Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№160 (28384) 19 ТАМЫЗ CЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ынтымаќтастыќ мəселелері талќыланды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында екі елдің басшылары Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының өзекті мəселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Қантөгісті, əсіресе бейбіт тұрғындардың арасындағы қантөгісті тоқтатудың жəне Украина дағдарысы бойынша келіссөздер үдерісін бастаудың маңыздылығы атап өтілді.

Телефон арќылы сґйлесті Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Ресей Президенттері Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуалды жəне осы елдегі дағдарыстан шығудың ықтимал жолдарын талқылады. * * *

Елбасы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары өзара мүдделестік туғызып отырған мəселелерді талқылады.

 Президент поштасынан

Ауыз су – əлеуметтік маѕызды баєыт Елбасының атына Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметовтен хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Мырзахметов өз хатында облыстың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманың орындалу барысы туралы хабарлады. Əкім өңірде 2,7 миллион адам тұратын 929 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөнінде жүйелі əрі тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқан ы н баян дағ ан . А тап айтқанда, соңғы 5 жылда 253 елді мекенде тұратын 873 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етілген. Нəтижесінде су құбырымен қамтылған елді мекендер саны 412ден (44,3%) 665-ке (71,6%) дейін, ал суға қолы жеткен тұрғындар саны 1,4 миллионнан (56%) 2,3 миллионға (85,1%) дейін өскен. Сонымен қатар, Асар-Қайнарбұлақтағы суаққы бүгінгі таңда сусорғы қондырғыларымен

толық жабдықталды жəне 16 шақырым су құбыры мен 10,5 шақырым коллектордың құрылысы аяқталып, елді мекеннің ішкі тораптарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды биылғы 15 қазанда пайдалануға беру жоспарлануда. Оның мерзімін кешіктірген кінəлі тұлғалар жұмыстан босатылған. Өз міндеттемелерін бұзған мердігерге тиісті шара қолданылған. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының Ынтымақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесі қыркүйек айында шешілетіні айтылған. Соңында өңір басшысы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету əлеуметтік маңызды бағыт екенін жəне онымен байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қажетті жұмыстардың бəрі жалғастырылатынын атап өткен.

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы қазақ өнерінің көрнекті өкілі, суретші Шəкен Ниязбековтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Ниязбековтің отандық көркемөнердің дамуына, туған елінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға екендігіне тоқталған. «Тума талант ретінде ол жұмыстарын патриоттық рухта жазды. Оның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы болуы – өз Отанын шексіз сүйгендігінің көрінісі», делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы суретшінің жарқын бейнесі тəуелсіз еліміздің жадында əрдайым сақталатынын атап өткен.

АҚПАРАТТАР аєыны  Астанада шағын жəне орта бизнес кəсіпорындары саны 626-ға жетті. Тіркелген субъектілердің 51 пайызы – Алматы, 28,1 пайызы – Сарыарқа жəне 20,5 пайызы Есіл аудандарында шоғырланған. Бұл туралы Астана қаласының статис тика департаменті хабарлады.  Елордада 2015 жылдың бі рінші тоқсанында 2 автовокзалдың құрылысы басталады. Ғи мараттардың бірі – Қарағанды, екіншісі Қостанай бағыттарындағы магистральдар бойларына салынады. Қазіргі таңда олардың техникалықэкономикалық негіздемесі əзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген.  Қызылорда облысының кеденшілері бюджетке 6 млрд. теңгеден астам қаржы қосты. Осылайша нақты мөлшері 6 млрд. 209 млн. 400 мың теңге көлемінде кеден төлемі мен салығының

түсуі арқылы болжамды тапсырма 105,5 пайызға орындалды. Ал департамент өндірісінде əкімшілік оқиғалар туралы 90нан астам іс болса, олар бойынша 2,5 млн. теңгеден аса айыппұл алынған.  Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданында жаңа кірпіш зауыты іске кірісті. «Индустрияландыру картасы» негізінде пайда болған өндіріс орны аудандағы осындай 7 жобаның бірі болып отыр. Нысан құрылысына 304 млн. теңге жұмсалған. Кəсіпорынның қуаттылығы жылына 10 млн. кірпіш шығаруды құрайды.  Осы аптаның ішінде Арқалық – Шұбаркөл теміржолы ресми түрде ашылады. Мұны кеше аппарат мəжілісінде Қостанай облысының əкімі Нұралы Сəдуақасов хабарлады. «Біз бұл оқиғаны көптен күткен едік. Аймақ үшін аталмыш темір жолдың маңызы ерекше. Осыған байланысты Арқалықтағы теміржол вокзалы

Ќўќыќтыќ мемлекеттіѕ негізі 2-бет Ашыќ аспан астындаєы мўражай 3-бет Кґрме жалауы ќатарынан екі жыл желбіреді 4-бет Бауыржан мен Мəлік 5-бет

 Айбын

Танк биатлоны Мəскеу маңындағы «Алабино» полигонында танк биатлоны бойынша екі апталық халықаралық чемпионат аяқталды. Биылғы командалар арасындағы бəсекелестіктің айтарлықтай жоғары болғанына қарамастан қазақстандық танкішілер жалпы командалық есепте құрметті екінші орынды (266 ұпай) иеленді. Бірінші орында Ресей Федерациясының командасы (294 ұпай), үшінші орында – Қытай Халық Республикасы (220 ұпай).

Біздің экипаждарымызға былтырғыдай үш командамен ғана емес Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей жəне Сербия сияқты 11 елден келген командалармен күресуге тура келді. Сондықтан да ақтық сынға шығу əрбір экипаж үшін армиядағы жауынгерлік даярлықтың өте жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Екі апта бойы əлем чемпионатының түрлі кезеңдерінде қазақстандық танк экипажы командалық бəсекелестіктің осы бір түрінен көшбасшылыққа та ласа алатынын дəлелдеді. Қазақстанның экипаждары тамаша жауынгерлік даярлық деңгейі мен дағдысын, жеңіске деген құлшынысын жəне командада иық тіресе жұмыс істей алатын ұйымшылдығын көрсетті. Қуанатынымыз, жарысқа қатысушылардың біздің жігіттерге берген бағасы ерекше болды. Қытай Халық Азаттық Армиясының штаб бастығы Хуан Сю Цунның: «Қазақстан командасы осы бірін шіліктегі командалардың ішіндегі үздігі, ол осы жарыста өз еліне жеңіс алып қайтты, біз сіздердің командаларыңыздан көпте ген жарыс элементтерін үйренуіміз қажет», – деп пікір білдірді. Ресей танк экипажының механик-жүргізушісі Игорь Артемьев: «Қазақстандық командамен бəсекелесу өте қиын. Олар əсіресе алдыңғы кезеңдерде жоғары нəтижелер көрсетті. Сол үшін де лайықты бəсекелес деп санаймыз», дейді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу марапаттады. Бұдан басқа, біздің командамызға «Командалық рухы

 Оймақтай ой Дүние – шолақ, адам – қонақ. Қазақ афоризмі.

мен үйлерін салу жəне қалпына келтіру үшін бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы бөлініп отыр», – деді ол.  Жаңаөзенде «Өзен МұнайГаз» АҚ өзінің құрылуының 50 жылдығын атап өтті. Оның алғашқы қазығы 1964 жылғы 15 шілдеде қағылған екен. Содан бері республиканың өрлеп-өсуіне мұнай кен орны өз үлесін қосып келеді. Қоғамның бас директоры Мақсат Ибағаров тойдың мұнайшылар еңсесін көтеретінін айтты.  Ақмола полицейлері 9 килодан астам героинді жойды. Жалпы құны 47 млн. теңгені құрайтын бұл есірткі заттарын облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері биылғы 2 шілдеде «Көкнəр» операциясы барысында 26 жасар Қырғызстан азаматын ұстау кезінде қолға түсірген еді. Хабарлар BNews.kz, «Қазақстан жаңалықтары», Egemen.kz, «Наша газета», «Тумба» агенттіктерінің деректері бойынша дайындалды.

үшін» номинациясының жүлдесін табыс еткен Мəскеу облысының губернаторы А.Воробьев мотоцикл мен екі скутердің кілтін ұсынды. Сонымен қатар, «Үздік көздеуші-оператор – мерген» номинациясында қазақстандық команданың мүшесі 3-сыныпты сержант Болат Əлиев үздік деп танылды. Танк биатлонынан өткен əлем чемпионаты əлемнің түрлі елдерінің қарулы күштері арасындағы əскери ынтымақтастықты

жəне жауынгерлік достастықты нығайтуға бағытталған батыл қадамдарын паш ете түскендей. «Алабино» полигонында Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Үндістан, Қазақстан,

Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Моңғолия, Ресей жəне Сербия сияқты 12 елдің командалары қатысқан танк биатлонынан əлем чемпионаты табысты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша

қазақстандық команда бəсекенің соңғы кезеңінде Ресей мен Арменияның командаларына жол беріп құрметті үшінші орынға ие болды. Танк биатлоны түрлендірген

əлем чемпионаты түрлі елдердің қарулы күштерінің əскери ынтымақтастығы мен жауынгерлік достастығын, батылдықтарын көрсете білді. «Егемен-ақпарат».

Ґнім жеткізу жолдары ќаралды 14 тамызда Мəскеуде Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегацияның Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесуі болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесу барысында қазақстандық кəсіпорындардың Ресейдің импортты алмастыру бағдарламасына қатысуы, Кеден одағы аумағында Халықаралық жол тасымалы конвенциясын қол дану жəне қазақстандық

азық-түлік тауарларын Ресей Федерациясына экспорттау мəселелері талқыланды. Атап айтқанда, машина жасау, тау-кен металлургиялық, фар мацевтикалық, жеңіл жəне ағаш өңдеу салалары, сондай-ақ,

құрылыс индустриясы бойынша отандық өнімдерді ресейлік нарыққа жеткізіп беруге дайын 60 шақты қазақстандық кəсіпорындарға импортты алмастыру бағдарламасына қатысу ұсынылды. Ресей Федерациясына азықтүлік тауарларын экспорттауды дамыту мəселесі бойынша Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда 20-дан астам кəсіпорын Ресей нарығына ұн, күріш, қарақұмық жармасы, пияз, консервіленген көкөністер, бал жəне кондитерлік

 Бəрекелді!

Бауыржан Жауынтаев – жасґспірімдер Олимпиадасыныѕ чемпионы 16 тамыздан бері Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы екінші жазғы Олимпиялық ойындарда Қазақстан құрамасының қоржынына бұрнағы күні алғашқы алтын медаль түсті. Оны дзюдошы Бауыржан Жауынтаев қанжығасына байлады. Турнирде Бауыржан 55 килоға дейінгі салмақта күресті. Ол алтын тұғырға жету жолында жартылай финалда түрік Огажан Карачты тізе бүктірсе, финалда əзербайжан Натиг Гурбанлиден басым түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы медаль түсті. Оның өзі алтын жүлдемен басталды. Бұған қосатынымыз, Бауыржан Жауынтаев осыған дейін де жасөспірімдер арасында əлем чемпионы атанып үлгерген болатын. Енді оның қатарына Олимпиада жеңімпаздығы қосылып отыр.

Еске сала кетейік, мұнда 16-28 тамыз аралығында 202 елдің 14-18 жас аралығындағы 3600 спортшысы 30 спорт түрінің 222 жарысы бойынша жүлделерді сарапқа салады. Бұлардың қатарында академиялық ескек есу, бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, күрес, велоспорт, гандбол, гольф, байдарка мен каноэ, дзюдо, ат спорты, жеңіл атлетика, үстел теннисі, желкен спорты, жүзу, жағажай волейболы, суға секіру, регби-7, қазіргі бессайыс, спорттық гимнастика, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, тхэквондо, ауыр атлетика, семсерлесу, футбол, көгалдағы хоккей жəне көркем гимнастика сияқты спорт түрлерінің сайыстары бар. Қазақстандықтар 19 спорт түрі бойынша жарысқа қатысады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

өнімдерді жеткізуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық Жол конвенциясы шартына сай Ресей аумағы арқылы елімізге бағыт алған қазақстандық автокөлік құралдарын өткізу мəселесі де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық интеграцияны дамытуға қатысты екіжақты қарым-қатынастарды əрі қарай тереңдетудің қажеттілігін атап көрсетті.


2

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

Өркениеті дамыған əлемде бағытбағдарын айқындаған, өзіндік келбеті, ерекшелігі бар мемлекеттер ғана басымдыққа ие бола алады. Бүгінгідей нарықтық заманда əр қадамын есеппен жасап, əр ісін жеті рет өлшеп, бір рет кескеннен кейін ғана бекітпесе дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну əсте қиын. Мұндайда бүкіл саланың өркендеуіне, дамуына кепілдік беретін құқықтық құжаттардың, құқықтық қауіпсіздіктің орны ерекше. Тəуелсіз елдің тұғырын көтеріп, өзге елдермен тең дəрежеде тілдесуін қамтамасыз ететін Конституция екені даусыз.

Ќўќыќтыќ мемлекеттіѕ негізі Моряк ШЕГЕНОВ,

Жоғарғы Сот судьясы.

Еліміздің тəуелсіздік алуына, тиісінше Конституцияны қабылдауына вектор болып табылатын талай кезеңдерді басынан кешіргеніне тарих куə. Осы даму жолында Қазақ елі бүгінгі Ата Заңға дейін Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тəукенің «Жеті жарғысы» секілді аты тарихта қалған дала заңдары арқылы мемлекеттің бүтін дігін сақтап, дау-дамайды дер кезінде шешуге мүмкіндік алды. Ұлы философ Сенеканың «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ» дегеніндей, осы уақытқа дейін халқымыз тəу еткен құқықтық негіздер баршылық. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде мемлекетімізде бес рет Конституция қабылданды. Нақты айтқанда, шешуші кезеңде ортақ мақсатқа, көздеген нысанға жету үшін саяси жүйенің заңнамалық тұғырын бекітіп, оның құқықтық жүйесін құру қажет болды. Дана халқымыз «Келісіп пішкен тон келте болмас», – демекші 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда тұғырлы заңнама – Конституция қабылданды. Бұл ағылшын пəлсапашысы, заңгер Бентама Иереминнің сөзімен айтсақ: «Халық қабылдаған Конституция – ең үздік Конституция». Ендеше, сан жылдар бойы қалыптасып, жалпыға міндетті ережелерді қамтыған ең жоғарғы күші бар Ата Заңымыз өмір талабына сай жасақталды. Аталған маңызды құжатты əзірлеу барысында заңгерлеріміз бен білікті саясаткерлер қыруар жұмыс атқарды. Ең бастысы, ұлттық болмысты сақтай отырып, дамыған елдердің тəжірибелерін арқау еткен Конституция еліміздің болашағы үшін ұзақ жылдар жемісті қызмет ететіні сөзсіз. Қазақстан халқы Ата Заңға дауыс беру арқылы президенттік басқару нысанын қолдады. Бұл таңдау билік тармақтарының өз аражігін ажыратып, олардың конституциялық міндеттерін шешіп берді. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құқықтық нормалар бекітілді. Мəселен, Ата Заңның 98-бабының үштен бір бөлігі адамның құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Бұл заң талаптары декларативті түрде емес, шын мəнінде пəрменді түрде жұмыс істейді. Ендеше, Қазақстанның əрбір азаматы өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға құқылы. Ал осы Конституцияны басшылыққа

алып, қабылданған заңдар ел азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғаудың тетігі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» Конституциялық заң сотқа қатысты конституциялық кепілдіктерді түбегейлі пəрменді етті. Тəуелсіздік жылдар аясында биліктің бір тармағы ретінде сот жүйесі қоғамдық қатынастардың қалыптасуына, мемлекеттің саяси беделінің артуына, демократиялық қоғам ретінде нық орнығуына үлес қосты. 2013 жылғы қараша айында өткен республика судьяларының VI cъезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «ХХI ғасырдағы ұлт дамуының маңызды өлшемі – мінсіз жəне тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тəуелсіз жəне əділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз əлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инвестициялық ахуалдың да, азаматтардың əл-ауқатының жоғары деңгейінің де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес», – деп атап өткен болатын. Демек, сот төрелігін əділ жəне тиімді атқару мемлекетімізді ілгері дамуға жетелейтін маңызды тетіктердің бірі. Сондықтан сот жүйесі қоғамдағы тұрақтылықтың, құқық үстемдігінің, қоғам мен мемлекет мүддесін мүлтіксіз сақтаудың жəне азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың сенімді кепілі болуға тиіс. Ендеше, судья əрдайым адал əрі əділдіктің жаршысы болуы керек. Сондықтан «Қазы – халықтың ожданы», деп бекер айтпаса керек. Сот шешімі əрдайым бұрмалаусыз, заңға негізделген болса, даугерлер төреліктің дұрыстығына күмəн келтірмейді. Айыпкер заң бұзғанға зауал бар екенін түсінеді. Бұдан шығатын кесімді ой – жалпы сот қызметі осы бағытта қалтқысыз

қызмет етуі тиіс. Елбасының «Қазақстан – 2050» Жолдауында судьялар корпусының алдына қойған басты межелердің бірі де осы. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам болып табылады. Аталған стратегия сот жүйесінің мемлекеттің саяси құрылымындағы беделі мен рөлін, сот-құқықтық реформасының болашақтағы даму бағыттарын айқындап отыр. Ал сот жүйесінің реформасын одан əрі тереңдету – мемлекет саясатының басым міндеттерінің бірі. Жалпы, тамыры Конституциядан бастау алған сот жүйесі бүгінде үлкен белестерді бағындырды. Осындай күрделі де шырғалаңы мол соқпақ жолдан даңғыл жол салып, оның қалыптасу, өркендеу, даму жолының басы-қасында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мəми тұрды. Сот жүйесінің ұңғыл-шұңғылына дейін жақсы білетін білікті маманның құрылымға жетекшілік етуі салаға үлкен бетбұрыс жасағаны анық. Соның бірегейі – 2011 жылы Қазақстанның Судьялар одағы халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше болуы. Бұл атқарылған ұшан-теңіз еңбектің жемісі. Ал бүгінде шетелдік тəуелсіз талдаушылар елімізде жүргізіліп жатқан сот реформасын шынайы мойындап, оған оң баға беруде. Бүгінде сот-құқықтық реформасы қоғам талабына сай жалғасын табуда, соның бірі – заңдарды ізгілендіру. Мəселен, «Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі», «Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексі» қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіл мек. Ал «Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексінің» жобасы дайындалып, Мəжілістің талқылауына жолданды. Жоғарғы Соттың тікелей жетекшілігімен іске асқан жоба азаматтық істерді қарау барысында уақытты тиімді пайдалану, яғни, істерді жедел қарау мүмкіндігін арттыруға, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Əлбетте, сот жүйесі бүгінгі таңда ілгерілеген кеңістікке қадам басты. Оған қалың бұқара куə. Сондықтан азаматтардан соттарға толассыз түсіп жатқан өтініштердің артуына қарап, халықтың сот жүйесіне деген сенімінің беки түскенін аңғаруға болады. Мəселен, соттарға түскен өтініштер мен істердің саны 2013 жылдың 6 айындағы нəтижемен салыстырғанда биыл

9,5 пайызға артқан. Республика соттарындағы жүктеменің артқанына қарамастан, сот төрелігін жүзеге асырудың жəне сот істерін дер кезінде шешудің сапасы тиісті деңгейде қамтамасыз етілген. Айтылған ойды тек сөзбен емес, сот өндірісіндегі істердің нəтиже сімен таразылайтын болсақ, 2014 жылдың І жартыжылдығында барлық шығарылған сот актілерінің 98,6 пайызы заңды əрі негізді танылғандығын байқаймыз. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында» белгіленген басымдықтар негізге алынып отыр. Нақты айтсақ, бас бостандығынан айыруды қарастырмайтын жазалауды қолдану, яғни жазаның баламалы түрлерін қолдануды кеңейту қолға алынды. Мəселен, ағымдығы жылдың 6 айында бас бостандығынан айырылған адамдардың үлес салмағы 2,4 пайызға азайған. Бұл елдегі ізгілендіру саясатының қағаз жүзін де қалмай, іске асқанын айғақтайтын дерек. Биыл он тоғызыншы белесті бағындырып отырған Ата Заңның аясында біз тұғыры нық, мақсаты айқын, əлемдік қауымдастық таныған қуатты да табысты мемлекетке айналдық. Еліміздің құқықтық мемлекетке айналуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ойдағыдай қорғау, бауырында жүздеген ұлт пен ұлысты топтастырған елімізде саяси тұрақтылықтың сақталуы – осы Конституцияның арқасы. Осындай орасан зор жетістікке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен қажырлы еңбегінің нəтижесінде қол жеткіздік. Жалпы айтқанда, ел болып жұмыла қабылдаған Конституциямыздың арқасында Қазақ елін əлемге таныттық. Тұғырлы, мықты ел екенімізді дəлел дей білдік. Ең маңыздысы, Конституциялық қағидалар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара əріптестігі іске асып, сот реформасы одан əрі жалғасын табуда. Демек, Ата Заң талаптарын бұлжытпай орындау – Қазақстандағы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайтудың сенімді кепілі. Ендеше, 2050 жылғы стратегияның басты мақсаты əлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену болса, көздеген межеге тек Конституцияның ережелері мен идеяларын толық жəне дəйекті түрде іске асырғанда ғана қол жеткізеріміз анық.

 Мирас

Бірігіп кґтерген жїк жеѕіл «Тамғалы» музей-қорығы мəдени туризмнің халықаралық орталығына айналмақ. Жақында Мəдениет жəне спорт министрі А. Мұхамедиұлы Алматы облысы мəдениет нысандарының жағдайымен танысып, Алматы қаласының шығармашылық бірлестіктері мен спорт қауымдастықтары өкілдерімен кездесті. Ведомство басшысы алдымен «Тамғалы» музей-қорығына атбасын тіреген еді. Министр мен облыс əкімі Аңсар Мұсаханов музей-қорықтың қазіргі жағдайы мен алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды талқылай келіп, «Тамғалы» бірегей петроглифтері мен болашақ визит-орталық жайғасатын аумақты аралап көрді. Содан кейін Қазақстан Республикасының мəдениет жəне

спорт министрлігі мен Алматы облысының əкімдігі арасында ЮНЕСКО Бүкілəлемдік мəдени мұралар тізіміне кіретін «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығын дамыту жолындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою кезінде сала басшысы мен облыс əкімі тарихимəдени мұра ескерткіштерінің сақ талуы мен бұл саладағы

ғылыми-зерттеулердің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті, сонымен қатар қол қоюшы тараптар «Тамғалы» кешені, Талғар, Қойлық, Есік тарихимəдени мұра нысандарын зерттеп, осылардың негізінде келешекте туристік кластер құру қажет деген байламға келді. Айтып өтетін бір жайт, «Тамғалы» музейінің аумағында визит-орталығының салынуы туристік кластер құру идеясының алғашқы қадамы ғана болып табылады. Ал ол мəдени туризм, белсенді ғылыми-зерттеулер мен отандық жəне шетелдік ғалымдардың археологиялық зерттеулерінің заманауи

талаптарына сай келетін жаңа инфрақұрылым нысандарының тұңғышы болып қалмақ. «Меморандумды жүзеге асыру барысында халықаралық маңызы бар ескерткіш болып табылатын Тамғалы шатқалының нақты шекаралары анықталады. Бірегей петроглифтер мен табиғи ландшафтты сақтап қалу мақсатында дəл сондай жұмыс Ұлы Жібек жолының трансшекаралық номинациясы шеңберінде ЮНЕСКО Бүкілəлемдік тарихи мұра тізіміне кіретін Есік музейі мен өзге де нысандарға қатысты жүргізілетін болады» –деді облыс əкімі Аңсар Мұсаханов. «Егемен-ақпарат».

 Мəселенің мəнісі

Жекешелендірудіѕ жетістігі мол Талғат ЖАҚЫПБАЕВ,

Қызылорда облысы қаржы басқармасының басшысы.

Ел Үкіметі «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды» қабылдады. Бұл ең алдымен жеке сектордың дамуына əсер ететін маңызды шарттың бірі екені даусыз. Жоспар бойынша, ең бірінші коммерциялық кіріс түсуге бейімделген мемлекеттік компаниялар жекешелендіріледі. Одан кейін стратегиялық маңызы белсенді емес активтерді жеке секторға өткізумен жалғасады. Сонымен қатар, холдингтер мен ұлттық компаниялардағы кейбір активтер мен нысандар сатылымға шығарылмақ. Осындай ауқымды жұмыстардың нəтижесінде мемлекеттің меншігінде стратегиялық маңызды активтер мен əлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды қалдыру жоспарланып отыр. Ал жекешелендіруге жататын нысандар тізімі Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында жəне баспасөз беттерінде жарияланады. Бұл айтқанымыз құр сөз емес. Нақты қолға алынған жұмыс. Қазірдің өзінде мемлекеттік маңызы бар ауқымды шараның алғышарттары іске асып жатыр. Осылайша, Қазақстанда жекеше лендірудің екінші толқыны басталды. Аталған мəселенің өзекті екенін, бүгінгі күннің қажетті тірліктерінің бірі болып отырғанын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Елбасы Үкімет пен Ұлттық банкке мемлекеттің қатысы бар барлық компаниялардың қызметіне талдау жүргізіп, олардың ішіндегі жеке секторға берілетін кəсіпорындардың тізімін анықтауын тапсырды. Нақты тапсырманың арқасында Үкімет наурыз айының соңына қарай жоғарыда айтқан «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру бойынша кешенді жоспарды» бекітті. Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты елдегі жеке бизнестің дамуына серпін беру, экономикадағы мемлекет үлесін дамыған елдер деңгейіне дейін азайту болып табылады. Сондайақ, Үкімет бұл жекешелендіру аясында ішкі рыноктан бюджетке қаржы тартып қана қоймай, ел экономикасына жағымсыз əсер

ететін факторларды жұмсарту мақсатында мемлекеттік шығындарды азайтуды да көздеп отыр. Жағымсыз əсер ететін факторлар ретінде нені атаймыз? Мемлекет, қарапайым тілмен айтқанда, ендігі жерде бюджет есебінен қаржыны жұмсауды барынша тиімді етуді жоспарлау да. Қысқасы, біз нарық заңымен өмір сүруге дағ ды лануымыз керек. Бұл ретте, жекешелендірілетін əлеумет тік сала ұйымдары өз қызме тінің бағыттарын жоғалтпауы тиіс. Мемлекеттік маңызы бар ауқымды шара республиканың барлық өңірлерімен қатар Қызылорда облысында да жүргізілуде. Облыс əкімдігінің қаулысымен «Қызылорда облысы бойынша жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітілді. Осы жоспар шеңберінде жекешелендіруге ұсынылған коммуналдық меншіктегі квазимемлекеттік сектордың облыс бойынша 8 нысаны жəне «Байқоңыр ҰҚ» ƏКК» акционерлік қоғамының 11 еншілес компаниясы анықталды. Атап айтқанда, «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіп орны мемлекет меншігінен жеке қолға өтеді. Сондай-ақ, «Мемлекеттік қызметшілерді жəне бюджеттік сала қызметкерлерін қайта дарялау жəне біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнын да осындай өзгерістер күтіп тұр. Бұдан басқа, «Қызылорда облысының денешынықтыру жəне спорт басқармасының «Нұрсəт» теннис орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны, «Қызылорда облы сының денсаулық сақтау бас қармасының «Қызылорда облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны, «Қызылорда облысының денешынықтыру жəне спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері жəне бұқаралық сауықтыру-денешынықтыру клубы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорны, «Арал қалалық шаруашылық жүргізу құ қығындағы көп салалы ком муналдық мемлекеттік кəсіпорны», «Қызылорда қалалық мəдени жəне демалыс паркі» мемлекеттік коммунал дық қазыналық кəсіп орны, «Сырдария» балалар сауық тыру

лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны да сатылымға шығарылады. Алдағы 3 жылда бекітілген кестеге сəйкес осы ұйымдарды жеке секторға беру жұмыстары жүргізілетін болады. Жұртшылықты «мемлекеттік активтерді сатып алуға шамасы жететін қандай адам?» деген сауалдың мазалауы заңды. Айтайық, жекешелендіру аясында мемлекеттік активтерді сатып алуға отандық жəне шетелдік инвесторлар мен қарапайым тұлғалар қатыса алады. Ешкімге шектеу жоқ. Бастысы істің көзін білетін адам болса болғаны. Ал оны қалай сатып алуға болады? Ол үшін ешқандай билік орындарының табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Ең алдымен, ғаламтордан мемлекеттік мүлік реестрінің вебпорталын ашсаңыз жеткілікті. Ғаламтордағы «www.gosreestr. kz» порталынан ортақ электронды сауда алаңына кіріп, барлық деректерге қанығуға болады. Яғни, тендер мен аукциондар электронды түрде өткізіледі. Бұл адам факторын барынша азайту əрі жемқорлықтан сақтану мақсатында жасалған шаралар болып табылады. Аталған шараға əрбір қазақстандықтың қатысуына толық мүмкіндік бар. Мұның сыртында бұған дейін жекешеленбеген мүлікті заңдастыру да қарастырылып отыр. Осы ретте кейбір адамдар «мүлікті жария еткеннен кейін түрлі тексеру органдары тарапынан қудалау болмай ма?» деген сұрақ қояды. Жоқ. «Жария ету туралы» заңда мүлкін жария етушілердің əкімшілік жəне тəртіптік жауапкершіліктің қандай түрлерінен босатылатындығы нақты жазылған. Бұдан бөлек, қылмыстардың жауапкершіліктің түрлері айтылған. Яғни, қылмысты жолдармен алынған мүліктердің жария етуге жатпайтындығы тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Заң бойынша жария ету барысында алынған мəліметтердің барлығы құпиялы түрде сақталады. Бұған кепілдік бар. Сонымен, ауқымды шара бүгіннің өзінен басталып кетті. Сондықтан мемлекеттік активтерді сатып алып, бұған дейін жекешеленбеген нысандарды өз иелігіңізге өткізіп, заңды түрде бизнеспен шұғыл дануыңызға болады. ҚЫЗЫЛОРДА.


3

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

БІЗ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАРМЫЗ! Бейбітшілік бəрінен ќымбат

– Лариса Леонидовна, этносаралық татулықты сақтау, жалпы славян халықтары мəдени құндылықтары мен көне дəстүрлерін жаңғырту барысында Жетісу жерінде қандай жұмыстар атқарылуда? – Ағымдағы жылдың мамыр айында славян халықтарының басын қосқан мəдени күндері Талдықорған қаласында өтті. Ондағы мақсат – тағдыр жазуымен Жетісу жеріне келіп тұрақтаған славян халықтарының рухани мəдениетін дамыту жəне қолдау болды. Əрине, ұлтаралық татулықты нығайту этностардың бір-біріне деген сыйластығын бекітіп, өзара қарым-қатынасын күшейте түсті. Бірінші рет өткізілген бұл шараға Алматы облысындағы орыс орталығы, славян қозғалысы, сондай-ақ болгар, беларусь жəне украин

Этносаралыќ тїсіністікке жарќын жол ашылєан Алматы облыстыќ орыс орталыєы тґраєасыныѕ орынбасары Лариса КОТЕЛЬНИКОВАМЕН əѕгіме

этномə дени орталықтары атсалысты. Халықтың көкейіндегі көп ойды дөп басқан бұл қадам 12 күнге созылып, Талдықорған төріндегі Достық үйі ұлттық киімдерін малынта киген этностарға толды. Бұл шараны бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше тілде көрсетіп, жазып бізге қолдау көрсеткен журналистерге мың алғыс. Мемлекеттік мəні зор

басқосуда Қазақстан халықтары Ассамблеясы Алматы облыстық ұйымының хатшысы Ғабит Тұрсынбай, болгар этномəдени бірлестігінің төрайымы Дария Кравченко жылы лебіздерін білдірді. Сөз реті келгенде айта кетсек, украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченконың туғанына биыл 200 жыл толып отыр. Сəкен Сейфуллин, Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүсірепов, Сəбит Мұқанов, Қасым Аманжолов сынды қазақтың біртуар перзенттері украиндық ақынның төл туындыларын қазақ тіліне аударып, қалың оқырманға ұсынғаны мəлім. Біз ұйымдастырған шарада осы мəселе де қамтылып, мектеп оқушылары өз деңгейлерінде өнерлерін көрсетті. – Жалпы, сіздердің елді мекендерге шығып, осындай шаралар өткізуге мүмкіндіктеріңіз бар ма? – Əлбетте. Халықтар достығында өзіндік орын алған аталған шара Текелі қаласында жалғасын тауып, облыс орталығындағы

шіркеуде де талапқа сай өтті. Рождестволық қабылдау, жексенбілік мектеп, шіркеулік хор сынды славян халықтарының құндылықтары өзіндік жалғасын тапты. Талдықорғандағы орыс орталығы Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігімен тығыз байланыс орнатқан. Бас консулдықтың Алматыдағы өкілдері Талдықор ғанға келіп, орыс тілін, мəдениетін дамыту жəне сақтау жөніндегі біздің шараларымыздың қадірлі қонағы болып қайтады. Ресейлік басылымдарды үзіліссіз алып тұрамыз, сонымен қатар əдістемелік жəне көркем əдеби кітаптар да елшілік арқылы бізге жеткізіліп тұрады. Міне, осындай мүмкіндіктерді туғызып, славян халықтары мəдениетін, əдебиетін, тілін, дінін дамытуға атсалысудамыз. Əңгімелескен Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Алыс кетсем мен сені аѕсап жїрем... Əз ұясына айналған Жəнібегін кіші Отаным деп сүйетін, Қазақстанды атамекенім деп қастерлейтін, қазағым дегенде шығарға жаны жоқ, туған жерінің тасына дейін сүйетін жанымызда бір жақсы адам жүр. Ол – орыс қызы Татьяна Владимировна Мисюрина. – 1961 жылы Жəнібек селосында дүниеге келдім. Əкем Владимир Мисюрин өмірдің отына түсіп ойнап, қазанына түсіп қайнаған, Кеңес өкіметінің ел игілігі жолында деп жүргізілген реформаларын басынан толық өткізген жан еді. Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, əуелгіде ЗИС, кейін «Студебеккер» аталған темір тұлпарды тізгіндеп, «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін» медальдарын алған. Аяулы анашым Мария Ивановна көкөрім он бес жасынан бастап, Сталинград майданының ең жақын тылы – Жəнібек стансасындағы əскери маңызды стратегиялық объектілерді қорғауға қатысқан. Біздің шаңырақ қонақжай қазақ халқының игі дəстүрлерінің көшірмесіндей еді. 1978 жылы аудан орталығындағы №1 орта мектепті аяқтап, Астрахан қаласындағы құрылыс техникумына түстім. Оқуды аяқтағаннан кейінгі отыз жылдық еңбек өтілім қазіргі Жəнібек колледжімен тығыз байланыста өрбіді. Өндіріс ісінің шебері, арнайы пəндер мұғалімі, директордың тəрбие ісі мен өндіріс ісінің орынбасары тəрізді қызметтік баспалдақтардан өттім. 1992 жылы Қазақ КСР Халыққа білім беру министрлігінің «Кəсіптік-техникалық білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталдым. Облыстық білім беру

басқармасының алғыс хатына бірнеше рет ие болдым. Істəжірибем түрлі басылымдарында жарияланды. Біздер əркез бірлікте, достықта өмір сүріп, татар, қырғыз, орыс ұлтының өкілдері Н.Породнова, А.Шишлянникова, К.Рузметовалар жаны жомарт қазақ халқының қамқорлығын, мейірімін, жан жылуын сезіндік. Отбасындағы ағайынды үш қыз үш мемлекетте – Ресей, Украина, Қазақстанда тұрып жатырмыз. Туыстарыма қыдырыстап барғанымда ондағы өз тіршілігімен ғана шұғылданып, өзгемен ісі жоқ сол ұлттың өкілдеріне қарай отырып, қазақтардың шаңырағынан дəм татқызбай жібермейтін қонақжайлылығы мен мəрттігіне, əр нəрсеге төзімділігіне тəнті боламын. Апа-жезделеріме бара сала ыстық бауырсақ пен буын бұрқыратып ет асып беремін, мен оларға баруға жиналғанда сүзбе мен жент əкелерсің дейтінін қайтерсің. Қызым Марина – Украинада қаржы саласының қызметкері. Ұлым Алексей Жəңгірхан атындағы БҚАТУ-дың «Машина жасау ісі»

факультетін «мұнай-газ өңдеу технологы» мамандығы бойынша аяқтап, қазір Ақтөбе мұнай өңдеу зауытында бас технолог болып қызмет атқарады. Ол орыс мектебінде оқи жүріп, қазақ тілін еркін меңгеріп алды, университет қабырғасында жүргенде тіл білуінің арқасында халықаралық, аймақтық семинарларға қатысып, қазақ тілінде баяндамалар оқыды. Репетитордың көмегіне жүгініп ағылшын, қытай тілдерін меңгерді. Берекелі бірлігіміздің түп негізінде қазақ халқының тумысынан өз аузындағыны өзгеге жырып берер меймандостығы, кешірімшіл, кішпейіл қасиеті жатыр. Тағдырдың түрлі теперішін басынан өткізген қазақтардың талайдың баласын бауырына басқанына тарих куə. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген жақсы мəтел бар қазақ халқында. Еліміз Елбасының жол бастауымен татулық пен ынтымақты тұғыр қылып, қарыштап дамуда. Қайда барсам да туған жеріме жеткенше тағат таппаймын, – деп ағынан жарылды Таня апа бізбен əңгімесінде. «Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі, ар-ұяттың бір ақыл күзетшісі» деп хакім Абай айтпақшы, Татьяна Владимировна адамдық ар-ұятына, атқарған қызметіне, болмыс-бітіміне, парасатына кір түсірмей өзі жинаған бедел биігінде қала берді. Бойындағы адамды алаламас қасиеттері терең білімімен, бай тəжірибесімен, азаматтық ұстанымымен ұштасқан жанның əманда мерейі үстем. Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ.

Батыс Қазақстан облысы, Жəнібек ауданы.

Адамдар арасындағы ынтымақтастық – қоғамды тек игілікті бастамаларға жетелейтінін уақыт дəлелдеген. Талай тарих керуенін басынан өткерген қазақ халқы үшін бейбітшіліктің бағасына құн жоқ. Еуразияның кіндігінен ойып орын алған Қазақстан тыныштықтың символы ретінде кез келген мемлекетке үлгі бола алады. Қазақтың дархандығы іспеттес кең-жазиралы жерінде қоныс тепкен кез келген адам жұмақ мекенді еш жатсынбай өмір сүруде. Киелі шаңырақтың астына біріккен 130-дан астам этнос өкілдері мен діни сеніміне қарамастан достық ұғымын берік ұстанымына айналдырған. Бүгінде біздің облыста барлық этностарға тілін, салт-дəстүрін дамытуға, мəдениеті мен дінін

ұстануға барынша жағдай жасалып отыр. Бұл фактордың өзі əрбір өзге ұлттың өкіліне Қазақстанды туған Отанындай сезінуге мүмкіндік берері анық. Облыс аумағындағы аудандардың арасында көп ұлттылығымен ерекшеленетін Шу өңірінде патриоттық рух тұрғысынан келсек, кез келген ұлттың жүрегі қазақ халқымен бірге соғады. Олардың арасында немістер үшін бұл өлке туған жермен тең жəне тамырын тереңге жайған неміс əулеттерінің əрқайсысы осы аймақпен мəңгіге біте қайнасып кеткен. Ұлттық құндылықтарға, мəдениет пен салтдəстүрге деген қалыптасқан өзара мығым сыйластық, достықты нығайта түсуде. Бүгінде ауданда жұмыс істеп тұрған алты этномəдени орталықтың барлығы

бейбітшілікті насихаттау бағытын да күш жұмылдыруда. Əр орталықтың құрылу тарихынан бастап қалыптасу жолына дейінгі уақытта атқарған шаруалары сан алуан. Мəселен, облыстық «Wiedergeburt» неміс қоғамдық бірлестігінің негізінде 1989 жылы құрылған неміс этномəдени орталығы күні бүгінге дейін белсенді жетекшілердің басшылығымен үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Қазіргі кезде Шу қаласында Н.М.Томкивтың жетекшілігімен неміс тілін оқыту курстары жүргізілуде. Неміс жастары өз ана тілімен қоса, мемлекеттік тілді де жетік меңгеруде. Елдегі еркіндік пен тұрақтылық туралы сөз еткенде, ең алдымен осы сындарлы саясатты жүзеге асырушы Елбасы Н.Ə.На зарбаевтың еңбегіне

тоқталмау мүмкін емес. Қашанда таразы басын тең ұстап, əрбір ұлт пен ұлыстың мəртебесін тең дəрежеде қалыптастырып келе жатқан көреген басшының та тулықты ең биік құндылықтар қатарына қосуы – тыныштықтың тұғырын бекем етуге негіз болып отыр. Бейбіт өмірге, келісімге деген үздіксіз ұмтылыс жаратылыстан əрбір адамның түйсігіне бекіген түсінік. Сондықтан, өз санасына қарсы əрекеттенген адам түбінде тығырыққа тірелері анық. Ал, баянды болашақты, ұрпақтар сабақтастығын қалайтындар үшін бірлік пен татулықтан артық ешнəрсе жоқ. Галина САУЭРМИНХ, Шу аудандық неміс этномəдени орталығының төрайымы.

Жамбыл облысы.

Ашыќ аспан астындаєы мўражай Облыста поляктардың ең көп шоғырланған жері – Тайынша ауданы. Қызылжар өңірін осы диаспораның 30 мыңға жуық өкілі мекендесе, оның жартысына жуығы осы ауданды қоныстанған. Кеңестік əміршіл-əкімшіл жүйенің шексіз озбырлығы салдарынан туған жерден еріксіз аластатылып, қиын жағдайды басынан өткерген поляк халқының сол бір қасіретіне екі жылдан соң 80 жыл толмақ. Батыс Украинаны тұрақ етіп, алаңсыз күн кешіп жатқан халыққа «сенімсіз» деген айып тағылып, қарапайым жандардың тыныштығы қас-қағым сəтте бұзылады. 1936 жылы алды-артына қаратпай, эшелондарға тиелген күйі поляктар бұрынғы Көкшетау облысының Келлеровка жəне Чкалов аудандарына жеткізіледі. Комендатура əр жерден 1520 отбасыдан қалдырып отырады. Осындай 30-ға жуық орын болған екен. Кейін сол жерлерге ұжымшарлар орнаған. Барлығы 35 мыңнан астам поляк келген екен. «Аштықта жеген құйқаның дəмі ауыздан кетпес» деген. Қазақ халқы сол кездегі тұрмыстың ауырлығына, көңілдің жүдеулігіне қарамастан алыстан жүдеп-жадап келген өзге ұлт өкілдерін туған бауырындай қарсы алып, қолындағысын бөліп берген. Үйлеріне паналатып, азық-түлікпен, киімкешекпен көмектескен. Бүгінде Тайынша ауданы тұрғындарының 22 пайызын поляктар құрайды. Қатал саясаттың мəжбүрлеуімен қасиетті қазақ жеріне орнығып қалса да, оған еш өкінбейді. Қай-қайсымен тілдессең де, Қазақстанды Отаны санайды, қазақ халқын ардақ тұтады. Туған елдің тұғырын биіктету жолында еңбек еткеннен асқан бақыт жоқ, дейді. Қазақстан мен Польша ар а сы н да ғ ы ө з ар а с ен імг е, құрметке құрылған ізгі қарымқатынас та қос халықты тонның ішкі бауындай жақындастыра түскенін байқау қиын емес. Вишневка, Келлеровка, Тайынша, Ясная Поляна, Красная Поляна, Зеленый Гай елді мекендерінде тұрып жатқан поляктар өздерінің мəдениетін ешқашан жоғалтқан емес. Ондағы халық хорлары, вокалдық топтар барлық шараларға белсене қатысады. Сондай-ақ, салт-дəстүрлерді, əдет-ғұрыптарды насихаттайтын қоғамдық ұйымдар мен жиырмаға тарта католик шіркеуі бар. Тарихын ерекше қастерлейтін яснополяндықтар бабаларының бастан кешкен қиын-қыстау кезеңдері келер ұрпақтың да жадында болсын деген мақсатпен осыдан 10 жыл бұрын мұражай ашқан. Өткен ғасырдағы нəубеттің куəсі саналатын екі бөлмелі сабан үйдің ішін тазартып, қалпына келтірген. Сол уақыттан бастап ауыл тұрғындары көздің қарашығындай сақтап жүрген жəдігерлерін мұражайға тапсыра

бастаған. Шынымен де, ішіне кірген уақытта басқа заманға түскендей əсер қалдырады екен. Киімілгіштегі көне шинельден бастап ұзын пималар, тоқылған төсеніштерден өткен кезеңнің жүрек сыздатар ауыр қасіреті сезіледі. Көне патефоннан сол жылдардың əуені естіледі. Тіпті, 30-жылдардағы үтік, тігін машинасы, сағатқа дейін бар. Екінші бөлмеде ағаш кереует, сабаннан төсек, пианино қойылған. – 1936 жылы көшіп келген көне-көздерімізден сұрап, мұражайды мүмкіндігінше сол заманға сай етуге тырыстық. Мұнда келген ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін əрбір зат ерекше ыстық. Өткен күннен сыр шертер мұрағатымызды балалар да жиі тамашалайды, – дейді Ясная Поляна ауылдық округінің əкімі Владислав Галецкий. Мұражайдың сырты да құнды жəдіргерлерге толы екен. Субұрқақтың жанында қолдиірмен, кірпіштен қалаған пеш, басқа да үй тірлігіне қажетті көне бұйымдар орын алған. Ашық аспан астындағы мұражайда 40шы жылдардағы көліктер де қазқатар тізілген. Мəселен, аңызға айналған бір жарым тонналық жүк машинасы, тың игеру кезеңінің символы – 1956 жылы жасалған ДТ тракторы. Қалпына келтірілген техниканың барлығы да жұмыс

істейді. Мерекелік шаралар кезінде бұл көліктермен ше ру ұйымдастыру игі дəстүрге айналған. «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Франс Горайдың айтуынша, тірнектеп жинаған техниканың дені тұрғындардан сатып алын ған. Олардың саймандары Ресейден əкелініпті. Ал қыс мезгілінде көліктер жабық автотұраққа жеткізіледі. Ірі шаруашылық ірге тепкен үш ауылдық округте тұрғындар үшін қажетті əлеуметтік жағдайдың бəрі жасалған: мəдениет үйі мен балабақша, мектеп, монша жұмыс істейді. – Əкім ретінде мен үшін бизнесті əлеуметтік жауапкершілікке тарту ісінде проблема жоқ. Осындағы серіктестік басшылары кез келген бастаманы іліп əкетіп, қаржылай көмек көрсетіп отырады. Ал ауылдағы игіліктердің бəрі де «Тайынша Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Анатолий Рафальскийдің қолдауының арқасында жүзеге асып келеді. Жақында «Тайынша Астық» серіктестігі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша тендерді ұтып алып, ауыл балаларына аулалық спорт алаңын жасап берді. Осындай ел азаматтарының арқасында көп ұлтты ауылымыз тату-тəтті тіршілікті басты мұрат

етіп, экономикалық жағынан өрлеп келеді, – дейді ауылдық округтің əкімі. Келлеровка ауылында «Полония Пулноцна» поляк мəдениағарту қоғамы 1991 жыл дан бері жұмыс істеп келеді. Оның төрайымы Галина Рыбицкаяның айтуына қарағанда, өңірдегі бірлік пен тыныштықты сақтауға, халықтар достығын насихаттауға бірлестіктің қосқан үлесі зор. Облыстық, аудандық мəдени шараларға үзбей қатысып, ел игілігі жолындағы ұлы мақсаттарды өскелең ұрпақ бойына дарытуды басты мақсат етеді. Сонымен қатар поляк мəдени-ағарту ұйымы ересектерге де, балаларға да ұлттық салт-дəстүрлері мен ана тілін қастерлеудің жан-жақты əдістерін қолданады. Осыған орай поляк тілін үйрететін сыныптар ашылып, түрлі оқу конкурстары, көркемөнерпаздар қойылымдары ұйымдастырылады. Бірқатар мектеп түлектері тарихи отанындағы жоғары оқу орындарында жеңілдік негізінде білім алады. Қоғам жанынан құрылған вокалдық топтың репертуарында қазақ, украин, орыс əндері молынан кездеседі. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, журналист.

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы.


4

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

 Отбасы – Отанның ошағы

Шуаєы мол шаѕыраќ

«Жақсыда жаттық жоқ», «Өзі жақсы кісіге бір адамдық орын бар» деп қазақы қасиет қонған қара шалдарымыз тегін айтпаса керек. Осы бір мəйекті сөз алыстағы Алматы облысы Ұйғыр ауданында туыпөскенімен, қазір барлық бітімболмысымен, жүріс-тұрысымен ақтөбелік болып кеткен «Қазақстанның 30 жылдығы» ЖШС директоры Тілепжан Ибрагимовке бағышталып айтылған сияқты болады да тұрады. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ол өзі Алматы облысындағы Кетпен ауылында кіндік қаны тамған азамат. Алматы мал дəрігерлік-зооветеринарлық институтын бітіргеннен кейін 1980 жылы жолдамамен Қобда ауданының сол кездегі «Қазақ КСР-нің 30 жылдығы» ұжымшарына мал дəрігері болып келгеннен бері осы жерден табан аударған емес. Еңбек жолын тауарлысүт фермасының мал дəрігерлігінен бастады. Шаруашылықтың бас мал дəрігері болып он жыл еңбек етті. Ауыл шаруашылығы жаппай жекешелендіріліп, бас-басына шаруа қожалығын құрып, «Ортақ өгізден – оңаша бұзауым» дегендей бөлектене бастағанда, калиновкалықтар «екі тізгін, бір шылбырды» өзіне сеніп ұстатқанын ол үлкен сенім деп түсінді. Қазір осы шаруашылықты басқарғанына тура 23 жылдың жүзі болды. – Кеңестік кезеңде жолдамамен келген жеріңде еңбек ету бұлжымас заң болатын. Оның үстіне маған келген бойда ұжымшардың бас мал дəрігері Үргенішбай Рысқұлов пен Аман Киманов сияқты асыл азаматтар жолықты. Мұндағылар жылы шыраймен қарсы алды, жол сілтеді. Олардың келе-келе нағыз достарыма айналарын ол кезде білген жоқпын. Үргенішбайдың анасы өз шешемнен кем болған емес. Бастапқыда он күндей Үргенішбайдың үйінде тұрдық. Ұжымшардың қым-қуыт тірлігімен өмір көші ілгері тарта берді. Менің осы жерде білікті басшы, азамат болып қалыптасуымда жерлестерімнің үлкен үлесі бар десем артық айтқандық болмас. Менің барлық жемісті жылдарым мен қуанышты кезеңдерім осында өтті. Марқұм əкем Зайнедин де келген сайын маған деген ауылдастарымның ықыласын көріп, риза болып аттанатын. Ол кісі есепқисап жағында еңбек еткен, адалдығымен, азаматтығымен ауылға беделді болатын. Анам Партиям мұғалім болды. Олар үнемі адалдыққа тəрбиелеп, еңбекқорлыққа баулып

отыратын. Отбасында бес бала өстік. Бəріміз де өмірден өз орнымызды таптық. Қара шаңырақты інім Сапар ұстап отыр. Елге барғанда бірден сонда түсеміз, ата-анамызға құран бағыштаймыз. Бұл бұлжымайтын дағды, –дейді Тілепжан Зайнединұлы. Ол шаруашылықта еңбек еткен жылдары ұжымшарда ірі қараның өзі 4 мыңға жуық болды, 45 мың гектар егіншілікке жарамды жердің 30 мың гектарына егіс салды. Шаруашылық ауданды былай қойғанда, облыста алдыңғы қатарда болды. Мал санын өз төлі есебінен көбейтуге, мал ауруларының алдын алуға ол да көп еңбек сіңірді. Кейін өндірістік кооператив, серіктестікке айналғанда да барынша ауыл тұрғындарының жағдайын жасауға көңіл бөлді. Көптеген əлеуметтік нысандарды шаруашылықтың күшімен ұстап тұрды. Мəдениет үйін аудандық мəдениет бөліміне тегін аударып берді. Ұжымшар кеңсесін балалар бақшасына ыңғайластырып жөндеді. Су құбырын коммуналдық шаруашылық мекемесіне тапсырды. Сол бір күрделі кезеңде осылардың бəрін жұмыс істетіп, ұстап тұру оңайға түспейтін. Алайда, осы жерде еңбек жолын бастаған ол əлдекімдердей қиын кезде сырт айналмады, не көрсе де ауылдастарымен бірге көрді. – Қазір серіктестікте 65 адам еңбек етеді. Төртінші жыл қатарынан болған қуаңшылықтан егін тағы да күйіп кетті. Мал азығын дайындап, азды-көпті малды өсіріп отырмыз. Алда мал шаруашылығына басымдық беру көзделуде. Мал азығындық дақылдар егуді қолға алмақпыз. Қалай болғанда да тұйықтан шығудың жолын

 Өңір өмірі

табамыз – дейді ол соңғы жылдардағы табиғаттың қытымырлығына орай ойын сабақтап. Адам қашанда еңбегімен еленеді, азаматтығымен бедел жинайды. Біз əңгімелеп отырған Тілепжан Ибрагимов осындай ұстанымның адамы. Осы жылдарда «Құрмет» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды, екінші рет облыстық мəслихат депутаттығына сайланды. Ауылда əлі де оннан астам ұлттың өкілдері өзара тығыз достық рəуіште тұрып жатыр. Ауылдастарымен біте қайнасып, бауыр басып кеткендіктен болар, ол осы арадан ірге көтергісі жоқ. Сыртқа шыға қалса да ауылға жеткенше асығады. Мұндағы тірліктің бəрі ыстық оған. Ыстық болмағанда ше, жолдасы Гүлзарам екеуі қол ұстасып келіп, думанды шаңырақ болды. Гүлзарам ұйғыр қызы, ағылшын тілі пəнінің мұғалімі. Өз мамандығы бойынша ауылда жұмыс істейді, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі ретінде əріптестеріне сыйлы, жастарға өнегелі жан. Гүлзарам пісірген ұйғырдың лағман, сұйық аш, манты сияқты ұлттық тағамдарының дəмін татқан да арманда, татпаған да арманда дейді ауылдастары. Ұйғыр келіннің жəне бір сүйікті ісі гүл өсіру. Жазда ауланы гүлге көмкерсе, қыста мектептің бөлмелерін жайнатып қояды. Баубақша өсіруге де уақыт табады. Ауладан мал өріп, дастарқанда ет-сүт, қаймақ-май арылмаса, ол да Гүлзарамның пысықтығы. Ел қатарлы мал ұстап, дастарқанның берекетін келтіру отанасының міндеті екенін ол да түсінеді. Сондықтан ерте тұрып, кеш жатып, ерінің сырттың шаруасымен еркін

айналысуына жағдай жасауды міндетті іс көретіні де шаңырақтағы ынтымақтан тамыр тартатыны сөзсіз. Олар отбасында үш бала тəрбиелеп өсірді. Барлығы да осы өздері тұратын Калиновка ауылында туып-өсті, осында оқыды. Ер балалардың тілі қазақша шықса, қызы украин тілінде былдырлады. Барлығы да осындағы орта мектепті бітірді. Үлкен баласы Азиз ҚР Еңбек жəне əлеуметтік қорғау министрлігінде бас сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты, ұйғыр, қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін біледі. Екінші ұлы Фариз Алға аудандық прокурорының орынбасары, қызы Наргиз ағылшын тілінің маманы. Олар да үш тілде еркін сөйлейді. Тілепжан мен Гүлзарам бауыр еті балаларынан бес немере көріп отыр. Отбасында ұйғырдың салт-дəстүрін берік ұстанады. Қазақы əдет-ғұрыпқа да жетік. Жұма сайын шелпек пісіру, Наурызда ауылдастарына наурыз көже ұсыну ешқашан ұмыт қалмайды. Тіпті біз елге барғанда ұйғырларда жоқ тұсаукесу сияқты кейбір қазақы дəстүрлерді қандастарымызға үйретіп жүрміз деп күледі Тілепжан дос. Қалың ұйғыр мекендеген топырақтан алыста жүрсе де аздаған ұйғыр ұлтының өкілдерінің басын құрып, «Назгум» ұйғыр этно-мəдени бірлестігін құруға мұрындық болған да осы Тілепжан екен. – Біз бұрындары осындағы ұйғыр ұлтының өкілдері ара-тұра кездесіп тұратынбыз. Сондай бір кездесулерде неге тұрақты кездесіп тұрмасқа деген ой келді. Ондағы ойымыз өз халқымыздың салтдəстүрін, əдет-ғұрпын насихаттай отырып, ортақ отанымыздағы татулық пен бірлікті нығайтуға өзіндік үлесімізді қосу болды. Сөйтіп, осыдан жеті жыл бұрын бірлестікті тіркетіп, жұмысын бастап кеттік. Ұйымдастыру жұмысының басы-қасында өзім жүрдім. Қазір облыс орталығындағы Достық үйінің шаңырағы астында топтасқан он сегіз этно-мəдени бірлестігінің бірі ретінде қалыптасып, жұмыс істеп жатырмыз. Осында өткізілетін барлық мəдени шараларға атсалысамыз, – дейді білікті басшы, өнегелі отбасының отағасы Тілепжан Ибрагимов. Қазір Ибрагимовтардың шуағы мол шаңырағы ауылда ғана емес, облысқа белгілі өнегелі отбасы. Қобда топырағына қол ұстасып жолдамамен келген Тілепжан мен Гүлзарам қазір өздері кейінгілерге жол көрсететіндей биіктерді бағындырған бақытты жандар. Бұған олар адами асыл қасиеттерімен, ерінбейтін еңбекқорлығымен жеткенін ауылдастары ауыздарынан тастамайды. Ал, олар үшін ауылдастарының құрметінен асқан баға жоқ екені айтпаса да түсінікті. Ақтөбе облысы, Қобда ауданы.

 Кəсібің – нəсібің

Еѕбек. Бəрін де жеѕбек! Елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды бағдарламалар бар. Шаруа адамы бүгінде «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының игілігін сезіне бастады.

Аќсаќалдармен аќылдасып отырады Əрқашан аталы сөз айтып, туыстықты, бірлікті, елдікті сақтауды уағыздайтын ақсақалдар тек отбасының ғана емес, барша жұрттың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылығына ізгі ықпалын тигізеді. Ақсақал айтқан аталы сөз ешқашан аяққа басылмаған. Өмірлік тəжірибесі мол, данагөй ақсақалдармен басшылар да ақылдасып отырады. Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде Жамбыл облысында 278 Ұлы Отан соғысының ардагері, 14 соғыс жесірі, 7500ден астам тыл еңбеккері бар. Қайбір күні Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев аймақтағы ақсақалдардың бірқатарымен арнайы кездесіп, қариялармен ашықжарқын əңгіме қылды. Бейнетінің зейнетін көріп, құрметті демалыста жүрсе де қариялардың көбісі əлі еңбектен қол үзбеген екен. Мысалға, бір ғана Байзақ ауданында 700-ден астам ардагер егін егіп, 30-ға жуық ардагер тікелей шаруа қожалықтарына басшылық етеді. Соңғы жылдары облыста Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арналып 173 ескерткіш тұрғызылған. Сондай-ақ, соңғы бес жылда 77 соғыс ардагеріне тұрғын үй берілді. Енді міне, Жеңістің 70 жылдығына байланысты өтетін ісшараларға облыс қоржынынан 170 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қариялармен ашық əңгімедүкен құрған облыс əкімі К.Көкірекбаев соғыс жəне еңбек ардагерлерінің қоғамдағы рөлі мен беделін көтеру, тұрмыс жағдайын жақсарту басты назарда болатынын жеткізді. Соның айғағы ретінде Тараз қаласының қақ төрінен облыстық Ардагерлер үйінің құрылысы бас талғанын айта кетуге болады. Құрылысы келесі жылы аяқталатын бұл ғимаратта аймақ ардагерлері бас қосып, ой бөлісіп, шер тарқатып, сергіп, демалып қайтады. Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасына қариялардың шипажайларға баруы үшін тегін жолдамаларды көбірек беруді тапсырды. «Қариясын сыйлаған ел азбайды» деген, облыс басшылығының бұл қамқорлығына, ашық-жарқын əңгімесіне ардагерлер дəн риза болып тарқасты. Жамбыл облысы.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Өткен жылы қабылданған салалық бағдарлама агроөнеркəсіп кешені нысандарының бəсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталып отыр. Бағдарламаның мақ саты мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін арттыру, осы сала тауар өндірушілерін мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру, cондай-ақ, қой жəне жылқы өсіруді қолдау, мал санын көбейту мен олардың өнімділігін арттыру болып табылады. Осыған орай «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы қой шаруашылығын несиелеу мақсатында «Алтын асық» бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Несие жылдық 14 пайыз өсіммен саулық жəне қошқар сатып алуға (7 пайызға дейін мемлекет есебінен субсидияланады), сондай-ақ, негізгі құралдарды жөндеу мен сатып алуға, айналым қаржысын толықтыруға беріледі. Корпорация қой өсіруді несиелеу жобасы аясында қазірдің өзінде Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтарынан 31 мың саулық сатып алуға өтініш берген жалпы құны 800 миллион теңгеден асатын 193 жобаны мақұлдаған. Бүгінгі таңға 159 ауылшаруашылық тауар өндірушілері жалпы сомасы 680

миллион теңгеге 25 мыңнан астам қой сатып алған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Мəлік Бекжановтың айтуынша, корпорация несиелендіретін «Алтын асық» бағдарламасына қатысуға аймақтағы 10 шаруашылық тілек білдірген. Қазірдің өзінде 600 қой сатып алуға ниет танытқан екі шаруашылықтың бірі құжаттарын толық өткізіп, ұсақ мүйізді мал сатып алған. Облыста алғашқылардың бірі болып, «Алтын асық» бағдарламасынан өз үлесін алған Мəртөк ауданындағы «Жеміс» шаруа қожалығы. Бүгінде қожалық басшысы Берік Оспанов алған несие сомасына 300 саулық пен 20 қошқар сатып алыпты. «Жақсыны көрмек үшін» дегендей, шаруа қожалығымен танысуды біз де жөн санадық. «Жеміс» шаруа қожалығының малы Бұтақ өзенінің саласындағы бұлақ басында отыр екен. Шаруаға жайлы шұрайлы жер екені бір көргеннен-ақ аңғарылады. Биік қырдың етегінде судың бойында жатқан сиырлар мен бір отар қой дала келбетін көріктендіре түскендей. Бізді шаруа қожалығының жетекшісі Берік Оспановтың өзі қарсы алды. Айтуынша, Родниковка ауылында орналасқан шаруа қожалығының негізі 2003 жылы қаланған. Алғашқыда азын-аулақ мал ұстаған ол келе-келе мал санын көбейткен. Соңғы жылдары қой өсіруге ден қойған. Бастапқыдағы 20 қой қазір бір отарға жеткен.

Бұл əрине, шаруа адамы үшін өте-мөте тиімді «Алтын асық» бағдарламасының арқасы екені сөзсіз, дейді ол. – Мен былтыр «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, ірі қара сатып алғанмын. Биыл қойдың санын көбейтуді ойлап, несие алу қамына кірістім. Менің бағыма «Алтын асық» бағдарламасы дөп келе қалды. Бағдарлама жүзеге асырылады дегенді естігеннен кейін одан үміттеніп жүрдім. Үмітім ақталды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың осы бағдарламасы бойынша 8 миллион теңге несиеге қол жеткіздім. Бұл шаруа адамының бағын ашатын бағдарлама екеніне сенімдімін. 14 пайызбен берілетін несие қаржысының 7 пайызы мемлекет есебінен субсидияланады. Шаруа адамына мұндай жеңілдік көп көмек екені сөзсіз. Жалпы болашақта қой санын бұдан да көбейту ойымда бар, – дейді «Жеміс» шаруа қожалығының жетекшісі Берік Мəдиұлы бізбен əңгімесінде. Жайлау төсінде болған азғантай уақытта оның отарындағы қойдың санын көбейтуге жол ашқан «Алтын асық» бағдарламасына деген ризалығын айқын аңғардық. «Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір» дегендей, бұл бағдарлама атакəсібіміздің бəсін арттыра түсері сөзсіз. Ертең-ақ осы бағдарлама несиесімен мал сатып алған талай ауылдықтың тұрмысы түзеліп, жағдайы жақсара түседі деп ойлаймыз. Араға жыл салып оралғанда мына жайлауды маңыраған қозының даусы кернеп, төскей төлге толатынына сенімді шаруа адамының ой-жоспарының жүзеге асуына алғышарт жасап отырған «Алтын асық» бағдарламасы игілігін өзгелердің именбей пайдалануына болатынына үлгі осы шаруа қожалығының бастамасы дегіміз келеді. Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы. ––––––––––––

Суретте: «Жеміс» шаруа қожалығының жетекшісі Берік ОСПАНОВ.

Чикаго қаласының 100 жылдығы құрметіне арналған Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі қатарынан екі жылға созылды. Адамзаттың қол жеткізген технологиялық инновацияларына арналған бұл халықаралық ауқымды шараның басты ұраны – «Ғылыми ізденістер мен өнеркəсіптік жетістіктер – адамға қызмет көрсету үшін» деп аталды.

Кґрме жалауы ќатарынан екі жыл желбіреді ЭКСПО шежіресі: Чикаго, 1933 жыл.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Америка «ұлы күйзелістен» күйреп, бүкіл əлем экономикасы жаһандық дағдарыстан тұралап жатқан болатын. Экономиканы жандандыру мақсатында адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы барлық мүмкіндіктерді жасап, жан-жақты ізденістерді өндіріске енгізіп жатты. Міне, нақ осындай кезде «ұлы күйзелістен» енді ғана ес жия бастаған АҚШ жаһандық жетістіктер көрмесін өткізуді қолға алды. АҚШ президенті Герберт Кларк Гувер бүкіл əлемге жар салып, барлық мемлекеттерді Чикаго қаласында өтетін өнеркəсіптік көрмеге қатысуға шақырды. «Ғасыр жетістіктері» деген бүркеншік атпен ұйымдастырылған бұл Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы 1933 жылдың 27 мамырында салтанатты түрде көтерілді. Көрмеге əлемнің 40 мемлекетінің өкілдері қатысты. АҚШ үкіметі мен Чикаго қала сының басшылығы көрмені мүмкіндігінше кең көлемде өткізіп, əлем назарын барынша аудару мақсатында қолдан келгеннің бəрін жасап бақты. Бұл ретте көрмені ұйымдастырушылар оның ашылу салтанатының айрықша əсерлі өтуіне мүдделі болды. Көрме жалауы салтанатты түрде көтерілгеннен кейін қала көшелерінде мерекелік карнавалдар шеруі басталды. Мерекелік шерулер түн ортасына дейін созылды. Нақ осы уақытта көрме қалашығында арнайы жабдықталған мың сан электр шамдары заңғар көкте жарқыраған Арктур жұлдызынан от алып, бір сəтте барлығы бірдей жарқ ете түсті. Мерекелік шеруге қатысушылар кенеттен болған бұл отшашулардан алғашқыда сескеніп қалған еді. Бірақ көрме қалашығын күндізгідей жарық қылған мерекелік отшашулардың салтанатты шуағы көпшілікті бірден баурап алып, олардың мерекелік көңілдерін одан əрі шаттандыра түсті. Шын мəнінде көрмені ұйымдастырушылар сəтті ойлап тапқан бұл көрініс ерекше еді. Көрменің ашылу салтанатын тамашалаушы мыңдаған адам осы бір айрықша отшашудан алған əсерлерін ұзақ уақыт ұмыта алмайтындай сезімде болды. Көрме қалашығы Мичиган көлінің ұзына бойына созылған саябақта қоныс тепкен еді. Осы жерде көрме қалашығына арнайы бөлінген 170 гектар жер телімінде архитектуралық сəулеті бірін-бірі қайталамайтын 7 ұлттық павильон, 3 мемлекеттік жəне аймақтық павильон, 8 тақырыптық жəне 11 компаниялардың павильондары бой көтерді. Көрме қала шығындағы ғимараттар мен жəдігерлік қондырғылар əртүрлі түске боялып, көрме қалашығында «кемпірқосақ» бояулары салтанат құрғандай əсер берді. Көрме қалашығындағы архитектуралық көріністерде негізінен модерн бағыты басымдық алды. Бұл жаһандық жетістіктер көрмесінде автомобиль өнеркəсібі өндірісінің жетістіктері жəне түнгі клубтар жұмыс істейтін павильондар көрмені тамашалаушылардың ерекше қызығушылығын туғызды. Мəселен, кезекті павильондағы «Ескі Марокка» атты түнгі клубтың бағдарламасы көпшілікті ерекше əсерге бөледі. Бұл түнгі клуб сахнасында болашақ əлемдік өнер жұлдыздары Джуди Гарленд, апалысіңлілі Эндрюстердің вокальдық үштігі өнер көрсетті. Сонымен бірге, бұл сахнадан талантты əртістердің орындауындағы Чикаго қаласының əр жылдардағы оқиғаларын бейнелейтін көріністер сыр шертті. Сонымен бірге, түнгі клубтардың сахналарында көрермендердің үрейін туғызатын небір қорқынышты көріністер, 60 ергежейлі əртістің орындауындағы «Ергежейлілер қаласы» қойылымы көрсетілді.

Халықаралық көрмедегі тағы бір ерекше оқиға, 1933 жылдың 26 қазанында мұнда немістің ерекше танымал «Граф Цеппелин» атты дирижаблінің келуі болды. Алып дирижабль көрмеге келуші дүйім жұртты таңғалдырып бірнеше сағат бойы Мичиган көлінің үстінде қалықтап тұрып алды. Содан кейін «Граф Цеппелин» дирижаблінің командирі Уго Экконер 776 пұт салмағы бар əуе кораблін көрме қалашығының жанындағы Куртиз Райт əуежайына қондырды. Бүкілəлемдік көрме шеңберінде паш етілген өндірістік жетістіктердің ішінде америкалық автомобиль өнеркəсібінің жетістіктері төрткүл дүниенің төрт бұрышынан көрмеге келушілерді ерекше қызықтырды. Əсіресе, «Кадиллак V-16» автомобилінің үлгісі мамандарды барынша тəнті етті. Сондай-ақ, «Пирс эрроу» компаниясының Pierce Silver Arrow (Серебренная стрела) атты автомобиль маркасы əлемдік автомобиль өндірісінің мамандары мен қожайындарын шынымен-ақ таңдандырған еді. Бұл автокөліктің өзгеге ұқсамас дизайны əлі күнге дейін өзінің ерекшелігін сақтап қалды. Кейіннен америкалық автомобиль компаниясы конвейерден бұл автомобильдің 5 данасын ғана шығарды. Сол кезеңдегі баға бойынша ол өте қымбат – 10 мың долларға бағаланды. Қазіргі күнде бұл автомобильдің үшеуі ғана сақталған. 1933-1934 жылдары өткен Чикаго Бүкілəлемдік көрмесі шеңберінде сол уақытқа дейін өндіріс саласында адамзат ақыл-ойының жеткен жетістіктерінің небір тамаша үлгілері паш етілді. Мəселен, 1934 жылдың мамыр айында көрме жетістіктері аясында «Тынық мұхиты темір жолы» бірлестігі алғаш рет өзінің жоғары аэродинамикалық пойызы «М-10000» маркасын сынақтан өткізді. Ал «Бурлингтон Ру» концерні өзінің атақты «Зефир» пойызын алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынып, рекордтық уақыт ішінде Денверден Чикагоға дейінгі аралықты жүріп өтті. Көрме аясында көпшіліктің назарына ұсынылған осы екі инновациялық жетістіктің өзі-ақ өнеркəсіптік-өнертапқыштық дəуірдің басталғанын паш етті. Алғашқыда 1933 жылдың 27 мамырында жалауы көтерілген Чикаго халықаралық көрмесін сол жылдың қараша айында салтанатты түрде жабу шарасы жоспарланған болатын. Алайда, Бүкілəлемдік көрме шеңберінде белгіленген оқиғалардың сəтті жалғасқандығы соншалық, көрмені жабу мерзімі белгіленген күнде шаралар ауқымы тіпті көбейіп кетті. Сөйтіп, халықаралық ауқымдағы бір шараны өткізіп, екінші бір əлемдік жетістікті көрме шаралары шеңберінде көпшілік талқысына ұсынғанша, келесі жылдың ортасы болып қалды. Ұзақ кеңесе келіп, көрмені ұйымдастырушылар табысты да сəтті жалғасын тапқан халықаралық маңызы зор шараны 1934 жылдың 31 қазанына дейін жалғастыруға шешім қабылдады. Америка құрлығында бұрынсоңды өткізілген көрмелер тарихында 1933-1934 жылдары өткен Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесі өзін-өзі толық ақтаған, өте табысты көрме болды. «Ұлы күйзелістен» енді ғана шыққан АҚШ экономикасы үшін көрменің осыншалықты табысты өтуі өңір экономикасына ерекше серпін берді. Екі жылға созылған көрме шаралары алғашқы жылдың өзінде 800 мың доллар табыс əкелді. Екі жыл ішінде Чикаго Бүкілəлемдік көрмесін 48 миллионнан астам адам тамашалады. Көрме қорытындысында қонақтардың жазған лебіздері томтом кітаптарды құрады. Бүкілəлемдік көрмелер шежіресінде 1933-1934 жылдардағы Чикаго көрмесі өзінің мазмұны мен ұйымдастырушылық сапасы жағынан айтулы шаралардың қатарына қосылды.


1942 жылдың ақпан айы. Түкірігің жерге түспейтін аяз. Бауыржан Момышұлы басқарған полк бір түннің ішінде алты қыстақты немістерден тартып алды. Соғыс тарихында бір бекіністің қолдан-қолға бірнеше рет көшетіні қайталанатын жайт. Мұны білетін Баукең қорғанысты күшейтуді ойластырды. Неге десеңіз, бұлар үшін де əлгі қыстақтардың маңызы күшті болатын. Тоғыз жолдың торабы еді ол. Қыстақтардан немістерді қуып шыққанымен олардың бірнеше полктен тұратын күші тосқауылда тұрған.

найзаны көлденең ұстаған майдандас туысқан досыңыз, ағадан үлгі алатын ініңізбіз. Жалғыз біз ғана Сізді қадірлеп мақтан етпейміз. Сіздің халқыңыз қазақ, ұлан-байтақ еліңіз қадірлеп мақтанып, аңыз етеді. Күш-қуатыңыз таси беруіне, Ел– анаңыз алдында абыройыңыз артып, мерейіңіз үстем бола беруіне, деніңіз сау болып, жауды жаныштап жеңіп аман-есен болуыңызға шын көңілден тілектеспін. Ұлы сыйлық алғаныңызға алақайлап қуанушы, Сізді қадірлеуші ініңіз Мəлік, 06.07.1942 ж.».

...1956 жылы көктемде Бауыржан Момышұлы отставкаға шығады да біржола Алматыға келеді. Баукеңе сəлем бере келушілер көп болады. Есікте дамыл жоқ. Жамал апайдың қазаны да оттан түспейді. Осы жайларды Баукеңнің үйінде тұрып көзімен көрген Кəкімжан Қазыбаев былайша жазады: «Гвардия жауынгерлерінің, командирлерінің келісі бөлек. Олар есіктен кіре, шекелеріне қолдарын қойып: – Жолдас гвардия полковнигі, Сізге сəлем бере келген... деп алдымен əскерше амандасады да,

Бауыржан мен Мəлік немесе ќан майданда шыѕдалєан достыќ Қас қағым сəт. Түнімен жол жүрген, 4 сағат бойы қырғын соғыс, Баукең кірпіктерін айқастыра бастаған-ды. Кенет бытырлай атылған автомат, пулемет дауыстары естіліп, маңайға шып-шып етіп оқтар жауа бастады. Апырай, қапыда қалмасақ жарар еді. Күзетшілер жаудың келіп қалғанын қалай байқамады екен, деп ілгері жаққа көз жіберген Баукең қарсы шабуылға шыққан қарақұрым жау тобын көріп қалды. Ұшып тұрып команда берейін десе, бораған оқ бас көтертер емес. Жанындағы батальон комиссары Гусев ауыр жараланып, құлап түсті. Баукең оның аузынан қан кетіп жатқанын көріп, басын сүйеймін деп еді комиссар: – Маған қарама, соғысты басқара бер, қымбаттым, – деді əрең-əрең сөйлеп. Кенет оның қырағы көзі үйлерді тасалай, бұқпантайлай жүгіріп келе жатқан кісіге түсті. Тани кетті. Мəлік екен, жүрегі жылып, бойына ыстық қан жүгіргендей болды. Қайдан шыққаны да белгісіз. Ешнəрсеге қарар емес. Құстай ұшып, бұйрық беріп барады. Оның дауысы шығуы мұң екен, оң жақтағы күртік окоптардан əуелі біреу, одан кейін бесалты, ал олардың соңынан тұтас автоматшылар ротасы дүркірей көтерілсін кеп. «Уралаған» топ біздің əскерлер шебіне жақындап келіп қалған немістерді оқты қарша бората қарсы алды. Таң алдындағы осы қанды шайқасты тілмен айтып жеткізу қиынның қиыны еді. Өліспей беріспейтін екі жақ та əпсəтте араласты да кетті. Бұл кезеңді пайдаланған кейінгі жауынгерлер де ес жиып, алға ұмтылған еді. Атылған мылтық, қоян-қолтық алысқан жауынгерлер, айқай-шу, ыңырана құлап түсіп жатқан адамдар... Немістер қолма-қол айқасқа шыдай алмай өлгені өліп, тірі қалғандары кейін шегіне қашқанда таң да əбден ағарып атқан еді. Алты қыстақ та бұлардың қолында. Өрекпіген жаудың бетін қайтарған жауынгерлер өздерінің бекіністеріне қайтып жатыр. Осы қанды қырғынды жаралы күйінде өз көзімен көріп жатқан батальон комиссары Гусев əрең-əрең сөйлеп: – Ғабдуллин жарады, полкты сақтап қалды. Ғабдуллинді батырлыққа ұсыну керек деп бірнеше қайталады. Інісі Мəліктің дəл осы жолы қайталанбас ерліктің үлгісін көрсеткенін Баукеңнің өзі де біліп, көзі көріп тұрды.– Жау жаналқымнан алып, оқыстан тигенде Мəлік болмағанда, – дейді ол. Тірі ме екен өзі... Жігіт болса осындай болсын. Оның бастағанына еріп, жауға қарсы алғаш жалғыз өзі атылған сұңқар кім екен? Баукең адъютантын осы деректерді біліп келуге жұмсады. Ол жүгіріп кетісімен қыстақ бойындағы көшелердің бойымен ақырын аяңдап келе жатқан Мəлік көрінді. Жас сұңқар аяғын əзер-əзер басып, ілбіп келеді. Бірақ, жүзінде жылылық, қуаныш, тіпті күлкі

нышаны байқалатын сияқты. – Қалай тірі қалғансың, – деді Баукең інісінің алба-жұлба үстін көріп. – Құдай білсін, – деп ол екі иығын қушитады. – Немістерге қарсы алғаш атылғандар кімдер? – Біздің ротаның жігіттері ғой. Топты бастаған Төлеген Тоқтаров деген батыр. Міне, бұл Баукең мен Мəлік ағайдың неміс басқыншыларына қарсы қоян-қолтық соғысының бір көрінісі. Олар мұндай қанды шайқастың талайын басынан өткізді. Екі ер бір-бірінің батырлығына қатты сүйсінді, риза болысты. Оны Мəлік аға батыр атағын алғанда Баукеңнің: Ел күйзелген кезінде, Ерлік еткен, бауырым. Жау жағадан алғанда, Батырлық еткен, бауырым. Құтты болсын айтамын, Шын жүректен Мəлігім, – деп тебірене білдірген лебізінен айқын аңғарамыз. Ал, Мəлік аға болса, Баукең 1942 жылы бір шайқаста үлкен ерлік көрсетіп, Жауынгерлік Қызыл Ту орденін алғанда мынандай хат жазған екен. Оны майданда бірге болған қанды көйлек жолдастары Құрманбек Сағындықов өз естелігінде былай жазады. «Кешкі ас аяқтала бергенде адъютант Бауыржанға пакет əкеп тапсырды. Ол хатты ашып оқып болды да маған ұсынды. Бұл Мəліктің хаты екен, мазмұны дəл мынадай: «Қымбатты, Бауыржан аға! Қас жаумен қаһарлана соғысуда батырлық пен ерліктің, айбат пен əлдің, қайрат пен табандылықтың үлгісін көрсеткеніңіз үшін ел алдында еңбегіңіз бағаланып, үкіметтен наградқа айбынды Қызыл Ту орденін алғаныңызды құттықтап, шын жүректен қайырлы болсын айтамын. Сіз ержүрек батырсыз, ақыл мен айбаттың сарқылып бітпес қазынасысыз. Біз Сіздің көк

Мен оқып бола бергенде Бауыржан: Құрымағыр, өте мақтап жіберіпті-ау, – деп қызара күлді. – Ол да өзіңдей батыр ғой, батырды батыр мақтаса біліп мақтайды, – дедім мен. Осыдан кейін Құрманбек Сағындықов ағай естелігін былай аяқтайды. «Келгелі бері Мəлікпен үш рет кездестім. Бауыржанның бойындағы қасиеттер мұнда да бар. Сондай өткір, əрі кішіпейіл. Мəлік гвардияшылардың еткен ерлік істерін салалай көз алдымнан өткізді. – Енді өз басыңнан кешіргендеріңді айтшы, – деп өтіндім Мəлікке. – Əй, айтатын не бар, сол көптің бірі болып біз де жүрдік те деп, – бұлтарды Мəлік. – Неге, батыр көп болғанымен əр батырдың аты-жөні бар. Бауыржан екеуіңді бүкіл халық біледі, ол тегін нəрсе емес, – дедім мен. – Бауыржанның жөні басқа ғой, оның алдында біз бүйтіп тұрамыз, – деп фуражкасын алып, оң қолын кеудесіне тосып, басын иді. Бауыржаннан да Мəлік туралы: «Ақылды батыр, білгір жігіт», – деп сүйсіне сөз қылғанын талай естідім. Міне, біздің заманымыздың батырларының біріне-бірі берген бағасы, сүйіспендігі осындай. Халқымыздың аса əрі тұлғалы қос батыры бойларындағы асыл қасиеттерін осылай бағалаған. Жазудан, сипаттаудан танбаған. Мəлік аға 1943 жылы соғыста жүргенде Бауыржан туралы былай жазған екен. «Тылдағы кейбір жолдастар Бауыржанды долбарлы қара күштің, қолма-қол ұрыс, айғайдың иесі деп бағалайтын сияқты. Бұл қате. Бауыржанға берілген теріс баға. Ең алдымен Бауыржан ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир».

Бес ел сарбаздарыныѕ сынаєы Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында «Өзара іс-қимыл – 2014» əскери оқужат тығуы басталды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше бес елдің Ресей Федерациясының, Беларусь Респуб ли ка сының, Қазақстанның, Қырғызстанның жəне Тəжікстанның жедел əрекет ететін ұжымдық күштерінің (ЖƏҰК) кезекті кешенді жаттығуының салтанатты ашылуына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары, генерал-полковник Валерий Семериков, Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-полковник Сəкен Жасұзақов,

5

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы, генерал-лейтенант Александр Студеникин қатысты. Оқу-жаттығуға басшылық жасаушы, еліміздің Құрылық əскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев рапорт беруінен кейін сарбаздар сап түзеп өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мəлім етілгендей шараның мақсаты ҰҚШҰ жедел əрекет ететін күштерін басқару органдарының əскери əрекетке дайындығы мен əскерлерді басқарудағы бірлескен іс-қимылын жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, жаттығу барысында ЖƏҰК əскери контингенттері мен құрылымдары арнаулы бөлімдерінің іс-қимылын

үйлестіру, бірінші рет ақпараттық қарсы күрес жəне психологиялық күрес, дербес ақпараттық жүйенің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері пысықталатын болады. Бес ел сарбаздарының сынағына 3 мың əскери қызметші, 200-ге тарта əскери жəне арнаулы техника, 30 ұшақ пен тікқұшақ қатысуда. Олардың құрамына Ресей əуе десанты əскері бөлімдері, ҚР аэроұтқыр əскерінің бригадасы, БР арнаулы операциялар күштерінің ұтқыр бригадасы, Қырғызстан Қарулы күштерінің арнаулы бөлімі, Тəжікстанның десант ротасы қамтылған. Оқу-жаттығулар 4 күнге созылады. Қарағанды облысы.

артынан құшақтасады. Бір күні Мəлік Ғабдуллин келді. Ол да қаруластарының əдетінше қолын шекесіне қоя бергенде Баукең: – Əй, Мəлік, осы сірестіре аман дасуға тойдық қой, келші, бауырларша бір құшақтасайық, – деп екі қолын қыранша кең жазып жіберді. Екі батыр құшақтарын жаза алмай, бір-біріне жабысқан күйі ұзақ тұрды. Сағыныштың желімі оларды тіпті жіберер емес. Ас үйден шыға келген Жамал апай мынау көрініске тебіренгені сонша, көзіне жас алды. «Қанды көйлек бауырлар ғой. Тірі қалғандары қазақ халқына қандай «олжа болған» деп тұрған сияқты. Қос батырдың осылайша амандасуы да көп жағдайларды аңғартса керек. ...1973 жылдың 2 қаңтарында Мəлік аға кенеттен дүние салды деп қаралы хабар естігенде Көкшетаудан шыққан жерлестермен бірге мен де Алматыға ұшып бардым. Мəкең шаңырағына кіріпшығып жатқан халықта есеп жоқ. Бір кезде екі жағынан екі адам қолтықтаған бір шал кірді үйге. Ұзын бойлы, ат жақты, едірейген мұрты бар. Үстіне шапан, басына тымақ киген. Ол кірген бетте Мəкеңнің қызы Майданды көріп, кең құшағына алды да еңкілдеп ал жыласын кеп. Бүкіл денесі селкілдеп ұзақ жылады. Содан кейін Майданның маңдайынан иіскеді. Жеңгейдің бөлмесіне барып, оны да құшақтап көрісті. Біраз уақыттан кейін əлгі кісі дəлізге шықты. Біздің жанымызда бір милиция полковнигі тұрғанды. Соған бұрылды да кім екенін сұрады. Оны білгеннен кейін: «Отставкадағы гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы», – деп өзін таныстырды. Біз селк ете қалдық. Баукеңді танымағанымызға ұялдық, əрі қысылдық. Ол кісіні мұндай жағдайда көреміз деп кім ойлапты. Оның үстіне біз өзіміз де күйзеліп жəне келіп жатқан кісілердің көптігінен бе аса назар аудара қоймасақ керек.

– Əй, жігіттер, – деп гүж ете қалды Баукең. – Мен аяғымды əзер басып тұрмын. Белім ауырады ғой. Қолтықтап машинаға жеткізіп салсаңдаршы, – дегенде бəріміз Баукеңе тұра-тұра жүгірістік. Қайран Баукем-ай десеңші, ауырып төсек тартып жатса да інісі Мəлік дүниеден өтті деп хабар естігенде жата алмапты ғой... Осы қаралы хабар жеткенде ол: «Кезек ересен ер адамдарға келді», – деп қатты қайғырып, мұңайып қалған... Баукеңнің Мəлік ағаның 60 жылдығына келуі де айта жүрерлік аңыздардың бірі дер едім. Үйде отырып такси шақыра алмаған батыр көшеде кездесер деп далаға шығады ғой. Қырсыққанда ол құрғырың көшеде де кездесе қоймайды. Содан таяғына сүйеніп жаяу тартады. Келсе, тоса-тоса шыдамдары таусылған жұрт орынорындарына отырып қалған екен. Көпшіліктің қолқалауымен Баукең төрге озады. Сөз кезегі келгенде ол кісі батыр інісі туралы: – Аға айта біледі, ол орынды. Інінің де айта білетін ақылы болады. Айта білсе, ол да орынды. Кейбір кездерде Мəлік маған: – Бауке, мынауыңыз дұрыс қой, мына жерін бүйтсеңіз қайтеді? – деуші еді. Бір рет: «Жалғыз батыр – жалғыз жан, Майданға тұтқа бола алмас. Азынап жалғыз арыстан, Орманға пана бола алмас, – деген жолдарын тыңдап отырып: – Бауке, мына өлеңіңізге қосымша істесеңіз қайтеді, – деді. – Қалайша? Жалғыз батыр болғанша, Жалпы батыр болсайшы, – дегеніңіз дұрыс тəрізді. Тағы бір кездескенде: – Əй батыр, бері кел, – дедім Мəлікке. Ол келді. – Сенің əнеукүнгі ойыңды мен жалғастырдым. – Қалай, Бауке? Мен істедім дегенше, Мың істеді десеңші. Мың істеді дегенше, Ер істеді десеңші. Мен мыңдікі болмасам, Ер елдікі болмаса Кім істеді дер едің? –деп жалғастырдым. – Ойпырмай, мынауыңыз Махамбеттікі сияқты ғой, – деді. Мəлік арабша жаза білетін еді ғой. «Бауке, мыналарыңызды жазып алайыншы, айта жүретін нəрсе екен», деп жоғарыдағы жолдарды қайталап айтқызып жазып алды. Мəлік майданда ақылдассам, ойыма ой қосқан інім еді. Менің командир болғаным рас. Бірақ Мəлік ақылдассам, ойыма ой қосатын офицер еді». Міне, Баукеңнің батыр інісі туралы айтқаны, берген бағасы. Ол інісінің бойындағы асыл қасиеттерін жоғары бағалаған, өзін сыйлап, құрмет тұтқан, басқаларға үлгі еткен. Сол сияқты Мəлік ағаның да Баукең туралы аз айтпағаны белгілі. Ағай дүниеден өткеннен кейін ол кісінің мұрағатынан Баукең туралы жазған ұзақ жырлары табылды. Соның бір үзіндісі былай болып келеді. Ақыл менен қайратың, Даналығың, айбатың, Шыққан еді бір жерден. Ерлігіңді бағалап, Өңкей інің ағалап, Еріп едік біз елден, Батыр Баукең соңыңа. Əскерлерше киініп, Бір сөзіңе сыйынып, Келіп едік тобыңа. Осы ұзақ жырда Мəлік аға Баукеңнің шыншылдығын, батырлығын, адамшылығының жоғары екенін суреттейді. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүргенін жырлайды. «Өсер елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді», дегендей, қазақтың қос батыры өмір бойы бірін-бірі жырлап, сипаттап өтуі кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ. Жанатай БЕКЕНОВ, журналист-жазушы.

КӨКШЕТАУ.

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Бірлескен əскери жаттыєуды бастады Кеше Оңтүстік Корея мен АҚШ жыл сайынғы əскери жаттығуды бастады. Жаттығу екі аптаға созылады. Мақсаты – Солтүстік Кореяға қарсы бірлескен шараларды игеру. «Ренхап» агенттігінің хабарлауынша, жаттығуға 50 мыңға жуық Оңтүстік Кореяның жəне 30 мың америкалық əскери қызметші жұмылдырылған. Америкалық əскерилердің үш мыңы АҚШ-тан, қалғандары осы елдің шетелдердегі əскери базаларынан келіп отыр. Солтүстік Корея билігі АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен əскери жаттығуын ядролық соғысқа дайындық ретінде бағалайтындығын мəлімдеп те үлгерді.

Емдеу мекемесінен 17 адам ќашып кетті Либерия астанасы – Монровидегі оқшауланған медициналық емдеу мекемесіне қарулы адамдар шабуыл жасаған. Соның салдарынан ондағы Эбола безгегін жұқтырған 29 адамның 17-сі қашып кеткен. Оқиға жексенбіге қараған түні болған. Көрген адамдардың айтуынша, шабуылдан үрейленген аурулар емдеу мекемесінің есіктерезелерін сындырып қашқан, мұнымен қоймай олар мекемені тонап, қолдарына іліккен бұйымдарды да өздерімен бірге ала кетіпті. Жергілікті биліктің мəліметтері бойынша, шабуыл жасағандар да мекемедегі көрпе-жастықтарды ұрлап əкеткен. Бұл қалада Эбола безгегі вирусының кеңінен таралуына соқтыруы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола безгегі 1150 адамның өмірін жалмағаны жөнінде деректер келтіреді.

Ірі су бґгеті баќылауда Ирактың солтүстігінде əскерилендірілген күрд құрылымы АҚШ əуе күштерінің қолдау көрсетуімен елдің Мосул қаласына жақын жердегі ірі су бөгетін қайтадан өз бақылауларына алды. Бұл жөнінде «Франс-пресс» агенттігі хабарлады. Тигр өзеніндегі бұл су бөгетін тамыз айының басында жиһадшы содырлар басып алған болатын. Бөгет Ирактың солтүстіктегі провинцияларының ауыл шаруашылығын электр энергиясымен жəне сумен қамтамасыз ету үшін маңызы ерекше зор. Егер осы су бөгеті қиратылған жағдайда, ол елдің бірқатар қалаларын тасқын астында қалдыруы ықтимал.

Саудиялыќ ханзаданы тонап кетті ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Парижде саудиялық ханзада мінген кортежге қарулы шабуыл жасалған. Қаскүнемдер 250 мың еуро ақшаны жəне автомобильді алып кеткен. Сауд Арабиясының Франциядағы елшілігіне қарасты автомобильге шабуыл ел астанасынан шыға беріс жолда жасалған сияқты. Тонау əрекетіне автоматпен қаруланған бірнеше адам қатысыпты. Қылмыскерлер ақшамен қоса, дипломатиялық миссияның бірқатар құжаттарын жəне ханзаданың жеке заттарын да ала кетіпті. Полицияның мəліметтері бойынша, оқиға кезінде адамдар зардап шекпеген. Қазір тексеру-іздестіру амалдары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы Парижде ұрылар Сауд Арабиясының бір министрінің 200 мың еуросын қолды қылған еді.

Полиция тїтіндеткіш ќўралдарды ќолданды АҚШ-тың Фергюсон қаласы көшелеріндегі тəртіпсіздік кеше жаңа күшпен қайта жалғасты. «Рейтер» агенттігінің хабарларына қарағанда, полиция ереуілшілерді тарату үшін түтіндеткіш гранаталарды қолдануға мəжбүр болған. Қала көшелеріне арасында əйелдер мен балалар бар 400ге жуық адам шыққан көрінеді. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жанармай толықтырылған бөтелкелер лақтырған. Бұл қалада бір аптадан бері тəртіпсіздік əрекеттер бой көрсетіп тұр. Оған 9 тамызда 18 жасар Майкл Браунның полиция оғынан қаза табуы себеп болды. Айта кетейік, осы қала тұрғындарының 70 пайыздан астамын афроамерикалықтар құрайды.

Ассанж ауруєа шалдыќќан сияќты Екі жылдан бері Эквадордың Ұлыбританиядағы елшілігіне барып жасырынған WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанждың жүрегі ауыратындығы жəне оның қан қысымының жоғары болуынан қиналып жүргендігі жөнінде ақпарат таратылды. Аталған сайт өкілінің айтуынша, күн көзінің түспеуі салдарынан Ассанжға Д витамині жетіспеуде. Бұл оны демікпе мен қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін. Осыған байланысты Эквадор елшілігі британдық билікке Ассанжға медициналық көмек көрсетуді өтінген екен. Өтініш аяқсыз қалған. Д.Ассанж АҚШ қарулы күштерінің құпия материалдарын жария еткеннен соң, бас сауғалап Эквадор елшілігіне жасырынған болатын.

Їйін ќиратып ґш алды Израиль əскерилері осы елдің үш жасөспірімін ұрлады жəне оларды өлтірді деп күдік келтірген палестиналықтардың үйлерін қиратып кетті. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мұндай тəжірибе Израиль тарапынан он жылдан бері қолданылмаған көрінеді. Ақпаратқа қарағанда, əскерилер Хеврон қаласындағы Хусама Кавасме мен Амар Абу Айшидің үйлерін күл-талқан етіпті. Израильдіктер мұндай əрекеттерді 2000 жылдың басында көбірек қолданған екен. Сол жылы палестиналықтардың 650ден астам үйін қиратыпты. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


6

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

Егінжайдаєы ерен еѕбек Биылғы жылдың жаз айларының ыстығы жазғы дəнді-дақылдардың ерте жетілуіне ықпал етті. Қазір барлық жерде дəнді дақыл піскен алқаптарға комбайндар бірінен соң бірі түсіп жатыр. Қарабұлақ селолық округінде егін шаруашылығы көп емес. Алайда тұрғындардың қорасындағы малына, жеткілікті жемдік, ұнға жарайтын егін бар. Қазіргі таңда 450 гектар бидайдың 250 гектары орылды. «Керей», «Серік» шаруа қожалығының иелері ағайынды

Қапсемет, Кабдрахман Рамбаевтар алғашқысы 216 гектарға, кейінгісі 70 гектарға егін еккен болатын. Бүгінде орылған əр гектардан 10 центнерден өнім алынуда. «Фатима» шаруа қожалығының иесі Шаухат Гереев 68 гектар егіннен де осынша өнім алып қуанып отыр. Рахат САЯБАЕВ.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарабұлақ ауылы.

Бірегей орталыќ №5 қалалық емхана бүгінде 50 мыңнан аса халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған Алматыдағы ірі емдеу орнының бірі. Биыл емхана жанынан еліміз бойынша бірегей Қалалық гепатологиялық орталық ашылды. Емдеу орны таптұйнақтай. Емханаға кіріп-шығып жатқандардың қарасы көп болғанмен, ешқандай абыр-дабыр жоқ. Əркім өз ісімен айналысуда. Əрине, өздерінде тіркелген тұрғындарға алғашқы медико-санитарлық қызмет көрсетуде халықтың ойынан шығып, үлкен ұжымның бірлігін, тиянағын келтіріп ұстау – басшының ұйымдастыру қабілетіне, қызметкерлерімен тіл табысып жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Жолымыз түсіп, аталмыш емханаға барғанымызда емдеу орнының бас дəрігері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санаттағы дəрігер Гүлшахира ҚАМБАРОВАҒА жолығудың сəті келген-ді. – Гүлшахира Əжімұханқызы, 2010 жылы денсаулық сақтау саласында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгені баршаға аян. Міне, содан бері де төрт жылдың жүзі өтіпті. Сіздерде осы жүйенің орындалу барысы қалай? – Өзіңіз білесіз, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде, ең бастысы əрбір қазақстандыққа тұрған жерінде тəуелсіз емдеу орнын жəне емдеуші дəрігерді таңдау құқығы берілген. Яғни, емделушіге жоғары сапалы дəрігерлік көмек, ем алуына мүмкіндік туды. Мəселен, елімізде 2013 жылдың 14 қыркүйегі мен 15 қараша аралығында тіркеу компаниясы өтті. Міне, сол шарада емханамызға қосымша 2 мыңнан аса адам келіп, тіркелді. Бұл нені көрсетеді? Яғни, халық біздің мамандардың жоғары кəсібилігін бағалайды деген сөз. Əсіресе, жүкті əйелдер учаскелік гинеколог-дəрігерлерге көп тіркелуде. Өйткені, дəрігерлеріміз мамандандырылған, жоғары санаттағы мамандар. Демек, жүйе жұмыс жасап жатыр. Өйткені, нəтиже жақсы. – Бүгінгідей қарқындап дамып отырған медицинада емдеу орнының жабдықталуы үлкен маңызға ие. Бұл мəселе сіздерде қалай шешілген? – Соңғы екі жылда қала бойынша алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің барлығы дерлік қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етілді. Өйткені, Елбасының биылғы халыққа Жолдауында барлық

 Басты байлық

Тиімділігі дəлелденген дəрілік препараттардың 400 атау ы, аурудың 48 түрі бар! Дəрі-дəрмектердің дəл осындай көлемі диспансерлік есепте тұрған халыққа арналған тегін дəрілік заттардың Тізбесіне енгізілген.

басымдық осы алғашқы медикосанитарлық көмек көрсететін мекемелерде болуы керек деп міндеттеген болатын. Біздің емхана да заманауи жабдықтармен жарақтанды. Мəселен, зертха надағы анализаторлардың барлығы автоматтандырылған. УДЗ, рентген бөлімшесіндегі құрылғылар да ең соңғы үлгідегі қондырғылар. Флюорографияға түссеңіз қолма-қол нəтижесін аласыз. – Білікті маман мəселесі де бүгінде өткір проблеманың бірі. Ол жағы қалай шешілген? – Емханадағы 180 қызметкердің 67-сі дəрігер болса, олардың 16-сы учаскелік терапевт, ал 117 медбикенің 34-і учаскелік медбике. Оған қоса емханада 5 психолог, 5 əлеуметтік қызметкер бар. Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша емханада 10 мың халыққа бір психолог болуы шарт. Ал бір учаскелік терапевтке екі медбике жұмыс істейді. Бірі –дəрігерге көмекші болып, жалпы жұмысты атқарса, екіншісі аурудың алдын алу, яғни, профилактикалық скринингке жауап береді. Мамандар жағынан тек учаскелік терапевтер жетіспей жатады. Өйткені, олардың жұмысы ауыр болғандықтан дəрігерлер аз келеді. Осыған орай 2010 жылдан бері Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен республикалық бюджеттен учаскелік мамандарға қосымша жалақы тағайындалғанды. Мəселен, учаскелік дəрігерлер 70-200 мың теңге, медбикелер 30150 мың теңге аралығында ынталандырушы үстемақы (СКПН)

Сұхбаттасқан Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Қазақ мəдениеті мен өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. 76 жасқа қараған шағында Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы, республикаға еңбегі сіңген қайраткер, еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалау шылардың бірі, белгілі суретші Шəкен Оңла сынұлы Ниязбеков қайтыс болды. Шəкен Оңласынұлы 1938 жылы 12 қазанда Тараз қаласында дүниеге келді. Он жасқа толғанда əке-шешесінен айырылып, өмір тауқыметін тартып өсті. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ленинград қаласындағы В.Мухин атындағы жо ғары көркем-өнеркəсіптік училищеге оқуға түсті. Студент кезінде Эрмитаж, Исаак соборы жəне Петродворецті қалпына кел тіру жұмыстарына қатысып шеберлігін шыңдады. Шəкен Ниязбеков өзінің шығармашылық жолындағы үлкен ұстазы ретінде Əбілхан Қастеевті əрдайым үлкен мақтанышпен айтатын. Ұлы суретшіден көп нəрсе үйреніп, тəлім-тəрбие алды. Соңғы отыз жылдан астам уақыт көлемінде көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше мəрте жеңімпаз атанды. 1961 жылы «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда өткен

халықаралық байқаудың алтын медалін, 1964 жылы Ленинград қаласында ұйымдастырылған «Бейбітшілікті қолдаймыз!» деген плакаттар конкурсында бірінші орынды жеңіп алды. Ал 1982 жылы Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіру жөніндегі конкурстың бірінші жүлдесін иеленіп, мерейі үстем болды. Шəкен Оңласынұлының «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уəлиханов», «Мұхтар Əуезов», «Сырым Датов», «Жамбыл», «Қазақстаннан кел ген

солдат», «Ана» деп аталатын туындылары көптеген көрмелерде жоғары бағаланды. Ол сондай-ақ, аты аңызға айналған халық батыры Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған ескерткіш пен Алматы қаласының елтаңбасын да жасады. 1992 жылы тəуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рəміздеріне арналған конкурста жеңімпаз деп танылып, республика Туының авторы атанды. Отандық көркемөнердің дамуы мен туған елінің өркендеуіне қосқан осындай зор үлесі үшін суретші «Құрмет» орденімен марапатталып, басқа да сыйсияпаттарға ие болды. Бүкіл саналы ғұмырында абыройлы еңбек етіп, ғибратты өмір сүрген терең білімді парасат иесі, ардақты азамат өзінің артына өшпес мол мұрасы – шынайы бояуға қанық туындылары мен шығармаларын, мейірімге толы ізгі бейнесін қалдырды. Ол қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өзгелерге өнеге бола білген жан еді. Адами болмысымен нағыз адалдықтың үлгісін танытқан айтулы тұлға Шəкен Ниязбековтің жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі.

Їлкен суреткер, хас маман еді Шəкеңді шыр етіп дүниеге келген кезінен тағдыр оның маңдайынан сипай қоймаған еді. Соғыстың алдындағы, одан кейінгі қиын уақыт бала Шəкеннің оңсолын тануына, ерте есеюіне көп ықпал етті. Соның əсері шығар, орта мектепті тəмамамдаған соң сол кездегі Ленинградтағы атақты Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркəсіптік училищесіне түсіп, бітіреді. Сөйтіп, Қазақстан суретшілерінің сирек түсетін суретші-дизайнер мамандығы бойынша білім алып шығады. Өкінішке қарай, кеңес дəуірінде Қазақстанда өндірістік-дизайн саласы дамымағандықтан Шəкең мамандығын өз дəрежесінде өрістете алмайды. Сондықтан да өнердің басқа саласы – кескіндеме, графикамен айналысуға тура келеді. Əрине, бұл өзі ерекше сала болғандықтан, сол заманның идеологиясына байланысты қаланы

көркемдеу, насихат жұмыстарына өте зəру шақ болатын. Шəкең кейіннен өзінің алған мамандығына байланысты Алматы қаласының бас суретшісіне дейін көтеріліп, көп жылдар қызмет атқарады. Осылайша, Алматы қаласындағы көркемдеу, қала дизайны саласын Шəкең басқарып, көп жобалар бойынша жұмыс жасалады. Ал бұл жұмысты талантты суретші шеберлігімен, ынта-жігерімен өте қарымды атқарады. Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы болып сайланады. Шəкеңнің бір кереметі, ол бүгінгі таңда егемен еліміздің рəміздері авторларының бірі ретінде қазақ халқының тарихында қалып отырғаны. 1992 жылы тəуелсіз еліміздің ең қасиетті де қастерлі атрибуты – Мемлекеттік Туды əзірлеуде 1200ге тарта суретші қатысқан конкурста жеңіп алуының өзі, ол

Оныѕ рухы Кґк Тумен бірге Азаттығымызды əйгілеп, ел мерейін асқақтатып желбіреп тұрған Көк Туды көрген сайын Шəкен Ниязбеков ағамыздың асыл бейнесі көз алдымызға келетін еді. Қазақ өнерінің тағы бір тарланбозынан айырылғанымыз қабырғамызға батады. Шəкендей өнер майталманының қолынан шыққан

Көк Ту тұңғыш рет көкке көтерілгенде күллі қазақ тебіреніп, қуанған едік. Ту арқылы тəуелсіздігімізді əлем мойындады. Көк Тумен бірге оның авторының да абыройы көкке көтерілді. Ағамыз саналы ғұмырын өнерге арнап, ел тарихында есімін өшпестей етіп қалдырды. Халқымыз ғасырлар

кісінің дизайнерлік мамандығының нəтижесі деп ойлаймын. Өйткені, дизайнның негізгі қағидаларын білді. Бұл үлкен дəреже, үлкен жетістік. Сондықтан Шəкең үлкен суреткер, нағыз хас маман еді. Ал адамгершілігі қандай еді. Ешқашан кеудесін кермейтін, қарапайым, əрқашанда бауырмалдық көрсетіп отыратын, өте кең, жан-жағын доспен қоршаған жан еді. Енді міне, азаматтығы жағынан да, ақсақалдық жағынан да өз орны бар, артында осындай керемет өлмейтін дүние қалдырып кеткен Шəкеңнен айырылып, орны толмас қазаға душар болып отырмыз. Бірақ, аға есімі қазақ халқымен бірге жасайды. Есте қалады. Бақұл бол, аға, пейіште нұрың шалқысын! Байтұрсын ӨМІРБЕКОВ, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы.

бойы аңсап күткен бостандық байрағын дүниеге əкелу оның маңдайына жазылған бақыт болатын. Бұл тұрғыдан алғанда ағаның арманы да жоқ. Оның рухы байтақ еліміздің аспанында Көк Тумен бірге мəңгі желбірей береді. Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын! Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Дəрі-дəрмектерді ќалай тегін алуєа болады? бекітілген Тіркелі міне енгізілуі қажет. Рецептіні учаскелік дəрігерлер жəне медициналық ұйымның бейінді мамандары жазып береді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде амбулаториялық деңгейде емдеуге арналған дəрілік заттарды тиімді пайдалану үшін мынадай қағидалар қолданылады: 1. Диагноз расталған жəне верификацияланған болуы тиіс. 2. Дəрілік заттар пациенттерге

Анықтама үшін Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дəрілік заттардың Тізбесі туралы жəне дəрілерді дұрыс қолдану, олардың өзара əсері жəне дəрілік заттардың мүмкін болатын жанама əсерлері туралы ақпаратты Сіз əрдайым Дəрі-дəрмек ақпараттық-талдау орталығының www.druginfo.kz сайтынан немесе Қазақстан бойынша Call-қызметінің 8-800-080-88-87 бірыңғай тегін телефон желісі арқылы алуыңызға болады.

Амбулаторлық деңгейде тегін рецепт алу үшін пациен т алғашқы медициналықсанитарлық көмек ұйымына (АМСК) бекітіліп, диспансерлік есепте тұруы тиіс. Ал, ол туралы мəліметтер тұр ғындардың

алады. Бір жыл болды, емхана шаруашылық жүргізу құқығына көшкелі бері, жұмыстарын жақсы көрсеткен, емхананың көрсеткіштерін көтерген, жаңа инновациялар енгізген қызметкерге ақылы қызметтен табатын табысымыздан орта есеппен дəрігерлерге 50 мың, медбикелерге 40 мың теңге қосымша үстеме ақы береміз. Бұдан, біздің учаскелік дəрігердің ай сайынғы алатын жалақысын есептеуіңізге болады. – Білуімізше, жақында сіздердің емхана жанынан еліміз бойынша бірегей Қалалық гепатологиялық орталық ашылды. Енді осы Орталықтың жұмысы мен ерекшелігіне қысқаша тоқтала кетсеңіз? – Жаңа орталық Қазақстан бойынша Астана мен Шымкент қаласынан кейінгі ашылған үшіншісі. Ал медициналық мүмкіндігі жағынан бірегей орталық десек те болғандай. Оны ашудағы мақсатымыз – вирусты гепатиттің созылмалы түрін, бауырдың қатерлі ісігі мен гепатиттің салдарынан басқа ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, сауықтыруға бағытталған. Əсіресе, гепатиттің «В», «С» түрімен ауырған науқастарға вирусқа қарсы терапия тағайындалады. Оларды орталықта диспансерлік есепке алып, ем-домдарын қадағалап, денсаулықтарын бақылайды. Сондай-ақ, бұл орталық вирусты гепатитті ғана емес, келешекте жалпы бауыры ауыратын пациенттерді де тіркеуге алмақ.

Орталықтың айырмашылығы, мұнда барлық диагностикалық зерттеулер бір жерде өтеді. Бұған дейін науқас адамды қаланың əр бөлігіне жіберіп, əуреге салатын. Ең бастысы, бауырдағы кінəратты анықтауға аса қажет заманауи фибраскан аппараты қала бойынша тек бізде ғана бар. Фибраскан – бауырдың қабынуының қалыңдығын анықтайды. Сол арқылы пациенттерге вирусқа қарсы дəрілер тағайындалады. Орталыққа жоғары санаттағы дəрігер Роза Жүсіпова жетекшілік етеді. Сондай-ақ, орталықта гастроэнтеролог-гепатолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, əйелдердің кеңесі жəне психолог мамандар бір жерге шоғырланған. Қаладағы барлық емханалар гепатологиялық орталықпен келісімшартқа отырып, əр емхана өз пациенттерін жібереді. Біріншіден, кеңес береді, одан кейін диагностикадан өтіп, гепатитке қарсы емдомын алады. Күндізгі стационар жұмыс істейді. Осылайша, орталықта науқастарға барлық жағдай жасалған. Орталық ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, қайта қалпына келтіру үшін қала бюджетінен 50,4 млн. теңге қаражат бөлінді. – Гүлшахира Əжімұханқызы, жалпы вирусты гепатиттің кез келген түрін емдеу шетелде тек ақылы түрде жүргізіледі. Ал бізде қалай? – Дұрыс айтасыз, бұл аурудың қай түрі болсын, шетелде ақылы. Өйткені, емдеу құны өте қымбат. Вирусты гепатитке қарсы ем Қазақстанда тегін. Статистика бойынша бір науқастың толық ем алуына 2,5 млн. теңгеге жуық қаржы қажеттігін ескерсек, мемлекетіміздің қанша қаражат жұмсап отырғанын есептеу қиын емес. Сондықтан біздің мақсатымыз, ауруды алғашқы сатысында анықтау. Ауру неғұрлым ертерек анықталса, емдеуі де оңай, əрі арзанға түспек. Осыған орай Қазақстанда 2012 жылдан вирусты В,С гепатитіне қарсы барлық емханаларда тегін скрининг өткізілуде. – Əңгімеңізге рахмет.

Шəкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВ

белгіленген диагнозға, дəрігерлік көрсетілімдерге, пациенттің қай диспансерлік топқа жəне халықтың қай санатына жататындығына сəйкес тағайындалады. 3. Терапияның қайталануын алдын алу жəне теріс пайдалануды

болдырмау үшін, дəрілік заттар сауда атауы көрсетілген халықаралық патенттелмеген атауларымен жазылып беріледі. 4. Полипрагмазияның (бір уақытта, көбінесе негізсіз бірнеше дəрілік препаратты қабылдау) алдын алу үшін, бір пациентке жазылып берілетін дəрі лік заттардың жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тəртіпте, Тізбенің шеңберінде жазылып берілген бес препараттан аспауы тиіс. 5. Тағайындалатын дəрілік заттар бекітілген Тізбеге сəйкес рецепт бойынша, бір пациентке айына 1 реттен артық жазылып берілмейді. Ұзақ емдеу курсында пациентке дəрілік заттардың 1 айға жететін көлемі жазылып беріледі. Медициналық виртуалды кеңістік күн сайын ұлғайып келеді: бағыты мен масштабтары əртүрлі клиникалардың сайттары, «сіздің ақшаңыздың барлығының жұмсалуына» кепілдік беретін делдалдық кеңсе порталдары, дəрігерлердің жеке қабылдауы, өз бетінше емделу жөніндегі кеңестердің салдары зардаптарға əкелуі мүмкін. Өз денсаулығыңызға Сіз ғана жауапты екеніңізді жəне кез

Қандай жаңа өзгерістер бар? 2013 жылы бұл Тізбе қайта қаралып, оған тиімділігі дəлелденген препараттар енгізілді, сондай-ақ, тегін дəріні алуға арналған халық санаты кеңейтілді. Осылайша, енді қант диабеті, пневмония, бронх демікпесімен ауыратын науқастар препараттарды тегін ала алады. Қазақстан – «Қант диабетінің I түрі» диагнозы қойылған 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларды шығын материалдарымен бірге, қымбат бағалы инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз ететін, ТМД елдері арасындағы алғашқы елдердің бірі болып табылады. Бүгінде, помпалар шприц-қаламдарға ауыстырылып, дəріні енгізу көлемі 30 есеге қысқарды. Инсулинді енгізудің инсулин помпасы сияқты жаңашыл əдісі мөлшерді дəл анықтайтын қондырылған резервуары бар миникомпьютер болып табылады. Бала үнемі аппаратта, тамақтанып жатқанына, далада серуендеп жүргеніне, футбол ойнап жүргеніне қарамастан, глюкоза өлшеніп, инсулин өздігінен келіп тұрады. Яғни, мұндай жағдайда, балаға инъекция алу үшін, үйге жүгірудің қажеті болмайды. келген бұрыс шешім Сіздің халжағдайыңызға теріс əсер етуі мүмкін екендігін ұмытпаңыз! Қандай ақпарат көздеріне сенген жөн? Еліміздің əр тұрғыны дəрілік заттар туралы дəйекті жəне шынайы ақпарат алуы үшін, Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылдан бастап Денсаулық сақтауды дамыту республикалық

орталығы базасында еліміздің барлық аймақтарында Дəрі-дəрмек ақпараттық-талдау орта лығы (ДАТО) қызметін ұйымдастырды. ДАТО-ның басты миссиясы – халық денсаулығын жақсарту. Міндеті – халыққа жəне медицина қызметкерлеріне халықаралық емдеу стандарттарына жəне əлемдік үздік практикалардан тəжірибе алуға негізделген дəрілік заттарды

ұтымды қолдану туралы шынайы ақпарат жеткізу болып табылады. Тек 2014 жылдың 7 айында ғана, еліміздің 19 мыңнан аса тұрғыны орталықтан дəрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде кеңес алды. Айта кетерлігі, олардың төрттен біріне жуығы (21%) ТМККК шеңберінде дəрілік заттар алуға қатысты сұрақтар болды. Сонымен қатар, республикалық жəне аймақтық БАҚ-та 508-ден астам жарияланым жарыққа шықса, денсаулықты сақтауға жəне жақсартуға бағытталған өзекті тақырыптар бойынша халықпен 1500-дей кездесу өткізілді. Дəрі-дəрмек ақпараттықталдау орталығының қызметі халықтың дəрілік сауаттылығын арттырудың негізгі тетігі жəне денсаулық сақтаудың бар лық жүйесін дамытудың ма ңызды бөлшегі болып табылады. Орталық мамандарынан Сіз əрқашан дəрілік заттар, тегін дəрілік қамтамасыз ету, препараттардың тиімділігі, дəрілік заттар саласындағы реформалар туралы шынайы жəне дəйекті ақпарат ала аласыз. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі жыл сайын жетілдірілуде. Бұл ел Үкіметінің,

Денсаулық сақтау министрлігінің, медицина қызметкерлерінің жəне ҚР азаматтарының жетістігі болып саналады. Біз халық жəне медицина қыз меткерлерінің орталық қызметіне деген сенімінің арта түсетініне, дəрі-дəрмек жəне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың құқығы туралы қажетті шынайы ақпарат алуда таптырмайтын көмекші болатындығына сенеміз. Құрметті қазақстандықтар, өз өмірлеріңізді, денсау лықтарыңызды жəне жақындарыңыздың денсаулығын бағалаңыздар! Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша тегін дəрілерге өз құқықтарыңызды біле жүріңіздер! Қоңырау шалып, өз сауалдарыңызды www.druginfo.kz сайтына жолдаңыздар. Біз сіздердің қоңырауларыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз! Біздің қызметіміз СІЗДЕРГЕ арналады! «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Дəрі-дəрмек ақпараттықталдау орталығы.


 Өнеге

 Сақтансаң – сақтайды

Ќыраєылыќ ќашанда ќажет

Саналы ғұмырын төрелік жолына арнаған Ғалия Аққуова халықтың абыройына бөленген, мемлекет сенімін ақтаған жан. Оның мұндай биіктен көрінуіне, қиындықты мойымай жеңе білуіне отбасындағы тəрбиенің, əке парасатының əсері зор болса керек. Жас қыздың бойындағы өрлікті кезінде сөз зергері Ғабит Мүсірепов те сезгендей. Талдырмаш қызға арнап қолтаңба қойып, өз кітабын берген жазушының ішкі түйсігінің алдамағанын уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Сондай-ақ, алғашқы тəжірибесін қорғаушы болудан, кейіннен прокуратура саласынан бастап, Бас прокуратурада азаматтық істер бойынша сот актілерін қадағалау жөніндегі бөлім бастығына дейін көтерілген жас маманның бойынан ізденгіштікті, талапшылдықты, жауапкершілікті ұстаздарының бəрі аңғарған болатын. Соңғы 17 жылын сот саласына арнап, Жоғарғы Соттың судьясы лауазымын атқарған Ғалия БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ бұл лауазымның да беделіне нұқсан келтірген жоқ.

Ґмір оты Алма ТҮСІПБЕКОВА, Жоғарғы Соттың бас консультанты.

Əуел бастан 18 мың ғаламды жаратушы Алла адам жүрегіне иманды, инабатты ұялатса, одан соң бұл қасиет атаананың тəлімімен бойға сіңеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – дейді, шынында да дала қыранының ұясында тəрбиеленіп, тағылымы мол тəрбие алған осынау бүгінгі əңгімемізге арқау болып отырған кейіпкеріміз бүкіл түртұлғасы, болмыс-бітімімен ата-ананың ұлағатты жолын жалғастырып келеді. Шарықтаудың да, құрметке бөленудің де түп-тамыры – тектілік деген ғой. 2004 жылы Ғалия Бақытжанқызының əкесі Бақытжан Аққуұлының «Қырлы-сырлы өмірім», – атты кітабы жарық көрді. Аталған кітапта осы əулеттің тар жол тайғақ кешу кезеңдері толық қамтылған. Ендеше, «Əке балаға сыншы» деген рас. Қызының алғырлығын, зеректігін байқаған əкесі Ғалияға үнемі қолдау көрсетіп, «білімдінің мыңды, білектінің бірді жығатынын» санасына сіңіріп келген еді. Перзентінің аяқ алысын байыптаған əке ең алғаш рет «Əділет кеңесшісі» деген кітапты сыйға тартып, бала арманын ұштай түскен. Саналы бала үшін əкенің аузынан шыққан əбір сөзі мірдің оғындай, сақаға құйған қорғасындай емес пе? Осындай соқпағы да, күрмеуі де көп жолдан тəлім алған əкесінің өмір мектебі бала жүрегіне мəңгілік азық болды. Армандау бір басқа да, оны орындау тіптен бөлек. Ал білімнің соңына түскен Ғалия Аққуова əке аманатын арқалап 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1977 жылы ойдағыдай аяқтады. Осы жылдары əріптесіміз заңгерліктің қыр-сырын жетік меңгеріп, шыңдалу мектебінен өтті. Сол жылдары білім ордасының белгілі заңгерлері К.Котов, А.Ваксберг, Ю.Басин, С.Сартаев, Г.Баймурзин, С.Зиманов сынды ұстаздар ынтасы бар шəкірттердің білікті маман болып шығуына үлкен көмек берді. Осы үлкен білім ордасынан тəлім алған кейіпкеріміз алғашқы еңбек жолын Алматы облысының адвокаттар алқасында қорғаушы болудан бастайды. Осы қызмет жолында 5 жылдан аса еңбек етіп, абыройға бөленді. Ал көпшілік үшін қалтқысыз еңбек еткен адамға одан асқан бақыт бар ма? Бұдан кейін 1982 жылы Алматы қаласының Совет ауданы прокурорының көмекшісі болып қызмет істеді. Осы шағын қызмет баспалдағы оны кейін Алматы облысы прокурорының соттардағы азаматтық істерді қарау жөніндегі көмекшісі, Қазақ КСР Прокуратурасы сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Бас прокуратураның азаматтық істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы қызметтеріне дейін көтерілуіне ықпалын тигізді. 1996 жылғы 21 қарашада Ғалия Аққуова Парламент Сенатының сайлауымен Жоғарғы Сот судьясы болып тағайындалды. Адам тағдырының ақ-қарасын айыратын бұл мамандықтың жүгі қашанда ауыр. Бүгінде Жоғарғы Соттың судьясы болып 17 жыл қызмет атқарған Ғалия Бақытжанқызының еңбегі жастарға үлгі. Сот майталманының əділдікке қылау түсірмеген өмір жолы басшылық тарапынан да ескерусіз қалған жоқ. «Құрмет» орденімен (2010 ж.), «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Прокуратурасына 20 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дəрежелі медалімен, Қазақстан Судьялар одағының «Үш би» құрмет төсбелгісімен жəне Жоғарғы Сот Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталып, «Құрметті судья» атағын иеленуі, соның дəлелі. Осы тұста көнекөз бабаларымыздың «Ұстазсыз шəкірт тұл» деген, сөзі еріксіз ойға оралады. Демек, шəкірттік пен ұстаздықтың қыры сан алуан. Осындай сəттерде ол өзінің жеткен жетістігі үшін бағыт-бағдар беріп, осы

7

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

мамандықтың қыр-сырын ұғындырған ұстаздары отставкадағы судья Тиышты Тоғымбетоваға, қалыптасу жолында ағалық кеңес беріп, үнемі қолтықтан демеген Назым Суханова, Людмила Полторабатько жəне Сансызбек Райымбаев сынды əріптестеріне шынайы ризашылығын білдіріп отырады. Мен көбіне азаматтық істерді қараймын. Бұлар мейлінше болып келеді. Оған аса қырағылық пен төзім қажет. Сондықтан да болар, осындай істермен табиғатынан төзімді əйелдер көбірек айналысады, – дейді Ғалия Бақытжанқызы. Шынында да, соттарда қаралатын азаматтық істердің санатына қарап, қоғамымызда болып жатқан өзгерістерді, нарықтық қатынастың дамып келе жатқанын байқауға болады. Егер кеңестік кезеңде азаматтық процестер негізінен жұмысын қалпына келтіру, күштеп көшіру, ерлі-зайыптылар арасындағы мүлік бөлісу, алименттерді өндіріп беру, денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру жөнінде жүргізіліп келген болса, нарықтық бəсекеге байланысты сот істерінің жаңа санаттары пайда болып, қазылар жұмысы біртіндеп күрделене бастады. Бұл өз кезегінде судьялардан біліктіліктерін үнемі арттыра түсуді, экономикалық заңдарды тереңірек зерделеп-зерттеуді талап етеді. Кеңестер одағы күй реп, шаруашылық байланыстар үзіліп, барлық кəсіпорындар іс жүзінде жұмыстарын тоқтатқаннан кейін ереуілдерді заңсыз деп тану, жалақыны, зейнетақыны өндіріп беру туралы істер қарала бастады. Иесіз қалған үйлер бойынша да көптеген сот талқылаулары болды. Тоқсаныншы жылдары өздерінің тарихи отанына кеткен азаматтардың иесіз қалған үйлері қала, ауылдардың көркін бұзып, тоналып, қирағаны мəлім. Осы кезде бір пəрменді шара болмаса елдің, үйлердің тозып кететіні анық еді. Осыны ескерген Жоғарғы Сот иесіз үйлерді заңдастыруға қатысты нормативтік қаулы шығарды. Тек содан кейін бұл қиын істерді шешудің жолы табылып, сот тəжірибесі ретке келе бастады. Осы сын сəтте судьялық еткен кейіпкеріміз де күрмеуі қиын мəселеден мамандардың біліктілігінің арқасында шыққандарын жасырмайды. Құқықтық құжатқа қатысты түсінік беріп, маңызды мағлұматтарды жеткізген Ғалия Бақытжанқызынан білгіміз келген дерек көп еді. Соның бірі халықаралық бала асырап алу туралы сот шешімдерін бұзу жəне баланы Қазақстанға кері қайтару жағдайларына қатысты өрбіді. Əрі асырап алушылар тарапынан зорлық көрген балалардың елге оралуының заңдық тетігінің жасалуы да көпшілікті толғандырып жүрген сауалдардың бірі. – Біз бүгін Балаларды қорғау жəне халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясын ратификацияладық. Осы конвенцияның мазмұнына талдау жасай келе, оның Бала құқықтары туралы конвенция принциптеріне бұлжымай сай келетінін атап өтуге болады. Ал бұл конвенция қандай мəселелерді шешеді? Біріншіден, Балаларды қорғау жəне халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция халықаралық бала асырап алуға қарағанда, ішкі бала асырап алуға басымдық береді. Яғни, өз отанында асырап алудың сəті түспеген балалар ғана шетелдіктердің асырап алуына беріледі. Екіншіден, барлық мүдделі тараптардың, ең алдымен, бала құқықтарының қорғалуына бағытталған ортақ талаптарды қалыптастырады. Бұл ретте халықаралық бала асырап алудың барлық кезеңдеріндегі еріктілік пен өтеусіздік қағидатын атап өткен жөн. Үшіншіден, ең маңызды болып саналатын мүдделі мемлекеттердің өзара іс-қимылының жалпы қағидаларын анықтайды. Сондықтан, менің ойымша, Балаларды қорғау жəне халықаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясы осы орайда туындайтын қиындықтарды жұмыс тəртібімен шешуге, аккредиттелген

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

агенттіктердің асырап алу жөніндегі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сотқа дейінгі дайындық рəсімдерін пысықтауға жəне баланың асырап алынғаннан кейінгі тұрмыстық жағдайларын бақылауға кепілдік беру рəсімдерін ретке келтіруге мүмкіндік береді. Осы əңгіме барысында Ғалия Аққуова жүрекжарды лебізін, арманын да ортаға салды. «Ең бастысы, елімізде əрдайым тыныштық болсын, сəбилер жыламасын, Көк туымыз мəңгі көгімізде желбіресін. Бүгінгі жас судьяларға айтарым, Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз Мəңгілік ел болуды, кемел мемлекет құруды көздеген халықпыз. Осы үлкен дəрежеге жету үшін сот құрылымы да лайықты іспен жауап беруі қажет. Оның басты кілті судьялардың қолында. Ол үшін осы тұғырға кір келтірмей, «Тура биде туған жоқ» қағидасын ұстанып, үнемі даму көкжиегін ұлғайта білу керек», – дейді. Бүгінде қызмет майданы ұқсас, осы сара жолда мақсаттары ортақ, сапарлары бағыттас, пікірлері үндес əріптестерінің бірі, Жоғарғы Соттың судьясы Рахымбек Мамырбаев Ғалия Аққуова туралы өз пікірін аса ризашылықпен білдірді: – Əріптесім Ғалия Бақытжанқызы өмірлік тəжірибесі мол, білікті заңгер. Тек ұжымда ғана емес, барлық сот саласындағы əріптестері, басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында беделі жоғары. Мұның бəріне ол терең білімінің, қажырлы еңбегінің нəтижесінде қол жеткізді. Жүрегі адал əріптесімнен əрбір адамға ерекше құрметпен қарауды, қиналған сəтте қолұшын берудің сырын меңгердім. Əріптесімнің ұстанымы тек қана заң талаптарына емес, сондай-ақ, əділдік пен ақылға негізделген. Бір қарағанда, ол нəзік, əлсіз жан болып көрінуі мүмкін, алайда, өз ұстанымын қорғаған кезде Ғалия Бақытжанқызының табандылық пен беріктік танытатынын талай аңғардық. Көптің көзайымына айналған қазының қатарлас қанат қаққан, əділдік жолында таразы басын кесіп-пішіп теңгерген, шынайы достыққа адал əріптесінің бірі, Жоғарғы Соттың судьясы Нұрия Сынғалиева əріптесіне деген ақ лебізін: «Ғалия Бақытжанқызы туралы айтар əңгіме бөлек. Əріптесімнің тал бойына қарап отырып, табиғаттың ақылдан да, сұлулықтан да, кісіліктен де кенде қылмағанын аңғарасың. Себебі, ол кісінің бойына рухани тамыры бар əсемдік шебер үйлескен. Бұл текті қасиеттер тату-тəтті отбасының ахуалынан, ата-анасының жəне жеке өзінің ақылшысы, тегінің қадірменді қарияларының бірі – əжесінің парасатты ойларынан, қылықтарынан өрілген. Ғалия Бақытжанқызы – отбасылық салт-дəстүр мен жалпы адами құндылықтарды абыроймен жалғастырушы адам. Ол ұжымда, туған-туыстары мен достарының арасында да ең жоғары құрметке лайық» деп өрбітті. Сонымен қатар, бұл тамаша пікірлерге Жоғарғы Соттың азамат тық жəне əкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Мəуленқұлов: «Ғалия Бақыт жанқызының еңбек жолы таусылмайтын роман-эпопея. Дана халқымыздың: «Қазы – халықтың ожданы», деп баға беруі тегін емес. Ал күрделі мамандықты қайыспай арқалаған апамыздың еңбек жолы біздерге ғибрат. Кең пейілді, кемел ойлы, турашылдықтан таймайтын ол кезінде жасөспірімдерге қатысты заңнаманың əзірленуіне мұрындық болды. Əсіресе, балаларды қорғау жəне халықаралық бала асырап алу мəселелерін айқындауда үздіксіз үлес қосты. Республикалық жəне халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың ұтымды ұйымдастырылуына тікелей атсалысты. Осы жұмыстарды атқару үшін аянбай тер төкті», деп қосылды. Гректің ойшылы Демокриттің: «Əрбір адам – өзінше құбылыс. Еш уақытта толық зерттеліп бітпейтін тақырып», деуі өмір заңдылығы. Шынында да Ғалия Аққуованың өнегелі тағылымын, еңбек жолын бір мақала аясына сыйдыру мүмкін емес. Сөз соңында тақырыпқа арқау болған жанның шынайы болмысын, қажырлы еңбегін ерекше бағалаған Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Əбдіразақұлы Мəмидің де тілегі көппен бірге.

Теміржол бойында жазатайым оқиғалар мен қауіп-қатерлерді болдырмау мақсатында үнемі сақтық шаралары қолданылып келеді. Дегенмен, кейде өкінішті жағдайдың кездесіп қалатындығы шындық. Бұл орайда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Алматы ірілендірілген жол дистанциясының басшылығы Алматы қаласының жəне Алматы облысының тұрғындарын əркез қырағы болуға шақырады. Өйткені, теміржол желісі өте қауіпті əрі қырағылықты қажет ететін күрделі инфрақұрылым саласы. Себебі, жүйіткіп келе жатқан пойызды дереу тоқтату мүмкін емес. Сондықтан да қауіпсіздік талабын қашанда ыждағаттылықпен сақтаған жөн. Сақтық шараларына қарамастан,

теміржолдағы қайғылы жағдай саны əзірге азайып отырғаны жоқ. Алматы бөлімшесіне қарасты теміржолда үстіміздегі жылдың тек жеті айында ғана 7 адам зардап шегіп, оның үшеуі қаза тапты. Міне, осыдан-ақ қауіпқатердің қайда жатқанын анық байқауға болады. Соңғы кезде Алматы бөлімшесі бойынша жүрдек пойыздар қозғалысы күрт көбейіп, олардың жылдамдығы 140 шақырым/сағатқа дейін өскенін де ескеру қажет. Мұндай жоғары жылдамдықта пойыз тежегіші тез тежелмей қалады. Қарсы алдынан кездескенді немесе жанынан жанап өткенді қас-қағым сəтте ұшырып жібереді. Оның арты қандай қайғы-қасіретке əкелетіндігі айтпаса да белгілі. Теміржолға тағы бір қауіпті бағусыз,

қараусыз жайылып жүрген мал, жөнжосықсыз жүрген көлік түрлері тудырады. Егер де ірі қара малы немесе кез келген көлік жолда пойызға соқтығысса бүкіл құрамның қирауына əкеліп соқтырады. Тəулігіне жол бойында ерсілі-қарсылы сандаған жүк жəне жолаушылар пойызы 100-140 шақырым/сағат шапшаңдықпен жүретінін ескерсек, əлгіндей кездейсоқ жағдай орны толмас апатқа ұшыратып, адам шығыны мен материалдық ресурстарды ысырап етеді. Əрине, мұндай орын алған оқиғаға мал жəне көлік иесі жауапты деп танылып, тиісті жазаға тартылады. Барлық шығынды өтейді. Жалпы алғанда, теміржол бойында қырағы болып, өз өміріңізді өзіңіз сақтағаныңыз абзал.

 Тұсаукесер

Кїй-єўмыр Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Түрлі мəдени шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын Қарағандыдағы қалалық Мұхтар Əуезов атындағы кітапханада «Күй-ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесеріне арналған кеш өтті. Танымал жазушы Кəмел Жүнісов бастап қатысқан күйшілер, əншілер, зерттеушілер шертпе күйдің қадір-қасиетін бүгінгі күнге жеткізіп, мұраға қалдырған дəулескер күйші Дəулетбек Сəдуақасұлының өнерімен аталған шығарма арқылы танысып, қара домбыраның құдіреті жүрек шымырлатқан, көңіл толқытқан күйге бөледі. Аймақтағы бертінгі Қыздарбек, Баубек, Мақаш Əбди, Əбікен, Бегімсал сынды алтынның сынықтарының көзін көріп, бала жасынан күйге үйіріліп, үйренгендерін жылдар бойы көкіректе сақтап, тəуелсіздік жылдарында ғана кешегі тыйым салынған, ұмыт болуға айналған мұңлы, шерлі сарындарды тірілтіп, ұрпаққа табыстап келген шəкірттері бабаларының қастерлі өнерін жаңғыртып, жалғастырып келеді. Шертпе күйдің қайталанбас шебері болып танылған əкесі туралы кітабында: «Мен үшін домбыра мен əкем егіз ұғым болды. Көзімді ашып көргеннен əкемнің алдында көлденең қалақ домбыра жататын. Соның күмбірін анамның əлдиімен қоса құлаққа сіңіріп өстік» деп жазғанындай үлкен баласы Қайролла Дəулетбекұлы өзі де айтулы күйші, ұлдары да ата жолын ұстаушылар екенін тыңдаушыларға танытты. Осы бір көрікті кеш əлі де елеусіз қалған шертпе күйдің дəріптелуіне, жұрт ортасына жайылуына ықпалын тигізетінімен де əсерлі болды. ҚАРАҒАНДЫ.

 Қылмыс

Жасырын мазут сатушылар Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында шығатын «Диапазон» апталық газетінің хабарлауынша, жақында мамандандырылған ауданаралық соты трансұлттық компания тобының ісі бойынша шешім шығарды. Сотқа тоғыз адам тартылған. Қылмыстық топ Ақтөбе, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстары аумағында əрекет еткен. Қылмыстық топтың басшысы Александр Алейнов Молдавияның азаматы болып шықты. Қылмыстық топты құруға бастамашы болған да сол көрінеді. Оның досы əрі сыбайласы Николай Жосан да сол елдің азаматы. Өздерінің қылмыстық əрекеттерін жүзеге асыру үшін олар Атырау облысындағы «А&DProfessional Development» ЖШС-нің жарғылық капиталының 92 пайызымен құрылтайшы болған. Серіктестік директорлығына өздерінің ресейлік сыбайласын тағайындаған. Ал, Ақтөбе қаласының тұрғындары Дамир Камалутдинов пен Қайрат Ізімовті номиналды директорлар ретінде тағайындаған. Бұл серіктестік ұрланған мұнайды өте төмен бағаға бір тоннасын 57720 теңгеден сатып алып, мазутқа айналдырған. Мұнайдың бір тоннасының ресми бағасы 83084 теңге құрайды. Мұнайды мазутқа айналдыру үшін «Лад» ЖШСнің бұрынғы директоры Арутюн Микаелян мен оның досы Нерсес Лазарянды қатарларына тартқан. Мұнайдан өңделген мазут Литваға тасымалданып, өткізіліп келген. Мұнайды мазутқа өңдеуге жауапты Арутюн Микаелян мен Нерсес Лазарян 3 жылға шартты түрде жазаланды. Сондай-ақ, кеден бекетінің қызметкері Нұркен Қонаев та 3 жыл мерзімге шартты сотталды. Оған қылмыстық топқа отынды тасымалдап өткізуге көмектескені үшін қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Қылмыстық топтың қалған мүшелері 8-10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбе облысы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің саудасаттық өткізу туралы ақпараттық хабарламасында 2014 жылдың 29 тамызында белгіленген «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-нің мемлекеттік қатысу үлесін сату жөніндегі 2014 жылғы 29 шілдеде «Казахстанская правда» № 145 (27766) жəне «Егемен Қазақстан» № 145 (28369) газеттерінде жарияланған сауда-саттық болмайтындығын хабарлайды. Қызылорда облыстық əділет департаментінде 5 қараша 2010 жылы тіркелген тіркеу №8318-1933-ҚБ, БСН 101140006174 «Байқоңыр жастары» қоғамдық жастар бірлестігі өз қызметін тоқтататынын хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде мына телефон бойынша қабылданады: 8 776 323 6262.

Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мəмбет ҚОЙГЕЛДИЕВТІ туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті, Мəмбет Құлжабайұлы! Елімізде тарих ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан көрнекті ғалымдардың бірі жəне бірегейі өзіңізсіз. ХХ ғасырдың 19201930 жылдардағы Алаш қайраткерлерінің рухы биік мұрасын қастерлеп, ғы лыми айналымға тартып, халыққа танытып, адамдық-азаматтық борышыңызды зор абыроймен орындап келесіз. Мұндай іргелі зерттеулеріңіз бүгінде ғылым, білім, мəдениет саласында түпкілікті орнығып, халық игілігіне қызмет етуде. Республикамыздың жəне бірнеше шетелдің академиялық қауымы сізді эрудицияға бай маман, тарихшы-ғалым, теоретик, отаншыл азамат ретінде құрметтеп сыйлайды. Сондай-ақ, гуманитарлық ғылымдар магистрлерінен жаңа кадр даярлау ісіндегі елеулі еңбегіңізді де ерекше атап өтеміз. Оқу үрдісіне өзіңіз енгізген жаңа əдістемелік

құралдар: «айтылған тарих», «күнделікті өмір тарихы» отандық тарихты жаңа қырынан тануға жол ашып отыр. Ғылымның бұл арнасынан нəр алып, жаңа тарих əлеміне сапарға шыққан шəкірттеріңіз – докторант, магистранттар сізге шексіз алғысын білдіруде. Сондықтан, ғылым мен білім жолында əділдік пен адал дықты қатар ұстан ған ардақты Мəмбет Құл жабайұлы, сізге мықты денсаулық, ұзақ өмір, жаңа шығармашылық табыстар жəне отбасы амандығы мен бақытын тілейміз. Құрметпен, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Магистратура жəне (PhD) докторантура институтының əкімшілігі жəне Қазақстан тарихы мен мəдениеті кафедрасының ұжымы, докторанттар мен магистранттар.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының əкімдігі кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашлығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде конкурс жариялайды Жер учаскелерінің тізбесі №

Ауылдық Барлық округ атаужер лары көлемі, га

Оның ішінде суаржайымалы лым

Жалға беру мерзімі

1 га жердің жалға беру құны

Жер учаскелерінің орналасқан жері км

1 Арыс қ. 0,5200 3 11,7 2 Арыс қ. 0,0300 3 11,7 3 Арыс қ. 0,0200 3 11,7 4 Арыс қ. 0,0040 1 11,7 5 Арыс қ. 0,0150 1 11,7 6 Ақдала 1000,0 1000,0 49 4,3 60 7 Ақдала 500,0 500,0 49 4,3 7 8 Ақдала 0,9 0,9 49 4,3 10 9 Ақдала 20,0 20,0 49 4,3 15 10 Арыс қ. 0,0300 3 11,7 11 Арыс қ. 0,0500 3 11,7 12 Жиделі 73,8 5,0 68,8 49 13,8 70 13 Қожатоғай 0,0150 3 0,72 14 Қожатоғай 300,0 300,0 49 3,6 70 15 Жиделі 30,0 49 0,72 16 Арыс қ. 7,0 7,0 49 4,6 17 Арыс қ. 0,7000 5 11,7 18 Ақдала 30,0 30,0 49 4,3 19 Ақдала 4,0 4,0 49 4,3 20 Ақдала 3,6 3,6 5 23,8 21 Қожатоғай 2,0 2,0 1 3,2 17 22 Дермене 10,0 10,0 49 4,6 12 23 Ақдала 500,0 150 350 49 8,68 70 24 Ақдала 1500,0 1500,0 49 3,6 15 25 Ақдала 500,0 500,0 49 3,6 15 26 Ақдала 3,5 3,5 49 23,8 10 27 Ақдала 850 850 49 4,6 70 28 Қожатоғай 20 20 49 4,6 10 29 Арыс қ. 0,2000 11,7 30 Арыс қ. 0,2000 11,7 31 Арыс қ. 0,1000 11,7 32 Ақдала 500,0 500,0 49 4,6 15 Конкурс 2014 жылы 23 қыркүйекте сағат 16.00-де Арыс қаласы, Əл-Фараби көшесі, №3 үй, қала əкімдігінің кіші мəжіліс залында өтеді.

Жамбыл облысы əкімдігі жəне облыстық мəслихаты қоғам қайраткері, белгілі суретші Шəкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Шығыс Қазақстан облысының əкімдігі көрнекті суретші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Шəкен Оңласынұлы НИЯЗБЕКОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туғантуыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Кəсіподақтарының федерациясы жəне оның мүше ұйымдары Мұнай-газ кешені қызметкерлері кəсіподағының төрағасы Тілекқабыл Боранбайұлы Қабдоловқа зайыбы Гүлсім Мұханбетқызы БАЙСАЛИХОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазақ тұлпары» ЖШС ұжымы Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылымизерттеу институтының бас директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Əбдірахман Омбаевқа əкесі МОЛДАНАЗАРДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының ұжымы ғылыми-технологиялық департаменттің бас сарапшысы, профессор, техника ғылымдарының докторы Серік Ниязбекұлы Түменовке анасы Сəлима ХАМИТҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «KAZGOR» жобалау академиясы жоғары білім беру саласының ардагері, профессор Мырзағали Мейірқұлұлы САБАЛАҚОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


8

www.egemen.kz

19 тамыз 2014 жыл

 Үйренетін үрдіс

Таѕєы жаттыєу

Екі мыѕнан астам ґскемендіктер фитнеспен бір мезетте шўєылданды Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Атқан таңды сергек қарсы алу үшін

не істеу керек? Əрине, таңғы жаттығу! Екі мыңнан астам өскемендіктер Кенді Алтайдың асқарынан көрінген күнді таңғы жаттығумен бастады. Спорт

күні қарсаңында «Салауатты ұлт – саламатты ұрпақ!» атауымен өткен акцияға спортшылар, спорт ардагерлері, бюджеттік жəне мемлекеттік

 «Егеменге» елден келді

Оќушы білімініѕ наќты кґрсеткіші не?

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

жанкүйерлер тобымен бірге би биледі. – Маған өте ұнады! Көп адаммен бірге жаттығу жасаған қызықты екен. Осындай іс-шаралар жиі өтіп тұрғанын қалаймын. Барлық жаттығуды орындауға тырыстым. Əрине, бəрін орындау мүмкін болмады. Біраз дағды керек екен. Өзімді өте сергек əрі көңілді сезініп тұрмын, – деді көңіл-күйімен бөліскен акцияға қатысушы Əсел Нұртазина. ӨСКЕМЕН.

 Ауыл əңгімелері

Биылғы жаңа оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Мектеп жасындағы балалары бар отбасылар жаңа оқу жылына дайындалып, абыр-сабыр күйде. Мұғалімдер де еңбек демалыстары аяқталуға жақын қалғандықтан, Тамыз мəслихатына дайындық үстінде. Міне, осы бір қарбалас шақта редакциямызға Алматы облысындағы Талғар ауданы Төңкеріс ауылындағы №23 орта мектептің география-биология пəнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз Гүлшара МҰСАБАЕВА келді. «Егемен Қазақстанның» тұрақты оқырманы əрі қырық жылға жуық сабақ беріп келген ұлағатты ұстаздан Ұлттық бірыңғай тест жайында бөлісуін сұрағанбыз.

– Мен өзімнің көп жылдық ұстаздық еңбек жолымда талай білім реформасын басымнан кештім. Өмірден түйгендерімді, жинақталған мол тəжірибемді пайдалана отырып, мектептегі білім беру саласына тиімдірек болуы мүмкін əдістер туралы айтсам деп едім. Соның бірі – он бір жылдық білімнің қорытындылануы. Кеңестік кезеңде, одан соң да біраз уақыт бойы оқушылардың мектеп қабырғасында тапсырған мемлекеттік емтихандары түлектер үшін кезінде үлкен сын болатын. Олардың тиянақты дайындықпен келуін біз, пəн мұғалімдері үнемі қадағалайтынбыз. Себебі, емтиханға қатысатын ассистенттер, мектеп əкімшілігінің алдында ұятқа қалмауға, еңбегіміздің нəтижесін дұрыс көрсетуге тырысатынбыз. Баға алдымен өзімізге қойылатынын сезбейді емеспіз. Бірақ, толық дайындығы жоқ оқушыны мектепте қалдыра алмадық, олар да өйтіп-бүйтіп, тағы билет алып, əйтеуір өтіп кететін. Міне, бұл кезеңдер келмеске кеткен сияқты. Одан соң мектеп бітіру емтихандарын тест түрінде тапсыру басталды. Алғашқы кезең əр пəннен 30 сұрақ болатын. Күндіз-түні балаларды дайындау, жаттықтыру басталды. Бұл да мұғалім үшін сын емес пе? Бұл жағдайларды неліктен еске алып отырмын, қазіргі кезде ҰБТ төңірегінде дау-дамай талас жүріп жатыр: оқушының 11 жылдық білімін осылай қорыту дұрыс па, жоқ па? Мен майданның ортасында жүрген жауынгер мұғалім ретінде айтар едім, дұрыс. Оқушы білімінің нақты

мекемелердің қызметкерлері қатысты. Өскемен қаласы əкімінің орынбасары Бұлбұл Бакинова жаттығуға жиналған жұртты Спорт күнімен құттықтап,

барша қауымға əр күнді гимнастикалық жаттығумен бастауға, саламатты өмір салтын ұстануға жəне бар күш-жігерді елімізді көркейтуге бағыттауға шақырды. – Бүгін, біз, əлемнің барлық өркениетті елдерінің тұрғындары сынды атқан күнді таңғы жаттығумен бастадық. Баршаңызды спортпен шұғылдануға, дене əлеуетіңізді арттыруға шақырамын, – деді Б.Бакинова. Акцияға қатысушылар жарты сағат бойы фитнес жаттығуларын жасап,

көрсеткіші осы жерде. Əрине, кейбір балалардың кездейсоқ сəтсіздігі, не сəттілігі, денсаулықтарының кенет сыр беруі сияқты факторларды есептемегенде. Ата-аналар тарапынан балаларының білімдерін дəл сараптай алмауы кездесіп жатады, мектеппен көп хабарласпай балаларының айтқандарына сенеді, күнделікті алып жүрген бағаларынан қорытынды жасайды. Ал оқушы осыған дейін қандай баға алып жүрсе соны, не одан төмен алып қалады, себебі, тестік сұрақтармен бетпе-бет келгенде кейбір балаларда қобалжу, қорқу басталады, бірақ қандай психологиялық жағдай əсер етсе де, басында білім жүгі бар бала алдына қойған мақсатына жетеді. Білімге бет бұрған оқушының шабысы байқау тесттерінен көрінеді, мейлі, ол басында білімін толық дəлелдей

алмаса да, оның қандай сұрақтардан сүрінгенін білу маңызды. Егер ол аса қиын сұрақтар қатарынан болса, оны меңгерту ұстаздың міндеті. Ал егер, 10-11 сыныпта ол 5-8 сынып сұрақтарынан сүрініп тұрса, онымен жұмыс істеу қиындайды, ол мұғалімнің де, оқушының да кезінде меңгере алмай кеткен ақтаңдақтары. Біздер мектеп абыройы, өз абыройымыз үшін алдымызға келген оқушыдан күш-жігерімізді аямаймыз, күніне 2 сағаттан мектепте, керек болса үйде де оқулықпен, тест кітапшаларымен арпалысып жатамыз. Логикалық сұрақтарды тауып, шығара білу өз алдына бөлек ізденіс, оған оқушыны үйрету қажет, ал үйрету 5-6 сыныптардан, тіпті, одан да ертерек басталғаны жөн. ҰБТ тапсыратын оқушылардың білімі 11-ші сыныпқа келгенде іріктеліп, жоғары деңгейге көтерілуі тиіс, олар тіпті, кейде жауапты мұғалімнен бұрын сақ еткізіп, айтып тұрады. Сондай оқушылардың екеуі мен сабақ беретін 11-ші «А» сыныбынан биылғы жылы «Алтын белгі» иегері (біреуінің тандау пəні – биология) атанып, бізге үлкен абырой əкелді. Міне, осындай көрсеткішке жеткен шəкірттерімізге үлкен үміт артамыз, ал кейде сондай оқушымыз 1-2 балл жетпей қалып, оқуға түсе алмаса, баламен қоса егіліп, өз қателерімізді іздейміз. Осылай бола тұрса да, мен əлі де тестік тəсіл оқушының жауапкершілігін арттырады деп есептеймін, себебі, қамтылатын, қайталанатын білімнің ауқымы кеңейіп, балалардың жауапкершілігі жоғары деңгейге көтеріледі, ата-ана баланың оқуын қадағалап, үйде жағдай жасауға тырысады, осының дəлелі ретінде өз оқушыларымның, яғни, менің пəндерімді тандаған балалардың биылғы мемлекеттік грант иегерлері болғанын алға тартамын. Менің екі оқушым ҚазМУ-дың, бір оқушым Қарағанды медицина институтының студенттері атанды. Бұл мен үшін де, олардың ата-аналары үшін де, мектеп ұжымы үшін де үлкен қуаныш. Құрметті ҰБТ-ке оқушылар дайындап, мектептерінің абыройын көтеріп, қиындықтан қашпай еңбек етіп жүрген жауынгер ұстаздар, сіздер осы мəселе туралы не дер едіңіздер? Жазып алған Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Алматы облысы, Талғар ауданы.

Тасаттыќ Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Елімізде Тəуелсіздіктің туы енді желбіреп, теңгенің жаңа ауысқан кезі. Сол жылғы көктемде Шəуілдірге бір тамшы жауын тамбай, ел қатты сасыпты. Ақырында ауылдың ақсақалдары «тасаттық берейік» деген тоқтамға келеді. Тасаттық – Алла тағаладан жаңбыр сұрап жалбарынатын, құрбандыққа бір мал шалатын құдайы тамақ қой. Тасаттық беруге келіскен ел ақша жинауға келгенде біраз дауласты. Ақшасы барлар 5 теңгеден жинағысы келеді, тұрмысы төмендер 3 теңгеден бергісі келеді. Ауылдағылар ары-бері «айтысты» да, ақырында 3 теңгеден жинауға келісті. Ақшаны жинап,

 Өшпес даңқ

керек-жарағының бəрін алып, малды сойып, ауылдың қасындағы қырдың басында тасаттық берілді. Алланың құдіреті, Құран оқылып, тамақты жеп, жұрт «əумин» деп бет сипап бола бергенде күн күркіреп, жауын басталды. Жұрт жапатармағай заттарын жинап етектегі ауылға қарай қашты. Жаңбыр біртебірте күшейіп, сай-саланың бəрі сел болып кетті. Сонда затын көтеріп алып, үйіне қарай зытып бара жатқан Төпен деген ағамыз: «Ойпырмай, 3 теңгеден жинағанда мұндай болды, 5 теңгеден жинағанда «вообще» бітеді екенбіз ғой», деген екен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шəуілдір ауылы.

 Сот іс қарады

Ќылќўйрыќты їйірімен ўрлаєан жылќышылардыѕ ґздері екен Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Өткен қыста Зеренді ауданындағы Бөгенбай би ауылының табынынан жүзде ген жылқы жоғалып, тұрғындарды сарсаңға түсіргені, оның арты ұрыс-керіске ұласқандығы жөнінде газетімізде хабар жариялаған едік. Сол кездегі талдау мал иелерінің салғырттығын да көрсеткен. Тұрғындар үйірдегі жылқыларынан айлап хабар алмайтындығы, бақташының ақысын уақтылы төлемейтіндігі белгілі болған. Ауылдың аңқау адамдарын алдаусыратқан жылқышылар да ойына келгенін істеп бағыпты. Бір қызығы, «жылқылар жоғалды» деген сипаттағы арызды жергілікті ішкі істер органдарына жылқышылардың өзі берген көрінеді. Күдіктілер қатарында көршілес Бурабай ауданының жылқышыларының аты аталған. Жақында сот органдары бұл жылқы ұрлығы оқиғасының соңғы нүктесін қойды. Қылмыстық істі жан-жақты зерттеген тергеушілер жылқыны «барымтаға» түсірген жылқышылардың өздері екендігін анықтап берген. Айыпкерлер орындығына ағайынды жылқышылар Қазбек пен Жаңбырбай Сыздықовтар отырғызылды. Сөйтсе, бұл екеуі 2012 жылдың қараша-желтоқсан

айларында ғана өздеріне сеніп тапсырылған 429 бас жылқыны талан-таражға түсірген болып шықты. Бұл жолы 102 адам жапа шегіп, оларға 98 миллион 310 теңгенің материалдық шығыны келтірілген. Ағайынды Сыздықовтар осы қылмыстары үшін Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлімінің «б» тармағы бойынша алдын-ала топ құрып, бөтеннің мүлкін иеленгені жəне талан-таражға түсіргені үшін айыпты деп танылды. Ал, келесі, 2013 жылы олардың үйірдегі барлығы 500 бас жылқы болуы керек болса, іс жүзінде 77 бас жылқы ғана қалыпты. Бұл ағайынды жылқышылардың ұрлық жасап, құныққан үстіне құныққанын көрсетеді. Өздері жасаған қылмысты басқа біреуге аударып, оны Бурабай ауданындағы УспеноЮрьевка селолық округінің жылқышысы ұрлады деп жала жабуға дейін барған. Осы əрекеттері арқылы жылқышылар мал иелерін ғана емес, ұрлықты ашпақшы болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін де шатастырып, алдап-арбаған болып шықты. Сот айыпталушы Қазбек Сыздықовты – 8, Жаңбырбай Сыздықовты – 7 жылға мүліктерін тəркілеу арқылы бас еркінен айыруға үкім шығарды. Ақмола облысы, Зеренді ауданы.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 747-63-01; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

70 жылдан соѕ жеткен орден Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Қаладағы соғыс жəне еңбек ардагерлері кеңесі үйінде Қазақстандағы Ресей бас консулдығының вице-консулы Сергей Шимко майдангер Ұзбақан Сиябаевқа арналған орденді қызы Тəнзираға табыстады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін берілген орден 70 жыл өткенде ғана оның туыстарына жетіп отыр. 1941 жылы 34 жастағы Ұзбақан аға майданға аттаныпты. Бірнеше рет жараланып, 1945 жылы еліне оралған. 1946 жылы Жеңістің 1 жылдығына орай екінші дəрежелі Ұлы Отан соғысы ордені мен марапатталды. Бірақ Қорғаныс министріне майдангердің адресі табылмады деген жауап келеді. Сөйтіп, награда табысталмай қалады. – 2012 жылы балаларым Ұлы Отан соғысында марапатталғандардың арнайы сайтына кіріп отырып, аталарының фамилиясын көріп қалады, – дейді Тəнзира Сиябаева. – Мен Ресей Федерациясының мұрағатына хат жазып, сұрастырып едім. Олар бұл кісі марапатталды, бірақ түрлі себеппен табысталмапты деп жауап берді. Енді мен бүгін «ешкім де, ешнəрсе де ешқашан ұмытылмайды» деген қанатты сөзге сеніп отырмын. Ұзбақан Сиябаев соғыстан келісімен ұзақ жылдар бойы Семейдің ет-консерві комбинатында жұмыс істеген. Зейнетке шыққан соң, «Социалистік» кеңшарында шопан болады. 1984 жылы өмірден өткен. – Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің тапсыруы бойынша, бүгін КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1946 жылы берілген осы орденді өздеріңізге табыстаймын. Ресей бас консулдығы атынан сіздерге алғысымызды білдіреміз жəне отбасыларыңызға жақсылық тілейміз, – деді вицеконсул Сергей Шимко. СЕМЕЙ.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 201 715 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №376 ek

Profile for Egemen

19082014  

1908201419082014

19082014  

1908201419082014

Profile for daulet
Advertisement