Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№162 (28386) 21 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ґндіру азайса да, ґѕдеу кґбейді 3-бет Жаћандыќ салмаєы зор шешім 5-бет Теология – діндегі нəзік мəселе 6-бет Ќўм жўтќан ќала 7-бет

Жетістіктерден гґрі олќылыќтар кґп

мекемелер зор үлес қосып отырғанын атады. Жалпы, 173 адам жұмыс істейтін Алматы облыстық кардиохирургиялық орталықта жоғары мамандандырылған жəне мамандандырылған кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек көрсетіледі. Мысалы, 2013-2014 жылдары 1415 коронароангиография, 624 стенттеу жəне жүрекке 183 ашық ота жасалды, сондай-ақ, 33 электрокардиостимулятор қойылды. Сапары барысында Елбасы Алматы облысы əкімдігінің ғимаратында облыстық мəслихат депутаттарымен кездесіп, өңір басшысы лауазымына Амандық Баталовтың кандидатурасын ұсынды. Облыстық мəслихат депутаттары оның кандидатурасын мақұлдады. Одан соң актив жиыны өтті. Жиында Мемлекет басшысы басқа жұмысқа ауысуына байланысты осыған дейін өңірді басқарған Аңсар Мұсахановты атқарып отырған қызметінен босатып, оған істеген жұмысы үшін алғысын білдіріп, денсаулық пен табыс тіледі. Алматы облысының əкімі лауазымына Амандық Баталовты тағайындады. Көп жылдан бері облыс əкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Амандық Баталов облыс əкімі лауазымын толық атқарып кете алады деп сене отырып, еңбегіне табыс тілеймін, деді Н.Назарбаев. Əрі қарай Елбасы Жетісу ж ері н де қанд ай жұмыстар атқарылу керектігін тағы бір рет жіпке тізгендей етіп айтып берді. Əсіресе, индустрияландыру картасына сəйкес бизнесті дамыту керектігін шегелеп атады. Бүгінде Қарасай, Іле аудандары бюджет қоржынын толтыруға ерекше үлес қосып отырғандығын айтып, өзге аудандарда табыс кілті ашылмай отырғандығына тоқталды. Ауыл шаруашылығы саласы мəселесіне ерекше көңіл бөле отырып, Алматы облысында суармалы жер 126 млн. гектар болса, соның 49 млн. гектары пайдаланылмай, бос жатқандығын тағы да ескертіп өтті. Инновациялық бағдарламаларға сəйкес ауыл шаруашылығы саласы бойынша асыл тұқымды малдар сырттан əкелінгенімен, өсімі көңіл көншітпейді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысындағы сапары кеше «Қайнар – АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторлар зауытында жалғасты. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы кəсіпорынның құрастыру цехында болып, аккумуляторлық батареяларды құрастыру технологиясымен жəне зауыт шығаратын өнімдер ассортиментімен танысты. Елбасына зауыттың қайта құрылып, қуаты артқаны жəне кəсіпорынға көрсетілген мемлекеттік қолдау түрлері, сондай-ақ, оның алдағы даму мүмкіндіктері туралы баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев кəсіпорын ұжымымен əңгімелесіп, өндіріліп жатқан өнімдердің ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. «Қайнар – АКБ» ЖШС зауыты негізінен автомобильдерге, ауыл шаруа шылығы техникалары мен əскери техникаларға арналған аккумуляторлық батареялар

шығарумен айналысады. Кəсіпорын жобалық қуатына сəйкес жылына 1,8 миллион дана аккумулятор шығаруға тиіс. Қазір бұл өндіріс орнында 886 адам жұмыс істейді. Елбасы, сондай-ақ, Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта болды. Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуы, орталықтың қызметі, оның бірегей оталар жасауға мүмкіндік беретін техникалық жарақталуы жөнінде баяндалды. Президент орталықты аралау барысында жас дəрігерлермен əңгімелесті, олардың жұмысының маңыздылығын атап өтіп, баршасына табыс тіледі. Нұрсұлтан Н азарбаев денсаулық сақтау жүйесін дамытудың арқасында рес публикада халықтың өмір жасы ұзарғанына назар аударып, бұған осындай медициналық

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

А.Є.Баталовты Алматы облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Амандық Ғаббасұлы Баталов Алматы облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 20 тамыз. № 897

Амандық Ғаббасұлы БАТАЛОВ

1952 жылы туған. Жамбыл гидромелиорацияқұрылыс институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Алматы қаласының құрылыс ұйымдарында мамандығы бойынша жұмыс істеді. Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды. Министрлер Кеңесінің Іс басқармасында, Президент Аппараты мен Министрлер Кабинетінде жұмыс істеді. «Құрылыс индустриясы жəне технологиясы» концернінің вице-президенті, Алматы қаласының Калинин ауданы əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті. Алматы қаласының Ленин, Жетісу аудандарының əкімі, Алматы облысы əкімінің орынбасары болып тағайындалған. 2008 жылғы сəуірден – Алматы облысы əкімінің бірінші орынбасары.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аңсар Тұрсынханұлы Мұсаханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысының əкімі қызметінен босатылды.

АҚПАРАТТАР аєыны ● Елбасы туралы киноэпопеяның төртінші фильмі экранға шығады. Бұл аталмыш сериалдың «Партком хатшысы» деп аталатын бөлімін түсіру аяқталғаннан кейін белгілі болып отыр. Фильмде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің партия басшысы ре тін де қызмет атқарған өмір жолдары баяндалады. ● «ҚазАгро» холдингінің көмегімен 680 млн. теңгеге 25 мыңнан аса қой сатып алынды. «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында орындалған бұл жұмыстарға 159 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші қамтылды. Қой өсіруді несиелеу жобасы аясында корпорация жалпы құны 800 млн. теңгеден асатын 193 жобаны мақұлдады. ● Қазақстанда фермерлерге астық жинау үшін 148,5 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны беріледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұның 60 пайызы тиісті жерлеріне жөнелтілген. Жалпы,

(Соңы 2-бетте).

күзгі дала жұмыстарын өткізуге дизель отынына қажеттілігі шамамен 410 мың тоннаны құрайды. ● Қарағандылық егіншілер орақ науқанына кірісуге дайын отыр. Мұны кеше облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков егін жинауға дайындық барысы қаралған кеңесте баяндады. Биыл аймақта 706 мың га. дəнді жəне бұршақ дəнді дақылдарды, 8 мың га. картоп пен 1,3 мың га. көкөніс жинау жоспарда тұр. Жаппай аттаныс 1 қыркүйекте басталады. ● Оңтүстік Қазақстанда биыл индустрияландыру бағдар ламасы бойынша 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Облыс əкімі Асқар Мырзахметов кеше облыстық мəслихаттың кезектен тыс XXX сессиясында берген есебінде бұлардың жайын тарқатып айтты. Ол өз сөзінде өңдеу өнеркəсібіндегі еңбек өнімділігі алғашқы жарты жылдықта жан басына шаққанда 43,0 мың долларға жеткенін мəлімдеді. ● Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 4 мыңға жуық жаңа жұмыс пайда болды. Бұл туралы хабарлаған облыстық əкімдіктің баспасөз

қызметі, сондай-ақ, өңірде құны 15,7 млрд. теңгені құрайтын 194 субсидиялау келісімшартына жəне құны 905,96 млн. теңге 36 кепілдендіру келісімшартына қол қойылғанын жеткізді. ● Өскеменде 1 қыркүйектен бастап алты мектеп автобусы маршрутқа шығады. Аталмыш қоғамдық көліктер оқу орнынан қашықта тұратын 678 бүлдіршінді тасымалдаумен айналысады. Қазір қалада мұндай автобустарды №№ 18, 33, 42 жəне Ахмер орта мектептерінің оқушылары пайдаланып жүр. ● Жамбылдық жол жөндеушілер жаңа технологиялар пайдалана бастады. Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары басқармасы жолдардың ауыр көліктерге шыдас бермеулеріне байланысты қалыңдығы 2-3 мм-ге жететін реджувасил жабыны қорғаныс қабатының заманауи технологиясын енгізуді жоспарлап отыр. Хабарлар «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», BNews.kz, YK-news.kz, Egemen. kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.

 Бəрекелді!

Пəтер сертификаттарына ие болды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қызылжар – есімдері елімізге, төрткүл дүниеге əйгілі спорт саңлақтары шыққан өңірлердің бірі. Оған Олимпиада чемпионы, атақты велошабандоз Александр Винокуровты, оның ізбасары, əлем жеңімпазы Алексей Луценконы, кəсіпқой бокстан Еуропа үздігі Жанат Жақияновты, Сингапурда өткен 1-ші жастар

Олимпиадасының қола жүлдегері, грек-рим күресінің майталманы Ақан Баймағамбетовті, Қазандағы жазғы Универсиаданың хас жүйрігі, жеңіл атлет Маргарита Мұқашеваны атасақ та жеткілікті. Бұларға да, желкілдеген жас құрақтай жайқала өсіп келе жатқан кейінгі буынға да жерлестерінің сүйіспеншілігі де, қамқорлығы да бір үзілген емес. (Соңы 2-бетте).

Оќырман назарына!


2

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

Жетістіктерден гґрі олќылыќтар кґп (Соңы. Басы 1-бетте).

Тұтастай алғанда, Алматы облысы бір жылда 342 млн. АҚШ долларына сырттан тауар əкеледі екен. Ал Жетісу жерінің көкөністің сан түрін жəне апорт секілді жемістерді өсіру мүмкіндігі мол ғой. Неге ол талапқа сай атқарылмайды? Облыстағы 212 ауыл ауыз сусыз отырғаны қалай? деді Мемлекет басшысы. Елбасы жиында атап көрсеткендей, əлеуметтік мəселелердің шешілуі тым нашар. Жаң а дан мект еп салуғ а мемлекеттен қаражат сұрай бергенше, апаттық жағдайлардағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне неге бермеске. Балабақша жайы да осы тақылеттес. Жетісу жерінде табиғат-ана берген мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Ал Алакөлдің шипалы еміне жол ашылмағаны тіпті ұят. Туризм мəселесінде тағы бір баса айтар жайт, тау шаңғысы неге

Жаѕа перспективалар мен мїмкіндіктер

Кеше жұмыс сапарымен Орал қаласына келген Қорғаныс министрі Серік Ахметов жергілікті қорғаныс өнеркəсібі кешені кəсіпорындарында болды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

С.Ахметов арнайы мақсаттағы өнім шығаратын кəсіпорындардың қызметімен танысты. Министрге «Батыс Қазақстан машина жасау зауыты», «Уральскагрореммаш», «Зенит» Орал зауыты» акционерлік қоғамдарында жаңа өндірістік

желілерді игеру бағдарламалары, олардың перспективалық даму жоспарлары туралы баяндалды. Қорғаныс ведомствосының басшысы мемлекеттік əскеритехникалық саясаттың өзекті мəселелеріне ерекше тоқталып,

қорғаныс өнеркəсібі секторының нысандарын əрі қарай нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды. «Еліміздің қорғаныс өнеркəсібі кешенін үдемелі дамыту бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалды», – деген С.Ахметов перспективалық жобаларды іске қосу, заманауи желілерді енгізу, жаңа технологиялық деңгейге шығу қажеттігін атап өтті. Ми нистрдің пікірінше, қорғаныс ведомствосының кəсіпорындары халықаралық қару-жарақ нарығында өз позицияларын нығайту үшін үлкен əлеует пен мүмкіндіктерге ие.

Пəтер сертификаттарына ие болды (Соңы. Басы 1-бетте). Бұрыннан қалыптасқан жақсы дəстүрдің бір айғағындай жуырда облыс əкімі Ерік Сұлтанов Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, атақ-даңқын асқақтатып жүрген саңлақ спортшылар мен тəлімгер-жаттықтырушыларға айрықша марапат көрсетті. Атап айтар болсақ, олимпиадалық резервтің «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры Виктор Лаврик, паралимпиадашы Руслан Растенов, желаяқ марафоншы Əскер Қожанов, Тими рязев аудандық балалар мен жас өспірімдер мектебінің жетекшісі Еркебұлан Майсатаев,

гимнас тикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттық тыру шысы Александра Ереме ева аймақ басшысының Құрмет грамотасына ие болды. А. Винокуровтың алғашқы бапкері Нико лай Гребенщиков пен Ғ. Мүсірепов ауданының əкімі Марат Тасмағамбетов «Денешынықтыру жəне спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыстық күрес федерациясының вице-президенті Бауыржан Құлжанов Ұлттық олимпиада комитетінің дипломымен жəне белгісімен марапатталды. Жиында таяуда өткен өңірдегі халықтық спорт ойындарының қорытындысы шығарылып, Ғ.Мүсірепов ауданына – 1 миллион,

Шал ақын ауданына – 750 мың, Тайынша ауданына – 500 мың, «Қарасай» жоғары спорт шеберлігі мектебіне – 750 мың, олимпиадалық резервті даярлау орталығына – 500 мың, дене қимылдары шектеулі «Үміт» мектебіне 250 мың теңге сыйақы берілді. Бұдан бөлек жекелеген тəлімгерлер мен спортшылар да түрлі қошеметтерге бөленді. Ерекше атап өтерлігі, бокстан облыстың бас жаттықтырушысы Шойбек Қарағазиевқа, дзюдошы Нұрлан Ерғазиевқа жəне мүгедек спортшы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Владимир Эрманға пəтер сертификаттары салтанатты жағдайда тапсырылды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Əскери оќу-жаттыєу ґтеді

Осы жылдың 24-29 тамызы аралығында «Чжужихэ» полигонының аумағында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің «Бейбіт миссия – 2014» бірлескен антитеррорлық əскери оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бірлескен антитеррорлық оқужаттығу барысында ұрыс алаңына барлау жəне бақылау жүргізу, дəл соққы беру, қарсыластың маңызды нысандарына шабуыл жасап, оны жою, қалалық жағдайда ұрыс қимылдарын

жүргізу сияқты төрт тактикалық эпизодтан тұратын тəжірибелік ісқимылдар пысықталатын болады. Оқу-жаттығуға Ұйымға мүше мемлекеттерден 6500-ден астам əскери қызметші тартылған. Оның ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінен 370-тен астам əскери қызметші жəне Əскери əуе күштерінің 5 ұшағы қатысады. Дүйсенбі күні Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің, Тəжікстанның жəне Қырғызстанның əскери контингенттері шоғырланған «Чжужихэ» оқу-жаттығу орталығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері

жедел топтарының кеңесі болып өтті, сондай-ақ, «Бейбіт миссия – 2014» бүкіл кезеңін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша консультативтік келіссөздер басталды. Оқу-жаттығуға дайындық барысында бірлескен жəне жеке жаттығулар, практикалық ісқимылдар өткізу жоспарланған. Ал антитеррорлық əскери оқужаттығудың ашылу рəсімі 2014 жылғы 24 тамызда, оқу-жаттығудың шешуші кезеңі 29 тамызда өтеді. «Егемен-ақпарат».

дамытылмайды? Бұл да көзге ұрып тұрған кемшілік. Елдің қауіпсіздігін, шалғайдағы елді мекендердегі тəртіптің қатаң сақталуын бақылауды қашанғы айта береміз, деді Елбасы əрі қарай. Халықтың денсаулығын түзеу заман талабына сай, елді емдеу мəселесі жөнінде бүгін Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта болдым. Дұрыс. Бұл ретте алға басу бар екен. Тұтастай алғанда, Алматы облысының халқы бейбіт, еңбекқор əрі ынтымақты болып келетіні əмбеге аян. Сол тұрақтылықты сақтау басты міндеттің бірі болып саналады. Мемлекет басшысы аграрлық салаға да тоқталып өтті. Жетісудың төл дақылы – қант қызылшасын өсірудің талапқа сай қолға алынбағаны, кезінде басталған жұмыстың аяқсыз қалғаны, қажеттілігі туындап отырған қант зауыттарын тиісті жерлерде сала алмау да кемшілік. Жүгері

дақылына деген сұраныстың артып отырғаны анық. Ол да талапқа сай өсірілмеген, деді Н.Назарбаев аталған мəселеге байланысты. Мемлекет тарапынан бизнесті дамыту үшін түрлі жеңілдіктер мен несие, субсидия берілуде. Бірақ, оған облыста мəн берілмеген, дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан ауылдағы еңбекке қозғалыс болу үшін жалқаулықты тастап, кіріс көзін ашуға əр əкім себепші болуы керек. Елбасы тарапынан тағы да бір айтылған сөз – Алматы облысы əкімінің бірінші орынбасары лауазымына осыған дейін Панфилов ауданы, Талдықорған қаласы жəне Жамбыл ауданының əкімі қызметтерін атқарып, елмен етене араласып жүрген Махаббат Бигелдиев тағайындалды. Алматы облысы. ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќоєамдыќ ќатынастар сапасы назарда Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек аймақтарға жұмыс сапары барысында Ақмола облысында болды.

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Көкшетау қаласында партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек пен Ақмола облысының əкімі С.Кулагин өңірдегі жетекші кəсіпорын – «Тыныс» АҚ-тың тыныс-тіршілігімен танысты. Мұнда өндірістіктехникалық мақсаттағы тауарлар дың жетпістен астам түрі шығарылады. Үнемі ізденіс үстіндегі кəсіпорын өткен жылдың ая ғында Мемлекеттік үдемелі ин дустриялық-инно вация лық даму бағдарламасы шеңберінде газбен жабдықталған үлгіде гі, жылына 1000 тонналық қуаттағы құйма цехын пайдалануға берді. Зауыттың бас директоры Мұхтар Керейбаев жаңа өндірістік желіні жұмыс барысында таныстырып, тиісті мағлұматтар берді. Жастармен кездесуде де Б.Бай бек билік партиясы өз қыз метінде жастар саясаты на айрықша басымдық беретінін атап өтті. Əсіресе, ол «Нұр Отан» жаба ла рының облыста, оның ішінде «Тыныс» акционерлік қоғамында қызу қолдау тапқанына ризашылық білдірді. Зауыт басшыларының айтуынша, бүгінгі таңда «Кедергісіз келе шек» жобасының аясында 24 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. «Сəтті қадам» жобасының шеңберінде жобаға қатысушылардың өндірістік, кəсіби тəжірибеден өтуі жөнінде меморандумға қол қойылған. Сондай-ақ, «Жастар Отанға!», «Жастар кадрлық резерві» жобаларына қатысты да оң қадамдар жасалуда. Бұл жобалар жастар арасында зор сұранысқа ие. Өйткені, олар еліміздегі жас ұрпақты тəрбиелеуге, қолдауға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған. Кездесу барысында жастар

тарапынан еркін əңгіме өрбіп, түрлі сауалдар қойылды. Атап айтқанда, жас жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлер «Сəтті қадам» бағдарламасының келешегіне жəне басқа да іске асып жатқан партиялық жобалардың маңыздылығына қызығушылық танытты. Б.Байбек партияның облыстық

өкілдерімен талқылау үлгісіндегі қарым-қатынастың тұрақты жүргізілуі керектігін атап өтті. «Нұр Отан» партиясы Төраға сының бірінші орынбасары Б.Байбек аймақтық филиалдың жа ңа төрағасы сайланған кезектен тыс ХІХ партия конференциясының жұмысына қатысты. Ақмола облысының əкімі Сергей

филиалы ғимаратында жергілікті шағын жəне орта бизнес өкілдерімен де кездесті. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жəне партияның саяси Тұғырнамасына сəйкес, «Нұр Отан» партиясы отандық бизнесті жан-жақты қолдауды жəне кəсіпкерлік бастамаларды іске асыру жағдайына айрықша назар аударатыны айтылды. Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызу мақсатында партия «Мықты бизнес – қуатты мемлекет» аталатын жаңа жобаны жүзеге асыруда. Кəсіпкерлермен кездесуде аймақтағы өндірісті дамытуға байланысты бірқатар нақты мəселелер қозғалды. Б.Байбек барлық айтылған ұсыныспікірлерді саралап, қолданысқа енгізуді тапсырды. Ол бизнес

Кулагин 402 бастауыш ұйымнан сайланған 280 делегаттың бір ауыздан дауыс беруімен партияның облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Конференцияда партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағдарламасы талқыланды. Бүгінгі күнге дейін сарапшылар қауымдастығы мен интернетпайдаланушылардан бағдарлама мəтініне орай 700-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар келіп түскені мəлім болды. Сондай-ақ, конференция делегаттары Серік Аяғанов, Роза Арыстанқызы, Нұржан Шал ғынбаев жəне басқалар бағдарламаға қатысты ой-пікірлерін білдірді. Мəселен, құқық негізі пəні мен қосымша факультативтік сабақтарда оқу

үдерісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалыптастыру мəселесін зерттеуді енгізуді бағдарлама жобасында қарастыру ұсынылды. Бұған қоса, партия мүшелерінің этикалық үлгісінің ережелерін əзірлеу, əлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асырғанда қоғамдық тыңдаулар өткізу, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмысына байланысты мерзімінің өтіп кетуінің күшін жою сияқты ұсыныстар түсті.

Партия активінің алдында сөз сөйлеген Төрағаның бірінші орынбасары Б.Байбек барлық күш-жігердің аймақтардағы партия қызметін күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бақылаудың ықпалдылығын арттыруға, қоғам мен биліктің кері байланысын жандандыруға, үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі қарым-қатынас орнатуға, жастармен жұмысты ширатуға жұмылдырылатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, партияның өз қызметінің ашықтығы мен жұмысының тиімділігін арттыруға зор көңіл бөлінеді. Ақмола облысы. ––––––––––––––

Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Мўєалімдер беделін кґтеру ќажет Петропавлда ҮЕҰ өкілдерімен кездесуде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мұғалімдер мен дəрігерлердің беделін арттыру қажеттігін айтып, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларында жемқорлық көріністеріне қарсы əрекет етуге шақырды. «Дəрігерлер мен мұғалімдердің басым көпшілігі ең бір қиын кезеңдерде осы салалардан қол үзбей, жұмыс істеуді

жалғастыра берген жандар. Олар еліміздің нағыз патриоттары. Біз олардың бір кездегі беделін қайта көтеруіміз қажет. Ол үшін

пара алушылардан арамызды тазартуымыз керек», деді Б.Байбек Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары сонымен қатар, жүйелік жағдайлар (лайықты еңбекақы, жақсы еңбек жағдайлары) тудыру қажеттігін, «ұстаздардың есеп берумен емес, тəлім берумен шұғылдануына

мүмкіндік беруіміз керек. «Бюрократия, қағазбастылық, əуре-сарсаң бар жерде, жемқорлық əрекеттерге жағдай туады», деп атап өтті. Б.Байбектің айтуынша, бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы мү шелерінің жалпы санының 20%-ын білім беру, 11%-ын денсау лық сақтау саласы қыз меткерлері құрап отыр. «Егемен-ақпарат»


 Жолдау жүгі Елімізді индустрияландыру – халқымызды жарқын болашаққа бастау екені мəлім. Сондықтан Президент шикізат өндіруші елден оны түпкілікті өңдеп, сыртқа дайын өнім түрінде экспорттайтын мемлекетке айналдыруды мақсат тұтып отыр. Биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Экономиканың дəстүрлі салаларының ырғақты өсуін қамтамасыз ету үшін, күшті өңдеуші индустриялық сектор құру қажет», деді. Елбасының бұл идеясын жалпы халық қолдап отыр. Оның байыбына терең бару үшін, индустрияландырудың алғашқы бесжылдығына зер салайық. Биылғы жыл ел тарихында айрықша орынға ие. Себебі, осы жылы индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы аяқталғалы тұр. Абай атамыздың «Əр істің қалай жақсы аяқталуы, қалай басталғанына байланысты», деген даналығына ден қойсақ, индустрияландыру бағдарламасының бірінші бесжылдығын жемісті қорытындыласақ қана, əрі қарайғы жұмыс жемісті жалғасын таппақ. Бұл үшін Үкіметтің күш-жігері жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға жəне бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталып отыр.

толықтай қуатына шықты. Əйткенмен, сыртқы жағдайлардың нашарлауына байланысты 70 жоба кідірістеп тұр. Оның басты себептері белгілі. Біріншіден, салынған жөнсіз санкциялар, екіншіден қажетті капиталға қол жеткізе алмау, үшіншіден өнімді сертификаттау рəсімінің тым ұзаққа созылуы, соңғы себеп өткізу нарығының алдын-ала жаулап алынуы болып отыр. Десек те, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Ұлттық банктен бөлінетін 1 трлн. теңгені тиімді пайдалана білсе, бұл кəсіпорындар 2-3 жылдың көлемінде өз қуатында жұмыс істейтін болады. Осы

сынды макроөңір деңгейінде нысаналы өткізу нарықтары айқындалған. Экспортқа дейінгі қаржыландыруды енгізу жолымен қаржылай көрсетілетін қызметтер тізбегі кеңейетін болады. Дүниежүзілік банк зерттеулеріне сəйкес шетелде сауданы қолдау желісінің болуы экспорт көлемін 6-дан 10 пайызға өсіруге септігін тигізеді. Сондықтан, Ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қазақстандық бизнестің экономикалық мүдделерін шоғырландыру шарасы ескеріліп, ағымдағы жылдың соңына дейін шетелдегі қолдау желісінің тұжырымдамасы əзірленетін болады.

Инфрақұрылым

Бағдарламаны іске асыру кезінде инфрақұрылымды жетілдіру индустриялық дамыту басымдықтары ескеріле отырып жүргізілді. Көлік инфрақұрылымына 20 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция салынды. Өндіруші қуат 1,7 ГВт-ға ұлғайды. Арнайы заң оларды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік берді. Олар өсім көздері болады деп күтілуде. Арнайы экономикалық аймақтарды басқару

Ґндіру азайса да, ґѕдеу кґбейді

жұмыстарға құйылатын тікелей шетелдік инвестициялар 3 мəртеге артқан. Инновациялық белсенді кəсіпорындар деңгейін 10 пайыға жеткізу міндеті жоспарланды. Бұйыртса, жаңа салалар құруға, өз инновацияларымызды дамытуға жəне техноло гия лық артта қалушылықты жоюға кірісеміз. Технологиялықтың басты көрсеткіші еңбек өнімділігінің өсімі екені мəлім. Өңдеу өнеркəсібінде өнімділік 1,5, ал жекелеген салаларда екі есеге өсті. Мұның барлығы Қазақстанды өңдеу өнеркəсібінде еңбек өнімділігін өсіру қарқыны бойынша алдыңғы қатарға алып шықты, деді инновацияға қатысты сұрағымызға орай комитет төрағасы Б.Қасымбеков.

Жаңа экономикалық саясат жəне ҮИИДМБ-2

Үкімет экономиканы реттеуді одан əрі жетілдіруде. Дүниежүзілік банкпен жəне басқа да халықаралық институттармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа экономикалық саясат əзірленетін болады. Бұған қоса, Индустриялықинно вациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын дайындау кезінде нақты салалық басымдықтарды бөлу, экспортты жетілдіру, бизнесті жан-жақты тарту, өңірлік мамандануды тереңдету көзделген. Сондай-ақ, жаңа технологияларға, қаржыландырудың теңгерілген модельдеріне сүйене отырып, кластерлерді дамыту қажеттігі де назарда болады. Елімізде салалардың басымдығы нарықтық əлеуеті мен бəсекеге қабілеттілігі

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Дəл қазір негізгі 12 индикатордың 10-ында жоспарланған өсу байқалады. Мысалы, 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы өңдеу өнеркəсібіндегі жалпы қосылған құнның нақты өсімі 24,5 пайызға, яғни 1,8-ден 3,7 трлн. теңгеге дейін өскені көрініп тұр. Ал жоспар бойынша 2008 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай 43,6 пайызға дейін өсуі тиіс. Тағы бір көңіл демдер көрсеткіш, кəсіпорындардың инновациялық белсенділігінің екі есеге дейін артқандығы болып отыр. Нақты санға жүгінсек, ол 4-тен 8 пайызға дейін көтерілген. Осыған қарап, алдағы жылғы 10 пайызға дейін инновацияны ұлғайту жоспарына еркін қол жетеріне сенім бар. Сондай-ақ, ішкі жалпы өнімнің энергия қажеттілігі 2008 жылдан 2012 жылға дейін 13,6 пайызға төмендеді. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында қол жеткен осынау табыстар, ел дамуының тың бағдарын көрсетеді, деді Инвестициялар жəне даму министрлігінің Өнеркəсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков. Екі көрсеткіш – шикізаттық емес экспорт жəне мемлекеттік сатып алу бөлігіндегі қазақстандық қамту бойынша артта қалу байқалады. Əйтсе де, бағдарлама іске асырыла бастаған кезден бастап өңдеу өнеркəсібі өндіру өнеркəсібіне қарағанда жылдамырақ өсіп, 1,7 есеге артты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркəсібінің негізгі бөлігін машина жасау, құрылыс индустриясы жəне химия өнеркəсіптері құрап отыр. Онда машина жасау – 75, бейметалл, минералды өнім өндірісі – 47, химия өнеркəсібі 28 пайызға өскен. Нəтижесінде, Қазақстан өңдеу өнеркəсібін қарқынды дамыта отырып, бұл көрсеткіш бойынша Ресейді, Оңтүстік Корея мен Польшаны басып озып, Түркиядан кейінгі екінші орынға жайғасқан. Ойымызды нақтылай түссек, соңғы жылдары өңдеу өнеркəсібі Белоруссияда 5 пайызға төмендеп, Ресейде бар болғаны 0,1 пайызға ғана өскен. Ал біздің ел 8 пайыздық өсімге қол жеткізді. Осының бəрі Елбасының елді индустрияландыру бастамашылығымен тығыз байланысты. Тағыда тақырыпқа қайта оралсақ, өңдеу өнеркəсібінің құрылымы жаңалыққа қарай өзгеріп келеді. Дəстүрлі түрде мықты салалар саналатын металлургия мен тамақ өнеркəсібіне қосымша, қарқынды дамып келе жатқан мұнай өңдеу жəне машина жасау салалары пайда болды. Бəрінен бұрын, мұнай өңдеу мен машина жасау салаларының үлесі артты. Фармацевтика саласы да 1,2 есені құраған жақсы өсім деңгейін көрсетті. Машина жасауды мысалға алсақ, ҮИИДМБ өңдеу өнеркəсібінің өсу сапасына əсер еткендігін көреміз. Жөндеу жəне қызмет көрсету секторы төмендесе, дайын өнім өндірісі бірден өсе түсті. Теміржол машинасын жасау 21, автокөлік құралдарын шығару 5, ауылшаруашылық машинасын жасау 2 есеге артты. Егер, 2008 жылы бүкіл өндіріс көлемінің жартысынан астамы жөндеу мен көрсетілетін қызметтерге тиесілі болған болса, бүгінде теміржол машинасын жасау, электр жабдықтары, автокөлік құралдары секілді дайын өнімдер өндірісі пайда болды. Соғы 4-5 жылда отандық автомобиль өндірісі 11 есеге өсіп, ел аумағында сатылатын əрбір төртінші автомобиль Қазақстанда жасалған, деп жалғады сөзін комитет төрағасы. Индустрияландыру картасы əкімдіктер мен министрліктердің, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге мүмкіндік берді. Соңғы 4,5 жылда 672 жоба іске асырылды. Жаңадан 69 мың жұмыс орны құрылды. Үкімет карта жобаларының іске асырылуын жіті қадағалап тұр. Арнайы құрылған жұмыс топтарының соңғы деректеріне сүйенсек, жобалардың 80 пайызы жоспар бойынша жұмыс істеуде. Шамамен 300 жоба

3

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

Орталық коммуникациялар қызметінің дəстүрлі брифингіне Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жəмила Баттақова мен Нашақорлықтың медицинаəлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тəжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева қатысып, бірқатар ақпараттармен бөлісті.

«Денсаулыќ сабаєы» ґткізіледі Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы директорының айтуынша, биыл да 1 қыркүйекте еліміздің мектептерінде дəстүрге айналған «Денсаулық сабақтары» өткізіліп, балаларға саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы насихатталады. «Денсаулық сабақтарында» балалар мен жасөспірімдер: «Өмір бойы денің сау болуы үшін не істеу қажет?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, шылым, алкоголь, есірткілік заттар қолданудың зиян екенін ерте бастан санасына сіңірмек. Бұл сабақтар білім беру ұйымдары мен саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп жүргізілмек. Ұлттық орталықтың базасында биыл бесінші жыл қатарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Орталық Азия бойынша өңірлік кеңсесі жұмыс істеуде екен. Ал оның қызметі ДДСҰ-ның Еуропалық бөлімінің рұқсатымен тағы да 5 жылға созылғанын баяндаған орталық директоры Жəмила Баттақова ДДСҰ өңірлік кеңсесінің басты мақсаты заманауи технологиялар тасымалдау екенін жеткізді. «Саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің ұйымдастырып жатқан барлық ісшаралары халықаралық деңгейде

өтеді. Олар – дүние жүзінде ортақ атаумен, ортақ ұранмен өтетін халықаралық атаулы күндер, апталықтар мен айлықтар. Сəй кесінше осы шаралардың өтуіне жəне оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан қолдау табуына ең алдымен біздегі өңірлік кеңсе көмек көрсетеді. Екіншіден, халықаралық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды», – деді ол. Нашақорлықтың медици наəлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тəжі рибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева елімізде соңғы 5 жылдың iшiнде нашақорлар есебіне тiркелгендердің саны 10 пайызға қысқарғанын айтты. «Бүгiнгi күнi бiздiң есепте 35,5 мың есiрткi пайдаланатын аурулар тiркелген болса, оның iшiнде 30 мың ауру апиынды пайдаланады жəне 60 пайызы есiрткiнi инъекция түрiнде қабылдайды», – дейдi А.Есқалиева. Маман соңғы бес жылда нашақорлар есебінде тұрғандардың саны 10 пайызға қысқаруының себебін алдын алу жұмыстарының көптеп жүргізілуімен байланыстырады. Ал есірткіні инъекциялық жолмен тұтынатын науқастардың 60 пайызы ВИЧ-инфекциясын жұқтыруға бейім. Сондай-ақ, олардың туберкулезбен, В жəне С гепатитімен жиі ауыратыны да айтылды.

Мўєалімдер марапатталды Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

арада айтарымыз, шынында да түйткілді мəселеге айналып отырған проблемалы жобалар да бар. Бүгінде олардың саны 35тен 13-ке дейін қысқарды. Осы іс бойынша, əкімдіктермен жəне ұлттық компаниялармен бірлесе отырып жүргізіліп жатқан жұмыс жалғасын табатын болады. Жалпы алғанда, карта жобалары 3,2 трлн. теңге сомасына өнім өндірді. Нəтижесінде, экспорт үлесі 133 млрд. теңгеден асып жығылса, оның ішінде дайын өнімдер экспорты 8 пайызды құрады. Өткен 4,5 жылда Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген 325 өнімнің түрі игерілген. Бірқатар облыстарда өңдеу өнеркəсібінің үштен бірін индустрияландыру картасындағы жобалар өндіреді. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында – 37, Ақмола облысында – 35, Қостанай облысында 24 пайызды құрап отыр. Республикалық деңгейдегі 48 жоба Үкіметтің ерекше бақылауында. Бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша 514 млрд. теңге сомасына республикалық 15 жоба іске асырылатын болады. Бұйыртса, республикалық жобалардың негізгі бөлігі, яғни 8 трлн. теңге соманы құрайтын 33 жоба екінші бесжылдықта жүзеге асырылады. Алғашқы бесжылдықта оларды іске асыру үшін жағдайлар жасалды, яғни заңнама жетілдірілді, инвесторлар тартылды, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, дейді Б.Қасымбеков.

Дайын өнім экспорты Елімізде 2009 жылы бүкіл экспорт көлемі 39 пайызға күрт төмендепті, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 20 млрд. доллардан 12 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарған. Десек те, 2013 жылы өңделген тауарлар экспортының дағдарысқа дейінгі көлемі (20 млрд. АҚШ доллары) қалпына келтірілген. Экспорттың сапалық құрылымы да өзгерді. Дайын тауарлар экспорты 24 пайызға артты, полипропилен, локомотивтер, жүк машиналары секілді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды. Машина жасау өнімінің экспорты 65 пайызға артып, 1 млрд., химия өнімі 18 пайызға өсіп, 800 млн., ал құрылыс материалдары 28 пайызға ұлғайып, 38 млн. АҚШ долларына жетті. Яғни біздің ел шикізатқа қарағанда, өңделген өнімдерді көбірек экспорттайтын болды. Санға шаққанда, бұл арақатынас – 60/40. Орта мерзімді перспективада Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ елдері, Батыс Қытай, Иран жəне Ауғанстан

тəжірибесін игеру үшін Jourong жəне Dubai Port World секілді əлемдік танымал шетел компанияларымен келісімшарттарға қол қойылды.

Геология жəне жер қойнауын пайдалану Бағдарламадағы негізгі бағыттардың бірі өнеркəсіпті ресурспен қамтамасыз ету екені мəлім. Үкімет геологияны дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаны қабылдады. Мемлекеттік қаржыландыру көлемі 120 млрд. ал жеке инвестициялар 900 млрд. теңгеден асты. Көптеген пайдалы қазбалар бойынша ресурстар өсімі болады деген болжам бар. Мысалы, алтын 400, мыс 4 млн., полиметалл 12 млн. тоннаға дейін артады деген үміт зор. Өз міндеттемелерін орындамаған жер қойнауын пайдаланушылармен де жұмыс жүргізілуде. 2010 жылдан бастап 160 келісімшарт бұзылды. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша 300ден астам жаңа техникалық жобалар жасалып, 27 млрд. АҚШ доллары сомасына міндеттемелер бекітіліп берілді. Биыл əлемдік ірі Рио Тинто, Илюка жəне Корес компанияларымен Қазақстанға жер қойнауын пайдалану саласындағы ең озық технологиялар берілетін жобалар іске қосылады. Бұлар жөніндегі білімді игеру жəне кадрлар даярлау мақсатында Назарбаев университетінде Тау-кен ісі мектебі мен Жер туралы ғылым институты Colorado School of Mines-пен серіктесе отырып, Геологиялық кластер, сондай-ақ «Қазгеология» ұлттық компаниясымен бірлесіп Геологиялық зерттеулер орталығы құрылуда. Орталық құрылысы осы жылдың төртінші тоқсанында басталады. Сондайақ, «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» заңға түзетулер енгізіліп, нəтижесінде Австралия, Канада жəне Чили елдерінің сəтті тəжірибесін енгізуге мүмкіндік туды.

Инновацияны дамыту

Үдемелі индустрияландыру иннова цияларды дамытуға негіз болды. Инновациялық саясатты іске асыруда белгілі бір үзіліс болғаны рас. Дегенмен де, 4 жылдың ішінде халықара лық рейтингімізді жақсарта алдық. Технологиялық инновацияларға жұмсалатын қаржы 7 есеге өсті. Ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық

ескеріле отырып айқындалды. Нəтижесі, бизнес жəне сарапшылар қоғамдастығының талқысына салынады. Сөйтіп, өңдеу өнеркəсібінің 6 саласы іріктеліп, олардың 14 басым секторы белгіленді. Өнімдер тобының ішінен барынша басым 200 топқа айдар тағылады. Өңірлердің мамандануы айқындалып, бір ұлттық кластер таңдап алынды. Ал келесі жылдың ортасына дейін конкурстық негізде тағы үш аумақтық кластер іріктелетін болады. Көлемдері, оларға дейінгі қашықтық жəне ағымдағы интеграциялық процестер ескеріліп, экспорттық нарықтар анықталмақ. Мысалға, химия жəне мұнай-химия кешені бойынша жүргізілген жұмысты келтіруге болады. Алғашқы бесжылдықта қолда бар кəсіпорындарға жаңғырту жүргізілді жəне екінші бесжылдықта күшті сала қалыптастыру үшін негізгі өндірістердің іргесі қаланды. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып, қосылған құндар тізбегі зерделенді. 300-ден астам өнімге талдау жүргізілді жəне шикізат базасы, технологиялардың қолжетімділігі, өндіріс мүмкіндіктері, нарықтық əлеуеті жəне экономикалық тиімділігі ескеріле отырып, 36 басым өнім таңдалды. Іріктелген 36 тауар ішінен ҮИИДМБ-нің 1-кезеңінде 11 тауар бойынша өндіріс жобалары іске асырылды. Енді екінші бесжылдықта шетел инвесторларын тарта отырып, 8 тауар өндірісі ұйымдастырылады. Қалғандары бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Бағдарламаны қаржыландырудың нақты моделі дайындалды. Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлінген соң несие беру мөлшерлемесі едəуір төмендеді. Қанатқақты жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін кепілдендіру тетігі енгізілді. Қазірдің өзінде кепілдендіру бойынша 12 млрд. теңге сомасында қолдау көрсетілді. 205 жоба 10 жылға 6 пайыздық мөлшермен 55 млрд. теңге сомасында қаржыландыру шешімін алды. ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын жобаларды 20 жылға 6,5 пайыздық мөлшермен қаржыландыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға дайындық жүргізілуде. Елбасының қолдауының арқасында жаңа ынталандыру топтамасын қоса алғанда, инвестициялар тартуға, бизнес жүргізуге жақсы жағдайлар жасалды. Инфрақұрылым дайын. Қаржыландыруға да мүмкіндік бар. Бұйыртса, биыл 700 млрд. теңгелік 120 жоба жүзеге асырылуы тиіс.

Оқу жылы басталар алдында Алматы қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Кеңесте Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов «Алматыда білім саласын дамытуға қала бюджеті есебінен қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мəселен, білім саласына осыдан 5 жыл бұрын 25 миллиард теңге бөлінсе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 47 миллиард теңгені құрап отыр. Мұның өзі əлеуметтік салаға бағытталған қаржының үштен бір бөлігін қамтиды», деп атап көрсетті. Соңғы жылдары қаланың білім беру саласы үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Мəселен, Алматы

қаласының оқушылары 9 жылдан бері республикалық олимпиадада командалық бірінші орынды иеленсе, 12 рет оқушылардың ғылыми жарыстарының жеңімпазы болып отыр. Биылғы жылы да бірыңғай ұлттық тестілеуден Алматы қаласы республика бойынша бірінші орынды иеленді. Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов еліміздің білім жəне ғылым орталығы болып саналатын Алматының педагогтарына ыстық ықыласын білдірді. Жəне білім беру жүйесінің үздік қызметкерлеріне «Құр метті қызметкер» белгісін, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін, Құрмет грамоталарын жəне алғыс хаттарын тапсырды. АЛМАТЫ.

Ораќ науќаныныѕ барысы ќалай? Қазіргі таңда егін ору науқаны республикамыздың сегіз аймағында жүргізілуде. 2014 жылы барлық ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқаптары 21,8 млн. га. құрады, солардың ішінде дəнді, дəнді-бұршақты дақылдар 15,6 млн. га., оның ішінде бидай 12,8 млн. га., майлы дақылдар шамамен 2,3 млн. га., мақта 128,9 мың га., қант қызылшасы 1,8 мың га., картоп жəне көкөніс-бақша дақылдары тиісінше 182,0 жəне 223,2 мың га., жемдік дақылдар 3,5 млн. га. алқапта егілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, үстіміздегі жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша 7,6 млн. га. немесе 49,7% дəнді дақылдар егістігі жақсы күйде, 6,7 млн. га. немесе 43,9 % қанағаттанарлық, 0,8 млн. га. немесе 5,5 % нашар күйде, 0,1 млн. га. немесе 0,9% дəнді дақылдар егістері жойылған. «Қазгидромет» РМК-ның ғарыштық мониторинг деректеріне сəйкес биыл дəнді дақылдар түсімі шамамен гектарына 11 центнер деңгейінде болжануда. Осылайша, астықтың болжамды жалпы өнімі ағымдағы жылы бункерлік салмақта шамамен 17,0 млн. тоннаны құрайды. 2014 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер 943 мың га. алқаптың дəнін жинап, 1млн. тоннадан астам астық бастырған. Жамбыл (8,1 ц/га.) жəне Ақтөбе

облыстарында (4,1 ц/га.) дəнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа райының құрғақшылық жағдайларына байланысты өнімділік төмен деңгейде болды. Қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,9 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 210 астық қабылдау кəсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды. Бүгінде АҚК жаңа астықты қабылдауға қажетті материалдықтехникалық базаларды əзірлеу жұмыстарын аяқтап келеді. 19 тамыздағы жағдай бойынша 153 АҚК (АҚК жалпы санынан 73%) тексерілді, олардың 92-сі дайын деп танылды. Элеваторларда 505 бірлік дəнкептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында – 139, Қостанай облысында – 135 жəне Солтүстік Қазақстан облысында – 154. Астықты қабылдауға 491 дəнкептір гіш (97%) дайын, соның ішінде Ақмола облысында – 139 (100%), Қостанай облысында – 126 (93%), Солтүстік Қазақстан облысында – 154 (100%). Ағымдағы жылы егін жинау науқанына шамамен 45 мың астық жинау комбайны, 156,2 мың трактор, 15 мың дестелегіш, 46,8 мың жүк автомобилі тартылуда. Мереке АЛМАСОВ.


4

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

 Демократия – даму даңғылы

Əр науќанныѕ ґзіндік ерекшелігі бар Ќазаќстан Республикасы Орталыќ сайлау комиссиясы Тґраєасыныѕ орынбасары В.К.ФООСПЕН əѕгіме

– Владимир Карлович, Парламент Сенаты депутаттары сайлауының қандай ерекшеліктері бар? Бұған дейін өткізілген басқа сайлаулардан айырмашылығы бар ма? – Сенатқа сайлаудың ең басты ерекшелігі – сайлаудың жанама екендігінде, яғни сенаторларды тікелей халық емес, мəслихаттар депутаттары болып табылатын таңдаушылардың сайлауы. Бұл ретте жанама сайлауды өткізу тəжірибесі əлемде кеңінен тарағанын айта кеткім келеді. Осындай үлгіде көптеген демократиялық елдер парламенттерінің жоғарғы палаталары қалыптасады. Мысалы, Францияда, Нидерландыда, Австрияда жəне т.б. елдерде. Ал 1 қазандағы сайлауда 2014 жылғы 9 желтоқсанда алты жылдық өкілеттік мерзімі аяқталатын 2008 жылғы 4 қазанда сайланған сенаторлардың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 16 депутаты сайланады. Бұған дейін Сенатқа сайлау елімізде 2011 жылы өткізілді, өткен үш жыл ішінде сайлаудың құқықтық базасы елеулі түрде өзгере қойған жоқ. Сондықтан осы сайлау науқанының сайлау үдерісін құқықтық реттеу жағында қандай да бір айрықша ерекшеліктер жоқ. Алайда, электораттық науқандарды өткізу тəжірибесі өткен сайлаудың əрқайсысы бір-біріне ұқсамайтындығын көрсетеді. Əр сайлау үздіксіз дамып, жетіліп келе жатқан сайлау үдерісін ұйымдастыру тəжірибесіне жаңалық енгізіп отырады. – Сенаторлыққа үміткерлерге қойылатын талаптардың жоғары екендігінен, сайлау органдары бұл талаптардың сақталуын қатаң бақылап отыратынынан хабардармыз. Оқырмандарға сол талаптар жөнінен хабардар етіп өтсеңіз? Сондай-ақ, үміткерлерді ұсыну барысында олардың қойылған талаптарға сай келуі, не келмеуі туралы айтуға бола ма? – Сайлау органдарының тікелей жəне басты міндеті – сайлау үдерісінің барлық кезеңдерінде, оның ішінде ұсыну мен тіркеу барысында кандидаттардың конституциялық талаптарға сəйкестігі мен олардың заңнама нормаларын орындауын қадағалау болып табылады. Заң тілімен айтсақ, жасы 30-ға толған, жоғары білімі бар жəне жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, Қазақстан аумағында он жыл бойы жəне өзі ұсынылған өңір аумағында соңғы үш жыл бойы тұрақты тұратын Қазақстан азаматы ғана Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты бола алады. Негізгі талаптар осы. Кандидаттардың Конституция мен Сайлау туралы заңның осы талаптарына сəйкестігін облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары үш күн ішінде анықтайды. Талаптарға сəйкестігі анықталса, үміткерге таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары беріледі. Кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер барлық мəслихаттар

депутаттарының кемінде он пайызының қолдауына ие болуы тиіс. Сенат депутаттығына кандидатты қолдау үшін қолдар жинауды кандидаттың сенім білдірген адамдары ұйымдастырады. Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссияларына тапсырылады. Жиналған қолдардың растығын төлқұжат қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, сайлау комиссиялары бес күн мерзім ішінде айқындайды. Егер қолдардың растығын тексеру нəтижесінде жиналған қолдардың бір пайыздан артығы рас болмай шықса, Сенат депутаттығына кандидатты тіркеуден бас тартылады. Сондайақ, ұсынылған кандидаттардың əрқайсысы Ортсайлаукомның арнайы шотына 300 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын депозит ретінде енгізуі тиіс. Сонымен қатар, кандидат пен оның зайыбы тіркелгенге дейін тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті. – Осы Сенат сайлауын өткізу бойынша жұмыстың негізгі бөлігі аумақтық сайлау комиссияларына жүктеліп отыр. Электораттық науқанның əр кезеңінде – ұсыну, тіркеу, үгіт кезеңінде, дауыс беруде олардың функциялары қандай екенін айтып берсеңіз? – Ортсайлауком Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуде жалпы басшылық жасайды. Ал электораттық науқанды өткізуді облыстық, Астана жəне Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары тікелей қамтамасыз етеді. Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу кезіндегі аумақтық сайлау комиссияларының міндеттері мен жауапкершілігі аясы сайлау заңнамасында нақты айқындалған. Бұл жағдайда аумақтық сайлау комиссиялары өздерінің күнделікті функцияларымен бірге округтік, сондай-ақ, учаскелік сайлау комиссияларының функцияларын, осыдан туындайтын тиісті өкілеттіктерімен қоса атқаратынын айта кеткен маңызды. Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары кандидаттарды ұсыну туралы өтініштерді қабылдауды; кандидаттардың Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сəйкестігін тексеруді; кандидаттарды тіркеуді; кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеуді; дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізуді; дауыстарды санауды жəне дауыс беру қорытындыларын шығаруды жүзеге асырады. Сенат сайлауын өткізу кезіндегі сайлау комиссиялары атқаратын сайлау рəсімдерінің тізбесі мұнымен ғана шектелмейді. Сондықтан электораттық кезеңде осы науқанның өткізілуі оған қатыстырылған барлық сайлау органдарының ұйымдасқан жұмысына көп байланысты. – Жер-жердегі сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге (техникалық, материалдық жəне кəсіби жағынан) қаншалықты дайын? – Қазіргі кезде Ортсайлауком мен қатыстырылған сайлау органдары барлық қажетті материалдық-техникалық жəне қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген. 1 қазанда өтетін Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын өткізуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 136 миллион теңге бөлінді. Қажетті əдістемелік жəне нормативтік база қалыптастырылды. Сайлау науқанын ұйымдастырушылық жəне ақпараттық сүйемелдеу шаралары белгіленіп, іске асырылуда. Сайлау комиссиялары мүшелерінің кəсіби даярлығына келер болсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында барлық деңгейдегі сайлаукомдардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты республика мəслихаттары олардың жаңа құрамын сайлаған болатын, осылайша сайлау комиссиялары құрамының үштен бір бөлігі

жаңарды. Осыны ескере отырып, біз дайындық кезеңінде де, қазір де сайлау ұйымдастырушыларды оқытуға жəне біліктілігін арттыруға көп көңіл бөліп келеміз. Ортсайлауком сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау, əкімшілік, азаматтық, қаржылық құқық саласында арнайы білім, сондай-ақ, сайлау заңнамасы нормаларының бұзылуын болдырмайтын құзыретті басқарушылық жəне ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын алуына мүмкіндік беретін оқыту шараларын үнемі өткізіп тұрады. – Владимир Карлович, заманауи сайлаудың шетелдік байқаушылардың қатысуынсыз өтпейтіні сөзсіз. Осы сайлауда байқаушылар ретінде кімдерді көре аламыз? Байқаушылардың кедергісіз жұмыс жасауын сайлау органдары қалай қамтамасыз етеді? – Сайлауды халықаралық байқау – Қазақстандағы сайлау науқандарының бірде-бірі онсыз өтпейтін міндетті жəне дағдылы атрибуты. Беделді миссиялардың сайлау рəсімдеріне мониторинг жүргізу негізіндегі шешімдері мен ұсынымдары сайлау үдерісі сапасының жақсаруына, ашықтығын арттыруға əкелері сөзсіз. Ағымдағы жылдың 1 қазанына тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі сайлау науқанының барысында ашықтық, жариялылық пен транспаренттік қағидаттарын іске асыру мақсатында Сыртқы істер министрлігі Ортсайлаукоммен бірлесіп халықаралық байқау институтын ашады. 2011 жылы өткен Парламент Сенатының сайлауына Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Тəжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина жəне басқа да мемлекеттерден 249 байқаушы келген еді. Осы жолы да халықаралық байқаушылар ретінде тіркелгендердің саны аз болмайды деп ойлаймын. Сайлау туралы Конституциялық заңда байқаушылардың құқықтары мен міндеттері толық реттелген. Отандық, халықаралық байқаушылар аккредиттелгенін көрсеткен, сондай-ақ алаламау, сайлау барысына араласпау қағидаттарын сақтаған жағдайда, сайлау үдерісінің барлық кезеңдерін кедергісіз байқауға мүмкіндіктері бар. Халықаралық байқаушылардың жұмысы үшін неғұрлым ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауда олардың қызметіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдады. Атап айтқанда, шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның, сондай-ақ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкіліне жеке басын куəландыратын құжаты болса бір аудармашы, ал шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттелгені туралы құжаты бар жағдайда, сайлауды байқауға құқықтары бар екендігі бекітілген. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысы сауалнамасының мəтінін бекітіп, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын байқаушыларды тіркеу 2014 жылғы 25 қыркүйекте аяқталатынын айқындады. – Сайлауға дейін бір айдан астам уақыт бар. Дегенмен, қандай жағдайда сайлау өтті деп саналады? – Алдымен, сайлау баламалы болуы керек, яғни дауыс беруге арналған бюллетеньдерге екі кандидаттан кем енгізілмеуі тиіс. Таңдаушылардың біріккен отырысы заңды болуға: барлық облыстардың мəслихаттарынан, Астана қаласының мəслихатынан немесе Алматы қаласының мəслихатынан өкілдік ететін сайланған депутаттары санының кемінде елу пайызы қатысуы тиіс. Ал дауыс беру өтті деп саналуы үшін дауыс беруге қатысқан

таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысуы қажет. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауысының елу пайыздан астамын алған немесе қайта дауыс беруде басқа кандидатқа қарағанда көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі. – Қандай да бір заңнаманы бұзушылықтар туралы сөз болмайтын сайлау сирек кездеседі. Осындай жағдайларда ОСК мен сайлаукомдар жер-жерде уақтылы əрекет жасауға дайын ба? – Мінсіз сайлау болмайды. Маңыздысы – болмашы бұзушылық біз үшін жедел түрде оның салдарын талдап, себебін жою үшін белгі болып табылады. Сондықтан əр мемлекетте бұзушылықтар мен оның түрлері үшін сайлауда жауапкершілік жүйесі құрылады. Осындай жүйе Қазақстанда да құрылып, үнемі дамуда. Өтініштерді қарау тəртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген жəне ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен, «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған. Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерін сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күн ішінде қарайды. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне, əрекетіне немесе əрекетсіздігіне шағымдарды жоғары тұрған комиссия шағым түскеннен бастап үш күн ішінде қарайды. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы барлық түскен жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштеріне үнемі мониторинг жүргізіп, талдау жасайды. Барлық сайлау науқанының қорытындылары бойынша біз міндетті түрде өтініштер саны мен оларды қарау нəтижелері туралы деректерді жариялаймыз. – Электораттық науқанның басталғанына үш апта болды. Ол қалай өтіп жатыр? Осы науқанның статистикасын (қанша таңдаушы, қазіргі кезде неше кандидат ұсынылды, қанша тіркелді, т.б.) айта аласыз ба? – Сайлау науқанының кезеңдері Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітілген іс-шаралардың күнтізбелік жоспары шеңберінде өтуде. Қазіргі кезде кандидаттарды ұсыну (31 тамызға дейін) мен тіркеу (11 қыркүйекке дейін) жалғасуда. Ортсайлаукомның деректеріне сəйкес 19 тамыздағы жағдай бойынша Парламент Сенатының депутаттығына 81 кандидат ұсынылды. 15 адамды мəслихаттар ұсынса, тағы 66-сы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылғандардың ішінде 4-еуі əйел адамдар. Тағы 4-еуі Парламент Сенатының қызметтегі депутаттары (Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы). Кандидаттардың орташа жасы 53,5 жасты құрайды. Олардың ең жасы 37-де болса, ең үлкені 68 жаста. Мамандығы бойынша: 29-ы инженер, 12-сі экономист, 12-сі ауыл шаруашылығы қызметкерлері 11-і оқытушы, 10-ы дəрігер, 5-еуі заңгер, 2-еуі басқа мамандық иелері. Қызмет түріне келсек, 4-еуі Парламент Сенатының депутаты, 33-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кəсіпорындар жəне мекемелердің қызметкерлері, 28-і коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 13-і ғылым, мəдениет, білім беру жəне денсаулық сақтау қызметкерлері, 3-еуі басқалар. Қазіргі кезде Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде аумақтық сайлау комиссиялары 58 адамды тіркеді. Ал таңдаушылар санына келетін болсақ, еліміздегі барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының саны – 3335, яғни, осынша таңдаушы бар. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

 Өңір өмірі

800 тўрєын їйге тїбегейлі жґндеу ќажет Қалада ескі үйлер көп болғандықтан, олардың тұрғындары терможаңғырту бағдарламасына атсалысуға əзір. Дегенмен, осы бағдарламаға қатысуға тілек білдіріп, құжаттарын өткізген 4 көп пəтерлі үйді жөндеуге құрылысшылар қаражат жоқтықтан кірісе алмай отыр екен. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

– Бұл нысандардың жобасметалық құжаты дайын, – дейді Семей қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Светлана Заурбекова,

– құры лыстың тоқтап тұрған себебі, бұрынғыдай емес, енді қара жат тікелей облыс бюджетінен бөлі неді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 600 млн. теңге бөлініпті. Бірақ біздегі нысандарға бұл əлі жеткен жоқ.

Жоғарыда айтылған 4 үйге 68 451 мың теңге қажет. Светлана Заурбекованың айтуынша, тұрғындарды тостырып қоюдың еш реті жоқ. Жөндеу жұмыстарын бастай беру үшін қаладағы МЭПС КМК көмегімен қосымша қаржыландырып, терможаңғыртуды іске қосу керек. Бұл КМК бұдан бұрындары да бірнеше үйлерді жөндегендіктен олардың есеп-шотына несие бойынша төлемдер түсіп жатыр. Бүгінде Семейде 9 163 нысан

бар, көп пəтерлісі 60 173 үй, яғни 3 126 шаршы метр. Бұлардың құрамына 1 қабаттан жоғары қабаты бар үйлер кіреді. Басқару тетіктері бар 868 үй, оның 11-і жекеменшік пəтер иелері кооперативтеріне, 10-ы өндірістік кооперативтерге жатады. Қалада ешқандай басқару органы жоқ 438 нысан бар. Осылардың барлығын алып қарағанда 800 үйге түбегейлі жөндеу керек. Тұрғын үй инспекциясы 2014 жылдың басынан бері жеке жəне заңды тұлғалардан

түскен 147 хатты қараған. Əрқайсысында айтылған үйлердің техникалық ақауын зерттеп, тексерген. Инспекция мамандары тұрғындармен өтініштері бойынша кездесулер өткізіп тұрады. Жиындарына қатысып, жөндеудің қалай өткендігінен хабардар болады. Тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарымен бірге, құлауға жақын қалған ескі үйлердің тізімін анықтайды. СЕМЕЙ.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Жапониядаєы лай кґшкіні Жапонияның Хиросима префектурасында тоқтаусыз жауған жаңбырдан бес ірі лай көшкіні орын алған. Алдын ала таратылған мəліметтерге қарағанда, қазіргі таңда 32 адам өліп, тағы біразы із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында саналады. Орын алған лай көшкіні ондаған үйлерді жалмаған. Құтқарушылардың мəлімдеуінше, төмен құлдилаған лай көшкіні адамдарды өз баспаналарында тірідей басып қалыпты. Ел премьер-министрі Синдзо Абэ ауа райын назарға ала отырып, жүздеген əскерилерден тұратын іздестіру-құтқару отрядтарына өз жұмыстарын жандандыруға пəрмен берген.

Италияда екі ўшаќ соќтыєысты Италияның шығысында жаттығу ұшулары кезінде екі «Торнадо» шабуылдаушы ұшағы соқтығысып, АсколаПичено қаласының жанына құлаған. Əзірге екі ұшқыш пен штурмандардың тағдыры туралы дерек жоқ. Екі ұшақ та орманға жақын маңдағы тұрғын үйден онша алыс емес жерге құлапты. Аталған оқиғаға куə болғандар соқтығысар алдында катапультаның көмегімен ұшқыштардың шығып үлгергендігін айтады. Оқиға орын алған жерге осы елдің ƏƏК штабының басшысы Паскуале Прециозо бастаған тергеу комиссиясы арнайы барып, тексеру үстінде.

Содырлар сґзден іске кґшті Ирактың басым бөлігін өз қол астарында ұстап отырған «Ислам мемлекеті» тобының содырлары интернет арқылы америкалық журналист Джеймс Фоулиді өлім жазасына кесіп, оның орындалуын куəландыратын бейнекөріністі таратты. Журналистің қазасын туған-туыстары да растап отыр. Бұдан басқа 80 курд-езид өлтірілгені мəлім болды. Содырлар интернет арқылы екінші америкалық журналистің тағдыры АҚШ президентінің қадамына байланысты боларын ескертіпті. Негізінен АҚШ əскерилері əуеден соққыны Синджар тауында жасырынған курд-езидтерді құтқару жəне Эрбиль қаласындағы америкалық елшілікті қорғау үшін жасаған.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  Америкалық Сент-Луис қаласында (Миссури штаты) тағы бір 23 жастағы қаранəсілді жігіт атып өлтірілді. Қалалық полиция бөлімшесінің өкілі мəлімдегендей, əлгі жігіт пышағын суырып алып, полиция офицеріне қарай ұмтылыпты.  Үстіміздегі жылдың наурызында із-түзсіз жоғалып кеткен Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағына қатысты мəліметтерді белгісіз хакерлер ұрлап əкеткені белгілі болды. Негізінен бұл мəліметтер МН370 рейсіне қатысты тергеу жүргізіп жатқан қызметкерлердің компьютерлерінен ұрланыпты.  Жапондық Саитама префектурасының 111 жастағы тұрғыны Сакари Момои планетадағы ең кəрі ер адам ретінде Гиннес рекордтар кітабына тіркелді. Əзірге ең қарт адам ретінде 116 жастағы жапониялық əйел танылған.  Антарктидада белгісіз аурудың салдарынан жас пингвиндердің қауырсындары түсіп, суықтан қатып өлуде. Мұндай ауру түрі 2006 жылы оңтүстікафрикалық хайуанаттар бағында байқалса, араға жыл салып Патагонияда магелландық пингвиндер өле бастаған. Бұл үшінші жағдай саналады.

Тəжіктердіѕ талабы кїшейе тїсті Үстіміздегі жылдың қазанында Мəскеуде Тəжікстаннан келген 100 мыңға тарта мигрант митингіге шығуы мүмкін. Олардың басты талабы «қанаушылық еңбек» пен жұмыс берушілер тарапынан жиі орын алып жататын жалақы төлемеуді болдырмау. «Тəжік еңбек мигранттары» жалпыресейлік қозғалысының жетекшісі Каромат Шариповтың сөзіне қарағанда, Мəскеудің 12 базарында мыңдаған тəжіктер құлдың күйін кешуде. Оларға жалақы төлеу былай тұрсын, құжаттарын тартып алып, қамап та тастайтын кездер аз болмайды екен. Қозғалыс жетекшісі митингіге мəскеуліктердің де шығарына үміт артуда.

Ессіз кїйден кейінгі ґмір Американың Массачусетс штатындағы үмітсіз саналып келген пациенттің басындағы жағдай ғалымдарды аңтаң қалдырған. 19 жылдан бері төсекте ес-түссіз жатқан Терри Уоллис есімді азамат есін жия салып, ауыздары ашылып қалған дəрігерлерге сөйлей жөнеліпті. Негізінен бұл оқиға осыдан 3 жыл бұрын орын алса да зерттеу нəтижелері тек қазір ғана жарияланып отыр. Дəрігерлер мидың зақымданған жерлерінің қалпына келуіндегі адам мүмкіндіктері əлі де толық зерттелмегендігін айтады. Бұл өз кезегінде ресейлік эвтоназияны қолдаушылар қатарын сейілтіп, «Эвтоназия туралы» заңдық құжатқа өзгерістер енгізуге алып келіпті.

Google акциясы 10 жылда 13 есе ґскен Компания өз акцияларын биржаға шығарғаннан бергі 10 жыл ішінде оның құнды қағаздары 1294 пайызға өскен. Егер инвестор алғашқы жылдары Google компаниясына 10 мың доллар салса, қазір оның құны 139 мың 458 долларға жеткен. The Wall Street Journal деректеріне қарағанда, соңғы онжылдықта тек он америкалық компания ғана өз акцияларының өсуіне қол жеткізген. Қазіргі таңда 397 миллиард долларлық капиталымен Google тек Apple жəне Exxon Mobil компанияларынан ғана артта қалып келеді. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


5

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

АТОМ Қазақстан халқы үшін ядролық қару бұлыңғыр, я болмаса, беймəлім нəрсе емес. 40 жылдан астам уақыт бойы Семей полигонында атмосфералық, жерүсті жəне жерасты əскери жəне «бейбітшілік мақсатында» деп аталған 500-дей алапат сынақ өткізілді. Бұл – ядролық қару пайда болғаннан бері дүниежүзінде жүзеге асырылған барлық сынақтардың тең жартысы. Еліміз өз тəуелсіздігін алғаннан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылды. Мемлекет басшысының тарихи маңызы бар құжатқа қол қоюы – Қазақстан тарапынан ядролық қарусыздану бағытында жасалған батыл қадам еді.

Жаһандық маңызы бар бұл бастама халықаралық деңгейде де мойындалып, əлем жұртшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Əлемдік қоғамдастық Нұрсұл тан Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану жəне оны таратпау мəселесіндегі көш басшылығын өте жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақ тастықта ядролық сынақтарды тоқтатуды жəне ядролық қарудан азат əлем құруды жақтайтынын жеткізуде. Қазақстан ядролық қарудан азат əлем құру бағытындағы бастамаларын əлі де жалғастырып келеді. Мəселен, Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында ядросыз əлем декларациясын қабылдау жəне ядро сыз əлем үшін шарт жасау туралы ұсыныс енгізген еді. Осы орайда, Президент Семей полигонының жабылған мерзімін, яғни, 29 тамызды Ядро лық сынақтарға қар сы іс-қимыл күні ретінде бекіту туралы бастама көтеріп, ол БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан қолдау тапты. Қазақстан қолға алған тағы бір батыл бастамалардың бірі – «АТОМ» халықаралық жобасы. 2012 жылдың 29 тамызында қолға алынған бұл жобаның да өз мақсаты бар. Ол: ядролық қарудың қоршаған ортаға, жалпы адамзатқа тигізер залал-зардаптары жөнінде əлем дік қоғамдастыққа үз діксіз ақпарат беру, ғаламның миллиондаған азаматының

Советќазы ИБРАЕВ, «Семей-Невада» халыќаралыќ ќозєалысыныѕ мїшесі, аймаќтаєы полигон зардаптарын жою ўйымыныѕ ардагері:

Жаћандыќ салмаєы зор шешім Биыл «СемейНевада» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Қос құрлықтық сипат алған қозғалыстың идеясы бүгінде жалпы жаһандық маңызды мəнге ие болды. Осы орайда қозғалыс мүшесі Советқазы ИБРАЕВПЕН əңгімелескен едік. – Советқазы Сапаұлы, халқымызға бейбіт күні зобалаң болып келген полигон жарылыстарын жабу жөніндегі қозғалыстың басы-қасында жүрдіңіз. Сол талас-тартысты жылдарды араға 25 жыл салғанда қалай еске түсірер едіңіз? – Мен сол жылдары медицина саласында жұмыс істегенмін. Сондай-ақ, еліміз бойынша біздің өңірде ғана облыстық атқару комитеті жанынан құрылған полигон зардаптарын жою бөлімінің бастығы болдым. Полигон сынақтары жүріп жатқан тұста бұл бөлімнің көтерген жүгі салмақты болды. Өйткені, бізге əскери адамдар қарсы тұрғандықтан, оларға айтар уəжіміз, дəлеліміз нақты, бұлтартпастай болуы керек еді. Осы мақсатта полигонның адам төзгісіз зардаптарын дəлелдеуге бар күш-жігерімізді арнадық. Кейін полигон жабылғаннан кейін бұл бөлім жұмысын тоқтатты. Биыл «Семей-Невада» халықаралық антиядролық қозғалысына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр аз уақыт емес. Қозғалыстың 25 жылдығын атап өту – халық күткен, дүниежүзілік салмағы бар дүние деп түсінемін. «СемейНевада» қозғалысының туындауына себепкер, түрткі болып, үлкен тарихи бетбұрыстың басында тұрған, оған рух, дем берген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев болатын. Əрине, бұл жағдайды біреу білсе, біреу білмейді. Бірақ, бұл – объективті дүние. Осы қозғалысты əрі қарай халық та қолдады. Ұлтымыздың біртуар ұлы Олжас Сүлейменов ұйымдастырып, өзінің болмысы, ұлы ақындарға тəн сезімі мен өткірлігінің, шешендігінің арқасында қозғалысқа қатысушылар қатарының

молаюына толайым еңбек сіңірді. Жұртшылыққа бағыт-бағдар көрсетіп, елімізде ғана емес, жалпы əлемде полигонның жабылуы жолында табандылық көрсетті. Айталық, АҚШ-тың Невада штатында жүріп жатқан ядролық сынақ алаңын тоқтату жолында ұйымдастырушылық көрсеткен ақиық ақынымыз, ел баласы Олжас Омарұлы еді. Əрине, алғашқы кезде Алматы, Семей, Қарағанды, Павлодар жұртшылығы, кейін бүкіл ел болып қолдау білдірудің арқасында қозғалыс халықтық сипат алды. – Бүгінде бүкіл əлем жұртшылығы елімізді ядролық қарусыздану идеясының көшбасшысы ретінде біледі. Атом ғасырында адамзатқа араша түскен қазақ елінің тарихи гуманистік қадамы туралы не айтасыз? – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауымдастықтағы зор табыстарының бірі – ядролық жарылыстарға мораторий жариялауы. «Семей-Невада» қозғалысының ең үлкен нəтижесі – 1991 жылы 29 тамызда əлемде тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті ядролық полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Күллі жаһан жұрты оны теңдесі жоқ шара деп қабылдады. Дүниежүзі халқының қолдауы арқылы сан мыңдаған сынақтың ошағына айналған Семей ядролық полигоны жұмысын тоқтатты. Сол шақтарда ел экономикасының құлдырап, шатқаяқтап тұрғанына қарамастан, мемлекет сынақ полигонынан зардап шеккен адамдарға əлеуметтік қолдау мен көмек көрсете бастады. Оның үстіне еліміздің дамуына, экономикамыздың көтерілуіне əлемнің озық елдері

ілтипатпен қарап, қолдан келген көмектерін аямады. Əсіресе, Жапония мен Еуропа елдері айтарлықтай қолдау көрсетті. Бүгінде Тəуелсіз Қазақстанның ядролық қарусыздану идеясы жаңа тұрпатқа ие болып, БҰҰ басшысы Пан Ги Мун барша мемлекеттерге елімізді үлгі тұтып, планетаға үндеу тастады. Мұның өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу жəне ядролық қарудан бас тарту жөніндегі батыл шешімінің нəтижесі деп түсінемін. Дамыған жəне ядролық державалық мемлекеттер ядролық қарудың болашағы жөнінде толғанып, оның жанкештілер қолына түспеуі, атомды бейбіт мақсатта қолдану мəселелерін қамтыған жиындар өткізіп тұрады. Биыл бұл орайда Голландияда Гаага самми ті өткені белгілі. Қазақстан басшысы осындай алқалы басқосулардың мінберінен табылады. Мемлекет басшыларының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты шақырулары бекер емес. Мұндай жиындарға қатысып қана қоймай, бүкіл əлемді бітімгершілікке, бірлікке шақырған Елбасының саяси ізгі бастамаларына мақтаныш сезіммен қараймын. Қазір гідей мейлінше дағдарыс жағдайында Президенттің бейбіт сипаттағы ой-пікірлерін əлемдегі саяси жетекшілер ескеруі, ақыл қосу деп түсінуі керек. Осылайша, келешекте ядролық қа руды жою, оны тек бейбіт мақсатта ғана пайдалану қажет деген мəселелерді тиянақтауға тиіс. Экономиканың алға жылжуы үшін табиғи уранның, атомның қажеттілігі жоғары. Сондықтан, одан түбегейлі бас тарта алмағанымызбен, пайдалану мақсатын өзгерту жөніндегі үндеуіміз құпталуы керек.

– Қазіргі уақытта полигон аумағын кəдеге жарату жөнінде қандай жұмыстар атқарылуда? – Əрине, өткен уақытта атқарылған жұмыстардың бəрін айту мүмкін емес. Полигон жабылған соң сынақ жүргізілген шахталар, скважиналар ашықшашық қалды. Олардан апаннан шыққан от сияқты радиациялық жалындар қоршаған ортаға тарап жатты. Соның бəрін өз халқымыздың жүйелі іс-əрекеті мен шетелдерден келген көмектің арқасында жоюға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда радиациядан тазартылған шахталардан зардап жоқ. Дегенмен, қазіргі кезде полигон аумағында шаруашылық тоқтап тұр. Шүкір, сынақ жүргізілген аумақта экономикаға сүбелі үлес қосуға жарайтын жер бар. Қол қусырып отырмай, осы аумақты елдің игілігіне жарату бағытында жұмыстар жүргізілді. Бұл – «Семей-Невада» қозғалысының түбегейлі жеңісі, осы өңірдің халқына рух беретін жақсы нышан деуге болады. 18 мың шаршы шақырым полигон аумағының Павлодар облысына қарасты 5 мың шаршы шақырымы бүгінде шаруашылыққа қолдануға болады деп жарияланды. Яғни, бұрынғы полигон аумағында ауқымды іс атқарылып жатқанының бір айғағын көре аламыз. Мақтанышпен айтуға болады, Президент өңірдің халқын сауықтыру бағытында жəне медицинаның алға басуы үшін радиацияны медицинада пайдаланудың кластерлік жүйесін қалыптастыру туралы үш жыл бұрын тапсырма жүктеген еді. Радиациялық медицинаны дамыту жөніндегі осы шаруа іске асуда. Кластерлік жүйенің құрамында бірқатар мекемелер топтастырылып отыр. Мəселен, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық атомның күш-қуатын бейбіт өмірге пайдалануға жұмыс істеуде. Сондай-ақ, Семей қаласындағы онкологиялық орталық қазіргі заманғы технологиямен, құралжабдықтармен жабдықталды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев кластерлік жүйенің ілгерілеуіне материалдық қолдау көрсетіп отыр. Бұл мəселені Семейдегі медициналық университет ғалымдары теориялық тұрғыдан жетілдіреді. Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университеті де осы жүйеге енгізілген. Семейдегі

басын қосып, алапат қауіптің алдын алу, əлемді ядролық қару сынақтарына қарсы күрес ке біріктіру, ядролық қару не гізінде жатқан ғаламдық қауіпқатер үнқатысуын жандандыру, əлем басшыларына ядролық қару сынақтарын тоқтатуларына ықпал ету. Қазақстанның тың бастамасы мен ұтымды ұсынысының адамзат игілігі үшін жасалғандығын айғақтайтын «АТОМ» жобасының, оның аясындағы үгітнасихат жұмыстарының алғашқы тұсаукесері Женева қаласынан бастау алған болатын. Ядролық сынақты тоқтатуды көздейтін жоба шеңберіндегі іс-шаралар бүгінгі күнге дейін Гаага, Вашингтон, Нью-Йорк, Базель секілді əлемнің бірқатар қалаларында ұйымдастырылды. Оларға қатысқан делегаттар қазақ жерінде жасалған ядролық сынақтардың тарихымен, ядролық қарусыздану үрдісіне еліміздің қосқан үлесімен, сондайақ, ядролық қаруды тарат пау, ядролық қарусыздану режі мін күшейтуге бағытталған маңызды бастамалармен танысуға мүмкіндік алды. Демек, «АТОМ» жобасына барынша қолдау көрсету, «жойқын қарудың» адамзат баласына қауіп төндіретінін ұғыну – əлемдік қарусыздану саясатын белсенді жүргізуге сеп болары анық. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

емханалар мен медициналық орталықтар қатысады. Осылайша, кластерлік жүйенің негізгі құрылымдары анықталды. Дамыған мемлекеттердің осы салада істеп жатқан орталықтарының үлгісі негізінде, барлық жұмыс тарды жүзеге асыруға материалдық-теориялық база жасалды. Құптарлық жағдай, алдыңғы жылы Өскемендегі Үлбі зауытында табиғи ураннан бейбіт өмірде пайдаланатын энергия көздерін жасау қолға алынды. Осы арқылы Атырауда радиациялық судан таза су алу қондырғылары жұмыс істеуде. Мұның барлығы Ұлттық ядролық орталық пен Өскемен зауыттарының атомды бейбіт мақсатта пайдалануының алғашқы қадамдары деп білемін. БҰҰ басшысы Пан Ги Мун айтқандай, еліміздің атомды бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі ұстанымын дүние жүзі, əсіресе, ядролық державалар құптаса, Елбасы мен еліміздің ерен еңбегі, тұғырлы табысы деп есептеймін. – «Семей-Невада» қозғалысының мүшесі ретінде ел арасында жүріп, полигонның зардабына куə болдыңыз. Радиациялық қауіпті белдеуден толық құтылар күн жақын ба? – Əлбетте, кез келген ядролық жарылыстың үлкен зардабы бар. Медицинада ауруды қауіптілігіне орай жіктейді. Соның ішінде ең күрделі ауруға жататын жүрекқан тамырлары, психикалық, адам ағзасының сау жүруіне себепкер иммунитеттің төмендеуі, балалардың аурушаңдығы, қан арқылы берілетін, тұқым қуалайтын аурулар, сəбидің сал болып тууы сынды бұрын көз көрмеген ауыр науқастар өңірде жиі көрініс тапты. Сол сынақ жүргізілген жылдары ел ішінде үрей, радиафобия деген болды. Əр аптаның жексенбі күні сағат таңғы 9.00-де ядролық жарылыс болатын. Əдетте тұрғындар демалыс күні кешірек тұрады. Бөлмеде төбедегі электр шамының дірілдегенін көріп, далаға жүгіріп шығуға үлгерем бе деп ойлайды. Егер, Семей шыршалы ормандарының күлін, сынақ радиусындағы кір піштерді зерттейтін болса, ядро лық буклеттер əлі де табылады. Сондықтан сол кезде халық арасында онкологиялық, инфекциялық аурудың тарауы жиі болды. Бұрынғы уақытқа қарағанда бұл көрсеткіш бүгінде төмендеді. Десе де, өзге облыстармен салыстырғанда, радиациядан туындаған аурулардың қаупі əлі де жоғары. Міне, сол себепті де Елбасының полигонды жабу жəне ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімдері мен «Семей-Невада» халықаралық қоз ғалысының тарихи маңызы хал қымыз үшін ерекше деп түйемін. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

СЕМЕЙ.

 Үйренетін үрдіс

Телефонмен тґлей сал

Kcell мобильді тґлем ќўрылєылары нарыєына шыќты

Телекоммуникациялық компаниялар арасында мемлекетке салық төлеуде көшбасшы саналатын Kcell тағы бір іс бастап отыр. Бұрнағы күні Қазақстанның жетекші мобильді байланыс операторы «Ксеll» АҚ мобильді төлем терминалдары нарығына (mPOS) шығатыны туралы мəлімдеме жасап, БАҚ өкілдерімен кездесіп, жаңа жобаға қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Уақыт өткен сайын саудасаттықтың келешегі төлем карточкаларына тікелей тəуелді болатындығын ескерсек, ұялы телефонмен қоса ұстап жүретін арнаулы құрылғының тиімділігін біртіндеп бағалай беретін боламыз. Кəдімгі жалақы немесе зейнетақы алатын карточкаға қоса алақанға сиып кететін құрылғыңыз болса, уыстап ақша ұстап, болмаса қолмақол қаражатыңыз бітіп қалса банкомат іздеп əуре болмайсыз. Күнделікті қарбалас тірлікте тиын-тебенімізді үйде ұмытып кететініміз, болмаса қолма-қол ақша таусылып қалатын кездер болады. Бірақ, атымызды ұмытсақ та, ұялы телефонымызды ұмытпаймыз. Қысқасы, қазіргі заманның адамын смартфонсыз елестету мүмкін емес қой. Сондықтан, балансыңызда бірліктер бітіп қалса да, бөденедей құрылғыны телефонның құлаққап жалғайтын жеріне орналастырып, оған төлем карточкаңызды тығып, шоттар мен құпия сандарды теріп, керегіңізді сатып ала бересіз. Бұл жерде əңгіме тек азық-түлікке тіреліп тұрған жоқ. Мына заманның қажеттіліктері жетіп-артылады. Тіске басар сатып алу керек болса да, такси ұстау керек болса да төлем жасау қажет. Расында да бұл бастама əрі тиімді, əрі қауіпсіз. Сонымен мобильді терминалдар құрылғылары бүкіл Қазақстан бойынша Kcell фирмалық сервис орталықтары желісінде сатылатын болады. Қалай десек те, «Ксеll» үшін жаңа мобильді қаржы қызметтері нарығына шығу өте маңызды оқиға. – Бүгінгі таңда біз шағын жəне орта бизнеске – өз кəсіпорындарының ақшалай түсімі мен айналымын едəуір арттыратын жолды ұсынуға дайынбыз. Көптеген іскер адамдар өз тауарларының немесе қызметтерінің өтеуін банк карталары арқылы қабылдауға əлдеқашан дайын екендігін біз білеміз. Алайда, бірқатар дəлелді себептердің салдарынан мобильді төлемдерді іске асыру қиын болып келді. Сондықтан біз Қазақстандағы бизнес иелерінің барлық қажеттіліктерін ескердік, сондықтан Kcell ұсынған K-Pay мобильді төлем терминалын барынша қолжетімді еттік. Бұл арқылы біз құрылғының бағасын ғана меңзеп отырған жоқпыз. Терминал – компания желісімен қамтылаған немесе өзге де баламалы интернет байланысы бар аймақтардың барлығында жұмыс істейді. Біздің жаңа өнім Қазақстанның кəсіпкерлеріне өз бизнесін икемдірек ететін, ал тауарлары мен қызметтерін қолжетімді ететін шешімді ұсынатындығына біз сенімдіміз, – дейді «Ксеll» АҚ атқарушы бас директоры Али Аган. Осы арада «Ксеll» ком паниясының эквайринг қызметтері бойынша əріптес-банкі «Казкоммерцбанк» болып табылатындығын жəне жаңа қызмет VISA жəне MasterCard карталары арқылы жүзеге асыруға болатындығын айта кету керек. Ол үшін алдымен мобильді оператор клиенттерге процессинг пен төлем құрылғыларын ұсынады. «Ксеll» ұсынған жаңа қызмет түрі бизнестің əртүрлі сегменттеріне арналған: тағам жеткізумен айналысатын

компаниялар мен интернет-дүкендерден бастап, тіс емханалары, такси қызметі, үйдің жанындағы дүкендер, дəрі ханалар мен сұлулық салондарына дейін. Мобильді терминал – ықшам картридер болып табылады, ол iOS немесе Android базасындағы смартфондарға қосылып, Play Market алаңшаларында орналасқан K-Pay тегін қосымшасы арқылы жұмыс істейді. AppStore-да аталмыш қосымша тамыз айының аяғында пайда болмақ. Kcell ұсынған мобильді терминалдар K-Pay арқылы жасалатын транзакциялар – карта иелері үшін барынша қауіпсіз болып табылады. Құрылғылар кез келген қазақстандық немесе халықаралық банктің магниттік жолағы немесе чипі бар VISA жəне MasterCard карталарын қабылдауға мүмкіндік береді. Егер қазір елімізде «Ксеll» ұялы байланыс операторы 5 мыңдай елді мекенді, қалалар мен далаларды байланыспен қамтып отырса, мобильді терминал да компанияның желісімен қамтылатын барлық жерде жұмыс істей алады, ал бұл дегеніміз – бүкіл Қазақстан бойынша 5 мың елді мекен арнаулы құрылғыны пайдалана алады деген сөз. Сондай-ақ, құрылғы интернет желісіне балама қол жеткізудің кез келген түрінен жұмыс істейді. Терминалды мобильді оператордың Қазақстан бойынша 20 сервис орталығының барлығында сатып алуға болады. Құрылғыны пайдалану өте оңай, сонымен қатар, мобильді оператор бір жылға сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. Алақанға сиып кететін төлем терминалы смартфондардың 100ден астам түріне жарай береді. Яғ ни , үшінші, тіпті екін ші буындағы телефон үлгілерімен үйлесімді болып табылатын терминал телефонға құлаққап ағытпасы арқылы қосылады жəне мықтылап бекітуге арналған қосымша тіреуіші бар. Қарап отырсақ, ҚР Ұлттық Банкі есебінің деректері бойынша, Қазақстанда төлем карталары арқылы, қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің көлемі айтарлықтай түрде өсіп келеді екен. Өткен жылы, яғни 2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, банктер 15,1 миллион төлем карточкаларын шығарған, ал оларды ұстаушылардың саны 13,4 миллион адамнан асқан. Бұл ретте, 2013 жылы қолмақол ақшасыз төлемдердің негізгі бөлігі POS-терминалдар мен банкоматтар арқылы жасалған. 2013 жылдың қорытындылары бойынша, кəсіпкерлерде орнатылған POS-терминалдардың саны 46,8 пайызға өсе отырып, 40117 бірлік көрсеткішіне жеткен. Сондай-ақ, POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің саны да едəуір өскен (58 пайызға) – 33709 бірлік. Демек, ұялы байланыс операторының бұл бастамасы – уақыттың үдесінен шыға алады. Осылайша, жаңа қызмет түріне орай, алдымен БАҚ өкілдерімен жаңалық бөліскен «Ксеll» АҚ атқарушы бас директоры Али Аган мырза алдағы төртінші тоқсанда компания тағы бір жаңа өнім түрін ұсынатындығын, қазір бұл тұтынушылар үшін құпия бола тұратындығын жеткізді. АЛМАТЫ.


6

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

 Көкейкесті

 Ойласу

Єўмыр ўзаќ болсын десек...

Діндегі ең нəзік мəселе – теология саласы. Оған əр ел руханиятының, кез келген ұлттық салт-дəстүрдің іргетасы ретінде қарауға болады. Десек те, теология – біздегі кенжелеп қалған сала. Еліміз теолог мамандарға зəру. Əрине, Қазақстан азаматтарының бұл олқылықтың орнын толтырып, білім алу мақсатында шетелдерге шығуы үйреншікті жəйтке айналды. Алайда, жастарымыздың шетелдердегі теологиялық оқу орындарында білім алу тетіктері қаншалықты реттелген? Неліктен бұл мəселе бойынша мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі саясат əлі дұрыс жүргізілмей келеді? Неліктен отандық оқу ошақтарын өзімізде қалыптастырмаймыз? Қазіргі таңда қоғамда алаң туғызып жүрген мəселелердің бірі, міне, осыған келіп саятынын айтқанымыз жөн. Ал бұл мəселенің күрделену бағытына қарай бет алғанына, демек, оған тереңірек үңілу қажеттігіне кейбір дінтанушылар айрықша мəн беріп отыр.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ТЕОЛОГИЯ –

діндегі нəзік мəселе Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

ТЕОЛОГТАР ТАПШЫ Бүгінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім алу үшін азаматтардың бастапқы, яғни бакалавр деңгейіндегі жоғары білімі болуы тиістігі туралы талап бар. Бұл, əрине, дұрыс талап. Өйткені, жоғары білімі жəне өз саласы бойынша алдына қойған нақты талабы бар жастар ғана шетелдік оқу орындарында сапалы білім алары анық. Алайда, бұл орайда «Осыған ұқсас жүйені шетелдік діни оқу орындарында білім алғысы келетін азаматтарға да талап ретінде неге қоймаймыз жəне ойластырмаймыз?» деген заңды сауалдың туындайтыны белгілі. Себебі, бұл қисынды басшылыққа алар болсақ, отандық арнаулы діни білім беретін медреселерді жəне жоғары оқу орындарын бітірген, өмірлік көзқарастары қалыптасқан жастардың шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алуы қай жағынан алғанда да елімізге анағұрлым пайдалы болар еді. Əрине, біз бұл жерде басқа да ғылым салалары тəрізді сапалы исламдық діни білім беретін жетекші теологиялық оқу орындарының маңызын жоққа шығарып отырған жоқпыз. Десек те, теологияны шетелден оқып келу көңілде түйткіл тудыратынын тағы да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондықтан, отандық оқу ошақтарын өзімізде қалыптастыру күн тəртібінде тұрған көкейкесті мəселе екенін ашық айту қажет. Оны осы мəселеге қатысты деректерден, сала мамандарының ой-пайымдарынан да анық аңғарып жүрміз. Демек, ұлқыздарын шетелдік діни оқу орындарында оқытқысы келетін ата-аналарды жəне шетелде білім алғысы келетін жастарды бұл мəселеге байыппен қарауға шақыруды ешкім де қате түсінік ретінде қабылдамауы тиіс. Кезінде, яғни еліміз тəуелсіздік алмай тұрып, Түркістанда «Теология жəне еркін ойшылдық» мамандығы ашылып, сол жерде біршама маман білім алған екен. Кейіннен бұл мамандық жабылып қалады да жаппай дінтану мамандықтары ашылады. Алайда, дін саласының кейбір өкілдері бүгінгі дінтану мамандығы стандарттары еліміздің діни танымдық мəселелерін жан-жақты шешуге жауап бере алмайтынын жасырмайды. Сол себепті, осыдан 6 жыл бұрын елімізде Білім жəне ғылым министрлігі қосымша теология шифры бойынша мамандар даярлауды қолға алады. Соның негізінде теология мамандығының білім беру стандарты əзірленеді. Осылайша, қазір елімізде теология мамандығы тек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғана бар. Оның өзінде білім гранттары шектеулі. Орыс тобына – 10, қазақ тобына 10 орын бөлінген. Биыл бұл оқу ордасы осы мамандық бойынша өзінің алғашқы түлектерін шығарады. Алда тұрған міндет – магистратура, докторантура деңгейлеріне де үлкен дайындықпен келу. Себебі, елімізде осы саланың ғалымдары мен докторлары жетіспейді. Яғни біз нағыз теолог мамандарға зəруміз. Ал қазір елімізде жүрген академиялық

дəрежесі бар теологтар – кезінде Түркістандағы Ясауи атындағы университетте «Теология жəне еркін ойшылдық» мамандығы бойынша білім алған алғашқы түлектер. Мəселен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия жəне теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай – Түркістанда «Теология жəне еркін ойшылдық» мамандығы бойынша білім алып, оқу ордасын бітірген алғашқы түлектердің бірі. Біз ғалыммен əңгімелесе отырып, бүгінгі қоғамдағы дін құбылысына қатысты ой-пайымын білген едік. Д.Кенжетайдың айтуынша, дін құбылысының тек білім беру саласы ғана емес, білім беру саласынан тыс қабаттарда да теолог мамандар жоқтың қасы, себебі, бұл мемлекеттік деңгейде жүйелі шешімін тапқан мəселе емес. «Діни білім алу үшін жастарды шетелге жіберген жөн, бірақ, оның шарттары мен қағидалары белгіленіп, қадағалануы қажет. Менің ұсынысым бойынша, жастарды бакалавр деңгейін алу үшін жібермеу керек, тек магистратура мен докторантураға жіберуге болады. Шетелге кеткендер «жолдама хаттамасы» арқылы кетіп, қайта келгенде де сол жүйе бойынша қайта қабылданып жатса, құба-құп. Діни білім алу үшін шетелге барғандардың көбі өз мүмкіндіктерімен кеткен жандар. Ал олар елге келіп, қызмет ету үшін дипломының расталуы, тексерілуі заңдылық, себебі, бұл бүгінгі ұлттық қауіпсіздік шараларының аясына кіреді», дейді Д.Кенжетай бұл турасында. Иə, шынымен де, өзге елде діни сауатын ашып келетін мамандарымыздың біліктілігіне зерттеу жүргізу артықтық етпейтінін уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Мəселен, қазір өзге діннің жетегінде кетіп жатқандардың 80 пайызы жұмыссыз жүрген жастар екен. Егер, Дін істері агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2011 жылы шетелдік діни оқу орындарында дəріс алған қазақстандық азаматтар саны 500-ден асып жығылса, кейінгі жылдары жүргізілген іс-шаралардың нəтижесінде олардың 130-ға жуығы елге оралған. Бүгінде олардың кейбіреуі «Нұр» қазақ-мысыр ислам университетінде, басқа да медреселерде оқуын жалғастырып жатқан көрінеді. Ал жалпы, соңғы 3 жыл ішінде шетелде білім алып жатқан 230-дан астам азамат елімізге қайтарылыпты. Тағы да 400-ге тарта азаматты уақыт оздырмай елге əкелу мəселесі қарастырылып, күн тəртібіне қойылған. Бұған қоса, жастардың арасында араб елдерінде діни білім алуды «сəнге айналдырғандар» айрықша көп екенін айту қажет. Мəселен, өткен жылғы дерек бойынша, 390-ға тарта студент араб елдерінде білім алса, олардың 200-ден астамы Мысырда, 60-қа жуығы Сауд Арабиясында, 60-тан астамы Пəкістан мен басқа елдерде жүр екен. Алайда, қазір Білім жəне ғылым министрлігінің арнайы рұқсатынсыз бір де бір студент Сауд Арабиясының университеттеріне түсе алмайтын көрінеді. Мұның себебін Д.Кенжетай былайша түсіндіреді: «Араб елдеріндегі теологиялық білім деңгейі əлі де орта ғасырлық шаблондармен көмкерілген. Уақыт талабына сəйкес,

дін құбылысының басқа танымдармен үндестігі мен байланысы туралы бүгінгі ғылыми философиялық, эпистемиологиялық мəселелерге көңіл бөліне бермейді. Мұны шетелде білім алып келген жастардың ой-өрісі мен ұстанымдарынан да байқауға болады. Мысалы, Түркияда араб елдерінің оқу орындарын бакалавр дəрежесі бойынша бітіріп келгендер өз еліндегі университеттерде тағы да екі курс қайта оқытылады. Бұл жерде ешқандай шамшылдық жоқ, керісінше, сақтық бар деп ойлаймын. Бізде де осындай мемлекеттік тұрғыдан қадағалау тетіктерін, ережелер мен шарттарын енгізіп, мемлекеттік, министрлік деңгейінде шешуді қолға алу керек. Бұл зайырлылық ұстанымына еш қайшы емес. Сондай-ақ, осы құбылысқа қатысты жауапкершілікті өзімізден талап еткеніміз жөн. Жастарымызды Саудияға, жалпы, «Хижаз» аймағына кез келген білім саласы бойынша жіберуді шектеу керек. Ол ел идеологиялық жағынан да, діни танымымыз жағынан да, қоғамдық тұрақтылық тұрғысынан да бізге оңтайлы емес. Сол себепті, Білім жəне ғылым министрлігінің арнайы рұқсатынсыз онда ешкім оқи алмайды. Бірақ, əзірге, діни сауатын ашуға ұмтылған жастарымыз Саудияда көп оқитынын жасыра алмаймыз. Демек, осыған қатысты тетіктерді қайта қарау керек. Жалпы алғанда, елімізде дін құбылысына мемлекеттік орталықтандырылған саясат қажет».

ҚАУІП ІШТЕН ДЕ, СЫРТТАН ДА БАР... Дін саласының кейбір мамандары «Діни білім алуға барған азаматтарымыздың мақсаты күмəнді бейресми діни оқу орындарында (марказдар мен хужралар) білім алуы көрініс бере бастады. Мұндай оқу орындарында «ұстаздар» мен «шейхтардың» жастарымызға дұрыс діни білім беруі неғайбыл», деген пікірлерін айтып жатады. Бұдан бөлек, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың бірқатар елдерінде қалыптасқан ішкі қоғамдық-саяси ахуалға сəйкес, шетелдерде діни білім алып жүр деген азаматтарымыздың əртүрлі теріс ұйымдарға тартылып кету қаупі де күннен-күнге ұлғайып отырғаны жасырын емес. Мəселен, Д.Кенжетайдың айтуынша, «марказ», «хужра», «манзил» – бұлар қазіргі кезде əлемдегі академиялық діни білім берумен қатарласа жарысып келе жатқан дəстүрлі форма екен. «Себебі, дін – ол таным, ол платформа, ол саясат, ол мүдде, ол идеология, ол ақша. Марказдарда тек бір діни таным бағыты ғана дəріптеледі, ол жерде басқа танымдар мен ағымдардың жолы дұрыс емес деп танытылады. Яғни бұл орталықтарда ғылыми негіз бен тарихилық жоқ деген сөз. Сондықтан, елімізден барып, марказдарда білім алып келген жастарымыздан дін маманы, теолог шығады деу қисынға келмейді. Жалпы, Таяу Шығыс кешегі «қырғи-қабақ соғыс» кезінде екі жақ саясатының бетпе-бет текетірескен кеңістігі болды, ол əлі жалғасып келе жатыр. Сол идеологиялық алаңда дін ислам қолданылады, əлі де солай қолданылып келе жатыр. Мысалы, «Хизб ут-тахрир», «Əл Баас», «Ихуан

əл муслимин», «Əл-Каида» жəне сол сияқты түрлі саяси-идеологиялық платформа өздерін ислам дініне апарып телиді. Сосын дін де осы, жол да осы, мақсат та осы болып шыға келеді. Ал біздің қоғам үшін ол маман емес, керісінше, бір ағымның өкілі, уағыздаушысы, идеологы болып шығады», дейді сұхбаттасым бұл жөнінде. Сондай-ақ, ғалым бұл дəстүрлі діни білім беру формасы, яғни хужралар өз елімізде де белсенді дамып келе жатқандығына, «ол тек шетелде» деп қарап отыра беруге болмайтынына тоқталды. «Біздің қазіргі жаһандық үдеріске кіргенімізге де жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде өз қоғамымызда да бұл «институттар» бой көтеруде. Жалпы, бұл – қауіпті үрдіс. Демек, қауіп іштен де, сырттан да бар деген сөз...», дейді өз сөзінде ғалым.

ОЛАР «БӨТЕН МƏДЕНИЕТТІҢ ӨКІЛДЕРІ» БОЛЫП ОРАЛУЫ МҮМКІН Сонымен, шетелдің мақсаты – күмəнді, мүддесі – бұлыңғыр бейресми діни оқу орындарында білім алған жастар елге қандай адам болып оралуы мүмкін? Біріншіден, олар сол жақтағы үдерістерге тереңдеп енгеннен кейін, өзімен бірге бүкіл «танымды» ілестіріп, алып келеді. Яғни адамның санасы түрлі білімді, танымды, психологияны, дəстүрді, құндылықты – осының бəрін сіңіріп алады да, өз елімізде табиғи тұрғыдан «бөтен» болып қалады. Соның əсерінен кейін ол азамат бұл қоғамға жоғарыдан қарайтын болады. Бұл – көбінесе дін психологиясында жастарға тəн ерекшелік. «Жастық діни танымды өзіне сіңіріп, ұлттың тарихындағы негізгі эстафетаны алып өтетін, жалауды ұстап жүретін феномен сияқты. Яғни, дін мəселесінің қалай өрбуі жастарымызға байланысты. Себебі, дін феноменінде діни танымның өкілі – жастар. Демек, діни танымның негізгі табиғаты жастарда кездесуі – табиғи нəрсе. Оны біз жоққа шығара алмаймыз», дейді бұл жөнінде өз пікірімен бөліскен Д.Кенжетай. Расында, егер мамандардың сөзіне сүйенсек, қазір Қазақстандағы дін мəселесі жастардың жасымен өлшенеді. Бұл – 18 бен 30 жас аралығындағы жастардың танымтүйсігіне сараптамалық тұрғыда зерттеу жүргізілгеннен кейінгі қорытынды. Демек, діни танымның қуаты жастардың психологиясынан анық көрінетіні, я болмаса аңғарылатыны дəлелдеуді қажет етпейтін шындық. Сол себепті, уаххабизммен қаруланып келген немесе теологиялық тұрғыда басқа да ағымдарды басшылыққа алған жастарымыз өз еліне оралғанда қоғамдағы кейбір жəйттерге шекесінен, я болмаса агрессиялық тұрғыда қарауы, бұл жердегі көзқарастар, діни таным дұрыс емес деп ой түюі заңдылық. Себебі, бұл – діни сауатсыздық «дертіне шалдығып», адасушылыққа бой алдырған жастарға тəн қасиет. Ал жастардың шетелде діни білім алуына қатысты белгілі бір шарттар мен қағидалардың бекітіліп, қадағалануы, ең дұрысы, отандық оқу ошақтарын қалыптастыру – бүгінгі күннің ең көкейкесті мəселелерінің бірі десек, қателеспейтініміз анық.

Бүгінде əлемдік медицина қатерлі ісік ауруларының неден пайда болатындығы жөнінде əлі күнге дейін түбегейлі байламға келе қойған жоқ. Бұл сауалдың түп-төркіні анықталса, бұдан əрі оны емдеу мен қатерлі аурулардан сақтанудың тəсілдері де жолға қойылар еді. Қазіргі күнде экологиялық тепетеңдіктің бұзылуы, бұған қоса тұрғындардың ең қарапайым деген сақтану талаптарын орындамауы, қайнап тұрған күннің ыстығында үнемі жалаңбас жүруі немесе жауын-шашын кезінде қолшатыр ұстамауы ағзада əртүрлі аурулардың пайда болуына əкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы кезде өмірде кездесетін əрқилы сыни жағдайлар мен түсініспеушіліктерге байланысты адамдардың стресс алу көріністері де көбейіп келеді. Осының бəрі денсаулыққа теріс əсер етеді. Көңіл-күйдің қалыпты болуы денсаулықты сақтаудың басты бір жолы, деді осы материалды жазу барысында бізбен ой-пікір алмасқан Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мəншүк Аймұрзиева. Бүгінде əлемнің қай түкпірінде де жоғарыда айтылғандай обыр, онкологиялық дерттердің түрі көбейіп кетті. Біздің бала кезімізде, яғни өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдарында ауыл тұрғындарының арасында рак ауруының бір ғана түрі кездесетін. Өңеш пен тамақта ісік пайда болады да, тамақ жүрмей қалады. Сондықтан да мұны жергілікті тұрғындар қылтамақ деп атап кеткен еді. Ал бүгінде тырнақтың ұшынан да онкологиялық дерт пайда бола беретін күйге жеттік. Обыр ауруын оның соңғы сатысында емдеп жазу мүмкін болмағанымен, жаңадан бас көтере бастаған қатерлі дертті ерте бастан анықтаған жағдайда алдын алуға болатыны əлдеқашан дəлелденген. Бұл орайда елімізде қабылданған Ұлттық скринингтік бағдарламаның республика азаматтарына тигізіп отырған көмегі мен ықпалы мол. Соған сəйкес, Орал өңірінде облыс халқының отыз пайызы жыл сайын скринингтік тексерулер мен анықтаулардан өткізіліп келеді. Осы арқылы адам ғұмырын қысқартуға салқынын тигізетін кеселдерді, соның ішінде онкологиялық аурулардың он екі түрін өте ерте, ең алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндіктер туып отыр. Мұнда скринингтің əр түрі бойынша қамту мен қозғалыс бағыттары белгіленген. Денсаулықты сақтау мен күту жөнінде республика тұрғындарына қажетті ақпараттарды беріп отырудың маңызы зор. Нағыз жауапты іс, сауапты іс деп осыны айтыңыз. Оны ойдағыдай атқаруға республика өңірлеріндегі Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мұрындық болып келеді. Орал өңіріндегі осындай орталықтан алынған дерек аталған іс деңгейі тоқсан пайызға жеткенін көрсетеді. Егер ақиқатын айтсақ, бұл қанағат тұтуға тұратындай көрсеткіш. Осы ыңғаймен тағы бір оң деректерді ауызға алсақ, күн сайын кемінде отыз минут дене шынықтырумен шұғылданатын тұрғындар санына да қанағат ете аламыз. Дегенмен, еліміздегі Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының төл міндеті денсаулықты сақтау жөнінде хабардарлық деңгейді арттыру ғана емес, сонымен бірге саламатты өмір салтын насихаттау дағдыларын қалыптастыра білу емес пе? Бұл істе алдағы кезде атқарылатын шаралар шоғырының шоқтығы биік. Айталық, шылым шегу, ішімдікті шектен тыс мөлшерде қолдану жəне артық дене салмағы да денсаулыққа теріс əсерін тигізбей тұра алмайды. Бұлардың бəрінен арылу жөніндегі мінез-құлықты қалыптастыра алсақ – мұның өзі денсаулықты сақтау жөніндегі жарты жеңісіміз болмақ. Тұрғындар арасында жүргізілетін ақпараттық насихаттың қажет жері де осында. Əрине, денсаулықты күту мен сақтау жөніндегі қағидаттар ең біріншіден əр адамның өз сана-сезімінде орнықпаса, оған ешқандай орталық ықпал жасай алмайды. Бүгінде арамызда мұндай жандардың көп екені де белгілі. Əрі олардың мұндай ісқимылдарын көпшілікке үлгі-өнеге ретінде ұсынуға да болады. Айталық, оралдық зиялы азамат, техника ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мəслихатының депутаты Ақсерік Əйтімов жұмыстан қолы босаған кезде жəне демалыс күндері велосипед тебуді өзінің күнделікті дағдысына айналдырған. Ал қыс кезінде ол кісінің қала сыртындағы тоғайдың ішінде шаңғы теуіп келе жатқанын көресіз. Ол мұнымен де тынбай өз тұрғыластары арасында велосипед пен шаңғы тебудің пайдасын дəріптеп жүр. Денсаулықты үнемі күтуге көңіл бөлсек адам қай жасқа келсе де сергектігі мен жұмыс қабілетін жоғалтпайды. Осыған бір мысал. Жасы сексеннің сегізіне аяқ басқан Ақжайықтың сыйлы ақсақалдарының бірі Жайсаң Ақбай күн сайын таңғы алтыда жүгіріп, дене шынықтыру жаттығуларын жасауды айнымас дағдысына айналдырған. Кеш пен түс кезінде де оның ылғи қимылқозғалыс үстінде жүргенін көреміз. Осы тарихшы ақсақал биыл Ақжайық өңірінің тарихы мен оның кешегі қилы кезеңдерін тілге тиек еткен үлкен кітап жазып шығарды. Əрі ешкім де оған осыншама жас бере алмайды. Ол алпыстағы адамдай ширақ көрінеді. Сондай-ақ, 92 жасында «Тұсауым жоқ аяқта, сүйенбеймін таяққа» деп мəлімдеп, еске сақтау қабілетін жоғалтпаған соғыс жəне еңбек ардагері, бүгінгі көзі тірі шежіре, облыс əкімінің кеңесшісі, кешегі əскери журналист, газетіміздің бүгінгі тұрақты авторы Бисен Жұмағалиевтің феноменіне де

батысқазақстандықтар таң қалумен келеді. Ал 77 жасында мұражай құрған тағы бір айрықша қабілет иесі Кəрім Өтеғұловтың қайтпаған күш-қайраты жөнінде бұған дейін де жазған едік. Мұндай мысалдар жеткілікті. Бүгінде ел-жұрт арасында ер-аза маттардың репродуктивтік денсаулығының нашарлап бара жатқаны жөніндегі əңгімелер жиі айтылып қалып жатады. Расында да мұның өзі шындықтан қашық болмаса керек. Сонымен бір мезгілде баяғы атабабаларымыздың жасы ұлғайған шағында да белі кетпегені, сөйтіп, Алпысбай, Жетпісбай жəне Сексенбайлар өмірге келгені қоса айтылады. Ер адамдардың бойында мұндай қабілеттің үнемі атқа отырғаннан да сақталатынын ресми медицина жоққа шығармайды. Бұлай болатын себебі – атпен серуендеу, үнемі ат үстінде жүру аталық бездерді шынықтырудың халықтық тəсілі деуге болады. Атпен жүрудің адам денсаулығына тигізетін басқа жағымды факторлары да жетерлік. Бұл бөлек бір тақырыптың еншісі демекпіз. Бүгінде адамның онсыз да қамшының сабындай қысқа ғұмыры өз ажалынан емес, көлденең, жазатайым қазадан үзіліп, қырқылып жатқаны өте өкінішті. Қазір елімізде жүрек-қан тамырлары жəне туберкулез дерттерімен күрес ісі біршама оң нəтижелер бергеніне нақты деректер келтіруге болады. Аталған аурулар жүйесін реттеу ісі республикада бұған дейін қабылданған, Елбасының бұдан үш жыл бұрынғы Қазақстан халқына Жолдауына өзек болған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты бір индикаторы болатын. Əрі осынау əлеуметтік-тұрмыстық мəні мен маңызы жоғары міндет республика Үкіметінің де ұдайы назарында болып келеді. Соған сəйкес, өңірлерде де қан тамырлары ауруларынан болатын өлімді төмендету жөнінде арнайы штабтар құрылған. Бұған қоса бұл топтағы дімкəс адамдарға шұғыл көмек көрсету жəне инсульт орталықтарын ашуда өңірлік бағдарламалар жасақталған. Оның екінші аймағы – санитарлық авиация күшімен жəрдем жасауға бағытталған. Солай дей тұрсақ та, ел ауқымында жол-көлік ережелерін сақтамаудан болатын өлімді тиюдың сəті түспей тұр. Бұл тұжырымды Орал өңіріне қатысты алғанда да дəл осылай айта аламыз. Яғни мұнда да қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан көз жұмғандар саны алдыңғы орында. Өткен жылы Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақжайыққа сапары кезінде Батыс Қазақстан облысы əкімінің əлеуметтік саланы бақылайтын орынбасарын орнынан тұрғызып, оған қазіргі күнде өңірде бірінші кезекте тұрғындар денсаулығына қауіп төндіретін дерт түрі қандай деп сұрақ қойған еді. Сонда өзі жас, өмірлік тəжірибесі аз орынбасар Мемлекет басшысының сауалына туберкулез деп жауап қайтарды. Осы жауабы арқылы ол мүлдем қателескен еді. Жоғарыда айтылғандай, облыста соңғы жылдары туберкулезді емдеп жазудың оң динамикасы байқалады. Онымен ауру көрсеткіші жəне өкпе ауруларынан болатын өлім деңгейі əрбір жүз мың адамға шаққанда біршама азайғаны облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан деректерде айқын көрсетілген. Керісінше, өңірде соңғы жылдары жолкөлік оқиғаларынан болатын өлім көрсеткіші көбейген. Қазіргі біздің қолымызда бар деректер өткен жарты жылдықпен салыстырғанда биылғы осы кезеңде жолкөлік оқиғалары азайғанымен, соның салдарынан көз жұмғандар саны кемімегенін көрсетеді. Бұған не деуге болады? Мұндай жантүршігерлік көрініске əлемнің ең мықты деген елдерінің Үкіметі де араша тұра алмайды. Оны тек азаматтардың өзінің жəне автокөлік салонында отырған өзге жандардың, аналар мен сəбилердің өмірлері үшін жауапкершілігі мен жүргізушілік мəдениетін көтеруі арқылы ғана азайтуға болады демекпіз. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі күні жол қозғалысы қауіпсіздігі əлеуметтік қана емес, сонымен бірге жаһандық жəне экономикалық проблемаға айналып келеді. Соңғы уақытта автокөлік тасқынының шектен тыс өсуі, автожолдардың соншама үлкен лекке сəйкес келмеуі, жол құрылысының сапасыздығы жол-көлік оқиғасының жиілей түсуіне əкеліп соқтыруда. Айталық тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі кезеңде Орал – Атырау автотрассасының асығыстау салынғаны, оның енінің өте тар екені, тиісті нормативтерге сəйкес келмейтіні, жол үстінде күрт бұрмалардың көптігі де мұнда жол-көлік оқиғаларының жиі болуына əсер етуде. Кей жағдайларда тұрғындар тарапынан бұл трассаның «өлім жолы» немесе орысша нұсқасында «дорога смерти» деп аталып жүргені де жасырын емес. Иə, қалай дегенде де мұнда басты айыпкер – жүргізуші, оның тиісті тəртіп пен ережені дұрыс сақтамауы десек қателеспейміз. Ғұмырдың ұзақ болуына шапағатын тигізе алатын оң факторлар аз емес. Бұлар ұдайы қимыл-қозғалыс, тамақтану мəдениетін сақтау, дер кезінде демалу мен тынығу болып жалғасып кете береді. Сонымен бірге ғұмырдың келте болуының, қапияда үзілуінің теріс факторлары да жетерлік. Бұл арада оның бəрін тізіп беру шарт емес шығар. Соның ең бастысы бүгінгі əңгімемізге желі болып тартылғандай – жол-көлік оқиғалары демекпіз. Бұл жағдай үлкенді-кішілі барша отандастарымызды ойландырса, қайғылы оқиғалардан тиісті сабақтар алуға дағдыландырса игі. Батыс Қазақстан облысы.


 Тарих толқынында

 Басты байлық

басым 7 экономикалық кластердің бірі болып белгіленді жəне осы бағытта жұмыс жасауда Сығанақ қаласының туризмді дамытудағы маңызы ерекше. Сондай-ақ, алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуы туризм саласының одан əрі дамуына, алдағы уақытта Сығанақ қаласының жанына қонақ үй салуға мүмкіндік береді. Сондайақ табиғатты қорғау, сақтау – туризмнің бұл саласын дамытудың негізгі бағыттары болар еді. Бұл шаралар Қазақстанның туристік ассоциациясы мен Қызылорда облысының туризм саласын дамытуға зор ықпалын тигізетін болады. Қызылорда облысының кəсіпкерлік жəне туризм саласын дамыту мəселелері бойынша, кəсіпкерлікті қолдау бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бар. Осы бағытта туризмді дамыту үшін облыс əкімінен бастап қолдау көрсетіп отыр. Өйткені салынып жатқан Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол торабы осы аумақтардан 1,5 шақырым жерден өтеді. Бұл өңір Түркістан-Қызылорда арасындағы бір демалып, тынығып, тарихи мұражайды аралап, əулиелерге

Ќўм жўтќан ќала Рысбек АМАНДЫҚОВ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Қазақ мемлекетінің тарихында үлкен маңызға ие өзіндік орны бар Сығанақ қалашығы жайлы тарихи деректер жетерлік... Сығанақ қалашығы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік-батыс етегінде Сырдария өзенінен 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде орналасқан, жалпы аумағы 20 гектардай жерді алып жатқан бес бұрышты төбе. Сығанақ қалашығы туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылды. ХІ ғасырда ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзінің «Түркі тілінің сөздігі» еңбегінде Сығанақ қаласын оғыз қалаларының ішінде атап өткен. Бұл қалаға 1862 жылы П.И.Лерх, 1906-07 жылдары И.А.Костанье, 1947 жылы А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді. Тарихи ескерткішке қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университеті жанындағы ғылыми зерттеу орталығы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Көне қаланың тарихы туралы қосымша мəліметтердің бірі – ХХ ғасырдың 30-шы жылдары белгісіз біреулер Сығанақ қаласындағы ежелгі ғимараттарды бұзып, кірпіштерін тасып алып кеткен. Бірде-бір көне ғимараттар осы күнге дейін жетпеген, олардан тек қана үйінді төмпешіктер қалған. 2000 жылдардың басында археологтар осы көне қаланың маңында мешіттің орнын тапты. Оның тек қана 1-1,5 метр биіктіктегі қабырғалары ғана сақталған. Мешіттің бір ерекшелігі, ол – сағана. Осы мешіт жайлы 18991900 жылдары «Түркістан əуесқой археологтар үйірмесінің» хаттамасында зерттеуші В.А.Каллаур біраз мəлімет берген екен. Оның айтуынша, мешіт екі бөлмеден тұрған. Бірінші бөлмесінің үш жағынан кіретін есігі болған, екінші бөлмеде жер астында сағана бар. Негізінде мешіт алты бөлмелі болған, Каллаурдың зерттеу жүргізген уақытысында тек екі бөлме ғана сақталған. Атақты, сыйлы адамдар дүниеден өткен соң оларға арнайы көрхана ретінде жеке сағана соғылып, бетіне сол адамдардың аттары жазылып, құлпытастар қойылған, бірнеше бөлмеден тұратын ғимарат тұрғызылған. Өйткені, мұндай сағанаға бір емес, көптеген адамдардың сүйектерін қоюға болады. Сол атақты адамдардың басына зиярат жасауға да ыңғайлатып жасалған нəрсе болуы керек. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен іске асып жатқан «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында бірнеше жылдан бері көне Сығанақ қаласының орнында археологиялық зерттеулер жүргізілуде жəне бүгінде ашық аспан астындағы музей ұйымдастыруға нақты қадамдар жасалынуда. Түрік өркениетінің дамуына Сығанақ қаласы өзіндік үлес қосты. Ал енді сол ортағасырлық тарихи маңызы бар Сығанақ қаласының тарихына тоқталайық. VІ ғасырда Түрік қағанаты Сыр бойының солтүстігі мен оңтүстікшығысына баратын Ұлы Жібек керуен жолының қиылысында орналасқан. VІІ ғасырдың

7

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

жартысынан бастап Исламды серік еткен арабтармен бірге Сыр бойына Əбу Бəкір ас-Сыддықтың ұрпақтары да жеткен еді. Олар келісімен аймақта мешіттер, медреселер салып, кітапханалар ашты. Сығанақ қаласын ІХ-ХІ ғасырларда оғыз тайпалары мекендеген. ХІ-ХІІ ғасырларда Сығанақ Қыпшақ мемлекетінің астанасы болған. ХІІІ-ХІV ғасырларда Ақ Орда хандығының астанасы, ХV ғасырда Қазақ хандығының астанасы болған. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының əулетінен тараған Ақ Орда билігін жүргізген хандар болды. Қалай айтқанда да қала өзінің пайда болуынан бастап ірі саяси оқиғаларды бастан өткерді.

маңызды орын алады. Соның ішінде Сыр бойындағы Отырар, Сауран, Өзгент, Ордакент, Жент, Сығанақ, т.б. көне қалалар орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдаған дəстүрлі Жолдауына сəйкес, ежелгі Сығанақ қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін археологиялық қазба жұмыстар жүргізіп, қорған қақпасын, қаланың ішіндегі ғимараттарды, мешіт, медреселер, кітапханалар сияқты маңызды əлеуметтік-тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына

құран бағыштап, рухани азық алатын тарихи орынға айналмақ. Қазіргі таңда Сығанақ көне қаласының инфрақұрылымына жоба жасалынып, алдағы уақытта асфальтталған жол, ауыз су, кəріз жүйелерін жүргізіп, келген демалушыларға арнап қонақ үй де салынатын болады. Жəне де осы туризмді дамыту арқылы шетелдік туристер келіп, елімізді əлемге танытып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Тамыры тереңде жатқан қасиетті Сыр өңірі мақтанышпен айта алатын мəдени мұраға өте бай өлке. Қызылорда облысының тарихитанымдық туризмді дамытуға сұранып тұрған өлке екенін онда 543 тарихи-архитектуралық ескерткіштер бар екенінен білуге болады.

1468 жылы Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болады. Сығанақ халқы отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған жəне үлкен əскери-стратегиялық мəнге ие болды. Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси-əкімшілік орталық, əскери-тірек пункті ретінде ерекше маңызды болып саналады. Сығанақ халқы Сырдария бойындағы басқа қалалар секілді суармалы егіншілікпен айналысады. Ол туралы Ибн Рузбихан өзінің еңбегінде «Егістік жерлерді суғаруға пайдаланылған арықтар Сейхуннан шығарылады», – деп көрсетеді. Сығанақ қаласының Дешті қыпшақпен етене тығыз байланыста болуы жəне оның Түркістан аймағымен түйіскен жерде орналасуы, саяси-əкімшілік, экономикалық маңызына орай оны билеушілер қуатты бекініске айналдырды. Қазақстан тарихы мен мəдениетінде айрықша орны бар осындай мəдени құндылықтарымыздан ашық аспан астында мұражай жасау тарих үшін жасалған тың бастама болары сөзсіз. Бұл өз кезегінде қазақтың қалыптасуы мен дамуы жайында біртұтас ұғым туғызу үшін ғана емес, халқымыздың саф алтынындай рухани байлығын аманат ретінде келешек ұрпаққа табыстауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Еліміздегі тарихи-мəдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі зор жəне олардың тарихи туристікэкскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез келген нысандары туристік экскурсия жұмыстарында

келтіріп, реставрация жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан қомақты қаржылар бөлінуде. Алайда қаржының жеткіліксіздігінен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген сəулет құрылысы нысандары сыртқы табиғи күштердің əсерінен бұзылып, тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, Сығанақ қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс қақпаны қалпына келтіріп, қорғанды толығымен қайта ашып, ашық аспан астындағы тарихи жəне мəдени-археологиялық қорық ашу – болашақтағы кезек күттірмес мəселелердің бірі. Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар, əлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін төмендегі бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады: 1) Еліміздің оңтүстік шығысындағы – аса ауқымды дəліз қызметін атқаратын ТүркістанҚызылорда аумағының қолайлы көліктік жағдайы; 2) Қытаймен тікелей мəдени, сауда-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы; 3) Отандық жəне шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін табиғи жəне тарихи-мəдени ескерткіштердің халықаралық маңызы бар Батыс пен Шығыс, Шығыс пен Батыс тасжолдары мен темір жолдарға жақындығы; 4) Туризм саласы еліміздегі

Шындығында, облыста туризмді дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстардың қарқыны көңіл көншітпейді. Қазіргі туризмге алдымен бұқаралық сипат қажет, яғни мектеп оқушыларын немесе қызығушылық танытқан кісілерді облысымыздағы тарихи орындарға жиі апарып тұрған абзал. Сонда ғана бізге ішкі туризмді дамытуға сəл де болса айқын жол ашылады. Əсіресе қолайлы аймақ, көне Сығанақ қаласында туризмді дамытуға болады. Бұл ұсынысқа шынымен мəн беріп, қолға алынар болса құптарлық іс. Себебі, айтылған ұсыныс, жоба, бағыттың барлығы айналып келгенде тек қаржыға келіп тіреледі. Ал, қаржыны ұйымдастырып отыратын арнайы мемлекеттік басқарма болмаса, тағы бекер. Жобаның жалпы құны нақтыланса құба-құп. Облысқа келген шетелдік туристер көбінесе Байқоңыр ғарыш айлағы мен Арал теңізі жағалауын тамашалауға сұраныс білдіреді екен. Қалған тарихи орындарды біле бермейді, өйткені насихат жұмыстары жетіспейді, оларға жөн сілтейтін адамдар да жоқтың қасы. Қонақ үйге шетелдік қонақтар келіп жатады. Біз оларға облыс немесе қала аумағынан тамашалайтын орындарды ұсына алмаймыз. Қолымызда нақты мəлімет болмағандықтан, шетелдіктерді таңғалдыратын орын бізде əлі жоқтың қасы деп білеміз, – дейді кейбіреулер. Осы жағдай бізді шынымен қынжылтады. Қаншама тарихи орындарымыз бола тұра, «барар жер жоқ» дегеніміз

шынымен жерге қаратарлық нəрсе. Сонымен «ішкі туризмді дамыту үшін тарихи ескерткіштерге алдымен ғылыми сараптама жасау керек» деген тұжырым айта аламыз. Бұл арада кəсіпкерлердің де қарап қалмағаны жөн. Оның үстіне кейбір тарихи орындардың өз дəрежесінде назарға алынбай, қараусыз жатқандығы да жанға батады. Дəл қазіргі уақытта Сығанақ қаласы төмпек астында сарғайған тарихымыздың құпиясын тығып сіресіп жатыр. Бір кездері гүлденіп тұрған Сығанақ қаласы өзінің бұрынғы мұрагерлеріне бүтін жетпеді, қазір тек үйінділер ғана қалған. Енді бұл жерге басқа компаниялар қызығушылық танытып, шеттен келіп, шарықтатып береді деп қол қусырып отыра бермей, жергілікті кəсіпкерлер де осы салаға инвестиция құйса екен. Бірақ бұл істі бастауға əзірге патриоттық сезіміміз жетіспей отырғандай ма? Əйтпесе, бізден басқа ел болса Сығанақты əлдеқашан аспан асты мұражайына айналдырып, бұрынғы қалпына келтірер еді. Тағы бір мəселе, көне Сығанақ қаласының маңындағы Сунақ Ата ауылдық селолық округінде туризмді дамыту бойынша ауыл тұрғындарын туризм бағдарламасы бойынша оқыту болса, екіншісі – ішкі туризмді дамытуға тарту. Сол арқылы тарихи-танымдық туризмді, халықтық фольклорды, ұлттық əдет-ғұрыпты, зергерлік қолөнерді дамытуға болады. Сунақ Ата ауылдық округі бойынша 2500 тұрғынның 300-інің ғана тұрақты жұмысы бар. Сондықтан да ауылда туризмді дамыту жергілікті тұрғындар үшін табыс көзін жасауға мол мүмкіндік береді. Туризм – халқымыздың салт-сана, əдетғұрпын туристерге ұсынуда аса керекті дүние. Туризмді түлетудің тағы бір тиімді тəсілі тарихи жарнама жасау. Яғни, шетелдіктерге туған өлкенің өткені мен бүгінін баяндайтын білімді экскурсия жетекшілері қажет. Рас-ақ, көңілге қонымды жоба. Тек қолдау табылса, талай тарихи шежірелер шетелдіктерді тамсандырары хақ. Сондықтан насихатты тарихи деректерге жүгініп жеткізсек əлдеқайда тиімді болары сөзсіз. Яғни, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген 5 миллион шетелдіктердің жоқ дегенде 500-і киелі өлке көне Сығанақтан кішкене ғана мағлұмат алып кетсе, ол біздің үлкен жеңісіміз. Еліміз ЭКСПО-2017 көрмесіне ұқыптылықпен дайындық үстінде, ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп тарихымызды көрсете алатындай ету үшін атсалысу үстінде. Үкімет қаржысынан қомақты қаржы бөлінуде. Осы орайда, аталған мəселе «Даму» Қорының кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары аясында жəне «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасынан қолдау тапса дейміз. Қызылорда облыстық мəслихаты мен облыс əкімінің қолдауына ілініп тарихымызды дəріптейтін болсақ, халық қалаулары қолдаса, Үкіметтің қаржысынан отанымызды шетел қонақтарына ұялмай көрсете алатындай, өзімізге үлкен құнды дүниені жасап алып қалар едік. Алайда, ел туризміне қатысты мəселелерді сөз еткенде, ауызға бірінші ілінетіні, елімізде демалыс орындарының құны мен қызметінің сəйкес келмейтіндігі. Тіпті, біздегі бағаның кейбір еуропалық мемлекеттердегі бағадан бəсі жоғары екендігі көпке мəлім. Шетелден туристер келіп қызметімізге төлеген қаржысымен қоржынымызды қампайтпақ түгілі, өз азаматтарымыздың өзге елдің көрікті жерлерін көруге өліпөшіп тұратындығының бір ұшы осында жатса керек. Туризмді өркендету үшін көптеген мəселелер өз шешімін табуы қажет. Көне (Сунақ) Сығанақты – VІ-ХХІ ғасыр аралығындағы шаһарды баяғы қалпында кезең-кезеңімен көрсете білсек қой шіркін! Халықтың тұрмыс-тіршілігі, құралжабдықтары, киім үлгілері, хан сарайы, кітапхана, мешіт-медресе, тұрғын үй, шайхана, сауда орындары, хауыз, т.б. сол бəз-баяғы күйіне келтірсе, көрген көрерменге мультипликациямен, аудиокиномен, бейнетаспамен, тарихи көріністі жарықты пайдаланып сол уақыттағы көріністерімен ұсына алсақ. Ханды, молданы, байды, жалшыны, ұстаны т.б адамдарды «восковой» фигурамен, мүсінмен сомдасақ, сол кезде пайдаланған қолөнерлер, қару-жарақты қаз-қалпында көрсе, сонда ғана таңғалдыруға болады. Инфрақұрылымды дамытып, заманауи қондырғылармен жабдықтап, көне қорғаннан табылған бұйымдар арқылы көрерменнің жан-дүниесін, сезімін оятсақ, олар сол заманды көзімен көріп, өткен заманнан көптеген мағлұматқа қанық болары сөзсіз. Ендеше, көрікті тарихи көне қорған Сығанақ қаласын, Сунақ Ата кесенесін насихаттаудың да отандық туризмге пайдасы мол. АСТАНА.

Кґліктік медицинаныѕ кґмегі кґп Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыста əлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласында проблемаларды оң шешу бағытында жетістіктер баршылық. Өңірде «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бес жыл ішінде жалпы сомасы 25 млрд. теңге болатын 50 нысан тұрғызылды. Барлық нысандар əлемдік стандартқа сай заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған. Барлығы 348 медициналық мекеме медициналық жабдықтарын толықтай ауыстыра отырып, күрделі жөндеуден жəне қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар, республикалық деңгейде, медициналық кадрларды алыс жəне жақын шет елдерге жіберу арқылы білімдерін жетілдіруге аса көңіл бөлінуде. Диагностика жəне емдеудің заманауи əдістерін меңгеру мақсатында емдеу орын дарында материалдықтехникалық базаның толықтай жаңғыртылуына қол жеткізілді. Кардиохирургия, жасанды буындарды трансплантациялау, жаңа туылған нəрестелердің туа біткен ақаулары дамуының хирургиясы жəне тағы басқалары үлкен жетістіктерге жетті. 10 жыл ішінде денсаулық сақтаудың қаржыландырылуы 15 есе көбейіп, 2013 жылы 29 млрд.700 миллион теңгені құрады, яғни облыстың əрбір тұрғынына 34 900 теңгеден келді. 2014 жылы барлық ауылдық мекемелер дəрігерлермен қамта ма сыз етіледі. Мұның өзі тұрғындарды салауаттандырудың сапалық көрсеткіштерінің жақсаруына айтарлықтай əсерін тигізеді. Бұл бағытта біздің облыс республикамыздағы көшбасшылар қатарында келеді. Облыс бойынша туберкулез ауруы жəне соның салдарынан тіркелген өлім саны жыл сайын азайып келеді. Бала туу көрсеткіші көтеріліп, ана мен бала өлімі азаюда. Бұған соңғы жылдары денсаулық саласында пайдаланыла бастаған жылжымалы көлік медицинасының кешендер қызметі де оң ықпал етуде. Еліміздің жер көлемі үлкен, халқы сирек қоныстанған. Сондықтан да қолжетімді жəне жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мəселелері ал дыңғы кезекте тұр. Қазіргі таң да денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі қарқын ды дамуда. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауында «Елімізде медицинаның негізгі бағыттарына негізделген ондаған орталықтар ашылып, озық емдеудиагностикалық кешендері құрылып, оның ішінде жаңашыл көліктік медицина қарқынды дамуда, əлеуметтік-экономикалық модернизация –Қазақстан дамуының басты бағыты», деп ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау сала сын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақтөбе облыстық кеңес берудиагностикалық орталығы» МКК 2011 жылы үш жылжымалы мобильді медициналық кешен (ЖМК) алды. Олардың негізгі қызметі шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту болып табылады. «Ақтөбе облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы» МКК 2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы негізінде ашылды. Орталықтың басты қызметі Ақтөбе облысы тұрғындарына мамандандырылған кеңес беру, диагностикалық көмек көрсету болып табылады. 2010 жылы ауыл тұрғындарына 17 207, 2011 жылы – 29021 кеңес берілді. Алайда, экономикалық, аумақтық, демографиялық ерекшеліктерге байланысты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету əлі де жеткілікті дəрежеде емес. Бұл бағыттағы өзекті мəселелердің бірі елді меке н дердің орталық аудандық жəне облыстық ауруханалардан шалғай орналасқандығы болып отыр. Нəтижесінде диагнозды дұрыс қою жəне əрі қарай емдеу үшін аса қажетті

ультрадыбыстық жəне рентгендік зерттеулер, зертханалық талдау сияқты диагностиканың қазіргі за манғы əдістері шалғай елді мекендер мен алыс ауылдарда тұратын көптеген адамдарға қолжетімсіз болып келді. Жағдай білікті медициналық кадрлардың жеткіліксіздігімен де күрделі бола түседі. Осындай жағдайда жылжымалы мобильді медициналық кешендердің ауыл халқының денсаулығын сақтаудағы көмегі көп. Еліміздің Президентінің 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында медицина қызметкерлерінің алдына қойған тапсырмаларының бірі – ең алыс шалғай ауылда тұратын əрбір сырқатқа жету жəне оларға білікті көмек көрсету. Кешен «КамАЗ» автокөлігінің базасында жинақталып, екі фургоннан тұрады. Оның біреуінде – диагностикалық қондырғы, зертхана, стоматологиялық бөлме, ал екіншісінде УДЗ аппараты орнатылған, терапевт, педиатр, окулист жəне гинеколог дəрігерлер қабылдау жүргізеді. Барлық жылжымалы мобильдік медициналық кешендерді «Ақтөбе рентген» АҚ жəне Шымкент қаласындағы «Казмедприбор» ЖШС сияқты қазақстандық өндірушілер жинағанын ерекше атап өту қажет. 2013 жылы жылжымалы медициналық кешен Ақтөбе облысының 60 елді мекенін аралап өтті. 6500 адамды қарап, 10 мыңнан аса диагностикалық қызмет көрсетіп, 13 мыңнан аса зертханалық зерттеулер өткізді. ЖМК мамандарымен 166 артериялық гипертониямен, 7 миокардтың жіті инфарктімен, 88 глаукомамен, 32 қант диабетімен, 11 туберкулезбен ауыратын науқастар, 21 сүт безінің, 22 жатыр мойны, 36 тік ішек ісігіне күдікті сырқаттар алғаш анықталған. – Жылжымалы медициналық кешен жұмысын ұйымдастыру алғашында қиындықтар туғызды. Себебі, барлық ауыл тұрғындары таңғы алтыдан бастап жиналатын болды. Ал кейде тіпті дəрігерлердің қауырт жұмыс жасауына тура келді. Өйткені, таңғы сағат 8.00-ден түскі 12-ге дейін Байғанин ауданының Алтай ауылынан 500 адам келді. Дəрігерлер далада, кез келген ауа райында жұмыс жасауға мəжбүр болды. Кешен алғашқы медициналықсанитарлық көмектің деңгейін арттырады, ана мен бала денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Ауыр жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуының алдын алады. Онкологиялық патологияның, туберкулездің, гепатит пен басқа да ерте сатыдағы əлеуметтік аурулардың анықталуын қамтамасыз етеді, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Əсет Қалиев. Жылжымалы мобильдік кешендерді енгізу, біріншіден, емдеу-диагностикалық үрдістің сапасын арттыру есебінен денсаулық сақтау саласын қайта құруларға халықтың сенімінің нығаюына алғышарт жасайды. Екіншіден, жүктемені төмендету, қазіргі заманғы зертханалық-диагностикалық жабдықтарды кеңінен қолдану, объективті консультациялық жəне сараптамалық ақпарат есебінен бастапқы буын дəрігер жұмысының тиімділігін арттыруға қол жеткізеді. Бұл кешеннің ұтымдылығы төтенше жағдайлар кезінде де жұмыс жасай алатындығында болып отыр. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетеді. Осылайша, ЖМК Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, облыстық, сонымен қатар, республикалық деңгейде «Жəрдем-2012» мен «Жалын 2013» оқу-жаттығуларына қатысты. Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары жылжымалы медициналық кешеннің үш жыл жұмыс атқарған кезінде медициналық көмектің барлық түрлерін алды. Əлі де тағатсыздана дəрігерлерді күтуде. «Саламатты Қазақстан» сияқты өмірлік мəні бар бағдарламаны қабылдап, сəтті жүзеге асырылып жатқаны үшін Елбасына, жергілікті билікке алғысымыз шексіз», – дейді алыс ауылдардың тұрғындары. Ақтөбе облысы.


8

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

 Аудан ахуалы

Ќос жəрмеѕке

Шыєыс Ќазаќстан облысындаєы Глубокое ауданы мен Ќытайдыѕ ШЎАР делегациясы ґз ґнімдерін саудалады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында дəстүрге айналған «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясындағы жəрмеңкелер уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Əр сенбі сайын Өскеменге артынып-тартынып жететін аудандардың арзан бағамен ұсынатын ауылшаруашылық өнімдері мен тауарларына қала тұрғындары да əбден ет үйретіп алған. Құдды, баяғының базарына ағылғандай, «Фрэш маркет» сауда орталығының жанындағы ашық алаңқайда өтетін жəрмеңке

маңы бұл күні төменгі бағамен барлық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жиналған, құж-құж қайнаған халыққа толады. Екіншіден, аудандардың өнерпаздары дайындаған тегін мере келік кеш те сауда жасаған жұртшылықтың көңілін көтеріп, мерейін өсіреді. Қаланың толассыз тіршілігінен аздап болса да серпілтеді. Яғни облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен дүниеге келген «Туған ел – алтын бесігім» акциясының бұл күнде өңірде жалпыхалықтық шараға айналғанын байқау қиын емес. Өткен сенбіде облыс орталығының тұрғындары қос жəрмеңкені тамашалап

тіпті мəз-мейрам болысты. Айталық, əдеттегідей өз кезегімен Глубокое ауданының шығармашылық ұжымы мен ауыл шаруашылығы фермерлері мол тартуымен келсе, оның үстіне Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесінің өкілдері де сапарлап келіп, тамаша көрме ұйымдастырды. Өскемендіктер үшін жəрмеңкенің орны бөлек. Глубокое ауданының 17 ауылдық округінен қырықтан астам шаруа қожалығы мен фермерлері ауыл шаруашылығы тауарларын əкеліпті. Бəрі арзан! Сиыр мен қой еті – 900, жылқы еті – 1000, қымыздың литрі – 500, сары майдың килосы – 1200, балдың килосы

1000 теңгеден бағаланды. Қаладағы базар нарқынан 25-30 пайызға төмен бағамен ұсынылған ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесіне 4 тоннадан астам мал еті жеткізілген екен. Сондай-ақ, нан, макарон, сүт өнімдері, саңырауқұлақ, көкөніс, жеміс-жидек те саудаланды. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Құмарғожин жəрмеңкеге 52 фермер қатысып, «Племптица» ЖШС тауық еті мен жұмыртқа, көптеген жекелеген кəсіпкерлер сүт өнімдерін, шаруа қожалықтары жеміс-жидек, көкөніс əкелгенін айтты. Бұл жəрмеңкенің Глубокое ауданының құрылғанына 50 жыл толуымен қатар келгенін де айта кеткен жөн. Аталған ауданның этномəдени орталықтары жəрмеңкеге арнайы келген облыс басшылары мен қала қонақтарына ұлттық тағамнан дəм татқызып, сый-құрмет көрсетті. Сонымен бірге ұлттық-мəдени дəстүрден хабар беретін өнерпаздарын ортаға шығарып, көпшілікті сүйсіндірді. «Үлбі» мəдениет үйінде глубокоелік

өнерпаздардың концертімен аяқталған кешке облыс басшылары, Парламент депутаттары қатысты. Аудан əкімі Арман Бекбосынов ауданның 50 жылдығына орай үздік мамандарға 50 мың теңгенің сертификаттарын тапсырды. Ал көрші елден келген қонақтардың ұйымдастырған көрмесінде технологиялық жобалар, ойыншықтар, əсем шырағдандар, кір жуу машиналары, техникалық бөлшектер, Қытайдың ұлттық киімдері, балалар киімдері, төсекорын жабдықтары, қолөнер бұйымдары, сүт, сусындар, жеміс-көкөніс түрлері мен тəтті тағамдар саудаға шығарылды. – Біз Шыңжан ұйғыр автономиялық республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы арасындағы көршілік байланысты, əріптестікті дамыту мақсатында өз өнімдерімізден көрме ұйымдастыру үшін арнайы келдік. Қазақ елімен арадағы əлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды одан əрі жандандыра түскіміз келеді, – деді делегация жетекшісі Илшат Или. ШҰАР өлкесінен келген делегация құрамында 100-ге жуық адам бар. Олар консервілік өнімдермен бірге жиырмадан астам жеміс-жидек түрлерін ала келіпті. Қытайлық бағбандар өсірген мандарин, қызылша, бұрыштың өтімділігі жоғары болды. Ал Қытайдың Тарбағатай аймағынан жеткізілген қазақтың қолөнерлік кесте тоқымалары өскемендіктердің ерекше қызығушылығын оятты. Барқыт жібектен тігілген қыз-келіншектерге арналған сөмке, əмиян, көйлек, төсеніш, құрақ көрпелер əп-сəтте өтіп кетті. Қазақы ою-өрнекпен əдіптелген бұйымдарды жасаған тоқыма шебері əрі кəсіпкер Толқынгүл Махметке тағы да тапсырыс беріп жатқандар да кездесті. ӨСКЕМЕН.

«Балапанды күзде сана» деген тəмсіл бар. Күздің басталуына да аз ғана уақыт қалды. Осы ретте Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсек деп отырмыз. Жалпы, аудандағы атқарылып жатқан жұмыс өнімділігін əртүрлі өлшемдер бойынша бағалауға болады. Аудандағы еңбек өнімділігі артты ма? Ауыл шаруашылығы мəселесіндегі түйткілдер шешімін тапты ма? Егіні бітік шықты ма? Мал қарасы өсті ме? Құрылыс жүріп жатыр ма? Аудан халқының əлеуеті қандай? Ауданға инвестиция тартылып жатыр ма? Сырдария ауданы географиялық жағынан Қызылорда қаласына жақын орналасқан. Облыс орталығына жақын орналасқандықтан болар, ауданның əлеуеті жылдан жылға артып, аймақтағы үздік аудандардың қатарынан ойып тұрып орын алады. Сырдария ауданының əкімі Ғанибек Қазантаевтың басшылығымен өңірдегі мəселелер шешіліп жатыр. Əкімінің біліктілігіне баға беру үшін, сондай-ақ, халықтың əлеуметтік жағдайы мен аймақтағы даму қарқынын бағамдау үшін Сырдария ауданындағы жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды төменде рет-ретімен көрсетіп отырмыз.

Сан-салалы Сырдария Ґндірісі ґркендеген ґлке

Сырдария ауданындағы ең бек өнімділігі ауыз толтырып айтарлықтай. Осы жылдың алғашқы бес айында ауданның өнеркəсіп орындары қолданыстағы бағамен 352,8 миллион теңгенің өнімін өндірді, бұл 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 106,6 пайызды құрады. Өңдеу өнеркəсібінде 2014 жылдың 5 айында 282,0 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 98,5 пайыз болып отыр. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 247,0 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 94,5 пайызды көрсетті. Тек тамақ өнеркəсібі ғана емес жеңіл өнеркəсіп көлемі де артып, 6,3 млн. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау, газ, бу беру жəне ауа баптау 45,7 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 20,2 миллион теңгені құрап отыр.

Шаруашылыќ жўмыстары шарыќтап тўр

Сырдария ауданы егін шаруашылығына ден қойған облыстағы бірегей аудан. 31 728 гектар пайдаланусыз жатқан ен дала бүгінде егістікке айналды. Ауданның кіріс көзі артып, халықтың дені жұмыссыздық мəселесін шешті. Оның ішінде дəнді дақылдар 19723, малға азық болатыны 9652, картоп, көкөніс, бақша 2960, мақсары 328 гектарды құрайды. Сырдария ауданы бүгінде күріш өсіруден алдына жан салмай келеді. Негізгі егін шаруашылығы осы күріш өсірумен байланысты екендігін де айта кеткен жөн. Мəселен, 2013 жылмен салыстырғанда күріш көлемі 1090 гектарға ұлғайып отыр. Аудан ауыл шаруашылығы негізінен күріш дақылын егумен жəне төрт түлік мал өсірумен айналысады. Ауданда күріш дақылын егуге арналып инженерлік жүйеде тегістелген 30 мың гектар жер қоры бар. Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан егін шаруашылығын дамытуға бөлініп жатқан субсидиялар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жағдай жасап, «Кейс», «Джон-Дор» секілді компаниялардың техникаларымен жарақтанды. Биыл аудан тарихында бұрынсоңды болмаған жетістік болды. 20007 гектар көлемге күріш егілді.

құрал-саймандар алуға 918,2 млн. теңге бөлінген. Қай жерде болсын халықтың басты мəселесі баспана екендігі айтпаса да түсінікті. Кей өңірлерде бұл мəселе əлі де шатқаяқтап тұрса, Сырдария ауданында оң шешімін тауып отыр. Ауданда тұрғын үй салу халықтың өз күшімен жүзеге асырылуда, жыл басынан бастап 93,5 миллион теңгенің жұмысы атқарылып, 4649,7 шаршы метр тұрғын үй салынды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 110,5 пайызға орындалды. Сонымен қатар Тереңөзек кентінде орналасқан аграрлық-техникалық колледждің жатақханасын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 213,2 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Спорт нысандары да тыс қалып жатқан жоқ. Биылғы жылы мемлекет – жекеменшік əріптестік аясында Н.Ілиясов ауылында стадион құрылысы басталуда. Сонымен қатар Ақжарма ауылына спорттық-сауықтыру кешенін салуға облыстық бюджеттен 4965 мың теңге қаржы бөлінді. Ақжарма ауылындағы шағын спорт алаңын салуға аудандық бюджеттен 7500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бұқаралық спортты дамыту үшін, аудан халқын саламатты өмір салтына баулу мұнымен тоқтамайды. Мəдени ошақтар да бой көтеріп жатыр. Мəселен, Іңкəрдария мен С.Сейфуллин ауылдарына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 150 орындық клуб салынуда. Спорт пен мəдениетті ғана емес білім мен денсаулықты да қолға алып, бірнеше нысанның іргетасы қаланды. Шаған ауылында 900, Шіркейлі ауылында 600 адамға арналған мектептер жақын аралықта халыққа пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Тереңөзек кентінде аудандық емхана құрылысы аяқталып, биыл іске қосылады. Шіркейлі елді

Негізінен ауданда күріш егумен ірі 7 шаруашылық жəне 40 шақты майда қожалықтар айналысады.

Мал санында ґсім бар

Сырдария ауданы кешенді түрде дамуды алдына мақсат етіп отыр. Төрт түлігі сай аудан жыл өткен сайын мал басын одан сайын арттырып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара саны 7 пайызға, сиыр саны 12,2 пайызға, қой 9,1 пайызға, ешкі 11,8 пайызға, жылқы 7,4 пайызға, құс 9,3 пайызға, түйе 14 пайызға өскен. Аудан басшылығы алдағы уақытта бұл көрсеткішті соңғы меже деп санамайды. Сырдария ауданында биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 400 бас мүйізді ірі қара малын сатып алуды жоспарлап отыр. Жалпы, Сырдария ауданында мүйізді ірі қара мен жылқы санын арттыруға көп көңіл бөліп отырғаны байқалады.

Ауданныѕ əлеуеті ќандай?

Ауданның əлеуетін арттыратын əртүрлі факторлар бар. Оның біршама бөлігін жоғарыда көрсеттік. Əрине, ауданның шығыны да, кірісі де болуы заңдылық. Ең бастысы, кіріс көзінің анағұрлым жоғары болуында. 2014 жыл ға арналған аудандық бюджет 5612,4 млн. теңге көлемін құрады. Оның ішінде ауданның өзінің ішкі кірісі 3002,8 млн. теңге. Аудан бюджеті салықтардың жəне басқа да міндетті төлемдердің түсімі бойынша да артып келеді. Биылғы бес айдың көрсеткішін есепке алсақ, 5108,9 млн. теңгені құраған. Оның ішінде: республикалық бюджетке түскен

Ел боламын десеѕ – жолыѕды тїзе!

Бүгінде көлік апатының жиі ұшырасуы жолдың сын көтермеуіне тығыз байланысты. Сырдария ауданында биыл аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жергілікті бюджеттен 27770,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі 14 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге жəне жергілікті бюджеттен 79433,0 мың теңге қаржы бөлінген. Тек облыстық, аудандық маңызы бар жолдар ғана емес, ауданға қарасты елді мекендердің ішкі жолдарына арнайы жол белгілері орнатылып, аудандық бюджеттен 2826,0 мың теңге қаржы жұмсады. Жол сапасының жақсаруы көлік инфрақұрылымы жəне байланыс қызметін де арттырады. Жыл басынан бері аудандағы жүк тасымалдау көлемі 2028,5 мың тоннаны құрап отыр. Тасымалданған жолаушылар саны да өткен жылмен салыстырғанда едəуір көбейді.

Жўмыссыздыќ жойылып келеді

Кəсіпкерлікті қолдау мемлекеттік саясаттың жəне оның негізгі бағыты. Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасын арттыру үшін шағын жəне орта бизнеске көп көңіл бөліп келеді. Тіпті, 2030 жылға дейін шағын жəне орта бизнес үлесі екі есеге дейін өсуі тиіс дегенді де айтқан болатын. Сырдария ауданында шағын жəне орта бизнестің зор қарқынмен дамып келе жатқандығы байқалады. Биылғы жылдың алғашқы бес айындағы нəтиже бойынша бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 234,4 млн. теңгені құрап отыр, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда жоғары. Жыл басындағы есепке жүгінетін болсақ, қаңтар-мамыр айларында аудан бойынша 1474 шағын кəсiпкерлiк субъектiсi тiркелген, 5113 адам жұмыспен қамтылған. Шағын жəне орта бизнесті дамытудың бір пайдасы елдегі жұмыссыздық мəселесін жою екендігін осыдан-ақ байқауға болады.

«Татулыќтан артыќ жолдас жоќ»

түсімдер 208,0 млн. теңгені, облыстық бюджеттің кіріс бөлігі 2941,6 млн. теңгені құрады, аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 1959,4 млн. теңгені құрады.

Инвестиция игілігі

«Единица болмаса, не болады өңкей нөл» дейтін данышпан Абайдың сөзі бар. Сол секілді ауданға инвестиция тартылмайтын болса, еңбек өнімділігін арттыру анағұрлым қиындыққа соқтыратыны айтпаса да түсінікті. Биыл жыл басында аудан экономикасына 5636,0 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үлкен қаржы. Ауданның соңғы бірер жыл ішінде жеткен жетістіктері, атқарған жұмыстарының ауқымдылығын осы инвестициямен өлшеуге əбден болады. Үйлер мен ғимараттарды салу жəне күрделі жөндеу жұмыстарына, басқа да күрделі жұмыстарға 4717,8 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар,

мекенінде дəрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

Су мəселесі шешімін табуда

Ауданның əлеуметтік жағдайының көрсеткіші тек баспана, жұмыссыздықпен өлшеуге келмейді. Халық үшін ең басты мəселе – ауыз су. Бүгінде Ақжарма, Аманкелді, Бесарық, О.Мəлібаев ауылдарының сумен қамту жүйелерін кеңейту жəне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілу үстінде. Шаған, Шіркейлі, Н. Ілиясов, Қоғалыкөл, Айдарлы елді мекендеріндегі тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісін жеткізуге жəне Қалжан ахун елді мекенінің ауыз су жүйесін кеңейту жəне қайта жаңғырту жұмысына жобалықсметалық құжаттар дайындалып болды. Ендігі ретте көпшілік осы мəселенің орта жолда үзілмей, шешілуін қадағалап отыр.

Сырдария ауданындағы жұмыс өнімділігінің артуы – аудан халқының бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жымдасып жұмыс істеуімен байланысты. Осы бірлікті, қоғамдықсаяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін, тұрғындардың экономикалықəлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында аудан əкімінің қолдауымен барлық елді мекендерде қоғамдық бірқатар шаралар атқарылуда. Биылғы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі – жергілікті өзінөзі басқаруға байланысты ауданның барлық ауылдық округтерінде қоғамдық кеңестер құрылып, жұмысын бастап кетті. Қоғамдық кеңестің мұрындық болуымен əртүрлі елді мекендерде отырыс өткізіп, онда ауыл дың көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстарына байланысты мəселелерін қарап, дұрыс жолға қоюды қолға алды. Жалпы мұның бəрі ел арасындағы татулық пен тыныштықты, бірлік пен берекені арттыруға жасалып жатқан нақты қадам. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 11 қыркүйекте (Астана уақытымен) сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің вебпорталында республикалық меншіктегі нысанды сату жөнінде №10 электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына (бұдан əрі – Қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысан қойылады: 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі Е 304 ВЕ, Ваз-21213221 автокөлігі. Атырау қаласы, Темірханов көшесі, 2а. Баланс ұстаушы - «Атырау облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы)» ММ. Алғашқы бағасы – 915 000 теңге. Бастапқы бағасы – 183 000 теңге. Кепілді жарна – 27 450 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті Атырау мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік есепшотына төленеді: ММ коды – 2170168, ИИК (депозиттік шот) KZ450705012170168006, БИК – KKMFKZ2A, БИН – 120240020907, КНП-171, КБЕ-11, алушы банк – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ. Төлемді тағайындау – аукционға қатысу кепілді жарнасы (кепілді жарна мөлшеріне банк қызметінің төлемі кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша саудасаттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру нысанын сатып алу құқығын береді. Департаменттің депозиттік есеп-шотына кепілді жарналардың уақтылы түсуі мақсатында кепілді жарнаны өтінімді қабылдау аяқталғанға дейін үш күн бұрын төлеу ұсынылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондайақ Сатушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады. Автоматты түрдегі тексеру нəтижелері бойынша Тізілім вебпорталында қатысушының өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау туралы электрондық хабарлама не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жіберіледі. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Сатушы аукционға қатысудан жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жояды. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6. тармағына сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанының соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады; 3) егер жекешелендіру нысанының бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып танылады. Осы Қағиданың 36-4-тармағының төртінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында жəне 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы Тізілімнің вебпорталынан басып шығарылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7122) 35-43-22 телефоны арқылы алуға болады.

«АТФБанк» АҚ, бұдан əрі – Эмитент деп аталатын «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ-мен бекітілген 2005 жылғы 20 шілдедегі Облигация ұстаушылардың мүдделерін таныту туралы №2 шарт негізінде төмендегіні хабарлайды. Эмитенттің облигацияларын шығару проспектіне сəйкес купондық сыйақыны төлеу жылына бір рет, 360/30 (жылына 360 күн/ айына 30 күн) уақытша базасының есебінен, сəйкесінше əр жылдан кейін, 2005 жылғы 2 тамыз – облигациялар айналымға түскен күннен бастап теңгемен өтеу мерзіміне дейін, төлем жасалатын кезеңнің соңғы күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде облигация ұстаушылардың ағымдағы шоттарына қолма-қол ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Облигациялар бойынша жыл сайынғы кезекті купондық сыйақыны төлеу кезеңінің 2014 жылғы 14 тамызда аяқталуы жəне Эмитенттің талап етілген мерзім аяқталған соң 138,379,073.00 (жүз отыз сегіз миллион үш жүз жетпіс тоғыз мың жетпіс үш) теңге 00 тиын сомасындағы купондық сыйақының бір бөлігін төлегендігі, инфрақұрылымдық облигациялар (ҰСН KZ2C0Y23B676) бойынша төленбеген бөлігінің 1,245,411,657.00 (бір миллиард екі жүз қырық бес миллион төрт жүз он бір мың алты жүз елу жеті) теңге 00 тиын сомасын құрағандығы себебінен Эмитенттің жартылай дефолт болуы туралы хабарлаймыз. «АТФБанк» АҚ


9

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

 Зерде

Жаќсыныѕ аты ґшпейді 1973 жылы ҚазМУ-ды бітірген соң облыстық «Коммунизм туы» газетіне қызметке орналастым. Редакцияның секретариат бөлімінде істеймін. Ол жерден іссапарға шығу деген бір машақат. Енді не істеу керек? Осы ғимараттағы бесінші қабатта облыстық радио мекемесі орналасқан еді. Қазақ редакциясының бас редакторы, соғыс ардагері Қамза Қасымов мұның алдында мені тілшілік қызметке шақырып жүрген. «Бізде рахат, қызметке қабылданған күні бірден қолыңа репортер береміз де, іссапарға жібереміз. Тыңдармандар ауылда, сол жерден хабар əзірлейсің», деп күнде айтатын. Қамза аға сөзінде тұрды, сол жылдың қазанында радиоға жұмысқа алысымен бір аптаға Зайсан, Марқакөл аудандарына іссапарға жіберді. Марқакөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұрат Дəуленов деген кісі екен. Сыпайы, мəдениетті ағамыз 23 жасар жас журналист – мені қабылдау бөлмесінде көп күттірмей бірден қабылдады. Амандықты сұраған соң бұйымтайың бар ма деді. «Сізден сұхбат алып, радиодан берсек деп едік. Қамза ағаның тапсырмасы», дедім. Ол байыппен қарап отырды да: «Сұхбат ешқайда қашпайды, ертең Қарашілік, Боран ауылдарын аралағалы отырмын. Малшылар мен шопандар тұрмысы қызықтыратын шығар. Солар жайлы хабар дайындарсың», деді. Сол жолы Мұрат ағамен бірге екі күн бірнеше шопандар ауылында болдық, ол кісі олармен еменжарқын əңгімелесіп, жағдайларын сұрады, артынша көмек көрсететінін айтты. Бір байқағаным, сол кезде небəрі 40-тан енді асқан бірінші хатшыны малшы қауымы қатты сыйлап, құрмет тұтады екен. Ауданды басқарған 11 жылда Марқакөл

ауданында қой мен ешкі саны 300 мыңнан асты. Ауданның экономикасы өркендеп, шалғайдағы бөлімшелер мен ауылдарда жаңа тұрғын үйлер мен мал қоралары бой көтерді. Бірнеше ауылда мектеп, аурухана, фельдшерлікакушерлік пункттердің ашылуына тікелей қамқорлық жасады. Қытаймен шектесетін ауданда Марқакөл қорығын ашу оңай болған жоқ. Арлы-берлі шапқылап жүріп, Қаржы министрлігі мен Орман қорғау комитеті басшыларының тілін тауып қажетті қаржыны тапты, он адам штатқа қабылданды. Шекара ауданы болған соң күнделікті тіршілікте талай проблемалар алдан шығатын, ол мəселені шешуге Мұрат аға белсене кірісетін. 1947 жылы Зайсандағы орта мектепті аяқтаған соң Мұрат аға Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтты қызыл дипломға бітіріп, өзі білім алған қарашаңырақта ұстаздық құрады. Терең білімді, тиянақты азаматты М.Əуезов атындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет

Қазақстан Республикасы Пре зи дентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі – «Халық аралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2014 жылғы 3 наурыздан бастап 31 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., «Алтын Орда» БО, Орынбор к-сі, 4-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне ХҚКО арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Телефондар: 8 (7172) 76 90 82, 79 04 86 www.bolashak.gov.kz

атқарып жүрген жерінен партия қызметіне шақырады. Үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудандық партия комитетінің хатшысы қызметінде жүргенде өнер мен мəдениеттің өркен жаюына ерекше көңіл бөледі. Мұның алдында ғана Зайсанға Д.Қонаев келіп: «Қалаларыңыз Алматының макеті сияқты екен, табиғаты ғажап, тау бөктеріндегі суы арықтардан сарқырып ағып жатқан жерде жемістің неше түрі өсетін шығар», депті. Демек, жас хатшы алдында сансалалы жұмыстармен бірге өнер мен мəдениетті көтеру міндеті тұрды. Алматыдан өнер студиясын бітіріп келген талантты режиссер Ильхам Ныхметжанов екеуі бірігіп, өнерпаздардың басын қосып, «халық театры» атағын алу үшін ізденісті күшейте түсті. Күміс көмей əнші Ораз Кəкеев, Гүлзипа Кəкеева, Фарбиза Асанова, Тамара Дəуленова, басқа да өнерпаздар Мəскеуде «Қыз Жібек» операсын сəтті қояды. Ал

Алматы қ. Алмалы аудандық №2 сотының өндірісінде ШҚО, Өскемен қаласының тумасы, 12.06.1973 ж.т. Рустам Есенович Кисебаевтың қайтыс болғандығы туралы Е.С.Кисебаевтың өтініші бар. Хабар-ошарсыз кеткен Рустам Есенович Кисебаевтың болуы мүмкін жері туралы деректі білетіндердің бəріне үш ай мерзімде сотқа мына мекенжай бойынша хабарласуды сұраймыз: Алматы қ., Төле би к-сі, 267.

келер жылы Алматыдағы жастар театрында Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» либреттосын сахналаған кезде атақты жазушы Ғабең сахна төріне көтеріліп: «Опера театрының əртістері Зайсанда жүр екен ғой», деп жылы лебіз білдіріпті. Сол жылы Мұрат ағаның қамқорлығы мен шығармашылық ізденісі жемісін беріп, зайсандық өнерпаздар халық театры атағына ие болды. Мұрат ағаның жұбайы Тамара апайымыз да театрда шебер орындаған əртіс əрі əнші болған. Мұрат аға қай жерде қызмет жасаса да ел құрметіне бөленген абыройлы азамат, біреуге аға, біреуге іні бола білген, жаны жомарт, рухы күшті адам еді. 1963 жылы Зайсанда қызметте жүргенде Сауыр мектебінің салынуына көп күш салды. Артынан өзі мəңгілік сапарға аттанып кеткен соң 1994 жылы зайсандықтар ел ағасының есімін мəңгі есте қалдыру үшін Сауыр мектебіне Мұрат Дəуленовтің атын берді. Зайсан қаласының 140 жылдық мерейтойына жиналған кезде Мұрат аға атындағы мектепте ақындар, ауданның тумасы Ұлықбек Есдəулет, Заманбек Əбдешов, профессор Ахмет Тоқтабаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Құсайын Рысалды, неміс тілінің маманы Зүлжамал Нұрғазықызы аудан экономикасына өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген Мұрат аға жайлы естеліктер айтты. «Зайсан десе Мұрат ағаның бауыры езіліп, аудан халқы, жерлестері жайлы сағаттап əңгіме соғатын. Амал бар ма, ағамыз 62 жасында о дүниеге аттанып кетті. Алайда ұрпағы, балалары мен немерелері оқып, білім алды, қазір жер-жерде қызмет жасауда. Жалғыз ұлы Мұхтардың зайыбы Гүлжанат денсаулық саласында 30 жыл қызмет етуде, олардың екі ұлы

Мирас пен Ілияс қазір Астанада, қызметте, үлкен немересі бизнес саласында, ал Ильясы ғылым докторы. Олжас та өмірден өз орнын тапқан. Қыздары Ғалия мен Гүлмира жоғары білімді ұстаздар. Ағамыздың еңбегі бағаланды, үш орден, ондаған медальдарға ие болды. Кіндік қаны тамған Зайсандағы орта мектеп ол кісінің атында, ендеше аудан халқына алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – деп Зүлжамал апай мектепке компьютерлік сыныпты, аса бағалы оқулықтар мен электронды құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Жақында Алматыдан Зүлжа мал апай хабарласты. Ол кісінің қуанышы қойнына сыймай тұрса керек, жаңалығын жеткізгенше асығыс сыңайлы». 26 тамызда Зайсанда мұғалімдердің облыстық тамыз конференциясы өтеді. М.Дəуленов атындағы 600 орындық жаңа мектеп, жанында 300 орындық интернаты бар ғимаратты ұстаздар аралап көрмек. Қоңыр күзде оның салтанатты ашылуы болмақ. Ағамыздың рухы асқақтап, шəкірттер білім ордасынан қанат қаға берсе, одан артық қандай бақыт керек», – деп ҚР Білім беру ісінің үздігі, профессор Зүлжамал Нұрғазықызы бізді де қуантып тастады. Қуанбағанда ше, сонау еліміздің түкпіріндегі кіндік қанымыз тамған Зайсанның бір өзінде биыл екі мектеп ашылмақ. Жаңа тұрғын үйлер мен Шалқар ауылында спорт модулі, жаңа ипподром ашылып, тұрғындар ерекше шаттыққа бөленген. Ұлағатты ұстаз, елге қамқор, халқына ерен еңбек сіңірген Мұрат Дəуленов ағамыздың жарқын бейнесі көпшіліктің көз алдында бола бермек. Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист.

ӨСКЕМЕН. ––––––––––––– Суретте: Мұрат ДƏУЛЕНОВ, зайыбы Тамарамен.

Астана, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Павлодар жəне Шымкент қалаларындағы Зияткерлік мектептеріне жалпы білім беретін пəндер бойынша мұғалімдерді қабылдау конкурсы 2014 жылдың 23-24 тамыз аралығында жарияланады. Толық ақпарат www.nis.edu.kz сайтында көрсетілген. Объявление

АО «КазМунайГаз-Сервис NS» сообщает, что открытый тендер по реализации санаторнокурортного комплекса «Алтын Булак» и гольф клуба «Сарыагаш» Сарыагашского филиала АО «КазМунайГаз-Сервис NS», назначенного на 14 августа 2014 года, признан несостоявшимся (решение тендерной комиссии №2 от 14.08.2014 года), ввиду отсутствия участников.

Бəрімізге қадірлі Серік ҚАРАБАТЫРҰЛЫ бұл күндері өмірінің биік асуы – 70 жасқа шығып отыр. Оны айтулы тұлға, кейінгі жастарға үлгі болған аға ретінде жоғары бағалаймыз. Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысының Коряковка селосында дүниеге келген. Жиырма үш жасында Семей автожол техникумын бітірді. Əскер қатарында азаматтық борышын өтеп, офицер шенімен елге оралғаннан кейін ол Павлодар автокөлік басқармасының №2564 əскерилендірілген автоколонасына қызметке тұрды. Əскери тəртіпке машықтанған жас маман бірден жұмысын ұршықтай үйіріп, уақыт өте автоколоннаның бас инженері, бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Содан соң басқарманың бас инженері болып тағайындалды. Ол мүмкіндігі мол жұмысқа қызу араласып, өнертапқыштық іспен де айналысып көптеген жаңалықтарды өндіріске енгізді. Теміржол стансасынан контейнерлерді тікелей тасымалдауды орталықтандыру тəсілін жүзеге асырып үлкен тиімділікке қол жеткізді. Облыс басшылығы жас маманның атқарған қызметін лайықты бағалады. Сөйтіп ол облыстық халыққа қызмет көрсету басқармасының басшысы болып үш жыл жұмыс істеп, Павлодар қалалық атқару комитетінің төрағасы кызметіне жоғарылады. Араға уақыт салып сол кездегі республика Автокөлік министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Серік Қарабатырұлы көлік саласының өркендепөсуіне көп күш-жігер жұмсады. Соның нəтижесінде автомобиль кəсіпорындары биік жетістіктерден көрінді. Бүкіл саналы ғұмырын адал еңбек етуге арнаған ағамыз қазір республикалық автокөлікшілер одағын біліктілікпен басқарып отыр. Күш-қайрат, Алланың берген бағы бар Серік Қарабатырұлын əлі де талай жақсы істің ортасынан көреміз деген ниетпен оған зор денсаулық тілеп, мерейтойыңыз құтты болсын, құрметті аға дейміз. Бұрынғы бір топ автокөлік мекемелері директорларының атынан құттықтаушы – Сулейман ИЮНУСОВ.

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізіміне кіретін НИН KZP07Y10C336 ипотекалық облигациялар шығарылымдары жөнінен «Темірбанк» АҚ ипотекалық облигацияларын ұстаушылардың Өкілі болып табылады. Өз міндеттемелерін орындау мақсатында Өкіл «Темірбанк» АҚ облигация ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздандыруы болып табылатын кепіл мүлкінің 01.07.2014 ж. мəліметтер бойынша жай-күйін іріктеулі түрде тексерді. Жасалған іріктеулі тексеріс негізінде Өкіл кепіл мүлкінің жай-күйі мен ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету коэффициентінің мəні облигациялар шығарылымдары жобаларының жəне кепіл шарттарының талаптарына сай екендігін мəлімдейді. Сондай-ақ іріктеулі тексеріс нəтижесі бойынша Өкіл «Темірбанк» акционерлік қоғамына қарыздар бойынша деректердің есебін жүргізу жүйесіне ақпарат енгізуге, кепіл затына жəне қарыз бойынша негізгі борыштың өтелуіне мониторинг жүргізуге кейінгі бақылау жасауды күшейтуді жəне қолданылған шаралар туралы хабарлауды ұсынды. «Темірбанк» АҚ облигация ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауының қамтамасыздандыруы болып табылатын кепіл мүлкінің жай-күйін тексеру үшін берілген қажетті ақпараттың шынайылығы үшін «Темірбанк» АҚ басшылығы жауапкершілік көтереді.

АО «Банк ЦентрКредит» является Представителем держателей ипотечных облигаций выпуска НИНKZP07Y10C336 АО «Темірбанк», входящих в официальный список АО «Казахстанская фондовая биржа». В целях исполнения своих обязательств Представителем была проведена выборочная проверка состояния залогового имущества по данным реестра залога по состоянию на 01.07.2014 г. являющегося обеспечением исполнения обязательств АО «Темірбанк» перед держателями облигаций. На основании проведенной выборочной проверки предмета залога Представитель сообщает, что обеспечение и значение коэффициента обеспечения ипотечных облигаций соответствует требованию проспекта выпуска облигаций и договора залога. По результатам выборочной проверки, Представитель рекомендовал АО «Темірбанк» усилить последующий контроль над вводом информации в систему учета данных по займам, за мониторингом предмета залога и погашением основного долга по займу, и уведомить о принятых мерах. Ответственность за достоверность предоставленной информации, необходимой для проведения анализа состояния имущества, являющегося обеспечением исполнения обязательств АО «Темірбанк» перед держателями облигаций, несет руководство АО «Темірбанк».

Объявление

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Жекешелендіру нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген, Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион 2014 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr. kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің вебпорталында өткізіледі. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. ВАЗ-21213 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 034 AD11, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Абай көшесі, н/ж. Теңгерім ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы. Алғашқы бағасы – 135 354 теңге, бастапқы бағасы – 135 354 теңге. Кепілді жарна – 20 303 теңге, 10 тиын. 2. ГАЗ-31105 411 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N428 СМ, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 2Е. Теңгерім ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы. Алғашқы бағасы – 133 567 теңге, бастапқы бағасы – 133 567 теңге. Кепілді жарна – 20 035 теңге, 05 тиын. 3. ВАЗ-21214 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N182 BV, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Тереңөзек кенті, Жеңіс көшесі, 50, 46-үй. Теңгерім ұстаушы - Қызылорда облысының статистика департаменті. Алғашқы бағасы – 662 643 теңге, бастапқы бағасы – 662 643 теңге. Кепілді жарна – 99 396 теңге, 45 тиын. 4. Mitsubishi Pajtro маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N024 AV, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64Г. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 1 097 984 теңге, бастапқы бағасы – 1 097 984 теңге. Кепілді жарна – 164 697 теңге, 60 тиын. 5.ГАЗ-31105-120 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N273 ВЕ, 2004 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64Г. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы 89 679 теңге, бастапқы бағасы – 89 679 теңге. Кепілді жарна – 13 451 теңге, 85 тиын. 6.Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N005 СК, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, А. Құнанбаев көшесі 209. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 421 512 теңге, бастапқы бағасы – 421 512 теңге. Кепілді жарна – 63 226 теңге, 80 тиын. 7. Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N008 СК, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Нартай Бекежанов ауылы. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 655 102 теңге, бастапқы бағасы – 655 102 теңге. Кепілді жарна – 98 265 теңге, 30 тиын. 8.Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N015 СК, 2007

жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64Г. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 791 444 теңге, бастапқы бағасы – 791 444 теңге. Кепілді жарна – 118 716 теңге, 60 тиын. 9.Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N020 СК, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64Г. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 640 491 теңге, бастапқы бағасы – 640 491 теңге. Кепілді жарна – 96 073 теңге, 65 тиын. 10. Chevrolet Niva 212300і маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N023 СК, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64Г. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 640 491 теңге, бастапқы бағасы – 640 491 теңге. Кепілді жарна – 96 073 теңге, 65 тиын. 11. Днепр мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 23-54 КЗА, 1988 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Пірімов көшесі, 3. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 2 055 теңге. бастапқы бағасы – 2 055 теңге. Кепілді жарна – 308 теңге, 25 тиын. 12. Юпитер Иж-Ю-4 мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 29-84 КЗА, 1986 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Əйтеке би кенті, Пірімов көшесі, 3. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 1 472 теңге, бастапқы бағасы – 1 472 теңге. Кепілді жарна – 220 теңге, 80 тиын. 13. ИМЗ-8 мотоциклі, мемлекеттік нөмірі 58-86 КЗА, 1991 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Құндызбаев көшесі, 5. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша салық департаменті. Алғашқы бағасы – 1 932 теңге, бастапқы бағасы – 1 932 теңге. Кепілді жарна – 289 теңге, 80 тиын. 14. Вагон, түгендеу нөмірі 232100000002, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті. Алғашқы бағасы – 166 662 теңге, бастапқы бағасы – 166 662 теңге. Кепілді жарна – 24 999 теңге,30 тиын. 15. Вагон, түгендеу нөмірі 232100000003, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Максимов көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті. Алғашқы бағасы – 166 662 теңге, бастапқы бағасы – 166 662 теңге. Кепілді жарна – 24 999 теңге, 30 тиын. 16. ГАЗ-66 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N958 AF, 1987 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Железнодорожная көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы. Алғашқы бағасы – 163 978 теңге, бастапқы бағасы – 163 978 теңге. Кепілді жарна – 24 596 теңге, 70 тиын. 17. ЗиЛ-Ммз 45021 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N586 АЕ, 1986 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Железнодорожная көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес

станциясы. Алғашқы бағасы – 131 299 теңге, бастапқы бағасы – 131 299 теңге. Кепілді жарна – 19 694 теңге, 85 тиын. 18. Вагон жатақханасы, түгендеу нөмірі 235003000260, 1974 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққолқа елді мекені. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы. Алғашқы бағасы – 67 529 теңге, бастапқы бағасы – 67 529 теңге. Кепілді жарна – 10 129 теңге, 35 тиын. 19. ГАЗ-3110411 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N192 GF, 2002 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі, 80. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 90 964 теңге, бастапқы бағасы – 90 964 теңге. Кепілді жарна – 13 644 теңге, 60 тиын. 20. ГАЗ-310290 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N394 СМ, 1994 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы Панфилов көшесі, 80. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 58 859 теңге, бастапқы бағасы – 58 859 теңге. Кепілді жарна – 8 828 теңге, 85 тиын. 21. ГАЗ-2752-114 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N184 BU, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Б. Асқар көшесі, 30. Теңгерім ұстаушы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 1 391 435 теңге, бастапқы бағасы – 1 391 435 теңге. Кепілді жарна – 208 715 теңге, 25 тиын. 22. ГАЗ-27057 296250 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N118 BL, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,165. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті. Алғашқы бағасы – 226 903 теңге, бастапқы бағасы – 226 903 теңге. Кепілді жарна – 34 035 теңге, 45 тиын. 23. ГАЗ-3102 311 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N540 АВ11, 2002 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Жүнісбаев көшесі,56. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық электрондық денсаулық сақтау» РМК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 138 269 теңге, бастапқы бағасы – 138 269 теңге. Кепілді жарна – 20 740 теңге, 35 тиын. 24. Audi A6 маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 215 АD11, 1995 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кеті, С.Сейфуллин көшесі,62. Теңгерім ұстаушы – «Республикалық электрондық денсаулық сақтау» РМК Қызылорда облыстық филиалы. Алғашқы бағасы – 725 568 теңге, бастапқы бағасы – 725 568 теңге. Кепілді жарна – 108 835 теңге, 20 тиын. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқ талады. Кепілді жарнаны төлеу деректемелері: Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің есебіне KZ690705012170173006, СТН 331000024812, ЖСН 120240012084, BIC KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша

Қазынашылық департаменті, ММ коды 2170173, КНП 171, КБЕ 11, Қызылорда қаласы, Д.Қонаев көшесі, 7А. Назар аударыңыз! Сатушының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі негіз болып табылады. Кепілді жарнаны қайтару үшін аукционға қатысушы сауданы ұйымдастырушыға банктен ағымдағы есепшоттың бар екенін растайтын анықтама тапсыруы қажет. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректемелерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс,е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған өтінімді жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің вебпорталына тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің вебпорталы үш минут ішінде өтінім берілген сатылатын нысан бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталында өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып олардың көшір мелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. 1) Жеке тұлғалар үшiн: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың тұлғалар үшiн: заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, содай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана

отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 1) Егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидамен бекітілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) Егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидамен бекітілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) Егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Бастапқы баға – əрбір жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттық басталатын баға. Алғашқы баға – тəуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жеке төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне (87242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады.

АО «КазМунайГаз-Сервис NS» проводит повторный тендер по продаже санаторно-курортного комплекса «Алтын Булак» и гольф клуба «Сарыагаш» Сарыагашского филиала АО «КазМунайГаз-Сервис NS», который состоится 15 сентября 2014 года в 15 часов 30 минут по адресу г.Астана, пр. Республики, д.34 «А». Начальная (стартовая) цена: Лот №1 Санаторно-курортный комплекс «Алтын Булак» и гольф клуб «Сарыагаш», 4 374 151 000 (четыре миллиарда триста семьдесят четыре миллиона сто пятьдесят одна тысяча)тенге, в том числе: основной корпус санатория, включающий в себя гостиничные номера, медицинский блок с процедурными кабинетами, ресторан, бювет, бассейн и сауны, тренажерный зал, бильярд, кинозал и детскую игровую комнату. В состав санаторно-курортного комплекса входят также гольф-клуб «Сарыагаш» и теннисный комплекс. Имущество расположено по адресу: Южно-Казахстанская область, Сарыагашский район, п. Коктерек. Решение Тендерной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества членов тендерной комиссии. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель тендерной комиссии. Участник, изъявивший желание приобрести актив, реализуемый на основе тендера, должен представить свое тендерное предложение в письменной форме, подписанное уполномоченным лицом на имя председателя Тендерной комиссии, с приложением платежного документа о внесении гарантиного взноса. Для регистрации в качестве участника тендера необходимо предоставить: 1.Тендерная заявка; 2.Паспорт или иной удостоверяющий личность документ; 3.Подлинник и копию платежного документа, подтверждающего внесение гарантийного взноса; 4.Документ, удостоверяющий полномочия представителя. Гарантийный взнос в размере 5% от начальной (стартовой) цены вносится не менее чем за 3 дня до начала тендерана следующие банковские реквизиты: АО «КазМунайГаз-Сервис NS» Республика Казахстан, 010000, Юридический адрес: г. Астана, пр. Республики, д. 34 «А» БИН 030940002310 ИИК KZ 196010111000021527 АРФ АО «Народный Банк Казахстана» Сумма внесенного покупателем гарантийного взноса засчитывается в общую сумму сделки при окончательных расчетах покупателя с компанией. Гарантийный взнос не возвращается в случае, если победитель тендера отказался от заключения договора купли-продажи, а также участнику, который отказался от своего тендерного предложения (отозвал заявку) или изменил его по истечении окончательного срока представления тендерных заявок и до истечения срока тендера. Во всех остальных случаях гарантийный взнос возвращается в течение 15 банковских дней со дня проведения итогов тендера. Место и срок приема заявок: г. Астана, пр. Республики, д.34 «А» кабинет 806. Прием заявок начинается со дня публикации информационного сообщения и заканчивается в 18 часов 30 минут 10 сентября 2014 года. Вскрытие тендерных заявок состоится 15 сентября 2014 года в 15 часов 30 минут по адресу:г. Астана, пр. Республики, д.34 «А» каб. 806. Все претензии по объектам принимаются до момента подачи заявок. Дополнительную информацию об объектах, а также о проведении тендера можно получить по телефонам: 8 (7172) 55 92 95.

ТОО «Turan Project» (бывшее ТОО «ТПО «Петропавловскархфонд») объявляет об утере ККМ, марка Меркурий 115 Ф, заводской номер: 483693, номер паспорта: 483693, год выпуска: 2000, дата поступления на учет: 07.10.2012 г. книги учета наличных денег, проведенных через ККМ с фискальной памятью и книги товарных чеков.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» РМК ұжымы Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, профессор Əбдірахман Молданазарұлы Омбаевқа əкесі МОЛДАНАЗАРДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректораты көрнекті ғалым, «Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры, профессор Əбдірахман Молданазарұлы Омбаевқа əкесі МОЛДАНАЗАРДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

21 тамыз 2014 жыл

 Жазылған жайдың жалғасы

 Айбын

Сегіз баламен сергелдеѕге тїспесін

Даладаєы дайындыќ

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында «Өзара іс-қимыл-2014» əскери оқу-жаттығуы қызу жүріп жатыр. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше бес ел: Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қазақстанның, Қырғызстанның жəне Тəжікстанның əскери күштерінің кезекті кешенді жаттығуының салтанатты ашылуынан бастау алған

қызу дайындық əрбір сарбазға үлкен жауапкершілік жүктеген. Бұл Спасск даласында басталған оқу-жаттығу шарасының мақсаты ҰҚШҰ жедел əрекет ететін күштерінің басқару органдарының əскери əрекетке дайындығы мен сарбаздарды ұйымшылдыққа тəрбиелеудегі бірлескен іс-қи мылын жетілдіруді міндетке алған. Жаттығу барысында осы шараға қатысушы əр елдің

əскери контингенттері мен құрылымдары арнаулы ісқимылдарын үйлестіру мəселелері қарастырылған. Бұл айтулы сынаққа 3000 əскери қыз мет ші, 200-ге тарта əскери жəне ар нау лы техника, 30 ұшақ пен тікұшақ қатысып отыр. «Егемен-ақпарат».

 Жағымды жаңалық

«Əлем Абайды тануы керек» Вашингтонда осындай əдеби жоба ќолєа алынды Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист.

Қазақстандағы Абай атындағы ең көне кітапхана 1883 жылы Семей облыстық санақ комитеті үйінде ашылды. Оның ұйымдастырушылары ХІХ ғасырдың аяғында жер аударылып келген орыс зиялылары Е.Михаэлис, А.Леонтьев, М.Филиппов еді. Олар

кітап қорын шетел жəне орыс ойшылдары мен ақын-жазушыларының еңбектерінен құрады. Кітапхана ашылған сəтте мұнда 130 оқырман, 274 дана кітап қоры болған. – Абай атамыз кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған. Осында Е.Михаэлис сияқты досымен кездесіп тұрған, – дейді осы мекеме директоры Гүлмира Аязбаева. – Е.Михаэлистің кеңесімен Абай

Мерекеде алма да, бал да кґп болды Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Семейде бал жəне алма өнімдерінің көрме-жəрмеңкесі ұйымдастырылды. Қаладағы славян ұлты өкілдерінің халқының айтуынша, бұл мерекенің нақты атауы «Медово-яблочный спас», яғни «Балды-алмалы спас» деп аталады екен. Спас – құтқарушы деген сөз. Славяндар тамызда бірнеше спас түрлерін мерекелейді. Балды, алмалы, жаңғақты, саңырауқұлақты, нанды жəне жидекті спастар. Қалай десек те, бұл славян халқының төл, діни мерекесі. Жəрмеңкені қаладағы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Игорь Панин ашты. Воскресенск соборының қызметшісі, иерей Евгений Потылицын балмен ұшықтап, жақсылықтар тіледі. Тойдың басты қонағы болған Қазақстан Республикасындағы Ресейдің Бас вице-консулы Сергей Шимко семейліктерді бал мерекесімен құттықтап, марапаттарын табыстады.

– Бұл бал мерекесін біз қатарынан үшінші жыл өткізудеміз, қала тұрғындары жылы қабылдап жатыр, – деді орыс ұлттық-мəдени орталығы төрағасының орынбасары Надежда Козырева. Биыл, міне, орталық саябақта өткізуді жөн көрдік. Мерекеге алма да, бал да артығымен жеткізілді. Саяжайлардан осында келіп-кету қолайлы. Көлік жүріп тұр. Шығыс өңірдің омарташылары өз өнімдерінің жаңа түрлерін əкеліпті. 20 омарташы адамға аса пайдалы балдың əртүрін көрмежəрмеңкеге келушілердің назарына ұсынды. Шөптен алынған, қарақұмықтан, күнбағыстан жинақталған бал дейсіз бе, тиімді бағада осының бəрін сатып алуға мүмкіндік алған тұрғындардың қуанышында шек болмады. Семей, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан келген омарташылар өз кəсіптерімен 15 жылдай айналысып келеді екен. Шығыс Қазақстан облысы.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

енді тек көркем əдебиетпен ғана емес философия, жаратылыстану, тарих тəрізді ғылым салалары бойынша энциклопедиялармен, сөздіктермен, анықтамалармен танысып, əдебиеттерді талғап оқитын болады. Абай осы жерде С.Гросс, А.Леонтьев, Н.Долгополовпен танысады. 1885 жылдың жазында Семейде болған америкалық публицист Джордж Кеннан өркениет орталықтарынан қашықта жатқан қаланың бай кітап қорын көріп таң-тамаша қалған. Сол кезде мерзімді басылымдардың 200-ге жуығын жаздырып алып отырған кітапханаға ризалық сезімін білдірген. Мұндағы рухани игілікті жергілікті тұрғындар да пайдаланатыны ол үшін күтпеген жаңалық еді. Өзі А.Леонтьевтің əңгімесі арқылы естіген Ибрагим Құнанбаев туралы «Сібір жəне сүргін» кітабында жазады. Кеннаннан кейін кітапханаға келіп, асықпай танысқан орыстың əйгілі жиһангері Николай Михайлович Пржевальский кешкісін офицерлер залындағы мəжілісте: «Город можно поздравить с такой хорошей библиотекой. И организаторы заслуживают похвалы» деп өз пікірін білдірген. Осылайша Абай кітапханасына деген құрмет ғасырдан-ғасырға жалғаса беруде. АҚШ-тағы «Компани Е» компаниясының

бас директоры, Смитсон университетінің арнайы өкілі Пол Гордон Эмирсон Германия елшілігінің Семейге келіп немісше шыққан Абай кітаптарын тарту еткен күні осында қонақта болды. Мəдени жұмыстар жөніндегі бұл дипломаттың сөзіне қарағанда Вашингтон қаласында «Əлем Абайды тануы керек» жобасы қолға алыныпты. Соған орай Пол Гордон Эмирсон мəліметтер жинақтады. Кітапханадағы Абайдың рухани орталығында қонақ қаланың жəне кітапхананың тарихымен, хакім Абайға нəр берген рухани құндылықтар: сирек кітаптар көрмесімен, ақынның мол мұрасымен, əлем тілдеріндегі шығармаларымен танысып, өнер дүлдүлі – Тұрсынғазы Рахимовтың орындауында Абай əндерін, Бекен Исабаев, Төкен Ибрагимов, Мұрат Сұлтанбековтердің ұлы тұлға жайлы пікірлерін бейнетаспаға жазып алды. – Маған Семей қатты ұнады, – деді Пол Гордон Эмирсон – Күшікбай жотасындағы батырға арналған ескерткіш-монумент, «Еңлік-Кебек» кесенесі, Қоңыр əулие үңгірі мен Шыңғыстау жеріне байланысты тарихи-əңгімелерге қанық болдым. Қазақтар, сіздер, бақытты халық екенсіздер. Жидебайдағы Абайдың қорық-мұражайы мен Бөрілідегі Мұхтар Əуезовтің мұражай үйін аралап, ұлылар туралы мол ақпарат алдым. Осының бəрін Вашингтон күтіп отыр. Абай мен Шəкəрімнің кесенесіне тағзым еттім. Шаһардағы Абай алаңындағы ұлы ақынның парасаттылыққа толы бейнесі мен үшін ерекше əсер қалдырды. СЕМЕЙ.

«Отбасы – Отанның ошағы» деген Президент Н.Назарбаевтың аузынан шыққан тіркес қалай тауып айтылған, қуатты сөз. Адамның бойындағы барлық қасиет, барлық мінез: мейірім, саналылық, парасаттылық – бəрбəрінің негізгі діңгегі отбасы. Отбасында осындай тамаша қасиеттерді бойына сіңірген бала ғана Отанның алғы шебіндегі арқалы азамат болары сөзсіз. Ал бүгінгі күні баланы отбасында жақсы мінезге, жақсы қылықтарға тəрбиелеу үшін алдымен материалдық игіліктердің өтеліп тұрғаны міндет. Жаппай қиындық болған сұрапыл жылдарда мұндай талап болмағанымен бүгінгі өмірде балаларымыздың жақсы тұрмыс, жайлы өмірде өсуін ата-ана қамтамасыз етуі керек. Ал мұны қамтамасыз етуге ата-ананың мүмкіндігі болмаса – Үкіметіміз, жергілікті билік көмек қолын созғаны жөн. Біздің мемлекетіміздің отбасы бағытындағы саясаты осындай. Жас жеткіншектердің бəрі де қатарынан кем болмай, тарыншылық көрмей өссе екен дейді. Өйткені, қатар құрбыларынан кем қалып, материалдық игіліктерді көре алмаған бала бұйығы, жасық, ұялшақ, төменшік болып өседі. Ал мұндай баланың Отанына қызмет етуде де босбелбеу, ынжық, дəрменсіз болары сөзсіз. Осы ойларды жазып отырып Астананың қақ ортасында тұратын сегіз балалы отбасының тағдыры туралы айтқымыз келіп отыр. Оның отағасы Қайыр Балғожин көп баласын бетке ұстап, елордадан үй алуды көздеп, ауылды жерден көшіп келген адам емес. Ол 1988 жылдан бері Астана тұрғыны болып келеді. Қаланың газбен қамтамасыз ету мекемесінде сол жылдардан бастап жұмыс істейді. Отбасы сол кəсіпорын 1989 жылы берген екі қабатты «хрущевка» деп аталатын ескі жатақхананың күңгірт, сызды бөлмесінде осы күнге дейін тұрып келеді. Өзі көпбалалы үйден шыққан екен, əйелі Лəззат та солай, сондықтан бойға біткен шарананы алдырып тастауға қимай, осы бөлмеде сегіз нəресте көріпті. Балаларының бəрі де аман өсіп келеді. Бүгінгі күні соның ең кішкенесі үш жаста. Алайда, тұрғын-үй жағдайлары үмітсіз қиын жағдайда екенін айтуымыз керек. Өйткені, бірінің үстіне бірі жатқандай тар қуыста өмір сүріп жатыр. Барлық

 Толғауы тоқсан тіршілік

 Оқиға

Сəбиіѕді саќта, сўќ кґзден! Қазақ танымында «тіл тию», «көз тию» деген ұғым бар. Сондықтан сұлу əйел мен жүйрік атты, жаңа туған нəрестені көз тектес моншақтармен көмкеріп, үкі байлап, сақтандырып отырған. Біздің көзкөрген аталарымыз «тфу, мынау жаман кімнің баласы» деп жас балаға жанарын тіктеп қарамай, құлағынан қысып, маңдайынан иіскеп өтетін. Анам менен кейін дүниеге келген інімді «тіл-көз» өтті деп отыратын. Бес кило салмақта дүние есігін ашқан Артур інім екі айлығында бесіктен аяғы шығып жатады екен. Бір қария «мына ұлыңның адамға қарасы үлкен кісілердей екен» деп таңдай қағыпты. Сол кісі кетісімен сəбидің ыстығы көтеріліп, таң ата дүниеден озады. Əрине, Алланың қалауынсыз бір тал жапырақтың жерге құламайтынын ескерсек, бұл нанымсенімге салқын қарар едік. Дегенмен, дінтанушы ғалымдардың өзі «тіл тиюақиқат» дегенді айтады. Көздің пайғамбарға да, əйелге де, еркекке де, жан-жануарға да, тіпті, көлігіңе де тиетіні расталған. Ал ондай сұқ көздерден сақтану үшін дұға, сүрелерді оқып, сақтанып жүруді адамдарға ескертіп те жүр. Десе де, қазіргі уақытта бұл ырымға қала қазақтары аса мəн бер мейді. Керісінше, балаларының жетіс тіктерін көрсетіп, сол арқылы кісінің жылы сөзі мен ықыласына бөленуді дəреже санай бастағандар да

көбейіп келеді. Əлеуметтік желілерде бас қосатын зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары күнделікті атқарған жұмыстары мен қай жерде жүргенін де парақшаларына жазып, суреттерін салып отыруды дəстүрге айналдырды. Расы керек, олардың отбасында неше адам тұратынын, пердесінің түсі мен бөлмесінің көлемін де көңілге тоқып алдық. Кімнің баласы əнші, кімнің баласы күйші, немересі неше жасқа толды деген сияқты мəліметтерді сол адамдардың өздері таратып отырған ақпаратттардан, суреттерден білеміз. Көзі мөлдіреген періште кейіптегі сəбилердің риясыз күлкісі қарап отырған жанды еріксіз елітіп əкетеді. Құдды бір туысқандай алаңдаймыз. Дуагерлер мен балшылар кісі туралы мəлімет сұрағанда суретін көрсетуді талап етеді. Сурет арқылы дуа да жасалады. Балгерлер суреттегі адамның ішкі жан дүниесіне еніп, өзінің жаман энергиясын жіберіп, оның ішкі күшін өзіне тартып алатын көрінеді. Тіпті үйге сəн үшін ілінетін суреттердің үй иесіне берер əсері бар. Ашық, жарық табиғат үйлесімін бинелейтін суреттер отбасыға мамыражай бір қалыпты көңіл күй сыйласа, түсініксіз қара бұлтты суреттер, жалаңаштанған əйел денесі ол үйге ұрыскеріс пен сəтсіздік əкеледі екен. «Фейсбук» əлемінде өз есімін білмейтін сəбилерінің ұйықтап жатқан суреттерін, бесікке бөлеп жатқан кездерін салатын адамдар жиі

кездеседі. «Ұйықтап жатқан баланы суретке түсірмейді, періштесі шошиды», – деуші еді үлкендер. Қылығы тəтті балаларының əн салғанын, би билегенін салып қоятын атааналар əрине, мақтанғысы келеді, мақтағысы келеді. Бірақ біз əлгінде ғана айтып отырған көз тию, тіл тию деген ырымдар сіз бен біздің арамызда əлі де бар екенін ескерсек, кішкентай баланың үлкен болашағына титтей де болса көлеңке түсіріп алмаймыз ба? Өткен жолы бір танысым: «Досым ұлының суретін ұялы телефонға да, интернет беттеріне де салып жүретін қылығы тəтті, сүп-сүйкімді еді. Сол жетінші қабаттан аяғы оқыс тайып кетіп, қайтыс болыпты» – деді. Селк ете түстім. Жал мажан «Фейсбук» парақшасы болсын, басқа жерлерде болсын, балаларыммен түскен суреттерімді өшіре бастаппын... Мыңдаған адамдардың интернет əлемінде жолығатынын білсек, оның арғы жағында əртүрлі ниеттердің, əртүрлі көздердің көп екенін де ұмытпайық. Бүлдіршіндерді көптеген көздерден сақтай білейік. Өйткені, сіз өнердегі орныңыз бен өмірдегі мəртебеңізді балаңызды жарнамалаусыз-ақ жоғарылата аласыз! Балаларды тіл-көзден көлегейлейік, замандастар... Динара МƏЛІКОВА.

АСТАНА.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

бала тамақты да сол жерде ішеді, сабақты да сол жерде оқиды, ұйқыны да сол жерде атқарады. Көрмеген адамға мүмкін емес сияқты, ал көзіміз көрген біз бұлардың өмірі дəл осылай өтіп жатқанын білеміз. Үйді кеңіту үшін несие алуға, немесе тағы да басқа əрекет етуге бұлардың шамасы жоқ. Көпбалалы болған соң аналары Лəззат алысқа бара алмай, үйдің маңындағы мекеменің бірінде еден жуу сияқты жеңіл-желпі жұмыста істейді, ал Қайырдың өзі сол, баяғы газбен қамтамасыз ету мекемесіндегі жұмысында. Осынша баласы бар, табысы мардымдыз жандарға ешқандай банк несие бермейді. Көпбалалы ана ретінде жеңілдікпен пəтер алу да мүмкін емес, өйткені, біздің заңдарымыз бойынша аттарында алақандай үй болса болды, ондайлар кезекке қойылмайды екен. Əйтпесе, «Егемен Қазақстан» бұл отбасының жағдайын айтып, мақала жазды, «Қазақстан» ұлттық арнасы бір рет хабар түсірді, Мəжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев сауал да жасады. Ешқайсынан да жақсы нəтиже болмады. Барлық сұраққа айтылатын жалғыз жауап: аттарында үйі болғандықтан кезекке қойылмайды дейді. Əрине, заң деген қатып қалған догма емес, оның жеңілдік беретін жырасын тауып, осы отбасына пəтер алып беруге болар еді. Бірақ оған «біреу үшін сыбайлас жемқор атанып қаларым жоқ» деп сақтанатын шенеуніктер аттап баспайды. Көпбалалы ана ретінде қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов ағамыздың өзіне кіріп, жағдайыңды айт десе, есік күзеткен шенеуніктердің заһарлы мінезінен зəрезап болып қалған Лəззат аттап басуға қорынады. Өйткені, олар «қандай мəселемен кірейін деп едің» деп сұрайды екен, ал мəселесін біліп алған соң, бұл мəселемен анда барыңыз, мында барыңыз, əкім қабылдамайды, деп шығарып салатын көрінеді. Бір барғанда тіпті «осынша баланы кім саған тап деді» деп тілінің уытын да төгіп, жасытып тастапты. Жалпы Қайыр да, Лəззат та бұйығы жандар, екеуі де «бізге көпбалалы отбасы ретінде көмек қайда» деп ешкімнің алдына барып, қаттырақ сөйлейтін жандар емес. Кейбір іскер азаматтар, «Нұр Отан» партиясы, көршікөлемдердің бір реттік көмегі болса, соған риза болып жүреді. Алайда, осындай отбасына бір көмек болып, салынып жатқан жалға берілетін үйлерден бір пəтер беріліп қалар деген үміттеміз.

20 тонна темір шекарадан ґтпеді Қазақ-ресей шекарасынан 20 тонна қара металл алып өтпек болған азаматтың жолы болмады.

Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол «МАН» автокөлігіне 19 тонна қара металды тиеп, оны шекарадан заңсыз өткізуге əрекеттенгені белгілі болды. Тексере келгенде, аталған жүкті Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге алып өтуге қажетті құжаттар болмай шықты. Ұсталған жүк пен азамат Мəртөк аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Еске сала кетейік, осы жылдың шілде айында аталған өткізубақылау бекетінде шекарашылар құны 120 миллион теңгені құрайтын салмағы 100 тонна түсті металдың жолын кескен еді, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №378 ek

Profile for Egemen

21082014  

2108201421082014

21082014  

2108201421082014

Profile for daulet
Advertisement