Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№91 (28569) 19 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Мəскеуге сапармен келді

● Жол жəне жаңару

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік ресми сапармен Мəскеуге келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Ол сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен келіссөз жүргізеді жəне Федерация Кеңесінің отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатия академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушыларының алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.

Оќулыќтар олќылыќтан ќашан арылады?

Мəжілісте ґткен Їкімет саєатында осы мəселе жан-жаќты ќаралды

АРЌАРЛЫ асуы айќара ашылды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Алматы облысындағы «Алматы – Талдықорған» автожолының бөлігінде БАҚ өкілдері «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жол құрылысының жұмыстарымен танысты. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Əліпов пен Алматы облыстық филиалының директоры Батыр Дадамурзаев, сондайақ, мердігер компаниялардың басшылары журналистерді құрылыс барысымен таныстырды. Жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыстың аяқталу мерзімі мен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары секілді бірқатар мəселемен бөлісті. Сапар барысында жол бойындағы қызметтің даму жоспары мен Алматы облысындағы автожолға ақылы жүйе енгізілетіні туралы айтып өтті. Өткен жылы республикалық маңызға ие автомобиль жолдары торабын дамытуға 174 миллиард теңге бөлінген болса, оның ішінде 41,2 миллиард теңге Алматы облысының еншісіне бұйырған-ды. Ол жалпы бюджеттің 24 %-ын құрайды. Биылғы жылы жалпы автожол құрылысына Республикалық

бюджеттен 234 миллиард теңге бөлініп, оның ішінде Алматы облысының үлесіне 47,8 миллиард теңге шығып отыр. Биылғы жылы 306 шақырым автожол бойында жұмыстар жүргізіледі, 265 шақырым жол қайта қалпына келтіріліп, 41 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жыл соңына дейін 98 шақырым жаңартылған жол пайдалануға берілетін болса, ол үшін 946 дана техника мен 1 767

адам жұмысқа тартылып отыр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің қарыз беруі арқылы «АлматыҚорғас» автожолының бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстарын Қазақстанның «Қазақжолқұрылыс», «К-Жолқұрылыс», «Найза-Құрылыс», түріктердің «СинеМидасСтрой», италиялықтардың «Тодини» сияқты белгілі компаниялары, сонымен қатар, жергілікті «Талдықорған жолдары», «Қапшағай көпіржасағы» жəне басқа да компаниялар жүргізуде. Жолды қайта қалпына келтіруге қолданатын материалдардың 90%-ы отандық өндірушілердің өнімдері. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық

● Бəрекелді!

Ќатарынан 20 нокаут! Головкин темір Тайсонды таєынан тайдырды

Өткен жексенбі күні таңертең қазақстандық кəсіпқой боксшы АҚШ-та өзінің 33-ші жекпежегін өткізіп, тағы да мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол бұл жолы америкалық былғары қолғап шебері кіші Вилли Монромен WBA (Super), IBO жəне WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы əлем чемпионы атағы үшін шайқасты 6-раундта аяқтады. Біздің бағлан осы арқылы атақты Майк Тайсонның тағы бір рекордына өзгеріс енгізді. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жекпе-жек Американың Калифорния штатындағы Инглвуд қаласының «Фо рум» спорт аренасында өтті. Геннадий Головкин əдеттегідей ұрыстың басынан алға ұмтылып, қауырт шабуылға көшті. Ол айқастың басындаақ Монроны теңселтіп жіберетіндей бірнеше жойқын соққылар беріп тастады. Ал екінші раундта біздің жерлесіміз қарсыласын тіпті екі рет нокдаунға да жөнелтіп үлгерді. Бірақ америкалық боксшы гонг соғылғанға дейін орнынан тұрып кетті. Үшінші раундта Геннадийдің ептеп қарқыны басылып қалғандай болып көрінді. Мұны осы кезге дейін біраз есесі кетіп қалған Вилли жақсы пайдаланды. Оның осы бөліктегі бірнеше қарсы шабуылы сəтті шықты. Бұдан кейінгі төртінші жəне бесінші раундтар да осындай сипатпен өтті. Осы тұстарда қазақстандық жанкүйерлердің көңілдері ептеп қобалжығандай да болды. Гена қарсыласына бірнеше рет ауыр соққы бергенімен, бəсекелесінің қарымта жұдырық сілтеуіне де жол беріп қойды. (Соңы 12-бетте).

операторы инфра құ рылымдық дамудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 7 100 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлауда. Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша Алматы-Астана, Алматы-Өскемен, АлматыҚорғас жəне Үшарал-Достық бағыттарындағы автожолдарды қайта қалпына келтіру көзделген. – Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы əзірленген болатын. Аталған бағ дарлама аясын да 11 автожол жобасын жүзеге асыру көзделген, олар: Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы-Өскемен, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Астана-Петропавл-РФ шекарасы, Орал-Каменка, Астана қаласының Оңтүстік Батыс айналымы, Жетібай-Жаңаөзен, Үш арал-Достық, – деді Ұлан Тəліпов. Сондай-ақ, басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұлттық операторы отандық инфрақұрылымның дамуына бағытталған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы құны 2,6 триллион болатын 7000 шақырым жолды құрылысжөндеу жұмыстарымен қамтуды жоспарлап отыр.

Кеше «Оқулықтардың сапасы, орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» деген тақырыпта Мəжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Үкімет сағаты өтіп, онда мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етудің жайы мен олардың сапасы туралы мəселе жан-жақты талқыға түсті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Бүгінгі Үкімет сағаты былтырғы қазан айында мек тептерді оқулықтармен уақытында қамтамасыз ету бойынша өткен Үкімет сағатында талқыланған тақырыптың қисынды жалғасы болып табылады. Барлық қоғамды толғандырған осы проблемаға қайта оралу туралы сол кезде келісімге келген болатынбыз, – деді Дариға Нұрсұлтанқызы сол келісімді қаперге салып. Бұл ретте қабылданған шаралар бойынша Үкіметті тыңдау жəне бұл мəселеге нүкте қою қажеттігін алға тартқан Д.Назарбаева отандық білім берудің бұдан да күрделі, созылмалы проблемасы – оқулықтардың сапасы мен мазмұны ерекше қараларына да назар аудартты. «Сапаның төмендігі, оқулықтардың оқу бағдарламалары мен жоспарларына сəйкес еместігі, бір басылымнан бір басылымға көшіп жүретін қателер, түсініксіз

сөздер мен нақтылықтың аздығы БАҚ-тарда үнемі талқылануда, ата-аналардың шағымдары естілуде, осының салдарынан, яғни көптеген оқулықтардағы кемшіліктердің кесірінен түлектер ҰБТ-ны тапсыра алмауда», – деп сабақтады сөзін Төрағаның орынбасары. Вице-спикердің пайымынша, олардың мазмұны ғана емес, баспа-полиграфиялық безендірілуі де көңілге қонбайды. «Алматылық мектеп оқушысы 1-2 сыныптарға арналған жол қозғалысы ережесі бойынша оқулықты оқығаннан кейін Білім жəне ғылым министрлігін сотқа бергендігі туралы оқыс оқиға бар. Бала өзіне жасалған моральдық шығынды 100 миллион теңгеге бағалаған. Рас, іс ақырына дейін жетпеді, сотта оның мүддесін қорғаған оқушының əкесі шағымарызын қайтып алды», – деген Д.Назарбаева сөз кезегін Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіповке берді. (Соңы 2-бетте).

Ўсыныстар əзірленді

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалық етуімен Мемлекет басшысы жариялаған заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы институттық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыс қорытындысында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын Мемлекет басшысының судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмалары мен нұсқауларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар əзірленді.

(Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

● Елімізде өңдеу саласы бойынша «ұлттық чемпион» болуға лайық компаниялар анықталды. Əр өңірден келіп түскен 300-ден астам өтiнiштен 32 компания іріктеліп алынды. Оның iшiнде 20 компания – азық-түлiк өнеркəсiбi, 7 компания – машина жасау жəне 5 компания құрылыс материалдарын өндiру саласы бойынша жұмыс істейді. ● 3 шілдеде Астанада «Көшпенділер шайқасы» өтеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын сайысқа ТМД кеңістігіндегі жəне халықаралық деңгейдегі белгілі спортшылар қатысады. Қазақстан Республикасы ММА (аралас жекпе-жек) феде рациясының құрметті президенті Ерлан Қарин бұл додаға халықаралық спорт арналары да тартылатынын айтты. ● Алматыда 2015 жылдың І тоқсанында 47,2 мың жұмыссыз тіркелген. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,4 пайызды құрайды. Сондай-ақ, қалалық статистика депар таментінің хабарлауынша, аталған мерзімде орташа айлық табыс көлемі 152 724 теңгеге жеткен. 2014 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,7 пайызға артқан. ● Ақмола облысында ауыл əкімдерінің қызметін автоматтандыру бағдарламасы қанатқақты режімде іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық округтерде тұратын жұ мыссыздарды жəне аз қам тылған азаматтар мен жалдамалы жұмыскерлерді есепке алу. Жаңа бастама əрбір мақсатты топ бойынша жұмыспен қамтуда нақты ісшаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бағ дар лама сынақтан өткен соң оны республиканың барлық өңір лерінде енгізу мəселесі қарастырылады. ● Шымкенттегі «Юг Пром Сталь» құрылыс цехы жылына 4 мың тонна өнім өндіреді. «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған кəсіпорын 2,5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда өнімдер тек отандық жоғары сапалы шикізаттан өндіріледі. 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кəсіпорын алдағы уақытта өнім көлемін 2 есеге көбейтуді жоспарлауда. ● Қарағанды облысы Приозерск қаласында жаңа су тазарту кешені іске қосылды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған кешенде суды тазарту үшін Grundfos жəне Siеmens маркалы қондырғылар пайдаланылады. Құны 1 млрд. теңгеден асатын жобаның жұмыс сапасы өте жоғары. Оны санитарлық-эпидемиологиялық сараптама да растады. ● Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 24,5 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтар-сəуір айларымен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Инвестицияны игеру бойынша басым салалардың қатарына көлік жəне қойма қызметі (44,1%), ауыл, орман жəне балық шаруашылығы (25,4%), сондай-ақ, өнеркəсіп (16,7%) салалары енген. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

● Алаңдатарлық ахуал

Ќырылєан киік саны 5400-ден асып кетті Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында мамыр айының 11-і күні мамандар 117 ақбөкеннің өлі денесін тауып алғанын хабарлаған еді. Бұл дала сұлуына келген жаманшылықтың белгісі екен. Сол күннен бастап киіктердің жаппай қырылуы үдей түсті. Өткен аптаның аяғында облыстағы Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясының басшылары өлген киіктің саны бір мыңнан асқанын хабарлаған еді. Біз бұл ақпаратпен «Егеменнің» оқырмандарын да хабардар еткен едік. Енді, міне, өлген киіктің саны 5400ден асып кетті. – Менің өкіміммен облыста арнайы ко миссия құрылып, оны облыс əкімінің орынбасары Базыл Жақып басқаруда. Оның құрамына облыстағы ішкі істер

департаментінің, резерват орналасқан аудандар Амангелді мен Жангелдин аудандарының əкімдері жəне басқа да осы іске қатысты ведомстволардың мамандары кірді. Киіктің қырылу себебін анықтау тиісті ғылыми мекемелердің ісі, ал атқарушы билік жұқпалы ауру бола қалған жағдайда одан адамдарды қорғау, қауіпті аурулардың ары қарай тарамауы үшін қолдан келгеннің барлығын да жасайтын болады, – дейді облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов. Киік қырылып жатқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында қазір 30-ға жуық техника, 150 адам жұмыс істеп жатыр. Олар киіктің өлекселерін дер уақытында жойып отыр. Сонымен қатар, Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі республикалық комитетінің мамандары да Амангелді ауданындағы оқиға болған жерде жүр. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты 490 мың гектар жерді алып жатыр.

Оның 16 мың гектарында 11 мамырдан бастап өлген киіктер өлексесін жойып, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Қостанай облысында киіктің қырылуы бірінші рет орын алып отырған жоқ. 2012 жылы Жангелдин ауданында мың қаралы киік пастереллездің құрбаны болған еді. Одан кейін киіктің жаппай өлуі Батыс Қазақстан үйірінде де болған. Бірақ, дала сұлуының шығыны дəл биылғыдай көп болған емес. Мұның себебін анықтау үшін киік жайылған жерден топырақтың, судың, өлекседен атынған биологиялық материалдардың сынамасы республикалық референс-лабораторияға жіберілген болатын. Оның қорытындысы əлі шыққан жоқ. Əзірге киіктің жаппай қырылуының себебі жұмбақ күйінде қалып тұр. Сонымен қатар, ақбөкенге келген бұл нəубет қашанға дейін созыларын да нақ ешкім білмейді. Қостанай облысы, Амангелді ауданы.

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015


2

www.egemen.kz

Оќулыќтар олќылыќтан ќашан арылады? (Соңы. Басы 1-бетте). 2015-2016 оқу жылына дайындалу барысында елімізде баспалармен 1768 келісімшарт жасал ған дығын алға тарт қан министр қазақстандық оқулықтарда білім берудің заманауи тұжырымдамасына сəйкес келмейтін кемшіліктер барлығын мойындады. Бұл, əсіресе, жаңартылған жалпы білім беруді енгізгенде айқын көрініп отыр. Министрдің айтуынша, енгізілген өзгерістерге сəйкес оқулықтарға жүргізілетін сараптама үш кезеңнен тұратын болады. Атап айтқанда, «Оқулық» орталығында мемлекеттік сараптама жəне, сонымен бірге, қоғамдық баға; пəндік комиссияның мемлекеттік сараптама нəтижелерін қарастыруы жəне оқу басылымын Тізбеге енгізу үшін Республикалық комиссияның ұсынысы. Барлық процесті министрлік қадағалайды. «Оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты тиісті біліктілігі бар авторлар мен сарапшылардың жетіспеушілігі, мектепке арналған оқу əдебиеттері авторлары құрамының қартаюы байқалуда», – деді Аслан Бəкенұлы. Сондықтан да оқу басылымдарының авторлары мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру бойынша оқыту курстарын өткізу ұсынылып отырған көрінеді. Бұл ретте, жетекші шетелдік мамандарды тарту арқылы авторлар мен сарапшылардың біліктілігін арттыру жұмысы басталғандығын жеткізген министр оқулықтарды сараптамадан өткізу бəсекелі ортаға берілгендігін де қаперге сала кетті. «Бұл саяси жəне идеологиялық тұрғыда бұрмаланған оқулықтардың оқу процесіне ену қаупін тудырады. Аталған проблеманы шешу үшін оқу əдебиетін сараптамадан өткізудің мемлекеттік монополиясын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілуде. Сіздердің қолдауларыңыз қажет», – деді А.Сəрінжіпов. Сөзінің соңында Білім жəне ғылым министрі биылғы жылғы 10 тамызға дейін бар лық орта, техникалық жəне кə сіптік білім беру ұйымдары оқулықтармен жəне оқу-əдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілетінін атап көрсетті. Бұдан кейін қосымша баяндама жасаған палатаның Əлеуметтікмəдени даму комитетінің төрайымы Гүлнəр Ықсанова əр пəн бойынша біртұтас базалық оқу басылымын əзірлеуге орталықтандырылған мемлекеттік тапсырыс беру өте қажет екендігін айтты. Комитет төрайымы осы орайда отандық оқу басылымдарында ескі бағдарлама бойынша əзірленген материалдар барлығын ескерте келіп, олардың көпшілігінде өндіріске енгізілген заманауи құрал-жабдықтарға қатысты материалдардың жоқтығына қынжылыс білдірді.Есесіне 10 жылдан астам уақыт бұрын өндірістен алынған құралжабдықтар туралы материалдар да кездесіп жатады. Сондай-ақ, оқу бағдарламаларына ресейлік авторлар мен баспалардың оқулықтары ұсынылып жатса, қазақ тіліндегі əдебиеттердің жетіспеушілігі 70 пайызға жеткендіктен, оларды ұстаздар өздері интернеттен тауып, аударып алып жатады екен. «Оқулық» орталығы сарапшыларға кітапты саралау үшін 2 ай уақыт берсе, Республикалық комиссия 2-3 күннің ішінде оларды ұсынады

немесе қайтарады. Г.Ықсанова министрлік берген ақпаратқа жүгіне отырып, 2014 жылы ұсынылған 2427 атаудың 712-сі кері қайтарылғандығын тілге тиек ете келіп, сапасыз сараптама үшін кімдер жауап береді деген сауалды төтесінен қойды. Негізгі жəне қосымша баяндамалар тыңдалғаннан кейін депутаттар бірқатар сұрақтар қойды. Депутат Мұхтар Тінікеев оқулықтардың тілі түсінуге қиын екендігін, сондықтан ата-аналар қосымша репетитор жалдауға тура келерін алға тарта отырып, оқулықтарды шығарып келе жатқан баспаларды атауды жəне сапасыз басылымдар үшін қанша қаржы кері қайтарып алынғанын сұрады. Министрдің жауабынан белгілі болғандай, қазіргі таңда елімізде 10-12 баспа оқулық шығарумен айналысып келеді екен. Олар өз қаржыларына оқулық авторларын тартып, нұсқасын əзірлегеннен кейін оларды «Оқулық» орталығына сараптамаға жолдайтын көрінеді. Одан өткен оқулықтар Республикалық комиссия қарауына ұсынылары белгілі болды. Қазіргі таңда 16 мыңдай атау ұсыныс тізіміне енгізіліпті. Министр сөз орайы келгенде ұстаздардың 75 пайызы таңдаудың болғанын қалайтындықтарын да айта кетті. Солардың қалауына қарай жергілікті атқарушы органдар оқулықтарды сатып алатынын да жеткізді. Отырысты қорытындылаған Мəжіліс Төрағасының орынбасары қазіргі кезде əрбір пəн бойынша əртүрлі авторлық ұжымдардың мазмұндау стилі бойынша ғана емес, тілі, күрделілігі, материалды иллюстрациялық қамтуы бойынша əртүрлі оқулықтар күрделі проблема болып отырғандығын жеткізді. Бұл оқулықты жазуға (дайындауға) бірыңғай стандарттардың (талаптардың), сараптама жасауда белгілі бір өлшем-критерийлердің болмауына байланысты екендігі де аталды. «Қазіргі жағдайда барлық талаптарға сəйкес келетін базалық оқулықтар дайындау мүмкін емес. Сондықтан «Оқулық» орталығы, Білім академиясы секілді құрылымдарды ресурстық күшейту бойынша шаралар қабылдау қажет», – деді Дариға Нұрсұлтанқызы. Оқулықтарды «қайта шығару» мен «қосымша көбейту» түсінігін шектеу қажеттігі де алға тартылды. Сондай-ақ, Бірыңғай ұлттық тестілеу сұрақтарын тест жүргі зілетін пəн бойынша базалық (бірыңғай) оқулыққа сəйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, бекітілген типтік оқу бағдарламаларын қателер, дəлсіздіктер, жеке тақырыптарды дəл түсіндірудің мақсатқа сəйкестілігін анықтау тұрғысында қосымша сараптама жүргізу ұсынылса, оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендердің сапасы жөніндегі жағдайға шолу бойынша материалдарға жүйелі талдама жүргізу қажеттігі де назардан тыс қалған жоқ.Соңында оқулықтарда табылған барлық кемшіліктерді, түсініксіз сөздер мен қателерді 2015-2016 оқу жылы басталғанша жою мəселесі өте өткір қойылды. Нəтижесінде Үкімет сағатында депутаттар көтерген мəселелер мен ұсыныстар жəне ескертпелер министрліктің іс жүзіндегі жұмысында басты назарға алынарына сенім білдірілді. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар жобасы дайындалды.

19 мамыр 2015 жыл

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Ислам Республикасының тау-кен өнеркəсібі жəне мұнай министрі Дауд Шах Сабамен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ынтымаќтастыќ арта тїспек Тараптар экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мəселелерін талқылады. Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның президент Мохаммад Ашраф Ғани мен атқарушы билік басшысы Абдулла Абдулла басқаратын Ұлттық бірлік үкіметін қолдайтынын атап көрсетті. Ол елдің жаңа басшылығының ауған халқының əл-ауқатын жақсартуға бағытталған толыққанды реформаларды жүзеге асыра алатынына үміттенетінін жеткізді. Кездесуге қатысушылар екіжақты сауданың ұлғайғанын атап өтті (2014 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы тауар айналымы 336,7 млн. долларды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда үштен бірден астамға өсті), дегенмен, сауда-экономикалық ынтымақтастық əлеуетінің əлі де соңына дейін ашылмағанын тілге тиек етті. Осылайша Дауд Шах Саба Қазақстанның ауған тауарларын жеткізуді ұлғайту үшін қажет дегеннің бəрін жасайтынына сенім білдірді.

Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Президент жанындағы Орта лық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында аталған саланың қазіргі таңдағы ахуалы жөнін де хабар дар етілді. БАҚ өкіл дерімен кездесуге келген «Астана – жаңа қала» арнайы экономи ка лық аймағын əкім шілендіру басқармасы» мемлекеттік мекеме сінің басшысы Ілияс Жанғас кин мен «Ас тана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Əл тайыр Уызбаев Ас та нада инновациялық кластерді дамыту тақырыбын тарқата айтты. АЭА аумағына Астананың екі индустриялық паркі кіреді. Индустриялық парктер – бұл жеңіл дікті салық жəне кеден режімі белгіленген жаңа өнеркəсіптік аймақтар. Инвесторлар корпоративтік жəне табыс салы ғынан, мерзімі 10 жылға

«Састґбе» цементі экспортќа шыєарылуда

дейін учаскені жалға алу төлемақысынан, жер салығынан, мүлікке салынатын салықтан босатылды, деді Ілияс Жанғаскин өз сөзінде. Ал бұл тұрғыда едəуір салықтық жеңілдіктер инвестицияларды тарту мен өндірістерді қосу үшін АЭА аймағын жəне индустриялық парктерді тартымды ететіндігін айтты. Сондай-ақ, «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 2002 жылмен салыстырғанда биыл тартылған инвестициялар көлемі екі триллионнан аса теңгені құрады, ал 2010 жылы барлығы 393,5 млрд.теңге сомасына өнім шығарылды, деп атап өтті І.Жанғаскин. Келесі кезекте сөз алған Əлтайыр Уызбаев 2013 жылы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назар баев Үкіметке жəне Астана əкімдігіне 2017 жылы Аста на қаласын əлемнің 50 «ақылды» қалаларының рейтингіне көтеру

Талдыќорєан тўрєын їймен толыєа тїседі Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Көрнекті спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұлов ағамыздың «Аспаннан шұға жауған күн» деген керемет повесі бар. Құнарлы тілмен жазылған шығарманы оқып отырып, шұға емес аспаннан гүл жауып тұрғандай əсерде боласың. Сонау бір жылдары «Састөбе» цемент зауытының іргесіндегі Ынтымақ ауылының тұрғындарынан редакция қосынына арыз түскен. «Аспаннан цемент жауады, денсаулықтан айырылып біттік» деген. Бардық, көрдік. Тал жапырақтарына қонған цементі егер ерінбейтін болып сыпырып, сиырып алатын болсаң сылағы қашқан үйіңді бүтіндеп алардайсың. Бұл күлетін емес, жылайтындай жағдай еді. Зауыттың оттығына ауаға цемент тозаңын жібермейтіндей сүзгі орнатуға ақшасын қимаған шетелдік инвесторлар ел ұйқыға жатты-ау дегенде ауаға жіберер екен. Ауамен аралас цемент жұтқан адамдарда қандай денсаулық болады. Көкөніс біткен тамыр алмай жатып қақайып қатып қалады. Жұртшылықтың айқайынан кейін зауыт қожайындары сүзгі орнатқанымен толықтай іске қоса алмай кетті. Отандық инвестор «SAS-Tobe Technologies» серіктестігі осы жобаны аяғына дейін жеткізіп, электронды сүзгі арқылы ауаға цемент тозаңын шығармауды жолға қойды. Енді «Састөбе» цемент зауытынан қоршаған ортаға тиетін анау

айтқандай залал жоқ. Өндіріс болған соң бəрі жақсы болады деуге болмас, бірақ зиянды қалдықтар баяғыдай елдің үрейін ұшырмайды. Түрлі-түсті цемент шығарып келген зауыт өткен жылы 438 тонна өнім алып, оның отыз бес пайызын сыртқа экспорттаған. Бүгінде зауытқа керекті жаңа кен орнын алуға келіссөздер жүріп жатыр. Оған қол жеткен жағдайда цементтің құны он пайызға арзандамақ. Серіктестік директоры Талғат Сəдуақасов Өзбекстан Республикасымен ұзақ мерзімді келісімшарт барын айтады. Көрші ағайынды «Састөбе» цемент зауытының сапасы қанағаттандырады екен. Зауыт ауылдың да жағдайын ойлай жүреді. Былтыр 15 млн. теңгеге көшелерді жөндеп, арық-атыздарды аршып, бетондап берсе, биыл Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне орнатылған Ардагерлер аллеясын күрделі жөндеуден өткізіп беріп жатыр. «Елде болса ерінге тиеді» деген аталы сөздің қасиетін бұл жігіттер жақсы біледі. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының нəтижелі жұмысының бір көрінісі – Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы сауда-саттық, жалпы экономикалық байланыс жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мем лекеттік маңызы бар бұл жұмысқа аймақтар да белсенді атсалысуда. Жуырда Алматы облыстық кəсіпкерлер палатасында ҚХР-дың Шанси аймағынан келген арнайы делегациямен Талдықорған қаласының əкімі Ермек Алпысов кездесіп, қос тарапқа тиімді жобаларды талқылады. «Xing Huo» корпорациясының өкілдері қала басшылығымен кездесуі барысында аспан асты елі өңірдің аграрлық саласын дамытуға қызығушылық танытатындығын айтып, бұл мақсатты орындауға Жетісу жері таптырмас өлке болып табылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, өзге салаларға да инвестиция салуды жоспарлаған қонақтар Талдықорғанның қазіргі тынысы жайлы мəлімет сұрады. Өз кезегінде қала əкімі Ермек Алпысов Шанси аймағының өкілдері қолға алмақ болып отырған «Инновациялық ауылшаруашылық паркін» облыс орталығында тұрғызу өзге аудандардағыдай логистикалық жəне тағы басқа шығындарын азайтып, жобаның кең ауқым алып, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне сеп болатындығын жеткізді. Оның үстіне қала əуежайы алдағы уақытта жүк

тасымалдаушы ұшақтарды қабылдау мүмкіндігіне ие болатындығын да айтқан қала басшысы келіссөзге келген инвесторлардың қызығушылығын туғызды. Сонымен бірге, облыс орталығының жаңадан бой көтерген Оңтүстік-батыс ауданында тұрғын үй салу жайын талқылаған қос тарап, бүгінде көп қабатты тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары мен жобалары уақытты үнемдеп, салынған қаржының қайтарымын жылдамдатып, қаржыны үнемдеуге болатындығын айтты. Қала əкімінің үшінші ұсынысы облыс басшылығының қолдауымен инфрақұрылымы жаңартылып жатқан «Шығыс» индустриялық аймағында қант зауытын салу болды. Талдықорғанның логистикалық мүмкіндіктерін ескерсек, бұл инвесторларға ұтымды ұсыныс. Тоғыз жолдың торабы, жүк тасымалдаушы ұшақтарды қабылдайтын əуежай, теміржол тағы бар. Оның үстіне бүгінде Елбасы тапсырмасына сəйкес Алматы облысында қант қызылшасының алқаптарын ұлғайту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатқандықтан шикізат та тапшы болмайды. Келіссөздер аяқталысымен қос тарап ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, қолға алынар жобаларды алдағы уақытта тағы да тереңірек зерттеп, екі жаққа да тиімді жолды қарастыратындығын айтып уағдаласты. ТАЛДЫҚОРҒАН.

 Біз – қазақстандықтармыз!

Аймаќтаєы жаѕа этномəдени бірлестік Этномəдени бірлестіктер қатарына фин-угорлар қосылды. Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күні жəне Ассамблея жылы аясында фин-угор бірлестігінің таныстырылымы болып өтті. Жаңа орталықтың ашылуына орай алыстағы Мордовияның мəдениет министрлігі, Марий Эл Республикасының президенті құттықтауларын жолдапты. Біздің облыс орталығындағы фин-угорлар этномəдени бірлестігінің ашылуына орай Удмуртиядан арнайы қонақтар да келді.

Е.Бабақұмаров бастаған Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің делегациясы Будапеште сапармен болды.

«Егемен-ақпарат».

Инновациялық кластерлерді дамыту мен қалыптастыру барысында шетелдік инвестицияларды тарту жəне сыртқы экономикалық біріктіруді жандандырудың тиімді тетігі жатыр. Осы мақсатта елімізде көптеген жобалар қолға алынып, бірқатар міндеттер атқарылуда.

мəселесін тапсырғанын айта келе, осының аясында бірқатар мəліметтермен таныстырды. Сонымен қатар, «Астана Innovations» компаниясының қызметі негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейтіндігін алға тартты. Олардың қатарына инновациялық стар таптарды қолдау, «Smart Astana» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ, Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесін дамыту жатады, деді Ə.Уызбаев. Аталмыш үш бағытқа жеке-дара тоқталып өткен ол, бірінші бағыт бойынша стартап-компанияларға оларды дамытудың бастапқы кезеңінде қаржылық жəне кеңес беру қызметтері көрсетілетіндігін айтты. Ал, келесі бағыт аясында елорда өміріне инновациялық Smart технологияларын ендіру қызметі тұрғандығын жеткізген Ə.Уызбаев осы бағдарлама шеңберінде Smart ЕРЦ, Smart мектеп, Smart емхана, Smart көлік, Smart автотұрақ, Smart ТКШ жəне Smart жарықтандыру сияқты жобаларды іске асыру жүргізілетіндігін айтты. Сондай-ақ, компания қызметінің үшінші бағыты Астана қаласының «Тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» бағдарламасын іске асыру болып табылатындығын жеткізді.

● Өңір өмірі

Ґзара тїсіністік танытылєан сапар

«Хунгари туризм» мемлекеттік компаниясы басшыларымен өткен кездесу барысында мажар мамандары ұлттық брендтерді шетелдерге таныту бойынша тəжірибесімен бөлісті. Мажарстан Премьер-министрі кеңсесінің стратегиялық əріптесі болып табылатын «Сазадвег» сараптамалық орталығында ақпараттықсараптама саласындағы ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды. Мажарстан Үкіметі Коммуникациялық орталығының басшысы, мемлекеттік хатшы, Мажарстан Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Золтан Ковачпен 2010-2014 жылдары Премьер-министр В.Орбан өткізген Мажарстан мемлекеттік қызметінің реформалары барысындағы коммуникациялық стратегия тəжірибесі талқыланды. Сонымен қатар, Е.Бабақұмаровтың Мажарстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Чаба Балогпен өткен кездесуі барысында Мажарстанның «Шығысқа ашылу» сыртқы саяси стратегиясының ерекшеліктері талқыланды.

Сауда-экономикалық ын тымақтастық жөніндегі ҚазақстанАуған үкіметаралық комиссиясы екіжақты ықпалдастықты ұлғайтудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Гуманитарлық ынты мақ тастыққа қатысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстанның ауған жастарының өкілдері үшін білім беру бағдарламасын жалғастырып жатқанын атап көрсетті. 2010-нан 2020 жылға дейінгі кезеңде мыңға жуық ауғанстандық жас қазақстандық ЖОО-ларда білім алатын болады. Бұл бағдарламаның жалпы құны 50 млн. АҚШ долларын құрайды. Дегенмен, ауған тарапының сұранысына сəйкес Қазақстанда бағдарламаны ұзарту мəселесі қарастырылуда. Бақытжан Сағынтаев сондайақ, кездесу барысында Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерге белсенді қолдау білдіретінін жəне ол елге жыл сайын гуманитарлық көмек көрсететінін атап айтты.

Астана «аќылды» ќалалар ќатарына енбек

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алыс жолдан келген қонақтардың бірі Ольга Яйцова ның айтуынша, қонақжай, бейбітшілік пен ұлтаралық қатынастың үлгісі болып табылатын Қазақстанға келу – үлкен мəртебе. Енді финугорлар бірлестігінің ашылуымен екіжақты достық қарым-қатынас артып, барыс, келіске құрылатын

жақсы байланыс жалғасатын болады. Фин-угорлар этномəдени бірлестігінде облыста тұратын мордва, удмурт, коми-пермяк, марий жəне венгрлер бар. Ал жалпы əлемде фин-угорлар деп екі топқа бөлінетін халықтар қатарында осы тілде сөйлейтін коми, комипермяктар, удмурттар, марийлар, карелдер, финдер, эстондар, вепстер, саамдар, мордва, ижорлар, буртастар, қаратайлар, мокшандар, чудтар, шокшалар болса, угорлар тобында венгрлер, секеилер, чанғоштар, ханты-мансылар сияқты ұлыстар бар көрінеді. Фин-угорлар халқының саны 25 миллион деп есептеледі екен. Біздің облыста тұрып жатқан санаулы ғана бұл халық өкілдері енді бірге бас қосып, өздерінің де бар екенін білдіріп, бір этномəдени бірлестік құрғылары келетіндіктерін өтінсе керек. Елбасы құрған Ассамблеяның шапағатын фин-угорлар да қолдап, əн-билерін, ұлттық салтдəстүрлерін жинап, жиыстырып бірге ала келіпті. Жыл сайын облыстық филиалда Достық үйімен бірлесіп 400-ден аса ісшаралар өткізіледі. Бұл күндері

бұл үйде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 23 этномəдени бірлестік, Ассамблеяның жастар бірлестігі, ұлттық өркендеу мектебі, «Ана тілі» тілдерді дамытудың оқытуəдістемелік орталығы, «Қазақ тілі» қоғамы орналасқан. Сонымен қатар, 20 этностың мəдениетін дəріптейтін 42 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Аудандарда Ассамблеяның 13 филиалы, ауылдарды қосқанда 83 этномəдени бірлестік жұмыс істейді. Ал Ассамблеяда біздің облыстан қызмет жасайтын 18 этномəдени бірлестік өкілдері бар. Жақында «Айреник»

армян этномəдени бірлестігінің 20 жылдығы аталып өтсе, Павлодар ауданы Ефремов ауылында корей этномəдени бірлестігінің филиалы ашылды. 1996 жылы этно-лингвистикалық мектеп ашылды. Қазір бұл мектепте өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары білім алатын, өз ана тілдерін үйренетін 16 ұлттық оқу бөлімі бар, жыл сайын 500-ден астам оқушы оқиды. Сондай-ақ, «Ертіс – достық өзені» шекаралас ынтымақтастықтың халықаралық фестивалін өткізу дəстүрге айналды. Облыстың қалалары мен аудандарында, кəсіпорындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының күні бекітілген.

Сөйтіп, фин-угорлар да жергілікті Ассамблеядағы 24-ші этномəдени бірлестік болып ірге көтерді. Оны Ольга Николашина басқарады. Жергілікті Ассамблеяның бір бұтағы секілді болып көктем айында қатарға қосылған фин-угорлар өкілдері өздерінің мəнді де сəнді ұлттық киімдерін киіп концерт қойды. Дастарқан басына жиналған өзге ұлт өкілдері фин-угорлар жасаған ұлттық тағамдардан дəм татты. ПАВЛОДАР. ––––––––––––

Суреттерді түсірген Вера ЛИВИНЦОВА.


3

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

БИІКТЕРГЕ БАСТАЙТЫН БЕС РЕФОРМА

Халыќ ерекше шабытпен ќабылдаєан ќадамдар

Қай елдің де болмасын экономикалық тұрақтылығы бірінші кезекте ауылшаруашылық өндірісіне байланысты деген қағида бұрыннан бар. Демек, бүгінде еліміз ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде білікті мамандар, ғылыми өнімдер мен жетістіктердің алар орны ерекше болса керек. Еліміз егемендік алғаннан бері жалпы ғылым, білім салаларында көптеген реформалық іс-шаралар атқарылуда, олардың нарықтық жүйеге сай осы маңызды сала тиімділігін арттыруға бағытталып отырғандығы да еш күмəн келтірмесе керек. Дегенмен де, əсіресе, ауыл шаруашылығы саласында мамандар дайындау, ғылыми өнімдер шығару, жетістіктерді игеру жағдайлары көңілге қонымды бола алмай отырғандығы да бүгінде ащы болса да шындық. Мысалы, жоғары оқу орындары студенттерінің басым бөлігінде оқуға деген ынталылықтың төмендігі анық байқалады, көбісі университет қабырғасынан білікті маман болып шығудан гөрі, əйтеуір диплом иеленуді мақсат ететіндіктерін жасырмайды. Бұған кей жағдайларда студенттерді де кінəлауға болмайтын сияқты, яғни менің ойымша басты се-

Қазақстан халқы Президент Нұр сұлтан Əбішұлы Назарбаев тарапынан ұсынылған бес институттық жаңа реформаны ерекше шабытпен қабылдады. Бірінші. Қазіргі, кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппараттың қалыптасуы. Екінші. Меншік құқығын кепілдендіретін заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету. Үшінші. Əртараптандыруға негізделген индустрияландыру жəне экономикалық өсу. Төртінші. Болашақтың біртұтас ұлты. Бесінші. Транспарентті жəне есеп беруге тиісті мемлекет. Əуелі экономикалық бағдарла маларды сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, нақты анықталған қазіргі, кəсіби жəне автономды мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мəселесіне тоқталғым келіп отыр. Мемлекеттік қызмет дегеніміз не? Бұл – мемлекет тарапынан қойылған мақсаттар мен міндеттерге сəйкес, адамдардың өмірін жақсарту бойынша тапсырмаларды орындау үшін мемлекеттік функциялардың кəсіби орындалуы. Экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру тəуелді болатын қазіргі кəсіби автономды аппараттың сапалы жұмысының халық игілігі үшін маңызы ерекше жоғары. Осы орайда, Мемлекет басшысы əкімшілік мемлекеттік қызметтің саяси деңгейінің тəуелділігін ерекше атап өтті. Ұсынылатын қызметтердің сапасына да арнайы тоқталды. Ал тұтастай алғанда, Қазақстанда тиімді басқару бойынша барлық жағдайлар жасалған. Конкурс негізінде мемлекеттік қызметке іріктеу жасалатын А корпусы мен Б корпусы анықталды. Өкінішке қарай, біз əлі күнге дейін қызметкерлердің кəсіби білік тілігін толық ескерместен қызмет бойынша топтық ауыстыру мен өте жиі бетпе-бет келіп отырмыз. Мұндай жайттар көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына тікелей кері əсер ететін тамыр-таныстық, сыбайлас жемқорлық үшін жағдайлар жасайды. Біз тамыр-таныстық, кəсібиліктің болмауы жəне т.б. негізгі себебі болып табылатын сыбайлас жемқорлық құбылыстары туралы жақсы білеміз. Бізге мемлекеттік қызметкерлер тарапынан келеңсіз құбылыстарды жою бойынша заң жобаларын, мысалы, «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» Заң, басқа да заңнамалық актілер қабылданды

Табыс бастауы – біліктілікте беп олардың келешек мамандығына сай жұмысқа орналасуы мен қызмет сатыларына көтерілу мүмкіндіктеріне сенімсіздіктерінде деп ойлаймын. Атап айтқанда, бұрында, жоспарлы экономика жүйесінде жоғары оқу орнын бітірген ауылшаруашылық мамандары түгелдей арнайы жолдамамен мамандығына сай қызметке орналастырылатын, сондай-ақ, қызметтерін төменнен бастап, тəжірибе жинай нəтижелі атқарғандары басшылық лауазымдарға тағайындалып, қызметтері сатылап өсетін. Елбасымыз, жас мамандардың бірден жоғары лауазымды қызметтерге орналасып алмай, қандай да болмасын мамандық иегерлерінің еңбек жолын төменнен бас тауы керектігін елді жаңғыртуға бағытталған ұлт жоспарында нақты атап көрсетті, шегелеп айтты. Осыған орай, қандай да болмасын мамандық иегерлерінің қызметтік еңбек жолын мамандық сатысының төменінен бастауға ықпал ететін жүйені қалыптастырудың маңызы жоғары деп айтуға болады. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы ақылы оқу жүйесінің де пайдасы мен зияны теңесіп тұрғанға ұқсайды, яғни бір жағынан ата-аналары қалталарынан ақшаларын төлеп оқытқаннан кейін студенттер де сапалы білім алуға құлықты болады. Дегенмен, екінші жағынан, оқу орны басшылығы мен оқытушылар тарапынан ақылы топ оқушыларына деген ерекше көзқарасты сезінген студенттер сабақ үлгерімі жағдайына онша бастарын ауырта қоймайтын сияқты. Осыған орай, ақылы оқу жүйесін тек еліміздегі жоғары рейтингті, ұлттық мəртебелі университеттерде ғана қалдырып, басқа оқу орындарында өндіріс сұраныстарына сай (квота), мамандарды ақысыз оқыту жүйесін қалыптастырса, елімізде тапшы мамандықтар бойынша бəсекелестік деңгейі де біршама артар еді. Сонымен қатар, нарықтық экономикада біршама ауылшаруашылық мамандықтары тиісті деңгейде сұранысқа ие бола алмай, бұл сала мамандықтары бойынша біршама нақтылау, біріктіру жəне реттеу іс-шараларын атқару қажеттілігі туындап отыр. Мысалы, зоотехник, агроном мамандықтарын негізгі қызметтері сəйкестілігіне сай, біріктіріп, ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастырушы-менеджер деген мамандықты енгізсе, бұл біріктірілген мамандықтың беделі де, тиімділігі де артар еді. Үшіншіден, бүгінде, ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары студенттерінің өндірістік практика өтетін жерлері көп жағдайда талапқа сай келмейді, яғни бұл жағдай өз кезегінде келешек оқу орындарында дайындалған мамандықтар сапалық көрсеткіштеріне айтарлықтай кері əсерін тигізеді. Осыған орай, бүгінде жекелеген жоғары оқу орындары арнайы тəжірибе шаруашылықтарын ұйымдастыруға талпыныс жасап жатқанға ұқсайды. Бірақ та, бұл іс-шараға шашыранды жағдайда айтарлықтай қаржы жұмсалатындығын айтпағанда, жасақталмақшы шағын шаруашылықтар, келешекте еліміздің өзіндік ерекшеліктері бар түрлі ауылдық аймақтарында қызмет атқаратын бүгінгі студенттерге тиісті деңгейде тəжірибе жинақтайтын орталық бола алмайды. Сондықтан да, елімізде өңірлік, (облыстық) ауылшаруашылық ғылыми-өндірістік бірлестіктерін құру қажеттілігі туындайды. Атап айтқанда, бұл құрылым, біріншіден, ауылшаруашылық мамандарын дайындауда өңірлік тəжірибе жинақтау базасы болса, екіншіден, ауыл шаруашылығы ғылымизерттеу ұжымдарының да тəжірибе шаруашылықтары міндеттерін атқарар еді. Жоғары оқу орындарында мамандар дайындауда көкейкесті мəселенің бірі студенттерге мейлінше қонымды сабақ беру

жағдайы болса керек. Бүгінде университеттерде студенттердің оқу барысында алған білім дəрежесін бағалауда əділдікті, жариялылықты қалыптастыру мен бұл бағытта кейбір келеңсіздік жағдайларды болдырмау мақсатында электронды жүйе қызметтері кеңінен қолданыла бастаған, яғни бұл деген заман талабына сай құптарлық жайт. Бірақ осынау шетелдік озық тəжірибенің бүгінгі қолданыстағы жағдайы бұл маңызды іс-шараға оқытушылар араларында тең дəрежеде нақты жауапкершілік пен міндеттерінің айқындалмағандығынан, яғни төменгі буын оқытушыларға (ассистент, лаборант) көптеп жүктелуінен, жиі интернет жүйесіне ену қиындықтарынан, формальдылық жағы басым болып, атына сай болмай отыр деп айтуға болады. Əрине, жаңадан енгізілген жүйе кемшіліктерінің болуы заңдылық, бірақ та біз бұл жағдайдың уақыт өткен сайын студенттердің сапалы білім алуына кері əсерінің арта беретіндігін ескеруіміз керек. Бүгінде ауылшаруашылық өндірісіне білікті мамандар мен қоса ғылыми өнімдер мен жетістіктердің де аса қажеттілігі еш күмəн туғызбаса керек. Дегенмен де, соңғы кездерде бұл бағытта, əсіресе, мал шаруашылығы саласында шетелдік өнімдер мен тəжірибелерге шамадан тыс еліктеу шіліктің бел алуы, отандық құнды ғылыми жетістіктер мен тəжірибелерді өндірісте пайдалануға қолбайлау болып отырғандығы да жасырын емес. Əлемдік тəжірибеден де белгілі болғандай, əр елдің өзіндік экономикалық дамуы, əдет-ғұрпы, салты (менталитеті), сияқты ерекшеліктері болады. Мысалы, кең-байтақ еліміз ауыл шаруашылығы өңірлері бойынша да ауылшаруашылық өндірісі дамуы жүйелерінде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Осыған орай, біздің елімізде де тамыры тереңде жатқан, жеріміз, табиғатымыз, халқымыз ерекшеліктеріне сай қалыптасқан ауыл шаруашылығы тəжірибесіне сай негізделген өзіндік жүйені нарықтық жағдайда жетілдіре беру басты бағыт деп есептеймін. Өкінішке қарай, бүгінде ғылыми ортада тиімділігі тəжірибеде дəлелденген отандық ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері, шетелдік, оның ішінде, Еуропа елдері ғылыми журналдарында жарияланбаса құнды деп есептелмейді деген пікір қалыптасқан, яғни өздеріне деген осындай ұтымды жағдайды тиімді пайдалана алатын шетелдіктер ғылыми баспаларында біздің ғалымдар еңбектерін жариялауды олардың маңыздылығына емес, ол үшін ақы төлеу көлемімен байланыстыра бизнестің бір түріне айналдырғанға ұқсайды. Сондай-ақ, ғылыми саланы грантты жəне мақсатты қаржыландыру жүйелерінің де көптеген түйткілдері соңғы кезде жиі айтылып жүр. Атап айтқанда, бұл мəселеде де шетелдік сарапшылар пікірлеріне табынушылық басым, яғни шетелдіктердің өз елдері ғылыми даму деңгейі мен ауылшаруашылық өндірісі жағдайына бейімделген жүйе бізде де қолданыс тауып, атап айтқанда, грантты қаржыландыруда тек қана – 27, ал мақсатты қаржыландыруда 35-тен кем емес балл алған ғылыми жоба ғана келешек қарау сатысына өтеді екен. Демек, яғни бұл баллды кімдер, қай уақытта, қандай тəртіппен анықтайтындығы белгісіз, сөйтіп, алдын ала жеңімпаздар анықталып қоятынға ұқсайды. 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми саланы қаржыландыру жағдайы бойынша бүгінде еліміз ғылыми қызметкерлері арасында туындаған наразылықтың бір себебі де осында ма деп ойлаймын. Осы мақала авторы да 2015-2017 жылдарға ғылымды гранттық қаржыландыру конкурсына екі ғылыми жобаны тиісті талаптарын толықтай орындай отырып ұсынған болатын. Қысқаша

айтқанда, бірінің мазмұны бүгінде шетелдерден əкелінген ірі қара мал өнімділігін отандық мал тұқымдарымен салыстырмалы, екіншісі шетелдік жоғары өнімділікті малдардың біздің еліміз жағдайында шаруашылықта пайдалану мерзімін зерттей отырып, тиімділіктерін анықтау болатын. Өкінішке қарай, бұл жобалар конкурстың бастапқы сатысына да жетпей қалды жəне себебі де белгісіз. Менің ойымша, бүгінгі біздегі ауылшаруашылық өндірісі жағдайында ғылыми саланы қаржыландыруда бірінші кезекте қолданбалы ғылыми жобаларға, олардың өндірістегі тиімділік көрсеткіштеріне басымдық беру керек сияқты. Осыған орай, ауыл шаруашылығы ғылыми саласын қаржыландыру тетіктерін түбегейлі жетілдіру қажеттілігі туындайды. Атап айтқанда, біріншіден, ғылыми жобалар тақырыптары ауылшаруашылық өндірісі сұраныстарына сай мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан алдын ала анықталып отырса, екіншіден, конкурстың басынан бастап ақырына дейін тұрақты салалық, білікті отандық, шетелдік ғалымдар мен еліміздің əр ауылшаруашылық аймақтары бойынша тəжірибелі мамандардан құралған комиссия құрамында конкурс жеңімпаздары жариялылық жағдайда атқарылса, үшіншіден, конкурс жеңімпазы атанбаған жобаларға да негізгі себептері жазбаша түрде жеткізілсе бұл іс-шара тиімділігі еселеп артар еді. Сонымен қатар, ауылшаруашылық ғылымының дамуында оған бөлінетін қаржы көлемінің де маңызы жоғары. Өкінішке қарай, əлемдік экономикалық дағдарыстың, ауылшаруашылық

ғылымына деген бұрыннан қалыптасқан көзқарастың да əсері болса керек, 2015-2017 жылдары бұл салаға деген қаржы көлемінің өткен жылдармен салыстырғанда 40-50%-ға дейін азайтылатындығы жиі айтылып жүр (аталған мерзімге қаржы көлемі əлі толық анықталмаған). Бұл анық болса, онсыз да кенжелеп келе жатқан ауылшаруашылық ғылымына айтарлықтай тежеу салатын жағдай деп есептеймін. Сондай-ақ, бүгінде отандық ауыл шаруашылығы ғылымы құндылығына кері əсер етіп тұрған мəселенің бірі ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу мекемелері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер араларындағы шынайы нарықтық байланыстың толықтай қалыптаспауы болып отыр. Атап айтқанда, бүгінде түрлі ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін құрылымдарда бұрынғыдай ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару мүмкін бола бермейді, сондықтан да, жоғарыда аталған өңірлік ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік бірлестіктерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қоса оларды өндірістік сынақтан өткізіп ауылшаруашылық құрылымдарына пайдалануға тиімді жағдайда, кепілдемемен екі жақты жауапкершіліктері айқындалған келісімшарт негізінде атқарар болсақ, ауыл шаруашылығы ғылыми тиімділігі мен беделі еселеп артады. Кəкімжан САРХАНОВ, Қазақ аграрлық-өнеркəсіптік кешені экономика жəне ауылдық аймақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты Астана бөлімшесінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

жəне келешекте мемлекеттік қызмет туралы мақалалардың, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңның жəне басқа заңнамалық актілердің тізбесін қарап шығу қажет. Мемлекеттік қызметкерлердің барлық деңгейлерінің білімдерін тексеру қажет. Сондықтан барлық деңгейдің аттестациясын өткізген жөн. Меритократия қағидаларын қорғау жəне сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша нақты жұмыстар жасалуы керек. Кəсібилік мансаптық өсудің бастапқы кезеңімен, яғни оның кəсіби өсуімен анықталуы тиіс. Меритократия қағидалары негізінде өзін өзі жүзеге асырудың бірдей мүмкіндіктері Президент Нұрсұлтан Назарбаев ерекше көңіл бөлген адамның діни жəне этностық қатыстылығына қарамастан, əрбір азаматта болуы қажет. Сондықтан меритократия тек мемлекеттік аппараттың ғана емес, сонымен бірге, барлық мемлекеттік сектордың, оның ішінде соттардың, құқық қорғау органдарының, ұлттық компаниялардың жəне холдингтердің қағидасы болуы тиіс. Өкінішке қарай, аталған себептер тізбесі мемлекеттік секторда төмен еңбекақы салдарынан аз тартымды себептердің бірін құрайды. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін нақты мансаптық келешегі мен біліктілігі жоқ екені анық көрінеді. Мемлекеттік қызметке кім лайық болса жəне тиісінше жоғары біліктілік көрсетсе, соған сəйкес еңбекақы төлемін алуы қажет. Біз жас мемлекетпіз, сондықтан əлі де болса мемлекеттік қызметкерлердің сапалық анықтамасы бойынша дамыған елдердің тəжі рибесін зерттеуіміз керек. Əсіресе, мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарламасы басшының ауысына тəуелді болмайды деп анық жазылған Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты елдердің тəжірибелерін қарастырсақ, ұтылмайтынымыз айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ, біз шетелде білім алып жатқан студенттерге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Бұл Қазақстанның одан əрі экономикалық өсуіне себін тигізетін кадрлық əлеуеттің дəл көзі болып табылады. Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ, Парламент Мəжілісінің депутаты.

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЛАУАЗЫМЫНА КІРІСУ САЛТАНАТЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІН САРАПШЫЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ

САРАПШЫЛАРДЫҢ 98%-Ы

САРАПШЫЛАРДЫҢ 98%-Ы

САРАПШЫЛАРДЫҢ 97%-Ы

Елбасы Мемлекет басшысы ұсынылған Н.Назарбаевты ұсынған институттық Ұлт жоспарын электораттық реформаларының жүзеге асыру қолдау деңгейінің тиімділігін жоғары Қазақстанның жоғарылығы – бағалайды жаңа тарихи халықтың бірлігі мен жағдайда әлемнің топтасқандығының дамыған 30 айғағы деп есептейді елінің қатарына қосылуына жағдай жасайды деп есептейді

САРАПШЫЛАРДЫҢ 97%-Ы

САРАПШЫЛАРДЫҢ 98%-Ы

САРАПШЫЛАРДЫҢ 97%-Ы

САРАПШЫЛАРДЫҢ 98%-Ы

Ұлт жоспары – жаһандық және ішкі сынқатерлерге уақтылы және тиімді жауап деп есептейді

ҚР Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияны және Халықаралық консультативтік кеңесті құруды қолдайды

ұсынылған реформалар мәнінің ұлттық жаңғырту екенімен келіседі

Елбасы ұсынған институттық реформалар қоғамының үлкен қолдауына ие екенін атап көрсетеді

СҰРАУ САЛЫНҒАНДАРДЫҢ -Ы Қазақстанның әрбір азаматы Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қолынан келгенінше атсалысуы керек екенімен келіседі Сарапшылық сауалдаманы «Демократия институты» НИА» ҚБ 29-30 сәуір аралығында жүргізген. Саясаттану, социология, экономика, мемлекеттік басқару саласындағы 67 сарапшыға сұрау салынды. Сарапшыларға сұрау салу электронды пошта бойынша анкеталарды тарату арқылы жүргізілді.


4

www.egemen.kz

Бруней-Даруссалам астанасы – Бандар-СериБегаван қаласында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілету жөніндегі Елбасының арнайы өкілі – Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов сұлтанаттың Сыртқы істер жəне сауда министрі, ханзада Мохамед Болкиахпен келіссөз жүргізді.

Арнайы ґкіл БрунейДаруссаламда болды

А. Мусинов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке Қазақстанның кандидатурасын қолдау бойынша Президент Н.Ə.На зарбаевтың Бруней Сұлтаны Хассанал Болкиахқа жолдаған жеке хатын табыстап, Қазақстан сайланған жағдайда, бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адам құқығын, заң үстемдігін жəне тұрақты дамуды нығайтуға бар күш-жігерін салатынын хабарлады. Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан бастамасымен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) шеңберінде құрылғалы отырған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына (АҚИҰ) Брунейдің жақын арада қосылатынына сенім білдірді. «Бандар-Сери-Бегаванның АҚИҰ жұмысына қосылуы ИЫҰ кеңістігіндегі жəне жалпы əлем бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мəселелерін шешу жолында жаңа мүмкіндіктер ашады», – деп ойымен бөлісті А.Мусинов. Бруней-Даруссалам Сыртқы жəне сауда министрі Қазақстан тарапының өтініштері мұқият зерттелетініне сендіріп, елімізбен ықпалдастықты, соның ішінде көпжақты пішімде дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сол күні А.Мусинов Бруней-Даруссалам Сыртқы жəне сауда екінші министрі Лим Джок Сенгпен кездесіп, Қазақстан мен Бру ней арасындағы екіжақ ты ын ты мақтастықты белсенділендіру жолдары мен мүмкіндіктерін талқылады. А.Мусинов Қазақстандағы саяси жəне əлеуметтікэкономикалық жағдай жəне еліміздің халықаралық бастамалары туралы баяндап берді. Лим Джок Сенг Қазақстанның тəуелсіздік алғалы бері қол жеткізген табыстарына жоғары баға беріп, арнайы өкілдің Брунейге сапармен келгеніне алғысын білдірді, бұл сапар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға зор ниетін танытатынын атап өтті. «Егемен-ақпарат».

Ослодаєы Мəдениет пен тіл фестивалі

19 мамыр 2015 жыл

Тестілеу тəртібінде нендей ґзгеріс? Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Балалардың білім дəрежесін тестілеумен анықтап, олардың болашағына бағдар беретін ҰБТ өз деңгейінде жыл сайын артықшылықтары жəне кемшіліктерімен өтіп келеді. Бұл тұрғыда лайықты баллды жинай алмай, келешекке сенімсіз қарай бастаған оқушылардың психологиясына салмақ болар білім жүйесіне биылғы жылы біраз өзгерістер енгендігін білдік. Аталған тақырып төңірегінде, бірыңғай тестілеуге бір ай шамасында уақыт қалған кезде Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан бірқатар мəліметтер берілді. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде бас қосқан министрлік өкілдері ағымдағы жылдың жаңалықтарымен таныстырды. Үстіміздегі жылдан бастап кəмелеттік аттестатқа ҰБТ мен пəн бойынша жылдық бағаның қорытындысы орташа арифметикалық жиынтығындағы құрамдық бағамен анықталатын болады, деді Білім жəне ғылым министрлігі Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов. Мұндай аттестаттау мектептің жұ мысын əділ бағалауға, мектеп бітірушілерге түсетін психо эмоционалдық жүктемені

азайтуға мол мүмкіндік беретінін айтқан С.Нүсіпов мектепте үздік оқыған оқушы тестілеу кезінде пси хологиялық немесе басқа да жағдайларға байланысты төмен балл алып қалуы мүмкін екендігін, осы тұрғыда аттестатқа оның тестілеуден жинаған бағасы түсетіндігін мысалға келтіре отырып, осы жүйенің қазіргі таңда өзгергендігін тар қатып айтты. Бағаның арифметикалық жиынтығы деп отырғанымыз да тап осы, деген комитет төрағасы, 5-ке оқыған баланың тестіден 4 алып қалатын жағдайында, оның орта көрсеткіші 4,5 болатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол еліміздегі жалпы саны 155-ті құрайтын тест өткізу пункттеріне тағы да 10 пункт қосылғандығын айтты. Бұл мəселенің тасасында балалардың əртараптан автобусқа мініп, біршама жол жүріп, тестілеу пунктіне шаршап жəне толқып баратындығы себеп екендігін жеткізді. Сол себепті де, шалғай өңірлерде қосымша пункттер ашылған. Сондай-ақ, лектер санының ұлғаюы жəне олардағы тестіленушілер санының 600-ге дейін кемуі есебінен, ҰБТ өткізу мерзімі 2 аптаға ұзартылғандығын атап өтті. Салыстырмалы түрде өткен жылы ҰБТ мерзімі бір аптаны құрап, лектегі білім алушылар саны 800-ге барған.

ҰБТ өткізу пункттеріне, тест өткізуді басқару жəне бақылау үшін 2000 министрлік өкілдері тағайындалды. Олар əр аудиторияға біреуден қатысады. Бұл техникалық құралдардың үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау үшін де тиімді, деді С.Нүсіпов. Сонымен қатар, оның айтуына қарағанда, жасөспірімдердің психо логиялық жас ерекшелігін есепке ала отырып, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының қауіп сіздігін қамтамасыз ету жəне күй зелісін барынша азайту үшін көпшіліктің назары на ұсынылатын ҰБТ қорытынды сына шартты белгі қойылады. Яғни, бұрынғы дəстүр бойынша тестілеуден соң оның қорытындысы аты-жөні жазылып, тақтайшаға ілінбейді. Əр оқушыға жеке сəйкестендіру нөмірі жəне тестіленушінің жеке коды беріледі. Ол бітірушінің аты-жөнінің орнына жазылады. ҰБТ қорытындысы бір уақытта Ұлттық тестілеу орталығының www. testcenter.kz сайтында жарияланатын болады. Балалардың психологиялық ахуалы басты назарда жəне олардың келешекке деген сенімді қадамы маңызды екендігін айта отырып, С.Нүсіпов осының аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдерінің балаға қолдау көрсету қажеттігін көлденең тартты.

Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Қазақстан-Норвегия мəдени орталығымен бірлесе, Ослоның мэриясы ұйымдастырған мəдениет жəне тіл фестиваліне қатысты.

Қазақстан мəдениеті бұрышында мəдени-тарихи, археологиялық ескерткіштердің бейнелерін, Қазақ елінің салтдəстүрлерін көрсететін, Астананың қазіргі архитектурасының жəне Алматының олимпиадалық объектілерінің суреттерін қамтитын фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұлттық киімдер көрмесі мен Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды. Фестивальға қатысушылар сəндік-қолданбалы өнермен танысып, елдің əн-күйін тыңдап, ҚазақстанНорвегия мəдени орталығының басшысы Алмагүл Қалелованың орындауында ұлттық биді тамашалады жəне «Қазақстанға хош келдіңіз» бейне-ролигін көріп, ұлттық тағамдардан дəм татты. Фестиваль барысында алуан түрлі ақпараттық-имидждік материалдар таратылды. Қазақстанның мəдениетіне арналған стенд көпшілік тарапынан жоғары бағаға ие болды. Норвегиялықтардың көпшілігі Қазақстанға баруға қызығушылық танытты.

«Егемен Қазақстан».

Аталған сарапшылар тобының отырысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастырудың тиімділігі, сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жүйесі бойынша шағын несиелендіру мəселелері талқыланды. Жиында белгілі болғандай, қазіргі

таңда елімізде 626,7 мыңнан астам мүгедек жан бар. Олардың ішінде 64,5 пайызы еңбек етуге қабілетті жаста болса, денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамдылары 16 пайызды құрап отырған көрінеді. Ал 20 пайызы (82,6 мың адам) жұмысқа орналасқан. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне қарағанда, 2015 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша, мүмкіндігі шектеулі 2,3

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Дін саласындағы уəкілетті органның төрағасы Дін істері комитетінің жұмысы Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында белгіленген міндеттерді, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында айтылған ойларын іске асыру шеңберінде мемлекет пен қоғамымыздың тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау мен нығайтуға, конфессияаралық ауызбіршілікті нығайта түсуге, зайырлы жəне дəстүрлі ұлттық, діни-рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға жұмылдырылып отырғанын атап көрсетті. Елімізде дəйекті мемлекеттік-конфессиялық жəне конфессияаралық қарым-қатынас орнатылған. Осының көрінісі ретінде елімізде берік орныққан ұлтаралық жəне конфессияаралық

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

мыңнан астам жанды жұмыспен қамту мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылған. Оның айтуынша, 967 азамат қоғамдық жұмыстарға бағытталған, 430 адам еңбек етер орнын мемлекеттік қолдау шараларының көмегінсіз тапқан, ал 322-сі əлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген. Cондай-ақ, басқосу барысында арнайы жұмыс орнын ашқандарға субсидия беру, мүгедектерді кəсіпорынның штаттық санына байланысты жұмысқа орналастыру бағытында квота беру тетігін жетілдіру бойынша нормалар қарастырылған кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер Мəжілісте талқыланып жатқаны айтылды. Бұдан бөлек, аталған нормаларды іске асыру үшін заңға қосымша тиісті актілер дайындалу үстінде екені сөз болды.

Өз кезегінде депутат Ольга Киколенко: «Қазіргі экономикалық шарттар мен еңбек нарығындағы жағдай шеңберінде мүгедектердің құқықтарын қорғау мақсатында бекітілген конвенцияның талаптарын орындауымыз қажет. Бұл талап – мүгедектердің жұмысқа орналасуына жəрдемдесу», деді. Отырыста халықты жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің бірі – шағын несиелендіру екеніне баса назар аударылды. Бүгінде «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдар ламасының аясында 28,7 мың жан несие алыпты. Олардың ішінде 20 мыңы өз ісін ашса, 8,6 мыңы бизнестерінің көлемін кеңейткен. Осы арада аталған бағдарлама шеңберінде 30 мыңнан астам азамат кəсіпкерлік негіздері бойынша білім алғандарын да айта кетейік.

Оған Мемлекеттік басқару акаде миясының вице-ректоры Шолпан Есімова, Орталық Азия өңіріндегі этнос аралық жəне конфессияаралық қаты настарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сəдуақасова, «деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық қорының президенті Юлия Денисенко қатысты. 2011 жылы құрылған орталықтың жетекшісі Айгүл Сəдуақасова өз сөзінде Орталық Азия өңіріндегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының алдағы уақытта мемлекеттік этносаясатты іске асыру жəне Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастарды реттеу мəселелері бойынша білім беру іс-шараларын өткізуді назарда ұстайтынын атап өтті. «Сондайақ, бұл орталық этносаралық жəне толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін нығайту мен дамыту жөніндегі стратегиялық тұжырымдаманы əзірлеумен, Қазақстанның этносаралық жəне конфессияаралық қатынастары бойынша ғылыми-зерттеу базасын қалыптастырумен айналысатын болады», – деді ол өз сөзінде.

АРЌАРЛЫ асуы айќара ашылды

(Соңы. Басы 1-бетте).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының автомобиль жолының ұзындығы 128,3 мың шақырымды құрайды. Оның 97,4 мың шақырымы жалпы қолданыстағы, сонымен қатар, 23,5 мың шақырымы республикалық маңызға ие жолдар жəне 73,9 мың шақырымы облыстық жəне аудандық маңыздағы жолдар болып саналады. Ағымдағы жылы 1 400 шақырымда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңында 424 шақырым жол пайдалануға беріледі. Ол үшін 2 500 дана техника мен 4 800 адам құрылыс жұмысына тартылды. Бұл жобаларды қаржыландыру Республикалық бюджет, Ұлттық қор жəне халықаралық қаржы институттары арқылы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Инвестициялар жəне

даму министрлігімен бірге Үкіметтің Үйлестіру кеңесі бекіткен əзірлеу ісшаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, займдарды тарту үшін банктермен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жүзеге асырылған жобалардың тиімділігін өзіндік құны бар өнімдердің, көлік шығынының азаюынан, аймақаралық жүк тасымалы жылдамдығының артуынан экономикалық пайда көруге болады. Соған сəйкес, жолға кететін уақыт жəне жолды пайдаланушылар шығыны, жол көлік оқиғалары да азаяды. Оған қоса, жаңа жол құрылыстары мен пайдаланудағы магистральдарды жаңартудан бөлек, жол бойындағы қызмет те дами түседі. Ең үздік дүниежүзілік тəжірибені ескере отырып жəне еуропалық кеңесшілердің үлгісімен сервисті жақсартуға жəне

келісім əлемде «Қазақстан жолы» ретінде танылған. Ғалым Шойкин: «...Бұл – мемлекеттің дін саласында жүргізіп отырған саясатының жемісі» жəне «Қазақ халқының тегінде бар бауырмалдық пен төзімділіктің нəтижесі», деп атай отырып, бұл, өз кезегінде, еліміздің дамуының бүгіні мен болашағына берік іргетас қалайтынын көлденең тартты. Одан кейін сөз алған Айнұр Əбдірəсілқызы дəстүрлі рухани-өнегелілік құндылықтарды жаңғырту жəне зайырлылық қағидаттарын ілгерілету бағытында іске асырылып отырған жұмыстарды баяндаса, Ертас Мұратбеков Елбасы бастамасымен құрылып, бүгінгі күнде əлемдік деңгейдегі үнқатысу алаңы ретінде танылған Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің мəні мен маңызына жан-жақты тоқталып, биылғы жылғы 10-11 маусымда елордамыз Астанада өтетін V съезге дайындық жұмыстары туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жұмысы» тақырыбында брифинг өтті.

Мїгедек жандар мемлекет ќамќорлыєында

Жолдыбай БАЗАР,

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мəдениет жəне спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің, Мəдениет жəне спорт министрлігі жанындағы Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Ертас Мұратбековтің жəне Дін мəселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жəне талдау орталығының директоры Айнұр Əбдірəсілқызының қатысуымен «Конфессияаралық келісім – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» тақырыбында брифинг болып өтті.

Ќазаќстандыќ модель ґѕір елдері їшін їлгі

«Егемен-ақпарат».

Мəжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Ольга Киколенко басқаратын «Жұмыспен қамту жəне халық табысы» бағыты бойынша сарапшылар тобының отырысы өтті. Оған Мəжіліс пен мəслихаттардың депутаттары, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Таєаттылыќ – тўраќты даму негізі

азаматтардың жүруіне қауіпсіз əрі жайлы жағдай жасауға көмектеседі. Бұл бағытта жеке бизнес белсенді түрде іске тартылады. Инвестициялық қорлар мен мейрамханаларға, қонақүйлерге үлкен қызығушылық туып отыр. Ақылы жүйені енгізу бойынша жоспар жасалуда. 2013 жылы ұзындығы 211 шақырым болатын жалпы, қолданыстағы республикалық маңызға ие І-А санаттағы 6 жолақты «Астана – Петропавл» бойындағы «Астана – Шучье» ақылы жолы іс ке қосылған болатын. Ақылы жол «G.E.A.» француз компаниясының автоматтандырылған жабдықтарымен жəне бағдарламаларымен қамтамасыз етілген. Аталған шара мемлекет бюджетіне түсетін ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік берді. 2022 жылға дейін республикалық маңызға ие автомобиль

жолдарының 7 000 шақырымына ақылы жүйе енгізіледі. Автомобиль жолдарында ақы алу жүйесін енгізуге тек қайта қалпына келтірілген немесе күрделі жөндеуден өткен бөліктер ғана ауыстырылады. І техникалық санаттағы «Алматы – Қапшағай» автомобиль жолының 2467 шақырымы қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ақылы болады. І техникалық санаттағы автомобиль жолдарында ақы автокөліктің барлық

түрінен алынады. Алдағы уақытта «Алматы – Қорғас», «Алматы – Бішкек», «Алматы – Астана» жолдарына ішінара ақылы жүйе енгізу жоспарда бар. БАҚ өкілдері жүріп өткен «АлматыҚапшағай» бөлігі 64 шақырымды құрайды. Ол бұдан бұрын айтылғандай 6 жолақты болады. Тағы да 40 шақырым жол Қапшағай су бассейнінің артқы қапталынан салынады, ол 4 жолақты, яғни бұл Қапшағайдан Талдықорғанға

Шолпан Есімова Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде бес халықтық реформаны іске асыруда Академияның рөлі айрықша екеніне тоқталды. «Мемлекеттік қызметті кəсібилендіру кадрларды оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару академиясы еліміз үшін басқарушы кадрларды дайындауда негізгі рөл атқарып отыр. Академияның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында елімізді табысқа жетелейтін басқарушы кадрлардың негізгі буынын сапалы дайындау мақсатына баса назар аударылған», – деді Ш.Есімова. Брифингке қатысушылар аталған орталық аясында этносаралық жəне конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеулерді үйлестіру, этносаясаттың өзекті бағыттары бойынша Ассамблеяның қызметін ғылымисараптамалық тұрғыда қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бүгінде орталықтың жұмысына отандық, сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Қы тай, Болгария, Испания, Ресей, Ук раина, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерден сарапшылар арнайы шақырылады екен. Түрлі халықаралық ұйымдармен де тығыз ынтымақтастық орнатылған. Алдағы уақытта орталық мамандары Астана, Ақтөбе, Орал, Петропавл мен Талдықорған қалаларында 5 семинар өткізуді көздеп отырған көрінеді. дейінгі бөлік. «Астана – Шучье» автожолындағы сияқты бұл жол бойында да жылдамдық сағатына 140 шақырым болады. Құрылыс барысында отандық өндірушілердің материалдары пайдаланылады. Жуықта болып өткен брифинг барысында, АҚ басқарма төрағасы хабарлағандай, тас жолдың бір жартысын, яғни бір бағыттағы 3 жолақты 2015 жылдың соңында ашу көзделіп отыр. Бұл жол туралы жəне Алматы облысындағы басқа да ав тожол жобалары туралы Алматы облыс тық филиалының директоры Батыр Дадамурзаев қосымша əңгімелеп берді. Сөз соңында, дағдарысқа қарсы əзірленген «Нұрлы Жол» бағдарламасы еліміздегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға, аймақаралық қарымқатынасты күшейтуге, жаңа жұмыс орын дарын ашуға, жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы Қазақ стан стратегиялық мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бір қадам болса да жақындайды. АЛМАТЫ. –––––––––––––––

Суреттерді түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ, «Егемен Қазақстан».


Біздің мемлекет өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын тану арқылы сотпен қорғалудың конституциялық принципін жүзеге асыру тəсілдерінің қағидатты жолдарын айқындайды. Сөйтіп, Ата Заң арқылы келісімге келтіру үрдістерін белсенді қолдану арқылы дауларды жоюға, нақты мəн-жайларды анықтауға, ауырға соқпайтын істер бойынша сот өндірісін жеңілдетуге бағытталған əрекеттер жасалуда.

Алайда, тарих немесе тарихи факт саудаға салғанды көтермейді. Ал олардың бүкпесіз де бояусыз айтатын ақиқаты біреу жəне жалғыз – Қазақ хандығы, ендеше қазақтың ұлттық мемлекеттілігі «аспаннан аяғы салбырап жерге түскен жоқ» не жер бетінде жоқ жерден пайда болған жоқ. Ол

бес жарым ғасыр. Ал оның табиғи негізі жəне тарихи іргетасы болған далалық өркениетке үш мың жыл. Үш мың жыл – жойқын жаугершіліктер, бірінің орнын бірі басқан ұлт-ұлыс, мемлекеттер, балбал тастар, көз жауын алатын зергерлік жəдігерлер, сына жазулар, алыс-беріс саудалықтар, Ұлы

мемлекеттілігінің уығын шаншып, шаңырағын көтеріп, керегесін керген Керей мен Жəнібек хандардың ел мен жер үшін, хандық пен халық үшін барын да, арын да, жанын да сала сіңірген еңбектері өлшеусіз өнеге. Бұл орайда астын сызып көрсетуге тұрарлық дүние – қазақтың

Еуразияның апайтөс даласында сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алатын билік жəне мемлекеттік институттар, шаруашылық жəне экономикалық үрдіс, дəстүрлі əлеуметтік құрылымдар жəне мəдени жалғастылық арқылы табиғи əрі тарихи заңдылық негізінде қалыптасқан айрықша қоғамдық-саяси құбылыс (феномен). Өз кезегінде мұндай құбылыстың іргетасын бірнеше факторлар құраған: біріншіден, этностың тегі бір ұлыстарға ортақ территория; екіншіден, тамыры бір өркениеттерге ортақ тіл жəне діл, дəстүр; үшіншіден, əскери демократияға арқа сүйенген қауымдарға ортақ қоғамдықсаяси құрылым (əскери демократия); төртіншіден, барша көшпелі қауымға өзек əлеуметтік жүйе; бесіншіден, барлық көшпелі қоғамдарға ортақ мəдени жəне рухани құндылықтар. Ортағасырлық деректерде, атап айтқанда Қосымұлы Қадырғали бидің «Жылнамалар жинағы», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди», сол сияқты «Бахр аль-асрар», «Тауарих-и гузида-йи нусрат-нама», «Фатхнаме», «Шайбани-наме», «Муизз ал-ансаб» тəрізді, тағы бірқатар шығармаларда тікелей не жанама айтылатындай, Қазақ хандығы 1465 жылы Шу мен Қозыбасы төңірегінде орныққан. Назар аудара түссек, пайда болған емес, орныққан! Себебі, XV-XVI ғасырларда қылаң берген «қазақ», «Қазақстан» деген атауларға дейін Ұлы далада жиырмаға жуық мемлекеттер, қырықтан аса хан-сұлтандар билік еткен. Олай болса, мемлекеттің, ұлттық мемлекеттіліктің тағдырын бір ғана «қас қағым сəт» (тарихи өлшем бойынша) не оқиғаға жүгіне сомдау – жаңсақ пайым. Отандық тарихнамада бұл сонау Шоқан, Абай, Шəкəрімнен бастап талай талқыға түсіп, талданып келеді. Бүгінгі күні – Қазақ хандығына

Дала, Ұлы Жібек жолы, елшіліктер, тілдер мен ділдер, салт-дəстүрлер, қобыз, құлақ құрышын қандырар күйлер, жырлар, шешендік пен көсемдік, батырлық пен ақындық... Барлығы да тауарих, барлығы да рух. Екеуі де бірде қанды қақ тығыс, ар мен жан арқылы шығырға түсіп шыңдалып, бірде мамыражай тірліктің, иісі қазақтың көш пелі өмірінің жылжымалы қомынан өріс өрбіткен. Екеуі де сол көшпелілердің соңғы тұяғы, ұштығы көз алдымызда елес боп тұрған Қазақ хандығының егіз тұғыры. Сансыз халықтар мен ұлтұлыстардың алтын бесігі, жер жаһанды жаулап, Батыс пен Шығысты ат тұяғының астына қатар көмген жойқын жаугерлердің елі, атынан заты қымбат небір əсем əфсаналар мен аңыз-əңгімелердің кəусар бұлағы бола білген Ұлы далада XV-XVI ғасырларда Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала жайлаған Қазақ хандығынан артық мұрагер болуы мүмкін де емес болатын. Самайын қырау шалған кісінің желке жотасындай қарауыта төнген таулары мен құлаш-құлаш құба жондарын, айдын-айдын көлдері мен айшылық алыс жолдарын, үйір-үйір жылқы шапқан жазықтары мен қойнауына құпия бүккен шағыл құмдарын айтпаған күннің өзінде, Қазақ хандығына қажымас қажырқайрат, ерімес ерік-жігер, намыс, асқақ рух пен ұлан-асыр рухани дəулет тəн болған. Оның бұлжымас дəлел-дəйегі – бүгін Қазақстан, бүгінгі қазақ халқы. Бетін қалқымай, тереңінен ойласақ, бүгінгі Қазақстанның елдігіндегі ерекшелік пен ерлігіндегі айырмашылық – сол баяғы Қазақ хандығына тəн елдік пен ерлік. «Мемлекетті құтқару үшін бір ұлы адам да жеткілікті», – деген дана сөз бар. Бұл ретте Қазақ

көшпелі өмір ғұрпына сай, билік атаулыны халықтың алдымен, құдайдан қонған құт, адами əділеттілік пен санаға қашалған заңдылыққа сүйенген үштаған ретінде қабылдауы. Əңгіменің төркіні сол баяғы қазақтың ежелгі қалпында, рухани өмір салтында. Ата жолы – жадында, үлкенге деген құрмет, кішіге деген ізет, «əділдік – басымнан биік, билік – жасымнан биік», – деген ұлағат үнімен, алдысы жер, содан соң ел, соңғысы ер деген үмітпен тəңір берген «тұтқа», тағдыр берген «құтқа» сыйынған халқымыздың сафиян-сарай салауатты санасында. Қай уақыт, қай заман, қай дəуір, бір мемлекетті екі адам биледі деген жəйт өте сирек, жоқ десе де болады, егер ежелгі Римдегі дуумвират жағдайларын есепке алмасақ. Алайда, Керей мен Жəнібектің кісіліктері де, кемеңгерліктері де сол – бірі бірінің хақын хаттап отырмай, халқының келер жолынан бағыштауға бір ауыздан мойын ұсынғандығы. Айталық, дене бітімі қуатты, жорыққа төзімді, биязы келбеткескінді, сөз ұстап қана қоймай, сөз тыңдай да білетін, əзілі жарасқан кісімен əңгімешіл, керек кезінде жұмсақ, қажет болса қатал ƏзЖəнібек алдымен жаужүрек батыр болған, қара қылды қақ жарып билік айта да білген, ең бастысы халқының дербестік, елдік, ерлік тəрізді асқан арман-мұратын жеке қарақан басының мүддесінен лəйім жоғары қоя білген қайраткер. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», – деген қағиданы қастерлеп ұстанған хандардың бірі де, бірегейі де болған көрінеді. Өспейтін ел, өнбейтін жер болмайды. Өміршең халық өз мүддесін ешқашан ұмытпайды. Бір қарағанда, прогресс атаулыға бейжай болғандай көрінгенімен, əрісі тоқсан тарау түркінің тарихы, берісі қалың қазақ пен Қазақ

Тґл тарихымыздыѕ тартуы Алтайы ОРАЗБАЕВА,

тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры.

Конституция жəне медиация Ербол ҚАРЖАУБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық-құқықтық пəндер кафедрасының меңгерушісі.

Бұл турасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірісті жеңілдетудің маңызды бағыты ретінде тараптарды бітімгершілікке келтіруге көп ықпал ететін медиация институтын дамытуды» атап өткен болатын. Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласында қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, оның принциптері мен жүргізу процедурасы мен медиатордың мəртебесін айқындаған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Дауларды шешудің балама тəсілі ретінде медиация институты шетел мемлекеттерінің көбінде кеңінен белгілі жəне белсенді түрде қолданылады. Алғашқы рет медиацияны АҚШ қолданды. Кейін келе медиация институты Еуропа, Канада, Австралия, Ұлыбритания мен өзге де елдерде кеңінен қолданысқа енген. Заң туралы əдебиеттерде медиация институтының жекелеген тұстары əсіресе, оны қылмыстық құқықта пайдалану мəселелері түгел зерттеле басталды. Медиацияның маңыздылығы халықаралық деңгейде 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен құрылған Халықаралық сауда құқығы (ЮНСИТРАЛ) жөніндегі комиссиямен 2002 жылдың 24 маусымында қабылданған Халықаралық ком мерциялық келісім процедуралары туралы шартында ескерілді. Мұндағы зерттеулерде медиацияны «қылмыс жасау арқылы пайда болған жанжалды шешуде ол нəтижелі амал ретінде алғышарт бола тұра, қоғам мен мемлекеттің бүкіл даму эволюциясында қандай да болсын нысандағы татуласу институтымен тығыз байланыстағы делдалдық институт» ретінде көрсетілген. Медиация (латынша mediation – делдалдық) көп шілік жəне жеке адамдар арасындағы қарама-қайшылықтарды диалектикалық шешу əдісі ретіндегі делдалдық, яғни дауды тікелей үшінші тұлғаның қатысуымен шешудің бейбіт тəсілі болып табылады. Ал, Медиация туралы заңның 2-бабында «Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жəрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рəсімі» делін ген. Демек, жеке жəне заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар мен қылмыстық теріс қылық істері бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуді орындау кезін де туын дай тын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

5

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

Əрине, заңмен медиация рəсімі қолданылмайтын негізді жағдайлар да болады. Бұл даулар медиация рəсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың жəне сот əрекетке қабілетсіз не əрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам ның мүдделерін қозғауы мүмкін. Екіншіден, бұл даулар тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылса жəне бұл даулар сыбайлас жемқорлыққа қатысты жəне мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істер болса, медиация қолданылмайды. Медиация сот айтыстарына кететін уақытты үнемдейді жəне қосымша шығыннан қорғайды. Медиация процесі жеке жəне құпия болып табылады. Медиатор екі жақтың арақатынасын жеңілдетеді, дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын жолдарды іздейді. Медиатордың құқықтық мəртебесіне «Медиация туралы» Заңда: «Медиация – осы заңның тараптарына сəйкес кəсіби жəне кəсіби емес негізінде медиация жүргізетін тəуелсіз жеке тұлға» деп анықтама берілген. Демек, заң медиатордың екі түрін көрсетеді: кəсіпқой жəне кəсіби емес. Қазіргі уақытта қоғамда медиа торға байланысты əртүрлі пікірталастар бар, яғни медиация əрекетін жүзеге асыруда нотариустерге барынша мүмкіндік беру керек деген ой айтылады. Əрине, бұл пікірді орынды деп есептеуге болады. Өйткені, азаматтар арасындағы алимент, мұрагерлік, некелік қарым-қатынасқа байланысты көптеген даулар болатыны белгілі. Олардың көлемін азайтуға нотариустың да ықпалы болуы мүмкін деген ойдамыз. Ал қылмыстық сот ісі барысында жүргізілетін медиацияның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, тараптардың медиация туралы шарт жасасуы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатпайды. Екіншіден, медиация ға қатысу кінəні мойындау дың дəлелі бола алмайды. Үшін шіден, егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кəмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кəмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті. Төртіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейін жəне сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс. Бесіншіден, дауды реттеу туралы келісімге қол қоюдан бас тарту медиация тарапы болып табылатын тарапқа əсер ете алмайды. Сонымен қатар, медиацияның отбасылық қатынастар саласындағы ерекшеліктері де бар. Қорыта келе, Ата Заңымызға сай біздің елде медиация сияқты, келіс пеушіліктерді қарас тыру дың баламалы құралының дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің əрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады деп түйіндейміз.

Халқымыздың айналасына зер салып, арғымағына ер салып, өз алдына жұрт болып, тұрмыстық қалпын, қазақи салтын қалыптастырып, өзге емес, тек өз тəжірибесінен, түпкі атасы ежелгі түркінің тамырынан нəр алған ұлттық мемлекеттілігін орнықтыруда XV ғасырдың бел ортасы, яки 50-60 жылдар аса маңызды кезең болғаны белгілі. Мұны тарихи деректер мен шежірелер, түрлі зерттеулер мен еңбектерді былай қойғанда, ел жадында əлі сақтаулы Қазтуған жыраудың бебеулеген жырынан да естиміз: «Алаң да алаң, алаң жұрт, Ағала ордам қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған Батыр болып туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт!». Əлбетте, бұл жерде XV ғасырда дербес Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуының тарихи төркіні, себебі мен салдары, саяси сабақтастығы, əлеуметтік қарқыны жайында сөз қозғаудың, сөйтіп, ғылыми пікірталас туғызудың еш қисыны жоқ. Оның үстіне, Қазақ хандығының этностық түбірі, саяси-экономикалық генезисі жəне əлеуметтік-мəдени сыр-сипаты хақында көз майын тауысып, шұқшия зерттеп, алдына үлкен мақсат қойып, артына мол мұра қалдырған ғұлама ғалымдарымыз, ұстаз аталарымыз, білімді де білікті ғалым апа-ағаларымыз бен құрбықұрдастарымыз жетерлік. Десек де, қанша айтылғанымен, əлі де болса көбіміз жете сезе алмай, сезсек те – сезіне алмай, сезінетіндерге сезінбейтіндердің мүшкіл халі бас шайқатып, бармақ тістетіп келе жатқан өкінішті жəйттердің бірі – сол Қазақ хандығының рухани жемісі мен жеңісін дұрыс бағалай алмай отырғандығымыз. Кейбір ғылыми жəне көпшілік жарияланымдарда (біршама шетелдік немесе бірқатар отандық) Қазақ хандығының орнығуы төңірегінде даулы да дəйексіз пікірлер айтылып келгені жасырын емес. Айтылып та жүр.

хандығының тарихы өзінше бір өркениеттілік үлгісі болып табылады. Тауы – тарих, тасы – шежі ре қазақ даласында тарыдай шашылып жатқан материалдық жəне мəдениет үлгілерінің əрбірі Рим империясының коллизейінен, Мысырдың перғауын пирамидалары сызу-жазбаларынан еш кем соқпайды. Бірақ, олар ə дегеннен ақтарыла салмайды. Қасиеті – тереңде, құпиясы – тұңғиықта. Зерттеп қана қою аз. Зерделей білу керек. Қазақ хандығы мен бүгінгі Қазақстан – бұл көне көмбелер, жазба жəдігерлер, «Алтын адам» жəне Жалаулыдан табылған қолөнерінің асқан үлгілері, көк түркінің оймақ жазуы, Қорқыттың көне күйлері, Ясауидің сопылық ілімі, Жошы мен Алаша ханның көркем мазарлары, Асан қайғының ақылгөйлігі, Қазтуған мен Ақтамбердінің жорық жырлары, Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің өздері, Сырым батырдың шешен сөздері мен Махамбеттің отты өлеңдері, Шоқанның ғылыми зерттеулері мен Абайдың өлең-сөздері, Ахметтің алфавиті мен Əлиханның «Алаш Ордасы», Мұхтардың «Абайы жолы» мен Əлкейдің ғылы ми мұрағаты, тіл мен діл, дін, əдебиет пен мəдениет... Тізе берсек, тізімнің шегі жоқ. «Алдаспанды қақ айыруға болатын шығар, бірақ рухты қақ айыра алмайсың» (В. Гюго). Шын мəнінде қазақтың хандығы мен қазақ мемлекеттілігінің орнығуы мен тарихи қалыптасуында рухтың, оның ішінде ұлттық рухтың орны ерекше жəне айрықша. Қазақстан үшін, Қазақ мемлекеттілігі үшін, Қазақ хандығының осынау мерейтойы тек мəдени жəне рухани ғана емес, зор саяси маңызға ие. Дүниежүзіне саяси жəне экономикалық жетістіктері арқылы түгел мəлім болған Қазақстан тек мұнайға ғана емес, тауарихы, түп тарихы, тілі мен ділі, мəдениеті мен əдебиетіне де аса бай. Қазақ хандығының бес жарым ғасырлығын Елбасы бастап, ел қоштап жыл бойы бағамдап, байыптау – ата-бабалар алдындағы азаматтық парызымыз əрі кісілік қарызымыз. Қазақ хандығының кешегі тарихилығын, Қазақстанның қазіргі тəуелсіздігін тайға таңба басқандай даусыз дəлелдейтін батыл шешім. Тектен тек емес, ұлттық идея – Мəңгілік Ел деңгейіндегі алға ұмтылған кесімді шара. Мұның өзі біз үшін егемендік пен тəуелсіздік ұғымдарының басты өлшемі – елжұртымызға, халқымызға, қарға тамырлы қазаққа ілкіден тəн азат жəне асқақ рух екендігін көрсетеді. Ал мұндай рух дəуірлер мен ғасырлар бойы шарыққа түсіп шыңдалған Қазақстан алдында тұрған жəне тұрмақ нақты жəне беймаза сұрақтардың баршасына жауап бере аларына еш күмəн жоқ. Тəуелсіз Қазақстан үшін ең негізгі жəне басты мақсаттардың бірі – жас ұрпақтың бойы мен ойына отансүйгіштік рух егу. Өйткені, рух жоқ жерде ұлт та жоқ, халық та жоқ! Бұл орайда төл тарихымыздың, оның ішінде Қазақ хандығы тауарихының айтары мол, берері көп.

Жаѕа їлгідегі ќойылым Елордалық Жастар театры Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың сахналауымен Сəкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» шығармасы негізінде «Тырау-тырау, тырналар» қойылымын тарту етті. Құндыз ЕРАЛЫ, журналист.

Кейіпкерлердің рөлін сомдаған əртістер де, біз де соғыс көрмедік. Алайда, сахнадағы көрініс қарапайым көрерменнің бірде көзіне жас үйіртсе, енді бірде күлкіге көмдіріп отырды. Бұрын соғыс көрген қариялардың көзі күннен күнге сиреп бара жатыр деуші едік, биылғы 70-жылдық мерекеде олар тіпті селдіреп, ақ самайлы ардақты ардагерлер алыстағы сағымға ұқсап бара жатқан тəрізденді. Жастар театры ұсынған «Тырау-тырау, тырналар» драмасын тамашалағаннан кейін ешкім де, ештеңе де ұмытылмайтынына тағы бір мəрте көзіміз жетіп, сарбаздар рухын жаңғыртқан сахналық туындының əсіресе, өсіп келе жатқан кейінгі жас ұрпақ үшін тəрбиелік мəні өте зор екендігін көңілге түйдік. Арамызда соғыс тақырыбын ескіріп, келмеске кеткен тақырып деп түсінетіндер бар. Тіпті, жылына бір-ақ рет келетін мерекеде оларға жасалып жататын азын-аулақ ишараттың өзін көп көретіндер кездеседі. Əкелері соғысқа аттанып,

өздері егін даласында еңбек ететін бір ауылдағы бес баланың тағдырын суреттейтін туынды, сөз жоқ, көкейкесті, сəтті туынды. Қойылымдағы Бақытты (Сыбызғы) сомдаған Мейірғат Амангелдин, бойының қысқалығы үшін достары Пипин Короткий атаған Қасым – Ербол Тлеукенов, Қожанасыр-Аплаш – Елдос Шайкенов, Кеңірдек-Балташ – Данияр Оразаев, Шегіртке-Балшекер – Наурыз Сабағатова, Таурид Эмма Ивановна – Махаббат Мадғұлова, Баттал – Бахыт Хаджыбаев, мектеп директорыГүлсім – Айнұр Рахипова, военком – Азамат Есқұлов сынды талантты жастар өнері көз алдыңызға соғыс жылдарындағы егіс алқабының тыныс-тіршілігін шынайы елестетіп, əке мен ананың қадірін жете бағалай білуге, ел мен жерді ерекше сезіммен сүюге үндейді. Адами құндылық аздап əлсізденген қазіргідей күрделі кезеңде драмадағы мейірім мен шапағат, достыққа адалдық пен таза махаббат, ата-анасынан айырылған тұл жетімді бала демей, шаңырақтың шын иесі тұту сияқты қасиеттерді қалың елдің қаперіне сала отырып, өмірлік маңызды

мəселені алға тартқан қойылым осы тұрғыдан алғанда, заманауи, бүгінгі күннің тынысына əбден лайық деген бағаға сай. «Тырау-тырау, тырналар» драмасына өзек етілген жазушы-драматург Сəкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» туындысы драматургиялық шығарма ретінде қилы қырынан зерттеу нысаны бола алды, бірнеше ғылыми еңбектердің тақырыбына арқау болды. Театр сахнасына күлдібадам дүниелердің бүтіндей сіңіп кетуі екіталай десек, бұл ретте қоюшы-режиссер Нұрқанат

Жақыпбайдың шығармашылығы сол ойға бізді де тағы бір табан жақындата түседі. Сондықтан біз драманың көрермен тарапынан сəтті қабылданып, танылуы, екінші тынысының ашылуы бірінші кезекте режиссер еңбегінің арқасы деген тұжырымды тартынбай алға тарта аламыз. Өйткені, «Тырау-тырау, тырналар» спектаклін қай қырынан сөз етсек те, үлкен қошемет пен құрметке лайық. Осы орайда рөлдерге актерлер өте дұрыс таңдалған деу қисынды. Олардың қай-қайсысы да өз кейіпкерлерінің

ішкі жан-дүниесіне еніп, онымен жымдасып, біте қайнасып, ортақ тіл тауып кеткенін көрдік. Əртістердің сыртқы келбеті, дауыс мəнері мен жүріс-тұрысы иланымды қабылданды. Əсіресе, мектеп баласының соғыс кезіндегі көңілкүйі қаншалық ыстық сезіммен беріледі десеңші. Хабар-ошарсыз кеткен əкесінен бір жапырақ хат келмесе де үзілмеген үмітін аспандағы тырналарға жеткізіп, мұңын шаға егілетін бала – Бақыттың (Мейірғат Амангелдин) басынан сипап, жанарындағы жасты құрғататын заман туады деген ақжарма үміт тұрады ар жағында... Астанадағы М.Горький атындағы орыс драма театрында премьерасы өткен спектакльдің қоюшы-суретшісі – Ерлан Тұяқов. Егін алқабындағы арба, жиналған бидайдың масақтары, шаңырақ, қол орақ, шалғы, қол диірмен, сыныптағы ағаш парталар мен тақталар көрініске жан бітіреді, сұрапыл соғыс жылдарының бейнесін көз алдыңызға айнақатесіз алып келеді. Одан сценограф маманның көп тер төккені байқалады. Екіншіден, соғыс тақырыбының игерілуі жағынан əлі де болса солғын тартып тұратын жүзіне осы қойылым арқылы əжептəуір қан жүгіре бастағандай əсерге бөлендік. АСТАНА. –––––––––––––

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.


6

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

 Есімі елге елеулі

Кґѕіл кґгенін аєытќан ґлеѕ

Аңсап, армандап жеткен аяулы атамекенге табаны тигенде жүрегі алып-ұшып, керемет қуанышқа бөленген балаң ақынның көкірегіне ұялаған жыр құсы шабыттана шырқай жөнелген. Содан бергі арада алпыс жыл өтіп, бүгінде сексеннің сеңгіріне көтерілген сол Оразақын Асқар айтулы қаламгерлер санатында ғұмыр кешуде. Осыған дейін жиырма шақты кітабы жарыққа шыққан екен. Мен соның ішінен таңдаулы өлеңдері топтастырылған төрт томдығына тоқталып, пікір білдірмекшімін. Жыр жинақтарын бастан-аяқ түгел оқып шыққаннан кейінгі көкейге оралған түйін: Оразақынның шығармашылығы – қалыпты қазақтың қара өлеңінің шеңберінен орын алған шеберлігі. Бұл болса бала жастан оқып, ойына тоқып өскен ескі ақындардың өлең-жырларының, əсіресе, аңыз-дастандарының жадыңда əсері суымай сақталғандығының мысалы. Қай өлеңін оқысаң да сөз саптасы, ой түюі түгелдей қазақ жаратылысымен жарасып тұрғандығын аңғарасыз. Ақынның айрықша атап өтер өзгеше қыры – осы бір қазақ тілінің құнарлы қасиетіне жетіктігі.

Оразақынның екінші бір ақындық ерекшелігі – оның тырнақалды туындыларынан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан жыр жазудағы ежелгі дəстүрге беріктігі. Ол күнделікті тіршіліктің тірі көріністерінен көңіліне түйген ойларының өлеңге айналуы. Оның кітаптарында деректі, оқиғалы өлеңдердің көп кездесетіндігі – осы сөзімізге дəлел. Сондай-ақ, ойға жомарт, сөзге сараң ақын ның осындай өлеңдерінің қыздың жиған жүгіндей жинақы, түйінді, əсерлі екендігі. Былайша қарағанда, əншейін ғана тұрмыстық жағдайға арналса да өзіндік ойы, өзіндік өнегесі бар ондай өлеңдердің мəні зор, қағидасы қымбат. Айталық, сан жыл сандалмамен жүріп, сан жыл кісі есігінде күнелтіп, ақыры Алматыдан үй алған адамның көңіл күйінен суыртпақтап сыр аңғарғандағы айтатыны: менің өз отау, қара шаңырағым, қонақ келсе шығаратын төрім бар, ешкімге жалтақтамай, кіріптар болмай бала-шағамды өсіріп жатырмын деген қуаныш жыры. Енді бір жолы кішкене баласын ертіп көшеге шығып, автобусқа мінген сəтте бейтаныс адамдардың жапа-тармағай еркетайының қылығын қызықтап, біреуі орнын беріп, біреуі конфетін ұсынып, біреуі сөзге айналдырып бəйек бола қалғанына кішкене сəбиден бұрын əжесінің көңілдене шалқып, мəз-мейрам күй кешкенін жырлауы жұртшылықтың жүрек жылуына, жанашырлық пиғылына, кең пейіліне құштарлықтың, ризалықтың белгісі. Ақын адамдардың асыл адамгершілігін, мінез мейірімділігін, сезім мөлдірлігін, сөзіне сенімділігін, уəдесіне беріктігін, достыққа адалдығын айрықша асқақтата жырлауға аса ынталы. Осы орайда, «Ана құрбандығы», «Сыр ақтару», «Кəрілер үйіндегі шалдың мұңы» деген өлеңдердегі балапандарын қорғаштап жүріп, жыланның арбауымен оның аузына өзі түсіп, құрбандық болған ана торғай туралы тəлімді, кезінде менменсіп, тəкаппарланып, көз салып, сөз салған жігіттерге қарамай, жастық шағын өткізіп алып, көк етікті түгіл, көне етіктіге зар болған, салы суға кетіп, тал қармаған кісінің кейпіне түскен кəрі қыздың сырын, ит пен мысықтың достығы туралы, яғни ана мысық аяқасты өліп қалып, артында қалған мысықайларын сол үйдің иті бауырына басып, қамқор болғанын баяндайтын хикаяны, қарт əкесін кəрілер үйіне тапсырған тасжүрек, мейірімсіз, ұяттан жұрдай, қазақ баласына жат қылыққа бой алдырған қатыгез ұлдың арсыздығын алға тартқан оқшау оқиғаны жырға айналдырған ақынның пəлсапалық терең ойлары өзгемізге өмірлік сабақ екендігі, айтпаса да түсінікті. Қазақы əдет-ғұрып, салт-дəстүрді дəріптеу де өлең өнерінің басыбайлы еншісі екендігін əрдайым есінде сақтайтын ақынның осыған байланысты жазған жырлары да жетерлік. «Нағашы» деген өлеңінен үзік мысал: «...Жатырсыз неге келмей, нағашымыз, Есікті сəлем беріп тағы ашыңыз. Шақырған өзіңізді саясына, Бақшаның сіз өсірген ағашымыз. ...Енді олар келді кезек іздесін деп, Сіз күтіп жүрсіз бе əлде біз келсін деп. Алдымен орындаушы едіңіз ғой, Істерді сізден бұрын бізге міндет». Осы бір этнографиялық эсседей əсерлі де өнегелі өлең жолдары қазақ қауымында баяғыдан бері қалыптасқан халықтық қасиет – нағашылыжиенді туыстықтың қадірін қашырмауды есімізге салатын сара сөздің салмағы сары алтындай емес пе?! Ағайын арасындағы жарасымды базынаны, жүрегіңді жібітер де жылытар тілектестікті, қайда жүрсең де басыңнан құс ұшырмай қорғайтын қамқорың, жанашырың болуға дəйім дайын тұратын, арадан қыл өтпес туыстықтан тұратын əсерлі əрі ақиқат əспеттеу – нағыз ақындықтың айғағы. Оразақынның өлең өрнектеуге келгенде оңтайын тауып, шабытына қамшы салдырмайтын, ерекше ептілігі, төтенше тапқырлығы бар. Оған мазмұны маңызды, ойы орнықты, өңі де, өрнегі де өзгеше «Ана сыйы» деген өлеңі толық дəйек болғандай. Алыс сапардан жолсоқты болып, шаршап-шалдығып, арып-ашып келе жатқан геологтар айдаладағы бір ауылға кезігіп, шеткі бір үйге атбасын бұрады. Алдарынан сүріне-қабына шыққан кейуана, сəлемдесіп, жөн сұрасқан соң-ақ үйіне түсіріп, жік-жаппар болып, қолынан дəм татырып, қазақы қонақжайлық көрсетіп мəз. Сөйтсе, ананың жалғыз ұлы да жұмыс бабымен көбінесе сыртта жүреді екен. Соны айтып, көзінің жасын жеңімен сүртіп, «Жегендеріңнен қалған тағамды жолдарыңа алыңдар, ал асығыс болмасаңдар, қона жастанып

кеткейсіңдер», деп бейтаныс меймандардың астыүстіне түскен анаға алғыстарын жаудырып, жолаушылар аттанып кетерде ағынан жарылып: «...Əумиін дейін, ақ батам Сендерге болсын ат-шапан», – деп шығарып салатын сəттегі кейуананың бейнесі өзінің жалғыз ұлын ұзақ жолға ұзатып салғандай кейіпке түскен тұлғасын, жалпы қазақ əйелінің бекзат болмысын, ұлтымыздың ұмытылмас ұлттық дəстүрін есімізге түсіріп, осы оқиғаны өз басымыздан кешірген кісіше бір жасап қаламыз. Ақындық сөздің құдіреті осындай болса керек. Ал ақынның жас ұрпақ ата дəстүрімізге ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, оны жаңаша жаңғырту, жасанту мəселесінен сырт қалмаса деген ақ тілегіне қосылу – бəріміздің де парызымыз. Қазақтың келіндері туралы да кестесі келісті, өнегесі өрісті өлеңге де арнайы тоқтала кеткен жөн. Иə, қазақтың келіні ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, өзі аттаған ақ босағасының – отбасының өсіп-өніп, əулеттің абыройын асыруға атсалысуды, ұлдарын ұяға қондырып, қимаса да қыздарын қияға ұшырып, қара шаңырақтың киесіне бас иіп, ғұмыр кешеді. Осындай ибалы, инабатты, иманды келіннің асыл бейнесін аялап, толғана жыр арнаған ақынға дəн риза боласың. Оразақын осылай ой толғап, осындай өнегелі өлеңдер жазудан жалыққан емес. Қазақ əйелдерінің құдай қосқан ерлеріне адалдығын, арлылығын, бастарына қандай ауыртпалық түссе де төзетін көнбістігін, қайраттылығын өлеңде өрнектеу жөнінен Оразақынның ақындығы асып тұр. Соның бір мысалы ұзақ та болса ұлағатты «Ана ескерткіші» деген өлеңі. Осынау сырлы жырда отағасынан ерте айырылып, құшағындағы екі бөпесімен жесір қалған келіншекке: балаларың тым жас, оларға қамқоршы керек, екі жарты, бір бүтін болайық деп талайлар сөз салса да, өзім тірі тұрғанда қос құлынымды жетім дегізбеймін деп, тіршіліктің бейнетін тарта жүріп жетілдірген, ұлдарының ержеткенін көрсе де үйленіп, немере сүйдіретін сəтінде бақилық болған қайран анаға өлеңнен ескерткіш орнатқан Оразақынның осынау элегиялық жыры көптеген оқырмандардың да басынан кешірген қилы да қиын тағдырдың баяны екені рас қой. Сондықтан да элегияны жүрегің егіліп, көз жасың төгіліп отырып оқисың. Ақын – қазақ қыздарының тағдырын əр қырынан алып жырлаудың да шын шебері. Соның бірі – «Қыз ұясы». Қарапайым қазақ қызының намысқойлығын, ержүректігін ертегідей шертетін аңыздың ізімен жазылған өлең-хикаяның ғибратына тəнті боласың. Асқар таудың қия шыңына ұя салған мұзбалақ қыранның балапанын алуды көздеген құсбегі жігіттердің бірде-біреуі дегендеріне жете алмай əлек. Беліне байлаған арқаны үзіліп, өлітірісі белгісіз, хабарсыз кеткен аңшы ағасын іздеуге қорқақтап, ортадан суырылып ешкім шыға қоймаған соң қарындасы тəуекелге бел буады ғой, баяғы. Сөйтіп, жаралы ағасын да, ұядағы балапанды да аман-сау жерге түсіріп, соңында өзі мерт болады. Соған орай бүркіт ұя салған сол қия шың «Қыз ұясы» атанып, ел есінде қалған екен. Ақын ел арасында аңыз болып сақталған сол сырды тарқатып, ержүрек қазақ қызының бекзат бейнесін жырына арқау еткен. Өмірлік өнегесі бар болғандықтан да жазылған жырды сүйсіне оқисың. Ақынның үлгілі, қағидалы өлеңдер жазуға айрықша бейімділігін байқау қиын емес. Бір жақсысы, ондай өлеңдері сылдырақ қызыл сөздерден бас құраған, өңкей ақыл айтудан тұратын тұзы татымсыз дүниелер емес. Айталық, «Өмір өнегелері» аталатын топтамасы толайым пəлсапалық пайымтолғаныстардан жаратылған жырлар. Ақын онда пенделік тіршілік пен рухты адами өмірдің ара салмағын саралай отырып, қос ұғымның мəнмағынасына ой жүгіртіп, сыр сабақтайды. Санаңа сəуле түсіріп, толық адам болудың қағидасынан құлағдар етеді. Артыңда ел-жұртың жадында сақтайтын қандай ізгі із қалдырдың, құр əшейін ішкенге мəз, кигенге қуанып, тоғышардың ғұмырын кештің бе деген сауал тастап, ойлы оқырманнан жауап күтеді. Көпшілік көкейіне ой салып, рухын оятудың тура тəсілі осы болса керек. Қазақ ауылының, ел ішінің тұрмыс-тіршілігінің бейнелі суреттерін тірілтіп, этнографиялық мазмұндағы жазылған ақын жырлары да бір төбе. Соның бірі «Көкпарды» оқып отырғанда делебең қозып, өзің де додаға қосылып, көкпар тартуға араласып кеткен кісінің кейпіне түсесің. Ал қазақтың киіз үйі туралы ақын толғаулары да жүрегіңді дір еткізетіндей əсерлі: «...Шаңырағынан қарайтын таң сығалап, Киіз үй тұр алдымда алты қанат. ...Есігі ашық, қонаққа төрі дайын, Түңлік түріп төнетін күн мен айың. Ұясына оралған құстай болам, Киіз үйді жайлаудан көрген сайын». Ежелден ел ішінде денсаулықтың досы, көңілдің қошы саналатын сары қымыздың қасиеті жөнінде жазбаған ақын жоқ десек те, Оразақын өз сөзін тауып айтқан-ақ. Мына шумақ соған дəлел: «...Па, шіркін, иісінің бұрқырауы-ай, Адамның баурап іші-сыртын оңай.

Сапырып, өрнекті əсем сырлы аяққа, Сызылып құйып отыр бір құралай». Тəуелсіздікке тəубешілік жасап, ел ертеңін ойлаған зиялы замандастардың ой-мақсаты осындай тастүйін түсінікте болғанын қуанып-құптаймыз. Ел азаматтарының бедел-абыройының артуы ырыс-ынтымақтастықтан, бірлік-бірауыздықтан, татулық-түсіністіктен екендігін əрқашан естерінде ұстап, орынсыз жауласып-дауласпай, халқының – қазағының көсегесін көгертіп, көксегеніне жетуіне жұмылдыруға тікелей байланысты. Ақынның көздеген мақсаты мен мегзеуі оқырманға осындай ой түйдіреді, ақиқаттығына секемсіз сендіреді. Ой түйіні төмендегідей: «...Бір ауызды болсаңшы əр істе, елім, Бармағыңды аз ба еді тістегенің?! Аңғаратын уақытың болмады ма, Алыпқа да қолдаушы күш керегін?!» Елінің есін жидырып, болашағына құтты қадам жасауына жөн сілтемесе, ел зиялыларының азаматтығына сын екендігін сыпайылап əрі жүрекке жеткізе айтпаса – ақынға айып. Осылай ойлайтын Оразақын көкейкесті сұрағын оқырманға арнап айтады. Шынында, кезінде ұлттар достығын мақтан етіп, ақырында сол достардан таяқ жедік, тіліміздің байлығын айтып жүріп, ақырында ана тілімізден айырылып қала жаздадық, ғарыш айлағы – Байқоңырдың біздікі екендігіне қуана жүріп, табиғатымыздың да, денсаулығымыздың да залал шеккенін қайтпекпіз?! Азаттық алған соң, ақылымыз кейін кірген жұртпыз ғой. Ел болып, етегімізді жиып, еңсемізді көтерген кезде ертеңгі күнге сабақ болатын жаман əдетімізден арылайық, деп білместігімізді бетімізге басқан ақын сөзі өте орынды. Сондай-ақ, басқа да сорақы қылықтарымыз шаш-етектен. Бүгінде ата салт, əдет-ғұрпымыздан неге жұрдай болдық? Ақсақалға бозбала сəлем бермесе, ағайындар бір-біріне қараспаса, абысынажын, құда-жекжат араласпаса, қария бата бере алмаса, келін ата-енесін сыйламаса, онда қазақтық – ұлттық тамырдан, тектен, қасиетімізден айырылғанымыз емей немене? Ендеше, елдің сөзін сыйлауға тиіс ақын неге ашынбасын? Ол үшін оны жазғырсақ, жаза басқанымыз. Жалпақ жұрттың сөзін сөйлеп, жоғын іздеп, барын базарлайтын парасатты ақын-жазушылар қауымы, зиялылар ортасы емес пе еді. Қалай болғанда да еліміз еркіндік алып, тəуелсіздіктің көк туын көкке көтерген кездегі ұлтының ұлы қуанышын қазақ баласының жүрегіне жырымен жеткізуге асыққан ақынның жан сырын оқып көрейік: «...Сырттан жау сан қайтара шапқан қазақ, Сан өшкен отын қайта жаққан қазақ. Тап басып кең пейілі тар заманға, Тағдырға əн-күйімен мұң шаққан қазақ. ...Елдікке ерте қанат қаққан қазақ, Сол жолда талай азап тартқан қазақ. Арманға өліп-талып жеттің зорға, Айырыла жаздап тіл мен салттан қазақ». Жүрегі жарыла қуанып отырып та Оразақын есеміз кеткен қапалы кезеңді ойымызға түсіріп, төл тарихымыздың ұлы көшінің адасқан, алданған сəттерін санамызға сіңіруге тырысып бағуда. Иə, осынау екі шумақ өлеңде қазақ халқының тағдыры мен тарихының терең сыры жатыр. Небір зұлмат замандарды басынан кешіре жүріп, енді қол жеткен тəуелсіздік – Алаш жұртының асыл арманы. Ендігі басты мақсат елдің ертеңіне – бақытты болашағына қалтқысыз қызмет ету. «...Құтылдың тəуелді, отар шақтан, қазақ, Сергек бол, сан қауіптен сақтан, қазақ. Еселеп еңбек сіңір елің үшін, Дербестік алдың, міне, шаттан, қазақ!» Ерекше елгезек ақын ел өмірінде болып жатқан өзгеріс-жаңалықтарға дер кезінде үн қосып отырудан жаңылған жері жоқ. Əнұран, Елтаңба, Ата Заң сынды ұлттық рəміздердің жаңадан қабылдануы, тіпті, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуымыз да ұмыт қалмаған. Ұлттық рəміздеріміздің бірі – Ту туралы ақын тебіренісі оқырмандар жүрегіндегі сөз екендігі де ақиқат: «...Киелі ұлттың байрағын, Ар, намыс, айбарым. ...Мақтанам ұлттық байрағым, Дербестік, елдік айғағым». Елдікке қатысты əңгімеге араласып отыруды азаматтық парызы санай тұра, Оразақын қайсыбір əріптестері сияқты сыңаржақ сын айтып, негізсіз айып тағуға қарсы. Өтпелі кезеңге өкпелеп, қиыншылықтарына төзбесең, ата-бабаларымыз аңсаған азаттығымызға жеткенімізді бағаламау ғой. Сондықтан, сары уайымға салынып, салымыз суға кетіп, жүнжи бермей, қажыр-қайрат көрсетіп, білім-білікке сүйеніп, тынбай тіршілік жасасақ қана ауыртпалықтар артта қалып, жақсылыққа қол жеткіземіз. Міне, Оразақынның тəуелсіздік алған жылдарда жазылған жырларының мазмұн-мақсаты осы төңіректе ой толғауымен ерекше есте сақталары сөзсіз. Мен, ақын өлеңдерінің басты бағытбағдарын шола пікір айтып отырмын. Бұл жерде

тағы бір ескерте кететін мəселе, ақын өлеңдерін кешегі кеңес заманындағы саясаттың ыңғайында жазған екен деген теріс пікірден аулақ болсақ екен. Рас, негізінде насихаттыққа ұқсас мақамдардың бары рас. Алайда, ежелгі қазақы ақындық дəстүрдің үлгісімен үкіленген, сөздері салмақты, ойлары көшелі, тілі көркем де тартымды өлеңдер. Оның сыртында белгілі бір қоғамда ғұмыр кешіп жатқан ақынның өз уақыты туралы толғанбауы, яғни азаматтық əуендегі жырлар жазбауы мүмкін бе? Осы ретте ақынның бір шумақ өлеңі мен тəуелсіздік туралы ақын сырын түйіндесек болар. «...Бас бақыт – тəуелсіздік ала алғаным, Ол күтер жаңа кірпіш қаланғанын. Үлес қос өркендеуге, жарандарым, Өткізбей бос айқаймен алаңда күн!» Табиғат құбылысынан да зерлі сөзімен əдемі, əсерлі суреттер салатын ақын шеберлігіне сүйсінесің. «...Бұлт күннің ойнаса көзін басып, Көлеңке жерде ойнайды қуаласып. Ұштасса ұлпа бұлттар бір-бірімен Найзағай ойнар, нөсер шашу шашып. ...Ерке самал қытықтап күледі гүл, Күліп шыққан жайлаудың күні еді бір. Жанап өтіп тұсынан қыз күледі, Қыздың неге күлгенін ұл біледі. ...Кербез тау сері мінер сипаң кердей, Ат жабу жатқан анау тұман көлбей. ...Қайың, тал ырғалады етегінде, Ат ұстап алдан шыққан бұраң белдей». Ақынның қай сөзі де, қай теңеуі де таза қазақша ұғымнан өрілген. Сол ерекшелігімен есте қалады. Тағы бір шумақты оқиық: «...Ақ сəуле – асыл жібек орамалым, Самалдың саусағымен таранамын. Жатады дала гүлі жұпар бүркіп, Қызығып кезгенімде араларын». Дала дидарын тамашалап, көзің көріп, алған əсеріңді жүрекке жырмен жеткізудің үздік үлгісі осы болар... Бірер сөз, Оразақынның арнау өлеңдері хақында өрбісін. Астанадағы Пушкин ескерткішін көрген сəттегі ақын сезімі жыр жолдарына көшіпті: «...Мəңгілік орын тепкен Астанадан, Бергендей ақын бейнең тасқа да жан. ...Жер шары өз сөзіңді мұраланып, Тұлғаңды қойды ұрпағың мұнара ғып. ...Хат алып Татьянадан Абай бабам, Татқалы тіліңнен бал талай заман». Ал сахна саңлағы Фарида Шəріповаға арнаған өлең өнерпаз бейнесінің бірегейлігін баян еткен. Бір шумақ өлеңге сыйған сол сипаттамаға көз жүгіртіп көріңіз: «...Талант, білім, еңбекпен асқан бағы, Құлай сүйген өнердi жастан жаны. Жүрсе-дағы жер басып көппен бiрге, Ал жұлдыздың бiрiсiң аспандағы». Батыр Бауыржан Момышұлының бекзат бейнесін өлеңде өрнектемеген ақын жоқтың қасы. Сонда да болса Оразақын өз сөзін тапқан: «...Айналдырды атыңды аңызға тіл, Əр қимыл, əр сөзіңде маңыз жатыр. Тірісінде-ақ ұлтына ұран болған, Өзіңсің ең ақырғы нағыз батыр». Атақты ақын, əйгілі əнші Əсеттің тағдыры тарата жазылған жырдың түйіні: бір сөзі баспа бетін көрмей, арманда кетсе де қазақ үшін мұрасы мəңгілік екендігі əдемі əдіптелген: ...Сөнсе де бір күн шырақ мың күн жанған, Мəңгілік өлең, əнің – інжу-маржан. Толтырып шоқ жұлдыздар тобын тұрсың, Құралған Ақан сері, Біржан салдан. Бүгінде жыр дүлдүлі Мұқағалиға арналған өлеңде қисап жоқ. Оразақын да Қарасазды аралап, ақиық ақынмен бірге өткізген күндерді есіне алып: «...Жеріңде мөлдір, ерке бұлақ қанша, Соларды солқылдатып жылатқанша. Ақ көңіл, албырт ақын жолдан келіп, Жағада жараспас па жыр ақтарса. Құлпырып көп өседі қырында гүл, Гүлдермен емес пе еді сырың да бір. Сыйындай сыршыл, жомарт жүрегіңнің Əр қолда гүлдей тарап жырларың жүр». Өлмейтін өлең жазған ақын туралы толғанысқа толы ой, сырлы сөз жаныңды баурап алары ақиқат. Міне, осылайша балет бишілерінің айтар сөзін, оның əсерін қимыл-қозғалысымен, би ырғағымен жеткізу түгелдей жыр жолдары арқылы берілген. Бұдан артық қандай тіл шеберлігі керек, қандай түйсін керек?! Биді бейнелеудің, ондағы терең ойды жетеге жеткізудің тамаша тəсілін тапқан ақынға қалай риза болмайсың... Ақынның аузынан шыққан, өзгелердің ойына түспеген қаншама тапқыр теңеулер, тіркестер бар десеңізші. Оразақынның елуге келгенде жазған бір өлеңі бар еді. «...Елуге жеткен де бар, жетпеген де, Жасармын енді отыз жыл көп дегенде. Арналған айларымдай ес білгелі, Ризамын ол жылдар да кетсе өлеңге». Бұл Оразақынның шын жүректен шыққан шүкіршілігі ғой. Алланың рақымы түскен ақын сəуегейлігі ақиқатқа айналып, бүгінде сексеннің сеңгіріне жетті. Алда қанша ғұмыры бар, ол бір құдайдың қолында. Бір сүйсінерлігі – ақын көп жасағанына қоса, өзі болжағандай отыз жыл бойы өлеңнің отын қыздыруда. Əлі де көңілінің көгенін ағытып, ақын: «...Уақыттың төтеп беріп қатал елегіне, Халқымның жарайды деп керегіне. Мəніндей өмірімнің үміт артам, Алдымен өзекжарды өлеңіме», – дейді. Ақиқат сөз. Ашығын айтып, сөзін сұйылтпай, тілін түрлендіріп, ойын толғандырып, өлең өрнегін келістіре тоқитын шайыр. Қазақ өлеңімен бірге жасасып келе жатқан кəдімгі қара өлеңнің қадірқасиетін аса бағалайтын Оразақын жүрісінен танбайтын жыр жүйрігі. Оны айтқан да өзі. «...Ақ көңіл қазағымдай қара өлеңім, Бабамда баяғыдан бар өлеңім. Етене табиғатпен тіршілігі, Халқымның жария еткен жан əлемін. ...Сыйғызған сырын ойға бар əлемнің, Бір шумақ мен де жаңа қара өлеңмін. Ұлт үні, тарих тілі, сын көзі боп, Сақталып санасында қалар елдің». Қазақ жырының бастау бұлағы – қасиетті қара өлеңнің қамшыгері Оразақын Асқар ақынның өнердегі жолы да, ғұмыр жасы да жалғасты болғай. Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

АЛМАТЫ.

 Өңір өнері

Жастар театры жарап тўр

Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан».

Бүгінгінің студенті сабақтан тыс немен айналысады? Бос уақытын қалай өткізеді? Жалпы, оларды не қызықтырады? Технологияңыз көз ілеспес жылдам дықпен дамып, əлеуметтің өміріне əлеуметтік желілер араласқан мына заманда мұндай сұрақтарды қоюдың өзі əбестіктей көрінер. «ВКонтактеде» əн тыңдап, «Фейсбукте» пікірталас ұйымдастырып, «Твиттерде» əр нəрсені түрткілеп, «Инстаграмда» суреттерімен бөлісіп отыратын студенттер жеткілікті. Олардың бос уақыты осылай өтіп жатқаны да жасырын емес. Ал осыдан пайда бар ма? Бар шығар. Бірақ аз. Енді жастардың бойына жөні түзу, ұлттық болмыстағы тəлім-тəрбие беріп, адамгершілік қасиеттерге қалай баулуға болады? Ол үшін не істеу керек? Жастар тəрбиесіне қатысты санқилы сұрақтың жауабын Қызылорда дағы «Болашақ» университеті тауып отыр. Асыра айтқандық емес, бұл. Уни верситеттің ғылыми жетекшісі Бақберген Досмамбетов осыдан бір жыл бұрын оқу орнынан студенттік театр ашты. Мақсат – жастарды өнерге тəрбиелеу. Өнер дегеніңіз тəрбиенің төресі емес пе?! Солайша, студенттер труппасы жасақталды. Ең бірінші қойылымына Исрайыл Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» пьесасын таңдап алыпты. Тұсаукесердің алдында ақынмен «Мəртебелі мейман» атты жобаның шеңберінде кездесу өткізді. Оған ең алғаш ақын рөлін сомдаған Байғали Есенəлиев те қатысты. Қысқасы, əдемі бір рухани кеш болды. Студенттер театрының тұңғыш премьерасы да керемет өтті. Жастар залдан зор əсермен шықты. Одан кейін Лидия Егембердиеваның «Қалталы күйеу, қайдасың?» атты пьеса сын сахналады. Бұл да бүгінгі өмірді сомдайтын, жастарға ой салатын, кері əдеттерден аулақ жүруге шақыратын, тəлім-тəрбиесі зор қойылым еді. Жастар сол үдеден шықты. Ал театрдың үшінші қойылымы ретінде Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса...» атты мистикалық спектаклі таңдалды. Бір жылда үш бірдей спектакль қою дегеніңіз – үлкен жетістік. Оның үстіне Жұмагүл Солтиеваның мистикалық бағытта жазылған пьесасын сахналаудың өзі ерлік. Өйткені, бұл жанрға кəсіби театрлардың өзі аяғын аңдап басып барады. «Болашақтың» жастары «Адамды шайтан азғырса...» атты қойылымымен Павлодарда өткен студенттік театр ұжымдарының халықаралық фестиваліне барды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткен фестивальға Қазақстан, Ресей, Украина секілді елдерден 11 жоғары оқу орындарының ұжымдары қатысты. Осындай аламан жарыста құрылғанына бір жыл енді болған, ешқандай актерлік білімі жоқ «Болашақ» университетінің студенттері екінші орынды жеңіп алды. Азғантай ғана уақыттың ішінде осындай жетістікке жеткен студенттердің талабы зор. Театрдың режиссерлері, Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрының əртістері Қанат Архабаев пен Əсел Баймұханова фестивальдан зор əсер алып қайтқандарын айтады. Ал студенттер театрының əртістері үлкен тəжірибе жинап, қанаттанып, келер жолы бас жүлдемен оралуға уəде етіп отыр. Бұл тарапта университет басшылығы да жанжақты қолдау көрсететіндерін мəлім етті. «Алдағы уақытта студенттерімізді тек Қазақстанның шеңберіндегі ғана емес, шетелдерде өтетін халықаралық фестивальдарға де жібереміз», – дейді университет ректоры Ғалымжан Каленов. Қазір Қазақстанда жекеменшік жоғары оқу орындары көп. Онда қаншама жас білім алып жатыр. «Болашақ» университетінің мына бастамасы соларға үлгі болса екен дейміз. Студенттерін белгілі бір мамандық бойынша оқытып қоймай, өнерге тəрбиелеп, бойларына адамгершілік, иба, иман, инабаттылық қасиеттерді сіңірсе деген тілек бар. Қызылорда облысы.


www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

7

ӨШПЕС ДАҢҚ

Львовтан Гданьскіге. Одан Шауляйєа... Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қан майданда болған соғыс ардагерлерінің қатары сиреп келеді. Сол сиректердің бірі тоқсаннан асса да жады мықты, көрген-түйгені мол Алмат Ермағамбетов ақсақалмен өз отбасында кездесудің сəті түсті. Алмат аға тіл-көзіміз тасқа, құр атқа мінгендей қунақ көрінді, əңгімесі түзу. Ол Хромтау ауданының Мамыт ауылында дүние есігін ашып, осында жеті жылдық мектепті бітірген. Енді ғана еңбекке араласам ба дегенде Ұлы Отан соғысы басталып кетеді. Ел азаматтары бірінен – кейін бірі майданға кетіп жатады. Сөйтіп жүргенде, 1943 жылдың қаңтарында оған да кезек келеді. Орынборда жас жауынгер даярлықтан өтіп, жаңадан жасақталған əскери бөліммен 4-ші Украина майданынан бір-ақ шығады. №273 атқыштар полкі автоматшылар бөлімшесінің командирі, сержант Алмат Ермағамбетов Львов түбінде алғаш рет ұрысқа кіріп, оқ-дəрінің иісін сезініп, жарылған снаряд пен бораған оққа бойын бекітеді. Осылай майдан жолы

ілгерілей береді. Батыс Украинадағы қанқасап ұрыстарға қатысады, Польшаға жетеді. Ордасына жақындаған сайын немістер қатты қарсылық көрсетеді. Алайда, жаудың бетін қайтарып, түре қуып келе жатқан кеңес əскері қойсын ба, фашистерді тықсыра түседі. Бұл кезде от пен судан өткен сақа солдат Гданьскіні, Краковты, Освенцимді жаудан босатуда да алдыңғы шепте болады. Жан алып-жан беріскен қанды шайқастардың бірінде жауырынан ауыр жарақат алған Алмат Ермағамбетов Уфада госпитальда жатып емделеді. Таяқ тастам жерде тұрған туған елге деген сағынышын сабырға жеңдіріп, сауығып шыққан соң қайтадан өз əскери бөліміне қосылады. Кенигсберг қаласын азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Германияда қарсы алады. Соғыс аяқталғанымен Алмат Ермағамбетовті бірден елге босата қоймайды. Ол қызмет ететін полкты Литваға жібереді. Сонда 1946 жылдың көктеміне дейін Шауляй қаласында тұрады. Əскерден босаған ол елге құстай ұшады. Туған топырағына табаны тиісімен бірден жұмысқа кіріседі. Бейбіт еңбектің қадірін

білетін майдангер қираған шаруашылықты қалпына келтіруге атсалысты. Осы жерден құдай қосқан қосағы Сара апайды

кездестіріп, үйленді. Қазір екеуінің отау құрғандарына 66 жылдың жүзі болды. Ища деспей тату-тəтті өмір сүріп келеді. Шүкір, екеуінің бауырынан өрген 10 баладан 30 немере, 13 шөбере сүйіп отыр. Алмат Ермағамбетов көп жылдар бойы Қызыл су ауылында есепші болып еңбек етті. 1985 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Қазір облыс орталығында тұратын қарт жауынгер туған ауылында да құрметті. Ауылмен қатынасы, барыскелісі қалыпты. Алмат аға Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатарында Астанада өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған əскери парадқа қатысты. Мұндай құрметке Ұлы Жеңістің 65 жылдығында да ие болған екен. Тоқсаннан асса да қуатты Алмат аға теледидар қарайды, газет оқиды. Елде болып жатқан жаңалықтардан құлағдар қарт осындай жақсы жағдай жасап отырған Елбасына, жергілікті билікке дəн риза. – Əлем тынышсыз, көп елдерде дағдарыс дендеп барады. Біздің елімізді экономикалық қуатты, саяси тұрақты, өзара бірлігі берік етіп ұстап келе жатқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет, – дейді ақсақал. Ақтөбе облысы.

Əке ґнегесі

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында баспасөз беттерінде жарық көріп жатқан түрлі мақалалар еріксіз «əке» деген ұлы сөзді ойыңа əкеледі екен. Əке сөзінің мағынасы, əсіресе, соғыс жылдарында, қимастық, сағынышқа толы сезіммен, арқа тұту, жаудан қорғау, пана болу ұғымдарымен тереңдей түскен. Əкенің қоғамдағы орнын айшықтап, атын киелі ұғым деңгейіне көтерген сол тұстағы жетімдердің көңіл-күйі болатын. Оған, елге келген ауыр қайғы мен жарын жоқтаған жесірдің зары, жесірліктің тақсіреті бəрі-бəрі қосылып, сағынышпен сомдалған əкенің бейнесін биіктете берді. Соғыс аяқталған соң майдан даласында қалғандардың да, аман-есен оралғандардың да атағы асқақтай түсті. Өйткені, олар от пен оқ кешіп жүріп елге Ұлы Жеңісті əкелген еді. Ел тағдыры талқыға түскен тұста осылайша біздің əкелер өзінің де, елдің де намысын абыроймен қорғады.

Əкеміз Əшім Иманаев 1941 жылы 24 тамызда əскер қатарына алынып, 1942 жылдың күзіне дейін Қиыр Шығыста əскери қызмет атқарған. Шекараның ар жағынан жапондар оқ атып, арандатумен болады. Біз жақтан жеткен бұйрық – қарсы оқ атпау. Осындай қиын кездерде шыңдалған жас сарбаздар елге қызметін жалғастыра береді. 1942 жылдың күзінде дивизия Ленинград майданына ауыстырылады. Келе кескілескен ұрысқа кіріп кетеді. Көп ұзамай ауыр жараланады, жарақаты жазылғаннан кейін қысқаша дайындықтан өтіп, Ленинград майданына мергендер бөлімшесіне командир болып тағайындалады. 1943 жылы тағы ауыр жараланып госпитальға түседі. Сол жылдары Совет Одағының Батыры Ə.Молдағұлованы көргенін айтатын. Қаршадай қазақ қызының мергендігіне, батырлығына таңғалып, таңдай қағып отырушы еді. 1944 жылдың басында арнаулы бөлімде дайындықтан өтіп, жау тылына түсі ріледі. Карпат тауларының бірін де немістердің жанармай қоймасы бар екенін анықтайды. Жоғарыдан авиациямен жоюдың реті келмейді. Цистерналар ақ түске боялған, қармен түстес – аспаннан байқалмайды. Жаудың қоймасын бұзу тапсырмасы Əшім Иманаевтың тобына жүктеледі. Карпат тауларына

парашютпен тасталады. Қалың қарда екі тəулік іздестіріп жанармай қоймасын табады. Түрлі азапты қиындықтардан өтіп, қойманы жарып, өздері қайта тауға шегінеді. Шебер ұйымдастырушылық пен тəжірибеліліктің арқасында жау шебінен аман-есен шығады. 1944 жылдары 2-ші Украина майданында соғыса жүріп, Белград, Будапешт, Вена қалаларын жаудан тазартады. Екінші рет 1944 жылдың соңында Австрия жерінде жау тылындағы соғыс қимылдарына қатысып, елеулі жетістіктермен аман-есен өз бөлімшесіне оралады. 1945 жылдың көктемі – соғыс аяқталып қалған кез. Кенеттен Чехословакияда майдан басталады. Соңғы күшін топтастырып, Гитлер қолындағы мемлекеттерінен айырылмау үшін жанталасады. Прага қаласына көптеген əскер жібереді. Чехословакия Кеңес өкіметінен көмек сұрайды. Сталин шұғыл түрде 2-ші Украина майданына Праганы азат етуді тапсырады. Əкеміз 2-ші Украина фронтында жүрген. 1945 жылдың 4-ші сəуірі күні ауыр жараланып, жеңісті Чехословакия жерінде қарсы алады. Талай қанды ұрыстарға қатысып, өзіне жүктелген тапсырмаларды ерлікпен орындап, І-ІІІ дəрежелі «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Вена қаласын алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Отан соғысы», «Данқ» ордендерімен марапатталды. Соғыстан кейін, 1946 жылы ауылға оралып зейнетке шыққанша əртүрлі шаруашылықта қызмет етті. Əкеміз Үмітжан Тымақайқызымен шаңырақ көтеріп, екеуі 10 бала, 34 немере, 51 шөбере сүйіп, 83 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Оның өмір жолы – біз үшін үлгі ғана емес, Отанға адал қызмет етудің өнегесі екені анық. Қуаныш ҚАСЫМҰЛЫ.

АЛМАТЫ.

Маршал Жуков медалін алєан майдангер Ораз ЌЎСАЙЫНОВ ґмірінен деректер

Кешегісін ўмытпаєан бїгінгісін баєалай біледі Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».

Сұрапыл соғыстың ауыр да азапты күндерін басынан өткізіп, жаумен арпалысқан, елінің азаттығын өз өмірінен жоғары қойып, Отаны үшін өлімге бас тіккен жауынгер атамыздың бірі – Нұрахмет Көшербаев. Ол 1898 жылы қазіргі Панфилов ауданының Кіші Шыған ауылында дүниеге келген. 1941 жылы елі мен жері, Отаны үшін Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы 313-ші атқыштар полкінің құрамында болып, Курск доғасындағы қанды шайқасқа қатысады. 1943 жылы қаңтар айының 13-інде майданнан «соғыста қаза болды, Курск қаласындағы Тербуха

селосында жерленді» деген хабар келеді. Алайда, жарық дүниені көретін күні бар екен, қаза болған жауынгерлерді жерлеп жатқанда, кеудесінде демі бар Нұрахмет Көшербаев село маңайындағы госпитальға жеткізіледі. Емделіп шыққаннан кейін де талай шайқастарға қатысады. Берлинге дейін азаматтық борышын атқарып, 1945 жылдың күзінде аман-сау еліне оралады. Соғыстан кейін көп жыл «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозында бейбіт еңбекпен шұғылданды. Зайыбы Жұмаш екеуі бала өсіріп, тəрбиеледі. Колхозда қызмет атқарып, табанды еңбек етті. Нұрахмет Көшербаевтың ерен еңбегі үкімет тарапынан еленіп, көптеген медаль, ордендермен,

солардың ішінде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған, Құрмет грамоталарының иесі. «Кешегісін ұмытпаған, бүгінгісін бағалай біледі» демекші, ерлеріміздің ерлігі ұмытылмайды, қан майданда көкірегін оққа төсеп, жауды ойсырата жеңген жаужүрек аталарымыздың осындай ұлы ерліктері мақтауға əбден лайықты. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халық даналығы, соғыс жəне еңбек ардагері Нұрахмет Көшербаевтан тараған ұрпақ бүгінде өсіп-өніп, ата даңқын асқақтатып, егеменді еліміздің ертеңі еңселі болуы үшін абыроймен еңбек етіп келеді. Алматы облысы.

Аталарымды маќтан тўтамын

Жеңіс күні – мен жəне менің отбасым үшін ерекше күн. Өйткені, менің де аталарым Ұлы Отан соғысына қатысқан жандар. Олар туралы қысқаша баяндағым келеді. Өз атам Сопығали Құрманбаев 1919 жылы туылған. Ол Польша, Чехия, Днепрде өткен ұрыстарға қатысқан. «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін» жəне басқа да көптеген медальдармен жəне ордендермен марапатталған. Қанды соғыстан аман қайтып, елге келген соң үйленіп, бес баланы өсіріп-жеткізеді.

Ұстаздық етіп, ұзақ жыл мектепте еңбек етті. Əкем мен анам атаəжелерімнің есімдері мен қасиетті ісін қастерлеп, маған үлгі етіп, өнегелерін айтып отырады. Нағашы атам Мұқанбетжан Қалиев, 1913 жылы туған. Қан майданға əскер қатарында борышын аяқтап елге қайтатын шақта аттанған екен. Жаяу əскер қатарында Беларусь майданында, Мəскеу іргесіндегі шайқаста, Кенигсбергті азат етуде алған медальдары сақталған. Тізесін тесіп өткен оқтан аяғын аман сақтап қалған хирургке алғысын айтып

отырады екен. «Сол соғыстан 1946 жылы елге оралғанда омырауы орден-медальға толып келді. Алдынан жүгіріп шыққан балаларға бір бірден таратып, мойындарына салып берді», деп отыратын Жолболсын ата Шайқақов. Мұқанбетжан атам жасы 70-тен асқанша еңбек етіп, соғыстан кейінгі елдің еңсесін көтеріп, тұрмысының көтерілуіне ерен үлес қосқан жан. Жеңістің 50 жылдығына бірнеше ай қалғанда, 1994 жылдың желтоқсанында дүниеден өткен. Əжеміз Хадиша екеуі алты ұл-қыз тəрбиелеп, барлығының білім алып, озат болуына жағдай жасады. Əжеміз тылда ер азаматтарша еңбек етіпті. Өзі шебер, биязы мінезді, ақылды əдемі кісі болған көрінеді. Елге сыйлы, еңбек пен адамгершілікті өнеге еткен, білікті, мейірімді кісілерден өрбіген ұрпақтары атынан олардың рухына бас иіп, олармен мақтанатынымды жеткізгім келеді. Елнұр СОПЫҒАЛИ, Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-шы сынып оқушысы.

АСТАНА.

Сұрапыл соғысқа өзі сұранып аттанып, майдан даласында қайсарлығымен көзге түскендердің бірі – семейлік Ораз Құсайы нов. Ол 1941 жылы өзіне амалын тауып екі жас қостырып жаздырады да 1942 жылы ақпан айында Семейде жасақталған 30-ди визияның 125-атқыштар полкі нің құрамына алынады. 1942 жылдың мамырынан бастап 145-атқыштар дивизиясының 559-атқыштар полкінің миномет есептобы командирі ретінде алғаш рет ұрысқа араласады. Калинин майданында қайсарлығымен дараланған жас қазақ жігіті 1944 жылы Харьковтегі əс кери-саяси училищені соғыс уақытындағы жеделдетілген бағдарлама бойынша кіші лейтенант шенімен бітіріп шығады. Жолдамамен 2-Украин майданында 53-армияның 230-атқыштар полкіне келеді. Осы əскери құрамда Белоруссия мен Молдавия жерлерін Карпат тауларын фашистік езгіден азат етуге қатысады. Əйгілі партизан құраманың жетекшісі Сидор Ар темьевич Ковпакты білмейтіндер аз шығар. Міне, Ораз Құсайы нов соның Украина жерін қорға ған отрядында да шайқасады. Онда түнгі барлауларға шығып, дұшпаннан тіл əкелумен айналыса ды. Румыния, Венгрия, Польша, Чехословакиядағы ұрыстарда болады. Сол уақытта кері шегініп бара жатқан Гитлер əскері Венгрияның Сомбатхей қаласын бекініске айналдырып одақтастар əскерін тоқтатпақ ниетте екен. Жау стратегиялық маңызы бар бұл нүктені қалайда ұстап тұруды ойлап, «SS» дивизиясының ең таңдаулы жендеттерін орналастырған. Сондықтан адам шығынын азайту мақсатында кеңестік əскер басшылығы қалаға Ораз Құсайынов бастаған барлаушылар ротасын жібереді. Сомбатхейдің əр шаршы метрі үшін болған қанды қырғыннан Ораз Құсайынов қана аман қалған екен. Ұрыстан оққа ұшқан солдаттарды жинап жүргендер оны топырақтың астынан тауып алған. Аталған жерлерден жауды қуып шығуға атсалысқаны үшін жəне тағы да басқа ерліктері үшін бас қолбасшы Сталиннің атынан 20-ға жуық алғыс хат алған. Оған бүгінгі дейін сақталған құжаттардың түпнұсқасы дəлел. Соғыстың қатал заңында əбден шыңдалған Ораз Құсайынов 1944 жылдың қыркүйегінде 6-шы əуе десантының атқыштар пол кіне комсорг болып келеді. Осы құрамда Чехословакияның астанасы Прагадан 6 шақырым жердегі орманда неміс армиясын

күл-тал қан етіп же ңіп, кезекті ұрыс алдындағы бір сəткі үзілісте неміс фашистерінің тізе бүккені, Рейхстаг төбесіне кеңестік қызыл ту тігілгені туралы хабарды естиді. Міне, қаншама адамның өмірін қыршынынан қиған Ұлы Отан соғысы ол үшін осылай жеңіспен аяқталады. Одан кейін Ораз Құсайынұлы тапсырмамен Қиыр Шығысқа жапондармен айқасуға аттанады. 1946 жылы елге оралады. Сол жылы Мəшкен атты арумен тұрмыс құрып, мағыналы өмір бастайды. Өз туған жері Абыралы ауданындағы «Социалистік шаруа» газетінде редактор, Абай аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады. Одан кейін де халық шаруашылығының түрлі саласында абыройлы еңбек етеді. 1975 жылы Семей қаласына қоныс аударған соң сондағы құрастырмалы темірбетон комбинатында жабдықтау бөлімін басқарып, 1983 жылы зейнеткерлікке шығады. Қай салада қызмет жасаса да ол өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін принципшілдігімен ерекшеленді. Соғыс жылдарында ие болған «Қызыл Жұлдыз», І дəрежелі «Отан соғысы» ордендері жəне тағы да басқа көптеген медальдар, бейбіт кезде алған марапаттарының барлығы да оның тек майдан даласында ғана емес, бейбіт өмірде де нағыз еліне жанашыр ер азамат деуге лайық екеніне айғақ бола алады. Ал 1995 жылы 26 мамырдағы Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің шешіміне сəйкес Ораз Құсайынов «Кеңес Одағының маршалы «Г.К. Жуков медалімен» марапатталды. Бүгінгі таңда майдангерлер аға отбасының жеті баласы бір-бір шаңырақтың ұйытқысы болып, саналы ұрпақ тəрбиелеп отыр. Əр салада жемісті еңбек етіп жатқан олардың барлығы да жоғары білімді мамандар. Бұл да болса етігімен қан кешкен, көпті көрген əкенің өнегесінің нəтижесі шығар. Қазір олардан 17 немере, 14 шөбере тарап, өмірін жалғастырып жатыр. Балаларының айтуы бойынша Ораз ақсақал көзі тірісінде оларға соғыс туралы көп айта бермейді екен. «Соғысты қайтесіңдер, Алла ондай сұмдықты көрсетпесін», деп отыратын деседі. Тек Жеңіс күндері, яғни 9 мамырда ғана бірқатар естелік айтыпты. Ол бүгін біздің ержүрек азамат туралы материалымызға арқау болуда. Ерсін ОРАЗОВ.

Шығыс Қазақстан облысы.


8

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

 Басты байлық

 Қазақы қалып РЕЗЕРВАЦИЯ. ҮНДІСТЕР. ҚАРА ҚҰРЛЫҚ Азияның байлығына қол жеткізетін ең қысқа жолды іздеп, еуропалықтар теңізбен өздері бұрын танып-білмеген жаңа құрлыққа аяқ басқанда, Американың байырғы жұрты өз мəдениеті мен өз өркениетінің бесігіне бөленіп, теңіз асып келгендерден еш қауіп күтпеген болса керек. Құрметтеп қарсы алып, алдарына ас қойып, алтындарын беріп, ежелгі мəдениет орталықтары – қалаларын көрсетіпті. «Есіктен келіп төр менікі, ылдидан келіп өр менікі» деп кеуделері көк тіреген, өктем еуропалықтар үндістерді тықсырып, қырғанын қырып, қалғандарын адам тіршілігіне қолайсыз резервацияға қоныстандырады. Бара-бара өз

кездегі жас жігіт Қамбар: «Бұл кісіге аға керек болмаған соң ұстап берген шығар, ал маған аға керек», – дегенінде үкім естиміз деп іштен тынып отырған жұрт: «Аруақ, аруақ», деп жылап қоя беріпті. Ағайынның арасын алыстататын да, жақындататын да сөз құдіреті мен соны бағалай білетін қазақы қалып кей тұста көмескіленіп, кейде тіпті сол жойылып кетті ме деп қапа боласың. Аталы сөзге тоқтау, «бабамның айтқан жерде басы қалған» дейтін жұрттың баласы қазір сөзге тоқтаудан қалған. Жақ-жақ болып баспасөз бетінде айтысып, бірбіріне көрместік сөз айтып, жолыға қалса жон арқасын беріп, сырт айналып кетіп жүрген атақтары дардай кейбір ағаларды көргенде, пұшайман күйге түсетініміз де рас. Осының барлығы отарлықтан қалған, руды руға қарсы

дүниеге барғанда менен сұрайтын сауалдың бірі – көршіңмен қалайсың? – деген сұрақ болады. Балаңызды тегін қараймын», – деп көршінің баласын сұрап алып бағады. Арада əлденеше ай өткен соң бір күні түнде көршіміз есік қағыпты. «Біз көшіп барамыз, кеткенімізді жергілікті үкіметке айта көрмеңіздер, сіздердің жасаған қамқорлықтарыңызға алғысымызды қалай білдірерімізді білмейміз, біз сіздерге, осындай ғұрпы бар халыққа разымыз, мына кестені көзіміздей көріңіздер», – деп ауыздарына гүл тістеген қос кептер бейнеленген, өрнегі көздің жауын алатын жастықтыс пен кестеленген сүлгіні сыйға тартып кетіпті. Ауыл үйде көршінің үйіне келген қонаққа міндетті түрде дəм татыру, жаңа көршіге ерулік беру, тойтомалақта, қаралы жиында көрші үшін

Могиканныѕ соѕєы тўяќтары Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

жерлерінде азшылыққа ұшырап, бұрынғы мəдениеті мен тіліне, əдет-ғұрпы мен салт-дəстүрлеріне қырын қарайтын нешеме ұрпақ өсіпжетіліп, əлемдік мəдениетке олжа салған талай үндіс тайпалары жойылып кетті. Олармен бірге тіл де, өнер де тек зерттеушілер айналысатын нысанға айналып, экспонаттар ретінде музейлерге қойылды. Тіпті, Вашингтондағы Америка тарихының музейіне барсаңыз үндістерге қатысты бір де бір экспонат таппайсыз. Олар Америка тарихын тек өздері келгеннен бастап, ал үндістерге арналған музейді мүлде басқа жерге орналастырыпты. Өктемдік пен басқыншылық саясаттың салмағынан жаншылған осы халықтың ерлік пен өрлікке толы өмірінен жазылған жазушы Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» атты кітабында делаварлар көсемі Чингачгуктың баласы Ункастың өлі денесін құшып отырып, соңғы делавар көз жұмды деп қайғыратыны бар. Кəрі сүйек, «Ұлы Жылан» атанған көсем ең соңғы делавар өзі екенін есепке де алмайды. Өйткені, жас Ункастың өлімімен ұрпақ əрі қарай жалғасады деген үміт те үзілген-ді. Бүгінде үндістердің аттары аңыз болып жеткен жауынгер тайпаларының дені жойылып, көп бөлігі ассимиляцияланып кетсе, қалғандары жанталасып, өз тілдері мен ғұрыптарын сақтауға, этнос ретінде жер бетінен құрып кетпеу үшін жан қармануда. Басқыншылықтың, отарлаудың зардабын шеккен қара құрлықтағы бірқатар Гана, Піл сүйегі жағалауы, Ангола, Буркина-Фасо, Камерун, т.б. елдердің де мемлекеттік тілдері сол – отарлаушының тілі. Халық өз келбетін тек əдет-ғұрыптары мен дəстүрін сақтау арқылы ілдебайлап бүгінгі күнге дейін созып келеді. Бірақ, ғұмырларының қанша болатыны бір Жаратушыға аян. Үш ғасырға созылған отарлаушылық саясат біздерге де оңайға соққан жоқ. Бабалардан жетіп, халықтың өзіндік бейнесін сомдайтын қазақы қалыпқа қаншама нұқсан келді. Өткен ғасырдың басында бір əкеден, бірақ екі шешеден – бəйбіше мен тоқалдан тараған кедейдің екі жігіті келіспей қалады. Маңайдағылардың айтқанына ешбір дес бермеген ағайынды жігіттер даудың аяғында төбелеспекке бекініп, көйлектерін шешіп, жерге алып ұрып, бетпе-бет келеді, сонда кіші шешеден туған ұл: «Сен бəйбіше баласысың ғой, жолың үлкен, бірінші сен ұр», дегенде бəйбішеден туғаны: «Кешір, бауырым», деп жылап жіберіп, қолқ ете қалыпты. Есімнен Торғай даласында болған мына бір оқиға да кетпейді. Басқарма мен біргəдірдің дүрілдеп тұрған шағында жұмысты дұрыс істемедің деген біргəдір аттың үстінен қамшы үйіріп, боқтап келіп, колхозшының арқасынан қамшымен осып-осып жібереді. Таяқ жеген жігіт үндемеген кезде оқиғаны көзімен көріп тұрған жұрт: «Оу, үндемей осылай текке таяқ жеп, боқтық естіп тұрасың ба?» – демей ме. Сонда: «Боқтаса өз ағасы, ұрса өз інісі емес пе», – дегенде есерлікпен қамшы сілтеген біргəдір аттан еңіреп ұшып түсіп: «Кешір, қалқам, мендей ақымақ ағаңды!», – деп кешірім сұрағанын көрген адамдар жыр ғып осы оқиғаны айтқанда, тыңдаған жұрт та «Қайтсін-ай, енді», деп сабақ ала отыра тыңдайтын. Тағы бір мысал. Торғайда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен кейін 1917 жылы ақтардың қолынан 17 большевик қаза табады. Сол жолы Хəкімбек Токинді ұстап берген адам кейін қолға түсіп анықталғанда Хəкімбектің інісіне: «Мына ағаңды ұстап берген құныкердің жазасын өзің айт», – деп Торғай ақсақалдары ерік бергенде, кейін Төкенің Қамбары атанған сол

«ҚАЗАҚ ОСЫ ҚҰДА БОЛ ДЕП ҚИНАЙТЫН» Ертедегі қазақ құдасын құдайындай сыйлапты. Өтірік дей аласыз ба? Жоқ. Айта алмайсыз. Тіпті, қызынан туған жиенін қалап, құдасынан сұрап алып: «Баладан зарыққанымда бір тайпа ел сыйлап берді ғой, мұның аты – Сыйбала болсын», деп Сибан Керей атанып кеткен рулы елді қайда қоясыз? Алысқа бармай-ақ, өткен ғасырда құданың, қайын атамның атын атататын бір ұл болсын деп екінші ұлын «құдай алдында сұраусыз» деп тегіне дейін өзгертіп, нағашысының бауырына салған өз туысымның барлығын білемін. Күні бүгінге дейін «құда бала» мəртебесіне ие ол жігіт қазір үлкен азамат болды. Қазақ жақсы көрген адамымен құда болсақ дейтін. Ал қазір көшеден табысқан ұл-қыз ештеңе сұрамайды, құдалар да бір-бірінен қысылмайды, «танымасын сыйламас» дегендей, арада ұят болады дейтіні жоқ, жақ-жақ, одақ-одақ əрқайсысы өз баласыныкін дұрыстап бет жыртысуға барады. Көзі ашық, заманауи қазақтың бұрынғы «артта қалған» қазақтан айырмасы көп. Көңілге қарап, «айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды» дегендей болмайық, мың жылдық құдалығымызға сызат түсірмейік деу аз. Соның салдарынан қаншама жас ажырасып, көгенкөздер тірі əкесі, атасы-əжесі барда жетімдік көруде. Əрине, сыйлас құдалар да бар, көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен, жоғарыда айтылған үрдістің бел алып кеткені де рас.

ҚЫЗ СҰРАСА, САУҒАНЫ ҮЙІРІМЕН ҚАЙТАРҒАН Марқұм анам елдік тұрғыдағы əңгімені көп айтатын. – Біз қазақ деген – қыз сыйлаған, ана сыйлаған, жалпы, əйел затын сыйлаған халықпыз. Ертеде ауылда еркек жоқта, мал барымталанып, қуып барар жан табылмаса, қыз атқа қонған. Қыз барып, жігіттермен белдесе ме, атыса ма, шабыса ма, аттан түсе қалып: «Сауға, сауға» дегенде, қыз сауғасын бермеу ер жігітке мін саналған. Жылқысы кеткен жақ үшін де, еркек кіндік табылмай, қарындастың жау алдында тізесін бүгіп, «Сауға» сұрағаны ар саналған. Қараңыздаршы, бəрібір, қыздың қай кезде де назары биік. Қазір журналистер мəнін білмей ұрыны барымташы деп айтып жүр ғой. Барымта – ұрлық емес. Ол – елдің намысына, рудың ағаларына жасалған намысты іс. Оның қарымтасы да болған. Сөзге тоқтамай, арадағы билікке көнбей, нақұрыстық, саппастыққа кеткен екі бұзықтың ожарлыққа бармауына да екі араға тасталған əйел орамалы тоқтау салған. Өйткені, əйел жаулығы – Ана атаулының басындағы ақ. Ол – киелі орамал, одан аттап, əрі қарай бұзақы ойдың жетегінде кету нағыз бұзылғандық. Оған тоқтамау мүмкін емес, – дейтін. Кейде отырып, қазір əйел орамалының осыншалықты құдірет күші бар ма деп ойланамын. Тіпті, кейбіреулер бұл жайында естіп те көрмеген, білсе де ол бұрынғы заманда ғой, оның уақыты өткен дейтін шығар деймін. Қазақтың қызының қадірінің кеткені соншалық, өз ағалары барып көшеден көлігіне отырғызып алып кетеді...

қойып, оңай билеудің жолын тапқан үстем саясаттың қалдырған ызғары. Бойыңды қарып, ойыңды құрсаулап, адымыңды аштырмай, іштей тындырып, кеміріп, мұқатып, мүжіп, іштен жегізетін осы қалып, келер күннен енші алып, өрістесе елдігімізге қауіп қой деген ой қылаң бергенде жаның түршігеді. Бірақ шындық осы.

КӨРШІ ХАҚЫСЫ Бала кезімде біздің үйде қазақы ою мен кестеге мүлдем ұқсамайтын ерекше екі бұйым болды. Ауыздарына гүл тістеген екі кептер гүл бағында төс түйістіріп тұр. Ертегідегі Иранбағы осы ма дерсің. Анама: «Мына кестені кім тікті, маған үйретіңізші», десем: «Жоқ, қарағым, мұны кестелеген мен емес, ескерткіш қой», деп əңгімесін айтып берген. Ауылымызға өзге халықтың бірнеше отбасы көшіп келіпті. Үйіміздің іргесіне солардың бірі қоңсы болып қоныпты. Ата-анамыздың ерулікке шақырып, пейіл бергеніне қарамастан, сырт орай тартып, тек өздіөздері ғана араласқанды қолай көретін көршіміздің жастан асқан кішкентай баласы бар екен. Əке-шешесі күндіз жұмысқа кеткенде əлгі балдырған үйде жалғыз қалады. Кейде шегі қатып жылағанда, анам орнында отыра алмай, мазасы кетеді. Оқушылардың жазғы демалыс уақытында мұғалімдердің де еңбек демалысын алатын уақыты. 2-3 күн баланың жылағанын естіген анам, кешке көршілер жұмыстан келді деген мезгілде көршінің үйіне барады. «Сіздер жұмысқа кеткенде мына кішкентай жылайды, естіп отыра алмаймын, баланы бұдан былай маған қалдырып, өздеріңіз жұмыстарыңызға бара беріңіздер», – десе, көршілер: «Біздің сізге төлейтін ақшамыз жоқ», – дейді. «Жоқ, маған ақша қажет емес, сіздер көршісіздер, қазақта көрші хақысы деген бар, ертең ана

үй-мүлкіңнің тегіс көршіңнің қажетін өтеуі, үйіңе оның қонағын түсіру, басына əлдеқалай қайғы түссе көршіңмен бірге ат арытып оның еліне еріп бару, тіпті көршінің үйінің бұзауы жамырап кетсе, қорасынан қойы шығып кетсе де өзін жауапты сезінетін-ді, қазақы жұрт. Соғым сойылу, шөп түсіру сынды ауыр жұмыстарда көршіңе көмектеспей, үйіңде шəй ішіп отыру ұят саналып, көрші-қолаңның ерлері соғымға сойылатын малды қорадан шығарып жатқанда қасыңа келіп, əйелдері малдың терісі сыпырылып түседі-ау деген мезгілді сырттан бақылап, ешкім айтпайақ ішек-қарын аршуға жұмыла кететін. «Көршің үшін намазыңды бұз», дейтін қазақы қалыпқа қазір əжептəуір селкеу түсті. Ерулік беру, көршінің қуаныш-қайғысына ортақтасу ғұрыптары мүлдем жойылып кетпегенімен, əсіресе, қалалы жерлерде оның мəнісі кетіп барады. Бір подъездегі есіктес көршісінің есімін білмей, амандассаң, бетіңе бажырая бір қарап өте шығатын жандар қаншама. Қатырғанда ернін жыбырлатып, қазақы қалыбынан ажырап бара жатқандар саны күн өткен сайын көбеймесе, азаятын түрі жоқ. Берен деген əжеміз көрші түгіл ауылдағы бір үйдің бұзауын да жамыратпайды екен. Əбілқайыр атты үнемі беліне балғасы мен шаппашотын қыстырып жүріп, қай үйдің қорасының шегесі босағанын көрсе, сол үйге кірместен-ақ шаруасын істеп, сырттан кете беретін əкеміздің анасы да өте қайырымды жан болыпты. Колхозшылар тегіс жұмысқа кеткенде, əжеміз барлық кішкентай баланы жиып алып, көлеңкеге əрқайсысының аяғына 1-1,5 метрден жіп байлап, балдырғандарды көгендегендей етіп, бағанға байлап бағады екен. Тамақтарын беріп, ұйықтайтынын ұйықтатып, өзі шаруасын жасап, бүкіл ауылдың баласына қамқор əже болыпты. Көрші хақысын осылай атқарған жұрттың бүгінгі жалғасы қандай?!

ƏТТЕҢ, БІР ШАЛБАРДЫҢ ЖОҚТЫҒЫ... – Əттең, бір шалбардың жоқтығы, əйтпесе, бұл ұлдан жеңілмес едім, етегім көтеріліп кетеді деп апамнан ұялдым ғой,– деген Күлтай жеңешем Дидар қайнысы алыса кеткенде жығылған орнынан қып-қызыл болып тұрып жатып. Қайран біздің қазақтың келіндері. Той-томалақ, қаралы жиын жеңгелеріміздің тынымсыз тірлігімен, əзілқал жыңдарын айта жүріп, қабағын беріп, қонақ күтуімен мінсіз атқарылатын. Əсіресе, сондай тойларда тілек айту жеңешелерімізге бір қиямет еді. Өйткені, қайынағаларының есімдері – Жақсылық, Қуаныш, Аман, Есенбай, Есентай, Тілектес, Мейрам, Мереке, Мұрат болғандықтан, айтар ойларын əбден сара лайтын. Əйтпесе, əрбір сөзін аңдып, қайнағалары алдында «Келі ніңіз сіздің атыңызды айтып шақырып жатыр ғой», деп ұялта қоятын қайнылары табылып жатады. «Аға, жеңеше, бір балаларыңыз екеу болып жатыр, əрі қарай отбасыңыз ұлғая берсін, ешқандай қиындық көр мей, ауырмай-сырқамай қызық көрсеңіздер, соған біз куə болсақ», деп бірде-бір қайыната, қайынағаларының есімдеріне соқпай, тойға ортақтығын білдіретін. Қайнысы айтқан əзілге ашулану былай тұрсын, оған жауапты əзіл-қалжыңмен қайтарып, жұртты қыран-топан күлкіге бөлейтін. Қазір əзіл көте рер жеңгені, балдызымен қалжыңдасқан жездені, тіпті, нағашыжиенді де табу қиындап барады. Арадағы сыйластықтың түрі де, қалыбы да өзгеріске түсіп, қазақтық келбет өзгелердің пошымына еніп барады. Оның орнына үнді мен түріктің, кəрістің телехикаяттарын көріп, мен осы лардың «жалибиінің» («Келін» фильміндегі тəттінің аты) дəмін көргім келіп жүр деген ұрпақ өсіп келеді. 70 жыл бойы орыстың, батыстың фильмдерінің рухында тəрбиеленіп, ұлттық қалыбымыз осылай өзгерсе, енді бір 70 жылда қандай болар екенбіз?!

Меланома

Терініѕ ќатерлі ґсінділерінен абай болыѕыз Қазақстанда терінің қатерлі өсінділеріне шалдығу дертінің асқынып тұрғанын дəрігерлер кейінгі кезде ыстық жақта демалудың сəнге айналып бара жатқанымен түсіндіреді. Жазғы маусым демалыстарының қарсаңында қазақстандық онкология жəне дерматология салаларының жетекші мамандары теріде пайда болатын қатерлі дерттің алдын алу туралы дабыл қағып отыр. Бүкіл əлем бойынша мамыр айында меланомамен күрес күні атап өтіліп келеді. Осыған байланысты Астана жəне Алматы қалаларында терінің қатерлі ауруын емдеу жəне алдын алу туралы ғылыми-тəжірибелік конференциялар өтті. Ерте диагноз қою жəне емдеу əдістерінің үнемі жетілдіріліп отырылуына жəне емделушілердің аман қалу мүмкіндіктерінің артуына қарамастан, дүниежүзінде бұл аурудан жыл сайын шамамен 55 000 адам көз жұматын көрінеді. Бұл дертке шалдыққандар деңгейі бойынша Австралия мен Жаңа Зеландия көш бастап келеді. Меланома дертіне шалдығу дүниежүзінде тез таралуда. Меланома тері ісігінің барлық түрінің небəрі 4 – 10%-ын құрағанымен, оның өлім-жітім дəрежесі жоғары болып табылады. Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында меланома дертіне шалдығу бойынша бірінші орында тұр. 2013 жылғы деректер бойынша, Қазақстанда меланома дертінің айтарлықтай жоғары көрсеткіштері Алматыда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар облыстарында тіркелген. Жыл сайын Қазақстанда меланомадан 150 адам көз жұмады екен. 2012 жылы 286 емделушіге меланома диагнозы қойылған, 2013 жылы дертке шалдыққандар саны 326-ға дейін артқан, 2014 жылы емделушілер саны 340 адамды құраған. – Ауруды ерте диагностикалаудың жəне емдеудің түрлі əдістері жыл санап артып, жетілдіріліп келе жатқандықтан, науқастарды емдеу мүмкіндігі артып отырса да, тұрғындарды ақпараттандыру жəне сақтандыру деңгейі төмен болып тұр, – деп көрсетті Астана қаласы Онкология орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев. – Теріде пайда болатын қатерлі өсінділермен күресу тек қана медицина қарастыратын мəселе емес, ол – ауқымды ықпалды талап ететін түйткіл. Сондықтан да, мемлекеттік институт, кəсіби тəуелсіз ассоциациялар жəне бизнес сияқты үш жақтың бірлесіп күш жұмылдыруы – арнайы мамандар дайындап, тұрғындар арасында онкологиялық аурулардың алдын алу туралы ақпарат таратуда таптырмайтын шешім болмақ. Республикада онкологиялық аурулармен күреске үлкен көңіл бөлінген, қатерлі ісіктерді ерте кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар скринингтерді қосқанда, арнаулы бағдарламалар жұмыс істейді. Қазақстанда жəне бүкіл дүниежүзінде тері меланомасын анықтау бойынша арнаулы скринингтік бағдарламалар жоқ. Ерте диагноз қоюдың ең тиімді əдісі тері қабаттарын үнемі тексеруден өткізу болып қалады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің бас дерматовенерологі, «Қазақстан дерматовенерологтары мен дерматокосметологтары ассоцияциясының» президенті Гүлнар Батпенова: – Онкологқа уақтылы қаралып, ауруды мұқият емдеген жағдайда теріде пайда болатын қатерлі өсінділерге шалдыққан науқастардың 95%-ын толықтай емдеуге болады. Осы жайттарды ескере отырып, ең маңыздысы – ауруды ерте аңғарып, терідегі қатерсіз аурулардың алдын алып, қатерлі өсінділерге жол бермеу екенін түсінген абзал, – дейді. Меланоманың дамуын қоздыратын басты фактор – ультракүлгін сəулелердің ұзақ əсері. Айтпақшы, күн сəулесінің өмір бойғы əсері жиналып, қосыла беретінін ұмытпаған да жөн. Сонымен қатар, меланоманың дамуында пигменттік дақ жарақаттарының əсері үлкен, атап айтқанда, бұл жерде əңгіме киімнің, аяқ киімнің қажауы, кесіп алған жаралар туралы болып отыр. Егер тəуекел топтары туралы айтатын болсақ, оларға терісі күнге тез күйетін аққұба терілі, секпілі жəне меңдері бар адамдар жатады. Көбінесе күн сəулесінің əсері, əсіресе, демалыс уақыттарында, меланома дертіне шалдығу тəуекелін арттырады. Сонымен қатар, жоғары қатер факторларына балалық жəне жасөспірім шақтағы күнге күю жəне жақын туыстардың арасында меланома дертіне шалдығу жағдайлары жатады. Бұл қауіпті дерт төңірегінде сөз алған Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің онкология кафедрасының меңгерушісі, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу

институтының онкология кафедрасының доценті Нұрлан Балтабеков: – Меланоманы неғұрлым ерте аңғарса, солғұрлым оны емдеу жеңілге тиеді. Қазіргі таңда бүкіл əлем бойынша таргетті препараттан барынша көмек ала алатын науқастарды айқындайтын мамандандырылған медицинаны дамыту қарқынды түрде қолға алынып отыр, – деп атап өтті. – Аурудың даму сатысына қарай оны емдеудің түрлі тəсілдері пайдаланылады. Олардың қатарына хирургия, сəуле терапиясы, химиотерапия, иммунотерапияны жатқызуға болады. Бүкіл əлем бойынша ең тиімді емдеу тəсілі болып саналатын таргетті терапия бүгінгі таңда Қазақстанға да енгізіле бастады. Терінің қатерлі өскіндеріне қарсы күрес мəселелерінің шешімі тек қана медициналық міндет болып саналмайды, ол кең ауқымды тұрғыдан қарауды қажет етеді. Сол себепті, үш тараптың – мемлекеттік институттардың, тəуелсіз кəсіби қауымдастықтар мен бизнестің күштерін біріктіру Астана жəне Алматы қалаларында Меланомаға қарсы күрес күндерінде оқыту семинарларын өткізуде аса маңызды болып табылады. – Біздің компаниямыз елдің денсаулық сақтау жүйесімен серіктестікте жəне тəуелсіз кəсіби қауымдастықтармен бірлесе отырып, тұрғындардың, косметолог жəне дерматолог дəрігерлердің арасында меланомаға қарсы күреске арналған оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуді өзінің əлеуметтік борышы деп санайды, – деп атап өтті «Рош Қазақстан» бас директоры Георгий Рамишвили. – Мамандарды заманауи диагностика əдістеріне оқыту – адам өмірін ұзарту жəне адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша міндеттерді орындау жолындағы маңызды қадам. Меланома қасқағымда дамуымен ерекшеленеді, сондықтан, дұрыс əрі заманауи диагностика адамдардың өмірін құтқаруда шешуші рөл атқарады. Қоғамның кең ауқымын ауру туралы, оның алдын алу, қорғаныс шаралары туралы хабардар болуын арттыру үшін конференцияға қатысушылар Қазақстанда Меланомаға қарсы күрес күнін жəне тұрғындардың арасында аурудың жүйелі диагностикасына бағытталған акцияларды жыл сайын өткізу қажеттігін құптау үшін қарар қабылдады. Осы шаралар аясында, сонымен қатар, дəрігерлерді даярлауды жəне олардың осы ауруды анықтауына жəне емдеуіне бағытталған біліктіліктерін жетілдіруді жалғастыру қажет. Меланоманы қалай анықтауға болады? Алғаш рет меланоманы 1806 жылы стетоскопты ойлап шығарған белгілі француз ғалымы Лаэннек жеке ауру ретінде бөліп қарастырған. Лаэннек қара ісік деп атаған аурудың бірнеше жағдайын сипаттаған жəне «les melanoses» терминін (грек тілінен melas, «қара» дегенді білдіреді) енгізген. Бүгінгі күні меланома – көбінесе теріде, сирегірек көздің тор қабығында, шырышты қабатында таралатын қатерлі ісік. Қатерсіз меланомалар болмайды, олардың барлығы қатерлі. Бұл – кез келген жаста пайда болатын ауру. Дегенмен, ол аға буын өкілдерінде, 40-50 жас аралығында жиірек кездеседі. Меланома «онкология сұлуы» деген қасіретті атауға да ие. Əдемі келген қара мең аққұба теріде əшекей сияқты көрінеді. Шын мəнісінде, мең қою болған сайын, оның меланома қауіптілігі солғұрлым жоғары. Терінің бетіне шығатын аса қара пигменттік дақтардан сақтану қажет. Сонымен қатар, егер меңнің немесе пигменттік дақтардың саны артса, не болмаса пішінін өзгертіп, үлкейсе, сақ болған жөн. Меланоманың қатерлілігі оның тез күшейіп, болжанбайтындығында. Меланоманың алдын алу шаралары қандай? Меланома өршуінің алдын алу бойынша медиктер келесі кеңестер береді: сағат 11-ден 15-ке дейінгі аралықта тура күн сəулесінің түсуінен сақтаныңыз, теріні толығымен жауып тұратын жеңіл киім киіңіз, жиегі жалпақ немесе күнқағары бар бас киім киіңіз, кең ауқымда əсер ететін жəне коэффициенті SPF > 15 болатын күннен қорғайтын кремдер пайдаланыңыз, солярийге бармаңыз, оқтыноқтын тері қабатын өз бетіңізбен тексеріп қарап қойыңыз, күмəн тудыратын жағдайлар байқасаңыз, дəрігерге көрінген жөн. Тері меланомасы диагнозын тек қана дəрігер қоя алады. АСТАНА.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.


 Спорт

 Дінің тұрсын дін аман

Аќсуаттаєы аламан

Ќазіргі жастар исламды жете тїсіне ме?

Ырєызбай Досханаўлы атындаєы турнирде моѕєол балуаны жеѕіске жетті Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Барқытбел бауырында қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы халықаралық гран-при турнирі жоғары дəрежеде өтті. Биыл үшінші мəрте ұйымдастырылған балуандар бəсекесіне 38 спортшы қатысты. Олардың арасында Қазақстан, Армения, Əзербайжан, Ресей, Беларусь, Қытай, Тəжікстан, Украина, Эстония, Литва, Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия сынды 16 елден келген спортшылар бар. Тарбағатай ауданының орталығы – Ақсуат ауылында өткен дүбірлі бəсекеге облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Мəдениет жəне спорт министрлігі спорт комитеті төрағасының орынбасары Əбіл Дөңбай, ФИЛА халықаралық күрес түрлері комитетінің төрағасы Гинтаутас Вилейта, Дүниежүзілік қазақ күресі

федерациясының президенті Серік Төкеев жəне облыстық құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты. Аталған турнирге ПремьерМинистрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы құттықтау жеделхатын жолдаған екен. Оны облыс əкімінің орынбасары оқып берді. Турнирге кілең сайдың тасындай азулы балуандар, əлемдік, құрлықтық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысты. 80 килоға дейінгі салмақ дəрежесінде ақтық сынға Қуаныш Мұратов шығып, Грузия балуаны Г.Перулаваны жамбас əдісімен таза ұтты. Тарбағатай ауданының тумасы Қ.Мұратов өгіз балуан атағын өткен жылы да жеңіп алған болатын. Көрермендердің Айбек Нұғымаров пен Талғат Əміреновтің күресіне көзайым болғанын айта кеткен абзал. Кілемде бір-бірін ала алмаған балуандарға төрешілер белдесу белгілеп, нəтижесінде Айбек ақтық сынға шықты. Түйе

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

балуан атағы үшін болған тартыста Айбек Нұғымаров пен моңғол балуаны Алтангэрэл Даваанян арасындағы белдесу турнирдің басты бəсекесі болды. Аз ғана басымдықпен бұл сында Моңғолия спортшысы бас жүлдені қанжығаға байлап, 10 мың АҚШ долларына ие болды. Дəстүрлі турнирді ұйымдастырушы, қазақ күресінің жанашыры Бəделхан Камалханұлының айтуынша, Ырғызбай Досханаұлы атындағы турнир бүгінде өз

мақсатына жетіп, ел мен жерді насихаттаудың тиімді жолына айналды. Шынында, балуандар бəсекесінің ерекшелігі – облыс орталығында емес, шеткері шекаралық ауданда өткізілуі болса керек. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы. –––––––––––

Суретте: тұғырдағы жеңімпаздар. Суретті түсірген Ғылымбек СƏБИТОВ.

 Талбесік

Оќушылар жобалары гранттарєа ие болды Алматыда осы аптада «Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» IX республикалық байқауының жеңімпаздары анықталып, экология мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқушылардың үздік жұмыстарының жəрмеңкелік көрмесі ұйымдастырылды. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстанда «Экология бойынша балалар бизнес-жобалары» атты республикалық байқау тоғыз жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл байқауды «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры мен «Шеврон» компаниясы Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырады. Осынау байқау – жас ұрпақтың назарын экология мəселелеріне жəне табиғат қорларын үнемді

пайдалануға аударуды көздейді. «Шеврон» əлеуметтік тұрғыда жауапкершілігі жоғары трансұлттық компания болғандықтан, өз қызметінде табиғатты қорғауға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Біз жастарға экологиялық білім беру мен олардың бойындағы өмірлік маңызды дағдыларын дамытуға көп назар аударамыз. Соңғы жиырма жыл ішінде экология саласындағы көптеген жобалар мен шығармашылық бастамаларға қолдау көрсеттік», дейді Үкіметпен

Ардагерлермен əсерлі əѕгіме Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Еліміз экономикасының тұтқасын ұстаушы жас мамандарды отансүйгіштікке, патриоттық рухта, жоғары азаматтық қасиеттерге тəрбиелеу мақсатындағы істерді дəйекті жүргізуімен танымал Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде тағылымды мəдени шара болды. «Ұлы Отан соғысы. ХХІ ғасыр жастары көзімен» атты тақырыпта өткен бұл V республикалық студенттік ғылыми-тəжірибелік конференция қатысушыларға ұмытылмастай əсер етуімен есте қалды. Онда соғыс жəне тыл ардагерлері ел басына түскен сын кезеңдегі ерліктері мен ерен еңбектері туралы естеліктер айтып, сан алуан сұрақтарға қайтарылған жауаптар еркін əңгімеге жалғасты. «Біз жастарымыздың аға буынның қайсарлық пен жалынды жігерін қастер тұтуына сүйсінеміз. Бүгінде көркеюдегі елімізді одан əрі дамытуға деген ынта-ықыластарыңыз көңіл қуантады. Ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан үрдіс-үлгісі жарқырай беруін тілейміз», деді көмір өндірісінің ірі ұйымдастырушысы болған Николай Дридж ақсақал. Бұдан соң секциялық мəжілістерде университет оқытушылары мен студенттері Жеңіске қарағандылықтардың қосқан үлестері жайлы тың деректерге негізделген баяндамаларын тыңдаушылар назарына ұсынды. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар жыл сайын өтетін дəстүрлі өнер байқауына шақырылып, бейбітшілік бесігінде тербелген білім мен өнердің қоса өрілуін тамашалады. Ардагерлер жастардың жан-жақты рухани өсуіне сүйсініс білдірді. ҚАРАҒАНДЫ.

жəне жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Еркін Зікібаев. Биылғы жылы 14 жеңімпаз, олардың ішінде, жеке қатысушылар мен мектеп ұжымдары, балалар үйлерінің тəрбиленушілері, еліміздің түрлі аймақтарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы сомасы шамамен екі миллион теңгеге теңелетін гранттық қаржыландыруға ие болды. Сонымен қатар, 10 жоба ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталады. Көктемде дəстүрге айналған биылғы байқауға шамамен 130 балалар жобасы қатысқан. Статистика бойынша, қолдау көрсетілген байқау шеңберінде бастапқыда қаржыландырылған

жобалардың 35 пайызы өз жұмысын қаржыландыру аяқталғаннан кейін де жалғастыруда. Аталмыш байқаумен қатар, Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен Экологиялық-экономикалық білім беру жəне оқушыларды кəсіби бағдарлау бойынша оқу-əдістемелік құрал дарының ІІ республикалық сырттай байқауы да өткізілді. Себебі, шығармашылық бастаманы білікті ұстаздардың қолдауынсыз дамыту мүмкін емес. Жинақталған үздік қазақстандық педагогикалық тəжірибе жалпыланып, альманах ретінде баспадан шығарылып, содан кейін еліміздің барлық аймақтарына таратылмақ. АЛМАТЫ.

Жас жасампаздар жарысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру жолында жас ұрпақты қалыптастыру жəне ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қоры біраз игілікті істер атқарып келеді. Соның бірі, Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен Астанадағы «Нұр Орда» мектеп-лицейінде ІІ республикалық «Жас жасампаздар жобасы» таяуда мəреге жетіп, жүзден жүйріктер топ жарды. Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Бұл жас жасампаздар жарысы бес бағыт, яғни баламалы энергия көздері, əлеуметтік қоғамдық мəселелер, жаратылыстану, гуманитарлық пəндер, роботтехника бойынша өтіп, оған 100-ден астам жоба келіп түскен. Қазылар алқасы ол жобаларды жанжақты саралай келіп, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерін, олардың жетекшілерін І, ІІ, ІІІ дəрежелі дип ломдармен марапаттап, Гран-при

иегерлеріне 125 мың, 100 мың, 50 мың теңге көлемінде сыйлық тапсырды. Мəселен, əлеуметтік-қоғамдық, баламалы энергия көздерінен ғылыми жұмыс қорғағандардың əрқайсысы 125 мыңнан, ал жаратылыстану, гуманитарлық, роботтехника бойынша озып шыққандар 100 мың көлемінде қаржыға қол жеткізді. Осындай игілікті шара жастардың ынта-ықыласын оятатынын, мұндай үрдіс өзге білім орындарында да жалғасын табу керектігін, шараның жабылуы сəтінде Білім жəне ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев атап айтты.

 Білім. Бағдарлама. Білік

Жаѕа жїйеге ден ќоюда

Елбасымыз Н.Назарбаев жа қында ғана Жамбыл облысына келген сапарында Тараз химия-техникалық колледжінің жұмысымен танысып, дуалды жүйеге мейлінше ден қоюды атап өткен болатын. Шынында, үдемелі ин дустриялық-инновациялық да му жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы алдымен өнеркə сіп орындарына байланысты десек, кəсіпорындардың дамуы техникалық жəне кəсіптік білімі бар білікті мамандарға тəуелді. Айталық, Австралия, Бельгия, Нидерландыда оқушылардың 70 пайызы жұмысшы мамандығын меңгеретін болса, Германия, Швейцария, Норвегия, Швеция елдерінде бұл көрсеткіш 60 пайызды құрайды. Яғни, дамыған еуропалық мемлекеттерде жұмысшы мамандықтарына көңіл бөлінеді. Елімізде кəсіптік-техникалық мамандықтарды таңдаушылар қатары 10 пайыздан аспай

9

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

отырғандықтан оқытудың дуалды жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру мен мемлекет экономикасының инновациясына білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығы, өнеркəсіп пен оқу орындарының арасындағы байланысты нығайту техникалық жəне кəсіптік білім беруде туындап отырған мəселелердің бірі. Қазіргі Қазақстан үшін бұл өзекті мəселені шешу техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының оқыту педагогтарының арнайы кəсіптік дайындығын қажет етеді. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты дуалды оқыту жүйесі туралы жоғары кəсіптік құзыреттілігін арттыруға, тəжірибе алмасу, мəселелердің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларының біліктілігін

арттыру курстарын ұйымдастыруда. Облысымызда өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап дуалды оқыту жүйесін енгізуде эксперименттік алаң мəртебесін 25 техникалық жəне кəсіптік білім мекемелері алды. Осы колледждердің жұмыстарымен танысу, дуалды оқыту жүйе сін енгізудегі əлеуметтік серіктестердің рөлін жəне өндірістердегі оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануларын зерделеу мақса тында курс тыңдаушыларына көшпелі тəжірибелік сабақтар ұйымдастырылуда. Мысалға, Жамбыл политехникалық жəне №1 колледжде өтетін тəжірибелік сабақтар тыңдаушыларға мемлекеттің, бизнес пен болашақ маманның мүдделерін біріктіретін дуалды оқыту жүйесінің моделімен танысуға, дуалды оқыту жүйесін енгізуде туындаған қиындықтар мен олардың шешу жолдарын

қарастыруға қатысты мə селелерді шешуге мүмкіндік беруде. Əлеуметтік серіктестің дуалды оқыту жүйесін ендірудегі тəжірибесін зерделеу, кəсіби білікті кадрларды дайындауда əлеуметтік серіктестіктің рөлі туралы сұрақтар аясында «Қазфосфат» (ЖЖФЗ) ЖШСнің оқу орталығында өтетін сабақтарда қарастырылады. Мұндай тəжірибелік сабақтар тыңдаушылардың біліктіліктерін арттырып қана қоймай, техникалық жəне кəсіптік білім беретін мекемелерде дуалды оқыту жүйесін енгізуде жасалынып жатқан жұмыстарды нығайта түсуге қосымша серпін береді. Гауһар ТƏЖІБАЕВА, Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты басқару жəне білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы.

Қазақстанның тарихы мен мəдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мəдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты. Қазақ халқы өз тарихында діни ағымдарға бөлінбеген жəне өзге дін өкілдеріне қатысты толеранттылықты ұстанған. Соның нəтижесінде, бүгінде Қазақстан көптеген ұлттар мен ұлыстардың жəне діндердің ынтымағы орнаған мекенге айналып отыр. Алайда, осынау ынтымақбірлікке қызғана қарайтын көздер де баршылық. Кейбір жастарымыз радикалды көзқарастағы, патриоттық сезімнен жұрдай болған əртүрлі ағымдардың қол

шоқпарына айналуда. Осынау тарихты қайта жаңғырту, өскелең ұрпақты өткеніне көз шалдырып, сабақ алдыртып, ертеңін ойлайтын, елдігін сақтайтын патриоттық қасиеттерге баулу мақсатында Таразда «Қазақстан тарихындағы ислам дінінің рөлі» атты ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. «Қазақ хандығының құрылуы, оның құрылымы, мəдениеті, діні, ділі, ресми тілі, экономикалық жағдайы, саяси қалыптасуы, көрші жəне шет мемлекеттермен байланысы туралы əлі де болса деректер жеткіліксіз. Міне, осы іс-шара бабаларымыздың мəдениетін, дəстүрлі болып саналған діни ұстанымымен танысуға бағытталып отыр. Осы себептерді негізге ала отырып, бұл конференцияда елімізге танымал тарихшы ғалымдар өз еңбектерін ұсынды», дейді облыс əкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов. Шынында, жат діндерге бой алдырмай ата-бабамыздан мирас

болып келген дəстүрлі дінімізді құрметтеп, бабалар аманатын келешек ұрпаққа жеткізу біздің басты міндетіміз. Осы орайда, ең алдымен, елдің болашағына нұқсан келтіретін, күнделікті өмірімізге, денсаулығымыз бен өмірге деген көзқарасымызға зиян келтіретін діни ұйымдардың жұмысына қарсы тұру арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қажет. Жиында Жамбыл облыстық дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Абдуалы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары М.Алпысбес, А.Избаиров, еліміздің Дін істері комитетінің Дін мəселелері жөніндегі ғылыми зерттеу жəне талдау орталығының ғылыми сарапшысы, дінтанушы, Phd докторы М. Исахан жəне басқа да ғалымдар өз зерттеулерін ортаға салып, жастарға ойсаларлық дүниелер айта білді. ТАРАЗ.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Ақмола мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 4 маусымда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – қағида) сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Газ-3110 автомобилі, мем.нөмірі С 029 NS, 2003 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Целиноград ауданы, Ақмол кенті, 9 пятилетка к-сі, 13. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 236 000 теңге. Бастапқы баға – 1 180 000 теңге. Ең төменгі баға – 36 466 теңге. Кепілді жарна – 35 400 теңге. 2. Ваз-21213 автомобилі, мем.нөмірі С 016 NS, 1999 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, М. Əуезов к-сі, 155. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 145 000 теңге. Бастапқы баға – 725 000 теңге. Ең төменгі баға – 22 405 теңге. Кепілді жарна – 21 750 теңге. 3. Уаз-31514 автомобилі, мем.нөмірі Z 413 NS, 1997 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 171 000 теңге. Бастапқы баға – 855 000 теңге. Ең төменгі баға – 26 423 теңге. Кепілді жарна – 25 650 теңге. 4. Газ-31029 автомобилі, мем.нөмірі С 379 КР, 1995 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 68 000 теңге. Бастапқы баға – 340 000 теңге. Ең төменгі баға – 10 508 теңге. Кепілді жарна – 10 200 теңге. 5. 2 ПТС-3 трактор тіркемесі, мем. нөмірі ASDC745, 1986 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., ЕЦ-166/11 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/11 мекемесі. Алғашқы баға – 110 000 теңге. Бастапқы баға – 550 000 теңге. Ең төменгі баға – 16 997 теңге. Кепілді жарна – 16 500 теңге. 6. Газ-3110 автомобилі, мем.нөмірі С 797 КР, 2000 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Степногор қ., Заводской кенті, ЕЦ-166/18 мекемесі. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/18 мекемесі. Алғашқы баға – 126 000 теңге. Бастапқы баға – 630 000 теңге. Ең төменгі баға – 19 469 теңге. Кепілді жарна – 18 900 теңге. 7. Ваз-2105 автомобилі, мем.нөмірі С 706 KР, 1993 жылы шығарылған. Орналақан жері – Зеренді ауданы, Гранитный кенті. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/25 мекемесі. Алғашқы баға – 73 000 теңге. Бастапқы баға – 365 000 теңге. Ең төменгі баға – 11 280 теңге. Кепілді жарна – 10 950 теңге. 8. Уаз-3962 автомобилі, мем.нөмірі С 036 BF, 2001 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Державинск қ., Жарқайың ауданы, Степной кенті, Центральная к-сі, 9. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/26 мекемесі. Алғашқы баға – 336 000 теңге. Бастапқы баға – 1 680 000 теңге. Ең төменгі баға – 51 918 теңге.

Кепілді жарна – 50 400 теңге. 9. Уаз-31514-017 автомобилі, мем. нөмірі С 740 АА, 2001 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Державинск қ., Жарқайың ауданы, Степной кенті, Центральная к-сі, 9. Баланс ұстаушы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/26 мекемесі. Алғашқы баға – 372 000 теңге. Бастапқы баға – 1 860 000 теңге. Ең төменгі баға – 57 480 теңге. Кепілді жарна – 55 800 теңге. 10. Ваз-212300I автомобилі, нөмірсіз, 2007 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, Біржан сал к-сі, 45. Баланс ұстаушы – Ақмола облысының прокуратурасы. Алғашқы баға – 502 000 теңге. Бастапқы баға – 2 510 000 теңге. Ең төменгі баға – 274 642 теңге. Кепілді жарна – 75 300 теңге. 11. Ваз-2123 L автомобилі, нөмірсіз, 2008 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, Біржан сал к-сі, 45. Баланс ұстаушы – Ақмола облысының прокуратурасы. Алғашқы баға – 505 000 теңге. Бастапқы баға – 2 525 000 теңге. Ең төменгі баға – 276 283 теңге. Кепілді жарна – 75 750 теңге. 12. Шевроле Нива 2123 автомобилі, нөмірсіз, 2008 жылы шығарылған. Орналасқан жері – Көкшетау қаласы, Біржан сал к-сі, 45. Баланс ұстаушы – Ақмола облысының прокуратурасы. Алғашқы баға – 556 000 теңге. Бастапқы баға – 2 780 000 теңге. Ең төменгі баға – 304 185 теңге. Кепілді жарна – 83 400 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын – 2015 жылғы 4 маусымда сағат 9.00-де аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірың ғай оператордың шотына төленеді: кепілдік жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КБе 16, КНП 171; төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысуға өтінімді қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілім

дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Назар аударыңыз! Қатысушының өтінімді қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның саудасаттық басталуға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен саудасаттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып раста ған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысу шылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбiр сатылған жекешелендiру объектісі бойынша аукцион нəтижелерi аукцион нəтижелерi туралы электрондық хаттамамен ресiмделедi, оған сатушы жəне жеңiмпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелерi туралы хаттама аукцион нəтижелерiн жəне жеңiмпаз сатушының жекешелендiру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттерiн белгiлейтiн құжат болып табылады. Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Көкшетау қаласы, М. Əуезов көшесі, 230, 2-бөлме мекенжайында қол қойылады. Бұл ретте, аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру мынадай құжаттардың: жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғанын жеке басын куəландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7162) 2565565 телефоны арқылы алуға болады.


10

www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 4 маусымда сағат 10.00-ден сағат 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде электрондық аукцион өткізу туралы хабарлайды

 Тарих толқынында

«Жарты аман болса, жалпы аман болады» Ел арасында бўл сґз неліктен тараєан? Құдайға шүкір, қазақ халқы ел мен жерді қадір тұтқан қатепті қара нарларға ешқашан кенде болып көрген емес. Солардың бірі – ел қамқоры Жарты Сүйерқұлұлы. Бір өкініштісі, Жартының туғанөлген жылдары, өмір жолы туралы ел аузындағы аңыздар мен шежіре-деректерден өзге мəлімет сақталмаған. Дегенмен, Жартының бірге туған ағалары Қожбанбет би мен əйгілі Шоған абыздың өмір сүрген кезеңдеріне негізделе отырып, оны да шамамен XVI ғасырдың соңы мен XVIІ ғасырдың басында өмір сүрген деп жобалауға болады. Бұл саладағы өкініш, əрине, тек Жарты бабамызға ғана емес, қазақ тарихындағы толып жатқан тарихи тұлғаларға тəн екені ащы да болса ақиқат. Оған тарихымызға қатысты кез келген ақтаңдақтың орнын толтыруға халқымыздың ауызша тарихы (шежірелер мен аңыздар) көмекке келеді. Бір қуанарлық жағдай, шежірелер мен аңыздарды тарихи дəлел-дəйек ретінде көлденең тартуға теріс қараған КСРО кезіндегі таным-түсініктен арылып та келеміз. Бұл саладағы ғылыми дəйекті, аса ауқымды еңбектің бірі алаштың абыз ұлы Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеуі. Аталған əйгілі еңбегінде: «Қазақ халқының өз жады мен өз болмысында сақталған айғақ-деректерге мұқият ден қоймай тұрып, негізінен жатжұрттықтар қалдырған мағлұматтарға сүйену арқылы жазылған тарихтың əдетте «жарымжан» тарих болып шығатыны аян. Тарихты əйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың дəстүрлі таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс жəне мұндай үрдіс қазақ шежірешілдігінің негізгі ұстанымы болып табылады. Қазақтың қария сөздері тарихты ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы таратады», – дейді ғалым. Ақиқатында да, біз секілді бар құндылығын фольклоры мен ауызша шежірелері арқылы сақтап келген халық үшін ұлт тарихындағы ақтаңдақтарды түгендеуде көрнекті де өнегелі тұлғалар туралы ел аузында ежелден сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ауызша деректердің маңызы мен атқарар қызметі ерекше. Жарты баба туралы да осыны айтуға болады. Шежірелік дерек бойынша ол Ұлы жүздің албан атасынан тарайды. Нақтылап айтқанда, шежіре бойынша албаннан шыбыл, сары туады. Сарыдан – сүйерқұл, сүйменді. Ал сүйерқұлдан қожбанбет, жарты, досалы, шоған, мəмбет (алжан), үмбет (шажа) деген алты ата тарайды. Жартының өмірге келуі мен есімі туралы ел арасында мынадай аңыз айтылады. Бұл бабамыз жарық дүниеге жарымжан болып келеді. Əуелде ата-ана бұл шақалақты адам бола ма, болмай ма, қатарға қосыла ма, қосылмай ма деп, тымаққа салып, біраз күн əліптің артын бағады. Жоқ, анау айтқандай емес, бала күн санап қатайып, қарақұлақтана береді. Содан көңіліндегі күдігі сейілген Сүйерқұл ауыл молдасын шақырып, балаға ат қойғызады. Молда баланың бітіміне қарап отырып: «Нышанды сəби екен, жай адам болмас. Қалай болса да бір мұсылманға байып, көбейіп жатырмыз ғой, аты «Мұсылманбай» болсын», дейді де, азан айтып, атын қояды. Алайда бір қол, бір аяғы жансыз «Мұсылманбайды» ауылдың келін-кепшіктері мен былайғы жұрт алғашында «жарты бала», өсе келе «жарты» атап кетеді. Сəби кəмелет жасқа толар-толмаста əкелері Сүйерқұл жасы жетіп, о дүниеге аттанып кеткеннен кейін, Жартыны əулеттің үлкені, ағасы Қожбанбет қамқорлығына алады. Жиырма жасқа толар-толмаста албан еліндегі дуалы ауыз, айтулы билердің бірі болған Қожбанбет тек ағалық парызын өтеу тұрғысынан ғана емес, бауырларының ішінде осы жарымжан інісіне өте ықыласмейірімі түсіп, жақсы көріп, аялап, мəпелеп өсіреді. Екі сөзінің бірінде: «Жартым менің, Жартым, артымнан ерген халқым», деп еркелетіп отырады екен. Əкесінен қалған мал мен басқа ие

болып, ділмəр-шешендігімен, мол кісілігімен, əділет сүйгіштігімен ел ішінде абыройы тез өсіп келе жатқан ағасы Қожбанбеттің аялы алақаны мен қамқорлығының арқасында Жарты ешкімнен қағажу, қорлық-зорлық көрмей есейеді. Қожбанбеттің інісі Жартыға ерекше мейірімі түсуіне мына бір жағдай себеп болған деген де сөз бар. Сол кездердегі жиі болып тұратын əлде жаугершілік, əлде үркіншіліктің бірінде Жарты жұртта қалып қояды. Өйткені, жайшылықта əрі-бері көшкенде, ел аралағанда Жартыны алып жүретін арнайы адам, кебежелі түйе секілді арнайы көлік қажет болады екен. Тарихтағы шапқыншылықта жүре алмайтын кəрі-құртаңдар мен бала-шағаның жұртта қалып қоюы қалыпты жағдай болатын. Себебі, дені сау, қарулы ер-азаматтардың бəрі алғы шепке жауға аттанып кетеді де, ауылда қарттар мен қыз-келіншектер, бала-шаға ғана қалатын. Содан жаудың беті қайтып, қауіп сейіліп, жұрт сəл тыныстай қалғанда Қожбанбет Жартыны іздеп жолға шығады. Ең əуелі бірден салып ұрып ел көшкен жұртқа барады. Барады да бір ғажайып көріністің үстінен түседі. Өздері киіз үй тігіп отырған жұрттарына жақын жердегі орманның шетінде бір боз биенің əлденені емізіп тұрғанын көреді. Боз биені еміп тұрған əсте құлынға ұқсамайды. Атын тебініп жетіп барса, боз биені еміп тұрған кəдімгі өзінің інісі Жарты екен. Қожбанбет бұған таңырқап қарап тұрғанда боз бие желе жортып орманға кіреді де ғайып болады. Ағасы Қожбанбетке Жарты болған жайды баяндайды. Сөйтсе, ел үркіп кеткен оншақты күннен бері осы боз бие келіп Жартыны емізіп кетіп тұрады екен. Осы оқиғадан кейін інісінің əсте тегін адам емес екендігіне əбден көзі жеткен Қожбанбет, оны мəпелеп өсіріп, үйлі-баранды етуді ойлайды. Жарты кəмелет жасына толып, үйленетін мезгіл де келеді. Ағалары Қожбанбет би пен Шоған абыз алыс-жақыннан қыз айттыра бастайды. Бірақ, жұрттың бəрі Қожбанбет пен Шоғанның мал басына қызыққанмен, Жартыға қыз беруге келгенде сан сылтау айтып, теріс айналады. Ел ішінде: «Жарты байғұсқа кім қызын берер дейсің, үйленбей өтер ме екен...» дегендей күңкіл де көбейеді. Алла тағала пендесін бекер нышанды ғып жаратпаған екен, тағы да күтпеген жағдай болады. Көрші ауылдың ай десе аузы, күн десе көзі бар хас сұлуы Жартыны өзі қалап, тұрмысқа шығады. Ол туралы айтылатын аңыздың өзі жырға бергісіз. Бір жылы жаз шыға іргелес дулат еліндегі Қошқарбай дейтін байдың ауылы жайлауға көшуге дайындалады. Алты қанат ақ боз үйлер жығылып, атан түйеге жүк артылады. Қойқозы, ешкі-лақ, жылқы жайлауға айдалады. Сəнді киініп, кіл жорға мінген, сыңғырлай күліп, сызылтып əн салған қыз-бозбалалар – ежелден көштің сəні. Мал да, жан да көк шалғыны бітік, ауасы салқын, бастау-бұлағы сыңғырлап жатқан кең жайлауға жеткенше асығатындай. Ол замандағы көштің дені салқар көш. Мəселен, көктеуден жайлауға көшу үшін айлап, апталап жол басуға тура келеді. Бұндай салқар көш қыз-бозбалалар үшін тұнып тұрған ойын-сауық, сəн-салтанат, думанды мереке. Көштің алдын үлде мен бүлдеге оранған жастар əн-жырмен, əзілқалжыңмен думандатып бастап келе жатады. Барын киіп, бақанын қолына алған бай, бардам үйдің ерке қызы су төгілмес жорғамен топ ортасында толған айдай толықсып жайраң қағып келеді. Ай десе аузы, күн десе көзі бар ару бойжеткеннің сəукелесінің ұшар басындағы қарқарасы жалтжұлт етіп, көз қарықтырады. Есімінің өзі қандай?! Ақбике! Көш бастаған көрікті қыз Ақбикеге жол жөнекей көз салмаған жан қалмайды. Сал-серілер шыр айналып, қыз маңынан шықпайды, бəрі де əзіл-қалжыңдарымен қайтсе де арудың көңілін табудың қамында. Жолай ерулік алып шыққан бай ауылдар қыз əкесіне байлықтарын көрсетіп, ержеткен ерке ұлдарына

құда түсуге дəмелі екендігін де айтып қалып жатады. Ақылына көркі сай, тəкаппар бай қызы ешкімге назар аудармаған күйі көшті бастап межелі жерге жылжи береді. Бір күні осы Қошқарбай ауылының көші бір еру елдің тұсына келгенде, көш тізгінін іркіп, бір күн ерулейді. Аттан түсіп, қонақтарға əзірленген киіз үйге кіріп бара жатқан Ақбикенің жанары қапелімде маңына нұр шашып, жүзінен ерекше мейірім төгілген бір жігіттің көзімен түйісіп қалады. Жігіт ұшатын қырандай қомданып, жанары жалт-жұлт етіп, арнайы дайындалған орынтақта есік алдында отыр екен. Ақбике ару əлгі жігіттен көз алмай ұзақ қарап қалады. Бұл ауыл Қожбанбет ауылы еді. Қыздың көзі түсіп, көңілі құлаған Жарты болатын. Көшіп бара жатқан əке-шешесі, бауыртуыстары, малшы-қосшылармен бірге осы ауылдан ерулік жеп, асықпай түстенген бойжеткеннің ынта-ықыласы, көңілі жігітке шындап ауады. Сол күні түнде Ақбике түс көреді. Түсінде ғажап іс көреді. Аққулы айдын көл екен дейді. Жағада тұрған Ақбикеге бір аққу келіп: «Жүр, менімен бірге көлде жүз», дейді. Қыз: «Жүзу білмеймін», дейді. Сонда əлгі аққу: «Мен мана күндіз көрген Жарты деген жігітпін. Мен де жүзу білмеймін, бірақ мына көлге түссең, аққуға айналып жүзіп кете бересің», деп өтінеді. Қыз аққуға ілесіп көлге түседі. Сол-ақ екен ол да аққуға айналып, Жарты екеуі айдын көлдің бетінде емін-еркін қалықтап, сайран салады. Ертеңінде көш қайта қозғала бергенде Ақбике сырлас құрбылары мен жеңгелеріне Жартыны меңзеп: «Осы азамат менің отбасымның иесі, таңдаған жарым болады», дейді. Қызының қалауы мен Қожбанбеттің көңілін қимаған Қошқарбай екі жасқа батасын береді. Осылайша Ақбике ару мен Жарты бақытты ғұмыр кешеді. Олар бірнеше қыз, Айдабол, Жандабол есімді екі ұлды болады. Ұлдың кішісі Жандабол үйленбей тұрып, жаугершілікте қаза табады. Айдаболдан Əзет, Нəзет деген екі ұл дүниеге келеді. Əзетінен – Солтанкелді, Таңатар, Нəзетінен – Есбер, Қанай деген ұлдар туады. Бұлар ел аузында «төрт жарты» деп аталады. Осы «төрт жартыдан» бүгінгі үлкен ұрпақ өсіп-өніп, іргелі елге айналып отыр. Халық ішіндегі атадан балаға қалып келе жатқан қария сөздердің айтуынша, Жарты баба тіршілігінде көріпкел əулие, жұлдызшы, емшітəуіп болған. Алда келер келеңсіз жағдайлардың (шапқалы келе жатқан жау, жұт əкелер қыс, құрғақшылық болатын жаз, дауыл, зілзала, жұқпалы ауру, т.б.) бəрін Жарты баба алдын ала болжап, сондай апаттардан елін аман алып қалып отырған. Сонымен бірге, ел ішіндегі ауру-сырқау Жарты бабаның емінен немесе демінен кейін науқасынан айығып, ұрпақ сүю бақытына ие болған. Мыңдаған, он мыңдаған адамға, тұтас елге осылай шапағаты тиген Жарты баба туралы сол кездің өзінде ел ішінде: «Жарты аман болсын! Жарты аман болса, жалпы аман болады» деген аталы сөз тараған. Көнекөз қариялардан бізге жеткен ауызша деректерде Жарты бабамыз туралы бұдан өзге де айтылар аңыз-əңгімелер аз емес. Олардың бəрін өзге де тарихи деректермен, шежірелермен, жырлармен салғастыра отырып, тарихи ақиқатты ашу алдағы күндер мен келер ұрпақтың еншісінде. Дегенмен, халық аузында ежелден бері айтылып келе жатқан: «Жарты аман болса, жалпы аман болады», деген мəтелдің шығуы ғасырлар шаңына көміліп жатқан көптеген тарихи жағдаяттардан сыр аңдатып тұрғандай. Ең бастысы, көріпкел əулие, жұлдызшы, емші-тəуіп, жарымжандығына қарамастан тұтас бір рулы елге қамқор болған Жарты бабамыздың ел мен жерді сақтау жолында ұрпаққа өнеге боларлық ғұмыр кешкені ақиқат. Дүкен МƏСІМХАНҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, профессор.

Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады (өзгертулермен жəне толықтырулармен, бұдан əрі – ереже). Сауда-саттықтың ағылшын əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объект қойылады: 1. Mercedes-Bens S320 автокөлігі, 1998 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М751DA, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Бастапқы баға – 540000 теңге, кепілді жарна – 81000 теңге. Сауда-саттықтың голланд əдісімен электрондық аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. Ваз-21214-109 автокөлігі, 2008 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М882CS, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 10. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша статистика департаменті» РММ. Алғашқы баға – 378000 теңге, бастапқы баға – 1890000 теңге, ең төменгі баға – 189000 теңге, кепілді жарна – 56700 теңге. 2. Chevrolet lacetti автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М507DE, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Ержанов көшесі, 11. Баланс ұстаушы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы. Алғашқы баға – 505000 теңге, бастапқы баға – 2525000 теңге, ең төменгі баға – 252500 теңге, кепілді жарна – 75750 теңге. 3. Ваз-21213 автокөлігі, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М021AS, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарғанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Алғашқы баға – 205000 теңге, бастапқы баға – 1025000 теңге, ең төменгі баға – 102500 теңге, кепілді жарна – 30750 теңге. 4. Газ-31105-100 автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М607CO, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Алғашқы баға – 273000 теңге, бастапқы баға – 1365000 теңге, ең төменгі баға – 136500 теңге, кепілді жарна – 40950 теңге. 5. Газ-31105-100 автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М558CR, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Алғашқы баға – 244000 теңге, бастапқы баға – 1220000 теңге, ең төменгі баға – 122000 теңге, кепілді жарна – 36600 теңге. 6. Ваз-21310 автокөлігі, 2001 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M034CR, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Алғашқы баға – 192000 теңге, бастапқы баға – 960000 теңге, ең төменгі баға – 96000 теңге, кепілді жарна – 28800 теңге. 7. Шевроле Нива 212300i

автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М611CO, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Чкалов көшесі, 3. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» ММ. Алғашқы баға – 335000 теңге, бастапқы баға – 1675000 теңге, ең төменгі баға – 167500 теңге, кепілді жарна – 50250 теңге. 8. Chevrolet lacetti автокөлігі, 2007 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі М261DE, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Ерубаев көшесі, 5. Баланс ұстаушы – «Қарағанды облысы бойынша сот сараптамасы институты» ММ. Алғашқы баға – 505000 теңге, бастапқы баға – 2525000 теңге, ең төменгі баға – 252500 теңге, кепілді жарна – 75750 теңге. 9. Ваз-21070 автокөлігі, 2000 жы лы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M777NS, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы баға – 102000 теңге, бастапқы баға – 510000 теңге, ең төменгі баға – 41853 теңге, кепілді жарна – 15300 теңге. 10. Chevrolet-Starcraft автокөлігі, 1994 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі M050AY, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бұқар жырау көшесі, 17. Баланс ұстаушы – ҚР ҰҚК «Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ. Алғашқы баға – 2092000 теңге, бастапқы баға – 10460000 теңге, ең төменгі баға – 572261,5 теңге, кепілді жарна – 313800 теңге. 11. «Орленок» демалыс орнының мүлік кешені, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Баланс ұстаушы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Алғашқы баға – 104500000 теңге, бастапқы баға – 522500000 теңге, ең төменгі баға – 17394352 теңге, кепілді жарна – 15675000 теңге. Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсетіп, тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегі, аты, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегін, аты, əкесінің аты (бар болса); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚмен қол қойылған осы қағидаға қосымшаға сəйкес объект бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің вебпорталы үш минут ішінде өті нім берілген сату объектілері бойынша кепілді жарнаның түсуі

туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – «Ақпараттықесептеу орталығы» АҚ-тың (бұдан əрі – бірыңғай оператор) деректемелеріне енгізіледі: БСН: 050540004455; ЖСК KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; банк атауы – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ТТК: 171; БеК: 16. Қатысушыларға кепiлдi жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша саудасаттыққа қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. Қатысушының қағиданың 23-1 жəне 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына саудасаттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім вебпорталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау жəне қатысушыны аукционға жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мəлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектілерінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Бірыңғай оператор тізілім вебпорталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепілді жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепілді жарнасын аударады жəне сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепілді жарналарды қайтарады. Сауда-саттықтың ағылшын əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бас тапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сəттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі

қағиданың 36-6-тармағына сəйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектілерінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектілерінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объекті бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын əдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың ағылшын əдiсiн қолданып аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидамен сəйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жеке шелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып саудасаттық өткізілген күні тізілімнің вебпорталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне 8 (7212) 42-57-51 телефоны арқылы алуға болады.

«Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ республикалық мүлікті мүліктік жалдауға беру жөнінде тендер өткізеді Тендер 2015 ж. 4 маусымда сағат 11.00-де Қарағанды қ., Костенко к-сі, 6 мекенжайында өткізіледі. № Объектінің атауы, сипатталот масы жəне алаңы, ш.м. 1 Барлық инженерліктехникалық құрылғыларымен бірге жалпы ауданы 27,4 ш.м. офистік үй-жай

Орналасқан жері, мекенжайы Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Мұқанов көшесі, 5

2

Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Мұқанов көшесі, 5

Барлық инженерлік техникалық құрылғыларымен бірге жалпы ауданы 15 ш.м. офистік үй-жайы

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен басталады жəне тендер өткізуге дейін 24 сағат бұрын аяқталады. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) тендерге қатысуға өтінім, онда тендерге қатысуға үміткердің келісімі жəне тендер шартын орындау бойынша оның міндеттемесі мен тиісті шартты жасауы қамтылады; 2) жапсырылған конверттегі тендер шарты бойынша ұсыныс; 3) өтінім беру сəтінде салық берешегінің болмауы туралы салық органынан анықтама; 4) кепілді жарнаның аударылғандығын растайтын төлем тапсырмасының көшірмесі; 5) екінші деңгейдегі банктен ағымдағы шоты бар екендігін растайтын анықтама; 6) заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

Баланс ұстаушы

Тендер өткізу шарты

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қарағанды облысы бойынша филиалы

-Жалдау ақысының бастапқы айлық мөлшерлемесі – 30541 теңге; - Банк бөлімінің есеп айырысу кассасы үшін пайдалану; - Мүліктік жалдау мерзімі – 1 жыл. Ағымдағы шарт мерзімін ұзартуға құқысыз; - Кепілді жарна – 12217 теңге. «Халыққа қызмет көрсету - Жалдау ақысының бастапқы айлық мөлшерлемесі – 18057 орталығы» ШЖҚ РМК-ның теңге; «Қарағанды облысы бойын- Халыққа нотариалды қызмет көрсету үшін; ша филиалы - Мүліктік жалдау мерзімі – 1 жыл. Ағымдағы шарт мерзімін ұзартуға құқысыз; - Кепілді жарна – 6688 теңге.

куəліктің, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты мен жарғының) көшірмелері жəне салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетумен салық төлеушінің куəлігі немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке кəсіпкер үшін – жеке кəсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі, жеке куəлігі, азаматтығын тіркеу кітапшасы (мекенжай анықтамасы) салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; жеке тұлға үшін – жеке куəлігі, азаматтығын тіркеу кітапшасы (мекенжай анықтамасы) салыстыру үшін түпнұсқасын міндетті көрсетумен немесе аталған құжаттардың нотариалды куəландырылған көшірмелері; 7) акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен көшірме;

«Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының («Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлама Осы арқылы «Қазкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының («Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) жаңа орналасқан жерінің мекенжайын хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауд., Əйтеке би к-сі, 187, поштасының индексі: 050026, теленфондары: +7 (277) 258-48-07 (офис-менеджердің ішкі нөмірі: 2282), +7 (727) 320-00-32, 320-00-23, 258-48-08, 8-8000-8000-09 (call-орталық), +7 (727) 295-22-33 (құрылымдық бөлімшелер).

жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімін жүргізу жағдайында; 8) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне аударылып нотариалды куəландырылған құрылтай құжаттары. Өтінім қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конверт те жоғарыда аталған құжаттар қамтылуы тиіс. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы қамтылуы тиіс. Өтінімдер қабылдау тігілген түрде, нөмірленген парақтарымен жəне соңғы параққа қол қойып жəне мөр басылғандығын растауымен «Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММге тапсырылады. Кепілді жарна «Қарағанды мем лекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ шотына енгізіледі, депозиттік шот KZ060705012170172006, «ҚР ҚМ

Қазынашылық комитеті» ММ, БСК KKМFKZ2A БСН 120240019369, КБЕ 11, КНП 171, алушы банк – Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті. Төлем белгісі – тендерге қатысу үшін кепілді жарна. Тендер жеңімпазы болып объект үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық та лап тарға сəйкес келетін тендер қатысушысы танылады. Шарт жасау мерзімі – тендер жеңімпазымен шарт тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірілмей жасалады. Барлық сұрақтар бойынша «Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті» ММ-ге хабарласу керек. Анықтама үшін телефондар: 8 (7212) 425751, 425753.

Уведомление об изменении местонахождения акционерного общества «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») Настоящим уведомляем о новом местонахождении акционерного общества «Страховая компания «Казкоммерц-Полис» (дочерняя организация АО «Казкоммерцбанк») по адресу: Республика Казахстан, г. Алматы, Алмалинский р-он, ул. Айтеке би, 187, почтовый индекс 050026, телефоны следующие: +7 (277) 258-48-07 (внутренний номер офис-менеджера 2282), +7 (727) 320-00-32, 320-00-23, 25848-08, 8-8000-8000-09 (call- центр), +7 (727) 295-22-33 (структурные подразделения).


www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде аударады.

2. Жұмыс берушінің зейнетақы қорына қызметкердің зейнетақы жинақтарын аудармауына бола ма?

1. Зейнетақы аударымдары қаншалықты жиі жасалады жəне қандай сома аударылады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (25-бап) сəйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тəртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс. Қазақстан Республикасының судьялары үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджет қаражаты есебiнен судьяның ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналары қосымша белгiленедi. Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетілген жарналар алып қойылады жəне бюджетке аударылады Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, сондай-ақ дара кəсiпкерлер үшiн өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң əрбiр айы үшiн есептелетiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мəлiмделетiн кірістің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес жəне ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Арнаулы салық режімiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кəмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) жəне басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң əрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес жəне ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кəмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кəмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдан бастап есептелуге жəне төленуге жатады. Адвокаттың, жеке сот орындаушысының, жекеше нотариустың, сондай-ақ дара кəсiпкердің өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табысы мəлiмделетiн табыс болып табылады. Ұстап қалынған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын Орталыққа: 1) заңды тұлғалар мен дара кəсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режімдерiн қолданатындардан басқа), сондайақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төленген табыстардан – табыстар төленетін айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей; 2) дара кəсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi жəне шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режімдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өзінің пайдасына – есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей; 3) арнаулы салық режімiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тəртiппен жəне мерзiмдерде; 4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде; 5) патент негiзiнде арнаулы салық режімiн қолданатын дара кəсiпкерлер – Қазақстан Республикасының салық

Мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын қолданыстағы заңнамада айқындалатын мөлшерлемелер бойынша жəне мерзімдерде төлеуге тиiс. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатын тұлғалар: - зейнет жасына толған тұлғалар: а) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған əйелдер; мұндайда: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған əйелдер; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған əйелдер; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған əйелдер; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған əйелдер; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған əйелдер; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған əйелдер; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған əйелдер; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған əйелдер; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған əйелдер; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған əйелдер; б) төтенше жəне радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: ерлердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма бес жыл болған жағдайда, 50 жасқа толғанда; əйелдердің – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстағы еңбек өтілі кемінде жиырма жыл болған жағдайда, 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін тағайындатуға құқығы бар; в) 5 жəне одан да көп бала туған (асырап алған) жəне оларды сегіз жасқа дейін тəрбиелеген əйелдердің 53 жасқа толғанда жасына қарай зейнетақы алуға құқығы бар; – егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші жəне екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада аталған адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады; – əскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған: 1) зейнетақы төлемдерi 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған; 2) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi тағайындалған адамдар. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудің толық жəне уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады. Нақты төлем жасалған жəне жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) жəне (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады. Берешек жұмыс беруші жіберетін хабарлама негізінде өндіріледі.

3.Зейнетақы жинақтары туралы үзінді көшірмені алу үшін міндетті түрде өзі келу керек пе əлде оны басқа біреу алса бола ма?

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат құпия, сондықтан жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты алу үшін əр салымшы (алушы) өзі келуі не өзінің өкілін нотариат куəландырған сенімхат негізінде немесе сот шешімі негізінде жіберуі тиіс. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы туралы жыл сайынғы ақпаратты алу тəсілін салымшы (алушы) өз

бетінше анықтап, ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тəсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетеді. Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтары туралы хабарлаудың төмендегі тəсілдерінің бірін таңдай алады: 1) электрондық салымшының (алушының) электронды мекенжайына (e-mail) хабарлама жіберу; 2) салымшының (алушының) өзінің «БЖЗҚ» АҚ-қа келуі; 3) салымшының (алушының) берілген логин мен парольді пайдаланып, интернет қызметі (www.enpf.kz) арқылы алуы; 4) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу. Сонымен қатар өз ЖЗШ жағдайы туралы ақпаратты интернет арқылы алу тəсілін таңдаған салымшылар (алушылар) өздерінің зейнетақы жинақтарының ағымдағы жағдайын Android, iOS (iPhone, iPad) жəне Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасының көмегімен бақылай алады. Авторлану үшін салымшы БЖЗҚ сайтына кіргенде қолданатын логин мен пароль пайдаланылады. 2015 жылдың ақпан айынан бастап БЖЗҚ салымшылары (алушылары) инвестициялық табыс ескерілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты egov электрондық үкімет порталынан жəне ХҚО-дан ала алады.

4. Өзіңнің немесе біреудің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты өз бетіңше Интернеттен алуға бола ма?

БЖЗҚ-дағы интернет қызметі арқылы өз зейнетақы жинақтарыңыздың жағдайы туралы ғана ақпарат алуға болады. Интернет арқылы хабарлау тəсілін таңдау үшін кез келген қор бөлімшесіне бір рет келіп, хабарлау тəсілін өзгерту/ анықтау туралы келісім жасау, логин мен парольді тіркеу керек. БЖЗҚ сайты www.enpf.kz немесе egov электрондық үкімет порталы арқылы өз зейнетақы жинақтарыңыз туралы білудің басқа тəсілі – электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану.

5. Қазір зейнетақы жинақтары туралы үзінді көшірмені пошта немесе шабарман арқылы үй мекенжайына жібере ме? Егер жіберетін болса, қаншалықты жиі жібереді?

Иə, пошта арқылы зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты бұрынғысынша хабарлаудың осы тəсілін бұрын таңдаған салымшылар (алушылар) алады. Сондықтан салымшы (алушы) пошта арқылы үзінді-көшірмені көптен бері алмаса, ол кезінде өзінің зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тəсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде қандай хабарлау тəсілін таңдағанын қарауы керек. Пошта арқылы үзінді-көшірме алып жүрген салымшының (алушының) мекенжайы өзгеріп, бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарламаған болуы да мүмкін ғой. Мұндайда оған жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып келеді, ал Қор зейнетақы заңнамасына сай келесі жылы үзінді-көшірмені жібермеуге құқылы. Пошталық мекенжайының өзгергені туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошталық байланыс не электрондық пошта арқылы хабарлай алады. Тегін, атын, əкесінің атын, туған күнін, жеке сəйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, міндетті түрде жеке басын куəландыратын құжат көшірмесін тіркейді. ЖЗШ-дан үзінді-көшірме беру кезеңділігіне келер болсақ, Заңға сəйкес БЖЗҚ салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты кемінде жылына бір рет беруге міндетті. Сонымен қатар салымшы (алушы) үзінді-көшірме алу үшін өзіне ыңғайлы кез келген уақытта (БЖЗҚ жұмыс түзімінің аясында) шектеусіз келе берсе болады. Ал интернет-хабарлауды таңдай отырып, ол өзінің зейнетақы шотын тəулік бойына бақылай алады. Оның үстіне, интернет арқылы ақпарат алу тəсілін таңдаған Android, iOS (iPhone, iPad) жəне Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттердің иелері 2014 жылдың шілде айынан бастап тегін ENPF ұялы қосымшасын пайдалана алады. Ұялы қосымша екі тілде жұмыс істейді жəне онлайн түзімінде өз зейнетақы шоттарынан үзінді-көшірмелер көріп, ең жақын филиалмен немесе байланыс орталығымен байланысу, сондай-ақ БЖЗҚ туралы ақпарат алу мүмкіндігін береді. Авторлану үшін салымшы www.enpf.kz сайтына кіргенде қолданатын логин мен пароль пайдаланылады. Egov порталы арқылы ақпарат алу туралы жоғарыда айттық.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасында аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлама Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы (бұдан əрі – Ұлттық кəсіпкерлер палатасы) ҚР ҰКП Төралқасының 2013 жылғы 8 қазандағы № 2 шешімімен бекітілген, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптары жəне аккредиттеу қағидаларына сəйкес, жеке кəсіпкерлердің жəне (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одан кейін – қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерді Ұлттық кəсіпкерлер палатасында аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды. Ұлттық кəсіпкерлер палатасында аккредиттелуге жататын субъектілер: республикалық салааралық, салалық қауымдастықтары (одақтар), сондай-ақ шағын, орта жəне (немесе) ірі кəсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одағы). Құжаттарды қабылдау мерзімі – аталған хабарламаның ресми баспа БАҚ-та жарияланған сəтінен бастап үш ай мерзім аралығында жүргізіледі. Құжаттар пакеті қағаз тасымалдағышта жəне/немесе электрондық түрде жіберіледі. Қауымдастықтар (одақтар) қағидаларда қарастырылған құжаттар пакетін Ұлттық кəсіпкерлер палатасының басқармасына келесі мекенжай бойынша тапсырады: Пошталық мекенжайы: ҚР, индексі 010000, Астана қ., «Есіл» ауданы, Д. Қонаев к-сі, 8, «Изумрудный квартал» ƏҒ, «Б» блогы, e-mail: accreditation@palata.kz Ұлттық кəсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өту үшін Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқармасына ұсынылатын құжаттардың тізімі: 1) Қағидаларда көрсетілген 1-қосымшада белгіленген үлгіде толтырылған, қауымдастық (одақ) мүддесін сенімхатсыз немесе сенімхат негізінде (сенімхат көшірмесі қосымшада беріле отырып) білдіруге уəкілетті басшының қолы қойылған өтініш; 2) Қауымдастық (одақ) қызметі туралы есеп жəне қауымдастықтың (одақтың) белгіленген біліктілік талаптарына сəйкестігін растайтын құжаттар; 3) Ұлттық кəсіпкерлер палатасында аккредиттелу үшін қажетті қосымша мəліметтер: - Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Төралқа комитеті құрамына қауымдастық (одақ) атынан дауыс құқығы берілген өкілді енгізуге ұсынылып отырған Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Төралқа комитеті туралы мəліметтер; - жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мəліметтер (аты-жөні, тегі; түйіндеме, біліктілігі, кəсіби тəжірибесі, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тəжірибесі туралы мəліметтер, жеке куəлігінің көшірмесі); - қауымдастық өкілінің (өкілдерінің) кеңесші дауыс құқығымен қатысуға ұсынылатын Ұлттық кəсіпкер палатасы Төралқасының басқа да комитеттері туралы мəліметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мəліметтер (аты-жөні, тегі; түйіндеме, біліктілігі, кəсіби тəжірибесі, оның ішінде экономиканың тиісті саласындағы жұмыс тəжірибесі туралы мəліметтер, жеке куəлігінің көшірмесі); - қауымдастық (одақ) атынан съезд жұмысына қатысуға ұсынылатын өкіл туралы мəліметтер; 4) Қауымдастық штат қызметкерлерінің аты-жөні, тегі жəне атқаратын лауазымдары көрсетілген тізім. Аккредиттеуге қойылатын біліктілік талаптары жəне аккредиттеуден өту тəртібі қағидаларда белгіленген. Қағидалардың толық мəтінімен http://astana.palata.kz/wp-content/uploads/2014/11/Pravilaakkreditacii.pdf жəне Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Төралқасының комитеттері тізімімен https:// drive.google.com/file/d/0B-CqN-vjW7apZ2hxZmpsUXh5emc/view?usp=sharing мына сілтемелерге өту арқылы таныса аласыздар. «Родники» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 03.06.2015 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы, Родниковка ауылы. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. 10.02.2014 ж. жасалған №120/0030-14, 13.10.2014 ж. жаслаған №120/0278-14 банктік займ шарты бойынша (бұдан əрі – шарттар) серіктестіктің міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде берілетін жəне серіктестікке тиесілі жылжымалы жəне жылжымайтын мүлкін кепілге беру. 2. Шарттар бойынша міндеттемелерді серіктестіктің орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру. 3. Серіктестіктің атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2015 жылғы 4 маусымда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объектілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сəйкес жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың голланд əдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 1. «Ваз-2106» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N011SP. 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 48. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мемлекеттік мекемесі. Алғашқы баға – 201 593 теңге, бастапқы баға – 1 007 965 теңге. Ең төменгі баға – 110 291 теңге. Кепілді жарна – 30 239 теңге. 2.«Baз-21113» маркалы автокөлігі, мемле кеттік нөмірі 412AD11, 2003 жы лы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі, №121А. Теңгерім ұстаушы – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Алғашқы баға – 318 101 теңге, бастапқы баға – 1590 505 теңге. Ең төменгі баға – 49 152 теңге. Кепілді жарна – 47 716 теңге. 3.«Газ-3102 121» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 042AE11, 2004 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Чайковский кө шесі, №10. Теңгерім ұстаушы – ҚР Тұ тынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Алғашқы баға – 410 950 теңге, бастапқы баға – 2 054 750 теңге. Ең төменгі баға – 63 498 теңге. Кепілді жарна – 61 643 теңге. 4. «Ваз-2106» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 370AD11, 2002 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Қорасан ата көшесі, №8А. Теңгерім ұстаушы – ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Алғашқы баға – 136 560 теңге, бастапқы баға – 682 800 теңге. Ең төменгі баға – 21 101 теңге. Кепілді жарна – 20 484 теңге. 5. «Ваз-2110 01» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі 017AF11, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №156 «А». Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша эконо микалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті. Алғашқы баға – 427 552

теңге, бастапқы баға – 2 137 760 теңге. Ең төменгі баға – 66 064 теңге. Кепілді жарна – 64 133 теңге. 6. «Уаз-396252» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N927AL, 2002 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №154. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облыстық санитариялықэпидемиологиялық сараптама орталығы. Алғашқы баға – 334 091 теңге, бастапқы баға – 1 670 455 теңге. Ең төменгі баға – 51 622 теңге. Кепілді жарна – 50 114 теңге. 7. «Уаз-31514» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N178АА, 1998 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылы, Д.Ершохаев көшесі, №1. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/4» мекемесі. Алғашқы баға – 178 566 теңге, бастапқы баға – 892 830 теңге. Ең төменгі баға – 27 591 теңге. Кепілді жарна – 26 785 теңге. 8. «Зил-431410» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N562KP, 1989 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 112. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/1» мекемесі. Алғашқы баға –388 872 теңге, бастапқы баға – 1 944 360 теңге. Ең төменгі баға – 60 087 теңге. Кепілді жарна – 58 331 теңге. 9. «Ваз-21065» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N557KP, 2001 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, 112. Теңгерім ұстаушы – Қылмыстықатқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/1» мекемесі. Алғашқы баға – 165 912 теңге, бастапқы баға – 829 560 теңге. Ең төменгі баға – 25 636 теңге. Кепілді жарна – 24 887 теңге. 10. «Уаз-31512» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N024NS, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Д.Қонаев тұйығы, 1. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 481 359 теңге, бастапқы баға – 2 406 795 теңге. Ең төменгі баға – 74 378 теңге. Кепілді жарна – 72 204 теңге. 11. «Уаз-315122» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N030NS, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Д.Қонаев тұйығы, 1. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 390 184 теңге, бастапқы баға – 1 950 920 теңге. Ең төменгі баға – 60 290 теңге. Кепілдік жарна – 58 528 теңге.

12.«Газ-3110» маркалы автокөлігі, мем лекеттік нөмірі N042NS, 2003 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Д.Қонаев тұйығы, 1. Теңгерім ұстаушы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы жəне Байқоңыр қаласы бойынша департаменті. Алғашқы баға – 307 678 теңге, бастапқы баға – 1 538 390 теңге. Ең төменгі баға – 47 541 теңге. Кепілді жарна – 46 152 теңге. 13. «Газ 2705-34» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N046КК, 2005 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Саламатов көшесі, №9А. Теңгерім ұстаушы – «Сот сараптама орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша сот сараптама институты. Алғашқы баға – 1 056 514 теңге, бастапқы баға – 5 282 570 теңге. Ең төменгі баға – 163 248 теңге. Кепілді жарна – 158 478 теңге. 14. «Hyundai Trajet 2.0At» маркалы автокөлігі, мемлекеттік нөмірі N973BВ, 2006 жылы шығарылған, тұрған жері: Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96. Теңгерім ұстаушы – Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сəулетқұрылыс бақылау жəне лицензиялау департаменті. Алғашқы баға – 935 092 теңге, бастапқы баға – 4 675 460 теңге. Ең төменгі баға – 144 486 теңге. Кепілді жарна – 140 264 теңге. Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бас тап жүргізіледі жəне аукцион өткізуге дейін екі сағат бұрын аяқталады. Кепілді жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірың ғай оператордың шотына төленеді: Кепілді жарнаны алушы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; банк – «Қазкоммерцбанк» АҚ; ИИК KZ529261501102032004, БИК KZKOKZKX, БИН 050540004455; КНП: 171; КБе: 16, төлемнің белгіленуі – аукционға қатысу үшін кепілді жарна (банк қызметтері үшін төлемдер кепілді жарнаның мөлшеріне кірмейді). Қатысушыларға кепілді жарнаның кез келген санын енгізуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілді жарна қатысушыға ол бойынша аукционға қатысу үшін осы кепілді жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығы беріледі. Аукционға қатысу үшін мына құжаттарды ұсынып: 1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса); 2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, əкесінің аты (бар болса);

3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 5) ұлттық куəландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсетіп тізілімнің вебпорталында алдын ала тіркелу қажет. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған аукционға қатысуға өтінімді жекешелендіру объектілерін сату қағидасына қосымшаға сəйкес объект бойынша тізілімнің вебпорталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Назар аударыңыз! Қатысушының қатысу жəне тіркеу бойынша талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі. Аукционға жіберілген қатысушылар аукцион басталуға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдаланып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың; 2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсетіп, олардың көшірмелерін

11

не нотариатта куəландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша электрондық аукцион ережесі: 1) егер аукцион басталған сəттен бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру обьъектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидаға сəйкес белгіленген қадаммен азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісінің сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд əдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады жəне осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қатысушылардың бірдебіреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады. Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нəтижелері электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдаланып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нəтижелері туралы хаттама аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алусату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, 7А мекенжайында қол қойылады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сəйкес бөлек төлейді. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан жəне (87242) 30 11 64 телефоны арқылы алуға болады.

«Сепе-1» ЖШС (бұдан əрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 03.06.2015 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сепе ауылы. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1.«Цеснабанк» АҚ-пен жəне «Сепе-2012» ЖШС арасында бұдан бұрын 10.02.2014 ж. жасалған №120/0025-14, 13.11.2014 ж. жасалған №120/0344-14 жəне 17.11.2014 ж. жасалған №120/0347-14 банктік займ шарттарының (бұдан əрі – займ шарты) мақұлдау туралы; 2. 17.07.2015 ж. дейін займ шарты əрекетінің мерзімін ұзартуға байланысты, «Цеснабанк» АҚ жəне «Сепе-2012» ЖШС арасында 10.12.2014 ж. жасалған №120/0025-14 банктік займ шартына бұдан бұрын жасалған қосымша келісімдерді мақұлдай туралы; 3. 13.11.2014 ж. жасалған №120/0344-14 жəне 17.11.2014 ж. жасалған №120/0347-14 банктік займ шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде мүлікті кепілге беру туралы; 4. «Сепе-2012» ЖШС-ға тиесілі жəне займ шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге берілген мүлікті «Цеснабанк» АҚ-қа ұсыну жағдайында, оларға қосымша келісімдер жəне 16.10.2014 ж. жасалған №120/002514/1, 16.10.2014 ж. жасалған №120/0025-14/2, 24.09.2014 ж. жасалған №120/002514/3, 24.09.2014 ж. жасалған ДЗ №120/0025-14/4 жəне 05.04.2013 ж. жасалған ДЗ №120/5687-12/4 бұдан бұрын жасалған кепіл шарттарын мақұлдау туралы, сондай-ақ оларға қойылатын шарттардың кез келген өзгеруі жəне/немесе толықтыруы жағдайында займ шарттарын тиісті орындауға байланысты алдағы кезде туындауы мүмкін кез келген міндеттемелер. «Цеснабанк» АҚ алдындағы міндеттемелерді «Сепе-2012» ЖШС-нің орындамауы/ тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру. 5.Серіктестіктің атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру туралы.

«Живоносный Источник» қоғамдық қоры қызмет туралы есепті мүдделі тұлғалардың назарына жеткізеді. Қорды ұстауға 4077 мың теңге жұмсалды, оның ішінде жалақы – 1123 мың теңге, электр энергиясы – 759 мың теңге, салықтар – 330 мың теңге. Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Кеңсенің қызметкері Əлима Жұмабайқызы Есетоваға орны толмас ауыр қайғыға ұшырауына – ƏКЕСІНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы университеттің аппарат жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондентмүшесі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бақтияр Өрісбайұлы Смановқа інісі Бақадір ӨРІСБАЙҰЛЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының төралқасы ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Өрісбайұлы Смановқа інісі Бақадір Өрісбайұлы СМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы «Еуразия-ақпарат» оқу-тəжірибелік орталығының директоры Кенжеғали Қақатайұлы Жұмағұловқа ағасы Құрманғали Қақатайұлы ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика жəне саясаттану факультетінің ұжымы телерадио журналистика жəне қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы, «Еуразия-ақпарат» орталығының директоры Кенжеғали Қақатайұлы Жұмағұловқа ағасы Құрманғали ҚАҚАТАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «KAZGOR» жобалау академиясы еңбек ардагері Үсербай МҰХАМЕДЯРОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

19 мамыр 2015 жыл

Ресей жеріндегі ескерткіш

 Тұсаукесер

«Ќўнанбай» фильмі. Астаналыќтар не дейді?

Бұл ескерткіш облыс орталығындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ негізінде Еуразиялық топтың (ERG) «Батырлар жолымен» халықаралық патриоттық жобасы аясында Псков облысы Новоржев қаласында ашылды. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павел Дубовой біздің облыстағы Ақтоғай ауылында туған. Соғыс кезінде №115 Холм дивизиясы №292 атқыштар полкінің жауынгерлерімен бірге панфиловшы батырлардың ерлігін қайталады. – Павел панфиловшылар біздің жерлестеріміз. Жаудың бетін қайтаруға біз бірінші болып барамыз! – дегенде оған оралдық Мақарым Көбегенов, рота командирі Григорий Дуда басқа жауынгерлер қосылды, – деп əңгімелейді Дубовойдың жиені Надежда Фурманова. Алған беттен қайтпаған жауынгерлер 1944 жылдың 7 наурызында аттанып, түні бойы биіктікті алу үшін шайқасады. Өздері де ерлікпен қаза табады. Бұл ерлікті Новоржев қаласында Павел Дубовой мүсінінің ашы луына орай батырдың туыс қандары

мен жерлестері, қала жұртшылығы жиналып тағы бір сəт еске алды. Қала басшысы Михаил Пашков Еуразиялық топтың «Батырлар жолымен» – «Дорогой славы» атты халықаралық патриоттық жобасына алғыс білдірді. – Қалада Павел Дубовой атында көше бар. Бүгінде өздері жаудан қорғап қалған Бородин биіктігіндегі ескерткіште оның есімі ойылып жазылыпты. Мүсін авторы – ресейлік суретші Борис Сергеев. Ескерткіш Смоленск қаласының түсті металл құю цехында құйылған, – дейді бұл күнде соғыс өрті өткен жер ге барып қайтқан делегация мүшелері. Бұдан əрі делегация мүшелері Бородино биіктігіне, сонымен қатар, бауырластар зиратына барып тағзым етіпті. Бауырластар зиратында Дубовоймен бірге

* Қатал да əділ билік иесінің тағдыры туралы Досхан Жолжақсыновтың режиссерлігімен дүниеге келген «Құнанбай» фильмін тамашалаушы жұртшылық бұл картинаны кино өнеріндегі үлкен оқиға ретінде қабылдауда. Фильм тұсаукесерінің əуелі Семей топырағынан бастау алуының өзін тұлға аруағына деген құрмет пен өнеге десек, ондағы өнерсүйер қауымның тарихи туындыдан кейінгі қуанышты мерейі газетіміздің өткен сандарында егжей-тегжейлі баяндалған болатын. Ал күні кеше ғана Мəдениет жəне спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Құнанбай» фильмі астаналық көрермен назарына ұсынылып, лайықты бағасын алып үлгерді. Төменде біз осы оқиғаға орай елордалық көрерменнің, мəдениет жəне қоғам қайраткерлерінің көкейге түйген ойларын шақтап жариялап отырмыз.

мүрдесі жатқан оралдық жауынгер Мақарым Көбегеновке халықаралық патриоттық жоба аясында ескерткіш тақта орнатылды. ПАВЛОДАР.

«Мамыргїл иісі аѕќыєан ќала...» атты Алматыда гїлдер фестивалі ґтті поляна») отырғызған екен. Содан бері бұл алаңдағы мамыргүлдің түрлері 300-ге жеткен. Оның ішінде «Анама сыйлық», «Аққу», «Сүйінші» атты түрлері арнайы авторлық куəлік алған. Яғни, будандастырылған осынау мамыргүлдердің иелері бар. Əдемілігі көздің жауын алатын, иісі жұпар осынау бақтың гүлденуіне, отандық мамыргүлдердің ғажап сұрыптарының пайда болуына Қазақ КСР Ғылым академиясының Бас ботаникалық бағының қызметкерлері Антонина Мельник, Валентина Рубаник пен Борис Дягилев сияқты селекционер мамандардың сіңірген еңбегі бар екенін ұмытпау қажет. Кезінде мамыргүлдердің

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Жақында Алматыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып ерекше фестиваль басталды. Алматыға мамырдың келгенін мамыргүлдің иісі аңқығанынан білесің. Осынау əдемі гүл əрі Жеңіс мейрамымен де астасып жатыр. Оның үстіне кезінде Ұлы Отан соғысында қаза болған ата-бабаларымыздың құрметіне осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жерлестеріміз Мариям Сағитова мен Тадеуш Дзевицкий Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар бағында Мамыргүл алаңын («Сиреновая

Қазақстандағы коллекциялық алаңындағы сұрыптарына кешегі кеңестік аумақтың ботаниктері көп қызығушылық туғызған болса, қазір де «Снежный ком», «Казахстанский сувенир», «Академик Қ.Сəтбаевтың құрметіне», «Лиловая Пирамида», «Шығыс шұғыласы», «Хан Тəңірі», «Қазақстандық» дейтін түрлері еш жерде кездеспейді. Өкінішке қарай, өмірін осынау гүлдерге арнаған селекционерлердің көздері кеткен соң, мамыргүлдің кейбір түрлері жойылған. Сондықтан, табиғаттың осынау байлығын жоғалтып алмау үшін бұл мəселеге бейжай қарамайтын жандар жаңа бастаманы қолға алып отыр.

 Айбын

Ендігі жерде Жас натуралистер стансасының аумағында мамыргүлдердің барлық сұрыптарын отырғызып, көбейтуді қолға алмақ. Сөйтіп, мектеп аулаларында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында мамыргүлдер аллеясын жайқалтатын болады. Жас натуралистер стансасында өткен алғашқы мамыргүл фестивалі «Мамыргүл иісі

аңқы ған қала...» деп аталады. Фестиваль бағдарламасы аясында мамыргүл түрлерінің көрмесі, Бас ботаникалық бақ мамандарымен кездесулер, «Жеңіске салют» атты жас аранжировщиктер байқауы, «Мен мамыргүлді сүйемін» атты сурет конкурсы, моншақ тігу сияқты түрлі қызықты шаралар ұйымдастырылуда. АЛМАТЫ.

Ќатарынан 20 нокаут! (Соңы. Басы 1-бетте).

Теѕіздегі жаттыєу

кемелеріміздіѕ əскери мїмкіндігін сынап кґрді Қазақстандық əскери теңізшілер «Қазақстан», «Орал», жəне «Сарыарқа» зымырандыартиллериялық кемелерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынады. Соның аясында Каспий теңізінде ҚР ҚК Əскери-теңіз күштерінің ауқымды жаттығуы өтті. Артиллериялық кемелер су үстінен əуеге бағытталған жəне су асты миналарын залалсыздандыру жаттығуларын сынады. Жинақылыққа ерекше көңіл бөлген Экипаж мүшелері жаттығуларды жоғарғы

дəлдікпен орындады. Дəл осындай тапсырмаларды əскери теңізшілер биыл жазда өтетін «Каспий теңізі-2015» байқауында қайталайтын болады. Аталған жарыста біздің əскери қызметшілеріміздің нағыз қарсыласы Түркіменстан, Ресей жəне Əзербайжан теңіз жаяу əскерлерінің үздік теңізшілері мен бөлімшелері болмақ. Осыны ескере отырып, қазақстандық əскери кемелердің экипаждары мен теңіз жаяу əскерлерінің бөлімшелері теңіз биатлонының

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

барлық бағыттарында белсенді даярлық өткізуде. Бүгінгі күні олар теңіз жағасында жəне су жолындағы қауіптер арқылы жүзуді, кемедегі якорды 30-40 метр тереңдікте орнату, МСС-65 халықаралық жиын дабылына сəйкес жарық жəне жалау арқылы белгі беру жəне қабылдау, сондай-ақ, бортта қалып қойған адамды құтқару бойынша шараларды пысықтады. «Егемен-ақпарат».

Осы алма-кезек шабуылмен алтыншы раунд та келіп жетті. Оны біздің бағлан бірден құлшынысты қарқынмен қолға алды. Кенет оның хук əдісімен тағы бір оқыс жасалған соққысы Монроға дəл тиіп, мұрттай ұшырып түсірді. Осыдан кейін алаңдағы арбитр саусақтарын бүгіп санай бастады. Америкалық атлет төрешінің «он» деген санды айтуымен бірге орнынан да тұрды. Бірақ рефери бұдан кейін айқасты жалғастыру мүмкін емес деп тапты. Техникалық нокаут! Осылайша Геннадий Головкин кəсіпқойлар рингіндегі кезекті жеңісіне жетті. Сөйтіп, 33 жастағы Қарағанды қабыланы өзінің 2015 жылғы – екінші, жалпы саны 33-ші ұтысына қол жеткізді. Ол бұлардың 30ын нокаутпен аяқтаса, солардың соңғы 20-сын мерзімінен бұрын аяқтап отыр. Ал 28 жастағы кіші Вилли Монро өзінің кəсіпқойлар рингіндегі 21 шайқасының екіншісінде жеңілістің ащы дəмін татты. Айта кету керек, Монро ұрыстан 30 жəне 7 күн бұрын өткізілген салмақ өлшеу кезінде ұрысқа WBC ережелері бойынша қатыспайтынын алдын ала айтқан еді.

Сондықтан WBC чемпиондығы атағы бұл жолы бəске қосылған жоқ. Ал шайқас алдындағы ресми салмақ өлшеу процедурасында Головкин – 72,12 кг (159 фут), ал Монро 72,57 кг (160 фут) тартты. Ұрыс кезінде қазақстандықтың салмағы – 77,1 кило (170 фунт), америкалық 78 кило (172 фут) болды. Əлемнің үш версиясы бойынша орта салмақтағы үздігі болып тұрған Гена қатарынан қол жет кізген нокауттары саны жөнінен де атақты Майк Тайсонның рекордынан асып түсті. Америкалық боксшы Головкиннің қатарынан нокаутқа жіберген 20шы қарсыласы болды. Ал Тайсон кезінде оны 19-бен тоқтатып еді. Бұл жолы Головкин шайқастағы күшақысы жөнінен де бұрынғыдан жоғары көрсеткішке жетті. Оған осы ұтысы үшін бірінші рет 1,5 млн. доллар ақы төленді.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек САПАРБАЕВ: – Құнанбай туралы, ойшыл, шешен, мемлекетшіл кісі туралы фильм түсіру оңай шаруа емес. Оның үстіне 48 күнде мынадай тарихи, көркемсуретті фильмді дүниеге алып келу, ол тек Досхан Жолжақсыновтың ғана қолынан келеді. Бұрынғы қызметіме байланысты бұл фильмге кішкентай да болса араласым бар. Режиссер келіп: «Мен осылай Шыңғыстаудың баурайында Құнанбай туралы фильм түсіргім келеді. Соған қандай көмек көрсете аласыздар?» деп өтінішін айтты. Ішімнен мұның аяғы қалай болар екен деп алғашқыда ойланып қалғаным рас. Бірақ міне, бүгін үлкен тарихи, тəрбиелік мəні зор фильмге куə болудамыз. Бұл əрі Қазақ хандығының 550 жылдығына тамаша тарту болып табылады. Мұны басқа елдерге де апарып көрсетеміз. Олар қазақтың тарихын, Құнанбай сияқты бабаларымыздың өз ұлтын, мемлекетін қалай сүйгенін, бірлік пен ынтымақ үшін қалай күрескенін көреді. Ал өз басым осы фильмді түсіруге қатысқан барлық шығармашылық топқа үлкен ризашылығымды білдіремін. Жазушы Əбіш КЕКІЛБАЕВ: – Үлкен əдебиетке тəн үлкен көзбен, үлкен жүрекпен толғайтын жақсы тақырыпты Досхан, Таласбек сияқты суреткерлеріміз ойдағыдай қозғаған. Бұл тақырыпқа еріккеннен бармаған. Бəріміз күткендей жүрек тебіренетін үлкен фильм шыққан. Енді сол фильмді қайталап көз алдымыздан өткізуіміз керек. Неге заман осылай, неге адам осылай? Неге бір-бірімізге түсінбестігіміз көп? Түсінетін нəрсені кейде ірілетеміз, қиындатамыз. Бізді қапы қалдыратын – өзіміздің қателеріміз, өзіміздің жаңсақтықтарымыз. Алдымен өзімізді түзесек, дүниені түзеу оңай екендігіне көзіміз жетер еді. Құдайдың өзіне көп сұрақ қоятын адам баласы алдымен өзіне сұрақ қоюы керек...Сол үлкен сұраққа өзі жауап беруге ұмтылған жəне соған жауап тапқан «Құнанбай» туралы бұл фильм қарап отырсаңыздар Құнанбайдың сонау Меккеге барып, қазақтың шежіресін тауып қайтатын үлкен сапарының алдында болған өмірі. Мемлекет қайраткері Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ: – Бұл біздің аяулы Мұхтар ағамыздың айта алмай ішінде кеткен арманы. Сол ағамыздың арманы мен аманаты бүгін орындалып жатқан сияқты. Өйткені, ол кісіге заманы шындықты айтқызбады. Ал енді Құнанбай туралы фильмді көрсетеді дегенде, осында келген барлық жұрттың көңілі ерекше толқып, тойға келгендей күй кешті. Мен бұл фильм аяқталған жоқ деп ойлаймын. Мұнан кейін де, Абай жетілгенше, өсіп-өнген ортада, Құнанбайдың аялы алақанында, үлкен ақылман əкесінің қамқорлығында болған Абайды көруіміз керек əлі. Сол себепті бұл фильм эпопея болуы тиіс. Тағы да

* «Қазмедиа» орталығының кинозалында өткен тұсаукесерге көрермен көп жиналды. Тарихи тұлғаның шынайы бейнесін экраннан тамашалауға қызығушылық танытқан жұрттың легі мұнымен түгесілмейді. Құнанбайдың шынайы бейнесін көрмекке құштар жандар қаншама. Сол себепті алдағы уақытта бұл фильмнің барлық өңірде көрсетілуіне жағдай туғызылмақ. Елдің ауызбірлігін паш ететін тарихи туындының түпкі мақсат-мұраты татулық пен ынтымақты дəріптеп, бауырмалдыққа үндеуімен құнды һəм қымбат саналады. Жазып алған Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

кемінде екі серия түсірілуі керек... Сценарий, режиссура ғана емес, сонымен қатар, фильмнің музыкасы да Құнанбайдың табиғатын ашып тұр. Парламент Мəжілісінің депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВ: – Біздің бала күнімізде азаматтың ар-ожданы Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» романын оқуымен өлшенетін еді. Мұны оқымаған адамға бəрінен құр қалған адам деп баға берілетін. Біз Құнанбайдың бейнесімен алғаш сол роман арқылы таныстық. Енді соны іштей парықтасақ, Абай өзі қайдан шықты, Абай болу үшін Құнанбайдың сол кездегі халықтың алдындағы қызметі қандай болды деген сұраққа көп мəн беруге тиісті екенбіз. Ал мұның өзі тəуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі, қазақтың санасы жаңа сапаға көтерілгеннен кейінгі көкейіміздегі заңды сұраққа айналды. Бүгін міне, Құнанбай туралы мынадай толғау-фильм түсіру, Құнанбайды жаңа қырынан сипаттау, бұрынғы таптаурын түсініктен бойды аулақ салып, оның шынайы тарихтағы орнын зерттеп-зерделеу, трагедиясы мен жетістігін қатар баяндау біздің ұлт ретінде, тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, нығаюымыздың жарқын нəтижесі болып табылады. Режиссер Сəулебек АСЫЛХАН: – «Романда Құнанбай бар жерге дейінгі тіршілік те, оқиға да, ұлы даланың құдіреті де тамаша дамып келеді. Ол осы сайын даланың қорғанышы, сақшысы, күзетшісі сынды көрінетін. Сондай əкелердің арқасында халық өзінің əдет-ғұрпын сақтап, адами қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіруде. Сценарийді жазған Таласбек бауырымыздың өзі тамаша домбырашы еді. Мен соған лайық музыкалық образ күттім. Мысалы, Құнанбайдың жан əлемін, ішкі байлығын, ой əлемін жеткізетін əттең, керемет музыка болғанда ғой деген секілді. Зере анамыздың тек сұсты жағы көрініп, ал мейірімі аздап ашылмай қалған сияқты ма, қалай? Десек те, Құнанбай Өскенбайұлы рухына кейінгі ұрпағы өзінің жүрекжарды лебізін, үнін арнай алды деуге толық негіз бар. Əнші Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙ: – «Бір нəрсенің басы ашық, халқы актерлік өнері арқылы жақсы білетін Досхан Жолжақсынов кейбір ақша шашып, бірақ онысынан елге пайдалы ісі көрінбейтін режиссерсымақтарды шаң қаптырып кетті. Аз уақыттың ішінде мынадай үлкен туындыны дүниеге əкелу Сұлтан Қожықов сияқты қазақтың тамаша режиссерлеріне ғана тəн қасиет болатын. Бұл – бір. Екіншіден, елшіл, ойшыл Құнанбайдың бейнесін жасау арқылы бұл фильм тəуелсіз еліміздің мəдениетіндегі жас ұрпаққа өнеге ететін тағы бір жарқын бейнемен жанымызды жақындата түсті деп ойлаймын».

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 14 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №563 ek

Profile for Egemen

19052015  

19052015  

Profile for daulet
Advertisement