Page 1

АРМЫСЫЅ, ƏЗ НАУРЫЗ!

24 саєат

№55 (28279) 21 НАУРЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ўлыстыѕ ўлы кїні

Əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат еткен елімізде ерекше құрметпен, ұлттық нышанмен аталып өтетін мерекелердің бірі – Наурыз мерекесі. Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында Наурыздың алғашқы рет тойлануы тек қазақтардың ғана емес, елімізде қоныстанған басқа да түбі бір түркі, шығыс халықтары еңсесін көтеріп, бір түлетті. Халық көзіне жас алып, «өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды» деп ерекше бір толқыды. Халықтың Наурызды зарыға күткені соншалық, сол жылы Наурыз мерекесі қыркүйек айының ортасына дейін тойланды. Бұрын-соңды елімізде мұндай ауқымды той болмаған деседі. Содан бері Наурыз мерекесі халқымыздың жылдан-жылға асыға күтетін ұлттық ұлық мерекесіне айналды.

Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында С.Ахметов еліміздің қазіргі əлеуметтікэкономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жəне Үкіметтің

кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар, одан арғы экономикалық өсімді қамтамасыз

Алдаєы отырыстыѕ кїн тəртібі ќаралды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата Төрағасы Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградаларын табыс етті. Атап айтқанда, ТМД ПАА Кеңесінің шешімімен Елеусін Сағындықов «Достастық» орденімен, Хусаин Валиев пен Орынбай Рахманбердиев «Парламенттік

ын тымақтастықты нығайтқаны үшін» медалімен марапатталды. Бюро мүшелері палатаның 27 наурызда болатын отырысының күн тəртібін қарады. Отырыста 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану

Жалаќыда бґле-жару болмауєа тиіс

Сенаторлар осындай талап ќойып отыр Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның кешегі кезекті жалпы отырысында əріптестерін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сіздерге табыс тілеймін, аманшылық болсын!», деді Қ.Тоқаев өз сөзінде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы, Сенат кеше алты мəселені қарап, талқыға салды. Күн тəртібінде бірінші тұрған Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялауға құрылған заң жобасы бойынша баяндаманы Əділет министрі Берік Имашев жасады. Баяндамашының сөзіне қарағанда, Келісім құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тəртібін, сондай-ақ, оны ұсыну мүмкіндігін болдырмайтын мəн-жайларды реттейді. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш оны алған күннен бастап тоқсан күн ішінде орындалады. Сонымен қатар, Келісімде өтінішті орындауды кейінге қалдыру да қарастырылған жəне де қарсы жақты хабардар ету үшін отыз күн беріледі. Осындай келісімдер Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Пəкстан, Грузия, Үндістан, БАƏ, Түрікменстан, Моңғолия, Əзербайжан, Литва жəне Түркия сияқты 13 елмен жасалған. Заң

жобасы бойынша пікір білдірген сенатор Орынбай Рахманбердиев халықаралық заңдық құжаттың ағылшын, орыс жəне вьетнам тілдерінде əзірленгендігін, келешекте мемлекеттік тілде жазылуы тиістігін орынды атап кетті. Мұндай уəжбен Сенат Төрағасы да келісті. Сөйтіп, заңдық құжат қабылданды. Бұдан кейін қаралған «Ең төменгі жалақыны белгілеу рəсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы да депутаттар тарапынан қолдау тапты. Халықаралық еңбек ұйымы БҰҰның Еңбек қатынастарын реттеумен айналысатын мамандандырылған мекемесі болып табылады. Ұйымға мүше елдер ХЕҰ конвенцияларын орындауға міндеттеме қабылдай отырып, тиісті жағдайлардың жасалуына орай ратификациялайды. Қазіргі кезде бұл ұйымға 185 ел мүше болып кірген. Еліміз бұл ұйымға 1993 жылы кіріп, оның 21 конвенциясын ратификациядан өткізіпті. (Соңы 4-бетте).

етудің жəне азаматтардың əлауқатын арттырудың негізгі мəселелері қаралды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

туралы хаттаманы ратификациялау туралы, заңнамаға əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын қарау жоспарланды. Бюрода Мəжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді.

 Оймақтай ой Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп. Күлтегін.

Балтабай МЕКЕЖАНОВ,

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының жетекшісі.

Наурыз мерекесін тойлау дəстүрі дүниежүзінің көптеген халықтарының тұрмыс-салтында ерте замандардан бері бар екені белгілі. Содан болу керек, Наурыз жайынан сөз қозғағандардың кейбірі оны басқа халықтардың еншісіне байлап, парсы тіліндегі «жаңа күн» деген сөзімен байланыстырады. Ал, қазіргі білеріміз, Наурызды қазақ халқының ықылым заманнан тойлап, «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше атағаны. Яғни, оны халқымыз

Ұлыстың – мемлекеттің басты, қадірлі де қасиетті күндерінің бірі деп білген. Содан да болар, Наурыз мерекесімен алғаш қауышқан кезеңде заман дастарымыздың оны мереке, той деп қана емес, өздерінің ел санатына кіргендігінің белгісі деп əріден ойлап, алты айдай тойлағаны. Наурыз мерекесі жайын əріде Шығыстың ұлы классиктері Əбу Райхан əл-Бируни, Ибн Балха, Омар Хайям, Қожа Хафиз еңбектерінен оқып білсек, беріде халқымыздың кемеңгер ұлдары ұлы Абай, Шəкəрім өлеңдерінен таба аламыз. Мəшһүр-Жүсіп Көпеев, Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұхтар Əуезов, Сəбит

Ќўрметті ќазаќстандыќтар! Ќымбатты отандастар! Баршаѕызды Ўлыстыѕ ўлы кїні – Наурыз мерекесімен шын жїректен ќўттыќтаймыз! Жаѕару мен жарасымды ынтымаќтыѕ, еѕсесі биік елдіктіѕ, іргесі сґгілмес бірліктіѕ, ырыс пен молшылыќтыѕ арќауы болєан əз Наурыз əр шаѕыраќќа шаттыќ пен ќуаныш əкелсін! Наурыз – сонау кґне заманнан тамырын тартќан, тарихи мазмўны тереѕ, əлеуметтік-рухани мəні мен маѕызы зор мейрам. Осы ќасиетті мерекеніѕ əр сəтінен ўлтымыздыѕ

болмысын, салт-дəстїріміздіѕ айќын наќышын кґреміз. Жаќсылыќтыѕ жаршысындай болєан атаулы кїнді халќымыз аќ тілеудіѕ, пəк пейілдіѕ нышаны ретінде ќабылдайды. «Ќазаќстан-2050» Стратегиясыныѕ негізгі мəні – барша отандастарымыздыѕ əл-ауќатыныѕ жыл сайын ўдайы артуы деп Елбасы Нўрсўлтан Əбішўлы Назарбаев айтќандай, келіп жеткен жаѕа жыл айтулы нəтиже мен ауќымды жетістіктерге толсын!

Ўлыстыѕ ўлы кїні елімізге, жерімізге ќўт-береке əкеліп, ізгілікті істер мен асќаралы армандарєа бастасын! Тəуелсіздігіміз тўєырлы, егемендігіміз еѕселі болсын! «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі.

Дөнентаевтар да оған көңіл қойып, кейінгілер үшін жазба деректер қалдырды. Дегенмен, Наурызды тойлаудың елімізде əлі де жүйеленбегені, тіпті, əдеттегі Жаңа жыл мерекесін тойлаудың дəрежесіне жете қоймағандығы көпшіліктің аузында. Содан да болса керек, біз Наурызды сөз еткенде əріден есіп, шет халықтарының əдет-ғұрпынан, салт-дəстүрінен, аңыз-ертегісінен жауаптар іздеуге икемделе береміз. Ол көрші, туыстас халықтардың тұрмыстіршілігінде орын алған болса, оған да табиғи, тарихи негіздер, шаруа-кəсіптің ортақтығы əсерін тигізуі əбден ықтимал. (Соңы 2-бетте).

 Венесуэладағы билікке қарсы наразылық акциялары жалғасып жатыр. Кеше сондай шараға қатысушылардың бірі, студент жігіт қаза тапты. Жалпы, елдегі əлеуметтікэкономикалық жағдайға көңілі толмайтындардың наразылықтары басталған екі айға таяу уақыт ішінде елде 30 адамның қазаға ұшырағаны белгілі болып отыр.  Малайзияның Қытайға ұшып шығып, жолай жоғалып кеткен Боинг-777-200 жолаушылар ұшағы екі аптаға жуық уақыттан бері 29 елдің қатысуымен іздестіріліп жатыр. Соңғы мəліметке сүйенсек, Үнді мұхитының оңтүстігінен бірнеше бөліктен тұратын, ең үлкені 24 метр ді құрайтын ұшаққа ұқсас объектілер байқалған. Бірақ оларды нақты ұшақ сынықтары деуге əлі ертерек сияқты.  Таиланд полициясы екі ресейлік азамат – Яна Стрижеус пен Алексей Сла бинскийді ұрлап кетті деп күдік келтірілген екі адамға іздеу жариялады. Ресейліктер Пхукетке Владивостоктан келген көрі неді. Ұрланғаннан кейін Я.Стрижеус туысқандарына хабарласып, кепілге алғандар 100 мың доллар төлем талап етіп отырғандарын жеткізген. Содан бері ұрланғандардан хабар-ошар жоқ екен.  Канадада жергілікті үндістер Онтарио про винциясындағы теміржолды жауып тастаған. Бұл желі провинцияны ел астанасы Оттавамен жəне басқа да ірі қалалармен жалғастырады. Наразылық акциясы 10 сағатқа созылған. Кейін пойыздар қозғалысы қайта жал ғасқан. Теміржол жабық кезде билік басындағылар қосымша автобус маршруттарын ашқан. Ал наразылық білдірушілер биліктен үндіс əйелдерін өлтіру ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен. Канадада 34 млн. халық тұрса, оның 732 мыңы үндістер болып табылады.  Жапонияның атақты «Тойота» компаниясы АҚШ тарапының талап етуімен 1,2 млрд. доллар айып төлейтін болды. Бұған Америкаға сатылған автокөліктердің басқару жүйесіндегі ақау себеп екен. Көптеген шағымдарға қарамастан, компания осы күнге дейін көліктерде ақау жоқ деп жалтарып келсе керек. Бірақ ақырында компания көліктердегі ақауды мойындауға мəжбүр болып, айып төлеуге келіскен жəне бұл «Тойотаның» рекордты айыбы болып табылады.  Грекия əскери-теңіз күштері жақында үш Туре 214 сүңгуір қайықтарымен толықпақ. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрі Деметриос Аврамопулос жария етті. Аталған сүңгуір қайықтарды Грекия флотының құрамына алу 2015 жылға жоспарланыпты. Корабльдерді Грекия қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жаңғыртуға 75,5 млн. еуро жұмсалмақ көрінеді. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.

Ќымбатты отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді жылдың басы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды! Наурыз барша жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мереке, елдік дəстүр. Халқымыз үшін бұл күн қашанда ырыс пен ынтымақтың, татулықтың, жаңарудың мерекесі. Ұлыстың ұлы күні елдің бірлігі бекіп, елдік мұраттар сабақталады. Ағайын өткеннен қалған өкпе-назын ұмытып, төс қағысып сəлемдесіп, бір дастарқаннан дəм татады. Бұл күні табиғат ұйқысынан оянып, күн сəулесі шуағын шашады, құстар əн салып, дала жасыл желекке оранады. Əз Наурыз келгенде жер дүние жаңарып, табиғат түлеп, төрт түлік төлдеп, дастарқан аққа толады, елдің мерейі үстем болып, жер үстінде шаттық тойы, береке тойы басталады. Халқымыздың сүйікті мерекесі бүгінгі өмірімізге еніп, ата салтымыздың жаңғыруының, дəстүрлер сабақтастығының жарқын белгісіне айналды. Өткенімізден қуат алып, келешегімізге шуақ шашатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің біздің басты қазыналарымыз – елдік жарасым мен қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызы ерекше. Осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, біз ұлы мұратымыз «Мəңгілік Ел» болу жолында еліміздің Тəуелсіздігін нығайтып, бірлігін бекем ұстаймыз. Құрметті отандастар! Наурыз, ынтымағы жарасқан елімізді молшылыққа, ал əр шаңырақты бақыт пен шаттыққа толтырсын деп тілейміз. Əрбір адамға бақ-береке тілейміз! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы.


2

21 наурыз

www.egemen.kz

2014 жыл

Бір маќсат, бір

Ұлыстың үлы күні – Наурыз мерекесі барша Қазақстан халқы үшін ортақ мереке. Осының айғағындай, Наурызды бүгінде елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар кең көлемде атап өтіп жатыр. Наурыз – Бүкілхалықтық мейрам ғана емес, Отанымыздағы түрлі этностардың мəдениеті мен

рухани құндылықтарын жақындастыратын бейбітшілік пен татулықтың мерекесі. Сондықтан бұл мейрамның еліміз халқы үшін орны ерекше. Төменде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен əдет-ғұрпында да елеулі орын алатын Наурыз мерекесі туралы топтама ұсынылып отыр.

Ўрпаќты ўйымшылдыќќа ўйытады Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз – түркі жұртының мерейлі мерекесі. Мұсылмандықты бекем ұстанған қазақ халқы бұл күнді ерекше дайындықпен өткізеді. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы əже-апалар ақ дастарқан жайып, қонақ күтіп, бата береді. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілек-дұғалар айтылатын Наурыз – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Бұл күні араздасқандар – адамгершілік, ренжіскендер – рақымдылық жолын ұстанады. Асылында, мұсылмандар үшін біреуге ренжуге де, өзгені ренжітуге де болмайды. Өйткені, Алла тағала қасиетті Құранда «Кешірім жолын ұстан» деп бұйырған. Осынау ізгілік мерекесі Наурыз да адамдарды кешірімділікке, татулыққа үндейді. Наурызды халқымыз діни деп емес, ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мереке, салт-дəстүріміздің жалғасы деп тойлайды. Имандылықпен ұштасқан, ұлт жадынан ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарды жандандыруға дін өкілдері де атсалысуда. Қазақстан

ОРТАЌ МЕЙРАМ

Бўл – таѕєажайып кґктем тойы Наурыз – ежелгі дəстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл, сонымен бірге, таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. Осы бір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сəтте сіздер де зор қуаныштарға бөленгейсіздер. Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін! Айта кетейін, тəуелсіздік жылдарында біздің тəуелсіз еліміз – Қазақстан басқа мемлекеттер ғасырлап жете алмаған жетістіктерге қол жеткізді. Мұның бəрі, əрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Сол саясаттың арқасында елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүруде, əрбір

ұлттың өз дəстүрлері сақталып, оның дамуына барлық жағдай жасалған. Мен киелі Маңғыстау жерінде, ақшаңқан қала Ақтауда туып, осында өстім. Сондықтан, өлкемнің əрбір қиыры мен үшін ыстық. Өзім Қазақстандай беделді мемлекетте тұрып жатқанымды мақтан тұтамын. Қазақ халқына деген құрметімді білдіру үшін қазақ тілін кішкентай кезімнен үйреніп алдым. Орыс мектепті бітіріп, оқу орнында орыс тобына түсіп, қазақ достарыммен мемлекеттік тілде сөйлесіп жүрдім, əртүрлі сайыстарда мемлекеттік тілді білу бойынша қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алдым. Қазір менің достарымның арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Біз бəріміз ешқашан ұлтқа бөлінбейміз, себебі, біз бəріміз

Татулыќтыѕ жўмаќ мекені Күн мен түн теңеліп, жер-əлем өзгеше қалыпқа еніп, тіршіліктің қайта түлер кезімен тұспа-тұс келетін Наурыз мерекесі бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Ұлыстың ұлы күнін Қазақстандағы ұлт пен ұлыстың барлығы өздерінің төл мерекесіндей тойлайды. Жыл сайын қала орталығына жиналып, ұлтына, тіліне, дініне қарамай, бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай тұтастықпен мерекені атап өтіп жатқан халық сөзіміздің дəлелі болса керек. Қазақ халқы айтатын «жуан жіңішкеріп, жіңішке үзі лер» алдында келетін көктем мерекесіне қазақстандықтардың құрметі мен

қуанышы ерекше екенін айтқым келеді. Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі. Бүгінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасын да Қазақстан бірліктің, татулықтың, толеранттылықтың жұмақ мекеніне айналып отыр. Кеңбайтақ елімізді мекендеген барлық ұлт өкілдерінің арасында зор түсіністік қалыптасқан. Олар Қазақстанды өзінің туған Отаны санайды. Сондықтан мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, тұрақтылықтың сақталуына барынша мүдделі жəне сол жолда аянбай еңбек етіп келеді. Біздің

Жоєары деѕгейде ґткізудеміз Еліміздегі барша əзербайжан ұлысының атынан қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын. Босағамыздан енген Наурыз мерекесі əр отбасына береке, ошағына жылылық əкелсін. Биыл ұлық мерекені Достық үйінде жоғары деңгейде өткізуді жос парлап отырмыз. Онда өңірдегі барлық ұлт пен ұлыстар би билеп, əн айтып, ақ дастарқаннан дəм татады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында шығыс өңірінде əзербайжан ұлысы өзге ұлт өкілдерімен бірге тату-тəтті тіршілік

етуде. Мəселен, облыста əзербайжандардың «Азери» атты этномəдени бірлестігі жұмыс істейді. Біз елімізде алғаш рет құрылған Өскемен қаласындағы Достық үйінде өз ұлтымыздың дəстүрі мен ғұрыптарын өскелең ұрпақтарымызға насихаттауға мүмкіндік алып отырмыз. Этномəдени бірлестігімізде «Азери» ансамблі əзербайжан халқының ұлттық өнерін насихаттап, түрлі облыстық, республикалық ісшараларға атсалысып жүр. Əзербайжан этномəдени бірлестігінің атқарушы директоры ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің

мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды «Дін мен дəстүр» жылы деп жариялады. Халқымыздың «көрімдік, ерулік, сүйінші, сыбаға, базарлық, жылу, асар» сынды асыл мұралары қазақтың дарқан мінез, кеңпейіл, қонақжай, бауырмалдығының бұлтартпас дəлелі. Дəстүріне бекем ұрпақ рухани құндылықтарға құрметпен қарайтын болады. Міне, ұлттық мерекеміз əз Наурыз ұрпақты ұйымшылдыққа ұйытады, үлкен-кішіні сыйлай білуге тəрбиелейді. Алла тағала ырыздық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаратушы Иеміз ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген, дініміз бен діліміздің жанашыры болған Елбасына, халық қамын ойлаған азаматтарға, жалпы халқымызға күш-қуат, ынтымақ нəсіп еткей! Раббымыз мемлекетіміздің тəуелсіздігін мəңгілік етіп, дініміз бен дəстүріміздің, еліміздің еңсесін биіктетсін! Иманды да ибалы ұрпақ сабақтастығы жалғасын тауып, ұлы мұраттарға ұмтылған халқымыздың тілегі қабыл, мұраты асыл болғай! Əумин!

Ўлыстыѕ ўлы кїні

тəуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз. Біз осы елде, осы жерде туып-өстік, демек, өз еліміздің гүлденуі үшін аянбай еңбек ететін боламыз. Келешектегі мақсат-мұратымыз, арманойымыз ортақ, сондықтан, Наурыз секілді ұлы мейрам да баршаға ортақ. Бұл күнді біз қуана қарсы аламыз, қазақ достарымызбен бірге атап өтеміз. Менің ойымша, əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену біздің алға қойған мақсатымыздың алғашқы сатысы ғана. Біз жастармыз, алдымызда талай думанды жылдар, жарқын болашақ күтіп тұр деп сенеміз. Қазақстанды мекендеуші, бір шаңырақ астындағы барша халық жыл сайын Наурыз мейрамын амандықпен қарсы алайық. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда барсақ жол болсын деген тілегімді республикалық «Егемен Қазақстан» газеті арқылы отандастарыма жеткізгім келеді. Грета ХАЧАТУРЯН, «Ехпайрутюн» армян этномəдени бірлестігінің мүшесі.

Маңғыстау облысы.

елде ешбір этностың құқы шектелмейді, салтдəстүрі, тілі мен дінінің сақталып, дамуына оңтайлы жағдай жасалған. Бұл – бірліктің арқасы. Ал бірлік бар жерге берекенің келері анық. Қазақстанның əлемдік қоғамдастық алдында зор беделге ие болып, жыл өткен сайын экономикасы дамып, əлеуметтік жағдайы артып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып жатқаны берекелі өміріміздің нақты көрсеткіші. Көреген Елбасымыз бар. Біртұтас халқымыз бар. Сондықтан Қазақстанның болашағы баянды боларына нық сенемін. Ұлттың ғана емес, ұлыстың ортақ қуанышына айналған Наурыз мерекесі Қазақстан халқын біріктіретін негізгі фактор деуге болады. Ендеше, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Владимир ТОЛОКОННИКОВ, «Қазақстанның орыс қауымы» біріккен қоғамының Қызылорда облыстық филиалының директоры.

ішкі саяси тұрақтылығын сақтаудағы маңызын ерекше атап өткім келеді. Мемлекетімізде ешқандай ұлтаралық түсініспеушілік жоқ. Барлық мəселелер келісіммен, достық қарымқатынас арқылы шешіледі. Бұл ретте Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша алғыс білдіреміз. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында екі мыңға жуық əзербайжан ұлтының өкілдері тұрады. Əзербайжан этномəдени бірлестігі Мазахир Гамзаевтың жетекшілігімен қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, тəуелсіз мемлекетіміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді. Азай ВАЛИЕВ, облыстық əзербайжан этномəдени бірлестігінің мүшесі.

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы.

(Соңы. Басы 1-бетте). Десе де, айтулы мерекені тойлау дəстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің, солардың қатарында қазақтардың тұрмыс-салтында ерте замандардан орын алған. Қазақтар үшін Наурыз «Ұлыстың ұлы күні», «жыл басы». Қыс бойы тұрмыс тауқыметін көрген, қысылып шыққан жан-жануар, айнала табиғат наурыз айының келуімен түрленіп, күн көзімен бойлары жылып, қайтадан тіршіліктерін жалғайды. Сондықтан да, халқымыз Наурызды «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы» – жылқышы торғай келген күн» дегендей бейнелі сөздермен ардақтап, жылдың басына теңеген. Осы мерекені тойлайтын халықтардың əрқайсысының ертеден қалыптасқан өзіндік ерекше дəстүрлері бар. Мəселен, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлап, сол күндері əр жерлерге от жағып, отқа май құяды. Жаңа киім киіп, ескілерін тастаған. Қонақтарға жеті ақ кесемен дəстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынып, бір-біріне гүл сыйлайды. Үйлерінің қабырғасына “күн символын” салып, үйдің ішіне гүл іледі. Ертедегі қазақтар болса, На урыз ды таң себездеп атуымен тойлауға кіріскен. Сол түн халқымыздың түсінігінде «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр түнінде ұйықтамау үшін ауыл жастары алуан түрлі ойындар ойнап ұйықтамауға тырысқан. Олар Қызыр – атаның назарына түсіп, бақытқа ие болуға ұмтылған. Яғни, наурыз айының 21-і түні даланы Қызыр аралайды екен. Қызыр – адамдарға дəулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпіндегі қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп

жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Міне, сол күн «Самарқанның көк тасы еріген күнге» теңелді. Қонақжай халқымыз сəн-салтанатпен киініп, дастарқан мəзірін наурыз көжемен əрлендірген. Дастарқанға алдымен сүт тағамдарынан, дəн тағамдарынан, жемісжидектен, сонымен бірге, еттен жеті түрлі дəм қойып, үйінде барын қонағына ұсынған. Салт бойынша қойдың басын ауыл ақсақалына тартқан. Ал бас қалары «жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын» десіп, наурыз көжені тоя ішеді. Ас соңында сыйлы қонақтардың үлкені – ақсақал адам үй иесіне жаңа туған наурыздың отбасына бақ-береке, молшылық, жақсылық əкелуін тілеп, батасын береді. Жиналған жұрт: «Ауызды ақтан айырмасын, қызылды уақытымен көрсетсін!» деп тарқасады. Наурыз түнгі дəмді қастерлеп, одан алыс сапарда жүрген адамдарға, қадірменді ақсақалдарға сыбаға сақтаған. Жастар жағы мерекені одан əрі жалғастырып, əртүрлі ойындар ойнап, əн салып, би билеген. Ақындар айтысып, ат жарыстырған, қазақша күреспен жалғастырған. Түнде «Алтыбақан» теуіп, жастар жағы бірін бірі қимай қосылып əн салған. Ауа райы жылы өңірлерде Наурыз мерекесі арықтарды тазалап, су жіберіп, ағаш егуден басталған. Ал мерекенің екінші күні адамдар егістікке шыққан. Наурыз күнінің тағы бір ерекшелігі, ол – адамдардың бір-бірімен көрісуі. Ұлыс күнінде кездескен кісілер сəлемдесуде дəстүр бойынша бірбірін: Наурыз құтты болсын! Өмір жасың ұзақ болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Пəле-жала жерге енсін! – деп құттықтап, ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырады, ал əйелдер

болса құшақтасады. Бұлардың бірқатары уақыттың өтуімен, əртүрлі тарихи кезеңдердің əсерінен қазіргі күні ұмытылуға айналғаны рас. Оларды ауыстырып, орындарын толықтыратын жаңа дəстүрлер қосылмағандықтан, бүгінде Наурыз тойында киіз үй тігіп, қазақша киім кию, əн айтумен шектеліп жүрген жайымыз бар. Бүгінде оның халықтың тұрмыстіршілігімен байланысты мəн-маңызы көмескі тартып, ол көктем мейрамының бір белгісі ретінде ғана аталып өтуде. Асылында, қаны бір, салт-дəстүрі ұқсас түркі тектес халықтардың сабақтастығын осы Наурыз мерекесін тойлау арқылы өрбітіп, дамыту қажет. Міне, сонда ол салт-санамыз бен рухани-мəдени дүниемізді байытатын, бір-бірімізді жақындастыратын, тек түбі бір халықтарды ғана емес, Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа да этностардың басын қосып біріктіретін ортақ құндылыққа айналары сөзсіз. Ол ұлттық рухымызды оятып, адамгершілік қасиетімізді гүлдендіре түспек. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында дəл осы мəселеге баса мəн беріліп, «...жалпы қазақстандық мəдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мəдени саясаттың ұзақ- мерзімді тұжырымдамасын əзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бəсекеге қабілетті мəдени менталь дігін қалыптастыруға, заманауи мəдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек», делінгені баршамызға белгілі. Қорыта айтқанда, жас ұрпақты ата дəстүр негіздерінде тəрбиелеуде маңызды рөл атқаратын Наурыз мерекесін өз дəрежесінде дəріптеп, қастерлей білейік, ағайын! Наурыз оң болсын, ақ мол болсын, еліміздің тұғыры нық болсын!


21 наурыз

3

www.egemen.kz

2014 жыл

мїдде, бір болашаќ! Төрттаған – рубайларымен əлемге əйгілі атақты ақын Омар Һайямның (Ғийас əд-Дин Əбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим əл-һайям) көрнекті математик, астроном, философ та болғандығы жақсы белгілі. Танымал аудармашы Клара СЕРІКБАЕВА «Егемен Қазақстанға» Наурыз қарсаңында Омар Һайямның «Наурыз-наме» атты еңбегін ұсынды. Бұл материал Германия (Берлин) мемлекеттік кітапханасындағы қолжазбадан, кейбір бөлімдері Британия мұражайындағы (Лондон) қолжазбадан алынған. «Сөзді қадірлей білетін жақын бір досым менен Наурызды тойлау дəстүрі қай уақытта пайда болды, ол рəсім қай патшаның тұсында негіз тапты деген жайттарды ашып беруімді өтінді. Досымның тілегін қабыл көріп, Құдіреті күштінің қолдауымен Наурыздың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат бердім», дейді еңбектің бастауында ұлы ақын. Біз сол еңбектің үзіндісін жариялап отырмыз. Наурыз мерекесі қарсаңында оның шығу тарихы туралы мұндай мағлұмат ешкімге де артық етпейді деп ойлаймыз. Бұл еңбектің бір құндылығы күн мен түн теңесетін наурыздың астрономиялық тұрғыдан терең ғылыми негізі бар екенін математикалық дəлдікпен дəлелдейтіндігінде.

оларды құдіретті Йзад ғаламға жіберген он екі періштенің атымен атаған. Жəне ол үш жүз алпыс бес күн жəне тəуліктің төрттен бірінен тұратын үлкен айналымды анықтап, оны үлкен жыл деп атап, төртке бөлген. Үлкен жылдың төрт мерзімі өткенде үлкен Наурыз келеді де бар дүние түлеп-жаңарады. Патшалар орнатқан тағы бір дəстүр – жаңа жыл басында жарылқау алу ниетімен олар басқа да мейрам күндері мен даталарды атау рəсімдерін өткізіп отыратын болған. Наурыз күнін тойлап көңілді өткізген адам жыл бойы көңілді де жайлы күй кешеді деп сенген. Бұл тəжірибені ғалымдар патшалары үшін арнайы белгілеп беретін болған. Фарвардин айы – пехлеви тілінен келген сөз, өсімдіктердің өсіп-өне бастаған уақытын білдіреді. Бұл ай Тоқты шоқжұлдызына жатады, айдың басынан аяғына дейін Күн осы жұлдыз шоғырынан табылады.

Наурыз-наме Кітапта Иран патшаларының заманында Наурыз қай күндері тойланған, қай патшаның дəуірінде бұл дəстүр бастау тапқан, ол күн не себептен тойланатын болған деген сияқты Наурызға қатысты ақиқаттар ашылады. Жəне патшалардың басқа да салт-дəстүрлері, олардың күнделікті тіршілікте қолданылатын əртүрлі амал-əрекеттері сөз болады. Наурызды тойлау дəстүрінің пайда болуы жайына келер болсақ – Күннің екі түрлі айналымы бар екені баршаға мағлұм. Оның бірі – əрбір үш жүз алпыс бес күн жəне тəуліктің төрттен бір бөлігі толғанда Тоқты жұлдызының бірінші минутында еш өзгеріссіз оралып тұрады. Жəне бұл белгілі мерзім жыл сайын қысқарады. Жəмшид өзгермейтін заңдылықпен қайталанып отыратынына көз жеткізген соң осы күнді Наурыз деп атап, оны тойлап отыруды дəстүрге айналдырған. Жаңа бастаманы патша да, қалың жұрт та хош көріп қолдайды. Иран патшасы Кайумарс Бірінші патшалыққа келген соң бұқара халықтың білуі үшін жылдың айлары мен күндеріне атау беруді, жыл есебін жүргізуді бұйырады. Тоқты жұлдызының Күнмен қиылысқан алғашқы сəтін анықтаған соң мүбəдтарын (зорастрий дініндегі жоғарғы дəрежелі абыз. – Аудармашы) шақырып бұдан былай жыл басы дəл осы уақыттан басталатын болсын деп өкім береді. Мүбəдтары да кеңесе келе ендігі уақытта жыл есебі айтылмыш сəттен басталсын деген шешім қабылдайды. Иран мүбəдтары, өз замандарының ғұлама ғалымдары болған, олардың айтуынша Құдіретті де қасиетті жаратушы Йзад (Йзад жəне Йаздан – көне замандарда Иранда Құдайдың аталуы, «Наурызнамеде» Құдайдың исламға дейінгі атаулары қолданылған. – Аудармашы) он екі періште жаратып, олардың төртеуін көкке жібереді — көк дүниесін жын-сайтаннан қорып тұрулары үшін, төртеуін дүниенің төрт тарапына жібереді — жын-сайтандар Қаф тауынан асып өтіп кетпеулерін бақылап тұрулары үшін, қалған төртеуіне көкте де жерде де еркін жүріп адам баласын жын-сайтанның терістігінен сақтап тұруын бұйырады. Мүбəдтар айтқан, бұл ғалам басқа бір ғаламның ішінде тұр — көне ғимараттың ішінен жаңа ғимарат салынғанындай жəне құдіретті Йзад Күнді нұрдан жаратқан, сонан соң күннің көмегімен жер мен көктерді жаратқан деп. Барлық адам баласы Күнді құрмет тұтады, өйткені ол Йзад нұрынан жаралған нұр. Олар Күнді салтанатты түрде құрметтейді, өйткені Йзад басқа

жаратылыстарынан гөрі күннің жаратылуына ерекше көңіл аударған, айталық: патша құлдарының біріне ерекше мейірімін төгіп, барша қауым алдында оның артықшылығын ерекшелеп отыратын болса, патшаның сүйікті құлына құрметпен қарау – патшаның өзіне құрмет көрсеткенмен бірдей болғаны сияқты. Күн сəулесінен келер берекет барлық жерге бірдей түсуі үшін құдіретті де Қасиетті Йзад Күнге орнынан сəл қозғалуды бұйырады. Сонда тұрған орнынан сəл қозғалған Күн Тоқты жұлдызының тұсына көтеріледі. Сол мезетте жарық пен қараңғылық айырылады да тəулік күн мен түнге бөлінеді. Дүние тарихы осылай басталған. Бұдан соң бір мың төрт жүз алпыс бір күн өткенде Күн белгілі күні, белгілі сағатта, дəл сол жерге қайтып оралады (1461 = 4 х 365¼, яғни Күннің жылдық айналымы 365¼ тəулік десек, тура 1461 жылдан соң Күн аспанның дəл сол нүктесіне, дəл сол минутта қайтып оралады. – Аудармашы). Осы мерзімде Юпитер мен Сатурн жетпіс үш рет түйіседі. Бұл сəтті «кіші түйісу» деп атайды. Ол жиырма жылда бір рет қайталанып тұратын заңдылық. Күн айналымын аяқтап сол нүктеге қайтып оралғанда Сатурн мен Юпитердің түйісуі Сатурнның құлдырау мерзіміне сай келетін жұлдызбен ұшырасады. Ал ол жұлдыз – Сатурнның өрлеу сəтіне қарама-қарсы тұрған Таразы (Мизам) шоқжұлдызында. Бұл Күннің бір айналымы. Екінші айналымы — біз көрсеткен ретпен жəне біз көрсетіп кеткен жұлдыздардың жолымен өтеді (Қосылу (қиран) — қарама-қарсы тұрған, геоцентрлік ұзындығы түйісетін екі жұлдыз. Юпитер мен Сатурнның 19 жыл 314 күнде түйіседі, ал 1450 жылда бұлар 73 рет түйіседі. – Аудармашы). Күн Тоқты шоқжұлдызынан шыққан сəтте құдіретті Йзадтың əмірімен Сатурн, Юпитер басқа да жұлдыздар сол жерге шоғырланып, дүниенің реті өзгерді, дүниеге жəне оның тағдырына байланысты басқа құбылыстар да орын алды. Күн айналымын əркім өздігінен бағдарлап тануы мүмкін болмағандықтан жəне Күнге деген ерекше құрметтерін білдіру мақсатында Иран патшалары осы күнді (Наурыз) тойлау дəстүрін енгізіп, ол дəстүрдің өзгермей сақталып отыруын қадалаған. Кайумарс бұл күнді жаңа жыл есебінің басталуы деп жария еткенде Күннің əрбір үш жүз алпыс бес күндік айналымын он екіге бөліп, əр бөлігін отыз күннен тұратын қылып,

Урдбихишт – яғни, бұл айдың көтеріңкі көңілді жайы бейішке ұқсайды, пехлеви тілінен бихиш – бейіш, урд – сияқты (ұқсас) деп аударылады. Бұл айда Күн Торпақ шоқжұлдызынан табылады – көктемнің бел ортасы. Хурдад айы – адам баласын астық өнімімен, көкөніс-жемістермен қамтамасыз ететін ай. Бұл айда Күн Егіздер шоқжұлдызында. Тир айы – бидай, тары сияқты астық түрлерінің алғашқы өнімдерін бөлісетін мерзім. Шаян шоқжұлдызында тұрған Күн төмендей бастайды — жаз маусымының алғашқы айы. Мурдад айы – жер беретін жеміс өнімдерін бұл уақытта толық беріп болады. Бұл айдың ауа райы жер топырағының табиғатына ұқсас келеді. Жаз маусымының тең ортасы. Бұл айда Күн Арыстан шоқжұлдызында. Шахривар айы – патшалардың қазынасын толтыратын молшылық айы. Шаруа адамының салық төлеуіне қолайлы мезгіл. Бұл айда Күн Бикеш шоқжұлдызында. Михр айы – адам баласының арасында достық пен бірлік нығая түсетін мерзім, жер берген астық өнімі, миуа-жемістер – солардың ризығына, олар бас қосып бұйырған молшылыққа ортақтасып ішіпжейді. Күн бұл айда Таразы шоқжұлдызына ауысады. Күз маусымының алғашқы айы. Абан айы – жаңбыр көп жауатын мерзім болғандықтан су мол болады, диқандар егіндіктерін суарумен айналысады. Бұл айда Күн Шаян шоқжұлдызына көшеді. Азар айы – пехлеви тілінде «азар» – «от» дегенді білдіреді. Ауа райы суыта бастағандықтан от жылуына мұқтаждық күшейе түседі, яғни бұл «от» айы. Күн бұл айда Мерген шоқжұлдызында. Дай айы – пехлеви тілінде «дай» – «сайтан» дегенді білдіреді. Бұл айдың райы қаһарлы, жер бетіндегі жайдары жайсаңдық өткен сəт болғандықтан оны жайсыздығына орай «дай» деп атаған. Күн Таутеке шоқжұлдызында. Қыс маусымының алғашқы айы. Бахман айы – ауа райы суыта түседі, құрғақшылық орнайды, бұл айдың мінезқұлқын «дай» айына ұқсатады. Бұл айда Күн Сатурнмен бірге Суқұйғыш жұлдыздар шоғырында, Таутеке шоқжұлдызына жақын тұрады. Исфандармуз айы – пехлеви тілінен «асфанд» – «жеміс» деп аударылады, яғни бұл айда өсімдіктер мен жеміс ағаштары тамыр жібере бастайды. Осы айда Күн

жұлдыздар керуеніндегі соңғы – Балықтар шоқжұлдызына ойысады. Кайумарс бұл уақытты он екіге бөліп жыл есебінің бастамасын белгілейді. Бұдан соң ол қырық жыл өмір сүрген («Шахнаме» Кайумарстың неше жыл патшалық еткенін көрсетпейді. Абу Рейхан Бируни «Памятники минувших поколений» деген еңбегінде аңыздардың бірінде Кайумарс 213 жыл патшалық етті десе, екінші аңызда — 40 жыл, үшіншіде – 30 жыл деп көрсетілген дейді. – Аудармашы). Ол дүниеден қайтқан соң таққа келген Кайумарстың мұрагері Хушанг тоғыз жүз жетпіс жыл патшалық еткен (Хушанг – «Шах-наме» бойынша Кайумарстың немересі – жын-сайтандардың əрекетінен өлген ұлы Сиймақтың баласы. Хушанг жындарды өлтіріп, адамдарға егін егуді, қолөнерімен шұғылдануды үйреткен, от табуды ойлап тапқан. Патшалық мерзімі жайында деректер əрқилы. – Аудармашы). Хушанг жын-сайтандарды жеңіп темір ұсталығы, ағаш ұсталығы, тоқыма тоқу сияқты қолөнерлерін жəне ара балын алу, жібек құртынан жібек мата өндіруді ойлап тауып, бүкіл ғұмырын шат-шадыман жайсаң күйде өткізген. Оның есімі ел аузында тек жақсылықпен аталатын болған. Онан соң таққа Тахмурас отырып, отыз жыл патшалық еткен (Тахмурас – «Шахнамеге» қарағанда Хушангтың ұлы. ƏлБируни келтірген аңыздар бойынша 30 жыл патшалық еткен (Бируни, 113-116-б). – Аудармашы). Ол да жын-сайтандармен күресіп, көше, базар салғызған, жүн мен жібек жіптен тоқыма тоқуды дамытқан. Сабилер дінін дəріптейтін тақуа Бозасп (Бузасп – жұлдыздарға табынушылар – саби дінінің негізін салушы. Əл-Бируни: «Жалған пайғамбарлардың алғашқысы. Тахмурас өлген соң Үнді жеріне парсы жазбасын əкелген, сабилер дінін дəріптеген. Оған ерушілер көп болған» (Бируни, 201б). – Аудармашы) деген адам бұған қарсы шыққан. Тахмурас сабилер дінін қабыл көріп зуннармен (белбеу. – Аудармашы) белін буған. Күнге табынып, адамдарға жазу жазуды үйреткен. Тахмурас – яғни, жынсайтандары жеңуші деп аталған. Өзінен соң патшалыққа інісі – Жəмшид келген. Жыл есебі басталған уақыттан бері бір мың қырық жыл өтті, фарвардина айының алғашқы тəулігінде Күн тоғызыншы (Мерген) шоқжұлдызына енген. Жəмшидтің патшалығынан соң төрт жүз жиырма бір жыл өткенде Күннің бұл айналымы аяқталып, фарвардин айында Күн Тоқты шоқжұлдызының басына ауысады да дүние теңдігі орнайды. Жəмшид жын-сайтандарды жеңеді, монша салуды, зерлі мата (парча) тоқуды бұйырады. Оған дейін зерлі мата «сайтанның тоқымасы» (парсы тілінде парча – зерлі тоқыма – «даба» деп аталады, «диб-бафт» – «сайтанның тоқымасы» деген сөзден шыққан. – Аудармашы) деп есептелген. Бірақ, ақыл мен тəжірибенің арқасында адам баласының түсінігі өзгеріп, қазіргі қалыпқа жетіп дамығанын көреміз. Онан соң Жəмшид есек пен жылқыны будандастырып, қашыр тұқымын шығарады. Жер асты қазбаларынан асыл тастар тауып, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарын жасауды жолға қояды. Тау-кен қойнауларынан алтын, күміс, жез, қола, қорғасын сияқты пайдалы заттарды өндіріп олардан тəж, тақ, білезік, алқа, сақина сияқты құнды заттарды жасауды іске асырады. Мускус, амбра, камфара, шафран, алоэ сияқты жұпар иісті заттарды табады. Сөз болып отырған күн жыл сайын тойланатын болып, оның атын Наурыз деп атайды. Фарвардин айының бірінші күнін жаңа жылдың басы деп, оны Күннің үлкен айналымы басталғанға дейін мейрам күні есебінде тойлап отыру дəстүрінің сақталуын бұйырған. Наурыздың басталу тарихы осындай. Қазақ тіліне аударған Клара СЕРІКБАЕВА.

Ќуанышпен ќарсы алудан жазбаймыз Қазақбай ҚАСИМОВ,

Қазақстан түріктері этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚХА мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

Жер шарындағы шығыс халықтарының, мұсылмандар қауымының аса қадірлі де қасиетті, дəстүрлі мерекесі адам баласының бір-біріне деген сүйіспеншілігін, адамгершілігін, рахымдылығын, мейірбандылығын көрсететін, ата-баба салтын жаңғырта жалғастыратын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін барша қазақстандықтармен бірге өткіземіз. Наурыз барлық түркі халықтары сияқты, қазақтың да, түріктің де төл мейрамы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен əдет-ғұрып салтында елеулі орын алған ұлттық дəстүрдің бір саласы. Наурыз Жаңа жыл мейрамы ретінде 1926 жылға дейін тойланып келген. Кеңес уақытында ұлттық рухтағы дүниелерге, рухани құндылықтарымызға таршылық жасап, тойлауға тыйым салған. Қайта құру дейтін кезеңде өткенімізді еске алып, ал Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін, Құдайға шүкір, ата-баба салтын жаңартып, Наурыз мейрамын салтанатпен қарсы алып, қуанышпен өткізуден жазбай келеміз. Тəуелсіздігіміздің маңызы, міне, осында. Наурыз – табиғат мейрамы. Күн мен түннің теңелген күні, яғни жыл басымен Наурыздың 22-сінде қауышамыз. Ал ежелгі түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша Жаңа жыл басы саналатын Наурыз айдың бірінші күні өткізілетін. Наурыз Ұлыстың ұлы күні болғандықтан, ол күні қыз-келіншек, кəрі-жас құшақтасып көрісіп, бір-біріне ақ ниетін, арман-тілегін жыртақпақпен айтады. «Амансың ба? Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ұлыс береке берсін, бəле-жала жерге енсін», деп тілек білдіреді. Болашаққа жорамал ретінде жеті тағамнан қасиетті Наурыз көже жасалынып, ұлттық ойындарымыз ойналады, ат жарысы өткізіліп, көкпар тартысады. Жер шарында мұсылмандар əлемінде бұл қасиетті мереке

күндерінде қантөгіс, қырғиқабақ шайқастар тоқтатылып, жауласу кейінгі кезекке қалдырылып тұрған. Бір-біріне деген өшпенділік, араздасу мен өкініштер кешіріліп, ынтымақ пен бірлік салтанат құрған. Қай заманда болмасын Ұлыстың ұлы күнінде Жаратқанына сыйынған əрбір пенде аңсаған арманы мен көздеген мақсатына жету үшін Жаңа жыл баспалдағын нық сеніммен аттап, болашаққа үлкен үмітпен қараған. Қасиетті Жаңа жыл – Наурыз мейрамы бүкілхалықтық мейрам ғана емес, барша мұсылмандар қауымының, шығыс халықтарының нағыз мəдениеті мен рухани құндылықтарын бір-біріне біріктіріп жəне де жақындастыратын, бейбітшілік пен татулықтың мерекесі. Жалпы адамзатқа ортақ күн мен түннің теңелген, табиғаттың оянған, шуақты да шырайлы көктемін ала келетін Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз! Алла Тағаламыз халқымызды дүниедегі ең бақытты, өркениетті елдер қатарына қосып, ұлы мерекелерге, торқалы тойларға, қуанышты күндерге жеткізе берсін! Наурыз айы тілек тілейтін ай. Бүкіл халыққа ынтымақ, ырыс, тоқшылық, ел-жұртқа қуаныш пен бақыт əкелсін. Наурыз қайырлы, құтты болсын! Бас-бас, басайық, Аққан судай тасайық, Би билейік, басайық, Наурыз тойын жасайық! АЛМАТЫ.


4

21 наурыз

www.egemen.kz

2014 жыл

Жалаќыда бґле-жару болмауєа тиіс

 Наурыз нақыштары

(Соңы. Басы 1-бетте).

Суреттерді түсірген Шүкір ШАХАЙ.

Тґселіп тґр алдына ќўраќ кґрпе... Өңірде жылда атап өтілетін əз Наурыз мерекесін белсенді ұйымдастырушылардың бірі – Қазақстан əйелдерінің ІІІ форумының делегаты, «Қанатты əйел» медалінің, «Өз мамандығының үздігі» атағының иегері Сақып Рақымжанқызы. 80-ді алқымдап қалған апай ширек ғасыр бойы жетекшілік етіп келе жатқан «Мақсат» этномəдени клубы аясында төл мерекеміздің ұлттық нақышпен, өзіндік ерекшелікпен өтуіне ұйытқы болып жүр.

– Сақып апа, сіздердің жас кездеріңізде Ұлыстың ұлы күні қалай тойланушы еді? – Қазіргіге қарағанда, айырмашылығы жер мен көктей десем, артық айтқандық емес, қарағым. Туған жерім – Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы. Соғыс басталар алдында туған-туыстарым Қорған жаққа қоныс аударған. Əкем Рақымжан еңбек майданына алынады. 13 құрсақ көтерген анам Қайриша он саусағынан өнер тамған шеберлігінің арқасында шиеттей балаларды асырағаны əлі есте. Осы қасиеті қыздарына да дарыды. Мен Макушино қаласындағы тігін артеліне жұмысқа орналасып, ұлттық киімдерді əшекейлеп, өзіндік мəнермен пішуге үйрендім. 1959 жылы Ресей Федерациясының жеңіл өнеркəсібі министрлігі ұйымдастырған жас шеберлер байқауына қатысып, алғаш рет марапатталғаным есімде. Жат жерде жүрсек те, үлкендер əз Наурызды тойлауды еш ұмытпайтын. Өзіндік сəнсалтанатпен қарсы алып, шығарып салатын. Кəрісі де, жасы да үй-үйді аралап, бір-бірімен құшақтасып есендесетін. Қырғи-қабақ танытып жүргендерді татуластырып, қол алыстыратын. «Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын! Ұлысқа береке берсін! Пəле-жала жерге енсін!» деген бата-тілектер айтылып, адамдар күн мен түннің теңелуін шын ниетпен қарсы алатын. Ол кездері Наурыз мерекесі бірнеше күнге ұласып, əр шаңырақ қазақтың салт-дəстүрлерін көрсететін. Əжелеріміз баптап пісірген жеті дəмнен құралған наурыз көжеден алдымен ауылдың ақсақалдары ауыз тиіп, сосын балаларға кезек келетін ерекше тəртіп болатын. Жас келіншектер қолдарына шырақ алып, «Алас, алас, пəле-жаладан қалас» ырымын жасайтын. Ыдыстарды алып шығып «Ақ мол болсын!» деп су құятын. Бидай шашып, «Жылымыз тоқ болсын!» деген тілектер айтатын. Суды ыдыстан ыдысқа ағызып, бұлақтың «көзін» ашатын. Жастар жағы бір-біріне сыйлық, сүтке бал қосқан «селт еткізер» тағамын ұсынатын. Бастаңғы, алтыбақан, тоқым қағу сықылды ойындар ойналатын. Жарапазан айтқан балалар

да сыйлықтан құр қалмайтын. «Астың бетін ашық қалдырма, асты телміртпе, ас – тəңірің берген несібең» деген үлкендердің қағидаларын құлағымызға сіңіріп өстік. Осылайша жас ұрпаққа имандылық, тəрбие, ізеттілік үлгілерін құр сөзбен емес, жанды суреттер, нақты іс-əрекеттер арқылы ұқтыратын. Есімде еміс-еміс қалғаны – осылар. Қазір Наурыз қарсаңында үй-ішін ағартып, төсекорындарды жаңалап тазалыққа бейімдейтін шаралар да ұмыт болып барады. – Сіздің ұйытқы болуыңызбен құрылған «Мақсат» клубы халқымыздың салт-дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын, ұлттық мерекелерді талмай насихаттап келе жатқан киелі шаңырақтардың бірі. Осы жөнінде əңгімелеп берсеңіз? – 1967 жылы Петропавл қаласындағы №5 артельде, кейін Бескөл аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында киім пішуші, меңгеруші қызметтерін атқардым. 1970 жылы облыстың «Ең үздік киім пішуші шебері» атағын иелендім. Ұлттық киімдерді өзгеше тігу мəнерім ұнаған болу керек, тапсырыстар көптеп түсе бастады. Ал, 1989 жылы «Мақсат» əйелдер отауының ұйымдастырылуының басты себебі, сол кездері ортамызға көненің көзіндей қайта оралған əз Наурыздың тарихтың тереңінен тамыр тартатын ұлттық болмыс-бітімін жұртшылықтың бойына сіңіру еді. Қатарымызға Шəмшия Қуандықова, Манап Қабдөшева, Мəрияш Нұғыманова, Зайра Сағындықова, Айман Майлина, Мүслима Жүрсінова секілді ұлттық өнер жəне тағам шеберлері тартылып, басты атрибутымыз ретінде аққудай ақ кимешек кию дəстүрін қалыпқа енгіздік. Бел ортасында өзің де жүрдің ғой. Содан бері бірде-бір Наурыз мерекесінен шет қалған емеспіз. Киіз үйлердің ішкі жасауы мен тұрмыстық бұйымдарын жабдықтау бізге жүктелді. Ұлттық нақышпен безендірілген көрпелер, жастықтар, шымылдықтар, қоржындар ға көздің жауын алатын ою-өрнектер құрастырылып, өзгеше үйлесім тапты. Түкті кілем, алаша, желбау, басқұр, таңғыштардың

алуан өрнегі қойылды. Əсем өрнекті кебеже, асадал, жүк аяқ, ағаш тегене, аяқ-табақ үлкен қызығушылық тудырды. Ет тарту, ет жасау, ас беру дəстүрлері түсіндірілді. Менің үйімдегі күнделікті тұтынатын үй тұрмысы заттарын ою-өрнексіз кездестіру қиын. Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген бір сайыста төрт немереме де ұлттық киім кигізіп, өзім «Ал, кəнекей, əжелер!» байқауының жеңімпазы атандым. Келінім Сағила да ісмер. 2001 жылы Астана қаласында ел Тəуелсіздігінің 10 жылдығы қарсаңында өткен Қазақстан əйелдерінің ІІІ форумында Елбасымыз біз дайындап əкелген қолөнер көрмесіне арнайы назар аударды. Менің ұсыныстарымды мұқият тыңдап, тиісті орындарға тапсырма берді. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайында біз жабдықтаған киіз үйдің жүлделі орын алғанын айта кеткен жөн. – Ұлыстың ұлы күнін тағылымды, есте қаларлықтай өткізудің тағы қандай жолдары бар деп ойлайсыз? – Бізге Наурыздың экологиялық, астрономиялық, имандылық, табиғи мəнін түсіндіру жағына үлкен назар аударған дұрыс. Тепе-теңдік, теңелу, тазару, рухани жаңару мерекесі екендігі, Наурыздың қарсы алынуы, басталу дəстүрі, қоршаған ортаны қорғауға арналған дəстүрлер, ұлттық киімдерді киюге баулу, салтдəстүрлерді тек сахналық көрініс етіп көрсетпей, қазақтың өшпес дүниетанымының бірі ретінде уағыздау шаралары балабақшалардан, мектептерден бастау алу керек. «Бір тал ексең, Наурыз күні он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша – тал қалсын» деген сөздердің тəрбиелік, өнегелілік мағынасын ұғындырудың маңызы зор. Сосын Ұлыстың ұлы күні мейрамында құрылған киіз үйлердің есігін тарс жауып, қарапайым халықты кіргізбеу, арақ-шарап ішу секілді келеңсіз əдет əлі тыйылмай келеді. Осындай жағымсыз жайттарды доғару керек. Əңгімелескен Ботагөз ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл кенті. ––––––––

Суретте: «Мақсат» этномəдени клубының жетекшісі Сақып апай. Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Конвенцияның мақсаты ең төменгі жалақыны белгілеу рəсімінің имплементациясы жөніндегі міндеттемелерді мемлекетке бекітіп беру болып табылады. Оның ережелері өнеркəсіптің белгілі бір салаларында немесе секторларында жұмыс істейтін еңбекшілерге қолданылады. Елдердің кəсіпкерлер мен еңбекшілерді қолданыстағы ең төменгі мөлшерлемелер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жəне жалақының осы мөлшерлемеден төмен болмауы үшін бақылау жүйесі мен санкциялар түрінде қажетті шаралар қолдануға тиіс. Аталған құжатта неғұрлым төменгі мөлшерлемелер бойынша жалақы алған еңбекшілердің өздеріне толық төленбеген соманы сот тəртібімен немесе өзге де заңды рəсім арқылы алу құ қықтары айқындалған. Еңбеккерлердің жалақысына қатысты білдірген пікірінде сенатор Қожахмет Баймаханов мұ най компанияларын мысалға келтірді. Депутат бұл ретте Қызылорда облысындағы бір компанияда қытайлық азаматқа техникалық қауіпсіздік саласындағы жұмысы үшін 5 мың АҚШ доллары төленіп келсе, артынша сол қыз метке Қазақстан азама ты алынғанда оған 500 мың теңге тө ленгенін алға тартты. Сондай-ақ, Қызылорда мен Атырау облыстарындағы компаниялардың бұрғышылары əртүрлі жалақы алып келе жатқандығына да назар аудартты. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың жауабына қарағанда, əрбір жұмыс беруші өз еңбекақы жүйесін құрады, ал мемлекет ең төменгі жалақы деңгейін белгілеп береді. Министр бұл ретте өткен жылы бірдей жұмысы үшін əртүрлі еңбекақы төленіп келген 130 факт анықталғандығын, соңғы кезде жұмыс берушілерге деген талаптың күшейтілгендігін, жалпы Мəжілісте қаралып жатқан «Кəсіподақтар туралы» заң жобасында мұның барлығы ескерілетінін алға тартты. Осы мəселе бойынша сөз алған депутаттар да еңбекақы мəселесіне ерекше назар аударуға тырысты. Əсіресе, бірдей жұмыс үшін əртүрлі жалақы төлеу фактілерінің əлі де кездесіп

қалатынына қын жылыстарын білдірді. Жалақыда бөле-жару болмауға тиістігі ерекше аталды. Сондай-ақ, кешегі отырыста «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасы да қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты жалақыны қорғау нормаларын мемлекеттің қамтамасыз етуі болып табылады. Жəне де жалақыны қорғау бөлігінде халықаралық стандарттарды одан əрі енгізуді қамтамасыз етеді жəне еліміздің осы саладағы халықаралық нормалардың сақталуы мен орындалуын ұстанатынын растайды. Жалақыдан ұстап қалу жұмыскердің өзін жəне өзінің отбасын асырай алатындай болуына ғана негізделмей, сонымен шектелуге тиіс деп атап көр сетілген. Аталған құжатта еңбек шінің жалақы сомасы мен жалақыны ұстап қалу туралы ақпаратты алу, сондай-ақ, жалақысын өз еркімен пайдалану құқығы да айқындалған. Заң жобасы бірауыздан қолдау тапты. Депутаттар бұдан басқа «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын талқыға салып, қолдауды ұйғарды. Ал оған ілеспе заңдық құжат екі оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл жердегі негізгі мақсат – еліміздің барлық аумағында азаматтық қорғауды ұйымдастыру мəселелері бойынша бірыңғай құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық жəне əдістемелік кеңістік қалыптастыру. Алғаш рет заң жобасында азаматтық қорғауды аумақтық-салалық ұйымдастыру қағидаты қолданылып отырғандығын да айта кеткен жөн. Төтенше жағдайлар жергілікті, өңірлік, салалық деңгейдегі сипатта болатыны ескеріліп, қатыстырылатын күштер де төтенше жағдайға барабар болуға тиістігі көрсетілген. Халықты төтенше жағдайдан құлақтандыру, жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайларды жоюдағы жауапкершілігі де ұмыт қалмаған. Күн тəртібінің соңғы мəселесі Ішкі істер органдарының қызметі мəселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда бірқатар түзетулерімен Мəжіліске қайтарылды.

Депутат офис директорымен кездесті Мəжіліс депутаты, Азия парламентшілері форумы төрағасының орынбасары Айткүл Самақова Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия бойынша суб-аймақтық офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Беделді ұйымның өкілімен жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызы жайында айтылды. Сонымен қатар, мейман халықты қоныстандыру мəселесінде қазақстандық тəжірибеге қызығушылық танытты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қоры мен қазақстандық парламентшілердің жұмысына тоқталды. Жүздесуде аталған Қордың алдағы жоспарымен танысып, Орталық Азияға тұрақтанған халықтың əлеу меттік хал-жағдайы бойынша пікір алмасылды. Өз кезегінде Айткүл Самақова жастардың денсаулығы

мен ұрпақ өрбітуіне қатыс ты мəсе лелер жайында əңгімеледі.Халыққа медицина лық қызмет көрсету, халықтың өмір жасының ұзақтығы сияқ ты өзекті ойларды ортаға салды. Тараптар аталған мəселелерге байланысты ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне сенім білдірді. Кездесуге Мəжілістің Экология мəселелері жəне табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Қазақстан бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сейсемалиев қатысты.


21 наурыз

5

www.egemen.kz

2014 жыл

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ САРАПШЫЛАР КӨЗҚАРАСЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЫНА МІНДЕТТЕРДІ ТИІМДІ ШЕШІП КЕЛЕДІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қоғамдағы толеранттылықты және этносаралық келісімді одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, этносаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылдарын қамтамасыз ету

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУШЫ СИПАТ АЛДЫ

Мемлекеттік этносаралық саясатты белгілеу және жүзеге асыруға ықпалы

Қазақстан патриотизмін қалыптастырудағы ықпалы

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ЖАСАУ

Халықтар бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтары жөніндегі қоғамдық келісімді дамыту және қолдау

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРІЗДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қоғамда экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауда мемлекеттік органдарға көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделген саяси-құқықтық мәдениет қалыптастыру

Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этностық мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің күшжігерін біріктіруді қамтамасыз ету

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҚЫЗМЕТІ ТИІМДІЛІГІНІҢ БАҒАСЫ (10 балдық шкала бойынша)

САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЕЛДЕГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ САЯСАТТЫ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРУДАҒЫ ЕҢ БАСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Қазақстан халқының этностық мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамыту

ПІКІРЛЕРІН БІЛДІРГЕН САРАПШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ӨЗІ ҚҰРЫЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРЕТІН ЭТНОСТАР АРАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДА ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРЫП КЕЛЕДІ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Қазақстанда мемлекеттік тілді және этностар тілдерін дамыту

Этносаралық салада өңірлік саясатты жетілдіру

Елде және шетелдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін дамыту

Шетелдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениетін және ұлттық дәстүрлерін дамыту мәселелерінде көмек көрсету, олардың тарихи отанымен байланысын нығайту

Этносаралық қарым-қатынас саласында келіспеушілік ахуалын болдырмауда, даулы және түсініспеушілік көзқарастарды реттеу жөніндегі нақты шараларды іс жүзіне асыру және осы реттегі ұсыныс-пікірлерді қалыптастыру, оларды шешу мәселелеріне атсалысу

Этностық мәдениеттің қоғамдық бірлестіктеріне методикалық ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету

Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен үйлесімді жұмыс жүргізу

Қазақстандағы басқа да этностардың тарихи отандарымен байланысын дамытуға ықпал ету

Қоғамдық саяси үдерістердің сараптамалық-жобалау бюросы әзірлеген

Мəселе шынайы баєа берілгенде ўтымды Алдыңғы күні Бейбітшілік жəне келісім сарайында еліміздің Дін істері агенттігі Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша əдістемелік кеңестің ұйытқы болуымен журналистерге арналған семинар өтті. Семинар аясында «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы дін саласына қатысты басымдықтарды БАҚ-та жариялау əдістері» тақырыбы қозғалды. Бұл іс-шараға Əдістемелік кеңес құрамына кіретін танымал дінтанушы-ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ, діни бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері, журналистер қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Семинар тақырыбы аясында Дінтанушылар конгресінің төр ағасы Ғарифолла Есім, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Этностық жəне діни толеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, «Əзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы Бақытжан Өткелбаев, Астанадағы Қасиетті-Успен кафедралы соборының протоиерейі Дмитрий Байдек сөйледі. Семинарды ашқан Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша əдістемелік кеңестің төрағасы Айдар Əбуов еліміздегі татулық, бейбітшілік, мейірімділік, тұрақты даму жайын жан-жақты насихаттау мəселесінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі ерекше екеніне тоқталды. «Журналистердің еңбегі арқылы қоғамдық пікір, талғамкөзқарас қалыптасатынын жоққа шығара алмаймыз. Десек те, бүгінгі таңда қоғамдағы проблемалар, рухани мəселелер, əсіресе, БАҚ-та қаншалықты насихатталып, оларға қаншалықты қызығушылық танытылады деген сауал туындауы мүмкін. БАҚ-та жарияланған əрбір ақпарат олардың көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап беретіндей, рухани қажеттіліктерін өтейтіндей болуы тиіс. Қазіргі замандағы жаңа технологиялар, оның ішінде интернет журналистердің жан-жақты мəліметтерді жинақтауына мүмкіндік

береді. Бүгінгі журналист, əрі блогер, əрі модератор, əрі ұйымдастырушы, əрі қоғам пікірін қалыптастырушы. Ал бұл ретте олардың қалам тербейтін тақырыптарының бірі – дін саласы. Ал Əдістемелік кеңес діни мəселелерді жариялауда отандық БАҚ өкілдеріне кеңес беру мақсатында құрылған болатын. Əдістемелік кеңестің жиындары жылына 3-4 рет, кейде одан да көп өткізіліп тұрады. Бүгінгі семинардың тақырыбы, міне, осы мəселеге арналған», деді А.Əбуов. Бұдан кейінгі кезекте сөз алған Дін істері агенттігінің Талдау департаментінің басшысы Серік Оспанов елімізде қалыптасқан діни жағдайға байланысты агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндап берді. «Əрине, елімізде, оның əрбір өңіріндегі діни ахуалдың қалай жəне қай бағытта дамуында ақпараттықтүсіндіру жұмыстарының рөлі зор. Бұл орайда, Əдістемелік кеңестің маңызы да айрықша. Сол себепті, Кеңес мемлекет, діни бірлестіктер жəне халық арасындағы көпірге айналуы тиіс. Ал еліміздегі дін мəселелеріне қатысты ақпараттар барынша шынайы, объективті түрде жеткізілуі керек. Қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыратын негізгі факторлардың бірі – халық арасындағы ақпараттықтүсіндіру, түрлі теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарының дұрыс жүргізілуі болып қала бермек. Бұл ретте, агенттік тарапынан халықтың діни сауатын арттыру үшін дін мəселелеріне қатысты əдістемелік ұсынымдар, оқу

құралдары əзірленді. Жалпы алғанда, елімізде жүргізілетін ақпараттықтүсіндіру жұмыстарын əлі де жетілдіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Демек, БАҚ өкілдерінің бұл мəселедегі рөлі орасан», деді өз сөзінде С.Оспанов. Ал Дінтанушылар конгресінің төрағасы Ғарифолла Есім: «Мұндай семинарлардың өзегі – ақыл айту емес, керісінше, сіздерді толғандырып отырған мəселеге құлақ түру. Ол үшін сіздер дінтанушылармен бірлесе атқаратын ұсыныстарыңызды айтатын болсаңыздар, онда нəтижесі де дұрыс болар еді. Қоғамда бір анықталмаған мəселе бар. Оны басылым беттерінде əртүрлі бағытта жазады. Оның əртүрлі бағытта жазылуы да түсінікті. Ол зайырлылық деген мəселе. Біз зайырлы мемлекетпіз ғой. Дін мемлекеттен бөлінген. Бұл – анық нəрсе. Бірақ, діннің қоғамдағы орны қалай болады? Дін қоғамнан тыс болмайтыны белгілі ғой. Сондықтан, қоғамдағы зайырлылық деген қалай болады деген мəселе тұр. Мұнда əлемдік тəжірибелер бар, бірақ, барлық діндерге, барлық елдерге ортақ бір модель жоқ. Оны іздеп қажеті жоқ. Себебі, оның бəрі дəл бізге келе қоймайды», деді өз сөзінде Ғарифолла Есім. Оның айтуынша, дін дəстүрі арқылы жүреді. «Мəселен, Ислам діні дəстүр арқылы өмір сүріп келді. Жақында Бас мүфти «Дін жəне дəстүр» деген дөңгелек үстел ұйымдастырды. Осы тақырыппен кітап шығарды. Бұл – өте құнарлы бағыт. Демек, біз дəстүр мен дінді анықтап алмай, тек қана заңмен жүре алмаймыз», деді ғалым. Сондай-ақ, Ғарифолла Есім семинар аясында сөйлеген сөзінде елімізде мешіт салған кезде жанына монша салуды ойластыру керектігін де алға тартты. «Егер, тарихқа үңілсек, қазақ жеріндегі мешіттердің жанында міндетті түрде моншалар болған. Мұны тарихи деректер дəлелдейді. Араб елдерінде де осылай. Мен сондықтан үнемі мешіт салған кезде жанына монша салу керек деп айтып жүремін. Астанада жаңа мешіт салғанда жанынан

мұсылмандарға арнап монша салсын деген ұсыныс айттым. Бəрі маған түсініспеушілікпен қарады. Монша дегеніміз жуынатын жер ғана емес, рухани тазаратын жер. Дінімізде адамның тəн жəне жан сұлулығына айрықша мəн беріледі. Яғни, жан сұлулығы тəн сұлулығынан басталады. Жаның сұлу болып, тəнің сұлу болмаса тағы дұрыс емес. Сондықтан бұл ұсынысты алдағы уақытта ескеру керек», деді Ғ.Есім. Бұл күні «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Кенжеболат Жолдыбай да мəселеге қатысты өз ой-пайымымен бөлісті. «Елімізде діни ахуалға, оның насихатталуына байланысты көптеген жұмыс жасалады. Бірақ, неліктен нəтиже жоқ? Біз де өз тарапымыздан қолымыздан келгенше журналистік пул жасауға көмектестік. Бас редакторларды еліміздің Бас мүфтиімен кездестірдім. Онда да нəтиже жоқ. Неге олай? Бүгінгі таңда дінге ғылыми тұрғыдан келу бар. Бірақ, мəселеге журналистік тұрғыда келу жоқ. Себебі, бүгінгі журналист, өкінішке қарай, əмбебап маман. Ол бүгін агроном, ертең инженер, арғы күні экономист. Жалпы, дін тақырыбында жазатын журналистер өте қажет. Ақпараттық кеңістікте ақпаратты, саясатты анықтайтын бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары бар. Ол үшін мүмкін, журналистер пулын емес, БАҚ-тың бірінші басшыларының басын біріктіре отырып, Үкіметтің жанынан Бас редакторлар кеңесін құрған жөн болар. Егер, осындай деңгейде мəселенің маңыздылығы мен өзектілігін сезінетін болсақ, бəлкім, нақты бір нəтиже болар ма еді? Демек, мəселе түбегейлі түрде шешілуі үшін бұл бірінші басшылардың деңгейінде қадағаланып, тұрақты түрде жүргізіліп отыруы керек», деді Кенжеболат Жолдыбай. Семинар аясында оған қатысушылар, сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін, дəстүрлі діндердің жас ұрпақ бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі, діни экстремизм мен оның алдын алу жолдары сынды мəселелерді талқылады. Бұл ретте, отандық журналистердің дін саласындағы өзекті тақырыптарды қоғамның əрбір мүшесіне түсінікті əрі объективті түрде жариялау жайы сөз болды. Семинар соңында журналистер Əдістемелік кеңес мүшелеріне қоғам назарын аударып жүрген мəселелер бойынша өз сауалдарын қойды.

 Бəрекелді!

«Аналар їйі» ашылды

Ол меценат мерейлі ісін жалєастыра бермек Жесірін жатқа бермеген, жетімін жылатпаған қазақы қасиет бүгінгідей қатыгездігі басымдау қоғамда керек-ақ. Осындай имандылық қадамдарына кəсіпкерлердің ұйытқы болуы да қуантады. Жақында Ақтөбе облысы кəсіпкерлері аймақтық кеңесінің төрағасы, «Алтын қыран» ЖШС директоры Исламбек Салжанов ірі компаниялар басшыларымен, кəсіпкерлермен кездесу барысында «Аналар үйі» əлеуметтік жобасының тұсауын кесті. Оның бастамашысы – белгілі бизнесмен Айдын Рахымбаев. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

«Аналар үйі» əлеуметтік жобасының негізгі мақсаты – əлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылады. – Осы жобаны жүзеге асыру арқылы елімізде жетімдер санын азайтуды көз дейміз, – деп атап өтті Исламбек Төлеубайұлы. Оның айтуынша, қазірдің өзінде еліміздің аймақтарында жас аналарға арналған 23 орталық жұмыс істейді. Республика бойынша осындай 58 орталық ашу мақсат етілген. Оларда белгілі бір себептермен жас сəбилерінен бас тартуды шешкен əйелдер уақытша тұра алады. Қазақстандық кəсіпкерлер тағдыр ауыртпалығын арқалаған осындай аналарға қолдау көрсетуге ұмтылуда. Ол үшін əр облыс орталығында коттедждер жалға алынады, оларға тек баспана мен тамақ қана беріліп қоймайды, басына іс түскен əйелдерге психологиялық көмек көрсетіледі. Қордың бірден бір қамқоршысы Исламбек Салжановтың өзі болып табылады. Меценат еліміздің батыс өңірінде осындай орталықтар ашуға жəне жоба бастамашысына көмектесуге ынта білдіріп отыр. Ақтөбеде 10 анаға шақталған орталық үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап жұмыс істеуде. Мекеменің шығынын

меценат кəсіпкер өз мойнына алған. Мұнда қазір бес жас ана тұрып жатыр. Үйлестіруші перзентханалармен байланыс жасап тұрады, егер қажеттілік туып жатса перинаталдық орталыққа барып, жас аналарды сəбилерін тастап кетпеуге үгіттейді, «Аналар үйінде» тұруды ұсынады. Жас аналармен бірге тəулік бойы медбике болады. – Қазір елімізде 12 мың жетім бала бар екен. Жаңа орталықта əр тəр биеленушіге 120 мың теңге қарастырылған. Ең бас тысы да, бұл емес. Осындай аналар үйін ашу арқылы жылына 600 баланы жетімдік тақсыретінен құтқару маңызды болмақ. Біз балалардың балалар үйіне жіберілуіне жол бермеуіміз керек. Олар болашақта түрлі саланың мамандары, ел азаматтары. Мұндай маңызды əлеуметтік жобаны қолдауымыз керек. Сонымен бірге, тек жетімдік мəселесін шешіп қана қоймай, нақты проблеманың себептерінің алдын алуымыз қажет, – дейді Исламбек Салжанов. Кездесуге қатысушылар əлеуметтік жобаны жүзеге асыруды қолдайтындықтарын білдірді, Ақтөбеде тағы бір «Аналар үйін» ашуды ұсынды. Жақын күндерде мұндай əлеуметтік оңалту орталықтары Ақтау, Атырау жəне Орал қалаларында да жұмыс істейтін болады. Ақтөбе облысы.


6

www.egemen.kz

Гонконгтегі осы бір төбе туризмге қаржыны молынан құйып отыр

Жұмыр жердің бетінде қаншама ғажайып елдер, ғибратты адамдар, көрікті мекендер мен табиғаттың тылсым құбылыстары бар. Жаратқан иеміз тек көруге жазсын. Азды-көпті журналистік ғұмырымызға бұйырған жердің бірі Гонконг қаласы болатын. Əлбетте туристерге табаны тиген елдердің көрікті жерлерін емін-еркін аралауға мүмкіндік бар. Ал біз сияқты уақыты тығыз жандар биік үйлері көк тіреген осынау елге келе қалсақ, ең болмаса, Виктория шыңына шығуы керек екен. Бір қарағанда, бұл шың туралы айтатын да түк жоқ сияқты. Бірақ, көру керек. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Ќыста ґскен «Егемен Қазақстан».

ЛИМ Н

Землянойлар отбасы жылыжай шаруашылығымен соңғы бес жылда айналыса бастаған екен. Оған дейін Өскемен шаһарында тұрған олар зейнетке шыққан соң үйде бос отыра алмаған. Людмила Земляная күні кешеге дейін кəсіптіктехникалық училищеде оқытушы болып жұмыс істепті. – Бастапқыда барлық жылыжай иелері сияқты көкөніс, қияр мен қызанақ өсірдік. Сонан соң лимон ағашын баптай бастадық. Жылы жақта өсетін ерекше өсімдікке ден қойғанымызға үш жарым жыл болды, – деп бастады əңгімені зейнеткер. Людмила өзіне гүл өсіру ерекше ұнайтынын айтады. Саяжайда, үйде қызылды-жасылды гүлдердің түр-түрін баптайтын зейнеткер бұл шаруамен қыстыгүні де айналысқысы келеді. Жылыжай салу идеясы осылай туған екен. Жарының жан қалауын түсінген Николай Григорьевич мұндай жобамен танысу үшін ТМД елдеріне арнайы бара ды. Аз қаржыға əлеуетті кешен салуға болатынын байқаған соң елге келе сала іске кіріседі. Айтуларынша, жылыжайға мың жарым долларға жуық қаражат жұмсалған. Жалпы көлемі мың шаршы метрді құрайтын кешен төрт блокқа бөлінеді. Оның екеуінде – лимон, біреуінде – гүлдер, енді бірінде жас көшеттер өсіріледі. Мұнда негізінен лимон ағашы басым. Оған сұраныс та үлкен. Киевтік ремонтанттық тұқымға жататындықтан үнемі жəне мол өнім береді. Өткен жылы жарты тонна лимон жинап алыпты. Николай əңгіме барысында Киевтен əкелген бес тал лимон көшеті бес жылдың ішінде үлкен бауға айналғанын мақтанышпен айтты. – Лимонымыздың салмағы бір килодан асады. Баланың басындай жеміс өз бұтағына салмақ түсіріп, сындырып жіберуі де мүмкін. Сондықтан əр лимонды сабағынан жіппен іліп, байлап қоямыз. Ағаштар əр кезде отырғызылғандықтан, біреуі гүлдеп тұрса, біреуі түйін тастап, енді бірі жап-жасыл болып тұрады. Сапсары болып піскендерін үзіп аламыз. Лимон тоғыз айда піседі, – деді Людмила Дмитриевна. Жылыжайды аралап келе жатқанда сабағынан үзіліп түсіп жатқан ірі-ірі лимондарды көрдік. Жылыжайшылар əр ағаштың артық бұтағын кесіп отырады екен. Себебі, сабағы қиылмаған тал қаулап өсіп, төбеге өрмелеп кетеді. Көкөніс өсіретін компаниялармен жұмыс істеу барысында лимонның үлкендігіне күмəнмен қараушылар да болған көрінеді. Олардың көпшілігі əдеттегіден ірі лимонды гендік өзгеріске ұшыраған жеміс деп ойлайды. Алайда, бұл таза табиғи өнім. Дəмін татқандар тұрақты тұтынушыға айналады. Ал экзотикалық жемістерден анар, кофе, банан, ананас, інжір, құрма жəне мандарин өсіп тұр. Інжір екі жыл қатарынан жақсы өнім беріпті. Банан биыл жеміс бермек. Құрма мен мандарин ағашы енді көктеп келеді. Ал гүлдердің түрі өте көп. Жалпы саны 300-ге жуық гүл өсіріледі. Оның ішінде үйдің көркін ашатын сəндік гүлдер де, емдік мақсатта қолданылатындары да бар. Мəселен, қауыз жарып тұрған алқызыл раушанның əдемілігі мен хош иісі таңдандырмай қоймайды. Кішігірім шыршадай кипарис өсімдігі ауаны тазалап тұратын қасиетімен

2014 жыл

ВИКТОРИЯ ШЫЅЫ

Украинка ауылындағы «Жер-Су» жылыжай кешеніне барсаңыз, тропикалық жынысқа еніп кеткендей ғажап əсерде боласыз. Алтайдың қаһарлы қысы жылыжай иелері Николай Земляной мен зайыбы Людмила үшін шыбынсыз жаз сияқты. Жуырда олардың аялап өсірген өсімдіктерін көруге арнайы бардық. Далада бет қаритын суық болса да жылыжай ішінде жылы леп еседі, төгіліп тұрған өсімдік əлемі беймаза тіршіліктен арашалағандай жандүниеңізді баурап алады.

Думан АНАШ,

21 наурыз

ДА ЖОЛ Т С АЛИ Е ЖУРНЖҮРГЕНД

ерекшеленеді екен. Мирт ағашы туберкулез таяқшаларын жойып жібереді. Өзіне тəн керемет иісі бар мирт өсімдігін қайнатып ішіп, тамақ, тіс, ауыз қуысы ауруларын емдеуге болады. Людмиланың айтуынша, миртті жатын бөлмеде ұстаса өте пайдалы. Муррайя өсімдігі де емдік қасиетке ие. Оның екінші атауы – император ағашы. Түйнегін тыныс жолдары, жүрек ауырғанда жесе мың да бір ем болады. Ал жасаңшөпті көне фун-шуй ілімінде ақша əкелетін ағаш деп айтады. Ақша əкелсе əкелетін шығар, жапырақтары теңге бітімді дөңгелек болып келеді екен. Кактус пен алоэ өсімдігінің көптеген түрі өсіп тұр. Ал гүлшетенді қой еті, балық тағамдарына қосса дəмін кіргізеді. Сондай-ақ, Үндістан, Жерорта теңізі мен тропикалық белдеуде өсетін бугенвилия гүлі айрықша əсем. Жалпы, тропикалық гүлдердің хош иісі болмағанымен, көрер көзге өте көрікті болатынын осы жылыжайды аралау барысында білдік. Бұл бір ғажап əлем. Бейне күн сəулесі аз қалың нуда жүргендей əсерден арыла алмайсыз.

Людмила Землянаяның ерекше жақсы көретін гүлдерінің бірі – австралиялық жұлдыз аталатын кордилина. Алайда, оның күтімі қиын болғандықтан үйде өсіруге қолайсыз. Орхидея, лавр, фикус, самшит гүлдерін де көзіміз шалып қалды. Жылыжайды кемпірқосақ бояуындай түрлі түске көміп тастаған гүлдердің бəрін жіпке тізіп, тауыса алмайсыз. Өсімдіктер мұнда бөшкеге жиналған артезиан суымен суарылады. Оған израильдік тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Жылыжай иелері аттың тезегі, құм, калифорниялық топырақ əкеліп, əр өсімдікке қажет жер қыртысын жасағанын да айтты. Бір олқылық бар. Землянойлар өз өнімдерін саудаға шығарғанымен, ірі көлемде сата алмайды. Талмау тұсы – жеке дүкен. Өйткені, тропикалық өсімдіктерге айрықша күтім керек. Əзірге мұнда қажет еткен жандар ғана іздеп келеді. Ал жылыжайға келушілер қатары толастаған емес. Облыс орталығынан, аудандардан үй, саяжай, ғимараттар мен кеңселерді көріктендіру үшін гүлдерге тапсырыс молынан түсіп жатыр. Алғашқы жылдары ешкім елемейтін кешен соңғы кезде, əсіресе, қыс аяғында тапсырыстарға кенеліп қалады. Мұндағы гүлдердің бағасы базар нарқынан 40-60 пайызға арзан. Голландиядан əкелінетін əрі базардың жалдау құны қосылатын гүлдердің бағасы қымбатқа түседі. Оның үстіне сатылымдағы гүлдерге жылыжайдағы жағдай жасалмаған соң солып қалады. Мұндай қиындықты жылыжайдағы өсімдіктер көрмейді. Гүл сатушылар бүгінде аталған кешенді «оңалту орталығы» деп атап кеткен. Себебі, сатушылардың солып, қурап бара жатқан

голландиялық гүлдерін жылыжай иелері кү тім жасап, қайта қалпына келтіріп береді. Николай облыс аумағынан бөлек, Астана, Алматы, Қарағанды жəне Тараз қалаларынан келген оқушылар ерекше қызығушылық танытып, жылыжай салудың қыр-сырын сұрайтынын айтты. Келешекте олардың арасынан жас натуралистер шығуы мүмкін. Сондай-ақ, Жапония, Қытай, Қырғызстан жəне Израиль елдерінен келген мəртебелі меймандар жылыжай жұмысын жоғары бағалапты. Кəсібінен нəсіп көріп отырған жылыжайшылардың еңбегіне риза болған өңір басшылығы кешеннің жанынан жер телімін бөліп берген. Онда жаздыгүні қарақат бауы жайқалып жеміс береді. Землянойлар қарақат тұқымын Ресейдегі Барнаулдан əкеліпті. – Аталған өсімдіктерді жыл он екі ай баптап, мəуелі жемісін жинаймыз. Тосап қайнатамыз, шырын жасаймыз. Қысқа сақтау үшін тоңазытамыз. Осылайша, отбасылық қорға дəрумен жинаймыз. Жемісін берген соң ағаштар түрленіп, қайта қуат жинай бастайды. Біздің жылыжайда жыл бойы көктем, – дейді жылыжай иелері. Зейнеткердің айтуынша, бұл күнделікті еңбекті қажет ететін кəсіп. Өсімдік – тірі дүние. Күн сайын суару, қарау, бағып-баптау керек. Жапырағы үзіліп түссе ылғалдың, гүл атуы кешеуілдесе тыңайтқыштың жеткілікті болуын тексере білу қажет. Сəбиіңізге қандай күтім керек болса, өсімдікке де сондай күтім болуы тиіс. Осындай жауапкершілікті үш-ақ адам атқарып отыр. Қазіргі кезде қияр мен қызанақ, шалқам іспетті көкөністер Землянойлар дастарқанынан үзілмейді. Алайда, көкөністі өз отбасы мен ет жақындары үшін аздап қана егеді екен. Жылыжай үй қазандығы жүйесімен жылытылады. Алтайда алты ай қыс болғандықтан бір маусымда 100 тоннаға жуық көмір жағады. Біз бағандағы өлшегіштен ішкі температураның 31 градус жылылықты көрсетіп тұрғанын байқадық. Яғни жылыжайда жаз. Людмиланың айтуынша, түнде 12 градус жылылық та жеткілікті. Ал көктемнен бастап күннің жылуы пайдаланылады. Кешен 2,5 метр тереңдіктегі қазаншұңқырда орналасқан. Жердің бетінде тек шатыры ғана көрінеді. Қыста жер табаны жертөле іспетті 12 градусқа жылы болады. Бұл жылуға жұмсалатын шығындарды азайтады. Жазда, керісінше, 12 градусқа салқын. Желдету жүйесі жоқ. Төбесіндегі саңылауды ашу арқылы желдетеді. – Егер елімізде осындай жылыжайларды көптеп қолға алса, өте тиімді болар еді. Біз əйнектің орнына Израильдің поликарбонат материалын пайдаландық. Бір шаршы метрі 600 кило қарды көтере алады. Əйнек болса, сынып кетуі мүмкін. Сондайақ, поликарбонат əйнекке қарағанда жылуды көп өткізеді. Екі жыл бұрын өңірімізде 46 градус аяз болды. Одан зардап шеккен жоқпыз. Егер осындай жылыжайды оңтүстік өңірде салса, жылу энергиясы тегін деуге де болады, – деді Николай Земляной. Ауладан шыққанда Землянойлар отбасының Табиғат-анаға деген ерекше ілтипаты туралы ойлаумен болдым. Зейнеткер берген визитка қағазынан бұрқырап шығып тұрған топырақ пен түрлі гүлдердің, өсімдіктердің табиғи хош иісі де осы ойға оралта береді. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.

Əйтпесе, құзар шыңдары мен ойпаттары толып жатқан Қазығұрт пен Өгем тауларының арасында өскен тау қызына бір төбе таңсық болып па?! Одан қала берсе Алатаудың баурайындағы Алматыны алақаныңа түгел салып беретін Көктөбеміз бар. Айтқандай, Түркияның Қожаелі деген өлкесінде Картепе (Қартөбе) деген біздің Шымбұлақ сияқты мұзарттары қысы-жазы қарға оранып жататын керемет тау-шаңғы кешенін көрудің сəті түскен. Алайда, ол кезде Картепеге ағылып жатқан адам көрмеген едік. Сірə, мұнда көбінесе кəсіпқой шаңғышылар мен ауқатты еуропалықтар демалатын сияқты. Дегенмен, Виктория шыңының осы төбелерден бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, жылына орта есеппен биігіне 6 миллион турист көтерілетін төбе туризмге тиынды шелектеп төгіп отыр. Екіншіден, бұл шыңның басына 1888 жылы салынған трамвай-фуникулермен шығуға болады. Үшіншіден, жалпы, бұл төбеге үш түрлі жолмен: трамвай-фуникулермен, автобуспен, жаяу айналма жолмен шыға аласыз. Ең қымбаты да, қызығы да, жеделі де Гонконг тарихының бір бөлігі болып трамвай жолы жатыр. Ал жаяу жолмен шығатын 3,5 шақырымға созылатын бұл жолды кейде спортшылар еңсереді. Бірақ, көрінісі өте əдемі, мистикалық кинолардағы сияқты ирелеңдеген жолдары бар, тропикалық түрлі ағаштарға көмкерілген десе-ді. Не десек те, Виктория шыңы Гонконг аралының ең биік нүктесі əрі ең көрікті жері саналады. Ал туристер лық толы трамвай-фуникулерді сонау 1888 жылы төбеге сүйреп шығару үшін қаншама техника, тросс қажет болды екен десеңізші. Жылдың төрт емес, үш-ақ мезгілі болатын Гонконгқа біз муссондық жаңбырлар маусымында келген екенбіз. Əлсін-əлсін дамылдап барып, күндізтүні төпелей беретін нөсерге жергілікті халық əбден төселіп те алған. Құрғақ қонақүйден далаға шықсаң, тура буы бұрқыраған моншаға кіргендей боласың. Төбесі көкке шаншылған, алды 100 қабаттан асатын, басын бұлт шалған ғимараттар Гонконгті кəдімгі құрлықтағы Қытайдан даралайды. Бұл да түсінікті. Ғасырдан да астам кезеңде Ұлыбританияның боданында болған, мемлекет ішіндегі мемлекет əлі де өз дербестігін жоймай отыр. Гонконгтің «Тұманды Альбион» деп ауызекі тілде айтыла беретін Лондонға ұқсайтын тұсы көп. Климатынан да бөлек, мəдениеті, əлеуметтік тіршілігі, қала берді өмір салты да ағылшындардан көп жұғысты болған. Жаңбырлы маусым басталғанда бұлар да қолшатырларын тастамайды. Гонконг – бұл Оңтүстік-Қытай теңізінің екі жүз алпыс аралы. Қытайдың арнаулы əкімшілігі бар ауданы. Бұл ірі халықаралық қаржы орталығы, құс тұмауы эпидемиясының ошағы, Шығыс пен Батыстың үйлесімділік синергиясы, Аспанасты елі мен Британ империясы дəстүрлерінің астасуы, əлемдегі миллионерлер мен миллиардерлерді барынша көп тоғыстырған қала. Гонконгта Брюс Ли мен Джеки Чанның кіндік қаны тамған. Бұл төбесі көк тіреген ғимараттары түнде алып шамдалдарға айналатын қала. Яғни заманауи технологиялардың ордасы. Бұл қалада қоғамдық көліктердің қозғалысы өте тиімді үйлестірілген. Бəрін қамтитын МТR рельстік метро желілері, трамвайлар, автобус бағыттарының өрмегі, паром қатынастары адамдар тұратын бүкіл аралдарды жалғап тұр. Бұл табиғаты мен сəулеті ғажайып үндескен мекен. Мысалы, тура Мəскеу қаласының аумағындай қалада 7 миллион халық тұрып жатыр. Бірақ, оның төрттен бір ғана бөлігінде алды жүз қабаттан асатын құрылыстар салынған, қалған жағын табиғат жаратқан күйінде – саябақтар, демалыс орындары мен қорықтар алып жатыр. Тропикалық климаттың құдіреті ғой, қайда көз салсаң да көк майса ағаштар жайқалып тұр.

Сонымен, Виктория шыңы Гонгконг аралынан 552 метр биіктікте орналасқан. Шыңға күндіз барсаң да, түнде барсаң да жарты шақырым төменде жатқан қала керемет болып көрінеді. Тек тұманды күнге тап болмасаңыз болғаны. Олай бола қалғандай болса, онда трамваймен көтеріліп, ығы-жығы туристердің арасында туысқандарыңызға түрлі тəбəріктер сатып алып, кейін қайтасыз. Мұнда ауа райы сəт сайын құбылып жататын сияқты. Сəтін салып, аспан шайдай ашық болған кезде төменде жатқан қала алақанға салғандай əдемі көрінеді. Бұлтсыз түнде де солай, төбесі көк тіреген мыңдаған биік ғимараттардан құралған Гонконг панорамасы жарық шамдармен нұрланып, көз қуантады. Қаланың туристер тамашалайтын алаңы «Аспан террассасы» деп аталады. Бұл жерде арнайы тілек жазып қалдыратын жүрек мүсінді орын бар. Ал трамвайға отырған туристердің көпшілігі фуникулердің оң жағына немесе алдыңғы орындықтарына жайғасуға ұмтылады. Өйткені, оң жақта қала суреті жатыр. Ал алдыңғы жақтағылар осындай биік шыңға трамвайдың қалай шығатынын көргісі келеді. Шыңға Ұлыбританияда 63 жыл 7 ай бойы билік құрған Виктория патшайымның аты берілсе де, жергілікті халық оны жай «Шың» деп қана атайды екен. Сол сияқты бұл биіктік көбінесе Маунт-Остин деген атпен əйгілі. Егер бұл шыңның басына демалыс күндері шығатын болсаңыз, ұзын-сонар кезекке тұруға тура келеді. Трамвай əр он минут сайын қатынаса да, халық ығыжығы. Шыңға шыққан соң қаланы тамашалайтын панорамалық алаң орналасқан Peak Tower-де толып жатқан дүкендерге тап келесің. Мұндай сувенирлердің неше түрі жетіп артылады. Туристердің барлығы да осы саяхатты есінде сақтап, жақындарына сый-кəде жасау үшін сауданы қыздыра түседі. Əйтпесе, сол бұйымдардың көпшілігі төмен жақта жарты бағасына арзан. Дегенмен, естелік бұйымды əйгілі Виктория шыңының басында сатып алдым деген аты бар ғой. Бұл жерде арнайы бас сұға кетуге болатын жер – «Мадам Тюссоның балауыз мүсіндер музейі». Арзан емес. Бірақ, балалар мен зейнеткерлерге жеңілдік жасалған. Мұнда жүздеген экспонат бар. Туристерді міндетті түрде гонконгтық «Джеки Чан» қарсы алады. Бірақ, шығыс жекпе-жек өнерінің хас шебері, атақты актермен өз фотоаппаратыңызбен суретке түсе алмайды екенсіз. Ақысын төлесеңіз музей қызметкерлері өз аппараттарына түсіріп, жақтаушаға əдемілеп салып береді.

Əрі қарай əлемдік элита сізді күтіп тұр. Бред Питт, Анджелина Джоли, Мадонна, Барак Обама, Дэвид пен Виктория Бекхэм дейсің бе, қайсысымен құшақтасам десең де өзің білесің. Əрине, белгілі бір шеңберде. Айтпақшы, əрбір мүсіннің тұсында сол персонажға сай атрибуттар жасалған. Мүсіннің заманы мен киіміне қарай сайланып, суретке түссеңіз болады. Мысалы, теңіз қарақшыларының киімдерін киіп, пираттардың кейпіне ене аласыз. Құс қанаты талатын биіктікте басқа да қызықтар бар. Əркім қалтасына қарай қыдырады. Қымбат ресторандардан, ор танқол дəмханалардан да теңізден табылатын түрлі-түрлі дəмді тағамдар табылады. Балалар ойнайтын алаңдар да бар. Бірақ, кезінде Маунт-Остиннің төбесінде тек қана ағылшын ауқаттылары мен жоғары лауазым өкілдері өмір сүрген. Қарапайым қытайлықтарға қаланың ең беделді ауданында тұруға рұқсат етілмеген. Бізге «Peak Tower» кешенінің бір қабатында «Ripley’s Believe It or Not!» («Қаламасаң – сенбе») деп аталатын ерекше бір музей бар екендігін айтқан. Мұндағы 450-дей адам ақылына сыймайтын ғажайып бұйымдарды саяхатшыл журналистер жинаған екен. Өкінішке орай, оны аралап жүруге біздің уақытымыз тығыз болды. «Peak Explorer Motion Simulator» – арнаулы симуляторы да қызық, оның көмегімен қалаға виртуалды саяхатқа шығуға болады екен. Мысалы, сонау 1955 жылы Кларк Гейблдың қатысуымен түсірілген «Солдат удачи» фильмінің басы мен аяғы Шың ға шығаратын осы трамвайда түсіріліпті. Қысқасы, Гонконгқа жолыңыз түсіп, бір ғана жерді аралайтын мүмкіндігіңіз болса, онда – Виктория шыңына шығыңыз. Егер бұл қаланың көп жерін көргіңіз келсе, онда Виктория шыңынан бастаңыз. Ал мен Виктория шыңын есіме алған сайын қуанамын. Өйткені, біздің де Көктөбеміз, Шымбұлақтағы ертегідей қарағай, самырсындарға оранған шатқалдарымыз бар. Көркемдігі жағынан əлдеқайда əдемі. Табиғаттың бізге берген байлығы артық болмаса, бір мысқал кем емес. Күндердің күнінде əлемді шарлап болған туристер де жаңа мекендерді іздей бастайды. Ал біздің Көктебе де абаттанып, ажарланып келеді. АЛМАТЫ. ––––––––––– Суреттерде: Виктория шыңынан қалаға қарағанда.


21 наурыз

Р

Ы ТАҒД

2014 жыл

7

www.egemen.kz

Біз – қазақстандықтармыз! Маңғыстау өңірінің ауылдық жерлері қандай заман орнап, қандай қоғам иектеп, қандай саясаттың салқыны соқса да қазақылығынан айырыла қоймады. Əдемі ішігіне түлкі тымақты жарастыра киіп, ат жабуы мен ат дорбасын оюлай сəндеп, дойыр қамшысын шашақтаған сəнқой, əрі ұлттық құндылықтардың қырағы сақшыларындай əкелер, ақ жаулығын басынан тастамай, бір өзі бір əулеттің киесіндей көрінген кербез аналар күні кешеге дейін өмір сүрді. Əлі де бар, бірақ қатары сиреп келе жатқаны байқалады. Ендігінің əжелері «современный» болатын сияқты ма, қалай?! Ардың жібін аттамай, қазақтың ата салтын қалтқысыз сақтап, үлкендердің алдынан қия баспай, жарға, отбасына адалдығы арқасында тағдырдың небір қиындықтарын жеңген абзал ананың бірі – Пая əже.

он баланыѕ анасы атанды Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Пая» – қазақы есімі. 1938 жылы Мəскеу түбіндегі Киров облысында дүниеге келген сəттен қазақтың келіні атанғанға дейін ол Фаина Николаевна болатын. Бұл күнде 76 жасқа келген əженің қызықты да қиын өмірі туралы үлкен ұлы Амангелді əңгімелеп берді. ...Бүлдіршін Фаина фин, неміс секілді екі бірдей майданның бел ортасында жүрген əкенің жылуын сезініп те үлгерген жоқ. Ал соғыстың алғашқы жылдарында аш-жалаңаш қалған бұларға талғажау ететін саңырауқұлақ, жеміс-жидек термек боп орманға кеткен анасы адасты ма, əлде басқалай апатқа душар болды ма сол күйі оралмаған. Ағасы, апасы жəне сіңлісімен бірге балалар үйінің қабырғасында есейді. Соғыстан есен-сау оралған əкесі өзге жанмен бас қосып, түтін түтетті. Фаина бірден өзін-өзі қолға алды. Жіп иіріп, жүннен өнім өндіретін тоқыма фабрикасына жұмысқа тұрды. Еті тірі қыз жанталаса жүріп ескілеу болса да бір бөлмелі пəтерге қол жеткізді. 1956 жыл. Абыр-сабыр адамы, қозғалысы көп қалада қараторы жігітпен танысуға тағдыр жазыпты. Осыдан бастап мəскеулік орыс қыздың тағдыры күрт өзгерді. Қазихан Қазақ КСР-інен əскерге 1951 жылы келіпті. Сол кездегі Ленинград қаласынан Мəскеуге дейін жол салатын құрылыс батальонында 4 жылдық мерзімді борышын өтеген соң, аға сержант шенінде əскери бөлімде қызмет етіп жүр екен. Взвод командирі, шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болған, адал да ақжарқын қазақпен тез тіл табысып кетеді. Таныстық достыққа, достық махаббатқа ұласып сол жылы күзде Киров облысының неке үйіне барып, заңды жұбайлар ретінде тіркелген сəттен бастап Фаина Байсейітова болып шыға келеді. Алты жылды өңкей орыстың ортасында, Мəскеудің маңында өткізген Қазихан рұқсат берілісімен «Қазақстан, қайдасың?» деп тартып тұрады. Төрт қыздың арасындағы жалғыз ұлдың өзге елде қалуға дəті бармайды, ауылда екі көзі төрт болып күтіп отырған əке-шеше, тума-туыс. Əскерден келісімен Баутинодағы айлақ салушыларға келіп қосылып, жүргізуші болып жұмысқа кіріседі. Жұмыстың ыңғайы солай болды ма, əлде хабар-ошар алудың қиындығы ма, тіпті басқалай себебі бар ма – Қазекең Мəскеу жаққа қайта мойын бұра қоймайды. Арада екі жыл өткесін госпитальде жұмыс жасайтын армян досының ақылымен Қазихан қызмет еткен əскери бөлімнен оның мекен-жайын нақтылап алған Фаина Маңғыстауды бетке алып жолға шығады. Гурьевтен сол кездегі Маңғыстау ауданының орталығы Таушыққа қатынайтын

ұшаққа отырады. Орыс тілі мен осы ұлттың өкіліне аса құрмет көрсетіліп, құрақ ұшатын заман ғой, дегені болып, қалағанын орындатып, діттегенін тез табады. Таушыққа келісімен сол ауылдың басшысына барып, Қазиханды сұрайды. Оның Фортттағы Баутино айлағында жұмыс жасайтынын білген соң, басшыдан көлік алып, Фортқа тартады. Мұнда айлақ салушы мекеменің басшысы қарсы алып, арнайы бөлме беріп, тынықтырады да, жұмыстан Қазиханды алдырып, екеуін кездестіреді. «Алыстан келдім ғой, үйіңді, туыстарыңды көріп кетейін», дейді қыз. Қазиханға бұл өтінішті орындау үшін жұмыс орны 3 күнге рұқсат береді. Сол кездегі «крутой» көлік самосвалмен шаңдатып, құла дүздегі Шайырға келеді. Соғыстан кейінгі кезеңнің сыры белгілі, ортасын пешпен бөлген, алдында жұпыны ауызғы үйі бар жатаған ескі үй,

көздің жауын алатын екі орамал, тағы да сый-сияпаттар алады да, үйіндегі ыдыс-аяқты 5-6 құс жастықтың арасына салып, Қазиханның атына Таушыққа 1015 жəшік посылка жөнелтеді. Бұл оның жасауы болатын. Сəлемдеме

үсті-бастары жұтаң, жүдеу адамдар. Ойда-жоқта үлпершектей орыс қызды алып жетіп келген ұлының тірлігін түсінбей: «Бұл кім?» деген ата-анасына Қазихан: «Үкіметтің тапсырмасымен келген геолог қыз, ауыл маңынан өтіп бара жатқан соң, қонуға келдім», деп құтылады. Тамызығы таусылып, жалыны жалп-жалп етіп сөнуге айналған жалғыз шамның жарығымен күйбеңдеген олар мал сойып «қонақ» күтеді. Қызықтың көкесі кеште болады. Жерге жатып үйренбеген қыз кровать сұрайды, ауылдың адамдары үстіне ересек адам түгілі бала мінсе, торы жерге тиетін біреуін тауып əкеліп, арасына ағаш салып «қонақты» жайғастырады. Кейін осы күндерді еске алған Пая əжей: «шынымды айтсам, ауылдан, ауылдағылардың тұрмысынан қатты шошыдым», дейді екен. Ертесіне Қазихан қызға «Үйімкүйім осы, келсең де, келмесең де өзің білесің», дейді. Ауылына оралған Фаина ұзақ ойланады. Ақыры бір шешімге келген ол үйін, теледидары мен кроватын сатып, ақшасына Қазиханның анасына орамал, екі қарындасына

барды-ау деген кезде: «Қош бол, Ленинград!» деп алыс сапарға өзі де аттанады. Гурьевтегі кассадан Таушыққа дейінгі ұшаққа билет алу үшін дауыстап: «Байсейітова» деп тегін айтқан орыс қызға галстук тағып, өзінше сəнмен киінген қазақ келіп, жөн сұрасады. Қазиханның жолдасы екендігін білген соң, өзі оның туған нағашысы екендігін айтқан ол келінді ұшақтан тура үйіне түсіреді. Шашу шашып, қонақтар шақырады. Қазиханның əке-шешесі қиғылық салмауы үшін мəселенің алдын осылай алады. – Жаз шыға Самды игеру үшін көпшілікпен бірге қырға көштік. Бұғабайдағы шағын ауруханаға от жағушы болып қызметке тұрдым. Үйлер салынып, құрылыс қызған қарбалас кезең. Жарақаттанушы көп, соқырішек пен босанатын əйелдерге тіпті қиын. Дəрідəрмек нұсқаулығы, кітап атаулы түгел орыс тілінде. Мұның бəрін оқып, түсіндіру, тіпті дəрігерге көмектесу менің міндетім болды. Бірте-бірте укол салып үйреніп, медсестра болдым. Дəрігер Ғаділбек мені курсқа жібермек болған, енем шіркін «оқыған

əйелдің асын ішпей-ақ қояйын, жалғыз баламның тапқаны да жетер» деп жібермей қойды, – дейді екен кейуана кейін. Аяғы ауырлаған соң, Маңғыстаудың медициналық жағдайын көріп жүрген Фаина төркініне барып босануды жөн санайды. Киров облысына жеткен ол торсықтай ұлды болады. Арада сегіз ай өтеді. Хат-хабар сирек. Бірде: «Жолда нəрестеге құжат сұрайды. Сол себепті есімін қойсаңыздар екен», деген хат келеді. Алғашқы немересіне есі кете қуанған Жібек ана елге амансау келсін деген ниетпен сəбиді «Амангелді» деп атайды. «Жолда қиын болар, бізге тастап кет», деген əкесіне «қазақтар мені өлтіреді ғой» деген Фаина Амангелдіні құшақтап елге келеді. Осылайша Амангелді, Аманқос, Қаржау, Нұржау, Ермұқан, Нұрмұқан атты алты ұлды, Алтын, Күміс, Қарлығаш, Гүлмира есімді төрт қызды өмірге əкелген Пая əже қазір 40-тан астам немере, 20-ға жуық шөберенің асыл əжесі. Жалғыздың жапырағын жайды. Омырауында қос алтын алқасы жарқыраған «Батыр ана». Қазақтың салты мен дəстүрін қалт жібермей орындап, үлкендерге келін, кішілерге жеңге, біреулерге құдағи болып, қазақ арасындағы өмірін сыйлы, үлгілі өткізіп келеді. Өлілер рухына жеті шелпек таратып, садақа жасаудан жаңылған жері жоқ. Ұзақ жылдар жер асты суларын зерттейтін мекеме «Маңғыстау су барлау экспедициясында» жұмыс жасап, Сам құмы төңірегінен 800-ге тарта ұңғымалар қазуға атсалысқан отағасы 1984 жылы 52 жасында бақилық болды. Елге сыйлы, əзілқалжыңды ұнататын кісі екен, «Қазекең айтыпты» деген əзілдер ел арасында əлі жүр. –Енем жарықтық қатал адам еді. Қолынан ұршығы түспейтін ол алаша, сырмақ, өрмек, бау-басқұр тоқитын. Қыздарымен бірге мені де үйретіп шықты, жоғарыда айтылғандармен бірге, бекітутұсау, ноқта есіп, текемет басудың, жабу тігудің маманы болдым. Қаншалықты талапшыл, қатал болғанмен, жүрегі ақ еді, –деп талай жерде «сынға салған» енесін өле-өлгенше ерекше сыйлаған. Қанында бар қасиет болар, өзі «ыссы» ене болмапты, «көңілі ақ болса, санасы болса, өздері жасайды» деп келіндерін ұзын арқан, кең тұсаумен ұстаған, күші қайтқанша ешкімді жұмсамай, өзі тұрып кете береді екен. «Екі тілде бірдей сөйлеп, «ғылымның көкесі – арифметика, оны оқыңдар» деп отыратын анама орыс тілінен берілген тапсырманы орындай алмай жыламсыраған баласын жетектеген ауылдастар түннің бір уағында да келіп жататын», деп еске алады Амангелді аға. Өкініштісі, Пая əже туыстарынан көз жазып қалыпты. 1965 жылы Қырымға көштік деп хат салған əкесі содан соң хабарсыз кеткен. Ағасы ертеректе қызмет еткен Санкт-Петербургтегі теңіз портына, апасы жұмыс жасаған Челябідегі трактор зауытына іздеу салғанмен, мардымды хабар болмапты. Қазақтың бір жігіті үшін туған елін, жерін, тума-туыстарын мəңгілікке тастап, айдаладағы қазақ отбасының түтінін түтеткен ананың іштегі жалғыз арманы, бəлкім, осы, яғни тірі болса туыстарын немесе олардың ұрпақтарын бір көру болар... Маңғыстау облысы. –––––––––– Суреттерде: бүгінгі «Батыр ана» Фаина əжей; Фаина Байсейітова жəне отағасы Қазихан. 80-жылдар.

Серікзат ДЇЙСЕНЄАЗЫ:

«Айтыстаєы аймаќтыќ дəстїрлерді саќтап ќалу керек» Белгілі айтыскер ақын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ əдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы Наурыз мерекесі қарсаңында Астана қаласында шығармашылық кешін өткізбекші. Ғылым жолында да еңбек етіп жүрген азаматпен үлкен концерттің алдында пікірлесуді жөн санадық. – Ұлыстың ұлы күні, дəл Наурыз мерекесінде «Қазақстан» орталық концерт залында «Перзент тілегі» атты шығармашылық есеп беру кешіңізді өткізгелі отырсыз. «Перзент тілегі» деген атаудың өзі құлаққа жағымды естіледі. Мəнісіне тоқтала кетсеңіз. – Бұл сұрақ бұған дейін де бірнеше рет қойылды. Біріншіден, Ұлыстың Ұлы күні қазақтың ежелгі дəстүрі бойынша адамдар бір-біріне ізгі тілегін айтады. Кеш сол күнге тура келіп тұр. Екіншіден, қазақ елінің перзентімін. Концертте айтылатын əн де, оқылатын өлең де жұртыма деген арнауым, перзенттік тілегім, елге деген еңбегім деп білемін. Сонымен қатар, ата-анама арналған осы аттас əн де бар. «Перзент тілегі» деген атқа барлығы қызығушылық танытып жатқанына қарағанда сəтті шыққан сияқты. – Кештің өтуіне кімдер демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отыр? – Кештің үлкен көлемде өтуіне Астана қаласы əкімдігі, оның ішінде Мəдениет басқармасы тікелей қолдау жасап жатыр. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та бар көмегін көрсетуде. Ал Бас редакторлар клубы ақпараттық қолдау жасамақшы. – Айтыстан бөлек жазба ақын ретінде де танымалсыз. Шығармашылық кеш барысында алғашқы жыр жинағыңыздың да тұсауы кесіледі екен. Тағы қандай жаңалықтар күтеміз? – Мені жазба ақын ретінде белгілі бір орта ғана танитын шығар. Көпшілік жұрт айтыскер ретінде біледі. Жазба өлеңдерім сайттарға, бір-екі газетке шыққан. Бұрынғы өлеңдерімді, жаңа, жарияланбаған жырларымды қосып, жинақ дайындап жатырмын. Есеп беру кешінде тұсауы кесіледі. Менің ұстаздық келбетімді де осы кеште тани аласыздар. Өйткені, сахнаға Еуразия ұлттық университетіндегі шəкірттеріммен бірге шығам, мектеп оқушылары да бар. Кəсіби актерлермен қоса олар да өлеңдерімді оқиды. Айтыстың айтулы саңлақтары Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов, Иранғайып Күзембаев, Мейірбек Сұлтанхан, Еркебұлан Қайназаровтармен шығып айтыс көрсетеміз. «МузАРТ», «Жігіттер», «Бəйтерек», «Аламан», «Ерке» топтары, Заттыбек Көпбосынұлы, Досымжан Таңатаров, Жаңабай Өтегенов, Роза Əлқожалар жаңа əндерді орындап, Тұрсынбек Қабатов, Олжас Сыдықбек секілді əзіл əлемінің өкілдері де елге өз тартуларын жасайды. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған «Топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісісіз. Осы мектептен қандай айтыскерлер түлеп ұшты? Қандай жұмыстар атқарылды? – «Топжарған» алғашында арнайы студия ретінде ашылған. Осыдан екі-үш жыл бұрын ол жабылып, қазір қоғамдық клуб ретінде жұмыс істеп жатырмыз. Ел алдында жүрген ақындардың көбі біздің түлектер. Биылғы алтын домбыраның

иегері Жандарбек Бұлғақов, кейінгі толқын ақындар Мейірбек Сұлтанхан, Жақсылық Орынбасар, Мейіржан Əлібеков, енді аттары шыға бастаған Сырым Əуезхан, Таңжарық Ержандар осы клуб мүшелері. Еуразия ұлттық университетіндегі жаңадан қосылған шəкірттеріміз арасынан да жүзіктің көзінен өтетін жүйріктер шығып жатыр. – Төл өнерімізді зерттеп, еңбектер жаздыңыз. Қытайда, Əзербайжанда насихаттағаныңыз да бар. Ғалым ретінде айтыңызшы, қазіргі қазақ айтысына не жетіспейді? – Қазіргі айтыс жоғары қарқынмен даму үстінде. Кейбіреулердің айтыс құлдырады деген пікірімен келіспеймін. Қаулап өсіп келе жатқан жастар легінің деңгейі жаман емес. Тіпті айтыста бізден бұрынғы буынмен қатар буынның біразы жастардың бет қаратпас екпініне шыдамай, толқын лақтырған бөренедей шетке шығып қалып жатыр. Ол өнер дамыған кезде болатын заңдылық. Айтыстың қазіргі кемшілігіне келер болсақ, аймақтық дəстүрлердің сақталмауын айтар едім. 2000 жылдарға дейін бұл дəстүр жойылмай келді. Мысалға, батыстық мектептің өкілі Мэлс Қосымбаев, Салауат Исақаевтар кешегі Абыл, Қашаған, Нұрымдардың мақамымен төкпелеп айтысатын еді. Арқадан Аманжол ақын салсерілердің ізімен, Жетісудан Оразалы Досбосынов Құлманбет, Сүйінбайлардың жолымен, Қаратау мектебінен Мұхаметжан Тазабеков, Бекарыс Шойбековтер өздерінің мақамдарымен шықты. Ал қазіргі жаһандану жағдайында бұл керемет дəстүрлер жұтылып, жойыла бастады. Негізінен, дəстүрлі аймақтық мектептер сақталған кезде ғана ұлттық өнеріміз дамиды. – Ал өзіңіздің соңғы кездері айтыста көп көрінбей жүргеніңіздің себебі неде? – Мен айтыстан алыстаған жоқпын. Жылына кем дегенде үштөрт рет шығып тұрам. Осы күзде ғана Қызылордада «ҚазГерМұнайдың» 20 жылдығына орай өткен айтыста жүлделі үшінші орынға ие болдым. Жаздағы «Ел. Елбасы. Астана» деген айтысқа да қатыстым. Өкінішке қарай, көбін эфирден көрсетпей жатыр. Сондықтан жұрт мені айтыстан кетті деп ойлайды. – Жер-дүниені шуа ғына бөлеп жеткен Наурыз мерекесіне ақындық, перзенттік тілегіңізді айтсаңыз. – Жалғыз-ақ тілегім – еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен. Əлемдегі болып жатқан дүрбелеңдер мен келеңсіздіктер бізге келмесін. Ынтымағымыз бен бірлігіміз жараса берсін. Ұлыс күні айтылған ниеттің барлығы да қабыл болсын! – Сұхбатыңызға рахмет. Алдағы шығар машылық кешіңіздің сəтті өтуіне тілектеспін! Сұхбаттасқан Абай ТІЛЕНШИЕВ, Еуразия ұлттық университетінің студенті.


8

www.egemen.kz

Үмбетəлі ақынды он үш жасымда тұңғыш рет Үлкенсазда өткен ақындар айтысында көрдім. Жүк машинаның қорабын ашып тастап, үстіне кілем төсеп, сонда Жамбыл ауданының ақындарын отырғызып, айтыс өткізді. Қақпатастың астында жайлауда отырған қойшы əкем мені əрең жіберді. Шешем ертоқымға жаңа аткөрпе салып, үстіме бар жаңасын кигізіп, қуанақуана шығарып салды. Ол кезде машина қат, елдің бəрі атпен келген. Көліктерін бір-бірінің құйысқанына байлап, қаңтарып қойған жұрт автодүкен аралап жүр. Бірліжарым өгіз, тана мінгендер де бар. Бала көңіл алып ұшып айтысқа ынтықпын, ақындарды көргім келеді. Өлең шығарғандар – аспандағы періштедей, үлкен-үлке-е-ен ғұлама сынды деп ойлаймын. Шынында да таңдайына өлең-жырды, маңдайына ақындықты бір Алла ғана береді-ау. – Бүгінгі айтысты – Қазақстанның халық ақыны, Жазушылар одағының мүшесі, Жамбылдың сүйікті шəкірті Үмбетəлі Кəрібаев ашады, – дегенде бүкіл ел дүркіреп қол шапалақтады. Қақ төрде отырған еңкіш тартқан тарамыстай арық қария орнынан серпіле түрегеліп, берірек келіп, малдасын құрып отырып, қолындағы кішкене ғана қара домбырасын безілдете жөнелді.

өткен ақындардың айтыстары мен жырларын жатқа соғатын, – деді құраннан кейін Əсімхан аға құшырлана сөйлеп. – Иə, ол кісі арабша, латынша жақсы хат танитын. Көптеген жазғандарын Ғылым академиясына өткізіп жүретін. Нысанбек Төреқұлов, Сағынғали Сейітов, Рахманқұл Бердібаев жəне басқа да ақын, ғалымдар талай келіп, қона жатып жазып алып жүрді. Ал Қалижан Бекхожин деген кісі арнайы тапсырмамен келіп, біздің үйде екі ай жатып, Үмбекеңнің барлық білетін жырларын жазып алып кетіп, тапсырдым деген еді, – деп ақын кемпірі де біраз жəйтті есіне алды. – Соғыс кезінде Жамбыл атам да осы үйге келіп, қонып кетті емес пе! Сəбит Мұқанов балашағасымен жиі қонақ болып тұрмады ма?! – деп Əсімхан төрде ілулі тұрған Үмбетəлінің домбырасын барып алып, тыңқылдатып тарта бастады. – Жарықтық Үмбекеңнің осы қалақтай қара домбырасын безеп, тартқанда мына шанақтан шыққан үні алты қырдың астынан естілетін. Қайран Үмбекең!.. Жырдың қара дауылы еді ғой, өлеңжырын төккенде бір орында отыра алмай екі иығы бұлтылдап, есіктен төрге, төрден есікке малдасын құрған күйі жорғалап ап жөнелетін. Мына Мəрия

, н е н е К – е г н ə , к і р й ї ж л ы б м а Ж е г ѕ е «Ґл » н е н ґ д а р а ќ і л ə т Су жорєа Їмбе Кенет домбыра тартысын тоқтата қойып, оң қолын жоғары көтере: – А-а-ау, жамағат!- деп айқай салды. Дауысы сəл қарлығыңқы шықты. – Ау, асқар белім – жамағат! Ел-жұртым тұр қаумалап. Жырдан нөсер төгейін Жəкеңнен қалған аманат. Тəтемнен сарқыт аманат. Келтірмейін оған жаманат. Ақындар келді алқалап Домбырасын арқалап, Күнде мұндай болмас-ау Қошемет пен салтанат! Төгіліп бір кетті дерсің, өзі бір орында отыра алмайды, ары-бері теңселіп, ойнап, даусы мың түрлене ашылып, жайлау төрін кернеп кетті. Кішкентай ғана қара шанақ домбыра да байыз таппай бірде ақынның оң жағы, бірде сол жағы, бірде төбесіне шығып, қырғыз қағысқа ұқсап, бебеу қағады. Думанда домбыраны қолға алайын, Тез ойлап, ой өрісін толғанайын. Кірбеңдеп, кібіртіктеп отырмастан, Несіне, сөйлей бермей, қорғанайын. Айтысты отырам ба бастай бермей, Көсілтіп көмекейден тастай бермей. Барында оралымның оралтайын, Өлеңді нөсерлете соққан желдей. Бірдей ме бүгінгі мен ертеңгі өмір, Гүлденді байтақ дала өлкелі өңір. Емес қой білген жанға өлең қиын, Денсаулық, шаттықпенен тұрса көңіл. Үмбетəлі ақын ағылды-ау бір, төгілді-ау бір. Мен бəрін ұғып алсам, көріп алсам деп ентелей түсемін, ынтыға түсемін. Ақын жасарып кеткендей, бағанағы бүкшиген жан емес, жарқыраған сұңқар жігіттей сексен ширатылған, тоқсан тарқатылған жырын төкті-ау бір. Шырқалған жырды нөпір жұрт қыбыр етпей тыңдады, тіпті тебісіп, шұрқырай кісінесіп жатқан аттар да тыпыр етпей қалғандай ма қалай? Үмбетəліден кейін сахнаға шыққан өнер сайысында ел аузында аңыздай болып кеткен жағдай Надежда Лушникова мен Жəнібек Кəрбозинның əдемі жарасқан əзілдері болды. Оны ел жаттап, ауыздан-ауызға тарап, жұрт көпке дейін айтып жүрді. Айтыс өтіп жатқан шақта кенет қырғыз жақтағы тау басынан тоқымдай қара бұлт лезде көтеріліп, əне-міне дегенше үстімізге төніп келіп, қара нөсер төкті де кетті. Өнер сайысы тоқтап, ат бауырына, машина астына тығыла үрпиіскен жұрт не істерін білмей қатты састы. Əне-міне дегенше дүркіреп, сарқыраған нөсер өте шықты да, кемпірқосақ ойнап, күн шайдай ашылып жүре берді. Айтыс қайта басталды. Соңын халық ақыны Есдəулет Қандеков қорытындылады. Айтыста маған ерекше тағы бір əсер еткені – Баймұқа Нұрсұлтанов дегеннің ақпа ақындық таланты еді. Кейін ол айтысты қойып кетіпті. Үйге келіп көрген-білгенімді майын тамызып, жыр ғып айтып бергенімде əкем: – Ол Үмбетəлі ақын сенің жақын атаң болады. Бəріміз əйтектен тараймыз, – дегені есімде. *** Аудандық газетте істеп жүргенімде редактор Əбілғазы Тоғызбаев деген ағамыз бірде: – Сен Киров совхозына барып, жүгерішілер звеносының сүрлем салу жөніндегі ісі жайлы репортаж жазып қайт, – деп тапсырма берді. Сарша тамыз, көбелек қанаты күйген ыстық күннің бірі еді. Звено жетекшісі жайлы деректерді жазып алған соң Киров ауылыңдағы суырып салма, жез таңдай ақын, арғы-бергіні көп білетін шежіреші көкірегі даңғыл жан Əсімхан Қосбасаров ағаға бардым. Ол кісі есік алдындағы көлеңкеде шай ішіп отыр екен. Қонақжайлықпен қабылдап, арғы-бергіні, ата тегімді сұрады. Бір мезетте басын қалт көтеріп: – Онда сен екеуіміз Үмбетəлінің үйіне барып, қара шаңырағына құран оқытып қайтайық. Ой, Үмбекең – түпсіз мұхит қой. Жамбыл атамнан кейінгі ірі ақын сол кісі. Мен Үмбетəліге шəкірт болғанымды мақтан етемін. Жүр қане, – деді. Екеуміз ауыл ортасындағы ақын үйіне келдік. Кемпірі есік алдына су сеуіп, сыпырып жүр екен. Маған көзін көлегейлеп қарап, танымаған түр көрсетті. – Бұл бала аудандық газеттің корреспонденті. Үмбекеңнің жақыны, – деді жолбасшым. Кемпір үшеуміз дастарқан басына отырдық. Əсекең құран оқыды. – Үмбекең ата-бабасының туып-өскен жері – Майбұлақ, жайлауы – Кішісаз. Ойхой, өлеңмен қара сөзді теріс ағызатын, айтқан сайын періленіп, іріленетін буырқанған дария тасқын жырды таңнан-таңға айтатын мұндай сұрапыл ақынды көргем доқ. Сүйінбайдың, Жамбылдың, арғы-бергі

21 наурыз

ЕАНР З Ш Ө А Л Р І КӨӨМҢІ

жеңешем екеуі жиында айтысып қалып, жеңсең алып кетесің деген ғой өлеңмен. Асыл сөздің қырғиы ғой Үмбекең, мына жеңешемді тас-талқан айтыста жеңіп, ауылға алып келмеді ме? Бұл соғыстың алдында, ұмытпасам 1939 жылы. Мəрия жеңешем – қырғыздың үлбіреген үкідей оқыған қызы, Мəскеуде болған, шашы қандай, екі бұрымы тобығына сүзіліп түседі. Үмбекеңнің қас-қабағына қарап, құлашын кеңге жаюына осы жеңешемнің көп-көп көмегі тиді. – О, несі-ай! Ақын – Алланың сүйген ардақты жаратылысы. Ағаларың маған бұйырып тұр екен де. Жандосов Оразбен бірге ұсталып, 37-ші жылы екі ай түрмеде қамалып шыққан соң, домбырасын ұстамай, өлең айтуды біржола қойып кете жаздады ғой. Жеке үйде отырып ап, есіктің күршегін іліп, зарланып, терлеп-тершіп өлеңдерді соғатын-ай!.. Енді Мұхитым аман болсын!– дегенде кемпірдің көзіне шық үйірілді, даусы бұзылып барып қалды. Əсімхан ақынның айтқанындай кезіндегі толықсып

жездеңмін. КазПИ-де деканмын. Ақын бабаң туралы еңбектенуіміз керек, бауырым. Осылай деген ол кісі сол күні мені қолдыаяққа тұрғызбады. Ұзынағаштан Алматыдағы Горький паркінің жанындағы үйіне əкеліп, Дəмегүл əпкеммен таныстырды. Өзінің жеке кабинетін маған босатып берді. Өздері таңның атысы, күннің батысы жұмысқа кетеді. Тоңазытқышы сықасқан неше түрлі тамаққа толы, диванға жатып мызғып аламын да, үстелге отырамын. Сейілбай аға жинаған, өзімдегі бар дүниені қарап, реттеп тастауға бір апта кетті. – Енді сені архивке кіргіземін, – деп ол кісі Ғылым академиясына ертіп əкелді. Сол жерде Үмбетəлі жайлы бар папкіні ақтарып, төрт-бес күн отырдым. Жездем пысық, менің дайындаған өлеңдерімді тез арада машинкаға бастырып əкеледі. Арабша, латынша жазылғаны болса аудартады. Не керек, жиырма күннің ішінде кітап дайын болды. Оған алғысөзді жазуға ғалым Серік Қирабаев келісім берді.

туған толған айдай жарқырап, қара шашы тірсегіне оратылған сұлу періште – Үмбетəлі атамның жары – міне, бүкшиген бір уыс кемпір орамалының шетімен көзін сүрткіштей береді. Кетерімде ақын кемпірі маған екі құрт берді. Оны қанша қатты болса да қажап, тістелеп өзім жеп тауыстым. *** Сол жылы қыс ерте түсіп қалды. 7 қараша мейрамынан кейін шүмектеп жауған жауын екінші күнге қырбақ қарға айналды. Қар түсісімен зəрлі суық буып, алқам-салқам жұртты қуырып, есін алды. Бүрсеңдеп, балон плащым денемді қарып, жаздық туфлиімнің табанынан суық өтіп жұмысқа келсем, есік алдында тұрған молоковоздың шофері: – Нағашыбек деген сенбісің? – деп менің түрпошымыма жақтырмай, қарап тұрды да: – Саған Үмбекеңнің кемпірі срочно келсін деп жатыр, – деді. – Ұқтың ба? – Иə, иə.... – Кемпір ауырып қапты. Давай бар. ...Үмбетəлі ақынның ауласының қары күрелмепті, із түспеген күйі əппақ болып, жарқырап жатыр. Бір жаманаттың барын біліп, жаным түршікті. Есікті ашып, үйге кірсем, өлімсіреп жанған пеш алдында бүкшиген кемпір күрк-күрк жөтеліп отыр. – Əй, балам, келдің бе? Келеріңді білгем, – деп қолымнан сүйді. Қарт кісі демігіп, көзіне жас алды. – Кəрі қойдың жасындай жасым қалды, бір күн ауру, бір күн сау. Үмбетəлінің жазған-сызғандары мына сандықтың түбінде жатушы еді. Мен олайбұлай көз жұмып кетсем босқа рəсуа болар. Көзің ашық баласың ғой, осыны саған аманымда тапсырайын деп отырмын, уһ! – деп орнынан əрең тұрып, түпкі бөлмедегі сандыққа қарай жүрді. Көне сандық – маған ертегілердегі ішінде қазына інжу-маржан толы қойма секілді көрініп кетті. Кемпір шашының ұшына өріліп, жіпке байланған кілтпен сандықтың құлпын ашты. Ішінен ақ жаймаға оралған буданы алып, орауын жазды. – Осылар, қарағым. Кемпір жылады. Менің де көзімнен жас төгілді. – Саған аманат, қарағым!.. – деді. Содан көп кешікпей кейуана қайтыс болды. Əруағыңнан айналайын Үмбетəлі ата мұрасын құшақтап, сіріңке қорап автобуспен Ұзынағашқа қайтқаным есімде. Аудандық газет редакциясында жұмыс істеп отырғанмын. – Нағашыбек деген қайсысың? – деген дауыстан селк ете қалдым. Қарсы алдымда мүсінін қоладан соққандай əдемі келген ер ағасы тұр. – Мен, – дедім. – Жақсы. Қане, танысайық. Үмбетəлі Кəрібаев атаңның күйеу баласы Сейілбай Мұсабеков деген

Ол кезде кітап шығару машақат, қиын. Сейілбай ағамыздың іскерлігі, беделі арқасында бұл жинақ 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Ардақты елім» деген атпен жарыққа шықты. Музейге алғаш басшы болып бекітілген Надежда Лушникованың да көптеген игілікті істерін атап айтуымыз керек. Музейдің ішін Үкімет дайындап бергенімен, даласы бос алаңқай еді. Осы төңіректі жайқалтып неше түрлі гүл, түрлі əсем ағаштар, бақтар өсірткен, мəпелеп күтіп-ұстаған осы Надежда ақын. Ақын туған, бүкіл ғұмырын өткізіп, тамаша жырларын берген елді мекен Киров ауылы еді. 1999 жылы қыркүйекте оған Үмбетəлі есімі берілді. Осы жердегі орта мектеп те Үмбетəлі есімімен аталады. *** Енді Үмбетəлі ғұмырына саяхат жасап көрейік. Ол кісі 1889 жылы ел жайлауға көшіп жатқан шақта дүниеге келіпті. Сегіз баланың ішінде мұқтаждық зарын көп көріп өскен Үмбетəлі ерте есейеді. Табанына шөңге кіріп, маңдайы күнге қақталып, қаршадайынан жалшылықта болып, қозы бағып, жылқы күзеткен. Əкесі Кəрібай момын ғана шаруа адамы екен де, шешесі Бөпежан той-томалақта өлең құрастырып жіберетін əнші келіншек атаныпты. Үмбетəлі 12 жасында ауыл молдасынан қара біліп, хат танитын халге жетеді. Өзі қолдан домбыра жасап, той-думанда ақынмын деп суырылып өлең айта бастайды. Əкесі бұған қатты намыстанып, қарсылық білдіріп, алғашқы жасаған домбырасын екі бүктеп, шарт сындырып, отқа жағып жібереді. Қайсар, кеудесін өнерге деген өктем құлшыныс буған жеткіншек қайта домбыра жасайды. Ауылдың той-томалағы онсыз өтпейді, жиынсауықтың гүлі болады. Атағы кеңге таралып, Үмбет ақын атанады, жанына қыз-бозбала жиылып, сауық құрып, нөкер ертіп Жетісу өлкесін аралайды. Оны Үлкенсаз, Ботасаз, Үшқоңыр, Майтөбе, Суықтөбе, Қордайдағы бүкіл ел-жұрт кезек-кезек той, асқа шақырып айтысқа түсіреді. Үмбетəлі 1913 жылы Романовтар тұқымының таққа отырғанына 300 жыл болған оқиғаға қатысты Верныйда өткен көрмеге – «өстепкеге» катысады. Мұндағы оқиға туралы, Жамбылдың қайсарлығы үшін патша əкімдерінің түрмеге жапқаны жөнінде «Өз өмірімнен» атты толғауында кеңінен айтады. 1914 жылдың сарша тамызында ақын көрші кырғыз елін аралауға шығады. Майдантал, Қуақы асуларынан асып, Қошқарға дейін барады. Өзінің өнерімен көзге түскен өнерпаз қазақ жігітін қырғыз халқы қатты қадірлеп бірінен соң бірі шақырып төрт ай бойы жібермей жырын тыңдайды, айтысқа түсіреді. Осыдан кейін ақын Қарқара, Текес, Шу, Меркі, Нарынқол, Асы сияқты алыс жерлерге де ат ізін салып, өлең-жырымен тыңдаушысының

2014 жыл мейірін қандырады, талай-талай ақын-жыршы, күйшілермен дидарласады. 1916 жылы ол «Халықтың ыза-ашуы» деген өлең шығарады. Сөйтіп, патшаның қазақтан солдат алу жөніндегі жарлығын қатты сынайды, ұлтазаттық көтерілісіне қатысушылармен бірге болады. Жетісу өңіріндегі аса үлкен көтерілісті басқарушы Бекболат Əшекеұлын жақсы таниды, соның сарбазы, жыршысы болады. Кеңес өкіметі орнаған соң жаңа ұйысқан артельге кіріп, замандастарының өмірін шаттана мадақтады. 1936, 1951, 1962 жылдары өлеңдері жеке жинақ болып басылып шықты. Сондай-ақ, «Халық ақындары» (1953), «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965) сияқты кітаптарда өлеңдері берілген. Ақын 1969 жылы 29 қарашада өзінің туып-өскен жері – Ұзынағаш іргесіндегі Киров ауылында қайтыс болды. Үмбетəлі Жамбылды 12 жасында көреді де ақындығына қатты тəнті болады. 18 жасында Майтөбеге ұлы жырауды əдейі іздеп барып тұрып: Жасыңнан ақын Жамбыл атанғаның, Атақты Сүйінбайдан бата алғаның. Шəкірті Сүйінбайдың болғаннан соң, Үйіңде тыныш қана жата алмадың. Əдейі ат арылтып інің жетті! Қолыңды жай, келеді бата алмағым, – дегенде: – Қара тілге ұста екенсің, қарағым, – деп Жəкең топ адамның көзінше қолын жайып, ақ батасын берген екен. Өнерге осылай жолдама алған, тұсауын кескен Үмбетəліге Жəкең көп көмек көрсетіп, өмірінің соңына дейін ұстаздық еткен. Бірде алқалы жиынға келіп, бар ақынды жеңіп отырған Үмбетəліні Жамбыл айтысқа шақырады. – Сіз менің бата алған ұстазымсыз. Мен өзіңізбен ешқашан айтыспаймын, – деп бас жүлдені өз қолымен Жəкеңе апарып тапсырыпты. Үмбетəлі Жəкеңнің ең сүйікті шəкірті, əрі ізбасары. Мəскеуден орден алып қайтқанда: Ассалаумағалейкум! Ардақты Жамбыл шалымыз. Шəкіртің келді алдыңа Сəлемін қабыл алыңыз, – деп шырқаған Үмбекең жыр алыбының өмірінің ең соңғы сəтіне дейін жанында бірге болған жан. Жырауды жерлерде Мұхтар, Сəбит жəне басқалар: «Жəкең ақынның пірі еді, құдірет еді. Жыршылардың ішінде дүлдүлі еді. Енді кім оны жоқтап айтады? Жоқтайтын адамның жыры да Жəкең атына лайық, соған барабар болсын», – дегенде Үмбетəлі орнынан қарғып тұрып, бейіттің басында ертеден түске дейін зарланып жырымен жоқтап, бүкіл елді егілдіріп, көздерінен мөлтілдеген жас төгілдіріп, ұлы ақынға бағыштап, жоқтау қош-қош айтқан екен. *** Санкт-Петербургтан арнайы келген зерттеуші этнограф С.Е.Дмитриев 1912 жылы былай деп жазыпты: «Пішпек уезінде өткізілген Шəбден Жантаевтың асына 40 мың кісі шақырылып, 2000 ақ үй тігілді. Асқа небір талантты ақындар келді. Олардың ішінде атақтылары Жамбыл, Қалмырза, Тоқтағұл, Өмірзақ, Кенжеқара еді. Əттең олардың сондағы айтқандары еш жерде жазылып алынбады. Таңның атысы, күннің батысына дейін тасқындай сапырып, дамылсыз жырлаған ақын-жыршылардың табиғатына, болмысына қайран каласыз». (Известия Императорского русского географического общества том ХІ. 1912 г.) Осы ұлы дүрмекке Жамбылдың жанына еріп Үмбетəлі де барады. Негізінде Кенен мен Үмбетəлінің нағыз ақын болып қалыптасуы осы жиыннан басталған. 1925 жылы Ташкент каласында, Қазақстан мемлекет баспасының күншығыс бөлімшесі араб əрпімен тəрбие, білім, əдебиет жайындағы мақалалардан «Терме» деген жинақ бастырып шығарады. Онда қазақтың ауыз əдебиетін жинауда көп еңбек сіңірген талантты қалам қайраткерлерінің бірі Шамғали Сарыбаевтың «Халық əдебиеті, оны жинау жолдары» деген көлемді мақаласы жарияланған. Осы еңбекте мынандай қызықты дерек бар: 1922 жылы 9 маусымда Жетісудағы жаңадан құрылған уездік кедей-батырақтар тобының ұйымдастыруымен Алматыдан 60 шақырым қашықтықтағы Ұзынағаш деген жерде көрнекті ақындар айтысы өткізілген. Оған Жамбыл, Кенен, Үмбетəлі сияқты сол кездің өзінде аты ерте мəлім болған атақты ақындар қатысқан. Шамғали Сарыбаев былай деп жазады: «Кəрібайұлы Үмбетəлі – туған жылы жылан, ескіше оқыған, дауысы орта, тұратын жері Ұзын Қарғалы болысы 1-ауыл. Жатқа білетін өлеңдері: Карл Маркстің өмірі жөніндегі дастан, Қызыр деген жетім бала туралы, қаршыға мен кекіліктің достығы, тазының түлкіні қуғаны, Мұхаммед Қанапия жөнінде, қанағатсыздық жəне өзінің кедейлік өмірі жайында айтқаны». *** Үмбетəлі өлеңдері сан қырлы. Ол – лирик, философ, сатирик. Ақынның мол мұрасы жөнінде жеке-жеке, нақты мысалдармен кеңейтіп əңгімелеу алдағы күннің еншісі. Мəселен «Беташар» деген өлеңін алып қарайықшы. Осы бір ғана шығармада бүкіл ауылдастарының айнымас портреттері, мінезқұлықтары, іс-əрекеттері қалай ғажайып берілген десеңізші?! Үмбетəлі – ірі айтыс ақыны. Ол өзі тұстас сөз шеберлерінің бəрімен: Кенен, Саяділ, Қалқа, Есдəулет, Қайып, Өмірзақ, Бармақ, Өтеп, Əбдіғали, Жартыбай, Арғынбай сияқты ақындармен айтысқа түскен. Əсіресе, оның Нұриламен айтысы қазақ айтыстарының ішіндегі асқар шыңдарының бірі. Ақынның қырғыз арасындағы өнер сайысы, ауызекі шешендік сөздері, əзілі өз алдына жеке зерттеуді қажет етеді. Үмбетəлі Кəрібаевтың өлең-жырлары Қытай елінде көп жарияланған. 1916 жылғы үркіншілікте өрдегі албандар Қытайға ауа көшкенде Ораз Жандосов қасына Үмбетəлі ақынды ертіп алып, арғы беттегі қазақтарды атақонысына қайта алып келуге үгіттеп, елге қайтуына көмектескен. *** «Өлеңге Жамбыл жүйрік, əнге – Кенен, су жорға Үмбетəлі қара дөнен», – деп Ілияс Жансүгіров баға берген жыр тұлпары Үмбетəлі Кəрібаевтың туғанына биыл 125 жыл толады. Туған ел-жұрты абыр-сабыр, осы үлкен мерейтойға жан-жақты дайындық жасауда. Ақын мұрасын зерттеу, екшелеу, бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу – уақыт талабы. Асқар таулар алыстан айбынданып көрінеді. Үмбетəлі атамның жырларын қайта бір сүзіп оқығанымда ғажап теңеу, небір ой маржандарына кенелдім, ғаламат əсерге бөлендім. Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетəлі сынды біртуар ақындар елінде туғаныма, сол аталарым ғажайып-жырларын шығарған өлкеде өмір сүріп, солар басқан топырақты басып жүргеніме мың да бір тəубе етемін! Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, жазушы.

АЛМАТЫ.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Балалар әдебиетінің бағы

Бəрімізге аты белгілі Бекең, Бердібек Соқпақбаевтың балалық өмірі, жастық шағы жеңіл болмаған. Қаламгердің өмір өткелдері сол кездегі қазақ ауылындағы балалардың, барлығымыздың басымыздан өткен қиын күндер еді. 30-жылдардағы сол сұрқай сүреңдерді қылышынан қан тамған тоталитарлық заманда жеріне жеткізе жазып, көрсете білген Бекеңнің қайсарлығына таңданбасқа болмас. Қазіргі ұрпақ əлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарынан табылған қазақтың бүгінгі жетістігін аспаннан түсе қалған дайын дүние екен деп қарайды. Бұл аға ұрпақтың ащы терімен, төзімді еңбегімен келген негізгі жүктің бір бөлігі. Мен жастармен, оқушылармен жиі кездесіп тұрамын. Олардан: «Менің атым Қожа» деген киноны көресіңдер ме?», деп сұраймын. Ересектері: «Көрдік», – дейді. «Авторы кім?». «Өзі айтып тұр ғой, Қожа». «Жоқ, жазған жазушының аты-жөні кім?», деймін. Бас шайқайды, білмейді. Бастауыш сынып оқушылары: «Ондай киноны көргеміз жоқ», деп төмен қарайды. Осыдан кейін: «Ойпырмай, Бердібек шынымен-ақ жас ұрпақ жадынан шығып бара ма, қалай?!» деген күдікті ой қаумалайды. Сол Бердібек биыл 90-ға толады. Мерейімді өсіретіні қызметтес болған, қатарлас жүрген ағайын ұмытпай газет-журналдарға естеліктерін жазып жатыр. Тар шеңбердегі жерлестік, туыстықтан шығып, адалдық, адамдық танытып жатқан ағайынға мың да бір алғыс. 11 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» газетінде балалар əдебиетінің ақсақалы Мұзафар Əлімбаев «берен талант Бердібек» деп бағаласа, Атыраудан Қадыр Жүсіп «классик», ал Қостанайдан Ақылбек Шаяхмет «Бердібектің шығармалары – халық қазынасы, ұрпақ несібесі» дейді. Айтулы жазушы Мархабат Байғұт өткен жылғы 1 тамызда осы басылымда «Үкімет назарына» деген айдармен «Бірегей Бердібектің бер бағасын...» деген оймен мəселе көтерді. Ақпан айында жазушы Медеу Сəрсеке өнегелі естелік жазды. Мен 1947 жылы Нарынқол орта мектебін бітірдім. Бердібек біздің алдымызда бітірген түлек қатарында еді. ҚазПИ-ге оқуға түскенімде болашақ қаламгер жоғары курстатын. Институт жатақханасында ол кісі болашақтағы үлкен əдебиет өкілдері Мұқаш Сəрсекеев, Баламер Сахариевпен бір бөлмеде жатты. Көрнекті қаламгердің биылғы мерейтойы тұсында Жазушылар одағы ұйытқы болып Мəдениет министрлігінен Бекеңнің толық шығармаларын шығартуға мұрындық болса, кино саласы тарапынан да шаралар жасалса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда Бердібек рухы жаңғырып, жұрттың санасы түлеп, мəртебесі биіктей берері анық. Өйткені, Бердібектей саңлақ санаулы. Өзімізді өзіміз көрсете білмесек, ұтпаймыз, ұтыламыз. Бердібектің кіндік қаны тамған Алматы облысының Нарынқол жері, елі аяулы перзентін ұмытқан жоқ. Əр он жылда бір мерейтойын атап өтіп жүр. Өйткені, «құстың қос қанатындай» Бердібегі, Мұқағалиы бар ел де бекер ел, бекер жер емес. Біртуар таланттарды дүниеге əкелген ел – бақытты ел ғой. Күні бүгін солардың жолын қуушылар қатар түзеп келе жатқанын көріп, қуаныш, мақтаныш сезіміне бөленесің. Аудан басшысы Қыдыркелді Медеуов бастап, Бердібектің 90 жылдығын атап өтудің шараларын жасап, арнайы комиссия құрып, қызу іске кірісіп кетті. Нарынқолдың ақсақалдары, ауыл əкімдігі, Қостөбе ауылын «Бердібек ауылы» деп атау жөнінде шешім қабылдап, ономостикалық комиссияға жіберді. Аудан əкімі, аудандық мəслихат мұны мақұлдады. Нарынқолдың өзінде Бердібек Соқпақбаевтың атында орта мектеп бар. Онда жазушының мұражайы жұмыс істейді. Мектеп алдына қаламгер бюсті қойылған. Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығын кең көлемде атап өтудің қамымен аудандық ардагерлер кеңесі өңір жұртшылығына арнайы үндеумен шықты.Онда: «Адам өлген күні өлмейді, ел-жұртының, жақындарының жадынан шыққан күні өледі», дейді екен білетіндер. Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» деп өмірлік шындықты айтқанмен, ұлы Абай: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған», деп үлкен философиялық қағида қалдырды. Ендеше Бердібек өлген жоқ. Оның шығармалары 11 тілде аударылып, 30дан астам елде 40 жылдан бері «Менің атым Қожа» фильмі көрсетіліп келеді. Ендеше ерім дейтін əрбір азамат Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығына айтулы үлес қосуы керек. 2014 жылды «Бердібек жылы» деп есептеп, оқу орындары «Бердібек оқуларын», кітапханалар жазушы шығармаларынан конференциялар ұйымдастырып, мəдениет үйлері арнайы кештер, кездесулер өткізсе, қаламгерге құрмет, кейінгі ұрпаққа үлгі болады», дедік. Бас басылым – «Егемен Қазақстандағы» қаламгерлер пікірін Бердібек Соқпақбаев туған өңір азаматтары да қолдап, Алаш рухты жазушының мерейтойын ел көлемінде атап өтсек дегенге осылайша үн қосып отыр. Совет ОРАЗАЕВ, Алматы облысының құрметті азаматы.

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы.


21 наурыз 2014 жыл

ҒАН ЛМА Р Ы АШ АЛДА АР

www.egemen.kz

«Жазмыштан озмыш жоқ». Жаратушы Жаббар иеңіз маңдайыңызға не жазды, соны көресіз. Бұл тек екі аяқты пендеге қатысты тəмсіл емес. Тұтас халықтың тағдырына да осындай жағдаяттар əсер етіп жатады. Бір ұлттың ішінен екіге жарылып, бір-біріне мылтық кезейтін тұсы да Алла тағаланың қалауынан шығар-ау. Əйтпесе, бір үйдің екі баласы бірін-бірі жау көретіндей не болыпты?! Əрине, саясаттың салқындығы, көзқарастың алшақтығы, дүниетанымның бөлектігі деген сияқты түрлі сылтауды алға тартуға болады. Бірақ оның өзі жазылып берген тағдыр екенін əсте естен шығармасақ керек. Қазақ жұрты Вьетнам соғысы туралы не біледі? Бір елдің ортасына құрт түсті. Қақ айырылды. Бір жағын Қытай мен КСРО қолдады. Екінші жақтағылардың қолтығына АҚШ су бүрікті. Содан қиян-кескі шайқас басталды. Шамалап алғанда, біздің Вьетнам соғысы туралы білеріміз осы ғана. Ал сол соғысқа қатысқан қазақ бар десе, сенер ме едіңіз? Ондай адам бар. Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақ жəне қазақстандық азамат Қызылорда облысында тұрады.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

МАЙДАНГЕР Қызылордадағы медицина училищесін тəмамдаған Иса Бисеновті əскерге алады. Оған дейін Исекең шаңырақ көтерген екен. Бірақ ол кезде өкімет мұндайға қарамайды. Алдына салып əскерге апарады. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге кетіп бара жатқанда жас келіншектің қолында он бес күндік шақалақ қалыпты. Бұлар Ленинградта борышын өтеп жүреді. медучилищені бітірген маман қай жерде де керек. Бір дивизионның дəрігері қызметін атқарады. 1965 жылы командирі шақырып алып мəн-жайды түсіндіреді. Кеңес өкіметі Вьетнам соғысына қолдау білдіру мақсатында бір полк əскер жібергелі отыр екен. Солардың қатарында Иса Бисеновтің бары да айтылады. Əскери тапсырма талқыланбайды, орындалады. Айтылды, бітті. Содан бұларды үш ай дайындықтан өткізеді. Сонан соң үстеріне қарапайым азаматтық киім беріп, қалталарына дипломаттық төлқұжат салып, Вьетнамға аттандырады. Барлығын əскери киіммен, сəнсалтанатымен апаруға мүмкіндік жоқ. Қауіптің сұрқы сұмдық. Сондықтан Кеңес əскерінің басшылығы осындай қадамға барады. – Біз ракеталық атқыштар полкы құрамында болдық. Америкалық ұшақтар қаз-қатар тұрып шабуылдайды екен. Төбеден төніп келгенде дүниенің бəрін жалмап жіберетіндей əсер қалдыратыны бар. Сондықтан оларды жерден ракетамен атып құлатуды мақұл көрген. Бастапқыда, ойымыз іске асты. Іркес-тіркес келе жатқан жау ұшақтарын жерден бір ғана ракетамен атып құлатуға мүмкіндік болды. Солай жасадық та. Кейіннен олар да соғыс тəсілін меңгере бастады. Бұрынғыдай бірігіп ұшпайтын болды. Енді бір-бірден шабуыл жасайды. Бұл кезде бір ракета бір ұшаққа тиесілі еді. Онда да біздің атқыштар полкы жау ұшақтарын аттап бастырмайтын. Соғыс дегеннің өзі ойын ғой. Америкалықтар да ойынның əдісін тез меңгеріп алды. Ұшақты нысанаға алып, ракетаны аспанға жібере саласың. Осы сəтте көкте келе жатқан ұшақ бірден жерге қарай құлдилап кетеді. Ракета адасып қалады. Осындай сəттер жиі қайталанып, біраз мазамызды алды. Сонан соң басшылық бір ұшаққа екі ракета шығындауға рұқсат берді. Ұшақ бірінші ракетадан қашып құтылғанмен, екіншісіне тап келетін. Міне, шырағым, осындай соғыстың сойын көрдік,– дейді бүгінде жетпістің төртеуіне келген Иса Бисенов ақсақал. Алғашында олар вьетнамдық сарбаздарды алты ай бойына оқытқан. Ракетаны ор наластыру, оны ату секілді соғыс əдістеріне машықтандырған. Кейіннен солармен бірге соғысқа араласқан. Вьетнамда Қазақстандағыдай кеңінен жайылып жатқан жер жоқ. Сондықтан ракеталарды елді мекендердің ішіне орналастыруға тура келген. Сосын бүгін соғысқан жерде ертеңіне тұруға болмайды екен. Өйткені, ракетаның қуаттылығы сол, айналасындағының бəрін күйдіріп жібереді. Осыдан соң тығылып ұрыс жасауға ешқандай жағдай болмайды. Ал қарсы беттегілер сені қалпақпен соғып алады. Күнде əр жерге тұрақтап, қашып жүріп ұрыс салған. Сондай күндердің бірінде бұлар жатқан жерге снаряд түседі. Тура келіп тимегендігін айтыңыз. Онда бүгінде Иса Бисенов ортамызда болмас еді. Қиғаштап келіп соққан. Бұрқ ете қалған топырақты ғана көріп үлгеріпті сарбаздар. Естерін жиғанда қалың топырақтың астында жатқанға ұқсайды. Содан ауыр жарақат алып ауруханаға түседі. Ми шайқалған. Жараланған. Иса Бисенов Вьетнамда бір жарым жылға жетпейтін уақыт соғысқан. Сосын барып қайтқан. Онда да бірден елге келмеген. Бұлар қатысқан соғыстың құпиялығы өте жоғары еді. Сондықтан соғыстан келген сарбаздар тағы да үш ай əскери борышын өтеген. Содан кейін барып қана оларды елдеріне жіберген. Соғысқа қатысқаны, қандай əрекеттер жасағаны туралы ешкімге ештеңе айтпау тапсырылады. Əскери билеттеріне Вьетнамдағы соғысқа

қатысты деген мөр басылмаған. Тіпті, біздің кейіпкерімізге «Ерлігі үшін» медалі берілген екен. Оның өзі нөмірсіз. Елге келгесін құрбы-құрдастарына дастарқан жаяды. Қармақшының Қуаңдария ауылында. Бір жағы қуаныштың, екінші жағы бойға түскен жүз граммның күшімен Бисенов қайда болғанын айтып қояды ғой. Ертесіне КГБ-ның қызметкерлері шақырып алып, бір күн бойында терісін илепті. «Құдая тоба, олардың қияндағы ауылда да құлақтары болады екен ғой. Содан кейін соғыс туралы жақ ашпадым. Тек Ауған соғысынан кейін ғана бізге айтуға рұқсат берілді. Сонан бері Вьетнам соғысының ардагері екенімді ашық айта бастадым»,– дейді Иса ақсақал. Иə, ол Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақ. Қанды оқиғаның қақ ортасында болды. Сондай қан қасаптан аман шығып, елге оралды. Еңбек етті...

ДӘРІГЕР Вьетнам соғысының ардагері ұзақ жылдар бойы Қармақшы ауданына қарасты Қуаңдария ауылындағы аурухананы басқарды. Қазіргідей бірнеше қабатты еңселі ғимарат болмаса да, ауыл ортасындағы бұл мекеме алыстан көзге түседі екен. Басы ауырып, балтыры сыздаған адам осы жерден жанына шипа табатын болған. Екі мыңдай халқы бар шағын ауылдың дəрігері Қызылдың қойнауындағы малшы ауылдарды да аралап, жүздеген шақырым жол жүріп, шопандар денсаулығын бақылайды. Ауылдың ақкөңіл адамдары Бисеновтен асқан білгір дəрігер бар дегенге сенбеген дейді сол кезде. Кəріліктің кесірінен жиі ауырып қалатын ата-əжелердің өзі оның «ертең құлантаза жазылып кетесіз» деген бір ауыз сөзінен қуат алыпты деседі. Көңіл сұрай келгендер де: «Иса доғдыр біліп айтады, көп ұзамай сауығып кетеді екенсіз», деп тарқасатын болған. Халықтың осыншалықты ықыласына бөлену үшін қаншалықты тер төгу, еңбек ету керектігін сол құрметке ие болғандар ғана білетін шығар. Ақ халатына дақ жұқтырмай, ауылдық аурухананы ұзақ жылдар бойы басқарған дəрігердің өмір жолы соғыстан кейін осылай өрбіді. – Сұрапыл соғыста жинаған тəжірибем кейінгі еңбек жолымда іске жарады. Ауыр науқастың шалғайдағы ауылдан аудан орталығындағы мамандарға аман жеткізілуі алғашқы көмектің сауатты көрсетілуіне байланысты. Бірде Қызылқұмдағы жайлаудың бірінде қолын трактор шайнаған жігіттің өмірін құтқарып қалуға тура келді. Аудан орталығына

жеткенше қанды тоқтату керек. Бірақ қысқышты 2 сағаттан артық байлауға болмайды. Осындайда əскердегі қанды оқиғаларда қолданылған əдістерді пайдаландым. Зардап шегушінің майда тамырларын байлап, санитарлық авиацияға тапсырдым,– дейді Исекең. Қазіргі күні Иса Бисенов Қармақшы аудандық медицина ардагерлерінің ұйымын басқарады. Өзі қырық жылға жуық еңбек еткен саланың қыр-сырын, əріптестерінің мұқтаждықтарын жетік білетіндіктен, қоғамдық жұмысты атқарып жүр. Отбасының қаржысына өзі туып-өскен Қуаңдария ауылына мешіт салдырып, имандылық жолында да игі іс тындырды.

АРДАГЕР «Жалғыздың үні шықпас». Бұдан ары қарайғы əңгімеміздің сыр-сипатын осынау бір ауыз сөзге сыйдыра салуға болатындай. Иса Бисеновтің еңбек ардагері екенін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ соғыс ардагері ретінде еш жер мойындамай келе жатқан тəрізді. Мысалы, Ауған соғысының бірқатар қауымдастықтары бар. Мемлекет тарапынан оларға түрлі жеңілдіктер де қарастырылған. Тіпті, екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысушылармен теңестірілген. Ал Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақ Иса Бисеновтің ондай бірде-бір жеңілдігі жоқ. «Қайта облысқа Қырымбек Көшербаев келгелі еленіп-ескеріліп жатырмын. Оған дейін үнім де, шаңым да шықпап еді» дейді Иса ақсақал. Былтыр сəуір айының басында Қызылордаға Вьетнамның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нгуен Ван Хоа арнайы ат шалдырды. Сол сапарында елші ағынан жарылып, сонау бір кезеңде өз халқына демеу бергені үшін Иса ағамызға жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін Иса Бисенов бəйбішесімен бірге Вьетнамға барды. Ол жақта соғыс ардагерін Вьетнам басшысы арнайы қабылдапты. – Президент Чыонг Тан Шанг қабылдап, достық рəуіште əңгіме өрбітті. Сол жылдардағы біздің көрсеткен көмегіміз үшін өз халқының атынан алғысын арнады. «Бүгінгі қол жеткен жетістігімізге сіздердің де үлестеріңіз бар. Сіз секілді жаужүрек ұлдар вьетнамдықтарға қаншама жақсылық жасады. Осы үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз», деді Президент бізбен жүздесу барысында,– дейді ардагер. Ол Вьетнам Премьер-министрінің қолы қойылған «Құрмет грамотасы» мен «Достық» медалінің иегері. Сондағы «Құрмет кітабына» есімі таңбаланған қазақ. Ал Қазақстанда Иса

Бисеновке ондай құрмет көрсетілді десек, қателесер едік. Тіпті, өзі қанша жылдан бері еңбек еткен, табан ақы, маңдай тері сіңген Қармақшы ауданының құрметті азаматы деген де атағы жоқ. Айналайындар-ау, Вьетнам соғысына қатысып, елге келіп, ерен еңбек сіңірген ардагерді Қазақстанның əр ауданынан таба бермейсіңдер ғой. Əркімге беріліп жатқан «құрметті азамат» деген атаққа Иса Бисеновтің лайық екенін аудан басшылығының есіне салғымыз келеді. Осыдан үш жыл бұрын азды-көпті еңбек қылған адамдардың барлығына «Тəуелсіздіктің жиырма жылдығы» деген мерекелік медаль тапсырылды. Ондай марапат Иса Бисеновке берілмепті. Ақсақал осыны айтқанда, бізді ұят қысты. Мəселе атақ-даңқта емес қой. Ардагер «қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына» қапа болады. Заң бойынша Иса Бисеновті Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестіруге болады. Бірақ оны орындауға құлықты адам болмай тұр. Жалғыз адамның жанайқайы тиісті жерге жетпей жатса, не шара?! Дегенмен, мұның да оңай жолы бар көрінеді. Мəселен, Иса Бисеновке «Парасат» ордені берілген жағдайда ол өзіне тиісті мəртебені иеленеді екен. Осы жағдайды ескере отырып Қармақшы ауданының əкімі Нəжмадин Шамұратовқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен емхананың бастығы өтініш түсірген. Бірақ аудан басшысы бұл өтініштерге құлақ аспапты. Немкетті қарады ма, əлде Иса ақсақалды лайықсыз санады ма, ол арасы бізге белгісіз. Аудан əкімі сол өтініштерді негізге алып жоғарыға ұсыныс жасай салуға қиналса керек. Қалай болғанда да Вьетнамның Президенті арнайы шақырып қабылдаған, облыс əкімі үлкен ілтипат көрсеткен ардагердің шаруасына атүсті қараған əкімнің əрекетін дұрыс дей алмаймыз. Бүгінде жасы жетпістен асқан ардагер Əлияш апамызбен бірге 7 бала, 22 немере мен 2 шөберенің қызығына кенеліп отыр. Əскерге аттанғанда тұңғышы Сағындықтың дүниеге келгеніне он бес күн ғана болғанын жоғарыда айтып едік. Ақсақалдың бүгінде біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан қоңырқай ғана тіршілігі бар. Осы өміріне шүкіршілік қылады. Дейтұрғанмен соғыстағы еңбегі ескеріліп, соған сəйкес құрмет көруді де армандайды. Ал ардагердің арманы жекелеген адамдардың қолында. Тек соны орындауға ынта керек. Бар болғаны осы ғана... Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.

9

Исатай батырєа кесене тўрєызылса дейміз

Қазақ елі егемендік алғаннан кейін батырларымыз бен асылдарымызды ардақтауға мəн бере бастадық. Осы орайда республика бойынша алғашқылардың қатарында Исатай Тайманұлының 200 жылдығы 1991 жылы біздің ауданда өткізілген еді. Ел Үкіметінің қаулысымен мерейтойды өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия (төрағасы сол тұста Премьер– министрдің орынбасары М.Жолдасбеков) құрылды. Сол кезде Қобда жеріндегі Шейітсай қорымында: «Исатайдың сүйегі осы жерде», деп батырға құйма темір шарбақпен қоршалып, ескерткіш – белгі қойылды.

Біздің аудан бұрын Новобогат ауданы деп аталса, 1990 жылы қайта құрылған кезде Исатай ауданы болып өзгертілген еді. Өйткені, Исатай старшын болғандағы қарауындағы жері мен елі біздің ауданның аумағында, əкесі Тайман Бегəліұлының бейіті де осында. Исатай басшы, Махамбет қосшы болып, алғаш қол жинап, көтерілісті бастаған жері де мұндағы Манаш аталатын аймақ. Сол себептен, батырдың 200 жылдығына арналған республикалық негізгі іс-шаралар да осы Манашта өткізілген болатын. Исатай батыр ұрпақтарының көпшілігі біздің ауданда тұрады. Батыр атындағы аудан Ақтөбе облысының Қобда ауданымен тығыз байланыс орнатты. И.Таймановтың жорық жолдарын білу, ескерткіш-белгісі басына құрмет жасау үшін біздің ауданнан делегациялар барып қайтты. Исатайдың ескерткіш белгісінен 4-5 шақырым жерде тереңдігі түйелі адам көрінбейтін терең сай жатыр. Осы сайдың басқа жерлері ондай жарқабақты терең емес. Сарбаздардың бой тасалап, ұрысқа дайындалған жері осы деуге толық негіз бар. Антрополог Н.Шаяхметов 60-жылдардың аяғында Ақбұлақтың бойынан батырдың сүйегін іздеп, қазба жұмыстарына жергілікті адамдар тартылған. Сол кезде Н.Шаяхметовтің қасында болып, қазу жұмыстарына араласқан куəлердің бірі əлі де арамызда жүр. Жасы 80-ге таяған Жауғашты Жұмағалиев 1968 жылы Н.Шаяхметов жасы 80-нен асқан Құбашев Мұқаш ақсақалдың айтуымен Шейітсай деген жерде қазба жұмыстарын жүргізген. Жағалай төмпешіктерді қазғанда белден асқан тереңдіктен екі-үш адамның, кейбіреуінен төрт-бес адамның сүйегі шыққанын көрген. «...Ең соңында кеудеге дейін қазылған бір қабірден үлкен екі дене сүйегі шығып, оны Ноэль Шаяхметов өзі алды. Осы қабірдің басына «Исатай мен оның баласы Оспан» деп тақтайға сырмен жазып, белгі қойып кеттік. Ал Мұқаш Құбашев ақсақал: «Мен, бала кезімде ауқатты Оңғарбай Сеңгіртасов деген үлкен кісінің малдарын қайыруға жəрдемдесіп тұратынмын. Сол кісі: «Ана төмпешіктің үстімен мал айдамаңдар, себебі, ол жерде Исатай деген батыр мен оның көтеріліс кезінде шейіт болған сарбаздарының мəйіті жатыр, обал болады деп отыратын», – деп жазады Жауғашты Жұмағалиев «Қобда» газетіндегі (28.ХІ.2013 ж.) «Исатайдың қабірі қалай табылды?» атты мақаласында. Қобда елі арасындағы мына əңгіме де шамаға келетіндей. Исатайдың сүйегін жерлерде: «Басына темірден не ағаштан белгі қойсақ, уақыт өте келе шіріп жоқ болып кетеді. Сондықтан жерді қазып ақ бор құяйық. Бор жаңбыр жауған сайын, қатайып, орнын жоғалтпайды. Күндердің күнінде батырды іздеушілер осы белгі арқылы тауып алсын», – деген тоқтам жасалған екен. Сол бор əлі күнге дейін сақталған. Атырау облысының Тайсойған жерінде туған, Жəңгір ханның беделді старшындарының бірі болған, ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлы жайлы Атырау ғалымдары зерттеу жүргізіп келеді. Талай зерттеу еңбектері жазылды. Былтырғы қазанда Білім жəне ғылым министрлігі мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық тарихты зерделеудегі өлкетанудың рөлі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияда Исатай батырдың сүйегі Шейітсайда жерленгені жөнінде қаулы қабылданды. Келесі жылы батырдың туғанына 225 жыл толмақ. Сол қарсаңда сəулеттік өнердің талаптарына да, ұлттық ерекшелігімізге де сəйкес келмейтін қазіргі ескерткіш-белгінің орнына кесене тұрғызылғанын қалар едік. Бұл – кейінгі ұрпақ өнеге тұтар елдігіміз бен батыр аруағына көрсетілген құрметіміз деп білеміз. Жанай БЕРҚАЛИЕВ, Исатай ауданының құрметті азаматы, биология ғылымдарының кандидаты.

Атырау облысы.


10

www.egemen.kz

А МАН

ЗА

21 наурыз 2014 жыл

Ш Ы Ќ П А ҐНЕРТ Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Редакцияға арыз-шағым айтып келетіндер көп. Өмірде сан қилы жағдайлар болған соң, олардың айтар базыналары да əртүрлі. Біреулері жеке бастың жайын күйттесе, екіншісі ұлттың, елдің қамын айтады. Баспасөз арқылы əділет жолына араша іздеп, қолдау-құптау күтеді. Біздің міндетіміз оқырманның мəселесін шемішкедей шағып, бірден шешіп бермесек те əйтеуір қоғамға ой салу, қолдан келгенше, халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру, жетер жеріне жеткізу ғой. Сондай мақсатпен төмендегі мақаланы жазуға отырдық.

БІТІМГЕР Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Арманы асқақ ару қыз кейіпті керім шаһардың кербез бір тұрғынымен өздеріңізді таныстырғым келеді, оқырман. Ол – сонау Домалақ ене, Алтын, Қызай, Ұлпан, Дəулетбике сынды аналардың жолын қуып, ел мен елді, халық пен халықты табыстыратын, əлемдік дипломатия аясына бітімгер ретінде қазақ қыздарының арасынан алғаш шыққан Ризвангүл Елтайқызы Садықова. Ризвангүлдің атын алғаш естігенде оны өзбектің немесе ұйғырдың қызы ма деп ойлағанмын. Сөйтсек, кейіпкеріміздің əкесі Елтай ақсақал заманының көзі ашық, жоғары білімді, əдебиетті көп оқитын, оқыған-тоқығаны мол зерделі азаматы болған екен. Ризвангүл өмірге келерден бұрын осы есімді иеленген əдеби кейіпкерді керемет ұнатып, қыз туса атын Ризвангүл қоямын деп шешеді. Осылайша, Қарағанды облысының Шет ауданында туып, Қарағандыда медицина институтын үздік тəмамдаған қыз алғашқы еңбек жолын Целиноград қаласында дəрігер-эпидемиолог болып бастайды. – Алты жасыма дейін əжемнің бауырында өскендіктен, таза қазақ тілінде сөйлейтінмін. Алғашқы білген орысша сөзім «капремонт» еді. Себебі, Шет ауданының орталығы – Ақсу-Аюлы кентіндегі орыс мектебінің директоры, анамның жаз бойғы айналысатын басты шаруасының бірі осы жөндеу жұмыстары болатын, – дейді Р.Садықова. Оның БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына келуі де қызық. 1989 жылы дəрігер-эпидемиолог Ризвангүл Мəскеуге докторантураға түседі. Бірақ докторантура аяқталмай жатып Одақ тарап кетеді де ол бұрынғы Кеңес Одағынан жəне социалистік елдер мен Африкадан, Кубадан келген студенттер секілді орта жолда қалады. Не істеу керек, елге барайын десе диплом жоқ, оқу орта жолдан үзілді, ол енді Мəскеуде жүріп, «Дүниежүзілік университеттік қызмет» атты гуманитарлық ұйымға жұмысқа кіреді. Ал ол Мəскеудегі өзі тəрізді білімін жалғастыра алмаған дамушы елдерден келген жастарды елдеріне қайта алмаған жағдайда жұмысқа орналастырып, мүмкіндігі болса оқуларын жалғастыруы мен елдеріне қайтуы сынды жұмыстармен айналысатын. Еті тірі, орыс тілімен қатар, бірнеше шет тілін еркін меңгерген қыз халықаралық қатынастар бойынша тəжірибе жинақтай жүріп, 1997 жылы Мəскеудегі Дипломатиялық академияны да үздік тəмамдайды. Алдында ғана академия бітірген соң қайда барамын, не жұмыспен айналысамын деген бір оймен орыс, француз, ағылшын тілдерін еркін меңгерген қыз құжаттарын халықаралық ұйымға жіберген болатын. Арада біршама уақыт өткенде БҰҰ-ның бітімгерлік операциялар жөніндегі департаментінен хабарласып тұр, Ризвангүл жіберген құжат осында келіп, департаменттегілер оның түйіндемесімен танысқандықтарын, егер қаласа өздерімен бірге жұмыс істеуге шақырған. Осылайша 1999 жылы Ризвангүл Елтайқызы Косовода əскерилерді демобилизациялаумен айналысатын БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына келіп қосылады. – Менің бұл елмен алғашқы таныстығым əуеден, одан ұшақтан жерге табаным тигенде басталды. Бұрын тұтас бір федерация болып, енді бірнеше бөлікке бөлінген елдердің бірі – Македонияның астанасы Скопье əуежайына түскенде енді ғана аяқталған соғыс лаңын сезген жоқпын. Ал автобусқа отырып, қалай шекарадан өттік, солай соғыстан қираған үйлер, бытшыт көшелер мен маңайыңа көз салсаң үрейіңді алатын картинаға жолықтық. Соғыс аяқталды дегенмен, Косово бостандығы үшін күрескен əскердің жауынгерлері қаруларын тастағылары келмейтін. Əсіресе, жастар жағы қолдарына автоматтан басқа құрал ұстамаған. Лаң кірген елдің аптығы басылып, бірден қалыпқа түсіп кетуі оңай ма? Адамдардың психологиясы өзгерген, оқу оқымаған, мамандықтары жоқ жастарды бейбіт тіршілікке бейімдеу оңайға соққан жоқ. Біз оларды бейбіт өмірге бейімдеп, мамандықтар алуына көмектесуге, жалпы бітімгерлікке

шақыруға тиіс едік. Ол бір өте лапылдап тұрған сəт еді. Біз келген соң 3 күннен кейін дəмханаға барған болгарлық бітімгер даяшыға серб-хорват тіліне ұқсас болгарша тіл қатқаны үшін көз жұмды. Ал қашаннан сан тілдегі, сан ғұрыптағы адамдардың бір-біріне құрметпен қарайтын ортасында өскен, дүниеге деген көзқарасы интернационалистік бағытта қалыптасқан маған бұл қатты əсер етті. Ушығып тұрған ахуал ішінде жұмыс жасау да қиын еді еді, – деген Р.Садықова əңгімесін əрі жалғады. – Албандар Ризвангүл деген есімімді естігенде өздеріне тартатын, сербтер де орыс тілінде сөйлейтінімді көргенде мені шет көрмейтін. Өйткені, серб тілі славян тілі тобына жататын болғандықтан, тез арада олардың тілін үйреніп алдым, – дейді Ризвангүл Елтайқызы. Осылайша екі жақты да бітістіруге ұмтылған бітімгерлер арасында тұңғыш бітімгер қазақ қызы Косоводағы қиын жұмысын бастайды. Ричард Холбрук, Мадлен Олбрайт, Кофи Аннан, Сергей Лавров сынды əлемдік дəрежедегі танымал тұлғалармен таныс, Францияның бұрынғы денсаулық министрі, «Дəрігерлерде жоқ шекара» атты беделді халықаралық ұйымның негізін қалаушы Бернард Кушнермен бірге қызмет атқарған қазақ қызы бұдан соң да бітімгерлік жұмысын əрі қарай жалғастырады. – Косово менің өмірге деген көзқарасыма қатты əсерін тигізді. Мен өз Отанымдағы мемлекеттік деңгейде қойылған этностар мен дінаралық ұғыныстықты құрметтеп жəне қадірлей білген саясаттың аса құнды адамзаттық игілік екендігін бар жан-тəніммен сезіндім. Оны жүрген жерімде айтып, біздегі елішілік ахуалмен таныстыра кетуді міндет санайтынмын. Мен арқылы олар көпшілігінде бұрын естімеген қазақ халқын танитын. Ол кездері тіптен қиын болатын. Сонда жүріп, біздегі мектеп жасындағы оқушылар білетін мəліметтерді ересектердің білмейтініне таңдандым. Ал қазір Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт бастамаларымен, игі ойларымен əлемдік саясаттың сахнасына шыққан соң, қазіргі уақытта шетелдерде жүргендерге оңай. Біздің Елбасымызды, ол кісінің ұстанған салиқалы саясаты жөнінен көзіқарақты жанның бəрі хабардар ғой, тəуелсіздіктің алғашқы онжылдығында біздің елмен жұртшылық онша таныс емес-тін, – дейді ол. Бітімгердің енді бір халықтан алғыс алған жері – қара құрлықтағы Судан елі. Дарфурдағы азаматтық кикілжіңнен зардап шеккен босқындарға төтенше гуманитарлық көмек көрсетуде үйлестірушілік қызмет атқаруды тағдыр қазақ қызының пешенесіне жазыпты. Адам баласын нəсіліне, дініне, ұлтына қарап бөлуді, немесе əлдебір ұлттың артықшылығы дейтін ұғымдарды түбегейлі қабылдамайтын Р.Садықова: «Жер бетінде жаман халық, жаман ұлт жоқ. Бес саусақтың бірдей болмайтыны тəрізді, қай ортадан да жақсы мен жаман араласа туады. Ал оны жақсылыққа бастау, қоғамның игілігіне қызмет еткізу, халықтың басты құндылықтарының біріне айналдыру көрегендіктің, кеңдіктің белгісі. Мен халқымыздың осы қасиеттерін ұштай білген біздің мемлекеттік саясаттың жетістігін əлем біле түссе екен деймін», дейді. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген халқымыз. Ол бүгінде өзінің көргендері мен түйгендерін, алған білімі мен тəжірибесін тəлімгерлерімен бөлісіп, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Қазақ гуманитарлық заң университетінде дəріс оқып жүр.

Бұл кісіні алғаш көргенімде сəл тосылып қалғаным рас... Тағдырдың талай қиындығын тартса да қажырлы кейпінен таймаған, жанары өткір жігіт ағасы Қайыргелді Смағұлов ойын жеткізерде тұтығып сөйледі. «Үш рет инсульт алдым, бұл соның салдары», деді ол аздап ыңғайсызданып. Мен бірден денсаулық жағдайын сұрастырып: «Бұл қалай болған?» деген сауалдармен сөзге тартуға тырысып едім, ол əңгіме ауанын бірден басқа бағытқа бұрды. «Мұнда келген себебім, денсаулығымды айтып мұң шағу емес. Мен – өнертапқыш адаммын. Сол өнерімді əрі қарай жалғап, іс ашуға қолдау іздеп жүрмін. Бұл жолда талай табалдырықты тоздырып, қанша жерге барсам да мəселем шешілер емес. Ендігі бір үмітім осы газетте», деді. Өнертапқыш дегенге елең ете қалып, бірден жаңалығы жайлы білуге асықтым. Міне, қызық! Бұл кісі – ұлттық құндылықтың жоқтаушысы, жанашыры екен. Қолында мөр басылған патенті бар өнертапқыш – қазақтың ұлттық құттықтау қағаздарының авторы. Иə, кəдімгі осы күні орысша атауы тілімізге сіңіп кетуге айналған «открыткалардың» қазақи ұлттық үлгісін ойлап тауыпты. «Сіз айтып отырған «құттықтау қағазы» дегеніңіз мұның нақты атауы емес, біреулер құттықтау хат дейді, біреулер қағаз дейді. Қалай болғанда да бізде бұл нəрсенің нақты атауы да, өзі де жоқ. Бірен-саран қазақшалары болғанымен, ол халқымыздың ұлттық дүниесі емес. Алайда əр ұлттың өз ұлттық құттықтау қағаздары болуы керек. Мен соны жасағым келеді», деді өнертапқыш. Сəл шегініс жасасақ, «открытка» алғаш рет ағылшындарда XIX ғасырдың соңында пайда болыпты. Басында пошта арқылы жіберетін карточка түрінде жасалып, конвертсіз, ешқандай қаптамасыз жіберіліп отырған екен. Содан Ресейде «открытое письмо», яғни «ашық хат» деген атауға ие болған. Ал қазір біздің тілде «ашық хат» деген мүлде басқа ұғымды білдіреді. Қайыргелді Смағұлов қазақтың ұлттық құттықтау қағаздарын жасау туралы идеяны осыдан 4-5 жыл бұрын қолға алыпты. Жаңа жыл қарсаңында достарын құттықтағысы келген ол дүкендерден қазақша «открытка» іздейді, таппайды. Сосын, амал жоқ,

орысша құттықтау қағаздарын сатып алып, компьютердің көмегімен оған қазақтың оюларын салып, мүлде басқаша жасап шығады. Жап-жақсы шыққан дүниенің тағы оншақтысын дайындап, оны сатып көреді. «Бір банкке барып ұсынып едім, олар бірден 10 данасын сатып алды», дейді ол. Осыдан келіп, ол мұның қажеттілігін аңғарып, болашақтағы ұлттық құттықтау қағаздарын жасауға кіріседі. Өзі бұрыннан сурет салу, дизайн жасауға бейім екен. Кейіпкеріміздің айтуынша, оған анасының қолөнермен айналысқаны, шеберлігі əсер еткен. Өмірден ерте озған анасының ойған оюларын ол өзімен бірге сақтап жүріпті. Құттықтау қағаздарына ою салуға, міне, сол нəрсе түрткі болған. 2011 жылы Əділет министрлігіне құжаттарын тапсырып, 2013 жылы өзі ойлап тапқан ұлттық құттықтау қағаздарының авторы деген патент алады. Енді соны жүзеге асыратын жеке кəсіпкерлік ашып, шағын бизнес жасауды армандайды. Еліміздің шағын жəне орта бизнесті қолдау органдарының бəріне талай хат та жазып, құжат та тапсырған екен. Алайда, қолында несиеге қояр кепілдігі жоқ деп еш жер қаржы бөлмепті. Байқауларға тапсырған құжаттары өтпеген. «Менде қайдағы кепілдік?! Жер де, үй де жоқ. Кезекке тұрсам да ала алмай жүрмін. Өзім жетім, мүгедек, жұмыссыз болсам, менде қайдағы жер, қандай үй? Ал оның бəріне қол жеткізу үшін қол қусырып отырмай, өз кəсібімді ашып, жоспардағы жобамды жүзеге асырғым келеді. Бірақ қаржының жоқтығы қолбайлау. Бар үмітім – «баста». Ең бастысы басым жұмыс істеп тұр. Идея бар. Ақыл-ойым дұрыс. Мен əкешешемнен жастай айырылдым. Қазір жалғыз

тұрамын. 15 мың теңгеге баспана жалдаймын. Мүгедектігіме алатын əлеуметтік көмектің қалғаны ішіп-жемім мен жұмыс істеуіме кетеді. Менде басқа табыс көзі жоқ. Отбасым бұрын болған еді, инсульт алу жағдайымнан соң ажырады. Мен өмірімді қайтадан аяғынан тік тұрғызғым келеді. Оған ішкі қажыр-қайратым жетеді деп ойлаймын. Елімізде қазіргі күні мемлекеттік мерекелер қатары аз емес. Сол мейрамдардың əрбіріне жеке-жеке арнайы құттықтау қағаздары жасалуы қажет. Жалпы, бизнес-жоспарымда оның бəрі көрсетілген. Маған жобамды жүзеге асыруға бар болғаны 2 мың АҚШ доллары қажет. Ал бұл қаржыға жасалар жұмыстың ұлттық құндылығына баға жетпес деп ойлаймын. Себебі, бұл қазақ ұлты үшін керек», дейді Қайыргелді Смағұлов. Өткен өмірін түгел бастан-аяқ баяндап берген кейіпкеріміз бұрындары білдей бір жеке фирманы да басқарғанын айтып, бизнес саласында азды-көпті тəжірибесі бар екендігімен бөлісті. Тіпті, еліміз тəуелсіздігін алған алғашқы жылдарда зауытта жұмыс істеп, қаржы директоры қызметіне дейін көтеріліпті. Еліміздің ең алғашқы Елтаңбасын жасаған кəсіпорында жұмыс істей жүріп, оны құрастыруға да үлесін қосқан. Бірақ қайта құру кездеріндегі қарбаласта зауыт жабылып, бизнеске де бұғау түскен. Одан қалды тағдырдың жазуымен басынан ауыр соққы алып, ақыр аяғы сал болып қалуға дейін апарған. Жүрегі сыр беріп, оған үш рет ота жасатқан. Қазір екінші топтағы мүгедек. Бірақ өмірге үнемі ұмтылыспен қарайтын ол тағдырдың ауыртпалығына мойымақ емес. Мемлекет қолдау көрсетсе, барлық күш-жігер, ақыл-ойын кəсіпке жұмсамақ. Үнемі ізденісте жүретін өнертапқыштың бұл тұңғыш «жаңалығы» емес, ол осыдан 1314 жыл бұрын «Шыбын-шіркейден құтылудың биологиялық тəсілін» ойлап тауыпты. Қайыргелді Смағұловтың бұл жаңалыққа да қолында патенті бар. Алайда өкінішке қарай, белгілі-белгісіз себептермен ол қолдау таппай қалған. Бірақ одан гөрі ұлттық құндылық маңызды деп санайтын өнертапқыш бүгінде құттықтау қағаздары жайындағы идеясын жүзеге асыруға мықтап кіріскенге ұқсайды. Себебі, ел болашағына зор сеніммен қарайтын азамат келешекте Қазақстан əлемнің дамыған отыз елімен терезесін теңестіргенде, оның барлық ұлттық дүниесі түгел болуы керек деп санайды. Иə, құттықтау қағазын жасаудан əлемдi мойындатқан əйгілі Холлмарк компаниясы екенін естіген едік. Осыдан бiр ғасыр бұрын оның iргетасын жасы небəрі 18-дегі С.Холл қалаған екен. Содан күнi бүгiнге дейiн алтын тəждi логотип бейнеленген құттықтау қағаздары əлемдiк нарықта алдыңғы қатарда. Холлмаркте 18 мыңға дейін адам жұмыс істейді, деседі. Қайыргелді Сма ғұлов Қазақстанда «Холлмаркті» аша қоймаса да, болашақта алтын тəждің орнына қазақтың əсем оюлары бейнеленген құттықтау қағаздарын əлемге танытар деген үміттеміз. АСТАНА.

н ы с а п а с ы л а м ы с а т р а л Жолаушы ін ш ї у т р а с ќ жа

мға айтулы мейра ы ы ос н ке ес і б Көктемнің ле сапарға шығу ың мерекесі. ндардың еліміз бойынша тт ы ақ б , ің кт ы тұрғы тің, ізгілі змет лықтың, еңбек алады. Осыған байланыст ту та , ің кт келіп, елге қы лі ре ір ем б д ке – ы ес з н ой ры рі б ау н те əне Н ік тандықтар 5 кү ндай ерекшел да, мереке қарсаңындағы ж р ы қс ос за ің қа л ін ы ес и б ек орай Атап айтқан ы Наурыз мер а «Жолаушыла онерлік қоғам араларды жүзеге асыруда. нағаттандыру мақсатынд ва го н д ар м ен и ц ак жиілейді. » ы ал м ді ш ы қа мша р тасы «Жолаушыла ақсарту мақсатында кешен болатын жоғары сұраныст зд ар ы н ы ң к ес те сі н қ о сы тын пойыздарға ы ж ай ан й н н н о ы п ы ты қа ары көрсету сапас ндері жолаушылар тарап і ж о л ау ш ы л ар оғары деген аймақтарына ер д н ү к лық сұраныст з ар ы кү б р е ң ау ж ы ек н а рд 5 ер ас м ла -2 9 сы ы 1 ты ы нақ ың ран олауш ақстанның сұ Қ 2014 жылд айланысты ж та сы м ал ы » А мтамасыз етті. Сөйтіп, Қаз дарды тіркеу кестесіне б қа агон арат». толықтыруды ғы 116 вагон тіркелмек. В «Егемен-ақп лы ар б а ш м қосы олады. ескерілетін б


21 наурыз 2014 жыл «Отамалы». Бұл – ақтөбелік талантты жазушы Тобық Жармағамбетовтың баспа бетін көрген тұңғыш туындысы. Қалам сілтесіне қарағанда, оның кітапқа шықпаған көркем дүниелері облыстық газетте жариялануы əбден мүмкін. Сөз еткелі отырған «Отама лы сын», шатас тырмасам, мектепте жүр генімде «Жұлдыз» журналынан оқыған сияқтымын. Біледі-ау деген əрəркімнен сұрастырғанымда көбі екіұшты дүдəмал пікірлерін білдірген. «Газетжурналдардың бірінде жарияланған болуы керек...». Ал ең ақиқаты бұдан елу жыл бұрын «Таңғы шық» жинағынан оқығам. Балаң шақтағы əсерімді майын тамызып, маңайымдағы сыныптас достарым мен көрші-қолаңның өзіме тетелес қара сирақтарына қос жанарым боталап тұрып шертіп бергенім еміс-еміс есімде... Содан бері осы аңыз-əңгіменің ұзынырғасы қанша мəрте қайталанып айтылды десейші. Оның да себебі бар. Əдеттегі қазақшылық əсірелікке басып мың мəрте, жүз мəрте демей-ақ қояйын, əйтеуір жыл сайын көктемнің соңына таман сүр қар сұйылып, жер жалаңаштана айналып соғар алай-дүлей ызғарлы боран кезінде еске түсіретінім анық. Өйткені, табиғатқұдірет ешқашан қателеспейді, өз амалəрекетінен жаңылмайды да. Табан астынан, тұтқиылдан төнген сынақ сағатының салмағы мен сабағын өлшеп-екшеу мүмкін де емес. Ғажабы сол, осынау сұрапыл сəттің суретін сиқыр сөзбен сызған Тобықтың əңгімесін бейжай оқи алмайсың. Шамырқана шиыршық ата басталған хикая бірден баурап ала жөнеледі. Əлқиссасына үңілген мезетте-ақ оқиға ішіне сүңгіп кеткеніңді аңғармайсың, аза бойың тітіреп, сай сүйегің сырқырайды. «...Қаптай жауған қар қиыршықтарының əрқайсысында осы аңыздың мұз боп қатқан түйіршіктері ұшып жүреді. Сол кезде аңыздың əлсіреп жеткен зар-шері кең даланы көктемгі тұмандай бүркеп кетеді. Бұл мұң біресе жазыққа жайылып, біресе бұлтқа сіңеді. Биік құздың басынан жел болып құлап, сай-салаға тығылады. Өзен бетінде шыны толқын болып ойнайды. Жер үсті, аспан асты жүрек зарына толып, төбелердің баурайын қайғы шарбысы қорғап алады». Аңыздан арна тартқан шып-шымыр əңгіменің көтерген жүгі зілмауыр. Желмен бірге жеткен шер құлазыған қазақ даласының тарих қатпарларына айналған көне кескінін көзіңе көлбеңдетеді. «Əр төбенің баурайында тілін жалаңдатып жұт жортады. Əр төбенің ар жағынан суырылып шығып, боран ышқынатын. Əр төбенің астында қасқыр жататын. Сол көп төбелердің бірінің баурайында Отамалы деген қойшы өмір сүрген екен». Мінеки, трагедиялы əңгіменің бас геройы – осы Отамалы қойшы. Бүкіл ғұмырын байдың есігінде, қойдың соңында өткізген талайсыз жанның аянышты халін өзек еткен шағын шығарманың мегзер ойы тұңғиық. Жалғыздық – Отамалыға тағдыр теліген сый. Қаршадайынан атаанасынан айырылып, тұлдыр күн кешкен оның өксікті өмірі тауқыметке толы еді. Туыс-бауырды көрмеді, жақын-жуықтың жылы алақанын сезбеді, жар құшып, бала сүймеді. Баспанасы бай үйінің іргесіндегі шошайған жыртық лашық. Онда үш сирақты ошақтан басқа іліп алар ештеңе де жоқ. Оны мүсіркейтін, оны түсінетін тек қос мақұлық – қасындағы иті мен көктегі қарлығаш қана. Суық түсе қимай-қимай қоштасқан қарлығашы əзірге көрінбейді. Сыңар серігі екеуі ұзақ қысты əне-міне шығарып салмақ. Тақия төбелердің, жолбарыс жонды жоталардың жалаңаштанып, тіпті күнгей беттерінің көгеріңкі рең ала бастағаны байқалады. Сəл шыдаса, тəйірі немене бес күн де өте шығар. Бел босап, аяқ ұзарар күн таяу. Өмір өткелектерінің өткір өтінде шыңдалған Отамалы қойшы бəрін-бəрін аңғарады. Көмпіс те, байсал. Жаратқанның пешенесіне жазғанына мойынұсынса да, тіршіліктің қасіретті қамытын мойындамайды. Арыстан жалды асау ағысқа қарсы жүреді-ау əрдайым. Оның үстіне көкірегі сара қуаяқ жетімек табиғат тілін жетік меңгеріп, көңіл сарайына құйып алған. Оның жиған-терген тəжірибесі бір басына жететіндей-ақ. Өмірдің ауыр азабы мен даланың ащы сабағы үйреткен ғой. Қазір де ымырт үйіріле қолына таяғын ұстап шошаласынан шыққан Отамалының жүрегі əлденеден секем алғандай, басын шайқады. Расымен табиғат тамыршысы алапат бір сұмдықтың көз жетпес қияннан мысықтабандап келе жатқанын сезген-ді. «Күн шапыраштанып, қыпқызыл боп батып бара жатыр екен. Ол көзін қысыңқырап, күнге біраз қарады. Ішінен бірдеңелерді айтып күбірледі. Басын шайқады. Қырағы, əлі оты сөнбеген көздерін аспанға аударып, оған да барлай қараған болды. Алыстағы жардың басында бір топ қарға шуласып жүр. Отамалы басын тағы шайқады...» Иə, ежелден айтылар жоралғы бар. «Кешке қарай қарғалар ұясына кірмей, ұзақ ұшты... Ертең күн суық болады, бүгін түн суық болады». Отамалы осы түнде қой жаюдан біраз қашқақтап көріп еді. Бірақ, оны түсінетін, оның сөзіне құлақ асатын бұл жалғанда тірі пенде табылмады. Өкініштің уын жаламас үшін кəнігі малшы өз ойын төңірегіндегі байдың жандайшап қожайынсымақтарына да ескертеді. Амал нешік, миғұла месқарын көрсоқырлық танытады. Кешкі құбылыстың сүрепетін, күн райының қабағын жыға ажыратар білігі жоқ желжуан қолын сілтейді. «Ұнамайдысы не? Құр сандырақ. Қайдағы боран? Қар кетіп, көктем келді емес пе?!» Отамалы түңілмеді. Байдың қаһарынан ықпай,

тура өзімен тілдесуді жөн санады. Алайда, əлгінде ғана жылтыраған үміт сəулесі дір-дір еткен күйі жалп етіп өшкен. Танауының астынан арғыны көрмейтін бай мен қойшы арасындағы əңгімені жазушы Жармағамбетов шымыр диалогтармен шебер өрнектейді. Жеңіл қағытпа сауал-жауаптасулардан характерлер шарпысуын айқын көреміз. Кəнеки, текетірес эпизодқа зер салайықшы: «Қара мұртты шұбатын ішіп болды. Зереңді кішірек қызына ұстатты да, біраз уақыт мұртын сүртіп отырды. Содан кейін көзін ашыңқырап, Отамалыға қарады: – Отамалы намаздыгерде келмейтін!.. – Я, байеке, Отамалы намаздыгерде келіп отыр, – деді сөзін бөліп-бөліп салмақтап айтты. – Отамалы намаздыгерде етігін жамайтын, я қойын қайыратын. Қойларын түнгі өріске алып шығуға дайындалатын. – Дұрыс, байеке. Бірақ бүгін Отамалы етігін жамаған жоқ. Бүгін кешке қарай қарға ұясына кірмей, қиналып біраз ұшты... Отамалыға киім керек. Ертең күн суық болады... Бүгін түн суық болады... – Оны Отамалыға кім айтты? – Оны Отамалыға батып бара жатқан күн айтты. –Күн батып кетті ме? – Күн батты. – Ендеше Отамалы мазасызданбасын. Күн айтты да кетті, ал Отамалы қойын

ІҢ ЕТТ І И Б ƏДЕ ГІМЕС ƏҢ

көкті бытырлата үзіп, ашқарақтана ілгері ұмтылады. Əдеттегідей емес, денесі əпсəтте мұздап қоя берген. Жұқалтаң көнетоз шапанының өңірін қапсыра орай бүркеген болды. Маңдай тұстан соққан ызғырық жел сумаңдап, етек-жеңінен бірдей кіріп, тұла бойын тінткілей бастады. Табанынан да сыз білініп, басындағы жылусыз құлақшынын милықтата қым-

www.egemen.kz

Отамалы түршігіп кетті. «О, аспан! О, көк! Тəңірі!» Желдің өтінде екі қолын қанатша жайып жіберіп теңселіп тұрып қалды. Көзі бұлдырап, ақ бораннан бөтен ештеңені көрмей кетті. Тағы қарады. Қойлар жаппай тоқтап, қарға ұйлығыса құлап жатыр. Отамалының есі тағы ауып кеткен-

«ЖОЌ, ОЛ ЎМЫТЫЛМАЙДЫ!» Жанат ЕЛШІБЕК,

халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

өріске айдап шығуы керек. – Отамалының үйінде ештеңе жоқ. Отамалыға қалың тон керек. – Отамалыға көктем берілді. – Отамалыға тымақ керек. – Отамалыға жылы түн берілді. –Отамалыға жақсы ат керек. – Отамалыға екі аяқ, бір таяқ берілді. Отамалы түнеріп қалды. Көпке дейін үндеген жоқ. Қастары көзін жауып отыр. Ақырында еріндерін ашып, қою дауыспен: – Отамалы қойларды өріске шығармайды. Күн суық болады. Түн суық болады. Қойлар ығып кетеді. Отамалы қойларды өріске шығармайды, – деді. Байдың көзі шапыраштанып кетті. – Қазірден бастап Отамалы қойға кетеді! – деп ақырды. Отамалы үндеген жоқ. Баяғы міз бақпас күйі. Бірақ бұл жолы байға қарап қалыпты. Түйіліңкірей қарағандай. Ас панда жүрген бүркіттің төмендегі жəндіктерді байыппен шолатынындай көзқарас. Біраз отырыстан кейін жаймен ғана: – О, Жапан, мен айтып болдым, – деді. Осы кезде ұршығын тоқтатып қойып, манадан əңгімеге құлақ түріп отырған байдың əйелі шап ете түсті. – Ендеше жазығың да болды. Айтты ғой саған. Немене, тісіңді тіреу, жағыңды сүйеу қылып. Отамалы əйел жаққа қараған жоқ. Тек Жапан байға қадалып қалыпты. Жапан əйеліне бірдеме дер ме екен деп күтіп еді, бірақ ол əйелін қоштағандай үндемей қалды. Сосын Отамалы жайлап түрегелді де, бұрылып шығып кетті. Есіктің алдында иті əлі тұр екен. Ол күннің батып кеткен орнына қарап тұр. Иесін көріп, құйрығын бұлғаңдатты. Дала қараңғыланып қалыпты. Темірқазық, Жетіқарақшылар көріне бастаған. Олар бір жанып, бір сөніп, селкілдеп тұр. Ауа салқын. Жер беті сəл тоңазып, кілегейлене қататын түрі бар. Отамалы үшінші рет басын шай қады...» Күштінің аты – күшті. «Əй қайдағы мықтылық. Таза мəңгүрттік та. Əйтпесе, өз малы – өз байлығы емес пе?! Айдыңкүннің аманында тажал аузына тығылмас еді. Мейлі. Басқа түскенді көрермін». Отамалы байғұс ескертпесін жұқалап та, жұмбақтап та жеткізген. Елп етпеді ғой ешқайсысы да. Ең өкініштісі құлаққа ілмегені. Дəрменсіз, түңілген Отамалы бай үйінен мойны салбырап шықты. Еңсесін тіктей алмаған қалпы əлгінде күн ұясына жасырынған көкжиекке соңғы рет жанар жүгірте, бұлтсыз аспанды шола барлаған. Дереу құлазыған лашығына бас сұғып, қаңырап тұрған ошағымен іштей қоштасты. Бөгелместен кері оралған бойда күндегіше бір қора қойын алдына салып, түнгі өріске бет алды. Желдеп жайылған қой-ешкі көрінер-көрінбес

танған-ды. Əншейінде селк етпейтін Отамалының жүрегі де аспандағы дір-дір еткен жұлдыздардай, біртүрлі үрейлене, үркектей соғатын секілді. Жалма-жан күш-қуатын шақырып, маңайына сергек назар аударды. Қарлы құйын ақтүтекке ұласқандай. Найза қиыршық жер-дүниені бүркеп, іркес-тіркес төбелерді танымастай қымтап, сай-саланы қуалап жүр. Қылтанақтай бұта біткенді жұлмалап ызылдаған, ысқырған əлем-тапырық аласапыранмен жалғыз өзі алысып Отамалы келеді. Кірелі-шығасы есі бар ол отарынан көз жазып қалғысы жоқ. Үскірік боранмен жағаласып күнімен ықты, түнімен ықты. Ішін аяз қарып, аштық бүріп барады. Бірақ ащы өмір тұздығымен суарылған көнтері адам əлі келеді сүйретіліп. Қарлы қалың боран көз аштырар емес. Нешінші тəулік ығып келе жатыр? Анық бажайлай алмайтын тəрізді. Алдындағы жыланша ирелеңдеген қара-құраңнан біраз жайды ұққандай. Отары тоз-тоз болып шашылып қалғанға ұқсайды. Кеше ме, əлде алдыңғы күні ме, қойдың бетін ауылға бұрғаны?! Сонда бұ қалай? Ендігі ауылға жетіп жығылса керек еді? Мүмкін емес. Ə, сонда... Отамалы еңіреп жылап жіберді. Айғайлаған үнін естірткісі келмеген шыны боран бір уыс қарды оның бетаузына тығындай түсті. «Алла бейшарамай! Сорлым-ау! Жарықтығым-ау, енді не істейін...» Ағыл-тегіл көз жасы іле-шала үсіген бетінде қатып жатыр. Дауысы да құмығып шығады. Жанарының алдына қою қара мұртын алтын зереңге батырып, шұбат ішіп отырған Жапан байдың сұлбасы көлбеңдеп тұра қалған. «Ашқарақ жауыз! Қарғыс атқыр!» Көңілге үміт сəулесін сыздықтатқан ұлпа мамық қар қойлардың жүрісін қиындатқан. Қатты аяз қайта тұрса, омбылаған қалыптарында серейіпсерейіп қатып қалары сөзсіз. Үсті-басына, құйрығына мұз моншақтарын қадап алған жалғыз серігі – иті де əбден қалжыраған. Иесінің қас-қабағын аңдап, мұңайысты қыңсылайды. «Енді не істейміз?» Қайтадан түн пердесін түсірді. Бұйрат төбелердің бозғылт бояуларын қараңғылық демде жұтып жібергендей. Ақ түтек қайтадан ішін тартып ызылдай бастаған. Қойлар да, ит те, боран да суық қараңғы түннің құшағына сіңіп кетті. Таяқ тастам жерді көре алмай қиналған Отамалының есіне бай мен оның əйелі, қыздары ауықауық оралады. Бейқам-ау, бейқам. Селк етпейтін сияқты. Көмек қолын созатын түрі жоқ. Бойындағы соңғы қайратын қайрап, жалынын қайта жаныған. Қойлар түнімен ықты. Боран ертеңіне ұзақ күнге толастамады. Сақал-мұртын мұз басқан Отамалы да долы дүлеймен кешке дейін арпалысып, қойлармен бірге ықты. Тұла бойын үсік шалып, өңменінен өткен өкпек жел əбден əлсіретіп, қатты қалжыратқан. Енді кішкене шыдаса, боран ашылмас па екен, көкек айында қар ұзақ жатқанда, ақирек ентігін баспай, осылайша тоқтамай соққанды кім көрген?! Бірақ тағдыр не деген қатал. Бұған хас таланттың оқиға шарықтауын суреттейтін тұсы көзіңді жеткізе түседі. Төмендегі көріністі толқымай оқу мүмкін емес.

дей. Еріні кемсеңдеп, ақ қарға көз жастары үзіліп түсті. Кенет құшақтап тұрған қозысы сусып қарға құлады. Отамалы да жерге ұшып түсті. Тез арадаақ қозыны қардан суырып алғысы келді. Бірақ, үсіген қолдары қозыны дұрыстап ұстай алмады. Саулық маңырап, жаны шығып барады. Қозы бір-екі рет тұншыға маңырады да, үні өшіп қалды. Отамалының демі тарылып, көмейіне суық толып кетті. Шапанын сыпырған болып, қолы жеткен жерді жапқыштап жүр. Боран ызалы иттей ырылдап тұр. Отамалы бешпетшең. Арқасынан жел өтіп барады. Қолдары икемге келуден кеткен. Кенет ол артына бұрылды. Қатып жатқан қозылар. Маңырап, жаны шыға қиналған əлсіз саулықтар. Көбі шоңқиып-шоңқиып отыр. Қаншасы туа алмай қиналып жатқанын санап тауысу мүмкін емес. Боранның улы тілі бəрінің де маңайын жалап-жұқтап, зырғып жүр. Ол аяқтарын сүйретіп, бір саулыққа келді. Саулықтың көзіне де жас қатып қалыпты. Өлген мұз қозысын жалап, қақсап тұр. Отамалының жүрегі қарс айы рылды. Жүгірген болып, ана саулыққа бір, мына саулыққа бір барды. Қозылар дүниеге келе сала қатып жатыр. Боран мен аяз жап-жас өмірлерді үзіп, топ үстінде ойнақтап, секіріп жүр». Бетпе-бет келген өлімге қасқайып қарсы тұрған Отамалы мейірімсіз тағдырмен аянбай арпалысуда. Өмірінің ақтық сəтінде де арын сатпай күреседі, адамдық һəм пенделік қажырлы қайратын көрсетеді. «Қайдасың тас жүрек! Буындырайын! Тоқтаңдар, иттер, тоқтаңдар!». Үскірік желге құшағын жайып сұлап түседі. Соңғы демі таусыларда «Тоқтаңдар, иттер!» деп ышқына айғайлап құ лап түскенде, бес күн бойы бой бермей соқ қан ақтүтек боранның да омырт қасы сықыр-сықыр етіп үзіліпті-міс... Ысқырған желдің де аузына құм құйылып, тұншығып өліпті. Күннің көзі жадырап ашылып, қалың қар сел боп еріп кетіпті. Жетіқарақшы мен Темірқазық орындарына қайта келіп, селкілдемей бекем тұрыпты. Қойлар мен қозылар қызғалдақты баурайда мəңгі-бақи жайылып жүр деседі... Ал бес күн соққан боранды халық «Отамалы», «Бесқонақ», «Құралай» атап кетіпті. Жыл сайын дəл осы уақытта бір соғып тұрады екен... Жазушы Тобық Жармағамбетов ел ішіндегі аңызды арқау еткен қасіретке толы баянын серіппеше тартылған оқиғалар желісі арқылы ұтқыр өреді. Шойындай шымыр шығарманың əсері терең тебіреніске түсіріп қана қоймай, тікелей оқиғаның ішіне батырып жібереді. Тіпті кейіпкердің жанында жүргендей, ет жүрегің елжіреп, онымен бірге қиналып, онымен бірге күйзелесіңау. Əңгіменің соңғы парағын жапқанда қос жанарың боталап, жан-дүниең құлазып, жүрегіңе жақын жайсаң жанды жоғалтып алғандай күй кешесің. Міне, жазушы шеберлігі – бұл. Қалам қуатының күштілігі – бұл. «Отамалы» – повестьке бергісіз əдемі

əңгіме. Қазақ əдебиетіне қосылған кесек олжадай көрінген тұңғыш туындысында бірден кең тынысын байқатқан қаламгердің өзіндік қолтаңбасы атойлапақ тұр. Кейіпкерлер мүсінін кейіптеу, образдың ішкі əлемін ашудағы тебіреністі де, тегеурінді монологтар, адам мен табиғаттың шайқасын бейнелеудегі психологиялық ой-иірімдер, жан күйзелісін кескіндеудегі сөз бояуы мен реңкі көңіл тойдырып, көз қуантады. Белгілі сыншы Зейнолла Серікқалиев «Отамалы» əңгімесін аса жоғары бағалап, қордалы ойын төмендегіше түйеді. «Халық трагедиясы – халық творчествосының мотиві, аңыз мотиві жалаң қайталанып қана қойған жоқ, бүкіл бір дəуірдің бетпақ жүзін бір аударып тастаған, адамгершілік атынан ауыр үкім оқыған телегей-теңіз сырға айналып кетті. Кең əлем көпсінген, кең əлемге сыймаған жұдырықтай өмір, мұңға батып буланған көз жасы, қарс айырылған көңіл, түтеп, жарылып кетейін деп тұрған ашу, кек, ыза, арпалыс, адам рухының ұлы жеңісі – бір əңгіменің бойында қаншама да ру. Бұл шығарма тұнып тұрған ой, образ». Иə, бұл əңгіме не үшін керек? Бұл əң гіме ата-бабалардың өткен өлмеші өмірін, ауыр азалы тіршілігін танып, түсіну үшін керек. Бұл əңгіме уақыт үнімен сарындас. Бүгінгі бостан да, азат ойдың биігінен зерделесек те, өз мəнін еш жоймайтынын айқын сезінеміз. Қазіргі бақытты өмірді бағалау үшін де осындай ғұмырлы туындылар қажет-ақ! Кезінде өз бет-бейнесін қалам қарымымен айшықтаған тума дарын иесі Тобық Жармағамбетов өнернамасы хақында көрнекті əдебиетші-ғалымдар, ақын-жазушылар мен замандастары жылы лебіздерін білдіргені мəлім. Тахауи Ахтанов, Қалихан Ысқақов, Мұхтар Мағауин, Мағзом Сүндетов, Төкен Əбдірахманов, Қажығали Мұханбетқалиев, т.б. тəрізді сөз киесін қастерлеген қаламгерлердің ой-пікірлерін мерзімдік баспасөз беттерінен талай мəрте оқыдық та. Жақсы жазушы атанған Тобық ағаны өз басым танымаймын. Бірде-бір рет көріп, жүздесудің сəті түспепті. Шалғайда жүргендіктен шығар. Қазақстан Жазушылар одағы шығарған анықтамалықта да өмірден қырық жасында өткен суреткер жайында өте сараң жазылыпты. Үстіміздегі жылқы жылы сексеннің сеңгіріне шығар еді. ҚазМУдің филфагын бітіргеннен соң туып-өскен елінде мұғалім болыпты. Облыстық телевизия мен Ақтөбе облыстық газетінде жауапты қызметтер атқарған. Көзі тірісінде «Нəзік бұлттар», «Екі жүрек», «Сентябрь түні», «Соңғы хат» кітаптары жарық көріпті. Ал 1984 жылы «Жазушы» баспасы елу жылдық мерейтойына орайластырып повестер мен əңгімелерін «Ақ жауын» деген атпен шығарды. Көркем əдебиеттегі дара сүрлеусоқпағын əуелден-ақ құрметтейтін Зейнолла Серікқалиев қазақ прозасының қазыналарын басып шығаратын төл жобасы «Раритет» баспасынан

11 толғаныс-толғамы күйлі-мұңды прозашының «Отамалы» жинағын ұсынғаны оқырман қауымға белгілі. *** ... Қадірлі оқырман, тақырып аясында өзім естіген мына бір жайды айта кеткім келеді. Əңгімеміздің тұздығына жарап қалар. Əлі есімде. 2009 жылдың қоңыр күзі еді. Ару Алматының мүлгіп тұрған шағы. Нағыз мизамшуақ. Жыл құсындай он екі айда бір айналып келер еңбек демалысын тиімді өткізуді ойлайсың ғой. Əдеттегідей екі аптаңда курортта «жөнделіп» алып, қалған күндеріңді туған-туыстарың мен досжарандарыңа арнайсың. Аман-саулығын біліп, сəлем беріп дегендей. Мəңгі ұмытылмас жастық дəуреніңнің куəсі болған гүл-қала, арман-қала Алматының əр бұрышы, əр ғимараты көзге ыстық. Сондай жүрекке жақын ұялардың бірі – Абай мен Гагарин даңғылдарының қиылысында бой көтерген Баспалар үйі. Қазақ қаламгерлерінің құттыханасы. Мен үшін əуелден киелі де, қасиетті саналатын Қазақстан Жазушылар одағының шаңырағынан кейінгі қастерлі мекен – түрлі баспалар орналасқан алты қабатты ғимарат. Қазақ əдебиетінің алыптары Мұхтар Əуезов пен Ғабит Мүсірепов бастаған марқасқалар тобына ілескен классиктер мен сөз зергерлерінің дені осында еңбек етті. Қаламгерлердің талай буыны алмасып тер төгуде. Қазақ ақынжазушыларының кітаптары, білім ордаларының оқулықтары тура осы жерде жазылып қалың оқырманға жол тартуда. Біз егжей-тегжейлі əңгіме тиегі етіп отырған жазушы Тобық Жармағамбетов повестері мен əңгімелері де дəл осында əзірленіп, кітап боп басуға жіберілетін. Бұл жолы да жақсылықтың үстінен түскенбіз. «Қайнар» баспасының директоры, белгілі қаламгер Оразбек Сəрсенбаев ағаға, «Ана тілінің» тізгінін ұстап отырған Жақау досқа (Дəуренбеков) кіріп шықтық. Мəре-сəреміз. «Жазушы» баспасының бас редакторы Дүйсенбайұлы Есенбай ағаға арнайы жолығып, сəлем берген едік. – Аман-есенсіңдер ме? Халдерің қалай? – Салмақты қалпынан жазбайтын Есаға бар ынты-шынтымен жөн сұраған. – Газеттеріңді оқып тұрамын. Бəрі жақсы ғой. Бірақ, өлеңді өте аз басасыңдар. Поэзияға орынды көбірек берген дұрыс. Ақынжанды қазаққа өлеңдер артық етпейді. – Пікіріңіздің жаны бар. Жұрттың дені біздің «Егеменнен» əдеби дүниелерді молынан күтетін секілді. – Міне, мен соны айтып отырмын емес пе, – деді де Есенбай аға алдында жатқан үш-төрт кітапты маған ұстатқан. Артынша жымиып күлді. – Түнеугүні маған Мұхтар Мағауин звондады. – Прагадан ба? – дедім шыдамсыздана килігіп. – Жо-ғ-а, – деді ақын аға қатты таңырқай. – Осы жерден, өзіміздің Алматының аэропортынан. Сенерімді де, сенбесімді де білмедім. «Жаңа ғана Чехиядан жеттім. Алмания арқылы ұшқанбыз. Əбден қалжырап тұрмын. Мұнда көп кідірмейміз. Ертең елге, Баршатасқа тартамыз. Қайтарда асықпай, жата-жастана шер тарқатамыз ғой. Есенбай, менің саған айтайын деген тығыз шаруам бар. Соны жылдамдатып қолға алшы. Біз Тобықты есімізден шығарған сықылдымыз. Биыл оның жетпіс бес жылдығы. Əзірге ешқайсымыз үндемейміз. Тездетіп өзің əдемі бір еске алу жазшы. Шіркін, өзімақ қағып тастар едім, бірақ уақытым жоқ. Өзің біліп тұрсың... Созылып кетеді ғой... Үш-төрт күн жатпай-тұрмай бірдеңе қылғайсың. Бая-ғы-да «Сентябрь түнін» бүкіл жатақхана кезекке тұрып оқығанымыз қайда?.. Соны шыныменақ ұмыттық па? Ə?.. Жоқ!.. Тобық ұмытылмайтын жазушы!» – Расында қызық екен. Бір жағынан Мұхаңның азаматтығы... – Сөйтіп, Жанатжан, сенің Мұхтар ағаң маған үлкен жұмыс тапсырып кетті. Жалпы, өзің Мағауин туралы жақсы жазып жүрсің. «Егемендегі» материалың ұнады. Сонымен Тобық жерлесім жайлы эссе жазбақпын. Мұхтар досымның сөзі біраз ой салды маған... Қазақтың ғажап жазушысы хақындағы жүрекжарды лебізі көкейімнен кетпейді-ау, кетпейді. «Жоқ, ол ұмытылмайды!» Мен де естелікэссемді тура осылай атайтын шығармын... Бұдан артық тақырып таппаймыз. Əлгінде ғана қолыма ұстатқан кітаптарды аударып-төңкеріп қызыға қарағаным есте. Бəрі де əр жылдары жарық көрген Тобық Жармағамбетовтың кітаптары. Кейбірінде жазушының сыйға тартқан қолтаңбалары жазылыпты. Почеркі оқушы баланың жазуындай көркем көрінген. Толық мəтіні ойымда қалмапты. Көшіріп алуды ескермеппін. О кезде Тобық аға автографының қажет боларын білді дейсіз бе?! Орайлы тұста жадыдағы көріністі жаңғыртып жатқаным да. Есенбай ағаның бірде жазушы Тобық Жармағамбетовке қатысты жоғарыдағы Мағауиннің айтқандарын Қазақ радиосынан сыр ғып шерткенін де естігеніміз бар. Қаз-қалпында. Содан бері де төрт-бес жыл зулапты. Өмір-жалған соңына қарайлаушы ма еді? Таңдайында жырдың ұясы бар қазақтың Есенбай ақыны да мынау ғапылдүниеден озған. Бірер жылдың бедері... Жаныңыз жəннатта болғай, жайсаң аға! Өлең сүйер еліңіз бар да Сіздің де есіміңіз өшпейді. Тағы бір елең еткізер дерекке зер салыңызшы. Бұған дейін мəн бермегенім рас. Қаламгерлер Тобық пен Есенбай бір топырақта туып-өсіпті. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында. Миымда Мағауин сөзі жаңғырады: – Жоқ, ол ұмытылмайды!


12

21 наурыз

www.egemen.kz

2014 жыл

 Мəселенің мəнісі

Ауылды ўйќы басып тўр. Неге? Красногор поселкелік округіне қарасты Калачи ауылындағы тосын жағдайдың жауабы табылмай тұрғанына тура бір жылдан асты. Жұмбақ құбылыс 2013 жылдың наурыз айында тіркелген еді. Содан бері бас айналу, ұйқышылдық, ұмытшақтық, тіпті, естен тану белгілерімен ауылдың 50-ге тарта тұрғыны дəрігерлерге жүгінген. Есіл аудандық ауруханасының бас дəрігері Қабдірəшит Əлмағанбетовтың хабарлауынша, тек өткен жылдың соңынан бері оқыс дертке шалдыққан 37 адам ауруханаға жатқызылған көрінеді. Олардың басым бөлігі жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Бақберген АМАЛБЕК, Егемен Қазақстан».

Оқиға өңірде елеулі алаңдаушылық туғызып, республикамыздың жетекші ақпарат құралдары əрқилы хабарлар таратты. Ақпараттық негіздегі бұл материалдар оқтын-оқтын қайталанып жатты. Бірақ, мəселенің түптөркініне жетіп, себебін дөп басып анықтау əлі күнге мүмкін болмауда. Өйткені, ғалымдар, білікті мамандар өз тəжірибесінде табиғаты тосын мұндай ауруды кездестірмегендігін айтады. Іссапарлар барысында, бұл туралы ауыл адамдарынан өзіміз де көп жағдайларды есітіп, таңғалғанбыз. Кесел күтпеген жерден жабыса қалатын көрінеді жəне ол ешқандай жас талғамайды. Дəрігерлерге жүгінгендердің жасы 14-70 аралығында. Калачи тұрғыны Надежда Якимованың айтуынша, балық аулаудан оралған 38 жастағы зіңгіттей азамат үй сенегіндегі орындыққа дем алайын деп жайғасқан бойда қалың ұйқыға кеткен. Ол аудандық ауруханада 26 сағаттан кейін оянған. Денешынықтыру сабағынан кейін 9-сынып оқушысы дəл осындай кейіпке ұшырап, 38 сағаттан соң ояныпты. «Таңертең мүлдем оянбай қаламыз ба деп қорқамыз», деушілер де бар. Мұндай хəлдегі адамдар əрқилы уақыттан кейін оянғанымен, ағзасында ешқандай өзгеріс байқалмайды. Дəрігерлер

тарапынан жүргізілген мұқият тексерістер қорытындысы ешқандай ауытқушылықты тіркемеген. Демек, алдын алу шараларын жүргізу мүмкін болмай отыр. Ұйқы синдромының сырсебебін əркім əрқилы болжайды. Кеңес заманында Калачи ауылының маңында уран өндірілгені белгілі. Красногор кентінде мыңға жуық адам еңбек етіп, мəскеулік жабдықтауда болған. Тоқсаныншы жылдары кен орындары жабылып, зəулім үйлер қаңырап бос қалды. Бұл да жергілікті атқарушы органдарға қосымша мəселелер тудырып, біршама отбасы аудан орталығына көшірілген. Ал, Калачидің тұрғындары 814-тен 600 адамға кеміген. Красногор маңындағы ашық-шашық уран қалдықтарын араға оншақты жыл салып «Уранликвид» кəсіпорны суға бөктіріп жапты. Мұндайда жұмбақ кеселдің пайда болуын алдымен əлгі уранмен байланыстыру заңды нəрсе. Оның үстіне, ұзақ жатқан осы көмбелерден радон газдары бөлініп, бақылауға көнбейтін ұйқы алып келуі мүмкін дегенді айтушылар бар. Сондықтан, ауыл былтырдан бері облыстық, республикалық деңгейдегі арнайы комиссиялардың тыңғылықты тексерісіне алынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Қасымжан Тəшметов мұндай бригадалар ауа құрамын 500

рет зерттеп, радиациялық фонды 760 рет өлшеп, ауызсуды, топырақ құрамын тексергенімен, қалыпты нормадан ауытқушылық таба алмағанын алға тартады. Сонымен бірге, 29 рет зерттелген шаш, тырнақ, тағы басқа үлгілер де шекті нормаға сай болып шыққан. Сарапшылар заманалық озық жабдықтарды, дозиметрлерді, ауадағы радон құрамын анықтайтын құралдарды пайдаланған. Сараптамалар аудандық ауруханада зерттеліп, жедел штабтың бақылауына алынды. Бірақ, дəрігерлердің тілімен айтқанда, «теріс» нəтиже тіркелуде. Сонда бұл не болғаны? Сана сан-саққа жүгіреді. Ал, ұйқы басқан жергілікті тұрғындар болса, мамандардың аузынан шығатын ресми қорытындыны асыға тосуда. Республикалық комиссия мүшесі, медицина ғылымдарының докторы Роза Абзалованың пікірінше, бұдан бұрын ауа арқылы, ылғалдың түсуі жəне басқа жолдармен тарайтын вирустық əсер де жоққа шығарылып отыр. Жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін бактериялық жəне сəулелік ықпал мен менингит, энцефилит сияқты кеселдердің белгілері табылмаған. Бүгінгі күні де комиссия жұмысы жалғасуда. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің айрықша бақылауында. Қолдағы бар бүкіл зерттеу материалдары мұқият талданып, ай соңына қарай нақты жауап қайтарылуы мүмкін. Демек, тұрғындардың түбегейлі қобалжуына негіз жоқ сияқты. Аудан басшылары ауыл тұрғындарын басқа елді мекендерге көшіру туралы мəселе қарастырылмағанын айтады. Осы жағдайларға қарап, Калачи кеселінің жұмбағы түбегейлі шешілді деуге келмейтіндей. Мақала тақырыбындағы «Неге?» деген сұрақты алып тастау да қазірше ертерек сияқты. Ақмола облысы, Есіл ауданы.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 8 сəуірде сағат 11.00-де www. gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысанды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі нысандарды сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына нысан қойылады: 1. Ғимарат, жалпы алаңы 27,7 ш.м. теңгерім иесі – ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы» ММ. Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Г. Резванов көшесі, 10Б. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 345 000 теңге. Кепілді жарна – 51 750 теңге. Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукцион өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарна «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің мына депозиттік шотына төленеді: KZ160705012170166006, БСК KKMFKZ2A, БСН 120340000827, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ банкіне, КБе11, КНП- 171. Назар аударыңыз! Сатушының электрондық өтінімді қабылдауын бас тартуы үшін қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сатушы шотына түспеуі негіз болып табылады. Департаменттің депозиттік шотына кепілді жарнаның уақтылы түсу мақсатында өтініштерді қабылдау аяқталғанға дейін үш күн кешіктірмей төлеуге кеңес береміз. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының

деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталында енгізілген деректерді өзгертеді. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың баржоғын растайтын анықтаманың; 2) қатысушының кепілді жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондайақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан əрі – электрондық өтінім) Тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне/ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы

Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы шешім қабылдағаны туралы хабарлама «Бағалы қағаздар туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі №461II Қазақстан Республикасы Заңының 18-2 бабы 5-тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып, осы арқылы «Golden Compass Capital» АҚ 2014 жылғы 19 наурызда «Golden Compass Capital» АҚ облигацияларын ұстаушылардың жиналысы (ҰСН KZ2C0Y07E392, ISIN KZ2C00001956) мынадай күн тəртібіндегі мəселе бойынша жиналыс болғандығы туралы хабарлайды: «Golden Compass Capital» АҚ облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер енгізу» (ҰСН KZ2C0Y07E392, ISIN KZ2C00001956)». Жиналыс нəтижелері бойынша шешім қабылданды: «Golden Compass Capital» АҚ облигациялары шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақұлдансын жəне жалпы жиналысқа ұсынылған оның редакциясы бекітілсін (Хаттамаға №1 қосымша). «Golden Compass Capital» АҚ облигацияларын ұстаушыларының 19.03.2014 жылғы отырысы туралы қосымша ақпаратпен www.goldencompass.kz эмитенті интернетресурсындағы «Корпоративтік жаңалықтар» бөлімінде танысуға болады.

бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға арттады. Жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайында ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион нəтижелері электрондық аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Электрондық аукцион нəтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып танылады. Ақтөбе қаласы, Ш.Қалдаяқов көшесі, 33 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте электрондық аукционның жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсы нады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы алуға болады.

Уведомление о принятом решении общего собрания держателей облигаций Руководствуясь требованиями п. 5 ст.18-2 Закона Республики Казахстан «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461-II, настоящим АО «Golden Compass Capital» информирует о том, что 19 марта 2014 года состоялось собрание держателей облигаций АО «Golden Compass Capital» (НИН KZ2C0Y07E392, ISIN KZ2C00001956) по вопросу повестки дня: «Внесение изменений в проспект выпуска облигаций АО «Golden Compass Capital» (НИН KZ2C0Y07E392, ISIN KZ2C00001956)». По результатам собрания, было принято решение: «Одобрить внесение изменений и дополнений в проспект выпуска облигаций АО «Golden Compass Capital» и утвердить их в представленной общему собранию редакции (Приложение № 1 к протоколу). С дополнительной информацией о заседании держателей облигаций АО «Golden Compass Capital» от 19.03.2014 года заинтересованные лица могут ознакомится на интернет-ресурсе эмитента www.goldencompass.kz в разделе «Корпоративные новости».

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 7-сыныпта білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жарияланады. Құжаттар 2014 жылғы 26 наурыз бен 2 мамырға дейін Алматы қаласының келесі мекенжайларында қабылданады: Бостандық ауданы, əл-Фараби даңғылы, 71, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 3-корпус (экономика-заң факультеті), тел: 377-33-66; Медеу ауданы, Самал-2 ш/а, 22-үй, №131 Б.Момышұлы атындағы мектеп-лицей, тел: 264-13-31; Əуезов ауданы, Рысқұлбеков көшесі, 28, Қазақ бас сəулетқұрылыс академиясы, бас корпус, тел: 309-62-25. Түрксіб ауданы, Чехов көшесі, 15, №76 мектеп, тел: 234-13-77. Конкурстың кезеңдері 2014 жылғы 20, 21 маусым күндері өтеді. Конкурстық іріктеу жөніндегі толық ақпаратты www.nis. edu.kz веб-сайтынан алуға болады. «Жамбыл облысы əкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Жамбыл облысы ЕААҰ үшін 2014 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде фармацевтикалық қызметті қайта сатып алу тендерін өткізетіндігін жариялайды. Жалпы сомасы 9 624 186,72 теңге. Сатып алынатын қызметтердің тізімі, олардың көлемі жəне ерекшеліктері тендерлік құжаттамада көрсетілген. Қызметтер Жамбыл облысы бойынша көрсетілуі тиіс. Қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімі: келісімшарт жасалған соң 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін. Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне байланысты фармацевтикалық қызмет көрсету, дəрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу Ережесін бекіту туралы» № 1729 қаулысының 8-9-тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті өнім берушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттама бумасын əлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 9 сəуірде сағат 11.00-ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, № 326 бөлмеден сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін немесе dzo_goszakup@mail.ru электрондық поштамен алуына болады. Тендерге қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2014 жылғы 10 сəуірде сағат 10.00-ге дейін. Тендерге қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2014 жылғы 10 сəуірде сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша: Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 78, 2-қабат, мəжіліс залында ашылады. Əлеуетті өнім берушілер тендерге қатысу өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуларына болады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 43-27-49.

КГУ «Управление здравоохранения акимата Жамбылской области» объявляет о проведении повторного тендера по закупу фармацевтических услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи для ЛПО Жамбылской области на 2014 год. Общая сумма 9 624 186,72 тенге. Полный перечень закупаемых услуг, их объем и подробная спецификация указаны в тендерной документации. Услуги должны быть оказаны по Жамбылской области. Требуемый срок оказание услуг до 31 декабря 2014 года после заключения договора. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в п.8-9 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 11.00 часов 9 апреля 2014 года включительно по адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 3-этаж, кабинет № 326, время с 09.00 до 18.00 часов или по электронной почте по адресу: dzo_goszakup@mail.ru. Окончательный срок представления тендерных заявок до 10.00 часов 10 апреля 2014 года. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 11.00 часов 10 апреля 2014 года по следующему адресу: г. Тараз, ул. Желтоксан, 78, 2-этаж, зал заседаний. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7262) 43-27-49.

«Баймырза-Агро» ЖШС Баймырза ауылында 5 сəуір күні сағат 10-да жалпы жиналыс болатынын хабарлайды. Күн тəртібінде «ҚазАгроФинанс» АҚ-тан қаржы лизингін алу туралы мəселесі қаралады. Анықтама телефоны: 8 (7162) 411232.

ТОО «Баймырза-Агро» извещает своих участников о том ,что в с. Баймырза 5 апреля состоится общее собрание. На повестке дня вопрос о получении финансового лизинга АО «КазАгроФинанс». По всем обращаться по тел: 8 (7162) 411232.

Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы 2014 жылғы 7 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінің № 46 (28270) санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы «2014 жылғы 27 наурызда» деген сөзді «2014 жылғы 8 сəуірде» деп түзетіліп оқылуын сұрайды, басқасы бұрынғы мəтін бойынша. АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 2014/2015 ОҚУ ЖЫЛЫНА ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 1. Педагогика жəне психология институты 1. Ұлттық тəрбие жəне өзін-өзі тану кафедрасы: Аға оқытушы – 1; 2. Арнайы педагогика кафедрасы: Аға оқытушы – 1; 3. Мектепке дейінгі жəне бастауыш білім кафедрасы: Ғылым кандидаты, доцент – 2, Аға оқытушы – 2; 4. Жалпы, жасерекшелік жəне əлеуметтік педагогика: Аға оқытушы – 4, Ғылым кандидаты, доцент –1, Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 2. 2. Жаратылыстану-география институты 1. Ботаника жəне зоология кафедрасы: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1, Ғылым кандидаты, доцент – 3, Аға оқытушы – 1; 2. Анатомия, физиология, гигиена жəне тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы: Ғылым кандидаты, доцент – 1, Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1, Аға оқытушы – 1; 3. Жаратылыстану кафедрасы: Ғылым кандидаты, доцент – 3, Аға оқытушы – 1; 4. Елтану жəне туризм: Ғылым кандидаты, доцент –1, Аға оқытушы –1; 5. Қазақстан географиясы, экология жəне географияны оқыту əдістемесі кафедрасы: Ғылым кандидаты, доцент –1. 3.Өнер, мəдениет жəне спорт институты 1. Музыкалық білім жəне хореография: Аға оқытушы – 2; 2. Дизайн кафедрасы: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1; 3. Кескіндеме кафедрасы: Аға оқытушы – 1; 4. Сəндік-қолданбалы өнер кафедрасы: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1; 5. Академиялық сурет жəне арнайы пəндерді оқыту əдістемесі: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 2. 4.Филология жəне көптілді білім беру институты 1. Шетелдіктер үшін орыс филологиясы: Ғылым кандидаты, доцент –1; 2. Орыс тілі мен əдебиеті: Ғылым кандидаты, доцент – 3; 3. Практикалық тілдер кафедрасы: Ғылым докторы, профессор –1, Ғылым докторы, доцент – 1, Ғылым кандидаты, доцент – 2, Ғылым кандидаты, аға оқытушы –1; 4. Қазақ тілі теориясы мен əдістемесі кафедрасы: Ғылым докторы, доцент – 1; Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 3; Аға оқытушы – 2; 5. Қазақ əдебиеті кафедрасы: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 5, Аға оқытушы – 1; 6. Халықаралық құқық кафедрасы: Ғылым докторы, доцент – 1, Ғылым кандидаты, аға оқытушы –1; 7. Халықаралық қатынастар кафедрасы: Аға оқытушы –1; 8. Кəсіби шетел тілі коммуникациясы жəне аударма ісі: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1, Аға оқытушы –1; 9. Кəсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы: Аға оқытушы – 3; 10. Шығыс тілдері кафедрасы: Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 1, Аға оқытушы – 2. 5. Математика, физика жəне информатика институты, Құқық жəне экономика институты, Тарих факультеті Институтқа (факультетке) қарасты мамандықтар бойынша студенттер санының аздығына, ПОҚ-ң рейтинг бағалау қорытындысының төмендігіне байланысты 2014/2015 оқу жылына конкурсқа қатыспайды. 6. Жалпыуниверситеттік кафедралар 1. Сауықтыру дене мəдениеті кафедрасы: Аға оқытушы – 2; 2. Математика, физика жəне информатиканы оқыту əдістемесі кафедрасы: Ғылым кандидаты, доцент – 1, Ғылым кандидаты, аға оқытушы – 3, Аға оқытушы – 1. Өтінішті жəне құжаттарды мына мекенжайға жіберіңіздер: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, кадр бөлімі, 103-бөлме. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті беру мерзімі конкурс жарияланған күннен бастап 30 күн. Анықтама телефондары: 8 (727) 2-91-18-29, 2-91-82-57.

«ҰЛУТАС» АҚ Директорлар кеңесі, 130303, Маңғыстау обл., Қарақия ауд., Жетібай кенті, 507-құрылыс, 2014 жылғы 3 наурызда өткен акционерлердің жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындылары туралы «ҰЛУТАС» АҚ акционерлеріне хабарлайды. 1. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша: «жақтап» – 105 664 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалған» – жоқ. 2. Күн тəртібіндегі екінші мəселе бойынша: «жақтап» – 105 664 дауыс; «қарсы» – жоқ; «қалыс қалған» – жоқ. Күн тəртібіндегі барлық мəселелер «ҰЛУТАС» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында қаралды жəне олар бойынша шешім қабылданды.

Совет директоров АО «УЛУТАС», 130303, Мангистауская обл., Каракиянский р-н, п.Жетыбай, строение 507, извещает акционеров АО «УЛУТАС» об итогах голосования общего собрания акционеров, прошедшего 3 марта 2014 года. 1. По первому вопросу повестки дня: «за» – 105 664 голосов; «против» – нет; «воздержалось» – нет. 2. По второму вопросу повестки дня: «за» – 105 664 голосов; «против» – нет; «воздержалось» – нет. Все вопросы повестки дня рассмотрены на общем собрании акционеров АО «УЛУТАС» и решения по ним приняты».

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2014 жылғы 3 наурыздан бастап 31 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., Орынбор к-сі, 18-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне ХҚКО арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Телефондар: 8 7172 695 155, 695 154, 695 153. www.bolashak.gov.kz

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарға кепілді көлемде тегін медициналық көмек көрсету үшін медициналық құралжабдықтарды сатып алуға тендер өткізетіндігін хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, көлемі, олардың толыққанды ерекшелігі, қамтамасыз ету мерзімі жəне орны тендерлік құжаттарда көрсетілген. Тендерге ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысымен бекітілген кепілді көлемде ақысыз медициналық көмек көрсету бойынша дəрі-дəрмектерді, профилактикалық (иммунды биологиялық, диагностикалық, залалсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жəне медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді ұйымдастыру жəне сатып алу ережелерінің 8-тармағында аталған біліктілік талаптарына сəйкес келетін барлық əлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Тендерлік құжаттар пакетін 2014 ж. 10 сəуірде сағат 15.00-ге дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі, 87-үй, 14-бөлмеден жəне lek.aoblzdrav@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша алуға болады. Тендерге қатысу үшін конверттерге салынған тендерлік өтінімдерді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжайы бойынша: Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі, 87-үй, 14-бөлмеге тапсырылады. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2014 ж. 11 сəуірде сағат 13.00ге дейінгі мерзімде Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі, 87-үй, 14-бөлмеге тапсырылады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2014 ж. 11 сəуірде сағат 15.00-де мына мекенжай бойынша: Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі, 87-үй, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның 1-бөлмесінде ашылады. Əлеуетті жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу ресіміне қатыса алады. Қосымша ақпаратты жəне анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: 8(7282) 40-00-65, lek.aoblzdrav@mail.ru.

ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области» объявляет о проведении тендера по закупу медицинского оборудования для оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в медицинских организациях. Полный перечень закупаемых товаров, их подробная спецификация, количество, сроки и место поставки указаны в тендерной документации. К тендеру допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие квалификационным требованиям, указанным в пп.8 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи», утвержденных постановлением Правительства РК от 30.10.2009 года.№1729. Пакет тендерной документации можно получить в срок до 15.00 час. 10 апреля 2014 года включительно по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана,87, каб. №14 или по электронной почте по адресу: e-mail: lek.aoblzdrav@mail.ru Тендерные заявки на участие в тендере, запечатанные в конверты, предоставляются в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, каб.14. Окончательный срок предоставления тендерных заявок: 11 апреля 2014 года до 13.00 час. в управление здравоохранения Алматинской области по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар ана, 87, каб. 14. Конверты с тендерными заявками будут вскрываться в 15.00 час. 11 апреля 2014 г. по адресу: г. Талдыкорган, ул. Гаухар на, 87, ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области», каб. 1. Потенциальные поставщики могут присутствовать при вскрытии конвертов с тендерными заявками. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7282) 40-00-65, e-mail: lek.aoblzdrav@mail.ru.

Құлахмет ҚАЛМЕНОВ Үстіміздегі жылғы 17 наурыз күні 88 жасқа қараған шағында КСРО Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, милиция генерал-майоры Құлахмет Дүйсенбекұлы Қалменов дүние салды. Ол 1926 жылғы 15 қазанда Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының Коммунизм колхозында өмірге келді. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігінің бір жылдық милиция мектебін бітірді. Содан соң ол Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасында бөлім тергеушісі, тергеу тобының жетекшісі – аға тергеуші болып істеді. 1946 жылы Қазақ КСР Ішкі Істер министрлігіне аға оперативті өкіл қызметіне шақырылды. Құлахмет Қалменов 1948-1950 жылдары Мəскеудегі КСРО Ішкі істер министрлігінің жоғары білімді офицер кадрларын дайындайтын екі жылдық мектебінде оқыды. Оны тəмамдағаннан кейін республика Ішкі істер министрлігінің аппаратында алты жылға жуық уақыт аға оперативті өкіл қызметінен бастап кадр басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. Алматы, Жамбыл жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармаларының бастығы болып 20 жылдан астам уақыт бойы еңбек етті. Өмірлік мол тəжірибесінің негізінде оның қаламынан «Деятельность следователя и органа дознания в связи с при остановлением уголовного дела» атты монография,

«Өмір белестері» (1998 ж.), «Воспоминания генерала милиции» (2001 ж.), сондай-ақ «Құныққан қасқырлар», «Замана тынысы» жəне «Бəукеңнің шарапаттары» тəрізді кітаптар туды. Айтулы азаматтың ішкі істер органдарында қырық жылдан астам атқарған ерен еңбегі лайықты бағаланып «Қызыл Жұлдыз» орденімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының жəне Қызылорда облысындағы Шиелі ауданының құрметті азаматы атанып абыройға бөленді. Ардақты ағамыз Құлахмет Дүйсенбекұлы Қалменовтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Марқұмның жарқын бейнесі жадымызда əрдайым сақталады. Абыз ақсақалдың жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын. Астаналық ағайын-туыстары.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының ұжымы театр солисі Есенгелді Рзинге АНАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы университеттің бас ғалым хатшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Əділхан Əбуұлы Сəмбетбаевқа анасы Зинатай НҰРЛЫБАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректораты мен ұжымы түлектермен жұмыс басқармасының бастығы, тамаша азамат Едіге Абылайұлы ОМАРОВТЫҢ ұзаққа созылған ауыр науқастан соң өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы мен ұжымы бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Дастан Абдулғафаровқа əжесі Алма Бозтайқызы ЖАҚЫПБАЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. ҚазМУ-дың журналистика факультетінде бірге оқыған курстастары Сейіт Омаровқа жəне туған-туыстарына ағалары Нұрболат ОМАРОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


21 наурыз

ІК

ЕС Б Л ТА

2014 жыл

«ТАБИЄАТТЫ ТОЗДЫРЄАН ЕЛ БАЙЫМАЙДЫ» – дейді биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагина

– Татьяна Михайловна, Науырзым қорығы аталғанда алдымен сіздің есіміңіз ауызға алынады. Осы қорықта табаны күректей 24 жыл қызмет істедіңіз. Оны бүгінгі дəрежесіне көтеру үшін, ең бастысы, қандай жұмыстарды қолға алдыңыздар? – Қорықтың 1931 жылы құрылғанынан жұртшылық хабардар шығар. 1976 жылға дейін де, кейін де Науырзым қорығы бірнеше рет отқа оранды. Айналасының барлығы айқышұйқыш жыртылған егін. Ауылдар малын да жайып, жұрт қорық ішінен қысқы шөбін орып алатын болған. Демалатындар, тұзды көлге түскісі келетіндер де осы жерден табылатын еді. Міне, жағдай осылай болып тұрғанда қорық бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігі мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап қалуға дəрменсіздік танытты. Қорықтағы ғылыми жұмыстарды жүйеге салмай табиғаттың тозуы тоқтамас еді. Осында бұрын өртенген қарағайлардың, өзге ағаштардың орнына жерді жыртып, көшеттер егіледі екен. Мен мұның түбірінен дұрыс емес екенін айттым жəне осы жұмысты тоқтаттық. Өртенген ағаш табиғи қалпында, табиғаттың өзінің жолымен қайта көктейді, қайта шығады. Жабайы табиғаттың жолына адам көлденең тұрмауы тиіс. – Сіздің Науырзым қорығының аумағын кеңейту үшін 90-жылдары нəтижелі жұмыс жүргізгеніңізден хабардармыз. – Ол кезде Науырзым қорығындағы төрт учаске жердің барлық аумағы 80 мың гектар ғана болатын. Ғылыми тұрғыдан алғанда қорықта кемінде 160 мың гектар жер болуы керек. Сонда ғана ондағы аңдардың үйіріне, құстарға табиғи өріс жеткілікті болады. Сол үшін біз министрліктерге, жоғары жаққа қанша рет жазып, сөзімізді құлаққа ілдіре алмағанбыз. Кеңес Одағы кезінде «шаруашылыққа қажетті жерлер қорыққа берілмейді» деген шығарыпсалма жауаптар келетін. Республика тəуелсіздігін алғаннан кейін көп мəселеге көзқарас өзгерді. Екіншіден, нарықтың келуіне байланысты ауыл шаруашылығы бастан кешкен дағдарыстың сəтін біз «ұтымды» пайдаланып қалдық. Көп жерлерге егін егілмей бос қалды. Мен 1996 жылы сол кездегі Науырзым

ауданының əкімі Сəруар Ерденовке кірдім. Ол адамгершілігі мол, өте сауатты, елдің-жердің жағдайын жүрегімен ойлайтын азамат кісі еді, марқұм. «Сəруар Əлжанұлы, екеуміз тарихи міндетті орындауымыз керек. Қорыққа жер керек», дедім. «Қанша, екі мың гектар ма?» «Жоқ» деймін. «Үш мың гектар ма?» дейді Сəруар Əлжанұлы. «Жоқ» деймін. «Бес мың гектар ма?». «Жоқ». «Сонда қанша сұрайсыз?». «103 мың гектар». Сəруар Əлжанұлы ор ны нан тұрып кетті. «Татьяна Михайловна, не айтып тұрсыз? Мүмкін емес қой, кім береді оны?» деді. «Сəруар Əлжанұлы, жерді иеленіп отырған азаматтарды кеңірек ойлауға шақырып көрейік. Өзіңіз шаруашылық басқардыңыз, кеңшарды дамыттыңыз, адамдар тұрмысын көтердіңіз. Ал қазір не болды? Шаруашылық тарады, адамдар көшіп жатыр. Ал қорық сол адамдар ұрпағының мəңгі байлығы, осыны түсіндірейік. Осы жолы жерді алып қалмасақ, кейін өте қиынға түседі», дедім. Сонымен қатар, Науырзым қорығының жері қазіргідей бөлек-салақ емес, тұтас əрі аңдар мен құстардың үйірімен жүруіне, көбеюіне айналым болатындай кең болуы керектігін, мұның өзі ғылыми ұстаным екенін түсіндірдім. Екеуміз Науырзым ауданы жерінің картасын қарап отырып, қорықтың тұтастығын қамтамасыз етуге болатынына əкімнің көзін жеткіздім. Сəруар Əлжанұлы мені қолдады, шаруашылық басшыларын шақырып алып, олар иемденіп алған жерлерді қорыққа қайтаруына үгіт жүргізді. Мəселе, екі жақты тиімді шешілуі үшін, қорыққа жерін берген кəсіпкерлерге ауданның өзге өңірінен жер телімдері бөлінді. Жердің кеңейтілуі бірден шешіле қалған жоқ, оған Ө. Шөкеев, А.Есімов секілді сол жылдары облыс əкімі, Премьер-Министрдің орынбасары болып тұрған белгілі тұлғалардың көмек-қолдауымен бірнеше жылға созылып барып, мүмкін болды. Қазір қорықтың ауқымы 191 мың гектар жерді алып жатыр. – Қазір бұл қорықтың жұмысы қандай деңгейде? Көңіліңіз тола ма? – Əрине, көңілім толады. Науырзым қорығы арқылы біз Қазақстандағы экожүйені тұңғыш рет жаһандық деңгейге алып шықтық. Науырзым тек Қазақстанның ғана

байлығы емес, бұл əлемдегі табиғат інжулерінің бірінен саналады. Мұндағы селеулі, бетегелі даланың əлемде тек осы жерде ғана кездесетінін айтсақ та жеткілікті емес пе? Біз мақсатымызға жеттік. 2009 жылы 7 мамырда Науырзымның көлдер жүйесі халықаралық негізі бар сулы-батпақты аймақтар тізіміне (Рамсар участкелер тізімі), ал 2008 жылғы 7 шілдеде Науырзым қорығы Квебек (Канада) қаласында ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мəдени жəне табиғи мұралар тізіміне енгізілді. – Торғайда «Алтын дала» резерватының ашылғанына екі жылдан асты. Ол туралы бастаманы көтерген де, оның ғылыми негізін салған да өзіңіз ғой. Осы игілікті істі қолға алуға не себеп болды? – Əрине, дала табиғатын қорғау керек екенін түсінерсіз. Торғай даласы дегенде алдымен ауызға киік ілінеді. Дүниежүзінде киіктің бес түрлі таралымы бар, соның үшеуі Қазақстанда. Жалпы, дүниежүзіндегі киіктің 90 пайызы Қазақстан даласын мекендейді. Қазақстандағы үстірттік, оралдық жəне бетпақдалалық деп аталатын үш таралымның ең үлкені де соңғысы, яғни бетпақдалалығы болып табылады. Ол Торғай даласында жайылады, көбейеді. Киік өткен ғасырда өте көп қырылды. Оған даланы шаруашылық қажеттілікке пайдалану мен браконьерлердің техника қуатын пайдаланып, аяусыз атуы басты себеп болды. Оны қорғау ғылыми дəрежеде қолға алынған емес. Ал дүниежүзінде табиғат қорғау ісі мұндай мəселелерге кіді қарайды. Мысалы, əлем бойынша ірі табиғат қорғау жобаларын жүзеге асыратын Франкфурт зоологиялық қоғамы ақбөкеннің қалпына келтіруді қолға алғанда Танзанияда осы аңның саны 2 миллионнан 200 мыңға дейін кеміген екен. Ал мен «Алтын дала» резерватын құру туралы бас тама көтергенімде біздің даламызда ақбөкеннің саны 10 мыңға жетпейтін. Резерваттың қандай маңызды екенін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Бұл істі кейінге соза беруге болмайтынын білдім. 2005 жылы Қазақстанға Дүниежүзілік жабайы табиғат қорынан (WWF), Ұлыбритания құстарды қорғау корольдік қоғамынан (RSPB), Франкфурт зоологиялық қоғамынан (FZS)

Науырзым қорығын қазір бүкіл дүниежүзі біледі десе болады. Ол ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік табиғат мұралары тізіміне енгізілді. «Алтын дала» резерваты ашылып, қазақ даласының ботагөзі – ақбөкендерді сақтап қалу ісі қолға алынды. Осының барлығы көз майын тауысқан ғылыми жұмыстармен бірге бюрократтық кедергілерді жеңу, халықаралық байланыстарға шығу, түрлі деңгейдегі ұйымдармен келісу, ұйымдастыру, қаржылық орайын табу секілді адамның ерікжігерін сынайтын жұмыстарды қажет етеді. Бүгінгі тірлікті емес, еліміздің ертеңі, кейінгі ұрпақтың несібесіне айналар нар көтерер жүкті нəзік те, парасатты, білімді əрі патриот орыс əйелінің арқалап жүргені кімді сүйсіндірмесін. Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының шөлге айналған жерлер бойынша тəуелсіз сарапшысы, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) биоалуандылық бойынша сарапшысы, Табиғи жəне азық-түлік ресурстарына қол жеткізу мəселелері бойынша халықаралық тəуелсіз комитеттің (IPC) мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна БРАГИНАМЕН тілдескен едік.

өкілдер, мамандар келді. Мен оларды Торғай даласын көруге шақырдым. Облыстың жəне Амангелді ауданы басшыларының, сондай-ақ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) көмек-қолдауымен маусым айында киіктер жайылатын Торғай даласына төрт күндік экспедицияға шығып кеттік. 2005 жылы облыс экономикасы енді еңсе көтеріп келе жатқан тұс қой, қалта жұқа, қаражат аз. Халықаралық ұйымдардан келген ғалымдарға көңілдегідей қонақжайлылық көрсете алған жоқпыз. Атынан ат үркетін ғалымдар Торғай даласында төрт күн бойы шатыр тігіп, шөптің үстінде аунап жатты. Мен Торғай даласында өсетін жиде жəне хош иісті өзге шөптерді жұлып алдым да, экспедиция құрамына Франкфурт зоологиялық қоғамынан келген французға ұсынып: «Қазақ даласының байлығы міне, иіс суды француз өзі жасап алсын» дедім. Менің əзіліме қонақтар мəз болып күлген еді. Олар даланың кеңдігіне, тұнған табиғатқа қайран қалды. Төрт күн жүріп, біздің жергілікті мамандардың біліктілігінің арқасында 2 шақырымнан бір топ киікті көріп, көңіліміз тыншып қайтқан едік. Осыдан кейін табиғат қорғаудағы осы халықаралық ұйымдар мен министрліктер арасында жұмыстар жалғасын тапты. «Алтын дала» резерватына қазір Сарықопа, Тосын құмы жəне Ұлы Жыланшық маңайы аумақтары қарайды, оның барлығы 4 89 766 гектарды алып жатыр. Осы бекітілген аумақтар Амангелді жəне Жангелдин аудандарында орналасқан. Киіктердің Бетпақдала таралымында қазір 160 мыңға жуық киік бар. Олар мамыр айында жаппай лақтайды. 2012 жылы ашылған резерватта алдағы уақытта ғылыми жұмыстар жолға қойылатын болады, ол тек ғана киікті емес, даланың бүкіл табиғатын, тірі тіршілігін зерттейді. – Сіздің кабинетіңізде Ахмет Ясауи кесенесінің, сосын бұхар бұғысының суреті ілулі тұрады. Осының сыры неде? – Табиғатқа, қоршаған ортаға бүгін қамқорлықпен қарамасақ, кейінгі ұрпаққа таза ауа жұту, таза су ішудің өзі мұң болып қалады. Экологиялық тепе-теңдік бұзылмауы тиіс. Дүниежүзілік конгрестер 1962 жылдан бері мемлекеттерді ерекше қорғалатын табиғат

13

www.egemen.kz

ау мақ тардың көлемін көбейтуге үндеп келеді. Ал 1992 жылы осы мəселе бойынша Каракаста өткен Дүниежүзілік конгресс 2000 жылға дейін ерекше қорғалатын табиғат аумақтары əрбір ландшафтық-географиялық аймақтың 10 пайызын қамтуы тиістігін айтты. Көптеген мемлекеттер мұны орын дады. Бірақ адамзаттың іс-əрекеті бүгін планетадағы барлық құрлықтың 27 пайызын адамнан оқшаулау керектігіне мəжбүр етіп отыр. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру арқылы жүзеге асады. Қазір Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) көптеген игі іс тер ге мұрындық болып келеді. Осыдан 6-7 жыл бұрын осы халықаралық ұйым «Глобал-200» (Global 200 EcoregionsoftheWorld) деп аталатын əлемдік экоөңірлер құрамына кірген Сырдария өзенінің алқабы мен Қаратау тауларында модельдік экологиялық желі құру жөнінде ұсыныс айтты. Жобаны Норвегияның сыртқы істер министрлігі қаржыландырды. Осы іске араласқан соң мен жобаға Түркістан өңірін таңдап алып, 2008 жылы Түркістан мемлекеттік ұлттық табиғат паркін құруды ұсындым. Ол үшін ғылыми экспедиция жасалды, соның нəтижесінде Түркістан табиғат паркі мен Қызыл құм кіші қорығы 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы аясында құрылды. Бұл үлкен жұмыс. 2009 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) тұқымы жойылып бара жатқандықтан торда өсірген бұхар бұғысын еркіндікке жіберуге берді. Бұл үшін 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі А.Мырзахметовтің ұсынысымен Сырдария – Түркістан аймақтық табиғат паркі құрылды. Табиғаттың еркесі – бұхар бұғысы əлі-ақ оңтүстік өңірдің тоғайлы даласының сəніне айналады. Жалпы, игілікті жобалар арқасында қазақ даласында құлан, пржевальский жылқысы, бұхар бұғысы, киіктер қалпына келеді. Табиғаттың тепе-теңдік айналымы үшін осыларды жейтін жыртқыш керек. Иə, ол жыртқыш бұрын оңтүстік өңірде болды ғой. Ол – тұран жолбарысы еді. Оның ең соңғысы 1976 жылы Əзербайжан жерінде оққа ұшты. Сырдарияның бойындағы қамыс қопаларда жолбарыс мекендегені туралы аталарыңыз

айтқан əңгімелерді құлағыңыз шалған да шығар. Оны қалпына келтіру үшін Амур жолбарысы алынатын болады. Тегі жағынан екі аң бірбіріне өте жақын, ол оңтүстікті жерсініп кетеді. Тіпті, далаға дуадақ құсын да қайта оралтуға жұмыс жасау ойымда бар. Ол тың жерлерді игергеннен кейін жоғалып кетті. Бұл болашақтың ісі, əрине. Бірақ жүзеге асуы тиіс. Оңтүстік өңірдің табиғаты да, тарихи-археологиялық ескерткіштері, мəдениет байлығы да ғажап қой. Соларды қалпына келтіруге жергілікті атқарушы биліктегілер жүрекпен, патриоттық сезіммен атсалысып отыр. Олардың осы ісіне сүйсінемін. Менің кабинетімдегі екі суреттен тарайтын əңгіме осы. – Татьяна Михайловна, жақында өзіңіз қызмет істейтін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция мерейтойыңызға орайластырылды. Осы қуанышыңызға біз де ортақпыз. – Рахмет. Өзім ұстаздық етіп келе жатқан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының басшылығына, студенттеріме, ұстаздар қауымына алғысымды айтамын. Қазақстанның, Ресейдің əр қаласынан келген ғалымдардың, білімдар адамдардың басын қосқан мұндай жиындардың жастарға берері көп. Олар ғалымдарды тыңдап үйренгені лəзім. Кейінгіге ғибраты болса ғана мерейтойдың межеге жеткені деп біліңіз. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция нақ біз əңгімелеп отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар проблемасына арналды. Онда Қазақстан далаларындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнінде айттық. Ең қуанарлығы, мұндай аумақтар біз əңгімелегендей, құрылып, қалыптасып, жұмыс істеп жатыр. Оңай емес, əрине, бірақ талпыныс күшті. Осы табиғи аумақтарды қорғау проблемаларын шешу мəселелері жөнінен Қазақстан əлемдік деңгейде көш бастаушылардың бірінен саналатыны мен үшін үлкен мақтаныш. Мысалы, 1926 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар елімізде бар болғаны 80 мың гектар екен. 2011 жылы адам қолынан оқшауланған жердің көлемі 5,8 миллион гектарға жетті. Алдағы он бес жылдың ішінде Қазақстанда далалық 4 қорық, 5 ұлттық табиғи парк, 3 өңірлік табиғат паркін, 7 табиғи резерват, 20 рес публикалық дəрежедегі кіші қорық, 12 облыстық дəрежедегі кіші қорық жəне «Алтын дала» резерватының барлық учаскелерін қамтитын экологиялық дəліз жасауымыз қажет. Көрдіңіз бе, қандай ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Адамның белсенді əрекеті болмаса тұнған табиғат сілтіге салған шүберектей осынша тозбас еді, ну жерлер шөлге айналып барады. Байшыкештер өзен-көлдердің дəл жағасын су жығылып кетердей етіп жыртады, қоныстанады. Мал шаруашылығына қарағанда еккен егіннен ақша қалтаға тез түседі. Өзеннің қорғаныш жағасын жыртқаннан тек су ғана емес, сол аумақтың бүкіл жанды тіршілігі зардап шегеді. Қазір ормандар көлемі қусырылып барады. Қарағайлар, аршалар мен шыршалар, қайыңдар жиі отқа оранатын болды, ақша үшін осындай ағаш түрлеріне шімірікпей балта сілтейтіндер қаншама? Мен алдағы уақытта ағашты қорғайтын резерват жасау мəселесімен де айналысқым бар. «Жеріміздің табиғаты бай болмай, ел байымайды» деген ойды адамдарға түсіндірумен келемін. – Татьяна Михайловна, сіз табиғатты қорғау тақырыбына таңды таңға ұрып, ұйытып əңгіме айтуға барсыз. Осы салаға 250-ден аса ғылыми мақала, оның ішінде монографиялар мен оқулықтар жаздыңыз. Дүниенің төрт бұрышында өткен елуден аса халықаралық конференцияларға қатысып, табиғат қорғау мəселелерін Қазақстанның мысалында айтып, «Азия далаларының биологиялық əралуандығы» тақырыбына халықаралық ғылыми конференцияны тұрақты өткізіп тұру бастамасын көтердіңіз. Енді əңгімені басқа арнаға бұрсақ. Əйел адамға сіз атқарып жүрген жұмыстар жеңіл жүк емес. Енді, осының сыртында əйел отбасының тірегі емес пе? – Жолдасым, елімізге жəне одан да тыс жерлерге белгілі орнитолог ғалым Евгений Александрович Брагин екеуміз екі ұл өсірдік. Ұлдарымыздың екеуі де ғылым жолын қалады. Оған өзіміздің де ықпалымыз болғанға ұқсайды, бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі ғой. Мен балаларыммен кітапты бірге оқыдым, олардың немен айналысатынын, не оқитынын білуім керек емес пе? Уақытымды осыған жеткізуге тырысатын едім. Балаға ата-ана болып ақыл айту бар, оны тəрбиелеу бар. Тəрбиенің нəтижесі ақыл айтқанда емес, əрекет еткенде болады. Сыртта қызметіңді қалай атқарсаң да, үйде əйел ісіне үлгере алмасаң – үлкен мін. Мүмкін ол отбасы үшін қауіп те шығар. Менің жолдасым көйлегін өзі үтіктеген кісі емес. Ер адам дəмді тамақты

ұнатады, ал олар менің отбасымда үшеу болды ғой. Содан-ақ менің үйдегі жұмысымның аз еместігін байқауға болар еді. Содан соң мен қазақтар секілді адамның тегіне көп нəрсе байланысты екеніне тақ тұратын адаммын. Мақтанып-ақ айтайын, менің атам Кондрат Федорович Корольский деген кісі дін саласында ірі қызметте болған. 1937 жылы атылып кеткен. Əжем де өте сауатты кісі болыпты, атамды ұстап атқаннан кейін, əжемді арбаға мінгізіп, Санкт-Петербургтің сыртына шығарып жіберген, қалаға кіруге рұқсат бермеген. Бізді отбасында сегіз атамызға дейін білгізіп үйретті. Біздің əулеттің кісілері ұзақ жасаған, жүз жасаған атаəжелерімнің өзі бірнешеу. Менің əкем атамыз атылғаннан кейін əжеммен бірге көп қиындық көреді, соғысқа барады. Соғыстан кейін əскери қызметте қалып, Дондағы Ростовқа тұрақтайды. Біз осы қалада өскенімізбен, түбіміз питерлік еді. Өте тату əулет болдық. Əжелерім зиялы жандар еді. Немере туыстығы бар əжем маған бес жасымнан «сіз» деп сөйлейтін. Сол кісі Питерге барған сайын музейлерді аралататын. Пушкин орындарының бірін қалмай көрсетті, ол жерлерге гүл шоқтарын қойғызатын. Мен Эрмитаждың қай қабатында қандай экспонаттар тұратынын білетінмін. Осындай тəрбие көрдім. – Сіздер Ростов университетін бітірісімен Науырзым қорығына қызметке келгенде ауылда тұрдыңыздар ғой? – Тамаша сəттерді есіме түсіріп отырсыз. Біз университетті бітірісімен қорықтың дəл қасындағы Ескі Науырзым ауылына келіп, сонда бес жылға жуық тұрдық. Бұл – таза қазақ ауылы. Өйткені, қорықтың ғылыми орталығы алғашқыда сонда болды, кейін аудан орталығына көшірді. Дондағы Ростов көп ұлтты өңір. Бірақ мен өмірімде қазақ деген халықты көрмеппін. Ауылда тұру маған өте қызық болды. Менің жиырмадан енді асқан кезім болатын. Ауылдастар өте жақсы қарсы алды. Сондағы үлкен кісілердің өз қызындай болып кеттім. Қостанайдың қысы ұзақ қой, ауылдағы əйелдер қыста кілем тоқитын. Қазақтар қонаққа көп шақырады, кейін ол бізге де жұғысты болды.Үлкен ұлым Денис ауылда туды. Қазір Америкада кибернетика институтында медицина саласы бойынша ғылыми қызметкер. Қазақша, орысша, ағыл шын ша, түрікше біледі. Осында келсе Науырзымға бармай кетпейді. Кіші ұлым Александр Дондағы Ростовта биосфералық қорымда қызмет етеді. Науырзым ауданында жиырма бес жылдай тұрған соң, қалай сіңісіп кетпейсің? Қалада бір-бірі мізді көрсек шұрқырасып жатамыз. – Қазақ халқы туралы нені бөле айтар едіңіз? – Ауылда көпбалалы отбасылар жиі кездеседі. Менің байқағаным, қазақтарда қанмен келген тəрбиелілік бар. Ауылдағы үйлер еңселі, үлкен, кең болмайтын. Кішкене үйлерде қаншама жан тұрса да, бір-біріне дауыс көтермейтін. Олардың əрқайсысының орны бар. Кішісі үлкеннің алдынан өтпейді, қариясын төрге отырғызады, қызы əкесіне қарап сөйлемейді, ағасы қарындасын сыйлайды, келіндерден ибалы, ақылды, іскер болу талап етіледі, дастарқаннан ас қайырмай тұрмайды. Əр халық отбасынан құралмай ма? Демек, отбасындағы мұндай этикет халықтың жетістігі, ділінің мықтылығы деп түсінемін. Еуропалық халықтарда мұндай көріністі байқай бермейсің, қызы əке-шешесіне қарап едіреңдеп тұрады. Қазақ балалары талантты келеді. Əнді керемет айтады, жаратылыстану пəндеріне, тіл үйренуге бейімділігі күшті. Қазақтар өзге тілде сөйлегенде мүдірмейді. Мен де өзімді далалық санаймын. Дондағы Ростовтың жері дала ғой. Кең даланың сұлулығына не жетеді?! Қазақтармен етене жақындығым да сондықтан болар. – Сіз Қостанай мемлекеттік педагогика институтында экология жəне биология проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу орталығын, Қазақстанда тұңғыш рет студенттердің бедвотчерлік клубын құрдыңыз. Сізді үнемі жастардың ортасынан көреміз. Ұстаз олардан не талап етеді? – Мен бүгінде ұстаздық қызметімді барлығынан биік қоямын. Білім алуға талпынған жастың алдында аса жауапкершілік сезінгендей боламын. Студенттерден сабақты жақсы оқуын талап етемін. Мен оларға кəсіби маман болу керектігін жиі айтып отырамын. Өйткені, Қазақстанның болашағы – жастар. Қаржы да, қымбат жабдық та білікті маманды айырбастай алмайды. Жақсы мамандар дайындамай біз бəсекеге қабілетті ел бола алмаймыз. Сол үшін жастар үнемі өзінөзі дамытуы тиіс, өзіне керектіні біреу жасап береді деп күтпей, өзі кірісуі керек. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.


14

КЕНЕСАРЫНЫЅ НЕМЕРЕСІ Өткен ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде ауыл-ауылда қайдан, қай жақтан келетіні беймəлім ақын-жыршылардан көбіне Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батырлардан бөлек, ара-тұра «Кенесары-Наурызбай» дастанын тыңдап, «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы КөрпешБаян сұлу» секілді лиро-эпостық жырларға құлағымыз қанық болатын. Бертін келе сауат ашып, қаріп таныған соң, оларды кітаптардан оқи бастадық. Солардың ішінде «Наурызбай мен Қаншайым» атты ұзақ дастан бар болатын, бұған дейін құлақта қалған жыр-дастандардан Наурызбай батырдың Кенесары ханның інісі екенін білетінбіз. Сондықтан «Наурызбай мен Қаншайым» атты дастандағы тас қараңғы түнде жылқы күзеткен Қаншайым сұлудың сызылта салатын əнін өз құлағымызбен тыңдағандай əсерленіп, тумысы бөлек батыр қызға Наурызбайдың жасаған мəрттігіне, аяқ астынан оянатын екі жастың махаббатына мəн беретінбіз.

Зəкір АСАБАЕВ.

Амал нешік, ұзамай бəрі суалып, құрдымға кеткендей болды. Қарасирақ кедейден шыққан қара қасқа атты Қамбар батырдан басқа жыр, дастандар əдебиеттік оқу құралдардан алып тасталып, Кенесары-Наурызбайдың аттарын атаудың өзі қорқынышқа айналды. Сол бір аласапыран кездерде бұған дейін өмірге келген М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов жазған – «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы КөрпешБаян сұлу» сияқты спектакльдердің қандай күй кешкенін кім білсін. Абырой болғанда, «КенесарыНаурызбайдан» басқа жыр-дастандардың ұзамай таңдары қайта атып, қалпына келді. «КенесарыНаурызбайдың» тағдыры ауырлау болды. Оларды жан-жақты зерттеп, монография жазған тарихшы Ермұхан Бекмаханов айдаудан оралған соң да айы оңынан туа қоймады. Міне, осындай қиынқыстауда базбір ғұламалар болмаса, Кенесары-Наурызбай ұрпақтары хақында сөз қозғау, іздеу салу былай тұрсын, ауызға алу мүмкін емес-ті. Əйтсе де... Сол өткен ғасырдағы 50-жылдардың орта тұсында Ташкентте оқитын қазақ жастары, біздер əркім-əркімнен осы қалада тұратын қазақтың ғұлама ғалым, зиялылары жайлы естігенде, кəдімгідей марқайып қалатынбыз. Мұның алдындағы ширек ғасыр ішінде аталмыш қалада қазақ тілінде дəріс жүретін жоғары жəне орта дəрежелі оқу орындары аз болмағаны, ең соңғы қазақ педагогикалық училищесінің жуырда ғана жабылғанын да білмейтінбіз. Ол туралы сол училищеде жұмыс істеп, одан Низами атындағы педагогикалық институтқа ауыс қан Ниятіллə Базарбаев секілді оқытушылар да «аш пəледен қаш пəле» дегендей, лəм демейтін. Менімен бірге оқитын Тəшкенбай Сопбеков досым: «Осында экономика институтында директор боп істейтін жақын ағайым бар, сенбі, жексенбіде соның үйіне барып тұрамын», – деп жиі айтатын. Ол ағайының да, басқадай жоғары

лауазым иесі – ғалым қазақтардың да біразының аты-жөнін сырттай естіп жүретінбіз. Орта Азия политехникалық институтының директоры (онда ректор демейді) Ниязов, Тоқыма институтының директоры Оразбаев, Орта Азия мемлекеттік университетінің директоры Сарымсақов жəне басқа қандастар. Олар маман даярлайтын оқу орындарының басшылары. Ал, Тəшкенбай досымның ағасы Өнер Жамалов Өзбекстан Ғылым академиясына қарасты Экономика институтының директоры. Сол академия құзырындағы Геология институтының директоры Кенесарин де қазақ деседі. Рас, ол кездерде Кенесаринмен де, өзгеде зиялы адамдармен де көзбе-көз жолығу, ауызба-ауыз сөйлесу өң түгіл, түске кірген емес. Өйткені, оны бізге хан ұрпағы деп ешкім айтқан емес, бала жастан жырдастандардан естіген Кенесарыға қатысы бар-ау деп те ойламайтынбыз. Ташкентте Кенесарының немересі тұрады екен, ғалым екен, қиын жылдарда Алматыдан сонда қашып барып бас сауғалаған екен дегендей əңгімелерді ауызекі сөздерден құлақ шала бастағаны көп кейін ғой. Қызығу, құштарлық оянып, оны бір көріп, ауызба-ауыз сөйлесер ме еді деп қиялданатынбыз. Қазақи салғырттықты қойсайшы, Ташкенттің қақ ортасында Төле би бабамыздың кесенесі, Көркемсурет галереясында Орал Таңсықбаевтың ғажап туындылары барынан бейхабар бейбақтарға не дерсіз. Хрущевтің жылымығы жетіп, Е.Бекмаханов айдаудан оралғанмен, Кенесары-Наурызбай басы бүтін ақталған жоқ-ты, олардың таңы еліміз егемендік алған соң қайта оралды деуге болады. Содан 60-жылдардың орта шенінде Ташкентке жол түсті. – Ауылға ертең барамыз. Бүгін үйде бол, қонақ шақырып қойып едім, ол белгілі адам, үлкен ғалым, танысасың, – деді аэропортта қарсы алған туған інім. – Ол кім? – Кенесарин, білесің ғой. – Білмеймін, қай Кенесарин? – Профессор, геолог Кенесарин, бұрын директор болған.

– Қазір ше? – Қазір кафедра меңгерушісі. – Қайдан танисың? – Танимыз да, неғыласың. Танымасақ, шақырамыз ба? – Есімі кім? – Есімі Натай, əкесінің аты Əзімхан, атасы Кенесары. – Демек, ол кісі Кенесары ханның немересі болғаны ма, солай ғой, шамасы? – Қайдам, солай шығар. Жөндеп сұрамаппыз. Үйге келдік. Қоңыр салқын бөлме. Дастарқан жасаулы. Артық адам көрінбейді. Қонақ əлі келмепті. Қоңырау сыңғыр етті. Қонақ келді. Үстіндегі қара костюм, ақ көйлек, қоңыр галстугі ұзын бойлы толықтау денесіне құйып қойғандай. Жазық маңдай, қыр мұрын, қыран қабақ, қалың қара қасты, батыр тұлғалы жаратылыс. Ептеп бурыл тартқан қалың шаш жоғары қарай таралған. Қара торы өңі жылы, айбынды. Дауысы өткір, ашық. Жанында дөңгелек жүзі алаулап, қасы-көзі қиылған, ақ сары жүзді, талдырмаш денелі жар қосағы. Наздана күлімдеп, еркелей сөйлейді екен, тектілігі көрініп тұр. Алдын ала айта кетейік, жеңгеміздің тумысы орталық қалалардың бірінде білім алған қызылордалық төрелер əулетінен екен. Əлбетте, таныстық, табыстық, білістік. Мақсат – ауыз бағу, қиғаш сұрақтан қашу, сақ отыру. Мұндай жандар айтатынды өздері-ақ айтады, айтпайтынға баспайды. Солай болды да. Қайда туды, қайда өсті, не оқу бітірді, қандай құқай көрді, Ташкентке қашан, неге келді – бірі сөз болған жоқ. Есесіне, ғылым, қазақ халқының жайы қозғалды. Онда да аздап, тиіп-қашып. Əр сөзінен бекзаттық, ұлтжандылық, шамырқанған қазақы намыс ұшқындайды. Кейде өзбекше сөйлеп жіберуінде де мүкіс жоқ. – Натай ағамыз өзбекшеге жүйрік екен, сіз ше? – деп қалдым сөз арасында жеңгейге. – Жоқ, мен білмеймін, – деді жеңгеміз жымың етіп. – Өзбекшені саған-ақ бердім деп бұған баяғыда айтып қойғанмын. – Өз басым өзбек ағайындарға өкпем жоқ, – деді Натай Əзімханұлы.

 Тағзым

Асылын асќаќтатќан Алматы

Алматы қаласы əкімдігінің бастамасымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиев тұрған үйге ескерткіш тақта ашылды. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Салтанатты шараға Жаратылыстың көктемін жырлап өткен

жасампаз ақынның туған-туыстары мен қаламдас достары, зиялы қауым өкілдері қатысты. – Тұманбай Молдағалиевтің мөлдір сезім, əсемдік пен тазалық,

21 наурыз

ЫКР Е Д Р Ғ Е А Т Д

www.egemen.kz

махаббат туралы жазған өлеңдері бірнеше буынды тəрбиеледі. Оның сөзіне жазылған əндері əлі де өскелең ұрпақты тəрбиелеп келеді. Ақынның жасаған аудармалары еліміздің асыл қазынасына қосылған құнды дүние деп білеміз, – деді қала əкімі Ахметжан Есімов ел алдында сөйлеген сөзінде. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Жарсу ауылында дүние есігін ашқан ақиық ақын 22 жасында «Студент дəптері» деп аталатын өлеңдер жинағымен қалың оқырманына танылып, өз өмірінің соңғы сəтіне дейін туған халқының əдебиетіне зор еңбек сіңіргені белгілі. Ол алдымен «Пионер» журналында қызмет етіп, одан кейін «Балдырған» журналында жауапты хатшы болды. «Жазушы» баспасы жанындағы балалар жəне жастар əдебиетінің бас редакциясында қызмет етіп, өзінен кейінгі талант иелерінің даңғыл жолға түсуіне жағдай жасады. «Жалын» журналының бас редакторлығы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстан Жазушылар одағының

– Тек қазақтан шыққан зиялыларға ұлтыңды өзбек деп өзгерт, сонда өйтеміз-бүйтеміз дейтіні болмаса. Ондайға мақұл дегендер де, демегендер де бар. Мен де паспортыңа өзбекпін деп жазсаң, академияға толық мүше етеміз дегендеріне көнбедім. Көнбегендердің біразы Алматы, тағы басқа жақтарға кетті. Атақты суретші Орал Таңсықбаев бар емес пе, əне сол да өзбек бол дегеннен бас тартқаны үшін онша ұлықталмай жүр. Əрине, ол ештеңеден кенде емес. Сонда да... Натай Əзімханұлы көп жас үлкен болса да, маған «сіз» деп сөйлеп отырды. Осында пединститут бітіргенімді біліп алған соң: – Ташкентте оқысаңыз, Оразбаевты білетін шығарсыз, – деп бір əңгіменің ұштығын шығарды. – Сыртынан естігенім бар, бірақ таныс емеспін. – Қоқанда туған дарынды қазақ, соғысқа дейін техника ғылымдарының кандидаты, соғыс біткен соң бір жылдан кейін ғылым докторы, одан ұзамай академик, Сталиндік, Лениндік сыйлықтардың лауреаты болды. Соның бəрі ұлтын өзбек деп өзгерткенінің арқасы. Бұрынғы орыс əйелін тастап, өзбекке үйленді. Алғашқы əйелінен бір ұл, бір қызы бар. Қазір олардың екеуі де Мəскеуде тұрады. Ұлы кино саласында, қызы Эльвира əнші. Ұлтын өзбек деп өзгерткен соң, Оразбаевтың атыжөнін Мұхамед Ташевич дейді. Біздің білуімізде ол Махамбет Тасболатұлы болатын. Бұл сөзді дұрыс түсініңіз, жай əңгіме ретінде айтып отырмын. Тағдыр шығар. Кінəлаудан аулақпыз. Сол жолы Натай Əзімханұлының өзі де, əйелі де: «Біз артық дүниемүлік жимаймыз, тапқан табысымызды тек киім мен тамаққа жұмсаймыз», – деп отырды. Мұны сыпайылық үшін айтылған сөз шығар деп онша мəн бермегенмен, шындық еке ніне ұзамай көзіміз жетті. Қазақстандағы оншақты күндік командировка бітіп, кері қайту үшін Ташкентке оралған соң, Натай Əзімханұлына сəлем беру үшін Шыланзардағы мекенжайына бардық. Ағамыз үйде болмай, жеңгеміз көл-көсір дастарқан хатшысы, өмірінің соңғы сəтіне дейін «Балдырған» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Ақын 1967 жылы жарық көрген «Жаңа дəптер» атты жыр кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды. Алматы қалалық кеңесінің депутаты болды. Оның «Жүректегі жазулар» жинағы жоғары бағаланып, əдебиет саласындағы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленді. 1992 жылы Тұманбай Молдағалиевке Физули атындағы халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев «Құстар қайтап барады», «Бақыт құшағында», «Əнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем» секілді ел сүйіп шырқайтын көптеген əндерге сөз жазды. Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, Б.Жамақаев, Ə.Бейсеуов секілді қазақ музыкасының тарландарымен шығармашылық тығыз байланыста болды. Сонымен қатар, əлем əде биетінің жарық жұлдыздары ретінде мойындалған Дж.Байрон, М.Лермонтов, Т.Шевченко, О.Туманян, Р.Гамзатов секілді талант иелерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Халқымыздың жарқын жүректі ақыны Тұманбай

2014 жыл жайып қарсы алды. Сонда көрдім, төрт бөлмеде төсек-орын, киім ілетін шкаф, ас ішетін стол, орындықтардан бөлек артық нəрсе көзге түспеді. Жасау-жабдық, жиһаздардан ада бөлмелер. Оған қайғырып отырған тағы ешкім жоқ. Сұлу жеңгеміздің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Ұпайы түгел жандар осылай болса керек-ті. Бүкіл саналы өмірін қазақ халқының азаттығы үшін ат үстінде өткізген Кенесары ханның немересі, əйгілі ғалым-ұстаз Натай Əзімханұлымен бір рет кездескендегі əсер-түйсіктің кей парасы осындай. Ұзақ жылдар көкей түкпірінде өшпей, сары майдай сақталып жүрген жайларды артық-кемсіз, қаз-қалпында баян етіп отырмыз. Үйінде болғанымызда ержеткен ұл-қызы бар сияқты еді. Олардың кейінгі тағдырынан бейхабармын. Мені Натай ағамызбен таныстырған інімнің айтуынша, ол кісі Ташкент айналасындағы қазақтың бетке шығар жақсы-жайсаңдарын жатсынып-жа тырқамай, риясыз араласып тұрады екен. Ташкентке кіре беріс тегі Черняевка селосы немесе сондағы Сарыағаш ауданына қарасты «Красный Восток» колхозының председателі, төре тұқымы Əріпхан Ақбердиевпен ағалы-інілідей болыпты. Кейін Натай Кенесарин 66 жасында қайтыс болып, Ташкенттен топырақ бұйырғанын інімнен естідім. Ендігі бір айтарымыз, нəубет жылдары Қазақстаннан теперіш көріп, өзбек арасын сағалаған Натай Əзімханұлы қазақ жерінің төл перзенті ғой, туған елінде елеусіз-ескерусіз қалып келе жатқан жоқ па деген ой қылаң береді. Кенесары Қасымов өмірін зерттеушілер оның анаумынау емес, атақ-даңқы атасымен жетеғабыл дерліктей ғалым немересі жайлы қандай деректер жинап, нендей шараларды іске асырып жүргені беймəлім. Ол көрші республикада жүріп ғылымға өлшеусіз еңбек сіңіріп, қазақ деген атқа кір келтірмей, ұлт намысын жоғары ұстағаны үшін де ардақтап, аялауға тұрарлық тұлға, ірі тұлға. Біртуар ғалым, ардагер азаматтың есімін есте қалдырарлықтай шаралар жүзеге асса, марқұмның аруағы риза болар еді. Ең бастысы, қазақ үшін қажет. Жə, ол туған елден қара басының қамын күйттеп не кісі елінде сұлтан болу үшін емес, керісінше, басына қатер төнген соң амалсыз кетті. Атасы Кенесары қол бастаған батыр болса, немересі əйгілі ғалым болды. Қазір Өзбекстанда оның аты аталып, есімі əспеттеле ме, бұл орайда нендей шаралар жүзеге асқанаспағанын дөп басып айту қиын. Қалған əңгімені бұл жайлы бізден гөрі толықтау мəлімет-деректер білетін ағайындар айта жатар деп ойлаймыз. Əрі, жаңылмас жақ болмас дегендей, біздің тарапымыздан жазатайым мүлт кеткен тұстар болса, оларды түзетуге ниет еткен ағайындарға айтар алғыс таудай болмақ. Бір жолы өткен ғасырдың 50-ші жылдарының бас кезінде Ташкенттегі театр-көркемсурет институтында Нұрмұқан Жантөрин екеуі бірге оқығанда Натай Кенесаринмен жақын араласып, жақсы білген өнертану ғылымдарының докторы, профессор Бағыбек Құндақбаев ол жөнінде білетінім көп, екеуміз арнайы жолыққанда айтып берермін деп еді. Бірақ, ұзамай ойламаған жерден бақилық боп, қапы қалған жай бар. Əйтсе де, телефоннан біраз жайды қоярда-қоймай сұрап, қағазға түсірген едім. Сонда бір білгенім, Натайдың ұлы қазір Алматыда тұрады, сенімен мін детті түрде жолықтырамын деп еді марқұм. Үлгермеді. Натай Кенесарин. Кісі елінде сұлтан болған сұңғыла қазақ ұмытылмауы тиіс. Тек намыс туын қолға алатын ер бар ма? Мəселе сонда. АЛМАТЫ.

Молдағалиевті мəңгі есте сақтау мақсатында қойылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында оның замандас достары сөз сөйлеп, естеліктер айтты. Туған-туыстары осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді. АЛМАТЫ. –––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ.

Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 130 жылдық тарихы бар. Мұнда 100 мыңнан астам экспонат жинақталған. Таяуда мұражай қорында сақталған құнды жəдігердің бірі – сауыттың кімге тиесілі екені анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл əйгілі Ақтамберді жыраудың кіреукесі. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Жыраудың «Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке» деп толғауы бекер емес. Жасынан жастыққа жантаймай, жаугершілік өмір сүрген Ақтамберді Сарыұлы ақын, шешен ғана емес, қол бастаған баһадүр болды. Жоңғар шапқыншылығында қазақ жерін жат қолында қалдырмау жолында тарихи шайқастарға қатысты. Көне кіреукенің табылуы батыр тұлғасын айшықтай түсуге себін тигізбек. Мəселен, сауыт салмағының өзі қазіргі жұрнағымен өлшегенде 10 килоға жуық. Одан Ақтамбердінің атан күшке ие алып адам болғанын аңғарамыз. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен айтулы тұлғаға тиесілі жəдігер туралы мұражай директоры Бекен Теміровпен тілдескен едік. – Тарихи деректерге сүйенсек, Ақтамберді 1768 жылы 93 жасында қайтыс болды. Батыр дүниеден өткен соң сауыты ұрпақтарының қолында сақталған екен. Содан бері жəдігер қилы тағдырды өткереді. Мəселен, 1920 жылы батырдың ұрпақтары Қытай жеріне өтіпті. Алайда, шекарада тосқауылға тап болып, адамдары қырылып, дүние-мүліктері талан-таражға түскен екен. Бұйымдар арасынан табылған көне сауытты белгісіз біреулер мұражайға тапсырған. Кейін тірі қалған жырау ұрпақтары аталарынан қалған құнды сауытқа іздеу салады. Сұрастыра жүріп, сауыттың Семейдің өлкетану мұражайында екенін біледі, – деді мұражай жетекшісі. Бекен Нұғыманұлының айтуынша, майдангер, «Қызыл Жұлдыз» орденінің екі мəрте иегері Асхап Жұмаділов 1950 жылы ілгеріде сауытты көрген ағаларымен бірге мұражайға келеді. Олар кіреукені көзбен көргендерімен сапарлары нəтижесіз болыпты. Өйткені, кеңестік тар кезеңде мұражай қызметкерлері сауытты көрмеге шығара алмай, тек қорда сақтауға мəжбүр болған еді. Тəуелсіздік тұғырын тіктей бастаған алғашқы жылдары ұлттық мəдениет пен əдебиет қайта жаңғырып, əр аудандар мен елдімекендерде жергілікті тарихтан сыр шертетін мұражайлар ашыла бастады. Солардың санатында Аягөз қаласында Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының филиалы өмірге келді. Мұражайды ұйымдастыру кезінде аягөздік қариялар мен тұрғындар ақыл қосып, өңірдің тарихына қатысты білгендерін ортаға салады. Сол кезде Асхап ақсақал мұражайды ұйымдастырушылардан сауыт туралы сұрап, баба мұрасын көрсе танитынын айтып, тіпті, түртүсіне дейін сипаттап беріпті. Асхап ақсақал – Аягөз ауданының тұрғыны, жасы тоқсанды алқымдаған қария. Ол жуырда батырдың тағы бір ұрпағы Боран Сепбосыновпен бірге Семейге келіп, жəдігердің Ақтамбердінің сауыты екенін дəлелдеді. ҚазССР Ғылым академиясы М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты шығарған «Бес ғасыр жырлайды» жинағының І-томына Ақтамберді жыраудың бірнеше өлеңдері енген. Кітап соңындағы түсініктерге назар аударсақ, батырдың бірнеше өлеңдерін құрастырушыға тапсырған Аягөз ауданы Таскескен ауылының тұрғыны, Ақтамберді батырдың ұрпағы Сейсен Сепбосынов екендігі жазылған. Таскескен ауылы қазір Үржар ауданына қарайды. – Алдағы уақытта мамандар көне жəдігерді зерттеп, нақты жасалған мерзімін анықтамақ. Ал мұражай ұжымы қордағы құнды жəдігердің тарихы мен оның кімге тиесілі екенін анықтауға көмектескен батырдың ұрпақтарына зор алғысын білдіреді, – деді Бекен Теміров. СЕМЕЙ.


21 наурыз

Р

ША А Л І КӨҢ

2014 жыл

Жыл басы

15

www.egemen.kz

CӨЗ СОЙЫЛ ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

 Бəрекелді! Оразақын АСҚАР,

халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Мереке-мейрам

Таң атты түнді ерте түріп маңнан, Үлкен-кіші тыста жүр тұрып таңнан. Отағасы бұлақтың көзін ашты, Қоқысты алды бөгет боп тұрып қалған. Шыққандай үйге бейне сыймай бəрі, Əже кетті қораға қый жайғалы. Балалары текемет, сырмақ қағып, Есік сырлап бəйбіше үй майлады. Шарбақтарды бір тыным таппай түзеп, Ата жүр бұталарды аттай күзеп.

Су тасыған келіндер бəсең сөйлеп, Үлкен барын ұмытпай сақтайды ізет. Күліп шықты нұр шашып шоқыға күн, Қопсытты жігіт бақтың топырағын. Істен қолы босаған бір-екі қыз, Мерекеге дайындап отыр əнін. Бойжеткенге болысты күліп інім, Бос жүрген жоқ адамның бірі бүгін. Сəнді көше, таза аула, жинақы үйде, Күтіп алмақ ұлыстың ұлы күнін.

Тойєа келді Тойласын деп наурызды көктем келді, Тазартты қардан жазық, бөктерлерді. Табиғат анамыздың мейірі де, Бетіңнен жылы леппен өпкен желді.

Тойлауға наурызды гүл ашылды, Бұйығып үйде отыру күнə сынды. Қалт еткен жанарынан ұшқын шашып, Қарасы қалқаның да ұнасымды.

Тойлауға наурызды құстар келді, Сағынып балапан боп ұшқан жерді. Теңеліп күн менен түн күш сынасып, Күн жеңіп, түн еріксіз қысқарды енді.

Тойлауға наурызды біз де келдік, Біздерді тапсын тойдан іздеген жұрт. Ұсынды əр үй көпке наурыз көже, – Ауыз ти, – деп, – адал дəм-тұз деген құт.

Тойлауға наурызды төлдер туды, Арнадан асырды өзен, көлдер суды. Қозы-лақ, қаз-үйректің əні деп біл, Қора мен айдыннан ой бөлген шуды.

Тойлауға наурызды келді достар, Күн туды еркіндікке кең құлаштар. Төрт құбыла түгенделді орта толып, Əн шырқап, би билесін енді жастар!

Ќыз бен жігіт əзіл-ќалжыѕы – Сізді көріп сермеді жыр құлашын, Кеудемде бір қомданып тұрды лашын. Наурызда жөн сұрау айып емес, Амансың ба? Атың кім, құрбыласым? – Жыр дегенің əнің бе, жер тепкізген, Жөн сұрайтын бар ма еді еркек бізден?! Жас кезінде атам ат сұрамай-ақ, Сыйлық беріп əжемді селт еткізген. – Не десең де, теңсіңдер еріктерің, Сый жинауға алаңға келіп пе едің?

Өйтетіндей ескеріп, ерте тұрып, Өзің маған «ұйқы ашар» беріп пе едің? – Бейтанысқа біз қашан «таян» дедік, Қозы келсе болар ма Баянда ерік. Ұйқың əлі, жігітім, ашылмаса, Тұрмын ба мен түсіңде аян беріп?! – Ағаттығым болды-ау бұл бір істеген, Ендігіде жөніммен дұрыс келем. Наурызың, құрбылас, құтты болсы.! Танысармыз бір көрген біліс деген.

Əженіѕ əні Адал астан бұйырған, Дəм татсын жұрт жиылған. Бидай салдым көжеге Мол болсын деп биыл нан.

Ашық болсын қас-қабақ, Таспен атқанды аспен ат. Бейтаныс та, таныс та Бүгін төрде бас қонақ.

Келін біткен жерік боп, Болсын ұлға серік көп. Тары салдым көжеге Болса екен деп женіт көп.

Арпа, бидай, тары бар, Қатық, малта – ағы бар. Ішілетін, жейтіннің Бұл көжеде бəрі бар.

Жыршы астында жарау көк, Шапсын қызылтанау боп. Күріш салдым көжеге, Көп болсын тойда палау деп.

Ошақта көп шоқ əлі, Астың ауыр обалы. Астан үлкен ешкім жоқ, Қазан аузы жоғары.

Ауыздан ақ кетпесін, Майдан ерін кеппесін. Келген риза, кеткен тоқ, Құтты қонақ ет жесін.

«Арпа, бидай ас екен, Алтын, күміс тас екен». Жомарттығын жұртымның Жер-жиһанға паш етем!

Атаныѕ аќ батасы Ниеттерің ақ болсын! Наурыздың ақша қарындай. Бастарыңа бақ қонсын, Шаштарыңның барлық талындай! Санасы асып адамның, Көңілде кір қалмасын. Құты қашып жаманның, Жақсы тапсын жалғасын.

Тыныш болсын даламыз, Түгел болсын нуымыз. Таза болсын ауамыз, Тұнық болын суымыз. Қайғы-уайым жоқ болсын, Оралмасын кез өгей. Ырысымыз көп болсын Бүгінгі наурыз көжедей! АЛМАТЫ.

«Сґз сойылдыѕ» серкесі «Егемен Қазақстан» газетінде «Сөз сойыл» əзіл-сықақ отауы бойынша белгілі жазушы-сатирик Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде үшін сайыс жалғасқан болатын. Міне, бүгін жүлде жеңімпазы анықталды. Сарапшылар алқасының шешімімен «Сөз сойыл» əзілсықақ отауында жыл бойғы жарық көрген мазмұнды да көркем туындылары үздік деп танылған Нұрмахан Елтайға Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлде берілді.

Жїлдегер

Нұрмахан Елтай Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер одағының мүшесі. Аудандық газетте «Көкине» атты Нұрмахан ЕЛТАЙ сатиралық беттің жаттықтырушысы ретінде қалыптасқан қаламгер бертінде облыстық аға басылымның «Түрлі-түрлі бастар бар» арнаулы сатира бетін ұйымдастырып, редакторлық жасады. Өмірдің күнгейі мен көлеңкесін қатар таразылайтын жазушысатирик, жорналшының «Жайма базар», «Қатырамыз», «Сүйінші дайындаңыздар», «Ауылдың айтқыштары», «Беті бүлк етті», «Үшінші тайм», «Беласар» атты кітаптары баспа бетінен жарыққа шыққан. Ол қазір Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің меншікті тілшісі.

Мен қазақтың маңдайына біткен бірден-бір төл жануары жылқымын. Олай дейтінім, қазекең ұланғайыр даласында өріп жүрген жан-жануар ішінен бізді таңдап қолға үйреткеніне бақандай бес мың жылдың жүзі болыпты. Біз қазекеңнің мінсе көлігі, сауса сусыны, жесе тамағы болыппыз. Яғни тағдыр-талайымыз біте қайнасып, бірімізсіз біріміздің күнім жоқ қалыпқа жеткенбіз. Бізді басымыздан бақайшығымызға дейін бағамдап, желдей желдіртіп құрмет тұтып, біздер жөнінде небір өлең-дастандар тудырып қадір-қасиетімізді асқақтатқанына ризамыз. Енді міне, заман өзгеріп, техниканың дəуірі дүрілдегелі бері біздер қағажу қалып қапалана бастағалы да біраз болған. Қыжыл ойыртпақталып іштен тынып тыпыршып жүр едім, құдай оңдап елімізге əлемнің түкпір-түкпіріндегі жан-жануар өкілдері жиналып, алқалы басқосу өткізе қалмасы бар ма. Бұйырып алқалы топ алдында сөз сөйлеу мəртебесіне ие болдым. Не керек, шектеулі уақытта шерменде шерімді ағылтегіл ағыттым... Сондағым, айғырлығыма басып кісінеп алып айтқанымның тоқетері мынау болды: – Ағайындар, осы отырғандардың біразың бір замандарда осы өлкені мекен еткендеріңді естеріңе салайын. Қиын-қыстау заман туып, табиғат осы өлкеде алай-дүлей болғанда əркім бас сауғалап тым-тырақай қаша жөнелгендеріңді білеміз. Бір-екеуін айтсам, мəселен жан-жануардың алыбы Пілдің өзі үрім-бұтағын үйіріп бірақ түнде Үндістаннан бірақ шықты... Əшейінде ақырыпбақырып айбар шегер Арыстан тұқымының қайда барып бас сауғалағанын білеміз... Азуы алты қарыс Аюеке сіздің сонау солтүстікке суша сіңіп сүңгіп кеткеніңізді қалай ұмытамыз... Ойпырай, құрт-құмырсқа, жер бауырлап жылжыған жəндік атаулы оңтүстікке опырыла көшкендегі көрініс əлі күнге көз алдымда... Түйе жарықтық та маң-маң басып қиыр шетке қырқа асып кете барды-ау... Қайсыбірін

айтайын, осы отырғандарыңның көбіңнің бір кездердегі жұртың осы елді мекен болған... Оған топан су қаптағандағы Нұқ пайғамбардың кемесі куə... Енді міне, еліміз тəуелсіздік алып, Аллатағала бұйыртқан байлығымызды меңгеріп асып-таси бастағанда: «Қазақстанның астыүсті толған байлық, құтберекелі елді мекен» деп неше түрлі айла-шарғыны ойластырып келіп қалған екенсіздер...» деп, жылқы емеспін бе, құлағымды қайшылап, оң тұяғыммен жер тарпи нағыз «кісіней» сөйлеуге бет бұрып: «Осы елдің етене жануары біздің де қадір-қасиетіміз қалмады. Мəселен, қазықартаны – еврейлер, қымызды – немістер, ең аяғы көкпарды көрші ел заңды түрде иеленіп алды...» деп төтесінен тартып едім, жиналыстың тізгінін ұстап отырған өзіміздің билік өкілдері: «Уақытыңыз бітті» деп шорт кесіп, оған келіп отырғандар қол соға қосарланып трибунадан ит қосып қуып түсірді... Не істейін, түскен бойда сыртқа шығып бар даусыммен кісіней шыңғырып, жер тарпи алдыңғы аяғымды көкке көтере бұлқынып барып бар екпініммен шаба жөнеліппін... Қанша шапқаным белгісіз, аяқ талып, тізем дірілдеп омақаса құлаппын. Ертесінде ес жисам, бір топ «арнайы» өкіл келіп аяғымды матап байлап арт тұсымды «шұқылап» жатқан... Сөйтсем, пəтшаһарлар «айғырлық» уақыты бітті деп піштіріп тастапты...

«Б Е Л С Е Н Д І Л І К»

Ерсұлтан МАҒЖАН. ТАЛДЫҚОРҒАН.

Балєабек Ќыдырбекўлы атындаєы жїлде

Сатира сарбаздары! Ауызы дуалы, тумысынан сайқымазақ, əзіл-қалжыңды қанжығасына байлап өскен қалжыңбас қалың көпшілік, “Егемен Қазақстан” газеті өзінің “Сөз сойыл” əзіл-сықақ отауында жарияланатын өткір де өтімді, салмақты да сайқымазақ, шалымды да шат-шадыман

ЖҮЛДЕ ШАРТТАРЫ: • Жүлдеге сатира-юмор, фельетон, əзіл-оспақтың барлық айдары арқылы берілген материалдар қатыса алады. Көлемі 3 беттен аспауы тиіс. • Бəйге материалдары – жарияланған сатиралық туындылар ішінен сұрыпталып алынады. • Жеңімпаз арнайы құрылған сарапшылар алқасы арқылы анықталады. • Жүлде жеңімпазы жыл басында (келесі наурыз айында) анықталып, жарияланады.

ЖЫЛЌЫ ЖЫЛЄЫ БОЛЖАМ Жылқы жылы Жылқыбай, Құнанбай, Дөненбай, Бестібай, Мəстекбай есімді адамдардың жолы болады. Əсіресе, Жылқы ай дарлардың айдарынан жел еседі. Жалған айтып, жағымпазданып отырғаным жоқ. Мысалға, былтырғы жылан жылы жұмыссыз жүрген Жыланбай деген жездемнің жолы болып, жұмысқа да тұрды, тумай жүрген ту биедей жеңгеміз де еңіретіп екі ұл туып берді. Əнеки… Сонымен, жылқы жылы үйлену тойы көп болады.

 Жылқының еті – жесең тісіңе кіреді, жемесең – түсіңе кіреді. * * *  Арық атқа жібек жабу жараспайды. * * *  Алжыған айғыр құлынын шайнайды. * * *  Ердің атын қатын, не бəйгеден келген аты шығарады. * * *  Тұлпарды да жамандауға болады, көк есекті де мақтауға болады. * * *  Соқыр құлын аттан емшек іздейді. * * *  Арабы сəйгүлік қанша

«Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегендей, бұл жылы əртүрлі жарыстар мол болып, жарыс жеңімпаздары көбіне ер адамдар болады. Əйелдер қауымынан некен-саяқ болып қалуы мүмкін, өйткені, «байтал шауып бəйге алмас» деген, бірақ кім білген, «алуан-алуан жүйрік бар, əліне қарай шабады» деген ғой. Еркектерге ескерту, бұл жылы əйелдеріңді еркіне жібере бермеңдер. «Астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе» деген, кімнің əйелі қандай,

көтерем болса да бір үйір есектен артық. * * *  «Дүние» деген – асау ат, байқаусызда теппесін. Ол теппей тұрып, сен теп. * * *  Жалғыз шапқан ат жүйрік. * * *  Арық ат мінгенше аяғыңды мін. * * *  Ерттеп мінбей атыңды мақтама, жыл тұрмай қатыныңды мақтама. * * *  Ат қартайса есекпен достасады, адам қартайса

оны өздерің де сезіп отырған шығарсыңдар, «аттың сыры иесіне мəлім» дейді ғой. Əйтеуір əйелдеріңмен тіл табысу жағын ойлай жүріңдер, «жаман айғыр тайға қас, жаман қатын байға қас» деген тағы бар. Міне, əрмен қарай айта берсең əңгіме көп, əзірге осы жетер. Жылқылар оттайды, ал мен шынымды айтып отырмын, яғни оттап отырғаным жоқ дегенім ғой. Жылқы жылы жылқыдай шұрқырасып, аман сау шауып жүре беріңіздер! Марат КӨПТІЛЕУОВ. Қызылорда облысы.

төсекпен достасады. * * *  Сатарда атың жаман, ажырасарда қатын жаман. * * *  Ат алты аттаған жерге құмырсқа бір күн жүреді. * * *  Арық атқа құйрығы да жүк. * * *  Аттың бақытсызы арбаға жегілер. * * *  Жуас аттың тебісі қатты болар. * * *  Тай тебеген, айғыр ашушаң келеді.

Аттыѕ жўмысын істеп, адамныѕ айлыєын аласыз!

Суретті салған Н.КИНЧАРОВ.

«Саєынышты» сəлем! Александр КОСТЮШИН.

Ханымдар мен мырзалар, жаѕа жылдыѕ алєашќы кїні мїмкіндікті пайдалана отырып, ґзімніѕ есімнен кетпес адамдарєа «саєынышты» сəлемімді жолдауєа рўќсат етіѕіздер. «Саєынышты» сəлемімді еѕ алдымен балабаќшадаєы кїтуші апай Мотеге жолдаймын. Оныѕ маєан тиесілі тəуір тамаќ атаулыны жеп, жегенінен артылєанын сґмкесіне салып алатыны əлі кїнге кґз алдымда... Жаѕа жылдыќ бəйгеге жаѕа тўлпармен...

«Вокруг смеха» журналынан алынды.

əзіл-оспақ туындыларға, нақты да нанымды фельетондарға – Балғабек Қыдырбекұлы атындағы жүлдені жалғастырады. Жүлдегерге берілер арнайы диплом, жүз мың теңге сый-сияпатымыздың бар екенін ескертеміз. Атсалысыңыздар, бақ сынаңыздар.

Содан кейін, балмўздаќ алып же деп берген шешемніѕ тиынтебенін «тамаєыѕ ауырады» деген мəнде сылтау айтып тартып алатын аєатайым Котеге де сəлем! Ал парталас, ґзі тəуір оќып, сабаќта ќиналєан сəтте сыбырлай ќойып, оны мен айта ќойып їнемі кїлкіге ўшыратып жїретін Тупицынныѕ сол ќылыќтары їшін де жалынды сəлем жолдаймын. Мектепте физкультурадан сабаќ беретін Хавбек аєай сыраєа жўмсап, оєан мен бармай ќойып, ол ґшін сабаќ кезінде арќанмен тґбеге он рет ґрмелетіп алушы еді, айызы ќанушы еді... аман болса сол кісіге де сəлем! Институттаєы деканым Чухинніѕ мен сый-сияпат жасаєан сайын болашаєымды болжап кґлгірсігені əлі кїнге ќўлаєымда жаѕєырады да тўрады. Ќазір ол кісі зейнеткер деп естимін, ол кісіге де жалынды сəлем! Зауыттаєы бґлім бастыєымыз Мухин біз сияќты жас пері лерді ашса алаќанында, жўмса жўдырыєында ўстаушы еді... Ќит етсек ќаєып тїсіретін, бастамашылыќ танытып білгір болєанымызда талай рет «тілерсегімізді» тіліп жіберіп еді... Əлі де ќара жердіѕ бетінде болса, ол кісіге де «саєынышты» сəлемімді жолдаймын!

Сəлемімніѕ бір парасын біраз жыл бірге тўрып «ќимай» ќоштасќан бўрынєы келіншегім Дусяєа арнаєаным жґн шыєар... Онымен тўрєан ќайран єана он жылым десеѕші!.. Опасыз дїние ґтті де кетті. Барымнан айырды, кґзіме кґк шыбын їймелетті десем де болады... Ґткен кїнде белгі бар, оны да ўмытпай сəлем жолдаєаным оѕды болар. Ал сəлемніѕ салмаќтысын єўмырымды «шыќпа жаным шыќпа» ќаєидасына байлапматап əлі кїнге ґлместіѕ кїнін кґрсетіп келе жатќан ґкіметіме арнаймын! Кґзім тіріде ґзіѕнен жаќсылыќ кґрмесімді білсем де, игіліктіѕ ерте-кеші жоќ ќой деп ґкіметіме «ґлердегі сґзімді» айтып сəлемімді їшбу хат арќылы да жолдаймын. ...Сондай-аќ, мына келген жылќы жылындаєы мїмкіндікті пайдалана отырып, ґзіме жоєарыда айтып ґткендей əркез «ќамќоршы» бола білген басќа да кґпшілікке дўєай-дўєай «саєынышты» сəлемімді жолдаймын!.. Аударған Бақтыбай ЖҰМАДІЛДИН.

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР


16

21 наурыз

ЫҚ Д Н А С

www.egemen.kz

СЫР-

2014 жыл

Наурыз – достыќ дəнекері

Жылқы туралы жыр

– л ї г к е ш е ш й ə Б ы н а ш ы н з ы р у а Н

Жылқы десе, тұратұғын елеңдеп, Жылқыжанды қазақ жайлы өлең көп. «Ер қанаты – ат» дегенді пір тұтып, Ес білгеннен жылқы қамын келем жеп. Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Бір-бірінен озғысы кеп жұлқынар. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демей ме? Ойға алсам-ақ, жүрегіме жыр тұнар.

ауда өз сы – жаңа жылды тойл Əр халықтың Жыл ба алы, жапон халқы жаңа жылды саыс ерекшеліктері бар. М гүл шоқтарымен тойлайды. де ен кура ағашы гүлдег н Ендеше, сол күні келеті

ғаш қы айтылады. Тү рк і дү ни ес інд егі ал біз де жа ңа жы л ме ре ке сін те к қа на лып қарлығаштардың бірі бо п алсақ көктемде өмір сүруге жаралған, кел і еті нт н рзе ша пе ны қы ді гүл ғаш мерекеге ген жылдың ең ал келеді. алғаш гүлдеген ұсыныс айтқым тəріздес қазақ жерінде етең түн н ме н кү – іме шешек гүл н қарсы 22 Наурыз еп те ле ді. дейтін – бəй Наурыз мерекесінің ес п лы бо л згі ме ін. се тін биді деп те алсақ дейм Самарқаның көк тасы жі

Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Көңілімде киемменен бір тұрар. Соғым іздеп сабылғанда жұрт мына, Шыбын жаным тағат таппай шырқырар. Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Ене десе құлын-тайы шұрқырар. Күлдір-күлдір кісінейді – не дейді? Мүмкін бізге айтылған бұл мұң шығар... Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Іштерінде дүлдүлдер бар біртуар. Жылқыменен біздің халық ұқсас қой, Көшелісі жəне шағын тұрқы бар... Жылқылар-ай, жылқылар-ай, жылқылар, Шауып өтсе, дала шаңы бұрқырар. ...Біз сияқты жылқымінез халықты Биылғы жыл жарылқайтын жыл шығар!!! Айтқали НƏРІКОВ.

ОРАЛ.

Бейжіѕдегі Абай ескерткіші

. символы осы гүл болса бəйшешек е рін -бі бір тар Қазақ р бəйшеже қ лы гүлін сыйлап, бар ай ұлттық қар əрі се, іріл шекпен безенд уықтар -са ын киімдермен ұлттық ой . еді бер ұйымдастырыла лғастыра Əрине, бұл ойларды жа сы, ныты бас беруге де болады. Ең деп ойлса бо і гүл к ше шан – бəйше ынып, ал л лаймын. Ұсыныс қабы түрі дəс ық хал , тса насихатталып жа ес боүл н лға сы қо е тін ие мен мəден кі елдері де лар еді. Бауырлас түр бастамаға л бұ н ққа Қазақстаннан шы стысы, бұл Ба ін. мк мү уы қал қуанып алғашқы де мін мəселеде түркі əле к. еді ар болып жол сал Есенкүл ТӨКЕЕВА.

Уыз

Уыз – жаңа бұзаулаған сиырдың, қозылаған қойдың, лақтаған ешкінің алғашқы сүті. Уызды сауып, пісіріп, дастарқанға қоюдың əр өңірде өзіндік ерекшелігі бар. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

«Туып-өскен өлкем – қасиетті Түркістан өңірінде уызға ерекше мəн беріп, бағалай біледі. Жас төлдеген малды сарқып саумай, уызын төліне молырақ қалдырады. Уыз қою болса – сары, ал сұйықтау болса – ақ уыз деп атайтын еді əжелеріміз, – дейді

Гүлзада Əбдіраман. – Тағдырдың жазуымен Жетісу жеріне қоныс аударып, бүгінде Талдықорған қаласында тұрамын. Қаныма сіңген қазақылық па, мүмкін өзім де əже атанғандықтан ба, жүрген жерімде ұлттық тағамдарға ерекше назар аударуға қалыптасып алдым. Бала күнімізде көріп, дəмін татып өскен уызды түркістандықтар секілді Талдықорған өңірінде де қойдың бүйеніне құйып, қайнаған суға салып пісіреді. Бір қойдың бүйеніне шамамен бір жарым-екі литр уыз сыяды ғой. Піскенде сол уыз қатып тұрады. Қысқы соғымнан арнайы бөліп, ықшамдап кесіп, бүйенге сақтаған сүйексіз етті пісіріп алған соң ата дəстүрмен уыз

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жеуге арнайы шақырылған ағайынтуыс, көрші-қолаңға жайылған дастарқанда етпен бірге уызды да береді. Сөз реті келгенде айта кетсем, Табиғат-ананың ғаламаттығы болар, жас төлдеген аналық уызындағыдай қуаттылық əйел анаға да тəн. Сондықтан қазақта «уызға жарыған» деген сөз бар». Негізі уыздың құндылығы болар, желіндеген малдың желіні толып, тырсиғанымен, уыз жармай төлдемейтіні де бар. Малсақ жандар қойдың желінін тартып көргенде ештеңе шықпағанда күшене, күшене үйі айналып кеткен буаз қойды шалқасынан жатқызып, яғни қыр арқасынан қос қапталға кезек-кезек аударып, оң ба, теріс пе жасаған соң, уыздығын жарып төл шыққанын да көрген едік. «Шаңырақ» үй тұрмыс энциклопедиясының 198-бетінде: «Уыз жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз əрі қою, əрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл əрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынына емізеді.

Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан əртүрлі тағамдар пісіреді. Қатырған уыз – оны бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа құйып қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні соғымның құйымшағын, шұжық асып, уыз қатырып көрші-қолаңды шақыратын дəстүр болған. Уызға сүт қосып, сұйылтып пісірсе оны пісірілген уыз дейді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады» – деп жазылған. Қорыта айтқанда, төрт түлікті өсірумен бірге, оның өнімінің бірі уызды пайдалана білу де уақыттары дөп келгендіктен, Наурыз нақышы болып саналмай ма?! Сөйтіп, бір ғана уызды дəмін кіргізе пісірумен қатар, кімдермен жеудің де əдемі дəстүрін қалыптастырған ғой бұл қазақ.

Қытай астанасында қазақтың ұлы ақыны, философы əрі ойшылы Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашылды. Бейжіңдегі «Чаоян» саябағында орнатылды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қытайға жасаған сапары барысында қатысты. Осы жиында ол Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне халқымыздың ұлы ақыны Абайдың

Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Ќазаќ киносына ќызыєушылыќ «Жаужїрек мыѕ бала» кґркем фильмі сингапурліктер тарапынан жоєары баєаланды Жақында Сингапурдегі Қазақстан елшілігі «Scorpio East Pictures» компаниясымен бірлесіп, дипломатиялық корпус, саяси, іскер жəне академиялық топтар өкілдері үшін «Жаужүрек мың бала» фильмінің эксклюзивті көрсетілімін ұйымдастырды.

Кең прокатқа 13 наурызда шыққан, ағылшынша жəне қытайша субтитрмен қазақ тілінде көрсетілген фильм Сингапурде жылы

қабылданды. «Straits Times», «Berita Harian» и «Lianhe Zaobao» сияқты сингапурлік басылымдар фильм Канн кинофестиваліне ұсынылғанын атап өтіп, қазақстандық кинематографтың дебютін жоғары бағалады. Қазақстанның əртүрлі əсерлі табиғи көріністері аясында тарихи оқиғаларды шынайы ұсыну мен ұшқырсюжеттік желі арал мемлекеті көрермендерінің аса қызығушылығын туғызды. «Егемен-ақпарат».

Алматы облысы.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

ескерткішін орнату туралы ұсыныс айтқаны үшін мүсін авторы Юань Сикуньға алғыс білдірді. Содан кейін Е.Ыдырысов бұл ескерткіштің ашылуы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы мен мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығының дамып келе жатқанының белгісі екендігін атап өтті. Салтанатты шараға ескерткіштің авторы, мүсінші Юань Сикунь де қатысып, сөз сөйледі. Ол Бейжіңде Абай ескерткішін орнатуды бұрыннан бері ойластырып жүргенін, өйткені, қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына қытай халқы қызығушылық танытып келе жатқанын айтып, енді Абай мүсіні Қытай астанасында мəңгі қалып, екі ел арасындағы мəдени қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетін ескерткіш болатынын атап көрсетті. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық корпусының, қазақ диаспорасының өкілдері, қытай суретшілері мен ақындары қатысты.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Александр ТАСБОЛАТОВ, Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №271 ek

21032014  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you