Issuu on Google+

№13 (28237) 21 ҚАҢТАР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мəңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. (Қазақстан халқына Жолдауынан).

Ќазаќстан – Катар:

ƏРІПТЕСТІКТІЅ ЖАЅА БЕЛЕСІ Жексенбі күні Қа зақс та н ғ а ресми сап ар мен Катар мемлекетінің Əмірі шейх Тамим бен Хамад əлТани келді. Бұл – Əмірдің Катар тағына отырған уақыттан бергі шетелге алғашқы сапарларының бірі. Себебі, дəстүрлі монархия орнаған мемлекеттің шейхы бұл таққа 2013 жылдың 25 маусымында ғана мұрагерлік жолмен келген болатын.

МƏЅГІЛІК ЕЛ – ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЎЛТТЫЌ ИДЕЯСЫ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯСЫ Парламент Сенатыныѕ Тґраєасы Ќ.К.ТОЌАЕВ Елбасы Жолдауы туралы ой толєайды

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Катар – Парсы шығанағындағы 2 млн.-ға жуық халқы бар, əлемдегі ішкі жалпы өнім мөлшері жағынан қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Сұйытылған газдың ірі тасымалдаушысы саналатын бұл ел табиғи газ қоры жөнінен дүниежүзі бойынша үшінші орынға тұрақтаған. Бұл мұсылман мемлекетінде мұнай қоры да орасан. Оның мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаушы елдердің көш басында тұруы – осының айғағы. Қазақстан мен Катардың экономикалық құрылымында ұқсас тұстар болғандықтан, екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстар əр бағытта жақсы жолға қойылған. Мəселен, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетігінің бірі ретінде жоғары деңгейдегі Қазақстан – Катар бірлескен үкіметаралық комиссиясын атауға болады. Бүгінгі күнге дейін бұл комиссияның 3 отырысы ұйымдастырылса, соның біреуі Дохада, екеуі Астанада өткен екен. Қазақстан Катардың Орталық банк секторымен де айтарлықтай уағдаластықтарға қол жеткізген. Қос мемлекет мұнай жəне газ, ауыл шаруашылығы, көлік, құқық қорғау салалары бойынша өзара ықпалдастыққа ынта танытып

Ќасым-Жомарт ТОЌАЕВ:

келеді. Қазақстан ЭКСПО-2017 ха лықаралық көрмесін өткізу үшін Катардан инвестиция тарту мəселесін де жолға қойған. 2013 жылдың қараша айында Дохада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Т.Ермегияевтің «Qatari Diar» компаниясының

басшысымен кездесуінен де осыны айқын аңғаруға болады. Екі ел мəдени-гуманитарлық салалар бойынша да өзара əріптестік байланыс орнатып үлгерген. Ақордада өткен екіжақты кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Тамим бен Хамад

Бірќатар наќты тапсырмалар берді

əл-Тани Қазақстан мен Катар арасындағы ықпалдастықтың даму қарқынын одан əрі ілгерілететін бірқатар салалар жөнінде əңгіме қозғай отырып, екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, инвестициялық жəне сауда-экономикалық

салалардың негізгі бағыттарын талқы таразысына салды. Сондайақ, екі елдің өзара ықпалдастығын бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жандандыруға болатынын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасыныѕ ќўќыќ ќорєау жїйесін одан əрі дамыту шаралары туралы

Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан əрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы мақұлдансын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде əзірлесін жəне бекітсін; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан əрі жұмыс істеуінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығымен айқындалатын мерзімде жəне тəртіппен Бағдарламаның іске асырылу мониторингінің нəтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне ұсынсын; 3) Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 31 желтоқсан. №720 -----------------------------------------------

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз сізбен сенбіде, Елбасының дəстүрлі Жолдауы жария етілген күннің ертеңінде əңгімелескелі отырмыз. Жедел сұхбат беруге уақыт тапқаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіз ұзақ жылдар бойы Сыртқы істер министрі болып жұмыс істедіңіз, Үкіметті, Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенатты басқардыңыз, осы заманның көрнекті қайраткерлерімен кездестіңіз, сөйлестіңіз, ал кейінгі жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары ретінде, былайша айтқанда, Қазақстанға сырт көзбен де қарай алдыңыз. Біздің еліміз бүгінгі əлемде қалай бой көрсетеді екен? – Иə, Қазақстанда жұмыс істеген кезімде де, шетелдегі қызметімде де менің ірі мемлекеттік қайраткерлермен кездесуге, сөй лесуге жəне келіссөздер жүргізуге мүмкіндігім болды. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жоғары лауазымда мен, əрине, туған елімдегі оқиғаларды ықыласпен қадағалап отырдым, Отанымның Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың беделді басшылығымен қол жеткізген табыстарына қуандым. Жа сыратыны жоқ, осынау күрделі де кереғар əлемде ықпалды мемлекетке айналған Қазақстанның

азаматы екендігім үшін мақтаныш сезіміне талай бөлендім. Шетелде Қазақстан қысқа ғана тарихи кезең аясында мемлекет құру мен экономикада қайран қаларлықтай табыстарға жеткен ел ретінде қаралады. БҰҰ-да Қазақстанға «жедел дамып келе жатқан мемлекет» деген ерекше мəртебе берілген. Көптеген мемлекеттер «жолы болмаған мемлекеттер» деген таңбаны арқалап жүрген кезде мұның өзі ең алдымен əлемдік қоғамдастық жаһандық ауқымдағы саясаткер деп таныған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың талассыз табысы. Қуатты, тұрақты жəне серпінді Қазақстан қазірдің өзінде жаһандық жəне өңірлік қауіпсіздіктің елеулі факторы болып отыр. Қазақстанның дамуы əлемдік оңды үрдістердің аясына толықтай сай келеді. Біздің елімізге осы заманның барлық көкейкесті мəселелері бойынша сенімді əріптес деп қарайды. Қазақстан əлемдік қоғамдастықтың ажырағысыз бөлігіне айналды. Мем лекетімізді ядролық қарусыздануға, халықаралық қауіпсіздікті, интеграция мен көпқырлы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін құрмет тұтады. (Соңы 3-бетте).

Заѕнамалыќ ќамтамасыз ету – басты назарда

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты бюросының отырысы болды. Сенат Төрағасы Парламенттің басты міндеті – Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге назар аударды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Қ.Тоқаев Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі депутаттардың ұсыныстарын ескере оты рып, арнайы жоспар əзірлеуге тапсырма берді. Президент айтқан басымдықтар мен тапсырмалар аясында депутаттар палата жұмысының биылғы жоспарын нақтылау бойынша ұсыныстар енгізді. Сенат Төрағасы атап өткендей, алдағы уақытта аймақтарға сапары барысында парламентшілер Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша елеулі жұмыстар атқаруы тиіс жəне жергілікті жерлерде Президент алға қойған міндеттерді орындау мəселелерін жұртшылық арасында талқылау қажет.

Бюрода Сенат комитеттеріне Мəжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Сондайақ, бюро мүшелері Сенаттың 23 қаңтарда болатын отырысының күн тəртібін де қарады. Палата отырысына үш заң жобасын шығару ұйғарылды. Ғылымды жəне ғылымға негізделген экономиканы дамыту мəселелеріне Президент Жолдауында баса назар аударылуына байланысты Əлеуметтікмəдени даму комитетінің мүшелері Сенаттың осы салалық комитетінің атауын Əлеуметтік-мəдени даму жəне ғылым комитеті деп қайта атау туралы ұсыныс жасады. Бұл мəселе палатаның алдағы отырысында қаралатын болады.

Жарлықтың түсіндірмесін 6-беттен оқисыздар

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысына Ұ.Қарабалин министрліктің 2013 жылғы қызметінің қоры тындылары, қазіргі кезеңдегі жоспарлар жəне саладағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын стратегиялық міндеттер туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тартудың жəне саланы инновациялық дамыту жөніндегі жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті, сондайақ, ірі мұнай-газ кен орындары мен нысандарының төңірегінен өндірістік кластерлер құру

қажеттігіне ерекше назар аударды. Кездесу барысында министр Мемлекет басшысына Қазақ мұнай жəне газ институтының жетекшілігімен ғылыми-зерттеу ұйымдары тобы əзірлеген Қазақстанның перспективалық мұнай-газы бар бассейндері атласын таныстырды. Атлас өңірлік геологиялық барлауда одан əрі перспективалық жұмыстарды қарастыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, министр Қазақстанның 15 шөгінді алабына кешенді зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыс қорытын��ылары, сондай-ақ,

елімізде отандық геологиялық барлаудың перспективалары мен мұнай-сервистік кластерлерін қалыптастыру туралы баяндады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша республикада 81,8 млн. тонна шикі мұнай өндірілді, яғни 2012 жылмен салыстырғанда, 103,2%-ға жетті. Өңделген газ көлемі өткен жылы елімізде 42,3 млрд. текше метр, ал өңделген мұнай көлемі 14,3 млн. тонна болды. 2014 жылы 83 млн. тонна мұнай жəне 41 млрд. текше метр газ өндіру, 14,7 млн. тонна мұнай өңдеу жоспарланып отыр. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 2009 жылєы 24 тамыздаєы № 858 Жарлыєымен бекітілген Ќазаќстан Республикасыныѕ 2010 жылдан 2020 жылєа дейінгі кезеѕге арналєан ќўќыќтыќ саясат тўжырымдамасына ґзгерістер мен толыќтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырган Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда. 2014 жылғы 16 қаңтар. №731 -----------------------------------------------

Жарлықтың түсіндірмесі жəне өзгерістер мен толықтыруларын 6-беттен оқисыздар

(Еуразия интеграциясы институты сарапшылар тобының пайымымен 2-беттен танысасыздар).


2

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

ƏРІПТЕСТІКТІЅ ЖАЅА БЕЛЕСІ Қазірдің өзінде, дағдарысқа қарамастан, ішкі жалпы өнім 6 пайызға өсіп, еліміздің экономикасы қарқынды түрде дамып келеді. Бұл сапар екі елдің арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге жеткізеді деп сенеміз», – деді Қазақстан Президенті. Өз кезегінде Катар Əмірі бұл кездесу екі елдің өзара ықпалдастығын одан əрі дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. «Бізге көрсеткен қонақжайлылығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі кездесу Катар мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан əрі нығайтуға жол ашады деп сенемін», деді ол бұл ретте. Сондай-ақ, Катар Əмірі мұндай келіссөздер тараптардың екіжақты қарым-қатынастар мəселелерін, өңірдегі ахуалды қарастыруға мүмкіндік бергеніне тоқталды. Кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін Қазақстан Үкіметі мен Катар Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды (Соңы. Басы 1-бетте).

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

істеуге мүмкіндік жеткілікті. Бұл бағытта екі ел ведомстволары көп жұмыс жасады, қол қою үшін бірқатар құжаттар дайындалды. Олар, атап айтқанда, Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жəне екі елдің қорлары арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум», – деді Мемлекет басшысы. Катар Əмірі кездесу мен қонақжайлылық үшін алғысын айтты жəне өзінің əкесі Хамад бен Халиф əл-Танидің сəлемін жеткізді. Шағын құрамдағы кездесуден кейін тараптар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бұл келіссөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тамим бен Хамад əлТанидің Қазақстанға тұңғыш сапары екіжақты қарым-қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді. «Қазақстан тəуелсіз дігін алғалы бері небары 22 жыл өтті. Біздің 2,3 млрд. долларға да жетпейтін экономикамыз бар еді. Бүгінде экономикамызды ілгерілете отырып, оны 230 млрд. доллар деңгейіне жеткіздік.

Қазақстан Президенті Катар Əмірінің елімізге жасаған сапары оның Катар тағына отырған кезден бергі шетелге алғашқы сапарларының бірі болып табылатынына тоқталды. «Сізді Катар Əмірі жауапты лауазымын иеленуіңізбен құттықтаймын, денсаулық жəне қызметте табыстар тілеймін. Сіздің əкеңіз Хамад бен Халиф əл-Танимен бірнеше рет кездескенбіз. Ол бірнеше рет Қазақстанға келген болатын. Сондай-ақ, мен де Катарда сапармен болдым. Біз, əсіресе, экономикалық өзара ісқимыл саласында тиімді қарымқатынастар орнатуға мүдделіміз. Қазақстан мен Катардың экономикалық құрылымында бірқатар ұқсастықтар бар. Бүгінде Катар мұнай мен газ көлемі жағынан өңірдегі жəне əлемдегі жетекші мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстанның жер қойнауында да байлық мол. Сондықтан бірлесіп жұмыс

«ЌАЗАЌСТАН-2050» МАЌСАТТАРЫНА ЌОЛ ЖЕТКІЗУДЕГІ АЛЄА ЌАРАЙ ƏЛЕУМЕТТІК САЛА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АДАМИ ƏЛЕУЕТІН АШУ

БІЛІМ БЕРУ, ҒЫЛЫМ

Балалардың ерте дамуының қазіргі заманғы жəне тиімді жүйесін қалыптастыру

Жетекші жəне бəсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру Венчурлық қаржыландыруға, ғылыми жаңалықтар мен инновацияларды қолдауға қадамдарды жетілдіруді қарастыратын заңнамалық актілерді дайындау жəне қабылдау Жаңалық ашушыларды материалдық жəне моральдық ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдап, олардың шығармашылық үлестерін мойындау, сондай-ақ, өздерін ғылыми ауқымды өнімдер жасап шығаруға бағдарланған венчурлық кəсіпорындар ретінде танытқан перспективалық компанияларды қолдау Жаңа жəне одан əрі қарай да жаңа интеллектуалды-инновациялық кластерлер қалыптастыру бойынша жоспарлар жасау

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ Қазақстан медицина туризмінің Еуразиядағы алдыңғы қатарлы орталықтың бірі болатындай мақсатқа жету Барлық қалалық жəне ауылдық елді мекендерде алғашқы медициналықсанитарлық көмекпен толықтай қамту

Балалар бақшасын, жеке меншік жəне шағын орталықтар салу жолымен, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке меншік əріптестігі тетігін пайдаланып, мектепке дейінгі білім беру мен тəрбие инфрақұрылымдарын дамыту Педагогикалық шеберлік пен білім беру технологияларының озық əлемдік тəжірибесін енгізу, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тəжірибесін пайдалану

Аз рентабельді жəне суды көп қажет ететін дақылдарды (атап айтқанда, күріш пен мақтаны) көкөніс, майлы жəне жем-шөптік дақылдармен алмастыра отырып, біртіндеп қысқарту

50

Мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмысшының өзінің денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидатын енгізу Барлық денсаулық сақтау ұйымдарын біртұтас ақпараттық желіге қосу; əрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы біртұтас ақпаратты денсаулық сақтаудың электронды жүйесіне енгізу

Əлеуметтік қорғау жүйесін одан əрі жетілдіру

Бір мезгілде жергілікті басқару органдарының нəтижелерге жауапкершілігін күшейте жəне тұрғындар алдындағы есептілігін жоғарылата отырып, оларға өз бетінше жұмыс істеудің үлкен мүмкіндігін беру

Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдіру Еңбекпен қамтуға ықпал ету жəне əлеуметтік бейімделу бағдарламалары бойынша көмек алушының міндетті белсенді қатысуын қарастыратын əлеуметтік келісімшарттың тетігін енгізу

«Мəңгілік Ел» патриоттық актісін жасау

«МƏҢГІЛІК ЕЛ» ӨРКЕНДЕГЕН БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ ҰСТАҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ РЕТІНДЕ:

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта қалыптастыру

Индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсімге қол жеткізу

Сот жүйесінің толық мөлдірлігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету

Мемлекеттік кəсіпорындар, ұлттық компаниялар мен бюджеттік ұйымдар кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру

МƏДЕНИЕТ Жаңа сапалы мəдени өнім жасауды одан əрі ынталандыру бойынша шаралар енгізу Мəдени саясат тұжырымдамасын жасау, Қазақстанның əлемдік қоғамдастықта танылатын мəдени «брендін» қалыптастыру

Қазақстанның агроөнеркəсіп кешенін инновациялық рельстерге көшіруді қамтамасыз ету Баға қалыптастырудың мөлдір тетіктері арқылы да тиімді жер рыногын құру

Аграрлық ғылымды дамыту, тəжірибелік аграрлықинновациялық кластерлерді құру

Агрохимикаттарды қолдануды тиімді пайдаланудың кешенді шараларын құру, қуаңшылықты өңірлерде жерді нөлдік өңдеудің заманауи технологияларын қолдану

АСТАНА, АЛМАТЫ, ШЫМКЕНТ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛАРЫНДА АГЛОМЕРАЦИЯНЫ ҚҰРУ ЖƏНЕ ДАМЫТУ Өсімнің экономикалық факторларын есепке ала, қазіргі заманғы инфрақұрылымдарды қалыптастыру бойынша дамудың басым бағыттары мен шараларын көрсете отырып, əр агломерацияның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын жасау

Барлық құқық қорғау жүйесінің жұмыс сапасын көтеру

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

Жаңа антикоррупциялық стратегияны қалыптастыру мен жүзеге асыруды жалғастыру ЭНЕРГЕТИКАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША 2014 жылдың 31 наурызына дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын салу бойынша олардың орнын, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзімі мəселелерін шешу

ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТРИАДАЛАР – АГЛОМЕРАЦИЯНЫ, КӨЛІКТІ, ЭНЕРГЕТИКАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША

АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІ 2030 жылға қарай барлық егін алқаптарының 15%-ында су үнемдеу технологияларын енгізу

ЌАДАМ

ХАЛЫҚТЫ ƏЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Көліктік медициналық көмек, санитарлық авиация, телемедицина мен жылжымалы дəріханалар желісін, апаттар медицинасын дамыту үшін қажетті инфрақұрылымдық жəне материалдық техникалық жағдайлар жасау

Дамудың халықаралық институттарын тарту есебінен жəне мемлекеттік-жеке меншік əріптестігі тетігін пайдалану арқылы ұзақмерзімді қаржыландыруды кеңейту

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

Еліміздің жалпыəлемдік жəне өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы

Құрылып жатқан интеллектуалдыинновациялық кластерлермен университеттердің жəне кəсібитехникалық мектептердің интеграциясы

2 Қазақстан ет, сүт жəне басқа да жермен байланысты өнімдердің аса ірі өңірлік экспортерлерінің бірі болуы тиіс

Фермерлердің сату рыноктарына делдалдарсыз тікелей қолжетімділігін қамтамасыз ету

болдырмау жəне табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға жəне «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ пен «Qatar Mining Company QSC» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл күні тараптар, сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ пен Катар инвестициялық қоры арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті. Қазақстан Президенті мен Катар Əмірі келіссөздерден кейін жоғары деңгейдегі мұндай кездесулер мен бүгінгі күнге дейінгі қол жеткізілген уағдаластықтар табыстарды еселеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға жол ашатынына сенім білдірді.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін халықаралық саудасаттықты жүзеге асыруда кедергілерді жою мəселелерін қоса алғанда, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған транзиттік əлеуетін дамыту бағдарламасын жасау

Назарбаев Университетінің туы астында болашақтың энергиясы мен жасыл экономиканы іздейтін жəне қалыптастыратын əлемдік тəжірибені оқып-үйрену мен енгізу орталығын құру

ЭКОНОМИКА САЛАСЫ Жаһандық бəсекеге қабілеттілік индексіне сəйкес, Қазақстан бизнесті жүргізу үшін аса оңтайлы жағдайлары бар мемлекеттер тобына кіреді жəне біз бұл үрдісті өрістетуіміз керек Елге қызмет істейтін нақты жұмыстар мен жаңалықтар үшін қаржы бөле отырып, ғылымды ІЖӨнің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландыруға дейін ұлғайту

Біздің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамымызға берік экономикалық негіз қалау үшін жеке меншік институтын нығайту, шағын жəне орта бизнесті дамыту бойынша заңнамаларды жетілдіру

Индустриялықинновациялық даму

Автомобиль жасау жəне авиақұрылыс, тепловоздар, жолаушылар жəне жүк вагондарын шығаруды одан əрі кеңейту, сыртқы рынокқа шығу

Экономиканың жаңа салаларында төмендегі жеті бесжылдық құру: мобильді жəне мультимедиалық, нано жəне ғарыштық технологиялар, роботты техника, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу жəне ашу 4 Геологиялық барлау саласында əлемдік рынокқа шығу

Шағын жəне орта бизнесті дамыту үшін қосымша ынталандырудың салықтық-бюджеттік саясатымен қамтамасыз ету

Мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту ШОБ-ты дамыту бойынша

Оның ішінде, электронды есепфактураларды қабылдау мен өңдеу бойынша электронды салық есептілігі мен ақпараттық жүйені енгізуді одан əрі дамыту жолымен салықтық əкімшілендіру үдерістерін оңтайландыру

Еуразия интеграциясы институтының сарапшылар тобы дайындаған.


 Жолдауға жедел үнқосу

Ќасым-Жомарт ТОЌАЕВ:

МƏЅГІЛІК ЕЛ – ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЎЛТТЫЌ ИДЕЯСЫ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯСЫ (Соңы. Басы 1-бетте). – Президенттің қызметі əлемдік қоғамдастық тарапынан қалай бағаланады? Сіздің Назарбаев феномені əлем нің екі бөлігінің – Еуропа мен Азияның, екі өркениеттің – Батыс жəне Шығыс өркениеттерінің, екі саяси жүйенің – тоталитаризм мен демо кратияның түйіс кен тұсында шыққан деген сөзіңіз кеңінен белгілі. Сіз жаңа өзіңіз айтқан табыстарға қол жеткізуіміздегі Елбасының рөлі туралы не айтар едіңіз? – Бүкіл əлем біздің Президентімізді талантты да жігерлі басшы, аса көрнекті реформатор, жасампаз тұлға жəне стратег ретінде біледі, солай деп құрметтейді. Еліміздің жолы болған деп кəміл сеніммен айта аламыз, өйткені, тарихтың талмау тұсында оны дəл Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі басқарды. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары бола жүріп, мен көптеген мем лекеттердің басшыларымен кездестім, олардың қызметін бақылай келіп, стратегиялық ойлау жүйе сі, тəжірибесі мен беделі тұрғысынан бүгінгі əлемде біздің Пре зидентіміздей лидер тұлға жоқ деген қорытындыға келдім. Бұрынғы кеңестік республиканы табысты мемлекетке, пікірімен барлық белді елдер санасатын өңірлік державаға айналдырған дəл сол тұлға. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде қазірдің өзінде əлем тарихына енді. Мұндай құрметті мəртебеге мемлекеттердің бірде бір басшысы ие болған емес. Елбасының тарихи еңбегі тоқырауға түскен саяси жүйенің тар күпісі мен тозығы жеткен экономиканың шапанынан шыққан біздің ұлты мыздың бітімболмысын өзгерте алғанынан көрінеді. Нұрсұлтан Əбішұлының жетекшілігімен Қазақстан серпінді дамыған, ашық əрі бəсекеге қабі летті экономикасы бар ел ретін де танылды. Біздің елі міз парламентаризм мен азаматтық қоғамды дамытуда алға қарай қуатты серпіліс жасады, мұның өзі Қазақстандағы демокра тиялық үдерістерге енді беті қайтпайтындай сипат берді. – Əртүрлі елдерде мемлекеттер басшыларының халыққа сөз арнауының əртүрлі пішіндері бар екенін білеміз. Қазақстан Президентінің Жолдаулары несімен ерекшеленеді? Олар еліміздің дамуында қандай рөл атқарды жəне қандай рөл атқаратын болады? – Көптеген елдерде олардың бас шы ларының жолдаулары парламенттерге бағышталады да негізінен ішкі саяси жағ дай мен экономикалық ахуалды, сондай-ақ сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын белгілейді. Əдетте жыл сайынғы ресми сөз арнау Мемлекет басшысының бел гіленген конституциялық міндеті болып табылады. Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін Парламентке ғана емес, бүкіл халыққа да арнайды. Сондықтан да осынау, шын мəніндегі тарихи Жолдауын жария ететін орын ретінде Президент Тəуелсіздік сарайын таңдады. Жолдау – Мемлекет басшысы мен бүкіл қоғамның арасындағы өзара байланыстың тиімді пішіні. 1995 жылы Конституция қабылданғалы бері Президент Жолдаулары елі міз өмі рінің маңызды саяси оқи ғаларына айналып келеді. Жолдаудағы Үкіметке жəне биліктің заң шығарушы тармағына бе ріл ген тапсырмалардың негізінде еліміздің орнықты дамуына бағытталған нақты шаралар қабылданады. Елбасымыздың Жолдаулары – Қазақстанның əлеуметтік-эконо микалық дамуының барлық қырларына терең талдау жасайтын аса маңызды құжат. Сондықтан да олар елімізді орнықты дамудың жаһандық сара жолына шығаруға шешуші серпін қосты. – Енді Президенттің биылғы Жолдауына қатысты сұрақтарға көшсем деймін. Бұл құжаттың қандай басты сипаттарын алдымен атауға болар еді? Мұның

3

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

алдындағылардан осы Жолдаудың айырмашылығы неде? – Біз бəріміз шын мəніндегі тарихи оқиғаның куəгері болып отырмыз, өйткені Мемлекет басшысының бұл Жолдауының жөні бөлекше. Онда 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді Стратегияны жүзеге асырудың нақты бағдарламасы белгіленген. Елбасы Мəңгілік Елді – отандық тарихтың атымен жаңа тұжырымдамасын баян етті жəне негіздеп берді. Іс жүзінде бұл – Қазақстанның ұлттық идеясы жəне мемлекеттік идеологиясы. Мəңгілік Ел ұлы Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бастаған барлық қазақстандықтардың бірегей тарихи миссиясы болып табылады. Мəңгілік Ел идеясы хал қымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына ғана емес, Қазақстанның тəуелсіз жылдарындағы дамуының нақты нəтижелеріне арқа сүйейді. Биылғы Жолдау, сөз жоқ, өткен жыл дардағы осындай құжаттардан сапалық тұрғыдан жаңа міндеттердің ауқымымен ерекшеленеді. Қайталап айтайын, Қазақстан қазір бұрынғы Қазақстан емес, бүгінде ол ішкі жалпы өнімінің ауқымы бүкіл Орталық Азия елдерін қоса есептегеннен де асып түсетін қуатты мемлекет. Сонымен бірге, мұның бəрі үлкен жолдың басы ғана деп айтуға бізде толық негіз бар. Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің жарқын болашағына деген үміт пен сенімді бойға ұялатады. Пре зи денттің əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу Стратегиясы – мемлекеттің ұлттық мүдделеріне мемлекеттік тұрғыдан қараудың, ел азаматтарына, əсіресе Жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыратын жастарға деген шын мəніндегі əкелік қамқорлықтың айшықты айғағы. Елбасымыз ғылыми қамтымды экономика жасаудың, қуат тиім-

шы ғарушы тармағының осы үдерістегі рөлі туралы не айта аласыз? – Қауіпсіздік пен жайлылық туралы айтқанда Президент дамыған елдің бейбітшілік пен тұрақтылық, əділ сот жəне тиімді құқық тəртібі деген маңызды сипаттарын бөле айтты. Тарих осынау қастерлі қағидаттарды ұмыт қалдыру құлды рауға, торығуға, кейде тіпті салдары ұзаққа созылатын қасіреттерге əкеліп соқтыратынын көрсетеді. Сондықтан да Жолдау болашаққа бағышталған, оның мəн-маңызын адамдардың бір буынының өмірімен өлшеу мүмкін емес, бұл – шын мəнінде тарихи маңызды құжат. 2050 Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу дамыған демо кратиялық қоғамда өмір сүргісі келетін əрбір азаматтың осы іске өзінің тікелей қатысуы мен белсенді ұстанымын талап етеді. Біздің əрқайсымыздың «Ал мен өз мемлекетім үшін не істей аламын?» деп өзіне өзі сұрақ қоятын тұсы дəл осы.

ұжымдарымен, бизнес өкілдерімен кез десу мақсатымен өңірлерге аттанады. Мұның өзі Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ететін егжей-тегжейлі жұмыстың алдында еңбек адамдарынан жəне оқушы жастардан нақты ақпарат алудың маңызды кері байланыс арнасы. – «Əлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бəсекелестік, əділеттілік, заңның үстемдігі жəне жоғары құқықтық мəдениет ахуалы қажет», деп айтылған Жолдауда. Бұл тұрғыдан қарағанда, бізде жақ сы заңдар қабылдануын қабыл данады, бірақ олардың орындалуы нашар деп айтатын адамдар аз емес. Сіз мұндай пікір мен келісесіз бе? Сіз дің ойыңызша, қоғамда құқықтық мəде ниетті жақсарту үшін не істеу керек? – Құқықтық мəдениетіміз төмен деген пікірмен белгілі бір дəрежеде келісуге де болады, бірақ бұл істе ілгерілеу бар екенін

ділігі мен еңбек өнімділігін арттырудың, шағын жəне орта бизнесті дамытудың, қыз мет көрсетуді жақсартудың, агро өнеркəсіптік кешенді жаңғыртудың айрықша маңыздылығын атап айтты. Қуатты экономикалық іргетасқа арқа сүйей отырып, сыртқы болса да, ішкі болса да қандай саясатты да əлеуметтік мəселелерді шешуге бағыт ұстап тиімді жүргізуге мүмкіндік бар. Тұтастай алғанда, Президент Жолдауы – біздің бəріміз талай рет жүгінетін жəне бойынан осы заманның барлық қатер-сынақтарына нанымды жауаптар таба алатын құжат. Тарихи тұлғалар «өтпелі» саяси фи гуралардан стратегиялық көзқарасымен, ойының ауқымдылығымен айрықша болып тұрады. Жолдауды оқи отырып, Елбасының алысқа қарайтынына жəне көз жетпесті көретініне тағы да сене түсесіз. – Президент Қазақстан əлемде адамдар үшін қауіпсіз жəне тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс деп талап қойды жəне оны жүзеге асырудың жол дарын көрсетіп берді. Сіз бұл жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары жəне биліктің заң

Мысалы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет көрсетудің тиісті деңгейіне қол жеткізу немесе мүгедектерге кедергісіз аймақ жасау үшін, қанша жерден ықпалды болса да, тек мемлекеттік аппараттың күшіне сеніп отыра беруге болмайды, бұл міндетті шешуге бүкіл қоғам болып жұмылуға тиіспіз, өйткені мұның бəрі жалпыұлттық сипаттағы істер. Жолдаудың бас қа тұжырымдары туралы да солай айта аламыз. Бұл құжаттың маңыздылығы да осында. Өйткені, Елбасымыз ырысты-берекелі, табысты Қазақстанды құру ісіне ел болып жұмыла кірісу үшін өз сөзін бүкіл ұлтқа, барлық азаматтарға арнап отыр ғой. Сондықтан да біз Мəңгілік Елді халқымыздың біріктіруші идеологиясы деп білеміз. Ал енді заң шығарушылық қызметке келер болсақ, сіз білесіз ғой, Президент Үкіметке Жолдау тұжырымдарын жүзеге асыру ды қамтамасыз ету үшін заң жобаларының дестесін Парламентке енгізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Таяу уа қытта депутаттар Президент Жолдауын түсіндіру үшін жұртшылықпен, əлеуметтік сала қыз меткерлерімен, еңбек

де айтқан жөн, халықаралық ұйымдардың есептері осыны көрсетіп отыр. Қадағалаушы органдар заңдылықтың сақталуына ықтиятты зер салуы керек, ал біз, депутаттар, заңды сақтамаудың мысалдарына қатты назар аударуға тиіспіз. Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан заңның үстемдігі күшейе түскен құқықтық қоғамға айнала алды. Біздің еліміздегі демократия енді бері қайтпастай, кері кетпестей сипатқа ауысты. Биліктің заң шығарушы тармағына келсек, парламентаризм мемлекеттік жүйеде өзіне сай орынға ие болды. Мен бұл сөзді сізге өздерін демократиялық деп атайтын бірқатар елдердің өміріне қарап айтып отырмын, олардың парламенттерінің өкілеттіктері біздің еліміздің заң шығарушы органының өкілеттіктерімен салыстырғанда əлдеқайда аз. Біздің азаматтарымыз өздерінің құқыларын біліп қана қоймай, оларды заң жүзінде қорғай алуға да тиіс. Мұның өзі демократиялық қоғамның негізгі қағидаты. Құқықтық əділеттілігі жоқ елдер кері кетпей қоймайды. Құқықтық мəдениетпен қоса, бізге өз бойымызда еңбек мəдениетін де тəрбиелеу маңызды. 2050

Стра те гия сы ның мақсаттарына жету үшін мемлекетіміздің барлық зияткерлік күш-қуатын жұмылдыру керек, көп жұмыс істеуіміз керек. Бұл тұрғыдан алғанда Оңтүстік Кореяның үлгісі үйренерліктей. Табиғи қазба байлықтары жоқ осы ел, Солтүстікпен қақтығыса жүріп, Жапониямен, Қытай мен қатты бəсекелесе жүріп, еңбек қоғамын құрды да аз уақыттың аясында индустриялық державаға айналды. Корейлер көп жұмыс істейтін болды, өйткені олар не үшін еңбек ететінін білді, түпкі мақсатын көре алды. Елбасы Жолдауы бүкіл ұлттың ал дына нақты мақсаттар мен міндеттер қояды. Енді Мəңгілік Ел болу үшін көп жұмыс істеу керек. – Нұрсұлтан Əбішұлы жалпыəлемдік дамуға барабар тұру қағидатын ұстану қажеттігін қадап айтты. Сіз бертінге дейін əлемнің ең беделді ұйымы – БҰҰ басшыларының бірі болдыңыз. Сіз жалпыəлемдік дамудың басты үрдістерін қалай деп айқындар едіңіз? – Осы заманғы əлемдік үрдістер өте қарама-қайшылықты болып келеді. Бір жағынан, əлем нағыз инновациялық зерттемелерді арқау ете отырып, технологияны бұрынсоңды кездестіріп көрмегендей жаңартудың, ақ па рат тық-коммуникациялық секторды қуатты дамытудың жолымен жүруде. Əлем адамзаттың болмыс-бітімін түбірін ен өзгертетін жаңалықтардың табалдырығында тұр. Орнықты даму, экономика мен экологияның үйлесімі тұжырымдамасы бүгінгі өмірдің императивіне айналды, БҰҰ-ның Мыңжылдық саммитінде сонау 2000 жылдың өзінде айтылған орнықтылық қағидаттарын енгізбейінше ендігі жерде жекелеген елдердің де, тұтастай адамзаттың да келешегі кемел болмайтынын пайымдау күшейе түсуде. Екінші жағынан қарасаңыз, байлар мен кедейлердің арасы барған сайын ашылып кетуін, қатты аштықты, миллиондаған адамдар үшін ауыз судың жетіспеуін, ең кəдуілгі жағдайлардың жасалмауын, гендерлік жəне этностық белгілер бойынша кемсітушілікті, мəселесі ушыққан елдерден босқындардың тасқынын, заңсыз мигра цияны, есірткі бизнесін, ауру-сырқауды жəне адамдарды саудаға салуды көресіз. Көптеген дамыған елдер жаппай жұмыссыздықтың шырмауында қалды, олардың кейбірінде жұмыссыздық, Испаниядағы сияқты, 30 пайызға жетті. Жаһандық саясат пен экономикада тұрақсыздық пен болжамсыздық белең алып барады. Сондықтан Елбасымыз өз Жолдауында ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайтынын өте əділ ескертіп отыр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Əбішұлы терең талдаудың негізінде таяудағы 15-17 жыл Қазақстан үшін «мүмкіндіктер көзі» бола алады деген болжамын жасады. Бұл арадағы ең басты мəселе – жайлы конъюнктураның мүмкіндігін қолдан шығарып алмау, табанды да мақсатты жұмыс істеу. – 2050 Стратегиясының басты мақсатына – Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуына қол жеткіземіз деген біздің сеніміміз қандай күшке арқа сүйейді? – Осы заманғы Қазақстанның үлкен артықшылығы – ерен Елбасымыз. Ұлт басында Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сияқты аса көрнекті саясаткер тұрмаса, біз өмірдің барлық саласында бүгінгідей табыстарға жете алар ма едік? Əрине, жете алмас едік. Оған қоса, түпкі табысқа деген сенімділік Қазақстанның адами əлеуетіне негізделеді. Біздің азаматтарымыз – бар күш-жігерін ұлы ел тұрғызу үшін жұмсауға дайын, зияткерлік тұрғыдан өрелі жəне ой-санасында отаншылдық орныққан адамдар қоғамдастығы. Қазақстандықтар барынша дамыған елдердің алдыңғы қатарына қосылатын ырыстыберекелі елде өмір сүруге əбден лайықты. – Əңгімеңіз үшін рахмет. Сұхбаттасқан Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Өңірлік даму министрі Болат Жəмішев Мемлекет басшысының таяудағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына орай брифинг өткізді.

Ґѕірлерді ґрісті істер кїтеді Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Оған министрдің екі орынбасары Қ.Өскенбаев пен С.Жұманғарин де қатысып отырды. Өңірлік даму министрі Жол дау дың маңыздылығын тілге тиек етіп, оның бірқатар бөлімдеріне арнайы тоқталып өтті. «Жолдауда кəсіпкерлікті дамытуға басымдық берілген. Əсіресе, орта жəне шағын бизнеске қолдау көрсетіп, оның өркен жаюына мүмкіндік жасау шарасы пысықталған. Ол үшін Өңірлік даму министрлігі бірқатар істерді қолға алып, жүзеге асыру жолдары қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Парламентке «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасы енгізілді. Ол бойынша 9 кодекс пен 74 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Нəтижесінде жағымды бизнес-ахуал орнығады деген үміт бар», деді Б.Жəмішев. Министрдің сөзіне қарағанда, кəсіпкерлердің еркін жұмыс істеп, шаруасын кеңейтулеріне көптеген тексерулер мен кедергілер бар көрінеді. Ондай келеңсіздіктердің жолын кесу шаралары өзгертілген жəне толықтырылған заңда қарас ты рылыпты. Ендігіде барлық рəсімдер мен талаптар Үкімет қаулыларының деңгейінде бекітілетін бола ды екен. Мұнымен қатар, кəсіпкерлік қызметті

мем ле кет тік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да жасалыпты. Енді оны бекіту мақсатында Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы əзірленіпті. Осынау заңдар мен тұжырымдамаларды дайындауға аталған министрлікпен қатар, жауапты ведомстволар мен Ұлттық кəсіпкерлер палатасы да атсалысыпты. – Министрліктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстарының бəрі Елбасының аталған Жолдауынан көрініс тауып жатқанына өздеріңіз көз жеткізіп отырсыздар. Мемлекет басшысы 2050 жылға қарай Қазақстан халқының 70 пайызы қалаларда тұратынын айтты. Мəселен, біздің елге географиялық жағынан ұқсас Австралия мен Канадада солай. Бұйырт са, қазіргі қолға алып жатқан жұмыстарымыз жемісті болса, болашақта халықтың 35 пайызы тұрғындары 2 миллионнан асатын қалаларда тұ��уы тиіс. Елбасы айтқандай, бұл орындалмас арман-қиял емес, əрекет еткен қандай да қоғам қол жеткізе алатын нақты мақсат, деді министр. Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмалар мен ұсыныстардың Өңірлік даму министрлігіне қарастыларын то лық саралап, оларды орындау жолдарын баяндаған Б.Жəмішев, журналистердің қойған сұрақтарына да жауап берді.

Жаќсылыќќа жетелейді Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Мына мəселені баса айтқымыз келеді: халық Елбасының Жолдауынан жақсылық күтеді. Жұрттың бəрі əлеуметтік желілерді жіті бақылап, Ақорданың Twittrer парақшасын əлсін-əлсін жаңартып, ақпарат агенттіктерінде жарияланған жаңалықтарды назарда ұстап отырды. Осы жылғы Жолдаудың тікелей эфир арқылы емес, интернет кеңістігі арқылы таралғаны оның халық үшін маңызының жоғары екенін бірден айқындады. Себебі, Twittrer мен Facebook секілді əлеуметтік желілерде əлеуметтің ақжолтай ақпаратты ағайынға жеткізіп, дем арасында оған елдің үн қосып жатқанына куə болдық. Заманауи техника халықтың игілігіне осылай жұмыс жасады. Мысалы, бір қолданушы «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға артатын болды» деген ақпарат жолдады. Ал оның астына жазылған елдің пікірінде есеп жоқ. Ел Жолдаудан жақсылық күтеді дегенді осындай дүниелерге сүйеніп айтып отырмыз. Тағы бір мысал. Елбасы Жолдауынан кейін Қызылорда облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері шұғыл жиналды. Сөйтіп, биылғы жылдың ең маңызды құжатын талқылады. Жиынды ашқан облыстық Ассамблея төраға сының орынбасары – хатшылық басшысы Асылбек Жұмабаев биылғы Жолдаудың бұрынғыдан өзгерек екенін ерекше атап өтті. – Біз Кеңес заманында тəрбиеленген, қалыптасқан ұрпақпыз ғой. Дегенмен, Елбасының Жолдауын əлеуметтік желілер арқылы, ақпарат агенттіктеріне шыққан материалдар бойынша қарап отырдық. Ал жастардың қолдарындағы ұялы телефондары арқылы Жолдаудан үзік-үзік үзінділерін оқығанын көргенде ерекше қуандым. Бүгінде Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. 2050 жылға дейін əлемнің озық 30 елінің қатарына кіретінімізді айтты бүгін Елбасы. Оның тұжырымдамасы алдағы күндері жарияланатынын білдік. Жалақы өседі, шəкіртақы

артады. Сонымен қатар, алдағы жылдарда Қазақстанда үш ауысымдағы мектептер болмайды. Елбасы Үкіметке мектептердің барлығының екі ауысымда жұмыс істеуі керектігін тапсырды. Бұл ретте Қызылорда облысында үш ауысымда оқытып жатқан мектептердің жоқ екенін қуанышпен айтқым келеді, деді ол. Ал «Болашақ» университетінің проректоры Болат Нəсіпов: – Елбасы қазақ тілінің ғылым мен білім, интернет тіліне айналғанын мəлім етті. Бұл негізсіз емес. Себебі, бүгінде Голландия, Германия секілді Еуропа мемлекеттерінде қазақ тіліндегі ғылыми мақалаларды жариялайтын журналдар шығады. Яғни, Еуропада біз өзіміз жазған еңбектерді еш қиындықсыз жариялай аламыз. Бұл қазақ тілінің əлемдік өркениетке шыққанының бір белгісі. Ал интернет тіліне айналды дегенін бүгінгі Жолдауды жұрттың барлығы ғаламтор арқылы алып, талдап, зерттеп жатқанынан анық аңғаруға болады,– деп ортаға өз ойын салды. Жиын барысында облыстағы мəдени орталықтардың жетекшілері кезек-кезек сөз алып, Қазақ стандағы тұрақтылық пен татулықтың барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында болып жатқанын жеткізді. Жыл сайын Қазақстан халқына арналатын Жолдаудың өзі мемлекет дамуындағы серпінді құжат екені айтылды. Сонымен қатар, қызылордалықтар Елбасы Жолдауын теледидар арқылы да тамашалады. Мысалы, кеше ғана «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын Елбасының қолынан алған Абзал Ералиев басқаратын «Абзал жəне К» толық серіктестігінің ұжымы Жолдауды бірлесе көрді. Ал мұнай өндіру саласында аймақтағы озық компаниялардың бірі «ҚазГермұнай» біріккен кəсіпорнының басшысынан жұмысшысына дейін Жолдауда айтылған сөздерді саралады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шəкірттері жаңадан ашылған «Студенттер үйінде» жылдың басты құжатының мəніне бойлады. ҚЫЗЫЛОРДА.


4

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

МƏҢГІЛІК ҚАЗАҚСТАН ЖОБАСЫ –

 Жолдауға жедел үнқосу Роман КИМ,

Парламент Мəжілісінің депутаты:

– Президент өзінің əр Жолдауында мемлекетті алға жылжыту үшін елдің нақты, айқын мақсаты болуы қажеттігін айтып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы мемлекеттің жан-жақты дамуына, оның ілгері жылжуына ық пал ететін осындай бірден-бір айқындалған мақсат-міндет деп есептеймін. Əрине, бұл Стратегия үлкен, ауқымды кезеңді қамтиды. Алайда, Елбасы өз Жолдауында бұл кезеңнің белесін 5 кезеңге бөліп, бағындыру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, өз Жолдауында Қазақстанның əрбір азаматының, еліміздің əрбір тұрғынының əл-ауқатының көтерілуі мен артуы үнемі назарда тұратынына тоқталды. Бұл мемлекет алдында тұрған ауқымды міндет деп ойлаймын. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі көтерген мəселелер жөнінде тапсырмалар беріп қана қоймай, олардың орындалуының нақты мерзімдеріне дейін белгілеп берді. Əрине, еліміздің əлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуіне қажетті бірнеше алғышарт бар. Солардың бірі – Президент айрықша тоқталған агроөнеркəсіптік кешен. Мен Парламент Мəжілісіндегі Аграрлық комитеттің мүшесімін. Осы ретте, мен Елбасы атап өткен бірқатар мəселеге назар аударғым келеді. Мəселен, Президент өзінің сөзінде ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жүрген кез келген азамат кешегі күнмен өмір сүрмеуі қажеттігін баса айтты. Яғни, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығын көтеру үшін жаңа технологиялар, жаңа инновациялар ауадай қажет. Мемлекет басшысы, міне, осындай мəселелерді күн тəртібіне шығарды.

Нўрлы болашаќ їшін маќсат-мїддеміз ортаќ

Ќостанай облыстыќ Ќазаќстан халќы Ассамблеясы этномəдени бірлестіктерініѕ мїшелері Жолдау туралы осындай тўжырымєа келді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа дəстүрлі кезекті Жолдауын жолдағаннан кейін, Қостанайдағы «Достық» үйіне облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномəдени ұйымдарының, ғылыми-сараптау тобының жəне қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері жиналып, кеңейтілген мəжіліс өткізді. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Олар ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып, электрондық ақпарат құралдары ар қыл ы б ері л г ен ақп ар ат т ар д ы көріп, тыңдап, Жолдауда айтылған мəселелерден біраз хабардар болып үлгерді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Бағытұр Əлімбаев Жолдаудың маңызына тоқталды. – Елбасының бұл кезекті Жолдауы ел Тəуелсіздігін алған жылдардан бері Қазақстанның өсу, даму жолын

көрсеткендей болды. Елбасының əр Жолдауында еліміздің болашағын айқындайтын мақсаттар қойылып келді. Осы кезге дейін Нұрсұлтан Əбішұлы көтерген көптеген мəселе лер жүзеге асты. Қазақстанның дүниежүзіндегі мойны озық елу елдің арасынан орын алуы, енді ең үздік отыздықтың қатарынан көріну үшін алға үлкен мақсаттар қоюы осының дəлелі, – деді Б.Əлімбаев. – Дамудың үлгілері өзіміздің облысымыздың мысалынан да жетерлік. Қаншама инновациялық кəсіпорындар, зауыттар іске қосылды. Ауыл шаруа шылығындағы жетістіктер өз алдына.

Əрине, дамудың жолы тақтайдай тегіс болмайды, кемшіліктер, əлі де көп еңбекті қажет ететін олқылықтар да бар. Оның барлығы да еңбектің, бірліктің арқасында жөнделеді. Мұнан кейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы ғылымисараптау тобының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Еркін Əбіл сөз алды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл Жолдауының басты ерекшелігі стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігін айтуында деп білемін. Кеңес Одағындағы жоспарлы экономикадан кейін жоспарлау тəсіліне кері көзқарас қалыптасып қалғандай еді. Алайда, ол жоспарлау мен бұл стратегиялық жоспарлауды салыстыруға болмайды. Жоспарламаса ауажайылушылық болмай ма? Жоспар атқаратын ісіңді реттеу, оған ұмтылу, күш-қуатыңды жинақтау деген сөз ғой.

Елбасы «2030» Стратегиясы туралы айтқанда кейбіреулер оған күмəнмен қарағаны жасырын емес. Сонда айтылған ірі-ірі мəселелердің көпшілігі он бес жылдың ішінде-ақ жүзеге асты ғой. Елбасының Жолдауында атан түйе тарта алмайтындай асқақ цифрлар бар. Бірақ айтылды ма, алға ұмтылсақ, көрінген төбенің алыстығы болмайды, игереміз. Ол үшін Қазақстанда мүмкіндік, жағдай толығымен жетеді. Мысалы, шикізат бар, қаржы бар, кадр дайындау тəжірибесі бар, егер оларды оқыту керек болса, қайда оқыту керек екенін білеміз, – деді Еркін Аманжолұлы. Мұнан кейін поляк, тəжік, əзербайжан, орыс, т.б. этномəдени бірлестіктер өкілдері Жолдау туралы өз ойларын ортаға салды. Поляк ұлтының өкілі Виктор Радумский: «Маған Елбасының медицина туралы айтқаны өте ұнады. Адамдар өз денсаулығы

ҚОСТАНАЙ.

Жўрт жанына жаќын

Ғани ҚАЛИЕВ,

«Ауыл» партиясының төрағасы:

– Агроөнеркəсіп кешені – аса күрделі мəселе. Мұнай мен газ, уран, басқа да жерасты қазба байлықтары мəңгілік емес, түбі бір таусылады, сарқылады. Халық ты негізінен ауыл шаруашылығы асырайды. Біздің елімізде ауыл шаруашылығына қажетті жерлер көп. Өкінішке қарай, біздегі жер құнарлылығы дамыған елдер жерлеріне қарағанда төмендеу, ауа райы да қаталдау. «Биопотенциал» деген бар. Осы жағынан алғанда, біздің ауыл шаруа шылығымыздың биоəлеуеті Ресейден 2,5-3 есе, Еуроп��дан 5 есе кем. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласына Үкімет тарапынан көбірек қолдау көрсетілуі керек. Бұл мəселе кейде ескеріледі, кейде ескерілмейді. Президенттің Жолдауынан кейін осы мəселелер қолға алынатын шығар деген ойдамын. Елбасымыз ерекше тоқталған тағы бір мəселе – ғылымның жетістігін пайдалану. Ғылымды пайдаланбаса, экономиканың барлық саласы ешқашан дамымайды. Оның ішінде, əрине, ауыл шаруашылығы да бар. Соңғы кездерде ғылымды, онымен айналысатын ғалымдардың беделін төмендетіп жібердік. Ғалымдардың əлеуметтік жағдайларын шешуді, олардың қоғамдағы орнын қайта қалпына келтіруді қолға алсақ, жақсы-ақ болар еді.

Мемлекет басшысының дəстүрлі Жолдауын шығысқазақстандықтар жан-жақты қуаттауда. Соның бірі облыстық Достық үйінде этномəдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен өтті.

Александр СМИРНОВ,

«Суоми» этномəдени бірлестігінің төрағасы:

– Елбасы Н.Назарбаев өзінің əр жылдардағы жолдауларында мемлекетке жаңа міндеттер жүк теп қана қоймай, сол арқылы халықтың жүрегіне сенім ұялатып келеді. Əрине, Мемлекет басшысы белгілеген мақсат-міндеттер, оларды жүзеге асыру оңай емес. Десек те, оларды кезеңкезеңмен бағындыруға болады деп ойлаймын. Президент атап өткендей, алдағы уақытта біз «жасыл экономиканы» дамытуымыз керек. Өткен жылдың сəуір айында Қазақстан– Финляндия саммиті ұйымдастырылған болатын. Сол кезде де екі елдің президенттері «жасыл экономика» төңірегінде əңгіме қозғап, оны жаңғырту мəселесін талқылаған еді. Демек, болашақта қос тарап осы бағыттағы ауқымды жобаларды қолға алып, оларды бірлесе жүзеге асыратын болады. Менің ойымша, «жасыл экономиканы» басшылыққа алып, мемлекетті алға жылжыту бастамасы дер кезінде қолға алынып отыр. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі, «жасыл экономика» – болашақ, елдің болашағын айқындайтын тетік. Демек, сол арқылы біз ілгері қадам жасап, жаңаша өмір сүруіміз керек. Бүгінде менің айналамда білікті инженерлер тобы жұмыс істейді. Олар финдермен бірлесіп, бірқатар жобаларды əзірлеуде. Біздің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындап жатқан бір ауқымды жобамыз бар. Оны уақыты келгенде көріп, бағасын бересіздер деп ойлаймын.

туралы өздері ойлануы қажет, қоғамға бұл пікір сілкініс береді. Дүниедегі елдердің тұрғындары денсаулығын жөндеу үшін Қазақстанға келетін күн де туар», десе, тəжік Эргошвой Холматов: «Нұрсұлтан Назарбаев орта жəне шағын бизнес туралы өте орынды айтты. Ірі инновациялық зауыттар керек, бірақ олардағы жұмыс орны шектеулі болады ғой. Сондықтан адамдарға жұмыс беруші негізінен шағын жəне орта бизнес болуы қажет. Кім де болса жұмыс істегенде ғана жақсы тұрады», деді. Орыс этномəдени бірлестігінің жетекшісі Юрий Ивлев: «Президенттің Жолдауында көтерілген мəселелер мен алға қойған мақсаттардың барлығы шынайы деп білемін. Өйткені, осыдан он бес жыл бұрын Қазақстанда машина жасау ісі осынша дамиды деп кім ойлаған еді? Болашақта роботтехника да қазақстандықтар үшін жат болмайтынына сенемін», деді. Қостанайда бір атаның балаларындай татулықты ту етіп тұрып жатқан көп ұлттың өкілдері Елбасының биылғы «Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында өмірдің барлық саласы қамтылғандығын тілге тиек етті. Олардың барлығы да ендігі мақсат – бұл құжаттың қазақстандықтардың тегіс танысуы, əркімнің жүрегінде жүретін алдағы уақыттың бағдаршамы болуы қажеттігін айтты.

Жасампаздыќтыѕ жарќын баєдарламасы Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе қаласындағы «Достық» үйінде Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назар баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау өткізілді. Оған кеңес мүшелері, облыстағы 18 этномəдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты. Отырысты Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ас самблеясы хатшылығының меңгерушісі Қыдырғали Ермұханов қысқаша сөз сөйлеп ашып, Жолдаудың ел дамуының жарқын болашағын айқындаған бағдарламалық құжат болып табылатынына тоқталды. Ол Жолдаудың «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған ерекше ауқымды міндеттерді жүзеге асыру жолдарын ашып, дамыта түсетінін атап өтті.

Отырыста сөз алған «Эллада» грек этномəдени» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ян Липириди Елбасы Жолдауының мəні мен маңызына тоқтала келіп, оның қазақстандықтардың бақуатты тұрмысын қамтамасыз етуге өзек болған бағыттарын тарқата əңгімеледі. – Жолдау тақырыбы мен «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір мүдде» атты Мемлекет бас шысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінің бірізділігін көреміз. Біз бұдан Елбасының гүлденген Қазақстанды қалыптастыру, қуатты мемлекет, дамыған экономика жəне жалпыға ортақ еңбекті пайдалана отырып, берекелі қоғам құру жолындағы сарабдал саясатының жасампаздығын аңғарамыз. Елбасының бұл жолғы Жолдауының алтын арқауы да халықтың тұрмысын жақсартуға, ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ, Жалпыға Ортақ

Еңбек Қоғамын құруға бағытталған баянды бағдарламаларды құрайды. Онда тəуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. Ортақ Отанымыз – Қазақстанның гүлденуінің іздері айқын дал ған. «Мəңгілік Ел» идеясының жеті қағидасы біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, халқымыздың ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайды, – деді Ян Липириди. Ол сондай-ақ, Жолдауда Қазақстанның əлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жоспары айтылғанын, ішкі жалпы өнімді 4,5 есеге, жан басына шаққанда 13 мың АҚШ долларынан 60 мың АҚШ долларына жеткізу көзделіп отырғанын жеткізді. Елбасы Жолдауында дəрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысын көтеру туралы мəлімделгенін де жағымды жаңалық ретінде баяндады. – Біз Елбасының əр жылдарғы Жолдауын асыға күтеміз, оған үлкен

сенім артамыз. Шыны керек, Нұрсұлтан Əбішұлының сөзі мен ісі қамшының егіз өріміндей жымдасып жатады. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға деген халықтың патриоттық сезімі де жоғары. Мен Елбасының биылғы Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдадым. Онда қазіргі қол жеткен табысымызды толықтыра түсудің іздері нақты көрсетілген. «Мəңгілік Елді» нығайту – Қазақстанның тəуелсіздігін нығайту деп түсінеміз. Сондықтан ұлтаралық келісім мен достықтың тінін бекіте береміз. Бұл жарқын болашақтағы жасампаз істеріміздің тұғыры болатыны сөзсіз, – дейді «Əзербайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық филиалы кеңесінің төрағасы Шаһбаз Жамалов. Отырысқа қатысушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Жолдауды қолдау, насихаттау жəне жүзеге асыру ға байланысты Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өңір тұрғындарына үндеуін қабылдады. Ақтөбе облысы.

Жиында «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауы – еліміздің ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың жалғасы болатын бірегей бағдарлама екендігі əңгіме өзегіне айналды. Яғни, бұл құжат арқылы қазақстандықтардың əл-ауқатын жақсартуды кезеңкезеңімен жүзеге асыру міндеті тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, армян этномəдени бірлестігінің төрағасы Карэн Нариманянның қазақ жерін мекен етіп келе жатқанына – 48 жыл. Осы жарты ғасырға жуық уақытты ой елегінен өткізген ол еліміздің жаңа ғасырда жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді. Елбасы Жолдауы – мемлекеттің жалпы саясиэкономикалық дамуын қалыптап, негіздеп отыратын тұрақты даму бағдарламасына айналғанын атап өтті. – Біз Достық үйінде осы саясатқа сүйеніп, еңбек етеміз. Өйткені, Президент саясаты ешкімді алаламайтын, өзекке теппейтін елде тұратынымызға кепілдік береді, көңілімізге сенім ұялатады. Біздің талантты, дарынды жастарымыз өсіп келеді. Сондықтан, білім саласына құйылған қаражатты тиімді пайдалануымыз қажет. Мəселен, мемлекеттік тілді үйрену керек. Кем дегенде, 80 пайыз отандастарымыздың қазақ тілінде сөйлегенін қалаймын, – деді Карэн Нариманян. Ал «Вайнах» ұлттық-мəдени бірлестігінің төрайымы Татьяна Кагерманова Жолдауда белгіленген межеге қол жеткізу үшін Қазақстан халқының бірлігі зор маңызға ие екенін атап өтті. – Биылғы Жолдау – жұртшылыққа өте жақын. Себебі, халыққа басты қажеттілік: əл-ауқатты көтеріп, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларын жақсартуға жəне кəсіпкерлікті кеңінен дамытуға басымдық берілген, – деді ҚХА мүшесі Т.Кагерманова. Думан АНАШ, журналист. ӨСКЕМЕН.


www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

ЖАҢА ДƏУІРДІҢ КЕМЕЛ КЕЛБЕТІ Серпінді ґркендеудіѕ басты темірќазыєы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауының стратегиялық маңызы айрықша. Өйткені, осынау стратегиялық құжат іспеттес Жолдауда өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін жəне оның жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынылып отыр. Қоғамдық өмірдің түрлі саласын қамтып, ғылым, білім жəне жастар мəселесі ерекше орынға қойылған. Əсіресе, ел дің экономикалық келешегіне төмендегіше талдау жасайды. Мəселен, іш��і жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем етпеудің жоспары белгіленуде. Ал экономиканың нақты секторына салынатын инвестицияның көлемін бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту бүгінгіден де маңыздырақ болмақ. Тəуелсіз еліміздің əлемдегі 30 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып отырған сəтте экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізудің қажеттілігі Қазақстанның экспорттық əлеуетіне оң əсер етуі тиіс. Себебі, экспортқа шығарылатын сапалы өнімдердің арасында шикізаттық емес өнімдер үлесі 70 пайыздық деңгейге жетуі керек. Сонымен бірге, экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруға басым бағыт берілуімен құндылығы арта түспек. Елбасы осы орайда ғылымды қаржы ландыруға бөлінетін қаржыны ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды ұсын ды. Бұл отандық ғылымның дамуына, жаңа идеяларды ұсынатын ғалымдардың жаңашыл істеріне серпін береді деген сенімімізді нығайтып отыр. Біз əлі де энергияны үнемдеуге бет бұра алмай келетініміз жасырын емес. Елбасы бүгінгі нарықтың дəуірінде үнемшіл болуды ұдайы айтып келеді. Биылғы Жолдауда да ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайтудың маңыздылығына тоқталды. Үнемшілдік болмаған жерде өнім өндірушілердің өзіндік құны арта беретінін, əсіресе, шағын жəне орта бизнес өкілдері мықтап түсінетін кез жетті. Қазір бұл сала өкілдері ішкі жалпы өнімнің 20 пайызын ғана өндірумен шектеліп қалып отыр. Енді шағын жəне орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің кемінде 50 пайызын өндіруі тиістігіне назар аударылып отыр. Əрине, энергия тұтыну ауқымын кемінде 2 есеге азайта алсақ, бұл еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыруға ықпал етеріне күмəн жоқ. Елімізде əлеуметтік саланы жақсартудың кешенді жоспары кезеңкезеңімен іске асырылып келеді. Нақ осы саланы одан əрі дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарларында ішкі жалпы өнім көлемі жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттырылмақ. Демек, бұдан халықтың басым бөлігін əлеу мет тік тұрғыдан қолдайтын кешенді бағдарламалардың іске асырылатыны анық байқалады. Мұның астарында мемлекеттің қуаттылығы еліміздің əр аймағында тұрып жатқан халықтың əлеуметтік тұрмысымен өлшенетіні аңғарылып тұр. Осы бағытта елімізде игілікті іс тер атқарылуда. Атап айтқанда,

қала мен аудандарда балабақшалар салынып жəне жаңа мектептердің құрылысы аяқталып, жолдардың күрделі жөндеуден өтуі айрықша қуантады. Болашағымыз жастарға да көңіл бөлініп, олардың əлеуметтік мəселелеріне ерекше назар аударылуда. Мəселен, Атырау облысында жастардың баспана мəселесін шешудің тиімді жолдары белгіленіп, «Жас отау» бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. Студенттердің жол ақысы жеңілдіктері қарастырылып, бұл мəселе де өз шешімін тапты. Елдің экономикасын дамытуға, Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыру барысында бүгінгі жастардың шетелдерде академиялық ұтқырлық арқылы білім алуына жағдай жасалуда. Соңғы екі жылда жүздеген студенттер мен магистранттар жəне оқытушылар «Болашақ» бағдарламасы жəне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қолдауы арқылы өз білімдерін Еуропаның ірі университеттерінде жетілдірді. Бұл үдеріс Болон декларациясына сəйкес тұрақты жүргізіледі. Білім беру ісіндегі тəрбиенің орны қай кезде де маңызын жоймайды. Өйткені, білім беру ісі патриотизм, адамгершілік, рухани да му, заңға бағынушылық сияқты құн ды лық тармен астаса жүруі керек екен дігі қоғам тарапынан қол дау тауып отырғанын айтуымыз керек. Айтылғандардың бəріне немқұрайлықпен қарамай, тəрбие ісінде ұсақтүйек болмайтындығын барлығымыз жете түсініп, ата-ана, қоғам мүшесі ретінде көзқарасымызды айқын танытып, жастарымыздың бойына адами құндылықтарды сіңіре білсек, нұр үстіне нұр болар еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында да жастарға тəрбие беру жұмысын күшейту талап етілді. Білім беру мекемелері маман даярлаумен қатар, оның сегіз қырлы, бір сырлы, ерік-жігері мықты, елін, жерін қастерлейтін, алда тұрған асуларды қиналмай алуға қабілетті адам тəрбиелеуге міндетті. Сондықтан, біздің алдымызда тəрбие жұмысын түбірінен қайта құру міндеті тұр. Университетімізде жастар тəрбиесі саласында да тындырылған істеріміз аз емес. Жастарға патриоттық тəрбие беру жəне жемқорлықпен күрес жөнінде жасалған арнайы бағдарламаларға сəйкес əрбір факультет пен кафедра ұжымы қызжігіттердің ой-өрісін кеңейту, отансүйгіштік сезімін күшейту, парақорлықтың алдын алу жолында тұрақты жұмыс істеп келеді. Жолдауға сəйкес бұл бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жұмысымыздың мазмұнын жаңа шаралармен байыта түспекпіз. Жас ұрпаққа сапалы білім мен тəрбие беру отбасынан, балабақшадан жəне орта мектептен бастау алады. Елбасының Жолдауда осы мəселеге жəне бір рет көңіл аударуы қо ғам дағы сенімділікті нығайтып отыр. Себебі, қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі – білім. Жалпы, биылғы Жолдауды елімізді серпінді, екпінді өркендетудің басты темірқазығын айқындап берген стратегиялық құжат ретінде бағалауға болады.

 Жолдауға жедел үнқосу Бақыт СҰЛТАНОВ, Қаржы министрі:

– Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында 30 ең дамыған елдің қатарына кіруге қатысты нақты міндеттерді 7 басымдық бойынша айқындап берді. Соның ішінде «Мəңгілік Ел» деген ұлттық идеяның 7 қағидатын алға тартуы қазақстандықтар үшін мол мүмкіндіктердің ашылып отырғандығының айғағы болса керек. Бұл өте жауапкершілікті іс болғандықтан, оған барлығы да атсалысуы қажет. Жəне де Жолдауда Үкімет пен Ұлттық банк алдына 7 тапсырма қойылғандығын да айта кеткен жөн. Жолдауда көрініс тапқан міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет нақты жоспарлар құратын болады. Тұтастай алғанда, ел экономикасының өсімі 6-7 пайыз деңгейінде сақталып, тұрақты дамитындығына сенім мол. Серік ҮМБЕТОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты:

Ґзіндік пəрмені бар Жылдың басты құжатын көгілдір экран арқылы Елбасының өз аузынан естіп, мұқият тыңдадым. Шиырып айтқанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясының алға қойған міндеттерін жан-жақты талқылап, көп жағдайда екінің бірі жете түсіне бермейтін жайттарды ұғындырды. Бұл елге ең керекті құндылық еді. Екіншіден, ағымдағы жылы елімізде атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, аты айтып тұрғандай, «Қазақстан жолы – 2050» деген бас құжаттың өзіндік ерекшелігін, өзіндік пəрменділігін, өзіндік маңыздылығын білдіреді. Қызмет бабына сəйкес, осынау құндылықтарды халыққа жан-жақты түсіндіру үшін сол елмен сан мəрте талқылаймыз. Сөйтіп, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлесімізді қосуға талпынамыз. Негізі ауыл шаруашылығы саласының маманы болғандықтан

«Қайнар» ЖШС жетекшісі.

Елбасының дəстүрлі Жолдауын теледидар арқылы мұқият тыңдап, баспасөзден де егжей-тегжейлі оқып шықтым. Бұлайша аса ықылас қоюымның жөні бар. Онда жаңа міндеттер жүктелетін бағдарламалық бағыт мен үшін үлкен шаруашылық жетекшісі ретінде маңызды болуымен бірге, жалпы еліміз экономикасы мен əлеуметтік, қоғамдық даму жолдарын байыптап, саралауға ой тереңдетуімен мəні бір бөлек əрқашан. Шындығын айтқанда, серіктестіктің əр жылдағы кезекті жұмыс жоспарын нақты айқындап, соны межелер белгілеуді Жолдауда алға қойылатын тапсырмаларға сəйкес жобалауды

жəне аграрлы облыста еңбек етіп жүргендіктен, ел газеті мүмкіндігін пайдалана отырып, Жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеяның ауыл шаруашылығы туралы айтылған төртіншісіне аз-кем тоқтала кетсем деймін. «Аграрлық ғылымның, оның ішінде гендік жаңғыртылған дақылдар əзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналады», деп нақтыланған Жолдауда. Бұл идея нақты өмірден алынғандықтан, өміршең болып жылдам жүзеге асатындығына сенімдімін. Олай дейтінім, бүгінде біздің өңірде мал тұқымын асылдандыруға баса назар аударылып, ең бастысы – атакəсіпті жалғаушы ұрпақ ет бағытындағы, сүт бағытындағы ірі қараны ерекше күтімге алған. Пайдасы шаш етектен екендігін білгендіктен, бағымындағы

Бақыт СМАЙЫЛ, Қаратал аудандық мəслихатының хатшысы. Алматы облысы.

Жанар САТЫБЕКОВА,

№2 Тараз қалалық ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі.

Бейбіт МАМРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

күтіп отырамыз. Басты іс-шаралар сипаты содан туындайды. Əлбетте, бұл ретте негізгі саламызға байланысты түйінді мəселелер шешімін табуға баса көңіл бөлінеді. Республикамыздың одан əрі дамуының нұсқасы анықталған осы құжатта ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті бағдар да қадап айтылғандай, əлемдік нарықта азық-түлікке сұраныс өсіп отырған жағдайда саланы жаңғыртуда еш босаңдық болмауын түсінеміз. Жаңа Жолдауда «Қазақстанның агроөнеркəсіп кеше нінің инновациялық бағытқа көшуін қамтамасыз ету маңызды», деп айқын көрсетілді. Сондықтан істі ғылыми негізде ұйымдастыру, агротехнологиялық жаңалықтар үрдісінде жүргізу талапқа айналады.

малының өсуіне барлық жағдайды жасап отырған малсақ жандар ə��екетіне риза боласыз. Аудандық мəслихаттың кезекті сессияларында күн тəртібіне сəйкес мал тұқымын асылдандыруға қатысты мəселелер қызу талқыланып, мемлекеттік саясатқа сай оң шешім қабылданып тұрады. Сондықтан енді Жолдау мəтінін қолымызға алып, алыстағы ауылдарға арнайы барып, ондағы тіршілікпен ұштастыра қарапайым халықтың түсінбеген тұстары болса, түсіндіріп əрі Жолдауды талқылауды төл міндетіміз ғана емес, Ел мен Елбасы алдындағы азаматтық парызымыз санаймыз.

Дəрігерлер дəн риза

Міндет айќын, мїмкіндік кеѕ Сейітжаппар НЫҒМЕТОВ,

5

Бір тəуірі, ұмтылысымыз нəтижесі көңілдегідей деуге болады. Оны қолдауға арналған мемлекеттік қамқорлықтың арқасында нығая түсудегі шаруашылығымыздың экономикалық əл-қуаты қандай да міндетті іске асыруға мүмкіндік беретіндей деңгейге көтерілгенін айта аламыз. Бүгінде 30 мыңнан астам гектар алқапқа егін егуімізбен қоса, мал санын ұлғайтуға бет бұруымыз соның жарқын дəлелі. Бұрынғыға қарағанда еңбеккерлеріміздің жұмыс жағдайы анағұрлым жақсарды. Көктемгі тұқым себу, егін орағы сияқты науқандар жаңадан сатып алынып, толықтырылған заманауи үлгідегі техникалар күшімен жылдам əрі сапалы атқарылады. Сөйтіп, астық өнімдерін экспортқа шығаруға да қол жеткізіле бастады.

Тек сонымен шектеліп отырғанымыз жоқ. Серіктестік ірі қара тұқымын асылдандыруды қолға алып, мал бордақылау орнын ашты. Онда өсірілетін қоңдылығы жоғары малдар еті сыртқы рынокқа жіберіледі. «Қазақ стан-2050» Стратегиясында мемлекетіміздің алдында тұрған үлкен мақсаттардың бірі ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық əлеуетін арттыруға, бəсекеге қабілеттілігін күшейтуге басымдық беріліп отыр. Жаңа жылдағы еліміз өркендеуінің тың бағытын негіздеген, жасампаздық жұмыстарға жігерлендірген Тұңғыш Президентіміз Жолдауындағы міндет тер ұжым мүшелері арасында зор серпіліс туғызды. Өз өмірлерін жақсартуға, мемлекет мерейін өсіруге бағытталған ортақ мақсаттың биігіне жету ге үлес қосу əрқайсысының қасиетті борышы болатыны анық. Қарағанды облысы, Нұра ауданы.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған биылғы дəстүрлі Жолдауы республика жұртшылығы арасында кеңінен қолдау тауып, ел арасында ерекше бір серпіліс туғызып отыр. Себебі, бұл Жолдауда көпшілік қауымның көкейінде жүрген көптеген өзекті мəселелер өз көрінісін тапқан. Егемен ел атанғалы бері жиырма жылдан астам уақытқа қадам басқан еліміздің күн тəртібіндегі кезекті мəселенің негізгі арқауы əлемдік қоғамдастықта Қазақстанның, оның экономикасының, барша халқымыздың бəсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, осы ретте облыс халқына медициналық қызмет көрсетудің жыл өткен сайын жақсарып келе жатқанын атап өткен жөн. Облыстық денсаулық сақтау саласында соңғы 5 жыл ішінде 50-ге жақын нысандар салынып, олар қажетті жаңа инновациялық тех нологиялармен жабдықталып, тұрғындардың пайдалануына берілді. Жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалды. Аурудың алдын алу үшін «скрининг» деп аталатын бағдарлама шығарылып, халық жаппай профилактикалық тексерілуден өтті. «Дəрігерлердің жұмысы – көп, жалақысы – аз», деп дабыл қағып жүргендерге тоқтау болу үшін бұл мəселенің де шешімі табылды. Енді тек жұмыс істеп, халыққа пайдамызды тигізуге тиіспіз. Сондықтан, мен Президенттің биылғы Жолдауы елімізге етене жақын өзекті мəселелерді қамтыған маңызы зор құжат, сондайақ, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың тағы бір белді белесі, оның жарқын көрінісі болды дегім келеді. Жамбыл облысы.

– Елбасы «дамыған ел» ұғымының уақытқа сəйкес өзгеріп тұратын категория екендігін, дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасына қол жеткізгенін тағы да айтып өтті. Бірақ осындай нарықтық жағдайда қол жайып біреуден көмек күтпей, өзіңнің қармануың қажеттігін, еңбектенуің, оның ішінде тиімді еңбектену қажеттігін əркім-ақ түсінуі тиіс. Халқымыз «Еңбек етсең – емерсің» демей ме. Ал мемлекеттің міндеті осыған барлық жағдайды жасау десек, заңдық негіздер қаланған қоғамда бүгінгі күні орта жəне шағын бизнестің тынысы ашылып, оларға кідіңдеп баратын тексерулер азайды. Ендігі мақсат – шағын бизнесті орта деңгейге көтеру. Орталар, əрине, алға ұмтылсын. Ал əлемнің көшбасшы елдерінде осы орта деңгейдегі бизнес алатын үлес қомақты. Ал орта деңгейдің көбеюі халық тұрмысының жақсарғаны ғой. Елбасы баға қалыптастырудың ашық тетіктері арқылы тиімді жер нарығын құрудың маңыздылығына мəн берді. Шынында, Жолдауда айтылғандай, ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту жəне озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бəсеке күшейеді. Ал жақсы мағынадағы бəсекелестік тиімділік, жоғары өнім. Сондықтан да бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясының үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою қажет деген ойға толық қосыламын. Аграрлық сектордың дұрыс дамуы дегеніміз, егер осы сектордағы халықтың дені өзіміздің қаракөздер екенін ескерсек, ол ұлтқа жасалған жанашырлық деп ұққан жөн. Елді мекендерде шағын жəне орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кəсіпорындар желісі құрылып жатса, оларды несиелеуге ниет түбірімен дұрысталып жəне ол ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алса, ауыл шаруашылығының айдарынан жел есетін болады. Николай ҚУАТОВ,

Құрлық əскерлері əскери институтының бастығы, генерал-майор:

– Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын өз аузынан естіп, зор əсер алдық. Дəулетті мемлекет болғанымыз қарапайым тілмен жеткізілді. Мұны біз ұзақ жылдардан бері ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының 1991 жылдан бастап Қарулы Күштеріміздің, армиямыздың дамуына жасап отырған қамқорлығын сезініп, оны өз көзімізбен көріп келеміз. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым мен білімге, қазақстандық патриотизмге баса назар аударды. Мұның, əрине, бізге, болашақ ұрпақ тəрбиелеп отырған, əсіресе, болашақ Отан қорғаушы əзірлейтін əскер басшыларына қатысы бар. Расында, Қазақстан дəулетті де сəулетті мемлекетке айналды, Жоғарғы Бас қолбасшының белгілеген бағыт-бағдары бойынша қойылған тапсырмалар толығымен орындалды. Жəне де Жоғарғы Бас қолбасшының алға қойған тапсырмалары мақсатқа сай. Ол үшін əркім өз орнында жұмыс істеп, еңбек етуі тиіс, өзінің бар білімі мен тəжірибесін мемлекеттің өркендеуіне арнауы қажет. Ғылымға байланысты сөзінде Жоғарғы Бас қолбасшы ғылымсыз алға басудың мүлдем мүмкін еместігін шегелеп айтты. Біз курсанттардың – болашақ офицерлердің санасына отансүйгіштік сезімін сіңіріп келеміз. Сондықтан курсанттар, болашақ офицерлер Отанды сүюге, Отанды қорғау үшін біздің еліміздің жəне Жоғарғы Бас қолбасшымыздың бұйрығын орындауға əрқашан дайын екендігін айтқым келеді.


46

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 731 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Кіріспе» деген 1-бөлімде: бесінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші жəне он төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Сонымен қатар, əлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізгенге тоқмейілсуге мүмкіндік бермейді. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету, оның бəсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ХХІ ғасырдың перспективаларына сай келмейтін құқықтық догмалардан түпкілікті арылып, мемлекеттің норма түзушілік жəне құқық қолдану қызметін одан əрі жетілдіру қажет. Қазақстан үшін батыл мақсатты айқындау – 2050 жылға қарай əлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру жəне мемлекеттілікті нығайту үшін елдің жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды. Сондықтан қазақстандық құқықтық жүйе құқықтарды қорғауды қолданудың қолайлы əрі сенімді болуы мəселелерінде əлемнің дамыған елдерінің заңнамасымен тең бəсекеге түсе алуы тиіс. Жалпы жаһандану жəне əлемдік бəсекелестіктің өсуі жағдайында көптеген елдер құқықтық жүйелерін жаңғырту жəне оларды адамның мұқтаждары мен қажеттіліктеріне жəне инвесторлардың мүдделеріне барынша жақындату қажеттігімен бетпе-бет келді. Бəсекеге қабілетті құқықтық жүйе өз құзырына бизнес пен инвестицияларды көбірек тартатыны, оның жемісі осы идеялар іске асқан елге дивидендтер əкеліп, кейіннен бүкіл əлем пайдаланылатын, батыл да озық идеяларды іске асыруға ықпал ететіні белгілі. Сондықтан қазіргі кезеңде басым ұлттық жобаларды табысты іске асыру, қоғамдық маңызы бар өзекті міндеттерді шешу теңгерімді құқықтық саясат жүргізуден тікелей туындайды, бұл үшін тек өз тəжірибесі мен практикасын ғана ескері�� қана қоймай, қажет кезде біздің құқықтық жүйемізге дəстүрлі түрде тəн болмаса да, іс жүзінде өзінің тиімділігін дəлелдеген, біздің ұлттық мүдделерімізге сай келетін басқа да институттарды пайдаланатын барынша прагматизм талап етіледі. Мұндай пайдалану түрлі құқықтық жүйелердің əлемде болып жатқан конвергенциясы процестерінде ұлттық құқықты жаңғырту үшін пайдалы болуы мүмкін.»; он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстандық құқықты жаңғырту ісінде ауқымды жұмыс осыған дейін атқарылды. Отандық құқықтық жүйенің бəсекеге кабілеттілігін арттыра түсу үшін қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан əрі топтастыру; оны ескірген жəне қосарлас нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларды азайту жəне Конституцияға сəйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мəселелер аясында тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.»; мынадай мазмұндағы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы жəне жиырма жетінші бөліктермен толықтырылсын: «Конституцияда бекітілген экономикалық еркіндік негіздері жəне Негізгі заңның базасында қалыптастырылған құқықтық кеңістік адамдардың шығармашылық бастамаларының дамуына күшті серпін беріп, қоғамдық өмірдің барлық салаларында жаңғырту факторына айналды. Экономикалық өсу мен кəсіпкерлікті дамыту елде жүйелі экономикалық реформалардың құқықтық іргетасына жəне серпінді дамушы, ал болмысы жағынан біртекті емес тиісті заңнаманың қалыптасуына əкелді. Сонымен қатар, қазіргі кезде кəсіпкерлік қызметті заңнамалық реттеуде, сондай-ақ бизнес үшін экономика саласындағы заңдардың қолданылуын барынша жеңілдетуде жəне қол жеткізуде əралуандық пен жүйесіздікті жою қажеттігі туындады. Аталғандар кəсіпкерлікті реттейтін жүйе айналасында құрылатындай орталық актінің – кодекстің болу қажеттігін талап етеді.»; «Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары» деген 2-бөлімде: 2.1-кіші бөлім: мынадай мазмұндағы он сегізінші бөлікпен толықтырылсын: «Жергілікті маңызы бар мəселелерді шешуде халықтың рөлі мен белсенділігін арттыру жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың нəтижелері болуға тиіс»; мынадай мазмұндағы он тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын: «Мұндай жұмыс мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару негіздерін ұтымды бөлу тұрғысынан жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар мəртебесінің өзгеруімен қатар жүргізілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда əкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамада əрбір əкімшілікаумақтық бірліктің рөлі мен мақсатына нақты анықтама беру қажет, бұл мемлекеттік билік жəне жергілікті өзін-өзі басқарудың əрбір органының рөлі мен мақсатын тиісінше анықтауға негіз болады. Бұл заңнамада түрлі əкімшілік-аумақтық бірліктер, оның ішінде моноқалалар мəртебесінің ерекшеліктерін жəне халықтың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың қызметін нақты көрсетуге мүмкіндік береді.»; 2.2-кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Электрондық үкімет» инфрақұрылымының базалық құрауыштарын одан əрі жаңғырту батыс еуропалық елдерде ойдағыдай жұмыс істейтін «e-justice» жүйесінің элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл азаматтар мен заңды тұлғалар мемлекеттік органдарға жəне соттарға жүгінген кезде біртіндеп қағазсыз құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді.»;

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Барабар əкімшілік-құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын толыққанды енгізуді талап етеді. Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту, жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың орындалуына тиімді сыртқы бақылау енгізу қажет. «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кейбір түрлерін көрсету ХҚО-лардың қызметін реттейтін тиісті құқықтық базаны қалыптастыруды талап етеді.»; жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайтын сот жəне соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың нақты тұжырымдамасын айқындаған жөн. Бұл ретте əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңартылған заңнама қолдануда қарапайым əрі тиімді болуы жəне негізінен құқықтар мен заңды мүдделерге қол сұғушылықтан соттан тыс қорғауға бағытталуы тиіс»; мынадай мазмұндағы 2.3.1-кіші бөліммен толықтырылсын: «2.3.1. Мемлекеттің дамуы жəне ұлттық экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін біздің еліміздің табиғат ресурстары байлығының стратегиялық маңызы бар. Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану жəне осы салаға инвестициялар тарту туралы заңнама тек отандық жəне шетелдік инвесторлар үшін ғана тартымды болып қоймай, қолда бар ресурстарға ұқыптылықпен жəне ұтымды қараудың жаһандық талаптарын да барынша ескеруі тиіс. Қазақстан минералды-шикізат ресурстарына бай болғанымен, осы артықшылық қазіргі заманғы дамудың неғұрлым кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін де, сол секілді болашақ ұрпақтың мұқтажын қанағаттандыру үшін де пайдаланылуы тиіс. «Жасыл экономиканы» дамытуға салынатын инвестициялар тартымды болуы, ал бұл үшін ынталандыруларды ресурс үнемдеуші құндылықтарға негізделген құқықтық мəдениетті қалыптастыра отырып, қолданыстағы құқықта көздеу қажет. Осылайша, осы саладағы заңнамада: кен орындарын игеруде жоғары технологиялық тəсілдерге; инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жоғары экологиялық стандарттарды сақтауға; инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық салаларында жəне барлық сатыларында ұлттық кадрларды кеңінен тартуға; Қазақстан аумағында технологиялардың трансферті жəне жаңа өндірістер құрылған жағдайда, əдетте шетелдік инвесторлардың пайдалы қазбаларды өндіруіне; жер қойнауын пайдалануға рұқсаттарды беру процесінің ашықтығына қойылатын талаптар көрсетілуі тиіс»; 2.4-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «2.4. Қазақстанның азаматтық құқығы өз дамуының бірнеше кезеңінен өтті. Республиканың ауқымды кодификацияланған актісі болып табылатын қазіргі Азаматтық кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудің: меншік нысандары теңдігінің жəне оған қол сұғылмаушылықтың, шарттың еркіндігінің, азаматтық айналым субъектілерінің теңдігі тəрізді негізгі принциптерін қалады. Жекеше құқықтың дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялықұқықтық жəне жекеше-құқықтық əдістерінің арақатысы проблемасы жəне осыдан туындайтын жеке кəсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуының шегі алдыңғы қатарға шығады. Жариялы-құқықтық жəне жекеше-кұқықтық мүдделерді ескере отырып, азаматтық құқық пен құқықтың басқа да салалары арасындағы арақатынасты оңтайландыру қажет. Бұл ретте жариялы-құқықтық қатынастар шарттықкұқықтық əдістермен реттеле алмайтынын ескеру керек. Əсіресе, бұл ұлттық жəне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты болып табылады. Іске қатысушы адамдардың өздерінің материалдық жəне іс жүргізу құқықтарына өз қалауы бойынша заңдармен тыйым салынбаған шамада иелік ету мүмкіндігін білдіретін жекеше құқықтың диспозитивтігін кеңейту жұмысын жалғастырған жөн. Бұл ретте диспозитивтік принципті қолдану жариялы мүддені қозғайтын азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылмауға тиіс. Афилиирленген мəмілелерге тыйым салынбайтыны, алайда, заңда белгіленген жағдайларда алдын ала тексеруге жататынына назар аудара отырып, оның жалпы ұғымын айқындау маңызды. Афилиирлену фактісін белгілеу заңды мүдделері осындай мəмілемен бұзылатын тұлғаның талабы бойынша мəмілелерді заңсыз деп тану мүмкіндігі үшін негіз болуға тиіс. Акционерлік қоғамдардың мəртебесі олардың құқықтық табиғатын жəне шешетін мəселелерінің кешенділігін ескере отырып, оның ішінде «жария корпорациялар» деп аталатындар тұрғысында қарау талап етіледі. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын коммерциялық емес ұйым ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы мəселені тұжырымдамалық тұрғыдан шешкен жөн. Азаматтық айналымға қатысушы бағалы қағаздардың барлық спектрін Азаматтық кодексте тіркеу мəселесін де қарау қажет. Азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану практикасы азаматтық құқықтардың бұзылуынан келген шығындарды айқындаудың жеткілікті реттелмегенін көрсетеді. Осыған байланысты нақты зиян мен жіберіп алған пайданы айқындау тəртібін бекіту өзекті болып табылады. Мəмілелерді жарамсыз деп тану институтын жетілдіру талап етіледі. Кейіннен заңсыз деп тану тараптардың бірінен мəміле затын алып қою тəуекелін қамтитын мəмілелерді азаматтардың қатысуымен ерікті сақтандыру үшін заңнамалық ынталандыруларды тұжырымдау керек. Осылайша, мəмілелер ұғымын, олардың құрамы мен орындалмау салдарларын нақтылау қажет. Практика заттық құқық түрлерін заңнамалық кеңейту, бұл ретте оларға сервитут ұғымын енгізе отырып кеңейту қажеттігін көрсетеді. Сонымен қатар, заттық құқықтар пайда

Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан əрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан əрі – Бағдарлама) бекітті жəне Құқық қорғау органдарының кадр саясатының тұжырымдамасын (бұдан əрі –Тұжырымдама) мақұлдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету арқылы құқықтық тəртіп органдарына деген сенім деңгейін арттыру. Бағдарлама құқық қорғау саласында мемлекеттік қызмет түрлерін кеңейтіп, стандарттауды, сонымен қатар,

болуының негіздерін кеңейту мəселесін қарау қажет. Бұл ретте заттық құқықтың құрамын ғана емес, сонымен бірге, олардың жекелеген түрлерін пайдалану режимін де нақтылау талап етіледі. Кəсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында агенттерді азаматтық құқық субъектілері қатарына енгізу жəне шарт институтының мүліктік айналымында кеңінен қолданылатын агенттік келісім мəселелерін регламенттеудің орындылығын қарау қажет. Азаматтық кодекстің міндеттемелер туралы жалпы жəне арнайы нормаларын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдаған жөн. Ұлттық мүдделерді ескере отырып, зияткерлік меншік құқығын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді осы саладағы халықаралық стандарттарға сəйкес келтіруге баса назар аудару қажет. Авторлық құқық саласында нақты авторлык құқықтарды қорғау деңгейін көтеру маңызды міндет болып табылады. Атап айтқанда, Интернет желісіне орналастырылған туындылардың авторлық құқықтарын қорғаудың жай-күйін терең зерделеу талап етіледі. Техникалық шешімдерді – пайдалы модельдер өнертабыстары мен өнеркəсіптік үлгілерді құқықтық қорғау жетілдіруді талап етеді. Əлемдік жаңалық критерийі бойынша техникалық шешімді тексермей өнертабысқа берілетін қорғау кұжаттарынан (инновациялық патент) заңнамалық тұрғыдан бас тарту қажет. Озық технологиялар мен жоғары технологиялы инвестицияларды тарту үшін шетелдік патент иелері мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды одан əрі күшейту, сондай-ақ іскерлер қауымын қазақстандық патенттік жүйенің қазіргі заманғы сипаты жөнінде кеңінен хабардар ету қажет. Зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнаманың проблемалы жағы ашылмаған ақпаратты жəне өндіріс құпияларын (ноу-хау), сондай-ақ құпия өнертабыстар мен фирмалық атауларды қорғау туралы заңдардың жоқтығы болып табылады. Бұл олқылықтың орнын толтыру керек. Мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен жасалған зияткерлік меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігі туралы мəселе де шешімін табуды талап етеді. Қазіргі кезде осы объектілер əзірлеушілерге тиесілі, ал олардың қатарында жеке тұлғалар да бар. Зияткерлік меншік құқықтарын иеленуші – мемлекеттік орган туралы мəселені заңнамалық тұрғыдан шешу қажет. Банкроттық, əсіресе, жеке кəсіпкерлердің банкроттығына қатысты рəсімдер жетілдіруді жəне құқықтық реттеуді қажет етеді.»; мынадай мазмұндағы 2.4.1-кіші бөліммен толықтырылсын: «2.4.1. Кəсіпкерлік заңнаманы дамыту мəселелері Бүгінде бүкіл жеке заңнаманың, соның ішінде кəсіпкерлік заңнаманың өзегі болып отырған Азаматтық кодекс қазіргі заманғы экономиканың базалық құқық қатынастарының əралуандығын көрсете алмайды, оның үстіне кəсіпкерлік саладағы жариялы-құқықтық қатынастарды регламенттей алмайды. Осының салдарларының бірі соңғы жылдары кəсіпкерлік қызметті реттейтін мамандандырылған заңдар санының күрт өсуі болып табылады. Мəселен, нарықтық экономиканың кейбір салалары Азаматтық кодекстің қолданылу аясына түсе отырып, негізінен арнайы актілермен, тіпті заңдармен ғана емес, заңға тəуелді актілермен реттеледі. Бұдан басқа, қолданыстағы құқық заңды тұлғалардың əртүрлі екенін ескере бермейді. Атап айтқанда, экономика саласындағы мемлекеттік басқару тиімділігі мен жинақылығы міндеттерін шешу жария функциялар берілген субъектілердің құқықтық мəртебесін регламенттеуге мəжбүр етеді. Мұндай занды тұлғалар қазақстандық құқықтық болмыста бар. Осыған орай, жария жəне жеке құқықты заңды тұлғаларға бөлу туралы мəселенің шешілгеніне қарамастан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың құқықтық мəртебесін нақтылауға, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару мен бақылау мəселелерін шешуге бағытталған тиісті шараларды қабылдау орынды болмақ. Кəсіпкерлік заңнама жаңарту үшін пісіпжетілді. Бұл саланы реттейтін жаңа сапалы заңнамалық акт қажет. Кəсіпкерлік кодекс кəсіпкерлік жалпыға міндетті мінез-құлық қағидаларын (ұйғарымдарды) нормативтік деңгейде белгілеу жолымен кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жария жəне жеке мүдделердің теңгерімділігін қамтамасыз ететін кепілге айналуға тиіс. Кəсіпкерлік реттейтін заңнамада қамтылған түсініктерді нақтылап, біріздендіру, Кəсіпкерлік кодексте қоғамдық қатынастардың осы саласына арналған бірыңғай терминологияны бекіту қажет. Осы кодекс мəні жағынан, бизнес саласында əкімшілік кедергілердің өсуіне басты заңдық кедергі болатындай, кəсіпкерлікті реттеудің отандық əрі шетелдік практикасында бар ең үздіктерін қамтуға тиіс. Кəсіпкерлік ортаны жақсарту тұрғысында құқықтық бизнес мəдениеті мен іскерлік этикасын кəсіпкерлердің өздері дамытатындай жағдай жасау қажет. Осылайша, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кəсіпкерлікті ұйымдастырудың, мемлекеттік реттеу мен қолданудың бірыңғай базалық бастауын айқындаудың прагматикалық міндеті тұр.»; 2.6-бөлімде: төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте еңбек қызметі мен қызметкерлердің еңбек жағдайының сипатына байланысты еңбек жəне əлеуметтік заңнаманы одан əрі саралау мəселелері, сондай-ақ əлеуметтік əріптестіктің құралдары мен қолдану саласын кеңейту мəселелері пысықтауды талап етеді. Ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының жəне мемлекет акционер болып табылатын басқа да заңды тұлғалардың ұжымдары жүзеге асыратын еңбек қызметіне мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысу мəселесін құқықтық реттеу қажет. Бұл ретте, олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, мұндай адамдар үшін бірыңғай қауіпсіздік талаптары мен еңбек жағдайларын көздеу керек.»; мынадай мазмұндағы бесінші жəне алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Азаматтардың əлеуметтік көңіл-күйін пəрменді ұйымдық-құқықтық реттегіштер жасау мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының ерекше назарында болуға тиіс. Əрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орнында өздерінің мемлекеттік биліктің мүддесін білдіретінін түсінуі, осыған орай азаматтардың əрбір пікіріне барынша мұқият жəне мүдделілікпен қарауы, қай жерде жəне қандай себеппен туындаса да, туындаған жанжалдардың алдын алуға не болдырмауға тиіс»; 2.7-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «2.7. Азаматтық-іс жүргізу құқығы сот төрелігінің қолжетімділігін, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыруды қамтамасыз етуге, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, коғам жəне мемлекет мүдделерін уақтылы қорғауға жəне қалпына келтіруге арналған. Қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы мақсаттарды көздей отырып, экономиканың тез дамуына жəне құқықтық дауларды шешу қажеттігіне, азаматтардың заңгерлік сауаттылығының артуына байланысты болып жатқан өзгерістерді толық көлемде ескеруге тиіс. Қазіргі заманның болмысы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін енгізуді, меншік құқықтары мен шарттық міндеттемелердің қорғалуын күшейтуді талап етеді, сондай-ақ олар сот ісін жүргізудің жекелеген элементтерін түзету мен жеделдетілген талап-арыз арқылы іс жүргізуді енгізуді көздейді. Сот ісін жүргізудің қолданыстағы жүйесін жаңартпай жеделдетілген талап-арыз арқылы іс жүргізуді енгізу мүмкін емес. Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі кейбір істер бойынша сот инстанциялары санын мүмкіндігінше қысқарта отырып, азаматтық істерді қараудың сараланған мерзімдерін белгілеп, азаматтық сот ісін жүргізудің икемділігін қамтамасыз етуге тиіс. Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар: 1) азаматтық істерді, соның ішінде кəсіпкерлерге қатысты істерді қарау тəртібін барынша төрешілдіктен арылтуға; 2) мамандандырылған соттардың істің соттылығын соттылықты айқындаудың ерекше субъектілік қағидатынан субъектілік-мəндік қағидатына көшу негізінде, яғни сот ісі ауқымына тартылған субъектілердің санаттарын ескере отырып жəне құқықтық қатынастың сипатына қарай айқындауына; 3) азаматтық сот ісінің жеңілдетілген тəртібінің саласын кеңейту, оның ішінде бұйрықтық іс жүргізуді қолдану саласын кеңейту жолымен, сондай-ақ мамандандырылған соттарға соттылығы тиесілі істер бойынша сот ісін жеңілдету арқылы одан əрі кеңейтуге; 4) азаматтық істерді жедел қарап шешуді қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауына істерді дайындау сатысын оңтайландыруға; 5) істі түпкілікті шешуді жеңілдету мақсатында соттың іс бойынша жаңа шешім қабылдау (істі мəні бойынша қайта қарау) жөніндегі апелляциялық сатыдағы өкілеттіктерін іске асыру мүмкіндіктерін одан əрі кеңейтуге жəне сот актілеріне шағымдану құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге; 6) жеке-құқықтық жанжалдар тараптары арасындағы бітімге қол жеткізудің сот тəртібімен, сондай-ақ соттан тыс тəртіптегі түрлі жолдары мен тəсілдерін, оның ішінде істі сот талқылауына дайындаған кезде келісушілік рəсімдері шараларын пайдалану мүмкіндігін талқылаудың міндеттілігін бекітуге, сондай-ақ азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамытуға (медиация, делдалдық жəне басқалары); 7) электрондық сот ісін жүргізу жəне соттардың қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалану тəртібін регламенттеуге бағытталуы мүмкін. Бұл арада іс бойынша тараптардан ақпаратты талап етуді қажет етпей, соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың арасында ақпараттық алмасуды оңтайландыру туралы, бейнебайланыс, теле- жəне бейнеконференциялар арқылы бірқатар процессуалдық əрекеттерді қашықтан жүргізу мүмкіндігі туралы сөз болып отыр; 8) істерді тез жəне сапалы қарауға кедергі болған, дəлелдемелерді жасырған, сотқа қатысудан жалтарған кезде сот ісін жүргізуге қатысушылардың процессуалдық құқықтары мен материалдық мүдделерін шектеу мүмкіндігін көздей отырып, олардың барынша тəртіпті болуын қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін. Сотты құрметтемегені үшін айқын қылмыстар бойынша азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде қылмыстық жауапкершілікке тарту мəселесін де қарастыруға болады.»; 2.8-кіші бөлімде: бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттармен қылмыстық заңды сəйкес келтіру маңызды болып табылады. Бұл арада, атап айтқанда, сөз қылмыстық сипаттан арылту ғана емес, керісінше кейбір құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлеріне қылмыстық сипат беру, сондай-ақ қылмыстық əрекеттердің кейбір санаттары үшін, соның ішінде экологиялық, экономикалық жəне сыбайластық қылмыстары үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын енгізу туралы болып отыр.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Қылмыстық құқық бұзушылықтарды жіктеу жəне санатқа бөлу критерийлерін айқындауда жаңа тəсілдер қажет. Əлемнің бірқатар елдерінде жасалғандай, Қылмыстық кодекс қылмыстық жазаланатын əрекеттердің өзге жіктемесіне: тиісті санаттағы қылмыстарға жəне қылмыстық теріс қылықтарға негізделуі мүмкін. Қылмыстық теріс қылық үшін соттау соттылыққа əкелмеуге тиіс»; алтыншы бөлікте: мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «қылмыстық заңға «қылмыстық теріс қылық» санатын енгізу;»; екінші жəне үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «экономикалық салада аса қоғамдық қауіп туғызбайтын кұқық бұзушылықтарды əкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына ауыстыра отырып, одан əрі қылмыстық сипаттан арылтуға, сондай-ақ жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ауырлық дəрежесін қылмыстық теріс қылықтар санатына ауыстыру немесе жазаны жеңілдету

арқылы (депенализация) қайта бағалауға; кəмелетке толмағандарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін қылмыстар үшін, террористік, экстремистік жəне сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрамында қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейтуге;»; 2.9-кіші бөлімде: мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Осы тұрғыда жеке өмірге қол сұғылмау ұғымының анықтамасына ғылыми-негізделген құқықтық тəсілдерді тұжырымдау қажет.»; жетінші бөлікте: мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «хаттамалық нысанның элементтерін пайдаланып, қылмыстық теріс қылықтарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу тəртібін заңнамалық регламенттеу;»; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «тергеуге дейінгі тексеруді заңнамалық алып тастау;»; алтыншы абзац алып тасталсын; жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «процессуалдық келісім институтын заңнамалық дамыту»; «Құқық қорғау мен сот жүйелерін жəне құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары» деген 3-бөлімде: 3.1-кіші бөлімде: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сонымен қатар, мемлекеттің құқық қорғау қызметі одан əрі дамытуды жəне жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты бұл қызметтегі басты басымдық мыналар болуға тиіс: қылмысқа қарсы күрес, заңдылықты жəне қоғамдық қауіпсіздікті камтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау, мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа ден қою əрекетінің бұлтартпастығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік (толерантты болмау)» принципін мүлтіксіз ұстану, қылмыстарды жылдам əрі толық ашу, оларды жасаған адамдарды əшкерелеу жəне қылмыстық жауаптылыққа тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күресте азаматтармен өзара іс-қимылдар жасасу.»; төртінші бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші бөліктермен толықтырылсын: «Ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңінің шеңберінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесі үшін қолданылатын жəне біздің құқық қорғау жүйемізді қазіргі заманның сынтегеуріндеріне барабар ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа деңгейге шығаратын жаңа редакциядағы тиісті кодекстерді əзірлеу жəне қабылдау арқылы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару жəне əкімшілікделиктік заңнаманы реформалауға қажеттілік бар. Қылмыстық сот ісін жүргізудің мүлдем жаңа бейнесі бұған құқықтық жəне сот жүйесінің жалпы мемлекеттік аппараттың дайын болуын талап етеді. Соңғы екі он жылдықта қабылданған шараларға карамастан, құқық қорғау блогындағы өзгерістер негізінен кеңестік парадигманың шеңберіндегі жаңғырту шараларына шоғырланды. Жаңа қылмыстық заңнама, ең алдымен, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы қолданысқа енгізілгеннен бастап құқық қорғау жүйесінде жүйелі, түбегейлі өзгерістер болады. Жаңа жағдайларға, ең бастысы, адам құқығы болып табылатын заң шығару өрісінде тиімді жұмыс істей білуге бейімделу бірінші кезекте еліміздің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып табылатын прокуратура қызметін жетілдіруді талап етеді.»; он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Құқық қорғау органдарының тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін сандық көрсеткіштер бойынша ғана емес, сонымен қатар, сапалық параметрлері бойынша да бағалаудың өлшемдерін нақты айқындау кажет. Құқық қорғау органдарының қызметінде басты көрсеткіш азаматтардың оларға деген сенім деңгейі болуға тиіс»; мынадай мазмұндағы он алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Құқық қорғау органдары басқарудың жаңа технологияларына мұқтаж. Осы бағытта жекелеген шаралар мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың міндетті стандарттарын бекіту, Е-үкімет жүйесін жəне олардың қызметіне, атап айтқанда, мемлекеттік мəжбүрлеу шараларына жəне тергеу əрекеттеріне санкция беруге, жауап алуды жүргізуге жəне басқаларына байланысты олардың процессуалдық өзара іс-қимыл жасау кезінде сервистік технологияларды (бейнеконференцбайланыс, электронды цифрлық қолтаңбалар, жергілікті тораптар жəне электронды/цифрлық байланыстың өзге де құралдары) енгізу болуы мүмкін.»; 3.2-кіші бөлімде: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Оны дамытудың негізгі арқауы соттар мен судьяларды мамандандыру, оның ішінде ювеналдық соттарды дамыту, қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған соттар құру болып табылады, келешекте салық соттары жəне басқа да мамандандырылған соттар құрылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Негізгі заңға сəйкес судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тəуелсіз жəне тек Конституция мен заңға бағынады (77-баптың 1-тармағы). Сот актісі соттағы дауласушы тараптар арасында жаңа жанжалдарды тудырмай, дау-дамайды барынша шектеуі тиіс»; тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сот ақпаратын тіркеудің заманға сай құралдарын енгізу сот ісінде бəсекелестік принципін іске асыруға ықпал етеді. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыру сот төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге, істерді қарау тəртібін жеңілдетуге жəне мерзімдерін қысқартуға, сот шешімінің орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.»; он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындалуымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу – сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудың маңызды шарасы. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі құжаттарды мəжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс».

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін одан əрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №720 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

олардың сапасын арттыру шараларын қамтыған. Құқықтық тəртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа түрлері дамитын болады. Құқық қорғау қызметінің құқықтық жəне ұйымдық негіздерін жетілдіру, оның ішінде қылмыстық қуғындау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін əзірлеу көзделген. Сот актілерін мəжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін

құру жəне сот-сараптама ��ызметтерін бір органға шоғырландыру белгіленген. Тұжырымдаманы əзірлеудің мақсаты құқық қорғау органдарының кəсіби кадр құрамын қалыптастыру, оның ішінде: адам ресурстарына қажеттілікті жоспарлауды; кадрларды іріктеуді, аттестаттауды жəне орналастыруды; кадрлық əлеуетті кəсіби дамытуды;

ұйымдық-штаттық құрылымдарды оңтайландыруды; тəрбие жұмысын жəне қызметкерлерді ынталандыруды көздейтін жүйелі шараларды əзірлеу болып табылады. Тұжырымдаманы іске асыру құқық қорғау органдарының кəсіби ресурстарын жақсартуға, қызметтің имиджі мен беделін арттыруға, жеке құрам арасындағы тəртіп пен заңдылықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыруды екі кезеңде: бірінші

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы №731 Жарлығына

ТҮСІНДІРМЕ

2009 жылы Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды, онда 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған елдің құқықтық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалған. Осы уақыт ішінде Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Мұнымен қатар, əлемдік бəсекелестіктің өсу жағдайында Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында жария жəне жекеше құқық салаларында құқықтық жүйенің бəсекеге қабілеттілігін одан əрі арттыру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты, жаңа талаптарды ескере отырып, ел Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құқықтық саясатының тұжырымдамасына Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуын айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтырулар Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған құқық жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттермен бір арнаға тоғысып жатыр. Осылайша, Тұжырымдамаға енгізілген өзгерістерге сəйкес, елдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл аударуды күшейту мақсатында олар үшін еңбектің қауіпсіздігі мен шарттарына қатысты арнайы талаптар белгілене отырып, олардың еңбек қызметіне, ең алдымен ұлттық компаниялардың, даму институттарының қызметтеріне қатысуын құқықтық реттеу көзделген. Мемлекет басшысының Жолдауда қойған міндеттерін ескере отырып, Тұжырымдамада мемлекеттік жəне өзінөзі басқару бастауларын тиімді бөлу үшін жергілікті маңызы бар мəселелерді шешу мен жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың өкілеттіктерін нақтылауда азаматтардың рөлін арттыру қажеттігі көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен «e-justice» жүйесінің элементтерін əрі қарай ендіру мемлекеттік-құқықтық дамудың маңызды серпіні ретінде атап көрсетілді, олар жиынтығында мемлекеттік органдарға азаматтар мен ұйымдар өтініш бергенде қағазсыз құжат айналымға кезең-кезеңімен көшуге мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдары жұмысының сапасын арттыру мақсатында осы саладағы заңнаманы жаңғырту жөнінде жүргізіліп отырған жұмысты ескере отырып, Тұжырымдамада азаматтардың құқықтарын жоғары деңгейде қорғаудағы қылмыстық саясаттың жеделдігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру көзделген. Тұжырымдамаға сəйкес əкімшілікделиктік заңнама да реформалауға ұшырайды, мұнда əкімшілік деликтер нақты айқындалатын, əкімшілік жауапкершілікке тарту рəсімдері жаңғыртылатын болады. Бұл жөнінен қазір жаңа Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің жобасы əзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілген. Мемлекет басшысының Республика судьяларының ІV съезінде берген тапсырмаларын ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру шеңберінде Т ұ жы р ы м д а м а д а ə зірле н іп ж а тқа н Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясына қатысты негізгі тəсілдер айқындалуда. Кəсіпкерлік саласында оны құқықтық реттеудің көпжақтығы мен қолайсыздығын болдырмау мақсатында Тұжырымдамада шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру шаралары айқындалған. Осыған байланысты əзірленіп жатқан Кəсіпкерлік кодекс кəсіпкерлік қызметке мемлекеттік араласудың шектерін белгілей отырып, шаруашылық қызметті жүзеге асыруда жария жəне жекеше мүдделердің тепетеңдігін қамтамасыз етудің кепілі болуы тиіс. Қалыптастырылатын инновациялық экономика елдің бəсекеге қабілеттілігіне жəне оның игілігіне тікелей ықпал ететін болады, олар зияткерлік меншікті құқықтық сақтау, қорғау жəне пайдалану үшін қаншалықты қолайлы жағдай жасалғанына көп байланысты болады. Сондықтан Құқықтық саясат тұжырымдамасына енгізілген түзетулерде осы салада да құқықтарды қорғауды күшейту жөнінде қосымша жүйелі шаралар кешені көзделген. Қолданыстағы Тұжырымдама жер қойнауын пайдалану саласындағы ұлттық заңнаманы дамытудың пайымымен де толықтырылған, ол ХХІ ғасырда ресурс сақтаушы құндылықтарға негізделген құқықтық мəдениетті қалыптастыра отырып, табиғи ресурстарға қамқорлық пен тиімді қатынасты ынталандыруға жəне «жасыл экономиканы» дамытуға бағытталуы тиіс. Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының тұжырымдамасына қабылданған түзетулер əлемдік құқықтық кеңістікте болып жатқан қазіргі заман болмысы мен үрдістеріне жауап беретін жəне қазақстандық құқықтық жүйенің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлттық заңнаманың келесі буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Президент Əкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі.

– 2014-2016 жылдары, екінші – 2017-2020 жылдары жүзеге асыру жоспарланған, Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдайды. Бағдарламаның іске асырылуы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына жəне жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сай құқық қорғау жүйесін қалыптастыру процесін аяқтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі.


7

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 2021, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 1011, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнындағы 310 жəне 311-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда ��азылсын: «310-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу»; «311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын бұзу»; 2) 310, 311 жəне 559-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «310-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын: 1) карантин мен шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау; 2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды жəне ветеринариялық нормативтерді: мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге жəне өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау жəне пайдалануға беру кезiнде; зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру жəне пайдалану; ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау жəне өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау; 4) кейін өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау; 5) тіркеу сынақтарын жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын қажетті көлемде өндіру, əкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, əкелуді (импортын), өткізуді жəне қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш

мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісті түрде өткізбеу, сондай-ақ оларды өткізу мерзімдерін бұзу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кəсiп керлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кəсiпкерлiк субъек тiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу – лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 7. Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға əкеп соғады. 8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау органдарына: 1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны жəне өткізілгені; 2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар əдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау жəне ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданбау – жеке тұлғаларға – ескерту жасауға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кəсіпкерлік субъек тілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – бес, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 11. Ветеринариялық құжаттарды беру тəртібін жəне олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бұзу – лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) – лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 13. Ветеринария саласындағы мамандардың қыз меттiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға ветеринариялық іс-шаралар өткізу жөнінде жəрдем көрсетпеу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 15. Эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр салдарларға əкеп соқпаған, эпизоотияға қарсы күрес мəселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады. 16. Осы баптың он үшінші, он төртінші жəне он бесінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кəсiпкерлерге, шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кəсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға əкеп соғады.»; «311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын бұзу 1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда жəне басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады. 2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге əкеп соққан нақ сол əрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.»; «559-бап. Ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган 1. Ветеринария саласындағы уəкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды. 2. Осы Кодекстiң 310-бабына сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары; 2) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жəне олардың орынбасарлары; 4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлары; 5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жəне олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы. 3. Ветеринария саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдары: 1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты өткізу кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн; 2) темiржол, су жəне əуе көлiгiнде, жолдарда жəне мал айдайтын күре жолдарда – Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын), мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жататын объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ мал айдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн; 3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Респуб ликасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан қорғау бөлігiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.». 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Рес публикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар): 1) 65-баптың 1-тармағы 11) тармақшасындағы «хабарлауға міндетті.» деген сөздер «хабарлауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүзеге асырылатын, топыраққа агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»; 2) 104-баптың 3-тармағындағы «ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер «ветеринария саласындағы уəкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 107-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «мал қорымы» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат): 1) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган;»; 2) 120-баптың 2-тармағындағы «мал қорымдарын» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 125-бапта: 2-тармақтың 4) тармақшасындағы «мал көмінділерін» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ветеринария саласындағы уəкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер «ветеринария саласындағы уəкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21,97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар): 1) 18-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы

мынадай редакцияда жазылсын: «9) ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган;»; 2) 112-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган;»; 3) 220-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «өлген малды көметiн орындар» деген сөздер «мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды)» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Респуб ликасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 18-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) азаматтық қызметші болып табылатын жəне ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, əлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мəдениет, спорт жəне ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;»; 2) 238-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Азаматтық қызметші болып табылатын жəне ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, əлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мəдениет, спорт жəне ветеринария саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен жəне ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен белгiленедi. 3. Азаматтық қызметші болып табылатын жəне ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, əлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мəдениет, спорт жəне ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.». 6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15,125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жыл ғы 3 желтоқсандағы Қазақста�� Республикасының Заңы): 1) 53-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында: жиырма бесінші абзац алып тасталсын; отыз тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ауылшаруашылық өнімін шығаруды басқару жүйелерін дамыту;»; 2) 56-баптың 1-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»; 3) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражайқорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.». 7. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат): 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 23-1) жəне 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«23-1) бірінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, таза тұқымды мал тегінің кемінде үш ұрпағының тұқым-тегі туралы анық деректер қамтылған асыл тұқымдық куəлігі бар таза тұқымды ірі қара мал; 23-2) екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал – тұқым стандартына сай келетін, асыл тұқымдық куəлігі бар таза тұқымды ірі қара мал;»; 32), 35) жəне 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «32) жануардың тұқым-тегi – асыл тұқымды жануардың шығу тегі туралы мəлiметтер;»; «35) селекциялық карточка – селекциялық жануарды есепке алу нысаны; 36) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетiн жануар;»; 39) тармақшадағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «41) тұқым стандарты – уəкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды жəне селекциялық жануарлар үшiн қойылатын ең төменгі талаптар;»; 2) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты ветеринариялық сертификат жəне белгіленген тəртіппен танылған, экспорттаушы елдiң құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куəлiк немесе оған балама құжат болған кезде жүзеге асырылады.»; 3) 13-бапта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан жəне байқаулардан өткiзу əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куəлікті немесе оған балама құжатты тану тəртібі туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) танылуын ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата жүзеге асыратын, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куəлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куəлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;»; 22) тармақшадағы «жаңа» деген сөз алып тасталсын; 4) 14-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың жəне мал шаруашылығы сала сындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөледі;»; 5) тармақша алып тасталсын; 5) 16-1-баптың 9) тармақшасы «асыл» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген,» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 16-2-бапта: 3-тармақтың 3) тармақшасы «көшірмесін» деген сөзден кейін «(асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары үшін)» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың 3) тармақшасы, 7-тармақтың 3) тармақшасы жəне 8-тармақтың 3) тармақшасы «сертификаттың» деген сөзден кейін «(куəліктің)» деген сөзбен толықтырылсын; 7) 26-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 28-баптың 2-тармағындағы «малды» деген сөз «ауыл шаруашылығы жануарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 28-2 жəне 28-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «28-2-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата 1. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата бір немесе бірнеше тұқымның бірінші жəне екінші санаттардағы асыл тұқымды iрi қара малын өсiрудi жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру жəне қорғау үшiн құрылатын жəне əрекет ететiн коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. 2. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата заңды тұлға болып табылады жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртiппен əдiлет органдарында тiркеледi. 3. Қазақстан Республикасының аумағында iрi қара малдың əр тұқымы бойынша ірі қара мал тұқымдары жөніндегі бiр республикалық палата құрылады жəне əрекет етедi, ол облыстардың жəне республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдарын жəне өкiлдiктерін) құруға құқылы. 4. Егер, бiр тұқымның бірінші жəне екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малын өсіруді жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерiн бір немесе бірнеше тұқымның iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың қайсы бірі білдіретін болса, онда ірі қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, осындай тұқым жөніндегі жеке республикалық палата құруға жол берiлмейдi. 5. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен жəне жарғымен реттеледi. 28-3-бап. Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның өкілеттіктері Iрi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палата: 1) бірінші жəне екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малмен селекциялық жəне асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасында тiркеу арқылы оны (Жалғасы 8-бетте).


8

www.egemen.kz

(Жалғасы. Басы 7-бетте).

есепке алуды ұйымдастырады; 2) табындағы селекциялық жəне асыл тұқымдық жұмысты үйлестiредi; 3) бірінші жəне екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға мəртебе бередi; 4) бірінші жəне екінші санаттардағы асыл тұқымды ірі қара малға асыл тұқымдық куəлiктер жəне селекциялық жануарларға селекциялық карточкалар берудi жүзеге асырады; 5) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куəлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады; 6) көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 7) асыл тұқымды ірі қара мал тұқымдары бойынша асыл тұқымдық кiтапты жүргiзедi жəне басып шығарады; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.». 8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат): 2-баптың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «22) селекциялық жануар – тұқым стандартына сай келетін жануар.». 9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 6-бапта: 2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мəслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн əкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.»; мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын: «2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мəслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.». 10. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 55-баптың 1-тармағындағы «өлген малды көметiн ұралар» деген сөздер «мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар)» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар): 1) 1-бапта: 3), 3-1), 3-3), 3-4) жəне 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – диагностикалық зерттеулер нəтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жəне уəкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі; 3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мəлiметтердi енгiзе отырып жəне ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу

рəсiмi;»; «3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшір ме – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уəкілетті орган бекіткен тəртіппен жəне нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нəтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мəліметтер; 3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер жəне басқа да бұйымдар (құралдар); 3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;»; мынадай мазмұндағы 3-6) жəне 4-1) тармақшалармен толықтырылсын: «3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдей лендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан əрi – лазерлiк станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;»; «4-1) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен жəне биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық жəне ғылыми қызмет пен эксперименттер нəтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау жəне өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден жəне минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған жəне өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);»; 9) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) ветеринариялық құжаттар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тəртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат; тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы жануарға, жануарлардан алынатын өнімдерге жəне шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдердің жəне шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сəйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дəрігері беретін ветеринариялық анықтама;»; «11) ветеринариялық препараттар мыналар: жануарлар ауруларының профилактикасына, диагностикасына жəне оларды емдеуге арналған, қаннан, қан плазмасынан, сондай-ақ жануарлардың ағзаларынан, өсімдіктерден, минералдардан синтез əдістерімен немесе биологиялық технологиялар қолданыла отырып алынған заттар; фармакологиялық белсенділігі бар, өсiмдiктерден, жануарлардан алынатын немесе синтетикалық заттар; жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын заттар; жануарлардың өнімділігін арттыруға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға жəне дератизациялауға арналған заттар. Осы тармақшаның ережелері ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дəрілік заттарға қолданылады;»; 12) тармақшадағы «байқаудан өткiзу, тiркеу сынақтарын жүргiзу» деген сөздер «байқаудан өткiзу жəне тiркеу сынақтары» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тəртiппен» деген сөздер алып тасталсын; 15), 16) жəне 19-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары – ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының қауіпсіздік жəне сапа көрсеткіштеріне сəйкестігін айқындау; 16) ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу – ветеринариялық препаратты, жемшөп қоспаларын ветеринариялық практикада пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін, олардың иммундық-биологиялық қасиеттері мен эпизоотологиялық тиімділігін, олардың жануар организміне тигізетін əсерінің салдарлары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін айқындау мақсатында, оларды шектеулі зертханалық жəне (немесе) өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу;»; «19-1) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық жəне кəсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;»; 20) тармақшадағы «бiрдейлендiру рəсiмiн» деген сөздер «ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) тармақшадағы «ветеринария саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын: «38-1) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, əкелінген, сатып алынған, əкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау;»; 39-3), 40) жəне 45-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «39-3) процессингтік орталық – функцияларын осы Заңға сəйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі; 40) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нəтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін құжат;»; «45-1) эпизоотологиялық зерттеп қарау актісі – эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу жəне жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нəтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспектор беретін құжат;»; 2) 3-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария

21 қаңтар 2014 жыл

саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды даярлау жəне олардың бiлiктiлiгiн арттыру.»; 3) 4-бапта: мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) мыналардың: жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын жəне жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге бағытталған.»; 4) 5-бапта: 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) мыналардың: жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын жəне жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеудің тəртібі мен шарттарын белгiлеу;»; 15) тармақшадағы «сəйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 1811), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17) жəне 18-18) тармақшалармен толықтырылсын: «18-7) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін бекіту; 18-8) биологиялық қалдықтарды кəдеге жарату, жою тəртібін бекіту; 18-9) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту; 18-10) жануарларды өткізу қағидаларын бекіту; 18-11) жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту; 18-12) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту; 18-13) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту; 18-14) жануарларға қарау қағидаларын бекіту; 18-15) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын бекіту; 18-16) шектеу іс-шараларын жəне карантинді белгілеу жəне алып тастау қағидаларын бекіту; 18-17) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту; 18-18) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң жəне биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту;»; 5) 6-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативіне сəйкес құрылатын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;»; 4) тармақшадағы «қызметпен шұғылданатын» деген сөздер «қызметті жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 8-бапта: 11) тармақша «мамандарды» деген сөзден кейін «, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақшадағы «жануарлар аурулары бойынша» деген сөздер алып тасталсын; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің жəне биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын əзірлеу;»; 36) тармақша алып тасталсын; 44) жəне 45) тармақшалардағы «сəйкестендiру есебiн қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын; 46), 46-5 жəне 46-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «46) ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды есептік тіркеу тəртібін бекіту жəне оны жүргізу;»; «46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау жəне өткізу қағидаларын бекiту; 46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тəртібін бекіту;»; мынадай мазмұндағы 46-10), 46-11), 46-12), 46-13), 46-14), 46-15), 46-16), 46-17), 46-18), 46-19), 46-20), 46-21), 4622), 46-23) жəне 46-24) тармақшалармен толықтырылсын: «46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін əзірлеу; 46-11) биологиялық қалдықтарды кəдеге жарату, жою тəртібін əзірлеу; 46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту; 46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын əзірлеу; 46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын əзірлеу; 46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын əзірлеу; 46-16) жануарларды өткізу қағидаларын əзірлеу; 46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын əзірлеу; 46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын əзірлеу; 46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын əзірлеу; 46-20) ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту; 46-21) жануарларға қарау қағидаларын əзірлеу; 46-22) шектеу іс-шараларын жəне карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын əзірлеу; 46-23) ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын əзірлеу; 46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;»; 7) 9-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері;»; 2 жəне 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сəйкес жүзеге асырады жəне дербес бөлімшелер нысанында құрылады.

2-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң басшысы бас мемлекеттiк ветеринариялық дəрiгер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдары мемлекеттiк ветеринариялық дəрiгерлер болып табылады.»; 8) 10-бапта: 1-тармақта: 2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) жəне 10-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) жəне атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 10-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жəне атрибуттарға қажеттілікті айқындау жəне процессингтік орталыққа ақпарат беру;»; 10-2) тармақша алып тасталсын; 11) жəне 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру; 12) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақ тау, талдау жəне оларды уəкілетті органға ұсыну;»; 13) тармақша алып тасталсын; 1-1-тармақта: 2) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 10), 11) жəне 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) жəне атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; 11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру; 12) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақ тау, талдау жəне оларды уəкiлеттi органға ұсыну;»; 13), 17) жəне 18) тармақшалар алып тасталсын; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жəне атрибуттарға қажеттілікті айқындау жəне процессингтік орталыққа ақпарат беру;»; 21) тармақша алып тасталсын; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сəйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру жəне оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;»; 25) жəне 26) тармақшалар алып тасталсын; 27), 28), 30) жəне 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «27) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 28) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету;»; «30) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жəне қайта өңдеу; 31) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»; 32) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын: «32-3) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;»; 2-тармақта: 1), 3), 4), 7) жəне 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау жəне серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;»; «3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сəйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру жəне оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; 4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету;»; «7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жəне қайта өңдеу; 8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»; 9) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақша алып тасталсын; 14), 14-1) жəне 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша ісшаралар өткізуді ұйымдастыру; 14-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) жəне атрибуттарға қажеттілікті айқындау жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру; 15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау жəне оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;»; 16) жəне 17) тармақшалардағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; 18), 20), 20-1), 20-2), 20-4) жəне 20-5) тармақшалар

алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 20-6) тармақшамен толықтырылсын: «20-6) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;»; 9) 10-1-бапта: бірінші абзацтағы «құзыретіне» деген сөздер «құзыретіне мыналар кіреді» деген сөздермен ауыстырылып, 3), 4), 4-1), 5) жəне 6) тармақшалар алып тасталсын; 7) тармақшадағы «карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн» деген сөздер «карантинді немесе шектеу iс-шараларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 9), 10), 11), 12), 13), 14), 16) жəне 17) тармақшалар алып тасталсын; 10) 11-бапта: 1-тармақта: 1) тармақша бесінші абзацындағы «жоюды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме» деген сөздер «жоюды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «осы Заңның 32-бабының 1-1-тармағына сəйкес процессингтік орталықтың функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттiк монополияға жатқызылған мынадай функцияларды: Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларының диагностикасын; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттiк кəсiпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасымен жəне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген, жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасымен технологиялық байланысты қызметке: зертханалық зерттеулер мен ветеринариялықсанитариялық сараптама жүргізу; өлшем құралдарын салыстырып тексеру жəне сынақ жабдығын аттестаттау; дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу; биологиялық қалдықтарды кəдеге жарату мен жою жатады;»; 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «эпизоотиялық мониторингті;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мынадай функцияларды: жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық ісшаралар жүргізуді; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді; ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді; жануарлардың аса қауіпті жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) жəне атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді; құрылысын тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жəне жоюды; ветеринариялық анықтама беруді; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді жəне одан үзінді көшірме беруді; биологиялық материалдың сынамаларын алуды жəне оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді; ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тəртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады. Аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық пункттерімен құрылады.»; 11) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық жəне кəсіптік білімі бар адамдардың ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар есептік тіркелуге жатады.»; 12) 14-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «аурулары қоздырушыларының» деген сөздер «ауруларының» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 14-1-бапта: 1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарда;»; 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауiптi жəне экзотикалық ауруларының əкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 15-баптың 9) жəне 9-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «9) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiк жөнiндегi құжаттама, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi (сынақ хаттамасы), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндiру, дайындау (сою), сақтау жəне қайта өңдеу жөнiндегi нормативтiктехникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құжаттама; 9-1) мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар);»; 15) 16-баптың 1-тармағында: 3) тармақшадағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;»; 16) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «ветеринариялық нормативтердi бiрнеше рет бұзған, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды қайта аттестаттау туралы нұсқама;»; тоғызыншы абзацтағы «жануарға арналған» деген сөздер алып тасталсын; (Соңы 9-бетте).


www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

(Соңы. Басы 7-8-беттерде).

оныншы абзацтағы «жануарларды» деген сөз «ауру жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 25-бапта: 5) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; 6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлім шелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мем лекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар əдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға жəне ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;»; 8) тармақша алып тасталсын; 10), 11-1), 12) жəне 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;»; «11-1) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кəсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға; 12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жəрдем көрсетуге; 12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;»; 18) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ветеринариялық iс-шараларды өткізу тəртiбi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалармен айқындалады.»; 19) 26-1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының əкелiнуi мен таралуынан» деген сөздер «жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуынан» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 26-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «жануарлардың жұқпалы ауруларының əкелiнуi мен таралуының» деген сөздер «басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық ауруларының əкелінуі мен таралуының» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 27-баптың 4-тармағындағы «ветеринария саласындағы уəкiлеттi орган» деген сөздер «уəкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; 22) 29-баптың 3-тармағындағы «негiзделген мониторингiн» деген сөздер «негізделген эпизоотиялық мониторингін» деген сөздермен ауыстырылсын; 23) 30-бапта: 2-тармақтағы «ерекше» деген сөз алып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жəне жағдайларда: 1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын жəне жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың; 2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеттіруге құқығы бар.»; 24) 32-баптың 1-1-тармағы 5) тармақшасындағы «ішінара алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «ішінара алуды;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1), 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын: «4-1) мемлекеттік сатып алуды, оның нəтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру жөнінде шарт жасасуды, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) жəне атрибуттарды сақтау мен тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды;»; «6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдардың (бұйымдардың) жəне атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыруды; 7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.»; 25) 5-тараудың тақырыбындағы «ветеринария мамандарын» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 33-баптың 2-тармағындағы «, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың» деген сөздер «жəне жемшөп қоспаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын: «34-бап. Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру Ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғаларды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi бағдарламалар мiндеттi түрде уəкiлеттi органмен келiсiлуге жатады.»; 28) 34-1-баптың 1-тармағында: бірінші абзацтағы «ветеринария мамандарына» деген сөздер «ветеринария саласындағы мамандарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары» деген сөздер «жергiлiктi өкiлдi органдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 35-бапта: 1-тармақта: мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) осы Заңның 11-бабына сəйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар;»; 6) жəне 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) мыналардың: жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын жəне жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) жəне қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;»; «9) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) жəне атрибуттарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар.»; 2-тармақта: 1) жəне 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау жəне оларға тiркеу сынағын жүргiзу;»; «6) түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен бюджет кірісі есебіне жатқыза отырып, ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған чиптерді беру;»; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылысын: «6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда);»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді жəне ветеринариялық дауалауды жүргізу.». 12. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» 2003 жылғы 8 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат): 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «жеткізу» деген сөз жəне 11-баптың 2-тармағындағы «жеткізіп беру» деген сөздер «беру» деген сөзбен ауыстырылсын. 13. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат): 1-баптың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) агент – жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркəсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;». 14. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу тура лы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 121), 22-1), 22-2), 22-3) жəне 24-1) тармақшалармен толықтырылсын: «6-2) агрохимикаттар – өсімдіктерді қоректендіруге, топырақтың құнарлылығын реттеуге арналған химиялық немесе биологиялық тыңайтқыштар, химиялық мелиоранттар (торфты, органикалық тыңайтқыштарды, мелиоранттар қасиеттері бар табиғи материалдарды қоспағанда); 6-3) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу – агрохимикаттарды сынау процесін аяқтайтын рəсім, оның нəтижесі бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға агрохимикаттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куəлігі беріледі;»; «12-1) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме осы Заңға сəйкес жүзеге асыратын қызмет;»; «22-1) инвестициялық салынымдар – жаңа өнді рістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар; 22-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы – өзіндік құн мен рентабельділік ескеріле отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға; 22-3) қайта өңдеуші кəсіпорындар – ауылшаруашылық өнімін бастапқы жəне (немесе) тереңдете қайта өңдеуді жүзеге асыратын агроөнеркəсіптік кешеннің субъектілері;»; «24-1) сатып алу бағасы – бəсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне қайта өңдеуші кəсіпорындар ұсына алатын баға;»; 2) 5-бапта: мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын: «1-3) ауылшаруашылық өнімінің жəне оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын бекіту;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) мыналарды: өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды; тұқым шаруашылығын дамыту бойынша; мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша; акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды; басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының жəне көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын; тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда); өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) жəне биопрепараттардың құнын; ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын; жемiс-жидек дақылдарының жəне жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу жəне өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын; ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын; отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды; кредиттер жəне технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін; шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын; ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды; ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту;»; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8) жəне 15-9) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) қайта өңдеуші кəсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту; 10-2) агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде

субсидиялау қағидаларын бекіту; 10-3) агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту; 10-4) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту;»; «15-5) «Агроөнеркəсіп кешеніндегі үздік кəсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын бекіту; 15-6) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын бекіту; 15-7) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын бекіту; 15-8) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту; 15-9) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркəсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін бекіту;»; 3) 6-баптың 1-тармағында: 5-1) тармақша алып тасталсын; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;»; мынадай мазмұндағы 8-1), 10-1), 10-2), 14-2), 143), 15-4), 15-5), 15-6), 15-7), 15-8), 15-9) жəне 18-1) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын жəне есептілікті ұсыну тəртібін бекіту;»; «10-1) қайта өңдеуші кəсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын əзірлеу; 10-2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін əзірлеу;»; «14-2) агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын əзірлеу; 14-3) агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын əзірлеу;»; «15-4) топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидаларын əзірлеу; 15-5) ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын əзірлеу; 15-6) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын əзірлеу; 15-7) агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу; 15-8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру мен жүргізу қағидаларын бекіту; 15-9) ауылшаруашылық өнімінің жəне оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын əзірлеу;»; «18-1) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркəсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін əзірлеу;»; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «24) салалық көтермелеу жүйесін бекіту;»; мынадай мазмұндағы 24-1) жəне 24-2) тармақшалармен толықтырылсын: «24-1) «Агроөнеркəсіп кешеніндегі үздік кəсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын əзірлеу; 24-2) агроөнеркəсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жəрмеңкелерін ұйымдастыру;»; 25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «25) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын бекіту;»; 25-2) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 26-3) тармақшамен толықтырылсын: «26-3) мыналарды: өсімдіктердің жоғары бағалы сұрыптары мен ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың жоғары бағалы тұқымдарының гендік қорын сақтау мен дамытуды; тұқым шаруашылығын дамыту бойынша; мал шаруашылығының өнімділігін жəне өнім сапасын арттыруды; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша; акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін жəне өнім сапасын арттыруды; басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын жəне өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының жəне көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлықматериалдық құндылықтардың құнын; тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда); өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) жəне биопрепараттардың құнын; ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын; жемiс-жидек дақылдарының жəне жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу жəне өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын; ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын; отандық ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу үлесiн ұлғайтуды; кредиттер жəне технологиялық жабдықтың лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін; шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын; ауылшаруашылық өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды; ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын əзірлеу;»; 4) 7-бапта: 2-тармақта: мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) «Агроөнеркəсіп кешеніндегі үздік кəсіп иесі» конкурсын өткізу;»; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды жəне олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды жəне реконструкциялауды қамтамасыз ету;»; мынадай мазмұндағы 12-3), 12-4), 12-5), 12-6) жəне 12-7) тармақшалармен толықтырылсын: «12-3) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу жəне агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті органға есептілік ұсыну; 12-4) агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің жəне қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру; 12-5) агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру; 12-6) кепілдендірілген сатып алу бағасы жəне сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын

ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту; 12-7) қайта өңдеуші кəсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім ��ығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;»; 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін жəне тұратын денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген əлеуметтік қолдау шараларын, сондай-ақ осы санаттардағы қызметкерлерге əлеуметтік көмектің өзге де шараларын айқындау;»; 4-тармақта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;»; 6-1) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына (əкiмдiктерiне) есептілік ұсыну;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін жəне тұратын денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген əлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) «Агроөнеркəсіп кешеніндегі үздік кəсіп иесі» конкурсын өткізу;»; 5-тармақта: 3) жəне 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге қатысу; 4) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтердi, улы химикаттарды жəне олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) жұмыс iстеуiне жəрдемдесу;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) «Агроөнеркəсіп кешеніндегі үздік кəсіп иесі» конкурсын өткізу;»; 5) 9-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) ауылшаруашылық өнімін кепілдендірілген сатып алу бағасы бойынша сатып алу;»; 6) 11-баптың 2-тармағында: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) агроөнеркəсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;»; 5-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5-3) ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге суды беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;»; мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын: «5-4) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;»; мынадай мазмұндағы 8-5) жəне 8-6) тармақшалармен толықтырылсын: «8-5) қайта өңдеуші кəсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау; 8-6) агроөнеркəсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;»; 7) 13-баптың 2-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жəне фитосанитариялық бақылауды жүргiзу; 2) ветеринария саласындағы уəкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы жəне оларды жою; 3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттiк пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердi, улы химикаттарды жəне олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) ұйымдастыру;»; 8) мынадай мазмұндағы 13-1 жəне 14-1-баптармен толықтырылсын: «13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету 1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік мекеменің функциялары: топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу; топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу; агрохимикаттарды сынақтан өткізу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру жəне жүргізу; өсімдік шаруашылығы өнімінің жəне оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады. 3. Мемлекеттік мекеме: топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу; агрохимикаттарды сынақтан өткізу; агрохимикаттардың сандық жəне сапалық көрсеткіштерін айқындау; өсімдік шаруашылығы өнімінің жəне оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау; жер учаскелері меншік иелерінің жəне жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу; сынақтан өткізу нəтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың əдістемелерін байқаудан өткізу; топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне жəне оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге, агрохимикаттарға химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың əдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық

9

қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы. 4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»; «14-1-бап. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу 1. Агрохимикаттарды мемлекеттік тіркеу оларды сынақтан өткізу қорытындылары бойынша жүргізіледі. 2. Мемлекеттік тіркеуден өткен агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі жəне оларды агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган агрохимикаттардың тізіміне енгізеді. 3. Сынақтан өткізу жəне ғылыми-зерттеулер үшін əкелінетін тəжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген агрохимикаттарды өндіруге, əкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге жəне қолдануға тыйым салынады. Сынақтан өткізу жəне ғылыми-зерттеулер үшін əкелінетін агрохимикаттардың көлемін агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 4. Агрохимикаттарды сынақтан өткізу жеке жəне заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүргізіледі.»; 9) 18-бапта: 2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, əлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен қызметкерлерінiң тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Азаматтық қызметші болып табылатын жəне ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, əлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мəде ниет, спорт жəне ветеринария саласындағы маман дарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың (мəслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.»; 6 жəне 8-тармақтардағы «ветеринария» деген сөз «агроөнеркəсіптік кешен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6, 7 жəне 8-тармақтардағы «мамандары», «мамандарына», «процент жоғары» деген сөздер тиісінше «саласындағы мамандар», «саласындағы мамандарға», «пайызға жоғарылатылған» деген сөздермен ауыстырылсын. 15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат): 1) 134-баптың 2-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «18) мынадай функцияларды: жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функцияны; эпизоотиялық мониторингті; Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізуді; ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарынан, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды; тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингті, референцияны; ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингін; жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық ісшаралар өткізуді; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді; ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді; жануарлардың аса қауіпті жəне энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді; құрылысын тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жəне жоюды; ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді, ұсынуды; ветеринариялық анықтама беруді; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді жəне одан үзінді көшірме беруді; биологиялық материалдың сынамаларын алуды жəне оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді; ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;»; 2) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражайқорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.». 2-бап. Осы Заң: 1) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші жəне он сегізінші абзацтарын, 6) тармақшасының оныншы жəне жиырма жетінші абзацтарын; 2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 8) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, он бесінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші жəне қырық төртінші абзацтарын, 24) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 қаңтар № 165-V ҚРЗ


10

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

 Есімі елдің есінде Ғұламалық, тереңдік, кемелдік – оқымысты-филолог, жазушы, түркі тілдерінің білімпазы, ұстаз, қайраткер Əзиза Нұрмаханованың (1924-2001) əдебикөркем, ғылыми жəне публицистикалық шығармашылығына тəн сипаттар. Профессор Əзиза Нұрмаханованың өмірбаяндық мəліметтерін, қызметтік баспалдақтарын бір сəт еске түсірсек, ол филология ғылымдарының докторы (1966), профессор (1970), Қарақал пақ АССР-інің ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1975), 5-сайланған Қарақалпақ АССР-і Жоғары Кеңесінің депутаты, Нүкіс педагогика институтын тəмамдаған (1949), 1942-1948 жылдарда Мойнақ қаласындағы В.В.Куйбышев атындағы орта мектептің директоры, 1948-1951 жылдарда Нүкіс педагогика училищесінде қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі, 1951-1954 жылдарда СССР ҒА Тіл білімі институтының аспиранты, 1954-1957 жылдарда Өзбек ССР ҒА-ның Қарақалпақ АССР-дегі ғылыми қызметкері, 1957-1960 жылдар да Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 19601962 жылдары Қарақалпақ АССР-і Оқу министрі, 1962-1968 жылдарда Өзбек ССР ҒА-ның түркі тілдері секторының меңгерушісі, 1968-1978 жылдарда С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1973-2001 жылдарда Абылайхан атындағы əлем тілдері университетінде кафедра меңгерушісі, профессоры. 1954 жылы Мəскеуде «Қарақалпақ тіліндегі төл сөздер мен төлеу сөздер» атты еңбегі жарық көрді. Ə.Н.Нұрмаханова «Шығыстың шынары» дейтін шығармасында тумысынан от жүректі, ұшқыр ойлы, ақ жібектей таза, толық мінезге бай, сыры терең өрен тұлға, заты пəк пейіштің шынарындай жас жайнақ Кеңес Одағының Батыры, асқан снайпер Əлия Молдағұлованың балғын да балауса шағы, Қобыланды батыр, Асан қайғының баласы Абат батырдың сүйегі жатқан ұлы Қобда өзені бойы, Байтақ қауымы, ата-баба қонысы, Ақтөбе, Мəскеу, Ленинград шаһарларында оқыған жылдары, мектеп қабырғасындағы өрелі, өнегелі істері, кісілік келбеті, мейірбан шырайы, сөзге сараң, сырға берік сəулетті бейнесі, сайыпқырандық, сұңқарлық қасиеттері өнерпаздықпен өрнектеледі. Туындыда оқиғалар белгілі бір жүйелілікпен өрбиді. Архитектоникасы шымыр. Ұлттық көркемдік нақыштар, тəмсілдер, кейіпкерлердің сөздік-лұғаттық сипаттамасы, жан-сезім дүниесі табиғилықпен өріледі. Көркемдік пен дəлел-дəйек, жинақтылық пен тұтастық бар. Жазушы əу баста ұлы Қобда мен Ойыл бойын жайлаған Молдабек пен Молдағұлдың көгілдір көк майсаға бөленген ауылдарын, əсіресе, Молдабектің «би түскендей үйін», жер-су, жесір дауын білгірлікпен шешетінін, суырыпсалма айтқыштармен, би-ақсақалдармен ой, сөз жарыстыратынын соншалықты нанымды суреттейді. Сондай-ақ, қырық құбылған заманды, көз жасы телегей отаршылдықтың отты кісені салынған қайран қазақтың мүшкіл халі, Молдабек пен Молдағұлдың құдаласуы тебіреністі əңгімеленеді. Яғни Молдабек ұлына «тал бойында тарыдай міні жоқ» Молдағұлдың Маржан атты қызын айттырады. Бет біткеннің көріктісі Маржанды былайша сипаттайды: «Маржанның басындағы сəукелесінің төбесі күміспен əшекейленген болатын да, ақ жібек желек бергекке тоты құстың екі-үш қауырсынын тігінен бекітіп қойған. Сəукелесінің арт құлағы беліне жетеді де, оның сыртына жауып қойған шашақты жібек мата, көйлектің етегі құсап жерге сүйретіліп жатыр. Үстінде ақ жібектен тігілген көйлектің етегі қосарлана келіп, бірнеше қатар желбіреген қатпар түзеп, етегін дөңгелете түскен, сыртынан қызыл мақпалдан қыналған қызыл киген, аяғындағы биік өкшелі етіктің артында да неше түрлі асыл тастар жарқырайды...». Жазушы Ə.Нұрмаханованың дүниетанымының кеңдігіне, ұлттық этнопедагогиканың сырларының мəнісіне жетіктігіне, өмір, тұрмыс, тіршілік құбылыстарына, салт-дəстүр, ырым-нанымдарға зейінділігіне, көреген түйсігіне, көсем тіліне дəн разы боласыз. Кіші жүзден шыққан асқан дəулет иесі Байсақал деген кісінің қызының жасауы қиялдағыдай еді. Сəукелесінің өзі бес жүз биеге бағаланған. Осы жайтты ауыл əйелдерінің аузына салады. Бұл дерек Мəшһүр Жүсіп жазбасында бар. Аузы оймақтай, қасы қарлығаштың қанатындай, көзі мойылдай анасы Маржан қандай еді! Он саусағынан өнері тамған, оюлардың нешеме түрлісін (теңдеме, жүздеме, сыңар оюлар дегендей) жасайтын, «бір тізерлеп отырып, əдеп сақтап, шəйнек пен самаурыннан құйғанда шайдың дыбысын шығармай, шынаяқтың бір шетіне қиялай тидіріп құйып отырғанын» еске түсіруші еді көз көрген келіншектер. Əлия аяғын апылтапыл басқан кезінде анасы Маржанның татар дəм-тұзы таусылды. Ол Маржан анасының ағасы Əбубəкірдің қолында, əжесінің бауырында өсті. Оның келіншегі Сəн, балапаны Сапура Əлияға əрқашанда жылы қабақ танытты. Əбубəкірдің қызғылықты ертектерін, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батыр жырларын, Құрманғазы мен Динаның құдіретті күйлерінің шығу тарихын құмарлықпен тыңдайтын. «Əлияжан! Сенің анаң да ер мінезді, асыл адам еді. Құрманғазының шешесіне ұқсатамын да жүремін» – дейтін Əбубəкір. Осынау ой-толғаныстар

Əлияның жас жүрегін оттай маздатушы еді. Ой-санасы сергек балғын Əлияның өмірге, жаратылысқа қызығушылығы ересен. Қабылдауы, түсінуі, ой қорытуы да шапшаң. Айталық, Əбубəкір қызмет бабымен Алматыға, Əулиеатаға көшкенде Айшабибі мазары, Баба-хатун сағана-кесенелеріндегі жазулардың мəнмағынасын айтып беруді өтінеді. Сонда келешектің тұлғасы «жүзінде қайсарлық пен ерлік оты» жанып тұрған Əлияға нағашы ағасы: «Бұл жоғары мəртебелі, құрметті, мейірбанды да жомарт, шанышқы мен қылыш сайысының жеңімпазы Əбіл əмірдің өнегелі, ақылды да пəк қызы, бақытты айдары, Кəназектің зəулім бейіті. Бұл (қаза) Рамазан айының бас кезінде, жылдың төртінші айында болды». Əрі қарай Əулиеатада 22 мешіт, қаншама əулиелердің мазарлары, Тараз шаһарының пирамидасы – Тектұрмас əулие, Ақыртас сынды ғажайып жəдігерлер барын, білгір, шебер, мəдениетті, көреген ата-баба ларымыздың рухын жəне асылды ардақтайтын, ұл мен қызды айырмайтын, «жолбарыстың еркегі де, ұрғашысы да бірдей мал алады, соны қазақ жақсы білетін, сен Əлия зерделісің, саған даңқты əжелеріңнің аруағы жар болсын!» – деп сөзін аяқтады Əбубəкір. Сөйтіп, уыздай уылжыған Əлияның тарихи танымын біршама кеңейтті. Əлия да əсерленді. Ағасы Əбубəкірдің аузынан «Қызға бір үйден жыю, қырық үйден тыю», «Қыздың жолы қылдан тар», «Құдайдан

пейзаж, диалог, монолог тəрізді бейнелеу құралдарын қолдануы да сəтті. * * * Жазушы, публицист Əзиза Нұрмаханова əйгілі күрішші, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның өмірі турасында қалам тербеді. Өз заманының айтулы тұлғасын жарасымды қарапайымдылықпен, кемел дарқандықпен келісті мүсіндеді. Оның «Ұлбала» атты деректі повесі (1976) қазақ əйелінің мүбəрак болмысын, көңілі күріштей кіршіксіз аппақ жан дүние��ін құштарлықпен жырлады. Ұлбаланың дүние есігін ашуы, нағашысының қолында тəрбиеленуі, ақсүйек ойнауы, соғыс кезіндегі балалардың психологиясы («Бозторғайлар соғысты біле ме?» дегендей), оның балаларды тəрбиелеуі, оларға жыр жаттатуы, атақты орақшы, озат күрішші, сушы дəрежесіне жетуі, сезімтал дақыл күріштің сырын жетік білуі, күндік мөлшерді, бескүндік қорытындысын абыроймен орындауы, апта жемісін ел игілігіне жаратуы. Дала академигі Ыбырай Жақаевтың: «Əрбір топырақ аяласаң иеді, əрбір жапырақ сипағанды сүйеді», «Арғымақтан есек тумайды, егер жақсы егін алғың келсе, жақсы тұқым сеп. Ол үшін тұқымды сұрыптай біл» дейтін тəжірибеден туындаған ғибратты, мағыналы ойларын еңбегінің өзегі еткені, жайқалтып, толқытып күріш өсіру ақылпарасатқа негізделетіні деректілік пен көркемдікті қатар ұстаған қаламгер Əзиза Нұрмаханованың «Ұлбала»

Дарын ќуаты Серік НЕГИМОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

қорықпа, Ұлдайдан қорық» деген мақалмəтелдерді естіген-ді. Тағы бірде мынадай тəмсіл айтқан еді... 1740 жылдарда Əбілқайыр ханның қызы, Нұралы ханның қызы Тойқара Орынбордағы қыздар гимназиясында оқыпты. Үріп ауызға салғандай Тойқараны қалмақ ханы Ғалдан Серен ұлына айттырады. Орынбордағы Дала генерал-губернаторы Гессеннің жүрек түкпірінде де қазақ аруына ғашықтық оты тұтанады. Осы бір шақта Ғалдан Сереннің баласы қалыңдығына келеді. Екі оттың ортасында қалған Нұралы ханның халі мүшкіл күйде Тойқараны қалмақ еліне ұзатайын десе, хан 1731 жылы ауыз жаласқан орыс халқының өкілі генерал-губернаторға не дейді. Гессенге қосса, тағы шатақ. «Ақ батаны бұзу» – екі мемлекеттің ортасына от қоюмен тең. Осыны білген Тойқара өз төсегінде жалғанмен қош айтысыпты. Осындай қазақ қызының ерлік ісін есті Əлия ерте қабылдаған, көңілге тоқыған, білімдінің ойын оқуға шүу баста дағдыланған. Əлия Мəскеу мен «орыс ғылымының бесігі» Ленинградта оқыды. И.С.Тургенев, Н.Г.Чернышевский, Д.Н.Менделеев, К.А.Тимирязев, И.П.Павлов, Д.Н.Писарев, А.Н.Ульянов, А.А.Блок оқыған уни верситетте оқимын деп армандады. Ғасырлар тарихының куəсі, ұлы тұлға лардың ордасы болған атақты шаһардың сəн-сəулеті ой-санасын оятты. Исаакий Соборы, Қысқы Сарай, Петропавл қорғаны, Адмиралтейство, Мыс салт атты, Александр ұстыны, Эрмитаж, Екатерина ІІ ескерткіші, Таврия бағы... «Тілсіз табиғат, əрбір көрініс, əрбір ескерткіш, тіпті əрбір тас пен кірпіштің өзі де Əлияға ой салатын, тебіренттіретін» дейді жазушы. Ұлы Отан соғысы басталар алдында ағасы Əбубəкір Ташкент қаласына қызмет ауыстырды. Əбубəкір хат жазған сайын келіншегі Сəнге: «Əлияны қалдырушы болма!» дейтін. Əлия «Германиямен соғысу – жеңіл соғыс емес» екендігін бек түсінді. Осы уақытта Белоруссия, Балтық бойлары, Украина, Фронт Житомир, Проскурова, Могилев-Подольск, Прут пен Дунай дариялары қанға бөгіп, халық қасірет құрсағында қалған еді. Жендеттер Батыс Двинадан өтіп, солтүстік Псков пен Таллинге, Ленинградтың оңтүстікбаты сындағы Островка мен Лугаға ауыз сала бастады... Ленинградқа қасіреттің қара бұлты үйірілді, Қап тауындай қауіптің құшағында қалды. Ұлы шаһар тастай қараңғы. Су құбырлары жүйесі мен канализация тас-талқан. Пошта істемейді. Аштық жайлаған. Ажал жалмаған. Қырғын-сүргін заман. Радиоқабылдағыштан Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім!» атты толғауы саңқылдап естілді. Жəне де «Правда» газетінің 1941 жылдың 5 қыркүйегіндегі санында жарияланған еді. Невский алаңына жиналған жұрттың Жамбыл атаның жырын оқып, рухтанғанын Əлия көріп, қанаттанды. Əлия мергенші-нұсқаушылар мектебінде оқып жүргенде үздік өнері үшін ВЛКСМ Орталық Комитеті салтанатты түрде винтовка сыйлады. Атқыштар мектебінің комиссары Е.Н.Никифорова жаңадан қабылданған курсанттарды

оқытасыз дегенде: «Егер майданға жібермесеңіз, қазір биік ағаштың басына шығамын да түспеймін, сонда күні-түні отырамын да қоямын! – деді Əлия. – Жібереміз майданға! – деді комиссар. Снайпер Əлия Молдағұлованы полковник Горохов бірде былайша сынады. Ол ішкі гимнастеркасының түймесін 150 метр қашықтыққа қойып көздетті. Əлия нысанаға дөп тигізді. Бұдан кейін талай рет дұшпанды сұлатты. – Əлия, сенің оғыңа ұшқан офицер мерген жігіттің қолынан өлдім-ау деп кетті-ау шамасы – дегені бар еді қазақ жігіті Айдардың. Лейтенант Гусев Новичка селосындағы неміс офицерлерінің қайсы үйден кіріп-шығатынын күндіз анықтап, түнде сол үйдің өзін аңдуға бел байлайтынын ескертті». Белгіленген күн мағынасыз өтті. «Тіл» керек-ақ. – Мен сол деревняның қызы болып киініп аламын да, жағдайын білемін. Өздерің менен көз жазбаңдар, – деді Əлия. Əлияның тар кезеңдегі жортуылын жазушы: «Молдағұлова деревняның жолына түсіп алды да, көлбеңдей түсіп, басын бір оң жаққа, бір сол жаққа былғай салып бара жатты. Шамасы көңілді сауық кештен қайтып, өлең айтып келе жатқан қызға ұқсайды» деп суреттейді. Оқыста немісше сөйлеген адамдардың даусы жарығы мол үйдің ішінен самбырлап естілді. Шалт қимылдап, қол автоматынан оқ жаудырды. Бірі сұлап түсті, екіншісін тірідей қолға түсірді. Немістің құнан пілдей офицері «қыздың қолына түсіп ырқына көнгеніне күйзелді». Қанды қырғында мейірім-қайырымнан жаралған фəрзана Əлия «ертектердегі батырларға ұқсады. Ол оқтан да, оттан да қорықпайды, сескенуді білмейді», өтемөте терең қазылған траншеяда тапжылмай аңдып, талай фрицтердің көзін жойды. Оқыста бірнеше жерден неміс солдаттары мен одыраңдаған офицерлері шыға келмесі бар ма? Əлияның өр кеудесіне автомат пен пистолеттің оғы қатар қадалған. «Ой, жалғаншы! Қыршын жасты қалай жерге қиясың? Сенен қатал, сенен мейірімсіз дүниеде не бар? Ой, қара жер! Əлияны қалай құшағыңа аласың? Оның үлкен ер жүрегі қалай сыйып жатады? Ол қыршын жас еді ғой! Ол не жазды саған? Өткен күнге қосқан олжасы болмаса, опық жасамап еді ғой! Ол махаббат пен жастықтың жырын жырлай алмай, арманда кетті! Оның сұлу саусақтары гүл ұстамай, үлбіреген ерні сəбиді сүймей, иығы торқаны кие алмай кетті. Осы кезде табиғат та мүлгіп, аспан жүзін қара бұлт басып, ұйтқып соққан самал жел де, тау да, тас та «Əлия» деп зарлағандай болды. Жапырақсыз ақ қайыңдар мен шашақты шыршалар да, құндағына құлаш жетпейтін алып тұлғалы емендер мен тіп-тік шаншыла біткен қарағаштар да «Əлия» деп бас иді. Ерлік өмірі таусылмас дастандай гөзел ғазиз жүректі Əлияның орасан қуат-бітімі, от жүрегінің құдіреті, нұр нұсқа сүгіреті, биік парасаты, иман қуаты трагедиялық-философиялық түйдекпен сипатталған. * * * Жазушы Əзиза Нұрмаханованың «Қыздар» повесінде (1969) бір кіндіктен тараған тірідей жетім жеті бірдей қыз балалардың анасы сүйек сипаты, келбеті келіскен Маржанның тағдыры жəне оған деген елдің игі жақсыларының қамқорлығы шынайы суреттеледі.

Мектепте үй сыпырушы болып істейтін ақкөкірек Маржанның өмірі тіршілік, тұрмыс жүзінде шырмауықша шырмаған қайшылықтар тұтқынында жаны да күйзеледі, «ұятсыздың тілі – мың құлаш» дегендей, өсекші Жəмиланың тұзағына ілінеді. Мектеп директоры Ісмет Сейітов «қасарысқан жерінен қан алатын, біреуге қасын тіксе, қан қақсататын» көздің бұқасымен қарайтын дүлейдің өзі. Бірде оның үйіне қонақ келгенде дереу көмектесуге Маржанды шақыртады. Жеті бірдей қуыршақтарды бағу, асырау, киіндіру, мектепке əзірлеудің үстіне кішкентайы Нағима қызылшамен сырқаттанып, бара алмаспын деген. Сонан соң ол үйге «қолы-қолына, аузы-аузына жұқпайтын, тілімен бидай қуыратын жел сөзді Жəмила барған. Ол: «Тойынып кеткен, көзі жер көрмейді. Несіне кеудесін керіп, қайқаяды екен? Ыбырсыған қыздарының буы көтеріп бара жатыр ма? – деп Маржанды Гүлсараға жиір кенішті көрсетіп, мысық тілеулі ішмерез мысқылдайды екен. Қашанда болсын рақымы мол мұғалім Нина Владимировна Маржанды жантəнімен қолдайды. Үйіне барып, халахуалымен танысып тұрады екен. Директор Ісмет Сейітов Маржанға зілденді, көкбет Жəмила болса Маржанға жұдырық ала жүгіреді, онымен қоймай ұлы Кенжемұрат Маржанның шаңырағына келіп, соққыға жығады. Ақырында Маржан жаны сүйген асылы, сыйынары – «ашуы – жұт, күлкісі – құт» ақбас толқындардың мекені, көңілдің тірегі Аралмен қоштасып, Мойнаққа көшіп, балық зауытында жұмысшы болып істейді. Еңбеккерлігімен, ізгілігімен, сақамырзалығымен елдің қадірлісі атанды. Маржанның «адамның денесі де көңілден су ішеді» дейтіні бар. Шіркін, ана мейірі, ана махаббаты қандай керемет десеңізші! Жеті бірдей қызғалдағы желкілдей өсіп, қанаттанып келеді. Бір-бірлеріне қамқор, сүйеніш. «Сүйек тамыр сүйенісіп күн көреді» деген рас-ау! Əмина 8-сыныптан бастап комсомол ұйымының хатшысы жəне сіңлілерінің күнделіктерін тексереді. Еңбектенудің арқасында Əмина облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл хабарды Маржан радиоқабылдағыштан естіп, көңілі марқайды. Ажар болса, мектеп директоры, ғылым кандидаты, оқу министрі лауазымына дейін көтерілді. «Қыздар» повесінде Əминаның енесі пəлеқор Қалампыр кемпір, сөз тасығыш Бейсенбай, Ажардың күйеуі маскүнем Мырза, кім көрінгенге бізін шанышатын Шаншу бейнелері де өмірдің бірыңғай тамашалардан тұрмайтындығын, ұры байымайтынын, сұғанақ семірмейтінін, екінші жағынан өнерлілердің ар-намысқа, таза еңбегіне сүйеніп от-жалында шынығатынын, адамгершілігімен аршындап алға озатынын көрсетеді. Шығарманың соңында құмырсқаша қимылдап, тұрмыстың теперішін көрген, бейнетқорлықтың азабын тартқан, енді зейнетінің жемісін татқан ақылды, парасатты Маржан ананың көл-көсір қуанышына куəгер боламыз. Жазушы адам характерін даралап көрсетуге кəнігі шебер. Кейіпкерлерін əрекет үстінде, сөйлеу, ойлау үдерісінде, бір-бірлерімен өзара қарым-қатынас барысында, қаһарманның бет-əлпет, қимыл-қозғалыс пішінін бейнелеу сəтінде толық танытады. Портрет,

шығармасында шынайы баяндалады. Күріш гүлше мəпелеуді сүйеді. Жазушының суреттеуінше, Ұлбала əрқашанда терең ой құшағында. «Жерге түскен тұқым лезде-ақ құлпырып шыға келеді. Осы кезде жерге жасыл кілемді төсеп тастағандай көздің жауын алады... көздің жауын алып тұрған көк құрақтарға қарап, «бұлар да тілсіз нəресте секілді, қанша тəрбиені талап етеді...». Адам еңбегімен көрікті. «Түбінде баянды еңбек егін салған» деп Абай қалай əдемі айтқан. Күріштік жерде Ұлбала ұлы Оралханымен жүргенде күрішпен бірге өсіп тұрған шиін мен күрмек туралы ойын былайша тарқатты: – Зейінді Ыбекең «Күріштің басты екі жауы бар: олар шиін мен күрмек. Алғашқыда бұл шөптердің екеуі де күріштің көгімен бірдей болады» деп бекерге айтпаған ғой, – дейді. Оралханның түйсігінше, шешесі Ұлбала күріштің атасы, ақылдың алтын астауы Ыбырай Жақаевтың алдында сөзін ұйып тыңдап тұрғандай сезінді. – Шынында да арам шөптердің күріштен түк айырмашылығы жоқ екен – десті балалары. – Мұның күллісін Ыбырай атаң тексерген. Мынау шиін мен күрмектің сабағы, бұл күрішке қарағанда жапырақты келеді. Оның үстіне күрмектің жапырағының өзегі боз болады да, шиін жапырағының өзегі қызғылт болады. Күріш жапырағының өзегі оның өз түсіндей болады жəне сол өзекшеден бірнеше талшықтар тарап жатады. Ыбырай атаның айтуынша, күріштің сабағы ешкінің түбітінен де нəзік, бірақ оңай үзіле қоймайтын созылғақ нəрсе, оны тамырымен үзіп аласың. Жер неғұрлым дымқос болса, күріштің тамыры соғұрлым мықты келеді» – деді ақылымен сұлу, еңбегімен ер атанған Ұлбала. Тағылым һəм танымдық мəні терең «Ұлбала» повесінде заманмен аяғын тең басқан ақылман абыз Ыбырай Жақаев, Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Əбдікəрімов пен Орынбасар Бəйімбетов, күріш даласының құдіреті Шырынкүл Қазанбаева, ұстаз Ұлмекен Рыспекова бейнелері жарқын көрініс тапқан. Олардың Ұлбала туралы сырлы лебіздері қандай жарасымды десеңізші! Үлгілі отбасы Ұлбала мен Сұлтанханның адамгершілік мұраты, ойпарасаты, биік мақсаты көңіл сүйсіндіреді. Көкірегі сезімді, жаны ізгі Ұлбала «Менің қуатым, қанатым – перзенттерім, бəйтерегім – Сұлтанхан» деп ағынан ақтарылса, Сұлтанханның «əйелді сыйлау – ананы сыйлау, апа-қарындасты сыйлау, қызыңды сыйлау» дегені кісіліктің белгісі ғой. Жазушы Əзиза Нұрмаханова халық тілінің лексикалық байлығын, терең тамырлы көркемдік дəстүрін терең меңгерген жəне ой-толғаныстарын сыршылдықпен суреттеп жеткізеді. * * * Озат ойлы əмбебап оқымысты Ə.Нұрмаханова «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» атты жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған соқталы оқу құралында (1971) Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген байырғы халықтардың тілі, түркі ру-тайпаларының жазу-сызулары, тарихи-əдеби жазба ескерткіштері, сонымен қатар қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түркімен тілдерінің фонетикалық, морфологиялық, грам ма тикалық құрылымындағы, лексикалық құрамындағы ұқсастықтар мен

айырмашылықтар білімпаздықпен талданады. Кейбір өзгешеліктер ұлт тілінің қалыптасу жəне даму кезеңдерінде пайда болғандығына, түркі тілдерінің тарихи дəуірлеріне, тектік байланыстарына, этнографиялық көзқарасына, ру-тайпа аттарының бірөңкейлігіне, кірме сөздер табиғатына үңіледі, түркі тілдерінің жіктемесіне, мəн-мағыналы сипаттарына барлау жасайды. Қыпшақ, Қарлұқ, Оғыз топтарына енетін тілдерді түр-түсіне орай нақтылы атайды. Түркі тілдерінің классификациясы жөніндегі Абель Ремюза, Вамбери, Г.И.Рамстед, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.Винклер, Е.Д.Поливанов, Б.Я.Владимирцев, Н.В.Катанов, Ф.Корш, А.Самойлович, В.А.Богородицкий, С.Е.Малов, Н.А.Баскаков сынды түркітанушылардың ой-пікірлерін таразылайды. * * * Ойы сергек, қимылы кесек, тумысынан ерек тарлан талант Əзиза Нұрмаханова алтын уақыттың қадірқасиетін нəзік түсініп, ересен еңбектеніп мағыналы ғұмыр кешті. Түркі тілдерінің білгірі, сөз өнерінің дүлдүлі, көсемсөзші, санаткер, қайраткер дəрежесіне абыроймен жеткен. Оның телегей əдеби-ғылыми шығармашылығы, ұйымдастырушылық, ұстаздық еңбегі мұны нақты айғақтайды. Бастан кешкені, көргені, естігені, ой тұжырымдары өлшеусіз тəжірибелі дарқан дарынның өмір тарихы эпопеяға лайық. Ғұламаның сырларына ден қойсақ, 1944 жылы Қарақалпақ елінде орта мектепте мұғалім болып жүргенінде радиодан СССР Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен қазақтың қаһарман қызы Əлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілгенін естиді. Жəне де сол күнгі газетті сатып алып, көңілі бір жайланады. Əлия туралы шығарма жазу үшін өзіне ант береді. 1947 жылы Қарақалпақ АССР-і Оқу министрлігінің жолдамасымен Ленинград шаһарына келіп, Əлия оқыған №140-мектепке бас сұғады. Əлияның сыныптастарымен, құрбыларымен, оқушыларымен дидарласады. Мектепте күн сайын оқу басталар алдында кезекші оқушы: «Алия Молдагулова отсутствует. В январе 1944 года она погибла смертью храбрых в боях за Родину» деп хабарлап отырады екен. Не деген ілтипат, ізет десеңізші! 1951-1954 жылдарда СССР ҒА Тіл білімі институтының аспирантурасында оқығанда орыс əдебиетінің марқасқалары Константин Симонов жəне Александр Фадеевпен сыйластықта болыпты. Сонда мархаббатты Константин Симонов: «Азизочка, будет хорошо, если ты напишешь книгу об Алие. Я сделаю тебе пропуск в архив Министерства Обороны СССР. Начинай работать» – деген. Ұлттың интеллектуалдық мəртебесін, əдебін, мəдениетін құрметтеген дарқан пейілді, мейірбан шырайлы қайран, жақсылар-ай! Əділдікті аяққа баспайтын, ар мен намыстан, ақыл мен қайраттан жаралған маңғаз келбетті, салиқалы сабаздар-ай! Солардың сом тұяғы «қазақтың адал перзенті» Жұмабек Ахметұлы Тəшеневтен ардақты ақын Төлеген Айбергенов жұмыссыз жүр деп Əзиза апай өтінгенде, ілешала Сарыағашқа мектеп директоры етіп орналастырыпты. Иə, тұтас миллеттің, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың жайын мəністейтін халық қызметкері жақсылығын ірікпепті. * * * Төрт тұяғын тең басқан, қайсарлық пен ізденімпаздықты, қабілет-қарым мен өнерпаздықты, ұлтжандылық пен отаншылдықты, қалам қаруы мен білім, парасат қуатын серік еткен ғұлама, фəрзана Əзиза Нұрмаханованың сүйегі де асыл, текті. Ойы да, сөзі де дария шалқар шабытты Тұрмағамбет Ізтілеуов Мир – Араб медресесінде нағашы əжесі Бибіжан Шектібайқызымен сабақтас болыпты. «Соңынан Көкелташқа түскенде дəріс парсы, тəжік тілінде өтеді екен. Əкесі Шектібайдың өтініші бойынша парсы тілін жетік білетін Тұрмағамбет Бибіжанға біраз уақыт тəжік тілін үйретіпті, – деп жазады Əзиза Нұрмаханова. Тұрмағамбеттің араб, парсы, түркі, шағатай тілдерін жетік білетіндігі, Шығыс шайырларының шығармаларын жатқа айтатындығы, оған қоса суырыпсалма ақындығы өз замандастарын таңдай қақтырған, əлбетте, менің əжем сол жастардың қатарынан болыпты. Бибіжан да, оның күйеуі Əмет те Тұрмағамбет ағадан көз жазып қалмаған, өле-өлгенше қатынасын үзбеген». Зерттеуші Ə.Нұрмаханованың «Тұрмағамбет шайыр» атты мақаласында мұрағат материалдарына үңілу барысында Т.Ізтілеуұлының оқу бағдарламаларына есеп, əдебиет, тарих, жағрафия пəндерін енгізгені, Ыстамбұл мен Бұхарада медресе бітірген Зия – мақсұм Жолымбетұлы, Атажан – мақсұм, Алауатдин – мақсұмдардың жазбаларында айтылғандығын алға тартады. Ол 1960-1962 жылдарда Қарақалпақ АССРінің Оқу министрі лауазымында жүргенде мүмкіндік тауып архивте жұмыс жасаған. Жоғары лауазым маңдайына бұйырса да, кісімсінуді, қораздануды ұнатпайтын ұстаз, білімпаз, қаламгер Əзиза Нұрмаханова «Сөз жерден ауыр, Күннен ыссы» екендігін жан-тəнімен танып, ұшқыр қиялымен, ішкі қуаттүйсігімен, даңғайыр тəжірибесімен, саңлақ сана-зердесімен еңбектеніп, асыл ойлар қалдырды. Мейірбан тұлғаның өзі өрде, сөзі төрде. «Асыл шірімес, ақыл ірімес» деген осы да.


11

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

 Білім. Бағдарлама. Білік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында əлеуметтік жаңғырту үдерісін күшейту мəселесін айрықша атады. Ал халыққа білім беру ісі əлеуметтік мəселелердің беломыртқасы деп айтуға болады. Білім, жас ұрпақ жəне елдің болашағы деген ұғымдарды бөле жаруға болмайды. Жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру жəне кəсіптік мамандар дайындауда шешімін күтетін түйінді мəселелер бар. Одан Қостанай облысы да құралақан емес. Осы орайда Қостанай облысы білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Бəтима ДАУМОВАНЫ əңгімеге тартқан едік.

отыр. Оқушыларды жинағанда 3 ресурстық орталық жанындағы интернатта орын тапшылық етеді, екі ресурстық орталықта интернат жоқ, 3 ресурстық орталыққа балаларды таситын көлік қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, еліміздің «Білім туралы» Заңына сəй кес ресурстық орталықтарда жақын маңда орналасқан магниттік мектептердің білім беру қорлары шоғырланып, шағын жинақталға�� мектептердің оқушыларына сапалы білім алу жетімді болу үшін оқытудың қысқа мерзімді сессия жəне сессияаралық формалары жəне ағымдағы, қорытынды аттестаттау өткізілу көзделген. Сессиялық оқыту жыл бойы оқушылардың каникулдары кезінде жүзеге асырылады. Оқытудың

жатыр. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында шағын орталықтардың үлесін 2010 жылы 59,7 пайыздан 2015 жылға қарай 50 пайызға дейін азайту жоспарланған. Нарық қиындықтары орын алған бұрнағы жылдары мектептер жанындағы шағын орталықтар өз міндетін атқарды, ал қазір олар уақыт талабына жауап бере алмайтынын білуіміз абзал. Балабақшаларда баланың дəмді тағаммен тамақ тандырылуы, медициналық бақылауда болуы жəне тəрбие алуы қажет. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларында бүлдіршіндердің интеллектуалдық, физикалық, психологиялық жəне эстетикалық жағынан жан-жақты

Шаєын жинаќы мектеп «Алтын белгіге» барар жолды бґгейді

– Бəтима Бексұлтанқызы, бақылау департаментінің екі жыл аралығындағы жұмыс қорытындысы бойынша облыс тың білім саласындағы жетістігін бір ауыз сөзбен қалай айтар едіңіз? – Қостанай облысының білім саласында айтарлықтай жүйе бар екендігін айта аламын. Облыс оқушылары 2013 жылғы республикалық пəндер олимпиадасында зор жетістіктерге жетті. Кəсіби байқауларда педагогтар да жеңімпаз атанып жүр. Департаменттің екі жылдық жұмыс тəжірибесінен де оңды нəтижелер көріне бастады. Олар материалдық базаны нығайтумен қатар, білім берудің сапасын арттыруға мақсатталған шаралар. – Өткен оқу жылы облыстағы мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден неге көңілдегідей көрсеткішке жете алмады? Əсіресе, «Алтын белгіге» үміткерлер сенімді неге ақтап шыға алмады? Осының себебі не? – Иə, қайсыбір істің де түпкілікті нəтижесі болады. «Алтын белгінің» үміткерлері туралы да осыны айтқан дұрыс болар. 2011-2012 оқу жылы облыстағы мектептерден 169 түлек он бір жыл бойы алған білімін «Алтын белгіге» лайық деп санады. Содан Ұлттық бірыңғай тестінің

таразы-сүзгісінен өткенде солардың арасынан 60 бала ғана өз білімін дəлелдей алды. Бұл «Алтын белгіге» үміткерлердің 35,5 пайызы ғана еді. Ал 2012-2013 оқу жылы «Алтын белгіге» талаптанған 135 түлектің 41-і ғана, яғни 35,4 пайызы өзінің үздіктігін көрсетті. Осыдан-ақ облыстағы білім беру саласындағы проблемалардың бар екендігін көруге болады. – Баланың білім алуына тұсау болатын өзекті мəселенің алдына қайсысын қояр едіңіз? – Білім саласындағы проблема лардың барлығы да өзекті. Алайда, солардың арасында уақыт көтермейтін мəселелер бар. Мысалы, шағын жинақы мектептер тек біздің облыста ғана емес, бүкіл республикадағы түйінді түйткіл болып отыр. Олардың жағдайы дабыл қағарлық. 2013-2014 оқу жылында Қостанай облысындағы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың 6,7 пайызы, яғни 6578 бала немесе əрбір он төртінші оқушы бірігіп жинақталған сыныптарда білім алады. Онда негізінен бастауыш жəне негізгі орта сыныптары біріктіріліп оқытылады. Облыс бойынша біріккен сыныптардың үлесі жалпы сыныптардың 13,1 пайызын құрайды немесе əр жетінші сынып – біріккен сынып болып құрылған. Екі сыныпты біріктіру үлесі 81,8 пайыз болса, үш сыныпты біріктіру 10,8 пайызды, 4 сыныпты біріктіру 0,6 пайызды құрайды. Бастауыш білім беруде 20 жинақты сынып мектепалды дайындық сыныптарымен біріктірілген, негізгі орта мектептерде 31 жинақты сы нып 9 сыныптармен бірік тірілген. Бұл жағдайда білім алушылардың жас ерекшеліктері,

сыныптардың оқу жүктемесі ескерілмейді. Мұнан баланың танымдық белсенділігі, оқу-тəрбие жұмысының тиімділігі төмендейді. Білім ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау нəтижесі көрсеткендей, үстіміздегі жылдың басынан қазан айына дейінгі уақытта облыстағы 70 шағын жинақты мектепте 274 мұғалім сабақты өз мамандығы бойынша жүргізбей отыр, яғни олар басқа сабақтарды қосымша береді деген сөз. Өзінің мамандығы болмаған соң, ол сабақ жөнінде мұғалімнен қандай біліктілік күтуге болады? Мұның барлығы баланың сапасыз білім алуына себеп болды. Оның көрсеткіші де дайын. 20122013 оқу жылында ҰБТ-ға шағын жинақы мектептердің 183 түлегі қатысты. Бұл барлық түлектердің 5,7 пайызын құрайды. Ал олардың жинаған баллы облыстық орташа көрсеткіштен төмен болды. Шағын жинақы мектептерді бітіргендер арасында жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін ең төменгі баллдың өзін жинай алмағандардың үлесі облыстық орташа көрсеткіштен 6,1 пайызға артық. Солай бола тұрса да, шағын жинақы мектептерде бір балаға жұмсалатын жылдық қаржының көлемі ішіңді ашытады. Таяуда облыс əкімі Нұралы

Сəдуақасов өткізген мəжілісте ауылдардағы шағын жинақы мектептердің жағдайы басты мəселе болып қаралды. Бұл алдағы уақытта мемлекеттік бақылау жүргізгенде де терең зерттелетін болады, қолдағы мəліметтер Қостанай өңірінің шағын жинақталған мектептерін дамыту бағдарламасын құруға негіз болады. – Шағын жинақы мектептер мəселесін шешуге министрлік тарапынан белгілі шаралар қабылданды. Бірақ солардың барлығы сəтті болды деп ойлайсыз ба? Мысалы, тірек мектептер немесе ресурс орталықтар өзін ақтады ма? Қостанайдағы жағдай қалай? – Шағын жинақы мектептердің білім беру ресурсын нығайту мақсатында тірек мектептері бел гіленген. Олардың базасында жүргізілген жұмыстар нəтижесінде шағын жинақты мектептердегі білім сапасын жақсарту көзделген. Қостанай облысының бірқатар ауданында мұндай 9 орталық, яғни 9 мектеп жұмыс істейді. Оларға 29 шағын жинақы мектептер бекітіліп берілген. Екі ресурстық орталықта оқытудың қашықтық түрі, алты мектепте сессиялық, бір мектепте сессиялық жəне сессияаралық түрі ұйымдастырылған. Тірек мек тептердің жұмысын ұйымдастыру үш жылдан бері сатылап жүзеге асырылып келеді. Əрине, жаңадан енгізілген əр істің алғашқыда бұлттан шыққан күндей бір сəттік əсері болады. Бұл атааналар, педагогикалық жұртшылық жəне оқушылар тарапынан жақсы пікір туғызған еді. Алайда, ресурстық орталықтарды құрғанда еленбеген қиындықтар білініп

сессиялық формасында жұмысоқу жоспарының вариативті бөлігін не апталық жүктеменің оқы тылуын қамту басым болып отыр. Ол оқушының сабаққа деген құлшынысын кемітеді, магниттік мектептерде жұмыс-оқу жоспарының вариативті бөлігінің орындалмауы жиі орын алады. Ресурстық орталық пен магниттік мектеп мұғалімдерінің еңбегін бағалау механизмі жоқ. Қысқасы, дəл бүгін ресурстық орталықтар шағын жинақы мектептер проблемасын шешуге ықпалды болып отырған жоқ. Оны əлі де талдап, зерттей түскен дұрыс болар еді. Ал, 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың бағдарламасына сəйкес елімізде осындай 160 ресурстық орталықтар жасау белгіленген. – Қазір пəндік оқу бағдарламаларының жеңіл емес екендігін мұғалімдер де, ата-ана да айтып жатады. Əр оқу тоқсанынан кейінгі каникулды оқушылар асыға күтеді. Бір апталық демалысында баланы өзге мектептерге тасығанша, интернаттарды қайта жаңғырту тиімділігі қалай болар еді? – Қазір интернаттар оқушы саны жыл сайын азайып бара жатқан ауыл мектептерінің өзекті мəселесін шешудің нағыз баламасы болар

еді. Бүгінде Қостанай облысында 29 мектеп-интернат бар, оларда небəрі 915 оқушы жатып оқиды. Бұл барлық шағын жинақты мектеп оқушыларының 2,7 пайызын ғана құрайды. Қазір ауылдардағы аз ғана бала оқитын шағын жинақты мектептерге жұмсалатын қаржының есебінен интернаттар желісін кеңейтуге бағыт алсақ, əрине, білім де сапалы болар еді. – Бала тəрбиесі бесіктен басталады. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мен оның əр ата-анаға қолжетімділігінің маңызы орта, кəсіптік немесе жо ғары білім беруден кем түсіп отырған жоқ. Оның облыстағы өзекті тұстарын айтсаңыз. – Білім саласына мемлекеттік бақылау жүргізу мектепке дейінгі білім берудің үш басты проблемасын анықтап отыр. Оларды білім саласының барлық құрылымдары бірлесіп қана шеше алады. Оның ең бастысы – кадр мəселесі. Қазір облыс бойынша бұл салада 3336 педагог бар, оның 328-інің ғана мектепке дейінгі білім беру бойынша жоғары білімі бар. 829 мұғалімнің мектепке дейінгі арнаулы орта білімі бар, сонда əр үшінші мұғалімнің ғана білімі өз мамандығына сəйкес, яғни мектепке дейінгі тəрбие мен білім берудің əдістемесін меңгерген. Кадр мəселесін шешуде «Мектепке дейінгі мекеме тəрбиешісі» мамандығын орыс, қазақ тілдерінде дайындайтын облыстағы екі колледжге 2012 жылы лицензия берілді. Облыста барлығы мектепке дейінгі 630 мекеме бар, соның 480-і мектептер жанындағы шағын орталықтар. Барлық бүлдіршіндердің 66,6 пайызы осындай мекемелерде тəрбие алып

дамытылуы көзделген емес пе? Сондықтан биыл «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының мазмұнына толықтырулар енгізілді. Облыстың білім ұйымдарының желісін Үкіметтің 2007 жылғы жел тоқсан айындағы қаулысы бекіткен кепілді норматив талаптарына сəйкестендіру үшін білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылы өткіз ген мониторингінің қорытындылары қозғаушы күшке айналды. Өткен оқу жылына қарағанда, биыл жүйе қысқарды, яғни 14 мектеп жабылды. Небəрі 60 бала ғана оқыған бұл мектептердің екеуі негізгі, қалған он екісі бастауыш білім береді. Барлығы 389 оқушы білім алып отырған он білім ошағы орта мектептен негізгі орта мектепке, 68 бала қалған 9 негізгі орта мектеп бастауыш мектепке айналдырылды. Жабылған мектептерден балалар интернаты бар мектептерге тасымалданады. Осылай оқушыларға мемлекеттік стандартты игеруге неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалуда. Дегенмен, үстіміздегі оқу жылында облыстағы барлық білім ошақтарының 77,7 пайызы оқу-тəрбие үдерісі ерекше түрде ұйымдастырылатын шағын жинақы мектептер болып отыр. Облыстағы əр үшінші оқушы осындай мектептерден білім алуда... – Білім сапасына көлденең тұратынның бірі оқулық екені жиі айтылып жүр. Сіз осыған не дер едіңіз? – Бүгінде мұғалімдері өз бетінше жұмыс істей алатын, өзін өзі басқара алатын мектептер қатарының көбеюі жəне білім беру ісіне қатысты барлық субъектілерді қатыстыра білу жоғары білім сапасының кепілі болмақ. Алайда, жас ұрпаққа білім беру ісіндегі басты құрал – оқулық екені естен шықпаса керек-ті. «Біздің кітаптан алатын білімімізді ұстаздарымыздан басқа ешкім білмейді» деген екен Вирджиния Хадсон. Оқулық сапасы туралы айтылып-ақ келеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талабы бойынша жасалған оқу бағдарламаларын орындау қиынға соғып отыр. Сараптама көрсеткендей, бірқатар оқулықтардың мазмұны оқу бағдарламаларының мазмұнын ашпайды, жеке пəндер бойынша оқу жүктемелерін қысқарту кезекті оқу жылында министрлік кепілдеген жəне рұқсат еткен баспалардан шыққан оқулықтарда ескерілмеген. Қысқасы оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұны сəйкес келмейді. Сөзіміз құрғақ болмау үшін мысал келтіре кетейін. 7 сыныпқа, 10 сыныпқа арналған жа ратылыстану-математикалық бағыттағы «Ағылшын тілі» (авторы Т.Аяпова), 6 сыныпқа арналған «История древнего Казахстана» (авторлары Т.Садықов, Г.Төлеубаева, Б.Халидуллин), осы оқулықтың 2 шығарылымы («Алматы», «Атамұра» баспалары) 11 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы (авторлары Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, «Мектеп» баспасы 2007 ж), 4 сыныпқа арналған «Русский язык» оқулығы «Алматыкітап», «Атамұра» баспаларынан шыққан, авторлары С.А.Никитина, Л.П.Якунина, Р.Т.Мендикинова, Т.А.Кульгильдинова. Осылай жалғастыра беруіме болады. Мұның барлығы да жөндеуге келмейтін кемшіліктер емес. Олар кеше мен бүгін туындаған жоқ. Қазақстанның бірқатар дүниежүзілік ұйымдарға мүше болуы біз əңгіме еткен мəселелердің шешімін табуды талап етеді. Себебі, еліміздің алдында биік белес – əлемнің ең дамыған 30 елі қатарынан көріну міндеті тұр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан біраз елеулі істер атқарылуда, қаржылай көмек те аз емес. Жас ұрпақтың сапалы білімі қаржыдан да қымбат екенін тағы түсінуіміз қажет. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 31 желтоқсан

№1560

Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың мынадай шекті мөлшерлері бекітілсін: 1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын жəне бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кəсіпкерлік субъектілері үшін

– есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық табысы бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кəсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

 Бəрекелді!

Ќўлсары балаларыныѕ ќуанышы Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атыраудағы ең ірі ауданның бірі –Жылыой. Осы ауданның аумағындағы «Қарашүңгіл» кен орнынан бұдан 115 жыл бұрын қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған. Содан бері жылыойлықтар «қара алтын» се лін əлі тасытып келеді. Еліміз тə уелсіздік алған тұста осындағы «Теңіз» кен орнын игеру үшін алғаш қы инвестор – «Шеврон» корпорациясының бірлескен кəсіпорыны құрылды. Қазір аталған кен орнында осы ауданның тұрғындары да жұмыс жасайды. Елу бес мың тұрғыны бар аудан орталығы – Құлсарыға шағын қала мəртебесі берілді. Міне, осының бəрі жылыойлықтардың тəуелсіз ел ертеңіне деген сенімін нығайта түскені даусыз. Ал өткен аптада Жылыой ауданының тұрғындарын, əсіресе, мектеп оқушыларын үлкен қуанышқа кенелткен жаңа мектептің тұсауы кесілді. Олай дейтініміз, осы кезге дейін қойнауынан «қара алтын» үздіксіз тонналап алынса да, бұл ауданда мектептің аздығы алаңдататын. Сол себептен, осы кезге дейін Құлсары қаласының оқушылары осындағы мектептерде үш ауысыммен оқуға мəжбүр еді. Енді Құлсары қаласының оқушылары сол қиындықтан құтылды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған жаңа мектептің құрылысын «Мұнай Құрылыс Сервис ЛТД» ЖШС жүргізіпті.

Жаңа мектептің ашылуы осындағы үш ауысыммен оқытатын №9 орта мектептің жұмысын жеңілдетті, дейді білім ордасының директоры Досмұхан Ілиясов. Бұдан былай бұл мектепте №20 орта мектептің оқушылары оқитын болды. Осылайша, жаңа мектепте 466 оқушыны 36 мұғалім ілімбілімге баулиды. Мұндағы сынып кабинеттері заман талабына сай, үш сыныпта интерактивті тақта орнатылыпты. Екі лингофондықмультимедиалық, сонымен бір ге, 48 жаңа компьютермен жабдықталған кабинеттер бар. Бастауыш сыныптардың 217 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылғалы отыр. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы жолдауларында білім саласы мен оның сапасына үлкен көңіл бөліп келеді, – деді мектептің

ашылу салтанатында облыс əкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан. – Жаңа мектептің ашылуы елдің болашағына қа ланған мықты іргетас. Жаңа білім ордасы «№8 орта мектеп» деп аталады. Сегіз саны – мəңгіліктің, шексіздіктің, кеңдіктің белгісі. Мектептің мақсаты – мəңгі, жас ұрпақтың алар білімі шексіз болсын! Жылыой ауданының əкімі Мақсым Ізбасовтың айтуынша, бұрынғы №20 орта мектептің ескі ғимаратын 140 орындық балабақшаға айналдыру көзделіп отыр. Алдағы көктемде іске қосылатын балабақшаға «Айналайын» атауы берілмек. Атырау облысы, Жылыой ауданы. –––––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕК 17 қаңтарда белгілі полиграфист, баспагер, «Елорда» баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы Дуанбек жол апатынан қайтыс болды. Т.Дуанбек 1947 жылы 20 мамырда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Басқұншы ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Мəскеу полиграфия институтын бітіріп, баспа-полиграфия саласындағы еңбек жолын Алматыдағы «Дəуір» баспасында гальванотипист, механик болып бастады. 1985-1991 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия жəне кітап саудасы жөніндегі комитетте жетекші, бас маман, бөлім бастығы, төрағаның, министрдің көмекшісі қызметін

атқарды. 1992 жылы Алматы полиграфкомбинатының бас инженері, ал 1993-1999 жылдары Баспасөз жəне ақпарат министрлігінде Бас басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 2000 жылғы наурыздан республикалық мемлекеттік «Елорда»

баспасының директоры болды. Ол баспа жəне полиграфия саласындағы ұзақ жылғы мінсіз еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Баспа жəне полиграфия ісінің қайраткері» белгісімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. Тұрлығазы Сабырбайұлы Дуанбек егемен елімізде баспа жəне полиграфия ісін ұйымдастыруға жəне дамы туға өзіндік үлес қосқан іскер маман, байыпты басшы, ақкөңіл жолдас еді. Тұрекеңнің ақжарқын бейнесі біздің жүрегімізде əрдайым сақталатын болады. Жаның жəннатта, топырағың торқа болсын, аяулы дос. Бір топ жолдастары.

Қазақстан Републикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі полиграфия саласының майталманы, «Елорда» ЖШС баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕКТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туғандары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа АНАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа анасы, оқу-ағарту ісінің ардагері Тынышты ЖƏКЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректораты, Магистратур�� жəне PhD докторантура институтының ұжымы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күлəнда Сəрсенқұлқызы Ниязбековаға АНАСЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа анасы Тынышты ЖƏКЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа анасы Тынышты ЖƏКЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының төралқасы Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановқа анасы Тынышты ЖƏКЕНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Фолиант» баспасының ұжымы белгілі баспагер, полиграфия ісінің білікті де білгір маманы, Қазақстан Республикасы Баспа жəне полиграфия ісінің қайраткері, «Елорда» баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕКТІҢ дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасына, барша əулеті мен туыс-туғандарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Нұра - Астана» баспасының ұжымы «Елорда» баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕКТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Астана Полиграфия» акционерлік қоғамының ұжымы «Елорда» баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕКТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Аударма» баспасының ұжымы «Елорда» баспасының директоры Тұрлығазы Сабырбайұлы ДУАНБЕКТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

21 қаңтар 2014 жыл

● Спорт

ДЇНИЕ ДОДАСЫНЫЅ ДЇБІРІ ХХІІ Қысқы Олимпиаданың басталуына 17 күн қалды

● Жазылған жайдың жаңғырығы

Аймауытовќа ескерткіш орнатылады Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алдағы ақпан айында Ресейдің Сочи қаласында өтетін XII Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болып шаңғышы Ердос Ахмадиев бекітілді. Осыған орай біз оған бірнеше сұрақ қойған едік.

Ердос – біздіѕ ту ўстаушы

Газетіміздің 14 қаңтар, сей сенбі күнгі санында «Аймауы товтың жазығы не?» деген мақала жарияланған болатын. Онда облыс орталығында орнатылатын Алаштың ардақтысы Жүсіп бек Аймауытовқа арналған құны 60 миллион теңге тұратын ескерткіштің облыстық мəсли хат тың шешімімен басымдығы жоқ шығын дар қатарына жатқызы лып, қыс қарып қалғаны айтыл ғанды. Жұртшылық, қазақ қауымы күтіп жүрген ескерткіш Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстағы музыкалық-драма театрының алдынан орын алуы тиіс-ті. Олай болса, Аймауытовқа келгенде билік басындағылардың үнемшіл бола қалғаны қалай?!

Аймауытовтың жазығы не? Аймауытов қазақ үшін қымбат. Облыстық мəслихаттағылар осыны ойлады ма екен?! – деген едік. Енді, міне, облыс əкімі Қанат Бозымбаевтың баспасөз қызметінен жауап та келіп үлгерді. Онда былай делініпті: «Облыс əкімдігі қазақтың біртуар ұлы, жазушы, драматург, аудармашы, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш қою туралы облыстық мəслихаттың шығарған шешімін мүлдем жойған жоқ. Ескерткішке қатысты əзірленген жоба қайта қаралып, шешім қабылданады. Сондай-ақ, ескерткішке арналған қаражатты жергілікті бюджеттен немесе басқа қаражат көздерінен бөлу мəселесі де тиісті шешімін табатын болады». Бəрекелді! ПАВЛОДАР.

● Жағымды жаңалық

Аман, Есен, Жїрсін! Дəл Қысқы Ойындар басталар қарсаңда қазақстандық конькиші Денис Кузин Жапонның Нагано қаласында спринтерлік көпсайыстан өтіп жатқан əлем чемпионатының 1000 метрлік қашықтыққа жүгіруінде кіші алтын медаль алып, жерлестерін қуанышқа бөледі. Светлана Григорьевна телефон шылдырынан оянды. Таңертең ерте немересі

сырғанаудан 2012 жылғы əлем чемпионы Денис Кузин аспаннан түскен жоқ, бірден осылай талантты спортшы болып қалыптаса қойған жоқ. Əжесі болмағанда əке-шешесіз баланың күні қараң еді. – Денис бесінші сыныпта оқып жүргенде əжесі қолынан жетектеп бізге алып келді. Баланы бірден байқадым, ап-арық, бойы қатарластарынан онша ұзын болмаса да,

Їкілі їміттіѕ їркері Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Денисі телефон шалып тұр. Қазір телефонды алғанда Денистің дауысы, не айтатыны əжесінің құлағында жатталып қалған. «Əжетайым менің! Ұйқыдан тұрдың ба? Денсаулығың қалай? Ауырып қалған жоқсың ба? Əже, сағындым! Тек ауырмашы!» Светлана Григорьевна телефон тұтқасын асыға алды. Айтқанындай, Денис телефон шалып тұр. Еуропаның бір елін айтты, егде адамның есте сақтау қабілеті де онша емес, ұмытып қалды. – Əже! – деген кезде Денисті айналыптолғана бастады. Əжесі де сағынады. Өйткені, немересі Қостанайға сирек келеді. Жұмыс солай, жарыс, жарыс болмаған кезде ірі мұз алаңы, мұз жолақтары бар қалаларда дайындықта жүреді. «Дүниенің дамығаныай, шіркін! Қайда барса да, Денистің дауысы телефоннан үйдің іргесінде тұрғандай естіледі. Осы күнге жеткізгеніңе шүкір» дегендей, баласымен сөйлесіп алған соң, көңілі орнығып, сергіп қалды. Денис шамалы уақыт хабарласа алмаса, əжесінен маза кетеді. Өзі хабарласа алмайды. Бірақ оның жарыстарының барлығын теледидардан көз алмай отырып, көреді. Əжесі немересінің Қостанайға келе бере алмайтынына əлдеқашан көндіккен. Немересін қазір, оның бала кездегідей спортты тастап кете ме деп уайымдамайды, Қазақстанның намысын қорғап жүрген бір азамат, халықтың ұлы деп түсінеді. Жұрттың өзіне айтып жатқан құттықтауларын да мақтанышпен қабылдайды. Расында, конькиші, конькимен

тырнадай аяғы ұзын екен. Басынан сипап алып қалдым. Бірақ оған спортпен айналысу керек, – дегенді түсіндіргенше менің де көп жұмыс істеуіме тура келді, – дейді Денистің алғашқы жаттықтырушысы Петр Петрович Пастущенко. Жаттықтырушысы айтқандай, баланың аты – бала ғой, Денис өзінің талантты спортшы екенін өте кеш түсініпті. – Мұзда сырғанау баланың барлығына да ұнайтын əдеті. Денис те алғашқыда солай қызықты. Бірақ спорттың еңбек екенін бала қайдан түсінсін? Мұздың қызығы басылған кезде ол жаттығуға келмей қалды. Бір күн, екі күн күттім. Күтумен жүргенде, жиырма күн өте шығыпты. Əжесі Светлана Григорьевнаға бардым. «Қалай, оны күн де тамағын беріп, жаттығуға өзім шығарып саламын. Қалайша бармады?!» – деп əжесі байғұс күйіп-пісіп қалды. Ол ертеңіне баланың аяқ-қолын байлағандай етіп, жетектеп қолыма əкеліп тапсырып кетті. Сонымен, тағы да жаттығуға кірістік. Бір күндері Денис тағы да жоғалып кетті. Тағы да іздеп бардым. Əжесі немересінің футболға кетіп қалған жерінен ұстап, тағы да жетектеп, қайтадан қолыма əкеліп берді. Мұндай сəттер қаншама қайталанды, мен де, əжесі де соңынан қалмадық, – дейді Петр Петрович. Ол алдындағы жиырмашақты баланың барлығының да жаттығуға уақтылы келуін қадағалайтын. Бірақ Денисті ерекше бақылады. – Ондай баланы қалай қолдан шығарасың? Денесінде қырым май жоқ, сіңірлі болатын. Бұл деген алты ай шапса арымайтын арғымақтың мүсіні емес пе?! Денис жасөспірім жасқа келгенде, мұзсыз жүре алмайтын болды, өзінің спортшы екенін түсінді. Бірақ бала кезінде,

жасөспірім кезде де жарыстарда көп топ жарған жоқ. Ол есі кіре еңбектенді, біржола дайындыққа ден қойды, міне, топты жарды, – дейді Петр Петрович. Жаттықтырушысы Денистің əкесіндей болды. Өзі де аңқылдаған ақкөңіл адам. Кузин Сочидегі əлем чемпионатына қатысқанда, теледидардың алдынан кеткен жоқ. Жарыстарды бастан-аяқ қадағалап отырды. Денис 1000 метрден бірінші келгенде, көз жасын тия алмады. Өзінің көп жылғы еңбегінің, ұстаздық қарымының қайтарымындай еді бұл қуаныш жасы. Əке-шешесіз, қарт əженің қолында өскен баланың бағына əкелік мейіріммен қуанды, əжесінің табанды тəрбиесіне риза болды. Денис Кузин КСРО кезеңінен бері қарай, жалпы, Қазақстан тарихында конькимен сырғанаудан тұңғыш əлем чемпионы болып табылады. Денис тек Қостанайдың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналды. Əлемге Қазақстанның атын тағы бір паш етті. Денис Кузин 2007 жылы жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында еліміздің құрамасына алынған болатын. Содан бері Қазақстан құрамасының қатарында. 2009 жылы Дүниежүзілік универсиадада қашықтықтар бойынша 4 жəне 6 орындарды иеленді. 2008/2009 жылғы Əлем кубогында да бағын сынап көрді. 2010 жылғы Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиадада 1500 жəне 1000 метрлік қашықтықта 23-ші болып келген еді. Ал 2011 жылы Астанада өткен Қысқы Азиада ойындарында 1500 метрге сырғанаудан чемпион болды. Əлем чемпионатына қатысар алдында иығы сынып, 3 ай жаттығуға қатыса алмады. Бірақ жарақаты жеңілдей келе мұзға қайтып оралды. Чемпионатқа қатысуға мақсат қойды. Ол еңбек пен табандылықтың қандай екенін өзі де түсінді, өзгелерге де дəлелдеп берді. Денис спорт мамандарының көз алдында тек өсіп отырды. Петр Петрович баласы атқа шапса, үйде отырып тақымын қысқан əкедей, Сочидегі Қысқы Олимпиададан Денистің тағы да олжалы ораларын тілеп қояды. Конькиші үш лицензия ұтып алған, сондықтан шəкіртінен жаттықтырушының үміті де мол. Расында да, ол қазір Қазақстан үкілеген үміттің үркері іспеттес. ҚОСТАНАЙ.

Тараздағы №1 қалалық балалар ауруханасының перзентхана бөлімінде қала тұрғыны Айнұр Көшпенбетова есімді жас ана дүниеге үшем əкелді. Олардың əрқайсысының салмағы 2,5 килограмм.

– Ердос, өзіңнің Сочиде Қа зақстан құрамасының ту ұстаушысы болып шығаты ның ды бірінші рет қашан жəне кімнен естідің? – Мұны маған бас жаттықтырушымыз жеткізді. Ол менің Олимпиадада ту алып жүруім мүмкін екенін айтты. Менен басқа да бірнеше үміткер болыпты. Бірақ біздің басшылық мұны маған сеніп тапсырды. – Бірінші естіген сəтте қандай көңіл-күйде болдың? – Əрине, бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Дегенмен, қатты қуандым. Мұндай құрмет жұрттың бəріне бірдей беріле бермейді ғой. Жəне берілгенде де ғұмырында бірақ рет кездеседі. – Саған мұндай мəртебе алған спортшыға керекті өлшемдер айтылды ма? – Жоқ, айтылған жоқ. Мен оның критерийін қазір де білмеймін. – Өзіңнің Сочидегі мүмкіндігіңді қалай бағалайсың? – Олимпиадада əлемнің ең мықты атлеттерінің жарыс жолына шығатыны ешкімге құпия емес. Демек, мен де өз шамамды білемін. Егер алғашқы ондыққа кірсем, мақсатымның орындалғаны. Жəне оған мүмкіндігім де бар деп есептеймін. – Ал қалған шаңғышыларымыз арасында медаль ала алатындар бар ма? – Бар. Біздің жігіттер көптеген халықаралық жарыстарда өздерін жақсы танытып келеді, олардың Əлем кубогы жолындағы сайыстары да табыссыз емес. Оның бірнеше кезеңінде өте жақсы көрсеткіштерге жеткендер бар. Олар енді Олимпиада медалі үшін де барын салады деп ойлаймын.

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Айнұр аяғы ауыр кезде облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен Алматы қаласының акушерлік-гинекологиялық институтында алдын алу тексерулерінен өтіп, жүкті əйелдерде болатын асқынулардан емделген. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы №4 қалалық емханасында есепке тұрып, тұрақты түрде дəрігерлердің бақылауында болған. Айнұр Көшпенбетова мен оның жұбайы Қанат Орынбековтің бұған дейін 3 баласы бар болатын. Енді, міне, олардың қатарына Аман, Есен жəне Жүрсін есімді бауырлары қосылып, жас жұбайлар бірден көпбалалы отбасына айналды. Айнұр əзірге жұмыс істемейді,

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Қазақстан Президентінің Жолдауы ел назарында. Виктор Янукович ереуілшілердің емеурініне еруге мəжбүр болды. Аргентина қалай бай елден орташа дəулетті деңгейге түсіп қалды? Бангкок қайтадан буырқанып жатыр. Юлия Тимошенко есірткімен қолға түсті. Темекі шегетін əйелдерден аудистер мен гейлер туады.

Руслан ИГІЛІК.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Суретті түсірген Шолпан ТАЙЖАНОВА.

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар:

қатысатын спортшыларының саны көбейіп қалуы мүмкін. «Олимпиада-2014-тің күту парақшасында бір трамплиннен секіруші мен бір қоссайысшы тұр», – деп хабарлады Новиков. Вице-президент Қазақстанның спортшыларды Қысқы Ойындарға дайындауға жұмсап отыр ған қар жысы Олимпиадаға қаты сушыларға бөліп қойған ақшасынан əлдеқайда көп екенін де жеткізді.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

ТАРАЗ. ––––––––––– Суретте: Аман, Есен, Жүрсін анасы мен кіндік шешелерінің ортасында.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Ќазаќстан спорттыѕ 9 тїріне ќатысады Үстіміздегі жылғы ақпан айында Сочиде өтетін XXII Қысқы Олимпиялық ойындарда Қазақстан командасы спорттың 9 түрі бойынша жарыс жолына шығады. «Сочидегі XXII Қысқы Олимпиялық ойындарға 43 қазақстандық спортшы қатысып, спорттың 9 түрі бойынша жарыстарға қатысады», – деді Қазақстан Ұлттық олимпиялық комитетінің вице-президенті Павел Новиков. Оның айтуынша, Ойындар басталғанға дейін еліміздің оған

ал күйеуі көлік жүргізуші болып еңбек етіп жүр. Дəрігерлердің айтуынша, балалар қажетті салмағын қосып, тиісті қалпына келгенше медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Облыста өткен жылы жалпы 27 028 бала, оның ішінде 13106 ұл, 13922 қыз өмірге келіпті. Соның ішінде 3 отбасы үшем қуанышына бөленген. Бүгінде олардың барлығы сау-саламат өсіп келеді.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №229 ek


21012014