Page 1

24 саєат №226 (28449) 19 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Ел тынысы: мың бір мысал

Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жəне басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кездесу барысында Елбасына Ұлттық кəсіпкерлер палатасының құрылған кезден бергі қызметінің нəтижелерін баяндап, отандық бизнестің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы əңгімеледі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет кəсіпкерлікті дамыту мəселелеріне зор көңіл бөлетінін жəне бұл бағытта жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіп отырғанын айтты. – Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағдайдағы бəсекелестікке дайындалған жөн. Сонымен қатар, Қазақстанда бизнестің дамуына «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты кеңінен жол ашады. Əрбір кəсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа «орналасуы» тиіс, ал Ұлттық палата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кəсіпкерлік құрылымдар мен бизнесте жаңа тұлғалардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті. Т.Құлыбаев Ұлттық кəсіпкерлер палатасының қызметін дамыту мен нығайтуда көрсеткен қолдауы үшін Елбасына ризашылығын білдірді. – Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, төралқа мен басқармасы, сондайақ, облыстардағы өңірлік дирекциялары құрылып, жұмыс істеуде. Төралқаның комитеттерінде жұмыс салалық жəне өңірлік қағидат тар бойынша жолға қойылған. Бас прокуратурамен тығыз

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

байланыс орнатылған. А.Дауылбаев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кəсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады, – деді төралқа төрағасы. Сондай-ақ, Ұлттық палатаның қызметі бірқатар бағыттарды қамтитыны, соның негізгілері бизнес-ортаны жетілдіру, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау, адами капиталды дамыту, бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету екені де айтылды. А.Мырзахметов Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланғанын айта отырып, оны бизнес қауымдастық зор ықыласпен қабылдағанын жеткізді. – Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кəсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты əрі үлкен жұмысқа əзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мəселелердің бірі бизнес құқығын қорғау болып табылады. Бүгінгі таңда бізге осы мəселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның əрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің орнына тəуекелді бағалау жүйесі қолданылады. Біз барлық кəсіпкерлерді қалған бір жарым айда əзірленіп, құжаттамаларын тəртіпке келтіруге жəне бекітілген нормалар мен талаптарды жоспарлы тексеріс жоқ кезде сақтауға шақырамыз, – деді Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Бұрындары дəрі-дəрмектің басым бөлігін алыс-жақын шетелдерден алып келдік. Шымкенттегі жалғыз фармацевтика зауытынан басқа отандық дəрі-дəрмек өндіретін өндіріс орны жоққа тəн болатын. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асырудың тиімді бастамалары, тиянақты жобалары өмірге жолдама ала бастады. Біздің «Велес Актобе LTD» ЖШС-інің дəрі шығаратын зауыты осындай игі ізденістің нəтижесінде өмірге келген кəсіпорын. Бұл осы серіктестіктің «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясымен бірігіп жүзеге асырған жобасы. Біз əуелі өткізу рыногына маркетингтік зерттеу жүргіздік. Соның нəтижесінде біз шығаратын дəрі-дəрмектердің сұранысқа ие екенін бағамдадық. Өндірістік технологияны негізінен өзіміз жасадық. Өнімдерімізді

əзірге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өткізудеміз, алда еліміздің барлық қалаларын қамтамасыз етуді ойластырудамыз, – дейді «Велес Актобе LTD» ЖШС директоры Гүлнəр Иманалина бізбен əңгімесінде. Бұл өндіріске шикізат шетелден, соның ішінде, Еуропа мен Үндістаннан əкелінеді. Жергілікті өндірісшілер жеті түрлі таблетка жəне капсулды дəрілер шығарады. Олардың арасында вирусқа қарсы

Өндіріс орны енді-енді жобалық қуатына шығып келеді. Мұнда өндірілген өнімдерді өткізу рыногы кең. Компанияда 16 адам еңбек етеді. Шағын зауыт толық жобалық қуатына шыққанда жылына 12 миллион құтыға дейін дəрі шығару көзделуде. Жобаны жүзеге асыруға 140 миллион теңге жұмсалды. Компания үш түрлі дəрілік сироп шығаруды да ойластыруда. (Соңы 4-бетте).

Ќолжетімді баспана ќолжетімді болмаќ Үлескерлердің мəселесін шешу үшін дағдарысқа қарсы институт ретінде құрылған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бүгінде «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша баспана мəселесін шешумен айналысуда. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Аталған бағдарламаны іске асыру шеңберінде жылжымайтын мүлік қоры құрылыс салушылармен Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысы аймағында тұрғын үй құрылысы жобалары бойынша қаржыландыру шарттарын

жасасты. Ғимараттардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метр, оның ішінде жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлері 315,57 мың шаршы метр. Бұл жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болып өткен брифингте мəлім болды. «СамұрықҚазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов: «Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында баспана мəселесіне ерекше басымдық береді. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» – «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыратын операторлардың бірі. Осы ретте Елбасының тапсырмасын орындауға үлес қосып келеміз. 3000-нан астам үлескерлердің мəселесі шешілді, 1 млн. шаршы метрге жуық тұрғын

● Заманмен үндес заңғар басылым

Шапаєат жарыєын таратќан Қазақстанда бүгінде не көп, газет көп. Оның бəрін қадағалап, бəрін оқып жату мүмкін емес. Сондықтан да оқырман көп жағдайда сол көп газеттердің ішінен өзіне ұнайтын бірнешеуін ғана таңдайды. Өз басым бес газетті тұрақты оқимын. Соның бірі – «Егемен». «Егеменнің» тек қана оқырманы емес, тұрақты авторымын да. Тұрақты автор болу жай нəрсе емес. Оның негізінде үлкен факторлар жатады. Оның өз тағдыр-тарихы да болады. Яғни, газет пен автор əріптестігі белгілі бір сындардан өтеді. Осыдан үш жыл бұрын «Егеменмен» біз бір сыннан өттік. Мен «Егеменнің» дəстүрлі бағыт-бағдарына келе бермейтін бір материал ұсындым. «Қиямет-қайым ғасыры» деген. Бұл өзі философиялық журналға ұсынатын нəрсе еді. Қазақстанда ондай журнал жоқ болғаннан кейін, «жығылсаң, нардан жығыл» деп «Егемен Қазақстанның» өзіне ұсындым. Баса алмайтын болар деген күдігім басым болды. Күткендейақ редакция басшылығы бұл

ацикловир, мидағы қан айналымын реттейтін винпоцетин, сондай-ақ, флуконалоздың екі түрі бар. Компания бұдан басқа диареяға қарсы қолданылатын лоперамид, асқазан ауруларының дəрісі – омепразол, доксициклин өндіріп, тұтынушыларға ұсынып отыр. Қазір бұл кəсіпорын шығаратын дəрілер облыстан да тысқары өңірлерге өткізілуде. Бұл Батыс Қазақстанда дəрілік препараттар шығаратын бірденбір кəсіпорын болып табылады.

материал төңірегінде көп ойланды. Ақыры басты. Төрт нөмірге қатарынан. Мен таңғалдым. Цензура заманынан күні кеше шыққан басымыз осынау, тым еркін ойларға ерік берген тым бейресми материалды еліміздің бас ресми газеті қалай басқанына таңғалдым. Сонда көзіміз жетті, азат елдің сөзі де азат болатынына.

Сөйтіп, біздің тым еркін бейресми ойларымыз 200 мың таралыммен Қазақстанды аралап кетті. Республиканың түкпір-түкпіріндегі газет оқырман дарынан қоңыраулар түсе бастады. «Материалды қиып алып қойдық, бала-шағамызбен бірге оқып жатырмыз», деген. Ал Алматы қаласының сол кездегі мəслихат хатшысы Төлеубек Мұқашев (бүгінде сенатор) болса, «Егемен Қазақстанның» сол аталмыш материалын ксероксқа көбейтіп, мəслихат депутаттарына таратып береді. «Оқыңдар!» деп. Мінеки, газет пен біз осындай бір сыннан абыройлы өттік. Ең таралымы көп басылым «Егемен» еліміздің рухани түлеуіне үлкен үлес қосып келеді. Негізінен, жақсылықтың жаршысы. Яғни, Қазақстан кеңістігіне тұрақтылық, татулық, достық, ізгілік, шапағат жарығын таратушы басылым. Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы.

АЛМАТЫ.

үй салынды. Ендігі кезекте аталған бағдарлама бойынша көпшілікке ортақ, əртүрлі санаттағы, жалақысы орта, баспанаға мұқтаж жандардың сұранысын қанағаттандыруға арналған бағытты іске асырмақпыз. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 15 жоба бойынша баспана салуды қолға алдық. Нəтижесінде, бүгінде Ақтөбе, Тараз қалаларында жəне Алматы облысында жалпы аумағы 150 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлер пайдалануға берілді», деді. Тап қазіргі кезде 2150 пəтер бойынша сатып алу құқығы мен жалдау бойынша келісімшарт жасау үшін құжаттар жинау жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Сонымен қатар, ол бағдарлама аясында пəтерлерді жалдау мен сатып алуға онлайн режімінде интернет арқылы өтінімдер қабылданып жатқандығын хабарлады.

Оймақтай ой

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

Бүгінгі нөмірде:

Адам жақсыны арман етсе, өмірде бəрі де жақсы болмақ. Максим ГОРЬКИЙ.

8-бет

Маќсат – жаѕа жаєдайдаєы бəсекелестікке дайын болу

Облыста кəсіпкерліктің көк жиегі кеңейіп, өнеркəсіптегі шағын жəне орта бизнестің үлес салмағы жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ, кəсіпкерлер біздің өңір үшін тың саланы игеруге талаптанып, жаңа өнімдер өндіруді қолға алуда. Бұдан бірер жыл бұрын «Велес Актобе LTD» ЖШС дəрі өндіретін цех ашып, пайдалануға берген болатын.

 Балтамен жəне пышақпен қаруланған екі палестиналық Иерусалимнің шығыс бөлігіндегі синагогаға келген дерге шабуыл жасап, 5 израильдікті өлтірсе, 9-ын жаралаған. Жараланғандардың 5-уі əл үстінде. Шабуыл даушыларды полиция атып өлтірген. Соңғы кездері ғана палестиналықтар əрекетінен 5 израильдік пен 1 шетел азаматы қаза тапса, өлтірілген палестиналықтардың саны 10-дап саналады.  Прагадағы наразылық акциясына қатысушылар Чехия президенті Милош Земанға Ресейдің сөзін сөйледің деген айыппен жұмыртқа жəне қызанақ лақтырған болатын. Жұмыртқаның бірі Чехия президентінің жанында тұрған неміс əріптесі Йоахим Гаукқа барып тиген. Земан Чехия телевизиясына берген сұх батында Украинадағы оқиға ларды азамат соғысы деп санайтынын айтып, Ресейге санкциялар өз еліне де зардабын тигізіп отырғанын атап көрсеткен болатын. Ал президенттер коммунистік режімнің құлатылуына əкелген «барқыт төңкерісі» оқиғасының 25 жылдығына орай бас қосқан-тын.  Таиландта əуеге көтерілген соң 10 минөт өткенде бортында 9 əскери бар тікұшақ апатқа ұшырады. Əскерилердің бəрі қаза тапқан. Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға ауа райы ның қолайсыздығы не месе қозғалтқыштың іс тен шығуы себеп болған секілді. Офицерлер Пхаяу провинциясынан əскери базаға қайтып келе жатса керек.  Италия «Ислам мемлекеті» тобымен күрес үшін 4 жойғыш-бомбалаушы ұшақ пен шабуылдаушы ұшақ аттандырмақ ниетінде. Мұны Италия қорғаныс министрлігіндегілер хабарлады. Ұшақтар операциялар аймағына осы айдың соңына дейін жеткізілмек көрінеді. Əскери əуе кемелері Сирия аумағындағы ұрыс аймағына Кувейттегі əскери базадан ұшырылып апарылмақ. Кейбір дерек көздері Италияның қорғаныс министрлігі ұшақтар жіберу туралы шешімге ел парламентін айналып өтіп барған деген пікір білдіріп отыр.  Румыния азаматтары өткен жексенбі күні пре зиденттік сайлаудың екінші турында өз таңдауларын жасады. Елдің жаңа президенті болып, оппозициядан үміткер Клаус Йоханнис сайланды. Премьерминистр жəне бірден-бір үміткер саналып келген Виктор Понта өзінің жеңілгенін мойындады. Бірақ ол үкімет басшысы лауазымынан кетпейтінін мəлімдеп отыр. Жаңа президентпен күш біріктіре жұмыс істемек. Алайда, ел басшысының жаңа премьер-министр тағайындауға да құқы бар.  Қытайда ел компартиясының жоғары лауазымды мүшелерінің бірі Ма Чаоцюньға парақорлықпен айналысты, ұрлық жасады жəне қоғамдық қаржыны заңсыз иеленді деген аса ауыр айыптар тағылды. Тінту кезінде одан 37 килограмм алтын, 68 үйге иелік ететіні туралы құжат жəне 120 миллион қолмақол юань (20 миллион долларға жуық) табылған. Ма Чаоцюнь ҚХР коммунистік партиясындағы аса ықпалды адамдардың бірі көрінеді. Бірақ оның нақты қандай лауазымда болғаны айтылмай отыр.

Аѕыз адам 14-бет

Æàëà 10-бет

регіне н ї «Ж їсірмеге Жўмбаќ əжім т ќытты» а жан б 7-бет жолаушы 15-бет


2

19 қараша

www.egemen.kz

2014 жыл

ЖАСАМПАЗДЫЌТЫ Уақытты зая жібергенге өкінетін адам – данышпан. Алигьери ДАНТЕ

Алтыннан ќымбат асыл сґз Сəбит ДОСАНОВ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын оқығанда менің ойыма Уинстон Черчилльдің: «Пессимист мүмкіндік болғанда қиындық туралы, оптимист əрбір қиындықта мүмкіндік жайлы ойлайды» деген сөзі оралды. Алмағайып уақыт, аласапыран заман, дөңбекшіген дүние жаһанды жаналқымнан алған аса қатерлі, қиын да күрделі кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзіне тəн кемел ойлы кемеңгерлікпен уақыттан оза ойлап, халыққа кезекті Жолдауын əдеттегіден ерте жариялады. Бұл əлемде болып жатқан саяси хал-ахуалды терең талдап, халық қамы, мемлекет мүддесін ойлаудан туған ерлік пен көрегендіктің тағы бір көрінісі. Жолдаудың атының өзі керемет – «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаһандану ұлттық құндылықтарды жайындай жұтып, жаһан қаржы тапшылығы ғана емес, геосаяси жағдай шиеленіскен күмəні мен тұманы көп, сауалы салмақты, жауабы əлжуаз жолайрықта тұрған тар кезеңде қара бұлтты қақыратқан құдіретті күндей болып жанжағына жарық шұғыла шашты биылғы Жолдау! Елбасы Жолдауын алдымен көгілдір экраннан тыңдап, келесі күні ел газеті – «Егеменнен» оқығанда менің ойыма көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Нельсон Мандела оралды. Бұл тегін емес, оның терең сыры мынада: «Заң алдында бəрі тең. Əлеуметтік жағдайды жақсарту, жұмыспен қамту – басты бағыт. Білімге, мəдениетке жол елдің бəріне ашық. Адамдарды тұрмысқа жайлы тұрғын үймен қамту. Елде бейбітшілік пен достық үстемдік құру» дейтін қағиданы қағба етті Н.Мандела. Біздің Елбасымыздың барлық сөздері мен Жолдаулары, бүкіл қызметінің алтын арқауы, асыл арманы осы. Артық айтты демеңдер, Нұрсұлтан біздің кемеңгер! Ел бағына туған ер, Əр ісін қолдап, демеңдер. Ол ел үшін жанқиярлықпен ерен еңбек етіп, əркез көрегендік пен ерліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Бұған дəлел болатын жүздеген, мыңдаған мысалдарды тізбелеп, көзіқарақты халық жақсы білетін жайларды қайталап, оқырманның уақытын алмай-ақ қоялық. Биылғы Жолдау – алтыннан қымбат асыл сөз! Нақты істерге негізделген құжаттың əр тарау, əр бөлімі тұнып тұрған тұп-тұнық ой. Маған, əсіресе, қатты əсер еткені: «Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет əлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз жəне несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан, 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қо сым ша 180 миллиард теңге

со ма сын да ұлғайтамыз», деген сөздер. Осы тұста Шарль де Голльдің: «Барлық кезде де ең қиын жолды таңда – онда бəсекелесті кездестірмейсің» деген сөзі қалам ұшына оралып тұр. Қиыннан қиялап жол табатын аса ақылман саясаткер əлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту жайлы былай депті: «Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі – басқа мəселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Əкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен жəне мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын». Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы. Алыптар аласармайды. Сөзі де соған сай, ісі де ірі Нұрсұлтан Əбішұлы бұл жолы да өзі не тəн биіктен көрінді. Бұған Жолдаудағы: «Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды жəне 2015 жылға арналған

республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын», деген сөздер дəлел. Ұлттық қор демекші, оның не үшін құрылғаны да есімізде. Елбасы атап айтқандай, «Оның басты міндеті – тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету жəне экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дəл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдер дің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс. Əлемдік экономикадағы жағдай мынадай, дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі». Жолдауда айтылған: «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты əңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз», деген сөздер де алшы түсер асыққа құйылған қорғасындай көкейге қона кетті. Елдің көзі елу төбенің астындағыны да көреді. Халықты қызыл сөз, құрғақ уəдемен алдай алмайсың. Асыл мұрат, алыс жолда Елбасы елді ешқашан алдаған емес. Əрдайым ащы да болса ашығын айтатын, тəтті өтіріктен ащы шындықты артық көретін Нұрсұлтан Əбішұлы бұл жолы да əдетінен жаңылмай алда тұрған қиындықтарды да жайып салды. «Бүгінде бүкіл əлем жаңа сындармен жəне қатерлермен бетпе-бет келіп отыр, – деп қадап айтты Елбасы. – Əлемдік экономика əлі де жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу жəне сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір

жерлерде əлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты əлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. Мен өзімнің тəжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақ тардың уақыты болады. Əлем нің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, əлемдік экономиканың бір бөлшегі жəне геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нəтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: əлемдік нарықтарда баға құлдырауда жəне тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 жəне одан кейінгі екі жылда əлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондайақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз

ЖАЅЄЫРМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КҐЗДЕРІ

«Болашақ экономикасы» секторын дамыту

2015 жылы электр тұтынудың жалпы көлеміндегі жаңғырмалы энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының үлесін (жел электр стансалары, күн стансалары, сонымен бірге, қуаты 35 МВт-ға дейінгі су электр стансалары)

1%-дан

2014 жылы жаңғырмалы энергия көздері арқылы өндірілетін электр энергиясының көлемін жылына

(жел электр стансалары, күн стансалары, сонымен бірге, қуаты 35 МВт-ға дейінгі су электр стансалары)

1 млрд. кВт.

сағатқа жеткізу

асыру.

теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз». «Халқына бегі, бегіне халқы сенген ел ұзақ жасайды», депті Күлтегін. Нұрсұлтан Əбішұлының: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мəңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі», деген сөзі Күлтегіннің жоғарыда айтылған ойымен үндесіп тұр. Жолдауда айтылған аса терең текті ойлар ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық сананы асқақтатуға, қазақстандық патриотизмге үндейді. Өркениетті елдерде мемлекеттік капиталдың 75 пайызын адам капиталы құрайды. Табиғи ресурстар, өнеркəсіп қорлары, жылжымайтын мүлік екінші ке зекте. БҰҰ даму индексі үш өлшеммен өлшенеді. Олар: білім беру деңгейі, адам өмірінің ұзақтығы, тұрмыс деңгейі. Биылғы Жолдау осындай өркениетке бастайтын «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол». Біздің басты байлығымыз – елдің бірлігі. Бұл жайлы Президент былай деді: «Ауызбіршілігі қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз əрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. Алда үлкен де жауапты жұмыс тар тұр. Толысқандықтың жаһан дық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстан болашағының кілті. Этносаралық келісім – өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды». Нұрсұлтан Əбішұлы Жолдаудағы жақсы басталған сөзін жарасымды аяқтады. Көпке жаққан, көкке жақын аса салмақты, асқан салиқалы сол сөз мынау: «2015 жыл – ұлттық тарихымыз ды ұлықтау жəне бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл əлемге үлгі. Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын жəне халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің əлеуетін əлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сəтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін». «Кісіге қарап сөз алма! Сөзіне қарап кісіні ал», депті хакім Абай. Мұхаммед пайғамбардан қалған дана сөздердің бірі: «Шын сөз – құдіретті сөз!» Ұлт бағына туған ұлы тұлға Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сөзі – «Шын сөз – құдіретті сөз!» Нұрсұлтанның сөзі – алтыннан да қымбат асыл сөз!

Іске адалдыќ – ертеѕге сенім Бектас БЕКНАЗАРОВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Қазіргі кезде еліміз үлкен тарихи кезеңді басынан кешіруде. Өзге елдерде болып жатқан жағдайларға қарасақ, əсіресе, Украина мен Таяу Шығысқа көз салсақ, ертеңгі күнге деген сенім аз сияқты көрінеді. Өйткені, əртүрлі əлеуметтік жəне саяси жағдайдың ушығуы халықтың басын дал етіп жатыр. Ал біздің тарихи кезеңді бастан кешудеміз деуімнің астарында үлкен экономикалық, саяси жəне əлеуметтік өрлеу жатыр. Оны күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Еліміздің өңірлерінде қызмет бабымен жиі болып жүргендіктен байқайтыным, барлық жерде құрылыстар жүргізіліп, жолдар салынуда. Соның арқасында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылуда. Төңірегіміздегі мемлекеттерде күрделі жағдайлар орын алып, алда дағдарыстың екінші кезегі келе жатқан тұста Қазақстанда қолға алынбақ жоспарлар көңілде ертеңгі күнге деген сенім ұялататыны анық. Қазақстан халқын жұмылдырып, нақты бағыт-бағдар берген Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» экономикалық саясаты «Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуына апарар жол деп есептеймін. Қазір сондай міндеттер біздің алдымызда тұр. Жолдаудағы айтылған мəселелерді шешуді ұйымдастыру, қоғамды соған жұмылдыра білу – үлкен мəселе. Өзімнің ішкі пайымдауымша, Елбасының Жолдауы бүкіл қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып отыр. Себебі, ол əрбір адамның, əрбір отбасының ертеңгі күнге деген сенімі. Жиғантергені артында қалып, ертеңгі күнінің не боларын білмей, босып жүрген қаншама халықтар бар. Миллиондаған жан жапа шегуде. Сондайларға қарап, Құдайға мың да бір тəубе дейсің. Қазақстан халқы – əр уақытта өзінің алдындағы мақса тын, ертеңгі күнге деген жауап кершілігін сезіне білген халық. Соның арқасында Орталық Азия елдерінің ішінде біз оқ бойы озық келеміз. Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындаумен алда келе жатқан мемлекеттің біріміз. Елбасының шетелдерге жасаған сапарларын қай кезде қарасаңыз да, алдыңғы қатарлы алып елдер басшыларының жанында жүреді. Менің ойымша, бұл тек Елбасына ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына көрсетілген құрмет деп есептеймін. Біз басындағы бағын бағалай білетін елміз. Бастағы бақтың тағы бір үлкен көрінісі – ол этносаралық татулықты сақтай білу. Жолдауда осы мəселеге ерекше көңіл бөлініп айтылды. Осыншама ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, алға қой ған ортақ мақсатқа жұмылдыра білу – Елбасының ғана қолынан келетін іс. Біздің міндетіміз – осы бағытта əрі қарай жұмыс атқара беру.

Қазір қай мемлекетті қарасаңыз да банк секторындағы қиындықтарға тап келуде. Ондай қиындықтар бізде де бар. Осындай жағдайда аз мөлшердегі үстемемен жастарға несиелер беру арқылы олардың баспаналы болуына жағдай жасалатын болады. Жаңадан бас қосып жатқан мыңдаған жас баспаналы болып жатса, жұмысы бар болса, олардың ертеңге деген сенімі де ерек болады. Ал ертеңгі күнге деген сенімі бар жастар мемлекеттің, Елбасының саясатын қолдамақ. Жалпы, мемлекет, Елбасы тарапынан жасалып жатқан үлкен жұмыстар біздің бүгінімізден ертеңіміз жарқын болатынына үміттендіреді. Бұл ретте, тəртіп мəселесін айналып өтуге болмас. Мемлекетімізде тəртіп – үлкен назар аударатын мəселе. «Нұр Отан» партиясының Саяси доктринасында халықтың құқықтық сауатын арттыру мəселесі өткір қойылған. 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 60 пайызға жуығы құқықтық сауаты жоғары деңгейде болуы керек. Əрбір азаматтың ертеңгі күнге деген сенімі нық болу үшін тəртіпке бағыну шарт. Бауыржан Момышұлының сөзі бар «Тəртіпке бас иген құл болмайды» деген. Ал сот жүйесі туралы айтар болсам, 2011 жылы Қазақстанның сот жүйесі 140 мемлекеттің ішінде 111-орында болып келген. Елбасының сот жүйесі ашық, қолжетімді жəне жариялы болуы керек деген талабы талай табыстарға жетеледі. Осы жариялылықтың арқасында Қазақстан халқының сотқа деген сенімі артты. Шетелдіктердің зерттеуіне қарағанда, халықтың сотқа деген сенімі 82 пайызды құрап отыр. Қазақстанның сот жүйесі соңғы 3 жылда 111-орыннан 85-орынға көтерілді. Міне, жұмысты осылай дұрыс ұйымдастыра білудің басында Елбасының өзі тұрғанын реті келгенде айта кету керек. Мұның барлығы Елбасының тікелей талап етуінің жəне дұрыс бағыт беруінің арқасында атқарылған істер. Сондықтан, елімізде тəртіп болатынына сенемін. Қорыта айтқанда, бізде ертеңгі күнге деген күмəн қалмауы керек. Тек сенімге иек артқанымыз жөн. Жолдаудың мəнін халыққа жеткізгенде осыны əруақытта ұғындырып айта білуіміз керек.


19 қараша

3

www.egemen.kz

2014 жыл

ЖАЛЄАЄАН ЖОЛДАУ Ќаржы баќылау органдары маѕызы артпаќ Қозыкөрпеш ЖАҢБЫРШИН, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдаулары еліміздің саяси, экономикалық жəне қоғамдық өмірінде маңызды оқиға болып саналады. Осы Жолдауларда ауқымды міндеттер қойылып, жаңа белестерді бағындырудың жолдары қарастырылады, əлемдік дағдарыстар мен сын-тегеуріндер тұсында таңдап алынған бағытымыздың дұрыстығына сенім білдіріледі. Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арналған «Нұр лы Жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Елбасы

күрделі геосая си жағдайда, алдағы бесжылдық еліміздің экономикалық дамуындағы жаңа

кезең болуы тиіс екендігін қадап айтты. Барша Қазақстан халқы үшін стратегиялық маңызды құжатта аталып өткендей, жаһан дық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары белең алған кезде тек экономикалық саясатты қайта бағдарлап, жеделдетілген индустрияландыруды жүргізіп, инфрақұрылым мен инновацияны дамыта отырып, жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізгенде ғана Қазақстан қазіргі заманғы сынтегеуріндер мен қатерлерге төтеп беріп, əлемдік қауымдастықта лайықты орынға ие болмақ. Президент дағдарыс жағдайында қосымша қаржы ресурстарынсыз межеленген мақсаттарға қол жеткізудің аса қиынға соғатынын атап өтті. Осыған байланысты, Ұлттық қордан қосымша

қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Аталған қаражат жолдарды жəне жалға берілетін үйлерді са луға, апатты жағдайдағы жəне үш ауысымда оқытылатын мектептердің проблемаларын шешуге, ден саулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы жəне тағы басқа мақсаттарға бағытталады деп қарастырылған. Мемлекет басшысы осы қаражатты ұтымды жұмсау мəселесіне баса мəн берді. «Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Əр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық əкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі», деді Н.Ə.Назарбаев. Осы бір маңызды міндеттерді шешу жолында еліміздің

Келешегіміздіѕ кемелдігіне бастар жол

КҐЛІК ИНФРАЌЎРЫЛЫММЕН ЌАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Татьяна КАГЕРМАНОВА,

Шығыс Қазақстан облысы чешен-ингуш этномəдени бірлестігінің төрайымы.

Күллі əлемді қыспаққа алған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің тұрақты əрі қарышты дамуын тоқтатпаудың өзіндік себебі бар. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кемел ойлылығы, білікті басшылығы мен сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да Жаңа Экономикалық Саясатты құруға бағытталғанын аңдадық. Елбасы айтқандай, əлемдік жағдайларда жиі өзгеріс орын алып жатқан заманда экономикалық тетіктерімізді жетілдіріп отырудың маңызы зор. Бұл орайда тұрғын үймен қамту саласында қабылданатын жеңілдіктер мен халықты əлеуметтік тұрғыдан қолдаудың дүниежүзілік қаржылық дағдарыс белең алған кезде де жалғаса беретіндігі ерекше қуантты. Мұның бəрі жоспарлы экономика мен татулықтың нəтижесі. Елбасы «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті» деген сөзді жиі айтады. Шынында, бүгінгі толассыз айғайшуға толы дүниеде жұртымыздың жұдырықтай жұмылып, Мемлекет басшысы қалыптаған бағыт-бағдардың үдесінен табылуы – келешегіміздің кемелдігіне бастар жол. Өйткені, Қазақстан – жас қырандай қалықтап ұшып, қарқынды дамып келе жатқан жас мемлекет. Оның іргетасын Президент басшылығымен ширек ғасырға жуық уақыт бойы берік етіп қаладық. Ендігі мақсатымыз – ең басты құндылығымыз саналатын бірлігіміз бен тұрақтылығымызды өскелең ұрпақ бойына сіңіру болмақ. Мемлекет билігінде қабылданып жатқан шешімдердің ел ертеңіне тікелей əсері бары сөзсіз. Нұрсұлтан Əбішұлы: «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара», дей келе, ел экономикасы дамуының бірден-бір кепілі – облыстар арасындағы əуе жолының, теміржолдың, автокөлік жолының, сондай-ақ, теңіз жолының дамуында екенін айтты. Ұлтаралық келісімді тіршіліктің қайнар көзі саналатын ауаға теңеді. Осы күнге дейін шыққан биіктеріміздің басты себебі бірлігіміз бен ауызбіршілігімізде екенін атап өтті. Жалпы, Елбасының Жолдаулары қазақстандықтар үшін жаңа белестер мен асуларға жол ашып келеді. Бұл Жолдау да барша қазақстандықтардың жүріп өтер нұрлы жолын айқындап бергендей əсер қалдырды. Мемлекет стратегиясын белгілейтін бас құжаттың Тұңғыш Президент күні мен Тəуелсіздік күнінің қарсаңында жолдануы да барша қазақстандықтардың ертеңге сенімінің нығаюына əсер етеді.

МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР 2008 жылдың нақты көрсеткіштеріне қарағанда көлік жəне сақтау қоймалары салалары бойынша жалпы қосылған құнды

38%-ға арттыру

Жақсы жəне қанағаттанарлық жағдайдағы автокөлік жолдарының желісі

Теміржол көлігімен Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемін

10,3%-ға өсіру

Теміржол көлігі негізгі активтерінің жарамсыздығы

61%-ға

дейін төмендетілді

республикалық

Транзитті бағыттар бойынша тасымалданатын жүк көлемін

жергілікті

2008 жылмен салыстырғанда халықаралық əуе қатынасы санын

2,5 есе арттыру

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

қарастырылған қаржы бұл мəселелерді 2017 жылға дейін шешуге жетпейтінін айтып, Үкіметке қазынадан қосымша 70 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Нұрсұлтан Əбішұлының бұл қадамы алдағы жос парланған жұмыстардың белгіленген мерзім ішінде орындалатынына сенімімізді арттыра түсті. Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын үш жылдың ішінде түбегейлі қысқарту үшін қазынадан қосымша 20 млрд. теңге қаралмақ. Елбасы осыншама

2015 жылға қарай халықаралық көлік дəлізі қатынасы бойынша тасымалданатын жүк контейнерлері пойызының жылдамдығын

10-20%-ға, жолаушылар пойыздарының

əлеуеті

жүрдек жол учаскелеріндегі жылдамдығын

жылына 16 миллион тоннаға жеткізілді

Болашаќќа айќын баєдар Альбина ЕЛШИЕВА,

19,4 млн. тоннаға дейін арттыру

Теңіз айлақтарының өткізу

ӨСКЕМЕН.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында білім саласына қатысты үш түйткілге ерекше тоқталды. Оның бірі апатты жəне үш ауысымда оқытылатын мектептердің жай-күйі болды. Қазіргі таңда облыста 48 апатты деп танылған ғимараттың 32-сінде тиісті шаралар жүргізілуде. Оның сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылған. Алтауының құрылысын 2016 жылы қолға алу жоспарланған. Бұдан бөлек, үш ауысымда оқытылатын 21 мектептің төртеуінің құрылысы салынуда. Алтауының сметалық-жобалық құжаттары дайындалып, келер жылдың бюджетіне ұсынылды. Ал қалғаны кейінгі жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Облыста көпшілікті алаңдатқан осындай білім ұяларын үш жылдың көлемінде жою міндеттелген. Алайда, Елбасы Жолдауында апатты жəне үш ауысымда оқытылатын мектептердің құрылысына үшжылдық бюджетте

мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңызы арта түспек. Тəуелсіз сыртқы мемлекеттік бақылаудың конституциялық органы ретінде Есеп комитетінің жауапкершілігі аясына ұлттық ресурстарды басқару, бюджет қаражатын алушылардың қаржы тəртібін нығайту сияқты міндеттер кіреді. Жаңа Экономикалық Саясатты іске асыру жағдайында Есеп комитеті еліміздің жоғары қаржы бақылау органы ретінде əрбір қазақстандықтың əл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ оның жұмсалу тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасы белгілеген міндеттерді іске асыру үшін бар күшін салатын болады.

қаржыны жай бөліп қана қойған жоқ. Оның тиісті мақсаттарға жұмсалуын жəне жұмыстың тыңғылықты атқарылуын жергілікті əкімдер мен сала қызметкерлеріне нықтап тапсырды. Жасыратыны жоқ, өңірімізде қоғамның «бас ау руына» айналған балабақша мəселесі күн тəртібінен түскен емес. Əрине, балабақшалар көптеп ашылуда. Бұған Елбасы қолдауымен жеке кəсіпкерлер де тартылған. Алайда, өңірімізге орал мандардың қоныс аударуы, бала туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты əлі күнге дейін сұранысты толық қамтамасыз ете алмаудамыз. Бұл мəселені шешуге қазынадан қосымша қаржы қаралатыны бізді қуантты. Алдағы уақытта Жолдауда аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Елбасы Жолдауында көзделген міндеттердің орындалуы халқымыздың əлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кəміл сенемін. ШЫМКЕНТ.

20-30%-ға арттыру

Жарќын істерге жўмылдырады Бақытжан КҰРМАНҒАЛИЕВ,

«Қазхром» ҰТК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехының бастығы.

Біз, металлургтер Президенттің сөйлеген сөздерін қашанда аса маңыз бере тыңдаймыз. Себебі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев əрқашан халықтың қамын ойлап, жағдайын түзеудің сара жолдарын іздейді. Ілгері күндерге деген үмітімізді Елбасының сарабдал саясатымен сабақтастыру əрбір қазақстандықтың қанына сіңген қасиет болып кеткені де рас. Сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын Елбасы бұл жолы да өзіндік ойлау қабілетінің ерекшелігін айқын танытты. Əлемдегі қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын, болып жатқан түрлі тарихи оқиғаларды саралай келе, Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жылдағыдан ертерек елге ұсынуының өзі де Нұрсұлтан Əбішұлының қашанда бір адым алды болжайтын қасиетін аңғартса керек. Бұл ырғалып-жырғалуды көтермейтін күрделі кезеңдегі уақыт тынысын тап басқан қадам болды деу керек. Сондықтан да болар, əуелі теледидардан көріп, тыңдасақ та Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын мерзімді басылымдардан оқығанша асықтық. Жалт етіп өте шыққан теледидарлық нұсқасынан гөрі басылымдардан оқығанымызда мұндағы айтылған асқаралы міндеттердің елдің ертеңі жарқын болуына бағытталғанын тереңірек түсіндік десек артық болмас. Жолдауда еліміздің əр қиырын байланыстыратын жолдар салудың, шағын жəне орта бизнесті, индустриялық инфрақұрылымдарды дамытудың жалғастырылатыны туралы нақты көрсетілген. Қаржы-экономикалық дағдарысты халықтың тұрмысына салдарын болдырмай еңсеруге бағытталған қадамдар жасалатынына сенім молая түсті. Біз бұл жолғы Жолдаудан əлемдегі бүгінгі нақты жағдайды анық аңғарамыз, болашақта атқарылар істердің ауқымдылығына қарамастан, Елбасының халықтың тұрмысын төмендетпейтіндей шаралар алып жатқаны көңілге қонады. Бұл Жолдауды еліміздің ертеңін еңселі ететін тарихи құжат деу орынды. Елбасының болашақты болжайтын көрегендігі мен көптің көкейіндегіні дөп басатын көсемдігі бұл Жолдауда да айқын

көрініс тапқанына көзіміз жетіп отыр. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 жəне одан кейінгі екі жылда əлемдік экономиканың даму болжамы төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан, кейбір позицияларды қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шаруаларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіспіз, деп атап өтті Жолдауда Нұрсұлтан Əбішұлы. Біздің компания Мемлекет басшысының Жолдауына сүйене отырып, əлемдік тəжірибеде теңдесі жоқ, озық технология қолданылатын жаңа бірегей өндірісті пайдалануға берді. Бұл – жиырма жылдығын атап өткелі отырған Еуразиялық топтың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналатын жоғары сапалы көміртекті ферроқорытпа зауыты. Ол толық қуатына көшкенде жылына жоғары сапалы 440 мың тонна өнім беретін болады. Бұл тек металлургия саласындағы инновация ғана емес, Қазақстанның экспорттық əлеуетін арттыратын қуатты кəсіпорын. Жаңа өндірісті іске қосумен бірге, жұмыс істеп тұрған өндірісті де естен шығармаймыз. Дағдарыс жағдайына қарамастан 1 миллион теңгеге қондырғы сатып алу көзделуде. Бұл қондырғы үздік техникалық өлшемдерге ғана емес, еңбек қорғау мен экология стандарттарына сай болады. Түйіп айтқанда, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бізді тың табыстарға, соны жаңашылдыққа жігерлендіреді. Ақтөбе облысы.


4

19 қараша

www.egemen.kz

2014 жыл

● Мемлекет мерейі

Толаєай туєан жерінде «Жеңіс тұғырында тұрғанда Елбасы қоңырау шалды. Айтыңызшы, қай елдің Президенті спортшысы жеңіске жеткен бетте телефон соғады?! Ол кісі мемлекет шаруасымен айналысып, «Е, Илья жеңген екен ғой» деп қоя салса да болады. Бірақ біздің Мемлекет басшысы олай еткен жоқ. Елмен бірге екенін, жеңіске халқымен қосылып қуанып жатқанын осылай білдірді. Мен арқылы барша қазақстандықтарды жеңісімен құттықтады. Осыдан-ақ Елбасының елге деген жанашырлығын, құрметін, ілтипатын көруге, сезінуге болады». Бұл – əлемнің төрт дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің туған жеріне келгенде айтқаны. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Батыр ұлдың ерлігінен кейін қазақ қоғамының түңлігі əлі желпіп тұр. Жеңістің буы басымызды айналдырып, шын таланттың елі үшін ерен іске баруы буынымызды босатты. Дегенмен, Ильиннің жеңіс тұғырында телефонмен сөйлескенін сан-саққа жүгірткендер бар еді. Алтын бала мына сөзімен ол əңгімелерге нүкте қойды. Илья Ильин – Алматыдағы əлем чемпионатынан кейін туған жері Қызылорда облысына келді. Батырға деген халықтың ықыласы ерекше енді. Алдымен əуежайдан сəн-салтанатымен күтіп алды. Чемпионның дидарын көріп, қолын қысып, құттықтауын жеткізгісі келетін халықтың қарасы тым көп. Онан соң Ильинді ата-анасы, жұбайы, бапкерімен қосып облыс басшысы Қырымбек Көшербаев қабылдады. – Бұрын Ильяны «Сырдың сары баласы» дейтін. Енді бұл өзгерді. Бұдан былай сені «Сырдың алтын баласы» дейміз. Өйткені, сен бізді тек алтын жүлдемен ғана қуантып келесің. Өміріңде

бірде-бір рет күміс не қола медаль алған кезің жоқ. Алдағы уақытта да, оның ішінде Рио-деЖанейро Олимпиадасында да осы үрдіс жалғасады деп сенеміз. Ал кешегі əлем біріншілігінде сен зілтемірді көтеріп, рекорд орнатып қана қойған жоқсың. Сол арқылы дүйім халқыңның, Қазақстан атты мемлекетіңнің атын əлемге тағы бір рет танытып, абыройын көтердің. Елбасы өзіңе сенді. Сен сол сенімнің үдесінен əрқашан шығып келесің. Жеңісті жолың алдағы уақытта да осылай жалғаса берсін,– деді Қырымбек Елеуұлы. Келер жылы Қызылорда қаласында Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығының құрылысы басталады. Бұл əлемдік талаптардың барлығына сай келетін, жанжақты орталық болмақ. Болашақ Ильяның ізбасарлары осы жерде тəрбиеленеді. Несін жасырайық, ке лешекте əлемдік жарыстарды да өткізу жоспарда бар. Өйткені, əлемнің ең үздік зілтеміршісі атанған Ильяның туған жерінде жаһандық жарыстардың өткені де жарасымды емес пе?! – Дəл қазір Балуан Шолақ спорт кешеніндегі жағдайды тілмен

Қарағандыда Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған облыс активінің жиналысы болып өтті. Оған қатысушылар жаңа экономикалық саясатқа негізделген міндеттерге байланысты өз ойларымен бөлісті.

Міндет їлкен, мїмкіндік кеѕ Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды ашып, сөз сөйлеген облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, алға қойылған басты бағыттар бойынша атқарылар міндеттерді саралап, ортаға салды. Онда негізгі басымдық отандық экономиканың өсіміне берілуіне сəйкес, бұл ретте ел индустриясының тірегі əрі көшбасшысы саналатын өндірісті өңірге үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғаны аталды. Əлемдік экономикадағы жағдай ел экономикасындағы құрылымдық реформаларды жетілдіруге жəне жаңа сынақтар кезінде тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында облыста жан-жақты іс-шаралар қарастырылып, қолға алынғаны баян етілді. Инновациялық-индустриялық дамуды күшейте түсу, қамтымды экономика құру, шағын жəне орта бизнесті қолдау, тұрғындардың əлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында тың мүмкіндіктер аз еместігі атап көрсетіліп, оны тиімді қолдануға талап барынша күшейтілетіндігі айтылды. Алдағы уақытта, мəселен, Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда автожолы салынуы, «Сарыарқа» ЕЭА-да бірлескен кəсіпорындар қатары ұлғаюы, 8 индустриялық аймақта 50ден астам өндіріс орны құрылуы, жыл сайын 3 балалар бақшасы бой көтеруі, тұрғын үй құрылысы өрістеуі сияқты істер өңір экономикасы тынысы мен өмірі өркендеуіне зор серпін беретіндігі көлденең тартылды. Уақыт ырғалып-жырғалуды көтермейді, ал жүктелген міндеттер үлкен, сондықтан аянбай еңбек ету қажет, деді əкім. Осыған байланысты қалалар мен аудандар əкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Жиында сөз алушылар « Изоплюс Орталық Азия» ЖШС директоры Олег Винокуров, «Мутлу» компаниясының вице-президенті Досмұқасан Таукебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған тарихиархеологиялық музейінің директоры Зулпа Чумакова, «Gaieх Plus» фабрикасының тігіншісі Дəмегүл Төкенбаева жəне басқалары өз ұжымдары Жолдауды жылы қабылдап, еліміздің көркеюі мен гүлденуі үшін жаңа бағытты қолдайтындықтарын айтты. ҚАРАҒАНДЫ.

айтып жеткізудің өзі қиын. Бір мүмкіндікті мүлт жібердік. 239 келі бағынбай қойды. Қарсыластарым бірінен соң бірі рекорд жаңартуда. Мінбеге шыққанда халықтың анталаған жүзін көрдім. Көздерінде үміт пен күдік қатар араласып тұр. Барлығының тілегі менің үстімде екенін шын сездім. Сосын елім үшін 242 келі зілтемірді көтеруім керек деп шештім. Шынымды айтайын, мен бұл қадамға халқым үшін ғана бардым,– деді Илья кездесуде. Рас қой, Илья бұл жолы өз мүмкіндігінің шеңберінен шығып кетті. Көзсіз ерлікке барды. Оның үстіне бір кездері басынан тықымай алған өзбек спортшысы Руслан Нуриддиновтың да екпіні сұмдық болатын. Ол Алматыға Ильяда кеткен есесін қайтару үшін ғана келген. Батыр ұлдың бапкері Тойшан

Бектемірдің өзі «Руслан 239 келіні көтеріп, демалатын залға келгенде өзін чемпион сезініп жүрді» дейді. «Не бел кетер, не белбеу кетер» деген сəт осы еді. Илья бұл сынақтан да үлкен абыроймен өтті. Елге, Елбасына үлкен алғысын айтқан Илья Қырымбек Елеуұлына қарап: «Сіз бір кездері маған «Сенің жұмысың зілтемір көтеру. Ал біздің жұмысымыз елді көтеру» деп едіңіз. Аймақта үлкен жұмыстардың атқарылғанын білеміз. Осылайша, барлығымыз жан-жақтан елімізді дамытуға, əлемдегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылуына еңбек ете берейік»,– деді. Айтпақшы, Ильяның əлгі 239 келі салмақты көтере алмай қалғанын бапкерлердің тактикалық қадамына балағандар да болды. Бұған Тойшан Бектемір: «Біз мұндай тəуекелге бара алмас едік.

Үстіміздегі жылы Ақтөбе қаласында тағы бір дəрі өндіретін кəсіпорын пайдалануға берілді. Оны «ТК Фарм Актобе» ЖШС іске қосты. Қазіргі таңда мұнда жөтелге қарсы сироп өндіру жолға қойылды. Сондай-ақ, мия мен пертуссин сироптары шығарылады. Бұл дəрілік сироптар тұтынушыларға бұрыннан

ҚЫЗЫЛОРДА.

«Нўрлы Жол» – жарќын болашаќ жолы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы филиалында өткен брифингте бас қосқан қоғам қайраткерлері Елбасының жаңа экономикалық саясаты елдің қаржылық жағдайын қайта қарап, халықаралық деңгейдегі қауіп-қатерлердің алдын алып отырғанын, əсіресе, Ұлттық қордан бөлінген қаражат елдің экономикалық тұрақтылығын сақтап, жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы жағдай туғызатынын айта келе, Жолдаудағы көтерілген бірқатар мəселеге қатысты сауалдарға жауап берді. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингте алғаш сөз алған Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов бүгінде Қазақстан жыл сайын шетелдерге 126 млн. тонна шикізат шығарып, əлемдегі 182 елмен тығыз қарым-қатынас жасап отырғанын, сондықтан елімізден сыртқа тасымалданатын тауар бағасы төмендеп, басқа бір елден жеткізілетін тауар құны қымбаттайтын болса,

онда мұның экономикаға, бюджетке əсер ететіні даусыз екеніне тоқтала келе, Елбасы өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында алдағы уақытта болуы мүмкін қиындықтар мен кедергілерді жоюдың жолдарын осы бастан қарастыру қажеттігін алға тартып отырғанын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. «Жалпы, қандайда бір дағдарыстың салдарынан əлеуметтік жағдайдың төмендейтіні белгілі, – деді профессор. – Ең бастысы, Елбасы келер жылы халықтың əл-ауқатының төмендеуіне жол бермеу

мақсатында Үкіметтің алдына қадау-қадау міндеттер қойып отыр. Тіпті, экономиканың қайсыбір саласын көтеру, тұрғындарды жайлы əрі арзан, қолжетімді баспанамен қамту үшін миллиардтаған теңге қаржыны Ұлттық қордан алу қажет деген шешімді сөзін айтты. Бұл – батыл шешім». Журналистермен кездесуде Алматы қалалық Корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Георгий Кан да Жолдауға қатысты өз ойпікірімен бөлісті. – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген мəжілісінде Елбасының биылғы кезекті Жолдауын барша тұрғындарға жеткізуінің мəні мен маңызы ерекше. Өйткені, Қазақстан атты ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан əрбір ұлт өкілі түсіне білсе, Елбасы алға қойған міндеттер мен мұраттарды жүзеге асыруға бір адамдай атсалысуы тиіс.

Жауапкершілік жїктейді Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі бойында 8 сервистік кешен құрылысы үшін жер телімдері белгіленіп, 2,4 млрд. теңгеге инвестиция тартылады. Нəтижесінде, 160-тан астам жұмыс орындары ашылмақ. Сондай-ақ, жүк жəне жолаушыларды тасымалдау көлемі ұлғаяды. Сырттан келу жəне ішкі туризм түрлері бойынша 85,0 мыңнан астам келушілер облыс аумағы бойынша қолайлы қозғалу мүмкіндігін алады. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша өткен облыс активі жиналысында аудан əкімдеріне, кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму басқармасына аталмыш сервистік кешендерді соғу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Ал, жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеу

мен күтіп-ұстауға 2015 - 2020 жылдар аралығында барлық қаржыландыру көздерінен 16,0 млрд. теңге қаржы қарастырылу жоспарлануда. Соның есебінен 633 шақырым автожол күрделі жəне орташа жөндеулерден өткізілмек. Қазіргі уақытта облыстық маңызы бар «Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» автожолының 61 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бүгінгі таңда оның 22 шақырымы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Луговой» стансасы – Қорағаты-Тəтті» автожолының

43 шақырым бөлігі де орташа жөндеумен қамтылуда. «Əр жылғы Жолдаудың өз жаңалықтары бар. Дегенмен, жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы Жол» бағдарламасының тарихи маңызы зор. Өйткені, Елбасы геосаяси жағдайға нақты баға беріп, алыс жəне жақын болашағымыздың бағдарын айқындап отыр. Сондықтан, Жолдау бəрімізді біріктіретін, болашаққа сенімді қадам деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы бөлінген қаржыны ұқыпты, өз мақсатына жұмсауды қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Жолдауда көтерілген мəселелерді іске асыру үшін біз бірлесіп жұмыс істеп, бөлінген қаражатты тиімді игеруіміз қажет», дейді облыс əкімі. Елбасы барлық əлеуметтік міндеттемелерді толыққанды қамтамасыз ету бойынша күрделі де нақты міндет

Дəрі-дəрмек ґзімізде ґндіріле бастады (Соңы. Басы 1-бетте).

Өйт кені, таразы басында елдің абыройы тұрды»,– деп жауап берді. Қызылордада «ҚазГерМұнай» дейтін біріккен кəсіпорын бар. Осы кəсіпорынның басшысы Медет Кəрім деген азамат. Айтайын дегеніміз, аталған кəсіпорын Риоде-Жанейро Олимпиадасына дейін Илья Ильинге демеушілік жасайтын болды. Мұны біз елдіктің белгісі деп қабылдадық. Ал аймақ басшысы даңқты ұлға «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін табыс етті. Бапкеріне 10 мың доллар көлемінде сыйақы берді. Кездесуден соң чемпион журналистермен сұхбаттасты. Біз Жасұлан Қыдырбаевтың жағ дайын сұрадық. «Білесіз бе, Жасұлан – бүгінде айтылып жүрген «Ильиннің командасына» қосылған ең алғашқы жігіт. Екеуміз бір үйде тұрдық. Бірге жаттықтық. Кеше чемпионатта «оның зілтемір көтергені саған ұқсайды» деп жатты. Мен Жасұланның бапкерімін дей алмаймын. Бірақ ол мендегі қасиеттің бəрін дерлік өз бойына сіңіріп жатыр. Айналасы бірнеше жылдың ішінде əлем чемпионы атанды. Ал бұл – үлкен нəтиже», – деді ол. Жылы жүздесу осылай аяқталды. Бірақ Ильяны ұлықтау мұны мен тоқтап қалған жоқ. Өйткені, Қызылорда көшелерінде жүзден аса көлік чемпионды күтіп тұрған. Батыр ұлдың құрметіне автошеру ұйымдастырылды. Шараның соңы Орталық алаңда аяқталды. «Илья – чемпион» деп ұрандаған дауыстан құлақ тұнады. Барлығы батырын ардақтап жатыр. Ел-халқының алдында тебіреніп сөз сөйледі Ильин. Ал ұлықтау рəсімінің соңы мерекелік концертке ұласты.

таныс, кең қолданылады. Жаңадан іске қосылған кəсіпорынның жалпы құны – 245 миллион теңге тұрады. Аталған қаржының 198 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие ретінде берілген. Сондай-ақ, «ТК Фарм Актобе» ЖШС мемлекеттік бағдарламаның инфрақұрылымдық қолдауына ие болды. Зауытқа баратын жолға тас төселіп, су мен

кəріз жүйелері жүргізілді. Компания директоры Жаңагүл Төреханованың айтуынша, қазір мия тамырынан шəрбат дайындау жұмыстарына кірісіп, тұндырып қойған. Отандық өнім болғандықтан, бағасы да арзан болмақ. Міне, бұл кəсіпорындарды өңірде дəрі өндірісі қалыптасып келе жатқанының нақты көрінісі деуге əбден болады.

Сондықтан біздер көпұлтты Отанымыздың өркендеуі мен гүлденуі, тұрғындардың баянды бақыты мен болашағымыз – жастардың қайғы-мұңсыз өмірі үшін жұмыла еңбек етуіміз қажет. Елбасы кезекті Жолдауында осыны мүмкіндігінше əрбір санаға жеткізе отырып, бұлжытпай орындалуы тиісті маңызды міндеттерді ел Үкіметіне жүктеді. Міне, мұның барлығы – ертеңіміздің бүгіннен де жарқын да бақуатты болуы бағытындағы батыл қадам. Бұл – еліміздің ертеңі сараланған құжат, – деді Георгий Васильевич. Ал Алматы қалалық мəслихатының депутаты Əміржан Нəбиев Мемлекет басшысы міндеттеген тұрақтылықты сақтай отырып, шағын жəне орта кəсіпкерлікті өркендету мен инвестиция тарту жұмыстары жүйелі қолға алынатынына тоқталды. АЛМАТЫ.

қойды. Сондықтан, экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында, бірінші кезекте, білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салалардың жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің болашағы жастарға, жас отбасыларына арнап қолжетімді үй салу мəселесіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, бұл жиында жұмыспен қамту, «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығы құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар əзірлеу, үш ауысымды мектептер мен балабақша кезегі мəселелерін оңтайлы шешу жолдары кеңінен талқыланды. Қорыта айтқанда, Жолдауды іске асыру облыстың, тұтастай алғанда, еліміздің игілігі үшін əрбір басшыға жеке жауапкершілік жүктеп отыр. Жамбыл облысы.

Жаңадан ашылған кəсіпорындар аяғынан қаз тұрып кеткен соң өнім түрлерін молайтуды да қолға ал мақ. Ақтөбеліктер қазірдің өзінде осы кəсіпорындарда өндірілген дəрілердің сапасына ризашылығын білдіруде. Шағын жəне орта бизнестің фармацевтика саласын дамытуға бет бұруын жер гілікті билік те қолдауда. Мұн дай кəсіпорындардың қатары алда да көбейе түсетініне сенім мол. Ақтөбе облысы.

Араб əлемініѕ де назарын аударєан

Əмірліктердің бұқаралық ақпарат құралдары Президент Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы туралы кең көлемде ақпарат таратуда.

Атап айтқанда, БАƏ-нің WAM ақпарат агенттігі (Emirates News Agency) Жолдаудың араб тіліндегі мəтінін таратып, тəуелсіз мемлекет орнаған күннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті жүргізіп отырған көреген əрі теңгерімді экономикалық, сыртқы саяси жəне конфессияаралық саясатты жоғары бағалады. Біріккен Араб Əмірліктерінің «Əл-Иттихад» («Одақ») федералдық ресми газеті «Қазақстан Президенті мемлекеттің одан əрі дамуына бағытталған жаңа бастамаларға шақырады» деген мақала жариялады. Аталған мақалада Қазақстан басшысы Н.Ə. Назарбаев өзінің ел халқына арнаған Жолдауында геосаяси қысым мен əлемдік нарықтарда дағдарыстардың өршіген жағдайында ішкі, аймақтық жəне халықаралық мəселелерді ашық түрде қозғап отырған көреген стратег ретінде сипатталады. Сонымен қатар, басылым атап өткендей, Қазақстан Президенті шынайы көшбасшы бола тұрып, өсіп бара жатқан тұрлаусыздық жағдайында қазақстандықтардың əл-ауқатын

арттыру мен халықаралық қауіпсіз дікті нығайту мақсатында дұ рыс шешімдер қабылдауда жəне алдағы жылдарға ел экономикасының өсу көкжиектерін дəл белгілеп беріп отыр. Елдің тағы бір жетекші басылымы – «Əл-Баян» («Жаршы») газеті достас Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің белгісі болып саналатын 2015 жылға арналған құжаттың əлеуметтікэкономикалық бағытына ерекше назар аударады. Дубай Əмірлігінің ресми басылымы Қазақстан басшысының «Жаңа Экономикалық Саясатқа сəйкес, көлік желісі мен инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда, жаңа автомобиль, теміржол мен əуе магистральдарын салуға ерекше көңіл бөлінеді» деген сөзін келтіре отырып, ұтымды шешімнің стратегиялық тереңдігін атап өтеді. «Əл-Баян» газеті өз оқырмандарының назарын Қазақстанның одан əрі транзиттік инфрақұрылымның əлемдік желісіне қосылып, əлемдік геоэкономиканың маңызды мүшесіне айналатындығына аударады. «Егемен-ақпарат».

Бауырлас елдер байламы жоєары

Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның бас қаласы Анкараның жаңадан тағайындалған губернаторы Мехмет Кылычлармен кездесті. Кездесу барысында екіжақты жəне өңірлер арасы ынтымақтастығы мəселелері талқыланды.

Ж.Түймебаев өз сұхбаттасын «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстанның соңғы жылдардағы жетістіктерінен хабардар ете отырып, басты мақсаты кең ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламаны іске асыру болып табылатын Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол» атты Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Осы орайда елші Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының барысы туралы да айта отырып, губернаторды аталған халықаралық іс-шараға белсенді қатысуға шақырды. Губернатор М.Кылычлар екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады жəне Қазақстанның əлеуметтікэкономикалық даму саласы бойынша жетістіктерін атап өтті. «Мен Президент Н.Назарбаевтың бастамаларына қашанда қайран қала мын. Қазақ станның жаңа экономикалық бағдарламасымен қызығып таныстым. «Нұрлы Жол»

бағдарламасының да «Қа зақстан-2050» Стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатынын ұқтым. Бауырлас Қазақстан болашағының «Нұрлы Жол» бағдарламасымен тығыз байланысы бар екендігіне кəміл сенемін», – деді М.Кылычлар. Ол, сондай-ақ, 2001 жылдан бері бауырлас қалалар болып табылатын Астана мен Анкара арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын да атап өтті. «Біз бауырлас Қазақстанның жетістіктеріне ортақтаспыз. Астана Еуразияның жүрегінде салынған, шығыстық колорит пен батыстық модернизмді тұтастыратын мегаполис болып табылады. Мен Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін барлық сəнімен өткізетініне сенімдімін», – деді Анкара губернаторы. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Анкара арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында жаңа жобаларды ілгерілете беруге уағдаласты. «Егемен-ақпарат».

Ынтымаќтастыќ мəселелеріне арналєан сапар

Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы сауданы дамыту, инвестициялар тарту жəне инвестициялық климатты жақсарту мəселелерін қоса алғанда, екіжақты күн тəртібіне қатысты бірқатар мəселе бойынша дəстүрлі пікір алмасу өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков «Қазақстан үшін Еуроодақ ең ірі сауда-экономикалық əріптес болып табылатынын жəне екі тарап Кеңейтілген əріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім шеңберінде осы əріптестіктің барынша əлеуетін тереңдетуге мүдделі екенін» атап өтті. Сондай-ақ, ол өткен 10 жыл ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есеге ұлғайып, Қазақстан экономикасындағы Еуропа инвестицияларының көлемі 10 есе артқанына назар аударды. Сонымен қатар, делегациялар ішкі реформалар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі мен тиімді басқару мəселелерін қоса алғанда, саяси ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Сонымен бірге, кездесу барысында энергетика, көлік, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастық бойынша шолу жəне пікір алмасу болып өтті. Отырыстың күн тəртібіндегі жеке тармақ Орталық Азия бойынша Еуропалық одақтың стратегиясына өзекті сипат беру мəселесі

жəне 2007-2013 жылдардағы бұрынғы стратегияны іске асыруды бағалау болды. Қазақстандық делегация басшысының сөзі бойынша, Қазақстан стратегияны өңірдің орнықты дамуы үшін қосымша жағдайлар жасау құралдарының бірі ретінде қарастырады жəне оны жаңарту қажеттілігі туралы ЕО Кеңесінің 2015 жылғы болашақ төрағасы ретіндегі Латвияның бастамасын қолдайды. Сондай-ақ, отырыс шеңберінде соңғы жылдары Қазақстанның өңірлік көшбасшы жəне жаһандық қарым-қатынастар жүйесіндегі жауапты əріптес рөлін өзіне бекіткені атап өтілді. Оны «Partnership Instrument» жаңа тетігі шеңберінде Еуропалық одақтың Қазақстанды əріптес ел санатына ауыстыруы жəне елде дамуға ресми көмек агенттігін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны қуаттайды. Кездесу соңында тараптар Ынтымақтастық комитетінің кезекті 15-отырысын келесі жылғы күзде Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. «Егемен-ақпарат».


19 қараша

Е ЗЕРД

2014 жыл

Шолоховқа сыйланған ақ бота Жақында редакцияға 80-нің сеңгіріне шыққан, мəдениет саласында ұзақ жыл еңбек еткен Есімхан Меңешев аға келді. Қолында ескі сурет. Ақ ботаның суреті. Атақты жазушы М.А.Шолоховтың біздің елге келгендегі сапарына куə болған кісі екен. Ақсақалды əңгімеге тарттым. Ағамыз шешіле сөйледі.

– 1965 жылдың маусым айының ортасында Ғ. Мүсірепов бастаған бір топ ақын-жазушылар келді. Олар екі топқа бөлініп біздің оңтүстік аудандар – Фурманов, Казталов, Орда аудандарына Ғ.Мүсіреповтің өзі бастап, Хамза Есенжанов, ақындар – Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, Л.Кривошеев Казталовка өңірінен сапарын бастаған болатын. Бұл жолы осы топ ауданымыздың Құрманғазы кеңшарында кездесу ұйымдастырды. Қазір бұл шаруашылық Орда ауданына қарайды, – деп бастады Есімхан аға өз əңгімесін. Кездесу селолық клубта өтті. Өздерінің сапарларының жай-күйін айтып, сөз арасында Ғабит ағамыз былай дегені əлі есімде: – Осы биылғы 1965 жылдың мамыр айында атақты заңғар жазушы М.Шолоховтың Мəскеу қаласында 60 жасқа толуына байланысты салтанатты жиын өтті. Сол кездегі барлық одақтас республикалардан делегациялар қатысып өздерінің сыйсыяпаттарын беріп жатты. Өзбек, тəжік, түрікмен ағайындар дəстүрлі шапандарын кигізіп қайтты. Біз де шапан ала барғанбыз. Бірақ оны тапсырмай, былай дедім: – Қазақ халқы атынан, Михаил Александрович, сізге біз де құрқол келген жоқпыз, сыйлық əкелдік. Бірақ оны қазір бұл залға кіргізу қиын. Ол көздері мөлдіреген – ақ бота. Қазақтар ежелгі дəстүрі бойынша ең құрметті қонағына түйе сыйлайды. Ақ бота – достықтың, адалдықтың белгісі. Ол бота өзіңіз жақсы көретін аймақта, жыл сайын барып құс ататын жеріңізде монтиып жайылып жүр, – деген едім. Мəскеу қаласындағы Кəсіподақтар залындағы қол шапалақтау көпке дейін толастамады. Мен сендерге мұны айтып тұрғаным – досым М.Шолохов биыл немесе ендігі жылы осы өңірге демалуға келгенде сол ақ ботаны табыстауды сендерден қонақ ретінде қолқа салып сұраймын, – деген болатын. Айтқанындай, келесі 1966 жылдың күзінде дəстүр бойынша М.Шолохов Орал облысына келді. Сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мақсот Исқақов аудандық мəдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейтін мені шақырып алып былай деді: – Облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Бисен Жұмағалиев хабарласты. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы Ғ.Мүсірепов обкомға телеграмма беріпті. М.Шолоховқа уəде етілген ақ ботаны тауып, тапсыру керек екен. Ал оны біздің шаруашылық Құрманғазы кеңшарына тапсыруды жоспарлап отыр. Біз бір-екі күннен кейін сол жерде М.Шолоховты қарсы алып, ақ ботаны тапсыруымыз керек. Осы шараға байланысты сізге тапсырма: аудандық мəдениет саласы бойынша қонақтарға арналған концерттік бағдарлама даярлаңыз. Оркестр өнер көрсетсін. Құрманғазының күйлері орындалатын болсын. Бұл шараға М.Шолохов зайыбымен келеді, – деп тапсырма берді. Бір-екі күн ғана қалды. Тапсырманың аты тапсырма. Ол кездің тəртібі бойынша партия айтты, орындайсың. Ұйқысыз екі күн ішінде концерттік бағдарлама əзірледік. Белгіленген уақытында қасында зайыбы Мария Петровна Шолохова, сол кездегі обкомның идеология жөніндегі хатшысы Б.Жұмағалиев, Фурманов ауданының басшысы К.Меңдалиев бастаған қонақтарымыз Құрманғазы кеңшарына келіп тоқтады. Көп кешіктірмей клубта атақты жазушымен жұртшылықтың кездесуі басталды. Обком хатшысы Бисен Жұмағалиев құрметті қонақтың бұл жерге келген жағдайын түсіндіріп, негізгі мақсат – өткен жылы жазушының 60 жылдығы мерейтойы на Қазақстан жазушылары атынан аталған ақ ботаны тапсыру салтанаты екенін айтты. Сол кездегі шаруашылық партия комитетінің хатшысы Аманғали Оразғұлов жазушының шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасады. Жұмысшы Т.Садықов, мұғалім К.Ермекқалиева да М.Шолоховтың шығармаларына тоқталып, күй атасы Құрманғазы топырағына қош келдіңіз айтты. Жиналыстың соңында М.Шолохов өзінің сөзін жұртшылыққа арнап, өзім

Қазақстанның байырғы қазақтарының бірімін, себебі, Қазақстан менің екінші Отаным. Мен көп жылдар уақытымды Қазақстанда өткізіп келе жатырмын. Сонау соғыс жылдарында менің отбасым да Орал облысының Приуральный ауданының орталығы Дарьинскіде тұрды. Қазақтар дəмтұзымен бөлісті. Менің өзімді қарт қазақпын (казак емес) деуімнің сыры осында деді. Қазақтың күйшісі Құрманғазы қандай күрделі композициялық шығарма берген. Шіркін, заманында қажетті білім алса, оның жұлдызы қазіргіден де биік болар еді. Сіздер құрманғазылықтар осындай дарынды адамды орынды мақтаныш етуге құзырлысыздар деп залды ду шапалақтатып алды. Бұл жолғы сапарының негізгі мақсаты – қазақстандық досы Ғабит Мүсіреповтің өзінің 60 жылдығына атаған ақ ботасын көру екендігіне тоқталды. Ауданның басшылары кездесудің екінші бөлімі – осы ақ ботаны жазушыға тапсыру салтанатының сыртқы алаңда өтетінін хабарлап, аудан көркемөнерпаздарының күшімен даярланған концертті көрсеттік. Концертке жазушы, оның зайыбы Мария Петровна да ризашылық білдіріп, осындай сайын даладағы ауылда мынадай тамаша концерт көреміз деп ойлаған жоқ едік деп шын таңданыс білдірді. Əсіресе, аудандық мəдениет үйінің жанындағы домбыра оркестрінің Құрманғазы күйлерін орындауын жазушының зайыбы: «Не деген тамаша, осындай шығарма жасаған Құрманғазы қандай ғажап!» – деумен болды. Салтанаттың екінші бөлімі кеңшар орталығындағы алаңда басталды. Обком хатшысы Қазақстан Жазушылар одағының атынан қаламгерге бар салтанатымен жабуланған, көзі мөлдіреген ақ ботаны ноқтасынан ұстатты. Ал қаламгер қазақ дəстүрінен, əдет-ғұрпынан мол хабары бар екендігін білдіріп, былай деді: – Мен қазақтың түйе малы жөнінде көп естігенім бар. Түйенің ботасын өсіру қиынға соғатын көрінеді. Тіпті алғашқы 40 күн бойы оны жылы жерде ұстап, «көз тиеді» деп ешкімге көрсетпейді екен. Ол, əрине, «көз тиюден» қорыққандығы емес, инфекциядан сақтандырудың амалы шығар. Ботаның көзіне қызықпайтын адам болмаса керек. Қазақ ақындары жырларында сұлуларды ботагөз деп бекер айтпаған шығар. Мен де досым Ғабитке шексіз ризашылығымды білдіріп, осы ақ ботаны өсірген құрманғазылықтарға алғысымды білдіремін. Менің естуімше осында малшышопандардың балалары орналасқан мектепинтернат бар сияқты. Мен бұл сыйлығымды осы мектеп-интернатта тəрбиеленушілерге ұсынғым келеді. Ақ ботаны малшылардың балалары күтіп, қаз басып кеткенше жақсы өсіреді деп ойлаймын. Жəне де ботаны енесінен айырып алып кету – баланы анасынан айырумен бірдей. Ол мен үшін адамгершілік болмас еді, – деп, ақ ботаны өзінің жерінде қалдырды. Жазушының кемеңгерлігіне екі жақ та риза болып тарас ты, – деп қорытындылаған болатын. Сол күні Саралжын ауылынан қуана шалқып, əрқайсымызбен қол алысып қоштасып, өзінің демалып, шығармаларын жазып, аң аулап, балық ұстайтын, сол кездегі Фурманов ауданындағы «Бірлік» кеңшарына ақжарқын аттанған еді, – деп аға əңгімесін аяқтады. Есекеңнің əңгімесі мені ой орманын аралатуға жетеледі. Екі ұлы жазушының достығы қандай ғибратты. Ғабит аға жазушы досына ақ ботаны сыйға тартуы – халқымыздың ұлылығын, дархандығын паш етіп тұрған жоқ па? Ал Михаил Александрович Шолоховтың ақ ботаны мектепинтернатқа тартуы – қазақтың болашағына тартуы емес пе? Бүгінгі күнде қошеметтер алтынмен апталып жатқанда, жоғарыдағы құрметтің қасында ол «алтындар» қара бақыр болып қалады екен. Ұлылар осындай қасиетімен ұлы болады екен-ау! Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы.

Алдымен əн, əншілік, оның асқар тау дай өкілдері хақында аз-кем толғаныс. Өнер сан-салалы, əншілік өзінше. Өмірге көз ашқаннан əнші болуды армандап, мақсатқа жеткен дарабоздар миллиондаған тыңдарманға өлшеусіз рухани нəр берумен бірге, қаншама жас талапкердің қиялына қанат бітіріп, алда олардың да əншілік жолды таңдауына себепкер болғандарын білді ме екен? Əй, қайдам. Ол жезтаңдайлар, мықтағанда, елге қызмет етіп жүрміз деуден аса қоймаған да шығар. Ал, ақиқат əлгіндей. Кейінгі буын əншілер оларды үлгі санап, пір тұтқаны даусыз. Бұл пікірді енді өзіміз білетін деректермен дəйектеп көрейік. Мұны бір жағы, кезінде атақтары жер жарғанмен, бүгінде біразын ешкім біле бермейтін, бірлі-жарым көз көргендерден бөлек ешкім ойға алмайтын, есімдері есте қалатын іс-шаралар ескерілмей, елеусіз, атаусыз қалып келе жатқан тұлғалардың аруақтарына тағзым ету үшін жазып отырмыз. Айтыңызшы, Лəззат Сүйіндікова туралы естуіңіз бар ма? Сіз болмағанмен, бүгінде жастары алпыс не одан асқан, жетпіс, сексен, тоқсандағы ұрпақ өкілдеріне ол есім бес саусақтай белгілі екеніне иман кəміл. Олар тек сол күміс-

www.egemen.kz

«Молдабай», «Əпитөк», «Қалқа», «Нұркейдің əні», «Зұлқия», «Топайкөк», «Шама», «Əупілдек», «Нақ-нақ», «Қызыл бидай», «Бүркітбай» тəрізді əндер де ешкім орындамаса, құлақ естімесе, келмеске кетті демеске не лаж? Қайсыбірін айтайық, ұмыт болған əншілер де, əндер де толып жатыр-ау, толып жатыр. «Желдірмелері» желдей есетін арқалы ақын Иса Байзақов та елденерек əнші болғанын кім біледі қазір? Сондықтан да шығар, кейбір деректерде оның соғыс жылдарында концерт бригадалары құрамында елге шығып тұрды делінетіні. Ал, менің оны 1945 жылы сахнаға шығып, басын біресе оңға, біресе солға бұрып, құйқылжыта əн салғанын көргенім жадымда. Орталау мектепте оқып жүргенде «Əдебиеттік оқу кітабында» «Көк күмбез шатыр киген Зайсан көлі» деген өлеңнің жоғары жағындағы суретінен бірден танып, «ой, мынау баяғы артист қой» дедім жанымда отыратын кластас Немат деген балаға. Əдебиеттен сабақ беретін мұғалімге де айттым. Енді жоғарыда айтылғандарға кеңірек тоқталайық.

Сахнаға қалыңдау қара шашын желкесіне түйіп, жеңі шолақ, қоңыр түсті көйлек киген, өңі сұсты, орта бойлы, қара торы қыз шығып, жұртқа бас изеді де, жанында тұрған музыкантқа көз қиығын тастады. Баян шалқи жөнелді. Іле əн қалықтады. Əн! «Қарлығаш!». Айтары жоқ, əн де, əнші де керім. Өңі сұсты қара торы қыздың өзін ұстауы, орындау мəнері бұған дейін көріп жүретін əншілерге ұқсамайды, бітім-болмысы басқа, өзгеше. Нəркес көздері жарқ-жұрқ етеді. Көпшілікке сəл-пəл бас иеді, сəл-пəл жымияды. Əнші қыз көптің сұрауымен «Қар лығашты» екінші рет орындады. Бұл жолы ол барынша ширығып, бұрынғыдан да серпіле, құлшына шырқады. Əсіресе, «Құралай көз, қолаң шаш» деген қайырмасына келгенде, екі қолын кезек-кезек алға сермеп, барынша беріліп, шабыттана шырқағаны осы күнге дейін есте, көз алдымда. Ашық

. » ш а є ы л р а Ќ « ? – м і і с к е р н ґ а є т а д н Ə ўѕєыш орын т ы н О Атаќты Ришат жəне Мїсілім Абдуллиндердіѕ əпкесі, Əлібек Дінішевтіѕ анасы Камила Абдуллина еді Зəкір АСАБАЕВ, жазушы.

көмей əншінің жасы ұлғайған соң Парижде тұратын қызының қолына барып, ұзақ жылдан соң сонда дүние салғанынан бейхабар болуы ықтимал. Ал, қазір көп айтылмайтын халық əндерін кезінде қазақ радиосы мен теледидардан тамылжыта шырқайтын Лəззат Сүйіндікова есіміне біз сонау өткен ғасырдағы 50-ші жылдардан бастап қанық болатынбыз. Кейін сахнадан талай көріп жүрдік. Көп алдына қарапайым ұлттық киіммен шығатын шағын денелі, жылы жүзді Лəззат əнші бəлсінбей, жер тепсініп тұлданбай, көзге түсудің қитұрқы айла-шарғысына бой алдырмай, інжумаржан əндерді келістіре шырқаумен шектелетін. Амал қанша, осы күнде сол əншінің өзі ғана емес, ол шырқайтын əндер де ұмытылды. Мұра жинаушылар бұл жайлы не істеп, не қойып жүргендерін өздері білер. Біздіңше, Лəззат Сүйіндікованың таспаға жазылып, алтын қорда сақталған əндері аз болмауға тиіс. Өнер саласының оқу орындарында соларды кəдеге жарату артық болмас, сірə. Бірақ жоғары атақтың бəрін еңсерген соң, олар аздай, қалағаныңша ақша ал да, маған диссертация жазып бер дейтін əншісымақтар көбейген тұста, көзі тірісінде жөнді марапат көрмеген Лəззат Сүйіндіковаға жоқшы табыла қояр ма екен. Бірдеңе деу қиын, əрине. Əншілігі кім-кімді де бірден баурайтын, қай əнді де ерекше мақаммен шырқайтын Сара Мамытованы да білетіндер сиреген шығар. Өткен ғасырдағы Отан соғысы кезінде күллі республиканы аралап өнер көрсететін топ ішінде Сараның өнері мен тұрпаты, адами қасиеттері қазіргі халық əндерін бұзып орындаса да, кереметпіз дейтіндерден əлдеқайда биік болатын. Паһ, шіркін! Оны да күллі қауым төбеге көтерді, ардақтады, əлпештеді. Оқта-текте əндері радиодан беріледі. Оған да тəубе. Бұдан жиырма шақты жылдай бұрын ойда жоқта тұңғыш əрі соңғы рет кездейсоқ жолыққанда жарықтық «ұмытылдық қой» деп күлімсіреген-ді. Əлі солай-ау, тегі. Аса дарынды, ерекше жаралған, Нұрғиса Тілендиев жоғары бағалаған керемет əнші Кенжегүл Сыздықова мен Сара Мамытова жайлы айтып-жазып жүретін бір ғана жанашыр болса, ол өзі де нəзік жаратылыс, əйбəт əнші, өнертанушы – Алтын Иманбаева. Арғыбергі əншілерді ардақтап, насихаттап жүретін Алтынның еңбегі бір төбе. Бірақ бір адамның қолынан барлығы келе берсін бе? Лəззат Сүйіндікова, Сара Мамытова, Кенжегүл Сыздықова, Хафиза Əбуғалиева, тағы басқалар тұрмақ, Кеңес өкіметі орнаған жылдардан бастап күллі қазақтың даңқын асырған Қосымжан Б а б а қо в , Ғ а б б а с А й т ба е в , Қ а л и Байжанов, Рабиға Есімжанова, Байғабыл Жылқыбаев, Əли Құрманов, Бісміллə Балабеков, Мағауия Көшкінбаев сынды əншілердің аттары аталмайтын болғалы не заман. Олармен бірге сол ағаапалар шырқаған «Сапар», «Юран-ай»,

Соғыс жылдарындағы ахуал қиын-ақ еді. Тұрмыс жүдеу, ішер ас, киер киім тапшы, соғысқа кеткен боздақтардың көбі кері оралмады. Біз тұратын «Ынталы» колхозынан төртбес шақырым жерде «Бесқұбыр» МТСына қарайтын «1 Май» колхозы бартын. Нағашыларым сонда. Жиі барып тұрамыз. Əжемізді көргенше асығамыз. Соғыс бітетін жылғы көктем. Əкеміздің аман-сау екенін білеміз, бірақ қашан келетінін білмейміз. Ойда жоқта үлкен нағашымның менен екі жас үлкен ұлы Бəкір ауылға келді де: «Ертең соғыстан қайтқан бір топ əскер алдымен біздің колхозға келеді екен. Ішінде сенің көкең де болуы мүмкін. Алматыдан əртістер келіпті. Олар Дайраштың бауында концерт қояды екен. Бүгін де, ертең де концерт болады, соған жүр», – деді маған. Не тұрыс. Құстай ұштық. Айта кетейін, «1 Май» аудандағы тұрмысхалі дұрыстау колхоз. Орталық көшеге тас төселген, телефон байланысы бар. Шағын клуб, еңселі мектеп үйі бар. Жеміс ағаштардың барлық түрі өсетін, көлемі он шақты гектарды алып жатқан «Дайраштың бауы» деп аталатын үлкен бауда аудандық жиындар, алыстан келетін атақты əртістердің концерті болып тұрады. Бұл жолы да солай болатын сыңайлы. Нағашыларымның ауылына əп-сəтте жетіп бардық. Енді кеш батсайшы. Ертеңгі жиын өзінше. Бізге бүгін болатын концерт керек. Ол бола ма, жоқ па, белгісіз. Əлдекімдер əлі əртістер келмепті деседі. Күн батып, қараңғылық түсті, күдер үзе бастағанда «болады екен» деген хабар жетті. Біз барғанда аядай сахнаның екі жағына екі-екіден май шам қойылып, жұрт жиналып қалыпты. Орындық аз, көп адам жерде отыр. Бір бұрышқа біз де қонжидық. Көзіміз сахнада. Кенет екі ер адам шыға келіп, біреуі қолында домбырасы бар екіншісін таныстырды да, шығып кетті. Домбыра ұстаған, орта бойлы, арықтау, сылыңғыр қара, көздері күлім қаққан əртіс бірден əуелете əнге басты. Бізге оның терме секілді ұзақсонар əнінен гөрі, бет-аузын құбылтып, оқыс қимылдар жасап, сан құбылта саңқылдаған даусы қызықтау көрінді. Ол шақта қол шапалақтаудан гөрі, жер тепкілеп, у да шу басымдау. «Бəрекелде! Қайта шық!» деген айқай-ұйқай. Əлгі əртіс бəлсінбей, екі-үш рет қайта шығып, тақпақ па, əзіл ме, бірдеңелер айтып, жұртты күлкіге көмумен болды да, кенет бойын тіктеп: – «Қарлығаш». Орындайтын... – деп əлдекімнің атын атады. Ол кезде əркім-əркімнен «Қарлығаш» дейтін жаңа əн шыққанын еститінбіз. Міне, енді сол əнді тыңдамақпыз. Концерт жүргізуді қолына алған жігіт «Қарлығаштың» авторын да, орындайтын кім екенін де айтса керек, бірақ, бұл күні де, ертеңіне де «Дайраштың бауында» болған концертте де ол жағы есте қалмапты.

дауыс, сұлу үн. Пай-пай! Жүрекпен айту осындай-ақ болар. Ертеңіне «Дайраштың бауында» тағы да концерт болды. Түс кезінде. Адам көп. Аудан басшылары да келген болу керек. Бірақ... Ол күні соғыстан оралуы тиіс əскерлер (майданға кеткендерді солай атайтын) келген жоқ. Менің əкемді осында күтіп алып, ауылға бірге қайтамыз деген үмітім желге ұшты. Əкем содан бір жарым айдан кейін келді (оны «Қызыл ту» стансасында туған інісі Əтембай жəкем екеуміз күтіп алғанбыз). Нағашыларым тұратын «1 Май» колхозындағы концерт əлі күнге есте. Көп жайды кейін білдік. Əрі əн айтып, əрі концерт жүргізген Иса Байзақовты көру бір бақыт екенін де кейін бағамдадық. Онан соң, Исамен бірге концерттік топта болған анау... «Қарлығашты» шырқаған... өзі де, əні де əсем, сұсты қыз... Сонысымен есте қалған оның кім екенін білу ол кезде де, кейінгі ондаған жылдарда да ойға келген жоқ. Ол түгіл, біз пақыр сахнадан тұңғыш тыңдаған «Қарлығаш» əнінің авторы Ахмет Жұбанов екенін білдік пе? Əрине, концерт жүргізуші айтқан шығар, бірақ, ол да есте жоқ. Көп нəрсе есте жоқ. Иса Байзақовтан өзгесі. Онда да, Иса ақынмен əдебиет оқулығы арқылы «екінші рет кездескенде» (Сондай тақырыппен жазған шағын əңгіме бұдан көп жыл бұрын «Балдырған» журналында жарияланған). «Қарлығаш». Біз оны алғаш тыңдаған кезде орындаған кім? Оқта-текте осы сұрақ ойға келетін. Лəззат Сүйіндікова, Үрия Тұрдықұлова, Сара Мамытова... Жамал Омарова... Жо-жоқ, олар емес... Басқалар да емес, онда кім? Егер амансау болса, қазір Алматыда тұратын болуы да мүмкін-ау. Кейде осындай қияли ой қылаң беретін. Үмітсіз шайтан, күндердің күні... бəлкім... ...Жасы тоқсанға таяп өмірден озған байырғы журналист, белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері Мұса Дінішевпен он алты жыл қызметтес болғанда, өзі айтпаса да, айналадағылардан оның кештеу үйленгені, үш ұлдың анасы – əйелінің оған тұрмысқа шыққанға дейін филармонияда əнші болғаны, əрі, ол ағайынды Ришат жəне Мүсілім Абдуллиндердің туған əпкесі екені жайлы естіп, кейін бəрімен таныс-біліс, дəмдес болып жүрдік. Мұсекеңнің зайыбы Камила Мұқымқызы Абдуллинамен оқта-текте кездескенде оны бір жерде көрген сияқты бола беретінмін. Қой, мүмкін емес, қайда, қалай көруім мүмкін? Оның үстіне, Камила апай Мұсекеңнің қалауымен сонау 1950-жылдардан бастап үй шаруасы, бала тəрбиесімен айналысқан болса. Айтпақшы, оның филармонияда əнші болып істегені рас па екен? Əн шырқай ма? Əрине, рас. Ришат пен Мүсілімнің əпкесі əн сала алмай ма? Жəне екі інісін оқытып-тоқытып, өнерге баулыған болса...

5 1972 жыл. Мұсекең 60 жасқа толып, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталды. Біз оны 5 май күні жұмысқа келгенде құттықтадық. Мұсекең жұмыстан кейін қызметтестерін үйіне шақырды. Көңілді отырыс. Əзіл-оспақ, əн-күй. Сол күні консерваторияның екінші курсында оқитын Əлібектің пианиноға қосылып салған əндерін бірінші болып тыңдадық. Камила апайға қарап (құдай аузыма салғандай): «Балаңыз əлемге белгілі əнші болғалы тұр екен», – деп қалдым. Камила апай: «Аузыңа май. Бұған дейін Əлібектің əн салатынын ұстазы Шарипова мен Мұса екеуміз ғана біліп, құпия ұстаушы едік. Бүгін сендерге көрсетіп отырмыз»,– деді салқындау үнмен. Дастарқан басында Жекен Жұмақанов, Шəрбану Құмарова, Жағда Бабалықов, Қажкен Ахметов, Қуандық Шаңғытбаев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Шəрбану Бейсенова, Сағат Əшімбаев, Марат Мəжитов, Владимир Мыльников отырған-ды. Əлібектің əні, менің əлгі сөзімді олар да естіді. Сөйтіп... Мен: – Апай, жас кезіңізде əнші болғансыз ба? – дедім тағы да тек отырмай. – Болсақ, болған шығармыз, – дей салды. – Филармонияда ма? – Филармонияда да, басқасында да... Сол-ақ екен, жұрт апайдан əн шырқауды өтінді. Апай бəлсінген жоқ. Қазақтың «Бір бала», «Секіртпе», «Əпитөк» секілді əндерін бірінен соң бірін төгіп-төгіп тастады. Па, шіркін! Неткен талғам, неткен сезім! Дауыс қандай! Əлі бұзылмаған, қалпында дерсің. Апай сəл еркінсіп, адуындылау сөйлейді екен. Сирек күледі, жымиюдан аспайды. Ағайынды Абдуллиндердің əпкесі басқаша болсын ба? Ришат та «мен сирек күлетін адаммын» дейтінін талай естігенбіз. Мені тағы да түлен түртіп: – Апай, «Қарлығаш» кімнің əні? – дейін, əй-шəй жоқ. – Кімнің əні болушы еді, Ахмет Жұбановтың əні! – деді таңданғандай қалыппен. – Онда соны айтыңызшы! – Айта алмаймын, шама жоқ, қонақ күту оңай деймісіңдер? – Апай, «Қарлығашты» бұрын айтып па едіңіз? – Айтқанмын. Бірінші болып айттым десем де болады. Немене, саған «Қарлығаш» ұнай ма? – Ұнайды. – Елге шыққанда да айтқансыз ба? – Айттым дедім ғой, айтқанмын! – Апай, Иса Байзақовты көрдіңіз бе? – Сұрағың көбейіп барады ғой, оны қайтесің? Талай рет гастрольге бірге шықпадық па? Əнді бабына келтіріп шырқайтын. – Ол ақын емес пе? – Мен білетін Иса əнші болатын. Солай деген Камила апай асүйге шығып кетті (қонақ күту қамы шығар, дегенмен, ренжіп бара жатқан жоқ па деген де күдік келе қалды көңілге. Онда, кінəлі – мен, əрине). Бəлкім, солай, бəлкім, олай емес. Осы үйдің табалдырығын аттағалы ешкім дəл мендей еркінсіген жоқ-ты. Мен тəуекел еттім. Реті келіп тұрғанда көкейдегі түйткілді неге сыртқа шығармасқа деп. Себебі, өзіме мəлім, басқа ешкім білмейді. Білуі мүмкін де емес-ті. Камила апай екі бастан... 1945 жыл. «1 Май». Клуб. Концерт. Иса Байзақов... Əн. «Қарлығаш». Сол жолы оны шырқаған кім? Қарсы алдымызда отырған Камила апай емес пе? Қисыны келе ме, əлде... Осы жерде тіл байланды. Біз тұрмақ, атақтары жер жарған екі бірдей інісі Ришат пен Мүсілім, тіпті, «Мəдениет жəне тұрмыс» журналының редакторы, біздің бастығымыз, үй иесі Мұсекеңнің өзі «абайлап» сөйлесетін апайға енді əрі қарай тағы да сұрақ беру, сыпайылап айтқанда, жүрек жұтқандық болар еді. Əйтсе де... Бəрібір... Ұзақ жыл көңілді күпті еткен сұраққа жауап табылғандай болды емес пе? Қанағат!.. Камила Мұқымқызы Абдуллина, əлбетте, кəсіби əнші. Бұрынғы. Біртуар. Талғам-түйсігі қазақ өнерінің қос жұлдызы – екі інісінен асып түседі дегенді сан мəрте құлағымыз шалған. Ол, əрине, жоғарыда – сөз басында – аттары аталған əншілерден бір мысқал кем емес, егер артық болмаса. Əншіліктен ерте қол үзді. Есесіне, қазақ өнеріне есімдері алтын əріппен жазылған СССР халық артисі Ришат жəне Қазақ ССР халық артисі Мүсілім Абдуллиндерді қатарға қосты. Əлемге белгілі əнші, СССР халық артисі Əлібек Дінішевті тəрбиелеп өсірді. Бір адам үшін аз ба, көп пе, бағамдай бер. Қайран, Камила апай! Аға буын əншілер. Алыптар. Ұмытылған деуге болатын аяулылар. Жо-жоқ! Ұмытылмайды... Ешқайсысы! Ешбірі! Ал, енді əңгімемізді солардан бастап, Камила Абдуллинаны еске алумен аяқтағалы отырғанымыздың сырын ұққан шығарсыз. Жə, солай болғай!.. Па, шіркін, «Қарлығаш»! Қанша рет тыңдасаң да құлақ құрышы қанбайтын əсем саз. Ахмет Жұбановтың «Абай» операсына еніп, жүрек тербейтін «Қарлығаш». Мəңгі жасайтын əн төресі. Шедевр. Классика... Ахмет Жұбановқа тағзым. Камила апайға тағзым. Рухтарың шат болсын! АЛМАТЫ. ––––––––––– Суретте: Камила апай мен ұлы Əлібек Дінішев. 60-жылдар.


6

19 қараша

Қ ҒЫРЫ

www.egemen.kz

ЖАҢ

2014 жыл

Жаєымпаздыќтыѕ бір тəсілін жасамайыќ Жамал ОТАШЕВА,

көпбалалы ана, еңбек ардагері.

Ата-бабаларымыз сəлемді сəнге емес, ізет пен инабатқа, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге құрметі деп білген. Бірақ жаһандану дейміз бе, əлде əлемдік өркениеттің көрінісі деп түсінеміз бе, бабалардан қалған тағылымды үлгілерді қырық құбылтатын болдық. Соның бірі – осы сəлемдесу еді. Іріген іркіттей іртік-іртік болып кеткен сол сəлемдесудің жайын бас газет біраздан бері көтеріп келеді. «Сəлем – сөздің анасы» деген мақалаға орай оқырмандардың ойлы пікірлері редакцияға аз келіп жатқан жоқ. Соның бір парасын «Етжеңдіде» (15 қазан, 2014 жыл) жұртшылыққа ұсынған едік. Бұл жолы да сондай ой-байламдардан тұратын оқырман хаттарын жариялап отырмыз.

Сəлем – сөздің анасы Қазір жасым 70-тен асты. Жастық қажырлы кезіміз кеңестік кезеңде өтіп, қызметте жүрсек те, ел, ағайын арасында сақталған салтдəстүр, əдеп-ибадан алшақ кеткеніміз жоқ. Бала кезімізден көріп, сезініп өстік. Жасырақ кезімде Тұщықұдық деген жерде 5-6 жігіт болып шоғырланып тұрғанбыз. «Ишанның баласы» деп бір емес, екі рет айдауда болған, Магадан түрмесін көрген атақты Əбдіжаппар молда келе жатыр екен. Жасы үлкен кісі, əрі ел сыйлаған молданы көрген соң əлгі тұрған жігіттер сəлем бермекке оңтайлана

Кісілік амандасудан танылады Қойлыбай ҚАРАЖАНҰЛЫ,

Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері.

бергеніміз сол еді, молдекең бізден бұрын «ассалаумағалейкум!» демесі бар ма?! Аңтаңбыз, əзілдеп-ашықтық танытты дейін десек, ол кісі салмақты, салиқалы адам, оның үстіне біздің арамызда онымен əзілдесіп-қалжыңдаса қоятындай да ешкім жоқ – өңшең жас жігіттер. «Көптің аты – көп, сіздердің жастарыңызды қосқанда менен жастарың асып түспей ме?» деді. Молдекең біреуден бірнеше адамның жасы үлкен болатындығын осылай айтқан. Қазақта көлікті, яғни аттылы, түйелі кісілердің де амандасу дəстүр-əдебі бар. Аттылы түйеліге жəне көпшілікке түсіп сəлем береді, қос аттылы екеуі де аттан түсіп амандасуға тиісті. Бұлар амандасудың реті болса, түрі ретінде қос қолдап амандасу қажеттігін айтар едім. Шаңыраққа сəлем беріп кіру де – мəдениеттіліктің белгісі. Келіндердің иіліп сəлем етуінің өзі – сыйластықтың, құрметтің, кішіпейілділіктің көрінісі. Сондай-ақ, сəлем берудің қазіргі қолданысында ер адам мен əйел адамға қатысты өзгерісі бар. Қазір сəлемдесудің сұйылып кеткенін жасыра алмаймыз. Көлікте отырған келіндердің жасы үлкенге түсіп сəлем берудің орнына «ата, сəлем етіп жатырмын» деп ырымын жасай салатын сəттері де кездеспей қалмайды. Ал «приветик», «как дела?», «салам» деп қолын көтеріп өте шығу, ал жастардың кездескен сайын жəне қоштасарда бір-бірінің жабысып бетінен сүюі тіпті ерсі. Өзге тілдерде амандасуды сəн етудің қажеті жоқ, ол тек жосықсыз еліктеушілік деп есептеймін. Бірнеше тіл білген жақсы, бірақ оларды қажетті жерінде қолдану керек. Ретсіз былдырлап-шүлдірлей беру – қауіпті, себебі, бүгінгі жастар келешектің тəрбиешілері. Олардың да мойнында ата-баба, ұлт алдындағы жауапкершілік бар, ұлы парыздың салмағын осы бастан сезініп, оны адал атқаруға дайындала беруі тиіс. Қызмет бабында «саламатсыз ба?» деп, ел арасында «сəлем бердік» деп, ал қатар-құрбы «сəлем» деп сыпайы амандасқандары жөн, бірақ негізгі амандасуымыздың тамыры сонау ата дінімізден бастау алып, жоғарыда айтылған қос сөздің аясында жатқанын қашанда жадта ұстауымыз керек.

Кемеңгер Абай адам баласының жаман қасиеттерінің барлығын жалқаулыққа апарып тіремейтін бе еді? Сол тəрізді жалқаулық секілді жағымпаздықтың да «түбін қазсаң» «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүруге бейім, қабілетсіздікке, дарынсыздыққа, тіпті, имансыздыққа бастайды. Өзінің ісіне, білім, білік қарымына сенетін кісі ешкімге де жағымпазданбайды. Қазақта тектілік деген түсінік бар. Текті адам жағымпаз бола алмайды, оған төзе де алмайды. Жағымпаздық қасиет өзінің малы мен жанын, маңдай тер, еңбегін ғана білетін қарапайым жандарға тəн емес. Кездейсоқ болса да қолы шамалы қызметке жеткендер алдындағы бастықтарға жағынып, одан əрі жоғары өрлегісі келеді. Жағымпаздың аяғы тайғанақ келеді, ол жеткен биігінде қалтылдап тұра алмайды. Осы қасиеттің адамдар бойында өршуіне кейде қоғамның өзі «жол беретіндей» көрінеді маған. Қазір ауыл əкімі, аудан əкімі секілді, басқа да қызметтегі балалар жұмыс бабымен жүргенде ақ шашты аналарға, қарияларға сəлем беруді білмейді. Шіреніп тұрып, қарт кісілерге сəлем берсе аттан түсіп қалатындай көрінеді. Енді осы қарттардың арасында бір бай кəсіпкердің, үлкен төренің анасын, əкесін көріп қалса, əлгі кісі жүгіріп келіп, басқа кемпір-шалдарды ысырып қойып, əлгілердің аяғын жерге тигізбей, жалпылдап амандасып жатады. Сонда басқа қарттар үрпиісіп қалады. Көпшіліктің алдында жүрген соң ба, жағымпаздық қызметтегі жандардан жиі байқалады. Ол өз қызметіне адал қарамаудың, халықтың жағдайын ойламаудың көрінісі деп білемін. Біз қашаннан ауылда тұрамыз. Тұрмыстық мəселе мазалағанда ауылдан ауданға, ауыл орталығына үйіндегі малын, шиеттей бала-шағаны тастап бару оңай емес. Асығып келеді. Ауылдың осындай жағдайы аудан орталығында отырған бастықтардың барлығына мəлім. Əрине, олардың белгілі қабылдау күні де болады. Дегенмен, бір келген соң, жұмысын айтып кетейін, қайта-қайта əуре болмайын деп есіктің аузында телміріп отырғанда, өзіндей басқа бір кісі келсе, алдындағы жауапты адамдар оны бастыққа кіргізіп жібереді. Өйткені, ол бір «мықтының» адамы. Жағымпаздық қайда жатыр?.. Халқымызда «екі шалдың ортасында бір бала дана болады, екі баланың

Деѕгейіѕ ќандай, жас маман? Алмас ТҰРТАЕВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

Енді қалыптасып келе жатқан замандастарымыздың бюрократиялық қасиеттерді бойына ерте сіңіріп, өмірді кабинетінің терезесінен ғана танып, қалыптасқанын көргенде өзекті үлкен өкініш өртейді. Неге? Өйткені, ол – осы елдің ертеңі. Ал болашағың саналатын жас өрен қарапайым халықтың жағдайын білмесе, онымен тонның ішкі бауындай араласып кете алмаса, өкінбегенде қайтесіз?! Қызмет бабында, азғантай ғана ғұмырымызда талай адаммен аралас-құралас болдық. Сондай кезеңдерде емен есікті ерте ашқан жас мамандардың халыққа шекесінен қарап, жұртты менсінбей, қолының ұшын беріп, сұрағына ернін жыбырлатып жауап қатқанына куə болып жүрміз. Шынашақтай ғана баланың сексеннің – «Салам», «Қалайсың?» жəне «Привет. Дəл осылай сəлемдесумен қазақы болмыс тан алыстап бара жатқан жоқпыз ба? Бұрын көптен бері бір-бірін көрмегендер төске төс түйістіре құшақтасып, тай-құлындай шұрқырасып жататын. Одан əрі «Малжан аман ба?», «Бала-шаға сау ма?», «Үлкендер күйлі-қуатты ма?», «Ауылаймақ, бота-тайлақ аман ба?», деп шұбырта жөнелетін. Екіншісі де қалыспайтын, «Көрші-көлем», «Құдажекжат», «Айнала тегіс аман ба?», десіп, ауыл асып, сон-а-ау басқа қалада оқудың жілігін кеміріп жатқан баласына дейін сұрасып, əрең тоқтайтын. Кішкентай бала көшеде жасы үлкен қарияға «Ассалаумағалейкүм, ата!» десе бітті, құйтақандай баланың сəлем бергеніне іші-бауыры елжіреп кеткен ақ күмістей сақалды, сеңгір бөрікті қария: «Уағалейкүмассалам, бар бол, балам! Дəу жігіт бол!», деп сəлемдесудің соңы ақ бата берумен аяқталатын. Бұл – бұрын. Бұрынғының адамдарының осылай амандық-саулық сұрасқанының өзіне ішпей-жемей көңілің тойып қалатын. Бұл амандасудан екі адамның бір-біріне деген ыстық пейілі танылып, сол жағымды аура жан-жағындағыларға да əсер ететін. – «Саламатсыз ба?» «С-саламатсыз-з...» Қазақ пен қазақ осылай амандасатын болды қазір. Сөздерін тісінің арасынан, бейнебір тілі таңдайына жабысып қалғандай, қинала, əрең шығарады. Одан əрі сəл ғана кідірсе, екіншісі тарпа бас салып, желімдей жабысып, айрылмай қоятындай, екеуі де үркек атша осқырынып, тезірек бір-бірінен құтылу үшін асығыс өте шығады. Бұл – қазір. Қазіргінің адамдарының амандасуына қарасаң қарның ашып, жүдеп қаласың. Бұл амандасудан екі адамның бір-біріне деген салқын пейілі танылып, сол жағымсыз аура

сеңгіріне жеткен ақсақалға əкіреңдеп жатқанын да естиміз. Түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын тетікті орындарда отырған жастардың өз қызметін жүрдім-бардым атқарып, алдына келген адамға жөні түзу сөз айтпай, есікті нұсқаған кездер де кездеседі. Зор білімге иек артудың орнына, қызыл сөз, көбік əңгімеге елірген жастардың мансаптық жолында өлермендікпен алға ұмтылғанын да көрдік. Отан алдындағы міндетті лепірме сөз деп қабылдайтындар да бар. Өндірісте піспей, шаруашылықта бір шырпының басын сындырмай, өнеркəсіптен бейхабар күйінде қызметке қонжиып, сол орынды атасынан қалған мұрадай көретін жастарды да білеміз. Əрине, өскелең ұрпақтың бəрі сондай десек, қателесер едік. Елгезек, елге жаны ашып жұмыс істейтін, үлкен білім жиған жастарымыз да бар. Дегенмен, олар жоғарыда біз сөз еткен замандастарының

жан-жағындағыларға да əсер етеді. Адамзат баласы ғылымда, техникада үлкен жетістіктерге жетіп, ғалам дамыған сайын, электрониканың арқасында қалалар мен қалалар

ортасында бір шал бала болады» деген сөз бар. Бұл əркімге айналасы, ортасы ықпал етеді деген мағынаны меңзесе керек. Осыған «айналасында жағымпаздары көп болса, бастықтың ісі шала болады» деп қосып қойғым келеді. Маған жағымпаздық кері кетудің белгісіндей көрінеді. Жағымпаздар тек материалдық байлықты ғана көреді, олар кісінің рухани байлығын тани алмайды. Көкірегі алтын сандық жандармен бұл қасиеттің жолы бірге емес. Бір құдайы, тойларда болғанда кейбіреулер тіпті, арзандап, алтынды көбірек тағып барғандардан көзін ала алмай, жалпылдап жатады. Ал бар алтыны ішінде жандарды жолында тұрса қағып кетуге бар. Баяғыда жас кезімде бір мекемеге жаңа басшы əйел кісі келіп, соған қатардағы қызметкер «қойыңды қалай айдайын» деп алдына түсіп, жүгірді. Ерсілігі де білініп тұрды. Жаңа басшы əлгі қызметкерді өзіне орынбасар етіп алды. Кеше ғана бірге жүрген жаңа басшымен еншісін қосқандай, екеуінің жұбы жазылмады. Біз көзге ілінуден қалдық, сəлемдеспек түгілі, сəлеміңді алмайтын дəрежеге жетті. Ақырында екеуі ұрысып тарқасты. Басшы лауазымынан кетті, кейін екеуі бірін-бірі танымайтын кісідей жүрді, хабарласпайды да. Мұндай жағдайлар бүгінде де ер-азаматтардың арасында да кездесіп қалады. Жағымпаздық бен «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген ойдың арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Екеуі екі түрлі нəрсе, салыстыруға, алмастыруға келмейді. Халыққа еңбегі сіңген азаматтарды қолдаса, қолпаштаса несі бар? Оларды күтудің, оларға сый-сияпат көрсетудің өзі айналасына үлгі, ісі кейінгі жастарға өнеге. Менің үлкен атамнан естіген бір сөз осы кезге дейін есімде қалыпты. Ол кісі: «Боларыңда болып өт, боз жорғадай желіп өт, боларыңды білмесең, болған ердің қосын жек» деп отырушы еді. Осыны əулет бетіне қараған атам айтса да, кейде жағымпаздыққа үндеген сөз бе деп қаламын. Бірақ атамның ойы жақсының жанында жүр дегені болар. Жақсыға жанасу, одан үлгі алу, оны қолдау саналыға жағымпаздық бола қоймас. Ал жағымпаздар жақсыдан үлгі алмайды, олар өздерін жақсымын деп ойлайды. Ар-ұятты жоғары ұстайтын кісі үшін бұл қасиет өте төмен. Ал жағымпаздық судай таза сол ар-ұятты ластайды. Менің пайғамбар жасынан асқандағы түйгенім осы». Қостанай облысы, «Алтын дала» ауылы.

кері əрекеттерінен тасада қалып қойып жатады. Бүгінде Қазақ еліне білікті де білімді, алымды да шалымды жастардың ауадай қажет екені ақиқат. Себебі, олар ертең тетікті жерлердің құлағын ұстайды. Мемлекеттің маңдай терімен құрылған бағдар ла малар мен жобаларды іске асырады. Сондай кезеңдерде бюрократиялық əдетке салып, жұртқа жөнді дұрыс жұмыс көрсетпей отырса, қабылдаған бағдарламаңнан да, оны іске асырмақ болған адамдардан да пайда болмай қалуы мүмкін. Біз егер Ресей жəне Белоруссиямен иық тіресіп бəсекеге түсеміз, өз нарығымызды кеңейтеміз, Қазақстанда өндірілген тау арды Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіне шығарамыз десек, онда бұл істе жас мамандардың орны ерекше. Бұл ретте олар өздеріне зор жауапкершілік жүктеліп отырғанын сезулері керек. Өйтпеген жағдайда кəсіпкерлер мен кəсіпорындардың жұмысы өнбейді. Осы мемлекеттің бағын ашатын, жолын даңғыл ететін, Мəңгілік Елге айналдыратын жастар. Сондықтан олардың жастайынан шенеуніктік қалыпқа енбей, халыққа қызметші сезініп өскенін қалар едік.

оның мағынасын «Сіздің төбеңізде бейбітшілік тұрсын» деген» деп ұғындырған. Сонда екінші амандасқан адам да «Уағалейкүмассалам», яғни «Сізге де бейбітшілік тілеймін»

қыз-жігіттерін көресің. Бұрын ата-бабаларымыз қос қолын ұсынып, не төс қағыстырып амандасса, қазіргі жастар бір қолын жоғары көтеріп, екінші адамның қолына тигізіп, батыстың

«Сіздіѕ тґбеѕізде бейбітшілік тўрсын» Сəулеш ШƏТЕНОВА,

«Кең Жылой» газетінің бас редакторы.

жақындаған сайын, жаһанданудың алып құшағы адамдарды епті, темір құрсауына орап алып, қос бүйірден қысқан сайын адамдар бір-бірінен мыңдаған шақырымдарға алыстап бара жатқандай көрінеді кейде. Апам (анамды осылай атайтынмын) «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп балаларын – бізді бауырмалдыққа тəрбиелейтін. Мектептің жетіжылдығын əзер бітірген менің данышпан анам ғана емес, барша қазақ отбасында балаға осылай қазақы тəрбие берілген. Сол бауырмал да кеңпейіл қазақ халқының қазақы тəрбиесін ғана емес, əлгі ып-ыстық сəлемдесуін де бүгінгі жаһандану үрдісі темірдей саусақтарымен бізден тартып əкетіп бара жатқандай болады кейде. Ал адамдардың бір-біріне деген қарым- қатынасы «сəлемің түзу болсын» дегендей, сəлемдесуден басталады емес пе? Қазіргі кезде сəлемдесудің мынадай да түрі бар. Көшеде қарсы кездесіп қалған екі таныс адам бір-біріне «Сəлем!», «О, сəлем!» десіп жатады. «Ассалаумағалейкүм» деген сөз бізге араб тілінен енген. ҚазМҰУ-де дəріс берген араб тілі пəнінің оқытушысы Мəрзия Мəженова деген апайымыз

деп жау ап береді екен. Бір-біріне «Төбеңнен бейбітшілік төніп тұрсын» деген неткен əдемі сəлемдесу десеңізші! Осыны білген ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осылай сəлемдесіп келді. Ал енді осылай сəлемдесуге қазіргі «уақыт-ақша» деп есептейтін бақайесеп қазақтардың уақыты жетпей, «Ас...» пен «Уағалейкүмас...»-ны алып тастап, «салам» деп қысқа қайырып, қысқартуға ұшыратты. Қалай болғанда да, түсінбейтін шым-шытырық əрі жауабы жоқ сауал көп. Баяғыда батыр бабаларымыз «Армысыз» деп те амандасыпты. Сəлемдесудің бұл түрі сөздік қорымыздан мүлде жоғалып кететіндей қауіптің алдында тұр. Бүгінгі сəлемдесудің тағы бір түрі – «Қалайсыз?», «Қалайсың». Адамдардың «уақыты өте тығыздығы» сонша, «сəлем-пəлен» демей-ақ, бірден танысының қал-жағдайын сұрап, екі қоянды бір оқпен атуға дайын тұрады. Кейбіреулердің асығыстығы сол, жаныңнан бір қора ит қуып бара жатқандай, басын шала-пұла изеп өте шығады. Өзің ишарат жасап үлгергенше, əлгінің қоянжонын бір-ақ көресің де мəумез болған қалпыңда қала бересің. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» дегендей, жасы үлкен ересектердің сəлемдесуінің түрі əлгіндей болғанда, жастардың сəлемдесуі тіпті оғаш. Көшеде, жұмыста, автобуста бір-біріне «Привет!», «Привет!» деп бас шұлғысқан қаракөз қазақтың

киноларында көргенін қайталап əуре. Үлгі алатын үлкендердің (40-50 жастағы) амандасу сиқы жоғарыда айтып өткеніміздей болғасын, не болса, соған еліктегіш жастарды кінəлай да алмайсың. Ал енді жастарды ата дəстүрден, қазақы болмысымыздан алыстатып бара жатқан сəлемдесудің осынау «үлгілерін» жоюдың жолдары қандай? Əр сəбиге ата-анасы ес білгеннен бастап жасы үлкен адамға «Ассалаумағалейкүм» деп қолын беріп амандасуды үйреткені дұрыс-ау. Екіншіден, кішкентай баласының көшеде жасы үлкен аға-апаларға, ата-əжелерге қалай сəлемдесетінін сырттай бақылап, «Үлкенге сəлемдеспеуің тəрбиесіздік, көргенсіздік» деп ұғындырып отырсақ қайтеді? Үшіншіден, балабақшада, мектепте педагогтар балаға сəлемдесу туралы арнайы сабақ өткізілсе, еш артықтығы жоқ. Педагогтар балабақша тəрбиеленушілерін, оқушыларды көшеге алып шығып, үлкен қарияларға сəлемдестіріп неге үйретпеске?! Бұл балалар үшін де қызықты əрі есте қаларлықтай əсерлі сабақ болары сөзсіз. Студент кезім болатын. Бір күні үйге келсем, əкем ренжіп отыр. Бір кезде: «Қарағым, маған пəленшелер қызың тəкаппар ма, бізге амандаспады» деп жатыр, сен осы үлкен кісілерге амандастың ба?», – деді. Қылмыс жасағаннан бетер қысылып: «Көрмей, байқамай қалған шығармын» деп ақталғаным есімде. Əкемнің сол сөзі

Халқымыздың ықылым замандардан бергі тарихы мен салт-дəстүрінде келін түсіру елеулі оқиға. Əрбір атаананың аңсаған арманы, көздеген тілегі келін түсіру. Ал енді осынау əр шаңыраққа шексіз қуаныш əкелетін бақытты сəтте отауға түскен жас келін оның ұйтқысы мен алтын қазығы, маздап жанар шамшырағы болса дейсің. Келіндермен бірге белгілі бір əулетке ырыс-құт, бақ-береке жəне күннің шуағындай жылулық пен жарасымдылық келіп кіріп, адал сүт еміп

Бўл ўстаным келіннен басталса Əмірхан ҚАРАСАЕВ, ардагер-ұстаз.

өскен тəрбиелі келін үлкендерге ізетпен иіліп сəлем берсе қандай ғанибет. Құдайға шүкір жеріміз кең. Сондықтан да еліміздің əр түкпіріндегі келін түсіру салты да бір-бірімен ұқсас келе бермейді. Міне, жасымыз сексеннің жуан ортасынан асып барады. Осы кезге дейін елдің əр қиырындағы бір-бірімен құдандалы болған ағайындарымызды жиі кездестірдім. Əрине, қай жерде де жаңа түскен келінге сын көзбен қараушылар аз болмайды. Олардың үлкендерге жайдары, ашық сəл жымиған күйінде сəлем беруін орынды көретіндер де аз емес. Бұл өте орынды тілек. Өз басым жалаң бас жүрмейтін, денелерін ашық-шашық ұстамайтын, үлкендер отырған жерде тəртіп сақтап ибалық танытатын келіндерге ризашылықпен қараймын. Ортамызда мұндай ізетті келіндер де жиі ұшырасады. Реті келген жерінде қайныларымен əзілдесіп сөзден ұтылмауға тырысатын олардың жеңгелерін айыптаудың да ешқандай жөні жоқ. Келін – басқа бір əулеттің ұрпағын жалғастырушы. Бала тəрбиесіндегі басты рөл де көбіне соларға жүктеледі. Ал отбасын құрған жас азамат оның асыраушысы. Халқымыздың салт-дəстүрінде бұл ерекшелік ежелден сақталып келген. Дегенмен, казіргі уақыт осы қалыптасқан санаға əжептəуір өзгерістер енгізіп, келіндердің де қоғамдық қызметке жаппай араласу үрдісі орныққан кеңестік кезеңде көптеген отбасылар өз ұлқыздарына орысша тəрбие беру тəртібін орнықтырды. Сөйтіп, отбасында орысша сөйлеп, орыс мектебін бітірген қыздар келін болып түскен кезде де жаңа барған жерінде тікбақайлау мінез көрсетіп қалатынын байқап жүруші едік. Олардың үлкендерге берген сəлемінің түрі де көңіл көншіте бермейтін. «Здравствуй» деген келін сəлемі бола ма? Дегенмен, ұлттық ой-сана қайтадан жаңғыра түскен бүгінгі кезеңде «Здравствуйдың» орнына келіндеріміздің аузынан «сəлем бердік» деген жылы сөздерді жиі естіп жүргенімізге де шүкіршілік ете аламыз. Иə, қалай дегенде де казіргі күні барған жеріне тастай батып, судай сіңіп, екі жақтың да мақтанышы болып отырған келіндер жеткілікті. Сөздің анасы осындай келіндерден басталса екен деймін. ОРАЛ. маған өмірлік сабақ болғаны сондай, əлі күнге үлкен кісілерді көрсем, əкемнің сол ескерту сөзі есіме түседі. Жаһандану дəуірінде қалалар мен қалалар, мемлекеттер мен мемлекеттер, ұлтттар мен ұлыстар бір-біріне жақындап, байланыс орнатып жатыр. Керісінше адамдар бір-бірінен алыстап, жат болып барады. Басқасы басқа, бір ауылда, бір көшеде тұратын көршілер бір-бірімен сəлемдесуден қалып барады. Құдды бір-бірін танымайтын, бұрын көрмеген жат адамдай амандаспайды. Неге? Адамдардың бірбіріне мұншалықты жат болуының нендей себебі бар? Осы сауал төңірегінде əр кім əртүрлі пікір білдіреді. Сондай пікірлерді екшейтін болсақ, кейбір жандардың психологиялық тұрғыда өзін өзгелерден артық санауы немесе басқа адамдарды өзінше əлеуметтік жікке бөліп қарайтын көзқарасынан пайда болатын тəрізді. Жасы 50, 60 пен 70-ті алқымдаған кейбір ақыл тоқтатқан ағалардың өзінен қызметі мен шені төмендерге немқұрайлы амандасып немесе мүлдем амандаспайтынын немесе басын кегжитіп жастардың сəлемін алмайтынын да көріп жүрміз. Ал сол ақсақал, қарасақалдар күні түсетін жоғары лауазым иесінің жасы кіші болса да оған анадайдан шауып барып, алдын орап, «Сəкелеп, Мəкелеп» жал бақтап амандасады. Мұндайда əлгі дөкей сəлемін алса, өзінен бастап, бүкіл түп-тұқиянына дейін қалжағдайын сұрап, иіліп-бүгіліп тұрады. Ата-бабаларымыздың сəлемдесу салты да осындайда есіңе түсе кетеді. Міне, үлкендердің тарапынан қазақы болмысымызға кереғар осындай оғаш мінез-құлықтар оны көрген жастарға да теріс ғибрат бермесе екен деп тілейсің іштей. Ал сіз қалай сəлемдесіп жүрсіз?.. Атырау облысы.


19 қараша

АТ ҒИБР

2014 жыл

Руханияттың айналасында жүргендердің барлығы ізгілікке жаны құштар бұл аяулы жанды жақсы біледі. Əңгіме еткелі отырған кейіпкеріміз Кенен Əзірбаев, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы сынды қазақтың біртуар тұлғаларынан бата алған. М.Есенəлиев, Ө.Жəнібеков, Ғ.Мырзағалиев, К.Смайыловтай қайраткерлермен сырлас, пікірлес болды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың: «Əйтеуір басы ауырып, балтыры сыздағанның көбі сол кісіден жан жылуын іздеп келетінін білемін», деуі – бүгінгі біз əңгімеге тартпақ кейіпкердің табиғатына таразы болатындай. Əйтсе де, талай жыл Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, министрдің орынбасары сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған қайраткер ханымның есігін қағуға аздап жүрексінгенімізді де жасырмайыз. Əдетте кеңседе қызмет ететін адамдар қаталдау болады, ресми қызмет, былғары орындық, əсіресе, əйелдің сезімтал жанын қатыгездендіріп жібереді дейтін жалпы түсінік қой бізді кейін шегіндіре берген. Бірақ Ғайникен апа Бибатырова біз ойша елестеткен образға мүлдем кереғар болып шықты. Ғалымдар үйіндегі кеңсесінің табалдырығын аттауымыз, келуіміздің себебін түсіндіре бастауымыз сол еді, кесесі мен шəйнегін ортаға қойып, бар жақсысын алдымызға тосқан ақжарқын апаны сол сəтте-ақ меншіктеп үлгердік. Жүзінен нұр, жүрегінен мейірім төгіп тұрған аса мейірбан жан ə дегеннен көңіл түкпіріне жылылық құйды, тағылымды əңгімесі жанымызды бірден баурап алды. Тосылмадық, керісінше тосырқай барған сезімімізді еркелікке алмастырып, жақсы əңгімені бастап кеттік.

Єайникен БИБАТЫРОВА,

солай. Қаймағы бұзылмаған қазақы қалпымызды жүйенің ауысуы, қызмет, күйбеңнің қамы деп жүріп жоғалтып алдық. – Жоқтың орнын қалай толтырмақ керек? – Не дейін, айналайын, тəрбиедегі қазақтың сол педагогикасын мүлдем жоғалтып алмай тұрғанда, мектеп бағдарламасына енгізу керек секілді көрінеді де тұрады. Бұл бізге қазір аса қажет. Ғұлама əл-Фарабидің өзі: «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Қазір бəріне жол ашық. Еркіндік. Қайда барам десе де кедергі жоқ. Білім деп шетелге кетіп жатыр. Менің де балаларым сол жақта оқиды. Немерелерімді оқыта жүріп түсінгенім – шетелге кеткен балалардың психологиясы өзгеріп келеді екен. Сол жақтың өміріне ыңғайланып, қайтқысы келмейді. Сондықтан балаларды тым жас кезінде шетелге көп жіберу қауіпті. Əсіресе, қыз баласы өзге ұлттың етегінен ұстап,

м і ж ə е н і г е р ї «Ж » ы т т ы ќ а б н а ж н е г е тїсірм Ќазаќстанныѕ еѕбек сіѕірген ќайраткері:

Ќазаќтыѕ ќызы болу – їлкен жауапкершілік

– Апа, биыл мерейтойыңыз екен. Құтты болсын! Жаз күніндей жадыраған шуақты жүзіңізді көріп отырып, «жаны сұлу адамдар қартаймайтын шығар» деген ойға келіп отырмыз. Сол рас па? – Ол жағын білмеймін. Бірақ тағдырыма рахмет! Сүйікті жандардың ортасында сүйікті ісіммен айналысып келемін. Лауазымы биік, жауапкершілігі мол қызметтерде жүріп кейде шаршапшалдыққанда: «Зейнеткерлікке шыққанда бір тынығармын-ау, дем алып, оқымаған кітап əлемін игеріп, немерелеріңнің шат күлкісіне бөленіп жүрсең, соның өзі кісіге зор бақыт-ау», деп ойлаушы едім. Ол айтарға ғана екен. Үйде бір ай ғана отырдым. Өмір бойы, ертелі-кеш аттан түспей, шауып жүріп жұмыс істеген адам төрт қабырғаға сыймайды екен, елегізіп, біреу іздеп, көмек сұрап қалардай: «Апай қайда жүр?» деп тұрғандай күй кештім. Сонымен бір ай өтісімен-ақ, Ұлттық ғылым академиясының сол кездегі президенті, академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің шақыруымен Ғалымдар үйіне директор болып орналастым. Қазір осында кеңесші болып қызмет етіп жүрмін. Үйде отырған адам уайымшыл болып кетеді. Менің қартаю жайлы ойлауға уақытым жоқ. Кейде балалар, əсіресе, ағаларың: «Аяғым ауырады» дейсің де, бір жерге барсаң билеп кетесің?» деп қалжыңдайды. Меніңше, адам жанын қартайтпауы керек. Жүрегіне əжім түсірмеген жан бақытты. – Шынымен, апай, сіздің ерікжігеріңізге тəнтіміз. Қызмет пен отбасын қатар ұштастыру, сөйте жүріп бала тəрбиелеу, қонақ күту екініңбірінің қолынан келе бермейді. Əсіресе, қазақ əйелі үшін. Қиындықты қалай еңсердіңіз? – Оңай емес. Ол үшін отбасыңның, отағасы, бала-шағаңның қолдауы, көмегі керек. Партияның тынымсыз қызметі өте қарбалас. Соның бəрінде Қамит ағаларың түсініп, үлкен қолдау білдірді. Мұны тағдырдың теңдессіз сыйы деп білемін. Осы жағынан менің жолым болды. Мəскеуде оқып жүріп таныстық. Жанымыз жарасып, отбасын құрдық. Қазақтың қызы болу – үлкен жауапкершілік. Сол ғажап атақты абыроймен алып жүруге өмір бойы тырысып келемін. – Театр сыншысы Əшірбек Сығай дың «Руханият жоқшысы» деп жазғанын оқып едік. Əдебиет, мəдениет, жалпы, руханиятқа жан-тəніңізбен ғашық болуыңыздың, үнемі жанашыр болып жүретіндігіңіздің сыры неде? – Мұның сыры – анам Ажарханға байланысты-ау деймін. Ол кісі көне қазақ əдебиетін жақсы білетін, өзі өлең де шығаратын. Бірақ оның бəрі отбасының қуанышы мен мұңына арналып қана қала беретін. Күндізгі күйбең тірлік біткен соң, кешке қарай балаларын жинап алып, өзіне ғана тəн сұлу əуенімен «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Лəйлі мен Мəжнүн», «Алпамыс батыр», «Қамар сұлу» хикаяларын жатқа айтып отыратын. Кейде бір тұңғиық ойларға түскенімде: «Шіркін, анашым сол уақытта оқыса, тоқыса, шиеттей бала-шаға, біздер мазасын алмасақ, үлкен өнер иесі болар ма еді», деп армандап қоямын. Ал əкеміз Айдархан Бибатыров ата-анасынан ерте айырылып, жетімдіктің тауқыметін көп көріп өскен екен. Сондықтан болар, анамыз Ажархан

екеуі тоғыз бала сүйіп, бойындағы əкелік бар мейірімін бізге үйіп-төкті. Əрқайсымызға келешек тұлға ретінде қарады. Өмірінің соңына дейін балаларын «сіз» деп өтті. «Сіздің оқуыңыз қалай?», «Мектепке бардыңыз ба?» деп отыратын, жарықтық. Сүйегі асыл адамдар еді ғой. Сондай жауапкершілік сезімі мен отбасындағы сыйластық осы мінезімнің қалыптасуына ықпал еткен шығар, бəлкім. Жалпы, мен əкем мен шешемді іштен туа тұлға болып жаратылған адамдар деп санаймын. Баланың үлкені болғандықтан, «төл басым» деуші еді. Тума-туғанға, көршіқолаң, үлкен-кішіге шуақтарын шашып жүретін. Ақсақалды қариялар, ақ самайлы аналардың өзі де қиын-қыстау жағдайда үлкен ілтипатпен: «Айдаш пен Əжікенмен ақылдасайық, олар не көмек көрсетер екен?» деп отыратын.

Тəрбиеде кемшілік кґп – Балалық шағы соғыстың зұлматымен тұспа-тұс келген ұрпақтың өкілісіз. Бала Ғайникеннің бүгінгі балалардан қандай айырмашылығы бар еді? – Соғыс бізді шыдамдылыққа, қиындықты қайыспай еңсеруге үйретті. Құдайға шүкір, бəріне көндік. Аштан өлген жоқпыз. Əлі есімде, бала күнімде аяқ киімім болмай, əкем марқұм мектепке көтеріп апаратын. Жылы шұлғаумен аяғымды орап, ешкім көрмесін деп құлқын сəріде мектепке апарып, кіреберістегі пештің жанына отырғызып кететін. Адам жиналғанша сол жерде тапжылмастан отырамын. Сабақ біткен кезде де дəл сол жағдай: елдің бəрін қайтарып, əкем қас қарая мойнына мінгізіп үйге алып қайтатын. Ол кезде газетті қойдың етіне айырбастап алатынбыз. Əкем оқып болған соң, оны түнде отырып қиып, дəптер жасап, соған жаздық. Қазір соны немерелеріме айтсам, сенбейді: «Бұлай болуы мүмкін емес. Апа, сен ертегіні жақсы құрастырасың» деп өзімді шегелеп қояды. Бірақ соның бəрін басымыздан кештік. Бізде «Білсек екен, тезірек соғыс бітсе екен» деген арман болатын. Оқу-білімге құштар едік. Ел үшін еңбек етіп, Отанның гүлденуіне барынша үлес қосқымыз келді. Сөйтіп жүріп өстік. Бала күнімізде электр жарығы деген жоқ, кітапты майшаммен оқыдық. Қазір үй толған кітап, бірақ соны

балаларға оқыта алмаймыз. Қазақтың ешкімге ұқсамайтын педагогикасынан, ата-ананың тектілігінен, өмір көргендігінен тағылым, тəрбие алдық. Қазір жастар қарсы келе жатып, амандасу былай тұрсын, «тфу» деп түкіреді ғой. Анамыз үнемі айтып отыратын: «Жер қасиетті, киелі. Жер бетінде жүргеніңе қуан, жерді ренжітесің» деп. – «Тəрбие – тал бесіктен», дейді. Бүгінгі жастардың мінез-құлқына көңіліңіз тола ма? – Ол рас. Көп нəрсе отбасындағы тəрбиеге байланысты. Мəселен, біздің əке-шешеміз: «Көшеден үлен кісі көрсеңдер, тұра қалып жол беріңдер. Қанша асығып тұрсаңдар да, үлкен кісінің алдын кесіп өтпеңдер. Амандасыңдар!» дейтін. Сол қағида, ақыл санама мықтап сіңіп қалған. Осыдан біраз жыл бұрын Бəйкен аға Əшімовті сонадайдан көзім шалды. Емханадан келе жатыр екен.

Жол берейін деп күтіп тұрсам, аға жаныма келгенде: «Ғайныкеш, біреуді күтіп тұрсың ба?» деп сұрады. – «Жоқ, аға, сізді күтіп тұрмын», – деп едім, қолын бір-ақ сілтеді. «Қой, ол ізет баяғыда қалған ғой, – деп өзі күледі. – Жұмысыңнан қалма, жүре бер!» – дейді. Бірақ үнінен ризашылық байқалады. Міне, бұл – тəрбие. Алайда мұның барлығы қазіргі жастарға қалжың, күлкі сияқты. Бүгінгінің жасөспірімдері қоғамдық көлікте де құлағына құлаққап салып, көзін жұмып алып, ешкімді көрмейді, естімейді. Жассың ба, кəрісің бе бəрібір. Тапжылмастан отырып алады. Кейде өзің ыңғайсызданасың. Біз «Қарты бар үй – қазына» деп өстік. Қазір мұның бірі жоқ. Шімірікпестен ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтын жастар баршылық. Бұл да азғындыққа жатады. – Тəрбиедегі түйткілдің негізгі төркіні неде деп ойлайсыз? – Бұған енді білімдар болу міндет емес. Бізге осынау мол қазынаны атаанамыз бір-ақ ауыз сөзімен бойымызға сіңірді. Қазақ аталы сөзге тоқтаған халық қой. Бір ауыз сөзбен қуантуға да, жылатуға да болады. Көпшілігіміз сөздің мағына-мəнін түсінбей барамыз. Алысқа бармай-ақ қояйын. Мəселен, менің немерелерімнің қазақшасынан ағылшыншасы басым. Менімен бірге «Қоғалы-ай» деп əн айтып жүрген балам, Англиядан келгеннен кейін «Қоғалы-айы» да жоқ, «Алтынайы» да жоқ, өзгеріп қайтты. Оны мен қолдан жасаған жоқпын. Бірақ заманның ағымы

қалып қойып жатыр. Ер балалар да ұлт болашағына немқұрайлы қарайды. Бұл біздің қазақтығымыз үшін өте қауіпті. Бір білерім – баланы не нəрседен де тыйдыра білу керек. Шектен тыс еркіндік жарға жығуы, кейін өкінтуі мүмкін. Бүгінгі балалардың мінез-құлық, өмірге көзқарастарын көріп отырып, осындай ойға келдім. Қазақ деген ерекше халық. Талай жылғы тар жол, тайғақ кешуден кейін, ХІХ ғасырда осы қазақы құндылықтарымызды жоғалтып аламыз ба деген қорқыныштан, алаңдаудан туған ой ғой менікі.

Жастар ќатыгезденіп барады – Əдетте «кеңседе қызмет ететін адамдар қаталдау болады, жанын қатыгездендіріп жібереді», дейді. Комсомол болу, кеңсенің бітпейтін қағаздарымен жұмыс істеу, аттың

жалы, түйенің қомында жүру – мұның барлығы сіздің нəзік жаныңызға қалай əсер етті? – Ондай мінез əлі күнге дейін бойымда жоқ. Кезінде маған: «Сенің сондай ізеттілігің өзіңе қарсы жұмыс істейді. Сəл қаталдау болсаңшы, əйтпесе, тым қолжетімді, аса қарапайымсың. Бүйте берсең өзіңнің иммиджіңді жоғалтып аласың», деп кінəлаушылар да, ақыл айтушылар да болды. Сонда мен: «Жоқ, қателесесіз, мен жоғалтпаймын, керісінше, жоғалтатын адам – мені түсінбеген адам» дедім. Менің бар болмысым осы – бауырмал болу. – Бауырмал болу деген де үлкен бақыт қой... – Əрине, жастардың бəріне бірдей топырақ шашып, кінəлауға да болмас. Дегенмен, қайталап айтамын, көп нəрсе отбасына байланысты. Мейірбандық азайып барады. Ешкім елжіреп тұрмайды. Отбасылардың көбі 1-2 баламен ғана шектеледі. «Осының өзін асырап алайық», деп шыр-пыр болады. Сəби өмірге келсе, бір түп жусан артық шықпаушы ма еді. Əр баланың өзінің несібесі болады. Осы тақ-тұқтық пейілді де тарылтып жіберетін секілді. Жатбауырлық та осыдан басталадыау. Мəселен, бала күнімізде бізді атаанамыз қиындыққа да салды, жұмсады да. Бірақ біз көп болдық, бауырмал болдық. Қазіргі ата-аналар баласының маңдайынан құс ұшырмаймыз дейді де, өзімшіл етіп тəрбиелеп шығарады. «Сенен басқа мықты жоқ, өзге үшін

www.egemen.kz

басыңды қатырма» деп санасына сіңіреді. «Мына жалғанда бір өзіңсің, өзің үшін өмір сүр» деп тəрбиелейді. Содан ол бала не үлкенді сыйлауды, не кішіге ізет көрсетуді білмейтін безбүйрек, мейірімсіз болып өседі. Философияда эгоизм, эгоцентризм деген ұғымдар бар. Жан дүниеміз «менмендікке» бой алдырып кетті ме деп ойлаймын. Менмендіктің де ар жағында қоғам үшін, елім үшін, отбасым үшін деген игі бір талпыныс тұрса, ол, əрине, жақсы. Сонда бəлкім қазіргі көзсіз «менді» түсінуге болар ма еді. Жоқ, қазір көпшілігі жеке басының қамын күйттейді. Жастардың көбінде сондай психология. Менің машинам, менің үйім, менің ақшам болу керек деген сынды. Қалғаны күл болмаса, бүл болсын дейді. Бұл – жаман сезім. Ертеңін елімен байланыстыра алмау – болашағымыз үшін үлкен қауіп. Келешектің қамын ойлау, ұлтқа қызмет ету жөніндегі мəселе кейінірек, бастысы «Мен көрген қиыншылықты көрмесін, балам қиналмай, жақсы өссінші» деп шаң жұқтырмаймыз. Осылай шектен тыс аяп, еркелетіп алдық па, көп бала өзінен өзгені ойламайтын болып өсіп келеді. Менің өзім де байқаймын, кейде немерелеріме ұрсайын, «жоқ» деп айтайын деймін-ақ, бірақ бəрібір жұмсақтығыма басып кетемін. Біз аштықты да көрдік, соғыстан кейінгі жоқшылықты да көрдік. Енді бұл балалар қиындықсыз, бақытты өмір сүрсінші деп ойлаймын. Дегенмен баланы мейіріммен қоса, көпшіл болуға, қиындықты жеңуге де үйрету керек. Сонда нағыз азамат болады. – Сіздердің кезбен салыстырғанда қазір мəдениетке, рухани дүниеге деген көзқарас басқа. Іздеушісі жоқ болса, елеусіз қала береді. Соның салдарынан небір қайраткер тұлғаларымыз ескерусіз шаң басқан архивтерде жатыр... – Осы жайт мені де қынжылтады. Қанша еңбегі болса да, еске алатын адамы болмаған соң солай қор болады. Елеусіз, ескерусіз қала береді екен... Біз осы Ғалымдар үйінде үздіксіз концерттер ұйымдастыратынбыз. Сонда елдер: «Мына жерді Мəдениет министрлігі жасадыңдар ғой» деп күлетін. Ол кезде өнерге, мəдениетке деген көзқарас басқа болатын. Жанашыр жандар көп еді. Өзбекəлі Жəнібеков, Камал Смайылов секілді жақсы азаматтар руханияттың басы-қасында жүрді. Қазір ол кісілердің көбі бұл дүниеде жоқ. Талай жақсы мен жайсаң өмірден өтіп кетті. Сағынасың, іздейсің. Бірақ енді ол өмір ғой... Кейде айтқан сөзіміз зая кетіп жатады. Мысалы, мен Өзбекəлі Жəнібековке арналған рухани кешті осы күнге дейін өткізе алмай келемін. Академиктердің қолын қойғызып, əкімшілікке қағаз да апарып бердім. Жауап жоқ. Айтысты, ұлық мейрам – Наурызды қазаққа алып келген сол кісі ғой. Осы бір аяулы есімді қалай ұлықтасақ та жарасады. Бірақ бастамам əлі күнге дейін қолдау таппай келеді. Соны шенеуніктер қолдаса, тағылымды кеш болар еді. Халық ағылып келер еді. Бұрын жас кезімізде айтып тастаушы едік. Жас ұлғайған сайын жасқаншақтай береді екенсің. Жастарға еркіндік бердік. Бірақ олар оны қалай ұқсатар екен... күмəн көп. Халықтың қарнының ғана тоқтығын ойламау керек. Онымен алысқа бармаймыз. Елдің рухани парасатын тереңдетуді, рухани тойдыруды ойлайтын азаматтар көп болса екен деп армандаймын. – Өзіңіздің де біршама жасқа келгеніңізге қарамастан, Өзбекəлі Жəнібековтей аяулы ағалардың есімін өшірмей, кітабын шығарып, еске алу кешін ұйымдастыруға тырысып жүргеніңіз қарыздан бұрын, ұлтқа, өз қызметіне деген махаббат деп білеміз. Солай емес пе? – Еліміз бізді сол үшін өсірді ғой. Мен бұрынғы Талдықорған облысының Лепсі өзенінің сағасындағы ат төбеліндей ғана кішкене ауылда өстім. Сонда əкешешеміз «елге жұмыс істеңдер, азамат болыңдар» деп үнемі құлағымызға құйып отырушы еді. Он балалы үйден шықтым. «Оқуыңды бітірген соң, елге оралып, бауырларыңды асыра, өсір, жеткіз», деп үйретті. Осы бір жауапкершілік сезімі, бауырларға деген қамқорлық сезімі жанымызға мейірім құйған болу керек, үнемі айналадағы адамдарға жақсылық жасағым, қол ұшын бергім келіп тұрады. Оның үстіне жоқшылық, қиыншылық деген де адамды шыңдайды ғой. Қазіргі балалар бақытты. Тамағы тоқ, көйлегі көк. Əсіресе, қаланың балалары не ішім, не кием демейді. Біз кезінде тайға мінсек деп армандаушы едік. Бүгінгінің балалары «Мерседеспен» жүреді. – Сізді не алаңдатады? – Бір күн қарнымыз аш болса да, Құдай ешқашан рухани аштыққа ұшыратпасын. Қазір ғалымдарды қолдау жағы көңіл көншітпейді. Жастардың көпшілігінің басында баспанасы жоқ. Пəтерден пəтерге көшіп жүр. Айлықтары аз. 50-60 мың теңге алады. Оны пəтерге төлей ме, бала-шағасын асырай ма? Жүгіріп маған келеді: «Апа, 5 мың – 10 мың бар ма?» деп. Соларды ойлап жүрегім ауырады. Бəріне көмектескім-ақ келеді. Барлығы балаларым ғой. Бірақ менің қолымнан не келеді? «Əттең, тонның келтесі-ай...» дейсіз еріксіз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Назерке ЖҰМАБАЙ.

АСТАНА.

7 Діни аєымдар журналистер назарында Елордада Мəдениет жəне спорт министрлігінің Дін істері комитеті Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығымен жəне Астана қалалық дін істері жөніндегі басқармамен бірге «Экстремизм мен терроризм тақырыбын БАҚ-та жариялау əдістері» атты семинар өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен дінтанушылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылымизерттеу жəне талдау орталықтарының қызметкерлері қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Семинардың негізгі мақсаты қазіргі күні халықаралық қауымдастықта барған сайын өткір сипат алып келе жатқан экстремизм жəне терроризммен күрес жолдарын БАҚ-та сапалы жəне кəсіби тұрғыда жариялаудың əдістемелік мəселелерін талқылау, журналистерге əдіснамалық көмек көрсету жəне дін саласында жүзеге асырылуы тиіс мемлекет саясатын ақпараттық негізде жетілдіру бойынша ұсыныстар əзірлеу болды. Семинарды ашқан Бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыпты жариялау бойынша əдістемелік кеңестің төрағасы, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Əбуов аталған мəселенің маңызына тоқталып өтті. Астана қаласы дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Жорабек Дəуренов қаралып отырған тақырып бойынша елордада атқарылып жатқан шараларды ортаға салды. «Рухани қоғам əлемі» қоғамдық қоры жəне психологиялық көмек беру орталығының басшысы Лимана Қойшиева «Діни мəселелер жəне БАҚ», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Əлеуметтік ғылымдар факультеті философия кафедрасының доценті Есбосын Смағұлов «Рухани қауіпсіздік мəселелері», Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Талдау жұмысы бөлімінің бастығы Мұқан Исақан «Бұқаралық ақпарат құралдарында діни мəселелердің қамтылуы» тақырыбында тартымды баяндамалар жасады. Басқа да көптеген мамандар шығып сөйледі. Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығының директоры Айнұр Əбдірəсілқызы аталған мəселедегі елімізде қолға алынған шаралармен жиналғандарды хабардар етті. Семинар барысында жастардың жиі қолданатын əлеуметтік желілерін радикалды діни идеялардан сақтандырудың жолдары қарастырылып, дін төңірегіндегі кезек күттірмейтін өзекті мəселелерді көпшілікке дер шағында, түсінікті етіп жеткізудің əдістері туралы пікір алмасулар өрістеді.


8

лдар а р а н а ғ шылма

www.egemen.kz

А

Ауыл жақтан: «Терезя апай қайтыс болды», деген хабар келді. Былтыр Ресейдің көршілес Волгоград облысына осы кісіні арнайы іздеп барған едік. «Терезясы кім?» деп отырған шығарсыздар? Әңгімені әріден бастайық ендеше...

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында Геннадий Оспанов деген дәрігер болған. Көбі есімін қазақшалап Ғафу дейтін. Кейбірі тіпті Құспан, кейде Құсайын деп те атай берген. Керемет білімді, күрделі операцияларды ауылда-ақ жасай беретін әскери дәрігер. Ол алдына келген науқастардың тамырын ұстап та ауруларын айтып беретін болған. Сырқаттарға бір жапырақ қағазға диагнозын жазып, өзінің «Оспанов» деген жазуы бар мөрін соғып береді екен. Саратовтың ауруханасындағы дәрігерлер ол кісінің жазып берген қағазымен қаралуға барған науқастан қайта анализ алмай-ақ, бірден емдеуге қабылдайтын болған. Жәнібектің халқы бұл ағайды әлі күнге құрмет тұтады. Ауылдағылардың аузынан түспейтін Ғафуды зерттеп жүрген – Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Ахмедияр Батырханов деген азамат. Ол кісінің аузынан да Оспанов жайлы көп мәлімет естідім. Оның өмірі мен қызметі мені қатты қызықтырды. Мың рет естігенше, бір рет көр деп, Ахмедияр аға екеуміз

былтыр Оспановтың көзі тірі кемпіріне барған едік. Терезя деген, міне, сол кісі. * * * 60-шы жылдардың соңында Геннадий Оспанов Саратовтың Питер ауданында дәрігер болып жүріп, сол жерде тас қашап жүрген сығандардың бір сәбиін өлім аузынан аман алып қалған. Геннадийдің білікті дәрігер екеніне риза болған табор басшысы келер жылы оны Закарпатьеге қонаққа шақырады. – 1967 жыл. Жаз. Сығандармен бірге маң даладағы маздаған отты қоршай отырмыз. Бас қонағымыз Геннадийге мені қарама-қарсы оттың келесі жағына тұрғызып қойды. Ол маған үнсіз 10-15 минут қарап отырды. Жасы елуден асқан ол маған қарт болып көрінді. Ал мен болсам 14 жастағы бойжеткенмін. Оған ұнатпай қарадым. Бірақ өз ойымды ашық айтуға сескендім. Ал, Геннадий Оспанов болса менің жаратпай тұрғанымды түсінсе керек, кері бұрылып, топтың арасынан шығып кете барды. Мен таборда қалдым. Алайда қуанышым ұзаққа созылған жоқ, – деді күліп Терезя апай бізбен әңгімесінде. – Келер жылы жазда Геннадий Федорович біздің елге тағы да келді. Бұл жолы мені қолымнан ұстап, Қазақстанға алды да жүре берді. Біздің венгр сығандарының басшысы ұлын ажалдан аман алып қалғаны үшін мені Геннадий Федоровичке сыйға берген екен. Қарсылық білдіруге дәрменім болмады. Себебі, сығандардың заңы бойынша барон мені сол жерде табордан қуып жібереді немесе өлім жазасына кеседі. Сөйтіп, бұрын көрмек түгілі естімеген Қазақстандағы Орал облысының Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына келдім. Ғафу мен Терезяның некесінен Марина, Елена, Екатерина, Нина, Ангелина, Сергей, Владимир есімді ұл-қыздары бар. Балаларының барлығы да қазіргі уақытта Мәскеу қаласында болса, Терезя әжей жұбайы жерленген Кайсацк ауылында жалғыз тұрды. – Үйде Геннадий балаларымен неміс, ағылшын, француз тілдерінде сөйлесіп отыратын. Өзі еркін сөйлейтін, балаларын да білімді қылып өсірді. Ұлттарының – қазақ,

руларының қазанқұлақ екенін қайта-қайта айтып отыратын, – деп еске алды Терезя. Аты аңызға айналған Оспанов қандай адам? Былтыр жоғарыда айтылып өткен Ахмедияр ағаның облысымыздың «Дана» журналына Оспанов жайлы мақаласы жарияланды. Автор архив деректерімен нақты зерттеу жасады. Ол анықтаған мәліметтер Геннадий Оспанов Ұлы Отан соғысы кезінде II Украин майданы құрамында маршал И.Коневтің қарамағында әскери дәрігер болғанын растайды. Соғыс жылдары жараланған жауынгерлер мен офицерлердің аяқ-қолдары іріңдемеу үшін әскери хирургтар жараланған жерді кесіп тастай беретін болған. Ал Оспанов болса, оқ тиген аяқ-қолды екінші жағынан тесіп, оқты алып, арнайы дәрі-дәрмектермен жуып-шайған, сөйтіп, жараланған жауынгерлердің дене

мүшелерінің кесілмей, аман қалуына әрекет жасаған. Жауынгерлер жараланып жатып, оған Оспановтың ота жасауын өтінген. Геннадий Оспанов 1946-1960 жылдары аралығында Владивосток, Находка қалаларындағы госпитальдерде, әскери кемелерде дәрігер бола жүріп, қызмет барысында бүкіл Еуропаны аралап, сонымен қатар Солтүстік Америкада, Сахалин және Камчатка аралдарында, Баренц теңізінде, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарында, Жапонияның Хонсю, Хоккайдо аралдарында болған. Ұзақ сапарларға аттанатын әскери кемеде жүріп ол «теңіз ауруына» ұшырайды. Приморье өлкесіндегі әскери госпитальде ұзақ жатып науқасынан емделіп шығып, өзінің дерттен айығуына сеп болған дәрігер орыс қызына үйленеді. Одан үш баласы болған. – Геннадий қайтыс болардан бір жыл бұрын Владивосток қаласындағы сол ұл-қыздарына барып келді. «Өз жолымды қуған қызым барына ризамын. Нинамен неміс, француз, ағылшын тілдерінде тілдестім. Ол маған қытай және жапон тілдерінде сұрақ қойғанда жауап бере алмадым. 12 ұлттың тілін меңгерген қызыма ризамын. Енді менің арманым жоқ деп келді», – деген еді Терезя апай. Брежневтің жеке дәрігері Кейін Геннадий Оспанов белгісіз себептермен отбасынан ажырасып, достарының шақыруымен Мәскеу қаласына келеді. Сол кезеңде КСРО Денсаулық министрлігінде қызмет ететін әріптесінің қолдауымен ол Бурденко атындағы әскери госпитальде, кейін «Қызыл крест» қоғамында, содан соң Кремльде Л.И.Брежневтің жеке дәрігер терапеві болып жұмыс жасаған. «Кремльден кету себебім, шынымды айтсам, «үлкен кісінің» таңертеңнен кешке дейін қан қысымын өлшеуден жалықтым», – деп ол кезінде күйгенкөлдік Хаумет Сапаровқа айтқан. Өз өтініші бойынша жұмыстан босаған Оспанов Саратов облысына қоныс аударып, сол жақтың ауруханаларында дәрігер болып абыроймен еңбек еткен. Онда кейіпкеріміз екінші рет украин қызына үйленіп, бес ұлдың әкесі

атанған. Бүгінде Алексей ға­ рыш зауы­­тында инженер, Александр құрылысшы, Сергей неміс тілінен аудармашы, Владимир трамвай жүргізуші болып еңбек етсе, Василий бала күнінде қайтыс болған. Герингтің «Фордын» тақымдаған Геннадий Федорович әйгілі вермахт қолбасшыларының бірі Герингтің жеңіл автокөлігіне ие болған. Ол машинаның да өзіндік тарихы бар. Үкімет Герингтің автокөлігін Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанда К.Е.Ворошиловқа сыйға берген. Ол кісі машинаны бір генералға сыйға тартқан. Ал, кейін сол автокөлікті жұртқа «Тополя» әнімен таныс Геннадий Колесников иеленген. Содан соң бұл неміс машинасы тоқсаныншы жылдары Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылына қарасты Өнеге елді мекенінде тұрған Г.Оспановтың жеке көлігі болған. Кремльден жеке саяжайды алмай кеткен Оспановқа осы көлік сыйға берілген деседі. Оны Геннадий Федоровичтің айдап жүргенін өз көздерімен көргендер әлі күнге бар. Ауылда ота жасап, ағылшынша газет алдырған Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылының аумағында Мәскеуден келген геологтар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Экспедиция құрамында жұмыс істеп жүрген бір орыс ұлты өкілінің басына жоғарыдан құлаған темір тиіп, Г.Оспанов әлгінің айырылған басына ауылда ота жасап, аяғынан тік тұрғызған. Көзін көргендер Оспановтың шайдың орнына қайнатылған су ішіп жүре бергенін айтады. Арақ-шарап, сыра дегендерді мүлдем татпаған. Темекі тартпаған. Адам ауырып жатыр деген хабар естіген ол Күйгенкөл ауылынан 12 шақырым жердегі Көлтабан, 9 шақырым жердегі Құрсай, 22 шақырым жердегі Өнеге бөлімшелеріне қысы-жазы тәуліктің қай мезгілі болса да жаяулап-жалпылап жүре берген. Көктем шыға дәрілік шөптер теріп, далаға кететін болған. Оспанов садақаларда ауыл молдаларының Құран оқығандарына риза болмай, өзі оқитын. Ауылдастары әсіресе оның айтқан сөзін қалайда орындайтын қасиетін ерекше айтады. Берген дәрілерін аурулардың ішіп жүргенін қатты қадағалайтын болған. – 1970 жылы Күйгенкөл учаскелік ауруханасында жатқан мені құяң ауруынан Оспанов емдеді. Арқамның 12 жеріне ине шаншып, бұл тәсілін оның «блокада» деп атағаны есімде қалды. Содан бері ол сырқат мені мазалап көрген емес, – дейді бүгінде Жәнібек ауылында тұратын зейнеткер Нұрболат Тәжіғалиев. «Оспанов Т.Жароков кеңшарындағы учаскелік ауруханасында істеп жүрген кезінде ағылшын тілінде шығатын «Moskow news» газетін судыратып оқып отыратын», – деп кезіндегі әріптесі Қансұлу Жамбылова апай жиі айтады. Жерлестері жыр етіп айтатын Геннадий Федорович Оспанов 1997 жылы 30 желтоқсанда 82 жасында Волгоград облысының Палласовка ауданындағы Кайсацк ауылында қайтыс болған. Сол елді мекенде жерлеген. Бірақ мұсылмандар зираты бүгінде шекараның бер жағында, Жәнібек ауданы аумағында. * * * Терезяны жерлеуге, анасымен қоштасуға Мәскеуде үлкен қызметте жүрген ұлқыздарының бәрі келді. Аспанды жамылып, көк шөпті жастанып, тау-тасты кезіп, басы ауған жағына қаңғып, еркіндікті сүйген сыған халқының қызы қазақтың шаңырағын ұстап, қазақтан ұл-қыз туып, ең сонында оқымысты балаларынан жырақ ауылда қайтыс болды. Ауылдастары мен жәнібектіктер оның атақты Оспановтың жары болғандығы үшін сыйлады. Нұрлыбек РАХМАНОВ, журналист.

ОРАЛ. ––––––––––– Суреттерде: 1) Ғ.Оспанов пен Терезя. 1968 жыл. 2) Отбасы. 1982 жыл.

19 қараша 2014 жыл

Дiни ұғымдар бойынша, адам жаны тәннен шыққан соң аспанға, бiз бiлмейтiн әлемге ұшып кететiн көрiнедi. Бiз әруақтарды көрмеймiз, бiрақ олар бiздi көредi, тiптi қасымызда жүруi мүмкiн. Қиын сәттерде, мүмкін, желеп-жебеп жүретін болар. Кім білсін? Бұл бiр жағынан қорқынышты болса, екiншi жағынан миға сыймайтын нәрсе. Осыған орай мына бiр оқиға есiме түсiп отыр. Жақында маған Алматы облысы, Талғар ауданында тұратын бiр әйел телефон шалды. Ол өз iнiсiнiң осыдан екi-үш жыл бұрын басынан өткен бiр ғажайып оқиғаны әңгiмелеп бердi. Кезiнде әруақ дегенге онша сенбеген ол кiсi осы оқиғадан кейiн тылсым дүниенiң барына көзiнiң жеткенiн айтып, iнiсiнiң әңгiмесiн бастады. «Қайын ағамның саяжайында алыстан келген қонақтарды күттiк. Кешке қарай барлығымыз бiрге қайтпақшы болдық. Неге екенiн өзiм де түсiнбедiм, машинаға отыра бергенiм сол, аяқ астынан: «Сендер бара берiңдер. Мен сәл кешiрек жетемiн», – дедiм. Сөйтiп, қонақтарды шығарып салып, саяжайда жеке қалғым келдi. Қайын ағамның: «Бұл жерде жалғыз өзiң не iстейсiң, жүр бiзбен», – дегенiне де қарамадым. Олар кеткен соң, бiраз уақыт таза ауамен тыныстап, үйге қайта келiп, сыртқы қақпаны, үйдiң есiгiн жауып қисая кеттiм. Қатты ұйықтап кетiппiн. Түсiмде бiр үлкен, келбеттi кейуананы көрдiм. Ол кiсi маған: «Балам, қонақтармен бiрге неге кетпедiң?» — дедi. Жүзiнде бiр мұң бар секiлдi. Дауысы анық естiлдi. Бiраз уақыттан кейiн: «Сен неге жатырсың, төбеден су ағып тұр ғой?» – деп саңқ ете қалған ер адамның дауысынан шошып ояндым. Қарасам, далада шынымен де нөсерлеп жаңбыр құйып тұр. Жел де үдей соқты. Әншейiнде биiктен қорқатын басым сол жолы сатыны жылдам әкелiп, үйдiң төбесiне қалай тез көтерiлiп кеткенiмдi өзiм де сезбей қалдым. Төбеге қарасам, шынымен-ақ бiр шифер ор-

екенмiн. Сол мезетте судың бергi жағындағы бiреулер менi керi қайтарды. «Тездетiп қалаға, ауруханаға жеткiзу керек, көп қан жоғалтқан», – деген дауыстарды естiп оянып кеттiм. Таң атқан. Салбырап қалған аяғым шыдатпай, одан әрi ауырып бара жатыр. «Боже мой, как он до трассы в таком состояний добрался?» — деген орыс әйелдiң сөзiн анық естiп жатырмын. «Шiркiн-ай, жаңағыдай ләззат, тәттi күйдi қайтадан бастан кешсем ғой!» – деп армандадым. Шынымен, осы үлкен даңғыл жол бойына қалай жеткенмiн? Бiреулер ессiз жатқанымда көмектескен ғой дейiн десем, онда олар неге менi жол бойына тастап кеткен? Мен түнде бiрiншi қабаттағы бөлмеге дейiн әрең өрмелеп келген жоқ па едiм? Кейiн естiгенiм – қақпаның есiгi де өзiм iшiнен жапқан күйi қалыпты. Адам бойынан биiк дуалдың сыртына қалай шыққанмын? Мүмкiн емес, 400-500 метрдей жердегi үлкен жолға өзiм жетуiм. Бұл не деген құпия? Мен көп ойландым. Бiрақ осы жұмбақ жайдың құпиясын аша алмай, әлi күнге дейiн далмын. Дәрiгерлердiң айтуынша, аяғым үш жерден сынып, тобығым шығып, қабырғаларым шытынапты, миым шайқалыпты. Ауруханадан үш айдан соң айығып шықтым. Кейiн қайын ағамның саяжайына қайтадан арнайы бардым. Өзiм қараңғы түнде құлаған жердi мұқият қарап шықтым. Бойымды үрей билеп, жүрегiм мұздап кеттi. О тоба! Мынадай биiктен құлап, қалай тiрi қалғаныма таң қалдым. Асықпай, дұрыстап қарасам, мен құлаған жерден бiрнеше сантиметр жерде үшкiр темiр тұр екен. Ұш­­ында ме­­­нiң­­­жейдем­­­­ нiң­­­ жыртық бө­ лiгi қалып қойыпты. Егер сәл бол­­­ғанда темiр қазыққа қада­лады екен­­­­ мiн. Темiр қазық қолымды сырып өтiптi. Бiр құ­­­дi­р ет сақтап қалған ғой. Кейiн қай­ ын ағаммен кез­ дестiм. Ол кiсi үйдiң, қақпаның кiлтiн астыңғы қабат­ тағы бөлмеден тапқанын айтты. Саяжайға биiк қоршаудан әрең дегенде кiрiптi. Сыртқы қақпаның есiгi iшiнен бекiтiлген. Тағы кеп ойланайын. Сонда мен қалай денемдi көтере алмай, есiмнен танып жатып, есiктi ашпастан 400-500 метр жердегi тас жолға жеткенмiн? Осы түсiнiксiз құбылыс осы күнге дейiн менi мазалайды. Ал бұл оқиғадан кейiн қайын ағам саяжайын сатып жiбердi. Себебi, қасындағы көршiлерiнде де осыған ұқсас оқиғалар болған екен. Мен осы жағдайдан кейiн шын ниетiммен ақ жолға түстiм. Алла Тағалаға құлшылық ететiн болдым», – деп аяқтапты әңгiмесiн әлгi әйелдiң iнiсi.

м ы с л Ты

нынан қоз­­­­ ға­­­­­лып кеткен екен. Су сарылдап үй iшiне ағып жатыр. Жан-жағым қап-қараңғы. Тездетiп шифердi орнына қоя салдым да, сатымен төмен түсе бастадым. Ортасына ендi жете бергенде, аяғым тайып кетiп, 7-8 метрдей биiктiктен төменде жатқан бетон плитаның үстiне құладым. Алдымен аяғым, сосын маңдайым тасқа соғылды. Орнымнан қозғала берiп ем, оң аяғымның қатты ауырғаны сонша, айқайлап жiбердiм. Еңбектеп саяжайдың есiгiне дейiн әрең жеттiм. Ендi не iстемекпiн? Ұялы телефоным құлаған кезде сынып қалыпты. Көршiлерге дейiн сүйретiлiп баруға шамам жетпейдi. Олар үйiнде бар ма, жоқ па, кiм бiлсiн? Қырсық қылғанда электр жарығы да сөнiп қалыпты. Жаңбыр қоятын емес. Қанша қиналғаным белгiсiз, әйтеуiр бiр уақытта ес-түсiмнен айрылып қалыппын. Түсiнбейтiн бiр сезiм денемдi алып бара жатыр. Бiрте-бiрте жаным мен денем жеңiлденiп, тiптi басым мен аяғымның ауырғанын да сезбей, құс секiлдi ұшып үлкен көлдiң ортасына келiп қоныппын. «Ойбай-ау, мына саз батпақтан қалай шығамын?» – деп ойлағаным сол екен, өзеннiң арғы бетiнен бiр қайық маған қарай жылжыды. Менiң тамағым кеуiп шөлдеп жатыр екенмiн. Тұрайын десем, аяғым сазға батып барады. Сол жағымда тұманның iшiнде азапқа түскен адамдардың аянышты дауыстары естiлдi. Оң жағыма қарасам, әдемi бақ, аппақ киiнген адамдар. Мен бұлқынып, мына саз балшықтан шыға алмай жатырмын. Қорқынышты дауыстар жақындай түскен кезде күштi дүрсiл естiлдi де, артынша жатқан жерiмдi үлкен көлеңке басты. Сол мезетте маған бiр түсiнiксiз күш көмек берiп, саздың бетiне шығарды. Осы сәтте келе жатқан қайық маған қарай жақындады. Мен қайықтағы марқұм әке-шешемдi бiрден тани кеттiм. Қасында кiшкентай кездерiнде шетiнеп кеткен сәбилерi бар. Бәрi де әдемi киiнiп алған, жүздерi жарқын. Олар қолдарын созып, менi қайықтарына отырғызып, көлдiң жағасына дейiн әкелдi. Қастарында отырған кезiмде қуанышты сезiммен шаттандым. «Бұлардан қайткенде де айырылмауым керек» – деп ойлап отырмын. «Сендермен бiрге жүрейiн», – деген өтiнiшiме олар көнбедi. Түсiндiрмей-ақ «болмайды» дегендей бас­ тарын шайқады. Мен жалынып: «Әке, апа, бауырларым сендердi қатты сағындым, тастамаңдаршы менi!» – деп жылап жатыр

* * * Расында әр адамды: «Өлiмнен кейiн өмiр бар ма?» деген ой мазалайды. Америкалық ғалым Раймонд Моудидiң 1976 жылы «Өлiмнен кейiнгi өмiр» атты кiтабы шықты. Өз кiтабында Р.Моуди осы сұраққа жауап беруге тырысады. Р.Моудидiң кiтабы өлiм мен өмiр арасында (коматоздық жағдайда) болған адамдардың әңгiмесi негiзiнде жазылған. О дүниеде болып келген адамдардың айтуы бойынша, адам өлген кезде жаны денесiнен бөлiнiп шығып өте мөлдiр қабат болып ұшып кетедi екен. Олар сондай жаймашуақ сезiмге бөленiп, қайтыс болған туыстарымен кездескенде тiптi бiр рахат күй кешедi. Жүрегi 1-4 минут тоқтап қалған адамдардың айтуынша, олар «ана жақтағы» өмiрден қайтып келгiсi келмеген. Көздi ашып-жұмғанша олардың көз алдынан барлық өмiрi өте шығады екен, ал тiрi қалған туыстары туралы ешбiр қайғырмайды. «О дүниенiң» есiгi ашылғанда қайтыс болғандарды аса бiр мейiрiммен қарсы алады екен. Ол мейiрiм көзге көрiнбегенмен, оны әр адам жанымен сезiнетiн көрiнедi. Ал «ана жақта» болып қайтқандар өлiмнен қорықпайды және олардың өмiрге деген көзқарасы күрт өзгередi деседi. Мысалы, бiр бас­кесер полициядан қашамын деп оққа ұшады. Ол «о дүниеден» дәрiгерлердiң көмегiмен қайтып оралады. Ауруханадан шыққан соң, өз кәсiбiн тастап, балалар үшiн спорт мектебiн ашып, өзiн-өзi қорғауға үйретедi. Ал Вьетнам соғысының ардагерi «о дүниеден» оралған соң қолына ешқашан қару алмай, соғысқа қарсы бейбiтшiлiк шерулерiн ұйымдастырып тұрған. «О дүниеден» оралып келгендердің қызықты әңгімелерін сонау 1974 жылы ресейлік ғалым Галина Владимировна Алексеева жазып алған екен. Жан сақтау бөлімінде дәрігер болып істеген Алексеева екі дүние ортасында жатқан адамдардың жүйке жүйесінің өзгеретіндігін байқаған. Жүрегі екі минутқа тоқтап қалған бір әйелдің айтуы бойынша, оның денесі екіге бөлінгендей болады. Денесінен бөлініп шыққан мөлдір қабат дәрігерлердің оны қайткенде де өмірге қайтаруға әрекет жасап жатқанын көріп: «Қинамаңдаршы, мен бір сондай жақсы күйде тұрмын», – дейді. Бірақ оны ешкім естімейді. Бір сәтте ол аппақ тоннелдің ішіне кіріп бара жатқанын сезеді. «Кері қайт, саған әлі ерте» – деген ер адамның дауысын естиді. Сәл уақыттан соң, дәрігерлердің: «Жүрегі қайта соға бастады», – деп айтқандарын естиді. Ауруханадан шыққан соң, өмірге деген көзқарасы мүлде өзгеріп кетеді. Кеңес заманындағы атеистік идеологияға қарамастан әлгі әйел монастырьға кетіп, өмірінің соңына дейін құдайға құлшылық етіпті. Мақсат РСАЛИН, журналист.

АЛМАТЫ.


19 қараша 2014 жыл Ғасырлар бойы қазақтың түбіне жетіп келе жатқан үш басты бəлекет бар; оның бірі – даңққұмарлық, екіншісі – намыссыздық, үшіншісі – жалқаулық. Осының үшеуі де ел билеген бай-шонжарлардың басынан табылады. Қазақ бойында бұдан өзге де ессіздіктер толып жатыр. Қара халықтың бəлежалада шаруасы жоқ, пендешіліктің бітпейтін күйбің тіршілігінен бас көтеріп ой ойлауға мұршасы да жете бермейді. Бай-манап даңқ қуып əуре. Шенеуніктер пара аңдып əуре. Қара халық жан бағамын деп əуре. Дəл бүгін Дешті Қыпшақ даласында бұдан бөтен əуре-сарсаң жоқ десе де болғандай. Шоқан бүк түсіп киіз үйдің ашық есігінен далаға көз салып сұлық жатыр. Алыстан Алтынемел тауы көрінеді. Оқып отырған кітабын ақырын жаба беріп, қайтадан қазақы тірлік туралы толғанысты ойға берілді. Қара қазақтың қамы үшін билікке таласып еді, болмады. Дала тағылары орысша бауыр жазған төре тұқымын қатарларына жолатпады. Аса талантты түз ұлын патша офицерлері де шетке қақты. Артынан сөз жүгіртті. Сырт көзде қорлауға барды. Ашық қастандық жасады. Жолын бөгеді. Құдай жалғыз, Шоқан жалғыз. Дешті Қыпшақ даласы жалғыз. Сайын дала жетім болатын. Ертеде Қозы-Көрпеш – Баян сұлу мавзолейінің түбінде отырғандағы күпті ойларын есіне түсіргісі келді. Жол күнделіктерінде көргені туралы жазу бар да, сезгені туралы жазу жоқ. Қазақ елі туралы, Дешті Қыпшақ даласының тағдыры туралы да толғанысты бір ауыз сөз кездестірмейсіз. Патша полковнигі – əкесі Шыңғыс жөнінде де мағлұмат жоқтың қасы. Оның неден болатыны Шоқанға да, бүгінгі бізге де белгілі. Патша саясатын сақтайтын Үшінші бөлімнің қаһары бəріне мəлім. Ауызды бағу керек. Ашық есіктен желіде байлаулы құлынның өрекпуін көріп жатыр. Бие сауымы мезгілі тақағанын сезген құлын бір орнында тұра алмай бұлқынысқа түскен. Шаруа əйел ағаш шелегін жерге қоя салып, сүйкімді құлынды құшақтап, құлағының түбінен сипалайды. Құла құлын тынши қалып, ернімен əйелдің иығын түрткілеп əуре. Бұл даланың ерке, қимас суреті еді. Даладан тысқары шықса болды, тыныс-тіршілігі бөлек сол даланы аңсай сағынады. Петербургте өткізген соңғы екі жылда түсінен Дешті Қыпшақ даласы, сол далада еркін күн кешкен қазақ жұрты бір шыққан емес. Бұл аңсау атты қасиетті дерт болатын. Дүниені еркін жаулаған, Рим империясын тізерлеткен Аттиланың, Мысыр мемлекетіне билік жүргізген мəмлүк Бейбарыстың туған даласын сағына аңсап аһ ұрған сəттерін Шоқан жиі еске алады. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», деген қағида ойды қазақтар Бейбарыс арманынан көреді. Түркілердің ойларын жеке дəптерге тізіп кітап жасау керек деп ойлады Шоқан. Өмірден озған Абылай хан бабасының, патшаға қарсы шабуылын қоймаған Кенесары ханның, өз ағасы Садық төренің айтқан сөздері қандай! Абылай хан өкініші бір төбе. Кенесары өкініші бір төбе! Садық төренің қайтпас қайсарлығы, кекшіл мінезі бір төбе!.. Ұйқы қашқан, дегбірсіз күндер мен түндер басталғалы қашан... Əттең, дүние-жалған, тасадан келіп жабысқан ауыр дерт Шоқанды қатты күйзеліске ұшыратқан. Петербург пен Еуропа кітапханаларында армансыз көміліп отыруды аңсаған тілегі көз ұшынан бұл-бұл ұшты-ау... Түркі жұртының тарихына ерекше зер салып тексеру, зерттеу асқақ арманы болатын. Əуелі Еуропаның, енді Ресей қойнауынан көшпенділер тарихы мен тыныс-тіршілігі туралы деректер ысырылып ерекше формулярларға түскен, немесе бүтіндей жоғалуға ұшырай бастаған. Шоқанның қырағы көзі бұны соңғы рет Нева жағасындағы қалада болғанында шалып қалып еді. Бірақ дабыра жасамаған. Шулыған қылмай, келесі келгенде қолға түсіремін деп белгі де қойып кеткен. Орыс империясының құрығына ілінген соң-ақ, көшпенділер цивилизациясы тоқырауға түскен. Дала халқының биоритмдік циклының қуаты да қайтқан кез еді. Есіне Федор Достоевскийдің Семейде айтқан бір сөзі есіне түсіп еріксіз мырс етті. «Шоқан Шыңғысұлы, Сібір жері суық болғанымен, шенеуніктері жылы тұрады», деп Федор Михайлович күліп жіберіп еді. Сегіз қанат үйге жас келіншегі имене еніп, есік алдында тұрып қалды. – Сізге қымыз дайындатып едім... Шоқан əлі кетіп жіңішкерген қолын үнсіз созды. Айсары аласы мол қарақат көзін тіктеп Шоқанға мейірлене қарады. Жарының төсегіне жақындап, созған саусақтарын екі қолымен бірдей ұстап ерніне тосты. Орысша тəрбиеге бойсұнған Шоқанның мінезі, жүріс-тұрысы, күн ұзақ кітап оқып, қағаз жазған кезі Айсарыға басында таңсық көрінген. Кейін үйреншікті бұл істің үлкен еңбек екенін түсінді. Жарының таңдаған өмірлік жолы азап екенін ұқты. – Əне, қарашы, дала қалай құлпырады, ə?!. Табиғаттың түрленуін қара!.. Енесін тосқан құла құлын қалай секіреді, ə!.. Алтынемел де сағым буында тербетіліп тұр. Шоқанның сүйсіне айтқан сөздеріне елтіген Айсары да киіз үйдің есігінен далаға көз салды. Көз алдында ғажайып дала суреті құлпыра жөнелген. «Бұл нəзік суреттерді бұрын неге көрмегем!.. – деп ойлады Айсары. Неге?.. Ал Шоқан қандай көреген!..». Жарының бөлек адам екенін сезген сайын Айсары өзін ыңғайсыз сезінетін. Қаншама қысылса да соншама жарын жақсы көре түсетін. «Тəңірім осы қызығымды көп көрмесін», деп тілейтін Айсары. Далаға оралып, Тезек төренің ауылында қоныстап жатып қалғаннан бері Шоқанның есіне Омбы, қазақ пен қашқар даласы, қырғыз ортасы, білім көзі, билік тағы – Петербург орала беретін болған. Жанына жақын орыстың білімді, демократ адамдары сонда қалған.

ДЫР. Ғ А Т . Х ТАРИ ЫЛЫМ ТАҒ

www.egemen.kz

і г е д л е м е н ы т л А м е т к ґ к ы є ѕ со

(Эссе-реквием)

Генерал Черняевтің жауыздығына қарсы шығып, оның ставкасынан кеткен соң-ақ, орыстың ұлтшыл, сыңаржақ офицерлері Шоқанды сыртқа тепкен. Оларды елеген Шоқан да жоқ еді. Есіне жиі алатыны Федор Михайлович Достоевский болатын. Семейде бірнеше рет кездескенде Федор Михайлович жап-жас қазақ офицеріне ерекше ықылас білдірген. Ол кезде Шоқан Шыңғысұлы он тоғыз жаста ғана еді. Сол Семейден аттанып бара жатып, Шоқан жазушы досына хат жолдаған. «...Өзіңіз кеткеннен соң мен Сіздің қалаңызда тек бір қонып, келесі күні ертемен жүріп кеткенмін. Ол кеш мен үшін өте көңілсіз болды. Өзімнің соншама жақсы көрген жəне өзіме де жақсы ниет білдірген адамдармен айырылысу маған өте-мөте ауыр тиді. Сізбен бірге Семейде өткізген аз ғана күн маған сондай тамаша əсер етті; ендігі менің бар ойым Сізбен тағы бір кездесу. Мен адамның нəзік сезімдерімен, ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін, оның қажеті де жоқ қой деймін: менің Сізге қандай берілгенімді жəне Сізді қандай жақсы көретінімді, əрине, өзіңіз де білесіз...». Бұл жас қазақ жігітінің жүрегінен шыққан таза ниеті еді. Үлкен жазушы, һас психолог Федор Михайлович жас офицердің жан тебіренісін дəл таныған, ұққан. Сонан да ол Шоқанға өзінің əйгілі сөздерін арнады. Ұлы орыс жазушысының адамгерлік сөздерін қобалжымай, тебіренбей, сүйсінбей оқу мүмкін емес еді. «...Мейірман достым менің, Сіздің хатыңызды маған Александр Николаевич табыс етті. Сіз мені жақсы көрем деп жазыпсыз. Ал мен Сізге қысылмай-ақ тура айтамын – мен Сізге ғашық болып қалдым. Мен ешуақытта да жəне ешкімге де, тіптен туған ініме де, тап Сізге көңілім түскендей құштарлықты сезген емеспін... Бұған талай дəлел келтіруге де болар еді, бірақ Сізді несіне мақтай берем. Ал енді Сіз менің ақ ниетіме дəлелсіз-ақ сенетін шығарсыз деймін, қымбатты Шоқан жəне бұл тақырыпқа тегі он кітап жазсаң да, бəрібір түк жаза алмайсың. Сезім мен құштарлық дегендер түсіндіруге болмайтын нəрселер... Сізбен арбада тұрып қош айтысып айырылысқаннан кейін, біз бəріміз де күні бойы көңілсіз болдық. Сіз бүкіл жол бойы біздің есімізден бір шықпадыңыз...». Кеш түсіп, дала салқын тартты. Айсары күтуші əйелге үй ішіндегі ошаққа от жақтырды. Күйеуінің үстіне түйе жүн шекпен жапты. – Тоңдыңыз ба? – деп сұрады Айсары. – Жоқ. Шам жақшы. Сонан соң анау кітаптар мен қағаздарды əпер... – Əуелі шəй ішіп жайланып алыңыз. – Жоқ, шəй кейін болсын, Айсары. Мен біраз кітаптармен оңаша қалайын. Келіншегі көзін төмен салып үйден шығып кетті. Көз жасын көрсеткісі келмеп еді. Дауысында да өксік тұрған. «Өзін өзі аямайды. Аяу жоқ қой. Дəл қазір ана қалың кітаптар, таусылмайтын ақ қағаздар не керек?.. Қымыз ішіп, далада серуен құрғаннан артық не бар?.. Көк жорға атына мінуді де қойды. Тіпті, оны бүтіндей босатып, жылқыға қостырып жіберді...». Шоқан сонау 1856 жылдары Құлжа экспедициясы біткен соң жасаған «Құлжа қаласының жоспары», «Қытай империясының Батыс өлкесінің картасы», «Балқаш көлі мен Алатау жоталарының арасындағы кеңістіктің картасы» сияқты еңбектерін тағы бір қарап шығуды ойына алып еді. Оған денсаулығы мұрсат беретін емес. Əрқилы тілдердегі ескілікті карталарды да салыстыра қарауда болатын. Қазақ елі мен Орта Азияның географиясы мен этнографиясы туралы көлемді материалдарды қарастырып шығуының өзі де үлкен ерлік еді. Өкінішке қарай, сол құрастырған еңбекті кітап қылып шығаруға мүмкіндік болмады. Сол еңбек бойынша География қоғамында Шоқанның оқыған лекциялары қызғылықты өтуші еді-ау. Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Қырғыз елі туралы айтқан еркін əңгімелері мен деректі тарихи оқиғалары аса қатты қызығушылық тудыратын. Бұл Шоқан Шыңғысұлының Ресей астанасында даңқы асқақтап тұрған кезі болатын. Көне карталарды ақтарып отырған Шоқанның көздегені Дешті Қыпшақ даласының нақты сызбасы мен тарихын көне заманғы жазбалармен салыстыра отырып қайта жазып шығу еді. Бұл бабалар жолын саралап, ақиқат тарихты жазуға құлшынуы болатын. Бас штабтың ғылыми комитеті Шоқаннан Қытай империясының картасын түзуді сұрады,

ал бірақ Бас штаб Шоқаннан Дешті Қыпшақ даласының тарихы мен картасын жасауды сұраған емес. Бабалар жолын қағаз бетінде бекітіп жазып кетуге Шоқанның денсаулығы жетпеді. Өкінішті. Сол кезеңде оған өзінен бетер өкінген ешкім болмас. Арманы өлген адам өлі адам екенін, Жетісудағы Алтынемел тауының бауырындағы Тезек төренің ауылында, шалажансар күй кешкен даланың дара дарыны Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов анық ұққан. Сол ой оны көрге жетелеген. Өзі де таусылуға тақау тағдырына өзі өшпес өрт қойған. «Қолға алған ісіңізді тастай көрмеңіз – деп жазады Федор Достоевский. – Сіздің мəліметтеріңіз өте көп. Сахара туралы мақала жазыңыз... Сіз өз тағдырыңызды Отаныңызға ерекше пайдалы болғандай етіп, соның игілігіне бағыштауыңызға болар еді. Мысалы, сахараның не екенін, оның маңызын жəне өз халқыңыздың Россияға қандай қатысы бар екенін Россия халқына түсіндірудің өзі ұлы мақсат, қасиетті іс емес пе?.. Еуропаша толық білім алған тұңғыш қырғыз (қазақ) екеніңізді еске алыңыз. Оның үстіне тағдыр Сізді таза жанды, адал жүректі, абзал адам ғып жаратқан. Артта қалуға болмайды, жоқ, болмайды». Шоқанға адал қараған орыс достары оны ешқашан сатқан емес. Жас қазақ сұлтанының бойынан үздік адамгершілікті, терең білім шуағын таныған ұлы жазушы да онан бауырын жазбаған. Сонан да жазушы жас досын рухтандыра түседі, батыл, белсенді іс-əрекетке шақырады. «Мен Сізді сондай жақсы көремін, Сіз туралы жəне Сіздің тағдырыңыз туралы ұзақ күндер бойы ойланам. Əрине, Сіздің тағдырыңызды мен тек өзімнің қиялымда ғана мəпелеп, əлпештеймін. Бірақ сол қиялдарымның ішінде бір шындық бар, ол шындық – Сіздің өзіңіздің сол тайпаңыздың ішінде еуропалық білімге тұңғыш қолы жеткен адам екендігіңізде. Тек осы оқиғаның бір өзі ғана ғажайып нəрсе жəне соны ұғудың өзі Сізге көп міндеттер жүктейді... Қош болыңыз, қымбаттым жəне өзіңізді құшақтап, он қайтара сүюіме рұқсат етіңіз». Шоқан далада да, қалада да жалғыздық құрығынан құтыла алмады. Орыстың прогресшіл ғалымдары мен жазушыларының ортасы бір бөлек, царизмнің отаршылдық аппаратын билептөстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чиновниктер бүтіндей бөлек үстем орта болатын. Генерал Гасфорттың көмекшісі фон Фридрихстің қазақ даласын қалай басқарғаны туралы Бас штабтың офицері И.Бабковтің кітаптарында жақсы жазылған. Шартық қарын фон Фридрихс сияқты есерсоқ өзін қазақ даласының жарылқаушы иесімін деп жариялаған. Соның қолтығына Кури, Ивашкевич, Майдель, Нестеров сияқты жыртқыш-парақорлар кірген. Бұлардың бəрі де фон Фридрихстің хатшылары мен көмекшілері болатын. Біраз уақыт өткен соң, қазақ өлкесінің ең үлкен бастықтары Дюгамель мен Кройерус сол жыртқыштарды өз тобырына қосып алды. Қорқаулар қорқау топ жиюға ұста болатын. Шоқан Шыңғысұлының соңына шам алып түсіп, оған қаскөйлік жасаған осы жауыз тобыр еді. Бұл жөнінде Қырғыз (қазақ) сахара комиссиясының мүшесі А.К.Гейнстің жазбаларына үңілейік. Қолжазбаға көз салайық: «1865 жылы 17 июль күні комиссия мүшелеріне Дюгамель қонақасы берді, онда Кройерус пен адьютанттар да болды. Əңгіме жалпы мəселелердің төңірегінде өрбіді. Уəлиханов марқұмға, сондай адал, кіршіксіз таза адамға, тек патша ағзам қабылдап, бетінен сүйді деп қана қастық істеген Кройерус Шоқан туралы бір-екі ауыз қолайсыз сөздер айтты. Сонда мен оларға: ең жақсы ориенталистер, соның ішінде Ковалевский де Шоқанды тамаша ғалым, қырғыз халқының ең жақсы досы, орыстардың мемлекеттік мүдделерінің қорғаушысы деп санайды ғой дедім. Дюгамельге жəне оның сыбайластарына, өзімнің ойлағанымдай-ақ, мұндай баға сірə ұнамай қалған болу керек», – дейді. Қазақ өлкесінің жоғары əкімшілік аппаратында Дюгамель, Фридрихс, Кройерустармен бірге патша өкіметінің қара ниетті пайдакүнем, қара бастың қамы мен ақшаны ғана көксеген арамзалар болды. Құқықсыз өлкені сүліктей сорған патша жендеттері қазақтарға заңсыздық істеуден таймады, қызмет орындарын пайдаланып оларға қиянат

жасады. Патша чиновниктерінің бар ұмтылысы жүгенсіз озбырлық пен көзсіз парақорлық болатын. Бұл отаршылдық аппараттағы чиновниктердің қылмыстық əрекеттері туралы орыстың прогресшіл жазушылары мен ғалымдары жазудай жазған. Ол туралы күйікке толы Шоқанның хаттары да көп болатын. Патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдыққа, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақорлыққа қарсы Шоқан аянбай күресті. Сол үшін де Дюгамель, Фридрихс, Кройерус, Кури Шоқанға қарсы ашық жауыздыққа шыққан. Аса талантты сұлтан Шоқан Шыңғысұлының ғылыми бастамаларына сол патша чиновниктері кедергі келтірулерін бір қоймаған. Қашқар экспедициясының тамаша жеңісін, орыс ориенталис-тикасындағы Шоқан ашқан ренессанстік жаңалықты олар жоққа шығаруға ұмтылды. Атбасар округтік приказының аға сұлтаны болып сайлануына да осы патша чиновниктері бөгет жасаған болатын. Шоқанға патшаның жемір, қорқау чиновниктері де, дала тағылары да бірлесіп ашық күреске шыққанын жас сұлтан ешқашан ұмытпақ емес. Өз халқының санасыз пасық байларына жек көрініштікпен қарағанымен орыс офицерлерін еш кешпеуге ант еткен. Бұл Шоқанның адам сүйгіштік принципіне қарсы болатын. Бірақ Шоқанда басқа жол жоқ еді. Шоқанның ауыр ауруға шалдығуы, осы адам айтса нанғысыз офицерлердің қорлығына шыдай алмауы болатын. А.К.Гейнс 1865 жылы күнделігіне: «Бəрін тастап жалғыздыққа бойұсынса да орыс офицерлері мен чиновниктерінің ашықтан ашық қорлауы, тобықтан қағуы... биылғы жылы Шоқанның түбіне жетті» – деп күйіне жазған еді. Ал Көшен тоғанының түбіндегі Тезек төренің ауылындағы, албан руының бостандық сүйгіш рухы жанына да, тəніне де сіңіп болған кəдімгі адамдарының жас, ойлы сұлтан Шоқанды патша жансыздары улап, өлтіріп тынды ғой деген сөздері сұлу Жетісу өлкесінен əуелеп бүкіл сахараға қарай кеткен болатын. Шындықты айтуға шама жоқ еді. Ақиқат қашанда шабан қозғалады. Ошақтағы от сөніпті. Үй іші салқын тартқанын Шоқан енді ғана сезді. Түйе жүн шекпенмен қымтана түскен ол отқа бірнеше қи сынығын тастады. Салқын қымыздан бір-екі рет жұтты. Бірақ лəззат ала алмады. Патша чиновниктері Шоқанның Қашқарға барған сапарының мəнін жоғалтқысы келді. Бірақ олар орталарынан, Қашқарияны ашуға тəуекел ететін орыс ғалымын таба алмады. Шығыс Түркістанға орыс пен Еуропа ғалымдарына есік баяғыдан жабық болатын. Қашқар билеушісі белгілі географ Адольф Шлагинтвейттің басын шауып түсіріп, бастардан үйілген пирамида үстіне қойғанын Шоқан өз көзімен көрген. Өзі өлтірген адамдардың басынан пирамида жасаған адамды адам деуге бола ма, деп Шоқан жиі ойлайтын. Дюгамель мен Фридрихске Қашқарға бару қайда?! Кеуделеріне нан піскен, пасық патша чиновниктері қашқарлықтарды көрсе бұттарына жіберіп қояр. «Сібір суық, бірақ онда чиновниктер жылы тұрады», деген Федор Достоевскийдің сөзі дəл осы тұста дəлме-дəл келіп Шоқан күліп жіберді. Көппен жалғыз алысуға шама келмесін Шоқан енді ұққан. Шындық қанша қасиетті болғанымен, адасқанның алды жөн бола береді екен, əсіресе, уақыттың өзі соған себепкер боп тұрса амал бар ма?.. Орыс генералы Черняевпен текетіреске түскен, дала аристократиясының ой-тілегін қабыл алмаған, туған-туыспен келіспеген Шоқан Алтынемелге, аға сұлтан Тезек төренің ауылына, жыраққа кеткен. Туған өлкесі Көкшедегі Сырымбет ылғи түсіне еніп, жүрегін сыздататын. Менің ендігі бекінісім, соңғы қалауым Алтынемел тауы болды деп ойлады Шоқан. Қолымен сырып тастаған ақ қағаздарды қайтадан алдына тартты. Ақ қағазға қадалып ұзақ отырып қалған. Туған елден бауыр жазып, Петербургтен алыс кетіп, ауру меңдеген Шоқан шын жалғыз еді. Ол өзін ойлаған жоқ, өлім барда қорқыныш жоқ, орындалмай қалған армандарын қимастықпен қинала ойлаудан бір таймаған. Ғұмыр келте болды. Сол ғұмырды қысқартуға өзі де септігін тигізді білем. Бəрі Тəңірдің қолында ғой... Бұл дүниеде бақұлдасар жалғыз адамы əкесі еді. Əкеге айтар сөз де, ой да көп болатын. Соның

9

бəрі жиылып келіп орны толмас өкінішке ауысты. «...Қажыдым, əлсіредім, қан сөлім таусылды, құр сүйегім ғана қалды, кешікпей жарық дүниені де көрмейтін болам, оған енді ешқандай шара жоқ. Жетісуға келіп, сорлы Айсарыны елге алып қайтыңыз, оны өзіңіздің назарыңыздан, мархаббатты қамқорлығыңыздан шет қалдырмаңыз. Бұл менің ең соңғы хатым. Қош болыңыздар, баршаңызды да құшып, аймалаймын. Мұхаммед-Қанапия». Бұл кезде көктемнің ерте таңы атып та қойып еді. Үй жинайтын əйел түндікті ашты. Шымылдық ішінен Айсары, жазу жазып отырған Шоқанға қимай қарап көзіне жас алды. Орнынан жылдам тұрып, жан жарын құшақтап қасына отырды. Күйеуінің əлі кеткен денесі салқын еді. – Шаршадыңыз ғой, мырзам. – Жоқ, шаршағам жоқ. – Не жазып жатырсыз?.. – Əкеммен қоштастым... Туған жұртым Сырымбетпен қоштастым. Айсары үндеген жоқ. Бірақ жүрегі тіксініп қалып еді. – Шəй қойдырайын. – Жоқ, жатамын. Сəл мызғып алайын, Айсары. – Қазір мен төсек саламын. – Жоқ, əуре болма, осы жерге жата беремін. Түске жылқыдан көк жорғаны алдырт. Далаға шығамын... Қырға бірге шығайық. Сен де құла жорғаңды алдырт, Айсары. – Алдыртамын, мырзам, алдыртамын. – Рахмет, қымбаттым!.. Айсары жылы жымиып, тұрып қалды. Алтынемелге биыл көктем ерте келді. Шоқанға да сегіз қанат үй сəуірдің басында тігілген. Ауасы кең жылы үйді Шоқан ерекше ұнатушы еді. Айсары ошаққа от жақтырды. Шоқанды көрпесімен өзі жылы қымтап жауып тысқа шықты. Талтүс. Далада көк еркін көтеріліп-ақ кетіпті. Алтынемел тауының етегінде қыпқызыл қызғалдақтар толысып жайнап тұр. Жылы желдің өтінде қызғалдақ басы əнтек қозғалғанда, бүкіл қып-қызыл алқап əдемі қозғалысқа түседі. Алтынемел тауының басында ақ балақ бүркіт қалықтай ұшып жүр. Шоқан Омбыдан туған елі Сырымбетке келгенде, əкесі оған он қанат үй тігетін. Қасына кісі ертпей жүрмейтін Шоқанның қонақтарына деген алты қанат үй бөлек тұрушы еді. Шоқан Сырымбетке келгенде жас сұлтанға сəлем береміз деп келген жандарда есеп болмайтын. Қобызшы Қанғожа, əншілер Көке, Шəкен, жыршы Кəрке Шоқанның қасынан табылатын. Қобыз ойнайтын жас жігіт Төлепбергенді Шоқан өте жақсы көрген. Төлепберген мен əкесі Тулақ қобызшы бірлесіп қобыз ойнағанда Сырымбет тауының қойны-қонышы сыңсыған сиқыр үнге толып кетуші еді-ау. Алтынемелге келгенде де, Шоқанға Тезек төренің өзі Жетісудың ақын-жыршыларын, сөз ұстаған билерін, алты ай жазда жинап беріп отыратын. Қазақтың өлең-жырын жас ғалымның жазып алып отыруын жаны ұнатқан. «Өнері болмаған ел оңбайды», дейтін көрінеді Тезек төре. Алтынемелдің биігінде енді екі ақбалақ бүркіт қанаттары күнге шағылысып еркін қалықтай ұшып жүр. Бұл атақты Маман құсбегінің бүркіттері. Шоқан Маманға еріп бір қыс аңға да шыққан. Шіркін, Жетісудың жаннат жері-ай! Елі де асқан мейірлі, қонақжай. Берем десе Тəңір береді-ау! Қыздары да Айсарыдай сұлу, ұландары да Мамандай апайтөс, ер тұлғалы ақжарқын. Түні бойы ой ойлаған, қағаз жазған Шоқан бір кезде талмаусырап ұйықтап кеткен. Қайран Сырымбет, туған жер!.. Сені қайтып көруге жазар ма екен?.. Əлде менің сүйегімді орыс патшасының қанқұйлы офицерлері мен чиновниктері ешкімге көрсетпей, қара жердің қойнына тығып тастай ма? Тезек төренің ауылында бірнеше офицерлер біраз күн бұрын келіп қонақ болып жатыр деген. Олар Шоқанға келіп көрінуге асықпады. Оларды көруге Шоқан да асыққан жоқ. – Мырзам, жүр, далаға шық. Сені көк жорғаң тосып тұр, – деді Айсары. Үн жоқ. – Мырзам... Айсары аһ ұрды. Шоқан жер төсекте жансыз жатыр еді. Сол күні Көшен тоғанының түбіндегі Тезек төре ауылын қаралы қайғы басты... ...Шоқанның əкесі Шыңғыс Уəлиханов 1865 жылдың жазында Сырымбеттен Алтынемелге арнайы керуен жіберді. Сол керуен Айсарыны Сырымбетке алып қайтқан. ...Алтынемелдегі Шоқанның зиратының басына 16 жылдан соң ғана орыс офицерлері тас орнатты. Онда мынандай сөздер жазылған. «Бұл жерде 1865 жылы дүниеден өткен штабс-ротмистр Шоқан Шыңғысұлы Уəлихановтың сүйегі жатыр. Түркістан генерал-губернаторы Кауфман I-нің тілегі бойынша осы ескерткішті 1881 жылы Уəлихановтың ғылым саласында сіңірген еңбегінің құрметіне генераллейтенант Колпаковский орнатты». Генерал-губернатор Екатеринбургтегі атақты орыс шеберіне мəрмар тасты қатесіз ойдырды. Мəрмар тас Екатеринбургтен Омбыға, Омбыдан Семейге, Семейден Алтынемелге ұзақ жол жүрді. Мəрмəр тастағы жазудың соңында тағы екі жол жазу болған. Онда: «Бұл құлпытас бəріміздің сүйіктіміз жəне құрметтіміз марқұм Шоқан Уəлихановқа қойылды», деген сөйлем бар-тын. Осы жан жүректен шыққан сөздерді Дешті Қыпшақ даласын басқарған парақор, жалақор, месқарын орыс офицерлері мен чиновниктері өшіртіп тастаған. Сонда: «Империяның осындай адамдарын көріп отырып, Шоқан бабамыз кімге қызмет істеген?» деп қиналамыз. Роллан СЕЙСЕНБАЕВ.

АЛМАТЫ.


10

АС ЗҚАР

www.egemen.kz

КӨ

 Алыпқашпаның ақиқаты Шəкен Айманов. Бұл есімді айтқанда қазақтың кең даласы, алып сахарасы көзге елестейді. Оның бойына сондай телегей-теңіз өнер, дархандық, кеңдік, жомарттық, мəрттік қонған. Жəне соның бəрін ол асылық сөз айтып, менсінбейтіндерге, нақты ісімен мойындатқан өзгеше құбылыстардың бірі. Осы арысымызды еске ала отырып, төмендегі мақаланы жазуға түрткі болған мына жайт еді. Көрші елдің «Ю тюби» сайтынан жақсымыздың атына жала болмаса да жағымсыз сөз айтылды. Сол жанға батып кеткен соң қолға қалам алдық.

ЖАЛА Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Осы сайттан бірде татар актері Раднэр Муратов туралы айтылатын деректі фильмді көріп қалдық. Бұл есімді көп адам біле бермеуі мүмкін, бірақ «Джентльмены удачи» фильміндегі бір жағы мазақ, бір жағы жеңіл күлкі үшін тудырылған «Василий Алибабаевич» есімімен танылған персонажды жұрттың бəрі біледі. Аңқау, адалдығымен қоса ақымақ болып көрінетін ортаазиялықтың жеңіл рөлін ол біршама сəтті шығарған. Аталмыш деректі фильмнен актер Раднэр Муратов Татар автономиялы республикасының бірінші хатшысы қызметін 13 жыл бойы атқарып, 1957 жылы 52 жасында зейнет демалысына шыққан Зиннат Ибатұлы Муратовтың отбасында өмірге келген жалғыз бала екенін білдік. Партия ісіне жан-тəнімен берілген əкесі перзентінің есімін де елден ерекше етіп, сол кездегі үрдіспен «рад» – «радуйся», «н» - «новой», «эр» - «эре» деген сөздерден алып қойған екен. Мұны қазақшаласақ Жаң-за-қу (жаңа заманға қуан) болар еді... Деректер Раднэр Муратовтың өте көп, атап айтқанда 80-нен артық киноға түскенін, бірақ ойнаған рөлдерінің бəрі де эпизодтық болғандықтан көп фильмдердің титрында оның аты-жөні көрсетілмегенін айтады. Соның бірі Шəкен Айманов 1966 жылы түсірген «Атамекен» («Земля отцов») фильмі екен. Мұнда Раднэр поезда қашып жүрген черкестің рөлінде ойнайды. Есте қалатын емес, бір сəттік қана эпизодтық рөл, тіпті түрі де анық көрінбейді. Фильмде Р.Муратов туралы əңгіме айтқанның бірі оның досы Анатолий Яббаров есімді татар актері. Бұл да «Джентльмены удачи» фильміндегі эпи зодтық рөлде ойнаған. «Доцент» биік үйдің төбесінен құлатып жіберетін «Митяй» бар еді ғой. Міне, сол «Митяй» осы. А.Яббаров біршама деректердің қатарында Шəкенге қатысты Раднэрдің «өз аузынан» естіген бір əңгімесін де айтып берді. Оның

қысқаша мазмұны мынадай: Шəкен Айманов фильм түсіріп жатқан уақыттарында шағын үзіліс бола қалса өзімен шахмат ойнайтын адам іздейді екен. «Атамекенді» түсіріп жатқанда да солай болыпты. Ойында ештеңе жоқ Раднэр Шəкеннің қарсыласы болып ойынға кірісіп кетеді. Шахматты жақсы ойнайтын ол режиссерді шағын үзілісте 2-3 рет ұтып кетеді. Осыдан əрі олар əзіл-қалжыңмен жұмысқа кіріседі. Раднэр көптеген эпизодтық рөлдері үшін фильмдерде аты жазылмайтынына ренжіп жүреді екен де Шəкеңе өзінің есімін титрда көрсете салуды өтініпті. Оған Айманов жазғызамын деген уəдесін береді. Сонымен, фильм түсіріліп болған соң оны Мəскеудегі Госкинода қабылдау болады. Раднэр де келіп қарап отырады, алайда титрдан өзінің аты-жөнін таппай, ренжіп қалады. Фильмнің ұзын-ырғасы – соғыста қаза тапқан баласының сүйегін туған жерге əкеліп жерлеу үшін немересімен бірге жолға шыққан ақсақал жайлы. Міне, фильм де аяқталып келеді, қария баласының бейітін тауып, оның қабірін құшақтап, көзіне жас алады. Сонсоң сəл шегініп, басылып отырады. Осы кезде камера зиратқа қойылған тақтаны анық көрсетеді. Сөйтсе, онда «здесь покоится Раднэр Муратов» деп жазылған екен. Бұл жазуды көргенде Раднэр тіксініп қалады. Фильмді қабылдау аяқталған соң сол маңдағы ресторандардың бірінде режиссер Ш.Аймановтың ұйымдастыруымен əдеттегідей банкет болады. Онда Шəкен Раднэрді көріп, өзіңді титрдан таптың ба, қалай қатырдым ба деп қалжыңдайды. Одан əрі дастарқан қызуы басталып кетеді. Бір кезде төрде отырған Ш.Аймановқа Госкинодан шақыру келіп, ол жұрттан кешірім сұрап, кетіп қалады. Аздан соң бір адам келіп, оны жаңа ғана машина соғып, тіл тартпастан қаза болғанын жеткізеді... Міне, əңгіменің ұзын-ырғасы осындай. Ол фильмде Р.Муратовты «өлтіріп» қойғаны үшін, демек оның өлімімен ойнағаны үшін Ш.Аймановқа Жаратқанның жазасы жеткен деген ой тудырумен аяқталады.

Қазақтың көзіқарақты, көкірегі ояу жандарының бəрі де мұндағы өтіріктерді біліп отыр. Өйткені, қазақ қауымы Шəкен Аймановтың «Атамекенді» түсірген 1966 жылы емес, «Атаманның ақыры» фильмін түсірген 1970 жылы машина соғып қаза болғанын жақсы біледі. Екіншіден, «Атамекен» фильмінде зираттың басында А.Яббаров айтқандай белгі жоқ. Осы фильмді қайтадан қарап шыққанда да «Бауырластар зиратына» қойылған тақтада қайтыс болғандардың тізімі ғана жазылғанын көрдік. Онда басқалармен қатар «Муратов» деген фамилия болғанымен, ешқандай «Здесь покоится Раднэр Муратов» деген сөз атымен жоқ. Демек, Шəкен Айманов ондай тақта жаздырмаған. Үшінші өтірік. «Бауырластар зиратына» қарт (Елубай Өмірзақов ойнаған) жете де алмаған, ол жолда поездан қалып қояды. Əкесінің басына тек баласы (Мурат Ахмадиев) ғана жетіп, мінəжат етеді. Ендеше, осындай өтіріктер не үшін керек болған? Бұл тек Раднэр Муратовтың рухына жұрттың назарын аударып, оның «тегін адам емесін» білдіру үшін, қазіргі тілмен айтқанда оған арзан пиар жасау үшін керек болған сияқты. Бірақ сол пиары екінші адамға, яғни қазақтың маңдайына біткен ұлы актеріне қиянат жасап тұрғанын Яббаров та, деректі фильмді түсіргендер де ойына алмаған. Бұл да сол мəскеуліктердің өзгелерді менсінбейтін ертеден келе жатқан озбырлығының бір көрінісі. Яббаров осы əңгімесін аузы жеткен жердің бəрінде қайталап жүрген көрінеді. Мəселен, «Бульвар Гордона» деген апталық газетте Людмила Грабенко деген журналистің Раднэр Муратовтың өлімі жайлы мақаласы шықты. Осында берген сұхбатында да А.Яббаров жоғарыда айтылған өтірігін толығымен қайталайды. Сонымен бірге, ол осы сұхбатта Р.Муратовтың «Возвращение чувств» деген Татарстанның 50 жылдығына арналған фильмде басты рөлді ойнағанын, сол үшін оған Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі атағын бермекші болғанын, алайда бастық əкесі телефон шалып, оған бұл атақты беруге əлі ерте екенін айтып, тоқтатып тастағанын айтып береді. Бұл мысалды келтіріп отырған себебіміз, А.Яббаровтың тағы бір өтірігін əшкерелеу. Біріншіден, бұл фильм түсірілген 1979 жылы Татарстанға 50 емес, 60 жылдық қарсаңы болған еді. Екіншіден, Раднэрдің əкесі Зиннат ол кезде лауазымды қызметтен кеткен (1957 ж), біреуге телефон арқылы бұйрық беруден мүлде қалған зейнет демалысындағы адам. Үшіншіден, Р.Муратовтың өзі де «жас емес», 51-ге келген кезі. Сондықтан бұл əңгімелерінің де шындыққа жанаспайтыны көрініп тұр. Міне, осындай өтіріктерді ресейлік деректі фильмдерден жиі көруге болады. Өзгеге емес, өзімізге қатысты тағы бір мысал айта кетейін. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылғы 30 сəуірде Рейхстагқа ең бірінші болып ту тіккенде қасында Григорий Булатов деген қатардағы жауынгер болғанын білеміз. Алайда бұлардың еңбегін ескермей, қазаққа үлкен атақты қимай, атыс саябырсыған соң командование грузин өкілі Кантария мен орыс өкілі Егоровқа қайтадан ту тіккізіп, екеуіне Батыр атағын бергенінен де хабардармыз. Соған күйзелген Булатов салынып ішіп кетіп, ақыры жұрттың мазағына айналады. Оған жеңіл ауызды біреулер «Гриша Рейхстаг» деген мазақ ат береді. Міне, осы Г.Булатов туралы да ресейлік деректі фильм жасаушылар «Гриша Рейхстаг» деген деректі кино түсіріпті. Осы фильмде де... аузы-мұрындары қисаймай Булатовтың командирі болған лейтенантты Қошқарбаев емес, «Сорокин» деп ойдан шығарып алған. Əрине, Ахметов, Қойшыбаев, я басқа фамилияны емес, нақ орыстың табиғи есімін алыпты. Ал, бұған не дерсің? Бұл да сол кеудесін қаға беретін озбырлықтың қалмай келе жатқан ұшқындары. Басқа ештеңе де емес. Сондықтан да орыс киношыларының деректі деп түсіргендерінің бəріне бірдей сене беруге болмайтынын айтып, «əй дер əже, қой дер қожа» заман болмаған соң, олар өздеріне тиімді етіп, өтіріктің талайын осылай ойына қалай келсе, солай қосып жататынын қандастарымызға білдіргіміз келген еді. АСТАНА.

«Ойыл кґздіѕ жасы еді...» есін естігенімізбен, Асанқайғы атамыздың осы бір сөз тірк ген жай ымы з бар . жүр ай алм іне түс мағ ына сын жет е қ көкейде тұрары анық. «Неге көздің жасы?» деген сұра дай ұғым білдіреді? Қан ты? шық ан «Ойыл»атауы кайд қ» романында жергілікті ғана Ғабиден Мұстафиннің «Шы Ойыл өзені жылда жаап, жас еме сілт на адамдардың айтулары п арнасын өзгертеді. құла а ғасын су шайып, ойылып опырыл лған болу керек деп айты нада мағы н деге Өзен атауы ойылу нымыздың заңғар зама нім, топшылайды. Менің айтайын деге ның пікірін жоққа адам биік ндей тафи Мұс жазушысы Ғабиден сұраймын. Біз де нуін түсі ң мны шығару емес екенін оқушы қауы басып келе жатм қада й қара іріне сеңг ң енні жетпістен асып, секс удан өзеннің құла лып ойы де қан адамдармыз. Осы жылдар ішін дары су тартыжыл ғы Соң ық. амад байқ ін рген аңғарының өзге аса, арнасы бір қалыпты, лып, ендік көлемінің азайғаны болм береке таратып келеді. өз бағытында жайлап ағып, жерге құт- ық Республикасының Кеңес Одағы тұсында Моңғол Хал не орысша) тау жүйесін физикалық картасынан Ханхай (əри сының қасында Қанқай село л көрген едім. Осы орайда Ойы біздің қазіргі аумағымызға деген қырат бар. Орта ғасырларда рлаушы ел жергілікті Ота і. моңғолдар үстемдік жүргізд береді. Кеңес Одағы жер-су атауларын өз тілдерінде атай а, Антоновка деген овк осл Бог тұсында Новоалексеевка, де осындай жағдай орын атаулар қалай каптаса, сол кезде . Қобда өзені, Моңғолияда неді алғаны мына мысалдардан көрі лы, Ноға-моңғолша жада осы аттас өзен бар. Ноғайты ауы жер-су атауларының а ғолш Моң сыл түс немесе көкөніс. есетіні баспасөзде жакезд ама бірш нда ағы Қазақстан аум бір бай лан ыс бар қта асты ұқс рия лан ды. Жоғ ары дағы ен қандастарымыздан ау деген оймен Моңғолиядан келг

бірн еше сөз кел тірд і. сұр аған ымы зда Ойы лға ұқс ас дегенді білдіреді екен. Моңғолдық «Уил» деген сөзі «жылау» нқайғы сол заманға Аса . ады шығ Жылау мен бірге жас та сөзінің мағынасын біліп, жақын өмір сүрген адам. Ойыл нің көздің жасындай өзен деп ..» «Ойыл көздің жасы еді. п, таяздау жерінде түбі мөлдір болғанын, толқымай баяу ағы к. кере ы болу н көрініп тұратынын меңзеге осыған ұқсас құс атауы Моңғолияда «иол» сөзі үкі немесе ген қанқай сөзі моңіріл келт да ары болып келеді екен. Жоғ на береді. Бүгінде мағы н ғолша орманды, табиғаты көркем деге ылығы бар. Жергілікті уаш шар ан орм ауылдың жанында Ойыл і. Егілсе егілген шығар... адамдар патша заманында егілген дейд желекке бөленген боыл жас ы құм ын Бірақ та, əу бастан Барқ құстардың сансыз түрі луы керек. Орман-тоғай болған соң, кі болса керек. түрт ына атау л кездеседі. Осы сөз де Ойы Осы орайда өткен да. «Оел» сөзі «шот» деген мағына т жерінде өсетін дауы құм нің өзен н дейі ғасырдың орта шеніне нға пайдалануоты ып шау шағыр шөбін тамырымен шотпен ырды шауып шағ пен шот да мыз ары шы еді. Бір кезде атал бұрылысы бір інің өзен л қажетке жаратқан болар. Немесе Ойы тұрарлық жайт, əрине. а ануғ Ойл кін. шотқа ұқсас болуы мүм адаммын. Менімен Мен моңғол тілінен хабарым жоқ ірлері де емес. Тек білг ік жет ің тілін сөйлескендер моңғол болашақ зерттеутім Ние ауызша формасын меңгергендер. еу. сілт т шілерге ой салу, бағы

Амангелді БАҚАЕВ, құрметті азаматы. ың нын ауда Темір

Ақтөбе облысы.

19 қараша 2014 жыл

 Теледидар терезесі

Тґріне 200 ќонаќ сыйєызып їлгерген «Тїнгі студия» жїргізушісі Нўрлан ЌОЯНБАЕВПЕН болєан сўхбатта телевизиялыќ жобаныѕ ґткені, бїгіні жəне ертеѕі туралы ойлар ортаєа салынды

– «Қонақ аз отырып, көп сынайды» демекші, «Түнгі студияға» бас сұққан қонақтар хал-жағдайларыңызды сұрап келе ме, əлде сынап келе ме? – «Киіміне қарап қарсы алып, сөзіне қарай шығарып салу» ежелден халқымызға тəн қасиет. Бағдарламамыз ə деп басталғаннанақ қонағымыз студиямыздың ерекше ықыласына, көрерменнің ілтипатына бөлене отырып, сыннан бұрын сырын ақтара жөнеледі. Біздің де мақсатымыз келген қонаққа астарлы сұрақ қойып, шамына тие, шаға сөйлеу емес, əзілмен əсерлі əңгіме өрбітіп, əдемі ойынмен көрерменнің көңілін көтеру. – Бағдарламаға қатысушылардың өздері өтініш жасай ма, əлде эфир кейіпкерлерін алдын-ала таңдап, талғап, «мынау лайықты», «мынау лайықсыз» деп сұрыптап отыратын мамандар бар ма? – Əрине, бағдарламаның тетігі тек бір ғана адамның қолында емес. Шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Бірақ «мынау лайықты», «мынау лайықсыз» деп баға беретін жасқа келген жоқпыз. «Лайықтыларды» халықтың өзі таңдайды, біздің əлеуметтік желідегі парақшаларға өз ойларын айтып, ұсыныс-тілектерін білдіреді. Жаңа бейнебаян түсіріп, шығармашылық жолында қызу жұмыс істеп жатқан эстрада əншілері, композиторлар мен ақындар, білекті спортшыларымыз, ел аузында жүрген басқа да түрлі саладағы танымал мамандарға есігіміз əманда айқара ашық. Бастысы, қонағымыздың шығарма шылығы, өнері, ерен еңбегі халыққа қызықты əсер қалдырып, үлгі тұтатындай тағылымды болуы шарт. Əр тұлғаның өз көрермені бар. – Кейбір шоу-бағдарламаларда жүргізушілер жұртты күлдірем деп, өзі күлкілі жағдайға тап бола жаздайтын сəттер кездесіп қалып жатады. Осындай сəтсіздікке тап келген кезіңіз болды ма? – Əзіл айтып күлдіру оңай шаруа емес, жалпы комедия – ең ауыр жанр. Дұрыс айтасыз, кей əзілдер көрерменнің барлығына бірдей түсінікті бола бермейді, сондықтан қалжыңның бағасын қашанда қарапайым халықтың өзі беріп отыратынын ешқашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біреудің көңілін қалдырған, яки болмаса, өз əрекетіме өзім қысылған өрескел сəтсіздіктер есіме түспей отыр. – «Түнгі студия» қонақтарының ішінен қайсысын ерекше бөліп айтар едіңіз? Ол несімен есіңізде қалды? – Бағдарламаға келетін қонақтар, тағы да айтып өтейін, əртүрлі саланың танымал өкілдері. Олардың өнердегі, шығармашылықтағы, қала берді, өмірдегі жолдарына дейін əртүрлі. Мұндай жарқын бейнелерді бір-бірімен салыстырып, бірін екіншісінен бөле-жарғым келмейді. «Түнгі студияға» келген əр қонақты қонақжай қалпымыздан ауытқымай, құшақ жая қарсы алып, ілтипат көрсету тұрақты дəстүрге айналды. Сол себепті де, түсірілім аяқталған соң қонағымыздың ықыласына бөленіп, алғысын алу біз үшін үлкен мəр тебе саналады. Студиямызда Қа зақ станның халық əртісі Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды халыққа өзінің атын баяғыда-ақ мойындатып үлгерген эстрада жұлдыздары қонақта болса, ал олардың өнері де үнемі айрықша мəнмазмұнымен, айтар ой, əзіл-қалжыңымен ерекшеленіп тұрады. – Бағдарламалар да сирек тағдырлар секілді: мезгілінен бұрын туады, дер кезінде дүниеге келеді жəне уақыттан қалып туады... Осы айтылғанның «Түнгі студия» қайсысына жатады? – Мезгілінен бұрын туды деп айтар болсақ, ол да дұрыс. Жобаны көпшілікке ұсынып, эфирге шығарар алдында үлкен күмəнім болған еді. «Бұл қалай болар екен?», «Мұны көрермен қабылдай ала ма, жоқ па?» деген сұрақтар қатты мазалады. Себебі, «франшиза» бойынша келген жобаларға көрермен тарапынан түрлі сындар айтылып жатуы заңды құбылыс. Бұл орайда алды мен, «франшизаның» не екенін түсініп алғанымыз абзал. Бұл дегеніміз – қарапайым ұғыммен түсіндіргенде, технология. Кез келген телевизиялық өнімнің өзі де

құрылыс материалдарын, я болмаса басқа да қажетті өнімдер өндіретін ірі өндіріс ошағы іспетті. Қандай істі қолға алсақ та соған қатысты керек-жарақсыз күніміз ұясына қонып, таңымыз тамылжи атуы екіталай десек, телевизиялық өнім де дəл солай. Ол да ірі өндіріс орны секілді міндетті түрде технологияны қажет етеді. Сонымен «франшиза» – ең алдымен білім, қандай да бір көзге көрінген нəтиже арқылы қол жеткен өнім деуге лайық. Бүкіл əлемде кешкілік шоу- бағдарламалар үлкен танымалдыққа ие болып, көрерменнің ілтипатына бөленіп жатыр. Мысалға алатын болсақ, АҚШ-тың «Late Night Show» жобасы, ұлыбританиялық «The Graham Norton Show» жəне Ресейдің «Вечерний Ургант» жобасы əлем назарын өзіне аударған айтулы жобалар қатарында. Осы бағдарламалар желісінде бұл жобаның да қазақ тіліндегі нұсқасының телевизия төрінен орын алуы құптарлық жағдай жəне əйтеуір бір жүзеге аспай тұрмайтын идея. Бірақ, бағдарламаның алғашқы эфирлерінен кейін-ақ көрерменіміз «Түнгі студияға» өздерінің лайықты бағаларын беріп үлгерді. Міне, сол кезде, дер кезінде дүниеге келген жоба екеніне көзіміз əбден жетті. –Қалай ойлайсыз, жүргізуші бар лық уақытта көрерменнің көңілін дегісін дөп басып тауып отыруы мүмкін бе? – Əрине, мүмкін емес. Өйткені, көрерменнің барлығы бірдей емес. Талғамға талас жоқ. Байтақ еліміздің əр өңірінің өзіне түсінікті қалжыңы, өзіне лайықты əңгімесі бар дегендей. Ал отандық телебағдарламаның жүргізушісі жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мейлінше халықтың көкейіне жақын болуы шарт. – Бағдарламаға «келген қонақ пен жүргізуші арасында емінеркін сұхбат жүреді, белгілі бір тақырып төңірегінде емен-жарқын əңгіме өрбиді» деп сипаттама берілген екен. Осы міндетті өзіңіз қай деңгейде атқарып отырмын деп ойлайсыз? – Мен еш жасырмай, ашық айта аламын, мен – журналист емеспін. Сондықтан, 30 минөт барысында студияға келген қонақпен астарлы əңгіме өрбітіп, сұхбаттасуға менің түптеп келгенде хақым да жоқ. «Түнгі студия» – саяси-астарлы əңгіме қозғай тын жоба емес, онда қонақтың шығармашылығына лайықты емінеркін əзіл-шы ны аралас сұрақтар қойылады. Ал бағасын беріп, байыбына үңілетін тек қана көзіқарақты көрермен. – «Түнгі студияның» эфирдегі басқа бағдарламалардан «мынадай-мынадай айырмашылығы бар» деп талдап-таратып айтып беріңізші. – Əр бағдарлама өз алдына бір төбе. «Түнгі студияның» эфирдегі басқа бағдарламалардан ерекшелігі деп өзіне тəн айдарларын атап өтуге болады. Мысалы, «ойындар ғылымдарының докторы» Дəулет Бижановтың өз көрермені бар. Қонақтармен ойналатын ойындарда «бүгін қандай қызық болады екен?» деп көрермен тағатсыздана күтіп отырады. Əрине, жан ды дауыста, əртүрлі аспапта сүйемелдейтін музыкалық топ бағдарламаның сəніне айналғаны сөзсіз. Келген қонақтар да əсерлі əуеннің ырғағына шыдай алмай билеп, музыканттарға өз ризашылықтарын жеткізіп жатуы өзара үйлесімділіктің жарқын көрінісі екені жəне даусыз.

Əзіл-қалжың реті осындай əсерлі əуенмен өрнектелгенде, көрерменнің күнделікті күйбең тірлікті ұмытып, бір сəт те болсын көңілін сергітуіне мүмкіндік туады. – Түн жарымына дейін көз ілмей, сіздердің бағдарламаны асыға күтіп отыратын көрерменді алда тағы қандай тосын сыйлар күтіп тұр? – Бағдарлама қай кезде де мəртебелі мейманымызбен қызықты. Сондықтан алдағы уақытта көрермен нің сұранысына ие тұлғалар шақырылады деп жоспарлануда. Бағдарламамызға ғаламтордағы қызықты бейнелер арқылы танымал болған, көпшіліктің көңілінен шыққан қарапайым көрермендер де қонаққа келуі əбден мүмкін. Мұның бəрі алдағы уақыттың еншісіндегі істер. Егер қазір мен сіздің алдыңызға бүкіл жоспарымды түгел ақтара салсам, «қазы-қартамыз шайналашайнала, шандырланып, татымы азайып қалуы» мүмкін. Сондықтан күтіңіздер, «Түнгі студия» эфирінде əлі талай қызық бар. – Бағдарламаны əзірлейтін шығармашылық топтың жұмысымен етене танысуға құлықтымыз. Мысалы, бір хабарды түсіру үшін оған қанша адам қамтылады, қанша уақытта түсіріліп бітеді... бір жылда қанша хабардың басын қайырып үлгересіздер? – Міне, қараша айында бағдарламаға қатысқан барша достарымызбен қауышып, бір жылдығымызды салтанатты жағдайда атап өткелі отырмыз. Бір жыл ішінде 150ден астам бағдарлама көрерменге жол тартып, 200-ден астам тұлға студиямыздың қонағы болды. Басқа да бағдарламаларға сай шығармашылық топта режиссер, сценарийст, редактор, əкімші, т.б. мамандар жұмыс атқарады. Білсеңіздер, бір аптада төрт рет эфирге шығу дегеніңіз оңай шаруа емес. – «КВН» мен «Түнгі студияны» қатар сүйреп келе жатырсыз. Жаныңызға қазір қайсысы жақын? – Қателесесіз... «КВН»-мен қоштасқалы қашан. Бірақ маған «КВН»-ның бергені көп болды. Бүгінде əзіл айтудың астарын, тіпті, көпшіліктің алдында өзімді қалай ұстап, қалай сөйлеу керек екенін мен «КВН»-нан үйрендім десем, артық айтпаспын. ТМД елдері бас қосқан ресейлік сахнада көрерменнің езуіне күлкі үйіре алу деген өте ауыр жүк. Себебі, біз бір елдің намысын қорғап, туын көтеріп келдік. Бізге сенім артқандарды жерге қараттық деп айта алмаймын. «КВН» арқылы да көпшілікке танылдым. Ал, «Түнгі студияның» орны мен үшін мүлде бөлек. – «Түнгі студия» жүргізушісі бойына мына қасиеттердің қайсысы көбірек қонғаны абзал деп ойлайсыз: ұтқыр ой, əдемі қалжың, жеңіл əжуа, тапқырлық, шешендік... ары қарай өзіңіз жалғастырыңыз. – Осы айтылғандардың бəрі бір адамның басында болуы керек. Оған қоса қонағыңмен бірге мың бұралған биші, күміс көмей əнші, кейде тіпті білекті спортшы, Шумахер сынды жүргізуші болып кетуің де ғажап емес. Ең бастысы, «Түнгі студияның» көрігін қыздырып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан артық не бар?! Əңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».


19 қараша 2014 жыл

Қазақ жыры қанатын кеңге жая түскен жылдар еді ол. 1971 жыл. Қыстың басы. Қазақ университетінің үлкен залы. – Кім, айнам, Кеңшілік, кішкене былай, сабыр ет, – деп əдеби кешті жүргізіп отырған ұстазымыз Сұлтанғали Садырбаев ағай көзілдірігін бір алып, бір киеді. Жүзінде сəл қобалжу бардай. Ақын шабыт шалқұйрығына мініп кеткен, түсетін түрі жоқ: Нағашы ауылымның арасы бізден бір-ақ қыр, Қозы-лағымыз қосылған шүйгін қырат бұл. Тың көтерген жыл төбенің түбіт көдесін, Тарап əкетті тарақ табанды трактор. Айызы қанып айбалта темір тілгілеп, Сақталған сүр боп шым топырақтарын сүргілеп. Құрым іңірде жарқ ете қалып құйрығы, «ХТЗлар» қытықтап қырды жүрді көп. Трактор табанды тоңмойын саясат жас ақынның арманшыл жүрегінің таза тыңын аяусыз жыртып барады. Қазақ даласының құрым іңірінің өңірі дардар жыртылғандай. Алаш даласын алқалап туған ай да шалқалап кеткендей. (Ол кездегі көңіл шалқыған жырға шарпылған жастық көңіл-ді. Бүгінгі бұл сөз – қазіргі түсініктің көрінісі). Зал ду-ду. Шартылдай соғылған шапалақ шартарапқа ұшқындап, зал: «оқысын, оқысын, оқи бер» деп гулейді. Сол залдың ішінде, Мархабат көкем айтпақшы, біз де отырыппыз. Мінберде тұрған ақсары жігіт жүзі жалқын тартып, толқынды шашын талыстай алақанымен асығыс бір қайырып тастап, əрі қарай сілтейді: Қуанды қарттар жанардан тамшы мөлдіреп, «Көделі жерге көк бидай шығар болды» деп. Боз бие біздің түн жамылып барып сол жерден, Көденің тамырын кірш-кірш шайнады соңғы рет. Қартаң мал еді – əкеме біткен артық бақ, Тарпаң мал еді қасқырды өлтірген тарпып қап. Қаңтардан өзін асырап шығып аман-сау, Құлын туатын жылқы көбейтіп, жал жұптап. Өлеңі шалқып, өзегі балқып, жаныңды тартып, тəніңді шарпып əкетіп барады. Алақанға аяу жоқ. Ақын бір кезде дауысын сəл баяулатып, бірте-бірте ақырын нотаға көшіп, еңселі мінбердің ішіне қарай сұғынып кетті. Енді, оның даусы мінбердің ішінен күмбірлеп естіліп жатыр: Ақылды жануар соңғы рет келіп сол түні, Таныс көденің тамырын иіскеп, толқыды. Ылғал құм ішінде іркілдеп жатты тамшылар, Ұзатқан қыздың жылағанындай төркіні. Сұлтанғали ағамыз ақырын қозғалып орнынан тұрады, көзілдірігі қолында, «Ақындар деген осындай албырт халық қой» деп залға жымия бір қарап, «Кім, айнам, Кеңшілік, басқа ақындарға да кезек берейік» деп оған енді жымия, жұмсақ қарайды. Ақын мінберден шығып келеді. Ақсары өңі нарттай жанған. Көзі қияда, қолдары ауада, асқақ даусы залдың ішін кернеп, жыр одан əрі шалқиды. Өлең өрлеп, таралғыны тер буып, үзеңгіні үйіріп, құйысқанға құйылды: Тамырын тартып қау етіп қырға көк шықты, Сабағын дəннің себелеп жаңбыр көпсітті. Қыр жақтан бірақ көденің иісі сезілмей, Тұшынбай тілі боз биені сол өксітті. Есті мал қырға егіске барып түскен жоқ, Қыр жақты кетті көкпеңбек барқын түс меңдеп. Көз қырын қырға қадаған сайын биеде, Көдеге талғақ келе жатты бір күш меңдеп. Ақын «Боз биесін» Қазақ университетінің белдеуіне əкеліп байлады. Төрде отырған ақындар да дүбірге елеңдеп, ауыздығын шайнаған тұлпарлардай дүрліге қозғалып, дуылдап сөз қағыстырады. Төрде отырған төре топ неге абыр-сабыр болғанын біз енді, жылдар өте келе бағамдап, шығарма шындығының шыңыраудан суырылған ұлттық дерек пен дəйек екенін тарата айтамыз. Бұл ұлттық-этнографиялық, эссеестеліктік жыр өзінің өзекжарған ақиқатымен құнды еді. Айта алмайтын кезде айтылуымен құнды еді. Ұлттық уыстан сусып шығып бара жатқан қазақ даласының қамкөңіл ойын қапысыз жеткізуімен құнды еді. Табиғи туындының ұлттық құндылығы айқын көрінген бұл жыры арқылы Кеңшілік ақын сол кездің өзінде-ақ өз тұрғыластарының алдына атойлап шығып, аламан топты соңынан ертті. Сол боз биеден азаттықты аңсаған ақ кекіл құлын-жырлар туды. Бұл 1971 жыл болатын. Осы өлеңнің материалына зер салсақ, бəрі қарапайым, қыр қазағының сөзі. Əкеміздің сөзі, анамыздың лебізі. Қарапайым сөздердің бəрін үйіріп, иіріп əкеліп, ақын жүрегінің ыстық балқымасына салғанда, талант рудасынан бөлінген асыл темір ақын алдаспанына айналып, жарқұл-жұрқыл от шашады. Сол от қазақ жүрегіне шымырлай сіңіп, жан дүниең əлдебір қимас шағыңды есіңе түсіріп, бүгінде қыр басындай қарайып қалған қауымдарда бақи дүниенің базынасын кешіп жатқан атаанаңның бақытты кезеңдерін ұрлаған ұрын жылдардың ұрлығын қайыра еске салып, жан дүниең əлгі шынжыр табан трактордың аяусыз астына түскендей болады. Кеңшілік – лирик ақын. Бірақ қысқа өлеңнің ішіне ұзын ой салатын, ұзақ мұң салатын, ұмытылмас сыр салатын ақын. Қазақтың қарапайым сөздерін қалағанынша иіп, қалауынша жазатын ақын. Оған өлең жазу тіптен оңай секілді. Қиналмайды, жоқ іздеп, жон асып, жортып кетпейді. Жан-жағын қарманып, қапылысқа да түспейді. Жазғысы келсе болды, жаза салады. Əрине, оның өлеңдерін оқыған адам бұлай деп ойламайды, қиыннан қиыстырған шебер шумақтарды дүниеге келтіру үшін талай қиналған болар деп ойлайтын болар. Бұған да дау жоқ. Қиналмайтын ақын, құйғытпайтын Құлагер бола ма? Əрине, бұған қарап, ақын өз ғұмырында – маңдайына жазылған аз ғұмырында барлық шығармасын күліп-ойнап, қиналмай жазып тастады деген біржақты пікір тудырмаса керек. «Жеңіл» жазылған жырлардың астарында ауыр шығармашылық қиналыс, ақындық азап жатқанын біз де біршама білеміз. Бір қызық жайт, Торғай-Қостанай өңірінен шыққан ақындардың бəріне тəн бір қасиет – ұшқырлық, шапшаңдық, шалттық, шамырқағандық. Нұрханды айтыс ақыны деп былай қойғанның өзінде, Сырбай мен Ғафудың, Қайнекей мен Сейіттің, Кеңшілік пен Серіктің (Тұрғынбеков), Ақылбек пен Қонысбайдың ұшқырлық қырлары қазақ поэзиясының бір ерекшелігі, қазақ даласында ғұмыр кешкен кешегі дүлдүлдердің

ЫП

АЙ Ғ Р А ИД

Д

ақжарма айтқыштығының айғақ көрінісі. Өздері күліп айтып, ауыздарынан тастамайтын Айсаның айтқыштығы өз алдына бір гəп. Өлең материалы демекші, Кеңшіліктің бояулары табиғи, таза, синтетикалық сілтісі, химиялық қитұрқысы жоқ. Оның өлеңдерінен жаңбырдың иісі, қырдың самалы, даланың жұпары, таудың сабатты демі, орманның шайыры есіп, жусан бүрлеп, тал көктеп, тоғай сөйлеп жатады. Тіпті, оның ақындық жүрісінің өзі ешкімге ұқсамайтын, өзгеше болатын. Данадай өлең жазса да, баладай еркелеп, ағасын құрдас, қатарын сырлас, кішіні мұңдас етіп жіберетін ерекше мінезі бар еді. Өзін кейде тəкаппарлау ұстап келе жатып, бір сəтте мамыражай күйге түсіп, арқажарқа болып, кешегі жазған жырының бірер шумағын

қасиеті таңдайына татып, маңдайыңа батып, жан рахатын сезінесің. Жағалауда құба тал, Тал арасы жалбыз ғой. Суат жаққа құдаша, Келе жатыр, жалғыз ғой... Ақ балтыры қозғалса, Ақ көйлегін жел қаққан. Оң аяғын созғанша, Сол аяғын шаң қапқан. Сурет пе, əрине, сурет. Сезім бе, əрине, сезім. Екеуі егіздескенде, сыр мен сурет негіздескенде, құдашаның ақ көйлегін жыр желі желпіп-желпіп жібереді.

www.egemen.kz

Ақ тезек тердік арқаға, Алаша қапшық төркіндеп. Қапшықты қозғап бар дене, Көтере берген сəтіңде. Дар ете түсті əлдене, Көйлегің болар нəтінде. Секемсіз тұр ем алдында, Сескеніп менен қалдың ба? Айдындай тосын мөлт етті, Қос шабақ көлге шолп етті. Оралып өскен балтырға, Он екі мүшең керіктей. Қымсындың неге алдымда, Айыпты тозған көйлек пе, Айымыз басқа тағдыр ма?

ТОРЄАЙДЫЅ БОЗТОРЄАЙЫ ќазаќ жырыныѕ ќыранына айналып, халќыныѕ жїрегіне ўя салды

Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

лақтырып тастап, сосын тек қана өзіне тəн күлкісімен бір саңқ етіп күліп алып, басын қайтадан тəкаппар ұстап, ұзай беретін. Ақынға мінез керек екенін айтпаған қаламгер жоқ, біз де соны қайталаппыз. Ақын бізге ең алдымен ақынға тəн мінезімен ұнады. Қазақ поэзиясының үлкен шоғырында өзін өзгелерден бөлек алып шығатын бір қасиет – осы ақындық мінез. Оның өлеңдерін оқып отырғанда сол албырт мінез əркез басын көтеріп, онымен жағаласып, кейде жеңіп, кейде жеңіліп, сол сəт жүрек қалтасынан жұмыр өлең болып шығып, жаныңды жайсаң самалға толтырып əкетеді. Жалпы, үлкен поэзияға үлкен мінез керек. Сол мінез Сұлтанғали ағамызды састырған кеште жарқ етіп жұртқа көрінді. Сол мінез оның ақындық қуатын жаңа кезеңдерге көтерумен болды. Сол мінез оның қазақ жырының биігінде мəңгілік қалуын қамтамасыз етті. Сол мінез қазақ өлеңінің мінезіне мінез қосты. Мінін азайтты, мəнін көбейтті. Ақынның поэтикалық текстологиясын бағам дап қарасақ, ондағы сөздердің бəрі қырдың қырмызы қызғалдағындай болып көз тартып, əкең айтқан, анаң толғаған өз сөзің, өз теңеуің, өз тіркесің болып жаныңның жайлауына жол салады. Кеңшіліктің өз тұрғыластарынан өзгеше етіп тұратын ең негізгі айырмашылығы – поэзиясының қарапайымдылығында, əрі қайталанбайтындығында. Ол жазған сөздерді сен де білесің, бірақ дəл солай жымдастырып, сырластырып, мұңдастырып, қиюын тауып қалай алмайсың. «Ақындық шеберлік» деп өзіміз сырдаң айта салатын теңеу-тіркес осы болса керек. Адалын айту керек, Кеңшілік жастық кезеңдегі еліктеу ендігінен өтпей-ақ бірден өз жолы бар ақын болып қалыптасқан тұлға. Мұндағы сыр неде? Ақындық ұстаханалық мектепте. Алып даланың көріктей гулеген денесінен бөлініп шығатын əр саз, əр дыбыс, əр сөз оның қаламгерлік шеберханасында ой мен сезімге, албырт пікір мен айшықты астарға айналып, көркем шығармаға айналады. Ақын шығармашылығының тұтас полотносын қарағанда оның поэтикасынан Кейкі батырдың қол мергендігін, Əбдіғаппар ханның албырттығын, қысқасы Торғай топырағының тарихи-географиялық шежіресін, бүгінгі қазақ поэзиясының болмыс-бітімін толық көресің. Маған кейде Торғайда туғандардың ақын болмауға қақысы жоқ секілді болып көрінетіні бар. Торғайдың тамаша тарихы бар. Менің бітірген мектебім – Амангелді атындағы мектеп болатын. Мектептің кіреберісінде Амангелді батырдың кіріп келе жатқандарға өткір жанарымен тесіле қарап, қылышын қыса ұстаған, майлы бояумен салынған үлкен портреті тұратын. Осы көрініс есте қатты қалғандықтан да болар, маған Торғайдан шыққан таланттардың бəрі қылышы қынында жүретін қайраткер жандар болып көрінеді. Торғай даласының ұлан тарихын ұлағаттап оқыдық, ол тарихты талай ұрпақ жазды, жаңғыртты. Ал оның жан дүниені баураған жарқын тарихын ақындары көбірек жазды, келістіріп сомдады. Қаққан алғаш дабылды, Қыр елінің ұланы. Торғай деген кəдімгі, Қазақтың Ленинграды, – деп жазды Сырбай аға бір кезде. Бұл өлеңді əлгі Амангелді мектебін бітірердегі шығармамда мысалға келтіріп едім, өмірі ұмытпаймын, Торғай даласы туралы ой тербегенде əркез жадымда осы шумақ жаңғырып тұрады. Осы өлең Кеңшілік ақынмен алғаш кездескен кезімде жарқ етіп есіме түсті. Ол кез – Ленинградтың наны жүріп тұрған кез. Маған сол кезде Кең ағам кең адымдап Ленинградтың тура өзінен келгендей əсер етті. Сексенінші жылдары ақынның «Революция перзенттері» деген жаңа жыр жинағы шыққанда ойымда жүрген осы өлең бас көтеріп, Кең ағамды енді тура Лениннің өзімен сөйлесіп келген Əліби Жангелдин сияқты қабылдағаным бар. «Қара қазақ баласын хан ұлына теңгерем» деп арпалысқан баба батырлардың ерлігін қазақ даласы қуана қабылдағанмен, революция деген аласапыран олардың көзқарасын əңкі-тəңкі етіп, ақпен ағарып, қызылмен қызарған аңқау жұртымыз бір-біріне саусақ безеп, саяқ тартқан шақтарды да басынан өткерді. Осының иірім-иіндері, үйірім түйіндері Кең ақынның кемел жырларынан кенен еліне орнымен жол тартты. Жалпы, Кеңшілік Мырзабеков поэтикасының ішкі динамикасы ырғақ пен əуенге толы. Құйылған сөздері мен құбылған тіркестері дала симфониясына өзінің əуенін үзбей қосып, байытып жатады. Сылаң қаққан сұлу сөздер сыңғырлап, сезімге бойын қайытып, тылсым сəттер түйсікке дендеп түскенде қара сөздің

Жағалауға көз салдым, Жақындады бойжеткен. Биыл осы жаз салқын, Тоңазыдым көйлектен. Сіз де тоңазып кеткендейсіз. Жастық шағыңызға қайырыла жеткендейсіз. Қадала қарап тұр едім, Қай жақтан...біреу қабаққа Қарсыдан шығып қылт етті, Жүрегім менің бүлк етті... Жағаның желі жалбыздың Жас иісін маған үрлеп тұр. Лирикалық сюжет. Ақынмен бірге оқырманның жүрегі де бүлк ете қалады. Осындай ғажайып шеберлікпен, нəзік көркемдікпен, сыршыл иіріммен, мұңшыл мейіріммен жазу Кеңшілік ақынға ғана тəн қаламгерлік қуат. Осындай жауһар жырлар қазақ поэзиясының сыршыл да сезімтал бояуын байытып, ақынның қазақ жырына қосқан үлесін ерекшелендіреді. Қазақ жырының жан дірілін жазбай танитын Сауытбек Абдрахманов «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты авторлық антологиясының əр ақынға берген аннотациясында: «Кеңшілік Мырзабеков, басқаны былай қойғанда, «Анар» атты жалғыз өлеңімен-ақ қазақ əдебиетінің тарихында қала алатын ақын» деп баға береді. Келіспеске əддіміз жоқ, шынында да бұл ғажайып жыр адамның аппақ та адал сезімін жырлайтын өлмес өлеңдердің қатарында ұлттық антология ғана емес, əлемдік антологияға да сұранып тұрған сұлу жыр. Бұл жырдың туу тарихы, əрине, бізге беймəлім, бірақ таралу тарихы белгілі. Профессор Зейнолла Қабдоловтың алдында отырған студент емтихан сұрағына мүдіре, кідіре жауап бере бастайды. Сол кезде ұстазы ақын атағы Алматыға жайыла бастаған Кеңкеңді тоқтатып: «Кеңшілік, қане бір өлең оқып жіберші» деп жеңілдік жасайды. Кеңшілікке де керегі осы емес пе?! Саңқылдап ала жөнеледі: Бар ма екен сенің есіңде, Балқаймақ күндер шайқаусыз. Бұлтиып бір зат төсіңде, Булығып өсті байқаусыз. Қақпақша жағаң күн қағып, Қадалған түймең қатарлай. Кеудеңе кейде ұрланып, Қарайтын едім бата алмай. ...Екінді құлай еңкуге, Елгезек самал елпілдеп. Жаға мен жеңнен жел гулеп. Жел тиген етек желпілдеп,

Одан соң талай жыл өтті, Ауылыңа талай бардым да. Сəбиіңді көрдім алдыңда, Разы боп сонда отырдың, Айымыз басқа тағдырға. Омыраудың даусын шығарып, Алқа мен шашбау тағынбай, Талшыбық бойың бұралып, Тəнті етпес қимыл табылмай, Томардан түскен шоққа ұқсап, Томсарып көзің жанғанда, Тай-сезіміңе ноқта сап, Тулатпай ұстап алғанда, Жалғанда ешкім жоққа ұсап, Жайлауға бірге барғанда, Кезіккенімді білмеппін, Қадір түн – қайран арманға! Па, шіркін, өлең-ақ қой. Бұл өлеңді талдап жату ұят, комментарий жасау тіпті ерсі. «Бағалап, ұқтырам деп ақын жанын, тақтай сабап жатқандай тақылдадым» деп Жұмекен көкем айтпақшы, бұл өлеңді түсіндірем деп өзеуремей-ақ қояйын. Бастан-аяқ келтіріп, өзім де рахаттанып қалдым. Құйылған сөз, төгілген тіркес, табиғи теңеу, сағыныштың сұлу сызбасы мінсіз өлең мүсіндеп, көңіл дариясына көркем бұлағын құяды. Бұдан артық не керек! Өлең оқылып болғанда Зекеңнің – өзі де қара сөздің қарагер жорғасы Зейнолла Қабдолов ағамыздың, аялы жанары шоқтай жайнап, жаңа ғана көз алдында құйылып түскендей болған сұлу өлеңге сұқтанып: «Кеңшілік, білімің нашар, талантың тамаша, өзіңе екі, өлеңіңе бес, қорытынды бағаң төрт» деп сынақ кітапшасына қолын мейірлене қойыпты. Бұл оқиға ауыздан-ауызға аңыз боп тарап, өлең қуған көгенкөздердің сан толқынына адаспай жетумен болды. Көзі тірісінде кумирге айналған Кеңшілік ақында мұндай антологиялық асқақ жырлар жетіп жатыр. Жалпы, Кең ағаң нашар жаза алмайтын ақын еді. Өлеңді нашар оқи алмайтын ақын еді. Кең-байтақ Торғай даласынан парлап ұшып шығып, көгілдір аспанның астында қанатын кең жайып, қазақ даласын армансыз асқақ жырлаған бозторғай еді ол. Оның қаламы қай кезде де тегеурінін танытып, өлеңнің қай жанрында жазса да ақынның өзіндік қолтаңбасын қапысыз танытып, оқырманын тəнті етумен болды. Ақын эпикалық жанрларға батыл қол ұрды, бауырын жазып, барын салып жазды. Оның қаламынан туған дастандар, тіпті, өлең-очерктер мен газеттің күнделікті мақалалары да жарқ еткен ойы, жалт еткен тіркесі бар дүние болып шыға келетін. Кеңшілік көкеммен сол жылдарда елімізге етене таралған екі газетте қатар қызмет атқардық. Ол – «Социалистік Қазақстанда», мен – «Лениншіл жаста»! Жастар газеті мереке-мейрам күндері барын салып, байрағын көтеріп, құлаш-құлаш арнайы нөмірлерін шығаратын. Сол жылдарда газетіміздің сардар басшысы Сейдахмет Бердіқұлов арнаулы нөмірлердің айқара беттеріне өлең-очерк салуды дəстүрге айналдырған. Ондай кездерде маған көбірек салмақ салынушы еді. Бір жолы, комсомолдың туған күні қарсаңында, еңбегімен елге танымал бола бастаған, ВЛКСМ съезінің делегаты Назаралиев деген маңғыстаулық жас мұнайшы туралы өлең-очерк жазу туралы тапсырма алып, Маңғыстау облысына барғанымда, кейіпкерім ауылда болмай шықты. Күтуге уақыт тар. Содан барлық мəліметті мекемесінен алып, көшқұлаш өлең-дастан жазып, арнайы нөмірге жарияладым. Жазушылар одағының фойесінде Кеңшілік көкеммен кездесіп қалдым. – Өтеш, мұнайшы туралы жазғаныңды оқыдым. Мен де жақында Маңғыстаудан келдім, сен кейіпкеріңмен кездеспей сыртынан жазыпсың ғой, мұның қалай, – деді дауысын тіктеңкіреп. – Кеңке, онда тұрған не бар, ағадан үйренген тəсіл ғой, – дедім сөз ауанын өзіне қарай бұрып. Оның да осындай жағдаятын білетін едім. Өзіне ғана тəн күлкісімен бір саңқ етіп күліп алып, басын бірер шайқап жіберіп, «Қайтер екен деп едім, алдырмайсың ғой, жалпы кейде көрмей жазған керемет шығады» деді күлімсіреп. «Менің сендерде шықпағаныма бірталай бопты, менің өлеңдерім жастар газетінің беделін көтермей ме?» деді шалқи сөйлеп. «Менен мықты ақын бар ма қазір, а?» деп жүзіме үңіле қарады. «Сізден мықтымын деп жүр ғой Серік пен Тынышбай» дедім қытығына тиіп. «Не дейд?» деп даусы оқыс шығып кетті. Жүзіне қан жүгіріп, бетінің ұшына бір қызғылт сəуле атойлап шықты. Сол кезде бұл толқын өкілдері бір-бірімен жақсы мағынасында тайталасып, таласып, бірде өкпелесіп, енді бірде жарасып жүруші еді. Жəне осы мінездері өздеріне өзгеше мазмұн беріп, талантты толқынның шығармашылық өмірбаяндарын өзгелерден оқшауландырып тұратын. «Ақындардың жүрегі – Алланың қазынасы-дүр» деген сөздің баяны Мұхаммед пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен деген сөз бар. Осы қазынадан өз үлесін

11

қапысыз алған қаламгер еді ол. Бірақ алған олжасын тақымына басып, тапжылмай жатып алмай, қоржынының аузын кең ашып, жақсы жырға сусаған қазағына қазынасын тарылмай ұсынумен болды. Асқақ жырдың Атымтай жомарты бола алды. Содан да болар оның айналасына жастар да, қатарластары да үйіріліп жүретін. Қазақ поэзиясына сыршыл өлеңнің сыралғы сазын əкелген Нұрлан Оразалин, қазақ əдебиетінің сындарлы цензурасы болған Əбдіраштың Жарасқаны, тепсініп жыр оқығанда түркілік қимылы жарасып тұратын Темірхан Медетбек, өне бойы саз бен наздан тұратын Тынышбай Рахым, иірімі терең, иіруі бөлек Иран-Ғайып, сері мінезін сертке ұстаған Серік Тұрғынбеков, «Жиырма бесті» салғанда жалы күдірейіп кететін Дəуітəлі Стамбеков, шиыршық атқан шашының өзі Пушкинге еліктегісі келіп тұратын Шөмішбай Сариев, ой, несін айтасыз, жыр көрігін қыздырған, қызуы шалқыған топ еді бұлар. Ең бастысы, бұлар сол кезде қаз-қатар сап түзеген Қадыр Мырза Əлі ағамыздың толқыны мен өздерінен кейінгі үркердей топтың арасындағы алтын көпір ағалар еді. Асқақ ақынмен алғашқы осы кездесу сол кезде сол залда отырған жүздеген жандардың көңіл көзінде, жүрек жадында əлі қаттаулы тұрған болар деп ойлаймын. Сол күннен бастап Кеңшілік Мырзабеков деген жаңа ақын біздің пейіл блокнотымызға өз сызбасын салды. Алпысыншы жылдардағы тегеурінді толқынның жаңа бір жарқын қайырымындай болған алдыңғы толқынның, соцреализмнен сүрлеуін бөлек салуға тырысқан толқынның, көркемдік кестесі мен идеялық ишарасын одан əрі байыта түскен бұл топтың басында құйрықжалы сүзілген, қара көрсе үзілген, сөз байламы түзілген Кеңшілік Мырзабеков келе жатты. Біздің поэзия – бай, мазмұнды, қайраткер, заманға сай поэзия. Бұған дау жоқ. Бірақ Кеңшілік ақынның үлесін ортақ қазынаға қоспасақ, оның жүгі əлдеқайда жеңілдеп кетер еді. Жыраулық дəстүрден қара үзіп, стандартты ойдың құрсауында талай жылдар тұмшаланған тұмса өнердің ту сыртына шығып, халық көкейіндегі мұң мен сырды өзінің жүрек қайнатпасында қорытып, компартияның сұр шекпенінен шындықтың шытын желбіреткен шыншыл ақынның шығармаларын жұртының əлі күнге іздеп оқитыны тегін емес. Сазды сөзге сусаған оқырманның көңіл тартпасында жатқан ақын жинақтарын ешқашан шаң баспайтыны сондықтан. Ақын аз ғұмырында көптеген жыр жинақтарын беріп кетті. Солардың əрқайсысы туралы арнайы сөз етуге тұрады. Бұл ақын мұрасын зерттеп жүрген, зерттегелі жүрген талай жасқа талмай ізденетін жол екені күмəнсіз. Сол жыр кітаптарының ішіндегі тамаша туындылар енді қазақ əдебиетінің өшпес, өлмес қазынасы. Арналы дəстүрлерден бастау алатын поэтикалық эстафета жолағында жүгіріп келе жатқан жыр жүйріктерінің жүрегінде жанған алау сөнбейді. Өйткені, ол алауда халықтық қайнардан тұтанған асыл өнер бар. «Жазушылар көп жасайды, ақындар ғой ерте өлетін» деп жазған Сырбай Мəуленов шумағы еске түседі бүгін. Жазушы бауырларымыз ренжімесін, əдебиет тарихында осы дерек көбірек болғандықтан Сырағаң осылай бір айтып тастады. Қазақ жырының қанатында зулаған асығыс ақындар бізде аз емес. Саусақ бүгіп санап жату – аруаққа сын болар, оның осылай екенін ойлы оқырман өзі де біліп отыр ғой деген пікірге пейіл беріп, негізгі кейіпкеріме оралайын. Алпысыншы жылдардағы асау толқын қанды қасап кезіндегі, соғыстан кейінгі ауыр тұрмыс пен жетімдік пен жесірліктің ащы бояуын ашырқанбай талғаса, одан кейінгі тыңды тудырған тоңмойын саясат пен тоғышар тірлікті тəрк етпесе де, жарқ етіп, жанды жерінен ұстап жазған Кеңшіліктің кемел таланты өз қатарының көшін қайырымды «Қайролла жазығына» қарай ұзатып салуға ұмтылды. Сол шабысты топтың алдында кекілдерін жел қағып келе жатқан тетелес ағалардың бірталайы уақыттан да озып кетті. Кеңшілік ақын да келместің кемесіне мінді. Кеңшілік Мырзабеков пəни дүниеден бақи дүниеге 1989 жылы 43 жасында аттанды. Биыл қайтыс болғанына 25 жыл. Дер шағы еді, кемел шағы еді. Тəуелсіздіктің алыс-алыс жарығы енді ғана көкжиекке күлгін сəулесін түсіріп, ақын жүрегі аңсап келетін қуанышты енді сезе бастағанда, албырт жүрек, асау жүрек кенеттен тоқтады. Егемен күндерге есен жеткенде Кеңшілік ақын қалай шырқар еді, қолтығын жазып, құлашын ашып, құлдилап шабар еді. Оның алғашқы өлеңдерінен бастап еркіндікке ұмтылған көңіл мен ниет айқын аңғарылатын. Өзі де еркін ғұмыр кешкен деп жазғанымызбен, оның бір саусағы ішінде бүгіліп кетті. Мүмкін, сол кездегі жылым жүйеден суынып кетті. Мүмкін, желтоқсанда айдын алаңда қанға бөккен қазақ жастарын көргенде ішіне қатқан кекпен түңіліп кетті. Ақын қайтыс болғанда қоштасу жырын жазған едім. Тал бойына ұя салып, түлеген, Торғай жаққа ұшып кетті бір өлең. Қар астында қалды босаң қауырсын, Балапан боп шырылдап тұр тірі өлең. Демі қатты, демікпейтін жыр еді, Сораң менен сортаңға өскен гүл еді. Соғыстан соң шілдехана жасаған, Қызыл тулы қырық алтыншы жыл еді. Жапырағын жоқтап жатыр тал-емен, Торғай-ойды үркітеді əр елең. Сағыныштың сырнайлары секілді, Сар баладан саз боп шықты қара өлең. Торғай жаққа ұшып кетті бір өлең, Топыраққа түсіп кетті бір өлең. Жетім бала, жесір жарды ойласам, Тұман басқан Алатаудай түнерем. Торғай-өлең шырылдайды бұ жақта, Талант-тағдыр түсіп қалды тұзаққа. Жанарында мөлдіреген сағыныш, Жырлары оның барады ұшып ұзаққа. Ақын жер бетіндегі жыр-сапарын аяқтап, туған Торғайына ұшып кетті. «Шаштым, төгілдім, шайқалдым, өмір сүрдім деп айтармын» деп өткен өміріне резюме тастап кетті. Ол ақын болып туды, ақын болып ғұмыр кешті, ақын болып өмірден өтті! Басқаша өмір сүре алған жоқ.


12

19 қараша

www.egemen.kz

2014 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысанын мүліктік жалға беру жөнінде тендер өткізу туралы хабарлайды Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Шəмші Қалдаяқов көшесі, 33-үй. Тендерге «Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ теңгеріміндегі мына нысан қойылады: № 1 лот - Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 4 мекенжайында орналасқан Темір ауданы бойынша салық басқармасының ғимаратындағы жалпы алаңы – 150,0 ш.м. үй-жай. Жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесі айына – 70 318 теңге. Кепілді жарна – 28 128 теңге. Мүліктік жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы жəне күрделі жөндеуге аударымдар, нысанға қызмет көрсеткені үшін төлемдер қосылмайды. Бұл төлемдерді жалға алушы тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық жəне басқа да қызметтерге төлейді. Мүліктік жалға беру шартын жасау мерзімі – 1 жыл. Тендер талаптары: 1) Банктік операцияларды жүзеге асыру үшін (банктердің есептеу-кассалық бөлімшелері, «Қазпошта» АҚ) нысанды пайдалану. 2) Нысан үшін жалдау ақысының ең жоғарғы сомасын ұсыну. Тендер жеңімпазын таңдау өлшемі: Нысан үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады. Қатысушылар ұсынған жалдау төлемінің сомалары сəйкес келген (тең болған) жағдайда, тендер комиссиясының шешімі бойынша тендерге қатысуға өтінімі бұрын тіркелген тендерге қатысушы тендер жеңімпазы болып табылады. Тендер өткізу ережесі: Тендер өтетін күні отырыста тендер

комиссиясы тендерге қатысушылардың өтінімдері бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі. Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жариялау кезінде тендерге қатысушылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады. Тендер қатысушы ретінде тіркеу үшін мыналарды тапсыру қажет: Тендерге қатысуға өтініш, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі жəне қосарланған конвертерде сəйкесетін шарттың қорытындысы қамтылуы тиіс. Сыртқы конвертте мына құжаттар қамтылуы қажет: 1) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті көрсетумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлғалар үшін – жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне салыстыру үшін түпнұсқаны міндетті түрде көрсетуімен үй кітапшасының көшірмелері немесе аталған құжаттың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 2) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме-үзінді; жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестік қатысушыларының тізілімінен көшірме-үзінді (серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында); 3) шетелдік заңды тұлғалар үшін

– қазақ жəне орыс тілдерінде нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) өтінім беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама. Ішкі конвертте үміткердің жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсынысы қамтылуы тиіс. Ішкі конверт өтінімдер беру сəтінде жабық болуы жəне үміткер оны мөрлеуі қажет. Өтінімдер қабылдау тігілген түрінде жалға берушінің мекенжайына құжаттардың ұсынылуымен, беттер нөмірленіп жəне соңғы беттеріне қол қойылып жəне мөр басылып расталуы тиіс (жеке тұлғалар үшін – егер мұндай болса). Өтінімдер қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне 2014 жылғы 9 желтоқсанда сағат 11.00-де аяқталады. Кепілді жарна Ақтөбе мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің – БСК KZ160705012170166006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340000827, ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің банкі, ТБЖ-171, КБЕ 11, ММ коды 2170166 есепшотына енгізіледі. Төлемнің мақсаты – тендерге қатысу үшін кепілді жарна. Құжаттар қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап Ақтөбе қаласы, Шəмші Қалдаяқов көшесі, 33-үй, 4-қабат, 403-бөлме мекенжайында жүргізіледі жəне тендер өткізуге дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Тендер өткізу жөніндегі қосымша ақпаратты 8 (7132) 54-44-54 телефоны арқылы немесе www.gosreestr.кz сайтынан алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2014 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасымен республикалық меншіктегі нысандарды сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға мына нысандар қойылады: 1. «Daimler Benz-201» автокөлігі, м/н Х 671 ВS, 1988 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 151116 теңге. Кепілді жарнасы – 22667 теңге. 2. «Daimler Benz-190» автокөлігі, м/н Х 855 ВЕ, 1984 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 177125 теңге. Кепілді жарнасы – 26569 теңге. 3. «Toyota Hi Ace» автокөлігі, м/н Х 028 DC, 1996 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақы лау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 361535 теңге. Кепілді жарнасы – 54230 теңге. 4. «Mercedes Benz-280E» автокөлігі, м/н Х 104 ZZ, 1990 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 235124 теңге. Кепілді жарнасы – 35269 теңге. 5. «ГАЗ-53» автокөлігі, м/н Х 104 BD, 1990 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 368972 теңге. Кепілді жарнасы – 55346 теңге. 6. «Daewoo Racer» автокөлігі, м/н Х 438 ВА, 1993 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі, 48. Бастапқы бағасы – 182870 теңге. Кепілді жарнасы – 27431 теңге. 7. «ГАЗ-3110-101» автокөлігі, м/н Х 084 СК,2002 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 98741 теңге. Кепілді жарнасы – 14811 теңге. 8. «УАЗ-31512» автокөлігі, м/н Х 439 ВА, 1992 ж/ш. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау жəне қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Крейсер Аврора көшесі,48. Бастапқы бағасы – 78714 теңге. Кепілді жарнасы – 11807 теңге. 9. «УАЗ-315119-017» автокөлігі, м/н Х 982 ВК, 2004 ж/ш. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылы, Абай көшесі, 34. Бастапқы бағасы – 150792 теңге. Кепілді жарнасы – 22619 теңге. 10. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 047 BW, 2004 ж/ш. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің «Ақсу-Жабағылы мем лекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылы, Абай көшесі, 34. Бастапқы бағасы – 150792 теңге. Кепілді жарнасы – 22 619 теңге. 11. «ВАЗ-21070» автокөлігі, м/н 518 АЕ 13, 2005 ж/ш. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ОҚО филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Мəделі қожа көшесі, 1г. Бастапқы бағасы – 109053 теңге. Кепілді жарнасы – 16358 теңге.

12. «Audi A6» автокөлігі, м/н Х 321 VF, 2007 ж/ш. ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ОҚО филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 2. Бастапқы бағасы – 664392 теңге. Кепілді жарнасы – 99659 теңге. 13. «ГАЗ-3110» автокөлігі, м/н Х 914 AD, 1999 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігінің «Қазсушар» РМК шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстікауызсу» филиалының балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Темірлан тас жол көшесі, н/з. Бастапқы бағасы – 62714 теңге. Кепілді жарнасы – 9407 теңге. 14. «ВАЗ-2106» автокөлігі, м/н Х 014 FP, 2002 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 133844 теңге. Кепілді жарнасы – 20077 теңге. 15. «ВАЗ-2106» автокөлігі, м/н Х 017 FP, 2001 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 108522 теңге. Кепілді жарнасы – 16278 теңге. 16. «ВАЗ-21099» автокөлігі, м/н Х 016 FP, 2002 ж/ш. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 190398 теңге. Кепілді жарнасы – 28560 теңге. 17. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 020 FP, 2004 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 275278 теңге. Кепілді жарнасы – 41292 теңге. 18. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н Х 027 FP, 2001 ж/ш. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 119084 теңге. Кепілді жарнасы – 17863 теңге. 19. «Иж-Москвич-2717» автокөлігі, м/н Х 009 ВО, 2003 ж/ш. ҚР Əділет министрлігі «Оңтүстік Қазақстан облысының əділет департаменті» мемлекеттік мекемесінің балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16. Бастапқы бағасы – 168490 теңге. Кепілді жарнасы – 25274 теңге. 20. «ВАЗ-21213» автокөлігі, м/н 105 AL 13, 2004 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24. Бастапқы бағасы – 90419 теңге. Кепілді жарнасы – 13563 теңге. 21. «ВАЗ-21213-202» автокөлігі, м/н 102 AL 13, 2004 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24. Бастапқы бағасы – 53132 теңге. Кепілді жарнасы – 7970 теңге. 22. «ВАЗ-21310» автокөлігі, м/н 107 AL 13, 2006 ж/ш. ҚР Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ балансындағы, орналасқан мекенжайы: ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 3. Бастапқы бағасы – 91506 теңге. Кепілді жарнасы – 13726 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын 2014 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10.00-де аяқталады. Кепілді жарна ОҚО бойынша қазынашылық департаментінің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-дегі мына депозиттік шотына төленеді: ИИК KZ930705012170178006, BIG KKMFKZ2A, ММ коды 2170178, БИН 120240016394, КБЕ-11, КНП-171. Банк қызметтері үшін төлем кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның аукцион басталуға дейін 72 (жетпіс екі) сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып алдын ала Тізілім вебпорталына тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН),толық атауын, бірінші басшының тегін,

атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді осы Қағидаға қосымшаға сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркелу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілім веб-порталында үш минут ішінде сатылатын нысан бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болған жағдайда, Тізілім веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмелерін ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар қазақ жəне орыс тілдеріндегі нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша аукцион ережесі: Сауда-саттықтың ағылшын əдісін қолдана отырып аукцион өткізу кезінде жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең. 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағидада белгіленген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса,жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып табылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілген болып танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша сауда- саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. ОҚО, Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 24 мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Бұл ретте, аукцион жеңімпазы салыстыру үшін түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып көрсетілген құжаттардың көшірмелерін не болмаса нотариалды куəландырылған көшірмелерін сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7252) 21-01-59, 21-29-22 телефондары арқылы алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті республикалық меншіктегі нысандарды сату жөнінде сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды Жекешелендіру нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Ағылшын əдісімен аукцион 2014 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында өткізіледі. Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына нысандар қойылады: 1. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 017PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарасақал көшесі, 70. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 74 884 теңге, бастапқы бағасы – 74 884 теңге. Кепілді жарна – 11 233 теңге. 2. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 019PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Счатнов көшесі, 38. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 419 944 теңге, бастапқы бағасы – 419 944 теңге. Кепілді жарна – 62 992 теңге. 3. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 021PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі №2А. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 420 592 теңге, бастапқы бағасы – 420 592 теңге. Кепілді жарна – 63 089 теңге. 4. «Nissan Maxima» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 018CS11, 1998 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Арал қаласы, Т.Есетова көшесі, 6. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 886 637 теңге, бастапқы бағасы – 886 637 теңге. Кепілді жарна – 132 996 теңге. 5. «Skoda Octavia A4» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 019CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 312 517 теңге, бастапқы бағасы – 312 517 теңге. Кепілді жарна – 46 878 теңге. 6. «Skoda Octavia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 014CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 994 155 теңге, бастапқы бағасы – 994 155 теңге. Кепілді жарна – 149 124 теңге. 7. «Skoda Octavia A4» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 016CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 331 385 теңге, бастапқы бағасы – 331 385 теңге. Кепілді жарна – 49 708 теңге. 8. «Skoda Octavia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 026CS11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Амангелді Иманов көшесі 107. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 938 194 теңге, бастапқы бағасы – 938 194 теңге. Кепілді жарна – 140 730 теңге. 9. «Toyota Camry» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 016PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Достық көшесі, 11. Теңгерім ұстаушы – «Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 1 684 134 теңге, бастапқы бағасы – 1 684 134 теңге. Кепілді жарна – 252 621 теңге. 10. «Ваз-2106» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N564KP, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 178 761 теңге, бастапқы бағасы – 178 761 теңге. Кепілді жарна – 26 815 теңге. 11. «Ваз-210994» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 025CS11, 2008 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Əйтеке би көшесі, 29. Теңгерім ұстаушы – Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облыстық соты кеңсесі. Алғашқы бағасы – 290 229 теңге, бастапқы бағасы – 290 229 теңге. Кепілді жарна – 43 535 теңге. 12. «Газ-31105-120» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N567КР, 2004 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 105 789 теңге, бастапқы бағасы – 105 789 теңге. Кепілді жарна – 15 869 теңге. 13. «Паз-320530» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N313AR, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 224 166 теңге, бастапқы бағасы – 224 166 теңге. Кепілді жарна – 33 625 теңге. 14. «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 022PK11, 2007 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай көшесі, 18А. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысының прокуратурасы» ММ. Алғашқы бағасы – 562 244 теңге, бастапқы бағасы – 562 244 теңге. Кепілді жарна – 84 337 теңге. 15. «Chevrolet Niva» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N555АЕ, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі, 67 (№4 оқу ғимараты). Теңгерім ұстаушы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Алғашқы бағасы – 205 245 теңге, бастапқы бағасы – 205 245 теңге. Кепілді жарна – 30 787 теңге. 16. «Газ-2705-14» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N263BB, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 122 945 теңге, бастапқы бағасы – 122 945 теңге. Кепілді жарна – 18 442 теңге. 17. «Газ-330700-1012» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N508BD, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі, 8. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/5 мекемесі» РММ. Алғашқы бағасы – 407 016 теңге, бастапқы бағасы – 407 016 теңге. Кепілді жарна – 61 053 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталуға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарнаны төлеу деректемелері: Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаментінің есебіне

KZ690705012170173006, СТН 331000024812, ЖСН 120240012084, BIC KKMFKZ2A, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті, ММ коды 2170173, КНП 171, КБЕ 11, Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А. Назар аударыңыз! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сатушының шотына сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталуға дейін жетпіс екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған өтінімді жекешелендіру нысандарын сату қағидасына сəйкес нысан бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату нысаны бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталында өтінім қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберу жүзеге асырылады. Тізілімнің дерекқорында сатушының шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша Тізілімнің вебпорталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру нысанының бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 1) Егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидамен бекітілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидамен бекітілген қадамға жекешелендіру нысанының бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру нысанының ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру нысанын сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру нысаны бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру нысаны бойынша саудасаттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру нысанының бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Бас тапқы баға – əрбір жекешелендіру нысаны бойынша сауда-саттық басталатын баға. Алғашқы баға – тəуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік нысандарын жекешелендіру мəселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға. Əрбір сатылған жекешелендіру нысаны бойынша аукцион нəтижелері аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру нысанын сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Қызылорда қаласы, Д.Қонаев көшесі, 7А мекенжайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес бөлек төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне (87242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады.

Акционерное общество «Авиаремонтный завод №405», находящееся по адресу: РК, г. Алматы, ул. Ахметова, 17, информирует своих кредиторов и акционеров о принятии 4 ноября 2014 года Советом директоров решения: о заключение АО «Авиаремонтный завод №405» крупной сделки с компанией Summerside Invesments S.a.r.l. Интересующая кредиторов и акционеров информация предоставляется по тел. 8 (727) 246-60-43, доб.147.

Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш. Есенов көшесі, 1А мекенжайы бойынша орналасқан «ТОРҒАЙПЕТРОЛЕУМ» АҚ келесі мүліктерді сатуға ашық конкурс өтетіндігін хабарлайды: №

1

Конкурс нысаны (лоттардың атауы):

Сатылатын Мүлікті қабылдау-өткізу мүліктің саны орны

КонкурсКонверттық терді ашу өтінімдерді уақыты ұсынудың (Астана ақырғы уақытымен) Өлшем Саны мерзімі бірлігі 15-1556-06 Дана 300 Келесі стансалардағы 2014 жылғы Сағат 15.00 маркалы теміржол вагондарының 24 қараша теміржол уақытша тұрақтауына Сағат 10.00 цистерна арналған теміржолға вагондары кіретін бағытта: Қазығұрт (коды 698704), Арыс 1 (коды 698004), Шағыр (коды 697406), Сайрам (коды 698803)

Конверттерді ашу күні

2014 жылғы 24 қараша

Конкурсқа конкурстық құжаттамаларға сəйкес конкурстық өтінімдерді берген заңды жəне жеке тұлғалар жіберіледі. Сапасы, номенклатурасы, техникалық сипаттамасы конкурстық құжаттамада баяндалған. Конкурстық құжаттаманы алу үшін ресми бланкіде бірінші басшының қолын қою, конкурстың нысанын (лот №), банктік деректемелерді, заңды жəне нақты мекенжайларды, СТН, ҚҚС бойынша есепке тұрғызу куəлігінің № мен күнін, ЖСН/БСН көрсету арқылы хатты жолдау керек. Конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі, 1А, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ кеңсесі мекенжайы бойынша сағат 8.30-ден 17.00-ге дейін немесе kasankhanov@turgai.kz электронды мекенжайы бойынша конкурстық құжаттаманы алуға өтінімді ұсынғаннан кейін алуға болады. Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов көшесі, 1А, «ТОРҒАЙ-ПЕТРОЛЕУМ» АҚ кеңсесі мекенжайы бойынша сағат 8.30-дан 17.00-ге дейін қабылданады. Ашық конкурсты дайындау мен өткізуге жауапты: Асанханов Қайрат Қожабекұлы. Байланыс телефоны: 8 (7242) 26-20-35.

Подлинники следующих правоустанавливающих документов на объекты недвижимости ТОО СП «Кока-Кола Алматы», находящиеся в городе Алматы, в связи с их утерей считать недействительными: 1) Акт о приемке законченного строительного объекта за № 207 от 10.09.1998 г. с отметкой о государственной регистрации от 23.12.1998 г.; 2) Акт о приемке законченного строительного объекта за № 208 от 10.09.1998 г., с отметкой о государственной регистрации от 23.12.1998 г.; 3) Приказ № 215 от 08.09.2003 г. и Приказ № 92 от 24.09.2007 г. Территориального комитета госимущества и приватизации города Алматы, с отметкой о государственной регистрации от 27.09.2007 г.; 3) Акт приемочной комиссии о приемке построенного объекта в эксплуатацию за № М1160 от 30.05.2011 г., с отметкой органа о государственной регистрации от 09.08.2011 г.

Қазақстандық жастардың спортқа, оның ішінде боксқа деген ынтасы жылданжылға артып келеді. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының президенті Т.А.Құлыбаевтың қолдауымен қазақ боксы бүкіл əлемге танымал. Бұл спорт түрі Жамбыл облысында ерекше белең алған. Шу ауданынан шыққан былғары қолғап шеберлері, кезінде бокстан еліміздің бас бапкерлері болған Ю.А.Цхай, С.Төлейбаев, Д.Буданбековтердің ізбасарлары бұл спорт түрін лайықты жалғастыруда. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының вице-президенті Ю.А.Цхайдың бастамасымен ауылдық жерде боксты дамыту, Шу ауданы боксшыларын əлемдік аренаға шығару жəне жас жеткіншектердің осы спортпен айналысуына жан-жақты жағдай жасау мақсатында Шу ауданында боксты дамыту қорын ашты. Қордың құрылтайшылары – А.Р.Қасенов, Қ.Қ.Сыздықбаев, Ғ.Ж.Райсов. С каждым годом все больше растет интерес казахстанской молодежи к спорту, в частности и боксу. При поддержке президента Федерации бокса РК Т.А.Кулибаева Казахстанский бокс известен всему миру. Этот вид спорта особо развит в Жамбылской области. В данное время хорошо развивается бокс и Шуском районе Жамбылской области. Нынешняя молодежь достойно продолжает путь налаженный выдающимися выходцами из Шуского района, такими как бывшие главные тренера страны по боксу Ю.А.Цхай, С.Тулейбаев, Д.Буданбеков. По инициативе вице-президента Федерации бокса РК Ю.А.Цхая для развития бокса в сельской местности, для выхода на международную арену боксеров из Шуского района и создании всяческих условии для привлечения подростков к этому виду спорта был создан фонд развития бокса в Шуском районе, учредителями которых являются А.Р.Касенов, К.К.Сыздыкбаев, Г.Ж.Райсов.

«№405 авиажөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: ҚР, Алматы қ., Ахметов к-сі, 17, «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ-тың Summerside Invesments S.a.r.l. компаниясымен ірі мəміле жасау туралы шешімді Директорлар кеңесі 2014 жылғы 4 қарашада қабылдағаны жөнінде өзінің кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды. Кредиторлар мен акционерлерді қызықтыратын ақпарат мына телефон арқылы беріледі: 8 (727) 246-60-43, қосымша 147.

Бекет Ғалымжанұлы НҰРЖАНОВ 2014 жылдың 17 қарашасында белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ фило софия кафедрасының профессоры Бекет Ғалымжанұлы Нұржанов кенеттен дүниеден өтті. Б.Нұржанов 1949 жылы туды. 1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философияэкономика факультетін бітірді. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланысты. Еңбек жолын 1977 жылы ассистенттіктен бастаған ол өмірінің соңына дейін осы университетте қызмет істеді. 19952008 жылдары философия тарихы жəне мəдениеттану кафедрасының меңгерушісі болды. Философия тарихы мамандығы бойынша 1982 жылы кандидаттық, ал 1992 жылы докторлық диссертациясын Ресей Ғылым академиясының Философия институтында қорғады. Б. Нұржанов Қазақстандағы мəдениеттану кафедрасының жəне мəдениеттану ғылымының негізін салған ғалымдардың бірі, алғашқы мəдениеттану оқулығының авторы. Заманауи мəдениеттің теориялық мəселелерін зерттеумен, қазіргі батыстық мəдениет философтарының көзқарастарын сараптау жəне танытумен айналысатын ғылыми мектеп қалыптастырды. Осы мектептің аясында 7 ғылым докторы мен 16 ғылым кандидаты, 1 философия докторын (PhD) дайындап, 10 магистр ғылыми жұмыстарын сəтті қорғатып шықты. Соңғы уақытта қазақстандық ұлттық идея, ұлт мəселесінің заманауи теориялары, ұлттық жəне мəдени бірегейлік мəселелерімен белсенді түрде айналысты. Магистратура мен PhD докторантурада ағылшын тілінде дəрістер оқыды. Бекет Нұржанов «ЖОО үздік

оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың, көптеген жеке жəне ұжымдық монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Оның «Əлемдік əдебиет тарихы», «Өнер тарихы», «Ницше философиясы», «Заманауи батыс философиясының жаңа тенденциялары», «Модерн мен постмодерн мəдениеті», «Дерриданың мəдениет философиясы», «Мəдениет тарихындағы миф пен ритуал» пəндері бойынша оқыған дəрістері ғылыми тереңдігімен, жаңашылдығымен ерекшеленетін. Оның еңбектері отандық, кеңестік, посткеңестік ғылымда ғана емес, əлемдік философияда айрықша бағаланады. Б.Нұржанов есімі Қазақстанда ғана емес, алыс жəне шетел жұртшылығына да белгілі. Əлемнің бірқатар елдерінде халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. 2007 жылдың тамыз-қараша айларында Беркли (АҚШ) Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Көрнекті ғалым, философ, дос жəне əріптес Бекет Нұржановтың жарқын бейнесі жадымызда əрдайым сақталады. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия жəне саясаттану факультетінің ұжымы.

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы-журналист, «Қазақ» газетінің бас редакторы Қоғабай СƏРСЕКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі белгілі жазушы, «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының бас редакторы Қоғабай СƏРСЕКЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Қуатамлонмұнай» ЖШС ұжымы біріккен кəсіпорын бас директорының орынбасары Медет Кəрімұлы Құлжановқа ағасы МҰРАТТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


19 қараша 2014 жыл

НДА

НЫ Ы Қ Л О Т ТАРИХ

ХХ ғасыр – бүкіл дүние жүзіндегі отаршылдыққа күйрете соққы беріліп, бір кездегі азулы империялардың ыдырап, езілген халықтардың ұлт-азаттық жолындағы күрестері нəтижеге жетіп, жаңадан ондаған, жүздеген тəуелсіз мемлекеттер пайда болып, əлемнің саяси картасы айтарлықтай өзгергені арқылы адамзат тарихында елеулі орын алды. Бұл үрдіс қазақ халқын да айналып өткен жоқ. Соның бірегейі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нəтижесінде 1917-1920 жылдары қазақ даласында 2 жыл 3 ай өмір сүрген Алашорда өкіметі дүниеге келді. Өз үкіметі, баспасөзі, əскері болды. Алайда, Алаш көсемдері күші тең емес жағдайда Кеңес үкіметінің басшыларымен ұлттардың өзін-өзі басқару туралы жəне орталықтың өз құрамындағы ұлттық мемлекеттік құрылымдардың ішкі істеріне араласпау туралы уəделерін алып, большевиктік Ресейдің құрамына ерікті түрде кіруге келісімге қол қойды. Бірақ Кеңес басшылары өз уəделерін орындаған жоқ. Бұрынғы Алаш көсемдерін, Алашордаға қатысы бар дегендерді аяусыз қудалап атып-асты, олардың отбасыларын да аямады. Осыдан қауіптенген зиялы азаматтар, шекараға жақын тұрған аймақтағы бай-бағландар, Алаш əскерінің кешегі сарбаздары Қытай асып Шығыс Түркістанды паналады. Олардың аса көрнектілері: Райымжан Марсеков, Ыбырайым Жайнақов, Иса Тергеусізұлы, Зият Шəкəрімұлы, Ғазез Қалменов, Төлеуғазы Абылайханов, Мырзахмет Оразалин, Молдағали Бектұрұлы еді.

www.egemen.kz

өкілдерінен жасақталған тұрақты армия құрылатынын хабарлады. 1945 жылы наурызда бүкіл Іле өлкесі гоминдандықтардан тазартылып, көтеріліс Шыңжаңның басқа аймақтарында да бел алды. Сол жылы Қалибек əкім бастаған көтерілісшілер Қызылөзен стратегиялық бекінісін басып алып, гоминдандықтардың жолын кесіп тастады. Боротола – Сайрамкөлде көтерілісшілерге жергілікті қазақтар мен қалмақтар қолдау көрсетті. Үкімет қаулысы бойынша ерікті көтерілісшілер есебінен Ахметжан Қасымидың басшылығымен тұрақты

Сол бір жылдар... Мұқаметкəрім ОМАРҒАЛИЕВ, зейнеткер, еңбек ардагері.

Алаш арыстары Шығыс Түркістанға барған соң жатпай-тұрмай мектепмед ресе ашып ұлт-азаттық жолында үгіт-насихат жүргізді. Бұлардың ісін жергі лікті көзі ашық тұлғалар: Ақыт Үлім жіұлы, Шəріпхан Көгедайұлы, Əбу Құдышұлы, Нұртаза Шалғымбаев, Таңжарық Жолдыұлы, Мақсұт Сасанұлы, Баймолда Қареке, Шарғын Алғазыұлы, Жабық бай Бұлғыншыұлы жəне тағы басқа Кеңес үкіметі қуғынынан Қытайға ауыл-аймағымен ауып барған азаматтар қызу қолдап, ұлтты азат етудің қимылына кірісті. Міне, осындай іштей де, сырттай да əбден пісіп-жетілген саяси əлеуметтік жағдай Шығыс Түркістандағы жергілікті халықтарды қолына қару алып ұлтазат тығы үшін атқа қонуға мəжбүр етті. Əсіресе, қазақтар шоғырланып, қоныс танған Алтай, Тарбағатай, Іле өңірлерінің түкпір-түкпірінде халық жаппай атқа қонды. Көтеріліске Алтайда Оспан батыр, Тарбағатай өлкесінің Манас-Сауан жерінде Қалибек əкім, Іле аймағында Əкпар, Сейіт батырлар басшылық етті. Осы көтерілістердің нəтижесінде ХХ ғасырдың бел ортасында бес жылдай (1944-1949ж.ж) өмір сүрген əйгілі Шығыс Түркістан Республикасы өмірге келді. Міне, бұл оқиға қазақ халқының ХХ ғасырда тəуелсіздікке қол созған екінші ірі талпынысы еді. Сол күндердің тірі куəгері, бүгінде Шығыс Қазақстан облысының Қабанбай ауылында тұрып жатқан Шығыс Түркістан халық армиясының ең соңғы сарбазы жасы 83-ке келген Құмғанбаев Мұқаметқан Дайырханұлы ақсақалмен кездесіп, ол кісіден сол отты күндердің хикаяларын айтып беруді сұрап едім. Жасы ұлғайса да ағамыз əлі тың, жүріс-тұрысы қунақ, жады таңғаларлықтай екен. – Мен 1931 жылы 25 маусымда Шыңжаңның Шағантоғай ауданы Үскі елді мекенінде Манағаш – Сартөбе жайлауында дүниеге келіппін, – деп бастады əңгімесін қария. 1940 жылы 9 жасымда Үскідегі бастауыш мектепке бардым, мұғаліміміз кезінде алаш зиялысы болған Əбенов Мұқатай деген өте білімді кісі еді. Кейіннен Қазақстанға келіп көп жасап, бертінде қайтыс болды. Мұқатайдан төрт жыл оқып бастауыш мектепті 1944 жылы аса үздік бітірдім, əсіресе математика, тарих, əдебиет, табиғаттану сабақтарынан оқушылардың алды болдым. Əрі қарай оқуға мүмкіндік болмай 1948 жылға дейін төрт жыл əкемнің қойын бақтым. Сол жылы қыркүйек айында ағам Ахметханның орынына Шығыс Түркістан Республикасының халық армиясына қатардағы сарбаз ретінде қызметке алындым. Осы араға келгенде мен: «Аға, осы арадан тарихи шегініс жасап, Шығыс Түркістан Республикасы мен оның армиясы туралы кеңінен баяндап берсеңіз?» – деп сұрадым. – Жарайды, қарағым, – деді əңгіме иесі. – Шыңжаң өлкесінің Кеңес империясы үшін үлкен стратегиялық маңызы болды. Атап айтқанда, мұнда 2000 км ортақ шекара мен аймақтың астанасы Үрімжінің КСРО-ға өте жақындығы ерекше есепке алынды. Сондықтан Шыңжаң өлкесіндегі тұрақтылық КСРО-ға ауадай қажет еді. Өзінің ішкі-сыртқы саясатында панисламизм мен пантюркизмге өлердей қас Совет Одағы аймақтағы мұсылман халықтарының ұлт-азаттық жолындағы күресін басып-жаншуда өлкедегі қытай өкіметіне жан аямай көмектесіп отырды. Себебі, дінге қарсы Кеңес өкіметіне Қытаймен ортада пайда болатын мұсылман мемлекетінің еш қажеттігі жоқ еді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Шыңжаң халқының 60 пайызы ұйғыр, 7,7 пайызы қазақ болды, мұның сыртында өлкені 60 мың қырғыз, 20 мың тəжік, 15 мың өзбек, 2 мың татар сияқты мұсылман халықтары мекендеді. Қытайлар өлке халқының тек 12 пайызын құрады, мұсылман емес халықтардан 8,7 пайызы моңғолдар жəне 30 мың орыс болды. Кеңес өкіметі бас кезінде əлсіз болғандықтан халықаралық жанжалдан қорқып Шыңжаңды тікелей аннексиялай алмады, бір жағынан өлкеде Жапония мен Ұлыбританияның тікелей мүдделері болды. Кеңес Одағының Шыңжаң

өкіметіне ең бірінші берген көмегі өлкеге қашып паналаған ақ гвардияшылардың Дутов, Анненков, Бакич, Остроухов, Шишкин, Новиков сияқты басшыларына қысымы еді. Себебі, олардағы 50 мың солдат, офицерлер Бакичтің қол астына бірігіп, Қытай үкіметіне бағынбай, жергілікті əскерлердің қаруларын тартып ала бастады. Осыған байланысты Шыңжаңның əміршісі Кеңес өкіметінен көмек сұрады. Түркістан майданы мен Шыңжаң өкіметінің арасындағы 1921 жылғы келісім бойынша қызыл армия бөлімдері Шыңжаңға кіріп, 1921 жылы мамыр-маусым айлары мен қыркүйекте Бакичтің армиясын тас-талқан етті. Моңғолияға қашқан Бакич тұтқынға алынып, 1922 жылы мамырда Кеңес əскери трибуналының үкімімен атылды. Екінші рет Кеңес Одағының Шыңжаңдағы қытай билігін сақтап қалуы 19311934 жылдары өлкедегі мұсылман халықтарының көтерілісін қанға бояп басуға көмектескені еді. 1931 жылы сəуірде Құмыл мен Тұрфанда жəне қазақтар мекен деген Баркөлде Қытай билігіне қарсы панисламдық жəне пантюркистік ұрандарды көтерген ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол жəне тағы басқа халықтардың көтерілісі бұрқ етті. Оларға көршілес Ганьсу өлкесінен генерал Ма Чжунин бастаған дүнген əскерлері көмекке келді, көтеріліс күш алып алдымен Үрімжіге, онан соң Шиху, Манас, Дөрбілжін, Шəуешекке де жетті. Бұнымен қатар 1933 жылы Қашғарияда ұйғырлар көтеріліп, Шығыс Түркістан Ислам Республикасын жариялады. Шыңжаң өлкесінің жергілікті үкіметі тағы да КСРО-дан көмек сұрады. Кеңес үкіметі көтерілісшілерді басуға белсенді көмектесті. Алдымен Тұрфан ауданында Қытай генералы Шен Шицай бастаған əскерге Жапониямен соғыста Маньчжуриядан шегініп, Кеңес территориясына өткен генерал Ма Дудың бірнеше мың əскерін Моңғолия территориясы арқылы өткізіп, көмекке жіберді. 1933 жылы қарашада Үрімжіден Шəуешекке дейінгі көтерілісшілерді басу үшін Кеңес үкіметі ақ гвардияшылардың атын жамылып бүркенген қызыл генерал Волощиннің Алтай жəне Тарбағатай атты екі бригадасын жіберді. Сонымен қатар, Шыңжаң өкіметі жағында соғысып жүрген ақ гвардияшыларға да қаржылай көмек беріп отырды. Бұл жөнінде СОКП орталық комитетінің К.Е.Ворошилов бастаған Саяси Бюро комиссиясын 1933 жылы «Шыңжаңдағы іс əрекет директивасын» қабылдады. Осы құжатта дүнген генералы Ма Чжуин бастаған əскер қосындарын жою, өлкедегі қытай өкіметін сақтап қалу шаралары бекітілді. Шыңжаңға кірген Кеңес əскері мен өлкедегі ақ гвардияшылардың қалдықтарына Кеңес мемлекеті саяси басқармасы шекаралық күзетінің бастығы М.П.Фриновский, кейіннен оны алмастырған И.К.Кручинкин басшылық етті. Сөйтіп, Қытай Шыңжаңдағы билігін əупіріммен сақтап қалды. 1937 жылы қытай-жапон соғысы басталғаннан кейін Қытайды кеңес қаружарағымен қамтамасыз ететін бірден-бір қауіпсіз маршрут Шыңжаң өлкесі арқылы өтті. Осы мақсатпен сол жылы Қытай жұмысшылары ұзындығы 2925 шақырым болатын Сарыөзек – Үрімжі – Ланьчжоу тас жолын салуды бастады. Бұл жолдың 1530 шақырымы өлке аумағымен өтті. Тас жол Кеңес өкіметінің тарапынан мұқият қорғалды. Бұл үшін қарамағында750 автомашинасы бар ерекше əскери бөлім құрылды. Оның құрамында танкистер, артиллеристер, автобатальон, саперлар, байланысшылар, шаруашылық жəне дəрігерлік бөлімдер болды. Өлкенің басшысы Шен Шицай Кеңес өкіметімен өте күрделі екіжүзді саясат жүргізді. Сталинге жағу үшін ол: «Шыңжаңда өлке өкіметін құлату үшін басшысы Үрімжідегі КСРО-ның бас консулы Апресов болып табылатын троцкийшілер ұйымын əшкереледім», – деді. Апресов КСРО-ға шақыртылып алынып атылды. Ал Шыңжаң бойынша басым бөлігі өлкенің көрнекті өкілдері болып табылатын бейкүнə 400 адам өлтірілді. 60 мың адам түрмелерге тоғытылды. Сөйтіп, Шен Шицай бір оқпен екі қоян атты. Ол Сталинге: «Троцкийшілердің ұясын талқан дадым», – десе, өз тарапынан: «Осы қауіпті болады-ау, келешекте ұлтты бастайтын осылар-ау», – деп қауіптеніп

небір қасқа-жайсаң оқыған, білімді ұлт көсемдері мен ұлт зиялыларының көзін жойып тынды. Əккі Шен Шицай 1941 жылы Германия КСРО-ға соғыс бастағаннан кейін Кеңес үкіметінен теріс айналды. Қытайдың орталық өкіметіне бағынбай, одан бөлек саясат жүргізіп, оның директиваларын орындамаған ол 1942 жылы неміс əскерлері Кеңес жеріне дендеп еніп, Сталинград іргесіндегі Волгаға жеткенде генералиссимус Чан Кайшимен келісімге келді. Шен Шицаймен келісуге 1942 жылы тамызда Үрімжіге Чан Кайшидің əйелі Сун Мейлин ұшып келді. Осыдан соң Шен Шицай Кеңес өкіметімен барлық байланысты үзді, кеңес консулдықтарын, сауда ұйымдарын жапты. Осыдан соң халықты аштық, қайыршылық, адам мен

мен оның армиясын құруға кірісті. Өйт кені, бұл өңірде, яғни шекарада оған жат пиғылды құрылымдардың болуы Кеңес Одағына өте тиімсіз еді. Егер де екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңіліп, Америкамен одақтас капиталистік Қытай күш алса Кеңес Одағы аса қауіпті жаумен бетпе-бет келуі ықтимал-тын. Сондықтан Шен Шицайдың сатқындығынан кейін КСРО өлкедегі ұлт-азаттық көтерілісті пайдаланып, Шыңжаңда Кеңес Одағына тəуелді мемлекет құрып, Америка мен Қытай экспансиясын бұл өлкеге кіргізбеуді көздеді. Осы мақсатпен 1943 жылы ВКП(Б) орталық комитеті Саяси Бюросының мамыр айындағы отырысында Шыңжаң туралы айрықша мəселе қаралды. Соның нəтижесінде Шыңжаң өлкесінде жергілікті ұлт өкілдерінен жəне олардың КСРО-дағы қандастарынан құрылған: «Ұлттық өрлеу топтары» құрылатын болып шешілді. Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Шыңжаңның жергілікті халқымен жұмыс істейтін командирлер мен насихатшылар дайындайтын бірнеше мектеп ашылды. Бұдан соң Шыңжаңның КСРО-мен шектескен аймақтарында 1944 жылдың басында-ақ «Ұлттық өрлеу топтары» таратқан үнқағаздар қаптап кетті. 1944 жылы қыркүйекте Іле өлкесінің Нылқы уезінде қазақ Ақпар Есбосынұлы, ұйғыр Ғани Меметбакиев, татар Фатих жəне қалмақ Фуча бастаған халық көтерілісі басталды. Сол жылдың күзінде көтерілісшілер уез орталығы Нылқыны басып алды. Іле өлкесінің Құлжадағы

армия жасақталып, ол туралы 1945 жылы көктемде ресми мəлімдеме жасалды. Армияда қытайлардан басқа Шыңжаңды мекендеген барлық ұлт өкілдері қызмет ете алатын болды. Əскердің көпшілік бөлігін: ұйғыр, қазақ орыстар құрады. Сонымен қатар, Шығыс Түркістан Республикасы армиясы құрамына дүнген, моңғол атты дивизиондарымен бірге сібе атты полкі де кірді. Армия құрамында атты-жаяулы 8 полк пен 6 дивизион болды. Жаудан азат етілген аймақтар мен уездердегі партизандар есебінен армия құрамы қосымша полктармен үздіксіз толықтырылып отырды. Шығыс Түркістан Республикасы жеңістерін баянды ету мақсатында Мұзарт асуында Қашқар жақтан төнген қауіпті қырғыз халқының өкілі генерал Ысқақбек Муниновтың дивизиясы қорғап тұрды. Іле аймағындағы генерал И.Г.Полиновтың басқаруындағы дивизия негізгі алғы шепті қорғады. 1945 жылы мамырда полковник Ф.И.Лескин басқарған атты əскер полкі Боротола арқылы Тарбағатай аймағын азат етуге Шəуешек пен Дөрбілжін аудандарындағы партизандарға қосылуға аттанды. Шəуешек азат етілген соң ондағы жергілікті қазақтардан толыққанды атты əскер бригадасы мен жеке атқыштар батальоны құрылып, Шиху аймағында шайқасып жатқан генерал И.Г.Полиновқа көмекке жіберілді. Тарбағатайды азат еткен Ф.И.Лескиннің атты əскер бригадасы 1945 жылы шілдеде Алтай аймағына бет алып, Қобықтағы гоминданның

мал аурулары жайлады. Бұл жөнінде сол кезде Қазақ КСР-інің Зайсан ауданына босып келген Қытайдағы Жеменей уезінің қазақтарын оқшаулап ұстап, оларға көмек көрсеткен Қазақстан КП Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы А.Қарағұлов былайша еске алады: – Кедейшіліктің асқынғандығы соншалық, көптеген адамдар мал терілерінен ғана киім тігіп киінген. Тіпті, фашистік Германиямен соғысып жатқан КСРО-да мұндай кедейшілік жоқ еді. Адамдардың барлығы дерлік қышыма жəне тағы басқа тері ауруларына ұшыраған. Халықтың барлығын бит басып кеткен. Міне, осындай экономикалық ауыр жағдайға шыдамаған Алтай аймағының қазақтары 1942 жылы көктемде көтеріліске шықты. 1943 жылға қарай онда бес партизан отряды құрылып, оған түрмеден қашып келген генерал Дəлелхан Сүгірбаев басшылық етті. Шен Шицай Шыңжаң халқына аса ауыр салықтар салды. Салық мөлшері 1944 жылы 1937 жылмен салыстырғанда 7-8 есеге өсті. Халықтың ашу-ызасына тиіп, шегінен шығарған нəрсе қазақтардан армияның қажеттілігіне деп 10 мың таңдаулы атты күшпен жинауға əскер бөлімдерін жіберуі болды. Алтай аймағы соғысып жатқандықтан бұл ауыртпалық Іле мен Тарбағатайдың қазақтарына зіл батпан болып түсті, жылқы бермеген үйге екі аттың құнындай ақшалай айып салынды. Бұл осы өңірдегі қазақтардың қатты наразылығын тудырып, арты көтеріліске ұласты. – Осыған байланысты, – деді Мұқаң, – КСРО Шығыс Түркістан Республикасы

қытай гарнизонының бастығы қалада ешқандай толқу жоқ екеніне кəміл сеніп, көп əскерін Нылқыдағы көтерілісті басуға жіберді. Құлжадағы жасырын революция комитеті Нылқыдағы көтерілісшілерге жасырын хабар жіберіп, жазалаушылармен ұрысқа кіріспеуге қаланы тастап шығып, жасырын жолмен Құлжаға келіп, сондағы қытай гарнизоны ның қалдықтарын жоюға тапсырма берді. Көтерілісшілер Құлжаға үш бағыт: Акпар бастаған қазақтар бірінші, Ғани бастаған ұйғыр лар екінші жəне Иван Шутов бастаған орыстар үшінші бағытпен шабуыл жасады. Сөйтіп, 7 қарашада Құлжаның өзінің ішінде көтеріліс басталды. Төрт күннен соң көтерілісшілер орталы ғы Құлжа қаласы деп белгілеп, тəуелсіз Шығыс Түркістан Республикасының дүниеге келгенін жариялады. Үкімет басшылығына Іле аймағының жоғарғы дін басшысы Əлихан Төре Шəкірходжаев тағайындалды. Оның құрамына ұйғырлар: Ахметжан Қасыми, Əкімбек Қожа, Рақымжан Сабырқожаев, татарлар: Мұсабаев, Нəбиев, қазақтар: Орақхан, Əбілқайыр, орыс тар: И.Г.Полинов, Ф.И.Лескин жəне қалмақ Фуча кірді. Іле өлкесіндегі көтерілістің нақты басшысы Ахметжан Қасыми еді. Жаңа өкімет өзінің демократиялық бағытта екенін мəлімдеп, Шыңжаңдағы барлық ұлттар мен ұлыстардың тең құқықтығын, барлық діндерді қолдайтынын, барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнататынын мəлімдеді. Үкімет жеке қаулы қабылдап, онда Шыңжаңды мекендейтін барлық ұлт

аса ірі əскери гарнизонын талқандап, қара Ертістің оң жағалауына өтті де қыркүйектің басында Сарысүмбеге беттеді. Осы уақытта қалаларға бекінген гоминдань гарнизондарын əлсірету үшін Дəлелхан Сүгірбаевтың партизандары олардың Үрімжімен арадағы байланысын үзіп, жабдықтау жолдарын кесіп тастады. 1945 жылы қыркүйектің ортасында Еренқабырғадан басталып Іле аймағын, Боротола-Сайрамкөлді, Тарбағатай, Алтай аймағы мен Манас өзенін бойлаған майдан шебі қалыптасты. Шыңжаңдағы жағдай бақылаудан шығып кеткенін көрген генералиссимус Чан Кайши 1945 жылы қыркүйекте радиодан сөйлеп «Үш аймақ өкіметінің» жергілікті автономия құқығын мойындап Шығыс Түркістан Республикасы басшыларын Шыңжаңда біріккен Үкімет құруға келіссөздер жүргізуге Үрімжіге шақырды. Шығыс Түркістан Республикасының 12 мыңдық армиясына гоминданның 100 мыңдық қосындары қарсы тұрғанын ескеріп, 1945 жылы қазанда Үкімет делегациясы Үрімжіге келді. Қытай жағынан келіссөзді Чан Кайши Шыңжаңның бастығы етіп тағайындаған генерал Чжаң Чжичжун Шығыс Түркістан Республикасы жағынан Ахметжан Қасыми басқарды. 3 айға созылған келіссөздерден кейін 1946 жылы қаңтарда «11 тараулы келісім» жасалып, біріккен Үкімет құрамы белгіленіп, оған 15 адам жергілікті ұлттардан, 10 адам гоминдань басшылығынан тағайындалды. Тілдер теңдігі, сөз, баспасөз, жиын, ұйым

13 құру бостандықтары жарияланып, ішкі, сыртқы саудалардың еркіндігі бекітілді. Шығыс Түркістан Республикасы өзінің қарулы күштерін сақтап қалды. 1946 жылы маусымда «11 тараулы келісімді» Чан Кайши бекітті. Шығыс Түркістан Республикасы жағынан біріккен Үкімет құрамына Ахметжан Қасыми, Əбдікəрім Аббасов, Дəлелхан Сүгірбаев жəне тағы басқалары кірді. 1948 жылы Қытайдағы азамат соғысы аяқталу шегіне таяп, гоминдань барлық майданда жеңілістен соң жеңіліске ұшырады. Сөйтіп, Чан Кайшидің Шығыс Түркістан Республикасына қарауға мұршасы болмады. Ал бейбіт жолға түскен «үш аймақ үкіметі» экономикасының дамығаны соншалық, ондағы бағалар Шыңжаңның басқа аймақтарынан 5-12 есе төмен болды. 1949 жылы жазда Қытайдағы гоминданьдықтар түпкілікті талқандалды. Коммунистік Қытай Халық Республикасын жариялау үшін күзде Саяси Консультациялық Кеңес шақырылу ұйғарылды. Мао Цзедун «үш аймақ төңкерісін» қытай төңкерісінің құрамдас бөлігі деп жариялап, Шығыс Түркістан Республикасы делегаттарын Пекинге шақырды. 1949 жылы тамызда Пекинге қарай ұшып шыққан бортында Шығыс Түркістан Республикасының 17 Үкімет мүшесі бар ұшақ Гоби шөлінің үстінде құлап, бəрі мерт болды. Содан соң Қытай астанасына Сайфуддин Азиз бастаған жаңа делегация барып ШТР-дың ҚХР-ға қосылуына келісті. 1949 жылы 1 қазанда Пекинде Тяньанмынь алаңында ҚХР-дың құрылғаны жарияланды да 20 күннен соң Қытай ұлт-азаттық армиясының бөлімдері Үрімжіге кірді. Шығыс Түркістан Республикасының қарулы күштері 1950 жылы қаңтарда Ф.И.Лескиннің басқаруымен ҚХР əскері құрамына 5-ші корпус ретінде қосылды. Осылайша Қытай қазақтарының тəуелсіздік жолындағы күресі нəтижесіз аяқталды. – Ал аға, енді өзіңіз жайлы айтсаңыз, – дедім мен осы араға келгенде қарияға. – Əскери өмірбаяныңыз қалай басталып, жалғасты жəне қалай аяқталды? – Сол жоғарыда айтқан 1948 жылы қазан айында бізді, 200 жігітті Майтаудағы бұрынғы гоминдань əскерлерінен қалған казармаларға орналастырып, № 2 Қобық атты полкінің құрамына алды, – деді ағамыз сəл ойланып барып. – Орталықта 2 ай үйретіп, жігіттерді полк бөлімдеріне таратты. Мені кезінде жаудан қолға түскен 82 мм. миномет ротасына жіберді. 1 миномет расчетында 3 əскер болды: біреуі атқыш, біреуі ствол көтеріп көздегіш, біреуі оқ тасушы. Оқ тасушының аты есімде жоқ, ал Қауызбай деген жігіт көздегіш болды. Рота командирі, руы албан, капитан Бектемісов Тайшыман деген азамат еді. 1955 жылы Қазақстанға өтіп, Алматы түрмесінің саяси істер жөніндегі орынбасары болды. Полкіміздің командирі үнемі сəнді таяқ ұстап жүретін подполковник Мəметхан деген өзбек, комиссарымыз кейіннен белгілі этнограф ғалым, 90 жастан асып қайтыс болған подполковник Жағда Бабалықов болатын. Осында небір ерекше азаматтармен қызметтес болдым. Соның бірі – қазіргі ардақты азамат Мұхтар Құл-Мұхаммедтің туған нағашысы, ат фельдшері болған руы тарақты марқұм Ноғаев Зəкəрия еді. Сегіз қырлы, бір сырлы, өзі əнші, домбырашы өнерпаз жігіт болды. Маған көп аттың ішінен мініске өте жарамды бір жылқы таңдап берді. Зəкəрияның өзі армияда 1946 жылдан бастап қызметте екен. Содан 1949 жылдың қазан айының басында полкіміз Манас өзенінің бойына барып орналасты. Сол жерде Шығыс Түркістан Республикасының ҚХР-ға қосылғанын естідік. Осыдан соң полкта өзгерістер болып, желтоқсан айында мен қызмет еткен ротаны командирі КСРО-дан келген Мағруф деген татар жігіті Шихуды азат еткен Пышанлық атқыштар полкіне қосты. Одан кейін 1950 жылы 150 сарбазды ішінде 32 қазақ бар командиріміз Əнкежанов Ахметбайдың жетекшілігімен Оспан батырдың шегінген жолын кесуге Тұрфанға апарды. 1951 жылы Оспан тұтқынға түсіп, Үрімжіде атылған соң, біздің əскери бөлімді Ганьсу-Цинхай өлкесіндегі Еренқабырға тауына жіберді. Айдалада ашығып, дəрігер жоқ, ауырып, əрең дегенде 1952 жылы қыста қайтадан Тұрфанға келдік. 1952 жылы наурызда біздің əскери бөлімді Іле аймағына жіберіп, сол жерде қара жұмысқа жегілдік: канал қаздық, күріш ектік. 1953 жылы қазан айында бөлімшемізді қайта жасақтап Құлжа мен Қорғас бағытына орналастырды. Мен денсаулығыма байланысты 1953 жылы əскерден босап, Бүргентекшедегі əкемнің үйіне оралдым. Жазуым əдемі, көркем болғандықтан 1954 жылдан 1959 жылға дейін Шəуешектегі Кеңес консулдығының Шағантоғайдағы бөлімшесінде қызметкер болдым. 1959 жылы Қазақстанға қайтып, атамекеніміз Қабанбай ауылына орналасып, 1991 жылға дейін ұжымшар, кеңшарларда бригадир, есепші, технолог жəне тағы басқа жұмыстарды атқарып зейнеткерлікке шықтым, – деп Мұ қаметқан ақасақал əңгімесін тəмамдады. Шығыс Қазақстан облысы. ––––––––– Суретте: Мұқаметқан Дайырханұлы. 1948 жыл.


14

19 қараша

ЕР ЫР Ж

www.egemen.kz

ЖҰМ

2014 жыл

Əлемде конвейер, яғни, үзіліссіз жұмыс жүйесі қашан өмірге келді? Бұл сұраққа бүгін іркіліссіз жауап береміз. Осыдан екі ғасыр бұрын АҚШ-та. Оны жүзеге асырған Генри Форд. Əлемге əйгілі «Форд» көлігін шығарған адам. Оның бұл жалғаннан озып кеткеніне сан жыл өтсе де, адамзат тарихында ұмытылмастай есімі мен ісін қалдырды.

Аѕыз адам Генри Киссинджер таразылаєан Ќытай Əділ АХМЕТОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Генри Киссинджер АҚШ президенті Ричард Никсонның заманында алдымен Ұлттық қауіпсіздік мəселелері жөніндегі кеңесші, соңыра Мем лекеттік хатшы болған. Бұл қызметті ол президент Джеральд Форд кезінде де жалғастырды. Сыртқы саясат сардары əрі əлемге əйгілі ғалымның 2012 жылы «On China» («Қытай туралы») атты көлемді монографиясы жарық көрді. Бұл туынды, өзінің аты айтып тұрғандай, 4000 жылдық тарихы бар Қытай өркениетінің қыр-сыры мен сол өркениеттің мыңдаған жылдар бойы өзге елдермен қалыптастырған саясидипломатиялық жəне саудаэкономикалық ұстанымдары мен бүгінгі ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. АҚШ-тың сыртқы саясаты мен дипломатиясына ерте араласқан Генри Киссинджер Қытайға о баста президент Никсонның арнайы тапсырмасымен аттанса, соңғы 40 жыл ішінде 50-ден астам сапар шегіп, құпиясы мол Аспанасты елінің сырт көзге бірден шалына бермейтін құндылықтарын жан-жақты таразылай келе, оның ХХI ғасыр əлемінде өте маңызды рөл атқаратынына титтей де күмəн келтірмейді. Сұңғыла саясаткер əрі дипломат, сонымен қатар, Қытайдың тарихи-мəдени ұстанымдары мен сол елдің Мао Цзэдуннен бері қарай тұтқасын ұстап келген басшыларының өзге елдермен қарым-қатынас жасаудағы сан қилы дипломатиялық əдісайлалары мен олардың, əсіресе, бейбітшілік пен соғыс жəне халықаралық тəртіпке қатысты концептуалдық көзқарастарын Батыс өркениетіне тəн төл сипаттармен салыстыра отырып, Қытай халқының ұстамдылығына, ізеттілігіне, отбасы құндылықтары мен мəдениетіне тəнті болғандығын ерекше атайды жəне мына бір ерекшеліктерге назар аударады. Біріншіден, автор осыдан 40 жыл бұрынғы Қытай мен бүгінгі Қытай арасының жер мен көктей екеніне ерекше мəн беріп, бұл мемлекеттің экономикалық тұрғыдан аса ірі державаға айналғандығын жəне бүгінгі таңдағы жаһандық саяси тəртіптің қалыптасуына орасан зор ықпал етіп отырғанын тілге тиек етеді. Сонымен қатар, автор АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан бергі заманда қырғиқабақ соғыс жүргізуден алдына жан салмай келгенін де жасырмайды. Солай бола тұрғанмен, дипломат ғалым Қытай мен АҚШ арасындағы қарымқатынастардың əлемдік бейбітшілік пен планета тыныстіршілігінің ең түйінді өзегіне айналғанына да ерекше мəн береді. Екіншіден, жоғарыда аталған туындысында автор АҚШ-тың тізгінін ұстаған Ричард Никсоннан бергі 8 президенті мен Қытайды соңғы 40 жыл ішінде басқарған көшбасшыларының екі ел

арасындағы нəзік қарымқаты настарды, олардың о бастағы айтарлықтай айырмашылықтарына қарамастан, асқан шеберлікпен жүргізіп, екі жақтың тарихи мұралары мен ішкі ұстанымдарының əлгі қарым-қатынастарға бөгет болуына еш жол бермегенін де тілге тиек етеді. Ашығын айту керек, аталмыш қатынастардың өте күрделі болғаны еш күмəн тудырмаса керек. Себебі, екі қоғамның өзіне тəн түбегейлі ерекшеліктері мен қалыптасқан тарихи жəне саяси-мəдени ұстанымдарының қай кезде де кесе-көлденеңдеп, алдан шыға беретінін заңды құбылыс деп қабылдаған жөн. Үшіншіден, АҚШ өз құндылықтарын бүкіл əлемге таңуды бұрын да, бүгін де өзінің басты міндеті деп санап келсе, Қытайдың негізгі ерекшелігі оның сан ғасырлар бойы қалыптасқан терең мəдениетімен тікелей байланысты. Мұны Генри Кис синджер мүлтіксіз дөп басқан. Мəселен, Қытай қай заманда да ешкімді өз дінін қабылдауға мəжбүрлемеген жəне өз институттарын да өзгелерге телімеген. Бірақ солай бола тұра, Қытайға тəн басты сипат сол, ол өзін о бастан-ақ əлемнің орталық патшалығының мұрагері деп есептеген. Сондықтан да өзге мəдениет өкілдерін варварларға теңеген. Төртіншіден, Қытайдың жоғарыдағылардан туындайтын жəне бір қағидасына да Генри Киссинджер үлкен мəн бе реді. Ол қағида мынаған саяды: «Сыртқа қашқандардың соңынан қума, өз бетімен келіп қосыламын дегендердің бетінен қақпа». Бесіншіден, Қытай халқы өз императорларын əлімсақтан бері пір тұтқан жəне ол тұлғаларды Құдайдың өкілі деп санаған. Сондықтан да шетелдіктерден əлгі қағиданы дəл солай қастерлеуді талап еткен. Егер шетелдіктер императормен кездесуді мұрат тұтса, олар да жергілікті халық секілді императордың аяғына жығылуға тиісті болған. Егер бұл шарт орындалмаса, бөтен елдің өкілдері мен дипломаттарын императорға жақындатпаған. Дəл осы тұста: «Өзгелерге дəл сондай биіктен қарайтындай, Қытай соншама кім еді?» дейтін ойға қонымды сұрақтың туындауы заңды. Əйтсе де əлгі сұраққа жауапты

алыстан іздеудің де қажеті жоқ сияқты. Айтса айтқандай-ақ, əліптің артын бақсақ, соңғы 20 ғасырдың 18 ғасырының ішінде Қытай экономикалық қуаты жағынан болсын, жер көлемі жағынан болсын, халқының саны жағынан болсын əлемнің ең қауқарлы мемлекеті болғаны көзге ұрып тұр. Шындығында да, Қытай, əлемнің ішкі өнімі тұрғысынан, Батыстың кез келген мемлекетінен оқ бойы озық болған. Генри Киссинджер келтірген деректерге қарағанда, 1820 жылдары бір Қытайдың өзі ғана əлемдік ішкі өнімнің 30 пайыздан астамына иелік еткен. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш сол замандағы Батыс Еуропа мен Шығыс Еуропа жəне Америка Құрама Штаттарының жиынтық ішкі өнімдерінен де асып түскен. Қытай өркениетінің мызғымастай мықты болуының тағы бір алғышарты осы елдің ұлы ойшылы Конфуцийдің рухани мұраларымен тікелей байланысты екені де күмəн тудырмайды. Жинақтап айт қанда, ұлы философ өз ұрпақтарының рақымшылдық пен жанашырлыққа, білім мен ілімге, шыншылдық пен турашылдыққа, тазалық пен пəктікке, ізгілік пен əділеттілікке, еркіндік пен теңдікке, толып жатқан басқа да құнды қасиеттерге деген құштарлықтарының, ең алдымен, білім мен білікке деген сүйіспеншіліктеріне өрілмесе, бос дүние болып қалатынын ескерткен жəне ең бастысы, əр адам өмірдегі өз орнын білуге тиісті екенін өсиет етіп қалдырған. Халықаралық қатынастар тұрғысынан келгенде де, Генри Киссинджер Батыс əлемінде қалыптасқан дипломатия мен Қытайдың сыртқы саясаты арасында жер мен көктей айырмашылықтың бар екенін бірден аңғарған. Себебі, империялық Қытай о баста басқа елдермен дипломатиялық байланыс орнатып, шет елдерде тұрақты елшіліктер ұстауға мүлде құлықты болмаған. Себебі, əлемде өзіне тең келетін өзге өркениет пен мəдениет бар деген түсінік ешуақытта да Қытайдың қаперінде болмаған. Сондықтан да, өзгелерден өзін əрқашан биік қойып, келімсектерді шекара түбінен ғана қарсы алып, тиісті сыйсияпатын жасап, сол жерден тезірек қайтарып жіберуге тырысқан.

Ресми Қытай жазбаларында көрсетілгендей, шетел өкілдері император сарайына мемлекет істеріне араласу немесе келіссөздер жүргізу үшін емес, керісінше, императорға мойынсұну үшін, яғни оған тағзым етіп қайту үшін ғана келеді деген түсінік берік орын алған. Сондықтан, Генри Киссинджер айтпақшы, император басқа мемлекеттердің басшыларын келіссөз жүргізу үшін емес, керісінше, тек өз билігіне «бас ұрып» келгені үшін ғана қабылдап, өздерімен ала келген сый-сияпаттарына сай жоралғы жасап, шығарып салатын болған. Халықаралық қатынастар саласында Қытайға тəн жəне бір ерекше сипат өзінің солтүстігі мен батысындағы жапсарлас жатқан Маньчжур, Моңғол, Ұйғыр, Тибет, сол сияқты оңтүстігіндегі Вьетнам мен солтүстік шығысындағы Корея сияқты мемлекеттердің жерлерін басып алуға ешуақытта талпынбаған. Есесіне, олармен сауда-саттықты күшейтіп, прагматизмге негізделген нəзік саясат ұстанып, өзінің олардан əлдеқайда тегеурінді екенін сездіріп, жұмсақ күшпен ғана тізгіндеп отырған. Осы айтылғанның бұлтартпас дəлеліндей, Генри Киссинджер Қытайды билеген Хань династиясы заманында елдің солтүстік батыс шекарасына қауіп төндірген көршілес тайпаны ауыздықтау үшін билік басындағылардың қолданған бес айласын көлденең тартады. Олардың түйіні мынаған саяды: «Біріншіден, жаудың жанарын алу қажет. Ол үшін оларға көздің жауын алатын киімдер кигізіп, сəнді күймелерді сыйға тарту ету керек. Екіншіден, жаудың аузын алу қажет. Ол үшін олардың аузына дəмді тамақ тосу лазым. Үшіншіден, жаудың құлағын алу шарт. Ол үшін оларды құлақтан кіріп бойды алатын сазды музыкаға бөлеп, əйелдермен арбау қажет. Төртіншіден, жаудың құлқынын алу керек. Ол үшін оларды еңсесі биік үйлерге орналастырып, астыққа толы қамбалар мен жалшылар сыйлау қажет. Ең соңында жаудың санасын алу керек. Ол үшін император келімсектерге өз қолымен ас беріп, шарап ішкізсе жеткілікті.» Əрине, тілге тиек ететін немесе назар аударатын мұндай дүниелер Генри Киссинджердің туындысында жетіп артылады. Бірақ олардың бəрін тізіп шығу бір мақаланың аясында мүмкін емес екені де түсінікті. Алайда монографиямен түгел танысқан оқырманның тек қана Қытай емес, сонымен қатар Аме рика Құрама Штаттары ның қыр-сы рымен де жете танысуына толық мүмкіндігі бар.

Оның өмірі де өзге де атақты кəсіпкерлердің тағдырына өте ұқсас. Америкаға қоныс аударған ирланд отбасындағы алты баланың үлкені. Детройт қаласының маңындағы Дирборн елді мекенінде дүниеге келген. Кейін осы Фордтың арқасында Детройт əлемнің көлік астанасының біріне айналды. Фермердің баласы Генри қаршадайынан бауырларымен бірге ауыр жұмысқа жегілген болатын. Ауыр жұмыстан тауы қайтып, ауыл шаруашылығындағы азапты істерді темір тетіктер арқылы атқарып, адам еңбегін жеңілдету жайындағы ойға келген күндері болған. Тіпті азапты жұмыстың жеріндіргені сондай, 15 жасында Форд сүт ішуден үзілді-кесілді бас тартыпты. Ол дағдысын қанша уақыт бойы сақтағаны белгісіз. Бір қызығы сол 12 жасында ата-анасы Генриге қол сағатын сыйлаған. Көп ұзамай сыйлықты ашып қараған ол бір-бірімен тіркесіп жатқан дөңгелекшелерді көрді. Оны асықпай қарап, жұмыс ырғағы мен іс-əрекетін талай күн бойы тексеріп, зерттесе керек. Кейін сағат жөндеуді үйреніп, 15 жасында шеберге айналды. Арада жылдар өткен соң, тағдырының ауыр сəтінде оған сағат жөндеу көп көмегін тигізді. Осыған орай, оның мынадай пікірі бар: «Кітаптан бəрінің қалай жасалғанын ешкім біле бермейді. Нағыз механик бəрін өзі істеп, үйренуі керек. Механик үшін көлік жасау қандай маңызды болса, жазушы үшін кітап жазу сондай болуы тиіс». Айта кеткен жөн, ол схема-сызбадан ештеңе үйреніп не оқып көрген жоқ. Тіпті өмірлік кəсіптің басын ұстаған кезде оған келешек көліктің моделін ағаштан жасап көрсетсе керек. Бүгінгілер отыз жасқа дейін «бала» болып жүрсе, Генри Форд 15 жасында үйінен кетіп, Детройт қаласындағы вагон жасау зауытына жұмысқа орналасты. Алайда ұлымен ат құйрығын үзгісі келмеген əкесі жер алып берді. Уақыт созбастан, оған Генри дереу үй салды. 1893 жылы өзі сияқты фермердің перзенті Клараға үйленді. Ізденіс атты құдірет жас жігітті тыныш жатқызған жоқ. Үйдің жанындағы сарайда көптен бері ойлап жүрген мақсатын жүзеге асыруға кірісті. Екі күн, екі түн бойы ұйықтамай, аянбастан еңбек етті. Ақыры алғашқы көлігін жасап шығарды. Оған «Квадроцикл» деп ат қойды. Сөйтіп, Форд АҚШ-тағы жүргізуші куəлігін алғаш алған адам болды. Айта кетерлік жəйт, машина жүргенде, тарсылдап-гүрсілдеп, төңіректегі малды үркіткен. Жол қозғалысына да кедергі келтірген. Алайда ол қаймыққан жоқ. Он жыл бойғы тынымсыз еңбектен соң, жаңа «Квадроцикл» өмірге келді. Соның ізімен «Форд мотор компани» құрылып, оның алғашқы акционерлері: ағаш шебері, екі заңгер, бухгалтер, банкир жəне басқалары болыпты. Ал өндіріс үздіксіз алға баса берді. Жаңа компания алғашқы 15 айдың ішінде 1,7 мың «А моделі» атты машина жасап шығарды. Генри өмірлік мұратына толық жетті. Жаңа көлік қарапайым да сенімді шығып, қолжетімді дүниеге айналды. Алғашқы көлік ең əуелі бар болғаны 200 долларға сатылған. Сұраныс көбейгесін, бағасы екі есеге дейін өсті. 19 жылдың ішінде АҚШ-та «Т моделі» атты 15 миллионнан астам көлік

сатылған. 1913 жылдың соңында «Форд мотор компани» АҚШ-тағы бүкіл көліктің жартысын шығарды. Басты мақсатын жүзеге асырған Генри Форд енді қоғамға қызмет етуді мұрат тұтты. Мəселен, 1914 жылы 5 қаңтарда сегіз сағаттық жұмыс күні үшін атақты капиталист жұмысшы мен қызметшінің жалақысын 5 долларға, яғни екі еседен астамға өсірген. Бұған сол кездегі АҚШ-тың халқы таңданған. Ал ол кезде «Форд компани» конвейерінен 10 секөнтте бір машина шығып жатты. Демек, оның жалақыны өсіруі дұрыс. Себебі, ұжымның еңбегі өзін өзі ақтады. Америкалық прагматик Форд көліктегі беріліс қорабын ойлап тауып, өндіріске дереу енгізді. Арнайы жоғары немесе орта техникалық білім алмаған адамның осындай ізденіс арқылы суыры-

лып алға шығуы өмірде үнемі бола бермейді ғой. Сонымен қатар, Форд жұмысшы-қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстануына мəн берген санаулы қожайынның бірінен саналады. Оның зауыттарында арақ-шарап ішпейтін, темекі тартпайтын, құмар ойыннан аулақ, ырду-дырдуға құштар емес, тек бос уақытын отбасында өткізетін, қарттығын ойлап, ақша қорын жинайтын жұмысшыларға ғана жоғары жалақы төленсе керек. Ал оларды анықтау үшін зауыт иесінің қатаң тапсырмасымен ондаған инспектор жұмысшылардың үйлерін аралап, көршілер мен тумаларының айтқанына құлақ түріп, түрлі тыңшылардың деректерін кеңінен пайдаланыпты. Əйтеуір, тексеруге қатысты ешбір ашу-ыза туып не шағым түспегенге ұқсайды. Генри Форд тек өз елімен шектеліп қалған жоқ. Бүкіл əлем коммунистерге қарсы шүйліккенде, оның компаниясы 1923 жылы Кеңес Одағында трактор өндірісін құруға көмектесті. Осы адамның тікелей көмегімен салынған Горький (қазіргі Нижний Новгород) қаласындағы көлік зауыты Ресейде əлі күшінде. Сол кəсіпорыннан басқа, бұл кісі «Москвич» жеңіл көлігін жасайтын зауытқа да инженер-техник мамандар даярлауға көп септігін тигізген. Тағы бір тосын қылығы – жебірейлерді жеккөрген. Сол сезімнің əсерімен кезінде неміс нацистеріне қаржылай көмек те көрсетіпті. Тіпті оның портреті Адольф Гитлердің Мюнхен қаласындағы штаб-пəтерінде ілулі тұрған екен. Рас, кейін АҚШтағы жəне əлемдік қоғамдық пікірдің қысымымен баспасөз

арқылы жебірей ұлтынан кешірім сұрапты. Жасыратыны жоқ, оның бұл қадамына əлі күнге дейін күмəнданушылар көп. Атышулы кəсіпкер осыдан 90 жыл бұрын, өзінің мол тəжірибесін қорытып, «Менің өмірім жəне жұмысым» атты кітап жазды. Ол тек АҚШ-тың өзінде жүзден астам рет қайта басылып шықты. Өзге елдерде де мол таралыммен жарық көрді. Бұрынғы Кеңес Одағында ғана аз тиражбен басылған екен. Осындай қарама-қайшылығы мол танымал көлік алпауыты 1947 жылы 83 жасында өмірден озды. Үлкен ұлы өзінен бұрын қайтыс болған соң, оның алып көлік империясы екінші ұлы Генридің еншісіне тиді. Қазір əлемдегі ең ірі көлік корпорациясының біріне айналып, өнімін дүние жүзінің 30 еліне шығарып отыр. «Көлік – барлық адам үшін!» өмірлік мұратымен ғұмыр кешкен Фордтың көзі тірі кезіндегі құнды пайымдауларына кезек берсек: «Тың идея немесе ұсыныс қашанда маңызды жəне құнды. Бірақ идеяны қашанда кез келген адам ойлап таба алады. Мəселе – идеяны құр қиял ретінде қалдырмай, оны болмысқа енгізіп, нақты өнім шығарсаң ғана маңызы бар». «Кəсіпкерліктің мақсаты – тек табыс түсіру» деген пікір бар. Жаңсақ түсінік. Кəсіпкерліктің мəні мен мақсаты – қоғамға қызмет ету. Бүкіл ой-өрісім, əрекетім мынаны жариялауға бағытталған: қоғамға қызмет ету пайда табудан бұрын жүруі тиіс». «Дайын тауарды алып сату – кəсіпкерлік емес, ол ұрлықтың мейлінше жоғары немесе төмен түрінің көрінісі». Ол өзі айтқанындай: «...көп ақшаға

қысқа жолмен жетіп, онан да қысқарақ-тынымсыз еңбекпен табыс таппағандарды» айыптаған жəне түсінуге тырыспаған. Форд банк пен банкирлерге сенімсіздікпен қараған, əсіресе олардың өндіріске арсыздықпен жəне негізсіз араласуына қарсы шықты. Бұл туралы пайымдауы мынадай: «Олар тек ақшаны ойлайды. Олар үшін кəсіпорын тауар емес, ақша шығаратын сияқты. Оларға өндірістің тиімді үдерімін емес, ақша ағынын бақылау ұнайды». Генри Форд банктердің шектен тыс өктемдігін айыптаған. Қазіргі америкалық сарапшы, Нобель сыйлығының экономика саласындағы лауреаты Джозеф Стиглиц Фордтың ойын дамыта отырып, бүгінгі əлемдік қаржы дағдарысының түпкі себебін қаржы секторының қамтушылық қызметтен гөрі, экономиканың дара, жетекші, жоғары табысты саласына айналуынан көреді. Жалпы ұлы капиталист Форд ешқашан өзінің мына қағидатынан айныған емес: «Алыпсатарлар басқаратын жəне ақшаны бірінші орынға қоятын компаниялармен байланыс жасаудың қажеті жоқ». Бір қызығы сол, оның бір зауытының қақпасының жоғары жағында мынадай сөздер жазылған екен: «Есіңде болсын, Құдай адамды қосалқы бөлшексіз жасаған»... (Мақаладағы кей деректер «Эхо планеты» журналынан (2012 жыл, 6-12 қараша, №46, 6-9 беттер) алынды). Серік ИХСАНҒАЛИ.

Атырау облысы.


19 қараша

ƏҢГ

2014 жыл

Ол бүгін де аңқайып бос аңырап сазарған кəрі құздың қойнауында түнеп жатты. Өзі бір жатқан қат-қабаты қалың құз тектес осынау адамнан нені болсын күтуге болар еді. Тəйір-ай, жоқ іздеп жортуылдап жолға шыққаны бір бүгін ғана ма, жо...жоқ бұған дейін де басып өткен хан жолы мен қара жолы, сар жолы мен сара жолы толып жатыр. Құлдилап құлаған ылдиы мен еңісі де, ентелей ентігіп өрмелеген құз-қиясы да жетерлік сияқты. Ойлап қараса, тіпті өмір дегеннің өзі ылғида бір жоғыңды іздеп сабылу, не күту емес пе екен? – Күту, үздіге тағатсызданып күткеніңді іздеп табу, – деді түн мейманы түнерулі қабағын сəулелі таң шапағы серпіп ашқандай мейірленіп. – Он екі де бір мүшең бұзылмаған ақаусыз таза бұла күніңде бұлғындай бұлаң ұрып жүріп баурыңа басып, құшып сүйер жар іздейсің. Жаныңмен құлап жолығысар сол аяулы жарың жалғанның жарық күніндей ажарына ақылы сай болып келсе деп тілейсің. Аһ, дүние, қарсы алдынан уылжи үлбіреп, иіле күлімсіреп назданған қыз буына масайып құлап түскен жігітте не арман бар екен деші! Түздің беймаза жанды пендесі бұл ойына бір түрлі рахаттана езу тартып елегізе қалды. Көз алдына шүйкедей сары кемпір Кашифа келді... Диірменші ноғайдың қызы сол Кашифаны жайдақ атпен алып қашқан түннен бері де тізбектеліп қаншама жылдар өткен. Шіркін, жас дəурен! Шымыр-шымыр қайнап жүрекке, тек ғашық жүректерге ғана құйылар нұрсың-ау, сен! Ұмытқан жоқ əлі, жиырмаға енді толған желікті кезі болатын. Жалғыз атты жарлы атанса да, былайғы жұрт оны еті тірі ер жігіт ретінде қадірлеп, сыйлайтын. Шынында да мұқым Құсмұрын атырабына түйе балуан деген атағы тым ерте жайылды. Бірақ күш бітсе де, елірме жел кеуде бітпеген өзгеше нəзік сезімділігі де бар еді. Əсіресе, малы көп біреудің айттырып қойған қалыңдығы Кашифаны көргенде жоталы зор денесі аласарып, қарадай дегбірі қашып, буын-буыны босап, үні шықпай ұйқылы-ояу хал кешетін... Тəтті түс əсерінен айыға алмағандай іштей елегізе маздап, рахат бір іңкəрлікпен əлсіреп тыныс алатын... Оның бұл ынтықтық жүрек жалынын қыз да ептеп сезетін... Сақалы етектей боп желбіреген шалға барғанша, Тоғызға батып өлгенім артық деп шерленген Кашифа Төлеумен жолығып, қалайда бір тіл байласуды асыға күтіп жүретін. Бірде соның сəті түсті. Төлеу жарты қап бидай арқалап, диірменге ұн тартқыза келіп түнеп қалуына тура келді. Ашық аспан.... Арық жағасы, тақыр жер үстінде шапанын басына жастап жантая бергені сол еді, ту сыртынан шылдыр етіп естілген шелек дыбысына елеңдеп басын көтеріп алды. Дəл қыр желкесінде ай нұрына шағылыса көйлегі ағараңдаған қызды көргенде: – Кашифа! – деп қалды. – Сіз Төлеу ағасыз ба? Ақырын сөйлесеңізші, – деп ол үрейлене сыбырлады. – Төлеу қуана басып қасына барды. Кашифа жүрелей отыра қап бетін басып жылады. – Неге жылайсыз, не болды сізге? – деп Төлеу абыржи бастады. – Бар үмітім сіз едіңіз, міне, құдайым кезіктірді. Мені алып кетуге ертең əлгі шал келеді. Не істерімді білмеймін. Не де болса айдалада қаңғып өлейін деп, бағана əкемнің бəйге жиренін атшы балаға айтып Кеңсайға апарып байлатқызып қойдым. Ертоқымсыз жайдақ. Енді соған жетуім мұң болып тұр, – деді Кашифа көз жасына булығып. – Соған жетуіміз керек пе, бар тілегіңіз сол-ақ па. Онда бар қауіпке тіктім басымды! – деп Төлеу Кашифаны қолтығынан демей тұрғызып, маңдайынан иіскеді. – Атқа арық суының ішімен жүріп жетпесек, қолға түсіп ұсталамыз, біздің ауылдың иттері жаман, – деді Кашифа төңірегіне үрейлене қарап. Бұдан əрі Төлеу бөгеліп тұрмады. Дереу сырт киімдерін тез шешіп, оны Кашифаның қолына ұстатты да, өзі дамбалшаң арық суын белуардан кешіп барып: – Кел, қалқам! – деді. Қыздың жұп-жұмсақ, нəп-нəзік білегі мойнына оратылғанда Төлеудің тұла бойы лапылдап жанып қоя берді... Еңіреген ер көңілі енді қарсы алдынан дария жолықса да іркілмеуге бекінді. Оң қолымен арық жағасын сипалай судың ағысымен ілгері қозғалған ол өзін бейне жел қайықша сезінді. Алға асықтырған ағыс екі ғашықтың шын жебеушісіндей əсер қалдырады. Кемінде үш жүз кезден астам арық бойымен жүріп өткен ғашықтар Кеңсайдың алқымындағы тоғайға да көзді ашып-жұмғанша жетті. Байлауда тықыршыған жирен бұларды осқырына қарсы алды. – Жануар-ай, жеттік пе саған! – деп судан шыға Төлеу жиреннің жалынан сипады. – А, құдай, жолымызды оңғара көр. Жатқа таба етпей, жанымызға сүйеу бол, жаратқан ием! – деген Кашифаның діріл аралас үні де тұнық ауада тұнып ұйып тұрып алды. Бəйге жиренге қарғып мініп, Кашифаны алдына алып, ат тізгінін қолына қыса ұстаған Төлеу қат-қабаты қалың тау жақты бетке алып жүйтки жөнелген... – Аһ, дариға, қалқаш жалған!... Түн тұтқыны осылайша күңірене күбір етті. Бұдан кейін қиялына тау сағалап тағы боп əлденеше ай жасырынып жүрген күндері оралды. Өзгеше бейнетті əрі өзгеше тəтті күндер... «Сіз, Төлеу аға, қайраттаныңыз», деп қиылған Кашифаның сөзі оған дем беретін. Бақтарына жаңа өкімет орнап, жас отауларының түтіні түзу ұшқан... Дегенмен, со бір жыртық жағалы сергелдеңі қалың жылдар тауқыметін қазбалай бергеннен не шығады, тек түйсін де қой. Бір тəуірі ғұмырында

І

ЕМ Л Ə Е ІМ

жасымаған екен. Жалаңтөстеніп білек сыбанудан да танбапты. Мұнысына шүкіршілік. Бағзы біреулер таяқпен бүкшеңдеп, əудем жер əрең жылжитын сексен атты селкілдек жаста бұл əлі тың, ат үстінде келеді. Əр күні жатарда «ат тізгінін қолымнан шығармай жатып көз жұмсам-ау» деп тілейтіні тегін емес. Шынында да от басы, ошақ қасы орны ма! Ұлы кеуде өлсе де өрге сүйретіліп өлер болар. «Бес күншілік пəниде жасып, жəбірленгені көп пе, əлде жігерленіп жалын атқаны көп пе?» – қылға тізіп қайтеді... ...Іш тартып жүрген кенже немересі Айтанға əлі күйінулі. Құр пысықай қаңғалақ неме бұрнағы күні: – Ата, бүгін кешке орталыққа жолдас баламның туған күнін тойлауға барайын деп едім. Жоқ жылқыларды сіз іздеп келіңізші, жарай ма? – деп тілек еткен-ді. Тепсе темір үзетін сойталдай бойшаң немересіне ата көңілі сонда үрке қараған. Жақсы киініп былқ-сылқ басып жүргенді, қарны тойса қыз-қырқынмен қылжақтаса жыртақтап, секеңдеп билеуді ғана білетін тілі сақау, шөгіп туған ши борбай ұрпақ болармысың деп қауіптенген. Сөйте тұра, оның ессіз еркелігін кешіргендей тырысқан шекесі жазыла жадырап суыт атқа қонған. Енді,

атылған... Мұны күтпеген жау сасқалақтап, автоматын жерге түсіріп алды. Сөйтіп, нағыз жекпежек басталды да кетті. Ə дегеннен қарсыласын алқымынан булықтыра бүріп ұстаған Төлеудің қолы тас боп қатып үлгерген еді. Сереңдеген сирағынан қаусыра шалып оң жамбасына алды да, жерге гүрс еткізіп сұлата жықты. Қолы кеңірдегіне сұғынып кіріп жау тұяқ серпуге шамасы келмеді. Сірə, Шотбайға да қолы сондағыдай бата тиді ме? «Əй, ит тіршілік. Кейде ителгідей жұтындырып, кейде инеліктей иілдіріп діңкені құртасың-ау!» Ауылдағы милиция қабағынан қар жауып: – Бол, тез, отыр машинаға! – деді. Кемпірі Кашифа: –Төлеу, қызықсың осы, қартайғанда кісіге соқтығып нең бар. Заңға тартылатын болдың, – деп шыр-пыры шықты.

www.egemen.kz

тілегін екі етпей, хатшыға кіруін кіріп шықса да, өзі біртүрлі ыңғайсыздана күмілжіп: – Ата, сізді қабылдауға уақытым жоқ, ауылына қайта берсін, деді Қабай Қарсақович, – деп хатшы келіншек ақырын ғана күрсінді. Төбесінен тағы бір қара бұлт түйіліп келіп, жаумай өткеніне таңырқай қайран қалып орнынан көтерілген Төлеу: – Ал, қалқам, аман болайық! – деді ақсары келіншекке ризалықпен қош айтып. Бір тəуірі бұл сыртқа шыққанда, таңертеңгі сағат онда жүретін автобус əлі қозғала қоймаған екен. Нəр татпаған аш күйінде соған отырып алып ауылға қайтқан. ...Былай аудан орталығынан қашықтап шыға шыңылтыр аязды ашық аспан астында ирелеңдеген дала жолына ерекше ыстық сағынышпен қайта-қайта

Жўмбаќ жолаушы Қазтай ƏБІШ.

міне, боздағы шыққан боранды түзде өткенкеткенін еске түсіріп отырғаны. «Қойыртпағы көп қу өмір-ай!» деп кіжіне шайқатылып, өзіңді-өзің сор түбіне-түпсіз шыңырауға тастап жібергің келеді. Өзгені қойшы, ұжым бастығының анау сары үрпек бауырынан алған жазаны – тұтқындықты ойласа тұла-бойы мұздап, ес-ақылы азынап сала береді. Сақалға жармасқан ол антұрғанның көкірегі көк тірейтін... Екі беті тырсиып сыздаған шиқандай қып-қызыл. Тарбиған ұсқыны күнге борсып күжірейген үлкен сары аюды еске түсіретін. Отыздың жотасына енді ғана иек артқан ол ауылдан асып, аудан чемпионы атанып жеркөкке сыймай жүрді. Аты да көктен түскендей – Шотбай. Сол пəле өткен қаңтар айының ішінде бір жұмыспен кеңсеге соғып, қайта шығып келе жатқанында қарсы алдынан жолыға кетпесі бар ма. Əдетінше ықылық атып:. – Əй, шал! – деді мұны көрген сəтте-ақ келемеждей кеңк-кеңк күліп. – Сені жасында түйе балуан болған дейді ғой, аа... Ал мына менімен бір байқасып көруге қалайсың? – Қой, айналайын, əкеңдей адаммен арпалысып жатқаның ұят емес пе, – деді бұл оған тыжырына қарап. – Қайдағы əкемдейсің, сендей əкені ұрдым басқа! – деп Шотбай жағасынан жұлқа тартып, шап беріп ұстай алды. – Əй, ант атқан, тарт қолыңды! – деді Төлеу үнін көтере. – Ой, қорқақ шал, кет əрі, онда, сені бір белдесуге жарай ма десем, – деп Шотбай сол аяғынан қиялай шала итеріп кеп жіберді. Жерге ентелеп екпетінен құлай жаздап барып бойын зорға тіктеп ұстаған Төлеудің көз оты жарқ ете қалған сонда. – Тексіз туған ит! – деп ақыра ұмтылған Төлеу Шотбайды жауырынынан бүре ұстап емпелеңдетіп жұлқа тартып алған бетте оң жамбасына салақтата тік көтеріп, онсыз да шойындай ауыр денені жерге солқ еткізіп тастап кеп жіберді. Мұздақтап, көксіреу боп қатқан жол тағанына шалқалай құлаған Шотбайдың мұрнынан қан бұрқ етіп, бірден көзі аларып тіл-ауызсыз қалды. Басынан аттап, жөніне кете барған Төлеудің соңынан: – Құтырған шал, жазым қылды жас жігітті. – Өлтірді, ойбай! – деген бірнеше əйелдің даусы жарыса жаңғырықты. Тұла бойы дір-дір қалшылдап ашу қысқан Төлеудің жанарына қып-қызыл қан ойнап шықты да, біртүрлі құсаланды... Дəл осы сəтте оған Шотбай ауылдасы емес, майданда көрген неміс офицері сияқтанды. О, сұмдық-ай, онда да орыс қысының қаһарлы бір күні еді-ау. Қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан. Адам өлігінен аяқ алып жүре алмайсың. Атақты Керчь жері қанмен тыныс алғандай... Атайын десе мылтығының оғы таусылған. Окопта қаншалықты тұншығып отыра бермек. Ақыры шыдамы таусылып қарғып тұрған. Қарғып тұрған бойда-ақ қақ маңдайына автоматының шүйдесін кезеп түйілген неміс офицеріне арыс танша шапшып бір-ақ

– Төбемнен тау құлап түссе де көріп алдым! – деп қашанғы əдетінше қарыса тістенді. Қар алақаншықтап жауып, айнала аяздатып шаңытқан екінді шағында үсті березентпен қапталған жүк машинасына отырысымен-ақ бұлар суыт жүріп кеткен... Аудан орталығымен екі аралықтағы жүз жиырма шақырымдық жол бітіп берсеші. Былай шыға башайларының басы тызылдап тоңа бастады. Су пимасын пешке қақтап кептіріп алуға мұршасын келтірді ме. «Қызыл көз, қанды қол қақбасты тез апарып, түрмеге қамаңдар!» деген бастықтың бұйрығы қаңбақтай ұшырып əкеле жатты. Машинаның үстінде үсіп өлсе де бұған жаны ашитын біреудің жоқ екеніне көзі əбден жетті. Десе де, бар үмітін ауданның бірінші хатшысы Қабай Қарсақұлына артты. Соның алдында ғана бар шындықты айтып, арылғысы келді. Сыртта ызыңдап ұлыған жел гуілімен тайталаса ширығып, құлағына сонау сарша күзде, қос басында хатшының: «Ақсақал, қандай мұқтаж шаруа-тілегіңіз болса да өзіме келіңіз, көмектесемін» деген сөздері естілгендей болды. Жүрегі бар болғыр əлденеден тіксінгендей арғы ой түбінен суық бір сезім-елес бас көтерді. Қалың жылқыны дүркірете қуып хатшының алдынан өткізгенде-ақ оның көзі бүйрек майы бітеу, жаясы оқтаудай боп жұмырланған қара тайға түскен. Тайды шалмамен қолма-қол бұғалықтап, бұлқынтып ұстауын ұстап əкелсе де, көзі қиып союға батпаған. Ал ақ маңдайлы елік хатшының айдалада жолықтырып, қуып жүріп атып алған «жемі». Шотбай сол екі «жемді» де қара пышағын жалаңдата жарғылап «мүшелеп» жайғастырған... Ойына осы көріністер оралған сайын Төлеудің талыстай кең көкірегі біртүрлі қусырыла түскен. Сондай беймаза, абыржып булыққан халде, түн ішінде ауданға келіп жеткен. Аудан дегенде кəдімгі қызыл жағалы милициялардың мекені – тор көзді үйден бір-ақ шыққан. Тегі құдайларына қараған болу керек немесе партия мүшесі екенін ескерді ме, əйтеуір мұны бірден түрмеге тоғытып жібермей, кезекшінің бөлмесінде қалдырды. Танауы сəңірейген, тəпелтек, бұжыр қара кезекші милиционер: – Ақсақал, бізде жаюлы төсек, ауызға салар жылы-жұмсақ, жал-жая дегендер болмайды. Таң атқанша қасымда отырып қалғисыз. Ертең бұйырса «құтты» орныңызға біржола орналасарсыз, – деді мекерсіп. – Иə, балам, болжамыңа бүліне қалар жəйім жоқ. Сақалымды бұлдап, шағына сөйлеу де табиғатыма жат. Тек өзіңнен өтінерім: кісіні қажап, кір жаға шағып сөйлегеніңді доғар. Бұл атаңның бар айыбы ар-намыстың жоқшысы болғандығы! – деді бұжыр қараға түтіп жіберердей тұтана қарап. Ой қамағы да мазасын кетірді. Əлгі хатшының алдына барғанда, тіпті ішін тарта үдей соқты. Жез тұтқалы есікті ертелетіп келіп күзетуін күзетсе де, күткен үміті ақталмайтындай бір сезімге бой алдырды. Сағат дəл тоғыз болды-ау деген шамада мамырлай басқан хатшының төбесі көрінді. Бірақ оның қиықша қысық көзі бұрышта бүрісіп отырған бұдан əріге, алысқа телміріп қадалғандай үстірттеп кетті. Көрсе де көрмегенсіп, жез тұтқалы есікті ашты да, кабинетіне кіріп жоқ болды. Орнынан көтеріле екі қолын кеудесіне қойып сəлем бере иілген қалпында мүлде елеусіз қалғанына Төлеу қатты қорланды. Хатшының соңынан қуа кіріп «Сен, құдай емес, Қабай емессің бе. Сəлем алмау – қай атаңнан жұққан көргенсіздік, ит қылық! Асып-толсаң да, абайла, шырағым!» деп өзінше бір батыра-батыра басу сөз айтқысы келді. Əй, қайдам, «аш бала, тоқ баламен ойнамайды» деген рас. Ол еріксіз ұстамдылық көрсетті. Іштей жасып, қамығып ызаланса да, сыр білдірмегенсіп: – Айналайын, Қабайға кіріп айтшы, өзіне ғана жеткізер бір ауыз сөзім бар еді, мені азғана уақытқа қабылдасыншы, – деді енді хатшы келіншекке жүгініп. Обалы қанша, ұяң мінезді ақсары келіншек

қарай берді Төлеу. Десе де көңіліндегі күйік тұманды ой қайтып қана оңайлықпен сейілсін. Ақсүйекке жеткенде тіпті ауырлай түскен тəрізденді. Ақшағыл тастарымен көзге ұрған шоқының бауырына бір кезде кей шоғыры іліне, кей шоғыры іліне алмай қисайып құлай берген құла қырдың көп қазағының ақ сөңке боп қурап қалған бас сүйектері алдынан өре домалап шыға келердей тұла-бойы қатты түршігіп те кеткенді. О бастағы Қосөркеш аты ұмытылып, Ақсүйек аталып кеткен осынау шоқының сай-саласындағы адам сүйектері күні кешеге дейін беті жабылмай ашық-шашық жатты емес пе. О, сұмдық-ай, есіне құба қырда тірі жүрген жалғыз құрдасы, сынықшы Мақай айтқан бір сөздер түсті. – Пəлі, Төке! – деген ол. – Отыз екінші жылғы аштық қырып салған еліңе, отыз жетінің ойраны да обына жалманып жетпеді ме. Үн-түнсіз дыбысы шықпай жер жастанған бейбақтарды ойласаң, миыңды қытыр-қытыр шайнап тышқан кемірердей тітіркенесің... Сені анау Қарсақтың баласымен жақсы деп естимін. Біріңмен-бірің жамырай шұрқырасып табысып жатпағаныңмен дəмдес, сыйлас болғанға не жетсін. Сөйтсе де түбі шикіден тартына жүрген жөн. Əкесі бір көр кеуде, рақымсыз таскөз болатын... – Қой, Мақа, аудан басшысын өйтіп кінəлауға бола ма, əсіресе, екеуміз сияқты қарт большевикке мұндай алыпқашты сөздің керегі не? – деп оған қарсы дау айтқан. Жаратылысынан бірбеткей, өсек сөзбен зауқы жоқ, шыншыл Мақай қаба сақалын қайыра сипап қойып: – Адал еңбегін сауған ардағым-ау. Бұл арада күйгелектене қалатын тіпті де жөнің жоқ. Қабайдың əкесі НКВД болғанын білесің бе өзің? – деп басқаша жайға ойысқан. – Естуім бар, – деген. – Естуің болса, Ақсүйектің сайында аталас Саят ақынның басы қалғанын да балаларымыз білуге тиіс. Сары уыздай сөзі, самалдай аңқып ескен əні қандай еді Саяттың! Алты алашқа өлеңімен өрістеп даңқы кеткен ондай жандардың тууы да сирек қой. Сол Саят отыз жетінші жылы жазықсыздан жауапқа тартылып, «халық жауы» ретінде өлім жазасына кесілген нелер боздақ асыл азаматтарға арнап: «Қайғыдан көңіл қарайып, Күнің бір өтсе талтаңдар... Үрейің іште зорайып, Қара бір көзден қан тамар. Жақсыңды жатса жəбірлеп; Қайдағы сұмдар қамалап, Араша талап бір-бірлеп...» – деп күңірене жыр толғайды. Оның

15

осы екі ауыз өлеңін қолма-қол жаттап ала қойған бір жансыз дереу НКВД Қарсаққа барып айтады. Сыныққа сылтау іздеп, тімтініп жүретін Қарсақ төбе шашы тік тұра ашуланып: – Солай де, халық жауларын – ел жақсылары еді деп сарнаған өлеңшінің өзі барып тұрған қара жүрек жау ғой. Ондай бұлбұлды торға қамап тастап, сазайын тартқызу керек, - дейді де, бұл ойын табанда орындайды. Алайда, тумысынан от шайнап туған ақын Қарсақтың ішкі қылығын, ұлттық қаннан ада айуандығын бетіне басып, қатты қарсылық көрсетеді. Ақыры елірген мылқау күш қойсын ба, қайран Саятты да қарға құрлы көрмей, көзін жойып тынады. Байқаймын, сол НКВД Қарсақтан қалған тұяқ мына Қабай да кісіге іш бермейтін қатпарлы пəле. Өзге зымияндығын қайдам, анау «Мойынты» қыстағында отыратын шопан Нұриды жындыханаға қаматтырып жібергенін қайтып кешіресің. Бірде малды ауылдарды аралап, түстене жүріп, «көк суға» лықа тойып алған райком Қабай қалың қопа ішінде қамыс орып жүрген Нұридың інісі Əлиді жабайы қабан екен деп атып салмай ма. Қайта көрер жарығы бар деші, оқ оның оң иығынан тиеді. Сөйтіп өлмей тірі қалғанмен, бір қолды беріп, шолақ Əли атанды да шыға келді. Сол інісінің кемтар болуына тікелей қатысы бола тұрып, түк жаны ашып, шімірікпеген Қабайдың үстінен арызданып, ағасы Нұри аудандағы заң орындарының есігін апталап күзетумен діңкесі құриды. Бірақ ол бүкіл аудан Қабайдың уысында тұрғанын қайдан білсін. Ал бірінші хатшының «бет-беделін» қарашығындай аялап, «намысын» қорғаштап жанталасқан сұлу киімді сұмпайылар əділет іздеген Нұриды «есі ауысқан адам» деп, дəрігерлік жалған анықтама жасатып жындыханаға жіберттіреді. Сау адамды тамам жындының ішіне апарып тастағаннан өткен қорлық бар ма?! Кейіннен, екі-үш айдан соң үйіне қайтып оралған Нұри мүлде тіл-ауызсыз меңіреу болып қалғанын көзім көрді. Ордалы жыландай ысқырынған өңшең құлқын құлы жылмағайларды төңірегіне топтаған Қабайдың «принципті ісі» сол əне. Елді, жерді ойлаған адам ешуақытта ондай қылмысқа бармайды. Кəрі досы Мақайдың сыр ғып айтқан бұл сөзінде жан бар секілді. Соны енді ғана тереңдеп танығандай. Өйткені, қос басында көрген Қабайы, кабинетіне сыздана, сырт айналып еніп кеткен Қабайға мүлде ұқсамайды. Ал əділет айнасы деп сеніп келген жері оған арыстан жатқан түбектей елестеді. Сірə, əлгі Шотбай содырдың жығылған жерінен саусəлемет басын көтергені айдан анық. Əйтпесе, құлағына «ауылға қайта берсін» деген сөз қайдан естілсін. Бұл кезде автобус та ауылға жетіп тоқтаған еді. Абырой болғанда 100 сом айып ақша төлеп, Шотбай жаласынан біржола құтылған. ...Төлеу ақсақал буырқана борандатқан сұрқай түнде өз өмірінің үзік-үзік сəттерін ой елегінен осылайша өткізіп, алда не күтіп тұрғанында өзінше шамалады. Сөйтіп, бойын құрыстаған бейжайлықтан сергіп тыныс алғаны сол еді, кенет шалық шалғандай орнынан атып тұрды. Иығын сүйеп отырған сəкі тас та селк еткендей болды. Жоқ, тапжылмапты. Жануар-ай, бурыл бие иесіне қың-қың етіп жалынғандай қарады. Үсті-басы сауыс-сауыс сірескен мұз, қалш-қалш етеді. «И... и... жануарым-ай!» деді иесі біртүрлі аяп. Ойына жазғы салымғы оқиға оралды. Дəл осы Бозтөбені бөктерлеп келе жатып, жолай əшейінде қай мал болсын аттап аяқ баспайтын «Дөңгелек құйға» батып қалған жерінен мына бурыл биені үш бірдей атпал азамат шығара алмай əуреленіп жатқанына тап келді. Көрген бойда-ақ намыс қысып, аттан қарғып түсті. Дереу аяғындағы саптама етігін суыра-суыра салып, аналарға «ой, өңшең шуылдақ, аулақ əрі» деп бұйырды да, өзі құй батпақты тізесінен кешіп барып, тұншығып өлуге айналған биенің құйрығынан бұрай ұстап артқы екі аяғын қаусыра иіп əкеп иығына қондырғанда, жиекке бірақ шығарған. Бүйірін соға жан шақырған жануар дөңгелек көздері жасаурай қарап еді-ау сонда. Ал бұл болса «аталап» алғыс айтқан жігіттерге де лəм деп ауыз ашпастан кете барған. Тек арада екі-үш күн өткенде бурыл биенің соңынан кішкентай жирен құлынның бұлтылдап шауып жүргенін көріп жүрегі жарылардай қуанған. Қазірде, міне, сыралғы жануар тағы бір жанашырлық күткендей. Төлеу толғанып тұрмады. Ішігін шешті де, жабулап бурыл биенің арқасына жапты. Өзі шолақ тері күртесін қамсау етіп ығына тығылды. Жылы ішіктің əсері ме, бурыл бие құлын күніндегісіндей маужырап қорылға басты. Жануар екеш жануардың да тірліктен қажып талыққан сəтіндегі ішібауырыңды елжіретерлік өзгеше мұңды, қайтып орала бермейтін балқаймақ мызғуы ма екен бұл. Иесі жануарының ұйқылы басын көкірегіне ұзақ-ұзақ мейірлене қысты. Тағдыр қаталдығына қаратастай берік, аппақ сақалды ата қазақтың жанарынан кесек тамшылар сырғанап жерге тырс-тырс тамып жатты... Ертеңінде боран сап басылып, Құсмұрынның ұлы жоталары айнадай мөлдіреген аспан аясында аппақ қар жалдарымен тіпті сұлуланып асқақ көрінді. Етектегі тебіннен қалың жылқының жоны қарауытты. Қарт жылқышы шығыс жақ қапталындағы белдер астынан бұйралана будақ-будақ ұшқан көкшіл түтінге күлімсірей қарады. Малдың жоғын ғана емес, жанның жоғын – талайлар-ақ айырыла бастаған кісілікті, шынайы адамгершілік пен мейірімділікті, ерлік қасиеттерді іздеп келе жатқан көненің көзі Төлеу əлгі түтіннен көз ала алмай ұзақ тұрды. Ол өз үйінің, туған ошағының түтіні еді. Дүниедегі ең кешірілмес күнə – шыққан тегіңнен, туған ұяңнан көз жазып қалу ғой.


16

19 қараша

www.egemen.kz

2014 жыл

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 1516, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 20-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету»; 22, 25 жəне 91-2-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы»; «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тəртібімен шешуге беру»; «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлердi алуы»; мынадай мазмұндағы 105-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру»; 111-баптың тақырыбындағы «шығындарды» деген сөз «шығыстарды» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тараудың жəне 149-1, 149-2, 149-3 жəне 149-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау 149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі 149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер 149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау ерекшеліктері 149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім»; 160-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау»; мынадай мазмұндағы 16-1-тараудың жəне 173-1, 173-2, 173-3, 173-4 жəне 173-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «16-1-тарау. Татуласу келісімі 173-1-бап. Тараптардың татуласуы 173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу 173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны 173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі 173-5-бап. Татуласу келісімін орындау»; 177-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «177-бап. Сот талқылауының тікелей жəне ауызша жүргізілуі»; 222-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім»; 229-баптың тақырыбы алып тасталсын; 240-3-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселенi шешу»; мынадай мазмұндағы 257-1 жəне 258-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама)»; «258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына жəне қысқаша хаттамасына ескертпелер»; 383-6, 385 жəне 395-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару»; «385-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, ұсыну енгізуге жəне наразылық келтіруге құқығы бар адамдар»; «395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір»; 403-1 жəне 403-2-баптардың тақырыптары алып тасталсын; 2) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды жəне ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға əкеп соғады.»; 3) 14-баптың екінші жəне бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз (арыз) берілген тілге қарай сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындық барысында талапкердің өз өкілі талап арыз (арыз) берген тілді білмейтіндігі анықталса, онда сот талапкердің жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.»; «5. Іске қатысатын жəне сот ісін жүргізу тілін білмейтін адам істен алып беру туралы жазбаша түрде мəлімдеген сот актілері оған ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.»; 4) 15-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тəсілдері мен құралдарын дербес жəне сотқа, іске қатысатын басқа да адамдарға тəуелсiз таңдайды. Сот істің нақты мəн-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дəлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уəжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тəртіппен қажетті материалдарды алуға жəрдем көрсетеді.»; 5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Сот талқылауы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету Істің сотта талқылануы соттың қалыпты жұмысын жəне сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтуге тиіс. Сот приставтары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке басты куəландыратын құжаттарды тексеруді, адамдардың жеке басын жете тексеруді жəне олар сот отырысы залына алып кіретін заттарды жете тексеруді жүргізеді.»; 6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы 1. Сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін. 2. Іске қатысатын адамдардың сот актісін осы Кодексте белгіленген тəртіппен жоғары тұрған сотқа қайта қаратуға құқығы бар.»; 7) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын: «25-бап. Дауларды төреліктің немесе аралық соттың шешуіне, сондай-ақ медиация тəртібімен шешуге беру Сотқа ведомстволық бағынысты, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау, бұған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кезде жəне осы Кодекстің 170-бабының 4) тармақшасына жəне 192-бабына сəйкес, тараптардың келісуі бойынша медиация тəртібімен шешілуі немесе төреліктің немесе аралық соттың қарауына берілуі мүмкін.»; 8) 30-бапта: бірінші жəне 1-3-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар тараптары заңды тұлға құрмай кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын азаматтар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк жəне мүлiктiк емес даулар жөнiндегi, корпоративтік даулар жөніндегі азаматтық iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын жəне бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді қарайды. Қаржы ұйымдарын жəне бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қоспағанда, көрсетілген азаматтық істер бойынша талап талапкер шартта не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дауды сотқа дейін реттеу тəртібін сақтаған кезде қойылуы мүмкін.»; «1-3. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сəйкес баланың тұрғылықты жерін жəне баламен қарым-қатынас тəртібін анықтау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (құқықтарын шектеу) жəне оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу туралы; бала асырап алудың күшін жою туралы; кəмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режиммен ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кəмелетке толмағандарға қорғаншылық пен

қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды.»; 1-4-бөлік алып тасталсын; ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертулер. 1. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сот қарауы мүмкін. 2. Істі аудандық жəне оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат істі сот талқылауына тағайындағанға дейін беріле алады.»; 9) 32-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартудан, ешқайда кетпеу туралы қолхат, үйқамақ немесе қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не əкімшілік қамаққа алу түрінде əкімшілік жазаны заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік жəне мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар талапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.»; 10) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Əр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге қойылатын талап талапкердің таңдауы бойынша жауапкерлердің біреуінің тұрғылықты немесе орналасқан жері бойынша қойылады.»; 11) 36-бапта: екінші бөліктің 3) тармақшасындағы «анықталса;» деген сөз «анықталса, сот істі басқа соттың қарауына береді.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Істің осы соттың соттылығына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын осы сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мəселе бойынша ұйғарым шығарылады. Істің соттылыққа жатпайтыны туралы тараптың (тараптардың) арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады жəне шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды. Істі бір соттан басқа сотқа беру – осы ұйғарымға шағым жасау мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берілген жағдайда шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Осы баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, істің аудандық жəне оған теңестірілген сотқа соттылығын апелляциялық сатыдағы сот айқындайды.»; төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Соттардың арасындағы соттылық туралы дауларды апелляциялық сатыдағы сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады жəне шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»; 12) 37-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Iстердi кассациялық сатыдағы сотта қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде үш) алқалы құрамы тиісті облыстық жəне оған теңестірілген сот төрағасының не облыстық жəне оған теңестірілген сот төрағасының тапсыруы бойынша кассациялық саты судьясының төрағалық етуімен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасында істерді қарауды осы алқа судьяларының саны тақ (кемінде бес) алқалы құрамы көрсетілген алқа төрағасының немесе оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының бірінің төрағалық етуімен жүзеге асырады.»; 13) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Істі қадағалау сатысындағы сотта қарауға қатысқан судья осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда осы істі қарауға қатыса алмайды.»; 14) 41-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 40-бабы бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады.»; 15) 47-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Іске қатысатын адамдар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында өтініш жолдауға құқылы.»; 16) 49-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту істі мəні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды жəне оларды сот бекітеді.»; 17) 57-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін жəне азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық жəне мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін бірінші сатыдағы сот істі мəні бойынша қарауды аяқтағанға дейін өз бастамасы бойынша, іске қатысатын адамдардың бастамасы бойынша, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.»; 18) 59-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) іске қатысатын адамдардың өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.»; 19) 62-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі сенімхатпен жəне заң консультациясы немесе адвокаттар алқасының адвокаттық кеңсесі беретін, ал ол өз қызметін жекедара жүзеге асырған кезде – адвокаттар алқасының төралқасы беретін ордермен куəландырылады. Адвокаттың осы Кодекстің 61-бабының бірінші бөлігінде тізбеленген процестік əрекеттердің əрқайсысын жасауға өкілеттіктері нотариат куəландырған сенімхатпен немесе нотариат куəландырғанға теңестірілген сенімхатпен расталуға тиіс.»; 20) 63-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Əрекетке қабілетсіз азаматтар мен толық əрекет қабілетіне ие емес немесе сот тəртібімен əрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тəрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да адамдар қорғайды, олар сотқа өздерінің мəртебесі мен өкілеттіктерін куəландыратын құжаттарды ұсынады.»; 21) 66-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар бірінші сатыдағы сотқа дəлелдемелерді ұсынады жəне олар сот талқылауында зерттеледі.»; мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Тарап талаптардың немесе оларға қарсы қарсылықтардың негізі ретінде сілтеме жасайтын əрбір дəлелдеменің мазмұны осы дəлелдеме зерттелетін сот талқылауы барысында ашылуға тиіс. Адам сот талқылауы барысында ашылған дəлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы.»; үшінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бірінші сатыдағы сот тараптарға жəне іске қатысатын басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дəлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тарапта бар дəлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа ұсынбау осы дəлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін жояды. 4. Тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар үшін дəлелдемелер ұсыну қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дəлелдемелерді талап етіп алдыруға жəрдем көрсетеді. Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дəлелдемелерді талап етіп алдыруға жəрдем көрсету туралы өтінішхат апелляциялық сатыдағы сот алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мəлімделуі мүмкін.»; 22) 71-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысында белгіленген əкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның кінəсі осы адам жасаған əкімшілік құқық бұзушылықтың азаматтық-құқықтық салдарлары туралы істі қарау кезінде қайтадан дəлелденбейді.»; 23) 91-1-бапта: төртінші бөліктегі «дəрiгердiң немесе басқа», «дəрiгер немесе басқа» деген сөздер алып тасталсын; бесінші бөліктегі «, дəрiгерде», «басқа» деген сөздер алып тасталсын; 24) 91-2-бапта: тақырып, бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «91-2-бап. Маманның немесе сарапшының тірі адамнан үлгiлердi алуы 1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi үлгілерді алу туралы ұйғарымды маманға жiбередi. Ұйғарымда осы процестік əрекетке барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуге тиiс. 2. Маман судьяның тапсыруы бойынша қажеттi əрекеттердi жүргізеді жəне сараптамалық зерттеу үшін талап етілетін үлгілердi

алады. Yлгiлер қапталады жəне мөрленеді, содан кейiн маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.»; төртінші бөлік алып тасталсын; 25) мынадай мазмұндағы 105-1-баппен толықтырылсын: «105-1-бап. Мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру Сот жеке тұлға берген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар бойынша мемлекеттік баж төлеуді сот тиісті шешім қабылдағанға дейін кейінге қалдырады. Сот шешім қабылдау кезінде мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды өз пайдасына шешім шығарылмаған тараптан алып береді.»; 26) 107-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын; 27) 108-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда, сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. Сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу тəртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»; 28) 109-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.»; 29) 110-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын екінші тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талапкерге сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге – талапкердің талап қою талаптарынан бас тартылған бөлігіне пропорционалды түрде алып беріледі.»; 30) 111-бап мынадай редакцияда жазылсын: «111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу 1. Өз пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмайтын, процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша ол шеккен шығыстарды оның іс жүзінде шеккен шығындары мөлшерінде екінші тараптан алып береді. Ақшалай талаптар бойынша бұл шығыстар талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. 2. Егер адвокат тарапқа заң көмегін республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсеткен болса, сот істі қараудың нəтижелерін негізге ала отырып, адвокаттың көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды екінші тараптан республикалық бюджет кірісіне өндіріп береді.»; 31) 113-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер тараптар татуласу келісімін немесе дауды медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді жасасу кезінде сот шығыстарын бөлу тəртібін көздемеген болса, сот тараптар шеккен сот шығыстарын олардың арасында теңдей бөледі.»; 32) 114-бапта: бірінші бөлік 2) тармақшасындағы «қуынушылар мен жауапкерлер үшiн кəсiпкерлiк қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден жəне өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға жəне оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.» деген сөздер «талапкерлер мен жауапкерлер үшiн кəсiпкерлiк қызметпен байланысты емес дауларды қараған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) ақталғандарға зиянды өтеу туралы дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден жəне өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға жəне оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.»; үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы жəне өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына заң көмегіне республикалық бюджет қаражатынан ақы төлену құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дəлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Тарапты адвокаттың заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы соттың немесе судьяның ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»; 33) 128-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінде процестік əрекет жасалуға тиісті болатын сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. Сот бұл арызды іске қатысатын адамдардың қатысуымен қарайды, оларға мəселенің қаралу орны мен уақыты туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы соттың алдына қойылған мəселені шешуге кедергі болып табылмайды.»; 34) 129-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Іске қатысатын адамдар, куəлар, сарапшылар, мамандар жəне аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Егер тарап хабарлаудың оған түспегенін не кеш түскенін дəлелдемесе, тарапты тиісінше хабардар ету – тараптың көрсетілген мекенжай бойынша тұратын отбасының кəмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, мəтіндік хабарламаның жеткізілгенін растайтын есеп.»; 35) 130-баптың екінші бөлігі алып тасталсын; 36) 140-бапта: 2) жəне 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «2) егер ақшаны өндіріп алу туралы талап орындалу мерзімі басталған шарттан туындайтын міндеттеменің орындалмауына негізделсе жəне міндеттеменің орындалмағанын борышкер жазбаша түрде мойындаса;»; «11) егер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіпұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пəтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы, сондай-ақ жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның жəне Интернет желісінің, кəбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап мəлімделген болса;»; мынадай мазмұндағы 12), 13), 14 жəне 15) тармақшалармен толықтырылсын: «12) егер берілген сомаларды индекстеу туралы талап мəлімделген болса; 13) егер келісімшарт бойынша əскери қызметшінің бастамасы бойынша келісімшарт мерзімінен бұрын дəлелді себептерсіз бұзылған жағдайда, əскери қызметті өткеру туралы келісімшартта көзделген біржолғы ақшалай сыйақыны өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса; 14) егер шартта көзделген мерзім өткенге дейін өз еркімен қызметін тоқтатқан оқу орындарының курсанттарын оқытуға жұмсалған соманы өндіріп алу туралы талап мəлімделген болса; 15) егер, бала асырап алудың күші жойылған жағдайда, жетім баланы жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтару туралы талап мəлімделген болса шығарылады.»; 37) 143-баптың екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «2. Судья сотқа арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арызды қабылдаудан бас тарту немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шығарады. 3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым арыз берушінің осы талап бойынша талап қою жөніндегі іс жүргізу тəртібімен талап қою мүмкіндігіне кедергі келтірмейді. Сот бұйрығын беру туралы арызды қайтару туралы ұйғарым оны қайтару үшін негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін қайтадан беруге кедергі келтірмейді. Сот бұйрығын беру туралы арызды қабылдаудан бас тарту туралы немесе арызды қайтару туралы ұйғарым шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.»; 38) 144-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға жəне егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға кемшіліктерді жою үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.»; 39) 146-баптың бірінші бөлігінің 3) жəне 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «3) өндiрiп алушының тегi, аты жəне əкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер мен жеке сəйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мəлiметтер, банктік деректемелері жəне бизнес-сəйкестендiру нөмiрi, сондайақ егер бар болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мəліметтер; 4) борышкердiң тегi, аты жəне əкесiнiң аты (егер ол жеке басын куəландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күнi, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мəлiметтер, оның жұмыс орны туралы мəлiметтер мен жұмыс орнының банктік деректемелері (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банктік деректемелері мен жеке сəйкестендiру нөмiрi (eгep

сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жерi не Бизнес-сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен мəлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банктік деректемелері мен бизнессəйкестендiру нөмiрi, сондай-ақ егер бар болса жəне белгілі болса, қалалық немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері, электрондық мекенжайы туралы мəліметтер;»; 40) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын: «13-1-тарау. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау 149-1-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі 1. Сот жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодексте көзделген талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды. 2. Судья жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде жеке-дара қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібіндегі істерді қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. 149-2-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер 1. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен: 1) егер талап қоюдың бағасы заңды тұлғалар үшін – бес жүз айлық есептік көрсеткіштен, дара кəсіпкерлер, жеке тұлғалар үшін бір жүз айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақша өндіріп алу туралы талап арыздар бойынша; 2) талап қою бағасына қарамастан, талапкер ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға жəне (немесе) шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап арыздар бойынша істер қаралуға жатады. 2. Егер жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен істі қарау барысында үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы өтінішхаты қанағаттандырылса, осы тарауда белгіленген қағидалар бойынша қаралуы мүмкін емес қарсы талап қою қабылданса не, егер сот, оның ішінде тараптардың біреуінің өтінішхаты бойынша мынадай: 1) жеңілдетілген іс жүргізу тəртібі мемлекеттік құпияны жария етуге əкеп соғуы мүмкін; 2) дəлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру жəне зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау немесе куəлік айғақтарды тыңдау қажет; 3) мəлімделген талап өзге де талаптармен, оның ішінде басқа да адамдарға немесе осы іс бойынша қабылданған сот актісіне байланысты, басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуы мүмкін; 4) жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен істі қарау, оның ішінде сот қосымша мəн-жайларды анықтау немесе қосымша дəлелдемелерді зерттеу қажет деп таныған жағдайда, тиімді сот төрелігінің мақсаттарына сəйкес келмейді деген тұжырымға келсе, сот істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарым шығарады. 3. Істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс əрекеттер жəне осы əрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Егер істі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарауға көшу дəлелдемелерге олар орналасқан жер бойынша қарап-тексеру жəне зерттеу жүргізу, сараптама тағайындау жəне куəлік айғақтарды тыңдау қажеттігінен туындаған жағдайларды қоспағанда, істі қарау ұйғарым шығарылғаннан кейін басынан бастап жүргізіледі. 4. Егер азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын екі талап мəлімделсе, бұл ретте, олардың біреуі мүліктік сипатта болса жəне осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға жатса, ал екінші талап мүліктік емес сипатта болса жəне сот осы талапты жеке іс жүргізуге бөліп алмаса, талаптардың екеуі де жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралады. 5. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен басталған, бірақ оны одан əрі талап қою бойынша іс жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қаралатын істі қарау мерзімі ұзартылуға жатпайды. 149-3-бап. Істерді жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау ерекшеліктері 1. Осы Кодекстің 149-2-бабының бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс бойынша талап арыз, арыз жəне осындай арызға қоса тіркелетін құжаттар сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін. 2. Сот талап арызды, арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатынын көрсетеді жəне жауапкердің немесе басқа да мүдделі адамның он бес жұмыс күні ішінде талап арызға, арызға пікір ұсынуы үшін мерзім белгілейді. 3. Тараптар мəлімделген талаптардың мəні бойынша түсініктемелерді жəне өз ұстанымы негізделген қарсылықтарды қамтитын құжаттарды сот белгілеген мерзімде істі қарап жатқан сотқа ұсынуға жəне бір-біріне жіберуге құқылы. Мұндай құжаттар сот белгілеген мерзімде ашылмаған дəлелдемелерге сілтемелерді қамтымауға тиіс. 4. Егер талап арызға пікір, арызға пікір, дəлелдемелер мен өзге де құжаттар, егер осы құжаттарды берген адамдар көрсетілген құжаттарды сот белгілеген мерзімде өздеріне байланысты емес себептер бойынша ұсына алмағандығын негіздеген жағдайды қоспағанда, сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа келіп түссе, олар қаралмайды жəне осы адамдарға қайтарылады. Сот көрсетілген құжаттарды қайтару туралы ұйғарым шығарады. 5. Судья осы баптың үшінші бөлігіне сəйкес дəлелдемелерді жəне өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарайды. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істер бойынша алдын ала сот отырысы өткізілмейді. Сот тараптар ұсынған құжаттарда баяндалған түсініктемелерді, қарсылықтарды жəне (немесе) іске қатысатын адамдардың дəлелдерін зерттейді жəне көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынылған дəлелдемелердің негізінде шешім қабылдайды. 6. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау кезінде осы Кодекстің 23-тарауында жəне осы Кодекстің 189-бабында көзделген қағидалар қолданылмайды. 149-4-бап. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім 1. Жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын іс бойынша шешім, егер осы тарауда белгіленген ерекшеліктерден өзгеше туындамаса, осы Кодекстің 18-тарауында белгіленген қағидалар бойынша қабылданады. 2. Істі жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қарау нəтижелері бойынша шешімге ол қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін. Заңды күшіне енген, бірінші сатыдағы соттың шешіміне, апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне немесе қаулысына осы Кодексте белгіленген тəртіппен кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.»; 41) 154-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) талапкер істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртібін сақтамаса жəне осы тəртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;»; 42) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын: «156-бап. Қарсы талап қою 1. Жауапкер істі мəні бойынша қарау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірге қарау үшін талапкерге қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі. Судья қарсы талап қоюды қабылдау туралы ұйғарым шығарады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қабылдау талаптарына сəйкес келмейтін қарсы талап арыз қайтарылуға жатады.»; 43) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын: «160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау 1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья ол сотқа келіп түскен күні жауапкерге жəне iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан шешеді. Судья талапты қамтамасыз ету туралы арызды қарау нəтижелері бойынша ұйғарым шығарады. 2. Талап арызбен бірге сотқа берілген талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды сот сонымен бір мезгілде азаматтық істі қозғай отырып, жауапкерге жəне iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiк немесе аралық талқылау тараптарына хабарламастан қарайды. 3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»; 44) 163-баптың үшінші бөлігіндегі «мамандандырылған қаржылық сот» деген сөздер «сот» деген сөзбен ауыстырылсын; 45) 169-1-баптың бірінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің жəне оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін талапкерге жəне іске қатысатын басқа да адамдарға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады.»; «3. Талап арызға жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы пікірді іске қатысатын өзге адамдар да ұсынуға құқылы.»; 46) 170-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырады, одан істің мəн-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қарсы қандай қарсылықтары бар екенін жəне осы қарсылықтардың қандай дəлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды, жауапкерге оның процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;»; мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

«4-2) кəмелетке толмаған талапкердің немесе жауапкердің заңды өкілдеріне олардың істі тиісті тараптың тұрғылықты жері бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа соттылығы бойынша беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді;»; 47) мынадай мазмұндағы 16-1-тараумен толықтырылсын: «16-1-тарау. Татуласу келісімі 173-1-бап. Тараптардың татуласуы 1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, оларға дауды реттеуде жəрдемдеседі. 2. Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен татуласу келісімін жасасып немесе өзге де татуластыру рəсімдерін пайдалана отырып, дауды реттей алады. 173-2-бап. Татуласу келісімін жасасу 1. Тараптар процестің кез келген сатысында жəне сот актісінің орындалуы кезінде татуласу келісімін жасаса алады. 2. Егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын жəне егер сот əрекетке қабілетсіз не əрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделері қозғалатын болса, жария-құқықтық қатынастардан туындайтын істерден басқа, талап қою бойынша іс жүргізудің кез келген ісі бойынша татуласу келісімі жасалуы мүмкін. 3. Татуласу келісімі басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға жəне заңға қайшы келмеуге тиіс. 4. Татуласу келісімін сот бекітеді. 173-3-бап. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны 1. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады жəне оған тараптар немесе олардың өкілдері өздерінде сенімхатта немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжатта арнайы көзделген татуласу келісімін жасасуға өкілеттіктері болған кезде қол қояды. 2. Татуласу келісімінде тараптардың бір-бірінің алдындағы немесе бір тараптың екіншісінің алдындағы міндеттемелерінің шарттары, мөлшері жəне оларды орындау мерзімдері туралы келісілген мəліметтер қамтылуға тиіс. Татуласу келісімінде жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру туралы немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау, сот шығыстарын бөлу туралы шарттар жəне заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. 3. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, сот бұл мəселені татуласу келісімін осы Кодексте белгіленген жалпы тəртіппен бекіту кезінде шешеді. 4. Татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамдардың санынан бір данасы артық данада жасалады жəне оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы даналарының біреуін іс материалдарына қоса тігеді. 173-4-бап. Соттың татуласу келісімін бекітуі 1. Татуласу келісімін іс жүргізуінде іс жатқан сот бекітеді. Егер татуласу келісімі сот актісін орындау процесінде жасалған болса, ол сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың бекітуіне немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. 2. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені сот отырысында қарайды. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады. 3. Татуласу келісімін жасасқан жəне сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдар сот отырысына келмеген жағдайда, егер осы адамдардан осы мəселені өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз түспесе, сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені қарамайды. 4. Сот татуласу келісімін бекіту туралы мəселені қарау нəтижелері бойынша ұйғарым шығарады. 5. Егер татуласу келісімі заңға қайшы келсе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. 6. Сот ұйғарымында: 1) татуласу келісімінің бекітілгені немесе татуласу келісімін бекітуден бас тартылғаны; 2) татуласу келісімінің шарттары; 3) сот шығыстарын бөлу көрсетіледі. Сот актісін орындау процесінде жасалған татуласу келісімін бекіту туралы сот ұйғарымында осы сот актісінің орындалуға жатпайтыны да көрсетілуге тиіс. 173-5-бап. Татуласу келісімін орындау 1. Татуласу келісімін оны жасасқан адамдар осы келісімде көзделген тəртіппен жəне мерзімдерде ерікті түрде орындайды. 2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу келісімі татуласу келісімін жасасқан адамның өтінішхаты бойынша сот беретін атқару парағының негізінде мəжбүрлеп орындатуға жатады.»; 48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын: «177-бап. Сот талқылауының тікелей жəне ауызша жүргізілуі 1. Сот істі қарау кезінде іс бойынша дəлелдемелерді тікелей зерттеуге: жеңілдетілген іс жүргізу тəртібімен қаралатын істерді қоспағанда, тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куəлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дəлелдемелерді қарап-тексеруге, дыбысжазбаларды тыңдауға жəне бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, өзге де ақпарат өзгерту құралдарының материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дəлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды. Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерін, куəлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың жəне жергілікті өзінөзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауды сот нақты уақыт режімінде бейнебайланыс арқылы жүзеге асыра алады. 2. Істі талқылау ауызша жүргізіледі. Істі қарау процесінде судья алмастырылған жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізілуге тиіс.»; 49) 180-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын (аудио-, бейнехаттаманы) пайдаланған кезде төрағалық етуші бұл туралы хабарлайды. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында мұндай мəліметтерді көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.»; 50) 193-баптың бірінші жəне бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Талапкердің талап қоюдан бас тартуы туралы арызы, жауапкердің талап қоюды мойындауы немесе тараптардың татуласу келісімінің шарттары не дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары жазбаша түрде беріледі, олар іс материалдарына қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.»; «5. Сот осы Кодекстің 49-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша талапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды мойындауды қабылдамаған, татуласу келісімін немесе тараптардың дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімін бекітпеген жағдайларда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады жəне істі мəні бойынша қарауды жалғастырады.»; 51) 194-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Сот іске қатысатын адамдардың түсініктемелерін осы адамдар орналасқан жердегі сот арқылы нақты уақыт режимінде бейнебайланыс арқылы алуы мүмкін.»; 52) 199-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Он төрт жасқа толмаған куəдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куəдан жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың жəне заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куəға сұрақтар қоя алады.»; 53) 216-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот шешімі қабылданғаннан жəне оған қол қойылғаннан кейін судья сот отырысы залына қайта оралады жəне сот шешімінің қарар бөлігін жария етеді, шешімге шағым жасаудың тəртібі мен мерзімдерін түсіндіреді. 2. Шешімнің қарар бөлігін жария еткеннен кейін судья іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот шешімінің көшірмесін қашан алуына болатынын хабарлауға міндетті.»; 54) 217-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бірінші сатыдағы соттың істі мəні бойынша шешетін актісі шешім нысанында бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Шешімнің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.»; 55) 219-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот істі талапкер мəлімдеген талап қоюлардың шегінде шешеді.»; 56) 222-бап мынадай редакцияда жазылсын: «222-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы шешім 1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жəне лауазымды адамдардың əрекеттері (əрекетсіздігі) мен шешімдерін заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандыру кезінде сот дау айтылып отырған əрекетті (əрекетсіздікті) немесе шешімді заңсыз деп таниды, жеке немесе заңды тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттейді. Нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімнің қарар бөлігінде ол қабылданған кезден бастап осы актінің қолданылмайды деп есептелетіні көрсетілуге тиіс. 2. Соттың нормативтік-құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабарлама нормативтік-құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.»; (Соңы 17-бетте).


19 қараша 2014 жыл (Соңы. Басы 16-бетте). 57) 229-бап алып тасталсын; 58) 235-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1-1. Соттың қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді жəне дереу орындалуға жатады.»; 59) 236-бапта: екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылады, ол өндiрiп алушыға берiледi не оның жазбаша арызы не электрондық құжат нысанындағы арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша əділет органына орындау үшiн жiбередi.»; мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын: «5-1. Атқарушылық құжат өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот оны тиісті аумағы бойынша əділет органына орындау үшін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жібереді.»; алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Сот шешімінің орындалмау себептері туралы ақпарат электрондық құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.»; 60) 240-3-бап мынадай редакцияда жазылсын: «240-3-бап. Апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселенi шешу Апелляциялық, кассациялық тəртіппен немесе қадағалау тəртібімен күші жойылған немесе өзгертілген сот актісінің орындалуын бұру туралы мəселені қарауды, егер осы мəселе апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттарда қаралмаса, күші жойылған немесе өзгертілген сот актісін орындау жері бойынша немесе күші жойылған, өзгертілген сот актісін шығарған бірінші сатыдағы сотта істің қаралған жері бойынша бірінші сатыдағы сот жүргізеді.»; 61) 240-7-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Санкциялауға жататын атқарушылық əрекеттерді жүргізу туралы қаулыны сот орындаушысы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында ұсынады. Қаулыға санкцияланатын əрекеттерді қолданудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.»; мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын: «4-1. Сот орындаушысының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді сот судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, судья электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы уəжді ұйғарым шығарады.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сот санкциялаған қаулыға, атқарушылық əрекеттерді жүргізуге санкция беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тəртіппен шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.»; 62) 241-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаты бойынша шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»; 63) 249-баптың 7) жəне 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «7) істі өзінің қатысуынсыз талқылау туралы өтінбеген талапкер екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;»; «9) талап арызды қайтару туралы арыз берілсе;»; 64) 252-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) соттың процестік шешімі;»; 65) 254-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Тараптардың жəне іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаты бойынша ұйғарымның көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»; 66) 255-бап мынадай редакцияда жазылсын: «255-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі Бірінші сатыдағы соттың əрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған əрбір жекелеген процестік əрекет туралы жазбаша нысанда хаттама жасалады не сот отырысының аудионемесе бейнежазбасы жүргізіледі.»; 67) 256-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жекелеген процестік əрекеттің жазбаша нысанда жасалған хаттамасы істі талқылаудың немесе жекелеген процестік əрекет жасаудың барлық елеулі мəн-жайларын көрсетуге тиіс.»; екінші бөліктің 4-1), 9), 13), 14) жəне 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «4-1) процестің аудио-, бейнежазбасын жүргізудің мүмкін еместігінің себептерін көрсете отырып, соттың стенографиялауды қолдануы туралы мəліметтер;»; «9) куəлардың ауызша айғақтары, сарапшылардың өз қорытындыларын ауызша түсіндірулері, мамандардың түсініктері;»; «13) соттағы жарыссөздер мен репликалардың мазмұны;»; «14) шешім мен ұйғарымдардың жария етілгені жəне мазмұнының түсіндірілгені туралы, оларды түпкілікті нысанда дайындау мерзімдері, оларға шағым жасау тəртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы мəліметтер;»; «16) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.»; 68) 257-бапта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жазбаша нысандағы хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.»; екінші бөлік алып тасталсын; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал жекелеген процестік əрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс.»; мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын: «8. Егер іске қатысатын адамдар ауызша түсініктерге, мəлімдемелерге, өтінішхаттарға, қорытындыларға олардың жазбаша мазмұнын қосып берсе, онда хаттамада азаматтық іс материалдарына жазбаша құжаттардың қоса берілгені туралы көрсетіледі, хаттамада олардың толық мазмұны жазылмайды.»; 69) мынадай мазмұндағы 257-1 жəне 258-1-баптармен толықтырылсын: «257-1-бап. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама) 1. Ашық сот отырысының барысын тіркеп жазу аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысының барысында аудио- немесе бейнежазу құралдарын қолдану (аудио-, бейнехаттама) үздіксіз жүзеге асырылады. 2. Сот отырысын аудио- немесе бейнежазу құралдарымен тіркеп жазуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады. Іске қатысатын адамдардың барлығы сот отырысына келмеген жағдайда, процесті аудио- немесе бейнежазу құралдарының көмегімен тіркеп жазу (аудио-, бейнехаттама) жүзеге асырылмайды. 3. Істі талқылауды аудио- немесе бейнежазу құралдарын пайдалану арқылы тіркеп жазған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды. Сот отырысының қысқаша хаттамасында: 1) сот отырысының жылы, айы, күні жəне орны; 2) сот отырысы басталған жəне аяқталған уақыт; 3) істі қарайтын соттың атауы, судьяның, сот отырысы хатшысының тегі мен инициалдары; 4) істің атауы; 5) соттың аудио-, бейнежазу құралдарын қолдануы туралы мəліметтер; 6) аудио- немесе бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы; 7) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куəлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мəліметтер; 8) іске қатысатын адамдар дəлелдемелер ретінде ұсынған қосымша материалдардың іске қоса тіркелгені туралы мəліметтер; 9) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған күні көрсетіледі. Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші жəне хатшы қол қояды. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасын қамтитын материалдық жеткізгіш пен қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі. 4. Сот іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының аудио-, бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы мүмкін. 5. Сот отырысының барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін аудио- немесе бейнежазу құралдарын техникалық қолдану тəртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.»; «258-1-бап. Сот отырысының аудио- немесе бейнежазбасына жəне қысқаша хаттамасына ескертпелер 1. Іске қатысатын адамдардың сот отырысы аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен (аудио-, бейнехаттамасымен) жəне қысқаша хаттамасымен танысуға жəне бес жұмыс күні ішінде сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында олардың жазбаларының толық еместігі мен дұрыс еместігіне қатысты ескертпелер беруге құқықтары бар. 2. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына (аудио-, бейнехаттамасына) жəне қысқаша хаттамасына ескертпелерді қарау осы Кодекстің 259-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»; 70) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын: «263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін салып жіберу 1. Сырттай шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей оның көшірмесі табыс ету туралы хабарламамен бірге жауапкерге жəне талапкерге жіберіледі. 2. Жауапкердің өтінішхаты бойынша сырттай шешімнің көшірмесі электрондық құжат нысанында жіберіледі.»; 71) 272-баптағы «соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа» деген сөздер «соттылық бойынша сотқа жазбаша нысандағы не электрондық құжат нысанындағы арызбен» деген сөздермен ауыстырылсын; 72) 274-1-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Арызға азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне

енгізілу жəне алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқығының бұзылуы туралы айғақтайтын дəлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.»; екінші бөлік «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 73) 278-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Қаралуы аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жеріндегі сотқа не əрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің тұрған жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»; 74) 281-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған, санамаланған адамдардың қайсыбірінің сот отырысына келмей қалуы істі мəні бойынша қарауға кедергі болмайды. Бұл жағдайда сот жекеше ұйғарым шығаруға құқылы, осы ұйғарым арқылы көрсетілген адамның сотты құрметтемеушілік фактісі туралы, ал арыз қанағаттандырылған кезде – осы адамның заң бұзушылықтарға жол бергені туралы жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның назарына жеткізеді.»; 75) 286-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Заңға сəйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге жəне (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның əрекеттерiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз əрекеттер жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық білдірiлген актiнi немесе əрекеттердi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нəтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»; 76) 293-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 77) 296-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 78) 302-баптың төртінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 79) 308-1-баптың бірінші бөлігі «ішкі істер органы» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 80) 309-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 81) 312-1-баптағы «ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық» деген сөздер «ерекшеліктерді ескере отырып, ауданаралық экономикалық» деген сөздермен ауыстырылсын; 82) 312-2-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы арызды қаржы ұйымы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа береді.»; 83) 312-4-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне аумақтық əділет органдарына жібереді.»; 84) 314-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда жылжымалы затты иесіз деп тану туралы арыз осы затты иеленуге кіріскен жеке тұлға тұратын жердегі немесе ұйым орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. 2. Жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлікті басқаруға уəкілетті орган сол мүлік орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында береді.»; 85) 317-1-баптың бірінші абзацы «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 86) 317-9-бап «жерi бойынша» деген сөздерден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 87) 317-12-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 88) 318-бап «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 89) 321-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 90) 324-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жоғалған құжатты жарамсыз деп тану туралы жəне ол бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы арыз құжатты берген мекеме (тұлға) орналасқан жердегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»; 91) 331-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 92) 334-баптың үшінші бөлігі «ішінде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 93) 335-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Апелляциялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»; 94) 337-бап 4) тармақшасындағы «берсе (келтірсе) қайтарылады.» деген сөздер «берсе (келтірсе);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) егер мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат болмаса, қайтарылады.»; 95) 340-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»; 96) 344-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Істі одан əрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды жəне шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе ұзарту туралы мəселе жөніндегі ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жекеше шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды жəне ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»; 97) 383-3-баптың бірінші абзацындағы «сотқа жолданады» деген сөздер «сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жолданады» деген сөздермен ауыстырылсын; 98) 383-5-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «3. Кассациялық шағымға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»; 99) 383-6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару 1. Осы Кодекстің 383-5-бабында көрсетілген талаптарға сəйкес келмейтін кассациялық шағым немесе наразылық қаралмай, кассациялық сатыдағы сот судьясының ұйғарымымен оларды берген адамға қайтарылады. 2. Кемшіліктер жойылғаннан кейін кассациялық шағым, наразылық, егер осы Кодекстің 383-4-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өтпесе, қайтадан берілуі мүмкін.»; 100) 383-9-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Пікір сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»; 101) 384-баптың бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жергiлiктi жəне басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн, оларға шағым жасаудың кассациялық тəртiбi сақталған жағдайда, iске қатысатын адамдардың өтiнiшхаттары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау тəртiбiмен қайта қарауы мүмкiн. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген айрықша жағдайларда, заңды күшiне енген бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешiмi немесе қаулысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн. 2. Мыналар: 1) бұйрықтық іс жүргізу істері бойынша; 2) жеңілдетілген іс жүргізу істері бойынша; 3) татуласу келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған, үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын істер бойынша заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар, қаулылар сот қадағалауы тəртібімен қайта қаралуға жатпайды.»; 102) 385-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «385-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыну енгізуге жəне наразылық келтiруге құқығы бар адамдар»; мынадай мазмұндағы 4-2-бөлікпен толықтырылсын: «4-2. Осы Кодекстің 384-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау туралы ұсыну енгізеді. Өтінішхат ұсынуға қоса тіркеледі.»; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы Кодекстiң 393 – 395-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуларына жəне прокурордың наразылықтарына қолданылмайды жəне қадағалау сатысында тiкелей қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде iстi қадағалау тəртiбiмен қайта қарауға осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң бар-жоғы туралы мəселенi шешедi, содан кейiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын немесе прокурордың наразылығын мəнi бойынша қарайды. Көрсетілген негiздер болмаған кезде сот iстi сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.»; 103) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын: «386-бап. Iстi қадағалау тəртiбiмен қарайтын соттар 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық сатының заңды күшiне енген қаулыларына осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың

17

www.egemen.kz

өтiнiшхаттары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 384-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынулары жəне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді, бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың актiлерiн кемiнде бес судья құрамында қарайды. 2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстiң 384-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сот алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды. Істер кемінде жеті судьядан тұратын алқалы құрамда қаралады.»; 104) 387-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Кодекстiң 385-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардың өтiнiшхаттары, сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жəне осы Кодекстiң осы бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген прокурорлардың өз құзыретi шегiндегi бастамасы iстердi талап етіп алдыруға себептер болып табылады.»; 105) 388-баптың бірінші бөлігі «iшiнде» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 106) 391-бапта: алтыншы бөлік алып тасталсын; мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: «7. Сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.»; 107) 392-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «болса, олар берген тұлғаларға қайтарылуға тиіс.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) егер сот актісіне дау айту туралы өтінішхатқа мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса тіркелмесе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.»; 108) 395-бап мынадай редакцияда жазылсын: «395-бап. Қадағалау сатысы сотының отырысын тағайындау 1. Қадағалау сатысы дау айтылып отырған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы сот қаулысын, ұсынуды, наразылықты алғаннан кейiн тараптарға қадағалау ісін жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттың, қаулының, ұсынудың көшiрмелерiн, сот отырысын өткiзу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, iстiң қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді. 2. Қадағалау сатысында iс қадағалау iсін жүргiзуді қозғау туралы қаулымен, ұсынумен бiрге істі қадағалау сатысына берiлген не прокурордың наразылығы келiп түскен күннен бастап бiр айдың iшiнде қаралуға тиiс.»; 109) 395-1-бапта: тақырып жəне бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «395-1-бап. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікір 1. Іске қатысатын адам қайта қарауға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, сот актісін қадағалау тəртібімен қайта қарау туралы өтінішхатқа, ұсынуға немесе наразылыққа пікірді іске қатысатын басқа адамдарға жəне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Пікір Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»; 110) 397-бап мынадай редакцияда жазылсын: «397-бап. Істі қарау шектері 1. Істі қадағалау тəртібімен қарау кезінде сот бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығын істе бар материалдар бойынша, өтінішхаттың, ұсынудың, наразылықтың дəлелдері шегінде тексереді. 2. Қадағалау сатысындағы сот заңдылық мүдделерін көздеп, өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға жəне шағым жасалған, наразылық білдірілген шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Сот осы Кодекстің 25 – 29-тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығын толық көлемінде тексереді.»; 111) 398-бапта: бірінші жəне төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі жəне кімнің өтінішхаты (ұсынуы, наразылығы) бойынша қайта қаралатынын, сот құрамына кімдердің кіретінін жəне іске қатысатын адамдардың қайсысы сот отырысы залына келіп отырғанын хабарлауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтінішхат (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Iстi қарау кезiнде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы мiндеттi.»; «4. Істі қадағалау тəртібімен қарау нəтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардың немесе қадағалау сатысының шешімін – өзгеріссіз, ал өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады; 2) осы Кодекстiң 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы; 3) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы жəне қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды жəне істі апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сотқа немесе, егер іс апелляциялық сатыдағы сотта қаралмаған болса, бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген не онда жоққа шығарылған мəн-жайларды анықтауға немесе дəлелденген деп есептеуге, қандай да бір дəлелдемелердің анықтығы немесе анық еместігі, бір дəлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екені жəне қандай қаулының қабылдануға тиіс екені туралы мəселелерді алдын ала шешуге құқылы емес; 4) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы, қадағалау сатысындағы сот шешімінің күшін толық не бір бөлігінде жояды жəне талап арызды қараусыз қалдырады не іс бойынша іс жүргізуді тоқтады; 5) іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады; 6) егер материалдық құқық нормаларын қолдануда жəне түсіндіруде қате жіберілген болса, бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды жəне істі жаңадан қарауға бермей, жаңа шешім шығарады.»; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «5. Істі осы Кодекстің 386-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда қарау осы баптың қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы енгізген ұсынудың дəлелдерін іс бойынша баяндамашы болып табылатын судья баяндайды.»; 112) 403-баптың екінші бөлігіндегі «өтiнiш,» деген сөз «өтiнiшхат, ұсыну,» деген сөздермен ауыстырылсын; 113) 403-1 жəне 403-2-баптар алып тасталсын; 114) 406-баптың бірінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 115) 406-1-баптың бірінші бөлігі «нысанда» деген сөзден кейін «не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын; 116) 410-баптың үшінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мəні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарған сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі. 4. Жоғалтылған атқарушылық іс жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз атқару жеріндегі сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.»; 117) 426-1-баптың екінші бөлігі «сотқа» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 16, 90-құжат): 1) 273-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын: «2-1. Тергеуші осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілдеріне жəне өкілдеріне кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істі аудандық жəне оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»; 2) 287-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын: «4-1. Анықтаушы осы Кодекстің 290-1-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар бойынша кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілдеріне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілдеріне жəне өкілдеріне кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді аудандық жəне оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.»;

3) 290-1-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескерту. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкілінің жəне өкілінің өтінішхаты бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сот қарауы мүмкін.»; 4) 296-баптың үшінші бөлігі мына редакцияда жазылсын: «3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырыл ған ауданаралық əскери соттың немесе гарнизонның əскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.»; 5) 301-бап мынадай мазмұндағы 3-2-бөлікпен толықтырылсын: «3-2. Алдын ала тыңдау барысында судья кəмелетке толмаған сотталушының заңды өкіліне, кəмелетке толмаған жəбірленушінің заңды өкіліне жəне өкіліне олардың істі соттылығы бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.»; 6) 391-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын: «4-1. Судья кəмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жəне өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық жəне оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.»; 7) 396-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Үкімді (қаулыны) қайта қарау туралы аппеляциялық шағымдар, наразылықтар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»; 8) 400-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «4. Апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық беруге арналған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»; 9) 446-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын: «7. Заңды күшіне енген айыптау үкімін кассациялық сатыда қайта қарау туралы шағым, наразылық жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.»; 10) 460-баптың бірінші жəне 2-1-бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «1. Заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды сот қадағалауы тəртiбiмен қайта қарау туралы жүгінулер өтiнiшхаттар деп аталады жəне оларды апелляциялық жəне кассациялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бере алады.»; «2-1. Прокурордың iстi талап етіп алдыру туралы сауалын сот ол сотқа келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей орындайды. Сауалдар жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жiберiлуi мүмкiн. Iс талап етіп алдырылған жағдайда, қадағалау наразылығын келтіру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарауға тиiс.». 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 54, 56-құжаттар; № 13, 62, 63, 64-құжаттар; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15, 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 6, 9-құжаттар; № 2, 10, 11-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 46, 49-құжаттар; № 11, 61, 65-құжаттар; № 14, 86-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 538-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын: «Ескертулер. 1. Кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істерді кəмелетке толмаған адамның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша мамандандырылған əкімшілік сот қарауы мүмкін. Істі аудандық жəне оған теңестірілген сотқа қарату туралы өтінішхат іс қарауға тағайындалғанға дейін берілуі мүмкін. 2. Егер тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған əкімшілік сот құрылмаған болса, оның соттылығына жатқызылған істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.»; 2) 635-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын: «3-1. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өзіне қатысты əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кəмелетке толмаған адамның қорғаушысына немесе заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған əкімшілік сотқа, ал тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған əкімшілік сот болмаған кезде – аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»; 3) 643-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) өтiнiшхаттардың, оның ішінде кəмелетке толмаған адам қатысатын істер бойынша істі кəмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотқа қарату туралы өтінішхаттардың жəне қарсылық білдірулердің болуын;». 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 1819, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86–құжаттар; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 62-баптың 4-тармағында: үшінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi,» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне

«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 535-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: «14) мүліктік жəне мүліктік емес сипаттағы даулар үшін соттардың шешімдеріне жəне қаулыларына сот актілерін қадағалау тəртібімен қайта қарау туралы апелляциялық, кассациялық шағымдардан жəне өтінішхаттардан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – арыз иесі дауласатын сома негізге алына отырып есептелетін мемлекет баж мөлшерінің елу пайызы.»; 2) 547-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) соттар қарайтын істер бойынша – Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 105-1-бабында көзделген істерді қоспағанда, тиісті арыз (шағым) берілгенге немесе сот бұйрығын шығару туралы арыз берілгенге дейін, сондай-ақ сот құжаттардың көшірмелерін берген кезде;»; 3) 548-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын: «1-3) іс тараптардың татуласу келісімімен аяқталған;»; 1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «азайтқан;» деген сөз «азайтқан жағдайларда, қайтарылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын. 6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлізайыптылар арасында туындайтын дауларды қарау Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кəмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар медиация тəртібімен немесе сот тəртібімен қаралады.»; 2) 37-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тəртібімен немесе сот тəртiбiмен жүргiзiледi. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде сот кəмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлi-зайыптылардың талап етуi бойынша ерлi-зайыптылардың əрқайсысына қандай мүлiктің берiлуге жататынын айқындайды. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiне құны оған тиесiлi үлестен асатын мүлiк берiлсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып берiледі.»; 3) 73-баптың 2 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып жəне оның пiкiрiн ескере отырып, атааналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тəртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың əрқайсысына, аға-iнiлерiне жəне апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк жəне өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың əрқайсысы мен баланың арасындағы қарымқатынастарды, баланың дамуы жəне тəрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық жəне отбасылық жағдайын жəне басқа да осындай жағдайларды) ескередi. 3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тəртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның жəне баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тəртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.»; 4) 183-баптың бірінші тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Тіркеу туралы бастапқы акт жазбалары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болған кезде жəне мүдделі адамдардың арасында дау болмаған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеуші орган жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мəселелері медиация тəртібімен немесе сот тəртібімен шешіледі.». 7. «Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат): 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Дауларды шешу Қаржы орталығына қатысушылардың даулары жəне қаржы ұйымдарын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін жəне қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот тəртібімен шешіледі.». 8. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат; 2010 ж., № 24, 153-құжат; 2012 ж., № 5, 39-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат): 1) 15-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Жергілікті жəне басқа да соттың судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар құжаттарын Кеңеске тапсырғаннан кейін Қоғамдық кеңестің жəне облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс. Қоғамдық кеңес пен облыстық соттың жалпы отырысының қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.»; 2) 16-бапта: 2-тармақтың 4) тармақшасындағы «адамдарға басымдық беріледі.» деген сөздер «адамдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын: «5) мемлекеттік немесе ведомстволық наградалары бар адамдарға; 6) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқан адамдарға; 7) жоғары білім туралы дипломның орташа бағасының нəтижесі бойынша басымдық беріледі.»; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Арнайы білімнің болуы мамандандырылған соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің қосымша критерийі болып табылады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасындағы «болуы ескеріледі.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын: «6) мемлекеттік немесе ведомстволық наградаларының болуы; 7) судья лауазымына конкурсқа үш реттен астам қатысқаны ескеріледі.»; 3) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, əдетте, жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың судьясы мен алқа төрағаларының лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.». 9. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 22-бап мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды тиісті мемлекеттік органдар, сот, төрелік немесе аралық сот өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілген қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы жəне осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеу туралы кінə қойып жүгінуге құқылы. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) қойылған кінəға күнтізбелік он күн ішінде жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан жəне келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.». 2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасын, 36) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 101), 102), 103), 104) жəне 108) тармақшаларын, 109) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 110), 111), 112) жəне 113) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 қараша №254-V ҚРЗ


18

19 қараша

АР Ш О Р ХАБА

www.egemen.kz www.egemen.kz

2014 жыл

 Өңір өнері

Абай – мəѕгілік таќырып Ќылќалам шеберлері аќын əлемін суреттеді

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы хакім əлемін тануды мақсат тұтқан ізгі бастамаға ұйытқы болды. Таяуда партия филиалы мен об лыстық өнер мұражайының ұйымдастыруымен «Абайды танып, біл» атауымен бейнелеу өнері туындыларының байқау-көрмесі өтті. Биыл бесінші мəрте өткізілген дəстүрлі байқау өңірдегі суретшілердің қабілет-қарымын аңдатады. Облыс орталығында орналасқан өнер мұражайындағы көрмеге 33 автор тарапынан келіп

түскен 57 еңбек қойылды. Олардың арасында шығысқазақстандық қылқаламшылардан өзге Павлодар қаласынан келген суретшілер, кəсіби жəне əуесқой суретшілер мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы мен Семейдің Шəкəрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері де бар. Қос залдың қабырғасын жауып тұрған дала данасының бейнелерінен əр авторға тəн өзіндік қолтаңба, таным мен талғам биігі аңғарылады. Көрмеге келушілерді баурай білген, Абай əлеміне терең бойлаған туындылар санатына Т.Татиевтің «Тау мүсін», Г.Макаровтың «Шыңғыстау», Ғ.Қаржасовтың «Жұмбақ адам», Т.Жұбанышевтің «Қарашоқы»,

Партизан Ќасым Ќайсенов туралы фильм халыќаралыќ марапатќа ие болды

И.Журавлевтің «Жаз» атты еңбектерін айтуға болады. Көрмені ұйымдастырудың алдында барлық суретшілер Абайдың туып-өскен жеріне барып, бір апта ұлы хакімнің ізі қалған жерлерді аралап, арнайы плэнер өткізген екен. Бұл қылқалам шеберлерінің Абай өмір сүрген ортаны, ақын жырлаған табиғатты, ұлы ойшылды толғантқан дəуір тынысын жан-жақты тануына жасалған жағдай деуге болады. Көрмеге «Сырт Қасқабұлақ – Абайдың туған жері» атты туындысын ұсынған Елдар Оразалы есімді абайлық суретші аталған байқаудың ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесі зор болғанын жеткізді. Абай мен қазақ атауы

Поляк мəдениет їйі ашылды «Егемен Қазақстан».

Ясная Поляна ауылында поляк мəдениет үйі өз есігін айқара ашып, алғашқы келушілерді қабылдады. Осыдан 80 жыл бұрын 120 поляк отбасы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Батыс Украинадан Қызылжар өңіріне күшпен жер аударылған болатын. Содан бері олардың ұрпақтары қазақ жерінде өсіп-өніп, тұрақтап қалды. Қазақстанның қарыштап дамуына зор еңбек сіңіріп келеді. Ясная Поляна елді мекенінің 80 пайызын осы ұлттың өкілдері құрайды. Мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын қоныс аударушылардың мұражайы ұйымдастырылып, қасіретті кезеңнен əрқилы сыр шертетін көптеген экспонаттар мен жəдігерлер қойылған. Енді оның қатарын құрамында кітапхана, оқу сыныбы бар поляк мəдениеті үйі

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

ӨСКЕМЕН.

емаҚазақстан, Ресей жəне Украина кин ң қты қаза н ірге түс есіп бірл і тографистер жайлы 4 қаһарман ұлы Қасым Қайсенов деңгейлық қара халы ьм сериялы көркем фил басты ы дағ нды Туы і. елд кен аға дегі олж ғы нда аты в бае рөлді сомдаған Қ.Қуаныш лы ыка муз қ қаза қ ялы еми Мемлекеттік акад Қуандық драма театрының əртісі, белгілі актер арының бірі – адал нагр бас Қыстықбаев Ресейдің ен марапатталды. енім орд а» басс Куз ен орд «Почетный еров облысының губернаторы Кем ы Қ.Қыстықбаевқа наградан ониясының бас директоры атынан Кемеров облыстық филарм ың сахнасы төрінде табыс Людмила Пилипчук қазақ театрын қоғамдық мойындауға ие ігі етті. Аталмыш награда қайраткерл мен қоса наградаға 30 мың Оны еді. етіл с табы рға болған азаматта ілі. Сонымен қатар, ресейлік Ресей рублі көлемінде сыйақы тиес телерадиокорпорациясына, лық делегация «Қазақстан» республика ылығына қошемет көрсетті. басш р теат мен а арн теле коммерциялық телеарнасынан көрсетілді. тан» зақс «Қа «Қасым» фильмі 2013 жылы ьмі – аты аңызға айналған Айта кету керек, «Қасым» фил ым Қай сен овт ің бірт уар Қас бар лау шы , қаза қты ң бат ыр ұлы режиссер Леонид Белозорович болмысы хақында. Танымал ресейлік ик фильм желісіне заманауи ейч пен сценарий авторы Андрей Кур огиялық қайшылықтар, жойқын хол пси ы нал арсе я афи тогр кинема арқылы ерекше реңк берген. шайқас пен лирикалық көріністер дан астам уақыт қызмет етіп Қ.Қуанышбаев театрында 16 жыл төрінде 30-ға жуық, ал кинода келе жатқан Қ.Қыстықбаев сахна ент стипендиясының, Астана онға жуық рөлді сомдады. Презид ымы бойынша грант иегерінің қаласы əкімінің «Ең үздік актер» атал дің мойындай бастауының лер бұл жетістігі қазақ кино өнерін өзге тті. іспе елі дəл тағы бір жарқын «Егемен-ақпарат».

 Біз – қазақстандықтармыз!

Өмір ЕСҚАЛИ,

қатар айтылатын егіз ұғым іспетті. Сондықтан, бұл шара жалғасын тапса дейміз, деді ол. – Мемлекет басшысы «Абай – бүкіл қазақтың бойтұмары» деген болатын. Елбасы айтқандай, Абайдың ілімі əр жүректе жатталып, əр отандасымыз елі мен жерін Абайдай сүйсе, саналы ғұмырын халықты жақсылыққа үйретуге арнаса, жамандықтан жирене білсек, біз де озық елдер дің қатарына қосыламыз. «Абайды танып, біл» байқауының түпкі мəні осында. Қазіргі кезде өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарында Абай оқулары өтуде. Биыл он бесінші рет өткен Абай оқуларына екі мыңға жуық оқушы қатысты. Абайды танып, білуді мектеп партасынан бастауымыз керек, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков. Байқау нəтижесі бойынша, есімі елге танымал павлодарлық су ретші Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың еңбектері бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, «Портрет», «Сюжеттік шығарма», «Мүсін», «Тарихи нақтылық», «Тақырыпты философиялық оқу» жəне «Жас дарын» аталымдары бойынша жүлдегер атанған қылқалам шеберлері де марапатталды.

толықтырды. Бұдан былай мұнда балалармен қатар, үлкендер де ана тілін меңгеріп, тарихи құндылықтармен жан-жақты танысуға, түрлі мəдени шаралар өткізуге мүмкіндік алады. Дəріс оқу үшін Польшадан арнайы мұғалім алдыртылған. «Тайынша-Астық» ЖШСнің бас директоры Анатолий Рафальскийдің айтуынша, тіл үйрену үйірмесіне 60-қа тарта адам жазылған. Сондай-ақ, екі елдің білім министрліктерінің өзара уағдаластығымен мектеп бітірген түлектердің Польшаның жоғары оқу орындарында білім алулары қарастырылған. Этномəдени бірлестіктің ашылу салтанатына Польшаның Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Яцек Ключковски мен облыс əкімі Ерік Сұлтанов қатысып, теледидар мен ноутбук сыйлады. Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы.

у л ў с й а л а р ў Ќ Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Құралай сұлу... Шамамен XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың аяғында қазіргі Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылының маңында шикі кірпіштен салынған Құралай сұлудың кесенесін осы жақтағы ел болмаса, былайғы жұрт жақсы біле бермейді. Əрине, ел бұл аруды бүкіл қазақ халқына даңқы кең жайылған, желдірмелетіп кеткенде өлеңнің өткел бермес жүйрігі атанған Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы арқылы жақсы таныса керек. Ақын бұл жырында адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдына елестетіп, жаугершілік замандағы қазақ пен қалмақтың арасында жиі болатын қақтығысты, адамдардың зұлымдығын əшкерелейді. «Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан, Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан, Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды, Əрдайым, əйелсінбей ақылдасқан», деп суреттейді ақын аруды. Бес жыл бойы қалмақтың тұтқынында болған Келден батырға қонтайшының сұлу қызы қол ұшын созады. Құралайдың анасы қазақ, марқұм шешесі қызының қалайда қазақ жұртына жетуін аманаттап кеткен болатын. Келденге арқа сүйеп, түн жамылып бəйге аттарымен қашып шығып, арманына асыққан ару өкінішке қарай Мо йын құмның маң даласында жыртқыш жолбарыстың тырнағына ілігіп, қапияда мерт болады. Халық аңызы бойынша қырық түйемен жүк артып келіп, мазарды салдырған – Келден батыр. Арада бірнеше ғасыр, қаншама жылдар, уақыт өтті. Уақыт өз деге нін істеп, сəулет өнерінің өзіндік бір сипатымен салынған Құралай сұлудың кесенесі де тозып, төбесінен су ағып, құлауға аз-ақ қалған болатын. – 1924 жылы Орынбор

қала сында оқып жүрген жас ақын Иса Байзақов ел аузынан естіген аңыз-əңгімелердегі деректерге сүйеніп, «Құралай сұлу» поэмасын жазады, – дейді бұл жөнінде саятшы, этнограф Жапар Сатылғанов. – Кесене тұрған жер ақын поэмасындағы суреттелген жер бедеріне, көлдің келбетіне дəл келеді. Ұмытпасам, 19971998 жылдары бұл жерге арнайы барып, кесенені көрген едім. Сол кезде құламаған бір босағасы ғана қалыпты. Нобайы сол аймақтағы кесенелерге ұқсас, биіктігі 3 метрдей болатын. Естуімше, Сəкен Сейфуллин, Роза Бағланова да осы кесенеге келіп, тəу еткен көрінеді. 1982-1985 жылдары Мəскеудегі орталықтың рұқсатымен қазақ құсбегілігіне арналған фильм Мойынқұм ауданында түсірілді. Мен түсірілім жүріп жатқан жұмыс тобының басы-қасындамын. Бір күні сол кезде ауданды басқарып тұрған Айтбай Назарбеков қасыма келіп, құлағыма сыбырлап: «Ана киноға түсірушілерге айтып, Құралай сұлудың кесенесін көрсет, махаббат символы екенін түсіндір. Мүмкін болса бейнетаспаға кесенені де түсіріп алсын, ертең орнын да таппай қалуымыз мүмкін. Киноға түсіп, тарихта қалсын. Өскелең ұрпақтың ұлықтағанына жақсы болады», – деді. Сол сөз көпке дейін ойымнан шықпай қойды. Отырсам да, тұрсам да «Құралай сұлу» аңызы ұмытылмайтындай бір бастама көтеруді ойлап жүрдім. Ақыры 80-жылдардың аяғында Шу бойынан «Құралай сұлу» аңшылық шаруашылығын ашып, бір-ақ тынышталдым. Тəуелсіздігіміздің арқасы, қазір өткен тарихымызды сыбырлап емес, алты Алашқа жар салып айтатын болдық. Кеше қирауға шақ қалған Құралай сұлу кесенесін бүгінде ұлтжанды азаматтар бірлесіп, қайта тұрғызды. Иə, Мойынқұм ауданының тумасы, күллі түркі тарихын

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы. Суретті түсірген Ақəділ РЫСМАХАН.

 Ғажап!

Жїз жастаєы кейуанаєа ота сəтті жасалды

Алматыдағы қалалық Орталық клиникалық аурухана дəрігерлері жасаған эндопротездеу операциясынан кейін бір ғасыр өмір сүрген кейуана үйіне өз аяғымен оралды. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Шынын айтсақ, жүзге келген адамға ота жасамақ түгілі, бір ғасыр өмір сүрген қартты көрудің өзі бүгінде таң емес пе. Жуырда жасы жүзге келген алматылық Антонина Гололобова үйінде құлап, жарақат алып, төсек тартып жатып қалады. Кейуананың балалары мен немерелері өзі жүріптұрған, ақыл-есі дұрыс аналарының мүгедек болып қалмауын тілеп, тəуекелге барып, дəрігерге əкеліп көрсетеді. Алматы қаласындағы ірі емдеу орындарының бірі – Орталық

кли никалық аурухана мамандары жедел медициналық зерттеу жүргізіп, ұзақ жасаған кейуананың оң жақ ортан жілігі мойнының орнынан тайып, сынғанын анықтайды. Мұндай жағдайда адам жүре алмай, төсекке таңылады. Əрине, адамның жасы ұлғайған сайын сүйектерінің қатайып кететіні белгілі. Бұл дəрігерлерге қиындық туғызады. Аурухананың жарақат бөлімінің білікті хирургтері тəуекелге барып, Антонина Гололобоваға эндопротездеу операциясын жасайды. Орталық клиникалық ауруха насының бас дəрігері Ма рат

Абдуллаевтың айтуынша, клиникада мұндай жасы келген науқасқа операция бірінші рет жасалып отыр. «Бұл қарт адам төсекке таңылып қалмауы үшін жасалатын соңғы мүмкіндік, соңғы үміт. Міне, сол үмітті жалғау біздің қолымыздан келіп, сəтті өтті. Жалпы мұндай операциялар ауруханада күнделікті жасалып жатады. Бірақ жүзге келген адамға ота жасау біздің ауруханада ғана емес, қалада да бірінші рет орын алып отыр. Неге десеңіз, жүзге келген адамдар көп кездеспейді. Біз осындай ота жасайтын басқа ауру ханалардағы əріптестерімізбен сөйлессек, оларда ең үлкен науқас 94 жаста болған екен. Ал біздің науқасымыз жүзде. Əрине, қай операцияда да дəрігерлер тəуекелге барады. Бұл жерде ескеретін мəселе,

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

зерттеуге ықылас танытып жүрген Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов бастаған бірқатар азаматтар, тарихи ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып, жақында кесененің ашылу салтанаты өтті. – Облысымызда 2000-ға жуық тарихи-мəдени ескерткіш кездеседі. Олардың əрқайсысының өз тарихы бар, – деді кесененің ашылу салтанатында сөз алған Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. – Сақталу сапасы да сан алуан. Дана қазақта: «Мал бақтырар пайдаға, Зекетсіз мал айдама», деген керемет сөз бар. Оны айтып отырғаным, міне, Ерболат Саурықов мырза бизнеспен айналысып, тапқан қаржысын əруақты, елді, туған жерін сыйлап, бұзылып бара жатқан осындай ескерткішті қалпына келтіруге бағыттап отыр. «Ұғымды ұғар, білімділер біледі, адам өліп, өмір қайта түледі» дейді. Дүниеден озғанына 250 жылдан аса уақыт өтсе де бүгін жыр арқауына айналған Құралай сұлудың күмбезін халқымен қайта қауыштырып отыр. Ынтымақ-бірлігі жарасқан Мойынқұм жұртының тілегі мен ниеті қабыл болсын! Кесененің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Айдархан Сихаев. Тарихи-мəдени мұраларымыз бен қасиетті орындарды сақтап, қастерлеп, келер ұрпаққа жеткізуге бар күшін салған профессор Ерболат Саурықовқа елдің ықыласы, айтар алғысы ерекше болды. Лайым, ана аманатын арқалап, ар-намысын сатпаған Құралай сұлу кесенесі мемлекеттік мəні бар ескерткіштер тізіміне қосылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

жүз жастағы адамда бірнеше ауру болады. Сондықтан біздің міндетіміз өте қысқа мерзімде ота жасап, одан кейін де кешенді ем жүргізу болды», – деді Марат Шадыбайұлы. Бұл ретте аурухананың травматолог-хирургтері А.Шин, Б.Ерғалиев, Р.Əскеровтің, сондай-ақ, анестезиолог, белсенді терапия дəрі герлерінің тəжірибесі мен шеберліктерін атап өту керек. Операция екі сағатқа созылған. Білікті мамандардың қолы жеңіл болып, науқасты емдеп, үйге қанағаттанарлық жағдайда шығарған. Алайда, ұзақ жасаған зейнеткер өз бетінше жүру мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты. Дəрігерлерге де ризашылығы шексіз. АЛМАТЫ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторлары

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 9 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №442 ek

Profile for Egemen

19112014  

1911201419112014

19112014  

1911201419112014

Profile for daulet
Advertisement