепке жатқызу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. 8. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуы жөніндегі міндет жүктелген адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салық кезеңі ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде: 1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті; 2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарын жəне тіркемелерді; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін; 4) бағалы қағаздарды; 5) инвестициялық алтынды; 6) туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен атқарылатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); 7) тұрғын үй құрылысындағы қатысу үлесін сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мəліметтерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен көрсетеді. Осы мəліметтерді көрсету туралы талап кірістер мен мүлік туралы декларацияға қосымшада көрсетіледі. 9. Кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация: 1) кез келген кірістердің жоқ екенін немесе тек қана: төлем көзінен салық салуға жататын кірістер; өмірге жəне денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу; алименттер түріндегі кірістерді алғанын; 2) салық шегерімдеріне құқықтардың жоқ екенін немесе оларды, оның ішінде салық агенті қолданған салық шегерімдеріне қосымша қолдануға ниетінің жоқ екенін; 3) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау туралы ақпаратты көрсетуге арналған. 10. Жеке табыс салығы бойынша декларация үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алған (алуға жататын) кірістерін көрсетуге арналған.»; 19) 68-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Уəкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, салық есептілігін ұсынудың ерекше тəртібін жəне осындай есептілікті ұсынатын тұлғалардың тізбесін айқындайды.»; (Жалғасы 8-бетте).


8

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 7-бетте). 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 187-1, 187-4, 187-6, 270, 296, 364 жəне 437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық салу объектілері болмаған кезде салық есептілігі ұсынылмайды. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретін де тіркелген тұлғаларға, сондай-ақ осы баптың 3-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда қосылған құн салы ғын төлеушілер болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады. Акциз бойынша салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) жəне 5) тармақшаларына сəйкес (темекі бұйымдарын көтерме саудада өткізуді қоспағанда) салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілерге қолданылады.»; 20) 70-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) жеке тұлғаның декларацияны ұсынуы жөніндегі міндеттеме туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куəландырған мəмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа, жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектерін (дебиторлық берешекті) жəне жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектерін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;»; 21) 72-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсыну мерзімін ұзарту құқығы салық органына салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту туралы хабарлама жіберместен, мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерге беріледі. Жеке тұлғалар декларацияларын əскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті əскери басқару органынан əскери қызметті өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады. Əскери қызметшіні əскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде мерзімді қызметтегі əскери қызметші мəртебесінен айырылған кезде жеке тұлға сол бойынша ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлға декларациясын əскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей ұсынады.»; 22) 73-баптың 11-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілерге;»; 23) 77-бапта: 4-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын кірістерін, сондай-ақ жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын есептеу жəне ұстап қалу бөлігінде осындай кірістер бойынша жəне əлеуметтік салықты, əлеуметтік аударымдарды, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне жарналарды есептеу бөлігінде жұмыс берушінің жұмыскерлерге кірістер түрінде төленетін шығыстары бойынша міндеттемелерді есепке алу;»; мынадай мазмұндағы 4-3 жəне 4-4-тармақтармен толықтырылсын: «4-3. Уəкілетті орган жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кəсіби медиатор үшін: 1) жеке практикамен айналысудан түсетін кірістерді; 2) осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2, 182-3-баптарында көзделген шығыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімдерінің нысандарын бекітеді. 4-4. Уəкілетті орган шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы үшін: 1) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тəртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сəйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісі; 2) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тəртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сəйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығының осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кірісінен аспайтын сомадағы кірісі; 3) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тəртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сəйкес шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) қатысу үлестері бойынша бөле отырып, шаруа немесе фермер қожалығы кірісінің осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында белгіленген шекті кіріс сомасынан асып кетуі бойынша ақпаратты көрсете отырып, шаруа немесе фермер қожалығының кірісін есепке алу жөніндегі салық тіркелімінің нысанын бекітеді.»; 24) 81-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 25) 110-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген, жұмыс берушінің:»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының 3), 7), 9), 10), 11), 12), 17), 34) жəне 41) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.»; 26) 153-бапта: 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.»; 27) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын: «154-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салудың ерекшеліктері 1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан əрі – резидент шетелдік тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды жəне аударуды, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында жəне 202-бабында белгiленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізеді. 2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын резидент шетелдік тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу жəне төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 20 жəне 27-тарауларында белгiленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі. 3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау жəне аудару, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы Кодекстің 158 жəне 194-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі. 4. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу жəне төлеу, сондай-ақ салық есептілігін ұсыну осы Кодекстің 61-тарауында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы Кодекстiң 432, 436 жəне 437-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі.»; 28) 154-1-бап алып тасталсын; 29) мынадай мазмұндағы 154-2-баппен толықтырылсын: «154-2-бап. Жылдық жиынтық кірістің салық салынбайтын мөлшері Дара кəсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін салық салуға жататын кірістің жеке табыс салығы салынбайтын мөлшері жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерін құрайды.»; 30) 155-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлғаның: 1) төлем көзінен салық салуға; 2) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістері жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.»; 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақта: 1), 2), 13), 14), 15), 18), 19), 20), 21), 22) жəне 23) тармақшалар алып тасталсын; 32) тармақшаның алтыншы абзацындағы «пайда.» деген сөз «пайда;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) жəне 46) тармақшалармен толықтырылсын: «33) жеке тұлғаларға олардан сатып алынған жеке тұлғаның жеке мүлкі үшін төленетін төлемдер. Салық агенті осы тармақшада көзделген төлемді жүргізген жағдайда осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттардың кəсіпкерлік қызметте пайдаланбайтыны жəне мүліктік жəне басқа да кірістерден жеке табыс салығын

есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі; 34) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты жұмыскердi мамандығы бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстары; 35) шартта белгіленген кезең ішінде банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезеңнің берілуіне байланысты банктік қарыз бойынша төлем карточкасын ұстаушы алған сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда; 36) эмитент-банк төлем карточкасын ұстаушының шотына төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырғаны үшін эмитент-банктің қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома; 37) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде: жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік жəне шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кəсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер; 38) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасында мүгедектерді əлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекіткен тізбе бойынша – жұмыс берушінің кінəсінен жұмыста мертігу немесе кəсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс берушінің өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарының құны; 39) жұмыс берушінің кінəсінен жұмыста мертігу немесе кəсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші Қазақстан Республикасында мүгедектерді əлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өтеусіз көрсеткен протездікортопедиялық көмек түрінде көрсетілген қызметтер құны; 40) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сəйкес құпия көмекшілерге төленетін төлемдер; 41) басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдемей жасалған, жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жұмыскердi оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша шығыстары: жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеу үшін нақты жұмсалған шығыстар; уəкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруы үшін нақты жұмсалған шығыстар; жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы жəне оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар; жұмыс берушiнің: жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi; жұмыскер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – жұмыскердің оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындалған ақша сомалары; 42) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін жəне кері қарай əуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жүргізген: осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын; осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын; осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның жұмыскері жəне осындай жұмыстарды тікелей орындайтын жəне осындай қызметтер көрсететін жұмыскер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда; 43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымының осы дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) жəне 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып, оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кездегі шығыстары: жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау үшін нақты жұмсалған шығыстар; уəкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жұмсалған шығыстар; жұмыскер оқуға түскен кезде оның оқу орнына баруы жəне оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуы үшін нақты жұмсалған шығыстар; дербес білім беру ұйымының: білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде – жұмыскер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері; білім алушы адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзім ішінде – жұмыскердің оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен күнтізбелік əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы; 44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы: мынадай білім беру деңгейлері: орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға жəне (немесе) кəсіптік практикадан өтуге ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар; сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеу үшін нақты жүргізілген шығыстар; жол жүруге жəне бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу жəне (немесе) кəсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға бару жəне кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар; уəкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұру үшін нақты жүргізілген шығыстар; жеке тұлғаға: жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегіндегі жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған жəне (немесе) кəсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері; жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде оқыған жəне (немесе) кəсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде төлеуге тағайындалған ақша сомалары; келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) түріндегі төлемдер. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні жəне оқу жəне (немесе)

21 қараша 2015 жыл

кəсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында: дайындық бөлімінде; мынадай білім беру деңгейлері: мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп; негізгі мектеп; жоғары мектеп бойынша; күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері: орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады; 45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының əрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда; 46) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға: медициналық сақтандыруға; осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»; 31) 156-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «156-бап. Салық салудан босатылатын кірістер»; 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен кірістердің мынадай түрлері алып тасталады (бұдан əрі – жеке табыс салығы бойынша түзету):»; 17) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тəртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда өзгеше түрде жəрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;»; 24), 30), 37), 38), 41), 42), 43), 44) жəне 45) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55) жəне 56) тармақшалармен толықтырылсын: «46) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек, жəрдемақылар мен өтемақылар; 47) моральдық зиянды қоспағанда, жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өтеу; 48) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сəйкес жұмыс берушiмен жасалған жұмыскер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi; 49) соттың шешімі бойынша тағайындалатын материалдық нұқсанды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомасы; 50) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны; 51) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуге жататын жəне меншiк құқығы тiркелген күннен бастап меншiк құқығында бір жыл жəне одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 52) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл жəне одан көп Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 53) бір жыл жəне одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 54) егер жер учаскесін жəне (немесе) жер үлесін сатып алуға жəне иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды жəне одан көп уақытты құраса, осы Кодекстің 180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 55) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімі; 56) шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы Кодекстің 80-бабында белгіленген тəртіппен бірлескен қызмет бойынша кірістерді бөлуді көздейтін құжатқа сəйкес шаруа немесе фермер қожалығының жалпы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшелерінің) үлесі бойынша айқындалған кірісі. Осы тармақшаның ережелері шаруа немесе фермер қожалығының кірісі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне кіріс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 8000 еселенген мөлшеріне тең сомасынан аспайтын мөлшерде қолданылады.»; 32) мынадай мазмұндағы 156-1, 156-2, 156-3, 156-4, 156-5, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11 жəне 156-12-баптармен толықтырылсын: «156-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру 1. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді келесі салық кезеңіне ауыстыруды салық агенті: 1) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы төлем көзінен салық салуға жататын кіріс сомасынан (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда) асып кеткен жағдайда – төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда); 2) ағымдағы салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша түзетудің жалпы мөлшерінің сомасы жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісінің сомасынан асып кеткен жағдайда, – жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша қолданады. 2. Жеке табыс салығы бойынша түзетуді күнтізбелік жыл ішінде келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері мынадай тəртіппен: 1) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен осы Кодекстің 168, 170, 172, 173 жəне 175-баптарына сəйкес төлем көзінен салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс бойынша (жұмыскердің салық салуға жататын кірісін қоспағанда); 2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы мен жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған, салық салуға жататын кірісі арасындағы оң айырма ретінде жұмыскердің салық салуға жататын кірісі бойынша айқындалады. 156-2-бап. Салық шегерімдері 1. Жеке тұлғаның кірісіне (осы Кодекстің 170, 172, 173 жəне 175-баптарында көрсетілген кірістерді қоспағанда) мынадай салық шегерімдері қолданылады: 1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салық шегерімі; 2) «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жұмыскерлер мен жеке тұлғаларды міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі; 3) осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тəртіппен жəне мөлшерде стандартты салық шегерімі (бұдан əрі – стандартты шегерім); 4) мыналарды: көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін; ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін; оқуға арналған салық шегерімін; медицинаға арналған салық шегерімін; сыйақылар бойынша салық шегерімін; сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қамтитын басқа да салық шегерімдері (бұдан əрі – басқа да шегерімдер) қолданылады. 2. Күнтізбелік жылда қолданылған басқа да шегерімдердің жалпы сомасының шекті мөлшері ең төмен жалақының 48 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Басқа да шегерімдердің жалпы сомасының мөлшері басқа да шегерімдерді нақты мөлшерде, бірақ мынадай шектерден: 1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі бойынша – ата-анасының екеуіне жиынтығында күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен аспайтын; 2) оқуға арналған салық шегерімі бойынша – күнтізбелік

жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын; 3) осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасын қоса алғанда, медицинаға арналған салық шегерімі бойынша - күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын; 4) сыйақылар бойынша салық шегерімі бойынша – күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтықтау жолымен айқындалады. 3. Салық шегерімдері жеке тұлға осындай шығыстарды нақты жүргізген салық кезеңінде қолданылады. 4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық шегерімдерін жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолданады. 5. Жеке тұлға мынадай шарттардың кез келгені орындалған кезде: 1) күнтізбелік жыл ішінде жұмыскердің кірісі болмағанда; 2) осы Кодекстің 156-2-бабына сəйкес жеке тұлғаның құқығы бар салық шегерімдерінің сомасы жұмыс беруші жұмыскердің кірісіне қолдануға тиіс салық шегерімдерінің сомасынан асып кеткен кезде; 3) күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында көзделген кірістерді алғанда салық шегерімдерін дербес қолдануға құқылы. 6. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістері жəне дербес салық салуға жататын кірістері болған жағдайда салық шегерімдері кірістері мен мүлкі туралы декларацияда жеке табыс салығы есептелген кезде осындай кірістердің жиынтық сомасы бойынша қолданылады. 7. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растау құжаттары (бұдан əрі – растау құжаттары) негізінде қолданылады. Бұл ретте растау құжаттарының түпнұсқасы жеке тұлғада сақталады, салық агенті солардың негізінде салық шегерімдерін қолданатын растау құжаттарының көшірмелері осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық агентінде сақталады. 8. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрсетілгендей тəртіппен рет-ретімен қолданылады. 9. Осы Кодекстің 156-2, 156-4 жəне 156-6-баптарын қолдану мақсатында ең төмен жалақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшеріне тең болып қолданылады. 10. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне салық шегерімдерін жеке тұлғаның осындай кірістен жеке табыс салығын ұстау күнінен кеш жүгінуіне байланысты қолданбаған болса, онда жеке тұлға осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді салық агенті солардың негізінде жүргізетін растау құжаттарын осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне ұсынуға құқылы. 156-3-бап. Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі 1. Жұмыс беруші жұмыскердің кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес есептелген мөлшерде міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді. 2. Салық агенті Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісінен жеке табыс салығын есептеген кезде «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес есептелген мөлшерде міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімін жүргізеді. 156-4-бап. Стандартты шегерім 1. Стандартты шегерім кірісті ең төмен жалақы мөлшерінде есебіне жазудың əрбір айы үшін қолданылады. 2. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 156-5-бап. Стандартты шегерімді ауыстыру 1. Жұмыс беруші стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыруды, егер ағымдағы салық кезеңінде стандартты шегерімнің сомасы стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кеткен жағдайда қолданады, бұл мынадай тəртіппен айқындалады: жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған, жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы. Стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мəні шыққан кезде стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі. 2. Күнтізбелік жыл ішінде стандартты шегерімді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері стандартты шегерім мен стандартты шегерімді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 156-6-бап. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі 1. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі мынадай жағдайларда кіріс есепке жазылған əрбір ай үшін: 1) көпбалалы отбасы ата-анасының біреуі үшін ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінде; 2) көпбалалы отбасы ата-анасының əрқайсысы үшін ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолданылады. 2. Көпбалалы отбасы үшін салық шегерімі: 1) кіріс есепке жазылған тиісті айдың басында төрт жəне одан көп кəмелетке толмаған бала болған жағдайда – төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша; 2) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында төрт жəне одан көп кəмелетке толмаған бала болған жағдайда – жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша қолданылады. 3. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану: 1) көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолданбауы туралы екінші ата-ананың растауын көрсете отырып, көп балалы отбасы үшін салық шегерімін көпбалалы отбасы ата-анасының біреуіне қолдану туралы ата-ананың біреуінің өтініші не көпбалалы отбасы үшін салық шегерімінен ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде қолдану туралы көпбалалы отбасы ата-анасының əрқайсысының өтініші негізінде жүргізіледі. Екінші ата-ана болмаған жағдайда өтінішке екінші атаананың жоқ екенін растайтын нотариат куəландырған құжат қоса беріледі; 2) балалардың туу туралы куəліктерінің көшірмелері негізінде жүргізіледі. 4. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерге көпбалалы отбасы үшін салық шегерімін қолдану балалардың туу туралы куəліктері негізінде жүргізіледі. 156-7-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі 1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес өз пайдасына жүргізілген ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады. 2. Мыналар: ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт; ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растау құжаты ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады. 156-8-бап. Оқуға арналған салық шегерімі 1. Оқуға арналған салық шегерімі оқуға арналған шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сəйкес мынадай білім беру: 1) мыналарда: Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында; осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту; 2) білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын техникалық жəне кəсіптік білім беру; 3) мыналарда: білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша Қазақстан Республикасында; осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру деңгейлері бойынша қолданылады. 2. Оқуға арналған салық шегерімін: 1) оқуға ақы төлеуге арналған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы; 2) асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына оқуға ақы төлеу үшін жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Оқуға арналған салық шегерімін жиырма бір жасқа толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды. 3. Мыналар: 1) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт;

2) қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген білім беру деңгейлері бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растау құжаты оқуға арналған салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады. 156-9-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі 1. Медицинаға арналған салық шегерімі мынадай: 1) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті мемлекеттік орган айқындаған тізбеге сəйкес медициналық көрсетілетін қызметтерге; 2) ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданылады. 2. Медицинаға арналған салық шегерімін: 1) медицинаға жұмсалған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы; 2) асырауындағы он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасының пайдасына медицинаға жұмсалған шығыстар бойынша заңды өкілдерінің бірі қолданады. Медицинаға арналған салық шегерімін он сегіз жасқа (кəмелеттік жасқа) толмаған адам дербес қолданған жағдайда көрсетілген салық шегерімін заңды өкілі қолданбайды. 3. Мыналар: 1) жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық қызметтер көрсету құны айқын көрсетіле отырып, ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт; 2) ақылы медициналық қызметтер көрсету актісі немесе медициналық қызметтер көрсетудің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме; 3) адам осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық шегерімін қолданған кезде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру жөніндегі шарт; 4) медициналық қызметтер көрсетуге ақы төлеу немесе ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының төлену фактісін растау құжаты медицинаға арналған салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады. 4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде көрсетілген медициналық қызмет көрсетулерге шетел валютасында ақы төленген кезде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгеге қайта есептеу төлемді жүзеге асыру күні шетел валюталарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағамы қолданылып жүзеге асырылады. 156-10-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі 1. Сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге жұмсалған, өз пайдасына жүргізілген шығыстар бойынша қолданады. 2. Мыналар: 1) қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалатын ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты; 2) сыйақы сомасы айқын көрсетіле отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі; 3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растау құжаты сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады. 156-11-бап. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімі 1. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады. 2. Мыналар: 1) жинақтаушы сақтандыру шарты; 2) сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кестесі; 3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеу фактісін растау құжаты сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары болып табылады. 156-12-бап. Басқа да шегерімдерді ауыстыру 1. Егер басқа да шегерімдердің жалпы сомасы басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістен асып кетсе, жұмыс беруші басқа да шегерімдерді ауыстыруды қолданады, ол мынадай тəртіппен айқындалады: жұмыскердің салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналары сомасына азайтылған кірісінің сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы алу осы Кодекстің 156-4-бабына сəйкес белгіленген тəртіппен жəне мөлшерлерде айқындалған стандартты шегерім сомасы алу осы Кодекстің 156-5-бабына сəйкес айқындалған стандартты шегерімді ауыстыру сомасы. Басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кірістің теріс мəні шыққан кезде басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс нөлге тең деп есептеледі. 2. Күнтізбелік жыл ішінде басқа да шегерімдерді келесі салық кезеңіне ауыстыру мөлшері басқа да шегерімдер сомасы мен басқа да шегерімдерді ауыстыру бойынша есепті кіріс арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 3. Басқа да шегерімдерді ауыстыру мөлшері осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ретретімен басқа да шегерімдердің сомасы бойынша жəне осы Кодекстің 156-2-бабының 2-тармағында белгіленген салық шегерімдерінің мөлшерлері шегінде бөлінеді.»; 33) 157 жəне 159-баптар алып тасталсын; 34) мынадай мазмұндағы 159-1-баппен толықтырылсын: «159-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша асып кету Осы Кодекстің 172 жəне 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 19-тарауында айқындалған төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасы мен осы Кодекстің 178-бабында көзделген тəртіппен жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма жеке табыс салығы бойынша асып кету деп танылады.»; 35) 19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «19-тарау. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер»; 36) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын: «160-бап. Жалпы ережелер 1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерге мынадай кіріс түрлерi жатады: 1) жұмыскердiң кірісі; 2) жеке тұлғаның салық агентiнен алатын кірісі; 3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жəне ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi кіріс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кірістерге жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, осы Кодекстің 177-бабында айқындалған кірістер жатпайды. 3. Жұмыскердiң салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды. 4. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісіне осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) жəне 6) тармақшаларында көрсетiлген кірістер жатпайды. 5. Заңды тұлға өз шешiмiмен өзінің құрылымдық бөлiмшесiн төлем көзiнен салық салуға жататын, осындай құрылымдық бөлiмшесi есепке жазған (есепке жазуға жататын), төлеген (төлеуге жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау жəне аудару міндеттері бойынша салық агентi деп тануға құқылы. Заңды тұлғаның шешiм қабылдауы немесе мұндай шешiмнiң күшiн жою осындай шешiм қабылданған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледi. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлiмше салық агентi деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешiмi осы құрылымдық бөлiмше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлiмше құрылған тоқсаннан кейiнгi тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгiзiледi. 6. Резидент заңды тұлғаның шешiмiмен салық агенттерi деп танылған құрылымдық бөлiмшелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн əлеуметтiк салықты дербес төлеушiлер деп танылады.»; 37) мынадай мазмұндағы 160-1-баппен толықтырылсын: «160-1-бап. Салық кезеңі жəне есепті кезең 1. Күнтiзбелiк ай салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеуi үшiн салық кезеңi болып табылады. 2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.»; 38) 161-бап мынадай редакцияда жазылсын: (Жалғасы 9-бетте).


21 қараша 2015 жыл

(Жалғасы. Басы 7-8-беттерде). «161-бап. Салықты есептеу, ұстау жəне төлеу 1. Төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргiзедi. 2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салуға жататын кірісті төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi. 3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген кірістер бойынша жеке табыс салығын аударуды кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады. 4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi жұмыскерiнiң кірістері бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi. 5. Оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық агенті жеке табыс салығын аударуды осы Кодекстің 438 жəне 446-баптарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырады. 6. Депозитарлық қолхаттар бойынша кірістерден салықты есептеудi жəне ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi жүргiзедi.»; 39) 162-баптың 1 жəне 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынылады. 1-1. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) салық агенті тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жер бойынша салық органдарына ұсынады.»; 40) 19-тарау мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын: «162-1-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру тəртібі 1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған жəне (немесе) төленген жағдайда салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беруге міндетті. 2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада: 1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің; 2) жеке табыс салығы бойынша түзетудің; 3) жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстырудың; 4) есептелген міндетті зейнетақы жарналарының; 5) қолданылған салық шегерімдерінің; 6) салық шегерімдерін ауыстырудың; 7) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің; 8) есептелген жеке табыс салығының; 9) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс. 3. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың нысанын уəкілетті орган бекітеді. 4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы салық агенті жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған жəне (немесе) төленген жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей береді. 5. Салық агенті жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған жəне (немесе) төленген күнтізбелік жыл ішінде: 1) жұмыскер: жұмыс берушінің еңбек шартының қолданылуын тоқтату туралы актісі шыққаннан; мемлекеттік əкімшілік қызметшілерді жұмыстан босату туралы бұйрық шыққаннан; мемлекеттік саяси қызметшілер отставкаға шыққаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыстан босатылған; 2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сəйкес мынадай құжаттардың: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер туралы актінің; төлем құжатының соңғысы ресімделген күннен кешіктірілмей, жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі есепке жазылған жəне (немесе) төленген; 3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған; 4) кіріс төленген күннен кешіктірілмей дивидендтер, ұтыстар төленген; 5) банк салымы шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен; 6) білім алушы (тəрбиеленуші) оқудан шығарылған немесе білім туралы құжат тапсырылған күннен кешіктірілмей, стипендиялар түріндегі кірісті төлеу жүргізілген оқу аяқталған; 7) жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылған күннен кешіктірілмей, осындай шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе мерзімі өткен жағдайда береді. 6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда жеке тұлға жеке тұлғаға кіріс есепке жазылған жəне (немесе) төленген күнтізбелік жыл өткеннен кейін жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беру талабымен салық агентіне жүгінуге құқылы, ал салық агенті мұндай анықтаманы жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде беруге міндетті.»; 41) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын: «163-бап. Жұмыскердің кірісі 1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сəйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есебінде шығыстар (шығындар) ретінде танылған, жұмыс беруші есепке жазған мынадай кірістер: 1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің жұмыскер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол жəне (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша; 2) осы Кодекстің 164-бабына сəйкес жұмыскердiң заттай нысандағы кірістері; 3) осы Кодекстің 165-бабына сəйкес жұмыскердiң материалдық пайда түрiндегi кірістері жұмыскердің салық салуға жататын кірістері болып табылады. 2. Жұмыскердің салық салынатын кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: жұмыскердің ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын, ағымдағы салық кезеңінде аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған кірісінің сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы алу осы Кодекстің 156-4-бабында белгіленген тəртіппен жəне мөлшерлерде ағымдағы салық кезеңінде көзделген стандартты шегерім сомасы алу осы Кодекстің 156-5-бабының 2-тармағына сəйкес айқындалған стандартты шегерімді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы алу осы Кодекстің 156-6-бабына сəйкес көп балалы отбасы үшін салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-7-бабына сəйкес ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-8-бабына сəйкес оқуға арналған салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-9-бабына сəйкес медицинаға арналған салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-10-бабына сəйкес сыйақылар бойынша салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-11-бабына сəйкес сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімінің сомасы алу осы Кодекстің 156-12-бабының 3-тармағына сəйкес айқындалған басқа да салық шегерімдерін алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы.»; 42) мынадай мазмұндағы 165-1-баппен толықтырылсын: «165-1-бап. Жұмыс берушінің салық шегерімдерін қолдану тəртібі 1. Салық шегерімдері (осы Кодекстің 156-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген салық шегерімін қоспағанда): 1) жұмыскердің уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтінішінің; 2) салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарының; 3) күнтізбелік жыл ішінде жұмыс беруші өзгерген кезде – салық шегерімдері қолданылатын күнтізбелік жыл ішінде осы Кодекстің 162-1-бабында белгіленген тəртіппен алдыңғы жұмыс берушілер берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың негізінде жұмыскер кірісінің есебіне жазудың əрбір айы үшін қолданылады. 2. Жұмыс берушінің қайта ұйымдастырылу жағдайларын

9

www.egemen.kz

қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде ол өзгерген кезде алдыңғы жұмыс берушіде қалыптасқан қолданылмаған салық шегерімінің сомасы жаңа жұмыс берушіде есепке алынбайды. 3. Егер жеке тұлға күнтізбелік ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт жұмыскер болса, онда жұмыскердің кірісін айқындау кезінде осындай жұмыс берушіде стандартты салық шегерімі қолданылмайды. 4. Жұмыскер болып табылатын (табылған) жеке тұлға салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттарын кіріс төленген күннен кейін ұсынған жағдайда жұмыс беруші осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында көзделген салық шегерімдерін осындай салық шегерімдерін қолдануға негіз бар салық кезеңіндегі кіріске қолданады. 5. Осы Кодекстің 156-2-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдерін бір жұмыс беруші қолданған жағдайда басқа жұмыс берушінің осындай салық шегерімдерін қайталап қолдануына тыйым салынады.»; 43) 166-бап алып тасталсын; 44) 167, 168, 169, 170, 171 жəне 172-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «167-бап. Салықты есептеу жəне ұстау Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жұмыскердің осы Кодекстің 163-бабына сəйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі. 168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын кірісі 1. Мыналар: 1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірісі; 2) жеке тұлға кірісінің төлемі, оның ішінде: жеке тұлға салық агентінен немесе үшiншi тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын салық агентінің жеке тұлғаға немесе үшінші тұлғаларға төлеуі; берешекті өтеу есебінен жəне (немесе) өтеусіз негізде жүргізілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету; борышты кешіру; мəміле шарттарының өзгеруіне байланысты есептен шығарылған тұрақсыздық айыбын қоспағанда, борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту; репо операциялары бойынша сыйақы төлемі жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салуға жататын кірісі болып табылады. 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын, салық салынатын кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: жеке тұлғаның салық агентінен алатын, ағымдағы салық кезеңінде салық салуға жататын кірісінің сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңіндегі жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетулерді алдыңғы салық кезеңінен ауыстыру сомасы. 169-бап. Салық сомасын есептеу Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық агентінен алатын, осы Кодекстің 168-бабына сəйкес айқындалатын салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі. 170-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс 1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жəне (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары: 1) салық төлеушілердің: Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті зейнетақы жарналары; 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерікті кəсіптік зейнетақы жарналары; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары; ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сəйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес зейнеткерлік жасқа толған жəне Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес зейнеткерлік жасқа толмаған жəне Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұратын жеріне кеткен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларына; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары түрінде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске жатады. 2. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тəртіппен айқындалады: 1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан: салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы алу осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда жəне мөлшерлерде зейнетақылық салық шегерімдерінің сомасы; 2) салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан. 3. Салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріске зейнетақылық салық шегерімдері мынадай мөлшерлерде: 1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын əрбір ай үшін зейнетақы төлемдері түріндегі кірісті есепке жазу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінде; 2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне зейнетақы төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінде қолданылады. 171-бап. Салық сомасын есептеу Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 170-бабына сəйкес айқындалатын зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі. 172-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс 1. Мыналар: 1) осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында айқындалған төленген (төлеуге жататын) дивидендтер; 2) төленген (төлеуге жататын) сыйақылар; 3) төленген (төлеуге жататын) ұтыстар салық салуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының не сенімгерлік басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлік басқарудан түсетін, сенімгерлік басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза кірісі де салық салуға жататын дивидендтер түріндегі кіріске жатады. 2. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тəртіппен айқындалады: салық салуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі кіріс сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы.»; 45) мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын: «172-1-бап. Салық сомасын есептеу Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабында белгіленген мөлшерлемелерді дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.»; 46) 173, 174, 175 жəне 176-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «173-бап.Стипендиялар түріндегі кіріс 1. Салық агенті: Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сəйкес білім беру ұйымдарында білім алушыларға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мəдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары жұмыскерлеріне жəне басқа да жеке тұлғаларға төлеуге тағайындаған ақша сомасы салық салуға жататын стипендиялар түріндегі кіріс болып табылады. 2. Стипендиялар түріндегі салық салынатын кіріс мынадай тəртіппен айқындалады: салық салуға жататын стипендиялар түріндегі кіріс сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы. 174-бап. Салық сомасын есептеу Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені стипендия түріндегі

салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі. 175-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс 1. Мыналар: 1) сақтандыру сыйлықақылары мыналардың: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жəне ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебінен; жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен; жұмыс беруші жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері; 2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын өтеп сатып алу сомалары; 3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс болып табылады. 2. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс мынадай тəртіппен айқындалады: салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы алу осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасы алу осы Кодекстің 156-1-бабына сəйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы алу осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда жəне мөлшерлерде салық шегерімінің сомасы. 3. Сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері түріндегі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазудың əрбір айы үшін сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшеріндегі сомада салық шегерімі қолданылады. Күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын салық шегерімін қолдануға жол берілмейді. 176-бап. Салық сомасын есептеу Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабы 1-тар ма ғында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 175-бабына сəйкес айқындалатын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.»; 47) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «20-тарау. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер»; 48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын: «177-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер Кірістердің мынадай түрлері: 1) мүліктік кіріс; 2) дара кəсіпкердің кірісі; 3) жеке практикамен айналасудан түсетін кіріс; 4) өзге де кірістер жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер болып табылады. Мүліктік кіріс дара кəсіпкердің кірісі, жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс болып табылмайды.»; 49) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын: «177-1-бап. Салық кезеңі 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, күнтізбелік жыл жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады. 2. Жеке тұлға дара кəсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген кезде ол үшін дара кəсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі бірінші салық кезеңі болып табылады. 3. Дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінен дара кəсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін шығарған кезде ол үшін күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі соңғы салық кезеңі болып табылады. 4. Жеке тұлға дара кəсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген жəне дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінен сол жылдың соңына дейін шығарылған кезде ол үшін дара кəсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап дара кəсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі салық кезеңі болып табылады. 5. Дара кəсіпкер күнтізбелік жыл ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде жəне жалпыға бірдей белгіленген тəртіппен кəсіпкерлік қызметін жүзеге асырған кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде кəсіпкерлік қызмет жүзеге асырылған уақыт кезеңі салық кезеңіне қосылмайды.»; 50) 178-бап мынадай редакцияда жазылсын: «178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу 1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығын есептеу кірістер мен мүлік туралы декларацияда жүргізіледі. 2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі. 3. Жеке тұлғаның күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салық салынатын кірісі осы баптың 4-тармағына сəйкес айқындалған салық салынатын кірістің жəне шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы баптың 5-тармағына сəйкес айқындалған салық салынатын кірісінің сомасы ретінде айқындалады. Егер салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша теріс мəнде болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша нөлге тең деп танылады. 4. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кəсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың, жеке сот орындаушысының, кəсіби медиатордың салық салынатын кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: осы Кодекстің 177-бабында көзделген жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер қосу осы Кодекстің 172 жəне 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің салық агенті есептеген сомасы алу осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын кірістер алу осы тарауда белгіленген шектерде салық шегерімдері. Осы тармақтың ережелері шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісін айқындау кезінде қолданылмайды. 5. Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген кірістер алу осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында көзделген салық салудан босатылатын кірістер. 6. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тəртіппен айқындалады: осы баптың 2-тармағында көзделген тəртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы алу осы Кодекстің 163, 168, 170 жəне 175-баптарында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы алу осы Кодекстің 223-бабына сəйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы. 7. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сəйкес жүргізеді.»; 51) 179-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, мынадай тəртіппен: 1) дара кəсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кəсіби медиатор – орналасқан жері бойынша; 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – тұрғылықты (болатын) жері бойынша жүзеге асырады.»; 52) 180-баптың 1-тармағында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) дара кəсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына

үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесін басқаға беруден түсетін кіріс;»; 53) 180-1-бапта: 1-тармақта: 1), 2) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін; 2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін; 3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, баубақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын жəне тіркемелерді;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс: 1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады; 2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады. Осы баптың жəне осы Кодекстің 180-2-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.»; 54) 180-2-баптың 1-тармағында: 1), 2) жəне 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін; 2) меншік құқығы туындаған күннен бастап тапсыру күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін; 3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін жəне (немесе) жер үлестерін;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын жəне тіркемелерді;»; 55) мынадай мазмұндағы 180-4-баппен толықтырылсын: «180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті басқаға беруден түсетін кіріс 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша жеке тұлға осындай құқықты иемденіп алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша осындай құқықты ол бұрын иемденіп алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын иемденіп алған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»; 56) 20-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс»; 57) 181 жəне 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «181-бап. Жалпы ережелер 1. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріске: 1) жекеше нотариустың кірісі; 2) жеке сот орындаушысының кірісі; 3) адвокаттың кірісі; 4) кəсіби медиатордың кірісі жатады. 2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кəсіби медиатор қызметіне ақы төлеу есебіне қабылдаған ақша сомасы көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген осындай қызметтердің көрсетілу күнінен бастап кіріс деп танылады. 3. 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған жəне жеке практикамен айналысудан кіріс алуға байланысты қызметте пайдаланылатын: 1) компьютерлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар; 2) басып шығаруға, көруге, көшірме жасауға, факспен жіберуге арналған құрылғылар; 3) сейфтер жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың активтері деп танылады. Осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінің соңындағы активтердің құны: активті сатып алу құны қосу салық кезеңі ішінде активтерді сүйемелдеуге, жөндеуге жəне пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы алу алдыңғы салық кезеңінде есепке жазылған амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады. 4. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың амортизациялық аударымдарды есептеуі салық кезеңінің соңындағы активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. 5. Осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2 жəне 182-3-баптарының мақсаттарында қызметтік іссапарлар кезіндегі, шегерімге жататын өтемақыларға: 1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растау құжаты болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге бару жəне одан кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар; 2) тұрғын үй-жайды жалдауға жəне броньға жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген шығыстар; 3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған күнтізбелік əрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тəулікақы жатады. Іссапарда болу уақыты: салық төлеушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі; іссапарда болатын жерге кету күні мен одан кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, жол жүруін растау құжаттарында көрсетілген іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. 182-бап. Жекеше нотариустың кірісі 1. Жекеше нотариустың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер алу жекеше нотариустың кəсіби шегерімдері. 2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге: 1) нотариаттық əрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс; 2) жекеше нотариус нотариаттық əрекеттер жасаған кезде құқықтық жəне техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс; 3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады. 3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: 1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген; 2) құжатпен расталған; 3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көр сетіл ген шығыстар бойынша кəсіби шегерімдерді қол дануға құқылы. 4. Жекеше нотариустың кəсіби шегерімдеріне: 1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар; 2) нотариаттық қызмет көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар; 3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сəйкес есептелген амортизациялық аударымдар; 4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс

қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар; 5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері; 6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында жəне 114-бабында көзделген шығыстар; 7) осы Кодекстің 181-бабының 5-тармағына сəйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар; 8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар; 9) «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.»; 58) 20-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 жəне 182-3-баптармен толықтырылсын: «182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі 1. Жеке сот орындаушысының салық кезеңіндегі кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер алу жеке сот орындаушысының кəсіби шегерімдері. 2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге: 1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу; 2) атқарушылық əрекеттер жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу; 3) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады. 3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: 1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген; 2) құжатпен расталған; 3) жеке сот орындаушысының салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кəсіби шегерімдерді қолдануға құқылы. 4. Жеке сот орындаушысының кəсіби шегерімдеріне: 1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар; 2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар; 3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сəйкес есептелген амортизациялық аударымдар; 4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар; 5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері; 6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында жəне 114-бабында көзделген шығыстар; 7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар; 8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар; 9) «Атқарушылық iс жүргiзу жəне сот орындаушыларының мəртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар; 10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық əрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өтелген шығыстар жатады. 182-2-бап. Адвокаттың кірісі 1. Адвокаттың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер алу адвокаттың кəсіби шегерімдері. 2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге: 1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс; 2) қорғауға жəне өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге жəне құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сəйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс; 3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады. 3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған: 1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген; 2) құжатпен расталған; 3) адвокаттың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кəсіби шегерімдерді қолдануға құқылы. 4. Адвокаттың кəсіби шегерімдеріне: 1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар; 2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар; 3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сəйкес есептелген амортизациялық аударымдар; 4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар; 5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері; 6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында жəне 114-бабында көзделген шығыстар; 7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар; 8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар; 9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға жəне өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өтелген шығыстар жатады. 182-3-бап. Кəсіби медиатордың кірісі 1. Кəсіби медиатордың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кəсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер алу кəсіби медиатордың кəсіби шегерімдері. 2. Кəсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: 1) кəсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген; 2) құжатпен расталған; 3) кəсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кəсіби шегерімдерді қолдануға құқылы. 3. Кəсіби медиатордың кəсіби шегерімдеріне: 1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар; 2) кəсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар; 3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сəйкес есептелген амортизациялық аударымдар; 4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар; 5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері; 6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында жəне 114-бабында көзделген шығыстар; 7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар; 8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде кəсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.»; 59) 183-бап мынадай редакцияда жазылсын: «183-бап. Дара кəсіпкердің кірісі 1. Дара кəсiпкердiң салық кезеңіндегі кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: дара кəсiпкердiң осы баптың 2-тармағына сəйкес айқындалған салық салынатын кірісі қосу шетелдік көздерден алынатын, осы Кодекстiң 224-бабына сəйкес айқындалған кірістер алу осы баптың 3-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кəсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірісті азайтуды айқындаудың осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртiппен айқындалған салық салынатын кірісін азайту алу (Жалғасы 10-бетте).


10

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 7-9-беттерде). корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында залалдарды ауыстырудың осы Кодекстiң 136 жəне 137-баптарында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған ауыстырылуға жататын залалдар. 2. Дара кəсiпкердiң салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тəртіппен айқындалады: осы Кодекстiң 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кəсiпкердiң салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған, корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындаудың осы Кодекстiң 84-бабында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған кірісі алу дара кəсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 1-тармағында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету қосу (алу) дара кəсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетулерді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 2-тармағында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету алу корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындаудың осы Кодекстiң 100-125-баптарында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған шегерімдер қосу (алу) корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында кірістерді жəне шегерімдерді түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 132-бабында белгіленген тəртiбіне ұқсас тəртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету. 3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кəсiпкердiң кірісі осы Кодекстің 61-тарауына сəйкес айқындалады.»; 60) 184-бапта: 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi көздерден алынған, оның ішінде жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кəсіпкер мүлікті өткізуден алған, осы Кодекстің 184-1-бабында белгіленген тəртіппен айқындалатын кірістер;»; 4) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) кəсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сəйкес алған кірістері;»; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес шаруа немесе фермер қожалығы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлесі бойынша айқындалатын кірісі.»; 2-1-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі жəне салық кезеңінің қорытындысы жөніндегі декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны болатын жері бойынша ұсынудың осы Кодекстің 187-7-бабында көзделген мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.»; 3 жəне 4-тармақтар алып тасталсын; 61) 20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын: «184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің Қазақстанеспубликасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тəртібі 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі болып табылады. 2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі мынадай: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын; 2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен жария етілген, ол бойынша сатып алу бағасы (құны) жоқ жəне жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясын жəне (немесе) сыйлықақыны ескере отырып, купон есепке алынбастан, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 6. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкердің қатысу үлесін өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай: 1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болған; 2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мəмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген жағдайларда қолданылмайды. 8. Осы баптың 4, 5 жəне 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5 жəне 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды. 9. Осы баптың 2, 4, 5 жəне 6-тармақтарының ережелері: 1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын); 2) мүлікті өткізу құнын; 3) шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті жəне (немесе) мүлікке меншік құқығын жəне (немесе) мүлік бойынша мəмілені шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес тіркегенін растау құжаттары негізінде қолданылады.»; 62) 21-тараудың тақырыбы алып тасталсын; 185-бапта: тақырыбы, 1 жəне 3-тармақтар алып тасталсын; 2-тармақ алып тасталсын; 63) 186 жəне 187-баптар алып тасталсын; 64) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын: «21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары 1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация 187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация 1. Осы бапта көрсетілген тұлғалар, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады. 2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың 1 қаңтарында: 1) мынадай адамдардың бірі: Қазақстан Республикасының кəмелеттік жасқа толған азаматы; оралман; тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сəйкес Қазақстан Республикасының резиденті; 2) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға; 3) мыналардың:

осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кəмелет жасына) толмаған адамның; əрекетке қабілетсіз, əрекет қабілеті шектеулі деп танылған жəне осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кəмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады. 3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мынадай жағдайда: 1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ сол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік болғанда; 2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болғанда; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттер туындағанда ұсынады. Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың жəне олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды. 4. Осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған: 1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ олар бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлік (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған; 2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осындай үлесі болған; 3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған; 4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) жəне (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асатын сомалары болған кезде ұсынады. 5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бастапқы – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндеттің алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация; 2) кезекті – жеке тұлға активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация; 3) қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға осы өзгерістерге жəне (немесе) толықтыруларға қатысты ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация; 4) хабарлама бойынша қосымша – салық органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылаудың нəтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация. 6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация: 1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген адамдардың ұсынуын; 2) осы Кодекстің 70-бабында көзделген қосымша салық есептілігін ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады. 187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері 1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай талаптар ескеріле отырып толтырылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетіледі; 2) Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес құрылған банктерге жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, дебиторлық жəне (немесе) кредиторлық берешек міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда көрсетіледі. 2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда мынадай талаптар ескеріле отырып, жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік те көрсетілуі мүмкін: 1) биологиялық активтер осындай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорт немесе өзге де құжат болған кезде көрсетіледі; 2) мəдени құндылықтар Ұлттық мəдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне олар Қазақстан Республикасының мəдениет туралы заңнамасында айқындалған тəртіппен енгізілген жағдайда көрсетіледі; 3) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар жəне құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер жəне антиквариат туындылары осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен жəне осындай мүліктің құнын растау құжаттары болған жағдайда көрсетіледі; 4) осы тармақтың 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен жəне осындай мүліктің құнын растау құжаттары болған жағдайда көрсетіледі. 187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация: 1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей; 2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады. 2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация 187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация 1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде:

21 қараша 2015 жыл

1) мынадай адамдардың бірі: Қазақстан Республикасының кəмелетке толған азаматы; оралман; тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сəйкес Қазақстан Республикасының резиденті; 2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға; 3) мыналардың: осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кəмелет жасына) толмаған адамның; əрекетке қабілетсіз, əрекет қабілеті шектеулі деп танылған жəне осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кəмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады. 2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай жағдайда, егер: 1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер алса; 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың жəне олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, есепті салық кезеңінде алынған кірістерден жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттеме туындаған жағдайда мұндай адамдардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 179бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге асырылады. 3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған: 1) есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мынадай кіріс түрлерін: мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекті; бюджет қаражаты есебінен төленетін жəрдемақыларды, өтемақыларды, стипендияларды; мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін əлеуметтік төлемдерді; банктердегі жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақыларды; бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды; бюджет қаражаты есебінен «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларын қоспағанда, кірістер алған; 2) мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге жататын мүлiктi, сондай-ақ сол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмiлелер мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлiкті иеліктен шығарған жəне (немесе) иемденіп алған жəне (немесе) өтеусіз алған; 3) тұрғын үй құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қатысу үлесін иемденіп алған жəне (немесе) талап ету құқығын басқаға берген жəне (немесе) өтеусіз алған; 4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған; 5) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктерге жəне Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы заңнамасына сəйкес құрылған, банк операцияларының жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) жəне (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен сомасы болған кезде ұсынады. 4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінің ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сəйкес келген кезде: 1) жеке тұлға: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам; «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам; дара кəсіпкер; жекеше нотариус; жеке сот орындаушысы; адвокат; кəсіби медиатор болып табылмаса; 2) жеке тұлға: мүліктік кіріс; басқа да кірістер алмаса; 3) жеке тұлғада кез келген кірістер болмаса немесе жеке тұлға кірістерді: төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер; өміріне жəне денсаулығына келтірілген зиянды өтеу; алименттер түрінде ғана алса; 4) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға жəне (немесе) қайтаруға құқығы болмаса немесе ол жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламаса; 5) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ сол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаса, иеліктен шығармаса, өтеусіз алмаса, кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларацияны ұсынуға құқылы. 187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері Кірістер мен мүлік туралы декларация: қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей; электрондық түрде ұсынылған жағдайда – есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады. 3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация 187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация Жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жасалған еңбек шарттары бойынша кірістер алған еңбекші көшіп келушілер ұсынады. 187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады. Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.»; 65) 200-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері»; 66) 201-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған кірістеріне салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады.

Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді жəне ұстауды салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға кірістерді төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Кірісті шетелдік валютамен төлеу кезінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс мөлшері валюта айырбастаудың кіріс төленетін күнгі нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі. Бейрезидент жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сəйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.»; 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында айқындалған кірістерді қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) жəне 22) тармақшаларында айқындалған кірістер сомасына қолдану жолымен жүргізеді.»; 67) 205-бап мынадай редакцияда жазылсын: «205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларацияны Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алатын бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына осы Кодекске сəйкес ұсынады. Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен, ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда бейрезидент жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға жəне жеке табыс салығын ағымдағы салық кезеңі ішінде төлеуге құқылы. Кірістер мен мүлік туралы декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейінгі кезең үшін ұсынылады.»; 68) 25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баппен толықтырылсын: «205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну Бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады. Бейрезидент үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.»; 69) 221-1-бап алып тасталсын; 70) 231-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «12) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кəсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;»; 71) 248-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтерді;»; 72) 357-баптың 2-тармағында: бірінші бөлік жəне екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында жəне 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) жəне 21) тармақшаларында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары), сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық агентінің осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша шығыстары салық салу объектісі болып табылады. Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 26), 26-1), 27), 29), 31), 32) жəне 34) тармақшаларында жəне 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер, сондай-ақ:»; 73) 363-бап мынадай редакцияда жазылсын: «363-бап. Салық кезеңі жəне есепті кезең 1. Күнтізбелік ай əлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады. 2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.»; 74) 364-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен əлеуметтік салық бойынша декларацияны (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Төлеушi жеке табыс салығы мен əлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.»; 75) 416 жəне 417-баптар алып тасталсын; 76) 17-бөлім алып тасталсын; 77) 428-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, карттарды, бильярд үстелдерін пайдаланып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға;»; 78) 429-бап 3) тармақшасындағы «мөлшерінен аспайтын дара кəсіпкерлер қолданады.» деген сөздер «мөлшерінен аспайтын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін: сылақ жұмыстарын; ағаш ұсташылығы мен шеберлігі жұмыстарын; еден жабу жəне қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу жəне шынылау жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды; сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотосурет саласындағы қызметті; аударма (ауызша жəне жазбаша) ісін; мүліктік жалдауға (жалға) беруді; көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық жəне спорттық керек-жарақтарды прокатқа беруді жəне мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді; өзге де жеке тұтыну заттарын жəне тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді жəне мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім жəне бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; мəдениет аясындағы білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; қосалқы білім беру қызметтерін; өнер саласындағы қызметті; компьютерлерді жəне перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын жəне тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді жəне педикюрді; ветеринариялық қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді; тұрғын үй-жайларды жинау жəне үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды жəне жөндеуді; үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кəсiпкерлер қолданады.»; 79) 432-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тəртіппен жүргізіледі.»; 80) 442-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) шаруа немесе фермер қожалықтары басшысының (мүше сінің) осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8)

тармақшасында көзделген кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;»; 81) 556-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: «4-1. Камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тəртібін жəне өздеріне қатысты осындай тəртіп жүргізілетін тұлғалардың тізбесін уəкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындайды.»; 82) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) жəне 8-3) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) жеке тұлғалардың декларацияларын ұсынған жеке тұлғаның жеке сəйкестендіру нөмірі туралы; 8-2) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы; 8-3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жариялануға жататын;»; 83) 568-баптың 1-бабы екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «осы Кодекстің 411 жəне 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше ойын бизнесі салығы мен бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.»; 84) 569-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ойын бизнесі салығы салынатын қызмет бойынша осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген тұлғалардың;»; 85) 574-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын; 86) 579-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген», «ұсынған» деген сөздер тиісінше «оңайлатылған», «ұсынбаған» деген сөздермен, 3-тармағының үшінші абзацындағы «тіркелген салық бойынша жеңілдетілген» деген сөздер «оңайлатылған» деген сөзбен ауыстырылсын; 87) 581-бапта: 12) тармақшада: мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «тексерілетін жеке тұлғаның;»; екінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мəліметті салық органынан сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті. Осы баптың 12) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 12) тармақшасында жəне 12-1) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мəліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;»; 88) 583-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «583-бап. Уəкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың жəне уəкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»; мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 жəне 7-9-тармақтармен толықтырылсын: «7-3. Нотариустар жеке тұлғалардың мəмілелері мен шарттары бойынша: 1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктер, сондай-ақ сол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы; 2) қабылданған мұра туралы; 3) егер мəміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жəне тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кетсе, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мəмілелер мен шарттар туралы мəліметтерді уəкілетті органға ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген ақпаратты ұсыну нысанын, тəртібін жəне мерзімдерін уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Əділет министрлігімен келісу бойынша белгілейді. 7-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы қолда бар мəліметтерді уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне нысан бойынша ұсынуға міндетті. 7-5. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жəне сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган белгілеген тəртіппен жəне нысан бойынша тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мəмілелер жасауы туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті. 7-6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес зейнетақы жарналарын, əлеуметтік аударымдар мен əлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға халықты əлеуметтік қорғау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мəліметтерді уəкілетті орган белгілеген нысанда, мерзімдерде жəне тəртіппен ұсынуға міндетті. 7-7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мəліметтерді уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша жəне тəртіппен ұсынуға міндетті. 7-8. Білім беру ұйымдары салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда жəне тəртіппен мəліметтер ұсынуға міндетті. 7-9. Денсаулық сақтау субъектілері салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында медицинаға жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда жəне тəртіппен мəліметтер ұсынуға міндетті.»; 89) 584-бапта: мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын: «4-2. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынғаны туралы ақпарат жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуының осы баптың 2-тармағында белгіленген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде уəкілетті органның сайтында орналастырылады.»; 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қоспағанда, салық кезеңі көрсетілмесе, салық органдарына ұсынылмаған деп есептеледі. Осындай декларация ұсынылатын салық кезеңі осы Кодекске сəйкес айқындалады, немесе»; 90) 590-бап мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын: «3. Жеке тұлғаның кірісінен есептелген жеке табыс салығының бюджетке төленуге жататын, кірістері мен мүлкі туралы декларация бойынша қалыптасқан сомасы салық органында жеке тұлғаның дербес шотында: 1) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – орналасқан жері бойынша; 2) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша – тұрғылықты (болатын) жері бойынша көрсетіледі. 4. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетудің расталған сомасы жеке тұлғаның дербес шотында осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген қорытындының негізінде осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты (болатын) жері бойынша салық органында көрсетіледі.»; 91) 599-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Кодекстің осы бабының жəне 600, 602 жəне 606-5-баптарының мақсаттарында:»; 92) 83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфпен жəне 6061, 606-2, 606-3, 606-4 жəне 606-5-баптармен толықтырылсын: «2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару 606-1-бап. Жалпы ережелер 1. Жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша осы Кодекстің 159-1-бабына сəйкес есептелген асып кету туындаған кезде салық органы осы тарауда көзделген тəртіппен жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін жеке табыс салығы бойынша осындай асып кетуді осы тарауда белгіленген тəртіппен жəне мерзімде есепке жатқызуға жəне (немесе) қайтаруға құқылы. 2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда мəлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізуге негіз болып табылады. 606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру (Жалғасы 11-бетте).


21 қараша 2015 жыл

(Жалғасы. Басы 7-10-беттерде). 1. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру – салық органдары кірістер мен мүлік туралы декларацияда мəлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау мақсатында жүргізетін рəсім. 2. Салыстырып тексеру барысында: 1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мəліметтерді салық агенттері мен уəкілетті адамдардың деректерімен салыстыру; 2) салық шегерімдерін қолданудың негізділігін жəне осы Кодекстің 156-2-бабына сəйкес салық шегерімдері деп танылатын шығыстардың сомаларын растау; 3) есепке жатқызуға жəне (немесе) қайтаруға мəлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау; 4) осы Кодекстің 606-3 жəне 606-4-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі. 3. Осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілген мəліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 84-тарауына сəйкес хабарлама жіберіледі. 4. Осы баптың 3-тармағына сəйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тəртіппен жүргізіледі. 606-3-бап. Салық агенттерінің мəліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тəртібі Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мынадай мəліметтерді: 1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді; 2) салық салудан босатылатын, осы Кодекстің 156-бабында көзделген кірістерді; 3) осы Кодекстің 156-2-бабында белгіленген, төлем көзінен салық салуға жататын кіріске қолданылған салық шегерімдерін; 4) жеке табыс салығының төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген сомасын салық агенттерінің тиісті мəліметтерімен салыстырып тексереді. 606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тəртібі 1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жəне (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың 15 қазанынан кешіктірмей: 1) тиісті уəкілетті адамдарға – Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мəліметтерді растау туралы талапты; 2) жеке тұлғаға – медициналық қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алғанын растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куəландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды; 3) банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін құзыретіне қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау кіретін уəкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы талапты жібереді. 2. Талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға: 1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға – веб-қосымша арқылы немесе хабарламаны кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тəсілмен; 2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 3. Салық органдарының талабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мəліметтерді растауды осы Кодекстің 581 жəне 583-баптарында белгіленген мерзімдерде уəкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар: 1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тəсілмен; 2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады. 4. Салық органдарының осы бапта көзделген талаптарының нысандарын жəне оларды толтыру қағидаларын уəкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уəкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша белгілейді. 5. Уəкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көрсетілген мəліметтерді осы Кодекстің 581 жəне 583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жəне (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей, жеке тұлғаға медициналық қызмет көрсетулерге жəне білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондайақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куəландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді. 6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда жеке тұлға келу тəртібімен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жəне (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, тұрғылықты жері бойынша салық органына: 1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық қызмет көрсетулерге; 2) осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызмет көрсетулерге жəне білім беру қызметтеріне ақы төлеуге; 3) жеке тұлға тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куəландырған көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамауға жəне осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберуге негіз болып табылады. 7. Уəкілетті адамдардан, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мəліметтердің, жеке тұлғаның осы бапқа сəйкес ұсынылған құжаттары түпнұсқаларының немесе нотариат куəландырған көшірмелерінің негізінде салық органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға жəне (немесе) қайтаруға мəлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растайды жəне мынадай: 1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толығымен растау туралы; 2) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толық растамаудың себептері көрсетілген бөлігінде растау туралы; 3) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытындыларды жинақтайды. 8. Осы баптың 7-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар: 1) электрондық салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электронды тəсілмен; 2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 9. Салық органдары толығымен растаған жеке табыс салығы бойынша асып кету сомалары туралы мəліметтер жеке тұлғаларға осы Кодекстің 92-тарауында белгіленген тəртіппен беріледі. 606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару тəртібі 1. Осы Кодекстің 159-1-бабына сəйкес есептелген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша мəлімдеген асып кету сомасының шегінде толығымен немесе осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген бөлігінде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау туралы қорытындының негізінде жүргізіледі. 2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы артық төленген салық, төлем, алым жəне өсімпұл сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тəртіппен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді салықтар, алымдар, төлемдер бойынша қолда бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді. 3. Қолда бар салық берешегі өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу жəне (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі. 4. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талапта көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі. 5. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі. 6. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда бір мезгілде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне қайтару бойынша талапты көрсеткен жағдайда салық органы алдағы төлемдер есебіне жеке табыс салығы

11

www.egemen.kz

бойынша асып кетуді есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызудан кейін қалған бөлігінде – банк шотына қайтаруды рет-ретімен жүргізеді. 7. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару бойынша талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған кезде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару осы баптың үшінші бөлігіне сəйкес жүргізіледі. Кірістер мен мүлік туралы декларация осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару бойынша талапты көрсету жəне банк шотының деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация ұсынылған жағдайда жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару осындай кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған күннен бастап он екі ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі. 8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда есепке жатқызу жəне (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады. 9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды жəне (немесе) қайтаруды жүргізу тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»; 93) 607-баптың 2-тармағында: 4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4) салық есептілігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы – солар бойынша хабарлама жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк кіріс салығы жəне қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) жеке тұлғалар декларацияларының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы – декларация ұсынылатын жылдың 15 қазанынан кешіктірмей;»; 94) 610-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық жəне (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен əрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен əрбір күн үшін есепке жазылады.»; мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: «14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нəтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»; 95) 625-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тəуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру үшін, оның ішінде:»; 96) 626-бап мынадай редакцияда жазылсын: «626-бап. Салық органдарының тəуекелдерді бағалау жəне басқару жөніндегі іс-қимылдары Осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін салық органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінің деректерін, уəкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уəкілетті адамдардан алынған мəліметтерді, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді талдауды, сондай-ақ жеке тұлғаларды камералдық бақылау нəтижелерін пайдаланады.»; 97) 643-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау»; 1-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 1-2-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмеген немесе осы Кодекстің 187-2-бабында белгіленген талаптарды бұза отырып көрсетілген мəліметтер жеке тұлғалардың шығыс көздерін растау үшін негіз бола алмайды. 1-2. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 21-1-бөлімінде көзделген декларациясында көрсетілген мынадай: 1) осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сəйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі мүлік туралы; 2) дебитор жəне (немесе) кредитор болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сəйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан жəне (немесе) тіркелген жағдайда басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) жəне (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі) туралы мəліметтер шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шет мемлекеттің құзыретті органы берген растау құжаттары болған кезде ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.»; 98) 89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баппен толықтырылсын: «643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама əдіспен айқындау 1. Осы бап жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына əкеп соғатын декларацияларында ол көрсеткен мəліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру барысында қолданылады. 2. Осы баптың қолданысы дара кəсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кəсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыруы кезеңінде қолданылмайды. 3. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсеткен кірістері оның жұмсаған шығыстарына, соның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сəйкес келмейтін болса, салық органдары жеке тұлғаларды салықтық тексеру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама əдісінің мынадай түрлерін қолдануға құқылы: 1) активтердің құн өсімі əдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар жəне (немесе) мəмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға арналған шығыстар болған жағдайда пайдаланылады. Бұл əдіс осы тармақшада көрсетілген, белгілі бір кезең ішіндегі мүлік өсімінің құнын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады; 2) шығындарды есепке алу əдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады. Бұл əдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады; 3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу əдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі жəне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады. Бұл əдіс банктердегі жəне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады. 4. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде қажет болған жағдайда салық органдары осы бапта айқындалған əдістердің комбинациясын пайдалануы мүмкін. 5. Осы бапта айқындалған əдістерді қолдану кезінде салықтық тексеруді жүргізу барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі. 6. Жеке тұлғаның кірістерін осы бапта көрсетілген əдістермен айқындау тəртібін уəкілетті орган бекітеді.»; 99) 657-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарының уəкілетті орган белгілеген тəртіппен қабылдауы арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді. Осы Кодекстің мақсатында жеке тұлғаларға декларациялар толтыру жөнінде консультация беретін жəне салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларациялар қабылдауды жүзеге асыратын салық органдары қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ салық органының мобильдік тобы болып табылады;». 3. 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат): 1) мазмұнындағы 244-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «244-бап. Жеке тұлғаның салықты жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы»; 2) 244-бапта: тақырыбы мен бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«244-бап. Жеке тұлғаның салықты жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы 1. Жеке тұлғаның декларация ұсынуы міндетті болып табылатын жағдайларда декларацияны ұсынбау жолымен не декларацияға немесе салықтарды жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-əрекет салықты жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге əкеп соқса, -»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны бірінші рет ұсынбаған не аталған декларацияға немесе салықтарды жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді бірінші рет енгізген жеке тұлға, егер бұл іс-əрекет салық жəне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге əкеп соқса, жанама əдіспен айқындалған салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша жеке табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жазалаудан босатылады.». 4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат): 169-баптың 8-тармағының 8) тармақшасындағы «ұсынуға;» деген сөз «ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын. 5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат): 1) мазмұнында: 272-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мəліметтерді ұсыну»; 274-баптың тақырыбы алып тасталсын; 471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уəкілетті органдардың жəне уəкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»; 2) 272-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мəліметтерді ұсыну»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау ескерту жасауға əкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-бөліктермен толықтырылсын: «2-1. Салықтарды жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға əкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мəліметтерді ұсыну ескерту жасауға əкеп соғады. 2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-əрекеттер отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Осы баптың 2-1 жəне 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мəліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мəліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.»; 3) 274-бап алып тасталсын; 4) 285-баптың үшінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы жəне нөмірлері туралы, салық төлеушілердің осы шоттардағы ақша қалдығы жəне қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы ақпаратты ұсынбау түрінде орындамауы - »; 5) 471-бапта: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уəкілетті органдардың жəне уəкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»; екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мəлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уəкілетті органдардың жəне уəкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: «Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.»; 6) 720-баптың бірінші бөлігіндегі жəне 721-баптың бірінші бөлігіндегі «274,» деген цифрлар алып тасталсын. 6. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,№ 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18,72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18,21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат): 1) 17-1-баптың 4-тармағының 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-3) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сəйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы мəртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін жəне Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.»; 2) 50-бапта: 6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «тексерілетін жеке тұлғаға;»; 6-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы баптың осы тармағында, 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2, 6-3 жəне 6-4-тармақтарында көзделген мəліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық əкімшілендіру мақсатында ғана уəкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.»; мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 жəне 6-4-тармақтармен толықтырылсын:

«6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай: 1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының баржоғы, нөмірлері туралы жəне олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы; 2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мəліметтерді ұсынады. Осы тармақта көрсетілген мəліметтерді салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады. Салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс. 6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мəліметтерді банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес ұсынады. Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мəліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мəселелер бойынша салықтық əкімшілендіру мақсатында пайдаланады. 6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мəліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мəліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.»; 3) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның көшірмесін беруге тиіс.». 7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат): 1) 26-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сəйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мəртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін жəне Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;»; 2) 74-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «туралы ақпаратты» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) кірістер мен мүлік туралы мəліметтер жөніндегі ақпаратты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның көшірмесін қамтитын есептілікті ұсынуға тиіс.». 8. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3,32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат): 72-1-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) кірістер мен мүлік туралы мəліметтер, сондай-ақ уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сəйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мəртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін жəне Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесі. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;». 9. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат): 24-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес мемлекеттік кіріс органдарына;». 10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) 6-баптың 6-тармағы алып тасталсын; 2) 16-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы «хабарлауға;» деген сөз «хабарлауға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 16) тармақшасы алып тасталсын. 11. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат): 7-баптың 4-тармағы алып тасталсын. 2-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 178-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу 1. Егер осы Кодекстің осы бабында жəне 182-бабында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің

158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені, осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасына қолдану жолымен салық кезеңі үшін жүргізіледі. Есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сəйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын тиісті кірістің салық салынатын сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, салық салуға жататын кіріс пен осы бөлімде белгіленген салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. 2. Жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кəсіби медиаторлардың кірістерін қоспағанда, салық төлеушіде жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістердің бірнеше түрі болған кезде жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын барлық кіріс түрлерінің сомасына қолдану жолымен дербес жүргізеді. 3. Осы бөлімде белгіленген салық шегерімдері, егер көрсетілген шегерімдер жұмыскердің кірісін айқындау кезінде жүргізілмеген болса, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістердің жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде қолданылады. 4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерден басқа дара кəсіпкерлер салық кезеңі үшін дара кəсіпкердің кірістері бойынша салықты есептеуді дербес жүргізеді. Салық сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені дара кəсіпкердің осы Кодекстің 133-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабына сəйкес ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған кірісіне қолдану жолымен есептеледі. Есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығының осы Кодекстiң 223-бабына сəйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасына азайтылады. 5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кəсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сəйкес жүргізеді.». 3-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 187-1, 187-2, 187-3, 187-4, 187-5, 187-6 жəне 187-7-баптарының қолданысы мыналар: 1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уəкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары); 2) мынадай талаптарға сай болған кезде: жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сəйкес əкімшілік персоналға жатса; жұмысы вахталық əдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің жəне ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің жəне ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері; 3) мемлекеттік мекеменің, мемлекеттік кəсіпорынның осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында көрсетілмеген жұмыскерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қатысты тоқтатыла тұрсын. 4-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 67-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «67-бап. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері 1. Уəкілетті орган жеке табыс салығы мен əлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді: 1) мыналар: салық агенттері; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер; Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдарды төлеушілер; «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша); 2) мыналар: салық агенттері; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер; Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сəйкес əлеуметтік аударымдарды төлеушілер; «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдарды жəне жарналарды есептеу, ұстау, аудару, төлеу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылатын салық төлеушілер үшін жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша). 2. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша): 1) мыналар: жеке табыс салығы; міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары; əлеуметтік салық; əлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын жəне аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 2) мыналардың; жеке табыс салығының; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік салықтың; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 3. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары: 1) кірістер алушы болып табылатын əрбір жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы бойынша мынадай мəліметтерді: жеке тұлға туралы сəйкестендіру деректерін; төлем көзінен салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын; салық салудан босатылатын кірістер сомасын; қолданылған салық шегерімдерінің сомасын; салық салынатын кірістер сомасын; есептелген жеке табыс салығының сомасын; төленген кірістер сомасын; төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын; жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын; аударылған жеке табыс салығының сомасын көрсете отырып, жеке табыс салығы сомаларын есептеу, ұстау жəне аудару; 2) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша: жеке табыс салығының; əлеуметтік салықтың; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы; (Соңы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Соңы. Басы 7-11-беттерде). 3) салық төлеушілердің жер қойнауын пайдалануға арналған əрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша əлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. 4. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларация (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша): 1) мыналар: жеке табыс салығы; міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары; əлеуметтік салық; əлеуметтік аударымдар, оның ішінде өз пайдасына; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар есептелетін, ұсталатын жəне аударылатын салық салу (есептеу) объектілері; 2) мыналардың: жеке табыс салығының; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік салықтың; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаттары үшін пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. 5. Жеке табыс салығы жəне əлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары: 1) кіріс алушылар болып табылатын əрбір жеке тұлға – шетелдік жəне азаматтығы жоқ адам бойынша мынадай мəліметтерді: жеке тұлға туралы сəйкестендіру деректерін; төлем көзінен, оның ішінде халықаралық шарттарға сəйкес салық салуға жататын есепке жазылған кірістер сомасын; салық салудан, оның ішінде халықаралық шарттарға сəйкес босатылатын кірістер сомасын; қолданылған салық шегерімдерінің сомасын; төлем көзінен салық салынатын кірістер сомасын; салық мөлшерлемелерін; есептелген жеке табыс салығының сомасын; төленген кірістер сомасын; төленген кірістер сомасының есепке жазылған кірістер сомасына үлес салмағын; жеке табыс салығының ұстауға жататын сомасын; аударылған жеке табыс салығының сомасын; халықаралық шарттардың қолданылуын; Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, резиденттер жəне бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау жəне аудару туралы жəне жеке табыс салығын жəне əлеуметтік салықты, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептеу; 2) құрылымдық бөлімшелер бойынша: жеке табыс салығының; əлеуметтік салықтың; міндетті зейнетақы жарналарының; жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының; міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының; əлеуметтік аударымдардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың; міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдардың сомаларын есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн. 6. Дара кəсіпкерлердің жеке табыс салығы бойынша декларацияны, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кəсіпкерлер ұсынады. Осы декларация салық төлеушілердің: жылдық жиынтық кіріске енгізілген кірістерді; шегерімге жатқызылған шығыстарды; кірістер мен шегерімдерді түзетулерді; салық салынатын кірісті (шығынды); салық салынатын кірісті азайтатын кірістер мен шығыстарды; шеккен шығындарды, есептелген салық сомасын декларациялауына арналған. Жеке табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжейтегжейлі көрсетуге арналған.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай: 1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1) - 6), 8) - 10), 12) - 15) тармақшаларында көрсетілген; 2) осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. 7. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 185-бабы 1-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген жеке тұлғалар ұсынады. Осы декларация: 1) жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерді (дара кəсіпкердің кірісін қоспағанда); 2) салық шегерімдерін; 3) жеке табыс салығы сомасын есептеуді; 4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттарын, сондай-ақ осындай шоттардағы ақшаны; 5) меншік құқығындағы мынадай мүлікті: шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлікті (ол бойынша құқықтарды жəне (немесе) мəмілелерді); эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздарды; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін декларациялауға арналған. Декларацияға қосымшалар кірістердің түрлері мен сомалары туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатында пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған. Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай: 1) мүліктік жəне өзге де кірістер бойынша; 2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кəсіби медиатордың кірісі бойынша; 3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған кірістер бойынша, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған кірістер бойынша, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы жəне шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай кірістер солардан алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін; 4) халықаралық шарттарға сəйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер бойынша; 5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктердегі банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай шоттардағы ақша туралы; 6) осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.». 5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «2. «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар салық салу объектісі болып табылатын кірістері жəне Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсынады.». 6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.». 7-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.». 8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы жəне кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған мынадай жеке тұлғаларға:

21 қараша 2015 жыл

1) 2017 - 2019 жылдар бойына – 2017 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаларға; 2) 2020 - 2022 жылдар бойына – осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлғаларға қатысты іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін. 9-бап. Осы Заңның 8-бабында көрсетілген тұлғалар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алудың (оның туындауының) заңдылығы бөлігінде салық органдарының тексеруіне жатпайды деп белгіленсін. 10-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2018 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін. Осы баптың мақсаттары үшін негізгі құралдарды сатып алуға, өндіруге, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған шығыстардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылған материалдық емес жəне биологиялық активтердің, сондай-ақ, «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 115-бабының 1), 2), 3), 4), 5) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес осындай активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығыстардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады. Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай тəртіппен айқындалады: осы бапқа сəйкес айқындалған, активті сатып алу құны көбейту техникалық реттеу жəне метрология жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптауышқа сəйкес актив жатқызылатын тіркелген активтер тобы үшін «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабының 2-тармағында көзделген амортизацияның шекті нормасы көбейту осындай салық төлеушінің активті пайдаланған толық жылдарының саны. 11-бап. 1. Осы Заң: 1) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 30) тармақшасының он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын; 2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші абзацтарын, 52) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 53) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші жəне он үшінші абзацтарын, 70), 74) жəне 94) тармақшаларын; 3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының сексен жетінші жəне сексен сегізінші абзацтарын, 14), 22) жəне 24) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші абзацын, 71), 75), 76), 77), 83), 84), 85) жəне 86) тармақшаларын, 6-тармағы 2) тармақшасының он төртінші абзацын; 4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші, елу алтыншы - алпыс үшінші, алпыс алтыншы, сексен бірінші, сексен екінші жəне сексен үшінші абзацтарын, 15) жəне 17) тармақшаларын, 23) тармақшасының төртінші - он бірінші абзацтарын, 26) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 31) тармақшасының жиырма бірінші жəне жиырма екінші абзацтарын, 48) тармақшасының алтыншы жəне сегізінші абзацтарын, 56), 57), 58) жəне 59) тармақшаларын, 60) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы жəне он бірінші абзацтарын, 62) тармақшасының бірінші жəне үшінші абзацтарын, 63), 67), 68) жəне 80) тармақшаларын; 5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы, тоқсан бірінші - тоқсан жетінші абзацтарын, 4) жəне 5) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 34), 51), 90), 91) жəне 92) тармақшаларын, 6-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларын, 7 жəне 8-тармақтарын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 2) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы жəне он бірінші абзацтары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 18 қараша № 412-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2011 ж., № 3, 30-құжат; 2013 ж., № 17, 84-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; 2015 ж., № 14, 75-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 59-бапта: 2-тармақта: екінші, үшінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сəйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органы белгілеген тəртіппен жəне нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Конституциялық заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуге жататын мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы мəліметтер болып табылады.»; 5-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 6-тармақтың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 7-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.»; 2) 73-бапта: 2-тармақтың екінші, үшінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сəйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тəртіппен жəне нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.»;

4-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 5-тармақтың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.»; 3) 89-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сəйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органы белгілеген тəртіппен жəне нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.»; 6-тармақта: 5) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анық еместігі анықталған;»; 6) тармақшаның бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;»; 4) 104-бапта: 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына

осы Конституциялық заңға сəйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тəртіппен жəне нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.»; 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;»; 6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердiң анық еместiгі анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы заңнамасына сəйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.»; 5) 118-бапта: 1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сəйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органы белгілеген тəртіппен жəне нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.»; 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.»; 6-тармақтың бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мəліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сəйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.». 2-бап. Осы Конституциялық заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 18 қараша № 413-V ҚРЗ

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: С-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. С-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. С-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. С-О-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сəйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы. C-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дəрежесінің болуы; сот орындаушысына жұмыс тəжірибесі талаптары қолданылмайды. C-O-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. C-O-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. «Мемлекеттік əкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-0102/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген). Мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы Еңбек сіңірген Еңбек сіңірген жылдарына жылдарына Санат Санат байланысты байланысты min max min max C-3 118516 160157 C-O-5 64063 86485 C-4 106344 143501 C-O-6 57656 78157 С-5 80078 108266 C-R-4 56375 76235 С-О-2 125564 169767 C-R-5 49969 67906 С-О-4 84563 114032

І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, анықтама үшін телефон: 8(7172)71-84-17, электронды мекенжайы: kadry_kk@minfin.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Жамбыл облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: банк операцияларын жүргізу жəне олар бойынша есеп берулерді жасау, валюталық операцияларды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, корреспонденттік шоттарды, баланс шоттарын бақылауды ұйымдастыру, бюджет төлемдерінің есепке алынуының дұрыстығын бақылау, мемлекеттік мекемелердің шоттарды ашу жəне жүргізу тəртібін сақтау жұмыстарын ұйымдастыру жəне бақылау. Мəліметтер базасын басқарудың реляциялық жүйесі негізінде əзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу жəне пайдалану; ақпараттарды қорғау жəне ақпараттық жүйені құру, бағдарламалық-техникалық кешендерді тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономикалық немесе заңгерлік немесе ақпараттық технологиялар, техника жəне əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп жəне аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік жəне жергілікті басқару) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техника ғылымдары жəне технологиялар саласында (автоматтандыру жəне басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету). Негізгі қызмет бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткен сертификаттардың болуы жөн. ІІ. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау жəне мемлекеттік инспекция комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ, 070003, Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 12-үй, анықтама үшін телефон: 8 (7232) 76-88-19, факс: 8 (7232) 76-55-62, электронды пошта: Ukecolog1@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Əкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-бас бухгалтері», С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бухгалтерлік есептің жүргізілуіне бақылау атқару, департамент бойынша салық есептілігін жүргізу. Қаржыландыру жоспарларын құрастыру жəне олардың орындалуына бақылау жүргізу. Штаттық кестені құрастыру. Негізгі қаражаттарды жəне тауар-материалдық құндылықтарды жүргізу жəне есепке алу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (экономикалық) білім: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Əкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгі біліктілік талаптарға сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының бюджеттік, еңбек, азаматтық заңнамалары мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, қаржылық бақылау органдарының функциялары мен құқықтарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білу. «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу. Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, қаржылық бақылау саласында, мемлекеттік сатып алу мəселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруда жұмыс тəжірибесінің болғаны жөн. Заманауи іс жүргізу негіздерін білу. Осы

санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау жəне мемлекеттік инспекция комитетінің «Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ, Алматы облысы, 040008 Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 297-үй, анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24 58 71, e-mail: almobl.eco@ mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: құзыреті шегінде белгіленген тəртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер, ұсыныстар жəне басқа құжаттар негізінде табиғат пайдаланушылармен экологиялық жəне мұнай жəне газ саласындағы заңнамалардың сақталуына тексерістерді жүзеге асыру. Құзыреті шегінде нормативтік-құқықтық актілердің жобасын əзірлеуге қатысу. Перспективалық жəне ағымдағы жұмыс жоспарын əзірлеу. Тексерістердің нəтижелері бойынша актілерді жасау, құзыреті шегінде бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды шығару. Құзыреті шегінде əкімшілік істерді қозғау жəне қарау. Шығындарды есептеу жəне экономикалық бағасын ұсыну. Кінəлі тұлғаларды əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті орган дарға жолдау. Қоршаған ортаның жағдайына əсер тигізетін табиғатты қорғау жəне өзге объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс жəне мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу. Комитет басшылығының тапсырмалары мен бақылаудағы тапсырмаларды уақтылы жəне сапалы орындау. Комитеттің жұмыс жоспарларын жасауға қатысу, орындалуын бақылау. Ақпараттандыру жəне рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаларға сəйкес лицензиялау жəне құзыреті шегінде басқа да мəселелер жөнінде интернет-ресурста қажетті ақпаратты орналастыру жəне жаңарту. Алқаларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге ақпараттарды дайындау. Құзыреті шегінде есептер мен ақпараттарды тиісті органдарға уақтылы дайындау жəне ұсыну. Белгіленген тəртіпте департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ұсыну, соның ішінде қажетті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету. Департамент құзыреті шегінде жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы заңнамаға сəйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметін тексеруді ұйымдастыру жəне қатысу. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы заңнамаға сəйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметіне жүргізілген тексерістер туралы есептер дайындау, статистикалық есептерді жүргізу. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұзуды жою жөнінде шаралар қолдану. Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының бұзылуы туралы уəкілетті жəне құқық қорғау органдарына материалдар əзірлеу. Лицензиялау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы істер бойынша талап-арыз дайындау жəне сотпен іс қарауға қатысу. Құзыреті шегінде лицензиялау жəне аккредиттеу мəселелері бойынша мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілерімен хат алмасуды жүзеге асыру. Лицензиялау қызметі жөніндегі есептілік үшін ақпарат əзірлеу. Жыл сайынғы есепті, берілген жəне қайта ресімделген лицензиялар, аккредиттеу куəліктерінің тізілімін жүргізу үшін ақпарат əзірлеу. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорында жұмыс. Стратегиялық, операциялық жоспар бойынша есептілікті жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес хабарламалар жөнінде қажетті ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру жəне мониторинг жүргізу. Хабарламалар жөнінде есептілікті дайындау. Құзыреті шегінде хабарлама тəртібі бойынша мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілерімен хат алмасуды жүзеге асыру. Мемлекеттік бақылау жəне қадағалау туралы заңнамаға сəйкес жергілікті жерлерде мұнай өнiмдерiн көтерме жабдықтаушылардың қызметіне тексеріс ұйымдастыру жəне қатысу. Құзыреті шегінде белгіленген тəртіпте бекітілген жоспарлар мен кестелердің жəне басқа да заңды негіздерде комитеттің аумақтық органдарын тексеруді ұйымдастыру жəне оларға қатысу. БЭҚАЖ «Lotus Notes» бағдарламасымен жұмыс. Құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары (экология, гидрология, метеорология), техника ғылымдары жəне технология (тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау, инженер-гидротехник, инженер-технолог, тау-кен инженері), ауыл шаруашылығы (агрохимия топырақтану, агрономия, агроэколог) əлеуметтік ғылымдары, экономика жəне бизнес (экономика, қаржы), ветеринария, зооинженер жəне ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. ІІІ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, 010000, Астана қаласы, Тəуелсіздік даңғылы, 1, анықтама үшін телефондар: 71-52-29, 72-20-47, 72-20-46, электронды мекенжайы: marat@mvd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаменті Тіл басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: тіл басқармасына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Мемлекеттік тілді дамыту желісі бойынша департаменттің жұмыс жоспарын əзірлеуге қатысады жəне оған ұсыныстар енгізеді, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қадағалайды. Басқарма қызметкерлерінің арасында олардың функционалды міндеттеріне сəйкес жүктемені бөледі, олардың сапалы жəне уақтылы орындалуын бақылайды. Мемлекеттік тілді дамыту мəселесі бойынша өткізілетін Алқа мəжілістеріне, жедел жəне селекторлық бейнекеңестерге материалдар мен ұсыныстар əзірлейді. ІІО-да тіл саясатын жетілдіру бойынша департамент басшылығына ұсыныстар енгізеді. Редакциялық сараптаманың уақтылы орындалуын жəне құжаттардың есепке алынуын бақылайды, мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасына жауап береді. Редакциялық сараптамаға келіп түскен құжаттардың орындалу тəртібі мен мерзімін белгілейді жəне бөлім қызметкерлерінің функционалды міндеттеріне сəйкес жүктемені бөледі. Апта сайын редакциялық сараптамаға келіп түскен материалдарды орындау мерзімі жəне ағымдағы, маңызды жəне көлемді құжаттардың сапасы бойынша ақпарат сұратады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланы, төтенше жағдайлар салаларындағы салалық терминдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік тілде арнайы жəне заң терминдерін қарастыру, оларды біріздендіру, қолдану жəне жетілдіру бойынша комиссияның жұмысына ұсыныстар енгізеді. Ілеспе аудармаға дайындықты қамтамасыз етеді. Құзыретіндегі мəселелер бойынша қолданыстағы нормативтікқұқықтық актілердің қолданылу практикасын жинақтап, қорытады, оларды жетілдіру, реттеу жəне оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Министрлікте мемлекеттік тіл мəселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, акциялар, пікірталастар өткізуді ұйымдастырады. Тіл мəселесіне қатысты мемлекеттік органдар, басқа да ұйымдар мен мекемелер ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысады. ІІМ орталық аппаратында жəне жергілікті ішкі істер органдары бөліністеріндегі іс қағаздарының жүргізілуіне бақылау жасайды жəне оларға практикалық көмек көрсету мақсатында рейдтер мен қызметтік іссапарларға шығады. Тексеріс нəтижесі бойынша анықталған кемшіліктердің жойылуын қадағалайды жəне жұмыстың қорытындысы бойынша ақпаратты департамент басшылығының қарауына ұсынады. Қазақстан Республикасының уəкілетті органдарына «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының ішкі істер органдарында орындалу барысы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді. Редакциялық сараптама тобынан қажет болған жағдайда белгілі бір кезеңде редакциялық сараптама жасалған немесе мемлекеттік тілге аударылған құжаттардың саны мен сапасы туралы ақпарат алады, қорытады жəне талдайды. Оң тəжірибемен алмасу мақсатында басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады. Мемлекеттік тілді үйрету бойынша оқу-əдістемелік материалдар əзірлеуді қамтамасыз етеді. Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, семинарларға, дəрістер мен тренингтерге қатысу, сондай-ақ оларды жазалау жəне көтермелеу туралы ұсыныстарын енгізеді. Құпиялық режімін қаматамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (филология), білім (педагогика жəне психология) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнама ла рын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нор ма тив тік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: (Жалғасы 13-бетте).


21 қараша 2015 жыл

(Жалғасы. Басы 12-бетте). Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 2. Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің тіл басқармасы мемлекеттік тіл тобының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: ІІМ-нің мемлекеттік тілге қатысты бұйрықтарының, нұсқауларының талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз етеді. ІІМ орталық аппаратының қызметтерінен, аумақтық ішкі істер органдарынан жəне ІІМнің оқу орындарынан келіп түсетін тоқсан сайынғы есептерді жинақтайды, олардың қорытындылары бойынша статистикалық деректер мен шолулар дайындайды. ІІО қызметкерлеріне əдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу-əдістемелік жəне көмекші материалдар, құралдар, тілдескіштер, сөздіктер жəне т.б. əзірлейді. Семинар-кеңестерді, тағылымдамаларды, конкурстарды жəне т.б. іс-шараларды өткізуге қатысады. ІІО-да мемлекеттік тілді оқыту сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Департамент басшылығына ІІО-да мемлекеттік тілді дамыту мəселесі бойынша шолулар мен анықтамалар дайындайды. ІІМ-нің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тіл желісі жөніндегі бөлімін контенттік толықтыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің жай-күйін анықтау үшін ІІМнің орталық аппаратына тексеріс жүргізеді, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің жай-күйін, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған, өткізіліп жатқан іс-шараларды тексеру, сонымен қатар, тəжірибелік көмек көрсету мақсатында қызметтік іссапарларға шығады, мемлекеттік тіл желісі бойынша тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жоюды бақылайды. Басшылықтың ағымдағы тапсырмаларын орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (филология), білім (қазақ тілі жəне əдебиет, педагогика жəне психология) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 3. Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаменті баспасөз қызметін талдау жəне мониторинг тобының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: еліміздің ақпарат кеңістігінде ІІО туралы жарияланымдарға күн сайынғы мониторингті жүзеге асырады, БАҚ жарияланымдарының деректер базасын жүргізуді, ІІО жүргізген жедел-профилактикалық ісшаралар, акциялар бойынша статистикалық деректер мен өзге де материалдарды жинақтауды, өңдеуді жəне жүйелендіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ күн сайынғы жедел ақпаратты талдайды. ІІД жəне КІІД-нің республикалық жəне өңірлік БАҚ жұмысы туралы есептерін қорытады жəне талдайды, есептік құжаттарын дайындайды, қызметтік хат алмасуды іске асырады. Резонансты оқиғалар мен қылмыстарды анықтау мақсатында еліміздегі болған оқиғалар мен қылмыстар туралы тəуліктік жедел ақпараттарға, сондай-ақ қоғамдық жаңғырық тудыратын азаматтардың өтініштері мен арыздарын анықтау мақсатында Ішкі істер министрінің блогына күн сайын мониторинг жүргізеді. Болжауды жүзеге асырады жəне жедел ақпараттық ден қою бойынша ұсыныстар енгізеді. Іс жүргізуге жəне электрондық құжат айналымына жауапкершілікте болады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: гуманитарлық ғылымдар (филология), əлеуметтік ғылымдар жəне бизнес (журналистика, жұртшылықпен байланыс, саясаттану), білім (педагогика жəне психология) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 4. Қаржымен қамтамасыз ету департаменті жоспарлау жəне қаржыландыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: ІІМ мемлекеттік жəне салалық (секторалдық) бағдарламаларын дайындауға жəне əзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ əзірлейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобасына қаржы есептерді дайындауды жүзеге асырады. Қаржы қызметі мəселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен жəне ұйымдармен хат алысуды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты бөліністердің қызметі мəселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұй рық тар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Республикалық бюджетті жоспарлауды жəне қаржыландыруды жүзеге асырады. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сəйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың лимиттерін бөлуді жүзеге асырады жəне ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізеді. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинайды жəне тексереді, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша лимиттерді əзірлейді жəне істейды. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды талдайды. Есептер дайындайды, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша бюджеттік өтінімді жинақтайды жəне əзірлейді. Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне бюджеттік өтінімдерді енгізуді жүзеге асырады. Республикалық жəне жергілікті бюджеттер қаражатынан кредиторлық берешек бойынша ай сайынғы жиынтық есепті жəне Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне ұсыну үшін бухгалтерлік баланстың талдамалық деректерімен бірге тексереді; жергілікті бюджет қаражатының игерілуі туралы ай сайынғы жиынтық есепті, жергілікті бюджеттер қаражатынан материалдық-техникалық жарақтау бойынша тоқсан сайынғы жиынтық есепті дайындайды. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен жұмыскерлеріне еңбекақы жəне сыйақылар төлеу туралы жарғылардың, ережелердің жобаларын тексеруді жүзеге асыру. Жарты жылдың жəне бір жылдың қорытындылары бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне талдау жүргізеді. Хат алмасу жүргізеді жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтері мəселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға бекітілген есептерді ұсынады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың (АҚ, ЖШС, РМК) бекітілген қаржы-шаруашылық жоспарларын жəне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетіне ұсыну үшін оларды орындау жөніндегі есептерді жинайды жəне тексереді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетіне ұсыну үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарға көрсетілетін қызметтер бойынша калькуляциялардың бекітілген есеп айырысуларын жинауды жəне тексеруді жүзеге асырады. Республикалық бюджетке аударылған таза кірістер (шығындар) мен сомалардың көлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетіне ұсыну үшін акционерлік қоғамдардың таза кірістері мен есептеу нормативтерінің сомаларын болжау жөніндегі ақпараттарды жинауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында (экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, статистика, əлемдік экономика), компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 5. Қаржымен қамтамасыз ету департаменті еңбекақы төлеу жəне зейнетақы тағайындау бөлімінің сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Астана, Алматы қалаларының, облыстардың жəне ІІМ-ІІД басқа да бөліністеріне еңбекақы төлеуді ұйымдастыру, сыйақы, жедел-статистикалық есептіліктер, сондай-ақ бөлімнің негізгі міндетінен туындайтын мəселелер бойынша нұсқаулар мен хаттарды дайын дап, жолдайды. Еңбекақы төлеу мəселелері бойынша ІІО қызметкерлерінің арыздары мен шағымдарын қарайды. Қазақстан Республикасы ІІМ бөліністерінің қаржымен қамтамасыз ету басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша практикалық көмек көрсетеді. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеумен байланысты мəселелер бойынша мемлекеттік

13

www.egemen.kz

мекемелерде, ұйымдар мен сот органдарында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің мүддесін қорғайды. Еңбекақы төлеу мəселелері бойынша нормативтік актілердің қолданысын түсіндіретін құжаттарды дайындайды. Бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен ерекшеліктер бойынша шы ғыс тар сметаларының жобаларын уақтылы ұсыну үшін бақылауды жүзеге асырады. Ұсынылған есептердің негізділігі мен дұрыстығын тексереді жəне министрліктің бюджет тік өтінімінің құрамына қосу үшін бекітілген бағдарламалардың ерекшеліктері бойынша жиынтық есепті жəне лимиттер бойынша бағдарламалардың есептерін істейді. Ұйымдастырушылықштаттық өзгерістер бойынша, қосымша штат саны бойынша қажетті есептердің негізділігін тексеріп, істейды. Еңбекақы төлеу мəселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, нормативтік-құқықтық актілер əзірлейді. Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары мен нұсқауларын орындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (заңтану, құқық қорғау қызметі), əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, есеп жəне аудит, қаржы) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 6. Тыл департаменті əскери жəне арнайы қамтамасыз ету басқармасы интенданттық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдары бөліністерін заттай жəне басқа мүліктермен қамтамасыз етуге байланысты мəселелерді тиісті министрліктермен жəне ведомстволармен келісу. Тауарлыматериалдық бағалы заттардың ҚР ІІМ əскери жəне арнайы жабдықтау базаларының бөлімдерінде сақтауға жеткізілуін бақылауды жүзеге асырады. Топтың барлық номенклатурасы бойынша мүліктерді есепке алу, сақтау жағдайы жəне сақталуы жөніндегі мəселелерді тексеретін Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдары бөліністеріне практикалық көмек көрсету үшін қызметтік іссапарға баратын қызметкерлерді ұйымдастырады жəне нұсқау береді. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдары бөліністерінде, əскери жəне арнайы жабдықтау базаларының қоймаларына жеткізілетін ТМБЗ сапасына жəне қолда бар, есепке алу жəне сақтау, сондай-ақ тауарлы-материалдық бағалы заттарды қабылдап алу-босатудың дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Топтың тоқсандық жұмыс жоспарын жасауға ұсыныстар дайындайды жəне олардың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасы ІІМ белгіленген мерзімде жабдықталатын ішкі істер органдары бөліністерінен өтінімдерді сапалы қабылдап алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, есептерді талдау, топтың барлық номенклатурасы бойынша тиесілі нормаларына сəйкес олардың қажеттілігін анықтауды жүзеге асырады. Топтың нысанды жəне арнайы киім-кешек, азық-түлік мүліктерін, медициналық жабдықтар мен дəрі-дəрмектерді, жиһаздарды, кеңсе тауарларын, бланк өнімдерін республикалық бюджеттік бағдарламаларда көзделген шығындарға сəйкес сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу басқармасымен бірге қарымқатынас жасауды қамтамасыз ету. Топқа келіп түскен хаттарды, өтініштерді, ұсыныстарды қарау. Топтың номенклатурасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ кеңесіне жəне алқасына анықтамаларды жəне қажетті материалдарды дайындау. Топтағы құпиялық режімінің сақталуын қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: өнер (дизайн), техника ғылымдары жəне технологиялар (технология жəне жеңіл өнеркəсіп бұйымдарын конструкциялау, технология жəне тоқыма материалдарын жобалау) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 7. Тыл департаменті мемлекеттік сатып алу жəне мониторинг басқармасы мемлекеттік сатып алу тобының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне – 2017 жылдың 1 қазанына дейін). Функционалды міндеттері: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға бөлінген республикалық бюджеттің қаражатын тиімді жұмсауды қамтамасыз етуге тікелей қатысады. Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қажетті қызмет көрсетулерді жəне жұмыстарды, тауарларды сатып алуға бағытталған, өзара байланысқан дəйекті іс-шараларды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне жүргізу рəсімін жүзеге асырады. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамаға сəйкес электронды мемлекеттік сатып алудың электронды қызметіне енудің бірыңғай жүйесін ұсынатын, мемлекеттік ақпарат жүйесі болып табылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тауарларды, жұмыстарды жəне қызмет көрсетулерді электронды мемлекеттік сатып алуды жүргізеді; Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды дайындайды жəне істейды (заңнама нормаларын қолданбай, бір көзден сатып алу, баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнім берушілерді таңдау əдісімен аукциондар, конкурстар). Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық (заңтану, құқық қорғау қызметі), əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, есеп жəне аудит, қаржы) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 8. Тыл департаментінің медициналық басқармасы жеке құрамға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жəне арнайы мекемелермен жұмыс тобының сарапшы-дəрігері, С-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бекітілген контингент арасындағы адам өлімі жағдайларын жинақтайды жəне талдайды. Басшылыққа адам өлімі жағдайлары бойынша есеп істейды. Ведомстволық бағынысты құрылымдардың материалдықтехникалық жабдықтау жөніндегі өтінімдерін жинайды жəне жалпылайды. Бекітілген контингентті медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шолу ақпаратты əзірлеуге қатысады. ІІО арнайы мекемелерінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. ІІО арнайы мекемелері контингентін медициналық қамтамасыз ету туралы статистикалық ақпаратты жинайды жəне жалпылайды. ІІО арнайы мекемелерінде ұсталатын адамдар арасындағы адам өлімі жағдайларын жинақтайды жəне талдайды. Қаржыландыру жəне бюджетті жоспарлау мəселелері жөніндегі материалдарды жалпылайды жəне жинайды. Астана, Алматы қалаларының жəне облыстардағы ІІД медициналық қызметтерінің ішкі істер органдарының жеке құрамы жөніндегі жылдық статистикалық есептерін жинақтайды. Астана, Алматы қалаларының жəне облыстардағы ІІД медициналық қызметтерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ медицина ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау жөніндегі материалдарды əзірлейді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау, медицина) саласында, компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 9. Кадр жұмысы департаменті ұйымдастырушылықталдамалық бөлімінің сарапшысы (жүктілігі жəне босануы бойынша демалысы кезеңіне, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысы кезеңіне), С-5 санаты, 1 бірлік. Фунционалды міндеттері: департаменттің құпия жəне құпия емес істерін жүргізу. Кіріс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу жəне құжаттарды орындаушыларға тарату. Шығыс құпия жəне құпия емес құжаттамаларды есепке алу. Азаматтардың келіп түскен шағымдарын есепке алу жəне ай сайын есеп дайындау. Департаменттің құпия жəне құпия емес істерінің номенклатураларын құрастыру. Орындаушыларда

құпия құжаттардың бар-жоғына тоқсан сайын салыстыра тексеру жүргізу. Құпия жəне құпия емес нормативтік актілерді, ІІМ-нің нұсқауларын, өкімдерін есепке алуды жəне сақтауды жүзеге асыру. Құжат айналымы бойынша тоқсан сайын есеп құрастыру. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары кəсіби білім: компьютерде жұмыс істей білу, Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сəйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. IV. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ордабасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 160600, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Р.Əзімбаев көшесі, №14, анықтама үшін телефоны: 8(725-30)2-13-92, электронды мекенжайы: nal_ ord@taxsouth.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Салықты əкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, C-R-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: орталықтандырылған тапсырмаларды орындау, бекітілген болжамдық жоспардың орындалуын қадағалау. Салық төлеушілердің бет есептерін ашу, салық төлеушілермен салық салу объектілерін толық жəне уақтылы есепке тұруын қадағалау, тіркелмеген жеке жəне заңды тұлғаларға рейдтік тексерулер жүргізу, салық салу объектілерін есепке алу, жергілікті салықтардың бюджетке уақтылы жəне толық түсуін қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе ортадан кейінгі білім: экономика, əлемдік экономика, есеп жəне аудит, салық ісі, қаржы немесе құқықтану мамандығы бойынша. Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарын білу, қазіргі заманауи компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Сайрам ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, 160800, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Абай көшесі, №1-үй, анықтама үшін телефоны: 8(725-31) 20-200, электронды мекенжайы: nal_ sai@taxsouth.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Салықты əкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бөлімнің жоспарындағы жəне орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін уақтылы жəне толық орындауын бақылау, камералдық бақылау жасау көзделген шарт тарды асыра пайдалануды, арифметикалық қателіктерді анықтау, салық түсімінің динамикасын бақылау, заңсыз кəсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер, ҚҚС-тың дұрыс есептелуі мен уақытында төленуін қадағалау, салық төлеушілерге қарсы тексерулер, ҚҚС есебінде тұрмай жұмыс істейтін салық төлеушілерге тексерулер жүргізу, тексеру актісі бойынша қарыз салықтарды жəне басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қадағалау жəне зерттеу актілерін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика, есеп жəне аудит, қаржы, əлемдік экономика немесе құқықтану мамандығы бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 2. Ақпаратты қабылдау жəне беру орталығы бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: орталықтандырылған тапсырмаларды орындау, ақпараттарын қабылдау жəне беру, салық есептілігі нысандарын толтыру тəртібін түсіндіру, бақылаукассалық машиналарын есепке алу туралы салық өтініштерін қабылдау жəне енгізу, криптографиялық кілттерді беру жұмыстарын жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика, есеп жəне аудит, қаржы, əлемдік экономика немесе құқықтану мамандығы бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 3. Мəжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, салық жəне басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық түсуін, міндетті зейнет ақы қорына толық жəне дер кезінде аударылуын қадағалау, салық қарызы бар салық төлеушілерге уақтылы хабарлама жіберу, борышкерлермен жұмыс жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика, есеп жəне аудит, қаржы, əлемдік экономика немесе құқықтану мамандығы бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 4. Акциздерді əкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R4 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: орталықтандырылған тапсырмаларды орындау, акциз салықтарының дер кезінде жəне толық түсуін қадағалау, акциздік бекеттердің қызметін бақылау, акциздік өнімдердің өндірісі жəне айналымымен айналысатын кəсіпорындар мен ұйымдарда, бюджетке акциз төлемдерінің толық мерзімді жəне дұрыс төленуі мен лицензиялық ережелердің орындалуы мақсатында салық тексерулерін жүргізу, заңсыз кəсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер, зерттеу актілерін жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика, есеп жəне аудит, қаржы, əлемдік экономика немесе құқықтану мамандығы бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. V. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама үшін телефоны: (87282) 24-19-17, факс 24-34-79, электронды мекенжайы: taxalmaty@mgd.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп жəне мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 3 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне – 11.06.2018 ж., 16.06.2018 ж., 31.08.2018 ж. дейін). Функционалды міндеттері: бухгалтерлік жəне шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға бақылау жасау. Жоспарлау жəне мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Бюджет қаржысы шығысының орындалуын қадағалау. Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру, келісімшарт жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 2. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыру-қаржы басқармасы бухгалтерлік есеп жəне мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: бухгалтерлік жəне шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға бақылау жасау. Жоспарлау жəне мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Бюджет қаржысы шығысының орындалуын қадағалау.

Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асыру, келісімшарт жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 3. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті заң басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық қамтамасыз ету қызметінің жұмысын жүргізу, соттарда мемлекеттік кірістер басқармасының мүддесін ұсыну, тексеру актілеріне құқықтық сараптама жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 4. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті талдау жəне тəуекелдер басқармасы тəуекелдер бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 5. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті талдау жəне тəуекелдер басқармасы мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 17.07.2018 ж. дейін). Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 6. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды əкімшілендіру басқармасы ҚҚС əкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; Салық кодексін жəне Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 7. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды əкімшілендіру басқармасы үшінші елдердің жəне Кеден одағы импортын əкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; Салық кодексін жəне Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 8. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасы №2 аудит бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы жарлықтар мен ережелерді, кəсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды жəне жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мəселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау жəне ұйымдастыру. Құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеулер жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; Салық кодексін жəне Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 9. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасы №3 аудит бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғау жəне салық төлеушілердің құқығын қорғау. Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық жəне уақтылы есептелуін бақылау, дерекқормен жұмыс істеу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы жарлықтар мен ережелерді, кəсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды жəне жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мəселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау жəне ұйымдастыру. Құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеулер жүргізу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; Салық кодексін жəне Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. 10. Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасы пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне – 02.05.2018 ж. дейін). Функционалды міндеттері: салық, кеден заңдарының нормаларын сақтау, мемлекеттік мүддені қорғауды қамтамасыз ету, шартты шығарылған тауарларға есеп жəне талдау жасау, осы тауарлардың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары экономикалық, заңгерлік білім; салық жəне кеден заңдылықтарын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу; компьютерде жұмыс істей білу. VI. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті, 020000, Көкшетау қаласы, Əуелбеков көшесi, 87, анықтама үшін телефоны: 8 (7162) 5514-71, электронды мекенжайы: ok_dchs_akm@emer.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу ресімдерін орындау. ТЖ департаменті мен оның бөлімшелерінің жұмысын уақтылы материалдықтехникалық қамтамасыз ету. Ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықты техникалық пайдалануды, оларды жарамды жағдайда ұстауды қамтамасыз ету. Департамент пен құрылымдық бөлімшелердің ғимараттарын, құрылыстарын, жабдығын күрделі жəне ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру. Департамент пен оның бөлімшелерінің бөлімдерін жəне басқармаларын кеңсе құралдарымен, құралжабдықтармен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету. Департамент пен оның бөлімшелерінің автомобиль техникасын пайдалану мен сақтауды, заттай мүлікті, жанар-жағармай материалдарды қолдану мен күтуді ұйымдастыру. Техника мен техникалық құралдарды жөндеуді қамтамасыз ету, жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару құжаттамасын жасау. Аумақты жайластыру, үй-жайларды тиісті деңгейде тəртіпте жəне таза ұстау жұмысын ұйымдастыру. Қол сұқпайтын қордағы материалдық құралдарды есепке алу жəне оларды сақтауды қамтамасыз ету. Материалдық құралдарды есепке алу, мемлекеттік сатып алу тендері бойынша материалдар дайындау. Қол сұқпайтын қордағы материалдық құралдарды есепке алу жəне оларды сақтауды қамтамасыз ету. Департамент пен оның бөлімшелерінің заттай мүлкін, жанаржағармай материалдарын қолдануды жəне ұсталуын бақылау. Жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару құжаттамасын жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқық немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес саласында. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті «Азаматтық

қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағытын бiлу, басқа да міндетті білімінің болуы. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті, 080012, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесi, 13, анықтама үшін телефоны: 8 (7262) 56-90-28, 45-17-43, электронды мекенжайы: ok_dchs_zham@emer.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маман-бас бухгалтері, С-О-5 cанаты, 1 бірлік (уақытша, 2018 жылғы 28 сəуірге дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне арналған демалыс кезеніне). Функционалды міндеттері: бөлім кызметін ұйымдастыру, шыгыс сметаларын жасауға жəне қаражатты мақсатты қолдануға бақылауды жүзеге асыру, басқарма мен оның бөлімшелерінің қызметін қаражатпен қамтамасыз ету. Штаттық, сметалық-қаржы жəне кассалық тəртіптің сақталуына, барлық қаржы операцияларының жəне бухгалтерлік есепке алудың құжаттамалық ресімделуінің дұрыстығына бақылау жасау. Негізгі құралдарды, жабдықты жəне материалдарды есепке алу, кредиторлық жəне дебиторлық тəртіпті қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес немесе əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика немесе есеп жəне аудит немесе қаржы) мамандықтары ортадан кейінгі білім бойынша. Мамандығы бойынша қызмет өтілі екі жылдан кем емес. Жоғары білімі болса өтілі талап етілмейді, орта кəсіптік білімі барларға функционалды бағыттарына сəйкес салаларда 2 жылдан кем емес. Орта арнайы білім болса1 жылдан кем емес. Мемлекеттік тілді білгені жөн. Сəйкес мамандық бойынша меншік түріне қарамастан мекемелер мен ұйымдарда жұмыс тəжірибесінің болуы, МS Word, MS Excel, Internet бағдарламаларымен, электронды поштамен жəне ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білуі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті, 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесi, 150, анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 50-32-32 (41072), факс: 8-(714-2) 50-08-60, электронды мекенжайы: ok_dchs_kost@emer.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: 1. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-талдамалық бөлімшесінің бас маманы, С-О5 cанаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: жұмыстын нақты жүйелері мен бағыттары бойынша қызметтік жағдайды мониторингі, талдау жəне болжау; төтенше жағдайлардың туындауының тұрақты өзара байланыстарын жəне заңдылықтарын білу; қызметтік жұмыстағы проблемаларды, олардың туындау себептерін анықтау; ақпараттық қажеттіліктерді анықтау жəне лауазымдық міндеттерін аса тиімді орындау үшін мəселелер тізімін əзірлеу; анықталған проблемаларды жəне қызметтік жұмыста олардың шығу себептері бойынша жою шараларын əзірлеу; жекелеген проблемалар бойынша талдау зерттеулерін жүргізу; басшылыққа хабарлау үшін мониторинг, талдау жəне жобалау нəтижелері бойынша материалдарды дайындау; құрылымдық бөлімшелер арасында ақпараттық өзара байланысты ұйымдастыру, онын ішінде мемлекеттік органдармен; белгіленген бағыттар бойынша үйлестіру жұмысын ұйымдастыру, сонымен қатар басқа мемлекеттік органдармен жəне ведомстволармен; департамент жұмысы бойынша сараптамалық материалдарды дайындау; департамент жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; төтенше жағдайлардың туындау себептерін зерттеуге қатысу, жаттығу өткізу бойынша құжаттар жоспарлау мен дайындауға қатысу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: əскери іс жəне қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, төтенше жағдайларда қорғау), техника (автоматтандыру жəне басқару, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, геодезия жəне картография, геодезия, картография), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, география); ортадан кейінгі білімі: əскери іс жəне қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, төтенше жағдайларда қорғау), техникалық (автоматтандыру жəне басқару, радиотехника, электроника жəне телекоммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау жəне өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, математикалық жəне компьютерлік модельдеу, геодезия жəне картография, геодезия, картография), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, география); мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі; мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі тиіс. 2. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, С-О-5 cанаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: нұсқаулыққа сəйкес бухгалтерлік есепке алудың мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша шығыстар сметасын орындауды есепке алуды жүзеге асыру; бюджеттік міндеттеріне сəйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіқтеуіштің кодтар бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу; құжаттардың уақтылы жəне дұрыс құрылуына жəне жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру; ақшалай қаражатты, есептеулерді жəне материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізуге қатысу, түгендеу нəтижелерін уақтылы жəне дұрыс анықтау жəне оларды есепте көрсету; бюджеттік бағдарламалар бойынша негіздері жəне оларға үш жылға арналған есептеулері бар бюджеттік өтінімдер əзірлеу; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер жасау; құрама жəне жеке қаржыландыру жоспарларын жасау; бюджетті орындау жəне бюджеттік жоспарлау бойынша орталық уəкілетті органдар белгілеген қаржылық есептілікті жасау. Штаттық кестелер əзірлеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, есеп жəне аудит, қаржы; ортадан кейінгі білімі: əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, есеп жəне аудит, қаржы. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі. 3. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік. Функционалды міндеттері: мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Республикалық жəне жергілікті бюджет бойынша ТЖД аппараты бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту жəне дайындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жоспарына сəйкес қызметтерді, тауарларды, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу рəсімін ұйымдастырады. Конкурс тəсілімен қызметтер, тауарлар, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттар дайындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау), техникалық (көлік, көлік техникасы жəне технологиялар, автоматтандыру жəне басқару, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, көлік жасау, құрылыс), қызмет көрсету (көлік пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), жаратылыстану ғылымдары (механика); ортадан кейінгі білімі: құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), əлеуметтік ғылымдар, экономика жəне бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, маркетинг, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау), техникалық (көлік, көлік техникасы жəне технологиялар, автоматтандыру жəне басқару, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, көлік жасау, құрылыс), қызмет көрсету (көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру), жаратылыстану ғылымдары (механика). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сəйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мемлекеттік тілді білу жəне компьютерде жұмыс істей білуі тиіс. (Жалғасы бар).


14

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

 Өнеге

КҐНЕКҐЗ Ел мен жер... Азамат үшін одан қасиетті не болмақ? Жер үшін небір азаматтар жанын пида етіп, тарихта қалды. Олардың атын атап, түсін түстеудің де қажеті жоқ. Оларды халық онсыз да есте сақтап, ардақтайды. Соңғы дəуірдің сондай қайраткерлерінің қатарына жазушы Сапабек Əсіпті де қосуға толық хақымыз бар деп есептейміз. Өмірзақ МҰҚАЙ, жазушы.

Бір нəрсе белгілі. Жаңарған тарихымызда жер тағдыры үшін жанын салып, басы небір дауға қалған дəл Сапабек ақсақал сияқты жанкештілердің саусақпен санарлық қана болғанын білеміз. Сапабек ақсақал, бізге салса, осындай патриоттық «сырқатпен» ежелден «ауырса» керек деп топшылаймыз. Осы орайда, талай мəрте Парламент мінберіне көтерілді, ондаған кітаптар, мақалалар жазды. Сол шығармаларының бəрі де алдымен ұлттық мүддені, қазақтың болашағын күйттейді. Жер мəселесі қашанда даулы, айғайлы. Өзінің айтуынша, «мінезге жұтаң» жаратылған Сапабек Əсіп бұл орайда талай теперішті де көріпті. Сөйткен Сəкең бүгін 90-ға толғалы отыр. 90 дегеніңіз – екінің бірі жете бермейтін жас. Ұлттық мүдде жолында қажымай, талмай күрескен ағамыздың о бастағы табиғи жаратылысы да өзі намысын жоқтаған туған жері, төл топырағы сияқты қайратты, жігерлі болған-ау деп топшылауға негіз бар. Сапабек ақсақалмен əңгімеміз бірден жараса кетті. – Мен өз ғұмырымда елдегі жер қатынастары тарихын көп зерттедім. Бірнеше кітаптар мен мақалалар жарияладым. Ақиқатында жер – қазақ үшін мəңгілік, өзекті тақырып болуға тиісті, – деп бастады əңгімесін Сапабек ақсақал. Сəкеңнің айтуынша, қазақтар өз жері, өлең төсегінен ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап айырылған көрінеді. Кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ халқы аса құнарлы 45 миллион десятина жерін келімсектерге берген. Оған ішкері Ресейден көшірілген шаруалар мен мұжықтар күштеп қоныстандырылған. Қазақ елі шөл далаға ығысуға мəжбүр болған. Сəкеңнің бұл сөзі біздің де көкейімізде жатқан бір мұңды оятты. Біз туып-өскен Зеренді мен Бурабайдың ортасындағы ауылымыздың іргесінде топырағы «жетек ексең – арба өсіп шығатындай» дейтін Түкті тауын қоршай қазылған ордың ізі əлі күнге дейін сайрап жатыр. Жергілікті қазақтар оны «қанауа» дейді. Орыстың «канава», яғни ұра сөзінің қазақы нұсқасы.

1906 жылы келген қоныс аударушылар осы құнарлы аймақты айналдыра ұра қазып, ішіне қазақтардың енуіне тыйым салған. Бұл – Сапабек ақсақалдың айтқандарын дəлелдейтін біз білетін ақиқат. Қазақ даласында мұндай мысал жетіпартылады. Демек, Сəкеңнің жер мəселесін жанкештілікпен көтеруінің де қисыны бар деген сөз. Ол кісінің айтуынша, 1904 жылы Ресей астанасының жер шаруашылығы министрлігінде қоныс аудару жөніндегі басқарма құрылады. Содан бастап, 1917 жылға дейін ішкері Ресейден Қазақстанға 450 мың отбасы көшіріліпті. Оларға басы бүтін берілген жердің көлемі 21 миллион десятина. Əлбетте, бұл отарлаудың тиімді тəсілі болатын. Жалпы, Қазақстан Ресейге ресми түрде қосылған 1731 жылдан 1903 жылға дейін патша өкіметі күштеп тартып алған жердің көлемі – 24 миллион десятина. Қазақстан жерінің 180 миллион гектарының жайылым, оның үштен бірі шөл жəне шөлейтті дала екенін ескерсек, бұл – əлбетте, орны толмас шығын. Қазақ елі оның зардабын соңғы кезеңге дейін тартты. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1989 жылы республикадағы 71 ауданның жағдайын нашар деп ресімдейді. Оның ішінде 31 ауданның жағдайы адам төзгісіз болатын. Онда негізінен қазақтар тұратын. Міне, патша үкіметінің, жалпы мəскеулік империялық озбырлығының жаңғырығы осындай. Оған біреулер төзді, енді біреулер төзе алмады. Төзе алмағандар Сəбетқазы Ақатай мен Сапабек Əсіп сияқты патриоттар болатын. – Мен бұл мəселені өмір бойы зерттедім, – дейді Сəкең. – 1895 жылы статист Федор Шербина деген кісіні патша үкіметі Ақмола, Семей, Торғай облыстары тұрғындарының жер пайдалану жайын зерттеп, «артық» жерлерді табу үшін Қазақстанға жібереді. «Артық жер» дегеннің не екенін білесің бе? Ол – біріншіден, қазақ жерінің құнарлы өңірлерін анықтап алып, оны келімсектерге беру, сол арқылы Қазақстанды қырық құрау етудің алғышарты болатын. 1896 жылы Петербордан шыққан экспедиция өз жұмысын Көкшетаудан

Бəсекеге ќабілеттілікті сапа аныќтайды

Жыл сайын қараша айында əлемнің көптеген елдерінде «Дүниежүзілік сапа күні» аталып өтеді. Бұл күнді атап өту туралы 1989 жылы Еуропалық сапа ұйымы бастама жасаған жəне Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткізіледі. Экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде тауарлар мен қызметтердің, соның ішінде білім беру қызметінің сапасына назар аударту мақсатында бұл күні семинарлар, көрмелер, конференциялар, мамандармен сұхбат алмасу ұйымдастырылады.

Жақында «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында «Дүние жүзілік сапа күні» аясында «Кəсіптік білім беру бағдарламасы – экономикалық прогресс негізі» деген тақырып бойынша Х конференция болды. Конференцияны «Астана медицина университеті» АҚ жəне «Сапа менеджменті мен инновациялық менеджменттің қазақстандық ұйымы» (СИМҚҰ ҚБ) ұйымдастырды. Конференцияны ұйымдастыруға АҚШ-тың «Халықаралық сапа академиясы» (International Akademy for Qualiti), Бельгияның «Еуропалық сапа ұйымы» (European Organization for Qualiti) жəне Сингапурдың «Азиялық сапа жүйесі» (Asian Network for Qualiti) қолдау көрсетті. «Дүниежүзілік сапа күні» аталып өткен бұл іс-шараға білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, сонымен қатар, ғылыми жəне əлеуметтік сала өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы білім беру ұйымдарының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық менеджмент стратегиясын енгізуге жəне елімізде өмір сүру сапасын жақсартудың проблемаларын шешуге ықпал жасау.

Сол секілді жоғары кəсіптік білім беру жүйесіндегі сапа менеджментінің проблемалары жəне оларды шешу жолдары; «Астана медицина университеті» АҚ-тың EFQM кемелдік моделін енгізу тəжірибесі; университеттің бəсекеге қабілеттілігі мен лидерлік позициясын қамтамасыз ету үшін менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізудің пайдасы мен артықшылығы; жоғары білім беру жүйесіндегі құзыреттілік, т.б. конференция барысындағы барлық баяндамалардың негізі болды. «Астана медицина университеті» АҚ ректоры Мажит Шайдаров «Тұтынушылар үшін қосылған құндылықтар» деген тақырыпта негізгі баяндаманы жасады. Сонымен қатар, Бельгиядағы Еуропалық сапа менеджменті қорының өкілдермен, серіктестермен қарымқатынастар жөніндегі директоры Джианлука Муле мырза сөз сөйледі. Университет миссиясы – денсаулық сақтау саласында бəсекеге қабілетті мамандардың жаңа буынын даярлау бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, үздіксіз білім беруде лидерлікті сақтау. Сонымен қатар, адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін білім беру ісі, ғылым, практика, инновациялық

 Білім. Бағдарлама. Білік бастайды. Оның қорытындысы 1898 жылы Воронеж қаласында «Материалы по изучению киргизского землепользования. Кокчетавский уезд» деген атпен басылып шығады. Қанша «артық» жер бар екені де көрсетіледі. Сəл кейін патша үкіметі осы үш облыстың он екі уезіне арнап он екі том шығарады. Міне, патша үкіметі ХІХ ғасырдың өзінде жер мəселесіне осыншалықты көңіл бөлген. Қазақ жерінің əлі де болса игерілмей жатқан аймағы көп. Қазіргі тəуелсіз елдің де осы мəселені ескеріп, жер пайдалануға байланысты осындай шаралар қолдануды одан əрі қолдай берсе құба-құп, – дейді Сəкең. Сапабек Əсіп үкіметтің жер пайдалануға байланысты көптеген құжаттарын қарап зерделеген. Олардың ара сында «Почвы Казахской ССР», «Агро климатические ресурсы» деген кітаптары да бар. Сəкең соларға қарап орталық үкіметтің қазақ жерін мен шіктеп алуға қаншалықты күш салғанына көз жеткізіпті. – Жердің де жері бар. Бірі байлыққа тұнып тұр. Екіншісінің астында да, үстінде де ештеме жоқ тақыр «кедей». Осындай жер жəне оған сіңірген еңбектің қайтарымы жөнінде Сұлтанмахмұт былай деп толғаған. «Қалай егін егерсің бейнеттеніп, Көзің жетіп тұрса егер ормасыңа. Гүл ұрығы жел ұшырып құмға түссе, Шара жоқ кеуіп, қурап солмасына». – Патша үкіметі қазақтардың жерін мемлекет меншігі деп жайдан-жай жариялай салған жоқ-ты. Алысты мегзейтін жоспары бар болатын. Сол жоспар бойынша даланың жал-жая, қазы-қартасын, яғни құнарлысын кесіп-кесіп алды да, мұжықтардың қолына ұстата салды. Ішкі Ресей губернияларынан сонау қиырдағы шет аймақтарға көшіру шығынын мемлекет мойнына артып қойды. Үй, қора-қопсы салу, малдану, шаруашылық құралсаймандарын алу үшін ақшадай жəрдем көрсетті. Əуелі есін жинап, етегін жауып алсын деп бірнеше жылға алымсалықтан босатты. Белгілі тарихшы П.Галузоның сөзімен айтқанда, бұрын əбден қаналған крестьяндар жаңадан қоныстанған жерлерінде «өздері» кісі еңбегін қанаушы болып алды, – дейді Сапабек ақсақал. Міне, біз білетін, біз ғана емес, бүкіл қазақ білетін жер жанашыры жазушы Сапабек Əсіптің болашаққа айтар тəлімі осындай. Қазір Қазақстанда ұлттық жер ресурстары мен оның тарихын дəл Сапабек ақсақалдай жетік білетін маман жоқ десе де болады. Бар болуы да мүмкін, алайда дəл Сəкеңдей жүрегі жер үшін елжіреп тұрған патриот тұлғаның сирек кездесетіні айдан анық. Бүгін – Сапабек Əсіп 90-ның төрінде. О баста жер жанашыры болып туған қазақтың асыл қариясының болашақ ұрпаққа айтар аманаты да, көрсетер үлгісі де – кемел. Əлі үлгі алуға болатындай. Егер қазақтың əр азаматының жүрегіндегі жерге деген махаббаты дəл Сəкеңдегідей болса, қазақ жерінің жарты сүйеміне ешкімнің көз алартпайтынына күмəніміз жоқ. Үлгі тұтар патриот тұлға іздесең, ол араңда жүр, қазақ ұланы! Біз де Сəкеңе бүгінгі торқалы тойы күні ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз. АЛМАТЫ.

тəсілдерді интеграциялау негізінде өз қызметін сапа мен қауіпсіздіктің ұлттық жəне халықаралық стандарттарына сəйкес жүзеге асыратын Қазақстанның жетекші ғылыми-клиникалық орталығы болуға ұмтылады. Университет тұтынушылар үшін қосымша құндылықтар жасай отырып, олармен ашық байланыс орнатқан жəне ЖОО-ның корпоративтік сайты арқылы диалогты белсенді түрде жалғастырып отырады. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлектер, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың жеңімпаздарының, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері есебінен университетте жылдан жылға білім алушы лардың саны артып келеді. Осы жылы ЖОО-да басым құқығы бар оқуға түсушілер қатары 63%-ды құраған. Білім ордасында соңғы үш жылда оқытудың электронды онлайн интерактивті формалары əзірленіп, енгізілген. Конференцияға қатысушылар еліміздің жетекші университеттерінің бірі – «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының тəжірибесімен танысуға мүмкіндік алып, бірнеше жыл ішінде сапа, экология, еңбекті қорғау, əлеуметтік жауапкершілік, зертха налардың техникалық біліктілігі, энергоменеджмент жəне ақпараттық қауіпсіздік салаларында 8 ИСО халықаралық стандартты сəтті енгізіп, менеджменттің интеграцияланған жүйесін құрғанына көз жеткізді. «Астана медицина университеті» АҚ білім беру қызметін көрсете отырып, медицина мен денсаулық сақтау саласы дені сау ұлт болашағына жауап беретін болғандықтан, білім беру сапасын арттыруды маңызды мəселе деп санайды. Сонымен, дүниежүзілік сапа күніне арналған конференция жоғары деңгейде өтті. «Егемен-ақпарат».

Ауыл шаруашылыєы мамандыќтарына ќызыєушылыќ артып келеді «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасымыз 2050 жылға қарай елдің ішкі жалпы өніміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 5 есе артуы тиістігін тапсырғаны белгілі. Əрине, бəсекелестіктің дамыған кезеңінде мұндай жетістікке қол жеткізу оңай шаруа емес. Бұл ауыл шаруашылығында озық технологиялар мен тиімді жүйелерді қолданудың арқасында мүмкін болады. Ал жаңа технологияларды игеру өз алдына ғылым екендігі белгілі. Бұл үшін сауатты да тəжірибелі мамандар даярлау қажет. «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен жəне ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуы тиіс. Кəсіби-техникалық жəне жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі жəне келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы жəне ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы жəне дамытуы қажет», деп атап көрсетті Елбасы жоғарыдағы маңызды құжатта. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кəсіпорындардағы міндетті өндірістік тəжірибені заңнамалық тұрғыда бекітуді тапсырды. Республикада рейтингі жағынан үздік үштік қатарындағы іргелі оқу орындарының бірі – М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінің құ рылғанына бір жылдай уақыт болды. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының жоғары мектебі 2003 жылы агроөнеркəсіп факультеті ретінде ашылған болатын. Фа культеттің құрылып, аяққа тұрып ке туіне оның алғашқы деканы, университеттің қазіргі оқу-əдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Дархан Сабырхановтың қосқан үлесі ерекше. Жаңа бөлім 6 мамандық бойынша алғашқы жылы 80 талапкерді грант негізінде оқуға қабылдады. Жылдан жылға студенттер саны көбейіп, даярлайтын мамандықтарымыз сегізге жетті. Факультеттің тынысы кеңейіп, мүмкіндіктері молая түскеннен кейін осыдан бір жыл бұрын университеттің ғылыми кеңесінде төрт факультетке жоғары мектеп статусын беру туралы мəселе қозғалған болатын. Техника ғылымдарының докторы, ректор Жұмахан Үшкемпірұлы бастаған басшылар мен ғалымдар өзара кеңесе отырып жоғарыда аталған факультетке жоғары мектеп мəртебесін беру туралы шешім шығарды. Қазіргі таңда мектебімізде алты кафедра жұмыс істеп, мың жарым студент білім алуда. Жоғары мектептің факультеттен айырмашылығы неде деген мəселеге тоқталсақ, Жоғары мектептің жұмысында ерекшелік, жаңалық болуы шарт. Ең бас ты мақсат түлектерді жұмысқа қабілетті, өндірістен хабары бар, жанжақты дайын маманға айналдыру. Яғни, Мемлекет басшысының жоғарыдағы тапсырмасын орындау үшін нарыққа сай сапалы білім мен өндірісті қатар меңгерген, өз кəсібіне машықтанған маманды даярлау. Жоғары мектепке дербестік берілген. Бұл ішкі мəселелерді өз деңгейімізде шешуге құқығымыз бар дегенді білдіреді. Оқу бағдарламаларын да біздің ұстаздар жасайды. Ғалымдар мен облыстағы түрлі кəсіпорын, мекеме басшыларынан іріктелген салалық кеңес құрылған. Сол кеңесте студенттерге мемлекеттік стандартта бекітілген міндетті пəндерден бөлек таңдау компоненті бойынша қосымша пəндер енгізу мəселесі қаралады. Жергілікті өңірдің табиғи ерекшелігіне байланысты қосымша пəндер оқытылады. Мəселен, оңтүстіктің климаты мен солтүстік өңірдің климатын салыстыруға келмейді. Бізде өсетін өсімдіктер мен дақылдың кейбір түрлері суық аймақта өспеуі мүмкін. Ал бізде даярланып жатқан студенттердің басым бөлігі жергілікті жерде жұмысқа орналасатындықтан, оңтүстіктің агросаласын жан-жақты таныстырып, талдайтын пəндерді таңдап, кеңестің шешімімен оқу бағдарламасына енгіземіз. Бізге берілген тағы бір басымдық, салалық

кеңестің мүшелігінде жоғарыда айтып өткенімдей кəсіпорын, зауыт, шаруа қожалықтарының басшылары бар. Олар болашақта жұмысқа орналасатын жас маманның бойында мынадай қасиет, қабілеттер болса, мына саланы тереңірек меңгерсе деген талаптарын айта алады. Сол талаптар бойынша біз маман даярлауға тырысамыз. Сонда ертеңгі күні бітірген түлегіміз жұмыссыз қалмай, сұранысқа ие болып, жұмыс берушінің көңілінен жүз пайыз шығады деген ойдамыз. Сондай-ақ, мектеп алдағы уақытта қаржылық жағдайын өзі реттемек. Бұл қай мұғалім жұмысты қалай, қаншалықты ынтамен, талаппен істесе жалақысын соған қарай лайықты алатындығын білдіреді. Мұндағы мақсат қызметкерлерді бір-бірімен бəсекелес ету емес, өз ісіне қызықтыру. Ал ісіне нағыз берілген ұстаздан сапалы, білікті маман тəрбиеленіп шығатыны белгілі. Жоғары мектепте білім мен тəжірибені ұштастыруға баса мəн беріледі. Бұл жалпы университет дең гейінде бірінші кезекте тұрған өзекті мəселе. Бүгінгі таңда тек теория жүзінде оқыту сапасыз мамандардың көбеюіне алып келеді. Сондықтан, ОҚМУ дуалды оқыту жүйесіне көшкен. Яғни, теория мен істəжірибені қатар алып жүру, тиісінше теориядан гөрі тəжірибеге көбірек мəн беру. Жоғары мектеп мəртебесін алғалы бері бізде көптеген өзгерістер, жаңартулар болып жатыр. Бұған дейін біз өңірдегі түрлі мекемелермен келісімшартқа отырып, студенттерімізді іс-тəжірибеден өтуге сонда жіберетін едік. Шынын айт қанда, қазір мекемелердің көбісі жеке меншік. Өзінің иелігі болғасын жа сыратыны жоқ, ішкі шаруаларына бөтендерді араластыра бергісі келмейді. Сол себепті шəкірттеріміз тəжірибеден толыққанды өте алмай қиналатын. Алайда, университет басшысы бұл түйіннің шешімін тауып жатыр. Мəселен, Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінің студенттеріне арнайы Түлкібас ауданынан 50 гектар жерді балансқа алып берді. Одан бөлек қосымша жер телімін жалдадық, сондайақ, жастардың жатып-тұруы үшін арнайы база сатып алдық. Қажетті техникалық көліктер мен құралдар түгенделді. Биыл алғашқы рет меншігімізге берілген жерге бидай, арпа, мақсары, жоңышқа жəне түрлі көкөністер ектік. Студенттеріміз сол егін басында жүріп, өз қолдарымен дəн септі, жерді өңдеу, техниканы игеру, егінді суару, өсіру, зиянкестермен күрес, арамшөптерден тазарту секілді үдерістердің бəрін өзіміздің мамандар мен студенттер атқарды. Олардың жатын орындарын, көлік жəне тамақтану жағын түгелімен университет қамтамасыз етеді. Күзде егілген өнімдерімізді жинап алдық. Кітаптан оқып білу бір басқа, қолмен ұстап көріп, баптап, зерттеу бір бөлек əрі қызықты екеніне шəкірттеріміздің көзі жетті. Басында ықыластары төмен болғанымен, бір-екі айдың ішінде көптеген тəжірибе жинақтап, соңында алқаптан кеткілері келмей қалды. Тамаша, қызықты күндерді бастарынан өткергендерін жайнаған көздерінен-ақ ұғындық. Бұл мамандық бізге керек пе, ертеңгі күні жұмыс табыла ма деген екі ойлы болып жүрген жастардың біздің де қолымыздан келеді екен, оқып жатқан саламыз қажетті мамандық екен деп бойларына сенімділік ұялады. Сонымен бірге, оқу корпусымыздың жанынан жылыжай салынды. Жылыжай мамандары болашақта сұранысқа ие мамандардың бірі болайын деп тұр. Ал жылыжай мамандарын ОҚМУ-дан басқа оқу орындары даярлай бермейді. Сол себепті бізде жылыжайдың болмауы мүмкін емес еді. Айтайын дегенім, сол жылыжайға биыл қияр

ектік. Болашақ жас мамандарымыз көкөністің егілуінен бастап, терімге дейінгі жұмыстарын меңгеріп, зерттеп шықты. Еңбегіміз еш кетпей, жылыжайдан ойдағыдай өнім алынды. Мектепте ветеринариялық медицина мамандығы да бары белгілі. Бұрын корпустың жанында ветеринариялық клиникамыз болған. Бірақ, біз ойлағандай мал басын көбейте алмадық. Себебі, қала ішінде мал ұстауға рұқсат берілмеді. Салдарынан студенттердің іс-тəжірибеден өтуі мардымсыз болды. Енді мұндай кедергілерді жойып жатырмыз. Қала сыртындағы Қайнарбұлақ елді мекенінен 2,8 гектар жер телімін ветеринариялық клиника салу үшін сатып алдық. Алдағы уақытта онда мал басын көбейтіп, студенттеріміз оларды емдеп, зерттеу жүргізе алады. Жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының төрт түліктеріне де ем-дом жүргізсек деген жоспарымыз бар. Басшылықтың кеңесімен Түлкібас ауданынан сатып алған базамызға төрт түлік мал алынуы қажет. Қорамыз малға толған күннен бастап жас мамандар сонда тəжірибе жинақтайтын болады. Егінді алғашқы жыл еккендіктен соншалықты көп өнім алдық деп айта алмаймын. Дегенмен, жиналған дақыл мен көкөністердің біразын келесі жыл егу үшін тұқым ретінде алып қалдық. Қалған бөлігін зауыттарға өткіздік. Шикізатты мейлінше сыртқа шығармай өз кəдемізге жаратуға тырысып жатырмыз. Алдағы жылы оны оқу орнындағы Тоқыма жəне тамақ инженериясы жоғары мектебінде тамақ инженериясы жəне азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі секілді кафедраның зертханасына өткізсек деп отырмыз. Ондағы мамандар мен студенттер көкөністерден консерві, шырын болса да жасап шығарар еді. Агрокешеніміздің жұмысын енді ғана ұйымдастырып отырғандықтан, оны дамытудың жан-жақты тəсілін қарастырудамыз. Өнімнен түскен табысты сол агрокешеннің өркендеуіне жұмсаймыз. Факультет ретінде құрылғанымызға небəрі он екі жыл, ал Жоғары мектеп болып қайта жаңғырғанымызға бар жоғы бір жылдың жүзі болды. Бір сөзбен айтқанда, енді бой түзеп келе жатқан ұжымбыз. Алға қойған мақсат, жоспарларымыз өте ауқымды. Қажырлылық танытып, сол жоспарларды жүзеге асыра алсақ, түлектеріміз ең таңдаулы, білікті, білімді боларына сенім мол. Ауыл шаруашылығы мамандықтарына, жасыратыны жоқ, бұрын өз қалауымен түсетіндер көп болмайтын. Олай дейтін себебім, талапкердің оқуға түсерде грантқа, мемлекеттік конкурсқа тапсырар кезде төрт түрлі ма ман дықты таңдауға еріктері бар. Биология пəнін таңдаған бітірушілер бірінші кезекте медицинаны таңдайды да, екінші, үшінші кезекте барып агрономия, ветеринариялық медицина, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы секілді мамандықтарды жазады, ал физиканы қалағандар аграрлық техника жəне технология мамандығына түсуге мүмкіндік алады. Медицинаға, басқа да мамандықтарға балы жетпей қалғандар амал жоқ біздің мамандықтарға түседі. Содан келіп олар бірінші курста екі ойлы болып жүреді. Бұл қандай мамандық, маған ертең жұмыс табыла ма деген сауалдар көкейлерін мазалайды. Бірақ, біздің ортаға түскесін біртіндеп көзқарастары өзгеріп, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері арта түседі. Өйткені, олардың сапалы білім алуына университет бар жағдайды жасап жатыр. Ал қазір, бұрын ғы жылдармен салыстырғанда жастардың ауыл шаруашылығы саласына қызығушылықтары артып келе жатыр. Бұл қызығушылық таңдаған мамандығыңды мықтап меңгеріп шығудағы ең басты көрсеткіш деп ойлаймын. Əсет ЖЫЛҚЫБАЕВ, биология ғылымдарының кандидаты, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінің деканы.

ШЫМКЕНТ.


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттер жəне филиалдардың республикалық меншік объектілерін сату бойынша аукцион өткізетіндігін хабарлайды, аукцион 2015 жылғы 8 желтоқсанда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін www. gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өткізіледі Республикалық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Көкшетау қ., М. Əуезов к-сі, 230): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Əділет министрлігі «Ақмола облысының əділет департаменті» РММ (Көкшетау қ., Горький к-сі, 37). 1. Mercedes-Benz E200 автокөлігі, м/н 382АО03, 1998 ж.ш. Алғашқы баға – 894 000 теңге, бастапқы баға – 4 470 000 теңге, ең төменгі баға – 489 103 теңге, кепілдік жарна – 134 100 теңге. 2. Volkswagen Passat автокөлігі, м/н 802АО03, 2008 ж.ш. Алғашқы баға – 579 000 теңге, бастапқы баға – 2 895 000 теңге, ең төменгі баға – 316 768 теңге, кепілдік жарна – 86 850 теңге. 3. Газ-31105-411 автокөлігі, м/н 805АО03, 2005 ж.ш. Алғашқы баға – 475 000 теңге, бастапқы баға – 2 375 000 теңге, ең төменгі баға – 259 871 теңге, кепілдік жарна – 71 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ (Көкшетау қ., Пушкин к-сі, 21). 4. Skoda Super B5 автокөлігі, м/н 698АК03, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 935 000 теңге, бастапқы баға – 4 675 000 теңге, ең төменгі баға – 511 534 теңге, кепілдік жарна – 140 250 теңге. 5. Газ-31105-100 автокөлігі, м/н 357АК03, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 491 000 теңге, бастапқы баға – 2 455 000 теңге, ең төменгі баға – 268 624 теңге, кепілдік жарна – 73 650 теңге. 6. Ваз-21214 автокөлігі, м/н 803АК03, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 530 000 теңге, бастапқы баға – 2 650 000 теңге, ең төменгі баға – 289 961 теңге, кепілдік жарна – 79 500 теңге. 7. Toyota Camry автокөлігі, м/н 100АК03, 1997 ж.ш. Алғашқы баға – 715 000 теңге, бастапқы баға – 3 575 000 теңге, ең төменгі баға – 391 173 теңге, кепілдік жарна – 107 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Əділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» ШЖҚ РМК (Көкшетау қ., Сəтбаев к-сі, 9). 8. Уаз-3163-334 автокөлігі, м/н 294АО03, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 856 000 теңге, бастапқы баға – 4 280 000 теңге, ең төменгі баға – 468 314 теңге, кепілдік жарна – 128 400 теңге. 9. Ваз-21065 автокөлігі, м/н 394АО03, 1999 ж.ш. Алғашқы баға – 198 000 теңге, бастапқы баға – 990 000 теңге, ең төменгі баға – 108 325 теңге, кепілдік жарна – 29 700 теңге. 10. Газ-322132 автокөлігі, м/н 397АО03, 1999 ж.ш. Алғашқы баға – 276 000 теңге, бастапқы баға – 1 380 000 теңге, ең төменгі баға – 150 999 теңге, кепілдік жарна – 41 400 теңге. 11. Volkswagen Passat автокөлігі, м/н 391АО03, 1997 ж.ш. Алғашқы баға – 575 000 теңге, бастапқы баға – 2 875 000 теңге, ең төменгі баға – 314 580 теңге, кепілдік жарна – 86 250 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ішкі істер министрлігі ҚАЖ комитетінің «Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ (Көкшетау қ., Б. Момышұлы к-сі, 174). 12. Volkswagen Passat автокөлігі, м/н С 770 КР, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 2 065 000 теңге, бастапқы баға – 10 325 000 теңге, ең төменгі баға – 1 129 752 теңге, кепілдік жарна – 309 750 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЕЦ-166/4» мекемесі (Атбасар қ., «ЕЦ-166/4» мекемесі). 13. Ваз-2106 автокөлігі, м/н 026КР03, 2003 ж.ш. Алғашқы баға – 307 000 теңге, бастапқы баға – 1 535 000 теңге, ең төменгі баға – 167 959 теңге, кепілдік жарна – 46 050 теңге. Анықтама үшін телефон: 8(7162) 256556. Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Атырау қ., Абай к-сі, 10а): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК. Атырау қ., Зарослое с. 1. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0186, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 2. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0187, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 3. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0192, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 4. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0196, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 5. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0200, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 6. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0201, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 7. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0188, 2011 ж.с. Бастапқы баға– 22 020 690 теңге. Алғашқы баға – 4 404 138 теңге. Төменгі баға – 1 280 497 теңге. Кепілдік жарна – 660 621 теңге. 8. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0189, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 26 471 690 теңге. Алғашқы баға – 5 294 338 теңге. Төменгі баға – 1 539 322 теңге. Кепілдік жарна – 794 151 теңге. 9. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0202, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 26 471 690 теңге. Алғашқы баға – 5 294 338 теңге. Төменгі баға – 1 539 322 теңге. Кепілдік жарна – 794 151 теңге. 10. «Металлическая рыбница промысловая» өздігінен жүрмейтін көлігі, м/н Е0204, 2011 ж.с. Бастапқы баға – 26 471 690 теңге. Алғашқы баға – 5 294 338 теңге. Төменгі баға – 1 539 322 теңге. Кепілдік жарна – 794 151 теңге. 11. БР-2 көл буксирі, кеме билеті №Ж-2-081. Бастапқы баға– 151 370 560 теңге. Алғашқы баға – 30 274 112 теңге. Төменгі баға – 8 550 303 теңге. Кепілдік жарна – 4 541 117 теңге. 12. «Понтон» өздігінен жүрмейтін жүк кемесі, м/н Е0178, 2012 ж.с. Бастапқы баға – 20 954 100 теңге. Алғашқы баға – 4 190 820 теңге. Төменгі баға – 1 504 291 теңге. Кепілдік жарна – 628 623 теңге. 13. «Неводник» өздігінен жүрмейтін жүк кемесі, м/н Е0174, 2012 ж.с. Бастапқы баға – 20 089 955 теңге. Алғашқы баға – 4 017 991 теңге. Төменгі баға – 1 168 226 теңге. Кепілдік жарна – 602 699 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7122) 35 43 22. Батыс Қазақстан мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаменті бойынша (Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 208): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық экономика

15

www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

министрлігінің Статистика комитеті «Батыс Қазақстан облысының статистика департаменті» РММ. БҚО, Орал қ., Мұхит к-сі, 50/1. 1. Ваз-21214 автокөлігі, 2008 ж.ш., м/н 914АН07. Алғашқы баға – 422 000 теңге. Бастапқы баға – 2 110 000 теңге. Ең төменгі баға – 232 100 теңге. Кепілдік жарна – 63 300 теңге. 2. Ваз-21214 автокөлігі, 2008 ж.ш., м/н 936AН07.Алғашқы баға – 422 000 теңге. Бастапқы баға – 2 110 000 теңге. Ең төменгі баға – 232 100 теңге. Кепілдік жарна – 63 300 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Көлік комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ. БҚО, Орал қ., Досмұхамедов к-сі, 16. 3. Газ-3110 121 автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н 066АН07. Алғашқы баға – 222 000 теңге. Бастапқы баға – 1 110 000 теңге. Ең төменгі баға – 122 100 теңге. Кепілдік жарна – 33 300 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7112) 534211, 504753. Жамбыл мемлекеттiк мүлiк жəне жекешелендiру департаменті бойынша (Тараз қаласы, Əл-Фараби көшесі, 5-шағын аудан, 11): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – «Жамбыл облысы бойынша экология департаменті» ММ, Тараз қ, Төле би д-лы, 42а. 1. Газ-3110 автокөлігі, м/н 511AD08, 1998 ж.ш. Бастапқы баға – 669 500 теңге, алғашқы баға – 133 900 теңге, ең төменгі баға – 73 256 теңге, кепілдік жарна – 20 085 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, Тараз қ., Қаратау шағын ауданы, 42. 2. Ваз-21053 автокөлігі, м/н Н337АА, 1993 ж.ш. Бастапқы баға – 472 000 теңге, алғашқы баға – 94 400 теңге, ең төменгі баға – 51 646 теңге, кепілдік жарна – 14 160 теңге. 3. Газ-53-12 автокөлігі, м/н Н020KS, 1989 ж.ш. Бастапқы баға – 1 221 000 теңге, алғашқы баға – 244 200 теңге, ең төменгі баға – 133 601 теңге, кепілдік жарна – 36 630 теңге. 4. Газ-52-04 автокөлігі, м/н Н669AL, 1985 ж.ш. Бастапқы баға – 624 500 теңге, алғашқы баға – 124 900 теңге, ең төменгі баға – 68 332 теңге, кепілдік жарна – 18 735 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, Тараз қ., Қойгелді к-сі, 12. 5. Mercedes-Benz 260 автокөлігі, м/н Н598CH, 1994 ж.ш. Бастапқы баға – 1 318 000 теңге, алғашқы баға – 263 600 теңге, ең төменгі баға – 144 214 теңге, кепілдік жарна – 39 540 теңге. 6. Ваз-21213 автокөлігі, м/н Н231BK, 1995 ж.ш. Бастапқы баға – 652 000 теңге, алғашқы баға – 130 400 теңге, ең төменгі баға – 71 341 теңге, кепілдік жарна – 19 560 теңге. Теңгерім ұстаушы – Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК, Тараз қ., Сүлеймен көшесі, 18. 7. Уаз-3303 автокөлігі, м/н 741АВ08, 1993 ж.ш. Бастапқы баға – 707 500 теңге, алғашқы баға – 141 500 теңге, ең төменгі баға – 77 414 теңге, кепілдік жарна – 21 225 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК, Тараз қ., Қазыбек би к-сі, 2-ші тұйығы 26. 8. Ваз-2121 30 автокөлігі, м/н 739АА08, 1999 ж.ш. Бастапқы баға – 680 000 теңге, алғашқы баға – 136 000 теңге, ең төменгі баға – 74 405 теңге, кепілдік жарна – 20 400 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Жамбыл облысының əділет департаменті» ММ, Тараз қ.,Төле би к-сі, 53. 9. Ваз-21214 автокөлігі, м/н 156AF08, 2007 ж.ш. Бастапқы баға – 1 512 500 теңге, алғашқы баға – 302 500 теңге, ең төменгі баға – 165 496 теңге, кепілдік жарна – 45 375 теңге. 10. Ваз-21214 109 автокөлігі, м/н 229AF08, 2008 ж.ш. Бастапқы баға – 916 000 теңге, алғашқы баға – 183 200 теңге, ең төменгі баға – 100 228 теңге, кепілдік жарна – 27 480 теңге. Анықтама үшін телефон: 8(7262) 34-9985 (факс). Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Су ресурстарын пайдалануды реттеу жəне қорғау жөніндегі Балқаш – Алакөл бассейндік инспекциясы» РММ. Қарағанды обл., Балқаш қ., Шығыс өндірістік аймақ, 90-квартал. Ваз-21213 автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н А012KS. Алғашқы (бастапқы) баға – 21 000 теңге, кепілдік жарна – 3 150 теңге. Анықтама үшін телефон: 8 (7212) 42-57-51. Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75): Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ, Костанай қ., Гоголь к-сі, 79А. 1. Ssang Yong Actyon автокөлігі, 2011 ж.ш., м/н Р107СR. Бастапқы (алғашқы) баға – 49 000 теңге, кепілдік жарна – 7 350 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Қостанай облысының департаменті» ММ, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 77. 2. Volkswagen Passat автокөлігі, 1996 ж.ш., м/н P004NS. Алғашқы баға – 358 464 теңге, бастапқы баға – 3 584 640 теңге, кепілдік жарна – 53 770 теңге, ең төменгі баға – 99 699 теңге. 3. Ваз-21213 автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н P031NS. Алғашқы баға – 284 958 теңге, бастапқы баға – 2 849 580 теңге, кепілдік жарна – 42 744 теңге, ең төменгі баға – 79 255 теңге. 4. Ваз-21070 автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н P015NS. Алғашқы баға – 113 934 теңге, бастапқы баға – 1 139 340 теңге, кепілдік жарна – 17 091 теңге, ең төменгі баға – 31 688 теңге, 5. Уаз-3303 0001011 автокөлігі, 1996 ж.ш., м/н P019NS. Алғашқы баға – 464 068 теңге, бастапқы баға – 4 640 680 теңге, кепілдік жарна – 69 611 теңге, ең төменгі баға – 129 070 теңге. 6. Ваз-21065 автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н P014NS. Алғашқы баға – 134 026 теңге, бастапқы баға – 1 340 260 теңге, кепілдік жарна – 20 104 теңге, ең төменгі баға – 37 276 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Əділет министрлігі «Қостанай облысының əділет департаменті» РММ, Қостанай қ., Таран к-сі, 38. 7. Daewoo Nexia автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 818АН10. Алғашқы баға – 307 990 теңге, бастапқы баға – 3 079 900 теңге, кепілдік жарна – 46 199 теңге, ең төменгі баға – 85 661 теңге. 8. Ваз-21310 автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н P045CH. Алғашқы баға – 874 721 теңге, бастапқы баға – 8 747 210 теңге, кепілдік жарна – 131 209 теңге, ең төменгі баға – 243 285 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалы, Қостанай қ., əуежай. 9. Уаз-390902 автокөлігі, 2002 ж.ш., м/н 782АЕ10. Алғашқы баға – 820 082 теңге, бастапқы баға – 8 200 820 теңге, кепілдік жарна – 123 013 теңге, ең төменгі баға – 228 088 теңге. 10. Hyundai Accent автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н 725AE10.Алғашқы баға – 829 883 теңге, бастапқы баға – 8 298 830 теңге, кепілдік жарна

– 124 483 теңге, ең төменгі баға – 230 814 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ішкі істер министрлігі «Қостанай облысының ішкі істер департаменті» ММ, Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 197. 11.Уаз-31512 автокөлігі, 1995 ж.ш., м/н Р290АС. Алғашқы баға – 175 000 теңге, бастапқы баға – 1 750 000 теңге, кепілдік жарна – 26 250 теңге, ең төменгі баға – 48 672 теңге. 12.Ваз-21074 автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н Р742АС. Алғашқы баға – 145 000 теңге, бастапқы баға – 1 450 000 теңге, кепілдік жарна – 21 750 теңге, ең төменгі баға – 40 329 теңге. 13.Ваз-21074 автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н Р743АС. Алғашқы баға – 145 000 теңге, бастапқы баға – 1 450 000 теңге, кепілдік жарна – 21 750 теңге, ең төменгі баға – 40 329 теңге. 14.Ваз-21074 автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н Р744АС. Алғашқы баға – 145 000 теңге, бастапқы баға – 1 450 000 теңге, кепілдік жарна – 21 750 теңге, ең төменгі баға – 40 329 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Көлік комитетінің «Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ, Қостанай қ., Чехов к-сі, 105А. 15.Газ-3110 автокөлігі, 2000 ж.ш., м/н 098АF10. Алғашқы баға – 58 000 теңге, бастапқы баға – 580 000 теңге, кепілдік жарна – 8 700 теңге, ең төменгі баға – 16 131 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК, Арқалық қ., Дачный а., Приозерный к-сі, 3. 16. Уаз-31512 автокөлігі, 1996 ж.ш., м/н Р677ВW. Алғашқы баға – 417 000 теңге, бастапқы баға – 4 170 000 теңге, кепілдік жарна – 62 550 теңге, ең төменгі баға – 6744 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК МИК «Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ММ. Қарабалық а., Новоселов к-сі, 2а. 17. Ғимарат, жалпы алаңы 205.7 ш.м, 1960 ж.с. Алғашқы баға – 9 555 000 теңге, бастапқы баға – 95 550 000 теңге, кепілдік жарна – 1 433 250 теңге, ең төменгі баға – 287 651 теңге. Анықтама үшін телефон: 8(7142) 501-511, 501-887. Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Əділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалы. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, №96. 1. «Toyota Camry» маркалы автокөлігі, м/н 049AN11, 1998 ж.ш. Алғашқы баға – 1 082 000 теңге. Бастапқы баға– 5 410 000 теңге. Ең төменгі баға – 591 957 теңге. Кепілдік жарна – 162 300 теңге. 2. «Газ-322132-126» маркалы автокөлігі, м/н 937AЕ11, 2009 ж.ш. Алғашқы баға – 1 249 000 теңге. Бастапқы баға– 6 245 000 теңге. Ең төменгі баға – 683 322 теңге. Кепілдік жарна – 187 350 теңге. 3. «Газ-22171-5288» маркалы автокөлігі, м/н 041AN11, 2010 ж.ш. Алғашқы баға – 17 000 теңге. Бастапқы баға – 85 000 теңге. Ең төменгі баға – 9 301 теңге. Кепілдік жарна – 2 550 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Инвестициялар жəне даму министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің «Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ. Қызылорда облысы, Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі, №160. 4. «Гaз-31105-100» маркалы автокөлігі, м/н N083AV, 2006 ж.ш. Алғашқы баға – 620 000 теңге. Бастапқы баға– 3 100 000 теңге. Ең төменгі баға – 339 199 теңге. Кепілдік жарна – 93 000 теңге. 5. «Газ-2834 Pu» маркалы автокөлігі, м/н N214ВВ, 2005 ж.ш. Алғашқы баға – 893 000 теңге. Бастапқы баға– 4 465 000 теңге. Ең төменгі баға – 488 556 теңге. Кепілдік жарна – 133 950 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша департаменті» ММ. Қызылорда қаласы, Қонаев көшесі, №1. 6. «Ваз -21099-20» маркалы автокөлігі, м/н N008NS, 2003 ж.ш. Алғашқы баға – 444 000 теңге. Бастапқы баға– 2 220 000 теңге. Ең төменгі баға – 242 910 теңге. Кепілдік жарна – 66 600 теңге. 7. «Ваз -21103» маркалы автокөлігі, м/н N043NS, 2003 ж.ш. Алғашқы баға – 476 000 теңге. Бастапқы баға– 2 380 000 теңге. Ең төменгі баға – 260 417 теңге. Кепілдік жарна – 71 400 теңге. 8. «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігі, м/н N100NS, 1997 ж.ш. Алғашқы баға – 636 000 теңге. Бастапқы баға– 3 180 000 теңге. Ең төменгі баға – 347 952 теңге. Кепілдік жарна – 95 400 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» ММ. Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, №145. 9. «Lada-21214» маркалы автокөлігі, м/н N711CF, 2011 ж.ш. Алғашқы баға – 12 000 теңге. Бастапқы баға – 60 000 теңге. Ең төменгі баға – 6 565 теңге. Кепілдік жарна – 1 800 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Қызылорда филиалы. Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, №31. 10. «Газ-3110» маркалы автокөлігі, м/н 120АА11, 1999 ж.ш. Алғашқы баға – 199 000 теңге. Бастапқы баға– 995 000 теңге. Ең төменгі баға – 57 859 теңге. Кепілдік жарна – 29 850 теңге. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі» ММ. Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесі, №39. 11. «Ваз-21060» маркалы автокөлігі, м/н 018КР11, 2005 ж.ш. Алғашқы баға – 309 000 теңге. Бастапқы баға– 1 545 000 теңге. Ең төменгі баға – 89 841 теңге. Кепілдік жарна – 46 350 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркəсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, №34. 12. «Ваз-21213» маркалы автокөлігі, м/н N273ВВ, 2006 ж.ш. Алғашқы баға – 256 000 теңге. Бастапқы баға– 1 280 000 теңге. Ең төменгі баға – 74 432 теңге. Кепілдік жарна – 38 400 теңге. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облыстық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы. Қызылорда облысы, Абай даңғылы, №60А. 13. «Kia Sportage» маркалы автокөлігі, м/н N272ВU, 2007 ж.ш. Алғашқы баға – 936 000 теңге. Бастапқы баға– 4 680 000 теңге. Ең төменгі баға – 272 141 теңге. Кепілдік жарна – 140 400 теңге. Анықтама үшін телефон 8(7242) 30 11 64. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша (Петропавл қ., Совет к-сі, 34): Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға қойылады Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ. Петропавл қ., К.Сүтішев к-сі, 54. 1. «Ваз-21213 Нива» автокөлігі, 2003 ж.ш., м/н Т045NS. Алғашқы баға – 130 000 теңге. Бастапқы баға– 650 000 теңге. Ең төменгі баға – 65 000 теңге. Кепілдік жарна – 19 500 теңге. 2. «Кавз-3271» автобусы, 1991 ж.ш., м/н

Т052NS. Алғашқы баға – 325 000 теңге. Бастапқы баға– 1 625 000 теңге. Ең төменгі баға – 165 000 теңге. Кепілдік жарна – 48 750 теңге. Теңгерім ұстаушы – ҚР Əділет министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» ШЖҚ РМК. Петропавл қ., Кошуков к-сі, 10. 3. «Уаз-3163-034» автокөлігі, 2007 ж.ш., м/н 404AD15. Алғашқы баға – 1 822 000 теңге. Бастапқы баға– 9 110 000 теңге. Ең төменгі баға – 911 000 теңге. Кепілдік жарна – 273 300 теңге. Анықтамалар үшін байланыс телефоны: 8 (7152) 46-05-84. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк - «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК КZ529261501102032004; БИК: KZKOKZKX; БИН:050540004455; КНП: 171; Кбе:167 (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызмет төлемі кірмейді). Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Аукционға немесе коммерциялық тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендiру нөмiрiн (бұдан əрi – ЖСН), тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендiру нөмiрiн (бұдан əрi – БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, əкесiнiң атын (бар болған жағдайда); 3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп айырысу шотының деректемелерiн; 4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидаға сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылды; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы қағидаға сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады. 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреу жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi аукционда жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы осы қағидаға сəйкес белгiленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейiн екі минут iшiнде қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн растамайтын болса, жекешелендiру объектiсiнiң соңғы жарияланған бағасы белгiленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниетiн бiрiншi болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдiсi бойынша аукцион жеңiмпазы болып танылады жəне осы жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлді деп танылады; 3) егер жекешелендiру объектiсiнiң бағасы белгiленген ең төменгi мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бiрде-бiреуi жекешелендiру объектiсiн сатып алу ниетiн растамаса, онда аукцион өткiзiлді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аук цион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сатушының орналасқан жері бойынша аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұс қаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

 Ғылым жəне тағылым

Ізденіс іздері Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

Астанада «Білім беру инновациялары: ізденіс жəне шешімдер» атты ІІ халықаралық конференция өтті. Оны ұйымдастыруға Білім жəне ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Орал мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ) ұйыт қы болды. Кон ференция мақсаты: білім берудегі иннова ция мəселелері бойынша зерттеу шілер мен прак тиктердің арасында сұхбат өт кізуге арналған халықаралық фо рум құру.

Іс-шараға Білім жəне ғылым министрлігінің республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстардың, Астана жəне Алматы қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, отандық жəне шетелдік ғалымдар, білім саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. «Бүгінгі конференция аясында қазіргі кездегі көкейкесті үш тақырып бойынша секцияларға бөлініп, талқылаулар жүргіздік. Біріншісі – «Білім беру жүйесіндегі

инновациялық үдерістер», екінші тақырып – «Инклюзивті білім: перспективалары жəне мəселелері», соңғысы – «Білім берудің құрылымдық реформалары жағдайындағы педагогикалық өлшемдер». Атап айтқанда, білім беру жүйесіндегі инновациялар бағытында жалпы білім беретін мектептердегі мемлекеттік білім мазмұнындағы стандарт талқыланды. Сонымен қатар, осы жүйеге сəйкес педа гогикалық жоғары оқу орындарына, кəсіптік білім мекемелеріне мамандар дайындау мəселесі қаралып, онда оқу бағдарламаларын əзірлеу жəне мазмұндық бағыттар бойынша жаңарту шаралары талқыланды», деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры Есенкелді Тұяқов.

 Еркін елдің ертеңі

Ќиял-єажайып əлеміне саяхат Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында Білім жəне ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығының бастамасымен, облыс əкімдігінің қолдауымен қосымша білім берудің ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйым дары басшы ларының республикалық үйлестіру кеңе сінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырысты Білім жəне ғылым министрлігінің қосымша білім

беру республикалық оқу-əдістемелік орталығының директоры Райса Шер ашып, облыс тізгінін жақында ғана ұстаған, білім саласына, балаларды мектепке дейінгі жəне қосымша ғылымитехникалық бағытта тəрбиелеуге ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Бердібек Сапарбаевтың ұстанымымен сабақ тастырды. Өңір басшысы қай қызметте де бірінші кезекте балалардың жағдайын ойлайтынын тілге тиек ете келіп, осындай ел ертеңі – жас ұрпаққа деген қолдау-көмегі үшін алғыс сезімін білдірді. – Біз балаларға орта білім берумен бірге, олардың ой-қиялын

дамытатын, ақпа раттық технологияларды игеру қабілетін ашатын, жаңа технологияларға икемдейтін қосымша ғылымитехникалық білім беруге маңыз беруіміз керек. Сонда ғана жастар жаңаға ынталанып, уақыттарын босқа өткізбейді, қылмысқа ұрынбайды. Жаңа технологияға, иннова циялық жаңалықтарға ынталы жастар елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосуға атсалысады. Ең бастысы, біз сол арқылы бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелейміз, – деп ұрпақ мəселесіне ерекше мəн берді əкім. Ақтөбе облысы.

 Замандас

Адал жанныѕ алар асуы биік Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Əлі есінде... Əкесі қайтыс болар алдында Өксікбайды шақырып: «Балам, қызметке тұрдың, жап-жақсы жұмысың бар. Бірақ, есіңде болсын: ешқашанда біреудің ақшасын жеп, біреуді жылатпа. Бұл жалғанда қанағат қылған адам ғана бай болады, қанағат етпеген ешқашан да байымайды. Қайда жүрсең де, қандай қызмет етсең де, таза бол, балам», дегені бар еді. Əкесінің осынау аманат сөзі қайда жүрсе де, қандай қызметте жүрсе де Өксікбай Қалықұлының санасында жаңғырып тұрды. Əке аманатына адал болды. Тағдырдың тауқыметі ғой, жетінші сыныпқа аяқ басқанда анасы қайтыс болды. Артында үш ұл, бір қыз жетім қалды. Өксікбай солардың ең үлкені еді. Анасын қара жердің қойнауына бергенде қарындасы əлі емізулі болатын. Содан екі інісі мен қарындасын жетілдіріп, аяғынан тұрғызу үшін ауыр еңбекке ерте араласты. Мектепті кілең бестікке бітірсе де, жоғары оқу орнына бара алмады. Отбасы жағдайы оған мүмкіндік бермеді. Қара шаңырақтың түтінін түтетіп, үй толы жанды қайтіп қуантамын деген үміт Мойынқұмның маң даласында жатқан «Амангелді» совхозының механизаторы болуға жетеледі. Үш жыл тракторын да айдады, машинасын да жүргізді. Абыройдан кенде болған жоқ. Сөйтіп, еңбек еткеннің еңсесі биік екенін ерте жастан сезінді.

Əйтсе де арманы асқақ жігіт тағдыр тауқыметіне біржолата мойынсұнып, қу тіршіліктің қыспағында қалып қойған жоқ. Алдына биік мақсат қойды. Жəне соған ұмтыла білді. 1976 жылы қаржы мамандығы бойын ша сырттай оқуға түсіп, жұмысын ауыстырды. Көп ұзамай аудан басшыларының бірі Байділда Қадырбергенұлы мұны жұмысқа шақырды. Сөйтіп, Мойынқұм аудандық атқару комитетінің аға экономисі ретінде өмірінің жаңа парағын ашты. Яғни, жақсы кадрдың қадірін білетін сол заманның шапағаты жас жігітті осылайша шарпып өтті. Əрине, бұған Өксікбайдың еңбек қорлығы, алғырлығы, адалдығы сеп болғаны анық. Осылайша өмір-өзен Өксікбайды сан тарау жолға салды. Сонау 1982 жылдан бері ауылдық кеңес төрағасының орынбасары, совхоз директорының орынбасары, «Амангелді» сов хозының басқарушысы, Қызылтал ауылдық кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Мойынқұм ауданының құрылыс жөндеу басқармасын басқарды. Облыстағы газ мекемесінің аграрлық цехының бастығы қызметінде жұмыс істеді. 1992 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Алтай-ТаразСоюз» бірлескен кəсіпорнының директоры тізгінін ұстады. 1998 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖАҚқа бас маман болып қа былданып, ал 2003 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының

Қазақстан Республикасы Инвестициялар жəне даму министрлігі Көлік комитеті «Ертіс су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. Анықтама телефондары: 8(7172) 754596; 754592 (e-mail: kt@mid.gov.kz). Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім жəне экономикалық қызмет түріндегі тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 10 жыл болуы тиіс. «Іскер əкімшілік магистрі» ғылыми дəрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

директоры қызметін іскерлікпен атқарып отыр. Өксікбай Оразымбетов қай қызметте жүрсе де қоғамда өзін білікті, жігерлі, мақсатқа жете білетін, іскерлік əрі ұйымдастырушылық қасиетке ие жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Қаржы саласында тəжірибесі мол Өксікбай Қалықұлы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың құрылуы мен дамуының басталған кезінен қызмет атқарып келе жатыр. Өнімді əрі адал қызметі үшін бірнеше мəрте Қор басқармасы мен «ҚазАгро» холдингінің құрметіне жəне сыйсияпатына ие болды. Ол басқарған мекеме бірнеше жыл қатарынан үздік атанды. Бүгінде бұл қордың Жамбыл филиалы арқылы 11 мыңға жуық адамға 12 миллиард теңгеге жуық қаржы беріліпті. Бір ғана «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 1 мың 800 адам 4 миллиард теңгеге та қау қаржы алыпты. Бұ дан бөлек «Кəсіпкер», «Ырыс», «Егінжай», «Жылыжай» жəне басқа да бағдарламаларын өрістетуде елге аянбай қызмет етуде. Өксікбай Қалықұлы өнегелі отбасы иесі. Отанасы Мейрамкүл екеуі 3 ұл-қызынан 7 не мере сүйіп отыр. Ағасына арқа сүйеп, Өксікбайды пана тұтқан бауырларының бəрі бұл күнде əрқайсысы өз алдына бір шаңырақ. Олар да үбірлішүбірлі, тату-тəтті өмір кешуде. Иə, шынында адал жанның алар асуы биік. Бір ұжымды ұзақ жылдардан бері басқарып, үздік атандырып, ұйыған айрандай ынтымағы мен берекесін келтіріп отырған Өксікбай Қалықұлының еңбегі ересен. Осының бəрі əке аманатына адал болудың арқасында жүзеге асқаны тағы анық. ТАРАЗ.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды. Бос қызмет орындары туралы мəліметтерді жəне құжаттарды тапсыру мерзімін vuz@zhgu.edu.kz сайтынан көруге болады. Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті сауда-саттық өткізу туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 221(28699) санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы Астана қаласы уақыты бойынша 10.00 сағатта www.gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2015 жылғы 4 желтоқсанға белгіленген «Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті бойынша» бөліміндегі объектілер бойынша саудасаттықтың өткізілмейтіндігін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8(7242) 30 11 64.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығы мен ұжымы басқарма төрағасының сервистік жобалар жөніндегі орынбасары Нұртас Нұрибекұлы Шмановқа Мақпал ҚАБҰЛОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


16

www.egemen.kz www.egemen.kz

21 қараша 2015 жыл

 Талап жəне тəртіп

 Жаңа кітап

Бір теѕгемен тендер ўтып алды «Ќазаќ медицинасы» Қарақыстақ ауылындағы балабақшаны салу нысаны бойынша «АДС Элит Строй» ЖШС тендер сомасын 1 теңге 12 тиынға дейін төмендетіп, жеңімпаз атанған. Дəл осылайша «Ертөстік» балабақшасындағы құрылыстар бойынша жеке кəсіпкер Л.Исаев соманы 2,0 теңгеге, ал, «Арайдағы» атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша жеке кəсіпкер Э. Үсенов 0 теңге 01 тиынға дейін түсіріп, конкурста мерейлері үстем болған. Аудандық əкімдік амал жоқ, дəл осы кəсіпкерлермен келісімшартқа отыруға мəжбүр.

Таѕєы ас сабаќ їлгерімін жаќсартады Ұлыбританиялық диетологтар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп, балалар ертеңгісін тамақ ішкен жағдайда, олардың оқу үлгерімі жақсаратынын жария етті. Оқымыстылар 9 бен 11 жас аралығындағы 5 мың оқушыны зерттеген. Оған британиялық 100 бастауыш мектеп тартылыпты. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, таңертең ас ішкен баланың сабақ үлгерімі айтарлықтай жақсарады екен. Бұл жерде ас мəзірінің де өзіндік рөл атқаратыны айқындалған. Нақты айтқанда, таңертең ас ішкен оқушының үлгерімі ас ішпеген оқушыға қарағанда, орташа есеппен екі есе жақсы болып шыққан. Енді зерттеу қорытындыларына сенетіндердің балаларын таңертең мəжбүрлесе де тамақтандыратыны анық.

Кґліктен 16 млн. рубльді їптеп кетті Башқұртстанның астанасы – Уфа қаласында белгісіз біреу көшеде жол жиегінде қалдырылып кеткен автокөліктен 240 мың доллар мен 10 мың еуроны (16 млн. рубль) үптеп кеткен. Оқиға қаланың Калинин ауданындағы Индустриялық тас жолда орын алған.

сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс бөлімі биылғы жылы үш нысанның техникалық бақылаушысына конкурс жариялайды. Яғни, Қарақыстақ ауылында 140 орындық балабақша салуға, Қазақ ауылындағы «Ертөстік» балабақшасына қосы мша құрылыстар жүргізуге жəне Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын алқабына электр желісін тартуға техникалық бақылаушы іздейді. Шынын айту керек, қазіргі құрылыс мекемесі басшыларының бəрі шетінен кəсіпкер. Аз жұмыс істеп, көп ақша тапқысы келеді. Содан барып сапасыз құрылыстар қаптайды. Ендеше, осының бəріне

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

«Тендер» деген сөз кей кездері «теңге» деп естілетін сияқты ма, қалай өзі?.. Əйтеуір, тендер сөз бола қалса, міндетті түрде теңге де қосылып айтылады. Басқаны қайдам, соңғы жылдары тендер деген талайдың «талантын» ашып, таңғажайып қиял-ғажайыбына сұмдық мүмкіндік беріп жүр ғой. Содан болар мемлекеттік сатып алу ісіне қатысып жүрген кейбір мекемелер адам ойламаған қулыққа баратын болыпты. Жамбыл облысындағы Т.Рысқұлов аудандық əкімдігінің

Башқұртстан ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, белгісіз біреу көліктің артқы есігінің терезесін сындырып, жергілікті компания директорына тиесілі ақшаны қалтасына басқан. Енді Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» деген бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ал өткен қыркүйек айында Мемдума депутаты Роман Худяковтың машинасынан жалпы сомасы 1 миллион рубльден астам ақша салынған сөмке ұрланған еді.

Жеті жасар баланыѕ жомарттыєы АҚШ-тың Техас штатында 7 жасар Джек Свонсон Париждегі лаңкестіктен кейін вандализм актісіне ұшыраған жергілікті мешітті қалпына келтіруге сəл де болса септесін болсын деп өзінің тірнектеп жинаған 20 долларын берген жөн деп шешкен.

Жігіті тастаєан ќыз желаяќ екен Америкалық Кайли Манулакқа 4 жыл бойы жүрген жігіті үйлену тойына бір апта қалғанда SMS жіберіп, некеге отырмайтынын хабарлапты. Мұның шынайы сүйіспеншілікке бөленген, отбасылық өмірді аңсаған қызға ауыр соққы болып тигені анық.

«Қазақстан» телеарнасы бір айдан астам уақыттан бері кө рермендерді «Көңілашар» атты жаңа əзіл-оспақ бағ дарламасымен қуантып жүр. Бұл жобаға Қазақстанның тү к пір-түкпірінен келген əзіл-сықақшылар өнер ле рін көр сету үшін жиналды. Езу тарттыратын сан қырлы коме диялық, əзілқалжыңы аралас образдарды сомдайтын жас таланттардың қарасы да арта түсуде. Жобадағы сайыстар нағыз дарындыларды анықтауға мүмкіндік береді. «Көңілашар» бағдар ламасының редакторы Баянды

Сахария: «Жоба бойынша өткізілген кастингке бастапқыда 300-ден астам адам қатысты. Іріктеу кезеңдері бойынша 36 үміткер таңдалып, олардың 24-і жобада бақ сынайды. Ал жартылай финалға жобаның жеңімпазы атануға үміткер 11 қатысушы ғана шығады. Жеңімпаздардың болашағы зор, еліміздің танымал əзілсықақшысы Тұр сын бек Қабатов басқаратын театр дың мүшесі болуға жолдама алады. Шығарылымдардың барлық құпиясын ашпай-ақ қояйын. Түйіндеп айтарым,

көрермендердің жүрегіне жол тап қан өнерпаздар көптеген жаңа əзілдерін дайындауда əрі оларды алда үлкен, қызықты жаңа сайыстар мен сындар күтуде». Осы шоудың пішімі басқа əзіл-сықақ бағдарламаларынан да ерекшеленіп тұр. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бағдарлама нағыз күлкі театрына айналды. Қатысушылар əлемдік жəне қазақ əдебиетінің үздік сахналық образдарын əзілмен үйлестіре отырып, өздерінің актерлік шеберліктерін танытты. Көрермендер əйгілі классиктер Мольердің, Гогольдің, Əуезовтің, Аймауытовтың, Мүсіреповтің жəне т.б. авторлардың пьесаларының үзінділерінен алынған қойылымдарды тамашалады. Айта кетерлігі, бағдарламаға қатысушылар еліміздің ірі телеарналарына шығумен қатар, танымал əртістермен бір сахнада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Дүбірлі жарысқа қатысу шыларды Досымжан Таңатаров, Қайрат Баекенов, Асхат Тарғын, Мұрат Қожа, Нұрлан Ес панов, Қа нат Əлжапаров, Абай Бегей, Лəйлə Сұлтанқызы, Гүлнұр Оразымбетова жəне т.б.

эс трада жұлдыздары қолдап қана қоймай, тəлімдерін де бөлісті. «Көңілашар» жобасына қатысушылардың бірі Данабек Қожатаев: «Менің тəлімгерім – Қайрат Баекенов. Ол кісі осы жобада менің ұстазым ғана емес, досым да. Тəлімгердің болуы біз үшін үлкен қолдау. Олар бізге үнемі ақылдарын айтып, сахнада жүріп-тұрудың сырларымен бөлісіп, кеңес беріп отырады. Нəтижесінде, сахнаға шыққан кезде өзімізді еркін сезінеміз», деп өз ойымен бөлісті. Қазылар құрамы қатысушы лардың хореографиясын, актерлік шеберліктерін, таңдаған тақырыптарын, оны аша білуін жан-жақты бағалайды. Бағдарлама əзілдің төркінін түсінген ересектердің ғана емес, сондай-ақ, жастардың да көңілінен шығатыны сөзсіз. Еліміздің үздік əзіл-сықақшыларының өнерін паш ететін «Көңілашар» бағдарламасын дүйсенбі мен бейсенбі аралығында «Қазақстан» телеарнасынан тамашаласаңыздар, тамашаға кенелесіздер. Мадина ƏЗІМОВА.

Швециялыќ мысыќ – жыл батыры Швецияда иесін өрттен сақтап қалған Налле деп аталатын мысық жануарлар арасында жыл батыры деп танылып отыр. Үй асырандысы аталған ресми емес атақты ұлттық SVT телеарнасындағы кешкілік шоу эфирі кезінде алыпты. Енді нақты оқиғаға келетін болсақ, мысық Карлскруна қаласында тұратын 23 жастағы қожайыны Анни Нарвефош ханымды оның қуаттандыруға қойған ұялы телефоны түтіндей бастаған кезде жанұшыра мияулап оятқан. Сөйтіп, Анни енді тұтана бастаған қалтафонды дер кезінде өшіріп үлгерген. Аталған оқиғадан кейін Налле швециялық əлеуметтік желілерді пайдаланушылардың сүйіктісіне айналған. Телеарна оған құрмет грамотасы мен арнайы сыйлық (атап айтқанда, əдемі қарғыбау, ойыншықтар мен тамақтар) тапсырыпты. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Нұрлан КƏРІМОВ.

Жетінші жеѕіс жалєаспады

Дос-құрбылары Манулактың көңіл-күйін көтеру мақсатында оны Флорида штатының Тампа қаласында дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаяу жүгіріске қатысуға шақырады. Жүгіріс ережелері бойынша жол бойында оған қатысушыларға түрлі-түсті ұнтақтар лақтырылады екен. Интернеттен қатысушылардың негізінен ақ киім киіп шығатынын көрген Кайли жүгіру жолына өзінің керексіз болып қалған той көйлегін киіп шығуға шешім қабылдайды.

Меншік иесі:

сүйеніп жазған ғылыми мақалалары мен сирек кездесетін шипалы рецептері, сондай-ақ, көкейкесті сұхбаттары кім-кімді де бейжай қалдырмасы анық. «Құрметті зиялы қауым, патша көңілді оқырмандар, өзімнің төл тəжірибелерімді жəн е ғ ұлама ұс таздардан үйренген, бойға сіңірген құнды білім мен дəрігерлік шеберліктің терең сырларын іс жүзінде қолдану арқылы қорытындыланған ақыл-ойымның асыл қазынасын өздеріңізбен бөлісіп отырмын», – деп автордың өзі ағынан жарылғандай, аталмыш кітаптың əркімнің өз денсаулығын күтіп жүруіне, қандай да бір сырқаттың алдын алуға, мүмкіндіктер туғызарына се німдіміз.

 Спорт

«Кґѕілашар» кґѕіліѕізді кґтереді

Бўл киноны 100 жыл ґтпей кґру жоќ

Жобаға тапсырыс беруші Louis ХІІІ коньяк бренді екен. Фильм сюжетінің қандай тақырыпқа құрылғаны белгісіз, белгілісі – онда болашақ туралы түрлі болжамдар жасалыпты. Родригестің сөзіне қарағанда, картина көрерменді эмоционалдық тұрғыдан қысымда ұстап отыратын көрінеді. Тағы бір айта кететін жайт, фильммен бірге 1 мың металл билеттер шығарылған. Киноны сол билетті сатып алғандардың ұрпақтары көре алады екен.

Жамбыл облысы.

Осындай атпен «Мерей» баспасынан білікті дəрігер Мақсат Əбдіқадырұлының кітабы жарық көрді. Ол 2011 жылдан Алматы қаласында «Мақсат – Шығыс клиникасы» медициналық орта лығын ашып, бас дəрігері болып жемісті еңбек етіп келеді. Автор Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген. Жоғары білімді маманның қаламынан бұған дейін «Қазақтың шипалы дəрілері мен емдеу əдістері» (2006 ж.) атты ғылыми еңбегі жарық көрді. «Қазақ медицинасы» кітабы «Ғылыми мақалалар», «Ақыл-кеңестер» жəне «Сыр-сұхбаттар» деп аталатын бөлімдерден тұрады. Əрқайсының көтерген жүгі ауқымды. Дəрігердің қазақ медицинасы саласында еңбек еткен 22 жылда жинақтаған бай тəжірибесіне

 Теледидар терезесі

Аталған штаттың Флугервил қаласындағы Ислам орталығының өкілдері 16 қараша күні ертеңгісін ғибадат үйінің кіреберісі зақымданғанын көреді. Джек Свонсон мен оның анасы мешіт өкілі Файсал Наимнің оқиғадан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатының куəгерлері болады. Наим журналистермен сұхбатын бітірген кезде Джек оның жанына барып, менен де көмек болсын деп, сарымайдай сақтап жүрген 20 долларын ұсынады.

Режиссер Роберт Родригес пен актер Джон Малкович тек 100 жылдан кейін, яғни 2115 жылдың 18 қарашасында ғана көруге болатын фильм түсірді. Олар картинаны арнайы құты-капсулаға салып, Франциядағы Людовик ХІІІ-тің үйіндегі қойма-мұрағатқа тығып тастаған.

бас-көз болып, қадағалап, «тəктəк» деп, тізгінді тартып тұратын осы техникалық бақылаушылар емес пе? Əйтсе де, осынау үш нысанға өткізілген конкурстың қорытындысына əкімдіктегілер ғана емес, елдің бəрі аң-таң болды. Өйткені, алды 4 миллионға жуық, соңы 300 мың теңгедей тігілген конкурс жеңімпаздары шетінен «мырзалық» танытыпты. Біз бұл жөнінде Т.Рысқұлов аудандық əкімдігінің сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс бөлімі мамандарымен сөйлескенімізде, олар «Ертөстік» балабақшасы жəне «Арай» алқабындағы құрылыс жұмыстарының толық аяқталып, пайдалануға берілгенін айтты. Ал Қарақыстақ ауылындағы балабақ ша құрылысы келесі жы лы аяқталмақ екен. Техникалық бақылаушылар жаз бойы тегін жұмыс атқарса да, құрылыстар сапалы бітіпті.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Өткен бейсенбіде Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» СанктПетербургте жергілікті СКАмен кездесіп, 1:5 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша алты ойыннан тұрған жеңіс сериясына нүкте қойылды.

Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Қонақтар ойынды өте ширақ бастады. Тіпті, алғашқы секундтарда-ақ есеп ашатын мүмкіндік болған. Алайда, соңғы сəтте Найджел Доусқа дəлдік жетіспеді. Ал кездесудің бар болғаны екінші минутында «Барыстың» тафгайы Дамир Рыспаев СКА-ның ардагер ойыншысы Евгений Артюхинмен ұстасып, жұдырықтасып қалды. Нəтижесінде қос ойыншы да айып уақытымен жазаланды. Жалпы, бірінші кезеңде астаналықтар жиі тəртіп бұзды. Соның салдарынан Андрей Назаров шəкірттерінің тек осы бөліктегі айып уақыты 23 минутты құрады. Есеп 5-минутта ашылды. Ойыншы басымдығын жү зеге асырған айдын иелері Вадим Шипачевтің көмегімен алға шықты. Ал 16-минутта СКА ойыншылары есепті еселеді. Бұл жолы Александр Барабанов мергендігімен көзге түсті. Дегенмен, барыстықтар үзіліске дейін есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік тапты. Атап айтқанда, 17-минутта Максим Худяков қарсыластар қақпасын дəл көздеді. Екінші кезең СКА-ның басымдығымен өтті. Шабуылда сауатты ойнай білген санкт-петербургтіктер екінші үзіліске дейін жауапсыз екі шайба соғып, есепті 4:1-ге жеткізді. Алдымен 34-минутта Алексей Поникаровский нəтижелі соққы жасаса, арада бір минут уақыт өткенде, Илья Ковальчук біздің қақпашы Ян Лацодан айласын асырды. Бұл кезде «Барыстың» бір ойыншысы кем болғанын атап өткен жөн. Шешуші кезеңде де қарқынын бəсеңдетпеген ресейліктер 55-минутта бесінші шайбаларын соқты. Голдың авторы – Ярно Коскиранта. Осымен, «Барыс» маусымдағы 19-жеңілісіне ұшырады. Бүгінде 33 ойыннан 46 ұпай жиған елордалықтар Шығыс конференциясында 10-орында келеді. Командамыз келесі кездесуін 21 қарашада Финляндия астанасы – Хельсинки қаласында жергілікті «Йокеритпен» өткізеді. Бұл ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Жолдыбай БАЗАР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №697 ek

Profile for Egemen

21112015  

21112015

21112015  

21112015

Profile for daulet
Advertisement