Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№35 (28513) 21 АҚПАН СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Алда маѕызды міндеттер тўр

Екінші бесжылдыќтыѕ екі ґндірісі Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Қожам жаров Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті кəсібилендіру жəне тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоның алдында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндеттер тұрғанына назар аударды. Қазақстан Президенті елдің орнықты өсімі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік аппараттың тиімділігін одан əрі арттырудың маңыздылығына тоқталды. Агенттік төрағасы, сондай-ақ, Жаңа мемлекеттік қызмет моделінің тұжырымдамасында белгіленген реформалардың бірінші кезеңін бағалау жəне мониторинг қорытындылары туралы баяндады. Жүзеге асыру кезінде барынша пысықтауды жəне кешенді тəсілдерді қажет ететін бірқатар

шаралар атап өтілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке ірік теудің ашықтығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметін сапалы бағалауды енгізу, оларды оқыту жəне ынталандыру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды. Қ. Қожамжаров агенттік жұмысының мемлекеттік қызметтің бар лық кезеңінде таланттарды бас қа рудың қағидаттары мен тетіктерін енгізу сияқты тұжырымда малық жаңа бағыттары туралы əңгімеледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту шаралары туралы да айтылды. Оның аясында Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесіп, білім берудің барлық деңгейінде жəне түрлі мақсатты топтар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы əрекет ету мəселелерін зерттеу қарастырылған. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Шахрат Шəкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне; Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне; Қуандық Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне; Татьяна Витальевна Охлопкова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Шахрат Шəкизатұлы Нұрышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мəселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.

Жалпы отырыстыѕ кїн тəртібі белгіленді Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулыларының назарына мақта саласын дамыту мəселелері бойынша мəселені бірінші оқылымда, ойын бизнесіне қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылды. Жалпы отырыстың күн тəртібі жобасына ТМД-ға қатысушымемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да енгізілген. Сондай-ақ, мəжіліс

депутаттары бейінді комитеттерге Қазақстан мен Тəжікстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша қорытынды əзірлеу мерзімін тағайындап, гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заң жобасы бойынша жұмыстарды ілеспелі түзетулермен одан əрі жал ғастырмақ.

Ақмола облысының əкімдігі Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы барысында жүзеге асырылған 2 жобаның тұсаукесерін ұйымдастырды. Мұндай жобалардың бірі – Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы жылдық қуаты 20 000 тонна ет өндіруге бағытталған заманауи құс фабрикасы. Жоба құны шамамен 13 миллиард теңгені құрайды. Құс етін өңдейтін кешенде 250 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні мұнда 17 бройлер құстарының күркесі, инкубатор, сою цехы жəне құс етін өңдеу бойынша тораптар орналасқан. Жаңа кəсіпорында салқындатылған, ысталған, мұздатылған құс етінің 12 түрі дайындалады. Аталған жобаны жүзеге асыру Астана қаласының нарығын отандық құс етімен толықтыруды көздейді. Сондай-ақ, облыстың Шортанды ауданында полиэтилен өнімдерін шығару бойынша қалдықсыз өндіріс жүзеге асырылуда. Кəсіпорын соңғы үш айда ғана 1071 тонна, немесе 405 миллион теңгенің полиэтилен өнімін дайындады. Аталған өндірісті іске қосу нəтижесінде Шортанды ауылының 37 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бүгінде өндірісте түрлі пішін мен көлемдегі полиэтилен қалташалар, ыдыс-қаптар, тұрмыстық қалдықтарға арналған пакеттер шығарылады.

болады. Индустрияландыру картасына енгізілген 36 жобаның ішіндегі 25 нысан үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жобалардың дені құрылыс жəне құрылыс материалдарының өндірісі,

Астаналық облыста 20152021 жылдары, ҮИИДБ-2 аясында 644 миллион 700 мың теңгенің 36 жобасы жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Осының нəтижесінде 26 900 тұрақты жұмыс орны ашылатын

агроөнеркəсіп пен ауылшаруашылық тауарларын қайта өңдеу, көлік құрастыру жəне тамақ өнеркəсібі салаларын қамтиды. Ақмола облысы.

ЕЛ ЕРТЕЅІН БЇГІН ОЙЛАСАЌ ЎТАМЫЗ Ќазаќстан халќы Ассамблеясы Кеѕесі мїшелерініѕ їндеуін ќолдаєан ќазаќстандыќтардыѕ ортаќ ойы осындай

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.НАЗАРБАЕВҚА Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Ел ішінде болып жатқан оқиғаларды күнделікті көріп, біліп отырмыз. Əлемдегі экономикалық дағдарыстың тигізер салдарына қарсы жасалып жатқан шаралар көкейге қонады. Халықты қиындыққа ұрындырмай, əлеуметтік ахуалдың қалыпты жағдайда тұруына күш салынуда. Осындай кезеңде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі Ассамблея Кеңесінің ұйғарымын, мен, орынды деп ойлаймын. Бұл – уақытында жасалған ұсыныс болды. Сондықтан бастаманы бүкіл қазақстандықтар қызу қолдап жатыр. Оның ішінде Өзіңіз жете көңіл бөліп, əрі ұдайы назарда ұстайтын зиялы қауымның ықыласы бөлек. Ол іс, расында да, ертеңге қалдырмай, бүгін шешуді қажет ететін мəселе. Күн ілгері сайлау циклін өткізіп алсақ, Үкімет те, халық та дағдарысқа қарсы бағдарламаларды алаңсыз жүзеге асырар еді. Мұны барша қауым дұрыс түсініп, толық қолдайды деп сенемін. Əбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.

Президент поштасынан

Ел табысын Елбасымен байланыстырєан хаттар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына байланысты хаттар мен жеделхаттар көптеп келуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының атына ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысшы лары нан, қоғамдық бірлестіктердің мү шелерінен, мəдениет өкіл дерінен, сондайақ, елдің түрлі өңірлеріндегі азаматтардан бас тамаға жəне Қазақстанның тұрақтылық пен орнықты даму бағдарын сақтауға қолдау білдірген хат-хабарлар көптеп келіп жатыр. А.Əшімов, Н.Ықтымбаев,

С.Елу бай, С.Нарымбетов жəне Р.Əб дірəшов сынды кинематография өнерінің бірқатар танымал қайраткерлері Нұрсұлтан На зарбаевтың Отанымыздың игі лігі жолындағы қажырлы ең бегіне рахмет айтып, президенттік сайлау ды өткізуді зор ықыласпен жəне шынайы қолдайтындықтарын атап өткен. (Соңы 2-бетте).

● Үкімет бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қаржыландыру керек деп есептейді. Парламент Мəжілісінің депутаты, аграрлық мəселелер жөніндегі комитет төрағасы Ро мин Мадинов күрделі экономикалық ахуалдан аталмыш сала оң көрсеткіштермен шығатындығын атап өтті. Айта кетейік, үстіміздегі жылдың нақтыланған бюджетінде ауыл шаруашылығына қосымша 20 млрд. теңге қарастырылды. ● Былтыр «Бəйтерек» холдингі 22,6 мың жұмыс орнының ашылуына мұрындық болды. Құрылымның хабарлауынша, Ұлттық қордан бөлінген қаражат арқасында 75 млрд. теңге көлемінде 305 жаңа жоба ашылған. Сондай-ақ, 3 300 шағын жəне орта бизнес кəсіпорнына 182,3 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілді. ● Астанада жастар «Ардагер» акциясына белсенді қатысып жатыр. Қалалық жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан шара аясында апта сайын студенттер ардагерлердің үйіне барып, əлеуметтік көмек көрсетуде. Сондайақ, белсенді жастар тыл ардагерлері мен зейнеткерлерге де қол ұшын созуды жоспарлап отыр. ● Оңтүстік Қазақстанда 600-ден астам адам кəсіпкерлік мектебін бітірген соң өз ісін бастаған. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі мəлім еткендей, 2014 жылы 3 399 адам кəсіпкерлік оқудан өткен. Олардың бір бөлігі өздері жұмыспен қамтушы болып, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарын құрған. ● Қызылорда облысының ауылында шағын наубайхана ашылды. Қазалы аудандық əкімдігі баспасөз қызметінің мəліметінше, ел ризашылығына бөленіп отырған Қожабақы ауылының тұрғыны Айбазар Көшербай өз қаражаты есебінен Ресейден қажетті жабдықтарды сатып алып, шағын наубайханасын іске қосқан. Қазір ол халықты нан өнімдерімен қамтамасыз етуді бастап кетті. ● Ақмола өңірінде өткен жылы аумағы 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс əкімі Сергей Кулагин 2014 жылы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздері арқылы 21,8 млрд. теңгенің инвестициясы құйылғанын, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 1,7 есеге көп екенін мəлімдеді. Оның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 7,2 млрд. теңге бөлінген. ● Павлодар облысында жалпы өңірлік өнімнің көлемі 3 пайызға өскен. Аймақ əкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, соң ғы бес жылдың ішінде Индустрияландыру картасының аясында 68 жоба іске қосылып, 5 600-ден астам жұмыс орны ашылған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне nur.kz деректері бойынша дайындалды.

Ассамблея – бірлікті бекемдейтін ќўрылым

Арендалыќ тўрєын їйге айрыќша назар

Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшыға облыс əкімі Асқар Мырзахметов өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев арендалық тұрғын үй құрылысы мəселелері бойынша селекторлық режімде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Үш миллионға тарта халқы бар Оңтүстікте денсаулық сақтау жəне білім беру нысандарына қажеттілік аса сезілетін. Соңғы жылдары мемлекеттің жəне облыс əкімдігінің күш салуымен бұл қиын түйіндер шешіле бастаған. Шымкент қаласындағы жаңадан салынған 270 орындық №1 қалалық балалар ауруханасының салтанатты ашылуына Мемлекеттік хатшы Г. Əбдіқалықова қатысты. Ауруханада 15 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам бала стационарлық ем ала алады. Медицина қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеген Мемлекеттік хатшы «Наурыз» алаңында салынған

«Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр» орталығында облыстағы этномəдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өткізді. Жүздесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық эстафетасының шеңберінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, облыстық ассамблея жанындағы ғылымисараптамалық топтың жетекшісі А.Қалыбекованың «Қазақ халық тəрбиесінің асыл мұрасы» жəне «Қазақ халық педагогикасының теориялық негіздері» кітаптарын орталықтың депозитарийіне тапсыру рəсімі өтті. (Соңы 4-бетте).

Кеңес барысында орталық атқарушы органдардың, «Бəй терек» ҰБХ» АҚтың, облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке əлеуметтік арендалық тұрғын үй салып, оны ең төменгі пайызбен жəне сатып алу құқымен халыққа беруді тапсырған болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға жəне сатып алуға 250 млрд. теңге бағытталатын болады. Жалпы көлемі 1 483 мың шаршы метр болатын 29

мың пəтер салу жəне құрылыс салушылардан оларды сатып алу жоспарланып отыр. Осы жылдың наурызында-ақ Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында жалпы көлемі 76,5 мың шаршы метр болатын алғашқы 1 357 пəтер пайдалануға берілмек. Барлығы биылғы жылы 78,7 млрд. теңге сомаға, жалпы алаңы 505,3 мың шаршы метр болатын 8 616 пəтер салынады жəне сатып алынады. Талқылау қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ-қа облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдерімен бірлесіп, құрылыстың уақытылы аяқталуын жəне тұрғын үйдің кезекте тұрғандарға бөлініп берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.


2

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

ЕЛ ЕРТЕЅІН БЇГІН Ќазаќстан халќы Ассамблеясы Кеѕесі мїшелерініѕ їндеуін

Ел табысын Елбасымен байланыстырєан хаттар (Соңы. Басы 1-бетте). «Бүгінде Қазақстанның кинематографиясы бұрын-соңды болмаған өрлеуге бет алғанын, қазақ киносының абыройы көз алдымызда асқақтап келе жатқанын бəрі көріп отыр. Бұл біздің еліміздің тұрақтылығының айқын көрсеткіші, өйткені, «зеңбіректер гүрсілдеп жатқанда, муза тұншығады». Суретші «тұрмыс тауқыметінің қою түтінінде» шығарма тудырып, ойлағанын жүзеге асыра алмайды. Сіз бізге шығармашылық туындылар жасауға мүмкіндік беріп отырсыз. Болашағымызды Сізбен бірге болу арқылы ғана көреміз», – делінген хатта. Экономика институтының, «Ғылым ордасы» РМК, Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану жəне дінтану институтының басшылары инновациялық индустрияландыруды, инфрақұрылымдық дамуды елдің басты басымдықтарының бірі ретінде жариялау ғалымдар үшін маңызды оқиға болғанына назар аударған. «Отандық ғылымды жүйелі қолдауға бағытталған Сіздің саясатыңыз елеулі нəтиже берді. Ғылыми қызметкерлердің саны өсіп келеді. Біз Сіз ұсынған бағдарламалар мен стратегияны толығымен қолдаймыз жəне ғылыми-техникалық прогресс туын əрі қарай да абыроймен алып жүретінімізге сендіреміз. Кез келген міндеттер мен биік мақсаттарға біз Елбасымен бірге жете аламыз», – делінген хатта. «Генералдар кеңесі» республи калық қоғамдық бірлестігі өзіне офицерлерден, сарбаздардан, əскери бөлімдерден жəне күш құрылымдарынан келіп жатқан хаттарда тұрақты дамуды, Отанымыздың биік беделін тікелей Жоғарғы Бас қолбасшының есімімен байланыстыратындары атап өтілгенін хабарлайды. «Біз сайлау өткен жағдайда азаматтардың Мемлекет басшысына сенімін, қолдауын жəне құрметін растайтын құжатқа еш күмəнсіз қол қоямыз», – деп жазады авторлар. Студенттік спорт федерациясы біріктірген қазақстандық жоғары оқу орындарының барлық спортшы студенттері президенттік сайлау өткізу елімізде спортты дамыту жөніндегі кеуделі жобаларды табысты жүзеге асырудың кепілі болып саналатын Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтауға септігін тигізетінін атап өткен. «Өз еліміздің патриоты жəне Сіздің саяси бағдарыңыздың жақтаушысы бола отырып, Сізге 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізу туралы идеяны жүзеге асырғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Соның арқасында біз туған жерімізде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болдық. Испанияның Гранада қаласында өткен Дүниежүзілік универсиадада жоғары үшінші орынды иеленген біздер өз Отанымызда бұл нəтижені жақсартуға тырысамыз. 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданы табысты өткізу жəне 2022 жылы Қысқы Олимпия ойындарын Алматыда өткізу құқығын иелену мүмкіндігін біз Сіздің атыңызбен ғана байланыстырамыз», – деп жазады студенттер. «Қазақстан мүгедектері ұйымдарының одағы» бірлестігі, «Жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» қо ғамдық бірлестігі» жəне «Мен өмір ді сүйемін» қоғамдық қоры басшылары бүгінде республикада мүмкіндігі шектеулі адамдардың толыққанды өмір сүрулері үшін барлық жағдай жасалып жатқанын айтады. «Елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу жөнінде биік мақсаттар мен міндеттер белгілей отырып, біз іргелі мүмкіндіктерге иеміз. Елімізде өмір сүру деңгейі ұдайы өсіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың кəсіпкерлердің қатарын толтыруы біз үшін дəстүрлі жайтқа айналған. Бұлар Сіздің қолдауыңыздың арқасында еліміз бен қоғамды дамытуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік алған белсенді əрі мақсаткер азаматтар. Біз Сізге сенеміз, еліміздің болашағын Сізбен ғана байланыстырамыз», – делінген хатта. Қызылорда облысының Азаматтық альянсы ел болашағы үшін маңызды сайлаудың қажеттігін атап өткен. «Біз республикада қабылданып жатқан əлеуметтік-экономикалық шешімдерге əрдайым айрықша мəн беріп келдік жəне сайлау өткен жағдайда оған барынша

белсене қатысуға дайын екенімізді білдіреміз», – деп жазады авторлар. Алматы облысының бірқатар этномəдени бірлестіктерінің басшылары республикамыз өркендеп, қоршаған ортаның жақсаруы үшін қажетті нəрсенің бəрі – адами жəне материалдық ресурстар, күш-қуат бар екенін атап өткен. «Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында біздің бəрімізді бүгін тəуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімі біріктіреді. Елбасымен бірге болу арқылы біздің еліміз бұдан да күшті бола түседі», – деп жазады авторлар. Оңтүстік Қазақстан облысынан да хаттар көптеп келді. Мəселен, көпбалалы аналардың бір тобы елімізде мемлекет тарапынан ұдайы жасалып отырған қолдаудың арқасында балалардың саны жылдан жылға өсіп келе жатқанын айтқан. «Қазақстанның, татулық пен бірлік идеясын нығайта беретін балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін Сіз елімізді бұдан да жоғары биіктерге жеткізетініңізге сенімдіміз», – делінген хатта. Осы өңірдегі жастардың өкілдері Мемлекет басшысының елді табысты дамытудағы рөлінің жоғары екеніне тоқталған. «Сіз еңбек жолыңызды Қазақстан Магниткасында қарапайым жұмысшы болудан бастағаныңызды əрқайсымыз да білеміз. Сіздің өмір жолыңыз еңбекқорлықтың, мақсаткерліктің, қоғамға қызмет етуге деген талпыныстың, өз халқының игілігі үшін қажырлы еңбектің мысалы болып саналады. Сіздің жастарға қатысты қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз еліміздің болашағымен тікелей байланысты», – деп жазады авторлар. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың бастамашыл тобының хатында Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауы халықтың осы тобының өкілдеріне өмірдің барлық салаларына белсене қатысуға мүмкіндік беретіні айтылған. «Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мансабын жалғастырып, кəсібінде табысқа жете алуы үшін бəрі жасалуда. Қоғамға пайдалы бола алатындығымыз үшін шексіз қуаныштымыз. Біз үшін Сіз халыққа, туған елге қылаусыз қызмет етудің жарқын мысалы боласыз. Барлық қазақстандықтардың шексіз сенімі мен сүйіспеншілігі Сіздің мызғымас беделіңіздің айғағы. Біз алдағы уақытта да Қазақстанды Сіздей адамның басқарғанын қалаймыз», – деп жазады авторлар. Осы өңірден келген тағы бір хатта бірқатар этномəдени бірлестіктердің басшылары президенттік сайлау өткізу туралы бастаманы қуана қабыл алғандарын жəне татулық, бірлік, келісім мен тұрақтылық саясатын қолдауға дайын екендерін айтқан. «Бүгінде біздің ел 130 халықтың тату тіршілігінің үлгісі болып отыр. Бұл – татулық, толеранттылық жəне келісім идеалдарының жақтаушысы ретіндегі Сіздің еңбегіңіз. Қазақстанның басты құндылығы, оның байлығы мен стратегиялық басымдығы халықтың əралуандығы болып табылады. Бұл – баға жетпес адами капитал. Сіздің саясатыңыздың арқасында біз бірлікте өмір сүреміз, ал еліміз табыс ты мемлекетке айналып отыр. Өз болашағымызды біз Сізбен ғана байланыстырамыз», – делінген хатта. Астана жастарының іскерлік кеңесінің мүшесі Ж.Амантай Қазақстан Президентінің басшылығымен еліміз барлық қиындықтарды еңсеріп, жаңа биіктерге шығатынына сенім білдірген. «Сіздің сайлауға қатысуыңыз Қазақстан халқының игілігі үшін, бүкіл ел қарапайым халықтың өкілі ретінде менің пікіріммен келісетініне сенімдімін», – деп жазады автор. Сонымен қатар, Алматы қаласының бір топ тұрғыны да өз қолдауларын білдіріп, Мемлекет басшысының көреген саясаты Қазақстанның барша халқының игілігі үшін жалғасатынына сенімді екендерін айтқан. «Өтінеміз, лауазымыңызда ұзақ қызмет етіңіз. Біз Сізге бірауыздан дауыс беруге дайынбыз», – деп жазады авторлар. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ел Президентінің сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына байланысты Мемлекет басшысының атына келіп жатқан хаттардың легі əлі жалғасуда.

Жасампаздыќ жўмыстардыѕ жалєасќаны жаќсы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысын қолдаушылар қатары күннен-күнге артып келеді. Кеше осы мəселеге орай Ұлттық академиялық кітапханада бас қосқан «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері өз үндеулерін қабылдады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ұсынылған мəтін жобасын Қоғамдық бірлестік төрайымы Бибігүл Жексенбай жария етті. Аталған үндеу «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан медиа-қоғамдастығы өкілдерінің атынан Қазақстан Республикасы Президентін мерзімінен бұрын сайлауды қолдайтындарын білдіреді, деп басталған. Бастама ел мүддесінен жəне халықаралық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындап отырғандығы ерекше аталып, президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алатынына сенім білдіріліпті. Үндеу «Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен барша қазақстандықтардың күш-жігері экономикадағы дағдарыс трендінің салдарын азайтуға бағытталуы тиіс. Бүгінгі күнде Қазақстан əлеуметтік-эконо микалық дамудың табысты көрсеткішін,

сондай-ақ, еліміздің бірлігі мен гүлденуінің бейбітшілік қорғаны екенін көрсетіп отыр», делінген үндеуде. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынғаны құптарлық жəйт. Елімізде медиа сала мен азаматтық қоғам институттары қарқынды түрде дамуда, олар өздерінің жобаларын қоғамның əртүрлі əлеуметтік саласында тиімді пайдалануда. Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында барлық қазақстандықтарды, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын жəне үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ұсынысын қолдауға шақырамыз, деп аяқталған. Үндеуді қолдайтындықтарын білдірген Қоғамдық бірлестік мүшелері өз ойларын ортаға салды. Алдымен сөз алған «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов қазір бүкіл халық бір идеяның, соның ішінде бір ұсыныстың төңірегіне жұмылып

отыр деп айтудың ешқандай артықтығы жоқ екендігін тілге тиек ете кетті. «Барлық буын мен топ өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ұсынысын көкейге əбден қонымды деп есептейді. Оның үстіне, бұл ұсынысты саяси күштер қолдауда. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары бетінде толық қолдау тауып келеді. Қай жағынан қарағанда да бұл өте орынды», деді С.Абдрахманов. Ол, сонымен қатар, сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді екі жағдайға негіздеді. «Біріншіден, екі сайлауды бір жылда өткізу Конституцияға қайшы екендігін

айтудың өзі жеткілікті. Екіншіден, қазіргі əлемде қалыптасып отырған жағдай біз өзіміздің мемлекетіміз үшін тағдыршешті мəселені осы кезде өзіміз шешіп, жасампаздық жолымызды жалғастыруымызға мүмкіндік алу керек екенімізді көрсетеді. Сондықтан бұл ұсынысты біз толық қолдаймыз», деді. Осы тұрғыдан келгенде, «Егемен Қазақстан» газетінде күн сайын мол материалдар басылуда. Барлық басылымдар мен арналар да осы мəселені көтеріп келеді. Олай болса, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің ұсынысы қай жағынан болса да қолдауға лайық.

Бұдан кейін сөз алған «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы Татьяна Костина бұл журналистер қауымы үшін маңызды оқиға болғандығын, сондықтан да газет ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын қолдағандықтарын алға тартты. «Бұл ұсыныс дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Өзім де Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысып, Кеңес мүшелерінің дəйекті сөздерін естіген едім. Сондықтан да салмақты шешім болғанына еш күмəнім жоқ. Газетімізге толассыз келіп жатқан қолдау хаттардың көптігі де осы шешімімізге оң ықпал еткенін айта кету керек», деді бас редактор. Сондай-ақ, отырыста сөз алған «Украіньскі новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега елорданың əлем таныған қалаға айналып, ал еліміздің халықаралық дəрежеде мойындалғаны Президент Н.Ə.Назарбаевтың арқасында мүмкін болғандығын ерекше атады. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы қоғам тарапынан қызу қолдауға ие екенін алға тартқан Т.Чернега этностық басылымның бірі ретінде өзі басқарып отырған газет ұжымы да аталған ұсынысты қолдайтындығын жеткізді. АСТАНА.

Бўл – халќымыз їшін жауапты кезеѕ Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА,

КСРО халық əртісі, КСРО жəне ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері.

Елімізде болып жатқан саяси-экономикалық жағдайды, біздер, өнер адамдары да үнемі назарда ұстап отырамыз. Осы күндері ел құлағын елең еткізген Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсы нысын мен де шын көңілмен қол даймын. Осы ұсыныстың өзі халқымыздың, еліміздің болашағына немқұрайлы қарай алмай тындығының куəсі, Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатына көрсетілген сенім деп біле мін. Қазақстандағы сан алуан ұлт

пен ұлыстардың мəдени-рухани дамуына жағдай жасалып, қазақ халқымен бірлік пен татулықта бір туғандай өмір сүруінің өзі үлкен ақыл-парасаттылықтың нəтижесі. Бүгінде егеменді елімізді бүкіл əлем мойындап отыр. Елбасының кемеңгерлігі мен ерік-жігерінің нəтижесінде еліміз талай қиын кезеңдерден өтіп, дамыған, іргесі берік, беделді мемлекетке айналды. Осы жолда өнер адамдарының өздері де əлемге танылып, Қазақстанды да танытуы – Президентіміздің мəдениет пен өнерге деген ерекше көзқарасы мен қамқорлығының арқасы. Елордада ашылған, ТМД елдері арасында теңдесі жоқ «Астана опера» театры сондай қамқорлықтың бір ерекше көрінісі деп ойлаймын. Осы театрдың жұмысын ұйымдастыру барысында жас мамандарды

тартып, олардың біліктілігін көтерудің дүние жүзінің танымал өнер ұжымдарымен шығармашылық байланыс орнату арқылы жүргізілуіне шын жүректен қуанамын. Сондай-ақ, жастарды қоғамның өркендеп дамуына араластырып, балаларымызды əлемнің танымал білім ордаларынан оқытып жатқанымыздың өзі – ел болашағының кепілі. Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қазіргі əлемді жайлаған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің қиналмауының, халыққа ауыртпашылық түсірмеудің кепілі деп білемін. Бұл – халқымыз үшін жауапты кезең. Сондықтан да, мен Қазақстанның жарқын да бақытты болашағына деген сенімді тек қана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстырамын.

Жастар ўстанымы айќын Кеше «ҚазМедиа» орталығында ҚХА Кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасына орай, кезекті брифинг ұйымдастырылды. Оған «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры Ғани Сұлтанұлы, атқарушы директордың орынбасары Айдын Сəбитов, сондай-ақ, бірлестіктің өкілдері Ерлан Қыстаубаев пен Əлия Сəрсекеева жəне Данияр Медетов қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

«Қазақстан жастары Конгресі» еліміздің алдыңғы қатарлы жастар ұйымдарының бірі ретінде ҚХА-ның мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасы бойынша өз ұстанымын білдіруді маңызды деп есептейді. Елімізде саясиəлеуметтік тұрақтылық, этносаралық жəне конфессияаралық келісім сақталып келеді. Еліміздің мықты экономикалық іргетасы қалыптасқан. 2014 жылғы əлемдік дағдарысқа қарамастан, экономикалық өсім 4 пайызды

құрайды. Азаматтардың əл-ауқаты күннен-күнге артып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда, өңірлерде де экономикалық өсім байқалуда, деп бастады өз сөзін Ғ. Сұлтанұлы. Сондай-ақ, ол əлемде күрделі жағдай қалыптасып келе жатқанына, бұл, ең алдымен, дүниежүзіндегі экономикалық жүйенің тұрақсыздығынан туындап отырғанына, қазіргі таңда жұмыссыздық деңгейі көп елде артқанына, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық жиі байқалатынына тоқталып өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы іске асырылып келеді.

Алдын ала құрылған Ұлттық қордың арқасында дағдарыс кезінде еліміз ең алдымен, экономикалық, əлеуметтік салаларды қолдауға мүмкіндік алатын болады. Жаңа жұмыс орындары құрылып, жолдар салына бастады. Инфрақұрылым нысандары бой көтеруде. Бүгінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу Қазақстан қоғамында, оның ішінде жастар арасында кеңінен талқылануда. Біз бəріміз мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы толықтай қолдаймыз. Дəл қазір сайлау өткізу қоғамда тұрақтылық пен бірлікті сақтауға жағдай жасайды. Бұл – алға қойған

міндеттерді тиімді іске асыру, тұрғындардың əл-ауқатын арттыру үшін маңызды қадам. Бұл сайлауды өткізу «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етер еді. Сондықтан, «Қазақстан жас тары Конгресі» əрдайым елі міздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне бағытталған бастамаларды, соның ішінде жастарға жағдай жасауға, олардың өмірін жақсартуға бағытталған бастамаларды əрқашан қолдауға дайын екендігін білдіреді, деді «Қазақстан жастары Конгресі» бірлестігінің атқарушы директоры.

Атқарушы директордың орынбасары Айдын Сəбитов те дүниежүзіндегі экономикалық жағдай тербелмелі күйде тұрғандықтан, сарапшылардың баға лауынша, оның салқыны бірнеше жылға созылатынын тілге тиек етті. «Сондықтан, мұндай жағдайда елдегі саяси-экономикалық тұрақтылық пен қоғамдағы бірлікті сақтау үшін дұрыс саяси бағдар ұстану айрықша өзекті болар еді, деді А.Сəбитов. АСТАНА. ––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.


www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

3

ОЙЛАСАЌ ЎТАМЫЗ ќолдаєан ќазаќстандыќтардыѕ ортаќ ойы осындай

Халыќ таѕдауы адастырмайды Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі үстіміздегі жылдың 14 ақпанында Астанадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында елімізде биыл президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерген болатын. Қазіргі кезде халықаралық сарапшылар, қазақстандық қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кəсіпорын басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен жұмысшылар мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері ҚХА Кеңесінің бастамасын қолдап, өздерінің көпшілікпен ынтымақтастықтарын білдіріп жатыр. Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, Парламент Сенатының депутаты: – Бұл сайлау жай ғана сайлау емес. Бұл сайлауда елдің тағдыры, ұлттың болашағы шешіледі. Сайлауды өткізуді көпұлтты Қазақстан халқы бірауыздан қолдап жатыр. Қазақстан Парламенті де бұл мəселені орынды, оңтайлы көтерілген ұтымды ұсыныс, парасатты пікір деп санайды. Алекс ВАТАНКА, Таяу Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері (Вашингтон, АҚШ): – Қазақстанның айналасын алып қараңыз. Ресейде, Украинада, бергі Таяу Шығыста не болып жатқанын көріп отырмыз. Бұған қоса, əлемде мұнай бағасы құлдырап, мемлекеттердің қазынасына айтарлықтай залалын тигізуде. Бұл орайда Қазақстан экономикасы 24 жыл бойы тек табысты өсімге қол жеткізіп келеді. Жəне саяси тұрақтылық сақталған. Демек, мұндай қысылтаяң кезеңде ел халқының сайлау өткізу туралы дереу шешім қабылдап, бастама көтере білуін өте орынды деп санаймын. Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Президенттік сайлау өткізу туралы мəселе – экономикалық жəне геосаяси ауыртпалықтарға қарсы ауқымы кең қорғаныс шарасы. Бұл бастама өрлеу, өркендеу жолы. Халық мүддесін көздеген осы қадамнан басқа балама жоқ. Президенттік сайлау өткізу жөніндегі бастаманы толық қолдаймын. Марко АРЦИЛЛИ, Сан-Марино Республикасының өнеркəсіп жəне сауда бойынша мемлекеттік хатшысы: – Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді институттың пікіріне құлақ түрген аса маңызды. Ел президентін сайлау қай мемлекет үшін де үлкен маңызға ие. Қазақстанда да дəл солай. Сайлаудың нақ осы жылы өтуі тиістігінің артықшылығы айтпаса да түсінікті. Қазіргі ел халқының қолдауына қарап, шешімнің оң болатынын сеніммен айтуға болады. Екіншіден, ҚХА өз бастамасын дер кезінде көтеріп отырғанына да еш күмəн жоқ. Бектас БЕКНАЗАРОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Президенттік сайлауды, биылға жоспарланса ұтымды болатын қоғамдық мəні зор осы шараны елдік пен бірліктің мерекесі етуге біз де бірауыздан үн қосамыз деп сенемін. Мəңгілік Ел боламыз деген біз де осы үндеуді қолдап, ел игілігіне өз үлесімізді қосайық. Вальтер ШВИММЕР, Австриядан сайланған Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы (1999-2004 ж.ж.): – Ең алдымен, əрине, Қазақстан халқы мен оның мүдделері ескерілуі керек. Оның демократиялық құқықтарының қорғалуы аса маңызды. Ал егер Конституция президенттік сайлауды мерзімінен ерте өткізуге рұқсат беретін болса, басқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы – үміткерлердің сайлауға дайындалуына уақыт жеткілікті болуы керек. Серік АҚЫЛБАЙ, Парламент Сенатының депутаты: – Заңдық тұрғыдан қарағанда, бұл үдерісті Конституцияға сəйкес жасау керек. Себебі, бір жылда президенттік жəне парламенттік сайлаулар қатар өтуі мүмкін емес. Конституцияға сəйкес осылай. Сондықтан да, Ассамблеяның ұсынысын біз бірауыздан қолдадық. Рамиль ГАСАНОВ, Түркі кеңесінің Бас хатшысы (Түркия): – Біз Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын жоғары бағалаймыз. Қазақ халқы даналығымен, батылдығымен ерекшеленеді. Осы уақытқа дейін əрдайым дұрыс жолды таңдап келді, енді елдің болашағы үшін оң шешім қабылданады деп ойлаймын.

Александр РАР, саясаттанушы (Берлин, Германия): – Соңғы он жылда Қазақстан күрделі сынақтардан сүрінбей өтті. Президенттік сайлау биыл өтетін болса, келесі жылы парламенттік сайлау өткізіп, Қазақстанның атқарушы билігі бекемделе түседі. Камал ОРМАНТАЕВ, ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор: – Президенттік сайлауды өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ұсынысын қолдаймын. Əлемдегі күрделі геосаяси жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз. Сондықтан, ел экономикасына қиындықтар төндірмес үшін сайлауды мейлінше ертерек өткізгеніміз абзал. Бұған қоса қайталап айтарым, Ассамблеяның ұсынысын өте дұрыс деп есептеймін. Асхат КҮЗЕКОВ, Парламент Сенатының депутаты: – Кеше ғана мен елге барып келдім. Елдегі кəсіпкерлер болсын, жай қауым немесе зейнеткерлер болсын, қай жағынан алып қарасаң да бəрі президенттік сайлау өткізуге бірауыздан өздерінің мақұлдауын, ойларын, пікірлерін білдіріп отыр. Раушан СƏРСЕМБАЕВА, Қазақстанның іскер əйелдер қауымдастығының президенті: – Біз отбасының ұйытқысымыз, тыныштық пен үйдің берекесіне жауаптымыз. Əйел бір қолымен бесік, екінші қолымен əлем тербетеді демекші, нəзік жандылар елдің тұрақтылығы мен тыныштығы өте маңызды екенін жақсы сезінеді. Мемлекетте қабылданған барлық бағдарламалар тиісті деңгейде орындалуы қажет. Өйткені, олар біздің ұрпағымыздың кемел келешегі үшін жүзеге асатыны сөзсіз. Сондықтан сайлау халықтың жұдырық болып жұмылуына сеп болады. Санат КӨШКІМБАЕВ, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары: – Президенттік сайлау өткізу – заңды құбылыс. Сондықтан, Қазақстандағы басты саяси науқанды кейінге шегеруге еш негіз жоқ. Себебі, кəсіпкерлер мен ірі бизнес инвесторлар үшін саяси тұрақтылық аса маңызды. Яғни, олар өз қаржысын дамушы елдерге салғанды тиімді көреді. Дəл осы əлемдегі геосаяси тұрақсыздық кезеңінде, экономикалық дағдарыстың белең алған тұсында бизнес қауымдастыққа, инвесторларға еліміздегі ахуалдың орнықты екенін ұғындыру қажет. Рахман АЛШАНОВ, Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының төрағасы: – Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті нығайтуда қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күшжігерін жұмылдырудың маңызы зор. Осыған байланысты ҚХА ұсынысын қолдай отыра, Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы президенттік сайлау өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Игорь СПИРИДОНОВ, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі (Орал): – 2016 жыл əлем елдері үшін экономикалық тұрғыдан қиын болғалы тұр. Сондықтан, президенттік сайлауды биыл өткізіп, елдің өркендеуіне ден қою қажет. Шын мəнінде қарайтын болсақ, қазір геосаяси ахуал жəне экономикалық жағдай оңай деп айтуға болмайды. Қазақстан əлемдік қоғамдастықтың бір толыққанды мүшесі ретінде осындай мəселелерді алдағы уақытта шешуге мəжбүр болады. Егер сайлау биыл өткен жағдайда дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономикада қалыптасқан басқа да мəселелерді шешуге бізде біраз уақыт қалады, біз осы мəселелерді алаңдамай жүзеге асыра алатын боламыз.

Самат БАЙГЕРЕЕВ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушысы (Өскемен): – «Нұрлы Жол» бағдарламасында машина жасау саласына үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан зерттеу жұмыстарымызды жетілдіру үшін саяси жағдайымыз өте жақсы болу керек. Осы себепті президенттік сайлауды биыл өткізген дұрыс деп есептеймін. Өйткені, бір жылда екі сайлауды қатарынан өткізу ел заңнамасына қайшы келетін көрінеді. Заитжан ЮЛДАШЕВ, «Жамбыл облыстық азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі (Тараз): – Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын толықтай қолдаймыз. Бүгінде əлемде болып жатқан қиын кезеңде бізге тұрақтылық керек. Оған кепіл болатындай қадам жасауымыз керек. Бұл – уақыт талабы. Жалпы алғанда, президенттік сайлауды биыл өткізу – əлемдік қаржы-экономикалық дағдарысқа төтеп берудің бірденбір жолы деп есептеймін. Динара ҚАМИДОЛДАНОВА, тарих пəнінің мұғалімі (Талдықорған): – Экономикалық бағыт – «Нұрлы Жол» жүзеге асырылуда. Оның аясында, əсіресе, білім беру саласында біршама жобалар жүзеге асырылуда. Мектептер, жаңадан балабақшалар салынуда. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Ал осы жобалардың жүзеге асырылуы 2016 жылға түсіп отыр. Сол себептен, біз президенттік сайлаудың ертерек өтуіне қолдау көрсетеміз. Жомарт ОМАРОВ, шаруа қожалығының басшысы (Солтүстік Қазақстан облысы): – Осы тұрақтылықтың арқасында, ауыл шаруашылығына деген дұрыс саясаттың арқасында жағдайымызды дұрыстап алдық. Материалдық-техникалық жағдайымызды түзедік. Біз, Қазақстан халқы бірлігімізді, ой-мақсатымызды алға бастап жүретін Көшбасшымызды сайлап алғанымыз дұрыс деп есептейміз. Ермек МАҚАШЕВ, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры: – Əлемдегі жағдай жəне жаһандық сын-қатерлер көптеген елдерде тұрлаусыздық пен алаңдаушылық туғызуда. Сондықтан сайлауды биылғы жылы өткізу Отанымыздың гүлденуі жолындағы мемлекеттік бағыттың кідіріссіз жүзеге аса беруіне септігін тигізбек. Матиас ДОРНФЕЛЬДТ, Потсдам университетінің саясаттану докторы (Германия): – Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Мəжілісінде көтерілген бастама дер кезінде жарияланып отыр деп есептеймін. Аса маңыздысы – мұндай тілекті Қазақстан халқының өзі білдіруінде. Мен 2015 жылы өтетін президенттік сайлау, бүкіл əлемдегі қаржыэкономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанға өзі қай кезде де ұстанып келе жатқан тұрақтылық бағытын сақтап қалуға көмектеседі деп санаймын.

Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик. – Бүгінгі дүние мазасыз... Қазіргі кезде бір-бірімен соғыс жүргізіп немесе жанжалдасып жатпаған мемлекеттерді табудың өзі қиын. Əлем бүгінде өзінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Сондықтан бізге президенттік сайлауды биыл өткізіп алу тиімді болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі бастамашы болған бұл маңызды науқан жүзеге асқан жағдайда, бүкіл ел халқы, тұтастай мемлекетіміз пайдасын көретіні еш күмəн туғызбайды. Нəдір НƏДІРОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті: – Күні кеше Ұлттық инженерлік академиясының кеңейтілген мəжілісі болып өтті. Онда біз Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуін талқылап, Отанымыздың ғылыми қоғамдастығына осы бастаманың тарихи жəне мезгілінде жасалған бастама екенін айтып, қосымша үндеу жарияладық. Бұған себеп, бүгінгі дүние саяси жəне экономикалық қиындықтар алдында тұр. Бұл – бір. Екіншіден, қазіргідей жағдайда сайлау өткізіліп жатса, одан тек ұтатын боламыз. Ғани ҚАЛИЕВ, Қазақстанның «Ауыл» социалдемократиялық партиясының төрағасы: – Бүгінгі халықаралық жағдай аласұрып тұр. Қаржы-экономикалық дағдарыс та тереңдей түсуде. Оның бүгінгі бет алысына қарап, жуыр маңда жуаси қоймайтынын бағамдағандайсың. Мұндай күрделі кезеңге, əрине, барлық мемлекеттер қарсы тұрулары тиіс. Біздің Қазақстан сияқты ел – қатардағы елдердің бірі емес. Біз – ерекше елміз. Сондықтан үстіміздегі жылы мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс шешім болатыны анық. Нина ҚАЮПОВА, «Республикалық əйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы: – Бұл бастамаға жалпымемлекеттік жоғары маңызы тұрғысынан келе отырып, «Республикалық əйелдер кеңесінің» мүшелері оны толықтай қолдайтынын атап көрсетемін. Біз елдің кез келген қиындықтар мен сынақтарға дайын екенін жəне қарсы тұра алатынын нақты білеміз. Біз ел өміріне бейжай қарамайтын барлық азаматтарды, Отан патриоттарын осы қиын сағатта жұдырықтай жұмылып, Қазақстанның болашақ дамуы үшін күш біріктіруге шақырамын. Бақытжан ЕРТАЕВ, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Сайлау – демократиялық қоғамның аса маңызды көріністерінің бірі. Жəне əр азаматтың осы үдеріске қатысуы ел болашағы қандай болатынын шешетінін де ұмытпаған жөн. Осындай қадамға бару арқылы біз Мемлекет басшысы қолға алған барлық бастамалардың қалай жүзеге асатынына айтарлықтай көлемде ықпал етеміз. Сонымен қатар, экономиканың, əлеуметтік саланың, нақтылай айтсақ, еңбекақының, зейнетақы мен стипендиялардың дер кезінде берілу мəселесін шешуге де үлес қосамыз.


4

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

Ассамблея – бірлікті бекемдейтін ќўрылым

Экстремистік зорлыќќа ќарсы кїрес АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті ғимаратында экстремистік зорлыққа қарсы əрекет ету бойынша саммит болып өтті. Оның жұмысына əлем елдерінен 60-тан аса делегация, соның ішінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес ұйымдардың, азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар, дін басшылары қатысты. Аталмыш форумда қазақстандық делегацияға Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жетекшілік етті.

(Соңы. Басы 1-бетте). Гүлшара Əбдіқалықова Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығында облыстың этномəдени бірлестіктері өкілдерімен өткізген кездесуінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізудің қоғамдық-саяси мəні жоғары екенін айтты. Мемлекеттік хатшы барлық ісшаралар «Менің елім – Мəңгілік Ел» атты басты идеяны, бейбітшілікті, қоғамдық келісім мен халықтың бірлігін нығайтуға бағытталуға тиіс деп атап көрсетті. «Елдігімізді бекітіп, халық рухын асқақтататын мерейлі оқиғаларға толы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Қазақстан халқы үшін, оның ішінде елдегі бірлікті бекемдеуге еңбек сіңіріп жүрген сіздер үшін мəні мен маңызы ерекше деп білемін. Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен татулықты сақтап, дамытудың бірегей тетігі – Тəуелсіздікке, дамуға тірек болған Ел бірлігінің ең басты тұтқасы. Сондықтан да, Ассамблея жылы ел тарихында нақты нəтижелі істермен, толымды жетістіктермен өрнектелген белесті кезең болып қалуы тиіс. Бүгінгі жиында Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын түрлі этностар өкілдері ретінде өздеріңізбен кездесе отырып, халықтың бірлігін одан əрі арттыру бағытында бірлесіп атқаратын жұмыстарымызды саралап алсақ деген ойымыз бар», деп сөзін сабақтаған Гүлшара Наушақызы 100-ге жуық этностардың басын біріктіріп, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымаққа ұйыған Оңтүстіктің қазақ үшін құт мекен, алтын бесік екендігін айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының символы – «Тайқазанның» киелі Түркістаннан Астанаға аттандырылуының ел бірлігі үшін жақсы жоралғы екендігін жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының түп қазығы жалпыхалықтық «Мəңгілік Ел» идеясы екендігін айтқан Мемлекеттік хатшы Елбасының Ассамблея арқылы бірлікті нығайту тапсырмаларының Оңтүстікте жақсы орындалып жатқандығын атап өтті. Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ассамблеясының іске асыруға тиіс жеті бағытын нақтылап берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекеттік хатшының сөйлеген сөзін əрі қарай дамытты. Жүздеген ұлттар мен ұлыстардың

басын біріктірген Ассамблеяның жұмыс тəсіліне Германия, Қытай сияқты іргелі елдердің қызығушылық танытқанын айтқан Ералы Лұқпанұлы Ассамблеяның Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратындай бірлікте болу қажеттігін нақтылады. Кездесу барысында облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов 2014 жылғы жұмыстың негізгі қорытындылары мен Оңтүстік Қазақстан облысы ассамблеясының жұмыс жоспарлары мен өңірде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізу жөнінде баяндады. «Ырыс алды – ынтымақ» форумының хатшысы, белгілі жазушы Мархабат Байғұт облыс əкімінің ұйытқы болуымен Түркістанда зиялы қауым басқосуының «Ырыс алды – ынтымақ» форумына ұласқанын аймақ өмірімен байланыстыра айтып берді. Жиында чешен-ингуш этномəдени орталығының төрағасы Хасан Бациев қиын кезеңде өз жұртынан еріксіз көшірілген жұрттың қазақтың кең қолтығынан пана тапқанын, Қазақстан – осындағы барлық ұлттар мен ұлыстардың туған Отанына айналғанын, қандай күнде де Елбасының қасында топтасатындықтарын, халық қалауы – бірлік пен ынтымақ екендігін жеткізді. Ал өзбек этномəдени орталығы жанындағы жастар қанатының жетекшісі Ықсыбай Мамедов Қазақстандағы барша этнос өкілдерінің

«Самўрыќ-Ќазына» трансформациямен табысын їстейді Кеше Орталық коммуникация қызметінде «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев баспасөз мəслихатын өткізді. Ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы, сондай-ақ қордың компаниялар тобының жетістіктері жөнінде айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Соңғы жылдағы қиындықтарға қарамай, ұлттық əл-ауқат қоры алға қойған міндеттерді еңсеріп келе жатқанын жеткізген қоғам төрағасы өткен жылдың табыстарын тізбектеді. «Былтыр дағдарыс басталған жыл болғанына қарамастан, «СамұрықҚазынаның» таза табысы 458 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте қорға қарасты компаниялар тиімділігінің басты өлшемі саналатын операциялық табыстың көрсеткіші 19,52 пайыз болды. Жалпы алып қарайтын болсақ, қорға қарасты компаниялар былтырғы жылы жалпы құны 2 млрд. 900 млн. долларға жеткен 13 жобаны нəтижелі аяқтады. Мұнымен қоса, жобалардың жүзеге асырылуының арқасында 5 мың 600 уақытша, ал 1 мың 200 тұрақты жұмыс орны ашылды», деді Ө.Шөкеев. Ұлттық қор ақша үнемдеу мақсатымен, өзіне қарасты компаниялар тобының биылға арналған шығыстарын 337 млрд. теңгеге қысқартып, оңтайландырыпты. Нақты сандарға жүгінсек, əкімшілік шығыстар 64 млрд. теңгені, ал күрделі шығыстар 240 млрд. теңгені құрайды екен. Қор басшысының айтқанына қарағанда, қысқарту жұмысы мейлінше күрделі болып табылатын үлкен компанияларда бірталай шаралар атқарылыпты. Мəселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының менеджменттік шығыстары ағымдағы жылы 134 млрд. теңгеге ортайса, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бюджеті 84 млрд. теңгеге қысқартылмақ көрінеді. «Қаражатты осыншама қысқарта отырып, жұмыс нəтижесін сақтау аса күрделі шаруа. Дегенмен, ағымдағы шығыстар бойынша өндірістегі қызметкерлердің жалақысы сақталады, бюджетке міндетті салықтар да төленеді, өзге де əлеуметтік қолдаулар секілді баптар өз қалпында қалдырылады», деді төраға. Қазіргі таңда «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардың, соның ішінде ұйымдық құрылымдардың барлығында тереңдетілген күрделі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр

екен. Нақтыласақ, компаниялар тобы бойынша бизнес үдерістері жаңа үлгіге көшірілуде. Жұмысқа жалдау, тестілеу, кадрларды кө термелеу, қызметкерлерді жұмыстан босатудың барлық тетік-ережелері қайта пысықталуда. Мұндағы мəселе, əкімшілік-басқару персоналдарына қатысты болып отыр. Басқарушылықтан бөлек, өндірістік технологиялар да қайта тəптіштеледі. Сондай-ақ, қор аясындағы трансформацияға қатысты жұмыстар еншілес компанияларда жүргізілуде екен. Аталған шараға орай «Қаз МұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркəсіп», «Самұрық-Энерго» секілді ком паниялардың менеджменті белсенді жұмысқа кірісіп те кетіпті. Шамамен компаниялардың 750 қызметкері жаңғырту командасына шоғырланған. Мəселен, ҚТЖ жаңа корпоративтік мəдениетті енгізу деңгейінен өтуде. Ал «Қазпошта» АҚ өз қызметтерінің сапасын арттырып, бəсекеге қабілетсіздік себептерін айқындаумен айналысып жатқан көрінеді. «Трансформация аясында «Қазатомөнеркəсіп» өзінің стратегиялық басымдықтарына жіті мəн бере бастады. Бұл компанияның алдағы мақсаты əлем нарығында баға қалыптастыру қызметін тұтынушы емес, керісінше, əлемдік нарықтағы бағаны қалыптастырушы болуы керек. Бұған компанияның мүмкіндіктері жетеді», деді Ө.Шөкеев. Осы кезеңде жеті ірі компанияда операциялық трансформация жұмыстары жүзеге асырылуда. Барлық компаниялар бойынша шамамен 40-қа жуық бизнес үдерісі аясында мұқият талдау жұмыстары жүргізілген соң, жаңа негізгі көрсеткіштер айқындалмақ көрінеді. «Транс формация төңірегіндегі реформаның тиімділігіне келсек, тек бір ғана «Қазақстан темір жолы» компаниясының өзі жыл сайын 20 млрд. теңгенің тиімділігін сезінетін болады. Салыстырмалы түрде алсақ, ҚТЖ-ның былтырғы таза табысы 27,3 млрд. теңгені құрады. Ал біз осы бағдарламаның арқасында ол көрсеткішті екі есеге жуық арттыра аламыз», деді басқарма төрағасы.

мемлекеттік тіл – қазақ тілін білу қажеттігіне тоқталды. «Бəсекеге қабілеттіліктің бір сипаты – тіл. Қазақ тілінде сөйлейтіндігімнен қай жерде де орным бар, жұмысым бар. Біз жастар Елбасымыздың ерекше қамқорлығын сезінеміз. Біз Елбасымен, елімізбен қуаттымыз», – деді. Бұдан кейін, Мемлекеттік хатшы жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап көрді. «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатрын қайта құрылымдау жобасымен танысты. Сондай-ақ, кезінде апатты жағдайда деп танылып, қайта бой көтерген А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында болды. №6 колледждегі дуалды білім беру барысымен танысып, бейнелеу өнері мұражайының ашылуына қатысты. Сапар қорытындысында Г.Əбдіқалықова Оңтүстік Қазақстан облысының əйелдер қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында отбасы-демографиялық саясатты дамыту мəселелері, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатты жүргізуге əйелдердің белсене араласуы, Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мəселелері талқыланды. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Кемшілік ќайталанбауы керек Кеше Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми Атырауға арнайы келіп, Елбасы Жарлығымен облыстық соттың төрағасы болып тағайындалған Марғұлан Бектұрғановты ұжымға таныстырды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

– Марғұлан Жұбанышұлы – кəсіби судья, əрі тəжірибелі басшы. Аудандық соттың төрағасы, облыстық сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарды. Мұның алдында Жамбыл облыстық сотының төрағасы лауазымында болды. Сот жүйесіндегі қызметтік өтілі 17 жылдан асады, –дей келе Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми оның Жамбыл облыстық сотының жұмысын облыстық соттар рейтінгінде үшінші орынға көтергеніне тоқталды. Енді Атырау облыстық сотын басқаруда да осындай табысқа жетуіне сенім білдірді. Ал бұрынғы төраға Мұхтар Смағұловтың Павлодар облыстық сотына басшылық жасайтынын хабарлады. Сонымен бірге, судьялар алдында тұрған міндеттерді саралап, кемшіліктерге кеңдік жасалмайтынын жеткізді. Мəселен, өткен жылы Атырау облысындағы аудандық соттардың 9 ісі бұзылған. Үш судья тəртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Атырау облысынан Жоғарғы Сотқа түсетін шағымдардың 82 пайызы экономикалық соттың төрағасы мен судьяларына қатысты болған. Тіпті, заңда көзделмеген санкция салу да орын алған. «Алдағы уақытта мұндай кемшіліктер орын алмауы тиіс», деді Қайрат Мəми. Атырау облысы.

Форумның басты мақсаты экстремистік зорлыққа қарсы іс-əрекет жоспарын əзірлеу болып табылады, бұл жоспар БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекет басшыларының кездесуінде қабылданады деп күтілуде. Күн тəртібінде қозғалған негізгі тақырыптар экстремизмді зорлық дамуының алдын алу, оның басты қоз ғаушы күшін жою, қауіпсіз қауымдастықтар құруға қатысты мəселелер болды. Саммиттің ашылу салтанатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри жəне БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун сөз сөйледі. Форумның бірінші сессиясынан соң АҚШ Президенті Барак Обама баяндама жасады. Ал форумда сөз сөйлеген А.Дауылбаев экстремистік зорлықтың барлық түрінің алдын алу жəне оларға қарсы күресуде əлемнің барлық елдерінің күшін жұмылдыру идеясын қолдай отырып, елімізде экстремизм мен

терроризмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Бас Прокурор атап өткендей, халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын экстремизм мен терроризм оған қарсы тосқауыл қоюдың жаңа тəсілдерін жəне əлемдік қауымдастықтың неғұрлым терең интеграциясын талап етеді. А.Дауылбаевтың пікірінше, ортақ күш радикалды идеологияны таратудың алдын алу жəне оны жоюға, экстремизм мен терроризм профилактикасының тиімді тəсілдері бойынша тəжірибе алмасуға, əскери іс-қимылдарға қатысу үшін азаматтардың шетелдерге шығуына жол бермеуге, өзге елдер территориясында жасырынуға тырысқан радикалды элементтерді уақтылы іздестіру жəне қамауға алуға, терроризмді қаржыландыру фактілеріне жол бермеуге бағытталуы тиіс. Сөз соңында Бас Прокурор экстремистік зорлық бойынша

Кəсіпќой спорттыѕ ертеѕі їшін Кеше Астана қаласының əкімдігі жəне «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасында кəсіпқой спортты дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рəсімі болып өтті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков пен «СамұрықҚазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев қол қойған бұл меморандум өзара ынтымақтасты жетілдірудің, атап айтқанда, Елбасының қолдауымен 2012 жылдың желтоқсанында құрылған «Астана» Президенттік кəсіпқой спорт клубын дамыту бойынша бірлесе жұмыс істеудің басым бағыттарын белгіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың спортпен барынша етене араласуына, оның ішінде жастар арасында кəсіпқой спортты дамытуға барынша қамқорлық жасап келеді. – Мемлекет басшысының саламатты өмір салтын қалыптастыру, денешынықтыру жəне кəсіпқой

спорт салаларына қатысты тапсырмаларын орындау – біздің ортақ міндетіміз. Əкімдік пен «Астана» спорт клубының бірлескен əрекеті негізінде біз денешынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын арттырып, елорданың спорттық нысандар желісі мен сауықтыру демалыс инфрақұрылымын кеңейтуіміз қажет. Əкімдік өз тарапынан денешынықтыру жəне спортты дамыту мен насихаттау бойынша клубпен кез келген уақытта ынтымақтасуға дайын, – деді қала əкімі. Өмірзақ Шөкеевтің айтуы бойынша, Астана қаласы əкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚтың кəсіпқой спортты дамыту бағытындағы бірлескен кешенді жұмыс шаралары болашақта қазақстандық спортшылардың халықаралық сайыстарда

Инвестициялар жəне даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитетінде вице-министр Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен «Кселл» АҚ, «КарТел» ЖШС, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жəне «Алтел» ЖШС байланыс операторларының кеңесі өтті. Операторлар арасындағы келіссөздер нəтижесінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап интерконнект мөлшерлемесін минутына 11,10 теңгеден 8 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендету туралы шешім қабылданды. «Біз операторларға бір жерде жиналып, бір шешімге келуге мүмкіндік бердік. Нəтижесінде, интерконнект биыл 28%-ға төмендейді. Бұл ұялы байланыс қызметтері нарығындағы бəсекелестікті дамытып, абоненттердің шығындарын азайтады», деп атап өтті Асқар Жұмағалиев. Бұдан басқа, Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, кездесу

Елімізде жаңа жол қозғалысы туралы заңымыздың өмірімізге енгеніне де біраз уақыт өтті. Оның кейбір осал тұстары мен басымдықтары туралы қоғамда көптеген пікір алмасулар болды. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар тарапынан ол заңның іске асырылу барысы да назардан тыс қалмағаны анық байқалады. «Егемен Қазақстан».

Соның бір көрінісіндей, кеше еліміздің Ішкі істер министрлігінде «Жол қозғалысы туралы» Заңның іске асырылу барысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл Парламент Сенатының бастамасымен өткен іс-шараға Парламент депутаттары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Отырыста Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай қатысушыларға заңға халықаралық конвенциялардың міндетті талаптары, БҰҰ-ның келісімдері мен ұсынымдары, сондай-ақ, шетелдердің зерттеу тəжірибелері негіз болғанын баса айтты. Өз сөзінде ол кездесудің мақсатын жəне жол қозғалысы қауіпсіздігін

нəтижелі жеңістерге жетулеріне сөз сіз ықпалын тигізуі тиіс. Қазіргі уақытта «Астана» ПКСК құрамына отандық ең үздік спорт клубтары – əлемге əйгілі кəсіпқой велокоманда, баскетбол жəне футбол клубтары, «Барыс» хоккей клубы, Дакар жолдарын бағындырған «Astana motorsports» командасы, «Astana Arlans» боксшылары, ат сайыс пен судағы поло командалары жəне ұлттық күресті дамытуға арналған бірегей «Қазақстан барысы» жобасы шоғырланған. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін əлем чемпионы Илья Ильин жəне конькимен мəнерлеп сырғанаудан Олимпия ойындарының қола жүлдегері, 2015 жылғы төрт құрлықтың чемпионы Денис Тен есімдері де «Астана» брендімен төрткүл дүниеге түгел танылды. Алдағы уақытта «Астана» ПКСК жаһандық спорт алаңдарында еліміздің Көк байрағын асқақ желбірететін талай саңлақтарды тəрбиелеп шығаратыны сөзсіз.

Байланыс операторларыныѕ кеѕесі барысында операторлар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ұялы операторлар үшін интерконнект мөлшерлемесін минутына (ҚҚС-сыз) 5 теңге көлемінде бекітуге келісті. Естеріңізге сала кетейік, интерконнект – операторлар арасындағы желіаралық байланыс. Интерконнект мөлшерлемесі бір оператордың басқа операторға өз абонентінің желіден тыс қоңырау шалғанда сөйлесудің əрбір минуты үшін төлейтін соманы анықтайды. Қазақстанда интерконнект ставкасы 11 жыл бойы өзгермей, (ҚҚС-сыз) 19,98 теңге құраған. 2010-2012 жылдар аралығында

Заѕ ќабылданды: іске асырылуы ќалай?

Александр ТАСБОЛАТОВ,

келесі аймақтық саммитті осы жылы Астана қаласында өткізуді ұсынды. Форумның қорытындысы бойынша Бірлескен коммюнике қабылданып, онда қатысушылар экстремизмнің барлық түрлеріне қарсы күресуге өздерінің шынайы ниетін білдірді, сонымен қатар, қоғамның радикалдануына қарсы тұруда əлемдік қауымдастықтың күшін жандандыру қажеттігін атап өтті. Осыған орай, экстремизммен күресте азаматтық қоғамның, сондай-ақ жастардың, əйелдердің, діни, мəдени жəне білім беру ұйым дары басшыларының рөлі өте зор екендігі айтылды. Əлеуметтік, экономикалық жəне саяси саладағы, əсіресе, зорлық экстремизмге төтеп бере алмай тын азшылыққа қатысты мəселелерді шешуге баса назар аударыл ды. Сөйтіп, отырысқа қатысушылардың ортақ пікірінше, Вашингтон саммиті экстремизмді тарату жəне насихаттауға қарсы əрекет етудің жалпыға ортақ бағдарламасын əзірлеуге жəне оның алдын алу бойынша тиісті шараларды дайындауға бағытталған дүниежүзі бойынша өтетін аймақтық кездесулер мен басқа да іс-шаралардың бастамасы болып табылады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

қамтамасыз ету мəселелерін талқылаудың маңыздылығына тоқталды. Бұдан кейін депутат Елбасының «Нұрлы Жол» даму бағдарламасында жолдардың Қазақстанның «өмір жолы» деп айтылғандығына баса назар аударды. Көлік желісін дамыту, жаңа магистральді құру, еліміз арқылы жүк ағыны транзитін кеңейту үшін жолдарда қауіпсіз жағдайды қалыптастыру қажеттігін еске салды. Дөңгелек үстел барысында ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов та сөз сөйледі. Ол заңнаманы қалыптастыру үшін осы салада мемлекеттік саясаттың іске асуын қамтамасыз етуде пікір алмастырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол осы бағытта заңнаманы одан əрі жетілдірудің тиімді жолдарын жəне өзекті проблемаларды анықтау – осы дөңгелек үстелдің міндеті деді.

Бұдан кейін ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің төрағасы И. Лепеха баяндама жасап, ол еліміздің автомобиль паркінің қарқынды өсіп, яғни бүгінгі күнде 4,5 млн. көлікке көбеюіне байланысты жол қозғалысын қамтамасыз ету проблемаларының өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, баяндамашы аталған заңды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген оң нəтижелер туралы депутаттарға толыққанды ақпарат берді. Мəселен, ІІМ жол қозғалысы саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістері бойынша халыққа БАҚ арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондайақ, заң мəтіндері ІІМ-нің жəне өңірлік ішкі істер департаменттерінің ресми Интернет-ресурстарында орналастырылды. 2014 жылғы 13 қарашадағы жаңа жол қозғалысы ережесі мен көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі бағыттар əзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Жүргізуші куəлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куəлік бланктерінің жаңа үлгілері, пайдаланылатын

ұялы байланыс операторларымен келісім бойынша интерконнект мөлшерлемесі 19,98 теңгеден 15,3 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілген. 2012 жылдың желтоқсанында ұялы байланыс операторлары үш жыл ішінде жыл сайын 15%-ға интерконнект мөлшерлемесін төмендету жөніндегі меморандумға қол қойған. Сонымен қатар, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру жəне ақпарат комитеті «Кселл» АҚ жəне «Кар-Тел» ЖШС интерконнект бағасына сараптама өткізген болатын. Сараптама қорытындысы бойынша операторларға 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап интерконнект мөлшерлемесін 11,10 теңгеден 8,88 теңгеге (ҚҚС-сыз) дейін төмендету қажеттілігі туралы қорытынды жіберілді. «Егемен-ақпарат».

жолдардың қатерлілік дəрежесін бағалауды ұйымдастыру жəне жүргізу ережелері, жүргізушінің көлік құралын дайындау бойынша кəсіби бірлестіктерді аккредиттеу ережесі, біліктілік комиссиясының қызметін қалыптастыру жəне іске асыру ережесін, көлік құралдарына жүргізушілерді дайындау бойынша оқыту процесінде өндірістік оқыту жəне көлік жүргізуді оқыту шеңберіне оқытушы болуға үміткерлерді аттестаттау ды жүргізу ережесі əзірленіп, бекітілген көрінеді. Сонымен қатар, баяндамада жол қозғалысына қатысушылардың жауапкер шілігін күшейту бойынша қолданылатын шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң əсер еткені айтылды. Соңғы 3 жылдың ішінде алғаш рет 2014 жылдың қорытындысы бойынша рес публикада ЖКО саны 12,8 пайызға (23 359дан 20 378-ге), қаза болған азаматтар саны 14,9 пайызға ( 3 037 – ден 2 585ке) жəне жарақат алғандар саны 13,2 пайызға ( 29 872-ден 25 942-ге) азайған. Бұл кездесу қорытындысы бойынша тəжірибелік ұсынымдар əзірленіп, ол одан əрі жетілдірілу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болды.


5

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

 Əкім есеп берді. Ел не деді?

Їлкен істер ќиындыќсыз Ґрелі ґзгерістер ґрісі атќарылмайды Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл өңірі өзіндік оң дəстүрі қалыптасқан көпсалалы аграрлық өңір. Облыс халқының 59,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ауылдың болашағы еліміздің болашағы екені анық. Кеше Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев өңірдің 2014 жылғы даму нəтижелерін қорытындылап жəне алда атқарылатын міндеттерді белгілеп, халық алдында есеп берді. Жалпы алғанда, жыл сайынғы есепті кездесулер өңірдегі проблемалар мен өзекті мəселелерді шешуге əрі уақтылы шара қолдануға мүмкіндік береді. Өткен жыл бүкіл ел үшін де, Жамбыл облысы үшін де табысты əрі маңызды оқиғаларға толы болды. Елбасы Н.Ə.Назарбаев ірі компаниялар басшыларының назарын жұмыс орындарын қысқартпауға аударған болатын. Бұл жұмыстар облыста белсенді жүргізіліп, қазірдің өзінде ірі кəсіпорындармен 153 меморандум жасалды. Өңірде жұмыс орындарын сақтап қалуға жəне тұрғындарды жұмыспен қамту үшін инфрақұрылымдарды дамыту бағыттары бойынша 8 мыңға жуық адамды жұмысқа тарту жоспарлануда. Яғни, Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыруға барлық мүмкіндіктер бар. Жоғарыда Əулиеата жері негізінен ауыл шаруашылығы дамыған аймақ деп айтып қалдық қой. Бұл ретте, өткен жылы агроөнеркəсіп кешенінің дамуына барлық көздерден бөлінген қаржы 49 пайызға өсті. Құрғақшылыққа қарамастан, 163 млрд. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, көлемі 2,6 пайызға артты. Өңірде жалпы 581 мың гектар жерге өсімдік егіліп, 2013 жылмен салыстырғанда, 38 мың гектарға ұлғайды, оның ішінде суармалы егіс көлемі 1400 гектарға артты. Өңірдегі су тапшылығына байланысты, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары тұрақты назарда. Өткен жылы тамшылатып суару алқаптарының көлемі 1,7 есеге артып, 5 мың гектарға жетті. Биылғы жылы оның көлемін 7 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Жамбыл жері су ресурстарының 80 пайызын көрші Қырғыз елінен алады. Өткен жылы Елбасының Кырғыз Республикасының Прези дентімен кездесуі барысында осы мəселе көтерілген болатын. Нəтижесінде, Жамбыл облысының əкімі К.Көкірекбаев суармалы суды қажетті көлемде толық жəне уақтылы беру туралы Чу облысының губернаторымен меморандумға қол қойды. Енді биыл облысқа Шу өзені бойынша 370 млн. текше метр су берілетін болады. Сүт өнімдерін өңдеуде шикізат тапшылығын жою мақсатында Бурный ірімшік зауыты 40 млн. теңгеге шаруашылықтарға 230 сауын сиыр сатып алып берді. Ол сиырлардан сауылған сүт кəсіпорынға белгіленген бағамен өткізіліп, берілген несие өніммен өтелуде. Сонымен қатар, «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» халықаралық көлік дəлізінің бойынан 13 сүт тауарлы фермасының құрылысы аяқталып, сүт бағытындағы асыл тұқымды мал сатып

алынуда. Жалпы, 2017 жылға дейін 57 шаруашылық іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал ауыл шаруашылығына инвестиция мен жаңа технологиялар тарту мақсатында Малайзия елінің компаниясымен 350,0 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестицияға жаңа мал шаруашылығы фермаларын құру туралы келісім жасалды. Ол үшін аудандарда қажетті ауылшаруашылық жерлер дайындалды. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының Сияань қаласында келіссөздер жүргізіліп, «ҚазақстанҚытай» ғылыми-инновациялық ауылшаруашылық паркі құрылысының бірінші кезеңіне 120 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Мұны өңір басшысы Кəрім Көкірекбаевтың осы қызметіне келгелі бергі ең табысты да нəтижелі еңбегінің бірі деп айтуға толық негіз бар. Облыстың жер қоры 14 млн. 426 мың гектарды құрайды. Алайда, əлі де қолданылмаған жер резервтері бар. Бүгінгі таңда 547 мың гектар ауылшаруашылық жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталды. Сөйтіп, оның 86 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. 238 мың гектар жер қайта айналымға қосылды. Денсаулық сақтау жүйесі – қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Өткен жылы осы салаға 40 млрд.теңге бөлініпті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген қаржы көлемі 8,3 пайызға артып, 28,7 млрд. теңгені құрады. Бұл өз кезегінде медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартты. Бұл салада, əсіресе, кардиология қызметі қайта ұйымдастырылғанын атап айтуға болады. Екі инсульттік орталық жұмыс істеуде. Өткен жылы халыққа кардиологиялық көмек көрсету көлемі ұлғайып, жыл бойы жүрекке 1 363 операция жасалған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 42 пайызға артық. Жергілікті бюджет есебінен кардиологиялық қызмет үшін 217 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынды. Өткен жылдың соңғы тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін, ал, жастар арасында 4,3 пайызға дейін төмендеді. Облыста «Өрлеу» шартты ақшалай көмек қанатқақты бағдарламасы іске асырылып, 13 800 азаматқа 308 млн. теңгенің көмегі тағайындалды. Осылайша, атаулы

əлеуметтік көмек алушылар 981 адамға жəне 18 жасқа толмаған балаларға берілетін жəрдемақы алушылар саны 229-ға кеміді. Əйтсе де, жергілікті атқарушы органдар əлеуметтік көмекті тек мұқтаж азаматтарға беріп, жұмысқа жарамды азаматтарды əлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерімен қамту тəжірибесін жалғастыруы қажет. Бүкіл елді елеңдетіп, қызығушылығын оятқан «Ежелгі Тараз» қалашығының қорғаныс жүйесі, цитадель, шахристан, рабад бөліктерінде археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылуда. «Көне Тараз – Мəңгілік елдің бесігі» атты «Археологиялық саябақтың» бизнес жоспары əзірленіп жатыр. Қазір саябақ аумағында археологиялық жұмыстар қарқынды атқарылып келеді, жобаға сəйкес туристік кешендер құрылысы басталып кетті. Бұл жобаның алдағы уақытта өңірді, оның ішінде туризмді қарқынды дамытуға берер мүмкіндігі зор. «Биылғы жылы Елбасының шешімімен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында негізгі мəдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар Тараз қаласында өтеді. Бұл – барша жамбылдықтарға үлкен абырой жəне жауапкершілік. Біз бұл мерекенің мəдени, рухани жағына аса көңіл бөліп, абыроймен өткізуіміз керек. Айта кетерлік жайт, осы мерейлі тойға Тараз қаласының көшелерін жөндеуге жəне аббаттандыруға еліміздің барлық өңірлері мен облысымыздың аудандары тартылмақ. Елбасы атап өткендей, мерейтойлар – бұл тек той тойлау емес, бұл жетістіктерімізді бағалау, бекемдеу, болашақты жоспарлау. «Ынтымақ түбі – игілік» деген, əрине, облыс экономикасындағы қол жеткізген табыстар өңірде ел бірлігінің, барша жамбылдықтардың еңбегінің, ынтымағының арқасында болып отыр», деді есептік жиында Кəрім Көкірекбаев. Шынында, тарихи құндылықтарды, бабалар ерлігін қастерлеу жəне сақтау бүгінгі ұрпақ үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан, мерейтойлардың идеялық маңызын ескере отырып, əрбір тарихи оқиғаның тұжырымдамалық негізін ашатын, халықты топтастыратын мақсатты жəне жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуы тиіс. Əкімнің баяндамасынан кейін бірден залдағы халыққа сөз беріліп, ел де нағыз күйіп тұрған мəселелерді көтере білді. Оқушы көп болғандықтан Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы мектептің тар екені, Тараз қаласындағы су арналарын, ирригация жүйелерін жаңғырту, жайма базарларды жабу, Құлан ауылына ауыз су құбырын тарту жəне басқа да мəселелер кеңінен сөз болды. Ешқашанда үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер атқарылмайды. Жоғарыда келтірілген тірліктерді айтуға ғана оңай, ал, оның астарында мыңдаған жанның, облыс басшылығының тынымсыз еңбегі, маңдай тері, талап, міндеті, табандылығы жатқаны анық. Облыс əкімі К. Көкірекбаев осынау көтерілген мəселелердің бəрі арнайы қаралып, сарапталып, өз шешімін табатынын нақты айтты. Жамбыл облысы.

Өңір жұртшылығы алдындағы тұңғыш есебін «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатынан бастаған облыс əкімі Ерік Сұлтанов Елбасының халыққа арнаған Жолдауы ел экономикасының өсімін, инвестициялық белсенділікті қолдауды, тұрғындар кірістерінің кемітілуін болдырмауды, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдың мүлтіксіз жоспарын қалыптастыратынын атап көрсетті. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім мөлшері 778 миллиард теңгені құрап, 3 пайызға өсуі, өнеркəсіп өндірісі жөнінен республикада 6-шы орынға ие болуы, əрине, үлкен жетістік. Инвестиция тартуға айрықша назар аударылғанын да атап өткен лəзім. Петропавл қаласында өткізілген «Kyzylzhar Invest-2014» халықаралық инвестициялық форумы 800-ден астам, оның ішінде 300 шетелдік қатыcушыны тоғыстырып, 70 миллиард теңгенің 50 келісімшарттарына қол қойылған. Нəтижесінде, капиталға құйылған инвестиция 8,7 пайызға өскен. Одан əрі баяндамашы егістік алқаптарын əртараптандыру бағытында көп жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті. Дəнді-бұршақты дақылдар 8 пайызға азайтылып, майлы дақылдар – 36, жемазықтық дақылдар 38 пайызға ұлғайтылған. Мемлекет тарапынан берілетін демеуқаржы жеңілдіктері де тиімділікпен пайдаланылып келеді. Машина-трактор паркі 17,6 миллиард теңгенің 1220 заманауи техника бірліктерімен толықтырылған. Жасыратыны жоқ, астық сақтау қоймаларының жетімсіздігінен диқандар қауымы көп қиындық көретін. Соңғы жылдары бұл салада ірі жобалар іске асырылған. Жалпы құны 12 миллиард теңге болатын 7 элеватордың пайдалануға берілуі қосымша 279 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік берген. Е.Сұлтанов кеңінен тоқталған саланың бірі – мал шаруашылығы. «Ірі қара етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасын жүзеге асыру шеңберінде алысжақын шетелдерден лимузин, ангус, герефорд, симменталь, қазақтың ақбас сиыры сияқты ірі қара мал тұқымдары əкелініп, 1,7 мың басқа арналған 10 асыл тұқымды репродуктор шаруашылық, 2 800 басқа шақталған 5 бордақылау алаңы салынған. 1 мың тоннаға жуық ет экспортқа шығарылған. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс», тағы басқа мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысып, шаруашылығын дөңге летіп отырған ауылдықтар қатары қалыңдай түскен. Осылайша, агроқұрылымдардағы асыл тұқымды ірі қараның үлесі 53 пайызға жетсе, мал басы 16,6 пайыздан 49,4 пайызға дейін көбейген. Ұқсату саласы да маңызды басымдыққа ие. 2013 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру – 6,8, сүт пен кілегей – 15, сары май – 11, құрғақ сүт 5 пайызға ұлғайтылған. Қалдықсыз өңделетін өнімдерге 623 миллион теңге бөлініп, кəсіпорындарға айтарлықтай қолдау жасалған. Ерік Хамзаұлы алда агроөнеркəсіп кешенін дамытуға үлкен басымдық берілетінін бөле-жара айтты. Салалық бағдарламаларды одан əрі жалғастыру үшін жəрдемқаржы ретінде 16,8 миллиард теңге қарастырылған. 20 мыңдай

ірі қара малын сатып алу, 2,9 мың басқа шақталған асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар, 4,4 мың бас малға арналған бордақылау алаңдарын тұрғызу, ет экспортын ұлғайту, тоқтап қалған ұқсату кəсіпорындарын қайтадан қалпына келтіру секілді келелі міндеттер тұр. Облыста өнеркəсіп өнімдерін шығару қарқынды өркендеп келеді. Бұл мəселелермен 800-ден астам кəсіпорын айналысады, оларда 20 мың адам жұмыс істейді. Өткен жылы бұл саланың ЖӨӨ-дегі үлесі 11 пайызға өсті. Кен өндіру ісіне зор маңыз беріліп отыр. Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығында 31,3 миллиард теңгенің 32 жобасы жүзеге асып, бір мыңға жуық адам жұмысқа орналасқан. Екінші бесжылдықтың Индустрияландыру картасына 100 миллиард теңгені құрайтын 70-ке жуық жоба енген. Жыл аяғына дейін 13 жоба іске қосылып, 520 адам еңбекке жұмылдырылатын болады. Е.Сұлтанов Президент ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты тетігі деп баға берген шағын жəне орта бизнесті дамыту мəселесіне де талдау жасады. Бұл салаға қолдау айрықша екенін мынадан да аңғаруға болады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың саны екі есе көбейіп, барлық аудандар қамтылған. Қаржыландыру 1,8 есеге молайып, бөлінген несие мөлшері 4,4 миллиард теңгеге жеткен. Жаңа өндірістерді ұйымдастыру жəне бұрын жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту есебінен 6 351 жұмыс орны құрылған. Өңдеу өнеркəсібіндегі кəсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жобаларын іске қосудың арқасында 28 кəсіпорын арзандатылған несие алған. Əкімнің баяндамасында əлеуметтік салаларға қатысты өзекті мəселелер де жан-жақты сөз етілді. Пəтер кезегінде тұрушылардың сұранысын өтеудегі «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының маңызы атап көрсетілді. Бұрындары облыста жылына 100 мың шаршы метр тұрғын үй пай да лануға беріліп жүрсе, енді аталмыш бағдарлама іске қосылғалы оның көлемі 124 мың шаршы метрге ұлғайған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісін пайдаланушылар қатары өсіп келеді. Жекеменшік инвестиция есебінен 524 үй бой көтерді. Петропавл қаласында ғана 10 мыңдай адамның пəтер кезегінде тұруы ойландырмай қоймайды. Таза ауыз су – осы заманғы тұрмыс сапасының басты өлшемдерінің бірі. Бұл бағытта 5,9 миллиард теңгенің

Жаќсы жўмыстыѕ нəтижесі де жаќсы Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда Маңғыстаудағы жұрттың жүрегі қалап, көңілі күтетін көп істің бірқатары жұмыссыздық мəселесін шешу, жол, денсаулық сақтау жəне білім беру сапасын арттыру, тұрғын үймен жəне балабақшамен қамтамасыз ету, сапалы ауыз судың жеткілікті болуы, шатқаяқтаған ауыл шаруашылығының «аузына су тамызу». Өңірге қатысты жиын-жиналыс бола қалса, тұрғындардың «қандай жаңалық болар екен?» деп елеңдейтіндері де осы тұстар. Өткен жыл бойы жасаған жұмысының есебін тыңдауға келген жəне кездесуге онлайн мүмкіндік алған облыстағы Бейнеу, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау, Мұнайлы аудандары мен Жаңаөзен қаласы тұрғындарына Маң ғыс тау облысының əкімі Алик Айдарбаевтың айтқаны төмендегідей болды. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, өңірде жетекші салаларда тұрақтылық қана емес, екпінділік байқалған. 2014 жылы облыстың əлеуметтікэкономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштері жақсы қарқынды көрсетті. Өңір экономикасының өсімі 4%-ды құрады. Өткен жылы облыстың өндірістік кəсіпорындары 2 трлн. 400 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға артық. Тұрақты өсім өңдеуші өнеркəсіп секторында да орын алды. Мұнда өндіріс

көлемі 2013 жылмен салыстырғанда, 18,3%-ға өсіп, 108 млрд. теңгеге жетті, деген ол, мұнай өндіру көлемінің 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 %-ға өсіп, 18,5 млн. тоннаға жеткендігін айтып, мұның себебін облыстағы мұнай-газ компанияларының түгелге дерлік мұнай өндіру көлемін арттырғандығымен түсіндірді. Нəтижесінде, барлық мұнай-газ өндіретін аймақтардың арасында Маңғыстау облысы мұнай өндіру көлемін жоспардан асыра орындағандығын атап өтті. Маңғыстау облысына өткен жылы тартылған инвестициялар көлемі артқан. Сандарды сөйлетсек, облыс экономикасына өткен жылы 530 млрд. теңге инвестиция салынып, өсу қарқыны 14%-ды құраса, шетелдік инвестицияларды тарту 17 пайызға өсіп, 163 млрд. теңгеге жетті. Инвестициялық ағымдардың еселенуіне мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуы да үлесін қосты. Бұл бағдарламаның бірінші бесжылдығының алғашқы төрт жылының ішінде 23 жоба іске қосылды. Ал, тек өткен бір жылдың өзінде облыста құны 57 млрд. теңге болатын 10 жаңа индустриялық жоба пайдалануға берілді. Олардың арасында Шетпе ауылындағы цемент зауыты, Қаламқас кен орнындағы газ-турбиналы электр стансасы, Жетібай ауылындағы киім тігу жəне химиялық тазалау цехы, Таушық ауылындағы жүн өңдеу цехы, Ақтаудағы үй құрылысы комбинаты, төмен қысымды полиэтиленнен

жасалған құбырлар өндіретін зауыттар бар. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында біз 60-тан аса жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде 14 жобаны 2015 жылы іске қосамыз, деді А.Айдарбаев. Су жəне құрлық жолындағы қарым-қатынасқа қолайлы Маңғыстауға шетелдік инвесторлар тарту – басты мəселенің бірі. Бұл бағыттағы жемісті жұмыстар да бар, кездесетін өзіндік қиындықтар да бар. Алайда, аймаққа шетелдік инвесторлар тартуда «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның маңызы зор. Құрылған 11-12 жылдың ішінде аталмыш аумақта 29 млрд. теңге тартылған бес жоба жүзеге асырылып, 223 млрд. теңгеге өнім

шығарылды. Осы бес жобаның өзінен бюджетке 19 млрд. теңгеден астам салық түсіп, 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды. 2014 жылы жаңа қарқынмен дами бастаған арнайы экономикалық аймақта бір жылдың ішінде «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» компаниясының төмен қысымды құбырлар өндірісі жəне «KazTrub-Industries» кəсіпорнының құбырлар мен пластмасса бұйымдары өндірісі сынды 4 жоба іске қосылды. Ал биыл пайдалануға беруі жоспарланған бес жобаның ішінде «Азерсун» өндірісі жəне логистикалық орталығы, «Достық-полимер» полимер қаптамасын өндіру зауыты, «Сириус Казахстан» темір, тауар-бетон өнімдерінің зауыты, «ДСК-Қараойқұрылыс» үй құрылысы комбинаты, «Медикал фарм ЧаКур» фармацевтикалық кешені бар. Əзербайжандық инвестициямен салынатын «Азерсун» өндірісі жəне логистикалық орталығының» құрылысы биыл аяқталып, пайдалануға берілмек. Тағам өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер сақтайтын үлкен қоймалары бар орта лық Қазақстан мен Əзербайжан арасындағы сауда-экономикалық қатынасты кеңейтуге, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға жəне Маңғыстаудың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі. «Қолжетімді баспана-2020»

мемлекеттік бағдарламасы бойынша 492 маңғыстаулық отбасы баспаналы болған болса, биыл бұл қуаныш иелерінің саны екі еселеніп, 987 отбасына жетпек. Əкім есебінде одан əрі ауыл шаруа шылығы, «Бизнестің жол картасы-2020» жəне «Даму-Өндіріс» бағдарламаларының жүзеге асырылуы, шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға қатысты біткен жəне бітер істер баяндалды. Өңірдегі өзектілігін жоймай тұрған жұмыссыздық жəйі де əңгімеге арқау болды. 2014 жылы облыста 26 мың жаңа жұмыс орны ашылған жəне жастар үшін арнайы қабылданған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасы аясында жастарға кəсіптік білім беру, жатақханамен қамту, шəкіртақы төлеу, оқу кезінде тамақтану жəне тасымалдау мəселелері ұйымдастырылды. Маңғыстаудағы айтпай, айналып өтуге болмайтын тұс – жолдар ахуалы. Соңғы үш жылда облыста автокөлік жолдарын дамытуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат 3 есе көбейген. Өткен жылы «Бейнеу–Жезқазған» теміржол желісінің Бейнеу–Тассай стансасы аралығының құрылысы аяқталса, биыл «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында «Боржақты– Ерсай» темір жол желісі аяқталатын болады. Жақсысы, жолға қатысты жобалар бұлармен тоқталмайды екен. Биыл «Бейнеу–Шетпе» автожолының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілсе, «Шетпе–Жетібай–Ақтау» автомобиль жолының құрылысы басталды.

жұмыстары атқарылып, 354 шақырым су құбырлары қайта жаңартылған. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 37 жоба жүзеге асырылған. 2,8 мың тұрғыны бар 8 елді мекенге су жеткізіліп, жабдықтау ісі жақсартылған. Атқарылған шаралардың нəтижесінде ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 54,1 пайызға жеткен. Десек те, 689 елді мекеннің 292-і əлі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген. Сол себепті, бірінші кезекте сумен жабдықтауды қажет ететін 24 ауылға сапалы ауызсу тарту мəселесі өткір тұр. Осылайша, жыл аяғына дейін ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жаб дықтауды 56,3 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл – ауылдықтардың 77,4 пайызы қамтылады деген сөз. Көлік инфрақұрылымын дамыту облыс экономикасындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді, деді баяндамашы. Қазіргі уақытта жергілікті мақсаттағы автомобиль жолдарының желісі 7 530 шақырымды құрап, ұзындығы жөнінен республика өңірлері арасында 3-ші орынды иеленеді. Өткен жылдан бері жолдарды жөндеуге тұрақтандыру жəне тұтқыр материалдарды пайдалану арқылы бұрынғы жамылғыларды қалпына келтіру əдісі қолданыла бастады. Бұл тəжірибені қолдану шығынды 3 есеге дейін азайтуға, сапаны жақсартуға мүмкіндік береді. Жолдарды қайта жаңартуға, жөндеуге жəне ұстауға 6 миллиард теңге жұмсалды. Облыста тұрғындардың аз қорғалған топтарын жұмысқа орналастыру жəне əлеуметтік қорғаудың барлық шаралары қарастырылып келеді. 2014 жылы 27 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. 12 801 жаңа жұмыс орындары құрылған. Биыл тұрғындардың əлжуаз топтары санатындағы 6 675 адамды жұмыспен қамтуға көмек көрсетілетін болады. Білім беру саласына 37,4 миллиард теңге жұмсалғанымен, мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 568 бірлікті құрағанымен, мектепке дейінгі 1 118 орын ашылғанымен, мектепке дейінгі балаларды тəрбиемен жəне оқытумен қамту 93,1 пайызды құрағанымен, апатты жəне үшауысымды мектептер шешімінің кешеуілдеуі ата-аналар мен оқушыларды қатты толғандырып отыр. Денсаулық саласында қордаланған проблемалардың бірі–кадрлар жетіспеушілігі. Медицина ұйымдары əлі жоғары білімді 181 маманға зəру. 75 жас кадр, соның ішінде 43-і ауылдық жерлерге келгенімен, қажеттілік өтелер емес. Жалпы алғанда, медицинада бірқатар көрсеткіштердің оң көріністері байқалады. Тұрғындардың жалпы өлім-жітімі 1000 адамға шаққанда – 9, туберкулез – 5,5, онкологиялық аурулар – 1,9 пайызға төмендеген. Ана өлімі тіркелмеген. Баяндамашы ішкі істер органдары жұмысын оң сипаттағанымен, бұрын сотталған адамдармен алдын алу жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмейтінін, өткен жылы осы санаттағы тұлғалар 8,5 пайыз көп қылмыс жасағанын, қастандық жасап зорлау, бұзақылық, пəтер ұрлығы оқиғаларының айтарлықтай өскенін сынға алды. Залдан жолға, ауыз суға, тұрғын үйге қатысты сауалдар көбірек түсіп, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Солтүстік Қазақстан облысы.

Маңғыстауда жыл сайын əр ауданның кемінде бір ауылында жол салу міндетін алға қою арқылы, ауылішілік жолдарды кезең-кезеңмен салу межеленген. Ал ауыз су мəселесі де күн тəртібінде тұр. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мəселелеріне айрықша назар аударып отырған аймақта Бейнеу ауылішілік су құбыры мен су тазарту имаратының, Мұнайшы мен Жетібай ауылдарында су құбырының, Сайын Шапағатов ауылішілік су құбыры мен резервуардың, Дəулет ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілді. Ұзақ уақыт бойы жұмысын тоқтатқан «Каспий» су тұшыту зауытының қайта іске қосылуы нəтижесінде зауытта тəулігіне 7 мың текше метр ауыз су өндіріледі. Жуырда өндірістік қуатын тəулігіне 12 мың текше метрге жеткізу жоспарда бар. Бұл Құрық селосы мен Мұнайлы ауданының кейбір елді мекендерін су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді деген сөз. Одан əрі облыстың əлеуметтік салаларына қарай ойысқан əкім денсаулық сақтау, білім беру, халықтың өсімі, мəдениет, спорт салаларындағы жайжағдайды баяндады. Негізгі тынысы өндіріске тығыз байланысты өңірдегі өндірістік əлеует, дағдарыстың алдын алуда қолға алынған жұмыстар жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Кездесуге қатысушылар мен аудан, қалалардан жолға, əлеуметтік нысандар құрылысына қатысты сауалдар түсіп, тиісті жауаптары қайтарылды. Ал, арнайы жəшіктер мен телефондар арқылы қойылған сауалдарға он күннің ішінде жауап берілмек. Маңғыстау облысы.


6

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

Тарихтыѕ ќилы жолы Елбасыныѕ нўрлы жолына ўласты

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ хандығының 550 жылдығы – ұлттық тарихтың тағдыршешті кезеңі» ғылыми-тəжірибелік конференциясында сөз сөйлеп, тəуелсіздікке қол жеткізудегі жəне қазіргі замандағы Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи зор үлесін атап көрсетті. Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенат депутаты.

Астанадағы Ұлттық мұражайда өткен бұл шараны ұйымдастыруға Парламент Сенатының Əлеуметтікмəдени даму жəне ғылым комитеті ұйытқы болған-ды. Өз тарихымызды тануға арналған жиынның да айтары мен негізгі ойын Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев өз баяндамасында əріден қозғады. – Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес, деген халық даналығы бар. Тарих – бұл халықтың бүгіні мен болашағын айқындайтын бірден-бір маңызды көрсеткіш. Тарих – тұтас халықтарға, ұлттар мен ұлыстарға тəн табиғи заңды құбылыс. Əр халықтың маңдайына біткен тағдырлы жолы осы тарих қойнауынан тамыр тартады. Сондықтан да, төл тарихын ұлықтап, ата-бабалар салған сара жолды ұстанған халық қана кемел келешекке нық сеніммен қадам басары анық, – деген Сенат спикері мұнан кейін бабалар мұратын жалғастырып, ел аманатын арқалап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында айтылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді, ал бұл ұлттық таным-тарихымызды терең зерделеп, құнды жəдігерлерімізді ел жадында қайта жаңғырту жəне де бүгінгі күннің бедері – сан ғасырлық тарихи кезеңдердің дəйекті жалғасы екендігін атап көрсетті. Ұлттық тарихты білу жəне оны құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің мызғымас негізі екені сөзсіз. Осы орайда, Қ.Тоқаевтың конференция барысында айтқан: «Қазақ тарихы тек толассыз шайқастар мен күрестердің ғана емес, бейбіт өмірде жүргізілген келелі саясаттың да куəсі екенін атап өту қажет», деген пікірі Қазақ хандығының іргесі қаланған сəттен бастап ата-бабаларымыз көршілес елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатып, түрлі келісімдер жасасып, өзара сауда-саттық жүргізгендерімен, сол қарым-қатынастарда дəл қазіргідей жаһандану сипаттары болмағандығын анық атап көрсетті деген ойымен өрілді. – Сондықтан да, бүгінгі күннің тұрғысынан біз сол кезеңдегі мемлекеттік құрылымды қазіргі мемлекеттіліктің нышандарымен қатар қоя алмаймыз. Ол замандарда ел шекарасын айқындап, белгілеу туралы келісімдер жасасуға да ерекше мəн берілмегені белгілі. Бұл, ең алдымен, сол кезеңдегі халықтың санына, сауда көлемінің аздығына жəне өзара қарымқатынастардың жетіспеушілігіне байланысты болғаны күмəнсіз. Сондықтан да, бүгінгі таңда Жер шарын мекендеген 7 миллиардтан астам адам саны, жаппай жаһандану үдерістері мен ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқыны тұрғысынан салыстырғанда қазіргі мемлекеттілікке деген көзқарастың мүлдем өзгеше болуының заңды құбылыс екені түсінікті, – дей келіп, Қ.Тоқаев өз ойын Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің еліміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін Көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дəуірге ұласып, кейін біртіндеп Тəуелсіздік ке келіп тіреледі», – деген сөзімен түйді. Елбасының осы пайымды ойы мен осы пікірі ел тарихын зерттеуші ғалымдарға да, жалпы қоғамның тарихи танымы үшін де маңызы зор тұжырым екендігін атап айта отырып, қазіргі Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше, аумақтық шекарасы толық айқындалған, сыртқы саясаты сараланған, экономикасы жүйеленген, жаһандық бəсекеге қабілетті тəуелсіз мем-

қиылысқан мекен болғанын жəне халықтардың ұлы көшінің жолдары жалғасып жатқанын айта келіп, біздің ата-бабаларымыз Еуразия даласының ауқымды кеңістігін игерді, материалдық жəне рухани мəдениеттің ерекше сипатын қалыптастырды. Бұл мəдени жетістіктер бүгінде күллі əлемде, оның ішінде БҰҰ-да мойындалып отырғандығы жайлы айтқаны да Қазақ елінің тағылымды тарихынан сыр толғағандай əсерге бөледі, көңіліміздегі өз елімізге деген мақтаныш сезімін оятты. Қазақ хандығының негізін салушылар – Жəнібек жəне Керей хандар ұлттық тарихта ерекше орын алады. Олар құрған мемлекеттік бірлестік біздің халқымыздың атымен алғаш

ғылымының біріктіруші рөліне де тоқталды. «Тарих пəнінің міндеті – өскелең ұрпаққа өнегелі өткенге құрмет жəне біздің ата-бабамызға мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады. Отандық тарихты білмей тұрып, отаншыл азамат қалыптаспақ емес. Сонымен бірге, жастар бейбітшілік пен келісім – жалпыға бірдей, баламасыз құндылық екенін түсінуі тиіс. Сондықтан, Елбасы атап өткендей, биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын байыпты түрде əрі еш даңғазасыз мерекелеудің саяси маңызы зор», – деді Сенат Төрағасы. Тəуелсіздікке қол жеткізудегі жəне қазіргі замандағы Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудағы Нұрсұлтан Əбішұлының ерекше үлесін атай отырып, Сенат Төрағасы қазақстандықтар қиын тағдырдың тар жол, тайғақ кешулерінен өтіп, ұлттардың əлемдік қоғамдастығынан лайықты орын алғанын, біздің еліміз барлық халық аралық міндеттемелерді қалтқы сыз орындап, бейбітшіл сыртқы саясат жүргізіп, сонымен бірге, ұлттық мүдделері де нəтижелі қорғалуда екендігін орынды айтты жəне де «Ел егемендігі – біздің басты байлығымыз. Біз қандай жағдай болса да тəуелсіздіктен ешқашан бас тартпаймыз», деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірімен өз ойын қорытындылады. Осы бір ойымен Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының қазіргі жүргізіп келе жатқан ішкі жəне сыртқы саясатын санамызға мықтап сіңдіргендей əсер алдық. Біз мұны конференцияда сөз сөй леген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың жəне Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойларынан да аңғардық.

 Əріптестік əлеуеті

Ќысќы отырысќа ќатысу їстінде Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбеков бастаған қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Қысқы 14ші отырысына қатысуда. Делегация құрамына Сенат депутаттары В.Бобров пен Д.Құсдəулетов жəне Мəжіліс депутаттары Қ.Сұлтанов пен С.Бычкова енген болатын. 18 ақпанда Қазақстан Республикасының делегациясы Австрия Ұлттық кеңесінің (Парламентінің) Екінші Президенті Карлхайнц Копфпен кездесті. Əңгіме барысында Қазақстан мен Австрияның ынтымақтастығы, парла ментаралық байланыстар мəселелері талқыланды. Жүздесушілер жал пыға бірдей жаһандану жағдайында өзара іс-қимылдың ең қажетті құралдарының бірі парламенттік дипломатия екенін атап өтті. Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің парламентшілері осы Ұйымның күн тəртібіндегі мəселелерді қарауға тартылғанына назар аударды.

Балаєа балалыќ сыйлайтын жоба

Ол жетім жəне ата-анасыныѕ ќамќорлыєынсыз ќалєан балаларды ќорєайтын болады «Нұр Отан» партиясы «Бақытты балалық» жобасын жүзеге асырып, өз баласынан бас тарту мен ата-аналық жауапкершіліктен жалтаруға байланысты қоғамда төзбеушілік көзқарас қалыптастыруға күш салып отыр. Осыған орай партия фракциясы жанындағы Əлеуметтік кеңес Мəжілістің Əлеуметтік-мəдени даму комитетімен бірлесіп, жетім балаларды отбасыларға орналастыру жайын талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

лекет. Мемлекетіміздің əлеуметтік-эко номикалық жəне рухани қайта жаңғыру кезеңінде Елбасы ұсынған жаңа ұлттық тұжырымдама – «Мəңгілік Ел» идеясы егемен еліміздің ертеңі үшін жасалған сенімді қадам. Қазіргі əлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында ел Прези ден ті хал қымыздың мұрат-мүд десін қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы Жол» Жаңа экономикалық бағдарламасын ұсынды. Елбасымыздың бүгінгі аумалы-төкпелі ахуалда Қазақ мемлекеттілігінің туын асқақтату жолындағы ұстанымы берік. Халық бірлігі, қоғам тұрақтылығы, мемлекеттің қарқынды дамуы – бүгінгі жəне болашақ өміріміздің мəңгілік құнды лықтары, егемендігіміздің мықты іргетасы. Елбасы айтып өткендей, ел егемендігі – біздің басты байлығымыз. Біз қандай жағдай болса да тəуелсіздіктен ешқашан бас тартпаймыз, деген осы бір тұжырыммен Қ.Тоқаев конференцияның идеялық мазмұнын ашып берді. Сенат спикерінің «Елбасының қайратты күш-жігері мен стратегиялық көрегендігі арқасында біздің еліміз, шетелдік болжамдарға қарамастан өзінің көп векторлы тарихында заңды түрде ресімделген əрі шекарасы халықаралық тұрғыда мойындалған табысты жəне беделді мемлекетке айналды. Сондықтан, Президент Н.Назарбаев əлемдік жылнамаға тəуелсіз Қазақстанның негізін салушы ретінде еніп отыр», деген пікірі де конференцияға қатысушылар тарапынан зор ықыласпен қабылданды. Сенат Төрағасы халқымыздың бай тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алатынын, мыңдаған жылдар бойы Қазақстан аумағы түрлі өркениеттердің даму жолдары

рет аталғанына да баяндамашы айырықша назар аударды. «Біз тəуелсіздікке қандай қиындықпен қол жеткізгенімізді жақсы білеміз. Тəуелсіздік жолындағы күресте қазақ халқы ұлы жеңістердің де, ащы жеңілістердің де дəмін татты. Үздіксіз күрестерге толы тарихи тағылымнан ұғынарымыз – Мəңгілік Елдің ерекше ұстанымы – ел игілігі жолындағы халықтың ынтымағы», – дей отырып, Сенат Төрағасы дін, мəдениет, өркениет қақтығыстары негізінде туындаған қазіргі замандағы əлемдік шиеленістердің сабақтары Мəңгілік Ел тұжырымдамасының маңыздылығын нақтылайды, осындай күрделі жағдайда Елбасы Н.Ə.Назарбаев бастаған Қазақстан түрлі ерекшеліктер мен қиындықтар көрініс тапқан жаһандану жағдайын да еліміздің ұлттық мүдделерін сенімді қорғайтын мемлекеттік саясат қалыптастыра алды деген тұжырымы арқылы бүгінгі күннің шынайы ақиқатын алға тартты. Қасиетті қазақ жерінде өмір сүріп жатқан əр ұлттың тарихи өтке нін жинақтаған Қазақстан этностық құрамы бойынша интерна ционалдық мемлекет болып та бы латындығын атап өткен Қ.Тоқаев біздің мемлекетіміздің жетістіктері мен күш-қуаты – көп тұрпатты тұтастықта екеніне назар аударды. «Келісім мен бірлікті ту еткен еліміз – сан түрлі ұлт өкілдерінің Отаны, татулық орнаған шаңырақтың айрықша үлгісі. Қазақ халқының этностық ұлттық жəне діни төзімділігі бүкіл əлемде Еуразия құрлығының басым бөлігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде белгілі», – деді Сенат Төрағасы. Қ.Тоқаев қазіргі замандағы тұрақсыздық жағдайында тарих

Конференция барысында оған қатысушылар – Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы Əбіш Кекілбаев, халықаралық «Невада-Cемей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының көшбасшысы, ақын Олжас Сүлейменов, Қорқыт ата ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жол дасбеков сынды тұлғалардың арғы-бергі тарихтан терең сыр тарта сөйлеген сөздерін тыңдап, ай рықша бір лəззат алғандай болды. Ұлттық тарихымызды зерделеуге арналған бұл конференцияға Қазақстанның белгілі тарихшылары, əр облыстардан арнайы келген өкілдер мен жоғары оқу орындарының студент жастары қатысып, ғанибетті тағылым алғандықтары сөзсіз еді. Өйткені, қазақ тарихы мен Қазақ хандығы жайлы айтылған тың ойлар əркімге ой салғандығы жəне өзіміздің өткенімізге деген қызығушылығымызды тудырғаны анық. Конференцияға модераторлық еткен Сенаттың Əлеуметтікмəдени даму жəне ғылым комитетінің төрағасы А.Бижанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан азаматтарының өзара түсіністігі мен ынтымағын нығайту, ел бірлігін сақтау жолындағы бүгінгі күннің ақиқа тын өткен тарихымызбен байланыстырып отырудың, тарихтан сабақ алудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұл конференция Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи сабағын қайта бір ой сарабынан өткізу арқылы бүгінгі ел тəуелсіздігі мен сол тəуелсіздікті баянды ету жолындағы Елбасының тарихи рөлін тани түсуге зор ықпалы тиген ел өміріндегі игі бір шара болғандығы анық.

Екіжақты ынтымақтастық тұрғысында қазақстандық тарап 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі құрамына ену жөніндегі Қазақстанның өтінішін Австрияның қолдауын өтінді. Қазақстан делегациясы Австрия Парламентінің депутаттарын халықаралық қоғамдастықтағы белсенді жəне сындарлы мүшесі ретінде еліміздегі саяси, экономикалық басымдықтар мен нақты шаралар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты, халықаралық

ЭКСПО-2017 көрмесі, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерістерін дегі «Жасыл энергия» жəне «Жасыл көпір» бастамалары, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының алдағы бесінші съезі мен Астана экономикалық форумы туралы да айтылды. Қазақстан делегациясының мүшелері австриялық əріптестерін осы шараларға қатысуға шақырды. ЕҚЫҰ күн тəртібінің аясында Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдер елеулі үлес қосқан Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық күш-жігер мəселелері талқыланды. Тараптардың пікірінше, Украина төңірегіндегі шиеленістерді реттеу үшін ЕҚЫҰ күш-жігері көп жақты құрылым ретінде оңтайлы бо лып отыр. Бұл тұрғыда аймақ тағы тұ рақтылықтың кепілі, қақтығыстарды бейбіт шешуді жақтаушы жəне оған белсенді қатысушы ретінде Қазақстанның рөлі ерекше атап өтілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Отырысты Мəжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Əлеуметтік кеңес төрайымы депутат Айткүл Самақова жүргізіп отырды. Сөз ре ті келгенде, фракция мү шеле рі А.Самақова мен С.Ферхо елор дадағы балалар үйінде болғандығын айта кеткен жөн. Соның барысында депутаттар жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру барысында пайда болатын түйткілдер барысын жан-жақты сұрап білген көрінеді. Жалпы, еліміз заңнамасына сəйкес, бір баланы күткені үшін ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жəрдемақы төленеді екен. Бұдан басқа, патронаттық тəрбиелеушілерге – жасына байланысты бір баланы күту үшін

9-10 АЕК көлемінде ай сайын жəрдемақы жəне білімі мен өтіліне байланысты тəрбиелеушіге айлық беріледі. Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап бала асырап алушыға 75 АЕК (шамамен 148 мың теңге) көлемінде бір реттік ақшалай төлем қарастырылған. «Жетімдерді тəрбиелеудің отбасылық үлгісін дəріптеуді күшейту, зерттеу, жинақтау жəне аталған мəселе шешімінің озық тəжірибесін тарату керек. Отбасылық институтты нығайтып, жетім балаларға деген қалыптасқан көзқарасты өзгерту қажет», деп атап кетті «Нұр Отан» партиясы фракциясы Əлеуметтік кеңесінің төрайымы. Жетім балаларды отбасыларға орналастыру жайын талқыға салған Кеңес мүшелері мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шаралардың нəтижесінде жыл сайын балалар үйінде тəрбиеленушілер санының 10

пайызға азайып отырғандығына назар аудартты. Білім жəне ғылым вице-министрі Есенғазы Иман ға лиевтің мəліметіне қараған да, рес публикада 32 362 жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. «Олардың ішінде 21 350 жетім бала қазақстандық азаматтардың қамқорлығында тəрбиеленуде, 1 820-сы – патронаттық тəрбиелеуге алынған. Соңғы жылдардағы қамқорлыққа алынған балалар санының көбеюі, ең алдымен, материалдық ынталандырудың өсуімен байланысты болып отыр», деді вице-министр тəрбиеленушілер санының азайып бара жатқанына түсінік бере кетіп. Осылайша талқылаудан өткен мəселе бойынша Үкіметке арнайы ұсынымдар жобасы əзірленді. Онда босаған балалар үйін қиын шылықта қалған отбасылар мен жетім балаларды қорғау орталықтарына айналдыру; атааналарынан алиментті міндетті түрде алу; жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы бірыңғай база құру сияқты ұсыныстар бар. Жалпы, партия «Бақытты балалық» жобасы арқылы қоғам назарын осы мəселеге барынша аударуды көздеп отыр.

 Талқылау тағылымы

Маѕызды мəселелерге назар аударылды Мəжілісте халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы мəселелеріне қатысты заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 4 мамырдағы берген тапсырмасына орай əзірленген болатын. Үкіметтің заң жобасына берген түсіндірмесінде көшіқон заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жаһандану қатерлеріне жəне əлемдік дамудың тұрақсыздығына, сондай-ақ, мемлекеттің ішкі дамуының жаңа кезеңіне жəне əлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуға байланысты болып отырғаны атап өтілген.

Заң жобасын қабылдау мақсаты этностық, ішкі көші-қон, шетелдік жұмыс күшін тартуды, заңнамалық деңгейде этностық қазақтардың келуі мен қоныстануының бірыңғай шарттарын құруды, оларды қоныстандыру өңіріне қарай əлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар, оралмандардың басым өңірлерде қоныстануын ынталандыру, еңбек ресурстарын жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші аз өңірлерге қайта бөлу жəне елге жоғары білікті мамандар тарту салаларындағы көшіқон саясатын жетілдіру қажет. Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Гүлнəр Сейітмағанбетова бұл заң жобасының біздің қоғам үшін жəне көші-қон мəселелерін реттуде маңызды екенін алға тартты. Мəжілістің Əлеуметтікмəдени даму комитетінің мүшесі,

жұмыс тобының жетекшісі Гүлнəр Сейітмағанбетова отырысқа депутаттар жəне мүдделі министрліктер мен ведомстволар өкілдері қатысып отырғанын айтып өтті. Жұмыс тобының мүшелері заң жобасын Салыстырма кестеге енген баптар бойынша жекежеке қарады. Бүгінгі күнге дейін салыстырма кестеге салалық комитеттер мен депутаттар ұсынған 140 түзету енгізілген. Жұмыс тобының отырысына қатысқан Мəжіліс депутаттары Үсенгелді Медеуов, Құттықожа Ыдырысов, Алмас Тұртаев, Гүлмира Исімбаева, Майра Айсина, Ольга Киколенко, Надежда Петухова Салыстырма кестеге енгізілген түзетулерді сарапқа салды. Депутаттардың заң жобасын талқылауда жəне ұсыныстар беруде белсенділік танытып отырғанын атап өту қажет. Жұмыс тобының келесі отырысы алдағы аптаның бейсенбісі күні жалғасын табатын болды.


7

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

 Өнеге өрнектері Жетпісінші жылы журналистика факультетіне оқуға түскен біздер үшін бұл кісінің аты Алтай аға болатын. Қашан көрсең галстугын тағынған, шашын мұқият таранған, салдай сыланған, мұнтаздай қыналған үлгілі ұқыптылықтан жазбайды. Əйтсе де керілген кербез емес, сергек сезімді, қуақы мінезді екен. Соншама бір аузын ашса жүрегі көрінген аңқылдаған ақкөңіл демей-ақ қояйық, бірақ биязы қалыптағы ашық ақжарқындығы, біртоға ұстамды жұмсақтығы, əсіресе шəкірттеріне деген мейірімі мен жанашыр қамқоршылдығы көбімізді-ақ осынау ұстазымызға үйірсек еткенін несін жасырайық. Темір тəртіпті сүйетін теріс азу декан Темірбек Қожакеевтің қаһарына ұшырап, кəріне іліккендер пана-таяныш іздеп парторг Ыдырысовты саялайды. Содан турашыл болса да кешірімді Алтай ағамыз бір кезде бірге оқып, қара нанды бөліп жескен, қазіргі темір декан Темкеңмен «айқасып», студенттерге жақтасып, мүмкіндігінше мəмілегерлік те жасап, ойда жоқта от басып қалған пақырларды стипендиядан қақтыртпайды, жатақханадан қудыртпайды, оқудан шығартпайды. Оқырман осы айтқаныма сенбесе, айтулы ақын, «Ақиқат» журналының қазіргі бас редакторы Аманхан Əлімұлынан сұрасын. Сөйтіп, сол жылдарда Сергей Миронович Киров атындағы Қазақ университетінің ең демократияшыл ұстазы Əбілфайыз Ыдырысов бізге, яғни журфактың шетінен классик ақын-жазушы болуды көксейтін кіл ығай мен сығай көгенкөздеріне «Газетті безендіру», оған қоса «Газеттегі очерк», «Қазақ журналистикасының тарихы» пəндерінен сабақ берді. Əбілфайыз деген атқа көпке дейін көндіге алмай қойғанымыз да есімде. Сирек есімге тіліміздің сынғысы жоқ. Ол кезде оның Алланың ақ жолын ұстанған сүйген құлына қойылатын ұлық есім екенін қайдан білейік. «Алтай аға» деген оңай əрі ыңғайлы, əрі ұстазды өзімізге жақындата түсетіндей. Шынында да Алтай ағаның сабақтары қызғылықты, көңілді өтеді. Өзі жете білетін газетті безендіру мен полиграфиялық басу тəсілдерін қазақтың жалпақ қалжыңымен тұздықтап та жібереді. Əне, содан соң ұқпай көріңіз. Қыран-топан күлкіге де қарық болып қалатынбыз. Дойбыны жақсы ойнайтын əмбе жақсы көретін. Қолы бос кездерде Редкиннің фотолабораториясында бір мезгіл студенттермен емін-еркін, арқа-жарқа күліп-ойнап отырып дойбы ойнау басқаға болмаса да, біздің сүйікті Алтай ағамызға əйбəт жарасар еді. Əлі есімде, ерінбейжалықпай журфактың дойбышылар командасын жасақтап, қалалық біріншіліктерге, журналистер күні қарсаңында Алматының газетжурнал редакциялары арасында ұйымдастырылатын жарыстарға апарып тұратын. Қарапайым кішіпейілдігі ғой, өзі дардай доцент бола тұра, жаяулап-жалпылап бізбен бірге жүреді. Команда құрамында жоғарырақ курстардан Феликс Вассерман, Қайыркен Асауов деген жігіттер бар. Бірінші тақтада өзі ойнайды. Намысты қолдан бере қоймайтынбыз. Мен бірінші курстың соңында айды аспанға шығарып университет чемпионы болғанымда Алтай ағамның қуанғаны-ай. Сонда бапкерім Вассерман екеуі қолымнан жетелеп ҚазМУ ректоры Жолдасбековке алып кіріп, кешегі ауылдың жұдырықтай қара баласы маған іссапарға бұйрық шығартып, «Буревестник» қоғамының сонау Киевте өткелі жатқан жасөспірімдердің Бүкілодақтық жарысына жіберуге тілеуқор жолбасшы болғанын да қалай ұмытармын-ау... Міне, содан бері де қырық бес жылдай уақыт ағындап өте шығыпты. Біраз уақыт елде болып, Алматыға оралған соң ағамен қайта қауышқанбыз. Баяғы бала көңілі, ағалық ақ пейілі. Ағаның үйі ақ жайлау да болды. Заря тəтеміздің қолынан шай да іштік. Бірақ дойбы ойнамадық. Аға бұл шақта жазу деген тылсым əлемнің, шығармашылықтың құпия құдіретінің ішіне ендеп кіріп, иіріміне дендеп түсіп кеткен болатын. Екі жыл əлдебір алапат тағатсыздықпен үдере жа зылып таңдай қаққызған, Əбілфайыз Ыдырысовты махаббат жыршысына айналдырып, қазақ жазушыларының алдыңғы абыз легіне шығарған «Таңшолпан» тетралогиялық роман-хикаясының торсықтай-торсықтай төрт томы толайым толассыз да теңдессіз еңбекпен дүниеге келген жайлы кабинетті, жатағандау жарасымды жазу үстелін де көру бақытын иеленгенбіз. Сөйткенбіз де аға сырының, Ғафу Қайырбеков айтатындай, ғаламат ғажабының кілтипан-кілті біз ойлағаннан əлдеқайда тереңде жатқанын бажайлағанбыз. Ол сырлар алыс жылдардың сағымды қырларында ма, жетімқозы балалық шағының жабырқау мұнартқан мұңдарында ма, одан соң жоғары білім алып, өмір көктемінде жастықтың алау күні жарқырай көтерілген шыңдарында ма, кім білсін?! Қалай болғанда да аға көңілі байырқалы да баянды бақытқа бауыр басқанын байыптайтынбыз.

көріп қалған, университеттегі соңғы дəрістерін тыңдап, əртүрлі мінберлерден де, көзбе-көз өз аузынан да дуалы сөзін естіп үлгерген əрі кəдесіне жарата білген соңғы ұрпақ өкілі де осы біздің Əбілфайыз ағамыз. Осы ретте ұлт қамын ойлаған заңғар жазушының Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің кеңейтілген пленумында сөйлеген терең де көреген сөздері қазірдің өзінде көңілді толқытып, жүректі тебірендіргендей. Журналист Əбілфайыз Ыдырысов ыңғайлап, лайықтап жастар газетіне дайындап жариялаған сол сөздерге тағы бір зер салайықшы: «Тың, сендер ойлағандай, жас достарым, – деп үн қатады қазақтың ұлы жазушысы залдағы жас тыңгерлерге, – қу медиен, адам

Аќќу аѕсар Белгілі ќаламгер, баспасґз ардагері, профессор Əбілфайыз Ыдырысовтыѕ ґмір мен ґнердегі ізгі мўраттары хаќындаєы шəкірттік толєаныс

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Ана бір жылы мен БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясынан репортаж жазуға журналистік сапармен НьюЙоркке аттанар алдында Заря тəтем телефон шала қалмасы бар ма. Сөз ретінде: «Солай да солай. Ерланды көрсем сіздерден сəлем айтайын ба?» деп сұрадым. «Айт, əрине, айт! Інің емес пе! Əрі өзің де ағаңның шəкіртісің. Папаң да, мамаң да сəлем айтты де! Бір қуанып қалсын» деп Заря тəтем лекілдете шапшаң-шапшаң айтып тастаған. Барған еліміздегі Елші Ерланды да көрдім. Амандасып, ата-анасының сəлемі де айтылды. Ерланның байсал жүзінде шуақ ойнап, шынымен де қуанып қалғанын тап қасында, қарсы алдында тұрып байқамау мүмкін емес-тін. Əманда елді аңсап жүретін перзенттік сағыныштың сыртқа көрініс берген бір сипаты шығар-ау деп топшылағам. Біздің ұстаз ағамыз өзінің мəңгілік миятты махаббаты Зəкімəн – Заря – Таңшолпан тəтемізбен бірге бүрлетіп өсірген, талбесіктен-ақ таңдай кəусар тəтті əуезбен əлдилеген парасатты перзент, халқының перзенті, Қазақстанның атынан сөйлер өкілетті өкілі тұрған алдымызда. Сол арада көкірегімнің бір сыр пернесі дір ете қалып, мен де мерейленгем. Осы жайды Алматыға аға-тəтеге айтып келіп, осы бір Алланың мейір-шапағатына бөленген ақжолтай жандарды тағы да қуантқан болатынмын. Бұл кезде «Алтай аға» деп айтпаймыз. Ағаның Əбілфайыз деген жалпақ ел танып-білген жоралы атына үйренгенбіз. Оның үстіне Алтай «Таңшолпан» романының бас кейіпкеріне айналғалы алшаң басып алыстаңқырап кетті де, қайткенмен де Əбілфайыз аға өмірде, ақылын айтар, мұңымызды шағар өрен-жаранымыз болып өзіміздің қасымызда қалды емес пе. Тарих құбылысын тұлғалардың талқысын, тағдырлардың тынысын тамыршыдай тап басар академик Манаш Қозыбаев та Əбілфайыз ағаның тегін адам еместігіне, өзгеше пешенесіне назар аударып, ден қойған екен. Əбекеңді абыз тарихшы «Қасқыр ішік киген қазақсың!» деп дəріптей əспеттепті. Осы астарлы айқындама бізді де қызықтырып, терең мəністі қатпарларына үңілдіргендей. Баяғы сақаралық бұла замандарда қасқыр ішік киген қазақтың жанындағы адам жаурап өлсе, ол ат-шапан айып тартады екен. Ал біздің қасқыр ішікті ағамыз ондай айып тартудан аулақ. Ол өмірінде ешкімді жауратып көрмеген. Жауратқанды былай қойып, жан-жүрегінің мейірім шуағымен, жəрдем-шапағатымен басқаларды дəйім жылытумен күн кешкен. Басынан асқан жақсылығын басқаға жасауға асыққан. Аңдасақ, қасқыр ішік кигізген бөрі тектілік бесігінен дарыған бөлек қасиет сияқты. Тал бесігі – Торғай өңірі, Мойылды атырабы. Ғаламат ақын Ғафу Қайырбеков шыққан жер, Ахмет, Міржақыптай Алаш арыстарының аманат өсиеттерін жақыннан тыңдап ұққан жер. Бұл жердің ұландарына бөрілік те, ірілік те туа біткендей жарасар еді.

Бала Əбілфайыз жеті жасында анадан айырылыпты. 1942 жылдың қысында қайран əке қайырылмастан қан майданға ол аттанып кете барыпты. Сол кеткеннен мол кетіпті. Отау иесі болуға таяп қалған он екі жастағы өндір ұл ғой. Жалғыз саулық қойын Есіл бойындағы ауылдарға апарып астыққа айырбастап алмаққа атшаналы найман Найзабек шалмен қыстың көзі қырауда жолға шықпай ма. Ақпанның ақтүтек боранында адасып жүргенде естүссіз бала айдалада шанадан аударылып түсіп қалыпты. Оны шал да білмейді. Жапан түзде жортып, əлде жақын маңдағы ауылды то-

тартып алды да, қаны басына шапшып, тілі байланып, состиып үнсіз отырып қалды. Сосын жылап қостан далаға шығып кетті. Мана байқамапты, сойылған кер бұзаудың терісі жантайған жатаған талда ілулі тұр екен. Теріні иіскелеп көздерінен сорасы аққан кер сиыр... Жүрегі дүрсдүрс соқты, өне бойы дірілдеп жүре берді. Мұның да көздерінен жас сорғалады. Өмірде көрген ең зор қиянаты осы. Қайтып қосқа кірмеді. Бойына бір алапат батылдық пайда болды. Осы сəтте оны ешқандай күш тоқтата алмас еді. Бұзаудың терісін арқасына жамылды да, түн екен, кім екен

шоқырақтаса да, қырдың қара домалағы алғыр да қабілетті болып шыққан-ды. Класында «күшті математик» атанды. Дегенмен де бүйрегі журналист болуға, одан ана Сəбит, Ғабит ағалардай жазушы болуға бұра берген. Мектепте «Алға» қабырға газетінің редакторы болды. Сол уақытта Қостанайға іссапармен келген ақын Нұтфолла Шəкеновтің ебепсебебімен «Қазақстан пионері» газетіне мақаласы да шықты. Жылдар өткенде осынау талапты жас жігіттің нақ сол газетке редактор болып басшылық етерін кім болжап білді дейсіз?! Əйтеуір мектепті медальмен

рып жүрген бір ұрғашы аналық қасқыр өзен жарқабағында сұлық жатқан баланы иіскелеп тауып, бірақ тимесе керек. Тимегені былай тұрсын, сүйрелеп анадай жердегі үйілген шөп маясының іргесіне апарып, боран-суықтан қорғаштап, үстін қымтапты, дейді. Сөйтіп, жетімқозының жебеушісі қасқыр болыпты. Найзабек шал ертесіне жүрген ізімен қайтып келіп баланы тауып алып кеткенше əлгі аналық қасқыр сонадайда шоқиып отырып алыпты. Келген ауылдан еріп шыққан бір-екі жігіт қасқырды атып ала қояйық деп мылтыққа жармасқан екен, Найзакең: «Балаға тиіспегені тегін емес. Киесі ұрады» деп атқызбапты. Абыз ака демик Манаш Қозыбаев та «қасқыр ішік киген қазақ» дегенде Əбілфайыз аға болмысынан байқалатын бір бөрі кие, бөрілік бекзаттықтарды меңзеген болса керек. Осы оқиғадан соң ол шынында да ағайындары берген бір қасқыр ішікті Қостанайдың сары аяз суығында қамсау қылып киіп жүріпті. Сол жадау жылдардағы кер бұзау хикаясы да есінен кетпейді. Соғыстың екінші жазы. Бала Əбілфайыз шөпшілермен бірге орақта жүр. Бұған тəн кер сиыр да осында, ортаққа алынған. Сүтін сауып шөпшілерге айран, қатық қылады. Еттің бетін көрмейді. Бір күні кешке алдарына жас еттің қуырдағы келді. Оспан бригадир тұрып айтты: «Шырағым, Əбілфайыз, сенің кер бұзауың суға түсіп кетіп, пышаққа ілікті. Мынау соның қуырдағы» деді. Сөйткенде бұл қуырдаққа созған қолын дереу

демеді, бір минут та кідірместен, ойланбастан ауылға тартты. Бұзауының терісін иіскелеген кер сиыр артынан сөмпеңдеп ерді де отырды... Міне, балалық кезде бастан өткен осы жайлар кейін ағаның шығармашылығында да көрініс тапты. Ең бастысы, бар дүниеге кектендірмей, қайта оның адами ізгілігін қалыптастырды десек те қателеспейміз. Осы оқиғадан соң ауылда да бөгелмеді. Күн өткен сайын қиындай түскен тіршілік теперішінен қол үзуге бел буып, он екіден он үшке қараған шағында кірешілерге ілесіп, алыстың алысындағы Қостанайға тəуекелмен тартып кеткен. Өзінен төрт жас кіші бауыры Əлім əкесінің кенже інісі Хамит пен жеңгесі Сəленнің қолында қалып, солардың бауырында болды. Ал өзі бұрыннан естіп, мəн-жайын жанашырлардан біліп жүрген – Қостанайдағы жетім балаларды оқытып тəрбиелейтін қазақ пансионат-мектебіне келіп орналасып, сегізінші сыныбынан ары қарай оқи бастады. Мұнда бір мүлдем жаңа əлемге түсті. Алғаш рет қала көрді. Өзінің туған Бүйректалынан басқа да кең дүние, нелер ғажайыптар бар екенін байқап білді. Қазақтан басқа да халықтар, қазақ тілінен басқа да тілдер бар екенін ұғынып парықтады. Осында болашақ жайлы толғанды, əдебиет пен журналистикаға тартқан құштар армандарын оятты. Алғаш орысшадан шорқақтап шабан аттай

бітіріп, Қостанайдың радиосынан саңқылдап сөйлеген «Ыдырыстың баласы адам болады екен» деген сөз бұл кезде шамалы ес жиған туған ауылында дүңкілдеп тұрды. Солай болғасын қайтсін-ай, қайран бауыр Хамит ағасы да бір тайын сатып, «Ал, тарт оқуға, жолың болсын!» деп ақшасын қалтасына салып берген. Не керек, талап алға жетеледі, университетті де бітірді, журналист те болды. Бұл – 1953 жыл. «Қазақстан пионері» мен «Ле ниншіл жаста» алма-кезек істеді. Осы редакцияларда жазу өнеріне шыңдалды. Бірінші бөлім меңгерушісі болған Мұқан Мамажанов, одан Кəкімжан Қазыбаев, Сапар Байжанов сияқты аяулы жандар көмектесті, қол ұшын берді. Олар: «Не жазсаң да жүрекпен жаз! Сезініп жаз. Шындықты жаз. Өз сөзіңмен, өз ойыңмен жаз!» деп үйретті. Жас Əбілфайыз осы үдеден шығуға тырысты. Соның айғағындай, 1961 жылы «Социалистік Қазақстан» жариялаған бəйгеде атақты Зейнолла Қабдоловтың өзімен тайталас түсіп, «Құрдас» деген очеркі үшін екінші жүлдені бөлісуі намысты жаныған нар жеңіске баланғаны да рас-тын. Бірақ нағыз жеңістер алда еді. Журналистігінің арқасында қазақтың қаншама ақылы асқан алып даналарымен сұхбаттас, сыйлас та болды. Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы сынды біртуарлардан тағылым алды. Мұхаңды, ұлы Мұхтар Əуезовті көзі тірісінде

аяқ баспаған жер емес. Сендер қу далаға келген жоқсыңдар, мол байлығын əлі игеріп үлгере алмай жатқан киелі жерге, парықпарасатты елге аяқ бастыңдар. Қонақ емессіңдер, қоңсысыңдар. Сондықтан жергілікті халықты жат деп жатырқамай, жақын-туыс тұтуға тиіссіңдер. Оның жақсы салтын, ғажап дəстүрін, тілін, дінін қастерлеуге міндеттісіңдер. Ілгеріде сол өңірге қоныс тепкен орыс мұжықтары солай жасап, қазаққа ағайын боп кеткен. Асылы, қарапайым қай ұлт та солай жасайды, солай жасаған... Айтарым мынау: Егер сендер орыс тілі мен мəдениетінен басқа ештеңе білмейтін болсаңдар, əрине, жақсы емес. Егер сендер өздерің жүрген ортада, біздің Қазақстанда жасалған мəдени байлықтарға қызықпайтын болсаңдар, ол – кешірілмес күнə...». ...Сол бір кездегі қажетті де қасиетті сөз еді ғой бұл. Ол шақта бұлай айту да, оны жариялау да оңай емес-тін. Комсомол пленумында сөйлеген осы салиқалы сөзді «Үмітті ұрпаққа – игі тілек» деген тақырыппен мəйекті мақала етіп шығарған, одан Жапония сапары жайлы өзінен сұхбат алып жариялаған жас досы Əбілфайызға Мұхаңның да ықылас-бейілі ауған сияқты. Əбілфайыздың адами тұлғасын мөлдіретіп мүсіндей түскен он сан ғажаптар жалғаса берді. Əуезов оған телефон соғып: «Мен бір шоң қырғыз ағайынды жіберемін. Əзірге есімі белгісіз Шыңғыс Айтматов деген жазушы. Ол əлі-ақ бүкіл əлемге əйгілі болады» дей келе, сол жас жігіт ертең Алматыға жаңа жазған повесін алып келеді, бұйымтайын қабыл алғайсың, деп тапсырады. Ертесіне ашық тұрған есік жақтан: – Кіруге рұқсат болар ма екен? – деген биязы дауыс естіледі. – Мен Мұхтар ағадан едім. Фрунзе шаһарынан... Ісіңізден бөліп жібердім, кешіріңіз, атыжөнім Шыңғыс Айтматов... Қалың қара бұйра шашты, ақ құба, əдемі келген жас жігіт «Лениншіл жастың» табалдырығынан «Жəмила» деген тамаша повесін алып осылай аттайды. Дəл осы кезде жауапты хатшы Əбілфайыздың кабинетінде Мəскеуде əдебиет институтында оқып жүрген, демалысқа келген талантты əдебиетші Қалжан Нұрмаханов отырады. Ол дереу ықылас білдіріп, қолма-қол аударуға кірісіп, ертеңіне алғашқы тарауын алып келеді. Қолма-қол баспаханаға жіберіліп, атақты «Жəмила» қазақ оқырманының сүйікті шығармасына айналады. Аударма жасауға əуелгі кезде Əбілфайыз аға да біраз атсалысқан сыңайлы. Бірақ авторлыққа таласы болмаған. Нақ осы «Кең болсаң – кем болмайсың» деген қағиданы Əбекең өмір бойы ұстанып келеді. Комсомолдың Орталық Комитеті оған жаңадан шығатын «Білім жəне еңбек» журналының редакторлық қызметін ұсынса, бұл одан бас тартып, ол орынға өзінің əзиз досы Камал Смайыловтың лайықтылығын айтып, қояр да қоймай соның кандидатурасын өткізеді. Айта берсе, мұндай мысалдар жетерлік. 1986 жылдың желтоқсанында журналистика

факультетінің парторгы əрі деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп басына бұлт үйірілген талай студентті қорғап та қалған. Сөйтіп, өзіне де секем туғызып ала жаздаған. Бірақ онысына еш өкінген емес. Оқушы кезінде орысша диктанттан 250 қате жіберген Əбілфайыз «Комсомольская правдада» екі ай тағылымдамадан өтіп, атақты газеттің бас редакторы, Хрущевтің күйеу баласы Аджубейдей мықтының өзіне тайсалмай тура қарап: «Шолоховты кемеңгер жазушы ретінде қадірлеймін, бірақ жан-жүрегіммен Əуезовті ғана сүйемін!» деп жауап берген ғой. Біздің Əбекең ұлт намысын керек жерінде, міне, осылай да қорғай білген. Алып ағалары жайлы «Біртуарлар болмысы» эсселер жинағында əдемі сырлар шертті. Əуезовке іңкəрлігін арнайы кітап етіп те жазды. Осы ұлы ұстазбен соңғы бір кездесуі алдағы үлкен бір өмірлік мұратын айқындап кетті. Бұл кезде асыл жары, мəңгілік аяулы махаббаты – Зəкімəн-Зарясы қасында, жайнаған жастық шақтың бақыт құсы басында болатын. Басқаларға да кең жүректі абзал мейіріммен қарайды. Күніне дейін есінде. 1961 жыл. Қыркүйектің 28ші жұлдызы. Заря тəтеміз салған əндерге дəн разы болған Əуезов оған «Таң» деген жаңа ат қойып, Əбілфайызға жарың жайында «Таңшолпан» атты көркем туынды жазғайсың деп өсиет етеді. Бұл тілек көңілде жүргенмен, көпке дейін жүзеге аса қоймайды. Содан 40 жылға жуықтағанда салдық аурудың зардабын тартып жүрген тауқыметті кезінде Мұхтар аға тағы түсінде аян беріп, «Таңшолпан» романын жазуға дереу отыруға əмір етеді. Ұстаз əмірін асыл жарына айтып еді, ол да құптады. 1998 жылдың қаңтары еді. Өмірінің басты шығармасына бөгелмей кірісті. «...Ол маған бар асылын сый лады. Керемет сұлулығын қиды. Ғажап əнін тəркі етті. Өз ғұмырын арнады. Жанұяма алтын босаға боп бекіді. Бақыттың, барлықтың қазынасы боп кірді. Рыздығымның, молдығымның байлығын тасытты. Мақтан тұтар – ұл, көзге көрік – қыз əкелді дүниеге. Балдай тəтті немерелер өрбітті маңайыма... Бағымды, сағымды көтерді. Мерей, беделімді өсірді. Асқақ етті. Шамама лайық аспандатты. Адамдық адал қасиетімді тəрбиелеуге тырысты. Парасатымды биіктетуге күш салды. Жамандығымды жасырды. Жақсылығымды асырды. Ол сол көркін, сол əнін тек бір маған сый етті... Бəрінен де, бір маған əнін қиғанын айтсаңшы! Неткен құрбандық! Сол себепті де мен оған əу бастан-ақ өлшеусіз қарыздар ем! Мəңгі борышкер ем! Сол үшін ол өзін маған қиған сəтте-ақ: «Осы сыйыңды өмірімде өтермін-ау!» – деп, іштей ант еткен ем!.. Содан бері ғұмыр бойы мен оған: керемет мəрмəрдан бір көз тойып болмастық ақ мүсін жасасам деумен келем!». ...Сөз маржаны, сезім мəйегі осылай төгіле берді. Екі жастың мөлдір махаббаты, аңсаған армандары, өмірлік мұраттары, ақылпарасаттары сөз құдіретімен шуақ шашты. Көзі тірі ғашықтардың сырлы сүйіспеншілігін осылай да суреттеп сипаттауға болады екен-ау деп оқыған елге таңдай қаққызды, тамсандырды. Əбекең Əуезов аманатын екі жылда орындап шығып, «Таңшолпан» романхикаясының төрт томын оқырман қолына тигізген-ді. Сөйтіп Əзағаң – Əзілхан Нұршайықов пен Тұмағаң – Тұманбай Молдағалиевтің қатарына қазақ жазушыларының ішінен тағы бір махаббат жыршысы қосылды. Ол – қадірменді профессор Əбілфайыз Ыдырысов еді. Əбекеңнің таңдай сұлу махаббат əуезелерін Əзағаң да, Тұмағаң да шын жүректен қуана жоғары бағалады. Əбілфайыз аға мен Заря тəте отасуының алтын тойында Əзағаң «Таңшолпанның» өзі оқыған əр томының беттеріне көз жастары қоса тамып отырғанын да жасырмады. Қазақ қыздары Махаббат Президенті сайлаған Əзағаңның сол қуанышты көз жастары – «Таңшолпан» романдар топтамасының əділ бағасы деп білсек керек. Əттең, дүние!.. Көзі тірісінде көркем сөзбен махаббатына керемет ескерткіш мүсіндеген аяулы жары мəңгілік алысқа аққу боп ұшты. Сексен бестің төрінде мұңайған аяулы отағасына аққу аңсарын қалдырды. Сол аққу аңсар бұл күндері «Таңшолпан тетралогиясын хамсаға айналдырып, махаббаттың хикая жыр ларының бесінші кітабын жазып жатыр... АЛМАТЫ.


8

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ШАЄЫН ЕЛДЕР ШЫРЄАЛАЅЫ Еуропадағы қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары əсіресе, шағын елдер халқын қатты күйзелтіп отыр. Мəселен, Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде елдегі жұмыссыздық салдарынан халықтың босып

кету жағдайы сезіледі. Ал енді бір елдерде ұлттық валюта құлдырап, сөрелердегі тауарларды сыпырып кету құбылысы байқалуда. Мұны төмендегі хабарларымыз дəлелдей түседі.

Сґрелерден сыпырып əкетуде Молдовада ұлттық валютаның күрт құлдырауына байланысты ел халқы осы аптаның сəрсенбісінен бастап дүкендердегі тағамдар мен басқа да тауарларды сөрелерден сыпырып əкете бастады. Ірі сауда орталықтары соңғы күндердің өзінде бағаны екі рет көтергеніне қарамастан, оларда қалың халық шоғырланған үлкен кезектер пайда болуда. Таңертеңнен бастап тұрмыстық техникалар сататын көптеген сауда дүкендері тауарлардың бағасын қайта тағайындау үшін ашылмай қалды. Өйткені, жағдай түсінікті. Олар мұндай тауарларды көбінесе шетелдерден валютаға алып келеді де, ел ішінде ұлттық валюта бойынша сатады. Ал ұлттық валюта болса, барған сайын құлдырап барады. Осыған байланысты сауда дүкендерінің иелері ұлттық валюта бағасының құлдырауынан ұтылып қаламыз ба деген қорқынышқа тап болуда. Оның үстіне жанар-жағармай бағасының көтерілуі де басталып кетті. Осыған орай, бірқатар жанар-жағармай сату стансалары бензин бағасын өзгерту үшін жабылып қалды. Ал жұмыс істеп тұрған стансаларда ірі кезектер пайда болуда.

Өткен жылы Молдова леясының бағамы долларға қатысты 20 пайызға төмендеген болатын. Ал биылғы жыл басталғаннан бастап 20 пайызға тағы да құлдырағанына қарамастан, соңғы күндері сəт-сайын төмендеп келеді. Ұлттық банктің президенті Дорин Другуцану қалыптасқан жағдайды сыртқы факторлармен байланысты деп түсіндіруде. Өткен жылдың желтоқсан айында бұл жөніндегі көрсеткіш 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 50 пайыздан астамға түсіп кеткен болатын. Осыған орай, жағдайды қалыпқа келтіру, тіпті, тым құрығанда уақытша ұстап тұру үшін ұлттық банк осы аптаның сейсенбісінен бастап қысқа мерзімді операциялар бойынша базалық пайыздық ставканы 8,5 пайыздан 13,5 пайызға дейін күрт көтерді. Оппозиция өкілдері билік ба сын дағыларды қатты сынға алуда. Парламенттегі əрбір төртін ші мандатты ұстап тұрған елдегі социалистік партия банкілік-қаржылық сектордағы жағдайдың ушығуына байланысты жоғары қауіпсіздік кеңесін төтенше жағдайда шақыруды жəне парламенттің отырысын өткізуді талап етуде.

«Экономикадағы жағдайдың төмендегендігі туралы өз болжамдарына сүйене отырып, ұлттық банк монетарлық саясатты одан əрі қатайта түсуде. Мұның ақыры халықтың алған несиелерінің қымбаттауына алып келмек. Бизнес пен кəсіп керлікті қолдайтын ынталандыру саясатының орнына ұлттық банк енді барынша қысу жағдайына көшкендігі көрініс беріп отыр. «Біздегі салық саясатының өзі кəсіпкерлік үшін қолайлы болып тұрған жоқ. Енді қазіргі

жағдай қосыла келіп, елдегі экономикалық жағдайды одан əрі ушықтыра түспек», деді ТАСС тілшісіне берген сұхбатында оппозициядағы социалистер партиясының атынан сайланған депутат, экономика докторы Владимир Головатюк. Оның айтуынша, басқа мемлекеттер мұндай жағдайда іштегі сұранысты қолдау үшін барлық аспаптарды іске қосып жатады. Ал Молдова билігі келе жатқан қауіптің алдында бас иіп, əлсіздік танытып отырған іспетті.

Ќайыршылыќтан ќашу їстінде Косовоның Венгриямен шектесетін оңтүстіктегі шекараларында 17 ақпанның таңертеңінен бастап адамдар шоғыры пай да бола бастады. Бұлар – косо волықтар. Олар жасырын жағдайда елден өтіп, Германияға бет бұруды қалайды. Мыңдаған адамдар осылай етуде. Олардың негізін жастар құрайды. Косоволықтардың бұлайша елден қашуы ішінара мойындалып отырған ел тəуелсіздігінің жетінші жылдығы мерекесімен тұспа-тұс келуде. «Біз елі мізден жетіскеннен кетіп бара жатқанымыз жоқ. Жағдай дан əбден түңіліп болдық. Тəуелсіздіктен үміт етіп бірқатар жылдар бойы қиындықпен күресіп келеміз. Бірақ ештеңенің өзгеретін түрі жоқ. Қиындықтан əбден жалықтық», дейді олар. Мұндай жолды таңдап алушылар автобуспен немесе таксимен Сербияға дейін жетеді. Олар мұнда ашық жағдайда келе алады. Ал мұнан кейін Венгрия шекарасынан орман арқылы жасырынып, жаяулап өтеді. Егер оларды полиция тоқтататын болса, босқын екендіктерін айтып, осы елде тұра тұруды өтінеді. Ал Венгрияда бұл мəселе əлі толық шешілген жоқ. Яғни, қарастырылу үстінде. Сондықтан да олардың осы жағдайды

пайдаланып, Еуропалық одақтың, яғни «Шенген аймағының» басқа бір еліне өтіп кетуге мүмкіндігі бар. Олар өздеріне босқын мəртебесінің беріле қоймайтындығын түсінеді. Өйткені, Еуропалық одақтағылар косоволықтардың саяси себептермен немесе соғыс пен қуғындау салдарынан елдерінен кетіп жатпағандығын біледі. Сондықтан жасырын жолмен өтіп келгендерді Сербияға қайта қайтаруға тырысуда. Сонда мұндай жаппай қашушылықтың сыры неде? «Елімізде жұмыс жоқ, оқуға

мүмкіндік жоқ. Сондықтан қиындықтан шығудың бір ғана жолы бар. Ол – елден кету», дейді тілшімен тілдескен косоволық. Əңгімеміздің басында айтылғандай, шекара тұсында өткен жылдың желтоқсанынан бастап күн сайын мыңға тарта адам жасырын жолмен басқа елдің аумағына өтіп кетуде. Əдетте олар көзге түспеу үшін шағын топтармен жүреді. Полиция қызметкері Габор Эберхардт былай дейді: «Соңғы күндері жасырын мигранттар саны біршама азая түскен сияқты. Біз күн сайын 300-ден 700 адамға дейін

өтіп жатқандығын байқаймыз». Бір жағынан алғанда косоволықтардың мұндай қадамдарға баруына шекараны нығайту жұмыстарының күшейе түскендігі де əсер ететін секілді. Шекараны күшейту екі жақтан да қатар жүріп жатыр. Венгрия да, Сербия да қосымша құралжабдықтар əкеліп, шекараға орнатуда. Олардың ішінде əрбір құбылысты қалт жібермеуге арналған бейнекамералар мен автокөліктер де бар. Шекара күзетушілер саны да ұлғайтыла түсті. Осы іске Германия да көмек көрсетіп, екі елге қол ұшын беруде. Бұл ел қашқындардың жолы болып табылатын шекара нүктелеріне 20 полицияны аттандырды. Косоволықтардың елден қашуынан Сербиядағы таксистердің жағдайы біршама жақсарып қалғандығы сезіледі. Олар косоволықтарды шекараға дейін жеткізіп салуға қызмет көрсетеді. Тіпті, контрабандалық түрде шекараны кесіп өтуге жəрдемдесетін қызмет түрі де пайда болып, бұл іс жанданып келеді. Мəселен, кейбір келіп түскен мəліметтерге қарағанда, Венгрия аумағынан алып өткендігі үшін əр косоволық жол көрсетушіге орта есеппен алғанда 1 мың еуро төлейтін көрінеді.

Міндеттеме алуды ќаламайды Мұның алдындағы мақалаларымызда Грекия мен Еуроодақ арасында борыш жөнін дегі міндеттеме шарттарын қайта қарастыру жөніндегі келісімдердің жүріп жатқандығын хабарлаған едік. Бұл жөнінде əлі де бір нақты келісімге қол жеткізілмей отыр. Бір есеппен алғанда, Грекия халқы қатаң үнемдеу саясатынан əбден шаршап болғандай. Олар өздерінің ашу-ызасын, əсіресе, елдегі парламент сайлауы кезінде көрсеткен болатын. Соның нəтижесінде əсіре солшылдардың СИРИЗА партиясы сайлауда жеңіп шығып, үкімет басына

келгендігі белгілі. Халықтың бұл партияға тілектес болуына олардың қатаң үнемдеу саясатына бұдан əрі жол бермейміз деген бағдарламалық уəдесі себеп болды. Қазір премьер-министр Алексис Ципрастың үкіметі өздерінің осы уəдесінен шығу жолында жанталасқан əрекеттерді бастан кешіруде. Үкімет Еуроодақпен қиын келісімдер жүргізу үстінде. Грекияның жаңа үкіметі Еуроодақ басшылығының алдында, өздеріне қарыз беруші негізгі қаржы ұйымдарының алдында қарыз берудің бұрынғы ауыр шарттарын қабыл дамайтындықтарын ашық айтып

отыр. Екінші жағынан алғанда, Грекияның қаржы қолдауынсыз өмір сүре алмайтындығы тағы айқын. Сондықтан еуроаймақтан бірден қол үзудің мүмкіндігі тағы да жоқ деуге болады. Бірақ, соған қарамастан, үкімет өздерінің халыққа берген уəдесін орындау үшін келіссөздер барысында барынша беріктік көрсетуге ұмтылуда. Осыған орай Грекия үкіметі соңғы жүргізілген келіссөздерден кейін өздерінің бұрынғы қарыз келісімдерін одан əрі жалғастыра беруге мүдделі екендігін, бірақ сонымен қатар, қатаң үнемдеу саясатына байланысты бұрынғы міндеттемелердің барлығын толық мойындамайтындықтарын жеткізді. «Біз Грекияға қаржы жөнінде жасалынған ультиматумдарды қабылдай алмаймыз. Біз жасалынған меморандумдарды одан əрі созуды сұрамаймыз да. Біз несие шартын ұзартудың мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз. Бірақ ондағы меморандумда көрсетілген талапты орындаудан (бұл жерде əңгіме қатаң үнемдеу саясатын одан əрі жалғастыру туралы болып отыр) бас тартамыз», делінген үкіметтің бұл жайындағы көзқарасы туралы хабарламада. Бірақ əзірге мұндай хабарламаның таратылғандығы

туралы ресми ақпарат жоқ. Мұның алдында Грекияның бұқаралық ақпарат құралдары Брюссельдегі аты-жөні беймəлім өкілдердің берген деректеріне сілтеме жасай отырып, Афинаның бұдан бұрын жасалынған несие бағдарламасын тағы да алты айға соза түсу жөнінде Еуроодаққа өтініш жасағандығын хабарлаған еді. Өйткені, белгілі бір келісімге қол жеткізілмеген жағдайда аталған бағдарламаның ресми күші 28 ақпан күні аяқталуы тиіс. Осыған орай, Грекия премьерминистрі Алексис Ципрас өзі басқаратын партияның парламенттік тобының отырысында Грекияға халықаралық қарыз берушілермен өзара тиімді келісімге келу жөніндегі келіссөздердің жүріп жатқандығын мəлімдеген болатын. «Біз қазіргі күні əріптестерімізбен қарыз мəселесіне қатысты келіссөздер жүргі зудеміз. Ол келіссөздердің əділ де тиімді болуын қалай мыз. Бұл келіссөздер барысында біз өзіміздің қатаң үнемдеу саясатын бұдан əрі қолдамайтындығымызды ашық мəлімдедік», деп атап көрсеткен болатын Алексис Ципрас. Дайындаған Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».

● Зерде

Жездемніѕ басты ерлігі Жас асқан сайын сенің жылы сөзіңді, арқадан қаққан ағалық ықыласыңды күтетіндер көбейе береді екен де, кейде солардың ортасында отырып, өзің де біреуге еркелегің, айналып-толғанған мейірімін естігің келіп тұратыны бар. Сондай айрықша бір сағынышымды туғызатын адам – қайтқанына алдағы наурызда жыл толатын жездем Құлахмет Қалменов еді. Марқұм ақжарқын, ақкөңіл болатын. Қай кезде көрсең де, қай кезде телефон арқылы хабарлассаң да əдемі əзілі, жарасымды қалжыңы əзір тұратын. «Əй, сен көрінбей кеттің ғой, бір келіп əпкеңнің жүзін жадыратып кетсеңші. Əпкеңнің жүзі жадырап тұрса, ішкен асым бойыма жақсы сіңеді», дейтін. Екі мыңыншы жылдардың басында үйге келді, қасында əпкем Күмісжан жəне інісі Əбдіжəлел Бəкір бар екен. – Қызметтегі адамсың ғой, қолың тие бермес. Бірақ соңғы жылдардың өзінде Шымкентте үш рет болдың, үш ретінде де мына əпкең қазанын көтеріп, балалары мен келіндеріне айтып, күтіп отырды. Дайын тамақ рəсуа болмасын деп, көрші-қолаңды шақырып, қызығын мен көрдім, – деп мəз бола күліп алды. – Əпкеңнің алдында айтшы, өкпең болса, көтеріп алуға дайынмын. ...Қайдан өкпе болсын, біз жете танымайтын адамдар сырттай қамқорлық жасап, бауырмалдық танытса, ризашылықтан өзге не болсын. Əкеміз қайтқанда, үлкеніміз он екіде – үш бала, əкеміздің қырқын өткізісімен шешеміз төсек тартып ауырды. Сондай жағдайда жүргенде, аққұба өңді жап-жас келіншек егілтегіл жылап келіпті. Біздің кішкентай кезіміз, оны біле бермейміз. Бірақ шешеміз жазылып, тұрмысымыз түзелген соң апам ылғи бізді құлағдар ететін: «Сол əпкелеріңді іздемедіңдер ғой, артынан барсаңдар, қыз бала қуанып қалар еді», деп отыратын. Толғауы тоқсан тіршілік қашан жөн беруші еді, бір реті келмейақ қойды. Апам қайтқанда əпкем қырқы өткен соң келді. «Хабар бермедіңдер ғой», деген ренішін айтты. Көкем қойда еді де, демалысқа келген мен жəне ортаншы ағайым əйелімен болдық. Біраз отырып, жұбату сөздерін айтып, қайтып кетті. Кейін көкем бізге ұрысты: «Тұратын жерін, телефонын неге алып қалмадыңдар?» дейді. Содан көкем қайтыс болғанда келгенінде əпкемізбен жөн сұрасқанбыз. Тəуіп болған əкеміз төстен – Талғар, Есікті, Түргеннен тартып, табандағы ескі Ілеге дейінгі аралықтағы ауылдарды есек арбамен аралап жүреді екен. Сұраған адамдарға ем-домын жасайтын

сондай сапарларының бірінде аталас қарындасын тауып, кейін үзбей қатынасып тұрады. Əпкемнің айтуына қарағанда, бірде кездейсоқ келіп: «Түнімен ұйықтай алмадым, Күмісжан ауырып қалған екен», дейді. Шынында да, бойжеткен қыз қатты ауырып жатыпты. Əкеміз дəрісін беріп, бір күн қасында болып, кетерінде: «Қызың жазылады жəне бұл аурумен енді қайта ауырмайды», депті. Əпкем содан қайтіп жұтқыншағының ауырмауын ағасының емінен деп біледі. Өз анасының əкемізді құрметтеуі қызына да жұғысты болып, туыстығымыз бүгінге дейін созылып келеді. Бірде зайыбым екеуміз Шымкенттегі үйлерінде болдық. Біздің келетінімізді естіп, құдаларын, достарын, көршілерін шақырып, кішігірім той дастарқанын жайып қарсы алды. Бізді өзінен жоғары шығарып отырғызды да, үй иесінің ықыласына қарай, өзгелер де қошемет көрсетті. Сол жолы біраз əңгімесін айтқан. Тілектің кезегі маған келгенде Мəскеуде оқығанын, үш облыстың ішкі істер басқармаларын басқарғанын, қатардағы қазақтың баласы ішкі істер генерал-майоры дəрежесіне дейін көтерілгенін, үш баланың əкесі болғанын айтып, осылардың бəрі бір-бір ерлікке баланады деп келе жатқанда, əпкемнің ас үйге шыққанын көріп, мені тоқтатып қойды. – Осы жерден бастап, əпкең келгенде айтарсың, – деді де, «бірақ басты ерлігім сенің əпкеңе үйленгенімде, қолымды жеткізгенімде» дегенді ақырын қосты. – Бұл сөзді неге ақырын айттыңыз, əпкем естіп қоймасын дегеніңіз бе? – дедім. – Əпкең оны естімесе де сезеді, – деп отырғандарды мəз қылған.

Əпкеміздің өз бойына шақталған тəкаппарлығы да, ашушаңдығы да бар екенін білгендіктен кезінде əпкеміздің артынан көп жүгірген екен деп түйгенмін. Кейін жездемнің өмірбаянын қарап отырсам, Мəскеуден оқып келуі мен үйленуінің арасында бір-ақ жыл бар екенін көріп, əпкеме телефон шалдым: «Осы генерал Қалменов соңыңыздан қанша жүгірді?» деп сұрадым. Əпкем күлді, сөйтті де: «Күзде таныстық, көктем шыға үйлендік қой» деді. «Тегі жылға да жетпепті ғой». «Сол тұста мен КазГУ-дың филфагын бітіріп жатқанмын...». «Университеттің дипломымен милиционерге шығып неңіз бар еді?». «Бірінші сұрағыңа байланысты, мен оқыған Еңбекшіқазақ ауданының мектебі облоно арқылы университетке сұранысын жіберіп қойған, ол кезде жолдама берілсе, сонда баруың керек. Оның үстіне ол қатардағы офицер болатын, «өсу үшін мен облыстарға сұранамын, сондықтан жолдамаға дейін үйленіп алайық», деп үгіттеді. Əрі-бері ойласам, жөн сияқты. Ең бастысы бұл жігіт бойымдағы сезімімді оята білді, ал сезім деген погондағы жұлдызшаға да, таныстығымыздың аздығына да қарамайды екен». Жездемнің басты ерлігі əпкемізге үйленер алдында соңынан жүгіргендігі емес, тіпті, де ол емес екен. Алпыс жылдан астам уақыт отасып, адал жар болған, ұрпағын жалғастырып, əрқайсысын бөлек отбасы етіп түлеткен, немерелерін атасына жеткенше асығып тұратындай етіп тəрбиелеген, кейін ауырғанда күйеуінің аяғы да, қолы да болған, ақылшысы, тірегі, ең жақын туысы дəрежесіне жеткен адамды тапқанында екен ғой. Генерал Қалменов зейнет демалысына шыққан соң үш түрлі өнер шығарды. Біріншісі – жастарға бойында барын үйрету. Ол қайтыс болатын күні де полицейлер мектебінде болып, олардың алдында екі сағат бойы шеберлік сабағын өткізген екен. Екінші өнері – үй салу. Көктем, жазда хабарласып үлгермей, күзде телефон арқылы іздей қалсаң, жаңа үйін қалай салғанын айтып, қашан келіп көретініңді сұрайды. Үшіншісі – шығу тегін білуге құмарлық, соны зерттеу, сол үшін Атыраудан Алтайға дейінгі аралықты аралап өткен. Үшеуі де – бейбіт мақсат. Ол өмір бойы сол үшін қызмет етті. Жездеміз Құлахмет Қалменовтің басты ерлігін де – əпкеміз Күмісжанға үйленуін де осы бейбіт мақсатқа қызмет ету үшін жасағаны анық. Ержұман СМАЙЫЛ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ўлт санасына сəуле тїсірген Сүлеймен МƏМЕТ, «Егемен Қазақстан».

Қазақ жұртының жеті жүз жылдық тарихын хатқа түсіріп қалдырған тұғыры мықты тума талант Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына арналған басқосу Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филолог ғалымдары мен студенттерінің қатысуымен өтті. Ұлтқа қызмет еткен қаламгердің атаулы мерейтойы Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келуінің өзінде үлкен мəн жатқаны анық. Өйткені, ұлтымыздың тарихын тереңнен қозғап жазған белгілі романдарында ол қазақ хандарының, батырлары мен билерінің, ақылман абыздарының бітім-болмысы жан-жақты суреттелген. Сол асылдарды суреттеген шығарма билігі жүріп тұрған кеңес заманында жарық көріп, толқынтолқын ұрпақтың санасына сəуле түсірді. Бізде де мықтылар бар екенау, қалайша қаға берісте қалдырғамыз дегізді. Алдыңғы толқын мен кейінгі толқынның басқосуын академик Сейіт Қасқабасов келелі сөзбен бастап, ХХ ғасырдың қасіретті қайшылығы да, жақсылығы да болғанын тарата айтып, 30-жылдардағы ойранды деректерден білгенін, 50-жылдардағы аумалытөкпелі тұсқа куə болғанын, Сəкен, Бейімбет, Ілиястардың ақталып, жұртымен қайта табысқанын, 30 жылдан кейін Ахмет, Мыржақып бастаған Алаш арыстарының «тірілгенін» тілге тиек етті. Одан кейін Ілияс Есенберлиннің шығармаларына тоқталып, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың дені Ілияс Есенберлин романдарын оқығандар екенін еске салды. Ал негізгі баяндаманы ілиястанушы профессор Құныпия Алпысбаев жасап, қарымды қаламгердің үш романнан тұратын «Көшпенділер», «Алтын орда» трилологияларын сөз етіп, ондағы оқиғалардан мысалдар келтіріп бұл дүниелер тарихқа жаңа көзқараспен қарау керектігін ұғындырғанына да дəлел-дəйектер келтірді. Ол бұл шығармалар эпопея деуге тұрарлық екенін де бүкпесіз айтып, ондағы кейбір сөздердің астарына үңілді. Мəселен, «Əбілқайыр

ірбіз терісінің үстінде аунап түсті» деген бір сөйлемнің арғы жағында хан қаһары, айбаты жатқанын алға тартты. Партия сарбазы бола тұрып, басын тəуекелге тігіп, тарихи тақырыпқа алғаш барған Ілияс Есенберлин жолының бастау басына барғанда осыдан 20 жыл бұрын айтқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Ақиқат шындық темір шымылдықтың ар жағында тұтқын далып, ата тарихының «ақтаңдақтарын» зерттеуге тыйым салынған жылдары Ілекең қазақ қаламгер лерінің алғашқысы болып қиын да күрделі тақырыпқа – Қазақ хан дығының бостандық пен тəуелсіздік жолындағы күрес тақырыбына қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы – «Көшпенділер» тарихи трилологиясын дүниеге əкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аударылып, əлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дəуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек, артық бола қоймас», деген сөзін дəйекке келтірді. Бұдан кейін белгілі қоғам қайраткері, қазақ теледидарын қалыптастырушылардың бірі, профессор Сұлтан Оразалы Есенберлиннің шығармаларына жан-жақты тоқталып, «Айқас», «Қатерлі өткел» романдарынан кейінгі туындыларына тереңдеп барып, ұлтымыздың жеті жүз жылдық тарихын жазған қаламгердің мерейтойы – ұлт тойы екенін назарға салды. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы жазушы романдары толқын-толқын ұрпақты тəрбиелегенін, соның бірі өзі екенін айта отырып, кейбір өзіндік жеке пікірлерін де ортаға салды. Профессор Серік Негимов қазақ жұртының өткеніне ренішпен емес, сүйінішпен қарауға жол ашқан жазушының «Қаһар» романына бойлап барып, біраз тарихи деректерді жан-жақты таратты. Айтулы алаштанушы ғалым, жазушы, профессор Тұрсын Жұртбай Ілияс Есенберлин қазақ əдебиеті мен

тарихына төңкеріс жасап, ұлттық идеяны əкелгенін жеткізсе, профессор Рақымжан Тұрысбек қарымды қаламгердің «Менің өнерімнің бастауында өлең жатыр» деген сөзіне жүгініп, поэзиясы туралы, əсіресе, сұрапыл соғыс туралы толғайтын «Айша», «Сұлтан» поэмалары, бейбіт өмірді көрсеткен өлеңдері жайлы ой өрбітті. Ақиқатына келсек, Ілияс Есенберлин өзінің алға қойған мақсатына толықтай болмаса да, жеткен қаламгер деуге болады. «Қаһардан» кейін «Алмас қылыш» романы жарық көріп, сынға ұшыраған тұста ол бұл туындылардың үшінші кітабы, «Жанталас» жарыққа шыққан соң «Көшпенділер» деген трилология болып, жұрт қолына тиетінін, жалпы, мақсаты қазақтың арғы тарихынан бастап, өзі өмір сүрген кезеңдерін толық қамтитын романдар сериясын жазатынын жеткізген болатын. Тəубе, жазушы бұл мақсатына жетті деуге болатын шығар. Осындай пікірін қаламгер Алматыдағы Мұхтар Əуезовтің мұражайында ұлт руханиятына арналған сабақта айтқан еді. Ал оны үзіліссіз ұйымдастырып жүретін, қазақтың өзіндік бітімболмысын кеңес дəуірі дүркіреп тұрған тұста түрлі жолдармен таныта алған, əсіресе, оған саналары əлі улана қоймаған жастарды тарта білген академик Рахманқұл Бердібай болатын. Ілияс Есенберлин Лениндік сыйлық ала алмай қалған кезде мұражайда өткен тағы бір сабақта ұлы жазушы Ғабит Мүсірепов бұл қазақ руханияты үшін өкініш екенін жеткізгені есте. Бұл ұлы тұлғалардың ұлттық істе ұйыса білуі деп білеміз. Басқосуды түйіндеген Сейіт Қасқабасов айтулы қаламгердің туындылары ұлт қазынасына қосылған асыл жауһар екенін, астары қатпарқатпар ХХ ғасырда əдебиет алыптары Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сəкен, Мұхтар, Сəбит – бəрі де қазақты көркейту үшін жұмыс істегенін, ол жолды əрқайсысы өздерінше таңдағанын еске салып, олар қазіргі азат елдің керегесіне қадалған бір-бір болат уық екенін атап өтіп, кейінгі ұрпақ солай таныса деген ниетін жеткізді.


 Əріптеспен əңгіме

 Белес

Ұлттық ат спорты федерациясының президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық əлеуметтік-мəдени қозғалысының тең төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сəдібек ТҮГЕЛМЕН əңгіме. – Алдымен, кіндік қаныңыз тамып, туып-өскен өлкеңіз туралы айтып берсеңіз? – Дұрыс айтасыз, алдымен оқырмандарды өмірбаяныммен жəне туып-өскен ауылыммен, оның ғажайып табиғатымен таныстыра кетуді жөн көріп тұрмын. Менің кіндік қаным тамған жер, бар қазақтың ырысы мен берекесі саналатын Өр Алтай, Асқар Алтай, асау Ертіс, Ерке Ертіс өңірі. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанының 10 жылдығын 1955 жылы бүкіл халық болып атап өтуге арналған дайындықтың

қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки Казахстана» деп аталатын шығармаңызды оқып шықтым. Маған ұнады. Жаза алады екенсіз. Бұл орайда менің нақты ұсынысым бар. Осы тақырыпты одан əрі жалғастыру қажет сияқты. Ашығын айту керек, жылқы туралы көп айтамыз, бірақ бізде бұл бағытта əдебиеттер өте аз. Тіпті, жоқтың қасы деуге болады. Жылқы əлеміне арналған толыққанды, үлкен энциклопедия-кітап шығарсақ деп ойлаймын. Соны сіз жазсаңыз дұрыс болар еді. Осы тақырыпта жазу сіздің

Ќазанатты іздеген ќазаќ қызған шағында қарапайым еңбек адамдары «Қызыл Ту» колхозының жылқышылар бригадасының бригадирі Түгел Құмарұлы мен колхоз жұмысшысы Мəрия Түгел келінінің шаңырағында мен жетінші бала болып мынау жарық дүниеге келдім. Туыс-жақындарымның айтуынша, мен жарық дүние есігін ашар күннің алдында көрші əйел босанып, үш қыз туыпты. Ең қызығы, Нағыш тəтеміз үш күн қатарынан толғатып, босанған. Дүниеге үш егіз қыз əкелген. Нəрестелердің біреуі – 20, екіншісі – 21, үшіншісі – 22 күні туған. Ауылда үш күн бойы шілдехана тойы өтеді. Енді болды ма дегенде, төртінші күні 1955 жылдың 23-ақпанында мен туыппын. Сонда біздің Сатый ауылы атқа мінер ұл келді деп қуанып, бір жұма тойлаған екен. – Астанаға келуіңіз, атқарған жұмыстарыңыз, алған əсерлеріңіз туралы айтсаңыз? – Мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі таңдап, өзі негізін салып, өзі іргетасын қалаған жаңа елордамыз – Астана қаласын жанымдай жақсы көремін. Осы шаһарда менің де бағым жанып, жұлдызым жарқырады. Тағдырдың қалауымен маған жаңа Астананың тұңғыш баспасөз хатшысы болу бақыты бұйырды. Бірінші күннен бастап 17 жылдың ішінде əсем қала, ертегі шаһар Астанамен біте қайнасып кеткенмін. Осында ұлымызды үйлендіріп, қызымызды тұрмысқа ұзаттық. Қазір жұбайым Қайкен екеуіміз олардан 5 немере сүйіп отырмыз. Астана маған əдебиет кеңістігіне жол ашты, қаламгер болып қалыптасуыма ықпал етіп отыр. Қолым қалт етсе, қаламымды алып Астанаға арналған шығармалар жазамын. Қазір cенімді əріптестеріммен бірігіп Астана қаласының жəне еліміздің ақпарат кеңістігінде өз орны бар «ТҮГЕЛ МЕДИА» атты қуатты ақпараттық серіктестік ашып, оның жұмысын үзбей жүргізіп келеміз. Бірлестік «Қазанат», «Құлыным», «Біз, Астаналықтар!», «Ұлы дала қырандары», «Керемет той», «Журналистер əлемі», «Ұлттық спорт» атты журналдарды шығарады. Жалпы алғанда, бірлестіктің құрамында 15 БАҚ бар. Осы журналдар, баспасөз клубтары, газет, сайттар ел егемендігі мен Астанаға адал қызмет істейді жəне істей береді. – Бүкіл елге мəлім, ел егемендігін алған тұста «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!», деп, ең алғаш қазанат тақырыбын қозғаған сіз болатынсыз. Сіз шырылдап жүріп қоғамда «Қазанат» ұғымын қалыптастыра алдыңыз. Ол сізге оңайға түскен жоқ. Қазанат тақырыбына байланысты сіздің адресіңізге сан алуан пікірлер айтылды. Бұл «миф» немесе «өзі қазанат деген сөз қайдан шықты, Сəдібек оны қайдан алды» деп байбалам салушылар кездесті. Мен оған куəмін. Енді осы əңгіме туралы өз ауызыңыздан естігеніміз дұрыс болар еді... – Мен «Қазанат» сөзін ең алғаш əкем Түгелден бес жасымда 1960 жылы естідім. 2004 жылы «Фолиант» баспасынан басылып жарыққа шыққан «Қайдасың қазағымның қазанаты?!» деген кітабымда – «Мен қазағымның қазанатын іздеп жүрген жанмын! Қазанат халқымыздың қанаты, қорғаны, айбыны болғаны рас. Қазанаты болғанда халық қор болмаған. Əйгілі философ жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов: «Осы басқалар қайдан жаралсын, мейлі маймылдан болсын, шатағым жоқ. Дəл біздің қазақ жылқыдан, тұлпардан туған!», деген еді. Жазушы сөзінің жаны бар. Қазақ – жылқы мінезді, рухы биік, Ер халық! Қазанат – қазақтың сахарасы, Ұлы даласының екінші есімі. Осыншама кең даланы меңгеру үшін, осыншама шалғайлықты қаусыру үшін тек қазанаттың ғана жалы мен белі, тұяғының желі керек болды. Бұл сөзіме тарих – куə», деп жаздым. Менің зерттеуімде, қазанат – алыс жорықтарға мінетін жауынгер жылқылар, азынаған айғырлар! 2006 жылы Кеңес Рақышевпен бірге жазып «Таймас» баспа үйінен үш тілде жарыққа шыққан «Қазанат» кітап-энциклопедиясы ТМД елдері арасында Мəскеу қаласында өткізілген «Кітап өнері» атты беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы болып танылды. Сол жылы «Қазанат» кітабы еліміз бойынша жылдың ең үздік басылымы ретінде тарихта қалды. «Жақсының жақсылығын айт нұры – тасысын» демей ме, біздің қазақ. 2004 жылдың 15 қарашасы күні жаңа елордамыз – Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында менің «Көк күмбезді – Астана» – «Астана – город солнечной мечты» жəне «Қайдасың, қазағымның қазанаты?!» – «Джигиты и аргымаки Казахстана» атты қазақ жəне орыс тілдерінде шыққан қос кітабымның тұсаукесері өтті. Ертеңінде Кеңес Рақышев телефон шалып, кітапқа байланысты кездесуді қалады. «Аға, сіздің «Қайдасың, қазағымның

9

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

қолыңыздан келеді екен» деп тілегін білдірді. – «Кеңес бауы рым, мен жазуға дайынмын. Біріншіден, бұған көп ізденіп, көп еңбектену қажет. Оны мен өз мойныма аламын. Екіншіден, баспаханадан басып шығару үшін қаражат керек» дегенге, Кеңес, басылым шығынын мен көтеремін деп нық жауап қатты. Кеңес Рақышев сөзінде тұратын азамат екен. Айтқан уəдесін толығымен орындап шықты. Қазір бестселлерге айналған «Қазанат» кітап-энциклопедиясы осылай өмірге келді. – Ұлы Даламыздың даңқты тұлпары, небір атақты ақын-жыраулардың жырдастандарына арқау болған Құлагерге ескерткіш тұрғызуыңыз ұлт руханиятындағы үлкен оқиға болды. Басыңызды бəйгеге тігіп, дүние-мүлкіңізді ломбардқа өткізіп, нартəуекелге салдыңыз. Сонымен, ломбардқа жүгінуіңізге кім сізді мəжбүрледі?! Осындай фанатизм неге керек? Оқырмандарға түсінікті болу үшін толығырақ айтып берсеңіз... – Жағдай мəжбүрледі. Жігіттермен алдын ала кеңескен соң, олардың уəделеріне орай бұл жұмысты 2008 жылдың соңғы айларында бастап кеттім. Идея мақұлданды, жоспар жасалынды, ондаған эскиздің нұсқалары істелінді, оған танымал азаматтар қатысты. Белгілі архитектор Сұлтан Ильяев жасаған вариантты министр Мұхтар Құл-Мұхаммед басқарған мемлекеттік комиссия 2009 жылдың қаңтар айында бекітті. Бірақ ескерткіш тұрғызуға ақша болмады. Уəделерін үйіп-төгіп берген жігіттер, дағдарыстың салдарынан суы тартылған өзендердегі балықтардай қарбалаңдап қалды. Енді қайттік? Дағдарысты тоссақ, ескерткіш салынбайды. Сондықтан, маған жігіттік нартəуекелге баруға тура келді. Соның арқасында, Құлагер ескерткіші межеленген мерзімінде салынып, ел алдындағы уəдемді орындап шықтым. – Сəке, сіз ұлттық ат спорты федерациясының негізін қалаушы, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өмірге келуіне ұйытқы болған азаматтардың бірісіз. Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы қашан құрылды? – Ұлттық спортты дамыту ел тəуелсіздігінің арқасында тоқсаныншы жылдардың басында қолға алына басталды. Оны көтерген Айып Құсайынов, Бошай Кітапбаев, Анатөлі Құлназаров, Сайлау Тұрыскелдин, Бердібек Сапарбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Амалбек Тшанов, Серік Үмбетов сынды азаматтар. Соның арқасында еліміздің көптеген облыстарында ат спорты ойындары жиі өткізіле бастады. Сол тұста ұлттық өнерге сусап қалған қауымның тамашалағаны аса бір керемет болатын. Дегенмен, қайта түлеп жатқан ұлттық ойындардың белгілі жүйесі, бекітілген ережесі болмағандықтан, көптеген олқылықтар кетті. Аударыспақ, көкпар ойындарын өткізуге қарсылар да табылып, аяқтан шалушылар көп болды. Бұлай жүре берсе, ат спорты жастарды қызықтырудан қала ма деп қорықтық. Белгілі бір жүйе, ережеге бағынбаған істің кетеуі кететінін түсініп, 1995 жылдың қаңтарында Жастар ісі, туризм жəне спорт министріне хат жаздым. Абырой болғанда, бұл хат министрліктің сол кездегі бөлім меңгерушісі Елсияр Қанағатовтың қолына тиді. Біздерге сол тұста шын ниетімен көмек жасаған Елсияр бауырға əлі күні алғысымыз шексіз. Сонымен, менің хатымның негізінде Қилан Нұртазинов, Кендебай Əбішев сынды бірқатар жігіттер тізе қосып, ақырында ұлттық ойындар ережелерінің алғашқы нұсқасын жаздық. Сосын ережелер дайын болғаннан кейін 1996 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында тұңғыш рет қазақ атбегілерінің құрылтай конференциясын ұйымдастырдық. Бұл күн – Ұлттық ат спорты түрлерінің федерациясы үшін тарихи дата болып есте қалды. Ал қазір Ұлттық ат спорты федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына айналып, ол өз құрамына 27 федерацияны біріктірді. Қауымдастықтың құрамында облыстық, аудандық филиалдарымыз бар. Құрылғаннан бері жүздеген халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстар өткіздік. Республика бойынша 11 ұлттық спорт мектебі, 17 ат спортының клубтары мен орталықтары, 27 ипподромдар жұмыс істейді. 23 жылдың ішінде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық спорттың барлық түрлеріне 18475 əртүрлі жарыстар, шаралар, басқосулар өткізілген. Халықаралық «Көкбөрі» федерациясын құрдық. Бұл – зор жетістік деп ойлаймын. Қауымдастықтың құрамында 1 миллиондай адамдар бар. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Ќызылжар жўртыныѕ рухани кґшбасшысы Теріскейдегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің алғашқы нөмірі оқырман қолына тигеніне 95 жыл толып отыр.

Басылым 1920 жылы Ресей коммунистік партиясы (большевиктік) Сібір бюросы мен Ақмола губерниялық революциялық комитетінің органы ретінде Омбы қаласында «Кедей сөзі» атауымен дүниеге келген болатын. Ал 1921 жылғы 7 наурыздан бастап РКП(б) Ақмола губерниялық комитеті мен губревкомның органы ретінде губерния орталығы болып белгіленген Петропавл қаласында «Бостандық туы» атауымен шығарылған. 1928 жылғы 14 қарашада – «Кеңес ауылы», 1932 жылғы 1 мамырда «Ленин туы» деп өзгертілген. 1993 жылғы 1 желтоқсанда қазіргі атауына ие болды. «Газетіміздің іргесін қалаған Алаш арыстарының алға қойған мақсаты қандай еді?» деген сауал төңірегінде ойлансақ, Мағжан Жұмабаевтың «Кедей сөзінде» жарияланған «Автономия кімдікі?» атты мақаласы көп жайдан хабар бергендей. «Бостандық – елдікі! Автономия – елдікі!.. Айлы, күнді, қанды, отты тарихы бар; кең, бай, терең тілі, əдебиеті бар; басқаларға үйлеспейтін төресі, шаруасы бар – қазақтікі. Жүздеген жылдар орыс ақсүйектері мен байларының тепкісінде елдігін ұмытпаған Алаштікі», – деп толғанған ұлы ақынның азаттық туралы асыл арманы, асқар мұраты арада ғасырға жақын уақыт өтсе де, көкейкестілігін жоғалтпай, бүгінде Елбасымыз Нұр сұлтан Назарбаев ұсынған «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясымен астасып жатыр емес пе?! Өйткені, газет қызметкерлері əуелден əділдік пен теңдікті ту етіп ұстанып, халқымыздың іргелі ел болуы жолында қалтқысыз қызмет етуді өздерінің басты мақсаты еткені əмбеге аян. Газеттің екінші атауы «Бостандық туы» болғандығы да осыны аңғартқандай. Қарашаңырағымызда тұтас түрік əлемінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев, аса көрнекті мемлекет жəне қо ғам қайраткері, жалынды публицист Смағұл Сəдуақасов, сондай-ақ Қошке Кемеңгеров, Сəбит Мұқанов, Жақан Сыздықов, Мəжит Дəулетбаев, Елжас Бекенов, Шахмет Құсайынов, Əлжаппар Əбішев, Əбділ да Тəжібаев, Дихан Əбілев, Сейітжан Омаров, Жиенғали Тілепбергенов, Жұмағали Саин, Асқар Тоқмағамбетов, Əбдірахман Айсарин, Ғалым Малдыбаев, Сафуан Шаймерденов сын ды атақ-даңқы алыс қа жайылған қаламгерлер қызмет еткендігін айрықша мақтан тұтамыз. Олардың ізін басқан кейінгі буын өкілдері де Кеңес Өкіметі тұсында ұлттық құндылықтарымызды, ана тіліміз бен ата салт-дəстүрлерімізді дəріптеуге

мүмкіндігінше көңіл бөлген. Алайда, «қызыл империяның» мүд десін көздеген коммунистік билік ұлы Мағжанның өшпес рухы сезілген, қазақшыл басылымның шаңырағын 1963 жылы жауып тынғандығы тарихтан белгілі. Бұл Тың өлкесін Ресейге қосу туралы ойын ашық айтқан Кеңес Одағының сол кездегі бірінші басшысы Никита Хрущевтің тұсы еді. Биыл дүниеге келгеніне 100 жыл толғалы отырған аса көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тəшеновтің басын бəйгеге тіккен қаһармандығының арқасында қазақ жерінің тұтастығы сақталып қалғаны мəлім. Сондықтан да газетіміздің 1966 жылы қайтадан ашылуын, ең алдымен, ұлтымыздың ұлы перзенті – Жұмабек Тəшеновтің есімімен байланыстырып, есіл Ердің алдында тағзым етуге тиіспіз. Осы ретте кезінде Қызылжар өңірінде бас шылық қызметтер атқарған ардақты азамат есімі жақында Үкімет қаулысымен Петропавл қаласындағы №20 қазақ орта мектебіне берілгендігін айта кеткен жөн. Газет ұжымы қашанда Мағжан бастаған Алаш арыстарының ұлы ісіне адалдығын сақтап, ұлт мүддесіне аянбай қызмет етіп, Қызылжар жұртының рухани көшбасшысы ретінде танылып келеді. Бүгінде алдыңғы тол қын қаламгерлер өздерінің бір кездегі білікті басшылары, ұлағатты ұстаздары жəне дарынды əріптестері болған Уəп Рахымжанов, Бақыт Мұстафин, Мұхамедқали Нұрғожин, Рəшид Бəдірленов, Серік Хасенов, Мəлік Мұқанов, Амандық Əбжанов, Мереке Тұралин, Əмір Қожахметов, Қайырбек Баймұқанов, Ербол Шаймерденов, Құрман Рамазанов, Роза Молдақова жəне басқаларды сағынышпен еске алып отырады. Алдымызда жүрген ардагер ағаларымыз Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Ожан

Қали, Қазақстанның құрметті журналистері Мұрат Нұрмұқанов, Əскер Əбілқайыров, Амандық Жантеміров жəне белгілі сатирик-жазушы Жоламан Шахановтың орындары – əрдайым қарашаңырағымыздың төрінде. Ал бір топ аға əріптесіміз зейнеткер атанса да, өткір қаламдарын қолдарынан тастамай, өндірте жазып, қалтқысыз қызмет істеп жүр. Олардың ішінде белгілі журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменовтің орны ерекше. Ұжымның бірінші басшысы ретінде еліміздің тарихындағы өтпелі кезеңде редакцияда қордаланып қалған көкейкесті мəселелерді табандылықпен шешіп, дарынды жастарды қызметке тартып, басылымды шығармашылық жаңа биікке көтере білген Жарасбай Қабдоллаұлы кейін Парламент Мəжілісінің депутаты болып сайланды. Халық қалаулысы бола жүріп, нелер көкейкесті мəселелерді өзіне тəн журналистік өткірлікпен қозғап, елімізге кеңінен танылған аға əріптесіміз содан соң бірнеше жыл «Егемен Қазақстан» республикалық газеті бас редакторының орынбасары қызметін де абыроймен атқарды. Ал, былтыр «Қызылжарым!» деп соққан жүрек қалауымен туған өңіріне оралып, өзінің ұшқан ұясы – «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторлығы қызметін қайтадан қолына алды. Бүгінде басылымымыздың шығармашылық тың ізденістермен танылуына тікелей ұйытқы болып жүр. Майталман журналист, белгілі ақын Болат Қожахметов жетпістің ауылына жақындап қалса да, «Солтүстік Қазақстан» газеті шефредакторының орынбасары ретінде жас журналистердің шеберліктерін жетілдіруге аянбай атсалысуда. Нұрсайын Шəріп, Тоқтар Зікірин, Зейнолла Əкімжанов сынды өлең сөзге де, қара сөзге де қамшы салдырмайтын журналист, ақын ағаларымыз жастармен жарыса жұмыс істеуде. Олардың өкшесін басып келе жатқан Зарап Құсайынов, Қошан Қали, Лəйла Жанысова, Гүлгүл Төлешева, Алма Жүсіпова сынды журналистер еңбегі əртүрлі деңгейде əділ бағасын алды. Ал ізбасар кейінгі буынның ішінде Арайлым Бейсенбаева, Жадыра Қанафина, Қанат Атаманов, Нұргүл Оқашева сынды алғыр да ізденімпаз жастар үлкен үміт күттіреді. Тəуелсіздік жылдарында Қызылжар өңірінде ана тілімізге құрмет пен құлшыныстың артуы ның арқасында «Солтүстік Қазақстан» газетінің таралымы екі еседен астам өсіп, бүгінде 10 мың данадан асты. Бұ ған қоса, кəсіпорын директорының орынбасары – «Солтүстік Қазақстан» газетінің шеф-редакторы

Роза Шəкенованың көп күш-жігер жұмсауының жəне «Қазконтент» акционерлік қоғамының қолдауының арқасында жасалып, қалыптастырылған сайтымыздың ай сайынғы тұрақты оқырмандарының саны қазір 19 мыңнан асып, бұл жөнінен облыстық қазақтілді басылымдардың алдыңғы легінен көріндік. Бұл да шығармашылық ұжымға ортақ жетістік. Өйткені, оқырман газет бетінен де, сайтымыздан да қызғылықты дүние іздейтіні даусыз. Газетті шығарушы «ҚызылжарАқпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы ретінде облыс əкімі Ерік Сұлтанов редакция қызметкерлерінің шығармашылықпен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызу мəселесіне қамқорлықпен көңіл бөліп отыр. Ерік Хамзаұлының қолдауының арқасында «Солтүстік Қазақстанға» жергілікті бюджеттен берілетін мемлекеттік тапсырыс көлемі кемітілмей, журналистердің еңбекақысы өсіріліп, редакцияның техникалық құралдармен жабдықталуы да жылдан-жылға жақсартылу үстінде. 95 жылдық – редакцияның шығармашылық ұжымы мен қалың оқырман қауым үшін айтулы оқиға екендігі анық. Соған орай басылымымыздың айшықты белесін оқырмандармен кездесулер сияқты шаралар арқылы атап өтуді жөн көрдік. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей, газетіміздің жетістігі де, кемістігі де сөз бола тын мұндай басқосуларды алда ғы уақытта жалғастыратын боламыз. Сондай-ақ, «Солтүстік Қазақстанда» əр жылдары əртүрлі қызмет атқарған, бүгінде арамызда жоқ əріптестеріміздің соңдарында қалған шығармашылық мұраларын жəне олар жайлы естеліктерді жи настырып, кітап шығаруды ұй ғардық. «Біздерді іздейтұғын жан болса егер, шаң басқан архивтерден табылармыз...» – деп, ұлы Мұқағали ақын жазғандай, өмірден өткен əріптестеріміздің мынау көз қимайтын жалған дүниеге іңкəр нəзік жандары мен «Елім!» деп соққан жүректерінің лүпілдері сезілетін шығармаларын іздестіріп тауып, бір кітап етіп шығару – олардың алдындағы азаматтық парызымызды өтеудің бастамасы ғана. Өйткені, Алла тағала қолдарына қасиетті қалам ұстатып, бұл дүниеде Əділдік пен Шындықтың жаршылары етіп жаратқан ардақты əріптестеріміздің əрқайсысына бір-бір кітап арнасақ та, артық емес. Кəрібай МҰСЫРМАН, «Қызылжар – Ақпарат» ЖШС директоры, Қазақстанның құрметті журналисі.

ПЕТРОПАВЛ.

 Мирас

Аѕызєа айналєан атаныѕ ардаќталуы Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ елінің қаһармандық тарихы жəне Кетбұқа тұлғасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақ баласында кішкентайынан «Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы мен хан баласының өлімін Кетбұқа баба күймен естірткенде, домбыраның шанағына қорғасын құйылыпты, домбырадағы тесік содан қалған екен деген аңызды естімеген жан жоқ шығар. Бала қиялын сонау əлмисаққа тартатын, көңілінің көгінде күй күмбірін төгілдіретін, алыстағы арманға қол сермететін осынау күй-аңыз қазақ даласын ғасырлар бойы тербеген. «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің қолға алуымен жарыққа шыққан «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» жинағын таныстырып, баба жайындағы ғылыми ортаның ой-пікірін жинақтауға құрылған дөңгелек үстелді ашқан ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы: «Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ата Заңымыздың 20 жылдықтары жəне Қазақ хандығының 550 жылдығы үлкен мемлекеттік деңгейде аталып өтпекші. Осының барлығы біздің елімізді бірлікке, ынтымаққа, тарихымызды білуге шақырады. Кетбұқа болса, қарапайым халыққа аңыз түрінде жəне ғалымдар ізденістерінде табылған дерек түрінде келіп жетті», дей келіп, оны тарихтың қойнауына жасырынған тек аңыз бейне деп қана емес, тарихи тұлға ретінде тəуелсіздігіміздің керегіне жарату қажеттігіне тоқталды. Жиналғандарға аталы сөзін, баталы сөзін бағыттаған көрнекті

мемлекет жəне қоғам қайраткері Өмірбек Байгелди халқымыздың өткен өмірінде терең ізін қалдырған, еткен ерлігі аңызға айналған, ұлы тұлға – Кетбұқа туралы əңгімеге жиналып отырған қалыпты сауабы мол, маңызы телегей тіршілік деп ойлайтынын жеткізіп: «23 жылдың жүзінде 300 жыл бойына шашылған, бұрмаланған тарихты жинақтау оңай іс емес. Кеңес өкіметі алғаш орнаған жылдары арабша жазылған кітаптардың барлығын «Құран» деп жинап, өртеткенде, ішінде тек діни емес, басқа рухани дүниелер де тегіс жойылды. Сөйтсек, оның бəрі тарих екен. Солардың барлығын жинап, ешкімнің үйінде қалдырмай қырнап, тазартқанның артында халықтың тарихи жадын жоғалтатын сұрқия саясат жатқан екен. Сонау ертедегі бабасынан қалған, ұрпағына жеткен дулыға, қылыш, семсерлерді де неге жинайды десек, оның да ар жағында санасына ештеңе қалдырмау керек, тарихынан ештеңе білмесін деген терең саясат жатыпты. Сондықтан да, тарихымызға қатысты дүниелер өздігінен жоғалған жоқ, жалпы, ештеңе ізім-қайым жоғалып кетпейді. Іздеген табады. Кетбұқа жайлы деректерді жөнін тауып, ретін тауып іздестіруіміз керек», десе, ғалым Тұрсын Жұртбай абыз ағаның сөзін тірілтті. Сонау кеңестер тұсында, осыдан 35 жыл бұрын асылдарымызды зерттеп, одан «Дулыға» атты қос том шығарып, түркілік тұлғатанудың бастауында болған ғалым, Кетбұқаға қатысты

деректердің француз, араб-мəмлүк мұрағаттарында жазылғанын айтып, аңыз бабаны зерттеуде қателіктерге бой ұрмай, екшеп, зерттеп барып ғылыми айналымға түсірудің маңызын қадап айтты. Фольклортанудың көзі тірі корифейі, академик Сейіт Қасқабасов Кетбұқаның Жошы өлімін Шыңғыс ханға естіртуін дала заңдылығына жатқызды. Өйткені, қай кезде де өмірден айтулы тұлға озғанда оны естіртетін адам да толымды болуы тиіс. Мəселен, Абылайға Үмбетей жы раудың Бөгенбай қаза сын естірткені тəрізді деп, сонау ықылымнан жеткен дəстүрдің көнермей бүгінгі санаға дейін жетуін мысал етті. Дөңгелек үстелге қатысқан дəулескер күйші Жанғали Жүзбаев «Ақсақ құлан» күйінің де, аңызының да əлденеше нұсқасы барлығын

айта келе, жиналғандар назарына сол күйді ұсынды. Ал белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев: «Тарих ғылымы тəпсірлеуді (интерпретация) қажет етеді. Сол тəпсірді кім қалай жасайды, ол қалай жарық көріп, айналымға түседі, солай тарихи түсініктер қалыптасып жатады. Кетбұқаға қатысты қолымызда көп дерек жоқ, негізінен қазақ, иран, араб мұрағатында, ал соның ішінде қазақ аңыздары тəпсірлеуді қажет етеді. Мысалы, жаңа орындалған күйдің Орталық Қазақстанда жыр түрі де бар ғой. Алаша хан, Жошы хан деп басталатын осы жырдың нұсқасында неге Шыңғыс хан мен Жошы хан жайында емес, неге Алаша хан, Жошы хан? Бұл да белгілі бір дəрежеде идеология деп ойлаймын. Сосын біздер үшін Бейбарыс пен Кетбұқа тұлғаларын қарастырғанда алдыңғысы тарихи тұлға ретінде мойындалды да, ал Кетбұқаға келгенде олай болған жоқ. Сондықтан осындай тұлғаларды дұрыс тануға күш салып, алдымен деректерді барынша жинастырып, сүзгіден өткізу маңызды» деген ойын айтты. Дөңгелек үстел отырысында «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің хатшысы Сəбит Байдалы зиялы қауымға, ғалымдарға Кетбұқадай аңыз да абыз тұлғаны танудағы жасалған қадамдарға қолдау көрсеткен жандардың барлығына алғыстарын айтты. «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» жинағы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шахмұрат Ибадатовтың құрастыруымен «Фолиант» баспасынан 3000 таралыммен жарық көріпті.


10

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2014 жылғы 24 желтоқсан

№ 260

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 36) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 68) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Ұлттық Банк Төрағасы

Қ.КЕЛІМБЕТОВ.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №260 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының, өкілдігінің және Ұлттық Банк құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың: 1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша көрсетілетін қызметтері сатып алуды; 2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеусіз қызмет көрсету шарттары бойынша көрсетілетін қызметтері сатып алуды; 3) мыналарды: бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сынақтан және сараптамадан өткізу, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын дайындау, сатып алу, сату, өтеп алу, сақтау, жеткізу, әкету, ауыстыру, өңдеу, орау, айырбастау, айналыстан алу және жою, олардың дизайнын айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары туралы ақпараттық материалдарды олар айналысқа шыққанға дейін дайындау, сондай-ақ аталған операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; ұлттық валютаның банкноттарын, монеталарын және бағалы металдарды сақтау орындарының жұмыс істеу жүйелерінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, қолжетімділікті бақылау, бейне бақылау, жел айдау, кондиционирлеу, электрмен қамту, сумен қамту және жылумен қамту) жұмыс істеуі; Ұлттық Банкке жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты ақпараттық материалдарды жасау және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және баспа басылымдарында орналастыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; 4) іссапар шығыстарын өтеуді; 5) жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына жарналар (салымдар) енгізуді; 6) бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуды; 7) басқару және қадағалау кеңесі органының мүшелеріне сыйақылар төлеуді; 8) өкілдік шығыстармен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; 9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелердің көрсетілетін қызметтерін сатып алуды; 10) соттардағы, төреліктердегі және аралық соттардағы дауларды шешумен байланысты алымдарды, басқа шығыстарды төлеуді; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғада белгіленген алымдарды және төлемдерді төлеуді; 12) екінші деңгейдегі банктердің активтерін сатып алумен және осы активтерді басқарумен, оның ішінде шағым-талап, талап-арыз жұмысы іс-шараларын жүргізумен және атқарушы өндіріспен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; 13) мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен байланысты өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; 14) адвокаттың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды; 15) өмірді сақтандыру жөніндегі және ауырған жағдайдағы сақтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді, трансфер-агенттің көрсетілетін қызметтерін сатып алуды; 16) мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; 17) лизингтік қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін оларды сатып алуды; 18) уақытша сақтау қоймаларын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, уақытша сақтау қоймаларының көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты алымдары мен басқа да төлемдерін төлеуді қоспағанда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды. 2. Қағидалар Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен шығарылғаннан кейін Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционеріболып табылатын заңды тұлғаларға қолданылады. 3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік департаменті– Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшесі; 2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы –әлеуеттiжеткізушiнiңшешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiңкүшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты әлеуеттiжеткізушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға; 3) әлеуетті жеткізуші – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткеркәсiпкерлiкқызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсіпкерлік қызметінің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға Қағидаларда көзделген жағдайда әлеуетті жеткізуші болып табылады; 4) біріздендіру – жол берілетін элементтер мен шешімдер тізбесін қысқарту, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді біртектілікке келтіру арқылы шектен тыс әртүрлілікті жоюға бағытталған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 5) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетiн қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлiбiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiкберетiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер; 6) бюджет – бюджет (шығыстар сметасы), бизнес-жоспар (жылдық бюджет); 7) дүлей күш (форс-мажор) – тараптар алдын алуға және алдын ала болжауға дәрменсіз төтенше және еңсерілмейтін оқиғалар (дүлей сипаттағы құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдайлар, электроэнергетикалық объектілердегі, өмірді қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелеріндегі және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі апаттар), мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдауы және басқа да осындай жағдайлар. Атап айтқанда, орындау үшін нарықта тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің болмауы мұндай жағдайларға жатпайды; 8) жауапты бөлімше – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жауапты Ұлттық Банктің орталық аппаратының, филиалының бөлімшесі, өкілдігі, ұйымдары; 9) жеткізуші –тапсырыс берушiмен(сатып алуды ұйымдастырушымен) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасасқан шартта оның қарсы агентiретiнде әрекет ететiн,кәсiпкерлiкқызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға Қағидаларда көзделген жағдайда жеткізуші болып табылады; 10) жұмыс – заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет; 11) кешенді жұмыстар – мыналарды: жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау, толық аяқталған құрылысты салу, жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты басқару және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізу және (немесе)ілеспе қызметтерді көрсету; бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуді, ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі консалтингілік қызметтерді және жабдықтар жеткізуді қамтитын «кілтпен тапсырылатын» ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыруды қамтитын іс-шаралар жиынтығы; 12) конкурстық комиссия – Қағидаларда көзделген конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы ұйымдастырушы құратын алқалы орган; 13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдіәзiрлеуүшiн әлеуетті жеткізушіге берілетін құжаттама; 14) көрсетілетін қызмет – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет; 15) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы; 16) құрылыс жұмыстары – жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылысты салуды, жобалау және іздестіру жұмыстарын, толық аяқталған құрылыстыбасқаруды және көрсетілген жұмыстарға ілеспелі тауарларды жеткізуді және (немесе) ілеспе қызмет көрсетуді қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтығы; 17) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі – «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті жеткізушілер мен жеткізушілердің тізбесі; 18) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделерінің конкурстық комиссия шешімдер қабылдағанда оның қатысу әділдігіне әсер етуі мүмкін жағдай; 19) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу, әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаға сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) құратын алқалы орган; 20) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын (техникалық тапсырмасын) әзірлеуге қатысу үшін, әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқаулығына сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін тартылатын, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) айқындайтын маман; 21) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу– тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өз ақшасының есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіпте сатып алуы (бұдан әрі - сатып алу); 22) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті жеткізушімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында сатып алуды ұйымдастырушы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені; 23) сатып алуды ұйымдастырушы – Ұлттық Банктің орталық аппаратының жауапты бөлімшесі, филиалы, өкілдігі арқылы Ұлттық Банк, Ұлттық Банк ұйымының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін бөлімшесі арқылы Ұлттық Банктің ұйымы; 24) стандарттау – тауарға, жұмысқа және көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне нақты және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп реттік және ерікті пайдалану үшін ережелерді белгілеу арқылы қол жеткізуге бағытталған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 25) тапсырыс беруші – Ұлттық Банк, Ұлттық Банктің филиалы, өкілдігі және ұйымдары; 26) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) үлестес тұлғалары – Ұлттық Банк, оның ішінде оның филиалдары, өкілдігі және Ұлттық Банктің ұйымдары; 27) тауар – нәрсе (зат), оның iшiнде жартылай фабрикат немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздескүйдегiшикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiкқызметтiңобъекти втендірілгеннәтижелерi, сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар; 28) ұзақмерзімді сатып алу – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын, жеткізу (орындау, көрсету) мерзімі он екі айдан асатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 29) ұзақмерзімді шарт – тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес он екі айдан аса мерзімге жасалатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт; 30) Ұлттық Банктің ұйымдары –Ұлттық Банк құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалар; 31) үздік техникалық ерекше нұсқама – өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің сипатын қамтитын, әлеуетті жеткізуші ұсынатын техникалық ерекше нұсқама; 32) шарт – 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) және Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт; 33) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға; 34) ішкі кооперация – тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы. 4. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сатып алуды жүргізу кезінде мынадай қағидаттарды негізге алады: 1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау; 2) Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті жеткізушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысуы үшін тең жағдай жасау; 3) әлеуетті жеткізушілер арасындағы адал бәсекелестік; 4) сатып алу процесінің жариялылығы және айқындылығы; 5) отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсету; 6) ішкі кооперацияға қолдау көрсету. 5. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесі мыналарды қамтиды: 1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыру және бекіту; 2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдау және олармен шарт жасасу; 3) шартты орындау. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. 6. Ұлттық Банк Басқармасы Ұлттық Банктің ұйымын Ұлттық Банк пен оның ұйымдарының

21 ақпан 2015 жыл

ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді бірыңғай жеткізуші етіп айқындайды. 7. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жауапты бөлімшелер жүзеге асырады. Тапсырыс берушіде (сатып алуды ұйымдастырушыда) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты жеке құрылымдық бөлімшесінің болуына жол беріледі. 8. Өткізілетін (өткізілген) сатып алу бойынша құжаттар тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бекітілген номенклатурасына сәйкес тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) жауапты бөлімшесінде сақталады. 2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары 9. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді. Ұлттық Банктің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын Ұлттық Банк Төрағасының әкімшілік департаментіне жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Ұлттық Банк ұйымдарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын Ұлттық Банк ұйымының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам, не атқарушы органы бекітеді. 10. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қаржы жылына арналған жоспары тапсырыс берушінің қызметін қамтамасыз ету және міндеттері мен функцияларына, стратегиялық жоспарларына, инвестициялық бағдарламаларына қол жеткізу үшін қажетті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілік негізінде қалыптастырылады. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары үш жылдық кезеңнен аспайтын мерзімге ұзақмерзімді сатып алуды да көздейді. 11. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы; 2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома. Ұзақмерзімді сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома әрбір қаржы жылына бөліне отырып көрсетіледі; 3) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны; 5) әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге сәйкес және (немесе) жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін жоспарлау кезінде өндірістің технологиялық мерзімі және (немесе) сатып алынатын тауарды жеткізу мерзімі, сондай-ақ тауарларды кедендік ресімдеу мерзімдері, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі ескеріледі. 12. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағыҚазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. 13. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарының негізінде қабылдайды. 14. Тапсырыс беруші екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен сатып алуды өткізетін жағдайда ғана тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді бюджет бекітілгенге дейін қабылдайды. 15. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тапсырыс берушінің бекітілген стратегиялық жоспарларына, инвестициялық бағдарламаларына, бюджетіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. 16. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына Қағидалардың 173-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген дүлей күш салдарларын жою шеңберінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы мәліметтер кіргізілуге жатпайды. 17. Мынадай жағдайларда: 1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалатын шығыстар қысқартылған; 2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың орынсыздығы негізделген; 3) дүлей күш жағдайлары басталған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға жол беріледі. 18. Сатып алудан бас тарту тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) өзі осындай шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде: 1) өткізілетін сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді және тиісті хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсында жариялайды; 2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудан бас тартқан жағдайда сатып алуға арналған шығыстарды кейіннен ұлғайтуды, қажеттілікті ұлғайтуды немесе осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы сатып алу орындылығының туындауын білдіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 3. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 1-параграф. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 19. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің бұйрығымен: 1) Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасы не оның міндетін атқарушы адам, не Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары; 2) филиалда – филиалдың директоры не оның міндетін атқарушы адам; 3) Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы адам, не атқарушы орган айқындайды. 20. Мыналар: 1) тікелей тапсырыс берушінің өзі не өзінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі; 2) тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы сатып алудың ұйымдастырушысы болады. 21.ҰлттықБанк Ұлттық Банктің ұйымдары үшін сатып алуды ұйымдастырушы болады не Ұлттық Банк Төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның, не Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының шешіміне сәйкес олар үшін сатып алуды ұйымдастырушыны айқындайды. 22. Тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушымен өзара іс-қимылы егер тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының бірлескен бұйрығының не тапсырыс беруші бұйрығының негізінде белгіленеді (айқындалады). 23. Қағидалардың 20-тармағына сәйкес айқындалған сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды Қағидаларда белгіленген тәртіпте, мынадай кезеңдерді сақтай отырып жүзеге асырады: 1) тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алынатын тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен байланысты құжаттарды ұсына отырып, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін өткізу туралы тапсырманы ұсынуы; 2) сатып алуды ұйымдастырушының Қағидаларда белгіленген құжаттардан тұратын тапсырыс беруші ұсынған тапсырманың негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі; 3) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын айқындауы және бекітуі. Сатып алуды ұйымдастырушы айқындайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де кіреді, бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе басшысының орынбасары, немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға айқындалады; 4) сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға тапсырыс беруші ұсынған тапсырмаға қайшы келмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда; 5) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыруы; 6) сатып алуды ұйымдастырушының тапсырыс берушіге шарттың және (немесе) конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасының жобасына конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына (Қағидаларға 2-қосымша) олар туралы мәліметтер енгізілген, тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жіберуі; 7) сатып алудың жеңімпазын конкурс тәсілімен айқындау; 8) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алудың жеңімпазымен шарт жасасу үшін сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге жіберуі. 24. Сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес айқындалған жағдайларда тапсырыс берушілер сатып алуды ұйымдастырушыға өздері белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарынан үзінді-көшірмені, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын, құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде объекті құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын береді, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушыға берілген ақпараттағы барлық өзгерістер туралы тез арада хабарлайды. 25. Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сәйкестік сертификатының болуы туралы талап міндетті талап болып табылады. 26. Импортталатын тауарларды сатып алған кезде жеткізу талаптары Қазақстан Республикасының жеткізілімдер туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарымен, сондайақ халықаралық шарттармен және сауда терминдерін түсіндірудің халықаралық қағидаларымен реттеледі. 2-параграф. Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар 27. Егер әлеуетті жеткізуші мынадай шектеулерді сақтамаса: 1) әлеуетті жеткізуші не оның қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса; 2) консорциумға кіретін заңды тұлға Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса; 3) осы әлеуетті жеткізуші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің және (немесе) жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізушінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жеткізушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса; 4) әлеуетті жеткізуші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалықэкономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса; 5) сатып алуға қатысуға үмiткерәлеуеттi жеткізуші басшысының Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнеенгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатынастары бар болса; 6) сатып алуға қатысуға үмiткерәлеуеттi жеткізушінің басшысы Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнеенгiзiлген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса; 7) сатып алуға қатысуға үмiткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жеке тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнеенгiзiлгенәлеуеттi жеткізушінің басшысы болса және (немесе) Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгізілген заңды тұлғаларды басқарумен, құрумен, жарғылық капиталына қатысумен байланысты қатысы болса, әлеуетті жеткізуші өткізілетін сатып алуға қатысуға жіберілмейді. Әлеуетті жеткізуші мен әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. 28. Мынадай біліктілік талаптарына сай келгенәлеуетті жеткізушінің өткізілетін сатып алуға қатысуына жол беріледі: 1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) бар; 2) төлем қабілеттілігі бар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық берешегі және берешегі жоқ; 3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмаған. Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талаптар өздеріне қатысты оңалту рәсімі өткізіліп жатқан әлеуетті жеткізушілерге, сондай-ақ жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану міндетті болатын, мемлекеттік қолдау шараларының қатысушысы болып табылатын әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды. 29. Сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум), осындай консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар қатысқан жағдайда, өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды: 1) заңды тұлғалар (консорциумға қатысуышалр) арасында жасалған, нотариат куәландырған бірлескен жауапкершілік шартының көшірмесін; 2) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген лицензиялануға жататын қызмет бөлігінде тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына тиісті лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. 30. Әлеуетті жеткізуші өзінің Қағидалардың 28-тармағындабелгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға Қағидалардың 68-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті емес-әлеуетті жеткізуші өзінің Қағидалардың 28-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын нақ сондай құжаттарды не Қазақстан Республикасының резиденті емесәлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады. 31. Әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың бірін: 1) әлеуетті жеткізушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингі берілгендігін растайтын құжатты; 2) әлеуетті жеткізушінің биржаның ресми листингіне енгізілгендігі туралы қор биржасының үзінді-көшірмесінұсыну арқылы растауына жол беріледі. Лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын әлеуеттiжеткізушінiң құқықтық қабiлетi«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы расталады. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуеттiжеткізуші «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берiлгентиiстi лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесiн табыс етеді. 32. Әлеуетті жеткізушінің төлем қабілеті туралы жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін сатып алу өткізілетін соманың бір жүз процентке тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімнің орындауын қамтамасыз етуге ұсыну арқылы конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтініммен бірге растауына жол беріледі. 33. Қағидалардың 28-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті жеткізуші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігер не қызмет көрсетулер бойынша бірлескен орындаушы ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті жеткізуші жұмыстарға не көрсетілетін қызметтерге тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) Қағидалардың 28 және 30-тармақтарында белгіленген

біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады. Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін ұсынылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен бірінен аспауы тиіс. 34. Қағидалардың 28-тармағында белгіленген біліктілік талаптары сатып алуды ерекше тәртіпті, шартты тікелей жасауды, баға ұсыныстарын сұратуды қолдана отырып, тауар биржалары арқылы жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды. 35. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы): 1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) әлеуетті жеткізушіге ол ұсынған құжаттаманы нақтылауға және тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасына бағытталған қосымша талаптарды ұсынады; 2) әлеуетті жеткізушінің Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде бар немесе жоқ екенін тексереді. Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндеәлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер болған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осындай әлеуетті жеткізушінің сатып алу рәсімдеріне одан әрі қатысуына рұқсат беруден бас тартады. 36. Ерекше тәртіптерді қолдану арқылы сатып алудың жүзеге асырылуын қоспағанда, Қағидалардың 28-тармағында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді. 37. Әлеуетті жеткізуші мынадай негіздердің бірі болған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні ретінде танылады: 1) жеткізушінің және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) табыс етпеуі; 2) әлеуетті жеткізуші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы; 3) біліктілік талаптары бойынша дәйексіз емес ақпаратты беру фактісінің анықталуы. 38. Әлеуетті жеткізушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) Қағидалардың 37-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді. 4.Сатып алу тәсілдері 39. Сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады: 1) конкурс, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді, ерекше тәртіпті пайдалана отырып; 2) шартты тікелей жасау; 3) баға ұсыныстарын сұрату; 4) тауар биржалары арқылы. 40. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу тәсілін тапсырыс беруші дербес таңдайды. 41. Тапсырыс беруші сатып алуды жүзеге асыру тәсілін оның филиалының (өкілдігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жылдық көлемі негізінде, осындай сатып алуды тапсырыс берушінің атынан тапсырыс беруші филиалының (өкілдігінің) тікелей жүзеге асыруы шартымен айқындайды. 42. Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан филиалдары және өкілдіктері шет мемлекеттің аумағында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді Қағидалардың жеткізушіні таңдауды және онымен шарт жасауды айқындайтын нормаларын қолданбай өткізеді. 5. Конкурс 1-параграф. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу 43. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай жүйелі іс-шараларды орындауды қамтиды: 1) тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы; 2) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және бекіту үшін ұсынуы; 3) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ сараптама комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруға және бекітуге жол беріледі; 4) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі; 5) сатып алуды ұйымдастырушының тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді конкурс тәсілімен сатып алу туралы хабарлауы; 6) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмелерін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізушілерге ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына (Қағидаларға 2-қосымша) енгізуі; 7) Қағидалардың 80, 81 және 82-тармақтарында көзделген жағдайларда сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі; 8) сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында (Қағидаларға 3-қосымша) тіркеуі; 9) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондайақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі; 10) сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы; 11) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы; 12) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын ресімдеуі; 13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін және шартты жеңілдіктердің мөлшерін айқындауы және қалыптастыруы және рұқсат беру туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі; 14) сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы; 15) сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында (Қағидаларға 4-қосымша) мәліметтерді тіркеуі; 16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындыларын шығару); 17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы, сатып алуды ұйымдастырушының Қағидалардың 149-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялауы; 18) сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен шарт жасасады. 44. Біртекті болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды конкурстық құжаттамада лоттарға міндетті түрде бөле отырып, аталған тәсілмен бірыңғай сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі. Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және (немесе) беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі. Құрылыс бойынша жұмыстарды, кешенді жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті. 45. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады. 46. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша айқындалған біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы деп таныған әлеуетті жеткізушілер қатысады. 2-параграф. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту 47. Конкурстық құжаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес, Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес Үлгілік конкурстық құжаттаманың негізінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды ескере отырып,қазақ және орыс тілдерінде әзірлейді және тапсырыс берушімен келіседі. 48. Конкурстық құжаттаманы: Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға; Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның орындағы адам; Ұлттық Банктің ұйымдарында – бірінші басшы немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді. 49. Конкурстық құжаттамада мынадай мәліметтер қамтылады: 1) сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері; 2) Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық стандартты немесе үкіметтік емес стандартты немесе халықаралық стандартты, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты және талап етілетін функциялық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, техникалық ерекше нұсқамасы, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетуге жол беріледі. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипатының және талап етілетін функциялық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болуы тиіс; 3) өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі; 4) әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушыларды) біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынатын құжаттардың тізбесі: заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (жеке куәлігі немесе төлқұжаты, тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат (дара кәсіпкер үшін); заңды тұлға қызметін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердіесептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлгі жарғының (бұдан әрі – Үлгі жарғы) негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді-көшірмесін ұсынады; лицензиялардың (лицензияның электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды) және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері; заңды тұлғаны (филиалын, өкілдігін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (анықтаманың электрондық нұсқасы нотариат куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариат куәландырған көшірмесі; егер жарғыда құрылтайшылар (қатысушылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда, нотариат куәландырған құрылтайшы (қатысушылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының көшірмесін не олардан үзінді-көшірмені, не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тізілімінен, серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы; төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар: Қағидаларға 5-қосымша болып табылатын конкурстық құжаттаманың (бұдан әрі – үлгі конкурстық құжаттама) 9-қосымшасына сәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс. тиісті салық органының конкурстық өтiнiмдерсалынғанконверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан ерте емес берiлген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкессалық төлеушініңсалық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы үш айдан аса уақытқа берілген анықтамасының түпнұсқасы (төлеумерзiмi2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда). Конкурстық құжаттамада үлгі конкурстық құжаттаманың 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпарат қамтылады; 5) лот нөмірін, өлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі; 6) үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6 және 7-қосымшаға сәйкес сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілігі туарлы мәліметтер; 7) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны; 8) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің, ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге кепілдіктер берудің талап етілетін мерзімдері; 9) төлем талаптары және Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес шартқа қойылатын талаптар негізінде әзірленетін, елеулі талаптар көрсетілетін шарттың жобасы; 10) бағаны қоспағанда, негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын критерийлер, оның ішінде осындай критерийлердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі; 11) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсыну құқығына нұсқама; 12) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондайақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге шығыстарды үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету; 13) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам; 14) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді және шарттарды жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар; 15) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді енгізу талаптары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері; 16) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама; 17) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiңжергiлiктi уақытпен он сегіз сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiнқызметтердiсатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiнәлеуеттiжеткізушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде

отыз бес күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгенмерзiмнен неғұрлым қысқа қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiм кері қайтарылады); 18) көмегі арқылы әлеуетті жеткізушілер конкурстық құжаттаманың мазмұны жөнінде түсіндірулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізу орнын, күнін және уақытын сұрата алатын тәсілдер; 19) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей); 20) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу рәсімдерін сипаттау, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру; 21) Қағидалардың 208 және 209-тармақтарында айқындалған жағдайларда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі; 22) конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша); 23) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы; 24) үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті жеткізушінің жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушыларды) тартуы туралы талаптар, конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу талаптары туралы мәліметтер. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтердің қамтылуына жол беріледі. 50. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емесі болса, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қойылған (заңдастырылған) Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жеткізушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады. 51. Сатып алуды негiзгi (орнатылған) жабдықтарды толық жасақтау, жаңғырту және толық жарақтандыру үшiн жүзеге асыруды қоспағанда, конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгiлерге, тауардың шығарылған жерiнiң атауына және өндiрушiнiң атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтiң жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берiлмейдi. 52. Конкурсқа қатысушыны айқындау үшін сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай критерийлерді: 1) әлеуетті жеткізушіде: өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін; «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын тауарларды ерікті түрде сертификаттауды растайтын құжатты; ұлттық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің); ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) және (немесе) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестікті растаудың; тауардың шығарылуы туралы сертификатының, отандық тауарларды және көрсетілетін қызметтерді жеткізуші мәртебесінің болуын; 2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көрсетуіне жол беріледі. 53. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Қағидалардың 52-тармағында аталған, конкурстық құжаттамада айтылған критерийлерді ескереді және оларды кері қайтарылмаған конкурстық өтінімдерге қолданады. Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге шартты жеңілдікті қолданбайды, бұл ретте конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбау осындай өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. 54. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті жеткізушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға 0,3 пайызға , бірақ 1,5 пайыздан аспайтындай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай пайыз белгіленбейді. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесі заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама, заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат берілген күннен бастап не лицензия (рұқсат) берілген күннен бастап анықталады. 55. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады. 56. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады. 57. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 1 пайызға азайтады. 58. Әлеуетті жеткізуші ұсынған, ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық ерекше нұсқамалары мен сипаттамалары болған кезде, конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 5 пайызға азайтады. 59. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты, жұмыстың көрсетілетін қызметтің отындық жеткізушісі мәртебесі болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде 0,1 пайызға азайтады. 3-параграф. Конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының құрамын не сарапшыны бекіту 60. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды. Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді: 1) сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет еткен жағдайда: Ұлттық Банкте – Ұлттық Банк Төрағасының жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға; Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның міндетін атқарушы адам; Ұлттық Банктің ұйымдарында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам не атқарушы орган немесе уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді; 2) сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушінің үлестес тұлғасы айқындалса – сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам не атқарушы орган не атқарушы органы қабылдайды. Жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссияның құрамына онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізуге жол беріледі. 61. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекше нұсқамасын әзірлеу үшін конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құруға (сарапшыны тартуға) жол беріледі. 62. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын конкурстық комиссия төрағасының орынбасары орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адам болатын тақ санды құрайды. 63. Конкурстық комиссияның төрағасы болып сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады. Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады. 64. Егер сатып алуды ұйымдастырушы ретінде өзінің сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі арқылы Ұлттық Банк әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды тұлғаны айқындайды. Егер сатып алуды ұйымдастырушы ретінде тапсырыс беруші – Ұлттық Банктің филиалы болса, конкурстық комиссияның төрағасы Ұлттық Банктің филиалы директорының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады. 65. Конкурстық комиссияның төрағасы: 1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлайды және қызметіне басшылық жасайды; 2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етеді; 3) Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады. 66. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігінің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебі көрсетіледі. 67. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары соңғы болып дауыс береді. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының немесе ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының даусы шешуші болып табылады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірді құрайды, ол жазбаша түрде айтылады және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. 68. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Конкурстық комиссияның хатшысы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді. Конкурстық комиссияның хатшысы: 1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады; 2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды; 3) сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді; 4) конкурстық өтінімдерді ашқан сәттен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді; 5) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 69. Сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті жеткізушілер ұсынатын жұмыстардың конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекше нұсқамаға сәйкестігіне қатысты сараптама қорытындысын дайындау үшін және ең озық техникалық нұсқаманы (ең озық техникалық нұсқамаларды) айқындау үшін сараптама комиссиясын құруына не сарапшыны белгілеуіне жол беріледі. Бұл ретте мынадай: 1) сатып алу рәсімдерінің нәтижесіне мүдделі; 2) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не олардың ведомствоға қарасты, еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының жақын туысы болып табылатын тұлғаны сарапшы ретінде тартуға жол берілмейді. Сатып алуды ұйымдастырушының белгіленген талаптарға сәйкес келетін сарапшылары болмаған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші сарапшы ретінде жұмыс істеуі үшін тиісті саладағы мемлекеттік қызметшілерді не мамандануы сатып алынатын жұмыстарға сәйкес келетін өзге да мамандарды тартады. Мемлекеттік қызметшілер сарапшы ретінде ақысыз негізде тартылады, ал өзге мамандар тараптардың келісуі бойынша ақылы, сондай-ақ ақысыз негізде де тартылады. Сол немесе өзге тұлғаны сарапшы ретінде тарту үшін оның қызмет саласының сатып алу мәніне сәйкес келуі міндетті талабы болып табылады. Бірнеше сарапшыны тартқан кезде сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылар қатарынан сараптама комиссиясын құрады және олардың ішінен сараптама комиссиясының жетекшісін белгілейді. Ақылы негізде сарапшы ретінде тартылатын адамдарды таңдау Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алуды ұйымдастырған кезде сатып алуды ұйымдастырушының сарапшы ретінде тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының мамандарын тартуына жол беріледі. Конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде сарапшылар дауыс бермейді. 70. Сарапшы (сараптама комиссиясы) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама қорытындысын береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқылы емес. Конкурстық комиссия сарапшының (сараптама комиссияның) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалса ғана міндетті түрде ескереді. Сараптама қорытындысы жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы (сараптама комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі. Сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, сарапшы ерекше пікірін жазбаша түрде баяндайды, пікір сараптама комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады. 71. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүргізуді бастамас бұрын конкурстық комиссия мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптама комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттаманы және оның қосымшаларын оқып танысады. 4-параграф. Конкурсты өткізу туралы хабарлама 72. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін соңғы ұсыну күнінен кемінде күнтізбелік он күн бұрын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды. 73. Конкурс тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асырған жағдайда конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінен кем дегенде күнтізбелік жеті күн бұрын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурс тәсілімен қайталама сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаның мәтінін жариялайды. 74. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және онда мынадай мәліметтер қамтылады: 1) сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және пошталық мекенжайы; 2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы; 3) конкурстық комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны;

(Жалғасы 11-бетте).


(Жалғасы. Басы 10-бетте). 4) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы, сондай-ақ тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін көлемі, орны және мерзімдері; 5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері; 6) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну орны мен соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күні, уақыты және орны; 7) әлеуетті жеткізушінің сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынғаны үшін ақы төлеуі үшін, егер осындай ақы төлеу конкурстық құжаттамада көзделген болса, сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері; 8) әлеуетті жеткізуші өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға өкілеттіктерінің болуы талабы. 75. Сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс. 5-параграф. Әлеуетті жеткізушілерге конкурстық құжаттаманы ұсыну 76. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсында жариялау арқылы ұсынылады. 77. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған, конкурс тәсілімен жүргізілетін сатып алуға қатысуға ниет білдірген тұлғалар туралы мәліметтер тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсында тіркеледі. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу кезінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс: 1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алудың атауы және өткізу мерзімі; 2) тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың орналасқан жері; 3) әлеуетті жеткізушілер туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізушінің толық атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары); 4) әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу уақыты мен күні. 78. Конкурс тәсілімен туарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды жариялағанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуға жол берілмейді. 6-параграф. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру 79. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді. 80. Мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалар сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратумен конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде күнтізбелік бес күн бұрын өтініш береді. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрату сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберіледі. 81. Сатып алуды ұйымдастырушы сұратуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұратудың кімнен келіп түскенін көрсетпей-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсында конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жеткізушілерге хабарлай отырып, жариялайды. 82. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы күні аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмейтін мерзімде өзінің бастамасы бойынша немесе мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғалардың сұратуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу Қағидалардың 48-тармағында белгіленген тәртіппен бекітіледі. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға жібереді. 83. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі күнтізбелік үшін күннен артық емес мерзімге ұзартылады. 7-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны мен ұсынылуы 84. Конкурсқа қатысуға өтінімәлеуетті жеткізушініңконкурстық құжаттамадабелгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға, жұмыстарды орындауға қызметтерді көрсетуге келісімін білдіру нысаны болып табылады. Конкурсқа қатысуға өтінімде әлеуетті жеткізушінің: 1) Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылығының болмауы туралы; 2) Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда, шартты бұзуға келісуі туралы растауы қамтылады. Конкурсқа қатысуға өтінімге қоса берілетін мәліметтер және құжаттар Қағидалардың 85-тармағында айқындалады. Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келеді. 85. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргенәлеуетті жеткізушісатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылады: 1) үлгі конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес толтырылған және әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған өтінім; 2) Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген және өзінің және ол тартқан қосалқы мердігерлерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі; 3) үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер; 4) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына (бар болса) ықпал ететін критерийлерді растайтын құжаттар; 5) үлгі конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсеткен кезде бірлескен орындаушылар) туралы және әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының) қызметтердің жиынтығында үштен екіден асатын көлемін беруіне тыйым салынатын талап туралы мәліметтер қамтылуға тиіс; 6) ұсынылатын тауарлардың атаулары, шыққан жері, шыққан жылы, бар болса моделі көрсетілген, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) тауарлардың саны, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің көлемдері, тауарларға қызмет көрсетудің сапасына, тауарларды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға кепілдік беру, тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету талаптары сипатталған техникалық ерекше нұсқама; 7) банк кепілдігі не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотында не тапсырыс берушінің шотында орналастырылатын кепілдік ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түріндегі Қағидаларда белгіленген мөлшердегі конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету; 8) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссия отырыстарына қатысу құқығына берілген сенімхат. Әлеуетті жеткізуші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі де болады (шартты жасау үшін азаматтық құқық қабілеттілігінің болуын растау үшін). 86. Конкурсқақатысуға өтінімді әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген, беттері нөмірленген түрде ұсынады және соңғы беті оның қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылады(жеке тұлға үшін, егер ондай бар болса). Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекше нұсқамасы (тігілген, беттері нөмірленген, соңғы бетінде әлеуетті жеткізушінің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған түрде (жеке тұлға үшін, егер осындай бар болса) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі. 87. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылады немесе өшірілмейтін сиямен жазылады және оған әлеуетті жеткізуші қол қояды және мөрмен бекітеді (жеке тұлға үшін егер осындай болса). 88. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізуші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелерге, өшірулерге немесе қосымша жазуларға жол берілмейді. 89. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды өткізудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімдеп жабылған конвертте ұсынады, оның бет жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (конкурсқа қатысуға өтінім «кешіккен» деп жарияланған болса, оны ашпастан қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ «(Конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу бойынша конкурс» және «(Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні және уақыты көрсетіледі) дейін ашылмайды» деген мәтіндер көрсетіледі. 90. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды. 91. Сатып алуды ұйымдастырушы: 1) әлеуетті жеткізушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті жеткізуші өкілінің өкілеттіктерін құжаттамалық растауының болуын тексереді; 2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде Қағидалардың 89-тармағында көрсетілген мәліметтердің болуын тексереді. Қағидалардың 89-тармағының талаптарын бұзуменресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркелуге тиіс емес және мыналарға: әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конвертті пошта байланысымен алған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей; конкурсқа қатысуға өтінімі салынған конвертті ұсынған әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкіліне дереу қайтарады; 3) тиісінше ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша)осы тармақта көзделген мәліметтерді енгізеді; 4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды; 5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін оны қайтарып алған кезде конкурсқа қатысуға өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт тіркелмейді және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады. әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт тіркелмейді және ашылмайды, бірақ күнтізбелік жыл бойы сақталуға тиіс. 92. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында (Қағидаларға 3-қосымша)мынадай мәліметтерді көрсетеді: 1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың аты мен өткізу мерзімі; 2) тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың пошталық мекенжайы; 3) әлеуетті жеткізушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты; 4) әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы, оның жеке сәйкестендіру коды немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 5) конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті тіркеу күні мен уақыты; 6) әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында бас тартудың себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілерді көрсетеді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді,тігіледі, беттері нөмірленеді және конкурстық комиссия хатшысы әр бетіне қол қояды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы бетінде сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді барлық сатып алулар бойынша бірыңғай конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі. 93. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізушінің енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуді қайтарып алуға өзінің құқығын cақтай отырып, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына жол беріледі. Өзгеріс конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалады, желімделеді және ұсынылады. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты қайтарып алуға жол берілмейді. 94. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтару туралы хабарлама әлеуетті жеткізушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген (жеке тұлға үшін, егер ондай болса) сатып алуды ұйымдастырушының атына жазылған еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді. 95. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгерістер енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алса, жарамды болып табылады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін оларға ешқандай өзгерістер енгізілмейді. 96. Әлеуетті жеткізушісатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімді қағаз тасымалдағышта конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады. 97. Мынадай: 1) әлеуетті жеткізуші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген; 2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен; 3) Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдаудан бас тартылады. 98. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушілерден олардың қолданылуын нақты уақыт кезеңіне ұзартуды сұратады. Әлеуетті жеткізуші өзінің ұйғаруы бойынша мыналарға: 1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға; 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан осындай сұратудан бас тартады. 99. Әлеуетті жеткізушіөзінің конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен жүргізілетін сатып алудың нәтижесіне қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді атқармайды. 8-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету 100. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсіліменөткізілетін сатып алуға өтінімді қамтамасыз етуді, оның: 1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған жағдайда өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген уақытта ұсынып, ал кейін қайтарып алмауына; 2) оны конкурстың жеңімпазы ретінде анықтаған кезде шарт жасауына; 3) шарт жасаған жағдайда конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талапты уақтылы және тиісінше орындауына кепілдік ретінде енгізеді. 101. Әлеуетті жеткізуші конкурсқақатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа (лотқа) туарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде не Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасының оныншы абзацында көзделген жағдайда өткізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде енгізеді. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық өтінім ұсынылған лоттарға ғана енгізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өтінімді конкурстың барлық лоттарына толық ұсынбаған кездегі лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға енгізуге рұқсат беріледі. 102. Әлеуетті жеткізуші конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мына түрлерінің бірін таңдайды:

11

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

1) кепілдік берілген ақша жарнасы, ол сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не тапсырыс берушінің шотына енгізіледі; 2) үлгі конкурстық құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі. Әлеуетті жеткізушінің үшінші тұлғалардың конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға оның өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігіне талап ету құқығының туындауына апаратын іс-қимылдарды жасауына рұқсат етілмейді. Қағидаларда көрсетілген іс-қимылдарды қоспағанда, сатып алуды ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің әлеуетті жеткізуші енгізген кепілдік берілген ақша жарнасын пайдалануына рұқсат берілмейді. 103. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес мерзімге белгіленеді. Банк кепілдігінің қолданылу мерзімін өтінімді ұзарту мерзіміне ұзартуға рұқсат беріледі. 104. Әлеуетті жеткізуші, егер ол рәсімдердің екі кезеңі пайдаланылатын конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 105. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі жоқ барлық конкурстық өтінімдерден конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін өтінім ретінде бас тартады. 106. Сатып алуды ұйымдастырушы мына: 1) конкурсқа қатысушы ретінде танылған, Қағидалардың 144-тармағына сәйкес конкурстық баға ұсынысын бермеген әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде конкурстық баға ұсынысын бермеген не қайтарып алған; 2) әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған; 3) конкурстың жеңімпазы ретінде танылған әлеуетті жеткізуші шартты жасаудан жалтарған; 4) конкурстың жеңімпазы шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі болған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтімді қамтамасыз етуді әлеуетті жеткізушіге қайтармайды. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы тапсырыс берушінің тиісті бюджетіне кіріске алынады. 107. Сатып алуды ұйымдастырушы мына: 1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін қайтарып алған; 2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайбасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысушы ретінде танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды; 3) конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алудың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайбасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурс қатысушысына қолданылмайды; 4) шарт күшіне енген және конкурстың жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген; 5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайлардың бірі басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге ол конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қайтарады. 9-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу және қарау, конкурсқа қатысуға рұқсат беру 108. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттамада көрсетілген күні, уақытында және орнында ашады және қарайды. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімі бар әрбір конвертті ашқан кезде конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылған құжаттардың және материалдардың тізбесі туралы ақпаратты жариялайды. 109. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсеткен күні, уақытында және орнында, конкурстық комиссия мүшелерінің жай көпшілігінің қатысуымен жүргізеді. Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті жеткізушінің және (немесе) оның уәкілетті өкілінің құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынған кезде конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуға қатысуына рұқсат беріледі. 110. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу белгіленген күні конкурстық комиссия мүшелерінің жеткілікті саны, конкурстық комиссияның хатшысы, конкурстық комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде конкурстық комиссия төрағасының орынбасары болмаса, конверттерді ашу белгіленген уақытына дейінгі үш сағаттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға бұл туралы жазбаша не ауызша хабарлайды, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін конкурстық комиссияның құрамына болмаған конкурстық комиссия мүшелерін, конкурстық комиссия хатшысын ауыстыру бөлігінде осындай ауыстырудың себебін көрсете отырып, өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды. 111. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссия хатшысы әлеуетті жеткізушілер өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүзеге асырған кезде әлеуетті жеткізушілердің мүдделерін білдіруге құжаттамалық ресімделген өкілеттіктерін тексереді. 112. Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруда және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімдерде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа (лотқа) бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да ашылады және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қаралады. 113. Конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысында: 1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның қызметін басқарады, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді. 2) конкурстық комиссия мүшелері ішінен төраға ретінде белгілеген адам қатысушыларға мыналар: конкурстық комиссияның құрамы туралы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы; әлеуетті жеткізушілердің сұратуларының болуы не болмауы, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізу туралы; конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактілерінің болуы не болмауы, сондай-ақ себептері туралы; конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген уақытында ұсынған әлеуетті жеткізушілер туралы хабарлайды; осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды; хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әрбір әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтерді жариялайды; конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған, оның ішінде өтінімгеҚағидалардың 52-тармағында көзделген критерийлерді қолдануға болатынын растайтын құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жариялайды; 3) конкурстық комиссияның хатшысы: Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді; әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын жариялау мерзімі туралы хабарлайды; әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның іс-әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) шағымдарының немесе қарсылықтарының болуы туралы сұрайды. Конкурсқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді. 114. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың хаттамасына конкурстық комиссияға қатысушылардың барлығы, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағына бұрыштама қояды. 115. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткен күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін жариялайды. 116. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы: 1) конкурстық комиссияның төрағасымен, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін және уақытын келіседі; 2) конкурстық комиссия мүшелеріне конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырысын өткізу күні және уақыты турады хабарлайды; 3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті жеткізушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына (Қағидаларға 9-қосымша) қол қойғыза отырып ұсынады. 4) сарапшыға (сараптау комиссиясына), олар тартылған жағдайда, қарау үшін әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналына (Қағидаларға 9-қосымша)қол қойғыза отырып ұсынады. 117. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімінің құжаттарын қарау кезінде конкурстық комиссия хатшысына қайтарғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді. 118. Өтінімдерді қарау бойынша конкурстық комиссияның отырыстары конкурстық комиссия мүшелерінің жай көпшілігінің қатысуымен өткізіледі. Конкурстық комиссияның отырысын өткізбестен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға рұқсат берілмейді. 119. Конкурстық комиссия: 1) әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар пакетін толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды; 2) құжаттарды толық емес және (немесе) тиісінше ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті жеткізушілерді анықтайды; 3) конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін өтінімдерге байланысты материалдарды және түсіндірмелерді жазбаша түрде сұратады; 4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау үшін конкурстық комиссия жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша түрде сұратып алады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіруге байланысты сұратуларына және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестендіру деп конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды түзету арқылы сәйкестендіруге бағытталған конкурстық комиссияның іс-қимылдары түсініледі; 5) конкурстық құжаттаманың біліктілік және басқа да талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтайды және оларды конкурсқа қатысушы ретінде таниды. Әлеуетті жеткізушілердің олардың банкроттық рәсіміне қатысты болмауын және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болмауы бөлігінде жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін және борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізілмегенін нақтылау мақсатында, конкурстық комиссия оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернетресурсындажәне атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды. 120. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімнің енгізілген қамтамасыз етуін мынадай: 1) банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған; 2) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайда, бұл мынадай: банктің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасы мен банк кепілдігінде банктің мөрі; қатысу үшін банк кепілдігі түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы; банк кепілдігі түрінде және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі, сондай-ақ оны ұсыну талаптары; конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға туралы; пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлға туралы мәліметтердің болмауын білдіреді. 3) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде не өткізілетін сатып алулар сомасының жүз пайызынан кем енгізген жағдайларда конкурстық құжаттамаға сәйкес келмейді деп таниды. 121. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті жеткізуші, егер: 1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп атқарушы мынадай: әлеуетті жеткізуші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырған жарғының көшірмесін не сауда тізілімінен қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған нотариат куәландырған заңдастырылған үзінді көшірмесін ұсынбаған; лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге әлеуетті жеткізушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін бермеу; электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі түрінде лицензияны бермеген, сондай-ақ электрондық құжаттың қағаздағы көшірмесі түрінде лицензияны берген кезде мемлекеттік ақпарат жүйесінде мәліметтер болмаған; заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін немесе заңды тұлға қызметін Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің көшірмесін бермеген; заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы бермеген; құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариат куәландырған үзінді көшірмесін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген, акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған үзінді көшірменің түпнұсқасын ұсынбаған; Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшағасәйкес әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген, әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоғы туралы анықтамасының қолтаңба мен мөр қойылған түпнұсқасын ұсынбаған (егер әлеуетті жеткізуші бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылмаған); банктің немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті жеткізушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі болған; конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген, салық төлеушінің үш айдан астам (төлеу мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салықтық берешегінің жоғы (болуы) туралы тиісті салық органының анықтамасының түпнұсқасын бермеген; тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салықтық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы мәліметтер болған; үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеген; біліктілік туралы мәліметтерде әлеуетті жеткізушінің телефон нөмірлері туралы мәліметтердің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің болмауы өтінімнен бас тартуға

негіздеме болып табылмайды. Бұл ретте конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты төмендетуді қолданбайды; біліктілік талаптар бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталған; ол банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылған негіздемелер бойынша біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп анықталған жағдайда конкурсқа қатысуға жол берілмейді; 2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі: Үлгі конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынбаса; техникалық ерекше нұсқаманы ұсынбаса; әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекше нұсқаманы беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекше нұсқаманы беруі; Үлгі конкурстық құжаттаманың 10-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлескен орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген; қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса; 3) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері не бірлескен орындаушысы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi. 122. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді және конкурсқа қатысушысы болып танылмайды, егер: 1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлескен орындаушысы мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса: тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу; жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу; лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу; лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде бермеуі, лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы; Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу; банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы; конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген салық төлеушінің үш айдан астам (төлеу мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген, «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасын бермеу; тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешек туралы мәліметтердің болуы; Үлгі конкурстық құжаттаманың 5, 6 және7-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы; біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттiөнiмберушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды; біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса; олбанкроттықрәсіміне не таратуғажатады; 2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса: Үлгі конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса; техникалық ерекше нұсқама ұсынылмаса; ең үздік техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекше нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекше нұсқаманы әлеуетті өнім беруші ұсынса; конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлескен орындаушылар); әлеуетті жеткізушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлескен орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі; конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса; 3) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері не бірлескен орындаушысы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді. 123. Сарапшы не сараптама комиссиясы конкурстық комиссия төрағасы белгілеген мерзімде, бірақ әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімін қарау мерзімінен кешіктірмей: 1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті жеткізушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді және ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы айқындайды; 2) әлеуетті жеткізушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекше нұсқама қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды; 3) тиесілі түрде ресімделген сараптама қорытындысын ұсынады, сондай-ақ әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді. 124. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, сарапшы немесе сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады. 125. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы: 1) бұл туралы конкурстық комиссия төрағасына, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнді және уақытты келіседі; 2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді. 126. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады. 127. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, егер сараптама комиссиясы не сараптама айқындалмаса және оларды конкурсқа қатысушылар деп танығанда конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындау мақсатында, оның ішінде ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы (нұсқамаларды) белгілеу бөлігінде жүзеге асырады. Ең үздік техникалық ерекше нұсқама функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, ұсынылатын тауарларды, қызметтерді тестілеу нәтижелерін бағалау негізінде айқындалады. 128. Ең үздік техникалық ерекше нұсқаманы (нұсқамаларды) оның (олардың) болмауына байланысты айқындау мүмкін болмаған жағдайда тапсырыс беруші мәлімдеген функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларына сәйкес техникалық ерекше нұсқама қарауға жатады. 129. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия: 1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы; 2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманыресімдеу арқылы шешімдердің біреуін қабылдайды. 130. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу не жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы (күрделі техникалық сипаттамалары және ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) шешім қабылдайды. 131. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама жасау қажет етілмейді. 132. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда осындай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы жариялаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді. 133. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамағаәлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болмау себептері көрсетілген ақпарат қосылады. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайтын күні парақтап қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы оған қол қойылған күні тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды. 134. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімді қайта қарау кезінде, конкурстық комиссия: 1) әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімді қарауды, бағалауды және түсіндіруді жеңілдету үшін олардың өтініштеріне байланысты жазбаша нысанда және (немесе) электронды құжат нысанында материалдар мен түсініктемелерді; 2) конкурсқа қатысуға өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электронды құжат нысанында ақпаратты сұратады. 135. Сарапшы не сараптама комиссиясы белгіленген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей, өтінімдерді қайта қарайды және Қағидалардың 123 және 124-тармақтарына сәйкес қорытынды береді. 136. Конкурсқа қатысуға өтінімді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бес жұмыс күні ішінде: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушыларды таниды; 2) конкурсқа қатысушыларға Қағидалардың 52-тармағында көзделген өлшемдердің салыстырмалы мәндерін қолданады; 3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді. 137. Әлеуетті жеткізуші, егер: 1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгері Қағидаларда белгіленген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес еместігі айқындалса; 2) ол Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса; 3) оның конкурсқа қатысуға берілген өтінімі Қағидаларда белгіленген негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптары мен жағдайларына сәйкес еместігі айқындалса конкурсқа қатысуға жіберілмейдіжәне конкурсқа қатысушы болып танылмайды. Егер әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада мұндай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға берілген өтінімінен бас тарту негіздемелері көрсетіледі. 138. Егер конкурс тәсілімен сатып алу лоттардан тұратын болса, онда конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада конкурсқа қатысушылар әрбір лот бойынша көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы жалпы хаттаманыконкурсқа қатысушыларды әрбір лот бойынша көрсету жағдайында ресімдеуге рұқсат етіледі. 139. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей парақтап қол қояды. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға бар болса сараптама қорытындысы не конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі. 140. Конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды. 10-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру 141. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті береді. Конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті конкурстық комиссияның хатшысы олардың түсуіне орай конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 4-қосымша) тіркейді. 142. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде ең үздік техникалық ерекше нұсқамаға қонкурстық баға ұсынысын ұсынады. 143. Егер тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің ең үздік техникалық ерекше нұсқамасы (нұсқамалары) анықталмаса, конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар болып танылған) конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын ең үздік техникалық ерекше нұсқамаға қонкурстық баға ұсынысын ұсынады. 144. Техникалық ерекше нұсқамасы ең үздік деп анықталмаған конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізуші (конкурсқа қатысушы) Қағидалардың 143-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын ұсынбайды. 145. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы: 1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерінің құжаттамалық расталуының болуына көз жеткізеді; 2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 4-қосымша) конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді. 146. Мыналар: 1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған; 2) конкурсқа қатысушы осы конкурс бойынша баға ұсынысын бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидалардың 4-қосымшасы) осындай бас тартудың себебін баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетеді. 147. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді. Конкурстық комиссияның отырысында: 1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам: конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады; конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды; конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді; 2) конкурстық комиссия: конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды; демпингтік болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды; конкурсқа қатысушылардың қабылданбаған кемінде екі конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкрсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс мәні болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады. Шартты бағалары тең бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады. 148. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша: 1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні: конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың нәтижелерін жариялайды; конкурс жеңімпазын хабарлайды; ұсынысы барынша басым болып табылатын конкурсқа қатысушыны айқындайды; конкурс жеңімпазына қол қойылған жазбаша хабарламаны береді; 2) конкурстық комиссияның хатшысы: конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидаларға12қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және қол қояды; ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидалардың 3-қосымшасы) енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті жеткізушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады; конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді. 149. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жасайды және конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсына жариялайды. 150. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсына жариялаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қояды және конкурс жеңімпазына жібереді. 151. Конкурс тәсілімен сатып алу мынадай жағдайлар басталған кезде өтпей қалды деп танылады: 1) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер болмағанда; 2) конкурсқа қатысуға екіден кем өтінім берілгенде; 3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті жеткізуші жіберілмесе; 4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті жеткізуші жіберілсе; 5) конкурсқа қатысушылардың берілген конкурстық баға ұсыныстары болмағанда; 6) конкурсқа қатысушылар кемінде екі конкурстық баға ұсынысын бергенде; 7) Қағидалардың 147-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейінконкурсқа қатысушылардың кемінде екі конкурстық баға ұсынысы бағалауға және салыстыруға жататын болса; 8) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса, ұсынысы барынша басым болып табылатын конкурсқа қатысушы шарт жасаудан бас тартса. 152. Егер конкурс тәсілімен сатып алу болмай қалды деп танылғанда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды: 1) конкурс тәсілімен сатып алуды қайта жүргізу туралы; 2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен сатып алуды қайта жүргізу туралы; 3) тікелей шарт жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы. Конкурс тәсілімен сатып алу конкурсқа қатысуға тек бір әлеуетті жеткізушінің жіберілуіне байланысты өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы жеткізушімен шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Жасалынған шарттың бағасы конкурсқа бір әлеуетті жеткізушінің қатысуына орай өткізілмеді деп танылған конкурс тәсілімен сатып алу үшін бөлінген сомадан аспайды. Конкурс тәсілімен сатып алу конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушының қабылданбаған бір конкурстық баға ұсынысы қалған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) осы жеткізушімен тікелей шарт жасау туралы шешім қабылдайды. Шарт оның конкурсқа қатысуға өтінімінде көзделген талаптармен жасалынады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысына сәйкес көрсетіледі. 153. Егер шартта конкурс жеңімпазының аванс (алдын ала төлем) төлеуі және (немесе) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуы көзделсе, онда конкурс жеңімпазы шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. 154. Егер конкурс жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізуші шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші әлеуетті жеткізуші салған шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалады және ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін техникалық ерекше нұсқамасы бойынша және баға бойынша барынша басым болып табылатын конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасауға рұқсат беріледі.Тапсырыс беруші конкурс жеңімпазымен шартқа қол қою мерзімі аяқталған сәттен бастап он күннің ішінде конкурстық өтінімі барынша басым болып танылған конкурсқа қатысушыға оны конкурс жеңімпазы деп тану туралы хабарламаны және шарттың жобасын жібереді. Конкурстық өтінімі барынша басым болып танылған конкурсқа қатысушы бұл туралы хабарлама және шарттың жобасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шартқа қол қояды немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды. 155. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталса және шарт жасалмаса немесе бұзылса, онда тапсырыс беруші қайта конкурс жариялайды немесе тікелей шарт жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады. 11-параграф. Демпинг 156. Әлеуетті жеткізушінің жұмыстарға, құрылыс-монтаж жұмыстарына, белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жоба алдындағы, жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар кешенді жұмыстарға, жоба алдындағы, жобалық және зерттеу жұмыстарына арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (құжаттаманы дайындау үшін) және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан төмен болса және белгіленген тәртіппен бекітілген қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады. 157. Әлеуетті жеткізушінің консультациялық (консалтингтік) қызметтерге арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған және қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпіс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады. 158. Қағидалардың 156 және 157-тармақтарында көрсетілмеген жұмысқа және көрсетілетін қызметке баға ұсынысы, егер ол барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болған және қосылған құнға салықты есептемей тауарларды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алудың жылдық жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын конкурстық баға ұсыныстарына жағдайда, демпингтік деп танылады. 159. Қағидалардың 156, 157 және 158-тармақтарының талаптары конкурс тәсілімен сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде жеңілдіктерді ескере отырып, әлеуеттік жеткізуші ұсынған жалпы (жиынтық) бағаға қолданылады. 160. Конкурстық комиссия әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтінімдердің демпингтік бағасын ұсыну фактісін анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтінімдерді қабылдамау себебін көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды: 1) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртібі; 2) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасы; 3) бағасы демпингтік деп айқындалған конкурстық өтінімдер. 12-параграф. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланған конкурс 161. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу: тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін толық тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған; зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткізіледі. 162. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді: 1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады: тапсырыс берушінің сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауы; сатып алуды ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы; сараптама комиссиясының не сарапшының тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) қажеттілігі негізінде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы; тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсын айқындау; екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау; сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма табыс етуі; әлеуетті жеткізушілердің техникалық тапсырмаға және (немесе) тауарлардың тестілеуге арналған үлгілеріне сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды табыс етуі; сараптама комиссиясының не сарапшының әлеуетті жеткізушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды жеткізудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылауы; сараптама комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаларын әзірлеуі; сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны: Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасы орынбасарының немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның; Ұлттық Банктің филиалында – филиал директорының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның; Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның не атқарушы органның немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның бекітуі; сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен және (немесе) тестілеу кезеңінен өткен әлеуетті жеткізушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі; 2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады. Әлеуетті жеткізуші екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен сатып алудың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 163. Конкурстық комиссия екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу кезінде конкурстың әрбір кезеңінде конверттерді ашу және конкурс қорытындылары туралы хаттаманы жасайды. 13-Параграф. Ерекше тәртіп қолданылатын конкурс 164. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Қағидаларда көзделген сатып алу рәсімдерін және жүргізу мерзімін белгілейтін нормаларды қоспағанда, Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 165. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу мыналарды сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады: 1) ерекше тәртіпті қолдана отырып сатып алудың құпиялылық режімін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; 2) ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және (немесе) таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді. 166. Ерекше тәртіп қолданылатын сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі. 167. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен сатып алуды өткізген кезде сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті жеткізушінің атына сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді. Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті жеткізушінің рұқсаты болған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті жеткізушіге онымен сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді. 168. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға рұқсаты бар әлеуетті жеткізушілерге жіберіледі. 169. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, хабарлама жіберілетін әлеуетті жеткізушілердің тізімін жасайды және оны мыналар бекітеді: Ұлттық Банкте – жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасы орынбасары немесе уәкілетті лауазымды тұлға; Ұлттық Банктің филиалында – филиал директоры немесе оның міндетін атқаратын тұлға; Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқаратын тұлға не атқарушы орган немесе уәкілетті лауазымды тұлға. 170. Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті жеткізушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті жеткізушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті жеткізушілердің тізімін қалыптастырады.

(Жалғасы 12-бетте).


12

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 10-11-беттерде). 171. Жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын тұлғаның не уәкілетті өзге де лауазымды тұлғасының шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады, сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады; Сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекіте алады, конкурстық комиссияның хатшысын айқындайды, сондай-ақ белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша сараптама комиссиясын құра алады не сарапшыны айқындай алады; 2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті жеткізушіге сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Конкурстық құжаттама, елеулі талаптар және конурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді, сондай-ақ мынадай мәліметтерден тұрады: сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы; сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасы; тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны; тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері; әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Әлеуетті жеткізушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды. Әлеуетті жеткізушінің Үлгі конкурстық құжаттаманың 3 және 4-қосымшаларына сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті жеткізуші ретінде конкурс тәсілімен сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауарды (тауарларларды) жеткізуді, жұмысты орындауды, қызметтерді көрсетуді конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады; 3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдердітіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша) енгізуге жатады; 4) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау үшін әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды. Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші ұсынған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз болып танылады; 5) әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімі, егер: ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса; әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса; әлеуетті жеткізуші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса; неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекше нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн техникалық ерекше нұсқаманы ұсынса кері қайтарылуға жатады; конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді; 6) конкурстың қорытындылары туралы шешім: тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекенжайы; өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы; конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті жеткізушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары; кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы; конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді; 7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті жеткізушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етеді. 6. Шартты тікелей жасау 172. Шартты тікелей жасау Қағидалардың 173-тармағында көзделген сатып алу түрлері бойынша шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. 173. Нарыққа талдау жүргізбей-ақ шартты тікелей жасау арқылы жүзеге асырылатын сатып алулар: 1) дүлей күш жаңдайларының туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше оқиғалар мен жағдайлардың салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электроэнергетикалық объектілердегі, өмірді қамтамасыз етудің коммуникациялық жүйелеріндегі және өзге де қауіпті өндірістік объектілердегі апаттарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2) растайтын құжаттарының болуымен дереу қалпына келтіруді қажет ететін коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектер мен материалдардың сынуы, істен шығуы кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғалардан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан бағалар және тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 5) мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша, табиғи монополиялар субъектісінен реттелетін қызметтер бойынша, сондай-ақ үлесі осындай нарықта отыз бес пайыздан асатын, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің белгілі бір нарығында басым (монополиялық) орын алатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу; 6) табиғи газды, суды, қосылған желі арқылы сумен жабдықтау және жылу энергиясы қызметтерін, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді, дезинфекцияжәнедератизация қызметтерін, сондай-ақ ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу; 7) мына: «Атқарушылық iсжүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот орындаушылары; «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес өткізілетін; «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда), конкурстарда өткізілетінмүлікті (активтерді) сатып алу; 8) рейтингтікагенттiктеркөрсететiнқызметтердi сатып алу; 9) іссапар шығыстарын өтеуді қоспағанда, визаларды ресімдеу, қонақжайларды броньдау, қонақжайда тұру, теміржол жол жүру құжаттарын (билеттерді) және авиабилеттерді брондау, ресімдеу және сату бойынша қызметтердi сатып алу; 10) тапсырыс берушінің Ұлттық Банктің және оның ұйымдарының тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатып алуы; 11) тапсырыс беруші жасаған шарттар шеңберінде белгіленген міндеттемелерді орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 12) үй-жайларды, үйлерді, ғимараттарды, оның ішінде спорт үй-жайларын жалдау қызметтерін және оларды пайдалануға, жер учаскелерін ұзақмерзімді жалдауға байланысты қызметтерді сатып алу; 13) автокөлік құралдарына, лифттерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтерді сатып алу; 14) отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 15) ақпараттық-түсіндіру қызметін жүзеге асыру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 16) күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуге авторлық қадағалау, тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысына, қайта салуға және күрделі жөндеуге қатысты авторлық қадағалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 17) халықаралық ақпараттық ұйымдардың ақпаратты, оның ішінде онлайн беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 18) Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын өндіріс үшін негізгі және (немесе) қосымша болып табылатын материалдарды сатып алу; 19) Қазақстан Республикасыныі халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және (немесе) Ұлттық Банк мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 20) тестілік аккредитацияның желілерін қоса алғанда, халықаралық аккредитацияға және (немесе) сертификацияға дайындық бойынша қызметтерді сатып алу; 21) кіре беріс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу; 22) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі, мемлекеттік кәсіпорындардан, заңды тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 23) ақпараттық материалдарды құруға, Ұлттық Банкке жүктелген негізгі міндеттерді және функцияларды орындауға байланысты және оларды бұқаралық ақпарат және баспа басылымдарында орналастыруға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 24) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын дайындауды, сатып алуды, сатуды, сақтауды, жеткізуді, шығаруды, ауыстыруды, өңдеуді, орауды, алмастыруды, айналыстан алуды және жоюды жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, олардың дизайнын айқындау, ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын айналысқа шығарғанға дейін ақпараттық материалдарды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 25) құпиялық режімін көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу; 26) тұтынушылардан көрсетілетін қызметтер үшін, оның ішінде электрондық терминал арқылы төлемақы қабылдау бойынша көрсетілетінқызметтерді сатып алу; 27) сипаттамасын тапсырыс беруші және (немесе) шарт талаптарына сәйкес бекітілген ұзақмерзімді сатып алу жоспарында көзделген, сатып алу алдындағы соңғы үш жыл ішінде Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмеген тауарларды сатып алу; 28) тапсырыс берушіге аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау бойынша шешімді қабылдау құзыреті берілген тапсырыс берушінің тиісті органының шешімі негізінде тапсырыс берушіге аудитті жүргізу бойынша аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу; 29) қандай да болмасын жеткізушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде бірегейлендіру, қайта жинақтау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен, жұмыстармен немесе қызметтермен сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында осы жеткізушіден басқа сатып алуды жүргізу қажеттілігі туындаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 30) егер сатып алу конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтпеген деп танылса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Осы ереже конкурс тәсілімен сатып алу жарамсыз деп танылған жағдайларға таратылмайды; 31) конкурс тәсілімен сатып алу қорытындыларын жасағанға дейінгі және шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, егер осындай сатып алу жылдың бірінші айы ішінде, бірақ екі айдан аспайтын сатып алуды жүргізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылса, тауарларды, жұмыстарды әне көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 32) шетелдік құқықты қолдануға байланысты мәселелер мен (немесе) құжаттар бойынша, тапсырыс берушінің мүдделерін халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында қорғау бойынша консультациялық және заң қызметтерін сатып алу. Жүргізілген нарықты талдау негізінде шартты тікелей жасау жолымен жүзеге асырылатын сатып алу: 1) біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген екі жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті немесе ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 2) көрмелер, семинарлар, конференциялар, жиналыстар, форумдар, симпозиумдар, тренингтер, тағылымдамалар, мастер-кластар, біліктілікті арттыру, емтихан тапсыру курстарының материалдарын, қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтерді, сондай-ақ көрсетілген шараларға қатысу және өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) қатысу үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 3) өмірді сақтандыру және ауырған жағдайда сақтандыру бойынша қызметтерді сатып алу; 4) байланысты, оның ішінде телефон (мобильді), пошта, интернет, спутниктік байланыс, телевидения қызметтерін сатып алу; 5) көлік құралдарын (теміржол, авиа және өзге түрлері) жалдау қызметтерін, сондай-ақ жүктерді және өнімдерді олардың бағытталған орнына жеткізу бойынша қызметтерді сатып алу; 6) тауарларды, оның ішінде оларға қажетті жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді және шығыс материалдарын, тапсырыс беруші қызметінің нысаны болып табылатын өнімді дайындау мен жеткізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 7) баспа басылымдарына жазылуды қоса алғанда, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу; 8) кеден өкілдерінің (брокерлердің) қызметтерін сатып алу; 9) аударма, оның ішінде ілеспе аударма қызметтерін сатып алу; 10) тамақтану қызметтерін, оның ішінде аса маңызды мемлекеттік объектілердегі қызметкерлерге қызмет көрсететін асхананы қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 11) мектепге дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 12) білім беру, ғылым, ғылыми-зерттеу бағдарламалары (жобалары) мазмұнына сәйкес арнайы, ғылыми, оқу-әдістемелік әдебиетті, кез келген ақпарат тасушыларында онлайн оқу әдебиеттері мен оқу материалдарына рұқсат кодтарын, дерек сипаты бар бейнематериалды, қосымша оқу материалдарын, сондай-ақ білім беру саласында қызметтерді сатып алу; 13) онлайн электрондық толық мәтіндік, библиографиялық және басқа дерекқорларға, журналдардың электрондық коллекцияларына, электрондық кітапханаларға, электрондық кітап коллекцияларына және электрондық журналдар мен кітаптардың жекелеген атауларына қол жеткізу қызметтерін сатып алу; 14) ұлттық валюта банкноттарын, монеталарын және бағалы металдарды сақтау орнының тұрмыс тіршілігі жүйесінің (күзет, дабыл және өрт сигнализациясы, өрт сөндіру, байланыс, кіруді бақылау, бейнебақылау, жеделдету, кондиционирлеу, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, және жылумен қамтамасыз ету) жұмыс істеуі үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 15) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдауды, сақтауды, сынақ және сараптама жүргізуді жүзеге асыру үшінқажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 16) кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді сатып алу; 17) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 18) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес мүгедектер ұйымдарынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу. 174. Нарықты талдауды жүргізу жолымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру мүмкіндігі бар әлеуетті жеткізушіні (әлеуетті жеткізушілерді) анықтау мақсатында жүзеге асырылады. 175. Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Қағидалардың 173-тармағы екінші бөлігінің 18) тармақшасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы кезінде нарықты талдау мүгедектер ұйымдары арасында ғана жүзеге асырылады. 176. Нарықты талдау нәтижелері жазбаша түрде ресімделеді және мынадай ақпарат болуы тиіс: 1) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды қолдану негіздемесі; 2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау; 3) шарт жасалатын жеткізушінің атауы және орналасқан орны және осындай шарттың бағасы. Нарықты талдау нәтижелері құжаттардың көшірмелерімен(прайс-парақтар, ақы төлеу шоттары, шот-фактура, инвойстар және басқа) расталуы тиіс.

177. Нарықты талдау нәтижелерін жауапты бөлімшенің басшысы бекітеді және: Ұлттық Банкте –жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына; Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директорына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға; Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшыға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлғаға танысу үшін жіберіледі. 178. Нарықты талдауды жүзеге асырмай шартты тікелей жасау тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде жауапты бөлімше жеткізушіні таңдау туралы ақпаратты: Ұлттық Банкте –жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына; Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директорына немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға; Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшыға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлғаға танысу үшін жібереді. 179. Нарықты талдаудың бекітілген нәтижелері және (немесе) жеткізушіні таңдау негізінде шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде он бес жұмыс күні ішінде әлеуетті жеткізушіге жазбаша шақыруды жіберіледі, онда мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) атауы және орналасқан орны; 2) сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен ұлттық стандартты немесе үкіметтік емес стандартты көрсете отырып техникалық ерекше нұсқама. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сипаттау және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары орнына, шақыруда белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың болуы тиіс; 3) жүргізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі; 4) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемі; 5) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сапасына кепілдіктер беру; 6) төлем талаптары және маңызды талаптары көрсетілген шарттың жобасы; 7) Қағидаларда көзделген жағдайларда шарттың талаптары, нысаны, көлемі және орындалуын қамтамасыз етуді енгізу тәсілі; 8) жүргізілетін сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер. 180. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу кезінде, конкурс тәсілімен, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеген деп танылған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) мынадай іс-шараларды жүзеге асырады: 1) Қағидалардың 151-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 196-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрату жіберілетін әлеуетті жеткізушіні тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) айқындайды. Бұл ретте Қағидалардың 151-тармағының 2) тармақшасында, 196-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) сұратуды конкурстық өтінімді, баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізушіге жібереді; 2) Қағидалардың 151-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлардасатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, конкурстық өтінімді берген әлеуетті жеткізушіге сұратуды жібереді; 3) Қағидалардың 151-тармағының 4),5), 6) және 7) тармақшаларында, 196-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушіге не конкурстық баға ұсынысы жалғыз немесе жалғыз бас тартылмаған конкурсқа қатысушыға, баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған әлеуетті жеткізушіге сұратуды жібереді. 181. Қағидалардың 180-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушіге жіберілетін ақпарат конкурстың конкурстық құжаттамасының талаптарына, өтпеген деп танылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу талаптарына сәйкес келеді. 182. Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алудың нысаны болып табылатын тауарларды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші шақыруды алған күннен бастап жеті күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) төмендегілерді қоса бере отырып өзінің жазбаша келісімін жібереді: 1) әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздеп отырған, тұлғаларды көрсете отырып, әлеуетті жеткізуші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын; 2) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жазбаша негіздемесі; 3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығы туралы құжаттар; 4) ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекше нұсқама талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Баға негіздемесі әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, қосымша құн салығын және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмiiшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынылатын құн есебін қамтиды. 183. Егер анағұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса, әлеуетті жеткізушінің техникалық нұсқамасының тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) ұсынған техникалық нұсқамаға сәйкес келмеуіне жол беріледі. 184. Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алу мына жағдайларда: 1) егер әлеуетті жеткізуші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түскен; 2) егер әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан бас тартқан; 3) егер әлеуетті жеткізуші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық нұсқаманы ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық нұсқамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық нұсқаманы ұсынған жағдайларда өтпеген деп танылады. Егер сатып алу өтпеген деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) көрсетілген тәсілмен қайта сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдайды. 185. Қағидалардың 173-тармағының екінші бөлігінің 18) тармақшасында көзделген сатып алу бойынша сатып алу өтпеген деп танылған кезде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) жүргізілген нарықты талдау негізінде шартты тікелей жасау тәсілімен өзге әлеуетті жеткізушілер арасында қайта сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдайды. 7. Баға ұсыныстарын сұрату 186. Егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiменбiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiңбiрнешетүрлерiн сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiменбiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру кезiнде тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен сатып алудың жеңiмпазын айқындау әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады. 187. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін қолдану мақсатында біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық көлемін қаржылық жыл ішінде бөліктерге бөлшектеуге жол берілмейді. 188. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiненкешiктiрмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында мынадай ақпаратты: 1) сатып алу үшiнбөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiңкөлемi туралы ақпаратты; 2) ұлттық стандарт немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты (болған кезде) көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипатын; 3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекше нұсқамасын ( болған кезде); 4) тауарлар үлгілерін тестіден өткізу бағдарламасын (болған кезде); 5) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердi көрсету орнын; 6) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердiкөрсетудiң талап етiлетiнмерзiмдерiн; 7) әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын, тестіден өткізуге тауарлардың үлгілерін (болған кезде) табыс етуді бастау және аяқтау мерзiмi туралы ақпаратты; 8) маңызды талаптарын, оның ішінде техникалық шарттарын көрсете отырып, қазақ және орыс тілдерінде орналастырады. 189. Орналастырылатын ақпаратта осындай тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайын қоспағанда, оның ішінде негізгі (белгіленген) жабдықты қайта жинақтау, жаңғырту және қайта жарақтау үшін, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті жеткізушіге тиістiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға арналған сілтемелердің болуына жол берілмейді. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) техникалық регламенттерге, стандарттарға және халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де талаптарға сәйкес айқындалған сатып алу объектісінің техникалық және сапалық сипаттамаларына қатысты стандарттық көрсеткіштерді, талаптарды, шартты белгілерді және терминологияны белгілеуге жол беріледі. 190. Әлеуетті жеткізуші Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес бiр ғана баға ұсынысын табыс етеді, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысын беруі оның шарт жобасында, сондай-ақ техникалық ерекше нұсқамада көзделген елеулi талаптарды сақтай отырып, тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмбiлдiргенінің нысаны болып табылады. 191. Баға ұсынысы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу рәсімдерінің басталуына дейін жабылған күйінде ұсынылады. Әрбір әлеуетті жеткізуші бір баға ұсынысын ғана береді, ол әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (бар болған кезде) бекітіледі, онда мынадай мәліметтер мен құжаттар болады: 1) әлеуетті жеткізушінің атауы, нақты мекенжайы; 2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаты және саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және көлемі; 3) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орын және мерзімі; 4) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, қосымша құны салығына салықты есепке алмағанда, тауарлардың, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігінің бағасы және жалпы бағасы; 5) әлеуетті жеткізуші қол қойған техникалық ерекше нұсқама (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруда техникалық ерекше нұсқама және әлеуетті жеткізушінің техникалық ерекше нұсқаманы беруі туралы талап болса); 6) тауардың оны тестілеуді жүргізу кезіндегі үлгісі (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда тауарлардың үлгілерін тестілеу бағдарламасы болса). Әлеуетті жеткізуші баға ұсынысы бар жабық конверттің сырт жағында мыналарды көрсетеді: 1) әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошта мекенжайын; 2) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы және пошта мекенжайы, ол сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс; 3) қатысу үшін әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, лоттың атауы. Әлеуетті жеткізуші туралы мәліметтер баға ұсыныстарын тіркеу журналына (Қағидаларға 15-қосымша) әлеуетті жеткізушілердің баға ұсынысы бар конверттерді беруіне қарай хронологиялық тәртіппен енгізіледі. 192. Қағидалардың 191-тармағына сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген мерзім аяқталған соң ұсынылған баға ұсыныстары бар конверт қайтарылмайды және тіркеуге жатпайды. 193. Баға ұсыныстарын ұсыну тәртібі аяқталған соң конверттерді ашу жүргізіледі және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың қорытындылары шығарылады. Сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді қарайды және әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарын беру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алудың қорытындысын шығарады. 194. Барлық мүдделі тұлғалар конверттерді ашу рәсіміне кедергісіз кіре алады. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) әлеуетті жеткізушілер мәлімдеген баға ұсынысын жариялайды, әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерін ұсынылған баға ұсыныстарымен және баға ұсынысына қоса берілген құжаттармен таныстырады. Баға ұсынысына қатысты тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) менәлеуетті жеткізушінің арасында келіссөздер жүргізуге жол берілмейді. 195. Әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы мына: 1) егер ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса; 2) әлеуетті жеткізуші бұрын осы лотқа баға ұсынысын ұсынса; 3) неғұрлым жақсы техникалық нұсқаманы қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің ұсынысы техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес келмесе; 4) Қағидалардың 27-тармағының тармақшаларында көзделген жағдайларда бас тартуға жатқызылады. Өзге де негіздемелер бойынша баға ұсыныстарынан бас тартуға жол берілмейді. 196. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу мынадай жағдайларда: 1) баға ұсыныстары болмағанда; 2) екіден кем өтінім берілгенде; 3) бір бас тартылмаған баға ұсынысы қалса; 4) жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан бас тартса өтпеген деп танылады. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір рет өткізілген сатып алу өтпеген деп танылса, тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) сатып алуды шартты тікелей жасау тәсілімен жүзеге асыруына жол беріледі. 197. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары хаттамамен ресімделеді және оларды: Ұлттық Банкте –жауапты бөлімшеге жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға; Ұлттық Банк филиалында – филиалдың директоры немесе оның міндетін атқарушы тұлға; Ұлттық Банктің ұйымында – бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға не атқарушы орган немесе өзге уәкілетті лауазымды тұлға бекітеді. 198. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылар туралы хаттамада: 1) тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) толық атауы, олардың пошта мекенжайы; 2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу жүргізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы; 3) баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін баға ұсыныстарын ұсынған әлеуетті жеткізушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары; 4) бас тарту себептерін негіздей отырып, бас тартылған баға ұсыныстары туралы; 5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы; 6) сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өтсе, жасалған шарттың сомасы және мерзімдері туралы мәліметтер болады. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында қорытындылар туралы ақпаратты орналастырады. Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті жеткізуші берген жағдайда, өзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. 199. Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын бекіткен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарт жобасына қол қояды және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушіге жібереді. 200. Әлеуетті жеткізуші тапсырыс беруші (факс, электрондық пошта бойынша) сұратқан шарт жобасын жасау үшін қажетті құжаттарды және деректемелерді тапсырыс беруші белгілеген мерзімде ұсынбаған, ұсынудан бас тартқан, жеткізушіден шартты жасасу және оның шарттық міндеттемелерді орындау мүмкін еместігі туралы жазбаша хабар алған жағдайда тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидалардың 202-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады. 201. Шарт жобасына ең төмен баға ұсынысын ұсынған және жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші қол қояды және тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) оған қол қойылған шарт жобасын берген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге (сатып алуды ұйымдастырушыға) береді.

21 ақпан 2015 жыл

Шарттың жобасына немесе жасалған шартқа өткізілетін сатып алу талаптарының мазмұнын және жеткізушінің таңдау үшін негіз болып табылатын ұсынысты өзгертуі мүмкін өзгерістерді енгізуге жол берілмейді. 202. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті жеткізуші қол қойылған шартты тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде бермесе, тапсырыс беруші: 1) осындай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізушімен, ал мұндай әлеуетті жеткізуші болмаған кезде баға ұсынысы шарт жасасудан жалтарған әлеуетті жеткізуші ұсынған бағадан кейін ең төмен болып табылатын әлеуетті жеткізушіменшартты жасасады; 2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан сатып алуды жүзеге асырады; 3) шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды жүзеге асырады. 8. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу 203. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізбесі бойынша жүзеге асырылады. Егер, биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды сатып алудың жылдық көлемі биржалық тауарлар тізбесінде көзделген партияның ең аз мөлшерінен аспаған жағдайда, тапсырыс беруші тауарларды сатып алудың өзге тәсілін таңдайды. 9. Шарт жасасу тәртібі 204. Тапсырыс беруші сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған не тиісті шешім қабылданғанкүннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қол қояды және таңдап алынған әлеуетті жеткізушіге тапсырыс беруші қол қойған және тапсырыс берушінің жауапты бөлімшесінің және заң бөлімшесінің орындаушылары әр парағына қол қойған Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес шарттың мазмұнына талаптарға сәйкес жасалған шарттың жобасын жібереді (ұсынады). Конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші сондайақ конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді. Жеткізуші тапсырыс беруші орналасқан жерде орналасқан жағдайда жеткізушінің өзі келіп шарт жобасын алуына және қол қоюына рұқсат етіледі. Конкурс тәсілімен және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізілген сатып алу қорытындылары бойынша шарт жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінде көзделген талаптармен таңдап алынған баға ұсынысымен жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы оның конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімінде көрсетілген баға ұсынысынан аспайды. 205. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған барлық мәмілелер жазбаша не ауызша нысанда жасалады. Жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер шарт түрінде ресімделеді. Сондай-ақ жазбаша нысандағы мәмілелерге хатпен, факспен, электрондық құжаттармен алмасу теңестіріледі, онда мыналар: 1) мәмілелер жасасуға деген тараптардың еркі; 2) мәмілелердің қажетті талаптары (мерзімі, құны, кепілдіктер, жауапкершілік); 3) жеткізушінің Ұлттық Банк ұсынған ұсыныстармен келісуі болуы тиіс. Ауызша нысанда тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға, бірақ мәмілелерді жасау фактісін (чек, инвойс, қабылдау-өткізу актісі, билет немесе әдетте қабылданған растайтын белгі) растайтын құжаттар болған кезде олар жасалған кезде орындалатын мәмілелер жасалуы мүмкін. 206. Қазақстан Республикасының резиденті емесімен шарт жасалған жағдайда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және Қағидаларда көзделген талаптарды ескере отырып ол ұсынған нысанда шартты ресімдеуге жол беріледі. 207. Сатып алу туралы шартты жасау мерзімі Қағидалардың 201-тармағында көзделген шартты жасау мерзімін қоспағанда, әлеуетті жеткізушіге шарт жобасын жіберген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Шарттың және оған қосымша келісімнің қазақ тіліндегі және басқа тілдердегі, қағаз жеткізгіштегі, белгіленген тәртіпте қол қойылған барлық даналары бірдей болуы тиіс. 208. Жеткізуші шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жеткізуші онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді. Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін: 1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны; 2) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдайды. Жеткізушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің жеткізуші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Қағидаларда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді. 209. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін шартта алдын ала ақыны (авансты) төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы мөлшерінде сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді. Егер шартта алдын ала ақыны (авансты) төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді алдын ала ақыға (авансқа) тең мөлшерде сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс. Ұзақмерзімді шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылына көзделген шарттың жылдық сомасын ескере отырып есептеледі. 210. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талаптар: 1) ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге; 2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге; 3) тауар биржалары арқылы тәсілмен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған жеткізушілерге; 4) тапсырыс берушінің үлестес тұлғаларымен, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдармен шарт жасалған жағдайға қолданылмайды; 5) көлемі құндық көрсетуде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселік мөлшерінен аспайтын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде шарт жасалған жағдайда; 211. Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе жеткізуші шарт бойынша өз міндеттемелерін, оның ішінде шарт бойынша кепілді міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жеткізушіге қайтарады. Жеткізуші сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тапсырыс берушінің тиісті бюджетінің кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады. 212. Егер сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды. 213. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес қосылған құны салығы мен акциздерді төлеу тәртібі шарттың міндетті талабы болып табылады. 214. Тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өзінің конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады. 215. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті жеткізуші белгіленген мерзімде қол қойылған сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге бермесе немесе сатып алу туралы шарт жасасып, сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті жеткізуші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады. Сатып алудың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші: 1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады; 2) шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы қуыныммен сотқа жүгiнуге құқылы. 216. Тапсырыс берушімен ұзақмерзімді шарт жеткізу (орындау, көрсету) мерзімі он екі айдан асатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына сәйкес жасалады. 217. Тапсырыс берушінің шешімі бойынша, келесі қаржы жылдың бюджетінде қаражат болған кезде, егер жеткізуші шарт бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше жүзеге асырса және сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттары, тапсырыс берушінің мүддесі сақталса, шарттың қолданыс мерзімі тиісті қаржы жылы шегінде ұзатылады. Бұл ретте шарттың орындалуын қамтамасыз ету жеткізушіге ол шарт бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындаған соң қайтарылады. 218. Шартты өзгертуге және бұзуға тапсырыс берушінің және жеткізушінің келісімі бойынша жол беріледі. Шартқа өзгерістер қосымша келісіммен ресімделеді. 219. Шарттың жобасына жеткізушіні таңдауға негiз болған сапаның және басқа да жағдайлардың өзгермеу талабымен өзгерiстеренгiзуге мынадай талаптар сақталған жағдайда: 1) тараптардың бірі конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасына өзгерістер енгізуге бастамашы болса; 2) шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол берілсе; 3) шарт сомасын азайту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешім тараптардың өзара келісуі бойынша қабылданса; 4) жеткізушінің тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау бойынша міндеттемелерінің орындалу мерзімдерін бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша екінші орын алған әлеуетті жеткізушімен шарт жасалған жағдайда ұзарту бөлігінде жол беріледі, бұл ретте шарт ол ұсынған бағадан аспайтын баға бойынша жасалады. Жеңімпаз шартқа қол қоюға белгілеген мерзім аяқталған күнге дейін немесе жеңімпаздың шартқа қол қоюдан жазбаша бас тартқан күнінен бастап (жеңімпаз шартқа қол қою үшін белгіленген мерзім шегінде шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда) сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап есептелетін күндер санына ұзартылады. 220. Шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) жеткізушіні конкурс тәсілімен немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен таңдау үшін негіз болатын ұсыныстарды өзгертуі мүмкін өзгерістерді енгізуге жол берілмейді. 221. Сатып алу туралы шартта мынадай: 1) Қағидалардың 27-тармағына көзделген шектеулердi бұзу; 2) тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті жеткізушіге Қағидаларда көзделмеген көмек көрсету фактiлерiнiңбiрi анықталған жағдайда, оны кез келген кезеңде бұзу туралы талап қамтылады. 222. Шарт тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойған не соңғысы шартты қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін күшінен енеді. Міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын шарттар, тіркелген сәтінен бастап жасалған деп есептеледі. Тапсырыс беруші шарттарды есепке алуды шарттарды тіркеу және есепке алу журналында (Қағидаларға 17-қосымша) немесе «Шарттарды орындау мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жүзеге асырады. 223. Шартты орындау1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 224. Шарт тапсырыс беруші және жеткізуші қабылданған міндеттемелерді, оның ішінде көрсетілген шарт бойынша кепілдік міндеттемелерді толық орындаған жағдайда орындалған деп саналады. 10. Қорытынды ережелер 225. Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі әлеуетті жеткізушінің (жеткізушінің) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса, әлеуетті жеткізуші олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешіміне қатысты тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) жоғары тұрған лауазымды тұлғасына (болған кезде) немесе сотқа шағым жасайды. 226. Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін басталған (жарияланған) сатып алу рәсімдері сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылданған күні қолданыста болған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 1-қосымша Нысан

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспары Жалпы мәліметтер Тапсырыс берушінің БСН-і

Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)

Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)

Қаржы жылы

1

2

3

4

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жоспары р/с №№

1

Сатып алу мәнінің түрі

2

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы 3

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі атауы 4

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік тілдегі сипаттамасы (сипаты) 5

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің орыс тіліндегі сипаттамасы (сипаты) 6

кестенің жалғасы Сатып алу Өлшем бірлігі Саны, тəсілі көлемі

Бір бірлігі үшін баға*, теңге

7

10

8

9

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома *, теңге 11

Үш жылғы кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома 12

кестеніңжалғасы Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома *, теңге

Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома*, теңге

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ƏАОС сəйкес елді мекеннің коды)

Аванстық төлемнің мөлшері, %

13

14

15

16

17

18

* сома ҚҚС-тіесепкеалусызкөрсетіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 2-қосымша Нысан

Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналы РР/с Тауарларды, № жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен сатып алуды жүргізудің аты мен мерзімі

Сатып алудың тапсырыс берушісінің/ ұйымдастырушысының атауы, орналасу орны (конкурстық комиссия хатшысының)

Əлеуетті жеткізушінің уəкілетті өкілінің Т.А.Ə., оның жеке басын куəландыратын құжаттың деректері

Əлеуетті жеткізушінің толық атауы, орналасу орны жəне байланыс телефондары

Əлеуетті жеткізушінің уəкілетті өкілі конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған уақыты мен күні

Əлеуетті жеткізушінің қолы

1

3

4

5

6

7

2

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 3-қосымша Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналы Р/с №

1

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тəсілімен сатып алудың аты жəне өткізу мерзімі 2

Сатып алудың тапсырыс берушісінің/ ұйымдастырушысының толық атауы, пошталық мекенжайы

Конкурстық комиссия хатшы-сының Т.А.Ə., лауазымы жəне байланыс телефоны

Əлеуетті жеткізушінің уəкілетті өкілінің Т.А.Ə.

Əлеуетті жеткізушінің толық атауы, пошталық мекенжайы, оның БСН-ы

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттітіркеу күні мен уақыты

Өтінімдегі құжаттардың тізбесі

3

4

5

6

7

8

Əлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға арналған өтініміне өзгеріс жəне (немесе) толықтыру енгізілгені туралы ақпарат 9

Нысан Бас тарту себебін жазып, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізушілердің атауы 10

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 4-қосымша Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналы Р/с №

Тауарларды, жұмыстарды қызмет көрсетулерді сатып алудың аты

Тапсырыс берушінің/ сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, пошталық мекенжайы

Əлеуетті жеткізушінің уəкілетті өкілінің Т. А. Ə.

Əлеуетті жеткізушінің толық атауы жəне пошталық мекенжайы, оның БСН-ы

Əлеуетті жеткізушінің баға ұсыны-сын тіркеу күні мен уақыты

1

2

3

4

5

6

Нысан

Бас тарту себебін жазып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті жеткізу-шілердің атауы 7

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционеріболып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 5-қосымша Нысан Бекітемін: ______________________________________________ (Тапсырыс берушінің толық атауы және осы конкурстық құжаттаманы бекіткен тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетілсін) 20 __ жылғы«___» ___________ № ___________ шешім ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА сатып алу бойынша __________________________________________________________________________ (конкурс тәсілімен сатып алудың аты көрсетілсін) Тапсырыс беруші ________________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасу орны, БСН-і, банктік деректемелері, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштасының адрестері көрсетілсін) Сатып алуды ұйымдастырушы _________________________________________________________________________ (толық атауы, орналасу орны, БСН-і, банк деректемелері, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштасының адрестері көрсетілсін) Конкурстық құжаттаманың құны __________________________________________________________________________ (конкурстық құжаттаманың құны теңгемен көрсетілсін не егер конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшін өзара төлем жасау көзделмесе немесе конкурстық құжаттама тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жария етілсе, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: «Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады»). 1. Жалпы ережелер 1. Конкурс жеткізушіні (жеткізушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атын көрсету қажет). 2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға бөлген жағдайда, әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі). 3. Осы конкурстық құжаттамада мыналар: 1) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі; 2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, сондай-ақ осы үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсетеуге болады, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары қамтылады. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс; 3) заңды және жеке тұлғалар үшін осы үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер; 4) тауарларды жеткізу (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті жеткізушінің осы үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6, және 7-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтер; 5) Қағидаларға сәйкес әрбір критерийдің пайыздық мәнін көрсете отырып, неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны айқындау кезінде есепке алатын міндетті критерийлердің тізбесі қамтылады; 6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды сатып алудың сомасын көрсетеді. 4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді: 1) мынадай банк шотында ________ орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы (тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының банк шотының толық деректемелері көрсетілсін); 2) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік. Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бір не бірнеше бейрезидент банктерінің конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтнімімен қоса өткізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерінде банк кепілдігі түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабылеттілігі туралы біліктілік талаптарын растайды. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің мерзімінен кем болмайды. 2. Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі 5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет). 6. Сатып алудың ұйымдастырушысы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды. 7. Сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы «__»___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді. Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады және сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алу үшін кемінде күнтізбелік үш күннен астам емес мерзімге конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзартады. Сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алу ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды. 3. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті жеткізушілердің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерімен конверттерді ұсынуы Конкурсқа қатысуға арналған өтінім 8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы үлгі конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады. 9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімінде мыналар: 1) әлеуетті жеткізуші осы үлгі конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қолын қойған өтінім; 2) әлеуетті жеткізуші өзінің және өзі тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі: заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін - азаматтық қабілеттілігін (жеке басын растайтын куәлік немесе төлқұжаты, тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат (дара кәсіпкер үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар қамтылуы тиіс; заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен сауда тізілімінен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады; лицензиялардың (нотариат лицензияның электрондық нұсқасын куәландырмайды) және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттiжеткізушінiң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңында көзделген сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi; заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариат анықтаманың электрондық нұсқасын куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы» 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысымен бекітілген Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі; егер жарғыда құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер болмаса, құрылтай құжаттарынан құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын нотариат куәландырған көшірмесі не үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған акция ұстаушылардың тізілімінен, серіктестіктер қатысушыларының тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы; төлем қабілетілігін растайтын құжаттар; әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалыныңқолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, осы үлгі конкурстық құжаттамаға № 9 қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманыңтүпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын берілмеуі тиіс; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65446 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес тиісті салық органы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берген салық төлеушінің үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) (болуы) туралы анықтамасының түпнұсқасы. Конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің төлем қабілеттілігі жөніндегі біліктілік талабына сәйкестігін осы үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімімен бірге жүргізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қаматамасыз етуді ұсыну арқылы растау құқығы туралы ақпарат; 3) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс; Егер әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

(Жалғасы 13-бетте).


(Жалғасы. Басы 10-12-беттерде). осы үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу талаптары; 4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға кепілдік ұсынуды, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті көрсету талаптарын көрсете отырып техникалық ерекше нұсқама; 5) банктік кепілдік не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына не тапсырыс берушінің шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде, Қағидаларда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету; 6) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат қамтылуы тиіс. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар 10. Әлеуетті жеткізуші Конкурсқа қатысуға өтінімді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен, мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады. Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі. 11. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс. 12. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосылған жазба, өшірілген сөздер немесе артық жазылған сөздер болмауы тиіс. 13. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: «(конкурстың атауын көрсету қажет сатып алу жөніндегі конкурс және «.. дейін ашпаңыз» (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақыты көрсетілсін)». Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі 14. Әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақыт көрсетілсін) дейінгі мерзімді қоса алғанда (сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетілсін) береді. 15. Сатып алудың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не әлеуетті жеткізушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алғаны жөнінде қолын қойдырып жеке өздеріне қайтарылады. 16. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға берген өтінімдерді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша) тіркейді. 17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу 18. Әлеуетті жеткізуші конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе қайтарып алады. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің өзі сияқты дайындалады, желімделеді және ұсынылады. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлуетті жеткізуші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді (жеке тұлға үшін егер осындай бар болса). Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. 19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді. 20. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлуетті жеткізушілерден нақты уақыт кезеңіне олардың қолданылу мерзімін ұзартуды сұратады. Әлуетті жеткізуші мынадай құқықтарын жоғалтпастан, өз шешуі бойынша мұндай сұрау салудан бас тартады: 1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысу; 2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу. 21. Әлуетті жеткізуші өзінің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді. 4. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы 22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді (конкурстық өтінімдер ашылатын және конкурс өткізу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін дәл күнін, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды. Сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы Үлгі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады. 23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналына тіркеуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс). Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс. 24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді. 25. Конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында: 1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 2) конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға етіп белгілеген тұлға қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді: конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы; әлеуетті жеткізушілердің сауалдарының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені; конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері; конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлуетті жеткізушілер; осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты хабарлайды; конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынған әрбір әлуетті жеткізуші туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен баяндайды; конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін, оның ішінде өтінімге критерийлердің қолданылуын және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді; 3) конкурстық комиссияның хатшысы: конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді; әлуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау мерзімі туралы хабарлайды; әлуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымдарының немесе қарсылықтарының бар екендігі туралы сұрайды. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсынаконкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі қол қойылған хаттаманың мәтінін жариялайды. 5. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға жіберу 26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады. 27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссияның: 1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуына; 2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуына жол беріледі. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім деп қарайды. 28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия: 1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын; 2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын ресімдеу арқылы осы шешімдердің біреуін қабылдайды. 29. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы не әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушылары деп тану) туралы шешім қабылдайды (қиын техникалық сипаттамалары мен ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді күрделі сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарастырылады). 30. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау талап етілмейді. 31. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді. 32. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпаратты қамтиды. Әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың әр бетіне қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы оған қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды. 33. Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде: 1) әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға; 2) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға жол беріледі. 34. Конкурстық комиссия мына: 1) әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті жеткізуші ұсынбаған; 2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған; 3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуетті жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды. Әлеуеттiжеткізушінi Қағидаларда көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi. 35. Конкурстық комиссия мына: 1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiжеткiлiксiз болса; 2) конкурстық комиссияның: конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны; қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiнқызметтердi сатып алудың атауын; банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын; конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде белгілеген тұлғаны; конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы үлгі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды. Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы үлгі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

13

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді. 36. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші, егер: 1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса; 2) Қағидалардың талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса; 3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды). Егер әлеуетті жеткізуші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі. 37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бес жұмыс күні ішінде: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды; 2) конкурсқа қатысушыларға Қағидалардың 52-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады; 3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді. 38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне Қағидалардың 225-тармағында белгіленген тәртіппен шағым беріледі. 6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі 39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді: 1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс; 2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс; 3) отандық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуі тиіс. 40. Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауын көрсету қажет) – конкурстық баға ұсынысы – (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) дейін ашуға болмайды». Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді. 7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау 41. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді. 42. Мына: 1) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған; 2) конкурсқа қатысушы аталған конкурс бойынша баға ұсынысын осыдан бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер бағалауға және салыстырып тексеруге қабылданбайды. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына тіркеуден бас тарту себептерін көрсете отырып, тіркеуден бас тартылған конкурс қатысушыларының тізімін көрсетеді. Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға: конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады; конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртіппен жария етеді; конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді. 43. Конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен олардың сұратуы бойынша танысуына жол беріледі. 44. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуына жол беріледі. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етеді. 45. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушылар) бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады. 46. Конкурстық комиссия: 1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады; 2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады; 3) конкурсқа қатысушылардың кемінде екі кері қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген критерийлердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырып тексереді және ең аз шартты бағасы негізінде олардың арасынан конкурстың жеңімпазын анықтайды. Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болса, конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында көбірек жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Тең шартты бағасы бар бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан ертерек келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. 47. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiрбетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды. 48. Конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады және тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернетресурсында жариялайды. 49. Сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жеткізушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынады. 8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару 50. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді: 1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған кезде; 2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған кезде. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды; 3) конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған кезде қайтарып береді. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды; 4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезде; 5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен кезде қайтарып береді. 51. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда: 1) Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаса не оны кері қайтарып алса; 2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгертсе және (немесе) толықтырса; 3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан жалтарса; 4) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайда қайтармайды. 9. Конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт 52. Конкурс тәсiлiмен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күнiiшiнде тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін, сондай-ақ Қағидалардың 6-қосымшасында көзделген Талаптарға сәйкес жасалған қол қойылған шарттың жобасын жібереді. Шарт конкурстың жеңімпазымен конкурсқа қатысуға берген оның өтінімінде көзделген талаптарда жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген оның бағасынан аспауы тиіс. 53. Жеткізуші шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін сатып алуды ұйымдастырушы шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді. Егер шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерді құрайтын алдын ала ақы (аванс) сомасына тең мөлшерде белгілейді. Ұзақ мерзімді шарт жасаған жағдайда ағымдағы қаржы жылындағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына қарай есептеледі. Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай: 1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепіл ақша жарнасы; 2) Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі сияқты түрлерінің біреуін таңдайды. Жеткізушінің үшінші тұлғаларда жалпы талап ету құқығының не шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін енгізілген кепіл ақша жарнасының бөлігіне туындауына алып келетін ісәрекеттерді жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің жеткізуші енгізген кепіл ақша жарнасын Қағидаларда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді. 54. Егер әлеуетті жеткізуші Қағидаларда белгіленген мерзімде қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті жеткізуші шартты жасасудан жалтарған болып саналады. 55. Әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші: 1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады; 2) сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы. 56. Шарт оған тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойғаннан кейін не соңғысы шарттың орындалуына қамтамасыз етуді толық енгізгеннен соң күшіне енеді. Міндетті мемлекеттік тіркеуден немесе өзге тіркеуден өтуі тиіс шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған деп саналады. Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымша

Үлгі конкурстық құжаттамаға 3-қосымша Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін) Кімге ___________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) Кімнен __________________________________________________________________ (әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі) 1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер: Əлеуетті жеткізушінің заңды, почталық мекен-жайы жəне байланыс телефондары Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, атығ бар болса – əкесінің аты

2. ___________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды беруді), жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді. 3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулердің бұзылмағанын растайды. Осымен әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда сатып алу (тауарды, жұмыстарды, қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі. 4. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат ұсынғаны үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды. 5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады. 6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызынан аспайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі). 7. Шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын ала шарт рөлін орындайтын болады. ________________________________________________________ ________________________/_______________________________/ (Заңды тұлға – әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және оның қолы)

Лот № 1

Тапсырыс берушінің Тауарлардың (жұмыстың, Өлшем атауы қызметтің) атауы* бірлігі 2 3 4 (Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сипаттамалары техникалық ерекше нұсқамада көрсетілетін жағдайда бұл бағанда тауардың (жұмыстың не қызметтің) қысқаша атауы жəне əрбір ұстаным бойынша техникалық ерекше нұсқаманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі)

Саны, көлемі 5

кестенің жалғасы Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сəйкес) 6

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау,қызметтерді көрсету мерзімі 7

Тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны 8

Аванстық төлем мөлшері, % 9

Конкурс тəсілімен сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша),теңге 10

* Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекше нұсқамада көрсетіледі. Сатып алуды ұйымдастырушы басшысының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және қолы _____________________ / ____________ / __________ Күні ________________

Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты және қолы _____________________ / ____________ / __________ Күні _______________

М.О.

М.О.

Біз ___________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (әлеуетті жеткізушінің атауы) бұдан әрі «Жеткізуші», _____________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ _________________________________________________________ ұйымдастырған (сатып алуды ұйымдастырушының атауы) _______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ сатып алу туралы конкурсқа қатысатыны және _______________________________ ________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ конкурс, лот (лоттар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы жеткізуді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) дайын екендігі жөнінде хабардар болдық. Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі _____жылғы «___»__________ конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген. Осыған байланысты біз________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (банк атауы) осы арқылы Сіздің жазбаша ақы төлеуге талабыңызды, сондай-ақ Жеткізушінің: конкурсқа қатысуға өтінімді түпкілікті беру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығы не өзгерткендігі және (немесе) толықтырғандығы; конкурсқа қатысушы деп танылушы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығы не кері қайтарып алғандығы; конкурстың жеңімпазы ретінде анықталушының шарт жасасудан жалтарғандығы; шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығы не уақтылы орындамағаны туралы жазбаша растамаңызды алған бойда Сізге талабыңыз бойынша __________________________________________________________________________ _________________________________________________________________тең соманы (сомасы санмен және жазумен) төлеудің қайтарылмайтын міндеттемесін өзімізге қабылдаймыз. Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Жеткізушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің соңғы қолданылу мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда осы кепілдік міндеттеме сол мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кепілгердің қолы және мөрі

Күні және мекенжайы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымша

Берешектіңжоқ болуытуралыанықтама (мәліметтер) Банк (атауы) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес осы Банкте көрсетілетін қызметті тұтынушының (заңды тұлғаның толық атауын, тел., мекенжайын көрсету қажет)___________ жағдай бойыншабанк алдында анықтама (мәлімет) берілетін айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігін растайды

Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша

Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымша

Конкурста сатып алудың мәні болып табылатын, жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлескен орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті жеткізуші қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету қажет)

Конкурсқа қатысуға өтініш (жеке тұлға үшін) Кімге ________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі) Кімнен ________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (әлеуетті жеткізушінің толық атауы көрсетіледі) 1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті жеткізуші) туралы мәліметтер: Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің жеке басын куəландыратын құжатқа сəйкес тегі, аты, бар болса əкесінің аты Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің жеке басын куəландыратын құжатының деректері Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің тіркелген мекенжайы Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің нақты тұрғылықты мекенжайы Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін, конкурс мәніне сәйкес келетін өзге де құжаттың нөмірі Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы Жеке тұлғаның – əлеуетті жеткізушінің байланыс телефондары, пошталық мекенжайы және электрондық почтасының мекенжайы (ол бар болса)

2. ___________ (жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен сатып алуға (конкурстың толық атауы көрсетілсін) әлеуетті жеткізуші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді. 3. Әлеуетті жеткізуші осы өтініммен Қағидалардың 27-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығын растайды. Осы арқылы әлеуетті жеткізушінің Қағидалардың 221-тармағында көзделген фактілер анықталған жағдайда сатып алу (тауарды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді. 4. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және сатып алуды ұйымдастырушы мен конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің - қажеттісін көрсету), олардың авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ өзге де шектеулерді сақтауы туралы дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауаптылығы туралы хабардар етілгендігін растайды. Әлеуетті жеткізуші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда осындай дәйексіз мәліметтерді бергені үшін толық жауапкершілікті өзіне қабылдайды. 5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады. 6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада не сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі). 7. Шартты жасау сәтіне дейін осы конкурсқа қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы алдын-ала шарттың рөлін орындайтын болады. _________________________________________ ________________________/ ________________/ (жеке тұлғаның – әлеуетті жеткізушінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты және оның қолы) Толтырылған күні _________________ Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымша Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізуші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады) 1. Әлеуетті жеткізушінің атауы _________________________________________ ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 2. Әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл ішінде орындаған жұмыс көлемі (болған кезде), теңгем ен______________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________. Объектінің атауы жəне орналасқан жері

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Жұмыстардың түрі және Шарттың құны, теңге объектінің аяқталу жылы (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша)

3. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) не жұмыстарды орындау үшін қажетті осындай (қосымша) жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып көрсетеді. Жабдықтың (құрылыс механизмдерінің, машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктер саны

Жай-үйі (жаңа, жақсы, жаман)

Меншікті, жалғаалынған (кімнен), сатыпалынады (кімнен)

4. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша: меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет. __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 5. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет. _______________ _____________________________________________________________________________________. Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын. Қолы_________________________ Үлгі конкурстық құжаттамаға 6-қосымша Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізуші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады) 1. Әлеуетті жеткізушінің атауы _________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл ішінде көрсеткен осындай қызметінің көлемі (болған кезде), теңгемен_____________________________________________ ____________________________________________________________________________. Көрсетілген қызметтің атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Қызмет көрсету орны және жылы

Шарттың құны, теңге (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша)

3. Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (материалдардың) не қызмет көрсету үшін қажетті осындай (қосымша) жабдықтың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып көрсетеді. Жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктер саны Жай-үйі (жаңа, жақсы, жаман)

Меншікті, жалғаалынған (кімнен), сатыпалынады (кімнен)

4. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша: меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет. _________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ 5. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет. _______________ _____________________________________________________________________________________. Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын. Қолы_________________________ Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымша Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті жеткізуші тауарларды сатып алу кезінде толтырады) 1. Әлеуетті жеткізушінің атауы _________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 2. Конкурста сатып алынатын, әлеуетті жеткізушінің соңғы он жыл ішінде жеткізген (шығарған) осындай тауарлардың көлемі (болған кезде), теңгемен__________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. Тауардың атауы

____жылғы «___»_________ _________

Күні Қолы М.О.

М.О.

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері

Тауарды жеткізу орны және күні

Шарттың құны, теңге (әлеуетті жеткізушінің қарауы бойынша)

Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) техникалық ерекше нұсқамасы (әрбір лотқа жеке беріледі) Конкурстың № __________________________________________________ Конкурстың атауы ______________________________________________ Лоттың № ______________________________________________________ Лоттың атауы ___________________________________________________ Техникалық ерекше нұсқамада қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі және жеткізілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар, кепілдік мерзімі көрсетіледі. Тауарларға берілетін техникалық ерекше нұсқамада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс. Техникалық ерекше нұсқамада тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) және оларды көрсету орны, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.

_________________ (орналасқан жері)

Толтыру күні ____________________

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі _____________________________________________ сатып алу бойынша конкурс (толық атауын көрсету)

№_______Кепілдік міндеттеме

Көрсетілетін қызметтерге берілетін техникалық ерекше нұсқамада техникалық және сапалық сипаттамаларын сипаттау техникалық сипаттама параметрлерін және үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсаттары үшін қызметтер көрсету мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, техникалық ерекше нұсқамада қызметкерге жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі. Техникалық ерекше нұсқамада ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт көрсетіледі. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада техникалық ерекше нұсқаманың орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс. Жұмыстың техникалық ерекшелігінде құрылыс алаңының, географиялық, инженерлікгеологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипаты, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғы, жергілікті ресурстардың сипаты, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесі, сондай-ақ объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамы, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптар көрсетілуі тиіс. Тиісті нормативтік-техникалық құжаттамаға жасаатын сілтемені көрсетуге жол беріледі.

3. Қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы мәліметтер (ақша: меншікті, кредит және т.б.). Төменде тізбелеп көрсету қажет. _________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 4. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін тізбелеп көрсету және қоса беру қажет. ____________________ _________________________________________________________________________. Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын. Қолы_________________________ Үлгі конкурстық құжаттамаға 8-қосымша Банк кепілдігі Банктің атауы________________________________________________ (банктің атауы және деректемелері) Кімге______________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы және деректемелері)

Р/с №

Қосалқымердігердің (бірлескенорындаушы) заңдытұлғаныңатауы не жекетұлғаболыптабыла тынқосалқымердігердің (бірлескенорындаушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) бизнессәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

Техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі

Осы қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) бойынша барлығы

теңге

көлемінің %

Осы қосалқымердігер (бірлескенорындаушы) бойыншабарлығы Барлыққосалқымердігерлер (бірлескенорындаушылар) бойыншажиынтығы

теңге теңге

көлемінің % көлемінің %

Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігері (және) бірлескен орындаушысы (және)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен сатып алуға қатысудың талаптары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлескен орындаушыларына) қатысты бөлігінде көзделген талаптарды бұзғандығы үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды. Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты

Қолы

Әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен асатын жұмыстар мен қызметтер көлемін беруіне жол берілмейді. Үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымша _____________________ (әлеуетті жеткізушінің атауы) әлеуетті жеткізуші бағаларының кестесi (лоттың нөмірі көрсетіле отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады) Р/с Мазмұны Тауарлардың, жұмыстардың, № қызметтердің атауы Қысқаша сипаты Шығарған елі (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет) Дайындаушызауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет) Өлшембірлігi ________біреуінің бағасы ____________ ИНКОТЕРМС 2000 талаптары бойынша __________ (межеліорны) Саны (көлемі) Барлықбағасы =___________ 5-бет х 6-бет, Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, төлеуге арналған барлық шығыстарды/кеденбажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдерді мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімi iшінде қызмет көрсетуге арналған құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 ___________ талаптары бойынша межелі орны, жалпы бағасы (жеңілдіктер ескеріле отырып, бар болса)__________

Біз сіздердің конкурстық құжаттамада ескертілген төлемдік талаптарыңызбен келісеміз __________________ _____________________________ (Қолы) (Лауазымы, тегі, аты, бар болса әкесінің аты) М.О. Ескерту: әлеуетті жеткізуші жалпы бағаның құраушы бөліктерін көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті жеткізушінің барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия белгіленген ретінде қарайды және ол қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 6-қосымша Шарттың мазмұнына қойылатын талаптар 1. Шарттың тақырыбында сатып алудың атауы, Тапсырыс беруші мен Жеткізуші белгілеген Шарт нөмірі, шартқа қол қойылған күні және орнын қамтылған. 2. Шарттың кіріспесінде Тапсырыс беруші мен Жеткізуші туралы мәліметтер қамтылған, онда мыналар қоса қамтылады: 1) өзіне оның атын және ұйымдық-құқықтық нысанына нұсқауды қосатын заңды тұлғаның атауы; 2) уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты; 3) Шарттың уәкілетті тұлғасының қол қою құқығын растайтын құжат; 4) Жеткізушінің резиденттігін көрсету; 5) Шартты тікелей жасау тәсілімен сатып алуды қоспағанда, Шартқорытындысының негіздемесі (хаттама, шешім). Егер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға Жеткізуші ретінде шықса оның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің және төлқұжатының деректері (нөмірі, берілген күні және кім берді), тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрмастан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат. 3. Шартта мынадай бөлімдер қамтылған: 1) Шарттың мәні және жалпы талаптары. Бөлімде шарттың мәні (Жеткізушінің тауарды сату және жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау міндеттемелері және Тапсырыс берушінің тауарды, көретілетін қызметтерді, жұмыстарды қабылдау, олардың ақысын төлеу міндеттемелері, тауардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыстардың сипаттамалары көрсетіле отырып немесе оларды жан-жақты сипаттайтын қосымшасына сілтеме жасала отырып көрсетіледі. Келтірілген сипаттамаларда сатып алынатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды сәйкестендіруге (техникалық ерекше нұсқама, техникалық сипаттамалар, мөлшері, саны, көлемі және т.б.) және шартта (Жеткізушінің конкурстық өтінімінде, және Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасында) көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Тауарды жеткізу кезінде ілеспе қызметтерді көрсетуге жол беріледі. Ілеспе қызметтердің құны Шарттың жалпы сомасына қосылады. Қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау кезінде қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) тартуға жол беріледі. Қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету үшін берген жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі сатып алынатын жұмыстардың немесе қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен артық аспайды. Шарттардың мәтіндерін жасау кезінде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдерді бір мағынада түсіндіру үшін терминдер сөздігі келтіріледі. Қазақстан Республикасының резиденті емеспен шарт жасаған жағдайда 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген талаптары ескеріле отырып, олар ұсынған нысанда шарт ресімдеуге жол беріледі. 2) Шарттың бағасы және ақы төлеу тәртібі. Бөлімде тауар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар үшін шарттың жалпы сомасы (біреуінің бағасын, көлемін қоса алғанда), құнын өзгерту немесе өзгертпеу тәртібі, валюта ескертіледі. Шарттың мазмұны 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі), 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес салықты төлеу және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, қосылған құн салығы, акциздер қамтылуға тиіс. Шарттың бағасына сақтандыруды, салықтарды, баж салығын және өзге де төлемдерді қоса алғанда, тауарды жеткізуге, қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға байланысты барлық тәуекелдер мен шығыстарды қосуға ұсыным жасалады. Шартқа есептер, шарт бағасының негіздемелері: құрылыс-құрастыру жұмыстарына арналған сметалар, көрсетілетін қызмет құнының есептері, түрлері мен техникалық сипаттамалары бойынша тауарлар тізбесі және біреуінің бағасы қоса берілуге тиіс. Міндетті түрде қандай мерзімде және қандай құжаттар негізінде (шот-фактуралар, қабылдауөткізу актісі немесе басқа құжат) шарт бойынша ақы төлеу жүргізілетіні көрсетіледі. Шартқа шарт бойынша міндеттемелер толық және тиісінше орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын толық төлеу мерзімімен, тауарлардың жеткізілгені, қызметтер көрсетілгені, жұмыстардың орындалғаны үшін алдын ала ақы төлеу және (немесе) толық ақы төлеу туралы талаптарды қосуға жол беріледі. Шарттың сомасы мен мәні тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және жұмыстарды сатып алу жоспарына сәйкес келуге тиіс; 3) Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Бөлімде Жеткізушінің тауарды сату және жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау міндеттемелері және Тапсырыс берушінің тауарды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды қабылдау және олардың ақысын төлеу міндеттемелері көзделеді. Сондай-ақ Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда Тапсырыс берушінің шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығы көзделген, бұл ретте Жеткізуші шарт бойынша алған соманы қайтарады және тұрақсыздық айыбын (шарт тараптары келіскен мөлшерде) төлейді. Егер Жеткізуші немесе оның қосалқы мердігері (мердігерлері) (және) немесе бірлескен орындаушысы (орындаушылары) шартты орындау кезеңінде кез-келген сәтте шартты уақтылы орындауға кедергі келтіретін талаптарға жолығатын болса, Жеткізуші Тапсырыс берушіге кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі (себептері) туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші Жеткізушіден хабарлама алғаннан кейін мән-жайды бағалайды және өзінің қалауы бойынша шартқа өзгерістер енгізу арқылы шартты орындау мерзімін ұзартады. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз шарт бойынша өз міндеттемелерін толық та, ішінара да басқа біреуге бермейді. Жеткізушінің мыналарды ұсыну бойынша міндеттемелерін көздеуге ұсыным жасалады: Техникалық құжаттамаларды беру және орыс тіліндегі және (немесе) ағылшын тіліндегі (өндіруші тілі) таңбалануын көрсету. Техникалық құжаттаманың тілін (орыс тілі, ағылшын тілі, өндірушінің тілі) келісудің артықшылығы бар; Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында не шартта ескертілсе, Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелері. Қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) болуы Жеткізушіні шарт бойынша материалдық және басқа да жауапкершіліктен босатпайды;

(Соңы 14-бетте).


14

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 7-қосымша Нысан Конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру ________________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы, пошталық және электрондық мекенжайлары) мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)сатып алу конкурсын өткізу туралы хабарлайды: ________________________________________________________________________ (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атаулары) Тауар мына мекенжайға жеткізіледі (жұмыстар орындалады, қызметтер көрсетіледі): ________________________________________________________________________ (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны және олардың көлемі көрсетіледі) (сатып алуды ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға рұқсат беріледі). Тауарларды жеткізудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі ________________________________________________________________________. Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты (егер ақы төлеу конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін ___жылғы «____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда ________________________________ ______________________________ (конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша: _______________________________________, №__бөлме, сағат____-дан____-ге дейін және (немесе) мына мекенжай бойынша_______ электрондық поштамен алуға болады. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны _________________________________ _____ теңге болады және _____________________________________________________________ ______________(сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады). Конвертке салынып бекітілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті жеткізушіл ер______________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) мына мекенжай бойынша _________________________________________________ (толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін). беріледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі_______________ ___________________________________дейін. (уақыты мен күні көрсетілсін) Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ___________________________________________________________________________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша _________________________________________________________ (толық мекенжайы, бөлменің № көрсетілсін) ашылады. Қосымшаақпарат пен анықтаманымына телефон арқылыалуғаболады: ___________________________________________________________________________ (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ____________________________________________________. (тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 8-қосымша Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасы ___________________________________________________ (конкурстың атауы) __________________ ____________________ (Ашу орны)

нысан

(уақыты мен күні)

1. Мынадайқұрамдағыконкурстық комиссия: _______________________________________________________________________ (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді. 2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті жеткізушілерге беріл ді:____________________________________________________________________. (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы) 3. Мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері___________ ___________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы көрсетіле ді)_______________________ негізінде ашылмай қайтарылды. 4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімде рі:__________________________________________________________________ (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен) ашылды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қа мтиды:___________________________________________________________________. (өтінімдегі құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат, конкурстық өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі)

5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті жеткізушілер қатысты: __________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы, олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолдары. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 9-қосымша нысан

Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы рр/с Конкурсқа қатысу Парақтар № өтінімін құрайтын саны құжаттар топтамасына кіретін құжаттың атауы, 1 2 3

Конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегі, аты-жөні, қолы, оларды алу күні 4

Конкурстық өтінім құжаттарын кері алғанын куəландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегі, аты-жөні, қолы, оларды алу күні 5

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 10-қосымша

__________________ (Өтінімдерді қарау орны)

______________________________________________________________________ (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе ____________________________________________________________________ (конкурстың атауы) сатып алу жөніндегі конкурс (екі кезеңді рәсімді пайдалана отырып) өтпеді деп танылсын. (егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін көрсету); 2) ____________________________________________________________неғұрлым артық көрінетін ұсынысы бар конкурсқа қатысушыны айқындау; (бар болса конкурсқа қатысушының атауын және орналасқан жерін сондай-ақ оның негізінде ұсыныстары неғұрлым артық болып табылатын талаптарды көрсету) 3) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін, сондай-ақ ненің негізінде оның ұсынысы неғұрлым артық болып табылатын талаптарды көрсету). 4) Сатып алуды ұйымдастырушы _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету) Конкурс тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жарияласын.

нысан

Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ______________________ (конкурстың атауы)

Осы шешімге дауыс бергендер: Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолдары.

____________________ (уақыты мен күні)

1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия: ___________________________________________________________________________ (конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі) __________________________________________________________________________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады. 2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерге қоса берілген техникалық ерекше нұсқамаларға сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат. 3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтіні мі:____________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы, өтінімдегі құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған. 4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуіне қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия: 1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін _____________________________________________________________; (әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жеке көрсетіледі) 2) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келмейтін ___________________________________________________________; (әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі, конкурстық өтінімдердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептері жеке көрсетіледі) әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін жариялайды. 5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді алдын ала қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ: 1) мына әлеуетті жеткізушілерге___________________________________________ (әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жеке көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы ұсынылсын; 2) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілген әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерді қайталап қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия отырысының күні, уақыты және орны _______________ ____________________________ белгіленсін; (конкурстық комиссия отырысының күні, уақыты және орнын көрсету) 3) конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы осы хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына орналастырсын. Әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілерді көрсету талаптарында конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі. 6. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірген конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті күні мен уақыты конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы хаттама жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 13-қосымша Мүгедектер ұйымынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі. 1) Төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрацтар, жамылғы, жастық түрлері, сүлгі, майлық, жастық тыстары, матрацқа арналған тыстар, жаялықтар; 2) аспаздың костюмі, пісірушінің костюмі, түрлі қалпақтар; 3) дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер; 4) термоберік брезенттен жасалған костюм, мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған дала костюмі, бүркемеленген далаға киетін күрте, брезент костюм, дәнекерлеушінің, аккумуляторшының костюмі, жұмыс комбинезоны, су өткізбейтін қанықтырмасы бар брезент жадағай, резеңкеленген жадағай; 5) түрлі бушлаттар, мақтадан жасалған күрте, мақтадан жасалған жылы шалбар, синтепоннан жасалған сырып тігілген медициналық бушлат, «Зима» жылы костюмі, теріден жасалған костюм, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күрте, далаға киетін бүркемеленген костюм, шалбар, фуфайка, теріден жасалған костюм, теріден жасалған құлақшын; 6) резеңкеден жасалғандарын қоспағанда барлық атаудағы қолғаптар мен биялайлар; 7) түрлі үшкіл орамалдар, шлемнің астынан киетін түрлі қалпақтар, қол орамал, жаға астары; 8) жұмыс халаты, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім (офицерлік құрамнан басқа), сигналдық кеудеше, барлық түрдегі медициналық халаттар, хирургиялық костюмдер, түрлі бахилалар, формалық және арнайы киім, көрпе, госпиталь халаттары, түрлі халаттар, түрлі мектеп формалары; 9) аяқ киім тігу және жөндеу; 10) қоқыс тазалайтын күрекшелер, түймелер, қыстырғыштар, шахматтар, шашкалар, ілгіштер, шыны банкаларға арналған пластмасса, металл қақпақтар, медициналық фольга қалпақтар, қорғау каскалары, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған контейнерлер, Р-50, Р-65 оқшаулау бөлшектері, құжат тігілетін папкалардың құлыптары, шылапшындар, шелектер, электр энергиясын есептеу құралдарына арналған тыстар мен корпустар, щетка металл дөңгелек, рабица тор; 11) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар; 12) монеталық өнімге арналған арнайы орауларды қоспағанда, орайтын қораптар, мұрағат қораптары; 13) розеткалар, өшіргіштер, ұзартқыштар, ИП 212-45 өрт кезіндегі хабарлағыштар, 1000 В-гe дейінгі кернеудегі түрлі модификациядағы электр қалқандар; 14) үй-жайлар мен аумақтарды жинау; 15) абаттандыру, көгалдандыру; 16) қылқалам-щетка бұйымдары; 17) Экспортталатын өнімдерге арналған жәшіктерді қоспағанда ағаштан жасалған бұйымдар (түрлі саптар, салатын жәшіктер). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 14-қосымша нысан Әлеуетті жеткізуші бағаларының кестесi (әлеуетті жеткізушінің атауы лоттың нөмірін көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

Осы шешімге дауыс бергендер: Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 11-қосымша Конкурсқа қатысуға жіберу хаттамасы _______________________ (конкурстың атауы) __________________ ____________________ (уақыты мен күні) (Өтінімдерді қарау орны)

нысан

Мазмұны

1 2 3

Қысқаша сипаты Өлшем бірлігi ____________ ИНКОТЕРМС 2000 талаптары бойынша __________біреуінің_______бағасы (межелі орны) Саны (көлемі) Барлықбағасы =___________ 5-бет х 6-бет, Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, төлеуге арналған барлық шығыстарды/кеден бажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдерді мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімiiшінде қызмет көрсетуге арналған құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 ___________ талаптары бойынша межелі орны, жалпы бағасы (жеңілдіктер ескеріле отырып, бар болса)__________

4 5

1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия: ___________________________________________________________________________ (Конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі) __________________________________________________________________________ сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады. 2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекше нұсқамаларына сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат. 3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтіні мі:____________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті жеткізушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім беру уақыты, өтінімдегі құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және оның өзгеруі туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған. 4. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілме йді:___________________________________________________ (себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті жеткізушілер әрбір лот бойынша жеке деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Қағидалардың 27-тармағының талаптары бұзылған). 5. Әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері ______________________________________ _______ (әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілердің тізбесі (деректемелері) жеке көрсетіледі). 6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ: 1) мына әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін көрсету). 2) ұсынылған нысан бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау критерийлерінің мәнін айқындау; 3) мына әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін: ______________________ ______________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті жеткізушілердің тізбесін көрсету); 4). конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау күні, уақыты және орны _______ _________________________________ белгіленсін; 5) конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы____________________________________________ белгіленсін. (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысының күнін, уақытын, орнын көрсету, бірақ конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы осы хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына орналастырған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте емес); 6) конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы осы хаттаманың мәтінін оған қол қойған күні тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына орналастырсын Әрбір лот бойынша әлеуетті жеткізушілерді көрсету талаптарында конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.

6

М.О. Ескерту: әлеуетті жеткізуші жалпы бағаның құраушы бөліктерін көрсетпеуі мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті жеткізушінің барлық шығындарын ескере отырып айқындалған ретінде қаралады және ол қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 15-қосымша

рр/с Әлеуетті № жеткізушінің атауы

Ллот Мынадай бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті жеткізушінің шартты бағасына Мынадай нөмірi пайыздық әсері, пайызбен бағалау өлшемдерін ескере отырып, әлеуетті жеткізушінің шартты бағасына пайыздық әсері, пайызбен Өткізілетін «Техникалық Сатып алынаҰлттық стандарттардың Тауарлардың техникалық сатыпалудың реттеу туралы» тын тауарлар, талаптарына сәйкес мәні болып 2004 жылғы 9 жұмыстар, қоршаған ортаны басқа- сипаттамалары табылатын қарашадағы қызметтер бойру менеджментінің тауарлар, Қазақстан ынша ұлттық сертификатталған жұмыстар, Республикасының стандарттардың жүйесінің қызметтер Заңына сәйкес талаптарына (сертификатталған нарығындағы отандық тауар сәйкес сапа жүйелерінің) божұмыс өндіруші үшін тау- менеджментінің луы және (немесе) тәжірибесi арларды ерікті сер- сертификатталған «Техникалық реттеу тификаттау туралы жүйесінің туралы» 2004 жылғы 9 құжаттың болуы (сертификатталған қарашадағы Қазақстан жүйелерінің) Республикасының болуы Заңына, экологиялық таза өнім стандартына сәйкестігін растаудың болуы

Есептей отырып, шартты бағаға пайыздық әсері, пайызбен

Жергілікті қамту

р/с №

Баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың № жəне аты 2

1

Тапсырыс берушінің/ сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, почталық мекенжайы 3

Əлеуетті жеткізушінің атауы, БСН, почталық мекенжайы 4

Əлеуетті жеткізушінің уəкілетті өкілінің аты-жөні 5

Əлеуетті жеткізушінің баға ұсыныстарын ашу күні жəне уақыты 6

Əлеуетті жеткізуші ұсынатын баға

Баға ұсыныстарын сұрату тəсілімен сатып алудың жиынтығы

7

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 16-қосымша Банк кепілдігі (шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны) Банктің атауы________________________________________________ (банктің атауы және деректемелері) Кімге______________________________________________________________ (сатып алуды ұйымдастырушының атауы және деректемелері) №_______Кепілдік міндеттеме _________________ ____жылғы «___»_________ _________ (орналасқан жері) ______________________________________________________________________, (жеткізушінің атауы) «Жеткізуші», _______________________________________________________________ (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің атауы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) арналған ___жылғы _____________№__ сатып алу туралы шартты жасағанын (жасайтынын) және Сіздің Шартта жалпы сомасы ___________________ (сомасы санмен және жазумен) теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етуді енгізуді көздегеніңізді, мұның _________________________________теңге мөлшеріндегі Шарттың жалпы (сомасы санмен және жазумен) сомасының ______%-на сәйкес келетенін назарда ұстай отырып, Осы арқылы _______________________________________________________________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепіл болып табылатынын және Сіздің жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Жеткізушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауының немесе тиісінше орындамауының жазбаша растамасын алған бойда Сізге талап етуіңіз бойынша өтеусіз міндеттемені өзіне алатындығын растаймыз. Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кепілгерлердің қолы және мөрі

Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, бар болса әкесінің аты, қолы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 12-қосымша Конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттама _____________________ (конкурстың атауы) __________________ ____________________ (Баға ұсыныстары салынған (уақыты мен күні) конверттерді қарау орны)

Нысан

Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу Журналы

Нысан Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің шартты бағасына пайыздық әсерді есептеу

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Біз Сіздердің шартта сөз болған ақы төлеу талаптарыңызбен келісеміз __________________ _____________________________ (Қолы) (Лауазымы, тегі

Осы шешімге дауыс бергендер: Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты) Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты)

Барлығы

заттармен қанығуы және осы анықталғандар жұмыстың орындалуына тікелей әсер ететін болса, бұл да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады. 8) Мердігер Тапсырыс берушінің атына ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен бастап жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге сақтандыру жабуын қамтамасыз . Сақтандыру объектілері мен сомалары (жабдықтарды жеткізуді сақтандыру, адамдарды сақтандыру және т.б.) Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын жұмыстар басталатын күнге дейін бекіту үшін Тапсырыс берушіге береді. Егер Мердігер талап етілген сертификаттарды бермесе, Тапсырыс беруші сақтандыруды өз бетінше жүзеге асырады және бұл шығыстарды шарт сомасынан ұстап қалады. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру талаптарын ешқандай да өзгерте алмайды. Тараптар сақтандыру полисінің барлық талаптарын сақтауға тиіс. 9) әрбір Тарап олардың бірлескен іс-әрекеттерінің немесе қателерінің нәтижесі болып табылған шығындар, шығыстар және шығындар бойынша шағым-талаптар, адамдардың денсаулығына залал келтірілгені және адамдардың опат болғаны үшін жауап береді және оларды екінші тарапқа өтейді. 10) Мердігер Объектідегі жұмыстарды орындауды қауіпсіздік техникасына толық жауап береді; 11) Тапсырыс беруші Мердігерге Объектінің құрылысы үшін бөлінген барлық Учаскесін пайдалануға рұқсат береді. Егер Учаскенің құрылысқа бөлінген бөлігі Учаскені беру күніне берілмесе және осының себебінен жұмыстарды орындау кешіктірілсе, мұндай жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстардың аяқталу мерзімін осы Учаскені берудің кешіктірілген мерзіміне ұзартуға тиіс. 12) Тапсырыс берушінің немесе оның уәкілетті адамының, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушілердің Учаскеге немесе шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез-келген басқа жерлерге кіруіне әрқашан да рұқсаты бар. 13) егер Мердігер шарттық құжаттардың талаптарын бұза отырып орындалған жұмыстарды түзету бойынша міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыстарды соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші тоқтату себептерін жойғанға дейін жазбаша ұйғарыммен Мердігерге жұмысты түгелдей немесе оның бір бөлігін тоқтату туралы өкім береді; 14) егер Мердігер Тапсырыс белгілеген мерзім ішінде жұмысты түземесе түземесе (оны жобалаусметалық құжаттамаға сәйкестендіре алмаса) және жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе, Тапсырыс беруші көрсетілген мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталайды. Егер Мердігер келесі белгілеген мерзім ішінде көрсетілген ақауларды түзете алмайтын жағдайда болса, Тапсырыс беруші басқа ықпал ету әдістерін қолданатын өз құқықтарынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындайды. Мұндай жағдайларда өзгерістер туралы бұйрық шығарылады, оның негізінде Мердігерге төленуге тиісті сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындарының өтемақысын қоса алғанда аталған ақауларды түзеу құны ұсталынады. Егер Мердігерге төленуге тиісті сомалар көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, онда Мердігер Тапсырыс берушіге өз қаражатынан айырмасын төлейді; 15) Мердігер Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі жазылған жұмыстарды жүргізу кестесін, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан төлемдер жүргізу кестесін бекіту үшін береді. 16) Тапсырыс беруші егер ырық бермейтін күш (төтенше жағдай) немесе ауытқушылықтар орын алса, оларға ұсынылған жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады, жұмыстарды орындау үшін, содай-ақ егер жұмыстарды орындау барысында қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын ақаулар анықталса қосымша уақытты талап етеді. Егер Тапсырыс берушінің немесе Мердігердің бақылауына алынбаған ырық бермейтін күш (төтенше жағдай) шарттың орындалуын тоқтататын болса, Тапсырыс беруші шарт қолданысының тоқтатыла тұруды куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарламаны алғаннан кейін ең қысқа мерзімдерде Объектінің консервациялануын қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні консервациялау күніне дейін орындалған жұмыстардың тұтас көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлейді; 17) Мердігер білімін және барлық өзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмысты бақылайды және жібереді. Мердігер жұмысты орындау құралдары, әдістері, техникасы жүйелілігі мен сапасы үшін, сондай-ақ шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толық жауап береді; 18) Мердігер Тапсырыс берушінің алдында өз қызметкерлерінің, қосалқы мердігердің, қосалқы мердігер қызметкерлерінің және сенім білдірген тұлғаларының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде бір шарт шеңберінде жұмыстың бөлігін орындайтын өзге де тұлғалардың іс-әрекеттері мен қателіктері үшін жауап береді; 19) Тапсырыс беруші жұмысты немесе құрылымды тексеру үшін сынақ жүргізеді. Егер тексергеннен кейін тексерілген жұмыста немесе құрылымда ақаулар бар болса, Мердігер жұмыстың ақауын түзетеді және (немесе) құрылымды ауыстырады. 20) Мердігер жеткізілетін материалдар мен жабдықтардың техникалық ерекше нұсқамаға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келетініне, жұмыстың оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкеспейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына Тапсырыс берушіге кепілдік береді. Осындай талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде аз негізделген және рұқсат етілмеген өзгерістері бар жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер ұсынатын кепілдікке пайдалану қағидаларының бұзылуы, Мердігер (Қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған түрлендіру салдарынан, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету салдарынан, сондайақ жабдықты дұрыс пайдалану кезінде тозуы немесе бүлінуі салдарынан залалды қайтару немесе ақауларды жою кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекше нұсқамаға және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкесетінін куәландыратын құжаттарды ұсынады; 21) егер Мердігердің шарт талаптарын айтарлықтай бұзуы салдарынан Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ уақытша ғимараттар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және шартты бұзуға байланысты қаржылық тексеруді шешкенге дейін оның басқаруында болады; 22) Мердігер орындалған жұмыстарды және барлық материалдарды, жабдықтарды, қорлар мен жұмысқа байланысты өзге де ұстанымдарды климатикалық шөгінділерге, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты барлық залал, зақымдалу, жойылу түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Мердігер өзінің жұмыстарын жасау кезінде жоба бойынша басқа жұмыстардың, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншіктің және оған тиесілі ғимараттардың жолды, үй-жайларды, материалдардың қоймалары мен жылжитын және жылжымайтын мүліктердің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ осылармен шектелмей) зақымдалудың қандай қандай да бір түрінен қорғалуын қамтамасыз етеді. Мердігердің жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындары Тапсырыс беруші тарапынан қосымша өтелмейді. Тапсырыс беруші Мердігер жұмыстарының олар толық аяқталғанға және қабылданғанға дейін жоғарыда айтылған себептер бойынша қандай болмасын залал келгені немесе қандай болмасын зақымдалғаны үшін жауап бермейді және жоғарыда айтылғандарың нәтижесінен болған қандай болмасын залалды, қандай болмасын зақымдалуларды және өзге де ақауларды қосымша ақысыз түзетеді; 23) Мердігер Объектіге жеткізетін барлық материалдар мен жабдықтардың жеткізілуін, тасымалдануын, түсірілуін және сақталуын ұйымдастыру үшін жауап береді. Жеткізілім тек Мердігердің атына ғана жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші қандай болмасын жағдайларда жеткізуге, өңдеуге, сақтауға көлік құралдарының тұрып қалуына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап бермейді. Ешқандай да жеткізілімдер Тапсырыс берушінің атына жіберілмеуге тиіс; 24) егер Шарт бұзылса, Мердігер дереу жұмысын тоқтатады, Объектіні тоқтатып қоюды және оны белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіге өткізуді қамтамасыз етеді. 25) егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдары мен жабдықтарын жеткізу көзделсе, Мердігер оларды жеткізу үшін қажетті болуы мүмкін мерзімдері туралы Тапсырыс берушіге алдынала хабарлайды. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыстар кестесінде көзделеді. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскедегі материалдар мен жабдықтарды алу кестесін ұсынады. Сақтау, салу немесе дестелеу үшін тек Тапсырыс берші бөлген учаскелер ғана қолданылады. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын түсіруді және сақтауды кідіртсе, және бұлай кідірту жалпы жұмыстың жүзеге асырылуына залал келтірсе, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын түсіруді және сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асырады (бірақ мұны жасау міндетті емес). Мұндай жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстың басталу күнін және орнын көрсете отырып, осындай жұмыстардың жүзеге асырылғаны туралы бір жұмыс күні бұрын Мердігерге хабарлайды. Егер мұндай түсіруді немесе сақтауды Тапсырыс беруші жүзеге асырса, жоғарыда ескертілгендерге залал келуіне немесе зақымдалуына байланысты барлық тәуекелді Мердігер көтереді. 26) Тапсырыс беруші ұсынатын материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесе отырып қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында жүк түсіруді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарға сәйкес кез-келген кем шығу немесе зақымдалу қабылдау туралы жазбаша құжатта анық жазылуға тиіс. Мұндай материалдар мен жабдықтарды қабылдап алғаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтарды өңдеу және сақтау үшін толық жауап береді және жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымдалған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын толық аяқтағаннан кейін қалған кез-келген материалдардың немесе жабдықтардың артық шыққаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс; 27) егер Тапсырыс беруші шартқа сәйкес Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізделген санда электрмен және сумен қамтамасыз етеді. Мердігер қосуды орындағаны үшін Тапсырыс беруші белгілеген қосу орындарынан электр энергиясын және суды тарату үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстың ұзақтық мерзімін өзгерту үшін негіз болып табылады; 28) Мердігер Учаске аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскедегі барлық құрылыс қоқыстарын жояды және Учаскені тез арада ретке келтіреді. Егер Мердігер Учаскені Шартта талап етілгендей таза ұстай алмаса, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, бұл жұмысты өзі орындайды; 29) Мердігер шартта келісілген барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші Шартта белгіленген мерзімде шартқа сәйкес жұмыстың аяқталуын бағалау жөнінде комиссия (Жұмыс комиссия) тағайындайды. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі. Жұмыс комиссиясы шала істелгендер тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шала істелгендерді жою күні шарттың аяқталу күні болып табылады. Барлық шала істелгендерді жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісі) айқындалады.

Конкурстық өтінімінің шартты бағасына сомалық пайыздық әсерінің жиыны

(Соңы. Басы 10-13-беттерде). 4) Тауарды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау талаптары. Бөлімде тауарды жеткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау талаптары, орны және мерзімдері көзделеді. Incoterms қағидаларына сәйкес тауарды жеткізу талаптарын қабылдауға ұсыным жасалады, бұл жағдайда қағидалардың редакциясы (мәселен, Incoterms 2010 және т.б.) және мәселен DDP (Incoterms 2010) талаптарымен жеткізу немесе тиеу орны (жеткізу базисінің талаптарына сәйкес) көрсетіледі. Бөлімде жеткізу базисінде ескертілмеген барлық талаптар айқындалуға тиіс, оның ішінде: меншік құқығының, тәуекелдердің, жауапкершіліктің ауысу талаптары; сақтандыру бойынша бенефициар; тауарды тиеу, жеткізу күнін белгілеу талаптары, ілеспе құжаттаманы жіберу талаптары; жеткізілетін тауарлармен қоса берілетін құжаттардың тізбесі (мәселен: паспорттар, нұсқамалар, техникалық құжаттама, сапа, сәйкесу, шығу сертификаттары, қабылдау-өткізу актілері, жүкқұжаттары, кепілдік талондары, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актілері, экспорттық декларация, жүк-кеден декларациясы және басқалары); ілеспе ақпаратты жіберу әдістері – поштамен, факспен, электрондық почтамен және басқалары. Шартта тауарды жеткізудің, қызметтер көрсетудің, жұмыстарды орындаудың бастапқы және соңғы мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жұмыстарды жүргізу кестесінде жұмыстардың жекелеген кезеңдерін аяқтау мерзімдері (аралық мерзімдер) және аралық мерзімдерді бұзғаны үшін жауапкершілігі болуға тиіс. Шартта объекті құрылысының кезеңі және (немесе) құрылыстың шекті мерзімі көрсетіледі. 5) Жеткізушінің Тауарға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға берген кепілдігі. Шартта Жеткізушінің кепілдікті ұсыну талаптары, кепілдіктің қолданылу мерзімі қамтылған. Кемінде 1 жыл - кепілдік мерзімін көздеуге ұсыным жасалады. Тауардағы, көрсетілетін қызметтердегі, жұмыстардағы кемшіліктерді, сәйкессіздіктерді, істелмей қалуларды, қателерді (бұдан әрі –ақаулар) ауыстырған немесе түзеткен жағдайда ауыстырылған (қалпына келтірілген) тауарға, қызметке, жұмысқа немесе оның бөлігіне кепілдік мерзімі осындай ауыстыру (қалпына келтіру) күнінен бастап есептеледі. Егер кепілдік мерзімі ішінде тауардан, көрсетілген қызметтерден, орындалған жұмыстардан ақаулар анықталса, Тапсырыс беруші осындай тауардан, қызметтерден, жұмыстардан бас тартады, ал Жеткізуші өз есебінен тауарды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды не ауыстырады (қалпына келтіреді), сәйкес келтіреді және (немесе) оны ауыстыру (қалпына келтіру) құнын (жұмыстар, қызметтер есепке алынып) өтейді. Ақауларды жою мүмкін болмаған жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге барлық шығындарды (шығыстарды) өтейді; 6) Тараптардың жауапкершілігі. Бөлімде жалпы Тараптардың 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) не тараптардың келісімі бойынша басқа қолданылған құқықтарға сәйкес Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауап беретін туралы көзделеді. Ырық бермейтін күшті (төтенше жағдайды) қоспағанда, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбының (өсімпұлғ айыппұл) мөлшері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтару және (немесе) шартты бұзу көзделуге тиіс. Шарт бойынша ақы төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбының мөлшерін шектеуге ұсыным жасалады, мәселен «Тапсырыс беруші шарт бойынша ақы төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін мерзімінде төленбеген соманың 0,1% мөлшерінде, бірақ шарт сомасының 5%-нан асырмай тұрақсыздық айыбын төлейді». Егер Тапсырыс беруші Жеткізушінің кінәсі (Жеткізушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауы не тиісінше орындамауы) бойынша емес Шартты бұзудың бастамашысы болса, Жеткізуші шартты бұзу күні шарт бойынша оны бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ақы төлеуді талап етуге құқығы бар; 7) Конфиденциалдылық. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Жеткізуші шартты орындау үшін тартқан персоналды қоспағанда, басқа біреуге шарттың немесе оның қандай да бір ережелерінің мазмұнын, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттамаларды, жоспарларды, сызбаларды, үлгілерді, нұсқаларды немесе ақпаратты жарияламайды. Көрсетілген ақпарат осы персоналға шарттық міндеттемелерді орындау үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада конфиденциалды ұсынылады. Жеткізуші Тапсырыс берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз шартты іске асыру мақсатынан басқа жағдайларда жоғарыда тізбелеп көрсетілген қандай болмасын құжатты қолданбайды; 8) Дүлей күш (төтенше жағдай). Дүлей күш (төтенше жағдай) туындаған кезде Жеткізуші Тапсырыс берушіге осындай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулар келіп түспейтін болса, Жеткізуші қаншалықты мақсатқа сай болса шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастырады және көрсетілген мән-жайларға тәуелді болмайтын шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді. 9) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшері шартта аванс төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді. Егер шартта алдын ала ақы төлеу (аванс) туралы талаптар көзделсе, шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмайтын алдын ала ақы төлеу (аванс) сомасына тең мөлшерде белгіленеді. Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді. Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдап алады: Тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепілдік ақша жарнасы; банктік кепілдік; 10) Дауларды шешу талаптары. Тапсырыс беруші мен Жеткізуші шарт бойынша немесе онымен байланысты өздерінің арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін бар күшін салуға тиіс. Шарт бойынша Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда, дау кез-келген тараптың талап етуі бойынша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) не тараптардың келісімі бойынша басқа қолданылған құқықтарға сәйкес шешілуін талап ете алады. Резидент емеспен (резидент еместермен) шарт жасаған жағдайда шарттың Қазақстан Республикасының заңнамасымен (Қазақстан Республикасының құқығы қолданылған құқық болып табылады) реттелетінін және даулар туындаған жағдайда олардың Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында немесе Тапсырыс берушінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы төрелік сотта қаралатынын көрсетуге ұсыным жасалады. 11) Шартқа өзгерістер енгізу және оны бұзу талаптары. Бөлімде шартқа өзгерістер енгізуге, шартты бұзуға жол берілетін мән-жайлар мен негіздемелер және оларды тараптармен келісу тәртібі көрсетіледі. Шартқа барлық өзгерістердің олар жазбаша түрде жасалған және оларға тараптардың қолдары қойылған жағдайда ғана күші болады. 12) Шарттың күшіне ену талаптары. Шарт оған Тапсырыс беруші мен Жеткізуші қол қойғаннан кейін немесе соңғысы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізген соң күшіне енеді. Міндетті мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған болып саналады. 13) Шарттың тілі. Шарт «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 маусымдағы заңына сәйкес жасалады. 14) Шартта тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері қамтылған. 4. Тауарды жеткізген жағдайда шартта мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ тізбелеп көрсетілгендермен шектелмейді: 1) шет елден жеткізілетін тауарлар үшін: Жеткізуші Тауарды тиегеннен кейін Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекс немесе факс бойынша Шарттың нөмірін, тауардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін, күнін, портты және тиеген күнді, түсірген портты және т.б. қоса алғанда тасымалдаудың барлық мәнжайы туралы хабарлайды. Жеткізуші Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды жібереді: Жеткізушінің тауарлар сипатталған, тауардың саны, біреуінің бағасы және жалпы сомасы көрсетілген шот-фактураларының көшірмелері; тасымалдау жүкқұжатының түпнұсқасы және үш көшірмесі; әрбір ораудың ішіндегісі көрсетіле отырып, орау қағазының көшірмелері; сақтандыру сертификаты; дайындаушының немесе Жеткізушінің кепілдік сертификаты; уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізу туралы куәлік, сондайақ Жеткізушінің зауытында техникалық бақылаудың жүргізілгені туралы есеп (егер осындай жер бар болса); тауардың шығу тегі туралы сертификат. Тапсырыс беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды тауар портқа немесе жеткізу бөліміне келгенге дейін бір апта бұрын алуға тиіс, оларды алмаған жағдайда, Жеткізуші осыған байланысты барлық шығыстар үшін жауапты болады; жергілікті тауарлар үшін: Жеткізушінің тауарлар сипатталған, тауардың саны, біреуінің бағасы және жалпы сомасы көрсетілген шот-фактураларының көшірмелері; тасымалдау жүкқұжаты, теміржол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі; дайындаушының немесе Жеткізушінің кепілдік сертификаты; уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау жүргізу туралы куәлік, сондай-ақ Жеткізушінің зауытында техникалық бақылау жүргізілгені туралы есеп (егер осындай жер бар болса); тауардың шығу тегі туралы сертификат. 2) Жеткізуші тауарларды соңғы межелі жерге тасымалдау уақытында олардың зақымдалуының немесе бүлінуінің алдын алуға мүмкіндік туғызатын тауарларды ораумен қамтамасыз етеді. Орау қандай да бір шектеулерсіз үдемелі көтеру-тасымалдау өңдеуді және тасымалдау кезінде экстремалды температураның, тұздың және қар, жауын-шашынның әсерін, сондай-ақ ашық жерде сақталуға төтеп беруге тиіс. Оралған жәшіктердің ауқымдылығын және салмағын анықтау кезінде соңғы жеткізу бөлімінің шалғайлығын және барлық тауарларды жіберу бөлімдерінде қуатты жүк көтергіш құралдарының болуын ескеру қажет. Жәшіктерді орау және таңбалау, сондай-ақ олардың ішіндегі және сыртындағы құжаттар Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс; 3) Тауарлар дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе зақымдалудан (сақтандырудың қажетті түрін көрсету қажет) теңгемен (немесе еркін айырбасталған валютамен) толық сақтандырылуға тиіс. Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Жеткізушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде көрсетіледі. Сақтандыру әскери іс-қимылдар мен ереуілдерге байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, «барлық тәуекелдерден» сақтандыру кезінде «қоймадан қоймаға дейін» Шарт сомасының 110%-ы мөлшерінде болуға тиіс. 4) Жеткізуші тауарларды межелі орнына дейін жеткізеді. Жеткізуші осы тауарларды межелі орынға дейін тасымалдауды жүзеге асырады және ақысын төлейді, ал осыған байланысты шығыстар Шарттың жалпы сомасына қосылады; 5) Жеткізуші егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт шеңберінде жеткізілген тауарлардың жаңа, пайдаланылмаған, құрылымдар мен материалдардың барлық соңғы түрленуін бейнелейтін жаңа не сериялы модельдер болып табылатынына кепілдік береді. Жеткізуші бұдан әрі осы Шарт бойынша жеткізілген тауарларда Тапсырыс берушінің елі үшін қалыпты болатын талаптармен жеткізілген тауарлармен дұрыс жұмыс істеген кезде құрылымға, материалдарға немесе жұмысқа байланысты ақаулардың болмайтынына кепілдік береді. Жеткізуші Тапсырыс беруші ұсынған техникалық ерекше нұсқамаға қатаң сәйкес дайындаған құрылымдардан, материалдардан ақаулар табылған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушінің техникалық ерекше нұсқамасындағы оның (Тапсырыс берушінің) қателіктері үшін жауап бермейді. 6) Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері тауарлардың техникалық ерекше нұсқамаға сәйкес келуін растау үшін егер бұл туралы Шартта және (немесе) техникалық ерекше нұсқамада келісілген болса, тауарларға техникалық бақылау және (немесе) сынақ жүргізе алады. Шартта және (немесе) техникалық ерекше нұсқамада Тапсырыс берушіге тексеру мен сынақтың қандай түрі керек екені, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екені көрсетіледі. Тапсырыс беруші осы мақсаттар үшін тағайындалған өз өкілдері туралы Жеткізушіге жазбаша түрде және уақтылы хабарлайды. Жеткізуші осы сынақтар үшін барлық шығыстарды көтереді. Техникалық бақылау және сынақтар Жеткізуші немесе оның бірлесіп орындаушысы (орындаушылары) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және (немесе) соңғы межелі орнында жүргізілуі мүмкін. Егер олар Жеткізушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (мердігерлерінің) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс берушінің өкілдеріне Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз сызбалар мен өндірістік ақпаратқа рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар беріледі және көмек көрсетіледі. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекше нұсқамаға жауап бермесе, Тапсырыс беруші тауарларды қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте, Жеткізуші техникалық ерекше нұсқаманың талаптарына сәйкес Тапсырыс беруші тарапынан қандай да бір қосымша шығынсыз ақауларды түзетеді, ақаулы тауарды ауыстырады не қажетті өзгерістер енгізеді. Жоғарыда көрсетілгендер Жеткізушіні шарт бойынша кепілдік пен басқа да міндеттемелерден босатпайды; 7) Шартта Жеткізушіден ол дайындайтын немесе іске асыратын қосалқы бөлшектер туралы, атап айтқанда Тапсырыс беруші Жеткізушіден сатып алу үшін және кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалану үшін таңдап алуы мүмкін қосалқы бөлшектердің құны мен номенклатурасы туралы ақпаратты ұсынуы жөнінде талап көзделген. Қосалқы бөлшектерді шығару тоқтатылған жағдайда Жеткізуші: Тапсырыс берушінің қажетті мөлшерде қажетті сатып алуды жүзеге асыруына мүмкіндік беру үшін оған алдағы өндірісті тұқырту туралы алдын-ала хабарлайды; қажет болғанда өндіріс тоқтатылғаннан кейін Тапсырыс берушіге қосалқы бөлшектерге арналған сызбаларды, жоспарларды және техникалық құжаттамаларды тегін ұсынады. 5. Қызметтер көрсеткен жағдайда, Шартқа мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ тізбелеп көрсетілгендермен шектелмейді: 1) Жеткізуші Тапсырыс берушінің бірінші талап етуі бойынша Тапсырыс берушіге сапа сертификатын, қызметтер көрсету құқығына лицензияны, сондай-ақ оның құқыққа қабілеттілігін дәлелдейтін өзге де құжаттарды береді; 2) Жеткізуші өзіне қызмет көрсету үшін берілген Тапсырыс беруші жабдықтарының, материалдарының, құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, барлық жөндеу (қалпына келтіру) шығындарын және жөндеу мерзімі ішінде жөндеу уақытында тұрып амалсыз тұрып қалудың (оның ішінде жіберіп алған пайда үшін) өтемақы төлейді; 3) Жеткізуші қызметтер көрсету кезеңінде қызмет көрсету бойынша қызметті үйлестіру үшін байланысушы тұлғаны белгілейді; 4) Жеткізуші Тапсырыс берушінің қалауы бойынша оның қызметкерлеріне көрсетілетін қызметтерді пайдалану тәртібіне, олардың сипаттарына және ерекшеліктеріне қатысты консультациялар береді; 5) Жеткізуші қызметтер көрсетуге байланысты техникалық мәселелерді шешу бойынша тәжірибелік көмек көрсетеді; 6) Жеткізуші қызмет көрсетудегі кешіктіру фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себептері туралы, егер Жеткізуші Шартты орындау кезеңінде қызметтерді уақтылы көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болған кезде ғана, Тапсырыс берушіге дереу жазбаша немесе телефон, факсимильді байланыс арқылы хабарлайды. 7) бірлескен орындаушының (орындаушылардың) болуы Тапсырыс беруші мен Жеткізуші арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді. 8) шарт бойынша көрсетілген қызмет оның сапасына шағым-талаптар болмаған кезде қызмет көрсету туралы тиісті актіні ресімдеу арқылы қабылданады; 9) көрсетілген қызметтерді қабылдағаннан кейін сапасына берілген кепілдіктің қолданылу кезеңінде одан ақаулар анықталған жағдайда Тапсырыс беруші осылай хабарлаған сәттен бастап шартта белгіленген мерзімде Жеткізуші ақауларды жояды. 6. Жұмыстарды орындаған жағдайда шартқа мынадай талаптарды қосуға жол беріледі, бірақ олармен шектелмейді: 1) Тапсырыс беруші Мердігерге Объектінің құрылысына (жөндеу, қайта құру) арналған жобалау-сметалық құжаттаманы береді. толық аяқталған құрылысты жүргізу кезінде осы талап шартта ескертілуге тиіс; 2) Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы сатып алуды ұйымдастырушы құрылысқа, қайта құруға тиесілі ретінде айқындаған және Мердігер Тапсырыс берушіге берген үй-жайлар, ғимараттар (бұдан әрі – Объект) құрылысы мәселелеріне қатысты ресми қарым-қатынастың тек жазбаша нысанда ғана күші бар. 3) қосалқы мердігердің (мердігерлердің) болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарт талаптарын өзгертпейді; 4) Объектінің құрылысы немесе жұмыстарды орындау үшін белгіленген аумақта (бұдан әрі – Учаске) қосалқы мердігерлер болған кезде Мердігер өз жұмысын олармен бірге үйлестіреді; 5) егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын тұлғаны себептерін көрсете отырып, Объектідегі жұмысты орындаудан шеттеуді өтінсе, Мердігер ол тұлғаны 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен шығарады, одан кейін бұл тұлғаның шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланыста болмауға тиіс; 6) Мердігер Тапсырыс берушінің шығындарына және мүлкіне залал келтіруге, өз қызметкерлерінің меншігі мен денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің опат болуына байланысты және шартты орындау барысында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауап береді. 7) Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері үшін, атап айтқанда: соғыс, көтерілістер, төңкеріс, азаматтық соғыс, бүлік, тәртіпсіздік үшін (егер оларға Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) жауап береді. Мердігер анықтаған және Тапсырыс беруші көрсетпеген жердің улы және жарылғыш

21 ақпан 2015 жыл

нысан

1. Мына құрамдағы конкурстық комиссия:___________________________________ _____ ______________________________________________________________________ (конкурстық комиссияның төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, лауазымдары көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс (екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) ___________________________________________________________________________ (сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қысқаша сипаттау) 2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (соманы көрсету). 3. Мына өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету). 4. _______________________________ (конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін түпкілікті уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған не конкурсқа қатысушы осы конкурс бойынша баға ұсыныстарын бұрын ұсынған әлеуетті жеткізушілердің атаулары көрсетіледі)әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері. 5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары: ___________________________________________________________________________ (конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:_____________________________________ _____________________________________________________________________________ (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары көрсетіледі). 6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады: __________________________________________________________________ (мынадай себептерді: конкурстық баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін; демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып, конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетіледі). 7. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары ________________ (конкурстық құжаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнін ескере отырып, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы көрсетіледі). 8. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен ШЕШТІ: 1) конкурсқа қатысушының _______________________________________________ _____

Күні және мекенжайы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына 17-қосымша Нысан

Шарттарды тіркеу және есепке алу журналы рр/с № 1

Тіркелген күні 2

Атауы 3

Резиденттігі 4

Жауапты бөлімше 5

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10243 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы 2015 жылғы 10 ақпан

№67

Астана қаласы

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағалар ҚҚС есебімен мына мөлшерде белгіленсін: дизель отыны Аи-80 Аи-92/93

– 1 литр үшін 99 теңге; – 1 литр үшін 89 теңге; – 1 литр үшін 99 теңге;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вицеминистрі Ұ.С. Қарабалинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады. Министр В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _______________ «____» _____________2015 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10222 болып енгізілді.


 Біз – қазақстандықтармыз!

«Достыќ кітабы» – еѕбек ўжымдарында

Ассамблея жылының мерейлі салтанаты күн санап шарықтай түсуде. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған «Қоғамдық келісім» сарайы тағы бір игі шараның шымылдығын ашты. Мұнда «Ассамблея – бірлік тұтқасы» мега-жобасы бастау алып, «Достық кітабын» мекемелер мен кəсіпорын ұжымдарына тапсыру шарасы өткізілді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

– Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі достық, бауырмалдық пен түсіністік қағидалары біздің мəңгілік құнды лығымыз екендігін бүкіл əлемге паш етті, – деді салтанатқа қатысушыларды құттықтауында Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марзият Тохаева. – «Достық кітабы» эстафетасы 2013 жылдан қолға алынып, бүгінге дейін жалпы білім беретін мектептердегі, одан кейін кол ледждер мен жоғары оқу орындарындағы игі шараларға екпін берді. Еркін пікір алаңына

айналған бұл жоба енді еңбек ұжымдарындағы жақсы істердің жаршысы болатындығына сенеміз. Көкшетау қаласындағы барлық ұлттық-мəдени орталықтардың, оқу орындары мен мекемелердің өкілдері қатысқан жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мейрамбек Киіков пен Елена Мащинская облыс əкімі Сергей Кулагинмен бірге Астана қаласында, Ассамблея жылы бастау алған күні «ҚХА – 20 игі іс» эстафетасының символы – «Тайқазанды» қабылдап алған сəттегі əсерлерімен бөлісті. «Тайқазанымыз» жылы көңілдерге, қамқор көмекке тола бергей деген тілек білдірілді. Кездесуге қатысушылардың тілегі бойынша облыстық мұрағат жəне құжаттама басқармасының

басшысы Наталья Глушковская мен дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Сəуле Ыбыраева өз ұжымдары атқарып жатқан жұмыстар жайлы мағлұмат берді. Мəселен, облыстың мұрағат жүйесі 21 мемлекеттік мұрағатты біріктіреді екен. Бұл республикадағы ең үлкен құрылым. Мұндағы 5233 қорда 309598 іс сақтаулы. Ұжым өткен жылы жеке тұлғалар мен ұйымдардың 23 мың сұрау салуын дер кезінде қанағаттандырған. Ал Сəуле Ыбыраева облыс аумағында 205 діни бірлестік пен 50 миссионерлік қозғалыс жұмыс істейтіндігін, олар өңірдегі түсіністік пен тұрақтылыққа қызмет ететінін айтты. Шара барысында «Достық кітабы» облыстық мұрағат жəне құжаттама басқармасының басшысы Наталья Глушковская мен облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Еркін Көкеноваға салтанатты жағдайда табыс етілді. Ақмола облысы.

Тіл – татулыќ тірегі Шынтуайтында, тілден асқан байлық жоқ. Тіл – қатынас құралы. «Өз тілімді жақсы көру арқылы, достасамын басқа барлық халықпен», демеуші ме еді?!

Кеше Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті. Мəдениет жəне спорт министрлігінің Тілдерді дамыту жəне қоғамдықсаяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырған бұл байқаудың басты мақсаты – Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру. Шараға «Ұлт тағдыры» республикалық қозғалысының төрағасы Д.Көшім, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Н.Ыдырысқызы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары А.Фазылжанова, «Сиқырлы қалам» идеясының авторы В.Ким, сондай-ақ, əр

облыстан келген этномəдени бірлестіктерінің өкілдері мен мүшелері, т.б. қатысты. Басқосуда тілге қатысты түрлі мəселелер көтеріліп, ашық пікірлер айтылды. Мəселен, Алматы облысында күрд ұлтының 87,6 пайызы, Жамбыл облысында дүнгендердің – 23, ал Оңтүстік Қазақстан облысында тəжіктердің 99 пайызы қазақшаға ағып тұр екен. Бұл да болса көңіл демдерлік көрсеткіш. Əсіресе, Дос Көшім Елбасымыздың «Тіл – біріктіруші фактор» деген сөзін айта келіп, «Қазақ тілін ұлттың ғана тілі емес, мемлекеттің тілі деп қабылдауымыз керек. Қазақ тілін дамыту үшін қажеттілік тууы тиіс. Ол үшін насихат керек. Біз бір шаңырақтың астындамыз, бір кеменің ішіндеміз. Қарап отырсам, араларыңызда «нəзік жандылар» көп екен. Бұл жақсы,

əрине, алдағы уақытта қазақ тілін үйренушілердің саны бұдан да артпақ деген сөз ғой», деп өзге ұлт өкілдерін бір күлдіріп алды. Бұдан соң үміткерлер Парламент Мəжілісінің депу тат тары У.Бишімбаев, Б.Смағұлов, М.Ахмадиев, З.Саяпова, Ə.Бимендина сынды халық қалаулыларымен кездесті. Бағдар лама барысында қатысушылар «Мемлекеттік тілді білу – бұл...» тақырыбында эссе, өз өңірін таныстыру жəне «Ой жарыс» байқауы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сондайақ, келген қонақтарға Астананың ажарлы жерлерін аралатып, экскурсия жасату да ұмыт қалмады. Иə, жер мен көктің арасын қосып, біріктіріп, біртұтас ететін де – тіл! Тіземнен сүріндірсе де, тілімнен сүріндірмесін, дейтін дана халқымыз өзгелерге тілдің татулық, пен достық құралы екендігін əрдайым ұғындырып келеді. Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

АСТАНА.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТЕНДЕР! Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің Жетісу филиалы республикалық мемлекеттік меншіктегі балабақша ғимараты – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-нің жедел басқару құқығына бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік объектісі: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақжар кенті мекенжайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 1805,1 ш.м. ғимаратты (алаңы 0,63 гектар іргелес жер учаскесімен) бір жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды Тендер шарты жəне тендер жеңімпазын таңдау өлшемі Балабақша ғимаратын (бұдан əрі – объект) сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер шарты: - сенімгерлік басқаруға алған уақытта балабақша ашу; - қызметі бойынша өзіне тəн белгілерінің жиынтығын сақтау; - қосымша жұмыс орындарын ашу; - санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау жəне ғимарат аумағын көркейту; - мүлікті уəкілетті органның келісімімен кепілге жəне басқаруға беру; - сенімгерлік басқарушының «Центр ВИД» ЖШС-ның бөлінбейтін жақсартуға жұмсаған қаражаты – 293 561 972 теңге бір ай ішінде орнына толтыру. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендер қатысушыралға қатысушыларына қойылатын талаптар Тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға жауап беретін, ұсыныстары тендер шарттары бойынша ең үздік болып табылатын жəне объект үшін ең жоғары бағаны қамтитын қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Объектінің нарықтық бағасы сенімгерлік басқару мерзімінде инфляция деңгейімен индексацияға жатады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде ҚР Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық тендер жеңімпазына өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын алушы сатып алушы ҚР Жер кодексіне сəйкес бөлек төлейді. Тендерге қойылатын объектінің қысқаша сипаттамасы Объектінің Объектінің атауы Орналасқан жері

Балабақша Алматы облысы, ғимараты Қарасай ауданы, Ақжар кенті

15

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

Жалпы Объектінің алаңы нарықтық бағасы, жер учаскесінің бағасын есептемегенде, теңге 1805,1 77 395 557 ш.м.

Тендер өткізу күні, уақыты жəне орны Тендер 2015 жылы 13 наурызда сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізіледі: Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 114. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет: 1) үміткердің тендерге қатысуға келісімі жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасау жөніндегі міндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтінімі; 2) желімделген конвертте тендердің шарттары бойынша ұсыныстары; 3) тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы үш айдан астамға созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған жəне мөр басылған (электрондық цифрлық қолтаңба) аңықтамасының түпнұсқасы; егер əлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің əрқайсысынан анықтама ұсынылады; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті

аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі; 5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариат куəландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы; 6) жарғының нотариат куəландырған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқаны міндетті түрде ұсына отырып жарғы көшірмесі ұсынылады; шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын мемлекеттік жəне орыс тілдерінде нотариат куəландырған аудармасымен ұсынады; 7) тендер жарияланған күннен кейін берілген, үш ай бұрын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары мен əлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (ҚР заңнамасына сəйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) тиісті салық органының қол қойылған жəне мөрі (электрондық цифрлық қолтаңбасы) бар анықтамасының түпнұскасын немесе электрондық көшірмесін; 8) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының депозиттік шотына кепілді жарнаны аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртегінің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын; 9) тендерге əлеуетті қатысушы өкілінің, кепілді жарнаны енгізген өкілдің өкілеттіктерін куəландыратын құжаты (жеке куəлікті, паспортты (шетелдік азаматтар үшін) немесе ішкі істер органдары берген уакытша жеке куəлікті ұсынған жағдайда жарамды); əлеуетті қатысушы ақпараттық хабарламада көрсетілген сенімгерлік басқаруға қойылатын талаптарға сəйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Жеке тұлға болып табылатын тендерге əлеуетті қатысушы; 1),2),8),10) тармақшаларда көзделген казіргі ережедегі құжаттарда сондай-ақ; 1) жеке куəліктің, паспорттың шетелдік азаматтар үшін немесе ішкі істер органдары берген уақытша жеке куəліктің көшірмесін; 2) кəсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесін (дара кəсіпкер үшін) ұсынады. Кепілді жарна ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті «Алматы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесінің мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ790705012170167006, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, БИК KKMFKZ2А, БСН 120340000064, КБЕ 11, КНП 171. Тендерге қатысу үшін 7 739 556 (жеті миллион жеті жүз отыз тоғыз мың бес жүз елу алты) теңге мөлшерінде кепілді жарна төленеді. Тендер өткізу, тендерге қатысуға өтінімдер мен тендерлік құжаттама топтамасын қабылдау мына мекенжайда жүргізіледі: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі,114, 26-бөлме. Өтінімдер қабылдау 2015 жылы 12 наурызда сағат 10.00-де аяқталады. Тендер өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты www. gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7272) 67-70-39, 67-70-50 телефондары арқылы алуға болады.

Құрметті салымшылар! «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде Ақмола облысының əкімдігімен Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы Васильков шағын ауданының солтүстігіне қарай орналасқан, барлығы 30 пəтер, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 15 пəтер,бағасы 1 шаршы метрге 90000 теңге болатын «Бес, жеті, тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылысы (бес қабатты тұрғын үй)» Ынтымақтастық келісіміне қол қойылғанын хабарлайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2015 жылдың сəуір айы. Тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 2015 жылдың 23 ақпанынан бастап. Банктің Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, 8 Март көшесі, № 51 үй мекенжайында орналасқан филиалында байланыс телефондары: 8(7162) 32-34-18,3235-50 немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тəртібімен жəне құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін жəне пəтерлердің жоспарлануын көру де бар) егжей-тегжейлі танысуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің «Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлікті жалға (жалдауға) беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды Тендер 2015 жылғы 12 наурызда сағат 11.00-де əкімшілік ғимаратта мына мекенжайда болады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 3-қабат, 16-бөлме. Лот № 1. Тұрақжай құрылымы, (электр энергияны қоспағанда жылу жəне коммуникациясы жоқ), ғимараттағы жалпы алаңы – 270,0 ш.м. орналасқан мекенжайы: Қостанай қ., Мəуленов көшесі, 12. Баланс ұстаушы – «Резерв» РМК «Целина» филиалы. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 76867,42 теңге. Кепілді жарна – 50570 теңге. Тендер шарты. 1. Тұрақжайды айлық жалдаудың ең үлкен мөлшерлемесі. 2. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 12.03.2015 ж. бастап 10.03.2016 ж. дейін . 3. Нысанды тікелей мақсаты бойынша пайдалану. Жалдау ақысының мөлшерлемесіне коммуналдық қызметтердің шығыны мен орынға қызмет көрсетудің шығыны енгізілмейді. Олар бөлек төленеді. Егер тіркелген өтінімдердің саны екеуден кем болса, онда тендер болмады деп жарияланады (бұған екінші жəне одан кейінгі тендерлерді қоспағанда). Тендер өткізу ережесі Комиссия тендер өткізу кезінде нысан үшін бастапқыдан төмен емес жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялайды. Тендерлік құжаттарды мына мекенжайдан алуға болады: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75 115-бөлме. Кепілді жарна Қостанай мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің мына депозиттік шотына енгізіледі: № KZ350705012170174006, БИК ККМFKZ2A, 070 банк коды, БСН 120240011849, КБЕ 11, КНП 171, ҚР Қаржы министрлігінің «Қазынашылық комитеті» ММ. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: - тендерге қатысуға өтінім, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне оның тендер шартын орындау бойынша міндеттемесі жəне тиісті шартты жасауы қамтылады; - желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды; - кепілді жарнаның аударылғандығын растайын төлем тапсырмасының көшірмесі;

- салық органының қатысушының салықтық берешегі жоқ екендігі туралы өтінім берілген кезге дейінгі бір айдан кешіктірілмей берілген анықтамасын; - заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куəліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты мен жарғы) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; - дара кəсіпкер үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, дара кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəланды ратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтама сының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; - жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасының) көшірмелерін немесе көрсетілген құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін; акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардаң тізілімінен көшірме; - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); - шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын. Мүліктік жалдау шартын жасау мерзімі – 12.03.2015 ж. бастап 10.03.2016 ж. дейін. Тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жасалды. Өтінімдер қабылдау жалға берушінің мекенжайына құжаттарды тігілген түрінде, беттері нөмірленген жəне мөрленіп (жеке тұлға үшін, егер мұндай болса) тапсыру жағдайында ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2015 жылғы 11 наурызда сағат 11.00-де аяқталады. Өтінімдер мына мекенжайда қабылданады: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 75, 16-бөлме. Анықтама алу телефондары: 501-511, 500-510 (факс).

«Шардара СЭС» АҚ ірі мəмілерді жасағаны жəне оны жасағанда қоғамның мүдделілігі бар мəмілелерді жасағаны туралы ақпарат «Шардара СЭС» АҚ Директорлар кеңесі 2014 жылғы 26 желтоқсанда «Шардара СЭС» АҚ жəне Андритц Гидро ГмбХ арасындағы 2013 жылғы 18 желтоқсанда жасалған «Шардара СЭС» АҚ міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерін он жəне одан да көп пайызы болатын шамаға көбейтетін мердігерлік шартына қосымша келісім жасауға шешім қабылдаған. Осы қосымша келісім мердігерлік шартына енгізген өзгеріс бойынша мердігерлік шартындағы «Шардара СЭС жаңғырту» Жобасында қаралған жұмыстардың аяқталу мерзімі 1275 күннен 1397 күнге созылды. Мердігерлік шартының бағасы мен жұмыс көлемі өзгеріссіз қалады. Директорлар кеңесі, сондай-ақ «Шардара СЭС» АҚ жəне Fichtner GmbH & Co. KG компаниясының арасындағы «Шардара СЭС» АҚ міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерін он жəне одан да көп пайызы болатын шамаға көбейтетін консалтингтік қызмет көрсету туралы келісімшартына (№2007 65 859, наурыз 2009 жыл) қосымша келісім жасауға шешім қабылдаған. Бұл қосымша келісім егер еңсерілмес күштің (форс-мажор) əсері орын алған жағдайда заң талаптарына сəйкес тараптардың құқықтық жағдайларын нақтылайды. Шарттың орыс тіліндегі мəтіні ағылшын тілінен анық аудармасын алды (8- баптың 8.3. тармағы) жəне Шарттағы тараптардың анық мекенжайлары ашық анықталды (10 баптың 10.3. тармағы). Шарттың бағасы, көлемі жəне қызмет көрсету мерзімі өзгеріссіз қалады. Информация о совершении АО «Шардаринская ГЭС» крупных сделок и сделок, в совершении которых обществом имеется заинтересованность Советом директоров АО «Шардаринская ГЭС» 26 декабря 2014 года принято решение о заключении дополнительного соглашения к Договору подряда между АО «Шардаринская ГЭС» и Андритц Гидро ГмбХ от 18 декабря 2013 года, как сделку, являющуюся крупной и увеличивающую обязательства АО «Шардаринская ГЭС» на десять и более процентов размера его собственного капитала. Указанным дополнительным соглашением вносится изменение в Договор подряда, согласно которому срок завершения работ по Проекту «Модернизации Шардаринской ГЭС» с 1275 дней, предусмотренных Договором подряда, продлевается до 1397 дней. При этом цена Договора подряда и объем работ остаются без изменений. Советом директоров принято также решение о заключении дополнительного соглашения к Контракту между АО «Шардаринская ГЭС» и компанией Fichtner GmbH & Co. KG на предоставление консалтинговых услуг №2007 65 859 (март 2009 года), как сделку являющуюся крупной и увеличивающую обязательства АО «Шардаринская ГЭС» на десять и более процентов его собственного капитала. Дополнительным соглашением конкретизировано правовое положение сторон в случае наступления непреодолимых обстоятельств (форс-мажор), в соответствии с требованиями законодательства. Текст контракта на русском языке получил более точный перевод с английского языка ( пункт 8.3. статьи 8), уточнены адреса сторон Контракта ( пункт 10.3. статьи 10). Цена контракта, объем и срок оказания услуг остаются неизменными. ТОО «Агентство по экологии «Эком» разработало Раздел ООС к рабочей документации «Этапа строительно-монтажных работ по замене фитингов и запорной арматуры на линейной части строительства магистрального газопровода Бейнеу – Бозой – Шымкент 882,6-1454 км (участок Бозой – Шымкент)». В данный момент проект проходит экологическую экспертизу. По вопросам обращаться по тел: 8 -727-3017139.

ТОО «Агентство по экологии «Эком» разработало Раздел ООС к рабочей документации этапов строительства и эксплуатации по проекту «Строительства газопровода Бейнеу – Бозой – Шымкент». Проектирование, поставка и строительство линейной части 311 км, вдольтрассовых дорог и Газоизмерительной станции «Бейнеу» (участок Бейнеу – Бозой). В данный момент проект проходит экологическую экспертизу. По вопросам обращаться по тел: 8 -727-3017139.

Жайлаубай жаќќан шамдалдар

Кейінгі буын алғашқы буынның істерінен тағылым алып, бойына сіңіруге құмбыл болса құба-құп. Еліне еңбегі сіңген, қажыр-қайратын халықтың игілігіне жұмсаған қалаулы абзал жандар, елеулі еңсегейлі ерлер бізде баршылық. Солардың бірі – əскери полковник, қазіргі таңда зейнеткер, өзі қажы Жайлаубай Жүнісұлы СƏДІБЕКОВ. О л ғ ұ мыр ын ың бү кіл 3 3 ж ыл ын əскери қызметке сарп еткен жан. Əскери қызметіндегі ең үлкен ерекшелігі – оның кеңестік кезең жылдары Байқоңыр ғарыш айлағын салуға атсалысуы, сол жерден ғарышқа самғайтын зымырандарды құрастыруға, содан бетер көк жүзінің жұлдыздар əлеміне ұшыруға қатысуы... ...Желпін, Жəке! Жетпіс деген немене, Жүзе бергін өмір атты кемеде. Қаумаласын сені дүйім жалпақ жұрт, Анталасын аталап кеп немере!, – деп ақын Бақытжан Тобаяқов айтқандай, біз, бір топ жолдастарының атынан қадірменді мерейгер, айтулы əскери полковник Жайлаубай Жүнісұлы Сəдібековті шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасында зайыбы Əлия Сансызбайқызымен бірге бақыт пен береке, қуаныш пен шаттық тілейміз! Қалижан ƏЛЖАНОВ. ХАБАРЛАМА

2015 жылғы 11 наурызда сағат 12.00-де Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі, 1 мекенжайындағы «АтМӨЗ» ЖШС-нің орталық əкімшілік ғимаратында (мəжіліс залында) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылады. Қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 11 наурызда сағат 10.45-тен бастап 11.45-ке дейін «АтМӨЗ» ЖШС-нің мəжіліс залында жүргізіледі. «АтМӨЗ» ЖШС-нің орналасқан жері: индексі 060001, Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі,1. Күн тəртібінің мəселелері жөніндегі материалдар танысу үшін «АтМӨЗ» ЖШСнің активтерді басқару бөлімінде ұсынылады. Анықтама телефондары: 8 (7122) 259699/265. Кворум болмаған жағдайда, қайталама жиналыстың өткізілуі, дəл сол күн тəртібімен, 2015 жылғы 17 наурызда сағат 12.00-ге жоғарыда көрсетілген мекенжайы бойынша белгіленеді. Күн тəртібі: 1. Серіктестіктің Жарғысына өзгерістер енгізу туралы. 2. 2014-2017 жж. кезеңіне штаттық санын оңтайландыру жəне бейінді емес активтер мен қызметтің қосалқы түрлерін мұнай өңдеу зауыттарының құрылымынан («АтМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС) шығару Бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы. «АтМӨЗ» ЖШС басқармасы.

«Тұран-Астана» университеті ағымдағы оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына тағайындауға мына бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды: 1. «Қаржы, есеп жəне бағалау» кафедрасы: Профессор (ғылым докторы) – 1, доцент (ғылым кандидаты, Phd) – 1. 2. «Психология» кафедрасы: Профессор (ғылым докторы) – 1. 3. «Туризм жəне сервис» кафедрасы: доцент (ғылым кандидаты, Phd) – 1. 4. «Аударма ісі» кафедрасы: доцент (ғылым кандидаты, Phd) – 1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру мерзімі – конкурс жарияланған күннен бастап 30 күн. Өтінішті жəне құжаттарды мына мекенжайға өткізу қажет: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы к-сі, 29, кадрлық жұмыстар бөлімі. Анықтама телефоны: 8(7172) 31-11-53, факс: 39-67-09. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директорының бос лауазым орнына конкурс жариялайды Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары кəсіптік білім мен мəдениет жəне өнер мекемелеріндегі немесе мəдениетті басқару органдарындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізбесі: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке куəлігінің көшірмесі; 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парағы (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) алдын ала медициналық куəландырудан өткені туралы құжат ; 7) кандидаттардың кəсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кəсіби емтихан нəтижелері туралы сертификаттардың көшірмесі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған сəттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі. Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 314-бөлме мекенжайы бойынша қабылданады. Толық ақпаратты 8(7172) 74-01-27 телефоны бойынша алуға болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры жариялайды: - Қазақстан Республикасында жəне шетелде өткізілетін фестивалдарға, конкурстарға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына қазақстандық жас қайраткерлердің жəне шығ,армашылық ұжымдардың «Жолсапарға гранттар» гранттарды алуға қатысу үшін конкурс. Конкурсқа жасы 40-қа дейінгі мəдениет пен өнердегі қазақстандық жас қайраткерлер, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Өтінімдер беру мерзімі: 2015 жылғы 10 ақпаннан бастап 2015 жылғы 30 қараша аралығында. - мəдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған гранттар алуға конкурс. Конкурсқа жасы 40-қа дейінгі мəдениет пен өнердің қазақстандық жас қайраткерлері, сондай-ақ белсенді қызмет жүргізуші шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Өтінімдер беру мерзімі: 2015 жылғы 10 ақпаннан бастап 2015 жылғы 30 қараша аралығында. Конкурс туралы өтінімдер мен ереже мына веб-сайтта орналастырылған: www.fpp.kz Байланыс: Мекенжай: 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Махатма Ганди к-сі, 10. Телефон: 8(727) 2700-579, факс 8(727) 2700-521.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының ұжымы басылымның бұрынғы бас редакторы, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Əбіш Кекілбаевқа апасы Дыбыстың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жəне «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры Рашид Тауфиқұлы Жақыповқа ағасы Мұхит Тауфиқұлы ЖАҚЫПОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Сəбитұлы Рамазановқа ұлы САМАТТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы белгілі ғалым, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Тілекқабыл Сəбитұлы Рамазановқа ұлы САМАТТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» РМК ұжымы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілекқабыл Сəбитұлы Рамазановқа ұлы САМАТТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы тəрбие жұмысы, жастар саясаты жəне мемлекеттік тілді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қазына Асанқызы Бекенбетоваға əкесі Асан БЕКЕНБЕТОВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


16

www.egemen.kz

21 ақпан 2015 жыл

2014 ЖЫЛЫ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫМЕН АЗАМАТТАРДЫ ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

ҚАЗАҚСТАН мың мың мың

мың

мың

мың

мың

мың

мың

мың

мың мың

мың

мың мың

мың

Астана

СҚО

ҚОСТАНАЙ ОБЛ.

Алматы

АҚМОЛА ОБЛ. АСТАНА

БҚО

ПАВЛОДАР ОБЛ. ШҚО

АҚТӨБЕ ОБЛ.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.

АТЫРАУ ОБЛ. мың мың

АЛМАТЫ ОБЛ.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛ.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛ.

ЖАМБЫЛ ОБЛ. мың

АЛМАТЫ

мың

ОҚО

мың

мың

мың

мың

мың

мың мың

мың

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛДЫ (АДАМ)

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

мың

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ

мың

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы

мың

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Меншік иесі:

мың

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ (АДАМ) ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ

АСТАНА ҚАЛАСЫ

(АДАМ)

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ТҰРҒЫНДАР (АДАМ)

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Эльмира МƏТІБАЕВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №506 ek

Profile for Egemen

21022015  

2102201521022015

21022015  

2102201521022015

Profile for daulet
Advertisement